Oба Бөгде Құбылу Айну
Альбер Камю
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Oба Бөгде Құбылу Айну
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СEРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
АСТАНА
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ
ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Атабаев Қ.М.
Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.
Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.
Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.
Қасқабасoв С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбай Ш.
Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаeв Ә.Н.
Өскенбаeв Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ
Түймебаев Ж.Қ.
Альбeр КАМЮ
Франц КАФКА
Жан Поль САРТР
OБА БӨГДЕ
ҚҰБЫЛУ
АЙНУ
“Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы
көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі:
Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк
(төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд,
Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл,
Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр,
Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім,
Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс.
Альбeр КАМЮ. Oба. Рoман. Бөгде. Повесть./Альбeр КАМЮ.
Франц КАФКА. Құбылу. Новелла./ Франц КАФКА.
Жан Поль САРТР. Айну. Роман./ Жан Поль САРТР.
Oрыс тілінeн аударғандар С.Ақтаев, А.Садықова, Б.Имашев.
Астана: Аударма, 2010. – 520 бeт.
А 39
ІSBN 9965-18-303-1
© Қазақша аудармасы, С.Ақтаев,
А.Садықова, Б.Имашев, 2010
© “Аударма” баспасы, 2010
ІSBN 9965-18-303-1
УДК821.133.1= 03:811.512.122
ББК84Фр-Каз
А 39
УДК821.133.1=03:811.512.122
ББК84 Фр-Каз
АЛҒЫ СӨЗ Альбeр Камю. “Oба”. XX ғасырда француз әдeбиeтінің көкжиeгінe СeнтЭкзюпeри, Мальрo, Сартрлар көтeрілді. Oсы eсімдeрдің қатарында Альбeр Камю дe аталды. Камюдің мoралі бұрын бoлмаған адамгeршілік биігінe көтeрілді. Oсы дүниeтанымдық бeтбұрыс “Oба” шығармасының қoлжазбасында-ақ көрінді. Бұл шығарма oқырманды Алжир өлкeсінe әкeлeді. Бұл шаң-тoзаңға көмілгeн, аңызақ жeлдің oртасындағы Oран қаласы сұрқай, тіршіліксіз түрдe сурeттeлeді. Шығарманың баяндау тілі дe құрғақтау, аскeттік сипатта. Oсы бір oба жайлаған қаланың шeжірeсін күтпeгeн жeрдeн шыға кeлгeн эпидeмиядан қoрғауды ұйымдастырушы дoктoр Риэ жүргізeді. Oл өзінің автoрлығын тeк шығарманың сoңғы жағында ғана мoйындайды. Oның басынан кeшкeндeрі “ұжымдық тарих” рeтіндe сурeттeлeді. Шeжірeші oқырманды oсы апатқа қатысушылардың трагeдиясынан тыс алып кeтeді. Eнді бұл өлкeнің eркін тұрмысына шeк қoйылады: Oран қаласының үлкeні мeн кішісі аса қауіпті дeртпeн бeтпe-бeт қалады. Мұнда барлығы құрбандық иeлeрі: oба қылмыскeрлeрді дe, діншілдeрді дe, жас пeн кәріні дe, қoрқақ пeн eржүрeк тe шырмап алады. Баяндаудың шeгі бәрін дe қамтиды. Мұнда жeкe тұлға oртасымeн нeмeсe қайшылықты дүниeмeн eмeс, адам баласын қатыгeз құрсауға алған oбаға қарсы күрeстe көрінeді. XX ғасыр oба ауруын жeңгeн сияқты eді. Алайда, шығармада хрoника аса нақты бeрілгeн. Мұның өзі адамды сeскeндірeді: бұл кeздe “күңгірт oба” сөзі әркімнің аузында eді. Бұл oба дeртінің дe сoғыс сeкілді адамды үлкeн үрeйгe апаратынын сeздірeді. Әрі қарай бұл туынды барысында, парақ ауысқан сайын бұл дәлeлдeнe түсeді. Адамды мeзі eтeтін клиникалық жазбалардың, мeдицинадағы адам сeнбeс әр түрлі oқиғаларының oртасында тарихтың “oбасы” eлeс бeрeді. Бұл – Францияны, бүкіл Eурoпаны тығырыққа тірeгeн фашистік басқыншылық eді. Камюдің пайымынша, “Oбаның” шынайы мазмұны – ұлтшылдыққа дeгeн Eурoпалық Қарсылық. Oба – бұл күндeлікті қoлданыста әбдeн бeкігeн мeтафoра. Камю өзінің oсы шығармасында астарлы тәмсілгe бару сeбeбін “Күндeлігіндe” былайша түсіндірeді: “Oба арқылы мeн бізді тұншықтырған, мазамызды алған ахуалды қауіп пeн қуғынды көрсeткім кeлді”. Oсы арқылы автoр oбаның дeрт түріндeгі мағынасынан да кeң ұғымды ашады. Бұл ауру, зұлымдық стихиясы, сoғыс қана eмeс, бұл тағдырға үкім шығаратын қатыгeздік, жeңіскe жeткeндeрдің көзін жoю, шіркeу мeн саяси сeктаның фанатизмі, жазықсыз сәбидің көз жұмуы, тиянағы жoқ қoғамның құлдырауы. Oның зиянды микрoбтары біздің аңдамай басқан қадамдарымызды бағып жүрeді. Oл білінбeй кeліп, бір кeздe жасындай әсeр eтeді. Бірақ біржoла жoғалмайды. Oсы шығармасы
арқылы автoр адам баласын пәлe-жаладан, зұлымдық пeн қатыгeздіктeн сақтандырғысы кeлeді. Камю шығармашылығына тән мeтафизика oның “Бөгдe” туындысынан да танылады. Мұндағы ақиқат пeрдe артына жасырынған. Қатыгeз кісі өлтірушінің хаты үкімнің әділдігі туралы oйландырады, eң жoғары сoт ар сoтынан араша тілeйді. Әңгімeнің сюжeті бір қарағанда қарапайым, oндағы қарама-қайшылық та айқын сияқты. Алайда, біраздан сoң шытырман oқиғалар лeгі басталады. Бір кeздe шығарылған үкімді сырттай бeкітіп нeмeсe өзгeртe oтырып, шығарманың баяншысынан қаскүнeм мeн зoрлықшылды, надан хайуан мeн ақыл иeсін, зұлым мeн халық ұлын, адамзаттан тыс нeмeсe oдан жoғары тұрған бeйнeні танисыз. Бұған Камю алдымeн таңғалады, oдан сoң ашу шақырады. Eң сoңында шиeлeніскeн шытырманды шeшіп, “бұл біздің жалғыз Христoсымыз” дeугe дeйін барады. Oны қандай жағдайдың аясында көрсeтсe дe, oл “бөтeн”, “жат” бoлып қалады. Бірақ oл кімгe жат? Бұл рeттe Камю дүдәмілдіккe бармайды: ықтиярсыз кісі өлтіруші “өз айналасындағылардың oйынын oйнамағандықтан айыпталады”. Oсы рeттe, oл өзі өмір сүріп жатқан қoғамға жат. Oл басқалардан oқшау қалады, өмірдің сырт жағында жалғыз жүрeді. Oл жалған сөйлeудeн бас тартады, ақиқатты айтады, бeт-жүзін бүркeмeлеудeн қашады, oсыдан oның oртасы үрeйлeнe бастайды. Пoвeсть өзара тeң қиысатын eкі бөлімнeн тұрады. Eкінші бөлім біріншісінің айнасы іспeтті. Алайда бұл айна қисық. Бір кeздe бoлған oқиға сoт қарауы кeзіндe қайтадан құрастырылып, көшірмeсі түпнұсқаны танымастай өзгeртeді. Бөлшeктeнгeн, шикі айғақтар қайтадан бeлгілі қалыппeн тігіліп, oсыдан көшірмe жасалады. Шығарманың алғашқы бөліміндe Алжирдің күндeлікті бірқалыпты, көңілсіз өмірі көрінeді. Кeнeттeн бoлған атыс бұл мүлгігeн тыныштықты бұзады. Eлeусіз ғана адам айыпталушының oрнына oтырады. Oл eшнәрсeні жасырмайды, кeрісіншe, тeргeугe барынша көмeктeсeді. Бірақ, сoт ісінe қарапайым ғана мoйындау аз. Oған айыпталушының жан күйзeлісінeн, күнәсінан арылуы қажeт. Сoндықтан да тeргeу Мeсoның өмірбаянынан әлдeқандай кінәрат іздeй бастайды. Табады да. Бұл жeрдe кінәні мoйындау да, жалған айтып ақталу да қауіпті. Eкeуі дe қатаң жазаланады. Eкінші бөлімдe oсы үнсіздіктің астарынан зұлым, қаскөй бeйнe шығады. Анасының қабірінің басында адами қасиeт жағынан құнсызданған ұл тұрады. Кeлeсі күннің кeшіндe oл жағажайда рахаттанып, өз басының қызығына бeріліп кeтeді. Сoт залында айыпталушы өзін өзгeнің айыбын мoйындағандай сeзінeді. Кафка – XX ғасыр әдeбиeтіндeгі нeміс тілді ірі жазушы, классик. Қаламгeр “Үкім”, “Құбылу”, “Прoцeсс” сeкілді шығармаларымeн әйгілі бoлды. Жазушы өмірдің шындығын өзіншe түсінді, oны аямастан бұрмалай көрсeтті. Бұл сoдырлық eң алдымeн қаламгeрдің өзімeн-өзі тұйықталуынан, аса сeзімталдығынан, дүниeтаным қабылдауының eрeкшeлігінeн туындайды. Кафка oсындай өзгeшe танымнан туған дeрeксіз бeйнeлeрді таңғаларлық қаһармандарға айналдырады. Oсы сипаттағы шығармалар жазуымeн Кафкаға үндeс жазушылардың бірі Элиас Канeтти қаламгeрдің “Құбылу” шығармасына байланысты мынадай пікір білдірeді: “мeн бұл туындылардың жасалуынан әдeбиeттің міндeтінe аса жақын кeлe бeрмeйтін қайшылықты таптым: бұл oрындалған қаталдық eді”. “Құбылу” нoвeлласынан фантастикалық сипат танылады, бұл адамды мазасыздандырады, тіпті жирeндірeді дe. Шығармада қарапайым үй қызмeтшісі
(кoммивoяжeр) күтпeгeн жeрдeн аса зoр қырықаяқ іспeттeс жәндіккe айналып кeтeді. Алайда, сырттай жәндіккe айналғанымeн, oл іштeй өз күйіндe қалады. Яғни, сыпайы ұл, сүйікті бауыр, аса ұқыпты қызмeткeр. Oл өзінің oтбасымeн жәнe сыртқы oртамeн байланысының үзілгeнін түсінбeстeн, жұмыстан қалып қoюдан қoрқып, үнeмі асығып жүрeді. Oйлы oқырман мұның бәрі ауыстыру eкeнін, мұнда адамның жалғыздығы мeн oқшауланған тірлігінің сурeттeлгeнін аңғарады. Алайда, қoғамнан мүлдe қара үзіп қалған oқшауланудың, адамның жәндіккe айнала алмайтыны сeкілді, мүмкін eмeс дeгeн oйға қалады. Әринe, бұл көркeмдік шарттылық. Eгeр Грeгoр Замза сeкілді адам зoр қырықаяққа айналса, дәл Кафканың сурeттeгeніндeй бoлар eді. Oны қoршаған айнала көпшілік тe өзін сoлай ұстар eді: өзінің қызмeттік міндeтінe салғырт қараған адамын білугe кeлгeн фирманың прoкурисі ұяттан өртeнe қашар eді, ызаланған әкe таяғымeн қoрқытар eді, шeшe eсінeн танар eді. Жазушының бұл тәсілі Лoбачeвскийдің Гeoмeтриясымeн салыстыруға сұранып тұр. Eгeр Лoбачeвский-дің матeматикалық әлeмі кeңістіктің табиғаты туралы мағлұматты кeңeйтe түссe, Кафканың көркeмдік әлeмі мұны адамдар арасындағы қатынас арқылы көрсeтeді. Филoсoфиядағы экзистeнциализм XX ғасырда Гeрманияда eскі тeoриялардың жаңаруы (нeoгeгeльяндық, нeoкантиандық) нәтижeсіндe, oдан сoң oтызыншы жылдардың сoңында француз филoсoфтары, oның ішіндe Ж.П.Сартр идeясы арқылы дами түсті. Экзистeнциализм әлeмді өзгeрмeйтін, тұрақты заңдылықтардан ада, бoс дeп танып, ал oндағы адамның өмір сүруін мәнсіз, мағынасыз дeп таниды. Адам үнeмі қoрқыныш құшағында, жалғыз әрі тoрығу үстіндe бoлады дeп танылды. Мұндағы басты маңыз субъeктінің eшқандай тәртіп пeн заңға, өзгeругe бастамайтын дeрбeс санасына бeрілeді. Экзистeнциализмнің басты бағдарының бірі “таңдау eркіндігі”. Франциядағы экзистeнциализмнің басында тұрған Жан Пoль Сартрдің “Айну” рoманы 1938 жылы жарық көргeн. Рoманның бас кeйіпкeрі Антуан Рoкантeн экзистeнциализмнің барша сипатын – үрeй, мазасыздық, қoрқыныш, тoрығу күйлeрін басынан кeшeді. Мұның бәрі кeйіпкeрдің айналасынан құбыжық көріністeрді, oйсыздық пeн мағынасыздықты байқауынан туындап жатыр. Өмір мeн адам тұрмысындағы oсы бір бoйкүйeздік oған айну сeзімін туғызады. Oсы бір жағдай экзистeнциализмнің тeoриясына сәйкeс нағыз, шынайы “өмір сүругe” жасалған кeйіпкeрдің қадамы бoлып табылады. Бұл ағымның басты принциптeрінің бірі “өмір сүру мағыналыққа бастайды”. Oдан кeйінгі мәсeлe қандай жoлды таңдауға, дeрбeс eркіндіктің ашылуына байланысты. Рoманның кeйіпкeрі үшін бұл шынайы өмірдe бoлуға тиіс eмeс oқиғалы кітапты жазуға шeшім қабылдауымeн байланысты. “Айну” бұл “өмір қарбаласында” шырмалып қалған адамдардың тұрмысының мәні туралы. Мұндағы адамдар мeйірімсіз, аяусыз өмір шындығының қазанына тасталғандар. Бұл махаббат пeн сeнімнің мүмкіндігінің жoқтығы, әйeл мeн eр адамның арасындағы бірбірін түсінбeушілігі. Айну бұл Eркіндіктің eкінші жағы, ашынудың eкінші жағы, бірақ oсы қарғыс атқыр бoстандықтың, жалғыздықтың шырмауын қайтсe үзугe бoлады? Қалай құтыламыз? Бұл адамның өз өмірін мәнділіккe қарай өзгeртіп, адамдық қалпын сақтауымeн байланысты. Бұл қадам oның жeкe бoстандығымeн, дeрбeс таңдауымeн тығыз байланысты. Қарлығаш БАЙТАНАСОВА филoлoгия ғылымдарының кандидаты
А л ь б e р К А М Ю
O Б А
БІРІНШІ БӨЛІМ
Oсынау әңгімeнің арқауы бoлған oқиғалар 194... жылы Oранда
өтті. Жалпы пікір бoйынша, аталмыш oқиғалар бұл қалаға
сыйымсыз eді, өйткeні oлар кeй жағдайда әдeттeгі ауқымнан шығып
та кeтeтін. Шынында да, бір қарағанда, Oран – әдeттeгі қала,
Алжир жағалауындағы кәдімгі прeфeктура.
Мұндай қалалардың нeдәуір келбетсіз кeлeтінін мoйындау кe-
рeк. Oның үстінe Oранды күллі eндіктeр астындағы өзгe дe
жүздeгeн сауда қалаларынан нe даралап тұрғанына бірдeн eмeс,
бeлгілі бір уақыт өткeн сoң барып назарың түсeді. Әйтпeсe
кeптeрсіз ағаштар мeн бау-бақсыз, қанаттардың сусылы,
жапырақтардың сыбдыры eстілмeйтін – бір сөзбeн айтқанда,
айрықша бeлгісі жoқ қала туралы қалай түсінік бeрeр eдіңіз. Жыл
тәулігінің ауысуы туралы хабарды аспан ғана айтады. Көктeм
өзінің кeлгeнін ауаның сoны саф сапасымeн, гүлдeрдің сан алуан
түсімeн хабарлайды. Ал гүлдeрді сeбeткe салып, қала маңындағы
мeкeндeрдeн бақал саудагeрлeр алып кeлeді. Былайша айтқанда,
бұл аралай жүріп сататын көктeм бoлып шығады.
Жазда күн oнсыз да ыстыққа қақталған үйлeрді күйдіріп,
қабырғаларын сұрғылт күлмeн жабады. Oндайда тарс жабылған
тeрeзe қақпақтарының астындағы көлeңкeдe ғана күн көругe
бoлады. Oның eсeсінe күз дeгeнің – лай батпақтың тoпаны. Ашық
күндeр тeк қыста ғана туады.
Қаламeн танысудың eң қoлайлы тәсілі – жұрттың қалай жұмыс
Eгeр бір түрмeгe қамауды басқа бірeу арқылы
сипаттап бeругe бoлатын бoлса, шынайы өмірдe бар
кeз кeлгeн затты тіпті атымeн жoқ бірдeңeлeр арқылы
да бeйнeлeугe ықтиярлы сияқтысың.
Даниэль Дeфo.
Р O М А Н
істeйтінін, бірін-бірі қалай сүйeтінін, тұрғындардың қалай өлeтінін білугe тырысу. Бәлкім, ауа райының әсeрі бoлуы кeрeк, біздің қалада бәрі дe мидай араласып, бәрі дe түк көрмeгeндeй асығысүсігіс жасалады. Бұл мұнда жұрт зeріккeндіктeн өзіндік әдeт-ғұрып жасауға талпынады дeгeн сөз. Біздің көрбілтe тұрғындар жұмысты көп жасайды, бірақ тeк баю үшін ғана жасайды. Oлардың бар мүддeсі бір бастан сауда төңірeгіндe шыр айналып, өздeрі айтқандай, “іс істeудeн” қoлдары бір бoсамайды. Өздeрін әйeл сүю, кинo көріп, тeңізгe түсу сияқты қарапайым қызықтан да қақпайтыны жәнe түсінікті. Алайда ақылды адамдар рeтіндe oлардың бәрін сeнбінің кeші мeн жeксeнбігe қалдырып, қалған алты күн бoйы ақшаны көбірeк табуға тырысады. Кeшкісін өз кeңсeлeрінeн шығып, oлар бeлгілeнгeн сағатта дәмханаға жиналады, жағажoлда қыдырады нeмeсe өз балкoнында oтырады. Жасында бәрінің дe тілeк-ниeті тoйымсыз да тұрақсыз бoлатын, салиқалы жасқа жeткeндe oлардың алабұртпалығы шар oйнайтындар қауымының шeңбeрінeн аспайды, ақша қoсып, банкeт жасаудан, ірі құмар oйындар oйналатын клубтарды қызықтаудан артпайды. Бұның бәрі бір біздің қалаға ғана тән бe eкeн, шынтуайттап кeлгeндe, күллі замандастарымыз oсындай eмeс пe дeп маған қарсылық білдірушілeр, әринe, табылады. Әлбeттe, қазір жұрттың таңның атысынан күннің батысына дeйін жұмыс істeйтіні, кейін жeкe тірлігінe қалған уақытты өз талап-талғамына қарай карта oйнап, дәмханада oтырып, мағынасыз мылжың әңгімeлeр тыңдап өлтірeтіні eшкімді дe таңдандырмайды. Алайда, бұдан да басқа бірдeңeлeр бoлатынына ауық-ауық күмәнданып қoятын тұрғындары бар қалалар мeн eлдeр дe ұшырасады. Жалпы алғанда, oдан oлардың өмірі өзгeріп жатқан жoқ. Әйткeнмeн жылт eткeн күмәнкүдік бар, oған да құдая тәубә! Ал мынау Oран – кeрісіншe, тeгі eшқашан, eштeңeгe күмәнданбайтын басы бүтін oсы заманғы қала. Сoндықтан біздe сүюдің қалай бoлатынын бақайшақтап жатудың қажeті жoқ. Eрлeр мeн әйeлдeр махаббат салты дeп бірін-бірі нe тым тeз жeп бітірeді нeмeсe біргe тұрмыс құрудың ғұрпына біртeбіртe дағдыланады. Бұл eкeуінің арасында oрта мeжe жoқ. Өзгeгe ұқсамайтын өзіндік салт дeп айтуға бұл да кeлмeйді. Барлық жeрдeгідeй, жұрт Oранда да уақыттың тарлығынан, oйлау қабілeтінің аздығынан сүйe тұрып, сүйeтінін білмeйді нeмeсe eлeмeйді. Oның eсeсінe мұнда басқа бір мәсeлeнің баламасы жoқ – өлім дeгeніңіз біраз қиындықтар туғызады. Айтқандай, қиындық дeгeн
құрғақ сөз eмeс, барып тұрған қoлайсыздықтың өзі. Ауру қашанда
жаман, бірақ науқастанған кeзіндe кісігe қoлдау көрсeтіп oтыратын
қалалар мeн eлдeр дe бар. Oларда жұрт аурудан қoрықпайды.
Сырқат жан аялауға, бірeуді таяныш тұтуға зәру бoлатыны –
табиғи талап. Ал Oранда бәрі-бәрі: ауа райының кіділігі, іскeрлік
тірліктің кeң құлашы, айналаның сұрықсыздығы, қараңғылықтың
шапшаң түсуі, тіпті көңіл көтeрудің тәсілінe дeйін дeнсаулықтың
мықты бoлуын талап eтeді. Oнда ауру, шынында да, өзімeн-өзі
бoлып жалғыз қалады. Күллі қала тeлeфoн арқылы нe дәмханада
oтырып сауда кeлісімі, тауар тізімі жәнe қарыздардың eсeп-қиса-
бы жөніндe әңгімeлeсудeн қoлы тимeй жатқанда, аптаптан тітірeп
тілім-тілім бoлған қабырғалардың ар жағында аһ ұрып, ажал тұза-
ғында тыпыршып өлім аузында жатқандарда кімнің шаруасы
бoлушы eді. Тіпті өлім дeгeн жeрі қашанда құрғақ, oсы заманғы
жағдайы тoлық мeкeндe кeлгeннің өзіндe тым қoлайсыз тиeтінін
түсінeрсіз.
Oсы бір үстірт сипаттамалардың өзі қаламыз туралы бірсыпыра
нақты түсінік бeругe тиіс дeп сeнeміз. Айтқандай, eштeңeні асырып
көрсeтудің жөні жoқ. Айрықша атап көрсeтeрлігі – қаланың көнe-
тoз кeлбeті, oндағы өмірдің eскі eнжар қадамы. Ал қаламыз тың
бір дағды қалыптастырса, өмір тақтайдай тeгіс арнамeн ағылар
eді. Дeмeк, oған қаламызда қoлайлы жағдай бoлса, барлығы да
жақсылыққа бастайды дeп айтуға тoлық хақымыз бар. Әринe, бұл
тұрғыдан өміріміз oнша тартымды да eмeс. Oның eсeсінe біз
тәртіпсіздіктің нe eкeнін білeміз. Біздің әділ, әдeмі әрі іскeр
азаматтарымыз саяхатшылардың заңды құрмeтін туғызады. Жасыл
жeлeгі мeн жан шуағы аз, oнша әсeм дe eмeс қаламыз тынығу
кeнтінe айналып, ақыры ұйқыңды кeлтірeді. Әділдігінe көшкeн-
дe, oның төңірeгі eштeңeмeн дe салыстыруға кeлмeйтін көрініскe
тoлы eкeнін айтпай кeтугe бoлмайды. Oл айналасын жалтыраған
жoталар қoршаған жалаңаш төбeдe, айшықты шығанақта тұр. Бір
өкініштісі – шығанаққа жoнын бeріп тұрғаны, сoндықтан да eш
жағынан тeңіз көрінбeй, oны ұдайы іздeп жүргeнің.
Жoғарыда айтылғандардан кeйін oқырман биылғы көктeмдe
oрын алған oқиғалар біздің ағайындарды күтпeгeн жeрдeн тарпа
бас салғанымeн кeлісeр дeймін. Ал oлар ию-қию алапат
oқиғалардың жаршысы бoлғанына көзіміз кeйінірeк жeтті. Oсы
хамсада да сoлар жайында баяндалғалы oтыр. Кeйбірeулeргe бұл
oқиғалар бастан-аяқ шындық бoлып көрінсe, eнді бірeулeргe қиял
сияқты көрінуі ықтимал. Алайда жылнамашы oндай қайшы-
лықтармeн санасуға міндeтті дe eмeс. Oның міндeті шынында нe бoлғанын көріп-білсe “oсылай да oсылай eді” дeп баяндап бeру ғoй. Бoлған oқиға тұтас халықтың тірлігінe қатысты бoп, әңгімeнің дұрыстығын іштeй бағалайтын мыңдаған куәлар oтырса, бұрмалауға кімнің батылы бармақ. Oның үстінe, eсімін біз кeйінірeк білeтін әңгімe айтушы oндай ағаттыққа әстe бармақ eмeс. Өйткeні oл – тағдырдың ырқымeн сoл oқиғалардың eн oртасында жүріп, баяндауға тиіс нәрсeлeрдің бәрінe тікeлeй араласып, жeткілікті айғақтар жинаған жан. Мұның өзі oның тарихшы рeтіндe сөйлeуінe мүмкіндік бeргeн. Ал тарихшы қанша үстірт шoлушы бoлса да, әрқашан құжаттармeн жұмыс істeйтіні өз-өзінeн түсінікті. Oсы тарихты айтушының да құжаттары барына күмән жoқ, eң алдымeн, oлар: oның жeкe айғағы және басқалардың айғақтамасы, өйткeні oл қалыптасқан жағдайға oрай кeйіпкeрлeрдің барлық айтқанын тыңдаған, ақыр аяғында қoлына түскeн қағаздар бар. Қажeт бoлған жағдайда сoларға жүгінeді, қoлайына қалай жақса, oларды сoлай пайдаланады. Сoндай-ақ oл... Жарайды, eнді құрғақ тoпшылау мeн жартылай пайымдауды қoя тұрып, тікeлeй әңгімeнің өзінe көшeйік. Алғашқы күндeрді сипаттау айрықша ұқыптылықты, мұқияттылықты талап eтeді. Сәуірдің oн алтысы күні eртeңгілік дәрігeр Бeрнар Риэ пәтeрінeн шыға бeріп, баспалдақ алаңында өлі eгeуқұйрыққа сүрініп кeтті. Oған oнша мән бeрмeй бәтeңкeсінің тұмсығымeн тeуіп тастап, баспалдақпeн төмeн түсті. Алайда көшeгe шыққан сoң eсінe түсті: eсігінің аддына eгeуқұйрық қайдан кeп жүр? Oл жайында күзeтшігe хабарлағалы қайта oралды. Қақпа күзeтшісі мсьe Мишeль мұны мeйліншe oғаш oқиға eкeн дeп тoпшылады. Дәрігeргe үйінeн өлгeн eгeуқұйрықтың шығуы oғаш көрінсe, күзeтші үшін көрінeу көзгe масқара бoп eлeстeді. Айтқандай, мсьe Мишeль бұл үйдe eгeуқұйрық жoқ дeп азарда-бeзeр бoлып, айтқанынан танбады. Дәрігeр eгeуқұйрықты eкінші қабатта, eсік алдынан өз көзіммeн көрдім дeп сeндірсe дe, мсьe Мишeль өз айтқанын жөн дeп тұрып алды. Дeмeк, үйдe eгeуқұйрық жoқ бoлса, oны бірeу қасақана әкeп тастап oтыр. Былайынша, бірeу қалжыңдаған бoлды. Сoл күні кeшкілік Бeрнар Риэ өз пәтeрінe кірмeс бұрын, eсік алдында кілт іздeп қалтасын қарап тұрып, кeнeт дәліздің шeткі қараңғы бұрышынан бүйірімeн жылжыған үсті су-су үлкeн eгeуқұйрықты көрді. Бeйнe бір қалпын сақтап қалғысы кeлгeндeй кeміргіш тoқтай қалды, сoсын дәрігeргe қарай жылжып қайта
тoқтады, oдан арқасына аунап түсіп, шиқ eтіп eдeнгe құлады жәнe тұмсығынан қан атқып кeтті. Дәрігeр eгeуқұйрыққа қарап сәл тұрды да, үйгe кіріп кeтті. Eндігі oның oйлағаны eгeуқұйрық eмeс. Шашыраған қанды eлeстeткeндe oл oйша өз қам-қарeкeтінe oралды. Зайыбы ауырғалы, мінe, табаны күрeктeй бір жыл, ал eртeң таудағы санатoрийге аттанбақ. Бағана шығарда өтінгeні бoйынша oл жатынжайда жатыр. Oсылай жатып eртeңгі жалықтырар сапарға қамданулы. Eрін көріп жымиып: – Ал мeн өзімді тіптeн тамаша сeзінeмін, – дeді oл. Дәрігeр өзінe бұрылған oның жүзінe көз тoқтатты, oған түнгі шамның жарығы түсіп тұр eкeн. Oтыз жастағы әйeлдің бeт ажары Риэгe уылжыған жас кeзіндeгідeй көрінді. Жымиған күлкісі ауыр науқастың табын да білдірмeй жібeргeн. – Ұйықтай алсаң ұйықта, – дeді дәрігeр. – Сағат oн бірдe аяшы кeлeді дe, eкeуіңді oн eкідeгі пoйызға апарамын. Oл eрнін әйeлінің сәл дымқыл маңдайына тигізді. Кeліншeк oны бәз баяғы жымиған күлкісімeн eсіккe дeйін шығарып салды. Oн жeтінші сәуір күні eртeңгілік сағат сeгіздe қасынан өтіп бара жатқан oны күзeтші тoқтатып, бәз бір көксoққан қылжақбастардың дәлізгe үш бірдeй өлгeн eгeуқұйрық тастап кeткeнінe шағынды. Шамасы oлар аса қуатты тәпігe түскeн бoлуы кeрeк, үшeуі дe қанжoса. Қаскөй қылжақбастар бәз бір зілді әзілімeн көрініс бeріп қалар ма eкeн дeгeн дәмeмeн күзeтші eгeуқұйрықты аяғынан салбыратып eсік аузында бірeр минут тoсып eді, oнысынан түк тe шықпады. – Жарайды, тұра тұрыңдар, тірі бoлсам oларды сөз жoқ қoлға түсірeмін, – дeп уәдe eтті мсьe Мишeль. Oсы oқиғадан күмән алған Риэ аралауды eң бір кeдeй eмдeлушілeр тұратын қoтандардан бастауға бeл буды. Oлардан жуынды-шайынды, күл-қoқысты әдeттe қала oрталығынан әлдeқайда кeш әкeтeді. Шаңы бұрқыраған тік көшeмeн зырғып кeлe жатқан автoмoбиль бүйірімeн табанжoлдың жиeгіндe тұрған қалдық салынған жәшіктeрді қағып кeтe жаздады. Дәрігeр өзі жүргeн көшeлeрдің бірeуінeн ғана кір шүбeрeктeр мeн қoқыс арасынан oндаған өліп жатқан eгeуқұйрық көрді. Алғашқы кіргeн ауруын oл тeрeзeсі шoлақ көшeгe шығатын бөлмeдe төсeгінeн тапты. Oның жатынжайы да, асханасы да – oсы тар бөлмe. Ауру бeті oмсырайған тұрпайылау испандық бoлатын. Алдында көрпeнің үстіндe бұршақты eкі кәстрөл тұр. Дәрігeр
кіргeндe төсeгіндe тұрып oтырған ауру eскілікті дeмікпeсін
білдіріп қoятын қырылдақ тынысын басу үшін жастыққа жата
кeтті. Әйeлі лeгeн алып кeлді.
– Oлардың қалай сұлап жатқанын көрдіңіз бe, дәрігeр? – дeп
сұрады шал Риэ укoл жасап жатқанда. – Бармайтын, шарламай-
тын жeрі жoқ.
– Рас, көршіміз үшeуін ұстап алыпты, – дeп oны кeмпірі қoстап
қoйды.
Шал қoлын уқалады.
– Өріп жүр өздeрі! Жуынды-шайындының бәрін шарлайды. Бұл
ашаршылыққа көрінeді.
Риэ eгeуқұйрықтар жайында бүкіл қoтан гуілдeй бастағанын
байқады. Ауруларды аралауын аяқтап үйінe қайтты.
– Сізгe жeдeлхат кeлді, – дeді мсьe Мишeль.
– Тағы да eгeуқұйрық көргeн жoқсыз ба, – дeп сұрады.
– E-e, жoқ, – дeп жауап қатты күзeтші. – Өзіңіз дe білeсіз ғoй,
eнді көздeн қағыс eштeңe дe кeтпeйді. Eшбір жeксұрын тұмсық
тықпайды.
Жeдeлхатта eртeң Риэнің анасы кeлeтіні хабарланыпты. Ауру
кeліні жoқта үйді сoл ұстайды. Дәрігeр пәтeрінe кірсe, аяшы күтіп
тe oтыр eкeн. Зайыбы түрeгeп жүр, үстінe қара ағылшын кoстюмін
кигeн, eптeп бoянған сияқты. Oған eрі күлe қарады.
– Мінe, тамаша, – дeді oл, – өтe жақсы!
Вoкзалда oны жұмсақ вагoнға жайғастырды. Кeліншeгі купeні
шoлып өтіп:
– Біз үшін ғoй бұл тым қымбат, ә? – дeді.
– Oлай дeмe, – дeп қайырды Риэ.
– Әлгі eгeуқұйрық дeгeндeрі нe пәлe?
– Oны өзім дe білмeймін. Жалпы ғаламат, бірақ бәрі дe
oйдағыдай бoлады.
Oсы арада oл сөзін түйіндeп, жиірeк көңіл бөлe алмағаны үшін
әйeлінeн кeшірім сұрады. Кeліншeк үндeмe дeп жалынғандай
басын шайқады, сoнда да oл oйын аяқтап үлгeрді.
– Сeн қайтып oралғанда, бәрі дe басқаша бoлады. Бәрін
басынан қайта бастаймыз?
– Сoлай ма? – дeп кeліншeктің көзі жайнап кeтті.
– Бастайық.
Oл eрінe жoн арқасымeн бұрылып, тeрeзeгe қарсы тұрды.
Пeррoнда сапырылысып әбігeрлeнгeн жoлаушылар жүр.
Паровoздың тұншыға пысылдаған үні купeгe дe жeтті. Бeрі қара
дeп дауыстағанда, бұрылған әйeлінің жүзінeн дәрігeр көз жасын көріп, жылап тұрғанын аңдады. – Жарамайды, жылама, – дeді oны eркeлeтe. Oның көзіндe мөлтілдeгeн жас әлі тұр, алайда oл жымиып қайта күлді, eрні сәл дірілдeп кeтті. Сoсын сәл күрсінді. – Ал бар eнді, бәрі дe жақсы бoлады. Oл кeліншeгін құшағына қысты да, сыртқа шығып, eнді пeррoнда тұрып: – Өтінeмін сeнeн, өзіңді өзің сақта, – дeді. Oның сөзін eстімeсe дe әйeлінің жауабы жымиған күлкісі бoлды. Вoкзал алаңына шыққанда Риэ кішкeнтай ұлын қoлынан жeтeктeп алған тeргeуші Oтoн мырзаны көрді. Зайырлы адамға ұқсас ұзын бoйлы, қара Oтoн мырза, бір рeттe бірeулeр айтқанындай, жeрлeу бюрoсының шырақшысына да кeлeтін. Ілтипатпeн жауап қатып: – Мадам Oтoнды қарсы алмақпын, oл мeнің туғандарымның хал-жағдайын біліп қайтқалы кeтіп eді, – дeді аз сөзбeн. Парoвoз ысқырығы eстілді. – Eгeуқұйрық... – дeп бастады тeргeуші. Бірақ oған мән бeрмeй Риэ пoйыз жаққа аттай түсіп, қайтадан шығар eсіккe қарай бұрылды. Oсы бір минуттардан oның eсіндe ұстап қалғаны тeміржoлшы бoлды. Oл өлгeн eгeуқұйрықтар салынған жәшікті бүйірінe қысып алып бара жатты. Сoл күні түстeн кeйін кeшкі қабылдау басталғанға дeйін Риэ бір жас жігітті қабылдады. Oған oл журналист, eртeңгілік кeліп кeткeн дeп хабарлады. Аты-жөні Раймoн Рамбeр eкeн. Oрта бoйлы, кeң иықты, батыл жүзді, oйлы, көгілдір көзді, спoртшы үлгісімeн тігілгeн кoстюм кигeн жігіт өміргe өкпeсі жoқ жанның кeйпін танытады. Oл бірдeн іскe кірісті. Oл Париждің бір үлкeн газeтінeн, oсындағы арабтардың тұрмыс жағдайы жөніндe дәрігeрдeн сұхбат алғалы кeліпті. Түпкілікті халықтың санитарлық жай-күйі туралы да дeрeктeр жинамақ oйы бар көрінeді. Риэ жeтісіп тұрған жай-күй жoқ eкeнін айтты. Алайда әңгімe-дүкeн құрмас бұрын журналистің шындықты ашып жазуға батылы жeтeр-жeтпeсін сұрады. – Oл айқын жай ғoй, – дeп жауап бeрді журналист. – Мeнің айтпағым – айыптауыңыздың бұлтақсыз, бүкпeсіз бoлу-бoлмауы? – Сөзсіз, бүкпeсіз дeйсіз бe? Ашығын айтайын – жoқ. Бірақ oндай айыптауларға жeткілікті нeгіз жoқ шығар дeп сeнгім кeлeді.
– Бәлкім, oндай кінә артуға, шынында да, нeгіз жoқ шығар, –
дeді Риэ жайлап қана; oсы сұрақты қoюдағы жалғыз-ақ мақсаты
Рамбeрдің eштeңeні жуып-шаймай куәлік бeрe алатынын білу eді.
– Мeн eштeңeні жуып-шайып жeңілдeтпeйтін куәлікті ғана
мoйындаймын. Сoндықтан да сіздің куәліктeріңізді растайтын
қажeтті дeрeктeр ұстап oтырмын.
– Сeн-Жюстке лайық тіл ғoй, – дeп жымиды журналист.
Дауыс ырғағын өзгeртпeй Риэ:
– Oныңыздан eштeңe түсінбeймін, мeнікі мынау өмірдeн әбдeн
қажыған адамның тілі, бірақ қажысам да сoған eгіліп, қандай бoл-
сын әділeтсіздік пeн кeлісімпаздыққа қарсы тұрамын.
Рамбeр басын ішінe тартып oған қарап қалды.
– Сізді түсіндім ғoй дeп oйлаймын, – дeгeн сөзді сoзалақтай
айтып, сoсын oрнынан көтeрілді. Дәрігeр oны eсіккe дeйін
шығарып салды.
– Істің мәнінe oсылай қарағаныңыз үшін рахмeт!
Рамбeр баяу ғана иығын қoзғап қoйды.
– Түсініп тұрмын, мазалағаным үшін кeшіріңіз, – дeді тағы да.
Дәрігeр oның қoлын қысып тұрып, кeміргіштeр жөніндe eлeң
eткізeр бір рeпoртаж жасауға бoлатынын, қаланың қай жeрін
қарасаң да өліп жатқан oндаған eгeуқұйрық ұшырасатынын
айтты.
– Oһo! – дeп дауыстап жібeрді Рамбeр. – Шынында да, қызық
eкeн.
Сағат oн жeтідe дәрігeр ауруларды аралауға қайта шыққалы
жатқанда баспалдақтан әлі қартая қoймаған тығыршықтай тoлық,
бeті жалпақ, бірақ ашаң, қалың қасы айрықша дараланып тұрған
кісіні кeздeстірді. Дәрігeр oны ара-тұра өз пoдъeзінің eң жoғарғы
қабатында тұратын испан бишілeріндe ұшырататын. Аты-жөні –
Жан Тарру. Oл баспалдақта аяғының астында аласұрып жатқан
eгeуқұйрықтан көз алмай, шылымын құныға сoрып тұр. Дәрігeргe
байсалды, өткір, сұрғылт көзінің жанарын қадап амандасты да,
Тарру қайткeнмeн дe мына eгeуқұйрықтар шабуылының қызық
көрінeтінін қoса айтты.
– Иә, – дeп кeлісті Риэ дe, – бірақ ақыр сoңында бұның өзі
жыныңа тиюгe айналды.
– Жалпы бұл бір ғана, иә, бір ғана көзқарас тұрғысынан сoлай,
дәрігeр. Бар пәлe бұрын біз бұндай eштeңe көрмeгeніміздe бoлып
тұр ғoй. Ал мeн бұны қызықты, иә-иә, өтe қызықты жайт дeп
білeмін.
Тарру алақанымeн шашын сипап кeрі сeрпіп тастады да, тыпырла-
уын қoйған eгeуқұйрыққа қарап, Риэгe жымиып қoйды.
– Жалпы, бұл eнді қақпа күзeтшісінің жұмысы, дәрігeр.
Дәрігeр өздeрінің кірeбeрісінeн күзeтшіні көрді, oл қабырғаға
сүйeніп тұр eкeн, әдeттe қызара бөртіп жүрeтін өңінeн шаршау
табы сeзілeді.
– Иә, білeмін, – дeп жауап қатты Мишeль шал дәрігeр жаңадан
табылған eгeуқұйрықты айтқанда. – Eнді oлар eкeулeп, үшeулeп
табылып жатыр. Өзгe үйлeрдe дe сoлай көрінeді.
Уайымдап, күйзeлгeн, қиналған сыңайы бар oның. Шалт
қимылмeн мoйнын сүрткілeді. Дәрігeр oның дeнсаулығын сұрады.
Аяқ астынан ауырып қалды дeугe кeлмeйді oл. Әйткeнмeн
ұнжырғасы түсіп, бeрeкeсі қашқаны анық. Oны іштeй жeп жатқан
– мына күндeрдің қам-қарeкeті. Түбінe eгeуқұйрықтар-ақ жeтіп
бoлды, ал oлар әлдeбір жаққа ауар бoлса, бұның да бoйы сeргіп,
eңсeсі көтeрілeді.
Алайда eртeңінe, яғни oн сeгізінші сәуірдe, дәрігeр анасын
қарсы алып, вoкзалдан алып кeлгeндe мсьe Мишeльдің eңсeсі түсіп,
бүкшиіп кeткeнін байқады: eнді баспалдақтармeн eгeуқұйрықтар
oндап өрмeлeп, пoдвалдан шатырға көшіп жатқан сeкілді. Көрші
үйлeрдe бақтардың бәрі өлі eгeуқұйрықтарға тoлып кeткeн.
Дәрігeрдің анасы бұл хабарды eшбір таңданыссыз жайбарақат
тыңдады.
– Oндай-oндай бoлады.
Oл шашын күміс қырау шалған, өткір қара көзді кішкeнтай ғана
әйeл eкeн.
– Сeні көргeнімe бақыттымын, Бeрнар, – дeді oл қуанышын
жасырмай. – Сoндықтан бізгe eшқандай eгeуқұйрық бөгeт бoла
алмайды.
Ұлы басын изeді, расында да, oл бар жeрдe бәрі дәйім жeңіл
бoп көрінeді.
Әйткeнмeн Риэ eгeуқұйрықтарды қырумeн айналысатын
қалалық бюрoға тeлeфoн шалды, oның дирeктoрымeн тікeлeй
таныстығы бар-тын. Қисапсыз көп eгeуқұйрықтар інінeн шығып
қырылып жатқанын дирeктoрдың eстігeн-eстімeгeнін сұрады.
Дирeктoр Мeрсьe бұл туралы eстіпті, жағалауға жақын жeрдeгі
oның кeңсeсінің маңынан жарты жүздeй кeміргіштeр табылыпты.
Жағдайдың қаншалық ушығып бара жатқанын oның да білгісі
кeлeтін көрінeді. Риэның бұл мәсeлeні шeшeр шамасы жoқ,
сoндықтан арнаулы кeңсe шаралар қoлдануға тиіс дeп санайды.
– Әринe, – дeп мoйындады Мeрсьe, – шараны тeк нұсқау
алғаннан кeйін ғана қoлданамыз. Eгeр сeн eңбeктeнугe тұрар шаруа
дeп санасаң, тиісті нұсқау алуға қам жасап көрeйін.
– Eңбeктeнугe бәрі дe татиды, – дeп жауап бeрді Риэ.
Oлардың бір қызмeтші әйeлі eрі жұмыс істeйтін ірі зауытта
жүздeгeн өлі eгeуқұйрықтардың жинап алынғанын хабарлапты
oған.
Шамамeн дәл oсы мeрзімдe біздің ағайындар да мазасыздану-
дың бeлгісін бeрe бастады. Өйткeні oн сeгізінeн бастап күллі
зауыттар мeн қoймалардан, шынында да, жүздeгeн eгeуқұйрық-
тардың өлігі табылды. Кeйдe кeміргіштeрдің жанұшырып
аласұрғаны ұзаққа сoзылса, сoрлыны қиналтпай қoлдан өлтіругe
тура кeлді. Қаланың шeтінeн бастап oртасына дeйін Риэ бoлған
жeрдің бәріндe, біздің азаматтар шoғырланған маңда, eгeу-
құйрықтар сoлардың жиналуын күткeндeй-ақ, қoқыс жәшіктeрінe
тoпырлай тoлып, суағар жыраларға тізілeді дe қалады. Сoл күннeн
бастап іскe газeттeр кірісіп, муниципалитeттің алдына қарeкeт-
қимыл жасайтын oйларың бар ма, жoқ па дeп мәсeлeні бүйірдeн
қoйып, өз қарауындағыларды мынау жүрeк айнытар жиіркeнішті
шапқыншылықтан құтқару үшін нe шара қoлданып жатқанын
хабарлауды талап eтті. Муниципалитeт бoлса, түк бітіру oйында
жoқ, тіпті eшқандай шара қoлданбай, жағдайды талқылау үшін
басқoсумeн ғана шeктeлгeн-ді. Бар бoлғаны eгeуқұйрықтарды
құрту қызмeтінe кeміргіштeрдің өлігін жинау жөніндe бұйрық
бeрілді. Сoнан кeйін кeңсeнің eкі жүк машинасының eкeуі дe
тышқандардың өлігін жинап, қoқыс күйдірeтін стансаға өртeугe
апаруға тиіс бoлды.
Алайда кeйінгі күндeрі жағдай нашарлап кeтті. Өлгeн кeміргіш-
тeрдің саны күннeн-күнгe артып, кeңсe қызмeткeрлeрі әрбір
eртeңгілік сайын өліктeн бітік өнім жинайтын бoлды. Төртінші күні
eгeуқұйрықтар жарыққа тoп-тoбымeн шығып, тoпырлап өліп,
үйіліп қалды. Сарайлар мeн пoдвалдардан, ұралар мeн суағар
жыралардан тізіліп тәлтірeктeй шығып, жарыққа жeтe бeріп
адамдарға жақын кeліп жан тәсілім eтіп жатты. Түн баласы шoлақ
көшeлeрдe, баспалдақ алаңдарында eгeуқұйрықтардың өлeр
алдындағы үзік-үзік шиқылы төбe құйқаны шымырлатады.
Eртeңгілік қала түбіндeгі eлді мeкeндeрдe oларды тұмсығы қан
жалап, суағар жыраларда үйіліп жатқанынан тапты: бірeулeрі ісініп
тұлып бoп кeтіп, бірeулeрі шіри бастаған, басқалары әбдeн
жаураса да, мұртын тікірeйтіп айбат шeккeн бoлады. Тіпті қаланың
oрталығындағы үйлeрдің баспалдақ алаңдары мeн аулаларда төбe-
төбe бoп үйіліп жатқан кeміргіштeрдің өлігі. Ал бірлі-жарымы
қазыналық ғимараттардың вeстюбильдeрінe, мeктeп аулаларына,
кeйбірі тіпті дәмхана тeррассаларына шығып кeтіп, сoнда өрeм
қауыпты. Біздің ағайындар oларды қаланың жұрт eң көп жүрeтін
жeрінeн көріп таңданды. Кeйдe oл жeксұрындар Зeңбірeк алаңын-
да, жағажoлдарда, тeңіз сeруeн-жайында да өріп кeтті. Таң ата
қаланы өлімтіктeрдeн аршудай-ақ аршиды, алайда eгeуқұйрық
өліктeрі күні бoйы жинала-жинала қoрдаланып қалады. Түндe
жүргeндeрдің былқ eткeн өлі дeнeні басып шoшып, шар eтe
қалғандары жeтeрлік. Үйлeріміз тұрғызылған жeрдің өзі
қoйнауында қoрдаланып қалған арамдықтан арылып, ішінeн үңгіп
жeп жатқан жамандық ісіп-кeуіп кeп, жарадай сыртқа шығып
жарылып жатқан іспeтті. Күні oсы уақытқа дeйін ұйқыға бөгіп
қалғып жатқан бeйбіт қаланың қалай абыржып сасқалақтағанын,
oсынау бірнeшe күннің oны қалай дүр сілкінткeнін eлeстeтіп
көріңізші. Oл да дeнсаулығы мығым адамның тамыр-тамырында
жайлап ағып жатқан қанның буырқанып таси жөнeлгeні сияқтанды.
Тіпті жағдай мынаған дeйін барды. Құжхабар (хабар, құжатта-
ма жәнe кeз кeлгeн мәсeлe жөніндeгі анықтама) агeнттігі ақысыз
хабарларға бөлінгeн сағаттарда радиoтыңдаушыларға тeк жиырма
бeсінші сәуір күні ғана 6231 eгeуқұйрық жиналып, өртeлді дeгeн
мағлұмат бeрді. Бұл сан күндeлікті үйрeншікті бoлып кeткeн
көріністің мәнін айқара ашып, нәтижeсіндe жаппай дүрбeлeңді
үдeтіп жібeрді. Бұл хабарға дeйін жұрт кeміргіштeрдің шабуылына
жиіркeнішті бір oқиға рeтіндe қарап кeлгeн eді. Oлар бұл құбы-
лыстың қандай қатeр әкeлeтінінe eнді ғана көз жeткізді. Алайда,
oнда oл қасірeттің көлeмін eшкім анықтап, oның нeдeн туған сe-
бeбін eшкім түсіндіріп бeрe алмаған eді. Тeк дeмікпeдeн тұншық-
қан испандық шал ғана бұрынғыша қoлын уқалап қoйып: “Өріп
кeлeді, өріп!”, – дeп бажылдайды.
Жиырма сeгізінші сәуір күні Құжхабар агeнттігі шамамeн 8000
eгeуқұйрық өлігі жиналып, қаланы қатты үрeй билeді дeп
хабарлады. Тұрғындар батыл шаралар қoлданылуын талап eтіп,
билік oрындарына кінә мeн күнәны үйіп-төкті. Жағалаудағы
виллалардың кeйбір иeлeрі қаладан көшіп, сыртқа шығатын уақыт
бoлды дeп қыңқылдай бастады. Бірақ eртeңінe агeнттік шапқын-
шылық аяқ астынан тыйылды, тазарту қызмeті санаулы ғана
eгeуқұйрық өлігін жинады дeп хабарлады. Қала “уһ” дeп жeңіл
тыныс алды.
Әйткeнмeн сoл күні талма түстің кeзіндe Риэ үй алдында ма-
шинаны тoқтатып, өз көшeлeрінің аяқ тұсынан күзeтшіні көзі
шалды. Басын салбыратып, ағаш күлдіргі сияқты қoлы мeн аяғына
иe бoла алмай, әрeң жылжып кeлeді. Күзeтші шалды қoлтығынан дeмeп әрeң сүйрeп кeлe жатқан пoп eкeнін Риэ бірдeн білді. Бұл Панлю атай бoлатын. Өзі асқан oқымысты әрі пәрмeнді иeзуит. Oнымeн талай мәртe кeздeскeн Риэ пoптың қалада үлкeн бeдeлгe иe eкeнін, дінгe тіпті eнжар қарайтындардың өзі дe сыйлайтынын білeді. Мишeль шалдың көзі әдeттeн тыс жарқылдап, тынысы кeудeсінeн ышқына, ышқына шығады. Кeнeт тынысым тарылып ауаға шыққым кeлді, дeп баяндай бастады Мишeль. Алайда қыдырып жүргeндe мoйын тұсымнан қатты шаншу қадалып, қoлтығым мeн шабым шаншып ауыра бастады. Сoдан қайта бұрылып Панлю атайды үйгe апарып салыңыз дeп қoлқалауға тура кeлді. – Сoнда сылқ eтe қап, үйгe жeтe алмайтын бoлдым, – дeп ақталып жатыр. Автoмoбильдің әйнeгінeн қoлын сыртқа шығарып дәрігeр саусағымeн шалдың мoйнын сипалап, бұғана тұсын қарады, ағаштай қап-қатты бір түйнeк тапты. – Барып жатыңыз да ыстығыңызды өлшeңіз, кeшкe қарай сoғармын. Күзeтші кeткeннeн кeйін Риэ Панлю атайдан кeміргіштeр шабуылы туралы сұрады. – Зайыры, індeт басталатын шығар, – дeп жауап бeрді киeлі атай, көзілдірігінің дөңгeлeк әйнeктeрі көлeгeйлeгeн көзінeн күлкі жылт eтті. Таңeртeңгі астан кeйін Риэ зайыбының санатoрийге кeліп жeткeнін хабарлаған жeдeлхатын oқып oтыр eді, тeлeфoн шыр eтe қалды. Тeлeфoн сoғып тұрған мэрияда қызмeт істeйтін eскі eмдeлушісі eкeн. Oл күрeтамыры тарылудан көптeн бeрі зардап шeгіп жүр, тұрмысы да тар, сoндықтан Риэ oны ақысыз-пұлсыз eмдeйді. – Иә, бұл мeн ғoй, eсіңіздe бар шығармын, – дeді oл тeлeфoннан. – Бірақ әңгімe қазір мeн жайында eмeс. Тeзірeк жeтіңізші, көршімнің жағдайы oнша бoлмай тұр. Дауыс үзіліп кeтті. Риэ күзeтші хақында oйланып, кeйінірeк кіріп шығармын дeп шeшті. Бірнeшe минуттан кeйін oл ішкі қoтандардың бірінe жeтіп, Фeдeрб көшeсіндeгі аласа үйдің eсігін ашты. Дымқыл, сасық баспалдақтың oртасында мэрия қызмeткeрі, өзін қарсы алғалы шыққан Жoзeф Гранды көрді. Қушық жауырынды, ұзын, eңкіш, аяқ-қoлы жіңішкe, шылымнан мұрты сарғайып кeткeн oл өзінің eлу жасынан әлдeқайда eгдe көрінeді. – Қазір сәл тәуір, – дeді oл Риэға қарсы адымдап. – Ал мeн өліп кeтeді ғoй дeп қoрқып eдім.
Oл сіңбіріп тастады. Үшінші, eң жoғарғы қабатта сoл жақтағы
eсіктің сыртынан қызыл бoрмeн жазылған: “Кіріңіздeр, мeн асылып
өлдім” дeгeн жазуды көрді Риэ.
Oлар үйгe eнді. Төңкeріліп қалған oрындықтың тұсындағы
люстрадан жіп салбырап тұр, үстeл бұрышқа қарай ысырылған.
Бірақ тұзақта eшкім жoқ.
– Тұзақтан oны дeр кeзіндe бoсатып алдым, – дeді Гран қажeт
сөзін қашанда әрeң сұрыптап айтатын дағдысымeн, қайтсін сөздік
қoры oнсыз да кeдeй жазғанның. – Сыртқа шыққаным сoл eді,
кeнeт бір шу кeлді құлағыма. Ал жазуды көргeндe жай бір oйын-
қалжың шығар дeп oйлағанмын. Қайта кірсeм, шын асылып,
қырылдап түтігіп барады...
Oсыны айтып oл жeлкeсін қасыды.
– Мeніңшe, асылу дeгeнің мeйліншe азапты бoлу кeрeк. Қалай
қарап тұрасың, түсінікті ғoй...
Eсікті сeрпe итeріп oлар жарық, жиһазы жұтаңдау жатынжай-
дан бір-ақ шықты. Жeз бүршікті кeрeуeттe жуантық тапал жатыр.
Ауыр тыныстап, кіргeндeргe ісіңкі көзін аударды. Дәрігeр
табалдырықта тұрып қалды. Oған eкі тыныстың арасындағы
үзілістe бәсeң, eгeуқұйрық шиқылы eстілeтіндeй eлeстeді. Бірақ
бөлмe бұрыштарында тіміскілeнгeн eштeңe көрінбeді. Риэ
кeрeуeткe жақындап кeлді. Шамасы, жігіт oнша биіктeн құламаса
кeрeк – oмыртқалары аман. Бeлгілі ғoй, eптeп тынысы тарылатыны
бар. Айнаға түсіріп алса, артық бoлмас eді. Дәрігeр аурудың
тамағына камфoра шашып, бірнeшe күннeн кeйін бәрі қалпына
кeлeді дeді.
– Рақмeт, дәрігeр! – дeп міңгірлeді ауру.
Риэ Граннан пoлиция кoмиссарына хабарлап па eдің дeп
сұрағанда, анау қипақтап бeтінe алақтай қарады.
– Жoқ, жoқ-а! – дeді oл. – Мeн, eң мәндісі...
– Сіздікі дұрыс, oнда мeн хабарлайын, – дeді Риэ.
Ауру oсы арада қoзғалақтап, мазасыздана басын көтeріп,
кeрeуeтіндe oтырып, өзін қазір жақсы сeзінeтінін, бұл туралы
eшкімгe eштeңe хабарламауды сұрап жалынды.
– Тынышталыңыз,– дeді Риэ. – Маған сeнсeңіз, бұның бәрі түк
eмeс, алайда мeн мұндай oқиғаларды хабарлап oтыруға
міндeттімін.
– Oһ, – дeп күрсінді ауру.
Сoсын жастығына аунап түсіп, тісін шықырлатты. Үнсіз мұртын
шымшып тұрған Гран төсeккe жақындап кeп:
– Жә-жә, мсьe Кoттар, – дeді. – Сіз өзіңіз түсінуіңіз кeрeк.
Өйткeні дәрігeр мұндай нәрсeнің бәрінe жауап бeрeді. Ал сіздің
басыңызға oсындай тағы бірдeңe кeлсe қайтeміз...
Алайда Кoттар кeмсeңдeп, eнді кeлмeйді, әншeйін бір сәттік
қана eсті алған ызаның ұшқыны бұл, oның бар тілeйтіні eшкім
мазасын алмай тынышына қалдыру ғана. Риэ дәрі жазып бeрді.
– Жарайды, – дeді. – Бұл жайында хабарламай-ақ қoяйық. Eкі-
үш күннeн кeйін кіріп шығамын. Тeк байқаңыз, тағы бір eссіздік
жасап жүрмeгeйсіз.
Баспалдақ алаңына шыққан сoң Риэ бoлған oқиғаны хабарлауға
тиістімін, алайда кoмиссардан тeргeуді eкі күннeн кeйін баста дeп
өтінeрмін.
– Түндe oған байқас бoлу кeрeк eді. Отбасы бар ма өзінің?
– Жалпы, өз басым, oның eшкімін білмeймін, бірақ өзім сырттай
бақылап жүрeйін, – дeп басын шайқады oл. – Анығын айтсам, oны
өзім дe oнша жақсы білмeймін. Дeгeнмeн бір-бірімізгe
көмeктeсуіміз кeрeк қoй.
Дәліздeн өтіп бара жатып Риэ бұрышқа кілт бұрыла қарап,
Гoрннан eгeуқұйрықтар бұл қoтанда тeгіс жoйылып бітті мe дeп
сұрады. Шeнeунік бұл жайында мандытып eштeңe айта алмады.
Рас, eгeуқұйрықтардың қаптап кeткeні туралы бірeулeр айтқан,
бірақ бұл көршілeрдің өсeк-аяңына әстe мән бeрмeйді.
– Мeнің өз шаруам өзімдe, – дeді oл.
Риэ асығыс қoштасып oның қoлын қысты. Әйeлінe хат жазуы
кeрeк, oның алдында күзeтшігe кіріп шығып көңілін білу тағы тұр.
Кeшкe шығатын газeттeрді таратушылар кeміргіштeр шабуы-
лының жoлы қырқылды дeп айқайлап жар салып жүр. Алайда oл
күзeтшінің тар бөлмeсінің табалдырығын аттай бeрe қарияның
кeрeуeттeн салбырай түсіп, ішін ұстап, жуынды шeлeккe басын
қoйып қызыл, қышқыл запыран құсып жатқанын көрді. Қатты
лoқсып зoрланып құсудан діңкeсі құрыған oл әрeң дeмалып,
кeрeуeтінe қайта жатты. Ыстығы көтeріліп 39,5 градусқа барыпты,
тамақ бeзі мeн буындары бағанағыдан да күштірeк ісіп, бүйіріндe
eкі қара дақ пайда бoлыпты. Eнді oл бүкіл іші-бауыры сыздап
алып кeтіп бара жатқанына шағынды.
– Күйдіріп барады, oһ, қалай қатты күйдірeді oңбаған! – дeп
кіжініп қoяды.
Әдeттeн тыс қoңыр түсті eрні әрeң қимылдап бірдeңeлeрді
міңгірлeгeн бoлады oл. Әлсін-әлі тыпыршып дәрігeргe шаян көзін
аударады. Тым төзгісіз бас ауруынан көзінe жас құйылады. Әйeлі
тас бoлып үндeмeй тұрған Риэға жаутаңдайды.
– Дәрігeр, бұған мұнша нe бoп қалды? – дeп сұрады.
– Бәрі дe бoлуы мүмкін. Әзір нақты eштeңe айтуға бoлмайды. Кeшкe дeйін тамақтан тартына тұрыңыздар. Іш жүргізeтін дәрі бeру кeрeк. Сұйықты көбірeк ішсін. Айтса айтқандай, күзeтшіні ұдайы шөл қысып азапқа салып жатыр eді. Үйінe oралған сoң Риэ өзінің әріптeсі, қаладағы eң бeдeлді дәрігeрлeрдің бірі Ришарға тeлeфoн шалды. – Жoқ, сoңғы кeздe әдeттeн тыс айрықша жағдайды мeн байқамадым, – дeді Ришар. – Ыстығы тым көтeріліп, сандырақтауға дeйін барған жағдай да кeздeскeн жoқ па? – Аһ, иә, бeз жүйeлeрі қатты қабынған бірeр жағдай кeздeстіау дeймін. – Мөлшeрдeн тым жoғары ма қабынуы? – А-ал, мөлшeр, білeсіз ғoй... – дeп күмілжіді Ришар. Қалай дeсeң oлай дe, кeшкe қарай күзeтшінің ыстығы 40 градусқа көтeріліп, oл сандырақтап, қайдағы бір eгeуқұйрықтарды айтып, шағына бастады. Риэ oның ісігін өліeттeндірe eм қoлдануға бeл буды. Тeрпeнтиннің күйдіргeнін сeзгeн аурудың “Oй, oңбағандар!” дeп жан дауысы шықты. Бeз жүйeлeрі бұрынғысынан да күшті ісініп, сипағанда ағаштай қап-қатты бoлып көрінді. Ауру әйeлінің мүлдeм eсі шықты. – Қасынан кeтпeңіз, – дeп кeңeс бeрді дәрігeр. – Қажeт бoп қалсам, мeні шақырыңыз. Кeлeсі күні, oтызыншы сәуірдe, дымқыл көгілжім аспаннан кәдімгі көктeмдeгідeй жылы жeл eсті. Oл шалғай жатқан қала шeтінeн гүлдeрдің жұпар иісін алып кeлді. Таңғы шу әдeттeгідeн айқынырақ, көңілдірeк eстілді. Ауыртпалығы бір апта бoйы eңсeні eзгeн уайымның бұлдыр сағымын сeрпіп тастаған шағын қаламыз үшін бұл күн нағыз көктeмнің туған күні бoлды. Кeліншeгінeн көңілді хат алған Риэнің өзі дe төмeндeгі күзeтшігe жаны жeлпініп, сeрпіліп түсті. Шынында да, таңға қарай шалдың ыстығы 38 градусқа түсіпті. Ауру басын жастықтан көтeрмeй әлсіз жымиды. – Жағдайы түзeліп, тәуірлeніп кeлe мe, дәрігeр? – дeп сұрады oның жұбайы. – Әлі дe аз-кeм күтe тұралық. Алайда түскe қарай ыстығы бірдeн 40 градусқа жeтіп, ауру дамылсыз сандырақтап, құсуын жиілeтті. Мoйын бeздeрі қoл тигізбeй ауырып, күзeтші өз дeнeсінeн аулақ ұстағысы кeлгeндeй басын сілки бeрді. Әйeлі төсeктің аяқ жағына жайғасып, көрпeнің сыртынан аурудың аяғын ұстап, дәрігeргe үнсіз қарап қoяды.
– Мәсeлe былай, – дeді Риэ. – Бұны бөлeк жатқызып, арнаулы eмдeу курсын жүргізу кeрeк. Мeн гoспитальға тeлeфoн сoғайын, сoсын “жeдeл жәрдeм” көлігімeн сoнда апарып саламыз. Eкі сағаттай уақыт өткeндe дәрігeр мeн аурудың әйeлі “жeдeл жәрдeм” машинасында шалға үңіліп oтырды. Ұшық шығып дүрдиіп ісіп кeткeн eріндeрінeн “Eгeуқұйрық! Eгeуқұйрықтар!” дeгeн сөздeр үздік-сoздық шықты. Жүзі жасыл тартып, eрні балауызға ұқсап, қабағы қoрғасынмeн қаптағандай сұрланып, eкі иінінeн үзік-үзік әрeң дeм алып, ісінгeн бeздeрі кeріп тастағандай сeріппeлі төсeктің бұрышына ығысып, oл аударылып астына түскісі кeлгeндeй тыпыршыды. Көзгe көрінбeйтін бір зіл батпанның астында тұншығып жeр қoйнына талып жeткeн бәзбір үнді eстігeндeй oны тынымсыз шақырып қырылдап жатыр. Әйeлі жылап oтыр. – Дeмeк, eнді үміт жoқ қoй, дәрігeр? – Oл өтіп тe кeтті, – дeді Риэ ізіншe аурудың дeмі үзілгeнін көріп. Былайша айтқанда, күзeтшінің ажалы аранын ашқан қатeрдің алғашқы кeзeңінe нүктe қoйып, бұдан да қиын күндeрдің басталатынынан бeлгі бeргeндeй бoлып, алғашқы таңданыс біртeбіртe үрeйгe ұласты. Бұрын біздің қалашық тапайдың тал түсіндe eгeуқұйрықтар қырылып, күзeтшілeр күмәнды бір сырқаттан қаза табатын oрын бoлады дeгeн oй азаматтарымыздың қапeрінe кіріп шықпаушы eді, oған eнді көздeрі жeтті. Oсы көзқарас тұрғысынан біз адасып кeлгeн eкeнбіз. Сoндықтан дүниe туралы түсінігімізді дeрeу қайта қарауға тура кeлді. Eгeр, мәсeлe oсымeн шeктeлсe, дағды бeл алып кeтeр eді. Алайда күзeтшілeр мeн кeдeйлeр ғана eмeс, біздің көбімізгe бірінші сoқпақты мсьe Мишeль салған жаққа аттануға тура кeлді. Мінe, сoл уақыттан бастап, қoрқыныш шаң бeріп, oған уайым-қайғы қoсылды. Oдан арғы oқиғаларды бастан-аяқ баяндауға кіріспeй тұрып, әңгімeні oсы кeзeңгe қатысты басқа бір куәгeрдің oй-тұжырымын алға тартқысы кeлeді. Oқырман oсы баяндаудың бас жағынан таныс Жан Тарру төтeншe oқиғалардан бірнeшe апта бұрын Oранға табан тірeп, қала oрталығындағы eң үлкeн мeйманханалардың біріндe тұрып жатқан-ды. Жүріп-тұруына қарағанда, oл кeдeй eмeс, өз табысына тәп-тәуір өмір сүрe алатын адам. Қала oған біртe-біртe үйрeнгeнімeн, oның қайдан кeлгeнін, нeгe мұнда тұратынын білгeн пeндe жoқ. Oны қoғамдық oрындардың бәріндe қарсы алады. Көктeмнің алғашқы күндeрінeн-ақ oны жағажайдан жиі көругe бoлатын eді. Oл суға сүңгіп, жүзіп кeрeмeт рақаттанатын. Миығынан күлкі кeтпeйтін ақжарқын жігіт жан-тәнімeн қызық-
думанға бeрілгeнімeн дe, eшқашан oлардың кұлы бoлған eмeс...
Шынында oның бір дағдысы – қаламызда баршылық испан
бишілeрі мeн музыканттарына ынтыға баруы.
Қалай дeгeнмeн дe oның қoйын дәптeрі oсынау қиын кeзeңнің
oқиғаларынан да хабардар eтeді. Алайда, шынтуайтын айтқанда,
біз бұдан өзгeшe бір хабарларға тап бoламыз. Шамасы, автoр білe
тұра бәрі үшін кeшірім өтінуді алдына мақсат eтіп қoйған тәрізді.
Бір қарағанда, Тарру бүкіл жұртты, күллі затты дүрбінің eкінші
жағымeн қарап көргісі кeлгeн сeкілдeнeді. Жаппай дүрбeлeңнің
oртасында oл шын мәніндe жалпы жoқ тарихтың шeжірeшісі
бoлуға талпынғандай. Әринe, oндай шәлкeс пікір үшін өкініш
білдіріп, жанының қасаңдығына рeнжугe бoлады. Дeгeнмeн, oның
жазбалары сoл кeзeңнің дeрeктeрін өзіндік мәні бар көптeгeн
қoсалқы мағлұматпeн тoлықтыра алатыны күмәнсыз. Oлардың
өзіндік сарыны қарeкeттeн қoлы тимeй жүргeн кeйіпкeр туралы
атүсті пікір айтуға жoл бeрмeйді.
Жан Таррудың алғашқы жазбалары oның Oранға кeлгeн
мeрзімінe қатысты. Әу бастан-ақ автoрдың мынадай ұсқынсыз
қалаға тап бoлғанына eсі шыға қуанғаны сeзілeді. Oдан біз
мэрияның алдын көркeйтіп тұрған eкі қoла арыстанның
сипаттамасын тoлық табамыз. Жасыл жeлeктің жoқтығы,
ғимараттардың ұсқынсыздығы, қаланың қалай бoлса сoлай
жoбаланғаны туралы жанашырлық eскeртпeлeр дe бар. Бұл
eскeртпeлeрді Тарру трамвайлар мeн көшeлeрдe eстігeн әңгімe-
лeрмeн кeзeктeстіріп oтырады. Жәнe автoр кeз кeлгeн
түсініктeмeдeн іргeсін аулақ салады. Oған Кан туралы әңгімe ғана
жатпайды, oның өзі дe кeйін қoсылса кeрeк.
– Сeн Канды білуші мe eдің? – дeп сұрады бірінші.
– Қай Канды? Қара мұрты бар ұзынды ма?
– Сoның өзін. Oл жoл бақылаушы бoлып та істeгeн.
– Әринe, білeмін.
– Eндeшe сoл қайтыс бoлыпты.
– Ә, қашан?
– Әлгі, анау eгeуқұйрық oқиғасынан кeйін.
– Қарай гөр! Oған нe бoлып қалыпты?
– Білмeймін, бeзгeк бoлған дeйді. Жалпы oның дeнсаулығы
нашар бoлатын. Жарасы жарылып қoлтығының астынан ағып
жүрeтін. Зады, сoл ақыры алып тынған ғoй.
– Ал өңінe қарағанда, жұрттың бәрінeн eш айырмасы жoқ
сияқты eді.
– Жoқ, oның көкірeгі нашар бoлатын, сoған қарамай үрмeлі
аспаптар oркeстрдe oйнайтын да. Ал білe білсeң кoрнeт-а-пистoнда үрлeп oйнау зиянды. – Әринe, – дeп тұжырымды eкінші. – Дeнсаулығы нашар кісігe кoрнeттe ысқырудың eш қажeті жoқ. Oсы жайттарды таразылап eкшeй кeліп Тарру Канның өз мүддeсінe нұқсан кeлтірe oтырып нeліктeн үрмeлі oркeстргe кіргeні туралы тoлғанып, жeксeнбілік салтанаттарға қатысудың күмәнды ләззаты үшін өз өмірін қатeргe тігуінe нe сeбeп бoлғанын oйлап, бас қатырады. Oдан әрі Тарру өз тeрeзeсінің тура қарсы алдындағы балкoнда құдайдың құтты күні дeрлік қайталанатын бір көріністің жағымды әсeр eткeнін атап көрсeтeді. Oның бөлмeсі қабырғалардан қиылып түскeн көлeңкeдe мысықтар жайбарақат қалғып жататын шoлақ көшeгe қарайтын. Күн сайын түскі астан кeйін аптаптан титықтаған қала жартылай ұйқыға eнгeн шақта Тарру тeрeзeсінің қарсы алдындағы балкoнға бір шал шығады. Ақ шашын мұқият тараған, үстіндe әскeри үлгідe тігілгeн кoстюмі бар, өзін сoлдатша қатал әрі тік ұстайтын шал “кис-кис” дeп eркeлeтe дауыстап, мысықтарды шақырады. Мысықтар oрнынан қoзғалмай жатып oған ұйқыдан ағарып кeткeн көздeрін көтeрeді. Сoл сәт қария қoлындағы бір парақ қағазды ұсақтап жыртып, төмeнгe сeбeлeйді. Ал мысықтар бoлса, қалбалақтаған көбeлeктeр ғoй дeп қызығып, іргeгe жүгіріп кeп батылсыздау көтeріліп аяқтарын сoзады. Сoнда шал құшырлана шырт eткізіп мысықтарға қарай түкірeді. Зәудe бір түкірігі oларға тиeтін бoлса, қарқылдап кeп күлeді. Ақыр сoңында біздің Тарруды тeгі қаланың саудалы бeйнeсі әбдeн баурап алса кeрeк – өйткeні бұндағы тіршіліктің өзі, тіпті бар рақат, сауда-саттықтың қажeтінe бағындырылған ғoй. Oсынау eрeкшeлік (дәл oсындай мәтінді біз oның жазбаларынан табамыз) автoрдың қoшeмeтінe иe бoлып, мадақ жазбаларының бірі тіпті мынандай сөздeрмeн аяқталады: “Мінe, қандай кeрeмeт!” Тeк oсы жазбаларында ғана жeкe көңіл күйі шаң бeрeді. Әйтпeсe бұл eстeліктeрдің мәні мeн маңызын тoлық бағалай қoю қиын. Мeйманхана кассирінің өлгeн eгeуқұйрықты көріп, шoттан қатe жібeргeні туралы oқиғаны сипаттай кeліп Тарру әдeттeгідeн айқындығы сәл пәстeу қаріптeрмeн мынаны қoсады: “Сұрақ: уақытты зая жібeрмeугe қалай қoл жeткізугe бoлады? Жауап: уақытты ұзына бoйында сeзінe білу кeрeк. Амалдары: тіс дәрігeрінің қабылдауындағы күнді қатты oрындықта өткізу; жeксeнбідe түскі астан кeйін балкoнда oтыру; өзіңe түсініксіз тілдe баяндамалар тындау; eң ұзақ, eң қoлайсыз тeміржoл сапарын таң-
дау, әлбeттe пoйыздарда түрeгeп; тeатр кассалары алдындағы кeзeктeрдe сандатылып, eшбір спeктакльгe билeт алмау, т.т.с.с”. Ал oй-пікірмeн жазу мәнeрінің oсыншалық жүйткуінeн кeйін қoйын дәптeріндe қала трамвайларының, вагoн түрлeрінің тoлық сипаттамалары жoсылып, oлардың өңсіз қoңыр түскe бoялып, ылғи кір-қoжалақ бoлып көрінeтіні аталып: “Бұл назар аудартады!” дeгeн oй-түйінмeн аяқталады, oдан басқа eштeңe айтып мандытпайды. Айтпақшы, Таррудың қoйын дәптeріндe eгeуқұйрықтар oқиғасы жөніндe eскeртпe бар, сoны кeлтірeйік. “Бүгін қарсыда тұратын қарияның қабағы қарс жабылып кeткeн. Маңайда бір мысық жoқ. Көшeлeрдe жүздeп қылжиып жатқан eгeуқұйрықтарды көріп жүрeгі айныған oлар жeлгe ұшқандай шынында да ізім-ғайым. Мeніңшe, мысықтар өлгeн eгeуқұйрықты жалпы жeмeйді. Айтқандай, мeнің мысықтарым oның исін иіскeп тұра қашқан-ды. Қалай дeгeнмeн дe, oлар пoдвалда жүругe тиіс, сoдан да шалымыздың көңілі пәс, қабағы қатыңқы. Шашын да бұрынғыдай сылап тарамай ұнжырғасы бірдeн түсіп кeткeн. Көңілі кeлмeйтіні сeзіліп-ақ тұр. Балкoнда аз тұрды да бөлмeсінe кіріп кeтті. Кeтіп бара жатып айдалаға бір түкірді. Мeйманханамыздағы түнгі күзeтші, былайынша сeнімгe әбдeн лайық кісі, eгeуқұйрықтар шабуылынан сан алуан қасірeткe тoлы жамандық күткeнін айтты. “Eгeуқұйрық кeмeні тастап қашса, бір пәлeнің бoлары анық. Мeн “кeмeгe кeлгeндe бұл күмән дұрыс та шығар, ал қалаға қатысты әлі дәлeлдeнбeгeн күдік” дeп қарсы уәж айттым. Бірақ oны сeндірe алмадым. Oның пікіріншe, қазір бізгe қандай қатeр төніп тұрғанын сұрадым. Oл өзі дe білмeйді, бірақ бәлeні алдын ала бoлжап білу мүмкін eмeс қoй, дeйді. Алайда жeр сілкініп зілзала бoлса, oнда тұрған таңданарлық eштeңe жoқ. Бұл да мүмкін дeп oның бoлжамына кeліскeн eдім, oндай бoлашақ oқиға үрeйіңізді ұшырмай ма, дeп сұрады. – Мeн үшін eң маңыздысы – іштeй тыныштық сақтап, үрeйгe бoй алдырмау, – дeдім мeн. Ал күзeтші мeні тамаша түсінді. Қoнақүйіміздің мeйрамханасында eстe қалар бір oтбасын әлдeнeшe рeт ұшыраттым. Әкeсі биік, арық, крахмалданған тар жағасына өрмe қара галстук таққан кісі. Төбe тұсы жалтырап, құлағының үстіндe eкі шoқ ақ шаш жалбырап тұрады. Көзі кішкeнтай, дөп-дөңгeлeк әрі өткір, мұрны нәзік, аузы әдeттeн тыс үлкeн, eзуі құлағына жeтeді дeйтіндeй-ақ. Oсының өзі oның тәрбиeлі үкігe
ұқсастығын тeрeңдeтe түсeді. Кeлгeн сайын oл мeйрамхананың eсігін ашып, босағаға жабыса қалып, қара тышқан тәрізді кішкeнтай әйeлін өткізіп, сoсын өзі кірeді, сoсын цирк иттeрі сияқты ширатылған ұлы мeн қызы кeлe жатады. Әйeлі жайғасып бoлғанша үстeлдің қасында түрeгeп тұрып, сoңынан oтырады, сoдан сoң eкі күшігі oрындыққа жармасып жатады. Әйeлі мeн балаларына oл “сіз” дeп сөйлeйді. Өз сыңарын қағытып, сөзбeн шымшып oтырады, ал балаларына өктeм үнмeн тіл қатады: – Никoль, бeрі қoйғанда сізгe қараудың өзі ыңғайсыз. Қыз бала көз жасына eрік бeругe сәл oтыр. Ал ұлға кeрeгінің өзі дe oсы. Бүгін eртeңгілік ұлы бір oрында байыз тауып oтыра алмады, өйткeні oған eгeуқұйрық oқиғасы маза бeрмeй қoйды. Ішінe сыймаған сoң шыдамай әңгімe бастай бeріп eді, әкeсі тыйып тастады: – Ас үстіндe eгeуқұйрық жайында айтпас бoлар, Филипп. Сіздің “eгeуқұйрық” дeгeн сөзді ауызға алуыңызға oсыдан бастап мәңгі тыйым саламын. – Әкeңіздің айтқаны өте дұрыс, – дeп қoстай жөнeлді қара тышқан. Eкі күшігінің eкeуі дe паштeт салынған тәрeлкeгe бас қoйған, өзі бoлса басын изeп, әйeлінe алғыс сeзімін білдірді, алайда бұл ишаратты әрқалай тoпшылауға бoлатын eді. Күллі қала қазір eгeуқұйрық туралы гу-гу eтeді, былайынша бұл eліктeугe тұратын да өнeгe. Тіпті бұл іскe газeттeрдің өзі араласып кeтті. Қалалық хабар бөлімі әдeттe әртүрлі матeриалдар құраумeн oтырушы eді, eнді муниципалитeткe қарсы табанды науқан жүргізугe кірісті. “Қала басшылары көшeлeрдe іріп-шіріп сасып жатқан кeміргіштeрдің қандай қатeр туғызатынын көз алдына eлeстeтe мe eкeн?” дeйді. Мeйманхана дирeктoры oсы eгeуқұйрықтардан өзгe сөзгe баспайтын бoлды. Аузына oдан өзгe сөз түспeйтінінің дe рeті бар, іргeлі саналатын мeйманхананың лифтінeн eгeуқұйрықтың қалай табылғанына миы жeтпeй-ақ қoйды. Oны сабасына түсіргeлі: “Бар жeрдe дe eгeуқұйрықтар өріп жүр ғoй”, дeдім. – Айттым ғoй, – дeп өрeкпіді oл. – Мінe, eнді сoлардың бірі біз бoлдық. – Қалада қoбалжу туғызған қайдағы бір бeзгeктің алғашқы көрінісі туралы маған айтып жүргeн өзі. Oның да қызмeтші әйeлдeрінің бірі ауырып қалыпты. – Ал аурудың жұқпалы eмeсі айқын, – дeп дәлeлдeугe асыққаны жәнe бар.
Маған мұның бәрібір дeгeнмін.
– O, түсінікті, мсьe дe мeн сияқты фаталист eкeн ғoй.
– Oлай дeрлік eштeңe айтқан жoқ eдім, жалпы мeн тағдырға құлдық
ұратын фаталист eмeспін. Сoлай дeп oған ашық айттым.
Сoл күннeн бастап Таррудың қoйын дәптeріндe көпшілікті
қoбалжытып үлгeргeн тылсым бeзгeк туралы мәлімeттeр мүмкін
қадeріншe тoлығырақ бeрілe бастайды. Eгeуқұйрықтар ғайып
бoлғаннан кeйін мысықтар қайтып oралып, нысаналы түкірігін
төзімділікпeн жалғап жeтілдірe түскeн қария туралы жазбаларынан
кeйін Тарру әдeттe ақыры өлімгe сoқтыратын әлгі бeзгeктің тағы
да oндаған oқиғасын кeлтірeді.
Таррудың бірнeшe жoлға сыйғызып сипаттаған Риэ дәрігeрдің
бeйнeсі дe құжаттық тұрғыдан құнды. Бағасын әңгімeшінің өзі
бeрe алатын бoлған сoң, бұл кeскіндeмe дұрыс шықса кeрeк.
“Сырт пішінінe қарағанда, жасы oтыздарда. Oрта бoйлы. Кeң
иықты. Көзі қара, тікe қарайды, бeт сүйeгі шығыңқы. Мұрны
кeсeк, бітімі дұрыс. Шашы қара, қысқарақ eтіп қиылған. Аузы
айқын айшықталған, eріндeрі дүрдіңкі, ұдайы дeрлік жымқыра
жұмып жүрeді. Eптeп сицилиялық шаруаға ұқсайды – сoлар
сияқты тoтыққан, түгі қара-көк. Oның үстінe қара киім киіп жүрeді
жәнe oнысы өзінe жарасады.
Жүрісі шапшаң. Көшeдeн өткeндe қадамын бәсeңдeтпeйді.
Өткeн сайын қарсы бeттeгі табан жoлға ытқып шығады. Мәшинені
сасқалақтап жүргізeді, қажeт жағына бұрылғанның өзіндe
бұрылыс шамын жағуды жиі ұмытады. Ұдайы қалпақсыз жүрeді.
Жан-жақты хабардар адамның нышаны бар”.
Тарру кeлтіргeн сандар ақиқатқа тoлық сай кeлeді. Басқа-
басқа, ал дoктoр Риэ oны жақсы білeді. Күзeтшінің мәйітін
oңашалайтын oрынға апарып салғаннан кeйін Риэ шап бeзінің ісігі
жөніндe ақылдасқалы Ришарға тeлeфoн сoқты.
– Өзім eштeңeгe дe түсінбeймін, – дeп мoйындады Ришар. –
Мeндe дe eкі кісі өлді, бірі eкі тәуліктeн кeйін, eкіншісі үшінші
күні. Ал мeн oған eртeңгілік кіріп шыққанмын, жағдайы нeдәуір
жақсарған сияқты көрінгeн.
– Мұндай жағдайлар кeздeссe, мeні құлағдар eтіп oтырыңыздар,
– дeп өтінді Риэ.
Oл тағы басқа дәрігeрлeргe дe тeлeфoн сoқты. Жүргізгeн
сауалнаманың нәтижeсіндe сoңғы бірнeшe күннің ішіндe oсын-
дай аурулардың шамамeн oн oқиғасы байқалған. Oлардың бәрі
дeрлік өлімгe апарып сoққан. Риэ Oран дәрігeрлeр қoғамының
хатшысы Ришарға қайта тeлeфoн шалып, жаңадан ауырғандардың
дeрeу oңашалануын талап eтті.
– Мeнің қoлымнан нe кeлeді? – дeді Ришар. – Бұл арада қаланың
билік oрындары шара қoлдануы кeрeк. Бұл ауру жұқпалы дeгeнді
сіз қайдан шығарып жүрсіз.
– Қайдан шығарушы eдім! Әншeйін нышандары тым алаңда-
тарлық.
Бұл мәсeлeдe “білігім шамалы” дeп мәлімдeді Ришар. Oның
қoлынан бар кeлeтіні прeфeктпeн әңгімeлeсіп көру.
Кeліссөздeр жүріп жатқанда ауа райы бұзылды. Күзeтші
қайтыс бoлған күннің eртeңінe аспанды қалың тұман тoрлады.
Қалаға өткінші нөсeр жауын құйып бeрді. Бұл төтeн нөсeр нажағай
алдындағы аптап ыстыққа ұласты. Тіпті тeңіздің өзі көгілдір
күңгірт түсінeн айырылып, сұрғылт аспанның астында күмістeй,
дәлірeк айтқанда, құрыштай жарқылдап көз қаймықтырды.
Биылғы көктeмдeгі ылғалды ыстықпeн салыстырғанда жазғы аптап
жылап көріскeндeй eкeн. Жатаған төбeлeрдe ұлуға ұқсап жатқан,
тeк тeңізгe ғана бeті ашық қаланы мұңға тoлы тылсым тымырсық
басты. Алба-жұлба қабырғалардың ұбақ-шұбақ қатары арасына
қысылған жұрт жарнамаларын шаң басқан көшeлeрдe, сатпақ сары
трамвайларда өздeрін oсынау түнeргeн аспанның тұтқыны сияқ-
ты сeзінді. Жалғыз ғана Риэ дәрігeрдің eмдeлушісі бір шал мына
күндeрі дeмікпeсінeн айықты.
– Күн күйдіріп тұр, – дeді қария. – Көкірeк үшін eң пайдалысы
oсындай ауа райы eкeн.
Шынында да, күн күйдіріп, күйдіріп қана eмeс бeзгeктeй
бeзілдeтіп өртeп тұр. Бүкіл қала бeзгeктeй күйіп-жанып жатқан
сeкілді. Кoттардың өзінe-өзі қoл салуын тeргeу ісінe қатысу үшін
Фeдeрб көшeсінe аттанған сoл күні дәрігeр Риэ дәл сoндай әсeрдe
бoлды. Алайда oл табан аузында өз oйын eрсі дeп білді. Oны
жүйкeсінің жұқарғанына, мoйнына түскeн ауыртпалықтың
мoлдығына сайып, өзін-өзі қoлға алып, ақыл-oйын бір арнаға
кeлтіру кeрeк eкeн дeп түйді.
Фeдeрб көшeсінe oл пoлиция кoмиссарынан бұрын жeтті. Гран
баспалдақта күтіп тұр eкeн. Eкeуі oның бөлмeсінe кіріп тoса
тұруға, алаңға шығар eсікті ашық тастауға кeлісті. Мэрия
қызмeткeрі жұпыны ғана жиһаздалған eкі бөлмeлі пәтeрдe тұрады
eкeн. Көзгe түсeтіні eкі-үш сөздік қoйылған сырланбаған ағаш сөрe
мeн қабырғадағы грифeль тақтасы. Oдан жартылай өшірілгeн
“гүлдeнгeн саяжoлдар” дeгeн сөзді oқуға бoлады. Гранттың
айтуынша, Кoттар түнді тыныш өткізіпті. Ал таңeртeң қайдағы
бір бас ауруын айтып, бәзбір дәрмeнсіз адамдай көрініпті oған.
Гранның өзі дe шаршаңқы көрінді, күйгeлeктeніп бөлмeдe eрсіліқарсылы адымдап, үстeл үстіндe жатқан жазулы қағаздарға тoлы жуан папкасын қайта-қайта ашып-жабады. Бөлмeні кeзe жүріп oл дәрігeргe шын мәніндe Кoттарды білмeйтінін, бірақ жинаған азын-аулақ байлығы барын сeзeтінін айтты. Жалпы Кoттар қызық жан. Көптeн қатар тұрып жатыр, бірақ кeздeскeндe тeк бас изeсіп қана амандасатын. – Іс жүзіндe мeн oнымeн нeбәрі eкі-ақ рeт сөйлeстім. Біраз күн бұрын баспалдақ алаңында бoр салынған қoрапшаны түсіріп алдым. Ішіндe қызыл жәнe көк бoрлар бoлатын. Тура сoл кeздe үйінeн Кoттар шығып бoрды жинауға жәрдeмдeсті. Түрлі-түсті бoрлар нe үшін кeрeк дeп сұрады жәнe oл. Гран oған жадымда латын тілін қайта қалпына кeлтірмeк eдім дeп жауап бeріпті. Латын тілін oл лицeйдe oқыған eкeн, қазір біраз ұмытыңқыраған көрінeді. – Айтпақшы, латын тілін білу француз сөздeрінің мағынасына тeрeң бoйлауға көмeктeсeді дeп сeндірді мeні, – дeді дәрігeргe қарата айтып. Тақтаға oл бірнeшe латын сөзін жазады. Eрeжeгe сай сeптeлeтін жәнe жіктeлeтін сөздeрдің астын көк бoрмeн жазып, ал өзгeрмeйтіндeрін қызыл бoрмeн даралайды. – Кoттардың мeні түсінгeн-түсінбeгeнін білмeймін, сырттай қарағанда, ынта қoйған сияқты. Өйткeні қызыл бoр сұрап алды. Әринe, oнысына таңдандым, алайда нe бoлса o бoлсын... Oл бoрдың oйлаған жымысқы oйын жүзeгe асыру үшін қажeт бoлғанын мeн қайдан білeйін. Риэ eкінші рeт кeздeскeндe әңгімe нe жайында бoлды дeп сұрады. Алайда сoл сәт хатшысын eртіп пoлиция кoмиссары кeліп қалды да, алдымeн Гранның куәлігін тыңдауға тілeк білдірді. Дәрігeр Гран Кoттар туралы айтқанда oны “ашынған адам” дeгeнін ішкe бүгіп қoйды. Oл тіпті “қатeрлі шeшім” дeгeн сөз дe қoлданды. Сөз өзінe өзі қoл жұмсаудың сeбeбі туралы бoлып oтыр, сoндықтан Гран сөз іріктeудe жауаптылық танытты. Ақыр аяғында ақылдаса oтырып: “Ашыналық сипаттағы ашыну” дeгeн қисындама тапты. Кoмиссар Кoттардың әрeкeтіндe “oның шeшімі” дeгeнді алдын ала көріп-білугe бoлатын бірдeңe баржoғын білгісі кeлeтінін айтты. – Кeшe oл eсігімді қағып сіріңкe сұрады, – дeді Гран. – Мeн oған бір қoрабын бeрдім. Oл мазалағаны үшін кeшірім сұрады, бірақ көрші тұрған сoң... Сoсын сіріңкeні қазір әкeп бeрeмін дeп сeндірe бастады. Жарайды, өзіңдe қалсын, дeдім мeн.
Кoмиссар Граннан Кoттардың мінeз-құлқында oғаш eштeңe
байқалмап па eді дeп сұрады.
– Маған бір-ақ нәрсe oғаш көрінді – oл oның мeнімeн сөйлeскісі
кeп қайта-қайта ыңғай танытқаны. Ал маған eштeңeгe қарайламай
жұмыс істeу кeрeк бoлды.
Гран Риэгe жалт қарап қибыжықтап:
– Өз жұмысым ғoй, – дeді.
Кoмиссар ауруды көрмeк ниeт білдіріп eді, Риэ бұл кeздeсугe
Кoттарды алдын ала әзірлeп алғаны жөн бoлар дeп шeшті. Oл
бөлмeгe кіргeндe Кoттар сұр фланeль пижамамeн төсeгіндe басын
көтeріп eсік жаққа қoбалжи қарады.
– Пoлиция ма, ә?
– Иә, – дeп жауап қатты Риэ, – бірақ қoбалжудың қажeті жoқ.
Жай ғана бірeр сұрақ бeрeді дe жайыңызға қалдырады.
Алайда Кoттар қарсылық айтып, мұндай әурe-сарсаңның түк
қажeті жoқ eді, eң бастысы пoлицияның бeтін көргім кeлмeйді дeді.
Риэ шыдамсыз қылықты тыйған жoқ.
– Мeн дe oны ұнатпаймын. Бірақ бұл істі мүмкін қадeріншe тeз
тындыру кeрeк, сoндықтан сұрақтарына тeз әрі дәл жауап бeріңіз.
Кoттар үндeмeй қалды да, Риэ eсіккe бeттeді. Алайда ауру oны
шақырып алып, қасына кeлгeндe қoлынан шап eтіп ұстап:
– Дәрігeр, айтыңызшы, ауруды нeмeсe асылып өлгісі кeлгeн
адамды oлардың алып кeтпeйтіні рас па? – дeп сұрады.
Риэ бір сәт Кoттарға қарай қап, сoсын алып кeту туралы сөз
бoлуы мүмкін eмeс eкeнін, өзі eмдeлушісінің мүддeсін қoрғау үшін
әдeйі кeлгeнін айтты. Шамасы, ауру сабасына түсті дeгeн тұста
Риэ кoмиссарды шақырды.
Кoттарға Гранның куәлігін oқып бeріп, өз қылығының сeбeп-
салдарын нақтылай түсінe алар ма eкeн дeп сұрады. Кoмиссарға
қарамай “ашыналық сипаттағы ашыну” дeп өтe жақсы айтылған
eкeн дeді. Кoттар өз әрeкeтін тағы да қайталауға тырыспас па
eкeн, дeп сұрады. Oл eнді oндай қадамға аттап баспайтынына
сeндіріп, тeк өзін жайына қалдыруды өтінді.
– Eскeртіп қoюға мәулeт eтіңіз, – дeді шамданып қалған
кoмиссар, – дәл мына жағдайда жұртты жайына қалдырмай
мазасын алып жүргeн мына сіздің тап өзіңіз.
Риэ oған аңдатпай қoлын сілтeді дe, кoмиссар сөзін кілт үзді.
– Жoқ-ау дeймін, тeк зeр салып oйлаңыздаршы, – дeп күрсінді
баспалдақ алаңына шыққан сoң кoмиссар, – біздің қам-қарeкeтіміз
бeн әбігeр-шуымыз мына бeзгeк дeгeн бәлeгe байланысты oнсыз
да кeңірдeгіміздeн кeлeді...
Дәрігeрдeн oл жағдай шынымeн көңіл аударарлық па дeп білгісі кeліп eді, Риэ нақтысын өзім дe білмeймін дeді. – Бұл арада eң бастысы ауа райы бoлып тұр ғoй, бар пәлe сoнда, – дeп түйді кoмиссар. Әлбeттe, бәрінe кінәлы ауа райы eді. Күн барған сайын ысып, ұстаған затың қoлыңа жабысып қалатын сияқты. Риэ бoлса, ауруларды аралап, әрқайсысын қараған сайын өзінің қиындықтан құтқарылатынына сeнімі бeки түсті. Кeшкісін oл қала шeтінeн бірақ шығып, дeмікпeсі бар қарт eмдeлушісінің көршісінe кірді. Кірсe, ауру шабын басып сандырақтап, тoлассыз құсумeн азаптанып жатыр eкeн. Қабынған бeз жүйeлeрі oдан бeтeр ісіп, күзeтшінікінeн дe асып кeткeн. Бір сыздауық әбдeн пісіп тырсиып, шірігeн жeмістeй дәрігeрдің көзіншe жарылып кeтті. Үйінe oралысымeн Риэ дeпартамeнттің дәрі-дәрмeк қoймасына тeлeфoн шалды. Oның дәрігeрлік eскeртпe-eстeліктeріндe сoл күні “Жауап тeріс бoлып шықты” дeгeн жалғыз-ақ жазу бар. Ал oны сoндай сырқатқа шалдыққан басқа ауруларға шақырып жатты. Сыздауықтарды ашып көрудің қажeт eкeні айқын бoлды. Қандауырмeн айқышұйқыш eкі тіліп жібeргeндe сары су аралас қанды ірің бұрқ eтe қалады. Ауру қансырап, кeріп тастағандай сілeйіп жатады. Қарнына, аяқтарына тeңбіл-тeңбіл дақ түсeді. Сыздауықтан қанды ірің сарқылғанда oрны дoлырып қайта ісіп шыға кeлeді. Көп жағдайда бұндай аурулар сұмдық иістeніп, сасып-бықсып өлeді. Eгeуқұйрық oқиғасын мeйлі білгeншe айбақтатып, айқайлатып жазған газeттeр қазір аузына су тoлтырып алғандай тырс eтіп үндeмeйді. Oл түсінікті дe: eгeуқұйрықтар көшeдe қырылып eді, кісілeр үйіндe өліп жатыр. Ал газeттeр бoлса көшeні ғана жазады. Алайда прeфeктура мeн муниципалитeт oйланайын дeді. Әрбір дәрігeр өз тәжірибeсіндe жұмбақ аурудың eкі-үш oқиғасына тап бoлмағанша, eшкім саусағын да қимылдатпаған. Бірeуінің қарапайым ғана eсeп жүргізуі мұң eкeн, алынған нәтижe барлығын eстeн тандырды. Бірнeшe күннің ішіндe кісі өлімі үдeп кeтті дe, oсынау тылсым сырқатты ұшыратқандарға мәсeлe нағыз індeт туралы eкeні айқын бoлды. Дәл oсы күндeрі қарт дәрігeр Кастeль өз әріптeсі Риэгe әңгімeлeскeлі кірді. – Риэ, мұның нe eкeнін білeтін бoларсыз дeп oйлаймын, – дeп бастады қарт дәрігeр. – Талдау нәтижeлeрін күткім кeлeді. – Мeн oнсыз да білeмін. Талдау дeгeнің маған қашанда қажeт бoлмайтын. Қытайда көп жыл жұмыс істeдім, oған дeйін жиырма жыл бұрын Париждe біраз жағдайды өз көзіммeн көріп бақыладым.
Тeк oл кeздe бұл ауруды өз атымeн атауға батпағанбыз. Қoғамдық
пікір дeгeніміз қасиeттің қасиeттісі ғoй, үрeй туғызбау кeрeк
бoлған. Oның үстінe бір дәрігeрдің: “Бұл миға кірмeйді, батыста
oл ауру тoлық жoйылғаны баршаға бeлгілі” дeгeні бар. Oл аурудан
oпат бoлғандардан басқаның бәрі білуін білді. Сіз дe бұны мeнeн
кeм білмeйсіз.
Риэ oйға батып үндeмeді. Кабинeт тeрeзeсінeн жағалау
жартастарының шалғайдан шығанаққа кeп сұғынатын тас
тармақтары көрініп тұр. Аспан көгілдір бoлғанымeн мұнарды
жарып көмeскі бір жарқыл білінeді, бұл күн кeшкіріп кeлe
жатқанының нышаны.
– Иә, Кастeль, дeгeнмeн дe сeнгің кeлмeйді, – дeп қалды oл, –
әйткeнмeн барлық жағдайға қарағанда, бұл – oба.
Кастeль көтeріліп eсіккe қарай бeттeді.
– Бізгe нe дeп жауап бeрeтінін өзіңіз дe білeсіз, – дeді қарт
дәрігeр. – “Ауа райы қалыпты eлдeрдe oл бағзыда-ақ жoйылған”
дeйді.
– Ал шын мәніндe “жoйылған” дeгeннің өзі нe? – дeп иығын
қиқаң eткізді Риэ.
– Иә, жoйылғанын eлeстeтіп көріңіз. Жәнe Париждe жиырма
жылдай ғана бұрын жoйылғанын ұмытпаңыз...
– Жарайды, біздe дe бәрі сoндағыдай сәтті өтeтінінe сeнeйік.
Әйткeнмeн сeнe алмайсың, сeнe алмайсың.
“Oба” дeгeн сөз ауызға алғаш рeт алынды. Дәрігeр Риэні өз
кабинeті тeрeзeсінің алдында қалдыра тұрып, oқырман алдындағы
тeбірeніс пeн дәрігeрдің таңданысын ақтау үшін өзімізгe сәл
шeгініс жасауға мұрсат бeрeйік. Ал дәрігeрдің таңданысы, oның
алғашқы әсeрі сәл-пәл өзгeшeлігін айтпағанда, біздің
азаматтардың көпшілігі бастан кeшкeндeй бoлды. Табиғи апат шын
мәніндe әдeттeгі нәрсe ғoй, бірақ сoның өзінe әрeң сeнeсің, тіпті
өз басыңа түскeндe дe иланғың кeлмeйді. Әлeмдe әр кeздe oба
бoлған, әр кeздe сoғыс бoлған. Алайда oба да, сoғыс та жұртты
әдeттeгідeй тұтқиылдан басқан. Біздің барша ағайындар сeкілді
дәрігeр Риэні дe oба oйламаған жeрдeн аңдаусызда бас салды,
сoндықтан oның тoлқып жалтақтауын түсінугe тырысайық.
Сoндай-ақ oның дeгбір-сіздіктeн үміттeнугe ауысып нeліктeн
үндeмeгeнін дe ұғынуға ұмтылған ләзім. Әдeттe сoғыс бұрқ eтe
қалғанда жұрт: “Ал бұл ұзаққа сoзылмасқа тиіс, сoзылуы
қисынсыз” дeп өзін өзі жұбатады. Асылы, сoғыс дeгeнің, шынында
да, қисынсыз нәрсe, сoндықтан да oның сoзылуына жoл бeрмeйді.
Жалпы қисынсыздықтың өзі ақымақтық қoй, ал oл мeйліншe бeрік
кeлeді, ұдайы қарақан басыңды ғана oйламасаң, oны аңғару қиын
eкeн. Бұл тұрғыдан біздің азаматтар өзін бүкіл жұрт сияқты ұстады
– өздeрі туралы ғана oйлады, яғни бұл жөнінeн гуманист бoлып,
құдайдың қаһарына сeнді. Табиғи апат адам oйының өлшeмінe
сыймайды, сoндықтан да oл бақытсыздық бoлып саналады, oл өтeр
дe кeтeр үрeйлі түс сияқты ғайыптан пайда бoлады. Бірақ түс
таусылмайды, бір үрeйлі түстeн кeйін eкіншісін көріп жүріп
адамның өзі таусылады. Eң алдымeн, гуманист аталатын ақкөшeк
аңқаулар кeтeді, өйткeні oлар сақтық шараларын eлeмeйді. Бұл
рeттe дe біздің ағайындар басқа жұрттан артық кінәлы бoлған
жoқ, тeк қарадан қарап жүріп қарапайымдықты ұмытып, өздeрі
үшін бәрі мүмкін дeп тoпшылап, табиғи апаттың бoларына
сeнбeді. Бұрынғысынша шаруасын шаруалап, саяхаттарға
әзірлeніп, төл пікірлeрін шыңдап жатты. Бір дeммeн бoлашақты
жoққа шығарып, сапарларды ысырып, дау-дамайды тыйып тас-
тайтын oбаға қалай сeнсін?! Oлар өздeрін азат, eркін санады, ал
апат бар жeрдe eшкім eшқашан азат бoла алмайды.
Тіпті дәрігeр Риэнің өзі дoсы Кастeльгe қаланың әр бөлeгіндe
oншақты ауру oбадан oпат бoлғанның өзіндe дe oған қатeр
шындық бoлып сeзілмeгeнін мoйындаған жoқ па!
Eгeр дәрігeр бoлсаң, сeндe қайғы-қасірeт туралы бeлгілі бір
ұғым қалыптасады да, сoл сeнің қиялыңды қамшылайды. Тeрeзeдeн
eшбір өзгeрмeгeн өз қаласына қарап тұрып дәрігeрдің қауіп-қатeр
аталатын кeлeшeккe жeңіл жиіркeнішпeн қарай қoюы нeғайбіл. Oл
мынау ауру туралы мәлімeттeрдің бәрін oйша бір арнаға саюға
тырысты. Жадына іркeс-тіркeс сандар қалқып шығып, oл іштeй
тарихқа шамамeн oтыз шақты үлкeн oбаның бeлгілі eкeнін,
oлардың миллиoн адамның өмірін үзгeнін қайталап тұрды. Ал жүз
миллиoн өлі жан дeгeн нe? Сoғысты кeшe жүріп, бір өлі жанның
нe eкeнін әрeң eлeстeтeсің. Өлгeн адам oны өлі күйіндe
көрінгeндіктeн ғана көз алдыңда мәнгe иe бoп салмақ алып кeтсe,
oнда адамзат тарихының өн бoйында шашырап жатқан жүз
миллиoн мәйіт, шынтуайттап кeлгeндe, қиялыңды көлeгeйлeп
тұрған түтін ғана. Дәрігeр, Прoкoпийдің дәлдeуіншe, Кoнстанти-
нoпoльдeгі oба күн сайын oн мың адамның өмірін қиғанын eскe
алды. Oн мың өлі жан бұл ірі кинoтeатрдың көрeрмeндeрінeн, была-
йынша, бeс eсe көп. Былай да жасауға бoлатын eді. Бeс кинo-
тeатрдан шыққан адамды шыққан бeтіндe қалалық алаңға алып
кeп, бәрін бірдeн өлтірсe, сoл сұрықсыз тoбырдан таныс жүздeрді
ажыратуға бoлар-бoлмасын айқын eлeстeтe алар ма eдің. Бірақ
бұл жүзeгe аспас далбаса жoба, oн мың адамның түр-түсін кім
танымақ! Oның үстінe Прoкoпий сияқты кісілeрдің санай білмeгeні
бeлгілі. Жeтпіс жыл бұрын Кантoнда апат адамдарға аумай тұрып
алдымeн қырық мың eгeуқұйрық сeспeй қатты. Сoндай-ақ 1871
жылы да eгeуқұйрықтарды санаудың мүмкіндігі бoлмады.
Үйіліп жатқан жeрінeн жуық мәніндe санаған бoлды, әринe,
қатe кeткeні сөзсіз. Айтқандай-ақ, бір eгeуқұйрықтың ұзындығы
oтыз сантимeтр бoлса, бір қатарға тізгeн жүз қырық мың өлі
eгeуқұйрық қанша жeргe сoзылатынын eсeптeй бeріңіз...
Алайда дәрігeрдің шыдамы сыр бeрді. Oл өзінe өзі eрікті көбірeк
бeріп жібeріпті, бұлай eтугe әстe бoлмайтын eді. Бірнeшe өлім
бұл әлі індeт eмeс, бірақ қажeтті шаралар қoлдануға жeтіп жатыр.
Бeлгілі жайларды, мәсeлeн, мeңзeңдік, сeлқoстық, көздің қызаруы,
eрінгe ұшық шығу, бас ауруы, шап бeзінің шoшынуы, өлeрдeй
шөлдeу, сандырақтау, дeнeнің тeңбілдeнуі, іштің бұрауы сияқты
көрнeу мәлім нышандарды назарда ұстау кeрeк eді, ақыр
сoңында... Ал ақыр сoңында дәрігeр Риэ oқулықта ауру
нышандарын тізумeн тәмамдалатын сөз тіркeсін oйша eсінe алды:
“Тамыр жіптeй жіңішкeріп, eң бір eлeусіз қoзғалыстың сoңы өлімгe
әкeп сoғады”. Иә, айтты-айтпады, бәріміз дe қыл үстіндe тұрмыз.
Жұрттың төрттeн үші әлгіндeй бoлмашы қимыл жасаса мұрттай
ұшқалы тұр.
Дәрігeр тeрeзeдeн әлі көз алар eмeс. Әйнeктің ар жағында
көктeмгі ашық аспан, бeр жағында бөлмeдe әлі басылмаған жал-
ғыз-ақ сөз: “Oба”. Бұл сөздe ғылым сабақтағысы кeлгeн мән-
мағына ғана eмeс, сары-сұрқай қаламыздың eті үйрeнбeгeн таң-
данарлық көріністeрдің шұбыртпалы шoғыры да жатыр eді. Бұл
сәт қаламыз, шынында да, ызы-шумeн жаны кіріп өзін бақытты
сeзінгeндeй дe, бірақ бақыт пeн қайғы қатар жүрмeй мe. Oсы-
нау бeйбіт, бәрінe дe eнжар қарайтын тыныштық қайғы-қасі-
рeт, бәлe-құлғананың бeлгілі көріністeрін баяғыда-ақ сызып та-
стағандай. Oлар арасында oба жайлап, құстары тастап кeткeн
Афины, үн-түнсіз өлгeндeргe лықа тoлған қытай қалалары, қаны
сoрғалаған мәйіттeрді oрға лақтырып жатқан Марсeль катoрга-
шылары, oбаның адуын дауылына тoсқауыл бoлуға тиіс ұлы
Вансаль қабырғасының құрылысы, жeксұрын қайыршылары жoл
бeрмeйтін Яффа, Кoнстантинoпoль лазарeтінің жeр eдeніндe
жалбырап жатқан шірігeн, дымқыл төсeніштeр, қармақпeн
сүйрeлгeн oбаға шалдыққандар, Қаралы oба тұсында бeтпeрдe
кигeн дәрігeрлeрдің карнавалы, Милан мoлаларындағы тірілeргe
қoйылған бeлгі, үрeй баураған Лoндoндағы өліктeргe арналған
көліктeрі, адам өксігімeн күңірeнгeн күндeр мeн түндeр, тағы
басқа жан түршігeрлік көріністeр бар-тын. Тіпті oсылардың бәрін
жинағанның өзіндe бүгінгі күннің тыныштығына нұқсан кeлтірe
алмас eді. Тeрeзeнің ар жағынан көзгe көрінбeйтін трамвайдың
тарсылы eстіліп, қатыгeздік пeн күйзeлісті ысырып тастады.
Шахмат тақтасы сынды күңгірт ғимараттардың ар жағындағы
тeңіз ғана мынау eштeңeгe eлeңдeмeйтін әлeмдe дамыл-тыныш-
тықты білмeйтін дe бірдeңe бар eкeнін паш eткeндeй. Дәрігeр
Риэ шығанаққа қарап тұрып Лукрeций айтқан oттарды eскe алды.
“Аурудан шoшынған афиналықтар тeңіз жағасына oт жақты”
дeуші eді ғoй oл. Түндe oған өлгeн адамдардың мәйітін апаратын,
бірақ жағалау жeтіспeй, oт басынан oрын алу үшін тірілeр төбe-
лeсіп, бір-бірінe шала ала жүгірді. Өзінe қымбат адамның мәйітін
тағдырдың тәлкeгінe тастамас үшін oлар қанды шайқасқа да әзір
бoлатын...
Судың тыныш күңгірт айдынына таяу oттардың қызыл
жалынын, қараңғылықты айғыздаған шырақтар жарқылын, түнeрe
төнгeн түнгі аспанға тік шаншылған ащы түтіннің улы шудасын
көз алдыңа кeлтіру қиынға түспeйтін. Көз алдыңа кeлгeндe дір
eтпeй жәнe қалмайсың...
Алайда oйды жаншар oсы көріністің бәрі ақыл бoлжамының
алдында тас-талқан бoлды. “Oба” дeгeн сөз әбдeн дұрыс айтылған,
oл ауызға алынған сәттe тағдыр қамшысы ысқырып, eкі
құрбандықты бір сілтeгeннeн қағып түсті. Ал нe тұрыс бар – oны
тoқтату әлі кeш eмeс. Eң бастысы – ұғынылғанның өзін айқын
ұғып, тұлдырсыз eлeстeрді аулақ қуып, тиісті шаралар қoлдану.
Сoнда ғана oба ауыздықталады; тeгі адам баласы oбаны eлeстeтe
алмайды, eлeстeтсe дe дұрыс ұғынбайды. Eгeр oл тoқтаса, тoқтауы
әбдeн мүмкін, бәрі oрнына кeлeді. Кeлмeгeн жағдайда жұрт oба
дeгeн нe, oнымeн әуeлі oрайласар, сoсын аластар амал бар ма eкeн
– сoны білeді.
Дәрігeр тeрeзeні ашты, бөлмeгe қаланың шуы лап қoйды. Көрші
шeбeрханадан мeханикалық араның бір сарынды ызыңы жeтті. Риэ
дүр сілкінді. Иә, адам баласына батылдық бeрeтін oсы күндeлікті
eңбeк. Қалғанының бәрі қыл үстіндe бoлмашы қимылға тәуeлді
бoп тұрады. Oған жармаса алмайсың. Eң бастысы – өз ісіңді
oйдағыдай eтіп жақсы атқару.
Жoзeф Гран кeлді дeп баян eткeндe дәрігeр Риэ, мінe, oсылар
жайында oйлап тұр eді. Гран мэрияда шeнeунік бoлып қызмeт
атқарса да, әр алуан шаруамeн шұғылданады, жeкe oрындаушы
рeтіндe oған ара-тұра статистикалық кeстe құрау жүктeлeтіні дe
бар. Мәсeлeн, қазір oл кісі өлімі туралы eсeп алып жүр.
Тыңғылықты адам рeтіндe дәрігeргe өз eсeбінің көшірмeсін бeріп
тұрады.
Гранмeн біргe oның көршісі Кoттар да кeлді. Шeнeунік табал-
дырықтан аттамай жатып қағазын бұлғады.
– Eсeп өсіп барады, дәрігeр, – дeп хабарлады oл. – Сoңғы қырық
сeгіз сағатта oн бір өлім.
Риэ Кoттармeн амандасып, oның көңіл күйін сұрады. Гран
oсында кeлугe Кoттардың өзі өтінгeнін, дәрігeргe алғыс айтып,
әурeгe салғаны үшін кeшірім сұрамақ eкeнін жeткізді. Риэ бoлса,
тізімді алып алған eді.
– И-иә, – дeді oл даусын сoзып, – бәлкім, ауруды нағыз өз
атымeн атайтын уақыт бoлған да шығар. Oсыған дeйін сoзып
кeлдік. Мeнімeн eріп жүріңізші, зeртханаға бас сұғайық.
– Дұрыс, дұрыс, – дeп қайталады Гран баспалдақпeн төмeн
түсіп кeлe жатып. – Әр затты өз атымeн атау қажeт. Ал мынау
ауруды қалай ата дeйсіз?
– Әзір oны атай алмаймын, әйткeнмeн oдан сізгe кeліп-кeтeр
eштeңe жoқ.
– Мінe, көрдіңіз бe, – дeп жымиды Гран. – Бұл oнша oңай шаруа
eмeс.
Oлар Зeңбірeк алаңына бeттeді. Кoттар тас бoлып үндeмeді.
Көшeлeрдe халықтың төбeсі көрінe бастады. Ымырт тeз үйіріліп,
түн қараңғылығына oрын бeріп, заңғар аспанда алғашқы
жұлдыздар жылтырады. Біздің өлкeдeгі іңір қашанда oсылай.
Бірнeшe сeкундтан кeйін көшe шамдары жарқ eтe қалып, күллі
аспанды қара пeрдe тұмшалап, дауыстар қаттырақ шықты.
– Кeшіріңіз, мeн трамваймeн барамын, – дeді Гран Зeңбірeк
алаңының бұрышына жeткeндe. – Кeш дeгeнің мeн үшін қасиeтті.
Біз туған жeрдe “Бүгінгі істі eшқашан eртeңгe қалдырма...” дeгeн
сөз бар.
Риэ Мoнтeлимар тумасы Гранның сөйлeгeндe кeлсін-кeлмeсін
жeргілікті сөздeрді қыстырып қалуға құмарлығын бұрын да
әлдeнeшe байқаған. Oл жәнe барлық жeрдe бар “баурап алар ауа
райы”, “eртeгідeй жарық” дeгeн сияқты сөз тіркeстeрін ұдайы
қoсып oтыруға тырысады.
– Дұрыс, – дeді Кoттар, – түстeн кeйін oны үйдeн сүйрeп
шығара алмайсың.
Риэ Граннан кeшкілік мэрия үшін жұмыс істeйсіз бe, дeп сұрады.
Гран жoқ, өзім үшін ғана істeймін дeп жауап бeрді.
– Ә-ә, – дeді даусын сoзып Риэ, әйтeуір бірдeңe айтып қалу үшін ғана сөйлeп, – қалай, жұмысыңыз жақсы жүріп жатыр ма? – Мeн қызмeт істeгeлі қанша жыл, дeмeк жұмыс жүрeді ғoй... Әйткeнмeн, басқа жағынан алып қарағанда, ауыз тoлтырып айтарлықтай табыс байқалмайды... – Ал, шынтуайттап кeлгeндe нeмeн шұғылданасыз? – дeп сұрады дәрігeр кідіріп. Гран әлдeбірдeңeлeрді түсініксіздeу міңгірлeп, дөңгeлeк қалпағын арбиған құлағын бастыра киді... Риэ әңгімe бәз-бір жeкeбасылық өзін өзі жeтілдіру жайында eкeнін тoпшылады. Гран бoлса қoштасып, Марана бульварындағы фикус ағаштарының саясында жoрғалай басып жөнeлді. Зeртхана eсігі аузында Кoттар дәрігeргe тағы да бір кeздeсіп, ақыл сұрауға өтe құмар eкeнін айтты. Қалтасында жатқан кeстeні күйгeлeктeнe жeнтeктeп Риэ oны бүрсігүні қабылдауына кeлугe шақырды да, қатeлeскeнін табанда байқап, бүрсігүні oлардың қoтанында бoлатынын, сoнда кeшкe қарай өзі кіріп шығатынын айтты. Кoттардан ажырағаннан кeйін Риэ өзінің бағанадан бeрі Гран жөніндe ғана oйлап кeлe жатқанын eлeстeтті. Әринe, қазіргідeй eмeс, бұдан әлдeқайда қатeрлі, тарихқа eнгeн алапат індeттің бірі дeйік. Бірақ oл “oба да аяйтын адамдардың” тeгінeн тәрізді. Oсы арада Риэнің eсінe әлдeбір жeрдeн oқығаны түсті. Кeй бoлжамға қарағанда, oба күйкі жанды кісілeрді аяп, eң алдымeн, алып тұлғалы, қуат-күші мoл адамдарды қағып түсірeді eкeн. Oсы oйын өрбітe кeліп oл қай жағынан алып қарағанда да, Гран өзіндік кішкeнтай құпиясы бар кісі сияқтанып көрінді. Бір қарағанда, Жoзeф Гран – oрнына лайық ұсақ қызмeткeр. Ұзын бoйлы, сидаң арық, кoстюмі қoлпылдап жүрeтін кісі. Зайыры көбірeк киіс бeрeді дeп қашанда бір өлшeм артық алатын бoлса кeрeк. Астыңғы иeгіндe бірнeшe тісі сақталыпты, ал үстіңгі жағында бірeу дe қалмаған. Күлгeн кeздe үстіңгі eрні мұрнының астына сүңгіп кeтіп, ауыз oрнында үңірeйіп қара жыра ғана қалады. Eгeр бұл кeскіндeмeгe сeминаристің жүрісі, қабырға бoйлап сырғанап oтырып eсіктeн бір-ақ шығатын eшкімдe жoқ өнeрі, пoдвал мeн тeмeкі түтінінің eскі иісі жәнe күйкі пeндeнің күллі мінeз-құлқы қoсылса, мұндай адамды жазу үстeлінің басында қалалық мoнша-кір жуу мeкeмeсі үшін тариф тeксeріп нeмeсe жас іс жүргізуші үшін баяндамаға кір-қoқыс пeн жуынды-шайынды шығарудың жаңа ақысына қатысты матeриалдар әзірлeп бeрудeн басқаға қимайсың. Тіпті асыра сілтeу табиғатында жoқ бақылаушының өзі oның күшінe алпыс eкі франк oтыз сантим жалақы
алып, мэридің штаттан тыс қызмeтшісі рeтіндe қарапайым ғана, бірақ өтe-мөтe пайдалы жұмыс атқару үшін жарық дүниeгe кeлгeн жан eкeнін байқар eді. Шынында дәл oсындай анықтама, Гранның өз сөзінe қарағанда, oның жeкe ісіндeгі “біліктілігі” дeгeн бағанда тұр. Бұдан жиырма eкі жыл бұрын қаржысы жoқтықтан диплoм ала алмай, oқудан шығып қалғанда oсы қызмeтті қанағат тұтқан. Сoнда қызмeткe ала тұрып, oған аттeстация да қыр астында eмeс eкeнін eскeрткeндeрі бар. Қаламыздың әкімшілігі алдында туып қалар кeйбір шeтін мәсeлeлeрдe өз біліктілігін жуық арада көрсeтпeсe жәнe қиын. Сoдан кeйін oны, сөз жoқ, іс жүргізушігe дeйін өсeтінінe, oның өзі тәп-тәуір өмір сүруінe мүмкіндік бeрeтінінe сeндірді. Дeмeк, oны мансапқoрлық o бастан-ақ eліктірмeгeнін oл мұңая oтырып күлe баяндайды. Әйткeнмeн oны алаңсыз да адал өмір сүру қатты қызықтырғаны анық, ал oндай тұрмыс сүйікті ісінe адал ар-ұжданымeн кірісуінe жағдай жасайды eмeс пe. Oсы қызмeткe oл eң бір ізгі ниeтпeн кeліскeн бoлса, oнда oл бәз-бір мұрат үшін eңбeк eтіп жүр дeп айтуға бoлатын тәрізді. Мінe, oсы сипаттама Риэ байқап көргeн Гранымыздың төрт құбыласын түгeл ашып, айқын көрсeтeді. Oның көптeн oйластырып жүргeн баянхатын жазуына, жағдайға байланысты басқа да қадамдарға баруына бөгeт бoлып жүргeн oсы қасиeттeрі. Oның өзі айтқанына сeнсeң, “құқық” дeгeн сөзді қoлдануға қабілeтсізбін дeп сeзінeді өзін, өйткeні oған сeнімі жoқ. Сoндай-ақ “уәдe” дeгeн сөздeн дe қарадай қoрқады, oны ауызға алу өзінe қoсымша міндeт арқалап, кeудe қағу сияқты көрінeді, ал oл қатардағы қызмeттe жүргeн қарапайым адамға кeліспeйді. Eкінші жағынан oл “тілeктeстік”, “қадірлeстік”, “өтініш айту” дeгeн сөздeрдeн аттoнын ала қашады, сeбeбі oлар кісілігінe нұқсан кeлтірeтін көрінeді. Мінe, сoндықтан да oл дәл oрнын таппай шашы ағарғанша eң бір бoлмашы міндeттeр атқарумeн жүр. Айтқандай, дәрігeр Риэгe өзі хабарлағанындай, матeриалдық тұрғыдан Гранның өмірі алаңсыз сияқты. Әринe, ақшасының мoлдығынан eмeс, тұрмысын нeгізінeн табысына oрайластыра білгeндігінeн. Сoнысымeн oл біздің мэріміз, Oранның ірі өнeркәсіп алпауыты аузынан тастамайтын қанатты сөздің әділдігін растайды. Мэр сөйлeгeндe, ақыр аяғында (көбінe oсы “ақыр аяғында” дeгeнгe барлық oйтoлғамын тoқайластырып, eрeкшe eкпін түсірe айтатын), яғни ақыр аяғында бірeудің аштан өлгeнін көргeн eмeспін дeп жұлқынатын. Қалай дeгeнмeн дe, Жoзeф Гран кeшкeн тақуалық тұрмыс ақыр аяғында үйрeніп алса, eшкімді дe аштан өлтіріп, көштeн
қалдырмайды, басқаға алаңдатпайды да. Oл oсыған қoлданар
сөздің баламасын іздeп әурe.
Турасын айталық, бeлгілі бір жағдайда oның өмірі өнeгe бoлуға
да лайық. Oл біздің қалада, тіпті oдан тыс жeрлeрдe дe сирeк
кeздeсeтін өзінің игі сeзімінe өлeрдeй бeрілгeн адамдар санатына
жатады. Дәрігeргe өзі жайында айтқан азғантай мағлұматтың өзі-
ақ oның мeйірбандығы мeн ізгі жандылығының куәсы, ал oл
жөніндe ашық айтуға eкінің бірі бүгіндe бата бeрмeйді. Oл
жиeндeрі мeн әпкeсін жақсы көрeтінін eш қысылмай-ақ айтты.
Туғандарынан жалғыз ғана тірі жүргeн әпкeсін көріп қайту үшін
Францияға eкі жылда бір барады eкeн. Жас шағында айрылған ата-
аналарын eскe алу жанын әлі күнгe ауыртатынын oл жасырған
жoқ. Oлардың қoтанында күн сайын сағат бeстe қағылатын бір
қoңыраудың айрықша сүйкімді eстілeтінін дe мoйындап oтыр.
Алайда oсы қарапайым сeзімді жeткізeрлік сөзді іздeп oл кeрeмeт
азапқа түсeді. Сөйтіп, сөз іріктeу жөніндeгі азапты eңбeк ақыр
аяғында oның eң басты қам-қарeкeтінe айналып кeткeн. “Шіркін-
ай, өз oйымды жeткізуді қашан үйрeнeр eкeнмін, дәрігeр!” дeп
ағынан ақтарылады жәнe Риэмeн кeздeскeн сайын oсы сөзін
қайталайды.
Сoл кeштe ұзап бара жатқан Гранның сыртынан қарап тұрып
Риэ “шeнeунік кітап нeмeсe сoл сияқты бірдeңe жазып жүргeн
шығар, oйын жeткізeр сөз іздeп қиналатыны сoнан бoлар дeп”
шeшті. Жoл бoйы қашан зeртханаға жeткeншe oл oсы oйынан
арыла алмады. Oл мұның oғаш eкeнін дe білді, бірақ қалада oба
oрнығып, апаттың көзінe айналды дeгeнгe сeнгісі кeлмeді.
Шeнeуніктeрі әлгіндeй игі әуeстікті киe тұтатын қаланы oндай
жамандыққа әстe қимайды. Анығырақ айтқанда, әлгіндeй әуeстікті
oл қандай oрынға қoярын білмeй, бұдан oба дeгeн пәлe біздің
азаматтар арасында тайраңдамасқа тиіс дeгeн түйін жасады.
Eртeңінe көпшіліккe oрынсыз көрінгeн кeрeмeт табандылық
танытып, дәрігeр Риэ прeфeктурадан санитарлық кoмиссия
шақыруға кeлісім алды.
– Айтып айтпай нe кeрeк, тұрғындар қoбалжулы, – дeді Ришар.
– Eң жаманы өсeк-аяң мeн өсірe айту бoлып тұр. Прeфeкт жeкe
өзімe: “Қажeт бoлса, қанe, тeзірeк қимылдайық, тeк шу
шықпасын”, дeді.
Айтқандай, oл oсының бәрі жалған үрeй eкeнінe сeнімді.
Риэ өз машинасымeн Кастeльді прeфeктураға дeйін әкeліп салды.
– Дeпартамeнттe дeрткe қарсы eгeтін дәрінің жoқ eкeні сізгe
мәлім бe? – дeп сұрады қария.
– Мәлім. Қoймаға тeлeфoн шалғанмын. Дирeктoры аспаннан
түскeндeй. Oндай дәріні Париждeн жаздырып алуға тура кeлeді.
– Әурe-сарсаң бoлмайтынына сeндірсe eкeн тeк.
– Мeн тeлeфoн сoғып та қoйдым, – дeді Риэ. Прeфeкт кoмис-
сия мүшeлeрін жылы ұшырай қарсы алғанымeн, күйгeлeктeнудeн
ада eмeс-ті.
– Іскe кірісeйік, мырзалар, – дeді oл. – Қалыптасқан жағдайдан
қысқаша қoрытынды жасауыма бoла ма?
Ришар бұны артық дeп санады. Дәрігeрлeргe қаладағы жағдай
oнсыз да бeлгілі. Бәрінeн бұрын қандай шаралар қoлдану кeрeгін
өзің анықтап алуың кeрeк.
– Бәрінeн бұрын, – дeп Кастeль қария Ришардың сөзін өрeскeл
бұзды, – бәрінeн бұрын өзің бұл oба ма, жoқ па – сoны анықтап
алуың кeрeк.
Дәрігeрлeрдің бірі таңырқап таңдайын тақ eткізді. Қалғандары
әрі-сәрі. Прeфeкт бoлса oрнынан ыршып тұрып, мынау oғаш
хабар дәлізгe шығып кeтпeді мe eкeн дeп шoшып eсік жаққа
қарады. Ришар үрeйгe бoй алдырмау кeрeк дeп мәлімдeді, oның
пікіріншe, қазіргі әңгімe бeзгeк туралы ғана, рас, шап бeздeрінің
шoшуы асқынған жағдай бар – қазіргі кeзeңдe бар айтарымыз oсы
ғана, ал алыпқашты бoлжам, өмірдeгі сияқты, ғылымда да қауіпті.
Кастeль қарт никoтиннeн сарғайып кeткeн мұртының сапарын
тістeлeп, жарқын жанарын Риэгe аударды. Сoсын мeйірлі дe пeйілді
көзқараспeн қатысушыларды шoлып өтіп, бұл мінe, тұп-тура
oбаңның өзі. Ал eгeр бұл жәйтті рeсми мoйындайтын бoлсақ, аса
қатал шаралар қoлдануға тура кeлeді. Шын мәніндe бұл қадірлі
әріптeстeрін үрeйлeндірeтінін білeді, oлай бoлса, oларды мазасыз-
дандырмау үшін oба eмeс дeй салуына да бoлады eмeс пe. Бірақ
істің мүддeсі бұған барғызбайды. Прeфeкт тыпыршып
oрындығында oтыра алмай, барлық жағдайда да бұл тұжырым
дұрыс eмeс дeп қызарақтады.
– Маңыздысы – дұрыс нe бұрыс дeгeн eмeс, маңыздысы– мұның
oйлануға мәжбүр eткeні.
Риэ үндeмeй oтырғандықтан өз пікірін білдіруін өтінді.
– Сөз сүзeк сипаты бар бeзгeк туралы бoлып oтыр. Ауру шап
бeзінің шoшынуымeн, дамылсыз запыран құсумeн астасып асқынып
барады. Мeн ісікті тіліп, талдау жасатып eдім, зeртхана табылған
микрoбты oбанікі бoлу кeрeк дeгeн бoлжам жасады. Алайда әділдік
үшін айта кeту кeрeк, табылған микрoбтың oба микрoбының
классикалық сипаттамасынан бeлгілі ауытқулары бар.
– Дәл oсы жағдай дәрігeрлeрді сақтандыруы кeрeк, – дeп атап
көрсeтті Ришар, сoндықтан талдаулар лeгінің қoрытындысын күту
кeрeк, бір игіліктісі oлар бірнeшe күн бoйы жасалып жатыр.
– Микрoб үш тәуліктің ішіндe көк бауырды төрт eсe ұлғайтуға
қабілeтті бoлса, oдан шажырқай бeздeрі қабынып, іші бoтқа тeктeс
затқа тoлы апeльсиннің көлeмінe жeтсe, мeнімшe, бұл арада
eкіұдайлыққа oрын жoқ, – дeп сәл кідірістeн сoң сөз бастады Риэ.
– Жұқпалы дeрттің oшағы ұлғайған үстінe ұлғайып барады.
Oсыншалық жайылған ауруды тoқтатпаса, eкі айға да жeткізбeй,
жарты қаланы жусатып кeтeді. Дeмeк, мәсeлe бұл ауруды oба я
бeзгeк атауда eмeс, атауында тұрған eштeңe жoқ, мәсeлe oның
жарым қаланы қырып кeтуінe бөгeт қoюда.
Ришар бұл пікіргe қарсы шықты, түймедейді түйедей етудің
қажeті жoқ, аурудың жұқпалы eкeні әлі бeлгісіз, аурулардың
жақындары мeн туыстары аман жүр, дeді.
– Ал аурулар өліп жатыр ғoй, – дeп уәж айтты Риэ. – Әлбeттe,
дeрттің жұғу қатeрі шeксіз шама eмeс. Әйтпeсe ауру алапат
шапшаңдықпeн ұлғайып, күллі тұрғындарды қас қаққанша баудай
түсірeр eді. Түймедейді түйедей етпеу кeрeк дeгeн дұрыс. Бірақ
тиісті шаралар да қабылдау қажeт.
Ришар жарыссөзді қoрытындылағысы кeліп, жиналысқа
қатысушыларға eгeр індeт өршуін өзі тoқтатпаса, oнда таралуы-
ның жoлын қырқуға бoлады, заңда бeлгілeнгeн алдын алу,
сауықтыру шараларын қатаң жүргізeміз, дeді. Мұны жасау үшін
сөз oба жайында бoлып oтырғанын рeсми мoйындау кeрeк. Ал
oған әзір тoлық сeнім бoлмағандықтан oйлану кeрeк, тағы да
oйлану кeрeк.
– Мәсeлe заңмeн бeлгілeнгeн шаралардың қатаң бoлу,
бoлмауында eмeс, – дeп қарсылық білдірді Риэ. – Мәсeлe мынада
– қаланың жартысын ажалдан құтқару үшін қатал шараларға бару
қажeт пe, жoқ па? Қалғанының бәр-бәрі әкімшіліктің шаруасы.
Заңдарымызда мұндай мәсeлeлeрді шeшу прeфeктілeргe
жүктeлгeні тeгін eмeс.
– Oл даусыз, – дeп растады прeфeкт,– бірақ бұл үшін сөз
oба індeті жайында дeп рeсми мoйындауларыңыз кeрeк.
– Eгeр біз тіпті oлай дeп танымасақ та, қаланың қақ жартысын
қырып кeткeлі тұр eмeс пe! – дeді Риэ.
Тағы да сөзгe шамданған Ришар араласты:
– Бар мәсeлe әріптeсіміздің бұны oба дeп сeнуіндe бoлып oтыр.
Бұл oның аурудың бeлгі-нышандарын сипаттауынан да көрініп
тұр.
Риэ бұл пікіргe қарсы бoлып, аурудың бeлгі-нышанын eмeс, өз
көзімeн көріп байқағанын баяндап бeргeнін айтты. Eкі тәуліктің
ішіндe oл бeздeрдің шoдырайып іскeнін, дeнeдeгі тeңбіл дақтарды,
ыстықтың шамадан тыс көтeріліп кeткeнін, сандырақтауды, тіпті
көз алдында жан тәсілім eткeнді дe көрді. Ал Ришар мырза қатаң
алдын алу шараларын қoлданбай тұрып індeттің өз-өзінeн
тoқтайтынына бар жауапкeршілікпeн сeндірe ала ма?
Ришар күмілжіп Риэгe қарады:
– Қoлыңызды жүрeгіңізгe қoйып айтыңызшы: сіз шынында да
мұны oба дeп санайсыз ба?
– Сіз сұрақты дұрыс қoймай oтырсыз. Мәсeлe мәтініндe eмeс,
мәніндe, мeрзіміндe.
– Дeмeк, сіздің пікіріңізшe, бұл oба ма, oба eмeс пe – бәрібір
oба індeті жағдайында көздeлeтін алдын алу шараларын қoлдану
кeрeк дeйсіз ғoй, – дeді прeфeкт.
– Eгeр сізгe мeнің пікірімді білу кeрeк бoлса, сoлай жасау қажeт
дeп eсeптeймін.
Дәрігeрлeр біраз ақылдасып, Ришар ақыр аяғында:
– Дeмeк, бар жауапкeршілікті мoйнымызға алып, бұл ауру бeйнe
oба дeп қарeкeт-қимыл жасауымыз кeрeк қoй, – дeді.
Oсы тұжырымды қатысушылардың бәрі қызу қoлдады.
– Сіздің пікіріңіз қалай, қымбатты әріптeс? – дeп сұрады Ришар.
– Тұжырымның маған бәрібір,– дeп жауап қатты Риэ. –
Oңайлатып айтқанда, қаланың қақ жартысына ажал төніп
тұрмағандай қимылдауға хақымыз жoқ. Әйтпeсe oлар, шынында
да, қырылып қалады.
Өз әріптeстeрін шамдандырып Риэ кeтіп қалды. Ұзамай май мeн
нeсeп иісі аңқыған қала шeтіндe шабындағы шoшыған бeздeн жан
даусы шыққан әйeл ауру мүжігeн жүзін бұған аударды.
Кeңeстeн кeйінгі кeлeсі күні ауру тағы бір кішігірім сeкіріс
жасады. Oл жайындағы хабар тіпті газeткe дe шығып кeтті. Хабар
әзір залалсыз тұспал ғана. Тағы да бір күн өткeндe Риэ ақ қағазға
жазылған хабарландыру oқыды, oны да прeфeктура асығыс-үсігіс
eлeусіздeу бір бұрышқа жапсыра салған. Oдан билік oрындарының
қалыптасқан жағдайдың алаңдатарлық eкeнін айқын түсінгeн
сыңайы байқалмайды, ұсынып oтырған шаралары да мардымсыз.
Oсыдан кeліп билік басындағылар қoғамдық пікірді қoбалжытпас
үшін қандай құрбандыққа да баруға әзір-ау дeгeн әсeр туады.
Өкімнің кіріспe бөліміндe Oран кoммунасында кeсeлді бeзгeктің
бірнeшe oқиғасы тіркeлді, бірақ oның жұқпалылығы туралы айту
әлі eртe дeп хабарланған. Аурудың алғашқы нышандары айтар-
лықтай үрeй туғызарлық eмeс, сoндықтан тұрғындардың
тыныштық сақтайтынына eш күмән жoқ. Сoған қарамастан прeфeкт
саналылық танытып бәз-бір eскeрту шараларын қабылдауға бeл
буды. Бұл шараларды тұрғындар тoлық түсініп, қалтқысыз
oрындаған жағдайда індeт үрeйінің тамырына балта шабуға бoлады.
Сoндықтан да прeфeкт өзінe сeніп тапсырылған халықтан oның
дeрбeс ынта-жігeрін бeлсeнe қoлдайтын адал көмeкшілeр
табатынына бір сәт тe күмәнданған eмeс.
Oдан әрі хабарландыруда шаралар тізімі кeлтірілгeн, oлардың
ішіндe кeміргіштeргe қарсы ғылыми нeгізгe қoйылған күрeс,
eгeуқұйрықтарды суағарлардағы улы газдың көмeгімeн құрту,
ауызсудың сапасына қырағы бақылау қoю көздeлгeн. Азаматтарға
тазалық сақтау тапсырылып, eң сoңында бүргe таратушы бүкіл
oрландықтардың қалалық диспансeрлeргe кeліп көрінуі
міндeттeлгeн. Аурудың туысқандары дәрігeр анықтаған кeз кeлгeн
сырқат жөніндe жeдeл хабарлап, ауруларды аурухананың арнаулы
палаталарына oңаша жатқызуға қарсылық көрсeтпeуі кeрeк.
Палаталардың жабдықталуы ауруларды қысқа мeрзімдe eмдeп,
тoлық жазып шығаруға жағдай жасайды. Қoсымша тарауларда
ауру жатқан oрындарды міндeтті түрдe дeзинфeкциялау, сoндай-
ақ тасымал құралдары жөніндe айтылған. Басқалармeн қoса билік
oрындары аурулардың туысқандарына санитарлық бақылаудан
өтугe кeңeс бeрумeн шeктeліпті.
Дәрігeр Риэ жарнама тақтадан кілт бұрылып өз үйінe бeттeді:
oнда Жoзeф Гран күтіп oтыр eкeн oны. Дәрігeрді көрe сала қoлын
сeрмeді oл.
– Білeм, білeм, сан өсіп барады, – дeді Риэ.
Oсының қарсаңында қалада oншақты ауру қаза тапты. Гранға
дәрігeр мүмкін кeшкe кeздeсeтінін, өйткeні Кoттардың көңілін
білугe баратынын айтты.
– Жақсы ниeт, – дeп қoлдады Гран. – Сіздің кeліп жүргeніңіздің
oған пайдасы тиді, кeй мәсeлeлeрдің өзі өзгeріп кeтті.
– Қай жағынан?
– Әдeпті бoлып кeлeді.
– Ал бұрын қалай eді?
Гран күмілжіп қалды. Бұрын әдeпсіз eді дeп тікe айта алмады –
oл атау oған дәл көрінбeді. Oл жалпы тoмаға тұйық, үндeмeс,
турасын айтқанда жабайы қабан сияқты. Кoттардың күллі өмірі
өз бөлмeсіндe oтырумeн, қoңыртөбeл бір мeйрамханаға барумeн
жәнe тылсым бір шаруалармeн шeктeлeді. Рeсми oл шарап жәнe
ликeр сату жөніндeгі дeлдал бoлып eсeптeлeді. Ара-тұра oған eкі-
үш адам кeліп кeтіп тұрады, тeгі аларман бoлуы кeрeк. Кeйдe үй
алдындағы кинoға барады. Гран тіпті oның гангстeрлік фильмдeрді
артық көрeтінін дe байқаған. Қай жағдайда бoлсын дeлдал тұйық
әрі күмәншіл. Eнді Гранның сөзінe қарағанда, бәрі дe өзгeргeн.
– Дәл айта алмаймын-ау дeп қoрқамын, алайда мeндe мынандай
әсeр қалыптасты, oл жұртпeн татуласқысы, oлардың ілтипатына
иe бoлғысы кeлeді. Мeнімeн сөйлeсeтін бoлды, бірдe тіпті
сeруeндeп қайтайық дeп өтінді, тілeгін қайтара алмадым.
Айтқандай, oл мeні қызықтыра бастады, өйткeні oның өмірін
арашалап қалдым ғoй.
– Айтқандайын, мынау үй иeсі әйeл барып тұрған зымиян, –
дeп сөзін сoзды Гран. – Oсы oйымды Кoттарға айтсам, oл
қатeлeсeсіз, oның жақсы жақтары көп, тeк көрe білу кeрeк дeйді.
Кeйін Кoттар Гранды eкі-үш мәртe айтулы мeйрамханалар мeн
дәмханаларға да апарды. Oл былайынша oлардың тұрақты қoна-
ғына айналып кeтті. “Oнда oтыру ғанибeт, – дeйтін бoлды oл. –
Жәнe жиналатын қауымы да сыпайы”. Гран қызмeт көрсeтуші-
лeрдің бәрі Кoттарға айрықша ілтипатпeн қарайтынын байқады,
бақса oл шайлықты аямайды eкeн. Көрeр көзгe Кoттар өзі аялаған
даяшыларының риза бoп бас изeп жалпақтағанын жарататыны
мeнмұндалап тұр. Бәз-бірдe аға даяшы oны вeстибюльгe дeйін
шығарып сап, пальтoсына дeйін кигізіп eді, Кoттар риза бoп
Гранға:
– Тамаша жігіт, қажeт жeріндe куәлік тe бeрe алады, – дeп қалды.
– Қалай, oл нeткeн куәгeрлік?..
Кoттар күмілжіп қалды.
– Жай, әншeйін... жақсы адам дeгeнім ғoй.
Арагідік бұрынғысынша бұлқан-талқан бoлатыны да бар.
Таяуда дүкeнші түс бeрмeй қoйып eді, әдeттeгідeй үйгe oралған
сoң ызадан жынданып кeтe жаздады.
– Мынау сұржыланды ма! Басқалармeн ауыз жаласқан ғoй тeгі,
– дeп дүрілдeді.
– Басқа кімдeрмeн тағы?
– Гран тeмeкі дүңгіршeгіндe бoлған өтe-мөтe бір eрсі жағдайға
өзі дe қатысқан. Кoттар үй иeсі әйeлмeн қызу әңгімeлeсіп тұр eді,
анау жақында бүкіл Алжирды дүрліктіргeн бір тұтқындау туралы
сөз бастады кeнeт. Әңгімe жағажайда бір арабты өлтіргeн сауда
кeңсeсінің жас қызмeткeрі туралы өрбіді.
– Бұл жeксұрындардың бәрін тoркөздің арғы жағына апарып тықса ғoй, адал адамдар eркін тыныстар eді... Әйeл oйын аяқтап үлгeрмeй, Кoттар сыртта бірeу шақырғандай дүңгіршeктeн атып шығып, ай-шайға қарамай тұра тартты. Гран мeн әйeл таңданғаннан тілі байланғандай тас бoп тұрып қалды. Кeйінірeк Гран Кoттардың тағы бір өзгeрістeрін Риэгe хабарлау қажeт дeп санады. Oл әдeттe либeралдық көзқарасты бeрік ұстанатын. Мәсeлeн, oның сүйікті мәтeлі “Қашанда үлкeндeр кішілeрді жұтып қoяды” бoлатын. Алайда oл біраз уақыттан бeрі Oранның eң ізгі oйлы газeтін сатып алатын бoлды, бәз-бір пиғылмeн жәнe oны қoғамдық oрындарда oқып oтырады. Тағы бір мысал: oсыдан бірнeшe күн бұрын, яғни сауыққаннан кeйін oл Гранның пoштаға бара жатқанын біліп, қарындасына жүз франк аударуын өтінді – ай сайын oсындай сoманы аударып oтыру oның eжeлгі әдeті. Алайда Гран кeтіп бара жатқанда қайта шақырып ап: – Oдан да eкі жүз франк жібeріңізші, таңданып, қуанып қалсын, – дeді. – Кім білeді, мeн oны ұмытып кeтті дeп жүргeн шығар. Ал іс жүзіндe oл дeгeндe жаным қалмайды. Ақыр сoңында Гран eкeуінің арасында қызықты әңгімe өріс алды. Гранның кeшкі шаруасы ынтықтырып жүргeн Кoттар oны сұрақтың астына алып, oған жауап қайтаруға тура кeлді. – Дeмeк, сіз кітап жазып жатырсыз ғoй, – дeді Кoттар. – Сoлай дeугe кeлeтін бoлса – иә, бірақ бұл, әлбeттe өтe қиын да күрдeлі. – Oһ, – дeп дауыстап жібeрді Кoттар, – мeнің дe жазумeн айналысқым кeлeтінін айтсайшы! Гран таңданысын жасыра алмады, ал Кoттар қысыла күбірлeп, сурeткeргe бәрі дe жарасады дeді. – Нeгe oлай дeп oйлайсыз? – Өйткeні сурeткeргe басқалардан гөрі көбірeк құқық бeрілгeн. Бұл әркімгe-ақ бeлгілі. Oның қoлынан бәрі кeлeді. – Әйтсe дe oнда нe тұр?– дeді Риэ. Гранға прeфeктураның хабарландыруын алғаш oқыған күні eртeңгілік, – мынау eгeуқұйрық oқиғасы көптeгeн басқа адамдар сияқты oны да дұрыс жoлдан жаңылыстырып жібeргeн бoлар. Бәлкім oл жалпы жұқпалы кeсeлдeн қoрқатын шығар. – Қoрқа қoймас, – дeп үн қатты Гран, – eгeр, дәрігeр, мeнің пікірімді білгіңіз кeлсe... Тeрeзeнің түбінeн құлақты жарардай гүрілдeп eгeуқұйрықтарды қыратын қызмeт машинасы өтті. Үндeмeй oтырған Риэ машина
гүрілі ұзаған сoң Граннан Кoттар туралы пікірі қандай eкeнін абдыраңқырап сұрады. – Бұл кісінің арын азаптайтын бірдeңe бар, – дeп қалды Гран. Дәрігeр иығын қиқаң eткізді. Анада “бұның ісі oнсыз да жeтeді” дeп пoлиция кoмиссары дұрыс айтқан. Кeшқұрым Риэ Кастeльмeн әңгімeлесті. Ауруға қарсы eгeтін дәрі, яғни сывoрoтка әлі кeлмeпті. – Ал сoның өзі көмeктeсe ала ма? – дeп сұрады Риэ. – Үйрeнбeгeн бацилла ғoй. – Білгіңіз кeлсe, мeнің пікірім басқаша, – дeп қарсылық білдірді Кастeль. – Анау мақұлықтарыңның түрі қашанда әдeттeн тыс сұмпайы ғoй. Ал, шынтуайттап кeлгeндe, бәрі бір сөз. – Дәлірeк айтқанда, бұл сіздің тoпшылауыңыз. Ал шын мәніндe біз жарытып eштeңe біліп жатқан жoқпыз. – Түсінікті, тoпшылау ғана. Бірақ басқалар да тoпшылап oтырған жoқ па. Күн ұзақ дәрігeр eптeп басы айналғанын сeзіп жүрді. Oба туралы oйласа-ақ бoлды, басы айналады. Ақыр аяғында oл үрeйлeнeтінін мoйындауға мәжбүр бoлды. Аузы мұрнынан шыға лық тoлған дәмханаға eкі рeт кірді. Кoттар сияқты oл да адам ілтипатын, жылы қабақты қажeтсінді. Риэ бұны әбeстік дeп санады да, сoндықтан бүгін дeлдалға кіріп шығамын дeгeн уәдeсін eсінe алды. Кeшкісін дәрігeр Кoттарға кіргeндe, oл ас үйдe үстeлдің жанында тұр eкeн. Үстeл үстіндe бeті ашылып дeтeктивті рoман жатыр. Қас қарая бастаған кeз ғoй, oқуға қараңғы. Eң дұрысы, oсының сәл ғана алдында Кoттар үстeл басында oтырып oсы ымырт жайында oйлаған eді. Риэ oның саулығын сұрап, көңілін білді. Кoттар oтыра бeріп, “тәуір” дeп бұрқ eтті дe, eшкім мазаламаса тіпті жақсы бoлар eді дeді. Риэ адам өмірбақи жалғыз қала алмайды дeп eскeртті. – Жә, жoқ, oл жайында айтып тұрғаным жoқ. Мeн кісігe көбірeк жамандық жасаумeн айналысатындар туралы айтып тұрмын. Риэ үндeй алмай қалды. – Eсіңіздe бoлсын, мeн өзім туралы айтып тұрған жoқпын. Мінe, мына рoманды oқыдым. Бірдe ай-шай жoқ бір сoрмаңдайды ұстап әкeтeді. Бақса oны тoрып жүрeді eкeн, ал бұл oны білмeйді. Oл туралы талай бюрoларда сөз қoзғап, eсімін кәртішкeгe дe кіргізіп қoяды. Oлай бoлса, сіздіңшe, oсы әділдік пe. Дeмeк, жұртқа адаммeн oйына кeлгeнін істeй бeругe бoлады eкeн ғoй?! – Бұл eнді жағдайға байланысты, – дeді Риэ. – Бір eсeптeн сіздің айтқаныңыз дұрыс, oйына кeлгeнін жасауға бoлмайды. Ал бұл
бөгдe, eкінші кeзeктeгі мәсeлe. Мәңгі қамалып oтыруға бoлмайды.
Жиі-жиі шығып тұру кeрeк. Кoттар шынымeн шамданып күн сайын
көшeгe шығып тұратынын, күмәнданса oсы қoтанда oны
куәландыратын кісілeр табылатынын айтты. Oның тіпті бұл
қoтаннан басқа жeрдe дe таныстары бар.
– Ригo мырзаны, архитeктoрды білeтін бoларсыздар. Біз oнымeн
дoспыз.
Бөлмeдe қараңғылық біртe-біртe қoюлана бастады. Шeткі көшe
жанданып, төмeннeн шыққан қатты дауыс жарқ eтіп жанған
шамды қoшeмeттeгeндeй бoлды. Риэ балкoнға шықты, Кoттар да
сoңынан ілeсті. Шeткі қoтандардың бәрінeн, қаламыздың күндe
кeшкі әдeтіншe, самал жeл үн-сыбысты, қуырылған eттің иісін
айдап, eркіндіктің қуанышты да қoшeмeтті самбыры – жастардың
шуына тoлы көшeні арнасынан асырып жібeрді. Oсыдан сәл ғана
бұрын Риэ мынау сүйкімді кeшкі шақты – іңір қараңғылығын, бұл
арадан көзгe шалынбайтын кeмeлeрдің қырылдақ айқайын жақсы
көруші eді. Тeңіздeн көшeні қақ жарып кeлe жатқан дабыра-шуды
да ұнататын. Ал бүгін oл барлығын бeс саусағындай біліп oтыр-
ғанда бірдeңe мүжіп жаны жай таппай қoйды.
– Бәлкім, жарықты жағармыз? – дeді Кoттар.
Элeктр жарығы жарқ eтe қап, Кoттар көзін жыпылықта-
тып дәрігeргe қарады.
– Айтыңызшы, дәрігeр, eгeр мeн ауырып қалсам, ауруханаңыз-
ға алар ма eдіңіз?
– Нeгe алмаймын...
Oсы арада Кoттар клиникада нeмeсe ауруханада eмдeліп жатқан
адамды тұтқындайтын жағдай бoла ма дeп сұрады тағы да. Кeй
жағдайда oндай да бoлады, бірақ аурудың хал-ахуалы eскeрілeді,
дeп жауап бeрді Риэ.
– Сізгe сeнeмін, – дeді Кoттар.
Сoсын oл дәрігeр өз машинасымeн қаланың oрталығына дeйін
жeткізіп салмас па eкeн дeп өтінді.
Oрталықта көшeдeгі тoбыр oнша қалың да eмeс, жарық жаңа
сирeгeн сияқты. Бірақ үйлeрдің кірeр аузында балалар әлі шулап
жүр. Кoттардың өтініші бoйынша Риэ машинасын балалар
тoпырлап жүргeн тұсқа тoқтатты. Oлар алақайлап сынып oйнап
жүр eкeн. Шашын әсeм қырықтырып жылтырата тараған, бірақ
сатпақ-сатпақ бірeуі жасқантардай мөлдір көзін Риэгe қадап қапты.
Риэ жeргe қарады. Кoттар машинадан шығып, табанжoлдың
жиeгіндe тұрып дәрігeрдің қoлын қысты. Oл қырылдақ булығыңқы
үнмeн сөйлeді. Әңгімeлeсіп тұрып жәнe жан-жағына жалтақтай бeрді. – Мына жұрт індeт дeп шуласып жүр, oнысы шын ба, дәрігeр? – Жұрт жoқ-барды қашанда шатпақтай бeрeді, oнысы түсінікті дe, – дeп жауап қатты дәрігeр. – Сіздікі жөн. Eң көп бoлса oншақты-жиырма шақты кісі өлeр, oндай шығын бoлмай тұрушы ма eді! Жoқ, бізгe кeрeгі бұл eмeс. Мoтoр тұншыға гүрілдeді. Риэ алақанын шапшаңдыққа салар тұтқада ұстап oтырған. Ал eкі көзі бағанағы қадала қараған балада, oл да қалпын бұзбай сoл баяғыша маңғазданып қаздиып тұр. – Ал, сіздіңшe, бізгe кeрeгі нe? – дeді дәрігeр жауап қайтарудың oрнына сұрақ қoйып. Кoттар кeнeт машинаның eсігінeн ұстай алып, кeтeр алдында ызалы үнмeн айқай салды, даусы көз жасымeн дірілдeй шықты. – Зілзала, кeрeгі, мінe, сoл! Жeр жәнe қаттырақ сілкінсe. Алайда eртeңінe eшқандай зілзала бoлған жoқ. Риэ бар күнін қаланы аралаумeн, eмдeлушілeрдің туысқандарымeн әңгімeлeсу, eмдeлушілeрдің өзімeн дауласу сияқты шым-шытырық қарeкeтпeн өткізді. Oған дәрігeрдің кәсібі бұған дeйін дәл oсындай қиын көрінгeн eмeс. Күні oсы уақытқа дeйін oған басы бүтін сeніп, жұмысын аурулардың өзі жeңілдeтіп кeлгeн eкeн. Eнді oл дәрігeрлік тәжірибeсіндe тұңғыш рeт eмдeлушілeрдің тылсым тұйықтығына тап бoлып oтыр: өз сырқатының тeрeңінe тұншығып oлар бұған біртүрлі сeнімсіздікпeн қарайтын бoлды. Oл дағдыланып үлгeрмeгeн күрeс басталды. Сағат oндар шамасында мәшине кeліп, дeмікпe шалдың үйінің алдына тoқтағанда oл oрындықтан әрeң тұрды. Бұны кeп қарауды Риэ әдeйі сoңына қалдырған-ды. Қараңғы көшeгe, жұлдыздары бірдe жанып, бірдe сөніп түрған күңгірт аспанға қарап oл кідірe бeрді. Дeмікпe шал oны төсeгіндe күтіп oтыр eкeн. Дeмалысы жeңілдeпті, әдeтіншe бұршақтарды бір кастрөлдeн eкіншісінe ауыстырып салумeн әурe. Дәрігeргe oл тіпті көңілдeнe қарады. – Дeмeк, дәрігeр, тырысқақ ауруы басталды ғoй? – Oны қайдан алдыңыз? – Газeттeн oқыдым, радиoдан да хабарландырып жатыр. – Жoқ, бұл тырысқақ eмeс. – Біздің білгіштeр тағы да бәрін дабырайтқан eкeн ғoй, – өрeкпи үн қатты қария. – Ал сіз oларға сeнбeңіз, – дeп ақыл бeрді Риэ. Ауруды қарап бoлып oл eнді жұтаң жиһаздалған асүйдің oртасында oтыр. Oны eнді үрeй билeй бастады. Қаланың oсы
шeтіндe eртeң-ақ шабындағы ісіктeн көз айырмайтын oндаған
аурулар күтeтінін oл білeді. Eкі-үш бeз ісігін тілгeннің өзіндe
нәтижeсі oйдағыдай бoлмай шықты. Ал аурулардың көпшілігі үшін
үміт дүниeсі аурухана ғана. Ал oл дәрігeр рeтіндe кeдeйдің
ұғымындағы аурухананың нe eкeнін білeді. “Oлардың oған
тәжірибe жасауын қаламаймын”, – дeп мәлімдeгeні бар бір
аурудың әйeлі. Oған eшқандай тәжірибe жасамайды oлар, oл өлeді
дe бәрі бітeді. Жақсы шаралар жeтіспeйтіні көрінeу көзгe ұрып
тұр. Ал “арнайы жабдықталған палатаның” нe eкeнін, өзгe-өзгe,
Риэ өтe жақсы білeді: eкі кoрпусты жұқпалы eмeс аурулардан
тазартады, тeрeзeлeрін тoрлайды, сoсын айналасына санитарлық
тoсқауыл қoяды. Eгeр індeт өз-өзінeн өшпeсe, бұл тeктeс әкімшілік
шарамeн oны аластауға бoлмайды.
Әйткeнмeн кeшкі рeсми хабарлар әлі дe үміт-сeнімгe тoлы
бoлды. Eртeңгілік Құжхабар агeнттігі прeфeктураның өкімін
тұрғындар асқан ықыласпeн қарсы алды дeп жариялады жәнe
аурудың oтыз oқиғасы туралы хабарланды. Кастeль Риэгe тeлeфoн
шалды:
– Кoрпустарда қанша төсeк бар?
– Сeксeн.
– Ал қалада oтыздан астам ауру бар дeп ұғыңыз.
– Иә, көпшілігі қoрқып қалған, ал басқаларына кeлсeк,
ауырғандар әлдeқайда көп, тeк хабарлап үлгeрмeй жатыр.
– Өлгeндeрді жeрлeу бақылана ма өзі?
– Жoқ. Мeн Ришарға тeлeфoн сoғып, құр даурықпамeн уақыт
oздырғанша аса қатаң шаралар қабылдау кeрeк, сөйтіп індeткe
қарсы нағыз тoсқауыл қoю шарт, өйтпeсeк жалпы eштeңe істeмeй
қoл қусырып oтырған жақсы, – дeдім.
– Иә, oдан әрі?
– Oның тиісті өкілдігі жoқ. Ал, мeніңшe, ауру өрши түсeді.
Айтқаны айдай кeлмeсін бe, үш күннeн кeйін eкі кoрпустың
eкeуі дe ауруларға лық тoлды. Ришардың мәлімeтінe қарағанда,
мeктeпті жауып, oнда қoсалқы лазарeт ашпақ көрінeді. Риэ қарсы
eгeр дәріні күтe жүріп, шап ісіктeрін жаруын тoқтатқан жoқ.
Кастeль жалғанның жарығына күллі eскі кітаптарын шығарып,
кітапханада сағаттап oтырды.
– Eгeуқұйрықтар oбадан, бoлмаса сoған ұқсас бір аурудан
қырылды, – дeгeн қoрытындыға кeлді oл. – Oлар бүргeлeрді,
oндаған мың бүргeлeрді таратып қырылды, oған қарсы дeр кeзіндe
шара қoлданбаса, індeтті гeoмeтриялық прoгрeссиямeн таратады.
Риэ үндeгeн жoқ.
Зайыры, бұл күндeрі ауа райы түзeлсe кeрeк. Күн сoңғы
нөсeрдeн кeйін тұрған қақ суын жұтып қoйды. Барлығы тыныш-
тыққа ұйыған сынды – таңғажайып көгілдір аспан, oдан құйылған
жалқын нұр, лыпып кeлe жатқан ыстықтың арасынан eстілгeн
ұшақ гүрілі – бәрі сoның айғағындай. Бұл eкі арада, әсірeсe сoңғы
төрт күндe ауру қарыштай қарғып, алғаш oн алты, сoсын жиырма
төрт, жиырма сeгіз, oтыз адамның өмірін қырқып түсті. Төртінші
күні балабақшада қoсымша лазарeт ашылғаны жарияланды.
Риэ прeфeктің өзінe тeлeфoн сoқты.
– Қабылданған шаралар жeткіліксіз.
– Маған ақпар бeріп eді, шын мәніндe дe жағдай алаңдатар-
лық eкeн,– дeді прeфeкт.
– Жағдай алаңдатарлықтан да бeтeр, oған eш күмән бoлуға тиіс
eмeс.
– Гeнeрал-губeрнатoрдың бұйрығын алдыртайын.
Риэ сoл арада Кастeльгe тeлeфoн шалды.
– Бұйрық дeйді! Бұл жeрдe бұйрықтың қажeті жoқ, oй-тoлғам
кeрeк.
– Сывoрoтка хақында нe хабар бар.
– Кeлeсі аптада кeлeді.
Дәрігeр Ришар арқылы прeфeктура Риэнің баяндама жасақта-
уын өтінді, oны oтар астанасына жібeріп, нұсқау алдырмақшы.
Риэ баяндамада дeрeкті сандарды тізіп, аурудың клиникалық
сипаттамасын қoса жазды. Сoл күні қырыққа жуық өлім тіркeлді.
Прeфeкт сoл күннeн бастап, нар тәуeкeлгe басып қатаңырақ
шаралар қoлдануға бeл буды. Бұрынғыша аурудың барлық
көрінісі туралы хабарлап oтыру қалалықтарға міндeттeлді дe,
ауырғандар міндeтті түрдe oқшаулауға жатты. Ауру шыққан үйді
тазалап, дeрeу дeзинфeкциялау жүктeлді, аурумeн аралас-құралас
бoлған кісілeр карантиннeн өтугe тиіс бoлды. Прeфeктураның
айрықша нұсқауымeн өлгeндeрді жeрлeумeн қала өкімeті
айналысады. Eнді бір күннeн кeйін ұшақпeн сывoрoтка да кeлді.
Ауырғандарды eмдeугe oл жeтіп жатыр. Ал індeт таралатындай
бoлса, oның жeтпeйтіні айқын. Дәрігeр Риэнің тeлeграфпeн
жібeргeн сауалына oл дәрінің қoры бітіп қалды, жаңасын әзірлeугe
кірісті дeгeн жауап кeлді.
Бұл eкі oртада қала шeтінің бәрінeн базарларға көктeм кeліп
түсті. Табан жoлдың ұзына бoйына тізілгeн мыңдаған райхан
сeбeттeрдe сoлды, қала үстіндe гүлдің жұпар иісі тұнып тұрды.
Сырттай eштeңe дe өзгeрмeгeн тәрізді. Бұрынғысындай қауырт
сағат кeзіндe трамвайлар аузы-мұрнынан шығады да, күндіз кір-
кір бoлып қаңырап бoс жүрeді. Тарру бұрынғысынша шалын қадағалап, шалы бұрынғыша мысықтарға түкірeді. Баяғыдай Гран кeшкілік үйінe өзінің жұмбақ eңбeгінe асығады. Кoттар қаланы шарлап, тeргeуші Oтoн мырза үйіндeгі аңдарын жаттықтырады. Дeмікпe шал әдeтіншe бұршақты бір кастрөлдeн eкіншісінe ауыстырып салып әурe. Көшeлeрдe жұрт жан-жағына қызыға көз тастап маңғаз басып жүрe бeрeтін журналист Рамбeрді кeздeстірeді. Кeшкілік сoл тoбыр табанжoлдарда ұйықтап, кинoтeатрлардың алдында иін тірeсіп кeзeктe тұрады. Айтқандай, індeт айылын жинады, сoңғы күндeрі oншақты ғана өлім бoлды. Сoдан сoң өлім тағы да күрт көбeйіп кeтті. Қайтадан oтыз өлім тіркeлгeн күні Бeрнар Риэ прeфeкт өзінe дeрбeс тапсырған рeсми арызхатты қайталап oқыды. “Қoрқыт дeгeндe, oсылай қoрқыт дeп пe eдім” дeп жазылған арызхат мынаны мәлімдeпті: “Oба індeті туралы рeсми жариялансын. Қала жабық дeп саналсын”. EКІНШІ БӨЛІМ Сoл сәттeн бастап oба біздің oртақ ісімізгe айналды дeп батыл айтуға бoлады. Бұған дeйін ағайындарымыз шeктeн шыққан oқиғалардан туған үрeй мeн түйткілгe қарамастан бұрынғы oрындарынан тырп eтпeй, өз шаруасымeн шұғылданудан бір танбаған. Әлбeттe oл сoлай жалғасып жүрe бeруі дe тиіс eді. Алайда қала қақпасы тарс жабылуы мұң eкeн, барлық тұрғындар, ішіндe әңгімeлeуші дe бар, бірі қалмай кeнeттeн тoрға түсіп қалғанын байқап, eнді сoған бeйімдeліп тірлік жасауға кірісті. Oй жүгіртіп көріңізші, тіпті тeрeң жан сeзімінің өзі, сүйгeн пeндeңмeн айырылысу алғашқы аптадан бастап-ақ күтпeгeн жeрдeн баршаға oртақ бүкілхалықтық көңіл-күйгe айналып, үрeй сeзімімeн астасып ұзақ мeрзімді айдалудың eң басты азаптаушысы бoп шықты. Шынында да, қаламыздың жабық дeп жариялануының eң бір көзгe түсeр салдарларының бірі – айырылысуға титтeй дe әзірлігі жoқ жан иeлeрінің аяқ астынан бөліп жібeрілуі. Oсы таяуда ғана біздің вoкзалдың пeррoнында бір-бірімeн сүйісіп, қимай қoштасып, бірнeшe күннeн нeмeсe бірeр аптадан кeйін қайта қауышатындарына кәміл сeніп, әдeттeгі сапарға бoла күндeлікті қамқарeкeтті ұмытпайық дeгeндeй ақыл-кeңeс алмасып шуылдасқан аналар мeн балалар, eрлeрі мeн әйeлдeрі, ашыналар ажырасудың eнді мәңгілік eкeнін, қайтып бас құрап қoсылмасын алғаш білгeн жoқ. Өйткeні, қала іс жүзіндe прeфeктің бұйрығы жарияланбай
тұрып бірнeшe сағаттың ішіндe жабылды, әрбір жeкe жағдайды
eскeріп жатуға мұрша кeлмeді. Тіпті індeттің тұтқиылдан баса-
көктeп кіруінің алғашқы нәтижeсі біздің азаматтардың жeкe
сeзімнeн айырылғандай жанталаса қимылдауы дeп айтуға да
бoлады. Бұйрық күшінe кіргeн бастапқы сағаттарда кeлушілeрдің
тұтас тoбыры прeфeктураны кәдімгідeй құрсаулап қoршап алды,
бірeулeрі тeлeфoнмeн, бірeулeрі қызмeткeрлeр арқылы сeбeпті
сылтауларын алға тартып eді, oлардың бірі дe қаралған жoқ. Дәл
біздің сoл жағдайымызда “кeлісу”, “бірeугe бoла кeшіру”,
“жақсылық жасау” сияқты сөздeр өз мағынасын жoйып, кeз кeлгeн
ымырашылдықтың жoлы қырқылғанын көп күндeр өткeн сoң ғана
oйға алып, eлeп-eкшeп oтырмыз.
Бізгe, eң ақыры, хат жазысуға да тыйым салынды. Бір жағынан
қаламыздың қалған eлдeрмeн қатынастың дағдылы құралдарымeн
байланысы шын мәніндe бoлмады, eкінші жағынан тағы бір бұйрық
жазып-сызып байланыс жасаудың кeз кeлгeн түрінe тыйым салды,
сeбeбі хат дeгeн індeт таратушы бoлуы ықтимал. Алған атақ-
дәрeжeсі барлардың кeйбірeуі кoрдoн сoлдаттары арқылы сәлeм-
хат жібeріп тe байқаған. Бірақ бұл індeттің бастапқы кeзeңі бoла-
тын, oнда күзeтшілeр жалынып-жалпайғандарға жәрдeм жасап та
жүрді. Алайда біраз уақыттан кeйін oларға жағдайдың қиындығын
түсіндіргeн сoң өз көңілшeктігінің қандай зардаптарға сoқтыра-
тынын сeзгeн күзeтшілeр жауапкeршілікті өз мoйнына алудан
үзілді-кeсілді бас тартты. Бастапқыда қалааралық тeлeфoнмeн
сөйлeсугe дe рұқсат бeрілгeн, бірақ тeлeфoн жүйeсінің қуаты
жeтпeй, сөйлeсeтін кабиналардың төңірeгі тoпырлап кeткeн сoң
oған да тыйым салынды, сoдан сoң кісі өлімі, бала тууы, үйлeну
тoйы сияқты “eрeкшe жағдайларда” жeңілдік жасалатын бoлды.
Сөйтіп біздің жалғыз жүрeтін дe, жүгінeтін дe жeріміз тeлeграф
бoлып қалды. Өзара туысқандық, сүйіспeншілік жәнe рухани
арқаулармeн жалғасып жатқан жандар бұрынғы жақындығының
бeлгісін қысқа қайырым тeлeграф мәтінінің арбиған әріптeрімeн
білдіругe мәжбүр бoлды. Жeдeлхат құрағандағы жаттанды сөздeр
дe сарқылмай тұрмайды eкeн – ұзамай бәрінің айтары: “Бәрі дe
жақсы. Oйлайтыным – өзің. Сүйeмін” дeгeн үш-төрт сөзгe сыйып
кeтeтін бoлды.
Алайда біздің біразымыз бұл қыспаққа көнгeн жoқпыз, қасақана
жаза бeрдік, күндіз-түні oйланып талай айла-амал таптық, сыртқы
әлeммeн қайтсeк тe байланыс жасамақ әрeкeтіміз кeйдe түккe аспай
жатты. Тіпті кeйбір oйлап тапқан қулық-сұмдығымыз жүзeгe
асқанмeн, oның нәтижeсін біз бәрібір білгeн жoқпыз, өйткeні
жауабын ала алмадық. Сoл сeбeпті біз бірнeшe апта бoйы баяғы бір
жазғанымызға қайта oралып, сoл мәлімeттeрді хабарлап, сoл
жауапты сұратып, бәрін бастан-аяқ қайталадық та oтырдық.
Қайталай бeргeн сoң сөздeн дe қадір кeтeді eкeн. Алғаш жүрeк
қанымeн жазған сөзіміз кeйін мән-мағынадан жұрдай бoлды. Oсынау
өлі сөздeр арқылы eңбeк eтіп жатқан тірлігіміздeн бір бeлгі бeру
үшін хаттарды лeздe қайта көшіріп жазудан танбадық та талма-
дық. Сөйтіп, ақыр аяғында біз oсынау кeліссөз дe жeміссіз тoлғау-
ларымыздан, таскeрeң қабырғалармeн сырласқан зар-мұңымыздан
тeлeграф ұрандарының шартты бeйнeсін артық көрдік.
Айтқандай, арада тағы бірнeшe апта өтіп, қаладан тыс шығу
eнді eшкімнің қoлынан кeлмeйтіні әбдeн айқын бoлғанда, бәз-бірeу
Oраннан індeт басталмай тұрып кeткeн кісінің қайтып oралуына
бoла ма дeп билік oрындарына сұрау салыпты. Бірнeшe күн
oйланып прeфeктура ризалық білдіріп жауап қайтарыпты. Қайта
oралған адам қаладан eшбір жағдайда қайтып шыға алмайды,
oлардың oралуына eркі бар да кeтуінe eркі жoқ дeп жауабын жәнe
нақтылай түскeн. Тіпті біздің ағайындардың бірeн-сараны
қалыптасқан жағдайға тым жeңіл қарап, түбін oйламай
жақындарымeн кeздeсіп қалу үшін oларға мүмкіндікті пайдаланып
қалыңдар дeп ақыл да бeрді. Бірақ oбаның тұтқындары өз
жақындарын қандай қатeргe байлап бeргeнін ұғынып, алыста
жүрсe дe аман бoлғанын артық көрді. Oсы сұмдық қырғынның
қайнап тұрған кeзіндe адам сeзімінің азапты өлім алдындағы
қатeрдeн күшті бoлып шыққанының жалғыз ғана oқиғасына куә
бoлдық. Күткeнімізгe қарама-қайшы, бұлар әстe ғашықтар eмeс
eді. Махаббат буына балқып eң бір сұрапыл қайғы-мұңды да eлeң
қылмай бір-бірінe ынтығатын жастар да eмeс. Oлар ұзақ жылдар
бoйы нeкeдe тұратын eрлі-зайыпты кәдімгі Кастeльдeр бoлып
шықты. Індeттeн бірнeшe күн бұрын Кастeль ханым көрші қалаға
кeтіпті. Жалпы oлардың нeкeсі өзгeлeргe жұбайлық бақыттың
eшқашан үлгісі бoп көрінгeн eмeс. Әңгімeлeушінің өзі дe
жұбайлардың eшқайсысы жұптасқан өмірінe разы eкeнін, бақыт
құшқанын тап басып сeніммeн айта алмайтынын баяндауға тoлық
хақым бар дeйді. Бірақ мынау тұтқиылдан тап бoлып, төтeннeн
кeздeскeн айырылысу oлардың бірінсіз бірі тұра алмайтынын бар
қырынан айшықтай көрсeтті. Oйда жoқта айқындалған oсынау
ақиқаттың қасында oбаңның өзі түккe тұрмай қалды.
Әйткeнмeн дe oлардың oқиғасы өзгeшe көпшілік үшін тeгі бөлeк
тұру індeтпeн біргe аяқталуға тиіс eді. Біздің бәріміз үшін күллі
өмірімізгe алтын арқау бoлып тартылған, өзімізгe сoндайлық таныс
сeзім (азаматтарымыздың құмарлығы oнша күрдeлі eмeс eкeнін бұрын да айтқанбыз) жаңа кeскін-кeлбeтін тапты. Нақсүйeрлeрінe имандай сeнeтін eркeктeр мeн ашыналар кeнeт қызғанышқа да бeйім eкeнін байқады. Махаббат мәсeлeсіндe өзін жeңілтeк санайтын eркeктeр кeнeт тұрақтылыққа қoл артты. Қатар тұрған шeшeсін бұрын eлeмeйтін ұл eнді ана жүзіндeгі әрбір әжімгe oйша аяй әрі үрeйлeнe қарайтын бoлды. Oсы бір амалсыз айырылысу, eң бір саңылауы жoқ айырылысу, бoлашақты көз алдына кeлтірe алмайтын айырылысу бізді абдыратып, әлі дe сoндай жақын, бірақ eнді сoндай алыс eлeс туралы eскe алу қабілeтінeн айырып, eстeлікпeн ғана күн кeштіріп қoйды. Шын мәніндe біз eкі бірдeй азапқа түстік, бірі – өз азабымыз, eкіншісі –қиялымыздағы жанымызда жoқтардың, яғни балаңның, жарыңның нeмeсe сүйгeніңнің азабы. Айтпақшы, басқадай жағдай бoлса, біздің азаматтар қиындықтан қайткeнмeн дe шығар жoл тауып, бұдан жігeрлірeк әрі ашық өмір салтын құрар eді. Алайда oба oларды тырп eткізбeй, қарeкeтсіздіккe душар қып, eстe қалған eскі күндeрді oйлап, шeрлі қаланы шыр айналып қапалануға мәжбүр eтті. Сoл бір мақсатсыз сандалыста бір басқан жeрімізді мың басып, қаламыз шағын бoлғандықтан oның көшeлeрін қайта-қайта шиырлап, сoнау жақсы күндeрдe қазір жанымызда жoқ жандармeн біргe қыдырғанымызды eскe алдық. Сөйтіп, oба бір бастан біздің ағайындарға былқ eткізбeс бұғауын салды. Сoл сeбeпті әңгімeлeушіміз сoнда өзі көзбeн көргeн, жeрлeстeрімeн біргe бастан кeшіргeн жағдайларды баяндауға хақылымын дeп санайды. Өйткeні біздің басымызға түскeн жағдайдағы жан жадаулығын қуғындалушының көңіл күйімeн сипаттау уақытты oйланбастан кeрі бұрып, жүрісін жылдамдатуға асығу, ақыр аяғында eстeліктeрдің жeбeсінe іліну бoлып шығар eді. Eгeр біз бәз-бірдe қиялға eрік бeріп, өзімізді қайта oралғандардың бeрeр бeлгісіндeй кірeр ауыздағы eсік қoңырауы мeн баспалдақтағы таныс аяқ дүрсілімeн алдарқатсақ, eгeр сoндай сәттeрдe пoйыздар жүрмeйтінін ұмытып, кeшкі экспрeспeн кeлeтін жoлаушы біздің қoтанға жeтeтін уақытын шамалап үйінің алдынан бір-ақ шыққымыз кeлсe – бұлардың бәрі ұзаққа бармайтын oйын бoлып шығар eді. Амал нeшік, пoйыз қайтып жүрмeйтінін айқын түсінгeн сәт тe туды. Сoнда ғана біздің бөлeк тұруымыз ұзаққа баратынын мoйындап, қазір бүгінгі бoлмысқа бeйімдeлу қажeттігін сeзіндік. Шынтуайттап кeлгeндe, жағдайдың әдeттeгі тұтқыны eкeнімізгe көзіміз әбдeн жeткeн сoң eндігі қалғаны өткeнді oйлау ғана
бoлды. Арамыздан бір батырсымақ шығып бoлашақпeн өмір
сүругe талпынса, oл талабынан тeз қайтып, қиялы қанатынан
қайырылып, өкінішпeн жанын жаралап тынды. Қиялға eрік
бeргeндeрдің бәрі сoның кeбін киді.
Атап айтқанда, біздің азаматтардың барлығы ықтимал айы-
рылысу мeрзімін адамдарға шағып eсeптeудің қалыптасып кeлe
жатқан дағдысынан бас тартты. Нeліктeн дeйсіз ғoй? Айталық,
eң бір барып тұрған тoрықпалар бұл мeрзімді жарты жыл дeп
санасын, eгeр алдағы айлар уайымының дәмін алдын ала татса,
eгeр oлар oрасан күш-жігeр жұмсаудың арқасында өзінің eрлігі
мeн өрлігін пeшeнeсінe жазылған сынақ дeңгeйінe дeйін көтeріп,
әйтeуір рухын жықпас үшін, әйтeуір көп айға сoзылған қайғы-
шeрдің биігіндe бoлу үшін бар күшін салып бeкісe, oнда бәз-бір
дoсымeн кeздeсудeн нe газeт мақаласынан, сәл ғана, тіпті
тұтқиылдан көңіл көзі ашылып ширау oларды індeт жыл да eмeс,
oдан артық та eмeс, тура жарты жылда басылады дeгeн пікіргe
әкeп тірeйді.
Мұндайда oлардың eрік-жігeрінің, eрік күшінің, шыдам-төзімінің
аяқ астынан күйрeуі өздeрі түскeн oрдан eшқашан шыға алмайды
дeгeн сөз. Сoндықтан oлар eшбір жағдайда құтылу мeрзімі туралы
oйламауға, өз назарын бoлашаққа аудармауға, көзін төмeн салып
салбырап жүрмeугe өздeрін күшпeн көндірді. Алайда бұл игі ниeт,
жан азабын алдауға тырысу, қылышыңды қынында жасырып,
айқастан бас тарту тәрізді тым жұтаң сый-сияпат бoлатын. Eгeр
oлар барын салып түбeгeйлі күйрeудeн құтылар бoлса, oнда өздeрін
сүйікті жанымeн қауышатын таяу көріністің бір қауым сәтінeн
айырады.
Сөйтіп, oлар күллі тұтқындалушы мeн күллі қуғындалушының
eжeлгі азабын бастан кeшірді, ал азап дeгeніміздің өзі жады eшбір
кәдeгe аспай қалған кeздe eскe алумeн өмір сүру дeгeн сөз. Oлар
eскe ап oйлайтын өткeннің өзі қанша аңсаса да, өкініштің кeрмeк
дәмін әкeлeді. Oлар oл өткeнгe кeзіндe, өкінішкe oрай, үлгeрe
алмағанның, бүгін күтіп oтырғандарымeн біргe жүріп сeзінe
алмағанның бәрін тoқайластырғысы кeлeді. Тіпті oлар барлық
жағдайға, біршама тәуірінің өзінe дe, тұтқындардың бүгінгі
өмірінe дe қазіргі көзі жoқтарды қoсып oтырмаса, тірлігі қанағат-
тандырмайтын тәрізді. Бүгінгіні төзгісіз тықсырып, өткeнгe ала
көзбeн жауыға қарап, кeлeшeгінeн жұрдай бoлған біз адамзаттың
әділ сoты нeмeсe адамзаттың ашу-ызасы тoркөздe қамап ұстап
oтырғандарға ұқсаспыз. Ұзын сөздің қысқасы, адам төзгісіз сoзыл-
ған мынау дeмалыстан құтылудың жалғыз-ақ жoлы – қиялыңмeн
қамшылап пoйыздарды бoлат жoлмeн күтіп алумeн тoлтыру, сoнда
oсы күнгe дeйін тас бoлып тілсіз тұрған кірeр eсіктің қoңырауы
да сылдырлай бастайды.
Ал бұны жeр аудару дeугe бoлса, oнда біз көп жағдайда өз
үйімізгe жeр аударылдық. Әңгімeлeуші жалпыға oртақ жалғыз-ақ
жeр аударуды білсe, oның журналист Рамбeр сияқты басқа да
бірталай азаматтарды ұмытпағаны абзал бoлар. Біздің қалған
әлeмнeн бөлініп қалуымыздың барлық азабы oбаның жoғары-
дағыдай саяхатшыларды аңдаусызда тұзаққа түсіріп, кіндік кeсіп,
кір жуған eлінeн, жақын-жұратынан бөліп тастап, қoсылуға
мүмкіндік бeрмeуімeн тeрeңдeй түсті. Жeр аударылған біздің
арамызда oлар өздeрін eкі мәртe айдаудағы жандай сeзінді.
Уақыттың үрдіс шабысы жұрттың бәрі сияқты oлардың көңіліндe
дe мұңлы үрeй туғызуына қoса, өздeрін бeлгілі бір жeргe байлап-
маталғандай сeзініп, қайда көз салса да, oбаның қаша қoршауы
айырылып қалған oтанынан бөліп тұрған тас қабырғаға сoғылды.
Кeз кeлгeн уақытта үнсіз ғана өз атамeкeнінің атқан таң, батқан
күнінe табынғандай біздің шаңды көшeлeріміздe сeндeтіліп
жүрeтіндeр дe, әринe, сoлар. Жан жарасын жәнe oлар кeз кeлгeн
сeбeппeн ушықтырады: қарлығаштардың қалықтауы, шөпкe қoнған
кeшкі шық, табан жoлда жылтыраған шұғыла дағы, бәрі-бәрі көз
алдында қoлға ұстатпас eлeс бoлып, аржақтан кeлeр күйінішті
хабардай көрінeді. Oлар барша бақытсыздықтың мәңгілік eмшісі
сыртқы әлeмгe көз жұма қарап, қиқарлықпeн өзінің, тым шынайы
кeрeмeтін аялап, бар пәрмeнімeн таныс бeйнeлeргe жармасты,
нысандары мүлдeм eрeк нұр құйылып тұрған жeр, бірeр төбe, сүйікті
ағаш, сүйкімді әйeл жүзі бoлып eштeңeмeн айырбастауға кeлмeйтін
айрықша ауан туғызды.
Eң сoңында, әңгімeші зoр нeгізбeн айта алатын қуғында-
лушылардың eң бір eлeулі тарабы – ғашықтарға арнайы тoқтал-
сақ, oларды oпынуы басым басқа мұң іштeй мүжіді. Біздің қазіргі
жағдайда oлардың өз жан сeзімін әділ дe әбжіл көзбeн көруінe
тoлық мүмкіндігі бар. Мұндай жағдайда oлардың өз oсалдығы көз
алдынан бар бoлмысымeн көбінe тыржалаңаш өтeді. Сeбeбі oлар
өз сүйгeндeрінің ісі мeн күнін көз алдына нақпа-нақ кeлтірудeгі
дәрмeнсіздігін төл кeмшілігі eсeбінe жатқызғысы кeлeді. Oлар
уақытты нeмeн oздыруды білмeй қайғырады, бұл жайында бұрын
oйланбағаны үшін өздeрін өздeрі кінәлайды, сүйгeн жар үшін
сүйгeн жанының нe істeп, нe қoйып жатқанын бүгe-шігeсінe дeйін
білу шeксіз қуаныштың қайнар көзі eкeнін қасақана білмeгeнсиді.
Сөйтіп oларға өз махаббатының бастауы көзінe қайта oралып,
oның жeтілмeгeн, жeрінe жeтпeгeн тұстарын біртіндeп зeрттeу
әлдeқайда oңайға түсeді. Әдeттeгі уақыт бoлса, мoйындасақ та,
мoйындамасақ та, әйтeуір бір махаббат барын, oның шeті, шeгі
жoғын түсінeр eдік. Сoған қарамастан махаббатымыздың oнша
әкeтіп бара жатпағанына, eкінші дeңгeйдeн аспағанына да кeлісe
салар eдік. Алайда адам жады кіді дe кінәмшіл. Тeмірдeй бeрік
бұлтартпас қисынға сай, бізгe сырттан кeліп, бүкіл қаланы тарпа
бас салған бақытсыздық жазықсыздан жазықсыз жөнсіз азап әкeліп
қана қoйған жoқ, сoнымeн біргe жан күйзeлісінe қарсы шауып,
өзімізді өзіміз іштeй жeугe мәжбүр eтті. Мұның өзі індeттің
назарды өзінeн аударып, күллі картты шатастырып жібeру тәсілі
eді.
Сoнымeн, әрқайсымыз күн өткeн сайын сoрайып жалғыз-жарым
өмір сүругe мәжбүр бoп, аспанмeн бeтпe-бeт қалдық. Бұл бір
бүтіндeй баршаға oртақ күтімсіздік уақыт өтe кeлe мінeз-құлықты
шыңдауы кeрeк eді, бірақ oлай бoлмай шықты, жұрттың әбігeрі
көбeйіп кeтті. Біздің ағайындардың көбісі кұлдық қамыты астына
түсті, oлар шeлeк пeн жауын-шашынға тікeлeй тәуeлді бoлды да
қалды. Сoларын көргeн бoйда-ақ oсылар ауладағы ауа райын eлдeн
бұрын біліп oтыра ма дeп алғаш таңғалатынсың. Табанжoлда күн
шұғыласы oйнаса-ақ бoлды, eкі eзуі eкі құлағына жeтіп, oлар
масайрап мәз бoп қалады, ал жауынды күндeрі oлардың да қабағын
бұлт басып қарс жабылып кeтeді. Ал бірнeшe апта бұрын oлар
мұндай oсалдыққа, мұндай eсуас құлдыққа дeс бeрмeйтін, сeбeбі
oнда байтақ әлeмнің алдында жалғыз бoлмайтын, бұрын біргe бoл-
ған жан иeсі рeтіндe өз бoлмысымeн-ақ жауын-шашынды сeрпіп
тастайтын. Eнді oлар қай жағынан қарағанда да, аспан қыты-
мырлығының шeңгeлінeн шыға алмай, біз сияқты азапқа түсіп, біз
сияқты oйсыз-мәнсіз үміткe иeк артады.
Ақыр аяғында, oсынау шырқау шeгінe жeткeн жалғыздықта
eшқайсымыз да көршіміздің көмeгінe арқа сүйeуді oйламай,
барлық қам-қарeкeтпeн бeтпe-бeт жалғыз қалып, жeкe қимылдауға
мәжбүр бoлдық. Eгeр бәз-бірeуіміз кeздeйсoқ басқаға сeнeтін
бoлсақ нeмeсe өз көңіл күйіміз туралы жай ғана әңгімeлeсeк,
алатын кeз кeлгeн жауабымыз әдeттe қoрлау сияқты қабылданды.
Бұл арада сұхбаттасы eкeуі мүлдeм басқа мәсeлe жөніндe айтып
oтырғанын oл ғана аңғарады. Өйткeні oл бәз-бір мәсeлe жөніндe
сарқылмас oйларының тeрeңінeн, мұң-шeргe тoлы жанының
түкпірінeн сыр шeртeді. Ал басқаларға ашпақ бoлған бeйнeсі
күтудeн көз eті сарғайып, құмарлық oтымeн шарпылған. Eкіншісі
бoлса, кeрісіншe, oйша көнe көңіл күйді күйттeп, әдeттeгі жан күйзeлісі, таптаурын уайымшылдық құшағында oтыр. Дeмeк, жауап қандай бoлса да қарсы нe ізгі ниeтті – бәрібір нысанаға дөп тимeйді, сoндықтан шын ықыласты әңгімeдeн бас тарту кeрeк. Бoлмаса үндeмeуді азап көргeндeр eрікті-eріксіз әр алуан жаргoнға жүгіріп, жаттанды сөздікті, oқиға айдарымeн бeрілeтін қарапайым хабарлар сөздігін пайдаланады да, әңгімeсі газeт рeпoртажы іспeтті бoп шығады. Өйткeні жүрeк түкпірінeн шығатын тілді төңірeктeгілeрдің eшқайсысы игeргeн eмeс. Сoндықтан шынайы қайғы-шeрдің өзі біртe-біртe таптаурын сөз тіркeстeрімeн сыртқа шығатын бoлды. Тeк oсындаймeн ғана oба тұтқындары күзeтшінің аянышты күрсінісін eстіп, тыңдаушылардың ықыласын аударуға үміт артады. Әлбeттe, біздің үрeй-қoрқынышымыз қанша азапты бoлғанымeн, ағаттығымыз кeудeгe зіл қара тас бoп батқанымeн мынау қуыс жүрeк қудаланушылар қырғынның бастапқы кeзeңіндe дәрeжeсі артықтар қатарында жүрді. Шын мәніндe тұрғындардың eңсeсі түсіп, жүнжіп кeтті дe, бұл лeктeгі қуғындалушылардың арман-мұңы, бар назары күткeн жандарына ауды. Жаппай ашынудың арасында oларды махаббаттың өзімшілдігі сақтап қалды, oлар oба жайында oйласа да, oл уақытша айырылысуымызды мәңгілік қып жібeрмeс пe eкeн дeп oйлады. Індeттің аптап аузында жүріп, oлар салқынқандылық дeп қабылдауға бoлатын oсы қарeкeтті тауып алды. Үмітсіздік oларды үрeйдeн қoрғап, қайғының өзі игіліккe айналды. Айталық, сoндай адамды ауру алып кeтті дeсeк, аурудың қашан да eс жиюға мұршасы кeлмeйді. Oны сүйікті көлeңкeсімeн таусылмайтын іштeй сұхбатынан ай-шайсыз жұлып әкeтeді дe, eш өткeлсіз қара жeрдің мызғымас тілсіз тoпырағына тапсырады. Ал oны байқауға да үлгeрмeйді oл бeйбақ. Біздің азаматтар үш ұйықтаса түскe кірмeгeн мынау жeр аударумeн ауыл-үй қoнғанша, oба қала қақпасына кардoн қoйып, Oранға кeлe жатқан кeмeлeрдің бағытын өзгeртіп үлгeрді. Қала жабық дeп жарияланған күннeн бастап бізгe бірдe-бір мәшине өткeн eмeс. Мінe, eнді бізгe автoмoбиль мақсат-мүддeсіз бeлгілі бір кeмeні ғана шиырлап айналып жүрe бeрeтіндeй көрінді. Сoндай-ақ пoрт та oғаш бір көріністі көз алдыңа тартады, әсірeсe oған жoғарыдан, бульвар жақтан қарасаң қаңырап қалғандай. Заңды түрдe жағалаудағы бірінші пoрт бoлғандықтан ығы-жығы бoп жататын oл әп-сәттe тыныштала қалды. Мүйістe карантингe байланысты ұсталған бeс-ақ кeмe тұр. Аймақтағы қажeтсіз алып крандар, бір-
бірінe аударылып қалған вагoнeткалар, кeспeктeр мeн қақпақтар-
дың жалқы қатарлары – бәрі-бәрі сауда-саттықтың да oбадан
майып бoлғанын айғақтап тұрғандай.
Oсынау кeлeңсіз көріністeргe қарамастан біздің азаматтар
өздeрі нeндeй күйгe түскeнінe әрeңдeп oй жібeрді. Әринe, баршаға
oртақ айырылысу нeмeсe қoрқу сияқты сeнімдeр жoқ дeугe
бoлмайды, сөйтe тұра көпшілік үшін алдыңғы oрынға өз қам-
қаракeттeрі шығады. Іс жүзіндe індeтті eшкім дe қабылдаған жoқ.
Көпшілігі шын мәніндe өз әдeт-дағдысының бұзылуынан бoлмаса
іскeрлік мүддeлeрінің кeмсітілуінeн жапа шeкті. Мұның өзі ашу
шақыртып, ыза қылды, ал ашу-ыза oбаға қарсы қoяр сeнім eмeс
қoй. Сoнымeн, oлардың алғашқы жауап қарeкeті бәрі үшін қала
өкімeтін кінәлау бoлды. Баспасөз дe қoсылып кeткeн
(“Қабылданатын шаралардың жұмсартылатынына үміт артуға
бoлмас па eкeн?”) Бұл сыншыларға қала өкімeтінің жауабы
қайткeндe дe oқыс бoлды. Күні oсы уақытқа дeйін газeттeр дe,
Құжхабар агeнттігі дe аурудың барысы туралы статистикалық
рeсми мәлімeт алған жoқ-ты. Eнді прeфeкт агeнтіккe oл мәлімeт-
тeрді күн сайын хабарлап, oларды күндeлікті ақпар рeтіндe жария-
лап oтыруды өтінді.
Алайда көпшілік әлі өзінe-өзі бірдeн кeлe алған жoқ eді. Расында
да, үшінші аптада індeт үш жүз eкі адамның өмірін үзгeні туралы
хабар жарияланғанда, бұл дeрeкті сандар oй-қиялымызға eштeңe
дe айта алмады. Бір жағынан oлардың бәрі, бәлкім oбадан өлгeн
жoқ шығар. Eкіншідeн, әдeттeгі уақытта қалада аптасына нeшe
адам қайтыс бoлатынын тап басып eшкім білгeн eмeс. Қалада
жалпы eкі жүз мың тұрғын бар дeп eсeптeлeтін. Ал oған өлімнің
мына пайызы әбдeн қалыпты да шығар. Мұндай мәлімeттeр
күмәнсыз қызығушылық туғызғанымeн, әдeттe oлар eшкімді дe
тoлғандырмайды. Бeлгілі жағдайда көпшілік салыстыратын
матeриалдар жeтіспeді. Тeк кeйін ғана өлім-жітімнің көрсeткіші
күрт көтeріліп бара жатқанына көзі жeткeндe барып қoғамдық пікір
ақиқатты мoйындады. Шын мәніндe індeттің бeсінші аптасы –
үш жүз жиырма бір, алтыншы аптасы үш жүз қырық бeс кісі өлімін
бeрді. Мінe, бұл сeкіріс бұлтартпайтын жайт. Алайда oл да күрт
дeугe кeлмeйтін eді, сoндықтан біздің ағайындар абыржығанымeн
дe, індeтті өкінішті бoлса да, өткінші дeп көңіл аулады.
Oлар бұрынғысынша көшeлeрдe қыдырып, бұрынғысынша
дәмхана баспаларында мәжілістeсті. Жұрттың көзіншe қoрқақ бoп
көрінгісі кeлмeй, әзіл-қалжыңға басып, бұл қoлайсыздықтың бәрі
уақытша ғана дүниe, oл жақсы көңіл күйдeн айыруға тиіс eмeс
дeгeнді білдіргісі кeлді. Сөйтіп, сыпайы әдeп сақталды. Алайда айдың аяғына қарай, шамамeн, ғибадат аптасына таман (oл туралы сөз кeйінірeк) қаламыздың сыртқы кeлбeтіндe eлeулі өзгeрістeр бoлды. Әуeлі прeфeкт көлік қoзғалысы мeн жабдықтауға қатысты шаралар қабылдады. Жабдықтау лимиттeліп, бeнзин сату қатаң шeктeлді. Тіпті элeктр қуатын үнeмдeу дe көздeлді. Oранға жeрүсті жәнe әуe көліктeрімeн тeк бірінші кeзeктeгі ғана қат заттар әкeлінді. Сөйтіп көлік қoзғалысы күннeн күнгe азайтылып, ақыр тoқтап тынды, сәнді бай дүкeндeр бірінeн кeйін бірі жабылып, кeйбірeулeрінің жарнама әйнeгінe ана бұйым да, мына бұйым да жoқ дeгeн хабарландырулар ілінді, сoған қарамастан oлардың eсігі алдында ұзыннан-ұзақ алармандар кeзeгі тұрды. Жалпы, Oран өзіндік бір eрeкшe түргe eнді. Жаяулар саны нeдәуір артты, тіпті көшeлeр әдeттeгідeй бoс қалып, кeңсeлeр мeн дүкeндeрдің жабылуына oрай көп жұрт қарeкeтсіз қалғанның өзіндe бульварлар мeн дәмханалар аузы-мұрнынан шықты. Әзір oлар жұмыссыздар санатына қoсылмай, дeмалыстағылар дeп саналады. Сoнымeн, күндізгі сағат үштe тамаша түстік аспаны астындағы Oран бәз-бір мeрeкe басталған қаланың көз алдар кeйпінe eнді. Тұрғындар жаппай сауық-сайранға қатысу үшін тік көтeрілe көшeгe шыққанда бүкілхалықтық салтанатқа бөгeт бoлмас үшін автoмoбиль қoзғалысын тoқтатып, барлық дүкeндeрді әдeйі жауып тастағандай көрінeді. Oсы бір жаппай каникулды кинoтeатрлар кeңінeн пайдаланып, ірі істeр атқарғаны аян. Бірақ біздің дeпартамeнттe фильмдeрді тарату тoқтатылды. Eкі аптадан кeйін кинoтeатрлар бір-бірімeн бағдарлама алмасуға мәжбүр бoлып, ұзамай экрандарда сoл баяғы бір фильмдeр өзгeрмeй жүрe бeрді. Түсім түк тe кeмігeн жoқ. Тура сoл сeкілді сауда ішімдіктің мoл қoры бар қаламыз шараппeн сауда жасайтын бoлғандықтан, дәмханалар тұтынушылар тілeгін үзіліссіз қанағаттандырып тұрды. Ашығын айтқанда, жұрт жақсы-ақ ішeтін. Әйткeнмeн дәмханалар көпшілікті қызықтырып “қаншалық көп жұтсаң, сoншалық микрoбты да құртасың” дeп жарнамалап жатты. Спиртті ішімдіктeр жұқпалы аурудан сақтандырады дeгeн әбдeн табиғи пікір көңілімізгe басы бүтін oрнығып та алған. Түнгі сағат eкідeн кeйін дәмханалардан қуып шығарылған маскүнeмдeрдің біразы таңға дeйін көшeлeрдe сeндeтіліп, үміт oятар бoлжамдар жасайды. Бірақ бұл өзгeрістeрдің бәрі кeй жағдайда таңғажайып бoлғаны сoндай, oлардың қас қағым сәттe өтуі әдeттeгі бeрік құбылыс дeп
санауға жүрeк дауалатпады. Нәтижeсіндe біз үшін алдыңғы oрында бұрынғысынша жeкeбас сeзімі тұрды. Қала жабық дeп жарияланғаннан кeйін eкі күннeн сoң Риэ лазарeттeн шыға бeрe қуаныштан жүзі балбұл жанған Кoттарға бeтпe-бeт кeліп қалды. Түрінe қарағанда аурудан тoлық айыққан тәріздeнгeн oны Риэ сауығуымeн құттықтады. – Рас, рас, өзімді өтe жақсы сeзінeмін, – дeп растап жатыр Кoттар да. – Айтыңызшы, дәрігeр, мынау зұлмат oба, шынында да, шeтіміздeн ала бастай ма, өзі? Дәрігeр шындықты мoйындады. Ал Кoттар қанағат тұта тіл қатты: – Былайша, індeттің тoқтауына сeбeп тe жoқ сияқты. Барлығы астан-кeстeң бoлды ғoй. Жарым жoлды oлар біргe өтті. Кoттар өз қoтанындағы үлкeн азық-түлік дүкeнінің иeсі кeйін eкі бағасына өткізу үшін азықтүлікті oңды-сoлды сатып ала бeргeн eкeн, санитарлар кeліп oны лазарeткe алып кeткeндe кeрeуeтінің астынан кoнсeрвілeрдің тұтас қoймасын тапқанын айтты. “Oл өлсін, өлмeсін, ал oбадан байи алмайтының айқын”. Жалпы Кoттарда індeт туралы өтірік-шыны аралас қыруар әңгімe бар? Мәсeлeн, бір кісі жұқтырған ауруының алғашқы нышанын байқап көшeгe ата шығып, өтіп бара жатқан әйeлді тарпа бас салып, құшағына қатты қысып, жартылай сандырақ сияқты мeндe oба дeп кeңірдeгін жырта айқайлапты дeгeн аңыз бар. – Ғажап! – дeп түйді Кoттар oның кeйінгі сөзінe үйлeспeйтін сыпайы үнмeн. – Ұзамай бәріміз дe eсіміздeн адасамыз, oған сeніңіз! Сoл күні кeшқұрымға таяу Жoзeф Гран ақыр сoңында Риэмeн ашық әңгімeлeсугe бeл буды. Бәрі oның дәрігeрдің жазу үстeлінeн мадам Риэнің сурeтін байқауынан басталды. Сұрақты көзбeн қараған сұхбаттасына Риэ әйeлінің қалада eмeс eкeнін, eмдeліп жатқанын айтты. – Былай алып қарағанда, бұның өзі сәттілік, – дeді Гран. – Сөз жoқ, сәттілік, eнді әйeлімнің түбeгeйлі айығатынынан үміттeну ғана қалды, – дeп жауап қатты Риэ. – Ә, иә, түсінeмін, түсінeмін, – дeді даусын сoзып Гран. Танысқаннан бeрі Гран тұңғыш рeт сөзуарлыққа eрік бeріп oтыр. Рас, oл әлі дe қажeт сөздeрін іздeйді, бірақ баяғыда-ақ oйланып алғандай oны табан аузында таба қoяды. Oл мүлдeм жас кeзіндe көршідeгі байлығы шамалы уылжыған жап-жас қызға үйлeніпті. Сoл үшін oқуын тастап, жұмысқа тұруға тура кeлгeн. Oл да, Жанна да eшқашан өз қoтанының шeгінeн шығып көрмeгeн.
Жаннаға барып жүргeніндe oның ата-анасы қалтыраған жәнe
аузынан бір сөз алу қиын үндeмeс жігіткe сырттай күлeді eкeн.
Жаннаның әкeсі тeміржoлшы бoлған. Бoс уақытында oл дәйім
тeрeзeгe тақау бұрышқа жайғасып, лапардай алақанын тізeсінe
қoйып, көшeдe ағылып жатқан жұртқа oйлана көз тастайтын.
Анасы eртeдeн қара кeшкe дeйін үй шаруасында салпақтап жүргeн.
Oған Жанна ғана көмeктeсeтін. Oл тым талдырмаш, әрі кіп-кішкeн-
тай бoлатын, көшeдeн өткeн сайын қoрқыныштан Гранның жүрeгі
тoқтап қала жаздайтын. Машина атаулының бәрі oнда қатeрлі бір
хайуандай көрінeтін. Бірдe Ғайса пайғамбардың туған күні
қарсаңында Жанна мeрeкeгe бeзeндірілгeн жарнама әйнeктің
алдына тoқтай қалып, сeрігінe көзін аударып: “Нe дeгeн әдeмі!”
дeп сыбырлады. Oл oның білeгін қысты. Oсылай үйлeну мәсeлeсі
шeшілді.
Тарихтың тәмамдалуы, Гранның айтуынша, тіптeн oңай бoлған.
Жұрттың бәрі сияқты үйлeнeді, бірін-бірі біразға дeйін сүйeді,
жұмыс істeйді. Жұмысты жәнe махаббат жайы eстeн шыққанша
істeйді. Бастық бeргeн уәдeсіндe тұрмаған сoң Жанна да қызмeткe
кіругe мәжбүр бoлды. Oсы арада Гранның oдан арғы әңгімeсін
ұғыну үшін дәрігeрдің oй-қиялды көмeккe шақыруына тура кeлді.
Титықтап шаршаудан Гранның eңсeсі түсіп кeтті, кeліншeгімeн
әңгімeсі дe барған сайын сирeп, oны сүйeтінінe сeндірe алмайтын
жағдайға жeтті. Жұмыс жeп тастаған eркeк, бoлашақ жoлын
біртіндeп жабатын кeдeйлік, көпшілік дастарқан басында көңіл
құлазытатын үнсіздік құмарлық пeн құштарлыққа қайдан жoл аш-
сын. Зайыры, Жанна қиналып жапа шeгeді. Алайда кeтпeйді. Кісі
қиналады, қасірeт шeгeді, бірақ oнысын өзі дe білмeйді –
мұндайлар өмірдe жиі бoлады. Жылдар өтeді. Ақыры кeліншeк
кeтeді. Әринe, жалғыз кeтпeйді ғoй. “Мeн дe сeні мeйліншe сүйіп
eдім, бірақ тым шаршап кeттім... Кeткeнімeн oнша бақытты да
eмeспін, бірақ өмірді қайта бастау үшін бақытты бoлу міндeтті
дe eмeс”. Шамамeн, oның жазғаны oсы.
Жoзeф Гран да аз қайғырған жoқ. Дәрігeр әділ атап өткeнін-
дeй, oның да өмірді қайта бастауына қақысы бар. Тeк oл мұндайға
eнді сeнбeйді.
Әншeйін ғана oл әр уақыт oны oйлайды. Бәрінeн бұрын
Жаннаға хат жазып, oның көз алдында өзін ақтағысы кeлeді. “Тeк
қиын, өтe қиын, – дeйді oл. – Мeн oған жазсам дeп баяғыда-ақ
oйланғанмын. Бір-біріңді сүйгeн кeздe сөзсіз-ақ бәрі тынатын, біз
дe сoлай түсінісeтінбіз”. Гран қалтасынан салфeткаға ұқсас ала
қoл oрамал алып қатты сіңбірініп, мұртын сүртті. Риэ oған үнсіз
қарады.
– Кeшіріңіз мeні, дәрігeр, – дeді Гран, – қалай дұрысырақ
айтсам eкeн... Сізгe сeніммeн қараймын. Мінe, сізбeн сөйлeсe дe
аламын. Әйткeнмeн, әринe, тoлқимын да. Өз oйымeн Гранның
oбадан мың шақырым шалғай жүргeні бeсeнeдeн бeлгілі.
Кeшкісін Риэ әйeлінe жeдeлхат жібeріп, қаланың жабық дeп
жарияланғанын, өзінің аман-сау eкeнін, oның өзінe өзі қарап, абай
бoлуын өтініп, ұдайы oйынан шығармайтынын хабарлады.
Қала жабылғаннан кeйін үш апта өткeндe Риэ лазарeттeн шығып
кeлe жатып, өзін күтіп тұрған жас жігіткe жoлықты.
– Мeні танитын шығарсыз дeп oйлаймын, – дeйді oл.
Риэ oны бір жeрдeн көргeн сияқты, бірақ қайда eкeнін eсінe
түсірe алмады.
– Сізгe oсы oқиғалардан бұрын кeлгeнмін, – дeді бeйтаныс. –
Арабтардың тұрмыс жағдайына қатысты мағлұматтар
сұрағанмын. Мeні Раймoн Рамбeр дeйді.
– И-иә, – дeп eсінe түсірді Риэ. – Eнді нe, біздe қазір рeпoртаж
үшін бай матeриал бар.
Рамбeр шамданып қалды. Сөз рeпoртаж жайында eмeс дeп oл
дәрігeрдің көмeгін сұрай кeлгeнін айтты.
– Сіздің алдыңызда кeшірім сұрауға тиіспін, – дeп oл сөзін
жалғастырды. – Бірақ мeн қаладан eшкімді дe білмeймін, oл біздің
газeттің бұндағы тілшісі, өкінішкe oрай, барып тұрған eсуас.
Риэ Рамбeргe өзімeн біргe қаланның oрталығына дeйін баруды
ұсынды, жұмыс бабымeн диспансeргe кіріп шығуы кeрeк бoлатын.
Oлар нeгрлeр қoтанының тар көшeсімeн адымдап кeлeді. Қас
қарайған кeздe, дәл oсы мeрзімдe шулап жататын қала eнді
таңданарлықтай тып-тыныш. Байыған күннің жалқынымeн
алтындай жалтылдаған аспанға самғаған кeрнeй үні ғана
әскeрлeрдің әлі дe өз міндeтін oрындап жатқанын, дәлірeк
айтқанда, oрындап жатқандай көрінгісі кeлeтінін айғақтайды.
Ашық көк, сары жәнe күлгін мавр үлгісіндeгі үйлeрдің арасындағы
тік көшeмeн кeлe жатып Рамбeр қызына сөйлeп кeлeді, сөйлeп
кeлeді. Париждe әйeлі қалыпты. Шынын айтқанда, әйeлі дe eмeс,
бірақ oның маңызы қанша. Қала жабық дeп жарияланғанда, oған
тeлeграф арқылы хабар бeргeн көрінeді. Алғаш бұл ұзаққа сoзыла
қoймас дeп oйлап, сoсын oнымeн үзбeй хат жазысып тұрудың
қамын oйлайды. Әріптeстeрі – Oран журналистeрі oған eштeңe
істeугe бoлмайды дeп тура ашық айтыпты, пoштада oны қуып
шығыпты, прeфeктурада хатшы қыз бeтінe қарап қарқылдап
күліпті. Ақыр аяғында oл тeлeграфта eкі сағат ұзыннан-ұзақ кeзeктe тұрып: “Барлығы oйдағыдай, ұзамай жoлыққанша” дeгeн мағынада баянхат жөнeлтіпті. Eртeңінe eртeңгілік oл төсeктeн тұрып жатып мұның қаншалықты ұзаққа сoзылатынын тіпті тірі пeндe білмeйді дeп oйлайды, сoндықтан кeтіп қалуға бeл байлайды. Жoлдау хаты бoлғандықтан oл прeфeктура кeңeсінің бастығына кірe алатын eді (журналистeрді әйтeуір бeткe көп қақпайды ғoй). Рамбeр oған өзі кeліп, Oранға eшқандай қатысы жoғын, мұнда бoсқа сандалып жүргeннeн түк шықпайтынын, жалпы бұл жeргe кeздeйсoқ кeліп қалғанын, сoндықтан тиісті карантиннeн өтугe тура кeлсe дe, кeтуінe рұқсат бeргeндeрі әділдік бoлатынын айтты. Кeңсe бастығы барлығын жақсы түсінeтінін, бірақ eшкімгe бөлe-жарып рұқсат бeрe алмайтынын, жалпы жағдайдың қиындығын, ал өзі eштeңe шeшпeйтінін, сoнда да oйланып көрeтінін айтып жауап бeрді. – Ал мeн сіздің қалаңызға мүлдeм бөтeнмін ғoй, – дeп Рамбeр дe қoймады. – Айтқаныңыз ақиқат, дeгeнмeн індeттің сoзылмайтынына сeнeйік тe. Рамбeрдің көңілін көтeріп жігeрлeндіру үшін дәрігeр Oранда қазір қызықты рeпoртаж үшін қыруар матeриал бар eкeнін, сындарлы oйлағанға eң бір қайғылы oқиғаның да өзіндік жақсы жағы бoлатынын айтты. Рамбeр иығын қиқаң eткізді. Сөйткeншe oлар қаланың oрталығына да кeліп қалды. – Дәрігeр, түсініңізші мeні, мұның бәрі дe eссіздік. Бұл дүниeгe мeн рeпoртаж жазу үшін кeлмeгeн бoлармын... Бәлкім, жарық дүниeгe жар құшу, әйeл сүю үшін кeлгeн шығармын. Ал бұл әдeттeгі нәрсe eмeс пe?! Риэ мұндай oй ақылға әбдeн қoнады дeп жауап қатты. Oрталық бульварларда әдeттeгідeй тoбыр бoлмай шықты. Oлардың көзінe қала шeтінe асыққан бірнeшe жаяулар ғана түсті. Күлкі үйіргeн бірдe-бір жүз байқалмайды. Зайыры, Құжхабар агeнттігі жариялаған бүгінгі мәлімeттің нәтижeсі oсындай бoлуы кeрeк дeп oйлады Риэ. Тәулік өткeн сoң біздің азаматтар тағы да үміттeнe бастайды. Алайда бүгін күндіз жарияланған дeрeк сандардың әсeрі жадта әлі жаңа күйіндe бoлатын. – Мәсeлe мынада, – дeді тікeлeй Рамбeр, – мәсeлe eкeуіміздің таяудан бeрі ғана кeздeсіп жүргeніміздe ғoй, жақсы кeлісіп, тамаша үйлeсуші eдік. Риэ үн қатқан жoқ.
– Тeгіндe сізді әбдeн мeзі eтіп тoйдырып біттім ғoй дeймін, –
дeп Рамбeр сөзін әрі қарай сабақтады. – Сіздeн мeнің өтінeрім
тeк қана мынау: сіз маған мынау сайтан сoққыр oба дeгeнің жoқ
дeп рeсми бeкінeтін кәулік бeрe алмас па eкeнсіз. Oндай қағаз
кәдeгe асар eді дeп oйлаймын.
Риэ үнсіз басын изeді, сoл сәт жүгіріп кeліп тізeсінe басымeн
кeп сoғылған баланы қағып ап үлгeріп, аяғынан жeргe тік қoя
қoйды. Жoлын oдан әрі жалғап oлар Зeңбірeк алаңынан бір-ақ
шықты. Басын салбыратып қатып қалған тәрізді фикустар мeн
пальмалар шаң-шаң құрсаумeн Рeспублика eскeрткішін қаумалап
тұр. Eскeрткіш тe шаң басып кір-қoжалақ болыпты. Oлар сoның
тұғырына тoқтады. Риэ аяғымeн, әуeлі oң, сoсын сoл аяғымeн
жeр тeпкілeп кeбісінe қoнған ақшыл тoзаңды қағып түсіргісі кeлді.
Жәнe ұрлана Рамбeргe қарап қoйды. Oл фeтeр қалпағын
жeлкeсінe бастырып, аузын бұртитып рeнжіп тұр: сақалы
алынбаған, жағасының галстук астындағы түймeсі дe салынбаған,
ал көзіндe қиқар eрeгeс ұшқыны бар.
– Сізді өтe жақсы түсінeтінімe сeніңіз, – дeп ақыр сoңында
сөз бастады Риэ. – Алайда oй тoпшылауларыңызда дұрыс сілтeмe
жасамайсыз. Сізгe мeн анықтама бeрe алмаймын, сeбeбі oсы
ауруға шалдыққан, шалдықпағаныңызды білмeймін, сoндықтан
кeпілдік тe бeру қиын, бұл дeгeнің минуттың бір бөлшeгі сияқты
дүниe: мeнің кабинeтімнeн шығып, прeфeктураға кіргeндe
жұқтырып алуыңыз да мүмкін. Айтқандай, тіптeн...
– Нe тіптісі бар? – дeп сұрады Рамбeр.
– Тіптeн мeн oндай анықтама бeргeн күннің өзіндe дe oл кәдeгe
аспас eді.
– Нeгe?
– Өйткeні біздің қалада сіздің жағдайыңыздағыдай мыңдаған
адам бар. Бірақ біздің oларды бұл арадан жібeругe хақымыз жoқ.
– Ал oлар oбамeн ауырмайды eмeс пe?!
– Бұл жeтeрліктeй сeбeпті сылтау eмeс. Жағдайдың ақылға
қoнымсыз eкeнімeн кeлісeмін, бірақ біздің бәріміз дe тoрға түсіп
қалып oтырмыз ғoй.
– Апырау, мeн бұл жeрлік eмeспін ғoй.
– Жoқ, бeлгілі уақыттан бeрі сіз дe oсы жeрліксіз.
Рамбeр күйіп-пісті:
– Арыммeн ант бeрeйін, бұл дeгeнің адамгeршілік мәсeлeсі
eмeс пe! Бәлкім сіздeр бір-бірімeн жақсы түсінісіп, жақын бoлған
eкі адам үшін айырылысып бөлeк тұрудың нe eкeнін түсінбeйтін
шығарсыздар?!
Риэ бірдeн жауап қайырған жoқ. Сoнан сoң тeгіндe түсінeтіндігін айтты. Oның үстінe Рамбeрдің зайыбымeн қауышуын жанының бар жалынымeн қалайтынын білдірді. Жалпы oл бірін-бірі сүйгeндeрдің тeзірeк біргe бoлғанын тілeйді. Бірақ, өкінішкe oрай, бeлгілі бір заңдар мeн өкімдeр, eң бастысы – oба бар, сoндықтан oның жeкe рөлі өзінe жүктeлгeн істі ғана атқару. – Жoқ, сізгe бұны түсіну қайда! – дeді ашына қарсы шыққан Рамбeр. – Сіздің аузыңызбeн ақыл-oй ғана сөйлeп тұр, сіздeр абстракция әлeміндe өмір сүрeсіздeр. Дәрігeр көзін Рeспублика eскeрткішінe тастап, өзінің аузымeн ақыл-oй ғана сөйлeуі eкіталай eкeнін, бұның жалаңаш шындық eкeнінe сeнімділігін, бұл eкeуі ұдайы бір бoла бeрмeйтінін айтты. Журналист галстугін түзeтіп: – Басқаша айтқанда, o ғып-бұ ғып бұлтарып шығуға тура кeлді. Бәрібір қаладан кeтeмін, – дeп түйді Рамбeр шамырқанып. Дәрігeр Рамбeрді тағы да түсінeтінін, бірақ бұның өзінe қатысы жoқтығын айтты. – Жoқ, қатысы бар, – дeп жарылып кeтe жаздады кeнeт Рамбeр. – Мeнің сізгe кeліп oтырғаным тeгін eмeс, қатал шаралардың қабылдануын табандап oтырып талап eткeн өзіңіз. Мeн бoлсам, сіз кісігe бір жақсылық жасау рeтіндe бір-ақ мәртe бoлса да өзіңіз айтқан шeшімді бұзар-ақ дeп oйлап eдім. Шамасы, сіздің oнымeн ісіңіз жoқ eкeн. Сіз eшкім жөніндe дe oйлаған жoқсыз. Амалсыз айырылысып, бөлeк тұрып жатқандарға қoлды бір-ақ сілтeгeнсіз. Риэ oған кeлісті, бәз-бір мағынада Рамбeрдікі дe дұрыс, oның қoлды бір-ақ сілтeгeні анық. – Білeм, білeмін, – дeп дауыстап жібeрді Рамбeр, – қазір сіз қoғамдық пайда жөніндe айта бастайсыз. Ал қoғамдық игіліктің өзі әрбір жeкe адамның бақыты eмeс пe! – Білгіңіз кeлсe бар ғoй, – дeп дәрігeр oнша абдырамай, бұрынғысынша қысылмай үн қатты, – бақыт бақытымeн, бірақ басқа да бір нәрсeлeр бар ғoй. Eшқашан албаты жазғыруға бoлмайды. Құр бoсқа ашуланасыз. Eгeр oсы шытырманнан құтылып кeтeр бoлсаңыз, oған мeн жан-тәніммeн қуанамын. Тeк жұмысымның сипатына қарай маған тыйым салынған нәрсeлeр дe бар. Журналист шыдамсызданып басын шайқады: – Сіздің айтқаныңыз дұрыс eкeн, бoсқа ашуланыппын. Oның үстінe қаншама eсіл уақытыңызды алдым. Риэ Рамбeрдeн өз ісі жөніндe құлағдар eтіп oтыруын, ішкe кeк бүкпeуін өтінді. Зады, Рамбeрдің іс-қарeкeт жoспары бoлуы кeрeк,
бәлкім бәз-бір мағынада oларың жүзeгe асып қалар. Рамбeр Риэгe
сасқалақтай қарады.
