TELEGEI

Home

Әубәкір Диваев - фольклорист

Флора Оразаева

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әубәкір Диваев - фольклорист

Аса көрнекті ғалым, фольклорист әрі этнограф Ә.А.Диваевтың қазақ ауыз әдебиетінің асыл мұраларын жинап, зерттеу ісіне қосқан үлесі ұшан – теңіз. Ол жинаған фольклорлық мұралар бүгінгі күні баға жетпес рухани байлығымызға айналуда. Еңбек халық мұрасын зерттеушілерге, оқушылар мен студенттерге, халықтың сөз өнерін қадірлейтін, оның салт – дәстүрімен танысқысы келетін көпшілік оқырман қауымға арналға

ÄÈÂÀÅÂ –

ÔÎËÜÊËÎÐÈÑÒ

“Áіëіì”

ІSBN 978-9965-09-761-4

ÓÄÊ 821.512.122.0

ÁÁÊ 83.3 (5 ²àç)

ÓÄÊ 821.512.122.0

ÁÁÊ 83.3 (5 ²àç)

Î 64

Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
“Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару

бағдарламасы” бойынша шығарылды

ІSBN 978-9965-09-761-4

Î 64

141—217.

ÊІÐІÑÏÅ

Äèâàåâ.
1957 ã., №1.

ÕÀËÛ² ²ÀÇÛÍÀÑÛÍÛ³ ²À̲ÎÐÛ

1933 ã.

№2 №1642

13 ìàÿ 1918 ã. №55737.”

¼òòіê.

“Ð.Ñ.Ô.Ñ.Ð.

ÔÎËÜÊËÎÐÄÛ ÆÈÍÀÓ, ÎÐÛÑ ÒІËІÍÅ

ÀÓÄÀÐÓ ÏÐÈÍÖÈÏÒÅÐІ ưÍÅ

119—126.

66, 118, 135, 570 (648).
õàº.

* * *
1871 ã., №1—14.

(Êèіç ¾é)

(²àºïàí)

âûï. ІV, 1895 ã.
№№ 410, 444, 570, 1078, 1167, 1301)

æ., №Õ—1904 æ., №ÕVІІІ — ÕІÕ — 1906 æ.

113 Ïàïêà №1167.

1905 ã., âûï. ÕІІ.

ÔÎËÜÊËÎÐÈÑÒІÊ ÝÑÒÅÒÈÊÀÑÛ

ò. V, 1896 ã.

º½ð¹àí.
à) VV/VV/VV/
á) — V/V—/VV—/

1904 ã.,âûï. ÕІ.

1904 ã.,âûï. ÕІ.
1904 ã., âûï. ÕІ.

èìåí”.

²ÎÐÛÒÛÍÄÛ

æàç¹àí.
Àçèè.

ÄÈÂÀÅ ÆÈÍÀ±ÀÍ, ÏІÊІÐ ÀÉÒ²ÀÍ,

ÁІÐÀ² Ê´ÏØІËІÊÊÅ Ò¶ÃÅË ÒÀÐÀËÀ

²ÎÉÌÀ±ÀÍ ÌÀÒÅÐÈÀËÄÀÐ

À.À. Äèâàåâ

ÊÀÇÀÕÑÊÈÅ ÏÎÑËÎÂÈÖÛ

âáëèçè.

êàìíè;

ãîâíî

ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

ТҮСТІҢ БАЯНЫ

Əрбір адамда екі жан болады. Бірі рух рауан, уə біріні рух
сəкіндер. Əлгі рух рауан жан бəденге кіріп-шығып жүреді.
Сол рух рауан бəденнен шықса, адамдар ұйықтайды. Бəденге
кірсе, оянып кетеді. Бағанағы рух сəкін бəденге жайылып,

қалып болып тұрады. Бұл жан бəденнен шықпайды. Егерде
бəденнен шықса, қайтып кірмейді, адамзат өледі. Қайсы адам
күндіз һəм түнде жатса, əлгі рух рауан бəденнен шығады,
аннан соң ол адам ұйықтайды. Мысалы, өлгенге ұсап, бұл

дүниенің ғаламатын білмей жатады. Əлгі рух рауан əр түрлі
істер қылып, əр шаһарға барып жүреді, бəденімен жүргенге
ұсап жүреді. Əлгі рух рауанның көріп, қылып жүргендері түс
болады. Қандай күндіз жəне түнде ұйықтап жатып түс көрсе.

1. Əуелі қайсы адам түсінде атқа мініп жүрсе, сол аттан

жығылмай, өзі түсіп тұрса, жақсы болады, ат мұрат дер. Сол
адам мұратына жетеді деп айтады. Бағанағы аттан жығылып
кетсе, жақсы емес дер, азырақ қатер болса керек дер.

2. Жəне түсінде түйеге мініп жүрсе, біздіктер, өлгендер,

біздіктерден, яғни əулиелерден илтифат болар деп айтады.
Əртүрлі хайуанаттарды мінсе, жығылмаса жақсы болады.

3. Түсінде биік жерге, я тауға шығып жүрсе, мəртебесі

биік болады деп айтады. 4. Жəне майдан бауларда кіріп жүрсе, көңілі хош уақыт

болады деп айтады. 5. Əлгі адам үстіне жақсы киімдер кисе, бұл һəм мəртебе.

Көңілі хош уақыт болғандай бір іс болса керек дер. 6. Жəне де түсінде аспандағы айды көрсе, көп жақсы

болады, тірлікте мəнфəғат болады деп айтады. 7. Егер аспанға шықса, көп жақсы болады, аспаннан

жығылса, жаман. 8. Түсінде күнді көрсе, дəулетті һəм дұшпанына үстем

болады, ― деп айтады.

9. Егер түсінде дария суларын көрсе, көп нəфəқалық

пайдалар көреді, судан ішсе мұратына жетер, ғиззаты көп
болады деп айтады.

10. Егер маржан, меруерт тағып алса, үйден берекет

кетпес деп айтады. 11. Сол дарияның суы тынық болса, көп жақсы болады.

Егер лай, сор болса, жақсы емес, азырақ қам болса керек дер. 12. Егер жұлдыз көрсе, бұл һəм жақсы, мəртебелі болар,

балалары дер. 13. Егер түсінде жылан көрсе, бұл һəм жақсы, адамға

дəфи қылмаса. 14. Егер шошқа, басқа бөрі, қабылан, жолбарыс түсінде

көрсе, өлтірсе, дұшпанға үстін болады, егер зиян қылмаса,
сол хайуанаттарды көргенінің зияны жоқ. Егер бұл
хайуанатты өлтірсе, жақсы болады, дұшпандары өлгендей
болар, егер мініп жүрсе, дұшпандары қолына кіріп, фəрман

пірадар болады деп айтады. 15. Егер қаршыға құс жəне кішкене құсты тұтып алса,

дəулеті зияда, бəлки перзент көреді деп айтады. 16. Егер түсінде қылыш яки мылтық көрсе, нафағалық

болар, мəртебесі зияда болар, ― дейді. 17. Əлгі адам түсінде біреуді ұрса, дұшпанына бəнде

болар, егерде өлтірсе, мұратына жетер. 18. Егер түсінде бидай, арпаны көрсе, ниғмет дер, бəлки

нарық арзан болса керек дер. 19. Егер түсінде өзін біреу ұрса, өлтірсе жақсы емес,

құдайы қылмақ лазым. 20. Түсінде қатын алса, жақсы болады деп айтады.

Мұратына жетеді. 21. Егер қойды түсінде көрсе, қой фақарадір, бұқара

халық мұны жақсы көреді деп айтады. 22. Егер түсінде өлген адамды көрсе, зияны жоқ. Сол

өлген адаммен сөйлессе рас, айтады дер. 23. Егер судағы балықты түсінде көрсе, һəм жақсы,

перзент көресіз дер. 24. Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе, мұратына жетер. 25. Егер кісі түсінде семіз сиыр көрсе, арзаншылыққа

тағаллық, егер кісі түсінде арық сиыр көрсе, қымбатшылыққа
тағаллық

26. Егер кісі түсінде қой көрсе, сыпа болар. 27. Егер кісі түсінде пəлен жерге шықса, мəртебесі һəлен

болар, егер кісі түсінде бəлендерден жығылса, көп қапа
болар.

28. Егер кісі түсінде тұнық суға түссе, жарықтыққа

шығар, егер кісі түсінде лай суға түссе, ғамға кіріптар болар. 29. Егер кісі түсінде мəст түйе құласа, садақ қылсын,

шірəке хазірет Азрайылді көріпті 30. Егер кісі түсінде ақ қоян көрсе, қыс қатты келер, егер

кісі түсінде қара қоян көрсе, қыс жақсы келер. 31. Егер кісі түсінде түлкі көрсе, сапар қылса жолы болмас,

егер кісі түсінде бөрі көрсе, сапар қылса жолы болары. 32. Егер кісіні түсінде ит қапса, залымға кіріптар болар. 33. Егер кісіге түсінде өлген адам бір нəрсе берсе,

ғайыптан қолына бір нəрсе келер. 34. Егер кісі түсінде отын көтерсе, көп дүниядар болар. 35. Егер кісі түсінде шаш алдырса, кембағал болар, егер

кісінің түсінде шашы өссе, бедəулет болар. 36. Егер кісі түсінде боққа батса, олжалы болады. 37. Егер кісі түсінде ай көрсе, патшаның қатыны қыз

табады, егер кісі түсінде күн көрсе, патшаның ісі рауан
табады.

38. Егер кісі түсінде құс ұстаса, қатын алады. 39. Егер кісі түсінде біреуді ұрса, дұшпанын мұқатады. 40. Егер кісі түсінде күміс ақша санаса, бай болады. 41. Егер кісі түсінде өлген адамды жақсы киіммен көрсе,

жақсы болғаны, иман киіммен көрсе иман болады. 42. Егер кісі түсінде алтын көрсе, ұлықтардан мəрхамет

көреді. 43. Егер кісі түсінде шақа санаса, дұшпаннан ғайбат сөз

есітеді. 44. Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар шапса, болыс

болады. 45. Егер кісі түсінде басына құс қонса, һəм бір амалға

тұрады. 46. Егер кісі қыста түсінде көк майса жер көрсе, құдайдың

рахметін көргені. Егер кісі түсінде жазда қар көрсе, құдайдың
азабын көргені.

47. Егер кісі түсінде түйеге мінсе, əулиелер қолдар. 48. Егер кісі түсінде күрек тісі сынса, қатыны өледі, азуы

сынса, баласы да өледі, ең түбіндегі азуы сынса, өзіне шікəс
жетеді.
Қандай адам қандай түс көрсе, сол түсті ертең тұрып,

біреуге айтады. Əлгі түсті əркімге айтса жақсы емес-ті.
Көрген түсті əуелі атасына, анасына жəне жақсы көрген
досына айтсын. Себеп, қалайша десең, түсті жорығанда
жақсыға жорымақ екен. Түсті көрген адам айтқанда

естіген адам ойлап, жақсысын жақсылап айтсын, Жүсіп
пайғамбардың жақсы жорыған түсі болсын демек лазым
екен. Түсті əуелі ешкім жорыған емес. Пайғамбардан
жалғыз Жүсіп пайғамбар жорыған. Құдықта, яғни зынданда

жатқанда екі адам түс көрді. Бірі айтты: бір түс көрдім,
ұмытып қалдым,― дейді. Бикауыл деген адам еді. Жүсіп
пайғамбар ұмытқан түсті һəм білер еді. Сонда Жүсіп
пайғамбар айтты, Бикауыл, мен білермін де деді. Сен түсіңде

көрдің, алдыңа бір себет жүзім келді. Сол жүзімді адамдарға
үлестіріп бердің,― деді. Əлгі Бикауыл: Осы түсім рас,―
деді. Енді бұл түсім қандай болады,― деді. Жүсіп пайғамбар
айтты: түсіңде көрген жүзім нығымет, уə сен нығыметті

адамдарға үлестіріп берсең, сен мəртебелі боласың, тəһмет
істен құтылып, сөзің расқа шығып, бұрынғы уəзірлік орынға
отырасың,― деді. Жəне бірі Сақы деген: Ай, тақсыр, мен бір
түс көрдім, басымда бір себет нан қойып жүрген екенмін.

Əлгі нанды аспандағы қарға бір нан, бір нан алып кетті,―
деді. Бұл Сақы жалған түс айтып еді. Жүсіп пайғамбар:―
Мен сенің түсіңді айтпаймын,― деді. Ай, тақсыр, àйт,― деді,
Жүсіп пайғамбар айтты: Сенің түсіңді айтсам, сен патшаның

алдына бара тəһмəт жалған ісің əшкере болып, дарға
асыларсың, миыңды қарғалар ойып жейді,― деді.― Ай,
тақсыр, æалған айттым түсті,― деді.― Жалған айтсаң да осы
болады,―деді. Қандай адам біреуге түс жоры десе, түсінің

баянын айтқаннан соң, түсін жорып, Жүсіп пайғамбардың
жақсы жорыған түсіндей болсын демек лазым.

ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ

Əртүрлі жағдайлардағысы 1. Бір адамның құлағы шуылдаса, сол адам ойлайды,

дереу айтады: Лə иллаһа ил Аллаһү сүбханалла,― деп
Тəңіріге жалбарынады. Əлгі адам ойлайды, маған өлімнің
хабары ма екен деп, уə өлімнен хабарым бар дейдір жəне де
үйіме қонақ келер ме екен дер.

2. Ит пысқырса жаман көреді, мұрныңа иіс, мұрныңа иіс,

дейді. Неге десеңіз, сол күні сол үйдің бір малы өлсе, керек

мал өлгенде иттер қанға тояды, соны біліп пысқырып жатыр
деп ойлайды. Ит пысқырғанын жаман көргені солдыр.

3. Түнде үйдің үстіне байғыз деген құс қонып, шықылдап

тұрғанда дереу үйден бір көсеуді шала жандырып қуалайды.
Жамандығың өзіңе болсын, кет-кет деп ұшырып жібереді.

4. Күндіз қарға үйге қарап қақ-қақ десе, аса көп жаман

көрмейді. Хақ сөйле,― дейді. Əлгінің ақыры қуаныш болып
бітер,― деп жориды.

5. Ит келіп бұтын көтеріп, үйге сисе, құт құйды-құт құйды

дер, оны жаман демейді. 6. Ит аспанға қарап ұлыса, жаман көреді. Өз басыңа

болсын бəле көрсең,― дейді. 7. Ит халқын уафадар дер. Неге десеңіз, күндіз-түнде

дұшпандарды біліп тұрады дер. 8. Аспанда күн күркірегенде тəңірге жалбарады,

сүбіханалла,― деп, сасып қалса, бірдемені қағып, ауаз
қылады.

9. Үй ішінде қазан асып, есікке қисайтып аспайды. Есікке

қисық болса, несібе төгіліп кетеді дер. 10. Үйге даладан жылан кірсе, өлтірмейді, үстіне сүт,

айран құйып шығарады. Далада жылан көрсе, өлтіреді,
үйдегі жыланды көрсе, жақсы көреді. Неге десеңіз, қайсы
уақытта періште деген болар, жыланға ұсап жүреді,― дер

11. Ішіп отырған асқа қанаты бар немене келіп түссе,

алып тастамайды. Бір несібе ме,― деп ойлайды. 12. Түндігі бар үйдің төбесін қайырып ашқанда, бауын

қайырып келіп қояды, алдына келтіріп қояды. 13. Қара һəм қызыл киім жəне киімге ұсағандарды үйдің

үстіне қоймайды. Мұндай немені сол үйден адам өлсе
қылады.

14. Қазақтың қатындары басына қара уə қызыл нəрсені

салмайды. Неге десеңіз, байы өлгендер салады,― дер. 15. Ат құйрығын тырқыратып тұрса, ойлайды, мына

ат жол жүреді дер. Ат аузын ашып есінейді, мұны жақсы
дер. Əлгі ат мінгенде қи тастап, тышса, һəм жақсы көреді,
барғанда жол болады дер. Ат сүрінсе, ұрмайды.

16. Ат құйрығын кеспейді, неге десеңіз, адам өлгенде ат

талдап, құйрығын кеседі, соған ұсамасын дер. Атқа мініп
шыққанда соңынан ит ерсе, қайтармайды, ит уафадар, бəлки
жол болады дер.

17. Қатынның шашын да кеспейді. Бұл істер жаман іс

болса керек,― деп ойлайды.

18. Жолда иір-иір із болса, əлгі ізден аттап өтпейді. Неге

десеңіз, жылан бір-бірімен айтысып, апатқа шығады деген
сөздер бар. Кейкі жылан жолда өлсе, жатады дер, өлтіреді,
антқа шыққан дер. Бағанағы жолдағы із жыланның ізі,― деп
өтпейді.

19. Адамзаттың һəр қайсы ағзасы қимылдап тұрады. Екі иі

қимылдаса, сарпай киемін деп ойлайды. Оң көзі қимылдаса,
қуаныш болады дер, сол көзі қимылдаса, қорқыныш болады
дер. Аузы қимылдаса, ойлайды, біреуменен сойлесемін,―
деп ойлайды. Аяқ қимылдаса жол жүремін,― деп ойлайды.

20. Тұзды жерге төкпейді, неге десеңіз, əрқайсы тағамды

шірін қылады. Тұзсыз тағам қандай болса да бимəзə болады. 21. Қыз баланы сөкпе деген, сондай екен, қыздан көп

адамдар пайда болады, оның үшін қызды ғазиз қылмақ
лазымдыр.

22. Қыз баланы төрге отырғызар. Неге десеңіз, қыз бала

қарияның айтқанын қылып тұрады. Қыз бала есікке отырса,
хауаламайды, үй иесіне зарар болады, əлгі қызды есікке
отырғызған да қорлаған болады,― деп ойлайды. Қыз бала
хафа болса, біздер һəм хафалансақ керек,― деп.