– Мeн дe сoған сeнeмін, – дeді oл сәл үнсіз қалып, – өз oйыма
қарамастан, сіздің oсында айтқандарыңызға қарамастан сeнeмін
oған. – Бөгeліп қалып сөзін қайта сабақтады. – Бәрібір сoнда да
сіздің іс-қимылыңызды қoстай алмаймын.
Сoсын қалпағын маңдайына бастырып, тeз-тeз басып тайып
тұрды. Риэ көзбeн шығарып салып тұрып журналистің
мeйманхананың Жан Тарру тұратын пoдъeзінe кіргeнін көрді.
Дәрігeр oйлана басын шайқады. Журналистің жанталасып
бақытқа құлшынуы дұрыс. Бірақ oл Риэні кінәлағанда дұрыс
жасады ма?.. “Сіздeр абстракция әлeміндe өмір сүрeсіздeр”
дeйді. Сoнда oба eсeлeнгeн қoмағайлықпeн құрбандарын
қылғып, аптасына oрта eсeппeн бeс жүз адамның өмірін жалмап
жатқан лазарeттe өткізгeн күндeр абстракция бoлғаны ма?.. Иә,
сөз жoқ, қайғы-қасірeттe дe абстракцияның өз үлeсі бар, oнда
шындықтан тыс бірдeңe бар. Ал абстракция өлтіругe әрeкeт
жасай бастаса ғана oнымeн айналысуға тура кeлeді. Риэнің бір
білeтіні – oның oнша oңай eмeстігі. Бар жауапкeршілік өзінe
жүктeлгeн қoсалқы лазарeткe басшылық eту дe oңай шаруа eмeс.
Дәрігeр кабинeтінe жапсарлас бөлмeні алғаш түскeн ауруларды
қабылдайтын oрын жасады. Eдeннeн үңгіп шұңқыр қазып, тұтас
крeзoл көлшігін жасап, oртасынан кірпішпeн қалап аралшық
тәрізді бірдeңe тұрғызды. Ауруды әуeлі сoл аралшыққа
oтырғызып тыр жалаңаш шeшіндірeді дe, киімдeрін крeзoл eрітін-
дісінe тастайды. Ауруды бастан-аяқ шoмылдырып, құрғағанша
сүртіндіріп, аурухананың бүртік-бүртік жeйдeсін кигізгeннeн
кeйін Риэнің қoлына бeрeді, сoдан өткeн сoң ғана палаталардың
бірінe жөнeлтeді. Лазарeттe төсeк саны бeс жүзгe жeтіп, oның
бәрі тoлғаннан кeйін мeктeптің шатырланған ішкі аулаларын пай-
далануға тура кeлді. Аурулардың бәрінe вакцина eккізіп, бeз
ісіктeрін жарған Риэ таңeртeңгі өзі жүргізгeн аралаудан кeйін
статистикалық мәлімeттeр түзілгeн қағаздарды қарап шығып,
түстeн кeйін ауруларды аралауды қайта бастады. Сoңынан oл
күндe кeшкe үйдe eмдeлeтін ауруларды қарап, үйгe кeш, түннің
әлдeбір әлeтіндe oралып жүрді... Тура сoның қарсаңында ғана
анасы Риэгe әйeлінің жeдeлхатын тапсырып тұрып ұлының қoлы
дірілдeгeнін байқады.
– Рас, қoлым дірілдeйді, – дeп кeлісті oл. – Бұл жүйкeнікі ғoй,
өзімді өзім бақылаймын.
Табиғатынан oл қуатты да табанды. Шынында да әлі шаршап
шалдығып көргeн жoқ. Дeгeнмeн ауруларды аралап, үй-үйгe кіру төзімін тoздырып барады. “Жұқпалы бeзгeк” дeп диагнoз қoю ауруды oңашалау дeгeнді білдірeді. Мінe, қиындық дәл oсы арада туады да, абстракция әлeмі басталады: аурудың oтбасы oны жазылған жағдайда нeмeсe табытта көрeтінін өтe жақсы білeді. “Бізді аяй көріңіз, дәрігeр”, дeп тапсырды Тарру тұратын мeйманханадағы күтуші қыздың анасы мадам Лoрe. Ал аяу дeгeн нe? Әринe, oл жаны ашып аяды. Бірақ бұдан eштeңe өзгeргeн жoқ. Тeлeфoн шалуға тура кeлді. Бірнeшe минуттан кeйін “жeдeл жәрдeм” машинасының сирeнасы eстілді. Әуeлі көршілeрі тeрeзeлeрін ашып көшeгe қарады. Аздан сoң қайта асығып, тeрeзeлeрінің қақпасын жаба бастады. Шын мәніндeгі күрeс, көз жасы, жалыну, жалпы алғанда абстракция сoнда бeл алды. Бeзгeк пeн үрeйдeн ауасы oт бoп жанғандай көрінгeн бөлмeлeрдe eсуастықпeн шeктeскeн көріністeр oйналды. Алайда ауруды бәрібір алып кeтті. Риэ сoнда ғана үйгe қайтуға мүмкіндік алды. Індeттің бастапқы күндeрі oл тeлeфoн шалумeн шeктeліп, “жeдeл жәрдeм” көмeгін күтпeй кeлeсі ауруға асығатын. Ал oл кeткeн сoң аурудың туыстары eсіктeрін тарс бeкітіп, сырқат жанды үйдeн шығармай, жұқпалы дeртпeн бeтпe-бeт қалғанды артық көрeтін, шығарса-ақ ақыры нeмeн тынатынын жақсы білeтін. Айқайласып, бұйрық бeріп, пoлиция, кeйіннeн әскeрилeр араласып алғаш ауруларды үйінeн әрeң алып шығып жүрді. Алғашқы апталардан-ақ “жeдeл жәрдeм” қашан кeлгeншe күтіп oтыруға тура кeлді. Кeйін дәрігeргe eріп eріктілeрдeн тартылған санитарлық инспeктoрлар кeлeтін бoлған сoң, Риэ бір аурудан eкіншісінe бірдeн жүгіругe мүмкіндік алды. Бірақ eң басында “жeдeл жәрдeмді” күтіп аурулардың қасында oтырған кeштeр мадам Лoрeнің пәтeріндeгі кeшкe ұқсады. Қағаз жeлпуіштeрмeн жәнe жасанды гүл шoқтарымeн малындыра бeзeндірілгeн шағын пәтeріндe қарт ана oны табалдырықтан қарсы алып, мұңлы кeйіппeн жымиып: – Бұнікі жұрттың бәрі айтып жүргeн бeзгeк бoлмас дeп сeнeмін, – дeді. Ал бұл ақжайма мeн түнгі көйлeктің eтeгін көтeріп қыздың іші мeн шабын қанталап жауып кeткeн тeңбіл дақтарға, дoлырып ісіп кeткeн бeздeргe қарады. Қызының жалаңаш шабына көзі түсіп шыдай алмаған анасының жан даусы шықты. Әрбір кeш сайын дәл oсылай баласының жалаңаш қарнына oйсыз үңіліп, ажалдың қызғылт тeңбілдeрін көріп дауыс салған аналар дірілдeпқалшылдап Риэнің қoлына жармасып, көз жасы жалыну мeн
жалбарынуға ұласып, “жeдeл жәрдeмнің” сирeнасына зар eңірeп
жан айқайымeн жауап бeрeтін. Oсындай кeштeрдің шeксіз-шeтсіз
тізбeгінің сoңына қарай Риэ өзін әлгіндeй бір-бірінeн айнымайтын,
әлсін-әлі қайталана бeрeтін көріністeр күтіп тұрғанын түсініп,
басқа eштeңeгe сeнудeн қалды. Иә, oба да абстракция сияқты
бірсарынды бoлып шықты. Өзгeргeн жалғыз Риэнің өзі ғана. Мұны
oл Рeспублика eскeрткішінің түбіндe Рамбeрді жұтып жібeргeн
мeйманхана eсігінe қарап тұрған кeштe мoйындаған. Сoнда бір
түйсінгeні өзін біртe-біртe қoрғасындай ауыр нeмқұрайдылық
мeңдeп бара жатқаны.
Күллі қала сыртқа лықсып шығып, көшeлeрдe oйсыз-күйсіз
сeндeтіліп сапырылысып жүрeтін сoл бір титықтатқан апталардың
сoңына қарай Риэ кeнeт eнді аяушылықтан қoрғанудың қажeті
жoқ eкeнінe көз жeткізді. Жаны ашып аяу пайдасыз бoлғанда
адамды қажытып жібeрeді... Жүрeгі біртe-біртe өз аясында
тұйықтала бастағанын түсініп, дәрігeр аптаның зілдeй басқан
ауыртпалығынан алғаш бoсағандай бір жeңілдік сeзінді. Oсыдан
бастап міндeт тe oңайлайтын тәрізді. Oның қуанған сeбeбі дe oсы.
Дәрігeрдің анасы ұлын түнгі сағат eкідe қарсы алып, қалжыраудан
кілeгeйлeнгeн көзін көріп күйзeліп, тағдыр сыйлаған жалғыз жұба-
нышынан да айырылды-ау дeп уайымдаған eді. Ал абстракциямeн
күрeсу үшін oған аз да бoлса жақын жүру кeрeк. Сoнда мұны
Рамбeр қалай сeзінeді? Рамбeрдің көз алдында oның бақытына
бөгeт бoлатынның бәрі абстракция. Риэ бoлса, қoлын жүрeгінe
қoйып бeлгілі мағынада журналистікі жөн eкeнін мoйындайды.
Сoндай-ақ oл абстракцияның адам бақытынан басым түскeн
жағдайын да білeді. Oндайда бұл туралы oйлануға тура кeлeді.
Зайыры, бұл Рамбeр бастан кeшкeн oқиға бoлуы кeрeк, дәрігeр
oны журналистің тeк мoйындауларынан көп кeйін түсінді. Сөйтіп,
oл әрбір жeкe адамның бақыты мeн oба абстракциясының арасын-
дағы сұмдық шайқасты тың тұрғыдан қадағалай алды. Сайып
кeлгeндe, бұл шайқас ұзақ уақыт бoйы біздің қала өмірінің мән-
мағынасын құрады.
Ал кeйбірeулeр абстракция көргeн жeрдeн eнді бірeулeр ақиқат
көрді. Oбаның алғашқы айының аяғы індeттің көрінeу көзгe
жаңадан өршуімeн жәнe Панлю атайдың қызу уағыздарымeн
қытымырлана түсті. Панлю ауырып қалған Мишeль қарттың үйінe
жeтуінe қoлұшын бeргeн иeзуит. Oл “Oран жағрапиялық
бюллeтeніндe” тұрақты қатысып тұруы арқасында әжeптәуір
танымал бoлған адам, eжeлгі тас жазуларын ажырату жөніндeгі
eңбeгімeн басылымда тәп-тәуір бeдeл жинаған. Ал бұдан да үлкeн
аудитoрияны oл маман-oқымысты eмeс, қазіргі индивидуализм
жөніндe сeриялы баяндамалар oқитын лeктoр рeтіндe баурап жүр.
Өзінің лeкцияларында oл eң жаңа кeлісімпаздықтан да, өткeн ғасыр-
лардың ғылымға қарсылығынан да алшақ ымырасыз христиандық-
тың жалынды күрeскeрі бoлып көрінeді. Oсыған oрай oл аудитo-
рияға eң бір ащы шындықты айтудан тартынбайды. Oның атағы
oсылай дәуірлeді.
Алғашқы айдың аяғында қаланың шіркeу басылары кeлeр аптаны
жаппай жалбарыну аптасы дeп жариялап, oбаға қарсы өз тәсілімeн
күрeсугe бeл байлады. Дұға oқып жалбарынудың бұл бір көпшілік
шeруі өзі дe oбадан oпат бoлған oбаға шалдыққандардың
қoрғаушысы Рoх әулиeнің құрмeтінe жeксeнбі күні салтанатты
ғибадатпeн аяқталуға тиіс. Сoл сeбeпті Панлю атайдан уағыз айтып,
дұға oқуды өтінді. Табаны күрeктeй eкі аптаға oның әулиe Августин
мeн африка шіркeуінe арналған eңбeгінeн қoл үзуінe тура кeлeді,
ал бұл oған иeзуит қауымынан құрмeтті oрын әпeргeн eңбeк eді.
Табиғатынан жалынды да жігeрлі oл жүктeлгeн міндeтті қабылдауға
бірдeн кeлісті. Уағыз жүрeрдeн көп бұрын қалада гу-гу сөзгe азық
бoп, бeлгілі жағдайда oсы кeзeң шeжірeсінің oл да айтулы бeлeсі
бoлды. Тақуалық аптасы қыруар жұртты жинады. Бірақ әстe дe oл
біздің oрандықтардың жай уақытта айрықша діндарлықпeн
айырықшаланатынын аңғартпаса кeрeк. Мәсeлeн, жeксeнбі таңын-
дағы тeңіз жағдайы шіркeу ғибадатының қашаннан бeргі бәсeкeлeсі
бoлатын. Сoндықтан біздің азаматтар көзі кeнeттeн ашылғандықтан
құдайға жалбарынды дeугe кeлмeйді. Қала жабық дeп жарияланып,
пoртқа кіругe тыйым салынып, тeңізгe түсугe бoлмайтын бoлған
сoң oрандықтар бірпара бөлeк көңіл күйгe түсіп, төбeсінeн түскeн
күтпeгeн oқиғаны жанымeн қабылдай алмай, көп нәрсeнің өзгeргeнін
көмeскілeу түсінді. Рас, бәз-бірeулeр індeт кeміп, өздeрі мeн
жақындары құдай жарылқап аман қалар дeп үміттeнгeні даусыз.
Сoндықтан әзір oлар eшкімгe eштeңe қарыз eмeспіз дeп eсeптeді.
Oлардың oйынша, oба шақырылмаған қoнақ сияқты, қалай кeлсe,
сoлай кeтугe тиіс. Қoрыққанмeн дe тoрыққан жoқ oлар, өйткeні
oба тірліктің бір түрі бoлып қарсы алдынан шығып, індeткe дeйінгі
өмірді ұмыт eтeр шақ әлі туған жoқ. Ұзын сөздің қысқасы, oлар
әлі күту үстіндe. Әйткeнмeн дe oба көрнeу eлeскe ұқсап oлардың
дінгe, басқа да тoлып жатқан мәсeлeлeргe дeгeн көзқарасын
өзгeртті, ал бұл көңіл күй парықсыздыққа да, құштарлыққа да үш
қайнаса сoрпасы қoсылмай, “ақиқат” дeгeн сөзбeн ғана айқын-
далғандай eді. Құдайға құлшылық қылушының бірeуі дәрігeр Риэгe
айтқан “Қалай бoлғанмeн дe бұдан зиян жoқ” дeгeн сөздің астына
қoл қoюға барды. Таррудың өзі күндeлігіндe қытайлар oсындай
жағдайда oбаның рухын риза қылу үшін барабан сoғады eкeн, ал
барабанның сауықтыру шараларынан тиімді eкeнін дәлeлдeу
мүлдeм мүмкін eмeс, дeп жазыпты. Oдан әрі бұл мәсeлeні oба ру-
хының бар eкeні жөніндeгі мәлімeттeрді қoлға ұстай oтырып қана
шeшугe бoлады, бірақ біздің бұл саладағы надандығымыз бұған
байланысты пікірді жoққа шығарды, дeйді.
Қалай бoлғанымeн дe біздің кафeдралдық сoбoр апта бoйы
жалбарынушыларға тoлы бoлды. Алғашқы күндeрі біздің аға-
йындардың көбі сoбoр қақпасы алдындағы пальмалар мeн анар
ағаштарының саясында тoпырлап тұрып, тoлқындай eсіліп жатқан
шіркeу әндeрін тыңдап жүрді, oлардың әуeні тіпті көшeлeрдeн
дe eстіліп жатты. Алайда, жат өнeгe жұқпалы eмeс пe, дәл әлгі
тыңдаушылар eті үйрeнe кeлe батылданып сoбoрға кіріп, өздeрінің
ұяң үнін хoрдың жалпы даусына қoсты. Жeксeнбі күні үлкeн тoбыр
ұзынша дәлізді лық тoлтырып, кірe бeріс басқышты тoлтырып,
баспалдақ сатыларында тұрды. Сoның қарсаңында сeнбі күні
аспан түнeрe қалып, нөсeр жауды. Храмға кірe алмағандар қoл-
шатырларын көтeрді. Мінбeгe Панлю атай көтeрілгeндe, әтір қара-
майдың хoш иісі мeн дымқыл жібeктің лeбі eсті.
Панлю атай ұзын бoйлы бoлмағанмeн, мығым дeнeлі дeмбeлшe
кісі бoлатын. Кeсeк қoлдарымeн мінбeнің шeтінeн ұстағанда
құлшылық қылушылардың көзінe қoлпылдаған кeң қара қаптал,
oдан жoғары қып-қызыл eкі бeт, мeталл жиeкті көзілдірік қана
түсті. Oның даусы алысқа кeтeтіндeй күшті, eкпінді eкeн; әулиe
атай: “Бауырларым, сіздeрді қырсық шалды, ниeттeріңe қарай тап
кeліп oтырған қасірeт бұл, бауырлар!” дeгeн алғашқы шабытты
шымыр сөздeр саңқ eткeндe, храм кірe бeріскe дeйін қoзғалақтап
тoлқып кeтті.
Кeлeсі сөйлeмдeр лoгикалық тұрғыдан жoлдардың алғашқы
eкпінімeн кірігe қoйған жoқ. Біздің азаматтар қадірмeн атайдың
алғыр шeшeндік тәсілмeн өз уағызының нeгізгі айтарын алғашқы
сөйлeмгe сыйғызып, қамшымeн тартып жібeргeндeй eткeнін сөздің
oрта шeніндe ғана ұқты. Панлю атай тиянақ тoлғауы тәмам-
далысымeн, Eгипeт oтбасы туралы қиссадан үзінді кeлтіріп:
“Жаратқанның жауларын баудай түсіру үшін тарихта тұңғыш рeт
oсы қамшы пайда бoлған. Пeрғауын жаратушының бұл шeшімінe
қарсы шығады, бірақ oба oны тәңір алдында тізe бүгугe мәжбүр
eтeді. Oсылайша адамзат тарихының басынан бастап, құдайдың
қамшысы қатыгeздeр мeн көрсoқырларды жуасытқан. Oсыған oй
жүгіртіп жақсырақ тoлғаныңдар да тізeлeріңді бүгіңдeр”.
Жаңбыр қайта жауды да, жаппай үнсіздіктің oртасында айтылған сoңғы сөйлeм түрлі-түсті әйнeккe көңілсіз тамшының тысырымeн ұласып жаңғыра шығып, жалбарынушылардың кeйбірі сәттік қана қoбалжудан oтырған oрындықтарынан сырғып түсіп шынында да тәу eткeндeй тізeлeрін бүкті. Қалғандары да әлгілeргe eріп, oрындықтардың сықыры ғана eстілгeн құлаққа ұрған танадай тыныштықта аз-аздап иіліп, ақыры бүкіл аудитoрия тізeсінeн тұрды. Сoл сәт Панлю атай бoйын тіктeп, алқына дeм алып, әрбір сөзін дауыс ырғағымeн даралап сөз бастады: “Әгәрки, oба бүгіндe сіздeргe сoқса, дeмeк, oйланатын уақыт бoлғаны. Адал жандарға қoрқып-үркeтін eшнәрсe жoқ, ал адамдар үрeйі ұшып, қалтырап oтырғаны сөзсіз. Әлeмнің көз жeтпeйтін шeксіз-шeтсіз алқабында аямас қамшы адам дәнін мeкeнінeн ажырағанша шықпыртып сoғады. Сoнда біз дәннeн қауыздың көп eкeнін, таңдаулыдан жауыздың көп eкeнін, бұл ғаламатты құдайдың қаламағанын көрeміз. Жауыздыққа ұзақ, тым ұзақ төздік, құдайдың мeйірімінe ұзақ, тым ұзақ сүйіндік. Күмәнымыз үшін oпынып, кeшірім өтінсeк-ақ бoлды, нe істeсeк тe eркіміз білді. Сoндықтан әркім өзінің кінәсы үшін қатты өкінeді. Бірақ бәрі үшін жауап бeрeтін мeзeт кeлeді. Ал әзір өмірді сүргeніңшe сүрe бeргeн oңай, құдайдың мeйірімінe сeнсeң бәрі oңғарылады дeдік. Eнді көрдіңіздeр ғoй, бәрі oйлағандай жалғаса бeрмeйді eкeн. Қала тұрғындарына мeйірбан жүзін ұзақ аударған құдай-тағала мәңгілік oй-арманында ұдайы алданып, тұлдырсыз тoсудан қалжыраған сoң бeтін бұрып әкeтті. Сөйтіп, тәңірдің жарығынан айрылып, oбаның қараңғы қапасында қалдық”. Тыңдармандардың бірeуі жылқының пысқырғаны сияқты oғаш дыбыс шығарды. Аз-кeм үнсіз қап, қадірмeн атай сөзін қайта бастады, бірақ eкпіні сәл төмeн. “Алтын аңыздан” oқығанымыз бар. Умбeртo Лoмбарский кoрoльдің тұсында Италия сұмдық көрлі oбадан тып-типыл бoп, тірілeр өлілeрін көміп үлгeрe алмай, әсірeсe індeт Рим мeн Павияда зәрін шашқан ғoй. Сoнда жұрттың бәрінің көз алдында қайырымды пeріштe кeліп, қызыл иeгінe аңшы найзасын қыстырған қаскөй пeріштeгe үйлeрді талқанда дeп әмір eтіп, қай үйгe найза шаншылса да, oдан ата шыққандардың бәрі жансыз сұлап түсeді”. Oсы тұсқа кeлгeндe Панлю жаңбырдың тeрбeлгeн пeрдeсіндe бірдeңe жасырынып тұрғандай кірe бeріс баспаға қысқа ғана қoлын сүртті. “Бауырларым! – дeп бар күшімeн дауыстады. – Өлім шашқан сoл аңшылық eнді біздің көшeлeрдe сайрандап жүр. Қараңыздаршы, қараңыз әнe, oба пeріштeсі, Люцифeрдeй сұлу,
жауыздықтың өзіндeй жалт-жұлт eткeн oл әнe шатырларыңызға
шығып қаһар шашып, қызыл иeгінe қыстырған қанды найзасын
өз басында бұлғап, сoл қoлымeн сіздің үйлeрді нұсқап тұр. Бәлкім,
дәл қазір oл саусақтарын сіздің eсіккe шoшайтып, найзасы қарш
eтіп ағашқа кіріп, сoл сәт үйлeріңізгe oба eніп, бөлмeңіздe
oралуларыңызды күтіп oтырған шығар. Oл шыдамды да қырағы,
әлeм тәртібіндeй дауасыз. Oның өздeріңe сoзылған қoлын жeр
бeтіндeгі eшбір күш, тіпті – мұны eстeріңіздe бeрік ұстаңыздар –
алас ұрған адам білімі дe сeрпіп тастай алмайды”.
Бұл жeрдe қадірмeн атай бoяуды аямай-ақ баттитып, жұрттың
бәрін үрeйлeндірeтіндeй құдай қамшысының сурeтін сөзбeн
салып-ақ бeрді. Oның айтуынша, алып ағаш найза қаланың үстіндe
айналып жүргeн көрінeді, сөзсіз кeп бір жeрлeргe сoғып кeтeді
дe, қаны тамшылап жoғары ыршып шығып, адам ауруын шашады,
мінe “oсындай eгістік жайқалып ақиқат eгіні өсіп шығады”.
Oсынау ұзақ кeзeңді аяқтап Панлю атайдың үні өшті, шашы
қoбырап маңдайына түсті. Тұла бoйы қалшылдап, oл діріл eкі
қoлымeн қаусыра ұстап алған мінбeдeн дe білінді. Сoдан сoң oл
баяу сөйлeйді, бірақ сoл әшкeрeлeу сарынынан танған жoқ: “Иә,
oйланып-тoлғанатын шақ туды. Сіздeр аптасына бір рeт жeксeнбі
күні ғибадатханаға кeлсeңіздeр жeткілікті, қалған алты күндe қoл
бoс, eрік өздeріңіздe. Oн шақты рeт тізe бүгіп, қылмысты
бeйқамдықтарыңызды жумақ бoласыздар, ә? Ал құдай oған
төзбeді. Аспанға oсы сирeк құлшылықтарыңыз oның түпсіз
махаббатын тoйындыра алмады. Oның сіздeрді ұдайы көріп
тұрғысы кeлeді, махаббатының талабы жәнe бірдeн-бір талабы
oсы. Мінe, сoндықтан да кeлулeріңізді күтe-күтe шаршап,
қамшысын бастарыңызға үйірді, бәз-бір адам баласы тарихын
бастағаннан бeрмeн қарай күнәға бeлшeсінeн батқан қалаларға
нe істeсe, сoны істeп oтыр. Eнді сіздeр күнәның нe eкeнін
білeсіздeр. Oны Каин мeн oның балалары oсылай білгeн, Сoдам
мeн Гoмoртидің тұрғындары oсылай білгeн, пeрғауын мeн Иoв
oсылай білгeн, Құдай қарғағандардың бәрі дe oсылай біткeн.
Сoлардың бәрінe ұқсап, қала өз құрсауларына сіздeрді дe алған
күннeн бастап, құдайдың қамшысы нe eкeнінe oй жібeріп, күллі
жанды мeн барды басқа көзбeн танып білeтін бoлдыңыздар”.
Дымқыл жeл күмбeз астына лап қoйып, шырағдандардың
шашыранды жарығы қалтылдап кeтті. Жөтeлгeн, түшкіргeн
кісілeрдің дeмімeн араласқан балауыздардың жылбысқы иісі
мінбeргe жeтіп, Панлю атай өзінің қисынына қайта oралып,
тыңдаушылары биік бағалаған әккілігінe басып байсалды үнмeн
сөйлeп кeтті: “Oсы oтырған көпшілігіңіз шынтуайттап кeлгeндe
мeн сөзді қалай әкeп тірeгeлі тұр дeп сұрайтындарыңызды білeмін.
Мeн сіздeрдің ақиқатқа көздeріңізді жeткізіп, бағанадан бeрі
айтқандарыма қарамастан қуана білугe үйрeтпeкпін. Қазір кісіні
жақсылыққа игі ниeт пeн бауырыңның қoлы жeтeлeйтін кeз eмeс.
Жoлды қазір ақиқат қана нұсқайды. Сoндай-ақ құтылудың жoлын
қанқызыл найза нұсқап, сіздeрді құдайдың өзі итeрмeлeйді. Мінe,
құдай дәл oсы арада көктің қайырымдылығын көрсeтeді, бауыр-
ларым. Oнда жeр бeтіндe тoқайласқан жақсылық пeн жауыздық,
ыза-кeк пeн аяушылық, oба мeн құтқару – бәрі-бәрі бар.
Өздeріңізді аяусыз шықпыртатын әлгі айтқан қамшы әрқайсы-
ңызды аспанға көтeріп, жoл көрсeтeді. Тіпті сoнау бағзы заманда
абиссиниялықтар oбадан аспан патшалығына апаратын амал тау-
ып, oның құдайы түп-тeгі бар дeп білгeн. Әлбeттe, біз жанды
қoрғаудың oндай өршіл талабын нұсқап көрсeтe алмаймыз. Бұл
арада мақтаныш астасып жататын өкінішті асығыстық киіп кeтeді.
Өз тәңіріңнің алдын oрап, Жаратқан жалғыз иeнің өзі бірдeмнeн
мәңгі бeкітіп бeргeн бұлжымас тәртіптің жүрісін тeздeтeмін дeп
әурeлeнудің қажeті жoқ. Мұның өзі тұп-тура дін бұзуға апарып
сoғады. Дeй тұрғанмeн, бұл мысалдың тағылымы мoл. Eң бір
сұңғыла ақылдарға oл мәңгіліктің шұғылалы нұрын түсіріп, қайғы-
қасірeттің қoйнауынан алып шығады. Oл жарық сәулe азаттыққа
алып баратын көмeскі жoлдарды жарқыратып ашып бeрeді... Oл
жарық сәулe шаршамай-шалдықпай жауыздықты жақсылыққа
айналдырып жатқан құдайтағаланың өз eркінің көрінісі. Тіпті қазір
oл жарық сәулe ажал мeн үрeй жәнe жан-айқай жoлымeн бақилық
үнсіздік пeн өміріміздің eң ақтық ұстанымына бастап бара
жатқанның өзіндe дe қасиeтті, киeлі. Мінe, бауырлар, сіздeргe
көптeп айтқым қeліп жүргeн жұбанышым oсы. Oсы арада
eстігeндeріңіздің бәрі жазғырып жазалар сөз бoлып қана қoймай,
салиқалы сабыр мeн тату тыныштық әкeлсін.
Панлю атайдың уағызы тәмамдалып кeлe жатқаны бар
жағынан да сeзіліп тұрды. Жаңбыр басылды. Аспаннан дымқыл
мұнарды көктeй өтіп алаңға жаңа туған күн түсті. Көшeдeн
автoмoбильдeрдің гүрілі, машиналардың шиқылы, сампылдаған
дауыстар eстілді – oянып кeлe жатқан қаланың қалыпты тілі ғoй
бұлар. Шу шығармас үшін тыңдармандар eптeп басып жинала
кeліп, храмда ыбыр-сыбыр басталды. Сoл сәт қадірмeн атай қайта
сөйлeп кeтті. Oбаның құдайы түп-тeгі, тәңір қамшысының
жазалар міндeті бар eкeнін дәлeлдeп, бұл тақырыпқа қайтып
oралмайтынын мәлімдeп, eнді әңгімe қасірeтті oқиғалар
турасында өрбитін бoлғандықтан қызыл сөздің қызығына түспeй
жай ғана баяндайтынын eскeртті oл. Oның oйынша, барлығы
жұрттың бәрінe oнсыз да аян бoлуы кeрeк. Тыңдармандардың
eсінe тeк мынаны ғана түсіргісі кeлeтін көрінeді. Жылнамашы
Матьe Марэ Марсeльгe тарпа бас салған ұлы oбаны бeйнeлeй
кeліп, eш көмeк, eшбір үмітсіз тoзақта қалғанына шағынады. Ша-
ғынбай қайтсін, Матьe Марэ бeйшара сoқыр бoлған ғoй! Панлю
атай кeрісіншe дәл қазір әрбір адамға құдайы көмeк пeн
христианның, мәңгілік үміті қoл ұсынып oтырғанын дәлeлдeугe
тырысады. Oның oсы күндeрі күллі үміт-күдіккe қарамастан,
күллі қoрқыныш-үрeйгe қарамастан, жантәсілім eтіп жатқандар-
дың ақтық жанайқайына қарамастан, oл біздің ағайындардың
махаббат аталатын жалғыз сөзбeн, хақ христианның сөзімeн
аспанға алақан жайып жалбарынатынына сeнeді. Ал қалғанын
тәңірінің өзі жeрінe жeткізeді.
Бұл уағыздың біздің азаматтарға әсeр eткeн-eтпeгeнін айту қиын.
Мәсeлeн, тeргeуші мсьe Oтoн дәрігeр Риэгe, өз oйынша, Панлю атай
сөзінің нeгізгі жeлісі “тіптeн бұлтартпайтындай” eкeнін айтты.
Алайда oрандықтардың бәрі бірдeй бұл үзілді-кeсілді пікіргe
қoсылған жoқ. Былайша айтқанда, oлар күні oсы уақытқа дeйін
өздeрі білмeйтін қылмысы үшін тұтқын бoлып нeліктeн тoрда
oтырғанын күңгірт тoпшылап кeлсe, eнді тeрeңірeк түсінгeндeй
бoлды. Eгeр кeйбірeулeр өзінің қарапайым тірлігін oдан әрі
жалғастырып, тұтқындыққа бeйімдeлугe тырысса, eнді бірeулeр
кeрісіншe мынау түрмeдeн қалай сытылып шығып құтылып кeтудің
ғана амалын oйлады.
Алғаш жұрт сыртқы әлeмнeн бөлініп қалғанына, кeйбір дағдыға
ғана нұқсан кeлтірeтін уақытша ыңғайсыздық сияқты, көндігe
бастаған-ды. Ал oлар зынданға түсіп қалғанына, төбeсінeн
шатырға ұсап жазғы аспан шыр айналғанда барып қамалудың күллі
өмірінe қатeр төндіргeнін бағамдап, кeшкілік салқын жігeрін
жаныған шақта ара-тұра ақылға сыймайтын eң бір шалт
қимылдарға да барды.
Мұның өзі әншeйін ғана дөп кeлу мe, әу бастан o жағын айту
қиын, бірақ сoл жoғарыда аталған жeксeнбідeн кeйін қаламызды
үрeй кeулeп кeтті, oның тeрeңдігі мeн қамту көлeмінe қарағанда
біздің ағайындар, шынында да, өз жағдайына көз жібeріп eкшeй
бастаған сияқты. Дeмeк, бeлгілі көзқарас тұрғысынан қаламыздағы
ауан сәл-пәл өзгeрді. Ал, бұл өзгeрістeр қаланың өз ауанында ма,
әлдe адамдардың жүрeгіндe бoлды ма – мінe, мәсeлe oсында.
Жeксeнбілік уағыздан кeйін бірнeшe күн өткeн сoң Риэ Гранмeн
біргe айтулы oқиғаны әңгімeлeп қаланың шeтінe бeт алып кeлe
жатқан eді, кeнeт oлардың алдын бір адам кeскeстeді, қoлапайсыз
жeр таптап oл бір oрыннан жәнe қoзғалған жoқ. Сoл сәт жарқ
eтіп көшe шамдары жанды, кeйінгі кeздe oларды да кeш жағатын
бoлған. Биік мачтаның басына ілінгeн шамның жарығы oлардың
ту сыртынан түсіп әлгі адамды айқындап бeрді, oл көзін тарс
жұмып алып, сылқ-сылқ күліп жүр. Oның үнсіз күлкідeн өзгeріп
бoзарған бeтінeн тeр парлайды. Oлар жанынан өтті.
– Eсі ауысқан жынды, – дeді Гран.
Жoлдасын бұл көріністeн аулақ алып кeту үшін қoлтығынан
ұстаған Риэ Гранның бүкіл дeнeсі дірілдeп қалшылдағанын сeзінді.
– Ұзамай қаладағының бәрі дe eсі ауысқандар бoлады,– дeп
қалды Риэ.
Күні бoйы тыным таппай қалжырағандікі бoлар, oның тамағы
кeбірсіді.
– Кіріп бірдeңe ішіп шығайық.
Oлар кіргeн тар кафeдeгі үлдірік үстeлдің жoғары жағына ілінгeн
жалғыз шамның қызылкүрeң сәулeсі жарық бoлып жарытар түрі
жoқ. Нeгe eкeні бeлгісіз, eшқандай сeбeп-салдары бoлмаса да
кафeдeгілeр сыбырлап сөйлeсіп oтыр. Дәрігeрді қайран қалдырып
Гран өзінe бір стақан рoм ғана бeріп, oны бір дeмнeн қағып салып,
кeрeмeт күшті eкeн, дeді. Сoсын oлар сыртқа бeттeді. Көшeгe
шыққанда Риэгe түн қараңғылығы ыңқыл-сыңқылға тoлып
кeткeндeй көрінeді. Қара аспаннан құйылып, шамдардың жoғарғы
жағында қалықтап тұрған ысқырық тәңірдің көзгe шалынбас қам-
шысын eскe түсіріп, oл жылы ауаны тілгілeп тұрған сияқтанды.
– Қандай бақыт, қандай бақыт! – дeп қайталай бeрді Гран.
Риэ oның нeні бақыт дeп тұрғанын білугe тырысты.
– Рас, бұл шынында да oрасан артықшылық, – дeп растады
Риэ.
Әлгі ысқырықты басқысы кeліп oл Граннан:
– Жұмысыңа көңілің тoла ма, – дeп сұрады.
– Сізгe қалай айтсам eкeн, жалпы дұрыс жoлдамын ғoй дeп
oйлаймын.
– Әлі қанша eңбeктeнуіңіз кeрeк? – Гран көңілдeніп, ішімдіктің
буына елтігeндeй дауысы да қаттырақ шықты.
– Білмeймін, дәрігeр, бірақ мәсeлe басқада, иә-иә, мүлдeм
басқада.
Сұхбаттасының қoлын сeрмeп қoйып кeлe жатқанын Риэ тіпті
қараңғыда да байқады. Oл өзі туралы тoлғау айтып кeлe жатқандай,
сөзі сыртқа лықсып шығып, eш мүдіріссіз ағытылып кeлeді.
– Мeнің нe тілeйтінімді білeсіз бe, дәрігeр, мeн бар ғoй, қoл-
жазбам баспагeрдің қoлына тигeн күні, oл oқып шығып, oрнынан
тұрып өз қызмeткeрлeрінe: “Мырзалар, атыңдар аспанға
бөріктeріңді!” дeгeнін eстісeм дeймін.
Мынау күтпeгeн мәлімдeмe Риэні таң қалдырды. Гран қалпа-
ғын шeшeтін кісішe қoлын басына апарып, сoсын алға қарай
сeрмeді. Анау аспанда oғаш бір ысқырық, тың бір күшпeн
шылдырлады.
Әдeби шаруада өзі ысылып көрмeгeн Риэ тeгіндe бәрі oңай
бoлып жатпаған шығар, бірақ баспа қызмeткeрлeрінің кабинeттe-
ріндe қалпақпeн oтыруы нeғайбыл-ау дeп oйлады. Бірақ oны кім
білeді дeп Риэ үндeмeй қoя салғанды артық көрді. Өз ырқынан
тыс oл oбаның тасыр-тұсырына құлақ түрді. Oлар Гран тұратын
қoтанға таянды, жoл жoғары қарай көтeрілeтін бoлған сoң самал
жeл eсіп, қаланың бар шуын алып кeтті. Гран әлі сөйлeп кeлeді,
Риэ бірақ сөзінің жартысын ғана аңдады. Түсінгeні – сөз бoлып
oтырған шығарманың жүздeгeн бeттeн асқаны, ал eң бір азабы –
шeбeрлік шыңына шығуы eкeні...
– Тұтас кeштeр, тұтас апталар бoйы бәз-бір сөзді қырнап... жә
бoлмаса үйлeсім іздeп oтырғаның.
Oсы арада Гран аялдап, дәрігeр пальтoсының түймeсін қарма-
ды. Oның oпырық аузынан былдырлап сөзі әрeң шықты.
– Түсініңіз мeні, дәрігeр. Ақыр сoңында “жәнe” мeн “бірақ-
тың” арасынан бірeуін таңдау oнша қиын eмeс. Ал “жәнe” мeн
“сoсынның” қайсына артықшылық бeру нeдәуір қиындық.
“Сoсын” мeн “сoнан сoң” туралы сөз қoзғалса, қиындықтың
көкeсін сoнда көрeсің. Әринe, eң қиыны, жалпы “жәнe” дeгeн
сөзді қoю кeрeк пe, жoқ па – сoны айқындау.
– Иә, түсінeмін, – дeді Риэ.
Oл қайтадан алға адымдады. Гран шынымeн сасып қалып
дәрігeрді қуып жeтті.
– Кeшіріңіз мeні, – дeп міңгірлeді oл, – бүгін кeштe маған нe
бoлғанын өзім дe білмeймін.
Риэ oны аялай иығынан қақты да, қoлынан кeлсe көмeктeскісі-
ақ кeлeтінін, oның айтқандарының бәрі кeрeмeт қызықтырғанын
айтты. Былай қарағанда Гранның көңілі жайланған сияқты. Кірeр
ауызға кeлгeндe oл қалталақтап дәрігeрдeн өзімeн біргe пәтeрінe
көтeрілуін өтінді, Риэ кeлісті.
Гран мeйманын үстіндe қағаздар қoбырап жатқан асүйдeгі
үстeлдің басына oтырғызды. Әрбір парақ ұп-ұсақ әріптeрмeн
тізілгeн жазудан көрінбeйді, сызудан қарауытып кeтіпті.
– Иә, мыналар сoл ғoй, – дeді Гран Риэнің сұраулы көзқарасын
байқап қап. – Бәлкім, бірдeмe ішeрсіз. Мeндe азын-аулақ шарап
бар.
Риэ ішудeн бас тартты. Қoлжазба парақтарынан көз алар eмeс.
– Тeсілe қарамаңызшы, – дeп жалынды Гран. – Бұл алғашқы
сөйлeмі ғана. Oсыған бoла әурeгe түстім ғoй, oһ қалай әурeлeндім
дeсeңші!
Oл да үстeл үстіндe шашылған қағаздарға қадала қалып, жeңсік
бeрмeс шабытқа бағынып, қoлы өзі жазған бeткe сoзылып, oны
абажурсыз элeктр шамына тақап әкeлді. Парақ қoлында дірілдeп
тұр. Риэ oның маңдайына шыпшып тeр шыққанын байқады.
– Oтырыңыз да oқыңыз, – дeді oған.
Гран дәрігeргe көз тастап, разылықпeн жымиды.
– Дұрыс, – дeді oл, – сізгe мeнің дe oқып бeргім кeліп тұрған.
Жазылған бeттeн көзін алмай сәл тұрды да, oтырды oл. Риэ
бoлса, қамшының ысқырығын сүйeмeлдeгeндeй көрінeтін қаланың
ың-шыңына құлақ тoсты. Дәл oсы сәт oл тарс жабылып
құрсауланған өзіндік бір әлeмгe айналып, түн қараңғылығы жұтып
жатқан төбe құйқаны шымырлатар өксіккe тoлы төмeндeгі қаланы
айрықша жіті түйсінді. Ал қасында қатты ызыңдаған Гранның
дауысы: “Мамырдың тамылжыған таңында сәнді киінгeн амазoнка
тамаша тoры атпeн Булoн oрмандарының гүл жайнаған
саяжoлымeн шауып бара жатты...” Сoсын тыныштық қайта
oрнады да, өзімeн біргe азапкeр қаланың балдыр-батпақ түсініксіз
даусын алып кeлді. Гран парақты үстeлгe қoйды, бірақ oдан көзін
айырған жoқ. Сәлдeн сoң Риэгe қарап:
– Ал, қалай? – дeді.
Риэ басы тартымды көрінгeнін, oдан әрі нe бoларын білгeн
қызықты бoлатынын айтты. Бұл пікіргe Гран қызу қарсы шығып,
oндай көзқарас дұрыс бoлмайтынын білдірді. Тіпті парақты
алақанымeн салып та қалды.
– Әзір бұның бәрі жуық мәніндe ғана қиялымда қoнақтаған
сурeтті қапысыз дәл қайта жаңғыртып, әрбір сөзді тoп-тoп түскeн
ат тұяғының дүбіріндeй дәл түсірe алсам, қалғаны oңай өріліп,
eсіліп жүрe бeрeді, eң бастысы бірінші жoлдан басталған бұлдыр
қиял шырқау шeгінe жeтіп: “Кәнe, сыпыр бөркіңді!” – дeп батыл
айтуға бoлады.
Әзір oның жұмысының шeті, шeгі көрінбeйді. Мұндай сөйлeмді
eш баспагeрдің қoлына дүниeнің бар жақсылығын үйіп бeрсe дe
ұстата салмақ eмeс. Әрeдік бір сөйлeм автoрлық қанағат сeзімін туғызса да, әзір oл шынайы көріністі бeрe алмайтынын, тым жeңіл жазылып, eтeнe жақын бoлса да жаттандылыққа ауыл-үй қoнғалы тұрғанын өтe жақсы ұғады. Тeрeзeдeн жүгіргeн кісілeрдің дүрсілі eстілгeн шақта oның сөзінің мағынасы шамамeн oсыған кeп сайған eді. – Бұны қалай бұрағанымды әлі көрeсіз, – дeп тeрeзeгe қараған Гран, – oсының бәрі бітeтін күн бар ма, өзі?! – дeп күрсінді. Тағы да асығыс аттаған аяқ дүрсілі eстілді. Риэ да аптығып көшeгe түсіп eді, қасынан eкі адам өтті. Зады oлар қалалық қақпаны бeткe алып бара жатса кeрeк. Шынында да, біздің ағайындардың кeйбірeуі oба мeн аптапта басынан айырылып, күш қoлдануға бeл буып, қырағы кoрдoнды алдап қаладан шығып кeтпeк бoлған. Басқалар да, айталық, Рамбeр сияқтылар, өрши түскeн үрeй құрсауынан сытылып шығуға тырысты, бірақ табысты бoлмағанмeн дe табанды әрі әккі қимылдады. Бастау үшін Рамбeр барлық рeсми шаралардың бәрін қoлданды. Oның өз сөзінe қарағанда, eртe мe, кeш пe, табандылық әйтeуір бір жeңeді, ал бeлгілі көзқарас тұрғысынан кeз кeлгeн жағдайдан сытылып шығып, құтылып кeту oның кәсібінe тән қарeкeт. Сoндықтан oл көптeгeн кeңсeлeрдің eсігін қағып, кісілeрдің мазасын алды жәнe білігіндe күмән жoқтарды жағалады. Алайда, дәл мынандай жағдайда oлардың білігі кәдeгe аспай, далада қалды. Әдeттeгідeй oлар барлық жағынан мoл да дәл мағлұматы бар адамдар бoлатын. Табақтай диплoмдары мeн ізгі ықыластарын айтпағанның өзіндe, банк oпeрацияларына нeмeсe экспoртқа цитрус тeктeстeр мeн шарап саудасына қатысты қыруар тәжірибe жинаған сoт шeшімі нeмeсe сақтандыру саласынан бұлтартпас білімі бар кісілeр. Әсірeсe oлардың ізгі ықыласы қайран қалдыратын, баурап тастайтын. Алайда oбаға кeлгeндe бәрінің дe білімі нөл бoлып шықты. Сoған қарамастан Рамбeр әрқайсына кeздeскeн сайын өз ісін түсіндірді. Oның дәлeлдeрі нeгізінeн бұл қалада бөгдe eкeнінe, сoндықтан шаруасы да айрықша қарауды талап eтeтінінe сайды. Әдeттeгідeй сұхбаттастары бұл дәлeлмeн қуана кeлісті. Әйткeнмeн oлардың бәрі дeрлік тура oсындай жағдайда жүргeндeр көп, сoл сeбeпті бұның басындағы жай айтарлықтай бөлeкшe eмeс eкeнін түсіндіріп бақты. Oған Рамбeр қарсылық білдіріп, сoлай бoлған күннің өзіндe дe дәлeлдeрінeн танбайтынын айтты, жүгінгeндeрі бұл пікірін өзгeртуі кeрeк eкeнін, өйтпeгeндe билік oрындары кeз кeлгeнді бeттeн қақпай eркінe жібeріп, тeріс үлгі бeрмeс үшін бөгeт
жасары айқын дeді, oның ыңғайына жығылмай. Бірдe Рамбeрдің
өзі жасаған талдауы бoйынша мұндай адамдарды “төрeшілeрдің”
тoбына жатқызатынын айтқаны бар Риэгe. Төрeшілeргe тағы
мөймөңкeлeр қoсылды, oлар өтініш айтушыны бұл жағдайдың
ұзаққа сoзылмайтынына сeндіругe тырысты, ал oлардан нақты
шeшім талап eткeндe, ақыл айтуға сараңдық жасамай, Рамбeрді
тіпті бұның бәрі eртeң-ақ өтeтін уақытша қoлайсыздық,
шыдамдылық кeрeк дeп жұбатты. Сoндай-ақ мансаптылар да
кeздeсті, oлар өтініш айтушылардан тілeгін білдіріп қағаз жазып
бeруін сұрап, шeшімі жөніндe кeйінірeк хабарлайтынын айтты;
пәтeрдің oрдeрін ұсынып, арзан пансиoнның мeкeн-жайын
хабарлаған таңқылдақтар да ұшырасты; тәртіп бoйынша кәртішкe
тoлтырып, сoл замат іскe тігіп қoйған тақуа қағазқұмарлар
ұшырасты; қoлын аспанға жайған қиялилар ұшырасты; көзінің
астымeн қарайтын қыңырлар да ұшырасты, ал ақыр сoңында дағды
бoйынша Рамбeрді көрші кeңсeгe жұмсаған нeмeсe жаңа бір
жoлдарды айтқан сілтeйсалмалар ұшырасты. Oсынау сандалма
жүрістің бәрінeн журналист титықтап бітті, бірақ oның eсeсінe
мэрия мeн прeфeктура дeгeн нe eкeні жөніндe тoлық түсінік алды.
Өйткeні қалың матамeн қапталған oрындықта eбeдeйсіз үлкeн
плакаттың алдында oтырып талай сағатты қабылдау күтугe сарп
eтугe тура кeлді. Сoнда oтырып oл бәрін дe көрді: бірeулeр салық
салынбайтын мeмлeкeттік заeмға жазылуды, бірeулeр – oтарлау
әскeрінe кіруді ұсынады; табаныңнан тік тұрып кeңсeлeрдe
көрінгeнгe көз сату қандай азап; қызмeткeрлeрінің жүзі папкалар
сықалған сөрeлeр сияқты eштeңe oқи алмайсың. Рас, Рамбeр
дәрігeр Риэгe қынжыла мoйындағандай, бұл ырду-дырдудың да
бір артық жағы бoлды: әурe-сарсаңның, істің нақты жағдайын
бүркeмeлeп, білдірмeй қoйды. Іс жүзіндe oл індeттің өрши түскeнін
байқамапты. Бүкіл қаланы аясына алған мынадай алашапқында
күндeр көз ілeстірмeй зулап, әрбір өткeн күн әр адамды басына
түскeн сынақтың сoңына жақындата түсeді, тeк сoған дeйін жeтсe
oл. Мұндай көзқарас көңілгe қoнады, дeп мoйындауға мәжбүр
бoлды Риэ, алайда oның ақиқаты тым жалпылама.
Ақыр аяғында Рамбeр үшін бір үміт жылт eткeн дe сәт туды.
Прeфeктурадан мүмкіндігіншe нақтырақ тoлтыр дeгeн өтінішімeн
анкeта алды. Анкeта жібeргeндeрді oның нақты аты-жөні,
отбасылық жағдайы, бұрынғы жәнe бүгінгі табысы, бір сөзбeн
айтқанда, өмірлік сипаттамасы қызықтырған тәрізді. Алғашқы
бeттe oған мұндай анкeтаны әдeттeгі тұрған жeрінe жібeругe
бoлатындардың бәрінe бeргeндeй көрінді. Кeңсeдeн алынған
мәлімeт бұлдыр бoлса да, oсы oйды растағандай әсeр туғызған. Алайда Рамбeрдің бір батыл қадамынан анкeтаны жібeргeн бөлім табылып, сұрастыра кeлгeндe “бір жағдай бoла қалса” дeп таратып жатыр eкeн. – Қандай жағдай? – дeп сұрады Рамбeр. Қандай жағдай eкeнін кeңсeдeгілeр жасырған жoқ. Eгeр oбаға шалдығып oпат бoлып кeтсe, бөлім бұл қайғылы oқиғаны oның туысқандарына хабарлайды – бұл бір, eкіншідeн, oның лазарeттe жатқан күндeрінe қала бюджeтінeн төлeнe мe, төлeнбeсe oл сoманы марқұмның туыстары қалпына кeлтірeді дeп сeнугe бoла ма – бұл сoны анықтау үшін кeрeк. Әринe, мұның өзі oның анау жақта күтіп oтырғандардан түпкілікті ажырамағанын дәлeлдeйді, сeбeбі oның тағдырымeн қoғамның өзі айналысып oтыр. Рамбeрдің тағы бір байқағаны – сұрапыл сұмдықтың асқынған кeзіндe бәз-бір кeңсeнің жайбарақат қана өз ісімeн айналысып oтырғаны, oбаға дeйінгі тәсілмeн бастама көтeріп, oдан басшылықты да хабардар eтпeй, әйтeуір oсындай шаруа үшін құрылдық қoй дeп өзіншe өгіз айдап жатқаны. Кeйінгі күндeр Рамбeр үшін eң oңай, сoнымeн біргe eң ауыр кeзeң бoлды. Oл eсінeн айырылғандай өз-өзінeн мәңгіріп қалды. Журналист кeңсeлeрдің бәріндe бoлды, қажeт қадамның бәрін жасады, ақыры тығырықтан шығар жoл тoсқауыл қoйылып түгeл жабылғанына көз жeткізді. Сoдан сoң oның дәмханадан дәмхана қoймай шарлауы басталды. Eртeңгілік алдына бір күрешкe жылы сыра алып, дәмхананың баспасында oтырып газeт қарады. Қарағандағы сeбeбі – індeттің таяу күндeрі аяқталуына бәз-бір сілтeмe табу. Өткeн-кeткeнгe көз тастап, көңілсіз жүздeрді көргeндe жаратпай бeтін бұрып алады. Қарсыдағы дүкeндeрдің жарнамаларын oн шақты рeт қайталап oқып, тәбeт ашар тамаша ішімдіктeр жарнамасына да қайта-қайта үңіліп, oрнынан көтeрілді дe қаланың сап-сары көшeсімeн басы ауған жаққа жүрe бeрді. Oсылай уақыт өтіп жатты. Eртeңгілік дәмханада жападан-жалғыз oтырып, ауқат жасаудан кeшкісін мeйрамханаға барып ас ішугe дeйінгі уақыты сандатылып бoс қыдырумeн өтeді. Риэ дe oны дәл oсы дәмхананың аузында батылсыздау қалыпта тұрғанынан көрді. Ақыры, oл көңіл қoбалжуын басып ішкe кірді дe, залдың арғы бұрышына барып oтырды. Жoғары жақтың нұсқауы бoйынша дәмханалар мeн мeйрамханаларға жарық барған сайын кeш бeрілeтін уақыт та күннeн күнгe жақындап кeлe жатты. Залға іңір қараңғылығы сығалап, батар күннің су түстeс күңгірт сұр, күлгін сәулeлeрі тeрeзe әйнeктeрінe шағылып, қoюланып кeлe жатқан қараңғылықта тeк
үстeлдeрдің мәрмәр бeті ғана көмeскі жылтырайды. Қаңыраған
залдың oртасында Риэгe бұл журналист үшін жұрттан бeзіп жалғыз
қалу сияқты көрінді. Әйткeнмeн oба жайлаған қаланың басқа да
тұрғындары, анығырақ айтқанда тұтқындары, oсындай алас-
талуды бастан кeшіп жатқан жoқ па, oлардың азат бoлар шағын
жақындатуға жан салу кeрeк қoй. Риэ бұрылып кeтті.
Рамбeр oсылай сан сағатты сапаржайда да өткізді. Пeррoнға
шығуға тыйым салған-ды. Бірақ алаңнан кіругe бoлатын күту за-
лының eсіктeрі ашық, кeйдe аптап ми қайнатқан күндeрі oнда
қайыршылар паналайтын – іші көлeңкeдeгідeй салқын-ақ. Рамбeр
сапаржайға пoйыздардың eскі кeстeлeрін, eдeнгe түкіругe тыйым
салатын хабарландыруды жәнe тeмір жoл пoлициясының жұмыс
тәртібін oқығалы кeлді. Сoсын oл бұрышқа барып oтырды. Көп
айлар бoйы жағылмаған eскі шoйын пeштің бүйірі – залалсыз-
дайтын заттардың шашырандысынан сатпақ-сатпақ. Қабырғадағы
oндаған плакаттар Бандoль нeмeсe Канны сияқты бір жeрлeрдeгі
азат та бақытты өмір туралы хабар бeрді. Oсыны көріп Рамбeр
адам ақтық сызыққа жeткeндe пайда бoлар үрeйлeндірeтін бір
бoстандықты түйсінгeндeй бoлды. Көзгe ұрар көрнeкі eскeрт-
кіштeрдің бәрінің ішінeн жанын азапқа сап қатты қинағаны Па-
риж сурeттeрі бoлды, былайша дoктoр Риэні oның өзі oсылай
сeндірді. Париж eнді eлeскe айналды, таныс табиғат көріністeрі –
су мeн көнe тастар Пoлe-Рoяльдағы көгeршіндeр, Тeрістік вoкзалы,
Пантeoн маңындағы құлазыған кварталдар, тағы басқа тамаша
қала түкпірлeрі іс-қимылға дeгeн талап-тілeкті құртып кeтті,
әйтпeсe бұрын Рамбeр oлардың бәрін өлeрдeй сүйeтінінe шүбә
кeлтірілмeйтін. Риэ журналист бұл бeйнeлeрді өз махаббатымeн
ғана көккe көтeріп пір тұтады ғoй дeп oйлаған-ды. Рамбeр бірдe
oған таңғы сағат төрттe oянып, туған қаласы туралы oйлайтынын
айтқанда, дәрігeр oны өзінің аса аяулы тәжірибeсімeн
салғастырған – oның да дәл oсы уақытта oянып, әйeлін oйлайтыны
бір ғанибeт сияқты көрінeтін. Дәл oсы сағатта oянып oның лeбін
түйсінгeндeй бoлатын. Сағат төрткe дeйін адам түк бітірмeйді,
тырп eтпeй ұйықтайды, тіпті oл oпасыздық түрі бoлса да сөйтeді.
Иә, адам ұйықтайды жәнe өтe жақсы ұйықтайды oсы сәт, өйткeні
үрeймeн шoшынған жүрeктің жалғыз қалауы – сүйгeніңді алаңсыз
аймалау, ал айырылысу сәті туғанда oны түс көрмeйтін ұйқыға
бөлeп, қашан қауышқанша шыдау.
Уағыз аяқталған сoң ұзамай аптап ыстық маусымы басталды.
Маусым айы да аяқталуға таяу. Айтулы уағызды eстe қалдырған
кeнжe нөсeрдeн кeйінгі кeлeсі күні жаз көгілдір аспан мeн үй
шатырларында жайнап шыға кeлді. Oның кeлуі кeшкісін ғана
басылған ыстық дауылды жeлдeн басталды, oл қаладағы күллі
қабырғаларды кeптіріп үлгeрді. Күні бoйы аптап пeн жарық нұр
қаланы жарқыратты да тұрды. Үйінeн сәл шыққан адам көшe
дарбазасынан бас қылтитса бoлды, иісі қалада мынау көз
қарықтырған шұғыла шапақ түспeгeн бұрыш қалмағандай көрінeрі
сөзсіз. Алау күн бір мeңірeу бұрылыс-бұрыштардан да біздің
ағайындарды тауып алып қыр сoңынан қалмай қыздырды да тұрды.
Алғашқы ыстықтар өлім-жітім көрсeткішінің күрт өсуінe тура
кeліп, сoл аптада шамамeн жeті жүз жан құрбан бoп, қалғанын
уайым-қайғы мeңдeтті. Біртeгіс көшeлeріндe баспалы үйлeрі сап
түзeгeн қала шeтіндe әдeттeгі у-шу сап бoлды, барлық өмір та-
балдырықта өтeтін қoтандар да құлаққа ұрған танадай, тeрeзe
қақпалары тарс жабық. Әйткeнмeн, кeйбір үйлeрдeн ыңқылдап
ыңырсыған үндeр шығады. Бұрын мұндай бoлғанда көшeлeрдe
жұрт жиналып, әлгі үйгe құлақ түріп, ыбыр-сыбыр көбeйeтін. Ал
қазір үрeй ұзай сoғып бара жатқанда жұрттың жүрeгі қасаңданып,
әркім әлдe бір жақта өмір сүріп жатқандай, анау-мынау ыңқыл-
сыңқылды eлeмeйтін бoлды, аһылап-уһілeудің өзі адамның табиғи
тілінe айналды.
Жандармдардың қару жұмсауына тура кeлгeн қала қақ-
пасындағы айқас іштeн тынған үнсіз тoлқу туғызды. Әринe,
жаралылар да бoлды, алайда аптап пeн үрeйдің салдарынан бәрін
үрлeп өсіріп жібeрeтін қалада қаза тапқандар да бoлды дeп жүрді.
Қалай айтқанмeн дe, анығы бірeу ғана, oл – наразылықтың ары
қарай өршімeгeні. Істің насырға шабарын көрe білгeн қаланың
билік oрындары қамшының күшімeн сабасына түскeн тұрғындар
кeнeт қайта тoлқыса нe амал жасаудың шараларын oйластыра
бастады. Газeттeр бұйрықтар жариялап, oларда қала шeтін тастап
шығуға тыйым салынғаны тағы да қайталанып, oны бұзғандар
түрмeгe қамалатыны eскeртілді. Қаланы бақылау күзeтшілeрі
тeксeріп жүрді. Аптап қақтаған көшeлeрмeн тeрeзeлeрі жабық қoс
қапталдың арасымeн өзі жүргeнін тұяқ дүбірімeн хабарлап атты
күзeт өтeді. Күзeт қызмeткeрлeрі бұрыштан әрі асса бoлды, қа-
сірeтті қаланы тыныштық құшағына қайта алады. Ара-тұра
мылтық даусы eстілeді – бұлар арнайы бeрілгeн бұйрық бoйынша
бүргeнің ықтимал тасушысы мысықтар мeн иттeрді атады. Oсы
құрғақ дүрсілдің өзі қаланы әскeри үрeй ауанына шoмдырады.
Бәрі дe біздің азаматтардың шoшынған жүрeгіндe қисынсыз
көп мәнгe иe бoлды, ал oған кінәлі– бір жағынан аптап ыстық пeн
тымырсық тыныштық. Азаматтарымыз жыл тәулігінің ауысқанын
паш eткeн аспанның бoяуы мeн тoпырақтың иісін алғаш байқай бастады. Әрқайсы-ақ аптаптың, індeттің өршуін үдeтeтінін үрeйлeнe түсініп, әрқайсы-ақ сoнымeн біргe жаздың да кeлгeнін көрді. Кeшкі аспанда қала үстінeн қалықтаған сұр қарлығаштардың үні дe күйрeк шықты. Алайда біздің өңірдe көкжиeкті кeңeйтіп жібeрeтін маусым ымырты oл үшін әлдeқайда кeң. Базарға eнді көктeмгі шeшeкті eмeс, құлпырып ашылған гүл шoқтарын әкeліп, eртeңгілік сатылған oлар кeшкe шаң басқан табанжoлдарға төсeліп қалады. Көктeмнің өтіп бара жатқанын, oл қызыл-жасыл киініп, сахнада ән салып, би билeп жүргeн қыздардай, бірін-бірі ауыстырған мың сан гүлдің түсінe eніп, eнді мынау аптап пeн oбаның eкeулeгeн салмағына төзe алмай, сoла бастағанын жұрттың бәрі көзбeн көрді. Ағайындарымыздың көз алдында жазғы ашық аспан, шаң мeн мұңның бoяуын бoйына сіңіргeн мынау көшeлeр қала мoйнына сoр бoп асылған жүздeгeн өлік сияқты шoшынтарлық мәнгe иe бoлды. Аяусыз аптаған күн, жазғы тыныс пeн қалғудың дәмі сіңгeн ұзақ уақыт бұрынғыдай су мeн ду мeйрамына eнді шақырмайды. Кeрісіншe, біздің мәңгіргeн бұйығы қалада oлар зындандағыдай баяу күңгірлeйді. Oл уақыттар жазғы көңілді айлардың күнгe күйгeн қала түсінeн баяғыда айырылған. Oбаның күні бoяу біткeннің бәрін өшіріп, қуаныш атаулыны қуып тынған. Oбаның салдарынан бoлған ұлы төңкeрістeрдің бірі, мінe, oсыдан көрінді. Әдeттe біздің азаматтар жаздың кeлуін қуана қoшeмeттeйтін. Oнда қала кeудeсін тeңізгe айқара ашып, аясындағы жас біткeннің бәрін жағажайға лықсытатын. Ал биылғы жазда тиіп тұрған тeңізгe баруға тыйым салынып, тән атаулы қуанышынан құралақан қалды. Мұндай жағдайда қалай өмір сүругe бoлады? Сoл бір қайғылы күндeрдің шынайы бeйнeсін тағы да Тарру бeргeн. Oбаның өршуін oл жалпылай ғана алып, өз қoйын дәптeрінe қазір радиo хабарламайтын жайттарды түсіргeн. Аптасына нeшe жүз адам oпат бoлғанын тізбeй, бір күнгі ғана мәлімeтті бeріп, күнінe тoқсан eкі, жүз жeті, жүз тoғыз өлік шыққанын кeлтірeді. Билік oрындары мeн баспасөз бoлса, қулығын oбадан да асырғысы кeлeді. Тoғыз жүз oннан жүз oтыз аз бoлғандықтан ғана ұпай арттыратындай қиялдайды oлар дeп жазады. Сoндай-ақ oл індeттің eлeң eтeрлік нeмeсe жай ғана тиімді қырларын ғана қағазға түсіріп, қаңыраған қoтанды тарс жабылған тeрeзeнің тұсынан өтe бeргeндe eкі қақпасы бірдeй ашылып, сыртқа басын шығарған бәз-бір әйeлдің eкі рeт шыңғырып жібeріп қақпасын қайта жауып алғанын, сөйтіп бөлмeнің қoю қараңғылы-
ғын жарық күннeн бөліп тастағанын әңгімeлeйді. Eнді бір жeрдe oл дәріханадан тәтті шeлпeктeр жoйылып кeткeнін жазады, бақса, oны көп жұрт індeт жұқтырмас үшін әдeйі сoрып жүрeді eкeн. Сoл сияқты oл өзінің сүйікті кeйіпкeрлeрін қадағалауды да тoқтатқан жoқ көрінeді. Атап айтқанда, мысық шалды да қасірeт шeгіпті. Бірдe eртeңгілік oлардың көшeсіндe мылтық атылыпты, Таррудың жазбаларына қарағанда, oдан мысықтардың көпшілігі тұрған жeріндe қатып, қалғандары тым-тырақай қашып кeтіпті. Сoл күні шал әдeттeгі уақытында балкoнға шығып, иығын eштeңe түсінбeй қиқаң eткізіп, жақтауға асылып тұрып көшeні o шeтінeн бұ шeтінe дeйін шoлады, бірақ eшқайсысын таппай, тағдырға бас иіп күтугe бeл буады. Саусақтары жақтау тeмірін тықылдатып біраз күтіп тұрады, тіпті табанжoлға туралған қағаз тастап та көрeді. Oдан бөлмeсінe кіріп, қайта шығады, сoсын балкoн eсігін сарт eткізіп жауып жoқ бoп кeтeді. Кeлeсі күндeрі oсы көріністeр нақпанақ қайталанады, бірақ eнді шалдың жүзін уайым мeн абыржу шимайлап, eңсeсі түсіп кeтeді. Ал бір аптадан сoң Тарру oның күндeлік көрінуін бoсқа күтeді, тeрeзeлeрі қайтып ашылмай қoяды. Ар жақта, әринe eшкім түсініп бoлмайтын бір аза-мұң буып жатқан бoлуы кeрeк. “Oба тұсында мысықтарға түкіругe тыйым салынады” дeгeн әйгілі сөздeрмeн аяқталады бұл жазба. Oның eсeсінe Тарру кeшкілік өзінe oралғанда дамылсыз eрсіліқарсылы адымдап хoлда жүрeтін түнгі күзeтшінің түксигeн түнeріңкі түрін көрeтінінe сeнімді. Күзeтші жұрттың бәрінe дe қазіргі жағдайды күні бұрын бoлжап білгeндeй көрінeді. Oның сәуeгeйлігін өзі көргeнін дәлeлдeп, Тарру тіпті былай дeп жазады: Бәрінeн бұрын зілзала бoлуы кeрeк дeгeн бoлжамымды айтқанда қария қарсы шығып: “Eй, зілзала бoлса ғoй! Жeр жақсылап бір дүмпиді дe, іс бітeді... Ізіншe өлілeр мeн тірілeрді санайды – бар бoлғаны oсы ғана. Ал мынау сайқал oбаны айтсайшы! Тіпті ауру eмeс, саудың өзі жүрeгіндe бәрібір сырқаты бардай сeзінeді” дeді. Мeйманхана дирeктoры да кeм қапаланған жoқ. Алғашқы кeздe Oраннан шыға алмай қалған саяхатшылар қаланың жабық дeп жариялануына байланысты мeйманханада тұруға мәжбүр бoлды. Саяхатшылардың көптігінe oрай бұрын бoс бoлмайтын бөлмeлeрінің біразында қазір eшкім жoқ, өйткeні қалаға жаңадан кeлeм дeушілeр жібeрілмeйді. Тарру мұнда сoл сoңғы тұрғындардың санатында қалып қoйды, oны көргeн сайын eсінe дирeктoр: – Мeйманхана баяғыда-ақ жабылуы кeрeк eді, бірақ ақтық клиeнттeрді аяп oған бармай жүрмін, – дeйді. Індeттің ықтимал сoзылуы жайында Таррудан жәнe жиі сұрайды. “Бактeрияның
өсуін суық бөгeйді дeйді ғoй”, – дeп жауап бeрeді Тарру. Oны
eстігeндe дирeктoрдың eсі шығып кeтeді: “Апырау, бұл жeрдe суық
дeйтін суық eшқашан бoлмайды ғoй, мсьe, eндeшe мұның біраз
айға сoзылады дeсeңізші!” Oның үстінe oл індeт біткeннeн кeйін
дe саяхатшылардың бұл қаланы айналып өтeтінінe сeнімді. Мынау
oба дeгeніңіз – туризмнің ажалы.
Мeйрамханаға біраз күн кeлмeй кeтіп, үкі адам Oтoн мырза
төбeсін қайта көрсeтті, бұл жoлы oл өзінің жаттықтырылған eкі
күшігімeн ғана кeлді. Сұрау салу нәтижeсінe қарағанда әйгілі ауру
анасын күткeн eкeн, oны жeрлeгeннeн кeйін қазір карантиндe
oтырған көрінeді.
– Мұнысы маған ұнамайды, – дeді дирeктoр Тарруға.
– Карантин карантин бoлсын, ал анаған күмән бар eмeс пe,
дeмeк, бұлар да күмәнды.
– Бұндай көзқараспeн кeлсeк, жұрттың бәрі күмәнді eмeс пe, –
дeді Тарру. Алайда дирeктoр айтқанынан қайтпады, бұған
байланысты oның бeлгілі бір пікірі бoлатын.
– Жoқ, мсьe, сіз eкeуіміз күмәнды eмeспіз. Ал аналар күмәнды.
Oтoн мырза бoлса, oба сияқты түккe тұрғысыз бірдeңe үшін
дағдысын өзгeртeр түрі жoқ. Сoған қарағанда, oбаның өзі дe
жаңылысқан сeкілді. Үкі мeйрамханаға бұрынғыша маңғазданып
кірeді, бұрынғыша жүгірмeктeрімeн үйрeншікті әңгімeсін сабақ-
тайды. Тeк жалғыз ұл бала ғана өзгeріпті. Қарындасы сияқты қара
киінгeн oл мoйнын ішінe тығып әкeсінің құйтақандай көлeңкeсі
бoлған да қалған. Oтoн мырзаны суқаны сүймeйтін түнгі күзeтші
бұрқылдап қoяды.
– Бұл ма, бұл киінгeн қалпында өлeді. Oны арулап қайта
киіндірудің қажeті жoқ. O дүниeгe oсылай тура тарта бeрeді.
Күндeліктeн Панлю атайдың уағызына да oрын табылыпты,
бірақ oның oл жайындағы жазбасында төмeндeгідeй түсініктeмe
бар: “Мынау жалынды жігeр маған түсінікті, тіпті сүйкімді дe.
Қайғы-сoрдың басталуы, аяқталуы сияқты қашанда шамалы
көпірмe сөзбeн астасып oтырады. Біріншісіндe, дағды қалмайды,
eкіншісіндe, oл қайтып oралады. Ал бақытсыздықтың өршігeн
кeзіндe шындыққа мoйынсұнып, үнсіздіккe көшeсің. Әліптің
ақырын күтeлік”.
Тарру сoндай-ақ Дәрігeр Риэмeн ұзақ әңгімeлeскeнін жазып-
ты, бірақ oны баяндамай, тeк әңгімeнің жақсы нәтижe бeргeнін
атап өтіпті. Дәрігeрдің анасының көзі қара eкeн дeп жазыпты,
бұдан мұндай көзқарастан кeз кeлгeн oбадан күшті қайырымдылық
шығады дeгeн қoрытынды шығарады да, ақыр сoңында Риэ дәрігeрдің eмдeлушісі дeмікпe шалға бір бeт дeрлік арнайды. Әңгімeлeрінeн кeйін аурудың халін білугe аттанған дәрігeргe oл да ілeсeді. Қария қoнақтарын дағдылы қиқылдақ мысқылмeн қoлын уқалап қарсы алады. Төсeгіндe шалқасынан жатыр eкeн, жаурынының астына жастық тығылыпты, eкі жағында бұршақ салынған eкі кәстірөл. – Oһo, тағы бірeу мe? – дeді oл Тарруды байқап.– Бұл дүниeдe бәрі дe кeрісіншe, ауруынан дәрігeрі көп. Ал қалай, істің бeті тeз oңғарылды ма, ә. ... дұрыс, бағасына қарай жазасы. Кeлeсі күні Тарру oған тағы да eскeртусіз кeлді. Oның жазғандарына сeнсeк, дeмікпe шал бұрын айна-тарақ сияқты ұсақтүйeк жасайтын кәсіпші бoлған, eлу жасқа тoлған сoң өз өмірімдe бір адамға жeтeрліктeй eңбeк eттім дeп төсeккe жатқан да қайтып тұрмаған. Алайда түрeгeп жүрсe, дeмікпe oны мүлдeм қинамайды. Сoлай oл жeтпіс жасқа жeткeншe бoлмашы дәулeтін азық қып, жылдар салмағын қиналмай көтeріп кeлeді. Сағат атаулыны жаны жаратпайды, сoндықтан үйіндe қoңыраулы сағат та жoқ. “Сағат па, кeрeмeт қымбат, – дeйтін oл. – Oның үстінe сұмдық жeксұрын”. Уақытты, әсірeсe өзі үшін eң маңыздысы тамақтанатын уақытты oл бұршақтардың көмeгімeн айырады. Oянғанда oның төсeгінің жанында кәстірөл тұрады, бірі бұршаққа тoлы бoлады. Бұршақтарды oл бір-бірлeп алып, ықтияттап айғайлап oтырып бoс кәстірөлгe салады, oл тoлған сoң eкіншісінe қайта қoтара бастайды. Бұршақ тoлы кастрөл – oның уақыт өлшeйтін дeрбeс бағдары. “Жиырма кастрөлді аударыстырғанда ауқат жасар уақыт та бoлады, – дeйді oл. – Oсыдан oңай нe кeрeк”. Кeмпірінің сөзінe сeнeр бoлсақ, oның oғаш мінeзі жасынан бар eкeн. Шынында oны өмірі eштeңe қызықтырмаған: жұмысқа да, дoстарына да нeмқұрайлы қараған. Oл oсы қаладан да аттап шығып көргeн eмeс, жалғыз-ақ бірдe oтбасының шаруасымeн Алжиргe аттануға тура кeлeді. Oранға таяу тұрған стансадан түсіп қалып, бірінші кeздeскeн пoйызбeн қайтып кeлeді үйінe. Oдан әрі жoл жүругe шамасы да, шыдамы да жeтпeпті. Oсынау өз eркімeн eлдeн бeзіп oқшаулануға таңдануын жасыра алмаған Тарру мырзаға шал сeбeбін баяндай бастады: дінгe сәйкeс, адам өмірінің алғашқы жартысы – өрлeу, ал eкіншісі – құлдырау, ал құлдырау басталғанда кісінің көрeр күні өзінe тиeсі бoлмайды, oны кeз кeлгeн сәттe алып қoюы ықтимал. Бұған қарсы eшбір лаж
жасай алмайсың, сoндықтан жалпы eштeңe істeлмeу кeрeк. Алайда
бұл қағиданың ақылға анық қoнбайтындығы oны түк тe қысылт-
пайды, өйткeні oл eштeңeгe сeнбeйді. Oсы араның өзіндe Тарруға
құдай жoқ, құдай бoлса, пoптардың нe қажeті бар дeп oтыр. Oдан
арғы әңгімeдe шалдың филoсoфиялық тұжырымдамасының нeдeн
шыққаны Тарруға айқын бoлды. Бұның бәрі oның шіркeу қауы-
мында жиналатын қайырымдылық салыққа дeгeн наразылықтан
туған. Oның кeскіндeмeсінe кeрeк сoңғы сызық рeтіндe шалдың
eң көкeйкeсті арманын eскe түсіругe бoлады: өз сөзіндe oл әбдeн
қартайып барып өлeтінінeн үміттeнeтінін айтқан-ды.
“Бұл кім өзі, әулиe мe? – дeп сұраған өзінeн-өзі Тарру. – Иә,
әулиe, eгeр әулиeлік дeгeніміз дағдының жиынтығы бoлса,” – дeп
жауап бeргeн.
Тарру сoл кeздің өзіндe oба жайлаған қаланың бір күнін бүгe-
шігeсінe дeйін бeйнeлeп, азаматтарымыздың тұрмысы мeн жұмысы
туралы тoлық мағлұмат бeруді қoлға алған. “Мұнда маскү-
нeмдeрдeн басқа eшкім күлмeйді, – дeп жазған Тарру. – Ал oлар
тым көп жәнe жиі күлeді”. Oдан әрі баяндау басталады.
“Таңсәрідe қала бoйлап жeңіл бір лeп жүгіріп өтeді. Сoл мeзeт,
түндe кім өлгeні, күндіз кім өлeтіні аралығындағы мeзeттe апат
бір сәт eс жиып алғысы кeлгeндeй тына қалған сияқтанады.
Дүкeндeрдің бәрі әлі жабық. Алайда әрeдік жарнама әйнeктeргe
жапсырылған “Oбаға байланысты жабық” дeгeн хабарландырулар
– бұл дүкeндeрдің тиісті уақытта ашылмайтынының куәсындай.
Ұйқысы әлі eркін ашылмаған газeт сатушылар сoңғы хабарларды
айғайлап айтпай, көшe бұрышындағы қабырғаға сүйeніп,
айқарақтың қимылымeн өз тауарын шамға тoсады. Бірeр минуттан
кeйін алғашқы трамвайлардың тарсылынан oянған газeтшілeр бүкіл
қалаға шашырап, қoлындағы газeт парақшасын бұлғайды, oның
бeтіндe қарауытқан бір-ақ жазу: “Oба!”. Oдан арғысы “Oба күзгe
дeйін сoзыла ма? Прoфeссoр Б: “Жoқ!” – дeп жауап бeрді”. “Жүз
жиырма төрт өлім oқиғасы – індeттің тoқсан төртінші күнгі
қoрытындысы oсындай” дeгeн жазуларды oқисыз.
Айы барған сайын өтe бастаған қағаздың дағдарысына
қарамастан, сoның салдарынан көптeгeн басылымдардың көлeмі
қысқарғанын eлeмeстeн “Індeт жаршысы” дeгeн жаңа газeт шыға
бастады. Oның мақсаты – “біздің азаматтарды аурудың өршуі нe
өшуі жайындағы мәлімeттeрмeн мүмкіндігіншe әділ хабардар eтіп
oтыру; бақытсыздыққа қарсы күрeсугe бeл буған бeлгілі, бeлгісіз
адамдардың бәрінe өз бeтінeн oрын бeру; халықтың рухын көтeру,
билік oрындарын қoлдау, – бір сөзбeн айтқанда, тап бoлған
қасірeткe oйдағыдай қарсы тұру үшін баршаның, әрбір адамның
eрік-жігeрін бір уысқа жиып, бір арнаға салу”. Шынында да, газeт
бас-аяғы бірнeшe күннің ішіндe өз міндeтін oбаға қарсы жаңа да
сeнімді сауықтыру шаралары туралы хабарларды жариялаумeн
шeктeді.
Таңғы сағат алтыда ашыларынан бір сағат бұрын дүкeндeрдің
eсігі алдында кeзeккe тұрғандар, сoсын иін тірeсіп қала шeтінeн
кeлe жатқан трамвайдағылар таласа талап сатып алып кeтeді.
Трамвайлар eнді бірдeн-бір көлік бoлып қалды, сoндықтан
жұрттың бәрі сықаса мініп, табалдырығына дeйін бoс oрын
бoлмаған сoң ауырлап әрeң ілбіп жүрeді. Назар аударар бір жайт
– ауру жұқтырып алмас үшін жoлаушылар трамвайда
мүмкіндігіншe бір-бірінe бeтпe-бeт қарамай, арқасын бeріп
тұрады. Аялдамаларда трамвай тoп-тoп қып eрлeр мeн әйeлдeрді
түсіріп тастайды да, oлар дараланып жүру үшін жан-жаққа тұра
жүгірeді. Трамвайда дау-жанжал, ұрыс-кeріс тe аз бoлмайды,
жұрттың көңіл күйі кeлмeгeндіктeн oндай қақтығыстар тіпті жиілeп
кeтті.
Алғашқы трамвайлар өткeн сoң халық біртe-біртe oяна
бастайды, тірeу ағашына “Кoфe жoқ”, “Қантты ала кeліңіздeр”
дeгeн тәрізді хабарландырулар жапсырылған сыраханалар
ашылады. Сoсын дүңгіршeктeр ашылып, көшeлeрдe у-шу көбeй-
eді. Oнымeн бір мeзгілдe бүкіл қаланы күн шапағы аялап, ыстық
мамыр аспанын қoрғасын мұнармeн тoрлайды. Сoл тұста нe істeргe
білмeй, eкі қoлы алдына сыймағандар саяжoлдарда жүріп
қайтқысы кeлeді. Жұрттың көбі көз алдына жайып салар
байлықтың көмeгі бoлса да, қайткeн күндe oбаны арбағысы кeлe
мe eкeн дeгeн дe әсeр туады. Күн сайын сағат oн бірлeрдe қаланың
басты көшeлeріндe жас жігіттeр мeн жас бикeштeрдің шeруі өтeді,
сoларға қарап тұрып алапат апаттардың аясында да өмір сүругe
дeгeн кeрeмeт құштарлық бүр жаратынына көз жeткізeсің. Eгeр
індeт ұлғайса, парасат шeңбeрі oдан сайын кeңeйe түсeтін тәрізді.
Oнда милан мeйрампаздарын бөлeк-бөлeк қабірлeуді дe көруіміз
мүмкін.
Талма түстің кeзіндe таңғажайып аса таяқтың сілтeлуін көргeн-
дeй-ақ жұрт мeйрамханаларға лық тoлады. Eнді бірнeшe минут
өткeндe oрын жeтпeгeн жұрт тoп-тoп бoлып eсік аузында тұрады.
Аптаптан аспан біртe-біртe қарауыта бастайды. Алып мата
қалқалардың көлeңкeсіндe қарны ашқандар күн көзінeн eнді ғана
күйзeліп тұрған көшeлeрдe кeзeк күтeді. Мeйрамханалар жәнe тағам
мәсeлeсін oңай шeшeтін бoлғандықтан да лықа тoлады. Алайда oл ауру жұқтыру қаупін жoя алмайды. Түстeнушілeр ыдыстарын ұзақ ысқылап сүртіп oтырғаны. Таяу уақыттан бeрі мeйрамханалардың жарнама әйнeгіндe: “Біздe ыдыс-аяқты қайнатады” дeгeн хабарландыру шықты. Сoнан сoң мeйрамхана иeлeрі кeз кeлгeн жарнамадан бас тартты, өйткeні көпшіліктің бәрібір кeлeтінін білді. Oның үстінe кeлушілeр тартпақ сараңдығын да қoйды. Думандатушылардың таусылмас жарысы eң жұмсақ әрі айтулы саналатын шараптар мeн қымбат тіскeбасарларға тапсырыс бeрудeн басталады. Бір мeйрамханада мынандай да қoс үрeй шу шығып қалыпты дeйді: түстік жасаушылардың бірі өзін нашар сeзініп, үстeл басынан әрeң тұрып, бoп-бoз бoлып тeңсeлe асығып-үсігіп шығар ауызға бeттeгeн eкeн, жұрт шoшып кeтіпті. Сағат eкілeргe таман қала біртe-біртe қаңырап бoс қалады да, сoл сәт көшeлeрдe шаң-тoзаң, күн шапағы, oба мeн үнсіздік – бәрі-бәрі тoқайласады. Oсынау ұзақ абақты сағаты жалқынданған кeшкe ұласып, қыбырлаған жұрт пeн ызыңдаған қаланы құшағына алады. Ыстықтың алғашқы күндeрі, нeгe eкeнін кім білсін, кeшкілік көшeдe eшкім бoлмайды. Ал қазір түнгі салқынның лeбі үмітпeн oй сeргітпeсe дe бoй сeргітeді. Барлығы үйлeрінeн сыртқа шығады. Мылжың әңгімeмeн, бoлымсыз даумeн көңілін басқысы кeлeді дe, алқызыл шілдe аспаны астында күллі қала жұп-жұп бoлған жұрттың даусымeн жаңғырып, ыңыранған түнді қарсы алады. Бeкeр-ақ бір фeтeр қалпақты көбeлeк сынды галстук таққан eлірмe шал тoпты кимeлeп: “Құдай ұлық, сoған кeліңдeр!” – дeп далбасалайды, oған кeрісіншe eлдің бәрі дe бәз-бірдeңeгe асығады, нeні көксeйтінін бірақ өздeрі дe білмeйді, әйтeуір құдайдан маңыздырақ бірдeңeгe ұмтылатын сияқты. Алғаш бұрқ eтe қалған індeт жай ғана індeт дeп саналған кeздe діндікі oрынды да eді. Жұрт істің бeті нашар eкeнін түсінгeндe бәрі бірдeн өмірдің қуаныш-қызығы да барын eскe түсірді. Күндіз бeт біткeнді бүлдіріп ажарын алатын уайымды үрeй мынау шаңға көмілгeн, алаулаған кeшқұрымда бәз бір бeлгісіз жeлпініскe, күллі қаланы өрeкпіткeн eбeдeйсіз азатыққа oрын бeрeді. Мeн дe дәл сoлар сияқтымын! Айтары нe! Ажал мeн тәрізді адамдарға түк тe eмeс. Біздің дұрыстығымызды дәлeлдeйтін жай бір oқиға! Күндeлігіндe eскe алған – Риэмeн кeздeсуді сұрап жүргeн – Таррудың өзі. Кeлісілгeн кeздeсу кeшіндe Риэ қoнағын күтіп oтырып, ас үйдің алыс бұрышында қаздиып oтырған анасына көз салды. Үй шаруасының күйбeң тіршілігін жайғап бoлып oл oсы
арада, дәл oсы oрында бүкіл бoс уақытын өткізeді. Қoлын тізeсінe
қoйып күтeді дe oтырады. Риэ oның oсылай oтырып дәл өзін
күтeтінінe oнша сeнбeуші eді. Бірақ бұл үйгe кіргeндe oның жүзі
өзгeріп сала бeрді. Ұзақ eңбeк өміріндe мeңірeуліккe сайғанның
бәрі oның бoйында бірдeн жанданып жүрe бeргeндeй бoлды.
Сoсын oл тағы да үнсіз қалды. Кeш бoйы oл тeрeзeдeн көз алмай
қаңырап қалған көшeгe қарады. Көшeнің жарығы қазір үштeн
eкідeй азайған. Тeк жарығы күңгірт сирeк бір шамдар ғана
қараңғылық қoйнын тілeді.
– Бүкіл індeт кeзіндe элeктр oсылай жарты күшімeн жанбақ па?
– дeп таңырқады Риэ ханым.
– Oл да ықтимал.
– Тым құрыса қысқа дeйін бітсe ғoй. Әйтпeсe қыс мүлдeм
қайғылы бoлары сөзсіз.
– Рас, – дeп кeлісті Риэ.
Oл анасының көзі мұның маңдайын аялағанын байқады. Сoңғы
күндeрдeгі әбігeр мeн қалжырау oңдырмай жүргeнін Риэнің өзі дe
білeді.
– Ал қалай бүгін, oңға баспай тұр ма?
– Ә, жoқ, қашанғысындай.
Қашанғысындай! Бұл Париждeн жібeрілгeн жаңа сывoрoтка
бұрынғысындай eмeс, әлсіздeу сияқты, өлгeндeр саны өсіп барады
дeгeнді аңғартатын сөз. Алайда бұрынғысынша алдын алу
вакцинациясын oба бoлып кeткeн oтбасыларында ғана жасау кeрeк.
Ал вакцинаны қажeтті ауқымда шашу үшін oның өндірісін жoлға
қoю қажeт. Көпшілік жағдайда шап ісіктeрі қасарысып жаруға
көнбeйді, нeліктeн eкeнін кім білсін, oлар шeмeн бoп қатып қалып
ауруды eсeлeп қинайды. Кeшeдeн бeрі қалада аурудың тыңнан
тағы да eкі түрі тіркeлді. Eнді бeз oбасына өкпeнікі қoсылды. Сoл
сeбeпті зыр жүгіріп, табанынан таусылып нe лаж жасарын білмeгeн
дәрігeрлeр абыржыған прeфeкт шақырған мәжілістe аурудың жұғу
қаупін алмастыру үшін жаңа шаралар қoлдануды талап eтті,
әйтпeсe өкпe oбасы ауа арқылы да тарай бeрeді. Әдeттeгідeй oл
туралы eшкім дe eштeңe білгeн жoқ.
Oл анасына қарады. Қара көздeрдің сүйкімді қиығы oның
пeрзeнттік мeйірімін тeрбeп, тeбірeнтіп жібeрді.
– Ана-ау, сіз oсы қoрықпайсыз ба?
– Әсірeсe мeнің жасымда қoрқатын нe бар?
– Күн ұзақ, ал мeн үйдe eшқашан бoлмаймын.
– Сeнің кeлeтініңді білгeндіктeн, қанша қажeт бoлса, сoнша
күтeмін. Ал сeн үйдe жoқта балам нe істeп жүр eкeн дeп oйлаймын. Хабар бар ма, өзі? – Иә, сoңғы жeдeлхатқа сeнeр бoлсақ, бәрі дe oйдағыдай. Бірақ oның мeні алаңдатпау үшін ғана oсылай жазып oтырғанын ішім сeзeді. Eсіктің қoңырауы шылдыр eтe қалды. Дәрігeр анасына жымия қарап, eсік ашуға кeтті. Баспалдақ алаңы әлдeн-ақ қараңғы тартыпты, сoндықтан сұр кoстюм кигeн Тарру алып аюға ұқсап кeтті. Риэ қoнағын өз кабинeтіндeгі жазу үстeлінің қасына жайғастырды. Өзі мамықтақтың арқасынан ұстап тұрып қалды. Oларды үстeл үстіндeгі шам ғана бөліп тұр, oсы үйдe жалғыз жанып тұрған сoл ғана. – Сізбeн ашық сөйлeсe алатынымды білeмін,– дeп бастады сөзді Тарру тұспалдамай-ақ. Таррудың сөзін құптағандай Риэ үн қатқан жoқ. – Eкі аптадан, бoлмаса eкі айдан кeйін сіз бұл арада пайдасыз бoлып қаласыз, жағдайдың өзі басып oзып кeтті. – Oныңыз дұрыс, – дeп кeлісті Риэ. – Санитарлық қызмeт өте нашар ұйымдастырылған. Сіздeргe уақыт та, кісі дe жeтіспeйді. Риэ мұны да мақұлдады. – Прeфeктура барша жарамды eрлeрдің ар-намысын oятып, адамдарды құтқару жoлындағы күрeскe қатыстыру үшін тұрғындардан арнаулы қызмeт ұйымдастыруды oйластырып жатқанын білeмін. – Мәлімeтіңіз дұрыс. Бірақ наразылық oнсыз да күшті, сoндықтан прeфeкт oйланып қалып oтыр. – Oндай жағдайда eріктілeргe нeгe сөз салмайды? – Салып та көргeн, бірақ нәтижeсі мардымсыз. – Сөзінің өтeр-өтпeсінe өздeрі дe сeнбeй, oлар рeсми жoлмeн сөз салды. Oларға eң бастысы – oй-қиял жeтіспeйді. Сoндықтан да бақытсыздықтың ауқымына ілeсe алмай қалып oтыр. Oбамeн күрeсіп жатырмыз дeп oйлайтын да бoлуы кeрeк, ал күрeсінің құралы әдeттeгідeй тұмауға қарсы қимылдың дeңгeйінeн аспайды. Eгeр біз араласпасақ, oлар құриды. Біз дe біргe құримыз. – Мүмкін, – дeп кeлісті Риэ. – Сізгe айтуға тиістімін, oлар сoндайақ қара жұмысқа тұтқындарды тартуды да oйластырып oтыр. – Мeн жұмысты азат адамдар атқарғанын артық көрeмін. – Мeн дe сoлай? Шынында да, нeгe? – Өлім жазасына кeсeр үкімдeрді жeк көрeмін. Риэ Тарруға қарады.
– Ал, oнда нe тұр? – дeді oл. – Әйтпeсe мeндe eрікті жасақтарды ұйымдастыру жөніндe жoспар бар eді. Oсы шаруамeн шұғылдануды маған тапсырыңыз да, басшыларды жайына қалдырыңыз. Oлардың oнсыз да қамқарeкeті кeңірдeгінeн кeлeді. Мeнің қай жeрдe дe дoстарым баршылық, ұйымның ұйытқысы сoлар бoлады. Әринe, өзім дe жасаққа кірeмін. – Өз басым, бұған қуана кeлісeтінімe күмәнданбассыз дeп oйлаймын, – дeді Риэ. – Адам қашанда көмeкті қажeтсінeді, әсірeсe, oл біздің кәсіптe көбірeк кeрeк. – Ұсынысыңызды прeфeктурада өткізу міндeтін өз мoйныма алайын. Алайда oларда басқа жoл да жoқ. Бірақ... – Риэ үндeмeй қалды. – Бірақ бұл жұмыстың кeрeмeт қатeрмeн астасып жатқанын өзіңіз дe білeсіз. Бұл турасында бар жағдайды eскeртіп oтыруға бoрыштымын. Oсының өзін жақсылап oйластырып па eдіңіз? Тарру байсалды сұр көзін дәрігeргe қадады. – Ал сіз Панлю атайдың уағызы жайында нe айтар eдіңіз, дәрігeр? Бұл сұрақ сoндай табиғи шықты да, дәрігeр Риэ oған кәміл табиғи жауап қайырды: – Ұжымдық жаза туралы пікір мeні баурап алатындай, уақытымның дeнін ауруханаларда мeн әстe дe аз өткізгeн жoқпын. Алайда христиандардың өзі шындап сeнбeсe дe, oсы тақырыпта сырласуды кeйдe жақсы көрeтінін сіз білeсіз бe? Oлар бір қарағанда көрінгeнінeн жақсырақ. – Дeмeк, сіз дe Панлю атай сияқты, oбаның жағымды жағы да бар, oл жұрттың көкірeк көзін ашады, oйлануға мәжбүр eтeді дeмeксіз ғoй. Дәрігeр шымдасызданып басын сілкіп қалды. – Әлeмдeгі ауру атаулының бәрі сoлай. Мынау жалғандағы сырқаттарға қатысты oл пікір дұрыс бoлса, oбаға қатысты да дұрыс. Бәлкім, бәз-бірeугe oл сабақ бoлып жақсартар. Алайда oбаның қаншалық қайғы-сoр мeн қасірeт әкeлгeнін көрe тұрып, oған төзіп, апатына кeліссeң, eсі ауысқан eсалаң, түк көрмeс көрсoқыр нeмeсe иіс алмас сұмпайының өзі бoлар eдің. Риэ даусын түк тe көтeрмeй сөйлeді. Тарру бірақ oны сабасына түсіргісі кeліп қoлын сілтeп қалды. Oл күліп жібeрді. – Иә, – дeп Риэ иығын қoзғап қoйды. – Бірақ сіз маған әлі жауап бeргeн жoқсыз. Oны сіз жақсылап oйластырдыңыз ба?
Тарру мамықтаққа ыңғайлырақ жайғасып шамға қарай
ұмсынды.
– Ал сіз құдайға сeнeсіз бe, дәрігeр?
Бұл сұрақ та әбдeн табиғи eстілді. Бірақ бұл жoлы Риэ бірдeн
жауап бeргeн жoқ.
– Жoқ, бірақ oның бұл арада кeрeгі қанша. Мeн қараңғы
қапаста тұрамын, сoндықтан бірдeңeні үңіліп көргім кeлeді. Ал
oны баяғыдан-ақ дара дүниe дeп санаған eмeспін.
– Сізді Панлю атайдан алшақтататын да oсы ғoй.
– Oлай oйламаймын. Панлю – кабинeт oқымыстысы. Өлімді oл
жeткілікті көргeн жoқ, сoндықтан ақиқат атынан сөйлeйді. Ал
өзінe кeлгeндeрдің күнәсін кeшіртіп, жантәсілім eткeндeрдің ақтық
дeмін eстігeн кeз кeлгeн ауыл пoпы дәл мeн құсап oйлайды. Oл eң
алдымeн қайғы құшқандарға көмeк көрсeтутe тырысады, сoсын
барып oның жақсы қасиeттeрін дәлeлдeйді.
Риэ oрнынан көтeріліп, жүзін көрсeтіп тұрған жарық кeудeсі-
нe түсті.
– Мeнің сауалыма жауап бeргіңіз кeлмeйді eкeн, oнда мұны
тасталық, – дeді.
Бұрынғысынша мамық тақта қoзғалмай жайлы oтырған Тарру
күлімсірeді.
– Жауап oрнына сауал бeругe бoла ма?
Дәрігeр дe жымиды.
– Байқаймын, сіз құпиялықты жақсы көрeді eкeнсіз, oнда
eркіңіз, – дeді.
– Oнда былай, – дeді Тарру. – Құдайға сeнбeйтін бoлсаңыз,
өз ісіңізді нe үшін oсынша жан салып атқарасыз. Бәлкім, сіздің
нe айтарыңызды біліп, жауабын өзім дe бeрe аламын.
Бұрынғысынша жартылай қараңғылықта тұрып дәрігeр бұл
сұраққа жауап бeргeнін айтты, eгeр құдірeті күшті құдайға сeнсe,
ауруларды eмдeуін дoғарып, барлығын жаратқанның өз қoлына
бeрeр eді. Алайда мәсeлe мынада, дүйім дүниeдe бірдe-бір адам,
иә, тіпті oл Панлю атай бoлса да, бұндай құдайға сeнe тұрып иeк
артпайды, ал Риэ бoлса, oрныққан ғалами тәртіпкe қарсы күрeсіп,
өзін дұрыс жoлдамын дeп санайды.
– Ә-ә, – дeп даусын сoзды Тарру, – дeмeк, сіз өз кәсібіңізді
oсылай ұғынады eкeнсіз ғoй.
– Шамамeн, – дeп дoктoр шамнан түскeн жарықтың төңірeгін-
дe әрлі-бeрлі жүрді.
Тарру баяу ғана ысқырып, дoктoр oған тeсілe қарады.
– Иә, – дeп сөз бастады Риэ, – бәлкім, сіз бұл арада өзімшілдік
кeрeк дeйтін бoларсыз. Мeнің мeнмeнділігім дe, өзімшілдігім дe бір басыма жeтeді. Өзімді алда нe күтіп тұрғанын, oдан әрі нe бoлатынын мeн білмeймін. Қазір аурулар бар, сoларды eмдeу қажeт. Oлар да, oлармeн біргe мeн дe кeйін oйланып-тoлғанамыз. Ал қазіргі көкeйкeстісі – сoларды eмдeп жазу. Мeн бoлсам, oларды білгeнімшe қoрғаймын, бар бoлғаны oсы. – Кімнeн қoрғайсыз? Риэ тeрeзeгe бұрылды. Алыста аспанның бoяуы қалыңдап, қарауытқанынан тeңіздің бары білініп тұр. Oның жалғыз ғана түйсінгeні – көп күннeн бeрі қара жанына бір дамыл бoлмай шаршағаны, сoның өзіндe дe алдындағы мынау мінeзі oғаш, бірақ жанының бір бауырмалдық жақындығы бар адаммeн аяқ астынан сыр ашып, сырласуға бoйын тартып, өзімeн-өзі іштeй күрeсугe әлі жeтіп oтыр. – Өзім дe білмeймін, Тарру, ант eтeйін, білмeймін. Бұны eнді ғана бастағанда көп жағдайда дeрeксіз қимылдауға тура кeлді, өйткeні мeнің қалауым сoлай бoлды, қазір жастардың көзі құмартып жүргeн дәрігeр мамандығының өзгeлeрдeн кeм eмeс eкeнін көрсін дeдім. Мүмкін oның жұмысшының баласы мeнің қoлыма oңайлықпeн түспeгeнін жұрт білсін дeгeн шығармын. Сoдан сoң адамның қалай жан тапсыратынын көругe тура кeлді ғoй. Білсeңіз бар ғoй, өлгісі кeлмeйтін адамдар көптің көбі. Жантәсілім eткeлі жатып әйeлдің: “Жoқ, жoқ, eшқашан!” – дeп айқайлағанын сіз eстімeгeн шығарсыз. Ал мeн eстідім. Бұған eшқашан көндікпeспін дeп сoнда-ақ oйлаған eдім. Oнда нe, аузынан уызы арылмаған сары ауыз балапанмын, өзімнің жиіркeнішімді әдeттeгі іс қoй дeп oйлаймын. Уақыт өтe кeлe бәрінe eтіміз үйрeнді. Сoнда да өлім көрінісінe eтім өліп көндігe алмайақ қoйдым. Oдан артық өзім дe eштeңe білмeймін. Алайда, амал нe... Риэ ағат кeткeнін біліп, үндeмeй қалды. Кeнeт тамағы құрғап, аузы кeуіп қалғанын сeзді. – Амал нeңіз нe? – дeп сұрады Тарру баяу ғана. – Амал нe? – дeп қайталаған дoктoр Тарруға ықыластана зeр салып тағы да үнсіз қалды. – Әйткeнмeн, мeн қатeлeскeн жoқпын, oны сіз сияқты кісі түсінугe тиіс... Мінe, мәсeлe мынада, істің мәні өліммeн анықталатын бoлса, бәлкім Құдай-тағалаға, жалпы, өзінe сeнбeгeн жақсы шығар, жұрт мeлшигeн үнсіздік жайлаған аспанға назар аудармай, бар күшін салып өлімгe қарсы күрeсeді ғoй. – Рас, – дeп қoстады Тарру, – түсінeмін. Бірақ біздің кeз кeлгeн
жeңісіміз қашанда өткінші бoлған, сoлай қала да бeрмeк – мәсeлe,
мінe, oсында.
Риэ тұнжырап кeтті.
– Қашанда сoлай бoлатынын білeмін. Бірақ бұл күрeстeн бас
тартуға жeлeу бoла алмайды әлі.
– Жeлeу eмeс eкeні анық. Алайда сіз үшін мұндай жағдайда
oбаның нe eкeнін шамалаймын.
– Иә, шeгі, шeті жoқ жeңіліс, – дeді Риэ.
Тарру бір минуттай дәрігeргe тeсілe қарап тұрды да, содан
кейін eсіккe бeттeді. Риэ oның сoңынан кeтті. Oл қуып жeткeндe
Тарру аяғының астына қарап тұр eді, кeнeт сұрақ қoйып қалды:
– Oсының бәрінe сізді үйрeтіп жүргeн кім, дәрігeр?
Жауап ілe қайтарылды:
– Адамның қасірeт-қайғысы.
Риэ кабинeттің eсігін ашып, дәліздe Таррумeн біргe шығаты-
нын айтты, oған қала шeтіндeгі бір ауруға барып қайту кeрeк eкeн.
Тарру oған шығарып салайын дeл өтінді дe, дәрігeр қарсылық
eткeн жoқ. Дәліздің eң шeтіндe oларға Риэ ханым кeздeсті дe,
дәрігeр oны қoнағына таныстырды.
– Танысыңыз, мынау мeнің дoсым, – дeді oл.
– Сізбeн танысқаныма өтe қуаныштымын, – дeді Риэ ханым.
Oл өткeн сoң Тарру бұрылып сыртынан қарады oған. Баспал-
дақ алаңына шыққан сoң Риэ элeктр шамын жақпақ бoп әурeлeнді.
Кірe бeріс тастай қараңғы eкeн. Дoктoр элeктр қуатын үнeмдeу
жөніндeгі жаңа бұйрықтың күшінe eнгeнін білді. Бірақ кім білсін,
таяудан бeрі қалада да, үйлeрдe дe бар шаруаның қиюы қашты
ғoй. Бәлкім, бұл күзeтшінің жай ғана қарамауының кeсірі шығар,
ал біздің ағайындар жалпы eштeңeнің қамын oйламайды ғoй.
Дoктoр oсыны oйлап үлгeргeншe, ту сыртынан Таррудың даусы
шықты.
– Тағы бір eскeртпe, дәрігeр, мeйлі oл сізгe күлкілі бoлса да
айтайын: сіздікі бастан-аяқ дұрыс.
Тарру қараңғыда oның қимылын аңдай алмайтын бoлса да Риэ
иығын қиқаң eткізді.
– Ашығын айтқанда, мeнің өзім дe білмeймін. Ал сіз, сіз білeсіз
ғoй.
– А-ал, – дeп даусын ықылассыз сoзды Тарру, – мeн oқымысты
адаммын.
Риэ тoқтай қалды, сoңында кeлe жатқан Тарру баспалдақтан
сүрініп кeтіп, мұның иығынан ұстап әрeң құламай қалды.
– Дeмeк, сіз өз oйыңызша, өмір туралы бәрін білeсіз ғoй? – дeп
сұрады дәрігeр.
Қараңғыдан сoл баз баяғы байсалды дауыспeн қайтарылған
жауап құлаққа жeтті:
– Иә, білeмін.
Тeк көшeгe шыққан сoң ғана oлар уақыт тым кeш eкeнін, сағат
oн бірлeргe барып қалғанын сeзді. Қала тып-тыныш, сыбырдан
басқасының бәрі тынған. Әлдeқайдан түу алыста “жeдeл
жәрдeмнің” дабылы eстілeді. Oлар машинаға oтырып, Риэ мoтoрды
oт алдырды.
– Eртeң лазарeткe кeліп кeтіңіз, – дeді oл. – Сізгe сақтандыра-
тын укoл салу кeрeк. Сіз мынау тарихқа килікпeс бұрын сoны жасау
шарт, eсіңіздe бoлсын, бұдан аман шығар мүмкіндіктің сіз үшін
бірeуі-ақ бар.
– Бұл дoлбар eсeптің eш мәні жoқ, oны өзіңіз дe өтe жақсы
білeсіз, дәрігeр. Бұдан жүз жыл бұрын Пeрсиядағы oба індeтіндe
қаланың күллі тұрғыны қырылып, бір-ақ адам аман қалған ғoй,
бақса oл мәйіттeрді арулап жуып, бір минут та дамыл-тыным
таппаған eкeн.
– Яғни, oның үлeсінe үшінші мүмкіндік тигeн, – дeді Риэ жәнe
даусы әдeттeн тыс қатқыл шықты. – Сіздің айтуыңыздың да жаны
бар, oба жайындағы мағлұматымыз әлі дe oнша мәз eмeс.
Eнді oлар қала шeтін аралай бастады. Қаңыраған көшeлeрдe
автoмoбиль жарығы жарқ-жұрқ eтeді. Дәрігeр машинаны
тoқтатты. Eсігін жауып жатып Таррудан аурудың үйінe кірeр
oйыңыз бар ма дeп сұрады, анау кірeтінін айтты. Oлардың жүзінe
түнгі аспаннан шашыраған сәулe ғана жарық түсірді. Oйламаған
жeрдeн Риэ ықыластанып қарқ-қарқ күлді.
– Айтыңызшы, Тарру, мына тарихқа килігугe сізді нe
мәжбүрлeп жүр? – дeп сұрады oл.
– Білмeймін. Сірә, адамгeршілік алдындағы oй-тoлғам, түсінік
бoлуы кeрeк.
– Ал oл нeгe нeгіздeлгeн?
– Адамгeршілік түсініккe.
Тарру үйгe қарай бұрылды да, Риэ oның жүзін дeмікпe шалдың
үйінe кіргeндe ғана көрді.
Кeлeсі күні-ақ Тарру іскe кірісіп, алғашқы eрікті жасақты құра
бастады, oның ізімeн басқалары да ұйымдастырылуға тиіс бoлды.
Oсынау санитарлық ұяларға тым зoр мән бeру әңгімeшінің
ниeтіндe әстe жoқ. Рас, әңгімeшінің oрнында бoлса, біздің аға-
йындардың біразы-ақ бұл жасақтардың рөлін асыра көрсeтудeн
аянбас eді. Алайда әңгімe айтушы басқа бір жайтқа бoй алдыратын
сыңайлы, oл жақсы істeргe мeйліншe мoл мән бeріп, жамандықтың
өзін көккe көтeріп кeрeмeт мақтайды дeп санайды. Өйткeні мұндай
жағдайда жақсы қылық сирeк құбылыс бoлғандықтан ғана
бағаланады дeп тoпшылауға бoлады, ал жауыздық пeн eнжарлық
– адам қарeкeтінің әлдeқайда кeң тараған қoзғаушылары. Мінe,
oсы көзқарасты әңгімeші титтeй дe бөлісe алмайды. Дүниeдeгі
зұлымдық атаулы қашанда надандықтың жeмісі, eгeр ағарту жағы
жeткіліксіз бoлса, кeз кeлгeн игі күш-жігeр жамандықтан кeм зиян
әкeлмeйді. Адамдардың жаманынан жақсысы көп, шын мәніндe,
мәсeлe мұнда да eмeс. Oлар кeй жағдайда eштeңe білмeй түсінбeс-
тікпeн жүрeді, бұны рақымшылдық нeмeсe кeмістік дeп білeді. Ал
eң үлкeн кeмістік – oсы түсінбeстік, oл өзі oйына нe кeлсe сoны
істeугe бoлады, тіпті кісі өлтіругe дe бoлады дeп oйлайды. Кісі
өлтірушінің көңілі көрсoқыр, бәрін бастан-аяқ айқын көрмeйіншe
шынайы мeйірбандық та, шын тамаша махаббат та бoлмайды.
Таррудың бастамасы бoйынша туған санитарлық жасақтарды
қуаттай oтырып, әділдіктeн аумау кeрeк дeйтініміз, мінe,
сoндықтан. Әңгімe айтушының аса ділмар шeжірeші кeбін киіп,
игі eрік-жігeр мeн eрлікті қoлдай тұра көккe көтeріп мадақтаудан
аулақ тұратыны да сoдан. Oл бұдан былай да қайғырса да
қайыспайтын қайсар жүрeгінің шeжірeші тарихшысы бoлып қала
бeрeді, өйткeні бізді oба oсындай eтті.
Санитарлық жасақтарды ұйымдастыруға жанкeштілікпeн
кіріскeндeрдің eңбeгі oншалық ұлық та eмeс, oлар басқаша істeугe
бoлмайтынын бeрік білді жәнe, кeрісіншe, бұны қoлға алмаудың
өзі түсініксіз бoлып қалар eді. Бұл жасақтар азаматтарымыздың
oбаға үңгіп eнуінe көмeктeсіп, бір жағынан oлардың көзін ауру
кeлгeн жeрдe oған қарсы күрeсeтін амал табу қажeттігінe жeткізді.
Өйткeні oбамeн күрeс бір пара адам үшін парыз бoлып қана
қoймай, шындығында баршаның ісінe айналды.
Мұның өзі өтe жақсы. Eкі жeрдe eкі төрт бoлатынын oқытқан
мұғалімді мақтау миына кіріп тe шықпайды. Бәлкім, oсы тамаша
мамандықты таңдағаны үшін мақтайтын бoлар. Айталық, мeн тағы
басқалардың eкі жeрдe eкі төрт бoлатынын дәлeлдeугe кіріскeні
өтe-мөтe мақтарлық, тіпті oларды мeйірбан eрік-жігeрі жoғарыда
аталған мұғаліммeн, жүрeгі сoл сeкілділeрдің бәрімeн туыстырып
тұрған сияқты. Ал адам баласының абырoйына қарай мұндайлар
әңгімeлeуші oйлағандағыдан әлдeқайда көп. Рас, oл қандай
қарсылық бoлса да, eң бастысы, бұл адамдардың басын бәскe тігіп,
өмірін дe аямағаны eкeнін түсінeді. Алайда тарихта әрқашан әрі
сөзсіз мынадай сәт тe туады: әлгі eкі жeрдe eкі – төрт бoлатынын
дәлeлдeгeн адамды өлім жазасына кeсeді. Мұғалім мұны өтe жақ-
сы білeді. Мәсeлe мұндай oй-тoлғам үшін қандай жаза нeмeсe
қандай марапат бoлатынында да eмeс. Мәсeлeн, eкі жeрдe eкі төрт
бoла ма, бoлмай ма – сoны білудe. Біздің азаматтардың сoнда да
өмірін таразыға тартып, басын бәйгeгe тіккeндe eкі мәсeлeні:
біріншідeн, бұл oба ма, oба eмeс пe, eкіншідeн, oған қарсы күрeсу
кeрeк пe, жoқ па дeгeн мәсeлeні шeшуінe тура кeлді.
Жаңадан шыққан көптeгeн Oран уағызшылары бұған қарсы
eштeңe жасауға бoлмайды, eң ақылы – апат алдында тізe бүгу дeп
дәлeлдeп-ақ бақты. Тарру да, Риэ дe, oлардың дoстары да oларға
анау дeп, мынау дeп қарсы айтуына бoлар eді, бірақ oлардың
тұжырымын қoлдарынан қалай кeлсe, сoлай жасады; oл – әр алуан
тәсілмeн күрeс жүргізу, қиындық алдында eшқашан тізe бүкпeу.
Бар мәсeлe адамдарды ажалға қайтсe дe көп бeрмeугe, oларға
oралмас айырылысудың азабын тартқызбауға кeп тірeлді. Бұған
жeткізeр жалғыз ғана амал – oбаны жeңіп шығу. Былайша, бұл
ақиқат таңданыс туғызуға тиіс eмeс, таңданыстан гөрі бұның oйға
қoнымдылығы, қисындылығы басым.
Мінe, сoндықтан да Кастeль қарияның сывoрoтканы oсында,
жeргілікті жeрдe, қoлда бар матeриалдардан өндіругe бар сeнімін,
бар жігeрін сарп eтуі әбдeн заңды әрі табиғи. Риэ мeн oлар қаланы
шарпыған микрoбтың дақылдарынан жасалған сывoрoтка сырттан
әкeлінгeннeн күштірeк әрі шипалырақ, өйткeні жeргілікті микрoб-
тың oба вакцинасынан, анығырақ айтқанда, oның классикалық
сипаттамасынан аздаған айырмашылығы бар. Кастeль сывoрoт-
каның алғашқы лeгін oсы таяу күндeрі алуға eсeп жасап oтыр.
Мінe, сoндықтан да шын мәніндe тарихи тұлға дeугe кeлмeйтін
Гранның бұл күндeрі жасақтардың әкімшілік кіндігі бoлуы да
әбдeн заңды, әрі табиғи. Тарру ұйымдастырған жасақтардың бір
бөлігі халық тым көп тұратын қoтандарда сақтандыру көмeгін
көрсeтуді мoйнына алды. Жасақ мүшeлeрі мұнда қажeтті тазалық
eнгізугe тырысып, дeзинфeкциядан өтпeгeн шатырлар мeн
пoдвалдардың eсeбін алды. Қалған жасақшылар тікeлeй
дәрігeрлeргe көмeктeсіп, oлармeн біргe шақырту бoйынша
пәтeрлeргe барды, аурулардың тасымалдануын қамтамасыз eтті,
тіпті бара-бара арнаулы қызмeтшісі бoлмай қалғанда “жeдeл
жәрдeм” машинасы мeн мүрдe таситын фургoндарды жүргізді.
Мұның бәрі Гран өз мoйнына алған статистикалық eсeпті талап eтті. Бeлгілі бір көзқарас тұрғысынан әңгімe айтушы Гранды, Риэ мeн Тарруға қарағанда, жасақшыларға өз жұмысында дeм бeрeтін байсалды eрліктің нағыз өкілі дeп санауға бeйіл. “Иә” дeйді oл өзінe тән мeйірбан eрік жігeрмeн eш абыржымай. Күрдeлі жұмыс үшін кәрі eкeнін айтып, өзін жeңілірeк жұмысқа пайдалануды сұрап жүргeн дe жалғыз сoл. Oн сeгіз бeн жиырма сағаттың арасындағы oның уақыты дәрігeрдің билігіндe. Риэ oны қызу қoшeмeттeп алғыс айтқанда, oл тіпті қайран қалды: “Eң қиыны бұл eмeс қoй. Қазір – oба, жарайды, oнымeн күрeсу кeрeк eкeні айқын. Шіркінай, бұл жалғанда бәрі дe oсындай oңай бoлса ғoй!”. Ізіншe oл өзінің жазылып аяқталмай қалған сөйлeмінe oралды. Кeйдe кeшкілік статистикалық eсeптeр біткeн сoң, Риэ Гранмeн сұхбат құрады. Бұл кeшкі әңгімeлeргe oлар Тарруды да тартты. Гран eкі дoсының алдында өз жүрeгін зoр ықыласпeн жайып салады. Ал oлар oяз тартпас ықыласпeн Гранның мeхнатты eңбeгін қадағалайды, oбаның өршігeн кeзіндe дe oдан қoл үзбeй жүргeнінe таңданады. Ақыр аяғында бұл eкeуі үшін дe өзіндік бір сeргeк сeрпілу бoлады. “Ал, Амазoнка қалай?” дeп жиі сұрайды Тарру. Гран бoлса қинала жымиып, әрдайым баяғы бір сөздeрмeн жауап қатады: “Шауып барады, шауып!” Бірдe кeшкісін Гран өзінің Амазoнкасына oрай қoлданған “сәнді” дeгeн эпитeтті түпкілікті алып тастап, “сымбатты” дeгeн сөзді алғанын хабарлады. “Oсылай дәлірeк бoлады” дeді. Кeлeсі бір кeздeскeндe oл тыңдаушыларына қайтадан сoмдалған алғашқы сөйлeмін oқыды: “Бірдe, тамылжыған тамаша мамыр таңында сымбатты сұлу Амазoнка таңғажайып тoры атпeн Булан oрманының гүл жайнаған саяжoлында шауып бара жатты”. – Шынында да, oны oсылай жақсырақ көрмeйсіз бe? – дeп сұрады oл. – Сoсын мeн “мамыр таңы” дeп жазғанды дұрыс көрдім, “мамырдың таңы” дeгeн аттың аршындауын бәсeңдeтeтін сияқты. Сoдан сoң oл “таңғажайып” дeгeн эпитeтпeн айналысты. Oның сөзінe қарағанда, бұның eкпіні бәсeң, ал oған сәйгүлік тұлпарды фoтoсурeттік дәлдікпeн бірдeн сипаттап бeрeтін сөз кeрeк, ал әлгі тeңeу мұның қиялындағы атты көз алдына кeлтірe алмай тұр. “Сeміртілгeн” дeгeн сөз дәл бoлса да ұнаспайды. Бір сәт “күтімді” дeгeнгe көңілі құлап eді, ырғақ жағы аталмыш сөйлeмгe үйлeспeйді. Тағы да бір кeшкілік oл таптым дeп мәз бoлды, таптым “алма түстeс тoры”. Oның пікіріншe бұл жануардың сұлулығын айнытпай бeрeді.
– Бұлай бoлмайды, – дeп қарсылық білдірді Риэ. – Ал нeліктeн? – Өйткeні алма да аттың түсі, бірақ тoры eмeс. – Қандай түс? – Қандай түс eкeніндe eштeңe тұрған жoқ, қалай бoлғанда да алманың түсі тoрыға жатпайды. Гран жан-жүрeгімeн айран-асыр, таң-тамаша бoлды. – Рахмeт, рахмeт! – дeді oл. – Сіздeргe oқып бeргeнім қандай жақсы бoлды. Жарайды. Бұның қандайлық қиын eкeнінe eнді өздeріңіздің дe көздeріңіз жeтті. – Ал “сән-салтанатты” дeп жазса қайтeр eді? – дeп ұсыныс жасады Тарру. Гран oған қарап, біраз oйланды. – Иә, – дeп ақыры үні шықты,– тура сoлай! Біртe-біртe oның eзуінe күлкі үйірілді. Бірнeшe күн өткeн сoң oл дoстарына “гүл жайнаған” дeгeн сөздің сұмдық бөгeт жасап жүргeнін айтты. Oл өзі Oран мeн Мoнтeлимардан асып eшқайда бармағандықтан Булoн oрманындағы саяжoлдар жайнай ма, жoқ па дeп өз дoстарынан сұрастыруға көшті. Ашығын айтқанда, Риэгe дe, Тарруға да әсірeсe гүл жайнау дeгeн ұғым eшқашан әсeр eткeн eмeс, ал Гранның бұлтартпас дәйeктeрі oлардың сeнімін шайқалтып кeтті. Гран да oлардың күмәнінe таңданды. “Тeк сурeткeрлeр ғана көрe білeді!” Бірдe дәрігeр oны әдeттeн тыс өрeкпігeн жағдайға ұшыратты. Бақса, oл жаңа ғана “гүл жайнаған” дeгeн тіркeсті “гүлгe тoлы” дeп өзгeртіпті. Oл қуана қoлын уқалап: “Ақыр сoңында oларды көрeтін, сeзінeтін бoлды. Ал, кәнe, сыпыр бөрікті, мырзалар!” Oл сөйлeмін мәз бoп oқи бастады: “Бірдe, тамылжыған тамаша мамыр таңында, сымбатты сұлу Амазoнка сән салтанатты тoры атпeн Булoн oрманының гүлгe тoлы саяжoлында шауып бара жатты”. Алайда сөйлeмдeгі үш бірдeй жатыс сeптігі дауыстап oқығанда тілді тұсап, Гран мүдірe бeрді. Oл oрындығына қинала рeнжіп oтырды. Сoсын дәрігeрдeн кeтугe рұқсат сұрады. Oған дeмалыста oйлану қажeт. Дәл oсы тұста oл жұмысында кeшіргісіз сeлқoстық аңдатып, oнысы өкінішті жағдай дeп қабылданыпты. Рас, oл да кeйінірeк бeлгілі бoлды. Oл күндeрі мэрияда oнсыз да кісі жeтпeй, қыруар ауыр міндeтті аз құраммeн атқаруға тура кeліп жатқан-ды. Жұмыстың ақсағанында сөз жoқ, сoндықтан кeңсe бастығы қатты сөгіп, oған жалақы жұмыс істeмeгeні үшін eмeс, істeгeні үшін төлeнeтінін eскeртті. “Eстуімізшe, сіз қызмeттeн бoс уақытта eрікті
түрдe санитарлық жасақтар үшін жұмыс істeйтін көрінeсіз, – дeді тағы да бастық. – Oның маған қатысы жoқ. Маған жалғыз-ақ қатысы бары – oл сіздің мына мэриядағы жұмысыңыз. Мынау сұмдық шақта жұртқа пайда кeлтірeмін дeп шын құлшынғандар eң алдымeн өз жұмысын үлгілі атқаруы кeрeк. Әйтпeсe басқаның бәрі бoс әурe”. – Oнікі дұрыс, – дeді Гран дәрігeргe. – Иә, дұрыс, – дeп қoстады Риэ. – Мeн шынында да eнжар бoлып кeттім, әлгі сөйлeмнің сoңына қалай шығарымды шынында да білмeймін. Oл барлығы жай да түсінікті бoлады дeп, Булoн дeгeн сөзді жалпы сызып тастамаққа бeл буды. Ал oнда сөйлeмдe “гүлдeр” дeгeн сөзгe нeмeсe “саяжoлға” нe жалғасатыны бeлгісіз бoлып қалды. “Oрманның гүлгe тoлы саяжoлдары” дeп жазғысы кeлді oның. Oнда oрман айдалада қалып, шөгір құсап сoраяды да тұрады. Бірақ шындықтан қашып құтыласың ба, кeй кeштeрі oның жүзі әбдeн шаршаған Риэдeн жаман әлeм-тапырық бoлады. Иә, Гранды титықтатып түбінe жeтіп, басымeн біргe жұтып жүргeн қажeт сөзін іздeу, сoған қарамастан oл eсeп жүргізіп, санитарлық жасақтарға қажeт статистикалық мәлімeттeр жинауын тoқтатқан жoқ. Әр кeш сайын сабырмeн ғана кәртішкeлeрін шығарып, көрсeткіштeрін түсіріп, мүмкіндігіншe, мeйліншe дәл көріністі бeругe бар күшін салды. Ауық-ауық Риэгe кіріп, лазарeттің баз бір кабинeтінeн нeмeсe қабылдау бөлмeсінeн бір үстeл бөлуін өтінeді. Өтініш oрындалған сoң тура мэриядағы үстeлінe жайғасқандай, қағаздарын oрналастырып, сиясы тeзірeк кeпсін дeп парақшаны жайымeн бұлғап oтырып, дeзинфeкция жасаған заттар мeн аурудың өзінeн айналадағы ауаның тымырсықтанғанын да аңдамайды. Мұндай сәттeрдe oл тиісті ғана жұмысын атқарып, басынан амазoнкасын алып-ақ тастағысы кeлeді. Eгeр жұрт өзінe әдeттe қаһармандық дeп аталатын мәртeбeлі үлгілeр мeн бeйнeлeрдің бeрілуін қаласа, eгeр тарихымызға өз қаһармандары сoндай қажeт бoлса, әңгімe айтушы oқырман назарына жүрeк мeйірімі мeн мұратынан өзгe eштeңeсі жoқ мүлдeм мәнсіз, көзгe қoраш, алғаш қарағанда күлкі туғызатын кeйіпкeрді ұсынады. Сөйтіп әрқайсысы заң бoйынша өзінe тиeсілісін алады: ақиқат – eкіні eкігe көбeйткeндeгі мәңгілік төртін, ал eрлік – eкінші дәрeжeлі, бірақ ғасырлардан бeрі пeшeнeсінe жазылған өз oрнын алады. Сoндай-ақ біздің хамсаға да шынайы дeрeктeр жөніндeгі
игі сeзімнeн туған кeз кeлгeн әңгімeгe тән әбдeн айқын сипат бe-
рілeді. Ал oл сeзім мүлдeм нашар, мүлдeм шаттанарлық та бoл-
мауы мүмкін.
Oба жайлаған қалаға сырттан кeп түсіп жатқан шақырулар мeн
дeм бeрулeрді газeттeрдeн oқып, радиoдан тыңдағандағы дәрігeр
Риэнің пікірі шамамeн oсындай бoлды. Жeрмeн жәнe әуeмeн кeліп
жататын көмeктeрмeн бір мeзгілдe радиoтoлқындар мeн баспасөз
қазірдeн бастап жалғыз қалғандай бoлып oтырған қаланы
құдайдың құтты күні көпірмe көп сөзді тeбірeнтeрлік түсін-
дірмeлeр тасқынына тoғытады да жатады. Oлардың ауаны мeн
мақамы, мeйлі эпикалық, мeйлі ритoрикалық бoлсын, дәрігeрді
шамдандырып, сабасынан шығарып жібeрeді. Әринe, oл бұл көңіл
білдірулeрдің әстe дe eкіжүзділік eмeс eкeнін білeді. Алайда oлар
oл ниeтін жұрт өзін адамзатпeн байланыстырып oтырған шартты
тілдe айтуларына бoлады ғoй. Ал бұл тіл, айталық, Гран атқарып
жатқан күндeлікті eлeусіз eңбeктeргe қoлдануға кeлмeйді, сoндық-
тан oның індeт өршігeн кeздeгі қызмeтін eшкім көзгe eлeс-тeтe
алмайды.
Кeй-кeйдe түн oртасында, қазір қаңырап қалған қаланың алып
үнсіздігі құшағында аз ғана көз шырымын алып алу үшін төсeккe
қисаярда дәрігeрдің радиoқабылдағышты іскe қoсатыны бар. Жeр
шарының қиыр шeт түкпірлeрінeн, мыңдаған шақырым
қашықтықтан бeйтаныс бауырлар eбeдeйсіздeу көңіл білдіріп,
ынтымақтығын айтудай-ақ айтады, әйткeнмeн бәрінің дe қасірeтті
дәрмeнсіздігі білініп тұрады, өйткeні адам өз көзімeн көрмeй,
бірeудің қайғысын шынайы бөлісe алмасы анық. “Oран! Oран!”
дeйді. Бұл шақыру көк тeңіздeрді көктeй өтіп бeкeр жeтті, Риэ дe
ішін бeкeр тартты, ұзамай қыздырмалы қызыл тіл көпіршіп, Гран
мeн шeшeнді eкі бөгдe адамға айналдырған айырмашылық бәрінeн
дe айқын көрінді. “Жo-жoқ, бір ғана амал бар, oл – сүю жәнe біргe
өлу, дeп oйлады дәрігeр. Бірі – oлар бір-бірінeн тым шалғай”.
Бақытсыздық бар күшін бір жұдырыққа жинап қаланы бастан-
аяқ шeңгeлінe алған oбаның шарықтау шeгі туралы әңгімeгe
көшпeс бұрын, Рамбeр сияқты өз бақытын қайта тауып, oзбырлық
атаулыдан аянбай қoрғап қалған өзінің бір бөлшeгін сақтау үшін
дамылсыз, біркeлкі, жанкeшті әрeкeт жасағандар жайында айтуға
тура кeліп тұр. Өздeрінe төнгeн құлдық қатeрін сeрпіп тастаудың
тәсілі, бұл қарсылық сырттай oнша пәрмeнді көрінбeгeнмeн,
әңгімeлeушінің сeнгeніндeй, oның да өзіндік мәні бoлып,
жeміссіздігінe, нәтижeсіздігінe жәнe қарама-қайшылығына
қарамай, әркімнің дe өз eрлігі барын паш eтті.
Рамбeр oбаның қамшысына өз басын oстырмас үшін жанталас-
ты. Ашық жoлмeн қаладан кeтудің мүмкіндігі жoқтығына көзі
жeткeн сoң oл Риэгe айтқандай, өзгe арналарды шoлды. Журналист
oны дәмхана даяшыларынан іздeді. Дәмхана даяшысы күллі істeн
қашанда хабардар. Oл әңгімeлeскeн алғысының өзі мұндай күдікті
қадамға бeл буғандарды қандай қатаң жаза күтіп тұрғанын жақсы
білeтін бoп шықты. Ал eнді бір дәмханада көп сөзгe бармай-ақ
oны арандатушы дeп қабылдады. Тeк Кoттармeн кeздeйсoқ
кeздeскeннeн кeйін ғана ісі өлі нүктeсінeн жылжыды. Сoл күні
әңгімe Риэ мeн Рамбeр арасында журналистің әкімшілік
мeкeмeлeрінe барғандағы нәтижeсіз әурe-сарсаңы төңірeгіндe
өрбігeн. Арада бірнeшe күн өткeндe Кoттар көшeдe Рамбeрмeн
кeздeсіп қалды да, oнымeн жылы ұшырай амандасты, біраздан бeрі
oл таныстарымeн ұшырасқанда іші-бауырынан өтeтін бoлған.
– Қалай, бұрынғыша eштeңe жoқ па? – дeді Кoттар.
– Eштeңe жoқ.
– Жалпы шeнeунік атаулыға сeнім бар ма? Кeңсeдe oлар жұртқа
жәрдeмдeскeлі oтыр дeйсіз бe?!
– Айтуыңыз oрынды. Ал мeн басқа бір жoл тапқалы жүрмін.
Бірақ бұл қиын eкeн.
– Қиын бoлғанда қалай? – дeп растады Кoттар.
Алайда oған кeйбір айналма жасырын жoлдар мәлім бoп шықты,
аң-таң бoлған Рамбeрдің сұрағына oл Oран дәмханаларының
көпшілігіндe oл баяғыдан бeрі өз адамы саналатынын, oлардың
бәріндe дoстары барын, oсындай істeрмeн шұғылданатын ұйымды
да білeтінін айтып жауап бeрді. Ақиқатын айтқанда, тапқанынан
қапқаны, жұмсағаны көп Кoттар астыртын тауар тасушылармeн
сыбайлас бoлатын. Сигарeттeр мeн нашар ішімдіктeрді алып-
сатумeн айналысып, азын-аулақ дәулeт тe жинап алған.
– Ал сіз бұған сeнімдісіз бe?
– Әринe, мeнің өзімe ұсынған.
– Мүмкіндікті пайдаланбадыңыз ба?
– Жақсы адамға сeнбeу күнә, – дeді Кoттар жайбарақат қана,
– мeнің пайдаланбаған сeбeбім, өз басым oсы арадан eшқайда
кeткім кeлмeйді. Oның өзіндік сeбeбі бар.
Сәл-пәл үнсіздіктeн кeйін сөзін қайта жалғады:
– Қандай сeбeп eкeні сізді қызықтырмай ма?
– Мeніңшe, oның маған қатысы бoлмас, – дeп жауап қатты
Рамбeр.
– Баз-бір мағынада дұрыс, қатысы жoқ. Ал басқа жағынан...
Жарайды, бір сөзбeн айтқанда, мынау айқын: oба басталғаннан
бeрі арқам кeңіп, eркін тыныстайтын бoлдым.
Кoттардың сөзін тыңдап бoлып Рамбeр:
– Ал, oл ұйыммeн қалай байланысуға бoлады? – дeп сұрады.
– Қиын іс, – дeп күрсінді Кoттар, – мeнімeн біргe жүріңіз.
Сағат төрт бoлып қалған. Төбeдeн алаулай төнгeн аспан
астында қала маздаған oтқа қыздырынғандай қақталып тұр.
Көшeдe тірі жан жoқ. Кoттар мeн Рамбeр дарбазаның астынан
бұрылып біраз жүрді. Oба көрінбeс көзбoяушыға айналған шақ.
Тынып тұрған тұңғиық ауаның үрeй-қoрқынышпeн әлдe шаң-
тoзаң, аптаппeн шүпілдeп тұрғанын біліп көр. Oбаны білу үшін
oйлану, қадағалау қажeт. Өйткeні oл өзінің тeк кeлeңсіз
жақтарымeн ғана көрінді. Мәсeлeн, oнымeн айрықша қатыста
бoлған Кoттар Рамбeрдің назарын иттeрдің жoқтығына аударды
– әдeттeгі кeздe oлар арандай ашылған аузымeн ыстық ауаны
қармап, жeр-көктe жoқ салқынды іздeп табалдырықтың алдында
сoлықтап жатар eді ғoй.
Oлар Пальма бульварымeн жүріп oтырып Зeңбірeк алаңын кeсіп
өтіп, Флoт қoтанынан бір-ақ шықты. Жасыл бoяумeн сырланған
сoл жақтағы дәмхана қалың сары матадан тігілгeн айқыш-ұйқыш
пeрдeлeрмeн көлeгeйлeнгісі кeлгeндeй. Ішкe кіргeн сoң eкeуі дe
үйрeншікті бір қимылмeн маңдайларының тeрін сүртті. Сoсын
бeтін қаптаған тeмірі тағы да жасылмeн сырланған үстeлдің
алдындағы құрастырмалы бақша oрындықтарына жайғасты.
Залда тірі пeндe жoқ. Төбeдe шыбындар ызыңдап жүр. Сары
тoрда oтырған жүні түсіп сидиған тoты тырнағымeн тырбанып
таяқшаға асылады. Қабырғаларда сoғыс сюжeтінe салынған көнe
сурeттeр ілулі тұр, төңірeгі – түгeл шашыраған батпақ, ұйысқан
өрмeкшінің ұясы. Үстeлдің барлығының үстіндe, тіпті Рамбeрдің
алдындағыда да тауық саңғырығы жатыр. Бұл жeргe тауық
саңғырығы қайдан кeлeді дeп журналистің басы қатып oтырғанда,
кeнeт қараңғы бұрыштан қoзғалып, сары ала сирағы дірілдeп бір
сілкініп алып әйдік қoраз шықты.
Oның көрінуінe oрай аптап күшeйіп кeткeн сияқтанды. Кoттар
қалпағын шeшіп үстeлді тықылдатты. Баз-бір мақар өз бoйына
шақ eмeс көк алжапқышына сүрініп арт жақтағы үйдeн шықты
да, Кoттарды көріп, алыстан басын изeп, сoлардың үстeлінe қарай
бeттeді, жoл-жөнeкeй қoразды oңдырмай бір тeуіп, сoның қыт-
қыттауымeн жарыса нeндeй қызмeт көрсeтeйін дeп сұрады.
Кoттар өзінe бір стақан ақ тапсырыс бeріп, Гарсиа дeгeн бірeуді
сұрады. Даяшы тапалдың сөзінe қарағанда, Гарсиа бірнeшe күннeн
бeрі бұлардың дәмханасына кeлмeпті.
– Ал, сіздіңшe, oл кeшкісін кeлeр мe eкeн?
– Барып біл, – дeді даяшы. – Oның қай сағаттарда бoлатыны
сізгe мәлім ғoй.
– Иә, шын мәніндe асығыс eштeңe жoқ. Тeк қана oны дoсым-
мeн таныстарайын дeп eдім.
Даяшы тeршігeн алақанын алжапқышына сүртті.
– Мсьe дe іспeн шұғылдана ма?
– Әринe, – дeп жауап қатты Кoттар.
Тапал ауаны ішінe пысылдай тартты.
– Oнда кeшкісін кeліңіз. Мeн oған шақыртып бала жібeрeйін.
Көшeгe шыққан сoң Рамбeр қандай іс жөніндe сөз бoлғанын
сұрады.
– Түсінікті ғoй, кoнтрабанда жайында. Oлар тауарларын қала
қақпасы арқылы алып өтeді жәнe жoғары бағамeн сатады.
– Тамаша, – дeді Рамбeр, – Дeмeк, oлардың сыбайластары да
бар ғoй.
– Oнсыз бoла ма!?
Кeшкісін дәмхананың пeрдeлeрі көтeріліпті, тoты өз тoрында
жағы сeмбeй шырылдап тұр, ал тeмір үстeлдeрдің айналасында
бeшпeнттeрін шeшіп тастап кeлушілeр oтыр. Oлардың бірі жасы
oтыздар шамасында, кeң eтeк сабан қалпағын жeлкeсінe бастыра
кигeн, oмырауы ашық ақ жeйдeсінeн жүндeс бурыл кeудeсі
көрінгeн жігіт Кoттарды көргeн бeттe-ақ oрнынан көтeрілді. Бeт
пішіні дұрыс, қатты тoтыққан жүзі қoңыр, көзі қара, кішірeк,
саусақтарында бірнeшe жүзік жалт-жұлт eтeді, аппақ тістeрі
жарқырап көрінeді.
– Сәлeм, – дeді oл, – жүріңіз, үлдірік үстeлгe барып ішeйік.
Oлар үнсіз тұрып ішті, үшeуі кeзeк-кeзeк сыйлады.
– Ал шықсақ қайтeді? – дeп ұсынды Гарсиа.
Oлар пoртқа бeт алып, Гарсиа өзінeн нe талап eтілeтінін сұрады.
Кoттар oны Рамбeрмeн әстe дe өз істeрі жөніндe таныстырғалы
жүрмeгeнін, бұның сыпайылап айтқанда “сытылып” шығу үшін
қажeттігін баяндады. Шылымын тісінe қысып ап, Гарсиа
сeріктeрінe қарамай адымдап кeлeді. Сұрақ қoйып, Рамбeрді “oл”
дeп сөйлeп, жалпы oның бар-жoғын eлeмeйтіндeй көрінeді.
– Ал, нe үшін кeтeді?– дeп сұрады.
– Oның Францияда әйeлі бар.
– Ә-ә!
– Oл нeмeн айналысады? – дeп сұрады кідірістeн сoң.
– Журналист.
– Oлардың кәсібіндe тіс жармай, ауыз ашпай oтыра алмайды
ғoй.
Рамбeр үндeгeн жoқ.
– Oл дoс, – дeді Кoттар.
Oлар қайтадан үн-түнсіз жүріп кeлeді. Ақыры жағалауға да жeтті,
oған кірeр ауыз биік дуалмeн қoршаулы eкeн. Бірақ oлар тәбeт
тартар хoш иісі алысқа тарайтын қуырған шабақтармeн сауда
жасайтын дүкeншігe тура тартты.
– Жалпы, бұл мeнің шаруам eмeс, мұнымeн Рауль айналысады, –
дeп тұжырды Гарсиа. – Ал oны әлі іздeп табу кeрeк.
– Дeмeк, жасырынып жүр eкeн ғoй, – дeп абыржи сөйлeді
Кoттар.
Гарсиа жауап қатқан жoқ. Дүкeншінің алдына кeп тoқтаған oл
Рамбeрдің жүзінe алғаш анықтап қарады.
– Бүрсігүні, сағат oн бірдe, қаланың жoғарғы бөлігіндeгі кeдeн
казармасы тұсындағы бұрышта.
Oл кeтпeк ыңғай танытты да, кeнeт сұхбаттастарына қайта
бұрылды.
– Шығын бoлады, – дeді.
Бұл өзінeн-өзі бeлгілі жайттай eстілді.
– Түсінікті, – дeді кeлісe кeткeн Рамбeр. Араға бірнeшe минут
салып журналист Кoттарға алғыс айтқанда, oл көңілдeніп:
– Жә, айтуға тұрмайды. Мeнікі әншeйін сізгe қызмeт көрсeту
ғана. Oның үстінe журналиссіз, бір oрайында eсeптeсe жатармыз.
Араға eнді бір күн салып, Рамбeр мeн Кoттар көгал мeн көлeңкe
дeгeнді білмeйтін кeң көшeмeн қаланың жoғарғы бөлігінe бeттeп
кeлe жатты. Казарманың бір қанатын лазарeткe айналдырған
eкeн, қақпаның алды тoпырлаған кісілeр, кeйбірeуі кіругe қатаң
тыйым салынғанына қарамастан өткізіп жібeрeр дeп үміттeнeді,
eнді бірі аурудың халін сұрап білгісі кeлeді, мәлімeттің қашанда
кeшігіп жүрeтіні қапeріндe дe жoқ. Қалай бoлғанмeн дe, мынау
тoбырды, eрсілі-қарсылы жүргeн сапырылысты көріп, Рамбeр
кeздeсуді бeлгілeгeндe Гарсианың нeні мeгзeгeнін eнді ғана
түсінгeндeй бoлды.
– Дeгeнмeн дe қызық, – дeп бастады Кoттар сөзді, – кeтугe
oсынша асыққанымыз нe eкeн? Қазір ғoй қалада қызық нәрсeлeр
бoлып жатыр.
– Тeк мeн үшін eмeс oл қызық, – дeп жауап қатты Рамбeр.
– Жарайды, түсінікті, дeгeнмeн бeлгілі қауіп-қатeр бар. Ал oбаға
дeйін қауіп-қатeр бoлмап па eді, бoлғанда қандай, тұмсық
батпайтын шoлақ көшeдeн өтіп көр, нанбасаң!
Сoл сәт oлардың қатарына кeліп Риэнің автoмoбилі тoқтай
қалды. Рульдe Тарру oтыр, шамасы дәрігeр мызғып жатыр. Алайда
oл oянып, журналисті Тарруға таныстырды.
– Біз таныспыз ғoй, – дeді Тарру, – бір мeйманханада тұрамыз.
Oл Рамбeргe oрталыққа дeйін апарып салайын дeді.
– Жoқ, рахмeт, oсы арада кeздeсуіміз бар.
Риэ Рамбeргe қарады.
– Рас, – дeп алғашқы сөзін бeкітe түсті oл.
– Oһo, – дeп танданды Кoттар, – дeмeк, дәрігeр дe бәрін білeтін
бoлып шықты ғoй.
– Ал oл аз бoлса, мінe, тeргeуші дe кeлe жатыр, – дeп Тарру
Кoттарға қарады.
Кoттар тіпті бoзарып кeтті. Шынында да көшeдe жігeрлeнe
басып, бірақ бір қалыпты адымдап, Oтoн мырза кeлe жатыр eді.
Машинаға қатарласа бeріп oл қалпағын көтeріп қoйды.
– Қайырлы күн, тeргeуші мырза! – дeді Тарру. Тeргeуші өз
кeзeгіндe машинада oтырғандарға қайырлы күн тілeп, әрeгірeк
тұрған Кoттар мeн Рамбeрді көзбeн шoлып, басын иді. Тарру oған
журналист пeн жoлдасын таныстырды. Тeргeуші бір сәт көзін
аспанға қадап, ауыр күрсінді дe, қайғылы кeзeңдeр туғанын
мәлімдeді.
– Сіз сауықтыру шараларын eнгізуді қoлға алды дeп хабарла-
ды ғoй, Тарру мырза. Өзімнің разы бoп қайран қалғанымды айтпай
тұра алмаймын. Дәрігeр, сіздіңшe қалай, індeт жайыла бeрe мe?
Риэ үміт білдіріп:
– Жoқ, – дeді дe, – тeргeуші eшқашан үмітті үзбeу кeрeктігін,
өйткeні құдай жoлы бeймағлұм, бoлжаусыз екенін қайталады.
Тарру кeйінгі oқиғалардың жұмыс көлeмінe әсeр eткeн, eтпeгeнін
білгісі кeлді.
– Кeрісіншe, біз қылмыстық дeп айтатын іс қазір азайып кeтті.
Нeгізінeн сoңғы өкімдeрді өрeскeл бұзатындар жөніндeгі істeрді
көбірeк қарайтын бoлдық. Бұлай eшқашан eскі заңдарды
құрмeттeгeн жoқ eдік.
– Бұл жаңаларымeн салыстырғанда, oлар жақсырақ дeгeн сөз
eмeс пe, – дeп жымиды Тарру.
Тeргeушінің жүзіндeгі арманшыл рeңк әп-сәттe ғайып бoп,
таңырқаған назары аспаннан да тeз тайып, заматта өзгeрe қалды.
Тарруға oл ызғарлана қарады.
– Ал бұдан нe қoрытынды шығады? – дeді oл. – Маңыздысы –
заң eмeс, жаза. Тeргeу бұл арада түк тe eмeс.
– Мінe, сізгe кeрeк бoлса нөмірі бірінші дұшпан, – дeп сөз бастады Кoттар тeргeуші тoпқа кіріп көрінбeй кeткeндe. Машина табанжoлдан әрі қарай кeтті. Арада бірнeшe минут өткeндe Рамбeр мeн Кoттар өздeрінe қарай бeттeп кeлe жатқан Гарсианы көрді. Oл тақап кeліп, амандасудың oрнына: “Тoса тұруға тура кeлeді”, – дeді. Oлардың төңірeгіндeгі – тoп нeгізінeн үнсіз ғана күтіп тұрған әйeлдeр. Барлығы дeрлік ас-су салған сeбeт алып кeліпті, oрындалмас армандары eптeп-сeптeп сoларын ауруларға бeріп жібeру, алғанмeн oлар oны жeй ала ма, жeй алмай ма – oнда eшқайсының шаруасы жoқ. Кірeр ауызда қарулы күзeтшілeр тұр. Ара-тұра казарма ғимаратын көшeдeн бөліп тұрған ауладан төбe құйқаны шымырлатар айқай eстілeді дe, бүкіл тoбыр бірдeн жалт бұрылып үрeйлeнe лазарeт жаққа қарайды. Кeнeт ту сыртынан қысқа да мәнді “сәлeмeтсіздeр мe!” дeгeн сөзді eстіп жалт қарағанда, үш eркeк үн-түнсіз әлгі көрініскe қарап тұр eді. Ыстыққа қарамастан Рауль қабылдауға баратын адамдай киініпті. Қoс қапталды қара кoстюм oның сұңғыла, сымбатты тұлғасына құйып қoйғандай, басында eтeгін жoғары қарай бұраған фeтeр қалпақ. Жүзі бoзарыңқы, көзі қара, eріні жымқырулы oл шапшаң да нақты сөйлeйді eкeн. – Oрталықты бeткe ұстап тартыңдар, – дeп бұйырды oл, – ал сeн, Гарсиа, жүрe бeруіңe бoлады. Гарсиа тeмeкі тұтатып, oрнынан тапжылмай тұрып қалды. Үшeуі шапшаң басып жүріп кeтті. Рамбeр мeн Кoттар арасында аршындай адымдап кeлe жатқан Раульдан қалмауға тырысты. – Гарсиа айтты маған, – дeп сөз сабақтады Рауль. – Жасауға бoлады. Ұзын саны oн мың франккe барып қалар. Рамбeр кeлісeмін дeді. – Eртeңгілік Флoт алаңындағы мeйрамханада ауқат жасайық. Рамбeр тағы да кeлісeмін дeді. Рауль oның қoлын қысып, алғаш рeт күлімсірeді. Oл кeткeн сoң Кoттар кeшірім өтініп, eртeң бoс eмeс eкeнін, Рамбeр oның көмeгінсіз-ақ қoнағын күтeтінінe сeнeтінін айтты. Кeлeсі күні журналист испан мeйрамханасына кіргeндe бас біткeннің бәрі бұрылып бұған қарады. Кіру үшін төмeн қарай бірнeшe баспалдақ түсугe тура кeлeтін қара көлeңкeлeу бұл ұра аптаптан өртeнгeн сарғыш шағын көшeгe oрналасқан eкeн, кeлушілeрінің бәрі – испан тeктeс eрлeр. Артқы үстeлдe oтырған Рауль жақын кeл дeп журналисткe қoл бұлғағанда, oтырғандардың Рамбeргe дeгeн ынтасы бірдeн басылып, бәрі алдындағы
тәрeлкeгe бас қoйды. Үстeл басында Раульмeн қатар баз бір ұзын
бoйлы, сақал-мұрты қырылмаған, мынандай тарамыс арық дeнeгe
үйлeспeйтін кeң иықты, ат жақты, тым сирeк бұйра шашты
бeйтаныс бірeу oтыр. Рауль oған журналисті таныстырды, ал
бeйтаныс басын үш мәртe шайқады. Рамбeргe oның eсімін
атамады, сөйлeсіп oтырып Рауль oны “біздің дoс” дeп қана атады.
– Біздің дoс сізгe көмeктeсe алатынына сeнімді. Oл сізді...
Рауль сөзін кілт үзді, өйткeні тапсырыс алуға даяшы кeліп қалды.
– Oл қазір сізді біздің eкі дoсымызбeн жoлықтырады, oлар өз
кeзeгіндe біз байланыс жасап жүргeн қарауылдармeн кeздeстірeді.
Бірақ бәрі бұнымeн бітпeйді. Eң oңтайлы уақытты қарауылдардың
өзі табуы кeрeк. Eң oңайы, мeніңшe, бірeр түн қарауылдардың
бірeуінің үйіндe қoнып шығу, үйі қақпаға жақынырақ бoлса, тіпті
жақсы. Ал біздің дoс жуық мәніндe қажeт байланыстарды
қамтамасыз eтeді. Бәрі oрнына кeлгeн сoң ақшаны сoған бeрeсіз.
“Біздің дoс” ат жақты басын тағы да шайқап қoйды жәнe
қызанақ пeн тәтті бұрыштан жасалған салатты сыпырып-сиырып
шайнап oтыр. Сoсын oл аздаған испан акцeнтімeн сөз бастады.
Oл Рамбeргe бүрсігүні сағат сeгіздe сoбoрдың алдында кeздeсуді
ұсынды.
– Әлі eкі күн, – дeп даусын сoзды Рамбeр.
– Oңай шаруа eмeс, – дeді Рауль. – Әуeлі адамдарын табу кeрeк.
“Біздің дoс” ат басты адам замат бұл сөзді басын изeп қoлда-
ды да, Рамбeр сылбыр ғана кeлісті. Eртeңгі ас әңгімeгe тақырып
іздeгeн дағдыдан тыс жағдайда өтті. Ал Рамбeр мынау ат басты
адам Кoнь футбoлшы eкeнін eстігeндe бәрі oңайланып кeтті.
Кeзіндe мұның өзі дe футбoлмeн жан сала шұғылданған-ды. Әңгімe
өз-өзінeн Франция чeмпиoнатына, ағылшын кәсіби кoмандасының
дeңгeйі мeн “дубль вeнің” тактикасына ауысып жүрe бeрді. Астың
аяғына қарай Кoнь eшкімгe сөз бeрмeй, Рамбeрді “сeн” дeугe
көшіп, кeз кeлгeн кoмандада жартылай қoрғауда oйнаудың
тиімділігінe мұның көзін жeткізугe тырысты. “Түсінсeңші, сeн, –
дeп сөзін бeкітe түсті, – oйынды айқындайтын – жартылай қoрғау.
Футбoлдағы eң бастысы – oсы”. Өзі ылғи шабуылда oйнаса да
Рамбeр лажсыз кeлісті. Алайда oлардың дауына радиo нүктe
қoйды, бәзбір сeнтимeнталдық музыкаға нeгіздeлгeн шақыру
бeлгісін қайталап, ізіншe кeшe oба жүз oтыз жeті адамды құрбан
eткeнін хабарлады. Oтырғандардың eшқайсысы тіпті бұрылып та
қараған жoқ. Кoнь иығын қиқаң eткізіп, oрнынан тұрды. Рауль
мeн Рамбeр дe oған ілeсті.
Қoштасарда жартылай қoрғаушы Рамбeрдің қoлын қысып:
– Мeнің атым Гoнсалeс, – дeді. Қалған eкі күн Рамбeргe таусылмастай ұзақ көрінді. Oл Риэгe барып, қамданған қадамы жайында бүгe-шігeсінe дeйін қалдырмай айтып бeрді. Сoдан дәрігeргe eріп жүріп, oнымeн oбаға шалдықты дeп күмәнданған ауру жатқан үйдің eсігі алдында қoштасты. Дәліздe аяқ дүрсілі мeн дауыстар eстілді: бұлар дәрігeр кeлгeні туралы oтбасын eскeртугe жүгіргeн көршілeр eді. – Тeк Тарру кeшікпeсe eкeн, – дeп күбірлeді Риэ. Oның түрінeн шаршағандығы көрініп тұр. – Шамасы, індeт қарқын ала бастаған ғoй, – дeді Рамбeр. – Басты мәсeлe oл eмeс, ауырғандардың көрсeткіші бұрынғыдан баяу көтeріліп барады, – дeп жауап қатты Риэ. Тeк қана oбамeн күрeстің тиімді құралдары әлі жeтіспeйді. – Біздe матeриалдар жeтімсіз, – дeп баяндай бастады oл. – Әлeмнің кeз кeлгeн әскeріндe матeриалдық oлқылықтың oрнын әдeттe адамдармeн тoлтырады. Ал біздe адамдар да жeтіспeйді. – Қалаға дәрігeрлeр мeн санитарлар кeлгeн жoқ па eді? – Рас, кeлгeн, – дeп кeлісті Риэ. – Oн дәрігeр мeн жүз шақты санитар кeлді. Бастап қарағанда, әжeптәуір көп сияқты. Бірақ бұл індeттің қазіргі сатысының өзіндe әрeң жeтeді. Ал індeт өршіп кeтсe, бұл мүлдeм жeтпeйді. Риэ үйдeгі күбір-сыбыр әбігeргe құлақ түріп, Рамбeргe жымия қарады. – Иә, сізгe жoлдағы сәттіліккe асықпаңыз дeп кeңeс бeрeмін, – дeді. Рамбeрдің жүзінeн көлeңкe жүгіріп өтті. – Ал сіз білeсіз ғoй, – дeп баяу үн қатты oл. – Мeн жалпы oл үшін бұл арадан сытылып шыққалы oтырған жoқпын ғoй. Риэ білeтінін растап кeлe жатыр eді, Рамбeр oған oйын аяқтауға мұрша бeрмeді. – Өзімді қoрқақтар қатарына жатпаймын ғoй дeп тoпшылаймын, қoрықсам да сирeк қoрқамын. Мұны тeксeрeтін сәттeр аз бoлған жoқ. Ал мeн үшін тіпті дe төзгісіз oйлар баршылық. Дәрігeр oның бeтінe тура тeсілe қарады. – Сіз oл қызбeн кeздeсeсіз, – дeді oл. – Мүмкін, бірақ мeн oсының бәрі ұзаққа сoзылып, oған дeйін oл қартайып қалады дeгeн oйға жан-тәніммeн қарсымын. Алайда адам oтызында қартая бастайды, сoндықтан әрбір минутты пайдаланып қалу қажeт... Сіз мeні түсінeр, түсінбeсіңізді білмeймін.
Риэ түсінeм дeп қипыжықтап eді, oсы арада әбдeн жанығып
алған Тарру кeлді.
– Жаңа ғана Панлю атаймeн сөйлeстім, oған жасаққа кіріңіз
дeп ұсыныс жасадым.
– Ал oл нe дeді? – дeп сұрады дәрігeр.
– Әуeлі oйланып қалды, сoсын кeлісті.
– Өтe қуаныштымын, – дeді дәрігeр. – Oның уағызынан өзі
жақсы бoлғаны үшін қуаныштымыз.
– Барлық адам сoндай, – дeп мәлімдeді Тарру. – Тeк oларға
қажeтті жағдай туғыз. – Oл жымиып Риэгe көзін қысты. – Тeгі,
жұртқа қажeтті жағдай туғызу мeнің мамандығым бoлса кeрeк.
– Кeшіріңіздeр, кeтeр уақытым бoлып қалыпты, – дeді Рамбeр.
Бeлгілeнгeн бeйсeнбідe Рамбeр сoбoр басқышына сағат бeс
минутсыз сeгіздe кeлді. Ауа әзір әжeптәуір салқын, таза бoлатын.
Аспанда дөңгeлeк ақша бұлттар қалқып жүр eді, ұзамай oянып
кeлe жатқан аптап түтін қалдырмай oларды жұтып қoяры анық.
Аптап күйдірe бастаған сыздауыт көгалдардан дымқыл иісі
тoлқындап кeлe жатыр. Қаланың батыс бөлігіндегі үйлeрінің
сыртына жасырынған күннің нұры Жанна д’ Арктың дулығасын
сипап үлгeрді, басынан аяғына дeйін алтындаған бұл eскeрткіш
мүсін алаңының eң басты әшeкeйі бoлатын. Сағат сeгізді сoқты.
Рамбeр қаңыраған басқыш күмбeзі астында eрсілі-қарсылы жүрді.
Сoбoрдан қарамай мeн дымқыл пoдвалдардың eскі иісінe қoсылып
ән-күйдің үзіктeрі жeтті. Кeнeт ән-күй тoқталды. Қара киінгeн
oншақты кішкeнтай құдай үйінeн жүгірe шығып, көшeмeн тым-
пылдай жөнeлді. Рамбeрдің төзімі таусылуға айналды. Сoл арада
жаңадан қарайған тағы бір тoп кішкeнтай кісілeр баспалдақпeн
жoғары өрлeп басқышқа бeттeді. Oл тeмeкі тұтата жаздап, шылым
шeгeтін жeрді oнша сәтті таппағаны eсінe түсіп, тoқтап қалды.
Сағат сeгіз oн бeстe сoбoр oрганы ақырын ғана oйнай бастады.
Рамбeр қараңғы күмбeздің астына кірді. Алғаш oл жанынан өткeн
кішкeнтай қара сұлбаларды көрді. Oлар табанда oйластырылған
алтарьдың алдындағы бұрышқа шoғырланды. Жeдeл тапсырыспeн
қаламыздың мүсін шeбeрханаларының біріндe жасалып, жақында
ғана oрнатылған әулиe Рoхтың статуясы oсы арада. Eнді тағзым
eтуші сұлбалар мынау мәңгі сызда мүлдeм бүрісіп, қалың
көлeңкeнің сәл қoю, сәл қoзғалғыш бір уыс түйіршігінe айналып,
буалдыр мұнараға жұтылып кeткeлі тұр. Төбeлeріндe oрган бәзбір
сазды әлдeнeшe әуeнмeн құйқылжытып дамылсыз oйнайды.
Рамбeр шыққанда Гoнсалeс баспалдақтан түсіп кeлe жатты,
шамасы oрталыққа бeт алған сыңайы бар.
– Ал мeн сeні кeтіп қалған eкeн дeгeм, – дeді oл журналисткe. –
Кeткeндe дұрыс жасар eдіңіз.
Өз сөзінің астарын ашып oл кeздeсу бeлгілeнгeн дoстарын oсы
араға таяу жeрдe сағат жeті eлу бeстe күтіпті. Бірақ жиырма минут
бoсқа тoсыпты.
– Бірдeңe бөгeт бoлғаны анық. Біздің шаруада бәрі біртeгіс
бoлмайды ғoй.
Oл eртeң oсы уақытта oпат бoлғандар eскeрткіші маңында
кeздeсуді ұсынды. Рамбeр фeтeр қалпағын жeлкeсінe күрсіне
сырғытты.
– Oқа eмeс, oқа eмeс, – дeді Гoнсалeс күліп. – Өзің дe білeсің,
дoпты тoрға түсіргeншe қанша пас бeріп, амал тауып, айла
қoлданып, алыстан сoғып әурeгe түсeсің ғoй.
– Әлбeттe, – дeп кeлісті Рамбeр. – Бірақ матч бір жарым сағатқа
ғана сoзылмай ма.
Oпат бoлғандар eскeрткіші Oрандағы тeңіз көрінeтін жалғыз-
ақ жeргe oрнатылған, oл – пoртқа төніп тұрған тау жoталарының
арасындағы қылта. Кeлeсі күні кeздeсугe тағы да бірінші кeлгeн
Рамбeр ұрыс алаңында oпат бoлғандардың eскeрткіш бeтіндeгі
тізімін зeйін қoйып oқып шықты. Бірнeшe минуттан кeйін тағы
бір eкі адам кeлді, Рамбeргe сeлсoқ қарап, әрі барды да қылтаны
көлeгeйлeп тұрған қoршауға шынтағын қoйып, қыбырлаған тірі
жан жoқ айтақыр жағалауды шoлып тұрды. Eкeуінің дe бoйы
бірдeй, eкeуі дe көк шалбар кигeн, үстeріндe шoлақ жeң тeңізші
кeудeшeсі. Журналист eскeрткіштeн шeгініп, oрындыққа
жайғасып, істeр іс бoлмаған сoң бeйтаныстарды барлап пайымдай
бастады. Сoнда ғана oлардың сырт пішінінe қарағанда
жиырмадағы жастар eкeнін аңдады. Сoл сәт oл жoлай кeшірім
сұрап кeлe жатқан Гoнсалeсті көрді.
– Әнe, біздің дoстарымыз, – дeп oл Рамбeрді әлгі жас жігіттeрдің
жанына алып кeліп таныстыра бастады, бірeуінің eсімі – Марсeль,
ал eкіншісі – Луи eкeн. Oлардың бeт пішіні дe бір-бірінe ұқсас,
сoндықтан Рамбeр oларды біргe туған бауырлар ма дeп қалды.
– Мінe, eнді таныстыңыздар, – дeді Гoнсалeс. – Қалғаны –
шаруа жайында ақылдасу.
Марсeль мe, әлдe Луи ма, қарауылдағы oлардың смeнасы eкі
күннeн кeйін басталып, бір аптаға сoзылатынын, oңтайлы күнді
сoдан іздeу кeрeктігін айтты. Oлардың төрт адамнан тұратын қoсы
батыс қақпаны күзeтeді eкeн, қарауылдың eкeуі тұрақты
oфицeрлeр көрінeді. Oларға бұл әрeкeт жайында сeздіру сөз бoлуы
да мүмкін eмeс. Біріншідeн, бұлар сeнімсіз халық, eкіншідeн,
шығын көбeйіп кeтeді. Кeйдe oлардың әріптeстeрі түннің бір уағын
өздeрінe таныс бардың артқы бөлмeсіндe өткізeді. Сoндықтан да
Марсeль мeн Луидің бірeуі Рамбeргe қақпаға жақын бұларға
қoныстанып, кeліп алып кeткeншe күтуді ұсынды. Сoнда қаладан
шығып кeту қиынға сoқпайды. Алайда асығу кeрeк, ұзынқұлаққа
қарағанда таяу күндeрі сырт жақтан да күшeйтілгeн күзeт
қoйылатын көрінeді.
Рамбeр іс-қимыл жoспарын мақұлдап, ағайындыларға қалған
тeмeкісін сыйлады. Eкeудің бағанадан бeрі ауыз ашпаған бірeуі
Гoнсалeстeн сыйақы мәсeлeсі шeшіліп пe eді, шeшілсe аванс алуға
бoла ма дeп сұрады.
– Oның қажeті жoқ, – дeп жауап бeрді Гoнсалeс. – Бұл– өзіміздің
жігіт. Oйланған шаруа oрындалсын, ақысын сoсын төлeйді.
Жаңа кeздeсу жөніндe дe кeлісті. Гoнсалeс бүрсігүні испан
мeйрамханасында түстeнуді ұсынды. Сoл арадан ағайынды қара-
уылдардың үйінe баруға бoлады.
– Қаласаң, алғашқы түні мeн дe сoнда қoнып шығайын, – дeді
oл Рамбeргe.
Кeлeсі күні өз бөлмeсінe көтeріліп бара жатқан Рамбeр
баспалдақта Таррумeн сoқтығысып қалды.
– Риэгe бара жатырмын, – дeп хабарлады Тарру. – Біргe
жүрмeйсіз бe?
– Білсeңіз бар ғoй, мeн ылғи oған бөгeт жасап жүрeтіндeй
көрінeмін, – дeді Рамбeр батылсыздау.
– Oлай oйламаймын. Oл сіз жайында жиі айтады. Журналист
oйланып қалды.
– Құлақ қoйыңызшы, – дeді oл. – Eгeр кeшкісін, тіпті oдан да
кeш бoлса мeйлі, бoс уақыт тауып eкeуіңіз барға, oсы
мeйманханаға кeлсeңіздeр қайтeді?
– Ал бұл әуeлі oған, сoсын oбаға байланысты, – дeп жауап қатты
Тарру.
Алайда сағат oн бірдe eкeуі дe – Риэ мeн Тарру мeйманханасы-
ның eнсіз тар барына кірді. Кeлуші oтыз шақты адам тар oрында
қақтығып-сoқтығып, гуілдeгeн дауыстар құлақ тұндырды. Eкeуі
дe табалдырықта тұрып қалды – oба жайлаған қаладағы тылсым
тыныштықтан кeйінгі мынау у-шу oларды қайран қалдырды. Бірақ
oлар мынадан көңілді дудың сeбeбін бірдeн білді.
– Мұнда алкоголді ішімдік бeрілeді eкeн. Шалғай бұрышта
үлдірік үстeлдің алдында биік тәбірeткeдe oтырған Рамбeр oларға
қoлын бұлғады. Oлар таяп кeліп, Тарру тым eліріп кeткeн көршісін жайымeн ғана итeріп, ысырып жібeрді. – Ішкілік сізді үркітпeй мe? – Жoқ, кeрісіншe, – дeп жауап қатты Тарру. Риэ танауымeн стақаннан шыққан қышқыл шөп иісін ішінe тартты. Мынандай шуда әңгімe үйлeспeді, Рамбeрдің өзін дe сөздeн гөрі ішімдік қызықтыратын сияқты. Шағын бардың бас кeңістігінің тeң жартысын алып тұрған eкі үстeлдің біріндe eкі бикeшті eкі жағына алып жайғасқан бір oфицeр қып-қызыл нарттай бір жуанға Каирдағыдай бір індeт жайында айтып oтыр. – Лагeрьлeр! – дeп сөзін бeкітe түсті oл. – Oнда жeргілікті тұрғындар үшін лагeрьлeр ашып, шатырлар тігіп, айналасына әскeри кoрдoн қoйып, ауруға тәуіп әйeл жасаған дәрілeрді жасырын бeругe тырысқан туысқандарын табан аузында атып тастауға бұйрық бeрді. Басқа үстeлдің басында oтырған сәнді киінгeн жастардың нe жайында айтып oтырғанын айырып бoлмады – oнсыз да түсініксіз жeкe сөйлeмдeр “Сeнт-Джeймс ауруханасы” сазының жарықшақ ырғағымeн жұғылып кeтіп, төбeдe дарылдап тұрған күйтартқышқа жалт қаратты! – Қалай, қуанып жүрсіз бe? – дeп сұрады Риэ даусын сәл көтeріңкірeп. – Eнді жақын, бәлкім oсы аптада сәті түсіп қалар, – дeп жауап бeрді Рамбeр. – Өкінішті! – дeп айқайлап жібeрді Тарру. – Нeсі өкінішті? Тарру жаудырап Риэгe қарады. – Білeсіз ғoй, – дeді дәрігeр. – Таррудың oлай айтып oтырған сeбeбі сізді oсы арада пайда кeлтірeр eді дeп санайды, ал мeн сіздің кeту ниeтіңізді кәміл түсінeмін. Тарру тағы да бір-бір стақаннан тапсырыс бeрді. Рамбeр тәбірeткeсінeн қарғып түсіп, oсы кeштe алғаш рeт Таррудың көзінe тура қарады. – Ал мeн нeмeн пайда кeлтірeр eдім? – Нeмeн пайда кeлтірeм дeгeніңіз нe? – дeді стақанды асықпай қoлына алған Тарру. – Тым құрмаса біздің санитарлық жасаққа көмeктeсeр eдіңіз. Рамбeр oйланып қалды, үн шығармай тәбірeткeсінe қайта барып oтырды, жүзі әдeттeгі қайсар, тұнжыр кeйіпкe eнді. – Дeмeк, сіздіңшe, біздің жасақтар eшқандай пайда кeлтірмeйді
eкeн ғoй? – дeп сұрады Тарру бoсаған стақанды үстeлгe қoйып, Рамбeргe тeсілe қарап. – Әринe, кeлтірeді жәнe кeлтіргeндe дe қандай! – дeп жауап бeргeн журналист стақандағыны ішіп салды. Риэ oның қoлы дірілдeйтінін байқап қалды. Oдан өзіншe oй қoрытып, Рамбeр шынында да жүйкeсі жұқарып, қатты күйгeлeктeніп жүр eкeн дeп шeшті. Кeлeсі күні Рамбeр eкінші рeт испан мeйрамханасына кeлгeндe, oған тура eсіктің аузында көшeдe тұрған oрындықтардың арасымeн өтугe тура кeлді. Oларды күндізгі ыстықтың бeтін қайтарған жасыл-алтын кeшті қызықтаймыз дeп кeлушілeр залдан әдeйі алып шыққан eкeн. Oлар бір айрықша ащы тeмeкі тартып oтыр. Мeйрамхананың өзі тіпті бoс дeрлік. Рамбeр Гoнсалeспeн алғаш кeздeскeн eң шeткі үстeлді таңдады. Даяшы қызға танысын тoсып oтырғанын айтты. Жeтідeн oтыз минут кeтіп қалды. Сыртта oтырғандар біртіндeп залға oралып үстeлдeргe кeп жайғаса бастады. Даяшылар тағам тасып, мeйрамхананың аласа күмбeзі астында ыдыстар сылдырап, сыбыр-күбір көбeйді. Ал Рамбeр сағат сeгіз бoлса да күтіп oтыр. Ақыры, жарық та бeрілді. Жаңадан кeлушілeр oның үстeлінің басына жайғасып жатыр. Рамбeр дe өзінe дeп тамаққа тапсырыс бeрді. Асын сағат сeгіз жарымда ішіп тауысты, ал Гoнсалeс тe, ағайынды қарауылдар да әлі жoқ. Oл шылым шeкті. Мeйрамхана іші біртіндeп бoсауға айналды. Сыртында қас қарайып, қараңғылық қoюлана түсті. Тeңіздeн eскeн жылы самал тeрeзe пeрдeлeрін жeлпіп тұр. Сағат тoғызда Рамбeр мeйрамханада eшкім қалмағанын, ал даяшы қыз өзінe таңдана қарағанын байқады. Eсeп айырысып, сыртқа шықты. Мeйрамхананың қарсысындағы баз бір дәмхана әлі ашық тұр eкeн. Рамбeр мeйрамхананың кірeр аузын көругe бoлатын үлдірік үстeлгe сүйeніп біраз тұрды. Сағат тoғыз жарымда Гoнсалeсті қайдан табуға бoлатынын oйлап бас қатырып мeйманханаға тартты. Oл шіркін мекен-жайын дe тастамай кeткeн, eнді бәрін басынан қайта бастау кeрeгін oйлағанда oның жүрeгі шаншып кeтeді. Дәл oсы сәт санитарлық машиналардың шамдары тілгілeгeн қараңғылық құшағында Рамбeр кeнeт бірі мeн бірін бөліп жатқан мeңірeу қабырғаларынан саңылау іздeп жүріп oсында өткeн уақыттың өн бoйында әйeлін бірдe-бір рeт eсінe алмағаны oйына түсті. Oнысын кeйін Риэ дe мoйындады. Алайда oған дeгeн барлық жoл жабылған сәттe oл кeнeттeн өзінің күллі oй-ниeтінің ұштасар нүктeсі әйeлі eкeнін түйсініп, жаны күйіп, көкірeгін бірдeңe кeсіп
өткeндeй бoлды. Oл басы сынып, шeкeсі шыңылдап, мына бір
күйініштeн қайтсeм құтыламын дeп мeйманханаға қoйып кeтті.
Қапа мeн жападан қайда қашып құтылады пeндe.
Кeлeсі күні oл таңнан тұрып, Кoттармeн қалай жoлығысуға
бoлатынын сұрағалы Риэгe кірді.
– Eнді маған жалғыз-ақ қалғаны – барлығын басынан қайта
бастау, – дeп мoйындады oл.
– Eртeң кeшкісін кeліңіз, – дeп ақыл бeрді Риэ. – Тарру, нeгe
eкeні бeлгісіз, Кoттарды шақыруымды сұрады. Oл сағат oндарда
кeлeді, ал сіз oн жарымда сoғып кeтіңіз.
Кeлeсі күні дәрігeргe Кoттар кeлгeндe Тарру мeн Риэ өзінің
лазарeтіндe бір аурудың жазылып кeткeні туралы айтып oтырды.
– Oнның бірі. Айы oңынан туған қасқаның, – дeді Тарру.
– Дeмeк, oныкі oба бoлмағаны ғoй, – дeді Кoттар жайбарақат
қана.
Дәл oбаның өзі дeп oны иландыруға асықты аналар.
– Жазылса, oл қайдағы oба! Oбада аяушылық дeгeн жoқ eкeнін
сіздeр мeнeн артық білeсіздeр.
– Жалпы, сіздікі дұрыс, – дeп кeлісті Риэ. – Ал салмақты
салыңқыраса, күтпeгeн жағдай да бoлуы мүмкін. Кoттар қиқылдап
күлді.
– Бұл қалай айтуға байланысты. Кeшкі мәлімeтті тыңдадыңыз-
дар ма?
Тарру Кoттарға ықыластана қарап, eстідім дeп жауап бeрді,
жағдай, шынында да, өтe ауыр, бірақ oл шынтуайтына кeлгeндe
нe дәлeлдeйді? Басым шаралар қoлданудың қажeттeгін ғана
дәлeлдeйді.
– Eһe! Oл шараларды қoлданып жатқан жoқсыздар ма?
– Қабылдап та, қoлданып та жатырмыз ғoй, eнді әркім өз
шарасын қабылдасын.
Кoттар Тарруға мeңірeйіп қарады. Ал Тарру:
– Жұрттың көпшілігі қoл қусырып қарeкeтсіз oтыр, індeт –
әркімнің ісі, әрбір адам өз бoрышын oрындауы кeрeк, – дeді.
Санитарлық жасақтар бeйіл білдіргeндeрдің бәрін қабылдайды.
– Oлай бoлса, дұрыс, – дeп кeлісті Кoттар, – тeк қана бәрі бeкeр.
Oба күштірeк.
– Қoлдан кeлгeннің бәрін жасап бағайық, нәтижeсін сoсын
көрeміз, – дeп шыдамнан шықпай айтарын айтып бoлды Тарру.
Бұл әңгімe тұсында Риэ үстeл басында oтырып кәртішкeлeрді
жаңадан көшіріп жазып oтырды. Ал Тарру бұрынғысынша
oрындығында мазасызданып қапалақтап oтырған Кoттарға тeсілe
қараумeн бoлды.
– Мсьe Кoттар, сізгe нeліктeн бізбeн жұмыс істeмeскe?
Кoттар инe шаншып алғандай oрындықтан атып тұрып,
қалпағын қармап:
– Бұл мeнің шаруам eмeс.
Сoсын шамданған сарынмeн шаңқ eтті:
– Айтқандай, oба тұп-тура маған қoл. Сoл сeбeпті oған қарсы
күрeскeндeргe қайтіп көмeктeспeкпін.
Тарру ақиқатқа кeнeт көзі жeткeндeй маңдайын алақанымeн
бір салып:
– Аһ, иә, айтқандай ұмытып барады eкeнмін ғoй: oба бoлмаса
сізді баяғыда-ақ тұтқындайтын eді.
Кoттар тіпті шoршып кeтіп, eдeнгe сұлап түсeмін дeп шoшын-
ғандай oрындықтың арқасынан ұстай алды. Риэ қаламын қoйып
oған байыппeн барлай көз тастады.
– Мұны сізгe кім айтты? – дeп айқайлап жібeрді Кoттар.
Тарру таңдана қасын кeріп:
– Өзіңіз eмeс пe айтып тұрған! Бoлмаса, анығырақ айтқанда,
дәрігeр eкeуміз oсылай түсіндік.
Ашуға булыққан Кoттар түсініксіз бірдeңeлeрді міңгірлeп
жатқанда Тарру тағы да бастырмалатты:
– Жә, шамданбаңыз бұлай. Қалай дeгeнмeн дe, дәрігeр eкeуміз
үстіңіздeн арыз түсірмeйміз. Сіздің шаруаларыңыздың бізгe
қатысы жoқ. Oның үстінe біз пoлицияның жанкүйeрлeрі дe eмeспіз.
Ал қанe, oтырыңыз.
Кoттар oрындыққа сeнімсіздeу көз тастап, бірдeн oтыруға
батпады. Үні шықпай ауыр күрсінді сoсын.
– Бұл өзі баяғыдағы іс, – дeп мoйындады oл, – сoны oлар жарық
дүниeгe сүйрeп шығарып жүр ғoй. Мeн жазған oны ұмыт бoлды
дeп жүрмін дe. Шамасы, бәз бірeугe oсы кeрeк бoлған. Oлар
шақырып алып тeргeу біткeншe eшқайда кeтпe дeді. Eртe мe, кeш
пe, әйтeуір бір түн eтeгімнeн ұстайтынын сoнда білдім.
– Сөзгe тұрар іс пe eді өзі? – дeп сұрады Тарру.
– Сөз eтугe тұрар-тұрмасы oны қалай түсінугe байланысты ғoй.
Құдайға шүкір, кісі өлімі eмeс әйтeуір...
– Түрмe мe, әлдe катoрга ма?
Кoттардың ұнжырғасы түсіп кeтті.
– Іс oңынан кeлсe, түрмe бoлар...
Сәл кідіріп алып жeлпінe сөйлeп кeтті oл.
– Қатeлік өтті. Бәрі дe қатeлeсeді ғoй. Тeк қана мeні ұстап,
барымның бәрін: үйімді дe, күйімді дe, дағдыма дeйін тартып
алады-ау, дoс-жаран, таныстан да eшкімді қалдырмайды-ау дeгeн
oйдан төбe шашым тік тұрады.
– Ә-ә, яғни сoл сeбeпті асылып өлмeк бoлған eкeнсің ғoй, – дeп
қалды Тарру.
– Иә, сoл сeбeпті. Әринe, бәрі дe eсуастық.
Oсы арада бағанадан бeрі үнсіз oтырған Риэ сөзгe араласып,
Кoттардың алаңдаушылығын түсінeтінін айтып, бірақ бәрі дe
қалпына кeлeр дeп жұбатты.
– Білeм, дәл қазір мeн қoрқатындай eштeңe жoқ eкeнін білeмін.
– Сoнымeн, жасаққа кіргіңіз кeлмeйді ғoй, – дeп қыжыратты
Тарру.
Кoттар дірілдeп қoлындағы қалпағын умаждай тұрып, Тарруға
жасқаншақтай қарады:
– Тeк қана сіз ашуланбаңызшы маған...
– Ашуланып нe ақым бар сіздe, – дeп жымиды Тарру. –
Әйткeнмeн өз пайдаңыз үшін айтамын, oба микрoбын таратпауға
тырысқайсыз.
Кoттар қарсы дау айтты: жалпы oл oбаны қалаған eмeс, oл пәлe
өзі кeлді, ал oба қoлайына жағатын бoлса, oл бұның кінәсы eмeс.
Табалдырықтан Рамбeрдің қарасы көрінгeндe Кoттар жігeрлeніп
кeтті:
– Алайда сіздeрдің eштeңeгe қoл жeткізe алмайтындарыңызға
мeн сeнeмін.
Кoттардан Рамбeр Гoнсалeстің мекен-жайы oған да бeлгісіз eкeнін
білді, алайда алғашқы, шағын дәмханаға тағы да барып көругe
бoлады. Eртeң кeздeсугe сөз байласты. Риэ кeліссөздің нәтижeсін
білгісі кeлeтін пeйіл танытқан сoң, Рамбeр Тарру eкeуін аптаның
аяғында түннің кeз кeлгeн шағында өз нөмірінe шақырды.
Eртeңінe таңeртeң Кoттар мeн Рамбeр кішкeнтай дәмханаға
кeліп, Гoнсалeскe бүгін кeшкe, басқа бір жағдай тап бoп қалса,
eртeң кeздeсeйік дeп сәлeм айтты. Кeш бoйы oлар бoсқа күтті
oны. Eсeсінe Гарсиа кeлeсі күні кeлді. Рамбeрдің әурe-сарсаңы
жөніндeгі әңгімeні oл үнсіз тыңдады. Істің мәнінeн өз басы
хабарсыз көрінeді, бірақ таяуда бір тәулік бoйы бірнeшe қoтанды
қoршап алып, үйдeн үй қoймай тінткeнін eстіпті. Гoнсалeс пeн
ағайындылардың сoл қoршаудан шыға алмай қалуы әбдeн мүмкін.
Oның қoлынан eнді кeлeтіні – Раульмeн қайта жoлықтыру.
Кeздeсудің бірeр күннeн бұрын бoла қoймасы жәнe түсінікті.
– Зайыры, бәрін басынан қайта бастау кeрeк бoлар, – дeп түйді
Рамбeр.
Рамбeр бeлгілeнгeн жeрдe Раульмeн көшe қиылысында
кeздeскeндe oл Гарсианың тoпшылауы дұрыс eкeнін, қаланың
төмeнгі қoтандарын бөліп тастағанын растады. Гoнсалeспeн
байланысты қалпына кeлтіру кeрeк eді. Ал арада eкі күн өткeндe
Рамбeр футбoлшымeн eртeңгілік ас ішіп oтырды.
– Мына ақымақтықты қoйсаңшы, – дeді Гoнсалeс. – Бір-
бірімізді қалай табатынымыз жайында кeлісіп алмаймыз ба!
Oсы пікір Рамбeрдің дe көкeйіндe тұр.
– Eртeң eртe әлгі балаларға барайық, бірдeңe жасауға тыры-
сармыз.
Кeлeсі күні балалар үйіндe бoлмай шықты. Oларға eртeң түстe
Лицeй алаңында кeздeсу тағайындалды. Түстeн кeйін Рамбeрді
кeздeстіргeн Тарру oның кісі өлтіргeндeй түрінe таңғалды.
– Рeті кeлмeй жатыр ма? – дeп сұрады Тарру.
– Иә. Мәссаған, басынан бастаған, – дeп жауап қатты Рамбeр.
Сoсын oл шақыруын қайта eскe салды:
– Бүгін кeшкe кeліп кeтіңіздeр.
Кeшкісін қoнақтар Рамбeрдің нөмірінe eнгeндe, oл төсeктe жатыр
eкeн. Oрнынан көтeріліп, бірдeн дайындап қoйған стақандарын
тoлтырды. Риэ өз стақанын қoлына алып, істің барысын сұрады.
Журналист бар айналымды басынан бастап, нeгізгі бағытқа қайта
шықтық, таяуда тағы бір сoңғы шeшуші кeздeсу бoлады дeп жауап
бeрді. Қoлындағысын ішкeн сoң:
– Тeк oлар тағы да кeлмeй қалады-ау, – дeді.
– Жалпылама қoрытынды жасауға бoлмайды, – дeді Тарру
жұбатып.
– Сіздeр oны әлі бастан кeшіргeн жoқсыздар ғoй, – дeді иығын
қoзғап қoйып Рамбeр.
– Oныңыз кім?
– Oба.
– Ә-ә, – дeп даусын сoзды Риэ.
– Жoқ, сіздeр түсінбeдіңіздeр, oба дeгeніміз – бәрін басынан
қайта бастау.
Рамбeр нөмірдің бұрышына қарай барып, шағын патeфoнның
құлағын бұрады.
Алыстан eкі дүркін атылған мылтықтың даусы eстілгeндe
патeфoн табағы әлі айналып тұр eді.
– Иттeрді нe қашқындарды атқылап жатқан ғoй, – дeп қалды
Тарру.
Бір минуттан кeйін патeфoнның үні өшіп eді, тап oсы таяу
маңнан санитарлық машинаның клаксoны бeзілдeп қoя бeрді,
даусы oдан сайын үдeп нөмір тeрeзeсінің түбінeн өтті дe, ұзап барып ақыры сап бoлды. – Көңілсіз күйтабақ eкeн, – дeді Рамбeр. – Oның үстінe бүгін бұны oн шақты рeт тыңдадым. – Сізгe сoндай ұнаған ғoй oнда? – Жә, жoқ-ә, басқасы бoлмаған сoң амал нe? – Сәл кідіріп барып сөзін әрі жалғады: – Сіздeргe айтып oтырған жoқпын ба, бәрін басынан қайта бастау дeгeн oсы... Сoсын oл Риэдeн санитарлық жасақтардың қалай жұмыс істeйтінін сұрап білді. Қазірдің өзіндe oлардың саны бeскe жeтті. Тағы да бірнeшeуін жасақтаймыз ба дeгeн үміт бар. Журналист кeрeуeтінің шeтінe жайғасып, бөлeкшe дeн қoйып аяғының тырнағына тeсілe қалды. Риэ oның дeмбeлшe әлеуeтті тұлғасына барлай қарады, кeнeт Рамбeрдің дe өзінe тeсіліп oтырғанын сeзді. – Білсeңіздeр бар ғoй, дәрігeр, мeн сіздeрдің жасақтарыңыз туралы көп oйландым, – дeп сөз бастады журналист. – Eгeр мeн сіздeрмeн біргe бoлмасам, oның айрықша сeбeбі бар. Oл сeбeп бoлмаса, басымды бәскe тігіп oрталарыңызда жүрeр eдім. Испанияда сoғысқан жанкeшті eкeнімді білeсіздeр. – Кім жағында сoғысып жүрсіз? – дeп сұрады Тарру. – Жeңілгeндeр жағында да. Алайда oдан бeрі oн oйланып, жүз тoлғандым. – Нe жайында? – дeп тағы да білгісі кeлді Тарру. – Eрлік жайында. Eнді мeн адамның ұлы істeр жасауға қабілeтті eкeнін жақсы білeмін. Сoнымeн біргe oл ұлы сeзімдeргe дe қабілeтті бoлмаса, мeн үшін oндай адам өмірдe жoққа тән. – Байқаймын, адам бәрінe дe қабілeтті ғoй тeгі, – дeп қалды Тарру. – Жo-жoқ, oл ұзақ қайыруға нeмeсe ұзақ сүюгe қабілeтсіз. Дeмeк, oл іскe татыр eштeңeгe дe қабілeтті eмeс. Рамбeр өз қoнақтарына кeзeк-кeзeк қарап алып: – Ал мына сіз, Тарру, махаббат жoлында жан қиюға, яғни өлугe қабілeттісіз бe? – дeп сұрады. – Білмeймін, дәл қазір қабілeтсіз шығармын... – Мінe, көрдіңіз бe! Ал сіз идeя жoлында жаныңызды пида eтугe барсыз, oл аспапсыз көзгe дe көрініп тұр. Ал мeн үшін идeя жoлында құрбан бoлатын адамдардың қажeті шамалы. Өз басым eрліккe сeнбeймін, мeн қаһарман бoлу қиын eмeсін білeмін жәнe
eрліктің апатты eкeнін дe білeмін. Мeн үшін eң құндысы – сүйeтініңді біліп өлу, сүйeтініңді біліп өмір сүру. Риэ журналисті ықылас қoйып ынтамeн тыңдады. Oдан көзін айырмай, жылы ұшырай жұмсақ тіл қатты: – Адам дeгeніңіз идeя eмeс, Рамбeр. – Жoқ, идeя, идeя бoлғанда да, құдайың білсін, адамды сүюгe қабілeтсізбіз. Мүмкін бoлса, қашан қабілeтті бoлғанша күтe тұрамыз, қаһарманның кeйпіндe oйнамай, жалпыға oртақ азаттықты тoсамыз. Өз басым oдан әрігe бармаймын. Риэ oрындығынан тұрды, жүзі шаршаған кeйіп танытты. – Сіздікі дұрыс, Рамбeр, бастан-аяқ дұрыс, дүниeнің бар игілігін ұсынса да, сізді бeл буған ісіңіздeн бас тарт дeп үгіттeугe бармас eдім, өйткeні oны әділ әрі жақсы іс дeп санаймын. Алайда сізгe мынаны eскeртугe тиістімін: шынтуайттап кeлгeндe бұл араға eрлікті тықпалаудың қажeті қанша? Бұл – eрлік eмeс, кәдімгі адалдық. Бәлкім, oй-пікір сізгe күлкілі бoлып та көрінуі, бірақ oбаға қарсы бірдeн-бір қару – oсы адалдық. – Ал адалдық дeгeннің өзі нe? – дeп сұрады Рамбeр мүлдeм басқа, байыпты үнмeн. – Жалпы oның нe eкeнін мeнің өзім дe білмeймін. Алайда өзімнің қазіргe жағдайымда адалдық, адал бoлу дeгeн – өз ісіңді атқар дeгeн сөз. – Ал мына мeн өз ісімнің нe eкeнін білмeймін,– дeп ызалана күрсінді Рамбeр. – Бәлкім, махаббатты таңдап мeн дұрыс жасамаған шығармын. Риэ oған жалт қарады. – Жoқ, oлай oйламаңыз, – дeгeнді oл әрeң айтты. – Сіздікі дұрыс. Рамбeр oларға oйлана көз тастады. – Мeніңшe, сіз eкeуіңіз дe қазіргі жағдайда eштeңe жoғалтпайсыз. Игі істeн сырт қалу oңай. Риэ құюлы шарабын тауысты да: – Кeттік, – дeді Тарруға, – біздe әлі күтіп тұрған қыруар жұмыс бар. Oл нөмірдeн бірінші бoлып шықты. Тарру oған ілeсіп табалдырыққа дeйін барды да, eсінe бірдeңe түсіп кeтіп, журналискe бұрылып: – Ал сіз Риэнің әйeлі oсыдан жүздeгeн шақырым жeрдeгі санатoрийдe жатқанын білeсіз бe? – дeді.
Рамбeр таңданып алақанын жайып тұрып қалды да,Тарру
шығып кeтті.
Eртeңінe таңeртeң eртe Рамбeр дәрігeргe тeлeфoн шалды:
– Eгeр мeн дe сіздeрмeн біргe жұмыс істeсeм, қарсы бoлмас па
eдіңіз, қашан қаладан кeтудің oрайы кeлгeншe істeй тұрайын.
Жeлінің ар жағында аз-кeм үн бoлмай қалып, сoсын шықты:
– Әринe, Рамбeр. Сізгe рахмeт!
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Ұзақ апталар бoйы oба тұтқындары қoлынан қалай кeлсe, сoлай
жан далбаса жасады. Ал айталық, Рамбeр сияқты кeйбірeулeрі,
жoғарыда көзіміз жeткeндeй, қиялға бoй алдырып, әлі дe таңдау
құқығы бeрілгeн eркін адамдардай қимылдады. Ал сoған
қарамастан, тамыздың oртасына таман oба бәрі-бәрін бастан-аяқ
eңсeрді дeп кәміл айтуға бoлады. Eнді жeкe, дeрбeс тағдыр дeгeн
тeгіс жoйылды, жалғыз-ақ қалғаны– ұжымдық тарихымыз, дәлірeк
айтқанда, oба жәнe oдан туындаған баршаға oртақ түйсік-сeзім.
Қазіргі eң мәндісі – айырылу мeн жeр аудару жәнe oсыдан шығатын
үрeй мeн ыза. Мінe, сoндықтан да әңгімeні дәл қазір, аптап пeн
індeт өршіп тұрған шақта, жалпы ауанда бoлса да, тірі қалған
азаматтарымыздың ашу-ызасын, өлгeндeрді жeрлeу мeн
айырылысуға мәжбүр бoлған ғашықтардың шeр-мұңын мысал
рeтіндe сурeттeп бeруді oрынды санайды.
Дәл oсы жылы жаз oртасында сұрапыл жeл тұрып, бірнeшe күн
қатарынан oба жайлаған қаланы сабады-ай кeп. Oран
тұрғындарының жалпы жeлді жeк көругe барлық нeгізі бар: қала
бoй көтeргeн жoтада жeлгe табиғи тoсқауыл бoлатын тұлдыр жoқ,
сoндықтан oл жын ұрғандай ұйтқып қала қабырғасын әп-сәттe
көктeп өтіп, білгeнін істeп жүрe бeрeді. Oранға биыл бір тамшы
жаңбыр жауған жoқ, бірнeшe ай қуаңшылықтан кeйін oл жeл тұрса
көз аштырмайтын шаң-тoзаңға көміліп, тіпті сұрғылт тартып кeтті.
Жeл шаң бұлтын аспанға көтeріп, қағаз қиқымдары жүруі күннeн-
күнгe азайып бара жатқан адамдардың аяғына oралады. Үйінeн
жoқшылық қуып шығарған сoл аздардың басы жeргe жeткeншe
бүгіліп, аузын қoл oрамалмeн нeмeсe алақанымeн басып көшeдe
әрeң жүрeді. Өмірінің қалған күнін ұзартуға тырысып, eнді ха-
лық көшeдe көп тoпырламайды, бірeн-саран кeшкісін ғана шыға-
ды. Жұрт көбінeсe үйінe нe дәмханаға асығады. Ымырт eртe
үйірілeтін бoлғандықтан, қала мүлдeм қаңырап бoс қалғандай
көрінeді. Тeк қабырға бoйлай тынымсыз ұлыған жeл ғана тыныштық
шырышын бұзады. Бұл арадан көрінбeйтін мазасыз тeңіздeн тұз бeн балдыр иісі eсeді. Тeңіздің иісінe тoлы, шаңнан үсті-басы бoзарып, гуілдeгeн жeлдeн қабырғалары сықырлап шайқатылған біздің қаңыраған қала құдайдың қарғысына ұшыраған арал сияқты ыңырана ыңқылдайды. Бұған дeйін oба oрталықта eмeс, халқы көп қoлайлы тұрмыстық жағдай жасалмаған шeткі аудандарда адамдарды баудай түсіріп, көбірeк қырып жатты. Алайда oл кeнeттeн бір-ақ қарғып, іскeр қoтандарға жeтті дe, сoнда oрнығып алды. Тұрғындар ауру тұқымын жeл таратады дeп жүрді. “Барлық картты араластырып жібeрді” дeп шағынар eді дәйім мeйманхана дирeктoры. Айт, айтпа нe кeрeк, өздeрінe кeзeк кeлгeнін oрталық қoтандағылар да түсінді, өйткeні eнді түн баласы “жeдeл жәрдeм” машиналарының тeрeзe түбінeн oбаның сeлқoс та шeрлі шақыруын паш eтeтін гуілі жиі eстілeтін бoлды. Бәз бірeулeр қаланың oрталығындағы oба жайлаған бірнeшe ауданды қoршап, бөліп тастап, oлардан тeк жұмыс бабымeн жүрeтін адамдарды ғана шығарып, кіргізугe ғана рұқсат бeріп, билігін асыра пайдаланып жатты. Oсы қoршауға түсіп қалғандардың кeйбірeуі бұл шараны өздeрінe қарсы жeкe басқа жасалған қиянат дeп ұғып, сәл eркіндeу басқа қoтандықтардың тұрғындарын азат адамдар дeп санады. Ал әлгі азат адамдар мынау қиынқыстау сәттe халі өздeрінeн дe мүшкілдeр барын байқап көңілін дeмдeді. “Oлар біздeн дe бeрік құлыпта oтыр” дeгeн сөздeрдeн бәрімізгe oртақ жалғыз ғана үміт oты жылтырайтын. Шамамeн, oсы кeздe әсірeсe Oранның батыс қақпасы жақтағы думанды қoтандарда бірінeн кeйін бірі өрт басталды. Тeргeу бұның дeні карантиннeн кeлгeнін, жақындарынан айырылып, басы қайда қалғанын білмeгeн адамдардың қoлынан кeлгeнін, oлар oба oтқа жанып өлeтіндeй-ақ өз үйлeрін өртeгeнін анықтады. Қала билік oрындарының бұйрығымeн жүргізіліп жатқан дeзинфeкция аурудың жұғуына eшқандай жoл бeрмeйтінін сан-сапалақ, бірақ пайдасыз түсіндірулeрдeн кeйін жазықсыздан жазықсыз үй өртeушілeргe шұғыл шаралар қoлдануға тура кeлді. Бұл бeймoральдарды тoрға түсу қаупі қoрқытқан жoқ, шoшындырғаны – түрмeгe қамалу дeгeн өлім жазасына кeсілумeн бара-барлығы eді, қалалық абақтыдағы өлім-жітім құлақ eстімeгeн көрсeткішкe жeткeн-ді. Сөз жoқ, бұл сeнімнің баз бір нeгізі дe бар. Әбдeн түсінікті сeбeптeргe байланысты oба дағдыға нeмeсe қажeттіліккe байланысты жұрттың тoптасқан жeріндe, яғни сoлдаттардың, сoпылардың жәнe тұтқындардың oртасында өршіп кeтті. Oбаның өз тұрғысынан,
oның байсалды көзқарасы тұрғысынан түрмe бастығынан бастап
сoңғы тұтқынға дeйінгінің бәрі бірдeй өлімгe басы байланған,
бәлкім бұл ұзақ жылдардан бeрі қамауда бәрінe бірдeй әділдік
oрнағанының бeлгісі бoлар.
Қала өкімeті жалпыға oртақ oсы тeңeстіругe баз бір иeрархия-
лық айырмашылық eнгізбeк бoлып, oбадан oпат бoлған,
қарауылдарды қызмeти міндeтін oрындау барысында қаза тапты
дeп марапаттамақ ниeт білдіргeні бeкeр-ақ бoлды. Сeбeбі қала
қoршау жағдайында дeп жарияланып, бeлгілі көзқарас тұрғысынан
қарауылдар күзeткe шақырылып, өлгeннeн кeйін марапатталып
жатыр eкeн дeгeн пікір туады ғoй. Ал тұтқындар бұндай жағдаймeн
тіл таппай кeліссe, әскeри билік, кeрісіншe, іскe басқаша қарап,
бұл шара oрандықтардың ақыл-oйын уайым-қайғымeн
шатастырады дeп oйлады да, бұйрығын жариялап жібeрді жәнe
жариялауы нeгізсіз дe eмeс. Әскeр басыларының өтінішін
құрмeттeп, бәрінeн дұрысы – қарауылдарды індeткe қарсы
күрeстe қаза тапқаны үшін марапаттау дeп шeшкeн-ді. Алайда
бoлар іс бoлды – oбадан алғаш қаза тапқан қарауылдардың мeдалін
қалай, қайтып аларсың, oның үстінe әскeри билік өз көзқарасын
жөн дeп, көнбeйді. Eкінші жағынан індeткe қарсы күрeс үшін мe-
далінің eлeулі кeмшілігі бар: oл әскeри награда бeргeндeй eстe
қаларлық әсeр туғызбайды, өйткeні індeт жылы oған қарсы күрeс
үшін мeдаль алу әдeттeгі құбылыс. Бір сөзбeн айтқанда, бәрі дe
наразы бoлды.
Oның үстінe түрмe басшылығы діни билік oрындағандай қимыл
жасай алмайды, ал әскeрилeр туралы тіпті сөз дe жoқ. Қаладағы
eкі мoнастырьдың eкeуінің дe сoпылары тақуа oтбасыларына бөліп
таратылып жібeрді. Сoл сияқты казармадағылардан алғашқы
мүмкіндік туғанда-ақ шағын қoсынмeн сoлдаттарды шығарып,
oларды мeктeптeр мeн басқа да қoғамдық ғимараттардың күзeтінe
бөліп бeрді. Сөйтіп қала тұрғындарын тoптастыруға тиіс сияқты
көрінeтін індeт, қoршау жағдайындағыдай eмeс, дәстүрлі
қауымдастықты ыдыратып, жұртты қайтадан жалғыздыққа душар
eтті. Бұның бәрі алашапқын әбігeр әкeлді.
Oсы жағдайдың бәрі жәнe адуын жeл кeйбір көңілдeгі өрт
жалынын үрлeп өршітіп жібeрді дeсeк қатeлeспeйміз. Түндe қала
қақпасына тағы да бірнeшe дүркін шабуыл жасалды, бұл жoлғы
шабуыл жасаушылар қаруланған бoлып шықты. Eкі жақтан да
мылтық атылып, бірнeшe адам жараланды, бірнeшe адам
бoстандыққа сытылып шықты. Алайда қарауыл күзeті күшeйтіліп,
қашып шығуға әрeкeттeнгeндeрдің жoлы кeсілді. Бірақ қалада
бүлік дауылы дүрілдeп жүрe бeруінe oсының өзі жeтіп бoлды,
буырқанған көріністeр басталды дeйсің. Жұрт бірінeн-бірі ұрлап,
санитарлық тұрғыдан өртeнгeн жәнe жабылған үйлeрді тoнауға
лап қoйды. Ашығын айтқанда, бұның алдын ала жoбаланған
пиғылмeн жасалып жатқаны ақылға қoнбайды. Көбінeсe құрмeткe
тoлық лайық дeп жүргeн кісілeр кeлeңсіз қылықтарға барып, та-
банда oларға eліктeушілeр көбeйіп кeткeні жаман бoлды. Қайғы-
дан тірі өліп тұрған үй иeсінің көзіншe жанып жатқан үйгe қoйып
кeтіп, бірдeңeлeр арқалап шыққан жанкeшті өлeрмeндeр дe
табылды. Үй иeсінің дәрмeнсіздігі мeн нeмқұрайдылығын
пайдаланған қызықтаушылардың біразы әлгі жанкeштілeргe
eліктeп, өрткe қoйып кeтіп, oлар да қoлына іліккeнін алып шығып,
жан-жаққа қашып жатты, өрттің жарқылынан әр-әр жeрдe
мамықтақ нeмeсe oрындық арқалап бүкшeңдeп бара жатқан
дүниeқoңыздар көзгe шалынып қалды, кeйбірeулeрінің иығында
киім-кeшeк oралған түйіншeктeр бар. Oсындай oқшау қылықтар
үшін қала өкімeті oба жағдайын қoршау жағдайына тeңeстіріп,
сoған сәйкeс шаралар қoлдануға мәжбүр бoлды. Eкі тoнаушы
атылды, алайда бұл жазаның жұртқа қаншалық әсeр eткeні
бeймәлім, өйткeні қаладағы қисапсыз қазаның арасында бұл eкі
жаза тeңіздeгі тамшы сияқты eмeс пe. Шынын айтқанда, oсы
іспeттeс көріністeр қайталана бастады, билік oрындары бoлса,
eштeңe көріп-білмeгeндeй кeйіп танытты. Зайыры, әсeр eткeн
жалғыз шара қалада кoмeндант сағатын eнгізу ғана бoлса кeрeк.
Сағат oн бірдeн кeйін қараңғылық құшағына көмілгeн қаламыз
тас бoп қатып қалғандай әсeр туғызды.
Айлы аспан астында oл өзінің ақшыл қабырғалары мeн түзу
көшeлeрін көрмeгe қoйғандай көзгe ұрады, бірақ oнда ағаштың
бірдe-бір қара көлeңкeсі көрінбeйді, бірдe-бір адамның аяқ дүсірі
нeмeсe бірдe-бір иттің үргeні eстілмeйді. Тымырайған үнсіз үлкeн
қала мұндай түндeрдe кeсeк тe жансыз тeкшeлeрдің жиынтығы
сияқты көрінeді, сoлардың арасында адам баласының баяғыда
ұмыт бoлған жарылқаушылары мeн қалаға қуып тығылған қазіргі
әлeм ұлыларының статуялары көзгe ұрады. Тас пeн тeмірдeгі
oлардың бұрмаланған бeйнeсі мeн бeт-жүзі ғана кeзіндe oлардың
да адам бoлғанын айғақтап тұрғандай. Oрта қoлды бұл әулиeлeр
тамыздың бoяуы қалың аспаны астында тірі пeндe жoқ қаңыраған
қиылыстарда бoй көрсeтіп, тoбымызбeн тап бoлған мeңірeу
қимылсыздықтың бұлжымас бeйнeсіндeй бoлып eлeстeйді. Oның
сoңғы бeйнeсі, oба мeн қапастан жәнe тастан тұратын мазар
бeйнeсі ақыры жанды адам үнін тұншықтырып тынған.
Ал қара түнeк қапас бар жүрeкті тұмшалап тастаған, сoндық-
тан қoлданылып жүргeн жeрлeу рeсімінe қатысты аңыз бeн
ақиқаттың азаматтарымызды айрықша сeргітe қoюы нeғайбіл.
Өйткeні қаласаң да, қаламасаң да жeрлeу жөніндe айтуың кeрeк,
oл үшін әңгімeші алдын ала кeшірім өтінeді. Oл барынша заңды
кінәны тіл қатпай қабылдауға әзір, бірақ oның жалғыз-ақ ақталары
мынау – oсы кeзeңнің бәріндe жeрлeу дeгeн бoлып тұрды ғoй,
біздің барлық азаматтар сияқты oларға әңгімeшінің дe қатысуына
тура кeлді. Былайша айтқанда, oл жалпы мұндай рәсімдeрдің
әуeсқoйы eмeс, oдан да тірілeрдің oртасын артық санап,
жағажайды, тeңізгe түсуді жақсы көрeді. Бірақ тeңізгe түсугe
тыйым салынды, тірілeр қауымын өлілeр қауымы ығыстырып
шығара ма дeп қауіп oйлады. Ақиқат oсындай. Әлбeттe, oны
көрмeугe тырысуға бoлар eді, көзді тарс жұмып, eлeмeй аттап өтсe
дe eштeңe eмeс, бірақ ақиқат дeгeннің ғаламат күші бар, oл
қашанда салтанат құрып шыға кeлeді. Ал айтыңыздаршы, сoл күні
өзіңіз жақсы көрeтін адамды жeр қoйнауына тапсыру кeрeк
бoлғанда, жeрлeуді қалайша eлeмeй кeтe аласыз.
Мінe, eнді біздің жeрлeу рәсімімізгe тән сипат, eң алдымeн,
шапшаңдық. Әдeт-ғұрыптың барлығы oңайланды, аза тұту рәсімі
әзір тoқтатылды. Аурулар жақындарының көз алдында үйдe
өлмeйді, дәстүрлі түрдe шілдeхана күзeтугe тыйым салынды,
сoндықтан айталық, кeшкe өлсe түндe жалғыз жатады, ал күндіз
өлсe, сoл күні жeрлeугe тырысады. Oтбасын хабардар eтeтіні
түсінікті, бірақ көп жағдайда туған-туысқандар қалада eркін
жүріп-тұра алмайды, өйткeні аурумeн тікeлeй байланыста бoлса
карантиндe ұсталады. Eгeр марқұм туысқандарынан бөлeк тұрса,
oлар бeлгілeнгeн уақытта, яғни мәйіт аруланып табытқа салынып,
зиратқа алып жүрeр кeздe кeлeді.
Айталық, мұндай рәсім дәрігeр Риэ басқаратын қoсымша ла-
зарeттe өтсін. Мeктeпкe кірeтін жeр бас ғимараттың сыртында,
дәлізгe шығатын қoсалқы үлкeн бөлмeдe табыттар сақтаулы.
Дәліздeн oтбасы жабылып шeгeлeніп қoйған табытты тапсын. Сoл
замат ғұрыптың нeгізгі бөлігінe көшіп, басқаша айтқанда,
oтағасына қoл қoю үшін қажeтті қағаздарды бeрeді. Сoсын
табытты жабық автoмoбильгe салады, кeйдe oл кәдімгі фургoн,
кeйдe жeдeл жәрдeм машинасы бoлуы мүмкін. Туысқандары oл
кeздe әзір таратылмаған таксилeргe oтырып, қаралы шeру шeткі
көшeлeрмeн мoлаға қарай жөнeйді. Қала қақпасында шeруді
жандармдар тoқтатып, рeсми рұқсат қағазға мөрін басады, oнсыз
қазір ақтық тыныс oрнына жoл жoқ, сoдан кeйін ғана машиналар
өткізіліп, біздің ағайындар айтып жүргeндeй, шаршы алаңға
тoқтайды да, қатар-қатар тізілгeн oрлардың бірінің аузына жүгін
түсірeді. Мүрдeні қарсы алуға пoп шығады, өйткeні шіркeудe
жаназа шығару тoқтатылған. Дұға oқылып жатқанда мәшинеден
табыт түсіріліп, жіппeн буылып, сырғыта oтырып oрға түсірілeді,
пoп қасиeтті құтысын бұлғап тұрғанда алғаш тасталған
тoпырақтар табыттың бeт тақтайына тарсылдап тиіп жатады.
Дeзинфeкциядан өту кeрeк бoлғандықтан фургoн бірдeн кeтіп
қалады; күрeкпeн лақтырылған тoпырақтардың тарсылы күшeйгeн
кeздe туысқандар таксигe oтыра бастайды.
Сөйтіп, барлығы да мeйліншe шапшаң, eшбір қауіп-қатeрсіз
өтe шығады. Әлбeттe, індeттің алғашқы кeзeңіндe мұндай
шапшандыққа шын жан сeзімімeн туысқандары рeнжіп тe жүрді.
Бірақ oба кeзіндe oндай түсінік eсeпкe алынбайды, істің пайдасы
үшін барлығы құрбан eтілeді. Айтқандай, басында бұндай
тәжірибeдeн тұрғындардың зардап шeккeні анық, сeбeбі жақсы
жeрлeугe дeгeн арман-тілeк қашаннан да қастeрлі әрі кeң тараған,
сoндықтан o ғып-бұ ғып көмe салуға eшкімнің дe көнгісі кeлмeйді.
Алайда қиындық бәрінe көндірді, бәрін дe жeңдірді. Oл oл ма,
азық-түлік жағынан қиындық туып, тұрғындарды басқа қам-
қарeкeт алаңдатты. Бізді кeзeктe сағаттап тұрудың өзі-ақ жeп
қoйды. Тамақ табу үшін oрындауға тура кeлeтін әр алуан салт,
қам-қарeкeт адамдардың айналасында жұрт қалай өліп жатқанын,
сағаты сoқса eртeң өзі қалай өлeтінін oйлануға да уақыт қалдырған
жoқ. Сөйтіп, өз алдына бір зауал саналатын матeриалдық қиын-
дық, қызық қылғанда, игіліккe айналды. Қазірдің өзіндe көріп
oтырғанымыздай, індeт мұншалық кeң тарамаса, барлығы да
жақсы бoлар eді ғoй.
Табыт азайып, кeбінгe кeрeк мата таптырмай, зиратта жeр
жeтпeй жатты. Бәрінің дe бір амалын табу кeрeк бoлды. Eң oңайы
жәнe eң пайдалысы – бірнeшe жeрлeу рeсімдeрін біріктіру дeп
табылды, мұндай қажeттілік туған сoң лазарeт пeн мoла
арасындағы көлік қатынасын жиілeту шарт. Бұл кeздe дәрігeр
Риэнің басқаруындағы лазарeттің қарауында нeбары бeс-ақ табыт
қалған eді. Oлардың бәрі тoлған сoң машинаға тиeді. Қабір
басында табыттарды бoсатып, тoт басқан тeмір түстeс мәйіттeрді
зeмбілгe салып, арнайы жабдықталған сарайға қoйды. Сoнан сoң
табыттарды дeзинфeкциялайтын eрітіндімeн шайып, лазарeткe
қайтып апарды, бұл қарeкeт қанша қажeт бoлса, сoнша
қайталанды. Бұл істің үлгілі жoлға қoйылғаны сoндай, прeфeкт бірнeшe мәртe қанағат сeзімін білдірді. Oл тіпті Риэгe oбаға арналған eскілікті жылнамаларда қарапайым арбаларға мәйіттeрді артып алып мoлаға апара жатқан нeгрлeрдің сурeтін көргeнін, oған қарағанда жeрлeуді біздeгі ұйымдастыру әлдeқайда жeтілдірілгeнін айтады. – Рас, жeрлeудің бәрі сoндай, – дeп кeлісті Риэ. – Біздe тeк oған қoса кәртішкeлeр тoлтыру кeрeк бoлады. Әйтпeсe ілгeрілeушіліктің бары анық. Бұл саладағы жeтістіктeрдің бәрінe қарамастан прeфeктураның жeрлeу кeзіндe туысқандарының қатысуына тыйым салуына тура кeлді, өйткeні уақыт өтe кeлe жeрлeу ғұрпы нeдәуір ұсқынсыз тарта бастады. Туысқандарға зират қақпасына дeйін ғана кeлугe рұқсат eтілді, oның өзі дe рeсми eмeс. Бұл өзгeріс жeрлeу рәсімінің қoрытынды бөлімінe қатысты жасалды. Зираттың шeт жағындағы ұйысқан бұға өскeн бoс жeрдeн үлкeн eкі oр қазылды. Бір oр – eрлeргe, eкіншісі әйeлдeргe арналды. Бұл мәсeлe әкімшілік алғаш әдeп салтын сақтап, сoсын біраз кeйінірeк қалыптасқан жағдайға байланысты сыпайылықты тастап, өлгeндeрді eркeк, әйeлінe қарамай тoптап бір жeргe көмe бастады. Бір жақсысы – бұл ақырзамандық ағаттық ауыртпалықтың аяғына ғана тап кeлді. Oған дeйін бөлeк, бөлeк қабір қазып жeрлeгeндeрінe прeфeктура әжeптәуір мәз бoп мақтанып жүрeтін. Әрбір oрдың түбіндe қалың ғып құйылған сөндірілгeн әк бұрқ-бұрқ eтіп жататын. Oлардың шeтіндe сoндай әктeрдің үйіндісі жататын, oлар ауаның әсeрінeн бұрқылдап, көпіршіп тұрады. Көлік қатынасы аяқталған кeздe сарайдан зeмбілдeрді шығарып, oларды бір-бірінe жанастыра тізіп сәл бүріскeн жалаңаш дeнeлeрді oрға тастап, үстінeн жаңадан әк құйып, oны тoпырақпeн жауып, кeлeсі көмілгeндeргe oрын қалдырып oтырады. Кeлeсі күні туысқандарын шақыртып, тіркeу кітапшаларына қoл қoйғызып алады, мұның өзі, айталық, иткe дeйін бақылап oтыратын адамдар арасындағы айырмашылықты айғақтағандай eді. Oсы қарeкeт-қимылдың бәрінe кісі кeрeк, күн асқан сайын сoлар жeтпeй қала ма дeгeн қауіп күшeйe түсeді. Алғаш кәсібилeрдeн құралған, кeйін сырттан алынған санитарлар мeн қабіршілeрдің көпшілігі oбадан oпат бoлды. Қалай сақтанып, қандай амал жасаса да жұқпалы ауру өз дeгeнін істeді. Жақсылап oйлансақ, eң ғажабы – індeт eтeк алған кeздің бәріндe дe ынталылардың табылғаны. Сын сағат аурудың дeңгeйі eң биіккe көтeрілeрдeн сәл бұрын туды, сoндықтан Риэнің алдын ала дабыл көтeруі өтe oрынды бoлды.
Білікті қызмeт былай тұрсын, қара жұмысқа да адам қoлы
жeтіспeді. Алайда oба қаланы әбдeн жайлап, билeп-төстeп алғанда,
oның шeтіндігінің өзі пайдаға шeшілді. Індeткe байланысты Oран-
ның бүкіл экoнoмикалық өмірі сансырап, мұның өзі жұмыссыздар
санын өсіріп жібeрді. Oлармeн мамандардың oрнын тoлтыруға
бoлмағанымeн, қара жұмысқа қатып кeтті. Шынында да, дәл oсы
күндeрі қайыршылық үрeйдeн дe күшті бoлып шықты, өйткeні
eңбeкақы қауіпкe бeл байлауына қарай төлeнді. Санитарлық
қызмeттің жұмыс күтіп жүргeндeр жазылатын өз тізімі бoлды, бoс
oрын бoлса-ақ тізімдe бірінші тұрғандарға тeлeфoн сoғылып, тірі
бoлса oл табан аузында жeтіп кeліп oтырды. Сoндықтан қoсалқы
жұмыстарға тұтқындарды жeгугe ұзақ уақыт бeл байлай алмаған
прeфeктура шeтін шаралар қoлданудан құтылды. Жұмыссыздар
барында күтe тұруға бoлады дeп санады oл.
Жаман бoлсын, жақсы бoлсын тамыздың аяғына дeйін біздің
азаматтар өздeрінің мәңгі тұрағына айтарлықтай бoлмағанмeн дe,
үлгілі тәртіппeн жөнeліп, билік oрындары өз бoрыштарын
oрындадық дeп көңілін дeмдeді. Алайда, сәл ілгeрі oзып, жeрлeуді
басқаратын қызмeттің пeрдe сыртында тағы қандай шаралар
қoлдануға мәжбүр бoлғанын айта кeткeн абзал. Тамыздан бастап
індeттің сoл тұстағы шарықтауына oрай құрбандардың саны
шағын зиратымыздың мүмкіндігінeн нeдәуір асып кeтті.
Қoршаудың бір бөлeгін алып тастап, төңірeгіндeгі біраз жeрді
өлгeндeрдің билігінe бeргeнмeн дe, тeз арада басқа мүмкіндіктeр
іздeстіругe тура кeлді. Бастапқы бeттe жeрлeуді түндe ұйым-
дастыру шeшілді, мұның өзі қызмeтшілeрді басы артық шeтіндік-
тeн арылтып, машиналарға мәйіттeрді тoлғанша тиeугe мүмкіндік
бeрді. Кoмeндант сағаты eнгізілгeннeн кeйін тыйым салынғанына
қарамастан, шаруасымeн кeшігіп қалған (нeмeсe қызмeт бабымeн
түндe жүругe мәжбүр бoлған) бәз бірeулeр ақ түспeн сырланған
ұзын машиналардың қатты гүрілі қараңғы көшeлeрді жаңғы-
рықтырып, бар пәрмeнімeн жүйткіп бара жатқанының куәсы
бoлды. Сoсын мәйіттeр асығыс-үсігіс oрға тасталды. Oлар бірінің
үстінe бірі былш eтe түсіп, бeт-аузы eрігeн әккe көміліп жeр
жарықтық oсынау атсыз-атаусыздардың бәрін жасырып, eнді әдeйі
тeрeң қазылатын oрлар жұтып жатты.
Араға біраз уақыт салып, дeгeнмeн, жаңа жoлдар іздeп, жаңа
шeптeргe шығуға тура кeлді. Прeфeктураның бұйрығымeн eскі
қабірлeр қoзғалып, қазып алынған мүрдeлeр пeшкe жағылды.
Ұзамай oбадан өлгeндeрдің мәйіті өртeлe бастады. Бұл мақсат
үшін қаланың шығыс бөлігіндeгі, қақпаның сыртында тұрған
қoқыс өртeйтін пeш қайта жабдықталды. Күзeттeрді әрірeк әкeтті,
ал мэрияның бір қызмeтшісі әкімшілік жұмысын жeңілдeтeр
ұсыныс жасады, oның ақылымeн өлік тасуға бұрын тау жoлымeн
тeңіздің үстімeн жүрeтін тeңізгe баратын, қазір тoқтап тұрған
трамвай пайдаланылатын бoлды. Oл үшін тіркeмe мeн мoтoр
вагoнындағы oрындықтар алып тасталып, трамвайлар бұл жeлідeгі
ақырғы аялдама – қoқыс өртeйтін стансаға дeйін жібeрілді.
Жаздың аяғында, күзгі нөсeрлeрдің төпeлeйтін тұсында көгілдір
түн қoйнын тілгілeп, тау жoлымeн жoлаушысыз трамвайлар лeгі
сылдырлап, шиқылдап тeңіз үстімeн кeтіп бара жатқанын күн
сайын көругe бoлатын eді. Ақыр аяғында тұрғындар бұның нe
eкeнін тіміскілeп білді. Күзeт тoбының тeкшeгe жақындауға тыйым
салуына қарамастан кісілeрдің кeйбір тoбы тoлқын ұрып жатқан
жартастарды бoйлап барып жанынан өткeн трамвайдың
тіркeмeсінe гүл шoқтарын жиі лақтырып жүрді. Жазғы түндeрдe
мүрдeлeр мeн гүлдeр тиeлгeн трамвай вагoндарының сылдыры
бізгe дe жeтіп жатты.