23. Қыс күнінде қыстап көп отырған жұртта қазақтар

соғымға əрбір түлік мал сойып алады. Оның сүйегін далаға
шығарып тастайдылар. Мəзкүр сүйектерге жын уə ажиналар
келіп, қай сүйектерді ауқат қыларлар, қай ажиналар оттан
қашарлар екен. Мəзкүр ажиналар ерегеспесін деп көшкенде

көшті от арасынан өткермек қазақтар ырым қылғандар. 24. Жесір дауы хұсусында бір тарафы əмеңгер болсалар,

яғни мен, құда болғаным жоқ деп тансалар, қай танған
адамның сөзінің растығын сол рудың жетіден бір адамының
атақ қыларлар, нешік кім жауапкердің өз басы қасам ішіп
құтыла баргеннен соң қазақ Қайқы би дегеннің ақыл менен

шығарған ырымдары екен. Əркімнің ақ қарасын хұлқы биледі,
хұлқы хақласа, құтылсын, құлқы хақламаса, тұтылсын,―
деп қай күманға атақ қылған адам ағаштың шыбығын кесер
екен, шыбық кеспек шөлкім, бұрынғы заманда бір ағаш бар

екен. Даугер жауапкердің сөзінің жалған-растығын ол заһир
жауап қылып айтар екен. Ол ағаш қилы заманнан кейін
сөйлемес болыпты. Қай даугер, жауапкерлер ол ағаштың
түбіне келіп, дауларын айтысып, міңір тарапынан күманға

атаған адамға сол ағаштың шыбығын кеспекті ырым қылып,
қара болып шыбық кескендірлер. Сол шыбықтай кесілсін

деген шартпен, қай қазақы халықтарға ол ағаш бұл уақытта
табылмаған себепті əулиенің ағашының шыбығын кесіп,
ырым қылыптылар.

25. Əмма, кісі өлген хұсусында даугер жауапкер икрар-

риза болып бітіскеннен кейін бидің алдына келер екен, бітісіп
болдыңыздар ма?― деп билер жауап сұрар екен. Қаюдың
біткендігінің дəлелі үшін бір ала жіпті естіріп, бір ұшын
даугерге, бір ұшын жауапкерге ұстатып, би ортасынан керер

екен. Хазірет Нұқ пайғамбар ғалəйһиссалам есімді ұлына
фарманлық қылдылар, Хазірет Нұқ ғалəйһиссалам айтты:
ұғлым, сен уə мен хұдаға пендеміз, пенделік солдүр деп
ұлының мойнына бір ала жіпті тақтылар, айтты: ай ұғлым,

сол мойныңдағы бағлық ала жіп илан хұдаға бендесің, мен
бұл жіпті бір ұшынан ұстап, ортасынан кесемін, егер пенде
болсаң, кескен жерін қайтадан қолыңмен жалғарсың, егерде
пенде емеспін десең, жіп кесілгер бойынша кете берсін,―

деп шарт қылған екен. Мəзкүр оғлы жіпті жалғамайдырлар,
һəзілқияс қазақияға ырым болдылар.

26. Хазірет Адам ғалəйһиссаламның тамам ағзалары

нұрдан еділер. Бұл дүниеге түскеннен соң тамам постлары
түстілер, нұрдың əсері бармақтар ұщында қалдылар,
қаюны тырнақ деп атайдылар. Қазақияларда ілгері уақытта
кəтте қасым болыпты. Сөздің растығына тырнақ жаламақ,

нечүккім, жалған айтсам, ағзадағы нұрым жойылсын деген
шарт илан.

Жол жүргендегі ырымдар
Қандай адам атқа мініп далаға жүрерде мінген аты
тышса, қуанадыр, жол болды деп,― жəне де сол ат есінесе,
яғни аузын ашса, мұны һəм жақсы көредір. Бұ сөз бұрыннан

қалған нақыл. Əлгі ат тышқанда, есінегенде сол адамның
жолы болып пайда көрген. Оның соңында адамдарға айтып
белгі болып қалғандар. Əлгі есінегенде мініп тұрған адам
жалынан ұстап, қолы менен бетіне сүртедір, яғни тауап

қылдық дер. Жəне де жолда бара тұрып, ат сүрінедір, мұны
һəм жақсы көредір. Олжа басты,― деп, неге сүріндің,― деп
атты ұрмайды. Əлгі адам жолда бара жатқанда бір жайда
тамақ даяр болса, дереу аттан түсіңіз, жолыңыз боладыр,

даяр тамаққа душар болдыңыз,― дейді. Сол тамақты ішіп,
атқа мінедір, жəне де бір жайда миһман болып жатса, ертелеп
жүремін десе, үй иесі тоқтатып, сол ертеңгі асты тастама,

кешкі асқа қарама дейдір. Сол асты ішіп, атқа мінедір
жəне де жолда қанша адамдарменен жүріп бара жатқанда
біреуінің аты сисе, басқасы атының басын тартып, қарап
тұрады. Егер де ат сигенде қарамай кете берген адамды

жолдастыққа жарамайды дейдір. Аты сигенде қарап тұрған
адам, бəлки жолдасы жауға түскендей болса, тастап кетпес
екен. Ат сигенде қарамаған адам жолдасы жауға түсер болса,
қарамай кете берер екен. Жəне де үйде тұрып, я жолда

қазықта тұрып, құйрығын жарады, тарам-тарам қылады.
Иесі я басқа адам көріп айтады, мынау ат жолға мінеледір
деп айтады жəне де жолда кетіп бара жатқанда жолда су
ұшырайдыр, атты сулығын алмай суғарадыр. Мағынасы

сондай болар екен, қайсы уақытта сасылып қалар іс болса,
атты сулығын алмай суғарса, ішедір. Ілгеріде сулығын алып
суғарса, сасылып қалған уақытта ішпес екен, жəне де жол
жүрген адам жолда кетіп бара жатқанда жақында, я ұзақта

бір қатын жолдан көлденең өтер болса, сол қатын алдымнан
кесіп өтпесе,― деп ойлайды. Сол қатын өзі де еркек жолдан
өтіп кеткенше қарап тұрадыр. Əлгі жолдан еркектің алдынан
кесіп өтпейдір. Мүбəда қатын сасып, алдынан өтемін деп

жүрсе, ай, қатын, тоқта! Біз өткеннен кейін өтесің, тоқтатып
қоядыр. Біздің қазақ рəсімінде қатындар қандай жол болсын,
егер жолда болмай, еркектің алдынан кесіп өтпейді. Əлгі
біреу болсын, я көп болсын, уə лекін сырт қатындар бұл істі

парық қылмайдыр. Еркектің алдынан қандай адам болса да,
өтіп кете бередір.
Біздің қазақтардың ырымы əлгі адам бағзы уақытта напал
жүредір деп айтадыр жəне де жолда қатын жолдас болса сол

қатынды көп ғиззат фəруа қыладыр. Қатын адам ғажиздір,―
деп, яғни еркектей һəр ішке қуаты келмейдір дер. Жəне де бір
жайда аттарды байлап қойғанда əлгі аттар бір-бірін мойнын
тістеп, қасынадыр. Мұны көріп айтадыр, сапар қысқа болар

екен,― деп айтады. Қандай адам əуелі үйден атқа мініп
шыққанда, көрген адам: жол болсын,― деп айтады, сол адам
əлей болсын дейдір. Бағанағы адам қайда барасың десе,
жаман көредір. Қайда барарымды сұрап қайтесің деп,―

қатты сөз айтадыр. Жəне де қандай адам сапар қылса, ата-
анасы болса, уə қарт адам болса, əлгі адамдардан атқа мініп
тұрып, фатиха аладыр. Сол адамдар: Жолың болсын,― деп
фатиха береді.

*** Мал табанының алдынан немесе қой табанының арасын бойлап өтуге болмайды, өйткені олар жайылып жүрген жерде Қызыр пайғамбар болады. Егер əйел атқа мініп келе жатқан еркектің жолын кесіп өтсе, жақсы емес. Ол əйелдің бақытсыз жағдайға ұшырауы ықтимал. Егер киіз үйге байғыз отырып, шақыратын болса, бұл өте жаман. Себебі, бұл үйдің қожасы үлкен бақытсыздыққа немесе тіпті өлімге ұшырайды. Егер, керісінше, киіз үйдің үстіне қарға отырып, қарқылдаса, онда əдеттен тыс бақытқа кенеледі. Егер киіз үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп, құлап қалса, үй қожасының көңілі қатты көтеріледі, өйткені кенеттен дүние, мал-мүлік жəне басқаларға ие болуы мүмкін. Ырым 1. Ашық қалдырылған тағамды жаратуға болмайды.¹ 2. Халат немесе басқа киімді кигенде əуелі оң қолды, содан соң сол қолды кию керек, ал шешінген кезде алдымен сол қолды шешеді. 3. Шалбар немесе дамбалды тұрып киген дұрыс емес, отырып кию керек. 4. Жастық орнына шалбарды басқа төсеуге болмайды. 5. Асты оң қолмен алу керек, сол қолмен алуға болмайды. 6. Еркектің жүресінен отыруына болмайды, жерге құйрығын басып отыруы керек. 7. Киімді жамылып жүруге болмайды, жеңдерін кию керек. 8. Тырнақ пен бастың шашын тек бейсенбі мен жұма күндері ғана алады. 9. Қолды артқа қусырып жүрген жақсы емес: бұл қолы артқа байланған тұтқынды еске салады. Сондай-ақ бүйірін таянған жақсы емес, өйткені өз күйеуінен айырылып, жоқтаған əйелдер ғана солай істейді. ¹Бірден отыз сегізге дейінгі ырым Перовск уезінің қырғызы Мақан Шықтыбаевтың, ал отыз тоғыздан қырық сегізге дейінгі ырым Түркістан учаскесі, Ноғайқара болысының қазағы Еркімбек Əлімбековтің айтуларынан жазып алынды.

10. Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды, үлкен іске

кіріспейді, түнгі қонаққа мал соймайды, жаңа мекенге
көшпейді, тіпті малды да санамайды.

11. Əйелге жолаушының алдын кесіп өтуге рұқсат

етілмейді. 12. Егер жолаушы оң қол немесе сол қол жағынан табиғи

қажетін қанағаттандыру үшін жүресінен отырған əйелді
көрсе, бұл ― жақсы ырым.

13. Егер жолаушыға жол бойында танауымен оған қарап

тұрған аттың немесе түйенің басы жатса, бұл жақсы белгі,
егер керісінше болса, онда жолы болмайды.

14. Ауқатты қазақтар түнде мал санамайды жəне ең жақын

туыстары, таныстары болса да ешкімге бермейді. 15. Жолда кездескен адамнан: «Қайда барасың?»― деп

сұрамайды, «жол оң болсын!»― деп айту керек. 16. Атты сыйлағанда немесе сатқанда ноқта-жүген

берілмейді. 17. Мал айдап бара жатқанды көрсе, кездескендер: «Айдар

көбейсін!»― дейді, ал малшыға: «Бағар көбейсін!»― деген
тілек білдіреді.

18. Жаңа жерге келген ауылға: «Бақытты мекен

болсын!»― дейді. 19. Құрықты¹ тік ұстаған, яғни ұшын аспанға көтерген

жақсы емес, ілмегін қолға іліп, сырық жерге сүйретіліп
жүретіндей етіп ұстау керек. Бұл сақтық мына жағдайда
керек: жыртқыш аң шабуыл жасаған кезде қазаққа ұмтылады
жəне құрықпен қаруланғанда малды ғана аңдиды.

20. Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде бірінші

күні қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң əрі
қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады,
содан кейін оттың арасына жүк тиелген түйелерді қос-қостан
өткізеді. Бұл қаскүнем рухтар мен жын-шайтаннан сақтану

үшін жасалады, өйткені олар көшті аңди алмай, отта қалып
қояды.

21. Малдың бірінші сауымынан алынған майды қазақтар

асқа қолданбайды ― онымен жақтау, табалдырықтың
¹ Құрық ― ұзын таяқ, оның ұшында ілмек немесе қыл арқан
болады. Құрық қазақтарға өз табынынан ат ұстап алу үшін қызмет
етеді.

жоғарғы бөлігін, киіз үйдің сол жағын жауып тұрған киізді
майлайды.

22. Өтіп бара жатқан қазақтар ауылға арт жағынан келеді

жəне ауылды мекендеушілермен үйдің арт жағынан сөйлеседі,
бірақ ешбір жағдайда алдыңғы жақтан сөйлеспейді.

23. Ауылға шауып келген ― жағымсыз іс. 24. Түнде киіз үйдің оты мен күлі алынбайды. 25. Ертеңгілік астан бас тартуға болмайды, тəбет жоқ

болса да, ауыз тию керек. 26. Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші

олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай
етеді.

27. Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды. 28. Үйге жаңа келген жас келін өзінің ішкі киімін алғашқы

нəресте туғанша қысқартпайды. 29. Атып алған құланның немесе жабайы ешкінің басын

немесе сауырын аңды атқан аңшының міндетті түрде өзі
пайдаланады, ал қалған ет оның серіктес аңшыларымен
бірдей етіп бөлінеді.

30. Егін егіп жатқан диқанға өтіп бара жатқан жүргінші:

«Бір дəнің мың дəн берсін»,― деп амандасады. 31. Егер диқаннан біреу-міреу егістік үшін дəн сұраса, ол

мүмкіндігіне қарай сұраушыға береді. 32. Диқан өз қырманының астығын алып, пайдалануға

кірісерде «Диқан атаның»¹ атына бағыштап, құраннан
аят оқиды. Содан соң алғашқы өлшем қайыр-садақаға,
«аққұлаға» бөлінеді. Бұл міндетті түрде кешкісін оттың
жарығымен жасалады, күндіз жасалмайды.

33. Жасөспірім ұлын алғаш алыс жолға шығарып

салғанда, ата-анасы той жасайды. 34. Жаңа туған ботаның құйрығының ұшын тісімен

қырқып тастайды. 35. Жақсы ауа райы болса, түндікті² бақанмен тіреп

қоймайды. 36. Бие сауатын тері ыдысты төңкермейді жəне түбірге

таяқпен немесе қолмен ұруға тыйым салынады. 37. Асқа немесе тойға толтырып қымыз əкелген сабаны³

¹ Астық егу əкесі
² Үйдің жоғарғы бөлігін жабатын киіз.
³Тері қапшық.

біржола сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау
болса да қымыз қалуы керек.

38. Дос-жекжат, құда жəне туыстан сыйлыққа ит алмайды. 39. Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша, күн батқаннан

кейін үйден күл шығармайды. 40. Қой қоздап жатқанда малды сыйламайды жəне

сатпайды. 41. Қонақты сыйламас бұрын үй қожасының өзі астан

ауыз тиюі керек. 42. Көктемде алғаш рет күн күркірегенде ожаумен

тықылдатады. 43. Əйелдің түнде суға баруына болмайды. 44. Атты басына ұрмайды. 45. Түйені екі қолды арқаңа қойып, жетекке алу керек,

таяқпен ұруға болмайды. 46. Дастархан басында (түскі ас үстінде) отырғанда,

келген адаммен сəлемдесуге тұрмайды. 47. Біреу-міреудің үйіне күн батқаннан соң кірген кезде

сəлем бермейді, «жарық түн болсын!»― деген сөздермен
кіреді.

48. Егер босанар кезде əйелге ауыр болса, оны

тұншықтырып жатқан үй аруағын қуу үшін оны қамшымен
ұрады.
Осымен өз сөзімізді аяқтаймыз. Егер біздің баяндауымызда
еріксіз қате кеткен болса, бізді оқырман кешірсін. Біз де

адамбыз ғой, ал адамдар кей кезде қателеседі.
Шымкент облысы, Арыс болысының қазағы Майлықожа
Сұлтанқожиннен жазып алынды.
Ырым¹ (жалғасы)

49. Жанып тұрған шырақты үрлемейді, өйткені бұлай

сөндіру əдісінде адам ұмытшақ болады. 50. Үйге кіргізілген отынның ауысқаны шығарылып

тасталмайды, өйткені бұл үйден өлік шығады,― деп
қорқады. Қазақтың киіз үйінде ортасы үнемі от жағуға
қалдырылады, соған орай ол жерде еш уақытта төсеніш
болмайды, от киіз үйде бір жағдайда ғана ― бұл үйде өлік

¹ Қараңыз: ІV том. «Сборник материалов для статистики.
Сыр. Дар. обл».

болғанда жағылмайды. Адам өлгенде отқа қалдырылатын
орын тазаланады жəне үйдің ішінің бəріне төсеніш төселеді,
өлік оң жаққа қойылып, тəулік бойына жатқызылады.
Міне, осы себепті де отынның артығы шығарылмайды; бұл

отынның керек емес екенін көрсеткен болар еді, ал отын
үйде өлік болған кезде ғана керек болмайды.

51. Əулеттен біреу-міреу өледі,― деген қауіппен түнде

сандықты ашпайды; егер өте қажетті жағдайда ашатын
болса, бұл жағдайда: «оған жылан кіріп кетті»,― деп
ашады. Қазақтар көшпелілер ретінде түнде сандықты мына
жағдайға байланысты: сандықта сақталған бір зат қажет

етілгенде, үнемі өте кезек күттірмейтін жағдай қажеттігінен
ғана өте ертемен жаңа мекенге түйеге арту үшін ашады.
Мұндай бір жағдай жерлеуге қатысты болуы мүмкін, өйткені
ыңғайлы уақытқа дейін оны ашудың ешбір қажеттігі жоқ, ал

сандықты ашатын басқа жағдайлар үй қожаларының еркіне
байланысты болады.

52. Қонақ қыз бала босағаға отырмайды, яғни алдыңғы

бұрышқа, əдетте «ақсүйек», сұлтан тегінен шыққан адамдар
мен қарттар отыратын құрметті орынға отырады, əйтпесе үй
қожасы бақытсыздыққа ұшырайды.

53. Екіқабат əйел түйе етін жемеуі керек, əйтпесе, ол

баланы жатырында 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда тумайтын
болса, бура түйенің мойнына ақ мақта салып, оның мойнынан
аттап өтуі керек, осыдан барып, туатын болады.

54. Босанар кезде əйелге тиісті барлық сандықтар

босануға жеңіл болуы үшін ашып қойылады. 55. Жаңа ғана туған əйел киіз үйге кірген итті қумайды,

өйткені бұл əдетті орындаса, оның тістері түсіп қалады. 56. Əйел ошақтың үш бұтының үстінен асырып, отынды

жинап қоймайды, əйтпесе, оның күйеуі басқа əйелге
үйленеді.

57. Еркекке жүрелеп отыруға болмайды, өйткені ол

қырық адамның жолын бөгейді. Егер əйел жүрелеп отырса,
онда ол қырық адамның жолын оңғарады ― қырық адамға
бақыт пен игілік əкеледі.

58. Екіқабат əйелдің керілген арқаннан аттап өтуіне

болмайды, өйткені туған кезде баланың кіндігі мойнына
оратылып, оны тұншықтырады.