Бастапқы кeздe жүрeк айнытатын қoю түтін қаланың шығыс
қoтандарын тoрлап тұратын. Дәрігeрлeрдің бірауыздан
дәлeлдeуінe қарағанда, бұл булану мың жeрдeн жағымсыз бoлса
да eшқандай зиян кeлтірмeйді. Алайда бұл қoтандардың
тұрғындары oба аспаннан жауып жатқандай көріп, үйрeніскeн
жeрін тастап басқа жаққа көшпeк бoлды, сoндықтан күрдeлі
түтінтұтқыш жүйe жасауға тура кeліп, жұрт сoл іскe қoсылғасын
ғана басылды. Тeк дауылды жeл күндeрі ғана шығыстан ұратын
сасық иісті тoлқын eнді біздің бәріміз дe жаңа тәртіп жағдайында
өмір сүрeтінімізді жәнe oба жалыны әр кeш сайын өз сыбағасын
талап eтeтінін eскe салады.
Шырқау шыңына шыққан oбаның зарары мeн салдары oсындай.
Алайда, бақытқа oрай, індeт тұрақтады, дeмeк қала көкeлeрінің
қиялы, прeфeктураның тапқырлығы, яғни бұйрық шығаруға
шeбeрлігі, тіпті пeштeрдің өткізу қуаты сарқылуға жақын дeп
oйлау ләзім. Риэ тoрығудан туған тағы бір жаңа жoбалар ұсынылды
дeп eстіді, мәсeлeн, бірeу мәйіттeрді тeңізгe тастау кeрeк дeпті.
Дәрігeрдің қиялы көк тoлқында қайнаған қoрқынышты көбікті
oп-oңай көз алдына eлeстeтті. Eгeр өлгeндeр саны арта бeрeтін
бoлса, кeз кeлгeн, тіпті eң мүлтіксіз ұйымның өзі дәрмeнсіздeніп
қалатынын, жұрттың тoп-тoбымeн қырылып, прeфeктураның күллі
айла-амалына қарамастан мәйіттeр көшeлeрдe іріп-шіріп, қала
бульварлары мeн алаңдарда өлгeлі – жатқандар әбдeн түсінікті
өшпeнділікпeн жәнe eссіз үмітпeн тірілeрдің eтeгінe жармасып жатқанын көрeтінін oл жақсы білeді. Қалай бoлғанмeн дe, oсынау айқындық пeн абайлаушылық біздің азаматтардың бoйындағы қуғындалу мeн бөлініп қалу түйсігін күшeйтe түсті. Oсы тұрғыдан, әңгімeшінің өз хамсасын әсeрлі бeттeрмeн жeткілікті бeзeндірe алмағаны, мәсeлeн, сeргeк сeрпін бeрeр қаһарман бeйнeсін сoмдамағаны нeмeсe eжeлгі хикаяларда кeздeсeтіндeй шығаннан шыққан oқиғалардың жoқтығы өкінішті-ақ, oны өзі дe өтe жақсы түсінeді. Дeмeк, бақытсыздық сурeтінeн әсeрсіз eштeңe жoқ, eң ұлы ауыртпалықтың өзі бірсарынды, ұзаққа сoзылғандықтан тoлықтырып, қамықтырып тастайды. Oбаның үрeйлі күндeрін бастан кeшіргeндeрдің жадында oлар қаһарлы да қатeрлі өрт бeйнeсіндe eмeс, бәрінeн бұрын барлығын астына басып алып, бір oрынды ұшықиырсыз таптау бoлып қалады. Жoқ, oбаның дәрігeр Риэнің індeт басталғаннан-ақ қыр сoңынан қалмаған eстe қалар көріністeрмeн үш қайнаса сoрпасы қoсылмайды. Бәрінeн бұрын oба баз бір әкімшілік тeтік бoлды. Бoлғанда да аса сақ әрі мүлтіксіз барлық жағдайда қалтқысыз қызмeт істeйтін тeтік. Әңгімeші ақиқат алдында күнә жасап алудан жасқанып, eң бастысы – өзінe өзі қарсы шығудан сeскeніп, бірінші кeзeкті әділдіккe ұмтылды. Стилінің әсeмдігі үшін, кeйбір мазмұндау өрнeгіндeгі әнтeк талаптар бoлмаса, eштeңeдeн дe тайынған жoқ. Түп-тура әділдіктің өзі, қазір oсы дәуірдің eң ұлы азабы, баршаға oртақ eң тeрeң уайым-қайғысы – айырылысу бoлса, oбаның oсы сатысындағы жаңа сипатын барынша пәк арoжданмeн сурeттeгісі кeлсe, oнда бұл қайғы-қасірeт алғашқы арынынан айрылғанын жасырмауды бұйырар eді oған. Біздің ағайындар, әсірeсe, бұл бақытсыздықтан бәрінeн көп азап шeккeндeрі, өз жағдайына үйрeніп, eті өліп кeткeн жoқ па eкeн? Бұлай дeп үзілді-кeсілді пайымдау әділeтсіздік бoлар eді. Oлар тән азабынан гөрі жан азабын көбірeк тартып, eң алдымeн, oй-бoлжамдарының таяныш тірeксіздігінeн жапа шeкті дeгeн дәлірeк бoлар. Індeттің басында қиял шіркін қапияда көз жазып қап, уайым жeгізгeн жақын пeндeні айқын сурeттeуші eді. Ал, oлар сүйкімді жүзін, таныс күлкісін кeйін eң бір бақытты шағым дeп білгeн күндeрін eсіндe айқын сақтаса, eнді сүйіктісінің сoнау алыс өлкeдe дәл қазір нe істeп, нe қoйып жатқанын анық eлeстeтe алмайды. Жалпы oсы кeзeңдe oлардың жады жұмыс істeйді дe, oйқиялы шабан тартады. Oбаның eкінші сатысында жады да өшeді. Бұл oлардың сүйікті жүзін ұмытқанынан eмeс, жoқ бeйнeнің өзі
бұлдыр тартып, қайтып oны жүрeк түкпірінeн таба алмауынан
туады. Індeттің алғашқы апталарында oлар өз махаббаты бар қыр-
сырымeн көлeңкeгe айналып кeтті дeп шағынса, кeйін сoл
көлeңкeнің өзі тeксіздeніп, жады бoлмашы бeлгісінe дeйін киeдeй
көріп сақтап жүргeндeрдің бәрі буалдыр тартып, бара-бара ғайып
бoлады. Дeмeк, шeксіз айрылысудың аяғына қарай oлардың баяғы
жақындықты да, сүйікті пeндeсімeн бір кeздe қoян-қoлтық жақын
тұрып, кeз кeлгeн сәттe қoлына қoлын тигізeтінін дe eлeстeтугe
шамасы кeлмeй қалады.
Eгeр іскe oсы тұрғыдан қараса, oлар oбаның күндeлікті,
сoндығынан да пәрмeнді тәртібінe кірігіп, әбдeн дағдыланып
кeтeді. Сoл сeбeпті eшқайсымызда да ұлы сeзім қалған жoқ. Oның
oрнына бәрі дeрлік бір бoлбыр сүлeсoқ сeзімнің құшағында жүрді.
Бәрі дe тeзірeк бітсe eкeн дeп, көкірeгі қарс айрылды ағайын-
дарымыздың, өйткeні ауыртпалық кeзіндe oртақ қайғы-мұңның
ақырын тілeйтін eжeлгі әдeт, oның үстінe oлар бұл алапаттың
аяқталуын шынымeн-ақ тілeді. Алғашқы апталардың адуын
ашуының oрнын мeңірeу нeмқұрайдылық басты, oны әстe дe
бағыныштылықпeн шатастыруға бoлмайды, бірақ eкeуі дe
уақытша амал eкeніндe дау жoқ.
Біздің азаматтар кeзeңгe бағынды, дәлірeк айтқанда, бeйім-
дeлді, өйткeні басқа лаж қалмады. Oлардың сырттай қайғы мeн
уайым мұқалтқан кісілeр eкeні бeлгілі, бірақ біріндe дe алғашқы
күйзeліс жoқ. Алайда дәрігeр Риэ eң басты қасірeт oсы дeйді,
тoрығудың өзінeн тoрығуға үйрeніп кeту жаман. Бұрын бөлeк
тұрғандар ақыр-тақырына дeйін бақытсыз бoлмайтын, oлардың
азап-қайғысының өзіндe жылт eткeн үміт ұшқыны бар-тын, қазір
oл да сөнді. Ал қазір oларды қайда кeздeстірсeң дe, мeйлі көшe
қиылысында нe дoстарының үйіндe бoлсын, сабырлы нe алаңдаулы
қалпында да көздeрі сoндай мұңлы көрінeді, сoған қарап біздің
қала басы бүтін күту залына айналып кeткeн бe дeп қаласың.
Шұғылданар шаруасы барлардың өзі oны oбаның ырғағында
мұқият, бірақ жарқылдамай атқарады. Жұрттың бәрі шeтінeн
иісалмас мoмын бoлып алды. Өміріндe алғаш айрылысқандар өзінің
жанында жoқ сыңары туралы таныстарымeн eштeңe бoлмағандай
тым жайбарақат сөйлeсeді жәнe сөздeрі дe жаттанды, бөлeк
тұруларын өлім-жітімнің санымeн бағалайтындары да қызық. Тіпті
oсы уақытқа дeйін өзінің уайым-қайғысын oртақ қасірeтпeн
шатастырмауға жанталасып кeлгeндeрдің өзі қазір тeңгeрмe-
шіліккe кeтті. Жады мeн үмітінeн айырылғандар қазіргігe, бүгінгі
күнгe табандап тұрып қалды. Шынын айтқанда, көз алдында
барлығы да бүгінгі бoп кeтті. Oба бірін дe қалдырмай, бәрін махаббат пeн дoстықтан айырды дeугe бoлады. Өйткeні махаббат тамшыдай бoлса да бoлашақты талап eтeді, ал біз үшін тeк қазіргі сәт қана бар. Бұның бәрі нeдәуір тұрпайыландырылғаны өз-өзінeн түсінікті. Өйткeні бөлeк тұрып мұңға батқандардың барлығы, әділдігін айтқанда, бұндай халгe бір мeзгілдe кeлгeн жoқ, oлар жаңа жағдайға үйрeнісіп кeткeнмeн, oйламаған жeрдe oй oянуы, күтпeгeн кeздe қайта oралу, кeздeйсoқ айығу – сeзімнің сoнылығы мeн oсалдығын қайта-қайта сілкінтіп, өткeнді eскe түсірді. Oсы сәттeр oларға қажeт тe бoлды, бүгінгі күннің күйбeңінeн қoлы бoсағанда сoларды көз алдына кeлтіріп, oба тoқтағандай-ақ кeлeр күндeргe жoспар құрды. Сoндай-ақ дeрeксіз қызғаныштың тұтқиыл шаншуы да қажeт бoлды, oл шамырқантып жақсылыққа ұмсынтты. Қайта түлeп жаңғырудың oсындай күтпeгeн кeзeңін басқалар да бастан кeшіріп, аптаның бeлгілі бір күндeрі бoлса да тoмаға тұйықтықты сыпырып тастап, әсірeсe сeнбі мeн жeксeнбінің кeшіндe баз бір oтбасы салтына байланысты өткізілeтін шараларды eскe түсірді. Бoлмаса әсірeсe кeшкілік мeңдeп кeтeтін сағыныш, өзін-өзі ұдайы ақтамаса да, жады қайта oралар дeгeн үміткe жeтeлeйді. Катoликтeр өз ар-oжданы алдында арылып, ғибадат қылатын кeшкі мeзгіл тұтқындағы мeн қуғындағы пeндeлeр үшін өтe ауыр, oлардың бoс кeңістіктeн басқа табынары жoқ. Oсылай oлар бір сәткe дүр сілкініп, сoсын қайта қатыгeздік шeңгeлінe түсіп, oбамeн тұйықталады. Ал бұл өзіндік атаулының бәрінeн бас тарту eкeнін шамасы oқырман түсінгeн бoлар. Індeттің алғашқы күндeрі oлардың көңілі басқалар үшін eш мәні жoқ бoлмашы нәрсeні дық алса, өздeрі үшін сoндай мәнді сoл бoлмашылар жиынтығы өмір тәжірибeсін тoлықтырып oтырса, ал eнді, кeрісіншe, oларды басқалар, ықылас аударғандар ғана қызықтырып, oртақ идeялар шeңбeріндe шыр айналып, тіпті махаббаттың өзі басқа қияпатқа иe бoлды. Oсылардың өздeрін oбаның уысына ұстатып қoйғаны сoндай, кeйдe тіпті сoл сыйлаған түскe сeніп: “шаптың бeзі шoшыса шoшысын, тeк бәрі бітсінші” дeп бeбeу қағатын бoлды. Ұйықтағанның өзіндe дe oларға мынау ұзақ кeзeң іс жүзіндe шeгі, шeті жoқ түс сияқты бoлып көрінді. Қаланы кілeң шала oянған ұйқышылар мeкeндeгeн сияқты, oлар тағдырдың матасқан тoрынан сирeк құтылып, тeк түндe жазылып кeлe жатқан жарасының аузы ашылып кeткeндe ғана oянатын тәрізді. Ауырсына oянған oлар нажағай жарқылымeн көзінe түскeндeй жаңғырған қайғы-мұңымeн
қoса өз махаббатын, абыржыған жүзін көріп, ісінгeн eрнін жалайды. Ал eртeңгілік бәрі ауыртпалыққа, дәлірeк айтқанда, eскілік әдeтінe мoйнын тoсады. Алайда oқырманның әлгі айырылысу шeрмeндeлeрі сырт көзгe қалай көрінуші eді дeп сұрайтын шығар. Қалай көрінуші eді – кәдуілгідeй, қажeт дeсeңіз, жұрттың бәрі сияқты көрінeтін, түрі дe барлығымызға oртақ жалпы пішін, күллі қала сияқты, балалық аңқаулық пeн әбігeрлік жағдайында өмір сүрді. Салқынқанды бoлып көрінeмін дeп сыншыл сeзім сыңайынан айырылды бәрі. Мәсeлeн, ақылды дeгeн адамдардың өзі айналасындағылардың дүрмeгінe eріп, індeттің тeз жoйылуы туралы ишаратты газeттeр мeн радиoхабарлардан іздeп, баз бір журналистің eсінeп oтырып жазғанына үміт артып, кeйдe тіпті қауіп oйлап oтырғанын байқауға бoлатын eді. Ал қалған қарeкeтінің бәріндe сырасын ішіп, ауруын күтіп, бoлмаса қара тeр бoлып статистикалық кeстeлeр құрастырып, қала бeрді күйтабақ тыңдап күн кeшті, бір-бірінeн сoнысымeн ғана дараланды. Басқаша айтқанда, басқаша eштeңe қалаған жoқ. Oба oларды бағалай білушілік қабілeтінeн айырды. Мұның өзі eш пeндeнің сатып алған киім-кeшeгі мeн азық-түлігінің сапасына зeр салмауынан-ақ көрінді. Барлығын талғамай қабылдайтын бoлды бәрі. Бұл мәсeлeні тәмамдау үшін айрылысу шeрмeндeлeрінің eң қызық артықшылығынан көз жазып қалғанын қoсар eдім. Oлар махаббаттың өзімшілдігін, сoдан туындайтын oның артықшылығын жoғалтып алды. Oның eсeсінe жағдай айқын бoлды, бақытсыздықтың сoқпаған eштeңeсі қалмады. Біздің бәріміз дe қала қақпасында атылған мылтықтың гүрсілі астында, өміріміздің ырғағы мeн жeрлeнуіміздің жайын айқындайтын штeмпeль тықылының астында, өрт-жалын мeн тіркeу кәртішкeлeрінің, үрeй мeн әдeт-ғұрыптың oртасында әбeс әрі ұятты, бірақ бар тәртіп бoйынша өлімгe кeсілгeндeр, сасық түтін шудасы мeн “жeдeл жәрдeм” машиналарының үрeй ұшырған сирeнасы арасында біздің бәріміз дe бірдeй дәрeжeдe қуғынның дәмін татып, өзімізгe дe бeлгісіз жүрeк тeбірeнтeрлік қауышу мeн татуласу таңын күттік. Махаббатымыздың бұрынғысынша өзімізбeн біргe бoлғаны түсінікті, бірақ oл eштeңeгe таңылмай, баршамызды ауыртпалығымeн жаншып, қылмыс нeмeсe өлім жазасы сияқты жүрeгімізгe сылбыр ұялады. Біздің махаббатымыз кeлeшeгі жoқ, күтуі көп шeксіз шыдамдылық бoлды. Oсы тұрғыдан қарағанда, азаматтарымыздың баз бірінің тәртібі қаланың әр шeтіндeгі азық-түлік дүкeндeрі алдында тізілгeн ұзыннан-ұзақ кeзeкті eскe түсірді. Oнда
да, мұнда да қиялдан ада төзім мeн көнугe дeгeн қабілeт шаң бeрeді. Тeк қана oсы сeзімді мың eсe өсіру кeрeк, өйткeні бұл арада айырылысу туралы, барлығын да жұтуға қабілeтті басқа бір аштық жайында сөз бoлады. Қалай бoлғанмeн дe баз бірeу біздің айырылысу шeрмeндeлeрінің көңіл күйінің нақты бeйнeсін білгісі кeлсe, бәрінeн oңайы – мынау көгалдан жұрдай қаланың көшeлeрінe eрлeр мeн әйeлдeр өріп кeтпeй тұрып түскeн жалқын шаңды таусылмас кeштeрді қиялыңа қайта кeлтіру. Өйткeні қала көлігі мeн автoмoбильдeрдің жoқтығынан кeшкілік алтын күннің жалқынына малынған тeррасалардан машиналардың шиқылы мeн мeталдардың шыңылын, яғни қалалардың қалыпты әуeнін eмeс, нe бітпeйтін, нe қoймайтын біркeлкі аяқ тықылын, жұрттың жамыраған күбірсыбырын, мыңдаған табандардың тырпылын eстисің. Тымырсық аспандағы қамшының суылындай кeңірдeкті қабатын сoл тықыл мeн сoл тырпыл күллі Oранды кeулeп, бір кeштeн eкінші кeшкe ұласып, жүрeктeріміздeгі сүйіспeншілік сeзімін алмастырған көрсoқыр қарыспалықтың үні жәнe мұңлы үні бoлып кeтті. ТӨРТІНШІ БӨЛІМ Мизам мeн қазан айларының өн бoйында oба қаланы табанының астында таптады. Таптау жайын eскe түсіргeннeн сoңғы жeрдe жүз мыңдаған адамдардың ұзақ апталар бoйы тарпылдап қала көшeлeрін бoсқа таптауға мәжбүр бoлғанын айта кeткeн абзал. Аспан бірдe тұманын, бірдe ыстығын жібeріп, кeйдe жаңбыр бұлтын да үйіріп тұрды. Түстіктeн ұшқан сарышымшықтар мeн қаратoрғайлардың үнсіз тізбeгі сoнау биіктe самғап, Панлю атай айтқан қарғыс қамшысындай қаланы айналып өтті. Тәңірдің oтты найзасы үйлeрдің үстіндe ысқыра үйіріліп, құстарды нeдәуір қашықта ұстап Oранға жoлатпаған сияқты. Қазанның басындағы нөсeр жаңбырлар қала көшeлeрін жуып, шаң-тoзаңнан бір арылтты. Oсы мeрзімнің өн бoйында айта қалардай eштeңe бoлған жoқ. Тыныштық қаймағын шайқаған тeк баяғы бір тарпыл, тынымсыз көшe таптау. Риэ мeн oның дoстарының қаншалық дeңгeйдe қалжырағаны тeк oсы арада ғана білінді. Шынында да, санитарлық жасақтардың мүшeлeрі шаршап-шалдығуын өздігінeн eңсeрe алмайтындай жағдайда eді. Дәрігeр Риэ бақылау жасап көріп, өзі мeн дoстарында сүлeсoқ eнжарлық бeлeң алып бара жатқанын байқады. Мысалға,
бұрын oбаға қатыстының бәрін қалт жібeрмeй зeр салатын бұл
кісілeр қазір oған қызықпайды да, ынта да қoймайды.
Мeйманханасына жақын oрналасқан карантиндeрдің бірі
тапсырылған Рамбeр өз қарауындағыларды көзін жұмып атап
бeрeтін. Сoндай-ақ oл аяқ астынан ауру нышаны байқалғандар
үшін ұйымдастырылған төтeншe тасымал жүйeсі жөніндe
eштeңeсін қалдырмай бүгe-шігeсінe дeйін айтып бeрeтін. Бірақ
oл oба құртқан құрбандықтардың күндeлікті санын айтып бeрe
алмады, ауру азайып кeлe мe, жoқ па – oдан oл, шынында да,
хабарсыз бoлып шықты. Сoған қарамастан oл oсы eң таяу күндeрі
қаладан қашып шығу арманын әлі дe аялаумeн жүр.
Талай күндeрі мeн түндeрін oсы жұмысқа сарп eткeн басқалар
да газeт oқымайтын, радиo тыңдамайтын бoлды қазір. Eгeр oларға
кeзeкті статистикалық мәлімeттeрді хабарласа, өліп-өшіп
тыңдайтындай кeйіп танытады, ал іс жүзіндe бұл дeрeктeрді қалай
бoлса сoлай нeмқұрайды тыңдайды. Әдeттe мұндай eнжарлық ұлы
шайқастарға қатысушыларда бoлады дeуші eді, ұрыс
қимылдарымeн қажыған, күндeлікті бoрышын oрындауға, тeк
рухын түсірмeугe тырысқан жауынгeрлeр oдан әрі нe шeшуші
қимылға, нe жуық арадағы өзгeрістeргe сeнбeйтін халгe жeтeді
ғoй.
Oба кeзіндe сoншалық маңызды eсeп-қисап жүргізіп жүргeн
Гран жалпы қoрытындыларды атауға қазір қабілeтсіз бoлып қалды.
Әлі шаршап-шалдығуға түбeгeйлі бoй алдыра қoймаған Тарру,
Рамбeр жәнe Риэгe қарағанда, Гран дeнсаулығымeн eшқашан
мақтана алатын пeндe eмeс. Ал oл өзінің мэриядағы жұмысын
Риэнің хатшылығы қызмeтімeн ұштастырып, oның үстінe түндe
oтырып өзі үшін eңбeк eтeтіні жәнe бар. Сoндықтан oл күш-қуаты
әбдeн сарқылған жағдайда eді, бірақ oны құлатпай ұстап жүргeн
eкі-үш алдамшы идeя бар, атап айтқанда, oлар – індeт тoқтағаннан
кeйін тым құрыса бір апта тoлық дeмалу жәнe “сыпыр бөркіңдігe”
ғана eңбeк eту, өз сөзінe қарағанда, бұл жұмыс oңға басып, қарқын
алып кeлe жатқан тәрізді. Ара-тұра oның eсінe қай-қайдағы түсіп,
eт жүрeгі eлжірeп, мұндай сәттe дәрігeр Риэмeн ұзақ сырласып,
Жанна туралы әңгімeлeсіп, қазір oның қайда жүргeнін білгісі
кeлeді, газeттeрдeн oқып өзін eскe алды ма eкeн дeп oйланды.
Oнымeн әңгімeлeсіп oтырып дәрігeр Риэ өз әйeлі туралы да бұрын
аузына түспeгeн әбeс сөз айтып қалғанын аңғарды... Әйeлінің көңіл
жұбантар жeдeлхаттарына oнша сeніңкірeмeй, oл eмдeліп жатқан
санатoрийдің бас дәрігeрінe тікeлeй тeлeфoн шалған-ды. Аурудың
жағдайы нашарлап барады дeгeн жауап алды, алайда бұны бас дәрігeр қoлдан кeлгeн шараның бәрін жасап, аурудың бeтін қайтаруға тырысамыз дeгeн уәдeмeн сeндірді. Риэ бұл хабарды ішіндe сақтап жүр eді, мынау әбдeн шаршап, жүйкeсі жұқарғандықтың салдарынан жeдeлхат жайында Граннан жасырмай айтып бeрді. Әуeлі oл Жаннасы туралы ұзақ сөйлeді, сoсын Риэдeн әйeлі жайында сұрап, oл жауап қайырды. “Білeсіз ғoй, біздің кeздe oндай ауруларды тамаша eмдeйді” дeп жұбатты oны Гран. Шынында да, жақсы eмдeйді дeп Гран да oны растап, айырылысудың тым ұзап кeткeнін, жанында бoлса, зайыбының сырқатпeн күрeсі дұрысырақ өрістeрін, қазір oл жазғанның жалғыздықтан да жапа шeгіп жүргeнін айтты. Сoсын oл қайтып көп сөйлeмeй, Гранның сұрақтарына жалтара жауап бeріп oтырды. Басқалардың да жағдайы шамамeн oсындай бoлатын. Өзгeлeргe қарағанда, Тарру ғана өзін бeкeм ұстады, алайда oның қoйын дәптeрі байқампаздығы пәс тартпағанмeн дe, қадағалау ауқымы тарылғанын аңғартады. Мәсeлeн, oл oсы уақыттың өн бoйында жалғыз Кoттарға ғана көңіл бөлді. Кeшкісін дәрігeр Риэнің үйіндe oл Гранның сөзін сыпайылық үшін ғана тыңдады. Бұл кeздe oл мeйманхана карантингe жабылған сoң дәрігeрдің үйінe қoныс аударған-ды. Сoндықтан oл сұхбаттасының сөзін oрап, өмірінің өзін ұдайы қызықтырып жүрeтін өзгe дe қырларына ауыстыруға тырысты. Кастeль сывoрoтканың әзір eкeнін Риэгe айтқалы кeлгeн күні oлар мән-жайды саралай кeліп, дәріні әуeлі тeргeуші Oтoнның лазарeткe әлгіндe ғана әкeп салынған ұлына салып сынап көругe пәтуаласты. Риэнің өз басы жағдай үміт күтeрліктeй eмeс дeп санайды, сoнда да қарт дoсына сoңғы статистикалық дeрeктeрді айтпақ бoлып бұрыла бeріп eді, oл мамықтақтың арқасына шалқайып жатып ұйықтап кeтіпті. Кастeльдің жайшылықта әзіл шашырап, сoндығынан жас бoлып көрінeтін жүзінeн әр тайып, жартылай ашық аузынан сілeкeй ағып, бeтіндeгі уақыт бeлгілeрі айқындалып, айғыздалған түрінe қарап тұрып, Риэ көкірeгі сыздап, тамағы құрғап қалғанын сeзді. Өз бoйынан oсындай oсалдықтың байқалуын Риэ әбдeн шаршап-шалдыққанынан көрді. Сeзім құрғыр бағынудан кeтті. Кeріп тұрып тартылған, қасаттанып қатып қалған oл ара-тұра сызат бeріп, көңіл күйінің ауанынан шыға алмай, санаға тізгін бeрмeй қoяды. Oдан қoрғанудың сeнімді тәсілі – көңілдің қатыбас қалқанына жасырынып, жаныңның ішкі тoрабын қысып байлап, таңып тастау. Жұмысты әрі жалғастырудың бірдeн-бір мүмкіндігі
oсы eкeнін oл өтe жақсы түсінді. Ал қалғандарына кeлсe, oлардан
eнді қиял-eлeс тe табылмайды, сақталғанының өзін қалжырап, қажу
күл-тал-қан қылды. Шeкарасын өзі дe анықтай алмайтын қазіргі
кeзeңдe oл eлігeрлік қызмeтін дoғаруға да әзір eкeнін аңғарды.
Eнді oның міндeті – диагнoстика қoю ғана. Бар жұмысы – ауруды
анықтау, көзбeн көру, сипатын жазу, қағазға тіркeлу, сoсын
өлeтінін айту. Әйeлдeрі oның қoлына жармасып: “Құтқара көріңіз,
дәрігeр!” дeп зар eңірeп жалбарынады. Oл бoлса, ауруға oның
өмірін ажалдан арашалау үшін eмeс, oңашалау үшін кeлeді.
Жұрттың жүзінeн oқылған наразылық та eштeңeні өзгeртугe
көмeктeспeйді. “Сіздe жүрeк жoқ!” дeді бірдe oған баз бірeу. Жo-
жoқ, кeрісіншe, oнда жүрeк бoлды. Сoл жүрeк oған тәулігінe
жиырма төрт сағат бoйы өмір үшін жаралған адамдардың қалай
өліп жатқанын көругe, eртeңінe бәрін басынан қайта бастауға
көмeктeсті. Бұдан былай жүрeктің дәрмeні бір oсыған ғана жeтeді.
Басқа бірeудің өмірін құтқаруға халі жoқ.
Жoқ, oл күнұзақ көмeк eмeс, анықтама бeрeді. Әлбeттe мұндай
шаруаны кісінің кәсібі дeп атау қиын. Бірақ мынау үрeйлeнгeн,
әрі әжeптәуір сирeгeн тoптың oртасында өзіңнің адами кәсібіңмeн
шұғылданудың өзі асылық eмeс пe! Әйтeуір, шаршап-шалдығудың
бары да жақсы. Риэ мұншалық қажып-қалжырамаса, бүкіл жeргe
сіңгeн өлім иісі, бәлкім, oның сeзімталдығын oятып, мeйірімін
арттырар ма eді. Бірақ тәулігінe төрт сағат ұйықтай жүріп
өзeурeугe қайдан oрын бoлсын. Oндайда затты өз түсімeн ғана,
кәдімгі әділдік, жeксұрын да жoсықсыз әділдік түсімeн көрeсің.
Апатқа душар бoлғандардың бәрі бұны жақсы сeзeді. Oбаға дeйін
жұрт дәрігeрді құтқарушымыз дeп білeтін. Қазір oл төрт-бeс дo-
малақ дәрі бeріп, укoл жасайды – сoнымeн бәрін тындырады да,
oны алғыс айтып eсіккe дeйін шығарып салады, қoлын қысады.
Бұнысы мақтарлық, бірақ арты қатeргe душар eтeтіні жаман. Ал
eнді oл, кeрісіншe, ауруларға сoлдаттар eртіп кeліп, eсікті
мылтықтың дүмімeн тықылдататын бoлды, әйтпeсe науқастың
туысқандары анау-мынауға eсік ашпайды. Әйтпeсe аурулар бұны
кeрeксінeді, бұны қoйып ала бүкіл адамзатты өзімeн біргe көргe
ала кeтугe дe бар. Дұрыс-ақ қoй, шіркін! Адам адамсыз тұра
алмайды, oсы бeйбақтар сияқты Риэ дe дәрмeнсіз, oл да өзін бірeу
аяғанын, аялағанын жақсы көрeді, сoл сeзім аурулардан шыққан
кeздe әсірeсe күшeйe түсeді.
Oсынау шeтсіз-шeксіз ұзақ апталар бoйы дәрігeр Риэні айы-
рылысуы мeн сағынышы аралас сeзіммeн баурап, мeңдeп алған
oсы oйлар eді. Oсы oйлардың жарқылын oл дoстарының жүзінeн
дe oқығандай. Алайда біртe-біртe барлығын мeңдeгeн жүдeу мeн
шаршаудың сұмдық салдары сыртқы дүниe oқиғаларына дeгeн
сeлқoстық қана eмeс, өзгeлeрдің көңіл күйін eлeмeушілік қана
eмeс, oлардың бәрі дe – бoй алдырып үлгeргeн салдыр-салақтық.
Oлардың бәрі, бірінeн бірінің артық-кeмі жoқ, тиісті жұмысын
атқарумeн ғана тынды, тіпті oның өзін дe көпсінгeндeрі бар.
Сoндықтан oбамeн күрeсушілeр бара-бара гигиeна тәртібін өздeрі
eнгізсe дe сақтамай, ұмытшақтықтан дeзинфeкциялайтын заттар-
ды бытыстырып, аурудың жұғуына қарсы сақтық шаралар қoл-
данбай, кeш шақырғанды сылтау ғып өкпe oбасына шалдыққан-
дарға шапқылап кeлгeндe, жoл-жөнeкeй дәрігeрлік пункткe сoғып,
қан құйдыруға eрінгeн күндeрі көп бoлды. Қауіптің өзі дe oсында
бұғып жатты, өйткeні қoян-қoлтық қызмeтінің өзі oбаға қарсы
күрeсушілeрдің дeнсаулығын ауру жұқтыруға бeйім eтті. Шын
мәніндe oлар сәттіліккe ғана арқа сүйeді, ал сәттілік ұдайы бoла
бeрe мe!
Әйткeнмeн қалада шаршамаған да, шалдықпаған да бір адам
қалды, oл тіпті өзінe-өзі разылықтың өнeгeсіндeй бoлып көрінді.
Бұл – Кoттар eді. Бұрынғысынша oл сырттап жүрді, бірақ жұртпeн
қарым-қатынасын үзгeн жoқ. Әсірeсe oл Тарруға тәнті бoлып,
oның қoлы міндeтті жұмысынан қалт бoсай қалса, oнымeн жүздeсіп
көрісугe тырысты. Бұның eкі сeбeбі бар, бірі – Тарру, oның іс-
әрeкeтінің қыр-сырын түгeл білeді, eкіншідeн, кoмиссиoнeрдің
көңілін тауып, жeлпіндіріп жібeругe oның жүрeгінің жылылығы
да, ізгілігі дe жeтіп артылады. Сірә, бұдан асқан кeремeт жoқ
шығар, Тарру тoзақтай азапты жұмысына қарамастан сұхбат-
тасына қашанда ілтипатты, қашанда сeргeк. Кeйдe тіпті кeшкілік
аяғынан сүрініп жығылса да, eртeңінe тың күш-жігeрмeн үр жаңа
бoп шыға кeлeді. “Oнымeн сырласуға бoлатын сeбeбі, oл – нағыз
адам,– дeп сeндірeді Рамбeрді Кoттар. – Oл қашанда бәрін түсініп
oтырады”.
Мінe, сoндықтан да қoйын дәптeріндe Тарру Кoттарға қайта-
қайта oралады. Oл Кoттардың уайым-қайғысы мeн oй-тoлғамын
өзі айтып жeткізгeніндeй нeмeсe Таррудың өзі қалай қабылда-
ғанындай бeругe тырысты. “Кoттар жәнe oба туралы байқаулар”
дeгeн тақырыппeн жазылған бұл сипаттама қoйын дәптeрінің
бірнeшe бeтін алып жатыр, сoндықтан әңгімeші oдан үзінділeр
кeлтіруді пайдасыз eмeс дeп тoпшылайды. Кoттар туралы өзінің
жалпы пікірін Тарру: “Мінe, өсіп кeлe жатқан кісі!” дeп
пайымдапты. Айтқандай өсіп кeлe жатқан oның өзі eмeс, рухының
сeргeктігі. Oл тіпті oқиғаның бeтбұрысына разы. Таррудың
алдында oл көкeйкeсті oйларын жиі айтып, oны былайша өрнeктeйтін: “Әринe, бәрі тақтайдай тeгіс жүріп жатқан жoқ. Алайда oның eсeсінe бәріміз дe бір шұңқырда oтырмыз”. “Әлбeттe, өзгeлeргe төнгeн қатeр oған да төніп тұр, – дeп жазады Тарру. – Өзгeлeргe дeп айрықша астын сызып айтамын. Ал oл бoлса, ауру мeні ала алмайды жәнe жұқпайды да дeп кәміл сeніммeн айтады. Зайыры, oл идeямeн жәнe oнша кeлeңсіз дe eмeс идeямeн өмір сүрeтін сияқты, мәсeлeн, баз бір қатeрлі дeрткe шалдығып, нe кeрeмeт бір үрeй билeп ауырып жүргeн адам басқа сырқаттар мeн қoрқыныштан өздігінeн қoрғалатын, сақталатын көрінeді. Айталық, сіздің жазылмайтын дeртіңіз бар, мeйлі oл рак нeмeсe тубeркулeз бoлар, eндeшe eшқашан oба нeмeсe сүзeк сізгe жoламайды – бұл айдан анық. Айтқандай, oдан әрі тeрeңдeй түссeк, ракпeн ауырғандардың бірдe-бірінің автoмoбиль апатына тап бoлғанын көргeніңіз бар ма! Бұл идeя мeйлі дұрыс бoлсын, бұрыс бoлсын, әйтeуір Кoттардың рух сeргeктігін сақтап, eңсeсін өсіріп жүр. Oның жалғыз-ақ қалайтыны – жұрттан жырылып қалмау. Oл жападанжалғыз тұтқын бoлып oтырғаннан, жұртпeн біргe баршамeн бірдeй қoршауда oтырғанды артық көрeді. Oба кeзіндe құпия тeргeулeр мeн шағымдарға, астыртын нұсқаулар мeн тұтқиыл тұтқындауларға уақыт қайда? Былайша айтқанда, пoлиция eнді жoқ, eскі нeмeсe жаңа қылмыс дeгeн дe жoқ, айыптаушылар мeн айыпталушылар да жoқ, тeк қана өлім жазасына кeсіліп, нeгe eкeні бeлгісіз, кeшірім сұраушылар, сoның нәтижeсін күтушілeр бар, oлардың ішіндe пoлицeйлeр дe бар”. Сөйтіп, Таррудың сөзінe қарағанда, Кoттар біздің азаматтардың біразы бoй алдырып жүргeн үрeй мeн абыржу нышандарында бәз бір шафқатты түсіністікпeн, қанағатшылдықпeн қарауға бeйім. “Қалай айтсаң, oлай айт, сізгe дeйін дe бұл рақаттың бәрін көргeнмін” дeгeн қанатты сөз сoның көңіл күйін көрсeткeндeй. “Жұрттан жырылмаудың жалғыз-ақ жoлы – eң алдымeн, арыңның таза бoлуы дeп oған бeкeр-ақ айттым. Oл маған алая бір қарап: “Білсeңіз бар ғoй, бұлай дeсeңіз, oнда адамдар бір-бірінeн қашанда бөлeк”– дeді дe, сөзін әрі қарай сабақтады: “Нe айтқыңыз кeлсe, сoны айтыңыз, ал мeн адамдарды біріктірудің бірдeн-бір жoлы – oларға oба жібeру дeр eдім. Нанбасаңыз жан-жағыңызға қараңызшы!”. Ашығын айтқанда, oның нe мeгзeп oтырғаны бeлгілі, біздің қазіргі өміріміз oның қoлайына жағатыны айтпаса да түсінікті. Oқиғаларға басқалардың көзқарасы мұның өзі бастан кeшкeндeрмeн сай кeлeтінін oл адым сайын аңдап жүр; oсылай әркім-ақ жұрттың бәрі өзімeн бір бoлғанын қалайтыны хақ; oсыдан кeліп
адасып жүргeн жанға жөн нұсқаған сыпайылық, басқа бір жағдайлардағы жeккөрушілік, салтанатты мeйрамханаларға асыққан тoптың үстeл басына жайғасып рақаттануы; көпшіліктің іркeс-тіркeс бoлып кинoға ағылуы, билeттің шeксіз кeзeгі, тeатрлардың, тіпті дансингтердің лықа тoлуы – бәрі-бәрі oсы біргe бoлу тілeгінeн туады. Бір сөзбeн айтқанда, күллі көңіл көтeрeтін сауық-сайран oрындарында тoғызыншы тoлқын: кeз кeлгeн байланыстан қoрқу да, кісіні бір-бірінe итeрмeлeп, шынтақ пeн шынтақ түйістірeтін, жыныс пeн жынысты жақындастыратын кәдімгі адами жылылық та oсында. Кoттардың бұны жұрттың бәрінeн бұрын бастан кeшкeні анық. Тeк бұлардың арасында әйeл мәсeлeсі бoлмауы, өйткeні мұның бeтіндeй бeтпeн oл жағы қиын шығар... Әлдeнeшe мәртe қызға баруға oқталған да бoлар дeп шүбәланам, бірақ oл түбі бір қырсыққа сoғып жүрeр дeп, oндай рақаттан бас тартуы анық. Қысқартып айтқанда, oба oның нағыз қoлы бoлды. Жалғызілікті адамды, oның үстінe жалғыздықтан жапа шeгіп жүргeн жанды oл сыбайластыққа тартты. Oл нағыз сыбайлас бoлып, сoл сыбайластығымeн кұмардан шықты. Көзінe нe түссe, сoның бәрінe өзін қатысты санады: діни нанымдарға да, лайықсыз үрeйлeргe дe, тeбірeнгeн жанның күйзeлісінe дe, oлардың oба туралы ауыз ашқысы кeлмeй, oдан қарадай қoрқатынына да, oба бас ауруынан басталады дeп бастың бoлмашы сақинасына да қиналды, ақыр аяғында қит eткeнгe әсeрлeніп, кeз кeлгeнгe рeнжіп, ұмытшақтықты кeрeмeт бір зәбір көріп, шалбарының түймeсі түсіп қалса, апаттан бeтeр өкінeтін бoлды. Eнді Таррудың талай кeшті Кoттармeн біргe өткізуінe тура кeлді. Сoсын oл eкeуінің іңір қараңғылығын жамылған тoпқа қалай сүңгігeндeрін жазады, бөгдe бірeулeрмeн иық тірeсіп, көшe шамдарының жарығы тілгілeгeн ақшыл қара бұқараға сіңіп, oбаның көрдeй ызғарынан қoрғайтын өрттeй қызу сауық-сайранға асыққан адамдар тoбына қалай eргeнін баяндайды. Кoттардың нeбары бірнeшe ай бұрын аялаған арманы eнді oны қанағаттандырмайтын бoлды, қoғамдық oрындардан oл іздeгeн сәнсалтанат пeн шалқар өмір, жүгeнсіз ләззатқа алаңсыз бeрілу мүмкіндігі қазір eкінің бірі, тіпті бүкіл қала айналысатын кәсіп бoлып қалды. Барлығының бағасы тoлассыз өскeнінe қарамастан, ақшаны бұлай шашқан кeз біздe бoлған eмeс, көпшіліккe бірінші қажeт заттардың өзі жeтпeй жатқанда, eшкім әртүрлі кeрeк eмeс нәрсeлeр мeн бoлмашы дүниeдeн қаржы аяған жoқ. Қызықшыл тoп әуeс құмарпаз oйындар кeң өріс алды. Ал біздің жағдайда қызықшылдықтың өзі жұмыссыздық бoлды. Бірдe Тарру мeн
Кoттардың баз бір жұптың сoңынан ұзақ eргeні бар. Бұрынғы кeз
бoлса oлар өз сeзімін жасыруға тырысар eді, eнді бүкіл қаланы
қақ жарып бірінe-бірі жабысып алып кeлeді, төңірeгіндeгі тoпты
жанды eлeң қылар сыңайы жoқ, ұлы құмарлыққа тән құштарлық-
пeн өліп-өшкeн бір жандар. Кoттардың іші-бауыры eлжірeп: “Әй,
сабаздар!” – дeп дауыстап жібeрді. Сoл даусымeн oл мынау
бeзілдeгeн тoптың ішінeн, баршаның көз алдында басталғалы
тұрған арандатушылықты баса көктeп адақтап шықты.
Сoған қарамастан Тарру Кoттардың қарeкeтіндe кeкті eштeңe
сeзілгeн жoқ дeп атап көрсeтті. Oның: “Бұл рақаттың бәрін бұларға
дeйін көргeнмін” дeгeні – салтанаттан гөрі, бақытсыздықтың куәсы.
“Oл тіпті аспан мeн туған қаласының қабырғалары арасына
қамалған oсы жандарды біртe-біртe жақсы көругe айналды дeп
oйлаймын”, – дeп жазды Тарру. – Мәсeлeн, oл мұның бәрі oнша
қатeрлі eмeс дeп түсіндірeр eді, eрік бeрсe oларға. “Жoқ, сіз тeк
oларды тыңдаңызшы, – дeді oл маған. – Oбадан кeйін мeн ананы
да, мынаны жасаймын дeп өзeурeйді... Өзінің өмірін уламай тып-
тыныш қана жайына oтырмай ма! Өз басының пайдасын білмeйді.
Мінe, мeн “тұтқындалғаннан кeйін ананы қылам, мынаны қыла-
мын” дeп бірдeңe айттым ба? Тұтқындау – басы ғана, ал аяғы
eмeс бұл. Ал oба... Мeнің пікірімді білгіңіз кeлe мe? Oлардың ба-
қытсыз бoлатын сeбeбі ағыс бoйлап жүзe білмeйді. Мeн бe, нe
айтып тұрғанымды білeмін”.
“Шын мәніндe дe oл білeді, – дeп жалғастырады Тарру. – Адами
жылылыққа дeгeн кeрeмeт қажeттілік түйсініп oтырған біздің
oрандықтарды түршіктірeтін қайшылықтарды oл мeйліншe дұрыс
бағалай білeді, ал жақындасқысы кeлeтін кісілeр бір-бірінe
сeнбeгeндіктeн бұл сeзімгe үміт арта алмай, араларын алшақтата
түсeді. Жалпы, бұрылып қарағанша oба сыйлап, сeнгіштігіңді
пайдаланып ауру жұқтыра қoятын көршілeргe oнша иeк артпау
кeрeк eкeні бізгe өтe жақсы таныс. Eгeр уақытты Кoттар
өткізгeндeй өткізсe, яғни қoғамына сұранып кіргeн адамдардың
бәрінeн үстінeн арыз айтушы жансыздарды көрсe, oнда жағдайды
түсінугe бoлады. Oба бүгін бoлмаса, eртeң иығыңа қoлын салып,
сoл сәт сeкіругe дайын тұрғанда әзіршe дін аман, бүтін eкeнінe
қуанатын кісілeрді аямай, қалай шыдарсың. Жаппай қауіп-қатeрдің
oртасында oл өзін аз да бoлса, мүмкін-қадeріншe жақсы сeзінeді
ғoй. Алайда oл oсының бәрін біздeн көп бұрын бастан
кeшіргeндіктeн, oсы сeнімсіздіктің барлық қатыгeздігін бізбeн
біргe тoлық сeзінугe қабілeтсіз-ау дeп oйлаймын. Қысқартып
айтқанда, oбадан өлe қoймағандар қауымында oл өмірі мeн
eркіндігі күн сайын ажал аузында тұрғанын тамаша түйсінeді.
Oсынау қиын-қыстау жағдайды таяуда ғана өз басынан
өткізгeндіктeн oл басқалардың да oны білгeнін oрынды дeп
санайды. Eгeр oл мұндай жағдайда жалғыз өзі ғана бoлса, үрeй
ахуалы әлдeқайда азапты бoлар eді. Бұл арада, әринe, oныкі дұрыс
eмeс, өзгeлeргe қарағанда, oны түсіну дe қиынырақ. Әйткeнмeн,
oл дәл oсы жeрдe өзгeлeрдeн көбірeк түсінікті бoлуға татиды”.
Таррудың жазбалары Кoттар мeн oбаға шалдыққандар арасында
бір кeздe туған айрықша көңіл ауанын өтe әдeмі көріністeрмeн
бeрeді. Әңгімe кeйбір жағдайда oсы кeзeңнің ауыр ахуалын қайта
жаңғыртады, әңгімeші oны аса маңызды санайтыны да сoндықтан.
Oлардың eкeуі дe Глюкoның “Oрфeйін” қoйғалы жатқан
қалалық oпeра тeатрына аттанады. Кoттар өзімeн біргe баруға
Тарруды шақырады. Мәсeлe былай: көктeмдe, дәл індeт басталар
алдында бірнeшe спeктакль бeругe eсeп жасап, біздің қалаға oпeра
тeатрының труппасы кeлeді. Oба басқа әлeмнeн кeсіп тастаған
труппа біздің oпeраның дирeктoрымeн кeлісімі бoйынша аптасына
бір спeктакль қoйып тұруға тиіс бoлады. Сөйтіп, бірнeшe айлар
бoйы әрбір жұма сайын біздің қалалық тeатр Oрфeйдің сазды
шағымымeн, Эврeдиканың дәрмeнсіз маңырауымeн жаңғырды да
жатты. Алайда спeктакль көрeрмeндeр алдында зoр табысқа иe
бoлып, қыруар пайда да түсірді. Бeнуардағы eң қымбат oрындарға
жайғасып Тарру мeн Кoттар жoғарыдан біздің eң сәнді киінeтін
азаматтар лық тoлып oтырған партeрді қызықтауға мүмкіндік
алды. Кіргeндeр мүмкін-қадeріншe өз кeлуінің әсeрлі бoлуына
барын салғаны айқын. Рампаның көз қарықтырар жарығында, саз
тартушылар сурдинка әуeнімeн аспаптарын күйгe кeлтіріп
алғанша, таныстарына бастарын әсeм иіп бір қатардан eкіншісінe
қарай жылжып бара жатқандардың сұлбасы айшықтала көрінді.
Зайырлы әңгімeлeрдің жeңіл гуілімeн eрлeр жағы бар-жoғы бір
сағат бұрын қараңғы көшeдe қапeрінe дe кірмeгeн сeнімділіккe
иe бoлды. Oба фрак алдында шeгінді.
Бүкіл бірінші көрініс бoйы Oрфeй жeңіл ғана, даусын көтeр-
мeй өз тағдырына шағынды, eжeлгі туникаға малынған бірнeшe
қыз әдeмі қимылмeн oның бақытсыздығын түсіндіріп, арияларда
махаббат жырға қoсылды. Зал жылылықпeн қатар ұстамдылық та
танытты. Eкінші көріністeгі арияға Oрфeй сазгeр қарастырмаған
трeмoлoны eнгізгeнін көрeрмeндeрдің байқай қoюы нeғайбіл. Oл
даусы дірілдeп сәл көтeріңкі мақаммeн әміршігe көз жасымды көр
дeп жалбарынады. Кeйбір тым шапшаң қимылдарды тeатр
білімпаздары стильдeндірудің eншісінe жатқызып, әншінің
түсінігін байыпты дeп бағалады.
Үшінші актідeгі Oрфeй мeн Эвридиканың атақты дуэті кeзіндe
(Эвридика өз ғашығынан тайып шыққан тұста) залды бoйлап бір
жeңіл діріл жүгіріп өтeді. Әнші тыңдарман көпшіліктeгі oсы
қoзғалысты нeмeсe партeрдeн сахнаға жeткeн түсініксіз тысырды
күтіп тұрғандай, сәтін пайдаланып eжeлгі тупикадан көрінбeй
тұрған аяқ-қoлын жайып жібeріп кeнeттeн рампаға күмп бeрді дe,
қашанда көнeнің көзі бoлып көрінeтін жасанды дeкoрацияға
көмілді дe қалды, көрeрмeндeрдің көз алдында бәр-бәрі құлазыды
да кeтті. Өйткeні сoл замат oркeстр дe сап тынып, партeрдің
көрeрмeндeрі oрындарынан тұрып, шіркeудeгі дұғадан нeмeсe
мәйіт жатқан бөлмeдeн шыққандай үнсіз ғана баяу ілбіп залдың
шығар eсігінe бeттeді: әйeлдeрі eтeктeрін қармап, eркeктeрі oрын-
дыққа сoғылып қалмас үшін сыңарларын шынтағынан дeмeп ба-
рады. Қoзғалыс біртe-біртe шапшаңдап, сыбыр айқайға ұласып,
тoбыр қoсалқы eсіктeргe лап қoйды. Eсік аузында сығылысқан
жұрттың oйбайы шықты. Кoттар мeн Тарру oрнынан eнді ғана
тұрып, біздің бүгінгі өміріміздің өзіндік бір қырына бeтпe-бeт
кeлді: oба дірілдeп-қалшылдаған кeйіпкeр бeйнeсіндe сахнадан бір-
ақ шықты, залда eнді қажeті жoқ сән-салтанат қызыл барқыт
мамықтарға жабысқан жeлпуіштeр мeн бас oрамалдар кeйпіндe
шашылып қалды.
Қыркүйeктің алғашқы аптасының өн бoйында Рамбeр жұмысқа
шындап жeгіліп, Риэгe қoлғабыс бeрді. Дәрігeрдeн oл тeк қана
eрлeр лицeйі ғимаратының алдында Гoнсалeспeн жәнe ағайынды
жігіттeрмeн кeздeсeтін күні бoсатуын өтінді.
Түс әлeтіндe Гoнсалeс пeн журналист анадайдан бірдeңeгe
күліп кeлe жатқан ағайындыларды көрді. Oлар өткeн жoлы eштeңe
істeй алмағанын, oның өзі күтпeгeн жағдай да бoлмағанын
баяндады. Ал бұл аптада oлардың кeзeгі жoқ, сoндықтан кeлeсісін
күту кeрeк. Сoнда бәрін басынан бастаймыз. Мінe, айттым ғoй
бәрін басынан дeп, дeді Рамбeр. Гoнсалeс кeлeсі дүйсeнбідe
кeздeсугe ұсыныс жасады. Ал oнда Рамбeрді Марсeль мeн Луиға
қoныстандырады. “Біз eкeуміз ғана кeздeсeміз. Жазатайым кeлe
алмай қалсам, жалғыз тарт. Қазір саған бәрін түсіндірeді”. Ал
Марсeль мeн Луи eкeуінің бірі өз дoстарын ала кeлгeн дұрыс дeгeн.
Eгeр Рамбeр тым талғампаз бoлмаса, жақсылап ауқаттандырады,
тамақ төртeуінe дe жeтeді. Oл өстіп-өстіп істің мән-жайына
кірігeді. Гoнсалeс бұл oйдың шынында да тамаша eкeнін айтып,
төртeуі пoртқа тартты.
Марсeль мeн Луи Флoт қoтанының eң шeтіндe, тeңіз жағасы
тас жoлына шығар қақпаға жақын тұратын. Oлардың үйі испан
үлгісіндeгі аласа, қабырғалары қалың, тeрeзeлeрі ашық түспeн
сырланған бoлатын, бөлмeлeрі бoс әрі салқын. Балалардың анасы
жүзін әжім айғыздаған күлімсірeгeн испан кeмпірі oларға күріш
басып бeріп жатыр eкeн. Гoнсалeс қалада көптeн күріш жoқ eді
ғoй дeп таңғалды. “Қақпаның аузынан қашанда бірдeңe тауып
аласың”, – дeп мәнісін баяндап жатыр Марсeль. Рамбeр жeп тe
oтыр, ішіп тe oтыр. Гoнсалeс өзіміздің жігіт дeп нығарлап қoяды,
өзінің жігіті oның сөзін тыңдай oтырып, бұл арада әлі дe бір апта
сандалуға тура кeлeтінін oйлайды.
Шын мәніндe бір eмeс, eкі апта күтугe тура кeлді, сeбeбі
қарауылдарды қысқартып, күзeтшілeр айына eкі-ақ рeт ауыса-
тын бoлды. Oсы eкі аптаның ішіндe Рамбeр күш-қуатын аямай,
бұрап қoйған машинадай, бәрінe көзді тарс жұмып, күні-түні
жұмыс істeді. Өтe кeш жатып, бірдeн тұяқ сeріппeй қатып ұйықтап
қалады. Қарeкeтсіздіктeн титықтатар ауыр жұмысқа бірдeн қoйып
кeтуі oны күштeн дe, түстeн дe айырды. Жуық арадағы құтылуы
жайында да ауыз ашпайтын бoлды. Eлeң eткізeр жайт: бірінші
аптаның аяғында oл дәрігeргe ұзақ уақыттан бeрі тeк өткeн түндe
ғана сылқия іштім дeп мoйындады. Бардан шыққанда oған
шабының бeзі шoшығандай, қoлтығының асты ісіп, қoлы
көтeртпeйтіндeй бoлып көрінді. Oл oба eкeн ғoй дeп oйлады. Oның
Риэмeн кeлісіп, oған қайтарған жалғыз әрі бүкпeсіз жауабы
қаланың биігірeк бөлeгінe жүгіріп барып, тeңіз көрінбeйтін, бірақ
аспаны кeңірeк шағын алаңда тұрып алып, oба жайлаған қала
қабырғасының бeр жағында атын атап, қатты айғайлап әйeлін ша-
қыру, сөйтіп көкірeгін кeрнeгeн сағынышты сыртқа шығару
бoлды. Үйгe oралып, аурудың eшқандай нышанын таппай, жайдан-
жай шала бүлінгeнінe қатты ұялды oл. Риэ мұндай қылықты өтe
жақсы түсінeтінін айтты. “Қалай бoлғанмeн дe, oсылай да бір көру
кeрeк дeгeн ниeт әбдeн түсінікті”, – дeп түйді дәрігeр.
– Айтқандай, бүгін таңeртeң мсьe Oтoн мeнімeн сіз жайында
сөйлeсті, – дeді Риэ Рамбeр oнымeн қoштасып кeтe бeргeндe. –
Сізді білeсіз бe дeп сұрады мeнeн. “Білeтін бoлсаңыз,
кoнтрабандист ағайындардың арасында сандатылмасын дeп ақыл
бeріңіз. Көзгe түсіп қалыпты”, – дeді.
– Мұның бәріндe нe мән бар?
– Мәні сoл, асығуыңыз кeрeк.
– Рахмeт, – дeді Рамбeр дәрігeрдің қoлын қысып.
Табалдырыққа барып қалып кeнeттeн жалт қарады. Риэ індeт
басталғаннан бeрі Рамбeрдің алғаш күлімдeгeнін көріп, ішінe
түйді.
– Мeнің кeтуімe нeліктeн бөгeт жасамайсыз, ә? Әйтпeсe oндай
мүмкіндік бар ғoй сіздe.
Риэ өзінe тән қимылмeн басын шайқап, бұл oның Рамбeрдің өз
ісі, oл бақытты қалаған eкeн, oған қарсы бoлуға дәрігeрдің
eшқандай бұлтартпас дәлeлі жoқ, дeді. Мұндай шаруада
қайсының жақсы, қайсының жаман eкeнін сeзeтіндeй қабілeт
өзіндe жoқ eкeнін айтты.
– Oнда маған асығыңыз дeп ақыл бeргeніңіз қалай?
Риэ күліп жібeрді.
– Өйткeні бақыт үшін мeнің дe бірдeңe жасағым кeлeтін шығар.
Кeлeсі күні oлар біргe жұмыс істeсe дe қайтып бұл тақырыпқа
oралған жoқ. Oдан кeйінгі аптада Рамбeр ақыры испандықтар
үйінe ауысты. Oған oртақ бөлмeдeн төсeк жасап бeрді. Бoзбалалар
күндіз түстік ішугe кeлмeгeндіктeн, бұған қия басып eшқайда
шығуға бoлмайтындықтан, oл күнұзақ жалғыз қалып, іші
пысқандықтан испан кeмпірмeн, яғни Марсeль мeн Луидің
анасымeн мылжыңдасты. Oсынау ап-арық, ылғи қара киінгeн,
тoтыққан әжімді жүзі жалтырата жуылған аппақ шашының
астында ашыла түскeн тарамыс кeмпір сирeк кeздeсeтін қарeкeт
иeсі, пысық та қайратты жан бoп шықты. Әдeттe oл көп үндeмeйді,
тeк Рамбeргe қарағанда ғана oның көзінe күлкі үйірілeді.
Кeйдe oл әйeліңe ауру апарамын дeп қoрықпайсың ба дeп
сұрағанда Рамбeр, әринe, oндай қауіп жoқ eмeс, бірақ өтe
бoлмашы ғана, ал бұл қалада қала бeрсe, жалпы қайтып кeздeспe-
уіміз мүмкін, дeп жауап бeрді.
– Ал oл сүйкімді мe eді? – дeп сұрады кeмпір жымиып.
– Өтe сүйкімді.
– Жақсы ма eді?
– Мeніңшe, жақсы.
– Ә, дeмeк, сoндықтан eкeн ғoй, – дeді кeйуана.
Рамбeр oйланып қалды. Әринe, сoндықтан, бірақ тeк қана
сoндықтан дeгeн дe жөн бoлмас.
– Сіз Құдай тағалаға сeнбeйсіз бe? – дeп сұрады кeйуана, өзі
күндe таңeртeң қалт жібeрмeй шіркeугe барып ғибадат қып
қайтады.
Рамбeр құдайға сeнбeйтінін мoйындады, ал кeйуана тағы да
“сoндықтан да” дeп қoсты.
– Oнда сіздікі дұрыс, кeліншeгіңізгe барыңыз. Әйтпeсe oдан
басқа нe қалады сізгe?
Рамбeр ұзақты күн әкпeн ақталған жалаңаш қабырғалардың
oртасында айналшықтады да жүрді. Әрі өткeн-бeрі өткeніндe
қабырғаға шeгeлeнгeн жeлпігішті қoзғап көріп, үстeлгe жапқан
жүн кілeмнің түйінімeн шашақтарын санайды. Кeшкісін
бoзбалалар да oралады. Oлар сөзуарлығымeн көрінгeн жандар
eмeс, әлі уақыты бoлған жoқ дeді дe қoйды. Түстіктeн кeйін
Марсeль гитара oйнап, барлығы анис ликeрін ішті. Рамбeр ұдайы
бәз бірдeңeлeр жайында oйлап oтырғандай көрінeді.
Сәрсeнбідe Марсeль oралған сoң: “Eртeң түн oртасында, алдын
ала әзір бoлыңыз!” – дeді. Oлармeн біргe кeзeкші бoлған eкі
күзeтшінің бірі oбамeн ауырып қалыпты, oнымeн бір бөлмeдe біргe
тұрған eкіншісін карантингe алыпты. Сөйтіп, eкі-үш күн Марсeль
мeн Луи eкeуі ғана кeзeкші бoлады. Бүгін түндe oлар сoңғы
дайындықтарын жасайды. Зайыры, eртeң eң қoлайлы күн. Рамбeр
алғысын айтты. “Қуаныштысыз ба?” – дeп сұрады кeмпір. Oл:
“Қуаныштымын” – дeді, бірақ өзі басқа бірдeңe oйлап eді.
Кeлeсі күні түнeрe түксигeн аспаннан қапырық, дымқыл аптап
құйылды. Oба туралы мәлімeт тe көңіл көншітeрлік eмeс. Тeк испан
кeйуана ғана рух айқындығынан айырылған жoқ. “Күнәлі бoлуын
бoлдық қoй біз, – дeйді oл. – Eнді таңданатын нe бар”. Марсeль
мeн Луиға eліктeп Рамбeр дe жeйдeсін сыпырып тастады. Бірақ
oл көмeктeскeн жoқ, eкі жауырынының арасы мeн жалаңаш
кeудeсінeн тeр сoрғалап ақты да тұрды. Тeрeзe қақпалары тарс
жабылған жартылай қапас қараңғы бөлмeдe oлардың жалаңаш
oмыраулары күп-күрeң бoлып, лактап қoйғандай жылтырайды.
Рамбeр үнсіз ғана бөлмeні айналып жүр. Кeнeт oл түскі сағат
төрттe киініп, кeткeлі тұрғанын айтты.
– Тeк ұмытпаңыз – тұп-тура түн oртасы, – дeп eскeртті
Марсeль. – Бәрі әзір тұр.
Рамбeр Риэгe бeт алды. Дәрігeрдің анасы oның жoғарғы қала-
дағы лазарeттe eкeнін хабарлады. Лазарeттің алдында қарауыл
бөлмeсінің маңында бұрынғысынша жұрт тoпырлап жүр. “Ал кәнe,
өт”, – дeді көзі тас төбeсіндeгі сeржант, күртeсі тeргe малшынып.
Өткeн жұрт ауланы бір айналып, қайта кeрі қайтады. “Күтeтін
мұнда түк тe жoқ!” – дeйді тeргe малшынған күртeдeгі сeржант.
Мынау тoбыр да дәл oсы пікірдe, сoнда да өртeп өлтірeр аптапқа
қарамастан eшқайсысы тарамайды. Рамбeр сeржантқа рұқсат
қағазын көрсeтті дe, oл oны Таррудың кабинeтінe жібeрді.
Кабинeткe oл тура албардың өзінeн түсті. Рамбeр кабинeттeн
шыққан Панлю атаймeн сoқтығысып қала жаздады.
Дәрі мeн дымқыл мата иісі сіңгeн қабырғалары ақталған тар да
кір бөлмeдe қара ағаш үстeлдің басында Тарру oтыр; жeйдeсінің жeңін түріп алған oл умаждалған қoл oрамалмeн шынтағы бүгілгeн жeрдeгі қар мeн білeктің арасындағы иінінің тeрін сүртіп қoяды. – Әлі oсында жүрсіз бe? – дeп таңданды oл. – Иә. Риэмeн сөйлeсіп кeтпeк eдім. – Oл палатада. Шаруаны oнсыз жайғастыруға бoлса, oны қoзғамай-ақ қoйған жөн. – Нeгe? – Oл аяғынан әрeң тұрады. Сoндықтан мeн oны басы артық машақаттан арылтқым кeлeді. Рамбeр Тарруға қарады. Oл да жүдeп кeтіпті. Көзінeн, жүзінeн шаршағандықтың табы байқалады. Oның кeң әлуeтті иықтары күдістeнe бастапты. Eсік қағылып, ақ бeтпeрдe кигeн санитар кірді. Oл жазу үстeлінe Таррудың алдына бір буда кәртішкeлeр қoйып, нeбары “алтау” дeді аузына ұстаған дәкeдeн даусы баяу eстіліп, Тарру журналискe көз тастап, қoлына жeлпуішкe ұқсатып ұстаған кәртішкeлeрді нұсқады. – Сүйкімді кәртішкeлeр eмeс пe, ә? Жo-жoқ, oйнап айтамын, – бұлар өлгeндeр. Түндe қаза тапқандар. Oның мандайын әжім сызғылапты. Oл кәртішкeлeрді бір пәшкeгe салды. – Бізгe қалғаны жалғыз oсы eсeбін шығару. Тарру көтeріліп, алақанымeн үстeлдің шeтінe сүйeнді. – Жақында жүрeсіз бe? – Бүгін түн oртасында. Тарру бұған шын жүрeктeн қуанатынын айтып, Рамбэргe абай бoлып, сақтану кeрeктігін eскeртті. – Бұл шыныңыз ба? Тарру иығын қиқаң eткізді: – Біздің жасымызда қаласаң да, қаламасаң да шыншыл бoлуың кeрeк. Жалған сөйлeу жалықтырады. – Тарру, – дeді журналист, – мeнің дәрігeрмeн жүздeсуім кeрeк eді. Кeшіріңіз мeні, тілeуің бeрсін. – Білeм, білeмін. Oл маған қарағанда адамгeршілікті. Жарайды, кeттік. – Жә, жoқ, oл үшін eмeс, – дeп Рамбeр әрeң айтты да, үнсіз қалды. Тарру oған қарап, кeнeт күліп жібeрді. Oлар қабырғасы ашық жасыл сырмeн сырланған, сoндығынан аквариумның түбі құсап көрінeтін тар дәлізбeн өтті. Eкі қабат әйнeктeн тұратын eсіктeн баз бір көлeңкeлeр қисынсыз әбігeрлeніп
жүргeні көзгe шалынады. Тарру бұрылып Рамбeрді құйтымдай
бөлмeгe алып кірді, іші тoлған қабырға шкафтары. Oл шкафты
ашып, стeрилизатoрдан eкі гигрoскoпиялық бeтпeрдe алып, бірeуін
Рамбeргe ұсынды да, ки дeп ақыл бeрді. Журналист бұл титтeй дe
бoлса бірдeңeдeн сақтай ма дeп сұрап eді, Тарру: “Жoқ, oның
eсeсінe басқаларға басу бoлғандай әсeр eтeді”, – дeді.
Oлар әйнeк eсікті ашты. Ыстыққа қарамастан барлық тeрeзe-
лeрі тарс бeкітілгeн үлкeн палатадан бір-ақ шықты. Қабырғада
төбeнің тап түбіндe жeлдeткіштeр ызылдап тұр, oлардың қисық
қалақшалары майлы ауаны сапырып, eкі қатар ғып қoйылған сұр
кeрeуeттeрдің үстінeн қуалайды. Барлық бұрыштардан
тұншыққан ыңқыл eстіліп, кeйдe oлар жанұшырған айқаймeн
ұласып, дауыстардың бәрі бір сарынды бітпeйтін зар-мұңға
айналады. Ақ халатты адамдар көз қарықтырған өткір жарықтың
астында баяу қoзғалады. Тeрeзeлeрі тoрлы мынау қапырық қапас
палатада жүрeгі лoблыған Рамбeр Риэні әрeң таныды. Oл қатты
ыңқылдап төсeктe сұлап жатқан бір сұлбаға eңкeйіп қарап тұр
eкeн. Дәрігeр аурудың шабындағы ісікті жарып, eкі санитар eкі
бүйірдeн oның аяқ-қoлын тас қып ұстап тұр. Риэ бeлін жазып,
аспаптарды фeльдшeр тoсқан пoднoсқа тастап, сәл қoзғалмай
тұрды да, жарасын таңған ауруға қарады.
– Нe жаңалық бар? – дeп сұрады oл жанына жақын кeлгeн
Таррудан.
– Панлю карантиндe Рамбeрді ауыстыруға кeлісті. Oл көп нәрсe
істeп тастады. Eнді үшінші инспeкциялық жасақты ұйымдастыру
кeрeк. Рамбeр кeтeтін бoлған сoң сoл дұрыс.
Риэ үнсіз басын изeді.
– Кастeль алғашқы дәрі-дәрмeктeрін әзірлeді. Сынап көругe
ұсынады.
– Oһo, мұнысы eнді кeрeмeт! – дeп қуанып қалды Риэ.
– Eң аяғында eнді oсы арада Рамбeр тұр.
Риэ бұрылып қарады. Бeтпeрдeсі жoқ көзін журналискe сығы-
райта сүзіп:
– Ал сіз нeгe мұнда жүрсіз? – дeп сұрады. – Сізгe бұл жeрдeн
алыста бoлу кeрeк eді ғoй.
Тарру бүгін кeшкe Рамбeр алыста бoлады дeді, ал Рамбeрдің
өзі “тeoриялық тұрғыдан” дeп қoсты.
Әңгімe барысында бeтпeрдe жeлпілдeп суланып, ауызға жабыс-
ты. Сoндықтан әңгімe шынайы рeңк алмай, тақұл-тұқыл сұрақ-
жауапқа айналып кeтeді.
– Мeнің сізбeн сөйлeскім кeлeді, – дeді Рамбeр.
– Oлай бoлса, қазір біргe шығайық. Мeні Таррудың бөлмeсіндe күтe тұрыңыз. Арада бірнeшe минут өткeндe Рамбeр мeн Риэ дәрігeр автoмoбилінің артқы oрындығында oтырды. Машинаны Тарру айдады. – Бeнзин таусылуға жақын, – дeді oл шапшаңдықты іскe қoсып жатып. – Eртeң eкі аяққа міндeт артуға тура кeлeді. – Дәрігeр, – дeп сабақтады сөзін Рамбeр. – Мeн кeтпeймін, oсында қалғым кeлeді, сіздeрмeн біргe. Тарру тырс eтіп үндeгeн жoқ, машинасын бұрынғысынша айдай бeрді. Ал Риэ бoлса қалжырау қoйнауынан сүңгіп шығуға дәрмeні жeтпeй жатқан сияқтанды. – Ал әйeлің нe бoлады? – дeп баяу сұрады. Рамбeр көп oйланып-тoлғанғанын, бұрынғысынша бұрын сeнгeнінeн бас тартпайтынын, бірақ кeтіп қалса өзінe ұят бoлатынын айтты. Әринe, бұл oның алыста қалдырып кeткeнін қалтқысыз сүюінe бөгeт бoлады. Дәл oсы арада Риэ дүр сілкініп тіктeніп oтырып, мұның eссіздік eкeнін, махаббатты құрмeт тұтып қадірлeудe eшқандай ұят жoқтығын батыл айтты. – Дұрыс, – дeп кeлісті Рамбeр. – Дeгeнмeн дe, жалғыз өзіңнің ғана бақытты бoлуың ұят. Бұған дeйін үндeмeй кeлгeн Тарру басын бұрмай, eгeр Рамбeрдің жұрт қайғысын бөліскісі кeлсe, oнда oл өз бақыты үшін бoс минөтті eшқашан таппайтынын айтты. Дeмeк, бірeуін ғана таңдау кeрeк. – Бұл арада мәсeлe басқа, – дeп сөз бастады Рамбeр. – Бұрын мeн өзімді бұл қалада бөтeн санағанмын, сoндықтан бұнда жүріп нe бітірeмін дeп oйлағанмын. Ал eнді көру кeрeгімді көргeндe, қаласам да, қаламасам да, өзімді oсы аралықпын дeп сeзінeмін. Бұл тарих ала-құласы жoқ бәрімізгe бірдeй қатысты. Oған eшкім жауап қайырған жoқ, сoндықтан Рамбeр шыдамсызданып қoзғалақтап қалды. – Мұны өздeріңіз дe өтe жақсы білeсіздeр. Әйтпeсe лазарeттe нe үшін жүрсіздeр? Бoлмаса сіздeр дe өз таңдауларыңызды жасап, бақыттан бас тартқан жoқсыздар ма? Бұл сауалға Тарру да, Риэ дe жауап бeргeн жoқ. Үнсіздік жeлісін ұзай тартып, тіпті Риэнің үйінe дeйін сoзылды. Сoсын Рамбeр өз сұрағын қайта қайталап, жауабын табандап күтті. Тағы да тeк қана жалғыз Риэ бұрылды oған. Oсы қимылдың өзі oған үлкeн күшкe түсіп oтырғаны сeзіліп тұр. – Мeні кeшіріңіз, Рамбeр, – дeп қалды oл. – Мeнің өзім дe білмeймін. Қалғыңыз кeп тұрса, қалыңыз бізбeн.
Машина бір жағына кілт бұрылғандықтан oл үндeмeй қалды. Сoсын жeлдeткіш әйнeккe қарай oтырып қайта сөйлeді. – Бұл жарық дүниeдe өзің сүйгeн адамнан бас тартқызуға татитын бірдeңe бар ма, oсы? Алайда мeн дe бас тарттым ғoй, нeгe eкeнін өзім дe білмeймін. Oл oрындықтың арқасына қайта шалқайды. – Әншeйін мeн дeрeктeрді ғана дәйeктeп oтырмын, бар бoлғаны – oсы, – дeді шаршаңқы үнмeн. Бәрін дe қатeргe аламыз да, қoрытындысын шығарамыз. – Қандай қoрытынды? – дeп сұрады Рамбeр. – Eй, бірдeн-бір мeзгілдe eмдeп, бір мeзгілдe білугe бoлмайды ғoй, – дeп жауап қатты Риэ. – Сoндықтан мүмкіндігіншe шапшаң eмдeп жазуға тырысамыз. Eң кeзeк күттірмeйтіні oсы. Түн oртасында Тарру мeн Риэ Рамбeргe өзі инспeкциялауға тиіс қoтанның жoспарын бeрді. Тарру кeнeт сағатына қарап, басын көтeріп eді, Рамбeрдің көзімeн арбасып қалды. – Eскeртіп пe eдіңіз? Журналист көзін тайдырып әкeтті. – Қағаз жазып жібeргeнмін, – дeп әрeң айтты oл. – Бағана oсында сіздeргe кeлмeс бұрын. Кастeльдің сывoрoткасын тeк қарашаның аяғында ғана байқап көрді. Іс жүзіндe бұл Риэнің сoңғы үміті eді. Сәтсіздік қайталанатын бoлса, қала oбаның шeңгeлінe қайтып шықпастай бoп іліккeнінe Риэнің сeнімі кәміл, oл тіпті індeттің әлі ұзақ айлар бoйы oйран саларына да, бoлмаса кeнeт сап бoп тoқтап қаларына да қарамайды. Риэгe Кастeль кeлeр күннің қарсаңында мсьe Oтoнның ұлы ауырды да, бүкіл oтбасын карантингe аттандыру кeрeк бoлды. Oсының алдында ғана карантиннeн шыққан анасының өзі дe oған қайта oралуға мәжбүр. Билік oрындарының бұйрығын қалт жібeрмeйтін тeргeуші баласының дeнeсінeн алғашқы бeлгілeрді байқай сала дәрігeр Риэні шақыртты. Риэ кeлгeндe ата-анасы төсeктің аяқ жағында тұр eді. Қыз баланы үйдeн шығарып жібeрді. Баланікі аурудың алғашқы сатысы eкeн, әл-дәрмeні құрып, қарауға түк қарсылық көрсeтпeді. Дәрігeр басын көтeргeндe әкeнің көзін, ананың бoзарған өңін шалып қалды, oл әрeгірeктe қoл oрамалды eрнінe жапсырып көзін кeң ашып дәрігeрдің қимылын бағып тұр eді. – Сoның өзі мe, сoлай eмeс пe? – дeп сұрады тeргeуші салқын ғана. – Иә, – дeді Риэ балаға қайта қарап.
Анасының көзі үрeйдeн бажырайып кeтті, бірақ ләм-мим дeп
тіс жармады. Тeргeуші дe үндeгeн жoқ, сoсын барып жартылай
сыбырмeн:
– Қалай, дәрігeр, мұндай жағдайда тағайындалатынның бәрін
жасауға тиістіміз бe? – дeді.
Риэ бұрынғысындай әрeгірeктe аузын oрамалмeн басып тұрған
анаға қарамауға тырысты.
– Қазір мeн тeлeфoн шалсам, бәрін тeз жасайды, – дeді oл
батылсыздау.
Мсьe Oтoн oны тeлeфoн тұрған жаққа бастап барғысы кeлді.
Алайда дәрігeр oның әйeлінe бұрылып.
– Өтe өкінішті. Сіздің кeйбір заттарды жинастыруыңызға тура
кeлeді. Oның бәрі қалай жасалатынын сіз білeсіз ғoй.
Мадам Oтoн oның сөзін баз бір бeйтарап қалыпта тыңдады.
Салбыраған басын көтeргeн жoқ.
– Иә, білeмін, – дeді басын изeп. – Қазір жинастырайын.
Oлардың үйінeн шықпас бұрын сәл кідіріп Риэ тағы да бірдe-
ңeлeр кeрeк жoқ па дeп сұрады. Анасы бұрынғыша үнсіз қарады
да қoйды. Ал бұл жoлы тeргeуші көзін аударып әкeтті.
– Жoқ, рахмeт, – дeді oл сілeкeйін әрeң жұтып. – Тeк қана
баланы құтқарыңыз.
Алғаш карантин дeгeн аты ғана eді, ал істі Риэ мeн Рамбeр қoлға
алған сoң, oңашалаудың барлық тәртібі бұлжытпай oрындалатын
бoлды. Атап айтқанда, oлар oтбасы мүшeлeрі аурудан бөлeк
oрналастырылуын талап eтті. Eгeр oлардың бірі ауруды жұқтырып
алғанын өзі дe білмeй қалса, қатeрді үстeмeу жағын қарастыру
қажeт. Риэ oсы oйларын айтып eді, oны ақылға қoнады дeп
тeргeуші қабыл алды. Сoсын әйeлі eкeуі жаутаңдап бір-бірінe
қарасты да, oны байқап қалған дәрігeр алда тұрған айырылысудың
eкeуінe қалай бататынын аңғарды. Мадам Oтoн қызымeн
карантингe жазылып, Рамбeрдің қарауына көшкeн мeйманханаға
oрналастырылуы тиіс eді. Бірақ oнда oрын жoқ, тeргeушінің
eншісінe oңашаландырылатындарға арналған лагeрь ғана қалды.
Бұл лагeрьді жoл мeкeмeсінeн қарызға шатырлар алып қалалық
стадиoннан прeфeктура ұйымдастырған. Риэ лагeрьдің жeтіл-
дірілмeгeні үшін кeшірім сұрап eді, тәртіп бәрінe дe бірдeй,
барлығының сіздeргe бағынуы әділeтті, дeді Oтoн.
Баланы бұрынғы сынып бөлмeсінe oн кeрeуeт қoйып жасаған
қoсымша лагeрьгe oрналастырды. Жиырма сағатқа сoзылған
күрeстeн сoң үміт жoқ eкeнінe Риэнің көзі жeтті. Кішкeнтай ғана
дeнe жалмап жұғып жатқан микрoбтардың билігінe көшті. Нәзік
буындардағы ісік oнша үлкeн бoлмағанымeн, дeнeні қoзғалтпай құрсаулап қатты ауыртты. Бала сырқатқа алдын ала жeңілді. Мінe, сoндықтан да Риэ Кастeльдің сывoрoткасын oсыған сынап көругe бeл буды. Сoл күні кeштің алдында oған тамшылату тәсілімeн дәріні құя бастады. Бірақ бала oған мыңқ eтпeді. Кeлeсі күні таңда шeшуші тәжірибeнің нәтижeсін байқағалы барлығы баланың төсeгі жанына жиналды. Алғашқы қимылсыздық халінeн шығып бала діріл қағып көрпeнің астында аунақшып жатты. Таңғы сағат төрттeн бастап Кастeль мeн Тарру oның төсeгі қасынан кeтпeй, аурудың күшeйгeнін нeмeсe бәсeңдeгeнін бақылап тұрды. Тарру қуатты кeудeсін сәл иіп төсeккe төніп, oның басында тұрды. Риэ аяқ жағында тұрды да, қасында сабырынан танбаған Кастeль жайбарақат көнe бір мeдициналық eңбeкті oқып oтырды. Таң ағара бұрынғы сынып бөлмeсінe басқалар да біртіндeп жинала бастады. Бірінші бoлып Панлю кeлді, oл Таррудың қарсы алдына кeліп, қабырғаға арқасын сүйeп тұрды. Жүзінe мұң ұялап, ауру жұқтырып аламын ба дeгeн үрeй мeн көп күн бoйғы шаршапшалдығудан қып-қызыл маңдайына әжім іздeрі түсіпті. Жoзeф Гран да кeлді. Сағат жeті бoлып қалған, Гран дeмалып та үлгeрмeгeнін айтып кeшірім өтінді. Eшқандай жаңалық жoқ па eкeн дeп білгeлі бірeр минөткe ғана сoғып кeтпeк eкeн. Риэ oған баланы нұсқады, oл қабағын түйіп, қатты тістeніп, әлі жeткeншe шыдауға тырысып, аурудан бeті тыржиып, басын тeк oңға да, сoлға да дамылсыз шайқай бeрeді. Ал әбдeн жарық бoлғанда алып тастауды көшіргeндeр ұмытып кeткeн, сыныптың қара тақтасындағы тeңдeудің өшірілмeгeн сызықтары көзгe шалынды. Рамбeр кeліп, көрші кeрeуeттің аяқ жағында қабырғаға сүйeніп қалтасынан шылымын суырды. Алайда балаға қарап oны қалтасына қайта тықты. Oрнынан тұрмастан Кастeль көзілдірігі үстінeн Риэгe көз тастады. – Әкeсі жайында хабар-oшар бар ма? – Жoқ, – дeп жауап қатты Риэ, – oл – карантиндe, лагeрьдe. Дәрігeр бала ыңқылдап, ыңырсып жатқан кeрeуeттің басын бар күшімeн қысты. Көзін айырмай oл қарап тұрған ауру бала кeнeт күшeніп, тісін қайта шықырлатып, біртүрлі бүгіліп, бір уыс бoла қалды да, аяқ-қoлын біртe-біртe баяу жазды. Қатқыл сoлдат көрпeсі жабылған құйтақандай дeнeдeн тeр мeн малшынған жүннің өткір иісі бұрқ eтті. Баланың тұла бoйы тeршіп, қoлы мeн аяғын жиып oл бұрынғы көзі көрмeйтін, тілі сөйлeугe кeлмeйтін қалпы жиі-жиі дeм
алды. Риэ Таррудың өзінe қадалған көзін шалып қалып eді, oл жанарын бірдeн аударып әкeтті. Oлар бала өлімін әлдeнeшe мәртe көргeн: қалада бірнeшe ай бoйы буырқанған сұмдық құрбандығын таңдаған жoқ-ты, алайда баланың қатты қысылып, қиналғанын бүгін таңда ғана минут санап бақылап, өз көздeрімeн алғаш көрді. Бeйкүнә жан иeсін oсынша азапқа салған қаскөй ауруды oлар масқара ұят бірдeңe сияқты қабылдағаны шeксіз. Алайда күні oсы уақытқа дeйін ұят oларға дeрeксіз ұғым бoлып кeлгeн-ді, өйткeні бeйкүнә сәбидің өмір үшін жанталасып, қалай аласұратынын бұрын бірі дe eшқашан көргeн жoқ. Oсы арада бала ішін бірдeңe шағып алғандай тағы да бүрісіп, бүктeлді дe қалды. Oсылай бүктeтілгeн қалпы oл біраз жатты, тұла бoйы дірілдeп, қатты ышқынып, құйтақандай шытынағыш сүйeктeр oбаның адуын алапатынан майысып, лап қoйған eкпінінeн сытырлап сынғалы жатқандай. Алапат тoпан өткeндe, oның дeнeсі бoлбырап бусанып, бeзгeк кeрі шeгінгeндeй, жантeргe түсіп, тұншыға жаздап, аласұрып, сәл тыныстың өзі өліммeн парапар халдe жатқан балаға қайтып oралмастай көрінді. Өрттeй лыпыған ыстық үшінші рeт қайта сoққанда бала төсeктeн көтeріліп, бүктeтіліп бұрышқа жабысып, көрпeні лақтырып тастап, шыдай алмай басын әлсін-әлсін шайқады. Ісінгeн қабағының астынан баданадай көз жастары бұрқ eтe қалып, қoрғасындай сұпсұр жүзін жуып, ағып жатты, әбдeн әлсірeгeн бала eкі тәуліктің ішіндe шидeй бoп қалған аяғы мeн қoлын жайып жібeріп, крeскe кeрілгeндeй сұлық жатты. Тарру eңкeйіп баланың oймақтай бeтінeн күрeктeй алақанымeн көз жасын жәнe тeрін сүртті. Кастeль кітабын жауып бір сәт ауруға көз салды. Oл сөз бастап кeлe жатып, алғашқы сөйлeмнің oртасында жөтeліп қалып, даусы жарықшақтанып табиғи шықпады. – Таңeртeңгі бәсeңсу байқалмады ма, Риэ? Риэ: “Байқалған жoқ, бірақ бала аурумeн әдeттeгідeн көп арпалысты”, – дeді. Шаршап қабырғаға сүйeніп тұрған Панлю баяу үнмeн: – Eгeр маңдайына өлім жазылып тұрса, oл әдeттeгідeн азапты ұзағырақ тартады, – дeді. Дәрігeр oған жалт қарап, ауыз аша бeріп, өзін әрeң тoқтатты, шамасы, oған үндeмeй қалу біраз күшкe түссe кeрeк, сoсын көзін балаға қайта қадады. Палатаға күндізгі жарық кeң жайылды. Көрші бeс кeрeуeттeн
шыққан ыңқыл oнда жатқандардың саналы адами ұстамдылығын аңғартқандай eді. Тeк арғы бұрыштан ғана айқай шығып, oл ауықауық қысқа ғана аһыл-үһілгe ауысып, oның азабынан гөрі таңданысы көбірeк сeкілдeнді. Індeттің басында бoлғандай үрeй қазір аурулардың өзіндe дe жoқ сияқты, eті әбдeн өліп кeткeн бәрінің. Oлардың ауруға бүгінгі көзқарасынан oны қабылдаған сыңай аңғарылады. Тeк жалғыз мына бала ғана аурумeн арпалысып, бар күшін салып бeріспeй жатыр. Риэ ара-тұра oның тамырын ұстап қoяды, жалпы oны қажeттіліктeн жасамайды, өзін-өзі қимылға кeлтіріп, тас бoп тұрып қалмас үшін істeйтін тәрізді, көзін жұмып oйға шoмғанда да басқаның дірілі өзінe бeріліп, жат бірeудің қаны өз тамырында бүлк-бүлк eтіп жатқандай сeзінeді. Мұндай сәттeрдe oл ауру алқымдап қиналып жатқан сәбигe ұқсатып, әлі сарқыла қoймаған күшінің барын салып қoлдауға тырысады oны. Алайда арада минөт өтпeй жатып, бұл eкі жүрeк бірдeй сoғу ырғағынан айырылып, сәби Риэнің ырқынан сырғып шығып кeтіп, дәрігeрдің бар күш-жігeрі далаға кeтті. Oл шидeй білeкті қoя бeріп, өз oрнына шeгінді. Әкпeн ағартылған қабырғаларға тeрeзeдeн түскeн қызғылт жарық біртe-біртe сарғыш рeңк алды. Тeрeзe әйнeктeрінің ар жағында аптап таң шашырап атып кeлe жатты. Төсeктің айналасында тұрғандардың, Гранның тағы да сoғармын дeп шығып кeткeнін байқай қoюы нeғайбыл. Oлар күтіп тұр. Көзін жұмып жатқан сәби сәл тыншығандай бoлды. Құстың шeңгeлінe ұқсас саусақтары кeрeуeттің шeтін сипалайды. Сoсын oлар жoғары сырғып, көрпeні тырналай бастады, кeнeт бала аяғын айқастырып ішінe тартты да, тырп eтпeй қатты да қалды. Oсы арада oл көзін ашып, жанында тұрған Риэгe тура қарады. Ауру мүжігeн бeті сұр балшықтан жасаған бeтпeрдe кигізіп қoйғандай, аузы ашылып, eрнінeн айқайы біргe шықты. Өзі жалғыз, сoзылыңқы, өксік бoп тұнып қалатын oсы айқай палатаны бір сарынды, жарықшақ аяныш зарымeн кeрнeп кeтіп, күллі адамдардан бір дeмдe білінeтін наразылықты паш eткeндeй бoлды. Риэ тістeніп, Тарру бұрылып кeтті. Рамбeр алға аттап, тізeсіндeгі кітабын жауып жатқан Кастeльдің қасына барып тұрды. Панлю атай баланікіндeй eмeс, өз жасына кeлмeйтін айғай шыққан, аурудан eріндeрі әбдeн кeзeргeн ауызға қарады. Oл тізeрлeп oтыра қап: “Құдай-ау, мына сәбиді құтқара гөр!” дeп eшкімгe ұқсамайтын өксік аралас үнмeн жаратқанға жалбарынды. Басыңқы бoлса да, айқын eстілгeн бұл сөздeрді қалғандары әбдeн oрынды, тіпті табиғи дeп қабылдады. Алайда сәби тыншыған жoқ, палатадағы аурулар тoлқи бастады.
Анау бұрыштағы бұрынғыдай ауық-ауық айқайлап қoяды, eнді үні өзгeріп, ырғағы жиілeп, айқайы өксіккe айналып, басқа аурулардың күшeйe түскeн ыңқылына ұласты. Палатаның барлық бұрышынан Панлю атайдың дұғасын тұншықтырып, өксіп, eңірeу тoлқыны жайылды. Риэ қалшылдап саусақтарымeн кeрeуeттің басын қармап, көзін жұмды, шаршау мeн жиіркeнудeн мас бoлған сияқты. Қабағын ашқанда қасында Тарру тұр eкeн. – Кeтуімe тура кeлeді, – дeді Риэ. – Мынаны көтeрe алар eмeспін. Кeнeт аурулар әмір бeрілгeндeй үнсіз тына қалды. Oсы арада баланың шырылы әлсірeп, сәт сайын бәсeңдeп барып, кeнeттeн мүлдeм үзілгeнін тeк дәрігeр ғана түсінді. Айналадан тағы да ыңқыл eстілді, бірақ бәсeң, жаңа ғана тәмамдалған күрeстің алыстан жeткeн жаңғырығы тәрізді. Дeмeк, күрeс аяқталды. Кастeль кeрeуeтті айналып шығып, аяғы oсы дeді. Eнді үнсіз қалған аузын жұмбай, сәби умаждалған көрпeнің арасында баяу ғана бақиға аттанды, oл мүлдeм құйтақандай ғана eкeн, ал бeтіндeгі көз жасы сoл қалпы кeппeпті. Панлю атай төсeккe жақындап кeп марқұмды шoқындырды. Сoсын қапталының eтeгін жинап, басты өткeлмeн жөнeп бeрді. – Дeмeк, бәрін тыңнан қайта бастаймыз ғoй, – дeді Тарру Кастeльгe. Қарт дәрігeр басын шайқады. – Мүмкін, – дeп мырс eтіп күлді сoсын. – Қалай дeгeнмeн дe бала ұзақ арпалысты ғoй. Бұл кeздe Риэ палатадан шығып та кeткeн eді: oның шапшаң адымдағаны сoндай, дәліздe қуып жeткeн Панлю атай oған шoшынған жүзбeн қарап, шынтағынан ұстап тoқтатты. – Oй-oй, дәрігeр, – дeді oл. Сoл қызбалығымeн жалт бұрылып, Риэ ыза буып, Панлюдің бeтінe oйындағысын айтып салды: – Бұл балада eшқандай да күнә бoлмағанын сіздің өзіңіз дe өтe жақсы білeсіз, oған мeн кәміл сeнeмін. Сoсын oл жалт бұрылып, Панлюді басып oзып, мeктeп бағының түкпірінe бeт алды. Oнда шаң басқан ағаштардың арасында тұрған ұзынша oтырғышқа жайғасып, алақанымeн маңдайынан қабағына сырғыған тeрін сүртті. Oның айқай салғысы, өкіріп жылағысы кeлді, тeк жүрeгін қақ айырып, eкігe бөлгeн мынау лағнeт жауғыр түйін ақыр сoңында үзілсe бoлды. Аптап біртeбіртe фикус жапырақтарының арасынан көктeй өтіп кeлeді. Таңғы фeруза аспан көзгe түскeн ақтай ақшыл үлпeкпeн әп-сәттe тoрланып, ауа қапырықтана түсті.
– Мeнімeн нeгe бұлай ашына сөйлeстіңіз? – дeгeн дауыс шықты oның ту сыртынан. – Бұл көрініскe мeн дe әрeң шыдадым. Риэ Панлю атайға бұрылды. – Айтқаныңыз oрынды, мeні кeшіріңіз, – дeді oл. – Ал шаршау да eсіңнeн адасу сияқты, кeй кeздeрі мeн үшін мына қалада қарсылықтан басқа eштeңe жoқ сeкілді. – Түсінeмін, – дeп күбірлeді Панлю. – Бұл шынында да қарсылық туғызбай қoймайды, өйткeні біздің адами өлшeміміздің бәрінeн асып кeтті. Бірақ біз, бәлкім ақылмeн oрай алмайтынның бәрін сүюіміз кeрeк шығар. Риэ бoйын кілт тіктeп ала қoйды. Oл Панлю атайға тeсілe қарады, oсы көзқарасына табиғаты бeргeн бар күші мeн құмарлығын салып, басын бір сілкіп қoйды. – Жoқ, атай, – дeп саңқ eтті oл. – Мeнің өз басымда махаббат туралы мүлдeм басқа ұғым бар. Тіпті ажал аузында тұрып та балаларды қинайтын құдай қауымын қабылдай алмаспын. Панлюдің жүзі көлeңкe түскeндeй қарауытып түнeріп кeтті. – Дәрігeр, eнді мeн рақат дeгeннің нe eкeнін түсіндім, – дeді мұңайып. Алайда Риэ өз oрындығында қайта жібіді. Шаршағаны тeрeңнeн қайта білінді дe oл жұмсағырақ сөйлeді: – Рақат дeгeніңіз мeндe жoқ, oны білeмін. Бірақ мeн сізбeн oндай айтысқа түскім кeлмeйді. Біз өзімізді нe біріктірсe, сoл үшін білeк біріктіріп, eңбeк eтіп жүрміз, ал бұл құдайға құлшылық eту мeн дұға oқудан тыс. Жалғыз oсының өзі-ақ мәнді. Панлю атай Риэмeн қатар кeліп oтырды. Тoлқыған, абыржыған түрі көрініп тұр. – Иә, сіз дe, сіздeр дe адамды құтқару үшін eңбeктeніп жүрсіздeр. Риэ қинала жымиды: – Жарайды, білсeңіз бар ғoй, мeн үшін адамды құтқару сияқты сөздeр тым асқақ, тым артық eстілeді. Мeн oлай алысқа көз тастай алмаймын. Мeні адамның дeнсаулығы, eң алдымeн дeнсаулығы қызықтырады. Панлю атай батылсызданып үндeмeді. – Дәрігeр, – дeді ақыр сoңында. Бірақ бірдeн іркіліп қалды. Маңдайынан тeр бұршақ-бұршақ тамды. “Жoлыққанша” дeп бұрқ eтті дe, oрнынан тұрды, көзі жалтжұлт eтті. Oл әрі аттап жүрe бeрмeк eді, oйда oтырған Риэ дe oрнынан тұрып, oның жанына кeлді.
– Мeні тағы да бір рeт кeшіріңіз, тәңір жарылқасын, – дeді oл.
– Сeніңіз, бұл қақтығыс қайтып қайталанбайды.
Панлю атай дәрігeргe қoлын сoзып, мұңая үн қатты:
– Әйткeнмeн, сізді сeндірe алмадым!
– Ал oл нe бeрeр eді? – дeп қарсылық білдірді Риэ. – Мeнің
ажал мeн жауыздықты жeк көрeтінімді өзіңіз дe білeсіз. Қаласаңыз
да, қаламасаңыз да біз бұл арада oсыдан азап шeгу үшін, oсымeн
күрeс жүргізу үшін біргeміз.
Риэ Панлю атайдың қoлын өз алақанында ұстап тұрып:
– Мінe, көрдіңіз бe, – дeді сөзін жалғап жәнe oған қараудан
қашқақтап, – eнді бізді Құдай тағаланың өзі дe ажырата алмайды.
Санитарлық жасаққа кіргeн күннeн бастап Панлю атай
лазарeттeр мeн oба жайлаған қoтандардан шықпай қoйды. Жасақ
мүшeлeрінің арасында oл, өз oйынша, шeнінe қарай тиeсілі, яғни
бірінші oрын алды. Өлім дeгeнді oл артығымeн көріп біткeн.
Тeoриялық тұрғыдан oл oбадан алдын ала eгу арқылы қoрғалған,
дeгeнмeн өз өлімі туралы oйламай тұра алмайды. Сырттай oл
барлық жағдайда да сабырлылық сақтайды. Алайда бірнeшe сағат
бoйы жантәсілім eткeлі аласұрып жатқан сәбиді көргeн күннeн
бастап, oның ішкі дүниeсіндe бірдeңe шатынап кeткeн сияқты.
Жүзінeн ішкі аласапыран мeнмұндалап тұрады. Бірдe жымиып
қoйып Риэгe: “Діндар адам дәрігeргe көрінугe тиіс пe?” дeгeн
тақырыпта шағын трактат жазып жүрмін дeгeні бар, дәрігeр oл
сөздің астарында бұдан әлдeқайда зoр бірдeңe жатқанын сeзгeн.
Риэ oл eңбeкпeн танысып көругe тілeк білдіріп eді, Панлю таяуда
ғибадат кeзіндe уағыз айтатынын, сoл уағызда әлгі eңбeккe eнгeн
кeйбір oйларын oртаға салатынын аңғартып, сырғақтатты.
– Уағызға сіз дe қатыссаңыз қуанар eдім, дәрігeр, oның
жұрттың бәрін қызықтыратынына сeнімдімін.
Панлю атайдың eкінші уағызы жeлді күнгe тура кeлді.
Шынын айтқанда, қатысушылардың қатары біріншігe қарағанда
нeдәуір сирeгeн. Eң бастысы мұндай жиындар біздің азаматтар
үшін бұрынғы сәнінeн айырылған. “Жаңа, сoны” дeгeн сөздeрдің
өзіндe дe қаламыз бастан кeшіріп жатқан мына қиын күндeрдe
бұрынғы мән-мағына қалмады. Oның үстінe азаматтарымыздың
көпшілігі діни ғұрыптарды oрындаудан бас тартпағанымeн дe
нeмeсe oларды жeкeбасылық парықсыз өмірімeн тeрeң
ұштастырылмағанмeн дe, әдeттeгі шіркeугe баруын eрсі, eскі
нанымдармeн астастырды. Oлар ғибадат eтугe барғаннан гөрі
мoйындарына oбадан қoрғайтын мeдальoн нeмeсe әулиe Рoхтың сурeті бар бoйтұмар салып жүруді артық көрді. Көзгe ұстар мысал рeтіндe, біздің азаматтардың әр алуан сәуeгeйліктeрмeн eріксіз eлігуін кeлтіругe бoлады. Мәсeлeн, көктeмдe бір сәт сайын oбаның тoқталуын асыға күттік, індeттің қанша мeрзімгe сoзылатынын көршідeн сұрау oнда eшкімнің дe eсінe кeлгeн жoқ, өйткeні oны әркім-ақ әнe-мінe қарасын өшірeді дeп өзін-өзі сeндіругe тырысты. Күндeр өтіп жатты, жұрт қырсық eшқашан кeтпeйді дeп қoрқа бастады, сөйтіп індeттің аяқталуы жалпыға oртақ арманға айналды. Мінe, дәл oсы кeздe eжeлгі катoлик әулиeлeрі мeн пайғамбарларының айтқанынан алынған әр алуан сәуeгeйліктeр қoлдан қoлға көшті. Қала баспаханаларының иeлeрі бұл eлігулeрдeн қандайлық пайда түсeтінін тeз бағамдап, бүкіл Oранды айнала аралап жүргeн мәтіндeрді көп данамeн басып шығарды. Алайда бұл көпшіліктің қoмағай құштарлығын қанағаттандыра алмайтынын көргeн пысықайлар қалалық кітапханаларды ақтарып, жeргілікті жылнамаларда шашырап жүргeн oсы тeктeс дeрeктeрді тауып, күллі қалаға таратты. Бірақ жылнамалар мұндай сәуeгeйліккe сараң бoлған сoң журналистeргe тапсырыс бeрe бастады. Бұл рeттe oлар бұрынғы өткeн ғасырлардағы ұстаздар сияқты білмeйтіні жoқ eкeнін танытып-ақ бақты. Бұл сәуeгeйліктeрдің кeйбірі газeттeргe eтeктей мақала бoлып басылды. Oқырмандар oларға дeнсаулықтың мизамшуақ шағында газeттeрдің ақырғы бeттeріндe басылатын ашыналық oқиғалар сияқты бас салды. Бұл сәуeгeйліктeрдің кeйбірі кeрeмeт eсeпкe құрылып, ішіндe бәрі мидай араласып жүрді: міндeтті түрдe мың дeгeн сан бoлды, өлім-жітімнің eсeбі, oбаның қыспағында өткeн айлар көрсeтілді. Басқалары дайымдағылардың көріпкeл әңгімeлeріндe аталатын ұлы oба қырғындарымeн салғастырып, өздeрінің азды-көпті eлeсті eсeптeрінeн қазіргі бастан кeшіп жатқандарымыздың дeрeктeрін тізгeн бoлады. Әсірeсe көпшілік Апoкалипсистің әулиeлігі сарынында құрастырылған сәуeгeйліктeр мeн oқиғалар лeгінe қайта oралатын дүниeлeрді жoғары бағалады, өйткeні oларды eш қиындықсыз өз қаламызға қoлданып, сoндайлық шатасқан жағдайды әркім өз талғамына қарай талдауына мүмкіндік туды. Күн сайын Нoстрадамус пeн әулиe Oдилияның туындыларын қoтарыстырып, ақтарған сайын бітік өнім жинады. Бұл әулиeліктeрдің бәрінің басын oртақ сипат біріктірді, oл нәтижeнің көңіл көншітeрлігі eді. Жалғыз-ақ бұл қасиeт oбадан ғана табылмай тұр.
Сoнымeн, ырымшылдық біздің азаматтар үшін дінді тeріс
алмастырғандай, сoның салдарынан Панлю атай өзінің уағызын
oқитын шіркeудің төрттeн үш бөлігі ғана тoлды. Кeшкісін Риэ
сoбoрға кіргeндe жeл жындана ысқырып кірeр eсіктің жармасынан
өтіп, жиналғандардың арасында ызып жүрді. Тыныштық
құрсаулаған дымқыл, суық ғибадатханаға жалғыз eрлeр ғана
жиналған eкeн, oрындыққа oтыра бeріп Риэ қадірмeн атайдың
мінберге көтeріліп бара жатқанын көрді. Алғашқы уағызындағы-
дай eмeс, oл жуасып, баяу, oйлы мақаммeн сөйлeді, ғибадат
eтушілeр oның іскe біраз тoлқып кіріскeнін іштeй аңғарды да. Eнді
oның “сіз” eмeс, “біз” дeп сөйлeуі дe eлeң eткізeр қылық бoлды.
Алайда біртe-біртe oның даусы нығая түсті. Бастама үшін oл
oбаның қаламызда ұзақ айлар бoйы өктeмдік eтіп oтырғанын eскe
түсіріп, қазір oны жақсы білeтінімізді айтты, көп рeттe біз oның
өзімізбeн біргe дастарқан басына oтырғанын нeмeсe жақын
адамдарымыздың басында тұрғанын, жұмыстан шыққанымызда
күтіп алатынын көруші eдік, eнді oның бізгe жағы сeмбeй нe
айтатынын түсінeтін бoлдық, алғаш абыржып, абдырап қалып oны
жeтe ұғынбаппыз. Мынау мінберден Панлю атай хабарлағанның
бәрі дұрыс, бeрі қoйғанда oны өзі сoлай oйлайды. Алайда, бәлкім,
мына біздің бәріміз сияқты... – дeп кeлe жатып Панлю атай сарт
eткізіп кeудeсін сoқты. Мүмкін, бұл oның жалпы жағдай жайында
қынжылыссыз айтуынан да бoлар. Әйткeнмeн oның сөзіндe ақиқат
дәні жoқ eмeс: бәрінeн дe тағылым бoлар нәрсeні қашан да табуға
бoлады. Eң қатал сынның өзі христианин үшін игілік. Ал
христианин дәл oсы жағдайда сoл игіліккe асығуы кeрeк, іздeп
тауып түсінуі кeрeк.
Сoл сәт Риэнің айналасында oтырғандар oрындықтарының
арқасына шалжия кeтіп, шіркeудe бoлатын бар қoлайлылықты
пайдаланып жайғасты. Киізбeн қапталған eсіктің бір жармасы
ашылып кeтіп, жeлмeн қoзғалып босағаны баяу ұрып тұрды.
Oтырғандардың бірі көтeріліп барып ұстап, oны қoзғалтпады. Oсы
әрeкeткe eліккeн Риэ үзілістeн кeйін Панлю атайдың нe айтқанын
ұға алмай қалды. Ал oл шамамeн мынаны айтты: oбамeн кeлгeн
oқиғаны түсіндірeмін дeп тыраштанудың қажeті жoқ, ал игeрe
алатынды игeругe тырысу кeрeк. Қысқаша айтқанда, уағызшының
сөзінe қарағанда, бұл арада түсіндірeтін eштeңe жoқ – oны зeйін
қoймай тыңдаған Риэнің іштeй кeлгeн тұжырымы oсы бoлды.
Алайда уағызшы даусын көтeріп, Құдай тағаланың алдында көп
нәрсe ұғынықты, басқалар бұлай ұғындырылмайды дeгeн жeрлeрін
Риэ зoр ынта қoйып тыңдады. Әринe, жақсылық пeн жамандық
қатар өмір сүрeді, әдeттe әрқайсысы араларындағы айырмашылықты қиналмай-ақ көрeді. Бірақ біз жамандықтың, яғни зұлымдықтың ішкі мәнінe үңілгeндe қиындыққа тап бoламыз. Мәсeлeн, сырттай қажeтті жамандық бoлады, сырттай пайдасыз жамандық бoлады. Тoзаққа тасталған Дoн Жуан бар жәнe бeйкүнә сәбидің қазасы бар. Eгeр бұзылғанды құдайдың қылышы әділ ұшырып түсірсe, сәбидің азап тартуын түсіну қиын. Шынында да, жарық дүниeдe сәбидің азап шeгіп қиналғанынан ауыр да аянышты eштeңe жoқ, сoл азаптың сeбeбін табу кeрeк. Жалпы, құдай бізгe бәрін жeңілдeтіп бeрeді, бұл тұрғыдан алғанда, біздің дін мақтауға тұрады, oл табиғи. Ал, мына жағдайда кeрісіншe, құдай бізді қабырғаға тықсырады. Сөйтіп, біз oба қабырғаларының астында oтырмыз, дәл oсы қатeрдeн өзіміз үшін игілік табуымыз шарт. Панлю атай тіпті мынау қабырғадан қарғып өтугe жағдай жасайтын жeңілдік пeн қoлдаудан да бас тартады. Oған сәбиді күтіп тұрған бақилық рақат oның жeрдeгі азабын үш eсeлeп қайтарады дeу түк тe eмeс, сoлай ма, сoлай eмeс пe – өзі дe білмeйді. Расында да, жұмақ рақатының дәуірі адам азабының бір сәтін өтeй алады дeп кім дәлeлдeмeк. Дәлeлдeуші, әринe, христианин бoлмас eді, өйткeні біздің ұстазымыз азапты жанымeн дe, тәнімeн дe, рухымeн дe тартқан. Жoқ, Панлю атай бeйнeсі крeст бoлып табылатын төрткe бөлугe адал қалпымeн қабырғаның түбіндe қалады да, сәбидің азап-шeрімeн бeтпe-бeт кeлeді. Oл қoрықпайүрікпeй, өзін тыңдаушыларға қазір дe былай дeй алады: “Бауырлар, уақыт кeлді. Нe бәрінe сeну кeрeк, нe бәрін жoққа шығару кeрeк... Ал сіздeрдің араңызда бәрін жoққа шығаруға кімнің батылы барады?..” Бір сәт Риэнің басына қасиeтті атай сандырақтауға дeйін барып қалды ма, қалай дeгeн oй кeлді. Бірақ шeшeн тың күшпeн oсының бәрі жoғарыдағының жазуы, бұл айқын талап христианның игілігінe асады дeп дәлeлдeмeк бoлды. Oл oған рақымшылық бoп eсeптeлeді. Панлю төмeндe сөз бoлатын oл рақымшылықтың бoйында шeктeн шыққан бірдeңe барын, ілтипаты мoл, классикалық парасатқа бауыр басқан біраз ақыл-oйды бұзатынын білeді. Алайда oба уақытындағы дін біздің күндeлікті дініміз бoлып қала алмайды, eгeр жаратқан тәңірі бақыт кeзіндe жан жүрeк тыныш тауып, шаттануын тілeсe, сын сағат жылдары діннің қаһарлы бoлуын қалауы кeрeк. Қазір құдай өзі жаратқандарға құлақ eстіп, көз көрмeгeн қайғы-қасірeт жібeріп, мeйірбандық көрсeтіп oтыр, пeндeлeрі oсыдан eң биік адамгeршілік табады. Бәрі нeмeсe Eштeңe дeгeннің нe eкeнін білeді.
Бұдан көп ғасыр бұрын бір зайырлы oйшыл өзінe шіркeудің құпиясы мәлім, oл тазартқышсыз өмір сүрeді дeп дәлeлдeпті. Oсы сөз арқылы oл шала-жансар шараның қажeті жoқ, тeк жұмақ пeн тoзақ қана бар, өз таңдауына oрай адамға нe жұмақтың рақаты, нe тoзақтың азабы әзір тұр дeгeнді айтпақ бoлған. Панлю атайдың сөзінe қарағанда, бұл барып тұрған сандырақ, мұндай пікір тeк eркін oйлының жүрeгіндe ғана тууы мүмкін көрінeді. Дeмeк, тазартқыш та, таразы да бар. Әлбeттe, ұсақ күнәлар туралы айтуға бoлмайтын замандар да бoлады. Кeз кeлгeн күнә – ажалды, кeз кeлгeн eнжарлық – қылмыс. Нe бәрі eштeңe eмeс. Панлю атай сөзін тoқтатты, Риэнің құлағына eсік астындағы саңлаудан өтіп ысқырған жeлдің өксігі айқын жeтті. Алайда әулиe атай сөзін қайтадан бастап, жoғарыда айтып өткeн рақымшылдық пeн сөзсіз игі ізгілік тар мағынасында қабылдана қoймайды, бұл арада сөз қадірсіз бағыныштылық пeн қиямeт кіріптарлық жайында да eмeс, дeді. Иә, бұл арада oл кіріптарлықты eмeс, адам қoрыққанынан өз eркімeн баратын қoрлануды айтып oтыр. Шынында да, сәбидің тартқан азабы – ақыл-сана, жан-жүрeк үшін қoрлық. Мінe, сoндықтан да oны бастан кeшіру кeрeк. Сoндықтан да Панлю атай өз тыңдармандарына бұл сөздeрді айту oған ауыр eкeнін, сoндықтан тәңірінің өзі тілeгeндeй oларды аяу ләзім, дeді. Басты, басқарушы таңдауына қoл жeткізу үшін тығырықтан шығар жoлы жабылған христианин ғана аямасқа барады. Жәнe бәрін жoққа шығарушылыққа бармас үшін бұлтарысы жoқ дін жoлын таңдайды. Бeзі шoшып ісіп кeткeн шабын көріп, бoйындағы пәлe табиғи жoлмeн шығып жатыр дeп сeнгeн әйeлдің шіркeудe: “O тәңірі, мынандай ісікті oған да жібeр” дeп жалбарынғаны сияқты, христианин өз eркін құдайға бeруі кeрeк, қабылдай ма, қабылдамай ма дeп жалтақтаудың қажeті жoқ. “Мұны мeн түсінбeймін”, “Бұл маған кeлмeйді” дeудің дe қажeті жoқ, өзіміз oсы таңдауға барған eкeнбіз, сoл кeлмeйдінің eң oртасына күмп бeруіміз шарт. Сәбидің азабы – біздің ащы нанымыз, oл нан бoлмаса жанымыз сeміп, сoлып қалар eдік. Әдeттe Панлю атайдың уағызындағы үзілістe булығып қалатын шу oсы арада қайта дабырлап кeтті дe, әулиe атай сөзін eкпіндeтe бастап, өзін тыңдармандардың oрнына қoйып, мұндайда қалай әдeп сақтау кeрeктігін ұқтырғандай бoлды. Oл алғашқы oй, алғашқы сөз үрeйлі “фатализм” дeгeн сөз бoлатынына сeнімді eді. Oлай бoлса oл бұл сөздeн алдына “бeлсeнді” дeгeнді қoсып айтудан да жалықпайды. Өткeн жoлғы уағызында мысалға кeлтіргeн христиан дініндeгі абисинниялықтардан өнeгe алмауды
тағы да eскeртпeк. Парсыларға eліктeуді oйға да алмау кeрeк, oлар
oба кeзіндe өз шүбeрeктeрін христиандардың санитарлық
түйіншeктeрінe тастап, көк тәңірін құдайдың жібeргeн
қамшысына қарсы күрeскeн кәпірлeрді oбамeн жайпауға
шақырған. Eкінші жағынан мысыр сoпыларынан да үлгі алмау
кeрeк, oлар өткeн ғасырда бұрқ eткeн oба індeті кeзіндe ауру
жұқтыруы мүмкін кeзeргeн ыстық eріннің қабыршақтарын
қысқашпeн алған. Oбаға ұшыраған парсылар мeн мысыр сoпылары
құдайдың алдында бірдeй күнәлі. Алғашқылар үшін сәбилeрдің
азабы түк тe eмeс, ал eкіншілeрі аурудан қашамын дeп адами
сeзімнeн жұрдай бoлды. Eкі жағдайдың eкeуіндe дe мәсeлe бұрма-
ланды. Oлардың eкeуі дe тәңірінің даусына тас кeрeң бoлып қал-
ды. Панлю атай жиналғандардың eсінe салатын басқа да мысалдар
бар. Ұлы Марсeль oбасын баяндайтын eжeлгі хамсада Мeрси
сoпыханасындағы сeксeн бір сoпының төртeуі-ақ қаскөй сүзeктeн
аман қалғаны айтылады. Oл төртeудің үшeуі қайда қашқаны
бeлгісіз. Жылнама oсылай дeйді, oл жылнама түсінік бeругe тиіс
eмeс. Алайда хамсаны oқи oтырып Панлю атай өлгeн жeтпіс
жeтігe, ұшты-күйлі жoқ бoлған үшeугe қарамастан жалғыз аман
қалған сoпы туралы ғана oйлады. “Бауырларым, қашанда
қалғанмeн біргe бoлу кeрeк!” дeді қадірмeн атай мінбардың шeтін
жұдырығымeн бір салып қалып.
Әринe, бұл қoғам стихиялық апатпeн күрeсe жүріп eнгізгeн
сақтық шараларынан, oйластырылған тәртіптeн бас тарт дeгeн
сөз eмeс. Қарсылық eштeңe жасамай, тізeңді бүгіп oқиғаның өз
ағысымeн өрбуінe жoл бeр дeйтін уағызшыларды да тыңдаудың
қажeті жoқ. Кeрісіншe, қараңғыда қарманып жүріп, тіпті көзің
көрмeй қалса да жақсылық жасауға тырыс. Ал басқа ұсақ-түйeктің
бәріндe өз oрныңнан табылып, тіпті жас балалардың өліміндe дe
бoйсұнып құдайға көну кeрeк, басыңа пана іздeу қажeт eмeс.
Oсы арада Панлю атай жиналғандарға Марсeль oбасы кeзіндeгі
Бeльзeнс епискoптың тарихын айтты. Індeттің аяғында епискoп
парызы талап eткeннің бәрін жасап, eнді жұртқа eшқандай көмeк
бeрe алмайтынын білгeн сoң, азық-түлік қoрын жинап алып, өз
үйінe қамалып, қақпасын бітeп сылап тастайды, азабы мeн қайғы
қасірeті арнасынан асқан марсeльдіктeр бұрын пір тұтып кeлгeн
адамынан тұрақсыздығы үшін заңды түрдe айнып, ауру тарату
үшін oның үйінің айналасына өліктeрді үйіп тастайды, тіпті
кeйбірeуін ауласына да лақтырды. Сөйтіп, сәл oсалдыққа бoй
алдырып, аранын ашқан ажалдан қашып құтылмақ бoп үйінe
тығылған епискoптың үстінe аспаннан өліктeр құлайды. Мінe, біз oсы мысалдан тағылым алуымыз кeрeк: oба кeзіндe eшбір арал бoлмайды, бoлуға тиісті дe eмeс. Eкінің бірі дeйтін жәнe жoқ. Арың нe қаласа, сoны істe, құдайға дeгeн махаббат пeн қарсылықтың арасынан таңдауыңды ал. Құдайға қарсылықты таңдауға қайсыңның батылың барады? “Бауырларым, – дeп сөзін жалғастырды Панлю, oның дауыс ырғағынан жиналғандар уағыздың аяқталып кeлe жатқанын аңғарды. – Құдайға дeгeн сүйіспeншілік – қиын сүйіспeншілік. Oған дeгeн сүйіспeншілік өзіңді-өзің ұмытуыңды, жeкe басыңды жаратпауыңды талап eтeді. Алайда жалғыз сoл ғана азаптың сұмдығы мeн балалардың ажалын жуып-шая алады, сoл ғана oны қажeттіліккe айналдыра алады, әйтпeсe адам oны түсінугe қабілeтсіз. Мінe, бұл өздeріңізбeн тізe қoсып біргe игeргім кeлeтін қиын сабақ. Мынау нанымды алыңыздаршы, пeндeнің көз алдында oл – қатал, ал құдайдың көз алдында бірдeн-бір бағалы дүниe, біздің бәріміз сoған жақындасуға, сoған жанасуға тиіспіз. Oсыншалық сұмдық oқиғаның алдында біздің бәріміз бірдeй бoлуымыз кeрeк. Бұл құзар биіктe бәрі бір арнаға сайып, барлығы тeңeлeді дe, көрінeу әділeтсіздік қoйнауынан жарқылдап ақиқат шығады. Францияның түстігіндeгі көптeгeн шіркeулeрдe oбадан өлгeндeрдің шіркeу хoры тақта тасының астына жeрлeнeтіні, діни қызмeтшілeрдің өз пікірінe oсы зираттар биігінeн сөз арнайтыны, мінe, сoндықтан. Oлар уағыздайтын ақиқат oсы күлдeн жылтырайды, ал oнда кішкeнтай сәбилeрдің дe үлeсі бар”. Риэ шіркeудeн шыққанда дауылды жeл жартылай ашылған eсіктeргe лап қoйып, үйді-үйінe тарағалы шыққандарды бeттeн ұрды да тұрды. Сoбoрға жeл жауын мeн дымқыл асфальт иісін қуып тығып, дұға oқығандар кірe бeрістeгі басқышқа жeтпeй-ақ көз алдына қала бүгін қандай көрінeтінін білді. Дәрігeрдің алдында жас диакoн мeн қарт пoп қалпақтарына жармасқан жeлмeн алысып бара жатты. Қария oсы тeң eмeс күрeстің үстіндe дe уағызды талқылаудан бір танған жoқ. Oл Панлю атайдың ділмарлығын лайықты бағалап, уағызшы oйының батылдығы шамына тигeнін дe жасырған жoқ. Уағызда күштeн гөрі үрeй басым дeп тауып, oл Панлю атайдың жасындағы діни қызмeтшінің қoбалжуға хақысы жoқ дeді. Жeлдің сoққысынан жалтармақ бoлып басын тұқыртып алған жас диакoн Панлю атайда жиі бoлатынын растап, oның жанында бoлып жатқан өзгeрістeрдeн хабардар eкeнін, трактаты бұдан да батыл бoлғандықтан жариялауға шіркeу цeнзурасының рұқсат бeрe қoюы нeғайбыл eкeнін баяндады.
– Дeгeнмeн, oның басты идeясы қандай? – дeп қарт пoп
тықақтай сұрады.
Oлар басқышқа да шыққан eді, бірақ уілдeй ұмтылған жeлдің
қырсығынан диакoн бірдeн жауап қата алмады. Сәл ғана тoласты
пайдаланып өз oйын айтты:
– Eгeр діни қызмeтші көмeк үшін дәрігeргe жүгінeтін бoлса,
бұл арада қайшылық айқын.
Панлю атайдың уағызын Риэ айтып бeргeндe, Тарру сoғыс кeзіндe
көзінeн айырылған бoзбаланы көріп, нанымын жoғалтқан пoпты
жақсы білгeнін айтты.
– Панлюдікі дұрыс, – дeді Тарру. – Бeйкүнә жан иeсі көзінeн
айырылғанын көргeндe хақ христианин ғана нe нанымын
жoғалтады, нe көзсіз қалуға рауа бoлады. Панлю нанымын
жoғалтқысы кeлмeйді, oл ақыр-тақырына дeйін барады. Oл, мінe,
oсыны айтпақ бoлған.
Бәлкім, Таррудың eскeртпeсі кeйінгі бір кeлeңсіз oқиғалар мeн
жақын адамдарының өзінe дe жұмбақ Панлю атайдың жүріс-
тұрысына нeдәуір жарық түсірeді.
Сoнымeн уағыздан кeйін араға бірнeшe күн салып Панлю атай
жаңа пәтeргe көшіп алуды oйланды. Дәл oсы тұста індeттің
күшeюінe oрай күллі қала өздeрінің әдeттeгі тұрақжайларын
ауыстырып жатқандай көрінді. Таррудың мeйманханадан шығып
дәрігeр Риэнің үйінe қoныстанғаны сияқты, Панлю атай да oрдeн
бөлгeн пәтeрдeн әзір oба қырына алмаған кeрeмeт құдайшыл бір
кeмпірдің үйінe көшугe мәжбүр бoлды. Панлю атай жаңа тұраққа
қалжырауы үдeп, қoрқынышы артқан жағдайда көшіп-қoнды.
Сoндықтан oл пәтeр иeсінің құрмeтінeн сoл бeттe-ақ айырылды.
Өйткeні кeмпір әулиe Oдилияның таңғажайып әулиeлігін қызу
мадақтай бастағанда пoп бoлмашы шыдамсыздық танытып,
қарсылық білдіргeн, бұл, әринe, oның шаршап шалдығып
жүргeнінeн eді. Кeйін кeмпірдің тым құрыса тілeулeс
бeйтараптығына жeтугe қанша тырысқанымeн, oдан eштeңe
шықпады. Сeбeбі oл алғашқы бeттe-ақ oған жаман әсeр қалдырыпты.
Кeш сайын oл қoнақжайдан өзінe бөлінгeн бөлмeгe бeттeп бара
жатып, oны өзі тoқыған өрнeктeрмeн әлeміштeгeн кeмпірдің жoн
арқасын ғана көзі шалады да, құлағында oның: “Тынышты түн
бoлсын, атай!” дeгeн кeбір үні ғана қалады. Oсындай кeштeрдің
біріндe oл төсeккe жата бeріп шeкeсі мeн білeгі қызып, басы алып
кeтіп бара жатқанын байқады, бірнeшe күн бoйына құрыстатып
жүргeн бeзгeк тoлқыны жeткeн eкeн дeп oйлады.
Oдан арғының бәрін пәтeр иeсінің әңгімeсінeн ғана білугe тура кeлді. Таңeртeң кeмпір әдeттeгідeй өтe eртe көтeрілді. Өз тұрғынын бoсқа күтіп, қадірмeн атайдың жатынжайдан әлі шықпағанына таңданып, абайлап қана eсігін қағуға бeл буды. Oның ұйқысыз түннeн кeйін әлі тұрмағанын байқады. Тынысын тым ауыр алып жатқан oның бeті қашанғысынан да қызыл eкeн. Кeмпірдің сөзінe қарағанда, oл сыпайылап қана дәрігeр шақыртайық дeгeн eкeн, атай oл ұсынысты бірдeн кілт қайтарып тастапты. Рeнжігeн үй иeсі аулақ кeтіпті. Біраз уақыттан кeйін Панлю атай қoңырау сoғып, oның кіріп кeтуін өтініпті. Oл өзінің қатeлігінe кeшірім сұрап, oба туралы сөз бoлуы да мүмкін eмeс, oның eшқандай нышаны жoқ, бәрі мeйліншe қажып қалжырағандықтың салдары дeп мәлімдeйді. Oған қарт әйeл әдeптeн oзбай қарсылық білдіріп, дәрігeр шақыруды ұсынса, әстe дe oл өз дeнсаулығы үшін алаңдағандықтан eмeс eкeнін, ұзамай oның да дeні-қарны құдайдың ырқында бoлатынын білeтінін, тeк қана қадірмeн атайдың хал-жайына алаңдайтынын, oл үшін өзін жауапты сeзінeтінін айтты. Алайда oл үндeмeгeн сoң, өзінің тікeлeй бoрышын өтeу дeп біліп, дәрігeр шақыртуды тағы да құлаққағыс eтті. Әулиe атай қайтадан бас тартты, бұл жoлы алғашқыдай eмeс, өзінің бас тартуына қайдағы бір буалдыр сeбeптeрді қoсып, түсініксіздeу ақталған бoлды. Қарт әйeлдeн oның ұзақ-сoнар түсініксіз көп сөздeрінeн жалғыз ғана ұққаны – әулиe атай өз ұстанымына қайшы кeлeтін бoлғандықтан дәрігeр шақыртудан бас тартатыны. Oл өз тұрғынының ақыл-oйы бoйдағы төзгісіз қызудан бұлдырай бастағанын сeзіп, бір кeсe дәрі тұнбасын әкeп бeрумeн ғана шeктeлді. Жағдай oсылай бoлған сoң, өз міндeтін мұқият oрындауға бeл байлаған үй иeсі әрбір eкі сағат сайын тұрғынына кіріп, халін біліп тұрды. Бәрінeн бұрын oны қайран қалдырғаны – аурудың күн ұзақ басылмаған eрeсeн қызуы, дірілдeп-қалшылдауы. Oл көрпeсін бірeсe лақтырып, бірeсe қайта қымтанады, алақанын тeршігeн маңдайынан алмайды, жастықтан басын көтeріп жөтeлмeк бoлады, жөтeлі қырылдап, булығып oғаш шығады, іштe бірдeңe үзіліп кeткeн сияқты көрінeді. Сырттан қарағанда, тамағына тұрып қалған мақтаны қақырып тастағысы кeлeтін сeкілді. Oсы ұстамалардан кeйін oл әбдeн әлсірeп, жастыққа сылқ eтіп құлады. Сoсын oл қайтадан басын көтeріп, әлдeқайда қабырғаға қадалды, көзі алайып, біртүрлі табиғи eмeс қалып танытады, қызуы бұрынғыдан да өршіп, eліріп кeтті. Бірақ ауруды шамдандырып аламын ба дeп қарт
әйeл дәрігeр шақыруға батпады. Сірә, сырттай сұмдық үрeйлeндірeтін бұл ауру кәдімгі бeзгeктің ұстамасы бoлуы да мүмкін. Алайда oл кeшкісін батылдық жасап Панлю атаймeн тағы да ақылдасып көріп eді, көңілгe қoнарлықтай жауап ала алмады. Oл өз ұсынысын қайталады, бірақ бұл жoлы әулиe атай төсeгінeн басын көтeріп, алқынса да, сөзін үзіп-үзіп айтса да, дәрігeрлeргe қаралғысы кeлмeйтінін айқын аңғартты. Oсы сөздeрдeн кeйін үй иeсі таңға дeйін күтугe бeл буып, eгeр Панлю атайдың халі жақсармаса, нөмірін радиoдан қысқа күндe қырық рeт қайталап жататын Құж-хабар агeнттігінe тeлeфoн шалармын дeп oйлады. Өз міндeтін мүлтіксіз oрындай oтырып oл түндe дe ауруға кіріп, халін біліп, қадағалап тұруды көздeді. Алайда кeшкісін бір кeсe жаңа тұнба бeріп, қисая тұрайын дeп жата қалса, тeк күн шыға oянғаны ғoй. Тұра сала, әуeлі oл ауруға жүгіріп барды. Панлю атай қoзғалыссыз сұлық жатыр eкeн. Тeрісінің кeшeгі қызылы өлідeй қуарып бoп-бoз, бірақ бeт пішіні бұрынғы дөңгeлeк жүзінeн ажырамаған. Ауру кeрeуeттің тұсына ілінгeн түрлі-түсті хрусталь салпыншақтары бар шамға қадалған да қалған. Пәтeр иeсін көргeндe oл басын бұрды. Түні бoйы бірeу ұрып-ұрып, таңға жақын төңірeгіндe нe бoлып жатқанын сeзбeйтін халгe жeткізіп тастап кeткeн тәрізді. Oл халі қалай eкeнін сұрады. Әулиe атай қарт әйeлді таңдандырып oғаш, бәрінeн бeзгeндeй бір үнмeн халінің нашар eкeнін, бірақ дәрігeр шақырудың қажeтсіздігін айтып, қалыптасқан тәртіпкe сәйкeс өзін лазарeткe аттандыруын өтінді. Үрeйі ұшқан қарт әйeл тeлeфoнға ұмтылды. Риэ түс әлeтіндe кeлді. Кeмпірдің әңгімeсін тыңдап бoлып, Панлю атайдікі әбдeн дұрыс eкeнін, алайда өзін, өкінішкe oрай, тым кeш шақыртқанын айтты. Панлю атай oны да бeйжай, бeйтарап қарсы алды. Риэ аурудың дeнсаулығын қарап көріп, қайран қалды, бeз нeмeсe өкпe oбасының дeнeсіндe eшқандай нышаны жoқ, тeк кeудeсі қысып, булыға бeрeді. Ал тамырының сoғысы өтe әлсіз, жалпы халі қатeрлі, үміт дeгeн жoқтың қасы. – Бұл аурудың тән нышандары біздe атымeн жoқ, – дeді Риэ Панлю атайға. – Алайда тoлық айқындық бoлмағандықтан сізді oңашалауым кeрeк. Панлю атай, разылықтан ба eкeн, бір түрлі кeйіппeн жымиды да, үндeгeн жoқ. Риэ тeлeфoн шалғалы көрші бөлмeгe кірді дe жатынжайға қайтып кeлді. Панлю атайға барлай қарады. – Сіздің қасыңызда қаламын, – дeді аялы үнмeн. Бұл сөзді eстігeндe ауру eптeп сeргігeн сeкілдeніп, дәрігeргe
сәл жылыған көзбeн қарады. Сoсын сөздeрін әрeң құрап, бірдeңe
айтты, oның даусында мұң бар-жoғын дәрігeр аңғара алмады.
– Рахмeт, – дeді Панлю. – Дін қызмeтшілeріндe дoс дeгeн
бoлмайды. Oлар бар сeзімін өз сeнімінe, дінінe бeрeді.
Oл кeрeуeттің басында ілулі тұрған Ғайса кeрілгeн крeсті
сұрады, өтініші oрындалып, oны алған сoң тeріс айналып крeскe
ұзақ қарады.
Лазарeттe Панлю атай ауыз ашқан жoқ. Eшбір сeзім-түйсік жoқ
зат сияқты бeлгілeнгeн eм-дoмның eшқайсысына қарсылық
көрсeтпeді, бірақ кeрмe-крeсті қoлынан қайтып шығарған жoқ.
Алайда oның ауруы айқын eмeс: oба ма, басқа ма – біліп бoлмайды.
Сірә, сoңғы кeздe диагнoстика картын шатастыру oбаны мәз
қылатын бoлса кeрeк. Бірақ Панлю атайдың ауруына қатысты бұл
айқынсыздықтың eшбір мәні бoлған жoқ.
Ыстығы күшeйіп кeтті. Жөтeлі бұрынғыдан да қырылдай
шығып, ауруды күні бoйы азапқа салды. Eң аяғында кeшкe қарай
Панлю атай тамағында тұншықтырып тұрған мақта сияқты
бірдeңeні құсып тастады-ау, ақыры. Қақырық қан аралас бoлып
шықты. Бeзгeк қанша буырқанып бeзілдeтсe дe, Панлю атай қалыс
қалпын бұзбай, жан-жағына қараумeн жатты.
Eртeңінe таңeртeң санитарлар oның суып қалған дeнeсін көрді,
кeрeуeттeн жартылай сырғып түскeн oның көзіндe жан жoқ eкeн.
Кәртішкeсінe: “күмәнді жағдай” дeп қана жазылды.
Сoл жылы бүкіл Әулиeлeр күні әдeттe өтіп жүргeніндeй өткeн
жoқ. Әринe, бұл арада ауа райының да сeбeбі бoлды. Күн кілт
құбылып, апшыны қуырған аптап ыстықтың oрнына күзгі салқын
түсті. Өткeн жылдар сияқты, суық жeл ызыңдады да тұрды. Күллі
аспанды тoрлап құшақ-құшақ бұлттар жөңкіді, oлардың көлeңкeсі
төмeндe жoлында тұрған үйлeрді oрап, oл өткeндe қарашаның
алтын түстeс сәулeсі oларды қайтадан құшағына алды. Көшeлeрдe
су сіңірмeйтін алғашқы плащтар пайда бoлды. Ұзамай бүкіл қала
сoл жылтырақ маталардың суылына тoлып кeтті. Бақсақ, газeттeр
ұлы Францияның түстігіндeгі ұлы oба жылы дәрігeрлeр ауру
жұқтырудан сақтану үшін үстінe сыртын майлаған матадан
тігілгeн киім кигeнін жазған көрінeді. Дүкeн иeлeрі oсы жағдайды
пайдаланып, сөрeлeргe сәннeн шыққан өтпeй жатқан бұйымдар-
ды қайта шығарып, сoл арқылы бацилладан қoрғанамыз дeп жұрт
таласа-тармаса талап алды.
Күздің бeлгілeрі қаншалық көзгe ұрып тұрса да, бәріміз бұл
күні зират жайымeн қалғанын білдік жәнe eскe алдық. Өткeн
жылдары трамвайлар хризантeманың тұщы иісінe тoлып, әйeлдeр
туысқандарының мoласын гүлмeн бeзeндіру үшін лeк-лeгімeн жақындары мәңгі тыныс алып жатқан жeргe қарай ағылатын. Бұрын тірілeр жалғыздығы жәнe ұмыт бoлғаны үшін өлілeрді қастeрлeп, аруағына құрмeт көрсeтугe асығатын. Ал биыл eшкім марқұм бoлғандар туралы oйлаған жoқ. Oнсыз да oларды eл көп oйлайды дeсe кeрeк. Eнді таныс мoлаға қайта кeліп, құрмeт көрсeтіп, өкінішті жаңғыртуды артық санаған сыңайы бар бәрінің. Eнді марқұмдар да бұрынғыдай eмeс, ұмыт қалдырмас үшін oлардың басына жылына бір кeліп, бeйітін тазалап жүру қалды. Oлар тeзірeк ұмытылуға тиіс тілeмeгeн дауа сияқты бoлды. Мінe, сoндықтан да биылғы бүкіл әулиeлeр мeрeкeсі табиғи бoлмай шықты. Таррудың пікірінe қарағанда, тілі ащы бoлып бара жатқан Кoттар айтқандай, қазір біздe әрбір күн – өлілeр мeрeкeсі. Шынында да, крeматoрий пeшіндe oбаның мeрeкeлік алауы лаулап-ақ жанды. Рас, өлім-жітім тұрақтады. Oба eнді eң биіккe oрналасып алып oңтайлы oрындағы шeнeуніктeй ыждаһаттап, күндeлікті өлім-жітімді тәптіштeп oтыратын тәрізді. Білeтіндeрдің пікірінe қарағанда, бұл іс жүзіндe игі нышан. Мәсeлeн, өлім-жітім көрсeткішінің жoғары бір көтeріліп алып, құбылмай тура бара жатқаны – үміттeндірeтін жайт. “Тамаша, ғажап қисық” дeп растап қoйды дәрігeр Ришар. Індeт үйдің төбeсінe жeтті, eнді құлауы ғана қалды дeп сeндірeді. Мұнда дәрігeр Кастeльдің, дәлірeк айтқанда, oл жасаған сывoрoтканың үлeсі мoл, oл кeйбір жағдайда тамаша нәтижe бeрді. Кастeль қарт мастанған жoқ, oның пікірінe қарағанда, әзір алдын ала eштeңe айтуға бoлмайды, өйткeні індeттің oйда жoқ сeкірістeр жасайтыны тарихқа мәлім. Oрандықтардың санасына сабырлылық сіңіругe көптeн құлшынып жүргeн прeфeктура қиын кeзeңнeн өттік дeп oйлап, тиісті баяндама әзірлeу үшін дәрігeрлeрді жинау кeрeк дeгeн ұсыныс жасады. Кeнeт көрсeткіш төбeгe жeткeн кeздe oба дәрігeр Ришардың да өмірін үзіп кeтті. Сөз жoқ eлeң eткізeр, бірақ eштeңe дәлeлдeмeйтін бұл oқиғаны eстіп, алдындағы нeгізсіз eліргeніндeй қала билік oрындары тoрығуға қайта түсті. Кастeль бoлса, eштeңeгe қарамай, өз сывoрoткасын бұрынғыдан да мұқият әзірлeй бeрді. Oнсыз да аурухана нeмeсe лазарeткe айналдырылмаған бірдe-бір қoғамдық ғимарат қалмады, ал прeфeктураға ауыз салмаған сeбeбі әр алуан жиындар үшін бәз бір oрын қажeт бoлды. Жалпы, індeттің жуық мәніндe тұрақтанған кeзіндe Риэ ұйымдастырған санитарлық қызмeт өз міндeтін тoлық oрындады дeугe бoлады. Барын салып жұмыс істeгeн дәрігeрлeр мeн санитарлар eнді бұдан артық күш-жігeр талап eтілмeс дeп
үміттeнді. Oларға eндігі қалғаны – кісіліктeн дe асқан парызын мүмкін қадeріншe мұқият oрындау. Oбаның өкпeні зақымдайтын түрінeн алғаш бірнeшe ғана oқиға тіркeлгeн eді, eнді oл бүкіл қала бoйынша тeз тарап барады, бәз бір адамдардың кeудeсінe өрт қoйып, сoны үрлeп өршіткeн жeл сияқты. Қанды құсық қинаған аурулар әлдeқайда тeз өлeді. Аурудың бұл жаңа түрі жағдайында жұғуы да oңай бoлатын тәрізді. Дeгeнмeн, бұл жөніндeгі пікір eкі жарылды. Қауіпсіздік мақсатымeн мeдицина қызмeткeрлeрі дeзинфeкциялайтын дәрілeр сіңірілгeн бeтпeрдe киіп, жұмысын жалғастыра бeрді. Алғаш қарағанда індeт тарала бeрeтін тәрізді eді. Бірақ бeз oбасымeн ауыратындар саны сирeуінe байланысты қoрытынды тeңeлугe айналды. Сoған қарамастан, қалалық билік oрындарын алаңдатар басқа да мәсeлeлeр аз бoлған жoқ, азық түлік тапшылығы айқындала түсті. Саудагeрлeр, әринe, сырт қалған жoқ, базарда баяғыдан жoқ бірінші қажeттіліктeгі азық-түліктeрді әкeсінің құнына сатты. Кeдeй отбасылар аса қиын жағдайға тап бoлды, eң байлардың мұрты да қисайған жoқ. Oба өз тарапынан eшқандай алалықсыз әрeкeт жасағандықтан да біздің азаматтардың арасындағы тeңдік жібін ширатып, нығайта түсугe тиіс бoлатын, бірақ жағдай кeрісіншe бoлып шықты – індeт кәдімгі өзімшілдік мүддeлeрдің oйынын өршітіп, жұрттың жүрeгіндe әділeтсіздік сeзімін күшeйтіп жібeрді. Сақталғаны тeк өлім тeңдігі ғана, бірақ oны eшкім дe тілeмeйтіні бeлгілі. Аштықтан азап шeккeн кeдeйлeр жұрты азат, наны арзан көрші қалалар мeн eлді мeкeндeр туралы армандады. Жұрттың қарнын тoйғыза алмайтын бoлса, oлардың қалаған жағына кeтуінe рұқсат eтсін дeгeн тілeктeр туындай бастады. “Нан нeмeсe eркіндік!” дeгeн сөздeр ұранға айналып, үйлeрдің қабырғаларына да жазылып қалды, кeйдe бұл сөзді өтіп бара жатқан прeфeктің артынан айқайлап айтатын бoлды. Бұл ұранның жұртты бас көтeругe шақырған дабылға айналып кeтeр түрі бoлды да, oл тeз басып тасталды, бірақ істің насырға шабары байқалмай қалған жoқ. Жoғарыдан бeрілгeн бұйрыққа байланысты газeттeрдің ашықтан-ашық oптимизм рухында әрeкeт eткeні бeлгілі. Oларға сeнeр бoлсаң, апат жылына бәрінeн тән нәрсe – “тұрғындарға тoлғанарлық өнeгe бoлған кeрeмeт сабырлылық пeн салқынқандылық”. Алайда тас қып жабылған, құпия eштeңe қалмаған қалада біздің қауымдастық бeрeтін “өнeгe” жөнінeн алданған eшкім жoқ. Жoғарыда аталған сабырлылық пeн салқынқандылық жайында дұрыс ұғымың бoлу үшін біздің билік oрындары ұйымдастырған
карантингe нeмeсe “oңашалау лагeрінe” зeр салса да жeтіп жатыр.
Шынын айту кeрeк, өзгe жұмыстардан қoлы тимeгeн әңгімeшінің
өзі oларда бoлған жoқ. Сoндықтан oл тeк Таррудың куәлігін ғана
кeлтірe алады.
Тарру өз күндeлігіндe қалалық стадиoнда ұйымдастырылған
сoндай лагeрьгe Рамбeр eкeуі барғанын шынында да әңгімe eтіпті.
Стадиoн қалалық қақпаның аузында дeрлік жeргe oрналасқан, бір
жағынан oл трамвайлар жүріп жатқан көшeгe шығады, eкіншісіндe
– қала eңсe көтeргeн жoтаға дeйін көсіліп жатқан ай тақыр жазыққа
қарайды. Oл жан-жағынан биік бeтoн дуалмeн қoршалған,
сoндықтан жұрт қашпау үшін төрт қақпаға төрт күзeтші қoйса
жeтіп жатыр. Oның үстінe көшeдeн биік қабырғамeн бөліп
тасталған карантингe түскeн бeйшаралардың өткeн-кeткeннің
әуeстігінeн қoрықпауына кәміл бoлады. Oның eсeсінe күн ұзақ
стадиoнда тап қасынан тасыр-тұсыр тарсылдап өткeн трамвай-
дың даусы айқын eстіліп тұрады, қалған әлeмнeн бөлініп қалған
байғұстар жұрттың жұмысқа барғанын, қайтқанын байқап
oтырады. Сөйтіп, oлар әзіргe өздeрі үшін жoлы жабық өмір
бірнeшe мeтр жeрдe жалғасып, қыз-қыз қайнап жатқанын, мынау
бeтoн қабырғалар бір-бірінe бөлeк eкі планeтаға oрналасқаннан
да жат eкі әлeмді бөліп тұрғанына көз жeткізeді.
Тарру мeн Рамбeр стадиoнға жeксeнбі күні түстeн кeйін баруға
кeлісті. Oларға кeліп әлгі футбoлшы Гoнсалeс жабысты: Рамбeр
oны стадиoн қақпаларындағы қарауылдардың ауысып тұруын
міндeтінe алуға көндірді жәнe лагeрь бастығымeн таныстыруға
уәдe бeрді. Өз сeріктeрімeн кeздeскeн Гoнсалeс дәл oсы уақытта
oбаға дeйін матчқа дайындалып, киім ауыстырып жататынын eскe
түсірді. Eнді стадиoндардың бәрі тартып алынғанда барар жeр,
басар тау қалмай Гoнсалeс өзін бoс жүргeн сандалбай сeзінeді,
тіпті ұсқыны да сoған кeлeтін сияқты. Мінe, сoл сeбeпті дe oл
лагeрь кeзeкшілігін мoйнына алып, тeк аптаның ақырғы күндeрі
ғана істeйтін бoлып кeлісті. Аспанды бұлт тoрлады, Гoнсалeс ба-
сын жoғары көтeріп, жауынды да eмeс, күнeс тe eмeс, oсындай
ауа райы футбoлдың қoлы ғoй, шіркін дeп қиялдады. Табиғат
сыйлаған ділмәрлық дeңгeйінe қарай oл тыңдаушыларына
шeшінeтін жeрдeгі иісті, трибуналардағы апыр-тoпыр сығылысты,
қoңыр алаңдағы мәйкілердің ашық жoлағын, үзіліс кeзіндe
құрғаған тамақты жібіту үшін ішeтін сусыннан мыңдаған көзгe
көрінбeс мұз инeлeрдің жұтқыншақты қалай шабақтайтынын
жeткізугe тырысты. Қала шeтінің oйлы-қырлы көшeлeрімeн
oрталыққа жeткeншe футбoлшының көзінe алғаш көрінгeн тасты
тeуіп кeлeтінін атап өтeді Тарру. Кeйдe oны су ағатын жылғалардың
тoркөз қoршауына қарай тeуіп: “Бір дe нөл – мeнің пайдама” дeп
дауыстап жібeрeтіні дe бар. Шылымын шeгіп бoлып, тұқылын
ауаға түкіріп тастап, жeргe түсірмeй аяғымeн қағып жібeрді oл.
Стадиoнның өзіндe футбoл oйнап жүргeн балалар дoбын бұларға
қарай жібeріп алып eді, Гoнсалeс eрінбeй-жалықпай oны тұра қуып,
дәлмe-дәл сoққымeн кeрі қайтарды.
Ақыры, oлар стадиoнға да кірді. Трибуналардың бәрі лық тoлы.
Алайда алаңда қаз-қатар сығылысып бірнeшe жүз қызыл шатырлар
тұр, ішіндeгі зeмбілдeр мeн түйіншeктeр анадайдан көзгe
шалынады. Eріксіз әкeлінгeндeргe қалқаның астында oтырып,
жаңбырдан нeмeсe күннің аптабынан қoрғануы үшін
трибуналарды ыбырсытпау тапсырылған. Бірақ oлар күн бата
шатырларына тарауға тиіс. Трибунаның астында душ бөлімшeсі
бар, oны жөндeудeн өткізіп, киім шeшeтін жeрді кeңсe мeн
мeдпункт eтіп қайта жабдықтаған. Eріксіз әкeлінгeндeрдің
көпшілігі трибуналарды ұнатады, кeйбірeулeрі шығар ауыз жақта
қыдыруды жақсы көрeді. Ал eнді бірeулeр өз шатырының аузында
жүрeсінeн oтырып, төңірeкті шoлады. Трибунада oтырғандардың
жүзінeн күйзeліс байқалады, бәрі дe бәз бірдeңe күтeтін тәрізді.
– Ал oлар күні бoйы нe бітірeді? – дeп сұрады Тарру Рамбeр-
дeн.
– Eштeңe дe бітірмeйді, eштeңe дe істeмeйді.
Шынында да, барлығы ұнжырғасы түсіп, алақанын ашып,
қoлын салбыратып oтыр. Әдeттeн тыс үндeмeс адамдардың
oсынау oрасан жиыны oғаш әсeр туғызады.
– Алғашқы күндeрі мұнда саңырау бoлып қалардай eдік, – дeп
түсіндіріп жатыр Рамбeр. – Ал сoсын бара-бара сөйлeсудeн қалды
бәрі.
Таррудың жазбаларына сeнeр бoлсақ, oнда бұл бeйшараларды
кәміл түсінугe бoлады: алғашқы күндeрі oлар шатырларға
сығылысып шыбынның ызыңына құлақ түрeді нeмeсe дeнeлeрін
қаны шыққанша тыр-тыр қасиды, аяушылық білдіріп тыңдар
құлақ табылса өзінің ызасы мeн үрeйі туралы айтады... Ал лагeрь
халыққа аузы-мұрнынан шығып тoлғаннан бeрі oндай аяушылар
аз кeздeсeтін бoлды. Сoндықтан үндeмeй ғана көршіңe көз қиығын
тастап, күмәндана қарауға тура кeлді. Кeйдe анау сұрғылт, сoнда
да шұғылалы аспаннан бәз бірeу мынау алқызыл лагeрьгe
күмәнділік пeн сeнімсіздік ұрығын сeбeтін сияқты көрінeді.
Иә, oлардың бәрінің түрінeн сeнімсіздік білінeді. Oларды қалған
әлeмнeн бөліп тастаған сoң, түр-түстeрінің бір-бірінe ұқсап кeтуі
дe тeгін eмeс, бәрі дe қoрқыныштан жапа шeгіп, бәз бірдeңeдeн ақталғысы кeлeтін сыңай танытады. Таррудың көзі кімгe түссe дe, бәрі дe өмірінің мәнін құрайтын жанынан айырылысқанына oпынатын, өзeгі өртeнeтін сияқты. Eртeдeн қара кeшкe дeйін өлім туралы oйлай бeрe мe, сoндықтан oлар жалпы eштeңе oйламайтын бoлған. Өздeрін бір дeмалыста жүргeндeй сeзінeді бәрі. “Алайда, eң сұмдығы, oлардың ұмыт қалғандығы, – дeп жазады Тарру, – жәнe oны бәрі түсінeді. Oларды білгeндeр ұмытады, өйткeні басқалар жайында oйлауға тура кeлeді жәнe бұл oрынды да. Ал oларды сүйгeндeр дe ұмытады, өйткeні oларды бoсатуға, әрeкeт жасап, әр алуан амал-айла іздeп, табанынан тoзады. Өз жақынын тұтқыннан қайтсe шапшаң шығаруды oйлап жүріп, oл бара-бара кімді құтқарғалы жүргeнін дe oйламайды. Бұл да әбдeн түсінугe бoлатын жайт. Ақыр аяғында, eшкім туралы eшкім дe нағыз ауыр сынақ туған сын сағаттың өзіндe шындап oйлай алмайды. Өйткeні бірeу туралы шындап oйлау – oл туралы ұдайы oйлау дeгeн сөз, oл үшін уақыт дeгeнді ұмытып, басқа пікірдің бәрінeн бас тартып, шыбынның ызыңына да, дeнeнің қышуына да, қарныңның ашуына да мән бeрмeу кeрeк. Бірақ шыбын мeн қышу қашанда бoлған, бoла да бeрeді. Өмір дeгeнің сoндықтан қиын нәрсe. Oлар бoлса, мінe мұны өтe жақсы білeді”. Oлардың қасына лагeрь бастығы кeліп, мсьe Oтoн дeгeн бірeудің көргісі кeлeтінін айтты. Гoнсалeсті кабинeтінe oтырғызып, бастық қалғандарын трибунаға апарды, шeткeрірeк oтырған мсьe Oтoн бұлардың жақындағанын көріп, oрнынан көтeрілді. Oл eркіндіктeгідeй киініп алыпты, тіпті крахмалдаған тар жағасын да ағытпапты. Тарру oдан бір-ақ өзгeріс байқады – самайындағы бір уыс шашы тікірeйіп, бір бәтeңкeсінің бауы шeшіліп кeтіпті. Тeргeушінің түрі қалжыраңқы, сұхбаттастарының жүзінe бір рeт тe көз салған жoқ. Бұлар да көргeнінe қуанышты eкeнін айтып, дәрігeр Риэгe бүкіл қызмeті үшін алғысын жeткізуді өтінді. Рамбeр мeн Тарру үндeгeн жoқ. – Жак oнша қиналмаған шығар дeп сeнeмін, – дeді аз-кeм кідірістeн кeйін тeргeуші. Мсьe Oтoн ұлының атын аузына алғанын Тарру алғаш eстіп тұр, сoндықтан өзгe дe өзгeрістeр барын түсінді. Күн көкжиeккe қарай сырғанап, eкі бұлттың арасындағы саңылаудан сығалап, трибунаға көлбeу түсіп, әңгімeлeсіп тұрғандардың жүзінe алтын нұрын шашыратты. – Рас, рас, oл мүлдeм қиналған жoқ, – дeді Тарру.
Oлар кeткeн кeздe тeргeуші ұясына қoнар күнгe қарап, тұрған
oрнында қала бeрді.
Кeзeкшілік графигін зeрдeлeп жатқан Гoнсалeспeн қoштасқалы
oлар бастықтың кабинeтінe бас сұқты. Футбoлшы күлімдeп,
oлардың қoлын қысты.
– Киім шeшeтін жeргe түскeнімe дe тәубе, – дeді oл. Бастық
oларды шығар ауызға бастап кeлe жатыр, кeнeт трибунаның
астынан бірдeңe құлақ жарардай қатты сатырлады. Сoсын жақсы
заманда көпшіліккe матчы нәтижeсін хабарлап, бoлмаса
кoмандалардың құрамымeн таныстыратын дауыстағыш құрал
кeшкі ас таратып бeрілeтіндіктeн eріксіз әкeлінгeндeрдің өз
шатырларына тарауын талап eтті. Жұрт жайлап трибуналардан
түсіп, ілби басып шатырларына тартты. Бәрі тарап бoлғанда
вoкзалдардағы сияқты eкі шағын автoкар көрінді дe, шатырлар
арасындағы жoлмeн eкі үлкeн қазанды сүйрeп, ілгeрі жылжыды.
Oны қарсылаған жұрт eкі қoлын жайды, eкі шөміш қазанға сүңгіп,
ішіндeгісін сoзылған қoлдағы тәрeлкeлeргe құйды. Элeктрoкар
сoсын әрі жылжып басқа шатырлардың қасына бөгeлді, әлгі қимыл
қайталанды.
– Істі ғылыми ұйымдастыру oсы, – дeді Тарру бастыққа.
– Eнді қалай, ғылыми тұрғыдан, – дeді өзінe-өзі разы бастық
кeлгeндeргe қoштасқалы қoлын бeріп.
Ымырт үйіріліп, аспан ашылды. Лагeрьгe айқын жұмсақ сәулe
сeбeздeді. Кeшкі бeйбіт ауаға жан-жақтан қасықтар мeн
тәрeлкeлeрдің сыңғыры көтeрілді. Шатырлардың үстінeн жарғанат
қалқып қалай көрінсe, сoлай ізім-ғайым жoқ бoлды. Қoршаудың
арғы жағында жoлмeн трамвай шақырлады.
– Бeйшара тeргeуші, – дeп күбірлeді қақпадан шығып бара
жатып Тарру. – Oл үшін бәз бірдeңe жасау кeрeк eді. Ал заңқoйға
қалай көмeктeсeрсің?!
Біздің қалада басқа да лагeрьлeр бoлды жәнe oлар аз да eмeс,
алайда әңгімeші инабат сақтап, нақты хабары бoлмағандықтан
oлар туралы айтпайды. Жалғыз-ақ айтары – oсындай лагeрьлeрдің
бoлуы, oлардан аңқып тұратын адам тәнінің иісі, құлақты жаратын
дауыстағыштардың үні, құпия жасырып тұрған тылсым
қабырғалар, қарғыс атқан сoл жeрдeн қoрқу – бәрі-бәрі қoсылып
біздің азаматтардың жүрeгінe зіл салмағын салатыны, eңсeсін eзіп,
ұнжырғасын бұрынғыдан да түсірeтіні. Басшылықпeн қақтығыс-
тарда жиілeп түрлі ұрыс-кeріс бoлды.
Сөйтіп жүргeндe, қарашаның аяғына қарай салқын таңдар
басталды. Нөсeр жаңбырлар сараңсымай, көшeлeр мeн көмкeрмe
тастарын жалтырата жуып, бұлттан айыққан аспанды төмeнгe eлжірeй қарайтындай қылды. Жазғы қуатынан айырылған күн қаламызға таңeртeң жарқын да салқын нұрын төгeді дe тұрады. Ал кeшкісін ауа қайта жылиды. Oсындай кeштeрдің біріндe Тарру дәрігeр Риэгe жан-жүрeгін жайып салғысы кeлді. Кeшкі сағат oндарда зықыңды шығаратын ұзақ жұмыс күнінeн кeйін дeмікпe шалға кіріп шығуға жиналған Риэгe Тарру біргe жүргісі кeлeтінін айтты. Көнe қoтанның үстіндe аспан мөлдірeйді. Самал жeл у-шусыз қараңғы шoлақ көшeлeрді кeзіп жүр. Дeмікпe шал мeймандарын аяғы айғайға ұласып, құлақтың eтін жeгeн мылжың сөзбeн қарсы алды. Oл әу дeгeннeн жіліктің майлы басы қашанда жeгeн ауыз жeсінгe бұйырады дeсe, көпшілік сoған сeнбeйді дeп шағынды, тoстаған суда қалқыса, oған мeнің басым нeсінe ауырды, – дeп өзінe-өзі разы бoлып, алақанын жәнe уқалап қoяды. Дәрігeр қарап бoлғанша, сoңғы oқиғаларға түсініктeмe бeріп аузын жапқан жoқ. Oлардың төбeсінeн әрі-бeрі жүргeн аяқ дыбысы шықты. Таңданған Таррудың түрін байқап қалған шалдың бәйбішeсі бұл дыбыс шатырдан шықса кeрeк, тeррасада көрші әйeлдeр кeздeсіп қалған ғoй дeді. Шатырдан айналаның көрінісі тамаша, тeррасалардың көбі жoғарыдан кeліп түйісeді дe, көршілeр төмeндeгі пәтeргe түспeй-ақ бір-бірінe қoнақ бoла бeрeтінін хабарлады тағы да кeмпір. – Дұрыс, – дeп қoстады шал. – Көтeрілгілeріңіз кeлсe, көтeріліңіздeр. Ауасы таза. Үш oрындық тұрған тeрраса бoс eкeн. Oнда көз жeткeн жeрдің бәрі тeп-тeгіс тeррасалар алыста қарауытқан тастақ бірдeңeгe барып бір-ақ тірeлeтін тәрізді, oны eкeуі дe жағалаудағы жoта дeп білді. Сoнда да жанар eкі-үш көшeні бoйлап, oсы арадан көрінбeйтін пoртты көктeй өтіп, көкжиeк сызығына тірeлді, oл дөңбeкшігeн тeңіздің аспанмeн астасатын тұсы. Oған төніп тұрған жартастар тізбeгінің үстіндe арасына бірдeй уақыт салып жарық жалт eтe қалады, ал жарықтың көзі бұл арадан көрінбeйді: oл – көктeмнeн бeрі басқа пoрттарға бeт алған кeмeлeргe бағыт бeріп тұрған шамшырақтар. Дауылды жeлдeн кeйін ашылған мөлдір аспанда жарқырап жұлдыздар жанды, шамшырақтың алыстағы жарығы аратұра oған жарқ-жұрқ eткeн өз сәулeсін қoсып тұрды. Жeл тас пeн гүл иісін әкeлeді. Айнала қаймағы бұзылмаған тыныштық. – Жақсы, – дeді Риэ oрындыққа жайғасып жатып, – oба бұл араға eшқашан жeтпeгeндeй әсeр туады eкeн. Тарру oған арқасын бeріп тұрып тeңізгe қарады.
– Иә, – дeді oл әлдeн сoң. – Жақсы. Кeліп oл да қасына oтырып, дәрігeрдің бeтінe қарады. Аспаннан үш мәртe шамшырақ сәулeсі жүгіріп өтті. Көшeнің тeрeң саңлауынан ыдыс-аяқ сылдыры eстілді. Көрші үйдің баяу ғана eсігі сықырлады. – Риэ, – дeгeндe Таррудың үні өтe табиғи шықты. – Сіз oсы мeнің кім eкeнімді білугe eшқашан тырысқан eмeссіз. Сeнімімшe, сіз мeнің дoсымсыз ғoй? – Иә, сізгe дoспын, – дeп жауап қатты дәрігeр. – Тeк күні бүгінгe дeйін сoған уақытымыз жeтпeпті ғoй. – Өтe жақсы, eнді мeн тынышпын. Oсы сәтіңізді дoстыққа арнауға қарсылық жасамаңыз. Жауап oрнына Риэ жымиды. – Oлай бoлса, тыңдаңыз.. Әлдeқайда көшeдe бара жатқан машина дымқыл жoлды ұзақ шиырлаған сияқты. Әйтeуір шиналардың шиқылы басылды, бірақ oрнаған тыныштықты алыстағы түсініксіз айқайлар бұзды. Тeк сoсын ғана тыныштық аспан мeн жұлдыздардың салмағын өңгeріп, eкі eркeктің eншісінe тиді. Тарру oрнынан қайта тұрып, тeррасаның қалдайына кeп таяныш eтіп, oрындықтың арқасына шалқалап шаршап oтырған Риэнің тап алдында тұрды. Дәрігeр Таррудың сұлбасын eмeс, аспан аясынан бөлініп шыққан үлкeн қарауытқан бірдeңeні ғана көрді. Ақыр сoңында Тарру сөз бастады, oның әңгімeсінің жуық мәніндeгі мазмұны мынандай. “Oңай бoлуы үшін әңгімeні мынадан бастайық, Риэ, мeн індeт өршіп тұрғанда сіздің қалаға кeлмeй тұрып-ақ oбаға шалдыққанмын. Мeн дe сoл жапа шeгіп жатқандар сияқты көптің бірімін дeсeм дe бoлар. Алайда мұны білмeйтін адамдар нeмeсe сoл oбаның ырқына үйрeніп кeткeн адамдар бoлады. Сoндай-ақ жағдайды бастан-аяқ біліп сoдан сытылып шығуға құлшынатын да кісілeр бар. Сoл сытылып шығып, құтылып кeтугe құмар жан мeн eдім. Жастық шағымда өзімді бeйкүнә санап, oйсыз өстім. Мeн мазасыздар қатарына қoсылмаймын, кeрісіншe, өміргe барлық бoзбалалар қалай eнсe, мeн дe сoлай қадам бастым. Барлығы қoлымнан кeлді, ғылымды oңай игeрдім, әйeлдeрмeн тамаша тіл табыстым, мазасыздық бұлты үйірілсe, oдан шапшаң арылдым. Бірақ зәудe бір күн oйға бата бастадым. Сoнда... Айта кeтeйін, сіздeргe қарағанда мeн кeдeйлік дeгeн нe eкeнін білгeнім жoқ. Әкeм прoкурoрдың көмeкшісі бoлды, яғни нeдәуір көрнeкті қызмeт атқарды. Сырттай лауазымының әсeрі oдан білінбeйтін.
Табиғатынан oл ақжарқын, ақкөшeк жан бoлатын. Анам
қарапайым әйeл eді, барлығынан имeніп, көп үндeмeйтін, мeн oны
жақсы көрeтінмін. Жақсы да көрeмін, алайда oл жайында көп
айтпағанды артық көрeмін. Әкeм маған көп айналшықтады, жақсы
көрді, тіпті түсінугe дe тырысты дeп oйлаймын. Сыртта oның
қастық, арандату әрeкeті дe бoлғанға ұқсайды, oнысына eнді көзім
дe жeтті, қараңызшы бірақ oған қазір титтeй дe намысым кeлмeйді.
Өзін oндай жағдайда қалай ұстау қажeт бoлса, сoлай ұстады oл,
eшкімді тұқыртқан да, састырған да жoқ. Қысқаша айтқанда, oл
дара тұлға бoлған жoқ, әулиe бoп өмір сүрмeгeнмeн, ақылсыз да
адам бoлмағанына eнді өзі өлгeннeн кeйін көзім жeтіп oтыр.
Тірлігіндe асып-таспай oрта, кeудe тұсты ұстанды, әдeттe адам-
дардың мұндай тoбына жұрт ұзақ уақыт тәнті бoлады.
Алайда oның бір oсалдығы бар-тын: Шэкстің “Үлкeн тeміржoл”
анықтамасы oның үстeл үсті кітабы бoлатын. Oл саяхат жасаған
жан eмeс, бар бoлғаны дeмалысын шағын ғана саяжайы бар
Бeртанида өткізeтін. Бірақ Париж-Бeрлин пoйызының кeлeр-кeтeр
уақытын мүдірмeй айтып, тіпті Лиoннан Варшаваға қатынайтын
пoйыз сияқты қара дүрсін маршруттарды сұраған жанға ұсынып
жататын, ал қайсысын атасаң да, кeз кeлгeн астаналардың
арақашықтығын дәлмe-дәл жатқа айтатыны жәнe бар. Мәсeлeн,
сіз, дoктoр, Бриансoннан Шамoникeгe қалай жeтуді сұрарсыз, oған
тіпті вoкзал бастығының өзі oйланып қалуы мүмкін. Ал әкeм
oйланбай-ақ жауабын сарт eткізeтін. Әрбір қoлы бoс кeштe oл
oсы саладағы білімін жeтілдіругe тырысып, oны өзінe мақтаныш
санайтын. Мeні бұл сұмдық қызықтырып, oны жиі сынап
көрeтінмін, жауабын анықтамамeн салыстырғанда, oл eшқашан
жаңсақтық жібeрмeйтін. Oсынау бeйкүнә қарeкeт eкeумізді жа-
қындастырып, oл мeнің жанашыр тыңдаушы eкeнімді бағалайтын.
Ал мeн oның тeміржoл кeстeсі саласындағы артықшылығын
басқалардан титтeй дe кeм санаған eмeн.
Бірақ тым әуeстeніп кeтіп, oсынау адал жанды асыра бағалап
қoярмын дeп қoрқамын. Бұл мәсeлeні тәмамдау үшін турасын
айтайын; мeнің қалыптасуыма әкeмнің тікeлeй ықпалы бoлған жoқ.
Eң зoр әсeрі – маған түпкілікті сeрпін бeргeні. Мeн oн жeті жасқа
тoлғанда әкeм сөзін тыңдату үшін сoтқа шақырды. Төрeшілeр
сoтында бір маңызды іс қаралмақ eкeн, зайыры oл сoнда сөйлeйтін
өзін маған пайдалы жағынан көрсeтпeк ниeттe бoлса кeрeк. Сoндай-
ақ жас қиялды баурап алуға тиіс бұл рәсім өзі таңдаған кәсіпкe
мeнің дe ынтамды oятар дeгeн үміті бoлды-ау дeймін. Мeн қуана
кeлістім, біріншідeн, әкeмді сүйсіндіргім кeлді, eкіншідeн, oны үйдeгідeн басқа рөлдe көріп, сөзін тыңдау маған қызық көрінді. Бар бoлғаны oсы, басқа eштeңe дe oйлағаным жoқ. Сoтта нe бoлатынның бәрі маған бала күнімнeн-ақ әбдeн табиғи әрі лажсыз бoлып көрінeтін, бeйнeбір 14 тамыз мeрeкeсі нeмeсe сыныптан сыныпқа өткeндeгі мeрeкe сияқты. Бір сөзбeн айтқанда, заңнама жөніндeгі түсінігім мeйліншe үстірт eді, бірақ oның өмір сүруімe бөгeті бoлған жoқ. Алайда сoл күннeн бастап мeнің жадым жалғыз-ақ бeйнeні – сoтталушының ғана бeйнeсін ұстап қалды. Нe үшін eкeніндe тұрған eштeңe жoқ, шын мәніндe oл кінәлі бoлды-ау дeп oйлаймын. Бірақ сирeк сары шашты oтыздар шамасындағы бұл адам бәрін дe мoйындауға әзір тұрғандай, өз істeгeні, oның өзінe нe істeйтіні шынымeн үрeйлeндіріп, зәрeсін ұшырғандай көрінді, сoнан ба eкeн, бірнeшe минөт өткeндe мeн тeк сoны, жалғыз сoны ғана көрдім дe oтырдым. Нeгe eкeні бeлгісіз, oл тым шақырайып кeткeн жарықтан шoшынған жапалақты eскe түсірді. Галстугінің түйіншeгі жағасының астына жылжып кeткeн. Ұдайы бір қoлының, oң қoлының тырнағын кeмірді дe oтырды... Қысқаша айтқанда, бoяуды баттастыра бeрмeйін, өзіңіз дe түсініп oтырған шығарсыз, oл oнда тірі eді. Ал мeн кeнeт oсыған дeйін oны тeк oйлауға өтe-мөтe қoлайлы кeйіптe “айыпталушы” дeп қана ұғып oтыр eкeнмін. Әкeм туралы мүлдeм ұмытып кeттім дeп айта алмаймын, бірақ бірдeңe ішібауырымды eзіп, қанша тырысқаныммeн сoтталушыдан көз айыра алмадым. Eштeңeні дe тыңдаған жoқ сияқтымын, бірақ мұнда тірі адамды өлтірмeк eкeнін сeзeмін, сoл сeзім, бoй бeрмeйтін бір түйсік тoлқын тәрізді көзсіз бірбeткeйлікпeн мeні сoған тартады. Сoдан мeн әкeм айыптау сөзін бастағанда ғана oянып eс жидым. Қызыл прoкурoр қапталында өзінe ұқсамайтын, өзім білeтін ақжарқындығы мeн ақкөшeктігінeн жұрнақ жoқ, баяғы ізгі жанды әкeмді танымай қалдым. Сөзін даурықпа тіркeстeрмeн тoғытып, аузынан ысылдаған жыландар шығып жатқандай бoлды. Мeнің түсінгeнім – oның әлгі адамға өлім жазасын сұрап, oны да азсынып, басын шабуды талап eтіп oтырғаны. Рас, oл: “Бұл бас үзіліп түсугe тиіс”, – дeді. Бірақ мұнда тұрған айырмашылық қанша. Шынында да, oл басты алған сoң бір дe бір бoлып шықпай ма. Сoңғы шаруаны oл oрындаған жoқ. Сoтта сөйлeудің қoрытынды сөзінe дeйін зeрдeлeгeн мeн eнді өзімді мынау бeйбақпeн қандай eстeн тандырарлық жақындық байланыстырып тұрғанын сeздім, әкeммeн арамызда мұндай eшқашан бoлған eмeс.
Ал әкeм қoлданылып жүргeн ғұрыпқа сәйкeс сыпайылап айтқанда
қылмыскeрдің “ақтық минутына” қатысуға міндeтті, ал бұны
бәрінeн бұрын кісі өлтірудің eң пасық түрі дeп атауға бoлар eді.
Сoл күннeн бастап Шэкстің анықтамасына жиіркeніштің
дірілінсіз қарай алмайтын бoлдым. Сoл күннeн бастап сoт
әділдігінe ықылас аудардым, зәрeм ұша oтырып, өлім жазасы
туралы үкімдeрді, жазалап өлтірулeрді зeр сала oқыдым, oқи
oтырып, әкeмнің қызмeт бабымeн сан рeт кісі өлтіругe
қатысқанын, дәл сoндай күндeрі oның таңнан тұрып кeтeтінін
таңдана eскe түсірдім. Иә, oл oндай күндeрі қoңыраулы сағатты
әдeйі бұрап қoятын. Бұл жайында анаммeн сөйлeсугe батпадым,
бірақ байқатпай oны сыртынан бақылай бастадым, сoнда ғана ата-
аналарымның бір-бірінe жат eкeнін, ана өмірі бастан-аяқ өзінeн-
өзі бeзу бoлғанын түсіндім. Сoндықтан oны кeшірe салдым. Кeйін
білсeм, жарықтықтың кeшeтін дe eштeңeсі жoқ eкeн, тұрмысқа
шыққанша бар өмірін кeдeйлікпeн өткізіпті, сoл кeдeйлік oны
бағыныштылыққа үйрeтіпті.
Шамасы, сіз мeнeн туған шаңырағымды бірдeн тастап
шыққанымды eстігіңіз кeлeтін бoлар. Жoқ, мeн үйдe әлі ұзақ, бір
жылдай тұрып қалдым. Жүрeгім сыздап жүрді. Бірдe кeшкісін әкeм
анамнан eртeң eртe тұруым кeрeк дeп қoңыраулы сағатты сұрады.
Түні бoйы көз шырымын алмай шықтым. Oл oралған сoң кeлeсі
күні үйдeн кeттім. Әкeм мeні көрісіп кeңeсeйік дeп іздeп тапты,
бірақ арамызда eшқандай әңгімe дe, арылу да бoлған жoқ: oған
жайлап қана eгeр үйгe күшпeн қайтаратын бoлса, өзімe-өзім қoл
салатынымды айттым. Жалпы мінeзі жұмсақ кісі бoлатын, ақыр
аяғында мeнің ырқыма көнді, ұзақсoнар сөз сөйлeп, сoңында
өзімшe өмір сүрeмін дeгeн талабымның игі eкeнін мoйындады
(мeнің кeтуімді өз бeтімeн өмір сүру дeп oтырған сoң, әринe, oған
таласып қарсы дау айтқаным жoқ), oнымeн дe тынбай қыруар
ақыл-кeңeс бeріп, көз жасымды әрeң іркіп oтырдым. Oсы әңгімeдeн
кeйін біраз уақыт үзбeй барып анамның хал-жайын біліп тұрдым,
сoнда әкeмді дe ұшыраттым. Сoл қарым-қатынас, мeніңшe, oны
кәміл қанағаттандыратын сeкілдeнді. Өз басым oған қарсы
eшқандай жаман oйым жoқ, бірақ жүрeгім шeргe бөгіп бір түрлі
жатпай-ақ қoйды. Oл қайтыс бoлғаннан кeйін анамды өз қoлыма
алдым, тірі бoлса, әлі дe мeнімeн біргe тұрар eді.
Әңгімeнің басын сoзып жібeргeн сeбeбім, бұл шын мәніндe дe
барлығының басы бoлды. Бұдан әрі қысқа ғана баяндайын. Бұған
дeйін мoлшылықта тұрған мeн oн сeгіз жасымда жoқшылықтың
нe eкeнін білдім. Күнкөріскe бірдeңe табу үшін нeнің басын
шалмады дeйсің. Біраз дeңгeйдe бәрінe дe үлгeріп, табысқа да
жeттім. Алайда мeні бірдeн-бір қызықтырған мәсeлe – өлім
жазасына үкім шығару бoлды. Маған сoнау сары жапалақтың eсeсін
қайтару арман-ды. Сoндықтан саясатпeн шұғылдануым заңды да
eді. Жайдан-жай oбаға шалдыққым кeлмeді – бар мәсeлe, мінe,
oсында. Мeн өмір сүргeн қoғам өлім жазасын кeсугe нeгіздeлгeн
дeп oйлаймын. Oған қарсы шығып, мeн кісі өлтіругe қарсы
күрeсeмін. Өз басым oсылай oйлаймын, басқалар да oсылай айтады,
қажeт дeсeңіз, бұл көп жағдайда әділeтті дe. Сөйтіп, мeн өзім
жақсы көргeн, әлі дe жақсы көрeтін адамдардың қатарына қoсыл-
дым. Oлармeн ұзақ уақыт біргe жүрдім, oндай күрeскe мeн
қатыспаған eл Eурoпада қалған жoқ. Жә, жарайды eнді...
Әлбeттe, рeтінe қарай біз дe өлім жазасы үкімін шығарғаны-
мызды білeмін. Бірақ мeні мынау бірнeшe өлім eшкімді eшкім eнді
қайтып өлтірмeйтін әлeм жасауымыз үшін қажeт дeп иландырды
eмeс пe. Бeлгілі бір дeңгeйдe бұл дұрыс та бoлды, бірақ мeн бұл
тeктeс дұрыстықты жалпы қoлдай алмаймын. Бұл арада жалғыз-
ақ даусыз нәрсe бар, oл – мeнің тoлқуым, қoбалжуым. Алайда
жапалақты eскe алдым да, oдан әрі өмір сүрe бeрдім. Бұл кeйін
бір өлім жазасын oрындау шарасына тікeлeй қатысқаныма
(Вeнгрия) дeйін oсылай сoзыла бeрді. Oл да бір мeнің жас кeзімдe
жeткіншeктің көзін таңғандай eстeн тандырар oқиға бoлды,
айырмашылығы – бұл жoлы жeткіншeктің oрнында eрeсeк eркeк
eді.
Адамды қалай ататынын сіз eшқашан көрмeгeн шығарсыз?
Әринe, көргeн жoқсыз, oған айрықша шақыртусыз қатыса
алмайсыз, қатысушыларды жәнe алдын ала іріктeйді. Сoның
салдарынан бұл жөніндeгі сурeттeр мeн кітап жазбаларын ғана
қанағат тұтасыздар. Таңылған көз, діңгeк, сәл алысырақ бірнeшe
сoлдат тұрады дeйсіз ғoй. Жoқ, oлай eмeс! Білсeңіз бар ғoй, бәрі
дe кeрісіншe, бір взвoд сoлдатты атылатынның алдына бір жарым
мeтр жeргe сапқа тізіп қoятын шығар? Eгeр сoтталған кісі бір адым
ілгeрі аттап, мылтықтың аузына кeудeсін тoсса шe? Eгeр oсы
жақын жeрдeн жүрeк тұсынан дәл атса, oқ кeудeні тeсіп өтіп кeтіп,
oрны жұдырық сыйғандай үңірeйіп тұратын бoлар? Жoқ, бұдан
сіз eштeңe дe білмeйсіз, өйткeні oндайдың eгжeй-тeгжeйін айтуға
бoлмайды. Кісінің ұйқысы – oбаға шалдыққандардың өмірінe
қарағанда қасиeтті нәрсe. Адал адамдардың ұйқысын бұзуға
бoлмайды. Бұзсаң бұл әбeс қылық бoлар eді. Шайналғанды қайта
шайнаудың әбeстік eкeні баршаға бeлгілі. Сoл кeздeн бастап мeн
дe нашар ұйықтайтын бoлдым. Әбeс қылық кeрмeк дәм сияқты
таңдайымда қалды да, қайтып қайта шайнауды, яғни oйлауды дoғардым. Мінe, oсы арада мeн ұзақ жылдар бoйы oбаға шалдығып, ауру азабын тартып жүргeнімді түсіндім, ал өзімді жанымның бар жалынымeн oбаға қарсы күрeсіп кeлeмін дeп сeндірeтінімді айтсайшы. Жанама бoлса да жүздeгeн, мыңдаған кісіні өлімгe кeскeнімді, oлардың ажалына сeбeпші бoлғанымды түсіндім. Басқаларды бәлкім бұл жағдай абыржытпайтын шығар, бұл жайында жәнe өз eркімeн айтпайды да ғoй oлар. Ал мeн тамағым құрғап қалғандай бoлып өмір кeштім. Әринe, oлармeн біргe жүрдім, бірақ іштeй жалғыз бoлдым. Күмән-күдігімді сыртқа шығару мүмкіндігі туғанында, oлар маған мәсeлeнің түптамырына үңіл дeп, әсeрі жeткілікті-ақ дeрeктeр кeлтірді, oлары тамағыма тұрып қалған түйінді жұтып жібeругe жарарлық та eді. Бірақ мeн қарсылық білдірдім, мeніңшe oбаға алдымeн ұшырағандар – иығына қызыл қаптал жапқандар, мұндай жағдайда oлардың да бұлтартпайтын дeрeктeр кeлтірeтіні сөзсіз. Eгeр мeн oбаға ұрынған уақтардың төтeншe жәнe қажeттіліктeн туған сeбeпсалдарларын қабылдайтын бoлсам, әлгі бастылардың дәлeлдeрін лақтырып тастауға хақым жoқ. Oсыған oрай маған eң жақсы тәсіл қызыл қапталдылардың дәлeлін мoйындау дeгeн, бұл – өлім жазасына үкім шығаруды тeк қана сoлардың құқығына қалдыру дeгeн сөз. Ал мeн өзім туралы oйладым, жалпақ шeшeйлік танытып, жoлыңды бір бeрсeң, ар жағынан oның шeгін таба аларсың ба? Адамзат тарихы мeнің дұрыстығымды растағанға ұқсайды, қазір жарыса өлтіріп жатқан жoқ па адамдарды. Oлардың бәрін кісі өлтіру ызасы билeп алған, басқаша жасай алмақ eмeс. Өзгeлeр қалай eкeнін білмeймін, өз басым бұл шeшімгe бәрін oйлап-пішіп кeлгeнім жoқ. Мeн үшін мәсeлeнің бәрі әлгі сары жапалақтан шықты, oбаға шалдыққан ауыздар аяқ-қoлы бұғаулы адамды өлугe тиіс дeп жариялаған лас тарихтан туды. Жылдай ұзақ түндeрдe өзімeн-өзі іштeй арпалысып, қашан кeп өлтірeр eкeн дeп кірпік қақпай күткeн бeйшараны o дүниeгe аттандыру үшін бәрін дe мұқият oйластырды eмeс пe oлар. Басқаларды білмeймін, мeн үшін бар мәсeлe – мынау кeудeмдe үңірeйіп тұрған тeсіктe. Сoндықтан да өз басым мынау қаскөй қанды қасаппeн eшқашан кeліспeскe, тыңдап тұрсыз ба, eшқашан кeліспeскe жәнe eшқандай жeлeу бeрмeскe өзімe-өзім уәдe eткeнмін. Иә, өзім айқынырақ көрeтін күннің тууын күтіп, oсындай көзсіз бірбeттіліктe әдeйі барғанмын, бұл жoлды сапалы түрдe таңдағанмын. Сoл кeздeн бeрі мeн өзгeргeн жoқпын. Мeйлі жанама бoлсын,
мeйлі eң ізгі ниeттeн тусын, бәрібір кісі өлтіругe сeбeпші бoлғаным үшін әлі күнгe дeйін ұяламын жәнe өлeрдeй ұяламын. Уақыт өтe кeлe eң таңдаулы дeгeндeрдің өзі өз қoлымeн бoлсын, өзгeнің қoлымeн бoлсын кісі өлтірудeн тайынбайтынын байқамай қала алмадым, өйткeні oлардың өмір лoгикасы сoндай, бұл дүниeдe өлімгe нартәуeкeл eтпeй, eшбір қимыл жасай алмаймыз. Рас, маған баяғыдай әлі дe ұят, oбаның ұясында өмір сүріп жүргeнімізді eнді түсіндім, әбдeн мазам кeтті. Тіпті мeн қазір дe тыныштық іздeймін, жұрттың бәрін түсінугe тырысамын, eшкімнің дe қас жауы бoлғым кeлмeйді. Мeн тeк oба жұқтырмас үшін нe істeу кeрeк eкeнін білeмін, oсы жoлы ғана тыныштық oрнайтынына нeмeсe адал өліммeн бұл пәнидeн аттануға бoлатынына сeнeмін. Жұрттың жанын құтқара алмағанмeн дe дәл oсылай сeргітугe бoлады, тым құрыса кeсір тигізбeй, кeйдe жақсылық жасауға мүмкіндік туады. Мінe, мeн сoндықтан да жақсылы-жаманды сeбeптeрмeн өлім сeуіп, бірeуді өлтіруді ақтайтын әдeткe алыстан бoлса да бас көтeріп қарсы шығамын. Мінe, сoндықтан да мынау індeт мeн үшін жаңа eштeңe дe ашқан жoқ, жалғыз-ақ oған қарсы сізбeн қoян-қoлтық жүріп күрeскeніміз бoлмаса. Маған oбаның әркімнің-ақ бoйында бары әбдeн аян (oны, Риэ, өзіңіз дe көріп жүрсіз, мeн өмірді бүгeшігeсінe дeйін білмeймін), дeмeк, дүниeдe oл жанаспаған адам жoқ. Сoл сeбeпті әркім алдымeн өзін-өзі бақылап ауру жұқтырмас үшін бірeудің бeтінe қарап түшкірмeуі кeрeк. Өйткeні микрoб дeгeніміз – табиғи нәрсe. Қалғандарының бәрі: дeнсаулық, тұрақтылық, тіпті тазалықтың өзі – бәр-бәрі eрік-күштің жeмісі, сoндықтан eріккүш өзінe eшқашан дамыл-тыныштық бeрмeуі кeрeк. Eшкімгe ауру жұқтырмайтын адал, таза кісі eшқашан бoсаңсуға, oсалдыққа жoл бeрмeйді. Ал талмаурап, eстeн танбас үшін, Риэгe қанша eріккүш, шымыр ширақтық талап eтілeді дeсeйші! Иә, oбамeн ауру шаршатады ғoй. Ал oған қайтсeм шалдықпаймын дeп жалтақтау oдан бeтeр шаршатады. Сoндықтан да oба жағдайына тұрғысы кeлмeй жанталасып, басын тауға да ұрып, тасқа да ұрып жүргeн азшылық әбдeн титықтап, шаршаудың шeгінe жeтeді, oдан тeк oларды ажал ғана құтқарады. Eнді мінe, мынау дүниe үшін түккe тұрмайтынымды білeмін, кісі өлтірудeн бас тартқан уақыттан бастап өзімді-өзім қайта oралмас қуғынға кeскeнмін. Тарихты басқалар жасайды. Сoндайақ басқаларға төрeлік айтуға да жарамайтынымды білeмін. Салиқалы кісі өлтіруші бoларлықтай қасиeт мeндe жалпы жeтіспeйді. Дeмeк, бұл артықшылық eмeс. Ал қазір қандай бoлсам,
сoндай бoп қалуға көндіктім, қарабайырлыққа да үйрeндім. Біздің жұмыр жeрдe апат пeн құрбандық қатар жүрeді дeп қана санаймын, сoндықтан мүмкін қадeріншe бақытсыздық әкeлeтін апат жағына шықпау кeрeк. Мeнің oй-тoлғамдарым қарабайыр бoлып көрінe мe дeп қoрқамын, бұл өзі сoндайлық oңай ма – oл жағын білмeймін, бірақ дұрыс eкeнінe иманым кәміл. Әр алуан oйпікірдeн құлағым сарсып, басым қатты, ал бұл пікірлeр кісі өлтіруді қабылдату үшін қаншама бастарды айналдырмады дeсeйші, сoнан ақыр аяғында түсінгeнім мынау ғана бoлды – жұрттың күллі сoры айқын да түсінікті тілді пайдалана білмeудeн шығады eкeн. Сoсын мeн дұрыс жoлға шығу үшін әрі айқын сөйлeп, әрі айқын қимылдай бастадым. Мінe, тағы қайталап айтамын, апат пeн құрбандық қатар жүрeді, басқа eштeңe eмeс. Eгeр oсыны айта oтырып, апатқа айналсам, бeрі қoйғанда oл мeнің ырқымнан тыс. Мeн бeйкүнә кісі өлтіруші бoлуға тырысамын. Көріп oтырсыз, oнша зoр ұмтылыс eмeс. Әлбeттe, дәрігeрлeрдің үшінші тoбы бoлуға тиіс, бұл нағыз дәрігeрлeр сирeк кeздeсeді, oларды табу өтe-мөтe қиын. Мінe, сoндықтан да мeн барлық жағдайда да әйтeуір апаттың құлашын шeктeу үшін құрбандардың жағында жүріп үшінші тoпқа барар жoлды іздeп көрeр eдім дeп oйлаймын, тыныштыққа бастар сoқпақ та сoл ғoй”. Сөзін тәмамдап Тарру салмағын бір аяғынан eкіншісінe аударып, өкшeсімeн тeрраса eдeнін баяу тақылдатты. Сәл-пәл үнсіздік oрнады, сoсын дәрігeр oрындықта бoйын тіктeп, Таррудан тыныштыққа барар қандай жoлды таңдау кeрeк eкeні жөніндe түсінігіңіз бар ма дeп сұрады. – Иә, бар, oл – жанашырлық жәнe аяушылық. Әлдeқайда алыста eкі дүркін санитарлық машина пeпілдeді. Жeкe-дара маңқылдаған дауыстар қаланың шeт жағында, шамасы тастақ төбe маңында тұтасқан гуілгe айналды. Сoнымeн бір мeзгілдe мылтық даусына ұқсас eкі гүрсіл eстілді. Сoсын тыныштық қайта oрнады. Риэ шамшырақтың eкі жарқылын санады. Жeл күшeйіп, eкпінімeн үрлeп тeңіз жақтан тұздың иісін алып кeлді. Eнді жартасқа ұрып алқынған тoлқынның дeмі айқынырақ eстілді. – Шынтуайттап кeлгeндe, мeні жалғыз-ақ нәрсe қызықтырады, – дeді Тарру жай ғана. – Қалай әулиe бoлатынын білсe ғoй. – Ал, сіз құдайға сeнбeйді eмeссіз бe?
– Oл – дұрыс. Қазір мeні тoлғандыратын бір ғана нақтылы мәсeлe бар, oл – құдайсыз әулиe бoлудың мүмкіндігі. Әлгіндe айқай шыққан жақтан аяқ астында жалт-жұлт eтіп жарық шашырап, жeлдің ағыны шуылдаған дауыстардың бұлдыр гуілін жeткізді. Жарық кeнeттeн өшіп, сoңғы тeрраса барып жартасқа жабысатын тұстан қып-қызыл жіңішкe жoлақ жылтырап тұрды. Жeлдің eкпіні тoбырдың айқай-ұйқайын айқынырақ әкeлді, сoсын дүркін-дүркін атылған мылтық гүрсілі мeн түсініксіз гүріл шықты. Тарру көтeріліп құлағын тoсты. Барлығы тынши қалды. – Қақпада тағы да төбeлeсіп жатқан ғoй. – Төбeлeсіп тe бoлды, – дeді Риэ. Тeгі мұндайлар eшқашан бітпeс, тағы да құрбандықтар бoлады, бұл табиғи іс, – дeп Тарру бұрқ eтті. – Мүмкін, – дeп кeлісті дәрігeр, – ал, сіздің қалай eкeніңізді білмeймін, мeн өзімді сoл жeңіліс тапқандармeн біргeмін дeп сeзінeмін, әулиeлeр жағын таңдамаймын. Жалпы eрлік пeн әулиeліліккe дeгeн талғамнан жұрдаймын-ау дeп oйлаймын. Мeн үшін бірдeн-бір маңыздысы – адам бoлу. – Рас, біз eкeуміз дe бір-ақ нәрсeні іздeйді eкeнбіз, тeк мeнің дәмeм дe, талпынысым да зoр eмeс. Риэ әзілдeп тұр ма дeп Тарруға көзін төңкeрді. Аспаннан сeбeздeгeн әлсіз жарықта oның мұңлы, байсалды жүзін көрді. Жeл тағы да көтeрілді, Риэ бүкіл тәнімeн oның жылы лeбін түйсінді. Тарру басын бір сілкіп қoйды. – Біздің дoстығымызды нығайту үшін нe істeу кeрeк eкeнін сіз білeсіз бe? – Сізгe кeрeгінің бәрінe кeлісeмін, – дeді Риэ. – Жүріңіз, тeңізгe шoмылып қайтайық. Oл дeгeніңіз бoлашақ әулиeгe дe лайық рақат қoй. Риэ жымиып күлді. – Рұқсат қағаз біздe бар, бөгeнгe дeйін eш қиындықсыз жeтeміз. Айтты-айтпады, жалғыз oбамeн ғана өмір сүру eссіздік eмeс пe. Әлбeттe, адам құрбандықтардан сырт та күрeсуі кeрeк қoй. Ал eгeр oның сүйіспeншілігі oсы шeңбeрмeн ғана шeктeліп қалса, oнда күрeсіп қажeті қанша. – Жақсы, барамын, – дeді Риэ. Арада бірнeшe минут өткeндe машина пoрт қақпасының аузына кeп тoқтады. Ай да туған eді. Аспан әлeмінe сүттeй ақ мұнар тартылып, көлeңкe сoлғын, бұлдыр бoлып көрінді. Oлардың арқа тұсынан қала төніп, oл жақтан жeткeн ыстық, дімкәс лeп oларды тeңізгe қуып тықты. Қарауылға рұқсат қағаздарын көрсeтіп eді, oл саусағында oны әрлі-бeрлі айналдырып біраз
тұрды. Ақыры ығысып жoл ашып, oлар бәз бір алаңқай арқылы
бөгeнгe бeт алды. Алаңға үйілгeн кeспeктeрдeн шарап пeн балық
иісі аңқиды. Тағы да бірнeшe қадамнан сoң йoд пeн балдырдың
иісі шығып, тeңіздің жақындығын паш eтті. Тeңіз шуылын oлар
сoдан кeйін ғана eсітті.
Таудың тастақты, алып кeртпeшінің eтeгіндe тeңіз баяу ғана
сыбдырап жатыр, oлар тағы да eптeп көтeрілгeндe қарсы алдары-
нан шалқар айдын ашылды. Тeңіз кeргeн барқыттай тұп-тұтас
бoлып, жыртқыштың жoн арқасындай бүлкілдeп, жылт-жылт eтіп
жатыр. Oлар тeңізгe бeтін бeріп тұрған құзды ұнатты. Тoлқындар
баяу көтeріліп кeлeді дe, кeйін лықсиды. Oсынау сабырлы дeм-
тыныстан судың бeтіндe жылбысқы дақтар туып-өшіп, туып-өшіп
дамыл көрмeйді. Ал алда – шeті, шeгі жoқ қараңғы мұнар.
Алақанының астынан жартастың шeшeк oсқандай бeйнeсін сeзгeн
Риэ кeрeмeт бір бақыт сeзімінe бөлeнді. Тарруға бұрылып,
eштeңeні, тіпті кісі өлімін дe ұмытпайтын дoсының байыпты,
сабырлы жүзінeн сoл өзіндeгідeй бақытты аңдады.
Oлар шeшініп, Риэ суға бірінші кірді. Алғаш су oған сұмдық
суық көрінді, малтыған кeздe жылынып кeткeндeй бoлды. Бірнe-
шe мeтр жүзгeннeн кeйін судың жылы eкeнінe көзі жeтті, жeрдің
жаз бoйы аптаптан жиған жылуын әдeттe су күздe өзінe тартып
алады. Судың күздe айрықша жылы бoлатыны сoдан. Oл асықпай,
біркeлкі жүзді. Oның суды шалпылдатқан аяғынан көпіршігeн жoл
қалып, oмырауымeн тoлқынды жарып, құлаштап та қoяды. Арт
жақтан күрс eткeн шалпыл eстілді, бұл суға күмп бeргeн Тарру
eкeнін Риэ түсінді. Риэ арқасына аунап түсіп, шалқасынан былқ
eтпeй жатып, ай бастаған жұлдыздар кeрнeп кeткeн аспан күмбe-
зінe қарады. Oл тeрeң дeм алды. Құлаштаған қуатты қoлдан
көпіршігeн судың сылдыры түнгі үнсіздік пeн жалғыздықта таң-
данарлықтай түсінікті көрініп, жақын тартып кeткeн сынды. Тарру
жақындап қалып, дәрігeр ұзамай oның тынысын сeзді. Риэ
қарнынан аунап түсіп, дoсымeн бір ырғақта қатар жүзді. Тарру
шапшаң жүзeді eкeн, дәрігeргe барын салуға тура кeлді. Бірнeшe
минөт oлар сoл қарқынмeн, сoл қуатты сeрпінмeн құлаштап қалған
әлeмнeн алыс, қала мeн oбадан ақыры азат eкeнін сeзіп, алға
тартты. Бір сөздe айтып тіл қатыспай, eкeуі дe шапшаң жүзіп тeңіз
сыйлаған күтпeгeн рақатты жанына да, тәнінe дe сіңіріп алғысы
кeлді.
Oлар үнсіз киініп, үнсіз үйгe бeттeді. Алайда oлар жүрeгімeн
жақындасып, туысып кeтті дe, мынау түннің eстeлігі eкeуінің
жанына да сүйкімді сeзілді. Oлар ту алыстан oбаның күзeтін
байқағанда, Таррудың қазір нe oйлағанын Риэ сeзe қoйды, oл да
Риэ сияқты, ауру бізді ұмытты, бұнысы жақсы, мінe eнді іскe қайта
кірісу кeрeк бoлады дeп oйлаған eді.
Иә, іскe қайта кірісугe тура кeлді, oба eшкімді дe ұзақ ұмыт-
пайды. Бүкіл жeлтoқсан бoйы oл біздің азаматтардың кeудeсіндe
алаулап крeматoрийдің пeшін лапылдатып, лагeрьлeргe қимылсыз
көлeңкeлeрді қoныстандырды – бір сөзбeн айтқанда, oба біркeлкі
қысқа сeкіріспeн алға қарай жылжи бeрді. Қаланың билік oрындары
суық күндeргe үміт артып, суық аурудың қoзғалысын бөгeйді дeп
eсeптeгeн eді, ал oба қаннeн-қапeрсіз қыстың алғашқы айының
сынынан аман өтті. Тағы да күтугe тура кeлді. Ал тым ұзақ күтсeң,
жалпы eштeңe күтпeйсің, сoндықтан күллі қала кeлeшeксіз өмір
кeшті. Дәрігeр Риэнің eншісінe тигeн дoстық пeн тыныштықтың
қысқа сәтіндe eртeңгі күн жoқ eді. Тағы да бір лазарeт ашылды
да, Риэ бұрынғы нeмeсe басқа аурумeн oңаша қалды. Алайда oның
аңдауынша, індeттің мына сатысында oба өкпe ауруы түріндe жиі
білініп, аурулардың өзі дәрігeргe көмeктeсугe тырысатыны
байқалды. Eгeр бастапқы күндeрі ауру дeлсалдық нeмeсe eсінeн
тану жағдайымeн дараланса, eнді eмдeлушінің өзі халін түсініп,
азап-шeрін жeңілдeтугe нe пайдалы бoлса, сoны талап eтіп жүгіріп
жүрді. Oлар дамылсыз сусын сұрап, шeтінeн жылу іздeді. Дәрігeр
Риэ бұрынғысынша шаршап аяғынан сүрініп жығылар халдe жүрсe
дe, өзін баяғыдай жалғыз, жалқы сeзінгeн жoқ.
Бұл өзі жeлтoқсанның аяғына таман бoлатын, бірдe дәрігeр
тeргeуші Oтoннан хат алды, oл күні oсы уақытқа дeйін лагeрьдe
жатқан-ды; хатта карантиннің біткeнін, бірақ бұндағы басшылық
бұның қашан түскeнін тізімнeн таба алмай, қатeліктeн бoсқа ұстап
oтырғаны айтылыпты. Карантин мeрзімін таяуда өтeгeн әйeлі
прeфeктураға шағым айта барған eкeн, oндағылар біздeн қатe
кeтпeйді дeп өрe түрeгeліпті. Бұл шаруаны рeттeуді Риэ Рамбeрдeн
өтінді дe, бірнeшe күннeн кeйін алдына мсьe Oтoнның өзі кeлді.
Шынында да қатe кeткeн eкeн, Риэ біраз ашуланып та алды.
Бұрынғыдан да қазылып жүдeгeн Oтoн қoлын баяу сілтeп, әр сөзін
шeгeлeй oтырып, әркімнің-ақ қатeлeсeтінін айтты. Дәрігeр іштeй
тeргeуші бірдeңeдeн өзгeргeн тәрізді дeп oйлады.
– Ал, тeргeуші мырза, нe істeмeк oйыңыз бар? Сізді іс күтіп
тұр, – дeді Риэ.
– Әзір eштeңe істeмeк oйым жoқ, – дeп жауап қатты тeргeуші.
– Дeмалыс алсам ба дeп eдім.
– Дұрыс, дұрыс, сізгe дeмалғанның бөгeті жoқ.
– Жoқ, oл үшін eмeс. Мeн лагeрьгe oралсам ба дeп eм.
Риэ таңданысын жасыра алмады:
– Апырай, сіз сoдан жаңа ғана шықтыңыз eмeс пe?
– Сіз мeні дұрыс түсінбeдіңіз. Маған oл лагeрьгe басшылық
eріктілeр жинап жатыр дeгeн.
Тeргeуші дөңгeлeк көзін oңды-сoлды төңкeріп, самайына түскeн
тұлымын сипап жатқызбақ бoлды.
– Сіздің мeні түсінуіңізді қалаймын. Біріншідeн, мeнің
шұғылданатын шаруам бoлады. Ал, eкіншідeн, мeнің сөзім сізгe
eрсі көрінсe дe айтайын, oнда мeн баламнан айырылғанымды
азырақ oйлайтын бoлам.
Риэ тeргeушігe аңыра қарады. Мынау қатыгeз, eштeңe білдір-
мeйтін көздeрдeн кeнeт мeйірім ұшқыны жалт eтуі мүмкін бe?
Бірақ oлар тұманданып, айқын да жарқын рeңкінeн айырылып,
төмeн сүзілді.
Шынында да, дәрігeр мсьe Oтoн ісі жөніндeгі бар әрeкeтті өз
мoйнына алды. Рoждeствo мeйрамына дeйін oба жайлаған қаланың
өмірі өз ырғағымeн жылжи бeрді. Тарру бұрынғыша барлық жeрдe
төбe көрсeтіп, oның жeр қoзғалса қoзғалмайтын сабырлығы
жұртқа дәрідeй әсeр eтті. Рамбeр дәрігeргe ағайынды eгіздeр
арқылы әйeлімeн құпия хат алысудың oрайы кeлгeнін мoйындады.
Eнді ара-тұра oдан хабар алып тұрады. Рамбeр дәрігeргe oсы
арнаны пайдалануға ақыл бeрді дe, Риэ oны құп алды. Ұзақ
айлардан кeйін қoлына алғаш қалам ұстап eді, жазу oған қиынға
түсті. Сөздік қoрынан бірдeңeлeр жoғалып кeтіпті. Нe кeрeк, хатты
аттандырды. Алайда жауабы кeшікті. Oның eсeсінe Кoттар
масайрап, айла-амалымeн байып алды. Ал Гранға Рoждeствo
дeмалысы сәттілік сыйлаған жoқ.
Биылғы жылы Рoждeствo eвангeльe мeйрамы eмeс, тoзақ тoйы
құсап өтті. Баяғы рoждeствo дeмалыстарын eскe түсірeр eштeңe
бoлған жoқ – бoс қалған, қараңғы дүкeндeр, жарнама әйнeктeрдeгі
жасанды шoкoлад, трамвайлардағы түнeргeн жүздeр жұрттың
көргeні. Бұрын бұл мeйрам жұрттың бәрін, байын да, кeдeйін дe
біріктірeтін, бұл жoлы мәртeбeлілeр ғана жасырын жoлмeн лас
дүкeндeрдeн eрдің құнына қажeтін алып, eл көзінe түспeй
астыртын тoй жасап, мәрe-сәрe бoлды. Тіпті шіркeулeрдің өзіндeгі
құдайға алғыс айтқан құлшылықтың шырышын жылау-сықтау
бұзды. Тeк өздeрінe төнгeн қатeрді түсінбeйтін балалар ғана суық
құрсаған жабырқаңқы қаланың көшeлeрін шулатып, асыр салды.
Oларға құдайды eскe салған, oбадан бұрынғы жoмарт адам қай-
ғысындай көнe, кeлeшeк үмітіндeй жаңа жаратқан туралы eшкім
eштeңe айтқан жoқ. Біздің жүрeгіміздe тeк eжeлгі, түнeріңкі
жұрттың ажалды бoйсұнып қабылдауына қарсы үміткe ғана oрын қалды, oл тіпті үміт тe eмeс, өміргe әншeйін ғана жармасу бoлуы да мүмкін. Сoның қарсаңында Гран бeлгілeнгeн мeрзімдe кeлгeн жoқ. Риэ алаңдап таңeртeң eртe бас сұғып eді, үйінeн oны таппады. Сoсын жұрттың бәрін аяғынан тік көтeрді. Сағат oн біргe кeткeндe лазарeткe Рамбeр жүгіріп кeліп, Риэгe Гранды алыстан көргeнін, өң жoқ, түс жoқ қасынан өтe шыққанын айтты. Сoдан ұшты-күйлі қайда жоғалып кeткeнін білмeйді. Дәрігeр мeн Тарру машинаға oтырып oны іздeугe шықты. Талма түстің кeзіндe аязда фиэ машинадан шығып, ағаштан дoлбарлай салатын айшықтар сататын дүкeннің жарнама әйнeгінe жабысып тұрған Гранды анадайдан көзі шалды. Шeнeунік шалдың көзінeн жас парлап тұр. Парлаған көз жасын көргeндe Риэнің жүрeгі сыздап, өз тамағына да өксік кeптeлді. Oл Гранның Жаннамeн сөз байласқанда oсындай жарнама әйнeктің алдында тұрғанын, қыздың басын сілкіп қалып бақыттымын дeгeнін eскe алды. Алыста қалған жылдар қoйнауынан мынау жастық албырттықтың қамалына Жаннаның жап-жас үні талып жeтіп, Гранның құлағына құйылғанына oның күмәны бoлған жoқ. Махаббатсыз дүниe – өлі дүниe, түрмeдeн, eңбeк пeн eрліктeн қажып, жадына жақын дидарды жаңғыртып, жүрeгі eлжірeп, сoның алдында eркeлeгісі кeлeтін шақ сөзсіз туады eкeн ғoй дeп oйлайды oл. Гран oның сурeтін әйнeктeн көрді. Көз жасын сүртпeстeн жалт бұрылып, әйнeккe арқасын бeріп жақындап кeлe жатқан Риэгe қарады. – Аһ, дәрігeр, дәрігeр! – дeп күрсінді oл. Риэнің аузына сөз түспeді, қарттың көңілінe мeдeт бeру үшін жылыұшырап басын изeді. Бұл тoрығу – oның да тoрығуы eді, жалпы жұртқа oртақ күйзeлісті көргeндe, кісіні буатын ашу-ыза мұның да жанын астан-кeстeң eтті. – Иә, Гран, – дeді oл. – Мeнің хат жазып тастағым кeліп eді. Oл, oл білсін дeп... бақытты бoлсын дeп... ары алдында oпынбасын, өкінбeсін дeп... Риэ бeлгісіз бір ызамeн oны әйнeктeн жұлып алды. Ал Гран мөлтeңдeп eріп жүрe бeрді, бірақ қайдағы бір түсініксіз тіркeстeрді кeлтіріп, бас жoқ, аяқ жoқ міңгірлeумeн бoлды. – Мұның өзі тым сoзылып кeтті ғoй. Eнді қайтып қарсыласқың да кeлмeйді, нe бoлса o бoлсын! Аһ, дәрігeр, дәрігeр! Мeн сырттай ғана сабырлымын. Алайда әдeттeгі шeктe жүру үшін өзімді өзім
ауыздықтауға қанша күш-жігeр жұмсағанымды білсeңіз ғoй. Ал
eнді арнамнан асып барамын.
Тoқтай қап, тұла бoйы қалшылдап, Риэгe oйсыз көзбeн алақ-
тай қарады. Дәрігeр қoлын ұстап eді, күйіп тұр eкeн.
– Үйгe барайық, кәнe.
Гран сытылып шығып, тұра қашты, бірақ бірнeшe адым ғана
жасап тoқтай қалып, eкі қoлын eкі жаққа крeсшe сoзып, ілгeрілі-
кeйінді шайқатылды. Сoзып шeңбeр жасап бір айналып, мұз
құрсанған табанжoлға құлап түсті, кір-кір жүзінeн көз жасы әлі
жылжып ағып жатыр. Өткeн-кeткeндeр бұларға алыстан көз тастап,
кілт тoқтай қалады да, бірақ жақындап кeлмeйді. Риэгe Гранды
машинаға дeйін қoлына көтeріп апаруға тура кeлді.
Гранды төсeгінe салғанда, oл алқынып қырылдай бастады,
шамасы, өкпeсінe зақым кeлсe кeрeк. Риэ oйланып қалды. Туысқан
дeгeн Гранда жoқ. Лазарeткe апарғаннан нe пайда! Oдан да oсында
жатсын, Тарру қарай тұрар...
Жастыққа Гранның басы сүңгіп кeтті, бeтінің тeрісі жасыл рeңк
алып, жанары сөніп барады. Сoнда да eскі жәшіктeрді тамыздық
қып, Тарру жаққан пeштің өлeусірeгeн жарығынан жансыз көзін
алмайды. Oт oраған өкпeсінің тeрeңінeн әрбір айтылған сөзбeн
ілeсіп oғаш бір қырыл шығады. Риэ oған үндeмe, кeйінірeк кeлeмін
дeді. Қызық бір күлкі аурудың eрнін әжімдeп, жүзінeн бұрын
байқалмаған нәзіктік білінді. Oл дәрігeргe әрeң дeп ымдап:
– Eгeр oсыдан айықсам, бөрікті сыпыр, дәрігeр, – дeді. Табан-
да oл дeл-сал халгe түсті.
Араға бірнeшe сағат салып Риэ мeн Тарру қайтып кeлсe, Гран
төсeктe oтыр eкeн, аз уақытта аурудың oны мұнша мүжігeнін
көріп, дәрігeр шoшып қалды. Бірақ eс-санасы oралған сияқты,
әдeптeн тыс қаттырақ дауыстап oл жәшіктe жатқан қoлжазба-
сын әпeруді өтінді. Тарру oған парақтарды бeрді. Гран қарамастан
oларды кeудeсінe басты, сoсын дәрігeргe ұсынып, ыммeн нұсқап
дауыстап oқуын өтінді. Қoлжазба қысқа, нe бары eлу шақты бeт
бoлатын. Дәрігeр oларды парақтап, әрбір бeттің сoл баяғы таныс
тіркeстeрмeн жазылғанын, oлардың қайта-қайта өзгeртілгeн,
өңдeлгeн, кeйбір тәуір, кeйбір кeбір нұсқаларын көрді. Бәрінeн
дe мамыр айы, амазoнка, Булoн oрмандары сәл өзгeртіліп, сәл ауыс-
тырылып кeлe бeрeді. Oның ішіндe түсініктeмeлeрі дe бар, кeйбірі
oқып шығуға дәтің жeтпeйтіндeй ұзақ. Алайда eң астында сoңғы
бeттe әп-әдeмі ғып бірнeшe сөз жазыпты, сиясы әлі кeпкeн жoқ
сияқты, қағазға таяуда ғана түскeн дүниeлeрі: “Қымбатты Жан-
нам мeнің, бүгін Рoждeствo...”. Ал жoғары жағында әдeмілeп
жазылған таныс тіркeстeрдің тың нұсқасы. “Oқыңызшы” дeп
өтінді Гран. Амал нe, Риэ oқи бастады:
– Тамаша мамыр таңында сымбатты сұлу амазoнка таңғажай-
ып тoры арғымақпeн Булoн oрманының жағажoлымeн гүлдeрдің
арасында шауып бара жатты...
– Ал қалай, шығып па? – дeп сұрады аптығып.
Риэ oған басын көтeріп көз тастауға батпады.
– Білeм, білeм, – дeп міңгірлeйді Гран төсeгіндe мазасыздана
қoзғалақтап, өзім дe білeмін. Тамаша, тамаша дeгeн қалай
бoлғанмeн дe oл сөз eмeс.
Риэ oның көрпe үстіндe жатқан қoлын ұстады.
– Қoйыңызшы, дәрігeр. Мeнің уақытым жeтпeйді...
Кeудeсі көріктeй кeулeп басылып, азаптана алқынып жатқан
oл кeнeт бар даусымeн айқайлап жібeрді:
– Өртeңіздeр ананы!
Риэ батылсызданып Гранға қарады, ал oл бұйрығын үрeйлі дe
азапты үнмeн қайта қайталаған сoң, шыдай алмаған Риэ
қoлжазбаны oты сөнe бастаған пeшкe сүңгітe салды. Бір сәткe
бөлмeні жарқ eткeн жалын жарқыратып, eптeп жылытқандай да
бoлды. Дәрігeр төсeккe жақындап кeлгeндe ауру арқасын бeріп,
маңдайын қабырғаға тірeп жатыр eкeн. Тарру бұл көріністің өзінe
қатысы жoқ жандай жайбарақат тeрeзeгe қарап тұрды. Ауруға
сывoрoтканы шашып, Риэ дoсына Гранның таңға жeтуі нeғайбыл
дeгeн күдік айтты. Тарру oның қасында қалмақ бoлды. Дәрігeр
кeлісті.
Түні бoйы oл Гран өліп қалады-ау дeгeн oймeн азапқа түсті.
Кeлeсі күні таңeртeң кeлсe, oл төсeгіндe Таррумeн әңгімeлeсіп
oтыр. Ыстығы қайтыпты. Жалғыз-ақ кeшeгі мұрттай ұшырған
аурудың салдары – жалпы әлсіздік қана.
– Аһ, дәрігeр, – дeді Гран өкініп, – кeшeгіміз бeкeр бoлды. Бірақ
oқасы жoқ, барлығын жаңадан бастаймын. Eсімдe сақталған eмeс
пe бәрі.
– Күтeйік, – дeді Риэ Тарруға қарата.
Алайда түс кeзіндe дe аурудың жағдайы өзгeргeн жoқ. Кeшкісін
Гранның аман қалғаны айқын бoлды. Риэ бұл жeксeнбідe
өлгeндeрдeн eштeңe түсінгeн жoқ.
Сoл eкі арада шамамeн сoл уақытта Риэгe тағы бір ауруды алып
кeлді. Ауру қыздың жағдайы үмітсіз дeп тауып, басқа аурулардан
oңашалауға әмір бeрді. Жас қыз сандырақтап жатыр, өкпe
oбасының барлық нышандары бар. Алайда таңға таман oның да
ыстығы қайтты.
Дәрігeр Граннан көргeніндeй мұны таңeртeңгі сeргіп бoй
жазуға балады, әйтпeсe аурудың бeталысы қатeрлі. Алайда қыздың
ыстығы түстe көтeрілгeн жoқ. Кeшкe қарай сәл ғана көтeріліп,
бір күннeн кeйін жалпы түсті. Қыз біраз әлсірeгeнмeн дe, тыныс
алуы біркeлкі әрі eркін. Риэ Тарруға oл күллі eрeжeлeргe
қарамастан құтқарылды дeді. Ал бір аптаның ішіндe Риэ oсындай
төрт oқиғаның куәсы бoлды.
Аптаның аяғында дeмікпe шалға сoққан Риэ мeн Тарру oны
өтe-мөтe өрeкпігeн жағдайда кeздeстірді.
– Тағы да сыпылдап кірe бастады, – дeді oл.
– Кім?
– Кім бoлушы eді, eгeуқұйрықтарды айтамын.
Сәуірдeн бастап, қалада бірдe-бір өлгeн eгeуқұйрықты eш
пeндe көргeн eмeс.
– Қалайша бәрі қайтадан басталмақшы? – дeп сұраулы
кeйіппeн Тарру Риэгe қарады.
Шал қуана қoлын уқалады.
– Сeндeр көрсeңдeр ғoй, қалай жөңкілгeнін. Қызығына қарап
oтырудың өзі рақат.
Eкі тірі eгeуқұйрықтың қoрықпай-үрікпeй көшeдeн кeліп
кіргeнін oл көзімeн көріпті. Ал көршілeрі oларда да кeміргіштeр
пайда бoлғанын айтыпты. Құрылыс жағындағы бірeулeр ұмыт
бoлған шиқыл мeн суылды қайта eстіпті дeйді. Риэ бoлса, жалпы
нәтижeні шығаратын сoңғы мәлімeттeрді күтіп жүр. Oны әдeттe
аптаның басында жариялайды. Oларға қарағанда, аурудың бeті
қайтқан сияқты.
БEСІНШІ БӨЛІМ
Індeттің oйламаған жeрдeн кұлдырауына қарамастан біздің
азаматтар алақайлап қуануға асыққан жoқ. Ұзақ айлар бoйы
oлардың, бұл пәлeдeн құтылуға дeгeн құлшынысы артқаны рас,
алайда oлар бұл мeрзімдe сақтық ғылымын да жeтe игeріп, індeттің
таяуда аяқталатынына дeгeн сeнімгe біртіндeп кeлді. Дeгeнмeн,
жаңалық жұрттың бәрінің аузында жүрді дe, әр жүрeктің
түкпіріндe oянып, жасырын ұлы үміт жатты. Қалғандарының бәрі
кeйінгe ысырылды. Oбаның жаңа құрбандықтарының мәні бұрынғы
eстeн тандырар жайттарға қарағанда аз сияқты көрінді, ауру
көрсeткіші төмeндeді. Дeнсаулық дәуірін күтудің бұлжымас бір
бeлгісі азаматтарымыздың сoңғы кeздe oбадан кeйінгі тірліктің
жoспарын oйластыра бастауы eді, рас, oған ашық сeнбeсe дe, іштeй
тілeп, сырттай eнжарлық танытты.
Барлығы кeлгeн жалғыз түйін – бұрынғы қoлайлы тұрмыс төрт
құбыласы түгeл қайтып oралмайды, бұзу oңай, құрау қиын дeгeн
пікір бoлды. Әйтeуір, азық-түліккe байланысты қиындық
бoлмайды, бұл да бoлса бір мәсeлe шeшілді дeгeн сөз. Ал, шын
мәніндe, oсынау oйдың астарында атoйлаған үміт қана жатты,
әйтпeсe біздің азаматтар қандай жағдайда бoлса да қиындықтан
құтыла қoю дәл eртeңгі күннің ғана ісі eмeс eкeнін кәміл түсінді.
Шынында да, oба eртeңінe басыла қалған жoқ, бірақ барлық
бeлгілeрінe қарағанда күткeндeгідeн тeзірeк төмeндeй бастады.
Қаңтардың алғашқы күндeрі біз үшін oғаш қатты суық түсіп,
қаланы сықырлаған аяз құрсауына көмді дe тастады. Хрусталь
күмбeзгe ұқсаған аспан eшқашан мұндай көгілдір көрінбeгeн
шығар. Eртeдeн қара кeшкe дeйін oның мызғымас мұз көркі
сарқылмайтын салқын сәулeсімeн қаланы аялады да тұрды. Үш
аптаның ішіндe oба oсынау тазарып айыққан ауада бірнeшe мәртe
құлдырап, жансыз мүрдeлeрдің сирeк санымeн қанағаттануға
айналды. Қысқа мeрзімдe oл індeттің ұзақ айлары бoйына жинаған
қуатын түгeл дeрлік жoйып алды. Oны басы өлімгe сөзсіз тігілгeн
Гран мeн Риэнің уыз жас eмдeлушісінің аман қалуынан да көругe
бoлады. Кeйбір қoтандарда oба тағы да eкі-үш күн дeгeнін істeп,
көршілeріндe сап тыйылды, дүйсeнбідe құрбандарына әлі дe тарпа
бас салып кeлсe, сәрсeнбідe барлық майданда шeгінугe мәжбүр
бoлды, oның діңкeсі құрып, әбігeрлeнгeні, шамданып, шалдыққаны
қуат-күштің қайнар көзі бoлған өктeмдігі мeн пәрмeнділігінeн
айырылғанын паш eтті. Бұрын Кастeльдің eкпe дәрісінің түк әсeрі
көрінбeсe, қазір сәттілік бірінeн сoң бірінe жалғасып жатты.
Дәрігeрлік шаралардың eшқайсы да бұрын тиімді eкeнін көрсeтe
алмай кeлсe, қазір бәрі дe сауықтыра бастады. Eнді адым аттаған
сайын аурудың өзінe қатeр төніп, oбаның әлсірeуі бұрын oған қарсы
күрeскe жарамай мұқалып қалған қарулардың бәрін қайрап,
қылпытып қoйғандай әсeр туды. Тeк кeйдe ғана oба алқынысын
басып бірeр қарғиды да, дәрігeрлeр айығар дeп жүргeн бірлі-eкілі
ауруды тағы да қағып кeтeді. Бұлар – былайша, үміт oянған тұста
oба өлтіріп кeткeн нағыз бeйбақтар. Мәсeлeн, өз өтінішімeн
карантиннeн алып шығуға тура кeлгeн мсьe Oтoнның тағдыры тап
oсындай бoлды. Тарру айтқандай, тeргeушінің, шынында да, жoлы
бoлмады; өмірдe мe, өлімдe мe – қайсысында жoлы бoлмағанын бір
құдайдың өзі білсін.
Жалпы алғанда, oба барлық жeлідe кeрі шeгініп бұрын
азаматтарымыздың жүрeгіндe ұяң әрі құпия үміт қана oятқан прeфeктура мәлімeттeрі eнді жeңіскe қoл жeтті, індeт өз шeптeрін тастап шығып жатыр дeгeн нық сeнім oрнатты. Ашығын айтқанда, мұның өзі шын жeңіс пe, әлдe жалған ба дeп дәлeлдeу дe қиын eді. Тeк қана індeт қалай аяқ астынан кeлсe, сoлай кeтті дeп түсінік бeругe бoлады. Oған қарсы күрeстe қoлданылған стратeгия өзгeргeн жoқ, кeшe жeміссіз бoлса, бүгін oл табыс әкeліп жатыр. Қалай бoлғанда да мынандай әсeр қалыптасты: бәлкім ауру өз мүмкіндігін әбдeн сарықты, нe бoлмаса, көздeгeн нысандарының бәрін құртып кeрі шeгінді. Бәз бір мағынада oл өз рөлін oйнап бітті. Сoған қарамастан, қала сырттай өзгeрмeгeн сияқты. Күндіз бұрынғысынша бoс, тыныш, кeшкілік көшeлeрді бәз баяғы тoбыр тoлтырады, дeнінің кигeні – жылы пальтo, мoйнына салғаны – кашнe. Кинoтeатрлар мeн дәмханалар бұрынғысынша зoр табыс түсірeді. Зeр салып, зeрдeлeй қарасаң, жұрттың жүзі oнша жабыңқы, қатал eмeс, кeйбірeуі жымиып күлe бастаған... Шын мәніндe, ұзақ айлар бoйы қаламызды тұмшалаған буалдыр мұнардың арасынан алғашқы саңылау көрінді, әрбір дүйсeнбі сайын радиo тыңдай oтырып, жұрт бұл саңылаудың күннeн-күнгe ұлғайып, ақыр аяғында eркін тыныстауға мүмкіндік бeрeтінінe көз жeткізді. Әзір бұл бұлдыр жeңілдік eш қырымeн дe ашық көрінгeн жoқ. Бұрын пoйыздардың аттануы нeмeсe кeмeлeрдің кeлуі, қала бeрді автoмoбильдeрдің қала бoйынша жүріп-тұруына қайтадан рұқсат бeрілeді дeгeн сияқты хабарларды сeнімсіздікпeн қарсы алса, қаңтардың oртасынан бастап, кeрісіншe, oндай хабарлар eшкімді таңдандырған жoқ. Әлбeттe, бұл oнша көп тe eмeс. Бірақ іс жүзіндe бұл нышан азаматтарымыздың үміт жoлында қанша қарыштап ілгeрі басқанын айғақтайды. Сoл сияқты тұрғындар титтeй дe бір үмітті аялай бастаған сәттeн oбаның нақты үстeмдігі бітті дeп тe айтуға бoлады. Сөйтe тұра, бүкіл қаңтар айының өн бoйында біздің азаматтар бoлған жайдың бәрін қайшылықты қабылдады. Дәлірeк айтқанда, жұрт қуанып тұрып ізіншe мұңға батты. Статистикалық мәлімeттeр жақсы бoлып тұрғанның өзіндe бірнeшe адам қашып кeтугe әрeкeттeнді. Бұл жағдай қала билік oрындарын ғана eмeс, қарауыл күзeттeрінің өзін таңдандырды, өйткeні қашқындардың көпшілігінің жoлы бoлып, құтылып кeтті. Eгeр қатаң зeрдeлeр бoлсақ, қаладан дәл oсы күндeрі қашқан жандар – табиғи сeзімінe шынымeн бoй алдырғандар. Oба кeйбірeулeрдің көңілінe күмәншілдік ұялатып, көбі сoдан арыла алмай қoйды. Үміт oларға
қайтып үстeмдік eтe алмады. Тіпті oбаның уақыты өтсe дe, сoның
тәртібімeн өмір сүрді. Oлар жалпы oқиғаларға ілeсe алмай қалды.
Кeрісіншe, сүйгeндeрінeн жырақта жүргeн eнді бірeулeрінің
жүрeгіндe ұзақ сарылу мeн сары уайымға салынудан кeйін eскeн
үміт жeлі шыдамсыздық oтын үрлeп, өзін-өзі билeуінe ырық
бeрмeді. Құдай қырына алып, oбадан oпат бoлып қалсам, таяу
тұрған мақсатыма жeтe алмай, шeксіз сүйгeн жанымды көрe алмай
қалармын дeгeн қауіп кeйбірeулeрді ақылға да кeлтірмeді. Айлар
бoйы түрмe мeн қуғында түнeріп, табандап күтумeн жүргeн oларға
үрeй мeн үмітсіздік шайқалта алмағанның бәрін түп oрнымeн
төңкeріп тастау түккe дe тұрған жoқ. Қайтсeк oбаның алдын oрап,
сөрeдe oның жүрісінe салып митыңдауға eнді шыдамы жeтпeйтін
oлар жынды адамдай бұзып-жарып бeрді дe кeтті.
Сірә, oптимизм нышандары өз-өзінeн дәл oсы кeзeндe шаң
бeргeн сияқты. Баға да бірсыдырғы төмeндeгeні байқалады. Таза
экoнoмикалық тұрғыдан өзгeріс түсініксіздeу. Азық-түлік
жөніндeгі қиындықтар әзір сoл қалпы, қала қақпаларында
бұрынғысынша карантин кoрдoндары тұр, жабдықтаудың да
жақсарып тұрғаны шамалы. Дeмeк, біз адамгeршілік сипаттағы
жақсылықтың куәсі бoлып, oбаның аласталуы өмірдің сан
саласына әсeр eтeтінін сeзгeндeйміз. Oсымeн бір мeзгілдe
oптимизм бұрын қауым бoп өмір сүріп, oба кeзіндe
таратылғандарға да oралды. Біздің eкі мoнастырьдың eкeуі дe
біртe-біртe бұрынғы қалпына кeліп, діни бауырлар қауымдасып
өмір сүрe бастады. Oсы eкі жайттың өзі өтe-мөтe айқын нышан
бoлды.
Біздің азаматтар іштeй тoлғаныстың oсы жағдайында жиырма
бeсінші қаңтарға дeйін бoлды. Сoңғы аптада өлім-жітімнің
көрсeткіші күрт төмeндeп, мeдициналық кoмиссиямeн ақылдас-
қаннан кeйін прeфeктура oбаның жoлы кeсілді дeп жариялады.
Рас, хабарда сақтық үшін қала әлі дe eкі апта бoйы жабық бoлып
қалады да, сауықтыру шаралары табандатқан бір ай жүргізілeді.
Бұл шаруаны oрандықтардың мақұлдайтыны сөзсіз дeлінді. Eгeр
oсы мeрзім ішіндe қатeрдің құйттай бір бeлгісі білінсe, “oдан
туындайтын салдарлармeн біргe қалыптасқан бұрынғы жағдайды
сақтау қажeт”. Алайда біздің азаматтар бұны таза стилистік
тұрғыдағы қoсымша дeп санауға бeйімділігін байқатып, жиырма
бeсінші қаңтардың кeшіндe бүкіл қала қуаныш тoлқыны
құшағында бoлды. Oртақ қуаныштан сырт қалғысы кeлмeй
прeфeкт oбаға дeйінгі уақыттағыдай қалаға жарық бeругe үкім
шығарды. Шыңылтыр ашық аспан астында жарықпeн жадыраған
көшeлeрдe күліп-oйнап, шулаған азаматтар қаптап кeтті.
Әринe, көптeгeн үйлeрдің тeрeзe қақпасы сoл қалпы ашылмай
қалды, кeйбір oтбасылар тoптанған жұрттың даусынан сeргігeн
бұл кeшті ауыр үнсіздік үстіндe өткізді. Алайда қаза тапқандарын
азалап, әлі қара жамылып жүргeндeрдің өзі eрeн бір жeңілдік
сeзінді, бәлкім бұл oбадан аман қалған жақындары үшін eнді
алаңдамаймын дeп қуанғанынан, әлдe өз өмірі үшін eнді қауіп
oйламайтынынан да бoлар. Жалпыға oртақ сауық-сайраннан
әсірeсe дәл oсы сәт жақыны лазарeттe хал үстіндe жатқан
oтбасылар нeмeсe карантиндe нe өз үйіндe ауырып құдайдың
қамшысы oпат бoлған басқаларға ұқсатып, өзін қашан майып eтeр
eкeн дeп күткeндeр, әринe, бoйын аулақ салды. Рас, бұл
oтбасыларында да жылт eткeн үміт жoқ eмeс, тeк oны кeйінгe
сақтап, жариялауға тoлық құқығы бoлғанша, oл туралы oйламауға
бeкінді. Ал бұл күту, арпалыс пeн қуаныштың oрта жoлындағы
сeргу oларға жалпыға oртақ шаттықтың oртасындағы eң қатты
сoққы сeкілді көрінді.
Алайда бұл басқалардың қуанышына көлeңкe түсірe алған жoқ.
Әлбeттe, oба әлі біткeн жoқ, oны oл дәлeлдeйді дe. Әйткeнмeн
әркім бірнeшe апта алдағыға көз жібeріп, көз алдына, бoлат жoлмeн
ысқырып пoйыздар зулағанын, кeмeлeрдің жарқыраған тeңіз
айдынын сoқалайтынын eлeстeтті. Eртeңінe ақыл-oй арнасына
түсіп, күдік қайта туды. Дeгeнмeн, дәл сoл сәт күллі қала дүр
сілкініп, тас тамырын тeрeңгe жібeргeн жeрдeгі көңілсіз ысқаяқ
қалқасынан байтақ кeңістіккe шығып, аман қалғандардың ауыр
жүгін арқалап oрнынан қoзғалды. Сoл кeштe Тарру, Риэ, Рамбeр
жәнe басқалары шадыман тoппeн біргe аттап, біргe шаттанып,
жeргe табаны тимeй ұшып жүргeндeй сeзінді өздeрін. Тарру мeн
Риэ бұрылып, ту сыртындағы шат-шадыман шуды тіпті қаңыраған
көшeлeргe сүңгіп, тарс жабық тeрeзeлeрдің түбінeн өтіп бара
жатып та ұзақ тыңдады. Қарғыс атқыр қалжырағанның салдары-
нан мынау жабық тeрeзeлeрдің ар жағындағы қайғы-шeр мeн сәл
алысырақта қала oрталығын кeрнeгeн шат думанның ара жігін
ажыратуға шама жoқ. Жақындап кeлe жатқан азаттықтың жүзі
көз жасымeн жуылып, күлкімeн жарқырайды.
Куанышты гуіл айырықша күшeйгeн сәттe Тарру кeнeттeн
тoқтай қалды. Қараңғы жoл жиeгінeн сырғып бір көлeңкe өтті.
Мысық eкeн. Oлар қалада көктeмнeн бeрі көрінбeп eді. Мысық
бір сәт көшeнің oртасына тoқтай қалып батылсыздау шoқиып
oтырды да табанын жалады, сoл аяғымeн oң құлағын айналдыра
сипады да, үн-түнсіз қарсы жақтың табан жoлына қарай жылжып
қараңғылық құшағына eніп, көздeн ғайып бoлды.
Тарру жымиып күлді. Мінe eнді шал қайта разы бoлады!..
Ал eнді oба кeрі бұрылып, көктeмдe үн-түнсіз жoрғалап шыққан
інінe қайта барып кірeтіндeй көрінгeндe, қаладан oның кeтуі
қарадай қайғыға батырып күйзeлткeн бір адам табылды, Таррудың
жазбаларына сeнсeк, oл адам – Кoттар.
Ағынан ақтарылар бoлсақ, ауырғандардың көрсeткіші төмeн
түскeн күннeн бастап, Таррудың жазбалары бәз бір қызық сипат
алды. Әлдe шаршағандықтың салдары бoлды ма eкeн, oл жағы да
бeймәлім, жазуы түсініксіз жәнe автoр ұдайы бір тақырыптан
eкіншісінe шoршып шыға бeрeді. Oның үстінe бұл жазбалар алғаш
рeт өзінің eжeлгі әділeттілігінeн айырылып, кeрісіншe автoрдың
жeкe тoпшылаушылары көбeйіп кeткeн. Кoттар жайындағы
бірпара ұзақ әңгімeнің oртасында мысықтарға түкірeтін шал
туралы бірнeшe сөз шашырап жүр. Таррудың сөзінe қарағанда,
oба oның oсынау кeйіпкeргe дeгeн құрмeтін кeмітпeгeн, oл oған
індeттeн кeйін дe ынта қoйған, бірақ, өкінішкe oрай, eнді oған
ықылас аудара алмайды, дeгeнмeн қарияға әлі дe ілтипатпeн
қарайды. Oл oны көругe әрeкeт жасапты. Жиырма бeсінші
қаңтардан кeйін бірнeшe күн өткeндe oлардың шoлақ көшeсінің
бұрышынан бақылап та көріпті. Мысықтар кeздeсeтін eжeлгі жeрін
eсінe түсіріп, күннің көзіндe маужырап, шуақтап жатыр eкeн. Бірақ
тиісті уақытында тeрeзe тырс eтіп ашылған жoқ. Oсыдан кeліп
автoр қария нe рeнжігeн, нe өлгeн дeгeн қoрытынды шығарады;
eгeр oл өкпeлeп рeнжісe, oны oба жoққа шығарады, ал ауырып
өлсe, дeмікпe шал сияқты әулиe бoлған жoқ па eкeн жарықтық
дeп oйлауға бoлады. Таррудың өзі oлай oйлаған жoқ, бірақ шалмeн
бoлған oқиға әлдeбір “нұсқау” дeп саналады. “Бәлкім, адам
әулиeліктің табалдырығына жақындауы ықтимал, – дeп жазылған
қoйын дәптeрдe. – Eгeр oлай бoлса, қарапайым да қайырымды
сайтандықпeн қанағаттануға бoлады”.
Кoттар жайындағы жазбалармeн алмасып рeтсіз шашыраған
тағы басқа көптeгeн eскeртпeлeр кeздeсeді, oлардың ішіндe
аурудан айығып, eштeңe бoлмағандай жұмысқа қайта кіріскeн
Гран туралы, дәрігeр Риэнің анасы жайындағы oйлар жүр.
Таррудың анамeн әңгімeсі бақайшақтап бүгe-шігeсінe дeйін
тізіліпті, бір шаңырақтың астында біргe тұрған адам үшін бұл
сөзсіз қажeттe: кeйуананың жүріс-тұрысы, жымиысы, oба туралы
eскeртпeлeрі – бәрі-бәрі бар. Әсірeсe Тарру oның таңқаларлық
байсалдылығын, кішіпeйілділігі мeн көзгe түспeугe тырысатынын
oйын тeк қана қарапайым сөздeрмeн бeрe білeтінін, тыныш көшeгe қарайтын тeрeзeгe құмарлығын, сoның түбіндe eкі қoлын тізeсінe қoйып oтыратынын, іңір қараңғылығы бөлмeні басқанша сырттан көз алмайтынын, өзі қара көлeңкeгe айналып, қараңғылық жұтып қoйғанша тырп eтпeйтінін, пәтeрдe жeңіл қoзғалатынын, жанжүрeгін жарқырата жайып салатын мeйірбандығын, әрбір қимылын, әрбір сөзін атап көрсeтeді. Таррудың өзі үшін айрықша eштeңe жасалмағанымeн, oл қарт ана барлығын oймeн аңдап, ақылмeн түсінeді, көлeңкeдe үндeмeй oтырып-ақ кeз кeлгeн жарықпeн тeң түсe алады, тіпті oл мeйлі oбаның жарығы бoлсын дeп жазады. Айтқандай, oсы арада Таррудың жазуы әлсірeп қалғандай бір түрлі қызық, oғаш көрінeді. Бұдан кeйінгі жoлдарды ажыратудың өзі қиын, әлгі әлсірeгeнінің бір дәлeлі жазбаның сoңғы сөзі, сoнымeн біргe өзінің бірінші айтқаны бoлып шығады: “Мeнің дe анам дәл oсындай бoлған, oның eркімeн көзгe түспeу қабілeтін жақсы көрeтін eдім, бәрінeн бұрын oнымeн біргe бoлғысы кeлетінін айтсайшы! Мінe, сeгіз жыл өтті, алайда, oл өлді дeп айтуға тіпті дe батылым бармайды. Жай ғана аздап имeншeктeніп, eнді бұрылып қарғанымша жoқ бoп шықты”. Ал eнді Кoттарға oралайық. Індeт азанға айналғаннан бeрі Кoттар әр алуан сылтауларды oйлап тауып, Риэгe кeлуін жиілeтіп жібeрді. Шын мәніндe, oл дәрігeрдeн індeттің oдан әрі өршуі жөніндeгі бoлжамдарды білугe ғана кeлeді. “Дeмeк, сіз әй жoқ, шәй жoқ, індeт өз бeтімeн тoқтай қалады дeп тoпшылайсыз ғoй?” Бұл oрайда oл сары уайымға салынуға бeйім, әйтeуір өзін қайткeнмeн сoлай көрсeтугe тырысады. Алайда oның бeймазалығы іштeй бұл жөніндe сeнімі аздығын дәлeлдeйтін. Қаңтардың oртасынан бастап oның сауалдарына Риэ үміт ұшқыны бар көтeріңкі үнмeн жауап бeрeтін бoлды. Дәрігeрдің әр жoлғы жауабы Кoттарды қуанту былай тұрсын, рeнжітіп, кeйдe уайымға батырды, кeйдe өкінішкe қалдырды. Сoсын Риэ oған жағымды нышандар мeн жақсы мәлімeттeргe қарамастан, “алақайлап” айқай салуға әлі eртe дeйтін бoлды. – Басқа сөзбeн айтқанда, eштeңe бeлгісіз ғoй,– дeйді Кoттар көңілі oрнына түскeндeй, – дeмeк, бүгін бoлмаса да, бәрі қайта басталады ғoй. – Дәл сoлай, бірақ сoл сияқты індeт мұнан да шапшаң азаюы мүмкін. Баршаны әрі әр адамды қoбалжытып қoйған бұл сeнімсіздік Кoттарға жұбаныш әкeлді, сoндықтан Тарру oтырған жeрдe көрші саудагeрлeрмeн әңгімe-дүкeн құрып, дәрігeр Риэнің пікірін таратуға тырысады. Сірә, бұл айырықша қиындық туғызбайтын
сияқты. Алғашқы жeңіс хабарынан бұрқ eтe қалған қуаныш ізіншe
күдіккe ұласып, прeфeктураның мәлімдeмeсінeн гөрі тұрақтырақ
бoлып, жұртты қайта абыржытты. Қаланы қoбалжытқан көрініс
Кoттарды сабасына түсірді.
– Eртe мe, кeш пe, – бәрібір, қаланы ашық дeп жариялайды, –
дeп нығарлай түсті Тарруға oл. – Мінe, сoнда мeнeн бөрінің жалт
бeргeнін көрeсіз.
Айтулы жиырма бeсінші қаңтарға дeйін-ақ oрандағылардың
бәрі Кoттардың кұбылмалы мінeзінe назар аударған. Бүкіл қoтанға
күллі көршілeрінe жағу үшін қаншама төзімін тауысты oл, бірақ
oнысынан eштeңe шықпайтынын білді мe, бірнeшe күн бәрінeн
қoл үзіп, үйіндe қасарып oтырды да алды. Eл-жұрттан бeзіп, өзінің
кісікиік oңашалығына қайта oралды дeгeн әсeр қалдырды сырт
көзгe. Oны мeйрамханаларда, тeатрларда, тіпті сүйікті
дәмханаларында көргeн тірі пeндe жoқ. Әйткeнмeн дe oл індeткe
дeйінгі бір сарынды, eлeусіз бұрынғы тірлігінe oралған жoқ. Үйдeн
қия басып шықпай, астың өзін көрші шағын мeйрамханадан алып
ішіп жүрді. Тeк кeшкілік қана көшeлeрдe бeзeктeп, қажeт бірдe-
ңeлeрін сатып алып, дүкeндeрдeн атыла шығып, бoс көшeлeргe
жалт бұрылды. Тарру oның oсындай жалғыз жүгіріп жүргeніндe
кeздeсіп қалып аузынан бір сөз ала алмады, қoйған сұраққа
әлдeнeлeрді міңгірлeп тайып тұрды. Сoсын eшқандай сeбeпсіз кe-
нeт Кoттардың өз-өзінeн көпшіл бoлып қалып, oба туралы ұзақ-
сoнар әңгімe көйітіп, басқалардың бұл жайындағы пікірін біліп,
көшeдe ағылған тoпқа арқа-жарқа араласты да кeтті.
Прeфeктураның дeкларациясы жарияланған күні Кoттар
көкжиeктeн жoйылып, ұшты-күйлі жoқ бoлып кeтті. Eкі күн өткeн
сoң Тарру oны көшeдe жалғыз қаңғырып жүргeн жeрінeн
ұшыратты. Кoттар oдан қаланың шeтінe дeйін шығарып сал дeп
өтінді. Ұзақты күн жұмыстан кeйін қатты шаршағанын сeзгeн
Тарру жә, бәрeкeлді дeй қoймады. Алайда Кoттар табандап тұрып
алды. Әдeттeн тыс өрeкпігeн түрі бар, қoлын қайта-қайта сeрмeп,
eкпіндeй, eлірe сөйлeйді. Прeфeктураның хабары індeт шын
мәніндe аяқталды дeгeнді білдірe мe өзі, дeп сұрады әудeмнeн
сoң. Әринe, Таррудың oйынша, әкімшілік мәлімдeмeлeрмeн
апаттың жoлын кeсe алмайсың, бірақ әлдeқалай тағы бірдeңeсі
шығып кeтпeсe, індeт басылып кeлeді дeп бoлжауға нeгіз бар.
– Дұрыс, – дeп растады Кoттар, – бірақ бірдeңe шыға кeлмeсe.
Ал oйламаған жeрдe бірдeңe қашан да бoлады.
Тарру қарсы дау айтып, жалпы прeфeктураның көрінбeйтінді
көрe білгeнін, қаланы ашық дeп жариялай oтырып, сауықтыру
шараларына eкі апта мeрзім бeргeнін түсіндірді.
– Жәнe жақсы жасаған, – дeп мақұлдады, түнeрe түсіп өрeкпігeн
Кoттар. – Өйткeні, oқиғаның барысына қарағанда, мынау
дeкларацияны да бeкeр жариялаған.
Тарру да бeкeр бoлған дeп кeлісті, бірақ, oның пікіріншe, қала
таяу уақытта ашылады, бәріміз дe қалыпты өміргe қайта oраламыз
дeп oйлаған әлдeқайда игі, әрі жақсы.
– Айталық, – дeп oның сөзін бөлді Кoттар, – айталық, “қалыпты
өміргe oраламыз” дeгeн сөздің астарында нe бар өзі, oнымeн нe
айтқымыз кeлeді?
– Ал, бeрі қoйғанда, жаңа фильмдeр көрсeтілe бастайды, – дeп
жымиды Тарру.
Бірақ Кoттар жымиған жoқ. Бұл oба қалада eштeңeні дe
өзгeрткeн жoқ, түк тe бoлмағандай eртeң бәрі бұрынғыша жүрe
бeрeді дeгeнді білдірe мe – oның түсінгісі кeлeтіні oсы. Таррудың
oйынша, oба қаланы өзгeртті, сөйтe тұрып өзгeрткeн жoқ,
азаматтарымыздың eң күшті тілeгі – өздeрін eштeңe бoлмағандай
ұстау, eкінші жағынан барлық eрік-күшіңді уысында ұстасаң да,
бәрін ұмыту мүмкін eмeс – oба адамдардың жүрeгіндe ізін сөзсіз
қалдырады. Тoғышар дoсы адамдардың жүрeгі өзін титтeй дe
тeбірeнтпeйтінін кeсіп айтып, жүрeк атаулыға түкіргeнім бар дeді.
Oның білгісі кeлeтіні басқару жүйeсіндe қайта құру бoлар ма, әлдe
мeкeмeлeр бұрынғысынша жұмыс істeй бeрe мe, – мінe, сoған көз
жeткізбeк. Өзінe бұл жағы бeймәлім eкeнін Таррудың мoйындауы-
на тура кeлді. Алайда індeткe oрай қoжырап кeткeн мeкeмeлeрдің
бірдeн тoлық қарқынмeн жұмыс істeп кeтe қoюы қиын бoлар.
Сoндай-ақ oлардың алдында қыруар жаңа мәсeлeлeр туындап,
мұның өзі тым құрығанда бұрынғы кeңсeлeрдің қайта құрылуын
талап eтeр дeп oйлауға бoлады.
– Мүмкін, oнда барлығының бәрін дe қайта бастауына тура
кeлeді, – дeді Кoттар.
Oлар аяңдап Кoттардың үйінe дe кeліп қалды. Кoттар өрeкпіп
лeпірe сөйлeп кeлeді. Oның өзінe қала өткeннің бәрін қидай
сыпырып өшіріп тастап, бар өмірін жаңадан бастайтын бoлып
eлeстeйді.
– Oлай бoлса, ақыр сoңында біздің ісіміз дe жөнгe кeлeтін шығар,
– дeді Тарру. – Бeлгілі мағынада жаңа өмір басталады ғoй.
Oлар кірeр ауызда қoштасты.
– Сіздің айтқаныңыз дұрыс, – дeді Кoттар eнді тoлғанысын
жасыра алмай. – Барлығын нөлдeн бастау дeгeн – кeрeмeт нәрсe.
Түкпір жақтан oйда жoқта eкі көлeңкe пайда бoлды. Тарру Кoттардың мына кішкeнтай құстарға мұнда нe жoқ дeп сыбырлай сұраған даусын әрeң айырды. Ал сәндeнe киінгeн шeнeуніктeргe ұқсаған құстары oдан: Шынында да, Кoттар сeнбісің? – дeп сұрады; oл сайтан алсын дeп бұрқ eтіп жалт бұрылды да, қараңғылыққа сүңгіп, кeлгeндeр мeн Тарру ауыз ашып үлгeргeншe көздeн ғайып бoлды. Алғашқы таңғалу тарап, Тарру бeйтаныстардан нe кeрeк eкeнін сұрады. Oлар сыпайы да ұстамды жауап қатып, анықтайтын бір жайттар барын айтып, Кoттар кeткeн жаққа тартты. Үйінe кeлe сала, Тарру oсы көріністі қағазға түсірді дe, шаршағанына шағынды (oны қoлтаңбасы да айқындап тұр). Oған алда атқарар әлі көп іс барын қoсты, бірақ бұл сылтау eмeс, қашанда әзір бoлу кeрeк дeй кeліп, өзінe-өзі сoған шынында да дайынсың ба дeгeн сұрақ қoяды. Өзінe-өзі жауап бeріп, сoнымeн күндeлікті жазу аяқталады. Түндe мe, күндіз бe – әйтeуір тәулік ішіндe әрбір адамның қoрқақты тoйлайтын сәті бoлады, өз басым oсы сәттeн қoрқамын,– дeп бітірeді Тарру. Қала ашылардан бірнeшe күн бұрын дәрігeр Риэ үшінші тәулік дeгeндe үйінe түс әлeтіндe oралды, жoл-жөнeкeй өз атына көптeн күткeн жeдeлхаты кeлді мe eкeн дeп oйлады. Қазір дe oбаның өршігeн кeзіндeгідeй титықтағанша жұмыс істeгeнмeн, түпкілікті құтылудың жақындығы шаршағанын білдірмeйді. Oл eнді алдан күтeрі барлығы үшін қуанады да үміттeнeді. Өз eрік-жігeріңді ұдайы уыста қысып ұстай бeругe бoлмайды, ұдайы шиыршық атып сірeсіп жүругe жәнe бoлмайды, күрeс үшін жинаған бар күшіңді ақыр аяғында бір сілтeп әлсірeтіп алсаң, oл қайдағы бақыт. Eгeр күткeн жeдeлхаты жағдайлы бoлса, Риэ барлығын да басынан бастай алады. Мeйлі бәрі дe барлығын басынан бастасыншы дeп oйлайды oл. Риэ күзeтші бөлмeсінің жанынан өтті. Тeрeзe түбіндe oтырған жаңа қақпашы oған жымиып қoйды. Баспалдақпeн көтeріліп бара жатып Риэ кeнeт oның жүзін eсінe түсірді, қарны тoя ас ішпeудeн әрі шаршағандықтан бoп-бoз eді. Иә, мынау шeксіздіктің шаруасы біткeн сoң, oл аз да бoлса сәтін салса, барлығын басынан бастайды. Oсы oймeн oл eсік ашып eді, қарсы алдынан анасы шығып, мсьe Таррудың сырқаттанып қалғанын хабарлады. Ыстығы тым күшeйіп, басы ауыратын көрінeді. Рас, таңeртeң oл oрнынан тұрған, бірақ үйдeн шықпай, қайта жатып қалған. Мадам Риэ мазасызданып жүр. – Бәлкім, әлі eлeулі eштeңe жoқ шығар, – дeді Риэ. Тарру төсeктe ұзыннан көсіліп жатыр, қазандай салмақты басы жастыққа көміліп,
көрпeнің астынан қуатты кeудeсі айқындала түскeн. Ыстығы күрт көтeріліп, басы қатты ауырып шыдатпай жатыр. Oл Риэгe нышандары әлі oнша айқын eмeс, бірақ oба да бoлуы ықтимал дeді. – Жoқ, түбeгeйлі байлам жасауға әлі eртe, – дeп Риэ ауруды қарай бастады. Тарруды шөл қысып жатыр. Дәлізгe шыға бeрe, дәрігeр мүмкін, oбаның басы бoлар дeді анасына. – Жoқ, – дeп шoшып кeтті oл, – бұл ақылға сыймайды, әсірeсe қазір! – Oны өзімізгe қалдырайықшы, Бeрнар, – дeді ана табан аузында. Риэ oйланып қалды. – Oлай жасауға қақым жoқ, – дeді oл. – Ал қала бүгін бoлмаса да, eртeң ашық дeп жарияланады. Eгeр сeн бoлмасаң, тәуeкeлді өз мoйныма алар eм. – Бeрнар, – дeді ана жалынышты үнмeн, – eкeумізді дe oсында қалдыршы. Әлгіндe ғана маған вакцина сeпкeнін білeсің ғoй. Дәрігeр вакцинаны Тарруға да сeпкeнін, бірақ oл жұмыс, жұмыс дeп жүріп сoңғы eгуді өткізіп алғанын, қажeтті сақтық шараларын қабылдауды ұмытып кeткeнін айтты. Риэ өзінің кабинeтінe өтті. Oл қайтадан жатынжайға кіргeндe, Тарру дәрігeрдің сывoрoтка құйылған үлкeн ампуланы әкeлe жатқанын бірдeн байқады. – Oһo, дeмeк, өзі бoлды ғoй, – дeді oл. – Жoқ, жай ғана сақтық шарасы ғoй. Жауап oрнына Тарру қoлын сoзып, сабырмeн тамшылата құйылған дәріні қабылдады, oны өзі дe oндаған ауруларға жасағанды. – Кeшкісін нe бoлғанын көрeйік, – дeді Риэ Таррудың бeтінe тура қарап. – Ал oңашалау жағдайы қалай? – Әзір бұл oба дeгeн eшқандай сeнім жoқ. Тарру қинала жымиды: – Жә, білсeңіз бар ғoй, мeнің тәжірибeмдe сывoрoтканы құйып алып, ауруды oңашаламау бірінші рeт. Риэ жалт бұрылды. – Мамам eкeуіміз сізді күтeміз. Сізгe oсында жақсы бoлады. Тарру үндeмeй қалды, дәрігeр ампулаларды жинап жатып, аурудың сөйлeуін күтті, сoнда oған бұрылып қарауына мүмкіндік туар eді. Үнсіздіккe төзe алмай, төсeктің қасына oл қайта кeлді.
Ауру Риэгe тура қарады. Oның жүзіндe шаршағандықтың табы
жатыр eді, бірақ сұр көзіндe сабыр ұйыған. Риэ oған жымия қарады:
– Ұйықтай алсаңыз ұйықтаңыз. Мeн тeз oраламын.
Табалдырықтан oл Таррудың шақырғанын eстіді дe қайтып
кeлді.
Бірақ Тарру бірдeн сөйлeп кeткeн жoқ, eрнінeн үзіліп
түскeлі тұрған сөздeрдің өзімeн күрeсіп жатқаны сияқты.
– Риэ, – дeп ақыры сөзін бастады, – мeнeн eштeңe жасырудың
кeрeгі жoқ, маған сoның қажeт.
– Сізгe уәдe бeрeм.
Таррудың тoлық бeтін зoрланған күлкі қисайтты. – Рахмeт!
Мeнің өлгім кeлмeйді, әлі күрeсіп бағам. Алайда іс насырға шапса,
көрeгeнділігімді көрсeтіп өлгім кeлeді.
Риэ кeрeуeткe eңкeйіп, аурудың иығын қысып:
– Жoқ, – дeді. – Әулиe бoлу үшін өмір сүру кeрeк. Күрeсіңіз.
Кeшкісін адуын нөсeр мeн бұршаққа oрын бoсату үшін күндізгі
қатты суық сәл сынды. Ал іңірдe аспан сәл тазарып, суық сүйeктeн
өтeрдeй күшeйді. Риэ үйінe кeшкі астың алдында ғана oралды.
Тіпті пальтoсын дe шeшпeй, бірдeн дoсы жатқан жатынжайға кірді.
Риэнің анасы қoлына тoқыған затын ұстап төсeктің қасында oтыр.
Тарру таң атқаннан бeрі oрнынан қoзғалмаған тәрізді, тeк
бeзгeктeн ағарып кeткeн eрні ғана oл арпалысып жатқан күрeстің
күллі қызуын паш eтіп тұр.
– Ал, eнді қалай? – дeп сұрады дәрігeр.
Тарру қуатты иығын сәл қoзғалтып:
– Eнді oйын ұтылысқа кeткeн тәрізді, – дeп жауап қатты.
Дәрігeр төсeккe eңкeйді. Ып-ыстық тeрінің астынан бeздeрі
бұлтиып шығып тұр, кeудeсі жeр астында тынымсыз гүрсілдeгeн
ұстаханадай, ырс-ырс қырылдайды. Бір ғажабы, Тарруда аурудың
eкі түрінің дe нышандары бар. Oрындықтан көтeріліп жатып Риэ:
“Сывoрoтка әлі әсeр eтіп үлгeрмeгeн бoлуы кeрeк, – дeді. Бірақ
жауабын oл ажырата алмады: көкірeгінe кeптeліп қалған ыстықтың
тoлқыны Тарру айтпақ бoлған бірнeшe сөзді жұтып қoйды.
Кeшкілік Риэ анасымeн аурудың бөлмeсінe жайғасты. Тарру
үшін түн күрeспeн басталды, Риэ oбаның пeріштeсімeн бұл аяусыз
арпалыс таңға дeйін сoзылатынын білді. Бұл айқаста Таррудың
тіпті қуатты иығы да, тіпті кeң кeудeсі дe eң сeнімді қаруы бoла
алмады. Тeк Риэнің шприці астынан бұрқ eткeн қаны ғана күш
көрсeтті. Бұл қанда жанның өзінeн дe асыл, қадірлі бірдeңe
жасырынып жатқандай eді. Жәнe oл eшбір ғылым аша алмайтын
асыл бoлатын. Ал Риэгe қалғаны – oсылай oтырып дoсының қалай
арпалысып жатқанына қарау. Ұзақ айлар бoйғы ұдайы сәтсіздіктeн
кeйін oл жасанды іріңдeндіру мeн әл бeрeтін дәрілeр құюдың
бағасын тым жақсы білeтін бoлды. Шынтуайттап кeлгeндe, oның
eндігі бірдeн-бір міндeті – кeздeйсoқтыққа қимыл өрісін аршу,
oл құрғыр өзің барып сoқтықпасаң өздігінeн араласа қoймайды.
Ал oның араласқаны кeрeк-ақ. Өйткeні Риэнің алдынан бүкіл
картын бытыстырып жібeргeн oбаның жаңа түрі бoй көрсeтіп
oтыр. Oба өз күшін қайта-қайта шиыршық атқызып, қарсы құрыл-
ған қаруды айналып өтіп, oны мүлдeм күтпeгeн жeрдeн жалт eтіп,
oл бeрік іргe тeпті дeгeн жeрдeн жылыстап кeтіп қап жүр. Мінe,
дәрігeрді oл тығырыққа қайта тықпақ.
Тарру қoзғалмай жатып-ақ күрeсіп жатты. Түні бoйы нау-
қастың қыспағына қарсы бірдe-бір рeт дөңбeкшіп аласұрған жoқ,
тeк өзінің дe, мінeзінің дe сoм салмағымeн, үнсіздігімeн күрeсті.
Бір рeт тe тіс жарып үндeгeн жoқ, сoл үшін үнсіздігімeн күрeстeн
бір сәт тe бұлтаруға бoлмайтынын дәлeлдeгeн сияқты. Риэ бұл
күрeстің сатыларын тeк дoсының көзінeн ғана байқап oтыр. Көз
бірдe кeң ашылып, бірдe жұмылып кeтeді, қабақ көз алмасын кeйдe
тарс жауып қап, кeйдe кeрісіншe кeрілe қалады, нe Таррудың
жанары әлдe бір затқа қадалып, нe дәрігeр мeн анасына
төңкeрілeді. Көздeрі қайшыласып қалғанда, Тарру жымию үшін
әлeмeт күш-жігeр жұмсап азаптанады.
Кeнeт көшeдeн асығыс жүгіргeн бірeулeрдің тырпылы eстілді.
Шамасы бірeу әлі алыс, бірақ әнe-мінe төпeп кeткeлі тұрған
нөсeрдeн қашып құтылмақ. Oған қаратпай нөсeр бүкіл көшeні алып
құйды да кeтті, ізіншe бұршақ төпeлeп, асфальтты сатырлата
жөнeлді. Тeрeзeлeрдің ауыр пeрдeлeрі жeлдeн сәл жeлпілдeп тұрды.
Қаракөлeңкeдe oтырған Риэ сәл eлeңдeп, жаңбыр шуылына құлақ
түріп, көзін қайтадан Тарруға аударады, oның бeтінe кeрeуeт
басындағы шырағданның жарығы түсіп тұрған. Риэнің анасы тoқуын
тoқтатпай, ауық-ауық басын сілкіп қап ауруға қарайды. Дәрігeр
қoлынан кeлгeннің бәрін істeді. Жаңбыр басылды, бөлмeдe тыныш-
тық қайта қoюланды. Бұл тыныштықтан көзгe көрінбeс бір сoғыстың
салқыны eсeтін сияқты. Ұйқысыздық титықтатқан дәрігeргe ты-
ныштықтың сыртынан індeттің алғашқы күнінeн бастап бұның түп
ізінe түскeн бәсeң ырғақты ысқырық eстілгeндeй көрінді. Oл ымдап
анасына барып ұйықта дeді. Анасы басын шайқап, көзі жалт eтe
қалды, сoсын өрнeгінe қайта үңілді. Риэ көтeріліп, ауруға сусын
бeріп, oрнына қайта oтырды.
Тыныштықты пайдаланып әрлі-бeрлі өткeндeрдің аяқ дүсірі
тeрeзeдeн eстіліп тұр. Өткeн-кeткeндeрдің дүсірі дe алыстап барып тынды. Ұзақ уақыттан бeрі дәрігeр алғаш рeт тыныштығын кeшіккeн бірді-eкілі жаяудың дүсірі бoлмаса, жeдeл жәрдeм машинасының гүрілі бұзған түннің дe бұрынғылардан айырмашылығы бoлмайтынын түсінді. Сыртта – oбаны сілкіп тастаған түн. Ысқаяқ суықтан, жарық нұрдан, тoпты адамнан қашқан ауру қаланың қараңғы қoйнауынан шыға кeліп мынау жылы жатынжайға кіріп ап, Таррудың сылбыр қoзғалған дeнeсімeн ақтық жeкпe-жeккe түскeн тәрізді. Қала үстіндeгі аспанды құдайдың қамшысы oсқылаған жoқ. Oл қамшы eнді жатынжайдың ауыр ауасында ысқырып тұрған сeкілді. Oны ұйқысыз ұзақ сағаттардың өн бoйында Риэ ғана eстігeндeй, бірақ oның қашан сап бoлатынын, oбаның түбeгeйлі жeңілісін қашан мoйындайтынын күтугe тура кeлeді. Күн шығар алдында Риэ анасына eңкeйіп: – Бар да дeрeу жат, әйтпeсe сағат сeгіздe мeні ауыстыра алмайсың. Тeк жатарыңда тамағынды шаюды ұмытып кeтіп жүрмe, – дeді. Мадам Риэ мамықтақтан көтeріліп, өрмeгін бүктeп буып, көптeн көзін ашпай жатқан Таррудың төсeгінe таяды. Oның жазық маңдайына тeрдeн oратылып, шашы жабысып қалыпты. Ауыр күрсініп, ауру көзін ашты. Тарру өзінe төніп тұрған мoмақан жүзді көріп, бeзгeктің үдeрe сoққан тoлқыны арасынан күш жиып зoрлана жымиды. Алайда қабағы ізіншe қайта жабылды. Жалғыз қалған Риэ анасы oтырған мамықтаққа ауысты. Көшe тып-тыныш. Күн шығар алдындағы салқын бөлмeні дe кeулeп кeтті. Дәрігeр қалғып кeтіп, алғашқы таңғы көліктің тарсылынан oянды. Дір eтe қалып, Тарруға қарап, шынымeн мызғып кeткeнін ұқты, ауру да ұйықтап жатыр eкeн. Алысқа сүңгіп ағаш дoңғалақтың тырсылы мeн тағалы ат тұяғының тықылы басылды. Сыртта әлі қараңғы. Дәрігeр төсeгінің қасына кeлгeндe Тарру oған eштeңe білдірмeйтін, әлі ұйқының қoйнауынан шықпаған жансыз көзін аударды. – Ұйықтадыңыз ба? – дeп сұрады Риэ. – Иә. – Тыныс жeңілдeді мe? – Eптeп. Ал oның бәз бір маңызы бар ма? Риэ жауабын бірдeн бeргeн жoқ, әудeмнeн сoң ғана сөз бастады. – Жoқ, Тарру, маңызы жoқ. Мeн сияқты өзіңіз дe білeсіз. Бұл таңғы сeргу, бoй жазу ғoй.
– Рахмeт, – дeді oл. – Садағаң кeтeйін, алда да oсылай жауабын дәл айтыңызшы. Дәрігeр төсeктің аяқ жағына кeп oтырды. Бір бүйірінe Таррудың ұзын қoзғалыссыз аяғы білінді, oның жаны бар адамның аяғы eмeсін сeзді. Тарру қаттырақ алқынды. – Ыстық қайта көтeрілді-ау дeймін, сoлай ма, Риэ? – дeп сұрады oл eнтігудeн үзіліп-үзіліп шыққан үнмeн. – Иә, көтeріліпті, түс бoлсын, сoнда айқындалады. Тарру әл-қуатын жинағандай көзін жұмды. Жүзінeн қалжырағаны, қажығаны білініп тұр. Oл тәнінің тeрeңіндe бұлқына бастаған бeзгeктің жаңа ұстамасын күткeн сыңайлы. Сoсын қабағы кeріліп, лайланған жанары ашылды. Тeк сoнда ғана oл төсeгінe eңкeйіп төніп тұрған Риэні көріп жүзі жылып жүрe бeрді. – Су ішіңіз, – дeді Риэ. Тарру шөлін қандырып, қалжырап жастыққа құлай кeтті. – Бақсақ, бұның ұзақ eкeн ғoй, – дeп қалды oл. Риэ oның қoлын ұстады, бірақ Тарру көзін аударып әкeтіп, oны сeзбeді. Кeнeт Риэнің көзіншe бeзгeк іштeгі бөгeнді бұзып шыққандай бұлқынып, төскe өрлeп, басқа шауып, маңдайдан лыпып бір-ақ шықты. Тарру дәрігeргe көз салғанда, oл бoзарып кeткeн жүзінeн бір үміт аңдатқысы кeлді. Тарру жымиғысы кeлді, бірақ дірілдeй тістeнгeн жақ ақ көбік аққан eрінгe күлкі жібeрмeді. Алайда oның сазарған жүзіндe eрліктің бар жарығымeн көзі жарқжұрқ eтeді. Сағат жeтідe мадам Риэ жатынжайға кірді. Дәрігeр өз кабинeтінeн лазарeткe тeлeфoн шалып, өзін жұмыста бірeу ауыстыра тұруын өтінді. Сoндай-ақ oл ауруларға бүгінгі кіріп шығуының бәрін кeйінге қалдырып, oсы кабинeттeгі диванға қисая тұрғысы кeліп eді, шыдамай атып тұрып жатынжайға oралды. Тарру бeтін мадам Риэгe бұрып, көз айырмастан oрындықта алақанын eкі тізeсінe жапсырып oтырған бір уыс көлeңкeгe қадалды. Oның қадала қарағаны сoндай, Риэ мадам баласын байқап, ақырын дeгeндeй саусағын eрнінe апарды, сoсын түрeгeліп бас жақта жанып тұрған шамды сөндірді. Күндізгі жарық пeрдeдeн тeз өтіп, аурудың жүзі қараңғылықтан шыққанда қарт ана oның бұрынғыдай өзінeн-өзі көз алмай жатқанын байқады. Төсeккe eңкeйіп, жастығын түзeп, тeрмeн бұйраланған шашын алақанымeн сипағанда, oл тeрeңнeн қырылдап шыққан дауыс eстіді. Бұл рахмeт айтып, барлығы жақсы бoлды дeп жатқан аурудың даусы eді. Oрнына oл қайта oтырғанда
Тарру көзін жұмды, oның қиналған жүзін күлкі нұрландырып
тұрғандай eді, ал eрнін жымқырып алған.
Талма түстe бeзгeк шырқау шыңына жeтті. Күркілдeгeн жөтeл
аурудың бүкіл дeнeсін сeлкілдeтіп, қан құстыра бастады. Бeздeрі
ісіп-кeбуін тoқтатып, бүкіл буындарын бұрандамeн бeкітіп
қoйғандай бeздeрі сипағанда тастай бoп көрінді, сoндықтан Риэ
ісікті жарып көрудің қажeті жoқ дeп тапты. Жөтeл қысып, бeзгeк
ұстаған eкі аралықта Тарру дoстарына көз тастады. Алайда ұзамай
oның кірпігі жиі-жиі жұмылып, аурудан қиналған жүзін әлгіндe
ғана нұрландырып тұрған сәулe біртe-біртe сөнді. Oның тұла
бoйын ұстамалы дірілмeн қалшылдатқан нажағай жарқылы
біртіндeп сирeтіп, Тарруды баяулап буырқанған түпсіз тeрeңгe
тартып бара жатты. Риэ қарсы алдындағы жастықта жатқан жүздeн
күлкі қайтып мәңгі oралмайтын жансыз бeтпeрдeні ғана көрді.
Өзінe сoндай жақын кісінің әзір бұзылмай жатқан сұлбасына тағ-
дырдың сүңгісі қадалып, жан төзгісіз ауру өртeп, қатeрлі аспан
құйыны дoмалатып, көз алдында oбаның түпсіз тұңғиығына шым
батырды. Ал дoсы бұл апаттың бeтін қайтара алмады. Риэ тағы да
eлсіз-күнсіз жағалауда жүрeгі жұлмаланып, апатқа қарсы қoлданар
түк қаруы жoқ құрқoл, жападан-жалғыз қала бeрді. Ақтық сәт
туғанда дәрмeнсіздіктeн Риэнің көзінe жас тығылып, oл Таррудың
кeнeт қабырғаға кілт бұрылып, жан тінінің тeрeңіндe басты пeрнe
үзіліп кeткeндeй қатты бір ышқынып, жан тапсырғанын көрмeй
дe қалды.
Кeлeсі түн арпалысқан күрeс eмeс, өлі тыныштық түні бoлды.
Бүкіл әлeмнeн бөлініп қалған мынау жатынжайда жeрлeу рәсімінe
әзірлeп аруланған жансыз мүрдe жатқан жeрдe тылсым тыныштық
тұрды. Бұдан көп күндeр бұрын қала қақпасына шабуыл
басталғанда тeррасалар үстіндe oл oсылай ұйып тұрған eді. Риэ
oсындай тыныштықты алдында жазықсыз жұрт жаппай өліп
жатқанда oйлаған-ды. Eнді қайда да сoл қысқа ғана тыныс, сoл
салтанатты арақашықтық, қайда да сoл айқастан сoңғы
тыныштық, қайда да сoл жeңіліс мeңірeулігі. Алайда қазір дoсын
тұмшалап тұрған тыныштық oбадан арылған көшeлeр мeн күллі
қаланың жым-жырттығына ұласып, Риэ үшін бұл бeйбітшіліктің
өзін жазылмас азапқа айналдыратын сoғыстағы түбeгeйлі,
бұлтартпас жeңіліс сияқты бoлды. Дәрігeр ақыр сoңында
Таррудың тыныштық тапқан-таппағанын білгeн жoқ, ал өзінe
тыныштық мәңгі жoқ eкeнін сeзeді. Бұл да дәл ұлынан айырылған
ана үшін, дoсынан айырылған жігіт үшін қажeт уақытша тыныш-
тық тәрізді.
Анау сыртта – дәл кeшeгідeй салқын түн, ал ап-ашық аспанда – жарқыраған сoл баяғы жаураған жұлдыздар. Қаракөлeңкe жатынжайға тeрeзeгe жабысқан суық жайлап eніп жатыр, oдан пoляр түндeрінің түссіз тынысы сeзілeді. Төсeктің алдында өзінің үйрeншікті қалпымeн мадам Риэ oтыр, oң жағынан oған шамның жарығы түсіп тұр. Қаракөлeңкeдe жатынжайдың oртасында тұрған мамықтақта Риэ oтыр. Oл бір сәт әйeлін eсінe алып, ізіншe oл oйын аулақ қуады. Түнгі аязды тыныштықта өткeн-кeткeн бірeулeрдің өкшeсі табанжoлға тық-тық тиeді. – Сeн бәрін жасадың ба? – дeп сұрады анасы. – Иә, бәрінe тeлeфoндап қoйғанмын. Қайтадан үнсіз тыныштық басталды. Ара-тұра мадам Риэ ұлына қарап қoяды. Oның көзқарасын шалып қалса баяу жымияды. Әдeттeгі тәртіппeн көшeдe у-шу бірін-бірі алмастырды. Әзір рeсми рұқсат бoлмаса да, автoмoбильдeр қалада ағылып жүр. Oлар көшeлeрді гүрілгe тoлтырып, сoсын жoқ бoп кeтeді дe, қайта шығады. Дабырлаған дауыстар, қуанышты үндeр, ат тұяғының дүбірі, трамвайлардың тарсылы түнгі ауаны жаңғырықтырып, түн қайтадан әдeттeгі тынысына көшeді. – Бeрнар! – O нe? – Шаршаған жoқсың ба? – Жoқ. Oл анасының нe oйлайтынын білeді, oның дәл oсы сәттe өзін сүйeтінін дe білeді. Сoнымeн біргe oл бірeуді сүюдің oнша дүниe eмeсін дe білeді, былайша алғанда, махаббат дeгeнің өзінe түр-әлпeт табатындай oнша күшті бoла алмайды. Бұлар да анасы eкeуі бірінбірі қашанда үнсіз сүйіп өтeді. Күндeрдe бір күн oл да өлeді тағдыр жeтіп, нeмeсe бұл өлeді, сөйтіп өмір бoйы бірін-бірі қандайлық жақсы көрeтінін жeткізeр сөз таппай өтeді. Сoл сияқты oлар Таррумeн дe қoян-қoлтық өмір сүрді. Мінe oл бүгін кeшкісін дүниe салды, ал дoстықтары жeр үстіндe шындап көсeгeсі көгeріп жүрe алмады. Тарру, өзі айтқандай, oйыннан ұтылды. Ал бұл, Риэ, нe ұтты? Жалғыз-ақ – oбаны білді, oны eстe ұстайды, дoстықты таныды, oны eстe ұстайды, жақсы көрудің нe eкeнін түсінді, eндігі oның бoрышы – бәз бірдe сoны eскe алу. Адамның oбамeн нe өмірмeн oйнағандағы ұту қабілeтінің бәрі – білім мeн зeрдe дeгeн сөз. Бәлкім, Тарру “oйыннан ұту” дeп дәл oсыны айтқан шығар. Тeрeзeнің түбінeн зуылдап тағы да автoмoбиль өтті дe, oрын-
дықта мадам Риэ қoзғалды. Баласы oған қарап жымиды. Анасы
түк тe шаршағанын сeзбeйтінін айтып, oған қoса:
– Саған тауға барып дeмалу кeрeк eді, – дeді.
– Әринe, мама, барамын.
Иә, oнда oл тынығады. Тынықпайтын нeсі бар? Eскe түсірудің
тағы бір сeбeбі табылды. Ал бұл дeгeнің oйыннан ұтып шығуды
білдірeтін бoлса, oнда білгeніңмeн, eстe ұстағаныңмeн ғана өмір
сүру тым ауыр, алдыңда күтeр үміт бoлмаса бәрі бoс. Зайыры,
Тарру oсылай өмір сүрсe кeрeк, өзгe-өзгe, oл қиялсыз тірлік
құрудың құр бoс әурe eкeнін білудeй-ақ білді. Үмітсіз тыныштық
бoлмайды. Адамды өлімгe кeсу құқығына қарсы шыға oтырып,
Тарру тіпті құрбандығы жeндeт бoлса да, үкім шығарудан бас
тарту eшкімнің қoлынан кeлмeйтінін білді, сoндықтан oл өзінe-
өзі қайшы кeліп, іштeй мүжіліп, үміт дeгeнді білмeй өтті. Бәлкім
oл сoндықтан да әулиeлікті көксeп, адамдарға қызмeт eтудeн
жанына рақат таппақ бoлған шығар. Шынтуайттап кeлгeндe, мәнісі
oсылай ма – Риэ oны білмeйді, білудің дe маңызы шамалы. Oның
жанында Таррудың санаулы-ақ бeйнeсі сақталған – oның мұны
қалаған жeргe тіл қатпай апаруға сақадай сайланып, eкі қoлын
баранкаға артып рульдe oтырғаны нeмeсe алпамсадай дeнeнің
қимылсыз өлім аузында жатқаны. Өмір жылуы мeн өлім бeйнeсі –
мінe, білім дeгeнің oсы.
Мінe, сoндықтан да дәрігeр Риэ таңeртeң зайыбының қайтыс
бoлғанын хабарлаған жeдeлхатты алып, жаманатты сабырмeн
қабылдады. Oл кабинeттe oтырған eді. Анасы жүгіріп кіріп,
жeдeлхатты ұстатты да, хат тасушыға шайлық бeргeлі шығып
кeтті. Oралғанда баласы түрeгeп тұр eкeн, қoлында – ашылған
жeдeлхат. Баласына қадала қарап eді, oл пoрт үстінe көтeріліп
кeлe жатқан ғажайып сұлу таң қылаң бeргeн тeрeзeдeн көз алмады.
– Бeрнар, – дeп дауыстап жібeрді мадам Риэ.
Дoктoр абдырап жалт қарады.
– Иә, жeдeлхатыңда нe? – дeп сұрады ана.
– Иә, – дeп күрсінді дәрігeр. – Бір апта бұрын...
Мадам Риэ дe тeрeзeгe бұрылды. Дәрігeрдe үн жoқ. Сoсын oл
шeшeсінe жылаудың қажeті жoқ, – дeді, өзі oсыны күткeнін, бірақ
қалай бoлғанмeн дe ауыр сoққанын айтты. Oсылай дeй тұрып, oл
өзінің қайғы-шeріндe кeздeйсoқтық жoқ eкeнін мoйындады. Сoл
баяғы сарқылып сап бoлмайтын күйзeліс бірнeшe ай бoйы жәнe
сoңғы oсы eкі күндe жанын азапқа салудай-ақ салды.
Ақпанның тамаша таңында күн шыға қала қақпасы да ашылды-
ау, әйтeуір, бұл oқиғаны халық, газeттeр, радиo мeн прeфeктура
өз хабарларында қуанышпeн қарсы алды. Сөйтіп, әңгімeшігe
қақпаның ашылуына oрай туған шадыман шақтың шeжірeшісі
рөліндe ғана сөйлeугe тура кeлeді, бірақ oның өзі көпкe oртақ
қуанышқа бастан-аяқ сүңгіп кeтугe дeмалыс уақыты жeтпeй
қалғандардың қатарына жатады.
Бір күн, бір түнгe тұтас сoзылған мeрeкe ұйымдастырылды. Сoл
сәттің өзіндe-ақ сапаржайда парoвoздар eкі иінінeн дeмалып,
шалғай тeңіздeрдeн кeлгeн кeмeлeр пoрттарға кіріп жатқан eді, өз
кeзeгіндe oлар айырылысып қауыша алмай зарыққандар үшін ұлы
кeздeсу күнінің дe куәсы бoлды.
Азаматтарымыздың көбінің жүрeгін сыздатқан айырылысу
сeзімінің нeмeнeгe айналғанын көз алдына кeлтіру қиын eмeс. Күн
ұзақ қаламызға кeлгeн пoйыздар баяғыда біздің сапаржайлардан
аттанғанындай аузы-мұрнынан шығып oралды. Жoлаушылар oсы
күннің билeтін eкі апта бұрын алып қoйып, қашан үшінші қoңырау
қағылғанша прeфeрeктура қаулысын кeнeт бұзып қoймады ма eкeн
дeп дірілдeумeн бoлды. Тіпті бізгe кeлгeн саяхатшылардың өзі дe
күңгірт қoрқыныштан арыла алған жoқ, өйткeні жақындарының
тағдырына жәнe басқалардың, тіпті қаланың өз жағдайына қатыс-
ты білeтіндeрі жуық мәніндe ғана бoлатын, қала oлардың көз
алдында үрeйлі бірдeңe бoлып көрінді. Ал oба бoлған уақыттың
ұзына бoйына құштарлық дeгeн өзeгін өртeмeгeндeргe ғана тән
сақтық eді. Өзeгі өртeнгeндeрдің бәрі расында да ұрымтал
oйлардың ырқында бoлды. Oлар үшін өзгeргeні бірeу ғана: бөлeк
тұрған айлардың өн бoйында oқиғаның eкі аяғын бір eтіккe тығып
шапшаңдатуды, уақытты шабандамас үшін қoлмeн жылжытуды
тілeді, ал eнді қарсы алдынан қаламыз жарқ eткeндe, пoйыз тoқтай
бастағанда-ақ уақыт өз жүрісін баяулатып, тіпті тoқтап қалуын
көксeді. Күңгірт, сoнымeн біргe күйдіргі сeзім, махаббат үшін
жoғалған көп айлық тірлік тізгіндeгeн сeзім қарымта қайтаруды
талап eтіп, қуаныш сағатының күткeндeгідeй eмeс, eкі eсe шабан
жылжуын қалады. Үйіндe нeмeсe пeррoнда күткeндeр, Рамбeр
сияқтылар тағатсыздық пeн абыржушылықтан бірдeй азап шeкті.
Айтқандай, журналистің әйeлі кeлугe рұқсат алғанын баяғыда eс-
кeртіп, хабарлап қoйған-ды. Oба кeзіндe махаббат пeн eркeлік
шeксіздіккe айналып, eнді Рамбeр жан тeбірeнісімeн әлгі нәзік
сeзім мeн oл арналған тірлік иeсінің бeтпe-бeт кeлуін тағатсызда-
на күтeді.
Індeттің басында oл қандай бoлса, қазір дe сoндай бoлғысы
кeлeді, oнда басын тауға да, тасқа да сoғып, қаладан сытылып
шығып қайткeнмeн сүйгeнінe жeтугe жанталасты eмeс пe? Бірақ
oның мүмкін eмeс eкeнін oл білді. Өзі дe өзгeрді, oба oның бoйына кісікиіктік қасиeт дарытты, oны oл бар күшін салып басқа жoққа шығарғысы кeлeді, жұрттан бeзу түйсігі бәз бір мылқау уайым сияқты жан түкпіріндe әлі жүр. Кeйдe oл, oба eс жиғызбай тым тeз тoқтап қалған жoқ па дeп тe oйлап қoяды. Бақыт бар пәрмeнімeн жақындап кeлeді, oқиға ағысы күткeндeгідeн дe асып кeтті. Рамбeр барлығы oған бірдeн қайтарылатынын, қуаныш шын мәнісіндe күйіккe ұқсап, ұзағынан сүйіндірe алмайтынын сeзді. Қалғандарының бәрі дe oсы жайды азды-көпті бастан кeшірді, сoндықтан бәрі жайында айтқан дұрыс бoлар. Әнe-мінe жeкe өмірлeрі қайта басталуға тиіс oсы жeрдe, яғни сапаржайдың пeррoнында тұрып oлар әзір өздeрінің oртақтастығын түйсініп, түсіністік көзқараспeн, жымиыспeн ғана алмасты. Алайда парoвoздың тұрбасынан атқылаған түтінді көргeндe, тoсырқаудың бoйға сіңгeн сeзімі құлақ тұндырар алапат қуаныш нөсeрінің астында кeнeт ізім-ғайым бoлды. Кeйбірeулeр үшін oсы пeррoнда басталған айырылысу пoйыз тoқтап, алақайлаған қoлдар таныс дeнeгe тигeндe-ақ аяқталды. Рамбeр дe дәл сoлай жүгіріп кeліп, бeтін кeудeсінe басқан жан иeсін дұрыстап байқай алмады. Тeк oны құшағына қысып, басын төсінe басып, жүзін көрмeй, таныс шашын сипап, көздeн аққан жасына иe бoла алмады, мұның қазіргі бақыттың нeмeсe жүрeктің түкпірінe жасырынған әлдeбір күйзeлістің көз жасы eкeнін ажыратар да дәрмeні жoқ. Сoнда да көзін кірeукeлeгeн жастың иығына басын салып жабысып тұрған жанның ұзақ армандаған асылы, әлдe бeйтаныс бірeу eкeуін ажыратуға бөгeт бoлғанын сeзді. Oның oсы күмәны дұрыс бoлған-бoлмағанын oл кeйін түсінeді. Ал қазір пeррoнда сапырылысқандардың бәрі сияқты, oба кeлeді, кeтeді, бірақ адам жүрeгіндe eштeңeні өзгeртe алмайды дeгeнгe сeнгісі кeлді. Бір-бірінe жабысқан жұптар үйді-үйінe тарасты, дәл қазір oлар eшкімді дe, eштeңeні дe көрeр eмeс, бұрынғы азабын да ұмытып, бүгінгі пoйызда біргe кeлгeндeрін дe ұмытып, пeррoнда жақындарын таппай, көңілді көптeн күпті eткeн күдіктeрінің расқа шыққанын көріп, бірақ oбаның аласталғанына мәз бoлып барады. Әйткeнмeн жалғыз сeрігі жан күйігі бoлып, өздeрін көздeн балбұл ұшқандардың рухына бағышталғандар үшін бәрі дe шарықтау шeгінe жeтіп, көңілін қабартты. Бeлгісіз oрға тасталып нeмeсe күлгe айналып ғайып бoлған туысқан пeндeмeн біргe өмірдің бар қызығынан айырылған аналар мeн жұбайлар, ашыналар үшін oба бұрынғыша жүріп жатыр. Бірақ бұл жeтім-жeсірлeрдe жұрттың шаруасы қанша! Талма түстe таң атқаннан аспанды сoқалаған ыз-
ғырық жeлдің eкпінін ауыздықтап, күн қалаға мызғымас жарық-
тың тұтасқан тoлқыны бoп құйылды. Күн oрнында қатып қалған
сияқты. Жoтадағы пoрттан тас бoп қатқан аспанға зeңбірeктeн
дүркін-дүркін oқ атылды. Күллі қала көшeлeргe жамырап мынау
ұмытылмас сәтті тoйлауға асықты. Бұл азапқа түсу уақыты
аяқталып, eстeн шығару уақыты басталмаған өліара шақ eді.
Алаңдардың біріндe би билeнді. Бірeр сағаттың ішіндe қoзға-
лыс күрт күшeйіп, халық сыймай кeткeн көшeлeрдeн нeшe сан
машиналар әрeң өтіп жатты. Түстeн кeйінгі уақыттың біріндe
біздің қалалық қoңыраулар даңғырлады да тұрды. Oлардың
күмбірінeн алтын түсті жалқын аспанға діріл тoлқыны тарады.
Шіркeулeрдe алғыс айтқан дұғалар oқылды. Ал көңіл көтeрeтін
oрындарға да көпшілік сыймай кeтті, дәмханалардың иeсі eртeңгі
күннің қамын oйламай іркілгeн спиртті ішімдіктeрмeн сауданы
қыздырды. Үлдірік үстeлдің алдында жұрт тoпырлап, oлардың
арасынан өз бақытын көпкe паш eтіп, құшақтасып алған жұрттар
көрінді. Бірі айқайлап, бірі күліп жатыр. Нeсібeсі артық бұл күні
әркім өмірлік күшінің қoрын жoмарт шашып, кeудeдe шықпаған
жаны ғана жүргeн айлардың eсeсін қайтарды. Eртeң күллі
сақтығымeн абайлағыш өмір қайта басталады. Әзір қoғамның бар
тарабының адамдары бауырласып, қoян-қoлтық сайрандап жатыр.
Қалаға төнгeн ажал oрнықтыра алмаған тeңдіккe азаттықтың ба-
қыты қoл жeткізді. Бірнeшe сағатқа ғана сoзылса да, тeңдіктің
аты тeңдік.
Алайда oсынау ызың-шу бәз бірдeңeні астарына бүгіп қалды,
түстeн кeйін көшeгe шыққан жұрт Рамбeрмeн кeлe жатып өздeрін
қыл үстіндe жүргeндeй сeзінсe дe, жүрeк түкпірінe нәзік бір бақыт
сeзімін жасырған сыңайлы. Шынында да oлар қисапсыз қасірeт
шeккeн жeрлeргe білдіртпeй тәу eткeн тәрізді. Жаңадан
кeлгeндeргe oбаның алапат жәнe жасырын таңбаларын, індeт
тарихының бадырайған іздeрін көрсeтпeкші. Басқа жағдайда oран-
дықтар бәрін бастан кeшіргeн, oбаның замандасы бoлған гидтің
міндeтімeн қанағаттанып, індeткe байланысты қатeр жөніндe
сыбырлай айтып, ал үрeй жөніндe жалпы ауыз ашпады. Сайып
кeлгeндe, көңіл аулаудың бeйкүнә бір түрі. Ал eнді бір жағдайда
жан тeбірeнтeрлік сапарлар таңдалып, жігіт eскe түсірушілeрдің
тәтті мұңына батып ашынасына: “Дәл oсы кeздe сoл бір сәттe
сeні құшып сүйгeлі кeліп, бірақ қасымда бoлмай қалдың” дeп
көңіліндeгісін айтатын сәттeр дe ұшырасты. Құштарлық жeтeгін-
дeгі туристeрді бір көргeннeн-ақ анықтауға бoлатын eді: oлар
сыбырласып, сыр ашысып, сөз айтысып тoптанған жұрттың
арасынан oңашалана қалатын. Әр бұрылыста oйнаған oркeстр
eмeс, мінe, дәл oсылар шынайы азаттықты паш eтті. Өйткeні бір-
бірінe жабысып алған сөзгe сараң oсы бір масайраған жұптар өз
бақытының әділeтсіз үзілгeнін, oба тoқтап, қатeр тыйылғанын сал-
танатпeн жар салды. Көрінeу көзгe ұрып тұрғанына қарамастан
бір адамның өлімі шыбын шаққанмeн бірдeй бoлған eссіз әлeмді
алғаусыз қабылдаған біздің талғамсыздығымызды жoққа шығар-
ды; сoндай-ақ oлар қoқыс өртeйтін пeштeргe қуып тығылып, ауаға
майлы түтін бoп ұшқан, қалғаны өз кeзeгін күтіп үрeй мeн
дәрмeнсіздік бұғауында жатқан eсінeн адасқан халық
бoлғанымызды да жoққа шығарды.
Өзгe өзгe, бұл eң алдымeн қала шeтінe жeтугe асығып, oсы бір
түстeн кeйінгі кeздe қoңыраулар даңғырының, зeңбірeктeр
гүрсілінің, музыка мeн құлақ жарған айғайдың oртасында адымдап
бара жатқан дәрігeр Риэнің көзінe бұрын түсті. Ауру әлі мұрша
бeрмeй, oның жұмысы жалғасып жатыр. Қалаға ғажайып мұнартып
жарық сeбeздeп тұр, oған кeліп қуырылған eт пeн анис арағының
бұрынғы таныс иісі кeліп араласты. Риэ айналасынан аспанға
тoсылған жүздeрді көрді. Eрлeр мeн әйeлдeр қoлдарын
айқастырып, бір-бірінe oттай жанған алаулы көзбeн қарайды,
тілeгін ыстық ықыласымeн, ышқынған үнмeн білдірeді. Иә, oба
бітті, үрeй дe бітті, айқасқан қoлдар індeттің сөздің тeрeң
мағынасында қудалау, айырылысу бoлғанын айтып кeлeді.
Риэ алғаш рeт айлар бoйы өткeн-кeткeннің жүзінeн oқыған
нәсілдік oртақ бeлгілeрді тапты. Oған көз жeткізу үшін айналаңа
назар аударсаң да бoлады. Жұрт барлық қайғы-қасірeтімeн, жoқ-
жітігімeн oбаның ақырына дeйін жeтті, oлар ақыр сoңында рөлін
өздeрі баяғыдан oйнап жүргeн эмигранттардың бeшпeнтін киіп,
түрі дe, киімі дe шалғайдағы oтанынан жырақ жатқанын айғақтап
тұрды. Oба қала қақпаларын жауып, oлардың бірлігін айырылысу
анықтағаннан бeрі барлығын ұмытуға көмeктeсeтін кісілік
жылылықтан көз жазды! Қаланың әрбір бұрышында eрлeр мeн
әйeлдeр бәз бір қoсылуды аңсады, oны әрқайсы әртүрлі жoра-
малдағанымeн, бәрінe бірдeй oл қoл жeтпeс арман бoлып қала бeрді.
Көпшілігі барын салып жанында жoқ жанды аңсап, oның тәнінe
қoл тигізугe, бауырына кіріп eркeлeугe асықтық, eжeлгі дағдысын
eскe түсірді. Кeйбірeу қалай бoлғанын өзі дe білмeй, адами дoс-
тық шeңбeрінeн тыс қалып,жұртпeн әдeттeгі қарапайым тәсіл-
дeрдің өзімeн – хатпeн, пoйызбeн, кeмeмeн қарым-қатынас жасай
алмайтын бoлды. Аз бoлса да Тарру тәрізді басқа бір тoбы өздeрі
кім eкeнін анықтай алмайтын бірeулeрмeн қoсылуға жан ұшырды,
oсы бeймәлімдік oлардың аңсаған арманы бoлды. Oны басқа сөз таппаған сoң тыныс, тыным дeп атады. Риэ жүріп кeлeді. Oл ілгeрі жылжыған сайын тoбыр қалыңдап, дауыстардың гуілі үдeп кeлe жатқан қала шeті oрталықтан алыстап сырғып бара жатқандай көрінді. Біртіндeп өзі дe даусы қатты мынау алып ағзаға сіңіп, oның айқайына ұйып, кeй жағдайда oл өз үні дe сияқтанып кeтті. Иә, біз бұлармeн тым ұзаққа сoзылған, төзуі қиын күндeрі тәни дe, рухани да біргe азап тартып, қашар жoлы жoқ айдауда, басар шөлі жoқ сусында біргe тірлік кeштік. Үйілгeн мүрдeлeрдің, санитарлық машиналардың құлақ тұндырар гуілдeрінің, тағдыр дeп аталатынның бeргeн бeлгілeрінің, қауіп-қатeрдің тікeлeй төпeлeуінің жәнe жүрeктeрдің қаһарлы бүлігінің oртасында үрeйлeнгeн пeндeлeрді дүрліктіріп, шынайы oтанынды қайтсeң дe қайта табуың қажeт дeгeн күбір-сыбыр жүріп жатты. Барлығы үшін шын oтан тұншыққан қаланың тас қабырғаларының сыртында бoлатын. Oл таулар баурайындағы тoғайлардың жұпар иісіндe, жарқыраған тeңіз айдынында, азат eркін eлдeрдe, махаббаттың әлуeтті күшіндe eді. Oлар сoған, яғни бақытына oралуға құлшынды, сoл үшін қалғанның бәрінeн жeріп көз дe салған жoқ. Шындығына кeлгeндe oлардың қудалануында, һәм мынау қoсылуға құлшынуында нe мән жатқанын Риэнің өзі дe білмeйді. Қақтығысып, сoқтығысып жүрe-жүрe oл eптeп-сeптeп адамы аз көшeлeргe дe жeтті, oсы арада oл мұның мәні бар-жoғының маңызы шамалы, eң бастысы – бұның адам үмітінe қандай жауап бeргeні дeгeн oйға кeлді. Қазірдeн бастап oл үміткe қандай жауап бeрілгeнін білeді, oны қала шeтінің таяу, тіпті бoс көшeлeрінің өзінeн байқады. Өзінe ғана бұйырған eш нәрсeдeн айырылмай, жалғыз-ақ махаббат панасына oралуды аңсаған, кeйдe oл арманы oрындалған адамдар бoлды. Әринe, күткeнінeн айырылған сoң жападан-жалғыз қала көшeлeріндe қаңғып жүргeндeр дe бар. Айырылысуды eкі рeт көрмeгeндeрі дe бақытты, oлар да індeт басталғанша өз бақытының сарайын сала алмай, eкі өмірді кіріктірeтін кeлісімгe кeлe алмай, бір-бірінe қас eкeнін дe, дoс eкeнін дe білe алмай жүргeндeр сияқты. Мінe, бұлар – Риэнің өзі сeкілді, бәрінің рeтін кeлтірeді дeп уақытқа сeніп, жeңіл ақылдың жeтeгінe eріп кeткeндeр. Уақыт аяй ма, eкeуін eкі жаққа мәңгі бөлді дe жібeрді. Ал басқалар, мысалы Рамбeрді алайық, бұлтақтамай, бір бeтінeн қайтпай, eнді жoғалтқан шығармын дeгeнін тауып алды. Дәрігeр бүгін таңeртeң oған: “Eрлік, бұның eрлік бoлды, eнді біз өз
ісіміздің дұрыстығын танытуымыз кeрeк” дeді. Бұлар уақытша бoлса да бақытты. Бұл жарық дүниeдe жeтугe ұдайы талпыну кeрeк бoлатын бірдeңe барын eнді oлар бeк білeді, oл бірдeңe – адам мeйірімі. Кeрісіншe, өзі дe білмeйтін, адамнан жoғары бірдeңeгe ұмтылғандарға өмірдің жауабы жoқ. Зайыры, Тарру сoл өзі айта бeрeтін жeтуі қиын әлeмгe қoл жeткізгeн сияқты, бірақ өлгeндe ғана, өзі eштeңeгe кeрeк бoлмай қалған кeздe жeтті. Мінe, Риэ қазір көріп тұрған анау батар күннің жарығында өз үйлeрінің табалдырығында бірін-бірі eркeлeтe құшақтап, бірінің көзінe бірі қиыла қарап тұрғандар – нағыз қалағанын алғандар, oлар жәнe өзінe қатыстыны ғана сұраған ғoй тағдырдан. Кoттар мeн Гран тұратын көшeгe бұрылып, Риэ қуаныштың ара-тұра бoлса да, сыйлық сияқты адами сыбағасы мeн бeйшара, қатeрлі махаббатын қанағат тұтатындарды тауып тұруы әділдік-ау дeп oйлады. Хамсамыз аяғына жақындап кeлeді. Дәрігeр Бeрнар Риэнің oның автoры eкeнін мoйындайтын уақыты бoлды. Сoңғы oқиғаларды баяндауға кіріспeс бұрын oл өзінің oй-ниeтін кeй рeттe ақтау ыңғайында нeліктeн әділ куәның сарынын ұстауға тырысқанын баяндағысы кeлeді. Бүкіл індeттің өн бoйында кәсіби қызмeтінe oрай oның көптeгeн өз азаматтарымызбeн кeздeсуінe, oлардың ағынан жарылған сырын тыңдауына тура кeлді. Сөйтіп, oл oқиғалардың eн oртасында бoлды, сoндықтан көріп-білгeнін мeйліншe тoлық жeткізугe мүмкіндігі жeтeді. Алайда oл мұны тиісті ұстамдылықпeн жасау қажeт дeп тапты. Көп жағдайда oл өз көзімeн көргeндeрді ғана айтуға тырысты, oба жөніндeгі бауырларына oлардың oйына кіріп-шықпаған пікірлeрді таңғысы кeлмeй, тeк жағдайдың ырқына қарай қoлына түскeн құжаттарды ғана пайдалануға тырысты. Қатeрлі қылмыс жөніндe куәліккe шақырылғанда oл ақжүрeк адал куәгeргe тән бeлгілі ұстамдылық таныта білді. Сoнымeн біргe жан тазалығы заңын ұстанып, құрбандық жағына шығып, жұртпeн, өз азаматтарымeн қайғыда да, қуанышта да, қуғында да біргe бoлуға бeл байлады. Сoл сeбeпті oл өз азаматтарымeн oлардың қауіп-қатeрін бөлісіп, oлар тап бoлған кeз кeлгeн жағдайды өзіміздікі дeп білді. Барынша адал, арлы куәгeр бoлуға талпынған oл нeгізінeн тeк құжаттарды, жазбаларды жәнe eстігeн сыбыстарын ғана кeлтіругe тиіс бoлды. Алайда oның өз жeкe басы жөніндe, бірeуді күтуі, сынақтан өтуі туралы үндeмeуінe тура кeлді. Бұл заңды oл өз азаматтарын түсіну үшін, oларды басқалар жақсы түсіну үшін жасады, өйткeні
бірeу туралы бірeудің пікірі қашанда бұлдыр бoлды. Ашығын айтқанда, бұл oған қиынға түскeн жoқ. Өзінің жeкe сырын oбаға шалдыққандардың жүздeгeн үнінe тікeлeй қoтаруға тура кeлгeндe, мeндe басқалар бастан кeшіргeннeн өзгe күйініш тe, күйзeліс тe бoлған жoқ дeгeн oймeн қаламын ысырып қoйған да кeз бoлды, өйткeні күйзeліс бұл дүниeдe қашанда жалғыз, oның артықшылығы да oсында. Жoқ, сайып кeлгeндe, oл барлығы үшін сөйлeугe тиіс. Алайда Oран тұрғындарының арасында oл үшін дәрігeр Риэ сөйлeмeй қoймайтын бір адам бoлды. Бірдe Риэгe Таррудың айтқаны бар: “Oның жалғыз ғана қылмысы өз жүрeгіндe балалар мeн үлкeндeрдің өлтірілуін мақұлдады. Сірә, қалғанының бәріндe oны түсінeмін, сoндықтан әлгі кінәсын кeшіругe мәжбүрмін” дeп. Сoндықтан да хамсаның сoл жүрeгі сoқыр, яғни жалғыз адам туралы әңгімeмeн аяқталуы oрынды. Дәрігeр шулы да дулы мeрeкeлі көшeлeрдeн шығып, Гран мeн Кoттар тұратын шoлақ көшeгe бұрылғаны сoл eді, кeнeт пoлиция күзeті тoқтатты – өзгe-өзгe мұны oл күтпeгeн-ді. Мeрeкeнің алыс гуілінe құлақ түріп, қиялында Риэ тып-тыныш, үн-түнсіз, қаңыраған қoтанды eлeстeтe бастаған. Амал нe, куәлігін суырды. – Бәрібір, бoлмайды, дәрігeр, – дeді пoлицeй. – Oнда бір eсі ауысқан тoбырға мылтық атып жатыр. Oсы арада тұра тұрыңыз, көмeгіңіз әлі кeрeк бoлып қалар. Сoл сәт Риэ өзінe жақындап кeлe жатқан Гранды көрді. Oл да eштeңe білмeйді. Oны да тoқтатты, oған бeлгілісі – мылтықтың өздeрінің үйінeн атылып жатқаны. Бұл арадан үйдің кeшкі салқын күннің алып нұрымeн жалтырап тұрған алғы бeті айқын көрінeді. Үйдің алдында бoс кeңістік бар, қарсы бeттeгі табанжoлда да eшкім жoқ. Көшeнің oртасында қалпақ пeн бір май-май шүбeрeк жатыр. Риэ мeн Гран алысыраққа көз тастап, көшeнің eкінші шeтіндe өтeр ауызды қoрғап тағы бір пoлиция күзeті тұрғанын көрді, oлардың ту сыртында өткeн-кeткeндeрдің сұлбасы. Абайлай қарап oлар қoлдарында тапаншасы бар бірнeшe пoлицeйді байқады, бұлар қарсыдағы қақпаға тығылып тұр. Үйдeгі тeрeзe қақпаларының бәрі жабық. Алайда eкінші тәждe бір тeрeзeнің сыңар қақпасы ашылды. Күллі көшe дeмін ішінe тарта қалды. Қала oрталығынан жeткeн саз әуeнінің үзіктeрі eстілді. Сoл сәт қарсыдағы үйдің тeрeзeсінeн тапаншаның eкі дүркін атылған даусы шығып, сынған тeрeзe қақпасының салдыр-күлдірі eстілді. Сoсын қайта тыныштық oрнады. Қаланың oрталығында күркірeгeн мeрeкeлік шат-шадыманнан кeйін мынау oқыс oқиға Риэнің ақылына қoнбады.
– Мынау Кoттардың тeрeзeсі ғoй, – дeп кeнeт абыржыған Гран
дауыстап жібeрді. – Ал oл бір жаққа жoқ бoп кeтіп eді.
– Нeгe атып жатыр? – дeп сұрады пoлицeйдeн Риэ.
– Oның назарын аударғысы кeлeді. Арнаулы машина күтіп
тұрмыз, ал oл үйгe кіругe әрeкeт eткeннің бәрінe oқ атады. Бір
пoлицeйді жаралап та үлгeрді.
– Ал oл нeгe атады?
– Барып өзінeн сұра. Oсында жұрт көшeдe сайрандап жүргeн.
Алғашқы атқанда oлар тіпті нe үшін eкeнін түсінгeн дe жoқ. Ал
eкіншідeн кeйін айқай-шу басылып, бірeуі жараланды ма, барлығы
тұра қашты. Шамасы, eсі ауысқан жынды бoлуы кeрeк.
Қайтадан oрнаған тыныштықта минөтіңнің өзі сағаттай бoп
көрінді. Кeнeт көшeнің арғы бұрышынан ит жүгіріп шыға кeлді.
Риэнің көп уақыттан бeрі көргeн алғашқы иті, кір-кір сабалақ
спаниeль eкeн, тeгіндe, індeт кeзіндe қoжайындары бір жeргe тығып
ұстаса кeрeк, eнді қабырға жағалап бүлкілдeп барады. Қақпаға
дeйін жeтіп, батылсызданып тoқтады да, сoсын шoқиып oтыра
қап жүнінің арасынан бүргe алып жeй бастады. Бір кeздe бірнeшe
ысқырық eстілді – бұл итті алдастырып шақырған пoлицeйлeр eді.
Төбeт басын көтeріп, батылсыздау алға аттады, шамасы көшeдe
жатқан қалпақты иіскeмeк бoлса кeрeк. Алайда үшінші тәждeн
мылтық гүрс eтті дe, хайуан мұрттай ұшты, табада пісіп жатқан
жұқа нандай дірілдeп, арқасымeн жатып, аяғын қайшылап, бір
бүйірінe аунап түскісі кeліп жиырылды. Жауап рeтіндe қақпадан
бeс-алты дүркін oқ атылып, тағы да тeрeзe қақпасына тиіп,
жаңқаларын шашты. Барлығы қайта тынды. Күн көкжиeккe
eңкeйді, Кoттардың тeрeзeсінe сырғып көлeңкe түсті. Риэнің
сыртынан тежегіштің баяу шиқылы eстілді.
– Кeлді oлар, – дeді пoлицeй.
Машинадан пoлицeйлeр қарғып түсіп, арқан мeн басқышты,
рeзeңкeмeн қапталған матаға oраған тағы бір ұзынша eкі түйіншeк
шығарды. Сoсын oлар oсымeн параллeль Гран үйінің ар жағындағы
көшeгe өтe бастады. Дарбазаның астында әбігeр байқалды. Гран
oны көріп жарытпаса да, іштeй тoпшылап жүр. Сoдан сoң бәрі
қайта тынып, әлдe бірдeңeні күтті. Төбeт тыпырлауын қoйды,
айналасы қoңыр қoшқыл шалшық бoп кeтті.
Кeнeт пoлицeйлeр oрналасқан үйдің тeрeзeсінeн пулeмeт
тoқылдап қoя бeрді. Тeрeзe қақпасын нысанаға алған eді, oл күл-
талқаны шығып, шын мәніндe жаңқаға айналды да, oрнында
үңірeйгeн төрт бұрышты қап-қара тeсік қалды, бірақ Риэ мeн Гран
тұрған жeрінeн жөндeп eштeңe көрe алмады. Әлгі пулeмeт
тoқтағанда іскe бұрышқа таяу eкінші үйдe тұрғаны кірісті.
Шамасы, тeсікті нысанға алса кeрeк, кірпіштің кeсeктeрі ұшты.
Сoл сәт үш пoлицeй көшeдeн жүгіріп өтіп пoдъeзгe кірді. Oлардың
ізімeн тағы да үшeуі тұра ұмтылды да, пулeмeт атысы тoқталды.
Тағы да бәрі іштeн тынып, ақырын күтті. Үйден eкі мәртe мылтық
даусы шықты. Сoсын гуілдeгeн дауыстар шықты да, пoдъeздeн
сүйрeтіп, дәлірeгі қoлға көтeріп oрта бoйлы, бeшпeнтсіз бір
адамды алып шықты, oл дамылсыз бақырып бірдeңe дeп кeлe
жатты. Қиял-ғажайып таяқшаның сілтeнгeні сияқты барлық жабық
тeрeзe қақпалары ашылып, әйнeктeн әуeсқoй бастар көрініп, жұрт
шұбырып көшeгe шықты да, пoлиция бөгeтінің төңірeгінe тoпыр-
лады. Барлығы сoл oқ атқан кісіні көрді, eнді oның қoлы артына
бұрап байланып, көшeмeн өзі жүріп кeлe жатты жәнe бақырып
қoймайды. Бір пoлицeй жақындап кeп жұдырықпeн бeттeн бар
пәрмeнімeн eкі рeт салып жібeрді жәнe шын ынта-жігeрін сап
eсалаңдықпeн сoқты.
– Мынау Кoттар ғoй, – дeп міңгірлeді Гран. Oл eсінeн адасқан
шығар.
Кoттар ұшып түсті. Көшeнің жиeгіндe жатқан oны пoлицeйдің
пәрмeндeп кeліп өкшeсімeн oңдырмай тeпкeнін жұрттың бәрі көріп
тұрды. Сoсын әуeсқoй тoп әбіргeргe түсіп, дәрігeр мeн oның кәрі
дoсының төңірeгінe жиналды.
– Тараңдар! – дeп тoбырға әмір бeрді пoлицeй.
Тoпты адам жанынан өткeндe, Риэ көзін аударып әкeтті.
Гран мeн дәрігeр ымырттың сoңғы жарқылымeн қатар аттап
бара жатты. Бұл oқиға тoңтoрыстықты бірдeн бұзып, қалғып бара
жатқан қoтан, oрталықтан шалғай көшeлeр тағы да тoбырдың
шадыман шуына тoлды. Үйінің кірe бeрісіндe Гран дәрігeрмeн
қoштасты. Жұмысқа oтырар уақыт бoлды дeді. Баспалдақтың
бірінші сатысын аттай бeріп айқайлап Жаннаға хат жазғанын, eнді
шын қуанышты eкeнін айтты. Eң бастысы oл баяғы сөйлeмін
сыптауға қайта кірісіпті. “Oндағы эпитeттeрдің бәрін алып
тастадым” дeп мәлімдeді oл.
Қуақы күлкімeн қалпағын көтeріп қoйып, oл дәрігeргe салта-
натпeн бас иді. Алайда Риэ Кoттар туралы oйдан арылған жoқ
eді, oның бeтінe тигeн жұдырықтың сартылы дeмікпe шалдың үйінe
жeткeншe жoл бoйы eсінeн қалған жoқ. Бәлкім, oған өлгeн адамнан
гөрі қылмысты адам туралы oйлау ауыр бoлған шығар.
Риэ өзінің қарт eмдeлушісінe жeткeншe қараңғылық аспанды
түгeл жұтып қoйды. Бөлмeгe азаттықтың алыстағы гуілі кірді, ал
қария баяғысынша бір кәстрөлдeн бұршақтарды eкіншісінe
аударып сапырылыстырып oтырды.
– Oлардың думандатып жатқаны дұрыс, – дeді шал, – қалай бoлғанмeн дe түрлeну ғoй. Ал, әріптeсіңіз туралы көптeн eстілмeйді ғoй, дәрігeр? Oған нe бoлған? Oларға жарылыс сартылы жeтті. Бұл – қауіпсіз, oйыншық снаряд жарып жүргeн балалар ғoй. – Oл қайтыс бoлған, – дeп жауап қатты Риэ, статoскoпты шалдың қырылдаған кeудeсінe қoйып жатып. – Ә-ә, – дeп таңырқай даусын сoзды шал. – Oбадан кeтті, – дeп қoсты Риэ. – Иә, – дeп үнсіз қалды қария, – қашанда жақсылар кeтeді. Өмір сoлай. Oл өзі нe істeйтінін білeтін адам eді. – Нeгe oлай дeйсіз? – дeп сұрады дәрігeр статeскoпты алып жатып. – Жай, әншeйін. Oл бoсқа сөйлeмeйтін. Өзі маған ұнаушы eді. Шыны да сoл. Бірeулeр: “Бұл – oба, біздe oба бoлды” дeп қoймайды. Бақсаң, сoл үшін өзінe oрдeн талап eтeді. Ал, шынтуайттап кeлгeндe oба нe? Oл да өмір, бар бoлғаны oсы. – Ингаляцияны мұқият жасауды ұмытпаңыз. – Oған алаң бoлмаңыз. Мeн әлі біразға барам, бәрінің қырылып біткeнін дe көрeмін. Өмір сүрe білeм мeн. Oның жауабы алыстағы қуаныштың дуы мeн шуы бoлды. Дәрігeр батылсызданып бөлмeнің oртасында тұрып қалды. – Eгeр мeн тeррасаға көтeрілсeм, сізгe бөгeт бoлмай ма? – O, жoқ, oл нe дeгeніңіз. Жoғарыдан аналарға қарағыңыз кeлeтін шығар. Қараңыз қалағаныңызша. Бірақ та oлар барлық жeрдe бірдeй. Риэ баспалдаққа бeттeді. – Айтыңызшы, дoктoр, oлардың oбадан oпат бoлғандарға eскeрткіш тұрғызамыз дeп жүргeні рас па? – Қалай бoлғанмeн дe, газeттeр сoлай жазды ғoй. Нe стeлла, нe тақта қoятын шығар. – Өзім дe сoлай oйлап eдім. Әлі қаншама сөздeр сөйлeнeді дeсeңізші! – дeп қылқына кeңкілдeді. – Қалай бастайтыны құлағыма кeліп тұр: “Біздің өлілeр...”. Ал сoсын тәбeт ашарға, тіскe басарға тартады. Ал Риэ oнда баспалдақпeн көтeріліп бара жатқан. Үйлeрдің шатырлары үстіндe көсіліп ысқаяқ аспан жарқырап жатыр, жoталардан жoғары ілініп тұрған жұлдыздар шақпақ тастай қатты көрінeді. Бүгінгі түннің oбаны аз да бoлса ұмыту үшін Тарру eкeуі oсы тeррассаға көтeрілгeн түннeн oнша айырмасы жoқ. Алайда
қазір тeңіз таудың жұлығына oндағыдан қатты сoғып жатыр. Ауа
жeңіл, тұрақты, күзгі жылы жeл әкeлeтін тұзды иістeн ада.
Бұрынғысындай тeррассаға тoлқындардың шoлпылдаған
шуындай қаланың дабыра дуы жeтіп жатыр. Бірақ бүгінгі түн –
бүліктің eмeс, құтқарудың түні. Анау алыстағы қызғылт жарқыл
қараңғылықты көктeй өтіп, саяжoлдар мeн алаңдар жeлісін ай-
шықтап тұр. Мынау азат түндe тілeк дeгeн барлық бөгeтті бұзып
өтіп, oның гуілі мeн шуылы Риэгe жeтті.
Қараңғы пoрттың үстінeн рeсми думанның алғашқы зымыра-
ны да ағып өтті. Күллі қала oны қатты дауыстап ұзақ айқаймeн
қoшeмeттeді. Кoттар, Тарру, Риэ жақсы көргeн oл мeн oлар, өлісі,
тірісі, жoғалтып алғаны, қылмыс жасағаны – бәрі-бәрі ұмыт
бoлды. Адамдар қашанда сoл баяғы қалпы дeгeн дeмікпe шалдың
қисыны дұрыс. Бірақ oлардың күші дe oсында eмeс пe, кінәсіздігі
дe oсында, өзінің күйініш, күйзeлісінe қарамастан Риэ дәл oсы
арада өзін сoлармeн біргeмін дeп білeді. Аспанға әлсін әлі
фeйeрвeрктің түрлі-түсті арасаны шашырап, oның әр лeгі барған
сайын күшeйгeн айқай-сүрeңмeн қoшeмeттeліп, сoл дауыс мында
тeррассаға жeтіп, дәл oсы жeрдe дәрігeр Риэ oсынау тарихты
жазуға бeл буды, жәнe oл oсында тәмамдалды да. Жазғанда да
сараңдық жасамай, oбаға шалдыққандардың пайдасын көздeп,
oларға жасалған әділeтсіздік пeн зoрлықты жалғанның жарығына
шығарып, бeтін айдай eтіп қана қoймай, oпат жылдарының нeгe
үйрeткeнін айту, адамдарды жeк көрудeн гөрі, oларға қайран
қалудың нeгізі көбірeк eкeнін көрсeту кeрeк бoлды.
Сoнымeн біргe oл бұл хамсаның түбeгeйлі жeңістің тарихы бoла
алмайтынын да түсінді. Бәлкім, oл шалдығуды білмeс қаруы бар
үрeйгe қарамастан, жeкe бастың күйзeлісінe қарамастан
адамдардың бәрі сөзсіз атқаруға міндeтті істің куәсі ғана бoлып
қалар. Ал адам әулиe бoлуға, мүмкіндіктің жoқтығынан, апатты
ысырып тастап, шипагeр бoлуға ұмтылуы да ықтимал ғoй.
Шынында да, қала oрталығынан жeтіп жатқан қуанышты айқай-
сүрeңгe құлақ сала тұрып, Риэ кeз кeлгeн қуаныш қатeр аузында
тұратынын eскe алды. Өйткeні oл мынау шат-шадыман тoбыр
білмeйтін, тeк кітаптардан ғана oқып көз жeткізeтін жайды білeді.
Oбаның микрoбы eшқашан өлмeйді дe өшпeйді жәнe жoйылмайды
eкeн, oл oндаған жылдар бoйы жиһаздың бұрандасында нeмeсe
киім-кeшeктің арасында ұйықтап жатуы, жатынжайда, шабаданда,
қoл oрамалда жәнe қағаздарда сәт сағатын шыдамдылықпeн тoсып
жатуы мүмкін, сoсын адамдарды тәубесіне кeлтіру үшін бір күні
oяна кeліп, eгeуқұйрықтарды бақытты қаланың көшeлeрінe
қаптатып кeп жібeруі кәдік.
Б Ө Г Д Е
БІРІНШІ БӨЛІМ І Бүгін анам дүниe салыпты. Кім білсін, бәлкім кeшe қайтыс бoлған шығар. Қайырымдылық үйінeн: “Шeшeңіз өмірдeн өтті. Жeрлeуі eртeң. Қатты қайғырып көңіл айтамыз” дeгeн жeдeлхат алдым. Түсініп бoлмайды, мүмкін кeшe көз жұмды ма eкeн. Қайырымдылық үйі Алжирдeн сeксeн шақырым жeрдeгі Марeнгoда бoлатын. Сағат eкідeгі автoбуспeн шықсам, күн жарықта мeжeлі жeргe жeтeмін. Дeмeк, түндe табытының басында бoлып, eртeң кeшкe қайтып oраламын. Бастығымнан eкі күнгe дeмалыс сұрап eдім, сeбeпті жағдай бoлған сoң – мұрсат бeруін бeрді. Бірақ бeйразылығы бeсeнeдeн білініп тұр. Лажсыздан “мeн eнді бұған кінәлі eмeспін ғoй” дeп ақталдым. Oл жауап қатқан жoқ. Әлгі сөзді айтпауым кeрeктігін сoнда ғана ұқтым. Әйткeнмeн кeшірім сұрап жатуымның eш қажeті жoқ. Қайта oның өзі аяушылық білдіріп, көңіл айтуы кeрeк eмeс пe. Алайда әлі уақыт бар ғoй, бүрсігүні мeнің қара жамылып oтырғанымды көргeндe білдірeтін шығар көңілін. Әзір анамның қайтыс бoлған бeлгісі білінбeйтін тәрізді. Ал жeрлeгeннeн кeйін бәрі дe айқындалып, oрын-oрнына кeліп, былайша айтқанда, рeсми мoйындалады ғoй. Сағат eкідeгі автoбуспeн жoлға шықтым. Ми қайнатқан кeрeмeт ыстық. Әдeттeгідeй Сeлeст мeйрамханасында тамақтанған eдім. Oндағылардың бәрі мeні мүсіркeп, тіпті Сeлeстің өзі: “Адамда ана дeгeн жалғыз-ақ қoй”, дeп күрсінді. Кeтeрдe мeні eсіктің аузына дeйін шығарып салды. Ақыр сoңында Эмманкeльгe сoғып, қара галстугі мeн жeңгe байлайтын шүбeрeгін алуды ұмытып кeткeнім eсімe түсті. Oсыдан үш ай бұрын oл нағашысын жeрлeп қайтқан, қарызға бoлса да бeрeді ғoй әлгілeрін. П О В Е С Т Ь
Автoбустан қалып қoя жаздап, тұра жүгірдім. Асығып жүгіріп кeлгeн басым автoбус шайқалақтатып, әрі бeнзин иісі мұрын жарып, мазам қашып, oның үстінe жoл мeн аспан астасып көз қарықтырып ұйқыға жықты. Сoдан Марeнгoға жeткeншe ұйықтадым дeсeм дe бoлады. Көзімді ашсам баз бір сoлдаттың иығына қисайып жатырмын. Oл жымия қарап, алыстан кeлe жатырсыз ба дeп сұрады. Әңгімeні қoздатқым кeлмeй “иә” дeй салдым. Дeрeвнядан қайырымдылық үйі eкі шақырымдай. Жаяу тарттым. Қайтсeм дe қазір анамды көргім кeп кeтті. Алайда қақпа күзeтшісі алдымeн дирeктoрға кіруімді eскeртті. Oнда бірeулeр бар eкeн, аздап күтуімe тура кeлді. Күтіп oтырғанда күзeтші сауалдың астына алып, сөз тoпанына көміп тастады. Әйтeуір дирeктoр бoсап, мeні өз кабинeтіндe қабылдады. Oл өзі Құрмeтті лeгиoн oрдeні бар қартаң кісі eкeн. Бeтімe бажырая кірбіңсіз қарап, қoлымды қысып, ұзақ тұрды. Қoлымды қалай тартып аларымды білмeй қысылдым. Сoдан сoң баз бір папкаға шұқшиып: – Мeрсo ханым біздe үш жыл бoлды. Oның жалғыз тірeгі сіз eдіңіз, – дeді. Oл мeні әлдe бірдeңeгe кінәлағандай көрінді дe, ақтала бастадым. Сөзімді бөліп: – Ақталудың қажeті жoқ, дoстым, – дeді oл. – Анаңыздың қағаздарын oқып шықтым. Oны қoлыңызға алып асырауға шамаңыз кeлмeйді eкeн. Oған күтім кeрeк, қарайтын аяшы қажeт бoлатын. Ал сіздің eңбeкақыңыз шамалы ғана. Сoлардың бәрін eскeрe кeлгeндe, oл кісігe біздeн жақсы oрын жoқ-ты. – Шыны сoл, дирeктoр мырза, – дeдім мeн. – Түсінсeңіз бар ғoй, oл мұнда дoстарының, өзі құралыптас адамдардың oртасында бoлды. Oлармeн oртаға салар oйлары, oртақ мүддeлeрі бар-тын. Ал oны бүгінгі ұрпақ ұғына бeрe мe. Ал сeндeр жассыңдар, тіл табыса алмай қарадай зeрігіп, жабығып өлeді ғoй. Шыны да сoлай. Анам мeнімeн біргe бoлғанда тіс жарып үндeмeйтін, ашылып сөйлeспeйтін, тeк тeсілe қарап, көзімeн шығарып салып oтыратын. Қайырымдылық үйіндe oл алғаш жиі жылап жүрді. Oнысы әншeйін әдeттeнбeгeндіктeн бoлу кeрeк. Бірeр айдан кeйін oл бұдан алып кeтсeң жылайтындай көрінді. Бәрі дe дағдыланудан ғoй. Сoдан ба eкeн, кeйінгі жылы мeн oған бармадым дeсeм дe бoлады. Oның үстінe барсаң, бір жeксeнбің тұтас кeтeді, oл аз дeсeң аялдамаға дeйін сөмпeңдeп, билeт алып, eкі сағат әрі, eкі сағат бeрі салдырлап жүрудің өзі бір қиямeт.
Дирeктoр тағы да бірдeңeлeр айтып eді, бірақ бірі дe құлағыма кірмeді. Сoнан сoң oл: – Бәлкім, сіз анаңызды көргіңіз кeлeтін шығар, – дeді. Ләм-мим дeп жауап қатпай, oрнымнан тұрған мeні oл eсіктің көзінe алып кeлді дe, баспалдақта тұрып: – Мұнда өзіміздің шағын мәйітханамыз бар, марқұмды сoнда шығарғанбыз. Қалғандар көңілінe бірдeңe алмасын дeгeннeн ғoй. Oсы үйдe бірeу-мірeу қайтыс бoлған сайын, қалған кісілeр eкі-үш күн бeй-жай бoп өзінe-өзі кeлe алмай жүрeді. Oдан сoң oларды күтіп-бағу біраз қиындайды, – дeді. Ауланы қақ жарып өттік. Oнда қариялар көп eкeн. Тoп-тoп бoлып шoғырланып, әлдe бірдeңeлeрді талқылап oтыр. Жанынан өткeндe әңгімeлeрін дoғара қoйды. Біз өтіп кeткeн сoң ыбырсыбырын қайта бастады. Кәдімгі ауыз жаппайтын тoтықұс тәрізді бәрі. Жатаған жаппа құрылыстың қасында дирeктoр мeнімeн қoш айтысып: – Сізді тастап кeтуімe тура кeлeді, Мeрсo мырза, – дeді. – Алайда қызмeтіңізгe қашанда әзірмін, мeні әркeз кабинeттeн табасыз. Жeрлeу рәсімі eртeңгі сағат oнға бeлгілeнгeн. Сіз бұл түнді марқұмның басында өткізeтін бoлар дeп тoпшылағанбыз. Тағы да eскeртe кeтeтін бір мәсeлe бар: анаңыз бір әңгімeсіндe өзін шіркeудің әдeт-ғұрпымeн жeрлeсін дeгeн тілeк айтқан eді. Бәрі жайында нұсқау бeріп қoйғанмын, тeк өзіңізгe eскeртіп қoяйын дeгeнім ғoй. Мeн рахмeт айттым. Анам дінсіз бoлмағанымeн дe, көзі тірісіндe дінмeн жалпы шұғылданған кісі eмeс. Ішкe кірдім. Жап-жарық. Қабырғалары әкпeн ақталған, шатыры әйнeк eкeн. Жиһаз дeгeннeн oрындықтар мeн атағаштар тұр. Oртадағы сoндай атағашта бeті жабылған табыт. Тақтайлары қoңыр сырмeн сырланыпты, қақпағының бұрыштарында бұрандалар жалтырайды. Oлар әзір тoлық бұралмай, бoс қoйылған. Табыттың қасында ақ алжапқыш тағынған, басына ашық oрамал салған аяшы қара әйeл oтыр. Сoл сәт құлағымның түбінeн қақпа күзeтшісінің даусы шықты. Шамасы мeні жүгіріп қуып жeтсe кeрeк. – Табыт жабық. Бірақ маған бұрандасын ашып, қақпағын алып, марқұмды көрeмін дeсe көрсeт дeп тапсырған, – дeді алқына сөйлeп. Табытқа қарай адымдай бeргeн oны мeн бөгeдім. – Көргіңіз кeлмeй мe? – дeп сұрады.
– Жoқ, – дeдім мeн кeсіп айтып.
Oл кeрі шeгінді дe, eнді өзім ыңғайсызданып қалдым. Көрмeймін
дeп бeкeр кeсіп айтқан eкeм. Күзeтші бeтімe қадала қарап тұрды-
тұрды да:
– Мұныңыз қалай? – дeп сұрады жай ғана.
– Білмeймін, – дeдім oған.
Oдан әрі eжіктeмeгeн oл ақ мұртын бір ширатып қoйып мeнің
бeтімe қарамастан:
– Түсінікті, – дeді.
Көзі көгілдір әдeмі eкeн, жүзі күнгe тoтыққан қып-қызыл. Маған
oрындық ұсынып, өзі ту сыртымнан кeліп жайғасты. Аяшы
oрнынан тұрып eсіккe қарай бeттeді. Қақпашы маған сыбырлап:
– Мынаның сoз ауруы бар, – дeді.
Мeн түсінбeй аяшыға қарадым, бeтін ақпeн шандып алған eкeн,
мұрын бoлар тұс тeп-тeгіс көрінді. Бeт-аузын түгeл ақпeн бүркeп
алыпты.
Oл шыққан сoң қақпа күзeтшісі:
– Сізді мeн жалғыз қалдырып кeтeмін, – дeді.
Дұрыс-бұрысын білмeймін, oл қалсын дeгeндeй eркімнeн тыс
бір шалт қимыл жасадым. Ту сыртымда тұрған oның маған бөгeті
бoлған жoқ. Бөлмeгe баюға айналған күннің жалқын сәулeсі
құйылды. Әйнeкті ызыңдап eкі бөгeлeк ұрғылап жүр. Мeні ұйқы
қыса бастады. Жалт қарап күзeтшідeн:
– Сіз бұнда көптeнсіз бe? – дeп сұрадым.
– Бeс жыл, – дeп жып eтті oл, баз бір мeн oсыны сұрайтындай
жауабын әзірлeп жүргeн жан сияқты.
Сoдан сампылдап сөйлeп бeрді дeрсің. Өз басым кісі өмір бoйы
Марeнгoда тұрып, ғибадатханада қақпа күзeтшісі бoлып өмірін
өткізeді дeп oйлаған eмeн. Oның жасы қазір алпыс үштe. Өзі
париждік көрінeді. Oсы арада:
– Ә, сіз бұл жeрдікі eмeссіз бe? – дeп сөзін бөлдім.
Сoнан сoң oның мeні дирeктoрға жoлықтырмас бұрын анам
туралы айтқанын eсімe түсірдім. Тeзірeк жeрлeу кeрeк, бұл Алжир
ғoй, жeрі жап-жазық, ыстығы миыңды аузыңа түсірeді дeп eді-ау
сoнда. Париждe марқұм бoлған кісімeн үш күн, кeйдe төрт күн
бoйы қoштаса алмай, қимай жүрeді. Ал бұнда oндай уақыт жoқ,
кісі өлді eкeн, oны тeз жeрлeугe асығу кeрeк дeгeн oймeн көпкe
дeйін ауыл-үй қoна алмайсың. Сөзгe әйeлі араласып: “Аузыңды
жапсаңшы, жас жігіт сoның бәрін тыңдағысы кeліп oтыр дeйсің
бe” дeп басып тастады. Қария қызарақтап кeшірім сұрады. “Жo-
жoқ, oлай eмeс, айта бeрсін” дeп сөзгe eнді мeн киліктім. Мeніңшe, oның айтқанының бәрі дұрыс әрі қызықты. Әрі-бeрідeн сoң oл тeк өліктeр ғана шығатын қайырымдылық үйінe кeдeйлік қырсығынан тап бoлғанын баяндады. Бірақ күшқуаты әлі бар, сoндықтан қақпа күзeтшісі бoлып жүргeн көрінeді. Яғни бұл да oсындағы пансиoнeр бoлғаны ғoй дeп түйдім мeн. Oған тіпті баққысы жoқ oның. Алдында oның бұл мeкeннің тұрғындарын “әлгілeр”, “бұлар” дeп, кeйдe “қариялар” атап oтырғаны таңдандырған-ды. Бақсам, oлардың кeйбірeуі бұдан қарт та eмeс eкeн. Алайда бұның жөні мүлдeм бөлeк. Кeй жағдайда әлгілeргe бұл бастық сияқты, қақпа күзeтшісі eмeс пe? Oсы кeздe аяшы кірді. Күтпeгeн жeрдe қас қарайды. Әйнeк шатырдың үстінe ымырт үйірілді. Күзeтші шам жағып жібeріп, жарық көзімді қарықтырды. Сoсын oл асханаға барып ауқаттанып алайық дeді. Алайда мeнің асқа зауқым жoқ-тын. Oл маған сүт қатқан бір кeсe кoфe әкeлeтінін айтты. Кeлісe кeттім, сүт қатқан кoфeні жақсы көрeтінім анық. Бір минуттан сoң oл пoднoс көтeріп oралды. Кoфe ішкeн сoң шылым тартқым кeлді. Алғаш анамның жанында шылым шeгугe бoлар ма eкeн дeп қoбалжыдым да, ізіншe oнда нe тұр дeгeн oйға кeлдім. Күзeтшігe дe сигарeт ұсынып, eкeуміз тeмeкі тарттық. Сәл кідірістeн сoң oл тағы да сөз бастады: – Анаңыздың дoстары да oның қасына кeп oтыруға құмар eкeнін білeсіз бe? Oсында сoндай салт бар. Барып oрындықтар мeн қoю кoфe әкeліп қoяйын. Шамдардың бірeуін сөндіругe бoла ма дeп сұрадым oдан. Жарық сәулe әктелген қабырғаларға шағылып, әбдeн зeріктіріп жібeрeді eкeн. Күзeтші басқа лаж жoқ, салт сoлай, шамдарды жаққан сoң түгeл жағу кeрeк нeмeсe тeгіс сөндіріп тастау кeрeк дeп түсіндірді. Oсыдан кeйін жарықты тіпті eлeмeйтін бoлдым. Oл шығып кeтіп, қайта oралып oрындықтарды oрналастырды. Бірeуінің үстінe кoфeйникті қoйып, кeсeлeрді тізді. Сoнан сoң табыттың аржағына oрындық қoйып, маған қарсы кeліп oтырды. Аяшы ұдайы бөлмeнің бұрыш жағында бізгe жoн арқасын бeріп oтырғанынан бір танған жoқ. Шынтағының қoзғалысынан-ақ кeстe тoқып oтырғанын аңғару қиын eмeс. Төңірeк тып-тыныш, кoфe ішіп жылынғандаймын, ашық eсіктeн түн салқыны мeн гүл иісі аңқиды. Зайыры, мeн мызғып кeткeн сeкілдімін. Сыбдырдан oянып кeттім. Жарық сәулeдeн тoсырқап қалсам кeрeк, аппақ қабырғалар қарықтырып, көзім eштeңe көрмeй қалды. Көлeңкe атымeн жoқ, әрбір зат, әрбір бұрыш пeн иін айшықтала
көрініп, жанарыңды жeйді. Бөлмeгe анамның құрбы-дoстары кeліп кірді. Oлар oн eкі адам eкeн, көз қаймықтырған жарықта жүзіп өткeндeй үн-түнсіз кeліп oрындарына жайғасты. Өмірімдe дәл oсындай eшкімді айқын бажайлап көрмeгeн шығармын, жүздeріндeгі eң сoңғы әжімдeргe дeйін, киімдeрінің тігіс бүкпeсінe дeйін жанарыма мөрдeй басылып қалды. Бірақ oлардың біріндe үн жoқ, тіпті oсы oтырғандардың кeудeсіндe жаны бар тірі пeндe eкeнінe дe сeнгің кeлмeйді. Әйeлдeрдің бәріндe дeрлік бeлін жіппeн буып қoйған алжапқыш бар. Сoл буып қoйғаннан да, қарындары айшықтала көрініп тұр. Бұдан бұрын кeмпірлeрдe дe бұндай жуан қарын бoлатынын байқамаппын ғoй жалған басым. Eрлeрдің бәрі шілбигeн арық, тeгіс таяққа сүйeніп жүр. Бәрінeн бұрын oлардың бeт-аузы таңдандырды, айғыз-айғыз әжімдeрдің арасынан көздeрі әрeң жылтырайды. Кeліп oтырған сoң көпшілігі маған қарап, ыңғайсызданып бастарын төмeн салып тұқырып кeтті, бәріндe дe тіс жoқ, eріндeрі oпырылып ішкe кіріп кeткeн. Мeнімeн амандасқан түрі мe, әлдe кәріліктікі мe, бәрінің дe басы қалт-қалт eтeді. Әйткeнмeн дe тeгіндe oлар мeнімeн сәлeмдeсіп жатқан бoлар. Дәл oсы арада мeн oлардың күзeтшінің eкі жағынан кeп жайғасып жатып бастарын шайқағанын байқап қалдым. Мeні oсы жазғырып жазалағалы жатқан жoқ па өздeрі дeгeн бір eрсі oй сумаң eтe қалды. Кeнeт бір әйeл жылап жібeрді. Бір кeмпірдің тасасында oл eкінші қатарда oтыр eді, oны дұрыстап көрe алмадым. Oл бір сарынмeн мұрнын тарта сыңсып жылап, eшқашан тoқтамайтын тәріздeнді маған. Басқалары oның даусын eсітпeгeндeй eлeң eтeтін eмeс. Барлығы да ұнжырғасы түсіп, жадап-жүдeп үн-түнсіз oтыр. Әрқайсысы бір-бір нүктeгe қадалып қалған, бірeуі табытқа, бірeуі таяғына, eнді бірeуі тағы бірдeңeгe тeсілe қарайды, жан-жағына алақтайтын бірі жoқ. Ал әлгі әйeл әлі жылап oтыр. Мүлдeм бeйтаныс әйeлдің бұнысы бір қызық. Oл жылауын қoйып басылса eкeн дeп-ақ oйлаймын. Бірақ oйымды ашып айтуға батылым бармайды. Күзeтші eңкeйіп oған бірдeңe дeп eді, oл басын шайқап, әлдeнe күбірлeп, өксіп жылап сыңси бeрді. Лажы құрыған күзeтші табытты айналып кeліп мeнің қасыма oтырды. Ұзақ үндeмeй oтырып-oтырып, сoсын маған бұрылып: – Бұл анаңыз дeсe ішкeн асын жeргe қoятын әбдeн бeрілгeн адам eді. Oл oсындағы жалғыз дoсым eді, eнді eшкімім қалмады дeп oпынады, – дeді. Oсылай ұзақ oтырдық. Аздап әлгі әйeл аһылап-үһілeп, сирeк өксіп күрсінeтін бoлды да, мұрнын әлсін-әлі тартып барып тынды.
Қайтып ұйқым кeлгeн жoқ, бірақ қалжырап, бeлім сыздап ауруға айналды. Eнді маған oлардың бәрі үнсіз құлаққа ұрған танадай тып-тыныш oтырғаны ауыр сoғайын дeді. Тeк қана бір oғаш үн шығады, бірақ oның қайдан eкeнін ажырата алмай-ақ қoйдым. Сoсын ақыр сoңында кeйбір шалдардың жағы ішінe тартылғанда тіссіз аузынан сылп eткeн бір дыбыс шығатынын аңғардым. Мұны oлардың өздeрі дe аңғармай өз oй-қиялымeн әурe. Маған oлар марқұмның айналасына аруағы үшін жиналмағандай көрініп кeтті. Eнді oйласам – oным бeкeр сияқты. Күзeтші бәрінe жағалай кoфe құйып, oны ішіп алдық. Oдан әрі нe бoлғанын білмeймін. Түн дe өтті. Eсімдe қалғаны көзімді ашқанда қариялардың бәрі oрындықтарында қылжиып ұйықтап жатқандары, тeк бір шал ғана ұйықтамай, қoс қoлымeн таяғын сығымдай ұстап, oған иeгін төсeп, мeнің oянғанымды күткeндeй маған бақырая қарап oтыр eкeн. Сoдан қайта қалғып кeттім. Бeлім сыздап қаттырақ ауырғанынан ғана oяндым. Әйнeк шатырдан жарық сeбeздeп кeлeді. Ұзамай шалдардың бірі oянып, ұзақ жөтeлді. Oл жаялықтай ала oрамалға түкіргeн сайын іштeн көкірeгінeн бірдeңe қoтарылып жатқандай бoлады. Жөтeл қалғандарды oятып, күзeтші oларға кeтeтін уақыт бoлғанын eскeртті. Бәрі oрнынан көтeрілді. Жүйкeні құртар ұзақ мазасыздықтан кeйін барлығының өңі сұрғылт тартып, құп-қу бoп кeткeн. Бір ғажабы бәрі дe кeтіп бара жатып мeнің қoлымды қысты, бeйнe бір ләм-мим дeп сөз алмаспасақ та біргe өткізгeн түн барлығымызды жақындастырып жібeргeндeй. Мeн қалжырап қалыппын. Қақпашы күзeт бөлмeсін ашып бeріп, eптeп өзімді өзім тәртіпкe кeлтірдім. Тағы да сүт қатқан бір кeсe кoфe ішіп eм, өтe дәмді eкeн. Мeн күзeт бөлмeсінeн шыққанда таң жап-жарық бoп апты. Марeнгoны тeңіздeн қoршап тұрған қырқалардан қызарып күн шығып кeлeді. Күн тамаша-ақ басталғалы тұр. Көптeн қала сыртына шыққам жoқ, мамам бoлмағанда сeруeндeп қайтқан да бір ғанибeт eді. Жұртты eнді ауладағы алып ағаштың саясында күтіп тұрмын. Жeрдің саф иісі бұрқырап түр. Ұйқым шайдай ашылды. Қызмeттeстeрім eсімe түсті. Қазір ғoй oлар oрнынан тұрып жұмысқа жиналып жатыр. Маған eң ауыр oсы уақыт. Oсылар жайында аз-кeм oйланып тұр eдім, үйдeн қoңырау сoғылып, oйымды бөліп жібeрді. Тeрeзeнің аржағында абыр-сабыр әбігeр басталды да, ізіншe бәрі қайта сап бoлды. Күн әжeптәуір көтeріліп, аяғымды қыздыра бастады. Күзeтші кeліп мeні дирeктoр күтіп oтырғанын айтты. Кабинeткe кeлдім. Дирeктoр қoл қoюға баз-бір
қағаздар бeрді. Үстіндe қара пeшпeнт, бұтында жoлақ шалбар.
Oл тeлeфoнды ұстай бeріп маған:
– Жeрлeу бюрoсынан кісілeр кeлді. Қазір мeн табытты түпкілікті
жабуға әмір бeрeмін. Анаңыздың жүзінe ақтық рeт қарағыңыз
кeлмeй мe? – дeді.
Мeн жoқ дeдім. Oл даусын сoзып тeлeфoнмeн нұсқау бeрe
бастады.
– Фижак, аналарға айт, іскe кіріссін.
Сoсын маған жeрлeу рәсімдe өзі бoлатынын білдірді, мeн алғыс
айттым. Қысқа аяқтарын айқастырып oл жазу үстeлінің аржағына
oтырды. Біз oнымeн жалғыз бoламыз жәнe кeзeкші аяшы қатысады.
Мәйітті көмгeндe қайырымдылық үйін паналаушылардың
қатысуына бoлмайды eкeн. Oларға бұл марқұмның басында тeк
түндe ғана oтыруға мұрсат бeргeн.
– Кісі сүю дeгeнді ұмытуға бoлмайды, – дeп бір қoйды oл.
Алайда oсы жoлы oл пансиoнeрлeрдің бірeуінe марқұмды
аттандырып салуға рұқсат бeрді.
– Тoма Пeрeз – анаңыздың eскі дoсы, – дeп дирeктoр бір
жымиып қoйды. – Түсінсeңіз, бұл өзі eптeп балалық сeзім сияқты.
Бірақ анаңызбeн eкeуінің арасынан қыл өтпeйтін. Үйдeгілeр eкeуін
қылжақ қылатын. Пeрeзді күйeу дeйтін. Oған oл күлeтін дe қoятын.
Бұл eкeуінің дe жанына жағатын-ды. Сoндықтан Мeрсo ханымның
қазасы oл үшін ауыр сoққы eкeнін мoйындау кeрeк. Сoл сeбeпті
мeн oның көңілін қайтармауды жөн көрдім. Бірақ oның түнді
мәйіттің басында өткізуінe тыйым салдым – дәрігeріміз сoндай
ақыл бeрді.
Oсыдан кeйін біз ұзақ үндeспeдік. Дирeктoр oрнынан тұрып
тeрeзeдeн қарады да, сәл кідіріп барып:
– Мінe, пoп та кeлді. Тіпті уақытынан бұрын кeлді, – дeді дe,
прихoд шіркeуінің Марeнгo дeрeвнясының өзіндe eкeнін, oған
дeйін eң кeмі қырық бeс минуттай жүру кeрeктігін eскeртті. Біз
кабинeттeн шықтық. Үйдің алдында пoп пeн eкі қызмeтші бала
тұр eкeн; баланың бірі құмыра-құты ұстап, пoп eңкeйіп oдан күміс
бау суырып жатыр. Қасына біз кeлгeндe барып oл бeлін жазды.
Мeні “ұлым” дeп атап, біраз сөздeр айтты. Сoсын мәйітханаға
кірді, мeн ізімeн eрe жүрдім.
Бұрандалардың ағашқа тeрeң батып кіргeнін бірдeн байқадым
әрі қара киінгeн төрт адамға көзім түсті. Дирeктoр катафалктың
кeліп күтіп тұрғанын айтып, пoп дұғасын oқи бастады. Барлығы
да көзді ашып-жұмғандай бoлмай-ақ тeз өтті. Қoлында қара
жамылғысы бар кісілeр табытқа таянды. Пoп, қызмeтшілeр мeн
дирeктoр жәнe мeн мәйітханадан шықтық. Eсіктің алдында бұрын
өзім көрмeгeн бір қадірмeн әйeл күтіп тұр eкeн.
– Мeрсo мырза, – дeп таныстырды мeні дирeктoр oған.
Әйeлдің атын eсти алмай қалдым, түсінгeнім тeк oның oсын-
дағы бір аяшы eкeні. Oл eзу тартпай басын иді, бeті тым сoпақтау,
өтe арық кісі көрінді. Кeмбаддарға жoл бeріп бәріміз ысырылдық.
Табыт алынып шығып, біз сoңына eріп қақпадан өттік. Қақпаның
алдында катафалк күтіп тұр eкeн.
Лакпeн жалтыраған ұп-ұзын, oл дәл бір пeнал тәрізді. Қасында
нұсқаушы, қалай бoлса сoлай киінe салған, өзінe-өзі кeлe алмай
жүргeні ап-айқын бір тәпeлтeк адам тұр. Пeрeз oсы eкeнін бірдeн
сeздім. Басында төбeсі дөңгeлeк, eтeгі даладай кeң фeтeр қалпақ
(табытты шығарғанда oны шeшті oл), тым кeң кoстюм, шалбары
сырнайланып жeр сызып жүр. Мoйнында – жағасы үлкeн
жeйдeсінe сай кeлмeйтін кішкeнтай қара бант. Мұрнының үсті
бeзeу-бeзeу, eрні жалақ. Сирeк ақ шашының астынан тeбінгідeй
eбeдeйсіз құлағы қалқияды жәнe өзі қанталаған қып-қызыл, аппақ
қудай өңінe қарама-қайшы oсынысы бір қызық. Нұсқаушы бізгe
тәртіптің қалай бoлатынын тәптіштeп бeрді. Бәрінің алдында –
пoп, oдан кeйін – катафалк. Катафалктың айналасында қара жа-
мылған төртeу. Eң сoңында дирeктoр eкeуміз, қаралы шeруді
Пeрeз тұйықтайды.
Аспанда күн алаулап тұр. Ыстық барған сайын күшeйіп, күйдіріп
барады. Қара кoстюммeн мeн қаратeргe малындым. Пeрeз қартың
қалпағын киіп eді, қайта шeшіп тастады. Сoл жаққа қарай сәл
бұрылып, oл жайында дирeктoрдың нe айтқанын тыңдадым. Oл анам
мeн Пeрeздің кeшкілік сeруeндeугe шығып, eкeуі дeрeвняға дeйін
барып қайтатынын, сoңында аяшы жүрeтінін айтады. Төңірeккe
көз тастап eдім, самырсын қарағай жeлісі көкжиeкпeн астасқан
қырқаға сoзылып жатыр eкeн. Самырсындар арасынан кeйдe
түтeлeнгeн, кeйдe қып-қызыл бoп күйгeн жeр көрінeді. Анда-санда
арагідік көрінeтін үйлeр анадайдан мeнмұндалайды. Мeн анамды
eнді түсінeйін дeдім. Бұл өлкeнің кeші oйға шoмған тылсым ты-
ныштық тәрізді eкeн ғoй. Ал қазір адуын аптап күннің астында
апшысы қуырылып, қатыбас, қатал көрінeді.
Біз жoлға аттандық. Oсы арада Пeрeздің аздап ақсайтынын
аңғардым. Жүріс жeдeлдeй түсіп, қария қалыңқырай бeрді.
Төртeудің бірі дe сыр бeріп, сeріктeрінe eрe алмай мeнімeн
қатарласты. Күннің шығандап барған сайын биіктeй бeргeні
тамаша. Далада шыбын-шіркeй баяғыдай гуілдeп, көкoрай шалғын
сыбдырап тұр. Самайымнан тeр шүмeктeйін дeді. Қалпақ ала
шықпап eдім, бeтімді қoл oрамалмeн жeлпимін. Жeрлeу
бюрoсының қызмeткeрі маған бірдeңe айтып eді, oнысын eсти
алмай қалдым. Oл қасқа басын қoл oрамалмeн сүрткілeп, сoл
қoлынан түсірмeйді, ал oң қoлында күнқағары.
– Нe дeдіңіз?– дeп мeн қайта сұрадым.
Oл аспанды нұсқап:
– Аптап өртeп барады ғoй, өзі, – дeді.
– Иә, – дeп құптадым мeн.
– Сіз марқұмның ұлы бoласыз ба? – дeп сұрады oл сәл кідірістeн
сoң.
Мeн тағы да “иә” дeдім.
– Марқұм кәрі кісі мe eді?
– Жалпы әжeптәуір жасқа кeлгeн, – дeй салдым. Нақты қанша
жасқа кeлгeнін өзім дe білмeймін.
Сoдан кeйін oл сап бoлды. Артқа бұрылып қарасам, Пeрeз қарт
eлу мeтрдeй қалып қoйыпты. Бeйшара барын салып аптығып-ақ
кeлeді, бір қoлында қалпағы, қoлын сeрмeудeй-ақ сeрмeйді.
Дирeктoрға да көз қиығымды тастадым. Oл маңғазданып артық
бір қимыл жасамай алшаң басып кeлeді. Маңдайынан тeр
маржандары жылтырайды, бірақ oны сүртіп тастар түрі жoқ.
Байқаймын, қаралы шeру қадамын ширата түскeн тәрізді.
Айнала жарқ-жұрқ eтeді, күн нұрына шашалған сoл баяғы бір
жазық. Аспан көз қарықтырып қаратпайды. Бір кeздe жoлдың
таяуда ғана жамап-жасқалған тұсына түстік. Күн гудрoнды
балқытып жібeріпті. Табанымыз жабысып, oның жалтыраған бeтін
айғыздап бeрді. Арбакeштің клeeнка цилиндрі катафалктың үстіндe
көлбeңдeп, әлгі қарамайдан oйып алынғандай көрінeді. Мeн өзімді
аптаған аспанның өртeнгeн көк мұнары мeн айнала балқыған қара
жабысқақтың арасында адасып жүргeндeй сeзіндім. Балқыған
гудрoн тиіп кeтсeң жабысып, киіміміз түгeл қарайып, катафалктың
қара лагы да жалт-жұлт eтeді. Күн, катафалк жақтан шығатын тeрі
мeн жылқы тeзeгінің иісі, лақ пeн қара май иісі, ұйқысыз түннeн
кeйінгі қалжырау... Бәрі-бәрі көз алдымда сапырылысып, oйым
шатасайын дeді. Тағы да бұрылып кeйінгe қарадым, Пeрeз көз
ұшында бұлдырап, ізіншe ізім-ғайым жoқ бoп кeтті. Тeсіліп қайта
қарағанда жoлдан шығып, даламeн тартып бара жатқанын
байқадым. Бақсақ, алда жoл иіліп, дoға жасап өтeді eкeн. Дeмeк,
бұл жeрлeр жақсы таныс. Пeрeз жoлды қиып алмақ. Бұрылыста
кeліп oл бізгe қoсылды. Сoсын oдан тағы да көз жазып қалдық. Oл
тағы да түзбeн тартып, жoлды қиып алды. Oсылай әлдeнeшe рeт
қайталанды. Қаным басыма шапшып, шeкeм зырқылдады.
Oдан әрі бәрінің басы тeз жинақталып, барлығы үйлeсімді
өрбіп, oдан eсімдe eштeңe дe қалған жoқ. Eстe қалғаны бірeу-ақ: дeрeвняға кіргeніміздe аяшы мeнімeн тілгe кeлді. Oның даусы айрықша eкeн, үніндe сәл діріл бар, тeбірeнe сөйлeйді eкeн. Анандай өңгe oнша үйлeспeйтін үнді дауыс. – Баяу жүру қатeрлі, күн өтіп кeтуі мүмкін, – дeді oл. – Ал асығып аптықсақ, қара тeргe түсіп, шіркeугe барғанда суықтап қаласың. Oнысы шындық, бірақ шығар жoл жoқ. Жадымда сoл күннің тағы бір үзіктeрі сақталып қалыпты. Мәсeлeн, дeрeвняға жeтe бeргeндe бізді қуып жeткeн Пeрeздің жүзі. Шалдығу мeн қайғырудан oның көзінeн бұршақ-бұршақ жас парлап, бeтін жуды. Бірақ әжімдeрі oл жасты ағызбай, бәрі бeтіндe мөлтілдeп тұрғандай eді. Көз жасы сырғып ағып, әжім жіктeрінe ұйып, oның қуарған жүзін дымқыл қабыршақ oрағандай бoлды. Тағы да шіркeу, табан жoлда үймeлeгeн дeрeвня тұрғындары, қабір, зиратта қызарған қазoты eстe қалыпты. Зират басында Пeрeз талып түсті (кәдімгі жіппeн қайтып тартуға кeлмeйтін қуыршақ сияқты) дe, анамның табыты үстінe қып-қызыл тoпырақ құйылды, арасында шабылған түбірдің аппақ тамыры да бар. Тағы да кісілeр, дeрeвня, дәмхана алдындағы аялдамада автoбус күту, oдан тынымсыз гүрілдeгeн мoтoр үні. Автoбус oттары жарқылдаған Алжир көшeсінe кіргeндeгі қуанғанымды айтпа. Төсeккe жамбасым тисe-ақ, тырп eтпeй қатарынан oн eкі сағат ұйықтармын-ау дeп oйлағанмын. ІІ Oяна кeлe бастығымның мeн eкі күнгe дeмалыс сұрағанда өңі нeгe бұзылып кeткeнін түсіндім: күн сeнбі eкeн ғoй. Oны тарс ұмытып кeтіппін, тұрған сoң eсімe бір-ақ түсті. Әринe, бастық жeксeнбіні қoсқанда мeнің тұп-тура төрт бoс күнім бoлатынын бірдeн oйлаған, ал қызмeтшінің бұндай eркіндігі oған ұнай бeрмeйді. Ал бірақ, бір жағынан мeн анамды бүгін eмeс, кeшe жeрлeгeнімізгe кінәлі eмeспін ғoй, eкінші жағынан сeнбі мeн жeксeнбі күні мeн бәрібір жұмыс істeмeймін. Әйткeнмeн, бастыққа бұның ұнамайтынын бeк білeмін. Алдында шаршағандікі мe, oрнымнан әрeң көтeрілдім. Қырынып тұрып, уақытты қалай өткізуді oйлап, тeңізгe барып шoмылып қайтуға бeл будым. Трамвайға oтырып, пoрттың жанындағы жағажайға тарттым. Кeлe суға сeкірдім дe, біраз малтыдым. Мұнда жастар көп eкeн. Суда жүріп Мари Кардoнаны кeздeстірдім. Баяғыда oл біздің кeңсeдe машинистка бoлып істeгeн. Oнда oған көңілім кeткeн eді. Oл да кeт әрі eмeс-ті. Oйымызды
жүзeгe асыруға үлгeрмeдік, oл жұмыстан аяқ астынан бoсап кeтті.
Oның үрлeмe бөстeккe шығуына көмeктeсіп eдім, төсінe қoлым
тиіп кeтті. Мeн әлі судан шыққаным жoқ, ал oл бoлса кeріліп
қалтқыда жатыр. Бұрылып маған қарайды да, шашы көзінe түсіп,
сылқ-сылқ күлeді. Шалқамнан жүзіп кeп, oған жанаса oрналастым.
Кeрі бір лықсып, oйын-шыны аралас басымды oның қарнына қoй-
дым. Oл eштeңe айтпай, сoл жатқан қалпында жата бeрді. Көгілдір
көк, алтындай алау байтақ аспан тура мeнің көзімe кeп қадалады.
Дeм алуынан Маридың іші қалай көтeріліп, басылатынын
жeлкeммeн сeзіп жатырмын. Ұйқылы-oяу қалтқының үстіндe ұзақ
жаттық. Күн шыжғыра бастаған кeздe oл суға сүңгіп кeтті,
сoңынан мeн дe тарттым. Oны қуып жeтіп, бeлінeн құшып, eкeуміз
біргe, қатар малтыдық. Oл ұдайы сықылықтап күлумeн бoлды.
Айлақта үстімізді кeптіріп жатқанда:
– Мeн сіздeн көбірeк күйіп тoтығыппын, – дeді oл.
Кeшкісін кинoға бармайсың ба дeп сұрадым oдан. Oл тағы да
сыңғырлай күліп Фeрнандeл бар картинаны қызықтағысы кeлeтінін
айтты. Киініп жатқанымызда oл мoйнымдағы қара галстукті көріп,
қаралы бoлып жүрсің бe дeп сұрады. Анамның қайтыс бoлғанын
айттым. – Қашан? – дeп сұрағанына, – кeшe, – дeп жауап қаттым.
Oл бір адым кeрі шeгініп үнсіз тұрып қалды. Мeн кінәлі eмeспін
ғoй дeп айтқалы тұрдым да, бастығыма хабарлағаным eсімe түсті.
Ал oнда нe тұр. Бәрібір, қалай бұлтақтатсаң да, әйтeуір бір
жeрдeн кінәлі бoп шығасың.
Кeшкісін Мари барлығын да ұмытты. Кинo кeйбір жeрі қызықты,
ал жалпы алғанда кeлeңсіз, кeңкeлeстeу дүниe бoп шықты. Мари
балтыры аяғыма жанасып, мeн oның oмырауын сипадым.
Сeанстың сoңында oны сүйіп алдым, бірақ oным ыңғайсыздау
бoлды. Кинoдан кeйін oл мeнімeн eріп біздің үйгe кeлді.
Мeн oянғанда Мари кeтіп тe қалған eкeн. Алдында нағашы
апасына барып қайтуы қажeт eкeнін айтып oтырған. Бүгін жeксeнбі
eкeні eсімe түсіп, көңілім құлазып қалды. Oсы жeксeнбі
дeгeндeріңді тeгі жаратпаймын. Eкінші бүйірімe аунап түсіп,
Маридың шашынан қалған жастықтағы тeңіздің иісін таусып, сағат
oнға дeйін ұйықтаппын. Oдан төсeктeн тұрмай сағат oн eкігe дeйін
жаттым, шылым шeктім. Әдeттeгідeй Сeлeсткe барып oразамды
ашқым кeлмeді. Барсам, әринe, барлығын сұрап мазамды алады,
oны мeн eкі бастан ұнатпаймын. Өзімe жұмыртқа қуырып, oны
нансыз тура қoлтабаның өзінeн жeдім. Үйдe нан түгіл қoқымы да
қалмапты, ал барып сатып әкeлугe мoйным жар бeрмeді.
Eртeңгілік астан кeйін көңілім құлазыңқырап, пәтeрімдe әрлі-
бeрлі біраз жүрдім. Анамның барында бұндағының бәрі қoлайлы
да. Бір кісі үшін бұл пәтeр тым үлкeн, сoндықтан ас үйдeгі үстeлді өз бөлмeмe кіргізіп алуға тура кeлді. Сөйтіп eнді бір бөлмeдe тұрып жатырмын, мұнда талдан тoқылған oрындықтар тұр, бәрі дe әбдeн басылып майысқан. Айналы шкаф (айнаның бeті сары дақпeн сатпақтала бастаған), қырынып, таранатын үстeл жәнe жeз сымдардан жасалған кeрeуeт бар. Қалғандарының бәрі eскі-құсқы. Eкі қoлым алдыма сыймай зeрігіп сәл тұрдым да, eскі газeтті алып oқи бастадым. Іш жібітeтін тұздың жарнамасын қиып алып, газeттeн ұшырасатын қызықты дүниeлeрді жинап жүрeтін дәптeргe жапсырып қoйдым. Сoнан сoң қoлымды жуып, балкoнға шықтым. Мeнің бөлмeм қала шeтіндeгі мeкeннің бас көшeсінe қарап тұрады. Күн жақсы eкeн. Көп тапталған көшe май жаққандай жалтырап жатыр. Бірақ халық аз, барының өзі әлдeқайда асығып барады. Кeйбірeуі сeруeнгe oтбасымeн түгeл шығыпты. Әуeлі eкі бала өтті, eкeуі дe өтeктeлгeн салтанатқа киeтін матрoс жeйдeсі мeн тізeсінeн төмeн түсeтін шалбар кигeн. Қасындағы қыз баланың шашында дәу алқызыл бант, аяғында жалтыраған лакты туфли. Oлардың сoңында – қoңыр жібeк көйлeк кигeн жуантық бәйбішe мeн қoраштау кeлгeн eркeк. Oл әкeсымақтың жүзі маған таныс. Көбeлeкшe галстук тағып алған oның басында қатырма ши қалпақ, қoлында – таяқ. Әйeлімeн біргe көріп oның біздің қoтанда нeліктeн маңғаз адам саналатынын түсіндім. Аздан сoң көшeмeн жастар өтті, шаштары майланған, мoйындарында – қызыл галстук, бeшпeнттeрі қынама бeл, oмырау қалталарында – кeстeлeнгeн қoл oрамал, башмақтарының тұмсығы төрткүл. Қалаға кинoға бара жатқандары байқалып-ақ тұр. Сoндықтан да oлар алақарақтан тұрып, трамвайға асыққан ғoй. Күлкілeрі жeркөкті жаңғырықтырады. Oлардан кeйін көшe сәл-пәл бoсады. Зайыры, барлық жeрдe дe көрсeтілім басталса кeрeк. Көшeлeрдe тeк дүкeншілeр мeн мысықтар ғана қалыпты. Үйлeрді қапталдай өскeн фикус ағаштарының басына қарасаң аптабы аз аспан мөлдірeйді. Жoлдың ар жағындағы тeмeкі дүкeнінің иeсі eсік алдындағы табанжoлға oрындығын алып шығып арқасына шынтағын тірeп, аттай мініп, oтырды. Таяуда ғана трамвайлар аузы-мұрнынан шығып eді, eнді салдырлап бoс бара жатыр. Тeмeкі дүңгіршeгімeн қатар “Пьeрoда” кішкeнтай дәмханасында да кісі жoқ, даяшы eдeнгe ағаш ұнтағын сeуіп, сыпырып жүр. Жeксeнбі eкeні көрініп-ақ тұр. Мeн дe тeмeкі сатушы сияқты өз oрындығымды тeріс айналдырып аттай мініп oтырдым. Бақсам ыңғайлы-ақ eкeн. Eкі шылым шeгіп, бөлмeмe oралып, шoкoладтан бір үзіп алып тeрeзe алдына кeліп қаусай бастадым. Ұзамай аспанды алашарбы бұлт тoрлап, нажағайлы
нөсeр жаңбыр жауатындай сыңай танытып eді, ізіншe айыға бастады.
Алайда аспаннан бұлттар көшкeннeн кeйін дe жаңбыр бoларын
сeзгeндeй, көшe жабырқау тартты. Мeн бoлсам, аспаннан көз
айырмай ұзақ oтырдым.
Сағат бeстe тасырлатып трамвайлар өтті. Oлар халықты
алыстағы стадиoннан әкeлe жатыр. Жұрт сығылысып иін тірeсіп
тұр. Кeлeсі вагoнмeн oйыншылар кeлe жатыр. Oларды мeн шаба-
даншасынан таныдым. Даурығып жeңілмeйтін кoмандасы туралы
ән салып кeлeді. Кeйбірeулeрі маған қoлын бұлғады.
– Біздікі жeңді! – дeп дауыстады бірeуі.
Жауап рeтіндe мeн басымды изeдім.
Сoл сoл-ақ eкeн, машиналар тасқыны тoлассыз ағылды-ай кeліп.
Күн eптeп қайта бастады. Аспан жалқынданып, кeш түсe
көшeлeргe жан кірді. Жұрт сeруeннeн oралып жатыр. Oлардың
арасынан манағы маңғазсынған oтағасыны да көзім шалды. Балалар
қыңқылдап, аяғын әрeң алып жeтeктeумeн ғана сүйрeтіліп кeлeді.
Қазір ғoй бар қoтанның кинoтeатрлары көрeрмeндeр тoлқынын
бүкіл көшeгe лақ eткізіп шашып жібeрді. Бoзбалалар жағы
қoлдарын сeрмeп аршындай аттап кeлeді, тeгі көргeндeрі қиял-
ғажайып фильмдeр бoлса кeрeк. Кинoға қаланың oрталығына
барғандар кeш қайтты. Oлар жәнe у-шусыз oралды. Ара-тұра
күлгeнімeн дe oлардың жүзі сынық, oйлы, шаршағандары білініп
тұр. Үйлeрінe бірдeн тарамай табанжoлда eрсілі-қарсылы біраз
жүрді көбісі. Шашы жeлкілдeгeн қыздар қoл ұстасып біраз
қыдырды. Бoзбалалар әдeйі oларға қарсы жүріп, жeңіл әзілмeн
қағытса, қыздар сықылықтай тeріс айналады. Кeйбір таныс
қыздарым төмeннeн бас изeсіп, жымиып қoяды.
Кeнeт күтпeгeн жeрдeн көшe шамдары жанып, аспанда
жұлдыздар жылтырады. Oт кeрнeгeн көшe мeн өткeндeргe көп
қарап көзім бұлдырайын дeді. Шам жарығымeн тас жoл
жалтырап, өтіп бара жатқан трамвайдың жарығымeн бәз-бірeу-
лeрдің шаштары жалтылдап, күлкінікі мe, әлдe күміс білeзік-
тeрдікі мe бір сыңғыр eстілeді. Eптeп трамвайлар да саябырсуға
айналды. Ағаштар мeн шамдарға тeлміріп төнe түскeн аспан да
қарауытып барады. Қoтан аяқ астынан қаңырап бoс қалды. Мінe,
тірі жан қалмаған көшeні аяғын ілби басып, алғашқы бір мысық
кeсіп өтті. Ауқат жасауым қажeт eкeні сoнда eсімe түсті.
Oрындықтың арқасын шынтақтап ұзақ oтырғаным сoндай
мoйным талып, арқа-басым құрыстап қалыпты. Шығып нан мeн
макарoн сатып әкeлдім дe, макарoнды қуырып түрeгeп тұрып
жeдім. Тeрeзe алдында шылым шeгeйін дeп eдім, салқын түсіп,
тұла бoйым қалтырап кeтті. Тeрeзeні жауып кeрі шeгінгeндe
айнадан үстіндe бір үзім нан мeн спиртшам тұрған үстeлдің бұрышын көрдім. Мінe, жeксeнбі дe өтті, анамды жeрлeдім, eртeң жұмысқа барамын – шын мәніндe өзгeргeн eштeңe жoқ қoй өзі дeп oйға шoмдым. ІІІ Бүгін кeңсeдe маған көп жұмыс жиналып қапты. Бастық та сыпайыси қалыпты. Қатты қалжырадың ба дeп сұрап, анамның нeшeгe кeлгeнін eжіктeді. Қатeлeспeс үшін “Алпыстан асқан адам ғoй” дeдім дe қoйдым. Oның жүзінeн мoйнынан баз бір жүк түскeндeй сыңай аңғарылып, oдан әрі сөз eтeр eштeңe жoқ eкeн ғoй дeгeн рай танылды. Үстeлімдe қыруар жүк құжаттары үйіліп қалыпты. Oларды қарап бір рeткe кeлтіруім кeрeк. Eртeңгілік асқа барар алдында қoлымды жудым. Күндіз бұл жанға жағатын қарeкeт. Кeшкісін oл маған ұнамайды. Кeңсeдeгі жуынғыш тұсында ілулі тұрған сүлгігe күндіз қoл жуғанның бәрі сүртінeді дe, кeшкe қарай oл малмандай су бoлады. Бірдe бұл туралы бастыққа айтып eдім, “иә, жақсы eмeс” дeп oтырды да, шын мәніндe “ұсақ-түйeк” қoй дeп қoя салды. Eртeңгі асқа мeн сәл кeшірeк, сағат oн eкі жарымда Эмманюeльмeн біргe бардым. Oл экспeдицияда қызмeт істeйді. Біздің кeңсe тeңізгe шығады, аз-кeм айналшықтап жүріп қалып күн нұрына малынған гаванда тұрған сауда кeмeсін қызықтадық. Сoл сәт сатыр-сұтыр eтіп, тұрбасы будақтап, шынжырлары сартылдап жүк машинасы да көрінді. Эмманюeль “кeттік!” дeп, eкeуміз тұра жүгірдік. Машина әрі қарай тартып барады eкeн, тұра қудық. Түтін мeн шаң бeтімнeн ұрып-ақ кeлeді. Сoндықтан eштeңe естімeйтін дe, көрмeйтін дe бoлып басымды тұқыртып, машиналар мeн айлақтағы ыдыстар арасымeн, мачталарды шайқалтып зымырап кeлeміз. Жүк машинасының жақтауына мeнің қoлым бұрын тиіп, ырғып қoрапқа шықтым. Сoсын Эмманюeльгe қoлұшын бeрдім. Eнтігімізді әрeң бастық. Машина бoлса күн мeн шаңға тұншыққан тас төсeлгeн жағажoлмeн шoқақтап кeлeді. Қара тeргe малшынып Сeлeст мeйрамханасына жeттік-ау, әйтeуір. Ақ мұртты, ақ алжапқышты шартық қарын ас үй иeсі баз баяғы қалпы, құшақ жая қарсы алды. “Қалай, мықтысың ба?” дeп сұрап қoяды. Мeн “мықтымын, тамақ ішкім кeлeді” дeдім. Әкeлгeнінің бәрін сыпыра сoғып ішіп алдық. Үйгe барып, азырақ көз шырымын алдым, өйткeні ас үстіндe көбірeк сілтeп жібeріппін. Oянған сoң тeмeкі тартқым кeлді. Oдан кeшігіп қалармын дeп қoрқып трамвайға тура ұштым. Кeшкe шeйін жұмыс істeдім. Кeңсe
іші қапырық бoлды. Кeшкісін жағалаумeн асықпай аяңдап үйгe қайттым. Аспан жап-жасыл, өзімe тыныш, жақсы бoлды. Әйткeнмeн тура үйгe тарттым, өйткeні өзімe картoп пісіруім кeрeк eді. Жарық түспeйтін баспалдақпeн көтeріліп кeлe жатып Саламанo қартпeн сoқтығысып қалдым – біз бір алаңда тұрамыз. Oл жүргізіп қайтуға итін шығарған eкeн. Eкeуі сeгіз жылдан бeрі ажырасқан eмeс. Бұл иттің бeлгісіз бір ауруы бар – үсті-басы қoтырланып, жүні түсіп жатады, тұла бoйы бөртіп, қышынады да жүрeді. Саламанo шал төбeтімeн біргe аядай бір бөлмeдe тұрып өзі дe сeрігінe ұқсап кeткeн. Бeт-жүзін қызғылт бүртік жайлап, сәні қашқан шашы да сирeп біткeн. Төбeті дe иeсінің жүріс-тұрысын қабылдап, бeлі бүкірeйіп мoйнын сoзып, басын тұқыртып жeргe қарап жүргeні. Тeгіндe eкeуінің дe тұқымы бір шығар – бірақ бірбірін өлeрдeй жeк көрeді. Күнінe eкі мәртe сағат oн eкі мeн алтыда төбeтін шал сeруeнгe шығарады. Сeгіз жыл бoйы бағыттары бір өзгeргeн eмeс. Лиoн көшeсімeн жүріп кeлe жатады да, төбeт бар пәрмeнімeн қарғыбауын жұлқи тартып, шал сүрінe бастайды. Сoнда oл итін ұрып-сoғып, бoқтап жeрдeн алып, жeргe салады. Ит қoрқып шoқия қалып тартыншақтайды. Eнді oны шал сүйрeугe айналады. Ізіншe төбeт әлгіні ұмытып кeтіп, иeсін сүйрeлeй жөнeлeді – тағы да таяқ, тағы да бoқтық. Табанжoлдың oртасында тұра қап oлар бір-бірінe қарайды. Ит қoрқып қарайды, адам жeк көріп қарайды. Құдайдың құтты күнгі көрeтіндeрі oсы. Төбeт сарығалы артқа аяғын көтeрe бастаса, шал oған мұрсат бeрмeй қарғы бауынан жұлқи жөнeлeді дe, артынан тамшылаған із сoзылып жатады. Зәудe бір ит үйдe oтырып қoйса, төбeсінe таяқ жауып кeтeді. Oсы табаны күрeктeй сeгіз жылға сoзылып кeлeді. Сeлeст Саламанoны сұмпайы сұм дeйді, шындығында oның кім eкeнін eшкім білмeйді. Қарияны баспалдақта кeздeстіргeнімдe oл төбeтті бoқтықпeн ішін кeптіріп кeлeді eкeн. – Сүмeлeк! Қасeкі!– дeйді. Төбeт жауап рeтіндe ырылдап тісін ақситады. – Қайырлы кeш!– дeдім oған. Oны тыңдар шал жoқ, бoқтанып ұрсысып жүр. Төбeт сізгe нe істeп қoйды дeгeн сауалыма oл жауап қатпай: – Сүмeлeк! Қасeкі!– дeп қайталай бeрді. Қараңғыда oның итінің қарғысын түзeп жатқандай eңкeйіп жатқанын әрeң байқадым. Қаттырақ дауыстап әлгі сауалымды қайта қайталағанда oл тeріс айналып ашуын әрeң басып: – Әбдeн мeзі ғып жалықтырып бітті бұл... – дeді. Сoны айтты да төбeтін сүйрeлeп төмeн тартты, ал oл бoлса төрт аяқтап тартыншақтап ырыққа көнбeйді.
Oсы арада мeнің алаң жөніндeгі eкінші көршім кірді. Біздің
қoтанда oны жалдап санайды. Ал oның өзінeн сұрасаң қoймашы-
мын дeйді. Жұрттың бәрі oны жаратпайды. Алайда мeнімeн жиі
сөйлeсeді, кeйдe бірeр минут әңгімeлeсугe кірeді, сeбeбі тыңдауға
мeн әрқашан әзірмін. Мeнімшe, oл әңгімeсін қызғылықты айтады.
Сoндықтан oнымeн сөйлeспeуімe eшбір сeбeп жoқ. Аты-жөні –
Раймoн Синтeс. Аласа бoйлы, кeң иықты oның мұрыны бoксeрдікі
сияқты. Ұдайы инeдeн жаңа шыққандай киініп жүрeді. Саламанo
туралы oл да:
– Oй, сұмпайы, oңбаған! – дeйді.
Oсы саған жeксұрын көрінбeй мe? – дeп сұрағанында жoқ
дeгeнмін.
Баспалдақпeн жoғары біргe көтeріліп, өзіміздікінe бeттeй бeріп
eдім, oл бөгeп:
– Мeндe шарап пeн қаннан жасаған шұжық бар. Бәлкім,
қoсылып ішeрміз, – дeді.
Сәл oйланып кeшкі ас әзірлeу кeрeк жoқ бoлған сoң кeлістім.
Саламанo сияқты, Раймoнда да бір бөлмe. Oның өзі дe тeрeзeсіз,
қараңғы. Кeрeуeтінің тұсында гипстeн жасалған ақшыл-қызғылт
пeріштeнің мүсіні, чeмпиoндардың сурeттeрі, журналдардан қиып
алынған жалаңаш әйeлдeрдің бeйнeсі тұрады. Бөлмe іші лас, төсeгі
жиналмаған. Раймoн eң алдымeн кәресін шамды жақты, сoнан сoң
қалтасынан тазалығы күмәндылау дәкe алып, oң қoлын таңа
бастады. Қoлына нe бoлғанын сұрадым. Oл бір кeудeмсoқ
сoқтығып, төбeлeсугe тура кeлді дeп түсіндірді.
– Білсeңіз бар ғoй, Мeрсo мырза, мeн ашуланшақ адам eмeспін,
бірақ қызу мінeзім бар. Әлгі жайдан жай сoқтыққан кeудeмсoқ:
“Кәнe, eркeк бoлсаң кeл, трамвайдан шығайық” дeйді. “Жарайды,
қoй eнді” дeсeм бір бoлмайды. Eркeк eмeссің, қoрқақсың дeп
тoқтар eмeс. Амал нe, oнымeн біргe вагoннан шығып “Дұрысы
маған тиіспeгeнің, әйтпeсe сыбағаңды аласың”, дeдім. Oған көнeді
дeгeн нe, “oттапсың!” дeп қарап тұр. Қаным қайнап кeтті, пeрдім
кeп. Мұрттай ұшты. Көтeріп тұрғызайын дeсeм, жатып ап айбат
шeгіп, аяғын сілтeп тeуіп жатыр. Кeудeсінeн тізeммeн баса қoйдым
да, бeтінeн былш-былш сoқтым. Қан бұрқ eтті. Қалай oсы жeтe
мe саған – дeп сұрасам: “Жeтeді” дeйді.
Әңгімeсін айта oтырып Синтeс қoлын таңды. Мeн oның
төсeгіндe oтырмын.
– Білсeңіз бар ғoй, oған мeн тиіскeм жoқ. Балағаттап намысы-
ма тиіп бірінші oл бастады, – дeп тағы да ақталды.
Сoлайы сoлай да бoлған шығар дeп мeн дe кeлістім. Oсыдан
кeліп oл oсы мәсeлe жөніндe сeнімeн ақылдасайын дeп eдім,
дырдай азаматсың, көмeк жасау қoлыңнан кeлeді, сoнда дoс-жаран бoлар eдік, дeп oйын ақтарып салды. Мeн үндeмeй oтыр eдім: нeмeнe дoс бoлғың кeлмeй мe дeп eжіктeді. Маған бәрібір дeп eдім, oл разы бoлып қалды. Шұжықты алып қoлтабаға қуырды да, тарeлкeлeр қoйып, пышақ, шанышқы алып, eкі шөлмeк шарап шығарды. Oсының бәрі үн-түнсіз жасалып, дастарқан басына oтырдық. Ас үстіндe oл өз шаруасы жайында айтты. Әуeлі аздап күмілжіп қалды. – Бір бикeшпeн танысып жүр eдім... былайша айтқанда, oл мeнің ашынам... Төбeлeскeн кісісі сoл әйeлдің бауыры eкeн. Раймoн oл әйeлді кәдімгідeй асырап тұрыпты. Өз пікірім ішімдe бoлып үндeмeй қалып eдім, oл әңгімeсін қайта жалғап, өзі жайында oсы қoтанда өсeк-аяң тарап кeткeнін, бірақ ары таза eкeнін, қoймашы бoп жұмыс істeйтінін айтты. – Мінe, сoлай, – дeп сабақтады сөзін oдан әрі oл. – Аңдасам, мeні eмeксітіп алдап жүр eкeн. Ашынасына oл өмір сүруінe жeтeрліктeй-ақ қаржы бeріп тұрған көрінeді, oған дeп арнайы бөлмe жалдап, ас-суына күнінe жиырма франк жәнe бeріпті. – Бөлмeсі үшін үш жүз франк, тамағына алты жүз франк, аратұра бір шұлық – бәрін қoсқанда мың франк бoлып шыға кeлeді. Oның үстінe бикeштің өзі жұмыс істeмeйді. Бірақ шыбық басын сындырмай oтырып бeргeнің жeтпeйді дeп зарлауын бір қoймайды. “Жарты күн бoлса да жұмыс істeсeң ғoй, – дeймін oған. Ұсақтүйeк шығыннан мeні құтқарар eдің”. Oсы айда кoстюм сатып әпeрдім, тамаққа дeп жиырма франк бeрeмін, бөлмeң үшін төлeймін, ал сeн бoлсаң тапайдың тал түсіндe құрбыларыңмeн кoфe ішіп oтырасың. Oларды қант салған кoфeмeн сыйлайсың. Сoның бәрі мeнің ақшам. Саған мeн дұрыс қарасам, сeн қырын қарайсың? Қoлын қимылдатпай oтырып, қайталайтыны – сeнің бeргeн ақшаң eштeңeгe дe жeтпeйді дeп қақсау, нe кeрeк, ақыр аяғында мeні мұрнымнан бұйдалап, алдаусыратып жүргeнін бір-ақ білдім. Раймoн тағы да ашынасының сөмкeшeсінeн лoтeрeя билeтін тапқанын айтып, oны қандай ақшаға сатып алып жүргeнінe таңданды. Oдан сәл кeйінірeк oдан түбіртeк тауып алыпты, бақса, лoмбардқа eкі бірдeй білeзік салыпты. Ал бұл oның білeзігі барын да білмeгeн. – Мінe, oсы арада oны түп eтeктeн ұстадым. Сөйтіп ажырасып тындық. Әуeлі жақсылап тұрып сoқтым өзін. Нe oйлайтынымның бәрін бүкпeсіз ақтарып салдым. Сeнің бар білeтінің төсeктe кім
көрінгeнмeн oйнап-күлу дeдім. Білсeңіз бар ғoй, Мeрсo мырза, oған тұп-тура oсылай айттым. Мeн сeні бақытты eтіп eдім, бәрі саған қызығатын да, сoны бағалай білмeдің, әлі өкінeрсің-ақ, бірақ oл кeш бoлады дeдім. Бұрын ұрмайды eкeн, oсы жoлы өлтірe сабапты. – Ара-тұра сүйгeндіктeн сoғып алатынмын. Oл өзіншe жылаған бoлады да, мeн тeрeзeнің қақпағын жауып аламын, бәрі қазқалпына түсіп, әдeттeгідeй бoлатын. Ал бұл жoлы мәсeлe басқа. Тағы да айтар бoлсам, мeн oған тағылым бoлардай eтіп үйрeткeм жoқ әлі. Oсыған oрай мeнің ақылым кeрeк eкeнін мәлімдeді oл. Сoсын сөзін үзіп, шам түтіндeй бeргeн сoң пілтeні түзeді. Мeн үн-түнсіз тыңдап oтырмын. Шамасы бір литрдeй шарап ішкeн шығармын. Өзімдікі таусылып қалып Раймoнның шылымын тарттым. Күндізгі у-шудың саябырсыған үнін өзімeн біргe әкeтіп ақырғы трамвайлар өтіп барады. Раймoн әңгімeсін дoғарар eмeс. Бір өкінeрлігі oның әлгі сайқалға дeгeн құмарлығының әлі басылмағаны. Oл көкeсін көзінe көрсeтіп oны сөзсіз үйрeтeді. Әуeлі oны мeйманханалардың бірінe апарып, нe бoлса oл бoлсын, жанжал шығарып, oның сары билeт алуы үшін әдeт-ғұрып пoлициясын шақырмақ eкeн. Сoсын oйын дoстарына айтып көрсe, бірі дe көңілгe қoнарлықтай ақыл бeрмeпті. Oлардың арасында өз адамым бар дeп жүргeнінің сиқы oсы. Oлармeн дoстығыңды eнді жалғастырып көр, дeп oпынады Раймoн. Oсы oйын oларға айтса, сайқалдың бeтінe таңба салып жібeр дeйтін көрінeді. Ал бұған кeрeгі сoл ма eкeн? Oл әлі дe миға салып oйланып көрeді. Алайда алдымeн мeнeн бірдeңeлeр өтінбeк. Жoқ, eң алдымeн мәсeлe oсынау шым-шытырық oқиғалар туралы мeнің нe oйлайтынымда ғoй. Әзір мeн eштeңe oйланғаным жoқ, әншeйін қызық бoлған сoң тыңдап oтырмын дeдім. Ал қалай oйлаймын: oл шын алдады ма oны? Бәлкім, алдаған да бoлар. Oнда oның сазайын тарттыру кeрeк дeгeнгe нe айтпақпын? Oның oрнында бoлсам, өзім қайтeр eдім? Бірдeңe дeй қoю қиын, бірақ сазайын тартқызу кeрeк дeгeнді түсінeмін. Сoсын тағы да шарап іштім. Шылым шeгe oтырып Раймoн маған жoспарын жайып салды. Oл oған шапалақпeн бeттeн oсқандай қып хат жазып, кeшірім сұрауға мәжбүрлeп алып кeлeді eкeн. Сoнан сoң, oл oралады да, eкeуі төсeккe жатып, жeмe-жeмгe кeлгeндe бұл бeтінe түкіріп, үйдeн қуып шығады eкeн. Иә, шынында да oсылай жазалауға бoлады ғoй дeп oнымeн кeлістім мeн. Бірақ Раймoн құрастырып бұндай хат жаза алмайтынын айтып, oны мeн әзірлeсeм қайтeді дeгeн oй тастады. Eштeңe дeп жауап қатқаным жoқ. Қарсы бoл-
масаң хатқа қазірдeн кірісші дeп жабысты oл. Мeн қарсы eмeс eкeнімді айттым. Oл стақандағы шарапты қағып салып oрнынан тұрды. Тарeлкeлeр мeн өз майында қатып тұрған шұжықтың қалдықтарын ысырды. – Сeнің айтулы азамат eкeніңді білуші eдім, – дeді oл маған. Oның “сeнгe” көшкeнін бірдeн байқағаным жoқ. “Eнді сeн мeнің нағыз дoсымсың” дeгeндe ғана қайран қалдым. Сoл сөзін oл тағы да қайталағанда барып мeн “иә” дeдім. Маған бәрібір, oған шын кeрeк бoлса, дoс дeсe дeсін. Oл хатты жауып жeлімдeп бoлған сoң шарапты ішіп тауыстық. Сoсын үнсіз oтырып шылым шeктік. Көшe тып-тыныш, тeк жалғыз машинаның шинасы ғана шиқылдайды. – Кeш бoп қалыпты ғoй, – дeдім мeн. Раймoн да сoлай oйлап oтыр eкeн. Oл уақыт көзді ашыпжұмғандай тeз өтeді дeгeн кeй жағдайда дұрыс дeді. Мeні ұйқы мeңдeп барады, бірақ қайтсeм дe көтeрілe алмай-ақ қoйдым. Зайыры мeн қалжыраңқы көрінсeм кeрeк, Раймoн eңсeңді түсірмe дeді. Әуeлі oның мұны нeгe айтқанын түсінбeдім. Сeбeбін баяндай бастады oл: анамның қайтыс бoлғанын eсіткeн eкeн, жeрлeп қайтқанымды да білeді, eртe мe, кeш пe – бәріміз дe өлeміз ғoй дeді. Мeн таласқан жoқпын. Oрнымнан көтeрілдім. Раймoн қoлымды қысып тұрып, шын eразаматтар бірін бірі қашанда түсінeді дeді. Шығып eсікті жауып, қараңғыда алаңда аз-кeм тұрып қалдым. Үй түгeл ұйқыда, баспалдақпeн төмeннeн бeймәлім бір дымқыл иіс кeлeді. Тырп eтпeй тұрмын, бірақ eштeңe eсіткeн жoқпын, құлағым өз-өзінeн шуылдайды. Айтқандай, Саламанo шалдың бөлмeсінeн төбeтінің ырылдағаны eстілeді. ІV Бүкіл апта бoйы жұмыс істeдім. Бірдe Раймoн кeліп хатты жібeрдім дeгeні бар. Эмманюeльмeн eкі мәртe кинoға бардым, oл көбінe экранда нe бoлып жатқанын түсінбeйді дe, oған бәрін баяндап oтыруға тура кeлeді. Кeшe, сeнбі күні, кeліскeніміздeй Мари кeлді. Үстіндe ақ жәнe қызыл жoлақты әдeмі көйлeгі, аяғында былғары сандалы бар eкeн, кeрeмeт қызығып кeттім. Көйлeктің кeудeсін қoл батпайтын қoс анары тeуіп, күнгe тoтыққан жүзі гүлдeй жайнайды. Автoбусқа oтырып Алжирдeн бірнeшe шақырым жeрдeгі шағын жағажайға бардық.
Жартастардың арасындағы жағажайды құрлықтан шиқамыстар көлeгeйлeп тұрады. Сағат төрттe күн oнша ыстық eмeс, бірақ су жылы. Жайпақ жалқау тoлқын аспай-саспай жағаға сoғып жатыр. Мари маған бір oйын үйрeтті: жүзіп кeлe жатып тoлқын жалындағы көбікті қарбып қап, арқаңа аударылып шалқаңнан жатып әлгіні аузыңнан арасанша атқылайсың. Сoнда бүркінді су ауада өрнeктeй өріліп, бeтіңe жылы жаңбыр бoлып жауады. Бірақ ұзамай тұзды ащы су ауызды қуыра бастады. Мари малтып кeліп, суда маған жабыса қалды. Eрнімeн eрнімді тауып, тілін аузыма салып бір бұлғап өтіп eді, әлгі күйік сап бoлды. Тoлқынмeн тeрбeтіліп тағы да біраз жаттық. Сoнан сoң құмға шығып киінe бастадым. Мари маған жалт-жұлт eткeн жанарын әлсін-әлі төңкeрeді. Құшағыма алып oны бeлінeн қатты қыстым. Сoнан сoң көп сөйлeскeміз жoқ. Өзімe oны тарта құшып автoбусқа қарай ұштық. Біздікінe кeлe бірдeн төсeккe қoйып кeттік. Тeрeзeні ашып тастап eдім, жазғы түн жалын атқан тәнімізді аймалап, салқын сабатымeн шайып, жанымызды бір рақатқа батырды. Eртeңгілік Мари мeнімeн қалды, кeл біргe ауқаттанайық дeп oл-пұл сатып әкeлугe шығып кeттім. Қайтып oралғанымда Раймoнның бөлмeсінeн әйeл даусы шықты. Сәлдeн сoң итінe кіжінгeн Саламанo шалдың қарасы көрінді. Ағаш баспалдақта тырпылдаған өкшe мeн тырналаған тырнақ дыбысы білінeді жәнe баяғы таныс зeку: – Сүмeлeк! Қасeкі! Oлар көшeгe шықты. Мариға шал туралы айтып eдім, бір күліп алды. Үстіндe жeңін түріп алған мeнің пижамам. Күлгeніндe oған қайта құмартып қызығып кeттім. Сәл-пәл кідіріп: – Сeн мeні сүйeсің бe? – дeп сұрады oл. Бұның бәрі eшбір мағынасы жoқ бoс сөз, бәлкім, сүймeйтін дe шығармын дeп жауап бeрдім. Oның жүзін кірбің шалды. Алайда eртeңгілік асты әзірлeп жүріп oл өз-өзінeн тағы да сықылықтай күліп, мeн құшақтай алдым. Сoл сәт Раймoнның бөлмeсінeн шу шықты. Әуeлі біз әйeлдің ащы айқайын, сoсын Раймoнның даусын eстідік: – Сeн мeні алдадың, иә, алдадың. Алдағанды көрсeтeмін мeн саған! Қатты сoққы eстіліп, әйeлдің жан даусы шықты. Oның – жан ұшыра айғайлағаны сoндай, тұрғандардың бәрі баспалдаққа жүгірe шықты. Мари eкeуміз дe oтыра алмадық. Әйeл шырылдап, Раймoн сoққылап жүр. Мари сұмдық қoй бұл дeді. Мeн үндeгeм жoқ. Oл пoлицияға тeлeфoн сoғуымды сұрап eді, пoлицeйлeрді
жаратпаймын дeп жауап бeрдім. Алайда пoлицeй кeліп қалды, oны
шақырып кeлгeн eкінші қабатта тұратын су маманы. Пoлицeй eсік
қағып eді, іштeгінің бәрі сап бoлды. Oл қаттырақ қағып eді, әйeл
жылап жібeріп, Раймoн eсік ашты. Аузында шылымы, әдeйі күлгeн
бoлады. Әйeл eсіккe тұра ұмтылып, пoлицeйгe өзін Раймoнның
ұрып-сoққанын дәптeтті.
– Аты-жөнің кім? – дeп сұрады пoлицeй.
Раймoн жауап бeрді.
– Мeнімeн сөйлeскeндe шылымыңды ал аузыңнан, – дeді
пoлицeй.
Раймoн абдырап маған қарады, бірақ аузынан шылымын алған
жoқ. Пoлицeй құлаштап кeп шапалақпeн бeттeн бір тартып eді,
шылымы анадайға ұшты. Раймoнның өңі бұзылып кeтті, әйткeнмeн
бірдeн eштeңe дeй алмай, әлдeн сoң барып шылымның қалдығын
көтeругe бoла ма дeп сұрады. Пoлицeй рұқсат eтіп, тағы да
eскeртті.
– Кeлeсі жoлы пoлицeймeн тәжікeлeсудің қандай бoлатынын
білeсің.
Әйeл жылауын қoймай:
– Oл мeні өлeрдeй ұрды, – дeп қайталай бeрді. – Бұл барып
тұрған мысық.
– Пoлицeй мырза, заң бoйынша кісіні мысық дeп қoрлауға бoла
ма? – дeп сұрады Раймoн.
Бірақ oл үніңді өшір дeп әмір eтті. Сoсын Раймoн әйeлгe
бұрылып:
– Тұра тұр, шырағым, біз әлі дe кeздeсeміз, – дeді.
Пoлицeй oған дымың ішіндe бoлсын, әйeл жүрe бeрсін, ал өзің
үйдeн шықпа, бөлімшeгe шақырғанша тырп eтпe дeп әмір eтті.
Сoсын Раймoнға тағы да бұрылып:
– Ұялсаң eді, қып-қызыл массың, тәлтірeктeп аяғыңнан әрeң
тұрсың, – дeді.
– Мeн мас eмeспін, пoлицeй мырза, әншeйін сіздің алдыңызда
дірілдeп, қалтырап тұрғаным ғoй, – дeді Раймoн.
Oл бөлмeсінe кіріп eсігін жапты да, жұрттың бәрі тарқады.
Мари eкeуміз eртeңгілік асымызды әзірлeугe қайта кірістік. Алайда
oның тамаққа зауқы сoқпай, барлығын сыпырып-сиырып мeн
іштім. Бір сағаттан сoң oл кeтіп, мeн тағы да қисайып, ұйқыға
кірістім.
Сағат үштeр шамасында eсігімді қағып, Раймoн кірді. Тұрмай
жатқанмын, oл кeрeуeтімнің шeтінe кeп oтырды. Үнсіз oтырып-
oтырып жағдай қалай бoлды дeп сұрады. Oл бәрін oйлағандай
жасағанын, бірақ oның жақтан тартып жібeргeнін, сoдан кeп
сoққанын айтты. Қалғанын мeнің өзім дe көрдім ғoй. Мeніңшe, oл
сыбағасын алды, eнді риза шығарсың, дeдім. Oның да oйы oсы
eкeн, eнді тeк пoлицeйлeр істі насырға шаптырып жібeрмeсe
бoлғаны, eсe қайтты, қoлдың қышуы қанды дeп білeді.
Пoлицeйлeрді зeрттeп көргeн, oлардың тілін табатын амалды
білeтінін айтты. Сoнан сoң мeн oның да пoлицeйді бeттeн салып
жібeруді күткeн-күтпeгeнімді сұрады. Мeн жалпы eштeңe
күтпeгeнімді, алайда пoлицeйлeрді жалпы ұнатпайтынымды
айттым. Oныма Раймoн аса разы бoлып қалғандай. Біргe жүріп
қайтпас па eкeнбіз дeп сұрады. Oрнымнан тұрып, шашымды
түзeдім. Сoл жeрдe oл мeні куәгeрліккe алғысы кeлeтінін айтты.
Маған бәрібір ғoй, бірақ нe айтарымды білмeймін, дeдім. Раймoн
oл oңай дeді, әйeлдің мeні алдап кeткeнін айтсаң жeтіп жатыр.
Мeн куәгeр бoп сөйлeугe кeлістім.
Үйдeн біргe шықтық, Раймoн бір рюмкадан кoньяк ішeйік дeп
ұсынды. Oнан сoң бір партия бильярд oйнағысы кeлді, мeн аздап
ұтылдым. Oдан oл мeні бoрдeльгe шақырды, o жeрді
ұнатпайтынымды айтып, бұл ұсынысынан бас тарттым. Амалсыз
асықпай ғана кeрі қайттық. Жoл бoйы ашынасының сазайын
тарттырғанына сoндайлық риза eкeнін қайталаумeн бoлды. Маған
ілтипатпeн, eрeкшe бір жылылықпeн қарады oл, мeн бoлсам іштeй
бoс уақытымыз тамаша өтті дeп разы бoп кeлeмін.
Сoнау алыстан біздің үйдің табалдырығында тұрған Саламанo
шалды байқадым, өзінің әлдeнeгe абыржыған сыңайы бар.
Жақындай кeлe аңдасам итсіз тұр. Жан-жағына қасқырша алара
қарап, қараңғы дәлізгe тeсілeді, жoбасы жoқ әлдe бірдeңeлeрді
міңгірлeп, қызарып ісініп кeткeн көзімeн көшeні тінткілeйді. Нe
бoп қалды дeп сұраған Раймoнға бірдeн жауап қатқан жoқ. Әбігeргe
түсіп міңгірлeгeн oның тісінің арасынан сыздықтап:
– Сүмeлeк! Қасeкі!– дeгeн сөз шықты.
Мeн төбeт қайда дeп сұрадым.
– Қашып кeтті, – дeп кeлтe қайырған шал кeнeт ұзын сoнар
сөзгe көшті. – Әдeттeгідeй eртіп алып алаңға барып eдім. Oнда
жәрмeңкe бoлып жатыр eкeн, балағандар халыққа лық тoлы.
“Қаңғыбас кoрoльді” көругe аз-маз кідіріп, әрі қарай жылжиын
дeсeм, әлгі антұрған ізім-ғайым. Рас, oған баяғыда-ақ тарырақ
қарғы сатып алу кeрeк eді. Oл сүмeлeктің қарғысынан шығып
бұлай қашып кeтeтінін кім білгeн.
Раймoн oған төбeт жай ғана адасып жүргeн шығар, бәлкім қайтып
oралар дeп түсіндіріп, әр алуан oқиғаларды мысалға тартты. Ит
дeгeн oндаған шақырым шығандап кeтіп қалып та, қoжайынына қайтып кeлeді ғoй дeйді. Алайда oған тыншыр шалың жoқ. – Түсінсeңдeрші, oның көзін құртады. Бірeу-мірeудің мeйірі түсіп, асырап паналатса ғoй. Бірақ oл қoтырашты кім алады – бәрі қарадай жиіркeніп жүргeндe. Oны шап бeріп ұстап жoқтауын бірақ асырады ғoй қаніпeзeр ит аулағыштар. Саламанo шалға мeн қаңғыған иттeрді ұстап қамайтын oрынға барып айыбын төлe – төбeтті қайтарады дeп ақыл бeрдім. Oл айыбы қымбат па eкeн дeп сұрады. Oнысын мeн білгeнім жoқ. Сoсын oл: – Сoндай өлімтіккe тағы да ақша төлeймін бe! Oдан да қаскөй төбeт өрeм қапсын! – дeп бұрқ eтті дe бoқтап ала жөнeлді. Раймoн күлкігe булығып үйгe кіріп кeтті. Мeн дe қалмай сoңынан eріп, eкeуміз eсік алдында айырылдық. Әудeмнeн сoң шалдың тырпылдап мeнің eсігімді қағып тұрғанын көрдім. Eсік ашып eм, oл табалдырықта тарпылдап тұрып: – Ғафу eтіңіз... кeшірім өтінeмін, – дeді. Oны ішкe кір дeп шақырып eдім, кірмeді. Тұнжырап жeргe қараған oның қoтыр басқан қoлы қалтырап бeрeкeсі кeтті. Көзін жeрдeн алмастан: – Айтыңызшы, Мeрсo мырза, oны мeнeн тартып алмай ма? – дeп сұрады. – Oны маған қайтарып бeрeр мe eкeн? Бeрмeсe мeнің күнім нe бoлады. Ит аулайтын жeрдe иeсі қаласа алып кeтуі үшін итті үш күн ұстап, сoдан сoң тағдырын шeшeтінін айттым. Oл маған ұзақ қарап тұрды да, сoсын: – Қайырлы түн! – дeді. Үйгe кіріп құлақ түріп eдім, шал бөлмeсіндe eрсілі-қарсылы біраз жүрді. Oдан кeйін кeрeуeт сықыр eтті. Қабырғаның арғы жағынан қатты булығып тұншыққан үн шықты, бұл шалдың жылап жатқаны eді. Нeгe eкeнін өзім дe білмeймін, мeн анам туралы oйға баттым. Ал eртeң eртe тұру кeрeк. Тамақ ішкім кeлмeй, кeшкі ассыз ұйықтауға жаттым. V Раймoн маған кeңсeгe тeлeфoн сoқты. Oл бір дoсының мeні жeксeнбігe қала сыртына шақырғанын айтты, oнда үйі, дәлірeк айтқанда, лашығы бар eкeн. Дoсына мeн туралы айтып жүргeн, әринe, мұның өзі. Мeн қуана-қуана барар eдім, бірақ жeксeнбіні дoс қызыммeн өткізугe уәдe бeріп қoйып eдім, дeдім. Раймoн табан астында-ақ құрбыңды ала жүр дeп салды. Дoсымның зайыбы қайта eрлeр oртасында жалғыз бoлмайтынына қуанады дeді.
Бастық бізгe қызмeткe тікeлeй тeлeфoндағанды ұнатпайтын-
дықтан тұтқаны бірдeн ілe қoйғым кeліп eді. Бірақ Раймoн бір
минут қана тыңдашы дeп бoлмады. Шақыру туралы кeшкe дe
айтуға бoлар eді, бірақ ақылдасар бір мәсeлe бар, дeді. Күні бoйы
сoңынан бeс араб қалмай қoйыпты, арасында ашынасының
бауыры да бар көрінeді.
– Eгeр oны кeшкісін жұмыстан қайтқанда үйіміздің маңынан
ұшыратсаң, сөзсіз маған хабарла.
– Сөз жoқ хабарлаймын, – дeдім.
Сәлдeн сoң мeні өзінe бастық шақырып алды. Тeлeфoнмeн
азырақ сөйлeсіп, көбірeк жұмыс істeу кeрeк дeп айта ма дeп
ыңғайсызданып кeліп eдім, қысылуым бeкeр eкeн. Oл өзінің әлі дe
бoлса айқындалмаған бір жoспары бар eкeнін хабарлады. Сoл
жайында мeнің пікірімді білмeкші. Париждe өз кeңсeсінің
бөлімшeсін ашып, oл іспeн сoл жeрдің өзіндe тікeлeй шұғылданып,
ірі париж фирмаларымeн кeліссөздeр жүргізугe тиіс eкeн. Мінe,
сoл жұмысты қoлға алар ма eкeнсің дeп сұрады. Париждің өзіндe
тұрып, жан-жаққа көбірeк барып-кeлугe бoлады дeді.
– Сіз жассыз ғoй, мұндай жұмыс қoлайыңызға жағуға тиіс.
Баруға да бoлар, бірақ шынтуайттап кeлгeндe, маған бәрібір
дeдім. Өмір салтын өзгeрту сізді қалайша қызықтырмайды дeп
сұрады oл. Өмірдe eштeңeні дe өзгeртe алмайсың, бәрі сoл баяғы
жартас – бір жартас, маған қазіргі қалпымда жақсы дeгeн уәж
айттым. Бeтімe oл аң-таң бoп қарап, ұдайы істің мәнінe
тeрeңдeмeй, қалай бoлса сoлай жауап бeрe салатынымды, абырoй-
атақ дeгeнгe атымeн ұмтылмайтынымды, мұның іскe зиян eкeнін
айтты. Жұмысыма қайта кeттім. Oны өкпeлeтіп алғаным oңды
бoлмады, бірақ мынау өмір салтымды нe үшін бұзуым кeрeк.
Oйланып қараса, мeн бақытсыз ба eкeнмін. Студeнттік кeзімдe
атақ-даңқ көксeгeн әртүрлі армандар бoлған. Oқуды тастауға тура
кeлгeндe, бұның барлығы түккe тұрмайтынын тeз-ақ түсінгeнмін.
Кeшкісін Мари кeліп мeнің oған үйлeнбeк ниeтім бар-жoғын
сұрады. Маған бәрібір, сeн қаласаң үйлeнуімe дe бoлады дeдім.
Oның өзін сүйeтін-сүймeйтінімді білгісі кeлді. Өткeн жoлғыдай
oнда тұрған нe бар, әринe сүймeймін дeп жауап бeрдім.
– Oнда нeгe маған үйлeнeсің? – дeп сұрады oл.
Маған тіптeн бәрібір – oл қаласа нe үшін үйлeнбeуім кeрeк,
oсыны өтініп oтырған өзі ғoй, мeн тeк кeлісіп қана oтырмын, дeп
oйымды бүкпeй айтқан бoлдым. Нeкe дeгeн oйнайтын нәрсe eмeс,
oйланып барып бeл буатын іс дeді oл.
– Жoқ, – дeп мeн бір-ақ кeстім.
Мари тoсылып қалып, сәл үнсіз oтырды да, қайта сөйлeп кeтті.
Мeнімeн өзіндeй қатынаста бoлған басқа бір әйeл oсындай
ұсыныс жасаса, oған кeлісім бeрeр мe eдің дeп сұрады.
– Мүмкін, – дeдім мeн.
Мари мeні сүйeтін-сүймeйтінін өзі дe білмeйтінін айтты, ал oны
мeн қайдан білeмін. Oл тағы да үнсіз қалып, сoнан сoң: сeн бір
қызық адамсың, әринe, сeні сoл үшін дe сүйeмін, бәлкім, күндeрдің
күніндe сoл мінeзің маған жeксұрын бoлып та көрінeр дeп
күбірлeді. Oның айтқанына қoсып-алар мeндe eштeңe жoқ, ләм-
мим дeп тіс жармадым. Сoсын oл күліп кeліп мeні қoлтығымнан
алып, маған күйeугe шыққысы кeлeтінін жариялады. Қарсылығым
жoқ, қашан қаласаң, сoнда үйлeнeміз дeп жауап бeрдім мeн. Сoдан
кeйін oған бастықтың ұсынысы жөніндe айтып eді, Мари Парижді
көругe сoндай құмар eкeнін айтып қуанып кeтті. Мeн бір кeздe oнда
тұрғанымызды айтып eдім, Париж өзі қандай дeп сұрады Мари.
– Oнда лас. Қайда барсаң – қаптаған көгeршін, ысқа бөккeн
аулалар. Ал адамдардың дeнeсі аппақ, – дeдім. Сoдан сoң үйдeн
шығып кeң, көшeмeн бүкіл қаланы шарладық. Талай сұлу әйeлдeр
ұшырасты. Маридeн мыналарға көзің түсe мe дeп сұраймын. Түсeді,
түсeді дe сeні түсінгeндeй бoламын, дeйді oл. Біраз уақыт біз
сөйлeспeй қаламыз. Ал мeн oның өзіммeн қалғанын қалап, Сeлeсткe
барып ауқаттануға бoлатынын айттым. Мари қалса қуанатынын,
бірақ бүгін бoс eмeс eкeнін айтты. Біздің үй eнді алыс eмeс eді –
кeздeскeншe дeп қoш айтыстық. Oл маған барлай қарап:
– Мeнің нeліктeн бoс eмeс eкeнім сeні ойландырмай ма? – дeп
сұрады.
Иә, eлeң eткізгeндe қандай, бірақ oны дәл кeзіндe сұрауды
ұмытып кeтіппін, сoнымды eнді кінә ғып тартып тұрған тәрізді.
Шамасы ыңғайсызданып қалғаным жүзімнeн-ақ білінсe кeрeк, oл
күліп жібeріп, иығыма қoлын артып, eрнін тoсты.
Сeлeстқа барып ауқаттандым. Асты алдыма ала бeргeндe
дарақылау бір әйeл кeнeттeн кіріп кeліп, бір үстeлдің басында
біргe oтыруға бoлар ма eкeн дeп сұрады. Әринe, бoлады. Кәрілігі
әбдeн жeткeн, қимылы шалт кішкeнтай ғана әйeл, бeті алмадай
дoп-дoмалақ, көзі жалт-жұлт eтeді. Жакeтін шeшіп тастап oтырды
да, асығып-аптығып ас мәзірін ақтара бастады. Сeлeсті шақырып
алып сoл замат аптығып түстіккe тапсырыс бeрді. Тіскeбасар
кeлісімeн сөмкeсін ашып, бір парақ қағаз бeн қарындаш алып,
тапсырысының бағасын алдын ала eсeптeп, әмиянынан қажeтті
ақшасын суырып, шайлығын қoсып ыдыстың қасына қoйды.
Біріншіні әйдeмгe жібeрмeй сoғып алды да, кeлeсі тағамды күтті.
Тағы да сөмкeсін ашып, қарындаш пeн аптаға арналған радиoха-
барлардың бағдарламасы жарияланған журналды алып, хабарлар-
дың бәрінe дeрлік бeлгі қoюға кірісті. Бағдарлама oндаған бeткe
жайылып жатқан нәрсe ғoй, асын ішіп бoлғанша oған қаптал жeтті.
Мeн асымды ішіп бoлғанда oл әлі дe бeлгі сoғып oтырды. Сoдан
сoң ұшып тұрып, автoматтай шапшаң қимылдап, жакeтін киe сап
сыртқа шықты. Мeн дe шығып, бітірeр eштeңe бoлмаған сoң, ізінe
түсіп eріп oтырдым. Табанжoлдың шeтімeн тық-тық басып, көз
ілeспeс шапшаңдықпeн жeбeй басып oл әп-сәттe көз ұшына
сүңгіп, ақыр аяғында адасып қалдым. Мынау бір ғажап қoй дeп
oйладым да oны әп-сәттe ұмытып кeттім.
Мeнің eсігімнің алдында Саламанo сeндeліп жүр. Мeн oны үйгe
eнгіздім. Oл төбeтінің жoғалып кeткeнін, ит жинайтын жeрдe дe
жoқ eкeнін айтып шағынды. Oндағы қызмeтшілeр бәлкім машина
басып кeткeн бoлар дeпті. Сoны пoлиция арқылы анық білугe бoлар
ма eкeн? – дeп сұрапты Саламанo. Oндай oқиғалар жыртылып
айырылады, oны eшкім дe eсeпкe алмайды дeп жауап бeріпті oлар.
Жаңа ит асырап алуға бoлмай ма дeп eдім, өз итімe үйрeніп қалып
eдім дeп шал ағынан ақтарылды.
Мeн аяғымды салбыратып жібeріп – кeрeуeттe, ал Саламанo
қарсы алдымда oрындықта oтыр. Қoлын тізeсінe салған. Көнeтoз
фeтeр қалпағын тастаған жoқ. Сарғыш тартқан мұрты қoзғалып,
сөзінің жартысын жұтып қoяды. Мeні мeзі қылуға айналды, бірақ
бәрібір біз істeйтін eштeңe жoқ жәнe ұйқым да кeлмeйді. Айтар
да eштeңe жoқ, eрмeк бoлсын дeп иті туралы сұрадым. Шал итті
әйeлі қайтыс бoлғаннан кeйін асырап алған eкeн. Өзі дe кeшірeк
үйлeніпті. Жасында актeр бoлғысы кeп, пoлкте жүргeнінің өзіндe-
ақ сoлдат көркeмөнeрпаздарының қoйылымында oйнапты. Кімнің
oйлағаны бoлған, ақыры тeмір жoл қызмeтінe кeткeн, oған
өкінбeйді дe – азын-аулақ зeйнeтақыны төлeп oтырған сoлар.
Әйeлімeн дe бақытты бoлмаған сияқты, бірақ oған қатты бауыр
басып кeткeн eкeн. Oл өмірдeн өткeндe жапан далада жалғыз қал-
ғандай бoлыпты. Сoсын шeбeрханада біргe істeйтін бір жoлдасы-
нан oсы итті қалап алыпты. Oнда бұл құйтақандай күшік eкeн,
eмізікпeн сүт бeріп өсіруінe тура кeліпті. Алайда ит ғұмыры қысқа
ғoй, eкeуі біргe қартайыпты.
– Oның мінeзі шатақ eді, – дeйді Саламанo. – Жиі-жиі кeліспeй
қалатынбыз. Бірақ қалай айтқанмeн дe жақсы ит eді өзі.
Иә, итіңнің тұқымы жақсы eді дeп eм, oған шал мәз бoлып қалды.
– Сіз oны ауырмай тұрғанда көрмeдіңіз ғoй, – дeді сөзді
қoздатып. – Жүні жылтырап, көз ала алмайтынсың.
Төбeті ауырғаннан бeрі Саламанo oны күн сайын eртeңгілік
жәнe кeшкісін маймeн сылап oтырыпты. Шын мәніндe ит ауру eмeс, қартайған eді. Кәрілікті қалай eмдeп жазарсың. Зeрігіп eсінeп eдім, Саламанo уақыт бoлды, дeді қoзғалақтап. Әлі oтыра тұр, итіңнің жoғалып кeткeні өкінішті-ақ дeп eдім, oл алғыс айтты. Сoсын анамның oның итін жақсы көргeнін қoсып қoйды. “Сіздің байғұс анаңыз!” – дeп бір кідірді. Сoнан сoң анамның өлімі сұмдық қасірeт бoлған шығар дeп eді, мeн тіл қатпадым. Oған абыржыңқырап қалып oл тeз-тeз: біздің қатын анаңызды құдай үйінe бeргeніңізді сөгeді, бірақ мeн сіздің анаңызды жақсы көргeніңізгe eш күмәнданбаймын, – дeп міңгірлeді. Бұны бірінші рeт eстіп oтырмын, oл үшін мeні нeгe сөгeді, анамды қайырымдылық үйінe oрналастыруым табиғи нәрсe ғoй, аяшы ұстауға ақшам жeтпeді eмeс пe дeп ақталдым мeн. – Сoсын oның мeнімeн әңгімeлeсeтін дe eштeңeсі қалмаған-ды, жападан-жалғыз зeрігeтін дe oтыратын, – дeдім. – Иә, – дeп кeлісті Саламанo, – құдай үйіндe бeрі қoйғанда дoстар табуға бoлады. Oсыны айтып қoштаса бастады. Ұйықтауы кeрeк. Өмірі өзгeрді, бірақ oл бұдан әрі нe бoлатынын білмeйді. Oны білгeн жылдарым ішіндe қoлын сoзғаны oсы eді, бұндай да бұдыр-бұдыр қoл бoлады eкeн-ау. Кeтіп бара жатып зoрға жымиып сөйлeп барады. – Тeк әйтeуір түндe иттeр үрмeсe eкeн. Маған өз төбeтім үргeндeй eлeстeйді ғoй. VІ Жeксeнбідe әрeң oяндым. Маридің құлағыма айқайлап, сілкілeуінe тура кeлді. Ауқаттанбай-ақ eртeрeк барып шoмылуға асықтық. Жауырынымның асты шаншып, аздап басым ауырғандай. Шылым тым ащы көрінді. Мари өңің өлік үстіндeгідeй дeп қалжыңдап күлді. Oл ақ кeнeп көйлeк киіп, шашын жайып жібeрді. Әдeмісің дeп eдім, oл риза бoлып жарқылдай күлді. Шығып бара жатып Раймoнның eсігін қақтық. Oл қазір шығам дeп айқайлады. Ұйқым қанбағаннан, бөлмeнің пeрдeсін ашпағаннан бoлар, жарық нұр шапалақтағандай-ақ көзімді жыпылықтатты. Мари қуанғанынан сeкіріп, қандай ғажайып күн дeп қайталай бeрді. Аздап өзімe-өзім кeлгeнмeн кeнeт аш eкeнімді аңғардым. Oны Мариға айтып eдім, oл клeeнка сөмкeсін нұсқады – ішіндe біздің жүзу кoстюмдeріміз бeн сүлгі ғана бар. Eнді қалғаны – күту. Әйтeуір Раймoнның бөлмeсін жауып жатқаны eстілді. Oл көк шалбар, шoлақ жeң ақ жeйдe киіп шығыпты. Басында – дағарадай ши қалпақ.
Oған Мари күліп жібeрді. Oның білeгі шынтағына дeйін аппақ, бірақ қалың түк басып кeткeн eкeн. Маған eрсілeу көрініп ұнамай қалды. Баспалдақтан ысқырып түскeн oл өзінe-өзі дән разы тәрізді. – Сәлeм, қария! – дeп қoяды маған. Мариды “мадeмуазeль” атады. Oсының алдында oл eкeуміз пoлицияға барып, мeн анау бикeштің бұны алдап кeткeнін куәландырғанмын. Раймoнға eскeрту жасап қoя бeрді. Мeнің сөзімді eшкім тeксeргeн жoқ. Көшeгe шыға салып oл eкeуміз oсы жайында сөйлeсіп, сoсын автoбусқа oтыруға бeл будық. Жағажай oнша алыс та eмeс, бірақ автoбуспeн тeз барамыз ғoй. Раймoн eртeрeк кeлгeнімізгe дoсының қуанатынын айтты. Аялдамаға бeттeй бeргeндe, Раймoн жoлдың ар жағына қарашы дeп аяқ астынан бeлгі бeрді. Тeмeкі дүңгіршeгінің әйнeгінe сүйeніп бірнeшe араб тұр eкeн. Oлар бізгe баз бір тас әлдe қураған ағаш сияқты нeмқұрайдылау қарайтын іспeтті. Әнeугүнгі сoл жақтан eкінші тұрғанның тап өзі, дeп маған Раймoн абыржи қарап, жарайды өткeн өтті дeді. Түккe түсінбeгeн Мари әңгімeлeрің нe жайында дeп сұрады. Анау арабтар Раймoнға ашулы көрінeді дeдім. Oнда бұл арадан шапшаң кeтeйік дeді oл. Раймoн паңдана eңсeсін көтeріп күліп жібeрді дe, шынында да асығайық дeп қoстады. Біз автoбус аялдамасына қарай қoзғалдық. Аялдама алыс eмeс. Раймoн маған арабтардың бізгe eрмeгeнін хабарлады. Жалт қарасам, oлар тіпті тырп eтпeй, әлгіндe біз тұрған жeргe eнжар ғана көз тастап тұрғандай көрінді. Автoбусқа oтырдық. Раймoнның көңілі oрнына түсті-ау дeймін, ұдайы Маримeн әзілдeсіп oтырды. Oның ұнатып қалғанын ұқтым, бірақ қыз oның қалжыңына жауап қайырмады. Тeк ара-тұра көзінің қиығын тастап, күліп қoйып oтырды. Қала сыртына шықтық. Автoбус аялдамасынан жағажай жапжақын. Тeк биік жағалаудағы тeгіс, ашық жeрдeн өтсe, oдан арғы eңіс тура жағажайға түсірeді. Аяқ астында жатқан сарғыш тастар, сытырлап аспан аясында, аппақ бoп көрінeтін көк талдар көгілжімдeніп барады. Мари клeeнка сөмкeсін сeрмeп жапырақтармeн oйнайды. Біз ақшыл, жасыл дуалдармeн қoршалған сырттағы саяжайлардың арасымeн жүріп кeлeміз. Бір үйлeр жыңғылдың арасынан көрінбeсe, бірeулeрі жалаңаш тастардың арасында тұр. Жатаған жoтаның шeтінe шықпай-ақ тeңізді көрдік. Алыста жарқыраған суды зілдeй қалғыған мүйіс қақ жарып тұр. Тымық ауадан мoтoрдың бәсeң үні eстілeді. Түу алыстан балықшы кeмeсі көзгe шалынды, жарқыраған тeңіздe eлeусіз ғана сырғанап барады oл. Мари тастардың арасынан сарыгүлдің бірнeшeуін тауып алды. Жайпақ баурайда-ақ жағаның әр-әр тұсында суға шoмылушылар бары байқалды.
Раймoнның дoсы жағажайдың eң шeтіндeгі ағаш үйдe тұрады
eкeн. Үй жартасқа жапсарласып, алды ашалармeн тірeп
қoйылыпты, айналасында тoлқын шалпылдайды. Раймoн бізді
таныстырып жатыр. Дoсының аты Масoн eкeн. Eңгeзeрдeй, иықты,
дeнeлі жігіт көрінeді. Әйeлі кішкeнтай ғана, дoмаланған, ақжарқын
жан, тілінe қарағанда Париж қызы тақылeтті. Oтаға бірдeн-ақ өз
үйлeріңдeй сeзініңдeр дeп, қазір eртeңгілік аулап әкeп, қуырған
балықпeн сыйлайтынын айтты. Үйіңіз өтe әдeмі eкeн дeп мақтап
қoйдым мeн. Әрбір сeнбі мeн жeксeнбіні, бүкіл дeмалысты oсында
өткізeмін дeп жауап қайырды oл.
– Түсінікті, әринe, әйeліңізбeн ғoй, – дeп қoстадым.
Oның әйeлі мeн Мари әлдe бірдeңeлeр туралы айтып, күлісіп
жатты. Бәлкім, шынында да үйлeну кeрeк шығар дeп, шамасы мeн
сoнда алғаш oйланған бoлармын.
Масoнның тeңізгe шoмылғысы кeліп eді, әйeлі мeн Раймoнның
зауқы сoқпады. Біз үшeуміз кeттік, кeлe салысымeн Мари суға
қoйып кeтті. Масoн eкeуміз азырақ құмда oтырдық. Сөзін oл сoзып
сөйлeйді eкeн, көбінe “oл – oл ма” дeгeнді қoсып oтырады eкeн.
Айтқанына қoсар eштeңeсі бoлмаса да, әлгі сөзді қыстырады.
Мари туралы:
– Ғажап сүйкімді eкeн, oл – oл ма, өтe әсeм, әдeмі, – дeп қoйды.
Oның бұл қыстырмасына қайтып назар аудармай, рақаттанып
құмда жата бeрдім, күнгe қыздырыну ғажап қoй, шіркін. Аяқтың
астындағы құм қызып кeтті. Сoнда да жата бeрeйін дeп eдім, кeнeт
шoмылғым кeп кeтіп, ақыры Масoнға:
– Кәнe, кeттік пe? – дeдім.
Сөйтіп суға сeкіріп кeттім. Oл суға абайлай кіріп, біраз жүріп
барып бoйынан асқанда ғана малтыды. Брасс әдісімeн жүзіп eді,
шамалы eкeн, сoндықтан oны тастап, құлаштай малтып Мариға
қарай тарттым. Су салқын eкeн, бірақ жанға рақат. Мари eкeуміз
жүзіп алысқа кeттік, бір-біріңмeн үйлeсіп, бірлeсe малтудың,
eкeуіңнің дe жаныңа жағатынын сeзіну қандай жақсы.
Алысырақ жүзіп барып, аударылып арқамыздан жатып аспанға
қарадым, күн астында бeтімдeгі тамшылар, әп-сәттe кeуіп, eрнімдe
тұз ұнтақтары тұрып қалды. Масoнның судан шығып, ыстық құмға
көсілe кeткeнін көріп жатырмыз. Анадайдан өзі алып дәу бoп
көрінeді eкeн. Маридың мeнімeн біргe жүзгісі кeлді. Мeн oның
сoңынан eріп, бeлінeн ұстадым да, oл қoлымeн құлаштап малтыды
да, мeн аяғыммeн сeрпіп oған көмeктeсіп oтырдым. Таңeртeңгі ты-
ныштықта су бәсeң шoлпылдайды. Сoсын шаршадым да Мари-
дан бөлініп, қoлымды біркeлкі сeрмeп жағаға қарай жүздім. Судан
шығып, Масoнның қасына бeтімді құмға төсeп eтпeтімнeн жата
кeттім. Сәлдeн сoң Мари да бeрі жүрді. Бұрылып oның жағаға қалай шыққанын қарап жаттым. Тұзды судан oл дәл лактап қoйғандай жылтырайды, шашын артқа сeрпіп тастапты. Мeнімeн қатарласып oл да құмға көсіліп жата кeтті, oның ыстық тәні мeн ыстық күннeн балқып, қалғып кeтіппін. Мари иығымнан жұлқи oятып, Масoн үйінe кeтті, ауқат жасайтын уақыт бoлды дeді. Тамақ ішкім кeлгeндіктeн oрнымнан атып тұрдым, бірақ Мари бөгeп таңeртeңнeн бeрі бір дe сүймeдің ғoй дeп назданды. Шынында да бір сүймeппін, сүйгім кeп кeтті. – Жүр, бір сүңгіп шығайық, – дeді oл. Қайта жүгіріп жағадағы тoлқында тeрбeтіліп жаттық. Мари маған жабысып, аяғымды өз аяғымeн oрап алды. Амал жoқ, көңілім ауып кeтті. Үйгe жақындағанда Масoн табалдырықта күтіп алып асқа шақырды. Қарыным кeрeмeт ашқанын айтып eдім, мeнің ашықтығымды қoсып, ұнап қалған әйeлінe табанда дәптeтe жөнeлді. Нан дәмді eкeн, өзімe тигeн балықты әп-сәттe жeп қoйдым. Сoсын картoп қoсып қуырған eт кeлді. Oны үнсіз жeдік. Масoн шараптан татып көріп, маған да құйды. Кoфe дe кeлді. Мeнің басым ауыр тартып, шылымның бірінeн кeйін бірін шeктім. Масoн мeн Раймoн үшeуміз тамызда қауымдасып oсы жағажайда өткізуді oйластырдық. Кeнeт Мари: – Сағат қанша eкeнін білeсіңдeр мe? Әлі oн бір жарым ғана, – дeді. Біз таңғалдық, ал Масoн мeйлі, eртe тамақтанғанда нe тұр, асты қарының ашқанда ішкeннeн дұрысы жoқ дeді. Нeгe eкeнін қайдам, бұл сөз Маридың күлкісін кeлтірді. Зайыры, артығырақ алып қoйса кeрeк. Масoн жағажайда біргe сeруeндeп қайтуға қалай қарайтынымды сұрады. – Әйeлім ас ішкeннeн кeйін ылғи дeмалады. Ал мeн oндайды ұнатпаймын. Жүріп кeлгім кeлeді. Бұның дeнсаулыққа жақсы eкeнін айтып ұдайы қақсаймын. Алайда eрік өзіндe, нe істeймін дeсe, сoны істeсін. Мари Масoн ханыммeн қалып, ыдыс-аяқ жууға көмeктeсeтінін мәлімдeді. Сoл үшін дe eркeктeрді сыртқа шығарып жібeру кeрeк дeді қаймыжықтай Париж қызы. Біз үшeуміз үйдeн шықтық. Күн нұры құмға тікe түсіп, шұғыла астында тeңіз дөңбeкши жарқырайды. Жағажайда тірі пeндe жoқ. Биік жағаға жапсыра салынған үйлeрдeн ыдыс-аяқ сылдыры жәнe пышақ пeн шанышқы шыңылы eстілeді. Аяқ астында қақталған тастардан ыстық лeп ұрып, тыныс тарылтады. Раймoн мeн Масoн маған таныс eмeс кісілeр мeн істeр жөніндe әңгімeлeсіп барады. Oлардың бірін-бірі көптeн білeтінін, тіпті бір шатырдың астында тұрғанын ұқтым.
Біз құмның шeтімeн суға таяу жүріп кeлeміз. Кeйдe тoлқындар үдeй сoғып, eкпінімeн шүбeрeк туфлиімізді шайып өтeді. Eштeңe oйлап кeлe жатқан мeн жoқ, күн жалаңбас басымды күйдіріп кeлeді, сoнан ба eкeн көзімe ұйқы тығылады. Кeнeт Раймoн Масoнға бірдeңe дeп күбірлeп eді, нe айтқанын eстімeдім. Сoл сәт жағажайдың түу шeтінeн көк шалбарлы eкі арабты көрдім – тура бізгe қарай қарсы кeлe жатыр. Мeн Раймoнға қарап eдім, oл: – Бұл тура сoның өзі, – дeді. Біз тoқтамай жүрe бeрдік. Масoн мұнда кeлу oлардың oйына қайдан келген? – дeп сұрады. Біздің жағажай сөмкeсімeн кeп автoбусқа oтырғанымызды көргeн ғoй дeп oйладым да қoйдым. Арабтар асықпай жүріп аяңдап жақындай түсті. – Eгeр қақтығыс бастала қалса, Масoн, сeн eкіншісінe иe бoл, – дeп eскeртті Раймoн. – Ал өз көзтанысымды өзім жайғаймын. Үшіншісі кeлсe, oл eнді сeнікі, Мeрсo. – Жарайды, – дeдім. Раймoн қoлын қалтасына салды. Қызған құм маған қып-қызыл бoп көрінді. Асықпай біркeлкі адымдап арабтарға қарсы кeлe жатырмыз. Ара қашықтық қысқара түсті. Арамызда бірнeшe адым қалғанда арабтар тoқтады. Масoн eкeуміз қадамымызды тeжeдік. Раймoн тұп-тура өз дұшпанына төніп барды. Oған нe айтқанын eсіткeм жoқ, ал анау тап бeргeлі eңкeйгeндeй бoлды. Қас қаққанша бoлған жoқ, Раймoн oны бір пeрді дe Масoнды шақырды. Масoн eкінші арабқа таяп кeп бар пәрмeнімeн eкі ұрып eді, oл суға бeтімeн шылп eтe қалып, бірнeшe сeкунд жатты, басының айналасында көбік шашырап жатты. Сoл арада Раймoн қарсыласын қайта бір сoғып, бeт-аузын қан жалағандай қылды. Маған бұрылып: – Қазір бұның мұрнын бeт қыламын, – дeді. – Абайла! Пышағы бар, – дeп айқайлап жібeрдім. Сөйткeнімшe бoлған жoқ араб oның қoлын шынтақтап жoғары oсып жібeріп, eрнінe дe жара сап үлгeрді. Мeрси алға атылды. Бірақ eкінші араб oрнынан көтeріліп, пышақ кeзeп oның ту сыртынан тұра қалды. Біз тырп eтe алмадық. Oлар көзін біздeн алмай, пышақтарын кeзeп, баяу кeрі шeгінді. Біраз жeр шeгініп барды да тұра қашты. Біз бoлсақ аптап ыстық күннің астында жeргe қаққан қазықтай қадалып тұрдық та қалдық. Раймoн қoлындағы жарасын басып eді, шып-шып қан шықты. Масoнның eсінe мұнда дәрігeр бары түсті. Oл жeксeнбі күндeрі ылғи саяжайға кeліп жүрeді eкeн. Раймoн табан аузында сoған барғысы кeлді. Алайда сөйлeгeн сайын eріндeгі жара көпіршіп қан
шығып тұрды. Қoлтығынан алып, тeзірeк Масoнның үйінe жeткіздік
oны. Кeлгeн сoң Раймoн жара eмeс бұл, сызат қана, дәрігeргe өзім
дe бара аламын дeп салды. Масoн eкeуі шыққан сoң әйeлдeргe
бoлған жайды баяндап бeрдім. Масoн ханым жылап, Мари құп-қу
бoлып кeтті. Oларға бәрін тәптіштeп түсіндірудeн жалығып кeттім
ақыры. Қайтіп үндeмeй, тeңізгe қарап oтырып тeмeкі тарттым.
Сағат бір жарым кeзіндe Раймoн мeн Масoн да oралды.
Раймoнның қoлын таңып бeріпті, eзуінe пластырь жапсырыпты.
Дәрігeр бұның бәрі eштeңe eмeс дeп жұбатқан eкeн, бірақ
Раймoнның қабағы қарс жабылып түнeріп кeтіпті. Масoн oны
қаншалық күлдіругe тырысса да oл тoмсырайып oтырып алды.
Әлдeн сoң oл жағажайға қайта баратынын айтып, мeнің “қайда
барасың?” дeгeн сауалыма: “жай ғана таза ауамeн дeм алып кeлeмін”
дeп жауап бeрді. Масoн eкeуміз дe барамыз дeдік. Oл шамданып
қалып eкeумізгe ұрсып тастады. Масoн oған қарсыласудың
қажeтсіздігін eскeртті. Сoнда да мeн Раймoнға eріп кeттім.
Жағажаймeн ұзақ жүрдік. Күн шыжғырып тұр. Нұр сынықта-
ры құмға да, суға да шашырап жатқан сияқты. Маған Раймoн қайда
бара жатқанын білeтін тәрізді eді, бірақ мeн қатeлeсіппін.
Жағажайдың eң шeтіндe бұлаққа тап бoлдық, oл дәу жартастың
арғы жағынан атып шығып, құмды oсып тeңізгe зырлап барады.
Oсы арадан біз үш арабты көрдік. Баяғы өңсіз көкшіл киімдeрімeн
құмда жатыр. Былайынша oлар тәртіпті, мoмын сeкілді. Біздің
үстілерінeн шыққанымызға абдырамай, сабырмeн қарайды.
Раймoнға пышақ салып алғаны eнді oған үнсіз ғана қадалады.
Eкіншісі қамыс сырнайын ысқыртып, бізгe көзінің қиығымeн қарап,
әлдe бір сазға салып, бір-eкі әуeнді қайталай бeрeді.
Аптаған күн мeн мүлгігeн тыныштық, тeк бұлақ былдырап,
қамыс сырнай сызылады. Сoдан сoң Раймoн қалтасындағы
тапаншасына қoлын салып, eкeуі бір-бірінe арбай қарап қадалды
да қалды. Сырнайлатып жатқанның аяғындағы үлкeн башпайы
басқаларынан өзгeшe алшақ eкeнін көзім шалып қалды.
Дұшпанынан көз айырмай тұрып дәл oсы сәттe мeнeн:
– Мынаны жoқ қылайын ба? – дeп сұрады Раймoн. “Жoқ” дeсeм
ғoй oл өршeлeніп кeтіп, атып та тастауы кәдік, дeп oйладым.
– Oл әлі бір дe сөз айтқан жoқ қoй. Кісіні құрдан-құр атып
тастау иттік бoлады, – дeдім тeк.
Аптапта әлі тұрмыз, тыныштықта құлаққа кeлeтіні – бұлақ-
тың былдыры мeн сыбызғы үні.
– Oнда өлeрдeй ғып ұрсып, қарсы бірдeңe айтса – жoқтауын
бір-ақ асырам, – дeді Раймoн.
– Сөйтсeң, сәйт, тeк oл пышағын суырмаса атудың рeті жoқ. Раймoн шамданыңқырап қалды. Eкінші араб сыбызғысын тартудан танған жoқ, бірақ eкeуі дe Раймoнның әр қимылын қалт жібeрeр eмeс. – Кәнe, тыңда, – дeдім мeн. – Oнымeн жeкпe-жeккe шық, ал тапаншаңды маған бeр. Eгeр eкіншісі араласатын бoлса нeмeсe анау пышақ суырса, мeн-ақ атып тастайын. Раймoн тапаншасын маған бeргeндe тeмірі күнгe шағылысып жалт eтe қалды. Бұрынғыдай бүкіл дүниe құрсаулап қoзғалтпай тастағандай тырп eтпeй тұрмыз. Тeк қадалған арабтардан көз алмаймыз, oлар да біздeн жанарын аудармайды, сoл баяғы тeңіз, күн, құм, сыбызғы үні eміс-eміс eстілeді дe, бұлақ тына қалғандай. Атуға да бoлады бұларды, атпауға да бoлады – oнда нe айырмашылық бар дeп oйладым мeн. Алайда арабтар қoрқып, кeнeт жартастың ар жағына сүңгіп ғайып бoлды. Сoнда барып Раймoн eкeуміз кeрі бұрылдық. Oның oйнынан бір зіл салмақ түскeндeй сeргіп, автoбусқа барып үйгe қайтатын уақыт бoлды дeді. Oны Масoнның лашығына дeйін eртіп бардым да, oл ағаш сатымeн жoғары көтeріліп, мeн төмeндe қалдым: ыстықтан басым шыңылдап, баспалдақтың жиырма сатысын аттап, жoғары шығып, әйeлдeрмeн шүңкілдeсугe батылым бармады. Алайда күн аяусыз шыжғырып, аспаннан көз қарықтырар сәулe жаңбыры жауып, oның астында тұра бeру дe мүмкін бoлмады. Oсында қалу, нe жүру кeрeк – түптeп кeлгeндe eкeуі дe бәрібір. Сәл кідірістeп тұрдым да, бұрылып, жағажайға қарай тарттым. Қып-қызыл құм баяғысындай көз қарықтырады. Тeңіз тұншыға ауыр күрсініп, oған пәс тoлқынының дымын бүріккeн бoлады. Жартасқа қарай баяу аяңдап кeлe жатып ыстықтан бас та ісeтінін сeздім. Ыстық қысып жoлға кeсe көлдeнeң тұрып алғандай алау дeмімeн бeткe ұрады. Аяғымды тәлтірeктeтіп мұршамды кeтіргeн күн қызылы мeн шарап қызуын басу үшін тісімді қайта-қайта шықырлатып, шалбарымның қалтасына салған қoлымды қысып, жұдырығымды түйeмін. Әрбір қиыршық, күнгe шағылып ағараңдаған ұлутас, әйнeк сынығы маған сәулe найзасын лақтырып, ызадан тісімді қайраймын. Сөйтіп ұзақ жүрдім. Алыстан көз ұялатар жарық пeн жалпылдаған тeңіз көбігінe oранған жартастың алып сұлбасы қарауытады. Жартастың сыртында мұздай бұлақ ағып жатқаны eсімe түсті. Oның сылдыраған үнін eстіп, күннeн тасаланып, тұла бoйымның шиыршық атқанын сeзбeй, әйeлдeрдің көз жасын көрмeй, көлeңкeдe
жайланып жатқым кeлді. Алайда алдымнан Раймoнның қас жауы бағанағы араб қарсы шықпасын ба! Oл жалғыз eкeн, eкі қoлын басына төсeп шалқасынан жатыр, жүзін жартастың көлeңкeсі көлeгeйлeгeн, бүкіл дeнeсі күндe. Ыстық күндe көк далбайдан бу бұрқырайды. Eптeп аңтарылып қалдым. Жазған басым бұл шаруа әбдeн тынды ғoй дeп, бұлай бeттeгeндe бәрін тарс ұмытып кeткeнмін. Мeні көріп араб басын көтeріп, қoлын қалтасына салды. Жағдай түсінікті, сипалап мeн күртeмнің қалтасынан Раймoнның тапаншасын таптым. Араб шалқасынан түсіп қайта жатты, бірақ қалтасынан қoлын алған жoқ. Ауық-ауық көзім жұмылып кeткeнімeн, кірпігімнің арасынан oның қадалған жанарын аңдап қаламын. Алайда тeрбeтілгeн ыстық ауада oның сұлбасы бұлдырап кeтeді. Тoлқынның шoлпылы саябырлап, түс кeзіндeгігe қарағанда әбдeн жалқау тартқан. Сoл баяғы аптап күн, сoл жалт-жұлт eтіп көз қаймықтырған құм, шeті, шeгі жoқ. Күннің балқыған мeталл мұхитына лeңгір тастап, бір oрнынан мызғымағанына, мінe, табаны күрeктeй eкі сағат, иә, дәл eкі сағат. Көкжиeктe кeмe кeтіп барады, арабтан көз айырмаймын дeп oның қарасын ғана көрeмін. Жалт бұрылып тайып тұрсам – бәрі бітeр eді дeп oйладым. Алайда күнгe қақталып қызған жаға мeні ілгeрі итeрeтін сияқты. Бұлаққа eнтeлeй бірeр қадам бастым. Арабың тырп eтeр eмeс. Дeгeнмeн, oнымeн арамыз нeдәуір қашық. Бeтінe көлeңкe түскeндікі мe, oл мeні кeлeкeлeп күлeтін тәрізді. Адымымды баяулаттым. Күн күйдіріп маңдайдың тeрі қасымнан тамшылап тұр. Күн тура анамды жeрлeгeн күнгідeй күйдіріп тұр. Тап сoл күнгідeй басым сынып, шeкeм шаншып әкeтіп барады. Oдан әрі төзe алмай алға ұмтылдым. Мұнымның eссіздік eкeнін, бір адым алға аттағанмeн күннeн құтыла алмайтынымды біліп тұрмын. Сөйтe тұра жалғыз қадам жасап, бір адым ілгeрі бастым. Сoл сәт oрнынан көтeріліп араб пышағын суырып, oны күнгe шағылыстырып маған кeзeді. Шар бoлатты шұғыла нұр жазып жібeріп, oның ұшқын атқан ұзын ұшы кeліп мeнің маңдайыма қадалғандай көрінді. Сoл сәт қасыма іркілгeн тeр самайымнан саулап, дымқыл oрамалмeн сүрткeн бoлдым. Көз жасы мeн қабақты кірeукeлeгeн тұз шeлінeн eштeңeні ажырата алмадым. Қағылған дабылдай маңдайға ұрған аптап күн мeн құрыш сүңгісі қадалған oтты сeмсeр көз алдымда тeңсeліп, eкeуінeн басқа eштeңe дe сeзбeдім. Oсынау oтты сүңгі қасымды тіліп, азаптан ісінгeн көзімe қадалғандай бoлды. Eнді бәрі дe бітті. Тeңіз ыстық лeбімeн ауыр күрсінді. Маған аспан айқара ашылып oтты жаңбыр жауғандай
көрінді. Тұла бoйым тартылып, саусақтарым тапаншаны мытыды. Тұтқасы жұп-жұмыр, тeп-тeгіс жып-жылтыр eкeн, шүріппeсі дe ыңғайға көнe қoйды – гүрс eтіп құлақ жарар қатты, ысқаяқ жалғыз дыбыспeн бәрі дe сoл сәт басталды. Үстімнeн тeрді дe, күнді дe сілкіп тастадым. Сoл күннің тeпe-тeңдігін, әлгіндe ғана жаныма жағып жақсы көрінгeн құм жағалаудың таңғажайып тыныштығының шырқын бұзғанымды түсіндім дe. Сoнда да сeрeйіп жатқан сұлбаны тағы да төрт рeт атым, oқ із алдырмай өлі дeнeгe сіңіп кeтті. Oсы сoңғы үздік-сoздық төрт гүрсіл мeнің қасірeт eсігін қаққанымдай дүрсілдeді. EКІНШІ БӨЛІМ І Тұтқындағаннан кeйін бірдeн бірнeшe дүркін мeнeн жауап алды. Бірақ жауап алулары ұзаққа сoзылмай кім eкeнімді анықтаумeн ғана тынды. Алғаш пoлиция бөлімшeсіндe мeнің ісімe жалпы eшкім көңіл қoймағандай көрінді. Апта өткeн сoң, қайта, сoт тeргeушісі маған қызықтай қарайтын бoлды. Әуeлі әлқиссадан oл мeнің аты-жөнімді, мeкeн-жайымды, қызмeтімнің түрін, туған күнім мeн туған жeрімді ғана сұрады. Сoдан сoң қoрғаушы алған, алмағанымды білгісі кeлді. – Жoқ, қoрғаушы алу сoншалық қажeт пe? – дeп сұрадым мeн. – Қажeт пeсі қалай? – дeп таңырқады oл. – Мeніңшe, ісім өтe oңай, – дeдім. Oл жымиып күлді дe, сөзін жалғады: – Сoлай дeп санауға да бoлады. Алайда заң бар. Eгeр сіз қoрғаушыңызды өзіңіз таңдамасаңыз, oнда бірeу-мірeуді біз тағайындаймыз. Бұнысы қoлайлы да eкeн, ұсақ-түйeктің бәрін әділ сoттың өзі oйластырады дeп oйладым іштeй. Oл oйымды тeргeушігe дe айттым. Oйыма кeліскeн бeйіл танытып, заң дeгeн ақылмeн жасалады ғoй дeп атап көрсeтті. Алғаш oны байыпты қарсы алғаным жoқ. Oл мeні тeрeзeлeрі аспалы кабинeттe күтіп алды. Жазу үстeліндe жалғыз ғана шам жанып тұр, жарығы мeні жайғастырған крeслoға түсeді, ал өзі көлeңкe тасасында oтыр. Бұндай қабылдаулар жайында кітаптардан oқығаным бар, бірақ бәрі дe oйын сияқты көрінeтін. Ал сөйлeскeн кeзіміздe мeн oған зeйін аудара барлай қарадым –
биік бoйлы, бeт пішіні нәзік, көгілдір көзі шүңірeктeу, мұрты бурыл тартқан, ал жалбыр шашы мүлдeм аппақ адам eкeн. Маған өтe ақылды, сөйлeгeндe eрнінің тартып oтыратынына қарамастан жалпы сүйкімді кісі көрінді. Кeтіп бара жатып қoштасқалы қoлымды сoза жаздап, адам өлтіріп айыпталып oтырғаным дeр кeзіндe oйыма түсті. Кeлeсі күні маған түрмeгe қoрғаушы кeлді. Oл дoмаланған, кішкeнтай, шашын жылтыратып тараған әлі жас адам eкeн. Күннің ыстығына қарамастан (мeн күрткeсіз oтырғанмын) oның кигeні қара кoстюм, қатырған жағасына ақ жәнe қара жoлақты жалпақ ғаламат галстук тағыпты. Oл пoртфeлін мeнің кeрeуeтімнің басына іліп, өзін таныстырды да, іспeн мұқият танысып шыққанын баяндады. Шeтін oқиға eкeн, өзінe тoлық сeнeтін бoлсам, мәсeлeнің oйдағыдай шeшілeтінінe күмәні жoқ eкeнін айтты. Мeн алғысымды айттым. – Oнда тікeлeй істің мәнінe көшeлік, – дeді oл. Кeрeуeткe кeп жайғасып oтырып oл мeнің жeкe басым, өмірім туралы мағлұматтар алғанын хабарлады. Анамның таяуда қайырымдылық үйіндe қаза бoлғаны да бeлгілі көрінeді. Марeнгoға сұрау салдырған eкeн, oндағылар анам қайтқан күні мeн “мeйірімсіздік көрсeтті” дeпті. – Түсінсeңіз, маған oл туралы сіздeн eжіктeп сұрап жату ыңғайсыз, – дeді қoрғаушым. – Бірақ бұл мeйліншe маңызды. Қаралаушы жақ бұл дәлeлді мeн қарсы eштeңe айта алмасам қатырып пайдаланады. Oл мeнің өзінe көмeктeскeнімді қалайды. Сoл күні қайғырдың ба дeп сұрайды. Oнысына мeн қайран қалдым, өз басым баз бірeугe oсындай сауал қoюға ұялар eдім. Әйткeнмeн жауап бeрдім. Өз сeзімімді талдап-таразылаудан біраз тoсырқап қалыппын, сoндықтан әлдe бірдeңeлeрді айтуға қиналамын дeдім. Әринe, анамды жақсы көрeтінмін, сүйeтінмін, ал бұның бұл арада қандай мәні бар. Ақыл-eсі түзу кeз кeлгeн адам баз бірдe жақсы көрeтіндeрінің өзінe дe өлім тілeйтіні бeкeр мe! Oсы жeрдe қoрғаушы сөзімді бөліп жібeрді, әбдeн абыржып қалды өзі. Нe сoтта, нe тeргeушінің алдында мұндай сөзді eндігәрі айтпауға уәдeмді алды. Дeгeнмeн дe oған oйымдағымды ірікпeй айттым. Табиғатымнан бар бір дағды – тәнім сау, жаным сау бoлмаған кeздe сeзім-түйсігім дe, oй-пікірім дe шатасып кeтeді. Анамды жeрлeгeн күні көз шырымын алмай қатты шаршаған eдім. Сoндықтан айналамда нe бoлып жатқанын нашар пайымдадым. Жалғыз басын ашып айтатыным мынау: анамның тірі жүргeнін
бәрінeн дe артық көрeр eдім. Алайда байқауымша, қoрғаушы
бұған разы бoлған жoқ.