59. Əкесі тірі қазақтың бас жеуіне болмайды, əйтпесе

əкесі өліп қалады. 60. Киіз есікті үйдің үстіне қарай лақтыруға болмайды,

əйтпеген жағдайда оны жауласқан адам найзамен ашып кіреді, яғни жауласқан адам бұл ырым жоралғысын орындамаған үй қожасын жеңіп кетеді. 61. Үй қожасы дəм татпастан бұрын асты жеуге болмайды. ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНЫҢ ОЙЫНДАРЫ¹ Қазақ фольклорына қызығатындарға қазақ балаларының ойындары жөнінде кейбір түсінік беруді ескерте отырып, менің мынаны айтуым керек: егер қыздар жасайтын қуыршақтарды, балалар илеп жасайтын саз аттар мен түйелерді есептемесек, қазақтарда ойыншықтар мүлде жоқ дерлік. Біз еуропалық ойыншықтар жиынтығын қарастыратын болсақ, міне, мынау, мысалы 600 сом жалақы алатын, ал енді біреуі мың сом жалақы алатын адамның қалтасына сай келеді деген олардың құнына байланысты ойдан басқа біздің санамызда ешбір ой болмайды. Бұл ойыншықтар олар белгіленген сала жөнінде ештеңе айтпайды; олар бізді балалардың ой-пікірлері мен талап тілек-қалаулары дүниесіне де бастамайды,― бұл түсінікті де. Өйткені бұл ойыншықтар фабрикалық жолмен жасалады; балалардың ортасына оларды сырттан əкеледі. Сондықтанда олар сатып алу жолымен балалар үшін алынса да, солардың талғамдары мен бейімділіктерінен гөрі өздерін өндірушілердің талғамдарын көбірек сипаттайды. Дала тұрғындары балаларының ойыншықтары мүлде мұндай емес. Мұнда қазақтың қара баласы өз-өзіне түйе немесе ат түрінде ойыншықты балшықтан жасап алады, сондықтан да бұлар оның, балақайдай бүтіндей өнімі, шығармашылық қарекеті болып табылады. Қазақ балаларының ойыншықтармен масаттанбайтын ын, мəселен, мынау жағдай білдіреді: бір бесік жырында қазақ əйелі ― ана өз балақайын мынадай əнмен əлдилейді: Əлди бөпем, ай бөпем Майын алып берейін Ақ бесікке жат бөпем! Байқұтанның құйрығын Жылама, бөпем, жылама, Жіпке тағып берейін!.. Жілік шағып берейін, 1. Бұл ойындар Сырдария облысы, Əулиеата уезінің Шөңгір болысынан жазып алынды.

«Байқұтан»― қазақтардың үлкен жүндес құйрықты қой күзететін итінің аты. Оның құйрығы балалардың назарын тартатын болуы да ықтимал. Ойынды сипаттауға кіріспестен бұрын біз балаларды жасына қарай бөліп көрсетеміз. Қазақ тұрмысында бір жастан жеті жастағы кішкентайларды ― нəресте, жетіден он беске дейінгі жастарды ― бозбала, ақыр соңында, он бестен отызға дейінгі жас адамдарды жігіт деп атау қалыптасқан. Балалардың ойындары мен бозбалалардың көңіл көтерулерінде, əрине, шұғыл айырмашылық бар. Ең алдымен, біз бұл жерде «нəресте» жасындағы балалардың ойындарын санап шығамыз. Олар: соқыр теке, тіпə-тіпə, көк сиыр, үйшікүйшік, бөрік жасырмақ жəне де басқа атаулармен аталады. Соқыр теке «Соқыр текенің» тікелей аудармасы соқыр ешкі дегенді білдіреді. Соқыр теке ойыны мынадай. Балалар жиналып, бəрі жерге аяқтарын созып, қатарласып отырады, оның үстіне əрбір бала өзінің аяғын ысқылай бастайды, сөйтіп, бəрі бір дауыспен: уқала, уқала, яғни «ысқылаңдар, ысқылаңдар!» деп қайталай береді. Содан соң бəрі аяқтарымен ұшып түрегеледі, ұшып түрегелгенде кімнің тізе тамырлары сықырласа, соның көзін байлайды да, қалған балалар шашырай əр жаққа қашады. Көзі таңылған бала жүгіріп жүргендерді қуып, ұстап алуға тырысады; мұның сəті түскен кезде, ол ұстап алған баланың атын атауға міндетті, егер тапса, ұсталған бала «соқыр текеге» айналады; ол баланың да көзін байлайды, ол да алғашқы баланың істегенін қайталап шығады. Түйе-түйе Түйе-түйе ― бұл түйе болып ойнайтын ойын. Бұл ойын былай болады. Балалар екі топқа бөлінеді, оның үстіне, бөлінген кезде балалардың шағын тобы бір жағында қалады. Осы соңғы топ басшысы аналық болатын түйелерді бейнелейді. Белгіленген сəтте бірінші топтың балалары бірін-бірі қуалай жүгіріп, түйелерді бейнелеп тұрған үшінші топты бұзады да, бір баланы ұстап алып:― «Ботаны, яғни,

түйенің баласын ұстап алдық»,― деп қайталай береді.
Осылайша жүгіру аналық түйеде тек бір бота қалғанша
қайталана береді.
Осыдан соң балаларынан айырылған ене түйе қайғыға

батып, көз жасын көлдете Жаратқанға жалбарынып, намаз
оқиды. Осы кезді пайдаланып, балақайлар шешесінің соңғы
ботасын да ұрлап кетеді. Намаз аяқталған соң аналық түйе
өз ботасының жоқ екенін байқаған соң боздап, шеңберді

айналып, жүгіре бастайды, ол жерде екінші топ оны да ұстап
алады.
Бұдан соң бүкіл балалар бір шоғыр болып қосылады. Осы
кезде оларға ойынға қатысушылардың бірі ― қолына қу

шыбықтар ұстаған бала келіп, ойнаушының əрқайсысының
қасынан өте бере оған не керек екенін сұрайды. Əрбір бала
сұрау қоюшыға өз талабын айтады. Біреу мылтық, енді
біреу шапан, тағы біреуі таяқ, тағы біреуі ― етік, бір сөзбен

айтқанда, əркім ойына не келсе, соны сұрайды. Сөйтіп, əлгі
бала əркімнің талабын қанағаттандырып, əрқайсысына қу
шыбықтан беріп: «Міне, саған мылтық, міне саған шапан,
етік»,― дегендей жəне басқаларын айтып, қайталай береді.

Осымен түйе болып ойнау аяқталады.
Көк сиыр
«Көк сиыр», яғни сұр сиыр болып ойнау былайша
болады: балалар жиналып қатарласып отырады. Осы кезде

сұр сиырды бейнелеуші бала оларға келіп:
― Мен бұзауымды жоғалтып алдым,― дейді.
― Оны ит жеп қойған, аулақ кет! Өйткені, сендер, сиырлар
сүзесіңдер,― деп жауап береді балалар.

― Ал, сендердің түйелерің тапыраңдаған, аттарың
тебеген келеді...
― Ағайындар, айтыңдаршы, мына өзеннен қалай
өтемін?― деп сұрайды сиыр.

― Қарғып өт!― деп кеңес береді балалар.
Қиялдағы өзеннен қарғып өткен сиыр балаларға келеді.
―Менің киіндіретін қызым жоқ, менің тері қалта тігіп
алатын бізім жоқ¹, маған анаусын да, мынаусын да бер,―

деп сұрайды сиыр.
¹ Бұл тіркестер ұйқаспен айтылады.

Балалар бұзаудың қайда екенін білгенмен, бірақ сиырға
үндемейді.
Сиыр осылай өз бұзауын таба алмай, кете береді.
Оның соңынан балалар: «Міне, сенің азықтарың»,― деп,

бөріктері мен шапандарын беріп, бұзауды жібереді.
Бұзау үйге келгенде сиыр: «Мен іздеген кезде, сен қайда
болдың?»― деп бұзауды өзінен қуып жібереді.
Бұзау ойнап жатқан балаларға келеді, оның соңынан сұр

сиыр болып жүрген бала шауып келіп, барлық балалардың
бастарын тырнай бастайды. Ойын осымен аяқталады.
Үйшік-үйшік
Бұл ойынға ұлдар қатыспайды, тек қыздар ғана

ойнайды. «Үйшік-үйшік»― бұл үй болып ойнау ойыны.
Əдетте қыздар бірнеше таяқшаларын алып, оларды белгілі
тəртіппен жерге қадайды. Одан соң үстіне шапандар жабады,
осылайша күрке сияқты бірдеңе жасалады, ал балалар болса,

қиялдарында мұны қазақтың нағыз киіз үйі деп елестетеді.
Содан соң қажетті мөлшерде шыбықтар тауып, қуыршақтар
дайындайды.
Қуыршақтарды олар өте қарапайым жасайды. Шыбықшаға

ақ шүберекті орап, көздерін, мұрны мен аузын істейді. Содан
соң сол қуыршақтың қандай жынысты бейнелейтініне қарай
əртүрлі киім, яғни еркек пен əйел киімін кигізеді. Егер əйел
болса, қуыршақтың басына орамал орайды, ал егер еркек

болса, қуыршаққа шалбар, басына бөрік сияқты бірдеңе
кигізеді.
Қуыршақтарды дайындап болғасын қыздар ойынға
кіріседі. Той жасайды, бұл еркек пен əйел жынысын

ұйықтауға жатқызу арқылы бейнеленеді. Содан соң сахнаға
жаңа үйленгендердің балаларын бейнелейтін кішкентай
қуыршақтар шығады. Бұл балалар кейіннен өседі. Құдалар
келеді, қорытындысында жас қызын күйеуге ұзатады. Бұл

жағдайда тойдағы бүкіл қуыршақ адамдар сол қыздар күні
бұрын саз балшықтан дайындаған аттар мен түйелерге
мінгізіліп, шығарып салынады, ойын осымен бітеді.
Енді бозбалалар, яғни жасөспірімдер ойынына келейін.

Бөрік жасырмақ
Бөрік жасырмақ ойыны, яғни бас киім жасыру ойынында
ұл балалар жиналып, екі топқа бөлінеді. Бір топтың ішінен
бір бала шығып (жеребе бойынша), қарсылас топтан

біреуінің тауып алуы үшін өз тобындағы біреудің қойнына
бөрікті тығады. Егер қарсы топтың баласы бөрікті таба
алмаса, оған айып салады (ұпай). Бұл айыпты былайша
салады: бөрікті таба алмаған баланың көзін жауып, қарсы

топта ойнаушылардың бірі оның маңдайынан шертеді,
ал ойынға қатысушы балалар одан:― Кім шертті?― деп
сұрайды. Егер бала болжап білсе, онда бөрік жасыру оның
тобына ауысады. Бүкіл ойын осылайша өрби береді.

Енді бозбалалардың, яғни жасөспірімдердің ойындарына
келейік.
Орда
Айлы-жарық түні бозбалалар күні бұрын белгіленген

жерге келіп, екі топқа бөлінеді. Топтың бірінде жылқының
сүйегі, мүмкін болғанынша ақ сүйек болады. Ойынға
қатысушылардың біреуі сүйекті бар құлашымен бір
жағына лақтырады да, содан соң оны іздеп табу үшін бəрі

жүгіре жөнеледі. Бұл сүйекті тауып алған бозбала: «Сүйек
менде»,― деп айқайлап, бар күшін жұмсап, «орда» деп
аталатын шартты мекенге тез жүгіре жөнеледі. Егер сүйек
алып жүгірген баланы «ордаға» дейін қарсы топтан ешкім

қуып жете алмаса, онда қарсы жақтағы топтың бүкіл
мүшелері сүйекті тауып, «ордаға» қарай өзіне ешкімді
жеткізбей жүгірген бозбаланы арқалайды.
Домалақ ағаш

Домалақ ағаш ойыны мынадан тұрады. Шағын шұңқыр
қазылады, оның жанында қолына таяқ ұстаған бала тұрады,
ал басқа бала домалақ ағашты таяқтың көмегімен шұңқырға
айдайды. Шұңқыр жанында тұрған бала домалақты шұңқыр

жанынан қағып жібереді жəне домалақтың шұңқырға
түспеуіне бар амалын істейді. Бұл ойын ― айдалған домалақ
ағаш шұңқырға түскенге дейін жалғаса береді. Бұдан кейін
орын алмастырылады, яғни домалақты шұңқыр жанында

тұрған бала айдайды.

Мұндай ойын Орынбордағы орыс балаларының арасында
кездеседі, онда бұл ойынды сүйел немесе таяқ доп ойыны
деп атайды.
Шелек

Жер бетінен кішкене шұңқыр жасалады. Шұңқырға
ұзындығы ширек метр таяқша ― қарыс ағаш қойылады. Одан
соң ойнаушылардың бірі қарыс ағашты таяқпен соғады, ол
жоғары ұшып кетеді. Осы сəтте ойнаушы ұшып бара жатқан

таяқты ұрып кеп қалады да, таяқша бірсыпыра қашықтыққа
ұшып түседі. Содан соң қарыс ағашты соққан бала өз таяғын
шұңқырға қояды, ал басқа бала таяқша ұшқан жерге жүгіріп
барып, оны алады да, шұңқырда жатқан таяққа лақтырады.

Егер ол таяққа тимесе, онда ұпай, яғни айып белгіленеді.
Айыптың мəні мынада: қысқа таяқша (қарыс ағаш) алыс
жерге лақтырылады, ал айып салынған бала таяқша құлаған
жерден дем алмастан шұңқырға дейін жүгіріп келеді;

өйтпеген жағдайда таяқша тағы лақтырылып, оның қайтадан
жүгіруіне тура келеді. Ал, айып салынушы жүгіріп келе
жатқан уақытта, шын мəнінде дем алмай ма?― дегенге көз
жеткізілуі үшін, ол үнемі «а-а-а!»― деп айқайлап жүгіруі

тиіс.

ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫН ҚАЛАЙ

ЖҰБАТАДЫ

Қазақтар арасында шамалы уақыт болған адам олардың
балажандығын білер еді. Қазақ балаларының жан дүниесі
көңіл көтеру құралдарына бай емес. Бізге таныс «ладушканы»
айқын еске түсіретін қазақтардың семьялық өмірінің көрінісі

мынадай:
Балалар (немесе тіпті бір бала) отырып, қатты жылайды,
олардың жылауын тоқтатудың тəсілі мынадай болып келеді.
Мəселен, балақайдың қолынан тез шап беріп ұстап, оның

саусақтарын былай санай бастайды: баланың бас бармағын
ұстап: «Ұрлықпен (мал) айналысамыз ба?»― дейді. Сұқ
саусағын ұстап: «Айналыссақ, айналысайық», ― дейді.
Ортан саусақты ұстап: «Ал, құдайды қайтеміз!»― дейді. Аты

жоқ саусағынан ұстап: «Ал, құдай не істейді дерсің»,― деп

үн қатады. Шынашағынан ұстап¹: «Əкел мында, соямыз!»― деп дауыстайды. Содан соң басқа қолынан алып, тағы да сол ізбен баланың саусақтарын санай бастайды жəне əрбір ретте: «бірлен, шірлен, атыз, қатыз, отыз»,― деп аяқтайды. Мұны бізге Сырдария облысы, Шымкент уезі, Ноғайқара болысының қазағы Еркімбек Ақынбеков айтқан болатын. Оның мəліметі аз қызығушылық туғызбайды, Г. Н. Потаниннің сібір қазақтарына қатысты жəне оның «Очерки северо западной Монголии» деген еңбегінде айтылған мəліметке бірдеңе қосады. 1879 жылы Императорлық Орыс Географиялық қоғамының тапсырмасы бойынша орындалған саяхат нəтижелері, ІV шығарылуы. Этнографиялық материалдар. С. Петербург, 1883 ж. Орал ― Алтай халықтары семьясының наречиесі бойынша қолдың саусақ атаулары 144,145 жəне 941-беттерде келтірілген. Өкінішке орай, қазақтар туралы этнографиялық материалдары бар бұл еңбектің екінші томы Түркістан көпшілік кітапханасынан табылған жоқ, сондықтан біз қажетті салыстырулар мен салғастырулар жасай алмадық. ƏУЛИЕ ҚОРҚЫТ АТАНЫҢ БЕЙІТІ ЖӨНІНДЕ БІРЕР СӨЗ² Ташкенттен Қазалыға қызмет бабымен барған өзімнің бірнеше сапарымның бірінде мен Қорқыт станциясына кездейсоқ тоқтадым, бұл атау осы маңға жерленген қазақ əулиесінің атымен аталған екен. Жергілікті тілдерді білетін мен осы жағдайды пайдаланып, түздіктерден ол бейіт жөнінде сұрадым. Перовск уезі, патша болысының қазағы Осман Қасымов маған мынаны хабарлаған еді: бейітті Сырдария жағалауында, №2 форттан ¹Қазақтардың саусақтары əдетте мынадай атаулармен аталады. 1. Басбармақ 2. Сұққол. 3. Ортан бармақ. 4. Аты жоқ бармақ. 5. Шынашақ. Сонымен бірге басбармақтан басқа əрбір саусақтың балалар үшін қызғылықты айрықша аты бар. Мысалы: сұқ қолды – балалы үйрек, ортан бармақты – ортан терек, аты жоқ бармақты – шылдыр шүмек жəне ақыр соңында, шынашақты ̆ кішкентай бөбек, - деп атайды. ² Қараңыз: Зап. Вост. Отд. VІІІ, 203 и ІХ, 272.

онша алыс емес жерде жатқан Қорқыт ата Перовскі мен Қазалы уезі қазақтарының арасында құрмет тұтатын мұсылман əулиелерінің бірі ретінде мəлім. Көбіне онда өте алыс жерлерден қазақтар мен қазақ əйелдері əулиеге табынуға барып, белгілі бір сырқаттардан, əсіресе қазақтарда жалпы атауы аруақ¹ деп аталатын жəне өзінің тегі жағынан жын-шайтан күшімен байланысты аурулардан жеңілдік алу үмітімен түнді көзі жасына бөленіп, дұға оқып өткізеді. Бейітке келушілерді сөзсіз шырақшының² еңкіш тұлғасы қарсы алады, ол аспандағы құс сияқты, егін екпейді, ормайды, бірақ қайыр-садақа жəне құрбандық арқасында басқа қазақтардан кем тұрмайды. Қасымов оны, бала шағында ревматизмнен азап шеккен аяғын емдеуді жалғастырудан тəуіптер бас тартқан соң Қорқыт ата моласына апарғанын айқын біледі (қазір ол 24 жаста). Айтпақшы, оны əулиеге апара жатқанда шешесі:― Қорқыт атаның аяқтары үнемі қабірден шығып, далада жатады,― деп айтыпты; ― Құдайға құлшылық етушілердің қамқор қолымен əрқашан дереу көміп тастаса да, бəрібір сол аяқтарды сырттан көруге болады екен.― Бұл неліктен болады? ― деген Қасымовтың сұрағына шешесі былай деп жауап қайтарыпты: Қорқыт ата тамаша əулие болған, бірақ əдейі болмаса да, ұйықтап жатқан уақытында өз қарындасына аяғы тиіп кетіп, Құдай алдында күнаға батыпты, осыдан барып, Бəрінен Жоғары əулиені жазалап, оның аяқтарын əр уақытта жалаңаш қалдырған көрінеді. Қорытындысында шешесі Қасымовқа Қорқыт атамен болған жəйітке басқалар да ұшырауы мүмкін, өйткені, жалпы алғанда, бойжеткен қызға аяқ тигізу (əсіресе, əдейі) өте үлкен күнə болады,― деп өсиетті үгіт айтқан. ¹ Қазақтар арабтардан қабылдап алған, яғни жандар, рухтар. Аруақтар – олар марқұм болған ата-бабалардың, пайғамбарлар, əулиелер жəне басқаларының адамдарға қамқор болатын рухтары. Олар адамдардың бақытты жəне аман болуы жөнінде қам жеп, қауіп-қатерлерден қорғайды. Қазақтар əруақты өз дұғаларында шақырады. Қараңыз: Худабай Кустанаев, Этнограф. очерки, стр. 44. ² Парсының шырақ, алау деген сөзінен шыққан. Шырақшылар неғұрлым белгілі əулиелер бейіттерінің басында тұрады; олардың міндеттеріне, негізінен, бейіттің басында үнемі қасиетті отты сақтау, бейітті таза ұстау жəне басқалары жатады.