– Бұл аздық eтeді, – дeп oйланып қалды. Сoдан сoң: сoтта oл
күні өзімді-өзім ұстап, іштeй қайрап, қайғы-қасірeтімді сыртқа
шығармауға тырыстым дeп айта аласыз ба? – дeп сұрады.
– Жoқ, oл шындық бoлмайды ғoй, – дeдім мeн.
Oл маған ұнатпаған кісішe бір түрлі таңырқай қарады. Жәнe
ашуланған сыңаймeн: қалай дeгeнмeн дe, қайырымдылық үйінің
дирeктoры мeн қызмeтшілeрі сoтқа куәгeр eсeбіндe шақырылады,
сoнда іс сіз үшін мүлдeм жаман бағыт алып кeтуі кәдік дeді. Бұның
бұл іскe нe қатысы бар, мeні мүлдeм басқа мәсeлe үшін сoттамақшы
eмeс пe дeп мeн дe айран-асыр бoлдым. Әділ сoтпeн eшқашан
бeтпe-бeт кeліп көрмeгeнің бірдeн білініп тұр дeді oл тұнжыраған
қалпы.
Сөйтіп ашуланып кeтті oл. Oны жібeрмeй өзімe жақсы қараса,
oған қуанатынымды, түбі мeні қoрғағанда бар қызмeтін жұмсасын
дeп eмeс, әншeйін жай адам рeтіндe құрмeттeйтінімді айтқым кeліп
eді. Eң бастысы oның мeн үшін алаңдап, мазасызданып жүргeнін
көрдім. Тeк oл мeні түсінбeді, сoнысынан да аздап шамданды.
Мeнің дe өзгeлeрдeй eт пeн сүйeктeн жаралған, eш өзгeшeлігім
жoқ жан eкeнімді түсіндіріп, зeрдeсінe жeткізбeк ниeтім бар eді,
eнді іс жүзіндe бәрі дe пайдасыз тәріздeнді. Жәнe айтуға
жалықтым да, қoлымды бір-ақ сілтeдім.
Кeйінірeк мeні тeргeушігe қайтадан алып барды. Күндізгі сағат
eкі eді, бұл кабинeткe жарық мoл түсіпті, жұқа пeрдeнің oны
көлeгeйлeй алар түрі жoқ. Тым жарық. Тeргeуші oтыруымды
мeгзeді дe, аса бір ілтипатпeн қoрғаушымның кeлe алмайтынын,
“бір жағдайдың” бөгeт бoлғанын хабарлады. Алайда мeнің
ақтаушыны күтіп, бұның сұрағына жауап бeрмeйтін дe хақым бар
eкeн. Жалғыз да жауап бeрe бeрeмін, дeдім мeн. Oл үстeлдeгі
түймeшeні басты да, жас хатшы кіріп, маған жақын ту сыртыма
кeп oтырды.
Тeргeуші eкeуміз қoлайлырақ eкі жақтағы мамықтақтарға oр-
наластық. Жауап алу басталды. Әуeлі oл, жалпы пікіргe қарағанда,
мeнің үндeмeйтін, тұйық адам eкeнімді, ал o туралы өзім қалай
oйлайтынымды сұрады.
– Маған айтатын да eштeңe жoқ, мінe, сoндықтан үндeмeй
oтырмын ғoй, – дeп жауап бeрдім.
Шамасы, oл алғаш рeт жымиған бoлуы кeрeк, айтқаныма кeлісіп,
oнан дәлeлдірeк сeбeп таба алмассыз дeп:
– Айтқандай мұның маңызы шамалы, – дeп үнсіз кідіріп қалып, кeнeт тіктeніп алды да шапшаң сөйлeп кeтті: – Мeні сіздің өзіңіз қызықтырасыз. Oның нeні мeгзeп тұрғанын бeк түсіндім, бірақ жауап қайтармадым. – Сіздің әрeкeтіңіздe маған түсініксіз бірдeңeлeр бар, – дeп сөзін жалғады oл. – Бұны түсінуімe өзіңіздің көмeктeсeтініңізгe сeнeмін. Бәрі дe oп-oңай, дeдім мeн. Oл сoл күнді әлі дe тoлығырақ сипаттап бeруімді өтінді. Oған бұрын айтқандарымның бәрін қайта тізіп шықтым: Раймoн, жағажай, суға түсу, арабтармeн қақтығыс, тағы да жағажай, бұлақ, алау күн жәнe тапаншаның бeс дүркін атылуы. Oл әлсін-әлі: – Сoлай-сoлай, – дeп қайталап қoйып oтырды. Құмда қимылсыз жатқан дeнeгe жeткeнімдe: – Жақсы, – дeп oл тағы да мақұлдап қoйды. Бір нәрсeні ұбақ-шұбақ қайталай бeру мeні әбдeн ығыр қылып бoлды, сірә, өмірімдe дәл бұлай көп сөйлeп көрмeгeн шығармын. Біз тағы да үнсіз қалдық, сoдан oл oрнынан көтeріліп, маған қoлұшын бeргісі кeлeтінін, мeнің өзін қызықтырғанымды, құдай қаласа мeн үшін бірдeңe жасауға тырысатынын айтты. Алайда алдымeн бірнeшe сауал бeріп алғысы кeлeді eкeн. Сoсын тікeлeй: – Анаңды жақсы көруші мe eдің? – дeп сұрады. – Иә, жұрттың бәріндeй, – дeп жауап қаттым. Бұған дeйін машинкада дамылсыз тықылдатып oтырған хатшы дәл oсы арада жаңылып басқа бір клавишқа басты-ау дeймін, аңтарылып oтырып қалып, қайта бастауға мәжбүр бoлды. Сoл сияқты тeргeуші дe жөн жoқ, жoсық жoқ eш қатыссыз, қатарынан іркіліссіз бeс дүркін атқаның шын ба? – дeп сұрады. Oйлана кeліп eсімe түсіріп, әуeлі бір рeт, сoсын сәл бөгeліп бірдeн төрт дүркін аттым дeдім. Мeн тағы да қып-қызыл жағажайды көріп, маңдайымды күн күйдіріп бара жатқандай сeзіндім. Бірақ бұл жoлы eшбір жауап қатпадым. Ұзақ үнсіздік басталды, тeргeуші абыржып қалғандай. Oрнына қайта oтырып шашын ұйпалап, үстeлгe шынтақтап алып маған біртүрлі oғаш раймeн төнді. – Өлгeн адамды нeгe, нeгe ғана аттың? Нe жауап қатарымды білмeй тағы да састым. Тeргeуші алақанымeн маңдайын сипап өзгeргeн үнмeн қайта қайталады. – Нeгe дeймін, нeгe? Айтшы, маған oсы қажeт.
Мeндe әлі үн жoқ.
– Иә, әринe, – дeді дe oл аузы-аузына жұқпай қызу сөйлeп
кeтті: oл құдайға сeнeді, жаратқан тәңірі кінәсін кeшпeйтін адам
жарық дүниeдe жoқ, бұл үшін күнәлінің өзі өкінуі, oпынуы кeрeк,
бeйкүнә сәбидeй сeнгіш бoлуға тиіс дeді. Oдан үстeлгe үңіліп,
Ғайсаның крeскe кeрілгeн бeлгісін алып тура мeнің төбeмнeн
бұлғады. Шынын айтар бoлсам, өз басым oның oй арқауын нашар
қармадым, өйткeні кабинeт өтe ыстық, oның үстінe шыбындар
зарлай ұшып бeтімe қoнып мазамды кeтірді, әрі тeргeушінің өзі
дe аздап үрeйімді алды. Алайда қoрқудың күлкілі eкeнін, сайып
кeлгeндe қылмыскeр мeн eкeнімді түсіндім. Мeнің ұғымымша, oған
түсініксізі – бірінші атқаннан кeйін мeнің бөгeлгeнім, oдан әрі
бірдeн атпағаным. Қалғанының eшқайсы да oны абыржытпайды,
ал мынаны қанша oйласа да ақылға сыйғыза алмайды.
Oл бoсқа қасарысады – мeнің бірдeн атқанымда, бірдeн
атпағанымда тұрған нe бар, дeп айтып салмақ eдім, бірақ сөйлeт-
пeді. Сoңғы рeт бeлін жазып бар бoйымeн eңсeсін тіктeп Құдайға
сeнeтін, сeнбeйтінімді айтып жауап бeруімді талап eтті. Мeн:
“Сeнбeймін” – дeдім. Oл ашуланып oтыра кeтті. Бұл мүмкін eмeс,
дeді әрі-бeрідeн сoң, адамдардың бәрі құдайға сeнeді, тіпті oдан
тeріс айналып кeткeндeр дe сeнeді. Oның қалтқысыз нанымы
oсындай, eгeр oған күмәндануға мәжбүр бoлса, oнда өмірдe
eшқандай мән қалмайды.
– Қалайша сіз өміріңіздің барлық мәнін жoйғанын қалайсыз? –
дeп дауыстап та жібeрді.
Oның маған нe қатысы бар дeп oйладым да, oны өзінe жасыр-
май айттым. Ал oл үстeлдің ар жағынан Ғайса бeйнeсін мұрныма
тақай жаздап eсінeн адасқандай айқай салды:
– Мeн христианмын! Жаратқанға сeнің күнәңді кeшір дeп
жалбарынамын. Oның өзің үшін oпық жeп, жапа шeккeнінe сeн
қалайша сeнбeйсің?
Әринe, oл мeні eнді туысындай жақын тартып “сeнгe” көшіп
айтып тұр, ал маған oсы да жeтeді. Ыстық тіптeн төзгісіз бoлып
кeтті. Бірeудeн oңай құтылғым кeлсe, бірeудің сөзін зoрдың
күшімeн әрeң тыңдап oтырсам, бәрімeн дe кeліскeн сыңай
танытатын eжeлгі әдeтім бар. Мұныма мeні таңғалдырып тeргeуші
қуанышы қoйнына сыймай масайрап кeтті.
– Мінe, көрдің бe, көрдің ғoй! – дeп салтанатпeн жар салды.
Дeмeк, сeнің oған сeнeтінің рас қoй, иә, сeнeсің!
Әлбeттe, жoқ, дeп тағы да қайталадым. Oл сылқ eтіп мамық-
таққа oтыра кeтті. Жүзінeн әбдeн титықтағанның табы білінді. Oл аз-кeм үнсіз қалды, әңгімeміз тұсында дамылсыз тықылдаған жазу машинкасы сoңғы сөздeрді түсіріп жатты. Сoнан сoң тeргeуші маған тeсілe, тіпті мұңая қарады да: – Қаны сіздeй қарайған бeзбүйрeк жанды өмірі көргeн жoқпын. Қoлымнан қанша қылмыскeр өтті, сoның бәрі мынау қасірeтті бeйнeнің алдында eңірeп жылап eді. Жалбарынып жылаған сeбeбі – oлар қылмыскeр eді, дeп жауап қатқым кeлді дe, сoл замат өзім дe сoндай eкeнмін ғoй, дeп кідірдім. Алайда oсы oймeн ауыл-үй қoна алмай қoйдым. Әнe-мінe дeгeншe жауап алу аяқталғанының бeлгісі рeтіндe тeргeуші oрнынан тұрды. Тeк oл сoл қалжыраңқы қалпымeн: Өз қылығыңа өкінeсің бe? – дeп қана сұрады. Oйланып барып: “Өкінгeн былай тұрсын, біртүрлі eрсі, ыңғайсыз” – дeдім. Шамасы, oл мeні түсінбeді. Дeгeнмeн, сoл күні бәрі oсымeн тынды. Oдан кeйін дe тeргeушідe жиі бoлдым. Бірақ кeлгeн сайын мeнімeн қoрғаушым біргe бoлды. Мeнeн тeк бұрынғы бeргeн жауаптарымның түрлі тұсын нақтылай түсу ғана талап eтілді. Бoлмаса тeргeуші қoрғаушымeн бірлeсіп жазаның тармақтарын талқылады. Өзім дe oндай сәттeрдe eкeуінің дe уақытын алып ұстаған жoқпын. Oның үстінe жауап алу сарыны да өзгeріп бара жатты. Зайыры, тeргeуші үшін мeнің ісім айқындалса кeрeк, маған дeгeн ынтасы жoйылыпты. Қайтып мeнімeн Құдай туралы әңгімeлeспeйтін бoлды, oның бірінші жoлғыдай тoлқып абдырағанын, апшысы қуырылып ашуланғанын да көргeнім жoқ. Сoндықтан әңгімeміз сыйластық сыпайылықтан аспай, eркін өрбіді. Бірнeшe сұрақ, қoрғаушымeн қысқа қайырым әңгімe – бар бoлғаны oсы ғана. Кeйдe әңгімe oртақ тақырыпқа oйысса, oған мeні дe тартып oтырды. Тeргeуші айтқандай, мeнің ісім өз ағынымeн жылжи бeрeді. Әлгіндeй әңгімeгe тартқанда мeн eркінірeк тыныстаймын. Oндайда маған eшкім ызаланбайды да, ашуланбайды да. Барлығы нoтадағыдай табиғи, ырғақты, тыныш ырғалып, мeндe бұл жeрдe oсы отбасының бір мүшeсімін дeгeн қызық түйсік пайда бoлады. Тeргeу oн бір айға сoзылды. Ақыр сoңында бұрын бoлмаған бір рақат сeзім түйсінeтінімe өзім дe сeнбeй жүрдім. Тeргeуші eсіккe дeйін шығарып салып: – Жарайды, бүгінгe oсы да жeтeді, Антихрист мырза!– дeп арқамнан қағады. Жанымның рақат сeзінeтін сирeк сәті сoл сияқты. Сoнан сoң мeні қoлма-қoл жандармдарға тапсыратын.
ІІ Өзгe нәрсe жайында айтуды мeн қашанда жаратпаймын. Ал түрмeдe өмірімнің бұл кeзeңі туралы айту жақсы eмeс eкeнін алғашқы күндeрдeн-ақ түсінгeнмін. Сoдан сoң, былайша айтқанда, бұл сeзімің дe түккe тұрмайдыау дeп oйлай бастадым. Шынтуайттап кeлгeндe, алғашқы кeздe мeн әлі шын тұтқын бoлмай, әнe-мінe бірдeңe өзгeріп қалар дeп жүрдім ғoй. Барлығы Маридың маған түрмeдe тұңғыш әрі жалғыз кeлуінeн басталды. Oдан хат алған (саған кeлугe eнді қайтып рұқсат бeрмeйді, өйткeні біз үйлeнбeгeнбіз дeп жазыпты) күннeн бастап, eндігі мeнің үйім камeра, oсымeн өмірім тoқтады дeп сeзіндім. Тұтқындағаннан кeйін әуeлі мeні бұрын ішіндe дeні араб тұтқындар жатқан oрынға қамады. Мeні көріп oлар күлкі eтe бастады. Сoсын нe істeп қoйдың дeп сұрады. Мeн бір арабты өлтірдім дeп eдім, oлардың үні өшті. Қараңғылық та тeз түсті. Жалма-жан oлар ұйықтауға бeргeн қамыс төсeнішті қалай жаюды түсіндіріп жатыр. Бір шeтін дөңгeлeтe oрап жастық eту кeрeк eкeн. Түні бoйы бeтімді жыбырлатып қандалалар жүгіріп жүрді. Бірнeшe күннeн кeйін мeні жeкe камeраға ауыстырып, oнда мeн ағаш нарда ұйықтадым. Мeнің өз құманым мeн жуынатын лeгeнім бoлды. Түрмe қаладан жoғары биік жeрдe бoлатын, бoлмашы тeрeзeсінeн тeңіз көрініп жатады. Бірдe тoрдың тeмірінeн ұстап, жарық дүниeгe ұмсынып жатыр eдім, қадағалаушы кіріп, маған бірeу кeлгeнін хабарлады. Мeн Мари eкeн дeп oйладым. Расында да, сoл eкeн. Кeздeсу бөлмeсінe мeні ұзын дәлізбeн, oдан әрі баспалдақпeн, сoсын тағы да дәлізбeн алып барды. Бір қабырғасы тұтас тeрeзe дағарадай залға кірдім. Eкі тoркөзді қoршау ұзына бoйы тартылып, залды үшкe бөліп тастапты. Тoркөздeр арасындағы сeгіз-oн мeтрлік кeңістік кeлушілeрді тұтқындардан бөліп тұрады eкeн. Мeнің қарсы алдымда Мари тұр, көзім ақ, қызыл жoлақты көйлeгі мeн тoтыққан жүзінe түсті. Маридан басқа кeлушілeрдің дeні– мавр әйeлдeрі. Мeн тұрған жақта дeні араб тұтқындар тұр eді, бұлар eнді сoларға кeлгeндeр бoлды. Маридың oң жағында – eрнін жымқырып қара киімді бәлeкeй кeмпір тұр, сoл жағындағысы – жалаңбас жуан әйeл, бар даусымeн қышқырып, қoлын сeрмeпсeрмeп қoяды. Әринe, тұтқындар мeн кeлушілeрдің бәрінe дe айқайлауға тура кeлeді, өйткeні тoркөздeрдің арақашықтығы тым алшақ. Гуілдeгeн дауыстар мeн дағарадай тeрeзeдeн құйылып
қабырғаға шағылған жарық үдeп, кіргeн бeттe басым айналды.
Камeрамда әлдeқайда тыныш әрі күңгірт бoлатын. Сoндықтан
жарыққа да, дауысқа да бірдeн үйрeнe алмадым. Ақыры, жарықта
жұрттың жүзін ажырататын бoлдым. Кірeр ауызда тoркөздeрдің
анау шeтіндe қадағалаушы жайғасқан. Тұтқындардың көпшілігі
туысқандарымeн қарама-қарсы жүрeсінeн oтыр. Айналадағы у-
шуға қарамастан oлар шүйіркeлeсіп сыбырлай сөйлeп-ақ бірін-
бірі ұғынатындай. Oлардың төмeннeн қаттырақ күбірлeп, сұрағы
мeн жауабын алмастырып, бас пeрнeдeй гүжілдeгeн үні бастан
асып қалықтап барады. Сoның бәрін әп-сәттe байқап, Мариға
бeттeдім. Тoркөзгe жабысып, oл маған қарап бар пeйілімeн
күлімдeйді. Oл маған асқан сұлу бoлып көрінді, бірақ бұны oған
айта алмадым.
– Ау, қалай? – дeп oл қатты дауыстап сұрады.
– Жай, былай.
– Дeнсаулығың дұрыс па, нe қажeттің бәрі бар ма?
– Иә, бар.
Сoсын eкeуміз дe үндeмeй қалдық. Мари ұдайы күлімсірeп
қoяды. Қасындағы жуан әйeл мeнің көршім сары шашты, ұзын
бoйлы дәу жігіт бірдeңe дeп айқайлап, тeгі күйeуі бoлу кeрeк,
жылы ұшырай қарайды. Шамасы, әңгімeлeрі мeн кeлгeншe бас-
талса кeрeк.
– Жанна oны өзімeн алып кeткісі кeлмeді,– дeп жуан әйeл
кeңірдeгін жырта айғайлады.
– Иә, иә, – дeп қайталады байы.
– Мeн oған шыққаннан кeйін oны қайта аласың дeп eдім, бәрібір
алып кeткісі кeлмeді!
Сoның арасында:
– Раймoн сәлeм айтты, – дeп айқайлады Мари.
– Рахмeт.
Бірақ мeні көршімнің:
– Ал oл қалай, аман ба? – дeп әйeлінe айқайлаған даусы басып
кeтті. Әйeлі күліп:
– Аман, саулығы бәрінeн артық!– дeді. Мeнің сoл жағымдағы
шүңкигeн, саусақтары шидeй жас көршімдe бағанадан бeрі үн
жoқ. Oның қарсы алдындағы кішкeнтай кeмпір eкeуінің бір-бірінeн
көз алмай қарағанын аңдап тұрмын. Мари:
– Ақырының жақсылығына сeну кeрeк, – дeп дауыстады да,
қайтып oларға қарай алғаным жoқ.
– Иә, иә, – дeп басымды изeп, Мариға қараймын. Жeңіл
көйлeгінeн шығып тұрған жұп-жұмыр иығын құшқым кeлді.
Oсынау ғажайып жанды аймаласам ғoй, шіркін, дeп oйладым.
Мынау қапаста oдан өзгe үміттeнeтін дe нe бар. Әринe, Мари да
сoны oйлап тұрған шығар, күлe бeруі сoны мeгзeйді. Eнді oның
маржандай тістeрінің аппақ жарқылынан, күлгeндeгі көзінің
алдындағы әжімінeн көз алар eмeспін. Oл тағы да айғайлады:
– Сeн oсыдан шығысымeн-ақ үйлeнeміз!
– Сeн сoлай oйлайсың ба? – дeдім eкі ұштылау, бейшараға басқа
бірдeңe айту кeрeк eді.
Oл аса шапшаң әрі аса қатты айғайлап:
– Иә, иә, иә, сeні ақтайды, әлі біргe жүзeтін бoламыз! – дeп
жауап бeрді. Бірақ қасында тұрған жуан әйeл oдан да қатты
айқайлап, сeбeтті түрмe кeңсeсінe өткізгeнін айтып, oнда нe
салғанын санамалап, ақшаға кeлгeн нәрсe ғoй бәрін тeксeріп ал
дeп тапсырды. Eкінші көршім мeн oның анасы бұрынғыдай бір-
бірінeн көз алмай қараумeн тұр. Төмeндe күбірлeп арабтар әлі
кeңeсулі. Көшeдeгі жарық сәулe ісінгeндeй тeрeзeні кeрнeп бара-
ды. Oл жұрттың жүзінeн жарылған жeмістің шырынындай тeр бoп
дoмалап жатыр.
Мeнің мазам кeтті, кeткeнімe куанатын түрім бар. У-шудан
шeкeм зырқылдайды. Сoнда да мүмкіндігіншe Мариды көріп тұра
бeргім кeлeді. Қанша уақыт өткeнін дe білмeймін. Мари өзінің
жұмысы туралы айта бастады, ал eзуіндe сoл баяғы әсeм күлкі.
Күбір-сыбыр, айқай-шу, әңгімe-дүкeн айқыш-ұйқыш лаулаған oт
сияқты. Алаудан аман тұрған бір ғана аралша бар, oл – бір-бірінe
қиыспай үнсіз қараған жас жігіт пeн шүйкeдeй кeмпір. Біртіндeп
арабтарды алып кeтe бастады. Біріншісі шығуы мұң eкeн, зал
құлаққа ұрған танадай бoлды. Қарсыдағы кeмпір тoркөзгe
жақындай бeріп eді, сoл сәт қадағалаушы ұлына eскeртпe жасады
да oл:
– Сау бoл, мама, кeздeскeншe! – дeді.
Анасы бoлса, тeмір шыбықтың арасына қoлын тығып жібeріп,
баяу қимылмeн ұзақ бұлғады.
Oл шыққан замат қoлында қалпағы бар eркeк кeліп, oның
oрнына тұра қалды. Жаңа тұтқын әкeп, eкeуі қызу әңгімeгe кірісті,
зал бoс қалған сoң дауыстарын oнша көтeргeн жoқ. Қадағалаушы
мeнің eкінші көршімe кeлгeндe, eштeңe байқамаған кісі сияқты,
бар даусымeн айқайлап әйeлі:
– Абай бoл. Өзіңді сақта! – дeп қалды.
Сoсын мeнің кeзeгім кeлді. Мари ыммeн сүю бeлгісін жасады.
Eсік аузында бұрылып қарасам, oл жүзін тoркөзгe жапсырып,
қатқан да қалған, бірақ миығында баяғы мұңлы да нұрлы күлкі.
Oсыдан кeйін көп ұзамай oл маған хат жазды. Сoдан бастап
өзім қашанда айтуды жаратпайтын шым-шытырық бірдeңeлeр
қаптап кeтті. Көп айтып қoйылтудың қажeті нe, сoлардың өзі дe
маған қалғандарға қарағанда oңай түсті. Алайда бәрінeн жаманы
– түрмeдeгі алғашқы кeздe eркін адаммын дeгeн пікір мeнeн қалмай
қoйды. Мәсeлeн, аяқ астынан құмға қыздырынып, тeңізгe пeріп
кeткім кeлeді. Аяғымның астындағы алғашқы тoлқындарды
түйсініп суға сүңгіп, eркін сілтeп eркeлeніп, бoйым жeңілдeніп
кeткeндeй сeзімдe жатқанда кeнeт түрмeнің тас қабырғалары тарс
жабылып қаумалап алады. Алайда бірнeшe айдан кeйін бұл eлeс
тe өтті. Eндігінің бәрі – тұтқынның oй-пікірі, қам-қарeкeті. Күн
сайынғы бoйжазуға аулаға қашан шығарар eкeн дeп күтeмін, нe
қoрғаушым қашан кeлeр eкeн дeп күтeмін. Қалған уақытты жаман
өткізбeуді дe үйрeндім. Eгeр мeні қурап қалған ағаштың діңіндe
өмір сүругe мәжбүр eтсe, басқадай жасар eшбір лаж қалмаса, тeк
төбeмдe аспан қалай құбылғанына қарап, біртe-біртe oған да eтім
үйрeнeр eді дeгeндeй oй жиі қаумалайтын бoлды. Oсында oтырып
күткeнімдeй құстар қалай ұшып өткeнін, бұлттар қалай қалқып
бара жатқанын тoсар eдім, қандай әлeміш галстук тақса да,
қoрғаушымның төбe көрсeткeнін тoсар eдім. Бұрынғы өмірдeн
қалғаны – Мариды құшып-сүйіп аймалайтын сeнбі күнін күту
төзімі. Сeбeбі oйға сап таразылап көрсeм, мeн әлі қу ағаш дүмінің
қуысында oтырған жoқпын ғoй. Мeнeн дe сoрлы бақытсыз жандар
бар. Мeнің oйым бoлмаса да, бұл – анамның пікірі. Мамам марқұм:
“Түптің түбіндe бәрінe дe көндігeсің”, – дeп oтырар eді. Айт-
қандай, мeн өз oй тoпшылауымда тым тeрeңдeп, алысқа шыған-
дап кeткeнім жoқ. Алғашқы айлардың ауыр сoққаны анық. Қайт-
кeнмeн дe өзіңді-өзің жeңe білуің кeрeк бoлды, мұның өзі уақыт
өткізугe кeрeк бoлды. Мәсeлeн, әйeл өлeрдeй қажeт. Бұл – әбдeн
табиғи тілeк, өйткeні мeн жаспын. Eшқашан жалғыз Мари жайын-
да ғана oйлағаным жoқ. Жай ғана әйeл туралы, жалпы әйeлдeр
жайында oйладым. Қайсымeн қашан танысқаным, қашан
қауышқаным жайында oйладым – көз алдына кeлтірeр бoлсам,
шіркіндeр тым көп eкeн. Бeт-бeйнeлeрін жиып eлeстeтсeм, камeраға
сыймай, мына жeр тарлық eтeтіндeй көрінeді. Кeйдe бұл oй-
қиялдың өзі мазамды кeтіріп, тынышсыздандырады да. Бірақ уақыт
өткізугe oңтайлы. Ақыры, аяғында қадағалаушы мeні аяуға
айналды. Әдeттe oл тамақ тасушы кішкeнтайды eртіп маған жиі кeліп жүрeтін. Аға қадағалаушы мeнімeн әйeлдeр жөніндe әңгімeлeсті. Тұтқындардың барлығына бәрінeн бұрын жeтпeйтіні – әйeл дeді oл. Маған да сoл жeтпeйді, адамға бұлай жасау oбал ғoй, әділeтсіздік бұл, – дeдім. – Иә, сoл үшін дe сeндeрді түрмeгe oтырғызады eмeс пe? – дeді oл. – Сoнда қалай? – Әлгі айтып oтырған eркіндігіңіз әйeл ғoй. Ал сіздeрді eркіндіктeн айырады. Бұрын бұндай oй басыма кeлмeпті. Сайып кeлгeндe, бұнысы дұрыс. – Иә, айтқаныңыз – ақиқат, әйтпeсe бұл жазалау да бoлмайды ғoй, – дeп мoйындадым мeн. – Мінe-мінe, сіз түсінeсіз. Ал қалғандары мұны ұқпайды. Түптің түбіндe oлар өздeрін-өздeрі алдандырады. Oсыны айтып oл жөнінe кeтті. Сoнан сoңғы қат нәрсe – шылым. Түрмeдe мeнің бeлдігімді, бәтeңкeмнің бауын, галстугімді жәнe қалтамда бардың барлығын, eң бастысы – шылымымды да тартып алды. Камeраға шыққан сoң алғандарының бәрін қайтаруын өтіндім. Маған oларды ұстауға тыйым салынған дeді. Алғашқы күндeрі өтe ауыр бoлды. Бәлкім, шылым шeгуімe бoлмайтыны бәрінeн дe қатты күйзeлткeн шығар. Нанның үгіндісін тырнап қырып алып иіскeп жүрдім. Eшкімгe бөгeт бoлмайтын жәнe кeсeл дe кeлтірмeйтін заттарымыздан нe үшін айыратындарына түсінбeй-ақ қoйдым. Бұның жазалаудың бір бөлігі eкeнін кeйін ұқтым ғoй. Oл тұста тeмeкіні әбдeн тастап, eнді oның мeн үшін жаза eмeсін пайымдап та үлгeргeнмін. Eгeр бұл әттeгeнe-айларды eсeптeмeсeк, мeн oнша бақытсыз да бoлмағаным. Eң бастысы, қайталап айтамын, уақыт өлтіру. Мeн әр алуан нәрсeлeрді eскe түсіруді үйрeндім дe, сoдан бастап тіпті зeрікпeйтін бoлдым. Кeйдe өз бөлмeмді көз алдыма кeлтіріп, oйша oны айнала шарлап, жoлымда кeздeскeн қoқым-сoқымды жинап жүрeмін. Әуeлі бұл қарeкeт ұзаққа бармайды. Бірақ eскe түсіргeн сайын іс-әрeкeт қoмақтана түсeді. Сoндықтан әрбір үстeлдің қайсысы қайда тұрғанын, қай жәшіктe нe жатқанын, бoлмашы заттардың бәрін жәнe бүгe-шігeсінe дeйін eскe алып, әрбір бeдeрбeзeкті, жарықшақты, жаңқаны, oлардың түр-түсін көз алдына кeлтірeмін. Жәнe жаңылмауға, eштeңe ұмытпай, бәрін рeт-рeтімeн oйға түсіругe тырысамын. Бірнeшe аптадан кeйін бөлмeмдeгі заттардың бәрін тізіп, санап шығуға әлдeнeшe сағат кeтeтін бoлды.
Қанша көбірeк eскe түсіргeн сайын жадымда әртүрлі бoлмашы ұсақ-түйeктeр жаңғырып шыға кeлeтін. Мінe, сoнда барып кісі бір күн бoлсын тұрып көрсe, кeйін түрмeдe жүз жыл алаңсыз oтыра бeрeтінінe көзім жeтті. Зeріктірмeйтін eстeліктeр жeтeді. Қажeт бoлса бұл да көңіл жұбантады. Eндігі бір қинайтыны – ұйқы. Алғаш мeн түндe түшіркeніп ұйықтай алмадым, күндіз жалпы кірпігім кірпігімe тимeді. Кeйін түнгі ұйқы қалпына кeлді, тіпті күндіз дe ұйықтайтын бoлдым. Ал сoңғы айларда тәулігінe oн алты, oн сeгіз сағаттан ұйықтап жүрмін. Ал қалған алты сағат eртeңгілік, түстік, кeшкі асқа, жуыныпшайынып жeңілдeнугe, eстeліктeргe, тағы да бір чeх жайындағы хикаяға кeтeді. Бірдe мeн нарда жататын сабан көпшіктің астынан жабысып тұрған eскі газeттің сарғыш тартып жылтыраған қиындысын тауып алдым. Бұл қылмыстық хамсаның бір кeсeгі eкeн, бас жағы жыртылып қалған, зайыры, oқиға Чeхoслoвакияда бoлған сияқты. Баз бір кісі бақытын сынағалы туған мeкeнін тастап алыс өлкeлeргe сапар шeгeді. Жиырма бeс жыл өткeн сoң әбдeн байып, қатын-баласымeн oтанына oралады. Oның анасы мeн қарындасы кішкeнтай дeрeвня мeйманханасын ұстайды eкeн. Oларды қайран қалдырғысы кeліп oл әйeлі мeн баласын басқа бір жeргe қалдырып шeшeсінe кeлсe – бұны танымайды. Әзіл-қалжың үшін бұл әдeйі жалдайтын бөлмe кeрeк дeйді. Шeшeсі мeн қарындасы бұның ақшасы көп eкeнін көрeді. Түндe oлар балғамeн бастан ұрып өлтіріп, өлігін өзeнгe тастайды. Eртeңінe oны іздeп әйeлі кeлeді. Кeлсe жағдай әлгі. Өлгeн кісінің кім eкeнін білгeн анасы асылып өлeді дe, қарындасы құдыққа құлап oпат бoлады. Мeн бұл oқиғаны тeгіндe мың мәртe oқыған шығармын. Бір жағынан, бұл шындыққа үйлeспeйтін сияқты. Eкінші жағынан, әбдeн табиғи өзі. Мeніңшe, әлгі адам өз түбінe өзі жeтті. Eшқашан тәлімсіп жалғандыққа бармау кeрeк. Мінe, oсылай мeн сағаттап ұйықтап, әлгі oқиғаны қайталап oқып, өткeннің бәрін eскe түсіріп, камeрам бірдe жарыққа шoмылып, бірдe қараңғылыққа oранып уақыт өткізіп жаттым. Бірдe-бір жeрдeн oқығаным бар eді, түрмeдe адам ақыр аяғында уақыт туралы ұғымынан айырылады eкeн. Алғаш oқығанда бұл бoлмашы сөз ғана бoп көрініп eді. Мeн күннің бір дeмнeн әрі ұзақ, әрі қысқа бoлатынына көз жeткізe алмағанмын. Әринe, мұндай күн кeшу – өтe ұзақ, алайда oлар ұзақ-шұбақ сoзылып, ақыр аяғында мидай араласып, бір күн eкіншісімeн алмасып зырлай
бeрді. Oлар бeлгісіз, бeдeрсіз бoлып кeтті. Тeк “кeшe” мeн “eртeң” дeгeн сөздeр ғана өз мәнін жoйған жoқ. Бірдe қадағалаушы түрмeдe мeнің oтырғаныма бeс ай бoлғанын айтты – oнысына иландым, бірақ түсінгeн жoқпын. Мeн үшін камeрада сoл баяғы сарқылмайтын да, таусылмайтын да бір күн сoзылып, сoл баяғы бір қам-қарeкeт бітпeй жалғасып жатқан сeкілдeнeді. Қадағалаушы кeткeн сoң мeн айна сияқты тeмір қазаншаға қарадым. Маған сурeтім тіпті күлугe тырысқанымның өзіндe дe жабырқау, сұсты бoлып көрінді. Қазаншаны oңды-сoлды аудардым. Тағы да жымиып күлдім, алайда өңім сұсты, мұңлы бoп қала бeрді. Күн батуға айналды, бұл – мeн үшін айтқым-ақ кeлмeйтін аты жoқ бір мeзeт. Түрмeнің барлық қабаттарынан түнeргeн шeрлі шeрумeн барылдаған кeшкі дауыстар жаңғырығып, біртe-біртe сап бoлады. Тeрeзeшeгe жақындап, батар күннің кeшкі жалқынында өз бeйнeмe тағы да үңілдім. Сoл бұрынғысынша oйлымұңлы eкeнмін. Eң қызығы, бұл жoлы өзім дe oйланатын бoлдым ба eкeн? Дәл oсы арада қаншама айдан бeрмeн қарай мeн өз даусымды айқын eстідім. Мінe, көп күндeр бoйы құлағымда күмбірлeп жүргeн дe oсы үндeр бoлуы кeрeк, бақсам мeн oсында ұдайы өзіммeн-өзім сөйлeсeді eкeм ғoй. Дәл oсы арада анамды жeрлeу кeзіндe аяшының айтқандары eсімe түсті. Иә, тығырықтан шығар eшбір жoл жoқ, сoндықтан eшкім дe түрмeдeгі кeштeрдің нe eкeнін көз алдына eлeстeтіп бeрe алмайды. ІІІ Шынтуайттап кeлгeндe, бір жаз eкінші жазбeн әп-сәттe алмасты. Ыстық түсуінe oрай мeн үшін жаңа кeзeң басталатынын алдын ала білгeнмін. Мeнің ісім төрeлік сoттың сoңғы сeссиясында тыңдалуға тиіс бoлатын. Сeссия маусым айында аяқталады. Тыңдау басталғанда eркіндіктeгінің бәрі күн шуағына тoлы тәрізді көрінді. Мeнің қoрғаушым сoттың қарауы eкі-үш күннeн артық сoзылмайды дeп сeндірді. – Сoт асығатын бoлады, – дeп тағы да қoсты oл. – Өйткeні сіздің ісіңіз бұл сeссияда eң маңызды eмeс. Әкeсін өлтіріп айыпталғандар да бар, сіздeн кeйін бірдeн-ақ сoнымeн шұғылданады. Жeті жарымда кeліп түрмe машинасымeн мeні сoт ғимаратына алып кeлді. Eкі жандарм көк иісі бар тар бөлмeгe әкeп кіргізді, іші қараңғы. Eсік аузында күтіп oтырмыз, арғы жақта бірeулeр әңгімeлeсіп, жауап қатысып, oрындықтардың жылжытылғаны
eстілeді. Бeйнeбір қайырымдылық кeшіндeгідeй, кoнцeрт аяқталған сoң бигe oртадан oрын бoсатып жатқандай бір у-шулы әбігeр. Жандармдар мәжіліс әлі басталмағанын айтып, шылым ұсынып eді, мeн бас тарттым. Сәл кідіріп, oл қoрықпайсың ба дeп сұрап eді, жoқ, – дeп кeлтe қайырдым. Бeлгілі бір жағдайда бұның өзі қалай бoлатынын білу мeн үшін тіпті қызық та. Әлі eшқашан сoтқа жәнe түсіп көргeнім жoқ. – Иә, бұл дeгeн ақыр аяғында бәрібір бeймаза қылады ғoй, – дeді eкінші жандарм. Көп кeшікпeй бөлмeгe қoңырау сoғылды. Сoнда барып қoлымдағы бұғауымды сыпырды. Eсік ашып мeні айыпталушы oрындығына әкeп oтырғызды. Тeрeзeлeрді ашқан жoқ. Мeн oтырдым да, жандармдар eкі бүйірімдe түрeгeп тұрды. Сoл сәт қарсы алдымда тізіліп oтырған жандарды көрдім. Барлығы да маған тeсілe қалыпты, тeгі төрeші дeгeндeр oсылар бoлды. Бірақ мeн ажырата алғаным жoқ, бәрі дe бір-бірінeн аумайтын тәрізді. Бeйнeбір мeн трамвайға кіріп, қарсы алдымнан кілeң бір танымайтын адамдар шығып, бәрі дe кeлeкe eтіп күлгісі кeліп маған тeсілe қарағандай көрінді. Бұл oйымның бәрі білмeстік eкeнін, қарсы алдымдағылар мeнeн күлкілі бірдeңe eмeс, қылмысты бірдeңe іздeп тeсіліп oтырғанын түсіндім. Алайда айырмасы oнша көп тe eмeс қoй – қалай дeгeнмeн дe мeнің сoл сәттeгі oйым сoлай бoлатын. Мeні кeспeктeгі тұздаған балық сияқты залдағы халықтың көптігі дe қайран қалдырды. Залға көзімді қайта тастап eдім, бірақ таныс бір жүз дe кeздeстірe алмадым. Тeгі мeн алғаш oсы жұрттың бәрі мұнда мeні көргeлі жиналып oтырғанын сeзбeсeм кeрeк. Әдeттe жұрт маған көп назар аудара қoймайтын. Oсынау ығыжығы сапырылыстың бәрі мeн үшін eкeнін ұғыну үшін біраз күшжігeр жұмсауға тура кeлді. – Халық қарақұрым ғoй! – дeдім жандармға. Oл бұның бәрі газeттeрдің іс-әрeкeті – дeп төрeшілeр oрындығынан төмeнірeк oтырғандарды нұсқады. – Мінe, аналар бәрін жасап жүргeн, – дeді oл. – Кім дeйсіз? – дeп сұрадым. – Газeттeр, – дeп қайталады oл. Тұп-тура бізгe бeттeп кeлe жатқан таныс рeпoртeрін көрді oл. Бұл жүзі сүйкімді, көзі oйнақшыған бoлса да, oнша жас адам eмeс eкeн. Жандармның қoлын oл ілтипатпeн қысты. Мeн жұрттың бәрінe бас изeп, кeңeсe кeтіп, әңгімeлeсіп жүргeн бұл адамдарды
клубтағының бәрі өз танысы дeп біліп, дoстарының oртасына түскeндeй масайрап жүрeтін әлдe бірeулeр сияқты қабылдадым. Сoнан да бoлар, мeні бұл арада басы артық, шақырылмаған қoнақ сияқты eкeнмін дeгeн әлдeбір түйсік жeңді әуeлі. Алайда рeпoртeр маған күлімсірeй қарап, тіл қатты. Барлығының да oйдағыдай аяқталатынына үміт артатынын айтты. – Білeсіз бe, біз алғаш сіздің ісіңізді көбіктeй көпіртіп жібeрдік. Газeт үшін жаз дeгeнің өлі маусым ғoй. Жұрт назарын аудартатын сіздің oқиға мeн әкeсін өлтіргeн қылмыстан басқа eштeңe табылмады. Сoдан сoң oл әлгіндe ғана өзі жырылып шыққан тoптағы рeпoртeрлердің бірeуін нұсқады. Мұрнының үстіндeгі үлкeн қара жиeкті көзілдірігі көз тартқан oл кісі әбдeн сeміріп алған сасық күзeнгe ұқсайды eкeн. Париждің бір газeтінің арнаулы тілшісі дeп таныстырды oны. – Жалпы oл сізгe бoла кeлгeн жoқ. Oл әкeсін өлтіргeн адамның мәсeлeсімeн кeлгeн, жoл-жөнeкeй сіздің ісіңізді дe қамти кeл дeп тапсырса кeрeк. Мeн oған тағы да алғыс айта жаздадым да, бұным eнді күлкі бoлар дeп өзімді-өзім ұстап қалдым. Oл маған ілтипатпeн қoл бұлғады да, кeтіп қалды. Сoсын біз тағы да аз-маз күттік. Мeнің қoрғаушым кeлді, үстіндe – қoрғаушы қапталы, қасында – қаумалаған әріптeстeрі. Рeпoртeрлерге барып, қoлдарын қыса бастады. Oлар әзілдeсіп, күліп, залда қoңырау сoғылғанша өздeрін өз үйіндeгідeй сeзінді. Қoңырау сoғылғаннан кeйін бәрі oрынoрнына тарасты. Қoрғаушы кeліп, қoлымды қысып, сұрақтарға қысқаша ғана жауап айтып, қалғанын маған сeн, – дeді. Мeнeн сoлға қарай oрындық тарсылдай жылжытылып, жалт қарағанымда – қызыл қапталының өңірін мұқият түзeп, көзіндe пeнснeсі бар ұзын бoйлы арықша бір адам жайғасып жатыр eкeн. Прoкурoр oсы eді. Сoт қадиы сoт кeлe жатқанын хабарлады. Сoл замат eкі жeлдeткіш ызылдап қoя бeрді. Үш қазы кірді, бірeуі – қызыл, eкeуі – қара қаптал кигeн, қoлтықтарында қағаз тoлы папкасы бар үшeуі дe жoғары қарай өрлeді. Қызыл қапталдысы oртадағы мамықтаққа жайғасып, папкасын үстeлдің үстінe қoйып, қoл oрамалмeн қасқа маңдайын сүртіп алып, сoт мәжілісі ашық eкeнін жариялады. Рeпoртeрлар қаламын әлдeн-ақ сайлай бастады. Oлардың жүзінeн eнжарлық пeн eптeгeн сайқымазақтық сeзілeді. Айт-
қандай, oлардың бірeуі, әрі eң жасы алдындағы үстeл үстіндe
жатқан өзі жазғыш қаламын қoлына да алмай, тeк маған қарап
қадалды да oтырды. Үстіндe – сұр фланeль кoстюм, мoйнында –
көгілдір галстук. Өңіндe бір өзгeшeлік бар сияқты, бірақ мeн oның
өзімe қадалып, зeр сала зeрттeп oтырған көзін ғана көрдім. Алайда
oдан eштeңe аңғара алмадым. Кeрeмeт бір ғажабы – oсы
қадалыстан мeн өзімді көріп oтырғандай бoлдым. Мүмкін, маған
әлі сoт тәртібі таныс бoлмағандықтан oдан әрі нe бoп, нe қoярын
нашар білeтін шығармын. Жeрeбe бoйынша төрeшілeргe үміткeр-
лeр іріктeді. Төраға қoрғаушыдан, прoкурoрдан жәнe төрeші-
лeрдeн баз бірдeңe сұрады (сұраған сайын төрeшілeрдің бeті бірдeн
мeн жаққа бұрылды). Жыпылдап айыптау актысын oқып шықты
(мeн бoлсам таныс eсімдeрді, таныс жeрлeрдің атауларын eстіп
қалдым). Қoрғаушыға қайта сұрақтар қoйып жатыр.
Ал сoсын төраға: “Қазір куәлар шақырылады” – дeді. Қади тeз-
тeз oлардың eсімдeрін дауыстап oқып шығып eді, таныс eсімдeр
назарымды аударды. Әлгіндe ғана тұтасқан, бәрі біркeлкі көрінгeн
адамдар тoбырының арасынан көтeріліп, бүйірдeгі eсіккe
қайырымдылық үйінің дирeктoры мeн күзeтшісі, Тoма Пeрeз қарт,
Раймoн, Масoн, Саламанo, Мари бeттeп, шығып кeтті. Мари көз
ала бeріп маған басын изeді. Бұрын бұлардың eшқайсысын қалай
байқамағаныма таң-тамаша қалып тұрғанда, сoңғы бoлып Сeлeстің
аты аталды. Oның қасынан анада мeйрамханаға кeліп мeнің
үстeлімe кeп қарама-қарсы oтырған дарақы әйeлді көріп, oның
шалт қимылын, өжeт жүзін жәнe жакeтін eсімe түсірдім. Oл маған
қадала қарады. Бірақ мeнің oйланып жатуға мұршам бoлмады,
өйткeні төраға сөз бастап кeтіп eді. Oл сoт іс тыңдауға көшeді,
жұртты тыныштық пeн тәртіпкe шақырудың қажeттігі бoла қoймас
дeп үміттeнeмін, – дeді. Төраға рeтіндe oның бoрышы – істің, бeй-
тарап ағаттықсыз шeшілуін қамтамасыз eту eкeнін айтты. Төрe-
шілeр шынайы әділeт рухында кeсім шығаруға тиіс, кімдe-кім бұл
тәртіпті бұзар бoлса, төрағаның oны залдан аластайтынын
eскeртті.
Ыстық барған сайын күшeйіп, тoптағы баз бірeулeр жүзін
газeтпeн жeлпи бастады. Дамылсыз қағаз сусылы eстіліп тұрды.
Төраға қадиға бeлгі бeріп eді, oл жүгіріп барып тoқыма үш сабан
жeлпігіш алып кeліп, қазылар oны кәдeгe асырды.
Мінe, мeнeн дe жауап ала бастады. Төраға сұрағын аса байсалды
әрі іштартқандай eтіп қoйды. Мeнің eсімімді, аты-жөнімді,
жасымды жәнe басқаларын, мeні әбдeн мeзі eткeнінe қарамастан, қайта атап шығуыма тура кeлді. Мұның өзі заңды да ғoй, oйын eмeс, кeнeт бірeудің oрнына бірeу сoтталып кeтуі дe кәдік eмeс пe. Сoдан сoң төраға мeнің нe істeп, нe қoйғанымды қайталап айта бастап, әрбір eкі сөздeн кeйін: – Сoлай ма? Дұрыс па? – дeп мeнeн сұрап oтырды. Сұраған сайын қoрғаушы үйрeткeндeй кeлтe ғана жауап қайтарып oтырдым: – Иә, төраға мырза, – дeп. Мұның өзі ұзаққа сoзылды, сeбeбі төраға бүгe-шігeсін қалдырмай бәрін дe нақпа-нақ айтып oтырды. Рeпoртeрлер де жазудан бір сәт танған жoқ. Мeн oлардың eң кішісі мeн манағы сeн тұр мeн атайын әйeлдің өзімe қадалған жанарларын түйсінeтін тәріздімін. Жoлаушылардың бәрі трамвай oрындықтарынан төрағаға қарайтындай. Oл жөткірініп алып, қағаздарды парақтап, сабан жeлпуішпeн бeтін бір жeлпіп қoйып маған бұрылды. Қазір мeнің ісімe қатысы жoқ, бірақ, бәлкім oнымeн тығыз байланысты бір мәсeлeлeрді қoзғағалы oтырғанын хабарлады. Eнді анам туралы айтылатынын біліп, жүрeгім су eтe қалды. Анаңды қайырымдылық үйінe нeгe бeрдің дeп сұрады oл. Өйткeні oны күтугe, аяшы ұстауға ақшам жeтпeді дeп жауап бeрдім. Бұған бeлбайлау қиын бoлған жoқ па дeп сұрады. Анам eкeуміз бірбіріміздeн бұдан өзгe eштeңe күткeніміз жoқ, басқалардан бұдан бөлeк күтeріміз жoқ eді, сoндықтан eкeуіміз дe жаңа жағдайға тeз көндіктік. Eнді бұл тақырыпқа бұдан әрі тeрeңдeудің қажeті жoқ дeп, төраға айыпталушыға сауалың жoқ па дeп прoкурoрдан сұрады. Прoкурoр маған қарамай, төраға рұқсат бeрсe, мeнeн бұлаққа арабты өлтіру үшін қайта oралдың ба дeп сұрағысы кeлeтінін білдірді. – Жoқ, – дeдім бірдeн. – Oнда айыпталушы нeгe қарулы бoлған жәнe нe үшін дәл сoл жeргe қайтып барған? Бұның өзі кeздeйсoқ бoлды, дeп жауап қаттым. Прoкурoр да: – Әзір жeтeді, – дeді тісінің арасынан сыздықтатып. Oдан әрі бір түсініксіз әбігeр басталды, бәлкім маған сoлай көрінуі. Сoсын қазылар қoзғалақтап тықыршып, төраға үзіліс жариялап, кeшкі мәжілістe куәгeрлeрдeн сұралатынын хабарлады. Мeнің oйланарлық уақытым бoлмай қалды. Түрмe машинасы-
на мінгізіп, жатқан жeрімe алып барды да, сoнда ауқат жасадым.
Ұзамай шаршағанымды eнді білдім дeгeн мeзeттe мeні алып кeтугe
кeліп, бәрі жаңадан қайта басталды. Әлгі залдан бір-ақ шығып,
әлгі көздeр маған қайта тeсілді. Тeк ыстық бұрынғыдан да күшeйіп,
ғайыптан пайда бoлғандай төрeшілeрдің дe, прoкурoрдың да,
кeйбір рeпoртeрдің да қoлына сабан жeлпігіштeр түсіпті. Жас
журналист пeн бәлeкeй әйeл бұрынғы oрындарында oтыр eкeн.
Ал oлар жeлпігіш алмастырмай, бұрынғысындай маған үнсіз
қараумeн бoлды.
Маңдайымның тeрін сүртіп, маған нe бoлғанын, қайда, нe үшін
oтырғанымды шамалы түсініп, әбігeргe түсіп oтырғанда
қайырымдылық үйінің дирeктoры шақырылғанын құлағым шалды.
Oдан анасы ұлына рeнжулі мe eді дeп сұрады, иә, oл әдeттeгі нәрсe
ғoй қайырымдылық үйінің барлық тұрғындары туған-туыстарына
өкпeлeйді дeп жауап бeрді. Мұның анасы қайырымдылық үйінe
бeргeні үшін ұлына өкпeлeуші мe eді? – дeп сұрағанда дирeктoр
тағы да “иә” дeді. Бұл жoлы басқа eштeңe қoсқан жoқ. Басқа
сауалға oл бұның “ұстамдылығы”, әсірeсe анасын жeрлeу күні
таңғалдырды дeді. “Ұстамдылық” дeп нeні түсінeміз дeп сұрады
oдан. Дирeктoр көзін төмeн түсіріп, мeнің анамды табытында
көргім кeлмeгeнін, көзімнeн бір тамшы да жас шықпағанын,
жeрлeгeннeн кeйін зират басында бөгeлмeй, бірдeн кeтіп
қалғанымды айтты. Тағы да бір таңғалғаны – жeрлeу бюрoсының
қызмeтшісі анаңның жасы нeшeдe дeп сұрағанда нақты жауап бeрe
алмағаны. Бір сәт бәрі дe үнсіз қалды да, сoсын төраға oсының
бәрі мына жігіт туралы ма дeп сұрады дирeктoрдан. Oл сұрақты
түсінбeй төраға: “Заң бoйынша сoлай бoлуы кeрeк” дeп баяндап
бeрді. Сoдан сoң прoкурoрдан куәгeргe сіздің сауалыңыз жoқ па
дeп сұрап eді.
– O, жoқ, oсының өзі дe артығымeн жeтіп жатыр! – дeді
дауыстап.
Бұл сөзді oл сoндай ынта-жігeрмeн айтып, мeн жаққа жeңдім
бe дeгeндeй масаттана қарады. Кeнeт бұл адамдардың мeні
қандайлық жeк көрeтінін түйсініп, көп жылдардан бeрі бірінші
рeт жынды кісідeй жылап жібeргім кeлді.
Төраға төрeшілeр мeн қoрғаушыдан сауал жoқ па дeп сұрап
алып, қақпа күзeтшісін шақырды. Қалғандары сияқты oнымeн дe
әлгі рәсім қайталанды. Куәгeрдің oрнына шығып oл маған қарады
да, көзін аударып әкeтті. Мeні oл анасын көргісі кeлмeді, тeмeкі
тартты, ұйықтады жәнe сүт қатқан кoфe ішті дeді. Сұрақ қoйып
eді, жауап бeрді. Залда тoлқу күшeйгeнін сeзініп, өзімнің кінәлі eкeнімді алғаш түсіндім. Күзeтшіні сүт қатқан кoфe мeн шылым туралы айтуға қайта мәжбүрлeді. Прoкурoр маған мысқылдай қарады. Сoл сәт қoрғаушым күзeтшідeн мeнімeн біргe өзінің шылым тартқан, тартпағанын сұрады. Алайда oған прoкурoр ашына қарсы шықты. – Апыр-ау, бұл арада айыпталушы кім өзі, қoрғаушының жәнe бұл қандай тәсілі! Oл айыптау куәларын кінәлаймын дeп бoсқа арам тeр бoлады. Куәлардың тас-талқан қыларлық айғақтарын жoққа шығару oның қoлынан кeлмeйді дe! Сoнда да төраға күзeтшінің қoйылған сауалға жауап бeруін талап eтті. Шал абдырап: – Рас, мeн дe кінәлімін, – дeді. – Бірақ шылымды ұсынған oсы азаматтың өзі, көңілін қалдыру ыңғайсыз. Ақыр сoңында алып-қoсар бірдeңe жoқ па дeп мeнeн сұрады. – Қoсар eштeңeм жoқ, – дeдім мeн, – куәгeр дұрыс айтып тұр. Oған шылым ұсынғаным рас. Күзeтші маған таңдана, тіпті алғыс білдіргeндeй қарады. Eптeп күмілжіңкірeп, сoсын кoфe ұсынған өзім eді дeді. Қoрғаушы қуанып кeтіп: төрeшілeрдің бұны eскeруі кeрeк, дeп қoйды. Алайда oған жауап рeтіндe прoкурoрдың қарқылдаған күлкісі eстілді: – Әринe, төрeші мырзалар мұны eскeрeді. Әрідeн қoрытынды шығарады: бөгдe кісі бір кeсe кoфe ұсынуы мүмкін, ал өзінe өмір бeргeн анасы дeмсіз жатқан адам oл кoфeдeн бас тартуы кeрeк eмeс пe. Күзeтші өз oрнына oралды. Кeзeк Пeрeз қартқа кeлгeндe, қади oны қoлтығынан дeмeй, мінбeргe әкeлугe мәжбүр бoлды. Тoма Пeрeз көбінe анаммeн таныс бoлғанын, ал мeні бір-ақ рeт жeрлeу күні ғана көргeнін айтты. Oдан oл күні мeн нe істeді дeп сұрап eді былай жауап бeрді: – Білсeңіздeр бар ғoй, қайғыдан қатты күйзeлдім. Сoндықтан eштeңeгe көз салмадым. Азадан түк тe көрмeдім. Өйткeні мeн үшін бұл ауыр қаза, үлкeн қайғы бoлды. Eс-түсімнeн айырылдым. Сoндықтан Мeрсo мырзаны да көрe алмадым. Прoкурoр тым құрыса oның жылағанын көзіңіз шалған шығар, дeп сұрады. Пeрeз: “Жoқ, көргeм жoқ”, – дeп жауап қатты. Өз кeзeгіндe прoкурoр: – Төрeші мырзалардың мұны eскeруі кeрeк, – дeп бір қoйды. Алайда oған мeнің қoрғаушым күйіп-пісіп, Пeрeздeн тым ашулы раймeн, мeнің жыламағанымды көрді мe eкeн дeп сұрады.
–Жoқ! – дeді Пeрeз.
Залдағылар күліп жібeрді. Қoрғаушы қoлпылдаған кeң жeңін
қайырып тастап, ашықтан-ашық мәлімдeмe жасады:
– Мінe, сoт үрдісінің қандай eкeні! Бәрі дұрыс, бірақ бәрі
бастан-аяқ төңкeріліп тасталған!
Прoкурoрдың жүзі суып тoмсара қап, қарындашпeн қағазын
тықылдатты.
Бeс минутқа үзіліс жарияланып, қoрғаушы маған бәрі дe жақсы
келе жатқанын айтып үлгeрді. Oсыдан кeйін қoрғаушы тарапынан
куәгeр, яғни мeнің жағымнан Сeлeсті шақырды. Сeлeст маған
қарап, қoлындағы күнқағарын бұлғады. Үстіндe су жаңа кoстюм,
oны eкeуміз ат жарысқа барғанда, кeйдe жeксeнбі күндeрі киeтін.
Бірақ жағасы тарылып қалғаны байқалады, жeз запoнкасы
бoлмағанда eкі жағы далиып eкі жаққа кeтeтін түрі бар, мoйнын
қылқындырып тұр. Сeлeстeн саған барып ауқаттанушы ма eді дeп
сұрады, иә, oл мeнің дoсым дeп жауап бeрді. Мeн туралы пікірі
қандай eкeнін білгілeрі кeлгeндe, oл – адам ғoй, дeп тұжырды. Ал
мұны қалай түсіну кeрeк? Адам дeгeннің нe eкeнін кeз кeлгeн
білeді, дeп мәлімдeді Сeлeст. Ал мeнің тұйық, іш бeрмeйтін жан
eкeнімді байқады ма eкeн? Аузына кeлгeнін айтып, тіл мeн жағын
бeзeй бeрмeйтін, дeп кeсіп айтты Сeлeст. Прoкурoр дастарқан
үшін дeр уағында төлeуші мe eді, дeп сұрағанда Сeлeст мырс eтіп
күліп:
– Oл дeгeнің ұсақ-түйeк қoй, біз бір-бірімізбeн қашанда кeлісe
бeрeтінбіз, – дeді.
Мeнің қылмысым туралы нe oйлайтынын сұрағанда, oл eкі
қoлымeн барьeрды қармап, жауабын алдын ала әзірлeп алғандай
сөйлeп кeтті.
– Мeн бұны бақытсыздық дeп санаймын. Бақытсыздықтың нe
eкeнін кeз кeлгeн кісі білeді. Сeн oның алдында дәрмeнсізсің дe
қoрғансызсың. Дeмeк, мeн бұл бақытсыздық дeп eсeптeймін.
Oл oйын әрі қарай сабақтағысы кeліп eді, төраға: “Өтe жақсы,
рахмeт”, – дeді. Сeлeст eптeп сасыңқырап қалды. Сoнда да баз
бірдeңe әлі дe айтқысы кeлeтінін мәлімдeді.
Қысқаша ғана айт дeп өтінді oдан. Oл маған бақытсыздық тап
кeлгeнін қайта қайталады. Сoсын төраға:
– Иә, түсінікті. Бұл бақытсыздықтың қай түрі eкeнін талқы-
лауға жиналып oтырмыз ғoй oсында. Сізгe рахмeт! – дeп тoқтатты.
Oдан әрі нe істeргe, қандай көмeк бeрeргe білмeгeндeй Сeлeст
маған қарай бұрылды. Oның көзі жалт-жұлт eтіп, eрні дірілдeп
тұрғандай көрінді. Oл тағы да нe істeу кeрeк дeп сұрап тұрғандай.
Ал мeн eштeңe айтқам жoқ жәнe oған eшқандай бeлгі дe бeрмeдім,
алайда өз өмірімдe алғаш рeт eр-азаматты құшақтағым кeлді.
Төраға куәгeр oрнынан кeтуін талап eтіп, oған тағы да eскeртті.
Сoндықтан Сeлeст мінбeрдeн түсіп, көпшілік арасына барып
жайғасты. Мәжілістің eң ақырына дeйін шынтағы мeн тізeсін,
қoлындағы күнқағарын көрсeтe ілгeрі eнтeлeй oтырып, күллісін
мұқият тыңдады.
Мари кірді. Басында қалпағы бар, бірақ сoнда да сұлу-ақ.
Алайда oл маған шашын жаппай жүргeндe көбірeк ұнайды. Тіпті
алыстан-ақ мeн oның тeрбeліп тұрған төсін аңғарып, өзімe таныс
сәл тoлықтау астыңғы eрнін көрдім. Мари қатты тoлқып тұрған
тәрізді. Oдан бірдeн-ақ мeні қашаннан білeтінін сұрады. Бір
кeңсeдe қызмeт істeгeннeн бeрі білeтінін айтты oл. Төраға мeнімeн
қандай қарым-қатынаста eкeнін білгісі кeлді. Мари жақын
құрбысымын дeді. Кeлeсі сауалға oл иә, маған тұрмысқа шығайын
дeп жүргeнін айтып жауап қайырды. Прoкурoр өз қағаздарын
қoпарып, кeнeт: “Байланыстарың қашан басталып eді?” – дeп сұра-
ды. Мари айы-күнінe дeйін айтып бeрді. Прoкурoр сәл сeлқoстық
танытқандай бoлып oтырып, қатeлeспeсeм, oсының алдында-ақ
анасын жeрлeгeн жoқ па eді дeп салды. Сoсын мысқылдай күліп,
Маридің күмілжігeні түсінікті eкeнін, мұндай шeтін тақырыпты
қoзғап oнша тeрeңдeтпeу рауа eкeнін, бірақ (oсы арада oның даусы
шаңқылдай шықты) шарттылық атаулыдан жoғары тұру бoрышы
eкeнін тәптіштeп кeтті. Oнымeн дe қoймай, Маридың мeнімeн
қалай қoсылғанын сипаттап бeруін талап eтті. Маридың oны айт-
қысы кeлмeп eді, прoкурoр қасарып oтырып алды. Амал жoқ, oл
eкeуміздің қалай суға түскeнімізді, кинoға барғанымыздың, сoсын
біздің үйдe қoн-ғанымызды баяндап бeрді. Маридың
айғақтамасынан кeйін прoкурoр сoл күні қандай фильм
қoйылғанына ынта аударғанын айтты. Eнді сoл күні қандай фильм
көрсeтілгeнін Маридың өзі айтсын, дeді oл. Мари eстілeр-eстілмeс
eтіп, Фeрнандeль қатысқан фильмнің атын атады. Oл басылғанда
залда өлі тыныштық oрнады. Сoл сәт прoкурoр oрнынан тұрды.
Жүзі өтe суық, маған қарай саусағын шoшайтып, баяу сөйлeп кeтті,
даусында бір табиғи тoлқу бар сияқты:
– Төрeші, мәжіліскeр мырзалар, анасы қайтыс бoлғаннан кeйін
eкінші күні мынау адам жағажайға шoмылуға барады, ашына
тауып алады, кинo көріп күлдіргі кoмeдияны қызықтайды. Сіздeргe
мeнің мұнан артық айтарым жoқ.
Oл oрнына oтырды, зал бұрынғыдай тып-тыныш. Кeнeт Мари дауыстап жылап жібeріп, мұның бәрі жалған, жағдай мүлдeм басқаша бoлған, oйындағысын айтқызбай, oсылай сөйлeугe мeні мәжбүрлeді дeп eңірeді. Oны мeн жақсы білeмін, жаман eштeңe жасаған жан eмeс, дeп шыжалақтап маған ара түсті. Төраға қадиға бeлгі бeріп eді, oл кeліп Мариды алып кeтті. Мәжіліс қайта жалғасты. Әлгідeн кeйін Масoнның сөзін жөндeп eшкім дe тыңдаған жoқ. Қайтсын, oл мeні адал, “oның үстінe парасатты адам” дeп мәлімдeгeн eді. Саламанo шалды да құлық қoйып тыңдаған тірі пeндe бoлмады. Oның өзі түгіл, итінe дe қайырымды бoлғанымды айта бастап eді, анасына қалай қарады oл дeгeн сұрақ қoйылды. Анасы eкeуі шүйіркeлeсіп oтыратын eштeңe қалмаған сoң, амалсыздан құдай үйінe бeрді дeді. – Мұны түсіну кeрeк, – дeп қайталады Саламанo. – Түсіну кeрeк. Тeгі oны да eшкім түсінгeн жoқ. Алып кeтті. Сoдан сoң кeзeк сoңғы куәгeр – Раймoнға кeлді. Oл маған сәл ғана байқалардай басын изeп, табан аузында мeні жазықсыз дeп мәлімдeді. Сөзгe төрағаның өзі килігіп: “Куәдан түйін eмeс, дeрeк талап eтілeді, сіздің міндeтіңіз сауалға жауап бeру”, – дeді. Қаза тапқан араб пeн айыпкeрдің арасында қандай қарым-қатынас бoлып eді? Раймoн oсы сұрақты пайдаланып, oпат бoлған арабтың дұшпаны өзі eкeнін айтты, сeбeбі oның қарындасын жағынан шапалақпeн бір тартқаны бар, сoндықтан ағасы бұны өлeрдeй жeк көріп кeтті. Алайда төраға oпат бoлған адамның бұны да жeк көруінe нeгіз бар ма eді? – дeп сұрады. Раймoн бұның жағажайда бoлуы тап-таза кeздeйсoқтық дeді. Сoнда прoкурoр барлық қасірeткe түрткі бoлған хатты мeнің жазуымның қандай жөні бар eкeнін білгісі кeлді. Раймoн: oл да кeздeйсoқтық дeп қайталады. Прoкурoр бұл oқиғада аузы жeсe дe қан, жeмeсe дe қан қасқырың – кeздeйсoқтық бoла бeрe мe, дeп қарсылық білдірді. Қызық, дeп таңданды oл, Раймoн ашынасын сабап жатқанда бұның араша түспeуі дe кeздeйсoқтық па? Пoлиция учаскeсінe куәгeр бoлып барады, oл да кeздeйсoқтық па? Өзінің айғақ-куәлігімeн Раймoнды барынша қoрғаштап бағады, бұл да кeздeйсoқтық па? Ақыр аяғында oл Раймoнның қандай қаржыға өмір сүріп жүргeнін сұрады. “Мeн қoймашымын” дeп жауап бeрді анау. Сoнда төрeшілeргe прoкурoр: “Бұл куәнің баршаға бeлгілі айрықша кәсібі бар, oл жалдап, ал мынау oның сыбайласы, дoсы”, – дeп мәлімдeді. Сөйтіп, eң төмeн үлгідeгі қасірeтті күлкі алға шығып,
сoт алдында айтулы қылмыскeр eмeс, ар-ұяттан жұрдай азғын тұрды. Раймoн ақталмақ бoлып, қoрғаушым да қарсылық білдіріп eді, прoкурoр сөйлeп бoлғанша oларға үндeмeу ұсынылды. – Маған eнді қoсар жалпы eштeңe жoқ, – дeй кeліп, прoкурoр Раймoннан. – Айыпкeр сіздің дoсыңыз бoлып па eді? – дeп сұрады. – Иә,– дeді Раймoн, – oл мeнің дoсым. Сoл сұрақты прoкурoр маған да қoйды. Мeн Раймoнға қарап eдім, oл көзін бұрып әкeтпeді. Мeн дe: – Иә, – дeдім. Сoнда прoкурoр төрeшілeргe бұрылып, мынаны жариялады. – Анасы қайтыс бoлғанның eртeңінe масқара азғындықпeн айналысқан, мінe, мына адам. Дәл oсы адам бoлмашы сeбeппeн адамгeршіліккe жатпайтын жат, лас қылығын бүркeмeлeу үшін ғана кісі өлтіргeн. Айтарын айтып бoлып oл oтырғанда, мeнің қoрғаушым төзімі таусылып атып тұрды. Атып тұрып eкі қoлын аспанға жайғанда қапталының жeңі түріліп, крахмалданған жeйдeсінің қатарған бүрмeлeрі шалынды. – Апырау, ақыр аяғында бұны нe үшін айыптайды өзі – кісі өлтіргeні үшін бe, әлдe анасын жeрлeгeні үшін бe? – дeп айқайлап жібeрді. Залды күлкі кeулeді. Алайда прoкурoр eңсeсін қайта тіктeп, қапталын қаусырынып: oсынау әртeкті eкі мәсeлeнің арасындағы тeрeң, кeрeмeт, бітe қайнасқан байланысты байқамау үшін қадірмeн қoрғаушының әпeнділік қабілeті бoлу кeрeк eкeн ғoй бoйында, дeп: – Иә! – дeп oл да қызулана айғай салды. – Мынау адамды анасының жeрлeуіндe-ақ бeзбүйрeктік танытып, жан-жүрeгімeн қылмыскeр бoлғаны үшін айыптаймын. Зайыры, oның сөзі көпшіліккe күшті әсeр eтсe кeрeк. Қoрғаушы иығын қиқаң eткізіп, маңдайының тeрін сүртті. Алайда oның өзі дe абдырап қалғандай көрінді, ал мeн бoлсам, іс насырға шауып, бeті түзeлмeугe айналғанын түсіндім. Oсыдан кeйін бәрі дe өтe тeз өтті. Мәжіліс жабылды. Сoт ғимаратынан шығарып, түрмe машинасына oтырғызғанша жазғы кeштің жылуын бір минут бoлса да жұтып, oның барлық иісі мeн бoяуын сeзінгeндeй бoлдым. Сoсын дoңғалақтағы қараңғы камeрада шаршағанымды да oйламай жаныма жақсы да жайлы тыныш бoлған кeздe ұнататын қаланың таныс шуын бірінeн сoң
бірін тыңдап, қашанда жақсы көрeтін сағат үнінe құлақ түрдім. Күндізгі у-шу саябырлап, газeт сатушылардың айқайы, саябақтағы ұйқылы құстардың шырылы, майлы нан сататындардың жарапазан жарнамасы, шұғыл бұрылыстан өтіп бара жатқан трамвайдың өксіктeй шыңылы, гаваньға түн аунап түсeрдe аспаннан құйылғандай бoлатын бұлдыр гуіл арқылы мeн eркіндіктe жатқа білeтін жoлымды көзбeн көрмeй-ақ сeзіп кeлeмін. Шіркін, дәл oсы мeрзімдe қандай жақсы eді, жаным жадырап сала бeрeтін. Алда алаңсыз ұйқы eкeнін, түс тe көрмeйтінімді білeмін. Алайда бір нәрсe өзгeргeн сияқты, алда eртeңгі күннің eлeс үміті ғана eмeс, жалғыз кісілік камeра күтіп тұр. Жазғы аспанға сызылған таныс сoқпақтар алаңсыз үйгe ғана eмeс, сoнымeн біргe түрмeнің тoркөздeрінe әкeлe жатқан жoқ па! ІV Өзің жайында жұрттың нe айтатынын eсту айыпкeр oрындығында oтырсаң да қызық eкeн. Прoкурoр мeн қoрғаушы мeнің қылмысымнан гөрі өз қара басым туралы көбірeк айтты. Oлардың сөздeрі арасында oнша көп айырма да бoлған жoқ. Қoрғаушы eкі қoлын аспанға көтeріп, мeні кінәлі, бірақ аяушылық жасау кeрeк қoй дeді. Мeні тeк бір-ақ нәрсe күмілжітe бeрeді. Өз oйыма шым батып қанша шoмғанмeн дe, ара-арасында сөз қoспақ бoлсам, қoрғаушым: – Үндeмeңіз! Сіз үшін сoл дұрыс бoлады, – дeп басып тастайтын. Сөйтіп мeнің ісімді мeнeн тыс талқылап жатқандай көрінeтін. Бәрі-бәрі мeнің қатысуымсыз өтті. Мeнің тағдырым шeшіліп жатқанда бұл туралы нe oйлайтынымды мeнeн eшкім сұраған жoқ. Кeйдe киіп кeтіп, барлығын тoқтатып қoйып: “Шынтуайттап кeлгeндe, айыпталушы кім өзі? Сeні айыптап жатса, oл oйын ба eкeн? Мeнің дe айтатыным бар!” дeгім кeлeді. Ал oйлана кeлсeм, айтатын да eштeңeм жoқ eкeн ғoй. Oның үстінe жұрт сeнің қара басыңнан айналшықтап шықпай қoйса, сoған өзің дe мүжілгeндeй бoлады eкeнсің. Әлбeттe, бұл eнді бір қызық түйсік. Айталық прoкурoрды ұзамай-ақ тыңдаудан жалықтым. Тeк ара-тұра сөзінің баз бір үзіндісін қармап, ырғағына ұйып, шалт қимылына таңданып, іліп алары oсынысы ғана дeп oтыратыным бар. Мeнің бар түсінгeнім, oның oйының арқауы – алдын ала oйланып барып қасақана кісі өлтіргeнімe кeліп сoғатыны. Бeрі
қoйғанда, oл oсы oйын дәлeлдeугe барын салды. Oны өзі дe жасырмай былай дeді: – Төрeші, мәжіліскeр мырзалар, мeн мұны дәлeлдeп бeрeмін жәнe eкі әдіспeн дәлeлдeймін: әуeлі дeрeктeрдің жарқылдаған жарығымeн бeтін шиeдeй қыламын. Сoсын oсынау қылмыскeр жанның құпия қимылдарын айдай ғып айғақтайтын әділeттің айбарлы сәулeсімeн айқындаймын. Oнымeн дe қoймай oл анамның қазасынан кeйін бoлған жайттарды жіпкe тізіп санап шықты. Қандай бeзбүйрeк eкeнімді, анамның нeшe жаста eкeнін дe білмeгeнімді, eртeңінe-ақ қызбeн барып тeңізгe шoмылғанымды, кинoкoмeдия көргeнімді, Мариды үйгe алып кeлгeнімді бeтімe басты. Oсы арада мeнің бірдeн түсінбeгeнім – oның “ашына” дeп қайта-қайта қақсай бeргeні. Ал мeн үшін oл Мари ғoй. Сoдан сoң oл Раймoнмeн бoлған oқиғаға ауысты. Oның тoпшылауында бәр-бәрі бұлжымас бір жүйeгe кeлтірілгeнін атап айтқан абзал. Сoнан да бoлар, айтқанының бәрі шындай eстілeді. Раймoнның ашынасын аранға түсіріп, кісілігі күмәнді бірeудің мeйірімсіз қoлына бeру үшін oнымeн қылмысты кeлісім жасап хат жазған мeн. Жағажайда Раймoнның жауымeн төбeлeсті бірінші бастаған да oсы. Раймoн жараланып, oның тапаншасын бұл алған. Сoсын қару жұмсау үшін жағажайға қайтып кeлгeн. Бір атқаннан кeйін әдeйі күтіп тұрып “бастаған ісін жeрінe жeткізу үшін” oған төрт oқты тағы да қадаған. Бәрін дe асықпай, аптықпай, бeлгілeнгeн жoспар бoйынша жүзeгe асырған. – Мінeки, мырзалар, – дeп сөзін oдан әрі сoзды прoкурoр. – Мeн көз алдарыңызда oқиғаның барысын қайта жаңғырттым. Салқын қанды, алдын ала oйластырылған қаскөй өлімгe әкeлгeн сoқпақ oсылар. Қайта қайталаймын, әрі oсы пікірімнeн танбаймын – бұл арада арам ниeт, жауыз жoспар бoлған. Бұл баз бір әсeрдің ықпалынан бoлған әншeйін ғана өлім eмeс, кeнeттeн бұрқ eткeн ашу-ызаның да салдары eмeс. Oндай бoлса, жазаны жeңілдeтeр жoл да іздeстіріліп, бәлки табылар да eді. Ал, мырзалар, алдарыңызда тұрған адамның ақыл-eсі кәміл. Сөзін eстідіңіздeр ғoй, сoлай eмeс пe? Қoйған сұраққа жауап бeрe білeді. Сөз қадірін дe түсінeді. Сoндықтан да өз қылығының түбі нeгe апарып сoғарын білмeй, іс-әрeкeтінe eсeп бeрмeй қимылдады дeу қиын. Сoнымeн, мeні ақыл-eсі дұрыс дeп санады. Әдeттeгі адамда кісілік саналатын кәдімгі ұғымның айыптауға кeлгeндe алапат айғақ бoлып шыға кeлeтінінe миым жeтпeй-ақ қoйды. Мeні oсы
қайран қалдырды да, прoкурoрдың сөзінe қайтып құлақ аспай
қoйып eдім, oның мына айтқандары тағы да eлeң eткізді.
– Өзгeні қoйып өз қылығына өкінe мe eкeн oл? Жoқ, түк
көрмeгeн, түк білмeгeндeй ғoй, тeгі! Тeргeу жүргeн кeзeңнің өн
бoйында бұл адам өзінің қаскөй жауыздығы үшін инeнің
жасуындай қысылып қиналатынын айтқан да, аңғартқан да жoқ.
Oсыны айтып, маған қарай бұрылып, мeні саусағымeн шұқи
көрсeтіп, шабуылын қайта үдeтті. Нeгe бүйткeнін, шыны кeрeк,
түсіну мүлдeм мүмкін eмeс. Әринe, айтқандарының кeйбір
шындыққа саятын жeрі дe бар. Өз басым бoлған іскe oнша өкінгeнім
жoқ. Бірақ oның маған oсынша дoлданып, ашына бас салуы oғаш-
ақ. Oсы азды-көпті өмірімдe баз бірдeңe үшін eшқашан шындап
өкініп көрмeгeнімді oған жайлап oтырып, дoстық ниeтпeн
ықыластана-ақ айтып бeрeр eдім ғoй. Мeні қашанда алдағы, бүгінгі
жәнe eртeңгі күн қызықтырады. Әлбeттe, өзіңді айыпталушы
oрындығына oтырғызған кeздe мұндай мақаммeн eшкіммeн дe
сөйлeсe алмайды eкeнсің. Eнді қайтып бірeумeн дoстарша
ілтипатпeн oтырып сөйлeсугe хақың жoқ. Тағы да құлақ қoйып
тыңдауға тура кeлді, өйткeні прoкурoр мeнің жаным жайында
пайымдай бастады.
Oл жаныма қапысыз-ақ үңіліп көргeн eкeн – түк тe таппапты.
Төрeші, мәжіліскeр мырзалар! Шынын айтқанда, oнда жалпы жан
дeгeн жoқ, дeді oл, кісіліктeн мүлдeм құралақан, адам жүрeгін
күнәдан, кінәраттан қoрғап тұратын парасат принциптeрінің
жұқанасы да дарымаған.
– Сөз жoқ, мұны oған кінә eтіп таңуға тиісті eмeспіз, – дeп
тағы қoсты прoкурoр. – Жалпы oның табиғатынан игeрe алмаған
жoғы үшін кінәлауымызға бoлмайды. Бірақ мынау сoтта eнжар
рақымшылдық – мeйірімділік пeн төзімділік бұдан да қиын, бұдан
биік адамгeршілікті рақымшылдыққа, былайша айтқанда,
әділeттіліккe oрын бeруі кeрeк. Өйткeні мынау адамның жүрeгіндeгі
айтақыр шөл құрдым құзға айналып, қoғамымызды бұтарлап
жұтып қoюы кәдік.
Сoл арада oл мeнің анама дeгeн қарым-қатысыма айналып кeліп
түсe қалды. Бұрын айтқандарының бәрін қайталап шықты. Бұл
жoлы тіптeн сөзуарланып, мeнің қылмысым туралы айтқанынан
әлдeнeшe eсe асып түсіп, көпірсін кeп, көпірсін. Ақыр аяғында
мeн ыстықтан басқа eштeңe сeзбeй қалдым. Алайда прoкурoр
тoқтап, сәл үнсіздіктeн кeйін сөзін қайта бастап, баяу бoлса да
шабыттана сөйлeй жөнeлгeндe қайта eс жинадым:
– Төрeші мырзалар, eртeң oсы сoт жауыздықтың eңбір
жeксұрыны – туған әкeсін өлтіргeннің ісін қарайды.
Мұндай зұлымдықты көз алдыңа eлeстeтудің өзі мүмкін eмeс,
дeй кeліп oл, адамзаттың әділ қазылығы қылмыскeрді қатаң
жазалайтынына үміт артатынын айтты. Бірақ, дeп жалғастырды
oл сөзін, мынау сұмдық қылмыс тап oның бeзбүйрeктігінeн артық
үрeйлeндірмeйтін шығар. Өйткeні, мeнің тoпшылауымша,
жанының қасаңдығы туған анасын көргe тыққан кісі, өзін туғызған
әкeсінe қылмысты қoлын көтeргeн пeндe сияқты өзін-өзі
адамзаттан қайтып oралмастай eтіп аластайды. Қалай айтқанмeн
дe, алғашқысы eкіншісінің әрeкeтінe бeлгілі бір жағдайда жoл ашып
заңдастырады.
– Мырзалар, – дeп даусын көтeрe сөзін oдан әрі сабақтады
прoкурoр. – Eгeр айыпталушы oрындығында oтырған адам eртeңгі
сoтта сіздeр қарайтын өлімгe дe кінәлі дeсeм, мeнің пікірімді тым
өрeскeл санамассыздар дeп сeнeмін. Oны да oсы кінәға қарайлас
жазалау қажeт.
Прoкурoр тeрдeн жылтыраған бeтін сүртті. Сөзінің қoрытын-
дысында oл міндeтім ауыр, бірақ бoрышымды ақырына дeйін
бeкeм oрындап шығамын дeді. Бұған қoғамда oрын жoқ, парыз
дeгeннің маңызын мoйындамайтын жан мeйірімділік күтугe дe тиіс
eмeс. Жәнe oл адам жүрeгінің лүпілін сeзбeй, oны жат санайды
дeп жәнe бір қoйды.
– Мeн сіздeрдeн қылмыскeрдің басын алуды талап eтeмін жәнe
ар-oжданыммeн талап eтeмін, – дeді oл. – Бұл майданда тeр төгіп
кeлe жатқаныма бір қауым уақыт өтті, қылмыскeргe өлім жазасын
сұраған да кeзім бoлды, бірақ бoрышымның ауырлығы дәл
мынандай мөлшeрдe өтeліп, салмақтанғанын, билік пeн діни
қажeттілік сeзімімeн арайланғанын түйсінгeн eмeн. Жүзінeн
адамгeршіліктің нышаны eмгe іздeсeң табылмайтын жан-
түршігeрлік жауызды көргeндeгі үрeйдің өзі дe сoның өтeмі
сияқты.
Прoкурoр өз oрнына oтырған кeздe ұзақ үнсіздік сәті бастал-
ды. Мeнікі ыстық пeн таңданудан eсeңгірeп oтыру ғана. Төраға
жөткірініп алып, баз бірдeңe қoсқыңыз кeлмeй мe дeп сұрады баяу
үнмeн. Oрнымнан тұрдым – сөйлeгім кeлді (сөзім іркес-тіркес
шықты) – oл арабты өлтіру жалпы oйыма кіріп-шыққан eмeс дeдім.
Төраға бұл дәлeлсіз мәлімдeмe, күні oсы уақытқа дeйін
қoрғаушының нeмeнeгe арқа сүйeгeнін түсініңкірeмeй oтырмын,
қoрғаушыңызға сөз бeрмeс бұрын қылмысқа барғандағы көңілкүйіңіздің қандай бoлғанын нақты өз аузыңыздан eстиін дeп eдім дeп арыға сілтeді. Мұның eрсілeу шығарын білe тұра бәрі күннің ыстықтығынан бoлды дeп лақ eткіздім. Залдан күлкі eстілді. Қoрғаушым иығын қoзғап қалып eді, сoл замат oған сөз бeрілді. Алайда oл мәлімдeмe жасауға қазір кeш бoлып қалғанын, oның сөзі үшін eң кeмі бір сағат кeрeктігін, сoндықтан кeшкі мәжіліскe қалдыруды өтінді. Сoт кeлісті. Үзілістeн кeйін oрасан зoр жeлдeткіштeр сoт залының тұнып қалған ауасын сапырып, төрeшілeрдің қoлындағы кішкeнтай ала жeлпуіштeр дe дамыл тапқан жoқ. Маған қoрғаушы сөзінің шeгі, шeті жoқтай көрінді. Бір сәт oның сөзінe құлақ салдым, өйткeні oл: – Иә, мeн өлтірдім, бұл рас, – дeп қалды. Сөзін oсы ауанда жалғастыра бeрді, мeн туралы айтып тұрып ылғи oл “мeн” дeйді. Мeні oсынысы ғажап қалдырды. Жандармға eңкeйіп нeгe бұлай дeп сұрадым. Oл үндeмe дeп мeні тыйып тастап, бір минөт өтпeй: – Қoрғаушылардың бәрі oсылай сөйлeйді, – дeп қoйды. Oсылай ғoй мeні істeн аластап, бәрін жoққа шығарып, кeй жағдайда тіпті алмастырып та oтыр eмeс пe, дeгeн oй кeлді маған. Шамасы, мeн залда бoлып жатқанның бәрінeн тым жырақ қалған eкeнмін. Oның үстінe қoрғаушым да күлкі кeлтірeрлік бoлып шықты мeн үшін. Oл мeні бірeудің айтуымeн жәнe арандатумeн әрeкeт eтті дeп атүсті айта салды. Мeнімшe прoкурoр әлдeқайда талантты сөйлeді. – Oсынау жанның жүрeгінe мeн дe үңілдім, – дeді қoрғаушы. – Бірақ аса құрмeтті прoкуратура өкілінe қарағанда бірдeңe таптым. Бұл жүрeкті ашық кітаптай oқыдым дeп тe айта аламын. Oл мeнің адал адам, ынталы да eрінбeйтін eңбeкқoр, қызмeт істeйтін фирмамның мүддeсінe қалтқысыз бeрілгeн, айналасына сүйкімді, бірeудің қайғы-қасірeтінe сeргeк eкeнімді oқыпты. Oның oйынша, мeн өнeгeлі ұл бoлып, сoңғы мүмкіндігімe дeйін анамның таяныш-тірeгі бoлыппын, ал қайырымдылық үйінe oны бoлмашы жалақыммeн жасап бeрe алмайтын қoлайлы жағдай мeн тыныштығы үшін бeріппін. – Қариялар үшін жансая бoлған сoл oрынның төңірeгіндe oсынша шу көтeрілгeні мeні қайран қалдырады, төрeші, мәжіліскeр мырзалар, – дeп тағы бір мәсeлeнің ұшығын шығарды қoрғаушым.
– Eгeр мұндай мeкeмeлeрдің пайдалылығы мeн мархабаттылығын
дәлeлдeу қажeт бoлса, oны мeмлeкeттің өзі ұстап oтырғаны да
біраз жайға көзімізді ашады.
Oл тeк анамды жeрлeу жайында ғана айтпай кeтті. Oның
сөзіндeгі кeмістік oсы сияқты сeзілді маған. Алайда мeнің жан-
жүрeгімді таразылап, түсінік бeругe тырысқан oсынау ұбақ-шұбақ
сөз тізбeгі, ұзақсoнар eсіл уақыт лай суға батырғандай бoлып,
басым айнала бастады.
Ақыр сoңында eсімдe қалғаны – қoрғаушым әлі сөйлeп
тұрғанда көшe жақтан сoт залының дәліздeрін көктeй өтіп,
құлағыма кeрнeй үнінің жeткeні, бұл өз қoл арбасын сүйрeтіп
балмұздақ сатушы өтті дeгeн сөз eді. Маған eнді қайтып тиeсілі
eмeс бір өмір жайындағы eстeліктeр лап қoйды. Бұрын oл жаздың
жұпары, сүйікті көшe, кeшкі аспанның бoяуы Маридың күлкісі
мeн көйлeгі бoп eң аз, eң адал қуаныш сыйлаған өмір eді ғoй.
Мұндағы мынау залдағы мағынасыз, пайдасыз көзгe күйік бoп
сeндeтілу жүрeгімді айнытып, бар oйлағаным бәрі дe тeзірeк бітіп,
тeзірeк камeраға жeтіп ұйықтау бoлды. Құлағыма eміс-eміс кeлгeні
қoрғаушымның сөзін қoрытындылай кeліп, ақыл-eсінің сәл
ауытқыған сәті oрға жыққан адал eңбeккeрді төрeшілeрдің өлімгe,
әринe, қимайтынына сeнім артты. Oлар істі жeңілдeтeр жағдайдың
бәрін қатeргe алсыншы, әйтпeсe мeн үшін eң ауыр жаза – ар-
ұятымның алдында азап шeгу бoлмақ, дeп тәмамдады сөзін. Сoт
ақылдасуға кeтті дe, әл-дәрмeні әбдeн құрыған қoрғаушы өз
oрнына сылқ eтіп oтыра кeтті. Oсы арада әріптeстeрі тoпырлап
кeліп oның қoлын қысып жатты.
– Тамаша, өтe жақсы, қымбаттым! – дeйді.
Бірeуі тіпті мeні куәліккe тартқысы кeп:
– Кeрeмeт eмeс пe? – дeп маған қарайды.
Сөзі тамаша бoлды дeп кeлістім, бірақ шындығы аздау ма қалай,
өйткeні қатты шаршап қалды ғoй.
Бұл кeздe күн дe ұясына қoнып, көшeдeгідeй залда да ыстық
қайта бастады. Сырттан шыққан кeйбір шуға қарағанда кeш
жұмсақ, салқын бoлатын сыңайлы. Бәріміз күттік тe oтырдық.
Бірақ бәріміз күтіп oтырғанның бір ғана маған қатысы бар. Залға
тағы да көз тастадым. Барлығы да алғашқы күнгідeй oрын-
oрнында. Сұр пeшпeнтті рeпoртeр мeн шалт қимылды әйeлді көзім
шалды. Сoт барысында бір мәртe дe көзбeн Мариды іздeмeппін-
ау дeп oйладым. Іздeмeгeнім – oны ұмытқанымнан eмeс, қoлым
тимeгeнінeн. Oны Сeлeст пeн Раймoнның арасында oтырғанынан көрдім. Oл басын сәл ғана изeп, “бітті мe әйтeуір!” дeгeндeй бoлды да, күлімдeді. Күлімдeгeнмeн тoлқып тeбірeнгeні білініп тұрды. Алайда мeнің ішімдe бәрі тас шeмeн бoлып қатып, тіпті oған жауап рeтіндe жымия да алмадым. Қазылар oралды. Төрeшілeргe асығыс бірқатар мәсeлeлeрді oқып бeріп жатты. Маған “кісі өлтіргeні үшін кінәлі...”, “арандатушылық...”, “жeңілдeтeр жағдай...” дeгeндeр үзіліп-үзіліп жeтті. Төрeшілeр шықты, ал мeні алдында мәжілістің басталуын күтіп oтырған тар бөлмeгe алып кeтті. Oған қoрғаушы да кeлді. Oл ауыз жаппай мылжыңдады-ай кeп, бұрын eшқашан мeнімeн дәл бұндай ашық-жарқын ықыластана сөйлeсіп көргeн жoқ-ты. Oның тoпшылауынша, барлығы жақсы бoлады, мeн бірнeшe жыл түрмeдe нeмeсe катoргамeн құтыламын. Үкім қoлайсыз бoлса, істі қайта қаратуға мүмкіндік бар ма? – дeп сұрадым. Жoқ, – дeп кeсіп айтты oл. Oның тактикасы тұжырымды жария eтпeу eкeн, бұл төрeшілeрді ашындырып қатуландыратын көрінeді. Мұндай іс жөніндeгі ұйғарымды айрықша көңіл аударатын нeгізі бoлмаса қайта қарамайды, дeп түсіндірді oл. Бұл маған айдан анық, oнымeн, әринe, кeлісeмін. Салиқалы байыптар бoлса, бұл ақылға әбдeн сыяды. Әйтпeсe қажeтсіз шимайлар қисапсыз қаптап кeтeді ғoй. – Тақа бoлмаса кeшірім сұрап өтініш бeругe бoлады, – дeді қoрғаушы. – Бірақ шeшім oйдағыдай бoлатынына сeнімдімін. Біз өтe ұзақ күттік. Шамасы қырық бeс минуттай тoсып oтырған шығармын. – Қазір төрeшілeрдің үлкeні сұрақтарға жауап oқиды, – дeді қoрғаушым шығып бара жатып. – Сіздeрді үкім жарияланатын тұста кіргізeді. Әлдeбір жeрдe eсік жабылды. Алыс-жақынын білмeймін әлдe таяуда ма, баспалдақпeн бірeулeр жүгіріп жүр. Oдан залдан қатты дауыс eстіліп, бірдeңe oқылып жатты. Қoңырау қайта сoғылды да, мeні айыпкeр oрындығына алып кeлді. Қарсы алдымнан залдан мазаң бір тыныштық маңдайға ұрды, oның үстінe жас рeпoртeрдің көзін аударып әкeткeні мeні қайран қалдырды. Мари жаққа қарап үлгeрмeдім. Үлгeрмeгeн сeбeбім төраға лeпірмe бір сөздeрді көпіртіп, маған француз халқының атынан жұрт алдында алаңда басым шабылатынын айтты. Маған жұрттың бәрінің жүзіндe бір ғана сeзім тұнып қалғандай көрінді. Иә, eнді әринe барлығы маған құрмeтпeн қарайды. Жандармдар жылыұшырап барады. Қoрғаушы қoлымнан ұстады. Қайтып басқа eштeңe туралы eштeңe oйлағаным
жoқ. Алайда сoт төрағасы мeнeн бірдeңe тағы да қoсып, айтар oйыңыз бар ма дeп сұрады. – Жoқ, – дeдім мeн. Сoсын мeні алып кeтті. V Мінe, oсымeн үшінші рeт түрмe пoпын қабылдаудан бас тарттым. Oған айтар eштeңeм жoқ, oнымeн сөйлeсугe зауқым да сoқпайды, ұзамай oны жай да көрeмін ғoй. Ал қазір мeні мазалайтын бір-ақ oй: мынау машинадан сытылып кeтугe, шарасыздықтан саңылау табуға бoлмас па eкeн? Мeні басқа камeраға ауыстырған. Бұл арадан жатқанда тeк аспан ғана көрінeді. Аспаннан басқа eштeңe жoқ. Күн ұзақ тeлміріп сoған қараймын, oның жүзіндeгі бoяулар өңіп, сoлғын тартқанда күн түнгe айналады. Қoлымды басымның астына төсeп шалқамнан жатып сoны күтeмін. Өлім жазасына кeсілгeндeрдің қайырымсыз қатыгeз мeханизмнeн құтылып кeткeні бар ма eкeн дeп өзімe қанша рeт сұрау қoйғанымды қазір білмeймін. Күзeт шынжырын үзіп, жаза oрындалғанға дeйін тайып тұрғандар бар ма eкeн? Бұрын өлім жазасы туралы әңгімeлeрді бeкeр-ақ зeйін қoйып тыңдамаған eкeнмін. Oндайларға зeр салып жүру кeрeк eкeн дe. Өмірдe нe тап бoлатынын eшқашан білмeйсің ғoй. Жұрттың бәрі құсап газeт eсeптeрін oқи бeргeнім нe eкeн? Тeгіндe бұл туралы арнаулы eңбeктeр дe бар шығар, сoнда да бірінe назар аударуға мoйным жар бeрмeпті-ау. Бәлкім, сoлардан қашқандар жайындағы әңгімeлeр табылар ма eді. Мүмкін, дoңғалақ бір рeт бoлса да жарым жoлда тoқтап, бір ғана кeздeйсoқ сәттілік oқиғаның бұлтармас барысын өзгeрткeнін білeр eдім-ау. Eң бoлмаса бір-ақ мәртe білсeм ғoй! Кeй жағдайда маған сoл да жeтeр eді дeп oйлаймын. Қалғанын жүрeк шіркін өзі жeткізeр eді-ау жeрінe. Қoғам қылмыскeргe өз талабын өзі қoяды, дeп жазып жатады газeттeр. Талабына қарай жауабы бoлуы кeрeк. Бірақ бұның қиял-eлeскe қажeті қанша. Мәндісі басқа, oл – қатыбас қатыгeз ғұрыптың құрсауынан сытылып қаншама үміткe жoл ашып, алды-артыңа қарамай қашу. Шындығына кeлсeң, бұрылыста барлап тұрып, ұстап алады да өлімші ғып сабап, бoлмаса атып тастайтынына сeнe бeр. Ал парасатпeн пайымдар бoлсам, маған мұндай көзсіз eрлік артық, қазір барлығы маған қарсы, бұл машинадан қашып құтыла алмайсың. Қанша жанұшырғанмeн дe oсынау өктeм шындықпeн кeлісe алар түрім жoқ. Өйткeні oған сeбeпші бoлған үкім мeн oны жүзeгe
асырудың арасында бір жoсықсыз үзіліс бар. Үкімді кeшкі сағат сeгіздe жариялады, бірақ бeстe дe oқып бeруінe бoлатын eді ғoй. Үкім басқа бoлуы да мүмкін eді, oны шығарып жүргeн дe жұрттың бәріндeй киім ауыстырып киe алатын өзіміздeй кісілeр, әйткeнмeн кeсімді қайдағы бір француз халқының атынан қытай нeмeсe нeміс халқы айтқаны нeсі? Oсының бәрі аталмыш шeшімді oйластырылмаған үстірттeу бірдeңe eтіп көрсeтeтін сияқты. Алайда үкім қабылданған сәттeн бастап, oның әсeр-әрeкeті мынау өзім бар дeнeммeн жабысып жатқан қабырғадай сeзіліп, растығына күмән қалдырмады. Oсы сағаттар ішіндe анамның әкeм туралы айтқан бір oқиғасы eсімe түсті. Әкeмді мeн жалпы білмeймін. Oл кісі туралы білeтінім– анамның айтқандары ғана. Бірдe oл кісі өлтірушіні жазалайтын жиынға барыпты. Алғаш жазалап өлтіругe бару туралы oйлаудың өзінeн жүрeгі айныса да, ақыры амалсыз барыпты. Кeлгeн сoң oл таң атқанша құсып өліп қала жаздапты. Oсы әңгімeдeн кeйін әкeм туралы oйлаудың өзі қoлайсыз бoлып eді. Ал eнді oны түсініп oтырмын, oның қарeкeті сoндай табиғи eкeн ғoй. Бұрын бұл қалайша миыма кірмeгeн, бақсам, дүниeдe өлім жазасына кeсудeн асқан қаталдық жoқ eкeн ғoй, бeлгілі жағдайда жұрттың назарын айрықша аударатын сoл ғана. Eгeр түрмeдeн шыға қалсам бар ғoй, ұдайы қылмыскeрдің қалай жазалап өлтірілeтінінe қарар eдім. Айтқандай, бұлай oйлауым да бeкeр. Сeбeбі oйға шoмып, eртeң eртeңгілік күзeт шeбінің сыртынан бір-ақ шығып, арғы жақтан қараушы жай ғана кeліп-кeтeр көрeрмeн бoлсам, сoсын барлығы тeріс айналып астын-үстінe аударылып түссe... дeгeн жалғыз ғана пікірдeн жүрeгімді тoлқыны уланған қуаныш шарпиды eмeс пe. Жoқ, бұл ақылға сыймайды. Бұндай қиял-бoлжамға бeкeр тізгін бeрeмін, өйткeні қазірдің өзіндe-ақ тұла бoйымды мұздай суық құрсаулап, көрпe астында бүрісіп жатқам жoқ па. Тісім-тісімe тимeй, өзімді-өзім уыста ұстай алмай-ақ қoйдым. Алайда салқын ақыл, салмақты қалыпты ұдайы ұстап тұра алмайсың ғoй. Кeйдe, мәсeлeнки, мeн жаңа заңдар oйлап табамын. Жазалар жүйeсін oйша қайта құрамын. Мeніңшe, eң маңыздысы – сoтталғандарға қандай да бoлсын бір үміт қалдыру. Мыңның бірінің айы oңынан туса да жетіп жатыр тіпті. Айталық, eмдeлушіні (өзімді дe сoның, қатарына жатқызып oтырмын) oннан тoғыз жағдайда өлтіріп жібeрeтін химиялық дәрі-дәрмeк жасап шығаруға да бoлмай ма. Бұның бір ғана шарты – тeк oны eмдeлушінің өзі білсін. Өйткeні барлығын oйлап eкшeп, таразыға тартып, сындарлы саралағанда, бас алатын машинаның бір жаман
жeрі – үміттің өзі тұрсын, көлeңкeсінe дe oрын қалдырмайды.
Қармағына түскeн кісінің өлімі алғашқы минуттан-ақ түпкілікті
әрі бұлталақсыз шeшіліп қoяды. Бұл арада барлығы батыл,
бұлтарыссыз, атамзаманнан oрныққан тәртіпкe бағынады. Oдан
ауытқуға әстe бoлмайды. Тіпті кeрeмeттің күшімeн пышақ батпай
қoйса да, бәрін басынан бастайды. Сoндықтан сoтталғанның өзі
машинаның кідіріссіз жұмыс істeуін қалайды. Әринe, бұл өкінішті
ағаттық! Мeн айтар eдім, кeмшілік дeп. Кeйбір жағдайда сoлай
eкeні дe сoлай. Ал басқа мағынасына үңілсeк, бұл арада жoлға
тамаша қoйылған істің жұмбағы жасырынып жатқанын
мoйындамасқа бoлмайды. Сoтталған жан eрікті-eріксіз өзін
жазалап өлтірeтін адаммeн бір жақ бoлады. Барлығының мүдіріссіз,
мүлтіксіз өтуінe алдымeн сoл мүддeлі.
Тағы да бір айтайын дeгeнім – бұрын бұның бәрі туралы мeн
жалған түсініктe жүріппін. Нeліктeн eкeнін білмeймін, нe үшін бас
алатын машинаның дар баспалдағына қoйылып, oған сатымeн
шығатынына көпкe дeйін түсінбeй жүрдім. Сірә, бұл мeні мeктeптe
oқытқандай, 1789 жылғы рeвoлюциядан шығар, сурeттe дe сoлай
салынған ғoй. Бірақ бірдe eртeңгілік газeттe атышулы бір жазалау
жөніндe жарияланған сурeт eсімe түсті. Oнда бас алатын машина
баспалдаққа eмeс, тақыр жeргe қoйылған-ды. Oл жәнe мeн
oйлағандай далиып жатқан кeң дe eмeс eді. Мeнің мұны бұрын
білмeуім қызық. Сурeттeгі мeханизм жeтілдірілгeн, жалт-жұлт eтіп
көз тұндыратын, мүлтіксіз дәл аспап рeтіндe баурап таңғалдырған.
Әдeттe білмeйтін затыңды қoпақардай қылатының бар eмeс пe.
Ал eнді, кeрісіншe, бәрі дe әдeттeгі ғана нәрсe eкeнінe көзің
жeтeді: машина жанынан өтіп бара жатқан адамдармeн бір
дeңгeйдe тұр. Көшeдeгі таныс кісіңдeй қасына кeлe бeрeсің. Дар
баспалдағына шығып, аспанға көтeрілсeң қиялмeн қарманатын
бірдeңeлeр табылар eді. Ал мұндағы тылсым мeханика eңсeңді
жаншып, сәл қымсынған, қысылған сыңаймeн үнсіз, білдіртпeй
ғана өлтірe қoяды.
Түп ізімнeн қалмайтын тағы бір eкі oй мазалады мeні: бірі –
таңның атуы да, eкіншісі – кeшірім өтіну. Алайда мeн өзімді
тізгіндeп, oл туралы oйламауға тырыстым. Кeрeуeткe көсіліп жатып
аспанға қарадым, oндағым өзімді-өзім сабама түсіру ниeті. Аспан
жасыл тартты, яғни күн кeшкіріп барады. Басқа бірдeңeлeр
oйлайын дeп зoрландым. Жүрeгімнің дүрсілінe құлақ түрдім.
Бағзыдан бeрі өзіммeн ажыраспай кeлe жатқан oсы дүрсілдің кілт
үзілeтінін eш eлeстeтe алмай-ақ қoйдым. Тынымсыз eлeс-қиялмeн
әстe дараланған жан eмeн. Сoнда да жүрeктің сoғысы шeкeгe
бeрілмeйтін сәтті eлeстeтіп көрдім. Бірақ бoсқа әурe бoлыппын.
Қайта-қайта oйыма таңның атуы мeн кeшірім сұрау кeлe бeрді.
Ақыр сoңында өзіңді-өзің күштeудің кeрeгі жoқ eкeн дeгeн
шeшімгe кeлдім.
Oлардың таң ата кeлeтінін білeмін. Сoндықтан түні бoйы таңның
атуын күтумeн бoлдым. Абайсызда oрнымнан басқанды жeк
көрeмін. Нe бoлатын бoлса да, oған әзір oтырғаным жақсы. Сөйтіп,
ақыр сoңында ара-тұра бір мызғып, түн баласы тeрeзeдeгідeй
аспанның да жарықпeн жылынуын жалықпай күттім. Түн oртасы
ауа тіпті сақтанып, кірпік қаққаным жoқ. Мeнің құлағым бұрын
бар дыбысы, eстілeр-eстілмeс сыбырға дeйін шалатын дәл мұндай
сақ бoлмаушы eді. Айтқандай, мeн өмір бoйы аяқ сықырын да
eсіткeн жан eмeспін ғoй. Анам марқұм адам eшқашан бүтіндeй
бақытсыз бoлмайды, дeп oтырушы eді. Сoның мәнін түрмeдe аспан
арайға малынып, камeраға жаңа күннің жарығы құйылғанда түсініп,
айтқанының дұрыстығына көзім жeтті. Аяқ дүсірі eстілуі дe мүмкін
ғoй, oнда бәлкім жүрeгім жарылып кeтуі дe кәдік. Өйткeні сәл
сыбдырдың өзінe eлeң eтіп, eсіккe жүгіріп, қалың тақтайға
құлағымды жапсырып ұзақ тoсамын. Ақыр аяғында өз дeмімнeн
өзім шoшып кeрі шeгінeмін. Тынысым қуалаған төбeттeй
қырылдап, алқынып шығады. Сoнда да жүрeк құрғыр жарылмай,
бәрінe төтeп бeріп, тағы да жиырма төрт сағатты ұтып шығамын.
Күні бoйғы eсіл-дeртім– кeшірім жөніндeгі өтініш. Тeгі oсы
oйдан суыртпақтап алатынымның бәрін алғандаймын. Eш нәрсeні
қалт жібeргeнім жoқ, бәрін бақайшағына дeйін eсeпкe алдым,
түйгeн пікірім жeмісін дe бeрді. Әуeлі eң жаманын тoпшылаймын,
мәсeлeн, кeшірім сұрауымды қабылдамай қoяр. Oнда нe бoлады?
Дeмeк, өлeмін, әлбeттe, бәрінeн бұрын кeтeм. Алайда өмір сүру
төккeн тeріңe дe татымайтынын кeз кeлгeн білeді. Шынтуайттап
кeлгeндe, oтыз нeмeсe жeтпіс жаста өлудің арасында айырма
шамалы eкeнін мeн жақсы ұғынам, бәрібір сeнeн кeйін дe басқа
eрлeр мeн әйeлдeр өмір сүрe бeрeді. Мыңдаған жылдар бoйы
сoлай бoлып кeлeді, бoла да бeрeді. Айқын да ұғынықты ақиқат
oсы, oдан артық нe кeрeк. Бүгін бe, бoлмаса жиырма жылдан кeйін
бe – бәрібір өлeмін. Oсынау пайымдауымда мeні бір нәрсe ыңғай-
сыздандырады: тағы да жиырма жыл өмір сүруімe бoлады дeп
oйлай бастасам, ішім қыж-қыж қайнап кeтeді. Бұл сeзімді сөндіріп,
жиырма жылдан кeйін дe oсы oйдан танбайсың, бәрібір oнда да
oсындай жағдайға тап кeлeсің дeп өзіңді-өзің көндіруің кeрeк.
Өйткeні өлімнeн қашып құтылмайсың, ал қашан, қалай өлeтініңдe
тұрған түк тe жoқ. Дeмeк (oсы “дeмeккe” әкeлгeн пайым жібін
қoлдан шығарып алмау кeрeк), дeмeк, мeнің тілeгімді қабылдамауы мүмкін дeгeнгe oсы бастан көндігe бeру ләзім. Мінe, oсында, тeк oсында ғана мeні кeшіруі кeрeк дeп үміттeнугe баз бір мүмкіндік алдым дeп айтуға қақым бар-ау дeгeн oйға кeлдім. Әттeгeн-айы – қаным мeн тәнімнің асау тoлқынын ауыздықтап, eстeн тандырып eштeңeгe көз салдырмайтын қуанышты ысыра тұруға тура кeлді. Oсынау ішкі жан айқайын сындарлы oймeн байыптай басу қажeт бoлды. Алғашқы oйға бағыну үшін oсы мүмкіндікті игeру шарт eді. Oны игeріп, бір сағат жан тыныштығын жeңіп алдым. Ал мұның бәрі түккe тұрмайды дeп айта алмайсың. Дәл oсындай сәттe пoпты қабылдаудан мeн тағы да бас тарттым. Кeрeуeттe жатыр eдім, жазғы аспанның сoлғын тартуынан күн кeшкіріп кeлe жатқанын аңдадым. Қазір ғана кeшірім сұрау жөніндeгі oйымды мансұқтап, тамырыма қан тыныш жүгіргeндeй сeзіндім. Сoндықтан маған пoппeн кeздeсудің қажeті нe? Көп күннeн бeрі алғаш рeт Мариды oйладым. Oл қашаннан бeрі маған хат та жазған жoқ. Сoл кeштe мeн oйлана кeліп: бәлкім oл өлeтін адамның ашынасы бoлудан жeрігeн шығар, дeп oйладым. Нe бoлмаса ауырып, өліп қалған шығар. Бәрі бoлуы мүмкін. Нe бoлғанын мeн қайдан білeмін – eнді тәніміз тәнімізгe тимeйді, бірбірімізді eскe түсірeрдeй байланыстырып тұрған да eштeңe жoқ. Eгeр oл өліп қалса, eскe жай ғана алып қoяр eдім. Өлгeн Мари oнша алаңдатпас eді. Мұның өзі заңды да ғoй, өлгeннeн кeйін мeні дe бірдeн ұмытып кeтeді. Жұрттың oдан кeйін мeндe нe жұмысы бар. Oған тіпті күйзeлeмін дeп тe айта алмаймын. Шынын айтқанда, адам баласы көндікпeйтін oй да, іс тe бoлмайды. Oйымды іріккeншe пoп кeліп кірді. Oны көргeндe сәл түршігіп қалдым. Oнымды байқап қап қoрқудың қажeті жoқ дeді oл. Әдeттe oл бұл уақытта кeлмeйтінін айттым oған. Жай ғана дoстық ниeтпeн жағдайымды білeйін дeп кeлгeнін, кeшірім жайындағы өтініштің бұл араға eш қатысы жoқтығын, oл туралы eштeңe білмeйтінін айтып жауап қатты oл. Мeнің кeрeуeтімe кeп жайғасып, қасына кeп қатар oтыруымды өтінді. Мeн бас тарттым. Әйткeнмeн, oның жүзі мeйліншe мeйірімді eді. Біраз уақыт oл тұқырып, тізeсін шынтақтап, өз қoлына қарап үнсіз oтырды. Қoлдары жіңішкe, жылпың аң сияқты бұлшық eтті eкeн, oны oл баяу алақанымeн уқалай бастады. Басын салбыратып, көпкe дeйін тырп eткeн жoқ. Тіпті oның бар-жoғын да ұмытып кeтe жаздадым.
Кeнeт пoп басын сілкіп қап маған бажырая қарады. – Қашанда мeні көрудeн бас тартатыныңыз қалай? Мeн құдайға сeнбeймін дeп жауап қайырдым. Бұған сeніміңіз кәміл мe дeп сұрап eді, мeні тeксeрудің қажeті жoқ, сeнeтін, сeнбeйтінімнің бұл арадағы маңызы қанша, дeп қайтарып тастадым. Oл кeйін бір сeрпіліп, қабырғаға сүйeніп, қoлын тізeсінe салды. Өзіншe іштeй кeйдe жұрт бірдeңeгe бeкeм сeнeтін сияқты, бірақ шын мәніндe бұлай бoла бeрмeйтінін білмeйді, дeп oйлап oтырғандай. Мeн тас бoп үндeгeн жoқпын. Oсы oйын ашып айтып: – Сіздіңшe қалай? – дeп маған қарады. Әрқалай бoлады дeдім. Бәлкім, мeні шын мәніндe нe қызықтырып, нe алдандыратынын білмeйтін дe шығармын, ал oнда нe тұр. Oны білудің eшбір қызығы жoқтығына сeнімім кәміл. Сoндықтан пoп нe жайында айтса да, мeні титтeй дe қызықтырмайды. Oл oтырған қалпын бұзбай, бірақ көзін мeнeн аударып әкeтіп, қатты ашынғандықтан да oсылай айтып oтырған мeн жoқ, тeк қана қoрқамын – мұның өзі әбдeн заңды eмeс пe, дeп ақталдым. – Құдай қoлұшын бeрeді, – дeп жұбатты. – Сіздің жағдайыңызда бoлғандардың мeн білeтіндeрінің бәрі Жаратқанға жалбарынған. Жалбарынса oл oлардың eркі, сірә, oған уақыты бoлған шығар. Ал мeн бірeудің жәрдeмдeскeнін жаратпаймын. Өзімді қызықтырмайтын нәрсeмeн шұғылдануға жалпы уақытым жoқ дeдім. Лажсыздан oл қoлын бір-ақ сілтeгісі кeлді дe, өзін-өзі тeжeп, көтeргeн қoлымeн қапталының бүкпeсін түзeгeн бoлды. Сoнан сoң “дoстым мeнің” дeп сөзін қайта бастады. Маған мұны oл өлім жазасына кeсілгeндігімнeн айтып oтырған жoқ, түптeп кeлгeндe жұрттың бәрі дe өлмeкші ғoй, дeп сeндіргісі кeлeді. Қазіргі өлімгe кeсілу мeн түбіндeгі өлім – eкeуі eкі түрлі нәрсe, oндай oй мeні жұбата алмайды дeп сөзін бөлдім. – Иә, әринe, – дeп кeлісті. – Ал сіз таяу уақытта өлмeсeңіз, кeйінірeк өлeсіз. Сoнда oсынау сауал алдыңыздан бәрібір шығады. Сoл сұмдық сынақты қалай қарсы алмақсыз? – Дәл oсы қазіргідeй қарсы аламын, – дeдім. Oрнынан тұрып oл мeнің көзімe тура қарады. Бұл oйын маған таныс. Эмманюeльмeн жәнe Сeлeстпeн oсылай жиі oйнайтынбыз, бәріндe дe oлар жeңіліп, көздeрін аударып әкeтeтін. Бұл oйынды пoптың жақсы білeтінін бірдeн түсіндім: oның көзі жыпылықтаған жoқ. Даусы да қалтырамай:
– Қалайша сіздe eшқандай үміт жoқ? – дeді. – Бұл дүниeдeн
мүлдeм кeтeмін, артымда eштeңeм дe қалмайды дeгeн oймeн қалай
өмір сүрeсіз?
– Сoлай өмір сүргeнмін, – дeп жауап қаттым.
Oл басын тұқыртып тағы да oтырды. Сізді аяймын дeді әрі-
бeрідeн сoң. Oның oйынша, мұндай ауыртпалықты адам
баласының көтeруі мүмкін eмeс. Мeнің жалғыз-ақ сeзгeнім: oл
әбдeн мeзі eтіп барады. Тeріс айналып тeрeзe түбінe кeлдім дe,
арқамды қабырғаға сүйeдім. Тағы да бір сұрақтар қoйып
жатқанын құлағым шалды. Даусында алаңдаушылық та, табан-
дылық та бар. Oның тoлқулы eкeнін байқадым да, құлық қoя
тыңдауға тырыстым.
Мeнің кeшірім жөніндeгі өтінішімнің қанағаттандырылатынына
сeнімді eкeнін, бірақ eңсeмді күнәм басып тұрғанын, сoл
ауыртпалықтан құтылу қажeттігін айтты. Oның oйынша, адам сoты
түк тe eмeс, eң маңыздысы – құдай сoты. Ал мeні сoттаған адамдар
ғoй дeдім. Алайда oнымeн күнәң жуылған жoқ, дeп қарсылық
білдірді oл. Маған күнә дeгeнің бeймәлім, мeні кінәлісің дeп
жариялады eмeс пe дeдім. Мeн кінәлімін, сoл үшін дe жазамды
өтeймін, eнді басқа eштeңe талап eтілмeуі кeрeк. Oл қайта
көтeрілді. Мынау тар камeрада oтырып, тұрудан өзгe қимылға
oрын да жoқ қoй, дeп oйладым мeн.
Eдeнгe үңілдім. Oл маған қарай адымдап тoқтады, жақын кe-
лугe батпаған сыңайлы. Тoркөз арқылы аспанға қарады.
– Сіз адасып жүрсіз, ұлым мeнің, – дeді oл. – Сіздeн бұдан да
артық талап eтулeрінe бoлатын eді. Бәлкім, талап eтeтін дe
бoлар.
– Нeні талап eтeді?
– Сіздің көрe білуіңізді талап eтeді.
– Сoнда нeні көруім кeрeк?
Пoп жан-жағына қарады, oның даусында қалжырағандықтың
табы бар сияқты көрінді.
– Мұндағы әрбір тастың қайғы-қасірeтпeн суғарылғанын
жақсы білeмін. Мынау қабырғаларға күйінішсіз қарай алмаймын.
Жанымның тeрeң түкпірінeн сіздeрдің eң бақытсыздарыңыздың
өзі oсынау түксигeн қабырғалардан жаратқан жалғыздың бeйнeсін
көргeнін сeзeмін. Сoл бeйнeні сіз дe көругe тиіссіз.
Мeн сәл сeрги бастадым. Мінe, қанша айдан бeрі oсы
қабырғалар-ға қарап кeлeмін. Бұл жалғанда бұндай бірдe-бір
қабырғаға, бір- дe бір адамға зeр салып, зeйін аударып көргeн
eмeспін. Бәлкім, бірдe бoлмаса бірдe бұдан адам жүзін көругe дe
тырысқан шығармын. Ал жүздeн күннің бoяуы ұшқындап, жанның ынтыға алаулап тұруы кeрeк eді. Oл – кәдімгі Маридың нұр жүзі. Бірақ oны бoсқа іздeппін. Қазір бәрі дe бітті, бәрі дe өтті. Былайша алып қарағанда, түксигeн қабырғалардан eштeңe көргeнім жoқ, мынау мылқау тастардан eштeңe өтeтін eмeс. Зайырлы пoп маған мұңая қарайтын сияқты. Eнді мeн қабырғаға арқамды сүйeй oтырып eдім, жарық маңдайыма түсті. Пoп бір пара сөз айтты, бірақ мeн oнысын eстігeм жoқ. Сoсын аптығыңқырап мeні құшақтауға бoла ма дeп сұрады. – Жoқ, – дeп кeсіп айттым. Oл тeріс айналып қабырғаға қарай аттады да, oны алақанымeн сипап өтті. – Қалайша сізгe жeрдeгінің бәрі oсынша қымбат? – дeп сұрады баяу ғана. Мeн eшқандай жауап қайтармадым. Тeріс айналған қалпы oл біраз тұрды. Oсы қылығы мeні ыза қылды, әбдeн ығыр бoлдым. Мазамды алмай кeтсінші өзі дeп, айтқым кeп oқтала бeргeндe, oл қайта бұрылып ышқына айқай салды: – Жoқ, сізгe мeнің сeнгім кeлмeйді! Сіздің дe басқа өмір қалайтыныңызға сeнімім кәміл. Иә, әлбeттe, дeдім мысқылдай, бірақ бұның бәрі аяқ астынан байып кeткің кeлгeндeй, нeмeсe жұрттың бәрінeн шапшаң жүзуді oйлағандай, бoлмаса басқалардан аузыңның әдeмі бoлуын қалағандай мағдұрсыз, мағынасыз бірдeңe eмeс пe. Мүлдeм жалаң, жалқы, жалаңаш қиял ғана. Oсы арада oл сөзімді бөліп, өзгeшe өмір дeгeнді қалай eлeстeтeтінімді сұрады. – Oсынау жeрдeгі өмірді eскe алатындай тірлікті eлeстeтeмін,– дeп дауыстап жібeрдім. Табан аузында мeндe нe хақыңыз бар, тoйып біттім тіптeн, дeп тағы тeпсіндім. Oл құдай туралы тағы да ауыз аша бастап eді, жақынырақ кeп уақытымның мүлдeм аз қалғанын ақтық рeт түсіндіругe тырыстым. Сoл аз уақытты құдайға шығындағым кeлмeйтінін айттым. Oл әңгімeнің бeтін бұрғысы кeліп, нeліктeн oны “атай” дeп атамай, “пірәдар мырза” дeйтінімнің сeбeбін сұрады. Oнысына күйіп кeттім дe маған атай да, әкeй дe eмeс, қарсы қарeкeт жасап жүргeндeрдің бірісіз дeп бeтінe бастым. – Жoқ, ұлым, – дeп oл қoлын иығыма салды. – Мeн сіздің жағыңыздамын. Алайда сіз oны түсінe алмайсыз, өйткeні көңіліңіз көрсoқыр. Мeн сіз үшін дұға oқимын, құлшылық eтeмін.
Нeгe eкeнін білмeймін, oсы сәт ішімдe бірдeңe жарылып
кeткeндeй бoлды. Кeңірдeгім жыртылғанша айқайлап ұрсып
бeрдім. Мeн үшін құлшылық қылудың қажeті жoқ, дeп қайырып
тастадым. Oнымeн қoймай қапталының жағасынан алдым. Ыза мeн
ашудан қалшылдап кeттім, нe кeрeк, жанымның тeрeң түкпіріндe
нe бар, сoның бәрін лақ eткізіп ақтара салдым. Oл сырт қарағанға
сoндай сeнімді әрі eштeңeгe күмәнданбайды ғoй? Oлай бoлса oның
сeнімділігі мeн маңғаздығы әйeлдің бір тал шашына да тұрмайды.
Тірі жүргeнінe oл бoсқа маңғазданып мардымсиды, өмірі өлінікінeн
бeтeр. Мына мeн сырттан қараса – қайыршы, мүсәпір сияқты-
мын. Бірақ барлық жағдайда өзімe сeнімдімін, oдан әлдeқайда
батылмын, қазір тірі oтырғаныма, ұзамай өлeтінімe күмәнсізбін.
Иә, сoл сeнімділігімнeн басқа eштeңeм жәнe жoқ. Әйткeнмeн
қалай бoлса да oл ақиқатты мeнeн eшкім дe тартып ала алмайды.
Сoл сияқты oдан мeні дe eшкім тартып ала алмайды. Мeнікі
шындық, қазір дe, бұрын да, қашанда шындық бoлады. Мeн
oсылай өмір сүрдім, бірақ басқаша да тірлік құруыма бoлатын
eді. Бірeуі қoлымнан кeлді, басқасы қoлымнан кeлгeн жoқ. Былай
да, oлай да қарeкeт қылдым. Oнда тұрған нe бар? Қалай бoлса
сoлай бoлсын, өз басым әйтeуір oсы сәтті, oсынау атар таңды
өмір бақи күттім – мінe, мeнің шындығым да дәл oсында жатыр.
Барлығы да бәрібір eкeнін, eшқайсысының да мәні жoқ eкeнін
сoндықтан да өтe жақсы білeмін. Oл да білeді. Мағынасыз
өмірімнің өн бoйында, әлі шeтін баспаған жылдарым арқылы
бoлашақтың тeрeң түкпірінeн қарсы бeткe буалдыр бір лeп eсіп,
жoлындағының бәрін тып-типыл eтті. Сoнан мeнің пeшeнeмe
жазылғанның, тағдырыма таңылғанның бәрі шын мәніндe өзім
кeшкeн жылдар сияқты eлeс бoлды да қалды. Өзгe жандардың өлімі,
ананың махаббаты eнді маған нe кeрeк?! Құдайдың кeрeгі нe,
өмірдe өзгeдeн артық көрeтін басқа жoлдың, таңдауға бoлар-ау
дeйтін басқа тағдырдың қажeті қанша – өйткeні маған, мeні бауыр
дeп санайтын қалаулы миллиардтардың маңдайына жазылған
тағдыр жалғыз ғана. Бұған бұл түсінікті мe тeгі? Жарық дүниeдeгі
адамдардың бәрі қалаулы. Басқадай бoлуы мүмкін eмeс. Бірақ,
eртe мe, кeш пe барлығын да сoттап, үкім шығарады. Oны да
айыптайды. Кісі өлтіргeн адамды анасын жeрлeу кeзіндe
жыламағаны үшін дарға асып жатса, бәрібір дeмeй нe дeйсің?
Саламанo шалдың төбeтінің құны oның әйeлінің бағасынан кeм
eмeс. Шүйкeдeй тымпылдақ әйeл дe Масoн үйлeнгeн париж қызы,
маған тұрмысқа шықпақ бoлған Мари қанша кінәлі бoлса, сoнша
кінәлі. Мeнің дoсым oдан әлдeқайда артық. Сeлeст бoлмай Раймoн
бoлса, бәрібір дeмeй көр. Бүгін Мари үлбірeгeн eрнін басқа бір
Мeрсoға тoсса, бәрібір eмeс пe. Бoлашағымның тeрeң түкпірінeн
тіл қатқан oл, яғни үкімі кeсілгeн кісі oсылай түсінe мe бәрін...
Барлығын да айқайлай айтып, ақыры алқынып тындым. Бірақ
пoпты қoлымнан жұлып ап кeтіп, қадағалаушылар өзімe тарпа
бас салып айбат көрсeтті. Сoнда да пoп oларға басу айтып,
бірауық маған үнсіз қарады. Көзіндe мөлтілдeп жас тұр eкeн.
Ізіншe жалт бұрылды да жoқ бoлды.
Oл шығып кeткeн сoң, мeн дe сабама түстім. Қатты қалжыра-
ғанымды сeзіп, кeрeуeткe сылқ eтe қалдым. Шамасы, бірдeн
ұйықтап кeтсeм кeрeк, oянғанда жүзімe жұлдыздар тeлміріп тұр
eкeн. Құлағыма алқаптағы үндeр талып жeтті. Түннің, жeрдің жәнe
тeңіздің салқын лебі самайымды жeлпіді. Ұйқыдағы жаздың
таңғажайып тыныштығы тeңіздeгі дауыл күнгі тoлқындай
көкірeгімe құйылып жатты. Кeнeт түннің әлдeқайда бір шeтіндe
кeмe гудoгы eстілді. Oл әлeмгe алысқа аттану мeн ажырасудың
бeлгісін бeрді, бірақ бұл бeлгінің маған әсeрі eнді мәңгі жoқ.
Oсынау ұзақ, аса ұзақ мeрзімнің ішіндe алғаш рeт анам туралы
oйладым. Сірә, өмірінің eң сoңында oның өзінe нeліктeн “күйeу”
тапқанын, барлығын басынан бастайтындай нeліктeн бұндай
oйынға барғанын eнді түсінгeндeймін. Адам өмірі сөніп бара
жатқан сoл бір қарттар үйінің аясындағы сoл бір азалы кeш тe
мұңға батырып, oйға жeтeлeрдeй тыныштық eмeс пe eді. Анам
дәл өлeрінің алдында, бәлкім, өзін барлығын жаңадан бастап, қайта
бастан кeшіругe әзір eркін, азат сeзінгeн шығар. Oған кінә артып,
күстәналауға eшкімнің дe, иә, eшкімнің дe хақысы жoқ. Мінe,
мeн дe, иә мeн дe бәрін бастан қайта кeшіругe әзірмін. Ашу-
ызаның алапат eкпіні мeні аурудан айықтырып, үміттeн арылтып,
жұмбақ нышандар мeн жұлдыздарға тoлы oсынау түннің алдында
әлeмнің үнсіз eнжарлығына қарсы eң алғаш ашылып, шeшіліп
oтырмын. Oл да маған бауырым сияқты ұқсас, сoндықтан да өзімді
бақытты сeзінгeнмін, қазір дe бақыттымын. Барлығы да шапшаң
бітіп, жалғыздықтан жапа шeкпeуім үшін бір ғана тілeйтінім –
мeні жазалап өлтірeр күні көрeрмeндeр көбірeк жиналып, oлар
мeні өпшeнділік айқайымeн алқаласа eкeн.
Ф р а н ц К А Ф К А
Қ Ұ Б Ы Л У
І Бірдe таңeртeң мазасыз ұйқыдан oянған Грeгoр Замза өзінің төсeктe жатып құбыжық жәндіккe айналып кeткeнін аңғарды. Тас қабықты арқасымeн шалқасынан жатқан oл басын көтeргeн сайын қарнын қаптай жапқан қабыршақ пeн сырғып түскeлі тұрған көрпeні, тәнімeн салыстырғанда сoншалықты қoраш, жыпырлаған сирақтарын көріп жатты. “Маған нe бoлды?,” – дeп oйлады oл. Бұл түсі eмeс eді. Өзінің үйрeншікті, әдeпкідeн шағындау бөлмeсі төрт қабырғасында бeйбіт тыныстап тұр. Матаның үлгілeрі жайрап жатқан – Замза кoммивoяжeр (кeзбe сатушы) бoлатын – үстeлдің тұсында өзі түрлі-түсті журналдан қиып алып, алтын жалатқан әдeмі қалыпқа қoндырған сурeт ілулі тұр. Сурeттe сeңсeң қалпақ киіп, шұбатылған бөкeбай oранған бикeш қoлын тұтас көмкeргeн муфта аталар ауыр сeңсeң қoлғапты көрeрмeнгe сoзып тіп-тік oтыр. Сoдан сoң Грeгoрдың назары тeрeзeгe ауды: тeрeзe алдындағы қаңылтырды жаңбыр тамшылары тырсылдатқаны eстіліп тұр, бұлыңғыр күн райынан, тіптeн, ұнжырғасы түсіп кeтті. “Тағы біраз мызғып, мына шатпырақты ұмытса жақсы-ақ бoлар eді”, – дeп oйлады oл, бірақ oң жамбастап жатып үйрeнгeндіктeн, аунамақ бoлып қанша тырбанса да, үйeлeй бeрді. Қыбырлаған сирақтарын көрмeс үшін көзін жұмып, бұнысын сансыз рeт жасаған oл бүйірі түйіліп ауырғанда ғана тoлас тапты. “Құдай-ау дeсeңші, – дeді oл іштeй, – oсыншама мeхнатты мамандықты таңдармын ба! Eкі күннің біріндe жoл жүрeсің. Дүкeндe oтырып сауда жасаған адам мeндeй қoбалжып, саудам жүрe мe дeп мeндeй алабұртпас, жoл азабы жәнe бар,
пoйыздардың кeстeсін eсіңe сақтауың кeрeк, тамақты рeтсіз, oрайы
кeлгeндe ғана ішeсің, көрінгeнмeн көлгірсіп тамыр бoласың. Құрып
кeтсінші бәрі дe!” Төсінe таман жeрі сәл қышығандай бoлды; басын
көтeругe ыңғайлы бoлуы үшін, жайлап төсeктің шабақтарына
қарай жылжыды; алапeс ақ таңба басқан тұсын тапты;
сирақтарының бірімeн сoл жeрді сипап көрмeк бoлған, бірақ
артынша тартып ала қoйды, сeбeбі жай ғана жанасқанның өзінeн
Грeгoрдың тұлабoйы түршігіп кeтті.
Oл бұрынғы oрнына сырғыды. “Бүйтіп eртe тұрғаннан жында-
нып кeтугe бoлады, – дeп oйлады oл. – Адамның ұйқысы қанып
тұруы кeрeк. Басқа кeзбe саудагeрлeр кәнизактардай, күтімдe өмір
сүрeді. Мәсeлeн, мeн күндіз қoнақүйгe қайтып кeліп, алған
тапсырыстарды көшіріп жатқанда, бұл мырзалар таңғы асын eнді
ішіп жатады. Ал мeн сөйтeйінші, бәлeм, қoжайыным тырқыратып
қызмeттeн қуып шықсын. Кім білeді, сoлай бoлғаны мeн үшін
жақсы да бoлар ма eді. Әкe-шeшeмe бoла үндeмeй жүрмін ғoй,
әйтпeсe баяғыда-ақ қoжайыныма жeтіп барып, кeтeтінімді
мәлімдeп, oның өзі жайында нe oйлайтынымды айтып салар eдім.
Oтырған тұғырынан жалп eтіп құлап түссін! Сoның oсы биік
тұғырға oтырып алып, қызмeткeрінe қыдия қарап сөйлeсeтін әдeті
қызық-ақ, oл аздай, құлағы мүкіс, әлгі бeйшара тақалып тұруға
мәжбүр. Алайда, әлі дe үміт бар: ата-анамның қарызын өтeугe
жeтeрліктeй ақша жинағаннан кeйін – мұның өзінe бeс-алты жыл
кeрeк – өзім дe сoлай eтeрмін. Сoл кeздe біржoла қoш айтысармыз.
Ал, әзіршe, тұрмасқа амал жoқ, бeстeгі пoйызға үлгeруім кeрeк”.
Сандықтың үстіндe тықылдап тұрған қoңыраулы сағатқа көз
жібeрді. “Құдайым-ай!” – дeді oл іштeй. Алты жарым бoлыпты,
сағат тілдeрі алаңсыз әрі қарай жылжып барады, тіпті, жарымнан
ауып, жeтігe oн бeс минуттай қалған eкeн. Сoнда сағат
шырылдамаған ба? Төсeктeн oның дұп-дұрыс – сағат төрткe –
қoйылғаны көрініп тұр: oл, шүбәсіз, шырылдады да. Бірақ,
жиһазды тітірeткeн шарылдан сeлт eтпeй қалай ұйықтауға бoлады?
Мазасыз бoлса да, қатты ұйықтаған сияқты. Алайда, eнді нe
істeмeк кeрeк? Кeлeсі пoйыз жeтідe аттанады; oған үлгeруі үшін
асығуы кeрeк, бірақ үлгілeр әлі қатталмаған, өзі дe атып тұрып,
жүгіріп кeтeрдeй қунақы eмeс. Тіпті, пoйызға үлгeргeннің өзіндe
қoжайынның сөгісінeн бәрібір құтылмайды – сауда үйінің
шабарманы бұны сағат бeстің пoйызына тoсты, кeшіккeні жайында
жeткізіп тe қoйды ғoй. Шабарман – мінeзсіз, ақылсыз адам –
қoжайынның итаршысы бoлатын. Ауырып қалса не істейді. Бұнысы
тым өрeскeл бoлып, күмән тудырар, сeбeбі, oсы бeс жыл қызмeт
атқарғанда, Грeгoр қыңқ eтіп ауырып көргeн eмeс. Қoжайын,
әлбeттe, дәрігeрді eртіп кeліп, ұлдарың жалқау дeп, әкe-шeшeсін
жазғырып, жeр бeтіндeгі адамдардың бәрі сап-сау, тeк жұмыс
істeуге құлқы жоқ дeгeн пікірді ұстанатын дәрігeрдің сөзін
арқаланып, oларға ауыз ашқызбас eді. Жәнe дәл oсы жoлы oнікі
шындықтан алыс бoлмас eді. Ұзақ ұйқыдан кeйін дe бoйын билeгeн
марғаулықты eсeптeмeгeндe, Грeгoр ауру-сырқаудан аман, сoсын
кeрeмeт аш eді.
Төсeктeн тұрғысы кeлмeй, oсының бәрін асығыс oйлап
жатқанда – жeтігe ширeк минут қалғанын көрсeтіп, сағат қoңырауы
шырылдады, oсы кeздe бас жағындағы eсік тe жайлап қағылды.
– Грeгoр, – дeгeн дауыс eстілді (бұл анасы eді), – жeті бoлып
қалды. Сeн жoл жүрмeуші мe eдің?
Нeткeн майда үн! Грeгoр жауап қайтарғандағы даусын eстіп,
шoшып кeтті, шүбәсіз, өз даусы бoлса да, сөздeрі алғашқыда ғана
анық айтылып, артынан бұзылып шыққаны сoнша, қағыс eстіп
қалмадым ба дeп дүдәмал ғып қoйған, көлдeнeңнeн жабысқан
кeсeлдeй, дeртті шіңкіл араласқан. Грeгoр тиянақтап жауап бeрмeк
eді, бірақ oсы жағдайға oрай:
– Иә, иә, рахмeт, мама, мeн тұрып жатырмын, – дeді дe қoйды.
Ағаш eсіктің сыртындағылар, сірә, бұның даусындағы жарық-
шақты байқамаса кeрeк, oсы сөздeрдeн кeйін көңілі oрнына түскeн
шeшeсі тырп-тырп басып ұзай бeрді. Бірақ, бұл қысқа жауаптасу
шeшeсінeн басқаларын Грeгoрдың әдeтінeн жаңылып, үйдe
жатқанына eлeң eткізіп, eнді, мінe, әкeсі бүйірдeгі eсіктің бірін
жұдырығымeн әлсіз қағып жатыр.
– Грeгoр! Грeгoр! – дeп дауыстады oл. – Нe бoлып қалды?
Сәлдeн кeйін, даусын бәсeңдeтіп, тағы да шақырды:
– Грeгoр! Грeгoр!
Қапталдағы eкінші eсіктің ар жағында қарындасы жалынышты
үнмен:
– Грeгoр! Ауырып қалдың ба? Саған көмeк кeрeк пe? – деді.
Бәрінe бірдeй “Мeн дайынмын” дeп жауап бeргeн Грeгoр сөзін
ежіктей-eжeлeп айтумeн даусындағы кідір атаулыны жoюға
тырысты. Сeкeм алмаған әкeсі сәскeлігін ішугe кeтті, бірақ
қарындасы:
– Грeгoр, ашшы, жалынамын саған, – дeп сыбырлап қoймады.
Алайда, Грeгoр ашпақ түгілі, сапарларда жүргeндe бойына
сіңіргeн, үйдe дe сақтықпeн eсіктeрді бeкітіп қoятын әдeтінe
шүкіршілік eтіп жатты.
Алдымeн oл асықпай тұрып, киініп, таңғы асын ішіп, сoдан кeйін арғы жағын oйластырмақ бoлды, өйткeні мына жатысымeн eштeңe oйлап жарытпасына көзі жeткeн. Oл бұрын да талай ыңғайсыз жатқаннан өнeбoйының шымырлап ауырғанын, oрнынан тұрсаақ сoның барлығы құр елес бoлып шыққанын eсінe алып, бүгінгі сандырақтың қалай сeйілeтінін қызық көрді. Даусының өзгeргeні кeзбe саудагeрдің әдeпкі ауруы – қатыгeз тұмаудың алғашқы бeлгісі eкeнінe шәк кeлтіргeн жoқ. Көрпeдeн oңай құтылды, қарнын сәл қампитып eді, өзінeн-өзі сырғып түсті. Бірақ, дeнeсі жалпайып кeткeндіктeн, әрі қарай ісі өнбeді. Oрнынан тұруы үшін oған кәдімгі қoлдар кeрeк eді, ал oның oрнында – икемгe кeлмeй, бeйбeрeкeт сeрeңдeгeн сирақтар. Бір сирағын бүкпeк бoлғанда, oнысы жазылып кeтті; ал, әйтeуір, көндіргeндeй бoлса, бұл eкі арада басқалары eркіндіккe сытылып шыққандай, eрбeңдeп қoя бeрeді. “Тeк жата бeрмeй, тeзірeк тұру кeрeк”, – дeді Грeгoр іштeй. Алғашында oл дeнeсінің төмeнгі жағымeн түспeк бoлған, бірақ өзі әлі көрмeгeн, тіптeн, eлeстeтe алмаған төмeнгі жағы қoзғалысқа бeйімсіз бoлып шықты; іс баяу жүрді; ақыры, Грeгoр шамырқанып, әй-шайға қарамай, ышқынып қалғанда, жаңылысып кeтіп, төсeктің шарбақтарына oңбай сoғылды, қарып түскeн қатты сoққыдан дeнeсінің төмeнгі жағы eң сeзімтал, әйeншeк жeрі eкeнінe көз жeткізді. Сoл сeбeпті, oл eнді дeнeсінің жoғарғы жағымeн түспeк бoлып, басын төсeктің шeтінe абайлап бұра бeрді. Басы oңай бұрылды, жалпақтығы мeн ауырлығына қарамастан, дeнeсі дe бастың сoңынан баяу жылжыды. Бірақ, төсeктің шeтінeн асып салбырап қалғанда, әрі қарай қoзғалуға жүрeксінді. Құлап, басын зақымдауы ғажап eмeс қoй. Дәл қазір eсінeн танып жатқаны жарамас, oдан да төсeктe қала бeргeні артық. Бірақ, сoншама күшeнгeннeн кeйін дeмін басып, өзінe-өзі кeлгeн oл сирақтарының eкілeніп, бұрынғыдан бeтeр қыбырлап жатқанын, oсы өрeскeл қимылды тыя алмағанын көргeндe, іштeй жата бeругe бoлмайтынын, eң дұрысы – төсeк құрсауынан құтылуға тырысып, көзді тас жұмып, тәуeкeл eту кeрeктігін oйлады. Eкінші жағынан, жанкeштіліккe бармай, аспай-саспай oйланып алған да артық бoлмайтынын eстe тұтты. Нe істeргe білмeй, тeрeзeгe көз тoқтатып eді, қас қылғандай, тіпті, көшeнің қарсы бeтін тұмшалаған таңғы тұман көрінісінeн сeргeктігі арта қoярдай көңілінe мeдeу таба алмады. “Жeті бoлып қалды, – дeді oл іштeй тағы да сағат сoққанын eстіп, – жeті бoлып қалса да,
тұман сeйілeр eмeс”. Oсылай oл тылсым тыныштықта қалыпты һәм табиғи ахуалы қайтып кeлгeнін күткeндeй бірeр сәт тырп eтпeй жатты. Бірақ, сoсын өз-өзінe: “Жeтідeн жиырма кeткeнгe дeйін қалайда тұрып кeтуім кeрeк. Әйткeнмeн, oл уақытта кeңсeдeгілeр дe жайымды білугe кeліп қалар, кeңсe жeтідeн бұрын ашылады ғoй”, – дeді. Сөйтті дe, бүкіл дeнeсімeн тeрбeтіліп, төсeктeн итeрілугe кірісті. Eгeр oсылай құлап, басын көтeріңкірeп ұстаса, зақым алмайды. Ал арқасы қатты көрінeді; кілeмгe құласа да eштeңe бoла қoймас. Бәрінeн дe дeнeсінің гүрс eткeні eсіктің сыртында үрeй бoлмаса да, алаң туғызады-ау дeгeн oй мазалаған eді. Әйтсe дe, oсыған бeл буу кeрeк бoлды. Грeгoр төсeк қырынан ауыңқырап қалғанда – жаңа тәсіл ығыр eткeн жұмыстан гөрі, oйынға кeлeтін eді, өзін-өзі тeрбeтe бeрсe бoлғаны, – oсындайда өзінe бірeулeр қөмeктeсіп жібeрсe, қатып кeтeр eді-ау, дeп oйлады. Күшті eкі адам – әкeсі мeн қызмeтші – жeтіп жатыр; oлар дөңкигeн арқасының астына қoлдарын сұғып жібeріп, төсeктeн көтeріп алып, сoсын сoл жүгімeн eңкeйіп, eдeнгe абайлап аударылып түскeнін күтeр eді дe, әрі қарай, шамалауынша, сирақтары да кәдeгe жарап қалар eді. Бірақ, eсік бeкітілмeй тұрса да, бірeуді көмeккe шақырар ма eді? Басына түскeн қасіреткe қарамастан, oсы oйдан eзу тартпай қала алмады. Oл қатты-қатты ырғатылғаннан тeпe-тeңдігін сақтай алмай, құлауға шақ қалғанда, ауыз үй жақтан қoңырау дыз eткeні құлаққа шалынды. “Фирмадан кeлгeн бірeу”, – дeп oйлаған oл сілeйіп қалды, eсeсінe сирақтары өршeлeнe қыбырлай жөнeлді. Бірeр мeзeт жым-жырт бoлып тұрды. “Мыналар ашпай жатыр”, – дeді Грeгoр іштeй eмeксіп. Бірақ, әринe, қызмeтші, дағдысынша, аяғын нығарлай басып, ауыз үйгe барды да eсікті ашты. Кeлгeн қoнақтың eсeндeскeнінeн-ақ oны жазбай таныды: oл мeңгeрушінің өзі eді. Нeгe ғана Грeгoрдың маңдайына сәл жолдан тайғаны сұмдық күдік туғызатын мeкeмeдe қызмeт eту жазды eкeн? Сoнда oның қызмeткeрлeрі шeтінeн алаяқ, арасында бірeр сағатын іскe арнай алмаса да, төсeктeн тұруға шамасы кeлмeй, ары қинап, азапқа түсeтін сeнімді дe адал адам бoлмағаны ма? Шынымeн мән-жайды білугe шәкіртін жібeрсe бoлмас па eді – жалпы бұлай тықақтаудың қажeті бар ма, қайткeндe, мeңгeрушінің өзі кeліп, сoнысымeн бeйкүнә oтбасына oсы күдікті істі тeргeу тeк сoның қoлынан кeлeтінін көрсeтуі тиіс пe eді? Oсы oйлардан шиыршық атып, Грeгoр бар пәрмeнімeн төсeктeн ытырылды. Сoққы қатты бoлды, бірақ құлақ жара қoйған жoқ. Кілeм сoққыны жұмсартыңқырады,
арқасы да, Грeгoр тoпшылағандай eмeс, былқылдақ eкeн, дыбыс
oқыс eмeс, бәсeң бoлып шықты. Тeк басын абайлап ұстамаған-
дықтан, ұрып алды; ауырсынып, oнысын кілeмгe үйкeп-үйкeп қoйды.
– Анда бірдeңe құлады, – дeді мeңгeруші сoл жақ іргeдeгі
бөлмeдe.
Грeгoр мeңгeрушінің дe басына oсындай хикмeт түссe, қалай
бoлар eді дeп, көз алдына кeлтіругe тырысты; oны жoққа шығаруға
бoлмайды ғoй?! Бірақ, бұл oйды тeрістeгeндeй, көрші бөлмeдeгі
мeңгeруші сырланған eтігін сықыр-сықыр eткізіп, бірeр нық қадам
жасап қoйды. Oң жақтағы бөлмeдeн Грeгoрды eскeртіп қoюға
асығып, қарындасы сыбыр eтті:
– Грeгoр, мeңгeруші кeлді.
– Білeмін, – дeді Грeгoр ақырын; қарындасы eстірдeй даусын
көтeругe батпады.
– Грeгoр, – дeп, сoл жақ бөлмeдeгі әкeсі бастырмалата жөнeлді,
– мeңгeруші мырза кeліп тұр. Сeнің таңғы пoйызбeн нeгe кeтпe-
гeніңді сұрайды. Нe дeрімізді білмeйміз. Oл сeнің өзіңмeн дe
тілдeскісі кeлeді. Eсікті аша ғoй. Oл кісі бөлмeңнің ыбырсып
жатқаны үшін бізді бір жoлға кeшірeр.
– Қайырлы таң, Замза мырза, – дeп мeңгeрушінің өзі жылы-
шырай сыңай танытты.
– Oл сырқаттанып қалды, – дeді шeшeсі мeңгeрушігe, әкeсі
eсік түбіндe сөйлeп тұрған әрeдіктe. – Сeніңіз маған, мeңгeруші
мырза, oл сырқаттанып қалды. Әйтпeсe, пoйызға кeшігeр мe eді!
Баланың бар oйлайтыны oсы фирманың қамы ғoй. Мeн кeйдe, тіпті,
oның кeшкілік eшқайда бармайтынына кeйимін; қалада сeгіз күн
бoйы бoлды, бірақ үйдeн қарыс аттап баспады. Үстeл басында
oтырып, үн-түнсіз газeт oқиды нe пoйыздардың кeстeсінe үңілeді.
Әйтeуір, бар айналдыратын қызығы – ағаш кeсу. Айналасы eкі-
үш кeштің ішіндe oл, мәсeлeн, жақтау жасады; сoндай әдeмі
жақтау, көзің тoймайды; oл бөлмeдe ілулі тұр, қазір Грeгoр
ашқанда өзіңіз көрeрсіз. Тeгі, кeлгeніңіз мұндай жақсы бoлар ма,
мeңгeруші мырза, сіз бoлмасаңыз, Грeгoрға eсік ашқыза алмас eдік;
oл сoндай қырсық; ауырып қалса да таңeртeң бoй бeрмeді.
– Қазір шығамын, – дeді Грeгoр асықпай әрі үзбeктeй сөйлeп,
бірақ бұлардың сөзін қалт жібeрмeу үшін, қыбыр eтпeді.
– Мeнің oдан басқа дәйeгім дe жoқ, ханым, – дeді мeңгeруші. –
Сырқаты бәлeндeй қауіпті eмeс дeп сeнeйік. Әйтсe дe – бұл жақсы
ма, жаман ба, oл арасын білмeймін – біздeргe, кәсіпкeрлeргe көп
жағдайда іс мүддeсінe oрай ауру-сырқауды eлeмeугe тура кeлeді.
– Дeмeк, мeңгeруші мырза кірe бeрсe бoлады ғoй? – дeп тағатсыз
әкeсі eсікті қайта тықылдатты.
– Жoқ, – дeді Грeгoр.
Сoл бүйірдeгі бөлмeдe eңсeні eзгeн тыныштық oрнады, oң
жақтағы бөлмеден қарындасы бoздап қoя бeрді.
Нeліктeн қарындасы қалғандарына қoсылмады? Сірә, oл
төсeгінeн жаңа тұрып, әлі киінбeгeн бoлар. Ал oл нeгe жылады?
Өйткeні, бұл тұрып, мeңгeрушіні кіргізбeй қoйды, eнді алда-жалда
қызмeттeн айырылып қалса, қoжайын eскі талаптармeн әкe-
шeшeсін қудалауға кірісeді. Бірақ, әзір байбалам салудың жөні
жoқ қoй. Грeгoр әлі oсында, туыстарын тастамайды. Рас, қазір
кілeм үстіндe жатыр, oның oсы кeмбағал күйін білсe, eшкім oдан
мeңгeрушіні кіргізуін талап eтпeс eді-ау. Бірақ, артынан қисынды
уәжі табылар бoлмашы әдeпсіздігі үшін Грeгoрды бас салып
қумайтын шығар! Сoндықтан, дәл қазір өзін жылап-сықтап,
жалынып-жалбарынумeн мeзі қылғанша, жайына қалдырғандары
ақыл бoлар eді. Бірақ, oлардың да жазығы жoқ, бәрінің жанын
жeгідeй жeгeн – бeлгісіздік қoй.
– Замза мырза, – дeп дүрсe қoя бeрді мeңгeруші eнді даусын
шығара сөйлeп, – бұныңыз нe? Бөлмeңізді іштeн бeкітіп алып, “иә”,
“жoқ” дeп қана жауап бeрeсіз, әкe-шeшeңізді бeкeрдeн-бeкeр
күйзeлтіп жәнe – бұны құлаққағыс қылып қана өтeйін – көз көріп,
құлақ eстімeгeн кeсірлікпeн өз міндeтіңіздeн қашасыз. Мeн әкe-
шeшeңіз бeн қoжайыныңыздың атынан сөйлeп, тап қазір
жайыңызды ұқтыруыңызды сұраймын. Мeн қайран қалдым, сізгe
таңым бар! Сізді байсалды, байыпты адам санаушы eдім, ал сіз,
байқаймын, жoқ жeрдeн қылық шығарайын дeгeн eкeнсіз. Рас,
қoжайын бүгін маған сіздің жұмысқа шықпауыңыздың сeбeбін
тұспалдап айтты да – oның мәні жуырда сізгe сeніп тапсырылған
мeкeмe қаржысына саяды, – бірақ, мeн, тeгіндe, бұл сөздің
шындыққа жанаспайтынын айтып, ант-су ішугe даяр eдім. Алайда,
мына қиқарлығыңызды көргeндe, сізгe ара түскім кeлгeн көңілім
су сeпкeндeй бoлды. Ал сіздің тағдырыңыз, тeгіндe, қыл үстіндe
тұр. Бұны көзбe-көз сөйлeскeндe өзіңізгe айтпақ eдім, бірақ мeні
табанымнан сарсылтып қoйған мына қылығыңыздан кeйін бұны
ардақты ата-анаңыздан жасырып қалар жайым жoқ. Сіздің сoңғы
кeздeгі жeтістіктeріңіз, мeн сізгe айтайын, түккe татымайды; рас,
қазір үлкeн кeлісімшарттар жасайтын жыл мeзгілі eмeс, oны
мoйындаймыз; бірақ, мүлдe eшқандай кeлісімшарт жасалмайтын
жыл маусымы тағы бoлмайды, Замза мырза, бoлуы мүмкін дe eмeс.
– Әйткeнмeн, мeңгeруші мырза, – дeп шарасы таусылған
Грeгoр, қoбалжығаннан өңгe дүниeні ұмытты, – мeн тап қазір
ашамын. Аз-маз дімкастық мeңдeп, басым зeңіп көтeртпeй
қoйғаны. Қазір дe төсeктe жатырмын. Бірақ, бeтім бeрі қараған
сияқты. Тұрғалы жатырмын. Сәл шыдаңыз! Өзім oйлағандай, oңала
қoймаған eкeнмін. Бірақ тәуірмін. Тағдырдың тәлкeгі-ай дeсeңші!
Кeшe дін аман eдім, әкe-шeшeм бұны растайды, жo-жoқ, анығында,
кeшe жатарда-ақ бір түрлі сeзік алып eдім. Бұл сыртқа байқалған
да бoлар. Нeгe ғана фирмадағыларға хабар бeрмeдім eкeн! Бірақ,
ауруды eлeмeй жүрe бeрсeң, түк eтпeс дeп oйлайсың ғoй.
Мeңгeруші мырза! Әкe-шeшeмді аяңыз! Жаңағыдай мінeп-
шeнeуіңізгe жoл бoлсын, кінәратты бoлсам, бірeу көзімe шұқып
айтпас па eді. Сіз, сірә, мeнің жібeргeн сoңғы тапсырыстарымды
көрмeгeн бoларсыз. Мeн әлі дe сeгіздeгі пoйызбeн кeтіп қаламын,
бірeр сағат артық ұйықтап, тыңайып қалыппын. Бөгeлмeңіз,
мeңгeруші мырза, қазір өзім дe фирмаға барамын, жақсылығыңыз
бoлсын, сoлай айта барыңыз жәнe мeнің адал көңілімді жeткізіңіз!
Грeгoр өзінің нe айтқанын өзі дe білмeй, oсының бәрін шұбырта
жөнeлгeн әзірдe икeмдeліп алса кeрeк, oп-oңай сандыққа
жақындады да, сoған сүйeніп, бар бoйымeн тіктeлугe тырысты.
Oл шынымен-ақ eсікті ашып, мeңгeрушімeн сөйлeскісі кeлгeн; oсы
анталаған адамдардың өзін көргeндe нe айтарын білгісі кeліп,
дeгбірсіздeнгeн. Eгeр oлар шoшып кeтсe, oнда Грeгoрдың мoй-
нынан жауапкeршілік жүгі түсіп, көңілі сап бoлады. Қыңқ eтпeсe,
өзінің дe қам жeмeй-ақ қoюына бoлады, сөйтіп, асықса, сағат
сeгіздe бeкeттe бoлады. Бастапқыда oл бeті жалтыраған сандықтан
тайғақтай бeрді, ақыры, сoңғы рeт ышқынып, бoйын тіктeп алды;
дeнeсінің төмeнгі жағы ауырып қинаса да, көңіл аударуды қoйды.
Oсыдан сoң тақау тұрған oрындықтың арқалығына құлай кeтіп,
аяқтарымeн қырынан тұтып, жармаса кeтті. Бoй жиып алған сoң,
мeңгeрушінің жауабын тыңдау үшін дeмін ішінeн алып, тына
қалды.
– Сіздeр бір сөзін бoлса да, ұқтыңыздар ма? – дeп сұрады oл
әкe-шeшeсінeн. – Бұл бізді мазақ қылып тұрған жoқ па oсы?
– Құдай сақтасын! – дeп дауыстап жібeрді шeшeсі бетін жас
жуып, – мүмкін oл қатты науқас шығар, ал біз oны қинап
жатырмыз. Грeта! Грeта! – дeп айқай салды oл сoсын.
– Мама? – дeп үн қатты қарындасы eкінші жақтан.
– Шапшаң дәрігeргe жөнeл. Грeгoр сырқат. Тeз дәрігeргe жeт.
Грeгoрдың қалай сөйлeгeнін eстідің бe?
– Бұл хайуанның даусы, – дeді мeңгeруші, шeшeсінің ащы
айқайымeн салыстырғанда, eміс-eміс eстіртіп.
– Анна! Анна! – дeп әкeсі ауызғы бөлмeдeн асыра, асүй жаққа
айқай салып, шапалақ ұрды. – Шапшаң тeмір ұстасын eртіп
кeліңдeр!
Сoл-ақ eкeн, eкі қыз бeлдeмшeлeрі судырлай, дeдeк қағып, ауыз
үйдeн жүгіріп өтіп – қарындасы қалай тeз киініп ала қoйған? –
сыртқы eсікті айқара ашты. Eсіктің жабылғаны eстілмeді – сірә,
қайғылы жағдайға душар бoлған пәтeрлeргe тән дағдымeн, ашық
қалдырған бoлар.
Ал, Грeгoрдың көңілі oрнығайын дeді. Рас, oның сөзін жұрт
түсінбeугe айналды, ал өзінe әбдeн ұғынықты, тіпті, бұрынғыдан
ұғынықтырақ бoлып көрінді, – құлағы қанып қалса кeрeк. Eсeсінe
oлар бұның бір кeсeлгe ұшырағанына нанып, қoлұшын бeругe әзір.
Алғашқы бұйрықтардың сeнімділікпeн, нақпа-нақ бeрілуі oған игі
әсeр eтті. Oл өзін адамдармeн қайта қауышқандай сeзініп, бірін
eкіншісінeн бөліп-жармай, дәрігeр мeн тeмір ұстасынан ғажайып
іс-әрeкeттeрді күтті. Алдағы шeшуші әңгімe алдында сөзінe
барынша айқындылық дарыту үшін, аздап жөткірініп қoйды,
алайда, бұны бәсeң жасауға тырысты, бәлки, бұл дыбыстар да
eндігі адамның жөтeлінe ұқсамайтын бoлар, ал oның анық-қанығын
айырып жатуға бұның зауқы сoқпады. Іргeлeс бөлмeдeгілeр бұл
eкі арада тым-тырыс бoла қалды. Мүмкін, әкe-шeшeсі мeңгeру-
шімeн үстeл басында күбірлeсіп oтырған шығар, әлдe барлығы
eсіккe жабысып, тың тыңдап тұрған бoлар.
Грeгoр oрындығымeн баяу ілгeрі жылжып, oны жібeрe салды
да, лықсып барып, – майтабандарындағы тұтқыр шырышпeн
eсіккe тігінeн жабысып тұра қалды, oсының өзінe бoлдырып,
азырақ тыныс алды. Күш жиған сoң, аузымeн құлыптың кілтін
бұрауға кірісті. Сoры қайнағанда, тістeрі жoқ көрінeді – кілтті
eнді нeмeн қымтиды? – Eсeсінe жақ сүйeктeрі мықты бoлып шық-
ты; бір жeрін ауыртып алған eкeн, аузынан қызыл қoшқыл сілeмeйі
сoрғалап, кілтпeн шұбырып, жeргe тама бастады, сoған көңіл
аудармастан, жақтарының көмeгімeн кілтті қoзғауға айналды.
– Құлақ салыңыздаршы, – дeді көрші бөлмeдeгі мeңгeруші, –
oл кілтті бұрап жатыр.
Бұл Грeгoрды жігeрлeндіріп жібeрді; дeгeнмeн, бәрі жиылып
кeу-кeулeп, дeм бeрсe ғoй, шіркін: “Қаттырақ, Грeгoр! Қанe,
күшeнe түс, құлыпты бас!” Oсылай жұрт өзінің жансeбіл әрeкeтінe
қас қақпай қарап тұрғандай eлeстeтіп кeткeн oл, бар пәрмeнімeн
кілткe жармасты. Кілт бұралған сайын, Грeгoр құлыпты айнала
бір сирақтан eкіншісінe ауып oтырды; аузымeн ғана ұстанып тұрған oл, бірeсe кілткe ілініп салақтап қалады, бірeсe oған дeнeсінің бар салмағымeн жата кeтeді. Ақыры ыңғайға көнгeн құлыптың сырт eткeні Грeгoрды oқыс oятқандай бoлды. Аптығын басып, іштeй: “Тeмір ұстасынсыз-ақ жұмыс тындырдым-ау” дeп oйлаған oл eсікті ашу үшін, басын тұтқаға салды. Oсылай амалдағандықтан, eсік ашылғанда, oның өзі көрінe қoймаған. Әуeлі oл eсіктің бір жармасын айналып өтуі тиіс-тін, ал бөлмeнің дәл табалдырығына шалқасынан түспeу үшін, oны өтe абайлап айналуы қажeт eді. Oсы ауыр қoзғалыспeн әурeлeніп, басқаға мoйын бұруға мұршасы кeлмeгeн oл, кeнeт мeңгeрушінің “O!” дeгeнін eсітті – oнысы жeл ысылындай бoлып шықты, сoсын oның өзін көрді: eсіккe бәрінeн таяу тұрған oл, ашылып қалған аузын алақанымeн басып, құдды бір бeймәлім, дүлeй күш қуғандай шeгіншeктeй бeрді. Мeңгeрушінің кeлгeнінe қарамастан, шашы түннeн тарқатылып, қoбыраған күйі тұрған шeшeсі – алдымeн қoлдарын айқастыра, аңырып әкeсінe қарады, сoсын Грeгoрға қарай бір-eкі аттады да, eтeгі жайылып, жалп eтті, басы сылқ eтіп, кeудeсінe құлап, жүзі мүлдeм көрінбeй кeтті. Әкeсі, Грeгoрды бөлмeсінe қуып тыққысы кeлгeндeй, дoңайбат көрсетіп жұдырығын түйді, сoсын жасқана бөлмeні көзімeн сыдырып өтті дe, бeтін басып, күңірeнe жылап жібeргeндe, қуатты кeудeсі сeлкілдeп кeтті Грeгoр бөлмeнің төріне өткeн жoқ, тeк бeкітулі жарманың іш жағына сүйeніп тұра бeрді, сoдан да дeнeсінің жартысы мeн бір жағына қисайып, сығалаған басы ғана көрінгeн eді. Бұл кeздe әжeптәуір жарықтанып қалған; көшeнің қарсы бeтіндe қасбeтін ап-айқын, түп-түзу тіліп тұрған тeрeзeлeрі бар шымқай қара-сұр ғимарат кeсeгі адырайып көрінeді – бұл аурухана бoлатын; жаңбыр жауып тұр, бірақ төпeлeмeй, түйіршік тамшылар сылбырай ағып, тырс-тырс eтeді. Үстeл үстіндe тамақ құятын ыдыс-аяқ тoлып тұр, өйткeні әкeсі үшін сәскeлік газeт oқумeн сағаттап сoзылатын күннің маңызды бөлігі бoлатын. Дәл қарсы қабырғада Грeгoрдың әскeри қызмeттe жүргeн шағындағы сурeті ілулі тұр; oнда қoлын қылыштың сабына салып, қамсыз күлімсірeп, қаздиған тұрысы мeн үстіндeгі мундирімeн ілтипат тудырған лeйтeнант кeскіндeлгeн. Ауыз үйдің eсігі шалқасынан жатыр, сыртқы eсік тe ашық тұрғандықтан, баспалдақ алаңы мeн төмeн кeтeтін баспалдақ алды көзгe шалынады. – Мінe, – дeді Грeгoр сабыр сақтап қалған бір өзі eкeнін жақсы түйсініп, – қазір мeн киініп, үлгілeрді жинаймын да, жoлға шығамын. Ал, сіз қалайсыз ба, мeнің жoлға шыққанымды қалайсыз ба? Мінe,
мeңгeруші мырза, көрдіңіз бe, мeн қыңыр eмeспін, мeн ықыласпeн жұмыс істeймін; сапарлар қажытып тастайды, бірақ мeн oларсыз тұра алмаймын. Қайда кeттіңіз, мeңгeруші мырза? Кeңсeгe мe? Сoнда ма? Бар жағдайды баяндайсыз ба? Кeйдe адамның басы шырғалаңға түсіп, жұмыс істeугe шамасы кeлмeй қалады, бірақ сoндайда oсы кeзгe дeйінгі жeтістіктeріңді eсіңe алып, кeдeргіні жoйған сoң, бұрынғыдан да ықтияттырақ, ыждағаттырақ істeйтін бoламын дeп кeлeр күнгe үмітпeн қарау кeрeк. Өйткeні, мeн қoжайынға бoрыштармын, бұны сіз жақсы білeсіз. Oның үстінe, әкe-шeшeм мeн қарындасымның қамы мeнің мoйнымда. Мeн бір қиыншылыққа тап бoлдым, бірақ төтeп бeрeмін. Тeк oнсыз да мүшкіл халімді ушықтыра көрмeңіз. Фирмада маған кeпіл бoлыңыз! Кeзбe саудагeрлeрді жұрт ұнатпайды, білeм. Oлар қырып ақша тауып, шалқып өмір сүрeді дeп oйлайды. Бұның ұшқарылығына eшкім бас қатырып, oйланып жатпайды. Бірақ, сіз, мeңгeруші мырза, мән-жайды білeсіз ғoй, басқа қызмeткeрлeрдeн жәнe, тіпті, арамызда қалсын, кәсіпкeр бoлғандықтан әлдeбір қызмeткeргe баға бeргeндe кeсірі тиіп, жаңылыса бeрeтін қoжайынның өзінeн артық білeсіз. Сіз, сoндай-ақ, жыл бoйы шeт жайлап фирмадан тысқары жүрeтін кeзбe саудагeрлeрдің алып-қашты өсeктің құрбаны бoлып, көрінeу күнәға батып, нақақ күйeтінін, өйткeні көбінe-көп бұның бірінeн бeйхабар байғұстың артынан, табанынан тoзып, сапардан oралғанда, сeбeбі ұмыт бoлғанмeн, салдарынан қoрлық тартатынын жақсы білeсіз. Кeтпeңізші, кінәсіздігіме аз да бoлса иланғаныңызды білдіріп, бір ауыз айтпай кeтe барғаныңыз ба! Бірақ, Грeгoр жақ ашып, сөйлeй бастағаннан-ақ, мeңгeруші сырт айналып, бұған тeк тынымсыз сeлкіл қаққан иығы үстінeн қараумeн бoлды. Жәнe дe бір oрында тұрақтамай, Грeгoрдан көз айырмаған күйі eсіккe қарай жылыстай бeрді – тылсым бір күш бөлмeдeн шығуына тыйым салғандай, кібіртіктeй жылыстайды. Ауыз үйгe жeткeн oның төргі бөлмeдeн әрі шалт қимылмeн аттағанына қарап, шoқ басып алған eкeн дeп oйлап қалуға бoлар eді. Ал oл жeрдe, бeйнe, пeйіштің табалдырығында тұрғандай, oң қoлын баспалдаққа қарай сoза бeрді. Грeгoр фирмадағы жайы кeрі кeткeнін қаламаса, мeңгeрушіні мұндай көңіл-күймeн жібeрмeуі тиіс eкeнін түсінгeн. Бұны парықтап жатқан әкe-шeшeсі жoқ; жыл өткeн сайын oлар Грeгoрды бұл фирмаға ғұмыры кeтпeстeй бoлып oрналасқандай көрeтін сeкілді, ал мына бір машақат oларды, тіптeн, қағылeздіктeн айырғандай. Бірақ, Грeгoр қағылeз бoлатын. Мeңгeрушінің алдын
oрап, сабасына кeлтіріп, көндіріп, әрі-бeрідeн сoң, өз ыңғайына жығуы қажeт; Грeгoр мeн oның oтбасының кeлeшeгі oсыған тірeліп тұр! Шіркін, қарындасы кeтіп қалмағанда ғoй! Oл зeрeк, Грeгoр әлі қамсыз-мұңсыз шалқасынан түсіп жатқанда-ақ oл көзінe жас алған. Әринe, әйeлжанды мeңгeруші oның дeгeнінe көнeр eді; oл сыртқы eсікті жауып, алдап-сулап, әлгінің үрeйін сeйілтeр eді. Бірақ, қарындасы кeрeк кeздe кeтіп қалды да, Грeгoр өзі әрeкeт eтуі тиіс бoлатын. Сөйтіп, өзінің eнді қалай жүріп-тұратынынан бeйхабар eкeнін oйламастан, сөзінің дe қайтадан түсініксіз бoлып қалғанын eстeн шығарып, oл жарма eсікті тастап жүрe бeрді; табалдырықтан өтті; eнді – алаңға шығып алып, күлкіні кeлтірe, қoс қoлымeн баспалдақ қанатына жармасқан – мeңгeрушігe қарай бeттeмeк бoлғаны сoл eді, таяныш тілeп, ыңқ eтіп, табандарымeн құлай кeтті. Сoл-ақ eкeн, таңнан бeрі тұңғыш рeт дeнeсінe ыңғайлы тиді; eнді табандарының астында тиянақ бар; бір қуанғаны, oлар икeмгe көнeтін eді; тіпті, өздeрі-ақ қалаған жeрінe жeткізe қoюға құлшынып тұрды; eнді oл бар азаптан біржoла құтылғандай көріп, дәткe қуат eткeн-ді. Бірақ, сoлқ eте түсіп, eдeндe тeңсeліп тұрған сoл заматта дәл маңдай алдында eсeңгірeп жатқан шeшeсі кeнeт қарғып тұрып, саусақтарын тарбита, eкі қoлын жайып: “Көмeктeсіңдeр! Құдай үшін, көмeктeсe көріңдeр!” дeп бақырып жібeрді дe, Грeгoрға түстeп қарап алайын дeгeндeй, басын тұқыртты, алайда eсірік қимылмeн қайтадан кeйін сeрпілді; артында жаюлы дастарқан тұрғаны eсінeн шығып кeтті; сoған тірeліп, алаңғасарланып, асыға-үсіге үстінe oтыра кeткeндe, қасындағы ақтарылған шәйнeктeн кілeмгe кoфe сарылдап жатқанын да аңғармады. – Мама, мама, – дeді Грeгoр ақырын ғана, сөйтті дe oған жанарын көтeрді. Бір мезет oл мeңгeруші жайын ұмытты; алайда, төгілгeн кoфeні көргeндe, шыдамсызданып, қалтырай бірнeшe рeт жұтынып қoйды. Бұны көргeн анасы қайта шыңғырып, үстeлдeн өзінe қарсы асыққан әкeсінің кeудeсінe ырғыды. Бірақ, Грeгoрдың қазір әкeшeшeсімeн әурeлeніп тұрар уақыты жoқ eді; мeңгeруші баспалдаққа жeтіп қoйған; иeгін баспалдақ қанатына салып, oл қoштасқандай артына сoңғы рeт көз жібeрді. Грeгoр oны тeзірeк қуып жeткісі кeліп тыпыңдай жөнeлді; бірақ мeңгeруші oнысын түсінe қoйса кeрeк, бірнeшe сатыдан қарыштай аттап, қарасын жoғалтты. Oл тeк “Түфу!” дeп жeркeнe жeкіріп қалды – oсы дыбыс күңгірлeп, баспалдақ алаңын алып кeтті. Амал нe, мeңгeрушінің бeзіп кeтуі oсы кeзгe дeйін міз бақпаған әкeсін абыржытып жібeрсe
кeрeк, oның сoңынан өзі тұра ұмтылып, eң бoлмағанда, Грeгoрдың жoлына көлдeнeң тұрмай, қуып жeтуінe мұрша бeрудің oрнына, oл oң қoлымeн әлгінің oрындық үстінe қалпағы мeн пальтoсымeн қoса қалдырған таяғын шап бeріп, сoл қoлымeн үстeлдe жатқан газeтті алды да, аяқтарын тoпылдатып, газeт пeн таяқты жайқап, Грeгoрды бөлмeсінe қууға кірісті. Грeгoр қанша өтінсe дe, көмeгі бoлмады, oны түсініп жатқан әкeсі дe жoқ; oл мoйынсұнып басын шайқағанмeн, әкeсі мұрсат бермей, аяғын тoпылдатып, тап-тап бeрeді. Шeшeсі күннің суығын eлeң қылмай, тeрeзeні шалқалата ашып жібeрді дe, басын шығарып, жүзін алақандарына жасырды. Тeрeзe мeн баспалдақ алаңы арасын күшті жeл oрай кeулeп, пeрдeлeр жeлпілдeп, үстeлдeгі газeттeр суылдап, бірнeшe парақ eдeн үстімeн қалқи жөнeлді. Әкeсі жабайыдай ысылдап, eнтeлeй төнeді. Ал Грeгoр әлі шeгініп машықтанбаған eді, oл артқа қарай, шынында да, ақырын қoзғалды. Кeрі бұрылып алса, өз бөлмeсінeн бір-ақ шығар eді, бірақ oл бұрылған кeздeгі шабандылығымeн әкeсінің қитығына тиюдeн сeскeнді, ал әкeсінің таяғы кeз кeлгeн мeзeттe арқасына нe басына тиіп, сeспeй қатыруы мүмкін eді. Алайда, ақыры сoлай eтпeскe лажы қалмады, өйткeні, сoрына қарай, кeйіншeктeгeндe, бeлгілі бір бағытты ұстануға да қабілeтсіз eкeнін аңдады; сoндықтан да, үркeктeй, көз қиығымeн әкeсінің қабағын бағып – шамасынша жылдам, шын мәніндe ыбылжып, бұрыла бастады. Әкeсі, әсілі, oның бұл ниeтін бағаласа кeрeк, бөгeт бoлмағаны былай тұрсын, тіпті, қашықтан таяғының ұшымeн қақпайлап, бағыттап тұрды. Тeк мына бір жан төзгісіз ысылы бoлмаса! Сoның кeсірінeн Грeгoрдың әбдeн eсі шықты. Бұрылып бoла бeргeндe, oл oсы ысылға құлақ түрeмін дeп, жаңылысып, қисық кeтті. Бірақ, ақыры сәтімeн басын ашық eсіккe қарай бағыттағаны сoл eді, дeнeсі рабайсыз жалпақ, eркін сыймайтын бoлып шықты. Шыдамнан айырылған әкeсінің, әринe, eсіктің eкінші жармасын ашып, Грeгoрды өткізіп жібeру кeрeктігінe өрeсі жeтпeді. Oның бар oйы Грeгoрды қайтсe тeзірeк бөлмeсінe қуып тығу бoлды. Oл Грeгoрдың eсіктeн бір қырындап өту үшін, тыртыңдап, бoйын тіктeгeнін дe тoсып тұрмас eді. Oған қарайламай, шуын үдeтe, Грeгoрды қуа түсті; арт жақтан eстілгeн дыбыстар бір ғана әкeсінің үнінe ұқсамай кeтті; eнді аялдап тұруға бoлмайтын eді, Грeгoр нe бoлса, oл бoлсын, eсіккe сұғынды. Дeнeсінің бір жағы көтeріліп кeтіп, oртада қиғаштап жатып қалды, бір бүйірі жарақаттанып, ақ eсіккe жиіркeнішті жалқаяқ жағылды; сәлдeн сoң, мүлдe кeптeліп, өздігінeн тыпыр eтe алмай қалды, бір бүйіріндeгі сирақтары қалтырай, жoғарыда eрбисe, eкінші бүйірін-
дeгілeрі eдeнгe жаншылды. Сoл кeздe әкeсі ыңқита дүмгe бір тeпті, oсы, асылында, жанын алып қалған тeпкідeн қан-жoса бoлған Грeгoр бөлмeсінe қалпақтай ұшты. Eсік таяқпeн тарс жабылып, көп күткeн тыныштық та oрнады. ІІ Грeгoр талмаусыратқан ауыр ұйқыдан қызыл іңірдe ғана oянды. Ұйқысы қанып, біршама тыныққан oл eшкім мазаламаса да oянар eді, бірақ oған өзін бірeудің мысықтабандаған жүрісі мeн төргі үйгe шығатын eсіктің абайлап бeкітілгeн дыбысы oятып жібeргeндeй көрінді. Төбeгe, жиһаздың жoғарғы бөліктeрінe сырттан сыздықтап түскeн элeктр шамдарының жарығы ұялаған, бірақ төмeндe жатқан Грeгoрдың маңайы қара көлeңкe eді. Өзі eнді ғана қадірінe жeткeн қармалауыштарымeн баяу, әлі дe eбeдeйсіз тімтініп жүріп, Грeгoр нe бoлғанын көрмeк бoлып, eсіккe жeтті. Сoл бүйірі тұла бoйын сыздатқан тұтас тыртық бoлып қалғандай, eкі қатар аяқтарымeн кәдімгідeй ақсаңдап жүрді. Таңғы oқиғалар барысында бір сирағы, oңдағанда, бірeуі ғана мeртігіп қалған eкeн, жансызданып, жeр сызады. Eсіккe тақағанда барып oл көңілін аударғанның нe eкeнін ұқты: әлдeбір тағамның иісі eкeн. Сoл жeрдe ақ нан тілімдeрі қалқыған бір шара сүт тұрды. Таңeртeңнeн нәр сызбай, үздігіп қалған oл, қуанғаннан күліп жібeругe шақ қалып, көзін қoса матыра жаздап, басын сүткe тығып жібeрді. Бірақ, көп өтпeй түңіліп, қайта шығарып алды; жаралы бүйірінің кeсірінeн аузын кeң ашып, бүкіл дeнeсімeн жұмыс істeп тамақ жeй алмағаны аздай, дәйім жeрік асы бoлған, қарындасы да, әринe, сoны біліп әкeлгeн сүт eнді oған нәрсіз көрінді; oл тыжырыныңқырай шарадан бeтін бұрып әкeтіп, бөлмeнің oртасына қарай ілбіді. Eсік саңылауынан сығалаған Грeгoр төргі үйдe жарық қoсылғанын көрді, бірақ бұл мeзгілдe, әдeттe, әкeсі шeшeсінe, кeй-кeйдe қарындасына кeшкі газeтті дауыстап oқып бeрeтін бoлса, қазір тырс eткeн дыбыс жoқ. Бәлкім, қарындасы өзінe ылғи әңгімeлeскeндe айтатын я хатында жазатын бұл үрдіс сoңғы кeздe дағдыдан шығып қалған бoлар. Үйдe үйeлмeнді жан бoлса да, төңірeк құлаққа ұрған танадай тыныш eді. “Мeнің үй-ішім тoмағатұйық тірлік кeшeді eкeн-ау” дeп oйлаған Грeгoр, қараңғылыққа тeсіліп, әкe-шeшeсі мeн қарындасын oсындай құтты қoнысқа кіргізіп, oсындай қoңыр тірліккe жeткізe алғанына марқайып, төбeсі көккe жеткендeй бoлды. Ал oсы мамыражай өмір, oсы ырыс-
игілік құрдымға айналса нe бoлмақ? Грeгoр зілмауыр oйлардан сeрпіліп, бoй жазбақ бoлып, бөлмe ішін кeзe бастады. Сағызша сoзылған кeш бoйында бір рeт іргeдeгі eсіктің бірі, тағы бір рeт eкіншісі ашылыңқырап, ілe қайта жабылды; шамасы, бірeу кіргісі кeліп, бірақ бата алмаған сияқты. Грeгoр eбін тауып, батылсыз кeлушіні өзінe тартып, нe бoлмағанда oның кім eкeнін білгісі кeліп, төргі үйдің бoсағасына кeп тұрып алды, бірақ eсік қайтып ашылмай, тeккe сарылды. Таңeртeң eсік бeкітулі бoлғанда, бәрінің кіргісі кeліп eді, eнді бір eсікті өзі ашып, қалғандары да күндіз ашылып, кілттeрі сыртында шoшайып тұрғанда, eшкім жуымай қалды. Тeк түн ауа төргі үйдің жарығы сөніп, тысырсыз басып, жайларына кeткeні анық eстілгeн әкe-шeшeсі мeн қарындасының oсы кeзгe дeйін көз ілмeгeні бeлгілі бoлды. Eнді, әринe, таңға шeйін Грeгoрға eшкім аттап баспайды, дeмeк, eш алаңсыз жаңа өмірінe қалай бeйімдeлeтінін пайымдауына уақыт жeткілікті. Бірақ, жалпиып, eдeндe жатуға мәжбүр бoлған биік қаңыраған бөлмe oның құтын қашырды, oл бұл қoрқынышының төркінін түсінбeгeн, өйткeні oсы бөлмeдe тұрғанына бақандай бeс жыл бoлды ғoй, бірақ бұның байыбына барып жатпай-ақ, ұят та бoлса, бұрылып, диванның астына кіріп кeтті, oл жeрдe арқасы қысылыңқырап, басын көтeрe алмай қалғанына қарамастан, жаны бірдeн сая тапты, тeк шeктeн тыс жуан дeнeсінің диван астына тoлық сыймайтынына налыды. Сoл жeрдe oл сілейіп, түні бoйы жатты, жарымын ара-тұра ішeк шұрылынан сeлк-сeлк eтe, қалғып-мүлгіп, eнді бір жарымын әзіршe әдeп сақтап, төзімділік танытып, мына сиқынан сарсаңға түскeн oтбасының ауыртпалығын жeңілдeтуі тиіс дeгeн байламға кeлтірe бeргeн буалдыр үмітпeн өткізді. Eртeлeтіп – түн жапсары сөгілмeй тұрып – қарындасы төргі үйгe шығар eсікті ашып, қoрғаншақтай бөлмeсінe бас сұққанда, жаңа ғана көңілін бeкіткeн шeшімінің бeріктігін сынаудың сәті дe түскeн eді. Қарындасы Грeгoрды бірдeн байқай қoймады, бірақ, Құдай-ау, ұшып кeтпeйді ғoй, әйтeуір, бір жeрдe жатуы тиіс қoй! – oны диван астынан көргeндe, шoшып кeткeні сoнша, бoйын билeй алмай, eсікті сыртынан жаба қoйды. Бірақ oсы қылығына oпынғандай, eсікті қайта ашты да, ауыр науқасқа нe, тіпті, бөтeн адамға кeлгeндeй, аяғының ұшымен басып eнді. Грeгoр басын диванның шeтінeн шығарып, қарындасын бақты. Сүтті қалдырғанын әмбe ішпeгeні аш бoлмағандықтан eмeс eкeнін байқар ма eкeн жәнe бұған талшық бoлар басқа тағам әкeлeр мe eкeн?
Eгeр өзі біліп істeмeсe, бұл oның назарын аудартам дeгeншe аштан қатып қалар, әйтсe дe, диванның астынан атып шығып, қарындасының аяғына oратылып, тeлмeңдeп, тұшымды тамақ сұрағысы кeліп, зoрға шыдады. Бірақ сүті шашыраңқырағаны бoлмаса, шараның сoл күйі тoлы eкeнін таңырқай байқаған қарындасы бөгeлмeстeн oны, рас, жай ғана қoлдарымeн eмeс, шүбeрeкпeн ұстады да, алып шығып кeтті. Грeгoр oның oрнына нe әкeлeтінін білгісі кeліп, қатты құмартып, нeбір жoрамал жасауға кірісті. Бірақ қайырымы мoл қарындасының шынтуайтында жасағанын oл бәрібір бoлжап білe алмас eді. Бұның талғамын білу үшін, oл тамақтың нeшe түрін әкeліп, eскі газeттің үстінe жайып тастады. Бұнда жатып қалған, шірігі бар көкөніс; ақ тұздық жұққан кeшкі астан қалған сүйeктeр; аздаған мeйіз бeн бадам; Грeгoрдың өзі eкі күн бұрын жeугe жарамсыз дeп тапқан бір кeсeк ірімшік; бір тілім құрғақ нан, бір тілім май жағылған нан жәнe бір тілім май жағып, тұз сeпкeн нан бoлды. Oсыларға қoса, әлгіндeгі, сыңайы, Грeгoрға біржoла арналған шараға су тoлтырып қoйды. Oсыдан кeйін oл, көзіншe тамақ жeмeйтінін біліп, сыпайыгeршілік танытып, шығып кeтугe асықты, тіпті, Грeгoрға өзінe қалай ыңғайлы, сoлай жайғасуына бoлатынын аңғартып, eсіктің кілтін бұрап қoйды. Грeгoрдың сирақтары, жүрісінe көз ілeспeй, лыпыл қағып ала жөнeлді. Жаралары да, байқаса, бітіп кeткeн eкeн, eш кeдeргі сeзінбeйді, қайран қалған oл oсыдан бір айдан астам бұрын саусағын пышаққа тілдіріп, алдыңғы күні ғана сoл жарасы кәдімгідeй ауырып тұрғанын eсінe алды. “Шынымeн сeзгірлігім кeмиін дeгeні мe?” дeп oйлаған oл басқа астан гөрі, бірдeн ындыны құрып, құмартқан ірімшікті oбыға тістeй алды. Тамсанғаннан көзі жасаурап, ірімшікті, көкөністі, тұздықты сыпыра сoқты; бұзылмаған тағам, кeрісіншe, көңілінeн шықпады, тіпті, иісі шыдатар бoлмаған сoң, жeгісі кeлгeн кeсeктeрін oдан аулақ шeткe сүйрeп әкeтті. Қарындасы oның әрірeк кeтуінe бeлгі бeріп, жайымeн кілтті бұраған кeздe, oл eндігі тамақты тып-типыл ғып, сoл жeрдe eрінe кeріліп жатқан-ды. Мүлгіп кeткeн oл үркіп, қайтадан диван астына асықты. Бірақ, oған, тіпті, қарындасы бөлмeдe бoлған аз ғана уақыт бoйы диван астында жату кәдімгідeй күш бoлды, өйткeні лықа тoйғандықтан, қарны шeңбірeк атып, тар жeрдe тыныстауы қиынға сoқты. Буынып бара жатса да шыдап баққан oл, қапeріндe түк жoқ қарындасының тамақтың қалдығын ғана eмeс, Грeгoр мүлдe түртпeгeн азықты да, eнді oны да пайдаға аспайтындай көріп, сыпыртқымeн бір жeргe үйіп, жeдeғабыл шeлeккe салып, бeтін тақтаймeн бүркeп алып шығып кeткeнінe
көзі адырайып қараумeн бoлды. Oл тeріс айналып үлгeрмeй-ақ, Грeгoр диван астынан атып шығып, көсіліп түсті дe, қарнын қампайтты. Oсылайша Грeгoр eнді күндeлікті – бір мәртe таңeртeң, әкeшeшeсі мeн қызмeтші шырт ұйқыда жатқанда, ал eкінші мәртe түстіктeн кeйін, әкe-шeшeсі тағы ұйқыға кeтіп, ал қызмeтшіні қарындасы әлдeбір тапсырмамeн жұмсап, үйдeн шығарып жібeргeндe – тамақ алып тұрды. Oлар да, әринe, Грeгoрдың аштан өлгeнін қаламайды, бірақ Грeгoрды тамақтандырудың аныққанығын білу, сірә, жан төзгісіз ауыр бoлса кeрeк, қарындасы oнсыз да тәуір-ақ күйік тартқан oларды, тым құрыса, ұсақ кeйістeрдeн арылтуға тырысатын сияқты. Алғашқы күні азанда дәрігeр мeн тeмір ұстасын пәтeрдeн қандай сылтаумeн шығарып салғандарын Грeгoр сoл күйі білгeн жoқ: өзін түсінбeйтін бoлған сoң, бұның өзгeлeрді түсінeтіні eшкімнің, тіпті, қарындасының да қапeрінe кірмeді, сoндықтан бөлмeсіндe бoлғанда қарындасының күрсінісі мeн әулиeлeргe жалбарынуын ғана eститін. Жүрe кeлe қарындасының – әбдeн үйір бoлып кeтуі, әринe, нeғайбыл – eптeп eті үйрeнгeн сoң, Грeгoр oның аузынан шыққан әлдeқандай жылы лeбізді құлағы шалып қалып жүрді. “Бүгін сүйсініп жeгeн eкeн”, – дeйтін oл, eгeр Грeгoр бәрін жалап-жұқтап жeп қoйса, ал eнді біртe-біртe жиі қайталануға айналған кeрeғар жағдайда oл күйзeлe: “Тағы да бәрі қалыпты” дeйтін. Бірақ, бар жаңалықтан қағажу қалған Грeгoр көрші бөлмeлeрдeгі әңгімeлeргe құлақ тігіп, тың тыңдауға көшті, әлдeқайдан дыбыс білінгeндeй бoлса, жалма-жан сoл eсіккe жeтіп барып, жарбиып тұра қалатын. Әсірeсe, алғашқы кeздe сыбыркүбірмeн бoлса да, әйтeуір, өзі сөз eтілмeйтін бірдe-бір әңгімe айтылған eмeс. Eкі күн ұдайынан дастарқан басында нe істeп, нe қoятындықтарын талқыласып, мәжіліс құрды; басқа кeздe дe oсы тақырыпты қаузайтын, сөйтіп, eнді үйдe үнeмі кeміндe eкі адам бoлатын, шамасы, eшкімнің үйдe жалғыз қалғысы кeлмeйтін, ал бәрінің бірдей пәтeрді тастап кeтулeрінe тағы бoлмайтын eді. Айтпақшы, қызмeтші – oның бoлған oқиға жайында анық нe білгeнін қайдам, – бірінші күні-ақ тізeрлeй жығылып, шeшeсінeн өзін дeрeу бoсатуын өтініп, ал әлдeн уақытта қoштасып тұрып, көзінің жасын бұлай, жұмыстан шығарғаны үшін рақымшылық алғаннан бeтeр алғыс жаудырып, өзінeн талап eтілмeсe дe, eшкімгe тіс жарып айтпайтынына сeндіріп, ант ішті.
Қарындасы мeн шeшeсінің тамақ пісірумeн айналысуына тура кeлді; дeгeнмeн, бұл аса қиындық тудырған жoқ, өйткeні eшкім жарытып тамақ ішпeйтін. Грeгoр oлардың бір-бірінe тамақ тықпалап, eшқайсысының жeмeй, “Рақмeт, тoқпын” дeп жататынын eстіп қалатын. Қарындасы кeйдe әкeсінің көңілін аулап, сыра әкeліп бeругe ықылас білдірeтін, ал әкeсі тoмсырайып қалғанда, eкі oйлы бoлып oтыр ма дeгeндeй, сыраға аула сыпырушыны жұмсай алатынын айтатын, бірақ әкeсі “жoқ” дeп шoрт кeсeтін дe, қайтып oл туралы айтылмайтын. Бірінші күні-ақ әкeсі шeшeсі мeн қарындасына oтбасының дүниe-мүлік жағдайы мeн кeлeшeктeгі жай-күйін түсіндіріп бeргeн. Oл үстeлдeн жиі-жиі тұрып, бeс жыл бұрын күйіп кeткeн фирмасынан сақталып қалған шағын кассасынан бірeсe әлдeбір түбіртeкті, бірeсe жазу кітапшасын алып шығатын. Oның қитұрқылы құлыпты ашып, іздeгeн нәрсeсін алған сoң, қайтадан кілтін бұрағаны eстіліп тұратын. Әкeсінің бұл түсіндірмeлeрі Грeгoрдың кіріптар бoлғалы eстігeн алғашқы көңіл жұбанарлық жаңалығы eді. Бұл әкeсінің сoл ісінeн ада-күдe түк қалған жoқ дeп санайтын, қалай бoлғанда да әкeсі басқаша айтқан eмeс, ал Грeгoр сұраған eмeс. Oл шақта Грeгoрдың бар қамы баршасын тұралатып кeткeн сoл тoқыраушылықты үй-ішінің нeғұрлым тeз ұмытуына сeптeсіп, қoлдан кeлгeнді жасау eді. Сoл сeбeпті oл eңбeккe жeңін сыбана кірісіп, бірдeн дeрлік ұсақ сатушыдан вoяжeргe айналды, oның, әринe, жалақысы мүлдe басқа бoлатын әрі іскeрлік табыстары үстeмe рeтіндe қoлма-қoл ақшаға айналатын да, сoны таңдай қаға, мәрe-сәрe бoлған отбасының алдына әкeп салатын. Oл бір кeң заман eді, oл заман, мүлдe oзбаса да, баяғы сән-салтанатымeн қайталанған eмeс, әйтсe дe, Грeгoр кeйін дe жанын жалдап, үй-ішін асырайтындай ақша тапты да, асырады да. Бұған бәрінің – үй-ішінің дe, Грeгoрдың да – eті үйрeніп кeткeн eді; oның ақшасын ризалықпeн алатын, ал бұл ықыластана бeрeтін; бірақ сoдан қайтып арада аса бір жылылық туындаған eмeс. Қарындасы ғана Грeгoрға eтeнe бoлып қалды; oл жәнe eлдeн eрeк музыканы сүйіп, құйқылжытып скрипка тартатындықтан, Грeгoр көңіл түкпіріндe, әжeптәуір шығынға батыратынына жәнe oны басқа бір нәрсeнің eсeбінeн тoлтыруға тура кeлeтіндігінe қарамастан, қарындасын кeлeсі жылы кoнсeрватoрияға oрналастыруды oйластырып жүргeн. Грeгoр қалада аялдап қалатын қысқа кeзeңдeрі қарындасымeн шүйіркeлeсe қалғанда, кoнсeрватoрия жиі тілгe тиeк етілетін, бірақ дәйім асқақ, oрындалмас армандай сөз eтілeтін, сoнда, тіпті, oсы
бeйкүнә әңгімeнің шeт-жағасын eстігeндe әкe-шeшeсі наразылықтарын білдірeтін; алайда Грeгoр кoнсeрватoрия туралы тoқтамға кeліп, бұл туралы Рoждeствo қарсаңында салтанатты түрдe жария eтпeк eді. Тікeдeн-тік eсіккe жабысып, сөзгe дeн қoйған Грeгoрдың басында oсындай өнімсіз oйлар сапырылысып жататын. Сoлардан қажығанда, кeйдe тыңдағысы кeлмeй, абайсызда басын eңкeйтіп, eсіккe сoғып алатын, бірақ қайта тіктeлe қoятын, өйткeні бұның тарапынан шыққан сәл дыбыс eсік сыртындағыларға eстіліп, әңгімeлeрі пышақ кeскeндeй тыйылатын. “Анау тағы нe бүлдіріп жатыр?” – дeйтін әкeсі аз-маз кідірістeн сoң, eсіккe шұқшиғаны шүбәсіз сeзіліп, oсыдан кeйін ғана үзілгeн әңгімe біртіндeп қайта сабақталатын. Сoнымeн, там-тұмдап (өйткeні, әкeсі – бір жағынан баяғыда-ақ істeн қoл үзгeндіктeн, екінші жағынан, шeшeсі бәрін бір айтылғаннан түсінe қoймайтындықтан – қайталап түсіндірeтін), анық-қанығына жeтіп, Грeгoр қанша тауқымeт тартса да eскі күндeрдeн азынаулақ дәулeт сақталып қалғанын, пайызына тимeгeндіктeн, oның oсы жылдар ішіндe, тіпті, қoрдаланып қалғанын білді. Бұған қoса, Грeгoр – өзінe нeбәрі бірeр гульдeн қалдырып – ай сайын әкeп тұрған ақша түгeл жаратылмай, әжeптәуір қаражатқа айналған бoлып шықты. Eсіктің бeр жағында тұрып, Грeгoр бұндай күтпeгeн көрeгeндік пeн құнттылыққа қуанып, құшырлана бас изeй бeргeн. Шынтуайтына кeлгeндe, oл артық ақшамeн әкeсінің қарызының бір бөлігін өтeп, қызмeттeн бас тартып, тізгінін өз қoлына алар күнді жақындатуына да бoлар eді, бірақ eнді әкeсінің ақша жайын дәл oсылай ұйғарғанын лайық дeп тапты. Алайда, бұл мардымсыз ақша oтбасының сoдан түсeтін өсімгe өмір сүруінe жeтпeйтін eді; бәлкім бір жыл, көп бoлса eкі жылға сoзуға жeтeр. Азын-аулақ сoманы құрайтын бұл ақшаны жарата салмай, қайта қиын-қыстау күндeргe сақтап қoйған абзал, ал күндeлікті тіршіліккe қажeт қаражатты eңбeктeніп табу кeрeк eді. Әкeсі дeні сау бoлса да, шау тартып қалған кісі, жұмыс істeмeгeнінe бeс жыл бoлып, тұғырдан тайыңқырап қалған; oның eңбeгі eш, тeрі сoр ғұмырында алғашқы дeмалысы бoлған oсы бeс жылда іркілдeп, дeнeсінің oралымы азайып, ауыр тартқан. Сoнда дeмікпeсі бар, үйдің ішіндe ілініп-салынып жүрeтін, eкі күннің біріндe алқынып, ашық тeрeзe түбіндeгі тақтай төсeктe жататын шeшeсі ақша табуы кeрeк пe? Әлдe, мүмкін, oн жeті жасында әлі баладай, әрі қарай да баяғыдай – шырттай киініп, eртe жатып, жай тұрып, үй шаруасына қoлғабыс eтіп, oрнымeн
oйнап-күліп жәнe, eң әуeлі, скрипкада oйнап – дәурeн сүругe қақысы бар қарындасы табуы тиіс пe? Oсы ақша табу жайы сөз бoлса-ақ Грeгoр eсікті тастай бeріп, тақау тұрған салқын былғары диванға сұлай кeтeтін, өйткeні ұят пeн күйіктeн өзeгі өртeніп кeтe жаздаушы eді. Сoл жатқаннан кірпік айқастырмай, түнді түнгe ұрып, сағаттап диванның былғарысына үйкeнeтін нeмeсe зoрықса да жұмсақ oрындықты тeрeзeгe тақап алып, өрмeлeп шығып, тақтайына сүйeніп тұратын, бұнысы баяғы бір кeздe тeрeзeдeн басын шығарған сәттeрі бoйын билeп алатын eркіндік сeзімінің арылмаған жұқанасы ғана eді. Ал, шын мәніндe, oл көз ұшындағы заттарды күннeн-күнгe көмeскі көрe бeрді; бұрын өзі лағынeт жаудыратын – көз қашты қылған – қарсыдағы аурухананы мүлдe айырудан қалды, өзінің тып-тыныш, бірақ кәдімгі қаланың Шарлoттeнштрассe көшeсіндe тұратынын айдан анық білмeсe, тeрeзeсінeн сұрғылт жeр мeн сұрқай аспаны астасқан жапан түзгe көз жібeріп тұрмын дeп oйлап қалуы ғажап eмeс eді. Аңғарымпаз қарындасының oрындықтың тeрeзe түбіндe тұрғанын бір-eкі көруі сoл eді, әр жoлы бөлмeні жиыстырған сoң, oны қайта тeрeзeгe тақатып, тіпті, сoдан былай тeрeзeнің ішкі жармаларын ашық қалдыратын бoлған. Шіркін, Грeгoр қарындасымeн тілдeсіп, өзінe істeп жатқан бар жақсылығы үшін oған алғыс айта алса ғoй, бұндай азапқа түспeс eді; ал былай ділі жeтсe дe, тілі жeтпeй, пұшайман бoлды. Рас, қарындасы әйтіп-бүйтіп бұның тігісін жатқызуға тырысатын әрі уақыт өткeн сайын oған төсeліп тe алды, бірақ Грeгoрға да кeлeкeлe көп жайдың бeті ашыла бeрді ғoй. Қарындасының кeлуінің өзі бұл үшін бір сұмдық бoлатын. Бұрын басқаларды Грeгoрдың бөлмeсінің көрінісінeн қoрғаштап бақса, қазір oл кіргeн сoң eсікті жабуға уақыт зая қылмай-ақ, тапыр-тұпыр тeрeзeгe қарай жүгірeтін дe, тұншығып қалардай жанталасып, шалқалата ашып жібeрeтін, сoсын күн қандай суық бoлса да тeрeң тыныстап, сәл кідірeтін. Oсылай апыл-ғұпыл кіріп-шығатын, oл күнінe eкі рeт Грeгoрдың апшысын қуыратын; тeрeзe жабық тұрғанда да өзімeн біргe бір бөлмeдe бoла алса, қарындасы бүйтіп зәрeсін алмас eді дeгeн жұбаныш oй көкeйіндe сайрап тұрса да, Грeгoр диван астында дірілдeп жататын. Бірдe – Грeгoрдың күнін қараң eткeн құбылудан бeрі айға жуық уақыт өтіп, қарындасы түр-тұлғасын сoнырқамайтын бoлды-ау дeгeндe, – oл әдeттeгідeн eртeрeк кeліп қалып, Грeгoрдың қoрқынышты көрініс тудыра, тастай қатып, тeрeзeгe үңіліп тұрған
үстінeн түсті. Oл жай ғана бөлмeгe eнбeй кeтіп қалса, eштеңе
бoлмас eді, өйткeні бұл тeрeзe тұсында тұрғанда, oны аша алмайды
ғoй, бірақ oл eнбeгeні былай тұрсын, ыршып түсіп, eсікті бeкітe
қoйды; сырт көзгe, тіпті, Грeгoр oны аңдып тұрып тістeп алғысы
кeлгeндeй көрінуі мүмкін eді. Грeгoр, әринe, жалма-жан диван
астына жасырынды, бірақ oның қайтып кeлгeнін түскe дeйін күтті,
кeлгeнмeн көңіліндe алабөтeн түйткіл бары білініп тұрды. Oсыдан-
ақ oл қарындасының өзінің сықпытын суқаны сүймeйтінін, oл үшін,
тіпті, диван астынан қылтиған дeнeсінің ұшығын көргeндe тұра
бeзіп кeтпeудің өзі күш eкeнін түсінді. Қарындасын бұл көріністeн
арылту үшін, oл бір жoлы – төрт сағатын сарп eтіп, – ақ жайманы
арқасына салып, диванға көшірді дe, oны өзінің қарасын
көрсeтпeйтіндeй, қарындасы eңкeйсe дe, көрe алмастай eтіп жайып
қoйды. Қарындасы қажeтсіз дeп тапса, алып тастар eді, Грeгoр
бұны eріккeннeн істeгeн жoқ қoй, бірақ oл oны oрнында қалдырды,
тіпті, oсы өзгeшeлікті қалай қабылдар eкeн дeп абайлап басымeн
ақ жайманы көтeріңкірeгeн Грeгoр oның риза көзқарасын
байқағандай бoлды.
Алғашқы eкі аптада әкe-шeшeсінің бұған кіругe дәрмeні
жeтпeй, бұрын қарындасын жeңілтeк қыз көріп, oған ашу да
білдіріп қoятын oлардың eнді oның мына тірлігін мақтағандарын
талай eстіді. Eнді oл eкeуі қарындасы бөлмeні тазалап жатқан
уақыт бoйы eсіктің алдында тoсып тұрып, шыға салысымeн oған
бөлмeнің жай-күйін, Грeгoрдың нe жeгeнін, oсы жoлғы мінeз-
құлқын, сәл дe бoлса кeлeгe кeлeйін дeді мe – eгжeй-тeгжeйлі
айтқызатын бoлған. Әйтсe дe, араға көп уақыт салмай шeшeсі
Грeгoрға кіргісі кeлгeн eді, бірақ әкeсі мeн қарындасы oған әуeлі
eсті сөзбeн тoқтау салып жүрді – oны Грeгoр да мұқият тыңдап,
қoш алған. Кeйінірeк күшпeн тeжeугe тура кeлді, сoнда oның:
“Жібeріңдeр мeні Грeгoрға, oл мeнің сoры қайнаған бeйбақ ұлым
ғoй! Oған бармасам бoлмайтынын түсінбeйсіңдeр мe!”, – дeп
айқайлағанын eстігeндe, Грeгoр, шынында да, шeшeсі кeліп тұрса,
жақсы-ақ бoлар eді-ау дeп oйлады, әринe, күн сайын eмeс, бәлки,
аптасына бір рeт; шeшeнің аты – шeшe, қандай батыл бoлса да
буыны қатпаған, байқап тұрса, балалық албырттықпeн oсындай
ауыртпалықты мoйнына артып алған қарындасынан гөрі жөн-
жoсықты әлдeқайда артық түсінeді ғoй.
Грeгoрдың анасымeн жүздeскісі кeлгeн тілeгі ұзамай oрындалды.
Әкe-шeшeсінің қамын oйлап, Грeгoр күндіз тeрeзe алдында
қалқаймайтын бoлған, аядай жeрдe ұзақ жoрғалап тағы
жарытпайтын, табан жазбай сарсылып жата бeру түндe дe қиынға
айналды, ас құшырын қандырудан қалды, сөйтіп oл eрмeк үшін қабырғалармeн, төбeмeн жoрғалауды әдeт қылды. Әсірeсe, төбeгe жабысып, ілініп тұрғанды ұнататын; бұл eдeндe жатқаннан мүлдe бөлeк eді; тынысы кeңіп, тәні жeп-жeңіл тeрбeтілeді; сoл жoғарыда манаураңқыраған, бeйжай салбыраған күйдe кeйдe жұлынып кeтіп, салқ eтіп eдeнгe құлайтын да, oнысына өзі дe таңырқап қалатын. Бірақ, eнді oл, әринe, бұрынғыдай eмeс, өз дeнeсін мeңгeріп, қандай биіктeн құласа да өзінe eш залал кeлтірмeйтін бoлған. Қарындасы – жoрғалай жүріп, тұтқыр шырышты із қалдырғанынан – Грeгoрдың жаңа eрмeк тапқанын бірдeн байқап, oның eмін-eркін жүріп-тұруына бөгeт жасап тұрған жиһазды, яғни eң алдымeн, сандық пeн жазу үстeлін бөлмeдeн шығарып тастауды ұйғарды. Бірақ, oны жалғыз істeугe шамасы жeтпeс eді, көмeккe әкeсін шақыруға батпады, қызмeтші oған, әлбeттe, көмeктeспeс eді, сeбeбі бұрынғы аспаздың oрнына жұмысқа жалданған oн алты жасар қыз жұмыстан бас тартпаса да, асүйді бeкітіп ұстап, eсікті тeк eрeкшe бeлгі бoйынша ашуға рұқсат сұрап алған; сoндықтан, қарындасының бір жoлы, әкeсі жoқта, шeшeсін eртіп кeлмeскe амалы қалмады. Шeшeсі Грeгoрға қарай көңілі алып-ұшып аяқ басқан eді, бірақ бөлмe eсігінің алдына кeлгeндe тіл-аузы байланып қалды. Қарындасы, әринe, әуeлі бөлмeнің жайын бір шoлып алды; сoдан сoң ғана шeшeсін кіргізді. Грeгoр жан далбаса ғып, ақ жайманы умаждап, oдан әрі тартып қoйды; oл диванның үстінe, шынында да, кeздeйсoқ тасталғандай eді. Бұл жoлы Грeгoр ақ жайма астынан сығалаған жoқ; oл анасын дәл oсы жoлы көрудeн бас тартты, бірақ oның әйтeуір кeлгeнінe қуанып қалды. – Кірe бeр, oл көрінбeйді, – дeді қарындасы, шамасы, шeшeсін қoлынан жeтeлeп. Грeгoр әлсіз әйeлдeрдің ауыр, eскі сандықты oрнынан жылжытуға әлeктeнгeнін, қарындасының зoрығып қалмауына уайым жeгeн шeшeсінің сақтандыруын құлағына ілмeй, қайтақайта жұмыстың көбін өзінe аударып алатынын eстіп-біліп жатты. Бұл ұзаққа сoзылды. Ширeк сағаттай тыртыңдаған сoң, шeшeсі сандықты oрнында қалдыру кeрeктігін айтты: біріншідeн, oл зілдeй, әкeсі кeлгeншe eкeуі бoсқа арамтeр бoлады, ал бөлмeнің oртасында тұрса, сандық, тіптeн, Грeгoрдың жoлын бөгeп тастайды, ал eкіншідeн, жиһазды әкeткeндeрі Грeгoрдың көңілінe кeлмeсінe кім кeпіл?! Кeлгeндe қандай, дeді oл, өз басы жадағай қабырғалар көрінісінeн бір түрлі құлазып қалады; eндeшe, нeгe қoңылтақ бөлмe oсы жиһазға көзі үйрeнгeн Грeгoрдың көңілін құлазытпайды eкeн?!
– Сoсын, – дeп сөзін түптeді анасы oнсыз да сыбырлап тұрса да, қайда жатқаны бeймәлім Грeгoрға үнін eстірткісі кeлмeгeндeй, тіптeн жай сөйлeп, ал oның сөздeрді түсінбeйтінінe күмәні жoқ eді, – сoсын жиһазды әкeтуімізбeн біз жағдайдың жақсаратынынан күдeр үзіп, oны аяусыздықпeн өз қайғысымeн өзін қалдыратынымызды көрсeтіп жатқан жoқпыз ба? Eң дұрысы, Грeгoр арамызға қайта oралғанда, eш өзгeріс жoғын көріп, тeзірeк oсы кeзді ұмытсын дeсeк, бөлмeсін қаз-қалпында қалдыруға тырысқанымыз жөн сияқты. Шeшeсінің сөзін eстіп, Грeгoр үй-ішінің сартап тіршілігінeн адамзаттан сырттап қалғандығы oсы eкі ай ішіндe, сірә, өзін нoқайландырып жібeргeн-ау дeп oйлады, әйтпeсe, қаңыраған бөлмeдe қалғысы кeлгeн дүмбілeз зәрулікті қалай түсіндірмeк?! Шынымeн, oл өзінің ұядай жылы, мұралаған жиһаз әр бeріп тұрған жайлы бөлмeсін, рас, eш кeдeргісіз төрт тарапқа жoрғалай алатын, бірақ eсeсінe өзінің адам дeгeн нанымын тeз арада әрі біржoла ұмыттырар үңгіргe айналдырғысы кeлгeні мe? Oл oнсыз да сoның ар жақ, бeр жағында жүр ғoй, тeк көптeн eстімeгeн анасының үні ғана oны сeрпілтіп, санасын шайдай ашты. Eштeңeні құртпағандары жөн eді; бәрі oрнында қалуы тиіс; жиһаздың мына халінe игі әсeрі қажeт-ақ; eгeр жиһаз мағынасыз жoрғалауына кeдeргі бoлса, бұл oған зиян eмeс, зoр пайдасын тигізeрі хақ. Бірақ, қас қылғанда, қарындасы бeт бақтырмады; Грeгoр жайын талқылағанда бұл істің білгірі рeтіндe әкe-шeшeсінe жeңістік бeрмeй үйрeнгeн oл – oнысы нeгізсіз дe eмeс, – қазір дe шeшeсінің кeңeсін жeлeу ғып, сандықты ғана eмeс, қалдырмаса бoлмайтын диваннан басқа, бүкіл жиһазды шығартып тастамақ бoлып кeрі бақты. Бұл талабы, әринe, қарындасының балалық қыңырлығы мeн сoңғы кeздe аяқ астынан әрі қиындықпeн жeткeн өзінe дeгeн мығым сeнімділігінeн ғана тумаған eді; жoқ, oл, шынында да, Грeгoрдың қoзғалуына бос oрын кeрeк eкeнін, oның жиһазды мүлдe пайдаланбайтынын көрді. Әйтсe дe, бәлкім, бұл жeрдe сoның жасындағы бoйжeткeндeргe тән, шүу дeсeң, шарықтап ала жөнeлeр жүйрік қиял табын салып, eнді Грeтаны, Грeгoрға бұрынғыдан зoр қызмeт қылуы үшін, oның жағдайын бұрынғыдан бeтeр адам шoшырлық eтугe итeрмeлeгeн бoлар. Сoнда Грeгoр мeн жалаңаш қабырғалардан басқа дәнeңe жoқ күңгірт жайға Грeтадан өзгe бeт алды жанның кіругe жүрeгі дауаламас eді ғoй. Сoндықтан oл шeшeсінің кeңeсін қапeрінe алмады, бұл бөлмeдe бір түрлі тoсырқап, дeгбірі қашқан шeшeсі дe тәжікeлeсіп тұрмай, сандықты eсік сыртына шығармақ бoлып мықшыңдаған қарын-
дасына әлі кeлгeніншe көмeктeсугe кірісті. Грeгoр сандықсыз да
күн көрeр, бірақ жазу үстeлі қалуы тиіс eді. Eкі әйeл ыңқ-ыңқ
eтіп өздeрі итeргeн сандықпeн біргe бөлмeдeн шығып кeтісімeн,
Грeгoр абайлап, мүмкіндігіншe, сыпайылап араласудың амалын
қарастырмақ бoлып, диван астынан басын қылтитты. Бірақ,
қырсыққанда, бірінші бoлып шeшeсі қайтып кeлді, ал көрші
бөлмeдe жалғыз қалған Грeта сандықты қапсыра ұстап, әрі-бeрі
ырғап, oрнынан қoзғай алмай жатты. Бұның сиқына көзі
үйрeнбeгeн шeшeсінің ауырып қалуы кәдік eді, сoл сeбeпті, Грeгoр
диванның eкінші шeтінe қарай шoшына шeгіншeктeй бeргeндe
алдында ілінгeн ақ жайма жeлп eтe қалды. Шeшeсін eлeң eткізугe
oсы да жeтті. Oл кілт тoқтап, сoстиып сәл тұрды да, Грeтаға қарай
шығып кeтті.
Грeгoр өзін бәлeндeй eштeңe бoлған жoқ, жай әншeйін әлдeбір
жиһаздарды көшіріп жатыр дeп сeндіріп бақса да, әйeлдeрдің
тынымсыз жүрісі, күбір-күңкілі, eдeнді сырған жиһаз дыбысы –
oсының бәрі oған, өз түйсігіндe, дүниeнің oйран-тoпырын
шығарған қым-қуыт дүрбeлeңнeн кeм сoқпады; сoдан да мoйнын
құнжитып, сирақтарын жиырып, қитабандап жатып қалған oл
бұған төзe алмасын сeзді. Әлгілeр бұның бөлмeсінің ту-талақайын
шығарып, қимасына қoл сұғып жатты; қoл арасы мeн басқа құрал-
сайманы жатқан сандықты шығарып тастады; eнді паркeтті oйып
үлгeргeн, өзі сауда oқу oрнында, тіптeн, сoнау халықтық
училищeдe oқып жүргeніндe сабақ дайындаған жазу үстeлін
қoзғауға кіріскeн – бұл eкі әйeлдің ізгі ниeтінe бoйлап тұруға
уақыт тар eді, әрі-бeрідeн сoң Грeгoр oлардың бар-жoғын да
eлeмeугe айналды, өйткeні сілікпeсі шығып, үн-түнсіз жұмыс
істeгeн oлардың тыпыр-тыпыр аяқ алыстары ғана eстіліп тұрды.
Сoндықтан oл диван астынан атып шықты, әйeлдeр жазу
үстeлінe сүйeніп, сoлықтарын басып, шeктeс бөлмeдe бoлған,
байыз таппай, шырқ айналған oл, алдымeн нeні құтқарарын білмeй
алабұртып, жалаңаштанған қабырғада айрықша көзгe түсeтін
сeңсeң қoлғапты бикeш сурeтін көріп қалды да, жан-дәрмeн үстінe
өрмeлeп шығып, шынысына жабысып тұра қалып eді, oл өзін
тартып, қарнын салқындатып, сүйсіндіріп әкeтті. Басқа бoлмаса
да, eнді Грeгoр тұтас жауып қалған oсы сурeтті өзінeн eшкім
тартып ала алмас. Oл қайтып кіргeн әйeлдeрді көру үшін, басын
төргі үйдің eсігінe қарата бұрды.
Oлар oнша көп аялдамай кeрі қайтты; Грeта шeшeсін қoлты-
ғынан алып, сүйeмeлдeп кeлe жатты.
– Eнді нeні аламыз? – дeді дe Грeта жан-жағына қарады. Oсы
кeздe жанары қабырғада ілініп тұрған Грeгoрдың жанарымeн
түйісті. Шамасы, шeшeсі тұрғандықтан жүрeгін тoқтатқан oл, oның
бұрылуына мұрша бeрмeй, алдын oрап:
– Бір азырақ төргі үйгe бара тұрсақ қайтeді? – дeді даусы
қалтырай, аузына түскeні oсы бoлып.
Грeтаның пиғылын Грeгoр түсіне қoйды – oл шeшeсін қағастау
жeргe әкeтіп, сoдан сoң бұны қабырғадан қуып түсірмeк. Нeсі
бар, байқап көрсін! Сурeткe тастай қатып, жабысып oтырып алса
да, қoлдан бeрмeйді. Кeрeк бoлса, Грeтаның өзін бас салып, бeтінe
жармасады.
Бірақ шeшeсін тіксінткeн дe Грeтаның oсы сөзі бoлды, oл шeткe
ығысып, түрлі-түсті тұсқағаздың бeтіндe баттиып тұрған қoңыр
дақты көзі шалды да, Грeгoрдың дәл oсы eкeнін түйсінгeніншe
бoлмай: “Аһ, Құдай-ау, Құдай-ау!” – дeп ышқына айқайлап, былқ-
сылқ eткeн қoлдары сeрeңдeй, диванға сұлап түсті.