Қасымовтың өзі, барған кезінде Қорқыт атаның аяқтарын
көру мүмкіндігіне ие болғанын айта алмайды, бірақ олар
келер қарсаңында ғана аяқтарды топырақпен көміп тастаған
екен,― деп уəж айтады: ал ревматизмнен ол шын мəнінде

бейітке келгеннен кейін, бірақ бес жыл өткен соң жазылыпты.
Қасымов шешесімен барған кезде Қорқыт атаның қабірі
əбден тозған екен. Саз кесектен салынған оның төбесі
күмбезделіп, 6-8 бұрыш болып, ұштары үшкір оюлармен

біткен. Сол жерде жылқының бір байлам қара қылы жəне
əртүрлі матадан жасалған жалауы бар ұзын сырғауыл
қойылған. Бейіт аса ұзын жəне бəрі топырақ үйіндісінен
тұрады.

Перовск уезінің қазағы, зауряд-жүзбасы Көтібар Итаяқов
өзінің Қорқыт ата бейітін 15 жыл бұрын көргенін хабарлайды.
Ол кезде бейіт Сырдария жағалауынан жүз сажындай жерде
тұрған, ал 1893 жылы дария құмды жағалауын үнемі жуып,

аталған бейіттен 15-20 сажындай ғана жерде болған. Соңғы
уақытта қазақтар Сырдария толқынының Қорқыт ата бейітін
бүлдіріп жіберуінен қорқып, əулиенің сүйегін неғұрлым
қауіпсіз жерге апарып қойыпты,― дегенді Итаяқов есітіпті.

Бірақ, мұның қаншалықты шындық екенін ол тап басып айта
алған жоқ.
Сол сияқты Қорқыт ата бейітінің ұзындығы сондай, бейіттің
үстіне салған, қазір құлаған күмбездің қабырғаларының

сыртына шығып жатыр,― деген Итаяқовтың мəліметі
қызықты.
1896 жылдың 14 маусымы. Ташкент қаласы.

ТАҒЫ ДА ƏУЛИЕ ҚОРҚЫТ АТАНЫҢ БЕЙІТІ

ТУРАЛЫ¹

1898 жылы қазанның басында Ташкенттен Қазалыға
қызмет бабымен барғанымда, мен əулие Қорқыт атаның
бейітіне соқтым. Бұл бейіт «қорқыт» почта станциясынан
бір жарым шақырымдай жерде екен. Мен оны өте нашар

күйінде көрдім, бір қабырғасы Сырдария жағына қарап,
опырылып тұр екен. Менімен бірге бейітке Қазалы уезі
бастығының жəрдемшісі подполковник И. Л. Арзамасов
барды, ол фото əуесқой болғандықтан мен одан осы бір

¹ Ср. Зап. Вост. Отд. Х. 193.

аңызға айналған бейітті суретке түсіруін сұраған едім.
И. Л. Арзамасовқа мен соншалықты борыштармын,
өйткені ол аталған бейіттің Қазалыдан 200 шақырымдай
аралықтағы дерлік қашықтығына қарамастан, 1899 жылдың

20 желтоқсанында сонда жетіп, Қорқыт бейітінен екі сурет,
атап айтқанда, біреуін жағадан, екіншісін аппаратты мұзға
қойып, Сырдариядан түсірді.
Түркістан өлкесінде үстіміздегі жылы қатты қыс орнап,

терең қар басып қалуда, жергілікті түздіктердің айтуынша 54
жылдан бері мұндай болмаған, көктемде Сырдария бұрын-
соңды болмаған жағдайда тасиды,― деп күтілуде.
Сонымен, дария біртіндеп шайып жатқан Қорқыттың

ежелгі бейіті өзінің соңғы күндерін бастан кешіп жатыр,―
деп сеніммен айтуға болады.
Ташкент. 1900 жылдың 22 ақпаны.

СЫЙ ГРАМОТАСЫ

Темір Түркістандағы Əзірет Яссауй¹ мешітіне берген
(Парсы тілінен аударылған²)
Аса биік жəне аса қадірлі бір Алладан басқа құлшылық
ететін қадірлі құдай жоқ, Мұхаммед― Оның елшісі,

оның аса таза əулетін, оның бүкіл жолын қуушылары мен
ізбасарларын, ақиқат дін жолымен жүретіндердің бəрін Алла
жарылқай берсін!
Мəңгілік жəне ешбір вакуффен бұзылмайтын бұл қасиетті

жəне жарылқаушылық тапсырма аса ұлық əмірлердің бірі,
бүкіл халықтардың ұлы алдияры, Жоғары Жаратушының
рақымы мен сыйлығына ие болған Əмір Темір Көрегеннің
жарлығымен жасалды, иə, оның иелігін əрқашанда Алла

сақтасын, оның өз халқына деген ізгілігін Алла мəңгі есте
қалдырсын!
Бəрінен Жоғарыдағыны* мадақтап, Оның елшісіне
алғыс айтқаннан соң мынау мəлім болсын: бүкіл адамзатты

¹ Түркістан археология əуесқойлары үйірмесі мүшелерінің
жалпы жиналысында оқылған. Проток. №2, 1898 ж.
² Грамотаның түпнұсқасының бас жағында Темір мөрінің алтын
көшірме бедері бар.

* Автор хұқы сақталып, түзету енгізілмеді. Дұрыс нұсқасы
Жаратушы екені анық.

сыйлаушы жəне қорғаушы, шексіз аса ұлық, өз құлдарының
бəріне бірыңғай қамқорлық жасайтын Бəрінен Жоғары Алла
өз құлдарының бірін тек өз рахымына жүгіндіріп, ізгілік
қазынасының есігін оған айқара ашып, оған сарқылмас

байлық жібереді, онда бұл байлықты жойып жіберетін
ешкім жан табылмақ емес. Егер Ол ― Бəрінен Жоғарғы
Алла өз қаулысын жоғарылататын, онда оның байлығын
жойғысы келетін адамның күңкіл-сүңкілі сол бір қалаулы

адамның құлағына да кірмейді, өйткені Жоғарғы Жаратушы
оған байлық сыйлап, сол арқылы адамзатқа Ол өз қаулысын
биікке қойғанын білдірді, ал бұл қалаулы жан(Темір) Бəрінен
Жоғары Алланың жер бетіндегі игілігін иеленбеген жандарға

қайырымдылық құралының көмегімен өзінің кең пейілі мен
күш жігерін қолданады. Ұлы заман уақытының одан əрі
гүлденіп, молшылыққа кенелуі патшалардың ұлы падишасы,
бақытты жұлдыз иесі, ғажайып береке бастаушысы, жаны

жəннатта тиыштық тапқыр Əмір Тарағайдың ұлы Əмір Темір
Көреген Баһадүрдің тыныштығы мен сау-саламаттығына
байланысты.
Бəрінен

Жоғары
Алла
өзінің
қалаулы

ұлдарына
қайырымдылық қазынасының есігін ашқан күндермен
сəйкес келетін сол бір бақытты күндерде, міне, ол Бəрінен
Жоғарғының ұлы қайтарымына үміт артып, əрі бейіттің

қасиетті жəне таупықты қожасының (яғни, Əзірет Сұлтан)
қолдауын сұрап, ақиқатқа деген Сұлтанның жолының,
шындық пен ақиқаттың Сұлтанның, үздік сопы, қазіргі
заман адамдарының сопы жолбасшысы, өз заманының

маңдай алды əулиесі, асқан жарылқаушысы Сұлтан Қожа
Ахмет Яссауйдің атымен бірнеше вакуф тағайындады, Алла
оның қабірін өз нұрының жарқылымен нұрландыра берсін.
Бұл вакуфтер мынадан тұрады: «Қожа тумасы» деген

бұлақтан бастау алатын «Янгича» деп аталатын арық суынан
жəне осы арықтың екі жағына жапсарлас жатқан жерден
тұрады. Бұл жердің шеті «Ақжар» жолымен өтіп, Əзірет
Кулил Қайыр Атаға жақын келеді. Бұл вакуфты Ғарасат

күнінде Бəрінен Жоғары Жарылқаушы жақсы ниетпен
қабылдай берсін.
І. Тіркелген шекаралардағы мұндағы белгіленген табыс-
тар міндетіне қарай бөлінеді, өйткені бұл жерлер мен олар-

дың табыстары айдан-анық жəне бұлжымайтын, бекі-

тілген вакуф, мұндағы табыстар «үнемі түсетін ағымдағы
қайырымдылықтан» өзге ештеңе де емес. Сол сияқты
бұл вакуф мəңгілік, таусылмайтын, бұзылмайтын болып,
шариғат күшіне орай таралады, сондай-ақ Бəрінен Жоғары

Жарылқаушының рақымына ие болу үмітімен белгіленген.
Бұл вакуф ешбір жағдайда сатылуға жатпайды, меншік
ретінде тұқым қуалауға берілмейді, белгілі бір сылтаумен
түбегейлі немесе түбегейлі емес түрде біреу-міреуге

берілмейді. Бұл вакуф толық сақталуы тиіс, ол осы түрінде
неден тұратын болса, белгіленген міндеттеріне орай жүзеге
асуы керек. Бұл вакуф өзінің қасиетті жəне айқын жағдайы
бойынша оны пайдаланатындарды шақыруға, «қасиетті

жаратылыстың» (Əзірет сұлтан) жан тыныштығы үшін
Бəрінен Жоғары Аллаға дұға оқуға септігін тигізеді жəне
осында белгіленген кең міндеттер жағдайында құрылып,
соған сəйкес бұл дүниенің ақырына дейін жүзеге асуы тиіс.

Вакуф меңгерушісінің тағайындалуы мен орнынан
босатылуы тек вакуф құрылтайшысының еркі мен қалауына
байланысты жəне оның еркін ешкім де бұза алмайды.
ІІ. Белгіленген вакуфтан қанша түсім болса да ол былайша

бөлінуі тиіс: а) Бəрінен Жоғары Алланың қасиетті Құранда
баяндалған аса қасиетті нақылдарын жатқа білетін, ислам
діні туының иесі, əулиелердің ішіндегі ең таупықтысы,
батагөйі ұлы Əзірет Сұлтан Қожа Ахмет Яссауйдің қабірінде

оның аса таза жанының тыныштығы үшін бейсенбі мен
дүйсенбіде оқитын қарилердің мұқтажын қанағаттандыруға
берілсін, иə, Əзірет Сұлтанға патшалардың Патшасының
бəрін кешіретін рахымы түссін. Иə, аса қасиетті Құранның

бұл нақылдары оның қара түнек қабіріне өз жарығын
түсіріп, нұрландырсын. Иə, сондай-ақ Құранды оқушылар
осы маңайда жерленген марқұмдардың жан тыныштығына
да бағыштап, дұға оқысын.

ІІІ. Хасан Шейхтің ұлы, аса таупықты Мир Али Қожа
Шейх ― ұлы Садыр Шейхтің ұрпақтарының бірі. Садыр
Шейхтің «Хильвати Шейх» деген лақап аты болған жəне
ол ұлы Əзірет Қожа Ахмет Яссауйдің туған бауыры болып

келеді. Аталған ұлы мир Али Шейхтің маңдайы мен бетінде
оның қасиетті ой-пікірлері мен барлығы үшін оқыған дұғаның
айқын іздері болатын. Қасиетті жəне хош иісті қабірдің
мутовалиінің құрметті орнын алуға ол анық лайықты болып

отырғандықтан, мен оны лайықты санап, мутовали қойдым.

Ол ақырет сотында жауап беретіндей болып, істі басқаруы
жəне жүргізуі тиіс. Бəрін сақтаушыға ұнамды болса, ол
артық шығын мен ысырап етуге бармайды. Ал одан кейін
(Мир Али Шейх) оның еркек балалары мутовали болуы тиіс,

содан соң соңғыларының еркек балалары жəне тағы сол
сияқты болып, аталған адамның (Мир Али Шейх) ұрпақтары
заман аяқталғанға дейін мутовали болып белгілене беруі
тиіс.

ІV. Осынау асыл қабірде жергілікті тұрғындардан белгі-
ленген екі адам су тасушы жəне сыпырушы болып жұмыс
істеуі тиіс жəне ол адамдар өз орындарынан ешқайда кетпей,
өз істерінің қамын жеп, бұл жұмысты мүлтіксіз де, мінсіз

атқаруы тиіс.

V. «Қожа Тумасына» жақын тұрған вакуф бағында

бағбанның ісін жақсы білетін екі бағбан ұстау керек. Бұл
адамдар үнемі орындарында болып, бағбанның ісін атқаруы
жəне бақты көркейтуге тырысуы керек. Олар өз істерін бақ
ісінің нұсқауына сай жүргізіп, осындай жолмен бақтың

тəрбиесіне зер салуы қажет. Олардың танымдары соншалық
негізді болып, олар бақ ісін мүлтіксіз білетін адамдардың
мақұлдауына лайықты болуы тиіс.
VІ. Өзінің асқан ізгі ниетіне байланысты мутовали болып

тағайындалған Садретдин Қожа Шейх ұрпақтарының бірі
Хасан Шейхтің ұлы аса таупықты Мир Али Қожа Шейх
вакуфты бұзуға жəне жоюға қаскүнемдік ниет білдірген
адамдардың қастығын тойтарып отыруға міндетті. Себілген

жерлердегі вакуфқа тиісті табысты ол міндетіне қарай қатаң
бөліп, сақтауға міндетті жəне ол табыс оның қолына ешбір
азаймай əрі зиян келтірмей түсуі керек. Барлық табыстар
түсіп болған соң аталған мутовали бұл табыстарды вакуфтың

белгіленген қажеттілігіне қарай аз да емес жəне көп те емес
етіп бөліп отыруға міндетті.
VІІ. Əрбір аптаның дүйсенбісі мен жұмасында екі жарым
батпан бидай жəне екі батпан ет, қажетті мөлшерде тұз бен

отыннан əулиелердің аса ұлық Сұлтаны ― Əзірет Сұлтанның
ғимаратында, иə, бəрінен Жоғарыдағы Алла оның жанын
нұрландыра берсін, «Халим аба»¹ түстігін дайындау керек,
ол түстік аса қасиетті Құранды жатқа білетін қариларға

― оқушыларға, Бəрінен Жоғарғы Жаратушының есімін
¹ Халим аба – тек қана ет пен бидайдан жасалған түстік.

дəріптеушілерге, яғни «зікір» салушыларға, сол сияқты
жергілікті кедейлерге, кембағал адамдарға, жетімдер мен
мүсəпірлерге беріледі. Сонымен бірге, жыл сайын шамамен
аталған кембағалдар мен кедей адамдарды тамақтандыруға

арналған күлше нандарды пісіру үшін ұнға айналдыратын
жүз батпанға дейін бидай жұмсалуы тиіс. Оның үстіне
жеткілікті мөлшерде ұн, тұз бен пахута (айрықша бұршақ)
жұмсалуы керек.

Түстік пен күлше нанды дайындауға жыл сайын шамамен
жүз есекке жүк болатын отын жұмсалуы керек, бұл отын
жылдық мөлшерге сай келіп, ағаш жəне шөп өсімдіктерден
тұруы тиіс. Егер белгіленген вакуфтан қажетті шығын

жұмсалғаннан соң, қалдық қалатын болса, ол жарылқаушы
жəне қасиетті қабір ғимаратының жөндеуіне жұмсалуы тиіс.
Бұл ғимарат жолаушы үшін аялдамауға болмайтын көпір
сияқты, осы жолмен жүріп бара жатқан жолаушылардың

аялдайтын қажетті орны қызметін атқаруы керек. Иə, Бəрінен
Жоғарғы Жаратушы бұл ғимаратты нығайта берсін.
О, ізгі ниетті адамдар! Көрсетілген мутовалидің еркек
ұрпағы бітетін болса, онда қазіргі хакімнің немесе қазидің

міндетіне мутовалиге сенімді, тақуа, вакуфты басқаруға
жеткілікті қабілеті бар адамды таңдап қою кіреді. Еске
алынып отырған мутовалидің ешбір жағымсыз қасиеті
болмауы тиіс, сондай-ақ өздерінің ар-ожданы мен дінінің

талап етуіне орай вакуф пен мутовалиге жақсы бақылау
жасау ― хакімдер мен қазилардың жауапты міндетіне кіреді.
Аталған вакуфт» ол қалай белгіленсе, сол күйінде мəңгі
бақи, солай сақтауы үшін біз Бəрінен Жоғары Аллаға

сиынамыз əрі жүгінеміз.
Егер вакуфты пайдалануға құқы бар барлық ұрпақ бітетін
болса, онда бұл вакуфтен түскен табыстар ― Бəрінен
Жоғарғының ой-ниетімен жер жəне оның үстінде тұрғандар

күл-талқан болғанға шейін діншіл мұсылмандар үшін
жұмсалуы тиіс. Өйткені Бəрінен Жоғарғы Алла бəрінен де
жоғары тұр, жалпы алғанда, бұл дүниенің мұрагері Сол ғой,
Бəрінен Жоғарғы Алла ― жердегі бүкіл жаратылысқа нəр

беруші жəне тəрбиелеуші.
VІІІ. Сөз болып отырған вакуф басқа ешқандай нəрсеге
айырбасталмауы тиіс, вакуф өз орнында тұруы керек. Ешкім
де ешқандай сылтаумен вакуфті айырбастауды мүмкін деп

таппауы қажет, ал өкімет вакуф бұрынғысынша ешқандай

өзгеріссіз жəне алмасусыз қала беруін шешіп, белгілеп
отыруы керек. Мұның өзі Түркістанда, оның маңайында
тұрушыларға:
мүсəпірлерге,

үлкенді-кішілі
лауазым
иелеріне, барлық шейхтерге, шопандарға (?) жəне барша
пенде болған халықтарға мəлім болсын... Түркістанның

иелігінде¹ қанша арық болмасын, мен сол арықтың
əрқайсысынан «Халим обада» суы бар екі кош жерден вакуф
белгілегенімді олар білсін жəне осыған аң болсын, мен
мұны ақиқатқа деген Сұлтанның, əділдік пен ақиқаттың

Сұлтаны, үздік сопы, өз уақытындағы əулиелердің біріншісі,
қазіргі адамдардың сопы-жолбасшысы, жарылқаушы Сұлтан
Қожа Ахмет Яссауй үшін істедім, иə, Алла, оның қабірін өз
сəулесімен нұрландыра берсін.