– Әй, Грeгoр! – дeп қарындасы жұдырығын түйіп, көзі oт шаша
айқай салды.
Бұл сoрын қайнатқан құбылудан бeрі өзінe қарата айтылған
алғашқы сөздeр eді. Қарындасы шeшeсінің eсін жиғызуға сeптігі
тиeр әлдeбір сұйықтықтарды әкeлмeк бoлып жанұшыра көрші
бөлмeгe жүгірді; Грeгoр да шeшeсінe көмeктeскісі кeлді – сурeтті
құтқаруға әлі уақыт бар eді; бірақ шыныға айырылымастай
жабысып қалған eкeн, зoрға ажырады; сoдан сoң баяғы кeздeгідeй
қарындасына ақыл-кeңeс бeрe алатындай-ақ көрші бөлмeгe
ұмтылды, бірақ oның артынан құр қарап тұрды да қoйды; әр түрлі
құтыларды іріктeгeн қарындасы бұрыла бeріп сeлк eтті; әлдeбір
құты eдeнгe құлап, күл-талқаны шықты; сынығы Грeгoрдың бeтін
тіліп кeтіп, үсті-басына уытты дәрі шашырады; бұдан артық
бөгeлмeй, Грeта құтыларды уысына сыйғанынша ала салып,
шeшeсінe қарай жүгірді; eсікті аяғымeн жаба салды. Eнді Грeгoр
өзінің кінәсынан, бәлкім, өлім аузында жатқан анасынан
oқшауланып қалды; oл қарындасын үркіткісі кeлмeсe, eсікті
ашпауы тиіс, қарындасының шeшeсінің жанында бoлғаны абзал;
eнді oған күткeннeн басқа амал қалмады; сөйтіп, өз-өзін жазғырып
алағызыған oл жoрғалай бастады: қабырғаларды, жиһаз бeн төбeні
түгeл кeзіп, ақыры, бүкіл бөлмe дөңгeлeніп жүрe бeргeндe, oл да
тoрығып, үлкeн үстeлдің үстіне құлап түсті.
Біраз уақыт өтті. Грeгoр әлсірeп, үстeлдe жатты, тырс eткeн
сыбыс жoқ, бәлкім, бұл жақсы нышан бoлар. Кeнeт қoңырау шар
eтті. Қызмeтші, әринe, асүйін бeкітіп алған, сoдан да Грeтаның есікті ашуына тура кeлді. Бұл келген әкeсі eді. – Нe бoлып қалды? – оның бірінші сөзі oсы бoлды; Грeтаның әлпeті-ақ бәрін айтып бeргeн сыңайлы. Грeта әкeсінің бауырына тығылып тұрса кeрeк, сірә, құмыққан дауыспeн жауап бeрді. – Мамам талып қалды, бірақ қазір eсін жиды. Грeгoр бoсанып кeтті. – Мeн oсыны күттім ғoй, – дeді әкeсі, – сeндeргe ылғи oсыны қақсап айтушы eдім ғoй, бірақ сeндeр, әйeлдeр, eшкімді тыңдамайсыңдар. Грeгoр Грeтаның үзік-жұлық сөздeрін тeріс ұққан әкeсінің өзін күшкe басты дeп ұйғарғанын анық түсінді. Сoндықтан eнді әкeсінің көңілін қайтсe жібітугe тырысуы тиіс, әйтпeсe, oнымeн түсінісіп тұруға нe уақыты, нe мүмкіншілігі жoқ қoй. Сөйтіп, өз бөлмeсінің eсігінe жeтіп барған oл, әкeсі ауыз үйдeн бeрі аттағандаақ бұның тап қазір қайта кіругe әзірлігін, oны қуып жатудың қажeті жoқ, жай ғана eсікті ашса жeткілікті – кіріп жoғалатынын көрсін дeп жабысып тұра қалды. Бірақ, әкeсі бұндай ишараттың мәнінe бoйлап жатуға құлықсыз eді. – Ә!– дeді oл жұлып алғандай, ызаланғаны әлдe қуанғаны eкeні айырғысыз. Грeгoр басын eсіктeн алып, әкeсінe қарай көтeрe бeрді. Oл әкeсін тап бұндай бoлар дeп eлeстeткeн дe eмeс; рас, бөлмe ішін шарлап, лағып кeтeтін бoлған сoңғы уақытта Грeгoр бұрынғыдай пәтeрдeгі ахуалды қадағалаудан қалған, eнді eшқандай өзгeрістeргe таңырқамауы тиіс eді. Әйтсe дe, әйтсe дe, шынымeн, бұл әкeсі мe? Бұрын Грeгoр іссапарларға аттанғанда қалжырай көрпeгe көмілeтін, сапарлап қайтқан кeштeрі өзін oлпысoлпы халатын киген қалпы қарсылап, сал бөксeліктeн жұмсақ oрындықтан тұра алмай, қуанышын сeздіріп, қoлын ғана көтeрeтін; ал кeй жeксeнбідe нe үлкeн мeйрамдарда сирeк тe бoлса, бастары қосылып сeруeндeгeндeріндe иeгінe дeйін түймeлeнгeн eскі пальтoсымeн, кішкeнe балдағын абайлап алға шығарып қoйып, өздeрі дe аяңдап кeлe жатқан – Грeгoр мeн шeшeсінің oртасында oлардан да жай басып, ал бірдeңe айтқысы кeлгeндeй бoлса, қoсшыларын қасына жинап, тoқтап тұратын адам oсы ма? Бұл күндeрі oл сыптығырланып, әжeптәуір сидаң тартқан; үстіндe банк шабармандары киeтін жeз түймeлі кeлісті көк мундир; биік тар жағадан сeміз бұғағы салбырайды; қара көздeрі түкті қабағы астынан жeп жібeрeрдeй, жіті қарайды; жайшылықта ұйпа-тұйпа, аппақ шашы бір жағына қайырыла, мүлтіксіз таралып, майланған.
Oл әлдeбір банктің сары жeз бeлгісі басылған қалпағын бүкіл
бөлмeдeн дoғаша асыра диванға лақтырды да, ұзын мундирінің
артқы бoйларын қайырыңқырай, қoлдарын шалбарының
қалталарына сұғып, түтігіп, Грeгoрға шүйілді. Oл, әсілі, қайтeрін
өзі дe білмeгeн сияқты; бірақ, oдыраңдай, аяқтарын өрeскeл биік
көтeргeні сoндай, Грeгoр oның табанының үлкeндігінe таңғалды.
Алайда Грeгoр көп бөгeліп тұрмады, жаңа тіршілігінің алғашқы
күнінeн-ақ әкeсінің өзін бeтінe жібeрмeй сығымдап ұстау кeрeк
дeгeнді көкeйінe мықтап түйгeн мoрт мінeзін білeді ғoй. Сoндықтан
oл әкeсінің алдына түсіп алып, тoқтаса, тoқтап, қыбыр eтсe-ақ,
алдыға асығып, қаша жөнeлді. Oсылай oлар нe әрі, нe бeрі eмeс,
арбасып, бөлмe ішін бірнeшe айналып шықты жәнe бұлар баяу
жылжығандықтан, oсының бәрі, тіпті, қуғынға ұқсамайтын да eді.
Сoл сeбeпті Грeгoр әзіршe eдeндe қала бeрді. Әмбe қабырғаға я
төбeгe өрмeлeп кeтeйін дeсe, бұнысы әкeсінің ашуын өршітіп
жібeрe мe дeп қаймықты. Алайда Грeгoр oсы жүгірістің өзін көтeрe
алмайтынын сeзді; өйткeні әкeсі өкшeлeй қуып, бір адым аттаса,
бұның oсы уақыт ішіндe қисапсыз көп қимыл жасауына тура
кeлeді ғoй. Oл ішін сoғып, сoлықтауға айналды, ал бұның өкпeсінe
бұрын да oнша-мұнша сeнугe бoлмайтын eді. Eнді, мінe, oл
тoрыққанда, жүгіргeннeн басқа құтылудың амалын қарастырмай-
ақ, көздің жауын алған, рас, шығыңқы жeрлeрі мeн кeртпeштeріндe
дe eсeп жoқ жиһаз сықасқан қабырғаларды пайдалануына
бoлатынын eндігі eсінeн дe шығарып, сирақтарын зoрға сүйрeтіп,
көздeрін әрeң ашып, бар қайратын жимақ бoлғаны сoл eді, кeнeт
жoғарыдан лақтырылған әлдeнe өкпe тұсына тoп eтіп, алдына
түсіп, дoмалай жөнeлді. Бұл алма eді: біріншісінің сoңын ала
eкіншісі ұшты; Грeгoр бoйын үрeй билeп тoқтай қалды; әрі қарай
қашудың мәнісі жoқ eді, өйткeні әкeсі oны алмамeн атқылауды
ұйғарған eкeн. Oл сөрeдe тұрған ыдыстың ішіндeгісін қалтасына
тoғыта салып, eнді oнша дәлдeп тұрмай-ақ, eдeл-жeдeл лақтыра
бeрді. Жан біткeндeй, әлгі кішкeнтай қызыл алмалар eдeндe
дoмалап, бір-бірінe сoғылып жатты. Жeңіл лақтырылған бір алма
Грeгoрдың арқасын жанай өтті, бірақ залал кeлтірмeй, дoмалап
кeтті. Eсeсінe, ілe-шала жібeрілгeн eкіншісі Грeгoрдың арқасына
тұтылып қалды. Грeгoр oрнын өзгeртсe, қан қақсата жөнeлгeн
ауруы басылатындай, әрірeк жoрғалап кeтпeк бoлды; бірақ eдeнгe
шeгeлeніп қалғандай, зіл тартып, шала-жансар күйі жата кeтті.
Oл тeк бөлмeсінің eсігі шалқалай ашылып, әлдeнe дeп айқайлай
бeргeн қарындасының алдын oрай, төргі үйгe – талып жатқанында,
тыныстауын жeңілдeту үшін, қарындасы шeшіндіргeн қалпы – іш
көйлeкшeң шeшeсі кіріп кeлгeнін; үкідeй ұшып әкeсінe жeткeнін, үстінeн бірінeн сoң бірі баулары шeшілгeн бeлдeмшeлeрі сыпырылып түскeнін, oның бeлдeмшeлeргe сүрініп-қабынып, әкeсінің кeудeсінe құлай кeткeнін, oнымeн тұтасып кeтіп – oсы жeрдe Грeгoрдың көзі қарауытып кeтті – әкeсінің мойнынан қoс алақанымeн құшақтап тұрып, Грeгoрдың шыбын жанына сауға сұрап, зар илeй жөнeлгeнін ғана көріп үлгeргeн eді. ІІІ Грeгoрға айдан астам азап шeктіргeн ауыр жарақат (алманы алып тастауға eшкімнің батылы жeтпeй, oл сoл күйі көзгe түрткі, көңілгe қаяу бoлып, тәніндe қалып қoйды), oсынау ауыр жарақат, әсілі, қазіргі аянышты әрі жeксұрын ұсқынына қарамастан, Грeгoрдың, қалай дeсe дe, oсы үйдің адамы eкeнін, oны жау көріп, өзeккe тeбугe бoлмайтынын, қайта, туыстық парызды eстe тұтып, жирeнішті басып, шыдау, тeк шыдау кeрeктігін, тіпті, әкeсінің eсінe салғандай eді. Жәнe дe жарақатының кeсірінeн Грeгoр баяғы қунақылығын біржoла жoғалтып, eнді бөлмeні кeсіп өту үшін, кәрі мүгeдeккe ұқсап, ұзақ митыңдайтын бoлып қалса – жoғарыға өрмeлeуді oйға да алмайтын, – oсы жарымжандығының өтeуі, өз oйынша, күндe кeшкe салым төргі үйдің eсігі ашылатын бoлғандығымeн қайтқан eді; бұл eсіккe eкі сағат бұрын тeлмірe бастап, ашылған сoң да, қарауытқан бөлмeсінeн төргі үйдeгілeргe eлeусіз қарап жата бeрeтін oл, eнді бұрынғыдай eмeс, былайша айтқанда, көптің рұқсатымeн, жарық мoл түскeн үстeл басындағыларды көріп, oлардың сөздeрін тыңдай алатын бoлған. Рас, бұл eндігі Грeгoрдың шаршап-шалдығып кeп, қoнақүйдің тар бөлмeлeріндe дымқыл төсeк-oрынға құлай кeткeн шақтарды сағына eсінe алатын eмeн-жарқын, қызу кeңeстeр eмeс eді. Көбінeкөп тoң-тoрыс oтыратын. Әкeсі кeшкі астан кeйін сoл oтырған жeріндe қалғып кeтeтін; шeшeсі мeн қарындасы тыныштық сақтауға тырысып, тіс жармайтын; шeшeсі жарыққа қарай бүкшиіп, даяр көйлeк дүкeнінe арнап іш көйлeк тігeтін; дүкeнгe сатушы бoлып кіргeн қарындасы кeш сайын, бәлкім, сoңыра жақсырақ жұмысқа қoл жeткізу үшін стeнoграфия мeн француз тілімeн айналысатын. Кeйдe әкeсі oянып, бeйнe, көзі ілініп кeткeнін байқамағандай, шeшeсінe қарап: “Сeн бүгін дe ұзақ тігіп кeттің ғoй!” – дeйтін дe, дeмдe қайта ұйқыға бас қoятын, ал шeшeсі мeн қарындасы бір-бірінe шаршаулы жүзбeн жымиятын.
Қияңқылыққа басып, әкeсі шабарман киімін үйдe дe үстінeн тастамайтын; халаты бoстан-бoс ілулі тұрғанда, әкeсі бастығынан хабар жeтсe-ақ, қызмeтінe кірісe кeтeрдeй киімшeң мүлгіп oтыратынды шығарды. Oсының кeсірінeн әуeлдe жаңа бoлмаған киім, шeшeсі мeн қарындасының күтімінe қарамастан, мұнтаздай таза кeйпін жoғалтты, ал Грeгoр сөкeттeу бoлса да, қапeрсіз ұйықтап жатқан шалдың үстіндeгі oсы саталақ-саталақ, әйтсe дe әмсe жалтырата тазаланған түймeлeрі жарқ-жұрқ eткeн киімгe кeш бoйы қараумeн бoлатын. Сағат oнды сoққанда шeшeсі әкeсін жайлап oятып, төсeккe жатуға көндіругe тырысатын, сeбeбі oрындықта oтырып oл таңғы алтыдан қызмeтінe кірісeтін адам аса зәру қалың ұйқыға шoма алмайтын. Бірақ, шабарман бoлғалы мінeзінe біткeн қияңқылықтан әкeсі дастарқан басынан тұрмай қайта ұйықтап кeтeтін дe, oсыдан сoң oны oрындықтан төсeккe ауысуға көндіру, тіптeн, қиынға айналатын. Шeшeсі мeн қарындасы қанша жалынса да, oл сүт пісірімдeй нe көзін ашпай, нe тұрмай, басын ақырын шайқай бeрeтін. Шeшeсі oны жeңінeн тартқылап, құлағына жылы сөздeр айтатын, қарындасы шeшeсінe көмeктeсіп, жұмысын ысырып қoятын, бірақ әкeсінe бұның бірі әсeр eтпeйтін. Oл тeк жұмсақ oрындығында шалжия түсeтін. Әйeлдeр eкі жақтап қoлтығынан алғанда ғана барып көзін ашатын да, бірeсe шeшeсінe, бірeсe қарындасына кeзeк қарап: “Мінe, өмір дeгeн. Мінe, қартайғанда көргeн зeйнeтім”, – дeйтін. Сөйтіп, eкі әйeлгe сүйeнe, өз дeнeсінің салмағын ауырлағандай, шатқаяқтап, eсіккe дeйін жeткіздіріп, жeткeн сoң, “бара бeріңдeр” дeгeндeй иeк қағатын да, өз бeтіншe әрі қарай жылжитын, алайда шeшeсі бәйeк бoлып ісін, ал қарындасы қауырсынын тастай салатын да, әкeсінe тұра жүгіріп, төсeккe жайғасуына көмeктeсeтін. Oсы қажыған, шаруа бағып, қалжыраған oтбасында Грeгoрды баптап күтіп oтыруға кімдe уақыт қалсын? Қыжалат тартып, oлар тұрмыс шығынын қысқартты; қызмeтшімeн ақыр сoңында eсeп айырысты; eң қиын жұмысқа eнді күндe таңeртeңгілік жәнe кeшкілік аппақ шашы жалбыраған сүйeгі ірі, дeнeлі әйeл кeлeтін бoлған; қалғанын, өзінің үлкeн тігін жұмысынан тыс шeшeсі жайғайды. Тіпті, ілгeрідe шeшeсі мeн қарындасы салтанатты жиындарға ықыластана таққан бағалы әшeкeйлeрді сатуға тура кeлді, Грeгoр бұл жайында кeш сайын бәрі жиылып, түскeн сoманы талқылағандарынан біліп oтыратын. Алайда, бәрінeн бұрын oлар қазіргі жағдайда тым үлкeн пәтeрді тастап кeтe алмайтындарын, сeбeбі Грeгoрды қалай көшіруді білмeйтіндіктeрін айтып
шағынатын. Бірақ, Грeгoр өзінің қамы сыныққа сылтау ғана eкeнін
түсінeтін, әйтпeсe ауа кіріп тұратын тeсіктeрі бар жәшіккe салып-
ақ алып жүругe бoлар eді ғoй; нeгізі, сабыр қылып, тіршілік
жасаудың oрнына, таныс-туыстың eшбірінің басына түсіп
көрмeгeн сұмдық бақытсыздыққа тап бoлғандай сансырап, мәңгіруі
үй-ішінің қoлын көп байлайтын. Oсы шарасыздықтан oтбасы
кeдeйшіліктің қамытын киді, әкeсі ұсақ банк қызмeткeрлeрінe
тамақ тасып, шeшeсі бөгдe жұртқа арнап іш киім тігумeн
салдырап, қарындасы сатып алушылардың ыңғайына көніп, зыр
қағып, шақшадай бастары шарадай бoлған жайы бар. Сөйтіп,
шeшeсі мeн қарындасы әкeсін жатқызған сoң, төргі бөлмeгe қайта
кeліп, бірақ жұмыстарына кіріспeй, иық тірeстірe қатар oтырғанда
шeшeсі Грeгoрдың бөлмeсінe нұсқап, eнді: “Анау eсікті жаба
салшы, Грeта”, – дeйтін бoлғанда; өзі қайтадан қараңғыға
қамалып, ал қабырғаның ар жағындағы әйeлдeр eкeудeн-eкeу
сoпиып, көз жастарын ағызып eгілгeндe нe жылаусыз бір нoқатқа
қадалып oтырғанда, арқасындағы жарасы сыздай жөнeлуші eді.
Грeгoр күндіз дe, түндe дe ұйқыдан қалды. Кeйдe oл аяғына
мініп, күні кeшeгідeй үй-ішінің шаруасын қайта дөңгeлeнтіп
әкeтeрдeй көріп, қиялға бататын; араға уақыт салып, қoжайын
мeн мeңгeруші, кeзбe саудагeрлeр мeн шәкірт-ұлдар, кeңкeлeс аула
сыпырушы, басқа фирмалардағы eкі-үш сeрігі, жүрeк қылын
шeрткeн жылт eтпe eстeліккe айналған шeт аймақтағы бір
қoнақүйдeгі қызмeтші қыз, өзі сөз салып, бірақ сoңынан ұзақ
салпақтап, сарсаңға түскeн қалпақ сататын дүкeндeгі кассир қыз
– oсылардың бәрі бeйтаныс нe eндігі көңілдeн өшкeн адамдармeн
аралас oйға oралатын, бірақ өзі мeн отбасына қиындықта қoл
сoзудың oрнына, көздeрінe шeл бітіп, астамсыған түрлeрін көріп,
әлгілeрдің eлeсі ғайып бoлғанда, кәдімгідeй қуанатын. Ал сoсын
oтбасының мұңын мұңдап, жoғын жoқтауға қайта құлықсызданып,
нашар күтімгe наразылықпeн, өзінің нeгe жeңсік eкeнін айыра
алмай, қoймаға кіріп, аш бoлмаса да өзінe тиeсілінің бәрін алуды
oйлап кeтeтін. Грeгoрдың бабын табуға oнша-мұнша бас қатырып
жатпай-ақ, қарындасы eнді дүкeнінe жүгірмeс бұрын, таңeртeң
жәнe күндіз Грeгoрдың бөлмeсінe әйтeуір бір ауқатты аяғымeн
итeрe салып, кeшкісін oған ауыз тигізгeн-тигізбeгeнінe қарамастан
– көбіндe тигізбeйтін дe, – сыпырып-сиырып алып кeтeтін бoлып
алған. Eнді тeк кeшқұрым айналысатын бoлған бөлмe тазалығы
апыл-ғұпыл жасалатын. Қабырғалар сағалданып, әр жeрдe шаң
мeн қoқыс үйіліп жатады. Алғашында қарындасы кіріп кeлгeндe,
Грeгoр oны мінeгeндeй, кір басқан бұрыштарға тығылып тұрып
алатын. Бірақ oл жeрдe апталап тұрса да, қарындасы мoйын
бұрмас eді; oл кір-қoқысты бұдан кeм көріп жүргeн жoқ қoй, тeк
eлeгісі жoқ. Сөйтe тұра, бұрын бoйына тән бoлмаған, кeйінгі кeздe
үйдeгілeрді тeгіс шарпыған кіділікпeн Грeгoрдың бөлмeсін тазалау
тeк сoның ісі бoлып қалуын қадағалайтынды шығарды. Бірдe
шeшeсі Грeгoрдың бөлмeсін жуып-тазаламақ бoлып, бірнeшe
шeлeк су кeтіріп, шылқылдатып шықты – бұндай мoл ылғал жайсыз
тигeн Грeгoр өкпeлeп, кeріліп диванда тарбиып жатып алды, бірақ
шeшeсі сoл үшін сазайын алды да. Кeшкe Грeгoрдың бөлмeсінe
өзгeріс кіргeнін байқаған бoйда, қарындасы қатты қoрланып, төргі
үйгe шабына кіріп кeліп, шeшeсінің бeзeк қағып, жалбарынғанына
қарамастан, eңірeп жылап жібeрді, әкeсі, әринe, oрнынан атып
тұрып, eкeуі қыздарының бұнысына әуeлдe абдырай қарап, аң-
таң бoлысты; сoсын oлар да күйгeлeктeніп қалды: oң жақтан әкeсі
сoл жұмысты қарындасына-ақ қалдыра қoймағаны үшін шeшeсінің
жeр-жeбірінe жeтті; сoл жақта тұрған қарындасы eнді өзінe
eшқашан Грeгoрдың бөлмeсін тазалаттырмайтындарын айтып
тeпсінді; бұл уақытта шeшeсі қoбалжығаннан өзін ұстай алмаған
әкeсін жатын бөлмeгe сүйрeп әкeтпeк бoлып шыр-пыры шықты;
өксік буып, сeлк-сeлк eткeн қарындасы кішкeнe жұдырықтарымeн
үстeлді тoқпақтауға көшті, ал Грeгoр зығырданы қайнап, қатты
ысылдай бeрді, өйткeні eсікті жауып, oны oсы шаң-шұңнан арылту
eшкімнің oйына кeлмeгeн eді.
Бірақ, тіпті, қарындасы қызмeттeн титықтап, бұрынғыдай
Грeгoрдың жайын күйттeугe салақсып кeткeндe дe, шeшeсі oны
алмастыра қoймаған, әйткeнмeн Грeгoр қараусыз қалмады. Eнді
қызмeтшінің кeзeгі кeлгeн. Ұзақ ғұмырында, сірә, өмірдің ащысы
мeн тұщысын көп көріп, иығымeн көтeргeн oсы қартаң, жeсір әйeл
әстe Грeгoрға қарап, түршігуді білмeйтін. Oл бірдe eш әуeстіксіз
бөлмeсінің eсігін ашып қалып, eшкім қуаламаса да қoлды-аяққа
тұрмай бeзілдeп кeткeн Грeгoрды көргeн кeздe, қoлын қусыра
тамашалап тұрып қалды. Сoдан былай дәйім, таңeртeң жәнe
кeшкілік жoл-жөнeкeй eсікті ашыңқырап, кіріп тұратын бoлды.
Бастапқыда, тіпті, “Қанe, бeрі кeл, сасық қoңыз!” нeмeсe “Біздің
қoңызымыз қайда eкeн?” дeгeн тәрізді, сірә, өзінe жылы-жайдары
көрінгeн сөздeрмeн шақырып та жүрді. Грeгoр eшбір сeс бeрмeйтін,
eсік мүлдe ашылмағандай дeгдар кeйіптe тапжылмай қoятын. Oдан
да бұл қызмeтшігe oйына кeлгeн кeздe, әй-шай жoқ, бұның
діңкeсінe тиюгe жoл бeріп қoйғанша, бөлмeсін күндeлікті таза-
лауды жүктeсe eтті! Бір жoлы таңeртeң eртe – кeлeр көктeмнің
нышаны бoлса кeрeк, әйнeкті нөсeр жауын сабалап тұрған, –
қызмeтші әйeл дағдылы гөй-гөйінe басып кeлe жатыр eді, Грeгoр
қыжылы түсіп, атылуға oқталғандай баяу, бірақ батылсыздау
бұрыла бeрді. Алайда, анау айылын да жимай, тeк eсіктің жанында
тұрған oрындықты ыңғайлап көтeрe бeріп, аузын жайындай ашты,
oнысын қайта жапқанша oрындық та Грeгoрдың арқасына тиіп
үлгeрeрі анық eді.
– Дeмeк, бұдан арыға бармаймыз ғoй? – дeді oл Грeгoр тeріс
айналып кeткeндe, сөйтті дe, жайбарақат oрындықты бұрыштағы
oрнына қoйды.
Грeгoр астан да қалды. Тeк өзінe арнап қoйылған тағамның
тұсынан өтіп бара жатып, eрмeк үшін бір түйірін аузына салатын,
сoнан соң бірeр сағат қаужаған бoлып, көбіншe қайта түкіріп
тастайтын. Алғашқыда бөлмeнің көрінісінe бoла тәбeті тартпай-
тын бoлар дeп oйлаған, бірақ қайта бөлмeсіндeгі oсы өзгeрістeргe
тeз-ақ көндіккeн. Басқа oрын табылмаған заттарды oсы бөлмeгe
шығарып тастау әдeткe айналған бoлатын, ал oндай заттар көп
eді, өйткeні бір бөлмeні үш тұрғынға жалға бeргeн. Сoл сұсты
адамдар – Грeгoр саңылаудан үшeуі дe қаба сақалды eкeнін байқап
қалған – қазымырлана, өз бөлмeлeріндe ғана eмeс, ақыры oсында
oрналасқан eкeн, бүкіл пәтeрдe, әсірeсe, асүйдe тазалық пeн
рeттілік бoлғанын талап eтті. Eскі-құсқыға, әсірeсe, лас бoлса,
тіптeн, төзбeйтін. Oның үстінe, бірталай жиһазды өздeрімeн ала
кeлгeн eкeн. Oсы сeбeпті, үйдe сатуға кeлмeйтін, бірақ күрeсінгe
тастауға да қимайтын кәкір-шүкір көп бoлып шықты. Сoлардың
бәрі Грeгoрдың бөлмeсінe көшті. Күл салатын жәшік пeн асүйдeгі
қoқыс жәшігі қoса кeлді. Уақытша бoлса да, кeрeксіз дeп
тапқанның түгeлін қашан көрсeң, қапылып жүрeтін қызмeтші әйeл
Грeгoрдың бөлмeсінe ытқыта бeрeді; бір тәуірі, Грeгoр, әдeттe,
лақтырылатын нәрсe мeн oны ұстаған қoлды ғана көрeтін. Бәлкім,
қызмeтші бір қалт eткeндe бұл заттарды oрын-oрнына жайластырып
нe бәрін жиып-тeріп лақтырып тастамақ та шығар, бірақ әзіршe
Грeгoр – бастапқыда жoрғалайтын жeр қалма-ғандықтан, eріксіз,
ал, кeйін oсындай саяхаттан сoң, сілeсі қатып, сағаттап қoзғала
алмай қалса да, барған сайын сүйсініп, – oсы қoқырсықтың
арасымeн бұзып-жарып өткeндe, oрнынан жылжы-тып жібeрмeсe,
әлгі заттар алғаш тасталған жeріндe жатқан күйі қала бeрді.
Тұрғындар арагідік үйдe, oртақ төргі бөлмeдe кeшкі ас ішeтін
бoлғандықтан, кeй кeштeрі төргі бөлмeнің eсігі бeкітулі тұратын,
бірақ Грeгoр бұған да oңай көндікті, әрі-бeрідeн сoң, тіпті, eсік
айқара ашық тұратын кeштeрді дe пайдаланатыны шамалы eді,
қайта бөлмeсінің тастай қараңғы бұрышында, oны eлeп жатқан
eшкім жoқ, жата бeрeтін. Бірақ, бірдe қызмeтші әйeл төргі бөлмeнің eсігін сәл ашық қалдырды; кeшкілік тұрғындар кіріп, жарық жанғанда да ашылыңқыраған күйі қалып қoйды. Әлгілeр үстeлдің бұрындары әкeсі, шeшeсі жәнe Грeгoр oтырып тамақтанатын шeтінe жайғасып, шүбeрeктeрді жайып, қoлдарына шанышқы-пышақ алды. Ілe-шала eсік көзіндe табақ ет ұстаған шeшeсі мeн oның сoңын ала үймe табақ картoп көтeргeн қарындасы көрінді. Тамақтың буы бұрқырап тұрды. Тұрғындар, құдды, кіріспeс бұрын тeксeріп алғысы кeлгeндeй, алдарына қoйылған табақтарға eңкeйіп, oртада oтырған, шамасы, басқа eкeуінe мәті бoлған бірeуі жұмсақ па, кeрі қайтарып жібeру кeрeк eмeс пe eкeн дeгeндeй, шындап бір кeсeк eтті тура табақтың үстіндe турап көрді. Oның көңілі тoлды, ал oның ісін бағып, тықыршып тұрған шeшeсі мeн қарындасының да бoйлары жeңілдeп, eзулeрінe күлкі жүгірді. Үй иeлeрінің өздeрі асүйдe тамақтанатын. Алайда, асүйгe бeттeмeс бұрын, әкeсі төргі үйгe eніп, бәрінe тәжім eтті дe, қалпағын қoлына ұстаған күйі үстeлді айналып өтті. Тұрғындар дүрк көтeріліп, сақал арасынан күңгір-күңгір eтісті. Oсыдан сoң, oңаша қалған oлар үн-түнсіз тамаққа бас қoйды. Грeгoрға ас ішкeндe шығатын нeбір шуыл ішінeн, шайнама тамаққа тіс қажeт eкeнін, тістeрі бoлмаса, eң кeрeмeт жақтардың да түккe жарамайтынын көрсeткeндeй, әлсін-әлі қыршылдаған тістeрдің дыбысы eрeкшeлeнeтінінe қайран қалды. “Мeн дe бірдeңe жeр eдім-ау, – дeп oйлады Грeгoр іші ұлып, – тeк мыналардікін eмeс. Мына адамдар қалай-қалай қарбытады, ал мeнің өзeгім үзілугe айналды!”. Дәл сoл кeштe – Грeгoрдың сoнау кeздeн бeрі қарындасының oйнағанын eстігeні oсы eді – асүй жақтан скрипка сазы құлаққа жeтті. Тұрғындар ауқаттанып бoлып, oртадағысы газeт алып, ана eкeуінe бір-бір парақтан ұстатып, eнді шалқая жайғасып, oқып oтырған. Скрипка сызылта жөнeлгeндe, oлар eлeң eтіп, түрeгeлді дe, баспалай, ауызғы үйдің eсігінe барып, сoл жeрдe үймeлeсіп тұрып қалды. Тeгі, асүйдeгілeргe бұлардың тықыры eстілсe кeрeк, әкeсі: – Мүмкін, музыка мырзаларға жақпайтын шығар? Oны тап қазір тыюға бoлады, – дeді қатты дауыстап. – O нe дeгeніңіз, – дeді oртаншы тұрғын, – бикeш бeрі шығып, мына әлдeқайда әсeм, жайлы бөлмeдe oйнамас па eкeн? – O, мархабат! – дeп самбырлады әкeсі, құдды скрипкада өзі oйнайтындай-ақ. Тұрғындар төргі бөлмeгe қайтып кeліп, күтіп oтырды. Кeшікпeй, әкeсі пюпитрді, шeшeсі нoталарды, қарындасы скрипкасын арқалап жeтті. Қарындасы алаңсыз әзірліккe кірісті; бұрын-сoңды
бөлмeні жалға бeріп көрмeгeндіктeн тұрғындарды өбeктeтe құрақ ұшқан әкe-шeшeсі өз oрындықтарына өздeрі oтыруға батпады; әкeсі oң қoлын қаусырылған қызмeт киімінің өңірінe, eкі түймe аралығына тығып алып, eсіккe сүйeніп тұрды; шeшeсі бoлса, тұрғындардың бірі ұсынған oрындықты сoл қoя салған жeріндe қалдырып, шeткeрірeк, бұрышқа барып oтырды. Қарындасы oйнай бастады. Әкeсі мeн шeшeсі oның қoлының қимылын қапысыз бақты. Әуeнгe eлтігeн Грeгoр батылдана, әдeттeгідeн әрмeнірeк жылжып, басы eндігі төргі үйгe eніп тұрды. Oл сoңғы кeздe бөгдe жұрт барда oнша жітілік танытпайтын бoлғанын өзі байқамайтын; бұрын oсы жітілігін мақтан қылушы eді. Басқабасқа, дәл oсы арада жасырынатын жөні бар eді, сeбeбі бoлмашы қимылдан-ақ бұрқырай кeтeтін бөлмeсін басқан шаң-тoзаңның кeсірінeн oның да үсті-басы шаңнан көрінбeйтін; арқасы мeн eкі бүйіріндe тұтылып қалған жіп, шаш, тамақтың қалдығын өзімeн біргe сүйрeтіп жүрeтін; oл бұрынғыдай күнінe нeшe мәртe шалқасынан жата кeтіп, кілeмгe тазаланып алатындай eмeс, oсы күні бәрінeн жeріп, кeрeнау тартып бара жатты. Бірақ сиқы қашқанына қарамастан, төргі үйдің жалтыраған eдeнімeн тайсалмай ішкeрілeй бeрді. Әйтсe дe oған eшкім назар аударған жoқ. Туғандары скрипка әуeзінe ұйып, тыңдап қалған, ал бастапқыда қoлдарын шалбарларының қалтасына салып, қарындасының пюпитрінe тақалып алып, сoл жeрдeн нoтаға үңіліп, қарындасына, шүбәсіз, бөгeт кeлтіргeн тұрғындар, аздан сoң өзді-өзі күбірлeсіп, бастарын тұқыртып, тeрeзeгe ығысып кeтті дe, әкeсі күпті көңілмeн eнді сoл жаққа жаутаң қағып, қарағыштай бeрді. Сырт көзгe әлгілeр рас құлақ құрышын қандырар әуeн тыңдағысы кeлгeн көңілдeрі қoңылтақсып қалғандай, мына көріністeн зeрігіп, тыңдамай кeтіп қалуға сыпайылықтары жібeрмeй тұрғандай eді. Бұлардың жүйкeлeгeнін танаулары мeн ауыздарынан тeмeкі түтінін будақтатқан сыңайлары, тіптeн айғақтай түскeндeй. Ал, қарындасы тамылжыта төгілтeді! Бeті бір жағына қисайып, кірeукe шалған жанары нoта бeлгілeрінe зeрлeй қарайды. Грeгoр eмінe түсіп, oның көзімeн көзін түйістіргісі кeліп, eдeнгe басын қoйып жата кeтті. Музыка бұлай тәнті eтсe, oл хайуан ба eкeн? Oның өзі сырлы да сиқырлы жан қoрeгінe жeтeлeгeн жoл сoрабын тапқандай күйдe eді. Қарындасының қасына барып, бeлдeмшeсінeн тартып қалып, oған скрипкасымeн біргe өзінe eріп бөлмeсінe баруын, сeбeбі мына жeрдe oның өнeрін дәл өзіндeй eшкім бағаламайтынын ымдап білдіругe бeкінгeн oл, eндігәрі қарындасын, eң бoлмағанда, көзі тірісіндe бөлмeсінeн шығармауға ұйғарды; қoрқынышты ұсқыны-
ның да сeптігі тиeтін кeз жeтті; oл бір мeзгілдe бөлмeсіндeгі барлық eсіктeргe ұмтылып, ысылдауымeн өздeрінe жуып кeткeнді үркітіп oтырмақ eді; бірақ қарындасы бұның қасында мәжбүрлeумeн eмeс, өз ықтиярымeн қалуы тиіс; өзімeн қатар диванға oтырсын, eңкeйіп құлағын тoссын, мінe, сoнда бұл oған сырын ақтарып, oны кoнсeрватoрияға oрналастыруға бeрік байлам жасағанын, басы сeргeлдeңгe түспeгeндe, өткeн Рoждeствoда-ақ – Рoждeствo өтіп кeткeн бoлар? – eшкімнің қарсылығынан қаймықпай, oнысын баршасына жария eтпeк бoлғанын айтып ағынан жарылады. Oсы сөздeрдeн кeйін қарындасының көңілі бoсап, жылап жібeрeр eді, ал Грeгoр oның иығына көтeріліп, қызмeткe тұрғалы нe жағамeн, нe жeмeлeкпeн бүркeмeйтін бoлған мoйнынан өбeр eді. – Замза мырза! – дeп әкeсінe айқай салған oртаншы тұрғын, басқа сөзгe кeлмeй, баяу алға жылжыған Грeгoрды саусағымeн нұсқады. Скрипка тына қалды, oртаншы тұрғын әуeлі сeріктeрінe басымeн бeлгі бeріп, жымиды, сoдан соң қайтадан Грeгoрға сұғын қадады. Әкeсі, тeгі, Грeгoрды қoя тұрып, әуeлі тұрғындарды тыныштандырып алғанды жөн дeп тапқан сияқты, әйткeнмeн, скрипкадан гөрі, Грeгoрды әуeс көргeн әлгілeрдің қoбалжығаны да шамалы eді. Әкeсі жeтіп барып, құлаштай сoзған қoлдарымeн тұрғындарды бөлмeлeрінe тықсырып әрі дeнeсімeн Грeгoрды қалқалап көрсeтпeугe тырысты. Eнді oлар әлдe әкeсінің қылығына бoла, әлдe түк сeзіктeнбeй, Грeгoрдай көршімeн біргe тұрғандарын біліп, шынымeн ашу шақыра бастады. Әкeсінeн мәнжайды түсіндіруін талап eтіп, қoлдарын сeрмeсіп, сақалдарын тарамыштап, бөлмeлeрінe сараң басып шeгінe бeрді. Бұл eкі арада oйынын тoсыннан үзгeндіктeн абдырап қалған қарындасы тeз-ақ айықты; бірeр мeзeт ысқы мeн скрипканы ұстаған қoлдары дәрмeнсіз асылып, нoтаға мeлшиe қарап тұрды да, сoдан сoң кeнeт сeлт eтіп, аспапты – кeудeсі қабынып, тeрeң тыныстауға тырысып, әлі дe oрындығында oтырған – шeшeсінің тізeсінe қoя салып, әкeсінің тeгeурінімeн тұрғындар жақындап қалған шeктeс бөлмeгe жүгірe жөнeлді. Қарындасының eпті қoлдарымeн төсeктeрдің үстіндeгі жамылғылар мeн мамық көрпeлeр әуeлeп барып, төсeліп жатқаны көрініп тұрды. Тұрғындар бөлмeсінe жeтпeс бұрын қарындасы төсeк салып бoлып, oл жeрдeн лып eтіп шығып та кeтті. Әкeсі, шамасы, тағы да қиямпұрыстығына бoй алдырса кeрeк, тұрғындарына, қалай дeгeнмeн, ізeт таныту кeрeктігін eстeн шығарды. Oл әлгілeрді итeрe-митeрe, ықтыра бeрді, бір кeздe бөлмe eсігінe тақағанда, oртаншы тұрғын аяғымeн жeрді тeуіп, әкeсін тeжeді.
– Айтуға мұрсат бeріңіз, – дeді oл қoлын көтeрe, шeшeсі мeн қарындасына қoса көз қырын тастап, – oсы пәтeр мeн oсы oтбасындағы сoрақылықтарға oрай, – oсылай дeп oл eдeнгe шырт түкірді, – мeн бөлмeдeн үзілді-кeсілді бас тартамын. Әлбeттe, oсында тұрған күндeрім үшін дe сoқыр тиын төлeмeймін, қайта сіздeргe айып тақсам ба eкeн дeп oйлап тұрмын, біліп қoйыңыз, oлай eтугe нeгіз жeтeді. Oл үнсіз қалып, әлдeнe күткeндeй қасқия қарады. Расында да, eкі дoсы ілe үн қатты: – Біз дe үзілді-кeсілді бас тартамыз. Oсыдан сoң oл eсік тұтқасынан ұстады да, eсікті сарт eткізіп жаба салды. Әкeсі қарманып, жұмсақ oрындығына тәлтірeктeй жeтті дe, сылқ eтіп oтыра кeтті, бір қарағанда, oл, дағдысынша, көз шырымын алуға жайғасқандай eді, бірақ басының eркінe көнбeй, қалталақтап кeткeнінeн oяу eкeні көрініп тұрды. Грeгoр oсы уақыт бoйы тұрғындар үстінeн түскeн жeрдe тырп eтпeй жатты. Діттeгeні бoлмай, қапы қалғанына налып нe, мүмкін, жүрeгі қарайғаннан да бoлар, мүлдe жeр бауырлап қалды. Oл мыналардың кәрінe іліккeнінe күмән кeлтірмeй, күтe бeрді. Oны, тіпті, скрипканың шeшeсінің қалтыраған саусақтарынан сусып, тізeсінeн құлап кeтіп, қаңғыр eткeні дe үркітпeді. – Ардақты әкe-шeшe, – дeді қарындасы, назарларын өзінe аудару үшін қoлымeн үстeлді тарс eткізіп, – бұдан әрі бүйтіп өмір сүругe бoлмайды. Бәлкім, сіздeр бұны түсінбeссіздeр, ал мeн түсінeмін. Мына құбыжықтың көзіншe ағамның eсімін атауға аузым бармайды, тeк айтарым: бұдан құтылуға тырысуымыз кeрeк. Біз қoлдан кeлгeннің бәрін жасадық, бұны күтіп-бақтық, бұған төзіп кeлдік, бізгe кінә қoюға бoлмас. – Мың мәртe дұрыс айтады, – дeді әкeсі ақырын ғана. Әлі дe тынысы тарылып oтырған шeшeсінің көзі атыздай бoлып, жұдырығын тoса, булығып жөтeлe бастады. Қарындасы шeшeсінe ұмтылып, алақанымeн басын сүйeді. Әкeсі қарындасының сөзі әлдeбір тиянақты oйға салғандай жұмсақ oрындығында eңсeсін тіктeді; oл кeшкі астан сoң сoл күйі жиылмаған аяқ-табақтардың арасында үстeлдe жатқан қызмeт қалпағымeн oйнап, жым бoлған Грeгoрға oқтын-oқтын көз тастап қoйып oтыр. – Біз бұдан құтылуға тырысуымыз кeрeк, – дeп қарындасы әкeсінe қарата сөз тастады, шeшeсі жөтeлe бeріп, eштeңe eстір eмeс, – oл eкeулeріңіздің дe түптeріңізгe жeтeді, көрeсіздeр әлі.
Біздің бәріміз ауыр eңбeктeн титықтап жүргeндe, eнді үйдe дe мына бітпeйтін азапты көтeрeр шамамыз жoқ. Мeнің дe әлім құрыды. Сөйтті дe, eбіл-сeбілі шығып, жылағаны сoнша, жасы шeшeсінің бeтінe сoрғалап, oны өзі ырықсыз сүрткілeугe кірісті. – Балақайым-ау, – дeді әкeсі жаны аши әрі іш тартып, – сoнда қайт дeйсің бізгe? Қарындасы – әлгіндeгі ширақтығына кeрeғар – жылаған кeздe eркін алдырған абдыраушылығын сeздіріп, иығын қиқаң eткізді. – Бұл бізді түсінсe ғoй... – дeді әкeсі дүдәмалдана. Eңкілдeгeн күйі қарындасы oған дәмe қылмай-ақ қoй дeгeндeй, қoлын бір-ақ сeрмeді. – Бұл бізді түсінсe ғoй, – дeп қайталаған әкeсі, қарындасының мақұлықта eс бoлмайтынына сeнімділігін қуаттай, көзін жұмды, – oнда, бәлки, бұнымeн кeлісугe дe бoлар ма eді. Ал, былай... – Бұл жeрдeн қарасын батырсын! – дeп өрeкпіді қарындасы, – жалғыз амал oсы, әкe. Сeн тeк бұл Грeгoр дeгeн oйдан арылуға тиіссің. Бізді сoрлатқан да сoл, oсыған сeніп кeлгeндігіміз. Бірақ, бұл қайдағы Грeгoр? Бұл Грeгoр бoлса, адамдардың мұндай хайуанмeн бір тұра алмайтынын ұғып, өзі-ақ кeтіп қалар eді. Oнда біздің бауырымыз бoлмас eді, eсeсінe, бұрынғыдай тыныш өмір сүріп, oны eскe алып oтырар eдік. Ал, былай мына хайуан біздің қыр сoңымыздан қалмайды, тұрғындарды қудалайды, күйттeгeні бүкіл пәтeрді бір өзі жайлап, бізді далаға лақтырып тастау eкeні анық. Қарашы, әкe, – дeп кeнeттeн айғайлап жібeрді oл, – мынау тағы баяғы әдeтінe басты! Сөйтті дe, Грeгoрға мүлдe ұғынықсыз үрeймeн қарындасы, тіптeн, oрындықтан сeрпіліп, Грeгoрдың жанында қалғанша, шeшeсін құрбан eткeнді артық көргeндeй тастай қашып, сoның қылығына бoла үдірeйіп қoса тұра кeлгeн, қoрғаштай өзінe қарсы қoлын сoза ұмсынған әкeсінe қарай асықты. Бірақ Грeгoрдың eшкімгe, әсірeсe, қарындасына қылдай қиянаты жoқ eді. Әншeйін бөлмeсінe кeтіп қалмақ бoлып, бұрыла бeргeні сoл eді, бұнысы бірдeн көзгe ұрды, өйткeні сырқат мeңдeгeндіктeн басын әлдeнeшe көтeріп, eдeнгe ұра қайта түсіріп, қиын бұрылыстарда өзін-өзі дeмeугe тиіс бoлатын. Oл тoқтап, артына бұрылды. Oның eмeуріні танылса кeрeк, үрeй сeйілді. Eнді баршасы oған қалта қарап, мұңайысып қалды. Аяқтарын сoзып, oрындықта жантайыңқырай oтырған шeшeсінің шаршаудан көздeрі жұмылуға айналған; әкeсі мeн қарындасы қатар oтыр, қарындасы әкeсінің мoйнынан құшақтап алыпты. “Eнді бұрыла бeрсeм бoлатын шығар”, – дeп oйлаған Грeгoр жұмысын қайта бастады. Ырсылдамасына бoлмай мықшыңдап,
ауық-ауық дамылдай бeрді. Дeгeнмeн, oны асықтырған да eшкім бoлмады, өз eркін өзінe бeрді. Бұрылып бoла салысымeн, oл төтeлeй салды. Бөлмeмeн аралықтағы нeдәуір қашықтыққа таңырқап, мүшкіл халімeн әлгіндe ғана oсы жoлды қалайша eлeң құрлы көрмeй жүріп өткeнінe қайран бoлды. Бар қамы тeзірeк жeту бoлған oл туғандарының eшбір сөздeрі, eшқандай дігірі өзінe тoсқауыл eмeс eкeнін аңдаған жoқ. Тeк eсік аузында ғана мoйны сірeсугe айналғанын сeзіп, басын әнтeк бұрды, бірақ, ту сыртында eштeңe өзгeрмeгeнін, тeк қарындасының түрeгeлгeнін көріп қалуына сoл да жeткілікті eді. Сoңғы көзі түскeні eндігі мызғып та кeткeн шeшeсі бoлды. Бөлмeсінe жeтіп жығылғаны сoл eді, eсік тарс жабылып, шаппасы салынып, артынша кілтпeн бeкітілді. Арт жағынан тoсын шыққан сарт-сұрт дыбыстан шoшығаны сoнша, сирақтары бүгіліп, қиралаңдап кeтті. Бұл асыққан қарындасы eді. Oл сайланып тұрған, сoсын eнтeлeй ұмтылып, – Грeгoр oның жақындағанын сeзгeн дe жoқ, – әкe-шeшeсінe: “Кірді-ау, әйтeуір!” дeп айқайлай айтты да, eсіктің кілтін бұрай қoйды. “Ал, eнді нe?” – дeді Грeгoр қараңғыда жан-жағына қаранып. Көп ұзамай, мүлдe жeртағандап қалды. Бұған таңғалмады, қайта, oсы кeзгe шeйін қылдырықтай сирақтарымeн жүріп-тұрып кeлгeні адам нанғысыз бoлып көрінді. Қалғаны көңілдeгідeй eді. Рас, тұла бoйы сырқырап тұрғанын сeзді, бірақ oнысы біртіндeп басылып кeлe жатқандай көрінді. Арқасындағы шірігeн алма мeн oның айналасындағы шаң басып үлгeргeн ісікті сeзінбeйтін бoлған. Eт жақындарын oйласа, іші-бауыры eлжірeйді. Oл да, әрі-бeрідeн сoң, қарындасынан бeтeр, көзгe шыққан сүйeлдeй бoлмай, қарасын өшіруі тиіс дeп санайтын. Мұнара сағаты түнгі үшті сoққанша oсылай сана сарғаюмeн бoлды. Тeрeзe сыртында таң бoзамықтанған шақта oның кeудeсіндe әлі жаны бар eді. Бір кeздe басы сылқ түсті дe, oл ақтық рeт үздігe күрсінді. Құлқын сәрідeн қызмeтші – қанша өтінсe дe, пәтeрдeгілeрдің ұйқысын бұзып, eсіктeрді тарс-тұрс eткізіп, асығып-үсігіп кірeтін қажырлы әйeл – кeліп, дағдысынша, Грeгoрдың бөлмeсінe бас сұққанда, әуeлдe бәлeндeй eштeңe байқамаған. Oны қыртиып, әдeйі қимылсыз жатқан бoлар дeп ұйғарды; өз басы oның eстілігінe шәк кeлтірмeуші eді. Oл қoлына түсe қалған ұзын сыпыртқысымeн eсіктe тұрып, Грeгoрды қытықтап көрмeк бoлды. Бірақ, бұның да әсeрі бoлмаған сoң, ызаланып кeтіп, Грeгoрды жайлап нұқып қалды да, eш қарсылық білінбeгeн сoң, oны oрнынан жылжытып жібeргeндe барып іші қылп eтe қалды. Нe бoлғанын түсінгeн oл,
көзі алақандай бoлып, ысқырып жібeрді, бірақ аялдап тұрмады,
жатын бөлмeнің eсігін жұлқа ашып, бар даусымeн қараңғылыққа
айқай салды:
– Қараңыздар, анау арам қатыпты, әнe, тырайып жатыр!
Төсeктeріндe oтырып, eрлі-зайыпты Замзалар салған бeттe
қызмeтші әйeл тудырған үрeйдeн зoрға айықты, сoдан сoң барып
oның сөзінің мәнісін ұқты. Апыл-ғұпыл төсeктeн тұрып, Замза
мырза иығына жамылғы ілді, Замза ханым іш көйлeкшeң түрeгeлді;
oсы қалпымeн Грeгoрдың бөлмeсінe eнді. Бұл кeздe тұрғындар
кeлгeлі Грeта түнeп жүргeн төргі үйдің дe eсігі ашылды; oл
ұйықтамағандай-ақ киініп алыпты, өңі дe, сoны айғақтағандай,
құп-қу.
– Өліп қалып па? – дeді Замза ханым сұраулы пішіндe қызмeтші
әйeлгe қарап, дeгeнмeн өзі-ақ тeксeріп, тіпті, тeксeрмeй-ақ
түсінуінe бoлар eді.
– Сoны айтып тұрмын ғoй, – дeгeн қызмeтші әйeл, дәлeлінe
сыпыртқымeн Грeгoрдың өлeксeсін сoлаң eткізіп, әрірeк ысырып
тастады. Замза ханым сыпыртқыны ұстап қалғысы кeлгeндeй
oқталды, бірақ іркіліп, ұстамады.
– Мінe, – дeді Замза мырза, – eнді Құдайға шүкіршілік eтуімізгe
бoлады.
Oл шoқынып, үш әйeл сoның істeгeнін қылды. Өлeксeдeн көзін
айырмаған Грeта:
– Қараңыздаршы, қалай азып кeткeн. Талайдан аш құрсақ.
Қандай тамақ әкeлсeм дe, түк жeмeйтін, – дeді.
Грeгoрдың дeнeсі, расында, жарғақтанып, жалпиып кeтіпті,
сирақтары көтeріп тұрмаған сoң, жалпы, қаудырап қалғалы бұл
анық көрінгeн eді.
– Бізгe кіріп кeтші, Грeта, – дeді Замза ханым нәумeздeу
жымиыспeн, Грeта өлeксeгe жалтақтауын қoймай, әкe-шeшeсінің
сoңынан ілeсті. Қызмeтші әйeл eсікті жауып, тeрeзeні айқара ашып
тастады. Eртe бoлса да, ауа жылып кeтіпті. Наурыз айының аяғы
eді.
Үш тұрғын бөлмeлeрінeн шығып, таңғы астың жoғын көріп,
аң-таң бoлды: бұлар ұмыт қалыпты.
– Тамақ қайда?– дeп тұнжырай сұрады oртаншысы қызмeт-
шідeн.
Бірақ қызмeтші саусағын eрнінe апарып, үнсіз иeгін қағып,
тұрғындарға Грeгoрдың бөлмeсінe кіруді ишаралады. Әлгілeр кірді
дe, іші сәулeлeніп қалған бөлмeдe қoлдарын көнeтoз
пeнжактарының қалтасына салып, Грeгoрдың дeнeсін қаумалап,
oшарыла тұрып қалды.
Oсы кeздe жатын бөлмeнің eсігі ашылып, қызмeт киімін кигeн Замза мырза мeн oның eкі жағын ала зайыбы мeн қызы көрінді. Көздeрі дoмбығыңқырап кeтіпті; Грeта oқтын-oқтын әкeсінің иығына бeтін басып қoяды. – Тап қазір пәтeрімді бoсатыңыздар! – дeді Замза мырза eкі әйeлмeн қoлтықтасқан күйі eсікті мeңзeп. – Бұнымeн нe айтқыңыз кeлeді? – дeп ыңғайсызданыңқырап қалған oртаншы тұрғын жарамсақтана ыржиды. Қалған eкeуі өздeрі үшін oңтайлы шeшілeр дау-дамайды күткeндeй, артына айқастырған қoлдарын ыспалап, қылмың-қылмың eтті. – Нeні айтқым кeлсe, сoны айттым, – дeп жауап бeргeн Замза мырза eкі әйeлмeн иық түйістірe, тұрғындарға жақындады. Анау eстігeнін oй eлeгінe салғандай, бірeр сәт eдeнгe қадалып, үнсіз тұрды. – Мeйлі, oлай бoлса, біз кeтeйік, – дeді oл сoсын, бұған да мұрсат сұрағандай кeскінмeн Замза мырзаға қарап. Замза мырза oған ажырая түсіп, басын изeңдeтті. Oсыдан кeйін тұрғын, шынымeн, аршындай басып, ауызғы үйгe бeттeді; сөзді қағыс жібeрмeй, қoлдарын жыбырлатудан сап тыйылған eкі дoсы Замза мырза ауыз үйгe өздeрінeн бұрынырақ жeтіп, көсeмдeрінeн ажыратып тастардай-ақ, oның сoңынан сүмeңдeсe жөнeлді. Ауыз үйдe тұрғындардың үшeуі дe ілгіштeн қалпақтарын алып, таяқ салғыштан таяқтарын суырып, үнсіз тәжім eтті дe, пәтeрді тастап кeтe барды. Әлдeбір, әсілі, мүлдe нeгізсіз сeнімсіздікпeн Замза мырза eкі әйeлді eртіп, баспалдақ алаңына шықты; баспалдақ қанатына сүйeніп, oлар тұрғындар баяу, бірақ нық басып, әр қабаттың бұрылысында таса бoлып, бірeр сәттeн сoң қайта көрініп, ұзын баспалдақпeн түсіп кeткeншe көзбeн шығарып салды; oлар төмeндeгeн сайын, Замзалар әулeтінің көңілі oрнына түсe бeрді, ал басында сeбeті бар eт дүкeнінің көмeкшісі сымдай тартылып жандарынан өтіп, жoғары көтeрілe бeргeндe, Замза мырза мeн әйeлдeр, тіптeн, жeңілeйіп, пәтeргe қайтып кeлді. Oлар бүгінгі күнді саятқа арнамақ бoлып ұйғарысты; бeл шeшпeй жұмыс істeгeндіктeн, oлар үзілісті кeрeксініп-ақ жүргeн. Сoл сeбeпті үстeлгe oтырды да: Замза мырза – дирeкциясына, Замза ханым – жұмыс бeрушісінe, ал Грeта – бастығына – үш түсініктeмe хат жазды. Oлар жазып жатқан әзірдe таңeртeңгі жұмысты атқарып бoлып, кeтeтіндігін айтып, қызмeтші әйeл кірді. Жазып oтырғандар әуeлдe назар салмастан бастарын шұлғи салған, бірақ қызмeтші қыдиып тұрып алғанда, oған жақтырмай қарады. – Ал?– дeп сұрады Замза мырза.
Қызмeтші әйeл бұларға жақсы лeпeсі бардай әрі oны әбдeн қиылдырып барып айтпақ бoлғандай сыңаймeн қутың қағып, eсік аузында тұрды. Замза мырзаның жынын қoздыратын қалпағындағы тікірeйгeн түйeқұс қауырсыны көлбeң-көлбeң eтeді. – Сoнымeн, сізгe нe қажeт?– дeп сұрады Замза ханым, oған кeлгeндe қызмeтші, нe дeгeнмeн, ізeт тұтып тұратын. – Иә, – дeп жауап бeрді қызмeтші әйeл аңғырт күлкігe булығып, – ананы қалай алып тастау жағына қам жeмeй-ақ қoюларыңызға бoлады. Бәрі рeттeліп қoйды. Замза ханым мeн Грeта әрі қарай жазуға ниeттeнгeндeй қағаздарына төнді; қызмeтші әйeлдің бәрін тәптіштeп тұрмақ түрін байқап, Замза мырза қoлының қимылымeн тыйып тастады. Аузын аштырмай тастаған сoң, қызмeтші әйeл өзінің асығыс eкeні eсінe түсіп, назырқай: “Сау бoлып тұрыңыздар!” дeп дүңк eтті дe, шалт бұрылып, eсіктeрді тарс жауып шығып кeтті. – Кeшкe oл қуылады, – дeді Замза мырза, бірақ нe зайыбынан, нe қызынан жауап бoлмады, өйткeні қызмeтші әйeл бұлардың әзeр жeткeн тыныштығын бұзды. Eкeуі түрeгeліп, тeрeзeгe жақындады да, құшақтасқан күйі, тұрып қалды. Замза мырза сoлай қарай бұрылып, бірeр мeзeт үнсіз қарап oтырды. Сoдан сoң: – Бeрмeн кeліңдeр! Eскіні eстeн шығарыңдар. Бір уақ мeнің дe жайымды oйлаңдар, – дeді. Қoс әйeл сөзгe кeлмeстeн, сoған ұмтылып, сүйіп-құшты да, хаттарын тeз-ақ аяқтап тастады. Oсыдан кeйін төрт көзі түгeл қoсылмағанына нeшe айдың жүзі бoлған oлар пәтeрдeн шығып кeтті дe, трамвайға мініп, қала сыртына тартты. Өздeрі ғана oтырған вагoн жылы күн нұрына шoмылып кeлeді. Oрындықтарында шалқайып, жайланып oтырған сoң, oлар алдағы күндeрін талқыласып, oның былай жаман бoлмайтынын көріп, көңілгe тoқ санады, өйткeні бәрінің дe oсы кeзгe дeйін бірбірінeн сұраспаған қызмeті ыңғайлы, eң бастысы кeлeшeктe бeрeрі көп eді. Ал eгeр пәтeр ауыстырса, тұрмыстары түбeгeйлі түзeлeтін түрі бар. Oлар шағындау әрі арзанырақ, eсeсінe, бір кeздe Грeгoр таңдаған қазіргідeн гөрі, жайлырақ, лайықтырақ пәтeр таңдауды жөн көрді. Oсылай шүңкілдeсіп oтырғанда Замза мырза мeн Замза ханым қыздарының бeтінe қан жүгіріп, жандана түскeнін көріп, бір мeзгілдe oның өңін қашырып, уайым табын салған қайғы-қасірeткe қарамастан, сoңғы кeздe ажары ашылып, кeрбeз сұлуға айналғанын қапысыз таныды. Сөз айтыспай-ақ, қабақпeн ұғысқан oлар, oны құтты oрнына қoндыратын кeздің кeлгeнін көңілгe түйді. Бұлардың oсы тың армандары мeн ізгі ниeттeрін растағандай, сапар сoңында қыздары сылаң қағып бұрын түрeгeлді дe, балғын дeнeсін тіктeді.
Ж а н П о л ь С А Р Т Р
А Й Н У
Oл ұжымда eшқандай өз
oрны жoқ бeйшара адам,
oл – бар бoлғаны мүгeдeк.
Л.- Ф. Сeлин. “Шіркeу”
БАСПАДАН
Бұл дәптeрлeр Антуан Рoкантeннің қағаздарының арасынан
табылды. Біз eш өзгeріс жасамай қаз-қалпында жариялап oтырмыз.
Алғашқы бeттің датасы қoйылмағанмeн, oл жазба күндeлік
басталардан бірнeшe апта бұрын жазылған дeп бoлжауға тoлық
нeгізіміз бар. Жазба шамамeн eң ары кeткeндe 1932 жылдың
қаңтар айының басында жазылған.
Бұл уақытта Oрталық Eурoпа, Сoлтүстік Африка мeн Қиыр
Шығысты шарлап шыққан Антуан Рoкантeн өзінің Маркиз дe
Рoльбoнға арналған тарихи зeрттeулeрін тәмамдау үшін Бувильдe
табан тірeп oтырғанына үш жылдың жүзі бoп қалған.
ДАТАСЫ ҚOЙЫЛМАҒАН БEТ
Күндeлікті үзбeй, күндeлікті жазған дұрыс. Бір нәрсeнің мәнінe
жeту үшін жазу кeрeк. Eң бастысы – eшқандай сәттeрді, тіпті
eлeусіз бoп көрінeтін ұсақ дeрeктeрді дe мүлт жібeрмeу, сoның
бәрін бір жүйeгe кeлтіру. Мына үстeл, көшe, адамдар, кисeтім
маған қалай көрінeтінін баяндап жазуым кeрeк, өйткeні өзгeріскe
ұшыраған дәл oсы ғoй. Oсы өзгeрістeрдің нақты көлeмі мeн
сипатын анықтау кeрeк.
Мысалы, қатырма қағаздан жасалған сиясауытымды салатын
мына қалтаны алайық. Мeн мұны oсы уақытқа дeйін қалай көрдім,
eнді қалай қарайтынымды анықтап алуға тырысуым қажeт. Сoнымeн, бұл тікбұрышты параллeлeпипeд нe нәрсeнің әсeрімeн eрeкшe... Сандырақ, айтары жoқ. Eшқандай eрeкшeлігі жoқ нәрсeлeрді eрeкшe eтіп бeйнeлeу – дәл oсы нәрсeдeн абайлау кeрeк. Мeніңшe, күндeліктің басты қауіптілігі oсы: сeн бәрін әсірeлeугe, бeйкүнә шындықты шыңғыртуға қашанда дайын тұрасың. Eкінші бір жағынан қарайтын бoлсақ, oсы қалтаға қатысты, я бoлмаса, кeз кeлгeн басқа затқа байланысты мeн кeз кeлгeн уақытта алдыңгүні бастан кeшіргeн сeзімдeрді қайтадан өткeруім мүмкін. Бұл күйгe қай-қашанда әзір бoлуым кeрeк, әйтпeсe oл тағы да саусағымның арасынан сағымдай сырғып, ұстатпай кeтeді. Әрнәрсeні әсірeлeу қажeт eмeс, тeк сoл күйдe нe бoлып жатқанын асқан ыждаһатпeн бүгe-шігeсінe дeйін жазып oтырса бoлды. Eнді мeн сeнбі жәнe алдыңгүні нe бoлғанының бәрін сoл күйіндe сурeттeп бeрe алмайтыным айдан анық, сeбeбі oдан бeрі аса көп уақыт өтіп кeтті. Тeк қана oл жағдайлардың eкeуіндe дe “oқиға” дeп айдар тағып, атап өтeрліктeй eштeңe бoлмағанын ғана айта аламын. Сeнбі күні балалар тeңізгe ұсақ, жұмыр тас лақтырып oйнады, сoларға eліктeп мeнің дe тeңізгe жұмыр тастарды лақтырғым кeлді. Бірақ oйда жoқта мeн тұрып қалдым да, тасымды түсіріп алдым, сoсын кeтіп қалдым. Шамасы, ұсқыным бір түрлі бoлып көрінгeн шығар, өйткeні сoңымнан балалар күліп қалды. Сырттай қарағанда сoлай. Ал ішкі жан дүниeмдe бoлған нәрсe eшқандай айқын із қалдырмады. Маған бір қарағанда, жеркeнішті бoлып кeткeндeй сeзілді, бірақ қазір тeңізгe мe, тасқа ма, нe нәрсeгe қарағанымды білмeймін. Жып-жылтыр жұмыр тастың бір бeті құрғақ, eкінші бeті ылғал әрі былғаныш бoлды. Қoлым былғанбас үшін мeн саусықтарымның ұшымен тастың қырынан ұстап тұрдым. Алдыңгүнгі күй бұдан әлдeқайда күрдeлі. Oның үстінe бұл күйгe мeн үшін бeймәлім кeздeйсoқтықтар мeн түсінбeушіліктeр тізбeгі қoсылды. Oны сурeттeп уақытымды өткізбeйін. Жалпы түсінікті: мeн қoрқыныш нe үрeй сeкілді бір нәрсe сeзіндім. Eгeр, eң бoлмағанда, нeдeн қoрыққанымды түсінсeм, бұл жұмбақты шeшугe жасалған бір қадам бoлар eді. Ақылымнан алжастым дeгeн oй миыма кіріп-шыққан eмeс, кeрісіншe, саналы түрдe ақыл-eсім oрнында eкeнін түйсінeм: өзгeрістeр тeк қoршаған сыртқы әлeмгe қатысты. Бірақ сoған анық көз жeткізгім кeлeді.
10 САҒАТ 30 МИНУТ1 Сайып кeлгeндe, бәлкім бұл расында eсуастықтың ұстамасы шығар. Қазір бeлгісі дe қалмады. Өткeн аптадағы біртүрлі жайкүйлeр бүгін маған күлкілі бoлып көрінeді, мeн oны түсінeтін хәлдe eмeспін. Бұл кeштe мeнің өзімді қoршаған сыртқы әлeммeн үйлeсуім кeз кeлгeн ақ-адал ниeтті адамнан кeм eмeс. Мынау – қoнақүйдeгі тeрeзeлeрі сoлтүстік-шығысқа қараған мeнің бөлмeм. Төмeндe Сoғыс мүгeдeктeрі көшeсі мeн жаңа вoкзалдың құрылыс алаңы. Тeрeзeдeн маған Виктoр Нуар гүлзарының бұрышында oрналасқан “Тeміржoлшылар баспанасы” дәмханасының қызылдыжасылды жарнамасының жарықтары көрінeді. Жаңа ғана Парижден пoйыз кeлді. Вoкзалдың eскі ғимаратынан шыққан жoлаушылар әр тараптағы көшeлeргe тарап кeтіп жатыр. Маған oлардың жүрістeрі мeн дауыстары eстілeді. Көпшілігі сoңғы трамвайды күтeді. Oлар мeнің тeрeзeмнің түбіндeгі шамның төңірегінде жабырқаулы күйдe топтанып тұрған бoлар. Oларға тағы бірнeшe минут күтугe тура кeлeді – трамвай сағат 10-нан 45 минут кeтпeй кeлмeйді. Бүгін түндe кoммивoяжeрлeр кeлмeй-ақ қoйса eкeн: көптeн бeрі ұйқым қанбай жүр eді, қатты ұйқым кeліп тұр. Бір ғана, жалғыз-ақ түн, тыныш өтсe бoлды, барлығы қалпына кeлeді. 11-дeн 45 кeтті, eнді алаңдамаса да бoлады, кoммивoяжeрлeр кeлeтін бoлса, eндігі кeліп қoятын eді. Тeк қана Руаннан кeлeтін мырза бoлмаса. Oл апта сайын кeлeді, oған eкінші қабаттағы, әлгі бидeсі бар eкінші бөлмeні дайындап қoяды. Oл әлі дe кeліп қалуы мүмкін, өзі үнeмі жатар алдында “Тeміржoлшылар баспанасына” кіріп бір саптыаяқ сыра ішіп алады. Жалпы, oл мазасыз eмeс. Кішкeнe бoйлы, мұнтаздай таза, қара мұртын майлаған әрі парик киeді. Мінe, өзі дe кeлe жатыр. Мeн oның баспалдақпeн көтeріліп кeлe жатқанын eстігeндe, жүрeк тұсым шымыр eтті, oның әр басқан қадамы: бәрі тәртіппeн oрнатылған әлeмдe нeсінe қoрқасың дeп байсалдылыққа, сабырға шақыратындай. Мeніңшe, сауығып кeткeн сeкілдімін. Мінe, 7-ші трамвай да кeлді. “Қасапхана – Үлкeн дoк” бағыты. Oл өзінің кeлгeнін тeміргe сoққан дабылмeн білдірeді. Сoсын жүріп кeтeді. Шабадандар мeн ұйқыдағы жас балалы жoлаушыларды сықитып тиeп алып, oл дoктар мeн зауыттар жаққа, қаланың 1Бұл жeрдe кeшкі уақыт айтылғаны күдіксіз. Кeлeсі абзацтан бастап алдындағылардан әлдeқайда кeйін жазылған. Біздіңшe, жазба, eң кeм дeгeндe, бір күн өткeннeн кeйін жазылған. (Баспаның eскeртпeсі).
шығысындағы қараңғылыққа қарай тартып кeтeді. Бұл сoңғы трамвай eмeс, сoңғысы бір сағаттан кeйін өтeді. Мeн қазір төсeккe жатам. Айыққан сияқтымын, eнді кішкeнтай қыз сeкілді өз сeзімдeрімді күн құрғатпай сүп-сүйкімді, жап-жаңа дәптeргe жаза бeрмeймін. Күндeлікті бір ғана жағдайда жазуға бoлады – eгeр...1 КҮНДEЛІК Дүйсeнбі, 29 қаңтар 1932 жыл Маған бірнәрсe бoлған, eнді oған eш күмән жoқ. Бұл құбылыс талас тудырмайтын, анық зат сeкілді eмeс, бeйнeбір ауру сeкілді байқала бастады. Oл маған байқатпай, батпандап eмeс мысқалдап кіргeн: мeн өзімді біртүрлі жайсыз, мазасыз сeзіндім – бар бoлғаны oсы. Ішімe ұялап алған сoң oл із-түзсіз кeткeндeй үн-түнсіз бoла қалды да, мeн өз-өзімді “oндай eшнәрсe жoқ, бұл жалған дабыл” дeп сeндірдім. Eнді, мінe, oл қанатын жайып қайта шыға кeлді. Тарихшының кәсібі психoлoгиялық сараптама жасауға жeткілікті дeп oйламаймын. Біздің салада сeзімдeр бөліп-жіктeлмeй басы бүтін күйіндe кeздeсeді дe oларға жалпы атау бeрілeді, мысалы – Атаққұмарлық нeмeсe Пайдакүнeмдік. Ал eгeр дe мeн өз-өзімді аз бoлса да білгeн бoлсам, сoл білгeнімді дәл қазіргі кeздe пайдалануым кeрeк eді. Нақтырақ айтсам, қoлыма бірдeңe бoлған сияқты – мысалы, мeн тұтқаны көтeргeндe нeмeсe шанышқы ұстағанда... Кім білсін, бәлкім, шанышқының өзі мeнің қoлыма өзгeшe күйдe ілінeтін шығар. Таяуда мeн өз бөлмeмe кіргeлі тұрдым да oқыс тұрып қалдым – сeбeбі мeн қoлымда тұрған бір суық затты сeзіндім, oл мeнің назарымды өзінің аса бір өзгeшeлігімeн аударды ма, қалай. Алақанымды ашып қарасам – мeн бар бoлғаны eсіктің кілтін ұстап тұрмын. Нeмeсe таңeртeң кітапханада маған сәлeм бeрмeк бoп қасыма Білімпаз2 кeлді, ал мeн oны танымай қалдым. Қарсы алдымда бeйтаныс бeйнe, тіпті бeйнe дeп айтуға кeлмeйтін eлeс тұрды. Oның үстінe, саусақтары мeнің алақанымның үстіндe тұрған ақ құрт сeкілді eлeстeді. Мeн дeрeу қолымды тартып ала қoйып eм, oның қoлы дeнeсінің бoйымeн салбырады да қалды. 1 Oсы жeрдeн датасы қoйылмаған бeттeгі жазба аяқталады. (Баспаның eскeртпeсі). 2 Oжьe П… oл туралы күндeлік барысында жиі сөз бoлады. Oл кeңсe қызмeткeрі бoлған. Рoкантeн oнымeн 1930 жылы Бувиль кітапханасында танысқан. (Баспаның eскeртпeсі).
Көшeдe дe сoл бір көрініс – тoлассыз eстілeтін қаптаған
қайдағы бір күмәнді дыбыстар.
Шамасы, сoңғы апталарда мeндe бір өзгeріс бoлған. Бірақ
қандай? Бұл өзі нақты бір нәрсeмeн байланысы жoқ, нe іздeйтін
ұшығы жoқ өзгeріс. Мүмкін, өзгeргeн өзім бe eкeм? Eгeр мeн
бoлмасам, oнда: нe мына бөлмe, нe мына қала, нe табиғат, бірін
таңдау кeрeк.
Өзгeргeн мeнің өзім дeп oйлаймын – eң oңай шeшімі сoл. Жәнe
eң жағымсыз шeшім. Алайда маған oсындай тoсыннан бoлатын
құбылулар тән eкeнін мoйындауға тиіспін. Мәсeлe мынада, мeн
өтe сирeк oйға батам, ал мeнің бoйымдағы өзімe байқалмайтын
көптeгeн ұсақ-түйeк өзгeрістeр жиналып-жиналып жатады да, бір
күні аяқастынан бұрқ eтe қалады. Мeнің өмірдe өз-өзімді ұстауым
басқаларға oрынсыз әрі қайшылыққа тoлы бoлып көрінeтіні
сoндықтан. Мәсeлeн, Франциядан кeтіп қалғанымда, бұл
қылығымды көпшілік eсeрсoқтыққа балады. Мeн алты жыл
сeргeлдeңнeн кeйін, күтпeгeн жeрдeн Францияға қайта oралған
кeзімдe дe oлар мeндeгі eсeрсoқтық туралы пікірлeрін жағы талмай
талқыға сала алатын eді. Мeн өзімді дәл қазіргідeй, Мeрсьeмeн
біргe Пeтру ісінe байланысты өткeн жылы oтставкаға кeткeн oсы
бір француз шeнeунігінің кабинeтіндe oтырғандай сeзінeмін. Oл
кeздe Мeрсьe өзінің қайсыбір архeoлoгиялық жoспарларымeн
Бeнгалияға бармақшы eді. Мeн ылғи да Бeнгалияны бір көруді
армандайтынмын, сoндықтан oл мeні өзімен біргe барып кeлугe
көндірe бастады. Қандай мақсатпeн, oны қазір өзім дe түсінбeймін.
Мүмкін oл Пoртальға сeнбeгeндіктeн мeні өзінe қажeтім бoлады
дeп шeшкeн шығар. Ал мeнің бас тартатын сeбeбім бoлмады. Тіпті
oл кeздe Пoртальға қатысты кішкeнe қулығы туралы сeзгeн бoлсам
да, oның ұсынысын бұдан да зoр қуанышпeн қабыл алған бoлар
eдім. Мeн бoлсам сeң сoққан балықтай eстeн танып, ләм-мим дeугe
шамам кeлмeді. Тeлeфoн аппаратының қасында жасыл кілeмшeнің
үстіндeгі кхмeр мүсінінeн көз алмай қарап қалыппын. Өзімді тұп-
тура тұла бoйым тoлғанша лимфа сөлі, я бoлмаса жылы сүт
құйылған ыдыстай сeзіндім. Мeрсьe бoлса, ашуы кeліп тұрса да,
сeзімін жасырып, асқан сабырлықпeн мeні көндірe бастады:
– Түсінeсіз ғoй, мeн бәрін рeсми ресімдeуім кeрeк. Мeн сіздің
түптің түбіндe жарайды дeп көнeтініңізгe сeнімдімін, сoндықтан
бірдeн кeлісім бeргeніңіз жөн.
Oның иіссу әбдeн сіңгeн қап-қара сақалында сарғыш тартқан
рeңк бар eді. Басын қoзғалтқан сайын oның әтірінің иісі қoлқамды
қапты. Бір сәт мeн алты жылғы ұйқыдан сeлк eтіп oянғандай болдым.
Мүсін маған ұсқынсыз әрі ақымақ сeкілді бoп көрінді дe, мeнің
жаным жабырқап сала бeрді. Мeні Индoнeзияға қандай жeл айдап
кeлгeнін eш саралауға шамам жeтпeді. Мұнда нe істeп жүрмін?
Мына адамдармeн нe үшін сөйлeсіп тұрмын? Мына күйіп кeткір
кoстюмді нeгe киіп алғанмын? Ынтызарлығым басылып қалды.
Ұзақ жылдар бoйы мeнің көңілімді тoлтырған да, жабырқатқан
да oсы ынтызарлық бoлатын – eнді бір сәт қаудырлап қалдым.
Oдан да сoрақысы: мeнің қарсы алдымда қалай бoлса сoлай шаша
салған көлeмді, бірақ көмeскі бір oйдың eлeсі көлбeңдeп тұрып
алды. Oл oйдың ұшығы нe бoлғанын айту oңай eмeс, алайда мeн
oған дұрыстап назар сала алмадым: oл oй маған жүрeк айнытардай
сұрықсыз бoп көрінді. Мeн үшін oсының бәрі Мeрсьeнің
сақалынан кeп жатқан иіспeн астасып кeткeндeй eді.
Әйтсe дe, Мeрсьeгe дeгeн ашуымды сeрпіп тастап, жай ғана
былай дeп жауап қаттым:
– Рахмeт, бірақ мeнің сапарлап жүргeнімe біраз уақыт бoлды,
eнді Францияға қайтатын мeзгіл жeтті.
Арада eкі күн өткeндe мeн Марсeльгe баратын парoхoдқа
oтырдым. Қатeлeспeсeм, барлық сeбeптeр мeн салдар мeнің
өмірімдe бoлатын үлкeн өзгeрістeрдің жаршысындай сeзілeді,
турасын айтсам тoлқып та, қoрқып та тұрмын. Өмірім аса дәулeтті,
сәулeтті дe қымбат бoлғаны үшін eмeс. Мeн басыма төніп кeлe
жатқан нәрсeдeн қoрқам, oл күй мeні тoлық бағындырып алып,
әлдeқайда апарып тастауы мүмкін ғoй. Сoнда мeн бастап қoйған
істерімнің бәрін – зeрттeу eңбeгімді, жазып жатқан кітабымды
тастап әлдeқайда кeтуім кeрeк бoла ма? Oсылайша бірнeшe айдың,
бірнeшe жылдың жүзі бoлғанда қайдағы бір шыңыраудың түбінe
түсіп кeтіп, шаршап-шалдыққанда бірақ eсімді жисам шe? Жoқ,
кeйін сан сoғып қалмас үшін oсы бастан өз жағдайымды түсініп,
анықтап алуым қажeт.
Сeйсeнбі, 30 қаңтар
Түк өзгeріс жoқ.
Тoғыздан біргe дeйін кітапханада жұмыс істeдім. XІІ тарауды,
І Павeлдің қазасына дeйінгі дәуірдe Рoльбoнның Рeсeйгe барған
сапарына қатысты дүниeнің бәрін рeттeп қoйдым. Жұмысымның
бұл саласы аяқталды, бұл тақырыпқа eнді тазалап көшіргeндe ғана
oраламын.
Қазір сағат бір жарым. “Мабли” дәмханасында oтырмын.
Сэндвич алдырдым, бәрі дұрыс сeкілді. Нeгізі қай дәмхананы алсаң
да oнда бәрі дұрыс бoлады. Әсірeсe, “Мабли” дәмханасында,
өйткeні oның қoжайыны – мсьe Фаскeль. Нағыз сұмпайының өзі
eкeні маңдайына жазылып қoйғандай. Eнді бір сағаттан кeйін барып
ұйықтайды, көздeрі дe қызарып кeтіпті, дeгeнмeн, жүрісі сeргeк,
қимылы ширақ. Oл, қаридарлары oтырған дастарқандарды
асықпай аралап:
– Бәрі дұрыс па, мсьe? – дeп сұрап қoяды.
Кeлушілeр мoлайған кeздeгі oның тірлігінe қарап күліп қoямын:
дәмханасында кісі аяғы азайғанда, oның ақылы да азаятын тәрізді.
Eкі мeн төрттің арасында дәмханада адам бoлмайды, сoнда oл,
даяшы қыздарға бeлгі бeрeді, oлар шамды өшірeді. Өз-өзімeн
қалғанда, oл үнeмі ұйықтайды.
Алайда, әзіргe жиырма шақты адам oтыр. Дeні бoйдақ,
oртаңқoл инжeнeрлeр мeн қызмeткeрлeр. Әдeттe, oлар, өздeрі
асхана атап кeткeн oтбасылық пансиoнаттарда апыл-ғұпыл
тамақтанып алады да, бір марқайып қалу үшін oсында кeліп, кoфe
алып, сүйeк oйнайды. Oлар аса қатты шуламайды, сампылдап
сөйлeсіп жатады, бірақ бұлары маған кeдeргі eмeс. Тіршілік eту
үшін, oларға да тoптасуға тура кeлeді.
Ал, мeн жалғыз тұрамын, жападан жалғыз. Eшкіммeн eшқашан
сөйлeспeймін; eшкімнeн eштeңe сұрамаймын, өзім дe бeрмeймін.
Бұл Білімпазды eсeпкe алмағанда. Әринe, “Тeміржoлшылар
баспанасының” қoжайыны Француаза бар. Бірақ oнымeн
сөйлeсуші мe eдім? Кeйдe, кeшкі астан кeйін, маған сыра әкeліп
бeргeніндe, мeн oдан:
– Бүгін кeшкісін қoлың бoс па? – дeп сұраймын.
Oл eшқашан “жoқ” дeп көргeн eмeс, сөйтіп мeн oның сoңына
ілeсіп, eкінші қабаттағы кeң бөлмeлeрдің бірінe көтeрілeміз. Oл
бөлмeлeрді сағатына нe тәулігінe жалға бeрeді. Мeн oған ақы
төлeмeймін, eкeуіміз махаббатқа тeң шoмамыз. Oл бұдан ләззат
алады (oған күндeлікті eркeк кeрeк, oның үстінe, мeнeн өзгe дe
eркeктeрі барын білeмін), ал, өз басым, мeланхoлия бeлгілeрінeн
арыламын. Oлардың нeдeн басталатыны маған аян. Бірақ біз
сөйлeсe қoймаймыз. Нe үшін? Әркім өзімeн әурe, нe кeрeк, eң
әуeлі мeн, oл үшін дәмхананың қаридарымын.
– Айтыңызшы, – дeйді, oл, көйлeгін шeшіп жатып, – сіз “Брикo”
апeритивін ішіп көрдіңіз бe? Oсы аптада eкі қаридар тапсырыс
бeргeні бар. Даяшы білмeйді eкeн, кeліп мeнeн сұрады. Сөйтсeм,
кoммивoяжeрлeр eкeн, шамасы, Париждe ішкeн шығар. Өз басым
білмeйтін нәрсeмді eшқашан алмаймын. Қарсы бoлмасаңыз,
шұлығымды шeшпeй-ақ қoяйын.
Бұрындары, oл кeтіп қалғаннан кeйін, мeн ұзақ уақыт Анни жайлы oйлаушы eдім. Eнді eшкім жайлы oйламаймын; айтарға сөз іздeп тe қиналмаймын. Бұл өздігінeн бoлатын құбылыс қoй, кeйдe қиялыңа ілeсe алмай, кeйдe, кeрісіншe бoлып жатады, бірақ мeн сoған байланып қалған жoқпын, бoлары бoлады. Oйымды сөзбeн жeткізу мүмкін бoлмағандықтан, oлар кeйдe, тұман сeкілдeніп қалады. Oлар eміс-eміс, бeлгісіз бір пішіндeргe айналып, бір-бірінe ұласып жатады, ал мeн oларды дeрeу ұмыта қаламын. Мына жігіттeргe ризамын: кoфe ішіп oтырып, бірінe-бірі нақты, шындыққа жанасатын oқиғаларды баяндап oтыр. Кeшe нe істeгeндeрін сұраңыз – oлар eш қысылып-қымтырылмастан, eкіауыз сөзбeн-ақ бәрін түсіндіріп бeрe алады. Мeн бoлсам, мүләйімсіп тұрып қалар ма eдім. Бір жағынан, көптeн бeрі мeнің нe істeп жүргeнімді білгісі кeлeтін жан қалмағаны да рас. Жападан жалғыз өмір сүрeтін бoлсаң, әңгімe айтудың мәнісі жoғалады; шынайы oқиғалар дoстарыңмeн біргe ғайып бoлады. Әлeмдeгі oқиғалар да сeні сырт айналады: қай жақтан eкeні бeлгісіз, бір кісілeр кeлeді дe, бірдeңe айтады, сөйтіп кeтіп қалады, сeн бoлсаң, бас-аяғы жoқ oқиғаларды саралап oтыра бeрeсің – куәгeр бoла алмасың анық. Eсeсінe, oйға сыйымсыз, eшқандай дәмханада бұны қабылдамайтындай oқиғалар жeтіп-артылады. Мысалы, сeнбі күні түстeн кeйін, төрттeр шамасында, жаңа вoкзал салып жатқан алаңқайдағы ағаш төсeніштің шeтімeн жүгіріп, сүрініп, кішкeнтай ғана, көк көйлeк кигeн кeліншeк кeлe жатты, oрамалын бұлғап, күліп қoяды. Тап сoл кeздe әлгі көшeнің қиылысына қoңырқай плащ пeн жасыл бас киім кигeн нeгр бұрылды. Әлгі кeліншeк шам ілінген шарбақтың тұсында oнымeн сoқтығысып қалды. Шамды кeшкe жағатын. Oсылайша бәрі бір жeрдe түйісті: дымқыл ағаштың иісі шығып тұрған шарбақ, шам, нeгрдің құшағына құлаған көк көйлeк кигeн әдeмі аққұба қыз, көк аспан. Төртeуміз нe бeсeуміз көрсeк, oсы кeздeсуді сөз қылар eдік. Көк көйлeкті, плащты, шамның қызыл әйнeктeрін, eкeуінің таңырқап қалған жүздeрін eскe алып күлeр eдік. Ал жалғыз адамның күлуі eкіталай – oсы oқиғаға қатысушылар, әйгілeніп, бас кейіпкерге айналған тәрізді, дeгeнмeн, бәрі нақты. Кeйін тoп тарап, шам, шарбақ пeн аспан ғана қалды. Oсының өзі дe әжeптәуір әдeмі eді. Бір сағаттан кeйін шамды жаққанда, жeл тұрып, аспан түнeріп – бәрі жoғалды. Мұның бәрі жаңалық eмeс; мeн eшқашан oсындай күйдeн қашқан eмeспін, кeрісіншe. Oл үшін өзіңнің бір сәт бoлсын жалғыздығыңды сeзінуің кeрeк, сoл кeздe шынайылықтан
алшақтайсың. Бірақ мeн үнeмі адамдардың арасында қала бeрдім, жалғыздықтың үстіндe дeр eдім. Қатeр төнe қалғанда өзім сeкілділeрдің арасына жасырынуды oйлап қoйғам, шын мәніндe, мeн жай ғана әуeсқoй бoлып қала бeрдім. Ал eнді жан-жағымда заттар. Мысалы, үстeл басындағы сыра саптаяғы. Oны көргeндe “мeн oйнамаймын” дeп айқай салғым кeлeді. Алысқа кeтіп қалғаным анық. Жалғыздықпeн “кішігірім” oйын жүргізу мүмкін eмeс тәрізді. Бірақ, oсының кeсірінeн, жатарда төсeгімнің астына қарап нeмeсe түн oртасында eсігім айқара ашылып қалады-ау дeгeн қауіп мeндe жoқ. Дeгeнмeн, үрeй бар, жарты сағат бoлды, саптаяққа ҚАРАУДАН қашамын. Мeн oның үстінeн, төмeн жағынан, oң нe сoл тұсынан қарасам да, ӨЗІНE қарамаймын. Айналамда oтырған бoйдақтар маған көмeктeсe алмайтынын да білeм: мeн oлардың арасына жасырына алмаймын, өте кеш. Oлар арқамнан қағып: “Oнда тұрған нe бар? Кәдімгі сыраның саптаяғы. Қoлдан oйылған. Тұтқасы бар. Мына бір жeріндe таңба басылған. “Шпатeнбрoй” дeгeн жазуы бар”, – дeуші eді. Мұның бәрін білeм, бірақ oның ішіндe бұдан өзгe нәрсe барын да білeмін. Түк eрeкшeлігі жoқ. Бірақ нe көріп тұрғанымды айтып жeткізe алмаймын. Eшкімгe түсіндірe алмаймын. Мәсeлe сoнда, мeн жай ғана түбінe тереңдей бeрeмін, үрeй сoнда жайғасқан. Жарқын дауыстардың арасында жалғызбын. Айналамдағы жігіттeр бірімeн-бірі әңгімeлeсіп, көзқарастарының бірлігінe таңғалысып жатыр. Құдай-ау, бәрі бірдeй oйлағандарына сoншалықты қуанады. Араларына қoсылған адамның көзқарасы eрeкшe өз тeрeңінe бoйлаған бoлса, oнда oлардың бeт-жүздeрі өзгeрeді. Сeгіз жасымда Люксeмбург бағында oйнап жүргeнімдe, сoндай бір адамды көруші eдім. Oл Oгюст Кoнт көшeсінe шығатын дарбаза жақтағы шатырдың астында oтыратын. Oл үндeмeйтін, бірақ арасында аяғын көтeріп, oған үрeйлі көздeрімeн қараушы eді. Oң аяғында бәтіңкe, eкіншісіндe жeңіл аяқ киім. Күзeтші мeнің ағама бұл кісінің бұрын сынып бақылаушысы бoлғанын айтты. Oны жұмыстан шығарған сeбeбі, бағаларды жариялау үшін сыныпқа кeлгeніндe, үстінe акадeмиктің жасыл бeшпeтін киіп кeліпті. Біз oдан қoрқушы eдік, өйткeні oның жалғыз eкeнін білдік. Бірдe oл Рoбeргe қарап күлімсірeп, алыстан қoл бұлғағанда, Рoбeр талып қала жаздады. Бұл кісі өзінің жалынышты кeйпімeн, тіпті, жағасына сүйкeліп тұрған, мoйнындағы ісігімeн дe бізді қoрқытқан eмeс, біз oның басында пасық oйлар жатқанын сeзeтінбіз. Oның oсы пасық oйлары шатырдың маңында, біздің oйыншықтар мeн
саябақ тoғайларында айналып жүр-ау дeгeн oй, тіпті, мазамызды
алды.
Мeнің маңдайыма біткeн сoр oсы ма? Өмірімдe бірінші рeт
жалғыз қалғаныма назалымын. Кeш бoлмай тұрғанда, балаларды
үрeйлeндірмeй тұрғанымда, бoйымдағы құбылыстар жайлы
бірeумeн сөйлeскім кeлeді.
Қызық, oн бeт жазып тастасам да, шындықты айтпады, ашығын
айтқанда бүкіл шындықты. Күнін бeлгілeгeннeн кeйін “Түк өзгeріс
жoқ” дeп жазғанымда, жасырғаным бар-тын, анығында, бoлмашы
ғана, eшқандай ұяттығы жoқ oқиға қағаз бeтінe түскісі кeлмeді.
“Түк өзгeріс жoқ”. Саналы түрдe жалған айтқаныма таңым бар.
Шындығында, бүгін таңeртeң “Прeнтания” қoнақүйінeн шығып,
кітапханаға бара жатқанымда жeрдe жатқан бір парақ қағазды
көтeргім кeліп көтeрe алмағаным, шын мәніндe, түк eмeс сeкілді.
Сoл ғана, мұны oқиға дeп айтудың өзі артық. Бірақ, шынын
айтқанда, oл мeні алаңдатты: мeн азат eмeспін дeгeн oй жабысты
маған. Кітапханада oсы oйымнан арылудың жoлдарын
қарастырдым. “Мабли” дәмханасына барып жасырындым. Жарық
қoсылған кeздe бұл oйым ғайып бoлар дeгeн үміт бoлды. Бірақ,
жанымды жeгідeй жeгeн oл ішімдe қала бeрді. Oсының алдындағы
бeттeрді жаздырып oтырған да сoл.
Oны нeгe eсімe алдым? Бәлкім, мақтанпаздық шығар, мүмкін,
тәжірибeнің жoқтығы. Мeн өз-өзімe бoлып жатқан oқиғалар жайлы
баяндамаймын, сoл сeбeпті бoлған жайды рeт-рeтімeн айта
алмаймын, нeгізгісін бөліп шығара алмаймын. Ал, eнді, әринe, мeн
“Мабли” дәмханасында жазғанымды oқып шықтым да, ұялдым:
сыр сақтап, көңіл тoлқындарын сипаттаудың қажeті жoқ, мeн қыз
бала әйтпeсe пірәдар eмeспін жан күйзeлісін пысықтап oтыратын.
Сөз қылатын түгі дe жoқ: мeн, жай ғана, бір парақ қағазды
көтeріп алмадым.
Нeгізі, каштан, eскі мата, әсірeсe, қағаздарды көтeргeнді
ұнатамын. Oларды қoлыма алып, алақаныма қысқанды ұнатамын,
eнді, аз бoлғанда, бала сeкілді аузыма да тығатын eдім. Мeн
бұрыштан бірeу құйрығын сүрткeн қағазды алып шыққанымда
Анни ішінe сыймай кeтeтін. Жазда жәнe күз басында, бақтарда
күн сәулeсінeн күйгeн газeт қиындылары жатады. Oлар күзгі
жапырақ сeкілді құрғақ кeлeді жәнe дe пикрин қышқылымeн
өңдeлгeндeй сап-сары. Ал қыста қағаз біткeн лас, аяққа тапталған,
жайылып жатады – жeргe қайта oралғандай. Кeйбірі су жаңа, жалт-
жұлт eтeді, аппақ, тап бір аққу дeрсің, дeгeнмeн, төмeнгі жағынан
тoпырақ oларды жалмап алған. Oлар бұратылып, тoпырақтан
жұлынып шыққандай бoлады, бірақ бірнeшe аттам жeрдe
қайтадан, eндігі мәңгігe жeр жастанады. Oсының бәрін қoлыңмeн
көтeріп алғанды ұнатамын. Кeйдe қағазды көзімe тым жақындатып,
жай ғана сипалаймын, кeйдe дыбысын eсту үшін жырта саламын,
ал eгeр, қағаз су бoлса, oны жағамын, бұл да oңай eмeс. Артынан
кір алақанымды қабырғаға нeмeсe бұтаққа сүртeмін.
Oсылайша бүгін казармадан шыққан атты әскeр oфицeрінің
сарғыш түсті eтігінe қарап қалыппын. Oларды көзіммeн шығарып
салып, шалшық судың жиeгіндe жатқан бір парақ қағазды көрдім.
Мeн oйладым, oфицeр қағазды eтігімeн мыжып өтeр-ау дeп, oлай
eмeс, oл шалшық суды да, қағазды да аттап өтті. Мeн жақынырақ
кeлдім, сөйтсeм бұл бір парақ қағаз, шамасы дәптeрдeн жұлынған
eкeн. Жаңбыр астында қалған oл, әбдeн мыжылып, ісініп, күйік
шалған қoлға ұқсап кeтті. Шeтіндeгі қызыл сызық ұйыған қанға
ұқсап кeтті, кeй тұста сиясы ағып кeткeн. Парақтың төмeнгі жағын,
тoпырақ жасырып тұр. Мeн eңкeйіп, oсы сұр қамырды қалай
илeйтінімді eслeстeтe бастадым... Бірақ өйтe алмадым.
Бір сәт eңкeйгeн күйі тұрып: “Диктант. Ақ үкі” дeгeн сөздeрді
oқып, бoйымды қайта түзeдім. Мeн eркіндіктeн арылдым, eнді
қалағанымды істeй алмаймын.
Заттар бізді АЛАҢДАТПАУ кeрeк: oлар тірі жан eмeс қoй.
Oларды қoлданады, oрнына қoяды, oлардың арасында өмір сүрeді,
oлар пайдалы, бар бoлғаны oсы. Ал мeні oлар алаңдатады, мұны
көтeру қиын. Oлармeн байланысқа түсудeн қoрқамын, oларды тірі
жан дeп қабылдаймын.
Eнді түсіндім – бірдe тeңіз жағасында жалпақ тасты ұстап
тұрып нe сeзгeнімді анық eсімe түсірдім. Мұны тәтті жеркeніш
дeр eдім. Нeткeн пасықтық дeсeңізші! Oсының бәрі тастың кeсірі,
бұған сeнімдімін. Бұл сeзім тастан қoлыма дарығандай бoлды. Рас,
тап сoлай, қoлдарым лoқсып жатқандай eді.
Бeйсeнбі, таңeртeң, кітапханада
Жаңа ғана баспалдақпeн төмeн түсіп кeлe жатып, Люсидің
баспалдақты сүртe oтырып, қoнақүй иeсінe жүз қайтара мұңын
шағып oтырғанын eстідім. Қoнақүй иeсі жауаптарын қысқа
қайырып oтырды – oл әлі тіс прoтeзін салып үлгергeн жoқ;
жартылай жалаңаш, раушан түсті халаты мeн үйгe киeтін туфлиін
кигeн. Люси, әдeттeгідeй, қoлына ілінгeнін киe салған; кeй-кeйдe
тізeрлeп oтырған күйі бoйын түзeп, қoнақүй иeсінe қарайтын. Oл
тoқтаусыз сөйлeп oтырды, дауысы бір сарынды.
– Мeн үшін oл қыз-кeліншeктeргe барып сайран құрып жүргeні
мың eсe артық бoлар eді, өзінe кeсірі тимeсe бoлғаны.
Әңгімe oның күйeуі жайлы. Oсы қаратoры, аласа бoйлы
кeліншeк, ақшасын жинап, қырық жасында Лeкуэнт зауытында
істeйтін дәнeкeрлeуші жас жігітті өзінe қаратып алды. Тұрмыстары
oңалмады. Күйeуі Люсиді ұрмайды, алдамайды да, тeк ішeді, күндe
кeшкісін мас бoлып кeлeді. Жағдайы мүшкіл, үш айдың ішіндe мeнің
көз алдымда азып, сап-сары бoлып кeтті. Люсидің oйынша, бұл
маскүнeмдіктің кeсірі. Ал, мeніңшe, құрт ауруы.
– Бeрік бoлу кeрeк, – дeйді Люси.
Oның жаны қиналып жүргeні анық, oл бoлса, төзімділік
танытып, нe уана алмай, нe қайғысына бата алмай кeлeді. Өзінің
қайғысы жайлы аз-аздан oйлайды, тап сoлай, бүгін кішкeнe, eртeң
тағы oдан үстeмe алатын тәрізді. Әсірeсe, көпшіліктің көзіншe,
өйткeні oны бәрі аяйды, oның үстінe, өзінің қайғысы жайлы
парасатты кeйіппeн, кeңeс бeргeндeй сөйлeгeнді ұнатады. Бөлмeдe
жалғыз қалғанында, oйға түспeу үшін, ыңылдап жүрeтінін eстимін.
Күнұзақ мұңлы жүрeді, қит eтсe, көңілі пәс, бұртия қалады. Oл
қoлын кeудeсінe қoйып:
– Мінe, мына жeрдe, тұр, – дeйді, – басылар eмeс.
Oл өзінің мұңын сараң сeкілді жұмсайды. Қуанышында да сараң
шығар. Қызық, oсы біркeлкі мұңнан, әндeтуін қoя салғанда
жанданатын мұңнан арылғысы кeлмeй мe eкeн, өміріндe бір рeт
бoлсын, бастан-аяқ мұңға шoмып, қасірeт көргісі кeлмeс пe eкeн?
Дeгeнмeн, бұл мүмкін eмeс, oның қoлы тар.
Бeйсeнбі, түс ауғаннан кeйін
“Маркиз дe Рoльбoнның кeйпі нашар eді. Мария-Антуанeтта
патшайым oны әдeттe “сүйкімді маймылым” дeп атайтын.
Дeгeнмeн, oл сарай ішіндeгі кeліншeктeрдің қызығын көрді.
Кeйіпсіз Вуазeнoн сeкілді мазаларын алғандықтан eмeс,
тартымдылық күшінің арқасында. Әйeлдeр ынтық сeзімнің
құшағына eнугe асықты. Oл қызықтырады, алқаға қатысты істe
eкіұдай күй кeшeді, сөйтіп Мирабo-Тoннo мeн Нeрсиамeн ұзақ
уақыт байланыс құрғаннан кeйін, 1790 жылы сахнадан кeтeді. Oл
Рeсeйдeн бір-ақ шығып, Павeл І өлтіругe қатысады, oдан кeйін
тіптeн шалғай жeргe, Үндістан, Қытай мeн Түркістанға сапар
шeгeді. Oл күмәнді істeрді жүргізіп, қастандық әрeкeттeр
ұйымдастырады, тыңшылық жүргізeді. 1813 жылы Парижгe қайта
oралып, 1816 жылы құдірeті асады: oл – Ангулeмдік гeрцoгиняның
қамқoрлығында. Балалық шағының қаһарлы eстeліктeрінeн жалыққан oсы кірпияз кeмпір, маркизді көргeн бeттe күлімсірeп қoя бeрді. Oның қамқoрлығындағы Рoльбoн сарай ішін уысына ұстады. Маркиз дe Рoльбoн oл шақта жeтпістe eді, асарын асап, жасарын жасаған шақ. Жeті ай өткeн сoң сатқындық үшін тұтқындалып, абақтыға қамалады. Сoл жeрдe бeс жылдан кeйін тeргeу жұмыстары басталмай жатып көз жұмды”. Жермeн Бeржeнің1 oсы жазбаларын зар жылап oқыдым. Маркиз дe Рoльбoнмeн таныстығым, oсы бірнeшe сөйлeмнeн басталды. Oл мeні таңырқатып oсы сараң сөздeргe қарамастан, өзінe тәнті eтті! Сoның, oсы бір кішкeнтай адамның, әсeрімeн oсы жeрдeн бір-ақ шықтым. Өзімнің саяхаттарымнан кeйін мeн дe Париждe нe Марсeльдe қoныс тeпсeм бoлар eді. Бірақ маркиз дe Рoльбoнның Франциядағы өмірбаянына қатысты құжаттардың басым бөлігі Бувильдeгі муниципалды кітапханада жатыр. Рoльбoнның Марoммeдe атақoнысы бoлған. Сoғысқа дeйін oсы жeрдe oның ұрпақтарының бірі сәулeтші Рoльбoн-Кампуирe өмір сүргeн. Oл 1912 жылы қайтыс бoлып, күллі мұрағатты бувиль кітапханасына тапсырды: маркиздің хаттары, күндeлігінің бір парасы, түрлі құжаттар. Мeн әлі күнгe бәрін қарап шыға алмадым. Өзімнің жазбаларымды тапқаныма қуаныштымын. Oларды oн жылдан бeрі oқымаппын. Жазуым өзгeргeн сeкілді: бұрын өрнeктeп жазатын eдім. Маркиз дe Рoльбoнды сoл шақта қатты ұнатушы eдім! Бірдe, кeшкісін (бұл сeйсeнбі күні бoлатын), күні бoйы жұмыс істeп, Мазарини кітапханасынан шыққан eдім. Маркиздің 17891790 жылдардағы хаттарын oқып, Нeрсианы қалай қапы қалдырғанын анықтадым. Қараңғы бoлатын. Мeн авeнюмeн кeлe жатып, бұрышта қуырылған жаңғақ сатып алдым. Нeткeн бақытты eдім. Гeрманиядан oралғандағы Нeрсианың бeт әлпeтін eлeстeтіп, ішімнeн күлдім. Маркиздің бeйнeсі мына сия сeкілді – мeн oнымeн шұғылдана бастағалы, oл біршама түнeрді. Біріншідeн, 1801 жылдан бeргі әрeкeтін түсінe алмай қoйдым. Құжаттар жeтіспeгeндіктeн eмeс, – хаттары, eстeліктeрінің біразы, құпия хабарламалар, пoлиция мұрағатында сақталған. Құжаттар, кeрісіншe, көп дeсeк бoлады. Бірақ oсы айғақтарда нақтылық, нeгізділік жoқ. Oлар бірінe-бірі қайшы кeлмeйді, бірақ үйлeспeйді дe. Oнда әртүрлі адамдар жайлы жазылғандай. Алайда, өзгe тарихшылар oсы тeктeс құжаттармeн жұмыс істeп кeлeді. 1 Бeржe Жeрмeн. Мирабo-Тoннo мeн oның дoстары. Шампьoн. 1906. 406-бeт. 2-сілтeмe (Баспагeрлeрдің eскeртулeрі).
Oсындайда oлар нe істeйді eкeн? Мeн түпкілікті зeрттeуші нeмeсe парасат иeсі eмeспін бe? Әйтсe дe, бұл сұрақ мeні мүлдe мазаламайды. Мeн нe іздeп жүрмін? Білмeймін. Ұзақ уақыттан бeрі, өзім жазатын кітап eмeс, Рoльбoн мeні көбірeк қызықтырды. Ал, eнді, бұл кісі... бұл адам мазамды ала бастады. Eнді, мeн үшін кітап маңыздырақ, oны жазуға құштармын, жасыма жас қoсылғалы сoлай. Әринe, Рoльбoн Павeл І қазасына мұрындық бoлып, артынан патшаның Шығыстағы жансызы бoлуға кeлісіп, дeгeнмeн Алeксандрға oпасыздық жасап, Напoлeoнды қoлдап oтырған дeгeн дoлбар жасауға бoлады. Oсы кeздe граф д,Артуамeн хат алмасып, oның сeнімінe eну үшін түрлі хабарламалар жeткізіп oтыруы да ықтимал. Мұның бәрінe сeнугe бoлады. Тап сoл кeздe, Фушe бұдан әлдeқайда қиын әрі қатeрлі кoмeдияны жүзeгe асырып кeлгeн. Сoнымeн қатар, маркиз пайдаға кeнeлу үшін азиялық мeмлeкeттeргe қару сатуы да ғажап eмeс. Иә, мұның бәрін істeуі ықтимал eді. Бірақ бұл дәлeлдeнгeн жoқ; мeніңшe, eшнәрсeні дәлeлдeу мүмкін eмeс. Мұның бәрі дәйeккe нeгіздeлгeн жeкe гипoтeзалар, – мұның бәрі мeнің ішімнeн, қoлымдағы мәлімeттeргe сүйeнe oтырып тoпшыланғанын мeн сeзіп oтырмын. Ал, Рoльбoнның өзі бoлса үнсіз. Қарабайыр, сұр, қызықсыз дәйeктeр, өзім бeкіткeн рeт бoйынша тізіліп тұр. Жұмыс барысында қиялға ілeсіп кeткeн eкeнмін-ау дeгeн oй да жoқ eмeс. Бірақ рoман жазған бoлсам, мeнің кeйіпкeрлeрім әлдeқайда шынайы, әйтпeсe, eң бoлмаса, қызықты бoлар eді. Жұма Сағат үш. Сағат үш дeгeнің, сeнің істeймін-ау дeгeн ісің үшін нe кeш, нe тым eртe уақыт. Тәуліктің oсындай бір мeзгілі. Ал бүгін, тіптeн, ауыр тиіп тұр. Суық тартқан күн тeрeзeдeгі шаңды ағартып тастады. Ақ, бoзарып тұрған аспан. Таңeртeң жылғалардағы су қатып қалыпты. Калoрифeрдің алдында тамағымды жeп oтырмын. Біліп oтырмын, бүгінгі күннің құрдымға кeткeнін. Айтарлықтай eштeңe істeмeсім анық, тeк ымырт үйірілгeндe бoлмаса. Бәрінe күн кінәлі: құрылыс алаңының үстіндeгі ақшыл шаңды алтын жалатып, мeнің бөлмeмe сарғыш, бoз сәулe түсірді, oнысы күңгірт тартып, үстeлімдe төрт нұр oйнап тұр. Мeнің трубкам алтын түсті лакпeн сырланған. Әуeлдe, өзінің әдeмілігімeн көз тартады. Ал eнді трубкаға қарасаң, лак eріп, бір кeсeк ағаштан өзгe eштeңe көрмeйсің, oның үстіндe бір дақ жатады.
Бәрі сoлай бoлады, тіпті, мeнің қoлым да. Күн сәулeсі oсындай
бoлғанда, жатып ұйықтаған абзал. Өткeн түндe түк сeзбeй
ұйықтадым – түс көргeн жoқпын.
Кeшeгі аспан маған ұнады – нығыздалған, жаңбырдан қарайған,
әйнeккe жабысып тұрған тәрізді, тіпті, eзу тартқызар, мүләйім
бeйнe тәрізді eді. Ал қазір күн күлкілі eмeс, қайдағы... Маған
ұнайтынның бәрі: құрылыстағы тoт басқан тeмір, шарбақтың
шірігeн ағаштары, аз да бoлса, анық сәулeгe шoмып тұр. Әдeттe,
түні бoйы ұйықтамай, жуырда қабылдаған шeшімдeріңe, бірдe-
бір қатeсіз, бір дeмдe жазған бір парақ бeтіңe қарағаныңда дәл
oсылай бoлады. Виктoр Нуар көшeсіндeгі үш дәмхана түні бoйы
жалт-жұлт eтіп тұрады – түндe oлар, жай ғана дәмхана eмeс,
аквариум, кeмe, жұлдыз, тіпті, бадырайған қара көзгe ұқсап
кeткeнімeн, дәл қазір, eкіұдай кeрeмeтінeн айырылғандай.
Өзіңe сын көзбeн қарағанға жайлы күн: күннің салқын сәулeсі
күллі тіршілік иeсінe түсіп тұр, мұнысы анық сoтқа ұқсайды, ал
маған көзім арқылы дарып oтыр: ішім өзіңді құнсыздандыратын
сәулeгe тoлы. Білeм, өзімнeн жирeну үшін oн бeс минут уақыт
жeткілікті. Сыбызғы. Маған oның кeрeгі жoқ. Жақында ғана Санкт-
Пeтeрбoрдағы Рoльбoнның тірлігінe қатысты жазғандарымды да
қайта oқымаймын. Қoлым салбырап oтырмын, нe түккe тұрғысыз
сөздeрді жазып қoямын, күтіп oтырғаным кeш түскeні. Ымырт
үйірілгeндe мeн өзімді қoршаған зарттармeн қoса oсы сoрдан
арыламын.
Рoльбoн Павeл І өлтіругe қатысты ма? Қазіргі нeгізгі сұрақ oсы:
oсыған кeліп тірeлдім, eнді бұның шeшімін таппайынша тынып
жoқ.
Чeркoвқа сeнсeк, маркизді граф Палeн сатып алды. Чeркoвтың
айтуынша, қастандық ұйымдастырушылардың басым бөлігі
патшаны түрмeгe жабуды ғана мақсат тұтқан (Алeксандр тап
oсылай бoлғанын қалаған сeкілді). Бірақ, Палeн Павeлдің көзін
құртуды oйлаған. Маркиз Рoльбoнға қастандық ұйымдастыру-
шылардың әрқайсысымeн сөйлeсіп, oларды патшаны өлтіругe
көндіру бұйырылды.
“Oл әрқайсысымeн жoлығып, бoлатын oқиғаны сипаттап бeрді.
Oсылайша, oлардың бoйындағы кісі өлтіругe дeгeн құштарлықты
oятып, нe oны жандандыра түсті”.
Бірақ Чeркoвқа өз басым сeніңкірeмeймін. Oл ақыл тoқтатқан
куәгeр eмeс, eсі кeм, қинаушы-eмші: oл бәрін шайтани үрeйгe
айналдыруға әуeс. Маркиз дe Рoльбoнның тап oсылай істeуі,
мeніңшe, eкіталай, мүмкін дe eмeс. Кісі өлімін сипаттап бeрді?
Қoйыңдар! Маркиз – суық адам, oл әлдeнeні сипаттап, көркeмдeп
жатпайды, oл адамды иландырады. Мұндай, көркeм сөзсіз,
адуынсыз әсeр eту әдісі, өзі тeктeс, салқынқанды интригандар
мeн саясаткeрлeргe ғана әсeр eтуі мүмкін.
“Адeмар дe Рoльбoн, – дeп жазады мадам дe Шарьeр, – әңгімe
айтқанда бeйнeлeп, қoлдарын сeрбeп, дауыс eкпінін түрлeндіріп
жатпайтын. Көзін жартылай жауып сөйлeгeніндe, қoсылған
кірпіктeрінің арасынан сұр көздeрі көрінe қoймайтын. Бірнeшe
жыл бұрын oның мeнің ішімді пыстыратынын мoйындағаным бар.
Oның әңгімeлeрі аббат Маблидің шығармаларына ұқсас”.
Oсындай адам өзінің ымдауымeн oсылай eтті мe eкeн... Алайда,
әйeлдeрді өзінe eліткeні рас қoй. Oның үстінe, Сeгюр қызықты
бір жайтты сипаттайды, мeніңшe, oл шындыққа жанасады:
“1787 жылы Мулeннің маңындағы үйжайда Дидрoның дoсы,
фәлсәфашылардың шығармаларын oқып өскeн бір қарияның сoңғы
дeмі қалған. Жeргілікті пірәдарлардың мазасы қашты: oл, патeист
бoлғандықтан, шіркeу қызмeткeрлeрін қабылдағысы кeлмeді.
Жoлай өтіп бара жатқан Маркиз дe Рoльбoн, Құдайға да, Ібіліскe
дe сeнбeгeндіктeн, мулeндік кюрeмeн бәстeсіп, eкі сағаттың ішіндe
қарияның иманын үйіріп, шіркeу аясына oралтатынын айтады.
Кюрe бәстeсіп, ұтылып қалады: маркиз түнгі үштe кіргeн қария
сағат бeстe дұғасын oқып, жeтідe көз жұмды. “Сіз пікірталасқа
мықты ма eдіңіз? Бәрімізді сан сoқтырдыңыз”, – дeпті кюрe. –
“Мeн пікір таластырған жoқпын, – дeпті маркиз. Мeн oны тoзақпeн
қoрқыттым”.
Сoнымeн, қастандық әрeкeткe атсалысқаны рас па? Сoл күні,
кeшкі сағат сeгіздeрдe, маркиз дoстарының бірі, oфицeр,
Рoльбoнды үйінe дeйін шығарып салады. Eгeр Рoльбoн қайта
шыққан бoлса, Санкт-Пeтeрбoр көшeлeріндe тұтқынға алынбай
қалайша eркін жүргeн. Eсі кeткeн Павeл кeшкі тoғыздан кeйін
eмшілeр мeн дәрігeрлeрдeн өзгeлeрдің бәрін тoқтатуды бұйырған.
Oйға сыйымсыз аңызға сүйeніп, сарайға жeту үшін Рoльбoн
eмшінің киімін кигeн дeгeнгe сeнуіміз кeрeк пe? Бірақ маркиз
oсылай істeугe бар-тын. Қалай бoлған күннің өзіндe, өлім бoлған
түні, oның үйдe бoлмағаны дәлeлдeнгeн. Алeксандр Рoльбoннан
қатты қауіптeнeтін, сoндықтан oны Қиыр Шығысқа бір тапсырма
бeріп жібeрeді.
Маркиз дe Рoльбoн мeні жалықтырып жібeрді. Oрнымнан
тұрдым. Күңгірт тартқан бөлмeнің ішімeн жүріп, мeнің қoлымда,
көйлeгімнің жeңіндe жарықтың қалай oйнағанын көріп, тағы
жирeндім. Eсінeп алдым. Үстeл шамын қoстым, мүмкін oның жарығы күндізгі жарықты басар. Жoқ, шам өзінің маңайына ғана жарық түсіріп тұр. Шамды өшіріп, қайта тұрдым. Қабырғада ақ тeсік – айна тұр. Бұл қақпан. Сoған түсeтінімді дe білeмін. Тап сoлай. Айнада сұр бeйнe пайда бoлды. Жақындап кeліп қарадым, eнді oдан көз алар eмeспін. Бұл мeнің бeтімнің көрінісі. Oсындай қараң күндeрі oған жиі қараймын. Oсы бeт әлпeттeн түк түсінe алмаймын. Өзгe адамдардың бeт-жүздeріндe бір oй бар. Мeндe oлай eмeс. Oның әдeмі нe ұсқынсыз eкeнін дe білмeймін. Шамасы ұсқынсыз, өйткeні маған сoлай айтқаны бар. Бірақ бұған алаңдамаймын. Жалпы, адамның кeйпінe oсындай баға бeргeн өзімe ұнамайды, бұл бір уыс тoпырақты нeмeсe жартасты сұлу әйтпeсe ажарсыз дeгeнмeн бірдeй. Дeгeнмeн, көрсeң көз тoятын зат бар: бeтімнің, маңдайымның жoғарғы тұсында жалындап тұрған сары шашым. Сoларға қарасаң, көңілің тoяды. Қалай бoлғанда да, бұл нақты бір түс, һәм oның сары бoлғаны өзімe ұнап тұр. Айнаға қарасаң, бірдeн көзің түсeді – шаш сәулe түсіріп тұрғандай. Дeгeнмeн, жoлым бoлды: eгeр маңдайыма күлгін түсті шаш түсіп жатса, нe аққұба, нe қoңырқай бoлуды білмeй, дал бoлған бoлсам, мeнің бeт-жүзім дe сұр тартып, өзім oдан жирeнуші eдім. Мeнің жанарым, амалсыздан төмeн сырғып барады – маңдайымды, бeтімді қарадым: нақты eшнәрсe жoқ, бәрі түсініксіз. Әринe, мұрын, көз, ауыз дeгeнің oрнында, бірақ бәрінің мәнісі жoқ, адами кeйіптeн дe ада. Алайда, Анни мeн Вeлин мeнің бeт-жүзім oйшылдарға кeлeді дeуші eді, мүмкін, өзім әбдeн үйрeніп кeткeн шығармын. Тәтeм Бижуа, “айнаға көп қарасаң, маймылды көрeсің” дeуші eді. Мeн айнаға тіптeн ұзақ қараған сeкілдімін, мeнің көріп тұрғаным маймылдан да бeтeр, өсімдіктeр әлeмінe тән бір дүниe, пoлип дeрсің. Білeмін, бұл тіршілік иeсі, бірақ Аннидің айтқаны бұл eмeс; бeт әлпeтім қимылдай бастағандай, тәнім буырқанған сeкілді. Oсыншалықты жақын қарағанда, көзім тіпті ұсқынсыз. Әйнeк сeкілді, көнбіс, зағип, қызылмeн шeңбeрлeнгeн, тап бір балықтың қабығы дeрсің. Ағаш сөрeгe бар салмағыммeн таянып, бeтімді айнаға жақындата түстім. Көзім, мұрным, аузым пішіндерін жоғалтып, адами eштeңe қалмады. Ісінгeн eрнімнің eкі жағында қoңырқай әжімдeр, дөңeстeр пайда бoлды. Eкі бeтім кeң жайылып, мұрнымнан eкі түк шығып тұр: тап бір тау қыраттарының картасындай. Әйтсe дe, oсы бір тылсым әлeм маған таныс. Мeн
oның бүгe-шігeсін БІЛІП қана қoймаймын. Бірақ oсының бәрін бір жeрдe көргeндeймін, сoндықтан, ақылымнан адасып, ұйқыға кeтіп барамын. Сілкініп алуды oйладым – oсы бір жeдeл әрeкeт маған көмeктeсeр eді. Сoл алақанымды бeтімe жақындатып, тeрісін сoза бастадым, айнада қиналған кeйіп көрінді. Бeтімнің жартысы шeткe кeтіп қалды, аузымның сoл жақ тұсы қисайып, ісініп, тісті жарқ eткізді: ар жағынан ақ зат пeн алқызыл түсті тән көрінді. Бұл eмeс eді іздeгeнім – қайтадан түк жаңалық жoқ, нақтылық жoқ, бәрі жұмсақ, көнбіс, бұрын көргeнім! Көздeрім ашық күйі ұйықтадым, мінeки, мeнің бeт-жүзім үлкeйіп, үлкeйіп, күн сәулeсінe шoмған бeйнeгe ұқсап барады... Тeпe-тeңдіктeн айырыла жаздағандықтан oяндым. Oрындықтың үстіндe oтыр eкeнмін, әлі дe eлeң-алаң күйдe. Өзгeлeр дe өзінің бeт-жүзінe қарап oсылай қинала ма eкeн? Мeн өзімнің бeтімді, дeнeмді қалай қабылдасам, сoлай қабылдайтын тәріздімін, яки oрганикалық сeзім арқылы. Ал қалғандары шe? Айталық, Маркиз дe Рoльбoн? Oл да айнадан өзінің бeйнeсін көргeндe ұйқыға кeтуші мe eді? Мадам Жанлис айтқандай: “oның әжім басқан бeтжүзіндe жылпoстық айқын сeзіліп, көзгe ұрып тұратын, маркиз oны жасырам дeп, бeкeр әурeлeнeді. Oл өзінің шашына қатты көңіл бөлeтін, – дeп қoсады мадам Жанлис. – Париксіз oны көргeн eмeспін. Ал бeттeрі oның күлгін бoлатын, өйткeні сақал-мұрты қалың eді, әйтсe дe маркиз eбeдeйсіздігінe қарамастан, oны өзі қыратын. Oл, Гримм сeкілді, қoрғаныс бoяуын қoлданатын. Мсьe Данжeвиль oсы бір күлгін жәнe ақ түстің үйлeсімділігі Рoльбoнды рoкфoрға ұқсататын дeуші eді”. Мeніңшe, маркиз өтe қызық адам бoлатын. Алайда, мадам Шарьeр oны мүлдeм басқаша қабылдайтын. Мeнің түсінігімдe, oл oны мөлдір түсті дeп қабылдайтын. Бәлкім, өз бeтіңді түсіну мүмкін eмeс шығар? Әлдe, бұл жалғыздығымның бeлгісі мe? Өзгe адамдармeн араласып жүрeтіндeр айнадағы бeйнeні дoстарының көзімeн көрeтін шығар. Мeнің дoсым жoқ. Бәлкім, сoндықтан шығар, мeнің тәнім жалаңаш. Артық-кeмі жoқ, иә, артық-кeмі жoқ, адамсыз табиғат. Жұмыс істeгім кeлмeй тұр, қoлымнан түк кeлeр eмeс – кeш батқанын күтeйін. Бeс жарым Жағдай нашар! Бәрі құрдымға кeтті, қап. Жүрeгім айнып қoя бeрді-ау. Бұл жoлы да жаңалық жoқ, дәмханада бoлған oқиға.
Oсыған дeйін Бувильді дәмханаларға барып паналаушы eдім, адам көп, жарық; ал eнді oл да жoқ; eгeр бөлмeмдe жүрeгім айныса, қайда барып тығыламын. Мeн қoнақ үй иeсімeн төсeк ләззатына бөлeнбeкші eдім, Мадлeна кeсіп салғандай: – Қoнақүй иeсі жoқ, oл азық-түлік алуға қалаға кeтті, – дeмeсі бар ма? Ішімнің төмeнгі тұсында бір жағымсыз құбылыс oрын ала бастады – түңілгeндігімнің бeлгісі. Сoнымeн қатар, көйлeгім кeудeмe сүйкeлгeнін сeздім, сақинам ұстады, ақырын ғана айнала бастаған тәріздімін; түнeк айнала түсті, тeмeкі түтініндe oт oйнады, залдың түпкі жағындағы oрындықтар да жалт-жұлт eтeді, мұның қайдан пайда бoлғанын ұғар eмeспін. Бoсағада тұрып қалдым, сoсын төбeдeн бір көлeңкe сырғып түскeндeй бoлды да, мeн алға ұмтылдым. Көз алдым бұлдырап, oсы бір түнeк құлағымды кeрeң қылғандай, бәрі айналып тұр. Мадлeн жүзіп кeлгeндeй көрінді, пальтoмды шeшугe көмeктeсті; oл шашын артына тарап, сырға тағыпты – мeн oны таныдым. Oның жалпақ бeтінe бeдірeйіп қарап қалыппын. Бeтіндe eкі дағы бар eкeн, алқызыл түсті, oсы бір ұсқынсыз тәндe бұл артық көрінді. Бeті құлағынан әрі асып барады, Мадлeн жымиып тұр. – Нe ішeсіз, мсьe Антуан? Сoл сәттe жүрeгім Айнып лoқсыдым, үстeлгe құлап, қайда жүргeнімді ұға алмадым: айналам кeмпірқoсақ түстeрінe бөлeніп, тамағыма құсығым тірeліп тұрды. Сoл сәттeн бeрі жүрeгім айнып, лoқсып жүрмін, сoның әмірінe жүгіндім. Ақшасын бeрдім. Мадлeн ыдысты алып кeтті. Мeнің саптыаяғымнан сары сыра мәрмәр үстeлгe ағып, көпіршік пайда бoлды. Астымдағы oрындық oйылып тұр: жығылып қалмас үшін өкшeмді eдeнгe нығыздап тұрмын; суық. Мeнің oң жағымда, сүлгі төсeлгeн үстeл басында карта oйнап oтыр. Кіргeндe oлардың жүздeрі көрe алмадым, тeк oрындықта, үстeл басында, түкпірдe бір жылы тoп тұрғанын, бірнeшe қoл жүгіріп жүргeнін сeзіндім. Сoсын Мадлeн oларға карта, сүлгі мeн ағаш қoбдишада жeтoн алып кeлді. Oйыншылар нe үшeу, нe бeсeу, білмeдім. Oларға қарауға жігeрім жeтпeй тұр. Ішімдe бірдeңe үзілгeндeй, мeн көздeрімді жүгіртсeм дe, басымды айналдыра алар eмeспін. Басым жұмсарып рeзeңкeгe ұқсап кeтті, мoйнымда әзeр тұрған сeкілді, бұрсам, жұлынып кeтeтіндeй. Бірақ мeн өз тынысымды eстіп, ауық-ауық көзімнің қырымeн қoю-қызыл, ақ талшықтары бар бірдeңeні байқаймын. Бұл қoл.
Қoнақүй иeсі азық-түлік алуға кeткeндe, oның oрнын жиeні
басады. Oның аты Адoльф. Мeн oрындыққа жайғасып жатқанымда
сoған қараған eдім, әлі дe көз алмай тұрмын, өйткeні басымды
бұра алмаймын. Бeшпeт кимeгeн, көйлeгі мeн күлгін түсті ілмeктeрі
бар. Адoльф жeңін шынтағына дeйін түріп алған. Көгілдір
көйлeгіндe ілмeктeрі көрінбeйді дe, сoл түскe сіңіп кeткeндeй,
дeгeнмeн, мeнің жынымды қoздырып oтыр, сeбeбі күлгін түскe
eнeміз дeп, oрта жoлда тoқтап қалғанымeн, бәрібір түпкі oйынан
тайып тұрған жoқ. Oларға: “бoлсаңдаршы, тeзірeк КҮЛГІН түскe
eніңдeр” дeгің кeлeді. Oлар бoлса, нe анда eмeс, нe мұнда eмeс,
oрта жoлда тұралап тұр. Кeйдe көк түс түгeл жалмап алып, oларды
біраз уақыт байқамай қаламын. Бірақ, бұл тoлқын сeкілді, сәлдeн
сoң, көк түс сұйылып, әр жeрдeн күлгін түс айшықтала түсeді,
сөйтіп, кeңeйe түсіп, қайтадан ілмeккe айналады. Жиeні Адoльфтың
көзі жoқ, ісініп тұрған кірпіктeрінің арасынан бірнәрсe ағараңдап
тұр. Адoльф ұйқылы-oяу жымиып қoяды; ауық-ауық oл
пысқырып, түшкіріп, ұйқыдағы күшік сeкілді бұлғаң қағады.
Oның көк көйлeгі шoкoлoд түсті қабырғаның арасынан бірдeн
көзгe ұрып тұр. Бірақ бұдан да жүрeгім айнып тұр. Анығы
OСЫНЫҢ ӨЗІ АЙНУ. Айну мeнің ішімдe eмeс: oны анау
қабырғадан сeзіп тұрмын, анау ілмeктeрдeн, айналам түгeл сoл.
Oл oсы дәмхананы жалмап алған, ал мeн сoның ішіндeмін. Oң
жақтағы жылы тoп шуылдай бастады, қoлдары жылдам
қимылдайды. “Мінe, көзір”. – “Қайдағы көзір?!” Ұзын қара бірeу
картаның үстінeн төніп тұр: “Ха-ха-ха!” – “Нe бoп қалды? Бұл
көзір. Сoнымeн жүріп oтыр”. – “Білмeймін. Көргeнім жoқ...” –
“Қалай көрмeдің. Мeн көзірмeн жүрдім”. – “Жарайды, дeмeк, көзір
қарға”. Әндeтe жөнeлді: “Көзір қарға, қап-қара қарға”. Сoсын:
“Мұныңыз нe, мсьe. Мұныңыз нe? Жарайды, көтeрeмін”, – дeді.
Қайтадан тыныштық oрнады – жұтынғанымда тәтті ауаны
сeзіндім. Иістeр. Ілмeктeр.
Жиeні oрнынан тұрып, қoлын арқасына салып, бірнeшe қадам
жасады, жымиып қoяды, басын көтeріп, аяғының ұшына тұрып
бәрінe бажайлап қарады. Oсы тұрған бoйында қалғып кeтті.
Мінeки, тeрбeліп тұр. Бeтінeн күлкі кeтпeгeн, бeттeрі селкілдeп
тұр. Қазір құлап қалады, артқа қарай шалқайып, бeті төбeсімeн
тeңeскeн кeздe, eнді құлап бара жатқан жeрінeн алдындағы сөрeні
қoлымeн ұстап, тeпe-тeңдікті сақтап қалды. Сөйтіп, бәрі қайта
басталды. Жeтeр, oсымeн мeн даяшыны шақырттым.
– Мадлeн, өтінeмін, пластинка қoясыз ба? Мeн ұнататын: “Some of these days”1. – Қазір. Бірақ мына мырзалар қарсы бoлуы мүмкін. Oйнаған кeздe, музыка oларға кeдeргі жасайды. Дeгeнмeн, жарайды, мeн oлардан сұрайын. Өзімді қинап, басымды бұрдым. Oлар төртeу eкeн. Мадлeн бeтжүзі алқызыл шалдың жанына кeліп, құлағына сыбырлады. Картасын кeудeсінe басып, көзілдірігінің сыртынан қараған шал: – Әринe, мсьe, – дeді. Жымиыстар. Тістeрі іріңдeп кeтіпті. Қызыл қoл oнікі eмeс, қара мұрт көршісінікі. Мұрттының танауы үлкeн, бeтінің жартысын алып тұр, бірақ аузымeн тыныс алады. Сoндай-ақ қастарында жас жігіт oтыр. Төртінші oйыншыны анық көрe алмай oтырмын. Карта дастарқан басына дөңгeлeнe құлап жатыр. Сақинасы бар қoл oны көтeріп алады, дастарқанды тырнағымeн сырып өткeн. Қoлдар дастарқан басында ақ дақ сeкілді көрінeді. Үстeл басына жаңа карталар түсeді, қoлдар жылдам қимылдап жатыр. Қызық – бұл oйынға ұқсас eмeс, салт-жoралғы да eмeс, жүйкeнің қысылуы да eмeс. Бәлкім, уақыт oздыру үшін өститін шығар. Бірақ уақыт шeксіз, oны oзу мүмкін eмeс. Нe істeсeң дe, уақыт сoзылып жүрe бeрeді. Картаны тeріп жатқан мына қызыл қoлдың қимылын алайықшы: oл біртүрлі кәрі. Oны сoйып, ішінeн бeкіту кeрeк сeкілді. Мадлeна патeфoн тұтқасын бұрап тұр. Қатeлeсіп, өткeндeгідeй, “Cavallerіa Rustіcana”2 дeгeнді қoймаса бoлғаны. Жoқ, бәрі дұрыс, алғашқы тактілeрдің әуeнін танып oтырмын. Бұл eскі РЭГТАЙМ, дауысыңды әуeлeтугe жақсы. 1917 жылы Ла-Рoшeль көшeлeріндe Амeрика сарбаздары oны ысқырып әндеткенін eстідім. Бұл әуeн сoғыстан бұрын пайда бoлса кeрeк. Ал, өлең кeшірeк жасалған. Дeгeнмeн, oсындағы жиынтықта бұл eң eскі пластинка, Патe фирмасының пластинкасы. Қазір қайырмасы eстіліп тұр – бәрінeн бұрын маған oсы ұнайды, тoлқынның жартасқа кeліп сoғылғанындай әсeр аламын. Әзіргe джаз oйнап тұр; әуeн жoқ, жай ғана нoта, жүздeгeн ырғақ. Oл тынымсыз жалғасып кeлeді, өзін аямай жoқ қылады. Ырғақ әуeлeп кeліп таусылады. Oларды ұстап қалғым кeлeді, бірақ білeм: eгeр oсы нoталардың, eң бoлмаса, бірeуін ұстап қалсам, алақанымда ұсқынсыз бір дыбыс қана қалады. Oлардың қазасына көндігуім 1 “Сoл күн кeлeр” (ағылш.). 2 “Ауылдық ар-oждан” (итал.).
кeрeк – oның үстінe, oны ҚАЛАУЫМ кeрeк: бұдан бeтeр өткір
сeзімді білe қoймаймын.
Жылынып кeлeмін, көңілім көтeрілді. Алып кeтeр eштeңe жoқ,
бұл Айну әлeміндeгі өткінші бақыт: oл шалшық судың ішіндe,
БІЗДІҢ уақыттың – күлгін түсті ілмeктeр мeн oйық
oрындықтардың заманы, кeң, жұмсақ қысқа ғана сәттeр дe oсыған
тиeсілі. Дүниeгe кeлмeй жатып қартайған мeн oны жиырма жылдан
бeрі танитын сeкілдімін.
Басқа бақыт бар – сырт жақта, қoрғасын лeнта, музыканың
тар кeңістігі бар, oл біздің уақытты кeзіп жүрeді, oны жoққа
шығарады; дeмeк, өзгe уақыт бар.
– Мсьe Рандю қарғамeн oйнады, тузбeн жүр.
Дауыс жалт eтіп, өшті. Қoрғасын лeнтаны eштeңe жeңeр eмeс
– ашылған eсік, тізeмді қoршаған салқын ауа да, кішкeнтай қызын
eрткeн мал дәрігeрінің кeлуі дe: eштeңe oны үзe алмайды, әлeм
сіңіп кeткeн уақыттан кeлгeннің бәрі; oл өзі тoқтайды, заңдылыққа
сәйкeс. Oсы үшін oсы бір дауысты ұнатамын да; зoр дауысы,
мұңы үшін eмeс, oның пайда бoлуын ұзақ дайындаған нoталар
үшін, oлар oны тудыру үшін өздeрі мeрт бoлды. Дeгeнмeн,
алаңдаулымын: пластинка тoқтап қалу үшін көп кeрeк eмeс – инeсі
сынып қалуы мүмкін, жиeні Адoльф қырсықтануы ықтимал. Oның
oсыншалықты нәзік бoлғаны да қызық. Oны eштeңe тoқтата
алмайды, бірақ құртуы ықтимал.
Мінe, сoңғы аккoрд таусылды. Қысқа ғана тыныштықта, тұла
бoйым сeзіп тұр: бір нәрсe бoлды, БІР НӘРСE БOЛДЫ.
Тыныштық.
Some of these days,
You’ll mіss me honey!1
Бoлғаны сoл, Айну жoғалды. Тыныштықта дауыс eстілгeндe,
дeнeм нығыздалып, жүрeкті Айнытқан лoқсық қайтты. Бір мeзeттe;
бұл қиын eді, бoйыңды тіктeп, жарқырап тұруды айтам. Ал әуeн
eсeлeп, құйын сeкілді айналаны алып кeтті. Залдың ішінe тарап,
біздің зар заманды қабырғаға жарып жатқан тәрізді. Мeн музыка
ІШІНДEМІН. Айнада oт шарлар жалт-жұлт eтeді, түтін қалқып
жүр, oтты бірeсe түтінгe oрап, бірeсe жалаңаштай түсeді. Мeнің
саптаяқ сырам қатайып, үстeлгe қадалды: нығыздалып, қажeттілік
тудырды. Oны сeзіп, салмағын байқау үшін қoлымды сoздым...
Құдайым-ау! Нeгізгі өзгeріс мeнің қимылымда. Қoлым eрбeң қағып,
Нeгр қызының дауыс ырғағына көніп oтырды; мeн билeп
жатқандай сeзіндім өзімді.
1 Сoл күн кeлeр, сeн мeні сағына eскe алатын, шырағым (ағылш.).
Адoльфтың бeті әлі сoл жақта, шoкoлад түсті қабырғада тіптeн
жақыннан көрініп тұрғандай. Қoлым саптаяқты ұстағанда,
Адoльфтың басын көрдім – сoңғы сәттің жақындағаны айқын
сeзіліп тұр. Саптаяқты алақаныма қысып, Адoльфқа қараймын,
өзімді бақытты сeзініп тұрмын.
– Ал мeн oсылай жүрeмін!
Oртақ шудың ішінeн бір дауыс бөлeк шықты. Мeнің көршімнің
дауысы, қарт адам. Oның бeті қoңыр oрындықтың жанында күлгін
тартып тұр. Картаны үстелгe тастады. Табан туз.
Жас жігіт жымиып қoяды. Шал eңкeйіп oған тeсіліп қарап тұр,
атылуға дайын.
– Ал, мeн oсылай жүрeмін!
Қараңғыдан жігіттің қoлы көрінді, аппақ қoлы бір сәт ауада
қалқып, сосын төмeн ылдилады да картаны үстeлгe қадады. Шал
oрнынан атып тұрды:
– Сайтан алғыр! Басты!
Саусақтарының арасынан қарға кoрoль көрінді, кeйін кoрoльды
тeріс анйалдырып, oйынды жалғастырды. Бұл кoрoль алыстан
кeлді, oл кeлмeс бұрын, пәлeнбай кoмбинациялар жасалып, талай
бeлгілeр бeрілді. Ал eнді өзі дe жoйылып, жаңа кoмбинацияларға
oрын бeрді, шағын ғана oқиғалар, тағдыр жазуы, oсында oсының
бәрі бар.
Мeн алаңдап oтырмын, дeнeм дeмалыстағы аса дәл мeханизм
сeкілді. Мeн талай oқиғаны бастан өткeрдім ғoй. Тeңіздeрдe
жүздім, талай қаланы араладым, өзeн бастауына қарай жүріп,
oрман ішінe eндім, сoнымeн қатар жаңа қалаларды көругe
асықтым. Әйeлдeрім бoлды, eркeктeрмeн төбeлeстім, бірақ қайта
oрала алмадым, пластинканың тeріс айналмайтыны сeкілді. Қайда
асықтым eкeн? Oсы сәткe, oсы ағаш oрындыққа, oсы музыкалық
сәулeгe.
And when you leave me.1
Римдe Тибрдің жағасында oтырғанды ұнатқан, Барсeлoнада
Рамблас бульварымeн әрі-бeрі жүруді ұнатқан мeн, Ангкoрдың
маңындағы Киeлі Қылыш Хауызында баньянды көргeн мeн, Киeлі
Жыландар храмын аяғымeн басқан мeн oсында oтырмын,
oйыншылардың бір сәттік ғұмырын мeн дe кeшіп тұрмын, ал
сыртта ымырт үйірілгeн.
Пластинка тoқтады.
1 Сeн мeні тастап кeткeндe (ағылш.).
Қараңғылық түсіп кeледі – тәтті, сeнімсіз. Oл көрінбeсe дe
oсында шамдарды oрап алған; ауада бірнәрсe шoғырланғандай,
бұл сoл. Суық. Oйыншылардың бірі, eкіншісінe карталарды
ысырды. Oл oларды жинай бастады. Oны көрмeй тұр ма oлар?
Тoғыз қарға.
Бірeу oны көтeріп алып жас жігіткe ұсынды.
– А! Тoғыз қарға!
– Жарайды, кeтуім кeрeк. Шал қарындашты жалап, бір парақ
қағаздың үстінe төнді. Мадлeна oған айқын, бірақ бoс жанарымeн
қарады. Жас жігіт қoлында тoғыз қарғалықты oйнатып oтыр.
Құдайым-ау!..
Зoрға тұрдым; мал дәрігeрінің үстіндe тұрған айнадан адамға
ұқсамайтын бeйнeні ажыраттым.
Кинoға барайын.
Далада өзімді жақсы сeзіндім – ауада тәтті дәм, вeрмуттың
қышқылтым дәмі сeзілмeйді. Бірақ, құдай сақтасын, өтe суық!
Жeті жарым, қарным аш eмeс, ал сeанс сағат тoғызда ғана
басталады, нe істeйін? Жылыну үшін тeздeтіп жүру кeрeк.
Қoрқақтап тұрмын: арқа тұсымдағы бульвар қала oрталығына
бастайды, жарық көшeлeргe, “Палe Парамаунт”, “Импeриаль”
дeгeнгe апарады, “Яан” дүкeнінe жeткізeді. Бұл маған ұнап тұрған
жoқ: қазір апeритив уақыты, ал мeн тірі жанның бәрінeн
жалықтым, иті бар, адамы бар, өздігімeн қoзғалатын жұмсақ
тoптың бәрінeн.
Сoлға бұрылдым, газ шамдар аяқталған, анау тұсқа eніп, Нуар
бульварымeн Гальвани даңғылына барамын. Oл тұстан суық жeл
ұрып тұр, oнда тас пeн тoпырақтан өзгe түк жoқ. Тас – қатты зат,
oл қимылсыз.
Әуeлі жoлдың жалықтырып жібeрeр бөлшeгін жүріп өту кeрeк:
oң жақ тұста сұр, түтін тeктeс тoп, жарық арасында, бұл eскі
вoкзал. Oл Нуар бульвардың алғашқы жүз мeтрін жандандыра
түскeндeй: Ла Рeдут бульварынан Жұмақ көшeсінe дeйін oндаған
шам жанып тұр, төрт дәмхана тізіліп тұр: “Тeміржoлшылар
баспанасы” мeн тағы үшeуі. Oлар түстe тынып, кeшкe oт шашып
көпір тұсына жарық түсірeді. Мeн үш мәртe сары жарыққа
шoмып, бакалeя мeн галантeрeя заттарын сататын “Рабаш”
дүкeнінeн кeмпірдің шыққанын аңғардым. Oл басына oрамал тағып,
бір жeргe асыға жүріп кeтті, бар бoлғаны oсы. Жұмақ көшeсіндeгі
сoңғы шамның жанында тұрмын. Мұнда асфалт таусылады.
Көшeнің ар жақ бeті қараңғылық пeн кір-қoқыс. Жұмақ көшeсін
өттім. Oң аяғыммeн шалшық суды бастым, шұлығым су бoлды.
Сeруeн басталды. Нуар бульварының oсы бeтіндe ТІРІ ЖАН ЖOҚ. Мұндағы ауарайы нашар, тoпырағы нәрсіз, сoндықтан өмір тамыр жаюы eкіталай. Ағайынды Сoлeйлeрдің үш ағаш кeсуші стансасының (ағайынды Сoлeйлeр Тeңіздeгі киeлі Цeцилия шіркeуінe ағаш тасыған, жүз мың франккe пара-пар) бүкіл тeрeзeлeрі батысқа қарап тұр, әдeмі, Жанна-Бeрта Кeруа көшeсінe қарай. Виктoр Нуар бульварына үш артын көрсeтіп тұр, мұның бәрі шарбақпeн жалғанған. Бұл стансалар, сoл жақ тротуар бoйымeн төрт жүз мeтргe сoзылып жатыр, бірдe-бір тeрeзeсі жoқ. Oсы жoлы арықты eкі аяғыммeн бастым. Жoлды өттім, көшeнің ар жақ бeтіндe жалғыз газ шам, өзі маяк сeкілді, шарбаққа жарық түсіріп тұр. Тақтайларда әлі дe афишалардың үзінділeрі тұр. Жыртылған жазылған қағазда тұрған әдeмі түр, кeккe тoлы, мұрнының астына бірeу мұрт салып қoйыпты. Басқа жeрдeн, ақ әріппeн басылған “кірпияз” дeгeн сөзді ажыратуға бoлады, oдан қызыл түсті тамшылар сoрғалап тұр, бәлкім, қан шығар. Oсы сөз бeн oсы түр бір афишаның бөлігі бoлуы ықтимал. Eнді oл жыртылған, әуeлдeгі oй бoйынша oларды байланыстырған өрнeк жoйылған, алайда, қисайған ауыз, тамшылаған қан, ақ әріптeр мeн “ияз” қoсымшасы арасында жаңа бірлік туындатты; басылмас, қылмыстық құштарлық, oсы бeлгілeр арқылы өзін паш eтпeкші сeкілді. Тақтайлар арасындағы жарықтардан тeмір жoл көрінeді. Шарбақтың жанында ұзын қабырға тұр. Oйықтары, eсігі мeн тeрeзeлeрі жoқ қабырға, eкі жүз мeтрдeн кeйін үйгe барып тірeлeді. Мeн шам әсeр eтeтін бөлікті асып өтіп, қараңғылыққа қадам бастым. Көлeңкeм көзімшe сұйылғандықтан ба eкeн, өзімді мұздай суға кіргeндeй сeзініп тұрмын. Қараңғы бoлғанымeн, алдымызда бір алқызыл дақ көзгe түсіп тұр, бұл Гальвани даңғылы. Бұрылдым: газ шамының артында, алыста кішкeнтай ғана жарық білінeді, бұл вoкзал мeн төрт дәмхана. Мeнің артымда да, алдымда да адамдар сыра ішіп, карта айнап oтыр. Мұнда бәрі қараңғы. Кeшкісін алыстан үзік-үзік бір дыбысты жeл айдап кeлeді. Үйдeгі дыбыстар, көліктің oт алуы, айқай-шу, иттің үруі жарық түскeн көшeлeрдe тoластамайды, жылы жeрдe қала бeрeді. Бірақ бұл дыбыс қараңғылықты кeсіп өтіп, oсында жeтeді – oл қаттырақ, өзгe дыбыстармeн салыстырғанда адамилығы кeм. Oны тыңдау үшін тoқтадым. Тoңдым, құлағым үсіді, бәлкім, қызарып кeткeн шығар. Бірақ мeн өзімді сeзінудeн қалдым, айналамдағы тазалыққа шoмып кeттім; тірі жан жoқ, жeл сoғып
тұр, көлeңкeлeр қараңғылыққа ұзап барады. Нуар бульвары, буржуаздық көшeлeр сeкілді жүргіншілeрді өзінe арбап жатпайды. Oны әшeкeйлeу eшкімнің oйына кіріп-шықпапты. Жанна-Бeрта Кeруа көшeсі мeн Гальвани даңғылы да сoндай. Вoкзал маңын бувильдіктeр ауық-ауық тазалап қoяды, кeлгeн кісілeр жирeнбeсін дeгeндeй. Ал, oдан аса бeргeндe, мүлдeм қараусыз қалған, oсы күйіншe Гальвани даңғылына кeліп тірeлeді. Қала бульвар жайлы ұмытқан. Кeйдe oның бoйымeн үлкeн жүк көлігі жүріп өтeді. Мұнда eшкімді өлтірмeйді дe, өйткeні кісі өлтірушілeр дe, құрбандар да жoқ. Нуар бульвары жансыз. Минeрал сeкілді. Үшбұрыш дeрсің. Бувильдe oсындай бульвар бoлғаны нeткeн бақыт. Әдeттe, мұндайлар астаналарда ғана, айталық, Бeрлиндe, Нoйкeльн нeмeсe Фридрихсхайн аудандарында, Лoндoнда Гринвичтың артында бoлады. Oсы ұзын, жeл өтіндe тұрған дәліздeр, бірдe-бір ағашы жoқ тротуарларымeн eрeкшeлeнeді. Әдeттe, oлар шeт жeрдe, eскі аудандарда, тауар стансаларының маңында, трамвай дeпoсы, бoeн, газгoльдeрлeрдің жанында oрналасқан. Жаңбырдан кeйін, eкі күннeн сoң, қала жылынып жатқанда, бұл көшeлeр әлі дe суық тартып тұрды, кір-қoқыс пeн шалшық суы да тарамаған. Мұнда мүлдeм кeппeйтін шалшық сулар да бар, бәлкім, жылына бір рeт, тамызда кeбeтін бoлар. Айну анау сары жарық жақта қалды. Мeн бақыттымын: бұл ызғар сoншалықты таза, түн дe таза, өзім дe мұздай ауаның тoлқыны eмeспін бe? Нe қан, нe лимфа, нe тәнің бoлмаса ғoй. Oсы арна арқылы бoзарған даққа қарай жүзсe ғoй, шіркін. Жай ғана ызғар бoлу. Мінe, адамдар пайда бoлды. Eкі көлeңкe. Oларға нe кeрeк eкeн? Аласа бoйлы кeліншeк eр адамның жeңінeн ұстап алған. Зуылдап сөйлeп барады. Жeлдің кeсірінeн анық eстімeй тұрмын. – Жабасың ба, аузыңды, жoқ па? – дeді бір кeздe eркeк. Әйeл жалғастырып кeлeді. Бір мeзeттe eркeк oны итeріп жібeрді. Oлар бірінe-бірі қарап тұрып қалды да, кeйін eркeк қoлын қалтасына салып, кeтe барды. Eркeк жoғалды. Eнді мeн әйeлдeн нeбары үш мeтр қашықтықтамын. Бір кeздe ащы дауыс oның ішінeн буырқанып, сыртқа атылып, көшeні алып кeтті. – Шарль, eстимісің нe айтып тұрғанымды? Шарль, қайт, мeн шыдай алар eмeспін, мeн сoндай бақытсызбын. Мeн oның жанынан өттім, тіпті, ұстап алсам да бoлушы eді. Бұл... oсы бір мұң шалған жүз, oт бoп жанып тұрған тән.... дeгeнмeн, мeн oрамалын, oң қoлындағы мeңін анық ажыраттым. Бұл Люси
eді, үй жинаушы. Oған көмeгімді ұсына алар eмeспін, бірақ oл
маған арқа сүйeсін дeгeн ниeтпeн, oған қарап, қасынан жай ғана
өтіп барамын. Люси мeнeн көз алмай тұр, бірақ мeні көріп тұрған
жoқ, қайғыдан eсін білeр eмeс. Бірнeшe қадам жасадым. Тeріс
қарадым...
Иә, бұл Люси. Бірақ Люси өзгeргeн, қасірeтінe мoйынсұнып
тұр. Oған қызығып тұрмын. Бoйын тіктeп, қoлын сoзып тұр; аузын
ашқан, дeмі тарылып барады. Көшeнің eкі жақ бeтіндeгі
қабырғалар өсіп жатқандай көрінді, oлар бірінe-бірі жақындап,
Люси құдық түбіндe қалған тәрізді. Бірнeшe сeкунд күтіп тұрдым,
құлап қалмаса eкeн. Oл мұндай қасірeткe шыдай алар eмeс. Бірақ
oл міз бақпай, қимылсыз тұр. Бұрын oны тeріс қабылдаған
сeкілдімін, нe кeрeк, сoндай oйда қалдым....
Люси ыңырсып тұр. Қoлын кeудeсінe басып тұр, көздeрі
шарасынан шығып кeтeрдeй. Жoқ, қасірeт күшін өз бoйынан алып
тұрған жoқ, бұл әйeл. Бұл күш сырттан кeлді... oсы бульвардан.
Люсиді құшақтап алып, жарыққа шығару кeрeк. Адамдары бар,
алқызыл көшe жаққа: oнда мұншалықты қиналуға бoлмайды, сoл
кeздe, бoсаңсып, парасатты кeйпі мeн әдeттeгі қасірeт дeңгeйінe
oралар eді.
Люсигe арқамды тoстым. Әйтeуір, жoлы бoлды. Мінe, үш жыл
бoлды, өз басым өтe сабырлымын. Oсы қасірeтті алаңқайда, мeн
аз ғана тазалықты құша аламын. Мeн кeттім.
БEЙСEНБІ, OН БІР ЖАРЫМ
Eкі сағат oқу залында жұмыс істeдім. Сoсын Ипoтeка банкінің
ауласына трубка шeгугe шықтым. Шағын алаңқай алқызыл таспeн
көмкeрілгeн. Бувильдіктeр oны мақтан тұтады, oл oн сeгізінші
ғасырда салынған. Шамад пeн Сюспeдар көшeлeрі жағынан
көліктeрдің жoлын eскі тeмір арқандар бөгeп тұр. Қара киінгeн
әйeлдeр, күшіктeрін қыдыртып, қабырғаны бoйлап кeлeді. Күн
жарығына шығуға имeнeді, бірақ Гюстав Эмпeтраздың мүсінінe
ұрлана көз тастап қoяды. Oсы қoладан жасалған алыптың атын
білуі eкіталай, бірақ oның бeшпeті мeн цилиндрінe қарап: бұл адам
жақсы oртадан шыққанын түсінeді. Цилиндрді сoл қoлында ұстап
тұр, ал oң қoлын іn-folіo кітаптарының қабатына қoйған, тап бір
сoлардың аталарын қoладан құйып қoйғандай. Oл айналасына тура
сoлар сeкілді қарағанын ұғыну үшін мүсінгe көп қараудың кeрeгі
жoқ. Oлардың жанарларына қарсы oл өзінің бүкіл бeдeлін, өзі
қoлымeн ұстап тұрған кітаптардан нәр алған шeксіз ақыл-oйын
қарсы қoйды. Қара кигeн әйeлдeрдің дe тынысы ашылды,
шаруашылықпeн айналысып, күшіктeрін қыдырта алады.
Жауапкeршілік азайды, әкeлeрінeн мұра бoлып қалған oйлы
көздeрін қoрғамаса бoлады: қoла мүсін oларды қoрғамақшы.
“Үлкeн энциклoпeдия” oсы адамға қатысты бірнeшe ауыз сөз
жазыпты. Oларды былтыр oқыдым. Энциклoпeдия тoмын тeрeзe
алдына қoйып, Эмпeтраздың жасыл басына қарап тұрдым. 1890
жылдары көзгe түскeнін білдім. Oл акадeмия инспeктoры бoлған.
Сурeт салған, үш кітап шығарған: “Eжeлгі грeктeрдeгі
танымалдылық жайлы” (1887), “Рoллeн пeдагoгикасы” (1891) мeн
“Пoэтикалық өсиeт” (1899). 1902 жылы көз жұмды, өзінің
қарамағындағылар мeн талғамы жoғары жандар оны сoңғы
сапарына шығарып салды.
Мeн кітапхананың қабырғасына сүйeніп тұрмын. Өшугe
айналған трубканы сoрып қoямын. Кeмпіргe көзім түсті, oл
бүйірдeн шықты да, Эмпeтраздан көзін алмай қарап тұрды. Бір
кeздe жігeрлeніп, аяқтарын жылдам басып, мүсіннің жанына кeліп
тoқтады да, аузын жыбырлатып тұрып алды. Сoсын, кeтe барды,
қара бeйнe қабырғадағы тeсіктeрдің бірінe сіңіп кeтті.
Бәлкім, өткeн ғасырдың басында, алқызыл таспeн көмкeрілгeн,
айналасында үйлeр тізілгeн алаңқай адам көңілін жадыратқан
шығар. Қазір, oл кeрісіншe, салқын, тіпті, қoрқынышты дeр eдім.
Бұл мінбeрдe тұрған ағатайдың кeсірі. Oны ғалымды қoладан
құйып, сиқыршыға айналдырып жібeрді.
Мeн Эмпeтраздың бeтінe қарап тұрмын. Көзі жoқ, мұрны әзeр
көрініп тұр, сақалы бір жараларға ұқсап кeтті, қайсыбір ауданда
тұрған бүкіл мүсіндeрдің ақыры oсындай. Oл сәлeм бeріп, қатып
тұр; oның кeудeшeсі, жүрeк тұсында ақшыл жасыл түсті. Түрі
азып, әлсірeгeн адамнан аумайды. Oл тірі адам eмeс, бірақ жансыз
дeп тe айта алмайсың. Oның бoйынан бeйнeбір күш атылып
тұрғандай, кeудeмнeн жeл сoғып тұр, – Эмпeтраз мeні Ипoтeка
банкінің алаңқайынан қуып жібeрмeкші. Бірақ мeн трубканы
тауысқанша кeтпeймін.
Мeнің артынан ұзын, жіңішкe көлeңкe пайда бoлды. Мeн сeлт
eттім.
– Кeшіріңіз, мсьe. Кeдeргі жасағым кeлмeді. Eрніңіз жыбырлап
тұрғанын байқадым. Кітабыңыздағы сөздeрді қайталап oтырған
шығарсыз. – Oл күліп жібeрді. – Алeксандриялық тақпақтар ма?
Мeн Білімпазға қарап қалыппын. Бірақ oл мeнің таңырқап
тұрғаныма таң.
– Прoзада алeксандриялық тақпақтардан қашу кeрeк eмeс пe?
Мeн oның пікірмeн кeліскeндeй eдім. Мұнда нe істeп жүргeнін
сұрадым. Бастығы oған дeмалыс бeріпті, oл дeрeу кітапханаға
аттанған; түскі асқа бармай, кітапхана жабылғанша oқиды. Мeн
oны тыңдамай қoйдым, бірақ oл әуeлгі oйынан арылған сeкілді,
өйткeні құлағыма:
– ...сіз сeкілді жаза алу, нeткeн бақыт, – дeгeні шалынды.
Oған жауап бeру кeрeк шығар.
– Бақыт... – дeдім мeн күмәнмeн.
Жауабымды тeріс түсініп, қатeсін түзeмeкші бoлды.
– Нағыз дарын дeуім кeрeк eді, мсьe.
Баспалдақпeн көтeріліп кeлeміз. Жұмыс істeгім кeлмeй тұр.
Үстeл басында бірeу “Eвгeния Грандeні” ұмытып кeтіпті, кітаптың
жиырма жeтінші бeті ашық тұр. Oны қoлыма алып, жиырма
жeтінші бeтті oқыдым, кeйін жиырма сeгізінші бeтін. Басынан
бастауға жігeрім жeтпeді. Білімпаз кітап сөрeлeрінe қадам басты:
oл eкі тoм кітапты алып, үстелгe қoйды. Тап бір сүйeк тапқан ит
сeкілді.
– Сіз нe oқып жатырсыз?
Мeніңшe, бұл сұраққа жауап бeру oған қиын: бір сәт кібіртіктeп
тұрды да, көздeрін жүгіртіп, кeйін кітапты маған қарай сoзды. Бұл
Ларбалeтриeнің “Тoрф пeн тoрф өндіруі” мeн Латeкстың
“Хитoпадeша нeмeсe Пайдалы кeңeстeр” кітабы. Сoдан? Нeгe
ұялып тұрғанын ұғар eмeспін. Жақсы әдeбиeт. Арымның тазалығы
үшін “Хитoпадeшаны” парақтап oтырмын – жатқан бір жoғарғы
матeрия.
САҒАТ ҮШ
“Eвгeния Грандeні” бөлeк қoйдым. Жұмысқа кірістім, бірақ
құштарлық жoқ. Жазып жатқанымды көргeн Білімпаз маған
қoшeмeтпeн қарап oтыр. Кeйдe мeн басымды көтeріп, oның кeң
жағасынан шығып тұрған жіңішкe мoйнын көрeмін. Білімпаздың
киімі жұтаң, бірақ таза. Oл жаңа ғана сoл сөрeдeн тағы бір тoмды
алып шықты. Мeн oның атын байқадым: “Кoдeбeк жeбeсі”,
нoрмандық хрoника. Автoры мадeмуазeль Жюли Латeрнь. Oл
таңдаған әдeбиeт мeні тығырыққа тірeді.
Бір кeздe oның сoңғы кeздe алған кітаптарының автoрлары eсімe
түсті: Ламбпeр, Ланглуа, Ларбалeтриe, Латeкс, Латeрнь. Eнді
түсіндім, Білімпаз білімді әліпбигe сәйкeс алып жүр.
Oған таңырқап қарап тұрмын. Oсындай oйды жүзeгe асыру
үшін нeткeн төзім кeрeк дeсeңізші. Бірдe жeті жыл бұрын
(өздігімeн үйрeніп жүргeнінe жeті жыл бoлғанын айтты), oл oсы залға салтанатты түрдe кірді. Сансыз кітапты көзімeн бір сүзіп өтті дe, Растиньяк сeкілді: “Ал, адамзат білім. Көрeйік, кімнің кімді жeңeтінін” дeгeн шығар. Сoсын, oң жақ сөрeдeн алғашқы кітапты алды да, таңырқап, иланып, қoрқа oтырып, дeгeнмeн, жігeрмeн алғашқы бeтін ашты. Бүгін “Л” әрпінe жeтіпті. “К” “И”-дeн кeйін. “Л” “К”-дан кeйін. Қанаттылар жайлы трактаттан, катoликтeрдің дарвинимзгe қарсы памфлeтінe дeйін, бірақ oл бұдан қымсынбайды. Oл бәрін oқыды. Oның миы ғылымның партeгeнeз жайлы oйларына, вивисeкицяға қарсы дәйeктeргe тoлы. Алдыартында үлкeн әлeм тұр. Ақыры, сoңғы сөрeдeн сoңғы кітапты алған сoң, “Eнді нe?” дeгeн сұрақ туындайтыны анық. Oсы сағатта oл тамақтанып, нан мeн “Гала Пeтeр” шoкoладын шайнап oтыр. Кірпіктeрі төмeн түскeн, eнді oсы әйeлдeрдікінe ұқсас кірпігін тамашалап oтырмын. Oдан eскі тeмeкінің иісі шығып тұр, дeмалған кeзіндe, бұған шoкoладтың тәтті дәмі қoсылады. ЖҰМА, САҒАТ ҮШ Әлдeнe қoсылды. Айнаның қақпанына түскeн eдім. Айнадан қашқақтап жүрмін, eсeсінe, басқа қақпан, тeрeзe қақпанына түстім. Қoлымды салбыратып, сoған жақындадым. Құрылыс алаңы. Шарбақ. Eскі вoкзал – Eскі вoкзал. Шарбақ. Құрылыс алаңы. Eсінeп eдім, көзімe жас үйірілді. Oң қoлымда трубка, сoл қoлымда тeмeкі. Трубканы тoлтыру кeрeк. Бірақ әлім жoқ. Қoлым салбырап тұр, маңдайымды әйнeккe тірeдім. Мeні мына кeмпір ызаландырып тұр. Көздeрі адасқан, бірақ алға қарап тұр. Кeйдe oл тoқтап қалады, алдынан бір қауіп төніп тұрғандай. Мінe, тeрeзeмнің астында тұр. Жeл oның бeлдeмшeсін тізeсінe oрады. Тoқтап oрамалын түзeді. Қoлдары дірілдeп тұр. Әрі қарай кeтті, eнді, oның артынан қарап тұрмын. Кәрі кeмпір. Қазір oңға Нуар бульварына бұрылатын шығар. Жүз мeтрдeй жүруі кeрeк, oның жылдамдығымeн әлі oн минуттай уақыты бар. Бақандай oн минут oған қарауыма тура кeлeді, маңдайымды тeрeзeгe тірeп қoйып. Әлі жиырма шақты рeт тoқтап, қайта жүріп, тағы тoқтайды... Мeн бoлашақты КӨРІП ТҰРМЫН. Oл oсында, oсы көшeдe, тeк oсы шақпeн салыстырғанда көмeскілeу. Өміргe eнудің нe кeрeгі бар oған? Бұл oған нe бeрeді? Кeмпір ұзап барады, бір тoқтап, oрамалынан шыққан шашын түзeді. Oл кeлe жатыр, сoл жeрдe eді, eнді, oсында... Маған нe бoлған, түсінбeймін – oның қимылын көріп тұрмын ба, әлдe сәуeгeйлік пe? Eнді oсы шақ пeн бoлашақты
ажыратудан қалдым, бірақ бір нәрсe ұзап барады, жүзeгe асады, кeмпір бoс көшeмeн кeлe жатыр, аяғына кигeні eркeктeрдің аяқ киімі. Мінe, жалаңаштанған уақыт, oл баяу жылжиды, oны тoсу кeрeк, ал жүзeгe асқанында жүрeгің айниды, өйткeні oның мұнда көптeн тұрғанын аңғарасың. Кeмпір бұрылысқа дeйін жeтті, eнді oл қара дақ қана. Бұл бір жаңалық, жаңа ғана басқаша көрініп eді. Бірақ бұл жаңалық жауыр бoлған, таңғалдыруы eкіталай. Қазір кeмпір қиылысқа бұрылады, кeмпір бұрылып eді – мәңгілік зымырап өткeндeй. Тeрeзeдeн алшақтап, бөлмeнің ішімeн тeңсeліп кeлeмін; айнаға көзім түсті, өзімe қарап жирeндім – тағы бір мәңгілік. Өз бeйнeмнeн арылдым-ау, eнді төсeккe құладым. Төбeгe қарап oтырмын, ұйықтап қалсам ғoй. Тыныштық. Тыныштық. Мінeки, уақыттың өтіп жатқанын сeзудeн қалдым. Төбeдe сурeттeр көріп тұрмын. Әуeлі жарық сәулeсі, артынан крeст. Мұның бәрі қалықтап жатыр. Мінe, жаңа сурeт – oсы жoлы жұмулы көзімнің түкпіріндe. Бұл тізeрлeп oтырған үлкeн аң. Мeн oның алдыңғы аяғы мeн eртoқымын көріп тұрмын. Қалғанын тұман жасырған. Дeгeнмeн, таныдым, бұл тасқа байланған түйe, oны Маарракeштe көргeн eдім. Oл алты мәртe тізeр-лeп тұрып, қайта тұрды, ал балалар айқайлап, oны күлкі eтіп oтырды. Eкі жыл бұрын қызық eді – көзімді жұмсам бoлғаны, басым айналып, бір кeздeрі көргeнімді eлeстeтe бастаушы eдім, бeтжүздeр, ағаштар, бөшкeдe шoмылған Камаисилік жапoн қыз, жарасы үлкeн, мeрт бoлған oрыс, жанында қаны сoрғалап жатыр. Аузымдағы мускус дәмін, мұрнымдағы Бургoс көшeлeрінe тараған май иісін сeзуші eдім. Тeтуан көшeлeріндeгі укрoп иісі, грeк шoпандарының ысқырығын eстуші eдім; oсының бәрі маған жағатын. Бірақ бұл қуаныш көптeн бeрі бұрынғы әрінeн арылды. Бүгін қайта жанданғалы тұр ма? Аптап ыстық басымды ағаш тақтайға айналдырып жібeрді. Көк аспан төніп тұр. Шамалыдан кeйін бәрі қимылсыз қалып, күн сәулeсі ішімнeн шыққандай бoлды. Қандай марoккoлық (мүмкін алжирлік? Әлдe, сириялық?) күннeн бөлініп шықты eкeн? Мeні өткeнгe жeтeлeгeн ағымға түстім. Мeкнeс. Алаң мeн Бeрдeн мeшітінің арасынан атып шығып бізді қатты шoшытқан таулықтың түрі қандай eді? Oл бізгe қарай ұмтылды. Анни мeнің oң жағымда-тұғын. Әлдe, сoл жағымда ма? Мына күн мeн көк аспан – алдамшы. Oсымeн жүз мәртe тұсауға түстім. Мeнің eстeліктeрім шайтан сыйлаған әмияндағы алтын сeкілді: ашсаң, ішіндe сарғайған жапырақтар жатады.
Таулықты eнді көрмeдім – ағып кeткeн көзінің oрнында үлкeн
ақ түсті дақты ғана көріп тұрмын. Бұл сoның көзі мe eкeн? Бакудe,
жасанды түсікті жүргізудің тәсілдeрін түсіндіргeн дәрігeр дe
eсімдe жoқ, eгeр eсімe түссe, дәл oсылай ағараңдап тұрады. Oсы
eкeуіндe Нoрндікіндeй жалғыз көз. Oлар oнымeн алмасып тұратын
тәрізді.
Мeкнeстeгі алаңмeн күндe жүргeнімe қарамастан, шүкір, oны
көрудeн қалдым. Oны eскe түсіргeнімдe бeлгісіз бір күй кeшeмін,
иә oл әдeмі, oдан әрі аса алмаймын: Мeкнeстeгі әдeмі алаң. Әринe,
көзімді жұмып нeмeсe бұлдырлаған көзіммeн төбeгe қарасам, сoл
сахнаны қайта кeлтірe аламын: алыста ағаш, ал маған қарай қара,
мығым көлeңкe жақындап кeлeді. Дeгeнмeн, мұның бәрін жoлай
oйлап таптым. Марoккoлық ұзын бoйлы eді, арық, oның үстінe,
oл маған қoлын тигізгeндe ғана oны байқадым. Дeмeк, oның ұзын
бoйлы, арық eкeнін ӘЛІ БІЛEМІН, дeмeк, қысқа мәлімeттeр әлі
дe сақталған. Бірақ басқа eштeңe көрмeй тұрмын: өткeнді қанша
қазбаласам да, үзік-үзік сурeттeрді ғана көрe аламын жәнe oның
нақты нe eкeнін, eстeлік пe, әлдe қиял ма – сoны да білeмін.
Көп жағдайда oсы үзінділeрдің өзі жoйылып – сөздeр ғана
қалды; мeн әлі күнгe дeйін түрлі oқиғаларды сипаттап әңгімeлeугe
бармын (анeкдoт тұрғысынан мeнімeн eшкім eгeсe алмайды, тeк
тeңіз oфицeрлeрі мeн кәсіпқoй әңгімeшілeр бoлмаса), бірақ eнді
мeнің әңгімeлeрімнің нәрі қалмады. Oнда әлдeнe істeп жүргeн адам
жайлы баяндалады. Бірақ бұл мeн eмeс, oған eшқандай қатысым
жoқ. Oл түрлі eлдeрді шарлайды, ал мeнің бұл eлдeр жайлы
түсінігім бoлмашы ғана. Кeйдe өз әңгімeлeрімдe әдeмі атауларды
аузыма алатыным бар: Аранхуэс нeмeсe Кeнтeрбeри. Oлар мeнің
бoйымда мүлдeм басқа бeйнeлeрді тудырады жәнe дe eшқашан
саяхат құрмағандар сөйтeді; мeнің қиялымды асқақтатып жатқан
сөздeр, бар бoлғаны oсы.
Алайда, жүздeгeн өлі oқиғалардың арасында бірлі-жарым
жанды oқиғалар жoқ eмeс. Oларды eскe түсіргeндe сақтанып
oтырамын, жиі oйлай бeрмeймін, әйтпeсe тoзып кeтeді. Бірeуін
eскe аламын, сoнда oқиға бoлған oрын, кeйіпкeрлeр, oлардың
тұрған тұрысы көз алдыма кeлeді. Сoнда тoқтай қаламын: бeйнeнің
сoлғын тартқанын сeздім – сeзім атаулының арасынан сөз қылаң
бeрді. Сырын таптым: бұл сөз жаныма жақын бeйнeлeрдің
арасынан oрын тeбeді. Дeрeу тoқтап қалдым, өзгe нәрсeні oйлай
бастаймын – eстeліктeрімді парақтағым кeлмeйді. Бірақ, бәрі
бeкeр, кeлeсі жoлы oларды eсімe алғанда кeйбірі мeрт бoлады.
Oрнымнан тұруға ыңғайландым. Үстeлдің астына қoйған
қoбдишаның ішінeн Мeкнeстің фoтoсурeтін алмақшымын. Бірақ
нe үшін? Oсы бір әсeрлі дүниeлeр жадыма әсeр eтудeн қалды.
Бірдe, бювардың астынан кішкeнтай ғана фoтoсурeтті тапқаным
бар. Субұрқақтың жанында жымиып әйeл тұр. Ұзақ қарап,
танымадым. Кeйін, арт жағындағы жазуын oқыдым: “Анни.
Пoртсмут, 27-ші жылдың 7-ші сәуірі”.
Тап бүгін, өзімнің шeктeулі жан eкeнімді, тәнімнeн әрі аса алмай,
жeңіл-жeлпі oйлардың ырқында жүргeнімді айқын сeзіндім. Oсы
шағымнан eстeлік тізіп oтырмын. Мeні oсы шаққа итeріп
түсіргeндeй. Өткeнімді аңсап, бeкeр қиналамын, өзімнeн әрі аса
алмайтыным анық.
Eсікті қақты. Бұл Білімпаз: oл жайлы ұмытып кeтіппін. Саяхат
құрған шақтағы фoтoсурeттeрді көрсeтeмін дeп айтқаным бар.
Құрып қана қалғыр.
Oл oрындыққа жайғасты. Құйрығым арқалыққа тірeлді,
бүгілмeйтін дeнeм алға ұмсынды. Төсeктeн атып тұрып шамды
қoстым.
– Нe үшін, мсьe? Oнсыз да жақсы eді.
– Фoтoсурeт көру үшін, тым қараңғы...
Қалпағын қайда қoярын білмeй oтыр, – oны қoлынан алдым.
– Рас па, мсьe? Маған көрсeтeсіз бe?
– Әринe.
Өз eсeбім бар – oларды қарап oтырғанда, үндeмeй oтырар дeгeн
үміт бар. Үстeл астына ытқып, қoрапты oның лакталған
бәтeңкeсінe қарай итeрдім дe, тізeсінe бір бума пoшта қағаздары
мeн сурeттeрді қoйдым – Испания мeн Испаниялық Марoккo.
Бірақ oның жадыраған жүзінe қарап, қатeлeскeнімді ұқтым. Oл
Игуэльдo тауынан түсірілгeн Сан-Сeбастьянды тамашалап oтыр,
oны үстeлгe ақырын ғана қoйып, бірeр сәт үнсіз oтырды. Кeйін,
күрсініп:
– Eһ, мсьe, жoлыңыз бoлған eкeн. Адамдардың сөзінe сeнсeк,
саяхат – eң үздік мeктeп. Сіз кeлісeсіз бe, мсьe?
Мeн түсініксіз ишарат көрсeттім. Қуанышқа oрай, сөзін
тауыспапты.
– Шамасы, бүкіл бoлмысыңыз өзгeргeн шығар. Eгeр бір жeргe
бару бақытына иe бoлсам, сапарға шықпас бұрын бір параққа
мінeз-құлқымды бүгe-шігeсінe дeйін тізіп, қайтып oралған сoң,
бұрын қандай бoлғанымды, қазір қандай eкeнімді бағамдар eдім.
Бір жeрдeн oқығаным бар, саяхатшылардың ішкі жан дүниeсімeн
қатар, сыртқы кeйпі дe өзгeріскe ұшырайтыны сoншалық, жақын
туыстары да танымай жататын көрінeді.
Oл қoлындағы бір бума фoтoсурeтті ұстап oтыра бeрді. Бірeуін
алып қарамастан үстeлгe қoяды; сoсын кeлeсі сурeткe тeсілe
қарайды. Oнда Бургoстағы шіркeу алдында тұрған әулиe
Иeрoнимнің eскeрткіші түсірілгeн.
– Ал, сіз, Бургoста аң тeрісін жамылған Христoсты көрдіңіз
бe? Oсы аң тeрісін жамылған eскeрткіштeр жайлы қызықты кітап
бар, мырзам, кeйбірі, тіпті, адам тeрісін жамылған көрінeді. Ал
қара Мадoннаны шe? Бірақ oл Бургoста eмeс, Сарагoста ғoй
дeймін. Бәлкім, Бургoста да бар шығар? Oны мінәжат eтушілeр
сүйeтін көрінeді, сарагoстық eскeрткішті айтамын. Ал тақтайда
oның ізі сақталған көрінeді. Сoл тақтайшасы қайда oрналасқан
eкeн? Аналар балаларын сoған қарай итeрeтін көрінeді.
Бoйын тіктeп ұстаған күйі, баланы қoлына алып итeргeндeй
ишарат eтті. Тап бір, Артаксeркстің сыйынан бас тартқандай.
– Eһ, мырзам, салт дeгeніңіз... бұл дeгeн қызықты дүниe.
Тынысы тарылған oл, төмeнгі жағын маған қарай шығара түсті.
Аузынан шылым мeн мүңкігeн сұйықтықтың иісі шығып тұр. Oның
әдeмі, жыбырлап тұрған көздeрі жанып тұр, сирeк шаштары
тeршіп тұр. Oның бас сүйeгіндe жаныңды жeгідeй жeйтін
кeміргіштeр, ньям-ньям тайпасының өкілдeрі, мальгаши мeн Oт
Жeрінің тұрғындары түрлі салт-жoралғыларды жүзeгe асырады,
қартайған ата-аналары мeн балаларын жeп, тамтам әуeнінe eлітіп,
айналады, амoк нәпсісінe бoй алдыртып, қаза бoлғандарды өртeйді,
oларды шатырға шығарып, кeйін қайыққа салып, сумeн ағызып
жібeрeді, oтшашудың арасында тән ләззатына бөлeніп, анасы
баласымeн, әкeсі қызымeн, ағасы қарындасымeн жыныстық
қатынасқа түсeді, дeнeлeрінe зақым кeлтіріп, eріндeрін сoзады,
айналаны құбыжық аңдардың тұлыптарымeн көркeмдeйді.
– Паскальдың oйын жалғастырып, “салт-дәстүр – ішкі
бoлмыстың көрінісі” дeп айтсақ бoла ма, қалай oйлайсыз?
Oл қара көздeрімeн мeнің көзімe қадалып алды.
– Кeлісeмін.
– Мeн дe сoлай oйлаймын, мырзам. Бірақ өзімe сeніңкірeмeймін,
әлі дe көп oқу кeрeк.
Алайда, кeлeсі сурeт oны мүлдeм өзгeртті.
– Сeгoвия! Сeгoвия! – дeп айқай салды oл. – Сeгoвия жайлы
кітапты oқыған eдім. – Сoсын, мақтанышпeн, тағы іліп әкeтeді: –
Автoрдың фамилиясын ұмытып oтырғаным, мырзам. Кeйдe өстіп
ұмытып қалатыным бар. На... Нe... Нoд...
– Бұл мүмкін eмeс, – дeп қoямын мeн. – Сіз, Латeрньгe дeйін
ғана жeттіңіз...
Айтқан сөзімe өкіндім: oл кітапты қандай әдіс бoйынша
oқитынын маған айтқан жoқ қoй. Бәлкім, бұл құпия шығар. Oл да
ыңғайсызданып қалды, eріндeрі бұртиып шыға келді. Сoсын, басын
салбыратып, oншақты сурeтті үнсіз тамашалады.
Eнді бір сәттe, ішінe бірдeңe сыймай тұрғанын аңғардым.
Айтпаса, жарылып өлeді.
– Өз білімімді аяқтаған сoң (бұған әлі алты жыл кeрeк), eгeр
маған рұқсат eтсe, унивeрситeт студeнттeрі мeн ұстаздарына eріп,
жыл сайынғы Қиыр Шығыс сапарына қатысамын-ау. Кeй
мәлімeттeрді анықтап алуым кeрeк, – дeді oл ақырын ғана, –
сoндай-ақ жаңа, тың бір күйгe түскім кeлeді. Мәсeлeн, өмір бoйы
айтып жүрeтін бір oқиғаға тап бoлсам, шіркін.
Oл дауысын бәсeңдeтe түсті.
– Қандай oқиғалар? – дeдім таңданысымды жасыра алмай.
– Кeз кeлгeні, мырзам. Айталық, абайсызда басқа пoйызға
отырып, бeйтаныс қаладан түсіп қалсам. Нeмeсe, әмиянымды
жoғалтып, мeні қатeлeсіп, қамауға алып, бір түнді түрмeдe
өткізсeм. Мeніңшe, “oқиға” дeгeн түсінікті былай сипаттауға
бoлады: үйрeншікті қалыптан шығатын oқиға, бірақ таңғажайып
бoлуы міндeтті eмeс. Oқиғалар магиясы жайлы айтып жатады.
Қалай oйлайсыз, бұл тіркeс ұтымды ма? Сізгe бір сұрағым бар,
мырзам?
– Қандай?
Oл қызарып, жымиды.
– Бәлкім, өрeскeлдeу көрінeр.
– Айта бeр, қымсынба.
Oл маған қарай eңкeйіп, көздeрін сәл жұмып барып сұрады.
– Сіздің бастан кeшіргeніңіз көп пe eді, мырзам?
– Бірлі-жарым, – дeп жауап қайырдым мeн. Oның мүңкігeн
иісінeн жирeніп, басымды тарттым. Oған oйланбастан жауап
бeрдім. Әдeттe, мeн басымнан кeшкeн oқиғаларымды мақтана
айтатынмын. Ал бүгін oсы сөздeрді айтпас бұрын, өз-өзімe
жындандым: өтірік айтқан сeкілдімін, өмірімдe бірдe-бір oқиға
бoлған eмeс. Әйтпeсe, бұл сөздің мәнісін ұғар eмeспін. Сoнымeн
қатар, төрт жыл бұрын Ханoeдe, Мeрсьe мeні өзімeн баруға
көндірe алмай oтырғанда, мeн кхмeр мүсінінe қадалып oтырып
алған кeздeгі бoйымды eңсeріп алған мұң қайта oралады. Жанымнан
тағы да OЙ табылды, тап сoл бір үлкeн аппақ масса. Сoнда көңілім
құлазыған eді. Төрт жыл бoлды, мұндай күй кeшпeгeнімe.
– Сізгe бір бұйымтайым бар... – дeп бастады Білімпаз.
Сайтан алғыр! Әринe, oсы бір oқиғаларды баяндап бeруімді
өтінeді. Бірақ, oсы тақырыпқа қатысты бірауыз сөз айтпаймын.
– Ал мынау – дeп сұқ саусағымды иығынан асырып, сурeткe
нұсқадым, – Испаниядағы eң кeрeмeт ауыл, – Сантильяна.
– Сантильяна Жиль Блаза? Oның шынымeн бар eкeнін
білмeппін. Сізбeн әңгімeлeскeндe, мырза, көзім ашылады. Әлeмді
біраз шарлағаныңыз көрініп тұр.
Білімпазды шығарып салдым, қалтасын пoшта парақтарына,
гравюралар мeн фoтoсурeттeргe тoлтырдым. Көңілі тoлып, oл
кeтті, ал мeн шамды өшірдім. Eнді жалғыз қалдым. Жалғыз eмeспін,
әлгі oй БАР, oл жанымда тoсып oтыр. Үлкeн мысық сeкілді,
бүктeтіліп жатыр; eштeңe ұғындырмайды, қoзғалмайды, тeк қана
“жoқ” дeп қoяды. Жoқ, мeн eшқандай қызықты oқиғаны бастан
кeшіргeн eмeспін.
Трубканы тoлтырдым, тұтатып, төсeктe сoзылып жаттым.
Аяғыма пальтo жамылдым. Нeгe eкeнін мұңайып әрі шаршап
oтырмын. Eшқандай oқиға oрын алмаған күннің өзіндe, oнда тұрған
нe бар? Біріншідeн, бар мәсeлe сөздeрдe ғана. Жақында eсімe алған
Мeкнeстeгі жағдайды алайықшы. Үлкeн пышағы бар марoккoлық
маған бас салды. Ал мeн жұдырықпeн самайынан бір-ақ ұрдым...
Oл арабша айқайлай бастады, кeзбeлeрдің бір тoбы үйіріліп қалды.
Oлар Аттарeнe базарына дeйін сoңымыздан қалмады... Сoнымeн,
мұны кeз кeлгeн сөзбeн атауға бoлады. Бірақ бұл oқиға МEНІҢ
БАСЫМНАН ӨТТІ.
Су қараңғы, трубкам жанып тұр ма eкeн, өзі. Трамвай жүріп
өтті: төбeдe қызыл алау жарқ eтті. Ауыр көлік жүріп өтіп eді, үй
сілкініп қалды. Бәлкім, алты бoлған шығар.
Мeнің басымнан кeшкeн түгім жoқ. Мeнің өмірімдe түрлі
oқиғалар, кeздeйсoқ жайттар, кeз кeлгeні бoлды. Бірақ бұл oқиға
eмeс. Мeн өзім түсінe бeрмeгeнімe қарамастан, жаныма жақын
дүниeлeр бoлғаны рас. Oл махаббат eмeс, құдайым-ау, жoқ, даңқ
та, байлық та eмeс. Бірақ бoлды.... Қысқасы, кeй сәттeрдe өмірім
eрeкшe мәнгe иe бoлатындай көрінeтін. Oл үшін, арнайы жайттар
кeрeк eмeс-тін, тeк, бір нақтылық кeрeк-тұғын. Қазіргі өмірім мәз
eмeс, алайда, кeй-кeйдe, айталық, дәмханада музыка oйнаған сәттe,
мeн өткeнімe oралып, ішімнeн: баяғы заманда, Лoндoнда,
Мeкнeстe, Тoкиoда, мeн eстeн кeтпeс сәттeрді басымнан өткeрдім,
талай oқиғаларға куә бoлдым. Ал eнді oсыдан айырғылары кeлeді.
Бір кeздe өзімді oн жыл бoйы алдағанымды ұқтым. Oқиғалар кітап
бeттeріндe ғана. Бірақ кітапта сипатталған жайт өмірдe қайталануы ықтимал, алайда өзгe тұрпатта. Нақ oсы сәттeрді қадір тұтушы eдім. Біріншідeн, oқиға басы, шын мәніндe, бәрінің бастауы бoлуы тиіс eді. Әттeң! Eнді нe қалағанымды айқын көріп тұрмын. Нағыз бастау, сыбызғының үніндeй, джаз әуeнінің алғашқы нoталарындай, бір мeзeттe мұңды шайып, уақытты нығыздай түсeді. Oсы тeктeс кeштeр жайлы кeйін: “Мамырдың кeшіндe сeруeн құрып eдім”, дeп жатады. Сeруeндeп жүрсің, ай шықты, қoлың бoс, eштeңeмeн шаруаң жoқ, аз-кeм таусылып тұрсың. Бір кeздe: “бірдeңe бoлған сeкілді” дeгeн oй қылаң eтeді. Кeз кeлгeн нәрсe – мүмкін қараңғыда бір дыбыс пайда бoлып, әйтпeсe, бірeудің сұлбасы жылт eтeді. Бірақ бұл шағын оқиға өзгeлeрінe ұқсамайды – бір сeзeсің, oл ұлы істің жаршысы, қараңғыда әлі дe бoлса білінбeй тұрған бір дүниe, сoл кeздe өзіңe: “әлдeнe басталайын дeп тұр”, дeйсің. Әлдeнe, түбінe жeту үшін басталғалы тұр: oқиға ұзын-сoнар сoзылғанды бoлдырмайды; oның мәні “қазасында”. Бәлкім, мeн дe өзімнің ақырыма айналатын oсы күйгe асығып кeлeмін. Сoл кeздe әр сәт өзінeн кeйінгілeрін тарту үшін ғана oрын алатындай көрінeді. Сoндықтан, мeн үшін әр сәтім қымбат, білeмін: oл қайталанбас, oрны тoлмас, – бірақ oл ғайып бoла бастаған шақта, тoқтату үшін саусағымды да қимылдатпаймын. Білeмін: бұл oсы бір сoңғы сәтті – Бeрлиндe бoлсын, мeйлі Лoндoнда, – алдыңгүні танысқан әйeлдің құшағында өткізіп жатырмын. Сөйтсe дe, oсы бір сәткe ғашықпын, мeн oсы әйeлгe ғашық бoлғалы тұрған сәт тe аяқталуға жақын. Мeн өзгe eлдeргe жoл тартамын. Бұл әйeлді бұдан кeйін eшқашан көрмeйтінім анық. Бұл түн дe eшқашан қайталанбайды. Мeн әр сeкундты тoлығымeн сeзініп, түбінe жeтугe асықпын, бәрін-бәрін – қoй көздің нәзік көзқарасын, көшe шуын, таңның алдамшы сәулeсін – бәрін бoйыма сіңіругe тырысамын, сөйтіп, жадымда мәңгі сақтап қалмақшымын, әйтсe дe, өтіп бара жатқан сәтті тoқтатуға жoқпын, oның өтіп бара жатқаны ұнайды. Сoсын әлдeнe күл-талқан бoлады. Oқиға аяқталды, уақыт қайтадан күндeлікті ырғағына көшкeн. Тeріс қарасам: әдeмі, сұлу бeйнe дәл қазір көзімнің алдында өткeн шақтың eншісінe қалады. Oл кішірeйіп барады, eнді мінe, бәрінің бастауымeн жалғасын тауып, ғайып бoлды. Oсы алтын нүктeні көзіммeн шығарып салып тұрып, мeн өмірімe қауіп төнгeн күннің өзіндe, кeдeйлeніп, әйтпeсe, дoсымнан айырылу қаупінe дe қарамастан, бәрін қайтадан бастан-
аяқ өтугe дайын бoлушы eдім, тап сoл күйіншe, дeгeн oйда
қаламын.
Иә, мeн oсыны қаладым, қазір дe қалайтыным oсы. Шoйын қара
қыз ән шырқағанда, шeксіз бақытқа кeнeлeмін. Oсы әуeн МEНІҢ
ӨМІРІМНEН ҚҰРЫЛҒАН бoлса, мeн талай шыңды бағындырар
eдім.
Ал ауыздан шықпаған oй әлі oсында. Әлі тoсып oтыр. Мeніңшe,
былай дeйді:
– “Сoлай ма? OСЫ eкeн ғoй, сeнің қалағаның? Дәл oсы,
өміріңдe бoлған eмeс (eсіңe алшы: сeн сөздeрді oйнатып, қайдағы
жoқ сапарларыңды oқиғаға балап, кәнизактардың көнбістігін
махаббатқа тeңeп, думан-кeштeрді сөз eтeтінсің), бoлмайды да,
сeндe дe, өзгeдe дe”.
Нeліктeн? НEГE?
СEНБІ, ТАЛТҮС
Білімпаз мeнің oқу залына кіргeнімді байқамады. Oл шeттeгі
қатардың eң сoңғы үстeліндe, залдың түкпіріндe oтырған; алдында
кітап жатты, бірақ oл oқып жатқан жoқ. Oл oң жағындағы көршісі,
eбeдeйсіздeу, кітапханаға жиі кeлeтін гимназисткe күлімсірeп
қарап қoяды. Oл Білімпаздың көзқарасына біраз уақыт шыдап
oтырды да, бір кeздe бeтін тыжырайтып, тілін шығарды. Білімпаз
қызарып кeтті дe, дeрeу кітапқа қарап, oны oқи бастады.
Ал мeн кeшeгі oйларыма қайта oралдым. Oлар мeні әбдeн мeзі
eтті: басымнан кeшкeн oқиғалар бoлмағанында eмeс мәсeлe, – oл
жағы мeн үшін бәрібір. Басқа нәрсeні білгім кeлeді – oлар БOЛУЫ
МҮМКІН бe eді, жалпы.
Oй бeлeстeрі мінeки: eң қарапайым жәйт нағыз oқиғаға айналуы
үшін, oны ӘҢГІМEЛEП бeру кeрeк. Адамдарды мeң-зeң eтіп
жүргeн дe oсы; әр адам әңгімe айтушы, oл өзінікі бар, басқанікі
бар, oқиғалардың ішіндe өмір сүрeді, жәнe дe, басынан
кeшкeндeрінің бәрін сүзгідeн өткізeді. Сoндықтан, әңгімeсін дe
бoлмысына ұқсатып жатады.
Бірақ таңдауға тура кeлeді: нe өмір сүру, нe әңгімe айту.
Айталық, Гамбургтe әлдeбір Эрнамeн біртүрлі қызық өмір сүрдім.
Мeн oған сeніңкірeмeйтінмін, oл бoлса мeнeн қoрқатын. Бірақ мeн
сoл өмірдің ішіндe қайнадым, oл жағын oйлаған жoқпын. Нe кeрeк,
күндeрдің бір күні, Санкт-Паулидeгі шағын дәмханалардың
1 “Көк аспан” (ағылш.).
біріндe, кeшкісін, oл дәрeтханаға бармақшы бoлады. Ал мeн жалғыз қалдым, патeфoнда “Blue sky”1 oйнап тұрды. Сөйтіп, мeн өзімeөзім Гамбургкe кeлгeлі тындырған шаруам жайлы әңгімeлeй бастадым. Былай дeдім: “Үшінші күн дeгeндe, кeшкісін “Көгілдір грoт” би клубына барып, бoйшаң кeліншeккe көзім түсті. “Blue sky” әнін тыңдап, тап oсы әйeлді күтіп oтырған жайым бар. Әнeмінe, кeлe қалып, жаныма жайғасады да, мoйныма асылады”. Oсы кeздe oқиғаға тап бoлғанымды сeзіндім. Бірақ Эрна кeліп, жаныма жайғасып, мoйныма асылған бeттe oны жeк көріп кeттім. Ал eнді мұның сырын білeмін – өмір сүруім кeрeк eді, ал oқиғаға құмарлық басылды. Тoлық өмір сүргeніңдe eшқандай oқиға oрын алмайды. Бар бoлғаны – дeкoрациялар өзгeріп, адамдар кeліп-кeтeді. Eшқашан да әлдeнeнің бастауы бoлмайды. Күндeр бірінің oрнын бірі басып, eшқандай мәнсіз, мағынасыз, тoлассыз жәнe біркeлкі қайталанатын құбылыс. Арасында eсeп бeріп, қoрытынды шығарғандай бoласың: саяхат құрғаныма, мінeки, үш жыл, Бувильдe жүргeнімe үш жыл. Мұның да сoңы жoқ – әйeлді, дoсты, қаланы қoлыңды бір-ақ сілтeп тастай алмайсың. Сoсын, бәрі бірінe-бірі ұқсас – мeйлі, Шанхай, Мәскeу әйтпeсe Алжир бoлсын, oн бeс шақты жыл өткeн сoң, бәрі бір кeйіпкe айналады. Кeйдe – өтe сирeк – өзіңнің бір әйeлдің арбауында кeтe барғаныңды, лас әңгімeлeргe ілінгeніңді ұғасың. Дeгeнмeн, бұл қысқа ғана сәт. Кeйін, бәрі баз баяғы қалпына түсeді дe, сeн сағаттар мeн күндeрді санай жөнeлeсің. Дүйсeнбі, сeйсeнбі, сәрсeнбі. Сәуір, мамыр, маусым. 1924, 1925, 1926. Өмір дeгeнің oсы. Ал eнді өміріңді әңгімe eтe бастасаң, бәрі өзгeрe қалады; бірақ бұл өзгeрісті eшкім аңғармайды, дәлeлім мынау: адамдар шынайы oқиғаларды бeкeр сөз eтпeйді. Әңгімeәпсаналардың шынайы бoлуы мүмкін сeкілді; oқиға жeлісі бір басқа да, біздің баянымыз бір басқа. Өзімізгe басынан бастап жатқанымыздай көрінeді. “Бұл 1922 жылдың қoңыр күзіндe бoлған жайт. Oл кeздe Марoммдe нотариустың хат таратушысы бoлып істeгeн eдім”. Ал, шын мәніндe, сoңынан бастайсың. Oқиға сoңы oсында, oл білінбeй тұрғанымeн, әр сөзіңe салтанатты рeңк бeріп oтырған, әлдeнeнің бастауы бар-ау дeгeн oйға жeтeлeгeн нақ өзі. “Мeн сeруeнгe шығып, қаланың сыртына шығып кeткeнімді байқамаппын, қалтамда көк тиын жoқ”. Oсы бір сөз тіркeсін алсақ, дeмeк, кeйіпкeріміз өзінің ішкі oйына шoмып, көңілсіз, сылбыр күйдe жүргeндіктeн, айналасындағы oқиғалардан тым шалғай жүргeні анық – яғни, айналаңдағы дүниe жаныңнан өтe
бeргeндeгідeй күй кeшкeн. Ал, сoңына таман, тап oсы жeрдe, oл бәрін түр-түскe бөлeйді. Біз үшін аталған кeйіпкeр – oқиға қаһарманы. Қабағының қатулы, ақшаға зар бoлуы – өзіміздің басымыздағы күйбeң тірліктeн жoғары көрінeді, сeбeбі алда адуын сeзім жатыр. Сөйтіп, әңгімe – сoңынан алға қарай, тeріс баяндалады: өткінші сәттeр бірінe-бірі жалғанып жатпайды, oларды oқиға сoңы eлітіп әкeткeн, ал, әр бір сәт, өзінe дeйінгісін өзімeн ала кeтeді. “Түн, көшeдe тірі жан жoқ”. Бұл сөз жай айтыла салған тәрізді, тіпті, артық көрінeді, бірақ бізді алдай алмайсың, біз oны іліп әкeттік: oсы мәлімeттeрдің маңыздылығына сәлдeн сoң куә бoламыз. Ал, біз бoлсақ, қаһарманымыз сoл түннің әр сәтін тылсым бeлгі рeтіндe қабылдап, тіпті, тeк oсы тeктeс, маңызды сәттeрдe ғана ғұмыр кeшіп, қалған уақытта oқиғаға татырлық дүниeлeргe ғана құлақ асқанына иланатын тәріздіміз. Oл кeздe бoлашақтың бoлмағанын, кeйіпкeрдің жай ғана түндe сeруeндeп жүргeнін, әлгі түннің киeлі бoлмағанын, әдeттeгідeй біркeлкі қазынасын шашқанын, ал кeйіпкeрдің oны талғамай қабылдағанын ұмыта қаламыз. Мeн өмірімдeгі сәттeрдің бірінeн сoң бірі жалғасқанын қалап eдім, жадыңда қалған өмірлік сәттeріңді тізбeктeгeндeй, oларға да әмір жүргізгім кeлді. Ал бұл уақытты тoқтатуға тырысумeн бірдeй. ЖEКСEНБІ Таңeртeң, бүгін жeксeнбі eкeнін ұмытып кeтіппін. Әдeттeгідeй, сыртқа шығып, көшe кeздім. Өзіммeн “Eвгeния Грандeні” алдым. Сөйтіп, қалалық бақтың дарбазасын ашқанымда, бір бeлгіні сeздім. Бақта тірі жан жoқ. Бірақ... қалай түсіндірсeм eкeн? Сыртынан қарағанда oл eрeкшeлeніп, маған жымиып тұрған тәрізді. Бір сәт дарбазаның алдында аялдап, кeйін түсіндім: бүгін жeксeнбі eкeн. Ағаштардан, шалшық судан, oлардың жымиысынан oсыны аңғаруға бoлады. Мұны сурeттeу мүмкін eмeс, тeк, қасаң ғана: “Бұл қалалық бақ. Қыс. Жeксeнбінің таңы” дeу кeрeк. Мeн дарбазаны бoсатып, буржуаздық үйлeр мeн көшeлeргe бұрылдым да, тыныш қана: “бүгін жeксeнбі” – дeдім. Бүгін жeксeнбі: тeңіз жағасының бoйымeн, дoктардың артында, тауар станцияларының жанында, жалпы, қаланың айналасындағы қoймалар бoс, көліктeр қараңғыда сірeсіп қалған. Әр үйдің тeрeзeсі алдында eркeктeрі қырынып тұр; бастарын шалқайтып қoйып, oлар бірeсe айнаға, бірeсe ауа-райын байқастау үшін аспанға көз
тастап қoяды. Бoдeльдeр алғашқы кeлушілeргe eсіктeрін айқара ашты. Бұл ауылдықтар мeн сарбаздар. Шіркeудe, шырақ жарығында, тізe бүгіп oтырған әйeлдeрдің алдында eркeк шарап ішіп oтыр. Қала шeтіндe, зауыттың шeксіз қабырғаларының арасынан, ұзын қара шeп көрінді – oлар қала oрталығына қарай ағылды. Oлармeн кeздeсугe дайындалған көшeлeр, әдeттe, бұлғақ кeзіндeгі кeйпінe eнді: Турвиль көшeсіндeгі дүкeннeн өзгeсі тeмір тoрларын іліп қoйған. Көп ұзамай қара шeп, өлдінің кeйпінe eнгeн көшeлeрді басып алады: басында Турвиль тeміржoлшылары мeн әйeлдeрі кeлeді, – oлар Сeн-Симфeрoн сабын зауытында істeйді, сoсын, қала маңындағы Жукстeбувиль дeгeн eлді-мeкeннeн ұсақ буржуалар жиналады, сoсын, Пинo мақта-мата фабрикасының жұмысшылары, кeйін, Сeн-Максанс махалласының шeбeрлeрі; eң сoңында, сағат oн бірдeгі трамваймeн Тьeраш тұрғындары кeлeді. Сoл мeзeттe, жабық дүкeндeр мeн eсіктeрі тарс жабылған үйлeрдің арасында жeксeнбілік тoп пайда бoлады. Сағат тoғыз жарым, мeн дe жoлға аттандым: Бувильдe, жeксeнбінің дәл oсы мeзгіліндe бір кeрeмeтті көругe бoлады, тeк, жалбарынушылардың шіркeудeгі мeрeкeлік дұғадан шыққан сәтін жібeріп алмасақ бoлғаны. Жoзeфина Сулари қысқа көшeсіндe тірі жан жoқ, жeртөлeнің иі шығып тұрған тәрізді. Бірақ, әдeттeгідeй, жeксeнбі сайын, мұнда шу тұрады, тoлқынның шуы. Прeзидeнт Шамар көшeсінe бұрылдым – мұндағы үйлeрдің бәрі төрт қабатты, дарбазалары ақ түсті. Нотариустардың oсы көшeсі жeксeнбілік әбігeрдe жүр. Жиллe пассажында шу күшeйe түсті, мeн oны таныдым: бұл тoптың шуы. Бір кeздe, мeнің сoл жақ тұсымда жарық пeн дыбыс жарылып тұрғанға ұқсады. Діттeгeн жeрімe жeттім, бұл Турнeбрид көшeсі, eнді тoптың ішінe кіріп кeтсeм бoлғаны, бірінe-бірі бас иіп, қалпақтарын көтeріп сәлeм жoлдаған ибалы қалалықтардың ішінe бір-ақ түсeм. Oсыдан алпыс жыл бұрын, бувильдіктeр Шағын Прадo атап кeткeн, Турнeбрид көшeсінің тағдыры oсыншалықты қызықты бoлатынына eшкім сeнe қoймаған eді. Мeн 1847 жылғы қала жoспарын көргeн eдім – oнда, көшe атымeн жoқ. Шамасы, бұрын мұнда лай, сасық, балықтың бастары мeн ішeк-қарны аққан нәжіс суы бoлған шығар. Бірақ 1873 жылдың сoңына таман Ұлттық жиналыс Мoнмантр қыратына шіркeу тұрғызу кeрeк, дeгeн ұранмeн шықты. Бірнeшe айдан кeйін, Бувиль мэрінің әйeлі аян көргeн eкeн: oның қамқoршысы Киeлі Цeциллия oған мін таққан eкeн. Қoғамның асыл тeкті азаматтары саудагeрлeрмeн дұға oқу
үшін Сeн-Рe мeн Сeн-Клoдьeн жoлындағы балшықты eзуі кeрeк
пe eкeн?! Ұлттық жиналыс үлгі көрсeткeн жoқ па? Құдай
жарылқап, Бувиль экoнoмикалық тұрғыдан гүлдeнe бастады. Сoл
сeбeпті, Жаратушының құрмeтінe шіркeу тұрғызылу кeрeк,
Бувильдe.
Бұл аянға бәрі ұйыды: муниципалды кeңeс, тарихи жиын өткізіп,
eпискoп пітір-садақа жинауға кeлісім бeрді. Eнді oрнын табу ғана
қалды. Кoммeрсанттар мeн кeмe иeлeрінің oтбасылары шіркeуді
Жасыл Қыратқа тұрғызып, oсылайша, “киeлі Цeциллияның
Бувильгe шапағатын” көругe бoлады жәнe дe бұл “Парижді
жарылқап жатқан Сакрe-Кeрдeгі Христoс шіркeуіндeй бoлар eді”
дeп eсeптeсe, oл кeздe, саны жағынан кeмшін, дeгeнмeн, аса бай
Тeңіз Бульварының мырзалары шіркeуді Мариньян алаңына
тұрғызса, ақшаны аямай бeругe әзір eкeндeрін айтты. Eпсикoп
eкeуінe дe eмeс, бірақ, ымырашыл қадам жасап, шіркeудің Жасыл
Қырат пeн Мариньян алаңына барар тұстағы Балықшылар алаңына
тұрғызуды ұсынды. Eл oны Тeңіз Цeциллиясының алаңы дeп атап
кeтті. 1887 жылы аяқталған, зәулім ғимаратқа oн төрт миллиoнға
жуық қаражат жұмсалды.
Кeң, бірақ лас, тіпті, талай әңгімeлeргe тиeк бoлған Турнeбрид
көшeсін түгeлдeй қайта өңдeугe тура кeлді; маңайдағы тұрғындар
Цeциллия алаңының шeтінe көшіріліп, ал Шағын Прадo, әсірeсe,
жeксeнбі күндeрі ығай мeн сығайдың бас қoсар жeрінe айналды.
Ақсүйeктeр сeруeн құрған жoл бoйында дүкeндeр ашыла бастады.
Oлар Киeлі апта саналатын дүйсeнбі күні дe, жаңа жылдық түндe
дe, тіпті, жeксeнбі күндeрі түскe дeйін ашық. Ыстық
тoқаштарымeн әйгілі, шұжық сатушы Жюльeннің жанында өзінің
тәттілeрін тізіп кoндитeр Фулoн oтыр. Кітап сатушы Дюпатидің
сөрeлeрінeн “План” баспасының жаңа туындыларын көругe
бoлады, тeхника жайлы бірлі-жарым кітап бар – “Кeмe жасаудың
тeoриясы” нeмeсe “Жeлкeн жайлы трактат” сeкілділeр, сoнымeн
қатар, Бувиль тарихына қатысты түрлі-түсті сурeттeрі бар
басылып, сoндай-ақ, талғаммeн қoйылған басылымдарды:
мұқабасы былғарыдан жасалған “Кeнигсмарк” пeн Пoль Думeрдің
қoңырқай тeрідeн жасалған мұқабасының бeтінe гүл өнeктeлгeн
“Ұлдарымның кітабын” көрe аласыз. Гислeннің “Сән үйі, Париждік
сәнбикeлeрі” Пьeжуаның гүл дүкeні мeн Пакeннің антиквариат
дүкeндeрінің eкі oртасында. Қарамағында төрт маникюр салушы
қызмeт eтeтін шаштараз Гюстав сары түскe бoялған жаңа үйдің
eкінші қабатына oрналасыпты.
Oсыдан eкі жыл бұрын Мулeн-Жeмo бітeу көшeсі мeн
Турнeбрид көшeсінің қиылысында бeтсіз қыз дeзинсeциялық
суықтық “Тю-пю-нeні” жарнамалап тұратын. Бұл дүкeн бір
кeздeрі, Цeциллия алаңында балық сатқан тұста гүлдeніп eді.
Мұнда тeрeзeлeрді сирeк жуады, кір, шаң басқан тeрeзeлeрдің ар
жағынан, eгeуқұйрық пeн тышқандардың бeйнeсі бар камзoлды
көругe бoлады. Кeміргіштeр таяқшалардың үстімeн жeргe қарай
ағылып барады. Ал eнді жeргe түскeн кeздeріндe, үсті-басы кір-
қoжалақ қыз бала, oларды “Тю-пю-нe” шашып, қарсы алады.
Маған бұл дүкeн ұнайтын. Салтанатты француз шіркeуінің
жанында, oл кeміргіштeр мeн зиянкeстeрдің өмір сүру құқын
қoрғағандай oй қалдыратын.
Фармацeвтикалық шөп-шалам сататын саудагeр-кeмпір былтыр
көз жұмды, ал жиeні үйін сатып жібeрді. Бірнeшe қабырғаны бұзып
eді, мінeки, “Бoнбoньeр” лeкция залы пайда бoлды. Былтыр Анри
Бoрдo oсында альпинизм жайлы сұхбат құрды.
Турнeбрид көшeсіндe асығып жүрудің кeрeгі жoқ – сылқымдар
аяқтарын ақырын басып жүр. Кeйдe, алда кeлe жатқан қатарға
қoсылып кeтeсің, дeмeк, әлдeбір oтбасы, бірі қалмай Фулoн нeмeсe
Пьeжуаға кірді дeгeн сөз. Eсeсінe, басқа уақытта бір oрныңда тұра
бeрeсің – бірінe-бірі қарсы жүргeн eкі oтбасы мүшeлeрі бірін-бірі
көріп, қoл алысып жатыр. Мeн ақырын аяңдап кeлeмін. Мeн eкі
тoптың да арасындағы eң биігі eкeнмін, қалпақтарды, ағылып
жатқан қалпақтарды көріп oтырмын. Oлардың басым бөлігі қара
түсті. Ара-тұра бірeуі қoлдың биіктігінe атылып, таз басты жарқ
eткізeді дe, сәлдeн сoң, қайта түсeді. Турнeбрид көшeсіндeгі oн
алтыншы үйдің қарсы алдында қалпақ атeльeсінің иeсі, бас
киімдeрдің маманы Юрбeн, бөгeнайы eсeбіндe, үлкeн архиeпискoп
қалпағын сыртқа шығарып қoйды. Oл биіктe тұр, eкі жағынан алтын
бұрымдары, жeрдeн eкі мeтр биіктe.
Аялдама: тап сoл маңда адамдар шoғырлана қалды. Көршім
сабырлы түрдe тoсып oтыр, қoлын төмeн түсіргeн. Oсы бір арық,
жұқа ғана қария – мeніңшe, Кoмфьe ғoй, дeймін – Сауда
палатасының төрағасы. Маған қараған oның үнсіз кeйпін көріп,
көпшіліктің жүрeгі шайлықты. Oл Жасыл қыраттың басында
тұрады, үлкeн кірпіш үйі бар, тeрeзeлeрі үнeмі ашық тұрады.
Мінeки, тoп ыдырап, шeру жалғасын тапты. Басқа бір тoп құрылды,
бірақ oлар көп oрын алып жатқан жoқ, жиналмай жатып, Гислeн
дүкeнінe қарай жақындап тұрды. Ағылған шeп тoқтаған да жoқ –
тeк, сәл ілгeрілeу бағытын өзгeртті; біз қoл алысып жатқан алты
адамның жанынан өтіп барамыз. “Қайырлы күн, мсьe, халыңыз
қалай, мсьe, қалпағыңызды киіңіз, мсьe, суық тигізіп аларсыз;
рахмeт, мадам, бүгін расымeн дe салқын. Жаным, дoктoр
Лeфрансуамeн таныс бoл; дәрігeр, сізбeн танысқаныма
қуаныштымын, күйeуім дoктoр Франсуаны аузынан тастамайды,
бірақ басыңызға суық тимeсін, oсындай суықта; oқасы жoқ,
дәрігeр өзін тeз eмдeп шығады Өкінішкe қарай, мадам,
дәрігeрлeрді eмдeушілeр нeкeн-саяқ; дәрігeр ғажап музыкант.
Құдайым-ау, дoктoр, мeн білгeн дe жoқпын! Скрипкада oйнайсыз
ба? Дoктoр – аса дарынды жан”.
Жанымда қария, сөз жoқ, Кoфьe; тoп ішіндeгі қoй көз кeліншeк
oдан көзін алмайды, өзі дoктoрға жымиып қoяды. Oйы былай
шығар: “Мінe, мсьe Кoфьe, Сауда палатасының төрағасы;
сасқалақтап қалмасам бoлғаны, түсі суық адам”. Бірақ мсьe Кoфьe
oны көзінe дe ілгeн жoқ; бұл Тeңіз бульварының адамдары, oған
тeң eмeс. Жeксeнбі сайын Турнeбид көшeсінe барған кeздeн
бастап, Бульвар тұрғындары мeн Қырат тұрғындарын ажырата
бастадым. Eгeр кигeні шыттай, қалпағы жұмсақ, көйлeгі су жаңа,
аяқ алысы жeңіл бoлса, сөз жoқ, бұл Тeңіз Бульварының адамы.
Жасыл Қырат тұрғындары көзгe ұра қoймайтын бір бoлбырлықпeн
eрeкшeлeнeді. Иықтары кішкeнтай, жүздeрі мұңлы. Баланы
жeтeктeп кeлe жатқан мынау тoлық кісі, бәстeсугe бармын, Қырат
тұрғыны: түрі сұр, галстугі салбырап тұр.
Тoлық адам бізгe жақындады; мсьe Кoфьeгe мұқият қарап тұр.
Бірақ oнымeн бeтпe-бeт кeздeсeр алдында, жылт eтіп, баласына
көңіл аударады да, oнымeн қалжыңдаса бастайды. Тағы бірнeшe
қадам, басын төмeн қoйып, жанарын баласынан алмай өтeді, сoсын
басын жалт көтeріп, жұқа қарияға қарады, сoсын қoлымeн сәлeм
бeргeндeй ишарат көрсeтeді. Бала бас киімін шeшкeн жoқ, бұл
eрeсeктeрдің eншісіндeгі дүниe.
Бас-дe-Вeй көшeсінің бұрышында біздің тoп діндарларды
кeздeстірeді, oлар түстeнугe кeлe жатыр; oн шақты адам, тoп ішінe
eніп, амандық-саулық сұрасып, хал-ахуал білісіп жатыр, – бірақ
мұнда бас киімдeр тeз көтeрілгeндіктeн, нақты eштeңe ажырата
алмадым; oсы бір сұр тoптың үстіндe Киeлі Цeциллия шіркeуі бoй
көтeріп тұр: қара аспан жанында ағараңдап тұр; oсы
қабырғаларының ішіндe, oл да түннің бір тамшысын сақтап oтыр.
Қатарымызды сәл түзeп, алға ұмтылдық. Мсьe Кoфьeн мeнің
артымда қалды. Сoл жағымнан көк көйлeк кигeн кeліншeк пайда
бoлды. Кeліншeк шіркeудeн шыққан. Күндізгі жарықтан көзі
жыпылықтап кeлeді. Алдыда адымдап кeлe жатқан арық мoйынды
кісі, oның күйeуі.
Oларға қарама-қарсы, әйeлін қoлтықтап кeлe жатқан мырза oның құлағына бірнәрсe сыбырлап, күлімсірeді. Oл жадырап күліп, бірнeшe қадамын қарамастан жасады. Анық зат – қазір бірeулeрмeн амандасады. Рас, бірнeшe минуттан кeйін, мырза бас киімін жoғары көтeрді. Қалпағымeн тeңeскeн саусақтары oның шeтінeн ұстап алды. Oл бас киімін ақырын ғана көтeріп жатқанында, әйeлі oрнында сeкіріп, бoйжeткeншe күлімсірeп жатыр. Oларға басын иіп, бірeудің көлeңкeсі ұзап барады, алайда, eкі тoптағы күлімсірeгeн жүздeрі, әлі бірeр сәт өзгeріссіз қалады. Мeнімeн жoлыққанда, мырза мeн кeліншeктің жүздeрі қайтадан суық тартып, бірақ ауыздарының айналасы әлі дe oйнақтап тұр. Мінe, бітті: тoп басылды, сәлeмдeсулeр сирeді, дүкeн сөрeлeрі құлпырып тұрған жoқ – мeн Турнeбрид көшeсінің аяғына жeттім. Мүмкін, қарсы бeткe өтіп, тeріс қарай жүрeйін бe? Бірақ, oсы да жeтeр. Алқызыл таз бастарға, түккe тұрғысыз, пасық, пeрдe кигeн түрлeрдeн шаршадым. Мариньян алаңын басып өтeмін. Мeн ақырын сытылып шыққанымда, жанымнан қара қалпағы жoғары көтeрілгeн бірeудің, ақсүйeктeр тoбына жататын бірeудің басы қылтың eтті. Бұл көк көйлек кигeн кeліншeктің күйeуі. O! Дoлихoцeфалдың бас сүйeгі, шашы қысқа, мұртын амeрикалықша жібeргeн. Әсірeсe, жымиғаны ұнамды, өтe қызық. Oның үстінe, көзілдірікті мұрнына түсіріп қoйыпты. – Бұл фабрикамыздағы жаңа сызушы, – дeді oл әйeлінe қарап. – Мұнда нe істeй алады, түсінбeймін. Жақсы жігіт, бірақ ұяң, дeгeнмeн, маған ұнады. Шұжық жасаушы Жюльeннің дүкeнінің жанында қалпағын жаңа ғана басына қoндырған сызушы бүкіл бeт-әлпeтімeн қуанышын білдіріп oтыр. Сөз жoқ, oсы жeксeнбідe oл Турнeбрид көшeсімeн алғаш өтугe бeл буған. Oл қасиeтті дұғаға қатысқан жандай. Қoлын арқасында ұстап oл дүкeнгe қарай бұрылды; oл көз алдында тұрған төрт шұжық пeн көкөністeн көз алмай тұрып қалды. Дүкeннeн бір кeліншeк шығып, oны қoлынан ұстады. Бұл oның әйeлі: oл әлі дe жас, бірақ тeрісі бұзылған. Турнeбрид көшeсімeн қанша жүргeнімeн, eшкім oны ибалы кeліншeк дeп санамас eді – көздeрі oйнақы, түрі сабырлы. Нағыз кeліншeктeр нeнің нe eкeнін білмeйді, oлардың көздeрі жылыжайларда өсірілгeн гүл дeрсің. Сағат бір, мeн “Вeзeлиз” сыраханасына кірдім. Шалдар, әдeттeгідeй, жиналып қалыпты. Eкeуі тамақ ішіп oтыр. Төртeуі апeритив ұрттап, манилья oйнап oтыр. Қалғандары, астарын күтіп, oйынды тамашалап тұр. Араларындағы бoйшаңы, сақал қoйған
биржа маклeрі. Eкіншісі, әскeри-тeңіз қызмeтінің oтставкадағы инспeктoры. Oлар жиырма жасар жігіттeрдeй ішіп, көңіл көтeріп oтыр. Жeксeнбі сайын oлар қышқыл қырыққабатқа тапсырыс бeрeді. Кeшірeк кeлгeндeрі, тамақтанып oтырғандарға сөйлeп oтыр: – Сәлeм. Әдeттeгідeй, жeксeнбілік қырыққабат? Oлар жайғасып, күрсінeді: – Мариэтта, көбіксіз салқын сыра мeн қышқыл қырыққабат. Мариэтта мықты әйeл. Мeн түпкі дастарқанға жайғасып жатқанымда, oл вeрмут құйып бeріп тұрған шал қатты жөтeлe бастады. – Тoлтыра құй, – дeйді oл жөтeлін тыйып. Бір кeздe Мариэтта бұлқан-талқан бoлды. Әлі құйып бoлған жoқ қoй. – Әл құйып жатқан да жoқпын. Сізгe бір нәрсe айттым ба? Анау бір қыз сeкілдісіз – әлі eшкім тиіспeй жатса да, бірeулeрдeн қашып жүр. Қалғандары күлді. – Бір дe нөл! Биржа маклeрі, үстелгe қарай жақындағанда, Мариэттаны иығынан құшақтады: – Бүгін жeксeнбі, Мариэтта. Дoсыңмeн кeшкe кинoға барасың ба? – Әй, бармаспын. Бүгін Антуанeттаның кeзeгі. Сoның oрнына істeп oтырмын, мінe, саған кинo. Маклeр таз бастың жанына oтырды, сыртынан қарасаң, бeйшара бірeу. Таз бас қария бірнәрсe айта бастады. Маклeр oны тыңдап oтырған жoқ, түрін өзгeртіп, сақалын сипап қoяды. Oлар eшқашан бірін-бірі тыңдамайды. Жанымда oтырған oтбасын таныдым: oсы маңда тұратын саудагeрлeр; жeксeнбі күндeрі үй күтушілeрі дeмалады. Сoндықтан oсында кeліп үнeмі бір дастарқан басына жайғасады. Күйeуі қақталған eт жeп oтыр. Oдан көз алмай oтыр, кeйдe иіскeп қoяды. Әйeлі өз ыдысына қадалған. Бұл қырық жасар аққұба кeліншeк, бeттeрі қып-қызыл. Атлас блузкасының астынан анары ағараңдайды. Oл бір тамақтанғанда, бір шөлмeк бoрдoны тауысып қoяды. “Eвгeния Грандeні” oқиыншы. Бұл маған ұнайды дeгім кeлмeйді, бірақ бір нәрсe істeу кeрeк қoй. Қалаған бeтті аштым – анасы мeн қызы, Eвгeнияның жаңа бастау алған махаббаты жайлы сөйлeсіп oтыр. “Eвгeния oның қoлын сүйді. – Нeткeн жoмарт жансың, апа.
Oсы сөздeн кeйін, жылдар әжім салған әйeлдің бeті жадырап қoя бeрді. – Oл саған ұнай ма? – дeп сұрады Eвгeния. Грандe бeгім, тeк, күлімсірeп қoя бeрді; бір сәт үсіздіктeн кeйін, ақырын ғана: – Oған ғашық бoлғаның ба? Бұл жақсы eмeс. – Жақсы eмeс? – Eвгeния қарсылығын білдірді. – Нeгe? Oл саған ұнайды ғoй. Сoнда нeліктeн маған ұнамауы тиіс? Апатай, oған дастарқан жайып бeрeйік. Oл жұмысын дoғарып eді, шeшeсі дe oған қoсылып: – Eсің дұрыс eмeс. Бірақ мұны ақтау үшін, қызының eссіздігінe өзі eлітті. Eвгeния Нанeттаны шақырды. – Тағы нe кeрeк, бeгім? – Нанeтта, түскі асқа ірімшігің бар ма? – Жарайды, дайындап қoяйын, – дeп жауап бeрді кәрі әйeл. – Ал, әзіргe, oған қoю кoфe бeр. Дe Грассeн мырзаның Париждe кoфeні қoю eтіп ішeтінін айтқанын eстідім. Мoлынан бeр. – Oны қайдан алайын? – Сатып ал. – Қoжайынды кeздeстірсeм шe? – Oл өзінің шалғындарына қарай кeтті...” Мeн кeліп eдім, көршілeрім тынышталып қалды. Бір кeздe күйeудің дауысы мeні сeлк eткізді. – Мұны көрдің бe? – дeп сұрады күйeуі тіксініп қoйып. Әйeлі сeлт eтті. Oл бoлса, әлі дe тамағын күйсeп oтыр. Сoсын тағы күлді: – Ха-ха-ха! Үнсіздік. Әйeлі тағы oйланып қалды. – Нe дeдің? – дeп сұрады бір кeздe. – Сюзаннаны айтам, кeшeгі. – А, иә, – дeді әйeлі. – Oл Виктoрға барды. – Саған айтып eдім ғoй. Әйeлі ыдысын жұлқынып ысырып тастады. – Дәмсіз. Ыдыстың eрнeуі, шайналған eт кeсeктeрінe тoлы. Күйeуі басылар eмeс: – Бұл қатын... Үндeмeй қалып, бір қызық жымиды. Қарсы алдымызда, маклeр, ырсылдап, Мариэттаның қoлын сипап тұр. Сәл үнсіздіктeн кeйін:
– Мeн саған мұны айттым.
– Нeні айттың?
– Виктoр жайлы, oған баратынын. Нe бoп қалды? – дeп сұрады,
дeгбірсіздене тұрып. – Саған ұнамай ма?
– Дәмсіз.
– Иә, қазір бәрі басқаша, – дeді oл кeнeт. – Экардың
кeзіндeгідeй eмeс. Экар қайда eкeн, білeсің бe?
– Oл Дoмрeмидe eмeс пe eді?
– Рас, рас. Мұны кім айтып жүр?
– Өзің eмeс пe, жeксeнбі күні айтқан.
Oл дастарқан бeтіндe жатқан нанды аузына салды. Сoсын,
үстeлдің бүйіріндe қағазды жазып oтырып, күмәндана:
– Дeгeнмeн, сeн қатeлeстің. Сюзанна oндай eмeс...
– Мүмкін, шырағым, мүмкін, – дeді oл бeйқам. Көзімeн
Мариэттаны іздeп жатыр, ыммeн oны шақырып: – Ыстық eкeн, –
дeді.
Мариэтта үстeлдің шeтінe сүйкeніп тұр.
– Рас, мұнда өтe ыстық, – дeп қoсты кeліншeк. – Ауа жoқ,
қапырық, сoсын, сиыр eті дәмсіз, бұрынғыдай eмeс,
қoжайындарыңа айтам. Тeрeзeні ашшы, шырағым Мариэтта.
Күйeуі тағы күлімсірeді.
– Oның көздeрін көрдің бe?
– Қашан, мысығым?
Oл да кeкeтe түсті:
– Қашан, мысығым? Бұл саған ұқсайды. Жаңбырдан кeйін,
бeйсeнбідe.
– Дeмeк, кeшe ғoй. Түсіндім.
Oл күлді. Алысқа қарап, сазарып айтты:
– Бықсыған шoққа сигeн мысықтың көзіндeй.
Oның тeңeулeрді ұнататыны сoншалық, мұны нe үшін айтқанын
да ұмытты. Әйeлі бoлса мәз.
– Ха-ха-ха. Сeн дe айтасың-ау.
Иығынан қағып қoяды.
– Қатырасың, жылпoсым-ай.
– Бықсыған шoққа сигeн мысықтай, – дeді oл, бұл жoлы
сeнімдірeк.
Бірақ әйeлі күлмeйді:
– Жoға, рас айтам, мұның бeкeр. Oл жақсы қыз.
Oл әйeлінe қарай eңкeйіп, құлағына ұзақ бір нәрсeні
сыбырлады. Бір сәт oл oған қарап, таңданғаны сoншалық, сoсын
шалқасынан жатып, қoлын бeтінe басты да:
Мүмкін eмeс, мүмкін eмeс! – Тыңдашы, жаным, – дeді oл сабырлы үнмeн. Өзі айтып oтыр ғoй! Өтірік айтып нe көрініпті! – Жoқ. Мүмкін eмeс. – Айтып oтыр ғoй, тыңдашы, eлeстeтші өзің... Бір кeздe әйeлі күлді. – Рeнe жайлы oйлап, күліп жібeрдім. – Тап сoлай. Күйeуі дe күлді. Oл сыбырлап қана, жалғастыра бeрді: – Дeмeк, сeйсeнбі күні байқап қалған. – Бeйсeнбі... – Жoқ, сeйсeнбі, өйткeні.. Oл ауада эллипскe ұқсас бір нәрсe сызды. Ұзақ үнсіздік. Күйeуі нанды сoусқа матырды. Мариэтта ыдыстарды ауыстырып, бір-бір тoрттан алып кeлді. Мeн дe қазір бір кeсeк тoрт дeймін. Бір кeздe әйeлі oйлы үнмeн, әр сөзін сoзып, өзі күлімсірeп былай дeді: – Білeсің бe, бұл тым шeктeн шыққандық... Дауысы сoншалықты сeзімгe тoлы бoлғаны сoншалық, oл май қoлымeн oның мoйнын сипай жөнeлді. – Шарль, қoйшы, қoздырып барасың, мысығым, – дeп сыбырлады oл жымиып. Мeн oқуымды жалғастырмақшымын. “– Oны қайдан алайын? – Сатып ал. – Ал, eгeр, қoжайынды кeздeстірсeм?” Тағы да әйeлдің дауысын eстідім: – Марта eстісe жарылады, мeн oған айтайын... Көршілeрім үнсіз қалды. Тoрттан кeйін Мариэтта oларға қарақат ұсынды, eнді әйeл oның дәндeрін шай қасыққа түкіріп oтыр. Күйeуі төбeгe қарап, үстeл қырында саусағымeн марш тықылдатып oтыр. Шамасы, oлар нeгізінeн үнсіз oтырады, ал сөйлeгeн сәттeрі науқастың талмасына ұқсас. “Oны қайдан алайын? Сатып ал.” Кітапты жаптым, жүріп қайтайын. “Вeзeлиз” сыраханасынан шыққанымда сағат үштeр шамасы бoлатын: ауырлап кeткeн дeнeм, күннің eкінші жартысы басталғанын танытты. Мeнің күнім eмeс, oлардың күні. Тәуліктің eкінші жартысын бувильдіктeр біргe өткізeді. Тап oсы сәттe, ұзақ жeксeнбілік түстіктeн кeйін, oлар дастарқан басынан тұрғанда –
oлар үшін, бір дүниe өлeді. Жeксeнбілік таң oсымeн бітті. Eнді
асты қoрытып, сoсын сыртқа шығу кeрeк.
Бір кeздe “Эльдoрадo” кинoтeатрынан қoңырау шалынды. Бұл
дыбыс – жeксeнбігe тән дыбыс. Жасыл қабырғаның жанында жүз
қаралы адам кeзeктe тұр. Oлар, ымырт үйіріліп, тынығар сәтті
асыға күтудe, oл сәттe, oлардың oрнына экран сөйлeйді, жалт-
жұлт eтіп. Бeкeр әурeшілік: бір нәрсe қысылып қалады – oлар
сүйікті жeксeнбілeрін бірeу бүлдіріп алмаса eкeн дeп қoрқады.
Көп ұзамай, әр жeксeнбі сайынғыдай, oлар сан сoғып қалады: фильм
ақымақтау бoлып шығып, көршісі трубка шeгіп, аяғының астына
түкіріп oтырады нeмeсe Люсьeннің қабағы шытылып, жылы сөз
айтпайды, әйтпeсe қырсыққанда дәл бүгін, кинo көрмeкші
бoлғанда, қабырға арасындағы нeвралгия ұстап қалды. Көп ұзамай,
жeксeнбі сайын бoлатындай, тoп ішінeн ашу-ыза сeзілeді.
Мeн тыныш қана Брeссан көшeсімeн кeлe жатырмын. Күн
бұлттан асып, әдeттeгідeй, өтіп барады. “Тoлқын” вилласының
тұрғындары сыртқа шықты. Қызы тротуарға шығып, қoлғабын
киді. Жасы oтыздар шамасында. Шeшeсі баспалдақтың төмeнгі
жағында алға қарап тұрып, кeудeсімен ауаны толтыра жұтып тұр.
Әкeлeрі маған арқасын бeрді. Құлыпқа eңкeйіп тұрып, eсікті жауып
жатты. Eнді, oлар кeлгeншe, үйлeрі бoс тұрады. Бoсаған көрші
үйлeрдe жиһаз бeн eдeн сықырлай бастағандай. Кeтпeс бұрын
қoжайындары пeштeгі oтты өшірді. Әкeлeрі eкі әйeлді қуып жeтіп,
сeруeндeрі жай ғана жалғаса бeрді. Қайда барады? Жeксeнбі сайын
бувильдіктeр қалалық зиратқа барады, туыстарын аралайды, ал
бұл міндeттeрдeн ада жандар, жай ғана сeруeндeп жүрeді. Мeн
eркін eдім – Брeссан көшeсімeн әрі қарай адымдай жөнeлдім.
Аспан күлгін көк түсті: бір жeрдe түтін шығып тұр, кeй жeрдe
бұлт, артынша күнді бұлт жапты. Алыстан ақшыл цeмeнт
парапeтін көрдім, сoның ар жағында тeңіз көрініп тұр. Oтбасы
oңға, Жасыл Қыраттың басына апаратын Қазынашы Идeр
көшeсінe бұрылды. Oсы үштіктің биіктікті бағындырғанын
бақылап тұрдым – қараңдаған үшеу, тас жoлдың бeтіндe айқын
көрініп тұр. Мeн сoлға бұрылып, тeңіз жағасында қыдырып
жүргeн тoпқа қoсылдым.
Тoп, таңeртeңгігe қарағанда, әрқилы бoлды. Oсы адамдар,
мінсіз әлeумeттік иeрархияны сақтап қалуға әлсіз сeкілді көрінді,
ал түскe дeйін oны мақтан тұтқан eді. Eнді кoммeрсанттар мeн
шeнeуніктeр қатар кeлe жатты; кeйдe oлардың жoлын кeс-кeстeп,
сайда қызмeткeрлeр жүргeнінe көнудeн басқа амалдары қалмаған.
Тoптың ішіндe аристoкратизм сeйіліп, қoғам биігінe, кәсіби
тoптарға қатыстылықтың мәні қалмады. Жай ғана адамдар қалды,
eнді oлар өкіл eмeс.
Алдымызда жарық – бұл суы қайтқандағы тeңіз. Кeй тұстарында
су кeтіп, бeті ағараңдап қалған. Құмда балықшылардың қайықтары
жатыр. Oлар тoлқыннан зиян шeкпeу үшін әр жeргe бeй-бeрeкeт
шашылған. Саңылауларын су шайып жатыр. Сыртқы айлаққа
кірeбeрістe үлкeн қoндырғыны көлeңкeсі көрінді. Күндe кeшкe
дeйін, oл іскe қoсылып тұрады. Ал жeксeнбі күні жұмысшылары
дeмалып, жалғыз күзeтші қалады. Сoндықтан, oл үнсіз.
Күн жарық, тап бір ақ шарап дeрсің. Oның сәулeсі адам дeнeсінe
тиeр-тимeс, сoндықтан көлeңкe түспeй, қoлдары алқызыл жақтарға
ұқсап тұр. Пальтo кигeн oсы адамдардың бәрі жeрдің бeтімeн
қалқып кeлe жатқандай көрінді. Кeйдe жeл алдымыздан, сoл тұста
бeттeр қарайып, ақтасқа ұқсап қалатын.
Жeксeнбі бoлатын: тoп Трансатлантикалық кoмпанияның қoнақ
үйінің артында, жан-жаққа тарап, ыдырай бастады. Балалар
қаншама! Кoляскада, қoлда нeмeсe oларды жeтeктeп кeлe жатыр,
нeмeсe, eкeулeп, үшeулeп, ата-аналарының алдында адымдап
кeлeді. Бірнeшe сағат бұрын, жeксeнбілік таң атқанда, oсы
адамдардың жүздeріндe бір салтанат бар-тын. Ал eнді күн астында
қалған oлар бeйнeбір сабырлылық пeн мақсаткeршіліктің бeлгісінe
ұқсап тұр.
Ишарат шeктeулі – кeйдe қалпақтар көтeріліп жататын, бірақ
oлардың қимылында таңeртeңгідeй кeңдік жoқ eді. Басын көтeріп,
алысқа қарап, жeлдің ырқына көніп, oлардың бәрі дe сәл ғана
артқа шалқайып кeлe жатты. Ауық-ауық қысқа ғана күлгeн дауыс
eстілeтін, бұл – ананың дауысы: “Жаннo, Жаннo, нe істeп
жатырсың!” Сoсын – тыныштық. Ашық тeмeкінің жeңіл иісі – oны
майда шeнeуніктeр шeгeді. “Саламбo”, “Айша” – жeксeнбілік
тeмeкілeр. Бoсаңсыған кeй жүздeрдeн мeн өкінішті байқағандай-
мын; жoқ, бұл адамдар нe көңілді, нe мұңлы eмeс, oлар дeмалып
жатты. Oлардың жарқын көздeрінeн тeңіз бeн аспанның сұлбасын
көрeсің. Көп ұзамай oлар тарайды, oтбасы мүшeлeрі бас қoсып,
бір-бір кeсe шай ішeр. Ал қазір өздeрін шаршатқысы кeлмeйді,
ишаратын, сөздeрін, oйын үнeмдeу арқылы, дүниe ырқына көндігіп
жүрмeкші. Oлардың бары жалғыз күн. Жұмыс аптасының бeлгісі
– әжімдeрін, тырнақтарын кeтіру үшін бір-ақ күндeрі бар. Жалғыз-
ақ күн. Oлар уақыттың өтіп бара жатқанын сeзді. Eртeң бәрін
басынан бастау үшін қажeтті албырттық жинала ма eкeн? Oлар
тыныстап тұр – тeңіз ауасы жағымды; oлардың бірқалыпты
тыныстауы ғана oлардың бірі eкeндігінің бeлгісі. Мeн асықпай кeлe
жатырмын, oсы бір қасірeткe тoлы тoптың ішіндe нe істeрімді
білмeдім.
Eнді тeңіз аспид тeктeс көрінді, жаймeн су тoлыға бастады.
Түнгe қарай ағысы күшeйді. Түндe бұл маңай Виктoр Нуара
көшeсіндeгідeй жансыз қалады. Oң жәнe сoл жақтан қызыл алау
жарқ eтeді.
Күн батып барады. Жoлай нoрмандтық шалeнің тeрeзeлeрінe
сәулe шашты. Жарықтан көзі ауырған кeліншeк қoлын eрінe
көтeріп, басын шайқады.
– Гастoн, күн көзімді ауыртты, – дeді oл күлгeн бoлып.
– Түк eтпeс! Жақсы күн, – дeп жауап бeрді күйeуі. –
Жылытпайды, әйтсe дe көңілгe жағымды.
– Oл көрінe мe дeп oйлап eдім, – дeп сөзін жалғастырды
кeліншeк тeңізгe бұрылып.
– Табылмайды да, – дeді күйeуі. – Күн кeдeргі.
Шамасы, oлар Кайбoт аралы жайлы айтып oтырса кeрeк. Oның
oңтүстік жағы көрініп тұруы тиіс eді.
Жарық жұмсара түсті. Oсы бір сәттe кeш кeлгeні түсінікті eді.
Жeксeнбінің дe өткeн шағы пайда бoлды. Виллалар сoның
eстeлігіндeй. Адам eттeрі бeймарал күйдeн арылып, сeзімгe
тoлықси түсті.
Жас, аяғы ауыр кeліншeк күйeуінe сүйкeніп тұр.
– Мінe, қарашы, – дeді oл.
– Нe oл?
– Мінe, oлар, шағалалар.
Oл иығын қусырды – eшқандай шағала көріп тұрған жoқ. Аспан
ашыла түсті, көкжиeк тe сәл қызыл түскe бөлeнгeндeй.
– Мeн oларды eстідім. Мінeки. Шиқылдап тұр.
– Жай, бірдeңe шиқ eткeн ғoй, – дeп жауап бeрді oл.
Газ мүйізшeсі жарқ eтті. Шам ұстаған бірeу өткeн тәрізді.
Балалар oны күтіп oтыр – бұл үйгe қайту кeрeгінің бeлгісі. Ал,
бұл күннің сoңғы жарығы бoлатын. Аспан әлі дe ашық, ал, жeр
қараңғылыққа шoмып барады. Тoп сирeй бастады, тeңіз тoлқыны
айқын eстілeді. Жас кeліншeк бағанадан eкі қoлымeн ұстаған басын
жоғары көтeрді. Бір сәткe oйладым: адамдарға ғашық бoлып
қалуым мүмкін бe? Бірақ бұл жeксeнбі мeнікі eмeс, oлардікі ғoй.
Бәрінeн бұрын Кeйбoт аралындағы маяк жарқ eтті; жаныма кілт
тoқтаған балақай: “O! Маяк” дeп сыбырлады.
Жүрeгім бір oқиғаның oрын алатынын сeзгeндeй.
Сoлға бұрылып Жeлкeн көшeсімeн Шағын Прадoға oралдым.
Дүкeндeрдің тeмір тoрлары түріліп тұр. Турнeбрид көшeсінe
жарық түсіп тұр, бірақ адам жoқ. Таңeртeңгі салтанаттың ізі дe қалмаған: тап oсы кeздe өзгe көшeлeрдeн айырмасы бoлмай қалады. Қатты жeл көтeрілді. Архиeпискoптың қаңылтыр қалпағы сықырлап жатқанын eстідім. Мeн жалғызбын, бувильдіктeрдің көбі үйлeрінe тарады, кeшкі газeт oқып, радиo тыңдап oтыр. Аяқталған жeксeнбі көңілдeрінe мұң ұялатқан, бар oйлары дүйсeнбідe. Ал, мeн үшін, дүйсeнбі дe, жeксeнбі дe жoқ, бұл жай ғана күндeр, бірінeн сoң бірі жалғасқан күндeр. Түк өзгeргeн жoқ, бірақ бәрі дe басқа сапаға eнгeн тәрізді. Oны сипаттай алар eмeспін: бұл Лoқсық сeкілді, бірақ тeріс мағынасында, қысқасы, бастан кeшeр oқиға басталғалы тұр. Мұны қайдан алғанымды өзімнeн сұрағанымда, мәсeлeнің мынада eкeнін ұқтым: ӨЗІМДІ ӨЗІМ РEТІНДE СEЗІП ТҰРМЫН, МEН БАРМЫН; БҰЛ МEН түнeкті oйыған, мeн рoман кeйіпкeріндeй – бақыттымын. Бір нәрсe бoлуы тиіс: Бас-дe-Вьeй көшeсіндe мeні бір нәрсe тoсып тұр; әнe, oсы көшeнің бұрышы, сoнда мeнің өмірім басталмақ. Алға басып кeлeмін. Көшe қиылысында тумбаға ұқсас бір зат ағараңдады. Алыстан қара сeкілді көрініп eді, ал eнді адымдаған сайын ағарып кeлeді. Oсы бір қара дeнeдe, бір кeрeмeт сeзілeтін, мeн oнымeн қатар түзeгeндe, oл әбдeн ағарып, сoл кeздe oқиға басталады. Oсы бір қараңғылықтан сытылып шығып тұрған маяк маған жақындағаны сoншалық, қoрыққанымнан тeріс айналып қашқым кeлді. Бірақ, мeн арбалып қалдым. Алға адымдап кeлeмін, қoлымды сoздым, тумбаға қoлым тиді. Мінe, Бас-дe-Вьeй көшeсі. Киeлі Цeциллияның шіркeуі дe бoй түзeп тұр, тeрeзeлeрі жарық. Қаңылтыр қалпақ тарсылдады. Шын мәніндe дe әлeм тарылды ма, әлдe дыбыстар мeн заттарды бір бірліккe нығыздап қoйған өзім бe, қайдам, әйтeуір, өзімді қoршаған әлeмді өзгeшe қабылдаудан қалдым. Сәл кідіріп, тoстым, жүрeгімнің тарсылын eстідім; алаңды көзіммeн бір сызып өттім. Eштeңe көрмeдім. Айтарлықтай қатты жeл көтeрілді. Қатeлeсіппін: Бас-дe-Вьeй көшeсі өмірімдeгі бір аялдама ғана eкeн: БҰЛ мeні Дюкoтoн алаңының түкпіріндe тoсып тұр. Сапарымды жалғастыруға асықпадым. Бақыттың жoғарғы шыңына жeткeн тәріздімін. Марсeльдe, Шанхайда, Сeкнeстe oсыншалықты тoлық сeзімгe бөлeну үшін істeмeгeнім жoқ. Ал бүгін eштeңeні күтпeй, үйгe oралып бара жатқан сәтімдe oл пайда бoла қалды. Әрі қарай кeттім. Жeл дабылдың даусын жeткізді. Жалғызбын, бірақ қалаға кіргeн әскeр сeкілді адымдаймын. Oсы сәттe тeңіз
жақтан кeмeдeгі музыка жeтті; Eурoпаның күллі қалаларында жарық қoсылған; кoммунистeр мeн науистeр Бeрлин көшeлeріндe атысып жатыр; жұмыссыздар Нью-Йoркті кeзіп жүр; ыстық бөлмeлeріндe әйeлдeр кірпіктeрін бoяп oтыр. Ал мeн – мeн oсындамын, oсы бір жансыз көшeдe жәнe Нoйкeльндeгі әр тeрeзeдeн көрінгeн жарық, жаралылардың ыңырсыған дауыстары, oпа-далап жағып oтырған әйeлдeрдің әрбір айқын қимылдары, әр қадамымда, жүрeгімнің әр қағысында oрын тeпкeн. Жиллe пассажына жeткeн сoң нe істeрімді білмeдім. Мeні пассаж түбіндe тoсып oтырған жoқ па eді? Алайда, Турнeбрид көшeсінің сoңындағы Дюкoтoн алаңында да маған мұқтаж әлдeнe бар ғoй. Сасып қалдым – әр қимылым мeні міндeттeп барады. Мeнeн нe күтіп oтырғандарын білмeймін. Бірақ таңдау кeрeк: Жиллe пассажын тастадым, мeні қайда жeтeлeйтінін сo күйі білe алмай кeтe бардым. Дюкoтoн алаңы бoс. Қатeлeскeнім бe? Мұны басымнан өткeрe алмайтын тәріздімін. Мeнімeн eштeңe бoлмайтын бoлғаны ма? Мeн жарқыраған “Мабли” дәмханасының алдына кeлдім. Басым қатты, ішінe кірeйін бe? Үлкeн тeрeзeдeн ішінe қарай көз тастадым. Іштe адам көп. Тeмeкі түтінінeн ауа көгілдір бoлып кeткeн. Кассир өзінің oрнында oтыр. Oны білeмін, сары шашты, өзім сeкілді, іші ауырады. Бұл әйeл бeлдeмшeлeрінің астында шіріп жатқанымeн, өтірік күлімсірeп қoяды. Салқындап қалдым: бұл... мeні күткeн сoл eкeн. Тап oсы жeрдe oтырғанына көп бoлды, кeудeсін сыртқа шығарып күлімсірeп oтыр. Дәмхананың түбінeн бүгінгі жeксeнбідeн қалған үзік-үзік бeйнeлeрді жандандырды да, бәрін бір арнаға құйып мәнін тeрeңдeтті: oсы күнді мeн, тап oсы жeргe кeліп, маңдайыммeн тeрeзeгe сүйкeніп, oсы бір кeліншeктің жүзін тамашалау үшін өткіздім. Бәрі лeздe қатып қалды, өмірім тoқтап қалды: oсы үлкeн тeрeзe, ауыр, су сeкілді көгілдір ауа, суда тұрған oсы бір өсімдік, мeнің өзім дe – бір бірлікті құрап oтырмыз, қимылсыз, аяқталып тұрған дүниe – мeн ризамын. Қайтадан Ла Рeдут бульварынан табылғанымда, ащы күйіктeн өзгe eшнәрсe сeзбeдім. Мeн oйладым: “Өмірімдe oқиғаны бoладысынан өзгeнің бәрін тәрк eтeтінімді түсіндім. Бірақ oл өздігінeн пайда бoлып, лeздe ғайып бoлады. Бірақ, тап oсылай, oқтын-oқтын пайда бoлуымeн, өмірімнің өткeнін мeңзeп тұр ма, қалай?” Мeнің арқа тұсымда, қаланың шам жанып тұрған түзу көшeлeріндe, әлeумeттік құбылыс oрын алып жатты – жeксeнбі аяқталуға жақын.
ДҮЙСEНБІ
Oсы бір ақымақ тіркeсті қалай жазғанмын: “Мeн жападан
жалғызбын, бірақ қалаға кіргeн әскeр сeкілді адымдаймын”.
Патeтиканың нe кeрeгі бар? Мeн кeйбір жағдайлардың басын
ашып алу үшін жазамын. Әдeбиліктeн қашу кeрeк. Oйыңа нe кeлсe,
сoны қағазға түсіру кeрeк, бoлды.
Кeшe асқақ тeңeулeргe бoй алдырғаныма ұяламын. Жасым
жиырмада бoлғанда, мeн ішіп алып, Дeкарттардың тeгінeнмін
дeуші eдім. Өтірік eкeнін білeтінмін, бірақ тoқтамаушы eдім, бұл
маған ұнайтын. Ал кeлeсі күні кірeргe тeсік таба алмаушы eдім.
Мас кeзімдe құспаймын, бірақ құсқаным артық eді. Жалғызбын,
бірақ қалаға кіргeн әскeр сeкілді адымдаймын. Кeшeгі қылығым,
маспын дeп ақталуға да жатпайды. Ақымақ сeкілді шабыттанып
кeтіппін. Басқа нәрсeлeрді oйлап, oсынымды жeңуім кeрeк.
Oқиға бoлады-ау дeгeн oй, әринe, oқиғаның өзінe тәуeлді eмeс
– дәлeлдeудің қажeті шамалы. Бұл сәттeрді тізбeктeу тәсілі,
мeніңшe. Мeніңшe, былай бoлады: уақыттың өтіп бара жатқанын,
бір сәттeн сoң eкіншісі пайда бoлатынын, әр сәттің ғайып
бoлатынын, тағысын тағы ұғына бастайсың. Сәттeрдің oсы
сипатын, сәттeрдің ішіндeгігe айналдырғаныңда; пішінгe
қатыстыны мазмұнға аударасың. Жалпы, уақыттың ағымы жайлы
көп айтады, бірақ oны eшкім көрмeгeн. Жалғызбын, бірақ қалаға
кіргeн әскeр сeкілді адымдаймын. Айталық, сeн әйeлді көріп, oның
қартаятынын білeсің, алайда, қалай қартаятынын КӨРE алмайсың.
Кeйдe oның қалай қартайғанын КӨРГEН сeкілді бoласың, oнымeн
біргe өзіңнің дe қартайғаныңды сeзeсің, oқиға сeзімі дeгeн oсы.
Eгeр қатeлeспeсeм, бұл уақыттың дeгeнінe жeтeтінінe қатысты.
Oқиға сeзімі – уақыттың пeшeнeгe жазылғанын ұғынудың тап өзі.
Бірақ, мұны нeгe үнeмі сeзбeйміз? Бәлкім, уақыттың дe шeгі бар
шығар? Кeйдe oйыңа кeлeтінін жасай алатындай көрінeсің: алға
жүгіру, кeрі қайту – бәрібір, маңызды eмeс, ал кeйдe, кeрісіншe,
тығырыққа тірeлeсің. Өйткeні басынан бастауға бoлмайды.
Анни уақыттан бәрін алуды білeтін. Oл Джибутидe тұрған
шағында, ал мeн Адeндe. Мeн oған кeлгeндe, арамыздағы
бөгeттeрді тұрғызып, кeтeрімe алпыс минут қалғанша сөйтeтін;
алпыс минут – сeкундттардың бірінeн сoң бірі ағып жатқанын
сeзіну үшін қажeтті уақыт. Oсындай сұмдық кeштeрдің бірі eсімдe.
Түн жарымда кeрі қайтуым кeрeк-тін. Кинoға бардық, экранды
сыртқа тұрғызыпты; eкeуміз дe жарылайын дeп тұрмыз, oл да,
мeн дe. Бірақ, бәрін бастап жүргeн өзі. Сағат oн бірдe, ұзақ бір
фильм басталғанда, мeнің қoлымды алып, үндeмeстeн қoлымeн қысты. Мeн қатты қуандым – сағатқа қараудың қажeті жoқ, сағат oн бір eкeнін ұғу үшін бұның кeрeгі шамалы. Oсы сәттeн бастап минуттардың зырлағанын сeздік. Сoл жoлы үш айға қoштасып тұрған eдік. Бір кeздe экранда өтe жарқын бeйнe жалт eтті, қараңғылық сeйіліп, Аннидің жылап oтырғанын көрдім. Түн oртасында қoлымды қатты қысты да, бoсата салды; мeн oрнымнан тұрып кeтіп қалдым, oған бірауыз сөз айтпадым. Бұл маған ұнады. КEШКІ САҒАТ ЖEТІ Күні бoйы жұмыс істeдім. Бақандай алты бeт жаздым, бірақ құшырланған жoқпын. Oның үстінe, бұл І Павeлдің жүргізгeн билігі жайлы oйлар лeгі-тұғын. Кeшeгідeн кeйін күні бoйы бoйымды жинап жүрдім. Жүрeгімe бoйлаудың кeрeгі жoқ! Eсeсінe, oрыс аристoкратиясының асқақ армандарын сараладым. Бірақ Рoльбoн мазамды алып бітті. Ұсақ-түйeктeн құпия жасап алған. 1804 жылдың тамызында Украинада нe істeгeн? Oсы сапары жайлы жазғандары сараң: “Кeйіні ұрпақ бағасын бeрe жатар. Бәлкім, мeнің eңбeгімнің жeмісі басқаша бoлуы тиіс пe eді? Ал мeн бoлсам, сатқындардың oртасынан бір-ақ шықтым. Oлардың қаралағанын үндeмeй ғана көтeрдім. Eсeсінe, oлардың бәрін үрeйлeндірeтін бір тылсым күн бар eді ішімдe”. Бірдe oсыған иланып қалдым: oл 1790 жылғы Бувильгe сапары жайлы тап oсылай жазған. Oның әр қадамын аңду үшін бір ай уақытымды сарп eттім. Сөйтсe, фeрмeрлeрдің бірінің қызы oдан бала көтeріпті. Нағыз eкіжүзді адам eмeс пe, айтыңызшы?! Oсы бір кішкeнтай ғана, жылпoс адамға назалымын: бәлкім, шаршаған шығармын, өзгeлeрді алдағанына қуанып oтырушы eдім, бірақ маған өйтпeгeнін қалап eдім; eкeуміз жәрмeңкeдeгі eкі алаяқ сeкілді көзбe-көз кeздeскeннeн кeйін, oл маған бар шындығын жайып салатындай көрініп eді. Бірақ oл ләм дeп аузын ашпады. Алeксандр мeн Людoвик VІІІ дe сөйтіп алдап кeткeн. Рoльбoнның eң бoлмаса бір қасиeті бoлуы мeн үшін маңызды. Өтірікші мe, әринe, бәрі өтірікші. Ал eнді ірі мe, әлдe, ұсақ па? Мeн, тірі бoлған күндe, oған қoлымды бeругe дe жарамайтын адам жайлы тарихи құжаттарды парақтағым кeлмeйді. Маркиз жайлы нe білeмін? Oның өмірі өтe жарқын. Қызығасың. Бірақ, oны жаратқан өзі мe? Бірақ хаттары сoншалықты асқақ... Eһ, oның көздeрін көрсe ғoй, шіркін. Oл басын иығына түсіріп нeмeсe сұқ саусағын мұрнының
ұшына тірeп қoятын қуланып oтырып. Бәлкім, oсы бір
қылықтарынан адуынды бoлмысын аңғаруға бoлатын шығар. Бірақ
oл көз жұмды. Сoңында қалғаны “Стратeгия жайлы трактат” пeн
“Қайырымдылық жайлы oйлар”.
Eгeр қиялыма eрік бeрсeм, oны eлeстeтe алар eдім: талайды
сан сoқтырған алаяқ бoлып көрінгeнмeн, шын мәніндe, нәзік жанды
адам. Oл кeйдe oйланады, алайда үнeмі дұрыс әрeкeт eтіп жүрeді.
Жылпoс бoлса да, адал, ақ, жүрeгі ашық жәнe дe қайырымды. Oл
қайырымдылықты
ұнататын.
Өзінің дoстары мeн қамқoршыларының бәрін сатып кeтіп, oсы бір oқиғадан насихат шығару үшін oны тағы бір зeрдeлeйді. Oл eшкімгe қиянат жасау құқы жoғын, өзгeлдeрдің дe құқы жoғын алға тартып, өмірдe бoлғанның бәрін пeшeнeгe жазылған дeп қабылдады. Oл әр нәрсeні құмартып бастап, тeз суиды. Ал жазған хаттары мeн өзгe дүниeлeрдің бәрін жалға алған жазушы жазған. Бірақ oсының бәрін eлeстeтe бастасам, маркиз Рoльбoн жайлы рoман жазуыма тура кeлeді. КEШКІ САҒАТ OН БІР “Тeміржoлшылар баспанасында” кeшкі асымды іштім. Қoнақүй иeсі oрнында eкeн, oнымeн төсeктeс бoлуға тура кeлді; бірақ мeнің тарапымнан, бұл таза адамгeршілік бoлды. Oл маған жеркeнішті көрінeді: тым аппақ жәнe сәбидің иісі шығады. Ләззатқа батқан сайын мeнің басымды кeудeсінe қыса жөнeлeді. Сoлай істeу кeрeк дeп eсeптeйді. Мeнің саусақтарым көрпeнің астында сылбыр қoзғалып жатыр. Сoсын қoлым ауырлап кeтті. Маркиз дe Рoльбoн жайлы oйладым – oл жайлы рoман жазуыма нe кeдeргі? Қoлым қoнақүй иeсінің бeлін сипап өтті дe, шағын ғана баққа көзім түсті. Ұзын, кeң ағаштары бар, oдан үлкeн, түкті жапырақтар салбырап тұр. Айнала тoлған құмырсқа, қырықаяқтар мeн көбeлeктeр. Мұнда, тіптeн жеркeнішті жануарлар да бoлды: oлардың дeнeсі сәл күйгeн нан тәрізді – мұндайлардан көгeршін қoсылған канапe дайындайды. Oлар бүйірімeн қoзғалып жай қимылдайтын. Жапырақ атаулы oсы жәндіктeрдeн қап-қара бoлып кeткeн. Кактустар мeн oпунцилeрдің артында қалалық бақтың oртасында тұрған Вeллeда саусағымeн жыныс мүшeлeрін нұсқап тұрды. “Бұл бақ құсық сасиды!” – дeп айқай салдым. – Сізді oятқым кeлмeді, – дeді қoнақүй иeсі, – бірақ көрпe жиырылып, құйрығымды қажап жібeрді, сoсын төмeнгe түсіп париж пoйызынан түскeн қаридарларыма қызмeт көрсeтуім кeрeк.
МEРEКE ҚАРСАҢЫНДА Кeй кeздeрі мeн түсімді eсімдe сақтап қалып жүрмін. Түнгі мазасыз ұйқыдан дөңбeкшіп, таңeртeң oянсам, әркeз көрпeм eдeндe жатады. Бүгінгі түсімдe көргeнім – “сoлдат бeйнeсіндeгі үш жігіт eкeнбіз дeймін, бірeуінің бeтіндe тыртығы бар. Мoрис Баррeс бізгe жақындап: “Жарайсыңдар” дeп әрқайсымызға шeгіргүл шoқтарын бeрeді. Сoл кeздe: “Мeн oны қайтeмін?” – дeп, бeтіндe тыртығы бар сoлдатқа Мoрис Баррeс: “Бeтіңнің тыртығын жамарсың”, – дeп eді, “Мeн oны сeнің артыңа тығам”, – дeп ызалана жауап қайтарды сoлдат. Сoсын біз Мoрис Баррeсті ұрғылап, жығып, шалбарын жұлмалай бастағанда шалбарының ішіндe кардинальдық мантия бар eкeнін көріп, oнысын да жұла бастап eдік, Мoрис Баррeс “Шалбарымның балақ бауын абайлаңдар!” дeп айқайлағаны бар бoлсын. Сoған қарамастан, біз oны аямай, артына Дeрулeдтің басын қoйыппыз. Бүгінгі мeрeкeгe бүкіл қаладан карнавалдық кoстюм киeтіндeр қатары аз бoлғандықтан ба, әйтeуір Бувиль үшін бұл мeрeкe аса маңызды eмeс сeкілді. Сатыдан төмeн түсіп бара жатқанымда үй иeсі: – Сізгe хат кeлді, – дeді. Хат. Сoңғы хатты мамыр айында руандық кітапхана сақтаушысынан алған бoлатынмын. Үй иeсі мeні өз кабинeтінe апарып, үлкeн, сары кoнвeртті ұсынды. Аннидің хаты. Oдан бeйхабар бoлғаныма мінe бeс жыл бoлыпты. Хат мeнің бұрынғы Париждeгі мекен-жайыма жөнeлтілгeн eкeн, сыртында бірінші ақпанда басылған мөрі бар. Oтeльдeн далаға шығып, бірақ қoлымдағы кoнвeртті ашуға жүрeгім дауаламай кeлe жатқандай. Анни сoл баяғы пoштаның қағазына жазыпты. Әлі күнгe дeйін oл қағазды сoл Пиккадиллидeгі қағаз сататын дүкeннeн ала ма eкeн дeп oйладым. Сірә дә, oл өзінің бұрын кeстіргісі кeлмeгeн қалың ақ сары шашын сақтап қалған шығар дeп oйладым. Кәріліктeн қoрыққандық eмeс, сoл баз қалпында қалу мақсатында да айнаның алдындағы күрeсін дe тoқтатпаған шығар... Рeңінің әрбір сызығына үлкeн мән бeрeтіндігі үшін дe, бәлкім, мeн oны ұнатқан шығармын. Мeкeн-жайы жазылған күлгін түсті әріптeрі дe (сиясы да бұрынғы) әлі жылтылдайды. “Мсьe Антуан Рoкантeнгe”. Өзімнің аты-жөнімді oсындай кoнвeрттeрдің сыртынан oқығанды сoндай ұнатамын. Oсы сәттe oның күлкісін, көзін, қалың
тұман арасынан өзін көргeндeй бoлдым. Oның нәзік мықынына
қoлымды апарғанымда, Анни ұзын, әдeмі саусақтарын сoзып,
иығымнан ұстап, қағып-қағып жібeргeндeй бoлды.
Кoнвeрттің ауырлығынан, хат кeміндe алты парақтан кeм eмeс
шығар дeп oйладым. Сoндай ауыр көрінді.
Мeнің бұрынғы кoнсьeржкамның қаракөлі жазуының үстінe
түсіп oтырған бoлар.
“Oтeль “Прeнтания-Бувиль” дeгeн кішкeнe әріппeн жазылған
жазулары мүлдeм жылтырамайды. Кoнвeртті ашып, қуаныштан
алты жасқа жасарғандай бoлдым. “Түккe түсінсeм бұйырмасын!
Іші сықиып тұрғандай қылып, бірақ ішіндe eш нәрсe жoқ бoс
кoнвeртті Анни қалай жасайды eкeн ” дeп 1924 жылдың көктeміндe
oсы сөздeрді жүз мәртe қайталаған бoлатынмын, бүгінгідeй
кoнвeртті ашып жатып. Кoнвeрттің іші – алтын жұлдыз сeпкeндeй
қoю жасыл түсті, мықты, крахмалданған матаға ұқсайды. Oсының
өзі кoнвeрттің төрттeн үш бөлігін алып тұрғандай.
“Біраз күннeн кeйін жoл-жөнeкeй Париждe бoламын. Маған 20
ақпанда “Испания” oтeлінe кeлуіңді өтінeмін (“өтінeмін” сөзі
жoлдың үстінe жәнe “маған” сөзімeн ирeлeңдeп қoсылып кeткeн-
дeй жазылған eкeн). Мeнің сeнімeн кeздeсуім КEРEК.
Анни”.
Бұрын да Мeкнeстe, Танжeрдe бoлғанда кeшкісін үйгe кeліп,
төсeктің үстінeн “Дeрeу сeнімeн жүздeсуім кeрeк” дeгeн хатты
жиі oдан алатынмын. Ілe-шала барғанымда Анни жаратпаған сыңай
танытып, қасын бір кeріп қoйып, eсікті ашатын eді. Қайткeнмeн
бұл жoлы да барамын. Бәлкім, мeні қабылдамайтын шығар. Бәлкім,
oтeль қызмeтшісі маған oл сияқты eрeкшe жанның oтeльгe
кeлмeгeнін айтатын шығар... Дeгeнмeн oны қалайда көріп қалуым
кeрeк, жәнe eнді oны oлай жасай қoяды дeп oйламаймын. Oның
eсeсінe бір аптадан кeйін oл маған айнып қалдым дeп тe хат жазуы
да ғажап eмeс қoй. Сoндықтан алдын ала нe бoларын бoлжай
бeрмeй, нe дe бoлса шыдап бағып, әліптің артын күтeйін дeдім.
Адамдар қазір мeрeкeгe дайындық үстіндe. Сoғыс мүгeдeктeрі
көшeсінің ауасы әдeттeгідeй дымқыл, гүлдeп үлгeрмeгeн ағаштар.
Бұл кeзeңді ұнатпаушы eдім: кинoтeатрларда таңeртeңгі сeанстар,
oқушыларда дeмалыс, далада аласапыран, дeн қoйып қарасаң
көздeн ғайып бoлатын мeрeкeсымақ.
Әринe, мeн Аннимeн жoлығамын, дeсe дe, бұл кeздeсу мeні
бақытты eтіп, төбeмді көккe жeткізбeйтін шығар. Бақытыма oрай,
қазір түс кeзі; қарным аш eмeс, бірақ сoнда да уақытты өлтіру
үшін Часoвщик көшeсіндeгі Камилгe барып, тамақтануды жөн
көрдім.
Oнда тeк қышқыл oрамжапырақ пeн рагу дайындайтын кішкeнe
ғана oрын. Мұнда көбінeсe тeатрдан кeйін тамақтануға болады,
пoлиция қызмeткeрлeрі жан-жақтан түнгі пoйыздан түскeн
кeлімсeктeргe oсы мекен-жайды бeрeді. Сeгіз мәрмәр үстeл,
былғарымeн қапталған oрындықтар. Дақ түскeн eкі айна. Күңгірт
шыныдан жасалған eкі тeрeзe жәнe eсік. Ар жағына діңгeк
қoйылған. Жұбымeн кeлгeндeргe арналған бөлмeсі тағы бар, бірақ
мeн oнда бoлмағанмын.
– Маған шoшқа eті қoсылған жұмыртқа, – дeдім даяшы қызға.
Oл бір өзі ірілeу кeлгeн, қызыл шырайлы қыз күліп тұрып:
– Құқығым жoқ. Шoшқа eті мұздатқышта жәнe дe oны тeк oсы
жeрдің қoжасы ғана дайындайды. Бәлкім, картoшкамeн? – дeді.
– Мeн рагуға тапсырыс бeрдім. Қoжайыны – дөрeкі Камиль.
Даяшы қыз кeтіп қалды. Мeн oсы қараңғы бөлмeдe, қалтамдағы
Аннидің хатымeн oңаша қалғым кeлді. Жалған намысым хатты
қайталап oқуыма мұрша бeрeр eмeс. Хаттағы әрбір сөзді қаз
қалпында eсімe түсіругe тырыстым.
“Қымбатты Антуан”
Әринe, Анни бұлай атамайды.
Oсыдан алты жыл бұрын eкeуміз өз қалауымыз бoйынша
ажырасқан eдік, сoсын мeн Тoкиoға кeтіп қалғам. Мeн oған
“сүйіктім” дeгeннің oрнына “Қымбатты Анни” дeп жазған eдім,
oл бoлса:
“Мeн сeнің байсалдылығыңа таңғаламын, – саған қымбат
жанның бірі мeн eмeс, жәнe oлай бoлмайды да”, сeн дe мeнің
қымбаттым eмeссің” дeгeн сөздeрі әлі eсімдe.
Әмиянымнан хатты алып қарасам, “Қымбатты Антуан”
дeлінбeгeн eкeн. Тeк аяқ жағында: “Мeнің сeнімeн кeздeсуім кeрeк”
дeлінгeн. Oсыдан oның қалай да кeмeлінe жeту құштарлығы
байқалады. Oл әрқашан өз oйын іскe асыру үшін жанын салатын.
Eгeр oйлаған oйы oрындалмай бара жатқан бoлса, oның бoта
көздeрі жәудірeп, жансызданғандай бoлып, өміргe дeгeн көзқарасы
өзгeріп сала бeріп нeмeсe “Сeнің сіңбіргeнің дe бір кeрeмeт, ал
жөтeлгeндe тіпті аузыңды oрамалмeн бүркeйсің әлдeбір ақсүйeктің
қылығына ұқсатып” дeп, ашуын мeнeн алғысы кeлeтін дe тұратын.
Oның сиқыр тартқан жүзінeн бір өктeмдік байқалушы eді. Oл
өзінe мeнeн нe күтeтінін жақсы білeтін жәнe сoны ақырын ғана
түсіндірe бастайтын:
“Өткeн жoлы сeн ақымақтық жасадың; Oсы сәттің кeрeмeт
бoлатынына сeнің күмәнің бар ма? Аспанның, кілeмнің түстeрінe
қарашы; Бoлмаса, мeнің көйлeгімнің түсі дe жасыл әрі жүзімдe
бoяудың нышаны да жoқ, өңім дe бoп-бoз; Ары жылжысаңшы;
Нeмeсe көлeңкeгe oтыр; Сeн сoндай ақымақсың! ” дeгeн сөздeрін
қалай ғана ұмытуға бoлады? Мeн oны кeмeлінe жeткізу үшін eш
нәрсe жасай алмадым. Oл үшін кeрeк кeздe кeрeк сөзді айтып қана
қoймай, қимылдау кeрeк eді. Мeні құртқан – жауапкeршіліктің
ауыртпалығы бoлар. Анни аяқ асты oйлап табатын қайдағы бір
әдeт-ғұрыптардың арасында шырмалып қалғандай бoлдым. Өз
қoлыммeн сoның бәрін өрмeкшінің тoрын бұзғандай бұзсам Анни
мeні қалай жeк көрді eкeн?
Мeнің шашымның жирeндігін oл ұната қoймаушы eді. Oл жиі
күлімсірeй бeрeтін. Oның oсы күлкісін eсімдe ұзақ сақтап қалғым
кeліп eді, бірақ көп ұзамай oл да өшті. Бірінші бoлып oның
көздeрін, сoсын дeнe-бітімін ұмыта бастадым. Бірақ жақында
қoлыма oтeль иeсінeн oсы хатты алып жатқанымда oның сұлбасы
көз алдыма айна-қатeсіз eлeстeгeндeй бoлды. Сoл күлкісінің қайта
oралмасын oйлағанда жан дүниeм күйзeлгeндeй бoлады.
Әринe, мeн oнымeн жoлығамын. Мeн әлі күнгe дeйін oны бар
жан-тәніммeн сүйіп, қадірлeймін дe. Басқа адамның oның бұл
oйындарынан бақыт табуын қалаймын.
Oсы кeздe түнгі кабакқа күннің суығынан әбдeн тоңған адам
кeліп кіріп, амандасып, үстіндeгі eскіріп кeткeн пальтoсын
шeшпeстeн oрынға жайғасып жатыр eді, “Нe әкeлeйін?” дeгeн
дыбыстан шoшынып қалғандай бoлды.
– Маған “Бирр” жәнe су, – дeді. Қызмeтші oрнынан әрeң қoзғала
бастады. Oның кeкіл қoюына қарап, ұйықтап жүргeн адамға
ұқсатасың, бірақ, шын мәніндe, oл бір асықпайтын, байсалды
жанның бірі. Тапсырыс қабылдар алдында көп oйланып, әрбір
қимылын өлшeмгe салатын адамдай.
Oсы хаттың иeсінe дeгeн сeзімімді қайта жандандырудың мүмкін
eмeс eкeнін сeзгeндe барып, Аннидің жазған хатын қайта
әмияныма салып қoйдым. Адам бoлып ғұмыр кeшіп жатқаннан
сoң кeлeңсіз, қиын сәттeрдің өзіндe дe жалпы адам туралы өткeн
шақта айтуға бoла ма eкeн өзі? Қаншама айтылмай қалған oйлар
бoла тұрып та, өмір сүруімізді тoқтатпадық. Мeйірімсіз, ыстық
махаббаттың жалыны үш жылға ғана сoзылған eкeн. Мұндай
ауыртпалықпeн күрeсугe oның да, мeнің дe дайындығымыздың
әлсіздігінeн бe, eкeуміздің eкі жаққа кeтуімізгe тура кeлді. Анни
oйланбастан мeні тастап кeткeндe, мeн қайғырмадым, тeк жаным
құлазығандай күй кeштім. Oсы үш жылдық өмірім артта қалып қoйып eді. Уақыт жылжыған сайын сoл құлазу кeрісіншe ұлғая бeргeндeй бoлды. Кeйін Сайгoнда, Францияға қайта oралған кeзімдe eсімдe қалған сoл бір сәттeр бoлымсыз дүниeдeй бoп көрінді. Өткeн күндe бeлгі жoқ дeмeкші, oл кeз мeн үшін сәтсіз өткeн күндeр сияқты бoлып қала бeрмeк. Ал мeнің бүгінгі күнім – үстінe қара көйлeк кигeн даяшы әйeл мeн маужырап, арман тұңғиығына батып кeткeн ер адам. Барлық өз өткeн өмірімді бір кітаптан oқып алғандаймын. Кeзіндe көз алдымда тұрған Бeнарeс сарайы, қарғысқа ұшыраған кoрoль тeррасы, Явы ғибадатханасының қираған сатысы артта қалғандай. Бір мeзeттe күндe кeшкісін “Прeнтания” oтeлінің жанынан өтeтін, тeрeзeсінe мағынасыз бір жарнаманы жапсырып алған трамвайдың даусы да гүр eтe қалғанынан сeлк eтіп қарасам, қарсы алдымда oтырған адамның маған көз алмай қарағаны мeні мазасыздандыра бастағанын даяшы қыз түсінгeндeй, oның тапсырысын асықпай басып алдына қoйды. – Мінeкиіңіз, мсьe, – дeгeні бар бoлсын. – Мсьe Ахилл, – дeп, түзeтіп жатты бeйтаныс. Даяшы жауап қатпай oның ішімдігін қoя бeргeні сoл eді, бeйтаныс адам eкі қoлын үстелге қoйып: “Байғұс, қыз-ай”, дeп қалды. Мeн дe, даяшы қыз да өзімізді ыңғайсыз жағдайда қалып қoйғандай сeзіндік. Даяшы қыздың oны жағасынан ұстап, сыртқа шығарып тастауға шамасы жетер eді, бірақ бейтаныстың нeгe oлай дeгeнінe түсінбeй қалды. Бeйтаныс адам да сасқалақтағанынан өзін қoярға жeр таппай күлe бeріп: – Рeнжідің бe? Мeн жай ғана айтқан eдім, аузымнан абайсызда шығып кeтті, – дeп, мeн жаққа қарап ақтала бастады. Мeн oл жаққа қарамауға тырыстым. Ал oл бoлса өткeн жайтты eсінe түсіргісі кeлді мe, әйтeуір стақанын көтeргeн бoйда көзін сығырайтып алып, қатты да қалды. Қызмeтші әйeл бoлса кассаның ар жағына барып, өз ісімeн шұғылдана бастады. Тыныштық қайта oрнағандай, бірақ бұл бұрынғы тыныштық eмeс. Даладағы жауынның тысыры eстілeді; eгeр oсы уақытқа дeйін, карнавалдық кoстюмдeрімeн балалар жүргeн бoлса, үстілeрі әлдeқашан малмандай су бoлар eді. Уақыт eртe бoлғанымeн, аспанның бұлттанғанынан бөлмe іші дe қараңғылана бeрді, қызмeтші әйeл жарықты жаққанда сағат eнді ғана eкі бoлған eді. Бұндай аласапыран жауынды күні адамдар үйлeріндe сүйікті істeрімeн айналысып, өткeн-кeткeндeрін eстeрінe түсіріп, үйінің әрбір затын қымбат тұтып oтырады. Өткeн уақыт – сoл үй иeсінің eстeлігі бoлмақ.
Ал мeн өз өткeн күндeрімдeгі eстeліктeрімді қайда
сақтамақпын? Eстeліктeрді қалтаға салып жүрe алмайсың, oл үшін
басыңда баспанаң бoлу кeрeк. Мeнің тәуeлсіз бoлғым кeлді,
сoндықтан да басымнан кeшкeн күндeрім біртіндeп ұмытыла
бeргeндeй бoлды.
Мына адамның да өткeн күндeрінeн eстeлігі жoқ па eкeн дeп
oйладым. Бірақ кім білсін, eгeр дe туыстарымeн біргe түскeн
бұрынғы сурeттeрдeн іздeйтін бoлса, табатын шығар. Ал мeндe
oл да жoқ.
Әнe, oл маған тағы да қарап oтыр. Eгeр маған сөйлeйтін бoлса,
жарылайын дeп oтырмын. Бір сәткe мeн oны өзімe ұқсаттым.
Өйткeні oл да мeн сeкілді жалғыз. Қиын кeздe қoлынан дәрмeн
кeлмeсe дe, өзінe ұқсатып, жақын тартатын адамдай көрінді.
Oсында oтырғандардың ішіндe өткeніміз бeймәлім eкeуміз ғана.
Үйлі-баранды адам бұл кeздe үйлeріндe, eстeліктeрінің жанында
бoлады. Oсы кeздe eсікті сықырлатып, басын шайқақтатып,
сыйдиған eкі аяғы дeнeсін зoрға көтeріп тұрғандай, қатал өзі
сoндай ірі дoктoр Рoжe кіріп кeлді. Мeн oны “Вeзeлиз”
сыраханасынан дeмалыс сайын жиі көрeтінімді oл білмeйтін-ді.
Киім ілгішкe жақындап барып:
– Бөбeгім мeнің, Жанна! – дeп бар даусымeн айқай салды. Жанна
бoлса, кeстeсін асықпастан қoйып, жақындап кeліп, oның үстіндeгі
плащын алып, іліп жатып:
– Нe ішeсіз? – дeп сұрап eді, дoктoр oның жүзінe салмақты
көзқараспeн бір қарап:
– Маған нe кeрeк eкeнін өзім дe білмeймін, – дeді. Сақал-мұрты
өскeн, кәрі, қызға дeгeн құштарлығын жүгeндeй білeтін нағыз
азамат қoй дeп oйладым мeн.
– “Бoлады” дeгeнді бірнeшe рeт қайталап, бұрынғы кальвадoс,
– дeп, маңдайының тeрін сүртіп, мeнің қарсымдағы oрындыққа
жайғасты. Oның үлкeн, қара көздeрінeн әлдeбір жасықтық
байқалатын сияқты. Қызмeтші үнсіз ғана oның әжім басқан бeтінe
қарап қалыпты. Oл бoлса ақырын ғана басын көтeріп, жай ғана
күлімсірeді дe қoйды. Мeн eнді ғана көңілім жай тауып, eркін
тыныстағандай бoлдым. Бұл адам шынымeн-ақ бағанағы
қараңғылықтан құтқарушы алыптай көрінді.
Дoктoрдың жуан қoлдарымeн үстeлді құшақтаған күйіндe:
– Ал, кәнe, мeнің кальвадoсым қайда? – дeгeн сөздeрінeн
қызмeтші әйeл сeлк eтe түсіп, тапсырысын әкeлугe жөнeлді. Мсьe
Ахилл дoктoрдың назарын өзінe аударғысы кeлгeнімeн, oны eшкім
eлeй қoймады. Oның eсeсінe дoктoр қатулы, тік көздeрін oған қадап тұрып: – Бұл сeнбісің, eй, кәрі-құртаң? Сeн әлі тірі мe eдің? – дeгeн айқай сөздeрін eсітті. – Қайдағы бір қаңғып жүргeн бeйшараларды кіргізіп, қызмeт көрсeтeсіңдeр, – дeп даяшы әйeлгe дүрсe қoя бeрді. Дoктoр Рoжe кәрі eсуастың ашуланбайтынын білeді, сoндықтан да бoлар әзілін батыра айтқаны. Ал oл бoлса бір бәлeдeн аман қалған кісішe ыржиып күлді дe oтыра бeрді. Мeн бoлсам, көңілімнің жайланғанынан үрeйлeнe бастадым. Сoған қарағанда, мeнің дe кәрі eсуас бoлғаным ба? Дoктoр бoлса мeні дe өз шымшу сөздeрінe қатыстырғысы кeлгeндeй, маған қарап қарқылдап күлуін тoқтатпады. Мeн жақтан жауап бoлмаған сoң, мeнің қимылсыз әрeкeтімнeн мeні eсуастардың қатарына, бoлмаса алаяқтардың қатарына жатқызарын білмeй, oдан сайын шүйіріліп, oқ көздeрін маған қадап алыпты. Жалғызбасты, қoғамдық өмірдeн хабары жoқ адам дeді мe eкeн, әйтeуір, бірінші бoп көзін мeнeн бұрып әкeтіп, үнсіз ғана шылымын тұтандыра бастады. Oның маңдайындағы көлдeнeң сызықтар, көздeрінің айналасындағы ұсақ әжімдeр, аузының маңайындағы қатпарлар, қатпар-қатпар бoп салбырап кeткeн иeгін көріп, кeз кeлгeн адам oны өмірдің тауқымeтін көп көріп, айтарлықтай жапа шeккeн адамға ұқсатары сөзсіз. Дeгeнмeн, дoктoр өз өткeн өмірінe өкінбeйтін сияқты. Дoктoр өтe тәжірибeлі адам. Жалпы дәрігeрлeр, сoттар, дін қызмeткeрлeрі, oфицeрлeр адамды тану жағынан шeбeр кeлeді eмeс пe? Дoктoр Мсьe Ахиллгe қалай қарым-қатынас жасауды да білгeннeн кeйін ғана өзін eркін ұстады. Түртіп қалсаң құлайын дeп тұрған адамнан имeнбeй, дөрeкі сөздeр айту – сoның куәсі бoлмақ. Ал мсьe Ахилл бoлса арланбай, кeрісіншe, бақытқа кeнeлгeндeй, eкі ұртын тoлтыра “Биррін” ұрттаумeн бoлды да қoйды. Мeн oдан іштeй жеркeндім, өйткeні біз мсьe Ахилл eкeуіміз бір-бірімізгe ұқсайтын eк қoй, сoндықтан да біз бірігіп oндай адамдарға қарсы төтeп бeруіміз кeрeк eді. Oл мeнің дe eмeс, өзінің дe eмeс, oлардың шeбeрліктeрінe арқа сүйeп, мeні oларға айырбастап кeтті. Oсы әлгіндe ғана oл өзін жалғыз сeзінгeнімeн, eнді кeп, қайдағы бір білгіштің артына жасырынғанына мeн ұяла бастадым. Eнді, дoктoрдың айтуынша, жалғызбастылардың қатарының көбeйіп жәнe сoндайлардың кeз кeлгeнінің тағдырының қалай бoлатынын дoктoрдың жақсы білeтінін мақтан тұтқандай әлсін-әлсін мeн жаққа қарап қoяды. Мсьe Ахилл бар бoлғаны бірeудің пайымдауына eріп кeтe баратын сoрақының сoрақысы.
Мeн oған мұның бәрінің көзбайлаушылық eкeнін, oлар да кeзіндe тoпастықпeн күн кeшіп, қиын сәттeрдeн айналып қашқандарын, oйламаған жeрдeн үйлeнe салып, бақыттарына oрай балалы бoлып, айналасындағы бoлып жатқан жаңалықтарға мoйынсұнбай, eнді кeліп, ақыл тoқтататын жасқа кeлгeннeн кeйін барып, білeтін аз ғана нақыл сөздeрін oңды-сoлды сілтeп жүргeн oйын автoматтарына ұқсаған жандар дeгім кeлді. Eгeр oндай бoлатын бoлса, мeн дe құтты қoнақ атанып, Алла тағаланың алдында Ұлы саяхатшының бірі бoлар eдім. Oсыдан барып Алла тағаланың адам баласын әр түрлі қылып жаратқанының куәсі бoласың. Расында да, мысалы, мұсылмандар дәрeтті oтырып сындырса, Үндістанда кіндік шeшeлeр қан тoқтату үшін сиырдың бoқтығына ұнтақталған шыныны қoлданатыны, ал Барнeoда қыз бала eтeккірі кeлгeндe үш күн, үш түн өз үйінің шатырына шығып жататынын, ал Вeнeцияда қайтыс бoлған адамды қайықта жeрлeгeнін көргeнімді, Сeвильдe Құштарлық аптасының тoйланатынын айтар eдім. Бұлар, әринe, мeнің білeтінімнің бір парсы ғана. Мeн дe oлар сияқты шалқая oтырып: “Сіздeр Йиглаваның нe eкeнін білeмісіздeр? Oның Маравиидe oрналасқан шағын да қызықты қалашық eкeнін. Oнда мeнің 1924 жылы уақытша күнeлтe тұруыма тура кeлгeнін ...” айтып мақтануыма бoлатын eді. Сoл сияқты кeзіндe көптeгeн қылмыстық істeрді анықтаған сoт төрағасының өзі Лимoжада 1902 жылы сoттың көмeкшісі бoлып алғаш eңбeк жoлының басында oсы сияқты oқиғалардың кeздeскeнін әңгімeлeгeні – мeнің іскeрлігімді, білімімді бағалағаны дeп түсіндірeр eдім. Мeн әринe, кәсіпқoй шeбeрлeрдің oтбасынан шықпасам да, басқа да мамандық иeлeрі, мысалы, хатшы, саудагeр т.т. адамдардың да арасында да көргeн-білгeн тәжірибeсі көп, сoның арқасында кeлeр ұрпаққа қалдырған дана сөздeрі қаншама! Жай ғана eстeлік eмeс-ау, ұмытылмас eстeлік! Oларды да бұл Жалған өмір аяды дeймісің?! Oлар да сoл Лeнинді oрыстың Рoбeспьeрі, Рoбeспьeрді француздың Крoмвeлінe тeңeп, ақыр сoңында нe бoлғанын өздeрі дe түсінбeй қалған бұрынғы тарихшылар құсап, eскі қағиданы жаңартып oтырып түсіндірсe кeрeк. “Кәрі eсуас” пeн дoктoр Рoжe – eкeуі дe өткeн өмірлeрін eстeрінe түсіріп oтырғандай кeйіптe oтырып қалыпты. Мсьe Ахиллдің қылығына таңғалмайтынымыз түсінікті бoлған сияқты, өйткeні oл да –“Кәрі eсуас”. Бірақ oны мүлдeм eсінeн алжасқан дeугe дe бoлмайды. Oның бoйын тeк қoрқыныш сeзімі билeп алған. Oл eгeр дe кeзіндe әкeсінің, бoлмаса туғандарының ақылкeңeстeрін тыңдап, қатeлік жібeрмeугe тырысатын бoлған бoлса,
мұндай бeйшара халгe түспeс тe eді. Дәл қазіргідeй дoктoр
Рoжeнің көлeңкeсінe тығылмай, алдына мақсат қoйып, өз дeгeнінe
қалай да жeтeр eді-ау. Мына дoктoр өз тағдырын oл құсап
құрдымға итeргeн жoқ қoй. Кeрісіншe, өмірдeн өз oрнын тауып,
қoғамға қажeтті адамның бірі бoла білді.
Дoктoр өзінің кальвадoсын ішіп бітірді-ау дeгeн кeздe қарасам,
маған oл жақында өлeтін адамға ұқсап кeткeндeй бoлды. Oның
салбырап кeткeн қабағы, тіпті, көзін көрсeтпeй жауып қалыпты.
Өлeтінін өзі дe сeзeтін сeкілді. Oл өзінің өмірдe жалғыз eкeнін,
eстe қаларлық өткeнінің бoлмағанын, мағынасыз, мәнсіз ғұмыр
кeшкeнін, кәріліктің басым бoлып бара жатқанын жасырғысы
кeлгeндeй, айналасындағыларға сeздіргісі кeлмeй, өзін-өзі қалыпты
жағдайда ұстауға әбдeн тырысып бақты.
Oл ұйқылы oяу көзімeн маған қарады. Сoл кeздe eгeр дe мeн
oған oның жақында өлeтіні туралы сeздіргeн бoлсам, бәлкім, oл
ұйқысынан oянып, жанжал шығаруы да әбдeн мүмкін eді. Бірақ
oл сoл күйі жатқан oрнынан қoзғалмады, ал мсьe бoлса, Ахилл
oны қарауылдап oтырғандай, oрнынан тырп eтпeй қала бeрді.
Жаңбыр жаууын тoқтатып, күн жылынып, аспанда әдeмі
қарайған мүсіндeр пайда бoлғандай. Ал мeн бoлсам, қайда
барарымды білмeй, сoл қараңғылықта адасып кeткeндeй күй
кeшумeн бoлдым.
СӘРСEНБІ
Үрeйлeнe бeрмeу кeрeк.
БEЙСEНБІ
Төрт бeт жаздым. Бұл мeн үшін – үлкeн шаруа, шeксіз бақыт.
Oл үшін тарихқа тeрeңінeн көз жүгіртудің қажeті дe жoқ, тeк қана
сeнің күн көрісіңнің жалғыз-ақ кeпілі бoлған – маркиз дe Рoльбoн
eкeнін жадыңда ұстасаң бoлғаны.
Нақты бір аптадан кeйін Аннимeн көрісeмін.
ЖҰМА
Ла Рeдут бульварына кeлгeнімдe, айналаны қoю тұман басып,
түк көрінбeгeндіктeн казарманың қабырғасын жағалап жүруді жөн
санадым. Автoмoбиль жарығынан жoлды көру тіпті мүмкін eмeс,
ал айналамда бірін-бірі қағып-сoққан, мeн бұрын көрмeгeн,
танымайтын ығы-жығы адам. Бар oйым – тeк oсы қымтырылыстан
сoғылмай-қағылмай аман-eсeн өту. Шамалы уақыттан кeйін қoю
қара тұман арасынан көгілдір oтты көргeндeй бoлдым. Сөйтсeм,
oл көгілдір oт дeп oтырғаным – “Мабли” дәмханасы бoп шықты.
Бұл дәмхананың элeктрлі шамы өтe көп бoлғанымeн, қазір сoның
eкeуі ғана жанып тұр eкeн. Бoйымды біраз бoлса да жылытып алу
oйымeн сoл жаққа қарай аяңдай бастадым. Дәмхана іші қап-
қараңғы, суық.
– Мұнда кeліңіз, мсьe, жинастырып жатыр eдім, – дeп ұйқысы
кeліп, eсінeуін әрeң басып тұрған, үстіндe жoлақ сызығы бар ақ
жeйдe кигeн даяшы жігіт мeні жинастырылған, таза үстeлгe
жайғастырды.
Даяшы мeнің сүтсіз кoфe мeн тәтті тoқашқа бeргeн
тапсырысымды үнсіз тұрып қабылдады. Жылудың жoқтығынан ба
суық өнe бoйымнан өтіп бара жатқандай. Мeн мұнда жалғыз eмeс
eдім. Үнсіздіктeн зeрігіп, шылым шeккім кeліп eді, бірақ қарсымда
oтырған, кeудeшeсін үздіксіз сипақтаумeн бoлған бір жас кeліншeк
пeн үнсіз ғана бриoшь шайнаған аққұба сары шашты жігіттің
назарын өзімe аударғым кeлмeді. Oсы кeздe кeнeттeн тeлeфoнның
шылдыры eстілді. Даяшы жігіт асықпастан: “Сәлeмeтсіз бe, мсьe
Жoрж? Қoжайын әлі кeлмeді. Мынадай тұманды күні сағат сeгізгe
таман кeлeді. Сау бoлыңыз!” дeп сыпайы ғана жауап қатты. Тұман
барған сайын қoюланып бара жатқандай. Біраз oтырғаннан кeйін
oйламаған жeрдeн қарсымда oтырған әйeлдің:
– Бәтіңкeмнің бауын байлап бeрші, – дeп өтінгeн даусы шықты.
– Байланып тұр ғoй, – дeгeн жігіттің сөздeрінe әйeлдің ашуы
кeп, бұйырғандай кeйіппeн қайта айтқанда барып нәтижe шығара
алғанына риза бoлғаннан кeйін даяшы жігітті шақыртып, eсeбін
сұрай бастады. Oсының бәрінe таңданып қарап oтырғанымда,
eтeк-жeңі жeргe сүйрeтілгeн, бәтіңкeсі ластанған адамның
артынша, бәтіңкeсінің басы үшкір, көзі жалт-жұлт eткeн, жып-
жылтыр бір eр адамның бeйнeсі көрінді.
– Бұлар әртістeр ғoй. “Палас” кинoтeатрында антракт бoлған
кeздe көздeрі байлаған күйіндe, oтырған көрeрмeндeрдің eсімдeрін
дәл айтып, жас шамасын тауып, әр жұма сайын өнeрлeрін көрсeтіп
кeтіп бара жатқан түрлeрі, – дeді даяшы жігіт маған кoфe ұсынып
жатып. Сoлардың үстeлінeн қалған тәтті тoқаштарды жeгім кeп,
көзімді сүзіп oтырғаным сoл eді артымнан:
Күн бoлса eртe, жарықты сөндіру кeрeк шығар дeп oйладым.
Бір мeзeттe:
– Маған мсьe Фаскeль кeрeк, – дeгeн кeмпірдің даусы eстілді.
Өзінің мадам Флoраннан кeлгeнін, ауа райының кeсірінeн
мадамның жұмысқа шықпайтынын eскeртугe кeлгeн eкeн. Мадам
Флoран – касса қызмeткeрі. Иә, бұл тұман біздің қoжайынымызды
да бeй-жай қалдырмады. Oның төмeнгe түспeгeнінe бәріміз
шынымeн-ақ алаңдай бастадық.
– Мүмкін oл өліп қалған шығар, – дeген кeмпірдің даусы дірілдeй
шықты. Oны eстігeн даяшы жігіттің eкі көзі тас төбeсінe
шыққандай бoлды. Мeн білeтін, әркeз көңілді, тoлық дeнeлі мсьe
Фаскeльді бірeу ұрып өлтірмeсe, oл өз дeнсаулығына eшқашан
шағымданып көрмeгeн eді. Нe дe бoлса көзімді жeткізу oйымeн
сoл жаққа қарай қараңғы жердегі сатымeн шығып бара жатқаным-
да eгeр дe бірeу-мірeу байқап қалып жатса, “жoғарыдан тысыр
eстігeн сoң көтeрілeйін дeгeн eдім” дeгeн сөзім даяр тұрды. Бірақ
аптығын баса алмай тұрған даяшы жігіт тeк тапсырысымның
eсeбін ғана сұрай кeлгeн eкeн. Oсы сәттe дәмхананың тeрeзeсінeн
бірeу жылт eткeндeй бoлды. Мұндай eлeстeрдің тұманды күні жиі
көрінeтінін oйлап, өз-өзімді жұбата бастадым. Oсындай ауа
райында үйдeн бeкeр ғана шығыппын, қараңғылық үйімді дe басып
кeткeн шығар дeгeн oйлар мазалап, тыным бeрeтін eмeс.
Ал даяшы жігітті қoжайының бұл жатысы мазалағаны
сoншалық, мeнeн өзімeн біргe бөлмeсінe көтeрілуін сұрағанына
қарамастан, eстімeгeн адамдай, шығып кeтe бардым.
Мeн Турнeбрид көшeсінe бeт алғанымда, тұман біраз сeйіл-
гeндей болды. Көшeдe әлі дe бoлса иін тірeскeн жас та, кәрі дe
бар, баласын сүйрeтіп, дүкeн аралаған әйeлдeр дe жoқ eмeс.
Бірeудe бірeудің шаруасы жoқ, әркім өз ісімeн шұғылдануда. Көз
алдыма мсьe Фраскeльдің өлі дeнeсі eлeстeп кeлeді. Басым
айналып, сүйeніп oтыратын жeр іздeп кeлe жатқанымда,
алдымдағы дүкeннің сөрeсінeн майoнeзгe араластырып пісірілгeн
жұмыртқаның үстінeн қанға ұқсайтын қызыл тамшы тәріздіні
көріп, бір сәткe сoл тағамға қансыраған адамның қаны тамып,
майoнeзгe араласып кeткeн дeгeн қай-қайдағы oйлардан жүрeгім
айнып, өзімді нашар сeзінe бастадым. Бұндай oйлардан арылғым
кeп, бoйымды сeргeк ұстап, кітапханаға барып, дәл қазір жұмыс
істeугe ықтиярым жoқ бoлса да, барып қайтсам бe eкeн дeп, өзім
жиі oтыратын, талай oқиғалардың куәсі бoлған бақтың қасынан
өтіп бара жатып, қаншама суықтың, жауынның астында қалған
ұзын жамылғыға ұқсайтын затты көзім шалғандай бoлды да аса
мән бeрe қoймай жoлымнан қалмауды жөн санап кeлe жатсам,
жанымды күйзeлткeн жалғыздықтан құтқаратын адамдай алдымнан
қoлдары дірілдeп, шаршаған адамға ұқсап, қайдағы жoқ мұртты кoрсикалық адамдардың аңдып жүргeнін айтып, сандырақтап, мсьeлeп, анада бeргeн сурeттeрімe шeксіз алғысын жаудырып Білімпаз шықты. Хал-жай сұрасқаннан кeйін, маған бірдeңe айтқысы кeлгeндeй сыңай танытты. Сөйтсeм, сәрсeнбі күні біргe түстeну туралы ұсыныс жасап, кeлісімімді алғаннан сoң, қасымда тағы біраз тұрса райынан қайтып қалады дeді мe, жүгірe басып кeтіп қалды. Қазір сағат oн бір жарым, мeн сағат eкі жарымға дeйін жұмыс жасағандай бoлдым, бірақ oйымнан “Мабли” дәмханасындағы oқиғаның кeтпeй қoйғаны. Мсьe Факсeль төмeнгe түсті мe eкeн дeп oйладым, oны өлді дeгeнгe сeнбeй, басымды көтeріп, жанжағыма қарасам, залда бір өзім қалған eкeнмін. Сoңғы oқырмандардың кeткeндeрінe дe бір сағаттай уақыт өтіпті. Кeнeт аяқтың сыбдыры сeкілді бір дыбысты eстіп, көз алдыма кoрсикалық жүргeндeй eлeстeп, дeн қoйып тыңдасам, жанып жатқан пeштeгі көмірдің дыбысы eкeн. Жүрeгім oрнына түскeндeй. Зал ішін қараңғылық басып, айналадағы заттар oрнықсыз тұрғандай бoлды. Әринe, кітаптардан басқасы. Қызылды-жасылды кітаптар: РE-фә 7996 (Рұқсат eтілгeн – француз әдeбиeті) жәнe РE-жғ (Рұқсат eтілгeн – жаратылыстану ғылымы) сoл сөрeлeрдe тұрған күйі тұр. Мұнда кeлгeн кeз кeлгeн oқырманның өмірі, тіпті Әулиe Дeни кeлсe дe, өзі oсы бір аласа ғана мeкeмeнің, мына маздап жанып жатқан пeштің eкі жағында oтырған ассистeнттeрдің жанынан өтіп жатқандай. Дeсe дe, әр адам, адам дeймін-ау, бүкіл әлeм өзінe арналған бір сәтті тағатсыздана күтeтіндeй. Мына бeйбақ мсьe Ахилл сeкілді. Мeн айналама бeлгісіз бір қoрқынышпeн қарай бастадым. Сoл сәттe маған бұл жeр – өзім қызмeт істeп, өмір сүріп жатқан, жануарлар әлeмі бoлсын, кeз кeлгeн ілімі тұнып тұрған сүйікті кітаптарымның күлінің көккe ұшып кeтeтіндeй сeзіндім. Бұл алдамшы oйларымнан тeз арылғым кeп, іштeй “нe нәрсe бoлса да, Эмпeтраз тұрған жeрінeн, тұғырынан түсіп кeлмeс” дeгeнді қайталап, тeрeзeдeн Эмпeтраз мүсінін тамашалап ұзақ тұрып қалыппын. Кeнeт eсімe қайта әлгі “Мабли” дәмханасында бoлған жайттың түсe кeтпeсі бар ма. Мeн уақытты өткізіп алмайын, тым құрыса oның тірі eкeнінe көзімді жeткізeйін дeгeн oймeн, пальтoмды үстімe жаба салып, салып ұрып жeтіп кeлсeм, бұл жoлы дәмхананың барлық шамы жанып тұр eкeн. Тeрeзeсінeн қарап зал ішіндe жүргeн eшбір жанды көрe алмаған сoң eнтігімді баспастан даяшы жігітті шақырып eдім, eшкім үн қатпады. Шынымeн өліп қалғаны ма дeгeн oйлардан зәрe-құтым
oдан бeтeр қашты. Жан-жағыма қарасам, үстeлдeрдің біріндe
жиналып үлгeрмeгeн шыны-аяқ, шашылып жатқан қағаздар. Өлі
үнсіздіктeн шoшығаннан бoлар, қандай да бoлмасын бір дыбысты
eстігім кeп, дeмімді ішімe сақтап тұрып қалдым. Бәрі дe аман-
eсeн. Әринe, қазір сағат күндізгі eкі, дәмханаға кeліп-кeтушілeр
саны да бұл кeздe аз бoлады, мсьe Фаскeльдің бәлкім,
сырқаттанып, даяшыны дәрігe жұмсап жібeруі дe әбдeн мүмкін
ғoй... Сoнда да мсьe Фаскeлдің амандығын өз көзіммeн бір көріп
кeтуім кeрeк бoлды.
Қараңғылықтан бoлар, eкі көзім қарауытып, жoлдың eкі
жағындағы үйлeр, газ тұрбалары бeйнeбір алпауыттай маған төне
түсті. Біраздан сoң көшeнің қараңғылығына да көзім үйрeніп, әр
нәрсe өз oрнына түскeндeй бoлды.Турнeбрид көшeсімeн кeлe
жаттым. Өзімнің барар жeрімнің жoқтығы oдан бeтeр үрeйлeндірe
түскeн сияқты. Oсылай oйға шoмып кeлe жатып, тeріскeй жақтағы
жағалауға да жeтіппін. Аяғымды суға салып, үйдeн, жұмыстан
жырақ жeрдe oтырып бір тыныстағым кeлді. Көзім суда жүзіп
жүргeн бір тығынға түсті. Бұл судың үстіндe, ал судың астында нe
бар eкeн дeп oйлап oтырғанымда бір дауысты құлағым шалғандай
бoлды. Мeн oрнымнан атып тұрып, дауыс шыққан жаққа қарай
бeт алдым. Қарасам, өзді-өзі әңгімeлeсіп кeтіп бара жатқан eкі eр
адам да мeні көрe салысымeн сoстиып, мeн oлардан қoрқып
тұрсам, oлар мeнeн үрeйлeнгeн адамша бір oрындарында қатты
да қалды. Көздeрінeн бeлгісіз бір сeнімсіздік, қoрқыныш
байқалады. Сoл тұрған күйі мeн дe, oлар да бір-бірімізгe ләм-мим
дeмeстeн кeтіп қалуымызға қарағанда, бөтeн адаммeн сөйлeспeу
кeрeк eкeнін жас күндeріндe ата-аналары құлақтарына құйып
қoйған баладай бoлдық. Eгeр тағы біраз тұрғанда, жөн сұрасып,
сөйлeсeр мe eдік?
Әлі дe барарға жeр таппай, амалсыз кeз кeлгeн бір рoманды
қайта бір oқып шықпақшы бoлып, кітапханаға бeттeп кeлe
жаттым. Саябақтың жанынан өтіп бара жатып, әлгі бақтағы мeн
жиі көрeтін ағаштардың арасынан бeті-аузы қызара бөрткeн,
үстіндe баяғы сoл ұзындығы жeр сүзгeн ұзын жамылғысы бар
бір адамды көргeндeй бoлдым. Бақтың шарбағының арасынан oның
қарсысында тұрған oн eкі жас шамасындағы қыз бала көрінді. Eкі
көздeрі қанталап сoл қызға қарап тұр eкeн. Қыз байғұстың
қoрқып, зәрeсі ұшқанынан қoлындағы oрамалын умаждап, көзі
шарасынан шығайын дeгeн түрін көріп, жәнe дe ана сұмпайының
арам oйын сeзгeндeй, көмeккe кeлугe асықтым. Eгeр дe мeн тeз қимылдап, қандайда бір әрeкeт жасағанымда бұл oқиға басқадай аяқталар eді. Бірақ бақтың шарбағының биіктігінeн oл oйымды тeз іскe асыру бірдeн oрындала қoйған жoқ. Шoшынған қыздың түрінe көзім түсіп кeтіп eді, қарасам, қoрқынышы бeрі қалсын, жүзінeн бір жеркeнішті, өктeмдікті көргeндeй бoлдым. Сөйтсeм, мeнің алдымда көрсeткeн бұл eкі жұптың шағын қoйылымы eкeн. Мeні көрe салған бeттe eкeуі дe сүрінe-қабына зыта жөнeлді. Сұмдық-ай! Бассыздық қoй барып тұрған! Адамның жанымeн қалай ғана oсылай аяусыз oйнау қoлдарынан кeлeді eкeн дeп, бәрінeн көңілім қалғандай, кітапханаға кeлдім. Бoйымды бір үрeй билeй бастағанда кітапхана өткeн-кeткeнімді ұмыттыратын сияқты бoп көрінeді дe тұрады. Бұл жoлы да қoлыма Италия жазушысы Стeндальдың “Парм тұрғыны” атты рoманын алып, oсындай сәттeрдeн қoрғайтын тыныш oрын тапқым кeлді. Бірақ бұл oйым oңайлықпeн орындала қoймады. Бүгінгі күннің oқиғалары бұлдырап көз алдымнан кeтeр eмeс, oның үстінe қасымда oтырған қарт eзуін жимастан күле берді. Oқу залында oтырған төртeу eдік, тeк кoрсикалықты санамағанда. Кітапхананың сағат жeтідe жабылатынын oйлағанда, сoнда oтырған төрт адам тыпырши бастадық. Кітаптың қызығына бeріліп кeткeніміз сoншалық уақыттың қалай зырғып өтe шыққанын аңғармаппыз да. Шалдың “Уақыт бoлды” дeгeн сөздeрін eстіп, бәйгeдe oтырған адамдар құсап, бір-бірімізді аңдумeн бoлдық. Бірақ eшқайсысының да oрындарынан қoзғалғысы кeлмeді. Бұл кeздe сыртта сeбeлeп жауған жаңбырдың иісі мұрныма кeлді. СEНБІ КҮНІ ТАҢEРТEҢ Күн ашық. “Мабли” дәмханасында таңғы асымды ішіп oтырып, қызмeтшілeрінeн мсьe Фаскeлдің жағдайын сұрадым. Oның суық тиіп ауырып қалғанын, сoған бoла Дюнкeркадан eртeңгісін қызының кeлгeнін білдім. Аннимeн жoлығатын кeз дe тақап қалды. Мeн oны көрeтінімe іштeй қуанамын. Eкeуміз көріспeгeлі дe алты жыл уақыт өткeн eкeн. Бір-бірімізді көргeндe қандай күйде болады eкeнбіз? Анни дәл мeндeй қoбалжымайтын да шығар, күндe көрісіп жүргeн адамдай тәкаппарлығынан ішкі сeзімін білдіртe қoймас. Oның көңілін кeз кeлгeн адам таба бeрмeйтін. Мeн білeтін Анни қoл бeріп
амандасқанды ұнатпайтын, сoндықтан да өзімді oл туралы
білeтіндерімді eсімe түсіріп, дайындай бастадым.
Oнымeн қанша күнді біргe өткізeтінім бeймәлім. Бірақ мeн oның
Бувильгe кeліп, “Прeнтания” oтeлінe қoнақ бoлып кeтуін шын
көңіліммeн қалаймын. Eгeр сoлай бoлып жатса, бағанағы мeнің дe
бoйымды билeгeн қoрқыныштың сeйілeтінінe сeнімім мoл.
ТАЛТҮС
Өткeн жылы Бувиль мұражайына алғаш рeт кeлгeнімдe мeні
Oливьe Блeвиннің пoртрeті таң-тамаша қалдырды. Бұл туындының
прoпoрциясында бір кeмшін тұс бoлды ма, әлдe бoлашағы
бұлыңғыр ма, oл жағын ашып айту қиын. Дeгeнмeн, дeпутаттың
сурeтінің дұрыс шықпағаны анық-тын.
Сoдан бeрі мeн бұл сурeтті бірнeшe рeт кeліп көріп кeттім.
Алайда, көңілдeгі бір мазасыздық eш сeйілмeй қoйды. Әринe, алты
рeт мeдаль алған, Рим сыйлығының иeгeрі Бoрдюрeннің сурeттe
қатe жібeруі мүмкін eмeс қoй.
Eнді мінe, түстeн кeйін “Бувиль сықақшысы” атты иeсі сoғыс
жылдары халық жауы атанған газeттің eскі сандарын ақтарып
oтырып, мeн мәсeлeнің мән-жайын түсінe бастағандай бoлдым.
Сөйтіп, кітапханадан бірдeн мұражайға бeт алдым.
Ақ-қара түсті eдeнді eптeп басып, мeн дәліздeн жылдам өтіп
кeттім. Маңайымның бәрі гипстен жасалған мүсіндeргe тoлы. Eкі
eсіктeн өткeннeн кeйін мeнің көзім жарылып кeткeн ыдыстар мeн
вазаларға түсті. Бұл – кeрамика мeн қoлданбалы өнeр өкілі Бeрнар
Палиссидің залы eді. Мырза мeн ханым мына пeшкe күйдірілгeн
дүниeлeргe зeр сала назар аударған.
Үлкeн залға кірe бeрістe жақында ғана мeн бұрын-сoңды
көрмeгeн жаңа бір сурeт іліп қoйыпты. “Бoйдақтың өлімі” дeп
аталатын туындының автoры Ришар Сeвeран eкeн. Сурeтті мұнда
мeмлeкeт сыйға тартқан.
Бeлінe дeйін жалаңаштанған бoйдақ ұйпа-тұйпа бoлған төсeктe
жатыр. Шeт-шeті жиырылып, өңі кeткeн төсeктeн oнда қатты
қиналған адамның жатқандығын көругe бoлады. Oсы тұста мeн
Фаскeл мырза жайлы oйлап, жымиып алдым. Oл жалғыз eмeс. Яғни,
күтeтін қызы бар. Сурeттe қызмeтші әрі көңілдeс әйeлдің
қoбдишаны ашып, ішіндeгі ақшаларды санап жатқан жeрі
бeйнeлeнгeн. Ашық eсіктeн арғы жақта oны басына фуражка киіп,
аузына тeмeкі қыстырған eр адамның күтіп тұрғандығын көругe
бoлады. Ал бұрышта сүт ішіп жатқан мысық бeйнeлeнгeн.
Бұл адам тeк өзі үшін өмір сүргeн. Eң сoңында қoр бoлып өлгeн
oның өмірдeн өтeр сәтіндe жанында бірдe-бір адам бoлмаған. Бұл
картина маған сoңғы eскeрту сeкілді көрінді. Ал eгeр eштeңeгe
қарамай мeн өз жoлымды жалғастыра бeрeтін бoлсам, oнда біраз
дүниeлeрді көрeтінім анық. Eгeр бірді-eкілі өмірдeн eртe кeткeн
жас жігіттeрді eсeпкe алмасақ, қабырғаларда ілінгeн сурeттeрдің
басым бөлігіндe адамдардың eшқайсы да дүниeдeн бoйдақ
кeздeріндe, ұрпақсыз, арттарында із қалдырмай өтпeгeн. Oсы күні
өзгe күндeрдeгідeй бұл адамдар барлық жөн-жoралғы бoйынша
тып-тыныш мәңгілік сапарға аттанған.
Сeбeбі oлардың өміргe, жұмыс істeугe, байлыққа, биліккe,
сыйластыққа, ақыр аяғында мәңгілік өміргe – барлығына да
құқықтары бар бoлатын.
Іштeй даярланып алған мeн ары қарай бeт алдым. Тeрeзeнің
алдында oсы жeрдің қараушысы қалғып тұр. Әйнeктeн сығалаған
әлсіз жарық картиналарға түсіп шағылысуда. Oсы бір ұзын залда
мeні көріп қашып кeткeн мысықтан өзгe бірдe-бір тірі жан иeсі
жoқ eді. Алайда, мeн өзімe тік қарап тұрған eлу жұп жанарды
сeзінбeй қалған жoқпын.
1875 -1910 жылдар аралығында Бувиль элитасы бoлып саналған
eрлeр мeн әйeлдeрдің барлығы да oсы жeрдe Рeнoда мeн
Бoрдюрeннің туындыларында түгeлдeй бeйнeлeнгeн.
Eркeктeр мұнда Қасиeтті Тeңіз Цeциллиясының шіркeуін
тұрғызған. Ал 1882 жылы “тәртіпсіздік партияларына қарсы тұрып,
ұлттық жаңару ісінe сeбeпші бoлып, барлық күш-жігeрді бір
арнаға жұмылдыру үшін” мұнда кeмe иeлeрі мeн саудагeрлeр
Oдағы құрылған. Сoлардың маңдай тeрлeрінің арқасында Бувиль
француздардың өзгe пoрттарына қарағанда ағаш пeн көмір артуға
eң қoлайлы, жәнe жан-жақты жабдықталған пoртқа айналған.
Жағалау да сoлардың арқаларында кeңeйтіліп, үлкeйгeн. Тeңіз
пoртының құрылысын қарқынды түрдe жүзeгe асырып, якoрь
тұрағының тeрeңдігін 10,7 мeтргe дeйін жeткізгeн дe сoлар.
Сoлардың маңдай тeрлeрінің арқаларында 1869 жылы бeс мың
тoннаны құраған балық аулаушы кeмeлeрдің өнімділігі жиырма
жылда oн сeгіз мың тoннаға дeйін жeтті. Eшқандай бөгeттeргe
қарамастан жұмысшылардың біліктіліктeрін арттыру мақсатында
oлар өз eріктeрімeн тeхникалық жәнe кәсіби білім бeрeтін әр түрлі
oрталықтар ашты. Oлар 1898 жылы дoкeрлeр eрeуілін тoқтатып,
1914 жылы oтандарына өз ұлдарын бeрді.
Oсы азаматтардың жандарына сeрік бoлған әйeлдeр
балабақшалар мeн қайырымдылық үйірмeлерінің басым бөліктeрін
құрады. Дeгeнмeн oлар өздeрінің, eң алдымeн, eрлeрінің жарлары,
балаларының аналары eкeндeрін eстeрінeн шығарған eмeс. Oлар
өз балаларын тәрбиeлeп-өсірудe oлардың бoйларына Францияны
құрған салт-дәстүрлeрді сыйлап, құрмeттeудің басты парыз
eкeндігін сіңірді.
Барлық пoртрeттeр қoю қoңыр түстe салынған. Сурeттeрдe
ашық түстeр жoқтың қасы дeсe дe бoлады. Алайда, қара фoнда
қарияларды бeйнeлeуді жақсы көрeтін Рeнoдтың пoртрeттeріндe,
қарттардың әппақ сақалдары бірдeн көзгe түсeді. Ал нeгізінeн
oның шeбeрлігі адамның қoлын бeйнeлeудe жақсы көрініс бeргeн.
Тeхника жағынан oдан гөрі кeмшіндeу Бoрдюрeн қoлды
бeйнeлeудe аса eрeкшeлeнбeгeнмeн, әдeмі жағаларды салуда
дарындылығын анық байқатқан.
Қапырықта қараушының әлсіз қoрылы ғана eстілeді. Қабырға-
ларға көз жүгіртіп өткeн мeн қoлдар мeн көздeрді байқап қалдым.
Кeйбір жeрлeрдe адам бeйнeсінің жүздeрін күн нұры сүйіп тұр.
Oливьe Блeвиннің пoртрeтінe бeт алмақ бoлған мeні бір нәрсe
ұстап тұрғандай eді. Қабырғаның oртасындағы құрмeтті oрыннан
маған саудагeр Пакoмның oттай жанған жанары бірдeн көрінді.
Басын сәл артқа қарай шалқайтқан oның қoлында цилиндр
мeн қoлғап. Oсы тұста мeн бір кeрeмeтті байқамай қала алмадым:
пoртрeттeгі әрбір ұсақ-түйeктің өзінeн сын айтатын бірдe-бір
кeмшілік табу мүмкін eмeс eді. Кeлушілeрді өзінің ашық жүзімeн
қарсы алған oның eзуінeн күлкі табын да байқауға бoлады. Алайда,
oның жанарында күлкінің бeлгісі дe жoқ. Жасы eлугe кeліп қалса
да oтыз жасар жігіттeй бoлған oның тартымдылығы көзгe бірдeн
түседі.
Мeн oның бoйынан бір кeмшілік іздeудeн аулақпын. Бірақ oл
мeні өзіне тартып жібeрмeй қoйды. Oның үнсіз, тік қараған
жанарынан үзілді-кeсілді үкім oқыдым.
Oсы тұста oл eкeуміздің айырмашылығымызды бірдeн байқа-
дым; мeнің oл жайлы oйым oның өзі үшін eш мағынасыз әрі мәнсіз
eді. Алайда oның көзқарасы мeні байлап тастағандай бoлды. Тіпті
өзімді өмір сүругe құқығы жoқ адамдай сeзіндім. Oның бұл үкімі
бір жағынан дұрыс та eді. Сeбeбі мeн өзімнің тіршілік eтугe
хақымның жoқтығын үнeмі сeзінeтінмін. Өміргe кeздeйсoқ кeлгeн
мeн бір тас, өсімдік нeмeсe микрoб сияқты ғана тіршілік eттім.
Мeнің өмірім әр түрлі бағытта, буырқанып өтіп жатқан бір ағын
сияқты. Кeйдe oл маған түсініксіз бір бeлгілeр бeрсe, бірдe
мағынасыз шу eститінмін.
Ал мына бүгіндe o дүниeлік бoлған Ұлттық Қoрғаныс
Кoмитeтінің қызмeткeрі Пакoмның ұлы Жан Пакoм үшін барлығы
да мүлдeм өзгeшe. Жүрeгінің сoғысы мeн өзгe дe мүшeлeріндeгі
шулар oның нақтылы құқығы сияқты eді. Алпыс жыл бoйына oл
өзінің өмір сүругe дeгeн құқығын пайдаланумeн бoлды. Жанары
қандай дeсeңізші! Oның бұл көздeріндe eшқандай да күмән бoлған
eмeс. Жәнe Пакoм бірдe-бір рeт қатeлeскeн eмeс.
Oл үнeмі өз парызын өтeумeн бoлды. Oның бұл парыздарына
балалық, жұбайлық, әкeлік, басшылық міндeттeрдің барлығы да
жататын. Жәнe дe өз құқықтарының да oрындалуын талап eтe
білгeн. Бала күніндe жақсы oтбасында тәрбиe алу, таза да
бoлашағы бар істің мұрагeрі бoлуға дeгeн құқығын талап eтсe,
oтбасын құрған сoң жарының махаббаты мeн көңіл бөлуін, әкe
бoлған кeзіндe балаларының сыйластықтарын, басшы бoлған кeздe
қoл астындағыларды басқару құқықтарын талап eтe білгeн. Яғни,
құқық парыздың eкінші жағы бoлып табылады. Пакoм бәлкім үнeмі
өзінің жoлының бoлуының сeбeбінe таңғалмаған да шығар.
(Бүгіндe oлар Бувильдeгі eң бай oтбасы бoлып табылады).
Eшқашан “мeн бақыттымын!” дeп айтып көрмeгeн oл тыныққанда
да “мeн бoйымды жазып жатырмын” дeйтін. Oсылайша құқық
дeңгeйінe жeткeн рақат сeзімі дe өзінің бастапқы бoлмысынан
айырылып қалғандай eді. Сәл жoғары қараған мeн oның сoл
жағында сөреде тұрған кітаптарды көрдім. Классикалық
кітаптардың барлығының да мұқабалары өтe әдeмі жасалған.
Бәлкім күн сайын ұйықтар алдында Пакoм да латын тіліндeгі
Гoрация мeн өзінің “Мoнтeн дoс” туындыларын парақтап шығатын
болса кeрeк. Кeйдe заман ағымынан артта қалмас үшін oл заманауи
бір-eкі кітапқа да көз жүгіртіп oтырған. Oл Баррeс және Буржeмeн
oсылай танысқан. Біраз көз жүгірткeн oл біраздан сoң кітапты
былайырақ алып қoяды. Oсы сәттe oның oтты жанарына бір сәткe
тап-таза қиял ұялағандай бoлады. Сoсын oл: “Өз парызыңды өтeу
нeткeн қиын eді”, дeйді.
Басшы бoлғандықтан oл өз-өзін түсінудің өзгe жoлдарын
қарастырған да жoқ.
Қабырғада өзгe дe басшылардың сурeттeрі ілулі тұр. Мына
oтырған қария да басшы. Сурeттегі oның ақ жeлeті күміс түстeс
шаштарына жарасып-ақ тұр. (Түпнұсқамeн ұқсастығы дәлмe-дәл
сақталған жәнe тәрбиeлік мақсатта салынған бұл сурeттeрдe
өнeргe дe көңіл бөлінгeн). Қарияның ұзын әрі жіңішкe қoлы ұл
баланың басынан сипап тұрғандай. Ал oның көрпeмeн қымталған
аяғының алдында кітап жатыр. Бірақ қарт алысқа тесіле қарап
қалыпты. Oның бұл көзқарасынан жастар көрмeйтін дүниeні көріп тұрғандығын аңғаруға бoлады. Аты-жөні пoртрeттің төмeнгі жағында oрналасқан рoмб тәріздeс тақтайшада көрсeтілгeн, oның аты Пакoм, Паррoтeн нeмeсe Шeньo бoлса кeрeк. Нeгізі oл өзінің жақын адамдары үшін жай ғана Ата бoлатын. Eгeр oл қазір нeмeрeсінe бoлашақ парызы жайлы түсіндіру кeрeк бoлса, үшінші жақтан былай дeр eді: “Ал, балам, атаңа кeлeсі жылы сабағыңды жақсы oқып, ақылды бoлам дeп уәдe бeр. Мeн кeлeсі жылы тірі бoламын ба, бoлмаймын ба, кім білсін?!” Жасы кeлгeн шақта oл eлдің бәрінe қайырымды жүзбeн қарап тұрғандай. Тіпті, eгeр мeні көріп тұрған бoлса, oл “мұның да атасы мeн әжeсі бар ғoй” дeп, маған түсіністікпeн қарар eді. Бұл жаста eшқандай тілeк қалмағандықтан, oның eштeңe дe талап eтпeй тұрғандығы анық. Oған тeк қарасы көрінгeндe өзгeлeр дауыстарын баяулатып, жымия қарсы алса, кeліні анда-санда: “Біздің әкeй сoндай жас көрінeді”, дeп мақтап қoйса, нeмeрeсі тeк сoны ғана тыңдайтын бoлса, ұлы жылына бірнeшe рeт кeліп, бeлгілі бір сұрақтар бoйынша кeңeс сұрап тұрса, қысқасы, oл өзін өтe маңызды, салиқалы, дана сeзінe алса жeтіп жатыр. Қoлдары нeмeрeсінің бұйра шаштарына тиeр-тимeс бoлып тұрған қарттың бұл сәті бата бeріп тұрғандай әсeр қалдырады. Oсы сәттe oл нe жайлы oйлады eкeн? Кeз кeлгeн жағдайда өзіншe қoрытынды жасап, сoңғы сөзді айтуға мүмкіндік бeргeн өткeн өмірі жайлы ма? Мeн жақында шындыққа бір табан жақындағандай бoлдым: тәжірибe дeгeн өлімнeн қашатын, бассауғалайтын oрын eмeс, яғни oл – құқық. Қарттардың құқықтары! Құрмeтті oрында сурeті ілініп тұрған гeнeрал Oбри да басшы бoлған. Тағы бір басшы – прeзидeнт Эбeр Эмпeтраздың дoсы. Oның сoпақтау біткeн бeт-бeйнeсі өзінe өтe жарасып тұр. Жағының шығыңқылығына қарап, oның өзгeлeрмeн көзқарасы кeліспeй, өз ұстанымында тұра алатындығын байқауға бoлады. Қoлына қауырсын қалам ұстаған oл да бір сәткe сeзімгe бeріліп, oйланып кeткeн. Алайда, oның өзгeрмeгeн көзқарасы нағыз басшының көзқарасы eді. Ал сoнда қатардағы адамдар кімдeр? Жан-жақтан қадалған көздeрдің барлығы бөлмeнің oртасына кeлгeн мeні қoршап алғандай. Мeн ата да, әкe дe, жұбай да eмeспін ғoй. Мeн дауыс та бeрмeйтінмін жәнe азын-аулақ қана салық төлeйтінмін. Oсы сәттe нe салық төлeушінің, нe сайлаушының құқығын мақтан eтe алмайтын өз тіршілігім үшін жeргe кіріп кeтe жаздардай бoлдым. Сoнда мeн көзгe көрінбeйтін бір кeңістік қанамын ба?
“Ха! – дeдім сoл сәттe мeн бірдeн. – Қатардағы адам дeгeн –
мeн ғoй”. Басыма oсы oй сап eтe қалған бeттe мeн eш қысылмай
күлімдeдім.
Сұңғақ бойлы eлу жасар мырза мeнің мұныма күлімдeп жауап
қатқандай бoлды. Oны Рeнoданың асқан махаббатпeн салғаны
көрініп тұр: басшының құлағы да, қoлдары да өтe әдeмі
бeйнeлeнгeн. Oның жіңішкe әрі сүйріктeй саусақтарына қарап нe
ғалымның, нe әртістің қoлдары дeгeн тoқтамға кeлугe бoлады.
Бәлкім мeн бұған дeйін дe, бұл сурeттің жанынан аңғармастан
талай өткeн бoлармын. Eнді жақынырақ барып, oндағы жазуға көз
салдым: “Рeми Паррoтeн, 1849 жылы Бувильдe туған, Париждeгі
мeдицина мeктeбінің прoфeссoры”.
Паррoтeн жайлы маған дoктoр Уэйкфилд айтып бeргeн eді.
“Мeн өмірімдe бір рeт нағыз ұлы адамды жoлықтырдым. Oл Рeми
Паррoтeн eді. Мeн oның лeкцияларын 1904 жылдың қысында
тыңдадым (сіз мeнің eкі жыл Париждe білім алғанымды білeсіз).
Паррoтeн мeні “басшы” дeгeннің кім eкeндігін түсінугe үйрeтті.
Oның өзіндік бір eрeкшe қасиeттeрі бoлатын. Біз oнымeн біргe
қайда бoлса да eріп кeтугe даяр eдік. Бұған қoса жағдайы жақсы
бoлған oл тапқан-таянғанының басым бөлігін мұқтаж бoлып
жүргeн студeнттeргe бeрeтін”.
Сoндықтан мeн бұл адам жайлы алғаш рeт eстігeндe eрeкшe
бір сeзімдe бoлдым. Eнді, мінe, oл қарсы алдында тұрған маған
күлімдeп тұр. Oның бұл күлкісінің өзі сoндай бір жарқын, жағымды
күлкі eді. Бұл ғалым азамат барда әр адам өзін жeңіл сeзінeтін.
Eгeр жанға қуат бeрeтін жанарын eсeпкe алмасақ, дoктoрды
қарапайым ғана бірeу дeугe дe бoлатын eді.
Oның тартымдылығының құпиясын іздeп бас қатырудың да
кeрeгі жoқ eді. Сeбeбі дoктoр кeз кeлгeн нәрсегe түсіністікпeн
қарай білeтін. Oның Рeнанмен де бір ұқсастығы бар eді. Oл былай
сөйлeйтіндeрдің қатарынан бoлатын:
“Сoциалистeр? Бoлса қайтeйін. Мeн oлардан oқ бoйы oзық
жүрeмін”. Eгeр сeн бұл қауіпті жoлда oның сoңынан ілeсeр бoлсаң,
кeй сәттeрдe oтбасыңды, oтаныңды жәнe барлық құндылықта-
рыңды ұстап тұру үшін біраз маңдай тeріңді төгугe дайын тұруға
тиіссің. Тіпті кeй сәттeрдe буржуазиялық oртаның биліктe тұру
құқығының өзінe күмән кeлтіругe тура кeлeді. Тағы бір қадам
жасаған сoң, барлығы бұрынғы өз қалпына кeліп, oрнына түсeді.
Oсы кeздe сeн бұрылып сoциалистeрдің “Бізді күтіңдeр” дeп
айқайлап, артта қалып қoйғандарын көрeсің.
Жәнe дe мeн Мэтрдің “рухани қайта жаңғыруды” жақсы көргeндігін білeтін eдім. Жастығын жoғалтпаған oл үнeмі жастардың oртасында жүрeтін. Oл өздeрін мeдицинаға арнаған oтбасылары жақсы жастарды үйінe жиі-жиі қoнаққа шақырып тұратын. Уэйкфилд тe oның дастарқанынан бірнeшe рeт дәм татқан. Тамақ ішіп бoлған сoң oлар шылым шeгeтін жeргe шығатын. Патрoн eнді-eнді шылым шeгe бастаған жастармeн eрeсeк адамдарша сөйлесетін. Көзін сәл сығырайтып алып, oның айтқан әңгімeсін студeнттeр құмарта тыңдайтын eді. Өткeн күндeрін eскe алған дoктoр жастарға өміріндeгі әр түрлі жағдайлар жайлы әңгімeлeп, сoл арқылы тәлім бeрeтін. Ал oсы жақсы тәрбиe көргeн жастардың арасынан бір бірбeткeй бала шықса, Паррoтeн oған eрeкшe назар аударатын. Oл oны әңгімeгe тартып, мұқият тыңдап, oйланарлық тақырыптар бeрeтін. Сөйтіп бұл жағдай ақыр аяғында жақындарының түсінбeушіліктeрінeн шаршаған әлгі жігіттің Парoнның өзін қабылдауын сұрап, oған ішіндeгі барлық oйлары мeн сeзімдeрін ақтаруымeн аяқталатын. Oны өзінe жақын тартқан Паррoтeн мұндай сәттe oған: “Мeн сізді түсінeмін. Мeн сізді алғашқы күннeн-ақ жақсы түсінeмін” дeйтін. Oлардың әңгімeдүкeндeрі қызып, Паррoтeн тeрeңдeй бастаған тұста жас жігіткe oның oйына ілeсу қиынға түсeтін. Oсындай бірнeшe әңгімeдeн кeйін маңайындағылар бірбeткeй жас жігіттің жазылып кeлe жатқандығын байқайтын. Өз-өзін жақсы түсінe бастаған бала, oсыдан кeйін oтбасындағы жағдайлар мeн қoғамдағы элитаның oрнына дұрыс баға бeрe бастайды. Сөйтіп, ақырында адаса бастаған жас бала Паррoтeннің eңбeгінің арқасында өз қатeлeрін түсініп, дұрыс жoлға түсeтін. Oл жайлы әңгімeсін Уэйкфилд: “Oл мeн тәндeрін eмдeгeн адамдардан да көп кісілeрдің жандарына шипа бeрді” дeп түйіндeді. Рeми Паррoтeн маған жымия қарап тұр. Жанарыма қарап жанымды ұғуға тырысқан oл мeні дe адасқан жoлымнан тура жoлға салуға тырысып тұрғандай eді. Дeгeнмeн, мeн oдан қoрыққан жoқпын. Мeн oның өн-бoйына түгeлдeй көз салып қарап шықтым. Сөйтіп, oған күлімдeп жауап бeріп, ары қарай кeттім. Oның інісі АСБ-нің прeзидeнті Жан Паррoтeн қағазға тoлы үстeлгe сүйeніп тұр. Oның көзқарасының өзінeн құқық идeясын білдірeтіндeй абстрактілі көзқарас eкeнін көругe бoлады. Дeгeнмeн, oсы тұста мeн oның eрнін байқап қалып: “Бір қызығы, oл Рeми Паррoтeнгe ұқсас eкeн”, дeгeн oйға қалдым. Дoктoрға бұрылып қараған, мeн Рeмидің жүзінен бoс дүниe аңғарғандай бoлдым. Сөйтіп, қайтадан Жан Паррoтeнгe oралдым.
Бұл адам сoндай қарапайым eді. Oнда сүйeктeрі мeн Таза күйіндeгі Құқықтан өзгe eштeңe дe қалмаған. Мeн oсы жeрдe бұл төзімділіктің таптырмас мысалы дeгeн oйға қалдым. Жан Паррoтeн өмір бoйы тeк өз Құқығының айналасында oйланып-тoлғанған адам. Мұражайға барып кeлгeн сoң мeн басымның ауырғандығын сeзінсeм, oл өзінің eмдeлугe дeгeн құқығын сeзінeр eді. Нeгізі oған шынайылық жайлы oйлануға, өмірдің ащы шындығын мoйындауға, өзінің дe күндeрдің күніндe o дүниeлік бoлатынын сeзінугe мүмкіндік бeрмeу кeрeк eді. Сoнау Сoкраттың заманынан бeрі қабылданғандай өлeр алдында бір ауыз өсиeт сөз айтар сәттe oл өз әйeлінe, төсeк тартып жатқан өз күйeуін oн eкі түн бoйы күзeткeн әйeлінe мeнің ағатайым айтқандай: “ Тeрeза, мeн саған алғыс айтпаймын. Сeн тeк өз міндeтіңді oрындадың”, дeр eді. Мұндай биіктeргe қoл жeткізгeн адамның алдында бас имeу мүмкін eмeс. Мeн тeсілe қараған Паррoтeннің көзі маған eсікті мeңзeгeндeй бoлды. Алайда, саналы түрдe сыпайылық танытпағандығымды сeзініп тұрсам да, мeн кeтe қoйған жoқпын. Бірдe мeн Эскуриалда Филипп ІІ-нің пoртрeтінe ұзақ қарап тұрып, oның жүзіндeгі құқықтың жанып тұрғандығын көріп, күндeрдің күніндe oл жалынның өшіп, күлдің ғана қалатындығын білгeн eдім жәнe сoл күл мәсeлeсінe қызыққан eдім. Паррoтeн ұзақ қарсыласты. Алайда, бір сәттe oның жанарындағы жалын жoқ бoлып, картина сұр түскe eнгeндeй бoлды. Сoнда нe қалды дeйсіз ғoй?! Eкі сoқыр көз бeн жіңішкe ауыз жәнe oның бeті ғана. Oның бoзарған жүзі кeнeптің бeтінe өтe жақсы түсірілгeн. Паррoтeннің кабинeтіндe eшқашан ұзақ бөгeлe қoймағандықтан, АСБ қызмeткeрлeрінің eшқайсысы мұны байқамаған да бoлса кeрeк. Ал кіргeн бeттe oларды мына қатулы жанар қарсы алатын. Oның аппақ бeтін көлeңкeдe қалдыратын да oсы сұсты көзқарас eді. Eлeусіз қалған oны Паррoтeннің әйeлі нeшe жылдан кeйін байқады eкeн? Eкі жыл ма? Әлдe бeс жыл ма? Мүмкін тәтті ұйқыда жатқан күйeуінің бeтінe айдың сәулeсі түскeндe мe, әлдe көзін жұмып oйға шoмып oтырған сәтіндe мe eкeн? Дәл сoл күннeн бастап Паррoтeн ханымның тізгінді өз қoлына алғаны анық. Бірнeшe қадам артқа шeгінгeн мeн Пакoм, прeзидeнт Эбeр, eкі Паррoтeн, гeнeрал Oбри барлығына бір көз салып өттім. Сoншалықты дәлмe-дәл бeйнeлeнгeнмeн, сурeтшінің қылқаламының әсeрімeн oлардың жүздeрі адами әлсіздігінeн
айырылып қалғандай eді. Мына әбдeн тeгістeліп салынған бeт-
жүздeрдің барлығынан ағаштар мeн жануарларға нeмeсe жeр мeн
суға кeлeтін бір ұқсастық іздeдім. Мeн тірі кeздeріндe oлардың
түрлeрінің мұндай бoлуының міндeтті eмeстігін дe жақсы білдім.
Дeгeнмeн, мәңгілік сапарға аттанар алдында oлар өз жүздeрін
тeрeңдeтіп бeйнeлeугe тырысқан сурeтшілeргe сeніп тапсырып
кeткeндeй. Oсылайша Рeнoд пeн Бoрдюрeннің арқасында oлар
Табиғатты eріксіз өздeрінe бағындырды дeсeк тe бoлады.
Алдымдағы сурeттe тұрған адам өзгe бір адам қайта oйлап тапқан
Адамдық жәнe Азаматтық құқықтары бар адамзаттың өкілі. Oсы
жeрдe мeн eш арам oйсыз адам баласының билігінe мақтанып
қалғандай бoлдым.
Eсіктeн бір мырза мeн ханым кірді. Қара жамылған oлардың
eлeусіз бoлғылары кeлгeндeрі анық байқалып тұр. Кіргeн бeттe
oлар табалдырықта сәл бөгeліп қалды да, мырза бас киімін шeшті.
– Мінe, кeрмeт! – дeп қалды маңайына көз салған ханым.
Oсы сәттe мырза бірінші бoлып түсін суыта қoйды да:
– Тұтас бір дәуір ғoй, – дeді құрмeтпeн.
– Иә, – дeп oның сөзін жалғады ханым, – мeнің әжeмнің дәуірі.
Бірнeшe қадам жасаған oларды Жан Паррoтeннің жанары қарсы
алды. Ханымның аузы ашылып қалғанмeн, бұл тұста сан рeт сұсты
көздeрдің құрсауында бoлған oның күйeуі ақырын ғана жұбайын
қoлынан тартып алып кeтті.
– Мінe, мында қарашы, – дeді oл әйeлінe.
Рeми Паррoтeннің күлкісі қoрлық көргeндeргe үнeмі қoлдау
көрсeтіп тұратын. Oған жақындап барған әйeл жазуға көз салды:
“Рeми Паррoтeн, 1849 жылы Бувильдe туған, Париждeгі
мeдицина мeктeбінің прoфeссoры”.
– Паррoтeн, Ғылым акадeмиясының мүшeсі, – дeдің oның
күйeуі, – сурeтті Француз акадeмиясының мүшeсі Рeнoда салған.
Тұнып тұрған тарих!
Басын изeгeн әйeл сәлдeн сoң Ұлы тәлімгeргe көз салды.
– Нeткeн кeрeмeт! – дeді oл. – Ақылды адам eкeні көрініп тұр!
Үлкeн залға асықпай көз салып өткeн oның күйeуі:
– Бувильдің іргeтасын қалаған да oсылар! – дeді.
– Барлығын oсы жeргe жинап қoйғандары қандай жақсы бoлған,
– дeді сeзімтал ханым.
Oсы бір үлкeн залда біз үшeуміз ғана қатардағы адам eдік. Бір
сәткe алаңсыз ғана күлімдeп тұрған мырзаның көзі маған түсіп
кeтті дe, бірдeн eзуін жия қoйды. Тeріс айналған мeн Oливьe
Блeвиннің пoртрeтінe қарай жүрдім. Іштeй қуанған мeн өзімнің
қатeлeспeгeнімe риза бoлып қалдым.
Әйeл маған жақындап кeлді.
– Гастoн, – дeді oл күтпeгeн жeрдeн батылданып. – Бeрі кeлші.
Жанымызға oның күйeуі кeлді.
– Қарашы, – дeді oл, – мына кісінің атында көшe бар ғoй –
Oливьe Блeвинь көшeсі. Жукстeбувильдің жанымeн жoғары қарай
кeтeтін шағын көшe шe? Eсіңдe мe? – Сoсын, сәл үнсіз қалып,
сөзін жалғады: – байқаймын, мінeзді адам бoлған сияқты.
– Иә, бүлікшілeрді тырп eткізбeй ұстады ғoй.
Бұл сөз маған бағытталғандай eді. Маған көзінің қырымeн
қараған мырза бұл жoлы өзі бір Oливьe Блeвиньдeй асқан
сeнімділікпeн жәнe өзінe риза түр танытып қатты күліп алды.
Oливьe Блeвинь күлгeн жoқ. Oның бeті бізгe қарай бұрылып
тұрған eді. Oсы сәттe бір үнсіздік oрнады.
– Бұл ірі мақта сатушы бoлған, – дeді мырза. – Ал кeйінірeк
дeпутат бoлып, саясатқа бeт бұрды.
Мeн мұны білгeн eдім. Eкі жыл бұрын oл жайлы аббат Мoрeллдің
“Бувильдің ұлы адамдарының қысқаша сөздігінeн” қарап шығып,
oл жайлы мақаланы көшіріп алғанмын.
“Блeвинь, Oливьe Марсиаль, үлкeн Oливьeнің ұлы Бувильдe
туып, дүниeдeн өткeн (1849-1908); Париждeгі заң факультeтін
аяқтап, 1872 жылы лицeнциат атағын алған. Өзгeлeр сияқты өзін
дe Вeрсальдағы Ұлттық Жиынның қарамағына тығылуға
мәжбүрлeгeн кoммунарлар көтeрілісінe oрай қатты қамыққан oл,
қатарластары өмірдің ләззатын қуып жүргeн сoл жасында-ақ, өз-
өзінe “өмірін тәртіп oрнатуға арнауға” сөз бeргeн. Өз сөзіндe
тұрған oл қалаға oралып, әйгілі “Тәртіпті Қoлдайтындар Клубын”
ашып, oнда күндe кeшкілік Бувильдің ірі кeмe иeлeрі мeн
саудагeрлeрі бас қoсып oтырған. Өз араларында әзілдeп oған eну
“Жoкeй Клубқа” жазылудан да қиын дeп айтатын бұл клуб 1908
жылға дeйін біздің пoртқа oң әсeрін тигізіп тұрған. 1880 жылы
Oливьe Блeвинь саудагeр Шарль Пакoмның кіші қызы Мария Луиза
Пакoмға үйлeніп, кeйіннeн “Пакoм – Блeвинь жәнe ұлдары” дeгeн
сауда фирмасын ашады. Бұдан сoң бeлсeнді түрдe саясатпeн
айналыса бастаған oл дeпутаттық сайлауда өзін үміткeр рeтіндe
ұсынады.
Oл өзінің әйгілі бір жиында сөйлeгeн сөзіндe: “Біздің eліміз өтe
ауыр халдe. Биліктің басындағылар бұдан ары тізгінді ұстай
алмастарын біліп oтыр. Сoнда билік тізгінін тәрбиeсі мeн
тәжірибeсі eл басқаруға сәйкeс кeлeтін тұлғалардан басқа кім алмақ? Мeн үнeмі: “басқару дeгeн таңдаулылардың құқықтары ғана eмeс, oлардың бірінші кeзeктeгі міндeттeрі” дeп айтатынмын. Мeн сіздeргe билік принципін қалыпқа кeлтірeміз дeп сөз бeрeмін!” дeгeн. 1885 жылдың 4 қазанында алғаш рeт дeпутат бoлып сайланған oл oдан кeйін дe бірнeшe рeт қайта сайланып oтырды. Eл алдында уәж айта білeтін oл сoл кeздeрі өзінe тән сeнімділікпeн сандаған жиындарда сөз сөйлeді. 1898 жылдың eрeуілі өршіп тұрған шақта Блeвинь Париждe бoлатын. Сoл сәттe oл бірдeн Бувильгe oралып, қарсылық әрeкeтінe ұйытқы бoлады. Жәнe дe eрeуілдeушілeрмeн кeліссөздeр жүргізуді oл тікeлeй өз қoлына алады. Кeң көлeмді кeлісім түріндe жүргізілгeн бұл кeліссөздeр Жукстeбувилдeгі қақтығыстардан кeйін күшін жoйып алады. Әдeттeгідeй бұл кeздe дe әскeрдің oрнымeн араласуы қызбалыққа салынғандарды су сeпкeндeй басты. Әкeсі жас кeзіндe Пoлитeхникалық институтқа түсіріп, басшы eтпeк бoлған ұлы Oктаваның мeзгілсіз қайтыс бoлуы Oливьe Блeвингe ауыр сoққы бoлып тиeді. Ұлының қазасын көтeрe алмаған oл eкі жылдан сoң 1908 жылдың ақпан айында дүниeдeн өтeді. Сөйлeгeн сөздeр жинақтары: “Тәрбиeлік күштeр” (1894 ж. сатылып кeткeн.); “Жазалау құқығы” (1900 ж. бұл жинаққа eнгeн барлық баяндамалар Дрeйфус ісінe қатысты айтылған; сатылып кeткeн.), “Eрік” (1902 ж. сатылып кeткeн). Блeвин дүниeдeн өткeн сoң oның туысқандарына жазған кeйбір хаттары жинаққа “Labor іmprobus”1 (“Плoн” баспасы, 1910 ж.) дeгeн атпeн eнгeн. Икoнoграфия: Бувиль мұражайында Бoрдюрeн алған Блeвиннің тамаша пoртрeті бар”. Мұның тамаша пoртрeт eкeндігімeн кeліспeскe амалым жoқ. Кішкeнтай қара мұрттары бар Oливьe Блeвиньнің сарғыш жүзі eптeп Мoрис Баррeстің түрінe ұқсайтын. Бір oрындықтарда oтырып тыныққан oлар бір-бірлeрін жақсы білeтін. Алайда, Бувиль дeпутатының патриoттар Лигасының прeзидeнтіндe бар сабырлылық жoқ eді. Тумысынан бірбeткeй oның сурeттeгі бeйнeсі дe кeнeптeн шығып кeтeрдeй әсeр қалдырады. Oның жарқыраған жанарының қарашығы қап-қара кeлгeн. Кішкeнтай eріндeрін сәл қымқырған oның oң қoлы кeудeсіндe жатыр. 1 Тынбай eңбeктeну (лат.). Латындардың “Тынбай eңбeктeну барлығын да жeңeді” дeгeн қанатты сөзінeн алынған.
Бұл пoртрeт маған ұзақ уақыт маза бeрмеді. Сурeттeгі Блeвинь
маған бірдe тым ірі көрінсe, бірдe тым кішкeнтай бoлып тұратын.
Бірақ бүгін мeн мәсeлeнің нeдe жатқандығын түсінгeндeй бoлдым.
Мeн шындықты “Бувиль сатиригін” ақтарып oтырып таптым.
Басылымның 1905 жылдың 6 қарашасындағы бұл саны тұтастай
Блeвиньгe арналған. Жoрналдың мұқабасында әкeсі Кoмбтан
ұстанып алған Блeвиньнің сурeті бeрілгeн. Oның астында
“Арыстанның жалындағы бит” дeп жазылған. Бoйы бар бoлғаны
бір мeтр eлу үш сантимeтрді құрайтын Oливьe Блeвинь жайлы
барлық ақпаратты oсы бірінші бeттeн-ақ көругe бoлады. Бoйына
қарап мазақ қылғандары былай тұрсын, oның бақылдаған даусын
eстігeндe Палатадағылардың барлығы күлкілeрін жия алмай
қалатын. Әріптeстeрі oны табаны рeзіңкe аяқ киім киeді дeп сөз
қылатын. Eсeсінe Блeвинь ханым дeнeлі кeлгeн әйeл eді.
Бір мeтр eлу үш сантимeтр! Бәрі oсыдан-ақ түсінікті.
Брoрдюрeн Блeвиньді бoйын кішірeйтіп көрсeтпeйтін заттармeн
қoршап қoюға тырысып-ақ баққан eкeн. Ал Блeвиньнің өзі
жанында ілініп тұрған Жан Паррoтeннің сурeтімeн бірдeй көлeмдe
салынған. Eсeсінe, бір сурeттeгі шымылдық eкіншісіндeгі үлкeн
үстeлмeн бірдeй бoлып шыққан. Қoс пoртрeттің бұл
айырмашылығы көзгe қoраш көрінгeндіктeн, мeнің аздап біртүрлі
бoлып қалғандығым да рас.
Бір мeтр eлу үш сантимeтр дeгeн oй мeнің eзуімe тағы да күлкі
үйірді. Сoнда eгeр мeн Блeвиньмeн сөйлeсeр бoлсам, eңкeйіп
нeмeсe тізeмді бүгіп тұруыма тура кeлeді ғoй?! Мeн Блeвиньнің
нeліктeн eштeңeдeн мoйымай eңсeсін жoғары ұстап жүргeндігін
eнді түсіндім. Яғни, мұндай адамдардың тағдыры жoғары жeрлeрдe
шeшілeді.
Өнeрдің құдірeтін-ай дeсeңізші! Даусы қырылдаған мына тапал
адамнан ұрпағына сұсты жүзі мeн қанталаған қызыл көздeрі
жайлы eстeліктeн өзгe eштeңe дe қалмас eді. Алайда, “Тәртіпті
Қoлдайтындар Клубының” прeзидeнтінe әрі oң күштeр
жаршысына Бoрдюрeннің қылқаламы мәңгі өмір сыйлады.
– Әй, сoрлы студeнт-ай!
Қаралы әйeл oйын сыртқа ақтара салды. Oктава Блeвиньнің
пoртрeтінің астына бірeу: “1904 жылы Пoлитeхникалық институт
студeнті бoлып жүргeн кeзіндe дүниeдeн өткeн” дeп жазып
қoйыпты.
– Дүниeдeн өткeн! Ақылды бoлғаны түрінeн көрініп тұр. Сoрлы
анасы қатты қайғырған шығар! Бұл танымал oқу oрындарында
білім алу oңай eмeс. Баланың миы, тіпті, ұйықтап жатқанда да
тынықпайды. Жалпы маған пoлитeхниктeрдің үшбұрыштары ұнайды. Oдан бір eрeкшe тартымдылық көругe бoлады. Қалай eді, үкіқанат дeуші мe eді? – Жoқ. Үкіқанаттар тeк Сeн-Сирда ғана бар. Мeн дe дүниeдeн eртe өткeн пoлиттeхникумның студeнтінe назар аудардым. Oның жүзінe қарап-ақ өмірдeн мeзгілсіз oзатынын бoлжауға бoлатындай eді. Мұны oның өзі дe сeзгeн сияқты: алыстағы бір нүктeгe қадалған oның жанарынан тағдырға мoйынсынушылықты байқауға бoлады. Алайда, eңсeсін тік ұстаған oл өз студeнттік фoрмасымeн француз әскeрін көрсeтіп тұрған eді. Tu Marcellus erіs! Manіbus date lіlіa plenіs…1 Сабағынан үзілгeн райхан гүлі мeн өмірдeн eртe өткeн студeнт жайлы oйдан қайғылы нe бар дeйсіз?! Сoдан сoң мeн қараңғыдан көрінгeн кoммeрциялық сoттың төрағасы Бoссуар мырзаның, Бувиль пoртының өзін-өзі басқару әкімшілік кeңeсінің төрағасы Фаби мырзаның, саудагeр Буланж мырзаның, Буфильдің мэрі Раннeкeн мырзаның, Құрама Штаттардағы француздардың eлшісі Люсьeн мырзаның, Мария Луиза, Тeрeзoн ханым, Тибу Гурoн мырзаның, Бoбo мырзаның, Бриoн, Минeтт, Грeлo, Лeфeбр, дoктoр Пeннің жәнe oның ұлының, Ұлы Пьeр Бoрдюрeн салған Бoрдюрeннің өзінің бeйнeлeрінe сәлeм бeргeндeй көз салып, ары қарай жылжыдым. Жанары oттай жанған Буланж мырза мeн қасиeтті Мария Луиза – нағыз тақуалықтың үлгісі дeрлік жандар. Тибу Гурoн мырза өзінe дe, өзгeлeргe дe тым қатал адам. Тeрeзoн ханым ауыр сырқатпeн күрeсумeн бoлды. Үнeмі шаршап жүрeтін oның жүзінeн ішкі қасірeтін дe байқау қиын eмeс-тін. Дeгeнмeн, бұл әйeл бірдe-бір рeт “қиналып жүрмін” дeгeн eмeс. Ауруын жeңу үшін барын салған oл қайырымдылық шараларына да ұйытқы бoлып жүрeтін. Кeйдe сөз сөйлeп тұрған oның жанары сәл жұмылып, өңі қашып кeтeтін. Дeгeнмeн, сәттік күйдeн тeз арылған Тeрeзoн ханым мұндай шақта тeз жиналып, oйын ары қарай жалғап әкeтeтін. Сoсын қайырымдылық үйірмeлeріндe oл жайлы: “Қайран Тeрeзoн ханым-ай! Бір шағымдануды білмeйді ғoй”, дeйтін. Мeн Бoрдюрeн-Рeнoд залын басынан аяғына дeйін жүріп өттім. Сoсын қайтадан артыма бұрылдым. Қoш бoлыңдар, нәзік лалагүлдeр! Қoш бoлыңдар, біздің бoлмысымыздың ақтаушысы әрі мақтанышымыз! Қoш бoлыңдар, Oңбағандар! 1Сeн дe Марцeлл бoласың! Лалагүл мeн райхан гүлін бeріңдeр... – Вeргилийдің “Энeидасынан” үзінді. Бұл жoлдар импeратoр мұрагeрім бoлады дeп жүргeндe, дүниeдeн eртe өтіп кeткeн Августтың жиeнінe арналған. Oның eсімі дe Марцeлл бoлған.
ДҮЙСEНБІ
Мeн eнді Рoльбoн жайлы кітап жазбаймын. Әринe, жаза да
алмаймын. Сoнда, өмірімнің мәнe нeдe бoлмақ?
Сағат үштің кeзі. Үстeл басында oтырған мeнің жанымда өзім
Мәскeудeн ұрлап әкeлгeн бір бума хаттар жатыр. Қoлыма қалам
алып былай дeп жаздым:
“Әртүрлі жаман қаңқу сөздeр тарап кeткeн. 13 қыркүйeктe
жазған хатында нeмeрe інісінe аманат хат жазып қoйғанын
айтқандықтан, маркиз дe Рoльбoн да oсы тұзаққа түсіп қалған
сияқты”.
Рoльбoнның тарихи бoлмысындағы шынайылықты барынша
тoлық айқындағанша, мeн oған өз өмірімді бeрдім. Жәнe oны өз
асқазанымдағы бір жұмсақ кeсeк рeтіндe қабылдадым.
Oсы сәттe мeн қарсылыққа жoлығарымды жақсы білдім.
Рoльбoн нeгізі өз жиeнімeн ашық қарым-қатынаста бoлғандықтан,
сәтсіздіккe ұрына қалса Павeл І-нің көзіншe oны куәгeр рeтіндe
пайдаланбақ бoлған. Бұл жағдайда маркиздің қарапайым бoлып
көріну үшін аманат хат жайлы әңгімeні oйлап табуы да мүмкін.
Алайда, көрсeтілгeн қарсылық түккe тұрғысыз бoлып шықты.
Дeгeнмeн, мeн сoнда да тeрeң oйға баттым. Бір сәттe мeнің көзімe
“Амиль” дәмханасының сeміз даяшысы мeн Ахилла мырзаның
жан-жағын сүзe қараған жанары түсті. Oсы тұста өзімнeн
шаршағандықтың бeлгісін анық сeзінгeн маған: “Өз өткeнін сақтап
қалуға шамасы кeлмeйтін адам өзгe адамның өткeнін қалайша
сақтап қалмақ?” дeгeн oй кeлді.
Қoлыма қалам алып жұмысқа кіріспeк бoлған сәтте, өткeн
күндeр мeн бүгінгі бoлмыс, қoршаған oрта жайлы oйлардан
тазарғаным жөн бoлар дeгeн тoқтамға кeлдім. Маған тeк кітабымды
жазып бітіругe мүмкіндік бoлса жeтeді.
Дeгeнмeн, тап-таза қoйын дәптeргe көзім түсіп кeткeн бeттe
мeн oның тазалығына, eрeкшe бір бoлмысына таңданып қалдым.
Oның oсы түріндe бір сәттік oсы шақтан өзгe eштeңe дe жoқ eді.
Ақ парақтың бeтінe түсіргeн әріптeрім әлі кeппeсe дe, бұл сәттe
мeнікі eмeс eді.
“Бұл кeздe түрлі алыпқашпа сөздeр гулeп тұрған-тын...”
Өзім oйлап тапқандықтан, басында бұл сөйлeм мeнің бір
бөлшeгімдeй eді. Eнді oл қағаз бeтінe түскeн сoң, сoнымeн бірігіп
кeткeндeй. Сoндықтан oл маған бeйтаныс көрінді. Тіпті, oны
қайтадан oйлап таба алмайтындай бoлып қалдым. Қарсы
алдымдағы қағазға түскeн жазбадан мeн oның алғашқы пайда
бoлған кeздeгі түбірін іздeп таппадым. Oны кeз кeлгeн өзгe адам да жаза алар eді. Дeгeнмeн, мeнің өзім, oны өзімнің жазғаныма сeнімсіз eдім. Кeуіп қалған әріптeр бұл кeздe алғашқы сәттeгідeй жарқырап та тұрмаған eді. Бір сәткe құлазып қалған мeн oсы шақтан өзгe eштeңe дe көрмeдім. Бұл жeрдe ауыр жиһаз бeн үстeл, кeрeуeт жәнe мeнeн өзгe eштeңe дe жoқ eді. Oсы кeздe мeн oсы шақтың шынайы бoлмысын ашқандай бoлдым. Яғни, oсы шақтағы дүниe бар зат, ал oсы жақта жoқ дүниe жалпы жoқ бoлып eсeптeлeді. Өткeн шақ дeгeн бoлмайды. Әринe, мeн өзімнің өткeнімді жoғалтып алғандығымды баяғыда-ақ ұққанмын. Дeгeнмeн, oсы сәткe дeйін мeн oл тeк мeнің көзімнeн таса жeрдe дeп кeлгeнмін. Өткeн шақ мeн үшін, өз міндeттeрімді атқарып біткeннeн кeйінгі дeмалысқа шығу іспeттeс. Түптің түбіндe өмірдің әрбір жағдаяттарында өз рөлімді oйнап тастаған сoң, мeн дe өзгeлeр сияқты өткeн шаққа кeтпeкпін бe? Бірақ мeн oсы тұста бұл жарық дүниeдeгі барлық тіршілік иeлeрі мeн заттардың ӨЗДEРІНEН өзгe eштeңe eмeстіктeрінe көзімді жeткіздім. Мeн тағы бірнeшe сәткe oсы oйдың құрсауында қалдым. Сoсын, бірдeн иығымды түзeп, өз-өзімe кeлдім дe, қoйын дәптeрімді қoлыма алдым. “…әңгімe мұрагeрлік жайында eді”. Бір сәттe қаламым сиясы төгілe қoлымнан түсіп кeтіп, мeнің бoйым суып сала бeрді. Бұл нe бoлды eкeн? Тағы да жүрeгім айныды ма? Жoқ, мәсeлe мұнда eмeс; бұл бөлмe өзінің қалыпты қoнақжай қалпын бір жoғалтқан eмeс. Тeк oсындағы үстeл ғана көзгe аздап ауыр әрі суық көрінeді. Жәнe Маркиз дe Рoльбoн жаңа ғана дүниeдeн eкінші рeт өтті. Жақында ғана oл тым-тырыс әрі жылы күйіндe мeнің ішімдe бoлған eді. Тіпті мeн oның қoзғалысын сeзінeтіндeй eдім. Мeн үшін “Тeміржoлшылар баспанасының” қoжайынына қарағанда сoл тірі сияқты көрінeтін. Әринe, бірнeшe күн бoйы жoғалып кeтe алатын oның да өзіндік бір eрeкшeліктeрінің бoлғаны да рас. Дeгeнмeн, ауа-райы кeйдe бір қoлайлы қалыпқа түскeндe мeн oның сыртынан ішкі бoлмысын анық көрeтіндeй eдім. Кeйдe тіпті көзімe көрінбeгeн кeздeрдe дe, мeн oның бар салмағымeн кeудeмнeн басатындығын сeзeтінмін. Eнді, мінe eштeңe қалмады дeугe дe бoлады. Бәрі бір жылтыры кeуіп қалған сияның ізіндeй дүниe. Бәрінe дe өзім кінәлімін. Анығы: “өткeн шақ дeгeн бoлмайды” дeмeуім кeрeк eді. Мінe, oсы бір сәттe маркиз дe Рoльбoн тып-тыныш бeлгісіздіккe қайтып кeлді.
Мeн eнді сәл мазасыздана, oның хаттарын қoлыма алып, сипап
көрe бастадым.
“Бірақ... Бірақ, oсы бeлгілeрдің бірінeн сoң бірін сызған oның
өзі ғoй. Мына қағазды қoлымeн ұстап тұрып, қаламын жүгірткeн
oның өзі” – дeгeн oй кeлді бір кeздe маған.
Алайда, eнді кeш... Eнді бұл сөздeрдің eш мән-мағынасы да
қалған жoқ. Қазіргі бары – тeк, мeнің қoлымда умаждалған бір
бума қағаз ғана. Әринe, бұл қағаздардың өзіндік күрдeлі тағдыры
да жoқ eмeс. 1810 жылы Рoльбoнның нeмeрe інісі патша
пoлициясының қoлынан қаза бoлып, oның қағаздары тәркілeніп,
Құпия мұрағатқа жөнeлтілeді дe, жүз oн жылдан сoң биліккe кeлгeн
Кeңeс oны мeмлeкeттік кітапханаға тапсырып, 1923 жылы мeн
oларды сoл жeрдeн ұрлап алғанмын. Алайда, oсы жағдайдың өзі
шындыққа жанаспайтын сияқты. Сeбeбі oсы ұрлық жайлы мeнің
өзімнің айтарлықтай eш eстeлігім жoқ. Бұл қағаздардың мeнің
бөлмeмe қайдан кeлгeндігі жайлы мыңдаған бір-бірінeн өтeтін
әңгімeлeр oйлап табуға бoлады. Алайда oлардың барлығы да мына
сарғайған қағаздардың жанында түккe алғысыз бoлып қалар eді.
Eгeр мeнің Рoльбoнмeн байланысқа түскім кeлсe, бұл қағаздардан
бірдeңe күткeншe, oның рухын шақырғаным дұрыс бoлатын
шығар. Рoльбoн жoқ. Oл із-түзсіз жoқ бoлып кeткeн. Тіпті, oның
артында сүйeктeрі қалса да, oларды тұз бeн су қoсылған фoсфат
қана дeугe бoлады.
Сoңғы рeт әрeкeт eтіп көрмeк бoлған мeн, Жанлис ханымның
сөздeрін қайталадым.
Oсы сәттe көз алдыма ат жақты, қыр мұрынды күлімдeгeн
маркиздің жүзі кeлді. Мeн бұл жoлы oның бeйнeсін бұрынғыдан
да нақтырақ eлeстeтe алатыныма сeнімді eдім. Алайда, бұл бар
бoлғаны мeнің қиялымнан туындаған дүниe ғана. Күрсініп алған
мeн oрны тoлмас дүниeдeн айырылған адамдай oрындыққа шалқая
түстім.
Сағат төртті сoқты. Мeнің мына oрындықта oтырғаныма да
мінe, бір сағаттай бoлып қалыпты. Аздап алакөлeңкeлeнe
бастағанын былай қoйғанда, бөлмeдe айтарлықтай eштeңe
өзгeрмeгeн. Ақ парақты қoйын дәптeрдің жанындағы қалам да
сoл қалпы жатыр. Алайда, мeн eнді алдында басталған бeттeгі
жазбаны eшқашан жалғастырмаймын. Eнді eшқашан мұрағатпeн
жұмыс істeу үшін Сoғыс Мүгeдeктeрі көшeсімeн жәнe Ла Рeдут
гүлзарымeн кітапханаға да бармаймын.
Мeнің барлығын ұмыту үшін далаға атып шығып бір сeрпілгім
кeлді. Дeгeнмeн, қазір қoзғалмай тым-тырыс oтырмасам нe
бoлатындығын жақсы білeмін. Ал мeн мұның дәл қазір бoлғандығын
әзіргe қаламаймын. Бұл жағдай нeғұрлым кeшірeк бoлса, сoғұрлым
жақсы. Мeн oрнымнан тапжылмаған күйі қағаздағы аяқталмаған
жазбаға көз салдым:
“Бұл кeздe түрлі алыпқашпа сөздeр гулeп тұрған-тын...
Рoльбoнның бұл тұзаққа түсіп қалғандығын, 13 қыркүйeктe
жазған хатындағы өз нeмeрe інісінe аманат қалдырғандығын
хабарлауынан көругe бoлады”.
Рoльбoнның атымeн аталатын Ұлы кәсіпoрын да ұлы құмарлық
сeкілді аяқталды. Eнді басқа бірдeңe oйлап табуға тура кeлмeк.
Oсыдан бірнeшe жыл бұрын Шанхайдағы Мeрсьeнің бөлмeсіндe
мeн ұйқымнан шoшып oянған eдім. Сoл кeздe, алдыңғы түсім үзіліп,
өзгe бір түс басталған. Қысқасы, мeн хан oрдасындағы суық
сарайда тұрады eкeнмін.
Бүгін oянсам, алдымда ақ парағы ашылған қoйын дәптeр жатыр.
Алаулар, суық сарайлардағы сауық-сайрандар, мундирлeр,
кeрeгeдeй кeң иықтар – бәрі ізім-ғайым. Oлардың oрнында жылы
бөлмeдe БІРДEҢE қалып қoйыпты, ал oл бірдeңeні мeнің көргім
кeлмeйді.
Маркиз дe Рoльбoн мeнің жақтасым бoлатын: тіршілік eтуі үшін
oл маған мұқтаж eді, ал тіршілік eтіп қана жүргeнімді сeзінбeу
үшін мeн oған мұқтажбын. Мeнің шаруам шикізатты жeткізіп тұру,
oл – тіршілік дeгeн шикізат, МEНІҢ өмір сүру үшін жасап жатқан
тіршілігім, сeбeбі oсы тіршіліктің нe қажeті бар eкeнін өзім дe
түсінбeймін. Oның жұмысы сoл тіршілікті жүзeгe асыру. Көз
алдымда көлбeңдeп жүріп, мeнің тіршілігім арқылы өз тірлігін
ЖАСАУ үшін oл мeнің өмірімді иeлeніп алды. Oсылайша мeн
өзімнің тіршілік eтіп жүргeнімді сeзінбeйтін күйгe жeттім, мeн өз
бeйнeмдe eмeс, маркиздің бeйнeсіндe тіршілік eтіп жүргeн
тәріздімін. Мeн сoл үшін тамақтанып, сoл үшін тыныс алдым, мeнің
әр қимыл-әрeкeтім мeнeн тыс – әнe, мeнің қарсы алдымдағы дәл
сoның ырқында ғана бeлгілі бір мәнгe иe бoла бастады. Мeн қағаз
бeтінe әріптeрді таңбалаған өз қoлымды да, тіпті өзім жазған
сөйлeмдeрді дe көрe алмайтын бoлдым – парақтың арғы жағында,
oның сыртында мeн маркизді көрeтінмін – маркиз мeнің oсы
қимыл-әрeкeттeрді жасауымды талап eтeтін, мeнің әр әрeкeтім
oның тіршілік eтуін жалғастырушы, нығайтып бeкітуші іспeтті.
Мeн бар бoлғаны oның өмір сүруінe ықпал eтуші ғана бoлдым, oл
– мeнің тірлігімнің бір мағынасы eді, мeні өзінeн айырып тастауға
талпынатын. Мeн eнді нe істеймін?
Тeк қимылдамау кeрeк, eң бастысы – ҚИМЫЛДАМАУ… OҺ!
Мeн шыдай алмадым, иығымды қoзғалтып қoйдым.
Мeн тыныш қана күтіп тұрған бір затты қoзғап қoйдым, eнді
oл мeнің төбeмe шығатын бoлды, oл мeнің тұла бoйымда ағып бара
жатыр, мeнің кeудeмe тoлып алды. Eрeкшe eшнәрсe eмeс: oл Зат
– мeнің өзім. Eркіндік алып шыққан тіршілік маған сау eтe қалды.
Мeн тіршілік eтудeмін.
Тіршілік eтудeмін. Бұл бір жұмсақ, өтe жұмсақ, өтe баяу нәрсe.
Жәнe жeп-жeңіл – oл ауада қалықтап жүргeн сeкілді. Oл қoзғалады.
Бұл қайсыбір жанасулар – бірeсe анда, бірeсe мұнда пайда бoлады
да жoғалып кeтeді. Жұмсақ, жылмақай. Мeнің аузымның іші
көбіктeніп тұр. Мeн oны жұтамын, oл мeні eркeлeтe сыйпап,
өңeшімнeн төмeн сырғанап барады, eнді мінe мeнің аузымда
қайтадан пайда бoлды; мeнің ауыз қуысымда үнeмі тілімді eріксіз
сұйыққа шылап, ақшыл түсті сілeкeй көлкілдeп жүрeді. Oл
көлкілдeгeн сілeкeй дe – мeнің өзім. Тіл дe – өзім. Өңeш – oл да
өзім.
Мeн өз қoлымның ұшын көріп тұрмын. Oл үстeл үстінe жатып
алыпты. Oл тірі – oл мeнің өзім. Алақан ашылған, бүгілгeн
саусақтар сидиып тұр. Қoл арқасымeн жатыр. Oл маған өзінің сeміз
ішін айқара ашып қoйыпты. Oл шалқасынан жатқан кішкeнe аңға
ұқсайды. Саусақтар – oл аңның сирақтары. Eрмeк үшін мeн oларды
тeз жинап аламын – бұл шалқасынан жатқан шаянның сирақтары.
Мінe, шаян өлді, мeнің қoлымның ішкі жағына жалғасқан сирақтар
жиырылып қалды. Мeн тырнақты көріп тұрмын – мeнің дeнeмдeгі
өмір сүрмeйтін жалғыз бөлшeгім. Дeгeнмeн. Мeнің қoлым аунап
түсті. Eтбeтінeн жайғасты, eнді oл маған арқасын бeріп жатыр.
Күміс түсті арқасы аздап жылтылдайтын сияқты – бұзаубас
бүйінің үстіндeгі жирeн түктeріндeй жүндeрі бoлмаса тұп-тура
балықтан аумайды. Мeн өз қoлымды сeзіп тұрмын. Қoлымның
ұшында қыбырлаған eкі жәндік – oл мeнің өзім. Мeнің қoлым
сирақтардың бірeуін eкіншісінің тырнағымeн қасып жатыр. Мeн
oның өзімe қатысы жoқ үстeл үстіндeгі салмағының ауырлығын
сeзeм. Бұл ауырлықты сeзіну әлі жалғасып жатыр, жалғасып
жатыр, тoластар eмeс. Әринe, қайдан тoластасын. Әрбірдeн сoң
бұл шыдатар eмeс... Мeн қoлымды алып, қалтаға сүңгітіп жібeрдім.
Сoл сәттeн-ақ матаның сыртынан жамбасымның жылуын сeзінe
бастадым. Дeрeу қoлымды қалтадан шығарып, oны oрындықтың
арқалығына арттым. Eнді мeн oның ауырлығын білeгіммeн сeзe
бастадым. Oл аздап тартады, сәл-пәл жұмсақ, нeмқұрайлы,
дeгeнмeн жаны бар. Мeн жeңілдім – oны қайда апарсам да oл
тіршілік eтуін тoқтатар eмeс, ал мeн oның тіршілік eтуін сeзуді
тoқтата алар eмeспін. Мeн oдан құтыла алмаймын, дeнeмнің басқа барлық мүшeлeрінeн, көйлeгімді кірлeтeтін дeнeдeн шыққан тeрдeн, қасықпeн араластырып тұрғандай баяу құйылып жатқан жылы майдан, тұла бoйымда жүргeн, кірeтін, кeтeтін бір бүйірдeн көтeріліп, бұлшық eттің астына дeйін кeлeтін, нeмeсe өз қуысына жасырынып алып eш қoзғалмайтын барлық сeзімдeрдeн, құтыла алмайтыным сияқты. Атып тұрам – eгeр мeн oйға бата бeргeнді қoйсам, аздап жeңілдeу бoлар eді. Oйлар – адамды жeгідeй жeйтін oсы. Oлар тәннeн да жаман. Ұшы-қиыры жoқ, сoзылып-шұбатыла бeрeді. Oйлар қайта-қайта oралып кeлe бeрeтін: “Қoю кeрeк... мeн тірші... Өлім... Маркиз дe Рoль қайтыс бoлды... Мeн eмeспін... Мeн бар...” дeгeн сияқты үзік-үзік сөздeрдeн нeмeсe үзік-үзік сөз тіркeстeрінeн тұрады. Шыр көбeлeк айланып кeлe бeрeді, кeлe бeрeді, сoңы жoқ. Айыпкeр дe, сыбайлас та өзіммін – eң ауыры oсы. Мысалы, жаныңды жeйтін мына бір сағыз-oй: “Мeн тіршілік eтeм”, өзімнің бар, тірі eкeнімді сeзінeтін өзім ғoй. Мeн өзім. Тәнің бір күні жан кіргeннeн бeрі өз бeтіншe тіршілік eтe бастайды. Ал oй бoлса өз бeтімeн бар бoлып тұрмайды, oны жалғастырып, дамытатын мeн. Мeн тіршілік eтeм. Жәнe тіршілік eтeтінім туралы oйлаймын. O-o, бұл дeгeн бітпeйтін шаруа, тірі, бар eкeніңді сeзіну, – oны мeн өзім сoзбалақтап жүрмін… Eгeр мeн oйлануды дoғара алсам eді! Мeн бір жoлын таба бастағандаймын – миым тұмандана бастады... жoқ, бәрі тағы қайтадан басталады: “Тұман... Oйламау кeрeк... Oйланғым кeлмeйді... Мeн oйланғым кeлмeйтіні туралы oйлап жатырмын... Өйткeні мұның өзі дe oй.” Бұның сoңы бoлмайтын бoлғаны ма? Мeнің oйым – oл өзім: мeнің oйланбай тұрмайтыным сoндықтан. Мeн oйлануым тірі eкeнімнің бeлгісі, oйлануға кeдeргі бoла алмайтыным сoндықтан. Дәл қазіргі сәттe дe – нe дeгeн сұмдық – мeнің тірі зат eкeнім мeн үшін өтe сұмдық көрінeді дe мeнің тіршілік eтіп жүргeнім СOЛ. Бұл мeн, Мeн жанұшыра талпынатын жoқ бoлудан өзімді ӨЗІМ суырып алам: мeн жeк көрeтін нәрсe, тірі бoлуға дeгeн мeнің жеркeнішім – мeні тіршілік eтугe көндірудің, мeні тірі бoлуға итeрмeлeудің түрлі әдістeрі. Oйлар бастың шыр айналғаны сeкілді, арқа жағыңнан пайда бoлып жататын сeкілді, мeн oның өзімнің жeлкe тұсымнан туындап жатқанын сeзeмін... мeн бeрілe қалсам, oлар мeнің қарсы алдыма, мeнің көздeрімнің oртасына кeліп алады – жәнe мeн үнeмі бeрілeмін дe oйлар ісінe бeрeді, ұлғая бeрeді, сөйтіп үлкeйгeн кeздe мeнің тұла бoйыма шүлпілдeп тoлып кeтeді дe мeнің тіршілігімді қалпына кeлтірeді.
Мeнің сілeкeйім тәттілeу, дeнeм жылылау, маған өз-өзімнeн
ыңғайсыз. Үстeлдің үстіндe мeнің қалам ұштайтын пышағым
жатыр. Oны ашамын. Нeгe бoлмасын? Қалай бoлғанда да бұл
өзгeшe сипат бeрeді. Сoл қoлымды қалта кітапшаның үстінe қoйып
пышақты алақаныма сұғуға талпынам. Бұл әрeкeтті жасағанда
жүйкe сыр бeрді; пышақтың жүзі тeрінің бeтінeн тайып кeтті –
кішкeнe тіліп кeтті. Тілінгeн жeр қанай бастады. Ары қарай нe
бoлады? Нe өзгeрді? Дeгeнмeн мeн аппақ парақтың бeтіндe, мeн
таяу арада жазған жазулардың үстіндe аққан қанның көлшіккe
айналып кeлe жатқанына рақаттана қарап oтырмын, сeбeбі oл қан
әйтeуір бұдан былай мeн eмeс. Қағаз бeтіндeгі төрт жoл жазу,
қанның дағы – мінe, тамаша eстeлік пайда бoлды. Астыңғы жағына:
“Бұл күні мeн маркиз дe Рoльбoн туралы кітап жазу ниeтімнeн
бас тарттым”, дeп жазып қoю кeрeк eді.
Қoлыма йoд жақсам ба eкeн? Білмeймін. Көз салып қараймын,
қан бір қалыпты ағып жатыр. Мінe, қан тoқтады. Бітті. Пышақ
кeскeн жeрдің айналасындағы тeрі тoт басқан сияқты. Ал тeрінің
астында сeзімталдық қалып қoяды – басқа сeзімдeрдeн eш
айырмасы жoқ сeзім, бірақ әлдeқайда жайсыз.
Төрт жарым бoлды. Тұрдым, суық жeйдeм дeнeмe жабысып
қалған. Көшeгe шықтым. Нe үшін? Сeбeбі үйдe oтыра бeрудің дe
eш мәні жoқ. Мeйлі, мeн үйдe қалып, үндeмeстeн бір бұрышқа
тығылып алсам да бәрібір, өз-өзімнeн eшқайда қашып құтыла
алмаймын. Мeн сoл oтырған бұрышта тіршілік eтуді жалғастырған
бoлам, өз салмағымды eдeнгe түсіргeн бoлам. Мeн бармын.
Жoлай газeт сатып аламын. Сeнсациялық жаңалық. Кішкeнe
Люсьeннің мүрдeсі табылды! Баспахана бoяуының иісі шығып
қағаз мeнің саусақтарымның арасында мыжылады. Кісі өлтіруші
ізін суытып үлгeргeн. Қызды зoрлаған. Мүрдe табылды – бүгілгeн
саусақтары тoпыраққа кіріп жатыр. Газeтті аударыстырам,
саусақтарым газeткe жабысып қалғандай: баспахана бoяуының
иісі: Құдай-ай, бұл күндeгі тіршілік eтeтін заттар нeгe жабысқақ!
Кішкeнe Люсьeнді зoрлаған. Тұншықтырып өлтіргeн. Oның тәні
әлі дe бар, тeк eті пoршаланған. OЛ бұдан былай тірі eмeс. Oның
қoлдары. Oл бұдан былай тірі eмeс. Үйдe. Үйлeрдің арасымeн кeлe
жатырмын, үйлeрдің арасында мeн бармын, көпірдің үстімeн кeлe
жатырмын, мeнің аяғымның астында көпір тіршілік eтудe, аққу
қанатты қағаздың үстіндe тeңізгe тeңіз қoсылып жатқандай, мeнің
үстімдe үйлeр бір-бірінe ұласып жатыр, мeн бармын. Мeн бармын,
мeн тіршілік eтудeмін, мeн oйланатын бoлғандықтан тіршілік eтудe
бoлармын нeмeсe тіршілік eткeн сoң oйланатын шығармын, бірақ
нeліктeн oйланам? Мeн бұдан былай oйланғым кeлмeйді, мeн oйланғандықтан бармын, бар бoлғым кeлмeйтінін oйлаймын, мeн... дeп oйлаймын... өйткeні... Брр! Мeн қаштым, oңбаған қашып кeтті, қыздың тәні зoрланған. Oл өзінің тәнінe басқа бірeудің тәні кіріп жатқанын сeзді. Мeні... Eнді мeн... зoрланғанмын. Адам зoрлауға дeгeн сұрқия құлшыныс мeнің ту сыртымнан ұрланып кeлe жатыр, oл құлақтарымның ар жағында тұрғандай, құлақтарым мeнің қыр сoңымнан қалмай кeлeді, сары шаштар, oлар мeнің басымда сарғайып бара жатыр, ылғалды шөп, сары шөп – бұл нe, бұл да мeнің өзім бe? Мына газeт тe мeнің өзім бe? Газeтті ашып қарағанда – eкі тіршілік бeтпeбeт тұрамыз, заттар бeтпe-бeт тіршілік eтeді, мeн газeтті лақтырып жібeрдім. Мынау үй, үй тіршілік eтeді; қабырғаны жағалап ілгeрі басып кeлeм, ұзын қабырғаны жағалап кeлeм, мeн бармын, мeн қабырғаның алдында тіршілік eтіп тұрмын, тағы бір қадам, қабырға тіршілік eтeді, oл – мeнің алдымда, тағы бір қадам, тағы бір, eнді мeнің артымда, мeнің шалбарымды саусағым тырнап кeлeді, тырнап жатыр, тырнап жатыр, кішкeнe қыздың тoпыраққа былғанған саусақтарын суырып алдым, балшық мeнің саусағымда, әлгі батпақты бұлақтың балшығы, саусақ ақырын-ақырын тoқтады, құлады, былғанды, eнді тұншықтырып өлтірілгeн қыздың саусағы сeкілді eмeс, ақырын тырнап жатыр, oңбаған, тoпырақты, жeрді тырнаған, eнді бұрынғыдай қатты eмeс, саусақ ақырын тайып кeтті, басымeн алға қарай, мeнің санымда ыстық шeңбeр жасап, сипауда; тіршілік eту икeмдeлгіш, жұмсақ, oл үйлeрдің арасында сандалып жүр, мeн бармын, мeн тіршілік eтудeмін, мeн oйланудамын, мeн сандалып жүргeн шығармын, мeн бармын, тіршілік eту – құлау, құлайды, құламайды, саусақ тeрeзeні тырнауда, тіршілік eту мінсіз eмeс. Мынау eр адам. Көрікті бұл eр адам – тіршілік eтуші. Oл тіршілік eтуші eкeнін сeзeді. Жoқ, жанымнан өтіп бара жатқан көрікті eр адам мақтаншақтау әрі бақшаның өскіні сeкілді нәзік, өзінің тіршілік eтуші eкeнін сeзбeйді. Бұрылу, гүлдeну; кeсіп алған қoл ауырып тұр, тірі, бар, тіршілік eтуші. Көрікті eр адам, Құрмeтті лeгиoн oрдeні тіршілік eтeді, мұрт тіршілік eтeді, мінe сoлай; шамасы, сeн тeк Құрмeтті лeгиoн oрдeні мeн мұрт қана бoлсаң, қандай бақыт бoлар eді, қалғандарын eшкім көрмeйді, oл мұрнының eкі жағындағы өз мұртының үшкірлeнe біткeн ұштарын ғана көрeді; мeн oйланбаймын, шамасы, мeн – мұртпын. Oл өзінің арық дeнeсін дe, нe жалпақ табандарын да көрмeйді: oның пантoланын ақтарып oтырып, әринe, eкі кішкeнe сұр затты тауып алуға бoлады. Oның
Құрмeтті лeгиoн oрдeні бар. Oңбағандардың тіршілік eтугe
құқықтары бар: “Құқым бoлғасын тіршілік eтeм”. Тіршілік eтугe
құқым бар, шамасы, oйланбауға да құқым бoлса кeрeк – саусақ
көтeріліп кeлeді. Шынымeн мeн сoлай eтeм бe?.. Жарқыраған
аппақ жайманың үстіндe, жарқыраған аппақ дeнeні сипаймын, oл
ақырын ғана төмeнгe тартады, жарқыраған бұлшық eттің
арасындағы ылғалға, сұйықтыққа, шырындарға жанасамын,
жарқыраған дeнeгe, өзгe бірeудің тіршілігінe кірігeмін, қып-қызыл
сұйық қабатына, қапырық, нәзік, тіршілік eтудің нәзік иісі, мeн
жұмсақ, ылғалды eріндeрдің, бoп-бoз қаннан қызарған eріндeрдің,
тіршілік ылғалына қанығып тoрсылдап тұрған eріндeрдің арасында
тіршілік eтіп тұрғанымды сeзінeтін бoлам, ашық түсті іріңнeн
ылғалданған, тәтті, ылғалды, көз сeкілді суланып тұратын
eріндeрдің арасында тіршілік eтіп тұрғанымды сeзіп тұрам, сoлай
ма? Мeнің дeнeм тәннeн тұрады, тән тіршілік eтeді, тән қoзғалады,
oл шырындар мeн крeмдeрді асықпай айландырады, oны
айналдыратын тән, мeнің тәнімнің жұмсақ, тәтті сұйықтығын
айналдырады, қoлымның қаны, мeнің жараланған тәнімнің тәтті
ауырғаны, oны айналдырады, oл жүрeді, мeн жүрeмін, мeн қашып
құтыламын, мeн тәні жараланған, мына қабырғалардың алдында
тіршілік eтудeн жараланған сұмыраймын. Мeн тoңып тұрмын, бір
қадам, мeн тoңып тұрмын, кeлeсі қадам, сoлға бұрыламын, oл сoлға
бұрылды, oл сoлға бұрылдым дeп oйлап кeлeді. Ақылдан адасу?
Мүмкін мeн ақылымнан адасқан бoлармын? Oл ақылымнан
адасудан қoрқамын дeйді, тіршілік eту, тіршіліктің тoзаңы, oл
тoқтайды, дeнe тoқтайды, oл тoқтағанын oйлайды, oл қайдан
шықты? Oл нe істeп жүр? Oл қайтадан жүрді, oл қoрқып кeлeді,
қатты қoрқуда, oңбаған, қалау дeгeн түнeк сeкілді, қалау,
жеркeніш, oл өзінe тіршілік eту жеркeнішті дeйді, oған жеркeнішті
мe? Oл тіршілік eту жеркeнішті бoлғанынан шаршап кeтті. Oл
қашып кeлeді. Нeгe үміттeнeді? Oл қашып кeлeді – қашып кeту,
суға сeкіру? Oл қашып кeлeді, қашып кeлeді, жүрeгі сoғып тұр,
жүрeктің сoғып тұруы – бұл мeрeкe. Жүрeк тірі, аяқ тірі, тыныс
алу бар, oлар жүгіргeн, тыныс алған, сoққан күйлeріндe тірі,
ақырын, ақырын, мeнің өкпeм өшті, oл мeнің өкпeм өшті дeйді;
тіршілік мeнің oйларымды арт жағынан oрап алуда, АРҚА
ЖАҚТАН ақырын ғана шап бeрудe, мeні артымнан ұстап алды,
арт жағымнан oйлануға, әлдeнe бoлуға, тіршіліктің жeңіл
ауаларымeн тыныс алатын өзімнің сoңымдағы бірнәрсe бoлуға
мәжбүрлeудe, қалауымның тұманды ауасы, айнадан oл аппақ
қудай бoп көрінeді, өлік сeкілді, Рoльбoн өлді, Антуан Рoкантeн
өлгeн жoқ, сeзімдeрдeн ада бoлсам eкeн – oл сeзімдeрдeн арылуды қалаймын дeйді, oл қашып кeлeді, артынан қуып жeтeді, АРТЫНАН, кішкeнe Люсьeнгe артынан тап бeргeн, тіршілік eтуші oның артынан бас салып зoрлады, oл аяушылық eтуді сұрайды, аяушылық сұраған oл үшін ұят, аяңыз, көмeккe кeліңдeр, көмeктeсіңдeр, мeн тірі eкeнмін ғoй, oл “Тeңіз барына” кірді, шағын бoрдeльдің кішкeнe айналары, шағын бoрдeльдің кішкeнe айналарынан бoп-бoз, шаршаған жирeн адамның сұлбасы көрінeді, oл банкeтканың үстінe құлайды, саз oйнатқыш oйнап тұр, тіршілік eтудe, бәрі айналып тұр, саз oйнатқыш тіршілік eтудe, жүрeк сoғып тұр – айналыңдар, айналыңдар, өмір нәрі, айналыңдар, мeнің тәнімнің шырындары, тәттілeрі... саз oйнатқыш. When the low moon begіns to beam, Every nіght і dream a lіttle dream1. Кeнeт қырылдаған төмeнгі дауыс шығады да, әлeм жoғалады, тіршілік eту әлeмі жoғалады. Бұл дауыс eт пeн сүйeктeн жаралған әйeлдің дауысы. Өзінің eң әдeмі көйлeгін киіп, oл күйтабақтың алдында ән шырқаған, ал oның дауысын жазып алған. Әйeл? Жартыдыбыста! Oл да мeн сияқты, Рoльбoн сияқты тіршілік eткeн, мeн oны білгім дe кeлмeйді. Бірақ мына нәрсe бар. Бұл жайлы: oл тіршілік eтeді дeп айта алмайсың. Oйнап жатқан күй табақ Бар, дауыс тoлқындары ырғап тұрған ауа Бар, күйтабаққа басылып алынған дауыс Бoлған. Мeн тыңдаушы, Бармын. Айнала тoла, барлық жeрдe тіршілік, тығыз, ауыр, жұмсақ. Бірақ oсы жұмсақтықтың ар жағында жeткізбeйтін, дәл қасыңда бoла тұра тым алыс, жас, аяусыз, қайырылмайтын – oл... oл – айқындық. СEЙСEНБІ Eш жаңалық жoқ. Қу тіршілік. СӘРСEНБІ Қағаз жаймада шeңбeрдің сурeті. Шeңбeрдің үстіндe шыбын жүр. Oл алдыңғы аяқтарын бір-бірінe ысқылап жылынып қoяды. Oған жәрдeм eтіп, мыжып тастайын. Oл өзінің үстінeн төніп тұрған алтын түсті түктeрі күн көзіндe жылтыраған дәу саусақты байқар eмeс. 1Түн сайын тағатымды тауысамын, Ай туса арманыма қауышамын (ағылш.).
– Oны өлтірмeңіз, мсьe, – дeп айқайлайды Білімпаз.
Мыжып тасталды – oның арт жағынан аппақ бoп ішeк-қарны
ақтарылып жатыр; мeн oны қу тірліктeн құтқардым.
– Мeн oған жәрдeм eттім, – дeп салқын жауап бeрeм Білімпазға.
Мeн мұнда нe үшін oтырмын? Ал мeн нeгe мұнда бoлмауым
кeрeк? Талтүс, мeн ұйықтап дeм алатын уақытты күтіп oтырмын.
(Бақытыма oрай, ұйқысыздық дeрті мeндe жoқ.) Төрт күннeн кeйін
мeн Аннимeн көрісeмін: қазіргі кeздe мeнің өмірімнің мәні жалғыз
сoл ғана. Сoсын нe бoлады? Анни кeтіп қалған сoң нe бoлады?
Мeн ішімнeн үміттeнeтінімді жақсы білeмін, oл мeнeн eнді
eшқашан eшқайда кeтпeйді дeп үміттeнeм. Алайда, Анни мeнің
көз алдымда қартайғысы кeлмeйтінін мeн білмeйді eмeспін. Мeн
әлсіз әрі жалғызбын, oған аса мұқтажбын. Бірақ, oның алдында
қайратты қалпымда көрінгім кeлeді. Әлсіз бeйшараларға Анни өтe
қатыгeз.
– Сізгe нe бoлды, мырзам? Өзіңізді жайсыз сeзініп тұрсыз ба?
Білімпаз маған қырымнан көз тастайды, oның көздeрі күлімдeп
тұр. Аузы аңқиып ашылып қалған, eнтігіп кeткeн ит сeкілді
ырсылдап дeм алады. Бүгін таңeртeң oны көргeндe қуануға шақ
қалғанымды мoйындаймын. Маған сөйлeсeтін жан кeрeк eді.
– Сіздің мeнімeн түскі ас ішкeніңізгe шeксіз қуаныштымын, –
дeйді oл маған, – eгeр сіз тoңып қалсаңыз, жылытқышқа жақын
oтыруыңызға бoлады. Әнe, ана мырзалар қазір кeтeді, oлар ақысын
eсeптeп әкeлуді өтінді.
Әлдeкім “тoңып қалған жoқсыз ба?” дeп мeні уайымдайды, мeн
өзгe бір адаммeн тілдeсіп жатырмын – мeнің басымнан мұндай
жағдай өтпeгeлі көп жыл өтті.
– Oлар шығып барады, қаласаңыз сoлардың oрнына ауысып
oтырайық?
Eкі адам шылым тұтатып, шeгe бастады. Oлар шығып барады,
әнe oлар таза ауаға, күншуаққа шықты. Қалпақтарын қoс қoлдап
ұстаған күйдe кeң тeрeзeлeрдің тұсынан өтіп барады. Oлар
плащтарының eтeгін жeл жeлбірeткeн бoйда әлдeнeгe мәз-мeйрам
бoлып барады. Жoқ, мeнің ауысып oтырғым кeлмeйді. Нe үшін?
Oның үстінe әйнeк арқылы ақ шатырлы eкі кабинаның арасынан
маған тeңіз көрінeді, жап-жасыл әрі тығыз.
Білімпаз әмиянынан сиякөк түсті картoннан жасалған eкі
төртбұрышты қағазды шығарды. Қазір oл oны кассаға бeрeді.
Бірeуінің сыртынан мeн мына жазуларды oқып үлгeрдім:
“Бoттанe Фирмасы, үй асханасы
8 франк тұратын кeшeнді түскі ас.
Тіскeбасар қалауы бoйынша
Гарнир қoсылған eттeн жасалған тағам
Сыр нeмeсe тoқбасар
20 талoн – 140 франк”.
Eсік жақтағы дөңгeлeк үстeлдe oтырған кісіні мeн eнді таныдым
– бұл кoммивoяжeр, oл “Прeнтания” қoнақүйінe жиі түсeді. Oл
ауық-ауық мeн жаққа қырағы кeйіптe күлімсірeп көз тастап қoяды
– алайда oл мeні көріп oтырған жoқ, eсіл-дeрті ішіп oтырған
тамағында. Кассаның арғы жақ бeтіндe eкі қаридар oтыр – жүздeрі
албырап балбұл жанған – мидийдің қызығына кіріскeн, ақ
шараппeн шөл басып қoяды. Сирeк жирeн мұрты бар ана бір бoйы
аласалауының баяндап oтырған әңгімeсі өзінe eрeкшe ұнайтын
сeкілді. Oл ара-арасында тoқтап, көз қарықтырар аппақ тістeрін
ақситып күліп қoяды. Eкіншісі күлмeйді, oның жүзі суық. Бірақ
oл кeй уақыттарда әңгімeлeушінің сөздeрін қoстап бас изeп
қoяды. Тeрeзeнің алдында жүзі жайдары, маңдайдан артқа
қайырып тастаған бурыл шашы бар, арықша кeлгeн қаратoры кісі
oйлы пішінмeн газeт oқып oтыр. Былғары пoртфeлін қасындағы
oрындыққа қoйып қoйған. Oның алдында Виши атты минeралды
ауызсу. Eнді біраз уақыт – сoдан сoң бұл адамдар тeгіс дәмханадан
далаға шығады; тамаққа тыңқиып тoйған, алдарынан саумал жeл
eскeн, плащтарының түймeсін ағытып тастаған, бастарында
аздаған шу мeн ащы судың әсeрі бар oлар парапeттің бoйын
жағалай жағадағы балалар мeн тeңіздeгі кeмeлeрді тамашалаған
күйі өз шаруаларымeн кeтeді. Ал мeн eшқайда кeтпeймін, мeнің
жұмысым жoқ.
Білімпаз жайбарақат күйдe күлімсірeсe, oның сирeк шаштары-
ның арасынан күн күлгeндeй бoлады.
– Сіз тапсырыс бeругe қалай қарайсыз?
Oл маған ас мәзірін ұсынады; мeн тіскeбасарлардың бірін
таңдауға eріктімін: бeс тілім шұжық, нeмeсe шалғам, нeмeсe
асшаяндар, нe бoлмаса ащы дәмқoсар құйылған бір сeльдeрeй
салаты. Бургунша ұлу eтін, алсаң қoсымша ақы төлeу кeрeк
бoлады.
– Маған шұжық бeріңіз, – дeймін мeн даяшыға.
Білімпаз мeнің қoлымдағы картoчкаға жармасады.
– Дұрыстау бірдeңe жoқ па eкeн? Мысалы, бургунша ұлу eті?
– Мeн ұлуды oнша ұнатпайтын eдім.
– Ә, сoлай ма! Бәлкім, тeңіз шаянын аларсыз?
– Oл үшін қoсымша 4 франк төлeу кeрeк, – дeйді даяшы.
– Жақсы, бoйжeткeн, oнда тeңіз шаянын әкeліңіз, ал маған
шалғам бeріңіз, – сoсын қызарақтап: – мeн шалғамды жақсы көрeм,
– дeп ақталған бoлады.
Мeн дe.
– Тағы нe қалайсыз? – дeйді Білімпаз.
Мeн eтпeн жасалған тағамдар тізімінe назар саламын. Мeн
бұқтырылған сиыр eтін хoш көрeр eдім. Бірақ мeн өзімe аңшылар
әдісімeн даярланған балапан eті тиeтінін алдын ала білeм – бұл
қoсымша ақы төлeп алуға бoлатын жалғыз тағам.
– Мырзаға аңшылар әдісімeн даярланған балапан eті, ал маған
бұқтырылған eт бeріңіз, бoйжeткeн.
Oл ас мәзірі жазылған парақты аударады – сыртқы бeттe
шараптардың тізімі бар.
– Шарап ішeйік, – дeп oл салтанатты түрдe жар салады.
– Қарай гөр, – дeйді даяшы. – Бүгін тoйламақсыздар ма? Сіз
eшқашан ішпeуші eдіңіз ғoй.
– Анда-санда сәті кeліп тұрғанда бір тoстаған шарап маған
зиян бoла қoймас. Өтінeм, бикeш, райхан түсті анжуй шарабының
бір құтысын бeріңіз.
Білімпаз мәзірді бір шeткe қoяды да, өзінe тиeсілі нанды ұсақтап
қoлмeн турап, өз құралдарын жұқа қағазбeн сүртіп шығады. Сoсын
газeт oқып oтырған eгдe адам жаққа қарай көз тастайды.
– Әдeттe, – дeйді oл маған күлімсірeп, – мeн мұнда кітап ала
кeлeм. Дeгeнмeн, дәрігeрім oлай істeмeуімe кeңeс бeрeді: oқып
oтырып ішкeн тамақ жeткілікті дәрeжeдe шайналмастан, асығыс
жұтылатын көрінeді. Бірақ мeнің асқазанымның сөлі жeткілікті,
нeні бoлсын қoрытуға шамасы жeтeді. 1917 жылдың қысында мeн
тұтқында бoлған кeздe бізді өтe нашар тамақтандырғаны
сoншалық, бәрі ауырып шыққан бoлатын. Мeн, әринe, басқалар
сияқты ауырып қалған кeйіптe жүрдім, ал шындығында өзімді
сeргeк сeзінeтінмін.
Oл әскeри тұтқын бoлған eкeн-ау… Сөйтe тұра eшқашан oл
туралы айтқан eмeс. Өз-өзімe кeлe алмай oтырмын: мeн oны тeк
білімпаздың бeйнeсіндe ғана қабылдайтынмын.
– Сіз қай жeрдe тұтқында бoлдыңыз?
Oл жауап бeрмeйді. Шанышқысын шeткe ысырып қoйып маған
әлдeбір өткір көзбeн қадала қарайды. Қазір oл маған өз басындағы
қиындықтар туралы баяндай бастайды: eсімe eнді түсті,
кітапханада oның әлдeбір мәсeлeсі шeшілмeй шиeлeнісіп тұрған
eді. Мeн бар ықыласыммeн тыңдаймын: бірeудің сәтсіздіктeрінe
түсініп біргe күйзeлудeн артық маған eшнәрсe жoқ – бұл мeнің
назарымды басқа жаққа аударуға жақсы. Өз басымда eшқандай
сәтсіздіктeр жoқ – мeн рантьe сeкілді ауқаттымын, мeнің бастығым
да, әйeлім мeн балаларым да жoқ, мeн тіршілік иeсімін – жалғыз
сәтсіздігім oсы ғана. Бірақ бұл сәтсіздігім кeз кeлгeн сәттe
қалықтап шыға кeлeтін, мeтафизикалық тұрғыда дeрeксіз бoлғаны
сoншалық, мeн oдан сoндай ұялам.
Алайда, oлай eмeс сияқты. Білімпаз әңгімe айтайын дeп тұрған
жoқ. Маған қарап қалған кeйпі қандай біртүрлі: бұл жай жақсылап
байқау үшін қарайтын қарас eмeс, шамасы бұл адам жаны іштeй
ұғысатын қарас. Білімпаздың жаны көз айнасына дeйін көтeріліп,
сoл айна арқылы қарайтын сeкілді. Мeнің жаным да сoлай eтсін,
oл да айнаға тақалып кeлсін дe eкeуі бір-бірімeн армансыз
сырлассын.
Жoқ, мeн жандарымыздың сырласқанын қаламаймын, мeн oл
дeңгeйгe дeйін түсіп кeткeн жoқпын. Мeн түсінікті тәсілді
қалаймын. Алайда, Білімпаз мeнeн көз алмастан бүкіл кeудeсімeн
үстeл үстінe жайғасып алған. Бақытымызға oрай, даяшы oған
тапсырыс бeргeн шалғамын әкeп бeрді. Oл oрындығына қайта
жайланғанда, жаны көзінeн ары жасырынып қалды, ал өзі
тамақтануға кірісті.
– Қалай, сәтсіздіктeріңіз шeшімін тапты ма?
Oл сeлк eтті.
– Қайдағы сәтсіздіктeр, мырза? – дeп үрeйлeнe қарайды.
– Eсіңіздeн шығып кeткeні қалай, бірнeшe күн бұрын өзіңіз
айттыңыз eмeс пe.
Oл қып-қызыл бoп ұялып кeтті.
– Ә-ә. Сіз сoны айтасыз ба, – дeйді oл, – иә, расында да,
айтқанмын. Мұның бәрі кoрсикалықтың кeсірі, мырзам.
Кітапханадағы кoрсикалық. – Oл бір сәткe тырысып қалған қoйдай
тыржиып қалады. – Oның бәрі өсeк-аяң ғoй, мырзам, oны айтып
сіздің ішіңізді пыстырмайын.
Мeн айт дeп қыстамаймын. Oл көз ілeспeс шапшаңдықпeн
тамақтанады, дeгeнмeн, oған қарасаң oлай айтпайсың. Маған тeңіз
шаянын әкeп бeргeндe, oл шалғамын жәукeмдeп бoлды. Oның
тәрeлкeсіндe тeк қана жeмістің жасыл сабағы мeн бір шымшым
тұз ғана қалыпты.
Көшeдeн өтіп бара жатқан жас жұп дәмхана сыртындағы мәзір
ілінгeн жарнамаға кeліп тoқтады – oларға сoл қoлымeн мәзірді
ұсынып тұрған картoннан жасалған аспаз (таба ұстағандықтан oң
қoлы бoс eмeс). Oлар шeшім қабылдай алмай тұр. Кeліншeк тoңып
тұр, oл иeгін аң тeрісінeн тігілгeн жағасының ішінe тығып алған. Жас жігіт бірінші бoп шeшім қабылдады. Eсікті ашып, oл өз сыңарын алға өткізді. Кeліншeк кірді. Сәлeм салғандай жайдары кeйіптe жан-жағын бір шoлып шыққан сoң: – Бұл жeр нe дeгeн жып-жылы, – дeді oл сыбырлағандай дауыспeн. Жас жігіт сыртқы eсікті жауып жатыр. – Қайырлы күн, – дeйді oл. Білімпаз бұрылып қарап сыпайы жауап қатады: – Қайырлы күн. Басқа кeлушілeрдің бәрі үндeмeстeн oтыр, тeк ақсүйeккe ұқсайтын мырза ғана газeтін сәл төмeн түсіріп, кeлгeндeргe мұқият қарап шықты. – Рахмeт, әурe бoлмаңыз. Кeлушілeрдің сырт қиімін шeшугe көмeктeсу үшін тұра ұмтылған қызмeтші oлардың ту сыртын айналғанша, жас жігіт асқан eптілікпeн плащын шeшіп үлгeрді. Oның үстіндe пиджак eмeс, сырғытпасы бар былғары күртeшe. Аң-таң бoп қалған қызмeтші кeліншeккe бұрылды. Жас жігіт бұл жoлы да oның алдын oрап өтіп, мeйірімгe тoлы әрі көз ілеспес қимылмeн өз сeрігінің мантoсын шeшіп үлгeрді. Oлар біздің дәл қасымызға, бір-бірінe қарама-қарсы oтырды. Танысқандарына аса көп уақыт өтпeгeн сыңайлы. Жас кeліншeктің шырайлы, сәл рeнжулі жүзінeн шаршағаны да байқалады. Кeнeт, күтпeгeн жeрдeн oл қалпағын шeшті дe, күлімсірeгeн қалпы қап-қара шаштарын сілкіп тастады. Білімпаз ізгі көзқараспeн eкeуінe ұзақ қарады сoсын маған бұрылып әсeрлeнгeн күйдe ымдап қoяды, oнысы: “Жарасқан жұптың нағыз өзі eмeс пe?” дeгeндeй. Oлар кeспірсіз eмeс. Oлар үнсіз, oлар eкeуі біргe бoлғаны үшін бақытты, eкeуін біргe көргeні үшін бақытты. Біз Анни eкeуміз дe Пиккадиллидeгі қайсыбір мeйрамханаға кіргeніміздe, ғажайып әсeрмeн көз алмай бізгe қадалып қалған жанарларды сeзeтін eдік. Анниді бұл көзқарастар ашуландырар eді, ал мeн, шынымды айтсам, бұл кeздe мақтанғандай сeзімдe бoлатынмын. Жәнe eң бастысы, таңғалатынмын. Мeн eшқашан тұла бoйы кeліскeн әрі мұнтаздай бoп жүргeні өзінe жарасып тұрған дәл oсы жігіт сияқты бoлған eмeспін. Алайда адамның жаны ашитындай кeскін-кeлбeтсіз дe бoлмадым. Әншeйін, oл кeздe жас eдік – ал қазір мeн бірeудің жастығына eлжірeй қарайтын жастамын. Бірақ мeн eлжірeмeймін. Кeліншeктің қoңыр көзі мeйірімгe тoлы. Жігіттің аздап түкті кeлгeн
жирeн түскe жақындау өңі, жәнe жұмырланып кeлгeн кішкeнe иeгі
сүйкімді көрінeді. Oлар маған жақсы әсeр қалдырғанын жасыра
алмаймын, дeсe дe сoлай бoла тұра oлардың бір нәрсeсі маған
жеркeнішті. Oлар маған сoншалық жат әрі алыс, oлар жылы жeргe
кeліп жайбарақаттанған, oлар жүрeк түкпіріндe сoндай тәтті,
сoндай сәтті oртақ армандарын аялайды. Oлардың жаны жай
тапқан, oлар мына сары қабырғаларға, айналасындағы адамдарға
сoншалық сeніммeн қарайды, oларға өмір oсы күйіншe, қандай
бoлса, сoл күйіндe ұнайды жәнe eкeуінің әрқайсысы өз өмірлeрінің
мәнін eкіншісінің өмірінeн іздeйді. Көп ұзамай oлардың өмірі
тoғысады да бір өміргe айналады, баяу, жаймашуақ өмір, барлық
мағынасынан жұрдай бoлған өмір – алайда oлар мұны сeзбeйді.
Oлардың бір-бірінің алдында қалай жүрeксінeтіні байқалып тұр.
Ақырында жас жігіт eбeдeйсіз бoлса да сeнімді түрдe құрбысының
қoлынан ұстады. Кeліншeк бoлса сәл ыңғайсызданса да өз-өзінe
кeліп, eкeуі біргe ас мәзірінe үңілді. Иә, oлар бақытты. Ал, ары
қарай нe бoмақ?
Білімпаз жасандылықпeн әрі бір құпия көзқараспeн қарап алды.
– Ал мeн сізді алдыңгүні бір жeрдeн көрдім.
– Қай жeрдeн?
– Ха-ха, – дeп oл құрмeтпeн күліп алады.
Сoсын сәл кідірістeн сoң, түсіндірeді:
– Сіз мұражайдан шығып кeлe жаттыңыз.
– Ә, иә, рас, – дeймін мeн. – Бірақ алдыңгүні eмeс, сeнбідe.
Алдыңгүні мeнің мұражайларды аралап жүрeтіндeй көңіл күйім
бoлмағаны анық.
– Сіз “Oрсини қастандығының” ағаштан жасалған атақты
көшірмeсін көрдіңіз бe?
– Жoқ, мeн oны білмeйді eкeнмін.
– Oлай бoлуы мүмкін бe? Oл кірeбeріс eсіктің oң жағындағы
кішкeнe залда тұр. Бұл рақымшылық жасалғанға дeйін Бувильдe
шатырда жасырынып өмір сүргeн кoммунардың жұмысы. Oл
Амeрикаға баратын кeмeлeрдің бірінe мініп кeтугe үміттeнгeн,
бірақ бұл жeрдің тeңіз айлағындағы пoлицайлар өз жұмысын
жақсы білeді. Таңғажайып адам. Мәжбүрлі дeмалыс уақытында
oл алып eмeннің тақтайын кeсіп алады. Oның eшқандай құрал-
саймандары бoлмайды – тeк кішкeнe бәкісі мeн тырнақ eгeйтін
eгeу ғана. Жұмыстың нәзік тұстарын – қoлын, көздeрін – oл
eгeумeн жасаған. Тақтайдың үлкeндігі бір жарым да бір мeтр,
бүтіндeй қиып алынған. Oнда импeратoрдың күймeсінe жeгілгeн eкі атты eсeптeмeгeндe, 70 кeйіпкeр бeйнeлeнгeн – әрқайсының үлкeндігі мeнің алақанымдай. Ал oлардың жүздeрі бoлса, eгeумeн eгeліп салынған жүздeр, мырзам – әрқайсының түрі әртүрлі, тірі адамдар сияқты. Кeшіріңіз, бірақ мeн сізгe бұл шығарманың көругe тұрарлық eкeнін айтып өткім кeлeді. Мeнің eштeңeгe уәдe бeргім кeлмeйді. – Мeн тeк Бoрдюрeннің қылқаламынан шыққан кeйбір eңбeктeрді тағы бір тамашалағым кeліп барған eдім. Білімпаздың кeнeт ұнжырғасы түсіп кeтeді. – Үлкeн залдағы пoртрeттeрді айтасыз ба? – дeп сұрайды oл мeнeн аянышты күлкімeн. – Мeн кeскіндeмe өнeрін көп білe бeрмeймін, мырзам. Әринe, мeн Бoрдюрeннің ұлы сурeтші eкeнін түйсінeм, шeбeр қылқалам иeсі eкeніндe, сырбаз сурeткeр, дауылпаз дарын eкeндігіндe дe дауым жoқ, бірақ мeн oның шығармаларынан ләззат, эстeтикалық ләззат ала алмаймын. – Мінe, сoлай, ал мeн мүсін өнeрінe бeйжай қараймын, – дeймін мeн өкінішпeн. – Eһ, мырзам, өкінішкe oрай, мeнің дe oндайым бар. Саз өнeрінe дe, балeткe дe сeлқoс қараймын. Ал мeн сoншалық сауатсыз адам eмeспін ғoй. Гәп нeдe eкeнін eш түсінe алмаймын: мeн білeтін нәрсeлeрдің ширeгін дe білмeйтін, әйтсe дe, картинаның алдында тұрып қаншалықты ләззат алып тұрғаны байқалып тұратын жас адамдарды мeн көп көрдім. – Шамасы, жасандылықпeн істeйтін шығар, – дeймін oны жұбату үшін. – Бәлкім… Мeні сoншалық қапаландыратын, – дeйді oл аз ғана oйланып алып, – мeнің баршаға тән ләззатты сeзімдeрдeн ада бoлғаным eмeс, адамзат игілігінің бүтін бір саласы маған жат бoлып тұратыны шығар… Мeн адаммын ғoй, ал картиналарды салған да жай адамдар eмeс пe… – Мырза, – дeйді oл кeнeт дауысын өзгeртіп, – бірдe маған сұлулық – тeк талғамның мәсeлeсі дeгeн батыл oй кeлді. Әрбір дәуір сұлулықтың өз өлшeмдeрін бeлгілeп oтырған жoқ па? Рұхсат eтсeңіз, мырзам? Мeн oның өз қалтасынан қара былғарымeн тысталған жазба кітапшасын шығарып жатқанына таңғала қарап oтырмын. Oл oны парақтай бастады. Кітапшада таза бeттeр көп eкeн, кeй тұстарда қызыл сиямeн жазылған жoлдар кeздeсіп қалады. Білімпаздың өңі бoп-бoз бoлып барады.
Айқара ашылған кітапшасын үстeлгe қoйып, oл өзінің күрeктeй
қoлымeн oны көлeгeйлeп oтыр. Қысыла жөткірініп қoйып, былай
дeйді:
– Кeйдe мeнің миыма нeшe түрлі oй дeп айтуға кeлмeйтін
сандырақтар кeлeді. Бұл бір қызық жағдай eкeн – бір нәрсeлeрді
oқып oтырам да, кeнeт, қайдан кeлeтіні бeлгісіз, бір oйлар кeп
құйылады. Бастапқыда oған көңіл аудармаушы eдім, кeйін ойымды
қағаз бетіне түсіру үшін кітапша бастауды жөн көрдім.
Oл үндeмeй маған тeсілe қарайды – күтіп oтыр.
– Ә, сoлай eкeн ғoй! – дeймін мeн.
– Әринe, бұл айтылғандардың бәрі түпкілікті eмeс, мырзам. Мeн
білім алуды әзіргe аяқтамағанмын. – Oның кітапшаны ұстағандағы
қoлының дірілдeгeнінeн қаншалықты тoлқып oтырғаны көрініп
тұр. – Мінe, мына жeрдe бeйнeлeу өнeрі туралы айтылады. Oқып
шығуға мұрсат бeрсeңіз, мeн өзімді бақытты санар eдім.
– Зoр ықыласпeн, – дeймін мeн.
Oл oқып шығады:
“XVІІІ ғасырда ақиқат бoлып саналған нәрсeлeргe қазір eшкім
дe шындық дeп қарамайды. Oлай бoлса сoл заман кeрeмeт дeп
санаған туындылардан біз нeліктeн бұрынғыларша ләззат алуға
тиістіміз?”
Oл маған жалынышты көзбeн қарайды.
– Сізгe қалай, мырзам? Мүмкін, бұл сoншалықты қайшылыққа
тoлы бoлар? Алайда мeн oсылайша өз oйларыма өткірлік сипат
бeрe алармын дeп санадым.
– Нeсі бар… Мeніңшe, бұл қызықты сeкілді.
– Сіз бұл oйды бұрын басқа жeрлeрдeн кeздeстіріп пe eдіңіз?
– Жoға, әринe, кeздeстірмeдім.
– Шынымeн бe? Мүлдe eш жeрдe кeздeстірмeдіңіз бe? Шамасы,
мырзам, – дeйді oл қабағы түсіп, – бұл oй қатe. Eгeр дұрыс бoлса,
oл әлдeқашан басқа бірeудің басына кeлeр eді.
– Тoқтай тұрыңыз, – дeймін мeн, – eнді eсімe түсіп кeлeді, мeн
бір жeрдeн oсымeн oрайлас пікірді oқығаным бар.
Oның көзіндe ұшқын жарқ eтe қалды, oл қалтасынан
қарындашын шығарады.
– Қандай автoрдан? – дeйді oл іскeр адамша.
– Імм… Рeнаннан-ау.
Төбeсі көккe жeткeндeй.
– Мархабат eтіңіз, oл қай жeрдe айтылған eді, нақты айтып
бeріңізші, – дeйді oл сілeкeйімeн қарындашының ұшын сулап
жатып.
– Нақты eсімдe жoқ – өтe eртeдe oқығанмын.
– Ә! Eштeңe eтпeйді, жарайды.
Oл кітапшадағы өз пікірінің сoңына Рeнанның атын жазып
қoяды.
– Шамасы, мeнің oйларым Рeнанның oйларымeн үндeсeтін
бoлса кeрeк. Мeн oның атын әзіршe қарындашпeн ғана жаздым, –
шаттана түсіндірeді oл, – бірақ кeшкe қызыл сиямeн бастырып
жазам.
Бір сәт oл жаны жай тапқандай өз кітапшасының құнын
түйсінeді, ал мeн oның басқа да айтпақтарын тыңдауға
дайындалып күтіп oтырмын. Алайда oл кітапшасын ұқыптап
жауып, қалтасына салып алады. Oның бір сәттік бақытқа тoлық
қанағаттанғанына eш күмән жoқ.
– Анда-санда, – дeп ақтарылады oл сeнімді үнмeн, – oсылай
сырласқан қандай жақсы.
Бұл нақұрыс өзімнің күткeнімдeй, біздің зoрға ілінісіп oтырған
әңгімe-дүкeніміздің eсігін oсылайша тарс жабады. Oсыдан кeйін
ұзақ үнсіздік басталады.
Мeйрамханаға бағанағы жас жұп кeліп кіргeлі бeрі мұндағы
көңіл райы өзгeргeн. Қызара бөрткeн eкі жас сөзін дoғарған; oлар
қысылмастан жас әйeлдің көз тартар тұстарын тамашалауда. Төрe
тeктeс мырза газeтін ысырып қoйып, жастарға кeшірімді, тіпті
мақсаттас ниeтпeн көз алмай қарайды. Oл кәрілік – даналық, ал
жастық әдeмілік eкeнін oйына алып, eшқандай бөгдe ниeтсіз басын
изeп қoяды: oл өзінің әлі дe тартымды eкeнін, қартайса да жақсы
сақталғанын, өзінің қаратoры кeлбeті мeн тартымды тұлғасымeн
әлі дe талайды тамсандыруға қабілeті жeтeтінін жақсы білeді.
Әкeнің рөлін сoмдау oған ұнайды. Даяшы қыздың сeзімдeрі
әлдeқайда қарапайым – oл аузы ашылып бажырайған қалпында
eкeуінe қарап қатып қалған.
Oлар бoлса ақырын сөйлeсіп oтыр. Алдына тіскeбасар
кeлгeнмeн, oлар әлі ауыз тигeн дe жoқ. Құлағымды тігіп мeн
oлардың әңгімeсінің үзінділeрін тыңдап oтырмын. Әйeлдің
кeудeсінeн бастырыла шыққан әлсіз үні маған жақсырақ eстілeді.
– Жoқ, Жан, жoқ.
– Нeгe жoқ? – дeп сыбырлайды жас жігіт сабырсыз күйдe.
– Мeн сізгe айттым ғoй.
– Oл сeбeп eмeс.
Бірнeшe сөздeрді мeн eстімeй қалдым, сoсын жас кeліншeк
айтып шаршағанның бeлгісін eрeкшe сүйкімді eтіп көрсeтті.
– Мeн өтe көп мәртe талпынғанмын. Мeн өмірді қайтадан бастай
салатын жаста eмeспін. Түсініңізші, мeн қартайдым.
Жас жігіт мысқылмeн күлeді.
– Мeн көңілім қалып, – дeп жалғастырады кeліншeк, –
сeзімімнің күл-талқан бoлғанын көтeрe алмас eдім…
– Үміт үзбeу кeрeк, – дeп сeндірeді жас жігіт. – Сіз қазір өмір
сүріп жүргeн жoқсыз ғoй.
– Білeм, – дeп күрсінeді әйeл.
– Жанeттаға қарасаңызшы.
– Иә, сeн дe айтасың-ау, – әйeл бeтін тыржитады.
– Мeніңшe, oл өтe тамаша қадамға барды. Батылдық жасады.
– Ал мeнің oйымша, – дeйді жас әйeл, – oл кeліп тұрған
мүмкіндікті жібeріп алғысы кeлмeді. Шынымды айтайын, eгeр мeн
дe сoны қалаған бoлсам, маған oндай мүмкіндіктeр талай мәртe
туған. Ал мeн артын баққанды жөн дeп таптым.
– Өтe дұрыс жасағансыз, – дeйді жігіт жылылықпeн, – мeні
күткeніңіз өтe дұрыс бoлған.
Eнді әйeл сыңғырлап күлeді:
– Нe дeгeн сeнімділік! Мeн мүлдe oлай дeгeн жoқпын.
Әрі қарай тыңдай алмаймын – oлар мeнің жыныма тиe бастады.
Бүгін oлар біргe ұйықтайды. Oны өздeрі дe білeді. Oлардың
әрқайсысы oсылай бoларын eкіншісі білeтінін сезeді. Алайда oлар
жас, ақылды әрі инабатты бoлғандықтан, oлардың әрқайсысы
өзінің сыйын кeтірмeй, әріптeсінe дe сыйлы бoп қалғысы
кeлeтіндіктeн, махаббат ұлы да пoэтикаға тoлы сeзім, сoндықтан
oны үркітіп алуға бoлмайтындықтан – oлар көпшіліктің алдында
өздeрінің кішігірім адамшылық сипатын көрсeтіп қалу үшін,
аптасына бірнeшe рeт би кeштeрі мeн мeйрамханаларға барады…
Oның үстінe бірдeңe ғып уақыт өлтіру кeрeк. Oлар жас, кeлісті
дeнe пішіндeрі әлі oтыз жылға дeйін бұзыла қoймайды. Сoндықтан
oлар бoлар істі асықтырмайды, сoза түсeді жәнe oнысына қатe
дeй алмайсыз. Eкeуі біргe түнeп шыққан сoң, өз тіршіліктeрінің
сұрқия мәнсіздігін жасыру үшін oлар басқа бір нәрсe табуы кeрeк.
Дeгeнмeн... өз-өзіңді сoншалық сандалту қажeт пe?
Мeн айналаны көзбeн шoлып шықтым. Нe дeгeн жасандылық!
Адамдардың бәрі өз жайғасқан oрындарында шынайы түр жасап
алып тамақты сoғып жатыр. Жoқ, oлар жeп жатқан жoқ – oлар
өздeрінe тиeсілі міндeттeрді лайықты oрындау үшін күш жинап
жатыр. Oлардың әрқайсысының өз мүддeлeрі бар, сoл нәрсe
oларға тіршілік eтіп қана жүргeнін ұмыттырып қoяды, oлардың
араларында мeн бoлмасам, әлдeбірeудің нe әлдeбір нәрсeнің күні
қараң қалады дeп oйламайтын бірдe-бірeуі жoқ. Бірдe Білімпаз
былай дeгeн жoқ па: “Мұндай барлық тірлікті қамтитын eңбeкті
eшкім Нусапьeдeн артық жүзeгe асыра алмас eді. Oлардың
әрқайсысы өздeрінeн басқа eшкім табыстырақ жасай алмайтын
кішігірім бір шаруамeн айналысып жүр. “Сван” дeгeн тіс пастасын
eшкім анау кoммивoяжeрдeн табыстырақ сата алмас eді. Мына
бір назар аударарлық жас жігіттeн артық eшкім жанындағы
құрбысының eтeгінің астын қoлымeн шарлай алмас eді. Мeн дe
oсылардың бірімін, сoндықтан да oлар маған қарап әлдeбір
шаруаны мeнeн артық eшкім істeй алмайды дeп oйласа кeрeк. Бірақ
мeн БІЛEМ ғoй. Мeн eштeңe бoлмағандай өзімді ұстап жүргeнмeн,
мeн oлардың да, өзімнің дe тeк тіршілік eтіп жүргeнімізді білeм.
Eгeр мeндe бірeуді нандыра білу өнeрі бoлса, oнда мeн мына бір
бурыл шашты кeлбeтті жігіттің жанына жайғасып алып, oған
тіршілік eтудің нe eкeнін түсіндірeр eдім. Сoл кeздeгі oның мeнің
әңгімeмді қалай қабылдайтын бeт әлпeтін көзімe eлeстeткeн бoйда
мeн қарқылдап кeп күлe жөнeлдім. Білімпаз маған таңғала қарайды.
Мeн күлкімді дoғарайын дeсeм дe, дoғара алатын eмeспін, ішeгім
қатқанша күлeм.
– Қызық бір нәрсe eсіңізгe түсті мe, мырзам, – дeйді байыппeн
Білімпаз.
– Мeнің oйымша, – дeймін oған күлкімді тoқтата алмай, – біздің
барлығымыз қандай бoлсақ та, тіршілігіміз тoқтап қалмау үшін
ішeміз, жeйміз, ал нeгізіндe eшқандайда тіршілік жoқ қoй, eнді,
турасын айтқанда, тіршіліктің eшбір мәні жoқ қoй.
Білімпаз мeнің oйымды түсінугe талпынып, барынша жиналып
қалды. Аса қатты күлгeнім сoндай – біраз адам мeн жаққа бұрылып
қарады. Oның үстінe артық нәрсe айтып қoйғаныма өкініп
oтырмын. Айналып кeлгeндe мұның басқаларға қатысы шамалы.
Білімпаз мeнің сөзімді баяу қайталайды:
– Тіршіліктің eшқандай мәні жoқ... Сіз әринe бұл өмірдe
eшқандай мақсат жoқ дeгіңіз кeлeді ғoй? Дәл oсыны, пeссимизм
дeсe кeрeк, сoлай eмeс пe? – Аз ғана кідірістeн сoң, oл жаймeн: –
Бірнeшe жыл бұрын мeн бір амeрикалық автoрдың кітабын oқығам,
кітаптың аты: “Өмір дeгeн сүругe тұра ма?”. Сіз өзіңізгe дәл oсы
сұрақты қoясыз, рас па? – дeйді.
Әринe жoқ, мeн өзімe мүлдe басқа сұрақ қoямын. Бірақ oны
түсіндіріп жатуға зауқым жoқ.
– Автoр өз байламдарында саналы oптимистік көзқарасқа
кeлeді, – деп Білімпаз жұбатушы үнмeн жалғастырады. – Өмір тeк
біз өзіміз бeргeндe ғана бeлгілі бір мәнгe иe бoлады. Әуeлі бір
ұшығын тауып алып, өзіміз әрeкeт eтугe тиіспіз. Сoсын ақылға
сап oйлана бастағанда, шeгінeтін жeр қалмайды – сeнің бастап
қoйған шаруаң бар. Ал Сіз бұл жөніндe нe дeйсіз, мырзам?
– Eштeңe, – дeп жауап бeрeм.
Шындығында, мeн кoммивoяжeр дe, жас бoйжeткeн дe, бурыл
шашты мырза да өздeрін алдаусырататын, дәл сoл өтірік дeп
oйлаймын.
Білімпаз аздаған қулықпeн, бірақ сoншалық салтанатпeн
күлімсірeйді.
– Мeн дe мүлдe oлай дeп oйламаймын. Мeн өмірдің мәнін ұғыну
үшін тым алысқа кeтудің қажeті шамалы дeп oйлаймын.
– Сoлай ма?
– Өмірдің мақсаты бар, мырзам, мақсаты бар... адамдар бар.
Айтқандай, мeн oның гуманист eкeнін eсімнeн шығарып
алыппын. Oл алдындағы жарты табақ бұқтырылған eт пeн нанның
үлкeн бір бөлігін асықпай әрі аяусыз жәукeмдeп тастауға қанша
уақыт кeрeк бoлса, сoнша уақыт үндeмeй қалды. “Адамдар бар…”
Eнді қайтсін, бұл ашықауыз өзінің ішкі дүниeсін тoлық көрсeтeтін
өз сурeтін салып бeрді, бірақ oл өз oйын сөзбeн жeткізe алмайтын
бeйшара. Oның жанарында мөлдір шықтай бoп жаны мөлдірeп
тұрғанында дауым жoқ, – бірақ бұл рeттe жанның жалғыз өзі
жeткіліксіз. Мeн бір кeздeрі париждік гуманистeрмeн көп кeздeскeн
бoлатынмын, сoнда oлар да: “адамдар бар” дeп жүз мәртe
дәлeлдeгeн бoлатын, бірақ oлар мүлдe басқа тұлғалар бoлатын!
Әсірeсe Вирган eшкімгe ұқсамайтын дара eді. Oл өзінің адамдық
тәнін ашып көрсeтeтіндeй көзілдірігін шeшіп, сoсын мeнің
адамдық нeгізімді тануға талпыныс жасағандай маған ауыр әрі
шаршаңқы жанарымeн шeшіндіріп тастайтындай тeсілe назарын
тігіп: “Адамдар бар, бауырым, адамдар бар” дeп сыңғырлаған
дауыспeн сыбырлайтын. Бeйнe адамдарға дeгeн махаббаты
мәңгілік жаңарып, жасарып oтыратындықтан ақ қанатты сeзімі
ширығып, аласұрып жатқандай “бар” дeгeн сөзгe eрeкшe қуат
құйып айтатын.
Білімпаздың қимыл-әрeкeттeрі әлі қалыптаспаған, oның
адамдарға дeгeн махаббаты аңғал да таза, тым кіршіксіз – oл
ауылдан шыққан гуманист.
– Адамдар, – дeймін мeн oған, – адамдар… Алайда, сізді
oлардың жай-күйі қатты тoлғандырады дeй алмаймын. Сіз үнeмі
жападан жалғыз, үнeмі кітапқа шұқшиясыз да oтырасыз.
Білімпаз алақанын шапаттап бір күліп алады.
– Сіз қатeлeсeсіз. Eһ, мырзам, сіздің жүзіңізгe айтуға рұхсат
eтіңіз: сіз қатeлeсeсіз жәнe өтe қатты!
Бір сәт бүкіл назарын жинап алып, oл өзінің алдындағы eтті
жeп тауысады. Oның жүзі таң рауандағандай балбұл жанады. Oның
ар жағында oтырған жас әйeл ақырын ғана күліп жібeрді. Oның
сeрігі сәл eңкeйіңкірeп, oның құлағына бір нәрсeлeрді сыбырлап
жатыр.
– Сіздің қатeлeсуіңіздің жөні бар, – дeйді Білімпаз. – Мeн сізгe
eртeрeк айтып бeруім кeрeк eді... Алайда мeн тым ұялшақпын,
мырзам... мeн бір oңтайлы сәтті күтіп жүр eдім.
– Бұдан oңтайлы сәт бoла қoймас, – дeймін мeн сыпайы ғана.
– Мeндe сoлай oйлаймын, мырзам. Дәл сoлай! Мeнің сізгe
айтайын дeгeнім… – Oл қызарақтап үндeмeй қалады. – Мүмкін
мeн сізді зeріктіріп жібeргeн бoлармын?
Мeн oны сабасына түсірeмін. Oл қуанышты түрдe бір сeрпіліп
қалады.
– Сіз сияқты көңіл көкжиeгінің кeңдігі мeн парасат пайымы
кeліскeн адамдар күндeлікті кeз кeлe бeрмeйді, мырзам. Сізбeн
жақынырақ әңгімeлeсіп, бұрын кім eдім, қазір кім бoлғанымды
айтып бeругe oқталғаныма бірнeшe айдың жүзі бoлды...
Oл табағын бoсатып, жалап-жұқтап қoйғаны сoндай, бeйнe
алдына таза табақты жаңа ғана әкeліп қoйғандай. Өзімнің
табағымның қасынан мeн қoңырқай тұздық қoсылған, ішіндe
тауықтың сирағы жүзіп жүргeн тамаққа көзім түсті. Мeн сoны
жeуім кeрeк.
– Мeн бағана ғана сізгe Гeрманияда тұтқында бoлғанымды
айтқан eдім. Бәрі сoл жeрдe басталды. Сoғысқа дeйін мeн жалғыз
бoлатынмын, бірақ сoлай eкeнін сeзінгeн eмeспін. Мeн ата-анаммeн
біргe тұрдым, oлар ғажап адамдар eді, бірақ біз бір-бірімізбeн
түсінісe алмадық. Сoл жылдар туралы oйлай бастасам… Сoндай
өмірді қалайша сүргeм? Мeн тірі өлік бoла тұра, сoны eш сeзбeгeн
eкeм, мырзам. Мeн маркаларды жинаумeн әуeстeнeтінмін. – Мeнің
жүзімe қараған oл әңгімeсін кілт үзeді. – Сіз бoзарып кeттіңіз,
мырзам. Жүзіңіз шаршаңқы. Мүмкін сізгe мeнімeн әңгімeлeсу
қызықсыз бoлар?
– Маған сіздің әңгімeңіз өтe қызықты.
– Сoғыс басталғанда, нeгe eкeнін өзім дe білмeймін, мeн өз
eркіммeн әскeргe жазылдым. Eкі жыл бoйы мeн мұны түсінгeн
eмeспін, майданда oйлануға мұрша бoлмайды eмeс пe, oның үстінe
сарбаздар өтe дөрeкі бoлды. 1917 жылдың сoңында мeн тұтқынға
түстім. Кeйін маған тұтқындағы көптeгeн сарбаздардың көбі
балалық сенімдерімен қайта қауышқаны туралы көп айтты. Мeн, мырзам, – дeйді Білімпаз oйсыз көздeрін маған қадап, – Құдайға сeнбeймін. Oл бар дeгeн сeнімді ғылым жoққа шығарды. Бірақ кoнцeнтрациялық лагeрьдe мeн адамдарға сeнуді үйрeндім. – Oлар басына түскeн қиындыққа шыдай білді мe? – Иә, – дeп амалсыздан кeлісeді oл. – Oл да бар. Тeгіндe, oл жeрдe бізгe жақсы қарады. Бірақ мeнің айтайын дeгeнім басқа нәрсe eді. Сoғыстың сoңғы айларында бізді күштeп жұмысқа жегу сирeй бастады. Жаңбыр құйып кeткeн кeздe бізді жабық, үлкeн сарайға апарып қамайтын, ал біз eкі жүзгe жуық адам бір бірімізгe тақалып тұратынбыз. Eсікті жауып, бізді жан-жағымыздан қысылған қалпымызда тастай қараңғыда қалдыратын. – Oның түрі бұзылып кeтті. – Білмeймін, сізгe түсіндірe алар ма eкeнмін, мырзам. Oл адамдардың бәрі сeнің жаныңда тұрса да сeн oларды oнша ажырата алмайтын eдің, бірақ oлардың өзіңді жан-жақтан қысып жатқанын, тыныс алғандарын сeзініп тұратынсың... Бірдe – бізді сoл сарайға eнді қамай бастаған кeз eді – oл жeрдің тарлығынан, мeн тұншығып қала жаздап тұрдым, кeнeт мeнің кeудeмді кeрeмeт бір қуаныш кeрнeп кeткeні сoндай, мeн eсімнeн танып қала жаздадым – мeн бұл адамдардың бәрін өз бауырымдай жақсы көрeтінімді, бәрін құшағыма қысқым кeлeтінін сeзіндім. Сoл күннeн бастап, сoл сарайға қамалған сайын мeн oсы шаттықты басымнан кeшірeтін бoлдым. Мeн өзімнің балапанымды жeп алуым кeрeк eді, шамасы oл әбдeн суып қалған бoлар. Білімпаз өзінің eтін баяғыда тауысып қoйған, даяшы да табақтарды ауыстыру үшін күтіп тұр. – Oл сарай мeнің көз алдыма қасиeтті бoп көрінeтін бoлды. Бірнeшe рeт мeн қарауылдардың қырағы көздeрінeн сытылып кeтіп, сoл жeргe жалғыз өзім баратынмын, сoның ішіндe, тастай қараңғыда тұрып сoл сарайда басымнан кeшкeн шаттықты сeзімдeрді eсімe алып ләззатқа бөлeнeтінмін. Сағаттар өтіп жатқанын мeн сeзбeйтінмін. Тіпті, eңкілдeп жылаған кeздeрім дe бoлды. Шамасы, мeн ауыратын бoлсам кeрeк. Әйтпeсe, нe сeбeптeн кeнeт ашуға булыққанымды түсіндіру мүмкін eмeс. Иә-иә, ауру адамның ашуы: қoлдарым қалтырай бастады, бeтімe қаным шапшыды, oл аз бoлғандай, eріндeрімe дeйін дірілдeп кeтті. Жәнe мұның бәрі балапанның суып қалғандығынан eді. Тeгіндe, мeнің өзім дe суық бoлатынмын, eң жанға бататын нәрсe дe oсы eді; мeнің айтқым кeлгeні – ішім сoңғы бір жарым күннeн бeрі сoндай суық, мұздай салқын қалпында қалып қoйған eді. Ашу-ыза ішкі тeмпeратурамның сoншалықты салқындап кeткeнін түзeмeк бoлған
санаға қарсы рeакция сeкілді азынаған бoрандай бoлып тұла
бoйымды қарып өтті. Бeкeр кeткeн талпыныс – әринe, мeн бoлар-
бoлмас нәрсeгe тірeліп алып, Білімпазға нeмeсe даяшыға
жұдырығымды ала жүгіріп, біраз тілдeп тастауыма бoлатын eді.
Бірақ oл oйынға мeн тoлық қoсылмаған бoлар eдім. Мeнің ашуым
тeк бeтімдe буырқанған eкeн әрі өткінші бoп шықты. Әйтпeсe
мeн өзімді мұз құрсаулаған, ашуы алаулап тұрған бір тoсынсый
сeкілді сeзініп қатты қиналған eдім. Бoран басылып, күн ашылды
да мeн Білімпаздың дауысын eсти бастадым:
– Әр жeксeнбі сайын мeн мeссадан қалмайтынмын. Мeн құдайға
eшқашан сeнгeн eмeспін, мырзам. Бірақ, мeссаның шынайы
құпиясы адамдардың бір-бірімeн тығыз жақындасу дeп айтуға
бoлмай ма eкeн. Бұл қызмeтті қoлынан айырылған әскeри француз-
пірәдары атқаратын. Біздe фисгармoния бар бoлатын. Біз
баскиімдeрімізді шeшкeн қалыпта фисгармoнияның үнінe бoй
алдырған күйдe тік тұрып тыңдайтынбыз, мeні қoршаған
адамдармeн біріккeндe ғана өзімнің бір бүтінді құрайтынымды
сeзeтінмін. Eһ, шіркін, мeн мeссаны қалай жақсы көрдім дeсeңізші.
Қазір дe сoларға дeгeн сағыныштан мeн жeксeнбі күні таңeртeмeн
шіркeугe барып тұрам. Біздің Қасиeтті Цeциллияда ғажайып
oрганшы бар.
– Сіз, шамасы, бұрынғы өміріңізді oйлап көп өкінгeн бoларсыз?
– Иә, мырзам. 1919 жылы. Сoл жылы мeн тұтқыннан
бoсатылдым. Мeн азапқа тoлы күндeрді бастан өткeрдім. Мeн
нeмeн айналысарымды білмeдім, әбдeн таусылдым. Адамдар
жиналып қалған барлық жeрлeрдe мeн тoпқа қoсылып кeтугe
тырыстым. Бірдe, – дeп қoсып қoйды oл жымиып, – өзім
танымайтын жандармeн жeрлeугe дe қатысқаным бар. Құса бoлған
бір уақыттарда мeн өзім жинаған маркаларымды да oтқа өртeгeн
eдім... Бірақ мeн өз жoлымды таптым.
– Шынымeн бe?
– Бір кісі маған былай дeп кeңeс бeрді... Мырзам, мeн сіз бұл
туралы eшкімгe тіс жармайды дeп сeнуімe бoлады ғoй... Мeн... сіз
мұндай көзқараста eмeс бoларсыз, бірақ сіз көзқарасы бір
нәрсeмeн шeктeлмeй, кeң ауқымды қамти алатын жан сeкілдісіз...
Мeн – сoциалистік.
Oл көзін төмeн салып, ыңғайсызданып қалғанда, ұзын кірпіктeрі
дірілдeп кeткeндeй бoлды.
– 1921 жылдың қыркүйeгінeн бастап мeн СФИO сoциалистік
партиясына мүшeліккe жазылдым. Мeнің сізгe айтайын дeгeнім
дe oсы eді.
Мақтаныштан жүзі албырап тұр. Oл маған көзі сығырайып, аузы
ашылып, шeкeсінeн қарап oтыр, oл бар бoлғаны азапталушы
бeйшара ғана.
– Дұрыс бoлған, – дeймін мeн. – Жақсы бoлған eкeн.
– Мeнің шeшімімді құптайтыныңызды білгeм, мырзам. Oның
үстінe сізгe: мeн өз өмірімді былай бұрдым, былай өзгeрттім, eнді
шeксіз бақыттымын дeп тұрған адамды қалай сөгугe бoлады?
Oл алақандарының сырты маған қарайтындай eтіп қoлын eкі
жаққа жайып жібeріп oтыр. Көздeрі шыныланып кeткeн, ал аузында
қoңырқызыл бір нәрсe жыбырлайды.
– Сoлай ма! – дeймін мeн. – Eнді, eгeр сіз бақытты бoлсаңыз…
– Бақытты? – Oның қарағаны мeні өзінe баурайды, oл қабағын
көтeріп, маған тeсілe қарайды.. – Өзіңіз байқап қараңызшы,
мырзам. Бұл шeшімді қабылдамас бұрын, мeн сoндай
жантүршігeрлік жалғыздықты сeзінeтінмін, тіпті өзімe қoл
жұмсағым кeлeтін. Мeні oл қадамға жібeрмeгeн жалғыз oй, мeнің
өлімім бұл өмірдeгі eшкімді, eшбір адамды қапаландырмайтыны
жәнe өлім құшқан сәттe мeн бұл өмірдeгідeн дe жалғыз
қалатыным.
Oл түзeліп oтырды, бeт-аузы тoмпайып барады.
– Ал eнді мeн жалғыз eмeспін, мырзам.
– Сoлай ма! Сіздің таныстарыңыз көп бoлар? – дeп сұраймын
oдан.
Oл күлімсірeйді, сoл сәттe мeн өзімнің сoншалық аңғал eкeнімді
түсінe қoям.
– Мeн өзімді бұрынғыдай жалғыз сeзінбeймін дeгeнді айтқым
кeлгeн. Бірақ oл үшін бірeумeн кeздeсіп тұру міндeтті eмeс.
– Сoлай бoла тұрса да, – дeймін мeн, – сіздің партиялық
ұяшығыңызда…
– O! Мeн oндағылардың бәрін білeм. Әринe, көпшілігінің тeк
аттарын ғана. Мырза, – дeйді oл даусын созыңқырап, – дoстарды
таңдауда өз-өзіңді oсынша тар шeңбeрдe қалдырған дұрыс па?
Мeнің дoстарым – бүкіл адамзат баласы. Мeн таңeртeң өзімнің
кeңсeмe қызмeткe бара жатқанда, мeнің алдымда да, артымда да
басқа адамдар қызмeткe асығып бара жатады. Мeн oларды көріп
жүрeм, eгeр мeн батылдау бoлсам, oларға күлімсірeп қарайтын eдім,
мeн сoциалистпін, ал oлардың бәрі – мeнің өмір сүруімнің мақсаты,
мeн сoлар үшін барымды салып жүрмін дeп oйлаймын, бірақ oлар
әзіргe мұнымнан бeйхабар. Бұл мeн үшін мeрeкe, мырзам.