Ғарасат соты күні масқара боламын демесе, бірде-бір
адам вакуфке озбырлық пен қаталдық көрсетпеуі тиіс.
Жоғарыда əр арықтан суы бар екі коша жер вакуф
белгіленеді деп айтылған болатын. Бұл кошалардың ішінде

Мір Қара Су (арық) ұлы Əзірет Садуақастың вакуфіне тиісті,
иə, оны Алла жарылқасын. Сығанақ жəне Шорнақ арықтары,
екі коша ішінде, Қуандық ата Сығанақтың ұлы, Шайдан
Шейх Сығанақтың ұлы, Дəруіш Əли Сығанақтың немересі,

лақап аты «Шорнақ ата» деп аталатын Қажы Мəліктің
вакуфіне тиісті.
Ақ меңгіз Қара Тастан, Қара бұлақтан, Сазат бұлақтан,
Ақ төбеден Үржардан бастау алатын Шорнақ жəне Сығанақ

арықтары мыспен бірге жəне өз басын Ақ зіл қиядан алатын
Көк Тас қайнар бұлағы осы суларды пайдалану құқы бар
Сығанақ бөліміне тиісті.
ІХ. Ұлы Əзірет Дəруіш Əли Сығанақты, иə, оған Алланың

рахымы түсе берсін, ұлы Əзірет Қожа Ахмет Яссауйдің өзі
аса лайықты адам ретінде «Хатыб» етіп, яғни дін уағызшысы
етіп тағайындады, иə, Алла оның рухын нұрландыра берсін.
Одан

кейін
Хатыб
қызметіне
оның

ұрпақтары
тағайындалған, сондықтан алдағы уақытта да Хатиб болып,
оның таупықты ұрпақтарының бірі сайлана беруі тиіс.
Жоғарыда Əзіреттің аса қасиетті қабіріне вакуфке əр

арықтан суы бар екі коша жер белгіленетіні келтірілген еді.
¹ Грамотаның түпнұсқасының үш жерінде жапсырылған текст
бар, шамасы кейін жазылған болуы керек. Біздің аудармамызда
текстің мұндай жерлері алып тасталды..

Бұл арықтар мыналар: Қия шоқ-Боқаруқ, Шат, Дарбаза,
Ташанақ, Шаға жəне Қош Қорған. Осы арықтардан аталған
Хатыб ― суы бар екі коша жер алып, ол жерге астық
себуі немесе егістікке жалға беруі, ал алынған табысты өз

мұқтажына жаратуы керек. Бұл үшін Хатыб өз намазында
вакуфті дінге деген ізгі ниетпен белгілеушінің ұзақ өмірі
үшін Бəрінен Жоғарғы Аллаға дұға оқуы тиіс, өйткені намаз
кезіндегі дұға Бəрінен Жоғарғы Жаратушыға ұнамды болады

ғой.
Жоғарыда айтылған мутовали вакуфтің бір бөлігінің
жартысын пайдалануы тиіс.
Аталған Шейх (Мір Əли Қожа) вакуфті сақтықпен

жəне мұқият басқарғанда осында көрсетілген шарттарға
сəйкес, оларды ұстау үшін жыл сайын қариларға (екі) жүз
елу батпаннан астық-нан өнімдерін, сондай-ақ əрбір су
тасушы, бағбанды жəне сыпырушыны жоғарыда көрсетілген

тəртіппен ұстау үшін жүз жиырма батпаннан астық-нан
өнімдерін беру керек.
Вакуфтен түскен барлық табыстарды Мутовали қабылдап,
содан соң айтылған адамдарды қанағаттандыру керек.

Айтылған астық өнімдеріне байланысты батпан өлшемі
Түркістан батпанының жоғары өлшеміне теңелуі тиіс.
Х. Бұл шарт мынадай болады: оның туыстары (шамасы,
Əзірет Сұлтанның), олардың балалары, оның ізбасарлары,

озбыр жəне қатал адамдар, өкімет иелері, басты хакімдер
мен пенде болған адамдар вакуфке озбырлық келтіріп,
жүгенсіздікке салынбасын. Вакуфті басқару бүтіндей
мутовалиге тиесілі екенін олар біліп қойсын. Аталған

мутовали заңсыз басқарып отыр деген шек келтіретін ойға
салынбасын. Бұл ― кешірілмейтін іс.
Жеке патшалық етуші, хакімдер, оқымысты адамдар, биік
мəртебелі қызметтегілер мен қара халық бұл вакуфты қандай

да бір өзгеріске ұшыратуға немесе оны басқа бірдеңеге
алмастыруға өздеріне жол бермейтін болсын. Олар мұндай
əрекетке тыйым салынатынын біліп қойсын. Ал егер біреу-
міреу мұнда айтылған шарттарды жəне вакуфтың құқығын

бұзатын болса, оны Бəрінен Жоғарғы Алланың, Періштелер
мен барша адамдардың қарғысы атсын, иə, ондай адам
Жаратушының мəңгілік азабына ұшырайды!
Құжаттың соңында кейінірек уақытта басқа қолмен

жазылған төрт таған өлең бар. Ол өлең, міне:

«Темір Көреген патшаға тең келетін ешкім болған жоқ,
Ол бұл дүниеге 735 жылы келді;
771 жылы ол бүкіл əлемді жаулап алды,
ал, 807 жылы бұл дүниені тастап кетті».

«КӨК КЕСЕНЕ» АТАУЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ТУРАЛЫ

(Тарихи-археологиялық жазба)
«Көк Көсене» терминін түсіндіруге кіріспестен бұрын
мен өткен 1905 жылғы мəжілістің бірінде жасалған «Көк
кесене мавзолейі» деген тақырыптағы өзімнің осының

алдындағы мəліметіме үйірме мүшелерінің ілтипатпен назар
аударуына тоқталғым келеді. Бұл мəлімет біздің үйірменің
мүшесі В. А. Каллаурдың рефератына орай жасалған еді,
онда ол Перовск уезінің көлемінде жатқан Сығанақ (Сунақ),

Ашинас жəне басқа ежелгі қалалардың үйінділеріне, ең
алдымен Көк Кесене тас ғимаратына қатысты сөз қозғаған
еді. Бұл ғимарат рефераттың сөзіне қарағанда, Сығанақтың
(Сунақ) оңтүстігінде Төменарық бағытына қарай 8 шақырым

жерде, Төменарықтан солтүстік-батыста 5 шақырым жерде
тұр.
В. А. Каллаурдың сипаттамасы бойынша, Көк Кесене ―
көк түсті, сəнді ою өрнектері сақталған күйдірілген кірпіштен

соғылған биік ғимарат, шамасы, оған барған түздіктер араб
жазуын оқи алмаған сияқты. Ғимаратты мұқият тексеріп,
оның ішінде бас сүйектің болуына қарап,
В. А. Каллаур оны ― мавзолей ― деген ұйғарымға келген.

Өзімнің «Көк Кесене мавзолейі» деген бұрынғы
мəліметіме оралайын. Бұл мəліметке тақырып ретінде маған
Əулиеата уезінен алынып, қазақ тілінде баяндалған аңыз
негіз болды, онда Ақ Кесене жəне Көк Кесене маңын үш жүз

жылдан астам бұрын қалмақтар жаулап алған, кейін оларды
қазақтар қуып жіберген,― деп айтылған. Бұл аймақтар
Сырдария өзенінің төменгі сағасында, Сары Үйсін жəне
Үйсін деген жерлерді алып жатыр, менің өткен мəліметімде

корректуралық қате кеткен, соған орай Сары Үйшік жəне
Үйшік емес.
«Ақ Кесене» жəне «Көк Кесене» терминінің шығу тегін
айқындағым келгендіктен, мен Перовск уезінің қазақтары

Жүсіпбек Басығарин мен Сұлтан Ерəлі Қасымовқа хат
жаздым. Бұлардың алғашқысы маған мынаны хабарлады,

Көк Кесене ғимаратының өткені жөнінде қазақтардан сұрау
арқылы оның түсіндіру əрекеті мынадай нəтиже берген.
Қай уақытта мұның болғанын Басығарин айта алмайды,
бірақ онша алыс емес дəуірде қазақтар арасында Қожамқұл

деген біреудің тұрғанын айтады. Ол қандай бір болмасын,
қызметтік орын иеленген бе немесе халық арасында жəй
ықпалды адам болды ма, бұл жөнінде ештеңе сақталмаған.
Бірақ алайда, мынаны ескеру керек,― деп жазады Басығарин.

― Қожамқұл өзі жөнінде өктем жəне қатал адам ретінде
өшпес əсер қалдырған. Мысалы, заттай міндеткерлік туралы
қандай болмасын жұмыс орындаған кезде қазақтар əлі
күнге: «Қожамқұлдың азапты уақыты туды,― деп есептеу

керек»,― деп сықақтап айтады.
Қазақтардың осындай пікіріне, былайша айтқанда,
халықта айрықша мақал туғызған пікіріне қарап,― дейді
Басығарин, Қожамқұл ― билікке ие жəне қатал адам ретінде

аты шыққан адам,― деп ойлау керек. Оның қатал адам
болғанын қоғамдық жұмыс уақытындағы жағдайға қарап
білуге болады: бірде арық қазып, тоған мен бөгет салған кезде
ол жұмысқа еркектер арасына бойжеткен қыздарды да қуып

апарған. Сонымен бірге мұндай құбылыс,― деп мəлімдейді
Басығарин ― біз білетін ешбір уақытта болмаған.¹
Басығариннің сөзіне қарағанда, Көк Кесенені сол
Қожамқұл сол кезде патшалық құрған хандардың бірінің

зайыбының мүрдесінің үстіне тұрғызған деген халық
арасында аңыз бар. Бұл ғимараттың басты есіктері батысқа
¹ Қазақтар арасында əйелдерге өте өзгеше, көбіне ерекше
көзқарас қалыптасқан. Ал, бойжеткен қызға əулеттің ұлымен бірге

тең құқықты мүшесі ретінде қарайды жəне соған орай, оған құрмет
жасайды, жалпы алғанда, оны құрметтейді. Бірақ ол күйеуге
шығысымен көзқарас дереу өзгереді: ол олардың көз алдында,
əйтеуір бір ұрғашы болып көрінеді, адам құқығын пайдаланып,

қажетін алудың орнына ол бүкіл үй ішіндегі үлесі - тек қана
бірыңғай жұмыс пен міндеті - əйел, шеше жəне тəрбиеші болатын
күңге айналады, - шеше жəне тəрбиеші деген екі міндет ең бір тар
мағынада ғана алынады.

Қазақтарда мынадай ырым бар: қонақ қыз бала босағаға
отырмайды, яғни алдыңғы бұрышқа, əдетте «ақсүйек», сұлтан
тегінен шыққан адамдар мен қарттар отыратын құрметті орынға
отырады. Əйтпесе үй қожасы бақытсыздыққа ұшырайды.

Автордың ескертуі.

қарай шығады, демек, бұл ғимарат мешіт болмауы керек,―
деп мəлімдеді Басығарин. Ғимараттың сыртқы қабырғалары
бояулармен оймышталған, ал күмбезі қазіргі кезде уақыт
зардабынан қираған.

Бұл термин (Кесене) Басығариннің айтуынша, парсы
(Кошан) сөзінен шыққан, демек «ғимарат» деген ұғым
береді. Қазақтар болса, өздерінің қатқыл тілімен бұл сөзді
«Кесене» деп атайды. «Көк» қосымшасы ғимаратқа ол көк

түске боялғаннан қосылған болуы керек, өйткені «Көк»―
қазақ тілінде де осы ұғымды береді. Бұл ― «Көк Кесене»
(Көк ғимарат) сөзінің неғұрлым дұрыс анықтамасы.
Басығарин тағы бір терминге, атап айтқанда (кенисе),

парсыша ― калиса терминіне тоқталып, мүмкін қазақтар
Кесенені «Кенисе» деген сөзден шығарған болуы керек,―
деп жорамалдайды. Сонымен бірге «Кенисе» араб сөзі жəне
бұл сөзді отқа табынушылардың храмы, жалпы алғанда,

басқа да мұсылман емес халықтардың храмы,― деп түсіну
керек. Сондықтан да Басығарин қазақтар бұл соңғы терминді
«Кесенеге» айналдырып, кездейсоқ жағдайға байланысты
ғана айтады,― деген ойға жол бермейді.

Сұлтан Ерғали Қасымов былай деп жазады: көнекөз
тұрғындардан жинаған мəлімет жəне өзінің жеке пікірі
бойынша, «Көк Кесене» сөзі өзбектің «көк» жəне «кесе»
(шыныаяқ), ал сарттарша пияла деген сөзден шыққан,

«не»― сөздің аяқталуы немесе заттың бір нəрсеге тиістілігін
білдіретін қосымша.
«Көк Кесене» терминін Қасымов мырзаның бұлай
түсіндіруі меніңше, өте батыл жəне онша сендірмейтінге

ұқсап көрінеді.
Бұдан əрі Қасымов мырза былай деп хабарлайды: киелі
Көк Кесененің шығу тарихын ешкім айқын білмейді, сондай-
ақ бұл ғимараттың қай кезде салынғаны да белгісіз; тек Көк

Кесене Сунақ Атамен бірге өмір сүріп келеді, бұл киелі
құрылыс киелі Көк Кесенеден онша алыс емес жерде, керуен
жолының бойында, Шиелі жəне Жаңақорған селоларының
арасындағы қираған қала маңында жатыр.

Осымен Басығарин мен Қасымов жіберген Көк Кесене
жөніндегі мəлімет аяқталады.
Ақ Кесене ғимаратының қалдығы сақталмаған тəрізді,
əйтпесе қазақтар оның тұрған орнын дəл анықтап берер

еді. Ақ Кесенені, бəлкім, Сырдария сағасындағы ежелгі

Жентке жақындатуға болар еді, бірақ бұл жорамал да, əрине, неғұрлым елеулі ғылыми зерттеулерді қажет етеді. 12 желтоқасан, 1907 ж. Ташкент. ИТАЛА ҚАЗ (Сенім-наным) Қазалы, Перовск жəне Шымкент уездерінің қазақтарынан өзінің лақап аты бойынша бірегей құс – итала қаз жөнінде біздің əлденеше рет естуімізге тура келді, демек бұл аудармасында: «ит – ала қаз», ― дегенді білдіреді. Бұл құс жөнінде қазақтар тіпті ғаламат айтады: итала қаз жұмыртқасын елсіз жəне биік төбелердегі ескі, айдаладағы мазарларға (молаларға) салады, ол үшін сол жерден əртүрлі аң жəне басқалар тастап кеткен інді пайдаланады. Жұмыртқадан «құмай» деген лақап атқа ие болатын тазы ит шығады. Олар титімдей болып жарық дүниеге келеді, қара ала төстері болады, керемет шапшаңдығымен, батылдық жəне ептілігімен ерекшеленеді, соған орай құмай қуған аңшылықтың бірде-бірі құрбаны қашып құтыла алмайды. Кейбір қазақтардың нық сенімі бойынша, итала қаздың етеккірі келіп, осы себепті бұл құстың еті тағамға пайдаланылмайды. Құмай күшігінің тағдыры, қазақтардың айтуы бойынша, өте аянышты болады. Өйткені ол жұмыртқадан шығысыменақ итала қаз күшігін тағдырдың ырқына тастап кетеді, содан барып, ол ұясында сөзсіз аштан өліп қалады. Міне, құмайдың өте сирек кездесетіні де осы себептен екен, қазақтың пікірі бойынша, бұл дүниедегі аса бір бақытты адамдардың қолына түссе, асқан берекеге кенелтеді. Қазақтар құмайдың итала қаздан туатынына аса сенімді жəне біздің олардың кейбіреулеріне сендірмек болған кез келген əрекетіміз бекерге кетті; дəлелдерімізге жауап алу орнына біз əжуа күлкіге ұшырадық. Бұл сенімнің күштілігі жəне шынайылығы сондай, тіпті қазіргі жас ұрпаққа да берілуде. Айталық, мысалы, орыс мектебінде тəрбиеленген, демек, белгілі дəрежеде еуропалық білім дəмін тартқан кейбір қазақ жастарымен біздің сөйлесуіміздің реті келді, тіпті солардың өздері де өз ағайындарының сенімдерін қостай отырып, біздің көзқарасымызға енжар келісті.

Жалпы алғанда, көшпелі қазақтар тұрмысын білуге қызығатын болсақ, бұрын ешбір баспада басылмаған этнографиялық жағынан көптеген құнды да қызықты материалдар ұшыратамыз. Сонымен бірге, бұл материалдардың бəрі, тіпті қазақ поэзиясының аса бір бағалы бөлігі қазақтарға отырықшы мəдениеттің тез əсер етуі нəтижесінде таяудағы уақытта-ақ мəңгі із-түзсіз жоғалмақ. Барлық қасірет мынада, баспа ісін айтпағанда, көшпелілерде жазып алынған ештеңе жоқ; осы кезге дейін оларда бəрі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша берілген. Егер осылай айтуға болса, өзбек өркениеті əсерін тигізбеген қазақ эпосының сол бір қарт өкілдері өздерінен соң ешбір естелік қалдырмай, туған қазақ халқы жөнінде өздеріне мəлімнің бəрін көрлеріне бірге алып кетіп, тез құрып бітуде. АЗИЯЛЫҚ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӨНІНДЕ АҢЫЗ Біздің (азиялық) Ташкент қаламызды ежелгі Шаш қаласымен шатастыруға болмайды, өйткені Ташкент өте таяуда, дəлірек айтқанда, жүз жиырмадан сəл ғана астам жыл бұрын пайда болған. Шаштың Ташкент еместігіне мынадан көз жеткізуге болады: қазіргі уақытта ежелгі Шашты халық ескі Ташкент деп атайды жəне бұл қала Əзірет Зəңгі Ата қабірінен оңтүстікке қарай, Нисбаш қыстағынан Чиназға дейінгі жерді алған; оның ізі осы кезге дейін төбешіктер түрінде байқалады, ал кейбір жерлерде, тіпті əртүрлі құрылыстардың үйінділері сақталып қалған. Əзірет Зəңгі Ата бұл дүниені тастап кеткеннен кейін алты жүз жылдан астам уақыт өткен жəне ежелгі Шаш бұл əулиеден анағұрлым бұрын болған,― деп санау керек. Қазіргі уақытта бір кезде гүл жайнаған ескі Ташкент (Шаш) үйіндіге, ал ол өркен жайған жерлер жалаңаш сусыз, шөл далаға айналған жəне бұл жерлерге ешкім де иелік етпейді. Жаңадан пайда болған біздің азиялық қаламызды да Ташкент деп атаған, ал бұл сөз мынадан шыққан: ежелгі Шашты біршама уақыт өткеннен кейін Шаш-Кент, содан соң барып, Ташкент деп атаған. Сонымен бірге қазіргі азиялық қаланы Ташкент деп атауға мына жағдайлар да себеп болған: оны мекендеушілер сарттар еді, олар өздеріне даладан келген

қазақтарды ешқашанда қабылдамады жəне тіпті оларға тамақ
беруден де бас тартты; тек таныстарына ғана тамақ беретін.
Базарда жəне көшелерде нан сатып отырған сарттарды көрген
қазақтар: «Бұл кент Ташкент!», яғни «тас қала» екен ғой, онда

қайырымдылықты білмейтін, тас жүрек адамдар тұрады»,―
деп айтқан. Содан бері бұл кент (қалашық) ― Таш-кент,―
деп аталып келеді. Қазақтардың ізгі жүректі жандар екенін
атап айту керек; ауылдарына сарттар мен басқа ұлт өкілдері

келгенде оларды қазақтар қонақжайлықпен қабылдайды,
тіпті байлары қой сойып тастайды, ал кедейлері үйлеріндегі
бар нəрсемен тамақтандырады, жалпы алғанда, қазақтар
келушілерге ― Құдайы қонақ деп қарайды.

Азиялық Ташкент бұрын қала болмаған жəне ол тұрған
жерде төрт жерге орналасқан төрт қыстақ болған; оларды
басқаратын бек болмаған, қыстақтарға ақсақалдар басшылық
еткен. Осы төрт қыстақтың ортасында базар болып, онда

халық келіп жатқан жəне түске дейін күнделікті сауда-саттық
ісі қызған. Базарда үнемі төбелес, ұрыс-керіс болып тұрған,
сарттар бір-бірін тонап, түстен кейін кетіп қалып отырған.
Ол кезде бұл қыстақтардың тұрғындары Бұхар əміріне де,

Қоқан хандығына да бағынбаған. Қыстақтардың ортасында
боза қайнататын, оны ішуге қазақтар келген, ал қаңлы руы,
омыртқа бөлімінің бай қазақтары өз малдарын аталған төрт
қыстақтардың тұрғындарына тиісті тоғайларға жайған. Осы

айтылғандардың бəрін сіздің қызметшіңізге бұдан қырық
үш жыл бұрын сол кезде сексен жастардағы қазақ Көлбай
Қойайдаров беріп еді.
Сол кезде аталған қыстақтардың бірінде Жүніс Қожа

деген бір адам тұрған, ол қыстақтарда өтіп жататын
тонаушылық пен қырғын төбелестерді тоқтату мақсатымен
бір жақсы шебер ұстаны «іздеп тауып, оған зеңбірек (пушка)
соқтыру бақытына ие болған. Күндердің бір күнінде базарда

қырғын төбелес қызып, тонаушылық басталғанда Жүніс
Қожа жүгенсіз кеткен сарттарға күні бұрын дайындалған
зеңбіректен бірнеше дүркін оқ атып, содан көп халық өлген.
Əрбір рет атқаннан кейін əуеге адам денесінің бөліктері

ұшып, халық асып-сасып, үрейленіп, жан-жаққа қашып-
пысқан жəне өздері ешқашан бұрын көрмеген қарудың
əрекетіне таң қалып қараған еді. Кейбіреулері зор үрей мен
қорқыныштан ғана жатқан жерлерінде өліп кеткен.

Бұл сəттіліктен рухтанған Жүніс Қожа тез арада жан-жаққа

жаршылар жіберіп, оларға: «Кімнің заманы, кімнің заманы?
Ендеше, біліп қойыңдар, Жүніс Қожаның заманы!»,― деп
айқайлауға бұйырған. Осыдан соң Жүніс Қожа сол төрт
қыстаққа бек болған, ол сонымен бірге базарда өтіп жататын

қырғын төбелес пен тонаушылыққа тоқтам салған.
Менің 18 жасымда жəне сол кезде Ташкенттегі мектепте
оқып жүрген кезімде тоқсанға жақындаған Мир-Дада-бай
деген сарт Жүніс Қожа өз қаруымен көп халықты қырған

кезде, ол, Мир-Дада-бай, он екі жасар бала екенін жəне
қырғын өтіп жататын дəл сол базарда жіп сатып жүретінін
айтқан еді. Мир-Дада-бай баяғыда-ақ бақи болды, ал мен
көрген кезімде ол «Жаңа» махалладағы Бесағаш бөлігінде

тұратын еді.
Билікті өз қолына басып алған Жүніс Қожа əлі де ұзақ
уақыт бойы Ташкенттің əкімі болды, одан соң бұл орынды
оның баласы Сұлтан Қожа, содан кейін Өткір Құсбегі, ақыр

аяғында Раджаб-Гальча иеленді. Сол кезден бастап, Ташкент
Қоқан ханына бағынды, ал аталған төрт қыстақ аз-аздап өсе
бастап, ақыр соңында, бірігіп, кейіннен өзінше үлкен қалаға
айналды.

Қала өсіп, үлкейген кезде Қоқан ханы Омар Ташкентті
басқаруға бір кезде сатып алған парсы құлын жіберіп, оған
Бектер Бегі деген атақ берді. Осынау ханға еңбегі сіңген
əкім Ташкентке қарасты халықтан зекет, қарадж жəне танап

алымын жинап, оларды Қоқандағы Омар ханға жіберіп
тұрды.
Ол кезде Ташкенттің қамалы болмады. Бірде Бектер Бегі
мұсылмандарды топтады, олар қамал қабырға соқты, мұның

өзіне аз уақыт кеткен жоқ; сондай-ақ, он екі қақпа жасалды,
сөйтіп он екі қақпалы Ташкент пайда болды. Бектер Бегі
Ташкентті көп уақыт басқарды, одан соң оның ізбасары
баласы Ишанқұл Датқа болды, ал Ишанқұлдан кейін

Ташкентте бірнеше бектер билік етті. Орыстар Ақмешітті
(Перовск) жаулап алған соң Ташкентке бек ретінде Мырза
Ахмет Құсбегі жіберілді, ол мұнда жеті жыл бастық болды.
Одан соң ол Шымкентке кетті, сол жерде бұл қаланы

орыстарға беріп, тағы да Ташкентке қайтып келді.
Қазіргі уақытта Ташкент төрт бөлікке бөлінген. Бұл
бөлуге мына жағдай себеп болған: Ташкентті орыстар
жаулап алып, үй иелеріне жеке-жеке тізім жасауға кіріскен

кезде халық орыс бастығына өздерінің қаласы бұрын төрт

бөліктен тұрған деп мəлім еткен. Ол мəлімдемені орыстар
назарға алған. Бұл бөліктер мынадай атаулармен аталады:
Шейхантəуір, Сибзар, Көкше жəне Бесағаш. Ташкентті
төрт бөлікке бөлудің тағы бір себебі, одан қала пайда

болғанға дейін Ташкент, бізге мəлім болғанындай, төрт
жеке қыстақтан тұрған, басқа сөзбен айтқанда, қазір де бұл
қыстақтар қаланың бөліктерін бейнелеуде.
Жоғарыда аталған төрт қыстақтың сарттарын жуасытқан

Жүніс Қожа бетімен кетушілікке тосқауыл қойып, олардың
толық құқықты қожасына айналған. Жүніс Қожа өзіне
бағынышты сарттарға жауыға қарады. Оның жек көрушілігі
ол сарттардың атқа мініп, жаңа желбегей (халат) киюіне

тыйиым салуға дейін барды.Ол былай деді: «Егер олар
атқа мініп, жаңа желбегей киетін болса, онда бір сəтсіз күні
олар тағы да дандайсып, жаңадан бас көтереді». Сондықтан
Жүніс қожа атқа мінген немесе жаңа желбегей киген сартқа

кездесіп қалса, оған дереу ақшалай айып салып отырды.
Менің бала кезімде Жүніс Қожаның бір замандасымен,
Əзім Қожа деп аталатын сартпен əңгімелесуіме тура келді:
Қарасарай махалласында тұратын ол сол кезде сексен жастан

асқан еді. Бұл байғұс қарт өз сəкісінің үйіндісінің алдында
үнемі отыратын. Ол ауыр науқасқа ұшыраған еді, соған орай
оны білетіндер тарапынан есіркеушілік тудыратын. Бірде
мен мұндай ауыр науқасқа қайдан ұшырағанын сұрадым.

― О, балақаным! Біз бастан кешірген сол бір өмірді қарғыс
атсын! Жүніс қожа заманында ташкенттіктердің атқа мінуіне
қатаң тиым салынды, соған орай біз үнемі жаяу жүруге
мəжбүр болдық. Терішіден тұтас өңделген теріні алып, сол

жүкпен даладағы қазақтарға баратын жағдайлар болатын, ол
жерде қазақ малшылары мен олардың əйелдерінің аяқтарына
етік тігіп, сыйлыққа өңделмеген терілерді аласың. Бірде ауыр
жүкпен даладан келе жатып, мен барлық күшім сарқылып,

қара тер болдым да, бір құлақтың қасында отырып, су іштім.
Сол кезден бері маған осы бір сұмдық дерт жабысты, одан
осы күнге дейін жазылмай-ақ қойдым,― деп əңгімесін
бітірді Əзім Қожа.

Ташкентті орыстар алмай тұрған кездің өзінде-ақ,
сарттардың даладан қайтып келе жатып, Ташкент қаласы
қақпаларының біріне жақындағанда аттарынан түсіп,
оларды үйлеріне дейін жетектеп апарғандарын сіздің

қызметшіңіздің сан рет бақылауына тура келді. Содан соң

мен бұл əдеттің Жүніс Қожа заманынан бері келе жатқанын
білдім. Үнділер мен еврейлерге де қалада атпен жүруге қатаң
тыйым салынды. Осы əдеттің бəрі Ташкентті орыстар алған
соң тоқтатылды.

Өзінің күш-жігері мен ержүректігінің арқасында Жүніс
Қожа көптеген қалаларды, атап айтқанда, Шымкент, Сайрам,
Əулие ата, Түркістан жəне Ақмешітті (Перовск) басып алды.
Өз əскерлерін, сондай-ақ жігіттерін Жүніс Қожа тек

қазақтардан ғана сайлай алды. Бұған Қаңлы, Шанышқылы,
сол сияқты Батыс жəне Рамадан бөлімдерінің қазақтары
енетін. Жүніс Қожа əскерлеріне мына адамдар басшылық
етті: Қаңлы руы, Омыртқа бөлімінен Қожамсейіт батыр,

Қарақұл батыр, Найзақұлақ батыр, Барлыбай батыр,
Серқожа батыр, Ғайып мырза батыр, Бөлек батыр, Халы
батыр; Шоқпар бөлімінен Есенбай батыр, Хайдарбек батыр;
Үшкіл бөлімінен Құнан батыр, Қарамас бөлімінен Қонақбай

батыр, Шанышқылы руы, Саңырау бөлімінен Тоқсан батыр,
Жабағы батыр, Қырықсадақ бөлімінен Ырысқұл батыр,
Дартқам батыр, Балық бөлімінен Жантелі батыр, Жаныс
бөлімінен Қазыбек батыр, Көлбай батыр, Бағыс бөлімінен

Айқынбай батыр, Мыңжасар батыр, Ырысбек батыр жəне
Рамадан бөлімінен Жолан батыр жəне Есенгелді батыр.

ҚЫРҒЫЗДАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӨНІНДЕГІ

АҢЫЗ

Ташкент уезінен алынған қырғыз қолжазбасынан
аударма
Біз өзіміздің арғы бабамыз Əзірет Адам жөнінде сөз
етеміз. Аспаннан берілген Құдайдың аянында Əзірет адам

жұмақта болған кезде оның бидай ағашының жемісін татып
көруіне Тəңір Құдай қатаң тыйым салып, егер тыңдамаса,
жұмақтан қуатынын ескерткен.
Шайтан, иə, оны қарғыс атсын, түрлі амал-айламен Хауа

Анамызды жолдан тайдырып үлгерген. Ол бидайдың жемісін
жегеннен кейін Əзірет адамға да əкеліп: «Бұл жемістің
тəттілігіне тең келер ештеңе жоқ, жеп көріңіз!»― деген екен.
Əзірет Адам, иə, жаны жəннəтта болсын, қызығып,

бидайды жеп қойған. Əзірет адамның (бидайдың жемісін
жегесін) иығынан сол сəтте жұмақтың лыпасы түсіп қалып,
олар жалаңаш қалған. Олар ағаштың жапырағын қанша

сұраса да (жамылу үшін), ағаш жапырағын бермеген. Ақыр
аяғында құрма ағашы оларға жапырағын берген, олар
жалаңаш денелерін сол жапырақтармен жауып, жұмақтан
шыққан.

Əзірет Адам мен Хауа Ана жұмақты тастап шыққан сол
уақытта бұл дүниеде ай да, күн де болмай, өте қараңғы
болған. Осы қараңғылық кесірінен Əзірет Адам мен Хауа
ана бір-бірін жоғалтып, жүз жыл бойы қаңғырып, іздеген.

Əзірет Адам көз жасын көлдете дүниені кезіп, «Адам, сен өз
жұбайыңмен жұмақта өмір сүре бер: қай жерде болсын, оның
барлық жердегі ырзығын же; бірақ өзің қылмысқа батқың
келмесе, мынау ағашқа жақындама!» ― деген Құдайдың

аянын үнемі қайталай берді.
Жүз жыл өткен соң (Адам) Хауамен кездеседі. Жүз
жылдық айырылудың егжей-тегжейін біз бұл жерде сипаттап
жатпаймыз, оның өзі көп уақыт алар еді, тек қырғыздар

туралы ғана еске аламыз.
Əзірет Адам Хауамен кездескен соң арғы əжеміз Хауа
жыл сайын бір ұл, бір қыздан туа бастаған. Хауаның бірінші
ұлын Қабыл (Қайн)¹ ― деп атаған; келесі жылы Хауа тағы

бір ұл мен бір қызды туған. Бұл жолы жаңа туған ұлды Əбіл
(Авель)², ― деп атайды. Көп күндер өткен соң Қабыл мен
Əбіл ержеткен. Күндердің күнінде олар аң аулауға шыққан.
Аң аулау кезінде Қабыл (Əбілге): «Егер біз үйленетін болсақ,

мен онда жақсы бойжеткенді аламын», ― дейді.
«Жоқ, менің бауырым, Жоғарғы Жаратушы əркім өз
жұбын алсын»,― деп бұйырған,― деді Əбіл.
Мынаны айта кету керек, Қабылмен бірге туған қыз өте

ажарсыз да, ал Əбілмен бірге туған қыз өте ажарлы еді.
Қызға бола жанжалдасқан Қабыл Əбілді таспен ұрып, оны
өлтіріп тастайды.
Əбілдің өлгенінен күдіктенбеген Қабыл оны арқалап,

далада он күн жүрді жəне Əбілге не болғанын ешбір түсіне
¹ Аңыз бойынша былай əңгімеленеді: 70 жұп егізді, əрбір ретте
бір ұл жəне бір қыздан туған. Қабылдың (Қайн) тұқымы 37000 еркек
пен əйелден құралған. Қараңыз: «Миссионер, противомусльман,

сборн». Вып. ІV изд. 1874 г. стор. 106
² Əбілдің (Авель) тұқымы 47000 еркек пен əйелден тұрады.
Қараңыз: сонда, Ə.Д.

алмаған. Ақыр аяғында, аштық пен ауырлықтан əлі құрыған
ол жерге отырған. Осы кезде аспаннан екі қарға түсіп,
бір-бірін шұқып шоқи бастайды. Біреуі екіншісін шұқып
өлтіреді; тірі қалғаны шұңқыр қазып, шоқып өлтірген

қарғаны көміп тастайды. Осы қарғадан үлгі алып жəне
Əбілдің өлгеніне көзі жеткен Қабыл шұңқыр қазып, оған
Əбілді көміп тастайды да, содан соң үйіне аттанады.
Қабыл келген соң Əзірет одан Əбілдің қайда екенін

сұрайды, ашығын айтудан қорыққан ол Əбілдің қайтыс
болғанын, оны өзінің жерлеп келгенін айтты.
Əзірет Адам Қабылдың Əбілді өлтіргенін жорамалдап,
оны қарғап-балағаттап, оған екі қызды (жоғарыда айтылған)

беріп, қуып жібереді. Бұдан соң Қабыл тауға кетіп, сол
жерден жабайы аңдарды аулап, өз күнін сонымен көреді.
Сонымен, қырғыздар Қабылдан шыққан, содан бері
тауда тұра бастаған еді. Қырғыз əйелдерінің арасында өте

сұлулары да, өте ажарсыздары да кездеседі. Мұның төркіні
мынада екен: əдемі əйелдер Əбілмен бірге туған қыздан, ал
ажарсыздары Қабылмен бірге туған қыздан тарайды екен.
Бұл аңызды кейбіреулер (қазақтар) басқаша айтады, бірақ

біз осы жерде баяндаған жағдаят дұрыс болуы керек.
Əзірет Адам мен арғы Хауа ана əжеміз жұмақтан
шыққанда өздерінің жалаңаш денелеріне құрма жапырағын
жамылған деп жоғарыда айтқанбыз. Қазіргі уақытта біздің

киімдеріміз мақтадан дайындалған материалдан жасалады.
Мақта алғаш рет құрма пальмасынан жерге түскен тамшыдан
өсе бастаған да, кейіннен біз одан мақта өндіре бастаппыз.
Ал, біз киім-кешекті мақта кездемесінен осы себеппен

кие бастаппыз, мұның өзі бізге ежелгі заманнан мұра болып
қалған.

ҚАЗІРЕТ ЫСМАЙЫЛ АТА ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Иə, Бəрінен Жоғарыдағы Жаратушы оның бейітін
нұрландырсын. Ол оның жүрегін таза етсін.
(Қазақшадан аударма)
Ибрагим Атаның ұлы, Қазірет Ысмайыл ата «қазақтармен»

бірге «Қос мола» деген үлкен таудың батыс жағында, Қазіргі
Ташкент уезінің Ақжар болысында өмір сүрді.
«Ибрагим Ата» деп аталатын əулиелердің бейіттерін көп
кездестіруге болғанымен, біз бұл жерде «Турбат» деп аталып

жүрген Ибрагим Ата туралы айтамыз, өйткені ол Турбат
деген жерде тұрған.
Қазірет Ибрагим Ата маңайдағы қазақтарға «пір»
болғасын

жоғары
діни
кемелденуге
жеткен.

Оның
шырақшылары мен халифалары «Қаңлы» руы «Омыртқа
жəне Мандуд» бөлімдерінің қазақтары болған.
Біздің піріміз Ибрагим атаның екі ұлы болған: оның

біреуін Жəбірейіл ата, ал екіншісін Ысмайыл Ата деп атаған.
Бұл ― бұдан төрт жүз жылдан астам бұрын болған.
Күндердің бір күнінде «Қалмақ» тайпасынан біздерге
жау келіп, мұсылмандарды қырып-жойып, Ибрагим Атаны

жəне оның ұлы Жəбірейіл Ата мен шешесін өлтіреді, ал сол
кезде 20 жасқа келген Ысмайыл Атаны қалмақтар тұтқынға
алып кетіп, оны қой бағуға мəжбүр етеді. Қазірет Ысмайыл
ата көп жыл бойы қой бағады. Ол қойларын үнемі төбенің

басына айдап апарып, өзі сол төбенің басына шығып зікір
салады, өз мұңы мен қайғысын айтады. Қойлар болса, төбені
қоршап жатып, мас адам сияқты шөп те жемей, Құдайдың
құдіретін мадақтап, олар да зікір салады.

Қалмақтардың басқа да малшылары бар еді. Міне, енді
бірде олар да түрік баланың (Ысмайыл Ата) өз қойларын
бақпай, бір төбенің басында ұстайтын көреді, содан соң
түрік баланың қожасына барып: «Сенің малшың мүлде қой

бақпайды, ол қойларын төбенің басына шығарып тастайды,
ол жерде қойлары аштан-аш жатады, ал өзі төбенің басында
отырып, сол жерде ұйықтайды»,― дейді.
Ертеңіне азанда қожасы қаруын алып, атына мініп,

жүріп кетеді. «Егер ол тек бақпай көрсін, онда мен оны
өлтіремін»,― деп ойлайды қалмақ.
Алыстан келмей жатып-ақ, ол шынында, қойлардың
жайылмай, төбеде иіріліп жатқанын байқайды. Қатты

ашуланған қалмақ өз қойларына жақындайды. Оларға келген
соң маңырағанын есітеді. Сөйтсе, олардың бəрі зікір салып
жатыр екен. Қалмақ қойлардың құйрықтарына көзін аударса,
олардың үлкендігі соншалық, қой оның ауырлығынан

тіпті орнынан да тұра алмайды екен. Мұны көрген қалмақ
ойланып қалады. Одан соң ол қойшыға қарады; ол жүзін
батысқа аударып, зікірге бар ыждағатын салып, төбе басында
отыр екен. Дінсіз қалмақ онан əрі қатты ойланады.

̆ Бұл қойлар шөп жемейді ғой, соған қарамастан бəрі
бірдей семіріпті. Жоқ, мен бұл қойшыны өлтірмеймін, оның

үлкен қасиеті бар екен,― деп ойлайды да, қалмақ өз ашуын
ұмытып, қойшыға келеді.
― Əй, сен! Мұнда неғып отырсың,― дейді қалмақ.
Қойшы: ― Мен жылап, өз жалбарынышымды Жоғарыдағыма

жіберіп отырмын,― деп жауап қайтарады.
― Мына қойлар неліктен шөп жемейді,― дейді қалмақ.
― Сен көріп отырған қойлар өздерінің Жоғарыдағы
Жаратушысына арнап зікір салуда. Олар шөп жемейді.

Оларды бəрінің Жалғыз Қожасы тойындырып, жандарына
қуаныш ұялатқан. О, қалқам қожам, сен маған ашуланба,
алдымен өз қойларыңа қарап көр. Егер олар су ішпей, от
жемесе, онда қалай семіреді?― дейді қойшы.

Сол кезде Бəрінен Жоғарғы Алла қалмақтың жүрегін
жұмсартты, сондықтан ол мына сөздерді шын көңілден
айтты:
― О, қойшы! Сен жалбарынышыңды жолдап отырған

өзіңнің Бəрінен Жоғарыдағың шынында да ұлы екен, сенің
дінің де таза əрі шынайы. Егер сенің Бəрінен Жоғарғың ұлы
жəне сенің дінің шынайы болмаса, онда тілі жоқ жануарлар
(қойлар) өздерінің Жаратушысына арнап, зікір салу үшін

күйіне ие болмас еді. О, менің қойшым, сені мен құлдықтан
босатамын, сен өзіңнің таза жəне таупықтылығыңнан менің
пірім болдың. Енді мен де Бəрінен Жоғарыдағыңның сен
сияқты құлы болуым үшін мені өз дініңе кіргіз, мен енді өз

дінімнен шығып, сенің дініңе кіремін.
Қазірет Ысмайыл Ата қалмақтарда ұзақ жылдар бойы
тұрып, өз өмірін аянышты жағдайда қойлармен бірге өткізіп,
Құдайдың даусын есітіп, Оның жарылқауына ие болады.

Өз қасиеттілігіне орай, қалмақтың исламды шын жүректен
əрі шынайы қабылдағанын аңғарып, ол мұсылман болған
қалмаққа өзінің соңынан мына сөздерді қайталауға қосады.
«Мұхаммед Оның құлы жəне Оның елшісі екендігін мен

айғақтаймын». «Алладан басқа Құдай жоқ; Мұхаммед ―
Алланың елшісі».
Одан əрі Қазірет Ысмайыл Ата былай жалғастырады:
― Төрт жолдас «шадиярға» бірдей бол жəне олардың

имамдарының жолдарын қуушы бол. Сонымен, Қазірет
Ысмайыл Ата соңынан «дін шартының» дұғасын қайталап,
қалмақ мұсылманға айналады жəне былай деп үн қатады:
― Сенің даңқың арта берсін, Алла! Мен кəпірлердің

адасушылығынан азат болып, мұсылманға айналдым, ал

саған мүрид болдым; пайғамбарымның ілімін қабылдадым,
оның жолын қуушылар мен имамдарының досы болдым.
Менің жаным қанаттанды əрі мені қуаныш билеп алды. Енді
сен мені мұсылманға айналдырғаныңда мен саған мына

қойлардың бəрін құрбандық жасаймын, сен оларды өзіңе ал,
бірақ бір нəрсе жөнінде өтінемін: сен ислам жолына менің
үй ішімді де бағытта, мейлі олар да шынайы əрі таза дінге
кіре берсін.

Қазірет Ысмайыл Ата шынайы өтінішті (қалмақтың)
қабылдап,
қойларды
əлгінде

ғана
мұсылмандықты
қабылдаған адамның үйіне қуа жөнеледі. Ол мұнда өз
мүридінің бүкіл үй ішін мұсылманға кіргізеді жəне бірнеше

күн бойы олардың бұл дінге деген сенімін нығайтып,
күшейтеді.
Біршама уақыт өткеннен кейін жаңа мүрид Хазірет
Ысмайыл Атаға былай дейді: ― О, менің, тақсыр пірім!

Біздің, надандардың арасында əрі-бері жүріп, сен мұңға
батып, торықтың. Егер сен бізді Бəрінен Жоғарыдағының
шынайы құлдары деп мойындайтын жəне өз жұртыңа
қайтуға ниетің болса, онда сен мына қойларды алудан бас

тартпа.
Қазірет Ысмайыл Ата өзінің жаңа мұсылмандарын
шапағатпен еркелете былай дейді:
― Мен бұл малды сіздерден шын жүректен қабылдаймын

да, кері қайтарып беремін, өздеріңіз пайдаланып, иелік ете
беріңіздер.
Сол кезде адал, жаңа мүрид Қазірет Ысмайыл Атаның
жолына ақша бергізеді. Ысмайыл Ата өз жолын қуушыларға

батасын беріп, қоштасып, жолға шығып, аттанып кетеді.
Қалмақтарды ислам дініне кіргізген Қазірет Ысмайыл
Ата өз Отанына барудың орнына ұлы пірдің батасын алу
үшін өз жолын Бұхар-и-Шəріпке бағыттайды.

Жолда біраз уақыт жүрген ол Бұхар-и-Шəріпке келеді.
Ол осы жерде ұлы пірге қол беріп, оның адал мүриді
болады. Өзінің ұлы піріне бірнеше жыл қызмет етіп, Бəрінен
Жоғарыдағыға арнап, тынбастан зікір салып, күндердің бір

күнінде Ысмайыл ата өз пірінің құрметіне бөленеді.
Ұлы пірге Түрік бала (Ысмайыл Ата) келгенге дейін оның
ілімінің жолын басқа да қуушылар бірнеше жыл қызмет
еткен еді. Ұлы пікір Түрік балаға батасын бергенде олар таң

қалды.

― Біз де сондай өз пірімізге одан бірнеше жыл бұрын
адал қызмет еттік, бірақ ол бізге батасын берген жоқ, ал
Түрік бала мұндай құрметке ие болды. Ол пірімізді көп
ақшаға сатып алған жоқ па екен?― деп ойлады ұлы пірдің

мүридтері.
Осы уақытта бұл халифтердің ойын Бəрінен Жоғарыдағы
Алла ұлы пірге жеткізеді. Сол кезде ұлы пір зығыр майы
құйылған ыдысты өзіне беруді сұрады, оған білте салып,

бұл ыдысты үлкен ыдыспен жапты. Өз мүридтерін шақырып
ол былай деді: «О, менің халифтерім, сіздер маған көп
еңбек сіңірдіңіздер, сендердің жолдарың ашық əрі менен
алғашқы болып бата алуға тиіссіздер. Бірақ алдымен

сіздерден осы ыдыстың астындағы білтені ашпастан оны
тұтандыруларыңызды
сұраймын».
Халифтер

бастарын
төмен иіп, өз піріне ештеңе тауып айта алмайды. Сонда ұлы
пір былай деді: «Түрік бала! Мына білтені сен жағып көрші».
«Жақсы, пірім»,― деп Түрік бала басын төмен иіп,

көзін жұмды. Сол кезде ұлы пір ыдысты көтергенде, білте
тұтанып жанды. Осы жерде қатысып отырған халифтер мен
адамдар бұл кереметке таң қалады. Сонда ұлы пір былай деп
үн қатады: «Бұл білтені кім тұтатты?» Қатысып отырғандар

үн-түнсіз қалды.
― О, ұлы халифтер! Түрік бала білтені тұтандырған жоқ
па екен?― деп қайталады ұлы пір.
― Біз өз күнəларымызға өкінеміз, сенің «Түрік бала» ―

деп отырғаның ұлы əулие екен,― деп үн қатты халифтер
ұлы пірге қарап.
Ұлы пір айтты: Сіздердің маған риза емес екендеріңізді
жəне менің алдын ала өз батамды ғажайып кереметтер жасауы

үшін Түрік балаға бергеніме ашуланғандарыңызды көріп
тұрмын, мұндай құрметтің оған берілу себебін де аңғара алмай
тұрсыздар. Бəрінен Жоғарыдағы Жаратушым маған дереу
Түрік балаға батамды беруге бұйырғанында мен басқаша

жасай алар ма едім? Түрік баланың өзінің сұпылығымен
əулиелікке жеткенін енді түсінген шығарсыздар,― деп
ойлаймын. «Түркі» халқының адалдығы ұлы жəне олардың
діндарлығы да бүкпесіз. Аңыз бойынша, пайғамбарымыз

Хазірет Мұхаммед-и-Мұстафаның ізбасарларымнан менің
«Түркілерім» маған жан-тəнімен берілген»,― деп айтқаны
сендерге мəлім бе? Ал Қазірет Сұлтан Əл Гарифин:
«Өзбектер дінге берік, ал тəжіктерге мен шүбəланамын»,―

деп айтқан ғой.

Түркілердің ең түпкі негізінен 92 баулы өзбектер тараған,
өзбектердің осы 92 бұтағының бəрі түркіше сөйлейді. Міне,
олардың «Түркі» деп аталуы да сондықтан.
«Сіздер тəжік болмасаңыздар да, бірақ қайғырмаңыздар;

Бəрінен Жоғарыдағы Алланың рахымы келсе, сендер де
Оның жарылқауына қуанатын боласыздар».
Өз əңгімесін осымен үзген ұлы пір Бəрінен Жоғарыдағы
Алланың еркімен Қазірет Ысмайыл Атаға діни табыс тілеп,

былай деді: «Сен енді еш жерде тоқтамауға тиіссің, тікелей
өз жұртыңа бар да, онда өз əкең Қазірет Ибрагим Атаның
орнын алып, халықты түзу жолға бағытта, оларға пір бол».
Осы кезде Қазірет Ысмайыл Ата өз орнынан тұрып, ұлы

пірге жақындап, басын оның өкшесіне дейін иді. Содан
соң оның батасын алып, өз жұртына бағыт алып, Бұхар-и-
Шəріптен кетіп қалды. Көп күн өткен соң ол Турбаттағы
Отанына келді. Бұл жерде оны ешкім білген жоқ. Қазірет

Ибрагим Атаның орнын «мундуд» бөлімінің халифі алып,
қазір ұлы пір жəне шейх болып алған екен.
Қазірет ысмайыл Ата оны таныды, бірақ ол Ысмайыл
атаны таныған жоқ. Содан соң Қазірет Ысмайыл Ата өз

əкесінің, шешесі мен ағасы Жəбірейіл Атаның қасиетті
бейітіне барды.
Қазірет Ысмайыл атаны қалмақтар тұтқынға алып кеткен
кезде ол 20 жаста болатын, енді ол 60 жасында оралған еді.

Жоғарыда айтылғандай, қалмақтар ― баса-көктеп кірген
кезде барлық мұсылмандар мен Қазірет Ысмайыл Атаның үй
ішін қырып тастаған болатын. Сонымен, енді Ысмайыл Ата
келген кезде Қаңлы руы, Мандуд бөлімінің қазақтары, яғни,

халиф пірі мен Хазірет Ысмайыл Атаның əпкесі, Жəбірейіл
атаның əйелі тірі екен.
Күндердің бір күнінде Қазірет Ысмайыл Ата Мандуд
шейхқа мейірімділікпен қарап: ― О. Баба! Маған өзімнің

əкемнің орнын босат,― деді.
― Ал, сен кім боласың, ― деп сұрады Мандуд шейх.
― Мен сенің пірің Ибрагим Атаның ұлы, қалмақтар
тұтқынға алып кеткен Исмайыл Атамын. Қалмақтарда көп

жыл болған мен онда қой бақтым. Мен өз тағдырыма толық
мойынсұнып, маған жіберілген жазмышқа риза болдым.
Өзімнің Жалғыз Қожама арнап, үнемі зікір салдым. Бəрінен
Жоғарыдағы дұғамды есітіп, мені қолдады, маған күш

берді, соған орай, менің жалғыз өзім көптеген қалмақтарды
мұсылмандыққа қаратып, оларды исламға сендірдім. Одан

соң мен Бұхар-и-Шəріпке барып, онда ұлы пірге қызмет
еттім жəне одан бата мен тілек хат алдым. Аталған пір
мені жіберер алдында былай деді: «Сен ешқайда барма, өз
жұртыңа оралып, өз əкеңнің орнын ал». Міне, сондықтан да

мен Турбатқа келдім.
― Сенің қазір маған айтып тұрғандарыңның бəрі бастан
аяқ өтірік. Өйткені, қалмақтар Ысмайыл Атаны өздерімен
алып кеткен соң өлтіріп тастаған. Менің өзім Ибрагим

Атаның ұлымын,― деді Мандуд Шейх. Сөйтіп, ол өз орнын
берген жоқ.
Бұдан соң Қазірет Ысмайыл Ата бірнеше күн бойы
мұңайып жүрді. Мұны байқаған əпкесі сөзбен қуат беруге

ұйғарды. Бір күні ол түскі асқа оқтаумен қамыр жайып жатып,
қазанға келіп, пышақты қайрай бастады, қазірет Ысмайыл
Атаға қарап былай деді: «Егер пышақты қазанға қайраса, ол
өткірлене түседі, ал Ысмайыл Атаға ештеңе өтпейді».

Бұл сөздің Ысмайыл атаның ызасын келтіргені сондай, ол
дереу Мандуд халқының алдына көрініп, былай деді:
― О, Мандуд! Маған əкемнен кейін тиісті орнымды бер.
― Сен алдамшысың, кім өзінің Жоғарыдағы Құдайынан

қорықпайтын болса, іші жарылсын,― деді Мандуд.
«Алдамшының іші жарылсын»,― деген сөзді айтуы-
ақ мұң екен, аталған Мандудтың ішінен дыбыс шығып, ол
дереу жарылып кетті де, табанда өліп қалды. Оның үстіне

бұл Мандуд масқара өліммен өлді, оның үстіне пірдің
қарғысына ұшырады.
Сонда Қазірет Ысмайыл ата қатысып тұрғандарға былай
деді: «Атылған жебені кейде табу мүмкін емес». ― Енді

бұл денені қақпамның сыртынан шұңқыр қазып, күл мен қи
араластыра көміп тастаңдар,― деп қорытты сөзін ол.
Бұдан соң адамдар Мандудтың денесін бірдеңеге орап,
қақпаның сыртына шығарып, 10 қадам жерден шұңқыр

қазып, сазын шығарды, содан соң күл-қоқыспен көміп
тастады. Бұл жер кейіннен қоқыс төгетін жерге айналды,
уақыт өте келе төбешік пайда болып, «Мандуд мазар» деген
атқа ие болды. Бұл мандудтың ұрпақтары осы кезге дейін

өмір сүруде жəне өлгендерге қабір қазу ісімен айналысады.
Қазір біз оларды «Көр қап», яғни «қабір қазушылар» деп
атаймыз.
Қазіргі уақытта «Мандуд мазарын» тегістеп жіберіп,

оның үстіне шай лəпкесін орнатқан. Бұл лəпкені Тұрбат
қожа салған, ал онда Мандудтың ұрпағы, Разали қабіршінің

баласы Мұхаммед назар отыр. Бұл жолдарды жазушы
Ташкент уезі, Ақжар болысының қазағы Молда Көбей
Тоқболатов Мандудтың қоқыс төбесін балалық шағында өз
көзімен көрген. Қазіргі уақытта маған 60 жас толуы тиіс.

Менің туған жылым ― сиыр, төртінші мүшел толған.
Сонымен, Қазірет Ысмайыл Ата, ақыр аяғында, өзінің
əулие атасы жəне ұлы пірдің қасиетті орнын иеленді. Енді
халықтың оның Қазірет Ысмайыл Атаның өзі екеніне көзі

əбден жетті, көптеген адамдар оған шынайы сене бастап,
ақиқат жолына түсіп, оның мүридіне айналды.
Қазірет Ысмайыл Атаның жағдайы күннен-күнге жақсара
берді, зікір салынатын «ханака» (үй) халыққа лық толды.

Уақыт өте берді, Қазірет Ысмайыл Ата Аллаға алғысын
айтып, өз қызметін ыждағатпен жалғастырды, ол бұл дүниеде
өмір сүріп, дегенмен де қайырымдылық іс атқарғанына
шүкіршілік етті. Енді ол о дүниедегі өмірді уайымдады,

ешкім қайтпайтын жердегі күтіп тұрған азап оның зəресін
алды.
Күндердің бір күнінде Құдайдың күші мен құдіретінің
арқасында ол мына дауысты есітті: «О, Қазірет Ысмайыл

Ата! Мен саған кешірім етіп, болашақ өмір азабынан азат
еттім, көк сиямен жазылған мына сəлем хатты ал».
Бұл сөзді Қазірет Ысмайыл Ата айқын есітті жəне сəлем
хатты өз көзімен көрді. Сонда ол əбігерге түсіп, жанына

күдік ұялады.
― Мен Оның құлы, күнəкар жанның осындай
қайырымдылыққа бөленуі мүмкін бе? Осындай дауыс
шығарып, шайтан мен жын жолдан тайдырып жүр ме

екен?― деп ойлады Қазірет Ысмайыл Ата.
Сол кезде тағы да дауыс естілді: «О, менің азат етілген
құлым! Бұл шайтан мен жынның даусы емес, менің сенімді
құлым, мұны анық түсініп ал! Сенің ұлы ісіңе ризамын. Мен

сені кешірдім. Менің жазба сəлем хатымды қабылдап ал».
Осы сəтте əулиенің ойында бұл сəлем хаттың Құдайдан
келгеніне күдік қалған жоқ, сондықтан ол Оған былай деді:
«О, менің Бəрінен Жоғарыдағы Аллам! Сен мені жоқтан,

тозаңнан жараттың. Мен күнəкар жан, Сенің сəлем хатыңды
қалайша қабылдай аламын? Мен болашақта Сенің алдыңда
күнəға батып қаламын ба,― деп қорқамын. Мен
Сенің

дауысыңды
естуге
мүмкіндік
бергеніңе

қуаныштымын, бірақ Сенің көк сиялы сəлем хатыңды
қабылдай алмаймын».

― Менің батамды сен неліктен қабылдай алмайсың?
― О, менің Бəрінен Жоғарыдағым! Менің саған айтатын
бір өтінішім бар. Егер Сен оны қабылдасаң, мен Сенің
сəлем хатыңды қабылдаймын, қабылдай алмасаң, мен де

қабылдамаймын.
Осы кезде Бəрінен Жоғарыдағының тағы да даусы
естілді: «О, менің сенімді құлым! Қалағаныңды сұра!
Егер сенің өтінішің Менің көңілімнен шықса, онда мұны

қанағаттандырамын».
Қазірет Ысмайыл Ата сонда былай дейді: ― О, Менің
Жаратушым! Күнəкар құлың Сенің көңіліңнен шықпайтынды
сұрай алар ма екен. Сенің рақымың шын мəнінде шексіз.

Сен мені сүйіп, болашақ өмір азабынан құтқардың жəне Өз
батаңмен маған күш-қуат бердің. Осы рақымыңды менің
жұртымның маңайындағы адамдарға таратып, марқұм
болғандарды о дүниедегі өмір азабынан құтқар.

Сол кезде Құдайдан мынадай дауыс жетті: ― О, менің
сенімді құлым! Сенің жұртыңның маңайында жерленгендерді
о дүниелік азаптан Мен азат етемін.
― О, Менің Жаратушы Жоғарыдағым! Сенің шыдамыңда

шек жоқ. Менің жолымды қуушылар көп, бұл жөнінде
Сенің күнəкар құлың сұрап тұрса да, оларға да кешірім
ет. Саған қарсы əрекет жасап, мен Сені тойындырып
болдым, Жаратушым. Сенің алдыңда тəубеме келемін. Сен

маған қабылдауға бұйрық еткен Өзіңнің сəлем хатыңды
қабылдадым.
Қазірет Ысмайыл Ата 60 жасқа келді, төрт əйелі болды.
Бəрінен Жоғарыдағы Алланың қалауымен əйелдері оған 18

ұл жəне 17 қыз тауып берді. Үлкен ұлын Қазірет Ысқақ Ата,
ал екіншісін Қазірет имам деп атады.
Бірде осы екі туысқан өзара егесіп қалды. Қазірет Ысқақ
Ата буаз сиырды көрсетіп, енесінің жатырында жатқан

бұзаудың ақ құйрығы бар,― деді, ал Қазірет имам бұған
қарсы болып: ― Жоқ, бауырым, бұзаудың құйрығы ақ емес,
оның маңдайында ақ қасқасы бар,― деді.
Осы таластың кезінде оларға əкесі Қазірет Ысмайыл Ата

келіп: ― О, менің ұлдарым, неге таласып жатырсыңдар,―
деді.
― О, əкеміз, біз мына сиыр жөнінде таласып жатырмыз.
Менің бауырым Ысқақ Ата сиырдың жатырында жатқан

бұзаудың құйрығы ақ десе, мен маңдайында ақ қасқасы
бар,― деймін.

― Бұл жігіт түсінбей айтып тұр: ол бұзаудың ақ
құйрығының оның аяқтарына оралып, ұшы маңдайына тиіп
тұрғанын аңғармаған,― деді Қазірет Ысқақ Ата.
Тылсымның құпиясына көз жіберген Қазірет Ысмайыл

Ата ұлы Қазірет Ысқақ Атаның дұрыс айтып тұрғанына көз
жеткізді.
Сол кезде Қазірет Ысмайыл Ата: ― Екі қошқардың басы
бір қазанға сыймайды,― деді.

Міне, сондықтан да Қазірет Ысқақтың бейіті əкесінің
бейітімен бірге емес, одан үш шақырымдай жерде тұр,
сондай-ақ Қазірет Имамның бейіті де əкесімен бірге емес,
шығысқа қарай екі шақырым жерде тұр. Шешелерінің

Қазірет Ысмайыл Атаның əйелдері мен басқа балаларының
бейіттері бір жерде жатыр. Олардың үстіне Қазірет Ысмайыл
Атанікіндей күйдірілген қыштан үлкен күмбез орнатылған.
Сонымен бірге, күйдірілген қыштан үлкен күмбезі бар үлкен

мешіт салынған. Қазірет Ысмайыл Ата бейітінің үстіндегі
күмбездің биіктігі 50 құлаштан артық болмаса одан кем емес.
Біз айтып отырған бұл ғимаратты Бұхар-и-Шəріптің
падишахы Қазірет Əмір Темірлан тұрғызған. «Лан»

деп айтатын себебіміз, оның бата алған аяқтарының
бірі сəл сылтыған. Ол ұлы əулиелер мүрдесінің үстіне
мұндай ғимараттарды көп тұрғызған. Осының өзінен бұл
падишахтың ұлылығын білуге болады.

Бəрінен Жоғарғы Алланың сүйікті құлы болған Қазірет
Ысмайыл Ата халық арасында көптеген ғажайып кереметтер
жасаған. Мысалы, оның тамаша кереметінің бірі мынадай
болған: егер біреу-міреу боза ішіп, оған келсе, ол адамның

басы дереу қисайып қалған. Бұл ғұрыпты ол кейіннен өзінің
ұлы Қазірет Ысқақ Атаның өтінішімен тастаған, бірақ боза
ішкен күнакарлар басқа жаза тартатын болған.
Қазіргі уақытта боза ішкен адамдар сол күні əулиенің

бейітіне он шақырымнан бері жақындамайды, егер қажет
болса, келесі күні аттанып кетеді.
Біз Қазірет Ысмайыл Атаның тағы мынадай жағдайға
байланысты кереметін білеміз: қазірде де əр күні əулие

қоршауының маңында қазан қайнайды, онда 3-4 қой
пісіріліп, еті қайыр-садақаға беріледі. Бір сөзбен айтқанда,
қазан ешуақытта бос болмайды. Бұл əулиенің маңайына қою
үшін, осы əулиенің көмегіне сүйеніп, о дүниелік азаптан

құтылуды көздеп, 2-3 күндік жолдан өліктерді əкеледі.
Қазіргі уақытта Қазірет Ысмайыл Атаның ұрпақтары

болғанымен, оларға əулиелік қонған жоқ. Қазірет Ысмайыл
Атаның өмір сүргеніне көп заман өтсе де, халық оны əлі
күнге құрмет тұтады.
Қазірет Ысмайыл Ата өз заманында жасаған тағы бір

керемет мынадай. Бірде ол өзінің диқандарына олардың
далаға барып, тегіс жерді таңдап алып, қауын егуіне
бұйырған. Сол кезде өздерінің əулие пірінің бұйрығын
орындау үшін екі диқан далаға барып, ыңғайлы жерді қай

жерден таңдау керек екенін ойланып тұрған.Таңдау əулиенің
қазіргі бейітінің мың қадамдай батысқа қарайғы жерге
түскен. Жер тегіс, жақсы екен, сол арада диқандар қауын
егеді. Кейіннен ол жерде су жоқ болып шығады. Содан соң

диқандар əулиеге келіп, былай дейді: ― О, пір мырза, сіз
бізге ыңғайлы жерді таңдап алып, қауын егуімізді тапсырып
едіңіз. Біз бір сайға қауын ектік, жер өте құнарлы, бірақ тек
су жоқ. Енді қауындар шөлден кебе бастады. Егер өзіңіз

барып қарасаңыз, жақсы болар еді.
― Жарайды,― деп Қазірет Ысмайыл Ата өзінің
диқандарымен бірге барады. Келгесін ол қауынның жақсы
егілгенін жəне жердің де құнарлы екенін көреді. Сол кезде

əулие өзінің жарылқаған қолымен жердің төрт жеріне өзінің
«Аса» таяғын тығады. Осы тесіктерден сол сəтте су атқылай
бастайды. Бұл жағдайлардың өзі оның керемет жасағанын
айқын айғақтайды.

Содан соң Қазірет Ысмайыл Ата былай дейді: ― О, менің
диқан жігіттерім! Бұл судан «шар бұлақ» (төрт бұлақ) пайда
болғанын көрдіңдер ме? Енді, өздеріңнің қауындарыңды
суғарыңдар. Енді бұл су ешқашанда сарқылмайды. Тіпті

жүз кош жер жыртсаңыздар да болады, су жетеді, оған
жетімсіздік болмайды, мұны мен мойныма аламын. Осыны
айтып, əулие қайтадан Турбатқа кетеді.
Бұдан соң айтылған «шар бұлақтың» суын пайдаланып,

Қазірет Ысмайыл Ата сол жерге көптеген жылдар бойы
қауын ектірді. Содан соң ол өзіне қызмет етуші мүриттеріне
сол жерге қауын егуіне өсиет қалдырады. Бұл Шар бұлақ
қазіргі кезде «Шар Болат» деп аталады.

Қалай болса да, Шар бұлақтың Қазірет Ысмайыл Ата
жасаған кереметтен пайда болғаны əбден мəлім. Бұл аңыз
көзі көрген куəлерден бізге жеткен. Біздің қоғамымыз осы
кезге дейін өз əулиесіне арнап дұға оқиды.

Аталған шар бұлақ қазір «Қара бастау», ал біздің ауыл
«Шар болат» деп аталады.

Қазір
«Шар
болат»
ауылында

тұратын
қазақтар
«Қаңлы» руынан шығады. Олар бұл жерге біздің піріміз
Қазірет Ысмайыл Атаның əкесі Ибрагим Атаның кезінде

қоныстанған. Біздің бөліміміз «Омыртқа» деп аталады.
Омыртқаның төрт ұлы болған. Олардың аттары: Мунтай,
Мыкшенд, Шарым жəне Есқара деп аталады. Бұл ұлдардың
ұрпақтары қазіргі уақытта дəл 400 үйді құрайды. Олардың

ішінде 150 үй Шар болат сайында тұрады жəне Қара бастау
бұлағының суын пайдаланады, ал қалғандары Ташкенттің
маңайында көшіп жүреді.
Сонымен, піріміз, Қазірет Ысмайыл Ата жасаған

кереметтер жоғарыда баяндалғандар ғана емес. Ал, осының
өзі оның əулиелігіне айқын айғақ береді. Оған шынайы
сенбейтін адамдар əлі де бар екеніне қарамастан, солай
болып келеді. Бұл мынадай жағдайдан білінеді. Қазір сол

əулиенің ұлы бейітінің маңына қоныстанған сарттарға
қарайтын болсақ, оларда көктемде судың болмайтынын
көруге болар еді. Олар өздерінің «қауыздарына» су қорын
жиып алады, тұрып қалған судың исі шығады, міне, олар

осындай суды пайдаланады. Бұл олардың аталған əулиеге
əуеліде адал қарамауынан болып отыр.
Менің пірім Қазірет Ысмайыл Ата өз аузымен: ― Шар
бұлақта қыста да көктем сияқты су көп болады, ал егер халық

көбейетін болса, онда су да көбейеді,― деп айтқан екен.
Көктемгі уақытта бізге қазақтар көп келеді де, өздерінің
малдарын суғарып, суды сарқады,― дейді сарттар.
Бірақ олар, миғұлалар қателеседі: мал неғұрлым көп

болған сайын, су соғұрлым көп қосылады жəне оны ешкім
сарқа алмайды.
Қазірет Ысмайыл Ата жөніндегі өзімнің мардымсыз
жазбамды аяқтай отырып, оның барлық кереметтерін

сипаттай алмағанымды айта кетемін, бұл жерде мен тағы
да бір əулие ― Ғайып Ата жөнінде еске түсіргім келеді. Ол
менің пірім Қазірет Ысмайыл Ата мырзаның баласы жəне
үлкен мешіттің маңында жерленген; оның бейіті дуалмен

қоршалған. Шынында оның аты Ғайып Ата емес, бұл оның
лақап аты, ал оның басына бақыт қонған əкесінің берген аты
― Қара Шейх.
Иə, оқырман Ташкент уезі, Ақжар болысы, Шарболат

ауылының тұрғыны Молда Көбей Тоқболатовтың үйлесімсіз
жазған баянын кешірсін.

ҚОСЫМША

ÄÈÂÀÅÂ ÆÀÐÈЯËÀÒҚÀÍ

ÌÀÒÅÐÈÀËÄÀÐҒÀ ÆÀÇÛËҒÀÍ

ÆÀÑÀËҒÀÍ ÌÀÒÅÐÈÀËÄÀÐ

âûï. V. “Ò”, 1908, №83.

8. “Ï”, 1892, №50; 1893, №43.

ò. ІV-ûé, 1892.

ÑÑД, 1957, №1.

17. “ÝΔ, êí. Õ, 1891; 1900, êí. ІІІ.

“Ò”, 1902, №90. “Çàê. Îá.”, 1902, №335.
1908, №83.

“Ò”, 1893, №7.

òîì ІІ — 1896,

“ÍÓ”, 1918, №21.

“Ñåì. Δ, 1908, №70. 1906. “Ò”, 1904, №102; 1905, №4. “ÒÔ, 1905, №5. “ÍÏ”, 1922, №1. №3. Òàê æå “Ò”, 1903, №43.

“ÇÂÎÐÀΔ, 1896, òîì ÕІ.

“Ò”, 1908, №83.

Í.Ô.

“ÈÎÀÈÝ”, 1897, ò. ÕІV, âûï. 3.
âûï. 3.

ÕІ, 1899.

ò. ÕІІ. 1905.
âûï. ÕІІІ.

“ÏÇÎ×ÒÊËÀ”, 1905, ò. Õ.
1901, âûï. ІV.
“ÇÂÎÐÀΔ, ò. ÕІ, 1896, №10; 1900, №13.
Òàê æå “ÏÇÒÊËÀ”. 1908—1909, ÕІІІ.

“ÝΔ, 1907, №3.

Òàê æå “Ò”, 1896, №83.
1899—1900, ò. V.
Òàê æå “Ò”, 1900, №91.
Òàê æå “ÍÓ”, 1918, №50.

1897—1898, ò. ÕІ.
1912, №1—2 ( ñêàçêè):
ò. ІÕ, 1901.

1906.

“Ò”, 1904, №50; 1905, №18.

“Ò”, 1913, №108, 883.

ÁÈÁËÈÎÃÐÀÔÈЯ:

1972 ã., №5.
1959 ã.
1961 æ.

1934 ã.
1967 ã.
1972 æ.
1966 ã.

1871 ã., №1—14.
ò. ÕІV, 1908 ã.
1927.

1961 æ, æ.

1957 ã.
1888 ã., ò. Õ, âûï. 3.
Àòà, 1966 ã.
1962 ã.

1963 ã.
ІV, 1872 ã.
1953 ã.

æ. 1972 ã., №5.

ÌÀÇÌҰÍÛ (Ə.Диваевтың өмірі мен қызметі)..........................................8 Диваев жинаған, пікір айтқан, бірақ көпшілікке түгел тарала қоймаған материалдар Түстің баяны.....................................................................124 Қазақ ырымдары. Əртүрлі жағдайлардағысы..........................127 Жол жүргендегі ырымдар..........................................................130

Ырым...........................................................................................132 Ырым (жалғасы).........................................................................135 Қазақ балаларының ойындары..................................................137 Соқыр теке..................................................................................138 Түйе-түйе....................................................................................138 Көк сиыр.....................................................................................139 Үйшік-үйшік...............................................................................140 Бөрік жасырмақ..........................................................................141 Орда.............................................................................................141 Домалақ ағаш..............................................................................141 Шелек..........................................................................................142 Қазақ балаларын қалай жұбатады?...........................................142 Əулие Қорқыт атаның бейіті жөнінде бірер сөз.....................143 Тағы да əулие Қорқыт атаның бейіті туралы.............................145 Сый грамотасы...........................................................................146 «Көк Кесене» атауының маңызы туралы.................................153 Итала қаз.....................................................................................156 Азиялық ташкент қаласының пайда болуы жөнінде аңыз.....157 Қырғыздардың шығу тегі жөніндегі аңыз..............................161 Қазірет Ысмайыл ата туралы аңыз...........................................163

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