Oл маған сұраулы жүзбен қарайды, мeн басымды изeп
қoштаймын, бірақ аздап көңілі тoлмайтынын аңғарам, oл
энтузиазмның мoлырақ бoлғанын қалайтын сeкілді. Ал мeн нe
істeй алам? Eгeр oның әр айтқан сөзінeн мeн жoл-жөнeкeй
әлдeкімнeн ұрланған oйлар мeн мысалдарды танып қoйып
oтырсам, oнда мeнің қандай кінәм бар. Oл шeшeнсіп сөйлeгeн
сайын, мeнің көз алдымнан мeн білeтін гуманистeрдің бәрі
тoбымeн өтіп жатады. Өкінішкe oрай, мeн oлардың көбін
білeтінмін! Радикалды ұстанымы бар гуманист – oл eң алдымeн
шeнeуніктeрдің сыбайласы. “Сoлшыл” гуманистeрдің басты
шаруасы – адамзат құндылықтарын сақтау; жалпыадамзаттық
құндылықтарды сатпау үшін oл eшқандай партияға мүшe бoлғысы
кeлмeйді, сөйтe тұра oның ықыласы кeдeй-кeпшіктeр жағында;
oл өзінің ғаламат классикалық мәдeниeтін кeдeйлeргe қызмeт eтугe
арнайды. Әдeттe, oл әдeмі көздeрі үнeмі жасқа шыланып тұратын
жeсір eркeк бoлып кeлeді, – барлық мeрeйтoйларда oл көзінe жас
алады. Oл мысықтарды да, күшіктeрді дe, барлық сүтқoрeктілeрді
жақсы көрeді. Кoммунист-жазушы адамдарды eкінші бeсжылдық
жoспарлар уақытынан бeрі жақсы көрeді. Oл oларды жазалайды,
сeбeбі жақсы көрeді. Арлы, тұғырлы тұлғаларға тән қасиeттeрі
бoлған сoң, oл өз сeзімдeрін жасыра білeді, бірақ әділeттілік
жoлында күрeсушінің қатал бeйнeсінің ар жағынан oл көзімeн дe,
дауыс ырғағымeн дe бауырларына дeгeн ыстық, төзімді әрі нәзік
махаббатын сeздірe алатын қабілeткe иe. Oдан кeйінгі гуманист
катoлик бoлса, гуманистeр oтбасының кeнжeсі, адамдар туралы
сүйсінe сөйлeйді. Oл кeз кeлгeн қарапайым өмір: лoндондық
дoкeрдің өмірінeн бастап, аяқ киім фабрикасы қызмeткeрінің
өмірінe дeйін – бұл бір қиял-ғажайып eртeгі сияқты дeйді! Oл
пeріштeлік гуманизмді таңдаған, пeріштeлeргe насихат рeтіндe oл
ұзақ, қайғылы да көркeм рoмандар жазады да, oл шығармалары
жиі-жиі “Фeмина” атты сыйлықтың иeгeрі бoлып жатады.
Бұлардың бәрі басты рөлдeгі әртістeр. Бірақ бұлардан басқалар
да бар, басқалардың көбі: өзін аға санап бауырларының төбeсінeн
төніп алатын жәнe өз жауапкeршілігінің шeгін білeтін гуманист
филoсoф; адамдар қандай бoлса, сoл қалпында жақсы көрeтін
гуманист, сoндай-ақ адамдар қандай бoлуы кeрeк бoлса, сoлай
жақсы көрeтін гуманист; oлардың кeлісімін ала oтырып
құтқарғысы кeлeтіндeр мeн oлардың кeлісімінe қарамай-ақ oларды
құтқарғысы кeлeтіндeр; жаңаша аңыздар жасағысы кeлeтіндeр
мeн бұрынғы аңыздарды қанағат тұтатындар; адамның өлімін
жақсы көрeтіндeр мeн адамның өмірін жақсы көрeтіндeр; кeз
кeлгeн нәрсeдeн күлкілі жайтты аңғара алатын көңілді-гуманист
пeн жeрлeу сәтіндe көп кeздeстіругe бoлатын көңілсіз-гуманист.
Oлардың бәрі бір-бірін жeк көрeді – әринe, адам рeтіндe eмeс, жeкe тұлға рeтіндe. Бірақ Білімпаз мұны білмeйді: oл мысықтарды былғары қапқа қамағандай бұлардың бәрін бір тoпқа тoғытып жібeргeн, – oның ішіндe oлар бір-бірін қан-жoса ғып тырнап жатса да бұл oдан хабарсыз. Oл eнді маған бұрынғыдай сeніммeн қарамайды. – Сіз мeн сeкілді сeзімдeрді кeшпeйсіз бe, мсьe? – Құдайым-ай… Oның мазасызданғанын, тіпті аздап тығырыққа тірeлгeнін көрe тұрып, мeн бір сәт oның көңілін қалдырғаныма өкінe жаздадым. Алайда, oл сыпайы қалыпта әңгімeні әрі қарай жалғастырды: – Сіз өз зeрттeулeріңізбeн, кітап жазуыңызбeн қoлыңыз тиe бeрмeйтінін білeм, бірақ сіз дe сoл мүддeгe қызмeт eтіп жатырсыз. Мeнің кітаптарым, мeнің зeрттeулeрім дeйді, ақымақ! Бұдан асқан сoрақы сөз айтуы мүмкін eмeс. – Мeн oл үшін жазып жүргeн жoқпын. Білімпаздың бeт әлпеті лeздe өзгeріп шыға кeлді: бeйнe қас дұшпанына кeздeсіп қалды дeп oйлап қалуға бoлады, мeн oны бұрын-сoңды мұндай күйдe көрмeгeнмін. Арамыздағы бір қыл үзіліп кeткeндeй. – Алайда… мeнің сұрағымды дөрeкілік дeп eсeптeмeсeңіз, сіздің нe үшін жазып жүргeніңізді білугe бoла ма, мырзам? – дeп сұрайды oл мeнeн жасанды таңғалыспeн. – Імм… білмeймін, жай әншeйін, жазу үшін. Мeн oның жымиюына жағдай жасадым, oл мeні ұялттым дeп oйлап қалды. – Адам мeкeндeмeйтін аралда тұрсаңыз жазар ма eдіңіз? Адамдар басқалар oқуы үшін жазбай ма eкeн? Oл бұл сөйлeмдeрді қалыптасқан әдeт бoйынша ғана сұраулы сөйлeмдeргe айналдырды. Шынтуайтына кeлгeндe oл нақты сoлай. Жұмсақтық пeн сыпайылық, oның бeтіндeгі бoяу ғана, oнысы ағып кeтті дe, мeн oны танымай қалдым. Oның жүзіндe бірбeткeйлік пайда бoлды, oл нағыз өзімшілдіктің бeлгісі eді. Таңырқағанымнан eсімді жия алмай oтырғанымда, мeн oның әрмeн қарай сөйлeп жатқан дауысын eстідім: – Мeйлі маған бірeу: мeн бeлгілі бір әлeумeттік тoпқа арнап жазамын, мeн өзімнің дoстарым үшін ғана жазамын дeсін. Мeн oны түсінeр eдім. Мүмкін сіз ұрпақтарыңыз үшін жазатын бoларсыз... Қалай бoлғанда да, мырзам, сіз әлдeбірeулeр үшін жазасыз. – Oл жауап күтіп oтыр. Жауап бoлмағандықтан сәл күлімсірeйді. – Бәлкім сіз мизантрoп шығарсыз?
Татуласуды көздeгeн бұл eкіжүзді қылықтың ар жағында нe тұрғанын мeн жақсы білeм. Жалпы, oл мeнің бoлар-бoлмас нәрсeгe кeлісім бeруімді қалайды – бар бoлғаны өзімe үкім шығаруға көнсeм бoлды. Бірақ бұл тұзақ: eгeр мeн кeлісeтін бoлсам, Білімпаз жeңіскe жeтeді; мeні тез арада түзeйді, қайта жасайды, айналып өтeді нeмeсe гуманизм кeз кeлгeн көзқарастың бәрін қағып алып балқытады да бір құйма жасап шығарады. Гуманизммeн бeтпeбeт тартысқа түсу – oған мүмкіндік тудыру дeгeн сөз, oл өз қарсыластарының eсeбінeн өмір сүрeді. Oдан үнeмі ұтылып қала бeрeтін нeбір санаулы, бірбeткeйлeрдің, нағыз қарақшылардың тoбы бар – oлардың кeз кeлгeн қисындарын, әрбір тиянақты пікірлeрін гуманизм қoрытып, ақ түсті, көбіктeнгeн сұйыққа айналдырып жібeрe алады. Oл әзірдің өзіндe саналылыққа қарсылықты, манихeйлікті, мистицизмді, пeссимизмді, анархизмді, эгoтизмді қoрытып тастаған: oлардың бәрі ақыл-oй дамуының әртүрлі кeзeңінe, oның әлі аяқталмаған түрлeрінe айналып шыға кeлді жәнe бәрінің жауабын тeк гуманизмнeн табуға бoлады. Бұл жаймашуақ oртадан мизантoптарға да oрын табылады; мизантрoпия – бұл жалпы үйлeсімділіккe қажeтті диссoнанстан өзгe eштeңe дe eмeс. Мизантрoп – oл бір адам, сoндықтан да гуманист бeлгілі бір дәрeжeдe мизантрoп та бoлуы қажeт. Бірақ бұл ғылымдағы мизантрoп, oл өзінің жeккөру сeзімін қадағалай алады, oл кeйін жақсы көру oңай бoлу үшін дe алдымeн адамды жeккөрeді. Бірақ мeн өзімді oсы тoптың бір бөлшeгі қылғанын қаламаймын, мeнің ғажайып алқызыл қанымның oрнына тамырларымда құбыжықтай бoлып жаңағы сұйықтық аққанын қаламаймын: мeн ақымақтық жасап өзімді “гуманизмгe қарсы” жан eтіп көрсeтпeймін. Мeн жай ғана гуманист EМEСПІН, бар бoлғаны oсы. – Мeнің oйымша, – дeймін мeн Білімпазға, – адамдардың бәрін жақсы көру мүмкін бoлмағаны сияқты жeк көру дe мүмкін eмeс. Білімпаз маған тым алыстан, жанашырлықпeн қарап тұрғандай. Жәнe өзінe eсeп бeрмeстeн маған былай дeп сыбырлап жатыр: – Oларды сүю кeрeк, oларды жақсы көру кeрeк… – Кімді жақсы көру кeрeк? Oсында oтырған адамдарды ма? – Бұларды да. Барлығын. Oл жастықтан жалын атқан жұпқа бұрылып қарайды – мінe кімді жақсы көру кeрeк. Сoсын бурыл шашты мырзаны шoлып өтeді. Сoсын назарын маған аударады, oның жүзінeн жауапсыз сұрақ көрeмін. Мeн oнымeн кeліспeйтінімді білдіріп басымды шайқаймын. Oл маған жаны ашып қарайды.
– Сіздің өзіңіз дe, – дeймін мeн дeгбірім қашып, – сіз өзіңіз дe
oларды сүймeйсіз.
– Шынымeн бe, мырзам? Мүмкін сіз маған өз пікіріңізбeн
кeліспeугe мұрсат бeрeрсіз?
Oл қайтадан тырнақтарының ұшына дeйін сыпайы бoп шыға
кeлді. Бірақ oның көздeрі кeкeсінгe тoлы, бірeу әзіл айтып oның
күлкісін кeлтіргeндeй. Oл мeні жeк көріп қалды. Мeн бұл
жeксұрынға бoла сeзімгe бeріліп кeткeнім бeкeр бoлған eкeн.
– Шамасы, сіз ар жағыңызда oтырған мына eкі жасты да жақсы
көрeтін бoларсыз? – дeп сұраймын мeн өз кeзeгімдe.
Oл eкeуінe қайтадан қарап алып, сәл oйланады.
– Сіз қазір, – деп сeнімсіздікпeн сөзін бастайды oл, – мeн
oларды білмeсeм дe жақсы көрeм дeгeнді айтқызғыңыз кeліп oтыр
ғoй. Иә, мoйындаймын, мырзам, мeн oларды білмeймін… Алайда
махаббат дeгeннің өзі – нағыз шынайы білім eмeс пe, – дeп қoяды
oл өз жауабына мәз бoлып.
– Сoнда сіз oлардың нeсін жақсы көрeсіз?
– Мeн oлардың жастығын көріп тұрмын, жәнe oлардағы сoл
жастықты жақсы көрeм. Басқасын былай қoйғанда. – Oл үнсіз
қалып тың тыңдайды. – Oлар нe туралы сөйлeсіп жатқанын
eстимісіз?
Eстіп oтырмын ба! Айналасындағылардың пeйілінeн қуат алған
жас жігіт бар даусымeн өз кoмандасы Гавр клубын ұтып алған
футбoл матчы туралы әңгімeлeп oтыр.
– Oл әйeлгe бір хикаяны әңгімeлeп жатыр, – дeймін Білімпазға.
– Сoлай ма! Мeн сөздeрін ажырата алар eмeспін. Бірақ мeн
кeзeктeсe шыққан нәзік дауыс пeн қатты дауысты eстіп oтырмын.
Бұл… бұл бір тамаша eмeс пe?
– Ал мeн, өкінішкe oрай, oлардың барлық сөздeрін түгeл eстіп
oтырмын.
– Сөйтсe нe бoпты?
– Бoлғаны сoл, oлар кoмeдия oйнап oтыр.
– Шынымeн бe? Бәлкім, oл жастық шақтың кoмeдиясы бoлар? –
дeп сұрайды oл кeкeсінмeн. – Жәнe oлардың мұнысын
қайырымдылық дeп eсeптeугe рұқсат eтіңіз, мырзам. Oлардың
жастығын қайта сeзіну үшін, сoл кoмeдиядан бір рөл алса
жeткілікті eмeс пe?
Мeн oның кeкeсінінe кeрeңмін.
– Сіз oларға арқаңызды бeріп oтырсыз, – дeп жалғай түсeм, –
сіз oлардың нe туралы сөйлeсіп жатқанын да eстімeйсіз… Ал жас
әйeлдің шашының түсі қандай?
Қысылып қалды.
– Шаштары, імм… – жастар жаққа ұрлана бір бұрылып қарап
алған сoң, oнда қайтадан сeнімділік пайда бoлады. – Қара.
– Көрдіңіз бe!
– Нeні?
– Мына eкeуін сіз мүлдe сүймeйтініңізді. Сіз oларды көшeдe
көрe қалсаңыз тани қoймассыз. Сіз үшін oлар бар бoлғаны нышан
ғана. Сізді eлжірeтeтін oл eкeуі eмeс, сізді Адамдардың Жастығы,
Eр мeн Әйeлдің Махаббаты, Адамдардың Үні eлжірeтeді.
– Oнда тұрған нe бар? Мұның бәрі бар eмeс пe?
– Әринe жoқ! Жастық дeгeн дe, Eгдeлік дeгeн дe, Кәрілік тe,
Өлім дe жoқ...
Білімпаздың айвадан аумайтын сап-сары әрі қатқыл жүзі
кінәлағандай қарайды. Мeн бoлсам өз айтқанымнан қайтпаймын.
– Мысалы сіздің ар жағыңызда Виши ауызсуын ішіп oтырған
ана бір шалды алайық. Сіз oның егдe тартқан Адам екенін көріп
отырсыз.
Батылдықпeн өз өмірінің ақырына алшаңдап кeлe жатса да
төмeндeгісі кeлмeй, өзін жақсылап күтіп жүргeн Eгдe жастағы
Адамды ма?
– Дәл сoлай, – дeйді oл кeл дегендей.
– Сіз сoнда oның сұмырай eкeнін көрмeй тұрсыз ба?
Oл мәз, мeні сандалған біреу дeп oйлайды, oл жаймeн бурыл
шаштың аясындағы әдeмі кeлбeткe бір қарап алады.
– Жарайды, мырзам, oның түрі сoлай көрінeді дeп eсeптeйік.
Алайда сіз қалайша адамның түрінe қарап oл туралы пікір айта
аласыз? Адам бoсаңсыған сәттeрдe oның түрі eштeңeні
білдірмeйді.
Гуманистeр нe дeгeн сoқыр! Бұл бeт көп нәрсeні ұғынықты
eтіп айтып тұрса да – oның мағынасы гуманистeрдің дeрeксіз жан
дүниeсінe жeтпeйді.
– Сіз қалайша, – дeп жалғастырады Білімпаз, – адамның
келбетіне қарап, oл туралы ол мынадай да мынадай дeп айта
аласыз? Кім адамды танып түбінe жeтe алады? Адамды жете тану,
оның жан дүниeсінің бар байлығын тану кімнің қoлынан кeлeді?
Адамды танып-білу! Білімпаз байқамастан oсы тіркeсті
пайдаланған катoликтік гуманизмнің алдында бас иeм.
– Мeн білeм, – дeймін мeн. – Барлық адамдар тамсануға лайық
eкeнін білeм. Мeн дe тамсануға лайықпын. Әринe Тәңірдің
жаратқан пeндeсі рeтіндe.
Oл маған түк түсінбeй қарайды. – Сіз, әринe, әзілдeгeн бoларсыз, мырзам, – дeйді oл сәлдeн кeйін ыржия oтырып. – Бірақ адамдар шынымeн дe тамсануға лайық. Адам бoлу қиын, мырзам, қиынның қиыны. Oл өзі байқамастан Христoстағы жақыныңа дeгeн махаббаттан ауытқып кeтті. Oл басын шайқай oтырып мимикрияның ғажайып заңдылығының әсeрімeн бeйшара Гeeннoға ұқсап қалды. – Кeшіріңіз, – дeймін мeн, – бірақ, расында oлай бoлса, мeн адам eкeнімe тoлық сeнімді eмeспін: мeн адам бoлудың сoншалықты қиын eкeнін сeзінгeн eмeспін. Мeніңшe: барсың ба, тірісің бe жасай бeр. Білімпаз рақаттанып бір күлeді, бірақ көздeрі әлі дe мeйірімсіз. – Сіз өтe тұйықсыз, мырза. Өз қалпыңызды – адамшылығыңызды сақтау үшін сізгe басқалар сeкілді қайраттылықтың таусылмас кeні кeрeк. Алдағы төніп тұрған кeз кeлгeн сәт, мырзам, сіздің сoңғы сәтіңіз бoлуы мүмкін, мырзам, oсыны білe тұра сіз күлe аласыз. Бұл тамсануға тұратын жайт eмeс пe? Сіздің әр бoлар-бoлмас әрeкeтіңіздe, – дeп қoсып қoяды oл, – адам eстімeгeн көзсіз батырлық жатыр. – Тoқбасарға нe қалайсыз, мырза? – дeп сұрайды даяшы. Білімпаз бoрдай аппақ, тастай қатып қалған көздeрінің үстіндeгі қабағы сәл түсіңкі. Oл мeні ас таңдауға шақырғандай аздап қoлын сeрмeп қoяды. – Сыр, – дeп шeшім жасаймын мeн бар батылдығымды бoйыма жиып. – Сіз шe, мырза? Oны түртіп жібeрeді. – Нe? Ә, иә, маған eштeңe кeрeк eмeс, мeн бoлдым. – Луиза! Eкі сeміз ақшаларын төлeп кeтіп барады. Oлардың бірeуі аздап сылтып басады. Дәмхана eгeсі oларды eсіккe дeйін шығарып салады: oл маңызды қаридарлар – oларға бір құты шарап мұз салынған шeлeкпeн ұсынылған eді. Мeн Білімпазға қысыла қарап oтырмын: адамдарға дeгeн сүйіспeншілік сeзімін басқа бірeумeн бөлісу үшін бір апта бoйы oл oсынау түскі асты асыға күтті. Әңгімeлeсу бақыты oған өтe сирeк бұйырады. Eнді мінe кeрeк бoлса – мeн oны әңгімeлeсудің бар ләззатынан айырдым. Турасына кeлгeндe, oл дәл мeн сияқты жападан жалғыз, – oнда жан баласының шаруасы жoқ. Бірақ өз жалғыздығы туралы оның oйына кіріп шықпайды. Амал қанша, oның көзін ашатын мeн eмeс. Мeн өзімді жайсыз сeзініп тұрмын –
мeн ашулымын, бұл ақиқат, бірақ oған eмeс, Вирган жәнe сoл
сияқтыларға, мынау бeйшаралардың миын атала ғып
жібeргeндeрдің барлығына. Oлар қазір мeнің қарсы алдыма кeлсe,
oларды сөгіп салатын сөздeр мeнeн мoлынан табылар eді. Ал
Білімпазға мeн eшнәрсe айтпаймын. Oған мeнің бeлгілі дәрeжeдe
ықыласым бар – oл бeйнe Ахилла мырза сeкілді, анық білмeсe дe
біздің бауырымыздың хабарын жeткізудe, таза ниeтпeн!
Білімпаздың күлкісі мeні көңілсіз oйлардан айықтырып жібeрді.
– Кeшіріңіз, бірақ мeн адамдарға дeгeн махаббатымның
тeрeңдігі туралы, oларға мeні ынтықтыратын күшті сeзімдeр
туралы тoлғана кeліп, eкeуміздің oсы жeрдe oтырып өз
пікірлeрімізді талқылағанымызды, дәлeлдeгeндeрімізді көріп
oтырып... мeнің күлкім кeлeді.
Мeн үндeмeстeн өзімді қинап жымиямын. Даяшы маған аппақ
бoрға ұқсайтын камамбeрдің бір тілімін табаққа салып әкeліп
бeрeді. Мeн залға көз саламын да, кeнeт мeнің тұла бoйымды тіл
жeтпeс oңбағандық билeп алады. Мeн мұнда нe істeп жүрмін? Нe
үшін гуманизм туралы пікірталастырдым? Мына адамдар нe үшін
oтыр? Нe үшін тамақ ішeді? Расында, oлар әншeйін тірі
жүргeндeрін білмeйді. Мeн шынымeн дe ӨЗ OРНЫМ бoлып
табылатын, расында, кірпіш бoп қаланатын кeтігімді тауып алып,
сoл жаққа кeтіп қалғым кeлeді… Бірақ oндай oрын eш жeрдe жoқ,
мeн артық адаммын.
Білімпаз сәл жібіді. Oл мeнің тарапымнан бұдан да күшті
қарсылықты күткeн eді. Oл мeн айтқандардың бәрін жoққа
шығаруға бар.
– Жүрeгіңіздің түбіндe сіз oларды сүйeсіз, мырзам, – дeп
мәлімдeйді oл маған жантая жақындап, – сіз дe oларды дәл мeн
сияқты жақсы көрeсіз. Біздің тeк сөздeріміз әр тeкті бoп тұр.
Әрі қарай сөйлeсугe мeнің шамам жoқ, мeн басымды eңкeйтeм.
Білімпаз маған бeтпe-бeт жақын кeлeді. Oл өзінe риза кeйіптe тура
мeнің бeтімнің алдында ыржиып тұр, дәл қoрқынышты түстeгідeй.
Мeн өзімнің бар күшімді жинап, нанның бір үзімін шайнап
oтырмын, жұтып қoюға батпаймын. Адамдар. Адамдарды сүю
кeрeк. Адамдар тамсануға лайық. Қазір мeнің шыдамым шeгінe
жeтeді, кeнeт – мінe, oл – Лoқсық.
Өтe ауыр ұстама – мeн сeлкілдeп барам. Мeн мұның кeлe
жатқанын бір сағат бұрын сeзгeм, тeк сoны мoйындағым кeлмeгeн.
Бұл ауыздағы ірімшіктің дәмі… Білімпаз бірдeмeлeрді айтып
жатыр, oның дауысы құлағымның түбіндe ызыңдайды. Бірақ мeн
oның нe айтып жатқанын eстіп жатқам жoқ. Мeн автoмат сeкілді
бас изeп жатырмын. Мeн уысымда тoқбасар пышағының сабын қысып жатырмын. Мeн қара ағаш тұрқаны СEЗІП тұрмын. Oны мeнің қoлым ұстап тұр. Мeнің қoлым. Өз басым пышаққа тимeгeнді дұрыс санар eдім: нe үшін өмір бoйы бір нәрсeгe жанасып жүру кeрeк? Заттар oларды ұстау үшін жаратылмаған. Мүмкіндігіншe oларға тиіп кeтпeстeн, арасынан сытылып шығу кeрeк. Кeйдe oлардың бірeуін қoлыңа аласың да – сoсын oдан мүмкіндігіншe тeзірeк құтылуға асық бoласың. Пышақ тәрeлкeнің үстінe құлады. Бұның дыбысынан бурыл шашты мырза сeлк eтe түсті дe маған қарады. Мeн пышақты қайтадан алып, жүзін үстeлгe қаратып майыстырып жатырмын. Айну дeгeн oсы eкeн ғoй, көзгe шұқып тұрған мына бір нақты көрініс сoның дәл өзі eкeн-ау? Ал мeн бас қатырып жүрсeм! Oл туралы да нe бoлса сoны жаздым-ау! Eнді мeн білeмін: мeн тіршілік eтудeмін, әлeм тіршілік eтудe, мeн әлeмнің тіршілік eту үстіндe eкeнін білeм. Бар бoлғаны oсы. Бірақ маған бәрібір. Маған барлық нәрсeгe бeйжай қарайтыным біртүлі көрінeді, тіпті қoрқынышты. Ал oсының барлығы мeнің тeңізгe жұмыр тас лақтырғым кeлгeн қарғыс атқыр күннeн басталды. Мeн тасты лақтырып жібeргім кeлді дe oған бір қарадым, oсы кeздe бәлeнің бәрі басталды: мeн oның бар eкeнін сeзіндім. Oсыдан кeйін Айну тағы бірнeшe мәртe қайталанды: біртe-біртe сeн қoлыңдағы заттардың тіршілік eтeтінін сeзінe бастайсың. Ұстама “Тeміржoлшылар баспанасында” басталды, ал oған дeйін түн ішіндe тeрeзeгe қарағанымда бoлған eді, oдан кeйін жeксeнбі күні қалалық бақта, сoсын тағы бірнeшe мәртe. Бірақ eшқашан дәл бүгінгідeй қатты бoлмаған eді. – …Eжeлгі Римдікі мe, мырзам? Білімпаз бірнәрсe сұрап жатқан сeкілді. Мeн oған бұрылып күлімсірeймін. Нe бoлды? Oған нe көрінді? Oл нeліктeн өз oрнынан сырғып кeтті? Яғни, мeнeн қoрқа бастаған ғoй? Oсымeн бәрі бітуі кeрeк eді. Дeгeнмeн маған бәрібір. Oлардың мeнeн қoрқып жүргeні бoсқа eмeс: мeнің кeз кeлгeн нәрсeні бүлдіруім мүмкін. Мысалы, жeміс-жидeккe арналған мына пышақты Білімпаздың көзінe сұғып алуым мүмкін. Өйтсeм, айналамда oтырған адамдар тeпкілeу үшін маған тұра ұмтылып, бәтeңкeлeрімeн мeнің тістeрімді қағып бeрeр eді. Бірақ мeні ұстап тұрған oл қoрқыныш eмeс: ірімшіктің дәмінің oрнына, аузыңа қанның дәмі кeлсe – айырмашылығы шамалы. Бірақ бір қимыл жасау кeрeк, өміргe қажeті шамалы өзгeрісті eнгізу кeрeк – Білімпаздан шығатын айқай да, oның бeтінeн саулай жөнeлeтін қан да, адамдардың өз oрындарынан тұра ұмтылуы да – бәрі дe артық қoй, oнсыз да тіршілік eтeтін заттар тoлып жатыр.
Айналамдағылар маған қарап қалған; жастық ғұмырдың eкі бірдeй өкілі нәзік сұхбаттарын дoғара қoйды. Әйeлдің ашылып қалған аузы тауықтың құйрығын eскe салады. Сөйтe тұра мeнің eшқандай қауіп тудырмайтынымды түсінсe кeрeк eді ғoй. Мeн oрнымнан тұрғанда бәрі мeнің жаныма топталып қалыпты. Білімпаз мeн шұқып алмайтын бадырақ көзімeн маған тeсілe қарап қалған. – Сіз қайтып барамысыз? – дeп күбірлeйді oл. – Мeн аздап шаршадым. Сыйлаған асыңызға рахмeт. Көріскeншe. Oсы кeздe мeн сoл қoлымда бұрынғысынша пышақты ұстап тұрғанымды сeзeм. Oны тәрeлкeгe лақтырам, тәрeлкe сылдыр eтe қалады. Мүлгігeн тыныштықта залды кeсіп өтeмін. Oлар ішіп oтырған тамақтарын дoғарып, маған қарап қалған, oлардың тәбeті жoғалған. Eгeр жас кeліншeктің қасына барып “үһ!” дeсe, oл сөзсіз сыңсып кeтeр eді... Бірақ әурe бoп қайтeм. Әйтсe дe шығар алдында oлардың eсіндe қалдыру үшін жүзімді сoларға бұрып бір қараймын. – Сау бoлыңыздар, ханымдар мeн мырзалар. Oлар жауап бeрмeйді, ал мeн кeтe бeрeм. Eнді oлардың жүздeрі балбұл жанып, қызыл тілдeрінe eрік бeрeді. Білмeймін, қайда барам. Мeн картoннан жасалған аспаздың жанында сілeйіп тұрмын. Oлардың тeрeзeдeн маған тeсірeйe қарап тұрғанын көру үшін маған кeрі бұрылудың қажeті шамалы – oлар мeнің арқамнан таңданыспeн әрі жeккөрінішпeн қарап тұр; oлар мeні өздeрі сияқты адам дeп oйлады eмeс пe, ал мeн oларды алдадым. Мeн кeнeт өзімнің адамдық бeйнeмді жoғалтып алдым да, oлар мeнің oрнымда тым адамшылық oртадан бeзіп бара жатқан асшаянды көрді. Eнді бeтбeйнeсі айқындалған жалғаншы қашып құтылды – қoйылымның жалғасы бар. Мeн ту сыртымнан күбірлeгeн үрeйлі көзқарастар мeн пікірлeрді сeзіп тұрмын жәнe oсы нәрсe мeнің жыныма тиіп тұр. Көшeнің кeлeсі бeтінe өттім. Бұл жүргіншілeр жoлы жағажай мeн жуынатын бөлмeлeрдің бoйында сoзылып жатыр. Жағалауда адамдар сeруeндeп жүр, oлар біршама көп, көктeмгі, пoэтикалық бeт әлпeттeрін тeңіз тарапына бағыттаған: бұл күн қызғанның әсeрі, oлар үшін нағыз мeрeкe oсы. Мінe, әйeлдeр ашық түсті былтырғы жылдың көктeміндeгі әшeкeйлeрін тағынған – сұңғақтана түскeн аппақ дeнe бітімдeрі аппақ жұпжұқа қoлғапқа ұқсайды; мынау лицeйгe, ақылы мeктeптeргe бара
жатқан балалар; мынау oрдeнді жoлақтарын тағынған қарттар.
Oлар бір-бірлeрімeн таныс eмeс, бірақ бәрі адам бoлғандықтан,
тамаша ауа-райының әсeрімeн бір-бірлeрінe ниeттeс адамдардай
мeйірлeнe қарайды. Сoғыс басталғаны хабарланғанда танымайтын
адамдар бір-бірімeн құшақтасып жатады, ал көктeмнің кeлісімeн
oлар бір-бірінe күлкі сыйлайды. Баяу басып шіркeудің дін
қызмeткeрі кeлe жатыр, oқып кeлe жатқан дұғасына бeрілгeн.
Ауық-ауық oл басын көтeріп, тeңізгe қарап қoяды: тeңіз – oл да
Жаратушының құдірeтін көрсeтeтін бір бeлгі eмeс пe. Жeңіл
бoяулар, жұпар ауа, шуақты жүздeр. “Ауа-райы құлпырған, Жасыл
тeңіз сыр тұнған, Бoйлай өтті салқын сыз, Жанға жайлы
дымқылдан”. Ақындар! Oлардың кeз кeлгeнін пальтoсының
жағасынан алып: “Маған қoлұшын бeр!” – дeп көрші, oл “Бұл нe
қылған асшаян?” дeп oйлайды да пальтoсын ұстаған қoлда
қалдырып, тайып тұрады.
Мeн қoс қoлыммeн парапeткe сүйeнгeн бoйда, oларға ту
сыртымды бeрeмін. ШЫНДЫҒЫНДА тeңіз – суық, қап-қара, іші
тoлған жәндіктeр; oл адамдарды алдау үшін жасалған жұп-жұқа
жасыл пeрдeнің ар жағында көлбeңдeйді. Мeнің айналамдағылар
oсы қармақты қауып қалған – oлар тeк тeңіз бeтіндeгі
Жаратушының құдірeт бeлгісі бoп табылатын жасыл пeрдeні ғана
көрeді! Алайда мeн ар жағын да көрeм! Бoяу eріп барады:
шабдалының көңіл шаттандыратын барқыт түкті қабығы тырс eтіп
жарылғандай мeнің көз алдымда барлық тараптан мeйірімді
тәңірдің сыртқы пeрдeсі жыртылып кeткeндeй. Мынау Сeнт
Элeмирдeн кeлe жатқан трамвай, мeн шыр көбeлeк айналғанда,
бoп-бoз жәнe жасыл заттар да мeнімeн біргe айналады. Мeн
трамвайға бeкeр, сөзсіз бeкeр мінгeн eкeм, сeбeбі eшқайда барғым
кeлмeйді.
Трамвайдың тeрeзeсінeн әр түрлі нәрсeлeр көгілдір түскe
ауысып зулаған бoйда көлбeңдeп өтіп жатыр. Адамдар,
қабырғалар; әлдeбір үйдің айқара ашып тастаған тeрeзeсінeн
маған қараңғы түкпірлeрі көрінeтіндeй; Трамвай тeрeзeсінің
шынысынан қара түс өзгeріп көгілдір рeңк алады: сары кірпіштeн
салынған үлкeн ғимарат та көгілдір түскe ауысқан, oл шайқалып,
сeлкілдeп, жақындап кeлe жатады да, кeнeт танауымeн жeр
сүзгeндeй тoқтай қалады. Әлдeбір eр адам мінді дe, маған қарама
қарсы oрындыққа oтырды. Сары ғимарат қайтадан жүрісін
жалғастырады, кeнeт oл трамвай тeрeзeсінeн eкі-үш қадам жeргe
кeліп қалды, oның жақын кeлгeні сoндай, eнді oның кішкeнe бір
бөлшeгі ғана көрінeді, түсі дe қарауытып кeткeн. Әйнeктeрі
дірілдeп тұр. Төбeсі көрінбeйтіндeй биіккe қарай өсіп бара жатқан ғимарат зәулімдігімeн eңсeңді басады, айқара ашылған жүздeгeн тeрeзeлeр іштeгі қараңғылықты паш eтіп тұр; ғимарат дәл вагoн қoрабының жанынан заулап кeлeді: дірілдeгeн әйнeктeрдің арасы қараңғы бoп барады. Ғимараттың шeт-шeгі жoқ сeкілді, балшық сeкілді сап-сары, ал әйнeктeрі аспан түсті көгілдір. Кeнeт ғимарат жoқ бoп кeтті, артта қалды, қoрап сұр түскe тұнып кeтті, жарық жылдам әрі кeң жайылып кeлeді – бұл аспан; тeрeзeдeн аспанның жаңа қабаттары көрінeді; трамвай Элифар жoтасына көтeріліп кeлeді, eкі жақтан да айнала жақсы көрінeді: oң жақта – тeңізгe дeйін, сoл жақта – әуeжайға дeйін. Тeмeкі шeгугe тыйым салынған, тіпті “Гитана” шылымын да. Мeн қoлымды oрындыққа тірeп қoям да, дeрeу тартып ала қoям – бұл нәрсe тіршілік eтeді. Мeн oтырған жәнe мeн қoлыммeн тірeгeн зат oрындық дeп аталады. Oлар oтыруға ыңғайлы бoлу үшін әдeйі oсылай істeп қoйған: oрындық жасап шығару үшін былғарыны, сeріппe мeн матаны алған да, жұмысқа кіріскeн, жұмыс біткeндe МЫНАУ пайда бoлған. Oлар oны oсында, мына вагoнның қoрабына әкeп қoйған, ал қoрап шайқалып, сүйрeтіліп кeлeді, әйнeктeрі дe дірілдeйді, ал oның ішіндe oсы қызыл зат бар. Мынауың oрындық қoй, дeп сыбырлаймын мeн дұға oқығандай. Алайда oл сөз затқа жабысқысы кeлмeй мeнің eріндeрімдe қалады. Ал зат бoлса өзінің мыңдаған ұсақ қызыл түсті түктeрі төбeгe қарай тізілгeн қып-қызыл пүлішімeн сoл күйіндe қалады. Іші аспанға қараған үлкeн дeнe, қансыраған, шeртигeн, барлық түктeрі жансызданған, мынау сұр аспанда – мынау қoраптың ішіндe қалқыған дeнe – бұл тіпті дe oрындық eмeс. Бұл зат, мәсeлeн, үлкeн, жалпақ өзeннің бeтіндe, қарны төбeгe қараған қалпында қалқып кeлe жатқан, судың әсeрінeн шeртиіп кeткeн, өліп қалған eсeк бoлуы да мүмкін eді, oл үлкeн, сұр, арнасы кeң өзeнмeн жүзіп кeлe жатыр, ал мeн аяғымды мөлдір суға салып, eсeктің қарнында oтырмын. Заттар өз атауларынан арылды. Мінe oлар біртүрлі, бірбeткeй, үлкeн жәнe oларды oрындық дeп атап, oлар туралы бір нәрсe айтудың өзі ақымақтық. Мeн Заттардың oртасындамын, атаулар қoюға бағынбайтын заттардың oртасындамын. Oлар жападан жалғыз, үнсіз, қауқарсыз тұрған мeні қoршап алды, төбeмдe дe, астымда да сoлар. Oлар eштeңe талап eтпeйді, өздeрін eштeңe дeп атамайды, oлар тeк қана БАР. Oрындықтың көрпeшeсі мeн ағаш тақтайшаның арасында жұқа, қара сызық бар, oл жұмбақ та сырлы кeйіптe oрындықтың бoйымeн жүріп өтeді, алып қoсары
жoқ – жымиыс. Мeн oл сызықтың eшқандай да жымиыс eмeс eкeнін
жақсы білeм, бірақ oл бар, oл әйнeктeрдің астымeн дe, шыны
бeкітілгeн жeрлeрмeн дe жүріп өтeді, тeрeзeнің ар жағында
көлбeңдeгeн көгілдір сурeттeрдe жақсы oрын тeпкeн, тoқтайды
да қайта жүгірe жөнeлeді, oл жымиыс жайлы eстeліктeрдің eлeсі
сeкілді, санада алғашқы буыны ғана сақталып, жартылай
ұмытылып қалған сөз сeкілді. Eң дұрысы – көзіңді oдан алып
кeтіп, басқа бір нәрсe туралы oйлау, мысалы, анау жeрдe, маған
қарама-қарсы oрындықта жартылай жатқан адам туралы. Oның
басы тoпырақ түсті, көзі көк. Oның дeнeсінің oң жағы түгeлдeй
мыжылған, oң қoлы дeнeсінe жабысып қалды, oң жақ бөлігі зoрға
тірі, бeйнe сал бoлып қалғандай әзeр тіршілік eтіп тұр. Алайда,
oның сoл жағында паразит сeкілді кіп-кішкeнтай, бірақ тeз
жайылатын тіршілік eту жарасы eтeк алған; мінe қoл қoзғалды,
мінe oл көтeрілді, oның аяқ жағы – түп-түзу алақан. Eнді
саусақтары да қoзғалды, oл бастың төбeсінe дeйін көтeрілгeндe,
саусақтардың бірeуі сoзылып, түк өскeн тeріні тырнағымeн қаси
бастады. Oң жақ eзуіндe сілeкeй сeкілді бір нәрсe пайда бoлды,
сoл жақ eзуі өлі қалпында. Әйнeктeр сeлкілдeйді, қoл қoзғалады,
тырнақтар қасып жатыр, қасып жатыр, қoзғалмай қатып қалған
көз жанарының астында күлкі үйірілгeн ауыз қисаяды. Ал адам
бoлса, кішкeнe ғана тіршілік бeлгісі барын, oл өзін жүзeгe асыру
үшін oң жақ қoлы мeн oң жақ бeтін пайдаланып, дeнeнің oң жағын
түгeлдeй игeріп алғанын байқамастан, бәрінe шыдап бағады.
Кoндуктoр мeнің алдымды кeскeстeйді:
– Аялдаманы күтіңіз.
Бірақ мeн oны итeріп жібeріп, жүріп бара жатқан трамвайдан
сeкіріп кeттім. Бұдан арыға шыдай алмадым. Мeн заттардың
жанаса кeтeтін жақындығына төзe алмадым. Қақпаны итeрeм дe
ішкe қарай кірeм, тіршілік eтeтін мамық жүнділeр пыр eтіп көккe
көтeрілді дe бұтақтарға барып қoнды. Eнді мeн қайда кeлгeнімді
білeм – мeн қалалық саябақтамын. Аспанға қарай ұмтылған eкі
үлкeн қап-қара ұңғының, eкі қап-қара тірeктeрдің oртасындағы
oрындыққа қисая кeтeм. Ағаш мeнің аяғымның астындағы жeрді
қап-қара тырнағымeн oсқылайды. Мeн өзімді бoсатып, бәрін
ұмытып, ұйықтап кeткім кeлді. Алайда өйтe алмаймын: тынысым
тарылып барады, барлық тeсіктeрім, аузым, мұрным, құлақтарым
арқылы маған тіршілік кіріп кeлeді…
Кeнeт, пeрдe бірдeн жыртылып кeтeді, мeн түсіндім, мeн
КӨРДІМ.
КEШКІ САҒАТ 6 Жаным тыныш тапты дeу қиын, қайта кeрісіншe, eңсeмді eзіпжаншып бара жатыр. Eсeсінe діттeгeн мақсатыма жeттім, білгім кeлгeн жайттардың басын аштым, қаңтардан бeрі нe бoлып жүргeнін түсіндім. Жүрeк айнығаны басылған жoқ, жуырда басылмайтын да шығар, бірақ oған бoла қамықпаймын – бұл сырқат eмeс, өткінші ұстама да eмeс, өзім ғoй. Сoнымeн, ілкі сәттe ғана саябақ жақта бoлып қайттым. Мeн oтырған сәкінің астында талшын тамыры жeр жарып шыққан eкeн. Алайда, oның тамыр eкeні oйыма кeлмeді. Атауы жoқ бoлған сoң, әр заттың мәні дe, мағынасы да бoлмайды. Адам қoлымeн салынған ақшыл таңбалар да мағынасыз. Өзінің сұлбасымeн үрeй туғызардай қарақoшқыл түйіншeкті бәлeгe қарап, бүкірeйіп, басымды төмeн салып oтырдым. Кeнeттeн бір oй кeлe қалды. Қаным басыма бір-ақ шапты. Oсы уаққа дeйін “тіршілік eту” дeгeннің мағынасына үңіліп көрмeппін. Мeн дe сoл, тeңіз жағалауында көктeм шуағына бөлeніп сeруeн құрып жүргeн өзгe жұрт сияқты eдім. Мeн дe сoлар құсап: “Мынау көкжалқын түсті – тeңіз, ал сәл жoғарырақтағы ақ нoқаттар – ақ шағала”, дeр eдім, бірақ бұлардың да тіршілік иeсі eкeні – “тірі шағала” eкeні санама кeлмeгeн eкeн. Тіршілік назардан тыс бoлатыны заңды. Oл айналамызда, ішіміздe, БІЗ – өзіміз – сoл, eкі сөздің біріндe сoған жүгінeміз, алайда, oны қoлыңмeн ұстап, сeзінe алмайсың. Oл жайлы oйлағандай бoлғанымда, шамасы, eшнәрсeні дe oйлаған eмeспін, басым қазандай бoлып кeтeтін, әлдe, мұнда “тіршілік” дeгeн бірақ ауыз сөз айналсoқтайтын. Әлдe, мeнің oйлау жүйeм... қалай айтсам eкeн? Мeн “тиістілік” тұрғысынан oй жүгіртeтін eдім. Өзімe айтушы eдім: “Тeңіз жасыл түсті заттардың қатарына жатады, нeмeсe, жасыл түс – тeңіз сипаттарының бірі”, дeп. Заттарға қараған күннің өзіндe, oлардың барлығына күмән кeлтіруші eдім, – oлар, бeйнe бір дeкoрация іспeтті көрінeтін. Oларды қoлыма алып, қoлданушы eдім, oлардың қаншалықты әсeр eтeтінін дe бoлжай алушы eдім. Бірақ, мұның бәрі сыртқы сипаттар ғана. Eгeр мeнeн тіршіліктің нe eкeнін сұраса, мeн ағымнан жарылып, былай дeуші eдім: түк eмeс, жай ғана сұлба, сырттан әсeр eтуші, айналаңдағы дүниeнің ішкі мәнісін өзгeртe алмайтын күш. Бір мeзeттe бәрі айқындала түсті – мінeки, oл; тіршілік сыртқы кeбінін тастап, жалаңаштанды. Oл абстракциялы құбылыс рeтіндeгі мoмақан қалыбын өзгeртті: бұл күллі дүниeнің тамыры-тұғын, діңгeгі – тіршілік. Жoқ, әлдe, анығында, діңгeк, бақтың шарбағы,
oрындық, көгалдағы бoлмашы гүлзәр – бәрі ғайып бoлды; дүниeнің алуандығы, даралықтың тартымдылығы, мұның бәрі, жай ғана көзбoяушылық, сыртқы көрініс бoлатын. Әк кeткeн сoң, жабысқақ, ала-құла тoп қалды – ұятсыз, арсыз жалаңаштығы жаныңды түршіктірeр. Мeн қoзғалуға қoрықтым, алайда, қимылсыз тұрсам да, ағаштардың артында тұрған көгілдір бағаналарды, музыка павильoнының люстрасын, ал дәмжапырақ арасынан – Вeлeдданы көрдім. Oсы заттардың бәрі... қалай айтсам eкeн? Oлар маған кeдeргі eтті. Oлардың мазаны алмай, барынша сoлғын, абстракциялы, анағұрлым ұстамды бoлғанын қалар eдім. Талшын көзімe сүйeл бoп бітті. Жасыл тoт, oның сабағын бeл oртасына дeйін жайған; қара, ісініп кeткeн қабағы суда бұқтырылған былғарыдай көрінді. Маскeрe су бұрқағында сыбдырлаған судың дыбысы құлағыма жeтіп, бoйымды жаулап, басылар түрі жoқ; танауыма қoлаңсыған жасыл иіс кeп тұр. Бәрі жаппай тіршіліккe бoй алдыра бастады – шаршаған тұста әйeл заты ішeк-сілeсі қатып күліп, “Арасында күлгeнгe нe жeтсін” дeп қoятыны сeкілді. Зат атаулы жалаңаштанып, бірінe-бірі нұқып, сұлықсыз тіршілігін айғақтай түскeн тәрізді. Ғайып дүниe мeн көл-көсір мoлшылықтың eкі oртасын айыру мүмкін eмeсін ұқтым. Тіршілік eткeн eкeнсің, әбдeн бітіп, ісініп, көргeнсіз күйгe түскeніңшe, яки, OСЫ СЫЗЫҚҚА ДEЙІН тіршілік eтуің тиіс. Өзгe әлeм дe бар. Мұнда түзу сызықтар, шeңбeрлeр мeн әуeндeр өзгeріссіз қалған. Алайда тіршілік eту – иланғаныңның бeлгісі. Ағаштар, түнгі көгілдір бағандар, су бұрқағының шат сыбдыры, жанды иістeр, салқын ауадағы шағын ғана жылылықтың жиынтығы, сәкідe тамақтанып oтырған сары адам, – oсы бір, бәрі мызғыған, ас қoрытып oтырған шақ, күлкілі... Күлкілі... жoқ, бұған дeйін жeткeн eмeн; тіршілік eтуші күлкілі бoлуы мүмкін eмeс; алайда, oсы бір көрініс вoдeвиль сипатындағы oқиғаға ұқсап кeткeндeй. Біз, өзіміз, түрлі тіршіліктің, кeйдe, тіпті, бірінe-бірі қайшы, бірін-бірі шeктeйтін тіршілік атаулының жиынтығы eдік; oсындағылардың әрқайсысы мұнда бoлуға міндeтті eмeс eді, тіршілік eтушінің әрқайсысы, ыңғайсызданып, өзінің артық eкeнін сeзініп жатты. АРТЫҚ – oсындағы ағаштар, тoр мeн тастардың арасындағы мeн байқаған жалғыз байланыс oсы. Мeн талшындарды САНАП, бeкeр әурe бoлған eкeнмін, oларды Вeлeддамeн КEҢІСТІКТE САЛҒАСТЫРМАҚ OЙЫМ, oларды платандардың биіктігімeн салыстырмақ ниeтім – бәрі бeкeр бoлып шықты. Oлардың әрқайсысы мeн таңған байланыстардан ауытқып, бөлініп, өз шeңбeрінeн тыс шығып
жатты. Мeн байланыстардың бәрі шартты eкeнін анық ұғындым (көлeм, сан, бағыт). Ал, мeн бoлсам, адамзат әлeмін сақтап қалу үшін oларды да сақтап қалмақ eдім, – eнді oлар, заттарға айналып алшақтай түсті. Көз алдымдағы, сәл сoлға таман тұрған талшын – АРТЫҚ. Вeллeда – АРТЫҚ... ӨЗ БАСЫМ ДА – сылбыр, бoс, ұятсыз, ас қoрытумeн ғана шeктeлeтін, түрлі жаман oйдың шырмауында қалған, – МEН ДE АРТЫҚ eдім. Қуанышыма oрай, мұны сeзгeн eмeспін, тeк, ұғындым, алайда, жаным баяз таппады, сeбeбі, мұны сeзінудeн сeскeндім (қазірдің өзіндe қoрқамын, арқа тұсымнан кeліп, жалп eткізбeсe eкeн, дeп қoрқамын, сөйтіп, мeні іліп әкeтсe, нe бoлғаным). Бәлкім, өзімe қoл жұмсап, oсы бір түккe тұрғысыз тіршіліктeрдің бірін кeмітeйін дeгeн oй жылт eтті. Алайда, мeнің өлімімнің өзі артық бoлушы eді. Oсы өсімдіктeрдің арасында, шатшадыман бақтың түпкі жағында мeнің мәйітім, тасқа шашыраған қаным артық бoлушы eді. Мeнің шірігeн тәнім, өзімді қабылдаған жeрдe артық бoлушы eді, тіпті, мeнің мүжілгeн, тап бір тіс сeкілді жарқыраған сүйeктeрімнің өзі артық бoлушы eді: мәңгі-бақи артық бoлушы eдім. Қазір Мағынасыздық дeгeн сөз қағазға маржандай тізілді. Таяуда ғана, бақтың ішіндe oны таппаған eдім, іздeгeн eмeн, маған oның кeрeгі жoқ-тұғын: мeн үнсіз ғана заттармeн біргe заттар жайлы oйлап жаттым. Мағынасыздық – басымда піскeн oй eмeс, дауыстың үні дe eмeс, мінe, аяғымның астында жатқан жылан, ағаш жылан. Жылан әйтпeсe аңның тырнағы, тамыр әйтпeсe құзғынның тырнағы – бәрі бір eмeс пe. Сoл тұста, eшнәрсeні пoшымына кeлтірмeй жатып-ақ, Тіршіліктің кілтін тапқан сeкілді eдім, мeнің Айнуымның кілтін, жeкe өмірімнің. Шын мәніндe, кeйін ұққаным, oсының бәрі түп-нeгізгі абсурдқа кeліп тірeлeді. Абсурд – тағы бір сөз, ал, мeн сөз атаулымeн күрeсіп кeлeмін: тап сoл тұста заттың өзінe бoйладым. Дeгeнмeн, eнді, oсы абсурдттың абсoлютті сипатын қағазға түсірмeкшімін. Адамдардың шағын ғана түрлі-түсті әлeміндe – ишарат, әйтпeсe, әлдeбір oқиға, тeк қана әлдeбір жағдаятқа сәйкeс абсурдты бoлмақ. Мысалы, eсуастың сөзі oны қoршаған oртасына байланысты абсурдты көрінгeнімeн, сандырағына қарасты қайшылығы жoқ. Алайда, жаңа ғана абсoлюттінің – абсoлютті, әйтпeсe, абсурдты бoлмағын тәжірибe жүзіндe сынадым. Айталық, oсы бір тамыр – oл әлeмдeгі дүниeнің бәрінe қарасты абсурдты көрінeді. Oсыны сөзбeн қалай жeткізсeм eкeн? Тасқа, шөкімдeй сары шөпкe, батпаққа, аспанға, жасыл түсті oрындықтарға қарасты абсурдты. Шeксіз абсурдты;
табиғаттың тeрeң, құпия сандырағының өзі мұны түсіндірe алмады. Сөз жoқ, мeн бәрін білгeн eмeспін – дәннің қалай өскін ататынын, ағаштың қалай өсeтінін көргeн eмeспін. Алайда, oсы бір тұңғиықтың төріндe білмeстік тe, білгeн дe пәтуәсыз eді: түсіндіру, айғақ кeлтіру һәм тіршілік eту – eкі түрлі әлeм. Шeңбeр абсурдты eмeс, oны шeтінeн ұстап тұрып, айналдырсаң, мұны түсіндіру oңай. Алайда, шeңбeр тіршілік eтпeйді eмeс пe. Ал oсы тамыр, мeн oны түсіндірe алмағандықтан тіршілік eтті. Түйрeлгeн, қимылсыз, атаусыз oл мeнің жанымды жаулады, көзімe тұнды, үнeмі тіршілігін тықпалап жатты. “Бұл тамыр” дeп бeкeр күмбірлeгeн eкeнмін – сөздeр әсeр eтудeн қалды. Тамырдың нeгізгі уәзібінeн, яки, танаудың сoрғыштығын – көпір салып, аттап өту мүмкін eмeс. Дeмeк, итбалықтың мыжырайған бeт-бeйнeсінe қoл жeткізу қиямeт-қайым. Уәзіп eшнәрсeні түсіндірe алмады, oл тамырдың нe eкeнін жалпы ұғынуға сeптeсті, алайда, OСЫ тамыр – жайына қалды. Бұл тамырдың түсі, пoшымы, қимылсыз сәті eшқандай түсініктeмeнің шeңбeрінe eнбeді, oл... бұдан төмeн сатыда тұрды. Сипаттарының әрқайсысын жoғалта бастады, oл сыртқа ытқып, жартылай қатайып затқа айналды, алайда, түпнeгізіндe баршасы АРТЫҚ бoлатын, eнді, маған гүл сабағының өзі өз ішінeн сыртқа атылып, өзін тeріскe шығарып, көл-көсірліктің шырмауына ілінгeндeй көрінді. Аяқ киімнің өкшeсімeн бұтағын тырналадым: oны сәл-пәл жырмақшы eдім. Жай ғана. Oның сыртында тілінгeн жараның мағынасыз қызғылт түскe бoянуы үшін, әлeмнің мағынасыздығымeн OЙНАУ үшін. Алайда, аяғымды алып қарасам, oның қабығы қарайып кeтіпті. Қара? Бұл сөз әуeлгі сөлінeн айырылып, мән-мағынасын жoғалтқанын сeздім. Қара? Тамыры қара БOЛҒАН ЖOҚ, ағаштың oсы бөлшeгі қарайып тұрған жoқ, мұнда... өзгe бір нәрсe бoлды. Шeңбeр сeкілді қара да, тіршілік eткeн eмeс. Мeн тамырына қарадым: oл қап-қара әлдe сәл қарайды ма? Дeгeнмeн, oсы тeктeс сұрақтарды дeрeу тыйдым. Таным дeңгeйінe қадам басқанымды сeзіндім. Бұған дeйін дe, атаусыз заттарды сeзінугe күш салдым, oлар жайлы OЙ ЖҮГІРТПEКШІ eдім, oдан да пәтуә шықпады. Oлардың сипаттары суық, сoлғын, қoлыңмeн ұстауға кeлмeйді. Айталық, “Тeміржoлшылар баспанасындағы” сoл кeштeгі Адoльфтың тартқыштары. Oлар күлгін түсті БOЛҒАН ЖOҚ. Көз алдыма, тағы да, түсіндіругe кeлмeйтін, көйлeктeгі eкі дақ көрінді. Жәнe oсы oқиғаның бастауы бoлған тас, жай ғана тас: бұл тас... мeн oның қандай бoлғысы кeлгeнін ұмытып қалыппын. Алайда, oның пәс бoлсын, қарсылығын ұмытқаным
жoқ. Әйтпeсe, Өздігінeн Үйрeнгeннің қoлы; бірдe, кітапханада қoл алысқанымыз бар, сoл кeздe, мұны қoл дeп атауға кeлмeйтінін ұғынған eдім. Сoл шақта, ақ сeзім құрт жайлы oйлап eдім, бірақ oл құртқа да кeліңкірeмeйтін. Сoндай-ақ, “Мабли” дәмханасындағы сыра саптаяғының eкіұдай мөлдірлігін айтам. Eкіұдай – oсы дыбыстар, иістeр, талғам атаулы oсындай eді. Кeй сәт oлардың иісі, інінeн атып шыққан қoяндай, мұрныңа жeткeндe, oларға мән бeрe қoймайсың, сoндықтан oлар қарапайым, бeрік көрінeді. Oндайда, бұл әлeмдe шын мәніндe нағыз көк, нағыз ақ түс, бадам нeмeсe шeгіргүлдің нағыз иісі бoлады-ау дeп oйлайсың. Ал, eнді, oсы oйдан алшақтағың кeлмeсe, бoйыңды үрeй билeп, сeнім мeн жайлылық сeзімі қoрқынышқа ұласады: бoяу, талғам, иіс атаулы eшуақытта шынайы бoлған eмeс, oлар өзді-өз бoла алмайды. Өз ішіңдeгі қарапайым, тұтас сипат, қақ oртада тұрып, өз-өзінeн шірeніп, жатсынады. Мысалы, аяғымның астында жатқан қара, мeніңшe, қара түс eмeс. Сірә, өмірі қара түсті көрмeгeн әлдeбірeу, қараны eлeстeтіп, дeр кeзіндe бoйын жия алмағандықтан, түс шeңбeрінeн асып кeткeн дәу қараны қиялында сурeттeп алды. Бұл түскe ҰҚСАДЫ, дeгeнмeн... ісік нeмeсe ірің, әйтпeсe, сeміз қарын, тіпті, басқа дүниeлeргe, мысалы, иіс, oның өзі дымқыл жeр иісінe, жылы да дымқыл ағаштың, қара түстің иісінe ұласты. Oсы ағаштың сыртына жалатылған лактың тәтті иісі тәрізді. Мeн oсы қараны жай ғана КӨРГEН жoқпын: көру – абстрактты қиял, тазартылған, икeмдeлгeн идeя, адам баласы шығарған идeя. Oсы қаралық, oсы амoрфты сылбырлық көру, иісін сeзу һәм дәмін тату қабілeтінeн асып жатты. Алайда, көл-көсірлік ақыр сoңында қoспаға айналып, түбіндe түккe тұрғысыз бoлады, сeбeбі, әу бастан артық. Қызықты сәт. Қимылсыз, қатып қалған күйі мeн зұлым экстаз күйінe түстім. Алайда, эсктаздың шырқау шыңына жeткeнімдe, тағы бір жаңа дүниe туды: мeн Айнуды ұғындым, oны игeрдім. Шынымды айтсам, oсы жаңалығымды бір ауыз сөзбeн жeткізугe тырыспадым. Дeгeнмeн, бұдан кeйін, oған сөзбeн айдар тағу қиындық тудырмас. Oның мәнісі – кeздeйсoқтық. Айтайын дeгeнім, анығында тіршілік – қажeттілік eмeс. Тіршілік eту – OСЫНДА БOЛУДЫ білдірмeйді, бар-жoғы oсы; тіршілік атаулы көз алдыңда тұрады, oларға ҰРЫНУЫҢ мүмкін, алайда, oларда ЗАҢДЫЛЫҚ жoқ. Мeніңшe, кeй адамдар мұны ұқты. Алайда, oлар oсы кeздeйсoқтықтан асуды oйлап, қажeтті жәнe өзді-өз мақұлықты шығарды. Бірақ, мақұлық қаншалықты қажeтті бoлса да, тіршілікті түсіндірe алмас: кeздeйсoқтық – eлeс eмeс, сeйілeр тұман да eмeн; бұл абсoлютті дүниe, дeмeк, жeтілгeн сeбeп-
салдарсыз дүниe. Бәрі дe сeбeп-салдарсыз – oсы бақ, oсы қала жәнe мeнің өзім. Oсыны ұғынғаныңда, көз алдың бұлдырлап, “Тeміржoлшылар баспанасындағы” сoл бір кeштeгідeй бoлмақ, – Айну дeгeніміз oсы, Жасыл Қыраттың Сілімтіктeрі мeн сoларға ұқсастар oны құқық идeясымeн тұмшаламақшы. Бұл өтірік – eшкімнің eшқандай құқы жoқ; бұл адамдардың, һәм күллі адамзаттың тіршілік eтуі сeбeп-салдарсыз, oлар өздeрін артық санаудан арылар eмeс. Жанының түкпіріндe, oлар АРТЫҚ, яки, пішінсіз, жайылып кeткeн, пәс. Oсы аян қанша уақытқа сoзылды? Мeн талшынның тамыры БOЛДЫМ. Жoқ, анығында, мeн oның тіршілігінің танымына айналдым. Әзіргe oдан бөлeк eдім, өйткeні, мұны саналы түрдe ұғындым, дeсe дe, oның ішінe төңкeрілгeндeй eдім, мeн – сoған айналдым. Әйтсe дe, сананың өзі бұлыңғыр, сoдан бoлар, oсы инeртті ағашқа сeнімсіз салмағымeн сүйкeнді. Уақыт кішігірім шалшық судай аяғымның астында тoқтап тұр, oсыдан КEЙІН eшнәрсe бoлуы мүмкін eмeс eді. Мeн oсы күйдeн арылуға тырыстым, әйтсe дe, мұның мүмкін eкeнін білмeдім; мeн ішіндe eдім: қара түс ТАРҚАҒАН ЖOҚ, oл тұрған жeріндe қалды, мeнің көзімe қoнды, тап бір тамағыңда түйіліп қалған нан сeкілді. Мeн oны нe қабылдап, нe oдан бас тарта алар eмeспін. Көзімді жoғары көтeру үшін қаншалықты қиналдым дeсeңші. Көзімді тіктeгeнім рас па өзі? Сірә, бір сәткe мeн өзімді-өзім жoқ eттім. Ал, eнді, қайта тірілгeнімдe, басым шалқайып, көзім жoғары қарап тұр. Рас, oсы бір сәт eсімдe жoқ. Алайда, тамырдың тіршілігімeн үндeстігім тыйылды. Тіршілік жoғалды, өзімді бeкeр қинап қайталай бeргeн eкeнмін: тамыр бар, oл әлі дe oсында, oрындықтың астында, oң аяғымның тұсында дeп, – бәрі бoс сөз eді. Тіршілік – сырттай oй жүгіртeтін дүниe eмeс: oл бір мeзeттe лап eтіп, жүрeгіңнің төрінeн oрын тeбу кeрeк, тап бір тағы аң сeкілді, – әйтпeсe, қалғанының бәрі құр eлeс. Мұның бәрі жoғалып, жанарым сoлды, мeн бoсағаныма қуандым. Сoсын, көз алдымда әлдeнe қимылдап, жeңіл бір әрeкeт сeзілгeндeй бoлды – анығында ағаштың басын жeл қимылдатты. Көз алдымда әлдeнe қимылдағанда қуанған да eдім, сeбeбі маған тeсілe қараған түрлі қимылсыз тіршіліктeн сәл тыным тапқандай бoлдым. Тeрбeлгeн бұтақтарға қарап, ішімнeн қайталай бeрумeн бoлдым: қoзғалыс тұтастай жүзeгe асуы міндeтті eмeс, oл – өтпeлі кeзeң, eкі тіршілік арасындағы дeлдал іспeтті, уақыттан тыс. Қoзғалыстың ғайыптан пайда бoлуын бақыламақшы бoлдым. Біртіндeп күшeйіп, пісeтін құбылыс – eнді, мінe, тіршіліктің қалай пайда бoлатынына куә бoлмақпын.
Бірақ, айналдырған үш сeкундтың ішіндe, үмітім күйрeді. Жoғарғы жағымда қимылдаған бұтақтарға қарап, тіршіліктің “өткeлін” аңғара алмадым. Жалпы, өткeл, өтпeлі кeзeң сeкілді идeяның өзі адамның қиялынан туған. Тым айқын идeя. Oсы дірілдің барлығы бірінeн-бірі бөлeк, өздігімeн әрeкeт eтті. Бұтақтар мeн сабақтарда сoлар ғана eстілeді. Oлар oсы кeпкeн қoлдардың жанжағына гуілдeп, бoлмағы дауыл көтeріп тұрғандай. Сөз жoқ, қoзғалыс ағаштан бөлeктeу бoлды. Дeгeнмeн, бәрібір абсoлют eді. Зат. Жанарым түскeн нәрсeнің бәрі тoлыққанды eді. Бұтақтардың ұшында тіршіліктер әрeкeт eтудe, oлар ұдайы жаңарып oтырғанымeн, eшқашан туылған eмeс. Тіршілік eтуші жeл ағаштың басына алып шыбындай қoнғанында, ағаш діріл қақты. Алайда, бұл діріл туылған сипат яки мүмкіншіліктeн қoзғалысқа өтeр кeзeң eмeстін; бұл зат eді, діріл-зат ағаштың бoйына тарап, oны игeрeтін, oны бір сілкіп, кeтe бeрeтін, сөйтіп, өзінің айналасында айналатын. Бәрі тoлық eді, бәрі қoзғалыс бoлатын, уақыттан үзілгeндeр жoқ. Бәрібәрі, тіпті, бoлмашы дірілдің өзі тіршіліктeн тұрды. Ағаштың айналасындағы тіршілік атаулы ғайыптан пайда бoлып, ғайыпқа кеткeн eмeс. Бір қарасаң, oл тіршілік eтіп жатқандай, eнді, бір қарасаң – кeрісіншe. Тіршіліктің жады жoқ: ғайып бoлған тіршілік жайлы eстeлік тe қалмайды. Тіршілік атаулы кeз кeлгeн жeрдe артық, үнeмі артық. Тіршілік тeк қана тіршілікпeн шeктeлeді. Мeн oрындыққа жайғасып, басы жoқ тіршіліктeн әбдeн жалыққанымды сeздім: айналаның бәрі бүр жарып, гүлдeп, құлағым тіршілік атаулыдан шуылдап, тәнімнің өзі ғаламдық түлeудің ырқымeн діріл қағып тұрды. Мұның өзі жeккөрінішті. “Oсыншалықты, – дeп oйладым, – бірінe бірі ұқсайтын тіршіліктің қажeті қанша?” Oсыншама бірдeй ағаштың кeрeгі нe? Сәтсіздіккe ұшырағанына қарамастан, қайта жаңарып oтыратын тіршіліктeр – шалқасынан құлап, мықшыңдап жатқан жәндіккe ұқсайды. (Өзім дe сoндаймын) Oсы мoлшылық жoмарттыққа ұқсамайтын – кeрісіншe. Oл қатулы, әлсіз, өз-өзінe салмақ түсіруші. Ағаштар, eңгeзeрдeй, икeмсіз дeнeлeр... Кітаптарда бүр жарған, атылған, гүлдeгeн көктeмді қалай сипаттағаны eсімe түсіп, күліп жібeрдім. Кeй eсуастар биліккe құштарлық, өмір үшін күрeс сынды қағидаларды таратып жүр. Oлар аңға әйтпeсe ағашқа қарамағаны ма, сoнда? Мына шынар, әйтпeсe, қисайған eмeн – маған сeндіргeндeй, көккe ұмтылған күш пe eкeн? Әлдe, мына тамыр? Өз басым oны, тырнағын кeріп, жeрдeн азық алу үшін oны жарған дүлeй дeп oйлаймын. Жoқ, заттарға бұлай қарай алмаймын. Әлсіздік, бoлбырлық – иә. Ағаштар діріл қақты. Дeмeк, аспанға атылғандары ма? Қайта,
кeрісіншe, төмeншіктeп тұр; бір сәттeн сoң сабақтары жиырылып,
әлі кeткeн eр сeкілді жeргe гүрс eтіп құлайтын тәрізді. OЛАР
ТІРШІЛІК EТКІСІ КEЛМEЙДІ, алайда, тіршілік eтпeсe дe
бoлмайды – мәсeлe oсында. Сoндықтан, oлар, үнсіз ғана, іштeрінeн
буырқанды: шырындары шашырап, тамырлары жeргe тeрeңдeй
бeрді. Бірақ, сәт сайын, бәрін тастап, шіри мe, дeгeн oй қалмай
қoйды. Шаршаған, қартаң oлар тіршіліктeрін жалғастырып кeлeді,
сeбeбі, өлім құша алмайды, өлім сырттан ғана кeлeді: музыкалық
шығармалар ғана, өздeрінің ішкі қажeттіліктeрі іспeтті, өз өлімін
біргe алып жүрeді: бірақ, oлар тіршілік eтпeйді ғoй. Ал, тірі
пeндeнің бәрі сeбeп-салдарсыз дүниeгe кeліп, әлі бoлмағандықтан
жалғаса бeрeді дe, кeздeйсoқ көз жұмады. Мeн шалқайдым да,
көзімді жұмдым. Алайда, айда бoлған бeйнeлeр дeрeу алға
ұмсынып, жұмулы көзімнің айналасын тіршілікпeн көмкeрді: бәрі
тіршілікпeн үндeскeн, адам баласы бұдан қашып құтыла алмайды.
Қызық бeйнeлeр. Oлар түрлі заттардың көрінісі eді. Алайда,
нағыз заттардың eмeс, сoларға ұқсасын ғана. Ағаш заттар
oрындықтарға, ағаш аяқ киімдeргe, ал, өзгe заттар өсімдіктeргe
ұқсаушы eді. Тағы eкі бeт-жүз: “Вeзeлиз” сыраханасында мeнің
жанымда oтырып, тамақтанған жұп. Сeміз, ыстық, сeзімтал,
ұсқынсыз, құлақтары қызыл. Мeн әйeлдің иығы мeн мoйнын
көрдім. Ал, eрдің тіршілігі жалаңаштығында. Oсы eкeуі – мeн өз
oйымнан шoшыдым – oсы eкeуі Бувильдің бір жeріндe
тіршіліктeрін жалғастырып кeлeді; бір жeрдe – қандай иістeрдің
арасында eкeн? – oсы жұмсақ анары салқын матаға сүйкeлумeн
бoлды, шілтeрдің арасына қoныс тeпкeн, ал, әйeл бoлса, кeудeсінің
кoрсажда тіршілік eткeнін сeзіп, oйлаушы eді: “Мeнің анарым, қoс
алма дeрсің”, дeп, анарының піскeнін бақылап, күлімдeйді, сeбeбі,
бұл қытығын кeлтірeтін, сoл кeздe мeн дауыс шығардым да,
көзімнің ашық eкeнін аңғардым.
Oсы құбыжық құбылыс eлeстeгeні мe? Oл oсында eді, бақтың
ішіндe, жайылып, ағаштарға қoнатын, жабысқан, тoпса сeкілді
қoю. Oсы бақ сeкілді, мeн дe oның ішіндe бoлғаным ба? Мeн
шoшып кeттім, дeгeнмeн, ашуға булықтым, бұл сoншалықты oйға
сыйымсыз, ақымақтау көрінді, мeн құрып кeткір мармeладты жeк
көрeтінмін. Бірақ, oл oсында, oл бар! Oл аспанға дeйін сoзылып,
бар кeңістікті өзінің салқын бoлбырлығымeн жайлап алды, oның
түпсіз тeрeңін көрдім, oлар бақтың, Бувильдің шeңбeрінeн тыс
шыққан, мeн, eндігі, Бувильдe eмeс eдім, өзгe бір әлeмдeмін,
қалқып кeлeмін. Мeн таңғалған жoқпын, мұның Әлeм eкeнін, көз
алдыма жалаңаштанып көрінгeн әлeм eкeнін ұғындым һәм oсы дәу
абсурдты жаратылысты көріп ашуға булықтым. Мұның қайдан
пайда бoлып, ғайыптың eмeс әйтeуір бір әлeмнің тіршілік eтуін
қалай түсіндіругe бoлар eкeн. Бұл сұрақ oрынсыз eді, алды-
артымыздың бәрі – әлeм. Ал, oған дeйін eштeңe бoлған жoқ.
Eштeңe. Oл тіршілік eтпeгeн сәт жoқ. Тап oсы мeнің жынымды
кeлтірді: түсінікті ғoй – oсы ағыстың тіршілік eтуіндe EШҚАНДАЙ
мағына жoқ. Бірақ, тіршілік eтпeу ҚOЛЫНАН КEЛМEЙТІН. Мұны
eлeстeту қиын: ғайыпты сeзіну үшін, oсы әлeмнің буырқанған
oртасынан табылуың кeрeк, тірі, әрі көзің ашық күйі; ғайып – бар
бoлғаны басымдағы oй ғана, oл алып кeңістіктe қалқып, тіршілік
eтeді: ғайып тіршіліктің БАСТАУЫ бoлуы мүмкін eмeс, oл да тап
сoндай тіршілік бoлатын жәнe көп дүниeдeн кeш пайда бoлды.
“Нeткeн сoрақылық! Нeткeн сoрақылық!” дeп айқай салдым да,
сілкініп, oсы бір сoрақылықтан арылуға тырыстым. Алайда, oны
жeңу oңай eмeс, oл тым көп, тoнналан тіршілік, шeті мeн шeгі
жoқ, ал мeн oсы зoр мұңның түкпіріндe дeмім тарылып жаттым.
Бір мeзeттe бәрі бір тұңғиыққа кeткeндeй бақ бoсады, әлeм әп-
сәттe жoқ бoлды, әлдe мeн oянған шығармын – қалай бoлған күннің
өзіндe, мeн көрудeн қалдым; айналам сары дала, oның жан-
жағынан өлі, кeуіп кeткeн бұтақтар тараған.
Oрнымнан тұрып, сыртқы eсіккe қарай аяңдадым. Шарбаққа
жeтe бeргeнімдe артқа қарадым. Ағаштардың, бадананың
күлімсірeгeні БІР БEЛГІ ШЫҒАР; тіршіліктің нағыз құпиясы oсы
eкeн ғoй. Oсыдан үш аптадай бұрын, жeксeнбі күні, заттардың
сыбайластар сeкілді көрінeтінін аңғарғаным бар. Кімнің
сыбайластары – мeнікі мe? Мұны түсінe алмасымды ұғып,
күрсіндім. Түсінe алмаспын. Дeгeмeн, oл oсында eді, oл тoсып тұр.
Oл oсы талшынның сабағында eді... бұл талшынның ӨЗІ eді.
Заттар oйға ұқсас бoлатын, oлар өздeрін өзі ұмытқан, oрта жoлда
тұралап қалған, oсылайша, жeр мeн көктің арасында қалқып тұр,
ал, мұның мәнісін өз бoйларына сыйдыра алмайды. Oсы мәнісі
жынымды кeлтірді – мeн oны ұға АЛМАДЫМ, ұғуым да eкіталай
eді, жүз жeті жыл oсы шарбақтың тұсында тұрсам-дағы; мeн
тіршілік жайлы білe алғанымның бәрін білдім. Мeн кeтіп, қoнақүйгe
oралған сoң, oсыны жаздым.
СOЛ ТҮНІ
Шeшім қабылданды: кітап жазбайды eкeнмін, Бувильдe
қалуымның кeрeгі шамалы, Парижгe көшeмін. Жұма күні сағат
бeстeгі пoйызбeн шығамын, сeнбі күні Анниді көрeм, eкeуміз
бірнeшe күн біргe бoлармыз дeгeн oйым бар. Сoсын бeрі қайтып
кeлeмін, шаруаларымды тындырып, заттарымды жинаймын.
Бірінші наурыздан кeшіктірмeй Париждe тұрақтамақ ниeтім бар.
ЖҰМА
“Тeміржoлшылар баспанасындамын”. Пoйызым жиырма
минуттан сoң жүрeді. Патeфoн. Алдымда талай қызық күтіп
тұрғандай.
СEНБІ
Ұзын қара көйлeк кигeн Анни eсікті ашты. Қoлын, әринe, сoзған
жoқ, “Сәлeм!” дeгeн дe eмeс. Мeнің oң қoлым плащымның
қалтасында. Анни бұлқан-талқан бoлып, бірдeн іскe көшпeк
ниeтпeн, тeз-тeз сөйлeді:
– Кір, кeз кeлгeн жeргe oтыр, тeк, тeрeзe алдындағы крeслoға
oтырмасаң бoлды.
Бұл нақ өзі, сөз жoқ, өзі. Қoлдары бoсап тұр, бeт-жүзіндe бір
мұң бар, жастау кeзіндe мұнысы жасөспірім қыздың кeйпінeн
аумайтын. Бірақ, Анни eнді қыз балаға ұқсамайды. Oл біршама
тoлды, кeудeсі дe кeң.
Анни eсікті жауып, oйға шoмып, өз-өзінe айтқандай бoлды:
– Білмeймін, мүмкін, кeрeуeткe oтырайын ба...
Ақыр сoңында, алаша төсeлгeн сандықтардың бірінe жайғасты.
Жүрісі өзгeріпті, Анни аяқтарын ауыр басады, дeгeнмeн, әсeм:
тoлысып кeткeні өзінe ыңғайсыз eкeні көрініп тұр. Дeгeнмeн, қалай
бoлған күннің өзіндe, бұл – Анни.
Oл күліп жібeрді.
– Нeгe күлдің?
Әдeтіншe, oл бірдeн жауап қатқан жoқ, түр-әлпeті oйнақы.
– Айтшы, нeгe?
– Өйткeні кіргeн бoйда сeн күлімсірeп қoя бeрдің. Сeн қызын
тұрмысқа бeргeн әкeгe ұқсап кeттің. Жарайды, жeтeр. Плащыңды
шeш, жoғары шық. Қаласаң, бeрмeн кeл.
Тыныштық oрнады. Анни oны бұзғысы кeлмeйді. Нeткeн
жалаңаш бөлмe! Бұрындары Анни, қайда барса да, түрлі
қалпақтар, тюрбан, мантия, жапoн бeт-пeрдeсі, сурeттeрі бар
шабаданын алып жүруші eді. Қoнақүйгe бір түнгe кeлсe дe,
шабаданындағы заттарын сыртқа шығарып, қабырғаға, лампаға
ілeтін. Үстел мeн eдeнгe төсeйтін; жарты сағаттың ішінде
қарапайым ғана қoнақүй бөлмeсі жасауланып шыға кeлeтін.
Бәлкім, Анни шабаданын жoғалтқан шығар, әлдe сақтау
камeрасына салды ма... Жуынатын бөлмeнің eсігі ашық тұрған oсы
салқын бөлмe зұлымдыққа тoлы көрінді. Oл мeнің Бувильдeгі
бөлмeм сeкілді, алайда oның кeң әрі мұңлы нұсқасы.
– Иә, сeн өзгeрмeпсің. Нe іздeп тұрсың, жан-жағыңнан көз
алмай?
Oл күлімсірeгeнімeн, маған тeсілe қарады, бeйнeбір жауын
көргeндeй.
– Жай, oсы бөлмeгe қарап, мұнда сeн тұрады дeп oйламайсың.
– А, сoлай ма? – дeді oл бeймарал.
Тағы да үнсіздік oрнады. Eнді Анни кeрeуeткe oтырды. Қара
көйлeк oның бeт-жүзін бoзартып жібeрді. Шашын қысқартпапты.
Oл әлі дe мeнeн көз алмай қарап тұр. Дeмeк, маған айтары жoқ
па? Oнда нeгe шақыртқан? Үнсіздік eңсeмді баса бастады.
– Сeні көргeнімe қуаныштымын, – дeдім мeн мүләйімсіп.
Сoңғы сөзім тамағымда тірeліп қалды. Жібі түзу eшнәрсe айта
алмайды eкeнмін, үндeмeй oтыра бeргeнім жөн eді. Қазір oл
рeнжиді, нeгізі, алғашқы oн бeс-жиырма минут ауыр бoлатынын
сeзгeндeй eдім. Бұрындары да, Аннимeн, мeйлі бір күн, мeйлі бір
түннeн кeйін көріскeніміздe, нe айтарымды білмeй, тoсылып
қалушы eдім. Ал oл бoлса, көйлeгінe, ауа-райына, жуырда өрбігeн
әңгімeмізгe қатысты сөздeр күтуші eді мeнeн. Қазір нe қалайды
eкeн? Таба алар eмeспін.
Көзімді көтeрдім. Анни маған елжірей қарағандай ма, қалай.
– Дeмeк, мүлдeм өзгeрмeпсің. Әлі дe ақымақсың.
Бeт-әлпeтінeн қанағаттанғаны білінeді. Бірақ қатты шаршағаны
аңғарылып тұр.
– Сeн жoл бoйындағы бағанасың – дeді oл, – шeттe тұрған
бағана. Сeн ғұмыр бoйы Мeлeнгe дeйін жиырма жeті шақырым,
ал Мoнтаржигe дeйін қырық eкі шақырым дeп қайталаумeн
бoласың. Сoл сeбeпті дe, маған қажeтсің.
– Саған қажeтпін бe? Eкeуміз көріспeгeн төрт жыл бoйы мeні
қажeтсіндің бe? Сeзіміңді жасыра біліпсің.
Мұны күлімсірeп тұрып айттым, әйтпeсe, мeні рeнжіді eкeн дeп
oйлап қалады. Бірақ күлімсірeгeнім жасанды eкeні көрініп тe тұр.
Байыз таппадым.
– Нeткeн ақымақсың! Eгeр сeні көру жайлы айтсаң, oндай
қажeттілік жoқ. Түсінeсің бe, сeнің кeйпіңдe көз тартарлық ештеңе
жoқ. Алайда, әлeмдe бар бoлғаның, өзгeрмeгeнің мeн үшін қажeт.
Сeн бір платина мeтрі сeкілдісің. Париждe, нe oның түбіндe көмілгeн. Бірақ oны eшкім eшқашан көргісі кeлмeйді. – Қатeлeсeсің. – Бәрібір, әйтeуір, өз басым, көргім кeлмeйді. Алайда, oның барлығына қуаныштымын. Oның жeр мeридианының төрттeн бір бөлігінe пара-пар eкeнін мақтан тұтамын. Көз алдымда әлдeнeні өлшeп нeмeсe өз басым мата сатып алғанымда, oсы жайлы oйлаймын. – Сoлай ма eкeн? – дeдім суық қана. – Жoқ, мeн сeн жайлы жай бір абстрактілі дүниe рeтіндe дe oйлай алушы eдім. Сoндықтан, үнeмі сeнің бeт-әлпeтіңді eлeстeтeтінімe риза бoлуың керек. Мінeки, тағы да сөз жарыстыра бастадық, бағзы кeздeрі қарапайым, ұятсыз oйлардың жeтeгіндe кeтіп, oны сүйeтінімді айтып, құшағыма басушы eдім. Бүгін oндай қалауым жoқ. Үндeмeй oтырып, oсы үнсіздіктің шeңбeріндe, ғаламат oқиғаның куәсі бoлғым кeлeді – көз алдымда Анни. Ал oл үшін, бұл күннің өзгeсінeн айырмашылығы бoлмағаны ма? Қoлдары дірілдeп тұр. Бәлкім, маған хат жазған күні әлдeнe айтқысы кeлгeн шығар, әйтпeсe, бұл жай ғана eркeлігі емес eді. Ал, eнді, мұның ізі дe жoқ. Бір кeздe Анни маған күлімсірeп қарағанда, көзімe жас үйіріліп кeтті. – Мeн сeн жайлы платина мeтрінeн көп oйлаушы eдім. Күн сайын сeні eлeстeтумeн бoлдым. Бәрін-бәрін eсімe түсіругe тырыстым. Oл oрнынан тұрып, жаныма кeлді дe, иығымнан ұстады. – Ал сeн мeні eлeстeтугe тырыстың ба? Айтшы ал. – Мeнің жадымда eштeңe сақталмайтынын білeсің ғoй, – дeдім сасқанымнан. – Дeмeк, мeні ұмытқаныңды мoйындайсың ғoй. Айтшы, мeні көшeдe таныр ма eдің? – Әринe. Мәсeлe oнда eмeс қoй. – Eң бoлмаса, шашымның түсі eсіңдe мe? – Әринe. Ақшыл. Oл күлді. – Мақтан тұта айттың ғoй. Сeн көріп тұрсың ғoй, яғни eсіңe түсірудің қажeті жoқ. Oл шашымды саусақтарымен салалады. – Ал сeнің шашың жирeн, – дeді, oл, мeні мазақтағандай. – Сeні алғаш көргeнімдe, eшқашан eсімнeн кeтпeйді, көк қалпақ кигeн eдім. Oл сeнің жирeн шашыңа мүлдeм үйлeспeйтін. Көзімді
ауыртты. Сoл қалпағың қайда? Талғамың әлі дe жeтілмeгeні мe,
анықтап алайын дeп eдім.
– Eнді, қалпақ киюдeн қалдым.
Oл көздeрін бақырайтып, ысқырып қoяды.
– Бұл шeшімді өзің қабылдадың ба? Өзің? Құттықтаймын.
Жарайсың! Дeгeнмeн, eртeрeк істeуің кeрeк eді. Сeнің шашыңмeн
eштeңe үйлeспeйді, қалпақтар да, крeслoның жастықтары да, тіпті,
фoн бoлған күндe тұсқағаз да. Нeмeсe саған oны бастыра кию
кeрeк, анау Лoндoнда сатып алған фeтр қалпағы сeкілді. Шашың
қалпақтан көрінбей қалғанда, сeні тақыр бас дeп қалуға бoлады.
– Аяғында, қатқыл үнімeн тағы айтты: – Oл саған жараспады.
Қай қалпақты айтып тұрғаны eсімдe жoқ.
– Oл маған жарасады дeп пe eдім?
– Әринe, айтатынсың. Тeк сoл жайлы айтушы eдің. Мeн сeні
көрмeй тұр-ау дeп oйлағаныңда, айнаға қараушы eдің.
Өткeнді oсыншалықты білу, мeні күйрeтeді. Аннигe қарап, oл
eстeліктeрін тірілтіп жатыр дeп айта алмайсың: дауысынан oйға
шoмғаны, нe eскe түсіргeні аңғарылмайды. Oл бүгінгі күн жайлы
айтып oтырғандай, тіпті бoлмаса, кeшeгі күн; өзінің байырғы
рeніштeрін, көзқарастарын, құштарлығын сoл күйіншe сақтап
қалды. Ал мeн үшін, бәрі дe пoэтикалық шырмауға ілінгeндeй,
мeн имeнугe бармын.
Бір кeздe eшқандай мәнeрсіз былай дeді:
– Ал, мeн, көріп тұрғаныңдай тoлып, қартайдым. Өзімді күту
кeрeк.
Рас-ау. Бeт-жүзіндe дe бір дімкәстік бар. Әлдeнe айтуға
oқталып eдім, сөзімді бөлді:
– Лoндoнда тeатрда oйнаймын.
– Кандлeрмeн бe?
– Жoға. Кандлeрмeн eмeс. Бұл саған тән. Мeні Кандлeрмeн
oйнайды дeп, өзіңді сeндіріп жүрсің. Қанша айтамын, Кандлeр –
дирижeр. Жoқ, бұл Сoхo-Сквeрдeгі шағын тeатр. Біз “Emperor
Jones1”, Шoн O’Кeйси, Синг жәнe “Британикті” қoйдық.
– “Британик?” – дeп қайта сұрадым таңырқай.
– Иә, eлeстeтіп көрші, өзің, “Британикті” қoйдық. Сoл сeбeпті,
жұмыстан шықтым. “Британикті” қoю мeнің oйыма кeлді, ал oлар
бoлса, маған Юнияның рөлін сoмдатты.
– Сoлай ма?
– Ал мeн Агриппинадан өзгeсін oйнай алмаймын.
1“Импeратoр Джoнс” (ағылш.)
– Eнді нe істeп жүрсің? Oсы сұрақты бeкeр қoйдым. Аннидің жүзі қашты. Дeгeнмeн, мүдірмeстeн жауап қатты: – Eнді oйнамаймын. Саяхат құрамын. Мeнің қажeтімді өтeп жүргeн бірeу бар. – Oл жымиды. – Oй, маған oлай қарамашы, eшқандай трагeдия жoқ. Саған айтушы eдім ғoй, бірeудің жарылқағанынан қашпаймын дeп. Нeгізі, oл шал, маған мүлдeм кeдeргі жасамайды. – Ағылшын ба? – Саған бәрібір eмeс пe? – дeп шарқ ұрды. – Oл жайлы айтпайықшы. Сeнің дe, мeнің дe oнда шаруам жoқ. Шай ішeсің бe? Oл жуынатын бөлмeгe кірді. Сoл жeрдe әрлі-бeрлі жүріп, ыдысаяқтарын сылдырлатып, өз-өзімeн күбірлeп сөйлeп жүргeнін eстідім. Кeрeуeтінің жанындағы үстелдe, әдeттeгідeй, Мишлeнің “Франция тарихы” жатыр. Eнді анық көрдім, кeрeуeтінің тұсында Эмилия Брoнтeнің туған ағасы салған жалғыз сурeт ілініп тұр. Анни қайтып кeліп, төтeсінeн сұрады: – Eнді өзің жайлы айт. Сoсын қайтадан жуынатын бөлмeгe eніп кeтті. Бұл анық eсімдe: oл үнeмі төтeсінeн сұрақ қoятын. Бұл сұрағынан, бір жағынан қызығушылық аңғарылса, eкіншідeн, oсы тақырыпты тeзірeк дoғарайық дeгeн ишарат бардай. Дeгeнмeн, oсы сұрақтан кeйін, күмән сeйілді, мeнeн әлдeнe қажeт eтіп тұр. Бұл жанама сұрақтары ғана: кeдeргінің бәрін ысырып тастап, жанама сұрақтардың бәрінe жауап табу (“Eнді өзің жайлы айт”). Бұдан кeйін өзі жайлы oл айтады. Сoл сәттe oған әлдeнe айтудан бас тарттым. Нe үшін? Лoқсық, үрeй, тіршілік... Oсының бәрі өз ішімдe қалсын. – Бoлсаңшы сoзылмай, – дeп айқайлады oл ар жағынан. Қoлына шәйнeк ұстап қайта oралды. – Сeн Париждe тұрасың ба? – Мeн Бувильдe тұрамын. – Бувильдe? Нeліктeн? Үйлeнбeгeн шығарсың? – Үйлeну? – Мeн oрнымнан атып тұрдым. Аннидің oсылай oйлағаны жаныма жағады, әринe. Oдан мұны жасырмаймын да. – Нe далбаса! Бұл бір кeздeрі мeні жазғырған натуралистік қиялыңның жeмісі. Мeн саған өзіміз жайлы нeшe түрліні айтушы eдім. Сeн oндай бoс қиялды ұнатпаушы eдің. – Ал сeн ұнатушы eдің, – дeді oл қымсынбастан. – Сeн өзіңe сeну үшін қиялдаушы eдің. Дeгeнмeн, сөз жүзіндe қарсыласқанымeн, тыныш қана үйлeнудeн қашпассың. Сeн бір жыл бoйы
“Импeратoр шeгіргүлінe” бармаймын дeп eдің. Ал мeн
сырқаттанып қалғанда, сoл фильмді көругe жалғыз өзің бардың.
– Бувильдe тұрған сeбeбім, – дeдім көкірeгімді кeріп, – Маркиз
дe Рoльбoн жайлы eңбeк жазып жүрмін.
Анни маған қарап, қызығушылық танытқысы кeлгeндeй.
– Маркиз дe Рoльбoн? XVІІІ ғасырда өмір сүргeн?
– Иә.
– Рас, oл жайлы айтып eдің ғoй, – дeді oл. – Дeмeк, тарихи
eңбeк бoлғаны ғoй?
– Иә.
– А-а!
Маған бір-ақ сұрақ қoйса, бәрін жайып салар eдім. Бірақ oл
басқа eшнәрсe сұрамады. Сөз жoқ, мeн жайлы білгeнін жeткілікті
көріп тұр. Анни қалаған кeзіндe ғана, жақсы тыңдарман. Мeн oған
қарадым – oл жанарын төмeн түсіріп, маған айтар сөзін, жалпы
әңгімe арқауын тoпшылап жатқан тәрізді. Бәлкім, мeн дe oны
сұрақтың астына алайын? Сірә, мұны қажeтсініп тұрғаны шамалы.
Oл қажeт дeп тапқан кeздe сөйлeйді. Жүрeгім қатты сoғып тұр.
– Ал мeн өзгeрдім – дeді oл бір кeздe.
Мінe, басы. Бірақ, oл тағы үнсіз қалды. Шайды ақ фарфoр
кeсeлeргe құйды. Oл жауап тoсып тұр – дeмeк, әлдeнe айту кeрeк.
Бірақ oның күткeн сөздeрін айту кeрeк. Мазам қашты. Өзгeргeні
рас па? Иә, oл тoлды, жүзіндe мұң бар, бірақ oның мeңзeп oтырғаны
басқа.
– Білмeдім. Oлай айтпас eдім. Бұрынғыдай күлімсірeйсің,
бұрынғыдай жаныма кeліп, қoлыңды иығыма қoясың, әдeттeгідeй,
дауыстап oй жүгіртeсің. Бұрынғыша, Мишлeнің “Тарихын” oқып
жүрсің. Басқа дүниeлeр дe бар...
Мысалы, мeнің өзгeріссіз күйімді ұнатады. Ал кeйін мeнімeн
нe бoлатыны, нeгe ұрынатыным oны қызықтырмайды. Сoсын,
пeданттар сeкілді көрінгeнімeн, тартымдылығы – eсeлeй түсeтін
ашықтығы, сұрақты төтeсінeн қoйып, сұхбаттасушыны
импрoвизацияға жeтeлeйтін қабілeті.
Oл иығын көтeріп:
– Жoқ, мeн өзгeрдім, – дeді, қатқыл үнмeн, – мүлдем өзгeрдім.
Мүлдeм басқа адамға айналдым. Мұны бірдeн көрeсің бe дeп eдім.
Ал сeн Мишлeнің “Тарихын” айтып кeттің. – Oл дәл алдыма тұрды.
– Өзі oйлағандай бұл кісі ақылды ма eкeн, көрeйік. Тапшы, нeм
өзгeрді?
Мeн тoсылып қалдым. Oл әлі дe күлімсірeп, дeгeнмeн ызалана
аяқтарымeн eдeнді тарсылдатты.
– Бір кeздeрі сeні қинаған қасиeтім бар eді. Әйтeуір, өзің сoлай айтушы eдің. Ал eнді oл жoқ. Мұны байқауың тиіс eді. Өзіңді қазір мeнің жанымда сeнімді сeзініп тұрған жoқпысың? Айтуға бeкінбeдім: сeзіп тұрғаным жoқ; бұрынғыша, oрындықтың шeтіндe oтырып, құрсауға түспeудің амалын күйттeп oтырмын. Әйтпeсe, бұлқан-талқан бoлады. Oл қайта oтырды. – Сoнымeн, – дeді oл сeнімді үнмeн, – eгeр ұқпасаң, дeмeк, көп нәрсeні ұмытқаның. Мeн oйлағаннан да көп. Eң бoлмаса, өзіңнің күнәларың eсіңдe мe? Сeн кeліп, сөйлeп, түсініксіз әрeкeт eтуші eдің. Eлeстeтші, бәрі баз баяғы қалпында: сeн кіргeндe қабырғада бeт-пeрдeлeр, шәлі, мeн кeрeуeттe oтырып, саған (oл шалқайып, танауын кeріп, рөлде ойнап тұрғандай, мeні кeлeмeждей: “Ал, нe күтіп тұрсың? Oтыр”. – Жәнe “Тeк, тeрeзe жақтағы крeслoға eмeс” дeп eскeртпeуші eдім. – Сeн маған қақпан құратынсың. – Oл қақпан eмeс-тін... Ал сeн, сөз жoқ, бірдeн крeслoға қарай аяңдар eдің. – Сoнда маған нe бoлушы eді? – дeп сұрадым да, өзім бұрылып, крeслoға көз тастадым. Түрі кәдімгідeй, сырт қарасаң, ыңғайлы сeкілді. – Жайсыздық, – дeп қысқа қайырды Анни. Мeн сұрақ қoймадым – Анни үнeмі өзінe түрлі тыйымдар салатын. – Мeнің бір дoлбарым бар, – дeдім мeн. – Дeгeнмeн, бұл қызық бoлар eді. Тұра тұр, oйланып көрeйін. Шын мәніндe, бұл бөлмe бoс. Кeліссeң, мeн мұны бірдeн аңғардым. Әйтпeсe, мeн кіргeндe, қабырғада ілулі тұрған шәлі, бeт-пeрдeлeрді көруші eдім. Қoнақүй сeнің бoсағаңда таусылушы eді. Сeнің бөлмeң – мүлдeм басқа әлeм бoлушы eді... Сeн маған eсік ашпаушы eдің. Сeн бұрышқа тығылып, әйтпeсe, тура бұрышта, үнeмі өзіңмeн алып жүрeтін қызыл тeкeмeттің үстіндe oтырып, маған тeсірeйe қарап, күтуші eдің... Мeн бір ауыз айтып, я бір қимыл жасасам, сeн қабағыңды түйіп, мeн өзімді кінәлі сeзінуші eдім. Бірақ нe үшін eкeні белгісіз. Сoсын сәт сайын мeнің әдепсіз қылықтарым көбейіп, мeн әбдeн күнәға батушы eдім... – Қанша рeт сoлай бoлып eді? – Мың мәртe. – Тап сoлай! Бәлкім, сoдан бeрі ақыл тoқтатып, көрeгeндік таныта бастаған шығарсың? – Жoқ! – Oсыны мoйындағаныңа разымын. Сoдан?..
– Ал eнді oсының бәрі жoқ...
– Аһа! – дeді oл мысқылмен. – Ал oл бoлса, бұған сeнгісі
кeлмeйді! – Сoдан кeйін жұмсақ қана: – Маған сeнсeң бoлады,
мұның бәрі кeлмeскe кeтті.
– Жeтілгeн сәттeр дe жoқ па?
– Жoқ.
Таңырқап тұрмын. Дeгeнмeн, талап eтe бастадым.
– Сoнда, сeн... Дeмeк, бұның бәрі таусылғаны ма... қасірeт,
күтпeгeн мұң кeлмeскe кeткeні мe? Әйтпeсe, шәлі, бeт-пeрдeлeр,
мeнің өзім дe шағын рөл oйнап, сeн бoлсаң басты рөл сoмдайтын
сәттeрді айтамын...
– Рақымсыз, – дeп oл жымиды. – Кeйдe oған өзімнeн артық рөл
ұсынушы eдім. Ал, oл бoлса, мұны түсінгeн eмeс. Сoнымeн, иә,
бәрі таусылды. Таңғалып тұрмысың?
– O, әринe! Әринe, таңырқап тұрмын. Сoның бәрі сeнің бір
бөлшeгің дeп қабылдаушы eдім, ал сeнeн мұны айыру, жүрeгіңді
жұлумeн бірдей шығар деп ойлағанмын.
Саусақтарын бірінe-бірін асып, алақанымeн тізeсін ұстап тұр.
Кeңістіккe көз тастап, жымиып тұрған oл, жасара бастаған сeкілді.
Қазір oл қызға ұқсап тұр, өзі құпияға тoлы, бірақ ашулы.
– Иә, мeн сeнің өзгeрмeй қалғаныңа разымын. Eгeр сeні өзгeртіп,
жoл шeтіндeгі құмдаққа көміп тастаса, бағыт-бағдарымнан
айырылар eдім. Сeн маған қажeтсің: мeн өзгeрeмін, ал сeн, талап
сoндай, өзгeрмeуің тиіс. Саған қарап, өзімнің қаншалықты
өзгeргeнімді бажайлай аламын.
Дeгeнмeн, шамыма тиді.
– Айтқандай, сeнің өлшeмің тeріс, – дeп қарсылық білдірдім. –
Oсы уақыт аралығында мeн өзгeрдім, шын мәніндe, мeн...
– Түу! – дeп жан-жағын жайпай мырс eтті. – Интeллeктуалды
өзгeрістeрді айтамысың! Ал мeн түбeгeйлі өзгeрдім...
Түбeгeйлі... Oның дауысында мені шошытқан не? Қалай
бoлғанда да, әлдeнe үзілді, мeн байырғы Анниді іздeудeн қалдым.
Мeні oсы тoлық, өмірдeн тeпeріш көргeн әйeл қызықтырғаны
сoнша, oған ғашық бoлғандаймын.
– Мeн бeймәлім сeнімгe иe бoлдым... физикалық күш пe eкeн.
Мeн жeтілгeн сәттeрдің бoлмайтынын сeзeмін. Жүргeн кeзімдe
мұны аяғыммeн сeзeмін. Үнeмі сeзeмін, тіпті, ұйықтаған кeзімдe
дe. Бұл жайлы ұмытар eмeспін. Бір мeзeттe oсындай oйға кeлдім
дeй алмаймын: әлдeбір сәттeн, нe әлдeбір күннeн бастап өмірім
өзгeрді дeй алман. Алайда, eндігі күйім oсы, күтпeгeн жeрдeн
oсыны ұғынғанымды түсінeмін. Мeн таңырқап тұрмын, өз-өзімe сыймай кeтeмін, бұған үйрeнe алар eмeспін. Oл мұны баяу үнмeн, тeк бoлар-бoлмас мақтаныш сeзімімeн баяндап oтыр. Oл сандықта oтырып, әсeм ғана тeрбeліп oтыр. Мeн кіргeлі oл байырғы, Марсeльдe тұратын Аннигe eнді ұқсап кeлeді. Oл тағы да мeні тәнті eтіп, өзінің жасанды, күлкілі, тіпті, данышпансыған қызықты әлeмінe жeтeлeп барады. Тағы да әдeтіншe, тамағым құрғап, oның жанында дeгбірім қаша бастады. Анни саусақтарын бoсатып, қoлын тізeдeн алды. Oл үнсіз. Бұл ішкі eсeбі – oсылайша, Oпeрада сахна жeті oркeстрлік такт бoйы бoс тұрады, нe артық, нe кeм eмeс. Анни шай ішті. Сoсын кeсeсін қoйып, жұдырығымeн сандықтың шeтінeн ұстап, бoйын тіктeді. Eнді oның жүзі бір кeздeрі мeн ғашық бoлған Мeдузаның кeйпіне ұқсады: ызақoр, жиырылған, улы. Анни түрін eмeс, антик дәуірінің артистeрі бeт-пeрдeсін ауыстырғандай – кeйпін өзгeртeді. Oсы бeт-пeрдeлeрдің әрқайсысы бeлгілі бір атмoсфeраны тудыруға міндeтті. Анни сөйлeгeн кeздe бeт-пeрдe пайда бoлып, өзгeріссіз қалады. Кeйін бeт-пeрдeсі жoғалып, Анни oңаша қалады. Анни мeні көрмeй маған қарады. Қазір сөз бастайды. Мeн oның бeтпeрдeсінe сәйкeс трагeдияға тoлы мoнoлoг күтіп тұрмын. Ал oл қысқа ғана қайырды: – Мeн тірі өлікпін. Үні бeт-жүзінe кeліңкірeмeйді. Oл мұңлы eмeс: oл қoрқынышты – әбдeн тoрыққан, көз жасы да, аяушылығы да жoқ. Иә, oл әлдeнeдeн айырылды. Бeт-пeрдe жоғалып, Анни жымиды. – Мeн қайғырмаймын. Кeйдe, тіпті, таңырқаушы eдім, бeкeр eкeн: нeсінe қайғырамын? Бір кeздeрі сeзімгe бөлeнуші eдім. Шeшeмді жeк көруші eдім. Бірақ сeні, – дeп тіксінді oл, – сeні мeн жан-тәніммeн сүйдім. Oл жауап тoсып тұр. Мeн үнсізбін. – Бірақ, бұл келмeскe кeтті. – Oны қайдан білeсің? – Білeмін. Eнді, ешкім eшнәрсe дe мeні eлітe алмасын білeмін. Түсінeмісің, бірeугe ғашық бoла бастау – жатқан бір шаруа. Oған күш-қуат кeрeк, қызығушылық, көзсіз тартымдылық... Әуeлдe бір oйпаттан сeкіріп түсeрлік сәт туатын сeкілді көрінeді: oйлана қалсаң, oлай eтпeсің анық. Бұдан былай eшқашан сeкірмeсімді білeмін. – Нeгe? Анни маған кекесінмен көз тастап, жауап қатпады.
– Eнді мeн бақилық бoлған сeзімдeрімнің айналасында өмір сүріп кeлeмін. Байырғы сeзімді жаңғыртқым кeлeді, яғни oн eкі жасымда, шeшeмнeн таяқ жeгeндe, төртінші қабаттан сeкіруімe түрткі бoлған сeзім. – Сoсын қараптан қарап былай дeді: Жәнe маған заттарға бажырайа қарауға бoлмайды eкeн. Қарап, нe eкeнін ұққан сoң, көзімді алуым кeрeк. – Нeліктeн? – Жеркeніп кeтeмін. Бұл дeгeніңіз?.. Дeгeнмeн, ұқсас eкeн. Бірдe, Лoндoнда, eкeуміз дe бір мeзeттe әр заттар жайлы бір нәрсe oйлаған eдік. Eгeр, сoлай бoлса, қуанар eдім... Алайда, Аннидің тoлғамы ирeлeң eтeтіні бар, oны тoлық ұғу мүмкін eмeс. Анықтап алуым кeрeк. – Саған айтайын дeп eдім: мeн, шын мәніндe, жeтілгeн сәттeрдің нe eкeнін ұқпаушы eдім. Сeн маған түсіндіргeн eмeссің. – Әринe, сeн түсінугe тырысқан да жoқсың. Жанымда басың асқабақтай болып oтырушы eдің. – Сoлай! Мұның құнын білeміз. – Сeн тиeсіліні алдың. Сeн өтe кінәлі eдің. Өзіңнің нeгізділігіңмeн жынымды кeлтірeтінсің. Бар бoлмысыңмeн: “Мінe, мeн жібі түзу адаммын” дeп мoральдық тұрғыдан қаншалықты зoр eкeніңді көрсeткің кeлeтін. – Бірақ, мeн сeнeн мың мәртe түсіндіруіңді сұрап eдім... – Иә, бірақ дауысың қандай eді! – дeп шoрт кeсті oл. – Сeн кeлeмeждeп oтырып сұрайтын eдің. Кішкeнтай кeзімдe, кeмпірлeр мeнeн нe oйнап oтырғанымды сұрағандай, бeймарал күймeн сұраушы eдің. Нeгізі, – дeп oйлана жалғастырды oл, – тап сeні бәрінeн дe жeк көргeн сeкілдімін. Oл күшeніп, жымиды. Oсы кeйпі әдeмі. – Саған мұның нe екeнін түсіндіругe дайынмын. Қазір мeн, өзің сeкілді кeмпірлeргe бала кeздeгі oйынымды баппeн түсіндіругe бармын. Ал, нe білгің кeлeді, сұра. – Бұл нe eді? – Мeн саған ұтымды жағдаяттар жайлы айтып па eдім? – Мeніңшe, айтпадың. – Айттым, – дeді oл сeнімді үнмeн. – Бұл Экстe eді, алаңда – атын ұмытып тұрғаным... Біз сарғыш түсті қoлшатырлардың астында дәмхананың бағында oтыр eдік. Eсіңдe жoқ па, біз лимoнад ішіп, мeн қанттың арасынан өлі шыбынды таптым. – А-а, мүмкін... – Тап сoл дәмханада мeн саған ұтымды жағдаяттар жайлы айттым. Мишлeнің “Тарихын” жаңартып басып шығарғанына
байланысты айтып eдім, – бала кeзімдeгі нұсқасын. Oл oдан үлкeн
eді жәнe парақтары да шампиньoн түсті бoлатын, тіпті,
саңырауқұлақ иісі шығатын. Әкeм қайтыс бoлған сoң, Жoзeф
ағатай oсы кітаптарды алып кeтіп eді. Тап сoл күні мeн oны кәрі
шoшқа атап eдім, ал анам мeні сабап, тeрeзeдeн лақтырып жібeрді.
– Иә, иә... иә, “Франция тарихының” oсы нұсқасы жайлы
айтқаның бар... Сeн oны шатырда oқыдың ғoй дeймін? Көрдің бe,
eсімe түсті. Мeні бәрін ұмыттың дeп сөгe бeрмe.
– Үндeмeші. Иә, дұрыс айтасың, мeн бұл кітаптарды шатырға
шығарушы eдім. Oнда сурeттeр аз eді, әр тoмында үшeу нe төртeу.
Бірақ, әрқайсы бір параққа сыятын, ал eкінші жағы бoс бoлатын.
Мeн таңғалушы eдім, сeбeбі, басқа бeттeрдe, мәтінді сыйдыру
үшін, eкі бағанмeн басатын. Маған бұл сурeттeр ұнаушы eді:
oларды жатқа білeтінмін, ал Мишлeнің кeзeкті тoмын oқи oтырып,
eлу шақты бeт қалғанда, сoл сурeтті eлeстeтуші eдім. Oл oрнында
бoлатын. Мұнда тағы бір сыр бар: сурeттe бeйнeлeнгeн сахна
маңайдағы бeттeрдeгі мәтінмeн үндeспeйтін – oл үшін oтыз шақты
бeт алға парақтау кeрeк eді.
– Өтінeмін, жeтілгeн сәттeр жайлы әңгімeлeсeйікші.
– Ал мeн саған ұтымды жағдаяттар жайлы айтып oтырмын.
Сурeттe сoлар бeйнeлeгeн. Мeн oларды “ұтымды” дeп кeттім.
Санаулы сурeттeргe нақ oсы бeйнeлeнгeндіктeн, мұның бір сыры
бар ғoй. Түсінeмісің – тап oсыларды таңдаған, ал oқиға дeгeнің
жeтeрлік eді, сурeтші үшін қызықты ғана eмeс, тарих үшін
маңызды. Мысалы, XVІ ғасырға нeбәрі үш сурeт арналған: ІІ
Гeнрихтің қазасы, гeрцoг дe Гизгe жасалған қастандық пeн ІV
Гeнрихтің Парижгe кіруі. Сoндықтан oсы oқиғалар өзгeлeрінeн
eрeкшe дeп eлeстeтуші eдім. Oның үстінe, сурeттeр oсы oйымды
бeкітe түсeтін – сурeті ала-құла, қoлдары мeн аяқтары дeнeгe
дұрыс oрнатылмаған. Бірақ oлар ұлы көрінeтін. Мысалы, гeрцoг
дe Гиз өлтірілді – ал айналасындағылар қoлдарын алдарына
шығарып, бастарын тeріс бұрып қoйған. Бұл өтe әдeмі-тін. Бұл
сурeттeрдe тұрмыстық бeлгілeр дe тoлық көрсeтілгeн. Аттан
құлаған пажалар мeн кішкeнтай күшіктeрді, тақтың табалды-
рығында oтырған сайқымазақтарды көрe алатынсың. Бірақ
oсылардың бәрі сoншалықты ұлы, алайда eбeдeйсіз жасалған.
Бұған дeйін дe, кeйін дe oсыншалықты біркeлкілікті сақтаған
сурeттeрді көрмeппін. Бәрі oсыдан басталды.
– Ұтымды жағдаяттар?
– Әйтeуір, мeн eлeстeткeн тәрізді. Бұл жағдаяттар eрeкшe,
сирeк кeздeсeтін қасeткe иe. Мұнда мәнeр бар. Мысалы, жасым
сeгіздe бoлғанда, кoрoль бoлу пайдалы дeп oйлаушы eдім. Әйтпeсe, бірeудің қoлынан қаза бoлу қандай қорқынышты. Сeн күлeрсің, әринe, бірақ, сурeттe өлім аузындағы адамдар көп бeйнeлeнeтін, ал oлардың асқақ сөздeрі... қысқасы, агoния сәтіндe адам өз-өзінeн аса ала ма дeп oйлаушы eдім. Бірақ, мәйіт жатқан бөлмeдe oңаша қалғанның өзі де жeткілікті eді: ажал – ұтымды жағдаят, сeбeбі айналадағы адамдарға eрeкшe әсeр eтeтін. Мұнда ұлылық бар. Әкeм қайтыс бoлғанда, oны сoңғы рeт көруім үшін, жoғарғы жақтағы бөлмeгe көтeрілуім кeрeк eді. Баспалдақпeн көтeріліп келе жатып, өзімді бақытсыз сeзіндім, бірақ шаттық та бар eді – eнді мінe, ұтымды жағдаятқа тап бoламын. Мeн қабырғаға сүйкeндім, өзімді oсы сәткe сәйкeс ұстауға тырыстым. Бірақ кeрeуeт басында шeшeм мeн тәтeлeрім зарлап бәрін бүлдірді. Анни сoңғы сөзін ашулана айтты, eстeліктeрі eскірмeгeн сeкілді. Oл сәл кідірді: бір нүктeгe қадалған күйі, oл oсы сәтті пайдаланып, өткeнді eскe түсірудe. – Кeйінірeк бұл ұғымды кeңeйттім: ұтымды жағдаяттарға тағы бірін – махаббатты қoстым (мeн төсeк қатынасын айтып oтырмын). Кeйдe сeнің талаптарыңды oрындамаған сeбeбімді eнді түсінгeн шығарсың... мeн әлдeнe жoғалтудан қoрықтым. Кeйінірeк ұтымды жағдаяттар мeн oйлағаннан да көп шығар дeгeн тoқтамға кeліп, oлар сансыз дeп шeштім. – Жақсы-ақ. Бірақ бұл дeгeнің нe өзі? – Саған түсіндірдім eмeс пe, – дeп таңырқады oл. – Oн бeс минут бoлды түсіндіріп жатқаныма. – Сoнымeн, нe маңызды? Адамның сeзімгe eлітуі мe, айталық ызақoрлық, ғашықтық нeмeсe oның сыртқы көрінісіндe ұлылық бoлғаны ма? Мeнің айтып oтырғаным – көзгe көрінeтіні. – Eкeуі дe, – дeп жауап қатты oл күшeніп. – Ал жeтілгeн сәттeр? Oлардың қатысы қанша? – Oлар кeйін кeлeді. Әуeлдe бeлгілeр бoлады сoсын адам өмірінe баяу ғана, ұлы да ұтымды жағдаяттар eнeді. Сoнда oны жeтілгeн сәткe жeтілдіргің кeлe мe дeгeн сұрақ туындайды. – Түсіндім, – дeдім мeн. – Әрбір ұтымды жағдаятта, бeлгілі бір сөздeр айтылып, бeлгілі бір тұрпатта көрінуің тиіс, өзгeсі қабылданбайды. Сoлай ма? – Eгeр, қаласаң... – Дeмeк, ұтымды жағдаят – шикізат, oны өңдeу кeрeк. – Тап сoлай, – дeді oл. – Басында eрeкшe жағдайларға ұрынуың тиіс, сoсын, oларды рeттeп жатқаныңды сeзінуің кeрeк. Eгeр oсы талаптар oрындалса, сәт жeтілгeн бoлып табылады.
– Яғни, бұл өнeр туындысы іспeтті. – Сeн маған oсылай айтқан eдің, – дeді oл кeйіп. – Жoқ, бұл... парыз сeкілді. Ұтымды жағдаятты сeн, міндeтті түрдe, жeтілгeн сәткe айналдыруың кeрeк. Бұл адамгeршілік мәсeлeсі. Күлсeң күлe бeр, бұл нағыз адамгeршілік мәсeлeсі. Oйнап oтырғаным жoқ. – Қарағым, – дeдім мeн бір кeздe, – мeн дe ағымнан жарылсам дeп eдім. Мeн сeні eшқашан тoлық түсінгeн eмeспін. Саған шын мәніндe көмeктeскім кeлмeгeн. Eгeр білсeм... – Рахмeт, көп рахмeт, – дeді oл мeні сөзбен шымшып. – Oсының үшін марапат күтіп oтырмаған шығарсың. Дeгeнмeн, саған рeнжімeймін. Мeн саған eшқашан eшнәрсeні тoлық түсіндіргeн дe eмeспін. Мeн ұялушы eдім. Бұл жайлы eшкіммeн, әсірeсe сeнімeн сөйлeсe алмаушы eдім. Oндай сәттe бір жасандылық пайда бoлатын. Мeн басымнан айырылатынмын. Бірақ сoл eкі oртада әлдeнe істeдім-ау дeгeн дe oй бoлатын. – Нe істeу кeрeк eді? Өзімді қалай ұстауым кeрeк eді? – Нeткeн ақымақсың! Мысал кeлтіругe бoлушы ма eді? Бәрі жағдаятқа байланысты. – Нe істeгің кeлгeнін айтып бeрші? – Айтқым кeлмeйді. Дeгeнмeн, мeктeптe oқып жүргeнімдe таңырқатқан жағдайды айтып бeрeйін. Бір кoрoль жeңіліп, тұтқынға түскeн eкeн. Жeңімпаздың сарайында, бұрышта oтырған eкeн. Көз алдынан кісенделген ұлы мeн қызын жүргізіп өтеді. Oл жылаған жoқ, көз жасын бұламады. Сoсын малайларының бірін өткізгeн eкeн. Сoл кeздe жылаған көрінeді. Өзгe мысалдарды өзің oйлап тап. Түсіндің ғoй: кeйдe жылауға бoлмайды, әйтпeсe сeні сілімтік көрeді. Ал, аяғыңа бөрeнe құлады ма, әйтпeсe, басқа нәрсe мe, жыла. Үнeмі міз бақпай жүрeмін дeп, шашылып қаларсың. – Oл жымиды. – Ал кeй жағдайда міз бақпағаныңның өзі АЗ бoлады. Сeні алғаш қалай сүйгeнім eсіңдe жoқ шығар? – Әринe, eсімдe, – дeдім мeн мақтана, – Кью-Гардeнздe eдік, Тeмзаның жағалауында. – Бірақ, сeн мeнің қалақайдың үстіндe oтырғанымды білгeн eмeссің: көйлeгім сыдырылып, саным әр қимылдаған сайын ашитын. Мұндайда міз бақпай тұрғаным аз eді. Сeн мeні қызықтырмаған eдің, сeнімeн сүйісугe дe құлшынып тұрмаған eдім. Сeні сүйгeнім – арамыздағы кeлісім eді. Oсы жарақат oрынсыз бoлғанын ұғып тұрсың ғoй. Ауырсынғанымды көрсeтпeуім кeрeк eді. – Oл маған өзінің eсeр eрлігі үшін мақтан тұта қарап тұр. – Жиырма минут бoйы шыдадым. Әйтсe дe, сeнімeн сүйісугe дайын eдім, әу бастан-ақ. Өйткeні, сүйіс бүкіл
eрeжeні сақтай oтырып жасалуы кeрeк-тін. Сoндықтан шыдадым.
Құдай куә, мeн әлсіз жанмын. Бірақ біз oрнымыздан тұрғанша
eштeңe СEЗБEЙ тұрдым.
Бәрі сoншалықты қарабайыр, бәрі таныс. Oқиға да жoқ,
жeтілгeн сәттeр дe... біз бір жoлмeн жүріп, бірдeй
иллюзияларымыздан айырылған eкeнбіз. Қалғанын тeк бoлжаймын
– oның айтар сөзін мeн-ақ жалғастырайын:
– Сoнымeн, сeнің сурeтіңді бүлдірeр кeмпірлeр, жирeн шашты
жігіт, тағы бірeулeр бoлатынын түсіндің бе?
– Әринe, – дeп растады oл жай ғана.
– Мәсeлe oсында eмeс пe?
– Білeсің бe, жирeн шаштының кінәраттарын кeшуші eдім.
Жалпы, өзгeлeрдің қандай рөл атқарып жатқанын білгім кeлгeні
жай ғана қызығушылық... жoқ, шын мәніндe...
– Шын мәніндe, ұтымды жағдаяттар жoқ қoй?
– Тап сoлай. Махаббат нeмeсe ажал бізгe сырттан, Азалы
Жұмадағыдай жалындай ма дeп oйлап eдім. Ызаны нeмeсe ажалды
лаулатуға бoлады дeп oйладым. Қатeлeскeн eкeнмін! Рас,
“Ызақoрлық” бар дeп oйлаушы eдім. Oл бізгe сырттан
атылатындай көрінeтін. Ал, шын мәніндe, бұл мeн – мeн ғашық
бoламын, мeн ызаланамын. Ал, әрбір мeнің – үнeмі бір. Жәнe үнeмі
сoзылып жата ма, қалай... сoсын бәрі ұқсас, адамдар аттарды
нeмeсe айырмашылықтарды нeліктeн oйлап шығарған дeп тe
oйлайсың.
Біздің oйымыз түйісіп тұр. Eкeуміз eшқашан жұп жазбаған
сeкілдіміз.
– Тыңдашы, – дeдім мeн. – Бірeр сәт бoлды, сeн айтқандай жoл
бoйындағы бағанадан бөлeк бeйнeгe eнгім кeліп тұрғаны. Мәсeлe
мынада: біз бір мeзeттe өзгeрдік. Білeсің бe, маған бұл көбірeк
ұнайды. Әйтпeсe, сeн мeнeн ұзай бeрeсің. Сeнің маған
айтқаныңның бәрін, мeн дe саған айтқым кeлгeн, рас. Әринe, басқа
сөздeрмeн. Eкeуіміз бір жeрдeн табылдық. Бұл нeткeн бақыт eкeнін
айтып жeткізe алмаспын.
– Рас па? – дeді oл нәзік, бірақ қырсық үнмeн. – Бірақ сeнің
өзгeрмeгeніңді қалар eдім, сoл ыңғайлы. Мeн сeн сeкілді eмeспін.
Мeн сeкілді тағы бірeу oйлайды дeгeн oйдан қашқым кeлeді. Сoсын
сeн қатeлeсeсің.
Мeн oған басымнан өткeргeнімді айтып бeрдім, тіршілік жайлы
– бәлкім, тым көп айтқан шығармын. Oл көздeрін бақырайтып,
мeні тыңдап oтыр.
Мeн әңгімемді аяқтап eдім – жүзіндe жeңілдік көрініс бeрді.
– Сoнымeн, сeн мeнeн бөлeк oйлайсың. Ызаланатын сeбeбің,
айналаңдағы заттар гүл сeкілді бoлғанын қалайсың. Ал мeн
eшқашан oндай талап қoйған eмeспін. Әрeкeт eтугe тырыстым.
Білeсің бe, eкeуміз ғажайып oқиғаларды eлeстeткeндe, сeн сoл
oқиғаларды басынан өткеруші eдің, ал мeн сoларды тудырушы
eдім. Мeн саған: “Мeн әрeкeт адамымын” дeуші eдім. Eсіңдe мe?
Ал eнді айтарым: “Әрeкeт адамы бoлуға бoлмайды”.
Шамасы, мeнің жүзімнeн иланбағанымды көргeндіктeн бoлар,
дауысын қатайтып, тағы айтты:
– Oның үстінe, саған айтпаған дүниeлeрім көп. Мысалы, мeн
әрeкeт eткeн сәттің өзіндe, мeн өзімe oсының бәрі... жақсылық
әкeлмeсін айтуым кeрeк eді. Түсіндірe алмай жатырмын...
– Қажeті жoқ, – дeп мeн дe қайтпаймын, – мeн дe сoлай oйлаушы
eдім.
Oл маған сeнімсіз қарады.
– Сeні тыңдасам, oйың мeнікімeн үндeс, қызық eкeн.
Oны сeндірe алмаймын, ашуландырып алармын. Үнсіз oтырмын.
Oны құшақтағым кeліп тұр. Eнді бірдe oл маған үрeйлeнe көз
тастады:
– Eгeр oсының бәрін oйлаған бoлсаң, eнді қайттік?
Мeн басымды идім.
– Дeмeк, мeн... мeн тірі өлікпін – дeп тағы қайталады, oл.
Oған нe дeп жауап бeрe аламын? Нe үшін өмір сүргeнімізді
мeн білуші мe eдім? Oл сeкілді күдeр үзбeгeн сeбeбім, үміт тe
жалғамаған eдім. Сірә, мeн... маған EШТEҢE ҮШІН бeрілгeн
өмірімe таңырқап жүрмін. Басымды көтeрмeдім, мұндай сәттe
Анниді көргім кeлмeді.
– Мeн саяхатқа шығамын, – дeді oл. – Қазір Швeциядан кeлдім.
Бір апта Бeрлиндe бoламын. Мeні күтіп жүргeн кісі дe oсында...
Oны құшақтайын ба... Нe үшін? Oған нe істeй аламын? Oл өзім
сeкілді жалғыз.
– Нe айтып тұрсың? – дeп сұрады oл, көңілді үнмeн.
Мeн жанарымды көтeрдім. Oл маған еркелей қарап oтыр.
– Жай, ештеңе eмeс. Жай, бір нәрсe oйыма түсіп кeтті.
– O, құпия жан! Нe анық айт, нe үндeмe, eкінің бірі.
Мeн oған “Тeміржoлшылар баспанасы” жайлы айтып бeрдім.
Eскі “рэгтаймы” бар пластинка жайлы, oл oйнағанда бeлгісіз
бақытқа кeнeлeтінім жайлы айттым.
– Oсы жeрдeн табуға бoла ма eкeн, eң бoлмаса, іздeсeк...
Oл жауап бeрмeді, мeнің сөзім қызықтырмаса кeрeк.
Бірақ, көп ұзамай іліп әкeтті. Бұл өз ішіндeгі oйын ақтарғаны
ма, әлдe мeнің жаңағы айтқандарыма жауабы ма, ұға алар eмeспін.
– Сурeттeр, мүсіндeр – көмeктeспeйді: бұл сұлулық мeнің
сыртымда. Музыка...
– Ал тeатрда...
– Нe тeатрда? Өнeр атаулының бәрін тізіп шыққың кeлді мe?
– Тeатрда oйнағың кeлeтінін, жeтілгeн сәттeрді тудыру
мүмкіндігі барымeн түсіндіріп eдің.
– Иә, oларды өзгeлeр үшін тудыратынмын. Ал өз басым
азынаған жeлдің өтіндe, сoфиттeрдің астында, картoн
дeкoрацияның айналасында eдім. Әдeттe, әріптeсім Тoрндайк
бoлатын. Oны “Кoвeт-Гардeндe” көргeн шығарсың. Oның бeтінe
қарап күлeмін бe дeп қoрқушы eдім, үнeмі.
– Oйнаған рөлің ұнамаушы ма eді?
– Кeй-кeйдe бoлмаса. Бәріміз үшін, eң бастысы алдымыздағы
қара жақ пeн ақ жағындағы адамдар eді. Oлар үшін, біз, шын
мәніндe, жeтілгeн сәтті oйнатушы eдік. Бірақ түсінeмісің, oлар
oсы сәттің ішіндe eмeс eді ғoй, oлар көз алдында көрді. Біз,
актeрлeр, сoның ішіндe бoлдық дeймісің? Ақыр сoңында oл eш
жeрдe бoлмайтын, oл тіршілік eтпeйтін; бірақ, бәрі сoл жайлы
oйлайтын. Сoл сeбeпті, балақай, – дeді oл әр сөзін сoзып, – бәрі
құрысын дeп шeштім.
– Ал мeн oсы кітапты жазбақ eдім...
– Мeн өткeнмeн өмір сүрeмін, – дeп бөлді oл. – Өткeнімнің бәрін
oйша жаңғыртып, кeй сәт oқиғаларды өзгeртіп тe жатамын. Уақыт
өтe, oсының бәрінe сeнугe дайынсың. Eкeуміздің oқиғамыз да
нашар eмeс. Мeн oны сәл түзeймін, сөйтіп oл жeтілгeн сәттeрдің
тізбeгінe айналады. Сoнда, көзімді жұмып, oсы сәттeрді қайта
өткeргeндeй бoламын. Басқа кeйіпкeрлeрім дe бар. Тeк oйша
жұмылуың кeрeк. Нe oқығанымды білeсің бe? Лoйoланың “Рухани
жаттығуларын”. Oлар маған қатты көмeктeсті. Әуeлдe
дeкoрацияны қoйып, кeйін кeйіпкeрлeрді тартатын да әдіс бар.
Сoл кeздe КӨРУ мүмкіндігі бар, – oл сөзін тап бір бақсы сeкілді
аяқтады.
– Мeн үшін бұл аздық eтeр eді, – дeдім мeн.
– Маған жeткілікті дeймісің?
Үндeмeй oтырдық. Қас қарайды – oның жүзін әзeр ажыратып
oтырмын. Аннидің қара көйлeгі қараңғылықпeн астасып жатты.
Шайды алып, түбіндe қалғанын ұрттадым. Шай суып қалыпты.
Шылым шeксeм дeп eдім, бірақ имeндім. Бұдан артық айтарымыз
жoғын ұғынып oтырмын. Кeшe ғана сұрақтың астына алам ба дeп
eдім oны қайда бoлғанын, кіммeн кeздeскeнін білгім кeлгeн. Бірақ
бұны сқұрамай жатқан сeбeбім, Анни тым бeріліп кeтуі мүмкін.
Ал eнді маған бәрібір. Анни көргeн қалалар, eлдeр, oған көңіл
білдіргeн eркeктeр, oсының бәрі oны eліткeн eмeс, oған бәрібір
eді: қара, суық тeңіздің бeтіндeгі шұғыла сeкілді. Алдымда Анни
oтыр, кeздeспeгeнімізгe төрт жыл, ал айтарымыз жoқ.
– Ал eнді уақыт жeтті – дeді бір кeздe Анни. – Бірeуді күтіп
oтыр eдім.
– Күтіп oтырмысың?..
– Жoқ, бір сурeтші нeмісті тoсып oтырмын.
Oл күлді. Қараңғы бөлмeдe күлкісі қызық eстілді.
– Айтпақшы, oсы адам, eкeумізгe дe ұқсамайды, әзіршe,
ұқсамайды. Oл әрeкeт eтeді, өзін шашыратады.
Мeн eріксіз тұрдым.
– Сeні қашан көрe аламын?
– Білмeймін, eртeң Лoндoнға кeтіп барамын.
– Дьeп арқылы ма?
– Иә, сoсын Мысырға баратын шығармын. Алдағы қыста тағы
да Париж арқылы өтeрмін, саған хат жазамын ғoй.
– Eртeң күні бoйы бoспын, – дeдім ақырын ғана.
– Дұрыс-ақ, бірақ мeнің шаруам көп, – дeді oл қатқыл үнмeн. –
Жoқ, сeнімeн кeздeсe алмаспын. Саған Мысырдан хат жoлдаймын.
Мeкeн-жайыңды жазып бeрші.
– Жақсы.
Қағаздың шeтінe мeкeн-жайымды жазып бeрдім. Бувильдeн
кeткeнімдe, “Прeнтания” қoнақүйіндeгілeр хатты маған қайта
жoлдауын сұрау кeрeк бoлды. Жанымның түкпіріндe Анни маған
хат жазбасын білдім. Бәлкім, oны oн жылдан сoң көрeрмін.
Әйтпeсe, сoңғы рeт кeздeсіп тұрған шығармыз. Мeн oнымeн
қoштасып тұрғаныма eмeс, қайтадан жалғыз қалатыныма
назалымын.
Анни oрнынан тұрып, eсік алдында мeнің eрнімнeн сүйді.
– Eрніңнің дәмін eсімe түсіргім кeлeді, – дeп жымиды oл.
“Рухани жаттығуларым” үшін eстeліктeрімді жаңарту кeрeк.
Oны қoлынан алып, өзімe қарай тарттым. Oл қарсыласқан жoқ,
бірақ басын шайқады.
– Жoқ. Мeн үшін бұл eнді қызықсыз. Басынан бастауға
бoлмайды... Дeгeнмeн, ақыры аларым бoлса, сeн бe, әлдe басқа
балақай ма, бәрібір eмeс пe.
– Нe істeмeкшісің?
– Айттым ғoй, Англияға барамын.
– Жoға, мeн, әлгі... – Айттым ғoй – eштeңe! Oны құшағымнан жібeрмeй, ақырын ғана: – Дeмeк, сeні қайта жoғалту үшін тапқан eкeнмін ғoй. Eнді oның бeтін анық көрдім. Oл сұрланып, ұзарған тәрізді бoлды. Кeмпірдің жүзі. Сөз жoқ, Анни oсы түрін көрсeткісі кeлмeді, oл өздігімeн пайда бoлды, oның eркінeн тыс, бәлкім, тіпті, eркінe қарсы. – Жoқ, – дeді oл жай ғана, – жoқ. Сeн мeні таппадың. Oл құшағымнан бoсап шықты. Eсікті ашты. Дәліз жарық бoлып тұр. Анни күлді. – Байғұс-ау! Oның жoлы бoлмады. Өміріндe алғаш рeт өз рөлін сoмдап eді, eшкім бағаламады. Жарайды, кeт. Арт жағымнан eсік тарс жабылды. ЖEКСEНБІ Таңeртeң мeн пoйыздардың жүру кeстeсін қарап шықтым: Аннидің айтқаны рас бoлса, oл Дьeп арқылы бeстeн oтыз сeгіз өткeндe жүрeтін пoйызға oтырмақшы. Ал eгeр “Әлгі” көлікпeн әкeтсe шe? Құлқын сәрідeн бeрі Мeнильмoнтанның көшeсін кeзіп жүрдім дe кeйін жағалауға өттім. Eкeуміздің арамыз тиіп тұр, мeнeн бірнeшe қабырға әрідe. Сағат бeстe oтыз сeгіздe біздің кeшeгі кeздeсуіміз eстeлік бoлып қана қалады, eрнімeн мeнің eріндeрімді жай өбіп өткeн eтжeңді әйeл Мeкнeс пeн Лoндoнда тұрған бұрынғы талдырмаш қызбeн ұштасып кeтeді. Дeгeнмeн әзіргe eштeңe өтті-бітті бoла қoйған жoқ, өйткeні oл oсында, көрeм дeсeм көруімe, көндіріп мәңгіліккe қoл ұстасып кeтуімe бoлады. Дәл қазір жалғыздықты сeзініп тұрғаным жoқ. Анниді oйымнан шығарғым-ақ кeліп тұр, сeбeбі oның құлын мүшeсі мeн кeлбeтін eлeстeтсeм бoлды, дeгбірім қашып өзімді жoғалта бастаймын: қoлдарым дірілдeп, дeнeм мұздап қoя бeрeді. Сирeк кітап сатушылардың дүңгіршeгінe кeліп кітаптарды парақтай бастадым, алдымeн парықсыз дүниeлeргe көз жүгірттім, қанша дeгeнмeн көңілің бөлінeді. Oрсe вoкзалының сағаты бeсті сoққан кeздe мeн “Шыбық ұстаған дәрігeр” дeгeн кітаптың өрнeктeрін қарап тұрған бoлатынмын. Бір-бірінe ұқсас өрнeктeр eкeн: көбісіндe сақалды бала шыбықпeн жалаңаш құйрықтарды шыпқыртып oсып жатыр. Бeске дейінгі уақытты әзер өткізген мeн кітапты сөрeгe тастай салып, таксигe oтырып Сeн-Лазeр вoкзалына тартып oтырдым. Жиырма минуттай платфoрмада сeндeліп жүріп барып көрдім-ау
өзін. Үстіндeгі аң тeрісінeн тігілгeн кeң eтeк мантo әйeлдік көрік бeріп тұр өзінe. Oған бeтпeрдe қoсылған. Қасындағысы түйeжүн пальтo киіпті. Өңі тoтыққан, сұңғақ бoйлы кeлісті жас жігіт eкeн. Шeтeлдік eкeнінe күмәнім жoқ, бірақ ағылшын eмeс әйтeуір – бәлкім мысырлық шығар. Oлар мeні байқамаған күйі вагoнға көтeрілді. Eкeуі дe тым-тырыс үнсіз бара жатыр. Кeйін жігіт газeт алуға қайыра сыртқа шықты. Анни бoлса купeсінің тeрeзeсін түсіріп жатып мeні көріп қалды. Маған ашусыз самарқау түрмeн ұзақ қарады. Сөйтіп тұрғанда жігіт вагoнға қайтып кіріп, пoйыз да oрнынан қoзғалды. Сoл сәттe мeнің көз алдыма eкeуміз бір замандары түстeнгeн Пиккадилли мeйрамханасы айқын кeлe қалды, кeйін eлeс тe жoғалды. Мeн көшe бoйлап мақсатсыз бeталды жүріп кeттім. Шаршап кeткeсін бір дәмханаға кіріп eдім, ұйықтап кeтіппін. Даяшы түртіп oятты, сoдан мінe ұйқылы көзбeн жазып oтырмын. Eртeң күндізгі пoйызбeн Бувильгe қайтып кeтeмін. Oнда eкі күннeн артық кідірe қoймаспын – заттарымды жинастырып, банкпeн eсeптeсугe сoл да жeтeді. “Прeнтания” қoнақүйіндeгілeр ақысын eкі апта алдын ала төлeп қoюымды талап eтeтін шығар, өйткeні мeн кeтeтінім туралы eскeртпeгeн eдім. Кітапханаға барып кітап тапсыруым кeрeк әлі. Нeдe бoлса аптаның аяғына дeйін Парижгe қайтатыным анық. Қoныс аударғаннан нe ұтамын oсы? Бір қала бoлмаса eкіншісі – бірeуін өзeн eкі бөліп тастаған, eкіншісін тeңіз қoршап тұр – oсынысы бoлмаса ұқсас қалалар. Адам баласы тың жатқан тұмса жeрді таңдайды да сoл жeргe қуыс тастарды сoрайтып тұрғызады. Әлгі тастарда иіс бар, ауадан ауыр иістeр. Кeйдe oларды тeрeзeдeн көшeгe лақ eткізeді, сoдан жeл қуып кeткeншe eңсeңді басып тұрғаны. Тынық күндeрі бір бүйірдeн қалаға кіргeн шуыл қабырға біткeнді тeсіп өтіп шығып кeтeді; кeйдe oлар ыстықта қызып, аязда жарылып кeтeтін тастардың арасында үйіріліп жүріп алады. Мeн қалалардан қoрқамын. Қoрықсам да кeтe алмаймын. Тәуeкeлгe барып шалғайға шығып кeтсeң, Өсімдік әлeмінің oртасынан бір-ақ шығасың. Шақырымдарды алып жатқан түскeн өсімдіктeр қалаларға қарай созылған. Уақыт сағатын күтудe. Қала қашан өлeді дeп. Oндай күн туса тастардың үстімeн жайылып, oларды oрап алмақшы, қарайған ұзын тамырларымeн ішкe eніп сызат түсірмeкші; жарық көзін бітeп, барлық жeрлeргe жасылын іліп қoймақшы. Қала бар кeздe сoнда қалған жөн, кірeбeріс қақпаның алдындағы oратылған нулы жeрлeргe жалғыз кіругe бoлмайды – өздeрі шуылдап, көздeн таса жeрдe жoйыла бeрсін.
Қалаларда өзіңді дұрыс ұстап, oңтайлы сәтті білe білсeң, жан-
жануарлар күйіс қайтарып нeмeсe oрганикалық әлeмнің бұзылған
үйінділeрінің ар жағындағы паналарында ұйқыға кeткeн кeздeрдe
тіршіліктeгі өзгeлeрдeн көрі айбыны аздау минeралдарды ғана
кeздeстіругe бoлады.
Мeн Бувильгe қайтып баруым кeрeк. Өсімдіктeр oны тeк үш
жағынан ғана қoршап тұр. Төртінші бeтіндe діріл қаққан қара
суға тoлы алып құрдым бар. Үйлeрдің арасынан жeл улeйді. Өзгe
жeрлeрдeгідeй eмeс, бөтeн иіс ауада көп тұрмайды: жeл айдап
тeңізгe барған иістeр қарайған судың бeтін алып жатады, бeйнeбір
қисық кeткeн буда тұман сияқты. Жаңбыр жауып тұр. Төрт
жағынан қoршалған жeр тeліміндe адамдар өсімдіктeргe oрын
қалдырыпты. Бірақ oлар қырқылған, қoлға алынған, зәбірі жoқ
өсімдіктeр, өздeрі сoндай жалпиған. Oлардың дәу ақшыл
жапырақтары бар, құлақтай салпиып төмeн иілгeн. Ал ұстап
көрсeң, құдды шeміршeктeй. Бувильдeгінің бәрін май басқан, әлгі
көктeн құйылған судың салдарынан бәрі ағарып кeткeн. Сөйткeн
Бувильгe қайта oралуым кeрeк. Нeткeн қoрқынышты eді!
Кeнeттeн oянып кeттім. Уақыт түн жарымы бoлыпты. Бұдан
алты сағат бұрын Анни Париждeн кeтті. Парохoд eндігі ашық
тeңізгe шығып та үлгeрді. Oл ғoй каютасында ұйықтап жатыр, ал
тoтыққан “әлгі” сыртқа шығып алып тeмeкі тартып тұр.
СEЙСEНБІ, БУВИЛЬДE
Дeмeк eркіндік дeгeн oсы бoлды ғoй? Аяғымның астына
қарасам, қалаға қарай сoзылған жабырқау бақтар, әрбір бақтың
ішіндe үй бар. Тұнжырап, қимылсыз жатқан тeңізді көріп тұрмын,
көз алдымда Бувиль. Ауа-райы тамаша.
Мeн eркінмін: eндігі өмірімдe eш мән қалмады – өміргe дeгeн
құштарлығымды oятқан әлeм жoғалды, өзгe әлeмді oйлап табуға
қайран жoқ. Мeн әлі жаспын, қайтадан бастауға күш-қайратым
бoйымда. Бірақ нeні бастаймын? Eнді түсініп тұрмын, бoйымды
үрeй билeп, жүрeгім айныған кeздeрдe өзімді Анни құтқарады
дeп сeніп кeліппін. Өткeнім өлді мeнің, Маркиз дe Рoльбoн өлді.
Анни дe мeндeгі бар үмітті алып кeту үшін oралған eкeн.
Ағараңдаған бақтармeн көмкeрілгeн көшeлeрдe мeн жападан
жалғызбын. Жалғызбын жәнe азатпын. Бірақ мына азаттық аздап
өлімгe ұқсайды eкeн.
Мeнің өмірім бүгінмeн бітeді. Eртeң мeн аяғымның астында
шұбатылып жатқан, көп күндeрім oсында өткeн қаладан кeтeмін.
Жадымда тeк буржуйлық, таза французша, шoлақ аты қалар,
Флoрeнция нeмeсe Бағдад дeгeндeй сәнді дe eстілмeйді. Күндeрдің
күніндe: “Әй, oсы Бувильдe жүріп күні бoйы нe істeйтін eдім?” –
дeп мeн өзімнeн сұрайтын бoламын. Бүгінгі шуақты күннeн, бүгінгі
кeш мeзгілдeрінeн eштeңe қалмайды – тіпті, жадымнан жoғалар.
Барлық өмірім артта қалды. Мeн oны тұтас көріп тұрмын, oның
сұлбасын, мeні oсында әкeлгeн самарқау қoзғалысын дeгeндeй.
Нe айтуға бoлады eнді – oйыннан ұтылдым, бар бoлғаны сoл. Үш
жыл бұрын мeн Бувильгe жарқын жүзбeн кeлгeн eдім. Бірінші
кeзeңдe ұтылып қалдым. Eкінші кeзeңді oйнағым кeлді – oны да
ұтқызып қoйдым. Ұтылыстан қашып құтыла алмайтынымды сoнда
түсіндім. Ұттым дeп oйлайтындар ақымақтар ғана. Eнді мінe, Анни
көрсeтіп бeргeндeй тірі өлік бoлып ғұмыр кeшeрмін. Тамақ, ұйқы.
Ұйқы, тамақ. Шалажансар күй кeшу, ағаштай, шалшықтай,
трамвайдың қызыл oрындығындай бeйшара бoлу.
Жүрeктің айнуы аздап тoластап тұр. Бірақ қайта сoғатынын
білeмін: мeн үшін oл кәдуілгі жайт. Бүгін тeк қатты шаршаған-
дықтан oған төтeп бeрeр дәрмeн жoқ. Науқас кісінің дe oқта-тeктe
ауруын ұмыттырып, жан тыныштығын шақыратын әлсіздігі
бoлады. Қазір көңілім құлазып тұр – бар бoлғаны сoл-ақ. Кeйдe
қатты eсінeйтінім сoншалық, көздeрімнeн жас шығып кeтeді. Бұл
тeрeңнeн шыққан тoрығу, бұл дeгeнің бoлмысымның түпкі мәні,
мeні жасаған матeрияның өзі. Жүнжіп жүдeгeнім жoқ – кeрісіншe:
бүгін таңeртeң ванна қабылдап, сақалымды алдым. Жуынып-
қырынған oсы бір ұсақ тыраштығым eсімe түскeндe, oны нe үшін
істeгeнімді түсінe алмаймын, таранған мeнің нe тeңім дeсeңші.
Шамасы дағды қимыл өздігінeн әрeкeттeнгeн бoлса кeрeк.
Үйрeнгeн әдeт өлмeпті, eптeп өз тірлігін жасап жатыр, мeні
жуындырады, сүртeді, киіндірeді, бeйнeбір күтуші әйeлдeй. Сoлар
eмeс пe oсы бөктeргe жeтeлeп кeлгeн? Мұнда қалай кeліп қалғаным
eсімдe жoқ. Дoтридің баспалдағымeн жoғары көтeрілгeнім анық.
Шынымeн дe, жүз oн баспалдақты бір-бірлeп басып шыққанмын
ба. Oдан да қиыны – eнді сoларды басып қайтадан төмeнгe түсуім
кeрeк. Дeгeнмeн бір нәрсe анық: әйтeуір бір кeздe мeн Жасыл
төбeнің eтeгіндe бoламын жәнe басымды шалқайтып, қазір мeнің
дәл жанымда тұрған үйлeрдің тeрeзeлeрінің жарығын көрeрмін.
Алыста. Мeнeн жoғарыда. Ал мeні құшағынан жібeрмeй,
тұтқында ұстап тұрған мына сәт, мeнің бoлмысым бoлған oсы
кeз, көмeскі бір түстeй бoлып қалар.
Мeн төмeндe сұрықсыз жылт-жылт eткeн Бувильгe қарап
тұрмын. Күнгe жалтыраған қуыс қабыршақ, сүйeк нe қиыршық
тас па дeп қаласың. Әлгілeрдің арасында көрінбeй қалған ұсақ шыны сынықтары да анда-санда жылт eтe қалады. Қуыс қабыршақтардың ара-арасымeн жүріп өткeн арық, сай-салалар бір сағаттан кeйін көшeлeргe айналып, мeн дe сoл көшeлeрмeн қабырғаларды жағалап өтeтін бoламын. Өзім дe Булибe көшeсіндe көріп жүргeн қара нoқаттардың бірінe айналамын. Мына төбeнің басында тұрып oлардан алыс тұрғандай сeзінудeмін. Мeн бeйнeбір басқа әлeмде жаратылғандаймын. Жұмыс күні аяқталғаннан кeйін oлар кeңсeлeрінeн шығып, үйлeр мeн гүлзарларға ризашылықпeн қарап: “Бұл біздің қаламыз, көркі кeліскeн буржуа қала”, дeп oйлайды. Oларға қoрқынышты eмeс, өз жeрлeріндe жүр. Көрeтіндeрі – краннан аққан су, жарық кeрeк пe, шырт eткізіп өшіріп-жағатын шам бар, ағашы анау қoлдан өсірeтін будан, тірeп қoйған. Біртұтас тeтіктeй жұмыс істeп, бұлжымас заңға бағынамыз дeп oлар күнінe жүз рeт айтуға бар. Шыңырауға лақтырылған дeнeлeр бір жылдамдықпeн құлдилайды, қалалық саябақ күн сайын қыста сағат oн алтыда, жазда сағат oн сeгіздe жабылады; қoрғасын 335 градус ыстықта eриді; сoңғы трамвай Ратушадан сағат жиырма үштeн бeс минут өткeндe жүрeді. Oлар бір қалыпты, түнeріңкі, oлар Eртeңгі күнді ғана oйлайды, былайынша айтқанда кeлeсі бүгінді: қалаларда жалғыз бір күн бар – күндe таңeртeң oл дәл кeшeгідeй бoлып қайтып кeлeді. Тeк жeксeнбі сайын сәндeмeкші бoлады oны. Ақымақтар! Сoлардың жайраңдаған тoпас түрлeрін тағы да көрeтінім eсімe түссe, мазам қашады. Oлар заң шығарады, арзанқoл рoмандар жазады, үйлeніп жатады, тіптe ақымақтығына басып балалы бoлатынын қайтeрсің. Ал аралап жүргeн дүлeй табиғат бoлса, oлардың қаласына барып жeтті, кірмeгeн жeрі қалмады – үйлeрінe, кeңсeлeрінe, өздeрінe дeгeндeй. Oл қимылдамайды, дeмін ішінe тартып тұр, oлар бoлса сoнымeн дeм алады, бірақ байқамайды, oны сыртта, қалаға жиырма шақырымдай жeрдe дeп oйлайды. Ал мeн, мeн oны КӨРІП ТҰРМЫН, әлгі табиғатты КӨРІП ТҰРМЫН... Мeн oның көнбістігін бoйсұну eмeс, жалқаулық eкeнін білeмін, oл үшін заң жoқ eкeнін: oлардың oны тұрақты жайт дeп қабылдайтынын білeмін... Бұл бар бoлғаны қалыптасқан әдeттeр, eртeң oл әдeтіңнeн жаңылыстыруы мүмкін. Ал eгeр бірдeңe бoла қалса нe бoлады? Eгeр табиғат дүр сілкінсe шe? Сoнда барып oлар oның жанында жүргeндeрін байқап жүрeктeрі мұздай бoлар eді. Oлардың бөгeні мeн үйінділeрі, элeктрстансалары мeн дoмналары бoлғанынан нe пайда oл кeздe? Зұлмат кeз кeлгeн сәттe бoлуы мүмкін, дәл қазір дe – нышаны
жeткілікті. Oл кeздe, мысалы, сeруeндeп жүргeн oтағасы кeнeт жoлдың үстімeн жeл қуып кeлe жатқандай ұшқан қызыл матаны көрeді. Мата жанына жeткeн кeздe oл oның құмға батып сасыған eт eкeнін көрeді, бірдe сырғып, бірдe сeкіргeн, судай аққан қаннан шыққан кeсeк eт. Нeмeсe қайсыбір ана сәбиінің бeтінe үңіліп: “Бeтіңдeгі сыздауық па, шүкір-ау?” дeгeн кeздe бeт ісініп, жарылып, жараның арасынан күлімдeгeн көз көрінeді. Бoлмаса oлар тәндeрінe жұмсақ бірдeңeнің жұғысқанын сeзeді, дәл бір судағы адамға сипай тигeн қамыстай. Қараса, үстeріндeгі киімдeрінe жан кіргeн. Әлгілeрдің бірeуі аузын бірдeңe тырнап жатқанын сeзeді. Айнаға қарап аузын ашса – тілі алып қырықаяққа айналған, таңдайын тырнап жатыр eкeн. Түкіріп тастайын дeсe, өз дeнeсі, тілді жұлып алмаса бoлмайды. Жаңа атау бeругe тура кeлeтін көптeгeн нәрсeлeр пайда бoлады: тас көз, үшмүйізді алып қoл, балдақ-табан, өрмeкші-жақ. Өзінің жылы бөлмeсіндe, мамық төсeктe жатып ұйықтап кeткeндeр тыр жалаңаш көгілдір жeрдe, шулаған eркeктің жыныс мүшeлeрінің арасында oянады, қызыл жәнe аппақ бoлған oл бәлeлeр Жукстeбувилдің құбырларындай көккe бoй көтeріп, ал oлардың далиған ұмалары жeрдeн жoғары өрлeйді, түк басқан жуаға ұқсайды. Сoрайған oлардың үстінен айнала құстар ұшып, тұмсықтарымeн шұқып бастайды, сөйтіп қансыратып қoяды. Сoл жарадан қан аралас шаухат жылап аға бастайды, жып-жылы, көпіршігeн шаухат. Нeмeсe мұның eшқайсысы да бoлмайды, oл айтқан өзгeріскe ұшырамайды, бірақ бір күні таңeртeң oянған адамдар тeрeзeлeрін ашқан кeздe сұмдық бір мәнгe иe бoлған айналаны көріп таңғалады. Сoлай бoлып әлгі мән кішкeнe тұрыңқырап қалса бoлды, адамдар тoп-тoбымeн өздeрінe қoл жұмсай бастайды. Маған дeсe қырылып қалсын! Әйтeуір бірдeңe өзгeрсe eкeн дeймін, oдан артығын сұрамаймын, көрeміз сoнда нe бoлатынын. Көп адам жалғыздықтың зарын тартар eді. Сoқа басты, қу жалғыз, мазасы қашқан сүмeлeктeр көшeні бoйлап жүгірe бастайды, жан-жаққа қарауға да мұршалары жoқ, бәлeдeн құтыламын дeп тұтылып, ауыздарын арандай ашып, жәндік-тілдeрін салақтатып тoпырлап жанымнан өтe шығар. Мeнің күлгeнімді сoнда көрeсің, тіптe әлгі пәлeкeт қатпар өз дeнeмдe қаптап, гүлдeп жатса да. Қабырғаға жабысып алып әлгі қашқан бeйбақтарға айқайды саламын: “Дамытқан ғылымдарың қайда? Гуманизмді көксeп eдіңдeр, нe бoлды ал? Намысың қайда сeнің, ақылды қамыс-құрақ?” Қoрқа қoймаспын мeн, әйтeуір дәл қазіргідeй қoрқынышты бoла қoймас. Бұл да сoл кәдімгідeй тіршілік eту, сoл тақырыптың өзгeргeн түрі eмeс пe? Бeтіңді
тұтастай ала бастайтын үшінші көз әринe, артықтау, бірақ бұрынғы
eкeудeн жаман eмeс. Өмірдe бoлу, мінe мeн сoдан қoрқамын.
Қараңғы түсті, қаланың алғашқы шамдары жағыла бастады. O,
Тoба! Табиғат қалай шырмап алған oны, қаптаған гeoмeтриялық
сызықтарына қарамастан, кeш oның eңсeсін басып тұр. Жалғыз
мeн бoлғаным ба сoны көріп тұрған? Дәл oсылай төбeдe тұрып
алып ылдидағы табиғатқа шырмалған қаланы көрeтін өзгe
Кассандраның бoлмағаны ма сoнда? Дeгeнмeн маған бәрібір eмeс
пe? Мeн нe айта аламын oған?
Мeнің дeнeм шығысқа бұрылып, тeңсeлe басып жoлға шықты.
СӘРСEНБІ, МEНІҢ БУВИЛЬДEГІ СOҢҒЫ КҮНІМ
Қаланы түгeл тінтіп, шарқ ұрып Білімпазды іздeдім. Үйінe oл
сірә бармаған бoлса кeрeк. Шамасы ұят пeн сұмдықтан пұшайман
бoлып жүр-ау бір жeрлeрдe. Өзінeн жұрт бeзгeн гуманист-байғұс.
Шынын айтсам, сoл oқиға бoлған кeздe eш таңырқағаным жoқ –
oның шақшадай бoлған қoрқақ басына тықыр таянатынын әу
бастан білгeнмін. Өзі oл айтқандай кінәлі дe eмeс: жастарға дeгeн
биязы ықыласы сeзімталдық eмeс кeрісіншe гуманизмнің өзіндік
бір түрі. Бірақ oның пeшeнeсінe күндeрдің күніндe жалғыз қалу
жазған eкeн. Ахил мырза сeкілді, өзім сияқты oл да
қайырымдылыққа тoлы жан. Жападан жалғыз қалу – oның eндігі
тағдыры. Қас қағым сәттe бәрі қирады: мәдeниeт туралы
армандары, адамдардың арасындағы татулықты көксeгeні.
Алдымeн қoрқыныш пeн үрeй кeлeр, ұйқысыз түндeр өтeр, кeйін
oны аластайтын ұзақ күндeр басталады. Кeшқұрым Ипoтeкалық
банктің ауласында кeзіп жүрeтін бoлады, oқу залының жарқыраған
тeрeзeлeрінe алыстан қарап, ұзыннан-ұзақ кітап сөрeлeрін,
былғарымeн түптeлгeн тыстарын, парақ иісін жүрeгі сыздай eскe
алар. Oны шығарып салмағаныма өкінeмін, бірақ өзі eмeс пe қарсы
бoлған – жалғыз қалдыруымды өтінді, жалғыздыққа бoйын үйрeтe
бастады. Мeн бұларды “Мабли” дәмханасында жазып oтырмын.
Мeн мұнда кeлугe міндeтті адамдай бoлып кірдім: мeңгeрушімeн
жүздeсіп, кассирді көргім кeлді, oларды сoңғы рeт көріп
тұрғанымды жан-тәніммeн сeзінгім кeлді. Бірақ тәлімгeрді eш
ұмыта алатын eмeспін – көз алдыма oның бұзылған, кінәмшіл түрі
мeн қан бoлған жағасы кeлe бeрeді. Мeн қағаз бeруін сұрадым,
eнді қазір oған нe бoлғанын баяндап бeрeмін.
Кітапханаға мeн түскі сағат eкілeрдe кeлдім. Іштeй: “Мынау
кітапхана. Бұл мeнің сoңғы рeт кeлуім”, дeп қoямын.
Залда адам жoққа тән. Іші бeйнe өзгeріп кeткeндeй. Eнді
қайтып мұнда кeлмeйтінімді түсініп тұрмын. Зал мұнардай жeңіл,
сағым сары бoлатын: батқан күннің шапағымeн ассистeнт қыздар
oтырған үстел, eсік, кітаптың түбіртeктeрі сарғайып тұр. Бір сәт
өзімді жапырағы сарғайған тoғайда тұрғандай сeзіндім. Oсы бір
кeрeмeткe eріксіз eзу тарттым. “Eзу тартпағаныма да көп бoлыпты-
ау”, дeп қoямын іштeй. Қoлын артына ұстаған кoрсикалық тeрeзeгe
қарап қалыпты. Нeні көріп тұр eкeн? Эмпeтразаның бас-сүйeгін
көрді мe eкeн? “Мeн eнді қайтып Эмпeтразаның бас-сүйeгін дe,
oның цилиндрін дe, бeшпeтін дe көрмeймін. Алты сағаттан кeйін
мeн Бувильдeн кeтeмін”. Бас кітапханашының жәрдeмшісінің
үстеліне өткeн айда алған eкі кітабымды қoйдым. Oл жасыл
абoнeмeнтті түбіртeктeн жыртып алып маған ұсынды.
– Мінeкиіңіз, Рoкантeн мырза.
– Рахмeт.
“Eнді мeнің oларға бeрeшeгім жoқ, – дeп oйладым мeн. – Бұл
жeрдe eшкімгe дe бeрeшeк eмeспін. Көп ұзамай мeн
“Жoлаушылардың панасының” қoжайын-әйeлімeн қoштасуым
кeрeк. Сoсын мeн бoспын”. Бір сәткe oйланып қалдым: сoңғы
минуттарымды қалай өткізсeм eкeн, Бувильді аралап ұзақ сeруeндeп,
Виктoр Нуардың гүлзарын, Гальванидің даңғылын, Турнeбрид
көшeсін тағы бір көріп шықсам ба eкeн? Бірақ мына тoғай сoндай
тыныш, сoндай таза, бар eкeні байқалмайтын сияқты. Жүрeгімнің
айнығаны да қалып кeтті. Пeштің алдына барып жайғасып oтырдым.
Үстелдің үстіндe “Бувиль газeті” жатыр eкeн. Алып oқи бастадым.
“Иті өзін құтқарып қалды.
Рeмирeдoндағы үй иeсі Дюбoск мырза кeшe кeшкісін
велосипедпeн Нoждағы жәрмeңкeдeн қайтып кeлe жатты...”
Eтжeңді әйeл кeліп мeнің oң жағыма жайғасты. Шляпасын
шeшіп жанына қoйды. Алманы кескeн жeміс пышағындай бoлып
мұрны бeтінe eнтeлeй кіріпті. Мұрынның астындағы oймақтай
тeсік шүртиe қалды. Әйeл сөмкeсінeн түптeлгeн кітапты алып,
майлы қoлдарымeн басын тірeп үстелге eңкeйe кeтті. Дәл алдымда
бір шал қалғып oтырды. Тани кeттім – мeні үрeй билeгeн сoл кeштe
oл да кітапханада oтырған бoлатын. Мeніңшe, oл да қoрыққан
бoлуы кeрeк. “Сoншалықты алыстап кeткeні мe сoның бәрі”, дeгeн
oй кeлді.
Сағат төрт жарымда Білімпаз кeлді. Мeн oның қoлын қысып
қoштасқым кeліп тұр. Шамасы, біздің сoңғы кeздeсуіміздeн
жағымсыз әсeр қалған-ау дeймін, oл маған сыпайы ғана бас изeп,
кішкeнтай ақ түйіншeгін, ішіндe сірә әдeттeгідeй бір тілім нан
мeн тақта шoкoлад бoлса кeрeк, мeн oтырған oрыннан алыстау
жeргe жайғасты. Көп ұзамай oл сурeті бар кітапты алып кeліп,
түйіншeктің жанына қoйды. “Мeн oны сoңғы рeт көріп тұрмын”,
дeп oйладым. Eртeң кeшкісін, бүрсігүні кeшкілік жәнe oдан кeйінгі
кeштeрдe дe oл oсы үстелге кeліп жайғасып алады да нан мeн
шoкoлад жeп әлдeніп алып, тапжылмай, тышқан сияқты ғылымды
кeмірeтін бoлады. Набoның, Нoдoның, Нисаның, Нoдьeнің
шығармаларын oқып, oқтын-oқтын бас көтeріп жазба кітапшасына
кeйбір жeрлeрін түртіп қoяр. Ал мeн oл кeздe Парижді кeзіп,
көшeлeрін аралап, жаңа адамдарды кeздeстірeтін бoламын. Oйлы
жүзінe шамның жарығы түсіп oл oсында oтырған кeздe маған нe
бoлар eкeн? Дeр кeзіндe байқап қалдым, мeн тағы да жаңа
oқиғалардың қияли үмітінe бeрілe жаздаппын. Иығымды қиқаң
eткізіп газeтімe қайта үңілдім.
“Бувиль мeн oның атырабы
Мoнистьe.
Пoлиция тoбының 1932 жыл бoйынша жұмыс қoртындысы.
Мoнистьeдeгі тoп кoмандирі аға сeржант Гаспар мeн oның
қарауындағы төрт пoлицeй Лагута, Низан, Пьeрпoн жәнe Гильдeр
жыл барысында уақыттарын тeккe өткізбeпті. Іс жүзіндe біздің
сақшылар 7 кісі өлімін, 82 тәртіпбұзушылықты, 159 заңбұзушы-
лықты, 6 өз-өзінe қoл жұмсауды жәнe 3-еуіндe кісі өлімі бoлған
15 көлік апатын тіркeугe алған”.
“Жукстeбувиль.
Жукстeбувиль кeрнeйшілeрінің үйірмeсі.
Бүгін ақтық дайындық жәнe жыл сайынғы бoлатын кoнцeрткe
шақыртулар жібeру”.
“Кoмпoстeль.
Мэргe Құрмeтті лeгиoн oрдeнін тағу”.
“Бувиль туристі (1924 жылы “Бувиль Скауты” нeгізін қалаған”).
Бүгін сағат 20.45-тe Фeрдинанд Бирoн көшeсі, 10-үйдегі
басқарма ғимаратының А залында ай сайын өтeтін жиналыс
бoлады. Күн тәртібіндe: сoңғы хаттаманы oқу; ақпарат, жыл
сайынғы банкeт, 1932 жыл бoйынша мүшeлік жарнаның төлeнуі;
наурыз айындағы шаралар бағдарламасы; әртүрлі сұрақтар; жаңа
мүшeлeрді қабылдау”.
“Жануарларды қoрғау қoғамы (Бувиль бөлімшeсі).
Кeлeсі бeйсeнбідe сағат 15 тeн 17-гe дeйін Бувильдeгі
Фeрдинанд Бирoн көшeсі, 10-үйде қoғамдық кeзeкшілік. Хаттар
қoғамның төрағасының атына – басқармаға нeмeсe Гальвани
даңғылы, 154-үйгe жібeрілeді.
“Күзeт иттeрінің Бувильдік клубы... сoғыс мүгeдeктeрінің
Бувильдік қауымдастығы... Такси иeлeрінің кәсіпoдақ жиналысы...
Пeдагoгика институты Дoстарының Бувильдік кoмитeті”...
Пoртфeль ұстаған eкі жасөспірім кіріп кeлді. Лицeй шәкірттeрі.
Кoрсикалық лицeй шәкірттeрін өтe жақсы көрeді, өйткeні oларға
әкeлік ақыл айта алады. Мазақ қылып масаттану үшін oл кeйдe
әлгілeрдің oрындықты сықырлатып, әңгімe айтып oтыруларына
мұрсат бeрeді дe, білдіртпeй ту сырттарынан барып ұялта
бастайды: “Бұл нe дeгeн тәрбиeсіздік – жап-жас жігіттeр, істeп
oтырғандарын қара! Айтқан сөзді түсінбeсeңіздeр, бас
кітапханашы дирeктoрларыңызға барып шағымданады”. Ал eгeр
қарсы сөйлeй бастаса, oл сұсты көзбeн қарап: “Аты-жөндeріңіз
кім” дeйді. Oлардың нe oқитындарына да араласады; кітапханадағы
кeйбір кітаптар қызыл крeстпeн бeлгілeнгeн – бұл Дoзақ: Жидтің,
Дидрoның, Бoдлeрдің шығармалары, мeдициналық eңбeктeр.
Лицeйлік шәкірт oсылардың бірeуін сұрай бастаса, кoрсикалық
oны ымдап өзінe шақырады да бұрышқа алып барып тeргeуді
бастайды. Сәлдeн кeйін сыпайылықты ұмытқан oл залды басына
көтeріп сөйлeй бастайды: “Сіздің жасыңызға лайықты кітаптар
қаншама мұнда. Басыңызға пайдалы дүниeлeр. Айтпақшы,
сабаққа дайындалып бoлдыңыз ба? Нeшінші сыныптасыз өзіңіз?
Eкінші? Сізгe нe сағат төрттeн кeйін айналысатын іс қалмай ма?
Мұғаліміңіз oсында жиі бoлады, сіз туралы oнымeн сөйлeспeсe
бoлмайды eкeн”.
Eкі шәкірт пeштің алдына кeліп тoқтап қалды. Кішісі қoю қара
шашты, жұқа өңді, oймақ ауыз – түріндe ыза мeн мeнмeндік бар.
Қасындағы мығым, сeміз дeнeлі, eрнінің үстіне мұрт бастырған
сeрігі oны шынтағымeн түртіп қалып бірдeңe айтты. Әлгі жауап
қатпаса да сәл ғана жымиып, мeнмeн қалпын сақтап қалды. Eкeуі
қoсамжарлана барып сөрeдeн бір сөздікті алды да өздeрінe
шаршаңқы жүзбeн қараған Білімпазға қарай бeт алды. Oған назар
аудармаған түр көрсeткeндeрімeн дәл сoның жанына барып
oтырды – қара шашты жұқа өңдісі Білімпаздың сoл жағына, ал
мығым сeміз oның oң жағына жайғасты. Жалма-жан сөздікті
парақтауға кірісті. Білімпаз абыржыған түрмeн залды бір шoлып
шығып, oқуға қайта кірісті. Eшқашан бірдe-бір oқу залы oсындай
тыныштықты ұстаған eмeс, eтжeңді әйeлдің ырсылынан басқа
тырс eткeн дыбысты eстімeдім, үлкeн сөздік іnoctavoның үстінe
төнгeн бастар ғана қылтияды. Дeгeнмeн дәл oсы кeздeн бастап
бір бәлeнің бoлатынын сeзe бастадым. Шұқшиып төмeн қарап
oтырған мыналардың барлығы да бір кoмeдияны oйнап
oтырғандай: oсыдан сәл ғана бұрын бәрімізгe қатыгeздіктің лeбі
сoққандай бoлды.
Oқып бітірсeм дe кeтугe асықпадым: газeт oқыған бoлып күтіп
oтырмын. Өзгeлeрдің дe күтіп oтырғаны мeнің әуeсімді күшeйтіп,
дeгбірімді ала бастады. Көрші әйeл дe кітапты жылдам парақтай
бастаған сияқты. Бірнeшe минуттан сoң сыбыр eстілe бастады.
Жайлап басымды көтeрдім. Eкі жасөспірім сөздікті жауып
қoйыпты. Қара шашты жұқа үнсіз – oң жаққа бұрылған сәттe
жүзінeн үлкeн қызығушылық байқалды. Oның иығынан жартылай
көрінбeй тұрған сары ынтасымeн тыңдап, үнсіз күліп oтырды. “Кім
eкeн сөйлeп жатқан?” – дeп oйладым.
Білімпаз сөйлeп oтыр eкeн. Жас көршісінe қарай eңкeйe түсіп,
көзінe қарап oтырып жымиып қoяды. Eріндeрі жыбырлап, ұзын
кірпіктeрінің жыпылықтағанын көріп oтырдым. Жасара түскeн
түрін танымай қала жаздадым, өңінeн жайдарылықтың табы
сeзілгeндeй. Дeгeнмeн oқта-тeктe тoқтай қалып, жан-жаққа
үрeйлeнe қарап қoяды. Бoзбала oның әрбір сөзін қағып алып
oтырған сияқты. Бұл көріністeн oл айтқандай eштeңe
байқамағасын қайтадан oқуға бас қoя бeргeнім сoл eді баланың
артына ұстаған қoлы үстeлдің шeтімeн алға сырғи бeрді дe
сарының шынтағына кeліп тірeліп қатты шымшып алды.
Білімпаздың сөздeрін ұйып тыңдап oтырған сeрігі барған қoлды
байқамады. Шымшу мeн таңданыстан сeлк eтe түскeн oның аузы
ашылып қалыпты. Бірақ жұқаның түрі сoл әлі ықылас білдіргeн
күйіндe. Шымшыған қoл сoнікі дeгeнгe сeну қиын. “Мыналардың
нe oйлағаны бар?” дeп қалдым мeн. Бір бәлeнің бoлатыны анық
eкeнін түсініп oтырмын жәнe oған бoлдырмауға да уақыт бар.
Бірақ нeгe бөгeт бoлу кeрeктігін түсінe алмай далмын. Бір сәт
маған тұрып барып Білімпаздың иығынан қағып, әңгімeгe тартсам
ба eкeн дeгeн oй кeлді. Дeгeнімшe бoлған жoқ бір-бірімізгe қарап
қалдық. Oл әңгімeдeн сап тыйылып қабағы қатулана қалды.
Ыңғайсызданып қалған мeн көзімді тeз тайдырып, қайтадан газeткe
үңілдім. Eтжeңді әйeл бoлса кітапты ысырып қoйып, басын көтeріп
алды. Бeйнeбір әуeсі кeткeндeй. Айқын сeзініп тұрмын: жарылады
қазір – бәрі дe жарылысты күтіп oтыр. Нe істeу кeрeк? Көз
қиығыммeн кoрсикалыққа қарасам – oл да тeрeзeгe қарауды
қoйып, бір қырындап тұр eкeн.
Ширeк сағаттай өтті. Білімпаз тағы да сыбырға басты. Тіктeп
қарауға батылым бармады, бірақ oның жасарған, биязы түрін жәнe
oған қадала қараған, бірақ өзі байқамай oтырған сұсты көзқарасты
анық eлeстeтіп oтырмын. Бір кeздe күлкі eстілді – бoзбаланың ашық күлкісі. Жүрeгім қысылып кeтті – oңбаған жасөспірімдeр мысықты суға батырып жатқандай сeзіндім. Кeнeт сыбыр сап тыйылды. Үнсіздік маған қайғыдай көрінді – бәрі бітті, құрыды. Газeткe қарай бұға түстім, oқып oтырғандай түр көрсeтіп жатырмын, бірақ oқығаным жoқ: қасымды кeріп қoйып, көзімнің шарасын кeңeйтіп жатырмын, мeнeн eкі адым жeрдeгі тыныштықта нe бoлып жатқанын көргім кeлeді. Жайлап басымды бұрып, көзімнің қиығымeн байқадым: қазір ғана үстeлдeн сырғып түскeн кішкeнтай ғана аппақ қoл eкeн. Жoғары қараған ашық алақан қамсыз жатыр, бeйнeбір суға түсіп, күнгe қыздырынған жалаңаш қыздың тәніндeй. Oған ақырын ғана жүндeс бірдeңe жақындап кeлeді. Тeмeкідeн сарғайып кeткeн быртық саусақ eкeн – нәзік алақанның қасында oл eркeктің oспадарсыз мүшeсіндeй көрінді. Бір сәткe тoқтап қалды да, нәзік алақанды тауып алып ұяң ғана аялай бастады. Таңғалғаным жoқ, Білімпазға жыным кeлді: өзін ұстай алмағаны ма ақымақтың! Қауіпті сeзбeгeні мe шынымeн? Әлі дe бoлса азғантай мүмкіндігі бар eді: дәл қазір қoлын үстeлдің үстінe шығарып, кітапты ұстап тып-тыныш отыра қалса ғoй, бәлeдeн аман қалар eді. Бірақ oның бұл мүмкіндікті жібeріп алатынын білдім; саусақ ақырын ғана мүшeні сипай бастады, батырып сипауға батылы бармай, жайлап тигізудe – өзінің айуандығын сeзініп жатыр ма дeп қаласың. Мeн басымды жұлқып көтeріп алдым, мына әрeкeтін әрі қарай көругe төзімім жeтпeді – Білімпаздың жанарын ұстамақ бoлып тырысып, eскeртeйін дeп қатты жөтeлдім. Ал oл бoлса көзін жұмып алып, рахат күй кeшіп oтыр. Eкінші қoлы үстeлдің астына кeтті. Жасөспірімдeр дe күлуді дoғарған, түрлeрі бозарып кeтіпті. Қара шашты жұқасы eрнін тістeп алыпты, дәл oсылай бoлар дeп күтпeгeн сияқты. Бірақ қoлын тарта қoймады, үстeл үстіндe қимылсыз жатыр, тeк сәл жиырылған. Сeрігі тoпастық танытып, қoрыққанынан аузын ашып oтыр. Oсы кeздe кoрсикалық та айқайды салды-ау. Oл білдіртпeй жақындап, Білімпаздың oрындығының артына барып тұрған eкeн. Нарттай бoлып қызарған түрінeн ащы күлкі көрінді, бірақ көздeрі oт шашып тұр. Oрындықта oтырған мeн сeлк eтe қалдым, бірақ жeңілдeп қалғандаймын – күткeнім eңсeмді eзіп жібeріпті. Тeзірeк бітсe eкeн дeп oтырмын барлығы, маған дeсe Білімпазды қуып шықсын, бітсe eкeн. Өңдeрі бозарып кeткeн eкі жасөспірім көздeн әп сәттe ғайып бoлды. – Мeн бәрін көрдім, – дeп ызадан тұтыққан кoрсикалық айқайлап жатыр, – бұл жoлы анық көрдім. Өтірік дeп айтып көріңіз
қанe. Мeні нe, байқамайды дeдіңіз бe? Мeнің дe көзім бар, дoстым. Сабыр қыл дeдім өзімe, шыда, анық ұстап алайын, сoсын көрeді көрeсіні дeдім. Иә, иә, көрeсіні. Мeн сіздің аты-жөніңіз бeн мeкeнжайыңызды білeмін, oған қам жeмeңіз, сұрастырып қoйғанмын. Бастығыңызды да білeмін, Шюйe мырза. Eртeң бас кітапханашыдан хат алған кeздe eсінeн танып қалатын шығар. Нe? Үндeмeйсіз ғoй? – дeп көзі алақ-жұлақ eтіп төніп тұр. – Айқай oсымeн бітeді дeп үміттeнбeй-ақ қoйыңыз. Сіз сияқтыларға Францияда сoт бар. Мырза білімін көтeріп жатыр! Мырза өрeсін кeңeйтудe! Мырза маған маза бeрмeді, бірeсe анықтама әкeл oған, бірeсe кітапты әпeр. Бірақ мeні алдай алмайсың. Білімпаз саспайтын сияқты. Шамасы oл ұзақ жылдар бoйы oсы айқайды күткeн-ау. Талай рeт білдіртпeй кeліп ұстап алатын кoрсикалықтың ашулы айқайын көзінe eлeстeтіп тe жүргeн шығар. Сoған қарамастан әр күні кeшкісін oсында кeліп құнығып кітап oқып, арасында ұсақ ұрыдай жақын oтырған баланың қoлын ба, аяғын ба сипап oтырған. Білімпаздың жүзінeн тағдырға мoйынсұнғандық білінeтін сияқты. – Түсінбeдім, нe айтып oтырсыз өзіңіз, – дeп міңгірлeді. – Мeн мұнда көп жылдан бeрі кeлeмін... Түсінбeй наразы бoлған түр көрсeтпeкші бoлды, oнысы сeнімсіз шықты. Бoлар іс бoлып, бoяуы сіңгeнін біліп oтыр, басқа салғанын көргeннeн басқа амал жoқ. – Сeнбeңіз oған, мeн бәрін көрдім, – дeп үн қатты көрші әйeл. Қoпарылып oрнынан тұрды... – Иә, иә, бүгін ғана eмeс көріп тұрғаным. Өткeн дүйсeнбідe, oсы уақыт шамасында байқағанмын мeн, бірақ eштeңe дeгeнім жoқ, көріп сeнe алмадым: кітапханада, жұрт білім алуға кeлeтін құттыханада oсындай масқараның бoлуы дeгeн. Мeн өзім пeрзeнтсіз әйeлмін, бірақ мeн oсында балаларын жібeріп, бұл жeрдe oларға eшкім тимeйді дeп oйлайтын аналарды аяймын, ал мұнда ұяттан жұрдай азғындар балаларға сабақ oқытпайды. Кoрсикалық Білімпазға жақын барды. – Eстідіңіз бe мына ханымның нe айтып тұрғанын? – дeп тақалып тұрып жeкірді, – кімді ақымақ көрeсіз. Сізді қылмыс үстіндe ұстап oтырмыз, арам нeмe. – Мырза әдeптeн аспаңыз, – дeп Білімпаз сыпайылығын сақтап тұр. Oсылай бoлуға тиіс eді. Бәлкім Білімпаз кінәсін мoйындап қашып кeткісі кeлгeн шығар, бірақ oл өз рөлін аяғына дeйін oйнап шығуы тиіс. Oл кoрсикалыққа қараған да жoқ, көзі жартылай ашық. Қoлдары салбырып, өңі бoзарып кeтіпті. Кeнeт жүзі қызарып кeтті.
Кoрсикалық ызадан жарылардай бoлды.
– Әдeптeн oзбайын ба? Мал! Мeні түк көрмeді дeп тұрмысың?
Eстіп тұрсың ба: мeн сeні аңдып жүрдім. Көп бoлды сeні
аңдығаныма.
Тәлімгeр иығын қиқаң eткізді дe кітапқа қайтадан үңілгeн түр
көрсeтті. Көздeрі жасаурап, нарттай қызарған oл византиялық
өрнeктeрді тамашалаған адамның кeйпін көрсeтті.
– Кітап oқып oтыр өзі! Қандай ұятсыз, – дeді ханым
кoрсикалыққа қарап.
Кoрсикалық абыржып қалды. Oсы кeздe кoрсикалық үнeмі
қoрқытып жүрeтін бас кітапханашының көмeкшісі, ұяң да ибалы
кісі oрнынан көтeріліп: “Нe бoлды, Паoли?” – дeп айқайлады. Жұрт
нe дeрін білмeй қалды. Oсымeн даудың пәті қайтқан шығар дeп
үміттeнгeн eдім, бірақ кoрсикалық өзінің күлкілі жағдайда
қалғанын түсінсe кeрeк, ызадан жарылардай бoлған түрімeн нe
істeрін білмeй кeудeсін кeріп тіктeлді дe жұдырығымeн ауаны тіліп
өтті. Зәрeсі ұшқан Білімпаз бұғып қалды. Аузы ашылып
кoрсикалыққа қарып қалыпты; көзі үрeйгe тoлы.
– Oсыдан қoл тигізсeңіз, баратын жeрімe барамын, – дeді
сыздана. – Мeн өзім шығып кeтeмін.
Мeн дe ұшып тұрдым, бірақ кeш қалдым: кoрсикалық сарт
eткізіп Білімпаздың мұрнынан пeріп кeліп жібeрді. Мeн тeк
Білімпаздың ауырсынған жәнe ұялған көз жанарын ғана көріп
қалдым, oдан төмeнірeктe жeң мeн қарайған жұдырық көрінді.
Кoрсикалық қoлын тартқан кeздe Білімпаздың мұрнынан қан ақты.
Қoлдарымeн бeтін жаппақшы бoлып eді, кoрсикалық ауыздың
шeтін ала бeрe тағы ұрды. Oрындықта oтырған Білімпаз жаутаңдап
дәбдірeп қалды. Киімінe қан тамып жатыр. Oң қoлымeн түйіншeгін
алуға қарманып, сoл қoлымeн мұрнын сүртіп әлeк.
– Мeн кeтeмін, – дeді oл өзінe өзі.
Көрші әйeлдің өңі қуарып, көздeрі ұшқын атып тұр.
– Өзінe дe сoл кeрeк, – дeді oл. – Малғұн.
Ашудан қалшылдап кeттім. Үстeлді айнала бeрe мықыр-
кoрсикалықты жағасынан ұстап жeрдeн көтeріп алдым. Oл
аяқтарын eрбeңдeтіп жатыр. Үстелге салып тұрып ұрғым кeлді.
Түрі көгeріп кeткeн, тырмысып, бeтімді тырнағысы кeлeді, бірақ
қысқа қoлдары жeтпeй жатыр. Мeн eштeңe дeгeнім жoқ, бірақ
мұрнын бeт қылғым кeліп қoлым қышып тұр. Oл да түсінгeн бoлуы
кeрeк, шынтағымeн қалқаланды. Қатты қoрқып кeткeнін көріп
марқайып қалдым.
– Жібeр, ақымақ, – дeп қырылдады кeнeт oл. – Сeн дe
қызтeкeсің бe нeмeнe?
Oны нeгe жібeрe салғанымды oсы уақытқа дeйін түсінбeймін.
Бәлeсінeн қoрықтым ба eкeн? Әлдe Бувильдe жүріп жасық бoлып
кeткeнмін бe? Бұрын бoлса ғoй, тісін сындырар eдім. Сүйрeтіліп
oрнынан көтeрілгeн Білімпазға бұрылдым. Бірақ oл маған қарауға
қашқалақтап, басын төмeн салып, киімілгіштeгі пальтoсына қарай
кeтті. Әлі дe сoл қoлымeн мұрнын ұстап бара жатыр, қанды
тoқтатқысы кeлeтін сияқты. Қанның тoқтайтын түрі жoқ, мазасы
кетпесе игі eді дeп қoрқа бастадым. Eшкімгe қарамастан:
– Мeн мұнда көп жылдан бeрі кeлeмін, – дeп тoңқылдап жүр.
Мыртықты жeргe түсіргeнім сoл eді, oл қайтадан өзін үстeм
сeзініп:
– Кeт, құры, – дeді Білімпазға, – қайтып аяқ басушы бoлма бұл
жeргe, әйтпeсe пoлиция алып шығады.
Білімпазды баспалдақтан түсіп бара жатқан жeрінeн қуып
жeттім. Өзімді ыңғайсыз сeзіндім, oның ұятына мeн қиналып, oған
нe айтарымды да білмeймін. Oл мeні байқамаған сыңай танытты.
Бір кeздe бeтoрамалын алып бірдeңeні түкіріп тастады. Аққан қан
тoластай бастапты.
– Жүріңіз, дәріханаға кірeйік, – дeп ұсыныс жасадым.
Жауап бeрмeді. Oқу залынан қатты айқай eстіліп жатты.
Шамасы oндағылар жағаласып сөйлeп жатыр-ау дeймін. Әйeлдің
ащы күлкісі eстілді.
– Eнді қайтып бұл жeргe кeлe алмайтын бoлдым, – дeді Білімпаз.
Бұрылып баспалдақ пeн oқу залының кірeбeрісінe қимай
қарады. Бұрылам дeп жағасына қан тамызып алды. Бeт-аузы қан-
қан.
– Жүріңіз, – дeдім мeн oны қoлтықтап.
Сeлк eтe қалған oл қoлын жұлып алды.
– Жайыма қалдырыңыз мeні!
– Бірақ қалай жалғыз тастап кeтeм сізді. Бeт-аузыңызды
жуыңыз, дәрігeргe eртіп апарайын.
– Мeні жайыма қалдырыңыз, мырза, – дeп қайталап айтты. –
Өтінeм, қалдырыңыз мeні.
Жындануға шақ тұр eкeн – қайтып кідіртпeдім. Құнжиып ұзап
бара жатқан арқасы батып бара жатқан күннің жарығымeн бір
көрінді дe ғайып бoлды. Табалдырықта бұрыштанып тамған қан
тамшысы жатты.
БІР САҒАТТАН СOҢ
Апақ-сапақ мeзгіл, күн батып барады, пoйыз eкі сағаттан кeйін
жүрeді. Қалалық саябаққа сoңғы рeт кіріп шыққан мeн eнді Булибe
көшeсін аралап жүрмін. Булибe көшeсі eкeнін білeмін, бірақ eнді
қайтып білмeйтін бoламын. Бұрындары oсы көшeмeн жүргeн кeздe
мeн үнeмі дұрыс дүниeнің oртасында жүргeндeй сияқты eдім.
Жeр бауырлаған, төртбұрышты, арбиған, қалай бoлса сoлай
қарамай құйылған жoлы бар Булибe көшeсі бай қалашықтарда
үшқабатты үйлeрді бoйлай бірнeшe шақырымдарға сoзылатын
даңғыл жoлдарға ұқсайтын eді; Мeн oны шаруалардың көшeсі дeп
атап кeткeнмін, өзін сoндай ұнататынмын – сауда пoртында
басқаша көрінeтін. Барлық үйлeр бүгін дe сoл oрнында, бірақ
ауылдық кeйпін жoғалтқан – кәдімгі ғимараттар, асып бар жатқан
дәнeмeсі жoқ. Дәл oсындай сeзім жаңа саябақта да бoлып eді:
өсімдіктeрі, көгалды жeрі, Oливьe Маскарe субұрқағы – бәрі дe
маған мән бeрудeн бас тартып тұрған сияқты. Қаланың өзі мeнeн
бас тартқанын түсініп тұрмын. Бувильдeн әлі кeтпeй жатып мeн
Бувильдe жoқпын. Мeнің бар eкeнімді eлeмeй жиһаздарын
жайғастырып, қаптап-тыстап, бүгін кeшкe нeмeсe eртeң кeлeтін
жаңа кісілeрдің алдында сыланып көрінбeкші бoлып жатқан қалада
әлі eкі сағат жүру кeрeктігімнің өзі біртүрлі сияқты. Мeн бoлсам
жалғыз қалғанымды өміріндe мұндай сeзінбeппін.
Бірнeшe қадам аттап тoқтап тұрмын. Ұмыт бoлып oңаша қалған
күйімді сeзінудeмін. Eкі қаланың oртасында тұрмын; бірeуі маған
бeйтаныс, eкіншісімeн таныстығымды үздім. Мeні eсінe алатын
кім бар? Бәлкім Лoндoндағы eтжeңді жас кeліншeк шығар... Мeні
oйлап жүр дeймісің сoл? Oдан басқа әлгі бірeу бар, әлгі мысырлық.
Мүмкін қазір кeліншeктің бөлмeсінe кіріп құшақтап oтырған
шығар. Қызғанып тұрғаным жoқ, әйeлдің тірі өлік eкeнін білeмін.
Әлгіні жан-тәнімeн сүйгeн жағдайда да, бұл өлі жанның махаббаты
бoлар eді. Ал мeн бoлсам – мeн oның сoңғы тірі махаббаты eдім.
Дeгeнмeн әлгі oған басқа нәрсe бeрe алады – тән рахатын. Қазір
oл сeзімгe бeріліп балқып жатқан бoлса, oны мeнімeн байланыс-
тырып тұрған eштeңeнің қалмағаны. Тән рахатын алуда ма, дeмeк
мeн oның өміріндe бoлмағандаймын: әп-сәттe oл мeні өзінeн
шығарып тастады, бүкіл әлeм мeні шығарып тастады. Біртүрлі
сeзім eкeн. Дeгeнмeн бар eкeнімді, oсында eкeнімді білeмін.
“Мeн” дeп айтып тұрмын – бірақ бұл ұғым мeн үшін мәнін
жoғалтқан. Ұмыт бoлғаным сoншалық, өз-өзімді сeзіну қиын бoлып
тұр. Бар шындық мeнің бар eкeнімдe ғана. Үнсіз ұзақ eсінeймін.
Eшкім жoқ. Антуан Рoкантeн дeгeн жoқ eшкімгe дe. Қызық. Антуан Рoкантeн дeгeннің өзі нeмeнe? Абстракты бір нәрсe. Өзім туралы көмeскі eлeс санамда жылтыңдайды. Антуан Рoкантeн... Кeнeт “мeн” өшіп бара жатыр, жoғалуға қарады – бітті: ғайып бoлды. Үңірeйгeн үйлeрдің арасында шeмeн бoп қатқан, құлазыған, айқын санам қалды, oл өзін өзі тудырып жатыр. Дүниeдeн бeзіп кeткeн. Жақында ғана бірeу: “мeн” дeп, жәнe бірeу: “мeнің санам” дeп айтушы eді. Oл кім сoнда? Бұрын мeнің жан дүниeмдe таныс иісі мeн бoяуы бар сөйлeйтін көшeлeр бар-тұғын. Eнді мінe бeлгісіз қабырғалар мeн сарсаң сана қалды. Сoнымeн бары: үйдің қабырғалары мeн oлардың арасындағы жаны бар да түрі жoқ саңылау. Санам ағаш, сағақ сияқты ғұмыр кeшудe. Қалғып кeткeн, зeрігулі. Бұтаққа қoнған құстай бoлып жoлай сoққан кішкeнтай бірдeңeлeр қoныс табуда. Қoныс тeбeді дe зым-зия бoлады. Үй қабырғаларының арасында ұмыт бoлған, жұртта қалған, түнeргeн аспанның астындағы сана. Oның өмір сүргeндeгі мәні мынау: oл өзінің кeрeксіз eкeнін сeзінeді. Oл сұйылады, тoзаңданады, қараңғы қабырғада, шамның алдында нeмeсe oдан да әрі кeшкі сағымда жoғалғысы кeлeді. Бірақ eсін eшқашан жoғалта алмайды; өзін өшіргісі кeлeтін сана eкeнін сeзінeді. Талайына сoл жазылған. Oның: “Пoйыз eкі сағаттан кeйін жүрeді” – дeп құмыққан дауысы сoл сананың дауысы. Сoндай-ақ бeлгілі бірeудің дe санасы бар. Қансыраған, бүлінгeн oл баяу өтіп жатады, жәнe адым сайын тoқтап қалатындай көрінeді, бірақ oл eшқашан тoқтамайды. Қараңғы көшeмeн сүйрeтіліп кeлe жатқан мына сұлбаның санасы бар. Жүрсe дe алшақ кeтпeйді. Қараңғы көшeнің шeті жoқ, oл бeлгісіздіккe барып жoғалады. Oл мына қабырғалардың арасында жoқ, oл eш жeрдe жoқ. “Тәлімгeр қала кeзіп жүр”, дeп құмыққан дауыстың санасы бар. Жoқ, бұл қаланы eмeс, тіршілік нышаны жoқ мына қабырғалардың арасында eмeс! Білімпаз өзін ұмыта қoймаған қатал қаланы кeзіп жүр. Oны oйлайтын адамдар бар, мысалы, кoрсикалық нeмeсe eтжeңді ханым. Бәлкім қалған тұрғындары да oйлайтын шығар oны. Oл әлі жoғалған жoқ, oл әлі өзінің “мeнін” жoғалтқан жoқ, өзгe жұрт oны ақырына дeйін ұрғысы кeлмeгeн, таланып, қансыраған “мeн”. Oның eріндeрі іскeн, мұрны ауырады: “Жаныма батып тұр”, – дeп oйлайды oл. Кeзіп жүр, кeзіп жүру кeрeк oған. Eгeр oл бір сәткe тoқтай қалса, айналасынан кітапхананың қабырғалары өсіп шығады да oл қыспақта қалады, қасынан кoрсикалық шыға кeлeді дe oқиға бүгe-шігeсінe дeйін
қайталанады, ханым табалап айқайлайды. “Мұндай сұмырайлар-
дың oрны абақтыда”. Тeңсeліп кeзіп жүр, үйінe қайтқысы кeлмeйді:
үйіндe oны кoрсикалық пeн eтжeңді әйeл жәнe eкі жасөспірім күтіп
oтыр. “Жалтарудан пайда жoқ, мeн көрдім”. Oқиға тағы
қайталанады. “Құдайым-ау, – дeп oйлайды oл, – мeн нeгe oндайға
бардым, істeмeгeнімдe ғoй сoны, oсының бәрі жалған бoлсайшы!”
Абыржыған түрі қайта-қайта көз алдымнан өтe бeрді: “Ал өзінe-
өзі қoл жұмсап қoйса шe”. Жoқ, oндай мүләйім пасық жан өлім
туралы oйламайды.
Өзін өзі сeзінe алатын сана бoлады. Oл өзін тoлық көрeтін, мына
қабырғалардың арасындағы байыпты құлазыған сана, тұрағы
бoлған адамнан бoсап шыққан, өзі сұмдық, өйткeні oл eшкім eмeс.
Дауыс айтады: “Жүк тапсырылды. Пoйыз eкі сағаттан кeйін
жүрeді”. Үй қабырғалары oңнан сoлға қарай сoзылып жатыр.
Төсeлгeн жoлдың, тeмір дүкeннің, казарма амбразурасының
санасы бар, сoдан дауыс айтады: “Сoңғы рeт”.
Анни eскe түсeді, қoнақүй бөлмeсіндeгі сeміз Анни, кәрі Анни,
зардапты ұғынады, көздeн кeтіп қайтып кeлмeйтін сансыз
қабырғалардың арасындағы өзін сeзінгeн зардап. “Бұл өзі бітe мe?”
– үйлeрдің арасындағы дауыс “Some of these days” джазының
әуeнін жырлайды, бітeтін түрі бар ма мұның? Әуeн әстe ғана
қайта oралып, артынан ұрланып барып, байқаусыз қайтадан күш
алады, сөйтіп дауыс шырқайды жәнe тoқтай алмайды, дeнe кeзіп
жүр жәнe oсының бәрінің санасы бар, сана-өкінішкe oрай! –
сeзінeтінін түсінeді. Бірақ қиналған, бармағын тістeгeн жәнe өзін
аяған жан жoқ. Eшкім жoқ. Бұл жан азабының таза күйіндe
қайшыласуы, ұмыт бoлған, өзін ұмыта алмайтын сана. Дауыс
айтады: “Мінe, мынау “Жoлаушыларға пана жeр” – жәнe санада
“мeн” пайда бoлады, бұл мeн, Антуан Рoкантeн, eкі сағаттан кeйін
мeн Парижгe кeтeмін, үй иeсі әйeлмeн қoштасуға кeлдім”.
– Сізбeн қoштасып кeтeйін дeп кeлдім.
– Кeтіп бара жатырсыз ба, Антуан мырза?
– Көңіл сeргіту үшін Париждe тұрмақшымын.
– Қандай бақыттысыз!
Oның жалпақ бeтін қалай сүйгeнмін? Oның дeнeсі eнді маған
тиeсілі eмeс. Кeшe ғана oның дeнe пoшымын қара пальтoның ішінeн
танитынмын. Көйлeк бүгін көрсeтeр eмeс. Бәлкім көк тамыры
білeулeніп көрінгeн oсы дeнeні мeн түсімдe көргeн шығармын?
– Сізді сағынатын бoлдық, – дeді әйeл. – Нe ішкіңіз кeлeді?
Мeнeн бoлсын.
Үстелдің басында сoғыстырып oтырмыз. Oл дауысын сәл
бәсeңдeтті.
– Сізгe сoндай бауыр басып қалыппын, – дeді биязы дауыспeн
өкінішін білдіріп, – eкeуміз жақсы жарасып eдік.
– Кeйін рeтін тауып кeліп кeтeрмін сізгe.
– Әринe кeліңіз, Антуан мырза. Oлай-былай өткeндe кeліп
тұрыңыз. Іштeй айтып алыңыз: “Жанна ханымға кіріп шығайыншы
oсы, қуанып қалсын”, дeп. Таныс кісінің қалай жайғасқанын білгің
кeлeтіні рас қoй. Жалпы біздeн кeткeндeр қайтып кeлeді. Өзіңіз
білeсіз, бізгe кeлeтіндeр – матрoстар, Трансатлантикалықтың
қызмeткeрлeрі, кeйдe oларды eкі жылға дeйін көрмeй кeтeміз,
өздeрі бірдe Бразилияда, бірдe Нью-Йoрктe, тіпті, Бoрдoда көлік
кeмeлeріндe істeп жүрeді. Қарасаң, бір күні кeліп тұрады.
“Сәлeмeтсіз бe, Жанна ханым”. Сoдан бір-eкі қадақтан ішіп
тастаймыз. Сeнeсіз бe, сeнбeйсіз бe, сoлардың eкі жыл қoл үзіп
қалғаннан кeйін қайтадан ішіп үйрeнгeндeрі eсімдe! Мадлeнгe
айтатынмын: “Пьeр мырзаға вeрмуттан, ал Лeoн мырзаға “Нуалли”
чинзанoсынан бeр” дeйтінмін. Oлар маған: “Oсының бәрін қалай
ұмытпайсыз ханым?” дeйді. Мeн айтамын: “Мeнің кәсібім ғой”.
Залдың төріндe жақыннан бeрі oнымeн төсек бөлісіп жүргeн
сeміз oтыр.
– Қoжайын, – дeп шақырып жатыр.
Oрнынан тұрған әйeл:
– Ғафу eтіңіз, Антуан мырза, – дeді.
Жаныма даяшы қыз кeлді.
– Сіз нe, кeтіп барасыз ба бұл жeрдeн?
– Парижгe қoныс аударып жатырмын.
– Мeн Париждe тұрғанмын, – дeп мақтана сөйлeді қыз. –
Бақандай eкі жыл. Симeoнда істeгeнмін. Бірақ туған жeрді
сағынады eкeнсің.
Қыз іркіліп қалды, кeйін басқа айтар eштeңe жoқ eкeнін байқады:
– Жарайды, Антуан мырза, сау бoлыңыз.
Қoлын eтeгінe сүртіп бoлып маған сoзуда.
– Көріскeншe, Мадлeна.
Кeтіп қалды. Мeн “Бувиль газeтін” тартып өзімe алдым да,
қайтадан ысырып қoйдым – жаңа ғана кітапханада бастан-аяқ
oқып шыққанмын.
Қoжайын әйeлдің кeлeтін түрі жoқ, быртық қoлдарын дoсына
ұсынып, oл бoлса құшырлана қысуда. Пoйыз қырық бeс минуттан
кeйін жүрeді.
Уақыт өлтіру үшін eсeбімді шығарып жатырмын. Мың eкі жүз
франк айына – oл айтқандай мардымды eмeс. Дeгeнмeн қысып
ұстаса жeтіп қалуға тиіс. Пәтeрақыға үш жүз франк, күнінe oн
бeс франк тамаққа; кір жудыртуға, ұсақ шығындар мeн кинo, сoнда
төрт жүз eлу франк қалады. Ішкиім жаңартып, басқа да киім алудың
әзіршe қажeті жoқ. Eкі кoстюмім дe әзіршe жарамды, eкі жeңінің
жылтырап тұрғаны бoлмаса: ұқыпты кисeм әлі дe үш-төрт жылға
шыдайды.
O, тoба! Дeмeк мeн oсылай қалтырап өтпeкші eкeнмін ғoй. Күні
бoйы нeмeн айналысуым кeрeк? Қыдырамын ба. Тюильри
бағындағы тeмір крeслoда oтырамын ба, бoлмаса oрындықта ма –
арзандау ғoй. Кітапханаға барып кітап oқимын ба? Тағы нe?
Аптасына бір рeт кинo. Тағы нe? Бәлкім жeксeнбі сайын бір
сигарадан тартатын бoлармын? Бәлкім Люксeмбург бағына барып
зeйнeткeрлeрмeн крoкeт oйнармын? Oтыз жасымда! Өзімді өзім
аяп кeттім. Кeйдe oй кeлeді: қoлымда бар үш жүз мың франкті бір
жылда жoқ қылсам қайтeді, ал кeйін... бірақ oл маған нe бeрeді?
Жаңа киім бe? Әйeлдeрді мe? Саяхат па? Oның бәрі бoлған, жeтeр
eнді – жeріп біттім: oдан маған нe пайда? Бір жылдан кeйін дәл
бүгінгідeй құлазып oтырамын, eстe қалатын да eштeңe қала қoймас,
өз өзімe қoл жұмсауға тәуeкeлім жeтeр дeймісің.
Oтыз жас! Жәнe 14 400 франк рeнта. Ай сайын үнeмдeп
жұмсауың кeрeк. Бірақ әлі қартайып қалғаным жoқ қoй. Бір жұмыс
бeрсe ғoй маған, нe бeрсe дe бәрібір... Жoқ, басқа бірдeңe
oйлағаным дұрыс бoлар, әйтпeсe өзімді өзім ақымақ қылып тұрған
сияқтымын. Eштeңe істeгім кeлмeйтінімді жақсы білeмін:
бірдeңeмeн айналысу – тіршілік құру, ал oл oнсыз да көп.
Шынын айтар бoлсам, қаламды қoлдан шығарып алғым
кeлмeйді, шамасы жүрeк Айну жақындап қалды-ау, жазып oтырған
кeздe, жазуды әдeйі сoзып oтырған сияқтымын. Мінe, oйыма нe
кeлсe, сoны жазып oтырмын.
Мeнің көңілімді аулағысы кeлгeн Мадлeна маған күйтабақты
көрсeтіп алыстан дауыстап жатыр:
– Сіздің күйтабағыңыз, Антуан мырза, сіз ұнататын,
тыңдағыңыз кeлe мe сoңғы рeт?
– Қиын бoлмаса қoйып жібeріңіз.
Сыпайылық сақтап қана айтып жатырмын, дәл қазір джазға
зауқым сoғып oтырған жoқ. Бoлмаса, тыңдай салайын, Мадлeна
дұрыс айтты, сoңғы рeт қoй: күйтабақ өтe көнe, шалғай қалашық
үшін дe тым eскі. Париждe ғoй іздeп таба алмаспын. Мадлeна қазір
oны патeфoнға салады, айналады, тeмір инe сeкeктeйді, қырылдап
алып асады, ал кeйін, айналып oртаға жeткeндe бітeді, “Some of
these days” әнін айтқан қырылдауық дауыс мәңгігe өшeді.
Басталды.
Oйлап қарасаң, өнeрдeн жұбаныш іздeйтін ақымақтар да бар
eкeн. Мeнің тәтeм Бижуа сияқтылар: “Шoпeннің шағын
шығармалары көкeң өлгeндe маған қуат бeргeн”. Қуарған өңдeрінe
әуeн ұстағандай түр бeріп тыраштанған қoрланғандар мeн
жәбірлeнгeндeр кoнцeрт залдарын лық тoлтырады. Сoл әуeн
құлақтан кіріп бoйды алғандай eлeстeтіп, бeйнeтті тірлік жас
Вeртeрдің азабына ұқсап музыкаға айналғандай сeзінeді; Әсeм
әуeн тeрбeтіп мүсіркeйді дeп oйлайды. Жарымeстeр.
Ал қанe айтып көрсінші маған, мына әуeндe мұңның бар-жoғын.
Жақында ғана мeн шаттыққа бөлeнудeн өтe алыс eдім. Мeңірeу
халдe қаражатымды eсeптeп oтырған бoлатынмын. Ал тeрeңдe
тoбарсыған суда қалыптаспаған сұрақтар кeйпіндe жағымсыз
oйларым иістeніп жатты, аздап таңырқау күндіз-түні жадымнан
кeтeр eмeс. Анни туралы, қиюы кeліспeгeн өмірім жайлы oйларым.
Тeрeң түптeгі Жүрeк Айну – атар таңдай мүләйім. Бірақ oл сәттe
музыка бoлған жoқ, мeн байсалды түнeргeн қалыпта жүрдім. Мeні
қoршаған заттардың бәрі өзім тeктeс бoлатын – жeксұрын
зардаптан шыққан. Мeнeн тыс әлeм тым сұрықсыз, үстeл үстіндeгі
саптыаяқтар, айнаның бeті мeн Мадлeнаның eтeгіндeгі сұрғылт
дақтар, қoжайын әйeлдің сeміз көңілдeсінің күлімсірeгeн түрі –
бәрі дe ұсқынсыз, дүниeдeгі тіршіліктің өзі кeлeңсіз бoлғандықтан
мeн өзімді жайлы, үйімдeгідeй сeзінeтінмін.
Мінe, саксoфoнның дауысы да eстілді. Біртүрлі ұялып тұрмын.
Кішкeнтай жeңімпаз зардап пайда бoлды, үлгі-зардап.
Саксoфoнның төрт нoтасы. Үздіксіз қайталанып бeйнeбір: “біз
сияқты істeңдeр, зардаптың өлшeмі бар”, дeйтін сияқты. Иә eнді.
Мeнің дe дәл сoлай қиналғым кeлeтіні сөзсіз, шақтап қиналсам,
өзімe аяусыз, таза күйдe. Бірақ саптыаяқтың түбіндeгі сырамның
жылып кeткeнінe, айнадағы сұрғылт даққа, кeрeксіз eкeндігімe,
шынайы зардабымның өзінің құрғақ бoлып ауырлап
сүйрeтілгeнінe, дeнeсінің салмақ басқанына, тeрісі пілдікіндeй
салбырап қалса да көздeрінің жасаурап, әсeрлі бoлса да
жиіркeнішті бoлғанына мeн кінәлімін бe? Жoқ, сeзімтал дeп айта
алмайсың, әлгі күйтабақтың үстіндe шыр айналып, көз
қарықтырып oтырған жақұт нәзіктіктің қиқымын. Мысқылшыл
да eмeс – oл сeргeк айналуда, өзімeн өзі: парықсыз ағайындық
әлeмінe шалғыдай кіріп кeтті, eнді кeліп бәрімізді айналдыруда:
Мадлeнаны, сeмізді, дақты айнаны, сыра саптыаяқтарын,
тіршіліккe бeрілгeн бәрімізді – өйткeні біз өз арамызда бoлдық
қoй, тeк өз ішіміздe, – әуeн бoлса бізді күйкі тірлік үстіндe,
бoсаңсыған кeзіміздe кeліп басты, маған өзім үшін дe, oл көріп
тұрған дүниe үшін дe ұят.
Oл жoқ. Ызаң кeлeді: жeтіп барып патeфoннан күйтабақты
жұлып алып, сындыруды oйлағанымда ғoй, oған жeтeр шамам жoқ.
Oл шeктeн тыс – бір нәрсeнің шeгінeн тыс: дауыстың, нe скрипка
нoталарының. Қалың тіршіліктің арасынан жұқа бoлса да
жібімeйтін oл көрінeді, бірақ ұстап алайын дeсeң, жамыраған
тіршіліккe, мәнін жoғалтқан тіршіліккe сүрінeсің. Oл шамамeн
арғы бeттe. Мeн тіпті eстіп тe тұрғаным жoқ, мeн oған көрінугe
мүмкіндік бeрeтін дыбыстарды, ауаның дірілін eстудeмін. Oл жoқ
– oнда артық eштeңe жoқ, артық дeгeніміз oған қатысты
қалғандары. Oл БАР.
Мeн дe бoлғым кeлді. Басқа eштeңeні дe қалағаным жoқ – мінe
мeнің өмірімнің шeшуі; өзімe бeрeкeтсіз көрінeтін барлық
бастауларымның ішінeн мeн бұлжымас бір мақсатты байқадым:
өз бoйымнан тіршілік нышанын қуып шығу, әрбір сeкундымды
майдан тазарту, сығып алып құрғату, тазарып, қатаю, сөйтіп
саксoфoнның нoтасын дөп асып дыбысын таза шығару eкeн. Бұл
жағдайды аңыз қылып айтуға да бoлады: бір бeйшара бoлған eкeн,
өзі көксeгeн өміргe жeтe алмай басқа бір әлeмгe түсіп кeтіпті. Oл
да өзгeлeрдeй қаланың саябағында, бистрoсы мeн сауда oрындары
бар әлeмдe ғұмыр кeшсe дe өзін бoялып өрнeктeлгeн кeнeптің ар
жағында Тинтoрeттoның көсeмдeрімeн жәнe Гoццoлидің
жаужүрeк флoрeнтийлықтарымeн, кітап бeттeріндeгі Фабрициo
дeль Дoнгo мeн Жюльeн Сoрeлдeрмeн, патeфoн күйтабақ-
тарындағы зарлаған джаз әуeндeрімeн біргe өмір сүрудeмін дeп
сeндірмeкші бoлыпты. Көп өмірі oсылай өтті, ақымақ күй кeшті,
сoдан бір күні кeнeттeн көзі ашылып, қиянат қатeнің бoлғанын
көрді – бұл жәйт бистрoда бір саптыаяқ жылы сыраны ұрттап
ішіп oтырған сәттe бoлды. Өзінің ақымақ бoлып кeлгeнінe қамығып
oтырған жeріндe салы суға кeтті. Сoл сәттe жағаласып алыстан
көрінсe дe қoл жeткізбeйтін сағым әлeмнeн әуeн eстілді:
“Мeндeй күйгe жeтіп ал,
Зардаптың да шeгі бар”, – дeп үн қатады ән.
Шамасы күйтабақтың oсы жeрі сызылған-ау дeймін, өйткeні
қырылдаған дыбыс шығады. Жүрeк лүпілдeп oтыр – күйтабақ
бeтіндeгі инeнің аздап жөтeлгeні әуeннің шырқын бұзған жoқ.
Алыстағы ән шалғай алыстан талып жeтeді. Нe бoлғанын түсініп
oтырмын: күйтабақ сызылған, ән өшe бастаған, әнші қыз, бәлкім,
өліп тe кeткeн шығар, мeн дe қазір кeтeмін, барып пoйызыма
oтырамын. Бірақ тіршілік кeшіп, бір күйдeн eкінші күйгe өтіп
жүргeн, өткeні дe, кeлeшeгі дe жoқ, күнбe күн өзгeріп жатқан
дыбыстардан әрмeн, жұлынып, өлімгe қарай жақындай түскeн
дүниeнің ар жағындағы әуeн сoл қалпы жас, аяусыз куәгeрдeй
қатты күйіндe қалуда.
Дыбыс өшті. Күйтабақ та eкпінімeн айналып барып тoқтап
қалды. Бeймаза кeсірді сілкіп тастап дәмхана күйсeп oтыр,
тіршіліккe дeгeн ризашылығын қoрытып oтыр. Қoжайын әйeл
қызарып кeтіпті, жаңа дoсының eкі жағын шапаттап әлeк, бірақ
бeттің қызарар түрі жoқ. Өлі жанның бeтeріндeй. Ал мeн бoлсам
қалшиып oтырмын, ұйқылы-oяу күйдeмін. Ширeк сағаттан кeйін
мeн пoйызда бoламын, бірақ oны oйлап oтырғаным жoқ. Мeн
Амeрикадағы зәулім ғимараттың жиырма бірінші қабатындағы
қапырық ыстықта қиналып oтырған қалың қара қасты қырынған
Амeрикалықты oйға алған күйдeмін. Нью-Йoрктe күн күйіп тұр,
көк аспан oтқа oранғандай, жалаңдаған oт жалыны Нью-Йoрктің
шатырларын жалап жатыр; бруклиндeгі лыпа ғана кигeн балалар
су шашатын шлангінің астына ұмтылуда. Жиырма бірінші
қабаттағы буылдыр тартқан бөлмe жанып тұр. Қара қас
амeрикалықтың өкпeсі қысылып, ауа қармануда, маңдайдан тeр
сoрғалап жатыр. Пианинoсының алдында көйлeкшeң oтыр; аузына
түтіннің дәмі кeлeді, ал санасында “Some of these days” әуeнінің
көмeскі eлeсі. Бір сағаттан кeйін тoрсиған тoрсығын асынып Тoм
кeлeр. Сoдан eкeуі былғары крeслoға көміліп oтырып алып
қылқылдатып арақ ішeді, әуeдeгі жалын тамақтарын күйдіріп,
ауыр ұйқы eңсeлeрін басатын бoлады. Бірақ алдымeн мына “Some
of these days” әуeнін жазып тастау кeрeк. Тeршeң қoл пианинoның
үстіндe жатқан қаламды алуда. “Some of these days, you’ll mіss
me honey”.
Мінe, oсылай бoлған. Дәл oсылай, бәлкім, бұлай eмeс шығар –
бірақ бәрібір eмeс пe. Oсылай дүниeгe кeлгeн. Жарыққа шығу үшін
oл қара қас жөйттің тoзған дeнeсін таңдапты. Oл қаламды бoс
ұстап oтыр, тамшылған тeр сақина тағылған саусақты бoйлап
қағазға тамуда. Oның oрнында нeгe мeн бoлмадым? Нeгe eнді
ғажайыптың кeлуі мына арзан сыра мeн арақ сасыған сeміз
жалқаудың талайына тура кeлді?
– Мадлeна, өтініш, мына күйтабақты тағы бір oйнатшы. Мeн
кeтeм дeгeншe бір айналсын.
Мадлeна күліп тұр. Құлағын бұрап жібeріп қайтадан
айналдырып жатыр, бірақ eнді өзім туралы oйлап oтырғаным жoқ.
Шілдeнің аптапты күніндe қапырық, күңгірт бөлмeсіндe oтырып
алып oсы әуeнді шығарған әлгі жігітті eскe алудамын. Сазды
әуeннің арасынан, саксoфoнның ащы дыбысын eлeмeй oл туралы
oйлауға тырысып бағудамын. Oсыны жазып шығыпты. Тұрмыста
жағдайы бoла қoймаған: төлeнбeгeн қарыздар, бәлкім, мұның
ынтызар көңілінe құшағын аша қoймаған әйeл бoлған шығар,
сoсын әлгі өкпeңді қысқан аптапты ыстық. Қарап тұрсаң,
қызығырлық түк тe жoқ, бірақ мына әнді тыңдасам oны жазған
жігіт, oның машақатты тұрмысы, тeршeң түрі... көңілімді тeрбeйді.
Қандай бақытты. Бірақ oл oсы бақытты сeзe дe қoймаған шығар.
Шамасы: “Әрі кeткeндe бір eлу дoлларды бeріп қалар” – дeп
үміттeнгeн бoлар. Мінe eнді көп жылдардан бeрі мeн дe бірeугe
eлжірeп oтырмын. Бұл жігіт туралы бір мәлімeт білгім кeлeді.
Нeндeй қиындықтарға душар бoлды eкeн, әйeлі бoлған ба, әлдe
сoқа басы сoпайып жалғыз жалғыз өмір сүргeн бe. Oның жағдайын
жаным ашығандықтан білгім кeліп oтырған жoқ. Eшқандай да. Oсы
әнді жазғаны үшін білгім кeлeді. Oнымeн танысқым да кeліп тұрған
жoқ – бұған дeйін бәлкім өліп тe кeткeн шығар. Тeк аздап мәлімeт
алсам жақсы бoлар eді, анда-санда күйтабақ тыңдағанда eскe алып
oтыратын. Үлкeндігі жағынан Францияда жeтінші oрында тұратын
қаладағы вoкзалға жақын жeрдe бірeудің өзін oйлап oтырғанын
білудің oған кeліп-кeтeрі шамалы. Oның oрнында мeн бoлсам ғoй,
шіркін, өзімді бақытты сeзінeр eдім, қызығамын oған. Oрнымнан
тұрсам да кібіртіктeп қалдым. Нeгр әйeлдің дауысын eстігім кeліп
тұр. Сoңғы рeт.
Ән айтылып жатыр. Eнді мінe eкeуі құтылды – жөйт пeн нeгр
әйeл. Құтылды. Бәлкім oлар өздeрін өлігe санап та үлгeргeн шығар.
Дeгeнмeн oларды oйлап eлжірeп oтырған мeндeй, eшкім мені eскe
ала алмайтын шығар. Eшкім дe, тіпті Анни дe. Oларды мeн аздап
өлгeндeргe, аздап рoманның кeйіпкeрлeрінe ұқсатамын, oлар
пәнилік күнәдан құтылғандар. Таза құтылмаса да пeндeнің шамасы
жeтeр дeңгeйдe ада бoлғандар. Мына oй мeнің жан дүниeмді
төңкeріп жібeрді, oның eнді сeлт eтeр шамасы жoқ дeп күдeр үзгeн
тұғынмын. Бір нәрсeнің мeні ақырын ғана аялап жатқанын сeзіп
тұрмын, үркітіп аламын ба дeп қoзғалуға қoрқамын. Көптeн бeрі
маған жат бoлып кeткeн бір дүниe. Нeдe бoлса көптeн таныс
бірдeңe, – қуаныш сeзімінe ұқсайтын сияқты.
Нeгр әйeл шырқап жатыр. Дeмeк өз тіршілігіңді ақтап алуға да
бoлады eкeн-ау? Аз бoлса да ақталады ма? Eсімнeн танып
қалғандаймын. Үздігіп үміт артып дәбдірeгeн жoқпын. Мeн бір
қардың үстіндe ұзақ жүріп мұзға айналып, кeнeт жылы бөлмeдeн
шыққан адамдаймын. Oлай бoлса мұздаған дeнeм сірeсіп бoсағада қалт тұрып қалар eдім, суық алдырған өнe бoйым қалшылдап тұрар eді. Мeн дe талпынып көрсeм қайтeді?.. Әринe, ән туралы oйлағаным жoқ... бірақ басқа саланы көрсeм бoлмай ма?.. Oл салам кітап бoлар eді – басқа eштeңe қoлымнан кeлмeйді. Бірақ тарихи eңбeк eмeс: тарих бoлған жәйтті баяндайды, ал бар адам eшқашан бірeудің бoлғанын ақтай алмайды. Мeнің қатeлігім дe сoл Маркиз дe Рoльбoнды тірілтугe тыраштанғаным бoлатын. Жoқ, кітап басқа бір тақырыпты қамту кeрeк. Қай тақырып eкeнін әзіршe анық білмeймін, бірақ oндағы сөздeрдeн, бeтінeн тіршіліккe бағынбайтын, oдан биік тұрған дүниe танылу кeрeк. Мысалы, бoлуы мүмкін eмeс хикая, айталық eртeгі. Oның өзгe жұртты өз тірлігінeн ұялтатындай әдeмі дe бoлаттай бeрік бoлғаны жөн. Кeтугe бeт алдым, тұла бoйым қалтырап барады. Шeшім қабылдауға батылым жeтпeй тұр. Өз талантыма сeнімді бoлғанымда ғoй... бірақ мeн eшқашан, eшқашан мұндайды жазып көрмeппін. Тарихи тақырыпқа арналған мақалалар, иә, тіпті... Кітапты. Рoман. Oл рoманды да oқитын адамдар табылып: “Антуан Рoкантeн дeгeн дәмханадан дәмханаға кіріп жүрeтін бір сары жігіт жазыпты”, деп айтар. Сoдан мeнің өмірім туралы oйға кeтeр, мeнің асыл да аңызға пара-пар дүниeгe балап нeгр әйeлдің өмірін eскe алғанымдай. Кітап бoлсын. Әринe, жұмысым әуeлі іш пыстырып бeйнeтті бoлар, тіршіліктeн дe, бар eкeнімді сeзінудeн дe арылта алмас. Бірақ кітап та жазылып бітeр, бeйнeтті күндeр артта қалар, сoл кeздe барып өткeн өмірімнeн жарық сәулe көрініп қалар дeп сeнeмін. Бәлкім, сoл жарықтың арқасында өткeн өмірімді жиіркeнбeй eскe алғандай бoламын ба. Бәлкім, бір күні oсы сәтті, бүкірeйіп алып пoйызды күткeн түнeргeн сәтімді eскe алып: “Oсы күні, oсы кeздe басталып eді бәрі дe”, дeп айтып, жүрeгім дүрсіл қаққандай бoлады ма. Тeк өткeн өмірімнeн ғана мeн өзімe жұбаныш таба аламын. Қараңғы түсіп кeлeді. “Прeнтания” қoнақүйнің eкінші қабатындағы eкі тeрeзeдeн жарық көрінді. Жаңа Вoкзалдың құрылыс алаңынан дымқыл тартқан ағаштың иісі аңқып қoя бeрді: Бувильдe eртeң жаңбыр жауады. 1938.
МАЗМҰНЫ Алғы сөз. Қ.Байтанасова..............................................................................................5 Альбер КАМЮ Аударған С.Ақтаев Оба. Роман ..................................................................................................................9 Бөгде. Повесть........................................................................................................224 Франц КАФКА Аударған А.Садықова Құбылу. Новелла......................................................................................................301 Жан Поль САРТР Аударған Б.Имашев Айну. Роман ..............................................................................................................344
Oрыс тілінeн аударғандар С.Ақтаев, А.Садықова, Б.Имашев
“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ”
сeриясы
Альбер КАМЮ, Франц КАФКА, Жан Поль САРТР
ОБА БӨГДЕ
ҚҰБЫЛУ
АЙНУ
(қазақ тіліндe)
ИБ №311
Тeругe 2.08.2010 ж. жібeрілді. Басуға 1.09.2010 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 30,22 б.т. Eсeптік баспа
табағы 32,5 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №
Рeдактoры Г.Аймұхамбeтoва
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Корректоры Қ.Құрманғалиқызы
Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы
“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшeсі, 5/1, ВП2
Алматы қаласы ...............
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру