Мазмұнға өту
Home

Қабанбаев М. Шығармалары. 5-том

Марат Қабанбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қабанбаев М. Шығармалары. 5-том

Авторы: Марат Қабанбаев

ƏОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз)-44 Қ 13 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлiгi “Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша жарық көрді Қабанбаев М. Қ13 Шығармалары / Марат Қабанбаев. – Алматы: «Таймас» баспа үйі. 2015. Т. 5. – 320 бет. ISBN 978-601-264-149-3 Бұл кітапқа жазушының «Кермек дəм» атты романы енгізілген. Əр нəрсені жаңаша айтуға ұмтылу, терең психология, бояуы анық образдар – осы романның басты көрінісі. ƏОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз)-44 ISBN 978-601-264-149-3 (5-т.) ISBN 978-601-264-106-6 © Қабанбаев М., 2015 © «Таймас» баспа үйі, 2015 Барлық құқықтары қорғалған Басылымның мүліктік құқықтары «Таймас» баспа үйіне тиесілі

БІРІНШІ БӨЛІМ Біз аудан орталығында тұрамыз. Аудан орталығы – түйетайлы, қоңыр төбел жоталардың етегіне жармаса жатқан у-шуы аз момын қала. Қаланы сызудан сабақ беретін мұғалімнің столына қатар тасталған сантиметрлік сызғыштарға ұқсас оқтай түзу көшелер құрайды. Сол сызғыштар бойында ғы кертік белгілер – көк, сары, қызыл, жасыл, биік, аласа қақпалы үйлер. Үйлердің ең еңселі, ажарлысында көкем, мамам, кептер, Арыстан жəне мен тұрамын. Адам, ағаш, үй барлық қаладан табылса да, Арыстан кез келген үй, көше, көше түгіл қала маңдайына жазыла бермейді. Арыстан менің ағаінім емес, ол біздің үйдің алдында кесе-көлденең жататын са балақ жүнді үлкен қара төбет. Əнеугүні бағаналарға ілінген «Қалада итті ұстау тəртібі» сияқты хабарландыруда көрсетілгендей өзін шынжырлап ұстаса да болар еді, бірақ итімізді ондай азапқа қимаймыз. Өзі тым кішіпейіл. Атының айбарлы екені жөнінде Арыстан ойына қаһарлы пікір ғұмыры қонақтап көрген жоқ. Тым құрыса жалғыз рет не иттерге, не адамдарға қарап «Аһ!» деп үргенін Арыстан Арыстан атал ғалы байқамадық, Қашан да қайқы құйрығын «Соғыс жəне бейбітшілік», «Дубровский» фильмдеріндегі сылқым ха нымдар ұстаған желпуішше бұлғаңдатып еркелей кетеді. Оған салсаңыз мысықтардан басқа жан-жануар біткен өзара дос, туыс жəне бауыр. Сып-сып ұшып, қит етсе шар-шұр төбелесуге сақадай сай тұратын суықторғайларға қарағанда кептер – салмақты құс. Шашылған жемді күн сəулесін қауырсындарында құбыл тып жүріп шоқып тастайды. Қаһарлы қолбасшыларша найқа ла серуендеп жүреді де, əлгі маңғаздықтан бірден жаңы лып, аспанға шапұр-шұпыр көтеріле беріп бұрқ шашылады. Ал қа-

лықтасын, қалықтасын кеп. Аударылады, төңкеріледі, тік жоғары атылады, төмен заулайды. Бастағы қалпақ түседі, мойын ауырады демесең шалқайып кірпікпен көк аспанды тіре де зауқың соққанша қарай бер, қарай бер – жалықпайсың тіпті. Біз татумыз. Татулығымыз сондай, Арыстан мен дегенде құйрығын жұлып беруге əзір. Таңертең сыртқа шыға келсем қуаныш пен шаттықтың жұдырықтай шоғырына айнала атылып кеудеме асылады. Тегі шалқадан түсе жаздаймын. Тəрбиесі өтіп кеткен көргенді иттердей əуелі жер бауырлай жылжып кеп аңысын аңди еркелеу оның пешенесіне жазылма ған қасиет. Сосын атыз жағасын бойлай бүлкектеп бақша бұрышындағы қараторғай ұясы іспеттес ағаш үйшікке дейін шығарып салады. Ауызға алуға ыңғайсыз ұятты орынға бет алғанымды аңғарып, қалып та қоймайды. Қашан есігін сықырлатып шыққанша көзі жаудырай тосатыны бар. Арыстан солай – аңғал, аңқылдақ. Ылғи шұжық кесіндісін, тоқаштарды қалтама сала шығып алдына тастаймын. Асанды Арыстан соған бола жақсы көреді деп еш ойламаңыз. Көрші балалар да қойын-қонышқа тыққандарын Арыстаннан аяған емес. Сол үшін оларға төбеттің есі шыға еркелегенін көрсем қылша мойным талша қиылсын. Ол ондайда лақтырылған нанды сабырмен иіскейді, аспай-саспай жейді, сосын алға созған қолдарының сайына шəугім басын тастап жіберіп, жасаураған көзін немқұрайды ашып-жұмады – «Бердің – жедім, бермесең – тағы өз ер кің, жолдас. Маған бəрібір». Арыстанның ондай адалдығына менің тарапымнан лайықты баға беріліп те жүр. Мəселен, апта бұрын тепкішекке шоқитып отырғызып қойып суретін салдым. Түні бойы əлгіні сан мəрте түзеткесін ертеңінде көрсетіп ем, өзін жыға танымады білем, былқ етпегені. Ең құрығанда əуеге тұмсығын шошайтып екі-үш қайтара үрсе етті. Шырамыта алмады ма деген оймен суретті тұмсығына тақап ем, жер бауырлап жасқаншақтай жақындады да қағаз шетін гүлден жаман көзін жұма аса бір рақатпен иіскеді. Кім білсін, желпілдеген, қытыр-қытыр қағазды шелпекке санауы да ықтимал. Сосын жер тырнап жат та ырылдады. Əбден күйіп кеттім. Көрдің бе, кірпік айқастырмастан қалғып-шұлғып суретін салсам, ол оны жеп қойғысы кепті. Ерегіскенде төрт-бес күн қатарынан еркелетпедім.

Арыстан ғажайып ұғымтал ит. Бұрынғыдай басқа қарғып, мəре-сəре еркелемейді. Сыпайы. Сырбаз. Жақындамайды да. Əйткенмен ретін тауып айыбын жуып-шайғысы бар. Бірінші мысал. Кептерге арнап шашқан жемге торғайлар жапырлай қонып, шоқақ-шоқақ шөпілдеп тере бастаса, шауып барып үркітеді де, маған біртүрлі мүлəйім көзбен қа рай қалады. Осыны да бағламайсың, сенде өзі көретін көз, сезетін жүрек бар ма дейтіндей. Е, қараса көз өзінікі. Түс салып, қабақ түйе сырт айналам. Мейлі, маған десе мың жерден қара сын. Мен салған суретке де дəл солай мүлəйімси қарап, албасты басқанда өзін танымады ғой. Екінші мысал. Көк қақпаны маңдайымен итеріп ашып көршінің қасқа бұзауы едіреңдей кіріп келді де, талтайып тұра қап, кіндік астындағы жаңа жауған жас қарды дымдап, сары түске бояды. Сонсоң су-су тұмсығын көтере көзін жұмып, əлі қалыптаспаған жіңішке үнмен мөңіреді. Анық амандықсаулық сұраған сықпыты. Қасқа шіркіннің бізге бағыштал ған бұл сыпайылығы көпке ұзамайды, қаша ішіндегі бүйірі жаңа бұзылған жоңышқаның жұпар иісі оттегіге араласып танауына жетісімен ыдырап жүре береді. Өзіне арналып шабылғаннан жаман емпеңдей тура, тура болғандықтан төте сызық пен қаша қайдасың деп жол тартады. Ондай бассыздыққа мен шыдасам да иттік міндетіне адал (ауладағы жат иіс атаулыны адақтап шығу) Арыстан қасқа жетесізді алдыға сап құлыперен-қу талқан қуа жөнеледі. Қасқа бұзау айран-асыр, аң-таң. Арт жағын жоңышқаға бер ген күйі өткір азуларын сақылдатып кеп қалған төбетке тоқал мүйізін тоса: «Бө-е!» дейді. Онысы: «Əй, есалаң, екі арадағы қыл өтпес достық қайда, сонша шаптығатындай сені қай жын ұрды?» – дегені. Бірақ Арыстанның бұл жолы діні қатты. Өйткені, ту сыртынан қадалған көз жебемді қарамаса да сезеді. Ай-шай жоқ алып тастайтыннан жаман алқымға ұмтылады. Қасқа тентек қайтсін, жас жоңышқаның аула толы жұпар иісін бұзып-жара қақпаға беттей тоңқаңдап қаша жөнелді. Кірген беттегі ерке-тотайлық ғайып болған. Иттен қорғана жүріп, сан қилы ұзын-қысқалы хорда, катет, гипотенуза бойымен қақпа сыртына қашып шығады да, Арыстанның адамгершілігінің аздығьіна, жалпы иттігіне кереметтей өкініштілі гін ұзақ-ұзақ назалана мөңіреумен түсіндіреді. Мөңіреу

ас тарында жарлы байымас па, бұзау бұқа болмас па деген қо қан лоқы зіл жатыр. Арыстан ше? Ол, сөз жоқ, көзім шалатын фокуста мəнермен бүлкілдей желіп бара жатады. Төңірегіне назар аудар майды. Маған да. Өзімен-өзі. Қысқасы, «Қараңғы түнде тау қалғып...» Сақылдап күле жаздап, зордың күші əзер тұрмын. Құдай біледі, дəл қазір ұрлана мен жақты байқап бара жатпаса тұрған жерде төбеме тас түссін. Тоқта, кезекті қулық! Тұстан өте бере жүрісін жайлатты. Қарайған түк болмаса да пысылдап жерді құшырлана иіскеді. Қар тұмсығына кіріп пысқырып та салды. Онысы: «Жə, Арыс тан, бері кел! Жарадың, қасқа тентек тентіреп, қоңыз теріп кетті. Кəне, арғы қолды бері əкел, татуласайық», – деп шақырса, сонсоң бұрынғы ищай деспеген шырайлы шақтардай желке жүнінен майпаздай сипаса деген соқыр үміт. Басқа біреу сипап та салар еді. Ал Асан ондай ақымақ емес. Арыстан Асан салған суреттегі өзін танымай (əдейі ме, кім білсін?) қағазды тістеп жыртқысы келді ме? Жыртқысы келді. Ендеше Асан егессе оның өзін танымай қояды. Сол, танымайды дегесін танымайды. Қатар шеру тарта берген ше бірауық ұрсысып та байқайық, Арыстан жолдас! * Кейін ойда жоқта жер боп жеңілдім. Сайтан түртсе жеңілу жолы оңай екен. Көкем кешке тамақтанғасын əдетте гідей күнделігімді аударыстырып отырды да, беттердің ара сына қаттап салынған Арыстанның суретін тауып алды. Айналдырып алай, дөңгелетіп былай қарады. Жарыққа тосты. Түкке түсінбеді, білем; «Асанжан, мынау қай көршінің мысығы?» – деді. Иə, əр əрпіне дейін нақтап сөйдеді. Тым құрыса мысықтың суреті ме десе бірсəрі. Мысық екендігіне шəксіз сеніп, тек қай көршінікі – оң, əлде сол жақтағы үйдің мысығы ма, соны білгісі кеп қойылған күмəнсіз сұрақ. Аузым аңқиды да қалды. Иə, десеңші, қайдан қара ба сып Арыстан өзін-өзі танымады деп күдіктеніп ем. Ұқпаппын, ырылдағаны суреттен өзін емес, мысықты танып айбат ша қырға ны боп шықты. Қайта мысықтай шақар жауының суре тіне ар етіп атылып қолымды қоса қауып тастамағанына тəуба. Күні ертең дереу Арыстанмен татуласуды ұйғардым.

Құдайшылығымды айтсам, ондай адал достан көпе-көрінеу айрылып қалу шымбайға да батып жүр. Қосылып ойнайтын, ең болмағанда кəдімгідей алысып, ұрсысатын, бет тырнасып, бақырысатын не аға, не қарындас жоқ, қа рақан бас жалғызбын. Жұмыстан келе диванға құлай кетіп га зет-журнал парақтаудан басқа көкемнің бітірері жоқ. Ма мам керемет ақылды. Ақылдылар адаммен əсте əңгі мелес пейді, тек ұрсып-жекуді, төкпелетіп ақыл айтуды біледі. Табалдырықтан сүрінсем де, жеп отырған нанымды абайсызда түсіріп алсам да, қолма-қол қалта-қалта ақылы дайын. Сенсең, кейде бес бөлмелі кең үйде андыздаған ақылдан қашып тығылар орын таппай сасамын. Сол пысықай ақылдар жылтыр стол, орындық, шифоньерге, түкке керексіз, ма ған салса Арыстанға ас құйып беруге ғана жарайтын сервиз, вазаларға соқтығып, сан бөлшекке шытынай сы нып, он, жүз ге көбейіп жататын секілді. Қара құлағын бұрасаң ке меңгерліктің не қилысын төрүйдегі жалпақ бет теледидар да төгіп тастайды. Қайта мамам құсап бақырып-шақырып, əлсі-нəлі табақ, кеселерді жерге атып ұрмай-ақ көйлекке ала галстукті тағып тастап, жағымды дауыспен сызылтады-ай, тегі. Ал мен, А. Қайырсынов, ми қаритын ақыл орнына бас сап алысар, төбелесіп татуласар, кеудесінде жаны, жөн-жосықсыз сөйлейтін сөзі, ойнақтаған көзі, он үштегі жасы бар дос іздеймін! Естисіңдер ме, дос қажет! Ол досты біздің ауладан күндіз шырақ жақсаң да іздеп таба алмайсың. Табылмаса, жата қап жер тырнайық па, мен де, Арыстан да жападан-жалғыз, жолдас-жорасыз қалғасын дос болдық та қалдық. Дос демекші, Арыстанмен араздасқалы көрші құрдастар алдындағы беделім күрт төмен түсіп кетті. Бұрын тайыншадай Арыстан ізімді баса бүлкектей еріп жүретін. Анда-санда қайың басында қалғыған кəрі қарғаларды үркіте қою дауыспен маңқылдап үруші еді. Асанға бағышталған бұзық ойы бардың нəсілі түсіп, жүнжіп кетуіне сол айбын əбден жететін. Арыстан соңға түспегелі көрінген көз ақитатын болды, түге. Жайбарақат қыдырып келе жатсам қызыл, сары қақпа астынан қанден иттер атып шығып, рұқсат-сұраусыз балақтан алады. Қайдағы сұлу қара мысықтар жолды əдейі кесіп өтеді, тек кессе бірсəрі, тоқтай қап, жасыл көздерінің уын беті ме бүрке мұрт тікірейтіп: «Миаоу!» дейтіні жанға батады.

Сурет жайындағы көкем пікірінен соң амалсыз Арыстанмен татуластым. Татуласудың əліппесі ретінде қашаға үйілген жоңышқа етегінде кұмар қанғанша алыстық. Құмар қанғасын қарғы бауынан мықтап ұстап ауладан шықтым да қос саусақты ұртқа тығып жіберіп, жер дүниені көшіре ысқырдым. Қақпалардан қырып тастайтыннан қатты шабалаңдай атып шыққан қандендер талтаңдаған апайтөс Арыстанды көрісі мен үндерін қайта жұтып, ізінше кері зытты. Қара мысықтар жол кеспек түгіл бағана басына өрмелеп, шаққа бассауғалады. Кептермен де жора-жолдаспыз. Шетінен көкем сияқты жуас тың жуасы. Адамнан əсте қорықпайды. Шашқан жемді шоқып тастайды да ұшып иыққа қонады. Содан соң мойыл түйме көздерімен тура жанарыңа үңіледі де, көз арқылы жүректердің жылы сəулесін көкірегіңе түсіреді, жан дүниені ерікке қоймай қорғасынша ерітеді. Кептер менен гөрі Арыстанды іш тартатын тəрізді. Жем шашқанда болмаса иығыма жиі қона бермейді. Төбет кө сіліп шуақ өтіне жата кетсе-ақ соның маңына үйірілгіш, то пырлағыш. Сыпайы. Əдепті. Əуелі иттен төрт-бес адым жер ден айналып біраз жүреді. Көңіл күйінің жақсы, жаман ды ғы на барлай баспалағандары бесенедей белгілі. Сүт пісірім уақыттан кейін əуелі біреуі, іле екіншісі арқасына қонады. Ақыры бəрі жапырлап, төбет жүнінің арасына тұрып қалған нан қиқымдарын теруге кіріседі. Бір күні кептердің қоразы Арыстан тұмсығындағы қиқым ды шоқып қалғаны. Ит қайтсін, селк етті де, атып тұрып тұмсығын ту аспанға соза сүйірлендіріп ал кеп ұлы. Көгершіндер əу баста дүр көтерілгенмен, көп ұзамай төрт-бес қадам жерге ұйлыға қонды. Қызулана ұзақ құрқылдасты. Байқаймын, ата қоразды біраз жерге апарып жазғырып алды. «Қызықсыз осы сіз. Мынау деген ит досты оңдырмай шоқып алуға бола ма? Тұмсығыңыз біздей өткір əрі мүйіз, ал төбеттікі жұмсақ ет. Алда-жалда қиқым шұқыдым деп өткір де əсем тұмсығыңыз ды жазатайым көзіне тигізіп алсаңыз қайтеді»,– дейді, шамасы. Қиқым шоқығыш қораз əсем тұмсығының астынан мыңғырлап ақтала бастайды: «Бикеш, бибілер, мен нанды ғана шоқымақ едім. Тұмсықтың етке кіретін үшкірлігін ит біліп пе. Жə, шулама, түге!» Мен көз жазбай бəрін бақылап тұрамын да ата қораздың

соңғы пайымына іштей қосыламын. Қайсымыз құлақ, желке, мұрнымызды көріп қарқ боп жүрміз? Ешқайсымыз да. Ол түгіл, мен де өткен жетіде сатып алынған үр жаңа трюмоға қарап қана танауымның тəмпіштігін алғаш рет мойындадым. Айнаға көз салмасам тұмсығым теледидардан əн айтқыш «Орэрадағы» грузин ағайлардікіне ұқсас кесек те əдемі екен деп ғұмыры кеудеме нан пісіп өтпей ме. Мен менмін, ал ата қораз сорлы тұмсығының үшкір де мүйіздей қатты екенін қай трюмоға қарап білмекші? Көк зеңгір аспан трюмоның жалтыр бетін еске түсіргенмен, қалай айтсаң олай айт, айнаның аты – айна. * Көкем қаланың қақ ортасындағы үш қабат қызыл кірпіш үй де сөткенің сегіз сағатында дүниежүзінің ең қиын есептерін шекілдеуікше шағып шығаратын бухгалтер! Жұмыр таста ры жарқырауық шабақты бойлай ерсілі-қарсылы зырғитын есепшотты қолтығынан бір айырмайды. Байқауымызша, дүниежүзінің ең қиын есептерінің саны сол тастар санынан аспаса керек. Есепшоттың сондайлық тамаша сырын көкем маған ешқашан ашып көрген емес. Қайта көз шалмас жасырын жерге тығып қоюға құмар. Кейде, тентек болсам, қасына шақырып алады да қызық ер тегілерді үсті-үстіне төкпелейді кеп. Байқаймын, менің тəрбиемді көкемнің бастан сипау жəне Тазша бала, жалаңаш король жайлы бейбіт əңгімемен шектеуіне мамам қатты назалы. Мамам өте əдемі, əдемілігі сондай, көрші, Күлшира, Майра, Сайра апайлар мамаммен кездесіп сөйлесе қалса бұрынғыдан бетер сұрықсызданып сала береді. Мамамның ойынша, тəрбие атаулы екі түрге бөлінбекші. Алғашқысына əңгіме айту, жақсы көру, бастан сипау құралыптас жағымдылары саналады; соңғысына керісінше зеку, нұқу, ақыл айту шамалас жағдайсыздары жатады. Мамам біріншісін көкем өзіне бейімдеп, жүйкені жұқарта-жұқар та қырқыншы жіптің жіңішкелігіне жеткізетін екінші жағын өзі не итере салғанына риза емес. Өз сөзімен айтсақ: «Көкең барып тұрған эгоист!» Əп-əдемі мамамның сүттей ұйыған көңілін іріте салатын көкемнің тағы бір қадірсіз қасиеті бар. Масаты кілем ілінген төргі бөлмеде есепшотпен қатар бүйірлі келген қаз мойын

виолончель ілулі тұрады. Оны тартатын кісі – көкем. Қос ішекте қатарласа қалғып отырған дыбыстар əудежар қылтаяқ тиіп кетсе пыр-пыр ұша жоғары көтеріледі. Бірақ жаңағы дыбыстар, бөлмедегі ауаның атомдарын бұзып-жара мамамның құлағына жетіп үлгіргенше, неге екені белгі сіз, кереметтің күшімен мысық мияуына, иттің үргеніне айна лып кетеді. Ондайда мамам ең түпкірдегі бөлме есігін тарс кілт теп жатып алады. Көкем бар ғой, бұл көкем тегінде ылғи есепшот қолтықтап, жортақтап жүре бермепті. Жас кезінен-ақ қағынып, қобыз, скрипка, виолончельде ойнап өнер бастаған екен. Бір күй ді боздатса сорасы ағып жылап, екіншісін тартса жайраңдап сала беріп, көрші кемпір-кепшік, шал-шауқандар дың зəресін əбден ұшырған көрінеді. Айта берсе мектеп бітір гесін консерваторияға түсуді армандапты. Ақыры айналды рар консерваториясына бірден жетіп бармай, əуелі музыка жайлы қисабы жоқ мəлімет білетін, білгіштігі соншалық, виолончель, саксафон, тромбондарды бір-бірінен айыра алатын əнкүй мұғаліміне өз өнерін сынатпақ болыпты. Білімпаз біраз шалқақтап кергігесін келіседі. Көкеме ол шақта Асан сияқты алтын сақадай балаға əке болу қайда, ұзын бойлы, ұзын шашты, ұзын саусақты алаңғасар жас жігіт-міс. Қысқасы, көкем білгішке Гаспар Касадоны тартып беріпті. Ол кезде мен бұл дүниеде жоқпын, жоқ болғасын көкем Касадоны жақсы, əлде жаман тартты ма, ағымнан жарылып дəнеңе айта алмаймыи. Əлгі шіркін білсін-білмесін, не нəрсе болып, қабырғадан қойып қап баға айтқыш пысық екен, күй тартылғасын құлағын шұқып отырып ол көкеме былай депті: «Жас жігіт, сіз консерваторияға түспексіз бе? Жақсы, өте жақсы. Біле білсеңіз, консерваторияға бару үшін қайткенде де желпілдетіп ұзын шаш қоюдың қажеті шамалы. Тым ұзын шашты жиі жууға тура келеді. Ал сіз шашқа қайызғақ түссе түбі қандай ауруға соғатынын білесіз бе?..» Əн-күй мұғалімі сөзін аяқтай бере көптен су тимеген шашын бір ұйпалап тастап, алдына қараса... виолончельді бала үйден жылыс тап шығып кетіпті. Күзде көкем консерватория орнына халықшаруашылығы институтына түседі. Содан бастап көкем қолтығындағы виолончельді есеп шот ауыстырады.

Мамам үшін сол жұмыр тастардың сартылдаған үні Касадо əуенінен əлденеше есе сұлуырақ. Енді ше! Саусақ сыпылдата есепшот қағу, еңбек ету – қоғамға пайда тигізу деген сөз. Адамды еңбек əдемілей, əрлей түсетіні бес жасар балаға да белгілі. Былайша айтқанда, жұмыр тастарды тасқаяқтай қағыстыра жөнелетін көкем виолончельдің параллель пернелерін термелеп, мың түрлі ғаламат саздарды əуелеткен көкемнен гөрі əлдеқайда ақылды да əдемі. Өйткені, үш қабат үйдің қарсысына орнатылған тақтаға: «Адам əрқашан да еңбегімен сұлу», – деп жазылған. Одан басқа себептің мамам үшін құны бес тиын. Нұсқау қысқа, нақты, дəл айтылды ма, бітті, қайдағы бір виолончель, такатто, төрт қада деп бас ауыртпай еңбек ету керек. Яғни құмырсқа, əліңді біл, Асанның көкесі, шотыңды біл! Мамам солай ойлағанмен есепшот пен виолончельдің қарым-қатынасы, арасалмағы жайлы мен түйген пікір мүлдем басқаша... * Ол күні шапқылағаннан шапқылап он бір жасты толтырып тастапты. Он бір жасым жөнінде пəлендей сəулелі, салауатты ой басыма кіріп-шықпаса да ол көптен бері басқалар дың көкейін тесіп жүреді екен. Қысқасы, алғашқы қар жапалақтап, аспан-жер арасына ақ боз шыт ілінген күннің кешінде бес бөлменің қабырғаларын қонақтар шірей керіп тұрды. Өздері ылғи бір себепті, себепсіз қарқылдап күлгіш ығай мен сығай. Денсаулығымның зор болып, жүз жасауым үшін, сол зор денсаулық пен жүз жасты үнемді пайдалана отырып, Қайырсыновтар ұрпағын одан əрі көбейте беруім үшін тостар көтерілді. Иегім стол ернеуінен əрең асып отырған маған өзімнен көп есе үлкен, керек десе кең-кең бес бөлменің ішіне сыя бермейтін: «Таудай бол! Бухгалтер боп өс! Батырға айнал!» – атты төбе құйқаны шымырлатар айбынды сөздер айтылды. Топ шекесі шындап қызды. Қызылшырайлы, жылтыр қара шашты толық адамдар ортасында біртіндеп: «Той иесі» деген қадірлі атымды қолымнан сусыта ыстық шайға түскен майдай еріп, барған сайын көрер көзге кішірейіп бара жаттым. Қатты жалғызсырадым. Қасымда көкем мен мамам отырса

да жетімсіреп жүдедім. Көрші Самат, Айгүл, Ерік... бірде-бір өзім тұрғылас бала жоқ, тек тым көп сөйлейтін қомағай да жат кісілер. Көңілсіздік көкірегіме суық демін жайлап үре бастады. Стол астына сүңгіп кетіп бая-шая бақырғаным бар. Осы бөлмеде айтылып жатқан жағымды, тəтті сөздер манағыдай маған арналса да, бəрібір, бəрібір төбемнен аса зуылдап, нысанасыз қаңғып жатты. Əрі-беріден кейін денсаулықтарының өгіздей, балаларының көп, лауазымдарының биік болуына... бір деңебірдеңелер құрметіне жапа-тармағай тост көтерісті. Со лардың кесек кірпіш сықылдас дарақы да дөрекі күлкілері; «Таудай бол! Бухгалтер боп өс! Батырға айнал!» – деген тілек тер ді тағам мен бөтелке самсап тұрған стол үстінде тыпы рын шығармай буындырып жатқанын жан ұшыра сездім. Ке нет, көп қарқылдақтың ең жуан дауыстысы əрі қарындысы: – Ал, халайық, мына Мəкең, – быртық сұқ саусағымен кө кемді нұсқады, – қалай еді, қобыз ба, соны бір боздатып құ лақ құрышын қандырмай ма! Анау қобыз қабырғаға бекер ілінбеген шығар. Сахнаға ілінген мылтық атылатын болар. Бұл, сірə, пролетариаттың ұлы жазушысы Алексей Максимович Горькийдің сөзі болар, – деп сөзін аяқтап саусағын төбеге шошайта қойды. Жұрт шулап кетті. – Дұрыс айтасыз, Тəке! – Біз өнерді қадірлейміз! – Мен «Шилі өзен қамыс-ай, бізді ойлай жүр, танысайдың» тартылуын тілеймін. Көкем тұрып бешпетінің етегін қолы дірілдей төмен тартты, құмыға қатты-қатты жөткірінді. Сосын мен жек көретін жалынышты жүзбен мамама қарады. Мамам дастарқан шетін серпіп тастап, қабырғадан виолончельді салдыр-гүлдір жұлып алды да, көкемнің қолына ұстатты. – Тəкең айтқасын бəлсінбей ойна енді! Ол ойнай жөнелді. Шектер үстінде қалтыраған бес саусақ – бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек шет-шексіз дыбыстар дүниесінен маған жұмбақ келісімді қарым-қатынастар іздеп тауып жатты да, ауызмұрындардан көтерілген көмірқышқыл жəне шарап иісін ұдай толқыған мұңды үн ығыстыра бастады. «Дұрыс айтасыз, Тəке!» – сексиме шаш, қушық жауырын

əйелінің құлағына еңкейіп сыбырлап еді – ол шыңғырған, яки күлгені беймағұлым ерепейсіз дыбыс шығарды да, күйеуінің аэродромдай жазық жауырынына салып қалды. «Біз өнерді сүйеміз!» – қызып қалған біреуді бөлмеден шығара алмай əлек. «Шилі өзен қамыс-ай, бізді ойлай жүр, таныс-ай», – бобы раңқы шаш, қазан бас қалғып отыр. Қасындағы тойға серіксіз келген келіншектің ақшылт иығына тұмсығы тиіп кет кен сайын анау сүйір мұрнын – сөйтсе сүйкімді көрінетінін өзі де білетін болса керек – жұрт көзіне шалынар дəрежеде кір жите қояды. Тəкең аузын қалқалап есінеді де, көрші белмеге шығып кетіп, магнитофонды қосты, сөйтті де тым толық денесі жайлы жұрт арасына тарап кеткен аңыздарды түп-түгел жоққа шығарып, мамамды дөңгеленте жөнелді. Мамам жүзіне алау жүгіріпті, өзі күле береді. Жұрт магнитофоны бар бөлмеге ығысты. Көкем тірі жан жоқ арақ-шарапты бөлмені талақ тастай виолончелін қолтықтап, сандалақтай сыртқа шықты. Мен іле се кеттім. Тас қараңғы түн... Құлаққа ұрған танадай тыныштық. Жапа лақтай қар жауып тұр. Ауа таңғаларлық жылы, жайлы. Қыс заңы бойынша ауыз ашылғаи сайын сақиналанып əуеге көтерілер бу да жоқ. Қар қиқымдары бағана басындағы шам өтінде теңселе бірқалыпты төмендеп, көше, арық, шарбақ, ағаш бұтақтарына қонған ақ мамықты тынымсыз қалыңдатып жатыр. Қар төмен сауласа шам керісінше еппен тоқтаусыз жоғары көтеріліп барады. Дүние атаулы аппақ. Тіпті құлағы едірейіп, тым-тырыс тыныштыққа құлақ тосып, аула ортасында шоқиып отырған (ол кезде күшік) Арыстанның арқасына да қос уыс қар қонақтапты. Қара киімді, қара шашты көкем ғана бүкіл тұлғасымен ақ дүниеге анықтап басылған мөрге айналыпты. Қара мөр – көкем күшік үйшігінің үстіне жайғасып алып мен білмейтін күйді ойнап отыр. Əманда əр талына дейін арт қа жылмита таралатын шашы бұл жолы селкеу-селкеу. Жауырыны күржие виолончельге төне түсіпті, тұтаса кіріккен виолончель екеуі жалғыз дене. Ербеңдеп қозғалған қыл таяқты оң қолы сол денені – виолончельді, өзін бел ден əрлі-берлі қайшылай кескілейді, Əуен виолончельден емес,

көкемнің бүкіл денесінен – құлағы, көзі, мұрны, қол-аяқтары, тырнақтары астынан боздай шығып тұр. Көкем, жуас та ез көкем қазір өжеттер мен іскерлер əлемі – Тəкең, мамам, «Шилі өзен қамыс-ай» ғаламынан жұлына қашып, мына ақ боз мылқау дүниенің жолсыз, саңылаусыз құшағында адасып жүрген əуенге айналды. Əлсін-əлі бірқалыпты қайталана əлдеқайда, жоқ, əлдеқай да емес, мына берік тақтаймен қоршалған тыныш ауланы бұ зып-жара кеңістік құрсағын кезіп кетуге шақырған сиқыр лы саз, оған қоса көкем де биіктеп барады. – Кө... – Аузымды ашып едім, қарға қақалдым. Жыпырлаған жас көз тостағанымды жуды. Мен өзімді көкемнен айрылып қалатындай, мына асқақ та бұрын естімеген алапат саз көкемді қардың қалбақтаған ақ түйірлеріне айналды рып жіберетіндей сезіндім. Айналдырғаны несі, көкем бұл кезде ақ кеңістік ноталары – қала, аула үстінде қалбақтап айна лып жүрген қар түйірлерінің нақ өзі. Ойбай-ау, көкем түйірге айналып көзден бұлбұл ұшса қарайласар кімім бар? Мамам болса толықтығына қарамастан тамаша билейтін Тəкеңмен шыр көбелек айналып мəзмейрам. Оған қар астында қалтыраған менен гөрі Тəкең, би қымбат. Жүгіріп барып көкемнің су-су жеңінен тарттым. Сазды мəң гілікке жоғалтарымды біле тұра тарттым – əуен жоғалса да көкем қасымда қалады ғой. – Көке, үйге қайтайықшы. Қылтаяқ зың етті, дыбыс бір сəт қалқыды да, үзіліп жүре берді. Ол маған жалт қарады. Қорыққанымнан шатқаяқтап кейін шегіндім. Тас қараңғы түнде жалт қараған адам есепшотқа судай жүйрік көкемнен басқа жат пенде-тін. Қара бұйра шашы, қасы, мұрны, киіміне дейін біздің үйдегі отыз бес жастағы адам... жоқ, бəрібір көкем емес. Ол ешқашан да бүйтіп атып тастардай суық зəрмен қарамайтын. Жаңағы саз дың түн түсін қабылдаған қара жаңғырықтары, толқындай əуе леген алып қорғанды көкем екеуміздің арамыздан суыра тартып үздіксіз биіктетіп жатты. Кенет, көкемді арбаған осы əуенді бір сəтке жек көріп те кеттім. – Не керек? Саған не керек деймін? Күннің суықтығы, үйге қайту қажеттігі жайлы əлденені мұрын астынан мыңғырладым.

Көкем ай-шай жоқ білегімнен қапсыра ұстап, сырадан босаған бөшкеге қарай сүйреді. Сосын тығын ашатын ағаш балғамен бос бөшкені томп-томп ұрды да, кілт тоқтап, қолыма ұстатты. – Осыдан жаңылмай соқ та отыр! Аянайын ба, соқтым да отырдым. Көкем виолончельде ой нады. Тағы да əлдеқайдағы белгісіз де алыс бағдарға жете леп ұзаған мақпал қоңыр сиқырлы саз, саз... Қар əлі жауып тұр. Балға астынан о баста құлақ етін жеп дөрекілеу шыққан дыбыстар – қапалақ қар қиыршықтарына оранды да, Саз əлемінде қалықтаған ақ кептерге айналды, қылтаяқ пен ішектер қиылысынан туған əсем дыбыстарға қосылды, аула төбесі атты шағын аспан астында қанаттары дірілдеп айнала бастады. Аяқ астындағы қозғалмас мығым қара жер тұғырынан оңай айнып, саз ырғағымен билей жөнелді. Біз – көкем, мен жəне арқасына қос уыс қар қонақтаған жас күшік үшеуміз виолончель ішегі мен балға астынан шыққан дыбыстармен қым-қиғаш араластық та аспанға көтеріле бастадық. Кенет, бүкіл əлемді, сол əлемнің қолсозымдағы өкілі – біз асырап алғалы ай толмаған Арыстанды бас сап құшақта ғым келді. Қос қолымды ілгері создым, құшағым қапалақта ған қарға толды. Төрт құбыладан тұтас қоршаған дүниемен – ақ қар, ақ қармен араласқан жеп-жеңіл саз ноталарымен біте қайнастым да, оның балтамен шауып айыра алмас бөлшегіне айналдым. Жас күшік Арыстан қардың таусылмас қоры – аспанға, дəлірек айтқанда үздіксіз сорғалаған қиыршықтарға тұмсығын соза шошайтып шабалаңдап үрді де, тұрған орнында құла ғы салпаңдай əуен ырғағына сəйкес төрт аяқтап қарғи баста ды. Бұдан былай күшік, көкем, мен, виолончель, ақ қар бе сеуміз айырылыспас доспыз, жік жазбас жолдаспыз... Бөшке, ағаш балға, саз жəне сыра мен қар суы сіңіп қарайған бөшке тақтайлары да солай... ...Ертеңінде көкем қызып қалғаны хақында міңгірлеп, кімнен екені беймəлім, кешірім сұрады, есепшоты мен портфелін қолтығына қыса үш қабатты үйге тартты. Мамам төмен қарап, алжапқышының етегіне құрғақ қолын сүрте берген... Сенсеңіз стол шетіндегі мен, стол астындағы Арыстан

мамамның қысылып ұялғанына кəдік келтірмесек те, көкемнің шын көңілімен ұйып, кешірім сұрағанына зəредей де сенгеміз жоқ. Осы оқиға болмаса, біз тату тұрамыз. Кім білсін, көрші апайлар солай деседі. Олардың айтуынша, көкем қоңызға да қиянат ойламайтын өз ісіне берік, момын да (көшедегі ең үлгілі еркек), мамам бірді екіге жеткізетін пысық əйел (əттең шайпаулау, əйтпесе...). Мен болсам күнде-күнде бестіктерді мектептен қапшықтап қайтушы жақсы оқушымын (тым жуас па осы бала?). Алда да осындай тамаша сəйкестікпен татутəтті тұра берер ме едік, қайтер едік, егер... * Мен он екі жасқа толған күні сахнаға ілінген мылтықтың қайтсе де атылатындығы жайында пікір білдірген Тəкең – тұптура екі жылдан соң көшті де кетті. Маңдайға жазылса көшу қиын боп па. Қорабы даладай екі автомашинаға мүкəммалмүлігін асығыс тиеді де, жұртына құшақ-құшақ түтін қалдыра Тəкең үрім-бұтағын «Көше» атты кең де қызық əлемге бастай шығып жүре берді. Ол күні мамамның көзі қызарып жүргенімен оның есесіне көкем қарадай көңілденіп қолда рын қайта-қайта құшырланып ысқылай берген. Сөйтсе, Тəкең салып ұрып облысқа жоғарыласа керек. Жо ғарылаған деген не, мүмкін Тəкең тау басына терлеп-тепшіп өрмелейтін шығар, мүмкін облыс орталығындағы биік үйлердің ең үстіңгі қабатына қоныстануы да ықтимал, онда менің шаруам шамалы. Жаңа көршілер қандай, өздерінің мен тұрғылас баласы бар ма? Ит, кептері ше? Ауласына ит байланса, бəрінен бұрын мəре-сəре алысып Арыстан бой жазып қалар еді. Көп ұзамай жаңа көршілер Тəкеңнің аңыраған ауласын аузы-мұрнынан шығара тырақай у-дуға толтырды да тастады. Асығыс-үсігіс жүк түсірілді. Білектерін сыбанып тастап көкем мен мамам көмектесіп жүр. Мен болсам «ЗИС – 150ді», қыбыр-қыбыр адамдар мен тең-тең жүктерді, бүткіл ауланы екі қада арасына сыйғызып, шарбаққа асыла ішке үн сіз үңілемін. Соншалықты өңмеңдеп үңілетіндей ғажап дəне ңе жоқ сияқты. Бұлардың да көкесі бар. Үйелмендей қара кісі. Теңдерді бұйым құрлы көрмей асықша атады. Жиегін кір

əдіптеген ақ шаршы астынан қара шашы бұрқыраған қатпа əйел анық мамалары. Үндері естілмейді. Үндерінің маған естілмейтіндігі – екі ара да шығыры селтиген құдық, жемісі жиналған иір-иір жүзім бұтақтары, қу жапырақтары қалтыраған түп терек бар. Арғы ауладан жер бауырлай жылжып жақындаған көк түтін (жапырақ өртеу маусымы!) өтінде көршілердің ауыз, қолаяқтары ғана бұлыңғыр қимылдайды. Ауыр күрсіндім. Ит те, кептер де көрінбеді. Тек «ЗИС-тен» себет-себет тү сірі ліп жат қан қаңқылдауық үйрек-қаздар... Кеудеге секіріп Арыстандай еркелей алмайтын, зеңгір аспанда кептер секілді аударылып-төңкеріліп ұша алмайтын, тек табаққа түсер, етке жарар дарақы дауысты семіз үйрек-қаздар... Бұрылып кетуге айналдым. Тоқта, тоқта... Мына бір шартық қара бала аспаннан дік етті ме, жерден шықты ма? Кекілі күлтілдей маңдайына құлап тұр. Беті бес тиындық бақыр тəрізді дөп-дөңгелек. Торсық шеке. Əдемі-ақ бала, бірақ... қамыт аяқ екен. Оған қайғыра қоя тын ол жоқ секілді. Кімге тиісерін білмей төңірегіне тасыр көз бен қарайды. Екі қолды қалтаға сап аула ортасында шіре ніп тұрды да, ай-шай жоқ, мені шошыта кісінеп-кісінеп тастады. Бұл маймақтың тұла бойы толған кесел ме екен?! Көлденең жатқан екі құлаш таяқты ат қып мініп алды да, басындағы ескі құлақшынмен «тұлпар» сауырына сап-сап жіберді. Жіңішке даусымен қайтара кісінеп, тұрған орнында қосаяқтап секірді-ай кеп. Онысы ер-тоқымды бауырға алып мөңкігені. Сосын ауланы айланып құлдыраңдай əйда шап. Аяғы айқасқан маймақ болса да табаны жер иіскемес жүй рік тіпті. Бүйтіп қиюым келіспей ыза боп тұрғанда шаңдатып шапқылап жүргені шат-шəлекейімді шығарды. Əлде де дереу шақырып алып жұдырығымды иіскетіп жіберсем бе? – Əй, бала! Кұлағы едірейіп тұра қалды. – Бері кел! Сұқ саусақ үшімен ол жүрер сара жолды ымдап, өзіме шақырдым. Таяқты қалай тұлпарға айналдырса, «атын» солай теп-тез таяққа айналдырып, əудемжерге зымғатты да қолын оң-солға репетсіз лақтырғыштап тұра жүгірді. Шарбақты ай-

налып өтіп, қасыма келіп қалт тоқтады. Саусағын сора түйме көздерімен мені ішіп-жеп, бір қолымен шалбарының ауын ақтара ағытып жатыр. – Мə, насыбай! Шошынғаннан, кейін ыршып түстім. Өй, мынау неткен бетпақ бала! «Бері кел!» тіпті де шалбарыңды шеш деген сөз емес қой. Қайдағы бір насыбайы несі? Жəне оны қайтпекпін? Менің басым қатты екен деп шартық ине жасуындай да саспады, шалбарын тізесіне түсіре əлі шəниіп тұр. Қайтейін, қатты састым, тұра қаш... ...Жоқ, қашпадым. Дес бергенде «ЗИС» қапталынан шартықтан үлкендеу, менен аз қалыңқы бала жүгіріп шықты. Бұл да қара торы, бірақ беті тым жалпақтау ма, қалай? Жəне торсық шеке шартықтай қамыт аяқ емес, Əлгі жүгіріп кеп басын күрт еңкейтіп шартықтың кіндік, е-е... одан төменірек ұятты тұсын құшырлана иіскеді де, шолақ танауын тыржита: – Əтпішу! – деп салды. Маймақ əбден қанағаттанған қалыпта шалбарын көтерді. Кері бұрылдым да үйге зыттым. Күні бойы ойым онға бөлініп, шалбар шешу құпиясының кілтін таппадым. Күн түгіл он күн ойлан, бір ақиқаттың басы айдан ашық – Маймақ дені сау адамның басына көп келе бермейтін қылықтар жасауға өте қабілетті бала. Қырсыққанда ертең бар лыпасын сыпырып тастап, қақпа алдында қасқайып тұрса ше? Көшедегі көлденең жүргіншілер алды мен иық селкілдетіп күлер, көзге шұқып көрсетер, сонсоң: «Е, мынау бес бөлмелі үйде тұратын Асан атты баланың інісі шығар», – деп қолды бір-ақ сілтейді. Ал мұғалімдер көрсе ше? Қой, одан да көкеммен ақылдасайын. Көкем үлкен адам, үлкендер насыбай сырын білуі тиіс. Онсыз да бізден көп білетіндерін ұрсып-зекіп түсіндіре жүреді ғой. Көкем əуелі бар ынты-шынтымен кеңкілдеп күлді. Сөйтсе шалбар шешу құпиясы былай екен. Жаңа көршілер ауылдан көшіп кеп отыр. Ал ауылда шоқша сақал шалдар мен кимешек киген кемпірлер көше сайын еріп жүреді-міс. Өздері тістері қаусап, сүйектері саудырап мəлкілдеп жүргеніне қарамастан кіл қылжақбастар. Енді ше! Қолдары бос, төбеге түкіріп жатып пəленше сом зейнетақы алады. Күні бойы шал-

қадан түсіп шырт түкіре беру де, шамасы, жалықтыратын бол са керек. Əлгілер зеріккесін көшеден Маймақ құралпылас балаларды маядай бақыртып ұстап алады. Ұстағасын – шалбарын сыр-сыр шешіп тізесіне түсіреді де, кіндік тұсын жебе мұртпен қытықтай: «Əтпіш! Өй, таудай бол! Насыбайың керемет екен! Тыныс кеңіп сала берді», – деп қауқылдаса тын көрінеді. Тыныстары шынымен кеңіп қала ма, жоқ па, түбіне жетіп зерттеген тағы ешкім жоқ. Бала бір ұялады, екі ұялады. Ол ұялады деп шалдар шалбар шешіп түшкіруін, іле қауқылдасып бата беруін қоймай ды. Ақыры су тегін бата ала беру балаға да майдай жағып, біртебірте қарсыласпайды да. Қарсыласпақ түгіл еттері үйренгесін – шоқша сақал шал кезіксе шалбар шешетін, «əтпішін» кез келгенге еш пұлсыз ұсынатын тамаша халге жетеді. Қылығына қарағанда Маймақ та сол «мектептің пəндерін» бүге-шігесіне дейін меңгеріп, кілең бестікке бітірген-ау. Шалбар шешудің мені шошытқаны соншалық, бір-екі апта бойы Маймақпен, оның жалпақ бет ағасымен тіс жарып мəмілеге келе алмадым. Маймақ көшеде қарсы кездессе, ышқырына күдікпен көз тастап қойып, тағы бір пəлеге ұшырамай тұрғанда құтылғанша асық боламын. Тағы салып ұрып же тіп кеп шалбар шеше бастамасына кім кепіл. Маймаққа қарағанда қайта жалпақ бет ағасы жуас па деп қалдым. Алда-жалда қарсы кездессе, қиық көзін төмен салып, тымпың-тымпың басып тезірек өтіп кетеді. Кейде қараған-қарамағанын бітік көзінен аңғару да қиын. Өткізіп жіберіп, біраз ұзай жалт бұрылсаң ғана көзінің шылбырын саған тастап бара жатқанын байқайсың. Өзі жақында көрсетілген фильмдегі Шыңғыс ханнан аусайшы. Тек тікірейген мысық мұрты, қайқы қылышы ғана жетіспейді. Ақыры қиқар қаһанға тым ұқсап тұр екен, мейлі, Шыңғысхан атана қойсын. Əне, кітаптан оқып, кинодан көрген қаһанды сегіз ғасырдан кейін осылайша сиқырлап тірілтеміз. Айдар тағып, ат қою қайбір жақсы қасиет дейсің. Алайда сол жексұрын есімді ойдан құрықтап қуып шықсаң да өзіненөзі тіл ұшына сағызша жабыса кетсе амал не? Оның үстіне қысқа күнде қырық жүздессек те, жасы кіші бола тұра ныспын айтпай қырсыққан өзіне де обал жоқ. Көрші болғасын адам құсап: «Мен бəленшемін, сен кімсің?» – деп қол беріп таныспас па? Жақындап кетсе жарып тастар жолбарыс емеспін ғой.

Кендір баулы иір ырғай садақты қолтығынан тастамай тын əдетін де байқап жүрмін. Ағаш басында қаннен-қаперсіз шиқылдасқан торғайларды сығырая көздеп тұрғанын сан мəрте көрдім. Көзі қитар, өзі қиқар, садақ асынатын, жазықсыз торғайға аянышы жоқ баланы Шыңғысхан деп атамағанда қайтеміз. * Бір күні сəске кезінде үйден шықсам, шарбақ тасаланған Шыңғысхан шатыр үстінде жем шоқып құрқылдап жүрген ата қоразды көздеп тұр. Жүгіріп бардым да, жұлқып-жұлқып жібердім. Жалт қарады. – Неге атасың? – Немене, көгершін сенікі ме еді? – Кімдікі болса да, бəрібір атпайсың. – Айтарсың. – Мұрнын маңғаздана тартты,– Кішкене кептер түгіл түйедей қой, сиыр, жылқылар да сою үшін жаралған. – Оны кім айтты? – Көріп тұрсың, маңдайымда жұлдызша жарқыраған қос кө зім бар. Жарқыраған көздер қарайған атаулыға қоса қой, сиыр, жылқының паршаланып сойылатынын көреді. Оларды соятын адамдар. Мен де адаммын. Ендеше көгершінді неге атпасқа? Ой, мына Шыңғысхан неге дəл кинодағыдай сұлу сөйлеп тұр? Тура үлкен кісіше сөйлейді. «Жұлдызша жарқыраған кө зім бар... Сиырды адамдар паршалайды... Мен кептерді ату ға тиіспін...» Қаншама сұлу сөйлесе де, мынадан бірдеңе түсінсем бұйырмасын. Табан астына тұқшия қарап əлі күңкілдеп тұр. – О, о, ауылдағы торғайлар шетінен тақыс, зəндем. Құртқұмырсқа аулағанда ең сағын күзетке қояды. Садақ көтеріп кезене берсең болды: «Шиқ, шиқ, қаш, қаш!..». Ұсақ тастарды қос қолдап қалай шашсаң солай жан-жаққа бытырап дүр көтеріледі. Оның өзінде де тарала ұшсақ жебе тимес деген қулық жатыр. Қала торғайлары мына жем шоқуды ғана білетін ақымақ кептерден аумайтын кеще екен. Дəл қасына келгенше шиқылдап отыра береді. Қалада не көп, машина көп. Солардың у-шуына торғайлар əбден үйреніп алып, үркуді де қойған. Ашамаймен көкесін танытып атпайсыңдар да. Неге

атқыларың келмесін, келеді ғой. Бірақ атқан тастарың торғайға тимесе – жыпыр-жыпыр үйлердің терезесін сындыратынын, терезе сындырмаса – торғайдан да көп адамдардың ба сына түсетінін білесіңдер де. Əне солай, ауылда кісілер ба тыр, торғай қорқақ болса, қалада адам қорқақ та, торғай батыр. Қап, мына қисық көздің қорлығын-ай! Тап осы сəтте бір жа ғынан бой буған əлсіздікті де аңғарып тұрмын. Қолмен қойғандай тап төбесінен түсіп айтса, бумағанда қайтеді. Таңғажайып дұрыс дəлелдермен қисық көздің аузын жаптырғым келіп қанша ойлансам да, оқыған кітаптардан ондай сəтті үзіндіні еске түсіре алмадым. Кептерді атпақ болған жауыздығын сылтауратқан боп бір қойып, шықылықтаған неменің аузын қисайта қойсам ба əлде? Кейде торғайлардың өзінен миллион есе үлкен де күшті, қанат-қауырсынсыз тіршілікке шекесінен қарап менсінбей, бұтақта қуаныштан есі шыға мəз-мейрам сайрап отыратыны да рас. Ондай көпе-көрінеу əділетсіздікке жының кеп кетіп, қолға іліккен кесекпен əлгіні жіберіп ұрғың келеді. Жіберіп ұруда мін болмайды-ау, бірақ сол лақтырған кесек торғайға дəл тиюі үшін, Чингачгуктей құралайды көзден атқан мерген болуың керек. Қырсыққанда Чингачгук бұл дүниеде жалғыз-ақ дана. Чингачгук атпағасын кесек торғайды жанай шырқап шығып қайта сорғалаған күйі құйрығын тістелеген Арыстанның төбесін ойып түспесіне кім кепіл. Өйткені, бұ жер далиған дала емес, қала іші ғой. Арыстанның төбесі ойылмаса, сөз жоқ, те резелер сынады. Сонда, сонда... мен дəл қазір көгершін қамын ойлағаннан гөрі өз үйімнің терезесі сынбасын, Арыстанның төбесін тас теспесін деп Шыңғысханмен егесіп тұр екемін ғой. Көзді бақырайтып қойып қара бала дəлелдеп берсе «екен ғой» емес, дəл солай. Қиық көздің қияс екені қияс. Сөйтсе де өзі маған ептеп ұнай бастады. Осы жасыма дейін сығыр көзін жерге қадап тұ рып маған ешкім де мұншама орынды сөздер айтып көрмеп ті. Ен деше не тұрыс, өзін жетектеп жүріп Арыстан, кептермен таныстырайын да. Мен білсем, бұл шіркін аспанда көгершіннің аударылып-төңкеріле, бауырын күн сəулесіне жалата сайран салатын салтанатынан тіптен бейхабар. Иыққа қонып, əде мі түйме көздерімен жүзіңе үңіле қарар сүйкімді қылығы нан да хабарсыз. Əйтпесе, садақ кезеніп сондай ғаламат

көрікті құсты бұрқылдап ұшар қауырсынға айналдырғысы келер ме! Əдемілікті сезбейтіндер ғана аяуды білмейді. Тек кептердің аспанда күмістей жарқылдап ұшуын көргенде ғана қара бала атқан жебе олардың соңына қуғыншы болып түспейді. Шыңғысханға кептерге шашылған жемді, менің туған күнім тойлаған кеште босаған сыра бөшкесінен жасалған Арыстан үйшігін, өз қолыммен үйшік сыртына бормен айғыз дап жазған: «Үздік оқушы А. Қайырсынов пен иісшіл ит Арыстанның мызғымас достығы жасасын!» – деген үндеуді көрсеттім. Шыңғысхан итке ұнады ма, жоқ па, ол хақында Арыстан еркелеп, яки ырылдап ашық пікір білдірмесе де, төбет Шыңғысханға шынымен ұнады. Жүнінен сипады, қар ғы бауынан тартып көрді. Мына итті суреттері «Огонек» сыртынан түспейтін жалпақ бет ненец, чукоттар құсап ша наға жексе деген тапқыр ұсыныс айтты. Мен қызып кетіп кептердің қанша тұқымы болатынына дейін жайып салдым. «Үй көгершіндерін қолдан өсіру» кітабынан үзінділерді жат қа соғып едім, шын Шыңғысханның сегіз ғасырдан кейінгі ұр пағы көзін жұмып, аузын ашты. Сөйткенмен жүні құбыла жарқыраған ата қоразды көргенде: – Қауырсынынан керемет жебе шығар еді, – деп таңдай қақ ты. Сасқанымнан сол орында қалшиып қаттым да қалдым. Бұл бала ата қоразды өлтірген күнде ғана қауырсыны жебе ге жарайтынын білмей айтып тұрған жоқ. Шыңғысхан атын қалай дөп басып тауып қойдым десейші. Қала көрсе-ақ тарпа бас сап қиратып салғыш қаһанның кішірейтілген нағыз екін ші дана сы. Əттең, бойы кəндек, күші аз, соңынан еретін қа лың қол жоқ. Əйтпесе бар ма... Сол күннің кешінде төсекте дөңбекшіп жатып бала Шыңғысханды түзу жолға салуды ұйғардым. Себебі одан жасым үлкен... «Пионер жасы кішіге əрдайым қамқорлық көрсетіп, қашан да қасынан табылуы қажет» (мектеп дəлізіндегі «Оқушының мінез-құлқы» ережесінен). Басы жас, тəрбиеге көнер. Ғұмыры тісін сақылдатып, əлде неге зығырданы қайнап жүретін қасқырлар Индияда ақылды адамның баласын баули келе бөріге айналдырыпты. Ал мына Асан, шынын айтса орынды-орынсыз ырылдап, қит етсе қой қыруға машық қасқырлардай өзін милы санайды. Арада ай өтті.

Бұл күнде ол екеуміз кəдімгідей доспыз. Мектепке бірге барып, бірге қайтамыз. Өзі тапқыр бала. Бір күні кешке жақын ауладағы шөп етегінде əңгіме соғып отыр едік, іші шұр етті. Жалт қарап ем: – Мына көршінің кəнден күшігі соңымнан шабалаңдап қалмағасын ұстап алдым да жұтып қойдым. Сол ғой қыңсылап жатқан, – деді. Күлдім де қойдым. Ертеңіне портфель арқалап, тысқа шықсам ақ түтек боран... Жел, қар, жел, қар... Əрі-беріден кейін қойны-қоншыма қар толып, аққаладан аумай қалдым. Аққаладан айырмам – қозға латыным ғана. Ерте кетпек ниетпен Шыңғысханға жолай соқсам, тұрмапты, тек көрпе астынан көзі жылтырайды. – Жүр мектепке кеттік! – Іһм... – Басын шайқады. – Неге? – Кешегі күшікті туып жатырмын. Сабаққа жалғыз кетуге тура келді. Сөйте-сөйте оның қала қиратқыш қотиын бабасына тек түр жағынан ұқсайтынына көзім жетті. Құс ататын қасиетін есептемесе былай тəуір бала. Менімен достасқалы садақ арқалайтын жаман қылығын да қойды. Тіл алғыш. Пысық. Ұғымтал. Өзіне əбден сеніп алдым. Алда-жалда ұйықтап қалсам, ертесін көгершіндерді үйшіктен сол шығарады. Арыстанды серуендетеді. Қалтасында оған арналған тоқашы да əзір. Шыңғысханға Арыстанның еті үйренгендігі соншалық, кейде қатар жүре қалсақ, төбет əуелі қайсысына еркелесем дегендей маған да, оған да кезек жүгіріп, əрі-сəрі боп қалады. * Бір күні ең сүйкімді ақ көгершін үшті-күйлі жоқ боп кетті. Іргелес көшедегі үйлерге қосылған шығар, жалыққасын оралар, т. т. ойладым. Бір күн тостым, келмеді. Екі күн тостым, зым-зия. Ақ кептер оралмады. Қапа болдым. Шыңғысханнан сыр тартсам көзін аспанға аларта қарап: – Ақ кептерді қара мысық жеді, – деді. Іле үйінен қара мысықты құйрығынан сүйрете алып шықты да терек діңіне құлаштап бір-ақ соқты. Мысық жаман үнмен баж етті де қара доға сыза шарбақ асып қарғыды. Шыңғысхан тағы:

– Кепті қара мысық жеді, – деді əр əрпін нақтай. Қара мысыққа сенім жоқ. Көзінде қомағайлық оты тұтап бақша ішінде бұқпантайлай торғай аңдитыны рас. Қара мысық ақ кепті жесе жеген шығар. Арада екі-үш күн өтпей ата қораздан айрылып аһ ұрдым. Жарайды, ақ кеп ақылы кем жас еді, сондықтан қара мысық аузына аңдаусызда түсіп қалды делік, ал ата қораз өйтіп ашықауыздық жасай қоймайтын-ды. Ақ кепті де, ата қоразды да қара мысық белінен бір басып қылғи салатындай жын атып жүрген торғайлар мен тышқандардың шынымен таусылып біткені ме? Шыңғысхан кейінгі кезде кептер қонатын сөрені жаныға тазалап, жем арасынан қиыршық тасты теріп тастайтын пысықтық көрсетіп жүр. Ата қораз жайлы сұрап едім, аспанға аларып қараған күйі бас шайқады. Ата қоразды жерден алып, жерге салдым. Жоғалмаса жоқсыз қалсын. Бір, екі, табаны күректей үш жыл бойы астыүстіне түсіп баққан менде ес жоқ. Шұбыртып сансыз ұр пақ өсірді. Немерелерін ұшуға үйретті. Найқала басып дəн нің ірісін, тазасын шоқыды. Шоқыды да жем шашқаныңа, баққаныңа мықтап тұрып бір түкірді, басы ауған жаққа қаңғып айдалаға кетті. Бір күні мектептен қайтып келе жаттым. Кенет, көк қақпалы үйдің ауласынан құрқылдаған үн, қанаттың сартылы естілді. Таныс дыбыстар... Дуалдан асылып ішке үңілсем... Шар баққа балағынан мықтап байланған ата қораз талпы нып жатыр. Қанат қағады да əудемжер көтерілмей жатып – кен дір жіпті бырт-бырт үзер қайрат қайдан болсын – құлап түсе ді. Төңірегіндегі бір топ ұсақ балалар езулерін құлаққа жеткенше созып, сандарын шапалақтайды. Дереу дуалдан асып аула ішіне қарғып түстім де: «Кəне, пырс-с, бөбектер!» дедім. Анадай жерге ығыса ұйлығысып тұрды. Еңкейіп көгершін балағындағы жіпті шеше бергенім сол еді, үкідей сары бала ның боздап бермесі бар ма. – Əй, саған не жоқ? Өзің қай үйдің шыбынысың? – Менің көгершінім-м... – Не-е? Мынадан хабарың бар ма? – Жұдырығымды иіскеттім. – Кесе. – Ал мынау ше? – Енді екінші жұдырығымды көрсеттім.

– Екі кесе. – Дұрыс айттың. Енді көгершінді қайдан алғаныңды айт. – Бəкіге айырбастағамын. – Кімнің бəкісіне айырбастап едің, кішкентай ғана ызыңдаған шыбыным? – Қастарыңа көшіп келген көрші бала... «Көрші бала...» Көрші бала кім болушы еді, Шыңғысхан да. Көшеге атып шықтым. Кеудемде бұрқ еткен ашу қой ным ды кернеп кетті. Жалпақ бет бала Шыңғысхан десе Шыңғыс хан екен. Одан да керек десе күні төмен. Шыңғысхан қалаларды өртеп қиратқанымен, достарын бүйтіп ешқашан да тақыр мұзға отырғызбаған. Аулаға кіріп келсем, Шыңғысхан кептерге жем шашып отыр. Балапан кептің бір иығына қоныпты. Мектеп ауласындағы «Балалар біздің бақытымыз жəне болашағымыз» деген орындықтай-орындықтай жазуы бар плакаттағы баладан бір аусайшы. Онда да алма бет, бұйра бас бала иығындағы көгершінге қадала қарап мəз боп тұр. Тек мынау бұйра бас емес, жалпақ жүзді қисық көз бала. Шыдамадым, оңбағандығын, жақсылықты білмес кешелігін бейнелейтін сөздерді бетіне лақтырдым. Шімірікпеді, иы ғындағы көгершінге «Шынымен солай ма?» дегендей мойын бұрып қарады. Үшінші класта «Ана тілінен» жаттаған Крыловтың «Қарға мен түлкі» тақпағы есіме түсіп: «Ірімшік ұрлаған қу түлкісің!» – деп едім, ұртын томпайта: – Өтірік айтасың, мен ірімшік емес, көгершін ұрладым, – деп өзімді ұялтып тастады. Ұрсып-зекуді аяқтаудың сəті түспеді, өйткені оған ескерттім. «Мың бір түнде» ұрының қолын патшалар балтамен шауып тастатқанын айтайын дедім де, кітапты көкемнің сөре сінен ұрлап оқығаным есіме түсіп, едəуір ыңғайсызданып қал дым. Міз бақпағасын күйіп кетіп басындағы құлақшынын жұ лып алдым да, арқама жасырдым. – Əкел құлақшынды! – Қолын созды. – Қалай екен көгершін ұрлап сатқан, ə? Біле білсең ұр лық – тартып алғаннан да сорақы сұмпайылық. Сен неге... Ұрысып-зекуді аяқтаудың сəті түспеді, өйткені ол танауын жайбарақат шұқылап тұрды-тұрды да, кептердің қақ ортасына шалқалай құлады дейсің. Желкесі жерге таңқ етті. Кептер біткен дүр көтеріліп шатырға қонды.

Шыңгысхан беті талаурай қосаяқтап жер тепкілейді. Көзі аспанға ақия қараса, дөңгеленген кішкене аузы үнсіз айқайға тола керіліп тұр. Сасқанымнан қолдағы құлақшынды күртік қарға сарт-сұрт соға беріппін. Шыңғысхан үйінен жалпақ бет əйел кең етігін қорпыл дата, етегі делбіреп бері ұшты. Əнеугүнгі орамалды əйел. Қолын да сыпыртқы. Шалқасынан қимылсыз жатқан ұлын шыр айналып жүр. – Ойбиу, өлтіріп кетті, өлтірді! Кім тиісті саған, шұнақ құдайау! Кім тиіскенін ол ойлағандай «шұнақ құдай» емес, құлын да құлыны шыға шыңғырған Шыңғысхан мені нұсқап көрсетті. – Ə, сен қарақұрт па ең? Жетпей желкеңнен үзілгір, аспаннан аяғың салбырап түссең де көріп алайын сені! Сыпыртқысын басынан асыра көтеріп, қуып берді. Жетпей жатып желкемнен үзуін тосып тұрайын ба, тұра қаштым. * Сол күні аула түкпірінде ең жақын көретін «Робинзон Крузо» кітабының мұқабасына алақан басып тұрып, кесір баламен қайта достаспауға ант егтім. Шыңғысхан сырт айнала бере жолдастықты бар болғаны екі көгершінге балап сатса, басқа не шара? «Бадырақ көз, сен тимесең мен тимен, аһа-а-ау...» деп қаншама уақыт ысқыра əндетіп жүрер едік, Шыңғысхан тағы бір кесел бастамаса. Ол Арыстанды шанаға жегуді шығарды. Шыңғысханша шанаға ит жегіп, аппақ далада қарды құйындата зырғу үшін ту көтеріп тундраға сапар шегудің қажеті шамалы. Шана жақтауларына байлаулы жіпті ит қарғы бауына жалға да шыбыртқымен көкесін таныта шықпырт. Əйда, бишікті шартылдата ауаны тілгіле де алқапты тентек айқайға толтыр кеп. Иттің аты ит, бірер қыңсылаумен талайсыз тағдырға бағыштаған наразылығын білдіреді де, алға құйындай оза ды. Сонсоң мұртты ширата (əрине, бар болса) шалқайып отыр. Əйтеуір төбет сені өлер жерге сүйреп апармасы ақиқат. Арыстаннан басқа ит болса Шыңғысханның бұл пікірімен келісе қоюы екіталай еді.Бірақ біздің төбет біреуге бас көтермек түгіл, алдындағы астан айырылатын ашықауыз.

Бір мысал. Өткен жетіде мамам түн асқан сорпа-суанды Арыстан табағына меймілдете құйды да үйге кіріп кетті. Төбет үйшіктен шықты да, əуелі шатыр үстінде қалғыған мысыққа қарап аузын арандай ашып еңірете есінеді. Керілді. Мұнысы ол тұрғанда ешкімнен, оның ішінде шатыр үстіндегі мысықтың да жүрегі дауалап сорпаға тиісе алмайтынын меңзеуі. Сорпаны сырғыта жалап басын көтерді, рақаттана көзін жұмды. Құдай біледі, қазір табақтағы майлы етті қалай екі асап бір қылғытатынын қиялдап тұр. Қиялдау жақсы-ақ, əйткенмен соның өзі басқа қалай оралды, солай орындауға кіріспесең, қол созсаң уысқа түспейтін сағымға айналып сала бермек. Не керек, керіліп есінеу сияқты құрыс-тырысты жазатын «жаттығулар» тым ұзаққа созыл ды. Əлден уақытта көзін соңғы рет жұмып, қышқыл асқаза нына жетерліктей жиналды-ау деген мезетте Арыстан көзін ашса... қызыл қақпалы көршінің көк қаншығы табақтағы кəрі жілікті алдына өңгеріп қытыр-қытыр кеміріп жатыр.Көз көріп, құлақ естімеген мұндай арсыздық Арыстанды əбден абыржытты. «Ойбай , төбет абыржып қалды» деп, жілікті табаққа қайта сала қоятын көк қаншық па? Салмақ түгіл оқшантай тəрізді қаз-қатар өткір тістерінің арасына сүйекті қысып ап, аса зілді жеккөрінішпен ырылдады. Қайтсін, Арыстан амалы – қыңсылау да. «Қайқы құйрық қарындас-ау, мұныңыз қалай? Жə, сабыр, сабыр... Ашу басыңыз, алқынбаңыз. Менікі сізге жарар қылық басқа екенін ескерткендік қой əншейін» дейтіндей. Ақыры төбет шыдамады (еркек қой). Аяғын көтеріп, қаншықты тұмсығынан түртті: «Пардон, мадам, қонаққа келіп сіз, қарсылық жоқ. Ендеше алдыға келген асты өле жегенше бөле жейік». Төрт аяқты бикеш дастарқан басындағы сыпайылық жайлы пəлендей салиқалы ой түйіп жатпады, атылып кеп Арыстанның башпайын шайнап алды да, жілікті тістей ауладан жытып тұрды. Қан-қан қолын жоғары көтере Арыстан сай-сүйекті сырқырата ұлысын кеп. Шамасы, əйел халқының көкайылдығы мен аспен атсаң тас лақтыратын опасыздығы хақында өз түсінігін баяндап отырса керек. ...Сонымен Шыңғысхан алпамсадай ит жегілген шанада шырт түкіріп шалқайып отыр. Тамашалап тұрайын ба, жүгіріп барып төбетті шештім де, жігерсіздігі, ездігі үшін керіліп тұрып, бөкседен тептім. Қаңқ

етті де зытып берді. Шыңғысхан қарсылық та білдірмеді, рақмет те айтқан жоқ, бетінен аязы шыға сазарып, шана үстінде отырып қалған. Екі-үш күн өтті. Ауладағы қарды күреп жүріп, көше жақтан шыққан айқай-шуды естідім. Дуалдан бас қылтитып қара сам, қаз-қалпы анау жолғы көрініс. Қисық көздің қолында шып-шып ойнаған шыбық астында Арыстан шананы тарта ал май қан сорпа. Шыңғысхан жалғыз емес екен, артына баяғы шалбар шешкен Маймақ жабысыпты. Екі езуі екі құлағында, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Шана мысқал да ілгері жылжымағасын Шыңғысхан мойын бұрып Маймаққа əлденені сыбырлады. Қисық аяқтары ауа да шеңберлер жасай Маймақ үйге беттеп, құлыперен ту тал қан ұшсын кеп. Неде болса, екі нүкте – Шыңғысхан, Маймақтың қайта бірігіп бас қосуын тосуды ұйғардым. Арыстанды шама келсе, түтіп жегім бар. Көрсе кісі қызығар балғадай қол-аяғы анау. Аппақ өткір азуларын қайда қоярсың. Қауып қырмасын, құрығанда құлақ жымитып, тіс сақылдатса Шыңғысхан да, Маймақ та шілдің құмалағындай шашылып, бауырсақтай бытырап қашпас па еді. Өзін күшік кезінде алыс жамағайыннан асырап алған быз. Арыстан біздің қолға келмес бұрын бұғып жатып балақтан алатын қабаған болыпты. Өсіп төбетке айналғанда жамағайын Арыстанды ит базарына салып, сатпақ екен. «Сексен сомға түсетін шығар. Сексен сомға сатылатын бұл пəтшағар кеше сыйлы қонақтың жүз сексен сомдық кремплин костюмін жыртып, черт возьми... Сосын аюға таяқ намаз үйретіпті дегендей... Сіз соның үстіне түстіңіз. Ал төр сіздікі, жоғары шығыңыз!» (Арыстанды аула айналдыра бишік астына алып жүріп жамағайынның көкеме айқайлап айтқан сөздерінен). «Сол... кірсем əлгі неме иттің рəсуасын шығарып... Тегі аянышты. Қалтадан сексен сомды суырып ап: «Мə, жұмырыңа жұқ болсын, тек итке тиіскеніңді тыйшы, жарқыным!» – дедім де күшікті қарғы бауынан жетектей шығып кеттім (көкемнің мамама айтқан əңгімесінен келтірілген үзінді). «Ақылының құны бар-жоғы сексен-ақ сом тұратын кеуек бастар сексен сомды да өз орнымен ұстай алмайды» (мамам шыбын уына су құйып жатып, көкеме осыны айтқан).

Күшік бізді жатырқаған жоқ. Бишіктен түскен білем-білем жарасы жазылды. Жұнттай боп семірді. Мінез-құлқы өзгерді. Арыстан енді жамағайын үйіндегі баяғы ызақор күшік емес. Түн түсе көрші құрбы-құрдастарымен қутыңдап ойнайтынды шығарды. Бірақ бишік құдіретінің арқасында үйренген бір қасиетінен жаңылмады. Ол – адам атты екі аяқты пендеге қарсы шықпау, «жат!» десе жер бауырлап жата қалып топырақ иіскеу, «ұш!» десе желмен жарысып алға зымырау. «Аһ-аһ, зымырамасқа күш қайда, адам қолында менің де пышақтай өткір азуларымнан да қорқынышты қарулар бар: жыландай ысылдаған бишік, көшеде домалап жатқан кез келген тас пен кесек... Анау жуықта көшіп келген қитар көз баланың шыбыртқысы да бишіктен еш кем түспейді. Аһаһ-һ!» (Арыстанның біз оқи алмаған ойларынан көшірме). Əйтпесе Арыстан ауланы жаңғырта үргенде, маңайдағы күшіктерді ұйқыдан шошып оятатын көрнекті ит қой. ...Маймақ үйден мүжілген дəу жілікті алып шықты. Шыңғысхан дереу ұзын таяқ ұшына əлгіні жіппен мықтап шандып байлады да, шанаға отырды. Жілікті ит басынан асыра тұмсығының алдына салбыратып тосты. Арыстан құрмет аралас сезіммен жілікті жасқана иіскегенімен – орнынан қозғалмады. Шана маңындағы ұсақ балалар ұлардай шуласты. – Өтірік айтыпты! – Арыстан сүйек соңынан жүгірмеді. Аһа, түсіндім! Шыңғысханның ойынша мына қомағай төбет дəл қара тұмсығының ұшында тербелген жілікке жетем деп қан сорпасы шығып, құстай ұшуға тиіс. Ол жүгірген сайын жілік те соған сəйкес жылдамдықпен қашып отырады. Яғни, ең алдымен жілік ауада қалқып зытады, оның соңынан ақымақ Арыстан жілікке жетпек үмітпен тілі салақтап кеп шапқыламақ. Ал төбет жегілген шанада ақылды Шыңғысхан мен Маймақ рақаттанып отырмақшы. Арыстандарға қарай беттедім. Шеке тамырым лыпылдап соғып, көз алдымдағы əлем буалдыр тұман ішіне шым-шым тереңдеп сіңе берді. Алға тастаған адым саны көбейген сайын, миымның жықпыл-жықпыл қатпарынан шыққан үзікүзік дыбыстар күшейе түсіп, бас сүйегімді шытынатып бара жатты. «Кім ақылды... Көрерміз... Шыңғысхан ақылды, басқа дүние ақымақ қой... Қазір, қазір...» Ернім қыбырлап келе жатса да, бұл сөздерді өз басым естіген жоқпын.

Алдымен Арыстанның мойнындағы жіпті шештім. Шана үс тіндегі жапырайған Шыңғысханды жұлып алып, шеше алмастай түйіншектеп жаңағы жіпті беліне байладым. Шыбық басындағы сүйекті Арыстанға арнап үйден ала шыққан шұжықпен ауыстырдым. Енді Асан шырақ, шанаға шалқайып отыр да, шұжықты қисық көз баланың мұрнына тосып қойып, айт шүу, алға тарта бер! Несі бар, сөйттім де. – Тарт, кəне! Мен білсем, бұл бала қара жер қақ айырылса да шананы тартпайтын шығар! Қонжиып шанаға отыруын отырғаныммен осыны ойлағамын. Өкіріп жыласа, томпақ аузынан өңкей жалынышты сөздерді керуен-керуенімен ағытса желкесінен əдемілеп бір түйіп, қарға қазан басын шанышпаймын ба? Сосын сүйреп тұрғызбаймын ба, киіміне жұққан қарды тазартып, адам болудың нақты-нақты төрт-бес жолын үй ретпеймін бе, үйіне апарып салмаймын ба. Шыңғысхан тартты! Жəне қандай! Қос табандап тұрып мық шыңдап сүйрелейді. Төңіректегілер мəз-мейрам. Оны шы бын шаққан құрлы көрмейді. Көзіне боталан жас толса да мықшыңдауын қояр емес. Қайсар бала маған деген үнсіз қарсылығы мен жеккөрінішін осылай білдірді! Күн астында күмісше жылтылдап аспаннан құлаған қылау қамаған қаршадай бала кесір, қайсар болса да бұл дүниенің өз бояу бейнесі бар бір бөлшегін құрайтынын солайша дəлелдеп келе жатыр! Бұрқ еткен ашуды білекке шүйіріп жинадым да; «Өлер жерің осы, тап арқаңның тұсы!» деп жауырынынан шыбыртқымен тартып жібердім. Тас төбемде қайнап тұрған аязды ауа тілініп түсті де, Шыңғысхан шатқаяқтай етпеттеп құлады. Жау жығылса тізе бүккені. Иілген басты қылыш кеспейді. Ша на дан түсіп қолтығынан сүйеп тұрғыздым да беліндегі жіпті шеш тім. – Арыстанды неге ұрдың? Ұру жақсы болса жаңа ғана көрдің ғой. – Арыстан ит те, мен адаммын. Итті ұруға болады. Көкемнен басқа ешкімнің мені ұруға қақысы жоқ. Ал сен тіпті де көкем емессің. Бар ғой, енді соғып көр... сотқа беремін. – Көгершін ұрлап сатқаның үшін, жазықсыз итті шыбыртқы астына алғаның үшін сені кім соттайды? – дедім. Сөзім-

нің кітап жолдарындай жатық шыққанына əрі сүйсініп, əрі таңырқап қалдым. Суағарын сүрте бəтеңке тұмсығымен қарды қарш-қарш теуіп тұрып мыңқ етті. – Мен, мен... əдейі істегем жоқ. Сенбесең календарьдың кешегі бетін қара. Соның сыртына салынған суретте менен аумайтын бала шыбыққа байланған жілікті шанаға жегілген ит тұмсығының алдына тосып зымырап барады. Календарь қателеспейді, бəрін де дұрыс көрсетеді. Ай атын, күннің қашан шығып, бататынын, тіпті орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкиннің қанша жасқа толғанына дейін дəл есептейді. Айтатыны жоқ, Шыңғысхан бір-ақ ауыз сөзбен аузыма құм құйды. Сасқанымнан аңқиып əуеге қарадым – шаңытып тұрау, аяз буып шаңытып тұр. Əйтеуір бір сылтау тауып Шыңғысханның аузын жаптырарсың, ал, А.С. Пушкиннің қанша жасқа толатынын дəл есептейтін календарьға қарсы не айтарсың. * ...Кенет жерді жалпағынан басқан қос табаным көтеріліп жүре берді де үйілген күртік қар көз ілеспес керемет жылдамдықпен маған жақындай бастады. Іле қойын-қоныш, жағам қарға сықай толып, күртікке баспен тік шаншылғаным ды аңғардым. Ту сыртымда қисық көз, беті жез леген түбіндей жайпақ та жылтыр бет əйел жеңін түріп шабынып тұр. Ой, мынау Шыңғысханның əнеугүнгі қарғап-сілеуге шебер сыпырт қылы шешесі ғой. Көмейіме кепелеп толған қар ерісімен ең дөрекі дыбыстарды жамырата пора-пора еңіреп жылағым келді. Танау тыржитып, көз тостағаныма жас шақыра бергенде ойда жоқта сəулелі ой сап етті: ау, жылап-сықтап сора ағызатындай менің қандай кінəм бар? Ине жасуындай да айыбым жоқ. Шыңғысхан менің итімді ұрса, оны мен ұрдым. Сый ға – сый, сыраға – бал. Есеп 1:1. Өйтсе тістей қатып жақ қарыстырып, егескенде жыламау қажет. Ми қабаттарымның сай-жүлгелеріне бұғып қалған «көз жасы», «жылау» тəрізді зат есім, тұйық етістіктерді үркіт пек оймен қарды қауып-қауып алдым да, «Шыңғысхан» кіта бын-

дағы (авторы Ян, атын білмедім) қатыгез қаһан шешесінің атын ойша іздестіре бастадым, Тұрқан қатын! Жоқ, ол Хорезм шахының шешесі-тін. Қанша бас қатырсам да Шыңғыс хан шешесінің аты түгіл, Шынғысханның шешесі деген күр делі анықтауышты таппай қапа болдым. Айтпақшы, кітапта он дай əйел туралы жазылмаған екен ғой. Қойшы, жалпақ бет апай желкеден құдитып түйгенде неге ғана ат тауып бермедің деп ұрмаған шығар! Жалпақ бет апай Шыңғысханды жетелей үйге тартты. Олар үйге əбден кіріп кеткесін екі қолыммен қар, дұрысы, жер тіреп түрегелдім. Төрт құбыла тырқ-тырқ күлкі, пышпыш сөз... Басқа уақ болса боздап қоя берер ем, кішкене ғана «құлыншақтардың» мына бірауызды кісінесінен кейін ол ойдан айнып қалдым. Жоқ, күлегештер, Асан көзінен шұбырып аққан жасты көргенше ішектерің көгерер! Мен тіпті де ботадай боздау үшін Шыңғысханды шанаға жеккенім жоқ. Арыстан ошақ орнындай қарды құйрығымен тұншықтырып, тілін салақтата төңірегіне алақ-жұлақ қарап отыр. Неменеге ыржақтап жетісе қалған десейші? Жалпақ бет апай енем ді етпетінен түсіргенде де өстіп шат-шадыман болды ма екен? Кинодағы елдің иті иесі жер құшып жатқанда бүйтіп шат-шадыман тіл салақтатпақ түгіл, жау арқасына асыла кетіп, желкесін қиып түседі. Арыстан ондай ғажап ерлік жасамай-ақ қойсын, құрыған да Шыңғысханның шешесі мені желкеден отыртқанда тұм сы ғын шошайта бірер мəрте үріп болса да, қоқан-лоқы көрсетсе етті. Көкіректегі сіреу-сіреу кептелген ыза-ашуды табан астына ызғарлана шырт түкіріп тастадым. Үйге бет алдым. ...Сорпаға тыңқиып тойып алғасын сампылдап сөйлеу, əй, қиынның қиыны. Шыда, шыдама, біздің үйде қалыптасқан темір тəртіп солай. Күні бойы кім не істеп, не қойды, қырындысына дейін қалдырмай алфавиттің қырық төрт əрпінің кө мегімен жатар алдында суреттеп шығуы қажет. Мəселен: «Таңертең тұрғасын еңірете есінеп терезеге қарасам, дəу сары күн күлмең-күлмең ішке үңіліп, əйнекпен жоғары өрмелеп барады екен. Көз уқалай сыртқа шықтым. Бақша түкпіріндегі ағаш үйшіктің шекесіне қонақтап отырған сауыс қан тынымсыз шықылықтайды. Үні тегі сүйкімсіз. Не күй, не əн

емес. Тас атып үркітіп жібердім де ышқыр көтеріп қойып, əлгі бақша түкпіріндегі он, он бес есе үлкейтілген қараторғай дың ұясы ұқсас үйшік есігін ашып ішке кірдім...» Одан əрі кім мен төбелесіп, кіммен қойдым, шатым айрыла жаздап қай арықтан қарғыдым, қысқасы, күндік өмірім көркем жазу дəпте рінің əдемі түскен бір жолындай, көкем, мамам алдында жазы лып жатуы қажет. Əйтпесе теледидар бағдарламасын білесің бе? Кəдімгі қашан, қандай мультфильм, спектакль, концерттер көрсетілетіні сағат, минутына дейін тəптіштеліп жазылған қос бет бағ дарлама. Мен де бір күнімді сол бағдарлама дəлдігінен аудармастан баяндауға міндеттімін. Яки ақыл-есі жүз пайыз бүтін бала түнгі сағат он шамасында телебағдарламаға айналып, əке-шеше алдында су жаңа он сомдықтай шытыр лап жатуы керек. Сосын көкем, мамам: «Бұл фильм ескі», «Ойбай, он бірде «Досмұқасан» бар», «Досмұқасан?.. Соны күнде тыңдап құлақ сарсытып жүрміз ғой, одан да жапон эстрадасын көрейік», – деп сөз алмасатындықтары сияқты көзді бақырайтып қойып, күні бойғы жақсы-жаман қылықтарымды жілік, мүшелерге бөліп сараптайды. Екеуі болымсызға бордай тозып, қит етсең қожаңдағыш қазымыр адамдар санатына қосылмағанмен бəрібір, бəрібір əр күні кешке сапасыз бозғылт қағазға басылған (бағасы бар болғаны екі-ақ тиын!) бағдарламаға айналып, майлық-сулыққа жаратылу кімнің шекесін шылқыта қойсын. Өзің көке, мама болмағасын көрер күн осы да. Бүгін де кешкі астан соң əдеттегідей бағдарламаға айналдым да – жарты сағаттан соң қайтадан он үш жасар сүй кімді бала қалпыма түстім. Шыңғысханмен шекіскенімді жасыр ғам жоқ. Таяқ жегенімді де айттым. Екеуі бір-біріне мəнді көз тастады да төргі бөлмеге кіріп есік жапты. Мен терезені тұтқан түнге қарап есінедім. Құдай біледі, дəл қазір төргі бөлмеде көкем, мамамның қол-аяқ, бүткіл денемді «сөз» атты суық семсермен аяусыз бұтар лап жатқанына бəс тігуге бармын. Қабырға сағат дыңылдады. Селк еттім. Мамам есікті лақтыра кəсекке жапсырып тысқа шықты. Төрүйден ілесе шыққан көкем орындыққа жайғасты да сұқ саусағымен стол бе тін тықылдата бастады. Барынша маған қарамауға тырыса ды.

Тақ-тұқ, тақ-тұқ... Тырнақтары өскен саусақтары бас сүйекті тесіп өтіп, миыма тиіп жатқандай тегі шыдай алар емеспін. Сүт пісірімнен кейін сықырлап сыртқы қақпа ашылды. Арыс тан үрді. Біреулер дабырлай аулаға кірді. Іле есік ашылып, əуелі Шыңғысхан, соңынан əке-шешесі, мамам кіріп келді. Əкесін қолсозым жақыннан көруім осы болар. Бəкене бойлы, төртпақ. Қамыт аяқ. Тамырлары контур картадағы Қарақұм каналындай адырайған қолында жұмарлап қысқан быжтыж құлақшыны бар. Биік табалдырықты аттай бере сүрініп кетіп еді, бісміллəсі аузынан қоса шықты. Көкесі ұнады. Шешесі кердеңдей кірді. Жеңі манағыдай түрулі. Басын арғымақ аттардай орынсыз кегжитіп шалқайта береді. Көз қиықтарында салқын сəулелер қашып жүр. «Мен келдім, ал қайтесің?» деген нығыздығын шама-шарқы келсе танытқы сы бар. Кердеңдеген кісі ұнаған жоқ. Көкем қалбалақтап орындық ұсынды. Шыңғысханның төрт пақ əкесі тұрған орнында тыпыңдағанымен, босағадан бə рі бір ұзамады. Шешесі керісінше ірі-ірі адымдай, көйлегі көлбеңдеп қасыма келді де, жас қыздың əбжілдігімен жүрелей қап, қышқыштай қатты саусақтарымен мұрнымнан шап берді. Қорыққанымнан бақыруға шақ қалдым. Оң қолында аяғы анадан бір, мынадан бір тиіп Шыңғысхан ұшып жүр. – Ий-й, айналайын, суық тиген бе өзіңе? Танауың бітіп тұр, түге. Кəне, сіңбірші. – Сасқанымнан: «Кһе, кһе!» деппін. – Құда да тыныш, құдағи да тыныш, төрт көз түгел тұрғанда татуласа қойыңдар, көкетайлар! Құдайы көрші тұрып иттей қырқысқандарың қай құтырғандық? Естір құлақ, көрер көз ге ұят та. Əйтпесе, айтпады демеңдер, жерге қағып қайта суыр масам атымды басқа қойыңдар. Тура пəре-пəрелерің шығады. Сасқанымнан бақырайып мамама қарадым. Екі қолын қу сыра ол маған тесіліп қарайды. Қалған көмекті көкемнен кү тіп, алақтай соған бұрылдым. Қөкем жар дегенде жалғыз ұлын сөзі көп, көзі көк долы əйелдің пəре-пəресін шығараты нына қанағаттанған қалыппен басын үсті-үстіне изейді. Шыңғысханның төртпақ көкесі ұмар-жұмар құлақшынды басына кептеп киіп ап, жұлдыз санап тұрғаннан жаман көзін адырайтып төбеден айырмайды.

Мамам жұмсақ, жылы алақанымен басымнан сипады. Ыстық демі бетімді шалды. – Сөйтіңдер, татуласа салыңдар! Көкем шылым тұтатып, аузынан көгілдір сақиналардың əл денешеуін бүп-бүтін күйі бөліп, жоғары ұшырып жіберді де, түтінге қақала-шашала: – Өһ, өһ, менің балам ақылды. Өзіме шын тартса тату ласады, – деді. Мамам, көкем, Шыңғысханды білмеймін, оның əке-шешесі – бəр-бəрі сандық түбіндегі куəлік Қайырсын кіндігінен тарағанымды бақандай он төрт жылдан бері дəлелдеп жатса да көкем баласымын ба, жоқ па, сол күдіктің шын-өтірі гін анықтауды тосып тына қалды. Шыңғысханға қол ұсынып, көкемнің бел баласы екенімді дəлелдедім. Төңірек шу етті. – Баяғыдан сөйтулерің ғой. – Міне, ақылды жігіт! Солай, соқыр Қиқабай, татуласуым мұң екен, кереметтің күшімен ақылдыға айналдым. Соған қарағанда адамдар мен бас сап татуласа берсең, түптің түбінде кемеңгерге айналуың да мүмкін. * Қатты жəбірлендім. Арыстан үшін, Арыстанға да жəбірлендім. Төбелес-ұрыс төбет төңірегінен тараса да, Арыстан бұл аула, көше, қалада, планетада өмір сүрмейтіндей ол хақында жұмған ауыз ашылмағанына назаландым. Мені қой шы, желкеге тиген жұдырықты да, қасат қарға құдиып басым нан тік шаншылғанымды да ұмытармын. Кең де жарық мек теп, экраннан сүт тектес көгілжім жарық төгілген теледи дар, «Робинзон Крузодай» қызық кітап, құрбы-құрдастар сетіне ген көңілді сылап-сипап жазып жіберер-ақ. Онсыз да өмірі үйшік, аула, көше аумағымен ғана шектелген, маңайы арыл-гүріл, жалаңаш тістерге толы Арыстан шанаға жегіліп, мойнын қарғыбау қажап қиғанын, жонына шыбыртқы шып-шып тигенін ғұмыры жадынан өшіре алар ма. Мамама, көкеме бағыштаған қарақазандай өкпем жуыр маң да жібімес. Шыңғысхан екеумізді татуластыру үшін сон-

шама тыраштанып жаныққандары несі? Құрығанда төбе лес себебін сұраса етті. Олар – ересектер тілесе болды, біз – балалар бір-бірімізғе арнап қойнымызға қара тас сап тұрсақ та құшақтаса кетуге тиіспіз. Иə, солай, жаңа ғана үлкендердің жан тыныштығына бола Шыңғысхан екеуміз бір-бірі мізді іштей жек көре тұра сырттай дос екенімізді жұртқа түсіндір мек болдық, сөйттік. Кімді алдадық сонда? Өзімізді ме? Шыңғысхан бұдан былай кептерді көршілерге сата ма, Арыстан ның жанын қинап шанаға жеге ме, жоқ па, тым болмаса ол туралы лəм-мим сөз қозғалсашы, «Татулас, көгершін ұрлап, ит жексе де, өкпе-бауырың езіле елжіреп ұрының, ұрғыштың мүбарак қолын құшырлана қысып татулас, татулас... Жер шарындағы жəне көршілер арасындағы бейбітшілік жасасын! Ура-а!» Айтары да, сілтегендері де сол болды ғой. Жанжал себебін білгілері келмесе, білмек түгіл жұмған ауыз дарын ашпаса шынында да біз не, бағасы екі тиын бағдарлама не, нарқы бір болғаны да. Егер мен ойлаған оймен, бастан өткерген күйініш-сүйінішіммен санасқылары келмесе. Онымен тынбай алдап-сулап татуластыруға тырысса, «өзіме тартса татуласа салады» кещеге санаса расында да құным көк тиын екен. Айтпақшы, Арыстан өзін-өзі осы неге қорғамайды? Қашанғы үстіне түсіп, шыр-пыр боп жүрмекпін? Қыл аяғы қыбыр лаған құмырсқа да ұстасаң тістеп-шағып, құтылар амалын қарастырып жатады. Төбет құмырсқа қасында апан ауыз қаһарлы жануар ғой. Кей-кейде төбеттің тым өлездігіне күйіп отырып, оны осын шалық жүрек айныр ездікке қалай, қай жерде нен дей амал-айламен үйреттік деп жат та ойланамын. Басқаның иті шанаға жекпек түгіл, ауласының маңынан өтіп кетсең арс-арс жұлынып жанығады. Ал мынау... Сол ездікке Арыстанды зорлағандай болып өз қолымыздан үйреттік қой, біз үйреттік. ...Аяғын басқан сыйлы қонақтың балағынан ала түсіп, жүз сексен сомдық кремплин костюмін бүлдіргеніне бола жамағайынымыз күшік Арыстанды ауланы айналдыра қуып жүріп, бишікпен ұзақ сабады. ...Арыстанды сексен сомға сатып ап, біз асырағалы ай да толмаған. Күндердің күнінде көп келімсек біреудің тəйтік ұлы күншуақта қалғып жатқан күшік тұмсығының дəл үшінен

шертіп қап еді, танауы тызылдап қоя берген ит аясын ба, қауып тастады. Арыстанның алдындағы аяқ қатарынан үш күн ас құйылмай қаңсып жатты. Арыстан ақыры көктемгі күндер болмаса алыс-жұлысты қойып алды. Таласты тыйған жаман емес-ті, құлағы жырымдалып қанап жүруден ада-күде құтылды. Табағы дəмді сорпа, сүйек-саяққа дəйім лықылдап толып тұрса итке темір не керек. Қайың таяқ ұстаған екі аяқты пенденің айтқанына көніп, жұмсағанына жүгірсе, тұрмыс та түзелмек екен. Таяқ пен та бақ Арыстанның санасына осы қағиданы мықтап шегелеген. Сосын тіпті үруді қойды. Бадырақ көз, сен тимесең, мен тимен. Сөйтсе көршілердің де, біздің үйдің де, ең бастысы Арыстанның өз құлағы да тыныш екен. Өстіп құдай деп көк қаншыққа қырындап жүріп жатқан да, шылқыма өмірдің шаңырағы ортасына түсті. Бағыну, құр дай жорғалаудың ылғи да аяқ толы дəмді сорпа сыйламайтынына Шыңғысхан Арыстанның көзін мықтап жеткізді. Əдеттегідей кұрдай жорғалап, құйрық бұлғап, шана сүйреп еді, барған сайын шықпырта сабайтын болды. Ал шебер болсаң құй рықты оңды-солды бұлғаңдат та шықпыртып сабаудың терістігін түсіндіріп көр. Шыңғысхандар, шыңғысханшылар қайта: «Таяқ жаққасын мына ит құйрығын бұлғаңдатып тұр екен. Өйтсе тағы біраз сабап алмаса болмас», – деп тағы тарпа бас салатынында сөз жоқ. Шыңғысхандай қол-аяқсыз домалақ пəледен Арыстан əуел ден өз басын арашалап алуына болатын. Оның жолы оңай. Қисық көз бала жаман оймен жақындай берісімен тістерін түгел жалаңаштап, аса қаһарлы раймен ырылдауы ке рек-тін. Яғни «Жолдас, жаман, əлде жақсы баласың ба, ол арасын оншалықты айыра алмаймын. Сөйтсе де маған тым жақындамағай. Əйтпесе, оңдырмаймын деген соң, оңдырмаймын. Одан да маған дейін бес адым қалғанда тоқ тай қал да жақсылықпен айналып өт!» Басқа, көзге сабап үйреткен «сабақ» кесірінен Арыс тан өстіп жасып, қорлық-мазаққа еті өліп, үйреніп кетті делік. Бесіктен белі шықпаған Шыңғысханның төңірегіне қасқырша қарауына не жорық? Ашық аспанда үнсіз əуен болып діріл дей қалықтаған момын кептер – оның ойынша қалтаға сылды рап түсер үр жаңа үш, бес, он, он бес, жиырма тиындық темір лер

ғана. Арыстан – Шыңғысханның əлі өсіп жетілмеген қыр сық қа толы жүз қырық қадақтық денесін шанаға сап сүйретуші төрт аяқты, қос құлақты хайуан. Олай болса, төбет қызыл қан түйіршігінен, ет-сүйектен жаралған-ау, өйтсе қарғыбау мойнын қиып қиналады-ау деген ой оның басына қуаласаң кірмейді, кірмейтін шығар. Немесе ыза буып тұмсығы шошайып үрер, яки ессіз қуаныш кеудесін қамап, аула ішін кезіп орғи-орғи жүгірер, о да жаны, демі бар мынау тіршіліктің кызық-шыжығына ортақ-ау... Жо-жоқ, қисық көз бала санасындағы бұл ұғымдар əдемілеп тұрып үшкірленген қара түсті қарындашпен баттита сызылған. Білмеймін, білмеймін... * Шыңғысханның мың құбылған мінезін мықты болсаң түсініп көр. Дұрыстап дос бола алмады. «Е, мейлі, ендеше араз дасайық» деп ұрсысып көріп ем, дұрыстап жауласпады. Көнтек аузы бұртиып жүрді де қойды. Аузын бұртитса аспан айналып алдыма түсе қалмас деп алшаң басып мен жүрдім. Ол көрінсе қолымдағы шыбықты зу-зу сілтеп, тістеніп аламын. Сосын қолма-қол бетіне бақырайып қарай қаламын ба, қызық енді. Осы бір қырсық баланың ішінде тағы не қайнап жатқанын білгім келетіні-ай десеңші! Бір күні үйге кіріп бара жатыр ем, қол бұлғап шақырып алды. Кезекті қиястық күткен күйі күдіктене басып қасына жақындадым. – Қасапханаға барғың келмей ме? – деді ол пальтосы ның сынық түймесін немқұрайды шұқылап тұрып. – Қандай қасапхана? – Мəссаған, қасапхананы білмейсің бе? Көкем қазір соның басында. – Көкем? – Немене, көкем, көкем... Көкем – мамамның күйеуі. – Ол онда не істейді? – Не істеуші еді, жұмыс істейді. Қайда, мен мектепке барғаннан бері қасапханада. Бұрынғы тұрған жеріміз жұмыс орнына алыс болды. Тастайын десе ақшасы, пайдасы көп дейді. Сосын амалсыз сендердің қастарыңа көшіп келгеміз. Əне,

солай. Адам жұмыс істеген соң қарны ашады, қарны ашқа сын тамақ керек. Сол тамақты көкеме мына мен апарып бере мін. – Сөйтті де қолындағы термос, қағазға ораулы əлдене лер салынған торды сыртынан мақтанышпен ұрып қойды. Қасапхана?! Галактика, электроника, қасапхана! Қалайқалай қиылысып сыңғырлайды, ə? Тура симфония дерсің. Жұмбақ та қызық зат! Сол жұмбақ та қызық заттың атын естісем де өзін көрмеппін. Барсам барайыншы. Ол үшін тонымды шешіп алмас. Оның үстіне Шыңғысхан екеуміздің əнеугүнгі жанжалымыз ғұмыр бойғы жанжалға ұласып кетпес. Көршілігіміз рас болса, бəрібір күндердің күнінде төс соғып, татуласуға тура келеді. Бұл сығырмен ауыз жаласпасаң да ұрсысып төбелеспей бейбіт жүрген жөн. – Кеттік! Көп ұзамай қаланың шығыс шетіне шықтық. Күн шайдай ашық, жылы. Үп еткен жел жоқ. Табан астындағы қар қаңтардағыдай құлақ-шеке шағып шықырламайды, біртүрлі жұмсақ. Бетіне мөлдір мұз қабыршықтар селдірей қатыпты. Əр жері тесіліп қарайған төбешік үстінде ұзақ қарғалар шоқақтап секіреді. Пысынағасын құлақшынды шешіп қолыма алдым. Арыстан қар бел ортасынан біркелкілеп кескен түп ши түбінде фотоға түсердей оң аяғын минутқа жуық көтере қатып тұрды, кенеттен пысқырып салды. Күн едəуір көтерілген. Күнді мың-миллион ұсақ бөлшектерге бөліп қабылдаған қарлы алқап жарқырап жатыр. Қу рай, ши бастары қыраудан арылыпты: су тартып солғын тұр. Бейнебір көп сарбаздың қатар-қатар тұра қалып, шірене тартқан сансыз жебелері дала төсіне сауылдай құдиып қа дала, қадала кеткен сияқты. Тыныштық, ұлы да қаһарлы ты ныштық! Тек көз ұшындағы көкжиекті көктей асып бара жат қан тіркемелі трактордың гүрілі талып жетеді. Тыныштық, ұлы тыныштық! Қары соқталанып қарайған соқпақ дөңнен асып, бізді ойпаттағы үлкенді-кішілі үйлерге жалғасқан қора сықпыттас ұзын қоршаудың тап желкесінен əкеп түсірді. Сол-ақ мұң екен, ұйыған тыныштық алыс көкжиектерге шегініп, төңірек жан данып сала берді. Қала, қоршау арасына ішек боп тартыл ған электр бағаналары бірқалыпты дыңылдайды. Қой дың ма ңырағаны, сиырдың мөңірегені естіледі. Ара-тұра адамдардың дабырлап сөйлескен, айқайласқаны құлаққа жетіп тұр. Əлде қи ма, əйтеуір күлімсі иіс сезілгендей.

Шыңғысхан көпе-көрінеу көңілденіп жүре берді. Дөң басын да кинодағы Наполеонша танауы делдие қолын қусы рып қалт тұра қап, мен бұрын естімеген кісі қызығарлық ашық, айқын дауыспен: – Əне, қасапхана! – деп саңқ етті. Құлдыраңдап төмен беттеді. Электр бағанасы дыңыл дайды, сиырлар мөңірейді. Қой маңырайды. Сүттей ұйыған тыныштық бұзылған екен... * Қасапхана қасына жеттік. Биік келген ағаш қоршауға маңдай тірелді. Мал жүні жабысқан жуан, жылтыр бағаналар... Əбден қиюластырып шеге ленген қалың қара тақтайлар көкжиекті көлеңкелеп тұр. Қаншама қиюластырылса да қалың тақтайлар арасынан жіңішкеленіп ұзынынан-ұзақ созылған жарық, саңылаулар қалыпты. Көріп тұрмын – сол саңылаулар қоңыр, қара тоқал, мүйізді өгіздер мен сиырларға лықа толы. Ауыз-мұрындарынан бу атқылап, тұяқ сыртылдата қабырғаны жағалай айналып жүр. Өңкей бір жүні жылтыраған тоқ, семіз. Əсіресе, кішкене қызыл көзді нəн қара бұқа ғаламат қорқынышты. Əукесі құрым етіктің қонышындай қатпар-қатпар. Тұрқы есік пен төрдей. Белі салыңқы болса, жотасы күдіс. «Бө-е!» деп қойып, əлсін-əлі тұяқтарымен жер тарпи төңірегіне аса ызғармен шатақ іздеп қарайды. Алда-жалда ол қозғала қалса, басқалары көксауыр шортан ықтырған шабақтарша жанжаққа бытырай шашырап жол ашады. Екі қатар сұр үйге жалғасқан қоршау бұрышындағы темір есік сықырлай ашылып еді, іште қамалып, булығып тұрған қаракөлеңке сыртқа лап беріп, кəсек бетімен-бет боп қара шаршы құра қалды. Сол қара шаршыдан бөлініп, төрт-бес жігіт сыртқа шықты. Қолдарына ұстаған темір істікті ағаш таяқтары... жəне жарқыраған транзистор бар. Істік соңына жалғанған сым ирелеңдей электр бағанасындағы жүйеге жал ғасып жатыр. Шыңғысхан жеңімнен жұлқыды. – Қара, əне, қарашы! – Қарау үшін əуелі сол «Қара!» деген адамға қарап алу керек. Бұрылып Шыңғысханның бетіне қарадым да таңданғаннан ауыз ашып қалдым. Қиық көзі кə-

дімгідей үлкейе жалтылдап тұр. Бет ұшында əдемі арай бар. Өсік тырнақтарын шыдамсыздана тістелеп, қасапхана жақтан көз айырар емес. Нақ бір қаланы алуға қамданып жат қан қалың қолына тағатсыз қарап тұрған қаһан дерсің. Ал қарадық. Қарайтындай көз жауын алған түк те жоқ. Жігіттер тістеген шылымдарын будақтатып езулерінде əрліберлі ырғытады. Қарқылдаса күлісті. Қара бұқаға көздерінің сұғын қадап, тореро, коррида, испандықтар жайлы бірнеше байсалды пікір айтты. Күдіс мойын, қалың қабақты біреуі – ой, мынау Шыңғысханның құлақшын жұмарлағыш көкесі ғой, таяқ ұшын бұқа жонына жанай тигізер-тигізбес сипап өте шығып еді, əлгі зіл шойын денесін бұйым құрлы көрмей ілгері ытқып, сиыр, торпақтарды бұзып-жара қоршаудың қарсы бұрышына тығылды. Артқы аяғын ауырсына сілкілейді. Көзі шатынап, көжекше дір-дір етеді. Тіпті қарауға ұят. Бұқа циркте сальто-мортале жасағаннан жаман жігіттер көмейлеріне дейін көрсетіп ал қарқылда, күл. Іле анекдот бас тап кетті. – Ерте, ерте, ертеде, ауыл үстінде аэроплан айналып жүріпті. Иттер үйшікке тығылып, ешкілер маңырап, ауыл азанқазан. Көз тырнап ашқалы мұндай құбыжық көрмеген адамдар əлгінің неткен зат екенін айыра алмапты. Сонда бір пысық тұрып: «Жолдастар жəне достар, мұны молдаға көрсетейік. Ол əлемдегі жұмбақ сырлардың бəрін білуге тиіс. Молда əуелі құранды да ежіктеп оқи біледі», – депті. Сəлдесі басынан түсе жаздап молда да аспанға көз алартып көп қарайды. Пырылдаған пəленің не екенін білмегесін, көз алартқанмен не пайда. Молдекеңнің маңдайынан шыпшып тер шығады. «Иə... Мұның нендей жын-сайтан екенін мына миғұлаларға айта алмасам абырой айрандай төгіл мек. Сəлдеде де, сақалда да қадір калмайды. Қайткенде бір дене ойлап тапқан дұрыс». Ақыры молда сақалы шошаңдап тұрып; «Бұл жүз жасаған маса!» – дейді сұқ саусағымен аэропланды нұсқай. Ел оның бұл данышпандығына таң қап, жағаларын ұстапты. Молда сақалын уыстап: «Қһе, кһе!» дей берсе керек. Ұялудан ба, қуанудан ба, оны құдайдың бір өзі білсін. Шыңғысханның иығынан тарттым. – Анау таяқтары несі? Ол бетіме қадалып ұзақ қарады. Байқайым, адам ойла-

мас топас сұрақты қайдан тауып қабырғадан қоя қоятыны ма таң қап тұр. Сəлден кейін көзінде кекесінге ұқсас жағым сыз жалтыл ойнай бастады. – Қазір білесің. Жүр, қоршау ішіне кірейік. Арыстанды да қоса ертіп ал. Қақпаны ашып, ішке кірдік. Жігіттердің жастауы жақын дап кеп, Шыңғысханның арқасынан қақты да айқай салды. – Кəке, көмекшіңіз келді, қарсы алыңыз! Шыңғысхан жымың-жымың. Маған онсыз да қысық көзін қысып қойды да жаңағы жігітке: – Аға, таяқты бере тұршы! – деді. Таяқ қолға тигесін Шыңғысхан саусақ үшімен Арыстанды шақырды. – Кə, кə! Сарқыттан құр қалардай төбет арсалаңдап қасына же тіп барды. Əнеугүні ғана Шыңғысханның шыбықпен шықпыр тып, көзіне көк шыбын үймелеткенін таза ұмытыпты. – Арыстан, Арыстан, кə! – Ол таяқты төбет тұмсығына соз ды. Реті кеп тұрғанда не зат болса да бəлсінбей иіскеп, май ма, нан ба, анықтап қалған дұрыс. Ит пешенесіне жазылған жаз мыш осылай болғасын төбет сыңси қыңсылап, дымқыл тұм сығын таяқ ұшына жақындата берді. Мəссаған, нан мен май! Тигізертигізбесте-ақ ащы дауыспен шаңқ етіп, тұрған орнында тырапай асты. Екі-үш мəрте аунап кетті. Ақыры ашық қақпадан атып шықты да, ұли беріп: «Осы ұлу менің қай теңім, тағы бір кеселкесепатқа ұшырамай тұрғанда алды-артқа қарамай зы тайын» деп шешсе керек, қар басқан құла дүзді беттеп қаша жөнелді. – Хи-хи-хи... – Жалт қарасам, Шыңғысханның шіңкіл күл кісі ит соңынан айтақ салып барады екен. Ернімнің қанын шығара қыршып алдым. Мүмкін, шыпшып қан шығуы да ықтимал. Үнсіз шыңғыра бұрқ еткен ашу мен ызаны тас түйілген жұдырығыма жинадым да, қисық көз балаға беттеп жақындай бердім. – Ананы қара! – Шыңғысхан үні шымыр шабытпен шаңқ етті. Ерекше ынты-жынтымен алға ұмсына, əлденеге құштарлықпен көз тігіп тұр. Ұйлыққан сиыр, өгіздер айқара ашулы темір есікке – қасапхананың қара шыршы аузына қарай ауыр қозғала бастап ты. Жаңағы жігіттер табыннан жырылып қашқандарды жас қай топқа қайта қуып тығып жүр.

Тек босағаға ілулі транзистор төңіректі басқа көтере саңқылдап сөйлеп тұр. Табын алдындағы қайраулы көк сүңгі – күдіс мойын қызыл көз қара бұқа. Жеке озып, жерді оярдай тұяғын шиіре салмақпен тастайды. Шашасына қатқан сірне-сірне кесек мұз аттаған сайын суық сыртылдайды. Жүріп келе жатқан күйі қайқы қылыш тəріздес бунақ-бунақ сақиналы қарағай мүйізін қаһарлана шайқап, танау тартады. Нықтап басқан күйі анау алақандай қара шаршыны қазір мүйізге іліп лақтыра салатындай мығым тіпті. Ал қара шаршы одан əрмен талаурап, қарауыта түскен. Табын бұқа құдіретіне үнсіз табынып, соңынан шұбай ереді. Бұқа болса бұл жаһанда тірі жан өзіне қарсы кеп кеудеден итермесіне, сірə, сенімді. Мына екпінмен темір қақпа тас жабық тұрса да басып-жаншып, тапай илеп кетуге бар. Қара бұқа мықтап қателесіпті. Есік аузындағы биік тұғырда тұрған Шыңғысханның көке сі шабынған бұқаны тұсынан өткізе бере қабырғадағы қара нүкте – қара түймені басып еді, қақпа сарт жабылды да, ма қау қара шаршы қара бұқаны оп-оңай жұта салды. Төрт құбыладан бірегей қысқан темір құшақ қара бұқаның тырпын шығармады. Зеңгір аспан, теңгедей бұлт жоқ биік аспан ғана еш айқай-аттансыз орасан зор көкпеңбек жанарымен үнсіз үңіле төбеден төніп тұр. Транзистор мұң көлеңкесі кешкен қоңыр сазды төгеді. Қапалақ қар астында жалаңбас көкем тартқан əуен... Əуенге қоса диктор өз дауысына өзі сүйсіне саңқылдап тұр. «Португал жұртының жержүзіне даңқы жайылған виолончелшісі Гаспар Касадоның сіздер тыңдаған такаттосы жалт етіп көшпелі алтындай зырғып өткен жастық шағын аңсаған адамның сағынышы мен булыққан өксігін тап басып, дəл бейнелейді...» Талай құнажынның көз құрты болған қатпар-қатпар əукелі қайран қара бұқа ажал сүйеген соңғы жанталаспен ілгері ұмтыла етпеттеп құлады... Қоршау іші ың-жың, у-шу. Ең мықтысы, ең серісі қара бұқа кесепат халге ұшырағасын қалғандары қара шаршыға жете беріп жалт берісті. Күлегеш жігіттер езу жимаған күйі электр таяқпен сиыр, торпақты темір қақпаға кіргізу қамымен əлі қайырғыштай қуалап жүр.

Күліп жүріп те табыт, күрексіз, күрекпен бұрқыратып топырақ қазусыз тірі жанды жерлеуге болады екен. Шыңғысханның көкесі келесі сиырдың жанын жаһаннамға аттандырып сап, шылым тұтатты. Сосын көзі кең ашыла бақырая қатып тұрған маған қарай мойын бұрып, аузын қайшылап бірдеңелер айтты. Мен болсам түк естімеймін, тас саңыраумын, тек қарашығыммен ғана қарсы алдымдағы дүниені еш сезімсіз түгендеймін. – Жүр, жүрсейші. Əне, бізді ағам шақырып тұр, Бəлем, қазір біз де көкесін танытып сиырларды шаншимыз. Өгізге шама жетпесе де тайынша-торпақтарды бар ма... Қорықпай-ақ қой, түйедей сен түгіл, түстік əкелген сайын мен де екеу-үшеуден құлатып жүрмін. О баста бақырып жылап едім. Көр де тұр, бірер күн өткесін сенің де етің үйреніп кетеді. Саған əуелі қой-ешкіні шаншытатын шығар. Шыңғысхан самбырлай сөйлеп алдыға түсті, əкесіне қа рай жол бастады. Мен... Мен кілт бұрылып, көкжиекті көктей асып кеткен Арыстан ның бағытына қарама-қарсы жаққа жан ұшырып жүгіре жөнелдім. Түк естімеймін, дəнеңе білмеймін, əйтеуір зытып келемін. Қаңқ еткен Арыстан, қорқынышты қара шаршы дан қашып, қоршау бойлаған өгіз-торпақ, тайыншалардың қан иісін тартып өкіргендері, транзистор мен көкем виолончелінен төгілген өкініш пен өксікке толы саз – мынау көк шұңғыл аспан мен қарлы дала арасында зеңіген бар дыбыс маңайыма шоқтай жиылып шырқ үйіріледі, мұңлы зармен сыңси əндетеді, жылайды. Аппақ дала төсін тепкілеп қанша қашсам да құлағымда тұнып тұрған бұқаның өкірген үні құтқармады, қайта ерепат күшейе түсті, жаңғырығы əлемді шарлап, қарсы тұрар жанжануарды жер жастандыра жайылып барады. Құлыперенқу талқан зытып келе жатқан күйі сүрініп кетіп етпетімнен түстім, дұрысында əдейі жығылдым. Əдейі жығылғаным бұқа үні мен Шыңғысханның күлкісі үстімнен сыдыра өтіп кетсе деген шолақ ойдың қимылыма түсірген көлеңкесі. Етпеттей түстім де дыбыстан қашып, қасат қарды басыммен сүзіпсүзіп, түйнек тигендей аунадым кеп, аунадым. Мейлі, ақ қарға құлақ қағанағын жарып бара жатқан азан-қазан дыбыстар тұншықсын, киімге жұққан қан дақтарын қар алып

қалсын, ақтан басқаның бəрі қарға жұғып тазарайын, сөйтсін, сөйтсін... Суық қар деміне дем қосып жатып, бұрын басқа кіріп көрмеген тосын ойдың ұшығын ұстадым. Түнеугуні Шыңғысханды шырылдатып бекерденбекерге желкеден түйіппін. Қалықтап ұшар көгершіндердің, адал да аңқау Арыстан ның жауы мен елестеткендей көрші үйдегі қисық көз бала емес, алыста, қала сыртында боп шықты. Ол – қара бұқаны, тайынша-торпақтарды табын-табынымен қырып салғыш ағаш қоршаулы, темір қақпалы қасапхана. Шыңғысханның көкесі отбасын асырау үшін бұқа сойса, күні ертең орнын басар ізбасар тəрбиелемек оймен – жас бала қолына электр таяқ ұстатады. Баласы тайыншаларды мүрдем кетіріп жатса: «Жарайсың, жігітім!» – деп қушық жауырынынан сарт-сұрт қағады. Ал Шыңғысхан, кішкене Шыңғысхан мына жіңішке электр таяқтың қара бұқадай дəуді тырапай асырғанына тегі табынулы. Енді ол электр таяқ құдіретіне қарсы тұра алмайтындарды – өгізді, сиырларды, сосын Арыстан, кептерді тірі жан деп танымайды. Өткен жетіде теледидардан көрген «Хайуанаттар əлемі» бағдарламасында тік құлақ қасқыр бөлтіріктерін аң алуға өстіп баулыған. Көкжал бүкеңдей желіп, ін маңайында асыр сап жүрген күшіктерінің қасына келді де арқасындағы бұйра маңдай лақты бақ еткізіп – күшіктердің ортасына тастады. Əлгілер əуелі қорқып қап ін түбіне тығылып еді, көкжал бұйра маңдай лақты лезде қорқыратып сап – үлгі көрсетті. Одан кейін... Аш бөлтіріктер шыбын жаны шыға қоймай тыпырлаған лақтай құрдасының жас етіне тістерін кірш-кірш бойлатты. Кенет, қар құшып жатқан күйі көзім шырадай жанып жүре берді. Шырадай жанғаны көгершінді көрші балаға саттырып, Арыстанды шанаға жеккен, өгіздерді өкіртіп-бақыртып о дүниеге жөнелткен қандықол қарақшы табылды. Ол – қала сыртындағы қасапхана. Пальтомды қағып-сілкіп орнымнан тұрдым да, нарттай қызыл күнге қарадым. Күнді көкжиек кертіпті. Қысқы даладағы қасапханаға қарсыласуға жарайтын барлық тірлік иелерін жалғыз нүктеге – өз бойыма шоқтай жинадым да, қала беттеп, ілгері қадам тастадым. Қала түнді қарсы алудың қамымен абыр-сабыр. Кешкі ызғар маңдайдан ұрып, суық сорған, екі, үш, төрт қабатты үй-

лер терезе атаулыға жылт-жылт шам жағып, шылым тұтатып, бой жылытумен əбігер. Адамдар онсыз да таптаурын қар ды шақырлата басып, гастроном, кинотеатр, биік қақпалы ау лалар арасында зыр жүгіріп əуре. Бəрі де үйді-үйге тез жетуге, есік-терезені сарт-сұрт жауып: құлақшын, пальто, бəтіңке, шалбарды шешкесін жайланып отыруға асық. Ал мен... Біздің үйдің сəкісіне сыбдырсыз кірдім де құтыға құю лы жер майды бос бөтелкеге толтырып құйдым. Сипалан ған сау сақтарыма сөреде алшысынан түсіп жатқан қорап сірің ке ілінді. Сыртқа шықтым. Сол шекеме ілінген ай жүзінен себезгілеген сəуле қасапханаға бастар жол үстіне құйылып тұр. Арыстанды ертіп сол сəуле астына сүңгіп кеттім. Қабыршық қарды сырт-сырт сындыра тыныштыққа тыңқиып тойған қаладан ұзап барамын. Алдыны кескестеген манағы белес ақ бозғылт кеудесін жайлап көтеріп, мезет сайын зорайып барады. Ақ бозғылт белестің жонын басып əрі ассам – қасапхана, қара тулы қанды қасапхана! Арыстан соңына қарағыштай береді. Сəлден кейін соқ пақ үстіне шоңқиып отыра қап жалынышпен қыңсылады. Со сын құлағын тікірейтіп: «Мені қайтесің?» деген сыңаймен ма ған көз тікті. Сөз бар ма, ақ белестен ары асуға бұл сабаз дың жүрегі дауаламай отыр. Тырапай асырғыш таяқ қорқы тып тастапты. Əдемілеп тұрып теуіп ем, кереметтей қуанышпен қаңқ етті, құйрықты тік шаншып тастап қаланы беттей қашып берді. Қара төбеттің қар бетіне түскен ізі қалаға қарай қорқыныштың, ездіктің сызығын тартып бара жатыр. Қырқа шоқтығына көтерілдім. Қасапхана маңы тымтырыс. Көзге түрткісіз қараңғы. Тек қақпа маңдайшасында жалғыз шам өлеусірейді. Шам астында мылтықты күзетші көлеңкесін бірде ұзартып, кейде қысқартып теңселеді. Із түспеген қарды тізеден кешіп, ағаш қоршауға жеттім де, жүрелеп отыра қап тақтайларға жермай шаштым. Айға қарап ем, маңайды ақшалап сəулеге малып, мені сырттан сатып тұр екен. Кіжіне жұдырық бұлғадым. Пышаққа түскен қара бұқа мүйізі – бүкір ай мұны миземеді, кемиектене шалжайып жа та берді. Қалтадан сіріңке суырып, бір талын қорап сыртынан тартып қап ем... кеуде толы ашу-ыза, нала, көз жасым бұрқ жарылды да жалынға айналып шырпы басында толықсып тұра қалды. Кірпік күйгізе жалынға үңілдім,

Шырпы ұшында дірілдеген бармақтай ғана от-жалын ішінен гүр-гүр лаулай жанып жатқан алып қасапхананы көзім анық шалды. Əлде бармақ басындай от-жалын қарағай мүйізді қара бұқаның тамшы қаны ма екен? Қарлы даланың тұс-тұсынан көтерілген Гаспар Касадо такаттосы барған сайын үдеп, түпсіз терең түнгі аспан ас тында аппақ бағанаға айнала тік шапши өрлеп барады. * – Əй, бұл кім? ...Қараңдаған күзетші тұлғасы электр шамы астында қалтырай дірілдеп, біртіндеп жақындай берді. Мен не дейін? Үн жоқ.

ЕКІНШІ БӨЛІМ Арада үш жыл өтті.

ҮШІНШІ БӨЛІМ Күн бетін кір шалды. Тұмсықпен тізені сүзіп, етек-жеңді желге кеулете автомашина қорабынан жерге дік-дік секіріп түсуіміз мұң, аяқасты сап етіп, ту сырттан түре тиіскен құйын қапыда əптертəптерді шығарды. Құм бетінің ұлпа шаңы, өткен жыл дың қураған шөбі мен ақсүйек қамыс сынықтары суырыла тік шап шып, көк тіреген ақшылт бағанаға айналды. Бораған шаң кірпік тұтып, көз аштырмай, əншейін əуе ашық, жер жазық та сеңдей соғылыстық. Жұдырық сыртымен көзді ерсілі-қарсылы осып тастап, қай та ашып ем, аспан аман екен. Тіс арасы шықырлаған қиыршық құм. Су жаңа кеудеше, шалбарларын кірпияз қағып, шашыраған шаштарын қалпақ астына қайта тыққыштап жатқандар қаншама. Құйын – ұршықтай зырылдаған ақшыл бағанаға айналған құйын – таслақтырымдағы құм төбешікті қиялай салып, ұшар басына емпеңдей өрлеп барады. Менің үр жаңа киіз қалпағым сол бағана діңін бойлай жоғарытөменді кезек сырғып, қалбақтап жүр. Құрылыс отрядының тізіміне тіркелгенімді естіген күні дүкен нен дүкен түгендеп, сандалып жүріп сатып алған қайран киіз қалпағым! Зады, мен бағзы заманнан бері зат жоғалту жағынан сорының қалыңдығы бес елі жандардың санаты нан саналамын. Алда-жалда маңдайыма жаңа бұйым бұйыр са бітті, не жоғалтып, не сындырып тынатын сайтаным бар. Өткен жылы көкем командировкадан жапонның тор көз кеудеше сін алып келген. Соны мамам жуып, ауладағы кермеге іліп қойса көршінің қасқа бұзауы жемтір-жемтір жалмап тастап ты. Түсі шымқай жасыл еді, жапыраққа санаса керек. Олда-білдə, мына қалпақ ескі болса құйын бүйтіп кенеттен тап бер мес

еді, бөркімді аспанға лақтырғыштап алақайлап ала қашпас еді. Ескі қалпақ қай заманнан кімнің жыртығын жамапты. Қарап тұрайын ба, қалпақ құмар құйынның соңынан са лып, шағыл құмның төбесіне шықтым. Қашқын қуғыншыны қай дан тосып тұрсын, құйын ошақ орны құмды бұрқ-бұрқ қай пата етекке қарай сырғыды да, ыбыр-жыбыр ағып жатқан өзен ге қойып кетті. Аспанға атылып қақшаңдаған құйын арғы-бергі жағасы атшаптырым айдынға жетісімен екі-үш бүктетіліп сынған күйі селдіреп жайыла берді, қамыс сынықтары, қалпақ, қаңбақтар өзен бетіне құлады. Шым-шым қайнаған ағыс киіз қалпақты қақпақылдап, өзен ортасына қарай ала қашты. Құм бетінің былқ-былқ еткен еңбегін басып тұрып, күйіп кет кеннен қабақты қолмен қалқалай, төрт кұбылаға көзім қызарғанша кезек-кезек қарап едім, көңіл кұлазыды. Хеопс пирамидасын салған құл да мыңдаған жыл бұрын дүниеге дəл мен сияқты құлазып қарамаған шығар. Ішімде құлазу атты қарны арқасына жабысқан қара ит ұлыды. Жалын жалай-жалай тасы қызып кеткен тандырдың таңдайына ұқсас ақ аспан төбеден төніп тұр. Ақ аспанға қашаннан қарным ашатын. Қазір де бүйрегім бұрып, бауырым езіліп тұрғаны шамалы. Аспан атам заманнан көкпеңбек. Тəуір-тəуір кітапта солай деп тасқа басылған. Түрлі түсті телевизор, кинофильмдердің де аспаны көк. Аспан болсын, айран болсын, бірде ақ, бірде көк құйқылжығаны қайбір жақсы дейсің. Ақ аспанның күні де аппақ. Құм іші күйген котлет пен жуаның ашқылтым иісіне – асхана иісіне тұнып тұр. Дəуде бол са аптап қақтаған жемтік пен күйіп кеткен шөптің иісі. Таз төбелер – құм төбелер бір-бірінің иығына қол салып, мойындарын ішке алған соқыр адамдардай сағымы сабылған алыс көкжиекке қарай жыбыр-жыбыр аяңдап тізіліп кетіп бара жатыр. Қыл аяғы құм-құм арасын қуалап кеп, кертеш маңдай қызыл жартастардың қойнына сып беріп, жоқ болған бұраң бел жалпақ өзеннің түсі де ақшыл сары. Жағадан төніп, айдынға мөлиіп қараған жартастар, шортан жонды жоталар, ақ түн, аппақ боп қызған аспанды кеуделеп міне алмай, көкжиекті жағалап, бас сауғалаған қант түстес бұлттар... Ақ аспан... Сары өзен... Сабылған сағым..

Өлке басқа бояуға тас сараң. Құй ұнат, құй ұнатпа бəрібір, бəрібір бояуға сараң бұл аймақ бақандай қырық көген көз – отыз тоғыз құрылысшы студент пен менің ала жаз бойы жамбас сарғайтып жатып жұмыс істейтін мекеніміз екені тағы рас. Құмды өлке маған шыжыған күн астында қыздырынып жатқан алпыс жасар кемпірдей көрініп кетті... – Ей, қалпақсыз қалған жігіт! Ту сыртымнан шыққан тасыр дауыс жауырынымнан салып қалды. Селк еттім. Селк еткенім – біріншіден, дауыс иесі қыз еді. Екіншіден, он жеті жас ғұмырымда мені «жігіт» деп ешкім де шақырып көрмеп еді. Сөз жоқ, мына үн мана таңертең қалада автобусқа мінген бетте аса тықыршып, іштей қобалжып күткен дауыс-тын. Нəзік те ашық үн осы сағатта А. Қайырсынов есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған жаңа да бейтаныс өмірдің – құрылыс отрядындағы өмір дің – мені шақырған бұйрықты үні еді. Кілт бұрылсам... төбе етегінде қара шашын қос иығына шашып жіберген жіптіктей қыз ал қызыл еріндерінің арасынан тісін тізілтіп күле қарап тұр. Ыстық ауа ағынының өтінде тынымсыз дірілдеп, біресе бұлдырай алыстап, біресе қайта жақындап тұр. Кұдайақы, бұрын кездестірген таныс жан! Бұл қыз ды тап осы арада ұнатып қалғанымды сезе қойдым. Біреу алда-жалда ұнаса болды, мұны бұрын бір жерде кездестірген болуым керек деп ойлай бастайтын қызық қасиетім бар. Жалпы, кейінгі кезде қара шашты қыздарды көрсем бітті, бір жерден міндетті түрде көргемін деп өз-өзімді сендіре бастайтын жаман əдет жабысыпты бойыма. Қыз оң қолын бұлғап, ауаға шеңбер сызды. – Бері кел! Түйетайлы құм беткеймен сырғып, етекке түстім. Оң көзін сəл сығырайтып, бас-аяғымды шолып өтті. Мейлі, мұнысын сыпайылық салты деп санаса, маған десе мың жерден сығырайтып қарасын. Орташа бой, ақ құба, жұмсақ қара шаш – А. Қайырсыновтың бары да, жоғы да осы. Ай қарап тұрайын ба, мен де қаймықпай қыз тұлғасын тінтідім. Егесіп тінтідім. Бар ғой, кейбір қыздың он метр алыстаса əжептəуірге, ал жиырма метрге кетсе əжептəуірден əдеміге айналатын сиқыры бар. Құм төбеден жіптіктей көрінген бойжеткенім дəл қасына келгенде кəдімгі бүйрек бет,

тобылғы торы қызға айналды. Тісі мен ерні əдемі. Оны өзі де жақсы білсе керек, ретін тауып себепті-себепсіз күліп, құрығанда жымиып қалуға тырысады. Қысқасы, бар əлемді ерні арқылы сезінетін қыз, тəрізі. Етімен-ет джинс шалбар өзін қыздан гөрі шалдуар бозбалаға қосқандай. Шолақ жең жұқа кофтасының кеудесіне көлденең түскен көк жолақ тар төс тұсында екі мəрте мықтап бір толқып өткен. «Ф» əрпі құ сап, бүйірін таянып тұр. Тəлтиген тұрысы өз мүмкіндігін ке мінде бір жарым есе асыра бағалайтын қыз дейді. Мұндай қыз дарды көрген бетте əлде түстік, əлде батыс-шығыс, мүм кін ас пан, əйтеуір құлағыңа шырылдаған құс үні келеді де тұрады. Сосын «Ф» қолма-қол «Р»-ға айналып, қыз сумкасынан тоқ бүйірлі шағын құмыраны суырды. Ұсынып жатып: – Маса шақса жағарсың, – деді де «Ф» қалпына қайта көшіп, ту сыртымнан скафандр киген космонавты көріп тұрғаннан қатты басымнан аса қарап: – Атың кім? – деді. «Джон Стаффорд», – дей жаздап барып зордың күшімен: – Асан, – дедім. – Асан, Қасен, Сəрсен... Фи, қандай ұқсас! Менің атым Жамал. Солай. Қанша жастасың? – Он жеті... – Класың қанша? – Онға көштім. – Жаман оқығасың да. Əйтпесе биыл бітіруің керек еді ғой. – Ауырып қалдым... Қасапхана тарихынан кейін ауырып, класымнан қалып қой ғаным рас еді. Бірақ немен ауырғанымды əлі күнге дейін өзім де білмеймін. Дəрігерлер əрі қарап, бері қарап, бас шайқап: «Акселарация... Ерте есею... Бір төтенше оқиға қат ты əсер етіп, нерв жүйесі жұқарған», – деген ақылды сөз дер айтысты. Ақыры оқуды бір жыл қоя тұрсын, емделсін деген шешімге келеді. Содан көктемде салғаннан салып, Кавказдағы балалар санаторийінен бір-ақ шыққанмын. – ...Мен де бесеу, бесеу, бесеу жəне екеу... – Оң қолының саусақтарын үш рет ашып-жұмып, соңында екеуін шошайтты. Сонда... сен де «тəрбиесі қиын»... – абырой болғанда дер кезінде аузымды жиып үлгірдім, – сен де оқушымысың? – Бұл сұрақты аузыма салған кіл саудыраған студенттердің арасынан өзіне сай серік іздеген оқушының жалғыздығы – менің жалғыздығым еді.

Күлді. Сол мұң, табан астында кем дегенде бір жарым есе əдеміленіп кетті. – Мен мединституттамын. Екінші курсқа көштім. Осы құрылыс отрядына бөлді. Жаз бойы сендерді емдеймін. От ряд дəрігері дегенді естуің бар ма? Ал мектепті он алты жас та бітіргемін. Солай, Асан. көріскенше, чао! Кілт бұрылып, кедісінің бұдыры қылта тұсында əлсін-əлі ағараңдап жүгіре жөнелді. Самал жел тараған шашы мыңмың күн сəулесін сапырады. Оң жамбасындағы қалтаға жабысқан қол басындай қызыл жолбарыс – қыз алға қадам тастаған сайын қарғып-қарғып кетеді. Құм үстіне шоңқиып оты ра кеттім. Оң жамбасында қызыл жолбарыс қарғып жүрген қыз туралы барынша ойламауға тырысып бақтым. Əйтсе де: «Құ рылыс отрядынан бұзылып қайтпасам игі», – деп күбірледім, қызыл жолбарыс қонған шалбардың жуық арада тоза қоймасын ойлап отырып. – «Оң жамбастағы жолбарыс секіруін қоймаса, көр де тұр, оңбай бұзыламын». Етпеттеп жата қалып, құм бетіне осы сөздерді иректеп жазғым келді. Оған Қапшағайдың қалың құмы жетер ме. – Жігіт, басыңды көтер! Қарсы алдымда тұрған адам əбден күйген қызыл кірпіштерден қаланыпты. Екі иығына екі кісі мінгендей. Есік кеу де. Көстиген ұзын иек. Балтырлары бір тұтам, əрі қисық. Қысқасы, денесінің бар болт, гайкалары мықтап бұралып, берік бекітілген кентаврдың нақ өзі. Сонымен көзілдірік киген кентавр саусақ үшімен мені өзіне шақырды. Көзілдірігінің əйнегі керемет қалың. Үлкен, қозғалмайтын қарашықтары адамға кемі Тынық мұхиты ның түбінен қарап тұрғандай əсер қалдырады. Онда да адам емес, үп-үлкен камбала қарап тұрған секілді. Созалаңдап тұра бергенімде, ыстықтан болар, құлағым шыңылдап, басым айналды. Көз алдымнан қамаған қара тұ ман сейілгенде барып, көзілдірікті кентаврдың таңертең танысқан отряд командирі екенін пайымдадым. Теңселе басып, қасына бардым. Командирдің төңірегіне менен басқа тағы үш жігіт жиналыпты. – Қазір түс. Төртеуіңе тапсырма – қас қарайғанша əнеу тақтайлардан əжетхана соғып бітіріңдер, – деп сұқ саусағымен шайыры сыртына шып-шып шыққан аппақ тақтайларды нұс-

қады. – Шұңқыры қазулы. Балға, ара, шеге, схеманы ме нен алыңдар. Іске сəт! – Командир радиодан таңертең соңғы хабар оқыған диктордай еш қатесіз нақпа-нақ сөйледі. Үшеудің қырғыз қалпақ, жұмыртқа иек, қысық көзі шар етті. – Əжетхана қайда қашар? Əуелі жатар орынды жайламаймыз ба? Бес-алты қызыл вагонға беттей берген кентавр кілт бұрылып еді, күн сəулесі көзілдірігін сызып өтті. – Əшір! – деді қырғыз қалпақты көзілдірігімен жеп. – Əшір, сенің зат алмасу процесінен хабарың бар ма? Хабарың жоқ болса анау қыз-жігіттердің соңынан сал да, біліп кел. Шынымен топ жігіт құм есіп, тоқал төбені айналып бара жатыр екен. Өздері зат алмасу процесін білетіндеріне ұялатын секілді, тым тұқшиыңқы. Жамал мен аспаз Алтын қарсы жотаны маңдайға алыпты. Қос жаққа қарамайды. Сөз бар ма, таңертеңнен бергі төрт-бес сағаттық сүрең жүріс ішкенжегендерін ауыз-мұрыннан шығарып, сансыратып тастаған. Командир бізге көзіне ілген Тынық мұхитының терең тү бінен қадала қарап тұрды да, бұйрықты ұқпай қалды деп ойлады ма, оңнан бір, солдан бір шығып, əйда салдыр-гүлдір сөйлесін кеп. – Жігіттер, алғашқы күннен бастап темірдей тəртіп керек. Екеуің үшін, – Əшір мен найзадай тік, елтірі шашты шүңейт көз қара торы жігіт қозғалақтасып қалды, – құрылыс отряды жаңалық болмас. Ал мына жігіт, – енді қалың қара қасты, ұзын бойлы, еңкіштеу бозғылт жігіт қозғалақтады, – бізге алғаш келіп отыр. Араларыңда тəрбиесі қиын бала бар. Оған үлгі көрсету керек. – Көзілдірігінің сабағын түзеп, бойы өзімен шамалас «тəрбиесі қиын балаға» – маған шекелеп қарады. Сосын найза жігітке бұрылды. – Иса, сен осы үштікке бригадирсің. Еті сенікі, сүйегі менікі. Нық басып, вагонға қарай қарыштады. Иса миығынан күліп тұр. Кырғыз қалпақтың аузына құм құйылыпты. Командирдің мойын бұрғызбайтын дəлме-дəл нұсқаулары əпігін басып, тауын шағып тастаса керек. Жалпы, бір атуын атып салса да, соған үш күн бармағын шай нап өкініп жүретін жігіт сияқты. Ал еңкіш жігіт одан əрмен имие түсіпті. Бір көргеннен жүзінде қызға ұқсас бір нəзік өң бар екенін байқап қап ем. Қазір тіптен боп-боз. Иса екеуміз жүз метрлік жүгіру жолы секілді оқтай түзу

тақтайларды өлшеп кесіп, сосын жерге қатарлай сұлатып салып, көлденең рейкілер қадап, сартылдатып шегелей бастадық. Қырғыз қалпақ – Əшір мен нəзік өңді жігіт – Бақтияр алдын ала қазылып қойған шұңқыр түбін көр-қоқыс, топырақ, ұсақ тастардан тазалап əуре. Вагон жақтан қарш-құрш ұрылған балта мен сартылдап соғылған балға үні, ыдыс-аяқ салдыры тынбай жетіп тұр. Қалған қыз-жігіттер жатар орын қамдап, төсектік сəкілерді шегелеп, жанталасып жүр. Сүт пісірімнен соң ыссылаған Иса жейдесін сыпырып тастап еді, мен еріксіз ауыз ашып қалдым... Иық, білек, қар еттері, қарын, кеуде тұсы шақпақ-шақпақ, бұжыр-бұжыр. Белі қылдырықтай. Қайда, қай уақта күнге күйгенін кім білсін, қайыстай жылтыр қара. Қаладағы зоопарктен құнтиған қаршыға – бұл жігіт бұдан басқа түк те емес. Шашы елтірі дей бұйра, қап-қара. Қаралығы соншалық, шаш арасы мəңгі арылмас қара мор түтінге тұнып тұр. Алда-жалда мұндай мордың арасында қалсаң екеуінің біреуі – яки оң-солыңды білмей адасып, қоңыз теріп кетесің, якн қақалып-шашалып тұншығып, құтқар да құтқарға саласың. Қимылы əбжіл, қунақы. Қолына түскен шеге, балғаны бір сілтегеннен қалмай тақтай ға сүңгіп кетіп жатыр. Үш-төрт құлаш тақтайыңды бұйым құр лы көрмей асықтайын атады. Адамға көп қарамайды, бір қара са, онысы – кемі бір жүз сом. Жарлауыт қабағының астынан көз емес, қара қабылан арғы-бергіңді қазып, қадала қалады. Біреу ту сыртыңнан қабылан көзбен қарап жүрсе ісің тегі мандымайды екен. Намысқа салып, тақтайды аткөпір кесіп тастамақ едім, ара қисық кетті. Сосын-ақ қабылан көздің иесіне деген бір ыза тұтанды кеудемде. Бой жаздым да, маңдай терді сыпырып тастап, мен де Исаға: «Келсең кел, көріп алдық кəне», – деген қоқан-лоқыны жазып алған алакөзбен қарадым. Осы сəтте мен де оған қабылан көзбен қараған шығармын деп ойладым. Бірақ Исаға мен қабылан емес, əшейін тоқал мүйіз жас текешік көзбен қарасам ке рек, жайлап жымиды. Еріксіз көзімді көзінен тайдырдым. Тентек текешікті қабыланның мысы басты. – Қаладан келіп пе едің? Бас изедім. – Жасың қаншада? Бұл жолы бас иземедім. Сұрағының түрін. Жас сұрап, қыр

соңнан қалмай тақымдайтын жаннан жек көрер пендем жоқ. Жалпы, бесінші кластан бері біреу жас сұраса жиырыла қалатын кəрі қыздың мінезі секілді əдет таптым. Жаста тұр ған не бар? Жетпесе өз қалтасынан қосып бере ме? Жақ сы адамдар қанша берсе сонша жастамыз. Мəселен, қойға қанша жастасың десе маңырар ма еді? Ақымақ қой ғана маңырар еді. ...Кеш. Бүкіл отряд қызылды-жасыл вагондар күргейлеп қоршаған шағын алаңды қырық адамдық оқтай түзу саппен қақ екіге бөліп, командир мен комиссардың аузына қарап тұрды. Кентавр ұзақ сөйледі. Ұзақ əңгімені көп тыңдай алмайтын жыным бар, сөзі бірде құлағыма жетсе, бірде жетпейді. Батысты ала көлбеген қыраттың қыр желкесіне қонжиып үлгірген күннің қия түскен əлсіз сəулесімен шарпысып, суық сəуле шашқан көзілдірігіне бейжай қарадым да тұрдым. Кентавр қазір өте сесті .Əлде сап салтанатының сондай сиқыры бар ма, əйтеуір талай талтайған аяқтар жиылып, талай жон арқалар түзеліп, сіресе қалыпты. Кентавр шаңқылдап көтерілген тұстарда тіпті тітіреп кете жаздап тұрдық. – ...Иса Шорманов, Əшір... Бақтияр... Асан Қайырсы новтардың тапсырманы сапалы да тындырымды, əрі қысқа мерзімде орындап шыққаны үшін алғыс жариялаймын! Айтпа, кентавр төртеумізді мақтамен бауыздады. Сасқанымнан тіпті тынысым тоқтап қала жаздады. «Сапалы да тын дырымды, əрі қысқа мерзімде орындалған тапсырманың» төркінін мына халайық бес саусағындай біліп тұр. «Қойды баға білмеген қуып жүріп өлтіреді, қуып жүріп өлтіре ді...» Былтыр жазда жайлауға барғанда нағашы атам маған өстіп ұрсып еді. Күбір-сыбыр, мырс-мырс күлкі. Əшір мəз. Иса түк болмағандай тым салғырт. Ақ құба Бақтияр сол ақ құба күйі ұйықтап тұр. Мен қос құлағымды едірейтіп, тенор, бемажор, баритон күлкінің арасынан бір ғана дыбыс толқынын жанталаса ауладым. Ол – Жамалдың күлкісі. Жоқ! Қыз тұқымы күлмепті. Екі иығымнан ауыр жүк түсті. Іле екі қызды көзіммен шарлап іздей бастадым. Жап-жайпақ сары бет... Аспаз қыз – Алтын! Бигуди түтелеген сары шашы күнбағыстың шашақтарынан аумай дөңгелек жүзін дөп-дөңгелек боп көмкеріп түр. Əбден кемеліне келіп пісіп тұрған күнбағыс бет... Мұндай көл-көсір беттер жиі күл меуге тиіс. Күлсе бітті, тау теңселіп, мұхит шайқалып, жер сіл кін-

бек. Əлемнін кеңдігін, жер шарынан бəрімізге де орын табылатындығын осы əлпеттес жомарт беттер дəлелдемек. Бір қырын тұрған Жамалдың жүзін көре алмадым. Көзім тек джинс шалбарға түсті. Оң қалтаға жабысқан қызыл жолба рыс қарғымай да, секірмей де сұлық тұр. Сұмдық сұлу жолба рыс. Көзімді жолбарыстан жоғары көтердім. Жетілмеген мы қын, жіңішке бел, аспанды атып тұрған тең бүйірлі үш бұрыш төс, толқын-толқын қара шаш, сүйір иек, қызғылт ерін, əлемді əр минутта сезінуге даяр тұратын толық ерін, дірілдеген ерін... Не ойлап тұрмын, құдай-ау! Жанарымды үші сəл-пəл кертіліп келген мұрнынан жоғары жылжыта бердім де, селк ете түстім. Қолын қалтасынан суырмаған күйі бар салмағын сол аяғына сала салғырт тұрған Исаға Жамал қадала қапты. Табанда қаным қарайды. «Еей, осы тұрысында бұл қыз не ақылды нəрсе ойлады дей сің, – дедім ішімнен. – Найзадай тұлға, елтірі шаш, шүңірек аш көз... сол ғой, сол». Ал ол өтірік не? Күйіп кетіп, табан астына шырт түкірдім. Көз салып тұрған қызың басқа біреуге өліп-өшіп қарап қалса, одан асқан қорлық бар ма, сірə? ...Келер күні қауіпсіздік техникасынан сабақ өтті. Түске таман аудандық штабтан өкілдер келді де, отрядтың жалпы жиналысын ашып, штаб құрамын, бригадирлер тағайындады. Бригадирдің ішінде Иса да бар – əй, өзі бір ақжол тай жігіт екен де. Ал тұйықтау жүретін Бақтияр аяқастынан от ряд комсомол ұйымының секретарына сайланды. Универси тете степендиат болса керек. * ...Ой, алла-ай, жер сілкінді. Жамбасымдағы сəкі сықырлап, зар жылады. «Қайда жатырмын? Сəкі неге бебеу қақты? Жағамды жырта ма мынау өзі?» – деген оқыс сұрақтар көзін жаңа ғана жыртитып ашқан сананы дойырдың астына алып дүреледі дейсің. Жер қайтара сілкінгенде бұлғақтаған басым мойнымнан сабақтайын үзіліп, айдалада қала жаздады. Ақыры амал не, əуелгі сілкіністен соң алды-артына қарамай қойнымнан қа шып шықса да, көп ұзамай аяқ үшінен дыбыссыз басып,

қайы рылып кеп көрпе шетін көтерген салба шаш ұйқының кеудесіне кірпіктерімді тірей қойып, тəк-тəктап, көз ашып ем... зəрем зəр түбіне кетіп, шыңыраулатып шыңғыруға шақ қалдым. Вагон ішіндегі көлеңке мен таңғы бозамық сəуле нің мың сүзісіп қарпысқан майданынан суырылып, жын ба, пері ме, белгісіз біреу төбемнен төніп, көзімен əншейін ішіп-жеп тұр. Жүз жасырмақ болып, көрпе шетін қарманып едім, əлгі құбыжық дəңгірлеп қоя берді. – Т-а-ң а-т-т-ы! С-а-п-қ-а т-ұ-р-а-м-ы-з! Ой, алла-ай, көзілдірік астынан үңілген үлкен көз, жайын ауыз жаңағы құбыжық кəдімгі командир екен. Келер минутта кентаврдың жүзі оң көзімнің көкжиегіне қарай аунап, жоғалып кетті. Тайдай тулаған жүрегімді тоқтата алмай əл кетіп, мүсіншінің көңілі толмай қолын қол, бұтын бұт бұзып, қоқыс салатын жəшікке лақтыра салған гипс бөлшектердей төсек үстінде шашылып жатырмын. Тек жатпай, командирді жерден алып, жерге саламын. Күніге бүйтіп оята берсе ала жаздай шошымалы ауруға айналамыз. Құрығанда көзілді рігін алса етті. Кұлқын сəріден қылқылдап, түсінен шошыған ба? Кұлқын сəріден, құлқын сəрі, сəрі... – Сағат алты. Асан, тұр енді! – Əшірдің даусы. Əкем-ау, құл қын сəріміз таңғы алты екен, Айт, айтпа, кентавр нағыз командир! Бізден кемінен алғанда жарты сағат бұрын тұрды, киінді, жуынды, сүртінді... Кеше ғой бəрімізден кеш жатты. Жаңа қоныс, жаңа таныстық сəтімен сатып алынған жаңа көй лектің қызығындай бəрімізді көпке дейін алақыздырып, кірпік ілдірмеген. Штаб – вагонда командир мен комиссар əлденені жазып-сызып, көп отырды. Сосын комсорг Бақ тиярды шақырып алып, қабырға газеті жайлы едəуір əңгіме лескен. Ақыр соңында асхана жақта аспаз Алтынмен əл денеге келісе ал май керілдесіп жатты. Оның өзі түнгі сағат бір шамасында... Төсектен атып тұрдым. Алагеуім сəуленің вагон терезесінен ішке созған ақ білегі түн құшағынан ақ тақтайлы сəкілерді ажыратып ала бастапты. Көлеңке атаулы сүтке тиген ұры мысық тəрізді ортадағы стол, орындықтардың астын паналап, бастарын ішке тыға шөгіп-шөгіп жатыр. Басқа сəкілер жиналып, бір-бір жастық жұмыртқа басып отырған тауықтай төсек үстіне қонжия-қонжия қалыпты. Жолай шегедегі орамалды мойынға іле салып, сыртқа жүгірдім.

Көкжиек – қылпылдай дірілдеген көк қанжар, ұзыннан-ұзақ сұлаған түп-түзу көк қанжар күнді тура алқымнан орып, қорқыратып тастапты. Қанға бөгіп, қызылға белшесінен батып жатса да, жансебілдік жасап, үздіксіз ұлғая біртіндеп көтеріліп келеді. Қара жердің киттері – жұмыр жон жоталар мен таз төбешіктерге пышақ жүзі жұқа алтын жұғыпты. Мойындарына орамал асқан белуардан жалаңаш жігіттердің лып-лып алған өкшелері күн бетіне əлсін-əлі уыстап, алтын шаң шашады. Əуелетіп əн айтқым келді. Əйтпесе вагон баспалда ғына отыра қалып, сурет салса... Тамаша сурет шығар еді. – Он минуттан кейін сапқа тұрыңдар! Командирдің қатқыл бұйрығы жаңағы əсердің быт-шытын шығарды. Түнгі сыздың салқын алақаны сипаған құмды кешіп, қолжуғыш басындағы жігіттерге қосылдым. ...Кеше кешке қазылып, жиегіне ақ асбест кірпіш қалан ған түзу сызыққа үшкір, жалпақ, үйрек тұмсық, бақа бас, қызыл қоңыр, қара бəтіңкелердің тұмсығын малып тұрған сапты командир шолып өтіп: – Амансыңдар ма, жігіттер! – деді төрт көзіміз түгел тұр са да, аман екенімізге сенбегендей. Сəлем əрі-сəрі шықты. Біреу желкесін қытыр-қытыр қасыды. Екіншісі құлағымның дəп түбінен еңіретіп тұрып есінеді. Жалт қарасам, арандай ашылған аузымен ауа аулап тұрған Əшір. Есінегені өз алдына, қос сызық – жыртима көзін ойнаңдатып қысып қояды. –...Отряд жалауы көтерілсін! Жалау көтеру құрметін отряд мүшесі Асан Қайырсыновқа жүктеймін! Бар салмақты оң аяғыма түсіріп, екі қолды қалтаға терең сүңгіте, барынша тəуелсіз кейіпте тəлтиіңкіреп тұрғамын. Мұн дай позадағы адамды кім-кімнің болсын бүйірден нұқып жібергісі келіп, қолы қышып тұратынын білсем де ыздиың қырап тұрмын. Өйткені, ұйқы қанбаған, өйткені, кешегі жұмыс қол-аяқты қозғалтпай салдыратып тастаған, өйткені, командирдің жаңағы даңғыр-даңғырына зығырданым қай нап тұрған. Өзіне анау айтқандай құлақ салып тұрмасам да ке рек, себебі, қасапхана өртене жаздаған ақпан айынан кейінгі көп талқылау, жиналыс, қатқыл үн естісем болды, жүректі кілкітіп, айнытатын тамаша жағдайға жеткізген. Мамам, мектептегі педсовет, көршілердің күңкіл сөзі... Е, ойлап, отырсам, ол күндерді сыртылдап соққан сағат,

ми нуттар емес, ыбыр-жыбыр күңкіл сөздер, қатал да қасаң, ара-тұра жанашыр, əйтеуір сөздер тізбегі құрапты ғой. – Ұйықтап тұрмысың, шық саптан! Сонда барып, иекті кекжите, көзді ежірейтіп, санап басып, саптан шықтым. Соңыма бұрылып қарағамын жоқ. Бəрібір пəлен пар көз – бірі ашықтан-ашық күліп, екіншісі мүсіркеп – жанды шабақтайтыны да осы құрып қалғыр мүсіркеу, ал үшіншісі сынай қарап тұрғанын ту сыртыммен сезіп келемін. Кей-кейде бастағы мида алдың түгіл, ту сыртыңдағы ны айнытпай фотоға түсіретін осындай көргіш дүрбі пайда бо ла қалатыны несі екен? «Сезгішсің, сезгішке айналдың, қандай сезгіш баласың...» Əр клеткама дейін құрыстаған қырыс мінезді сырт көзге сыр етіп шашпайын деген ниетпен осы сөздерді ащы ішектей со за ыңылдап, хал-қадарым келгенше нық басуға тырысып, жа лау жаққа беттедім. Таз тарана қалса қырсыққанда тарақ сынады, табан астындағы құм салмағыма шыдамай ойылып ке тіп, тепе-теңдіктен айрылып, суға кетіп бара жатқан адамдай екі қолым орашолақ ербеңдеді де қалды. Əупіріммен сырыққа жетіп, ебі қашып дірілдей қалған саусақтарыммен жалау жібін шаужайлап өзіме тарттым. Дым бүркіп, илектенген жа лау əдепкіде жалқау келіншек судан суырған шəлідей созалаңдап көтерілсе де, сырық үшіне жете бере желп етіп дүр оянып, қанат қаққан көгершінге ұқсап, аспан-жер арасында оңды-солды ызғыған ауамен аймаласа жалт-жұлт құлпырып, желбіреп берді. – Ура! – Ур-рра! «А-а-аа»-ның жаңғырықтары құм белдеуден жеңіл ырғып өтіп, алыс-алысқа ұзап кетіп жатты. Кіл ересек жігіттердің ара сында балалық пен шалалықты білдірмеу үшін кеше қа ладан шыға салысымен іштей мың қайтара жаттаған жүріп-тұру ережелерін табан астында тас ұмыттым да, шатым ай рылғанша қос аяқтап секірдім-ай кеп! Ауызды ауаға армансыз толтырып, айқайды салдым дейсің. Бүткіл саптың алдында бананға тойып алған орангутангше ойнақтап орғу – он жеті жастағы бозбала басыма жараспайтын қылық еке нін тас ұмытыппын. Себеп? Себеп сол – кеудемді кешеден бері кеміктеп кемірген қай-жайдағы күдіктер мен жаңа ортаны жатсыну таңғы сағат алты жарымда желбір жалау астында,

таза-тақыр сейілмесе де, шеті сетіней бастапты. Ол күдік – институт, университеттің көп қабатты корпустарынан дүниенің төбесінен қараған – еһ, көркемсурет училищесіне түсетін күн қашан туар екен, иə, төбесінен қараған студент қыз-жігіттер «тəрбиесі қиын» А. Қайырсыновқа осқырынып қарамас па, арпа ішіндегі бір бидайдың, яғни көп студенттің арасындағы жалғыз оқушының бейшара халін кешіп, айдалада қа лып, қоңыз теріп кетпесем игі деген ұры күдік-тін. Онда да қай бір шекесі шеруен атып, оңып тұрған оқушы дейсің, «тəрбие сі қиын» оқушы... Сап неменеге уралап тұр, оны қайдан бі лейін, оған ой жүгірткен де жоқпын, əйтеуір өз басым мына бү тіні де, түтіні де ішінде Исаға, шамкөз, əйтсе де ақкөңіл, кек, зіл сақтамайтын Əшірге, «мединституттың екінші курс сту денті жəне құрылыс отрядінің дəрігері болып табыла тын» Жамалға, сырт көзге қатал да қасаң, бірақ əділ – əділ ме? – командирдің урасына урамды, қиқуына қиқу қосып, бірта бан болса да жақындай түскеніме қуанып айқайсүрең салдым. – Құрылысшы студенттер! Жолдастар! – Командирдің шаңқылдаған үні жамыраған берекесіз көп айқайдың жағынан тар тып-тартып жіберді. – Достар! Іске кірісейік! – Сəл-пəл тоқ талып қалды. Соған қарағанда тап қазір қандай іске кірі су керек екендігін өзі де білмей қалды, білем. Саптан сүйреп шыққан бұйрық сапқа қайта қосар деген үміттің жетегінде мен тұрмын. Бұйрық атаулыға ытырына қа райтын басым бұл жолы сол бұйрықтардың дегеніне кəдімгідей мойынсұнып, біртүрлі көне қалғым келіп, елпілдеп қалғандаймын. Бұйрық, əмір ылғи да жəбір жасамақ – осыған дейінгі ұғымым осындай-тын. Сөйтсе оның өзі де түрлі-түрлі екен. Тəрбиесі қиын жасөспірім ретінде құрылыс отрядінің тізіміне тіркеп жіберетін бұйрық бар да, алғыс жариялайтын бұйрық бар болып шықты. Əзірде ғана жалауды, құрылыс отрядінің намысы мен арының өлшемі – қызыл жалауды сырық басына көтерсем ол да бұйрықтың күш, кереметі. Бі рақ, бірақ бұл бұйрық мамамның: «Кəне, күнделігіңді көрсет», «Шыңғысханмен татулас деген соң татулас!», «Кинодан шыққаннан кейін барған ізіңмен кері қайт!» – деген дікілі нен мүлдем өзгеше, басқаша бұйрықтар, құлаққа тиген бет те орындағың келіп құлшынып тұратын қызық бұйрықтар... Кеудемді қуаныш керіп, сырық төңірегінде əрлі-берлі сан-

далып жүре берсем керек, абырой болғанда рақмет жауғыр біреу етегімнен тартып, сап қатарына сүңгітіп жіберді. – Солай... – Командир кідірді. Əп деген алғашқы күннен іскер де талап қойғыш басшы болуды ойлап тұрғанда көрсетіп қалған жаңағы айбаты өзін де сескентіп тастаса керек, бұл жолғы үні баяу. – Кеше түнде командир, комиссар жəне прораб болып салынып жатқан ГЭС басшыларымен тілдесіп келдік. Көріп тұрсыздар, олар бізді құшақ жайып деген дей куанышпен қарсы алып отыр. Алаңсыз еңбек етуге жағдай бар. Алда да көмекті аямайды .Біз оған еңбекпен жауап бе реміз. Беруге тиіспіз, былайша айтқанда. Отряд екіге бөліне ді. Өзен үстінен болашақта автомобиль көпірі салынады. Төрт адам сол көпір тіреуі түсетін жартасты жарып, алаң əзір лейді. Жұмыс қиын. Кəдімгі көк таспен алысасыңдар, жолдас тар! Сондықтан тіреуге өздерін жақсы жағынан көрсетіп үлгір ген жолдастарды бөлдік. Олар – кеше кешке алғыс жарияланған жігіттер. Бригадирі – Иса Шорманов. Ал отрядтың негізгі бөлегі ГЭС кұрылысшыларына арнап үй салады... Командирдің одан арғы сөздерін естімедім. «Өздерін жақсы жағынан көрсетіп үлгірген жолдастар!» Ол – Иса, ол – Əшір, ол – Бақтияр, ол – А. Қайырсынов! Мұндай да жылы-жылы, жұмыр сөздерді еститін жақсы күндер туады екен! Жер беті жазық, жер беті жазира екен, жолдастар жəне достар! Ур-ра! * ...Төрт кетікті қысқа тізбек – Иса, Əшір, Бақтияр жəне мен күнбатыс беттегі кертеш маңдай қызыл жартастардың қойнын қақ жара кіріп жоғалған өзен жағасын бойлап тартып келеміз. Қостан шыққалы алдыға түсіп ап, қалтақтап қашқан көлеңкелеріміздің бойы қысқарған үстіне қысқарып, бауырға кіріп барады. Айдын жақтан балдыр иісі еседі. Құм төбелердің етегін ойып, сұғына кірген шағын шығанақтардың бетіне көк аспан, өзен жиегін көмкерген қамыс-қаудандардың екінші сыңары шалқалай-шалқалай түсіп қатып жатыр. Кенет бізден үріккен алақандай жасыл бақа жағадан суға секіріп еді, шығанақ беті аузына байқаусызда мия түсіп кеткен жанның жүзінен аумай бырысып-тырысты да қалды. Балық шоршиды. Шағала шаңқылдайды. Үшкіл қанат шағаланы теле ден, «Жануарлар дүниесінен» тамашаламасам былтыр жай лау да

көрген құнтиған күйкентаймен шатыстырар ма едім, қайтер едім. Қыр-сыр еткен сүт түстес төртпақ экран мың-мың шағаланы көрсете алғанымен, өзен аңғарына ұдайы өскен балдыр мен тұз, жалбыз иісін қайдан тапсын. Теледегі өзенді иіскеп көр, балдырмен жалбыздың орнына күйген темір дің қаңсыған иісі кеңсірік жарсын, бəлем. Бір адымыңды екі етіп келе жатқан кəусар ауаны қайда қоярсың. Экран құша ғына сыймайтын сондай ауаны танауымды едірейтіп тұрып сімі ре бергенім сол, бір сумақай шіркейдің сүңгіп кеткені. Аузымды аңқайта ашып, бір ынты-шынтыммен түшкіріп едім, толқын жағаға шығарып тастаған томарға сүрініп кетіп, Əшір дің арқасындағы «ССО КазГУ» деп сойдақтатып жазылған ап пақ əріптерді сүзіп өттім. Ол алая қарады. – Көзіңе қарасайшы, балам-ау. Миығымнан күлдім. Əшірді көрсем болды, қимыл-қозғалысы, мінезіне, дене тұрқына лайық оңтайлы ат қойғым кеп тілім қышиды да тұрады. Айтары жоқ, тұзы жеңіл жігіт. Мəселенки, Меркуционың терезесі бұған тең келе ме? Əй, қайдам. Меркуциосы бар болғыр тым ақылды жігіт қой. Екеуіне ортақ бірдеңелер бар, бірақ Əшір Меркуцио емес, оған та лас жоқ. Əшірге қарағанда Меркуцио қайда-а, бəлекет жігіт. Тоқ та, тоқта, алдына келгенді тістеп, артына келгенді теуіп жібе ріп, шолақ құйрығын сабалап, шыбын қуып тұратын шадыр атты не деп атаушы еді? Былтыр жайлауда атам сондай оспадар атқа қандай айдар тағып еді? Қара, қара ма еді, құдайау... Еһ, дұрыс, қара шолақ! Дəл соның өзі. Арқасы жауыр, өзі шобыр қара шолақ! Болды, бітті, бүгін таңертеңгі сағат жетіден бастап Əшірдің аты Қарашолақ! Мойны ырғайдай қитар көз қара жігіт – қара шолақтан несі кем! Əшір Қарашолақ болса Бақтияр ұйқыдағы арудың нақ өзі. Чайковскийдің Ұйқыдағы аруы. Не алақ-жұлақ ісі жоқ, не салдыр-гүлдір сөзі жоқ, қалғиды да жүреді, қалғиды да жүреді. Дəл бір іші ауырып, онысы не қоймайтын, не тазатақыр жазылмайтын ауру адам дерсің. Сөйтіп жүріп комсорг сайланып кеткеніне таңым бар. Əлде бұл да ішкі сыры өзінде, бір қайнауы тағы ішінде, сəтті сағатын жымпиып тосып жүрген жылым жігіт пе? Өй, Бақтиярдың комсорг сайланып кетуінде де мен білмейтін гəп жатыр-ау... Ал Иса екеуі мен салыстырғанда сал-серінің нақ өзі (ғаламат жүйрік тұл пары бар сері туралы былтыр қалың роман оқығамын). Міне зін

қайдам, серінің тұлғасы бар. Мінезін қойшы, сол серілер дің ішінде де сөзге сараң тұйықтары кездескен шығар, бəрі дерлік қу жанын жеген жындысүрей, алкеуде болмаған шы ғар. Анау қайқы төс, бүйрек бет, жалпақ жауырын, қыпша бел тұрғанда мінез-сінез кімге дəрі! Өстіп үшеуіне мінездеме беріп тастаймын. Енді несі жетпей тұр, Ə, таптым, таптым! Қолма-қол таза ауаға көзім мен ойша сызықтар сала бастадым. Мəселен, үшеуі – Қарашолақ, Ұйқыдағы ару, Сері сол қасиеттерімен бас қоса қалды делік. Əлгі сызықтар үшеуінің сондағы суретін толык жасап беруге тиіс. Яғни Сері, Қарашолақ жəне Ұйқыдағы ару! Қарашолақ жəне сері! Еһе, серіміз қара шолаққа қарғып мініп алуға тиіс – іс бітті, қу кетті. Ал ұйқыдағы аруды қайтеміз? Жарайды, ұй қыдағы ару ілбіп басып қалғып-мүлгіп жүретін шобыр атқа айнала салсын. Сонда шыбжыңдап құйрығы мен шыбын қаққыштаған қара шолаққа мінген жуас сері кегжеңдеп көткеншектеген шобырды жетекке ала салмай ма? Басымды көтеріп алып ем... шынымен алда Əшір қайқаңдай басып кетіп барады да, соңында мінбелеген Иса, ал Исаның арқасына тұмсығы тие жаздап Бақтияр мүлгіп бара жатыр. Күліп жібердім. – Ей, кімге күліп келесің. Өзіңе ме? Қарашолақ менің сауырыма азуын салып жіберіп, оңдырмай қыршып алды. * Сүт пісірімнен соң өзен арнасына отыз градус шамасы қиыс қазылған зымыран канал қарсы кезікті. Канал табанындағы адамдар саусақ басындай ғана болып көрінеді. Болашақта алдын платина бөгегесін өзен мына зымыран каналға бұрылуга тиіс. Канал аяғы – анау апан ауыз туннель. Туннелдің арғы беті – Г Э С. Каналға көлденең түскен темір көпірден өтіп, тік қия беткейге тырмысып көтеріле бастадық. Бозғылт жасыл нілді жусан бүткіл беткейді алып, сыңсып тұр. Кермек иіс, əйтсе де құмарланып иіскей бергің келетін жусан иісі танау жарады. Тегі құрамында «Театральный», «Ирис» секілді тəп-тəуір конфеттердің де, біздің мектептегі химиялық лаборатория-

дан ғұмыры арылмайтын спирттің де иісі қоян-қолтық араласып жатыр-ау деймін. Жонын қызғылт көк қына əлеміш теген қойтастар да жыпырлай жусап жатыр. Алыстан қа райып көрінген біздің бес-алты вагонымыз мына жерден бала лар ойнап-ойнап, жалыққасын арық жағасына тастап кеткен сі рің ке қораптары сияқты кіп-кішкентай көрінеді. – Тіреу алаңын осы төңіректен əзірлейміз, – деді Иса маңдайын орамалмен сүртіп, қойтас үстіне отыра беріп. – Сəлпəл тізе бүгейік. Көпірді салатын құрылыс басқармасының прорабы уəде бойынша келіп қалуға тиіс. – Прораб келіп тұр! Мецосопрано дауыстың құлағымыздың тап түбінен шыққандығы соншалық, шалқадан түсіп қала жаздадық. Əсіре се, Иса мықтап састы. Тізе бүге беру мен қойтас үстіне құй рық басудың арасындағы қолапайсыз қызық қимыл жасап, қат ты да қалды. Отыз-отыз жеті жастағы қоңырқай шаш, секпіл бет жігіт жерден шыққаны, аспаннан түскені беймəлім, шегір көзі күлімдеп тап қасымызда тұр. – Танысып қоялық – Самат Калиевич Боркөбенов, Самат аға, əйтпесе жай ғана Самат. Кезекпен қолымызды қысып жатыр. Əлдебір жақсы досынан кезінде айрылып қап, көптен бері іздеп келіп, енді сол досын бізден тапқандай бетімізге ғашық көзбен қарайды. Нəті шағын, бірақ дене тұрқы қайрақтастай тұтас та мығым. Қарымы қарулы. Жалпы, мына кісімен таныса қалған адам шынының үстінде отырғандай ыңғайсыз сезінетін шығар-ау өзін. – Иса... – Бақтияр... – Əшір... – Асан... Самат Қалиевич Боркөбенов, Самат аға, əйтпесе жай ғана Самат лып етіп, тасқа қарғып шығып, шашын жалғыз жел піп, желкесіне шашты да, сəңкілдеп сөйлеп кетті. – Достар! Жолдастар! Бүгін бүкіл республика жұртшылы ғы көз тігіп отырған алып құрылыстың топырағын басып отырсыздар. «Мынау кісі өлтіретін шығар», – деп ойладым іштей. – Міне, сол оқиғаға байланысты сіздерді жол салу меке-

ме сінің атынан құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер. Енді іске көшелік. Осы тұрған төртеуіңіз ала жаздай мына беткейден көпір тіреуі түсетін алаң дайындайсыздар. Алаң эпицентрі анау жатқан қойтас. Алаңның ұзыны отыз да, ені жеті метр. Горизонттық бұрышы – тоқсан градус. Жұмыс жоспары мен алаң схемасын түстен кейін қолдарыңа тигіземін. Сендерді құрал-сайман, басқадай жабдықтармен қамтамасыз ету, жұмыс сапаларыңды бақылау, наряд жабу менің мойнымда. Айтпақшы, бригадир Шорманов кім? – Жауап тосқан жоқ, Шерлок Холмстың өзі: «Бригадир Шорманов мынау!» – деп, құлағына сыбырлап кеткендей бірден Исаға бұрылды – Исаға бұрылмау да қиын еді. – Сенбісің? Ал, Иса, бүгіннен бастап сені тіреу орнындағы құлағым, көзім, айта берсе өзім деп есептеймін. Əуелгі жұмыс – алаң ауданынан жусан, шөп ті, жұмсақ топырақты қырып алып тастап, жалаңаш көк тас тың бетін ашасыңдар. Бұрғы сол көк тасқа түседі. Күрек, сүймен, тас уатқыш пневматикалық балғаны каналдың ар ғы бетіндегі қызыл вагоннан аласыңдар. Құрал-сайман қоя тын қоймаларың да сол қызыл вагон. Басқадай бөтен сұрақ жоқ па? Жоқ. Ендеше кеттік қызыл вагонға! Прорабтың соңынан сар желіп келе жатып: «Артист! – деп ойладым ішімнен. – Нағыз артист! Керемет оқыс оқиға ғана мұны артистен прораб жасаған. Ал адамдар сахнада ғана ойнай ма?» – Сахнада ғана ойнай ма? – деп күбірледім де, өз ойыма өзімді қаптырып ап, аузымды жиып ала қойдым. * ...Прораб өлшеп, шектеп берген алаңның қорыс-қопасын шығарып, қаза бастадық. Мың-мың жусан тамырлары шиырлаған топырақтың қабаты алынғасын қабыршақ тастар қабаты көріне бастады. Қабыршақ тас қырсық екен. Түртінектеген кемиек күректі миземеді. Сүйменге сиынатын күн туды. Бір сағат өтті. Күн едəуір көтеріліпті. Күн көтерілсе кішірейіп, алыстай түседі екен. Қалада оны кім байқапты. Ащы тер самайды сызып мойынға құйылады. Қос жауырынның сайын құдайға мана-ақ тапсырғамыз. Алақанымның əр жері суланып, күлді рей

бастағасын қолорамалымды қақ айырып, таңып тастадым. Көк темірден сомдап соғылған сүймен сілтеген сайын қолқаны суыра жаздайды. Сүймен емес, сырық сілтеген сияқтымын. Екінші сағатты артқа салдық. Мен жаңылыппын. Күн кішіреймепті, алыстамапты, Мүмкін басқа өлкенің күні көтерілген сайын жерден алыстап, кішірейе түсетін шығар. Ал Қапшағай күні көтерілген сайын жерге жақындаған үстіне жақындап, төне түседі. Күн мен жер бір-біріне жанаспайды деген қағида да жалған теорема. Сол ережені айтқан ғұлама Қапшағай күнінің астында екі сағат бойы сүймен сілтесе ол сөзін қайтып алар еді, күн жерге жа насады деген пікірді мойнына белбеу салып, мойындар еді. Біз бір-біріне жанасқан Жер мен Күннің арасында қалып қойдық. От-боранның ішінде адастық. Құлақ шуылдайды. Бас айналады. Сүйменнің жарқыраған ұшы көз қари ды. Тасқа тиген темір найзаның тепкінін қарым сезсе де, шақшақ еткен дыбысын естуден мана қалғамын. Сүймен тиген тастан шыққан түтіннің жіп-жіңішке жіптері тез еріп кетпей, оқ жыландай қайқаңдап, баяу тербеліп тұрып алады. Кенет, сол түтіннің бір орамы «о» əрпіне, өзім бір жерден көрген «о» əр пін құрай қалды. Қарғыс атқыр бұл «о»-ны қайдан көрдім? «О»- дан басталатын не бар осы? О... ошақ... от... очерк... Дұрыс, очерк! Газетте жарияланған очерктің бас əрпі! Былтыр жаз да құрылысшы студенттер жайлы газетте жарияланған табақ тай о-очерк! Қалай еді, қалай басталушы еді сол о-оо-очерк? Ə, есіме түсті. Былай... «Кеш. Гитараның алты шегінен тараған ойнақы əуен алысқа кетіп жатыр. Жүздері тотыққан, шаршаған, əйтсе де бақытты қыз-жігіттер қосылып, «Гренада» əнін бастап кетті. Тамаша! Осы тымық кеште ауызға түс кен сөз осы болды»... Тама-ша! Па-па! Атасының басы тамаша! Сол очеркті жазған мықты ешқашан да қолына сүймен түгіл, күрек те ұстамаған қасқа шығар. Қапшағайдың тасына салса, «Гренаданы» айтпақ түгіл, қасқырша ұлыр. Тапқан «Та-машаны!» мына зілмауыр сүйменді қаршылдатып, сілтесе ғой, ол қасқа «Та-ма-шасына» ине жұтқан иттей қақалар. Үшінші сағат... Көк тастың құрыш кеудесін дəлдеп, сүйменді құшырлана сілтеймін кеп. Беттемеді, дұрысында беттетпеді, тайып түсті. Кіжініп кеп ұрамын. Тас бетінде сызат пайда болды. «Ə,

солай ма? – деймін терді сыпырып тастап. – Мынаған қалай сың?» Кірш етіп, сүймен сызатқа кірді. Қолма-қол тізеге салып, басып қалып ем, қазандай тас өлген құрт-құмырсқалар жабысқан тарғыл бауырын аспанға көрсете аударылып түсті. Тас емес, тау төңкергендей сезіндім өзімді-өзім. Қос құлағымды тас төбеме тікірейтіп алып, төңірекке қоқи көзбен қарадым. Қара, қара, қарағанда саған қарар адам бар ма екен? Əркім өз тірлігімен əуре. Аптап астында аспанға тастопырақ бұрқыратып, əлек-шəлек. Бəрібір беткей бетсіз екен, мұрты кетілмей мызғымастан жатыр. Күнге күйіп кеткен төбелер сап-сары. Күрсіндім. Бүйте берсе тас аударамын деп жүріп, тастың астында қалғаныңды білмессің. Кино мен теледидардың таулары мен жоталары ғой көкпеңбек. Төбелер онда шекелетіп киер көк мауыты қалпақтай омпайынан түсіп жатады. Мына жер бауырлап жатқан жоталар көк мауы ты қалпақтан садаға кетсін! – Дамыл алайық. – Иса, бригадир Иса еңсесін жазды. – Бері жақындаңдар. – Бригадирдің бас бармағы мен балалы үйрегі төрт шырпыны қатарлап ұстапты. Жеребе! – Мына шырпылардың біреуі сынық. Сынық шырпыны кім суырса су əкелуге сол барады. Ал бастадық, Алғашқысын Əшір суырды. Бүп-бүтін. – Кел, комсорг! Дін аман. – Сен ал, Асан! Шырпы құйрығы шолтаң етті. Иса қарсы бетке тамған тамшы қан – қызыл қойманы иегімен нұсқады. – Інішек, қоймадан шелекті ал да, беткейден ары асып түс. Ар жағы – бұлақ. Онсыз да тілім аузыма сыймай тұр еді, құлдыраңдап шауып кеттім. * ...Өз көзіме өзім сенбедім. Тұма қожыр-қожыр жартастың түп етегінен жылап басталыпты. Көзі бір сомдық күміс тиынның көлеміндей-ақ. Ба-

қыл дайын деп отырған бақаның тамағы тəрізді бүлкілдеп атқылаған тұма астынан ұсақ құм бұрқылдап көтеріле бере əр жаққа тең радиуста тарап, қайта шөгіп жатыр – перпетиум мобиленің шағын үлгісі! Тұма көзі шұбалған балдырдан, тұма басы борсыған батпақтан, мал қиынан ада. Көз отын суыратын өңкей майда ақ тастар арна табанына төселіп қапты. Əттең, тұманың сол сүйкімді тағдыры тым қысқа екен: он бес, жиырма қадамнан кейін жинала келе біздің үш бөлмелі пəтердің орнындай шағын көлшікке айналыпты. Көл шік пен бұлақ жағасы көкмайса құрақ: ырғалған сары, көк гүл, жалбыз... Бес тиындық бақыр секілді бақбақ гүлдері сары көзін жасаурай ашып, сабақ үшінде елбіреп тұр. Көк құрақ жаға əдіптеген бұлақ өз-өзімен уілдеп ойнап, былдыр-былдыр... Тізе бүгіп, тұма көзіне еңкейе беріп ем... алақандай айдын түбіт иек бозбаланың баттасқан шаң-топырақ тұтқан бе тін тербеп тұрды. Бұрын жиі кездеспесем де көрген, есте қалған таныс жүз... Ау, таныс деймін, мынау он жеті жасар Асан Қайырсыновтың өзі ғой! Бірақ есейген, өзгерген. Бір күнде есейген... Балалықпен қоштасқаныңды балалықпен кездескенде барып біледі екесің. Қайғысыз, қамсыз балалықтың шынымен қош-қош айтып, қол бұлғай алыстап, алыстаған сайын бұлдырап, өшіп бара жатқанын сəби қылықты тұ ма көзіне қарап білдім. Өйткені... тұма түбінен маған мазасыз да тарпаң бозбала, бет-аузына жастық атты беймəлім кезеңнің ұлпа шаңы жұққан бозбала сынай үңіліп тұрды. «Асан бала, қалай, дəм-тұзымыз жарасып, құшағымыз айқасып кете ала ма, жоқ па»? – дейтіндей. «Бұл күнге қандай əзірлік пен келдің, жастықтың қиын да қызық кезеңдері шошытпай ма, қорқытпай ма?» – деп сынай қарайтындай. Саны жоқ сұмдық қиын сұрақтар тұнып жатыр тұма көзінде. Қолымды суға көсіп жіберіп, шайқап-шайқап қалып ем, боз баланың беті жүзге бөлінді. Əлгі сұмдық қиын сұрақтар екі иықтан қара албастыдай басып, белімді үзіп бара жатты. Тізем бүгіле бастады. «Шаршадым, – дедім іштей. – Əбден шаршадым. Қоя тұршы көп сұрақтарыңды жаңбырша жаудыртпай, жаңа таныс, жақсы таныс. Саған салған жерден салымды жауап тауып айта алмаспын да. Біріндеп, біртіндеп жүздесермін. Сəл де болса

тынығып алуға мұрсат бер, аптапты, аптықпалы он жеті жасар бозбалалық! Күрек-сүймен, пнев, балғаны арқалай келген бозбалалық!» Қолымдағы қаңылтыр шелек шыр көбелек айналып барып тас түбіне түсті де, тоңқалаң асты. Құрып кетсін көп сұрақ! Жалпы мен уайымшылмын. Əркімнің ішінде сұрақтар мен уайымды басып шығаратын машина болса, менің машинам басқаға қарағанда күндік нормасын ылғи асыра орындайды, білем. Құрысын! Айдын бетіндегі бозбала жүзі шайқала түсті де, өшіп жүре берді, Бұл мен жағаға жантая кеттім деген сөз. Газет қалпақты бетіме төңкердім. Қалпақ мені жаңа ғы андыздаған көп сұрақтардың қамауынан құтқарып алды. Газет қалпақ шаңытқан дала, шақырайған күн, ала қан атаулыны күлдіретіп ойып тастай беретін шақыр-шұ қыр күрек-сүйменге қарсы қолма-қол соққан кішкентай қамалымның бір қабырғасы. Көріскенше қош, мазасыздық! Су да тасымаймын. Жер қазып, тас тістеп, шаңға да қақала қоймаспын. Мына аптап жер танабын қуырдақтай қуыруын қоймаса күні ертең салып ұрып үйге қашар бұл Асан! Көпірге де, көпірдің тіреуіне де түкіріп қойдым, түге. Далаға тастай ал май жүрген жаным жоқ. Əлі де оң-солын айыра қоймаған жас пын, маспын білгілері келсе. Ешкім де мені Қапшағай атты қураған өлкеде ұстап тұра алмайды. Ұстамақ түгіл қақысы да жоқ. Біздің кластың сорпа бетіне шығарлары ғой қазір қалалық паркте шахмат соғып, шекелері шеруен атып отыр. Əйтпесе магнитофон ойнатып біреуінің пəтерінде жаңа биді үйреніп жатыр. Ал мен ше... Алтын басым қор болды ғой, қор болды. Жас шылаған көзіме тəрбие көрмеген дəнекүс шыбын қона қалып еді, үркітіп жібердім. Көзге көк шыбын өстіп үймелейтін болар. Сорым – сорпа болды деген осы. Танау шуылдады. Аңғал Арыстанды, жуас көкемді, бірде жаз, бірде қыс мамамды, қияс Шыңғысханды сағындым. Көкем ғажап қайырымды-тын. Мамам бет біткеннің бəдендісі. Арыстан қорқағы қорқақ, əйтсе де ғажап ұғымтал ит. Қазір ғой оның желке жүнінен бір сипасам болды, шаршағанымды мұқым ұмытар едім, Кейін кесір-кесапатты қасапхананы тастап, басқа жұмысқа ауысқан, бала тəрбиесі жайлы брошюралар оқумен айналысып кеткен Шыңғысханның көкесі нің түк қаптаған қалың беті адам айтып жеткізгісіз керім бо лып елестеді. Əне, сондай алтын адамдардың əлемін тəрк етіп,

қос етекті белге қыстырып құрылыс отрядына қашып, мекер болыппын, теке болыппын... Қалғып кетіппін... ...Жер шары тітіреп кетті. Ұйқы шайдай ашылды. Тітіреген жер шары емес, тұма жағасы екен. Шөкім бұлт жоқ ашық аспан күркіреп қоя берді. Өзеннің арғы қабағындағы бет кейден қылтия қалған алып қара саңырауқұлақ секунд сайын өсе түсіп, аспанға шапшып барады. Мен ауыз ашып қарап қаппын. Қара саңырауқұлақ іріп, қарны қампая түсіп, қалың шаң мен түтінге айнала бастады. Жер бауырлай жапырыла көшіп, өзенге ұмтылды. Аспанды айналдырып ортаға түсірген мына аптап қыл аяғы шаң мен түтіннің де кенезесін кептіріп ті. Кептіргенде қандай, кептірмесе мойнын құрықтай созып, өзенге ұмтылар ма. Жарылыстары жер жарған қырсық өлкеде көз іліндіру де қиямет-қайым шаруа екен-ау... Қара сорпа боп терлеппін. Сергіген, серпілген ыңғайым бар. Төрт құбылаға шашып жіберген екі қол, екі аяғымды бауы рыма жинай алмай, жинағым да келмей біраз шалқалап жаттым. Аспан əлі аппақ. Күн де солай. Дір-дір етеді. Дірілдеген сайын үлкейіп жалындай түсіп, жерге орасан зор жылдамдықпен жақындап келеді. Ағып келе жатқан күнге əрі қарай қарауға бата алмай түрегеп отырдым. Ақ жалын астында бұлақ былдырлайды. Жартастарды аспанға атып, жер екеш жердің ойран-ботқасын шығарып қопарған жарылыстардың қақ ортасында қалса да, өз тілі, өз реңі, өз ағысынан жаңылысар емес. Күндіз де, түнде де тоқтау жоқ. Тандыры кепкен жемір жер жолай жұқ қалдырмай сіңі ріп алуға тырысса да жанталасып, көлшікке, көлшік жағасындағы балқұрақ пен бақбақ гүлдеріне жанталасып қол созады. Япыр-ай десеңші! Тұрмақ болып, бір ұмтылып қойдым. Басым айналып, құлағым шыңылдап сала берді. Шынтағым жұмсақ та дымқыл əлденені жаншып кетті. Қарасам... бақбақ! Сабағын жезқармақтай майыстырып əкеп, басын жерге жеткіздім де қоя бердім. Безер бақбақ бе ріс педі, сынбады, бастапқы қалпын тауып, бой түзеп тұра қал ды. Тоқсан тоғыз пайызы су, қалған бір пайызы белок пен хлорофостан тұратын нəзік гүл де тіршілік үшін күреседі. Сонда əкемнің төрінде жатқандай шалжиған маған не жо рық?

Бойымдағы бар əл-қуатымды шақырып, əупіріммен орнымнан тұрдым. Қарсы алдымда – қара перде. Көлшік те, тұма да, қырқалар да көзімді тұтқан қара перденің артына тығылыпты. Бас сүйегімнің ішінде əлдене ызыңдап жүр. Жанарымды кеңірек ашып ем, ызыңдаған əлдене емес, гүлден-гүлге ауысып қонып, бал жинап жүрген ара екен. Жер бетінде аралардың жүз елуден астам түрі бар. Менің арам «АН-24» самолеті сияқты қарны қампиған нəн қара. ЬІзыңы ызыңнан гөрі гужілге жақын. Дəу басын қауашаққа сұғып жібергенде үшкір құйры ғы көк кеудесін нұсқап, қайқия қалады. Шаршамайды. Еңбек қор. Бармақтай. Одан да кішкене. Бақбақтан бастап бармақтай араға дейін өмір үшін арпалысып жатыр. Ал бақбақтан да, арадан да мың есе үлкен менің мына жатысыма не жорық? Менің Қапшағайдан табылған кіп-кішкене ұстаздарым... Бетім дуылдап, қаным басқа шапты. Тұмаға барып, бетімді шайдым. Мəймілдеп толған шелек ті құлағынан сүйреп, тіреу орнына беттедім. * ...Сол өзім көрген сұрғылт беткей. Үшеуі де снарядқа ұқсас балғалардың тұтқасымен тұтқа боп, қатып қапты. Аңғараңғар əлгі балғалардың тарсыл-гүрсіліне толып, қыраттардың құлағы тұнып тұр. Балғаның тұмсығын тасқа қадап, бар салмақпен бес-он минут басып тұрса небір қазандайын қауыннан жаман қақ бөліп кете береді. Құлақтарының түбіне жалғанған резина түтік қия беткейді жыланша сығып жатқан жуан ауа құбырына жалғасыпты. Сол құбыр мен шлангілер ді жалғастырған қырлы гайкілерді Самат Қалиевич қолын дағы қомақты кілтпен бұрап жүр. Төртеуі шелекті бастарына бір-бір төңкеріп еді, түбі тықырланып көрініп қалды. Маңдайларын бытыра тер жапты. Суға қайта жұмсай ма деген қауіппен қуыстанып тұрғанда, Əшір сөз бастап кетті. Бір байқағаным – ол ылғи да сөзді еш себепсіз, дайындықсыз дəңгірлеп бастап кетеді екен. Жəне кім үшін қалай айтып тұрғанымен де оншама шаруасы жоқ. – Техниканың аты техника, шырақ! – Сөйдеді де балғаның

сауырынан алақанымен салып қалды. – Мынаның не екенін білгің келіп, тықыршып тұрсың-ау. Иығымды қиқаң еткіздім. Ешкімнің де ол темірдің не ғажайып екенін білгісі кеп, көрмедегі сəйгүліктей тықыршып тұр ғаны жоқ. Əшір солай – жоқ жерден жұмбақ жасағанды ұнатады. –...аты – компрессор. Немесе тас уатқыш балға. Анау ұзын құбырмен келетін он атмосфералық ауамен жұмыс істей ді. Тастан тас қоймайтын көзел. – Əшеке, қателестіңіз. Мұны сіз айтқандай компрессор емес, пневматикалық балға деп атайды. Компрессор – мына құбыр жоқта осы балғаға ауа қысымын жасап беретін двигатель. – Мұны айтқан, айқасып қалған шлангтерді жазып жатқан – Иса. Оған айылын жиятын Əшір ме. – ...Алақаныңа түкіріп тұр екесің, келе ғой мына торпақтай тасты көкесіне көрістіріп жібер. Əшір айтқандай алақаныма түкіріп тұрмасам да ойда жоқта кеудемді кере қалған намыстың жетегімен пнев. балғаны қолға алдым. Тұтқасына алпыс үш жарым килограм дық салмағымды салып, найза үшін тасқа тіреп ем, шыны мен «көкесіне көрістіру» процесі басталып жүре берді. Кейін ұратын темір екпіні бар. Тұтқадан қолға, одан бүткіл денеге өткен діріл тұла бойды қалшылдатып, аспан, тау-тас, жалқын сары күн, Иса, Əшір, Бақтияр өз бейнелерін оңай бұ зып, селкілдей билеп қоя берді. Кұдай қолдағанда торпақтай тас көп ұзамай «көкесіне көрісіп», екіге жарылды. Балға бір-екі бырқ-бырқ жөтеліп барып, жағы семді. Онсыз да күрек-сүйменнің талапайына түскен алақан ашып барады. Орамалды қақ айырып, байлап тастағаным мұндай оңды болар ма. Білек, қар еттерім мың инені қатар сұққандай шым-шым, Пневматикалық балға тұтқасы жылтырап, кел-кел деп тұрғанмен жеңіл-желпіге көне қоймайтын мінезі кіді аспап екен. Кеш түскенше тас уатып, беткейден канал табанына лақтырумен болдық. Күн қызылиек көкжиекке табан тигізгесін-ақ таңертең қа ра ит боп салпақтап соңнан ерген көлеңкемізді алдыға са лып айдап, қосқа қайттық. Маса шығыпты. Мойын, беттен алақан тимеген, қызарма-

ған жер жоқ. Аңғарды қуалап соққан ыстық леп өзен бетін жайлап үтіктеп жатыр. Əйткенмен қара бұлттай қаптаған шіркей-масаны ну қамысқа қуып тастауға тым халсіз. Аспанның батыс беткейін бояған алау семген сайын айбақ-сайбақ жоталар, қыр арқасы ара тісті жартастар қара сүр месін қалыңдата жағып, үн-түнсіз зорайып, биіктеген үс тіне биіктеп барады. Мүлгіген тыныштық. Жапалақ пен жарқанаттың сыпылдаған суылы ғана сол тыныштықтың сауы рын қамшымен осып-осып өтеді. ГЭС, платина, қосар канал маңындағы экскаватор, «БелАЗ», «КрАЗ»-дардың гүж-гүжін қақпақ жауырын қырқалар тойтарып тастап көлденең жатыр. Ал қызыл шапақты арқаларына жапсырған үшеуінен қалмауға тырысып, бүлкектеп келемін. Қарабет ымыртқа сəй кес салмақты да салдарлы ойларды қаншама ойлайын десем де бас қауашағым асы аударылып алынған тайқазан құсап боп-бос, қаңырап тұр. «Кеш. Мұңды ой билеген мені ағараңдаған соқпақ алға жетелеп бара жатыр», деген сипаттағы сырбаз сөйлемдерді кітаптардан көп оқитын басым күні бойғы шаң мен шуға толып қалған ба, ойға батудың орнына төңірегіме алақ-жұлақ қарауды білемін. Қасақана əн айтайын деп ыңылдап ем, шаң кептеген көмейімнен мандыған үн шықпады. Менің əнімнен гөрі маса-шіркейдің ызыңы əдемі ме деп қалдым. Қысқасы, жұт жағадан алғанда бөрі етектен алған сондай қырсық халді бастан кешіп келе жаттым. Маса демекші, Іленің масасы тұмсықтары найзадай, вертолет секілді көзге көрнекті, ірі-ірі насекомдар екен. Тұмсығын ырғап-ырғап салып жібергенде шоршып түспесең де кəдімгідей қайқаңдап қаласың. Не жеп семіріп жүрген масалар екенін бір құдайдың өзі білсін. «Ыстық леп өзен аңғарын жайлап үтіктеп жатыр», «жартастар қара сүрмесін қалыңдата жағып», «ал қызыл шапақты арқаларына жапсырған үшеуі»... Іштей кекесінмен күліп қойдым. Осы неге мен кейде өстіп алау-жалау ойлаймын? Кітаптарды көп оқығандықтан жəне де сол кітаптарда сондай теңеулер көп кездесетіндіктен бе? Бүгінгідей шыжы ған ыстықта əр құбылысқа нақты өз бағасын беріп, нақты сөйлеу де қиямет-қайым іс болар. Қызып кеткен бастан қайбір салқын, сазды ойлар шығар дейсің. Нақ бір кешіп өтердей өзенге ентелеп келіп, қалт тоқтаған шот маңдай тас мүйісті жиектеген жалғызаяқ соқпақты

қуалап, айналғанымыз сол, жауырыны аспандаған жалтыр шеке биік жартас қарсы алдыдан тап берді. Сызық, жарықтар оңды-солды кескілеген қоңыр қызғылт көне жүзі быжтыж. Тап етегінен аузын арандай ашқан үңгір кешкі ауаны солқылдатып сорып тұр. Бейне бір əбден қаны қойылып, шөліркеген жартас аузын арандай аша айдынға жанталаса ұмтылып, ұмтылғанымен жете алмай еңбегі еш болып, жағалауға сұлай кеткен адам тəрізді. Жартас жайлы теңеу тапқаныма қуанып қалдым – дегенмен бас əлі де «жұмыс» істейді екен. Леп белгісіне айналып, соқпақ үстіне дікиіп тұра қалған Иса сұқ саусағын үңгірдің аузына тығып тұрып: – Қайсыларың маған еріп, үңгірге кіресіңдер? – деді. Əшір маса қағып кетті. Бақтиярды ойда жоқта ауыр ой баса қалып, бəтеңкесінің басынан көз алмайды. «Қайсыларың маған еріп, үңгірге кіресіңдер?» Маған арналған сөз, əрине. Маған емес дер едім – Иса мен жаққа көз қырын да салған жоқ. Күңгірт кеш – күңгірт галереяда Рембрандттың «Əулие Петр мен Павел» атты суретін қызықтап тұрғаннан жаман Əшір мен Бақтиярдың бетіне көз сұғын қадай қапты. Əрине, «Келінім, сен тыңда, қызым, саған айтамның» кері... Ойда жоқта босай қалған белбеуімді бір тартып, алға шықтым. Айтқаным айдай келді – Иса сөзін сайтанға да, сапалаққа да емес, маған арнапты. Бұрылып қараған да жоқ, үңгірге беттеді. Сонда мені сынағысы келгені ме? Ізін басып келе жатып, жүрегімнің соғысын санадым. Дүрсіл жиі. Бұл бойымдағы бар батылдығымды қиратып жатқан сезімнің пневматикалық балғасы. «Сына, мықты болсаң сынап көр... Карст үңгірі... Сталактит, сталагмит... Том Сойер жəне Бекки Тэтчер... Алладиннің сиқырлы шамы, Луи Армстронгтың саксофоны... Шыңғысхан жаман бала емес. Үңгір де болса үйім-ай, үңгір де болса үйім-ай...» Осындай еш қисы ны жоқ қайдағы бір үзік ойлар бас қауашағымның ішінде текірек қағып, желіп жүр. Бақтияр мен Əшір соңымыздан қарап-қарап тұрды да, қол сілтеп, қосқа беттеді Кірер аузы кісі бойы үңгір... Табалдырығын аттасымен іші

кеңіп сала берді. Нақ ортасында қос бөлмелі пəтердің орнына жуық шағын алаң... Құлаққа ұрған танадай тыныштық! Үңгірдің эпицентрінде жанған оттың орны еміс-еміс қарайып жатыр. Тас ғасырынан қалуы да ықтимал, кеше түнеп кеткен біреулердің жағуы да ықтимал. Жел лебін көрмеген қапырық, қою, қорғасындай ауыр ауа тұнып тұр. Аузын бақа дай ашып, қараңғылықты аулаған кішкентай акулаларға ұқсас «Скумбрия», «Камбала» қалбырлары, «Жигули», «Экстра» бөтелкелері қырқай түсіп жатыр. Ыс басқан ба, əлде келіп қалған түннің тірлігі ме, əйтеуір үңгірдің алыс бұрыштары тас қараңғы. Тіршілік тынысы тоқтап тұр. Көптен бері тұмсығы қанға тимей өлеусіреген дистрофик маса ғана əлсіз ызыңдап тұмсық астынан ұшып өтті де, ұзай түсіп, жағы семді. Ауыз ашсам болды, қою ауа көмейіме кептелердей ернімді жымқыра түсемін. Тұла бойым ауырлап, біртүрлі жер тартып тұрғандай. Қара албасты қараңғылық, ауыз-мұрынсыз дүлей қараңғылық, өлі қараңғылық... Тұп-тура Ансел Адамс тың қатып қалған, еш бұзуға болмайтын фотосуреттерінің біреуі... Жылбысқа да жұмсақ, қоймалжың ауаның қыспағынан бойда күш-қуат барда құтылып қалғым кеп, əзер басып, үңгір аузына беттей беріп ем, босағаны Иса кептеп тұр. Өзі айдын жаққа қарап қалыпты. Сүрініп кетіп, құламас үшін қар мау іздеп қол ербеңдетіп, алға ұмсына беріп ем, ол жалт бұрылды. Сол мұң жаңа ғана арқасына ықтаған көлеңке бетімен-бет, денесімен дене болып кірігіп, адам Иса көлең ке Исаға айналды. Бет-ауыз, ерін, мұрын, көз-кірпіктен ада, тек қараңғылықтан сомдап құйған дию Иса! Дір етіп түршігіп, шатқаяқтап кейін шегіндім. Келер мезетте шыңыраулатқан айқай құлағымның қағанағын жарып түсті. Қорыққанда жүрек ауызға тығылады деуші еді. Қорыққанда жүрек шіркін су етіп сұйыққа айналады да, кеуде, ішті аралай, жіліншікке ағып түсіп, одан тобыққа өтіп, өкшеде ұйып тұрады екен. Суық та құп-құрғақ жонын жа лаңаштап, қараңғылықта қолыма ұстата қойған тас қа бырғаны қармалап, əупіріммен құламай қалдым. Ащы айқай үңгір төбесін ортасына түсірер деп ойлап едім... Жо-жоқ, өйтіп ойға бату қайда, ойламақ түгіл тас кереңмін, түк естімеймін, көз аямды барынша бақырайта ашып тұрсам да түк көрер емеспін. Оңды-солды лақтырғыштаған ұзын сирақтары мен қол-

дары бір-бірімен əбден бытысып кеткен Иса қақ ортада текеше бақылдап, қарғып жүр. Өмірі естіп көрмеген не ғажап сөздерді түйдек-түйдегімен ағытып, бақсыдай қалшылдайды. Ара-тұра санына қыл бұрау түскен бурадай – ол бурасы түскірді былтыр жайлауда көргемін – бақырсын кеп. Қолында, қайдан тапқанын қайдам, ұзын таяқ. Ауыздан түскен бозамық сəуле мен іштегі тас қараңғылықтың өтінде құйында тып шыр көбелек айналған бір мақұлық. Таяқты бар пəрменін ше сілтейді. Егер ауа қатты заттан тұратын болса екінің бірі – не таяқ қақ бөлінер еді, не ауаның өзі сынар еді – Исаның сіл тесі тіптен ғаламат! Оттың орнын теуіп кеп қап еді, қорыс-қопасы шыққан күл үңгір ішін тұмшалап, аз сəуленің өзін қылғып қойды. Көлеңке күш алды. Бұл кезде мен екі қол, екі аяғы, қалтақтаған басы бар тірі жан екенімді тас ұмытып, үңгірдің қабырғасына əбден ес кірген сорғыш қағазша жапсырылып тұр едім. Бір кезде Иса менің бетіме перғауындай төніп кеп, тісін шақыр-шұқыр қай рады. Сосын тартылған жебедей керіліп, таяқты тасқа құлаштап соғып, қақ бөлді. Іле қарқылдаған күлкі құлағыма жетті. Сонда барып терең тыныстап дем алдым, дұрысы, мұрнымның шуылын естідім. Жүрегім тоқтаған шығар деп ем, тоқтамапты, тайдай тулап, соғып тұр. Иса былқ-сылқ еткен мені қолымнан сүйреп, сыртқа алып шықты. Аспанда ай бар ма, жұлдыздар қайда, Иса кім – түк те білмеймін олда-білдə, дəнеңе сезбеймін. Иса қайда жетектесе сонда кетіп жүрген бейшарамын бір. Иығыма қолын салды. — Қорықтың ба? Бас шайқадым. Қорыққаным рас еді. Корықтым деуге тілім күрмеліп, сөйлей алмадым. «Қорықтым!» деп, бас изеген нің орнына бас шайқадым. – Кешір!– Қолын иығымнан алды. – Кешіргін. Питекантроптар мекен еткен үңгірге кіріп тұрып, өзіңді екі минутке питекантроп сезінбеу үлкен күнə, – деді кірер кездегідей үңгірдің аузына сұқ саусағын сұғып тұрып. – Питекантроп – сұмдық тəртіпсіз жан. Тілесе қарнын тыр-тыр қасиды. Ағашқа асылып, ұзын башпайларын қыбырлатады. Ол сыпайылық салттарын сақтамайтын сондай бостандық сүйгіш адам. Біз бол сақ оған үш қайнаса сорпасы қосылмайтын пенделерміз. Бас сүйегіміздің іші: «Кіммен, қай жерде қалай өзімізді ұстай білу

керек?» – деген қыбыр-жыбыр сұрақтарға толы. Санап басып, сергек жүреміз. Айқайламаймыз. Секірмейміз. Ішетініміз – айран, сүт, жейтініміз – жеміс. Сөйлегенде грамматикалық қа те жібермейміз. Тротуармен жүреміз. Жеті рет өлшеп, бір рет кесіп, схема бойынша əжетхана орнататынымыз бар. Көр де тұр, сөйте-сөйте ет, нерв, сақыр-сұқыр сүйек роботқа да айналамыз. О да жалықтырады. Сосын қайтейік, осылайша кешкі сағат тоғыз жарымда бар ереже-қағиданы тəрк етіп, табанға салып питекантропқа айнала салдық. – Қабағының астына түн тұндырып, маған қадала қарады. – Балақай, өтірік-шыныңды қайдам, қорықпадым дедің. Қорқуың керек еді. Он жетіде қорықпағанда қай жасыңда қорқасың. Қорқа білетін жанды жақсы көремін. Қорықпау үшін əуелі қорқып үйрену керек. Түнгі ауаны бұзып-жарып, қосқа беттеді... «Иса Шорманов деген əр екі-үш шақырым сайын: «Сақ бол! Алдыңда тайғақ мұз!» немесе «Көзіңе ие бол, шофер! Ілгеріде тар көпір!» деген ескертпе тақталар өн бойына орнатылған қыр-сыры мол тас жол сияқты адам екен», – деп ойладым ізін басып келе жатып. «Өлердей шаршадым. Ы-ыстық...» Оттай лапылдап жанған төсекте көзім ілініп бара жатып, осы екі сөзді санама жазып үлгердім. Əлде от боп жанған өзім бе? Бұрын жатар алдында тəуір-тəуір ойларға кетуші едім. Бұл жолы одан жазып қалдым. Ойлануға мұрша келмеді, себебі, бұл күні бастан кешкен оқиға тым-тым көп еді. Самат Қалиевичпен танысу, ауыр жұмыс, тұма, үңгір оқиғасы... Үңгір есіме түскенде тіпті ойлануға қорықтым. Түс те көргем жоқ. * ...Əлдекім сақ-сақ күлді. Жоқ, сақ-сақ күлкіден бұрын мойныма ұзындығы метр де, жіңішкелігі сантиметр оқ жылан орала кетті. Оқ жылан ысқырынады деуші еді, мынадан сылдырлаған əуезді үн шығады. Атып тұрдым. Сақ-сақ күлген Əшір екен. Қолында қалайы ожау. Жала ңаш санын шапақтап, екі бүктетіле ішін басып күледі дейсің. Онсыз да о баста жарымаған беті қазір быж-тыж болған біруыс теріге айналған.

– Оһо, оһо, өлдім-ай! Қалай-қалай атып тұрады, ə! Аш мысықтай бұратылып оянбап еді, бəлем! Төбеге басын соғып ала жаздады. Оянбаған, əрине, мен. Əшір осындай – ол біреуді қырқылжың сөзбен аш мысықтай бұратылып шағып алу, екінші біреудің мойнына су құйып жіберу секілді түкке тұрмайтын кішкентай жеңістерге құмар. Мəселен, кеше дəл ел ұйқыға кетер алдында Жамалмен бес минут бойы сұхбат соққанын жарапазандап, құлақ етті жеді. Егер алда-жалда мінездің «парықсыз» атты қасиеті күндердің күнінде адамға айнала қалса осы Əшірден аумайтын шығар. Жəне бір қиыны – мойынға су құйып жібергенің, əй, мен жер басып жүргенде кешірмейтін ісің еді деп, тағы соқтыға алмайсың, соқтыға қалсаң: «Оймай, мынау шыбық тисе шыңқ етер екен-ау!» – деген жаман ат желкеңе жарбиып мініп алады. Сондықтан мұндайда, ең дұрысы, күлкінің ырымын жасай салу керек. Езуімді керіп, зордың күшімен жымиған болдым. Жымиғаным: «Əшеке, шырт ұйқыда жатқанда мойныма су құйып жібергенің еш зілсіз ойын, əрине. Оны тіпті де қаперіме алып, кек тұтқаным жоқ, өстіп-өстіп ойнап тұрған жақсы ғой» деген ойды бет құбылысымнан басқаларға барынша оқытуға тырысу. Бірақ ол жымиыс басқаларға жылаған сияқты болып көрінсе керек, өйткені, түкті орамалмен денесін ысқылап жатқан Иса Əшірге көзінің итімен қарады да: – Күлкің көмірге айналар деп қорықпайсың ба? – деді. Əшір жым болды. – Көмір?! Қандай көмір? – Кəдімгі қап-қара көмір! Отқа түскесін күлге айналатын қара көмір. – Іле Иса маған да жақтырмаған раймен жалт қарады – жанжалға себепкер жан кімге жағушы еді. – Тезірек жуын! Қазір сапқа тұрамыз. Дік етіп сəкіден түсіп, жуына қоюға кім қарсы дейсің, əйтсе де сол сəкіден сырғып түсу мен үшін Талғар шыңынан түсуден бір кем болмады – аяқ-қолым салдырап, қара саным бастыртпай қалыпты. Жүрген сайын жіліктерім майысыпмайысып кететін секілді. Тегі ең алғаш жасалған дүрегей роботтар тұңғыш рет адымдап, сөйлегенде мен секіл ді адым дап, мен секілді ойлап, мен секілді сөйлеген шығар. Ва гонның баспалдақтарын санап басып, əрең-пəрең түсіп, сиретілген кинолентадағы адамдардай бір басып, екі басып

жуғыш басына өліп-талып жеттім əйтеуір. Сүймен-күрек ойып тастаған алақандарым күлдіреп тұр. Су тиіп еді, жаным көзіме көрінді. Қолымды сүрткенім де жоқ, əлтек-тəлтек ба сып, сапқа беттедім. ...Бүгінгі сап та кешегідей қырық адам құраған жалғыз сы зық. Өзгелер сымша тартылып тұрса тұрған шығар, мен мең-зеңмін. Бас болса бұтақты төмен иген апорт алмасы құсап бүткіл денемді төмен тартып тұр. Оң-солымда кімдер бар, кімдер жоқ, одан да мəлімет шамалы. Самай тамыр лып-лып соғады. Командирдің не айтып тұрғанын ұқпаймын. Меңірейген қалпы көзімді қос бəтеңкенің ақжем тұмсығы нан айырмасам, көңілім сол қос бəтеңкенің сусыма құм үстінде қаз тұрған қазіргі қалпының амандығын тілейді. Қос бəтеңкенің қисайғаны – менің де қисайғаным, менің қисайғаным – тұрған жерде тырапай аса құм қауып, құлап түскенім, ал одан өткен масқара бар ма. Дəл осы минутта қос қолтығымнан нағашы атам айта беретін ақ періште мен қара періште сүйеп, қолдап-қолпаштап тұрғасын ғана табанымнан тік тұрған сияқтымын. Əлдекім иығымнан қақты. Жүзі буалдыр. Иса ма? – Не болды, Асан? Салғырт бас изей салдым. Неге бас изегенімді өзім де білмеймін, əйтеуір сұрақ қойғанда баспен құптау, иə, қарсылық белгісі сияқты қимылдар жасау керек екенін жақсы білемін. – Түсің бұзылып кетіпті, ауру-сырқаудан амансың ба? Бұл жолы бас шайқайын-ақ деп едім, тағы да бас изеп салғанымды байқамай қалдым. – Түс болмай жатып неғып шыбындап тұрсың? Ауру-сыраудан амансың ба деп сұрап тұрмын. Түс болмай жатып шыбындағаныма оңай келісіп, соған тағы өзім таңғалып тұрып үсті-үстіне бас изеймін. Ал шыбындаған дегеннің өзі не? Иса алақанын маңдайыма басты. Одан кейін саусақтарымды жазып, Орта Азияның картасына үңілген география пəнінің оқытушысындай ұзақ қарады. Əр жері күлтілдеп, ойылып кеткен алақанымды көріп, бас шайқады. – Неге айтпадың, пақыр бала? – деп ыс ете қалды. Желкесін қасыды. Білегімнен қапсыра қысып, жетектей жө нелді.

Сап тарапты. Сосын... сонан соң көзілдірігін қолорамалмен сүртіп тұрған командирдің алдына мені дік еткізіп қоя сап, ауаны алақанының қырымен айқыш-ұйқыш кескілеп, қызу-қызу сөйледі дейсің. Саусағын шошайтып мені нұсқады. Саусағын шошайтып, командирдің өзін нұсқады. Алақанымды жазып, əр жерін түртіп көрсетті. Кентавр да үңілді. Екеуі бір қыза рып, бір бозарысты. Ақыры командир: «Бүгін демалсын... Дəрігерге көрінсін...» – деді де теріс айналып жүріп кетті. Иса маған көзін қысты. Менің көз қысуға шамам тегі келмеді. Исаның жетегіне қайта түстім. Мені сүйреген бетте əлдебір ағаш баспалдақтармен тырпылдай көтеріліп, ағаш есікті ашып, ішке кірді. Төрдегі айра-жайра ақ төсекте ұйқысын аша алмаған қыздың көтере берген ақ балтырына еденде ұзыннан жатқан қара крокодил апан аузын арандай ашып ұмтылыпты. Бақырып жібере жаздап, қайта бір қарасам, кроко дил емес, қыз қос құлағынан көтеріп, балағына балтырын сұға берген кəдімгі қара шалбар екен. Кенет, қыз бізге бақырая қарап, Тицианның тəңірге жалбарынған Мария Магдали насы құсап, төсіне алақандарын сарт жапсырып, қатты да қалды. Қара шалбар қылжиып еденге сырғып түсті. Топырлап дəліз ге қаштық. Бірнеше мəрте қақырынғанымыз, анығында Иса ның қақырынғаны, қатты соқса сынып қалардай саусақ сыртымен майпаздап есікті қаққаны есімде. Дəрігер қыз есік ашты. Жаңа ғана төсін жапқан қолы енді шалбарының қалтасын да. Оң аяғын алға салып, сол жағына қисайыңқырап тұр. Екі қолы мықынында. Сол баяғы «Ф»! Көзінде ұялыс емес, күлкінің іздері сайрап жатыр. Ал көзі, құдай біледі, екі жүз вольттық электр шамындай жарқырап тұр. Бұл қыз да ауырып жүрген жоқ па деген ой басымда жылт-жылт ете қалды. Əйтеуір екі көзі – екі жүз вольттық шам. Ауру, сөз жоқ, ауырып жүр. Алақандарым ақ дəкемен мықтап тұрып таңылды. Таңып жатып, дəрігер қыз ыстық лебін барынша менің бетіме үрлеуге тырысты. Өзі Иса жаққа қарамауға тырысады. Осының бəрін ауырып отырсам да жылтыңдап аңдып отырған маған не жоқ десеңші. Одан арғысы шала-шарпы ғана есімде, бөлмеден шығып, алаңды кесіп өтіп, сəкідегі төсекке құлай кеткенім есімде. ...Тағы да түс көрмедім. Қайбір жақсы ырым дейсің. Меніңше, салпаң құлақ есектер ғана түс көрмейді. Ал есектер

адамдарды жалпы түс көруге татымайтын макұлықтар деп ойлайтын шығар. Түс көрмейтіндер түк қиялдамайтын, еш қиналмайтын, қуан байтын, бұ дүниенің қызық-шыжығын білмейтін самарқау адамдар. Осыны қай кітаптан оқып ем? Анау асхана дағы үстіне ет салып шабатын шөрке де бір, ондай адам да бір. Ендеше бүгін таңертеңнен тал түске дейін түс көрмей ұй қыға қамшы бассам – ұзындығы бір метр, ені жарты метр бұжырбұжыр шөркеге айналдым деген сөз. Құрылыс отрядына келгелі осындай қайдағы бір көңілсіз ой лар басымнан шықпайтын боп жүр. Қапырық. Қапырықтығы сондай, вагон іші мықтап жағылған үлкен мартен пешіне айналғандай. Заттар да əу бастағы табиғи бояуынан жаңылып біркелкі өңсіз ақ сұр түске ай налыпты. Бақтиярдың терезе алдында көкпеңбек боп мөлдіреп тұратын шампуні қазір ашық көк. Жасыл еден ашық жасыл. Төбенің қызғылт сыры қызғылтым ғана. Ел-сел терлеппін. Қос жауырынымның сайы мен мой ным удай ашиды. Жезсауыр шыбын тас төбемде дұрыс элип сис сызып айналып-айналып жүрді, жүрді де, ұшудан жалық ты ма, балтырыма қона кетіп, əрлі-берлі жорғалай бастап еді, кешегі пневматикалық балғаның сартылы жүйке тамырымды əбден жұқартып тастаған ба, өзімді тап бір отыз тонна лық шынжыр табан танктің астында қалғандай сезіндім. Сыртқа шықтым. Сағат он екі шамасы. Сап тұратын алаңға көз жіберіп ем, сырық үшіндегі жалау сан қолдан өткен ескі сүлгідей салбырап тұр. Желп еткен жел жоқ, тымырсық. Асханадан қасық-шанышқының салдыры естіледі. Əлден соң асхана-ва гон есігі сарт ашылды да, көк шелекті құлақтан тартқан қос қо ңыр білек қылт етіп, сиыр тіліндей сумаңдай алға қарай ұшқан су құм үстіне көлбей төгілді. Өзге тырс еткен дыбыс жоқ. Тым болмаса шегіртке шырылдасайшы. Бозторғайлардың да үні өшіпті. Мына ыстықта байтал түгіл бас қайғы деп, бұта-бұта түбін паналап жоғалса керек. Балағын су шалған қамыс-қияқ еңкейе-еңкейе қап, айдын бетінен өз келбетін та машалап тұр. Іштен бүлк-бүлк қайнап, шымырлай ағып жатқан лай өзен ұзыннан-ұзақ сұлап түсіп күнге қыздырынған сарыала жыланға ұқсайды. Құлақ-мұрнын басқан жымжырт тыныштықтың себебін сонда барып түсіндім. Дыбыс

атаулыны мынау алып абжылан алдап-арбап қақшып са лып, түк білмегендей анда-санда құйрық ұшын ирелеңдете қоз ғап қойып монтаны жатыр. Қызған құм табанымды қарып түспеуі үшін еріксіз секектей басып, өзенге беттегенімде абжыланның мені де арбай бастағанын түсіндім. Алып жыланның аузына мені айдаған мына жер-дүниенің апшысын қуырған аптап, жақындаған сайын сұлаған сары айдаһар жайыла түсіп, беті шымырлап қайнаған кəдімгі жалпақ бел, жазық төс өзенге айналды. Айдынның əр жері кейде ойылып кетіп, сылқ-сылқ күліп, біраз жерге дейін сол күйі ағып барады да кенет, көрінбес бір қол сипап өткендей қайта теп-тегіс қалпын табады. Жақыннан қарағанда өзен күнге қыздырынып жатқан емес, басы да, аяғы да жоқ мəңгілік бітпес салбурын жүріске түскен жуан бел жыланнан аумайды. Су иесі Сүлеймен пайғамбарға жалбарынғандай қолымды жоғары көтеріп тұра қап, сəл серпіле секіріп, доға жасап күндегідей қарғығанға не жетсін. Ондайда айдын əуелі шапалақпен қарыннан, төбеден тартып қап, сосын өкпелеп қал ды ма деген алды ашу, арты шуақ мейірбан анадай салқын қойнына шым тартып жөнелер еді. Бүгін бірақ өйте алмадым. Суға өйтіп секіру кемінде он адам тамашалап тұрса ғана қызық. Дем ішінде екі қолың екі қанатқа айналып, өзен бетін əрлі-берлі сыпырғыштап тұратын ауа мұхитында жез қармақша майысып, сорғалап келе жатқан мұндай нəн қармақты көргенде тереңдегі балықтардың да зəре-құты қал май, шошығаннан шалбарларын дымдап қоятын шығар. Он адам түгіл, бір адам көрмегесін жарлауыт қабақтан жай лап түсіп, біртіндеп тереңдедім. Қос табаннан қос дөңгелек жасай көтерілген су беліме тамам тұтас шеңберге бі рікті. Кеше ішіме түскен ыстықты салқын су сорып алып жат қандай тегі рақат! Сүңгіп шығып, шалқалай жүздім. Тақ төбе де шө кім бұлт тіл тартпай еріп барады. Бас айналғанша емін-еркін шомылып, жағаға шықтым да, жалғыз аяқтап секіріп, құлаққа кірген суды төге бастадым. – Қалпақ жоғалтқан жігіт, бері кел! Жалғыз аяқтаған күйі қиралаңдап барып, құм үстіне отыра кеттім. Кеше құм төбесінде қалпақ жоғалтып тұрып есті ген шыңылтыр үн! «Қайда тұрмын? Кешегі құм төбеде ме, əл де бүгінгі өзен жағасында ма? Қай уақыт?!» Шымырлаған ыс тық

толқын қара тұяғымнан құйқама дейін аралап өтті: қуаныштан ба, қорқудан ба, оны бір тəңір білсін. – Ас-си-ан... Дұрыс, тілін тістей сөйлеген мына шолжың үн – кеше құм төбесінде тұрып естіген үн! Барынша салмақты рай танытуға тырысып, қасымды қайшылай, сəл теңселіп бұрыла беріп ем... жоқ, өзен аяң ағысынан жаңылмапты, арғы жағадағы жартастар қақ жарыла құламапты. Күн əдеттегі шығыс, батыс деп аталатын миллиард жылдық қасқа жолына түсіп ап, тоқтаусыз тартып барады. Дəнеңе де өзгермепті, тек жағаға жете бере арнасы күрт кеңейіп, тереңделе түсіп, айдынға ұмтылатын жүлге табанын Жамал жастанып жатыр екен. Дəрігер қыздың ал қызыл денесі құм бетін доғал бұрышты қисық сызықтармен қиып қана елбіреп жатыр. Жерден толас таппай көтерілген ыстық ағын қыз жамбасына төселген жасыл одеялоның жиек терін желбіретіп, кең аспанға келесі минутта оны шынымен көте ріп алып кететіндей дірілдей толқып тұр. Жанарымды алып қашқанмен шыдай алмай қайта қарасам, күннен қалқалаған алақаны ның астынан мені қылмыс жасап жатқанда үстім нен түсіп, ұстап алғандай мысқылмен қараған үстем көзқара сына жолықтым. Сол мұң, кежегем кейін тартып, кідістендім де қалдым. Сонда да бəрібір, бəрібір, жасыл төсеніш үстін дегі өңкей бір айра-жайра ширек, жарты шеңбер, сан түрлі эллипстердің таңғажайып көркем қиылыстары – тамаша геометрия! – тағы қара, ақ, қоңыр, қызыл түсті бояулардың – тамаша химия! – бірбірінен ажыратып алмастай кірігіп кет кен тамаша жиынтығына – дəрігер қыздың қасынан кетіп қалуға құдірет жоқ. – Кел, отырса-ай... Балқыған құм табанымды қарып түсіп жатса да, жаңа модалы костюм киіп, сахнаға шыққан манекен құсап, əрі іштей сол ыздиған кейпімді өлердей жек көріп, кісі күлерліктей шоқақтап басып, төсеніш шетін бір жамбаспен кертіп қана отырдым. Немқұрайды пішінде өзеннің арғы қабағындағы жартас басына геологтар шаншып кеткен сопақ, ақ тасқа жанарымды талдырып кеп қарадым. – Қайда қарап отырсың, Ас-сиан? Ас-сиан... Менің атымды осыған дейін кім өстіп əр əрпіне дейін балдай əдемі созып, үзілтіп айтып көріп еді? Ешкім де, ешкім емес.

Жалғыз тастан қызға көзімді аудардым. Тобылғы торы қарапайым қыз. Біз, яғни мен, көкем, мамам болып өткен күзде көшіп келген облыс орталығында ондай қыздың жүзі, мыңы көше таптап, жосылып жүр. Көрші кластағы гимнаст қыз бет-бəден жағынан мұны екі орап озады. Қалада жүзі, мыңы көше таптап жүретін қыздардың бірі – Жамалдан көңілім қалып, өзеннің арғы қабағындағы жалғыз тасқа екінші рет қарадым. Өзінен мың есе үлкен жартастың мысын басып, оқшырая мен мұндалап тұр. Сонда барып төсеніш жастанған тобылғы торы қыздың мені ылғи да өзіне тартып тұрар сиқырының сырын аштым – Жамал арпа ішіндегі бір бидай, басқаша айтқанда, құрылыс отрядындағы отыз сегіз жігіттің арасындағы екі қыздың сыңары, ал сыңар қыз қашанда көптің арасында көздің жауы. Ернімді тістедім. Сол жау көздердің, жігіт көздердің бірі, көп тің бірі мен екемін. Ал көп ішінде қадірің бола ма? – Көңіл күйің қалай, Ас-иан? – Жақсы... Сұқ саусағыммен құм шұқылап отырып, арғы қабақтағы шаншылған жалғыз сопақ ақ тас есіме сап ете түсіп еді, біреу өзен суын іліп ап, қойныма құйып жібергендей денем суып сала берді – дəл бүгінгі сəске түсте Жамал сөйлесер, Жамал көңіл аулар жігіт-желең атаулыдан қос басында жарбиып мен қалыппын, ендеше қыз үшін мен үй салып, тіреу орнында тас ойып жүрген отыз жеті боздақтың орнын уақытша болса да жоқтатпай толтырып тұрар пенде есебінде екемін. Анау қай жағынан қарасаң да заңғар жартастың көзге шалынбай, сол жартасқа шаншылған жалғыз сопақ ақ тастың мен мұндалап тұратыны сияқты... – Бері еңкейші... Мəңгіріп отырып еңкейгенімді байқамаппын да, ыстық ала қан маңдайымды сипады. «Аһ!» дегенде ата жөнелуге əзір спринтер сияқты қолымды білезігімнен құмға көміп, жер тіреп тұрып, жоғары қарап ем, қыздың маңдайымды сипаған қоңырқай білегі төбемдегі аспанды қақ екіге бөліпті. Ал иегімнің астындағы құм шұқырда екі қара қоңыз құмалаққа таласып, тырбаңдап жүр. Қоңыздарды да, құмалақтарды да терең етіп тепкілеп, құм астына көмгім келді. – Ыстығың қайтыпты... Сосын жеңіл күрсінді.

– Асан, бюстгалтерімнің түймесі ағытылып кетті... Оу, бюстгалтері несі?! Ол бюстгалтердің жүз жыл бұрын ағытылып кеткен түймесінде менің қандай жұмысым бар? Мен абдырап қалды екен деп Жамал айылын жияр емес, арқа сын маған беріп, əрі қарап отыр. Қос жауырыны кезек бүлкіл деп, екі иығында кішкене шұқыршақтар дөңгелеп ойнап, кебер си қоймаған шашын тарағыштайды. Қыз арқасын бойлай қара өзен əлсін-əлі бұлқына түсіп, беліне қарай тоқтаусыз сау лап ағып жатыр. Тартпа астын күн шалмапты – қыз еті аппақ. Аяқастынан тынысым тарылды. Бас айналды. Ойбиу, маған не болды? Əрине ғой, кеше күн өтіп кеткен. Мынау соның əсері, соның кесірі... Тартпаның етке түскен ақтаңдақ табы секунд сайын үлкейіп, шапшаң келе жатыр – еңкейіп бара жатырмын ба сонда? Көзімді тас жұмып, қолымды жанта ласа ілгері создым. Əйтпесе қыз жауырынына алақан емес, ерін тиетінін сезе қойдым. Жылтыр да жұмсақ материя... Аспан айналып жерге түсіп тұрса да қыз арқасы сап-салқын... – Асан! – Иə... Жамал құмығып сөйледі. Параллель кластағы гимнаст қыз өткен қыста суретке түсем деп – түсіруші мен – қала түбіндегі ауылдан келген шалдың көрші аулаға байлаған биесіне асылғанда, ол құрғырың құлақты жымитып алып, азу тісті мейлінше шыныққан балтыр етке салып кеп қалып еді. Гимнаст қыз сонда тізерлеп отырып іштен тығылып, құмығып кеп жылаған. Ал Жамал бие тістемесе де, бие жығып кеткендей құмығып сөйледі. – Осы... Иса қандай жігіт? Қыз жауырыны алақан астынан сусып кетті. Мен сол минутта түк көрмедім, тек қарсы алдыма бақырайып қарай беруді біліппін. Атлант мұхитының ақ езу толқындары тайдай тулап жатыр. Жер шары өз осімен айналып тұр. Самолет Гималайдың үстін басып өтіп, Сингапурға бет түзеді. Тамтам үні қайта дүңкілдеп, күреске шақырады. Əлем өз бояуы өз əуенімен қайта табысты. Ал мен ширек сағат бұрынғы, бар болғаны он бес минут бұрынғы өз қалпымды, өзімді-өзім енді қайтып таба алармын ба? – ...ндай жігіт? – Қайталап сұрады. Тамағыма тас тығылды. Жұтынып қалдым. Тамағымдағы

тасты ғана жұттым ба? Мүмкін жанарымнан шығып үлгірмеген көз жасымды қоса жұтқан шығармын. – Кім? – дедім даусым қырылдай. Оның кім екенін менен жақсы білетін жан жер үстінде бар ма екен? – Исаны айтамын, Иса... – Иса ма? Иса алтын асық... алтын сақадай жігіт! – дедім де түрегеп, вагонға беттедім. Жамал қозғалған жоқ. Жамбасын қызыл жолбарыс жұлқылап, талап жатқан – джинс шалбар кемпірдің бетіндей мыж-мыж болып, əудемжерде төрт бүктетіліп жатыр. Мақтасы түйір-түйір жастықты құшақтай өз демімді өзім жұтып жатып, Қапшағайға келгелі бастан кешкен оқиғаларды біртіндеп, ойша тізбектей бастадым. Кешегі үңгір, Иса, бүгінгі Жамал хикметі... Түсініп болмайсың. Студенттердің құрылыс отряды... Əп-əдемі əйел – милиция лейтенанты, балалар бөлмесінің бастығы осы үш сөздің төңірегінде өткен жетіде сағат жарым жарапазан соққан. Бəрі де қолмен қойғандай ұғынықты еді. «Сені өз қатарына қосқан құрылыс отряды Қапшағай ГЭС-інде екі ай еңбек етпек... ГЭС – республикадағы ең ірі құрылыстардың бірі. Отряд мүшелері сайдың тасындай жаланған жігіттер. Студенттер ортасы, озат қауым арасы... Əрине, барған бетте қиындықтар кездеспей қоймас, бірақ бəрі де қол ұшын береді, далаға тастамай ды. Отряд командирінің қамқор көзінде боласың. Көп нəрсені үйреніп, көп нəрсеге тың көзбен карап, шынығып кайтарсың деген үміттеміз. Қапшағайда өткізер екі айыңды өз өміріңде бетбұрыс жасайтын айлар деп есепте». Балалар бөлмесінің бастығы солай деген. Мамам, көкемнің айтқан ақылда ры грамматикалық жағынан басқаша құрылғанымен мазмұн жағынан осы шамада шыққан. Бір ақыл жаман емес. Екі ақыл одан да жақсы. Үш ақыл тіптен тамаша! Көптеген дана адамдар өстіп айтып кетіпті. Сонша адам сендіргесін. алдыңгүні таңертең студент тер лықа толған автобустың есігін жаңа өмірдің есігі болғай деген тілекпен айқара ашып ем. Мен ашуын аштым-ау, ал сол жаңа өмір мені сөйтті екен деп құшақ жайып қарсы ала қойды ма? Мына қаңсыған өлкеде өткен үш күн бұл сауалға табан астында тауып, жауап қайтара ала ма? Көзілдірігінің астынан адамға қамбалаша қарайтын коман-

дир, əр қадамы құпия Иса, жамбасына қызыл жолбарыс жапсырған Жамал, ойылған алақандар... Бұлар жауапқа жарай алатын оқиғалар ма, жауап бере алатын адамдар ма? Білмеймін, əй, білмеймін, басым қатты, басым ауырды, белім сырқырап сыздайды, қарым талып тұр, алақаны құрғыр удай ашиды, ашиды... Қалғып кетіппін... * ...Жұмыстан оралған жігіттер шаң киімдерін қаққанда қанын, соққанда сөлін шығарып, сілкіп-сілкіп алды да, мойындарына орамал асып, өзенге жүгірді. Кіл жалаңаштар... Вагоннан алыстаған сайын бəрін өзен жағалап жөңкіген сағым шымыр-шымыр қайнаған қазанына салып жіберіп еді, əрқайсысы бұлдыраған қызғылт бағаналарға айналды. Жалаңаш бағаналар таңертеңнен бері аэродромдай жалпақ та жазық жон арқасын күнге тосып жатқан жалаңаш өзенге құлап-құлап кетіп еді, сақ-сақ күлкі мен су шалпылы, үзік-үзік айқай аспан астын кернеді. Иса өйтпеді. Ең алдымен пневматикалық балғаның шаңы жұқалап жұққан шалбарын асықпай тазалады. Жəне щет кіні сулап алып тазалады. Бəтеңкесін күнге шығарды. Көйлегін бүктеп, сөреге қойды. Тоқсан градустық тік тұлғасының сымбатын бұзбаған қалпы кеше орнатылған білік темірге қарай аяңдады. Бұлшық еті бұлт-бұлт ойнайды. Бұлшық еті шыныққандар аяғын оңға, солға, шығысқа, батысқа ерепейсіз лақтырғыштай еркін басып жүреді. Кітаптар солай деп оқытатын. Фильмдер сөйтіп көрсететін. Ал өмір дің адамдар мен адымдарға беретін бағасы басқаша ма дей мін. Бұлшық еті шымыр Иса керісінше абайлай, бармақ ұшы мен басып барады. Табанын ыстық құм қауып, күйіп қалма сын дегені. Тым епті, сауысқаннан сақ. Кейде шыдамай кете ме, өкшесін біздеңдетіп, жүгіріп, жүгіріп алады. Иса білік темірдің астына барып тұрды. Қит етсе арсалаңдап, əкесінің мойнына салақтап асыла кететін ерке баладай ə дегеннен білікке жармаспады. Алақанын құмға үгіп, балтырын сілкіледі. Кенет, ине жұтқан иттей имие қап, секіре қолын жазып, лезде білік пен жер арасында нүктесіз леп белгісіне айналып тұра қалды. Нүктесіз леп белгісі – Иса бі-

лік темірге атылғанда менің аузымнан: «Оһ!» деген лепті сөз қоса шықты. Иса қайқия қап, аяғын шірене аспанға лақтырды. Сол мұң, білік темір ерке-тотай баласының қолынан мықтап ұстап, ауада шыр айналдыратын көргенді əкедей бірқалыпты ырғақпен сом денені өз осінен дөңгелетті-ай кеп. Иса айналып-айналып кеп, жоғары көтеріле бере алақа нын жазып жіберді. Жебедей атылып, траектория жасай, анадай жерге дік етті. Қос табаны құм бетінен қос шұңқыр қаз ды. Сергек басып, суға беттеді. Судан шыққасын алаң ортасын кесе біздің вагонға қарай салды. Кітаптың сарғылт парағын бас алмай оқып келе жатқандай сап-сары құм бетінен көз айырмайды. Аһа! Жамал мен аспаз қыз Алтынға тиесілі көк вагонның тең бүйірлі төрт бұрыш терезесінің пердесі əп-сəтте ақ жəне қара екі үш бұрышқа айналды. Ағы – бір шеті бүктелген мата перденің жоғары бөлегі де, қарасы – бос қалған, ауа мен көлең ке жайлаған төменгі бөлегі. Вагон ішінің қаракөлеңке бола тыны – қыздар терезе, есіктерін күндіз-түні жамылғышпен тұтып қояды. Қапшағай қасқырдан да, аюдан да аман екенін білсе де тұтады. Шамасы, кешкі сағат оннан таңғы беске дейін терезеден баттиып қарап тұрып алатын Қапшағайдың саз бет қара түні – Қапшағайдың қара диюы боп елестейтін бол са керек. Сөз жоқ, іштен біреу Исаның əр адымын санап, ізін аңдып тұр. Мүмкін вагон ішінен таң сəріде сыртқа шыға алмай қорғалақтап қалып қойып, күні бойы қыздардың төсектерінің астын паналап, енді кештің түсуін күтіп, сыртқа шыға алмай отырған түннің өзі қараған шығар. Алаң ортасымен санын сабалап, құйын жүгіріп өтті. Перде жалп жабылды. Пердені үш бұрыштап көтерген қыз ба, түн бе, айыра алмай – бір басым екеу. Бас қатыратын ештеңе жоқ, əрине, Жамал. Исаның түк басқан балтырына вагон терезесінен қарап тұрып, жолбарыс жүрісті жігіттерден қауіп алмайтын Жамалды жек көріп қалдым. Төсекке құлай кеттім. Солай, жер болып, жеңілгенімді мойындау керек. Жеңіс иесі – Иса. Бригадирге теңелу қиын. Бюстгальтерінің түймесі ағытылған қыз, перде екі үш бұрышқа бөліп кеткен тең бүйірлі төрт бұрыш терезе, вагон ішіне жасырынған түн, əлде Жамал, əйтеуір бəрі мені Исаның астына салып берді. Солай, Иса біртоға, салмақты. Сырбаз. Əлде монтаны ма?

Кеуде қағып мақтанудан, қалқып-шалқудан аулақ. Өзін институт чемпионы деп естігем. Беттен ет жасайтын боксер деседі. Деген Əшір. Өзі беттен ет жасап жүргені жайлы ауыз ашпайды. Ауыз ашса, кеуде соғып мақтанса деп тілеймін іштей. Сонда: «Е, ыздиғаныңыздың бұты бес тиын, жігіт. Кəдімгі көп көпірменің бірі екенсіз. Сіз де кемшіліктен құр алақан қалмапсыз. Жамал сияқты қыздар оныңызды білсе ғой...» деп ойлар едім. Дер едім де бас терім бір кеңіп қалар еді. Амал не, Исаны төңіректеген пендеге бұл дүниеде бас терісін кеңіту жоқ. Ол бөспейді. Чемпиондығы түгіл, чемпион дар жайлы тіс жармайды. Аузын буған өгіздей. Əйтпесе ескерткіш. Кəдімгі алаң-алаңда көкіректері көк тіреп тұратын тасмүсін. Ал ескерткіштерден кемшілік тауып көр. Исадан кемшілік табу одан да қиын. Жастыққа бетімді көме түсемін... Сонымен Иса сырбаз, салмақты, сымбатты... Осыншалықты жақсы қасиеттерді бір адамның басына əншейін үйіп-төге салған тағдыр да əділетсіз. Бар тəуір қасиетті Иса басып отырып алғанда біз қайтпекпіз? Əшір, Бақтияр, кентавр қайтпек? Сəкі үстінде Азия сияқты тарбиып жатып жастықты қауып қалып ем, аузым матаға толды. Көптеген қажетті қасиеттердің қожасы – Иса вагонға кірді. Арасы қою көк түтінге тұнып тұрған елтірі шашын сипап, халқадар, көңіл күйімді сұрады. Қалтасына қолын сұғып, əлденені суырды да, алақанын жазды. Қошқыл қоңыр жал пақ тас... Иса секілді жігіт көрсеткесін тасты асты-үстіне ауда рып, ба далып кеп қарадым. Иіскедім. Жалай жаздадым. Кə дімгі шақпақ тас! – Əлі де анықтап қарашы! Тас бетінде көзге ілігер-ілікпес жіңішке сызықтар қатарланып түсіпті. Жапырақтың өн бойын шиырлап жататын жіңіш ке тамыр сияқты сызықтар... – Көрдің бе? Миллион жыл бұрын тас боп қатып қалған папоротник жапырағы. Мына құмды өлке ол кезде жайқалған орман болған. Біліп қой, бұл динозаврдың тісі тиген өсімдік. Жаңа жолай кешегі үңгірге кіріп шыққамын. Тапқан ол жам осы тас. Тілесең саған сыйлайын. Мектептегі табиғат тану мүйісіне тапсырарсың. Əйтпесе Қапшағайда өткен екі ай дан белгі еді деп қартайғанда елжіреп қарап отырарсың. Есікке беттеп бара жатып, кілт бұрылды.

– Мана аудандық штабтың адамдары жұмыс басына келіп кеткен. Устав бойынша құрылыс отрядындағы жасөспірімдер тек түске дейін ғана жұмыс істеуі керек екен. Бұдан былай жарты күн ғана жұмыс істейсің. Орныңа құрылыс басқар масынан жұмысшы бөлді. Бульдозерші. Біз уатқан тасты канал табанына итеріп түсіреді. Ештеңеге алаңдамай жақсылап демал, емдел. Ол шығып кетті. Мен төсектен аяғымды салбыратқан күйі отырып қалдым. Олда-білдə, мен осы көңілшекпін. Кім не айтса соған құлдық ұратын босбелбеуліктен басқа көңілшектік. Жылы сөз есті сем іш-бауырым езіліп жүре беретін көңілшекпін. Исаның ба сы на манадан бері қасықтап жинаған ызамды шөміштеп төк тім. Шөміштемек түгіл, қазанымен қоса ақтара салғым бар. Енді ше? Арнайы келіп, халімді сұрады. Тас болсын, па порот ник болсын, көңіл аулап сый тартты. Хал-жағдай сұраса Бақтияр, Əшір, кентавр ай қарап, жұлдыз санап жүр ме? Аз бола ма, көп бола ма, бір-екі күн иық тірестіріп, жұмыс істеп, қолғабыс, септігімді тигіздім. Ал олар... олар бас ауырып, балтыр сыздап жатқанда халімді сұрауға жарамады. Хал сұрайтын мықтылық қайда, шешініп тастап, су шалпылдатып мəз. «Устав бойынша құрылыс отрядындағы жасөспірімдер тек түске дейін ғана жұмыс істеуі керек екен... Ештеңеге алаң дамай жақсылап демал, емдел...» Əй, өзі ешқандай грам матикалық қатесіз сөйлейді. Бастауыш, баяндауыш, пы сықтауышы орын-орнында, ешқашан да бірбірімен ауыспайды, қызыл кірпіштей қаланып тұрады. Сүймен сұғып бұза алмайсың. Жік жоқ. Сүйменің не, пневматикалық балға да түк тындыра алмайтын шығар. Онысы несі екен? Түскі асты қолға алдық. Ассортимент – көже-көлмек, етсіз ботқа. Іштің ауруын құдайға тапсырып қойып, жұттан келгендей апырып-жапырып соғып жатырмыз. Қайтейік, аспазда жазық жоқ, бізде азық жоқ. Кентавр асханаға топыр лап кіргенімізде-ақ ұстамдылықпен: «Мұның өзі алғашқы күндері кездеспей қоймайтын уақ-түйек ағаттықтар жəне жүре тү зелетін кемшілік» деп түсіндірген. Жаппаның іші жанып тұр. Иық, арқа терілерін ультракүлгін сəулеге алдырып, қозғал ған сайын тыржыңдап отырған бес-алтаудан басқасы

белуар дан жалаңаш. Асхана терезесінен арпа ішіндегі екі бидайдың бірі – аспаз қыз Алтын жалпымызға да, жекемізге де еме шесі үзіле мейірбандықпен қарап тұр. Жіңішке бел, мықынды сары қыз бүйірі шығып, сүтке мықтап тойған бұзау аула ішіне қалай қараса, жаппа астына солай қарайды. Кеше кешке естіген Қарашолақ-Əшірдің сұңқылы есіме түсті: «Біздің отрядта екі гитара бар. Бірі – менің отыз екі сомға сатып алған жеті ішекті гитарам да, екіншісі – Алтын. Менің гитарамның ішегіне сан адамның саусағы тиіп, сан рет ойналды, ал Алтын қанша мəрте ойналды, өлтірсеңдер де білмеймін». Сонда Бақтияр бүлінді; «Басқа қанша адам ойнады, білмеймін, бірақ дəл саған Алтын ойната қоймайтын шығар». Оны қаперіне алса Əшір Əшір бола ма: «Сенің денең тауық етіндей тып-тығыз...» деп əндетті. Оған тек сөйлесе болды. Сөз ол үшін күніне ауызға ырғытып лақтырып отыратын витамин, яки анальгин секілді нəрсе. Əйтпесе аурып қалуы ықтимал. Оның денесі əр клетка сына дейін «Сөз»-бен əбден спирттеліп қалған. Айдалаға лағып, ауық-ауық сөйлеп алмаса оның басы ауырады. Алтын – гитара! Былай қарағанда мұнда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Бəріміз де қосанжар аттан құр қалмадық. Мəселен, Шыңғысхан, Маймақ, əйтпесе Қарашолақ, Ұйқыдағы ару, Кентавр... Біздің кластағы бір қызды Кəбира деп те шақыратынбыз. Бірақ көзінше шақыратынбыз. Ал Əшір Алтынның сыртынан айтып отыр, Ал көзінше: «Алтын. Алтынка, Алтыша...» Жалпы, Алтын тəуір қыз. Мейірімді қыз. «Алтын секілді қыздан жақсы əйел шығады» деген кешегі гитара туралы əңгіме соңында Иса. Оның көрсең былтыр барған шүйгін шөпті, аң-құсы мол, қалың орманды жайлау, табын-табын сиыр мен отар-отар қойлар есіме түседі. Жуаның кермек иісі танау ұрады. Əйтеуір тоқтықты сезінесің. Тек адамға сүтке тойған бұзауша қарайтыны жаман. Өзінен ылғи да сүт иісі жіңішкелеп жетеді де тұрады. Ондайлардың сол бұзау көзбен бетіңе қарап тұрып, тіке мөңіреп жібермесіне кім кепіл. Сүзіп тастауы да ықтимал. Əйтеуір осы қызға жуып кетсең болды, біртүрлі есінеп-құсынап, ұйқың келе бастайды. Алтын жігіттердің бетіне кезекпен мейірбан раймен қарай кеп, маған тоқталды. Тұмсығымды тəрелкеге тығып, тұқшыңдай түсемін.

– Кел, Асан, үстеме құйып берейін! Құп болады, Алтынжан, Алтынай, əйтпесе Алтышка! Үстемеге біз əрқашан дайынбыз. Жұмыс ауыр. Ертеден қара кешке дейін сүйменмен алысу, шəугім тастарды лақтыру... Жұмыс ауыр болса, тыңқиып тойып жүрген жөн. Əйтпесе денсаулық кемиді, көңіл күй бұзылады. Мамам бері аттанарда осы тақылеттес қағиданың онын қалтама салып берген. Қаншама керексіз, пайдасыз деп санасаң да сол он қағиданың кемінде бірін орындаған дұрыс. Болар бала сөйтеді. Тəрелкемді сорпаға меймілдетіп толтырғасын Алтын айшай жоқ, зəремді ұшырып, қолын шашымның арасына сұғып, сапырып-сапырып жібермесі бар ма. Шамасы, көз алдын қамаған кіл тақыр бастардан зерігіп кетсе керек. Иса, Кентавр, Бақтияр жəне менен басқасы келген күні кір-шаң ұстайды, күтуге қол тимейді деп бас салып, бір-бірінің шашын сыпырған да тастаған. Шеке тамырлары адырайып, құлақтары қалқайып, шеттерінен мұсылманға айналып шыға келген. Алтынның алақаны майда да жұмсақ екен. Басымды көтеріп, көзіне қарап ем, олда-білдə, маған шын, сізге өтірік, тоқ бұзау мөлиіп қарап тұр. Шыңғырып жібере жаздап, тіл тіс тедім. Басымды кегжең еткізіп ем, желкем тесіктің қырына сарт тиді. Бұрқ еткен көз жасымды жұта-мұта, тəрелкедегі сорпаны төгіп-шашып орныма беттедім. – Ха-ха-ха! Күлкі иесі – Алтын. Құдай Алтынды дене, бетке қоса күлкіден де жарылқаған. Жəне күлгенде де еш дайындық-əзірліксіз, бірден өте биік нотада бастайды да, кілт тынады. Ондайда күлуін күлсе де іле: «Осы мен неге күліп тұр мын?» деген ой басына сап етіп, күрт тыйылып қалатын болса ке рек. Жалпы, күлмей-ақ қойғаны дұрыс. Сөйлемегені жөн. Күл се, сөйлесе, қозғама. Алтын бірдеңені бүлдіріп алады. * Жаппа астынан шыға беріп, керіліп қойып, қарсы алдыма көз тастап ем, сабылған сағым өтінде жыбыр-жыбыр толқып жатқан құм төбешіктердің қойнауынан қоңыз домалап шығып келеді екен. Кəдімгі теңбіл-теңбіл ел қалай көшеді. Ел қалай көшедінің соңынан шұбалып шыққан шаң не шырқап

əуелемейді, не қайта шөкпейді, жерден сəл көтеріле қалқып, өркеш-өркеш болып қатып тұр. Жоқ боп кетіп, қайтадан қайқаң белге ағып шыққанда күміс мүйізіне қос күнді іліп алған ба, жарқ-жұрқ етіп, іле өшті. Күміс мүйізді қызыл қоңыз біртіндеп, қос бүйірі қампиған тайқы маңдай «Жигулиге» айналды. Қызыл машина сумақы иттей сыпылдап, қос ортасына кірді де, соңындағы тұнған шаңды бөксе-багажнигімен бір қағып тастап, лықси тоқтады. – АсанжанІ Өз көзіме өзім сенбедім... «Жигули» есігін айқара ашып тастаған көк көйлекті мамам құшағын жайып, бері жүгірді. Жыл асқан сайын жасара түсетін мамам, əдемі мамам, шырт етпе мамам, менің мамам... Тұмсығымды иығына тіреп тұрып, ежелден таныс сүт иісін іздеп едім, аңқыған əтір танау жарды. Мамам мені ана мен бала арасындағы сүйіспенші лік пен сыйластықты дəлелдеуге жетерліктей уақыт кеуде сіне қысып тұрды. – Жүдепсің... Жұмыс ауыр ма?.. Айтпап па едім... Тəбетің қалай? Қатты ойлап... Шыдай алмадық... Ұлым менің! Сен болмасаң кім... Ас-сианжан! «Ас-ианжан, Ас-сиан!» Құдай-ау, қайдан естіп ем осы бір шолжың үнді? Осы жуықта, жоқ, жоқ тап бүгін естігемін. Еһе! Жамал аузынан мана өзен жағасында шыққан сөз! Дəп өзі. Ақ шалбар ақ тор көз кеудеше, қоңыр кенеп туфли киген көкем сол үр жаңа қалпына қысылғандай бір қырындап кеп, ұялшақ жымиыспен қолымды қысты. – Хал қалай, Асан азамат? Соңында аюдың қонжығынан аумайтын біреу балағына жармасып, домалаңдап жүр. Қолы ербең-ербең етеді. Тəрізі, мені құшақтағысы бар. Милықтатып киген кепкісі – сірə, көкемдікі – бетін жауып алған. Маңдайшасын көтергенде барып, түймедей қос көз жылт етіп, кепкі астынан ағып түсті. Маймақ! Ешкімді оңайлықпен мойындай қоймайтын Май мақ! – Сəлем, Маймушка! Ол ұсынған қолды алмады. Аяғын алға тастап, бүйірін таян ды. Оймақтай аузын ашып қап еді, ащы шырыл құлақ тұн дырды. – Ішінде бес бөлмелі үйдің жатып алдың, Күлəшті мергендікпен атып алдың. Өзің бас бух. болғасын аяйсың ба,

Үнемдеумен тиынды «Жигули» сатып алдың. Ха-ха-хаІ Бала «Қыз Жібектегі» Бекежан ариясының əуенімен өлеңдетіп тұр. Əннен кейін Маймақ көкеме қарап, көзін қысты. Мамам күлді. Менің жүрегім айныды. – Мынаның, – мамам көкемді нұсқады, – бір қылжақбас досының үйреткені... Көкең көптен көздеп жүрген көлігін қолға қондырды, Асанжан. Тұрмыс-тіршілігіңді біліп қайтайық деп келдік. Алыстағы ағаға сəлем берем деп қыңқылда ға сын мына азаматты ертіп алдық. Көкеңнің қызыл тұлпарына көрім дігің қайсы, Асанжан? Мен үндемедім. Мұны өзінше жорыды, білем, мамам көкеме бір, маған бір қарап алды да, бəсең дауыспен үзіп-үзіп: – Ұлым, бұл «Жигули» түптің-түбінде өзіңе бұйыратын көлік. Өзіңнің көлігің... – деді нықтап. Мамам шайқалақтап алға түсті. Таспалап тоқылған жазғы туфлиінің биік өкшесі құм қауып қап жатса да, тігінен дік-дік түседі. Көкем соңда. Маймақ далбаңдап жүгіріп кеп, қолтығым ның астына сүңгіп кетті де, жымыраң-жымыраң күліп, қалтасы нан бір сомдық тиынды суырып алды. – Көрдің бе, бəлем-ау? Əпкем берді! – Əудемжерде кетіп бара жатқан мамама қарап қойды. – Өлеңді жақсы айтсаң тағы аласың деген. Жаңа қатырдым, ə? Əпкем таныстар дың бəріне өстіп сəлем бер деген. Асан ағаңа да сөйт деді. Мен біреу итеріп қалғандай теңселіп кетіп, тепе-теңдігімді əупіріммен əрең сақтап қалдым. «...Таныстардың бəріне өстіп сəлем бер деген. Асан ағаңа да сөйт...» Мамам үшін сонда таныс не, мен не, бəрібір болып шыққаным ба?! Шақырайған күн астында дір-дір қалтырап тоңып тұрған көкжиекке көңілсіз жүзбен қарадым. Бес жыл бұрынғы қыста өткен туған күн тойындағы көңілсіздің тағы да қара албастыдай екі иығыма мініп алғанын қорқынышпен сездім. Ол қорқыныш – мамамнан алыстай түскенімді, арадан анау айтқан шаң-шұң шықпаса да, елеусіз алыстай бастағанымды сезінген қорқыныш еді. Айтып-айтпай не керек, көкем де мені сағынғандықтан құрылыс отрядіне келмепті. «Мені үйден аттандырып салғандарына бар-жоғы үш күн; үш күнде

аяқастынан қыса қалған қай сағыныш, бұ келісі қай келіс?» – деп өзім де ойлап ем. Əншейін су жаңа «Жигулидің» алаөк пе қуанышы екен ғой мына сапардың мəнісі. Осының бəрі қалай басталып еді өзі? Ə, былтыр қам сыздандыру мекемесінен келген жылпос жас жігіт, иə, содан басталды. Сол жігіт жеңіл машинаның есіктеріне сүйеніп, сынық тұрған жас жұбайлардың түрлі түсті суреті басылған рекламаны стол үстіне тастап кетіп еді. Əлгі əйел мен еркектің жанында таңдайға түссе еріп сала беретін конфеттей əдемі бүлдіршін тұрған. Күліп жібере жаздадым. Жарадың, мама! Мықтапсың, көке! Жарнамадағы сол сыл қымдардан асып түспесеңіздер де құйрық тістесіп қалыпсыздар. Қазан аттай қызыл «Жигули», барын киіп, бақа нын асынған əйел, еркек жəне бүлдіршін... Ата-ананың уы сынан шығып кеткен Асан сияқты он жеті жасар қоңыр бозбала емес, бір сомға оп-оңай алдана салатын конфет секілді сүйкімді бала... Жаңа сатып алынған машинаға тіл-көз ти меу үшін кабина маңдайына іліп қоятын амулет маймыл қан дай, сондай сүйкімді бала... Көкем, мамам, Маймақ жəне қызыл «Жигули» – тап мына қалпында сол жарнама қағаздан ыршып-ыршып түсіп, вагондардың ортасына тұра қалған сияқты. Тек көлемі əлденеше есе үлкен жарнама қағазы... Қарадан-қарап ішім толып кетті. Күнқағарынан басып, Май мақтың қалпағын көзіне түсірдім де: – Шыңғысхан қайда? Шыңғыс... – дедім тығыла сөйлеп. – Ауылдағы атама кетті. Таудағы атама... Тауда бəрі көк. Тау – көк, аспан – көк, қарағай – көк... Шекеңнен күн солқылдатып соғып тұрса қайдағы бір тауда көк қарағай жайқалып тұр екен деп қайдан жырғай қалайын, сырт айналып, машинаға қарай тарттым. Кəдімгі «Жигули»... «Жигули!» Тіл үшіне жып етіп, қалайқалай жеңіл оралады, ə? Нақ бір əдемі жазылған əннің сөздерінен алынған дерсің. Қос-қостан тізілген төрт шамы қас сұлулардың көзінше күн сəулесіне шағылысып, жарқ-жұрқ етеді. Радиаторының никель белдіктері, дөңгелектері, əйнегі, кабинаны бойлай тартылған қапсырма темірлері бар, осы тұрқында «Жигули» тісін ақсита емен-жарқын к ү ліп, мəз-мейрам боп тұрған бақытты адамның кейпін елес тетеді екен. Мыңдаған жансыз вольт, гайка, шайба, подшип-

никтерден құралса да маңдайындағы əр затқа əдемілік қо сып, əсемдендіре түсетін қасиеті бар ма деп қалдым. Қызыл автомобильді қаумалай қоршаған вагондар тіпті шымқай жасыл, қызыл. Мамам мына машинаның қасында тұрса кемінде он жасқа жасарып сала береді екен. Əрқашан да біртоға, салмақты, деймін-ау, мүмкін жуас, өлез шығар, көкемнің де бүгін еңсесі биік, қабағы ашық. Маймақ бұрынғыдан да сүйкімді. Яғни темір-терсектен құралған бір жансыз, үш жанды төртеу – қызыл «Жигули» жəне көкем, мамам, Маймақ «Шат-шадыман көңіл жəне ерке» деп атала тын салтанатты симфонияның бір-бір ноталары тəрізді. Құдай біледі, апшыны қуырған аптап куə, біреу осы тұрған төртеудің көңіл күйін бейнелеп, симфония жаз десе, сөз жоқ, атын «Шат-шадымен көңіл жəне ағыл-тегіл береке» деп қойған болар едім. Е, бұл қызыл «Жигули» біздің үйдің жырына айналғалы қашан... Əр кешкі асты алдыға алған сайын мамам мен көкемнің арасында «Жигули» жайында əңгіме, ал əңгіме тереңдеп кетсе қызылшеке қақтығыс, дау-дамай туатын. Айтыс, əсіресе, көкем еңбекақысын алған күні лаулай түсуші еді. Əлқиссаны бастайтын, əрине, мамам. Онсыз да тап-таза стол бетін орамалмен ерекше бір қажырмен сүргілеген үстіне сүр гілей түсіп, елеусіз ғана күңк ете түсуші еді: «Көкесі, бүгін кассаға тиын-тебен салдың ба? Кезек те келіп қалды. Əйтеуір сол күні елге алақан жайып қалмайық. Əлгі право беретін курстарың қашан басталады. Автоинспекцияның жа ңадан келген бастығымен танысып, жақаурата беруді де біл мейсің...» Осы сиықтас əңгіме-дүкенді, амал жоқ, құлақ қа қорғасындай құйып отырып, сол сиқырлы «Жигулиді» əр түрлі бейнеде, қасиетте көз алдыма елестетіп, əлекке түсуші едім. Кейін «Жигулиді» көрдім. Іші-сырты жып-жылмағай көлікті көкемнің досы сатып алып, бəрімізді үйме-жүйме отырғызып, туыстарын аралап, көрімдік сұрап шыққан. Бұрынғы дау-дамай енді одан əрмен лаулай түсті. Біртіндеп «Жигули» ту ралы əңгімеге құлағым үйреніп, əбден етене болып кетті. Техникалық түстер көретін болдым. Түсімде «Жигулимен» – сатып алған екенбіз деймін – Тайбурылдай талай қырқалардың белін басып, ұшқан құстың құйрығын тістегемін. Ондайда қатарымда көрші кластағы гимнаст қыз отырар еді.

Көкемнің жазу столында жатқан «Автомобиль. Үшінші класты жүргізушінің оқулығын» оқып шыққасын ол автомашина ойша сан рет бөлшектеліп, қайта құралған. Келе-келе автомаши на туралы арман қалтадағы тарақ, əмиян, яки əр класс сайын қайталап оқитын «Робинзон Крузо» кітабы сияқты керек затқа айналғанын аңғарғамын да жоқ. Сол «Жигули» міне, төрт-бес адым жерде жұтынып тұр. Түсімде бұ шіркіннің дөңгелектері жерге анда-санда бір тиіп, мұз-шатқалдардан қарғып кете баратын дарақылау еді, мынау, байқаймын, одан гөрі əлдеқайда сылқым, сері, мəдениетті. Кейде əкесі шетелден алып келген қызыл джинс шалбарын құбылта киіп, үлкен көзілдірігін танауына іліп, тайраңдап шыға келетін гимнаст қыздай өркөкірек. Бəрібір, бəрібір төрт дөңгелекке артылған қызыл қорап көп қиялыма азық болған «Жигулиімнен» садаға кетсін! Біртүрлі мұғалім бес қоям деп тұрып, аяқастынан айнып, мол кеуде, жуан бөксе үшті қонжита салғандай қарным ашып қалды. Əлденені күтіп жапақта ған көкеме құтты болсын айтқамын жоқ. «Жигули» басқа үшін сыры көшпеген шыт жаңа жиһаз болса да, мен үшін, мейлі түсімде көрейін, мейлі қиялдайын, бəрібір, бəрібір гимнаст қызбен көк пүлішті орындығына нығыздала отырып алып, сан мың шақырымды ызғытып артқа тастап, тозығын шығарған салдама дүние. Жалпы, тіл алсаңыз, қиялдай көрмеңіз. Қиялдасаңыз болды, бүгін көрші кластағы гимнаст қыз көпе-көрінеу кереметтің құдіретімен Қыз Жібекке айналады. Ертеңінде əлгі жел қиялдан сейілгесін қарасаң, қайдағы Қыз Жібек, кəдімгі сұңғақ бойлы сары қыз. Сондықтан ертең көңілді, шат-шадыман жүргіңіз келсе бүгін қиялдай көрмеңіз. Қиял жиі алдайды. Əсіресе, ұйықтар алдында құйрық бұлғап кеп, қойныңа кіріп кетуге тырысатын қиял атты мысықты төсек маңынан қуып тастаңыз. Ол мияубайды еркелеткеннен гөрі – қиялдау деп ұғыңыз – басты көрпемен тас орап ап, қорқор ұйықтаған жақсы. «Жигулиді» бір жақтырмай, бір жақсы көріп, толқып тұрғанда көкем қолын иығыма салды. Оң қолы қызыл машина кабинасының есігіне асылыпты. Көкем мына қалпында тетелес екі баласын – мені жəне «Жигулиді» ерткен, өмірге дəн риза, бақытты əкенің нақ өзі! Сол қанатында тұңғыш ұлы – мен, оң қанатында күні кеше сатып алған кенже ұлы – қызыл машина!

– Обкаткадан өткізіп жүргесін саған келіп қайтуды ұйғардық. Моторы өгіздей күшті, ең соңғы үлгі! Зəудеқалам жарыса қалса «Волгаңның» өзінен қалыспай ма деп қал дым. Ауланың бұрышынан гараж соқпақпын, Арыстанға да жұ мыс табылды. Гаражы бар, «Жигулиі» бар, он мың сомды күзе ту итке үлкен абырой. Арғы сөзі құлағыма жетпеді. Тым аяйтын, яки жек көретін адамымның сөзі қашаннан зейініме қонып көрген емес – көкемді аяп тұр ем. Бес жыл бұрын қапалақ-қапалақ қар астында боздатып виолончель тартқан көкем, шот тастары жəне виолончель пернелеріне ғана əмірі жүретін жуас көкемді дəп бүгін мына «Жигули» көпе-көрінеу тартып алғандай сезіндім өз-өзімді. Ішім қан жылап тұрып, бір жағынан оның жан дүниесінде қай қорқау ұлып, қандай ит өліп жатқанын сезіп те тұрмын. Көкем осыған дейін жалғыз еді... Мамама ер, маған əке болса да қапалақ қар ішінде, қалың цифр ішінде маңып жүрген жалғыз еді. Мамам болса түрлі түсті телевизор, сервиз, гарнитур, хрусталь, кілемдер дүниесімен ішек-қарны араласып кеткен. Сол кіл жарқылдақ əлемнің ортасынан мамамды сүй реп шығу басқаның қолынан келе ме, жоқ па, кім білсін, ал жуас, жасқаншақ көкемнің шама-шарқы оған жетпеді. Мен болсам ертеңнен қара кешке дейінгі уакытты мектепке, мектептегі əртүрлі үйірмелерге, кинотеатр, кептер мен Арыстанға өт кізіп қойғамын. Пионерлер сарайындағы жас суретшілер үйір месіне қатысқаннан бері сабақтан соң түскі асты шалашарпы іше салып, келген ізбен кері қайтамын. Үйірмеден кейін кино бар. Сосын иə шаңғы, иə футбол... Кешке үйге қара саным үзілердей шаршап-шалдығып ораламын. Сабақ та қиындады. Алгебра, тригонометрияның арифметикадан, ал Дəркембай образының халықтығы туралы шығарма жазудың диктантты сүйреңдете салудан арасы жер мен көктей. Жолдас-жора да көбейді. Тек қасапхана тарихының тұ сында əжептəуір жақындасып, ұғысқандай болдық та, бағыты басқа-басқа желқайықтарша бет-бетімізге ажырап кете бардық. Алыстаған көкем емес, мен едім. Бірақ, бірақ... тым тез есейгеніме мен кінəлімін бе? Ал көкемнің кімі бар? Еріккендегі ермегі кəні? О, көке, сені менен басқа кім түсінуші еді?

Мен тəрізді сурет салып, кептер ұшырып, Арыстанмен алы сып ойнай да алмайды. Виолончелінің өзін көршілер сансаққа жүгіртіп, тəлтек ете бастағасын қолға алуды қойған. Мамамның оң жағынан шыға алмаған бірен-саран достары біздің үйдің есігін ашуды пышақ кесті үзген. Мамамның көңілі құп көргендермен көкем жұғыса алмады. Бір сөзбен айтқанда, мамама мүйіз – бұған киіз де, мамама киіз – көкеме мүйіз. Сөй тіп, өз отының басынан жылу таппай қыстығып жүргенде оның да айтқанына көніп, айдағанына жүретін көнбіс зат табылды. Ол – мына «Жигули», талпақ тұмсық, жылмаң «Жигули»! Рулін оңға бұраса оңға, солға бұраса солға бұрылады. Ұрыспай ды, керіспейді. Тек аптасына майлап, сулап, күніге жанармай құйсаң болғаны, қайда салсаң сонда жылпып тұр. Əйнегін жуу, босаған бұрандаларын қатайту, сына қалса жаңа бөл шек сатып алу – аткөпір ермек деген осы. Тіпті ішің толып бара жатса көршіңді шақырып ал да, аула шарбағына асылып тұрып, осы бір тоннадан астам темір-терсектің жайы мен күйі туралы əңгіме соғып, құмардан шық. Қорытынды – жұмыстан соңғы уақыттың үңірейіп бос қалған кем-кетігін толтырып кеткен «Жигулиге» көкем дəн риза. Бақытты! Жайына тыныш жүрмей көрінген қасапха наға от ала жүгіріп, педсоветтен педсоветке сүйрелейтін Асан ның орнына «Жигулидей» сенгіш те көнбіс «бала», серік тауып алғанына алақайлап, жар салмағанмен іштей мəре-сəре, Өзі секілді иі жұмсақ, тіл алғыш машина... О, көке, сені менен басқа кім түсінуші еді! Онда да бүгін ғана түсініп тұрған секілдімін. Көкемді «Жигули» тартып алып, жалғыздықты осы сəт керемет сезініп тұр ғанда ғана көкемнің ғұмыр бойы жалғыз боп келгенін түсініп тұрмын. Соған қарағанда «Басқа түссе баспақшыл» деген сөз рас болар. Əлде мамам көкемнің болашаққа даңғыраған үйде жал ғыз қаларын – бір жылдан соң мен де оқу іздеп кетемін ғой – оған да бір көңіл алдар ермек керек екенін сезіп, машина сатып алып берді ме?. – Ағасы, Асанды қасыңа алып, анау төбені екі-үш айна лып шықпаймысың? – деді мамам туфлиіне түскен шаңды қа ғып түсіріп жатып. Маймақты вагондағы қыздарға тастап, қайта оралыпты. – Ертең өзі ие болар дүниенің кілтипанын бүгін нен біле берсін де.

Көкем селк етті. Мамамның алдыңғы сөздерін жайбара қат тыңдап, жем жеген аттай сұлық тұр еді, «ертең өзі ие болар дүниенің кілтипанын бүгіннен біле берсінге» келгенде селк ете түсті. Əуелі «Жигулиге», іле бетінен боран бұрқы рап, жаңа көргендей, жаңа танығандай маған жалт қарады. Суық та жат көзқарас... Өз кіндігінен туған баласына емес, жауына қарайтын жат көзқарас... «Ертең өзіне тиер дүниенің»... Мамам бүлдірді! Көрдіңіз бе, мамамның айтуынша, бүгін кө кемнің астына тайпалып түскен қызыл жорға «Жигули» ер тең, ертең болмаса бүрсігүні оны сауырынан сыпырып тастап, маған басыбайлы дүниеге айналады екен. Нан мен су сұрамайтын сенгіш те көнбіс, адал деп тұрған қызыл маши на кім рулін ұстаса соның айтқанына көніп, айдағанына жүре тін опасыз боп шықты. О, көке, сені менен басқа кім түсінуші еді! «Жигули» тап бір жарып тастар қызыл қасқырдай тəлтіректеп, кейін шегінді. Автомашинадан көз айырмай қалтасынан «Көктөбені» суырып, бір талын қолы қалтырай тұтатты да, ұрты қомпаңдап бұрқ-бұрқ сорды. Шылым түтіні көзге шалынған жоқ: жеріне жете қызған ауа қолма-қол ерітіп, сейіліп, жоққа айналып кетіп жатыр, Жақ еті бүлк-бүлк ойнайды. О, көке, сені ұлыңнан басқа кім түсінуші еді! Тұнжырап тұрды, тұрды да; – Жігіттер, араларыңда машинаның тілін білетін кім бар? – деп күңк етті. Топ қозғалақтасып қалды. Сыбыр-күбір көбейді. Сəлден соң біреуі сытылып шықты. Бұйра бас Иса! Оқу бітіріп, офицерлік погонды жаңа таққан курсантша серпе басып көкем қасына келді. – Мен білемін, отағасы! – Шофермісің? – Правоны мектептен алып шыққамыз. Көкем туфли тұмсығымен құм бетіне ирек салып тұрып: – Мен шаршап тұрмын. Асан екеуің біраз сейілдеп қайтарсыңдар, – деді. Басын көтеріп, Иса екеумізге бұйырайын деп тұрған қызыл автомобильге қарап ап, маған: – Асан, құтты болсын көлігің! – деді өлген дауыспен. Екі-үш күн болса да өзі иемденіп, өзі мініп үйреніп қал ған дүниенің, бүгін басқаның, əсіресе, менің тақымыма тиге нін көрмеу үшін автомашинаға əдейі мінбей тұр.

Шынымды айтсам, көкемнің «Асан, құтты болсын көлі гіңе» дейін «ЛТА-81-10-ның» кабинасын солқ еткізіп отыра кету ге құлқым соғып тұрған жоқ еді. Онда да көкемді аяғандық тан. Бірақ кекесін иісі аңқып тұрған: «Асан, құтты бол сын көлігіңнен» кейін еш ойланбастан автомашинаға қарай аяң дадым. Қызыл автомашинаны менен аяса, мен аянамын ба? «О, көке, қызыл «Жигулиіңіздің» бауы берік болсын!» Бұл сөздерді естіртіп айтпадым, ал ой атты түссіз тақтаға жазып салғаным рас еді. Ыстықтан ісініп кеткен башпайларын туфлиге сұға алмай əуре-сарсаңға түсіп жатқан мамам еңкейген қалпы көкеме көзінің итімен қарады. – Бұл не еткенің, ағасы-ау?! Еңіреп тұрған дүние, мына бала байқаусызда төңкеріп алса қайтеміз? – Жаңасын сатып аламыз. Саспа, ақша – пішен. Мамам көкеме қадала қарап тұрды да, кілт бұрылды. Туфлиі қолында. Жалаңаяқ. Құмды қос өкшесінен кезек атқылап, «Жигулидің» артқы есігін айқара ашты да, отырғышта жатқан көк орамалды тамақ астынан шарт байлап, маған жалт қарады – о, мама, қандай əдемі едіңіз осы минутта! Ашуланса болды, мамам қашаннан əдемі болып кетеді. – Кел, Асан, отыр! Қыдырып қайталық. Өзекті жанға бір өлім. Қираса қиын болғанда сүйегіміз қоса шашылып қалар. Бұл заманда кімнің құны көк темірден артық дейсің. «Кімнің құны көк темірден артық дейсің...» Іш жиып қалдым. Менің де, Исаның да, оның ішінде мамамның өзінің де нарқы мына жан, қан-сөлсіз «Жигулидің» бағасынан кем түскені ме? Арыстай үш адамның құны бар-жоғы жеті мың сом ба? «Жигулидің» есігінің тұтқасына қол салып тұрып, мерекедегідей сықиып киінген көкем мен мамама кезек-кезек бұрылып қарадым. «Жигулимен» қыдыру үшін барын іліп, бақа нын асыныпты. Бала кезімде мені қолымнан тəй-тəй жетек теп, көшеге серуенге шыққанда да екеуі өстіп жайқалып киінуші еді. Енді оларды «ЛТА-81-10» жетектеп жүр. Басым салбырап кетті. – Отыр деген соң ыбылжымай отыр енді. – Мамам бұл сөздерді ақырын да анық айтты. Бірақ жекіріп ұрысқаннан гөрі өтімді, зəрлі еді. – Мам... – Одан əрі демім жетпей, сөзім бел ортасынан шорт үзілді. Дұрысы: «Көке!»– дегім келіп еді, қолқамды қапы рық

ауа қапты. Тынысымды тарылтқан ауаны қайраңда қалған балықтайын екі өкпемді соға жұтып тұрып, тұп-тура бес жыл бұрынғы, он екі жасқа толған түннің суық ауасы есіме сарт түсті. Бұл өткен шақ деген үйіңе бір түн қонып кетсе келер жолы есік қағусыз кіріп келіп, етігін шешпестен тапырақтап төрге ұмтылатын ұрда-жық қонаққа ұқсайды екен. Сол қыстың көктемге ұласқан түні боздаған виолончель ішектері нен пыр-пыр ұшқан саздың аппақ ноталары мен қапалақта ған қар қиыршықтарына араласа алыстаған көкемнен айрылып қалам ба деп зəрем зəр түбіне кетіп еді. Ол бір түбіне түйе бойламас зымыран түн еді. Көкем ол түні жалғыз еді. Əйтсе де мен жалғыз емес едім. Мен сол түні көкемді тауып, шын көкемді танып, шын қуаныштың таза ауасын жұтып едім... Ал мынау шақырайған тал түс мені қорқытуға айналды. Шақырайған тал түсте көкемнен көпе-көрінеу айрылып қа лып едім. Иə, иə, қорықтым – себебі əуе ашық, жер жазықта жалғыздықтың түс-тұстан анталай кеп, жағаға жармасқанын ішім қалтырай сезіп тұрдым. Жармасқанда қандай! Жаныма жа қын санайтын жар дегенде жалғыз адам бар еді. Сол маң дайға басқан жалғызымды, көкемді мына талпақ танау «ЛТА-81-10» сиқырлап қойғандай төңірегінен шығарар емес. Жал ғыздықтың құшағы қашан да тастай суық. Ыстық құмға тобықты толарсақтан көміп тұрып, табаннан өтіп, тас төбеме зырлап жеткен ызғар табын сездім. Бүйте берсе жалғыздық жағама жармасқанды былай қойып, күндердің күнінде жағамды қақ айырар. «Білмеймін, білмеймін, – деп ойладым «Жи гулидің» жұмсақ орындығына жайғасқасын шырма-шату айқасқан аяқтарымды жаза алмай жатып. Он жеті жасқа бүйтіп жайқалып толғаныңа болайын. Жыл өткен сайын жаңа дос, туыс табам ба деп үміттенсем, жылдар жоғымды жоқтамақ түгіл, барымның өзін тонап жатыр ма, немене? Жетегімдегі Арыстан қайда? Кептер ше? О бастағы қырық төрт əріпті əліппенің келе-келе мың сан ережесі бытысқан грамматикаға бастайтыны сияқты анық та түсінікті дүние уақыт өте ұдайы күрделене бере ме, қалай? Қызыл «Жигулиді» көргенде Иса аяқастынан неге құлшына қалды?

  • * «Жигули» құм төбелер етегін басқан борпылдақ жолды бауырымен сызып, салып-ұрып келеді. Шұқанақ-шұқанақта мөңкіп-мөңкіп алады. Қос көз ұшында лыпылдай қалқып тұр. Жөңкіліп аққан сағым мұхитының түбінде қалған абажадай вагондар аптап кəрінен қалай құтыларын білмей үйездеп тұрған өгіздер секілді. Қыздар жататын көк вагон электр найзаның үшінде кеткен баяғы қара бұқадан аусайшы. Өз салмағын өзі көтере алмай, төрт тұяғы – төрт дөңгелегін құмға көміп жіберіп, жыбыр-жыбыр қозғалып, өзенге қарай беттеп бара жатқандай. Біртүрлі тітіреп кетіп, басымды кілт бұрып, алдыма қарадым. Қамалаған құм күргейінен құтылып, жазира жазыққа шығыппыз. Иса газды аямай басып отыр. Бүткіл жер-жаһан – сол қанаттағы жусанды сұрғылт дала, қамшылар жақтағы төбетөбе құм, бұйра бас бұталар, құйрықтары ағараңдай ебедейсіз тойқаңдап қашқан тышқандар – түп-тұқияны қалмас тан ешбірі құтыла алмай кезекпен зымырап кеп, дөңгелек астына құлап жатыр, құлап жатыр. Қара сайтаны əбден ұстаған-ау деймін, Иса рульмен руль боп, тас қатып қапты. Білек тамыры білем-білем. Бізге бұ рылып қарамайды. Бар ынты-шынты «Жигули» жеп келе жат қан жол үстінде. «Жигулиді» де, өзін де аяйтын емес. Бет түк тері шығып кетіпті. Біртүрлі сескеніп кейін ысыры лып отыр дым. Айтары бар ма, мұндай адам қашса құтыла ды, қуса жете ді. Қашса – соңына, қуса – алдына түсірмесін деп тіле. Қатарында отырған мамамда үн жоқ. Редикюлін жүрегі нің үстіне басып, тігінен тік отыр. Байқаймын, бəріміз де желдей жүйткіген жылдамдықтың ырқындамыз, Бəріміз де қос басында қоздаған бір қорқынышты ойдың құшағынан қашып келе жатқан сияқтымыз. Жол жалықтырмайды десетін. Жұтынған «Жигулидің» ішін де шалқайып отырғанда тіптен жалықтырмауга тиіс еді. Көз талдырып қарай берсең жол жалықтырады екен. Есінеп тас тап, кабинаның əр шаршы сантиметрін көз бен көңіл сынынан өткізе бастадым. Бəрі жалт-жұлт, жарқ-жұрқ. Тілі дірілдей теңселіп, май көлемін, жылдамдық, уақыт мөлшерін, аккумулятор күшін көрсететін ампер секілді аспаптар бұйра бас Иса мен жел тараған балапан шашын қайырғыштаған

мамамның əдемі жүзіне бек жарасып тұр. Үшеуміз де «Жигулиге» қажет деген бөлшектерге айналып, орнымызды тауып, мықтап винттеліп, автомашинамен қоса алға зырғыған тұ тас денеге айналып кеткен екеміз. Ептеп көңіл күйім көтеріле бастады. Төрт доңғалақпен дала бетіне үлкен-кішілі екі жалпақ «О» əрпі секілді концентрациялық шеңберлерді таңбалап, кері бұрылдық. Үшеуміз де қостан ала шыққан наза-ызамен алысып отырып, жолды едəуір ұтып тастағанымызды аңғармаппыз. Ойма таз төбелер қосты мұқым жұтыпты. Еменжарқын жайраңдап кетпесек те үшеуміз төбемізге тегенетегене жеміс қойып көтеріп отырғандай сірескен тіп-тік қы зық халден ажырап, демді еркін алып, қоңыржай қалыпқа ауыс қандаймыз. Иса сол білегін кабина терезесіне артып, оң қолымен рульді емін-еркін шырқ үйіріп отыр. Мана айрылып қалардай он саусағын баранкаға жапсырып тастап еді, енді бас бармақ, балалы үйрекпен ғана шымшып ұстапты. Мамам ақ шаңқан орамалды сұқ саусағына орап ап, ұрт, көз ұштарына жұққан шаңды сүртеді. Туфлиін шешіп қойыпты. Соңғы жылдары репетсіз өсіп кеткен ұзын сирақтарым ұйи бергесін алдыңғы отырғыштың астына созып жіберіп, көк пүліш арқалықты жауырыныммен армансыз жаншимын. Сы зылтып ысқырдым. Жайшылықта ысқырық естісе қабақ қай шылап, кіржие қалатын мамамда үн жоқ. Иса кабина айна сын түзетті. «Жигулидің» бірқалыпты жұмсақ гуіліне құлақ ты салғырт салған мамыра-жай бейбіт қалпымыз бар. Қос басында «ЛТА-81-10» маңында туып кеткен егес елесін жəне сол түтін-жалынсыз өрттің куəгерлері – қыз-жігіттерді жоталар астына басып, үнсіз жатыр. Кабинадағы үшеу тайталасатын басқа сылтау жоқ. Қайта үшеуміз де «ЛТА81-10» сынды төрт доңғалақты тар қобди ішінде отырып, үшеуміз де іштей сезіп, ішің білсін əлəулай деп келе жатқан шуақты сезім төңірегінде бас түйістірген сияқтымыз. Ол сезім – тырбанған екі, төрт, санай берсе қырық аяқты жанжануар, бақа-шаяннан озып, бəрін артқа тастап, зымыраған өз жылдамдығымызды, өз артықшылығымызды түйсінген сезім еді. Қысқасы, кемедегінің жаны бір... Айта берсе жалт-жұлт кабинада өзіңді мəдениетті, асқан ізетті жан сезініп кетесің бе деймін. Қай тірліктегі ашу, ыза, реніш анау айтқандай мақтарлық тірлікке жатпайтынын

мой ын дайсың. Кабиналас көршіңе бұрылып, əдемі-əдемі əзіл дер айтқың келеді. Жалпы, «Жигули» мінген адамның қасиеттерінің сапасы, сөз жоқ, кем дегенде он пайызға артып кететін секілді. О, көке, мен сізді енді түсіне бастағандаймын! Жаңа білдім, жылдамдық шіркін жатқан сиқыр екен. Екі аяғыңа сенсең төбеңнен төніп, еңсе басатын тебешіктер қа зір теңселе қозғалақтап, ізетпен жол беріп, кейін шегініп қа лып жатыр. Əйнектен бас шығарып, төңірекке тесіліп ұзақ қара саң бүткіл төңірек қол ұстаса «ЛТА 81-10-ды» қошеметтеп, гимн шырқап, айналып жүргендей тамаша əсерге бөленесіз. Ол гимн, əрине, автомашинаның үзіліс жоқ, тыным таппас ұзақ гуілі. Шаш тарап, жағадан кіріп, тұла бойды салқын ерні мен еппен өбіп, сергітер самал желді айтсайшы. Шіліңгір ыстықта қостағы қыз-жігіттердің шекелерінен күн өтіп, табандарын құм қарып, алты айрықтарынан тер кетіп жүргендерін ойлағанда самалын да, салқынын да қатар сыйлаған «ЛТА-8110-ның» төрт доңғалағынан айналып кетпеймісің. Жігіт, жігіт ағасы, кекселерді қайдам, он бес, он алтыдағы бозбалалар таңын жаяу атырып, кешін жаяу батырады. Яғни қаз тұрып, тəй-тəй басқаннан өз қолың өз аузыңа жетіп, аулаңа автомашина, мотоциклді мүйізінен сүйреп кіргізбейінше тек екі аяғыңның амандығына сиынған өнімі жоқ саяқ тірлік. О баста балалар бақшасына, кейін мектепке салпаңдап жаяу тартасың. Алда-жалда экскурсия жасап, тау-тасты кезсең де, қыл аяғы қызбен қыдырсаң да сүйенерің сол он башпайлы күрек табан. Даланы білмеймін, облыс орталығындағы өмірдің сиқы солай – қасапхана тарихынан кейін ауданды тастап, облыстан орын тепкеміз. Сол қадірсіз көп жаяудың бірі – менің күн өтіп, күрек сабы алақан ойып, месел қайтқан кешегі-бүгінгі жүдеу шағымда тақымыма «Жигулидей» темір тұлпар түсіп қалған мына минутта көңіл күйім қандай болмақ? Əрине, басынан аяғына дейін тұнып тұрған жыр мен əн! Оның үстіне «ЛТА-81-10» үшінші кластық правосы бар Исаға, Қарашолақ – Əшірбекке, Ұйқыдағы ару – Бақтиярға емес, менің көкемнің, оның баласының Асанның қорасына кіретін мүкəммал-мүлік екенін бес саусақтай біліп отырсаң ше? Əне, сонда қайтпексің? Қайткені несі, төбең көкке жетіп, ауаны айдаһарша тартып ап, ұрт томпайта «Түрік мар шын» құйқылжытып ысқырмайсың ба?

Басты жерге салып жіберіп, «Жигулиге» қарсы шапқан бесалты вагон көрінген кезде сағынышты сылтауратып, «ЛТА81-10-ды» елге көрсету үшін жүгіртіп келе қалған көкемді де, ертең кабинасына өзім отырар машина руліне бізден басқа бөтен жанды жолатқысы жоқ мамамды да əбден түсініп үлгіріп едім. Түсінген адам кешіре де біледі... * «ЛТА-81-10» вагондар күргейлеп қоршаған алаңға оқыралаған сиырдай тасыраңдап кірді де, былқ етіп, бірден тоқ тады. Сап-сары жалғыздық алаңның бетімен-бет болып, шалқақтай жалқылдап жатыр. Манағы даудыраған қарақұрым топ жым-жылас: ыстық пен мелдектеп ішкен түскі ас бəрін вагонвагонға қуып тықса керек. Мамам кабина есігін шалқайта ашып түсе берді де, Исаға бұрылып: – Рульге бекем жігіт екесің, бауырым! – деді. – Рақмет, əпкей – деді Иса бəсең дауыспен, басын сəл иген ырым жасап. Неғыласың, өзің сұлтандардың сұлтанынша ұстады. Сосын мамам еңкейіп, іште отырған маған кабина терезесінен үңіліп, қызық мағынамен ұзақ қарады. Көзінен: «Міне, мына жігіттен үлгі ал. Көрдің бе, жап-жас болса да қандай салмақты! Мұндай жігіт болашақта пешенесіне жазылған үлесін құр жібермейді...» деген жазуларды оқыдым. Мен біртүрлі екі иығымды құныстырып, əдейі бүрісе қалдым. Қайтадан Исаға бұрылды. – Əдемі келін мен əсем «Жигули» саған жарасар еді... – Екі туфлиін екі қолына алды да, соңына бұрылып қарамастан қыздардың вагонына беттеді. Иса кабина есігіне қолын асқан күйі сұлық отырып қалған. Кабинадан шығып, табаным құм қызуын сезуі мұң, күн балқыған кірпігінің бір талын көзіме тастап жіберді. Өзен жағасында, алаң ортасында күнге қыздырынып жатқан аптап атып түрегеп, базарлық күткен балаша жалма-жан тап беріп, ып-ыстық құшағына алды. Иса бір аяғын автомашина доңғалағына салып, ойланып тұр. Көпе-көрінеу көңілсіз. – Көкең... директор ма? – деді қырылдап. Қиналып айтты. Көзі айдаланы кезіп жүр.

– Бухгалтер... – дедім көкемнің директорлық мансапқа жете алмағанына қысылып қалып. – Бас бухгалтер ме? – Иə... – Мамаң ше? – О да бухгалтер. Бас шайқады. Бір езулеп қана жымиды. Қабағы қайта кіржиді. – «Жигули» əлі-ақ саған бұйырады, ə? Солай ма? – Ежірейіп маған төнді. Иса емес, маған аш қасқыр қарап тұр еді. Кəдімгі тік құлақ көкжалдың өзі... Мен қорқып кеттім. Қорыққандығымды білдірмеу үшін жайбарақат, немкетті түрде иығымды қиқаң еткіздім. – Мен өз құлағыммен естідім – «Жигули» саған тиесілі. «Жигули» бар, əке-шешең бар. Енді саған не керек? Не керек, а?! – Кенет «Жигулидің» капотын алақанымен сарт ет кізіп салып қалды. – Не керек деймін? Сасқанымнан: – Сен керексің! – деппін. Ол төбесінен жай түскендей аңырып тұрып қалды, сосын көзін ежірейтіп, өз кеудесін нұқыды. – Мен бе? Мен де біреудің керегіне жараппын-ау. – Күлді. – Əке-шешеден ада, тұл жетім, əй, Иса, сен де біреудің керегіне жарапсың, ей! – Маған жалт қарады. – Жоқ, сендер маған керексіңдер. Сен! – деп, кеудемнен түртті. – Бəрің де! Қыл аяғымен «Жигули де» керек. Менің білгенім – көз жыпылықтату. – Бəрібір түптің түбінде «Жигули» сатып аламын. Не пропадет наш скорбный труд, во глубине Капчагайских руд... – деп күлді. Өз тізесін өзі кемірген кекті күлкі. «ЛТА-81-І0-ның» багажнигіне жата қап, ернін жымқырып, тапырақтай итер ді дейсің. Білек тамыры білем-білем. «Жигули» бір-екі адым алға жылжыды. Иса бойын жазды да, үсті-басын қақпас тан вагонға беттеді. Алыстай беріп, қарғып кетті де ауаны қақ айыра, қолын құшырлана сілтеп-сілтеп жіберді. Барылдап айқай салды. – Ио-хо-хо! Мен жағамды ұстадым. Құдай қолдағанда вагондардан ешкім шықпады. Бəрі де ұйқыны соғып жатса керек. Жалпы, түк түсінсем бұйырмасын...

Қыздардың есігі айқара ашылды да, ағал-жағал Маймақты көк вагон алаңға түкіріп тастады. Қолында қызыл алма. Оң жақ ұрты бұртия қалыпты. Қыздардың комодтарын ақыртақыр тазалап шықса керек, шамасы. Мені көре сала омартадан қашып шыққан қонжықтайын қамыт аяқтары əрлі-берлі ойқастап, бері жүгірді, ай-шай жоқ, мойныма асылды. – Кəмпит пен алмаңды алдым, аға-оу. Ана екі апай мені неге қытықтайды? – Вагон жақты иегімен де, саусағымен де емес, қампиған қарнымен нұсқады. – Аға-оу, кəмпиттеріңді енді қашан келіп алып кетейін? Бұл қасқаны үйде жүргенде дəндеткендігім соншалық ты, кім не берсе, соның бəрін Асан ағаныкі деп танитын қызық халге жетіпті. Қазір де қыздардың комодындағы алма мен конфетті менікі деп ұғып тұр. Күліп жібердім. – Сəрсенбінің сəтті күні. – Сəрсенбі? Ол қашан? Жүрелеп отыра қап, кішкене саусақтарын бүгіп, біртіндеп санай бастадым. – Бүгін сенбі ме? Сенбі. Одан кейін жексенбі. Дүйсенбі, сейсенбі. Сейсенбіден кейін сəрсенбі. – О, онда төрт күннен соң келемін! – Маймақжан қолын шапалақтап, тұрған орнында қосаяқтап секірсін кеп. Іле сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбіден кейінгі сəрсенбіде қалтасына түсер уыс-уыс кəмпиттің қарымын қалай қайтарудың амалын іздесе керек, аузы сүйірленіп, қабағының үстіне көлеңке үйірді. Арсалаңдап, менің тіземді құшақтады, түйме көзін көзіме қадады. – Сені ылғи көріп жүремін, аға-оу. Кеше де көрдім, – жағымпазданды. – Ау, кеше мені қалай көрдің? Сен өзің мұнда бүгін кел дің емес пе? – Бəрібір көріп жүрмін. Кеше папам əткеншек жасап берді. Тебуді үйретті. Теуіп едім, қайда-а, өзім ұйықтайтын үй дің төбесіне шығып кеттім. Ағаштардан да астым... – Көзін тас жұмып, қолын аспанға шошайты. – Əне, анау жерге жеттім. Сені, əне, сонда көрдім. Кішкентай жағымпаз бен құртақандай қиялшылдың мына тірлігіне іштей мырс-мырс күліп тұрмын. Бірақ өзіне білдірмеу керек. Білдірсең бітті – жатқан бойы өкпе.

– Мен не істеп жүр екемін сонда? Көзін тағы жұмды. Нəті, сол мезетте шынымен не істеуім керек еді, соны табан астынан ойлап таба алмай тұр. Көзін ашты. – «Міне, кəмпитті көрдің... Бұл сенікі, кел, алып қайт! – деп мынаны көрсетіп тұр екесің. – Жұмырығын жазып, алақанындағы қожалақ-қожалақ «Грильяжды» көрсетті. Кереметтей іші-бауырым езіліп сала бергені ғой; – Шын, шын айтасың, Маймақ, көрсеткенім де, шақырғаным да рас, – деп бауырыма қысып, бұлтиған бетінен сүйе беріппін. – Ұлым!.. Мезет... басымды көтерсем, қарсы алдымда көкем тұр. Жасқаншақ жанарында кілкіген мұң, маған арнаған мейір ме, əлде өкініштің өзі ме, мүмкін мойындау шығар, қалай айтса да сапырылысып, бір-бірімен мидай араласып жатқан толқу бар. Баяғы қапалақ қар жауған түнгі виолончелді көкем – қарсы алдымда сол көкем! Жалғыз қалып, менен кө мек күткен əлсіз көкем... Бой жазып, Маймақты жолдан ысырып, көкеме қарай қадам баспақ едім, жоқ, үлгіре алмадым, көкем үлгіртпеді, кері айналып, «ЛТА-81-10-ның» жүк сандығын ашты. Апан ауыз багажник көкемді басын иығына қосып, тістей қалды. Қылғи салуға шақ тұр. Ол оған қыңқ деген жоқ, күйбеңдеп багажникті ақтарды да, үлкен картон жəшікті алып шықты. Əлдебір қағаздарды қобыратып ашты. Желі үрленбеген резеңке қайық, қалаққа ұқсас қыздың баласындай əп-əдемі шағын екі ескек, насос, спинниг қармақ... Көкем қайық түтігіне насос нифлін бұрап əлек. – Өзен жағасында дегесін сатып алдық. Ара-тұра демалыста балық ауларсың. Өзің білесің, мұндай уақ-түйекке құмарлығым жоқ қой. Енді қол ұзарды, көлік бар, жазда алайбұлай сейілдеп шыға қалсаң кейін де əжетіңе жарайды деп мамаң дігерлеп болмады... Кел, үрлейік! Қуанып қалдым. «Дігерлеп болмаған» мамама риза мын. Суға шомылып, қайық есу, балық аулау – о, рақмет, көке, мама! Өзен жағасындағы, əсіресе, Іле секілді шалқар да кең өзен жағасындағы қайықсыз ғұмыр қарның шұрқырап жатып, қолсозымдағы сорпадан мақұрым қалған қол-аяқсыз томар тірлікке тең азап. Иса да бұдан былай, түстен кейін жұмыс тан мойның бос деп отыр.

Енді ермек табылды. Насосқа таскенеше жабысып, жел үрлеп жатқамын. Ке нет, иығыма тиген ауыр алақанның салмағын сезіндім. – Асан... Басымды көтердім. Көкем... Ол сабаққа баратын күні таң ертең мені ылғи өстіп оятатын. Қолы иығыма тиіп кетсе болды, қандай қатып жатсам да ұйқым шайдай ашылушы еді. Жүзі жылы, мейірбан. – Сен ұйықтап жүрген жоқсың ба, Асан? Аң-таңмын. – Ұйықтағаны қалай? – Сурет салуды ұмытқан жоқсың ба? Қағаз-қарындаш, бояуларыңды ала шығып па ең? Аузыма амалсыз құм құйылып, сасқанымнан төбемдегі шаңытып тұрған аспанға бағжаңдап қарай бердім. Не айтайын? Отрядта сурет салып, ерігуге қол тимес деп ойлағамын. Өйткені, құрылыс отряды жайлы кітап, газеттер тек жатқан бойы бас көтермейтін қырғын еңбек деп жазатын. Студенттер таңның атысы, күннің батысы тыным таппай кірпіш қалайды. Балшық илейді. Шатыр тұрғызады. Сарт-сұрт балға мен шеге, қалақшалардың тықылы жерге түспей тұр ған осындай жұлымыр əлемде ақ қағаз бен əлеміш бояуға кезек тимес деген оймен тастап кеткемін. Сурет салудың өзі қалай басталып еді? ...Баяғы қасапхана мəселесі педсоветте қаралып, ақыры құрылыс отрядына тіркелетінім шешілгесін біздің үйдегі виолончель кілем үстіндегі «тағынан түсіп», арзандатып сататын дүкенге түсіп кеткен. Ауданнан көшерде мамам: «Ескі жұрт тың пəле-жаласы осымен қалсын» – деп, бізге жымын білдір мей жарты бағасына сатып жіберіпті... Көкем ол мəселені есті ген күні мамам тарапынан: «Ботадай боздап, баланы бұзған сол неме», – деген келте жауап айтылды. Виолончельдің көзін жоғалтқанына көкем мысқал өкінген жоқ. Өзіне қаншалықты азап пен мазақ əкелген аспаптан құтылғанына қуанбаса қайғырмады. Ол едəуір көкем екеуміз қасапхана хикаясы үшін айып тартып, жүніміз жығылып жүрген тар заман тұсы-тын. Іздегенге – сұраған! Мамам шебіміз селдіреген сол қо лай лы сəтті барынша сарқып пайдаланып бақты. Облыс орта лы ғына көшіп келісімен мен Пионерлер сарайындағы сурет үйір-

ме сінен сопаң етіп бір-ақ шықтым. «Күй-сүй деп гөлейт теп өзіңнің де, басқалардың да басын қатырма! Көзге көрі нетін, қолмен ұстайтын іспен айналыс. Міне, бояу, міне, өшіргіш, ақ қағаз! Сыз, өшір, сыз, жыртып өшір, қайта сыз! Қысқасы, сурет сал! Суретшілер ақшаны күректеп табады дейді. Сыза берсең құдай қолдап, күндердің күнінде сенің де маңдайың жарқырап шыға келер». Онсыз да сурет, сызу сабағын кіл «беске» оқып жүрге сін келісе салғанмын. Əрі қасапхана мен виолончель төңі регіндегі кластас, көршілер арасындағы пыш-пыш пен жиналыстардың тойдырғаны соншалық, бəрін де – Арыстан, кеп тер, қара бұқа, қасапхана, Шыңғысхан дей ме, тобықтай түйінін айтқанда, қасапхана дуалының түбінде тартылған бір тал шырпы төңірегінен тараған оқиғаларды таза-тақыр ұмытқым келді, ұмыттыра алатын басқа мекенге ауысып, алды-артыма қарамастан қашқым келді. Сурет үйірмесі сол мекен еді... Сонымен аузымдағы маржан төгіліп қалатындай, көкеме жауап қайтара алмай састым. Не сөйлеп, не қойғанына мəн беріп жатпайтын балдыр-батпақ жастан ассам да, сурет салып жүрмін бе, жоқ па, ол мəселені айтқызбай, тілімді байлаған басқа себеп бар. Ол себеп – көкем көкірегінде кемері нен асып-төгіліп жатпаса да, маған деген жылу барын аңға рып қалуым еді. Шаршап-шалдығып, пəс қайтып жүргенде біреу жаны ашып, бастан сипамасын деңіз. Ол біреу жəне туғантуыс, жақын-жұрағат боп шықпасын деп тілеңіз. Біреу аяды екен, ендеше шынымен аяуға татырлық ауыр жағдайды бастан кешіп жүрмін деген ой сап ете қалады да, тіпті өз-өзіңді аяғандықтан бақырып жылап жібере жаздайсың. Көкемнің жаңағы жып-жылы сөзінен кейін соңғы екі-үш күнде көрген «қорлықтарым» есіме түспесі бар ма. Ел аман, жұрт тынышта кезбе құйынның киіз қалпағымды алақайлап ала қашуы, ауыр жұмыс, ойылған алақан, талған бел дейсің бе, Кентаврдың көзілдірік астынан зəрені ұшырып, мұздай қарып қарайтын суық көзқарасы, үңгір ішіндегі қиямет-қайым, Жамалдың түймеленбей қалған тартпабауы дейсің бе, бəр-бəрі көз алдымнан кезекпен шапқылап өтіп, лықсып келген наза тамағыма тас боп тығылды. Көрген-білген жақсылықтарды еске түсіруге тырыссам да, көзімнің еті өсіп кеткен бе, Исаның қамқорлығын, отряд жалауын көтергенімді,

дəрігердің алақанымды таңып бергенін таза-тас ұмытып пын. Арыз-арманымды ақтарып, аз күнде көрген көп қиындық ты көгенге тізіп, толып жүрген ішімді бір босатқым бар. Көкемнің сурет туралы сұрағы жайына қалды. Арыз-арманымды көкем алдында ақтарып салмаққа тас бекініп, ауыз аша беріп ем, ми қайнатқан ыстықтың əсері ме, ит мініп, ирек қамшылап, мүлдем басқа жаққа қаңғып кеттім. – Көке, виолончельді... неге сатты? – деппін сандалып. – Сатқан жоқ, саттырдым. Менің басыма виолончель əкелген пəле-жалаға сен жолықпасын деп саттырдым, – деді қылғына сөйлеп «ЛТА-81-10» қобдиынан шүберек суырып, əйнек сүрткілеп кетті. Қолы дір-дір етеді. Мəссаған! Виолончелді мамама көкем саттырды деген ой үш ұйықтасам түсіме кірсейші. Жеңінен тарттым. – Олай деме, көке. Сен... сен жақсысың, сенің жүріп өткен жолың да жақсы, көке. Іле өзіме ыза болдым. Сенің жүріп өткен жолың да жақсы... Жетістірдің! Жүріп өткен жолы жақсы болатындай көкем өліп қалып па еді соншалықты? Жалпы, мен нəзік сөйлей білмеймін. Суырылып кететін тұстарда ернім ерніме жуыспай, ебім қашады да тұрады. «Жүріп өткен жолы жақсы» көкем бұрылып та қарамады. Тек: – Есіңнен екі елі шығарма, ұлым, – екі дүниеде жақсылыққа жетудің жолын білмей жатып, жақсы болуға тырыспа, – деді күңк етіп. Сосын «Жигулиге» отырып, от алдырды. – Мен машинаны өзенге апарып жуып келейін. Мамаң шықса ай та саларсың. ...Көк вагоннан мамам, Жамал шықты. Қашып кетердейақ мамам дəрігер қыздың шынтағынан қапсыра ұстап апты. Төмен қарап, тынымсыз сөйлеп келе жатыр. Ол ұзын бойлы толық та, Жамал талдырмаш, аласа. Шешесі мен қызы дерсің. Вагон баспалдағында теріс қарап, резина қайықты үрлеп отырған мені олар танымады. Мамамның үні үзік-үзік естіледі. – Оң көзіңмен қарарсың... Ыстық өтпесе... Өзен де тиіп тұр екен... Бақылап жүрерсің... Дəрі-дəрмектен кемшін болсаң, та сып тастайық... Таныс-біліс бар. Мамам Жамалға айтып келе жатқан бұ шыбық тисе шыңқ етері кім?

– Қияли... Басы айнала ма, кім білсін... Аты жаман аурудың беті əрі. Қасапхана, қайдағы такатто... Қорқамын, сенсең, сон дай қорқамын... Құйрық-жалсыз жалғызымыз ғой... «Құйрық-жалсыз жалғызымыз... Басы айналады... Аты жаман аурудың беті əрі...» Мен туралы ғой, мен туралы мына сөздер! Мамам айтса айтқандай, бір сəтке басым айна лып, көз алдым қарауытып кетті. Өзімді осынша қасиетсіз екем деген ой осыған дейін үш ұйықтасам түсіме кіріп пе. Өзіңнің кім екеніңді білмей, басқалар білгеннен асқан қорлық жоқ екен. Баспалдақтан былқ-сылқ басып түстім де, екеуінің қастарынан өте шықтым. Сол сəтте, сол минутта: – Асан, тоқта! Тоқта деймін! – деген мамам сөздері маған: «Асан, кет! Кет деймін!» – деп естілді. Егер мені басы айналатын жындыға санаса, ең жаманы – жындысүрейге санайтынын маған айтпай бірінші кездескен Жамалдың ал дына жайып салса, жатқа санамағанда неткені? Кет дегенде ит те кетеді. Мен кеттім. Вагондарды талақ тастап шыққанмен барар Балқан тау қайда, сандалақтап кеп өзенге бəтеңке тұмсығын тіредім. Айдын беті əжім – толқыннан аман-сау, қамыс-қаудан көлеңкесінен де тап-таза, шашын жаңа алған жас баланың төбесіндей жып-жылмағай, өйткені, күн тұп-тура тас төбеде-тін, тым болмаса балық та шоршымайды, ұшқан құс та көрінбейді: айнадай жарқырап жатыр. Жоқ, алданыппын, тіл тістедім, кіреуке тұман жапқан көзім алдапты, айдын беті айнадай таза емес екен. Дəл өзен жағасында көкем «Жигулиді» суға салып қойып, жуып жатыр... Өзі бар киімін сыпырып тастапты. Қысқа шортты есепке алмаса лыпасы жоқ тыр жалаңаштың нақ өзі, жалаңаш көкем тыр жалаңаш қызылшақа «Жигулиді» өзен деп аталар кең шалқар ваннаға шомылдырып жатыр. Келісін білсе жуудың өзі тұнып тұрған жыр екен! Көкем маңдайына білтеленіп түскен шашын кейін серпіп тастауды да ұмытыпты: аспан құлап, жер сілкініп жатса да төңірегіне қарайлайтын түрі жоқ, бар ойы, бар ынты-шынтымен «Жигулидің» үстіне түсіп, соны өбектеп жүр. Қолындағы

су жаңа шелектің бөксесін əлсін-əлі жарқылдата су іліп алып, «ЛТА-81-10-ның» сауырын құлаштап кеп ұрады кеп, ұрады кеп, сосын еңкейе қап, тізерлей қап, ұшып тұрып капотты, буферді, маңдай əйнекті түкті шүберекпен қышырлата жанығып кеп сүртсін, сүртсін-ай... Жалаңаш көкем, қып-қызыл «Жигули», автомобильдің сауырына соғылып, шашыраған су құраған шелек сілтенген сайын бір жанып, бір өшіп тұрған алуан түсті кішкене кемпірқосақ – осының бəрі қансонарда ұмар-жұмар қауышқан қызыл түлкі, қара бүркіт, ақ қардың кереметіне тең келетін тамаша көрініс... Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға, аңдығанға-а... Мүсінші ең жақсы мүсінін, өлгенде басына орнатар ең жақ сы мүсінін өстіп, осындай шабытпен мұндай құнтпен қашайтын болар. Жо-жоқ, оның бірі де емес – ес білмеген, еңбектеп жүр ген шақта мені ваннаға отырғызып қойып, осы шабытпен, осы ыждағатпен жуындырған шығар. Өз ойымнан өзім шошып кетіп, қадам кейін шегіндім – сонда көкем үшін мен не, қызылшақа «Жигули», бəрібір екен ғой, тап қасына кеп тұрған мені байқамай «ЛТА-81-10-ға» шұқшиып жатса бір тонна темір-терсек, əртүрлі сым, гайкі болт, көк пүлішті жұмсақ орындықтардың құны менің бағамнан асып түсіп жатқаны да. Бойыма біткен бар күш-қайратымды, осыған дейін əкеме арналған бар сезімімді бойыма шоқтай жинап: – Кө-ке! – дедім құмығып. Көкем естімеді, əлде естірте алмадым ба, «Жигулидің» капотын ашып тастап, Еуропаның картасына үңілген Наполеонша мотордың ұңғыл-шұңғылына басымен сүңгіп кетіпті. Тек қысқа шорты мен түк-түк балтырлары ғана көрінеді, қалған денесін капот жұтып қойған. Қосқа қарай қайта қаштым, асхана алдындағы ет шаба тын жəркеш ағашқа сылқ етіп отыра кеттім. Қанша уақыт, қаншама ғасыр өткенін білмеймін, əлден уақытта маңдайыма ып-ыстық ерін табы тиді. Сүйір иекті, күн шалған бұғақ пен ірі гүлді көгілдір матаны көзім шалды – мамам ернін маңдайыма үйкеді. Қос қолыммен жер тіреп отырып, самай шашынан ақ іздеймін. Қылтанақ ақсыз тапа тал түсте төбемнен төнген қара түн – қара шаш...

– Ерте піскен қиярдан біраз тастап кеттік. Өзіңе сақ бол, Асанжан, сақ бол. Бас-көз болатын шешең жоқ қасыңда. Біз əлі келеміз. Келетіндеріне келіскен райда бірдеңелерді мұрын астынан мыңғырлаймын. Көкем арқамнан қағып, қолымнан қыс қан сияқты. Маймақ құлағыма сыбырлады. Мен түк те ой ламадым, түк естімедім. Ит қапқан адам не ойлаушы еді. «Осы жұмақта да ит бар ма екен?» – деп ойладым қаңғырып отырып. Мені көкем мен мамам ерткен «Жигули» атты қызыл ит қапты. Мамам, көкем, Маймақ сары сағымның бұлың-бұлың ағысын кешіп, қызыл машинаға – қызыл итке мінгесті. Қызыл машина суға батып бара жатқан қызыл шылапшын сияқты теңселе найқалып, біртіндеп еріп, алыстай бастады. Он – он бес минуттан соң сабылған сағым көкжиек атты кемері жоқ кең табаға түскен қасық басы қызыл майды – «ЛТА-81-10ды» шыжғырып жатты. Орнымнан созалаңдап тұрып, вагонға беттедім. «Жигули» келді, кетті, оған менің нем кетті. Өкінбедім де, өкпелемедім де. Кімге өкпелеймін. Өзіме ме? «Қияли... Басы айнала ма деймін...» Айналса айналатын шығар. Енді айнала бастайтын болар. Қазіргі жағдайыма қарағанда айналып та тұр ма деп қалдым. Вагон баспалдағына көтеріле бере көйлегін жүре киіп, сыртқа шыққан Исаға соқтығып қала жаздадым. Жанай өтіп бара жатып: – Сен қоста қалатын шығарсың? – деді. – Иə... Иса кішкентай қара нүктеге, автомобильге – қай зат, жан болмасын, алыстағанда қап-қара боп көрінеді – көзін қадап тұрып сөйледі. – Еңсесі тым түсіңкі... Əкеңді айтамын да. Ондайлардың астына машина түспесін де. Мөңкіп, жығып кетеді. Машина да адам таңдайды. Мына сөзі үшін атылып барып, бетін тырнап тастауға болар еді. Тырнағым келмеді. Біреудің бетін қан жоса еттім деп жүргенде ол өз бетің болып шықса ше?

  • * Үшеу – Иса, Бақтияр, Əшір өзен жағалап, көпір тіреуіне беттеді де, қалған қарақұрым топ жүк машинасына жапырласып мініп, ГЭС қалашығына қарай шаң шұбалтты. Қос басы тым-тырыс. Аптап шын сөзіне жаңа көшіпті. Шегіртке шырылы пышақкесті тынған. Ауа – күйік пен қаң сыған иістің қосындысы. Аяқ-табақпен алысып шаршаған Алтын аяғын еспе құмнан əрең алып, көк вагонға сүйретіле басып барады. Төсекке жантайғаным сол, жүрегім жиілеп соғып, тыны сым тарылды. Сүмек боп терлеппін. Маңдайға алақанымды басып ем, қызу бар екен. Кермедегі орамалды мойныма астым да, сыртқа шықтым. Суға малып, кеуде, маңдайға баспақ пын. Су құйылған бөшке тұрған асханаға беттеп бара жатып, не түлен түрткенін қайдам, көкемнің: «Сурет салып жүрсің бе, Асан? Қарындаш, қағаз, бояуларыңды ала шығып па ең?» – деген сөздері есіме түсті. Əзір аттанып кетсе де көкемді кере мет сағынғанымды сезіндім. Біреуге қимайтын секілдімін. Əке сін мың жыл көрмегендер мендей-ақ сағынар. Мен тек: «Сурет салып жүрсің бе, Асан? Қағаз, қарын даш, бояуларыңды ала шығып па ең?» – деген көкемді сағынғанымды түсіндім. Ал «Жигулидің» иесі – қызыл шорт киген көкем мен үшін бөтен, жат адам еді. Ауыз ашсам: «Көке, көке, қайдасың?» – дегеи айқай аспанды тігіс-тігісінен қақыратып, ортасына түсіретін еді. Айғайлап жіберемін бе деп қорыққанымнан орамалмен аузымды басып алдым. Бəрібір мың жылғы сағыныш бүйір түрткілеп, бой ұйыта шымырлатып келе жатты. Алақан қы шыды. Алақаным осы қағаз бен қарындашты тартып тұр ма са игі! «Сурет салып жүрсің бе? Қағаз, қарындаш, бояуларыңды ала шығып па ең?» Көкем сөздерін іштей күбірлеп қайта лап келеді екем. Расымен-ақ ыстықтың өтіп кеткені ме? Көзім құм бетін қыдыра келе асүйдің алдында сұлап жатқан құлашқа жуық қайың шөркеге түсті. Манағы өзім отыратын жəркеш ағаш. Алтын ет шабатын қайың шөрке. Көлденең де, қиғаш та, ұзынынан да айқыш-ұйқыш тиген балта барынша мылжалап бағыпты. Шалдың бетін торлаған бытшыт əжімнен аумайды. Қан сіңіпті. Асүйге кірдім. Жуылып сүртілген қасық, шанышқылар, үл-

кенді-кішілі пышақтар сөреде көмескі жылтылдайды. Нан ту райтын жалпақ та ұзын селебенің жүзін сипадым. Ойдан ойып, қырдан қыратын көк болатқа нан нəті ме, тəйірі, қайда салсаң содан шығып, қылпылдап тұр. Пышақты алып, сыртқа шықтым. Тіктеп түскен күн сəулесін қақ бөлген селебе жарқ-жұрқ етіп, көз қарыды. Селебе сабын қыса түстім де, неге екенін өзім де аңғармай көтеріп қалдым. Қақ алдымда беті быж-тыж қайың шөрке көлде нең түсіп жатыр. Сілтеп қап ем, жалғыз жаңқа зырқырап, адым жерге ұшып түсті. Құм үстінде бүрісіп жатқан жаңқаға ең кейіп, қол соза беріп... тұла бойым дір етті. Үлкен-кіші сақи налы өзектің жіңішке жіпшелері өрнектеген жаңқа Исаның дөң гелек көзінен аумайды. Енді жаңа көргендей шөркеге қайырылып қарадым. Тыртық беті көкке қарап, шалқасынан жатыр. Еш есепсіз, беталба ты тиген балта барынша қиқалапты... Жез қармақша майыс қан епті қол мен қырағы да байқампаз көз, өткір пышақ шөр ке бетінде бас түйістірсе ғой, құлаш ағаштан сан қилы бейне шығар еді... Қолымдағы селебе жүзіне қарап едім, дір-дір етіп, қайрат пен бұрқақ шабыт танытып, үсті-үстіне зырқырап ұшатын жаңқа тілеп тұр. Шөркені қолтығыма қыстым да, өзен жағалай жүріп кеттім. Қызған құмнан көтерілген леп бетті шалады. Астын қайдам, айдын беті қойдан қоңыр жуас. Балық шоршымайды. Шағала шаңқылы да жоқ. Əншейінде аспаннан түспей жағы сембейтін бозторғайдың қарасын қайда жоғалтқаны беймəлім. Апшысын қуырған аптаптан же ңілген дүние шалқасынан түсіп, етек-жеңін жинай алмай қыздырынып жатыр. Өзенге тұмсығын сұғып, су сімірген кертеш маңдай мүйісті айнала беріп ем, жалтыр шеке жартас етегінен қаракөлеңке ұйыған кісі бойы күңгірт ауыз көрінді. Еркін басып, үңгірге беттедім. 1 шілде, 197... жыл. Үңгір іші көзге түрткісіз қараңғы. Қол созса сол қараңғылықтың сіреспе қабырғасына соғып, саусақтарын сындырып алардай қою түнек. Он алты жасар бала кеше көміп кеткен сүйек-саяғына бүгін қайта оралған қанден күшіктей үңгір аузында емініп тұрды.

Үңгір аузында құлағы ербиіп, сəуле мұхитына малтыққан жарық дүниені қия да алмай, көлеңке əлем ге баса көктеп кіруге жүрегі дауаламай тұрып-тұ рып, қолын бір сілтеп, қайтып та кетер ме еді, қайтер еді, егер белгісіз жəндіктің өлеусіреген ызыңы іштен естілмесе. Үн еш қыбыр-қозғалыссыз ауаны, тұнба ауаны сыналай келіп, əзер-əзер үзілмей жетіп тұрды. Бозбала құлақ тікті. Ұзақ тыңдады. Кірпік айқастырмай бақырайған көздеріне жылы жарқыл жүгіріп, тас қымқырған еріндерін жымиыс табы жылытты. Кеше кешке Иса екеуі кіргенде тыным таппай құлақ етін жеген масаның үні. Дистрофик маса мұны, Асанды танып, тіршілік сигналдарын жолдап жатыр. Тырнаққа да тұрмайтын əлжуаз маса сайранды салып жүргенде мұ ның жауырыны аспанға шығып, нан сұраған жетімдей үңгір табалдырығында тұрғаны неткені? Батыл басып ішке енді. Көз үйренгесін үңгір ішін тұтқан түнек ғұмыры ұзаққа созылмады. Төңіректі қымтаған қара перде самарқау сейіліп, ыдырап бара жатты. Үңгірдің алыс бұрыш-бұрышында, қақ ортада көйлек-ыштансыз тырдай жалаңаш тоңқиған кілең безер қой тастардың ығына бұққан көлеңкелер үруге шамасы жоқ тіл-құлақсыз бір-бір иттерге айналып, бозбаладан көз алмай қатып жатыр. Қаз-қалпы кешегі көрініс... Тас қабырғалар, ортадағы қоламта орны, оның маңайында консерв қалбырлары... Иса үйірген таяқ анау жерде қақ бө лі ніп, қырқай түсіп жатыр. Масаның қанаты тал ды ма, үні өшіпті. Тым-тырыс. Бозбаланың бойы тоңазығандай. Құлағы шыңылдайды. Иығын құныс тырып, тітіркенді. Ол үңгірдің тұрақты тұрғыны – өлі əлемнің қара көкірегіне дем үрлер тірлік үнін та ғатсыз тосқан. Исаның кеше кешке аттандаған ай қайын аңсады. Арбаңдап аспанға қарғығанын көргісі келді. Айқай түгіл сайтан да жоқ. Құлаққа ұрған танадай тыныштық. Жоқ тіршілікті бозбала қолдан жасауға кірісті.

Ең алдымен ортасы ойық тасқа құйрық басты. Қолтығына қысқан қайың шөркені тізесіне сүйеді. Сосын қойнынан селебені суырып, сілтеп қалды. Шөркеден жаңқа ұшып, ағашқа жанасалап тиген селебе жаңғырығы үңгір ішінде дыбыстан көз ге кө рінбейтін иір-иір көрме құрды. Қуанышы қой нына сыймады – қараңғылық қойнауында софы басы сорайып отырған сорақы халден құтылды. Бір қалыпты қайталанған жаңғырық бар, одан ар тық не тіршілік белгісі керек? Тек сол тіршіліктің тынысы таусылмасын, демі үзілмесін деп тіле. Қайың шөркені біресе құшырлана қиялап шауып, бірде жалпағынан сыр-сыр жонды. Тас төңірегіндегі жаңқа аткөпір – біреуі екеуге, екеуі төртеуге, төр теуі сегізге еселеп көбейді. Мұрнының шуы лын, пысылдаған өз тынысын рақаттана тың да ды. Боз баланың бар ой-мақ саты – селебе сырылы, өз демі жəне пышақтың ағашқа тиген тақ-тұқ үні мен тыныстап тұрған тірші лік ғұмырын үзбей ұзар та беру... Көмескі жылтылдаған селебе кіруі бар да, шығуы жоқ ағынсыз қара суда бауыры мен арқасына кезек аунап бұлаңдап жүрген аққайран бейне бір. Қарасуды қыдырып жүзген аққайранның бұлқынысы бақандай екі сағатқа созылды. Қарының талғанын сезді. Селебе қолынан су сып, табан астына түсті. Тізесі дірілдейді, Қос жауырынының сайы мен маңдайын тер шылапты. Көзін жұмып еді, қызыл, жасыл шеңберлер тербелді. Арқасын тасқа тіреп, шалқайған күйін құлағындағы шуылдың тынуын тосты. Қалғып кетіпті. Біреу түртіп қалғандай болған соң оянып кетті. Сол екі арада көзі қараңғылықты жатырқап қалса керек, əуелі ештеңені көрмеді. Сосын тас қасына ұзынынан түскен селебе ағараңдап шалынды. Бұйра-бұйра қалың жаңқа жартылай көмген қайың шөркенің кедір-бұдыры ай қындала бастады. Бозбала ішін тартты. Қатарынан екі сағат сілтенген селебе қайың шөр кенің бетін адам кескініне айналдырыпты.

Шөркеден шабылған мүсінді тізесіне салып, ықтиятпен ұзақ үңіліп қарады. Мүсіннің қабағы шытыңқы. Ашкөз жанары шүңірейіп, ішке түсіп кетіпті. Ұрты қалта-қалта. Көкесі... Дəл соның өзі! Бірақ жүдеп, азған көкесі. Теріс айналды да, тұрып кетті. Айтып-айтпай не керек, ұрты қалта-қалта ашкөз көкесінен – мүсіннен көңілі қалды. Еңсесі тым түсіңкі екен... «... Еңсесі тым түсіңкі... Əкеңді айтамын да. Ондайлардың астына машина түспесін де. Мөңкіп, жы ғып кетеді. Машина да адам таңдайды». Иса ма еді осыны айтқан? Мөңкитін машинадан жығылып қалатын адам кімнің көңілінен шықсын. Ол көкесінің қабағынан налыс ізін емес, қайта қысылтаяң қиын шақта дем беріп, қолтығынан сүйер қайрат пен жігер іздеп еді. Қайың шөркеден шабылған көкесі ол қасиетті таптырмады. Күрсінді де, орнынан тұрып, балағын қақты, сыртқа беттеді. Селебе пышақ пен мүсін бас түйістіріп, құлап жатыр. Үңгір аузы – жап-жарық сəуле.

ТӨРТІНШІ БӨЛIМ Аспан аузы уылған баланың таңдайындай ақтаңдақ. Аптап сорып, кемерінен кеміген Іле саябырлап, аяң ағынға көшіпті. Момын. Əлде аяр ма? Ал төрт құбыланы түгел көмкерген көкжиекті кемерлеп жүгірген мың-мың оқжылан бірінің ізін бірі иіскелеп, ұдайы бүктетіле ирелеңдеп, мені айнала жөңкіліп жатыр, жөңкіліп жатыр. Не тоқталыс жоқ, не өзгеріс жоқ, бірқалыпты жы быржыбыр сағым толқыны... Жусаны мен қияғы күйіп кеткен құм төбелер бір-екі апта бұрын күмпиіп пісіп келе жатқан көмеш нан тəрізді қызғылт сары тартып еді, соңғы күндері қоңыр шала бастапты. Таңдай кермек дəм татиды. Күйік иісі кеңсірік жарады. Аспан атты аузы тас жабық тандыр пештің ішінде əлем бықсып жанып жатыр. Өзек талып, буынымыз құрып құлаған төртеуміз қазір кішкентай, кішкентай, кішкентай жəне кішкентай төрт төбеге айналғамыз. ...Əшір тарғыл тастың көлеңкесін жастана құлаған. Иса мен Ұйқыдағы Ару шланг іздеп, қарсы беттегі қызыл вагон ға кеткен. Мен сүт пісірімнен бері тұмадан су таситын шелекті бетіме төңкеріп ап, бейжай жатырмын. Ой, шіркін, о баста қасқыр тартқан қойша əртарапқа бытырап қашқанымен көп ұзамай жалғыз сөздің төңірегіне тоқтай жиналып, сеңдей соғылысады. Ол – аптап, аңқаны кептіріп, қолқа қапқан аптап! Ақтаңдақ аспан, аяр өзен, оқжылан сағым, көмеш нанға ұқсас қоңыр төбелер – бəрі-бəрі осы аптап атты зат есімнің синонимдері! Мырс еттім. Жалпы, менің жан сарайымның қабырғалары мрамор, əйнек, хрусталь тəріздес жарқылдақ материалдардан қаланған ба, білмеймін, төңіректегі табиғат-

қа қарасам болды, қайдағы бір əсем сөздер тіл ұшыма байлана кетеді. «Аспан аузы уылған баланың аузындай ақтаңдақ», «Аптап сорып, кемерінен кеміген аяр өзен», тағысын тағылар... Тым жарқ-жұрқтан кейде жалығатындығым сондай, кейде «аузы уылған баланың таңдайындай ақтаңдақ» аспанға қарап тұрып: «Аспан, ей, ақсың, кəдімгі ақ аспансың!» – деп айқай салғым бар. Айқай да салар да едім, бірақ көмекейден бəз баяғы: «Аспан аузы уылған баланың таңдайындай ақтаңдақ» деген сөздер шығатынын жақсы білемін. Кеудемді қайдағы бір күдіктер қамады. Көзімді ашпаған күйі қолымды созып, Əшірді түртіп едім... Ой, алла-ай, Əшір көзін жұмған күйі сыбырлай сөйлеп, сандырақтап жатыр. – Өй, əкеңнің... Əшір! Сенікі не сандалыс осы? Сөзің көп, ісің жоқ бейшарасың! Кеше ғой қызға бардың. Қу сөзден қуыр дақты қуырдың кеп, қуырдың. Қайдағы бір ғашық-машық өлімсіреген өлең оқыдың. Не болды, не тындырдың? Үйінен қуып шықты. «Ұйқымыз кеп отыр», – деді. Өйтіп беталбаты лақылдағанша: «Жамал, ей, жүр, өзен жағалап қыдырып қайтпаймыз ба? – демедің бе. Əрі қысқа, əрі нұсқа. Мылжыңсың, əй, жуық арада түзелмейтін мылжыңсың. Бетіңді ет қып жіберейін бе осы? Өй, біруыс бетіңді, Əшір! Шошып кетіп, қабырғасынан нұқып қалдым. – Оян, Əшір! Оян, дұрыстап жат! «Сандырақтаған» Əшірім «дұрыстап жатпақ» түгіл, басын көтерді де, бетіме бажырая қарап, күліп жіберді. – Мен онсыз да ояумын. – Онда балағатың не? – дедім сенер-сенбес. – Жай əншейін. Өстіп оңашада өзіңді əшіртіп, жерден алып, жерге салып, сөгіп алсаң ішің босап, бойың жеңілейіп қалады. Аналар келген жоқ па? Мен басымды шайқадым. – Əй, сен Жамал жайлы тісіңнен шығарма. Тісіңнен шығармайсың ғой? Басымды изедім. Ол шалқалай кетті. – Е, болды... Не айтпақ едің жаңа? Мен тым əсем де салтанатты ойлайтыным жайлы айтып бердім. – Қорықпа, – деді Əшір, – саспа! Есің дұрыс... Өз басым төңіректегі табиғат жайлы əсем ойлай алмайтын адамды

кем-тар жан деп есептеймін. А, жоқ, айтпағым басқа еді ғой? Қай сысы еді?.. Е, Еуропаның сен сияқты Асандары да сөйтіп ойлай ма дедің бе? Ойлап қайтсін... Ойлануға мұршалары да жоқ. Ызы-қызы қалада, у-шу машиналардың арасында жүріп мұрындарына су жетпейді... Қазаққа құдай сыйлаған мына көл-көсір кең табиғат оларда жоқ... Құм төбелер, жусан жартастар – жоқ, жоқ... Барының өзі қайшы-тарақтың астынан шыққан күтімді. Күтімділігі сондай көз тоқтамайды, көңіл сенбейді... Сол себепті қасында, көз алдында жоқ табиғат туралы ойлана алмайды. Ал сенде бар. Табиғат бар. Сосын ойланасың. Сондықтан да біздің романдарымызда табиғат туралы құлаш-құлаш пейзаж бар... Біреулер мұның өзі кемшілік дейді. Бұл кемшілік емес, жетістік. Бар табиғат ты бар деп əлемге жар салу керек. Біз Сараң сері емеспіз. Ұқ тың ба? Əшір мұның бəрін ыңырси созып, тоқталып-тоқталып, ая ғына əупіріммен əрең шықты. Соған қарағанда мына ыстық та сөз екеш сөздің өзі еріп, қоймалжың ботқаға айналып кете тін болу керек. – Ұқтым, – дедім. – Ұқсаң, қалғып ал. Мен шаршадым. Ана екеуі келгенше мазалама. Алғашқы күндерге қарағанда өмір бірқалыпты сарын мен суретке ауысқан тəрізді. Сүймен, күрек, пневматикалық балғамен жусанды беткейде пышылдап белдесеміз де жата мыз. Бірде сүймен, күрек, бірде біз жығамыз. Өзен бойын ылдилап соққан самалға маңдай тосып, таң сəріде тіреу орнына беттейміз. Көз байлана төртеуміз төбемізге құжынаған маса-шіркейден төрт қолшатыр ұстап, қосқа қайтамыз. Взвод, солдат секілді ұқсас күндер осы тірлікпен өтіп жатыр. Күн өзгермесе де біз өзгердік. Ақ құбалаң тобылғы торыға айналды. Тобылғы торылар бұл күнде шойын қара. Көк тасты қопаруға кіріскелі өз-өзіміз болып, бір-ақ күн тынық тық. Шындығына келсек, тыныққандар отыз жеті жігіт. Менің өмі рім болса, түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз. Яғни түске дейін тіреу орнында жүрсем, түстен кейінгі шаруам – ұйқы соғу, балық аулау, шимайлап сурет салу, аспаз Алтынға су əке ліп, отын жарып беру, «Студент дос! Үшінші семестрді табысты аяқтау саған байланысты» деген шамалас ұрандар жазу.

  • * ...Ақыры кірпіштей қаланған қоңырқай шақпақтастардың қабатын алып бітіп, түске қарай жік-жарығы жоқ тайғақ та жылтыр көк тастың тұтас, қалың жігіне жеттік. Сүймен сілтесең үшінен от жарқылдап, түтіннің жіңішке жібін тарқататын көкбет тас. Кері тепкен сүймен топшыны зыр қыратып, тіс сақылдатып, бетті қайтарып, қайта сілтеуге жү рек дауалатпайды. Бірақ сілтеуің керек. Пневматикалық балғаны қанша майлап, сайлап салғанымызбен жаңқа-жаңқа боп ұшқан аткөпір тасты есептемесек, бойлап кіре алмай құр қалшыл мен сартылдан басқаға жарамады. Сөйтіп, маңдайды тасқа ұрғандай боп отырғанда Самат Қалиевичтің жүк машинасы қосар каналды жиектей салып ұрып отыратын жол сорабын жеп келіп, беткей етегін баса тоқтады. Прораб пен шофер жерге секіріп-секіріп түсіп, қорапты ашып жіберіп, қарындашқа ұқсас алты қырлы, ұзын темірлерді сауды ратып лақтыра тастады. Сосын шофердің Самат Қалиевич тің қолынан самауырын секілді əлдебір аппаратты құндақтаулы баладан қатты еппен алып, жол шетіне тізіп қойып жатты. Қиядан тайғанақтай сырғып түсіп, қасына барған біздің бе тімізге Самат Қалиевич бас көтеріп қараған да жоқ, тізерлеген күйі теодолиттің гайкаларын бұрап отырып, иегімен əлгі айбақ-сайбақты нұсқады. – Мыналарды тіреу орнына тез жеткізіңдер! Жеткіздік. Прораб кеңи-кеңи кəдімгі шаршы тас алаңға айналған тіреу орнының ені, ұзынын сан қайтара өлшеп, теодолиттен əр бұрышын ұзақ сығалады. Маңдайына түсе берген шашын төрт саусағымен тарай төбесіне лақтырғыштап, қағаз түртіп, əлденелерді ұзақ есептеді. Алаңның құбылаға қараған қабырғасынан тас құлаттырды да, бəрімізді шақырып, қасына шырқ иіріп алды. – Дұр-рес-с... Бағыт дұрыс. Қуырдақтың көкесі де, атасы да, бабасы да əлі алда. Бүгінге дейін əншейін бой қыздырып сүйменге қол үйреттіңдер. Ана көкаяз тас əлқиссаның басы ғана. Алаңды əлі жеті метр тереңдетесіңдер. Тереңдеген сайын тас қатаймаса жұмсармайды. Əрі-беріден соң күрек, сүймен түгіл пневматикалық балғаны да шыбын шақ қан құрлы көрмейді. Онымен жауаптаса алатын ендігі техника –

жаңа өздерің тасыған перфоратор, – деп, табанының астында бір-бірін жастанып жатқан «самаурындарды» туфлиінің тұмсығымен түртті. – Перфоратормен тас бетінен тереңдігі бір жарым метрлік тесік – шуруфтар тесесіздер. Сосын оған жарғыштар аммонит толтырып, алаңның аяғын аспан нан келтіреді. Ал қираған тастарды пневматикалық балға мен бөлшектеп, канал табанына сендер құлатасыңдар. – Пневматикалық балғамен қиқалап, берекесін кетіргенше, ол тасты бульдозермен неге ысырып тастамайсыз? – деп қалды Иса. – Егер дайындаған мына алаңдарыңда трактор айнала алса... Қысқасы, алаң əбден кеңігенше пневматикалық балға, сүйменмен амалдаймыз. Бүгінше ауа трубасына ана шлан гіні жалғаңдар да, көктастың бетінен топырағын үр леп тастаң дар. Есебі, кешке алаң «ТУ-114» қонатын аэродром қандай, сондай тегіс болсын. Ертеңнен бастап бұрғыға кірісіңдер. Шуруфті қайтіп, қалай теседі, перфоратордың мі не зі, анатомия мен физиологиясы қандай, оны бақай-ша қайына дейін шағып, құлақтарыңа қорғасындай құю үшін маман жұмысшы бөлеміз. Тек қол қусырып, бас иіп, сый-сияпатпен қарсы ала біліңдер, – деп көзін қысып қойды. – Сонымен прорабтың ресми сөзі тамам. Əумин! – Тасқа құй рық басып, қалтасынан «Көктөбені» суырды. – Шылым алыңдар, жігіттер! Қарашолақ пен Ұйқыдағы ару қол созып, Иса екеуміз қалыс қалдық. Шылым тарту маған дарымаған талант. Даруы дарыған, бірақ кейін қайтып кетті. Мұғалімдерден жасырып шеккен темекі қашан да бұ дүниедегі соңғы шылымың сияқты көрінеді ғой. Өстіп құдай деп шылым шегіп жүріп жатқанда гимнаст қызбен биыл қыста мектеп дəлізінде бетпе-бет кездесе қалғаным. Барынша басынан аса жайбарақат та немқұрайды қарауға тырысып: «Кеше «Қыз Жібек» фильмін көрдің бе?» – деп лақ еткіздім. Жалпы, мен ішім жылитын қыздарға жолап кетсем болды, барынша нақты, қысқа, суық сөйлеп, кепкен нан секілді қатыр-құтыр ете қалатын ит қасиетім бар. Қайдан, кімнен жұққанын өзім де білмеймін. Сонымен гимнаст қызға қатыр-құтыр сөйледім. Қыз: «Бардым», – деді. Қатыр-құтырыма өкпелеген жоқ, өйткені, қатырладым не, қатырламадым не, оған бəрібір еді. Мақтады. Бекежандай жігіт, Төлегенді, қызық болғанда, мігіт деді. Кенет қыз жақ-

тан жіңішкелеп келіп тұрған темекі иісін сезіп қалмасым бар ма. Иіс жаңа ғана қасымыздан «Көктөбесін» құлаштап өт кен мұғалімнен қалды ма, əлде өз қалтамдағы «Беломор дан» шығып тұр ма, о жағын оншама парықтағам жоқ, əйтеуір аяқастынан ит жыным кеп, қызды да, өзімді де таңғалдырып, үн қатпастан тайып тұрдым. Раушан гүлден темекі иісі бұрқырай қалса қандай халді бастан кешірер едіңіз... Сондай халді бастан кештім. Келесі үзілісте қалтадағы сіріңкені де, «Беломорды» да қоқыс жəшігіне атып ұрдым. – Аз-мұз тынығайық! Самат Қалиевич көзін қысыңқырай шылым бұрқыратып отыр. Көз сығырайту – көбіне қымбат шылым шеккендер мен шахмат ойнап отырып, келер минутта атпен қырғын жү ріс жасайтындардың əдеті. Маған салса қымбат шылым түгіл, сигарет ішіне алтын толтырып шексең де тал түсте тартқан темекінің еш қызығы жоқ дер едім. Езуге қыстырған шылымды есептемесе шеккен-шекпегеніңді тап басып айырып алу да қиын. Аптап ерітіп жібергендей түтін түгіл түк те жоқ. ...Сонымен Самат Қалиевич сигаретті сыздықтатып шегіп отыр. – Аспан айналып жерге түскен ыстық мынау... Қапырық... Таңдай кепкенде су іліп алар бұлақ та анау қырдың астында жатыр. Жə, оны қойшы. Əңгіме – мына алаң тереңде ген сайын жағдайларың қиындай түседі. Жарты айдан кейін қапқа түскен тышқан құсап, тас қабырғалардың қоршауында қалмасаңдар арғы қолды бері əкеліңдер. Ыстық таба ға түскен майша шыжғырыласыңдар. Сонда қайтпексіңдер? – деп, тұқылды саусақ үшімен əудемжерге секіртіп жіберіп, жалт қарады. Теріс қараған Əшірдің жауабын жауырыны түсіндірді. Оңтайы түссе жауырын да сөйлейді екен. Жауырыны көрер көзге қушиып бара жатты. Бақтияр түк естімегендей есінеп-құсынап отыр. Өзінің бетіне, қимыл-қозғалысына қарасам болды, «Ұйқыдағы ару» ба летінің ырғақтары есіме түсе кетеді. Мықты министрлікте істейтін бөлім бастығының баласы деп естігеміз. Мына мəңгіруі алғашқы жұмыс күнінен кейін басталып еді. Зорығып қалса керек. Келесі апта бойы ұзын қолдары желсіз күнгі диірменнің қанатындай салбырап, екі қарап, бір шоқып,

күні бойы теңселді де жүрді. Сол теңселіс əлі сол теңселу. Аз күнде ыңыршағы шығып, сылып алғандай арып кетті. Қатардан қалмауға тырысқанмен тас нан емес, тастың аты тас, сазайын мықтап тартып жүр. Өзінің ойда жоқта отряд комсомол ұйымының секретарлығына сайланып кеткеніне əрі іштей таңырқап, əрі ұялады, шамасы. Қазір де тас жыртқан балтырын тыр-тыр қасып, ойылған алақанының жалбыраған терісіне үңіліп отыр. Мен тас қапшық жайлы оншалықты бас қатырмадым – ол заманға дейін кім бар, кім жоқ. Оның үстіне жарты ай дан кейін қайтетінімізді бес минуттан кейін Самат Қалиевичтің өзі де айтқалы отыр. Алдын ала жауабын əзірлеп қоймаса бүй тіп қадалып сұрақ қоймас еді. Иса да менің ойымды ойлап отыр ма, үндемеді. Айтқаным айдай келді, бес минут өткесін прорабтың өзі сөйледі. – Дұрыс, бəрі дұрыс, – деді даусын əндете созып. Мұнысы оның тап əзірде бізге қойған сұрағына өзі мана дайын дап қойған жауабын іштей құптағаны. – Қайтесіңдер, көр тышқанша əрі қарай қаза түсесіңдер. Кезінде біз де қазғамыз. Қазір қайрат қайтты, күш кеміді. – Екі жүз жетпіс бес сомдық «Орск-4» мұздатқышы секілді жалпақ жауырынына кекесінмен қадала қалғанымды сезді ме, сөз арнасын бұрып жіберді. – Күш кеміген жоқ-ау, шүкір, тоқсан килограмды қос қолымның ұшында ойнатамын. Ал кеуде кемірген уайымды қайтесің. Күнделікті қам-харекет, саруайымның салмағы тоқсан килограмнан асып түспесе кем түспейді. Жар тас басынан шаршап-шалдығып қайтқандарыңмен сендерді қос та əзір ас, жаюлы төсек тосып тұр. Біз ше? Біз əйелдің аузына қараған, əйелге күйеуге шыққан еркек жұрағатынан боламыз. Сегіз сағат чертежға шұқшиып, теодолит сығалағанға заманақыр, жер тақырды төндіргені несі деп іштей күлесіңдер, ə? Күлсеңдер бастарыңа келсін. Келеді де. Алашапқын жүгіріс жұмыста емес, жұмыстан кейін басқа түсетінін үйленгесін түсінесіңдер. Кім бізді үйде қол қусырып, қуырдақ куырып, қарсы алып отыр? Əзір ас па саған? Дайын төсек пе? Мынау керек емес пе? – Самат Қалиевич бас бармақ, балалы үйрек, ортан теректердің көмегімен сөлекет қимылдар жасады. – Кешіріңдер, жігіттер, ағала рың өз-өзін əнтек ұстай алмады... Жігіттер, тоқып алыңдар; екі

дүниеде бас теңдігін баяғыдан алған əйелден гөрі теңдікке қолы жаңа жеткен əйелге тəңір жолықтыра көрмесін деп тілеңдер. Бəленше ғасыр бойы еркекте есесі кеткен əйел аузы жемтікке жаңа тиген аш қасқыр ғой, аш қасқыр. Уий дегенің, бетіне зəр шауып жүзіне қаратсайшы. Ұзын сөздің қысқасы, жеңгелерің сызып берген жолмен қызметтен соң балабақшасы, одан гастроном қайдалап, екі өкпені қолға алып, құстай ұшамын. Қонақ шақырылған күндері тіпті қызылтанаусың. Сөмкені мойныңа іл де, шаппақ болсаң зымы рап бақ. Исатайдан айрылып, құсалықпен өтті күн деген дей, біздің өмір қос туфлиді қолтыққа қысып ап, үй – кеңсе – балабақшасы – гастроном арасын шаңдатумен жүріп жа тыр. Сендер ше? Жайлы жатақхана, стипендия бар. Төкпе ле тіп айына келетін үйдің тиын-тебені мұның сыртында. Айт пақшы, стипендияларың қанша сом? – Қырық, – деді Иса. – Аздау, – Самат Қалиевич басын шайқады. – Аз. – Ал сіз кезінде бұдан көп алып па едіңіз? Иса аңқауси қалыпты. – Аз алдық. Бар-жоғы жиырма екі сом. – Неғып өлмей қалғасыздар? – Өлмедік. Өсіп шықтық. – Темірден жаралған екесіз... – Иса енді ашыққа көшті. – Ол кезде есесіне кафе, ресторан, театр аз болатын. Сол аз кафе, театрдың өзіне аз баратынбыз. Туған күн бір жəшік арақ-шараппен емес, бір бөтелкемен аталып тынатын. Иыққа ілген жалғыз костюм майлық та, сулық та еді. Сендер жылына қос-қостап костюм сатып алмасаңдар күндерің қараң. Екі-үш костюм – екі-үш жүз сом. Күнара қыз ертіп баратын концерт, киноларың мұның сыртында. – Заман жақсара түссе біз айыптымыз ба?.. – Күңк еткен Əшір. – Айыптамаймыз. Заман тоқ, көйлек көк. Түсінеміз. Планета жастары солай киінеді, солай ішінеді. Ал солай киініп, солай ішінуге стипендияларың ылғи да жете ме? Үшеу – Иса, Бақтияр, Əшір үндемеді. Тегі мен секілді олар да аттың басы қайда бұрылып бара жатыр, аңғара алмай мəңгіріп отыр-ау деймін. – Жетпейді, – деді сеніммен Самат Қалиевич, – Əрине, қайдан жетсін. Ал алатын стипендияларыңа үйден келетін

тиын-тебенді қосқанда орташа есеппен сексен сом делік. Үш уаққы ас – үш сом. Сексен сомның басына сонда үш уаққы астарың-ақ су құйып шығады... Иса күңк етті. – Суша ағып кетеді. – Ал, киінуге, қыз-қырқын жорығына ақшаны жерден қазып табасыңдар ма? Бақтияр жиырма жылдық ұйқысынан əлі оянбапты, Оянған күннің өзінде бұл сұрақ министрліктің бөлім бастығы ның баласына арналмаған еді. Сұрақ кімге қойылды сонда? Əшір қалпағын шешіп қолына алды да, шыр көбелек айналдырып дөңгелетіп жіберіп, əлгінің айналысына қарады да отырды. Тоқтап қап еді, қайта дөңгелетті. Ақысы сонда қалғандай тағы қадалды. Исаның қалтырай қалған қолы жер сипалап жүріп, тас тауып алды да, отырған күйі тістеніп тұрып, құлаштай лақтырды. Жұқалап кескен тілім нан сықылды жалпақ тас секундта кішкене нүктеге айналып, ауаға сіңіп, көрінбей кет ті. Сосын Самат Қалиевичке көзінен жеккөрінішті жамырата қарады. – Біздің орта қалтамызды сіз толтырып бересіз бе, Самат Қалиевич... Сонша қадалатындай? Əшір айналған қалпағын тоқтата қойды. Сосын қолын дағы шошақ тасқа нығарлап тұрып кигізе бастады. Əй, қарашолақ десе, қарашолақ-ау! Қалай дəл тауып қойғамын десей ші. Жұмыссыз, іссіз, жай отырғанның өзінде қолы жыбыршып, тыныш отырмайды. Былтыр жайлауда түсте үйездей қалғанда құйрықтарын шипаңдатып, сауырын сабалап, сона-шыбын қағатын атамның қара шолағын қара, мұны қара, бəрібір. – Иса, сен жүз сом жоғалтқан жоқсың ба? Самат Қалиевичтің жүзі суық сора қалыпты. – Неге өйтіп сұрадыңыз? – Жүз сом жоғалтқан адам сен сияқты шақар, ызалы келеді. Жаңағы тыныштық тыныштық па, енді құлақ шыңылдайтын тыныштық орнады. Аспанды кішкене күміс кездіктей сыра тіліп өткен самолетті көрсем де үнін естімедім. Əшір шошақ тас төбесіне шоңқиған қалпағын майпаздап сипалай берді. Ұйқыдағы Арудың мойны ұзара түскен. – Жүз сом дейсіз бе? – Иса ойда жоқта қырылдап қалыпты. – Жоғалтқаным жүз сомнан көп. Өте көп.

– Қанша? – Самат Қалиевич дік ете қалды. – Мен балалық шағымды жоғалттым... – Сен... жетім бе едің? Мен өзім де жетіммін, содан соң сұрап отырмын. Иса жауап қатқан жоқ. Иегін созып жіберіп, қос тізесіне асып қойып, екі бүктетіле сағым жөңкіген көкжиекке қарап қапты. Қайнап жатқан сағымның терең тұңғиығынан нені іздеп отыр екен? Мен де бақырайып қарай қалғаныммен де, ештеңе де көре алмадым. Əшір сызылып сөйлеп отыр. Мына ойда жоқта ортамызда орнай қалған шиеленістің жібін тарқатпақ боп, əдейі сөз бастады, білем. – Қырық сом, əрине, жетпейді. Етігін қоныштан басып отырған əкеміз бар ма? Папочкасы без пяти минут министр мына Бақтиярдан сұрау керек, стипендня жете ме, жетпей ме деп. Бақтияр: – Əшір, сен, сен... – деп тіріліп келе жатыр еді, Қарашо лақ; – Мына ыстықта мозгамды майыстырмашы, – деп суырдың айғырындай шақ ете қалды. Самат Қалиевич қолымен қабағын көлегейлеп, күнге қарады да, орнынан түрегелді. – Жə, мен кеттім. «Əңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізеді», – деп, беткеймен сырғанай тайғанақтап кете барды. Əшір шырт түкірді. – Жаңағы прораб не деп кетті? А? Біз не дедік, домбы рам не деді? А? – Алақтап бізге қарады. Иса омырылып түсті. – Мазақ қып кетті. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш боламын деп ойламайды». – Сосын Əшірге жалт қарады. – Өзі онда сенің не жұмысың бар? Сөйлесе ауыз өзінікі. Біздің білетініміз – «Аяз, əліңді біл, құмырсқа жолыңды біл». Кəне, тұрыңдар! «Əңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізеді». Енді ұқтыңдар ма? Мен түк ұқпадым. Қырық сомдық стипендияның жайы қозғалды екен деп Иса мен Əшір неге зыр ете қалды? Самат Қалиевич неге сол стипендиясы құрғырға сұқтана қалды? Əйтеуір тұнығымызға бір тас түсті – соны жақсы білемін. Тіреу орнында бір оқиғалардың басы қылт еткен секілді – соны жақсы сеземін.

Жақсы сезім емес... ...Күн шыжи түсті. Пневматикалық балғамен тастарды қауын ша тіліп, көтеріп те, домалатып та алаң шетіне шығарамыз да, төмен қарай сорғалатып кеп лақтырамыз. Оллаһи, бар ғой, тас емес, тура от құшақтап жүрміз. Жалын ыстық тілімен бет жалайды. Жалтыр шеке жартастар мартен пешіне айналып кеткен бе, немене? Ағыл-тегіл аққан терде тоқтау жоқ. Бүйте берсе жуық арада Антарктида, Арктиканың аязы түсім нен шықпайтын шығар... Түс қайда, бұл күнде, дұрысы, түнде түс көруді де қойғамын. Қайдан көрерсің, шаршап-шалдығып келіп, басың жастыққа тиюі мұң, қор етіп қата қаласың. Алыстағы қиырларда күміс сауыр сансыз киіктер күміс өзен ге айналып жосылады. Енді бір қарасаң күміс өзенің не, сансыз киігің не, кəдімгі сабылған сары сағым! Сол күміс сағымның бір үзігі тоңқаң-тоңқаң тас көтерумен əуре Əшір екеуміздің арамыздан бұлың-бұлың ағып өтті де, Əшекінің жіңішке қамыт аяғы əп-сəтте отқа түскен сым секілді бұралып-бұралып майысып қалды. Əшірдің мінезі осы бұралып қалған балтырына ұқсас-ау деген қырсық ойға кеттім. Мына жалын ішінде сондай қырсық ой ойлап жүрсең уақыт та тез өтеді, шаршағаныңды да мезетке ұмытасың. Шартта-шұрт шақар. Тілі удай. Бала кезінде іші өтіп, оңбай ауырып, сол қорлықты əлі ұмытпай жүрген адамға ұқсайды. Əйтпесе аузында кермек дəм бар жуса кетпейтін. Сол кермек дəм ауыз уылтып, зар қақсатып тұрғанда басқалар «Мэри-члеримен» тісін қытыр-қытыр тазалап жатса қайтер едің? Қайтушы ең, мына дүниеге Əшірдің ашулы көзімен қарар едің. Жаңа да Бақтиярды жазықсыздан-жазықсыз қауып тастады. Əкесі министрлікте істесе Бақтияр кінəлі ме? Əкесінің айыбы не? Басқа түскен қиындықтың есебін өз бойы мыздан іздегеннен гөрі басқаға жаба салуға тырысатынымыз қалай? Өйткені, сол жол оңай. Тоқта, тоқта... Біреу қос қолдап құлақтан қондырып жібергендей басым айналып қоя берді. «Бар кінəны басқа жанға жаба салу опоңай... «Құлақ тұндырған осы сөздер еді... Кімге күліппін? Екі жыл бұрын қасапхана тарихының тұсында мен де Əшірдің кебін киген жоқпын ба? Менен басқаның бəрі бауырын жерден көтере алмай жорғалап қалған жандар боп көрініп-

ті. Мамам бая, көкем мен Арыстан ез, Шыңғысхан қияс! Бір жəне он метр! Не нəрсе, кімге болсын қара қылды қақ жарып, əділ бағасын айту үшін əуелі бір метрден, сосын он метр қашықтап кетіп сырттан қарағасын барып айту керек. Сол бір метр аудан орталығы да, он метрім құрылыс отрядына келу болып жүрмесін. Жалпы, Қапшағайға келгелі басқадан гөрі, өз-өзіме үңіле бастағандаймын. Əлде салыстыруға татитын озық ортаға тап болдым ба? Қарсы алдымдағы қотыр тасқа құмырсқа жабысып, өрлеп барады. Тырнақтай-ақ. Ара қашықтық шамасы он сантиметр. Белінен шымшып ап, көзіме жақындаттым. Он сантиметр бірге қысқарды. Ғажап! Құмырсқаның қыбырлаған қылдырықтай аяқтары лезде оңды-солды, жоғары-төменді зуылда тып үйірген жуан бөренелерге айналды. Зəрем зəр түбіне ке тіп, саусақты жазып жіберіп ем, алты аяғы алты бөрене дию жерге құлап, титтей құмырсқаға айналды. Мəселенки, алыстан қарасаң, Бақтияр жуас. Жуастығы сон шалық, алақанмен арқасынан салып қалсаң дүңкілдеген дыбыс қана естіледі, сыңайы. Қол-аяғы ұзын, серейген жіңішке жігіт. Сұрақ белгісіне ұқсас еңкіштігін есептемесең жə деген көрікті жігіт. Ақ құба. Үлкен қарашығы жай қозғалар қапқара көзі адамға биязы қарайды. Көз сөйлей қалса: «Тиіссең тиісе бер. Бəріміз де доспыз, жолдаспыз», – дейтін көздер... Мұндай махаббатқа толы гуманист көз Архимедтің маңдайына жазылған шығар. Жұмсақ қара шашын ұйпалап-ұйпалап сапырып жібергің бар. Жалпы, жағасын түзеп, көйлегінің түймесінен болсын ұстап, əйтеуір сылтау тауып тиіскің кеп тұрады. Бақтияр картоп сақтайтын погребте күн бетін көрмей аппақ боп, ұзара өскен əйеншек өсімдікке керемет ұқсас. Ал ондай өсімдікті бір жағы емешең езіле аяп, екінші жағы жұлып ап, лақтырып жібергің кеп тұрады ғой. Жалпы, нағыз қала балаларында көп кездесетін қасиет. Жұмысқа ынтасы қырғын. Əттең, оралымы, ебі аз. Отырса опақ, тұрса сопақ. Тасты көтергенде иық сүйектері шығып, киім ілгішке ұқсап қалады. Білек тамырлары лезде адырайып, тізелері дірілдейді. Біртүрлі Хеопс пирамидасын салған құлдарды есіңе түсіреді. Жұмсақ, жасқаншақ күлкісі бар. Əшірдің азуы алты қа рыс шақарлығын көбінесе осы жымиысымен жеңіп жүр. Өзін де жоқ Əшірдің сол мінезін ұнататын да сияқты.

Он метрден көрсең Иса екеуі бой, түр жағынан ұқсас та. Иса да ұзын бойлы, ақ кұба, қара бұйра шашты. Ал осы екеуіне бір метрден, жақын жерден үңіліп көр. Гипноз! Арасы жер мен көктей екі адам. Исаның тұтас құйылған сом денесі кере тартқан жебедей түп-түзу. Ылғи бір бұлшық еттердің қызғылт қоңыр жойқын толқынына қарап отырып, сүйегі жоқ па деп қаласың. Қаны бетінде. Қара бұйра шашы тұнған көк түтіннен ғұмыры арылмайды. Анда-санда көзімен көз қағыстыра қалсаң жанарынан клоун, яки крокодил қарап тұрғанын айыра алмайсың. Əйтеуір сұлу көз. Рафаэль, Тицианға Исаны көрсетсеңіз, кескініне бір сызық, салмағына бір килограмм ет пен сүйек қосып ала алмас еді. Себебі, онсыз да əбден жетілген дене... Ал Бақтияр ше? О, о, Рафаэльге де, Тицианға да Бақтиярдың денесінен жұмыс жетіп арты лар еді. Тұлғасы ылғи да түзетуді, толықтыруды тілеп тұратын жан. Кейде ол маған полотносын салуды бастаса да аяқтай алмай миы ашып жүрген суретші сияқты боп елестеп кете ді. Мына қызықты қараңыз. Əшір Бақтиярды «маубас» деп келемеждесе де, бертінгі кезде екеуінің арасында көзге шалынбайтын, көңілмен танитын қарым-қатынастың берік жібек жіптері тоқыла бастағандай. Қажай беруден жалықты ма, əлде Бақтиярдың қың деп тұяқ қимылдатпауын мұ қым жер болып жеңілдіге санады ма, қалай десе де Əшірдің əпігі басылыпты. Бір сөзбен айтқанда, бүгін аптап аузынан жалын атып тұр... Бір сөзбен айтқанда, «Құрылыс отряды» деп аталар əлемнің он қадам қашықтан қарағанда мен байқап үлгірген көрі ніс, мінез, нышаны мұның бəрі. Бір қадам қашықтықтың кезегі де көп ұзамай кеп қалар. Бірақ қашан? Ертең бе? Жарты ай дан соң ба? Қашан? Маңдайым терге бөгіп, қойтас түбіне бүгіліп отыра кеттім. – Не болды, Асан? Басың айналды ма? Исаның есепсіз үлкейіп кеткен көздері маған үңіліп тұр. – Бір жəне он метр... Мен... қазір, – деп кез келген сандырақты бората беріппін. Бригадирдің алақаны маңдайыма жабыса қалды. – Жарты сағаттай демалып ал. Қызу бар. Байқа, зорығып қалма. Басымды үсті-үстіне изей бердім. Иса тағы сүйменге жар-

масты. Шаңқай түсте шақырайған күн астында отырып, шешімі əжептəуір қиын ойларға баттым. Иə десейші, өткен үш жылдағы оқиғаларға бір жəне он қадамнан қарай алдым ба? Жо, жоқ... Мамам, көкем, Шыңғысхан, қыл аяғы Арыстанға да өзіме ғана ұнайтын жанға жайлы, қолайлы қашықтықтан қарасам керек. Өзімді жақсы атқа, оларды шетінен құлақтан тізіп, жаманатқа қалдыратын қашықтықтан, жалғыз немкетті көз салыппын. Мен осыған дейін өз ортама – мектепке, үйге, Шыңғыс хандарға бір қашықтықтардан, жақын қашықтықтан, былайша айтқанда бір метрден қарасам керек. Мына жазда құрылыс отрядына еріп, Қапшағайга келдім. Мұның өзі үйреншікті ортадан он метр алыстау деген сөз. Бір жəне он метр! Əр заттың, құбылыстың, адамның, жануардың шын нарқын тап басып білу! Япыр-ай, менің туған үй, өскен қала, ата-ана, Шыңғысхан дардан биыл жазда қашық кеткенім дұрыс болғаны ма? Мүмкін, мүмкін, өзгерген орта оларға деген көзқарасым ды түбірімен өзгертіп, басқа құпия да қызық əлемнің есігін ашар? Ол қандай əлем? Мына жігіттерге қай қашықтық, қандай қырдан қарап жүрмін? Бір қызынып, бір тоңдым. Қызық та қорқынышты... * Қоста дүниенің төрт құбыласы секілді төрт бұрышы бар хат тосып жатыр екен... ...«Жигули» төрт аяғынан тең басып жылпып тұр. Қит етсе фуражкасының күнқағарына қол тигізіп, талон тескіш мырт мінез автоинспектор жуықта руль, тормоз система сын тексеріп, кілтипан таба алмапты. Соңғы аптада мамам екеуі ауыл-ауылға қыдыра шығып, туған-тумалардан «Жигу лиге» көрімдік сұрап, шиналардың қышырын кетіріп қайтпақ. Əне, қол-аяғы өстіп ұзарды көке-мамаңның. Мамамның жү регі шəлкем-шалыс мінез таныта бастаған екен, дəрігерлер дің берген ақыл-кеңесі – жаяу жүріс, жаяу жүгіріс. Қалаға жақын тұратын, біз тұрған аудан орталығындағы Шыңғысхандарға да барып үлгіріпті. Машинаның көрімдігіне деп елу сом ұстатыпты. Қандай жомарт жандар! Маймақ аман-есен,

шауып жүр. Саған арнап, хат та жазды. Осы конвертпен бірге салып жіберіп отырмыз. Бір-екі кластас көшеде кездескен екен, көп сөйлесе алмапты. Бұл заманда уақыт дегеннің қаны жерге тамбай тұр ғой. «Жигулимен» қусаң да жете алмайсың. Құдай қолдаса құрылысшылар күні өзіңе барып қайтамыз. Көкем хатының қысқаша мазмұны осы. Конверттен айбақ-сайбақ жазуы бар бет жерге сусып түсті. Əупіріммен бір-біріне əрең сүйеніп тұрған кіл қиқы-жиқы, қисық аяқ, қыңыр мойын əріптер... Əріптер маған Маймақтың көзімен қарап тұрды. «Асан аға, көкем аман, мама аман. Сенің көке, мама аман. Машин аман. Арыстан аман. Бəрі де аман. Сен амансың? Бүгін сиырды қасқа бұзау емді. Мəһ-мəһ жедім ол үшін. Шыныаяқ сатып алдым. Шыныаяқтан сүт ішемін. Əнеугүннен сендемін (біздің үйде болдым дегені ғой қасқаның!). Таңертең бақшаларың түстім. Алма жедім. Алма шикі. Алмадан мынадай құрт шықты. (Қағаз бетіне кішкене иір-шиыр кұрт жапсырылып қапты. Почтадағылар мөрді тура құрт салынған жерден ұрса керек.) Сені күзде келеді дейді. Рас па? Асан аға келеді ме деп Арыстаннан сұрадым. Ол үш рет үрді. Көрші Аман ах девушка («Ах, эта девушка!» онысы) деген өлең үйретті. Сен келгенде айтамын, жарай ма? Сен алма үзесің. Мен оны жеймін. Мынау Менің алақанымның суреті. Кеше портфелім ауырып қалды (портфелінің бір бауы үзіліп қалды деп есептей беріңіз) дей келіп, бес саусағын тарбитып қағаз бетіне жапсыра салыпты да, ең соңында сияны ағызыптамызып шимайлағаны: «Ұйқым келді.» Аты-жөні де жоқ. Ұйқы мұрша бермей алып ұрса керек. Қу Маймақ, мекер Маймақ! Хе-хе! Ол бақ ішінде «Ах, эта девушканы» шырқатып тұрғанда менің ағаштан алма үзіп беруім жетпепті. Қу, айтпа, жылпып тұр! Аңқауға (мен ғой!) айласын өткізіп тұрып, əлгі аңкауды өліп-өшіп жақсы көретін Маймақтай мекерлерсіз өмірдің əрі қашып, өмір емес, өртеңге айналар. Маймақтың қиқы-жиқы хатын құшырлана иіскеп едім, сияға қоса алманың жұпар иісі мұрын жарды... Алманы аңсаған тісім сырқырап сала берді. Алма бағы... Қазір əбден толған алмалар қос бүйірін күнге кезек тосып, тəулік асқан сайын қорғасындай ауырлап, бұтақтарды ие түсіп, қызыл өң ала бастаған шығар. Жаймалы төсекті бақ ішіне салып тастап, түні бойы

жапырақ пен алмалардың арасынан шыға алмай адасқан жұлдыздарды санайтын былтырғы күн қайда, мен қайда мын! Тас төбемде ілініп-ілініп тұрған алмаларды жұлдыздарға қоса қол созып жұлып ап, қарш-құрш күйсеуші едім. Тұмсығын бауырына тығып, үлкен «О» əрпін құрап, қасымда жатқан Арыстан қыңсылайтын – түсінде о да өңінде өмірі қолға түспейтін лағыл жұлдыздарды қатыр-құтыр кеміріп жатыр ма, кім білсін! Құйрығы қайқы, салпаң құлақ жетінші атасын түсінде көріп, сəлем беріп жатыр ма əлде? Итке салсаңыз аспан не, ас құятын əйдік табақ не, жұлдыз не, өзі мүжитін жіліктің асықтары не, бəрібір шығар. ...Шаршағанымды ұмытып, сергіп қалдым. Сергіткен Маймақтың хаты. Осы Маймақ шіркінді көрсем болды, жалы желбірей ойнақтап шапқан құлынды елестететінім қалай? Хатын оқып едім, дəп құлағымның түбінен құлын шіңгірлеп кісінеді. Онысы несі екен? Үй ішін, Маймақты өлердей сағынып кеттім. Жүгірген бойы вагонға кірдім де, əнеугүні көкем əкелген резина қайықты сəкі астынан суырып алдым. Баттасқан шаң... Сүртпедім. Біздің көшенің, көкем, мамам, Маймақ, Арыс танның үсті-басына, жүзіне қонған қымбат шаң ғой бұл. Сатып алынған соң бұл қайық құрығанда біздің сенекте үш-төрт күн жатпады, біздің үйдің шаңы қонбады деймісің. Қайықты құшақтап, сыртқа шықтым. Өзен жағасы қан базар. Жігіттер суға секіріп сүңгіп, шыққандары жағада құлақтарына кірген суды сыңар аяқтай секеңдеп төгіп мəз-мейрам. Қарқ-қарқ күлкі мен қалжың қоянқолтық арпалысып, итжығыс түсіп, жағажайда аунап жатыр. Жарты сағатқа созылар аз қуаныштың биік ноталары бұл. Ал аз қуаныш қашаннан да қызулы да қымбат. Қысқа өлең, қысқа сөз де, қысқа əн де солай. Ал қысқа сурет бола ма? Қысқа тағдыр да қымбат па? Желін үрлеп, итеріп суға түсіргесін би алаңына шыққан бозбаладай селкілдей қалған қайыққа мініп, ескекті қолыма алдым. О баста денемді билей алмай қолым ербеңдеп, алақанына он сом қыстырып, ойыншық дүкеніне кірген жас балаша төңірегіме алақ-жұлақ қарағаныммен көп ұзамай оң-солды айыруға хал жетіп қалды. Ерепат қуаныш бет машиналарын бұзып жіберген бастар мен су бетін əр жерден

тескен қоңырқай көсеу білектерді, атқақтаған су тамшыла рын, бірде-бір дыбысын айырып алу қиын айқай-шуды қақ жара, суға кетіп өлген негрдің жалаңаш арқасы тəрізді құм дауыт аралға қарай салдым. Жағалаудағы у-шудан қашып ба рып, спинниг қармақпен өз бағымды, шабақ, сазан атаулының сорын сынамақпын. Сондайлық игі мақсатты ойласаң, сол ниетің шын ба, жалған ба, орындау ниетінде не істемексің, мызғымас мұрат шыл ма едің, жоқ, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскен босбелбеу ынжықпысың, соны безбендеу үшін алдыңа қайдағы бір қисыны жоқ кедергілерді көкбестідей көлденеңдетіп тоса қоятын тағдыр да тым қырсық. Су бетінде тырбаңдап, қайшыалысқан қоңыр қызғылт денелердің қамауын бұздымау дегенде қайықтың дəл қара тұмсығының астынан ұзын шашты мақұлық судан сопаң етіп шыға келді де, ай-шай жоқ, ернеуге жармасты. Құтты дүкеннен жаңа ғана сатып алып шығып келе жатқандай борт жиегін қолтығына тас қысып алды да, бетін жапқан шашты қақ айырды; Жамал тісін тізіп тастап, күліп тұр. – Қайығыңа да, қармағыңа да ортақпын, жас жігіт! Қолымды создым. Тұмсыққа отыра кеткен қызға: «Бадырақ көз, сен тимесең мен тимен-ді» танытуға тиіс тəуелсіз түр мен (дұрысында солай қараған шығармын деп ойла дым) қарап ем, шүкір, бұл жолы тартпабауы түгел түймеленіпті. – Байқа, суға құлап кетіп обалыңа қалмайын! – Даусым қасаң шықты. Менің қайығыма отырғанымен, менің сөзіме құлақ ілген Жамал жоқ. Алгебралық топтамалау əдістері жайлы сөйлеп тұрған мұғалім класс терезесіне тиіп тұрған бұтақта қырғын ойын салып жатқан торғайларға жапырыла қарап қалған оқушылардың алдында өзін қалай сезінсе, мен де өзімді дəл осы сəтте Жамал алдында солай сезіндім. Су бетіндегі көп бастардың ішінен біреуді іздеп отыр – ол анық. Көзі-бетімді қыдыра қарағанымен тұрақты нүкте таппай беталбаты маңиды. Адам тесіліп, тат басқан ескі шелектің түбіне өстіп қарайтын шығар. Бетіне түскен шашын түзеді де себепсіз күлді. Су ішіндегі жалаңаштарды жіті шолып өтті де, кенет, қолын созды. Ескек қайда?! Өзен жағалап өскен қыз ба, Жамал қайықты қалқыта жө-

нелді. Ағысқа қарсы бүйірді бір, ағысқа ылди жақты екі күреп, лезде жағаға сыдыртып төніп қалдық, жалаңаштар дың шалқалай жүзген бірі жол беріп үлгірмеп еді, майға түс кен пышақша жылпыған қайық қақты да кетті. Əуелгіде шым батқанымен ізінше су бетінен сопаң етіп, қайық ернеуінен сол қолымен шап беріп, ескекке оң қолын салып үлгерді. Иса! – Көз бар ма? Аудара салып, суға қарық қылайын ба осы? Онысын маған қарап айтса да, тұмсықта сұлық отырған Жамал күңк етті. – Неге? – Қайықсыз адамның халін сонда түсінер едіңдер. – Қызық, Иса бəрібір маған қарап сөйледі. – Мен онсыз да қайықсыз жүрген жанмын. – Ендеше қолыңнан келсе қайық жонып ал! – Иса суға шалқалап құлай бере аударылып түсті де, жағаға құлаштай жөнелді. Тамшы су шашыратпай, шалпылдатпай, алақанымен айдынды əдемілеп кесе кейін ысырып, зып-зып жүзіп бара жатыр. «Жануарлар дүниесі» көрсететін азуы алты қарыс крокодил осылай дыбыссыз жүзетін. Жолбарыс тал, қамыс сындырмай қалың нуды қақ жарып өте береді деп еститінмін. Сол жолбарысты Ілеге лақтырып жіберсе қалай жүзер екен? Исаша жүзетін шығар. Жамалдың жауырыны аспанға шығып, бет моншағы үзіліп, суға мөлиеді. Қара шашы тарам-тарам қара ағын. Əлде Іленің, əлде өз ойының тұңғиығына бойлай алмай отыр ма, оны бір құдайдың өзі білсін. Аяп кетіп, иығына қол салдым. – Жамал, Жамал деймін, бері қарашы! Бері қарады. Көзі жасты. – Сен неге тəрбиесі қиындардың қатарына қосылғаның ды білесің бе, Асан? – Жо-жоқ.., – Білмесең біліп ал. Сен тым тез ержетуге, тым білуге ұмтыласың. Асықпа. Алдымен не білуге тиіссің, соны біліп ал. Сосын асық. – А? Не дейсің? Аяғын салбыратып айдынның кеудесін тесті, еріген майдай жылпып суға түсті, Исаның соңынан салды. Жағаға шығып, соңына бұрылып қарамастан суы сорғалаған күйі вагонға беттеді.

Айдын бетін ескекпен құшырлана көсіп-көсіп жібердім. «Мен онсыз да қайықсыз жүрген жанмын...» Исаны көрсе бітті, шала бүлініп, қысқа күнде қырық өзгереді. Студент деп мұны кім айтар? Шикі бала. «Мен онсыз да қайықсыз жүрген жанмын». Бүйтіп Шекспирдің кейіпкерлерінше сөйлегенді кім көрген? Біздің кластың қыздары бүйтіп сөйлемейді. Мүмкін ойлауы ықтимал – ал ойды кім ашық айтушы еді – бірақ сөйлемейді. Сөйлесе онысы ойынан басқа. Қыста кластың «штатный» сəуегейі Кəмила кім кімді жақсы көреді, сол жайлы тізім жасаған. Обалы кəне, сəуегей десе сəуегей, гимнаст қыздың тұсына мен жазылыппын. Қыз халқы солай! Гимнастикадан қала чемпионы болған көрші кластағы бикешке гүл тапсырсаң бітті, ғашықсың. Ол сыбыс гимнастың да кұлағына тисе керек. Содан бері ол шіркін қарсы кездесе қалсам кемі он мегатонналық атом бомбасын көргендей көзі шатынап, дік-дік басып, өтіп кетеді. Сəлемді алмайды. Менің шынымен Мəжнүннің кебін кигеніме имандай сеніп қалса керек. Ал ішінен, олда-білдə, менің жақсы көретініме төбесі көкке екі елі жетпей бара жатыр. «Мен қызға емес, көркем гимнастикаға гүл тапсырғамын», – деп айтып көр, есі қалмай ақырған есекке адамдар қалай қараса, əлгі сəуегейлер саған солай қарасын. Гимнаст қыз да маған сөйтіп қараса керек. Түстен кейін Алтын шығарып тастаған ағаш көмірінің арасынан сүйірлерін теріп ап, өзен жағасын жапқан құм бетін сызғыладым. Суреттердің тірі пенде ұғып болмайтын ең шимай-шатпағын, қайдан шықса одан шықсын, іштей «Өмір ағысы» деп атадым. * ...Самат Қалиевич белін сықыр-сықыр жазды да, қолын көлегейлеп, беткей етегіне көз жіберді. – Əне, қараңдар, бульдозерші де келді ақыры! Жақсы болды. Енді перфоратордың құрылысын Қарекең – Қарабай түсіндіреді. Көп ұзамай алаң жиегінен жасамыс адам көрініп, қасымызға келді. Тас-тастың арасын байқап басуға тырысып, көзін жерден алмайды. Кейде тепе-теңдік сақтау үшін қос қолы ербеңдеп, қалтырақтап қалады. «Ел тыныш, жұрт аманда қалтаңдап жүргені несі?» – деп ойладым.

Өзі əдебиеттөн оқыған көрнекті қазақ совет ақындары ның біріне қатты ұқсайды екен. Ұшы сəл сарғылт тартқан сұй қылт ақ шашты. Шанжау-шанжау мұрты бар. Қызыл мұрын. Беті бес гектар. Əттең, бойы кішкене. Адамға тура қарамайды. Пырспырс сіңбіріне береді. Ұйықтап жүрген жан секілді. Ұйқысынан ояту үшін деп құлағының түбінен қышқырып тұрып: – Аулың сенің іргелі, Ақ көйлегің бүрмелі. Айтарыңды айтып қал, Отырмын ғой жүргелі, – деп басталатын əннің бір қайырмасын айтып жібергің келеді. Бульдозерші тап қасымызға келді де, басқамызды жан деп санамай тек Самат Қалиевичке сəлем берді, – Хал нешік, Саматжан... Сəке? Прорабтың тек ерні жыбыр етті. Көзін сығырайта қалып, бульдозершінің бетіне минут қадалып қарады. Бастық қараған бетке біз де қарадық. Сонда барып бульдозершінің қалтаңдаған сырын түсіне қойдым – Қарабай қызу екен. Тегі түнде ішкен бе, көзінің алды көлкілдеп тұр. Көз ағының тамырлары қып-қызыл. Ішкен адамның күні құрысын. Əсіресе, бастықтың алдыңда билеп тұрған күні құрсын. Бульдозерші Самат Қалиевичтің бетіне тіктеп қарай алмады. Бесінші кластың оқушысын дай тыпыңдап тұрды да, сыпайы жөткірінді. Қақырынды. Ақыры кепкасын шешіп, қолына алды. Сонда ғана Самат Қалие вич: – Иə, жол болсын, Қареке! – деді сызданып. Қарекесі дыбырлап қоя берді. – Əлей, əлей... Содан сізге жібергені. Тас итер, тазала деді ме... Трактор анда, канал табанында. Шрф (шуруф дегені) тесетін балаларға бар деді. Соларға ара-арасында перфораторды үйрет деп... Содан, сол келіп қалдық. Прораб сағатына қарады. – Тым ерте келіпсіз. Сағат тура он бір, міне. Ерте келдіңіз... Сағат шындығында тоғыз еді. – Дұрыс, жөн тегі... – Не жөн, не дұрыс? – Кешігіп қалғанымды айтамын да. Сол ит ішкіріңді енді ауызға алсам ба... Үлкен балам преми алып, соның құрметіне...

– Сілтеп жібердіңіз, ə, Қареке? – деді Самат Қалиевич еш зілсіз. – Былай, Қареке. Арғы қабақтағы анау қызыл вагонды көріп тұрсыз ба? Көр-реп тұрсыз! Мə, кілт, соны ашып, түске дейін мызғып алыңыз. Мына сықпытыңызды менен басқа жан көрмесін. Түстен кейін сағат екі ноль-нольде осы жер ден табылыңыз. Мына жігіттердің перфораторы қалай жұ мыс істейді, соны бақылайсыз. Керек болса көмектесесіз. Бүгін, ертең... Ал бүрсігүні осы жігіттер канал табанына құлатқан тасты экскаватордың алдына итеріп тастайсыз. Ұқтыңыз ба? – Құп, айналайын, құп! – Бульдозерші айнала беріп, Самат Қалиевичке қайта бұрылды. – Бастықтар бірдеңе деп жүрмей ме? – Дейтін бастықтың бірі алдыңызда тұр. Үрікпеңіз, қо рықпаңыз. Қарекең енді сыбырлай сөйледі. Кешегі ішістің шалығымен сыбырлап сөйледім деп санаса керек, бірақ онысын біз естіп тұрдық. – Сəке, трактордың кабинасы ашық-шашық еді... Балалар шеттерінен шикі екен. Кілт-сайманға түсетін суық қол жоқ па? Ақырын жүріп, анық баспасақ қиын, уи, қиын мынау заман. Қаптың аузы ашық деп құрт ұрлап кете берсе... Самат Қалиевич жымиды да, басын шайқады. – Əй, Қареке, Қареке, қорқу-үркуді қоятын жасқа жетпе діңіз бе? Оң жақтағы керіскедей жеңгей анау, Бір ұлыңыз ең бек етіп, екіншісі институтта оқып жүр. Кімнен қорқып, қай көлеңкеңізден шошисыз? Қалпақты алшысынан киіп, шеке ден қарайтын бақытты заман мынау. Бульдозерші табан астында қалбалақтап қалды. – Кеттім, кеттім! Тек ашуланбашы, Сəке. – Сəкесі тіпті де ашуланып тұрған жоқ еді. Кете беріп, басын шайқады. – Əй, Қареке, Қареке, ақырын жүріп, анық бас деп айттым ғой... Қарекең канал табанына түсіп, көзге көрінбей кетісімен Əшір сақылдап күліп қоя берді. – Ои, ішегім-ай! Ақырын жүріп, анық бас... Құрт, гайкі ұрлағыштар! Нағыз Шығайбай! Өз көлеңкесінен қорқып жүр ген бұ кім? Ол күлді екен деп, Самат Қалиевич ыржақтап кета қой ған жоқ. Қабағы түйіліп тұрды да: – Күлме, бала, – деді суық жүзбен,– сол Шығайбайың ең-

бек озаты. Тек анда-санда өстіп сілтеп алатыны бар. Əйтпесе өлген-тірілгеніне қарамай істейді. Қарекең соғысқа қатыс қан. Концлагерге қамалыпты. Одан құтылғасын тұтқынға түс кені үшін тексеріліп, тағы түрмеге тап болған. Екі арада əйелі басқа біреумен тартып отырыпты. Бұл бір адамның басы на аз ба? Аз ба деймін? – Аз емес, аз емес, – деді сасып қалған Əшір. – Көп, тым көп. Бақытын соғыс ұрлаған адам. Сонсын да біреу бір затын жымқырып кетердей қуыстанып жүргені. Бұл да өзінше жетім жан. Жə, мен кеттім. Самат Қалиевич сырын тым көп айтып қойғанына қысылып қалды ма, кілт бұрылып, тез-тез басып, беткейдің өзен жаққа қарайтын бетіне айналып кетті. Біз аңырып отырып қалдық... ... Қызығы сол, Қарекең түстен кейінгі сағат екі ноль-нольді тоспады. Самат Қалиевич кетісімен мұрнының астынан бірдеңені ыңылдап, жетіп келді. Көңілді. Тегі қызуы да, тыңаюы да тез болса керек. Перфораторды ішек-қарнына дейін шашып тастап, сағат бойы түсіндіріп, қайта жинады. Самат Қалиевич бізге керек адамды жіберген екен. Манағыдай оқыс мінездері болмаса ұстаздық етуден жалықпайтын еңбек ардагері болу керек деп шештік оңашада. «Түсіндік!» дегізіп, бізге бас изетіп барып, қызыл вагонына қайта кетті. Тас алаңға қатарлап салынған үш перфоратордың тарсыл-гүрсілі түске дейін тынған жок. ...Сағатқа жуық уақыт ішінде төрт-бес шуруф тестік. Сөйттік те, техника – техника да, сүйменнің аты сүймен деген мақалды табан астында жанымыздан шығардық. Шуруф тесу тас лақтырудан көш ілгері тірлік. Əйткенмен ап балық, аузыңа қап балық дейтіндей оңай-оспақ шаруа емес. Шеке тамыр шағып, бүкіл денені солқылдататын дірілі бар. Клапаннан он атмосфералық қысыммен атылып шыққан ауаның тарсылы о баста құлақтың қағанағын жарып жібере жаздап еді, келекеле оған да ет үйренді. Шуруф тесігінен əлсін-əлі атқылап шығатын тастың ақ ұлпа шаңы да оңайға соғып тұрған жоқ. Тыныс тарылтып, өкпе қабатын у шаң. Ақ мұрт, ақ майдан болған Иса түске таман Қапшағай өлкесін тітірете сіңбірінді де, қолын сілтеді. – Доғарайық бүгін əкеміздің жұмысы болса да. Он бес минут демалыс...

Кұлақ тұнып тұр. Басым асын қотарып алған кастрюль сияқты боп-бос. Толымды, тұтас ойлардың орнына байланыс сыз ірімтік-ірімтік бірдеңелер бас қауашағының қабырғала рын керіп алған. «Шаршадым... Аспандағы күн алтын жам бы ға айналса... Мен ертегідегі апайтөс батыр екемін, күміс зерлі садақпен алтын жамбыны – алтын күнді атып түсірсем... аптаптың беті қайтар ма еді? Суға барудың кезегі кімге келіп еді?.. Соңғы рет жаңбыр қашан тамып еді? Он ай бұрын ба? Он жыл бұрын шығар əлде? Жо-жоқ, он ғасыр, тура он ғасыр бұрын... «Басым асы қотарылып алынған бос кастрюльге ұқсаса, мына ойлар, байқаймын, сол кастрюльдің түбіне жабысып қатып қалған күйік-қаспақтар. Ү əрпі құсап, екі қолды екі жаққа созып жіберіп, шалқалап жатқан күйі аяғым ның басына қарап едім, қалың табан бəтіңкемнің əр тұм сығы – көлденең түскен бір-бір Қаратау. Сол Қаратаудың ұшар басында жалғыз құмырсқа бетін құбылаға беріп, алдың ғы қолдарын көтере «намаз» оқып қатып тұр. Қыпша бел қара құмырсқа кей сəтте шуруфқа төбесінен тік шаншылып тұр ған перфораторға ұқсап кеткендей. Жамал! Мен жастанып жатқан жотаның арғы бетін ала қайнап аққан Іленің бір шумақ толқынына ұқсас нəзік есім... Жамал... Əшір Жамал деген сөз арабша «Ару» деген сөз дейді. Бірақ Жамал аруға ұқсамайды. Кімге ұқсайтынын білмеймін, бірақ аруға еш ұқсамайды. – Солай, соқыр Қиқабай. Күніге он сағаттан жұмыс істейсіңдер, – Самат Қалиевичтің даусы. Қайдан келіп үлгір ген? – Ал əр күндеріңе қанша сомнан табыс келіп тұр? – Он сомнан... – Аз емес пе? – Көп болу үшін не істеу керек? – Бұл – Иса. – Оны менен емес, өздеріңнен сұраңдар. Он сом... Он сомды алғаш рет қашан қолыма ұстап едім? Ə, былтыр жайлауға барғанда атам үйінде жалғыз қол, сұйық сақал шал қасына шақырып, маңдайымнан иіскегесін. «Жиенімнің көрімдігі», – деп, он сомды алақаныма қысып еді. Мамамның əкесінің інісі. Яғни, менің екінші дəрежелі нағашы атам. Қызыл құлақ он сом емес, ун сом, он ма нат, дах сум, зече рубле... тағысын тағылар деп он бес тіл де сөйлейтін қып-қызыл жалынды ұстатқан. Айтпақшы, он сом ға жомарт екінші дəрежелі нағашы атам; «Құданың

басына бел гі қалқиттыңдар ма?» – деп, сол жолы көкеме көп қадалған. Көкем төмен қарап міңгірледі: «Орнатамыз ғой, келер жылы машина аламыз деп əлектеніп...» Шал басын ұзақ шайқады. Сөйтсем құдасы көкемнің əкесі, менің атам екен. Мен көрмеген, мені көрмеген атам, көкемнің əкесі соғыстан алып қайтқан жарадан қайтыпты. ...Біз жатқан беткейді жиектеген жолдан əрі қазылған қоспа канал табанынан алып «БелАЗ-дардың» гүрілі тынбай жетеді. Кенет, одан да зор гүжіл жаңағы гүрілді басып бара жатқанын шалып қап, көзімді ашып ем, «Антей» самолеті секілді дəу қарын бір пəле төбемді айналып ұшып жүр. – Сонда деген бауырың ғой, – деді Əшір тісін ақситып. Талас қыза түсіпті. – Ол он сомдарың жұмырларыңа жұқ емес... – Са мат Қалиевичтің нақпа-нақ шыққан даусы «сона бауырым ның» гүжілін кесіп-кесіп түседі. Ұстаздықтан жалықпас еңбек ар дагері бір шетте басын бүркеп ап, əйда, қорылға басып жатыр. – Сонда сізше қанша сом жұмырға жұқ болады, ағасы? – Əшірдің шыңылтыр даусы «Максим» пулеметінше сақ-сақ етеді. Жамал... Бюстгальтердің түймесін салу перфоратордың құлағын ұстаудан қиын ба еді? – Есепке, есепке жүгінейік, інішек. Кəне, құлақ сал сөзге. – Сосын Самат Қалиевич еңбек ардагері жаққа мойнын құрықтай созып: – Ау, Қареке! – деді. Қарекесі басын да көтерместен: – Іһң... деді. – Күндік жұмыс сағатың қанша? – Се-гіз... – Ал алатын ақыңыз ше? Қарекең əуелі қос жамбасына кезек аунап, бір мəрте мөңкіп алды. – Ой, алла, құдайдың тегін ұйқысын да қимады... Қу шұнақ! – деп тұншыға ырылдады май-май шапанның астынан. – Үш жүз сом басыңа жақсаң... Самат Қалиевич қарқ-қарқ күліп алды да, шапанның сыртынан алақанымен қағып-қағып қойды. – Əңгіме бітті, Қареке. Ұйқыны осы қарқында əрмен қарай соға беріңіз. – Содан кейін бізге бұрылды. – Əне естідің дер ме? Күніге он сағат тас қопарып – бір, оның үстіне екі апта да

бір-ақ күн тынығып – екі, айына тапқан сендердің табыстарың да үш жүз сом, ал мына Қаракеңнің күні сегіз сағат – бір, аптасына екі күн демалады – екі, жұмыс арасында ұйқы ның да есесін жібермейді – үш, сонда оның да алатыны үш жүз сом..„ Кімнің шекесі шеруен атып жүр сонда? – Қалай, қалай? – Иса қалың қастарының арасын қосып жіберіп, Самат Қалиевичті көзімен жеп отыр: Жамал, Жамал... Күн сəулесін сапыратын қара шашың ның ұзындығы қанша сантиметр? Он ғасыр, он сом, он сантиметр... Бүгін он цифры, дұғалап қойғандай неге басымнан шықпай қойды? – Қалайы несі, солай, соқыр Қиқабай. Қазір ғой, Қарекең де, сендер де демалып отырсыңдар... – Ал, демалдық... – Қарашолақ тақымдап отырған. – Қолыңдағы қаңылтырыңа қарашы. Біз тыныққалы тура ширек сағат өтіпті. Бұл он бес минут еңбекақы жағынан Қаракеңнің қылын да қисайтпайды. Оған бəрібір. Еңбек етсін, етпесін, оған ақы сағатына қарай жазылады, яғни он бес минут бос кетіп жатқан жоқ, ақшасы жүріп жатыр. Өйткені ол разрядті жұмысшы. Ал сендер ше? – Біз қайтеді екеміз? – Бақтияр қомпылдай сөйлеп, түрегеліп отырды, О, құдай бүгін бірдеңе берер. Қыл аяғы Ұйқыдағы ару да жатқан жерінен басын жұлып алды. – Сендер он бес минут тынықтыңдар, дұрыс па? Лəпбай, тақсырлар, тынығыңдар. Əйтсе де біліп қойыңдар, осы он бес минутта қалталарыңа он бес тиын түскен жоқ. Сендерге ақы і-с-т-е-г-е-н-д-е-р-і-ң-е қ-а-р-а-й т-ө-л-е-н-е-д-і, ұқтыңдар ма? Мейлі он текше метр тасты жан салып, жан беріп он сағат, əйтпесе бір шоқып, екі қарап, жүз сағат қопарып лақтыр, еңбекақы он да, жүз де сағатқа емес, сол он текше метр тасқа қарап төленеді. Ал бульдозерші сегіз сағаттан əрі қарай тұяғын қыбырлатып көрсін, ақы екі еселеніп төленбек. Сегіз сағат ішінде де құрылыс басында жай жүрсін, иə, ойдан ойып, қырдан қырып, еңбек етсін бəрібір алатыны кесімді енбекақы. – Сіз, сіз... Самат Қалиевич, осы сіздің ішіңіз ауырмай ма? – Мұны Бақтияр беткей етегіне қарап отырып айтты. – Сөзін прорабқа емес, төмендегі көрінбейтін біреуге арнап айтқан секілді. Тек жер тіреген саусақтары дір-дір етеді. Бəріміз қырылып таңғалдық, дұрысы, таңғалған шығармыз, Иса, Əшір, мен, ең аяғы Самат Қалиевичтің өзі де.

Се бе бі, Ұйқыдағы ару оянды, ояну түгіл сөйлей бастады. Жайшылықта үндемес адамның сөйлегені момын бұзаудың кенет: «О, поэзия!» деп мөңірегені секілді ерсі естіледі екен. – Ішім ауырғанда қандай! – Самат Қалиевич өте ақырын, тістене сөйлеп отыр. – Кей кезде ішімді қос қолдап бүргенде тынысым тоқтап қала жаздайды. Жатырда жатып əкенің басын жұттым. Майданда қаза тапты. Шеше шахтыға түсіп, көмір шауып, ақыры көксау көрге тықты. Студент кезімде құлақшын сатып алуға ақшам жетпей шашыма сүңгі қа тып, қыстан картузбен шығатыным да есімде. Сол шашыма қатқан көк сүңгі жүрегіме байланбасына кім кепіл. – Қарсы бетке қарап отырып, зəрмен жымиды. – Кейде іш өстіп те ауырады, жігіттер! Жетімдік – əне, менің ауруымның аты, білгілерің келсе. – Орнынан тұрды да, төменге беттеді. Ая ғын тас қағып, сүрініп кетіп еді, оған да көңіл бөлген жоқ. Отырғанда шалбарына жұққан шаңды да қақпады. Дəл бір соқыр, саңырау адам секілді. Бізге түк көрмес тұманды көз бен қарап: – Жетім қозы тасбауыр.., – деді де, жолдың арғы шетінен күрт төмен құлап кететін баспалдақпен қосар канал таба нына түсіп, жоқ болды. Басқаны қайдам, сол сəтте менің де ішім жидіп бара жатты. Аяқастынан жабысқан аурудан емес, Самат Қалиевичті аяғандықтан... Жалпы, сорыма ма, бағыма ма, қайтсе де менің ішімде төңіректегі жақсылық-жамандықты қалт еткізбей қағып алып, қабылдай қоятын сондай бір пысық, елгезек қондырғы бар секілді. Жайшылықта дыбыс шығармай, дəл сабақ қарап отырған кезде дүрілдеп қоя беретін біздің үй дегі мұздатқыштың қырсық моторы секілді уақытсыз уақытта сол қондырғы іске қосылып кетіп, жап-жақсы көңіл күйімді өстіп айран-асыр етеді де қояды. Ағам да, жиенім де, нағашым да емес, прорабқа емешем езіліп тұр – басқа лаж бар ма! – Мұндайда құйысқанға қыстырыла қалатын Əшір бұл жолы да əдетінен жаңылған жоқ. – Ой, қызық-ай, Самат Қалиевичтің бəтеңкесі əлі су жаңа екен, – деді жерден жеті қоян тапқандай. – Біздің бəтеңкеміздің тұмсығы баяғыда-ақ ақжемденіп бітсе, прорабтікіне қылау түспеген. Жер басып емес, аспан мен жердің арасын да ұшып жүріп жұмыс істей ме, немене? – Аз үндемей оты рып: – Жалпы, бəтеңкесі тозбайтын адамдардан қорқамын, – деп лақ еткізді.

Иса жүзі қарауытып отырды, отырды да, алақанының астындағы жусанды бырт-бырт жұлып отырған Бақтиярға алакөзімен қарап ап, орнынан тұрды. – Жұмысқа кірісейік. Асан, сен жүгіріп барып, бұлақтан су əкел. Тіреу түсетін алаңдағы төртеудің ең жасы өзім болғасын су əкелу міндеті бұл күнде таза менің мойныма мініп еді. Жалпы, суды цистернамен əкелетін. Бүгін ол көрінбеді. Амалсыз алыс та болса тұмаға барып қайту керек. Осы жолы анау күнгідей төменге желе жөнелгемін жоқ, тұла бойым қорғасыннан құйылғандай аяқ алысым ауыр. Ой он тарау. «Жетімдік – əне, менің ауруымның атын білгілерің келсе». Прораб сонда нені нұсқады? Жігіттер аяқастынан неге сүттей іріп, айрандай ашыды? Самат Қалиевич қалай тіреу басына келсе болды, солай аяз буып тұрған көшеден есікті айқара ашып, бір қап суық пен буды ерткен түсі суық бөтен жан баса-көктеп кіріп келген сияқты асып-сасып қаламыз. Ал ол келген аязды өлке, біз білмейтін, тек Самат Қалиевич білетін ол қандай өлке? Үндемей қабатын аяр иттей бұғып кеп балағымнан ала түскен ойымнан өзім қашып, еңіске қарай жүгіре жөнелдім. * Тұма табан астынан бүлк-бүлк атқылап, көлшікті беттей аяңдап қана ирек жол сызып жатыр. Көлшік тартылыпты. Жағасы қарақошқыл сасық батпақ. Шіркей, соналар үдере көшіп, ызыңды армансыз салып жүр. Жиек-жиегі өңезделіп, кебе бастаған сол тойбатпаққа төніп тұрған бақбақтың үлпершек бастары желге ұшып, тек сойдиған сабақтары қалыпты. Əнеугүнгі шымқай көкбалауса бұл күнде жасыл сары. Талай мезеттөн бері су мен тарақ тимеген шаш секілді ұйпа-тұйпа. Əр жерінде алақандай ойдым-ойдым ақтаң дақ тақыр пайда болған. Су ішіп, өңеш жібіткен соң тұма басын күзеткен дəу тар ғыл тасқа жайғасып ап, ойға кеттім. Бертінгі бірер күннің бет алысы ұнамайды-ау, ұнамай ды. «Мен онсыз да қайықсыз жүрген жанмын», – деп шашын жайған Жамал... Тиын санап, сағат санап, қайдағы іш ауруының хикаясын қозғап, сүтке түскен ашыту бактерияларын дай

көңілді іріткен, бəтеңкесі еш тозбас прораб... Ылғи ұйқылыояу шала-жансар күйде жүретін еңбек ардагері. Алғашқы қиын күндерді артқа тастап, енді ес жиып, атымның Асан, фамилиямның Қайырсынов екендігін еске түсіре бастаған шақта сескеністің салқын желі қай тұсымнан соға бастады? Жартас басы бүгін жұмыс орны емес, тиын-тебен санап, кімнің ұтып, кімнің ұтылып жүргенін есептейтін бухгалтерия кеңсесіне айналып кете жаздады. Жалғыз бүгін бе, əнеугүні де... Төртеуміз төрт көртышқанға айналып, төңіректе не өзгеріс бар, көңіл аудармай, көз-құлақты тас басып алып, беткейді қаза береміз, қаза береміз... «Төртеуміз төрт көртышқанға айналып...» Басыма осы ой дың оралуы мұң, төртеуміздің, тіреу басындағы төртеудің құрылыс отрядынан жекеленіп қалғанымызды сездім. ГЭС құрылысшыларына арнап анау қала шетінен үй салып жатқан құрылыс отрядының санатынан саналсақ та, төртеуміз дің оларда еш шаруамыз жоқ, олар бір мемлекет, біз бір мем лекет. Ішкі істерге қол сұқпайтын, суверенитетті сыйлайтын тым тəртіпті мемлекеттерміз. ГЭС жұмысшылары жотаның ар ғы қабағының астындағы платина, электростанция төңірегінде. «БелАЗ» кабинасынан қол бұлғап, алыстан ақсия күліп өтер шоферлер, ар-ұр экскаваторлардың кабинасынан күні бойы түспейтін машинистерді есептемесе, көзбен көріп, тұңғыш тіл алмасқан құрылысшы жұмысшымыз – Қарекең мен Самат Қалиевич қана... Кентавр екеш Кентавр да қайдам, тіреу басынан үркіп кетті. Отыз ойда ойып жатқанда беткейде тас шұқыған төртеуге теңдік тие ме. Жиналыс сайын талқыланатын мəселе – үй салушылардың жағдайы, олардың еңбек тəртібі, қауіпсіздік техникасы, ағаш, шеге, балға, тағысын тағылар... Жылаған баланы уатқандай анда-санда сөз арасында бізді жүрдім-бардым мақтап қоя ды – болды, бітті. Бізге жөн сілтейтін – Самат Қалиевич, бізбен əңгіме соғатын – Самат Қалиевич, біздің жұмысымыз ға баға беретін – Самат Қалиевич, бізді кұрал-саймандар мен жабдықтайтын да сол Самат Қалиевич! Қысқасы, тіреу басындағы аға да, жаға да, жолдас та, жаран да, бастық та – прораб! Самат Қалиевич атты көзге көрінбейтін жіңішке жіп, бірақ берік жіп мықтап қолаяғымызды шырмап алған секіл ді. Онсыз көрер күніміз, атар таңымыз жоқ. Тоқетері, əлдекім тіреу орнына шашып кеткен перфоратордың сынған-тозған бөлшектері сияқтымыз.

Бас қатып кеткен соң бет шаймақ боп тұманың алақан ай дынына еңкейе бергенім сол, жағадан бақа шоршып, суға секіріп түсті де, ағын арнасын қуалай тырбаңдап жүзе жөнелді. Су бетіндегі сыңарымның бет бейнесі лезде қисаңқисаң қағып, сегізаяққа ұқсап сала берді. Қау-қоғаның түбіне жабысып күн кешкен əнеугүнгі қысқа кұйрық қазан бас құрттар қазір қол-аяғы шыққан бақыр бас бақалар... Аяғымды əрең алып, бұлақ басынан көңілсіз кеттім. Өз жүзіңді өзіңе көрсете алмайтын, жағасы құрт-құмырсқа, жа сыл бақа жайлаған тұма, тұма ма?. Қосқа əзіл-қалжыңсыз дүрдараз қайттық. ...Сүймен салдырады, кіл еркек дыбыр-дыбырды жап пай бастап беріп еді, оны əлдекімнің қуана-қуана аса бір шаттаныспен шыңғырғаны үзіп жіберді. Көзімді ашсам, вагон терезесіне жабысқан жалпақ бас нəн көк шыбын маған қадалып қапты. Екеуміз үш минут бойы арбастық. Бұрыштан дəу қара өрмекші арбаңдап шыға келгенде барып, əлгінің торға оратылып өлген шыбын екеніне көзім жетті. Сəкіде етпеттеген күйі мойын созып, терезеден сыртқа бас шығарып ем, астыңғы бөлегін көкжиек асап қойған күн кеудемнен төбе құйқама дейін қызыл түске бояды да салды. Егерəкім болашақта мықты суретші деген атақ-даң қым шартарапқа кетіп, бюст орнатса денемнің тура осы кешкі сағат сегізде терезеден сыртқа шыққан бөлегін қойдыруға тырысар едім. Өйткені, менің ол бюстімді қоспасыз ең таза алтын – қызыл алтыннан қоюға тура келер еді... Мені алтынға бояған жомарт күн ол үлестен автомаши на қорабынан Жамалды көтеріп түсіріп жатқан Кентаврды да кенде қалдырмапты. Қапшағайға келгеннен бері командирдің күлгенін көргенім осы шығар. Бетіне күлкіні жапсырып алған Жамалдың жүзін көруім мұң, ішімді қызғаныш оты жалап, Кентаврдың мына апырақ-тапыраңы артқы екі аяғымен аттың тік тұрып, твист билегені сияқты өрескел де одағай көрініп кетті. Күле сөйлесіп, жүре киім шешіп, өзенге жүгірген, күрек, сүймен, қалақша, шелектерді автомашинадан кұрал-сайман вагонына тасыған жігіттердің өз бойынан он, əйтпесе он бес есе ұзын көлеңкелері қостың күншығыс жағындағы дала бетін жуан қара сызықтармен əрлі-берлі сызғылап, жантала са тіміскілеп жүр. Сүйір тұмсық глиссер өзенді бауырдай тіліп,

ағысқа қарсы қайқаңдап барады. Қос басы ерекше көңілді. Ең аяғы Алтынның тура табалдырықта тұрып шашырата төккен суы да аспанға шапшиды. Оның сырын кешкі сап анықтады – ертең демалыс! Ұйқы қанбай, кірпік кірбиген, шаршап-шалдығып, қабақ түс кен екі аптадан кейінгі демалыс! Сапта тұрып өңешті де, ура ны да аямадық. Əшір құм үстінде сальто жасаймын деп, шалбарын тігіс-тігісінен қақыратып, жалаң бұт қала жаздады. Жамыраған айқай-сүрен өзен жағасындағы қалың қамыстан жүз шағаланы қуып шығып, тереңдегі жүз шортан мен шабақ ты қатты шошытты. Мүйіз сауыттарын сүйреткен төрт-бес ақымақ тасбақа қостан алысырақ қашқанның орнына, тоңқаңдап кеп, вагондардың астына тығылды. Кешкі асқа бесбармақ əзірленіпті. Ас тарататын шаршы тесіктен Алтынның қабақ асты, ұрт ұштары, көз ұясы тəрізді ой-шұңқырлары тым таяз қайғы-мұңсыз толық беті көрініп қап, көңіл-күйімнің бұзылғанын есептемесек асқа тəбе тім тас қа тиген пневматикалық балғадай ғаламат болды. Іш сипап, еріне басып, асханадан шыққанымда түн түсіп, ортадағы бағана басындағы шіркей мен көбелек үймелеген жарық астында бес-алты вагон жусап жатыр екен. Кентавр баспалдаққа газетті жайып тастап, бақытты пішінмен башпайларының тырнағын алып отыр. Барын киіп, бақанын асынған төрт-бес жігіт Күн системасының схемасын еске түсіріп Жамалды ортаға ап, гитараны мыңқылдатады. Инабат пен ғылымның əр тарапынан хабардарлық жағынан алғашқы күннен көзге түсуге алабөтен тырысып жүрген бірінші курстың екі студенті қызылкеңірдек. Жəне дауыстары қос тың қай нүктесінде болмасын естуге болатын дəрежеде айқын да анық. – Африкаға барған Артур Швейцер... – Сен сұлу қалыңдықты, бекзада ортаны, дипломатиялық мансапты тастап, қиянға кеткен Швейцерді неге түсін бейсің? – деген сияқты төбе құйқа шымырлайтын кесімді сөз дерге қарағанда, таяу, екі-үш жыл ішінде менің өрем жет пейтін ұғымдар, сірə. Екеуінің қызынғандары соншалық, тап аяқтарының астында көздері шарасынан шыға тіл жалақтатып шіркей аулап, қарнымен жер сызып отырған бесалты құрбақаны да байқар емес.Əшір мен Бақтияр оңдысолды ырғытқан теннистің ақ добы қою түннің қара тақта сын

Хаостың ақ сызықтармен аяусыз шимайлайды. Қалақшалар сартылдамайды. Құмығыңқы дүкілдейді. Батыс көкжиек – бозғылт. Ол – қыраттар қойнауынан сығалаған ГЭС-тің жамыраған жарығы. Транзистордан Луи Армстронг əдеппен барқылдайды. Иығым алақанның сезілер-сезілмес салмағын сезді. Мойнымды бұрып ем, тынысым тоқтап қала жаздады – түн түсімен шашы тұтасып кеткен Иса... Жалтырсыз қос жанарын да қос меңіреу түн қонақтап жатыр. – Көңілсізсің ғой, Асан? Иығымды қиқаң еткіздім. Жалғанда нақты қойылмаған екі ұшты сұраққа тура жауап бермеу керек. Иықты екі ұшты қиқаңдата сал – «Сыйға – сый, сыраға – бал», қалай түсінсең олай түсін, сұраққа жауап сай. Қиқаңдаған иықты қандай жауапқа саярын білмеген əлгі пақыр əңкі-тəңкісі шығып, жаңа ғана өзі қойған жалғыз сұраққа табан астында жүз жауап іздейді. Ақыры бас қатырып кеп: «Мұның меңзегені осы-ау», – деп, өзі ойлап тапқан жүз жауаптың ең ақылдысының мүйізін ұстайтынын қайтерсің. Бұл тамаша əдісті мен гимнаст қыздан үйренгенмін. Оған, мəселен, кинотеатрдың афиша сын нұсқап; «Дездемона», «Гамлет» əлде «Анжелика мен ко роль» жақсы ма?» – десең иығын қиқаң еткізеді – болған-біткені сол. Əлгі жерде бұл қиқаңның нендей жауап екенін іздеп біраз бас қаңғыртқасын гимнаст қыздың есімі Дездемона екені еске сап ете түсіп. «Əрине, мына қыз «Гамлет» жақсы деп тұр», – деген ақылды жауапқа маңдай тірейсің. Бірер жетіден кейін шынында да əдебиет мұғалімі «Гамлеттің де», о бойынша түсірілген фильмнің де ұлы туындылар екенін көлденең, ұзынынан дəлелдеп береді. Дездемона! Ха-ха! Сөйтіп те ат қояды екен-ау! Мəселенки сиырды: «Əукім, əукім, əукешім!» – деп шақырудың орнына: «Бонжур, мадам!» – десе не болар еді? Не болушы еді, сүзіп тастар еді. Ал гимнаст қызды Дездемона десең иығы кейін кетіп, көзі сығырайып, иегі кейкие қалады. Дездемона! Ха-ха! Айталық, маған: «Ромео мен Сиырбай деген аттың қайсысын қалайсың?» – десе ойланбастан-ақ Сиырбайды таңдар едім. – Неге көңілсізсің, Асан? Сұрақ тура қақ маңдайдан қойылды. Амалсыз! – Шаршап жүрмін, – дедім.

– Ертең не істемек ойың бар? Шекшек шырылына, бақалардың жаппай құрылына құлақ салып тұрып, күңк еттім. – Балық аулаймын. – Сен ертең балық аулама. Аңырып бетіне қарадым. Неге балық ауламаймын? Түк түсінсем бұйырмасын. Жалпы, Иса ауыз болды, бұл дүниедегі мен түсінбейтін жұмбақ құбылыстардың санына тағы біреуі қосыла қалатыны несі? – Іле бүгін-ертең суала қоймас. Балық қашпас. Ертең мен қалаға барып қайтпақпын. Маған еріп, қаланы аралап қайтсай. Астананы бұрын көріп пе ең? – Көргем жоқ, – дедім. Шыны – көргемін. Бірақ «Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз, – «Қашан көрдің, кіммен барып едің, əсерің қалай?» – деген құлаш-құлаш сұрақ тың астында қалғанша: «Көрмедім», – деп, қысқа қайыру керек. – Көрмесең көр. Мектептен соң онсыз да баратын Балқан тауың, көшелеріне көз үйрете бер. Исаның құмығыңқы қоңыр даусы жазғы түннің мақпал қара бояуымен бір сəйкестік тауып, тұтаса шығып тұр. Ол жер бетінен аспанның шыңылтыр күмбезіне дейінгі кеңістікте ұйып тұрған қоймалжың да қарабарқын түннің аузымен сөйлеп тұр еді. Оның үстіне желсіз, тас қараңғы түнде сөйлеген адамның алыс атадан болса да қосылатын туы сың тəрізді көрініп кететіні бар. Шамасы, тылсым түн алдын дағы қорқыныш адамдарды бір-бірінен көмек, сүйеу, келісім іздеуге итермелей ме деймін. Бір-ақ деммен: – Жарайды, – деп келістім. – Киіміңді қыздарға үтіктетіп ал. Байқа, қаладағы сыл қым қарындастардың алдында ұятқа қалып жүрме. Командир ден рұқсатты өзім сұрап алармын. Бір сағаттан кейін Алтын маған əлсін-əлі жымия қарап қойып, өзінен де, қолындағы үтіктен де бу бұрқыратып, көй лек-шалбарымды столға аяусыз жаныштап жатты. Жамалдың төсегі жинаулы. Өзі жоқ. Кеудесін көкке шаншыған аппақ қардай шілтерлі жастыққа, төсек үстінде көкқұрақ болып жайқалған əр түсті гүлді одеялоға, кермеге ілінген екіүш кеуде тартқышқа барынша қарамауға тырысып, үтікті əр лі-берлі қозғаған сайын Алтынның əр жері бүлкілдеген

жауырынына, мықыны мен білегінің бұлқынысына көзімді жа саурағанша қадап айырмадым. Жамалдың қай жердің жігіне түсіп кеткенін Алтын айтып қала ма деп үміттеніп ем, ол отыз вагон сүйреткен паровозша пышылдап, үтігін əрліберлі сермеуден бас алмады. Күрсініп салдым. О заман да бұ заман паровоз сөйлегенді көріп пе ең?.. Ыстық тап тепкен көйлек-шалбарды білекке асып, сыртқа шығып ем, Жамалдың басын жұтқан қошқыл түн жерден аспанға дейін керілген апан аузын кең ашып, біруыс боп үйірілген бес-алты вагонды қылғи салуға шақ қапты. Өзеннің арғы қабағындағы қорым тастан байғыз бақырды. Жағадағы қамыс су-су дүрлігісіп, тына қалды. Жым-жырт. Вагондар бұрынғыдан да иіріле түсіп, қалтыраған электр жарығы ның астына құрбақалармен қосыла ентелеп келе жатқандай сезілді маған. Иса жататын вагонның тұсынан өте беріп, бұрыла салып ем... төсегі жинаулы тұр. Құм емес, шоқ басып, орныма келіп жаттым. Бір айдан бері төбеден ұдайы төнген аптап қорғасын болып еріп, ішіме түскендей қыж-қыж қайнап жатыр. Етпеттей түсіп, жастық құшқан күйі шкалаға қарамастан транзистордың құлағын бұрай бастадым. «Қыр-ыр-рр... түк-түк-түк!.. қиқ... «Алматы уақыты екі»... «Лондон тайм...» пр-рр... «Индостани...» Тағы да Армстронгтың саксофоны безілдеп қоя берді. Саксофон түн түнегін емін-еркін кезіп, ешкімге дес бермей сұңқылдап тұр. Қапшағай түні А.Қайырсыновты Армстронгтың қар лыққан даусымен əлдилеп, қап-қара алақанына салып тербеп, жұбатады. Кейде: «Қортия берсең, ал, жалғыз тастап кетемін», – деп қорқытқандай кілт алыстап, тағы жақындап қалықтайды. Түн неткен қараңғы... Саксофон үні қандай мұңды... Астымдағы сəкі түтін-жалынсыз қоздап, жанып жатты. Оны өшіруге менің құдірет-күшім жетпейтін. Талықси қалғып бара жатып, түн түнегінің алыс-алыс қой науынан əлдекімнің тұншығып күлгенін естідім... Əлде ештеңе естімедім бе?

  • * Ертеңінде жол бойы Исаға иттіктер хақында əртүрлі жойдасыз сұрақтар қойдым да отырдым. Мəселен: «Австрияда итке ескерткіш орнатылғаны рас па? «Қара құлақ ақ Бим» фильмін бəріміз неге жақсы көреміз? Біз бара жат қан қалада иттер көп пе?» Иса алая қарап қойғанымен жауап қатқан жоқ. Келесі аялдамада жерге түсіп, колонка басына жинала қалғанымызда бір етжеңді жеңгейдің баж ете түскені. Жалт қарасақ, соңына қарай-қарай ала күшік қашып барады. Жеңгей қанаған сұқ саусағын сілкілеп тұр. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. – Собачья порода! Им хочешь сделать хорошего, а они... Всех надо подряд стрелять! Сөйтсе жеңгеміз су ішіп, шөлі қанғасын колонка қасында жүрген күшіктің басынан сипамақ болған екен. Итке де жан керек, əр саусағы бөренедей тарбиған алақан төбесінен төніп келе жатқасын азуды салып кеп жіберген... Иса маған қарап күлді. – Жаңағы сұрақтарыңды мына жеңгейіңе қойғаның дұрыс еді... Менің аузыма құм құйылды. Алға түсіп ап, көк бөрі боп қашқан асфальт жолдың сорабын қуған автобус таңғы сегіздер шамасында, қыр үстіне қылт етіп шыға келгенде бəріміз де біреу команда бергендей еріксіз шалқалап қалдық. Кеудесі жүн-жүн, қаба сақал, қалың қара көк шашты дəу қол-аяғын қалай болса солай шашып тастап, тауды жастанып жатыр. Еңістегі алып қазаншұқырда жатқан үлкен қалаға басқа теңеу табу қиын еді. Көше-көшелердің аңғарымен жосыған сансыз машиналардың гуілі əлгі тау жастанып ұйықтаған дəу – қаланың қорылы дерсің. Шымшым көгілдір ніл тараған таңғы таза ауа өтінде тау қыраттары мен сайлары, қарағайлар, еңістен салып төске озған қала көшелері «4 М» қарындашпен сызғандай ап-айқын, қиылып тұр. Үш-төрт жыл бұрын көкем, мамам үшеуміз жазғы демалыстың бір айын осы қаланың іргесіндегі демалысүйінде өткізіп қайтқамыз. Екі-үш рет қалада да болдық. Қала сол жолы ұнады ма, жоқ па, ақы берсе де есімде жоқ. Ол туралы тіпті ойланбаппын да. Ондай жаста қалаға тұтас баға берген нен

гөрі көзге көрінетін нақты, шағын заттарға ғана, мəсе лен: «Парк ұнады», «балмұздақ ұнады», «бассейн қандай жақ сы!» – деп, лебіз білдіруге шама келсе керек. Зоопаркке кіргені мізді білемін, əйтсе де сол хайуанаттар мен құстардың тəп-тəуір түрмесі жақсы, əлде жаман əсер қалдырды ма, оны да айта алмаймын. Əдетте, үлкендер балалар зоопаркті көргенде қырылып қалады деген кесімді пікірде. Ал сол сəбилерден сыртқа шыққанда зоопарк қалай деп сұрап көріңізші, сізге жауап қайтармақ түгіл, тақ алдында мүйізтұмсық тұрғандай саусағын аузына салып, түйме көздерімен ішіп-жеп қарауды біледі. Олар зоопаркті əсте жақсы-жаман демейді, тек көрген үстіне көргісі келеді. Мен де үш-төрт жыл бұрын таңданбадым да, ойланбадым да, тек қаланы кейін қайта бір көргім келген түйсікпен аттанғамын. Ержеткендік қой, бұл жолы қала бейнесін ойыма бір-ақ сызықпен тарта салдым – тау жастанып шылым шеккен дəу! Шылым деп отырғаным көше-көшеден көтерілген көзге ілінер-ілінбес көк түтін. Ал қаланың көшелерін есеп дəптерінің сыртындағы көбейту кестесіне ұқсаттым. Бір жерде екі тең болады екі... Кесте солай басталмақ. Қалаға кіре беріс көшелер де ылғи тəйкі тұрған сақа сықпыттас бір-екі қатарлы аласа үйлерден құралады. Екі жерде екі тең болады төрт... Орталыққа жақындай бере төрт-бес, кейде алты қатар лы үйлер қарындарын құшақтап-құшақтап жантайып жатыр екен. Екі жерде үш тең болады алты... Жаппай алты, тіпті сегіз-тоғыз, он қабатты зəулім ғимараттар əр бұрыштан қол ұстасып, іркес-тіркес, ұбап-шұбап шыға бергенде анау жылы теңеу таппақ түгіл қорыққанымнан көзім ді жұмып ала қойғамын. Ол теңеуді бүгін таптым. Қапшағай дың шор-шор қызыл жартастары не, қаланың сегіз-тоғыз қабат ты үйлері не, бəрібір. Айырмашылығы – жартастар адам қолы, сүймен, күрек тимеген жабайы да, үйлер – бұрыш-бұрыштары шығып, мұрын-қабақтары жоны лып, ысқаяқтанған сыптығыр. Қала адамдары да сол көбейту кестесіне ұқсайтын болып шықты. Кестенің рет саны өскен сайын көбейтінді де артып отырмақ. Үйлер биіктеген сайын көшедегі адамдар қарасы да көбейіп, құрттай қай нап барады. Тоқетері – қала тура пропорция заңының түкірігі жерге түспей тұрған құмырсқаның илеуі сияқты мекен екен.

Үлкен гастрономды бауырына қысып, жаныштаған тоғыз қабат үйдің тұсында автобустан түсіп қалдық. Мың сан көзі – терезелері жарқылдап, төбеден төнген сұр үйлер мен уда-шудың, секундтық жылдамдықпен жып-жып ауысқан сан бояулы көріністердің əңкі-тəңкі еткені соншалық, сұлық түсіп, Исаның ақ каучук табанды туфлиінің алмакезек қылтылдаған қос өкшесінен көз айырмай сөлпеңдеп жүре беріппін. Анда-санда тоқтай қалсам, əртүрлі металдар мен адам атты су, сүйек, белок, қандар жиынтығының ұлы тасқынының иірімінде қалып, шым батып кететіндей қорқыныш бар. Əлгі тоғыз қабат үйдің қай қатарына көтерілдік, санай алмадым, бір қарасам, дермантин есіктің оң шекесіндегі қара түймеге Исаның сұқ саусағы жабыса қапты. Бетіне аңырап қарап ем, дермантин есікті пəтерді үптеп кетуге келгендей маған: «Тс-с-с!» – деп ыс ете қалды. Есікті жүдеу жүзді апай ашты. Ине жұтқандай қабағы сынық. Иса тұтығыңқырап, əлде Мырқымбай, əлде Сəрсенбай, əйтеуір соңғы буыны «бай» біреудің есімін атады. Атын толық ұға алмай қалғаныма ыза боп тұрдым да, іштей: «Мейлі, есімі сол соңғы буын – Бай-ақ болсын», – дедім. Иə, жағдай онша мəз емес екен... Бүйтіп, дүниедегі дыбыс атаулы ның жартысын ғана естіп, жартысын құлаққа жетпесе, ертең көшеде қаңғалақтап жүріп, сигналды естімей көп машинаның астына түсіп қалуым міне тұр. Бір жағы, жайшылықта сыпайы, сері Исаның жоқ жерде ысылдай қалғанына ит жынымның келмесі бар ма. Бірақ төрт-бес жас үлкен азаматқа: «Саған жыным келіп тұр еді», – деп өліміңде айтарсың ба. Айтып көр, тұрған жерде тапаңды шығарсын. Қуқыл жүзді апайдың қан-сөлсіз ерні қыбырлады да, шегініп, бізге жол берді. Сөздері құлағыма толық жетпегенмен оның да «Бай-ды» қайталағанын ұғып қалдым. Шұлық, былғары, етік майының, иіссудың, есігі ашық асүйден жіңішкелеп жетіп тұрған пияздың ащы иісі дейсіз бе, не жағымды, не жағымсыз деп айтуға болмайтын иіс жайлаған қаракөлең ке дəлізге кірдік. Туфлиді шешіп, таудан тас құлатқандай тастай беріп ек, іштен: – О ке-ім? – деген қарлыққан дауыс естілді. – Қазір, қазір, отағасы, – деді де, қуқыл жүзді апай бізді келесі бөлмеге бастады. – Жоғарылатыңдар!

Нақ төрге жайылған ала-құла құрақ көрпеше үстінде бар сарбазының басын жұтып, сопа басы сорайып жалғыз қал ған шахмат королінен аумаған ұзын шашты біреу малдас құрып отыр. Өзіне отыз бес пен қырық бес жастың қайсысын берсең де бек жарасатын секілді. Тізесіне қойған тегіс те жыл тыр тақтайша бетіне төселген ақ қағазға тұқшыңдап, қауыр сын қаламды – мұндай қаламды тұңғыш көруім – сықыр-сықыр сүйкектетеді. – Сəлем бердік... бай аға! – деді Иса жалғандау да көтеріңкі, сергек дауыспен. Ту сыртта тұрып, Исаны қақ желкеден көзіммен атып салдым –... байдың алдыңғы буындарын тағы ұстай алмай қалдым. Бай ағамыз басын көтерген жоқ. Саңырау ма деп ойлағанымша болмады, тұқшиған күйі саңқ етті. – Жə, сызылмай төрлетіңдер! Біз құйрық басқасын ғана қағаз-қаламын былай ысырып қойып, еңсе жазды. Сонда байқадым, шашын ақ молынан ша лыпты. Жанарының ернеу еттері қызарған алакөз. Жалпақ қара қасы, келісті қыр мұрынды. Əйтсе де Бай ағаны əдемі деу қиын. Өйткені, беті боран соғып тұрған ескі, əрі өзі балалы үйрек пен ортан теректің арасына қысып, анда-санда сорып отырған сигаретін ораған мөлдір қағаздай жұп-жұқа. – Мен Əшірдің досы едім. Екеуміз де Қапшағайда, студенттердің құрылыс отрядында істеп жүрміз, – деді Иса астынан су шыққандай қозғалақтап. Еһе-һе! Иса таза өтірікке көшті. Иса мен Əшірді бір біле тін жан болса ол мына менмін, бірақ екеуі дос емес. Дос болмақ түгіл, сабырлы, салқын қанды, əр қадамы санаулы Иса мен бірде от, бірде су, кейде қыршаңқы, кейде ақкөңіл Əшір екеуі бір-бірін іштей жақтырмайды. Ол сезімдерін сыртқа əйгілеп шығара да қойған жоқ, дегенмен біреуінің ішінде ит, екіншісінің ішінде мысық отыр – ол анық. Зоопаркте қатар екі торға қамалған уссури жолбарысы мен ауылдың дүрегей төбеті бір-біріне – Иса мен Əшірдің көздерімен қарайтын шығар. Оны қойшы, маған батқаны: «Оныншы класс оқушысы А.Қайырсынов жер бетінде өмір сүреді», – деген фактіге Иса пысқырып та қарамады. Бұл жерде мені Бай ағаға таныстырмады деп отырғамын жоқ. Көз бақырайтып қойып, өтірікті суша сапырса сені шынымен адам қатарына санамағаны, ал одан асқан қорлық бар ма. Мен Исаға жаңа

көзбен қарай бастағанымды сездім. Өз-өзіне сенімділігі нен, жер оярдай салмақтылығынан сылып алғандай айыры лып қалған мына жалтақ та жалған Иса мен үшін бөтен, жат осы отырыста. – Ə, Əшір ме? – деді Бай аға. Алакөзі кірбиіп, жанары жылыды. – Ақын бала ма? Жалаңтөс студент ақын ғой, – деп қарсыдағы қабырғаға ілінген күңгірт зерлі кілемге үңіле қалды. Ол қаракүйе жеп, ескірген кілемнің бетіне Əшірдің бейнесін сызып отыр. Сəлден соң ұйқыдан оянғандай кілт тіктеліп, бізге бұрылды. – Сонымен? – Бүгін таңертең бері шығарда Əшір ақын ағаға кіріп шығып сəлем бергейсің деп еді. – Сəлемдерің əлей болсын! Айта бер. – Өлең жазатын əдетім бар, аға. Əлі жан адамға көрсеткемін жоқ. Əшір білетін, өзім білемін. Сол сызғандарымды сіздің сарабыңызға салайын деп... – Исаның жүзі лып етіп, қызара қалды. – Мына бала ше? – Бай аға мені иегімен нұсқады. Иса ойланбастан: – Інім ғой, – деп салды. – Інің емес екенін көріп отырмын. Бет машиналарың басқабасқа. Сенен гөрі осы бала қағаз шимайласа бірдеңе шығар еді, – деді алакөз. – Жасың қаншада, жас ақын? – Жиырма екіде. – Жиырма екіде ақындықты бастамайды, аяқтайды. Жə, қойдық. Шығар түрткендеріңді! «Жиырма екіде ақындықты бастамайды, аяқтайды»... Осы сөздерді өзімше іштей қайталауым мұң, еріксіз қозғалақ тап қалдым. Əрине, Бай аға өзі туралы айтып отыр. Оның бетіне көз астыммен байқатпай барлай қарадым. Өлең жазылған бет-қағазды еденге тегістеп жайып, шетіне шырпы тигізіп, сосын оттан қалған сұрғылт күліне қара да, Бай аға ның пергамент секілді жұқа, ескі жүзіне қара – бəрібір. Иса қолтығының астындағы портфельдің аузын бақадай ашырды да, əдемі тысты қойын кітабын шығарды, алакөзге ұсынды. кəрі шал өзін тастап кеткен сұлу қыздың суретіне қалай қараса, Бай аға да блокнотқа солай қарап, мұқабасының сыртынан саусағымен шертіп-шертіп қойды. – Ақынның қойын кітабына ұқсамайды ғой мынауың. Ақынның қойын кітабы деген не, жүні түсіп, құлағы салбырап

қар тайған тұлпар не, болмаса қан майданда атыла-атыла бөлшектері тозып, ыс басқан автомат не, бəрібір. Қойын кітап та, автомат та жауынгердің серігі. – Сосын шахмат короліндей қалпын сынық сүйем бұзбастан: – Əй, Күлшира! Дəм əкел! – деді. Ала мойын коньяк пен табақ толы турама ет келді. Ала көз бұралып-бұралып жатқан толқынды шашына бес саусағын тарбитып салып жіберіп, желкесіне қарай шалқайтып жыға салды да, үш рюмкені шүпілдетіп толтырды. – Былай, інішек. Өлеңіңнің тілі шығып, сайрап кетсе мына тостан сарқынды қалдырмай көтеріп қоямыз. Жəне ондай күнде есігім сен үшін қашан да айқара ашық. Ал өлеңің аузынан емес, артынан міңгірлеп сөйлесе, амал не, рюмке шетіне ерін тигізбестөн жүзі жарқын, сөзі салқын басқа інішектерді екі көзіміз төрт боп күтеміз де. Келістік пе? – Келістік... – Баста ендеше! – деді Бай аға қойын кітапшаны Исаның қолына ұстатып жатып. – Баста! Иса күмілжіп бастады. Даусы тығылып, дірілдеп шықты. Рес торанда қызды-қыздымен аңдаусызда көршісінің тарел қасындағы бефстрогоновке шанышқыны салып қалған адам сол көршісінен Исаның осы даусымен кешірім сұрайтын шығар. Мен көңілсіз жүзбен үй ішін тінте бастадым. Трельяж, телевизор, радиола, гарнитура – бəрі де жақсы, жарқырап тұр, тіпті тура біздің үйдегідей, бірақ шкафтың есігі ашық, жазу столының тартпасы жабылмаған, көптен бері су құйылмаған гүлдің жапырақтары сарғайып кетіпті, қабырғадағы А.С. Пуш киннің суреті қисайыңқырап, бізге сексен градустық көл беумен қарап тұр, екі бұрыштағы түрлі түсті телевизор мен радиола ассиметриялы орналастырылыпты – қысқасы, са палы, шыт жаңа болғанмен біртүрлі, бəрі де кірген адамға жағасы жайлаудан кеткен бұзық баланың көзімен қарап тұр. Иса қарлыққан дауыспен өлең оқып отыр. – Таңның бір керілген шағында, Тұп-тұнық көкжиекті Оранып ояу жаттым. Сөнбеген жұлдыздар сияқты, Шексіз ойға баттым. Самалын желпіп тұрды, Ертеңгілік еркелеп,

Сұлулық кімге таңсық? Хош дегенді жоғалтып, Жолға шықтым... Исаның ерні аппақ. Көзі шыныланып, шатынап кетіпті. Өзін ептеп аяп та отырмын. Семсер тырнақ қабылан кенет көзін мөлитіп мысықтың даусымен: «Мияу!» десе, қабылан екеш қабыланды да аяйсың. Əйтеуір Иса дермантин есікті ашқа лы бұрынғы Иса емес, басқа... өз-өзіне сенімсіз Иса. – Тұп-тұнық көкжиекті, оранып ояу жаттым... Жақсы, жақсы. – Бірақ Бай аға Исаға суық жымиыспен қарады. – Сырың тереңде жатқан баламысың деп қалдым. Тереңіңе бойлай алмадым, бауырым. Өз өлеңіңді сыйламайсың... Өлеңді ішің ауырғандай қиналып оқисың. Іштен шыққан шұбар жыланның бағым-күтіміне қиынсынатын, қиналатын ана бар ма. Ал сен қиналасың. Кімдердің қиналатынын білесің бе? Өгей əкешеше, өлеңге өгей ақынсымақ... Бай ағаның бұл даттағаны ма, мақтағаны ма, айыра алмадым, Исаның жүзіне қарасам – ақтүтек. – Жə, қос қолымызды көтердік бұл өлеңге. Ұйқас, үндестіктерің төрт аяғынан бірдей ақсап жатыр, бірақ кеудесінде жаны, тамырында қаны бар. Ал бұлардың басы түгел болса ұйқас шіркін қалтаға жүз сексен сомды басып ап, дүкенге кірсең табыла кететін костюм əншейін. Былай, інішек. Андағы құран кітабыңды маған əпкеп бер. Кез келген бетін ашайын да, кез келген өлеңін оқиын. Айтқаным айтқан. Көңілден шығып жатса сендер бұл шаңырақтың қадірлі қонағысың дар. Сосын қойын кітабыңды кеп редакцияның біріне күні ер тең өз қолымнан апарып тапсырамын, – деді де Бай аға Исаға қолын созды. Исада қан-сөл жоқ, тас ескерткіштей қатып-сеніп отыр. Кітапшаны ұсынған қолы білінер-білінбес қалтырайды. Бай аға кітапшаға үңілді. Əлден уақытта сояудай тырнақтарымен шекесін қасыды. Кітапшаның бетіне біреу əдепсіз суреттер салып қойғаннан жаман қабағын кірбің шалды. – Ал тыңдаңдар! Былтыр бір ақынның телевизордан өлең оқығанын көргенім бар. Айқайлап, ла-ла-лап лапылдап, ыстығы көтеріліп тұрған адамша жұлқынып оқыды. Əдетте базарда бес сомның тауығын он сомға сатқысы келген саудагер үнін бəрі нен

асырып айқайлайды ғой. Кезекті бір айқайда телевизордың розеткасын суырып тастағамын. ...Бай аға лапылдамады. Аспанға ұшып, жерге түскен жоқ. Өлеңнің сүрепетін қашырып, тегі сұрықсыз оқыды. Өткен жылы «Ұлықбектің жұлдызы» атты фильмді көріп ем. Сонда бастарына Бұқараның күмбездеріндей ақ сəлде ораған молдалар құранды мұрнынан мыңқылдап, сөздерінің жігін жазбастан, тап бір балдан бал айырғандай созып қалай оқыса, ала көз де солай оқыды. Тым əдепті оқыды. Менің есіме, неге екені белгісіз, үңгір ішінде ызыңдаған дистро фик маса түсті. Өлең бітті. Ақын Исаға қарады. – Қалай, өзіңе ұнады ма? Исада үн жоқ. Құп-қу. Ала көз отырып-отырып, барқ етті. – Ай, Күлшира, дастарқанды жина! «Ай, Күлшира» жеңгейдің жалғыз келісі алдымызды сыпырып-сиырып, футбол алаңындай таза-тақырлап кетті. – Мынау өлеңің шігінен түсіп, шалқасынан құлады, Қайт дейсің маған енді? Исаның аузына су толыпты. – Жə, мамандығың қандай? – Инженер-электрик... Студент.., – Ауылда өскен шығарсың... Иса бас изеді. – Маңдайыңда тұқымынан тұлдыр жетім деген сөз жазулы тұр... – Ол рас. Нағашы атам мен апамның қолында өскемін. Бай аға сигаретін құшырлана сорып отырды да, бір уақытта басын кілт көтеріп, Исаның бетіне тік қарады. Сол мұң, мен қолыммен жер тірей, еріксіз шалқайып қалдым. Исаның неғып тірі отырғанына таңым бар – Бай аға оған кере мет жеккөрінішпен қарап қалыпты. Көзінің тамырлары қызыл жинап, онсыз да жұқа еріндері түп-түзу жалғыз сызыққа айнала қалыпты, өзі қаршығадай құнтиып, екі иығы сəл көтеріле алға ұмсынып отыр. Көптен білетін біреуді қалың жолаушының арасынан аңдаусызда көріп қалған, əйтпесе сыртта сілбіген жауын екі күн тоқтаусыз жауып, дымқыл ауа жайлаған қаракөлеңке бөлмеде əбден жалығып отырған-

да Бетховеннің «Қаһармандық симфониясының» дүлей ноталары құлағына жеткен жандай көз жанары тым өткір. – Мен де жетіммін... Естисің бе, инженер-электрик, мен де жетіммін. – Əлдекім естімесін дегендей сыбырлап айтты. Исаға жан бітті. – Сіз бе? Қалай? – Қалайын қайтесің. Жетіммін – соны біл. Жетім-жесір лер ақындыққа қашаннан құмар. Жүз ақынның тоқсан тоғы зы жетім. Оқасы жоқ, қазір заманның беті оң. Көйлек көк, тамақ тоқ. Адал еңбек етіп, ақырын жүріп, анық бассаң – өлең жазбай-ақ тəп-тəуір өмір сүруге болады. – Бай аға Исаға қолын созды. – Əкел қолыңды! Жетімдігіңді, көрген зəбірзапаңды таза тас ұмыт, тіл алсаң. Біз жетімдікті ұмытпай тын жастамыз. Ал сен жетімдікті ұмытатын заманға да, жасқа да жеттің. Қойынға соғыс салып кеткен қара тасты бастан үш айналдырып, əрмен лақтыр. Сөйт! Иса күңк етті. – Əрмен лақтырған тасыңыз көршіңіздің басына барып тисе ше? Ала көз Исаға бақырая қарап отырды да: – Еңкейші! – деді. – Құлағыңды бермен! Еңкейген Исаның құлағына бірдеңені сыбырлап еді, ол басын жұлып алып, дереу жылжып, шегініп отырды. – Енді ұқтың ба? Иса тырс үн қатқан жоқ. – Қош, бала. Мамандығың жақсы. Терең білімді инженерэлектрик болуыңа сырттай тілектес бір ағам бар деп есепте. Үлгілі отбасы құра біл. Құра алатыныңа сенемін де. Өз сүр леу-соқпағын, өз есебін жақсы білетін жігіттердің қатарынан сың, кісі танысам. Өткенге алаңдама. Бізге қалдыр оны. Бола шақ қа қара, бəрін болашақтан күт. Əзір қолда жоқ бол са да күте біл. Соғыс кезінде де күте білген. Күте білуді үй рен. Мені ұққан шығарсың? – Ұқтым... – Жортқанда жолдарың болсын! ...Күлгін жылтыр тастар төселген баспалдақтарды санап басып түсіп келе жатырмыз. Туфли табанының тасқа тиген жаңғырықтары – қабырғаларға соқтығып, қалбақтап ұшқан қара жарқанаттар. Тап əзірде Иса мен Бай аға алмас қан сөздер де менің санамда қалбақтап жүр. Дəнеңе түсін сем

бұйырмасын. Иса тұрған бойы бетегеден биік, жусаннан аласа сыпайы жігіт. Ала көз өзін патшалардың патшасын ша ұстады. Бай аға Исаның құлағына не деп сыбырлады? Иса жарық құйылған шығар ауыздың табалдырығында тоқтап, маған бұрылды да, метр де сексен сантиметр қара бағанаға айналды. – Сауырынан сипатпады сабазың... – О кім? – дедім. – Əлгі ақын да. – Аты кім өзінің? – Соны сайтан біліп пе. – Кірерде «Бəленшебай ағаның пəтері ме?» – демедің бе?... – Атын Əшір айтып еді, есімнен тас шығыпты. Сосын қы рықтан асқан үш қазақтың екеуінің есіміне – бай, – хан, – бек буындарының қосақталып жүретіні есіме түсе кетті. Есік ашылғанда сасқанымнан басқы əріптерін ажырата алмастай мұрын астынан мыңғырлай салдым да: «...бай аға пəтері ме?» – дедім сақ-сақ етіп. Есіңде болсын, күнде мың естіп, құлақ сарсытқан сөздерге ешкім ешқашан да назар аудармайды. Ал «Ай, Күлшира» жеңгей ақын ағамыздың есімін кем дегенде миллион рет қайталап, миллион рет естіген шығар. Мəселен, мені Исаның орнына Эссе деп шақыршы, қолмақол: «Əу, Асан!» – дейін. – Мен бұ кісіні бұрын көрген секілдімін. Қайда екені есімде жоқ, алайда көргемін... – Қайдан көруші ең, алдыңғы күні қостағы телевизор дан көрген шығарсың. – Иса ызалы. – Сағат бойы лақылдап өлең оқыды. – Бəсе... Телевизорда... шал еді. Əлі жас қой. – Еһ, Асанчик, – деп Иса жымиып, арқамнан қақты. – Телевизордың экраны əрқашан да реалист. Өйткені, техника алдамайды, барды бар, жоқты жоқ қып көрсетеді. Жаңағы мықтының экранда шал, ал өмірде жас көрінуінің өзіндік себебі бар. Өйткені, өмірде мықтыға кездескенде шын бағасын ешқашан тап басып, бағамдай алмайсың, бетіне дұрыстап қарай да алмайсың: не тірі əулиені көріп тұрғаныңа қуа нып кеткеніңнен нарқын шын бағасынан артық беріп қоясың.

Телевизордан көргенде ол алыста; қаймығу да, таңдану да жоқ, сол себепті бағасын да дұрыс бересің. Бай аға Исаның құлағына не деп сыбырлады? – Иса, сен... өлең жазушы ма ең? – Бай аға оқыған тақпақ бұл дүниеде жазған соңғы өлеңім шығар. – Өзің оқыған өлең ше? – Аударма. Латын Америкалық бір ақыннан Əшірдің аударғаны. Бақырайып бетіне қарадым. – Иса, Бай ағаны неге алдадың? Ол лап ете түсті. – Алдадым, ал шауып ал. Алдай аламын ба, жоқ па, соны білгім келді. – Білдің бе сонымен? – Алданатын жан ақын емес, білгенім сол. – Бай ағаны неге алдадың? Неге? – Бақырып жіберуге шақ тұрмын. Иса демде өзгерді. Қазіргі Иса бет-аузы ашудан қисайып, қолдарын айқыш-ұйқыш ерепейсіз сермегіштеген, мен танымайтын бөтен бейнедегі жат Иса. Көзі шарасынан шыға жалт-жұлт етеді. Баяғы үңгір есіме сап ете түсіп, сескеніс тен еріксіз шегініп қалдым. Қаракөлеңке подъезд үңгірге ұқсаушы еді... – Неге? Бəсе, неге? Неге мені тағдыр алдады? Неге мен жетімдіктің тақсіретін тартуға тиіспін? Неге мен əке-шешенің мейірімін сезбей өстім? Жетімдік деген қара салт атты мəңгілік қуғынын қашан қояды? – Ол қай... қара салт атты? – деппін аузым аңқиып. Иса оны құлағына ілген жоқ. – Əке-шешесі бар, төрт құбыласы тең мына сендерден қай жерім кем? Соқырмын ба, еселаңмын ба? Аузыма ақылды сөз, үстіме келісті киім жараспайтын диуанамын ба соншалықты? Сенің табаныңа кірген шөгір менің маңдайыма қадалсын, айта қойшы! Əке-шешеден айырған, не тіл-аузы, не бет бейнесі жоқ қара салт аттыны соңыма сап қойған тағдырдың тəлкегін ешқашан кешпеймін, кешіре алмай мын. Сол қара аттыны қайтып қана ізімді сипатып, алдап кетемін?! Қалай, қалай, құлдығыңнан айналайын, қалай?! Иса сап беріп жағамнан ұстай алды да, сілкіп-сілкіп қал ды.

Кірпік қағуға шама жоқ, шалқалап барып, қабырғаға сүйен дім. Қабырға қатқыл, салқын алақанымен арқамнан итерді. – Айтасың ба, жоқ па? – Күшті қолдар қаңбақша ойнатып, қабырғадан жұлып ап, еденге дік еткізіп, табанымнан тік тұрғызды. – Иса, мені алдашы! Алдыңда тұрған мені алда! – дедім тығыла тез-тез сөйлеп. – Басқа ешкімді де алдама! Алдама! Ол бетіме қадала қарады да, жалт бұрылып, сыртқа ата жөнелді. Ауада «Алдама! Алдама!» деген жаңғырықтар ғана тербеліп тұр. Бай аға Исаның құлағына не деп сыбырлады? Сүт пісірімнен кейін сандалақтап сыртқа шықсам, күн тас төбеге өрмелеп, подъезден аяғымның астына құлай қалған көлеңкем қысқарып, лып етіп бауырыма кіріп кетті. Ақ шағыр сəуле көз қариды. Бетон қабырғалардың беті бүртіктеніп, шып-шып терлеп тұр. Исаның маңдайы да терге шыланыпты. Жүзі қарауытқан. Көзін алып қашып, маған қарамауға тырысады. Айнала беріп, күңк етті. – Əлемге көзімен емес, артымен қарайтындар тас лақтырса қайтсе де біреудің басына түсетін көрінеді. Ақының құ лағы ма өстіп сыбырлады. – Көңілсіз түрде қыбыр-қыбыр көшеге қарап тұрды да, – жə, кеттік аялдамаға! Сен сурет сала ды деп естігемін. Галерея барамыз. Қашайықшы, кетейік ші мына үйдің маңайынан. Ақын ағам ақылмен ішімді кептіріп жіберді, түге, – деді. Исаның соңынан еріп келе жатып, қызығы, Иса туралы емес, Бай аға туралы ойландым. «Маңдайыңда тұқымыңнан тұлдыр жетім деген сөз жазулы тұр...» «Ол рас. Нағашы атам мен апамның қолында өскемін.» Бай аға мен Исаның осы жауаптасуы еске түскенде барып, ақынның Исаға шүйлігу себебін түсіне қойдым. Өзі де жетімек Бай аға Исаның жүзінен жетімдікті көріп отырыпты. Жеккөрінішті, қырсық, қыңыр жетімдікті... Ал жетімдікті маңдайына жазып алған адамды кім жақсы көруші еді? Екі жетім бір-бірін жек көреді... Мен маңдайымды шақырайған күнге, бетімді балқыған асфальт лебіне шалдыртып келе жатып, тура тал түсте тітіреп тоңып кеттім. Аялдама алаңы адамға аузы-мұрнынан шыға толып тұр. Көбі өңкей бір қара шалбар, ақ көйлекті, қара торы қыз-жі-

гіттер. Бір тобы өткен-кеткенге үрке қарап, шеп құрып тұрса, екіншілері, яғни жігіттер жағы, көздерін сығырайта қысып, қолын шалбар қалтасынан айырмастан – оған қарағанда ол қалтаның түбінде мың сом жатыр, білем – бөкселерін ерсі бұлтитып, салмақты сыңар аяққа ғана салып, қисайыңқырап тұр. Анау шетте шаш əлпетінен немқұрайдылық пен тəуелсіздікті барынша танытуға тырысса, дембелше келген біреуі жанарына: «Əй, байқа, байқа деймін! Бес адымнан бері жақындама! Əйтпесе бар ғой... Ауылдан келсем де нағыз пəлемін, аузы артына қарап қалатын ашық ауызың мен емес» деген сөйлемдерді сойдақтатып жазып апты. Иса мырс етті. – Абитуриенттер... Клондайкке келген алтын іздеушілер... Өзара күле сөйлескен қалып танытып тұрып, жылтыра ған көздерінің құйрығымен жүргіншілерді қауіптене тінткілеген үш-төрт қыздың қасында біреу желкесінен қапсыра ұстап, жүзін қабырғаға ғаламат күшпен екі-үш мəрте соғып-соғып алғандай телевизор бет қоқи тұр. Əлден уақытта əлгі қалтасынан қолын суыра бергені сол, ілесе шыққан тиын сылдыр етіп, жерге ытқып түсті де, жарқ-жұрқ ойнап, кең шеңбер сыза дөңгелеп кеп, қайта тура аяғының астына құлады. Байқап қалдым, бақандай елу тиын! Аз да емес, көп те емес, Қапшағай мен мына қаланың арасындағы жолдың құны! Қыздар жалт қарады. – Тиын кімнің қалтасынан түсті? – Шоқа, сен қарашы, сен жоғалтқан жоқсың ба? Қоқи қара – Шоқа былқ етпеді. Қолын қусырып, көшенің қарсы бетіндегі зəулім сұр үйдің он екінші қабатына қарай қапты. Орта білімді абитуриент Рокфеллер! «Қазір Рокфеллердің əуселесін көрейік». Жігіттің қасына бардым да, тиынды қалтама салып, айнала беріп ем, анау ту сыртымнан ыс ете қалды. – Менің тиыным... Жалт қарасам, жалпақ бет Рокфеллер мені атарға оғы болмай көзімен ішіп-жеп тұр. Тұрысын бұзбапты. Қолы қусырулы. Тек шынтақтан түрулі быртық білектерінің бұл шық еті бұлт-бұлт ойнайды. – Ендеше неге көтеріп алмайсың? – Онда жұмысың қанша? Бетіне қарап ем, Шоқа жылап жіберуге шақ тұр екен. Бір

кереметтің құдіретімен гранатаға айнала қалса, құдай біле ді, сол секундында бұрқ жарылар еді. Аяп кеттім. – Ал, ала ғой, – дедім тиын жатқан алақанымды созып. Мəссаған! Қолымды қағып жіберді. Елу тиын шегірткеше ыршып жерге түсті. – Бала, сен немене... – Шоқа күрек тістерін жарқылда тып, көзі ойнақтап, ойқастап шыға беріп еді, ту сыртымнан: – Маған бірдеңе дедің бе, жігіт? – деген биязы дауыс шықты. Иса! Сып-сыпайы, бейбіт. Қабыланның шабар алдындағы құйрықпен жер сабап, көз алдар мінезі. Шоқаның əпігі су сепкендей басылды. Соған қарағанда Иса секілді «бейбіт мінез» жігіттердің мінезін бес саусақтай білсе керек. Түсі құбылып тұрды, тұрды да жалт бұрылып, анадай жер ге барып, ерепейсіз кең балағын сартта-сұрт бұрқылдатып қаға бастады. Жалтыр шеке, ұзын бел троллейбусқа міндік. Тақ алдына міз бақпай тесіліп, қалың ойға батып отырған Иса ның жеңінен тарттым. – Қайда барамыз? – Əуелі парк, сосын галерея... – Қай парк? – Жай парк. Айтпақшы, жаңа сен ренжіген жоқсың ба? Айқайға қалай басқанымды білмей қалыппын. – Жо-жоқ... Суға, онда да суық суға амалсыз сүңгігелі тұрған адамның əдетімен демін тереңнен алды да, Иса сөз бастады. – Əшір ақынды аз-мұз біледі екен. Поэзия кештерінің бірінде өлеңін оқып, онысы ақынға ұнап қалса керек. Əшірдің айтуынша, жаңағы адам жазған өлеңінен гөрі кісі күлер оғаш, шалдуар қылықтарымен көбірек даңқты-мыс. Жəне соның бəріне дерлік Əшір куə-мыс. Қосқа барған соң өзің сұрап аларсың. Əйтпесе Əшір екені рас болса өзі-ақ айтады. – Иса жымиды. Не керек, алдыңгүні телевизордан соң Əшірдің кезекті хикаясын тыңдап отырып-отырып: «Шып-шылғи өтірік!» – дедім. Əшір шап ете қалды; «Өтірік?! Дəлелде, кəне!» Сонда Исакең былай деді: «Атақты адамдарға жақынжамағайын, яки кездейсоқ біліс-таныс боп қалған адамдар олар туралы əр жерде əңгіме қозғағыш. Себебі, «мен онымен бəленше жерде болдым, түгенше жерде тізе түйістіріп отырдым» деген əңгімелер оның, айтушының, атақты адамға туыс, аяқтас-табақтас жан екенін дəлелдей түседі. Жəне

үлкен адамдар туралы əңгіме қызық болғаны дұрыс. Ал ондай қызық əңгімелер қайда қозғалады? Ресторанда, сыраханада, жиын-тойда. Обалы не керек, əуелгі баста атақты туысы туралы барынша шындықты айтуға тырысады. Əйткенмен əлгі əңгімені əсерлірек айтамын деп, бар болғаны бір пайыз өтірік қосып жібереді. Жə, бұл былай тұрсын. Əлгі жерде бір пайыз ғана қоспасы екінші ортада өзіндік «бір пайызын» қосып, шыт жаңалап айтады. Сонда екі пайыз болды ма? Сөйте-сөйте əлгі əңгіме жүзінші айтушының аузынан шыққанда жүз пайыз өтірік қосылып, мүлдем басқа мағынаға өзгереді. О баста əңгіменің қу шөбіне өрт қойған жан бір отырыста əлгі жүз пайызға өзгерген өз қиссасын басқа əңгімеге балап, аузының суы құрып тыңдайды. Артист, суретші, ақын-жазушылардың төңірегіндегі жалыны аспанға шалқыған сыбыс сөздердің даму эволюциясы дейсің бе, əлде өтіріктің структурасы дейсің бе, əйтеуір желсөздің түптөркіні осы. Сен, Əшір, сол жүз пайыздық өтірікті құрайтын жүз адамның бірісің», – деп едім, табан астында тас-талқан ашулан кеп. Жүз шайысуға шақ қалдық. Сартта-сұрт бəстестік. Яғни мен жаңа саған айтқан «өтірік теориясын» дəлелдеп, жəне сол дəлелге куə болатын адамды тапсам Əшірдің ұтылғаны, таба алмасам менің ұтылғаным. Сосын Əшірден ақынның адресін алдым да, сені ертіп ап, қалаға тайып отырдым. Мен жеңдім. Əшірдің айтуынша ақын делқұлы жан еді. Жоқ, ол ғажап логиканың иесі екен. Айналдырған жарты сағат тың ішінде менің іші-сыртымды бірдей көріп, жездей қақта ды. Қоямды ақтара бастағасын зəрем зəр түбіне кетіп, пəтерінен зыта жөнелдім. Зытып бара жатып, бір ойдың ұшығын ұстадым. Ол – ұзын құлақ пыш-пыш əңгіменің мəңгі таусыл мас қоры – ақын, жазушы, суретші, артистердің əзіл-қалжыңдар да делқұлы боп көрінетін себебі, біз өз кемшіліктерімізді əлгіндей əңгімелер арқылы соларға таңуға тырысамыз. Қашан ғы мына біз, атақсыздар, дарыны жоқтар, ең соңда ілбіп жүре береміз? Олар да əңгіме болсын, кемшіліктерді мойнына іліп, бізбен тең бөліссін. Мен бүгін соны дəлелдедім. Исаның сөзі көңілге қонса да, иə, бұрыс, иə, дұрыс демей қолды қалтадан айырмастан екі аяғымды созып жіберіп, орындық арқалығына жантайып жатып алдым. Қашан да ақылды сөз мені əсте толғантқан емес, Өйткені, ақылды сөз айтылғанда ойлану-толғанудың қажеті жоқ, тек кəмпит

сықылды ауызға салып жіберіп, тамсап жұта беру керек, себебі, ақылды сөз сенсіз де басқалардың бас қауашағында мың рет сүргіленіп, əбден жойылып, өңделген. Ақылды сөз ойлану үшін емес, құлақ салбыратып тыңдау үшін айтылады. Кенет, ішім суық сорып, мұздап бара жатты. Иса сонда мені қаланы аралату үшін емес, кеше өзі айтқандай мектептен соң ақыры баратын астананың көшелеріне «көз үйре те беру» үшін емес, өз сөзін дəлелдеу үшін, куə болу үшін ертіп əкелген екен. Өтірік айтып, ертіп əкеліпті... Исаның жүзіне қырынан көз жүгіртіп ем, моп-момақан күйде троллейбус əйнегінен көшеге жайбарақат қарап отыр. * Парк шыт жаңа жасыл гүлді көйлегінің етегін саусақ ұшымен іліп, сəл көтере айналып, құрбыларына көрсетіп тұрған сəнқой қыздай кұлпырып тұр. Қызыл, жасыл, сары, көк – Африканың да, Арктиканың да бар бояуы осында. Суретке түсіп, балмұздақ жеп, қайықпен серуендеген адам ығы-жығы. Иса: «Мынау – сайтан дөңгелек, анау – чехтардың ай паркі», – деп, жалт-жұлттарды құлағынан тізіп, таныстырып келеді. Көз қиығын анда-санда маған салып қояды. Таңданыс нышанын іздейді, байқаймын. Анау жылы келгенде бұл паркті барлық биссектрисасынан түсіп аралап өткенімізді қайдан білсін. Сайтан дөңгелекті де, ай паркті де көргемін. Айталық, анау жасанды көлге тұмсығын сұғып жіберген ақ үйдің «Арал» рестораны екенін қасына бармай-ақ тап басып танып тұрмын. Керек десе ресторанның аралда емес, түбекте жатқанын, сондықтан ол «Арал» емес «Түбек» деп аталуға тиіс екендігін де білемін. Қызық-ау, Тынық мұхитындағы титімдей нүкте – Таити аралындағы Папаэта қаласында жиырма сегіз мың француз бен таитилық тұратынын білетін мен сайтан дөңгелекке неге ауыз ашып, көз жұмып қарауға тиіспін? Шағын жасанды көлді айналып өтіп, қалың ағашқа қойнаулап кіре беріп ек, алдымыздан ағаш шатыр астында ойын соққан жиырмаға жуық шахматшыны алақанына салып əлдилеп, ашық алаң дөңгеленіп шыға берді. Жиырманың он шақтысы алақандарымен бас сүйеп, орындықпен орындық боп қатып қапты. Асылы, корольдері қуғынға түсіп, басы қатып отырғандар. Бес-алтауы қолын артына ұстап, Кар-

пов тың аяңымен əрлі-берлі жайбарақат адымдап жүр. Басы қатқандардың королінің тамағына пышақ тақаған баһадүрлер, шамасы. Қалғандары – екі жақтың да қымс еткен қимылына көз тігіп, кекілдерін ұйпалап, үгітілген шыны үстін де отырғандай қипақтаған жанкүйерлер. – Ойнаймыз ба? – деді Иса шатырды шекесіне іліп. Бас шайқадым. – Білмеймін. Ол да басын шайқады. – Ал түрің шаршы тақта үстінде жан шыдатпайтын шахматшының түрі. Жə, онда мен бір-екі партия ойнағанша тоса тұр, – деді де, шатыр астына сүңгіп кетті. Ыза буғаннан басыма қан құйыла жаздады. Тоса тұруға уақытым бар ма, жоқ па, оны сұраған да жоқ. Бұларға өлменіңде бірдеңе білмеймін деме, десең болды, саған зоопарктегі хайуанаттардың ең бір есалаң өкілін көріп тұр ған дай қарай бастайды. Иса фигураларды жылжытуды біледі екен, мен оны екі-үш сағат бойы құлағым салбырап, құйры ғыммен шыбын қаққан құлақкесті көк есегі құсап тосуым керек. Бұл заманда мен түгіл, ығын таппаса көк есек те тоспай ды. Кілт бұрылып, маңдайындағы жазуы «кел мұндалап» тұрған қисық айналар бөліміне беттедім. Жалпы, шахматтан хабардар біраз жұрт мені алғаш көргенде шаршы тақтаның жеті басты жалмауызы деп есептейді. Фигураларды қидай сыпырмақ түгіл, шах не, мат не, хабарымның жоқтығын айтып, ант-су ішіп, қол-аяқпен бірдей тепкіленсем де пұлдануға саятынын қайтерсің. Солар тегін үміт артып жүрген жоқ шығар, кеудемнің түкпірінде шынымен шахматшы қалғып жатқан болар деген оймен тақта басына бұдан бұрын он шақты рет қонжиып отырып ем, он жүрістен кейін құдайдың құдіреті, ішім пысып, ұйқым келе бастайды. Көзді ашып-жұмып, манаурап отырғанда есінеп жіберіп, көргенсіздік жасағаным да бар. Сол көргенсіздікті екінші рет қайталап қоймасам игі деп қорыққаннан ежірейіп қатып-семіп отырған адамнан ойдан ойып, қырдан қыратын жампоз шахматшы қайдан шықсын. Сонда да ел шара басты шахматшы деуден танбайды. Соған қарағанда бетімде атқа ма, ферзіге ме, əйтеуір беделді фигуралардың біріне ұқсайтын ойқыл-дөңдер бар болу керек. Шыным сол, шахматты жек көремін. Жеңіске жеткізетін бір жүрісті екі

адамның арсы-күрсі ойлап отырғанын көрсем болды, басым айнала бастайды. Маған салса бəленше адам бірігіп бір нəрсе туралы ойланса одан түк те шықпайды. Ондайдан іс шығатыны рас болса, жүздеген адам бірігіп сурет салмас па еді, кітап жазбас па еді? Тебініп баруын барғаныммен қисық айналар бөліміне бірден кіре алмадым. Билетке төленер бес тиын мысымды құртты. Қос қалтамды алай да, бұлай да қағып ем, аузынан ауа аңқ-аңқ етті. Алдыңғы жылдан бері қалта түбіне тесік тиын тоқтамайтын ғажап жағдайға ұшырағамыз. Қасапхана өртене жаздаған сол қырсық қыс аяғында тəрбиесі қиындардың тізіміне ілігісімен мамам ақша ұстатуды тас тиған. «Неге?» – де ген көкеме табақтай газеттен табақтай мақаланы саусағымен шұқып тұрып, мына бір жолдарды оқып берген: «Кəмелетке толмаған балаға ұсақ-түйек қажетіне болмаса – қо лына ақша ұстатудың қажеті жоқ. Еңбексіз келген ақша баланы – еңбекті, жалпы, ата-аналар еңбегін қадірлемеуге дағдылан дыра ды». Бері шығарда мамам: «Құрылыс отрядына керектің бəрі мен өздері қамтамасыз етеді. «Итке темір не керек», – деп қалтамды қағып жіберген. Басын шахмат жұтып жатқан Иса ға жүгіріп барып ала қоюға əрі еріндім, əрі арландым. Со сын біркелкі қиылған кекілін маңдайына талтал қып сеуіп тас тап, сартылдатып билет сатып отырған қызбен қылжаққа бас тым. Мен шамалас қыз. Шолақ танауын есептемесе былайын ша сүйкімді. Қайқы кірпікті прожекторын маздатып жағып ап ты. – Мені билетсіз жібересің бе? – Жибермиди... – Ендеше атыңыз кім, бикеш? Ол басын көтеріп, күнге күйген жүзіме, шаң тұта бергесін алдыңгүні қысқартып тастаған екі елі шашыма күдіктене қарады да, күңк етті. – Ат жайлаудэ жайыладэ... – Ендеше есіміңіз қандай? – Планетада иен жакси эсэм... Сөз бар ма, орысша оқитын қыз. – Жазғы демалыста ақша тауып жүрсің бе? Быжынаған бақырларды жып-жып санап отырып, кө мейінен: – Іһм... – деді.

Тəп-тəтті «Іһм...» қыздың негізінен діні жұмсақ екенін танытқандай. – Əкең қора сыпырушы ма? Қыз күрделі де терең мағыналы бірдеңе айтқысы келгендей қолын ербеңдетіп, қасын қайшылап, біраз қиналды. Ақыры тұтыға: – Акэ? Ну, қалай... В общем, генерал... – деді. – Генерал? Оһо! Билет сатып жүргеніңе болайын. – Мен министр болуды қалайды. Дəмесін қара! Мұндай қыздардың қытығына тиіп қою керек. – Қисық айналардың министрі ме? – Кешириниз, ол министр сен секилди коп-коп сойлеитинди тузейде... Мына таңқы танау бикеш, мен білсем, генералдың қызы емес. Генералдың балалары генерал болуды қаламайды. «Өзінде бар нəрсені кім армандасын. Мықтылардың балалары мықтылыққа емес, балет бишісі, музыкант, композитор, суретшілікке ынтық», – деп Исаның айтқан бір сөзін есті гем. Əй, басқасы басқа, мына тиын санаған кертеш мұрын кекіл ді қыздан отыз жылдан соң финанс яки сауда министрі шығып қалуы ықтимал. Болашақ финанс яки сауда министрінен қайырым болмайтынын түсіндім. Кері айналып, жеті-сегіз адымды санауым мұң, ту сырттан жіңішке дауыс естілді. – Эй, оратор! Алға тарта бердім. – Эй, бала! Кел, билетіңнің қажеті жоқ. Билетке деген ақшаңды кейін почтамен жіберерсің. Таза қазақша. Таң-тамаша қап, кері бұрылдым. Қолын бұлғай сайрап тұрған манағы қыз. Санап басып кері қайттым да, қисық айналарға өте беріп; – Жаңа қазақша білмейтін едің ғой... – дедім. Қыз жымиды. – О баста сен ұнамадың. Ұнамаған адаммен өстіп сөйлесем. Мен сені қылжақбас жігіт деп ойладым. Ал сөйлесіп көр! Мұның түптің түбінде министр болаты ны шын шығар. – Рақмет! ...Алғашқы айнаға көңілім толды. Көңілім толғаны соншалық, айнаның əр жерін құшақтағым келді. Енді ше! Қол-

аяғым жатқан бір-бір бөлек бөрене. Екі иығыма екі кісі мін гендей. Кəдімгі талыстай жігітпін. Күзде класқа осы қалпыммен кіріп барсам біздегі дистрофиктердің іші қыз ғаныштан жарылып кетер əлі-ақ. Келесі айна лепірген көңіліме су септі. Есепсіз үлкейген кеудем кастрюль сияқты да, сирақтарым бір-бір сырғауыл. Мектеп бауындағы ұзын аяқ, қазан бас қар ұстағыштардан аусамшы. Жо-жоқ, одан гөрі тігінен-тік тұрған перфораторға ұқсаймын. Сол сол-ақ, құлағыма перфоратордың тау-тасты жаң ғыртқан тарсылы, мұрныма тастың күлдей ұсақ ұнтағының құрғақ та қатқыл иісі жіңішкелеп жетіп келмесі бар ма. Бүткіл денем перфоратор тепкісін сезгендей сырқырап, жүрегім айнып, теңселе басып, ауызға беттедім. Билет сатушы қыз салқын сая астында еш қайғы-мұңсыз билет санап отыр. Бұл дүниеде бар-жоғы жетпіс шақырым жерде сағымы сабылған Қапшағай атты өлке бар-ау, онда өзімен түйдей құрдас бозбала перфоратормен, маса-шіркеймен алысып жүр-ау деген ой басына кіріп шықпайды. Тағы оратор деп кекейді. Кекеуге тым ұста таңқы танау қызға ызам келді. Ыза болғанымның түрі ғой: – Кешке кездесуге шығасың ба? – деппін. Өз даусым жер астынан шыққандай өз құлағыма күмбірлеп жетіп тұр. Шынымен Қапшағайдың ыстығы өтіп кеткені ме? – Кавалер бар. Еш ойланбастан бірден сарт етіп жауап бергеніне қарағанда, олда-білдə, өтірік айтты. Айтуын айтып қалсам да, қыздың ұсынысымды қабыл алмағанына іштей қуандым. Мұндай қыздардың қасынан біздің кластардың сал-серілері бес шақырым аулақ жүреді. Оларды керіліп-созылу дың мың түрін білетін мияу-мияу қыздарға қоя бер. Шынында да қаршадайынан министр болғысы келіп жұлқынып тұр ған қыз кімге дəрі? Министрмен бірге тұрғаннан гөрі сырттай сыйласқан дұрыс. – Көріскенше қош, болашақ министр! – Чао, оратор! * Басы хоккей шайбасынан аумайтын тұлып бет, дəу, ақ құба жігітпен Иса партияны əзірде аяқтапты. Шайбы бастың жүзі

лып-лып қызарып, жіңішке сары сабақты қоңыр көзілдірігін қолы қалтырап, ақ орамалмен сүрткілей береді – сөз жоқ, сабаздың жауырыны жаңа ғана шахматтан жер сипап қалды. «Мұндай ірі жігіт Люксембург секілді шағын мемлекетте алдажалда жоғалып кетсе бір-ақ күнде танып, тауып алар едің», – деп ойладым ішімнен. Иса шахмат тақтасының қақпағын сарт жауып: – Гарибальди, танысып қой, Асан менің інім, – деді мені иегімен нұсқап. Шайба бет жаңағы сұрапылдан əлі де ес жия алмаса керек, қолын тап бір маған қарызға он сом беріп тұрғандай былқсылқ ұсынды. Қолы болбыр, жұмсақ. «Джузеппи Гарибальди шахмат ойнады ма, жоқ па екен осы?» – деп ойлай қалдым əлгі арада. «Əй, адамның басымен ойнаған жан шахматқа уақытты қайдан тапсын». Гарибальди күйбеңдеп, бес сомдықты қалтасынан суыра беріп еді, Иса кіржің етті. – Айттым ғой, ақшаға ойнамаймын. Шахматтан бірінші разрядым бар. Сөйте тұрып, сенің қалтаңа түссем, оның өзі бірінші разрядты боксшының тас қараңғыда біреуді сұлатып салып, тонағанына тең. Тонамақ түгіл жай қол жұмсағаны үшін боксшының басы түрмеде шіриді. Исаның мына орынды сөздері оның тап əзірде шахматтан жасаған жүрістерін еске түсірді ме, Гарибальди дегбірден əбден айрылды. Соған қарағанда ондай жүрістер мен сөздер бұл бейбақтың басына ғұмыры қонақтап та көрмесе керек. Көзілдірігін киіп, қайта шешті. Қорбаңдап Исаға қарай адымдады да, шексіз алғысын білдіріп, құшақтағысы əлде арқасынан қаққысы келді ме, лып қызарып, қайта шегінді. Анау жылы зоопарктен көкем, мамам, мен көрген піл құсап, тұрған орнында тыпыңдап, теңселіп-теңселіп қойды. – Қолың бос па, Гарибальди? Иса жауап күтпей ары сөйлеп кетті. – Кел, аз-мұз қыдырайық. Шахмат, шахмат деп, бас ауырып, көз бұлдырағаны соншалық, екеуің де ақ пен қараның ферзісінен аумай қалыпсыңдар. Иса сəл-пəл қателесті – өз басымды білмеймін, Гарибальди жылпос ферзіден гөрі көп қозғала қоймайтын корольге көп ұқсайтын. Король қуанғанынан қолын ербеңдетіп, өзі ғана түсіне тін бір сөлекет қимылдар жасады.

– Əрине, əрине, қыдырамыз! Иса оның иығына қолын салды. – Гарибальди, ренжімесең сені бұдан былай Гарик деп атайық. Мына дене бітіміңмен жəне Гарибальдидей қаһарлы атыңмен кафе, галерея тəрізді қасиетті де нəзік ғимараттарға кіріп барсақ қабырғалары қақырап, құлап қалуы ықтимал. * Əуелі галереяға кіріп, əртүрлі суреттерге қарап, біраз тебірендік. Күн шынымен өтіп кеткен бе, шөкім бұлт бейнеленген Куинджидің шағын суретіне он минут бойы телміріп үңілдім. Куинджи бұлты тас сараң екен, жаумақ түгіл тамбады. Тысқа шыққасын галерея ауласындағы жайма базардан «Постимпрессионизм» атты кастрюльдің қақпағындай жалпақ кітапты Иса сатып алып, маған сыйлады. Кітаптың супер тысына бірнеше бүйрек бет алма, апельсин салыныпты. Қалада əлі алма піспесе де Сезанның алмасы уылжып жатыр. Шамасы, Сезекең – Сезанды айтамын да – сурет ті қарны жылан жалағандай шұрқырап отырған кезде салса керек. Қарны ашқандар ғана осындай тамаша алма мен апельсиндер салуға тиіс. Сосын салып-ұрып аттың басын сыраханаға тіредік. Подвалдағы сырахана терезелері Əшірдің кішкене көздері сияқты тар, іші қаракөлеңке, қапырық. Сол себепті ме, табалдырық аттасымен-ақ Исаның да, Гарибальдидің де бет терінің бояуы бірден сөніп, сүрепеттері қашып, сұрықсызданып сала берді. Маған олар кемінде он жыл қартайып кеткендей көрінді. Сырахана іші ду-ду. Халық кислородтан да көп. Бір-бірінің сөзін тосып, құлақ қойып жатқан жан шамалы. Бəрі шешен, ұтқыр. Екінің бірі өзін Гайд-паркте сөйлеп тұрғандай сезініп отыр. Ал сыра сатушы Сириядан келген дипломаттай тым келісті, тым айбынды. Жырта қарыс биік маңдай, бүркіт тұмсық, бұйра шаш, тік тұлға. Тұлғасының тіктігі соншалық, өз қолындағы саптаяқ сыраны төбесінен төмен қарай құйып кеп жіберсе, үстіне тамшы жұқпай жерге сар ете түсетіні сөз сіз. Сыраны кегжие құйып тұрып, көпіршіген көбіктен аса алыс көкжиектерге көз тастайды. Бір-екі қақсал абитуриент ала мойын коньякті алдарына

тік тұрғызып қойып, «тергеп» отыр. Жүрегім айнып кетті. Қырық градус мына ыстықта қырық градустық коньякті сыңғытпақ түгіл, сыртқы этикеткасына қарау үшін теріңнің қалыңдығы өгізден кем түспеу керек шығар. Біз сыраны қош көрдік. Ернеуінен аса көпіршіген бокал гимнаст қыздың білегі секілді иірілген мұздай суық тұтқа сын имектеп əкеліп, алақанымыздың астына ұсына берді. Бұ рын сыраны татып көрмеген басым Исадай жігітпен дастар қандас болатыныма қуанып кетіп, бір-екеуін қатарынан сыңғытып салдым. Гарик – Гарибальди жақсы жігіт екен. Сөзуарлығы жоқ. Айт қанынан тыңдауы көп. Шамасы, əжептəуір жалқау, білем. Əкесі бірдеңе ғылымдарының докторы. Исаның болашақта сол ғылымның құйрығын ұстамақ ниеті бар екен, Гарикті сұрақпен сабап, біраз қуалады. Əлгі доктор сөйтсе жеті-сегіз түшкірсе академиктің ауылы міне тұр-мыс. Қызық болғанда жеті-сегіз түшкіріске жеті-сегіз жыл кетеді екен. Гариктің өзі политтехтың студенті, болашақ технократ. Жылда жазғы демалысының басын шахматқа байлап беріп жүр. Қысқасы, екеуі абың-күбің əңгіменің қызық-шыжығымен мəре-сəре. Үрлей ішкен сыра саны үш-төрт саптаяққа жетісімен стол шетіндегі «Постимпрессионизмді» шынтағммен қағып, жерге ұшырып түсірдім. Əрине, мұны қызып қалғандықтан деп санамадым. Сап-саулардың да 5 сом 65 тиындық кітап былай тұрсын, автобус, троллейбустарда атқалақтап жүріп, зіңгіттей адамдарды қағып құлатқанын көргенім бар. Кітапты стол үстінен ұшырып түсірмек түгіл, фильмдерде бір пақырды екіншісі тік көтеріп алып, шыңырау құзға лақтырып та жіберді. Ал мықты болсаң шауып алып көр! Еңкейіп, едендегі «Постимпрессионизмді» ала беріп, ашыл ған беттен аңдаусызда əлдебір құбыжықты шалып қалдым. Шап беріп, саусағымды тістеп алардай көтерген кітапты қайта тастай жаздағаныммен, не сиқыры бар екенін білмеймін, құбыжықтан көз айыра алмадым. «Суретті түсіну үшін белгілі бір уақыт өткізіп барып, кемінде үш рет қайта қарау қажет», – деп еді кезінде сурет үйірмесінің жетекшісі. Екінші рет үңіліп ем, кітап бетінен жағын ақ дəкемен айқара байлаған əйел, иə, ер адам екені белгісіз, тері қалпақты баса киген, пышақ жанығандай сопақ беті мен ассимет рия-

лы қызыл көздері оронгутангті, онда да аш орангутангті еске түсіретін ғажайып ұсқынсыз жанды көрдім. Дəкесіне қарап тісі қақсай ма деп ойладым. Мейлі, тісі қақсамаса да, бүйрегі ме, сирағы ма, анық бір жері ауыратын адам. Аяқастынан əлгіге жаным ашып кетіп, үшінші рет үңілдім. Бұл жолы Сталин град түбінде қолға түскен фашист фельдфебелінен аумай қал ды. Аш орангутанг, фельдфебель... Басымды көтеріп ем, көзім шұбартты. Үш рет қарағанымда сурет үш рет өзгерді. Не де болса тегін жан емес. Джоконда да əр адамға əр уақыт та əртүрлі бейнеде көрінеді десіп жүр. Ыза буып барған дарды күліп, күлгендерді кекесін жымиыспен қарсы аладымыс. Жалпы, жақсы əйел деседі. Ол ол, ал үш қарағанда үш бейнеге өзгерген мына ақ дəкелі адам қандай жан? Иллюстрацияның астындағы күлгін əріптерді ежіктеп оқи бастадым. «Автопортрет...» Винсент. Винчестр болмағанына шүкір. Ван Гог... Винсент Ван Гог... Былтыр қыста суық тиіп, ауырып қап, сурет үйірмесінің бірнеше сабағына бара алмай қалғанда балалар: «Сезанн, Ван Гог, Поль Гоген, Анри де Тулуз Лотректі өттік» – деп шуласқан. Сол Ван Гог мына қызыл көз болды. Осындай кейіп-кескіні бар Винсент сынды жігітпен бір үйде қатар тұру, əй, қытымыр шығар. Іле-шала: «Маймыл сықпыттас Винсент, негізінен қайырымды-ау» – деген ойға келдім себепсізден себепсіз. Келесі парақты аудардым. Оһо! «Арльдегі түнгі кафе»... Арльдегі кафе біз отырған сырахананың сəлемін алмайды. Дереу сол мезетте түнгі кафеге ауысып отырғым кеп кетті. Біріншіден, онда отырған адамдардың саны аз, бар-жоғы алтау. Сыраханаңызда бері алғанда алпысы отыр. Екіншіден, Арль кафесінің стол, орындықтары сыпыра қызыл ағаштан қиылыпты. Яғни, алда-жалда қозғалып қалсаң кіл темір тұяқты кентаврлардың бір эскадроны зіркілдеп шауып өткен нен қатты салдырлайтын біздің астымыздағы дюраллюминий орындықтарды жолында қалдыратын заттар. Алып-ұшқан көңілге сап-сап сабыр тілеп, алдыңғы тəсілмен соңғы суретке екінші, үшінші мəрте қарадым да, зəрем зəр түбіне кетіп, Арльдегі кафеге ауысып отырмақ болған ниетімнен жат та айныдым. Атама! Арльдегі кафе алтыннан соғылса да табалдырығын аттамаспын. Арльдегі кафе – кафе емес, қайнап жатқан қып-қызыл жалын екен. Бөлме орта сын ойған биллиард столы, орындықтар қызыл сəуле

сіңіріп, қаны сыртқа шауып, бартиып-бартиып тұр. От жанып жатқан пеш аузынан ұшқындар əртарапқа ауаны сыза ұшып өткендей тақтай еден беті тұтасымен айқыш-ұйқыш қызыл, қан қызыл, қызыл сары шимай жолақтар. Стол мінбелеген алтаудың беті алты уыс шоқ. Төбеде теңселген төрт шамнан от саулап құйылып тұр. Винсент сабаз қылқаламды бояуға емес, лаулаған жалынға сүйкеп ап, кафеге от қойыпты. Ешкімді де аямаған – биллиард столының ернеуінен қапсыра ұстай кекірейген кафе қожасын да, алдарына бір-бір бөтелкені қойып ап, қылжыңдаған алтауды да, мүкəммал-мүліктерді де – бəрін де қиналмастан от құшағына қиыпты. Еһе, Винсент о баста ойлағанымдай қайырымды емес, қатыгез маймыл екен. Өзін біздің Қапшағайға командировкаға жіберер ме еді. Бет шарпыған жалынның көкесін тіреу орнындағы тас қапшыққа түскенде көрер еді. Əуелі десе екі-үш күннен кейін мольбертін арқалап, бас сауғалап тұра қашар. Сəл аялдасам Винсент қолымдағы «Постимпрессионизмнің» арасынан қарғып шығып, мұрнымнан шап беріп ұстап алардай беттерін тез-тез аударып жібердім де, шыңғыруға шақ қалдым, «Аха оэ феии?» – «Сен қызғанасың ба?» Теңіз жағасындағы құмда қыздырынған қос қыз... Біреуі тізерлеп отыр да, екіншісі шалқалап түсіпті. Құм да құм. Жалғыз тал өсімдіктен ада жалтыр, сарғылт құм... Күн сəулесі мен құм түсінен соғылған материалдан жентектеліп жасалған қоңыр қыздардың жалыны іште қайнап, үнсіз қозданып жатыр. Шашына ақ гүл тағып, тізерлеген қызды қайдан көрдім осы? Шыбын тайып жығылар жылтыр ақ қағаз бен шағырмақ сары құм көз қарығасын кітап бетін жауып, бас көтерсем Иса мен Гарибальди дау-дау əңгіменің батпағына белшесінен батып отыр. Исаның көздері шүңірейе түскен, қос жанары – қос найза. Гарибальди Тынық мұхитты жағалай құлаған Азия құсап, столдың бүткіл құбыла беткейін мол денесімен алып, шынтақтай жайғасыпты. Иса, керісінше, жаңа кескен жас шыбықтай солқылдап, еркін отыр. Қызғаны пəлендей байқалмайды. Солқылдаған жас шыбық сілтене қалса жыланша ысылдап кеп, жоныңа шып тиер. – Осы... Иса қандай жігіт? Желкемді сезілер-сезілмес жылы леп шалды да, сап тынды. Бұрылып, ту сыртыма қарадым. Бəрі де сыра ішіп,

са пылдап сөйлеп, мəз-мейрам. Жаңағы сөздерді біреу құ лағыма сыбырлады ма, əлде өзім айттым ба? Сергімек ой мен басымды сілкіп ем, қорғасындай зілмауыр. Мен бас сілкігенде жер қоса қозғалып кете ме деп ем, жоқ, бəрі дін аман. Шындығында басымды жай əншейін оң-сол жаққа сəл-пəл қисайтсам керек. Сыраханадағылар алыс-алысқа жылжып кеткендей бұлыңғыр. Сирияның дипломатына ұқсайтын сыра сатушы бурыл шашы бұрқыраған күржік біреумен салғыласты да қалды. Күржік екі тиынды кем төлепті. Күлейін деп ем ернім «БелАЗ-дың» шинінен жасалғандай дөрбиіп, жуық арада жуыссайшы. Қолды сілтеп, «Постимприссионизмнің» бетіне қайта үңілдім. Құм үстінде тізерлеген қыз жүзін бұ рып, көз қиығын маған тастағандай. Өзі сыздықтатып жымия ма қалай? Мені сонда танып отыр ма? Өйтсе, əйтсе... ол Жамал да. Соның нақ өзі. О да əнеугүні шаршы метр құм үстінде қыздырынып отырып еп-елеусіз: «Осы... Иса қандай жігіт?» – деп сұраған. Жаңағы сыбыр сонда Жамал сөзінің құлағымның ішінде қалып койған жаңғырығы ма? Кенет, мен «Аха оэ феии?» сынды суретті дар-дар айырып, жыртып тастағым келді. Суреттегі Жамалдың таитилық құрбысы мысқылмен сүзіле қарап: «Аха оэ феии?» – «Қызғанасың ба?» деп отырғандай көрініп кетті. Сонда кімнен? Бұл сұраққа жауап табысымен «Постимпрессионизмді» сарт жаптым да, əрмен сырғыта салдым. Тірі пенде көрмес алыс өлкеге сырғыттым. «Постимпрессионистер» шеттерінен шатақ іздеген жандар екен. Салған суреттеріне қарасаң бітті, бір кесепат сезімге ұрындырмай қоймайды. Не сүйіндіреді, не күйіндіреді. Айналасы бір сағат ішінде мені ит əуреге салып, қырық құбылтты. Біресе орангутанг, біресе фельдфебель... Мына қызы да барып тұрған сайқал. Суреттердің бəрінде Шыңғысханның қияс мінезі жатыр. Ол да екінің бірі – не төбелесіп, не достасып тынатын. Бадырақ көз, сен тимесең мен тимен тəрізді бейбіт мінез оның ныспында жоқ. Мына суреттерді Шыңғысханға көрсетсе бірден түсінер еді». – Осы... Иса қандай жігіт? – Стол бетіне сүзе қараған менің аузымнан шыққан сөз еді бұл. Иса оны естімеді, естісе мұрты қисаймай ағылып кеп сөйлер ме... – ...Бізбен бірге жұмыс істейді. Есімі – Бақтияр. Əкесі мықты министрлікте бөлім бастығы. Кезінде балалар үйінде өсіп-

ті. Шешесінің ұлты орыс, беделді мекеменің беделді маманы. Бақтияр кіндіктен жалғыз болғасын қол-аяғы бос, алдына ас қойылып, бұлғақтап өскен жігіт. Ішкені алдында, ішпегені артында. Бойы құрықтай. А деп аузын ашса көмейінен жү регі көрініп тұрады. Биыл өзі тіленіп, құрылыс отрядына шығыпты. Жə, хош. Жұмысқа түскен бетте судан шыққан балықша екі өкпесін соқты да қалды. Отырса опақ, тұрса сопақ. Ештеңеге ебі жоқ жігіт. Неге дейсің ғой? – Неге? – Гарибальдидің даусы столдың құбыла бет кейін шынтақтай қисайған Азияның қайдағы бір терең қойнау ларынан күңгірт шықты. – Анау гүлге қараңдаршы, – деді Иса сырахананың бұрышын нұсқап. Папоротникке ұксайтын ұзын жапырақты өсім дік... – Осының түбіне бір апта су құйылмаса көп ұзамай қу рап қалады. Яғни Бақтияр не, мына гүл не, бəрібір. Ол да бөлім бастығы əкесінің төрт бөлмелі пəтеріндегі қолдан суарылатын бір көрмеге əдемі гүл. Тырбиған түз гүлі əдемі емес. Бірақ табиғаттан болмаса тірі пендеден көмек тілемейді. Жаңбырдың сараң суына-ақ қарқ боп өсіп-өніп жатады. Асан біледі, бригададағы Əшір деген біруыс студентіміз сол түз гүлі тұрпаттас жігіт. Жіліншігі үзіле жаздап жүрсе де жұмыстың қаққанда қанын, соққанда сөлін шығарады. Тұрған бойы тарамыс. – Спортсмен бе? – Гүр еткен Гарик. Иса жауап берген жоқ, əңгімені соза берді. – Бақтиярдың сорайған бойын сыйладық па, о бастағы қызумен отряд комсомол ұйымының секретарлығына сайлап жібердік. Əп-əдемі түрі бар манекенді сайладық. Оның əдемілігін біз езіп ішеміз бе. Қайдан тұрдым, қайдан келдіммен кетер əлі қаңғып. Мамасы мен папасының целлофанға ораған баласын студенттер секілді тегеурінді де жұлымыр орта əлі-ақ шекілдеуікше шағып, бүркіп жіберетініне мен кепіл. Ал қолынан ел қатарлы тас лақтыру да келмейтін жанды кім сыйлайды, кім соңынан ереді, кім сөзіне сенеді! Гарик ауыр қозғалып еді, астындағы орындығы ойбайын салды. Қызарған беті – бөртпе тер. Кеще болмаса Исаның Бақтиярға арнаған сөздері «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңданың» кері екенін сезіп отыруға тиіс. Қызық, Гарик секіл ді нəн жігіттердің жанына тиіп сөйлеуден еш тартынбайсың. Тіпті жанына тигің келіп тілің қышып тұратынын қайтер-

сің. Дəу жігіттердің кең тері болатынын сезгеннен болу керек соның бəрі. Адамдардың тау ішінде қос қолмен аузын бүр кеп, айқай салғысы кеп тұратыны содан ба екен əлде? Гарик ақыры үзіп-үзіп сөйлей бастады. – Неге олай? Кім еді... Да... Бақтияр неге тас лақтыра алмайды? Əшір қалай мықты? – Гарик, мə, қолорақ! – Иса стол үстінде жатқан шанышқыны жұлып алып, Гарибальдидің қолына ұстата салды. Алып жігіт аң-таң. Исаның жүзінен көз айырмаған күйі шаныш қыны алды да, ерні əзер қыбырлап: – Қолорақ?! – деді де, қолындағы шанышқыға қауіп ара лас құрметпен қарады. – Ал сен шанышқыны қолорақ деп ұқ. – Исаның үні үрлеп басылған мөрдің таңбасындай ап-анық. – Қолорақтың неге арналып соғылғанын өзің білесің бе? Анау бас шайқады. – Қолорақпен қурай орады. Қурайды отқа жағады, от ас пісіреді, үй жылытады. Қурайдың гүрілдеп тұрып, аспанға атылып, пештің көмейін жалап-жұқтап жанғанын көрсең... Оның қасында тезек, қарағаныңыз жолда қалады. – Аз бөгелді де, кенет біртүрлі оқыс та шыңылтыр дауыспен: – Қолыңдағы қылпыған орақ, ендеше не тұрыс қурай ормай? – деп ақырып жіберді де, орнынан ұшып тұрды. Гарик алақтап, жан-жағына қарады. Қаны қаша қалған ерін дерін зорға қыбырлатып: – Қандай қурай? Ол не? Қурай... сыбызғы ма? – деді жыларман боп. Орнымнан қалай ұшып кеткенімді білмеймін, Исаның қолынан шап беріппін. – Есіңді жи, Иса аға! Бұл жер сырахана, сырахана, – дедім сыбырлап. – Солай ма?! – Иса көзін кең ашып, ұйқыдан оянған адам ша төңірегіне зейін салып, ұзақ қарады. Алғаш рет көріп тұрғандай Гарикке, маған үңілді. Күрсінді. – Солай... Кешіріңдер... Қызып қалыппын. Есіме қай-жайдағы түсіп... – Сылқ етіп, орнына отырды. – Гарик, əзірде сен естіген соңғы сөздерімді тұп-тура он бес жыл бұрын бөле ағам маған ақырып айтқан еді. Шешем ауырып, облысқа əкеткесін мені сол кісі қолына алған. Ақыруды естідім, енді өзім ақырсам қалай естіледі екен, соны білгім келіп еді. Айтпа, айтпа... Он

бес жыл бұрын күздің еттен өтіп, сүйекке жететін қарасуығы жыланша ысқырынып соғып тұрған. Қолорақты қолтығына қысып, арқанды беліне байлаған жеті жасар жетімек, шытшыт жарылған балтырын бұталарға тырнатқан жетімек, бүрсеңдеген күйі қыр асып бара жатқан жетімек... Сол жетімек мен едім. Ол жылы күздің қара суығы емес, жетімдіктің желі азынап соғып тұрған. Құдайым-ау, жел аңқылдап кеткені несі? Сол жетімдіктің желі ме қайта соғып тұрған? Уһ, тоңып кет тім, мұздап барамын! – Иса құнысып, иығын күржитіп алыпты. Қабағы қайшыланып кеткен. Суық жел қойны-қоншымды аралап сала бергендей қарадан-қарап тітіркеніп кеттім. Гарибальдиді қайдам, көшеде аспан айналып жерге түсіп, аптап қақырап тұрса да, жонымнан жылан жорғалап өткендей тітіркенді... Үздік-создық ащы шыққан сиренасы бақылдап «Жедел жəр дем» терезе тұсынан заулап өтті. Жайшылықта ауаның таңын айырып түсетін сирена бұл жолы қапырық ауада үні булығып əрең шығып, қиқылдап барады. Иса сирена дау сы əбден ұзап кеткенше ерекше ұқыппен құлақ салып отырды да, ақыры мең-зең Гарикке бұрылды. – Аздап артық сөйледім, білем. Ғафу етіңдер... Əңгіме, Гарик, сенің сұрағыңнан шығып кетті. Бақтияр неге əлсіз де, Əшір қалай мықты дедің, солай ма? Оған берер жауап біреу – Бақтияр төрт құбыласы тең өскен бұла жан да, Əшір – тұлдыр жетім. Мəселен, сен қолорақ пен қурай атын тумысыңда тұңғыш естіп отырсың, жетімдер жеті жасында қолорақпен қурай орып, бір үйдің қыстық отынын бір күзде жинап берген. Мен жинадым, Əшір жинады. Бақтияр жиырма жасында ғана саусағын қыбырлатса, Əшір екеуміздің арқамызды арқа-арқа қурай жеті жасымызда жауыр қылып, иығымызды езген. Қысқасы, адамды адам еткен жетімдік. Иса төмен қарап, аз-мұз ойланды. Бас көтерді. Бас көтерген Иса мүлдем басқа жанға өзгеріпті. Көздері кекшіл. Ағына қызыл дари бастапты. Танауы делдиген. Еріндері жымқырулы. Ұртына бұрын мен байқамаған əжім ұялапты. – Адамды адам еткен жетімдік дегенге түсінбедіңдер ме? Өйтсе қурай оруға қайта оралайық. Қурай ору, оны буыптүю, одан ауылға арқалап келудің бейнет-мехнатын былай қойғанда сол қурайыңа бармас бұрын қолорақ, жіп, егеуіңді əзірлеп алуың керек. Жіп, қолорақ бар да, егеу жоқ. Жоқты

жонып таба алмайсың, екі етекті белге түріп, көршілерден сұрайсың. Ал олардың мінездері əрсай: бірі шыртетпе күйгелек бола тұра тілін тапсаң жомарт та, екіншісі сылдырап сөйлеп тіл безегенмен берерменге келгенде тас сараң. Солардың оң жағынан шыға білмесең егеу түгіл сайтанның сапалағы да жоқ. Хош, егеу қолға тиді. Қурайды орып, буыптүйгеннің өзінде шама-шарықты шамалап, анау бұрқақтап келе жатқан жауынға қалып қоймаудың амалын ойластыру керек. Жеті жасар баланың бұдан ойлау қабілеті кеми ме, арта ма? Артады, артқанда қандай! Бұл деген жатқан айқышұйқыш инициатива ғой, жолдастар! Ал Бақтиярлар ше? Олар оның бəрін жоғалтқан, өйткені инициативаның оларға қажеті де жоқ – бəрі бар, бар... Əрине, Бақтияр да, біз де инициатива инстинктімен туғамыз, бірақ ол оны он жеті жасқа дейін жоғалтқан, ата-аналары тым-тым əлпештеудің арқасында біртіндеп жоғалтуға көмектескен. Біз жаңағыдай көп қиындықтардың арқасында, ең бастысы, ештеңенің аяғы аспаннан салбырап тегін түспейтінін, бəрін де – ең аяғы жіпті де, егеуді де, қурайды да маңдай тер төгіп, ақыл, күш-қайрат жұмсап табу қажет екенін мықтап түйдік. Ал оны мықтап түйген адамды енді тоқтатып көр! Таза тапап кетеді. Мектепте қағаз кеміріп, Ньютон, Фарадейлерді түсінде көрсе, кейін ннституттың оқу залын таң ағарып атқанша тістей қатып бермейтіндер – жаңағы қурай арқасын тескен жетімдер. Ақыры еңбек ақталады, əлгінің маңдайы жарқырап, бағы ашылады. Отыздан аса, қырыққа жете алды трестерден табылып жатса, арты колхоз-совхоздың құлағын ұстап отырады. Солардың тұқым-жұрағатын тексеріп кеп жіберіңдерші, шеттерінен жетімдердің жаялығында көзін ашып, жесір үйінің босағасынан еңбектеп шыққандар. Бір мысал. Гарик, əже-атаң қазір тірі ме? Гарибальди қатты ойланып-толғанды. Бір уақытта барып: – Ата отызыншы жылдары дүниеден өткен... Əжем кейін қайтыс бопты, – деді. – О! – Иса саусағын жоғары шошайтты. – Айтқаным айдай келді; қазіргі мықтылар – бұрынғы жетімдер. Оны бы лай қойып тұр, мына бір қызықты байқадыңдар ма? Жаңағы тегі жетім мықтылардың көбі қыздарын еті тірі жетім жігіттер ге ұзатқысы келеді. – Не... неге? – Гарибальди шоршып түсті. Киттер ешқа-

шан да шоршымайды, олай болса Гарибальди орындығын сықырлатып, жай қозғалып қойды деу керек. Дегенмен əу баста шоршығысы келген. Ол, жалпы, мында кіргелі «Неге?» деген сұрақтарының бір жылға жетерлік қорын таусып алды, білем. – Олар келешекте ондай жігіттерден бірдеңе шығатынын біледі. Бақтиярлар тобырынан ол «бірдеңе шығатындар» то бына ілігетіндер ілуде біреу. Іліксе биыл жазда құрылыс отрядынан сүйменге алақанын ойдырып қайтатын Бақтияр ғана ілігеді. – Иса көңілі бек толған риза əлпетте сырахананың қара күңгірт бұрышына сығырая қарады. Əлде сырахана бұрышына емес, алыс болашағына қарап отыр ма? – Біз неге ілікпейміз? – Бұл Гарибальдидің нешінші «Негесі» екен, ə? Столға етпеттеп жатып ап, мойнын соза ассиметриялы қос сызық көзімен Исаны сүзіп отыр. Стол астын да тыңшы бұғып отырғандай сыбырлай сөйледі. Айтуын айтып қалса да, өз сөзі өзін шошытып отырса керек. Иса сартылдатып буынын үзді де, саусақтарын бүккіштей, санай жөнелді. – Бəсе, неге ілікпейсіңдер? Санай бер. Салулы төсек – бір. Əзір ас – екі. Қолдан жасалған ермек – үш. Мəселен, се нің шахматың. Осы үш фактор бойларыңдағы іздену қасиетін тұншықтырып өлтіреді. Яғни, ата-аналар өздері көрген жоқтықты сендер көрмесін дейді де, əзір заттар əлеміне жетектеп апарып кіргізіп жібереді. Дайын зат билеген əлем түртінектеп, ізденуге, қимылдауға мүмкіндік бере ме? Бермейді. Нəтиже не? Тəуір-тəуір оқу бітірсе де, олар мəңгі бақи қатардағы қызметкердің тағдырын мойнына іледі. Себебі, жоғарғы қызмет жоғарғы инициативаны тілейді, ал оны сендер көкіректеріңнен баяғыда өшіргесіңдер. – Сонда... балаларының инициативасын орынсыз қамқорлықтармен тұншықтырып отырғанын əлгі мықтылар білмей ме? – Сұрақты бейжай, немқұрайды қойсам да, бойымды ыза буып отыр. Минут санап өрши түспесе, сөнетін түрі жоқ. Тым білгіш, Гарибальдидей нəн жігітті көзін бақырайтып қойып жерлеп отырған тым білгіш Исаға ма, əлде соны білмей, мыңқ етпей отырған Гарикке ме, əйтеуір ызаның бары анық. Иса маған жалт қарады. Ол сыраханаға кіргелі маған алғаш рет қарады. – Біледі, тамаша біледі. Бірақ министрліктің бөлім басты-

ғына дейін көтерілу оңай дейсің бе? Ол дегенің бар уақытыңды бас-көзге қарамай тартып алатын оппа обырдың нақ өзі. Қызметке сегіз сағатыңды бір беріп келсең, үйде жазу-сызу, кітапқа үңілу деп тағы отырасың. Министрдің орынбаса рын қонаққа шақыру, бөлім қызметкерінің үйінен дəм тату мұның сыртында. Мұндайда бала қайда, тəрбие қайда? Гарибальди құлағының тесігінен бас қауашағына бір сона өтіп кетіп, енді астан-кестен ұшып жүрген сол сонаның ызыңын тыңдағандай басын қисайтып, жауырыны аспанға шығып ойланып отыр. Жасамыс қос абитуриенттің ортасында екінші бөтелкенің құлағы ербиіп тұр. Лап-лұп сөздері мен ақшаңдаған көздеріне қарағанда бөтелкеден гөрі бір-бірін тергей бастаған тəрізді. – Сен, сен... Иса, əлгі Бақтиярға комсоргтікті алып жүре ал майтынын айтып көрдің бе? Иса күлді. – Айтып нем бар. Ыстық өткен түйе құсап мəңгіріп жүре берсін. Тəтті қиялын бұзып қайтеміз. Тура боламыз, ашық боламыз деп айтып сап, ол пəлені тағы ұйқысынан оятып ап, одан өзінше сабақ шығарып, кəдімгідей жіптіктей жетек шіге айналса, басымызға əңгіртаяқ ойнатар. Біз жатқан жыланның құйрығын баспаймыз. – Неге баспайсың? Басып көр. – Суырдын айғырынша шақ етіп қалсам да, өз батылдығыма өзім таңғалып, тіл тістедім. Қол-аяқтары төрт құбылаға кетіп, тырбиып жатқан жансыз қуыршақ ойда жоқта тіріліп кетіп, бақылдап қоя берсе оған жас бала қалай қарар еді? Иса да маған дəл солай қарады. – Жаңғырықтың неше түрі бар екенін білесің бе, Асан? – Иса əр сөзін қадап-қадап айтты. Иықты қиқаң еткіздім. – Екі түрі бар. Мынау Гариктің əкесі доктор, профессор. Болашақта мен айналыспақ ғылымның пайғамбары. Гариктің пайғамбар əкесі кафедра, аспирантура, ғылыми-зерттеу институттары деп аталатын қалың шатқалдардың арасына барып, менің атымды атап міне, бүйтіп айқай салсыншы,– Иса орнынан атып тұрды да, аузын қос қолымен көлегей леп тұрып: – Иса Шорманов! Иса Шорманов! Иса Шорманов! – деп үш рет дауыстады. Гарик екеумізде ес жоқ. Қыбырлауға шама келмей бұғып отырмыз.

Елдің көбі жалт қарады. Сирия дипломаты – сыра сатушы бітік өскен қасын қайшылап жіберіп: – Парень, ты случайно с ума не сошел? – деп биязы ғана сұрақ қойды. Иса кеудесіне кос қолын қойып, халайыққа ыздиып тағзым жасады. – Кешіріңіздер, мына пақырларыңызды. Былтыр автомобиль апатынан қайтыс болып кеткеи Иса деген досым еске түсіп кетіп... Ғафу етіңіздер! – Сөйтті де орнына сылқ етіп, отыра кетті. Ел дыбыр-дыбырға қайта басты. Иса күлді. – Көрдіңдер ме елдің қалай жапырыла қарағанын? Гарик тің əкесі ғылым ордасына барып, «Иса Шорманов» деп айқай ға бассыншы. Жаңғырығы доцент, профессорлардың құла ғын жарып, кафедра, деканаттарды бұйым құрлы көрмей асып өтіп, менің есімімді қаңбақтай көтеріп, аспирантураға дейін апарып тастасын. Əттең, шіркін, не керек, сол адамдарға атымызды айқайлата алмай қор боламыз. – Иса сəл ойланып, кенет селк етіп, маған оқты көзімен қарап, қолындағы бокалымен стол шетін ұрып қалып еді, таңқ еткен дыбыс шықты. – Естідің бе мынаның жаңғырығын. Есті, естіп ал. Бұдан қатты соғып көр, бокалың қақ айрылсын. Жаңғырығың даусыңнан асып жатпаса ауыз ауыртып айқайлама, Асан інішек. Əсіресе, сыраханадай сайтаны бар жерде. Содан түрегеліп, орындығын сақыр-сұқыр итерді де: – Кетпейміз бе? – деді. – Сенімен дос болу... е... былай... – деді Гарибальди сау сағын безеп. Көзі бозарып кетіпті. – Бəрі дұрыс. Иса, құлағыңды бері əкелші. – Маған есіттірмедім дегені болу керек, басын тақаған Исаның құлағына ысылдай бастады. – Үлкен қателік жасауың ықтимал. Жуық арада... Тұнып тұрған ашқылтым иісті шылым түтінін гу-гу сөз бен қасық, шанышқы, табақ салдырын əрең бұзып-жарып, сыртқа шықтық. «Үлкен қателік жасауың ықтимал... Жуық арада...», «Үлкен қателік жасауың ықтимал... Жуық арада...» Алпамсадай адамдарға тым терең мағынада сөйлеу жараспайды екен. Олар бастауыш, баяндауыштан тұратын хабарлы сөйлемдермен сөйлесе бек жарасар еді. Мен сөйледім, сен сөйле дің,

ол сөйледі – болды, бітті. Жүріс-тұрысы, қылық-қыдырысы он қатарлы үйдің іргетасындай берік те нық болуға тиіс... Əлем су мен бу түбіне батыпты. Көше, көшедегі адамдар, ағаштар, аспан мен жер Чюрленистің бұлыңғыр бояуларын бетіне опалапты. Жүргіншілер ескі кинохроникада жыпылдап, секіре басатын адамдардан аумай, тұсауларын үзіп кете алмай əрлі-берлі шоқалақтап жүр. Сары белдеу, ісік төбе милиция машинасын тоқтатып алып: «Мені жолдастарым мен пəленше жерге апарып таста!» – дегім келіп еді, ол ойымды сезіп, шошып кетті ме, машина бұрыштан шаңын бір-ақ бұрқ еткізді. Алатауды айқара құшақтап келе жатырмын ба десем, ол Гарибальдидің белі екен. Оның Акропольдің колон насы сияқты зіл білегі менің желкемді жаншып жатыр.«Екі ғашық қол ұстасып...» – деп өлең айтқан секілдімін, əйтсе де өз даусымды өзім естімеймін. – Біздің үйге барайық-қ. Үйі бар адам – Гарик. – Маған бəрібір. Шыным сол еді. – Кейін, кейін... Қазір киноға, сосын қыздарға кеттік. Иса қолын сермеп, əр тұсты бір сілтейді. Қайдағы бір тірі жан жоқ аялдамаларда автобус, троллейбус тосып, қайдағы бір дыбыссыз жүретін автобус, троллейбустарға отырдық. Кейін он рет тергеп, жүз рет сұраса да ғұмыры еске түспейтін сөздер айтылды. Жəне де əлгі сөздер өзімізге ғажап мағыналы, қызықты боп көрінді. Табан астында ауызбен орақ орып, тау орнатамыз, оны қайта құлатамыз. * Киноға бармас бұрын барға кірдік. Тыңайып қалыппын. Минералды су алғыздық. Гарик шеттегі столды қаумалаған үш жігітпен амандасты. Бес минуттан кейін байқап қарасам, бəріміз бірге отырып қалыппыз. Үшеудің Жан Марэге ұқсайтын ұзын бойлысы мен инеліктей қатқан жұқа сарысы бес-он минут аралатып Шекспирдің драмасындағы жетістіктер мен кемшіліктер жайлы өзара сызаттап пікір ал масып отырды. Шекспирдің кім екенін білмейтін болсам, оллаһи, мына əңгімеден кейін оны осы екеуінің жаңа ғана əжетханаға шығып кеткен достарының бірі ғой деп ойлап

қалар едім. Ален Делон, Алексей Тихонов жайлы салғырт сөз қозғасты. Стол басында басқа тірі жан жоқтай сөйлесті. Адамға қарағанда ту сыртыңнан мың жыл көрмеген бір танысын көріп тұрғандай бетіңді көзімен тиер-тимес сүйкей, иығыңнан аса қарайды. Ашығын айтсам, осы отырыстың о басынан-ақ өзімді астымдағы орындықтың сирағына жібі нен байланып қалтақтап тұрған ауа шарындай сезіндім. Неме се саудаға кірісіп кеткен екі алыпсатардың қасындағы макарон, нан толтырылып қойған бос қапшықтай. Аласа бойлы, қылдырықтай белі бар дудар бас маңғұл бет үшіншісі көбінесе үнсіз. О да өзін шекспиршілердің ортасында галереяға байқаусызда кіріп кеткен арық тайыншадай сезініп отырса керек, алдына келген шарапты сылқытып соға береді. Жарты сағаттан соң дудар бастың режиссер де, ал ана екеуінің сахнаға жарық беруші екенін бұлдырлау естіп қалдым. Көшеге шықтық. Бір уақытта кіл қара киімді адамдардың ортасына күп беріп түсіп кеттік. Адамдар деймін, қара орамалды тамақ астынан байлаған ылғи кемпірлер. Таяқтары тықылдап, бір-бірін жетектеп, төңірегіне еш назар аудармастан жанарлары мен жерді сипалап, өтіп жатыр, өтіп жатыр. Кейбіреулерінің қолында май шам бар. – Шіркеу ғой. Бүгін демалыс, шіркеуге жиналатын күн дері, – деді Иса жоғары қарап. Жарқыраған алтын крестерді əуелете көтерген көгілдір күм бездер аспан мен жердің арасына ілініп, қалқып тұр... Қара топқа қайта көз салдым да: – Ылғи кемпірлер... Шалдар шеттерінен атеист болып кеткен бе? Шалдар шіркеуге келмеуші ме еді... – дедім. Иса құлағымның түбінен айқайлады. – Неге келмесін, келеді. Кешегі соғыста шалдардың шеренгасы сиреп қалды ғой. Майданға барды, қайтпады... Сондықтан шалдар аз да, кемпірлер көп... ...Фильм Латын Америкасының атақты əншісі жайлы. Əншіні ойланбастан бірден діні таза, əйтсе де ұшқалақтау жігіттердің қатарына жатқыздым. Түрі Бальзакқа ұқсайды. Кез келген əннің алғашқы буынын ерепайсыз көтеріп бастап, тіпті шырқау биікке алып əкетеді. Онысы маған: «Кө-ө-ө-өп сөзді қойып, мені тыңдаңдар!» – деген сыңайда естілді. «Мына

əнші өзіне ұқсас Бальзактің бірер романын бастаса, ақыры на дейін оқып шығуға шыдай алмай асылып өлетін шығар», – деп ойладым. Жалпы, əнді жақсы айтады. ...Көзімді кілбитіп, төрт қабатты діңкиген үйдің маңдайшасына тізіле қалған көп əріптер қатарының ең соңғысын құдайға тапсырып оқып жіберіп ем, «...жатақханасы» деген жазу болып шықты. Екі-үш мəрте тесілгенмен бəрібір ненің жатақханасы екенін айыра алмадым. Кіріп-шығып жатқан қыздар... Көп қыздар... Жəне əртүрлі қыздар... Бірсыпырасы қалайда ретін тауып, біз жаққа қарап өтуге тырысатын секілді. Əрі біз уақыт тауып, əңгімелесе қалсақ қуанып та қалар ма еді, қайтер еді? Бірақ біз сияқтылар көп екен. Біразының бетіне қыдыра қарасам, көбін бір жерден көрген тəріздімін. Сонда қайда? Бес минут бойы бас ауыртқасын барып, сан соқтым – көрмеппін, көрмегенмен барлығы дерлік қалтасынан елу тиын түсіріп алған манағы Шоқа қасқаға ұқсас екен. Біразы маңдайшадағы... «жатақханасына» үңіліп, кеңес құрса, қалғандары су ішкен жас əтеш құсап, бастарын артқа шалқайта тастап, аспанға қарайды. Əйда, аспандағы біреулермен қаңғыр-күңгір сөз алмасады. – Сапура деймін, бөлмеңе шақырып, жаңа қонысыңды жумайсың ба? – Документіңді қашан өткіздің? – Сендерде конкурс қалай? Аспаннан жауған жауаптар шетінен періште үнді жіңішке ашық үндер... Мен де əлгілер құсап бас шалқайтқаным сол, балконбалконға асылған қыздар тізбегіне көзім сүрінді. Гарибальди шалқар мұхиттарды төсімен тілгілеп кеп, тыныш та жайлы қойнауға зəкір тастаған «Шота Руставели» лайнері құсап, бей-жай манаурап тұр. Иса қолын қусыра шалқайыңқырап, оң аяғын тырпылдата бір шекелеп, кірер ауызға үңіледі. Ол бəтеңке тырпылдатса мықтап ойланды дей бер. Иса ойланып-ойланып тұрды да, бізге бұрылды. – Жігіттер, қарсы алдымызда бельвю, яки кіл абитуриент қыз-қырқынның мекен-тұрағы. Жоспар былай. Пункт А. Осы жатақхананың екі-үш қызымен танысамыз. Пункт Б. Олардың алдында əрқайсымыз əр жаққа лағып, абырой төкпейік. Гарик екеуміз дос студенттерміз. Асан – ауылдан келген менің абитуриент інім. Пункт Г. Қыздармен қыдырып көңіл

көтергеннен, яғни олардың көңілін көтергеннен басқа бізде бөтен ой жоқ. Сөз жараса жатса барар Балқан тауымыз – парктегі би, ары алғанда – кафе. Гарик аударылып-төңкеріліп қалды бір сəт. – Дұрыс қой. Ал... қалай танысамыз? – Былай танысамыз. Иса қос алақанымен аузын қоршады да, жоғары қарап, кісінеп берді дейсің. – Аа-и-йи... Төңіректегілер айқұлақтанып жалт қарасты. Иса міз бағар емес, туфлиінің тұмсығымен жерді тырпылдатып, балконбалконға қыдыра қарап тұр. Гарибальдидің қос көзі – қос сұрақ, жоқ, ол менің көзім болуы мүмкін, ал Гарекеңдікі əншейін қос сызық. Таңданыс, қуаныш, қорқыныш секілді сезімдердің кульминациялық нүктесінде басқалардың көзі бақырайып үлкейіп кетсе, Гарибальдидікі, керісінше, қос сызық. – Сіздерге Айгүл керек пе? – деді жіңішке дауыс. Мың сан бигудимен шашын құрсаулап тастаған, ши фоньер секілді жалпақ қара қыз балконнан қарап тұр. Күлімдеген көзінен, қайнаңдаған көзінен: «Сіздерді, əрине, түсінуге болады», «Жалпы көріп тұрмын, жаман жігіт емессіздер» – деген сыңайдағы сөйлемдерді оқытқысы бар. Мен Гарибальдиге қарадым. Ол Исаға қарады. Иса қызға қарады. Қыз оған да көзінен жаңағы жазуларды оқытқан болу керек: – Қарындас, əуелі сіздің атыңызды білсек... – деп сызыла қалды. Қарындасы тайсалмады: – Қалқатай! – деп сақ ете қалды. – Қарағым Қалқатай, маған Айгүлді шақырып жіберші. Мөң кетай деген ағасы болушы едім... Қалқатай мырс етіп күлді де, ішке қарап дауыстады. Келер минутта балкондағы бигуди бастар бірден екіге көбейді. – Семей облысынан ба едіңіз? – Оны Айгүлдің өзіне ғана айтамыз. – Иса шімірікпеді. Қыздардың бірі таңын жарқылдатып, бөлмеге кіріп кетті. Іштен күлкі, оған ілесе: – Қазір шығады, – деген үн естілді. Гарибальдидің аузы аңқиып қапты. Əлден уақытта Исаға қарады да:

– Танушы ма ең?–деді де қыр-қыр-р жұтынып қалды. Ол бас шайқады да, саусағын ерін үшіне тигізді. – Тс-с... Дымдарың іштеріңде болсын. Танымақ түгіл түртүсін білмеймін. Общем, қызбен танысудың жаңа бір жолы табылды деп есептей беріңдер. Гарибальди теріс айналды. – Иу и ну... Жатақхана есігінен қынай бел көгілдір көйлекті қыз шы ғып, мойнын қылт-сылт бұрып, төңірегіне қарады. Тап бір тақта алдында тақпақ оқып тұрған оқушыдай екі қолын артына ұстап, туфлилерінің тұмсығын қосып алыпты. Дəу де болса биыл мектепті бітірген абитуриент. Иса бізге қарап көзін қысты да (осы басқа халықтарда көз қысу бар ма екен?), қаздаңдай басып, қызға қарай жөнеді. Екеуі əңгіме бастады. Қыз қысылып тұр. Иса салмақты. Анда-санда ыздиып, басын шұлғиды. Туфлиінің тұмсығымен немқұрайлы жер түртпектеп қояды. Бері беттеді. Қыз соңда. Иса мойнын сəл бұрып, қоңырқай қаз дауыспен күңгір-күңгір сөйлейді. Таңғалдым – бұл күнге дейін дəл мұндай қазша қаңқылдаған үнін есті сем тас керең болайын. – Танысыңдар, жігіттер, Айгүл, қар-ррындас... Гарибальди жел шайқаған алып емендей тұрған орнында теңселіп-теңселіп қойды, сосын мұрны шуылдап Айгүл қаррындасқа ұмтыла беріп, екпінін əрең тежеп, бойын жазды да: – Рр-арр-ик, – деді неге екені белгісіз, тағы қырылдап. Нəзік қыздың қасында өзінің есепсіз мол денесі тіптен сөлекет көрінетінін түсінген болу керек, дереу екі-үш қадам кейін шегініп кетті. Қызға да, бізге де барынша қарамауға тырысып, көзін алып қаша береді. Беті дуылдаған Айгүлдің кірпігі желбіреген жанарына көзім түскені сол, жас текешіктей кейін ыршып түсіп, оң қолыммен қарсы алдымды екі мəрте жайқап өтіп, аяқ тыпырлатып, көз сүзіп, бас иіп, алға қарай бүгілдім де қалдым: реверанс заңы солай! Айгүл əбден састы. Реверанс жасаған бозбаланы емес, Тарзанды көріп тұрғандай жаутаңдап, кейін шегіне берді. Маған керегі де сол. Өйткені Айгүлмен танысқым келмеді. Танысқым келді, бірақ Исаның көп балконға қарап, шұрқырай кісінегенінен кейін танысуға құлқым соқпай қалды. Құлқым соқпағасын оқыра тиген торпақтай əдейі тапырақ тап, реверанс жасадым.

Иса иығыма қолын салды. Қол салғаннан гөрі қапсыра сығымдап ұстап еді. Қарулы қолдың уысында тыпырладым да қалдым. – Біздің Асан өзі əзілқой жігіт... Консерваторияның актер лік фа культетіне документ тапсырды... Комедия актері боламын дейді. Жаңа ғана бойымды буа қалған ыза аз-мұз тарқай бастағандай. Жəне қыз көзіндегі қорқыныштың суық сəулесін күлкі аралас жылы жымиыс жайлап өшіріп келеді екен. Бірер жас үлкендігі бар, əйтпесе құрдаспыз да. Əдемі ме, жоқ па, ол туралы табанда үзілді-кесілді бір пікірді ұстай алмадым. Əңгіме онда емес. Қыздың маңдайына күлтілдеп құлаған қап-қара кекілінде де, ақшылт кең маңдайлы сопақтау жүзінде де, тізелерін жымдастыра тұрған тіп-тік тұлғасында да алып бара жатқан анау айтқандай дəнеңе жоқ. Əңгіме Айгүлдің жүзіне қарасаң бітті, оның пəленше жылдан кейін бетін əжім шимайлап, белі бүгіліп, даусы бұ зылып, қартаятынына еш сенбейтіндігіңде. Ақы берсең де сен бейсің. Мен қартаярмын, қартаятын шығармын. Иса да. Гарик немерелерін вагонша тіркеген дəу паровоз шалға айналады. Ал Айгүл жап-жас... Елу жылдан кейін де кешкі самал самайынан ұлпа шашын əжімнен таза ақшылт бетіне ысырып түсіріп, əр талын дірілдете тартып ойнап тұрады. Елу жылдан соң да мына үш жігітке – үш шалға он жеті жасар балғын қыздың көзімен қарайтын Айгүлмен танысқым келмеді. Өйткені, біз шалмыз да, ол өрімдей жас қыз... Өткен жазда жайлауға, нағашы жұртқа қыдырыстап барып екі айға жуық демалғамын. Алғашқы түні елегізіп, ұй қым келсейші. Төңірек толы бұрын естімеген, білмеген бөтен дыбыс, жат тірлік. Сай табаны күркіреген өзен. Қотандағы қой дүр лігіп үріксе, дүрегей иттер арп-арп етіп, тап бір мың қас қыр дөң астында бұқпантайлап отарды аңдып жатқандай жағы сембейді. Түндік үстінен қанаты суылдап, құс ұшып өтіп, іле-шала шықылықтады да, кілт үзілді. Жартылай ашық шаңы рақ аясы – жапырлаған жұлдыздар... Кенет, əуелі тықылдап басталған үн біртіндеп сатыр-күтірге айналды да, күшейе-молая келіп, ғаламат бірдеңелер өзенге сатыр-күтір құла ды. Алыс жұл дыздар жымыңынан жаңылып, жайнап-жайнап көрінбей кетті. Өзен сар-сұр ағысынан құмығыңқы гүр-гүрге көшіп, аздан соң толас тауып, мың жылдық симфониясымен қайта табысты.

– Қарсы қабақтан құлаған тастар ғой, – деді үйге кірген нағашы атай қотан шетіндегі діңгекке ілетін аспалы шамның пілтесін тазалап жатып. Оның даусы мың жылдардың қойнауынан талып естіледі. Қобырайған күпі киген тұлғасы мың жыл бұрынғы питекантроптай қорқынышты. Түс көрдім. Тас төбемнен жаңбырша жауып, өзендср өткел бермеді. Зəулім қарағайлар қақ алдыма көлденеңдей сатырсұтыр құлады. Ұшқан құстардың қанаты күн бетін көлегейледі. Сондай зұлмат заман туды. Шыңыраулатып айқай салмақ болып, өңешімді кере беріп ем, алыстан сыңғыр үн талып жетті. Не бəсеңдемей, не күшеймей бірқалыпты естіледі. Тұртұрлайтындай биязы ғана. Ояна кетсем... ағарып таң атыпты. Есік қиығынан сап-сары тілін ішке сұққан сəуле созыла түсіп, ортаға тұмсығын тірей құлапты. Отарды өріске шығарып, түнгі күзеттен құлаған атай неше қабат көрпеге оранып, əйда қорылға қамшы басып жатыр. Есікті шалқалатып қайырып, сыртқа шығып ем... түсімде құлағыма талмай жеткен үн дəл қасымнан қаз-қалпында қай таланбасы бар ма. Жалт қарасам, күлтілдеген кекіл, қыс қа жал, ақ маңдай, ақ бақай қара құлын алдыңғы екі аяғын алшайтып тастап, екі көзі жаудырай маған қарап тұр. Еріндерінің арасынан екі тал шөп қылтияды. Мойнына таққан шылдыр-шылдыр қоңырауын шешіп тастаса, екі аяғын аспанға көтеріп, тісіне шөп қыстырып, құраққа бауырын тө сей шынтақтаған шалдуар баладан аумас еді. ...Айгүлмен танысудан қашқақтап тұрып, сол ақ бақай, жұл дыз маңдай құлын есіме түсті. Балкон түбінде сəурікше кісінеген Исаға елпілдеп шыға қалған қызбен танысқым келмеді. Айгүлмен басқа жолмен танысса ғой... Сол басқаның нендей жол екенін білмеймін, бірақ басқа жолмен танысу керек. Тіпті таныспай-ақ та қояйын. «Айлы сонатаны» тыңдап отырып, Бетховенмен танысу тіпті де шарт емес. – Былай шығайық, Асан... – Исаның қарулы қолы білегім ді мытиды. Гарибальди қыз қасында теңселеді.: Екеуін көр де, «Емен мен шілік» мысалына салынған суретті көр. «Былай шықтық». – Мұншалықты жас екенін сайтан біліпті... Қыз емес, тура еріп кеткелі тұрған сары май... «Тең теңімен, тезек қабымен» Гарик екеуміз бұл маңнан табан жалтыратамыз. Ақыры

алып шықтық, Айгүлді қыдырту керек. Аспанға тас лақтыр саң біреуі кинотеатрдың төбесіне түседі бұл қалада. Ақша, міне! Қалғанын өзің білесің. Қапшағайға қайтуды түнге қалдыр дық. Үшеумізді шахмат алаңынан табасың. Əуелі: «Үшеу дегені қалай? Гарик екеуінен басқа тағы кім бар?» – деген ой санамда жылт-жылт етті. Бірақ «еріп кет келі тұрған сары майдай» қызбен қыдыру керектігі есіме түсті де, басымды шайқап-шайқап жібердім. – Есіңді жи, Асан! – Иса мені сыраға қызып қалды деп ойлап тұр. – Жи деген соң жи енді. Азамат он бесте – отау иесі. О-т-а-у – и е с і, ұқтың ба? Ал сен он жетідесің – бетін бетіме тақап алған. Қызарып, іле сұрланған жүзі теңбіл-теңбіл. Күн ұясына əлі кірмесе де Исаның көзінде түн ұйып тұр. Меңіреу түн! Сасқанымнан басымды изеп-изеп жібердім. ...Енді аз кешіксек бет-бетіне тым-тырақай қаша жөне лердей қызық жағдайға Гарибальди мен Айгүл келіп қалыпты. – Гарик, біз аттың басын шахматқа бұрайық... Айгүл, Асан, көріскенше! Қарындас, конкурстан шапқылап өтіп кет! Бір минуттан кейін Исаның соңынан қорбаңдап ерген Гарибальдидің каучук өкшесі бұрылыстан жарқ етті. ...Əрі тұрдық, бері тұрдық. Ол ноқталы туфлиімен асфальт шұқыды. Мен төрт-бес мəрте қатты-қатты жөткіріндім. Исаның жаңа ғана Айгүл жайлы айтқаны есіме түсуі мұң, ыстық күнде ери бастаған сары май елестеп, жүрегім айныды. Жел жаққа қос құлағымды едірейтіп қаншама тоссам да, қоңырау үні естілмеді. Естілгені жөн еді. Қызға көз астымен қарасам, елбіреп ұшып кетейін деп тұр. Қынай бел көгілдір көйлегінің етек-жеңін самал сапырады. Əттең, балкон түбінде сəурікше кісінемей басқаша таныссақ қой... – Абитуриентсің бе? – Қыз көзін тіктеп, бетіме қарады. Қоңырау үнін неге естімей тұрмын, япыр-ау! «Иə» деудің орнына «жоқ» деген сөздің аузымнан қалай жып етіп, шығып кеткенін білмеймін. – Студент шығарсыз... – деді біраздан соң «сеннен» «сізге» көшіп. Ноқталы туфлиінің тұмсығы асфальт үстінде тынымсыз билеп тұр. – Оқушымын... Оныншы класқа көштім. Сол мұң, сары майдай қыз шынымен еріп, сайрап сала берді. Туфлиінің тұмсығы асфальт бетіндегі биін тоқтатыпты. Оң мықынына салмақ түсіре сол аяғын алға салды. Арқа-

сына ұстаған қолы алға ауысып, жөнді-жөнсіз ербеңдеп кет ті. Мектепті биыл үздік бітіргенін, химияға түспегін, əр орынға əзірге төртеуден таласып тұрғандарын, тəтесін, көкесін, ауылын сондай, сондай сағынғанын, жаңағы ағайды жолда поезда ма, автобуста ма... бір жерде көргенін үш минутта пулеметше сақылдатып соғып шықты. Бəрібір қоңырау үні құлағыма жетпеді! Айгүл біртүрлі қырындай назарын төмен салып: – Енді не істейміз? – деді. Түйеден түскендей қоңқ еттім. – Қайтайық! – Қайда? – деді басын жұлып алып. Көзінен: «Осы.., сен қандайсың?» – деген жазуды оқып, төмен қарадым. Балкон түбінде сəурікше кісінемей, басқаша танысқанда ғой... – Қайтайық, – деді қыз жыларман үнмен тез-тез сыбырлап. – Қайтайық, қайтайық... – Саусақтарын біріндеп сындыра, сын дыра берді. Бірақ орнынан қозғалған жоқ. – Қайтайық! – Əлтек-тəлтек басып, жатақханаға беттеді. Адамдар өс тіп айрылыса ма? А? «Қош бол!» деген бар-жоғы екі сөзді айтпай айрылысып кете бере ме? Жұмбақ, жұмбақ, жұтылдым, жолға түсіп құтылдым... Солай ма? Ха-ха... Əшір құсап өзімдіөзім жерден алып, жерге салып, əшіртіп алсам ба? Жатақханадай мың көзді ұзын бел айдаһардың аузы – кешкі қаракөлеңке тұнған төрт бұрыш есік қызды қылғыта салды. Сонда ғана тас төбемнен, дұрысы, қала төбесінен төнген зеңгір биіктен бе, əлде жеті қабат жер астынан ба, қоңырау əлсіз сылдыр-сылдыр соғылды... ...Шайқалақтап паркке кірдім, шайқалақтап шахмат алаңына беттедім. Қызықтаушылар мен ойыншылар қауы мының қарамы күндізгіге қарағанда молая түссе де, Гари бальдиді шайбы басынан бірден танып, тауып алдым. Бергі шет те шахматтың шекесін ісіріп отыр. Гарекең атпен жүріп, айна бас қарсыласының аяғы аспаннан келген ладьясын ала бергенде: – Ей! – дедім. Гарибальди ладьяны көтерген күйі түп орнымен қозға лып, бері бұрылды. «Осы... Асан, сен қандайсың?»

Бар-жоғы осы төрт сөзді айттым деп ойласам да, аузымнан: – Иса қайда? – деген сұрақ шықты. Гариктің кеудесі күмп-күмп етті. – Қайда болушы еді, қызға кетті... Мұрнының үшіне құс қонған қыз дей ме... Əйтеуір кетті. Саған тоссын деді. Келеді. «Осы... Иса, сен қандай жігітсің?» 20 шілде, 197... жыл. Ақшам алдында дала қызылдан сейіліп, нарттай күн əлемге қабақ түйіп қарап, өзен аңғары мен сайсайда күні бойы бас көтеруге батпай жер тырнап жатқан қарабас көлеңкелер қойылып, жарық дүниеге еңбектеп шыға бастаған шақта бозбала Жал ғыздық пен Қараңғылықты қойнына тыққан үңгір табалдырығында өз жүрегінің дүрсілін өзі санап тұрды. Жүрегі талмаусырап жетіні соққанда жай басып үңгір табалдырығын аттады. Көз алдын қамаған қараңғылық қабырғасы жоқ дегенде жалғыз сызат танытпай кеудеден итерді. Одан əрі қия басуға жүрегі дауаламай, шаншылып тік тұрған қалпы үң гір ішінен шыққан сыздың иісін демін тереңнен алып тоғыз рет жұтқанда қырқай түсіп жатқан шөркенің жонылған аппақ беті мен селебенің суық жүзі еміс-еміс бұлыңдай бастады. Ішке кірді. Еңкейіп селебені көтеріп, алқанынан аунатып салды, жүзін сипады. Мұздай. Суырып салатын ерен сілтесті тілеп, ауыздан жіңішкелеп жеткен болымсыз сəулені сындырып, жалақтап тұр. Үңгірге алғаш кірген күнгі баяғы қылпылдаған шабытынан мысқал таймапты. Селебенің үшін төмен құдитып ұстаған күйі жай пақ тасқа отыра кетіп еді, ортасындағы астауға ұқсас ойығы қолқ етіп құшақтай алды. Сəл отырып, демін басып, қараңғылыққа көз үйретіп, ортадағы қоламтаны, үңгір ішінде өлімсірей көшкен əлсіз сəулені сындырып, жылтыраған əлдебір құбыжықтың қас-кірпіктен ада, қағылмас та,

жабылмас та қабыршақ көзіндей консерв қалбырын, үңгірдің шодыр-шодыр шот маңдай қабырғаларын түгендеп, көңілін демдегесін шөркеге қол созды. Əнеугүні де пышақ тиіп, мұрын, қабақ, иегі əжептəуір дөңкиіп, білініп қалған бетіне барынша қарамауға тырысып, тізесіне өңгеріп салды. Шөркенің желкесіне жастаған алақаны томпақ түймеш шайырдың бұдырын сезді. Ау, томпақ-томпақ түймешке пышақ ұрып, неге кертіп-кертіп тас тамасқа? Əлі де бейнесін анық бермеген, анау жолы бітпей қалған шөрке бетіндегі мүсінді сурет үйір месінде үйреткендей неге өңдеп қырнамасқа? Бозбала сілтеп қалып еді, ұзына бойына сұп-суық сəуле сыналанып тұнған селебе жарқ етті де, іле қайталанып, бірқалыпты ырғақпен шыққан тақыл үңгірді дыбысқа толтырды. Сарт-сұрт... Сарт-сұрт... Сарт-сұрт... Қатқыл, қысқа үн əудемнен кейін көмескі тартып, тая тиіп, сырылдаған жұмсақ дыбысқа ұласты. Манағы жанжаққа оңды-солды, ұзынды-қысқалы борап, ұшқынша шашыраған ақ сөңке жаңқа енді селебе астынан жас баланың жылбысқы шашындай бұйраланып, тура аяқ астына иретіле құлап жатыр. Бозбаланың маңдайы жыпырлап шыққан бөрте тер, астыңғы ернін жымқырып жонып жатыр, жонып жатыр. Құлағына дистрофик масаның ызыңьіна қосылып жетіп тұрған жалғыз үн – «Осы... Иса қандай жігіт?» Біреу сыбырлады ма, əлде өзі күбірледі ме, оны бақай-шақайлап айыруға уақыт та, əл де жоқ. Əрі-беріден соң сыр-сыр жонудан гөрі пышақ жүзімен шөрке бетін қырт-қырт кесіп, ұңғыл-шұңғылын ұзақ шұқылауға көшті. Сыға ұстаған қолдан сүйем шыққан пышақ құйрығы жəне бозбаланың шынтағы бірде тоқтай қалып, бірде ерсілі-қарсылы, жоғары-төменді дедектеп, қою ауаға қызық иректер салады. Қар талды, саусақтарының буындары сырқырады, көз бұлдырады, бас айналды... Бойын тіктеп, белін күтір-күтір жазып еді, тізесіндегі селебе де, шөрке де сырғып, жерге құлады. Сылдыр ет-

кен селебе көзін соңғы рет шырадай жағып, жылт етті де өшіп кетті. Шөрке, дұрысы, селебенің жар қыл да жұрқыл қайратының арқасында, екіүш сағатта мүсінге айналған шөрке бетін жоғары қа ратып, шығар ауызға қиғаш жатыр. Дөңестеу келген қыр мұрын, жарлауыт қабақты үлкен көздер, самайға қарай тура тартылған ұзын қас, екіге бөлінген дұрыс трапециялы иек... Жиегіне кір пік іздері қатарланып кертілген жанары жылы. Бозбала мұнысы қай жылылық – аяры ма, адалы ма, анық-қанығын айыра алмай дал. Ойға батып, қасын қайшылап, қабағын түйіп, өзі-өзін іштей жеп, сүт пісірім отырды да, орнынан тұрып, сыртқа беттеді. Беттей беріп шөрке мүсінге соңғы рет бұрылып, бар пейілімен ұзақ зерттей қарады. Ерін үшінен: «Иса, сен... осындай ма едің?» – деген бес сөздің бытырай үзіліп-үзіліп шыққанын өзі де аңғарған жоқ.

БЕСІНШІ БӨЛІМ Төлеген... Тас жаншыған саусағымды ақ дəкемен таңып тұрып (Жамалдың инициативасымен екі апта бұрын қызыл вагонда мед. аптека пайда болған), өзеннің бас жағын тұтас алып сұлап жатқан құмды өлкеге қарағаным сол, «Төлеген!» деп қайталап сыбырладым. Күміс сақал селеуі мен селкеу-селкеу айыр мұрт қияғы жаз ортасынан аса қоқ болып күйіп кеткен аймақтың мынау сұрқай жүзі қызыл бет қара кеште кеудесіне сұр жебе кірш қадалған («Қыз Жібек» фильмі) Төлегеннің қансөлсіз жүзіне ұқсайды екен. Өлі бет... Өлі бетке – құм далаға кімнің өліп-өшіп қарағысы келеді дейсің. Сұр, сұрғылт, күлгін сұрғылт... Тамыздың шағырмақ күні қақтап тастаған дала мен қыраттарға қарап тұрып, бұл дүниеде осы түстен басқа бояу жоқ шығар деп ойлайсың еріксіз. ГЭС салынып жатқан тау іші тіршілік тынысымен екі иығынан дем алып тұр. Алып «БелАЗ», «КрАЗ», экскаваторлар дың гүрілінде күндіз-түні толас жоқ. Мұндайда қыр арқасы тіс-тіс жоталар жалы тікірейіп, анда-санда ақырып қойып, жайылып жүрген динозаврлар дерсің. Бұрғысы зырқырап айналған перфоратордың тарсыл-гүрсілі де одан кем түспейді. Құс мұрын перфораторды самауырдай ғана шағын демесең тұрған бойы қайнап бұрқылдаған қайрат пен жігер. Құлақ жарған сартылы тау теңселтеді, мүмкін тау теңселмес, бірақ бақсыдай қалшылдаған перфоратордың құлағын ұстаған біз селкілдейміз, өзің селкілдеген соң тау теңселе ме, қыр теңселе ме, бəрібір емес пе. Əбден қызып, қаны бетіне шапқан қызыл қоңыр жартастың кеудесін көктеп өту перфоратор үшін түкіргенмен бірдей; жуан, қырлы қарындаш тəрізді бұрғы үшіндегі тесіктен шыққан ауа тас

ұнтақтарын шуруфтен əлсін-əлі атқылайды; абай болмасаң аузың шаңға толып, көліңді құм бітеп, ел аман, жұрт тыныш тапа-тал түсте аяқ астын айыра алмайтын ғаріп халге ұшырайсың; ал бұрғыны шыр айналдырған ауаның қысымы тұтқаны кері тепкенде шалқадан түсіре жаздайды. Қысқасы, тіреу орнында қарайған төртеудің – Иса, Əшір, Бақтияр жəне менің алысып жүрген екі перфораторымыз тарсылдап қоя бергенде жаңғырығы мылқау жартастарға таңдайы тақылдаған тіл бітіріп, бас қауашағыңа қонақтаған небір қиял, қызықтарды түре қуып шығып, бар еркіңді, дініңді, тіліңді өз қолына алатын құдірет иесі – темір тəңірге айналады. Біз жартастан жаралған адамдармыз. Күнге əбден күйіп, теріні əлдене рет сыпырған төртеуміз Əшір мен Исаның қара торы, ал Бақтияр екеуміздің ақ құба боп анадан туғанымыз ды таза ұмыттық. Бəріміз де қызыл қоңыр жартастың материалынан қайта құйылып шықтық. Қоңыр қызғылт түс бізді бес құбыладан – түстік, солтүстік, батыс, шығыс жəне астыдан тас құшағына қапсыра қысқан қожыр-қожыр жартастарға тəн еді, шаң қапқан көмейден құмығып шыққан даусымыз да тарғыл-тарғыл; ол – жартас жаңғырыққанда күңкілдеп сөйлей бастайтын қабат-қабат тас үні, тер шылаған арқамыз маймен сылап қойғандай жылт-жылт етеді, ол – жалтыр маңдай жартас жүзінде ойнаған тамыз күнінің тіктеп түскен сəулесі болатын. Бел сырқырап, қар талған шақта перфоратордың құлағын қайырып тастап, тақылдаған таңдайына құм құямыз да, мынау дөңес, анау ойқыл демей кез келген жерге құлайқұлай кетеміз. Ондайда жартас табаны – тас еденде қалай болса, солай шашылып жатқан біздерді көрген сырт адам: «Мыналар əлі мыңдаған жылдар бұрын тайқы маңдай питекантроптар тасқа ойып салып кеткен қиқы-шойқы адам суреттері емес пе?» – деп ойлап қалуы да мүмкін еді. Айдалада кеңіп қалған көлшік табанында бырысып-тырысқан бақа құсап тас алаңда тарбиып-тарбиып жатқан сон дай күндердің бірінде мен тосын жаңалық аштым – аспан шыңғырады екен... Онда да аспан айналып-айналып кетіп, бірден аласарып, құлақтың дəп түбінен ышқынып кеп шыңғыратын. Дұрысында аспан айналмай басым айналса да, аспан шыңғырмай құлағым шыңылдаса да қалжырап кеп құлаған маған солай көрінетін, солай сезілетін. Адам аяса мүсіркейді деуші еді, аспан аяса шыңыраулата шыңғырады

екен. Бізді дейміз-ау, шекеден солқылдатып соғып тұрған күн бауырына жабысып алып, айрылмай қойған аспан əлде өзін аяп шыңғыра ма екен? Анықтау керек... * Төртеуміз тас төбемізғе орнаған төрт аспанды шыңғыр тып, тереңдей-тереңдей ұзындығы – жиырма, ені – он метр алаңға айналған тас еденде шалқалап жатырмыз. Салдыраған аяқ-қолды ескірген, тозған керексіз заттай əртүрлі бағытқа лақтыра-лақтыра салғамыз. Жаңа ғана арасы бір-бір метрлік шаршы боп түсетін шуруфтердің ең соңғысын тесіп біті ріп, аузын шүберекпен бітеп, жарғыштарға хабар жіберге міз. Əңгімеге құлық та, шама да жоқ. От жалаған табадағы табан балықтар бүйірінен бірте-бірте қызу өте бастағанын сезіп жатып, сол табаның нығыз жабылған қақпағына біздің осы минутта мағынасыз тасырайған көзімізбен қарайтын шығар. Түс көріппін... ...Көкжиек атты құбылмалы сызықтың үстінде жерге белуарынан кіріп кеткен алып біреу аспанның қақ жартысын ала қол бұлғап тұр. Мəссаған, қол бұлғаған адам кəдімгі Иса! Жүз есе үлкейген алып Иса! Исаның есепсіз ұзын қолдары желдиірменнің нəн қанаттарынан аумай қапты. Бір қарасам қанаттары қалбаңдаған кəдімгі желдиірменнің нақ өзі. Дон Кихот шайқасатын ағаш диірмен! Екінші айналып үңілсем, кəдімгі Иса... Неге жорысам деп бас қатып тұрғанда шығыс көкжиектің қыр арқасын баса асып түскен даңғыл жолды көзім шалды. Əнеугүні қалаға барғанда «Постимпрессионизм» кітабын көрген Винсент Ван Гогтың «Прованстегі жолы». Келер секундта сол жолдың шаңын бұрқылдатып шапқан жұлымыр біреу көрінді. Бəрі де ап-анық – еңкейген күн дірдір балқып, əрең-əрең ағып түспей зордың күшімен қалқып тұр. Жыбырлаған сағым майыстырған сəулелері ирек-ирек, толқын-толқын. Жалпы, əлем су астында қалғандай демде құбылып, демде өз түсін тауып, қызық халге ұшырапты. Əлгі құлыперен-қу талқан ұшыратқан салт атты жақындап қалды. Басына ешкі ме, кенгуру ме, не екенін сайтан білсін, əйтеуір иə маңырап, иə мөңіреп жер басып жүрген бір жануардың терісінен пішілген, олақ тігісті керемет қалпақ киіпті. Езуінде

түтіні бұрқылдаған ағаш трубка. Қитар көзі мысық көрген иттей қып-қызыл. Жағы пышақ жанырдай арық. Винсент Ван Гог – соның нақ өзі! Ол шіркіннің ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде өзін-өзі атып өлтіргені қайда? Тітіреп кеттім – оның екі көзінен екі тапаншаның ұңғысы үңірейіп қарап тұр екен. Тапанша көзді Ван Гогтың астында шұрқырай кісінеп, аспанға атылған адам басты, жылқы кеуделі кентавр. Оң қолында – қылқаламнан соғылған найза да, сол қолында – түрлі түсті акварель бояулары жапсырылған қағаз қалқан. Ван Гог жерге белуарынан кіріп, қол бұлғап тұрған Иса – желдиірменді көре салып барқыраған жаман дауыспен шыңғырып жібермесі бар ма. Алақаныммен қос құлағымды тас баса қойғанмен Ван Гог өзін-өзі екінші рет атып тастамас па деп зəрем зəр түбіне кет ті. Жоқ, атпады, аузынан ақ көбігі бұрқырап, тісін шақыр-шұқыр қайрап, Исаға қызыл көзін қадапты. Келер сəтте астын дағы кентаврдың басын Исаға бұрды. «Жекпе-жек!» – деп екіленген аттаны құлақ жарды. Иса – желдиірмен мызғымады, бүткіл денесі сықырлап, кеңк-кеңк күлді... Ол саспады, арбаңдап айналып тұрған қолдарын ілгері созды да, емініп кеп қалған найза – қылқаламның үшінен шап беріп ұстай алып, қақ бөліп, лақтырып жіберді. Іле екінші қолымен Ван Гогтың желкесінен алды да, нақ бір қап ұннан жаман анау шетке шаңын бұрқ дегізіп, атып жіберді. «Өлдің ғой, ойбай, Ван Гог!» – деп айқайлап жіберіппін. Кентавр жалт бұрылып, жалы жалбырап айдалаға қашты. Иса – желдиірмен асықпай-саспай, қимыл-қозғалыссыз жер құшып жатқан Ван Гогтың ешкі терісінен тігілген қалпағын киіп, трубкасын аузына қыстырды. Қалқан – акварельді өзінің арбиған кеудесінің бір нүктесіне іле салды. «Əй!» – деді сосын орнынан екіүш ұмтылып тұра алмаған Ван Гогке, – Əй, миғұла бояушы «Бояушы, бояушы, дегенге сақалыңды бояғаның не?» «Аяз, əліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл!» Анау жатқан қалың егінді көресің бе? Күні ертең бүткіл даланы бермеген осы астық менің тасқайрағымның арасына түскесін ұн деп аталар ақ тозаңға айналар. Мың жыл солай болды, мың жыл солай болады да. Сенің он шақты суретің өмірдің атам заманынан келе жат қан текірегін өзгерте алмас. Маған десе күні ертең өзің секілді мың бояушыны жинап ертіп кел, күнделікті тіршілік деп ата лар қос қайрақтастың арасына түсіп, ақ тозаңға айналар!»

Кеңк-кеңк күлкі!... Жайлап көзімді аштым... Кеңкілдеп күлген – жайып тасталған газеттегі «Жасанды интеллект жəне адам» атты мақаланы табанға салып отырған Иса. Бетіне байқатпай көз қиығымды тастап ем, түсімдегі арбаңдаған желдиірменге он екіде бір нұсқасы келмейді. Қара бұйра шашы киіздей көркем жігіт шын көңілімен сылқылдап күліп отыр. Айнала беріп, жерге бір түкірдім. – «Түс – түлкінің боғы!» Ван Гог, кентавр, Дон Кихоттың желдиірмені... Енді мені əдеби, көркемсурет тақырыбына арналған түстердің айналдыра бастағаны жетпеп еді! Екі-үш минуттан кейін əдеби, көркемсуреттер тақырыбында түс көргеніме емес, Исаның күлгеніне таңданып отырғаным жетеме жете бастады. Көп күннен бері бригадирдің жады рағанын көргенім осы. Əнеугүні қала сапарынан қабағы қатып, жүдеп қайтып еді. Е, кім еді... е, Гарик айтпақшы, əлгі «мұрнының үшіне құс қонған қызбен» кездесуден шахмат алаңына түсі өрт сөндіргендей болып, түтігіп оралды. Гарик сасқанынан: «Қош-сау... Ендігі келістеріңде осы жерде кездесейік!» – деуге тілі əрең келіп, өз жөніне тартқан. Иса Қапшағайға қайтар түнде де жол бойы тіс жарған жоқ. Сол тіс жармау əлі тіс жармау. Ішінде бір ит емес, бірнешеуі өліп жатқандай қабағы қарс түйіліп жүретін де қоятын. Бірақ обалы кəне, жұмысқа жауша кіріседі. Тап сол ашудың өшін жұмыстан алардай перфоратордың құлағынан алақан айырмай тас қатып қалады. Өзін де аямады, бізді де аяған жоқ, бір шыбықпен айдады. Əр сағат сайын келетін он-он бес минуттық тынығу көзден бұлбұл ұшты. Сол үшін Əшірмен бірекі мəрте кикілжіңге келді. Бақтияр екеуміз де жарылуға шақ қалып жүргенде... Иса ағынан жарылып, жағасы жайлаудан кетіп, емен-жарқын күліп отыр! ...Қарашолақтың жұқа ерні маймаң-маймаң етеді. Тап əзірде моншадан буы бұрқырап шығып, үйме табақ қазы-қарта қойылған дастарқан шетін бір тізесімен басып отырғандай беті қызарып, көзі жұмылып кетіпті. Оның қасына он жыл араласпаған туысын бүгін көріп, бүгін қауышып отырғандай сүйіспеншілік көзбен қарап қойып Ұйқыдағы ару жайғасыпты. ... – Оқиға Африкада болыпты. Какакана атты тайпаның кісі жегіштері мəдениет өтіп кеткен үш ақ адамды ұстап алып, дедектетіп көсеміне алып келсе керек. Көсем екі-үш мəрте

тыр-тыр қасынып қойып, аз ойланады да: «Анау ақ құба семіз екен, дереу қазір сойып жейік. Екінші ұзын сирақтың көзін ағызып, фермага жіберіңдер, семіре берсін. Келер жылға тіске талшық. Ал үшіншісінің көзін байлаңдар да, қайтып келмейтіндей біздің территориядан қуып тастаңдар»,– дейді. Тайпа гу ете түседі. «Абу, габу! Ең семізі – үшіншісі. Мұны неге тектен-текке қоя береміз? Тым болмаса бір қол, бір аяғын кесіп алып қалайық. Неге жібереміз?» Көсем сонда көзі шатынап: «Қоя бе-рің-дер де-ген соң қоя бе-рің-дер енді! Екеуміз анау жылдары Оксфорд университетінде бірге оқығамыз», – депті қалшылдап... Қыран жапқан күлкі. Ұйқыдағы Ару санын шапақтап: – Бұл анекдотты, əрине, колонизаторлар ойлап шығарған, – дейді. Бетінен күлкінің қаймағын жинап үлгіре алмаған Иса; – Неоколонизаторлар, – деп түзету енгізді. – Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мəні өзгермейді. Өзгермейді, – деді кенет екілене қалған Ұйқыдағы Ару. Соңғы кезде, байқаймын, жартас басындағы төртеуміздің ара қатынасымыздың структурасы ептеп өзгере баста ғандай. Иса бүгінгідей əңгімеге анда-санда араласқаны болмаса көбіне тұйық. Бригадамен тірлігін ресми платформа ға көшірген. Ал Əшір болса көңіл күй көтерудің жүгін таза өз мойнына алған. Аузынан əзіл кетпейтін, қадір-құрметі жоқ тұзы жеңіл жігіт деп санап жүрген Əшіріміз ауырып, əнеугүні құрылысшылардың ауруханасында апта жатып қалғанда шындық басқа екеніне көзіміз жетті. Бəріміз де қымбат затымызды жоғалтып алғандай төрт-бес күн бойы қабағымыз ашылмады. Тез шаршап қалып жүрдік сол күндері. Былай да үндемес Бақтияр таза мылқауға айналды. Бірдеңені жоғалтқанымызды білеміз, бірақ соның не екенін айыра алмай жəне далмыз. Жоғалған-табылғанын бір жетіден кейін Əшір жұмысқа шыққан күні білдік. Əшірді, Əшірдің айтқан сайын иықтан бір кило жүкті алып тастайтын тапқыр əзілқалжыңын жоғалтыппыз. Əшір құлантаза жазылып, жұмысқа шыққан күні езуімізді жинай алмадық. Күні бойы тіреу басынан күлкі кетпеді. Ол күні нормадағы жиырма бес шуруфтың орнына үңірейтіп отызын тесіп тастадық.

Бұ дүниеде сондай да қызықтар болады екен... Исаның бетінен алып тастаған Бақтиярдың мына мінезі мені ойлантып тастады. Ұйқыдағы ару соңғы кезде бір бүйірден төтесінен киіп кетіп, көп əңгіменің шырқын бұзып, ұйқысынан жиі оянатын болып жүр. Өзі əңгімеге араласудың ережелерін білмей ме, немене, еш дайындықсыз, сөзге жөн-жосықсыз кез келген тұстан килігеді де, ортамызға бомба тастағандай əңкі-тəңкі болып отырып қаламыз. Жаңа да колонизатор, неоколонизаторға бола соншалықты кіжінгені несі? Сондай кіжіністердің арқасында қалғанымызды аузына қаратып кететіні де бар. Бел қайыстырған ауыр жұмысқа төселіп, ет үйреткендіктен бе, соңғы кезде жүріс-тұрысында, сөйлеген сөзінде бір қунақылық, бір ояну бар. Кеше: «Жуық күндерде комсомол жиналысын ашпасақ...» – деген емеурін білдірді. Ұйқыдағы ару деген сөзді де іштей байқап-байқап ойлайтын халге жеттім, Жаңа үшеуі де мен құсап жантая қалып, аз-мұз мызғып алғанға ұқсайды. Кетеуің кетіп, көзің кілбиіп шаршағанда он минут қалғып алсақ болды, неге екені белгісіз, сосын он минут қатарынан қойын-қоныштан əзіл-қалжыңды уыстап шығарып біраз жерге желіп-желіп қайтамыз. Əтештердің де таңертең тым-тым ащы шақыратыны да содан болса керек. – Алақандай Англия, ə? Соншама үлкен колонияны қалай жаулап алды екен, ə? – деді Əшір бəріміздің бетімізге бағ жиып қарап. Жайшылықта жайдақ əңгімеден қамшы салдыр мас майталман Əшір мұндай кітаби тақырыптарға шорқақ. Əнді төмен дауыста айтып келе жатып, жоғарғы ноталарға ауы сар кезде шашалып қалатын нашар опера əншісіндей мұндайда ақаулы мембрана секілді қақалып-шашалғыш. Бақтиярдың еті қызып алған ба, суырыла жөнелді. – Тоқсан алты есе! Англияның колониялары өзінен сонша есе үлкен болған. Неге дейсің ғой? Джунглиді кезіп жүрген ірілі-ұсақты аңдар қалай, сол кезде мемлекеттер де сондайтын. Үлкені кішісін, күштісі əлсізін бас салып, жарып сала беретін. Британдық арыстан сол джунглидің азуы алты қарыс ең қомағай жыртқышы болды. Əрі зымиян қу. Арыстан əрі күшті, əрі қомағай, əрі айлалы болса не істейтінін елестете бер көз алдыңа. Тарих Англия ешқашан да бір мезетте екі колонияны қатар жауламаған, бір-біріндеп жекелеп жеңген дейді. Колониялар тағы іргелес, қойы қоралас боп қатар жатпаған

– Африка, Индия, Америка, Австралия... Яғни олар ешқашан да бір мезетте бір жағадан бас, бір жеңнен білек шығарып, Англияға қарсы қолына қару алып шыға алмаған. Конгоның президентіне қастандық жасалса сол сағатта əлемге жария қып отыратын қазіргі байланыс, құралдары ол кезде жоқ. Маған сол кездегі халықтар мен мемлекеттер қос құлағын тас басып, екі көзін шарт жұмып алып, етпеттеп жатқан лəухи адамдардай елестейді. – Ал қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Халықаралық байланыс, ннтеграция, транспорт дамыды. Қиыр Шығыстағы Вла дивостоктан поезбен шығып, теміржол жүйелерін қуа лай Қиыр Батыстағы Голландияға дейін вагоннан түспей жетіп баруға болады. Ақ теңіз бен Қара теңіздің кіндігін адамдар өз қолымен қосты. Тəжді арыстанның да, аң арыстандардың да əрісі мықтап тарылды. Африканың бір түкпірінде мыл тық атылса оны сол мезетінде бүкіл планета естиді. Кісі жегіш тайпаның көсемі Оксфорд университетін тамамдаған. Планета бұрын денесінің əр бөлшегін бір-бірімен жалғастыратын нерв жүйесінсіз қолы – қол, бұты – бұт боп, бөлек-салақ боп жатқан паралич еді, бұл күнде ол тастай жұмылып ілгері аттаған құрыш адам. Капилляр тамырлары – автомобиль магистральдары, нервтері – теміржол, су, əуе транспорты. Қарым-қатынас оның прогресінің форму ласы. Қатынастың ежелгі құдайлары – саудагерлер сол себепті де прогрестің атасы деп саналады. Айтпағың осы ма, комсорг? Əшір екеуміз тырп етіп үндемедік. Исаның қара жалын маздаған аш көздері шүңірейе түсіп, Бақтиярға шүйіліп отыр. Қас аралығы қысқарған. Мына əлпетінің əзіл ретіндегі таластан гөрі зілі басым. Əнеугүнгі қада, Гарик, мұрнының үшіне құс қонған қыз тарихы Исаны əбден бүлдіріпті, бұзыпты. Ашушаң. Шыртетпе. Əсіресе, Бақтияр десе көтеріліп кетеді. Бұрын оны көзге де ілмеуші еді, енді қалай Бақтияр белсеніп сөйлей қалса ашықтан-ашық тобықтан қағып, тығырыққа тіреуге тырысады. Ашыққа шығармаса да Исаның мінезінде осы құрылыс отрядында шым-шымдап сің ген, Бақтиярға арнаған жақтырмау, жауығу бар. Əшір екеуміз оны біліп жүрміз, əйтсе де соның қайнар көзі қайда екенінен тағы хабарымыз жоқ. Исаның сыраханадағы сөзін естіген мен ептеп сезетін секілдімін, бірақ тап басып айта алмаймын. Ойлауға да батылым жетпейді, ойласам болды,

Иса, Бақтиярға ғана емес, осы отырған төртеумізге де қатысы бар жараның аузын ашып алатын тəріздімін. Кейде өз ойың өзіңді қорқытады екен. Бақтияр үнсіз. Бір қызарып, бір сұрланады. – Комсорг ештеңе айтпаса мені тыңдаңдар, жігіттер! Тұқырайған бастарды жұлып-жұлып, көтеріп алдық. Бес қадам жерде Самат Қалиевич ынты-шынтымен ақсиып күліп тұр. О-о, күлкіні айтсаңыз прорабтың күлкісін айтыңыз. Басын шалқайтып тастап кіршіксіз көңілмен «ха-ха-халағанда» ол туралы ойлап отырған ойларыңыздың сапасы бірден елу пайызға жақсарып сала береді. Күлкі емес, тұрған бойы құдай тегін сыйлай салған бақ-дəулет! Ондай күлкілерді тіреу түсетін алаңда емес, беделді жиналыстардың үзіліс-үзілісінде, əйтпесе банкеттерде ғана естіген жөн. Жоғары сортты бұл күлкілерді естігенде күлкі иесіне он сомды тастай салып жүре беру керек. Жəне бас прорабтың біз естіген күлкісін магнитофон кассетіне жазып алып, қиналған, күйзелген кезде қосып қойсаңыз бəрін де ұмытып, кəдімгідей тынығып қа латыныңыз анық. Самат Қалиевич те өзінің күлкісінің қадірін, күш-құдіретін жақсы түсінеді, білем, сирек күледі, күле қалса біздің қабағымыз түсіп отырған осындай қиын шақтарда көмейінен күлкіні сорғалатып қоя береді. Жаның жадырап, тегі желпініп қаласың. Самат Қалиевич осы күлкісіменақ кім-кімнің болсын қолындағы бар картасын араластырып жіберіп, мүлдем басқа көңіл күйдің арнасына бұра салады. Бас прораб шахмат ойнай ма, жоқ па, ол арасын білмеймін, ал ойнай қалса қарсы жақтың короліне матты міндетті түрде атпен қоятынына бек сенемін. Олай дейтінім, құй жалғыз, құй біреумен жүрсін, қашан, қай жерде желке тұсыңнан лып етіп, ойда жоқта шыға келгенін аңғармай қаласың. Ілбісін сияқты еппен басып, сыбдырсыз жүреді. Туфлиінің тозбайтыны да содан болу керек. Өзі Қапшағайдың əр тас, бұтасын жатқа біле ме, жол, соқпақ деп таңдап жатпайды, тау-таспен төтесінен салып кете барады. Қазір де жолсыз, біз күтпеген желке жақтан аңдаусызда келіп, тап төбемізден түсіп отыр. Мінез, қимыл, жүріс-тұрысы – шахмат аты. Үйінде егер шахматы бар болса, жүре-жүре аты əбден тозып, сыры көшіп, ақжемге айналған шығар, сірə! Естуімізше, бұрынғы альпинист. Киімі де жүріс-тұрысқа ыңғайлы: жалпақ қайыс

белбеулі джинс шалбар, күнқағары əйнек ақ кепкі, көк теннис кеудеше. Бұлшық еттері бұлтылдап күнде таңертең жартас басына жұтынып кеп тұрғанда өзімізге кейде құрдас санап қаламыз. Бақылайтыны тек біз емес, арғы бетте тіреу орнын жарып жатқан бұрғышылар, келесі тіреуді бетоннан құйып жатқан бетоншылар да соның қарамағында. Қалай үлгіреді десеңші! – Жарандар, жақсы хабар! Шуруфтердің біткенін жарғыш тарға құлақ қағыс етіп келдім. Жарты сағаттан соң асаймүсейін арқалап келіп қалар. Тезірек пневматикалық балға, перфоратор, күрек, сүймен, шлангілерді жинап құрал-сайман вагонына апарыңдар. Əйтпесе қираған тастың астында қалады. Прораб ауа құбырын алаңның əр жерінде қиғаш-қиғаш сұлап жатқан перфораторлармен жалғастырған шлангілерді құ лаштап жинастыра бастады. Біз де орнымыздан салғырт тұрып, күрек-саймандарға беттедік. Қол-аяқ қорғасындай. Екі дүниеде демалғасын жұмысқа қайта кіріскеннен асқан азап бар ма екен. Самат Калиевич біздің манаураған қимылымызға қарап тұр ды, тұрды да: – Жігіттер, менің жақсы жаңалықтарым əлі таусылған жоқ! Жарғыштар бүгін шуруфтарды аммонитпен толтырып, алаңды талқан етеді. Бұл – бір. Екіншіден, қопарылған көк тасты бұрынғыдай пневматикалық балғамен уатып, канал жиегіне қолмен тасып əуре болмайсыңдар. Жартасты оя-оя трактор айналатындай алаң жасадыңдар, рақмет! Бұдан былай «С100» бульдозері тасты алаңнан бір-ақ итеріп, канал табанына құлата салады, оған бұл бір-ақ күндік жұмыс. Ол кезде сен дер құрал-сайманды майлап-сулап, бұзылғанын жөндейсіңдер. Тек шуруфті тесіп үлгіріңдер! Ура-а! – Ура-а! – Ура! Айтқаным айдай келді, Самат Қалиевич жүрісті атпен жасады. Ыстық мəңгіртіп, ақыр аяғы қырқысуға шақ қалған төртеуміздің төбемізді екі-үш ауыз сөзбен көкке жеткізді де тастады. Келген сайын қойны-қонышы жаңалық, жанға жайлы жақсы жаңалық! Кіл көктастың титығымызға жеткені шын еді. Арқаға аяз дай батқан ауыр тас та, аузынан жалын атқан аптап та емес, тас ты

жарғасын көтеріп, канал табанына лақтыру, қайта оралып кеп, тағы көтеру, тағы лақтыру, лақтыру – қысқасы, күніне жүз-жүз елу рет қайталанатын бір қимыл суретінің еш өзгермейтін дігі еді. Алаң ортасы – канал жиегі, алаң ортасы – канал жиегі... Таңның атысы, күннің батысы сағат тіліндей теңселесің, теңселесің кеп... Көп жесең конфет те кекіртеді. Конфет қай да-а, көктастың аты қашан да байқамасаң алақанды қанжарша қиып түсетін көк тас... Оның үстіне жарылыс сайын алаң табаны тереңдеп, қабырғалары керісінше биіктеп, үш қабырғадан жəне астыдан қайнаған құшағына қыса түскен жартас мартен пешіндей бізді обып тартып бара жатыр. Бұрын беткейден сыдыртып соққан жел перфоратор мен пневматикалық балғаның шаңын көтеріп алып кетуші еді, қазір қапас бөлмеде көшкен темекі түтініндей тас құдықта тұнып тұрып алады. Бір сағат өтті. Құрал-сайман тегіс жиналды. Жоғарыдан, тас құдықтың қыр желкесінен Самат Қалиевичтің жарғыштарға: «Былай, былай! Ау, ана жігітке көмектеспеймісің?» «Қалай, түске дейін жаруға үлгіре аласыңдар ма?» – деген даусы жетіп тұр. Иса өзінің шаң мен перфоратор майы қосылып баттасқан білегіне қарап тұрды да, күрсініп салды. – Өзгеріп кетіппіз ғой өзі. Мен бір айдан бері жаңа көріп тұрмын. Соны байқауға мұрша да келмепті. – Қалған үшеуміздің бетімізге қарап шықты, – Бəрің де өзгеріпсіңдер... Перфоратордың аппаратын көтеріп, төмен түсіп бара жатқан Əшір: – Тек Кентавр өзгермеген, – деді күңк етіп. – Кентавр өзгермегені қалай? – Бақтияр аң-таң. – Не қалайы бар? Көрмей жүрмісіңдер? Алғашқы күндері тіреу орнына тиіп-қашып, бір-екі рет келген болды да, тас тыйылды. Тым болмаса хал сұрау да жоқ. Төртеуміз ол үшін тап бір жазықты болып, қара жұмысқа кесілген кінəлі жан секілдіміз... Бақтияр ойланып қалды. – Кентавр неменеге келсін. Ортан қолдай комсорг жүргенде командир жартас басында не бітірмек? «Студенттер дің құрылыс отрядтары – еліміздегі күннен-күнге қанат жайып келе жатқан жасампаз күш». Сен əнеугүні газеттен осыны оқып бергеніңде қайнаған ыстықта бір стақан су ішкендей

рақаттанып қалдым, Бақтияр. Естисің бе, комсорг? Газетті бізге жиі-жиі оқып беріп жүр бұдан былай да. Комсоргтың əнеугүні құрылыс отрядтары туралы мақала оқып бергені рас еді. Онда да сауатымызды ашайын деген ойы жоқ, тек бір əредікте ермек ретінде оқып берген. Иса соны тиек етіп, əдейі қағытты. Бақтияр қолындағы шлангіні тастай салды да, санап ба сып Исаның қасына барды. Шаршаған дауыспен: – Мені неге жек көресің, Иса? – деді. – Ғафу ет... Ыстық өтіп кеткен бе, не сөйлеп, не қойғанымды білмей қалдым, – Иса жымиды. Зəрлі жымиыс. Бақтияр жерге түкіріп еді, қап-қара екен. Мен ойлаймын да: Исаның Бақтиярмен жиі қақтығыса беретіні несі деп. Баяғыда мамам көкеммен шекісіп қалғанда: «Көретін телевизор да жоқ бұл қаңыраған үйде. Сосын сенің бетіңе қарап-қарап отырамын да, кенет, бас сап тырнап тастағым келеді», – дегені бар. Қалай аудан орталығына теле мұнара орнап түсті телевизор төрге тайлақтай тайраңдап шықты, солай ұрыс-керіс бəсеңдеп сала берді. Телевизор отбасына береке-татулық əкелді. Бізге əлде сол телевизор секілді басымызды біріктіретін ортақ бірдеңе керек пе? Əйтеуір жаңа пайда болған жараның қолқаны суыра солқылдатып сыздатқаны секілді соңғы кезде тіреу орнында керіс көп. Сыздатқан жараның аузы қашан ашылады? * Біз құрал-саймандарды жинап, қызыл вагонға беттесімен сиренаның ұлыған үні төбе құйқаны шымырлатып, тау аралап, жаңғырықтары сай-жыраларды қуалап, серуенді соқты дейсің. Қолына қызыл жалауша ұстаған жарғыштар төбе-төбе басына найзадай шаншыла қалыпты. Құмырсқаша құжынаған шоферлер, арматурашылар, бетон шылар, экскаваторшылар, тағы басқа көп жұмысшылар қосар каналдың табаны мен қапталын ала болашақ ГЭС үйі мен қосар каналды жалғастыратын, биіктігі он метрге жуық ұзын туннельге қарай ағылып, соның аузында жапыр-жұпыр табысып жатыр. Біз де қарсы маңдайды алып, көлбеп жатқан жотаның ар ғы

бетіндегі баурайын пана етпек болып, каналдан абыр-са быр өттік. Алда – Əшір, Бақтияр, соңда – Иса, мен. Сирена үні біресе күшейіп, біресе бəсеңдеп, азанды салып тұр. Мен қайнаған күн төбеден төнген сиыр сəскеде қараданқарап бір тоңып, бір қызынып, өз-өзімнен аласатып, дір-дір етіп келемін. Боздаған сирена үні құлағыма жетсе, неге екенін қай дам, дірілдеп, қолма-қол тулай қалатын жүрегімді тоқтата ал май, буын-буыным босап, бойымнан күш қашатын жағдайға ұшыраймын. Алғашқы жарылыста-ақ сондай халге тап бол дым. Аяғым қалай, қайдан басқанымды аңғармай, сең соқ қан балықша мең-зең күйге түсіп, сандалақтап қаламын. Жа ры лыс болашақ тіреу түсетін тас алаңда емес, мынау қос та банымның тақ астынан, айта берсеңіз, жүрегімнің шыта дай ғана жұқа қабығының ішінде бұрқ етердей қобалжып, көз алдым мұнартып сала береді. Созыла суырылып, аспанға тік шапшыған сирена даусы алдыңғы жылы қасапха нада пышаққа ілініп жүре берген қара бұқаның өкірген үніне ке ремет ұқсайтын. Бірер сағаттан соң аммонит парша-пар ша сын шығарып, аспанға ұсақ тас пен шаң етіп шашарын сез ген қызыл жартас ішін тартып, өкіріп тұрғандай, қызыл жар тас төніп кеп қалған ажал алдында қу жанын қайда қоярын біл мей сирена даусымен бебеу салған қызыл бұқадай сезі ліп, кеңсірігім ашып, жанарыма жас құйылатындай. Беткейдегі жартастың аяғын аспаннан келтіріп, төңкеріп, бұрқақ та ған топырақ пен кесек-кесек тастарды ілестіре аспанға шап шы ған қара құйын мен жалын, жарылыс емес, баяғыда қасап хана дуалының түбінде шырпы басында тербеле қалған қып-қызыл жалындай көрініп, көзді тас жұмып ала қоямын, Анау ақпан айында қасапхананың ағаш қоршауына жанармайды шашып жіберіп, бір тал шырпыны қорап сыртына жалғыз-ақ тартып жаққан бармақ басы жалын он, жүз, мың, миллион есе үлкейіп, жусанды беткейде толықсып тұра қалғандай жүрегімнің басына ыза мен ашу, нала тұздықтайын құйылып, дуылдатып ашытады. Сонда... сонда қыстың қытымыр күнін де қасапханада көз көрген у-шу мен бармақ басы жалын нан көйлек-шалбарымды шешіп тастап, үш жыл бойы безіл деп қашсам да қыр соңымнан қалмай өкшелеп, алты қыр асып үлгірсем де тақа ізімді басып, ылғи бір қуғынға салатын дай менің қандай жазығым, нендей күнəм бар, тəңір-ау?!

Əлде, əлде жазған көңілім тағы бір жалынды, астан-кестен жарылысты, тағы да орға итеріп, суға салатын өзгерісті сезіп жүр ме? Үш жылды саусақ бүгіп санап тұрып, артқа салсам да кеудемде пісіп-жетіліп үлгерген кезекті жарылыс дүмпуі тағы да көкірегімді қақыратып, жүрегімді жалаңаштап тастағы сы бар ма? Қыл аяғы тау беткейіндегі бес бересісі, алты аласы сы жоқ қызыл жартастың үстіне шыжалақтап түсе қалатын дай сорының сорпасы қайнаған неткен жанмын? Бір оқиға сыз, жарылыссыз тамағынан ас өтпейтін қу жаныма тыным жоқ неткен мазасыз жан едім? Сирена үні, əне, сəл толас тапты да, қайта əуелей көтерілді. Қызыл жартас – қызыл өгіз қош-қошы мен бақұлын айтып, дамылсыз өкіріп тұр. Басым айналып, тəлтіректеп кетіп, бір байқасам, сол аяғым канал жиегінен асып, жарқабақтан ары күрт опырылып түсіп кететін шыңырау үстінде ілініп тұр екен, сол шыңырау аяғымнан ми батпақша тартып жүре берер ме еді, қайтер еді, қарулы қол иығымнан шап беріп, оң жақ шетке лақтырып жібермесе. Сенделектеп барып, зордың күшімен бой билеп, көзімді ашсам... түтігіп кеткен Иса төбемнен төніп тұр. Шыт-шыт жарылған ерні үнсіз ашылып-жабылып, ақ тістері жарқылдайды. Қаз-қатар мінсіз қаланған кіршіксіз тістерін іштей біртіндеп санап тұрып ойладым: «Исаны білуші едім бір кісідейін, қолмен қалағандай осыншалықты аппақ тіс екенін неғып байқамағамын?» – Аяғыңның астындағы шыңырауды көрмейтіндей не əбілет басты? Желкең үзіліп, төменде тырапай асып жатсаң кім жауап береді... Есіңді жи, жи, есіңді! Мен ақ тістерді біртіндеп санап тұрып сақылдап күлдім кеп. Ал ішімде боран боздап жылап тұрды. Мен емес, ішімдегі боран сақылдап күліп еді, Иса оны сезбеді, қадалып тұрды, тұрды да, жерге түкірді. – Жауаптан қорқасың ба, бригадир? Ха-ха... Канал табанына құласам кінə өзімнен деп қолхат қалдырамын. – Не сандырақтап тұрсың? Қайдағы қолхат? – Жүрегімнің түбінде жатыр ол қолхат... «Естисіңдер ме, ішім іріп, ботадай боздап жылап тұр» – айтпағым осы еді, оның орнына қайдағы қолхат туралы сандырақтадым. – Күн өткен жоқ па, Асан? Басың айнала ма? Ендеше қосқа қайт. Сөйт. Бəрібір бүгін жартасқа бұрғы салмаймыз.

Тоқтауы жоқ сайтан күлкі буынымды алып, ішімді қолдап басқан күйі май топыраққа шөкелеп отыра кеттім. Ал аузымнан адам шошырлық ақымақ сөздер шығып жатты. – Адамдар ақымақтарды аяғыш келеді. Ха-ха... Ал Исаның ту сырты – қарауытқан шыңырау... Арғы қабақта ғы қызыл вагон – тамшы қызыл қан. Канал табанынан ай бақ-сайбақ адымдағыш экскаватор канал қазылғанда ашылып қалған динозаврдың қаңқасы құсап, ұзын мойнын құрықтай созып, жағалауды жайбарақат иіскелейді. Шыңырау дан несін қорқайын, үш жыл бұрын мұндай шыңыраудың көке сінің жағасын жағалағам, жалғыз жағаладым... – Қателесесің. Адамдар ақымақты аямайды. Сарт өткен шапалақ жағымды жандырып өтті. Күлкіге қақалып қалған мен шөкелеп отырған беті меңірейіп Исаның бетіне қарадым. А. Қайырсыновты осіне айналдырған əлем – шақарлығы қайтпаған күн, жаздың бір-екі айында ежелгі көк түсінен айырылып қалып, соңғы аптада ғана өз шырайын тапқан аспан, шөбі күйіп кеткен жон арқасын жалаңаштап тастап, тоңқиып-тоқиып жатқан жоталар теңселеңдеп жай айналады. Бір таңғалғаным, тартуын тартып қалса да Иса маған жаны ашып қарап тұр. Тек шапалақ тигесін ғана Исаның маған шын жаны ашитындығына көзім жетті. Бəр-бəрі де – он сыры ның тоғызы қайнаса да, мұздаса да іште жататын Иса да, жиыр ма жыл ұйықтап, жиырма бірінде жаңа ояна бастаған Бақтияр да, күннің атысынан – түн ортасына дейін бағана басына жабысып ап, сөзді судай сапыратын аудан орталығындағы радиоша аңқылдап, бірде шынын, бірде сырын ақтарып салатын Əшір де маған жаны ашыса туыс, жаңадан тапқан шын туыстар екен. Бас ауырып, балтыр сыздағанда хал сұрауға жарап, бел босап, шаршағанда шапалақпен болсын ширықтыруға шапағатын тигізсе туыс, əрине, туыс... Соған көзім жеткесін-ақ шөкелеп жылжып, Исаның перфоратор майы мен шаң баттасқан тізесін құшақтай алдым да, қыстыққаннан бетімді бура санына басып, көз жасымды ағытып-ағытып жібердім. – Кешір, аға... Рақмет бəрлеріңе, көп рақмет! Сіздер бəрін түгел білесіздер... Қасапхана жайын білесіңдер.. Ала жаз бойы ешкім, ешкім де бетіме салық еткен жоқ. Айтар деп ойлап едім... Рақмет! Ал сендер бəрін білесіңдер, солай ма? –

Үздік-үздік былдырлап, Исаның санын жұдырығыммен зілсіз төмпештеймін. Иса қолтығымнан сүйеп, орнымнан тұрғызып, тіземнің шаңын бұрқ-бұрқ қағып жүр. Өзі де бұрқылдап жүр. – Білмегенде ше... Алғашқы күні-ақ білгеміз... Командир штаб мүшелерін жннап алып, барлық тарихыңды бажайлап айт қан. Ол кейбір нəрселерді тым тура түсінетіні болмаса, бы лайынша жақсы жігіт. Отряд үшін барын да салып, жанын да салып жүр. Кейін түсінеді ғой. Қазір оның уақыты жоқ. Ал сен өзіңді жалғыз екемін деп ойлама. Бəріміз де ағаңбыз, жағаңбыз. Ешкім де мына əлемнен тыс өмір сүрмек емес. Сырттай бермей ішке кір, ортаға кір. Бір уақыт өзіңе де сын көзбен қара. Сен сондай жастасың. Жақсылығымыздан үйрен, жамандығымыздан жирен. Сол екеуін бір-бірінен айыра біл. Мен Исаға оншама құлақ та салғамын жоқ, осы минутта басқаны тыңдағаннан гөрі өзімді тыңдауға тым-тым құштар едім. Анау ақпан айынан бергі үш жылда ішімде шемен болып жатқан бар сыз бен мұзды бір-ақ деммен шығарып салғым бар сыртқа. Əртүрлі жиналыс-талқылауларда талай-талай ақыл айтылды, бірақ мен не айтқым келді, бір қызығы, ол туралы сұрау ешкімнің де есіне кіріп-шықпапты, тек ақыл, ақыл... «Сенің жасыңда біз адам болуды ойлай бастап ек, жақсы баға алып едік, тəртіпті ек»... тағысын тағылар. Бірақ ешқайсысы да өз жолыңмен жүре қой деген жоқ. Əрқайсысы дұрыс болсын, бұрыс болсын, өз жолын нұсқады. Ал мына үшеуі ала жаз бойы тас көтерісті, ұрысты да, суға да бірге шомылды, тіпті қалаға барып, сыра ішіп, қызға қырындағанда да, кімсің деп кекіреймей қасына ертті – тек ақыл айтып көсемсігеннен басқаның бəрін істеді. Осы мағынада ағылып-төгіліп тағы да бес минут сөйлегенімді білемін. – Не болды? – Неге қалып қойдыңдар? Шланг пен перфоратордың бұрғысын арқалаған Əшір мен Бақтияр қайта оралып, қасымызға келіп қалыпты. Самай тері жылт-жылт етеді. Іште қайнаған қуаныш бетіме қан болып тепті, тепкен шығар. Əрқайсысын құшақтап, əрқайсысына арнап бір-бір ауыз жылы сөз айтқым келді. Белдері қайы сып, тірсектері майысып, арқа еті арша, борбай еті борша бо лып,

құрал-сайманның зіл салмағының астында қайысып бара жатса да, əлденеге ұшырағанымызды біле салысымен екі өкпелерін қолға алып, жетіп келген екеуінен жылы сөзіне жан садаға! Исаның оларға не дегенін де білмеймін, екі көзімді Əшір мен Бақтиярдың күреңіткен жүзінен айырмай қарап тұрдым да, жалт бұрылып, шелек жатқан қызыл вагонға зымырап бердім. – Ау, қайда барасың? – Су, суға кеттім... – Қолымнан табан астында су əкелуден басқа жақсылық келмесе не шара. – Сені анау қыраттың астында тосамыз, Асан! Анау қыраты қай қырат, оған мəн бергемін де жоқ, кере мет шаттық аяғымды жерге тигізбей көтеріп алып алға ұша берді, қос қолтығыма періштенің қос қанаты бітіп, мəн-мағынасыз айқайлап жүгіре бердім. – Су – жердің сəні...Су – елдің сəні. Су, су əкелемін сендерге! – Біз сені анау қыраттың астынан тосамыз, Асан! * Шайқалақтап төгілмес үшін бетіне жалбыз жапырақта рын сепкен шүпілдеме шелекті қос қолыма кезек аударып, қыратты асып түссем, олар тура бауыздар тамақта, жер иіскеп жата қалған үлкен тастың түбінде шоқтай үйіріліп отыр екен. Бəрі де алға итіне ұмтылып, айқұлақтанып алыпты. Тас үстінде отырған Самат Қалиевичтің даусы сампылдай шығады. Əдет тегідей суға да жамырасып ұмтылған жоқ. Итпісің, кісімісің де ме ді. Самат Қалиевичты қаумалай эпицентрге айналдырып, Əшір, Иса, Бақтияр үш бұрыш құрыпты. Геометрияның үйретуін ше, үш бұрыш ең берік те, ал төрт бұрыш ең айнымалы фигу ра. Үш бұрышты төрт бұрышқа айналдырып, беріктігін бұз бау үшін оларға жетер-жетпес жерде тоқтай қалдым. Самат Қалиевич сөйлеген күйі маған қарап отыр. Көзі мені ішіп-жегенмен ойы мүлдем басқа қиян-қиырды шарлап жүргенін еш сезімсіз меңірейген жанары айтып тұр. Мені емес, менің ту сыртымдағы жетпіс жеті жыл көрмеген туысын көріп отырғандай мына қарасы тым өткір. Сасқанымнан алға қадам аттап түсіп: – Самат Қалиевич, Самат Қалиевич! – дедім апалақтап.

Адамның өзгеруі үшін кірпік қағуы жетіп жатыр екен, Прораб кірпік қағып еді, мелшиген бетіне жан кіріп, ұртының үшіне күлкі үйіріліп, көзіне жылымық жүгірді. – Кел, кел, Асан! Манадан бері бізге жетпей отырған сен едің. Қасына барған менің қолыма қызыл мұқабалы жылтыр блок нот пен автоқаламды ұстатты да, қасындағы бір кішкене томпақ сүйкімді тасты нұсқады. – Табиғат өзіңе арнап жаратқан мына бір тақты ерттеп мін де, қазір не дейміз, соны кітабыңа түртіп ал. Біз қозғар дүние екі құлағың түгіл, болса, төрт құлағыңды түріп тастап тыңдайтын əңгіме. «Табиғат маған арнап жаратқан таққа» отырып жатып, төр теуін көз астыммен бір-бір шолып шықтым. Жүздері қызарыпты, беттері албыраңқы. Көздері əлдебір шабыттың жыл тырақ сəулесін жұқтырыпты. Алтынға лық толы бөшкөні енді-енді ашқалы отырған адамдарды қара да, бұларды қара. Сөз жоқ, бұлар бар болса төрт құлақты түріп тыңдайтын қызық мəселенің басын мүжуге кіріскен. Самат Қалиевич орнынан тұрды да, қолын жоғары көте ріп, ашық үнмен: – Жолдастар, сонымен шымылдықты ашық деп жариялаймыз! Бас режиссер мен, яғни прораб. Спектакльдің тақы рыбы да, идеясы да, сюжеті де біреу, ол – жетімдік. «Секретарь-стенографист, қалай, қалам-дəптерің дайын ба? Қыс қашалап жазып отыр!» – деді маған шұқшия қарап. Мен ба сымды изедім. Самат Қалиевич əр сөзін шабытқа əбден мінген ойыншының: «Шах-Мат!» – деп шаңқылдағаны сияқты еш созыпмалусыз сарт-сұрт домалатып отыр. Айттым ғой, төртеуінің тіріліп қалған көздеріне, ұзын сирақ қыпша бел хрусталь рюмкалардай шаншылып-шаншылып отырыстарына қара ғанда, кемі алты ай айта жүретін қызық əңгіме басталуға тиіс. Самат Қалиевич сөйлеп кетті. – Мен осы отырған үшеуіңнің ата-аналарың төрт көзі түгел ме, жоқ, төңірегі тып-типыл жетімсіңдер ме, ол арасын анық білмеймін. Бірақ əрқайсыларыңа үштен сұрақ қойсам, жəне оған сендер оған еш қаяусыз көңілден риясыз жауап берсеңдер – ол жағының жігін ашып, жіліктеп берер едім. Қояр шартым бар – сұрақ-жауап үстінде дау-дамай тудырмаң дар.

– Өкпе-реніш соңынан. Себебі – əңгіме еркектердің əңгімесі. Ризасыңдар ма? Үшеуі де риза екен. Еркектердің əңгімесі кімді қызықтырмасын. Прораб алақандарын соғып қалып: – Сонымен алғашқы сұрақ: кім қандай спортпен айналысады? – деді де, Исаға жалт қарады. – Бокс, бірінші разряд, – деді Иса міз бақпастан, – Жазып қой, Асан. Бақтияр, сен ше? Ұйқыдағы ару əлдекім жасқап қалғандай шалқайып барып, қайта түзелді. Өзіне қарай зырқырап ұшып келе жатқан волейбол добын алуға үлгіре алмаған адамның əдеті. Бақтияр .басқа спорттың түріне қалай, қайдам, бірақ волейболға он салса бір аттап баспайтын жан. – Жеңіл атлетика үйірмесіне... қатысамын. – Разряд, разряд ше? Бақтияр бас шайқады. – Яғни, жоқ. Əшір, сен не айтасың? Əшір құбылаға қарап отырған. Көзі сол сықсиған күйде ерні жыбыр етті. – Самат Қалиевич, басқаларға сұрақ бермес үшін сол сұраққа өзіңіз жауап қайтарсаңыз... – Альпинистпін. Спорт шеберлігіне кандидат. Мен басымды көтерместен: – Самат Қалиевич, сіздің тұсыңызға шахматтан да спорт шеберлігіне кандидат деп жазайын ба? – дедім өп-өтірік аңқаусып. – Неге олай дедің? – Біртүрлі оқыс жүресіз... – Онысы несі тағы? – Сіздің бізге кəдімгі айдау жолмен келгеніңізді бір көргемін жоқ... Ылғи ойламаған тұстан, тау-таспен келіп, желкеден түсесіз де отырасыз... Жүрісіңіз ат фигурасының жүрісіне ұқсайды. Самат Қалиевич сақ-сақ күлді. – Мақтағаныңа рақмет, інішек! – Мен тіпті де сізді мақтап тұрған жоқпын. – Мақтап тұрсың, мақтап тұрсың, бірақ мақтағаныңды өзің де білмейсің. Аттың жүрісі деген, айналайын, мықты бастық болатын адамның жүрісі. Есіңде болсын, ойламаған жерден

шығып, бағыныштыларды желкеден басып отыратын адамнан болашақта жақсы бастық шығады... Кенет, прораб сөзін тыя қойды. Өйткені, бəріміздің де басымыз төмен салбырап кеткен еді. Бəріміз де бір нəрсені осы сəтте ұғып қалдық – Самат Қалиевич соңғы сөздерді айтпауы керек еді, бізді сыйласа айтпай-ақ қойғаны жөн еді. – Иə, иə, шахмат жақсы ойын ғой... Оны Индия шахтары да ойнаған. Филиппин президенті Маркос та ойнайды... – Сасып қалғаны əбден белгілі болды. Маған қарады. Бірақ көзінде манағы от та, жылтыл да жоқ. – Менен шахматты сұрадың ба, Асан? – Шахматты... – Ресми жарысқа түсіп көргемін жоқ. Дегенмен қара жаяу емеспіз, үшінші мен біріншінің арасынан табылып қалармыз. Əшір, кезек сенікі. – Қандай кезек? – Əшір аң-таң. Жаңағы «бағыныштыла рын желкесінен басып отыратын бастық» жайлы əңгіме есеңгіретіп тастаса керек. Самат Қалиевич қып-қызыл болып кетіп, ысылдап кеп қалды. – Қандай кезек, қандай кезек? Разрядың бар ма деп отыр мын. – Самат Қалиевич, мен бір-ақ спортпен айналысамын. Оның аты – қияңқылық, қияңқылық плюс аздап күлкі. Бұл спортта разряд жоқ, – деді де Əшір қолындағы тасты аяғының астына домалата салды. – Бұ да өзінше спорт, – деді прораб мүлде бейбіт дауыспен. – Айтпақшы, ағаларың жаңа аздап қызып кетті, ғафу етерсіңдер... Жə, екінші сұраққа көшелік. Биыл қандай елеулі оқиға естеріңде қалды? – Москваға барғанда «Спартак» балетін көрдім, – деді Иса. – Біз əңгіме елеулі оқиға туралы деп едік... – Москваға барғанда «Спартак» балетін көрдім... – Иса сөзін нығарлай түсті. Бақтияр қозғалақтап, тамағын қырнады. – Консерваторияда оқитын қызыммен айрылыстым. Мектептен бері дос едік. Тастап кетті. – Жүзі ду етті. Əшір сол безірейген қалпын бұзбады. – Қапшағайдан ақшаны күреп қайтып, ауылдағы анамды бастан-аяқ малындырып киіндірсем, əне, мен үшін үлкен оқиға сол.

– Дұрыс... – Сəл бөгеліп, прораб күрсінді. – Дұрыс, ал мен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен наградталдым. Кандидаттық диссертациямның тақырыбы бекіді. Жə, үшінші сұрақ. Қай мамандықтағы, қандай қызды ұнатасыңдар? Иса күнде таңертең қос басындағы білік темірді солқылдата айналып, «күн» жасағаны сияқты жауапты еш бөгелместен сақылдатып айтып шықты. – Өзім инженер болғасын, əрине, маған медик керек. Мінезі – өз шаруасына тастай мықты, басқаның ісіне орынсыз тұмсық тықпайтын жуас. – Ол Италияны аралауды армандайтын... Маған тоға тіктіріп киіп, көзіме бір көрінші деп жалынатын. Италия ауасының əр атомы əн салып тұрады дейді. Е, мен Бақтиярды бекерге Ұйқыдағы ару деп атамаған екемін. Көрдің бе, консерваториядағы қыз туралы айтып еді, тағы қиялға шомып, ұйықтап кетті. Дəуде болса қыз да, Бақ тияр да, «Ұйқыдагы ару» балетін кемінде он рет көріп шық қан болу керек. Əшір əлі ашулы. – Мамандығында шаруам шамалы. Айына жүз елу сом тауып тұрса бітті, етегінен ұстаймын да, соңынан салпақтап еріп кете барамын. Тек сөз де, қалжың да батпайтын қалың терілі қара қызды құдайым кездестірсін. Самат Қалиевич қос қолын жоғары көтерді. – Сұрақ-жауап осымен тамам. Асан бұл ойыннан тыс, кəмелетке əлі толған жоқ. Қорытынды: Иса, ашып айтқанның айыбы жоқ, көңіліңе кек ала көрме, сен де мен секілді тазатақыр жетімсің. – Оны қайдан білесіз? Самат Қалиевич күлді. – Жеті қабат жер астындағыны білетін көріпкелдігім жоқ. Қарапайым логиканың заңы. Сен маған ұқсайды екенсің, ал мен жетіммін. Əкем майданнан оралмады, шешем шахтада көмір қазып жүріп, көксаудан қайтты. Балалар үйінде өстім. Сен де, мен де өзімізге бір кісідей сенеміз. Ойлаған мақсатымызға жету үшін қолда бар күш-мүмкіндік дейсіз бе, жігер-қайрат дейсіз бе, қысқасы, аянбаймыз жəне сол мақсат құрғырды бір минут та естен шығармаймыз. Ішек-қарны араласқан ең жақын адамдарды сол мұрат жолында қиып жіберетін эгоистігіміз де бар. Яғни өмір деген орасан зор,

күрделі системаның кейбір атомдарын ауыстырып, өзімізге бек ұнайтын структураға ауыстырғымыз келеді. Оған біз кінəлі емес, өзінің қисық-қыңыр жолын таңдап, бізді алдан тос қан тағдыр кінəлі. Қағаз бетімен жорғалап бара жатқан менің қолымдағы қалам дірілдеп кетті... – Самат Қалиевич, біз өгей шешеден туғамыз ба, біз ұмыт қалдық қой... – Əшір анық наразы. – Əшір, сен жақсы жігітсің. Сөйткенмен көңіліңе келмесін, тарихты сенен қаңқасының құрылысы басқа адамдар жасайды. Неге дейсің бе? Өмір өзіне күшті, күрескер адамдарды талап етеді... Əшір Самат Қалиевичтің сөзін аяқтатпады. – Рақмет, көп рақмет. Ал мына Бақтиярдың қаңқасы қандай, соны айтыңызшы? Самат Қалиевич Бақтиярға тап бір инфузория көріп тұрғандай немқұрайды ма, əйтеуір қызық көзбен қарады. – Мен Бақтиярды аяймын. Оның жақсы жігіт екенін білемін, сол себепті де аяймын. Бақтияр отырған орнынан ұшып кететін шығар деп ойлап едім. Осы жолы оянбаса Бақтиярдың жігіт емес, мігіт болғаны. Жоқ, Бақтиярға ояну қажет емес екен. Ашу шақырған да жоқ. Күңкілдемеді де. Əуелі Самат Қалиевичтің бетіне бажай лап қарап алды. Сосын түк болмағандай жайбарақат: – Сіз мені неге аяйсыз? – деді. Шүкір, ояу отыр екен. – Алдымен жасың қаншада, соны айтшы? – Жиырма бірде. – Сенің қандай мамандық алатының, қай отбасынан шық қан қызға үйленетінің он жыл бұрын белгіленіп, шешіліп қойып ты. Асылы, оны саған ешкім де бақай-шақайлап ашып айтпаған шығар, əйтсе де ол туралы отбасында өзіңнен басқаның бəрі біледі. Сенің ең жақын адамдарың өздерін өте ақылдымыз деп санайды, санайтындығы сондай, саған бүкіл өміріңе жетерліктей жол сызып беруді өздерінің міндеті деп түсінеді. – Жалпы, министрліктегі бөлім бастығының орны басқаға ақыл айтқызбай қоймайтын қызық орын болу керек. – Сіз өте қатал адамсыз, Самат Қалиевич... Самат Қалиевичтің беті бүлк еткен жоқ, əңгімесін жалғастыра берді. – Дəп желкесінен түстің, Бақтияр. Əйтсе де сұрақ-

жауап үстінде шекіспеуге уағда бергеніңді ұмытпа. Менің жасымдағылар өз-өзіне мықты, қатал болу керек, себебі, жиырма бес пен қырықтың арасы күресу, алға жылжу, бұл өмірден аларыңды алып қалатын қиын кезең. Ал күрес – аузынан сөзі, қойнынан бөзі түскендердің басынан сипамайды. Кешір, Бақтияр, үстеме бір сұрақ, атаң мен əжеңнің көзі тірі ме? – Атам да, əжем де ілгеріде қайтыс болыпты. Папам да сіз сияқты балалар үйінде өскен. Самат Қалиевич əжептəуір ойланды. Өзен жақтан шағала шаңқылдап еді, тағы əуелеген сирена үні ол дыбыстың басынан салып қалып, үнін өшірді. Тау-тасы ұлып жатқан ГЭС маңайына жолауға батылы барған бұл неткен жарымес те ержүрек шағала? – Иə... Бəріміз де жетім екеміз... Бақтияр, сен өзің жетім болмасаң да, əкең бұл қарғыс атқыр қамыттан құтыла алмапты. Гена, жетімдіктің генасы деген осы. Зерттелмеген гена! Бір басын шапсаң орнына алты бас өсіп шығатын жеті бас ты жалмауыз гена! – Самат Қалиевич топырақты уыстап алып мытып отыр, саусақтарының арасынан сусыған қиыршық құм аппақ қардай шалбарына сау-сау төгіледі, оны өзі байқай тын да емес, жеңі түрілген білегінің бұлшық еттері бұлт-бұлт ете ді. Қандай сайтан түрткенін білмеймін: – Соғыс 20 миллион совет адамының басын жұтыпты, – деп қабырғадан қойып қалдым да, өзім сасып қалып: – Тарихтан оқыдым, – дедім албаты лағып. Іле ұяттан жерге кіріп кете жаздадым, жерге кіріп кете қоюға табан астым жарық та емес, Қапшағай жері тастақ, бітеу, безер. Арқам қозса болды, дəл, нақты сөйлейтін осындай жауапты кезеңде бір қисынсыз сөз ді айтып қалып, өстіп аңырамын да отырамын. Жарылысты күткен өлке қыбыр етпей сұлық жатыр. Сирена тыныпты. Шағала шаңқылы да естілмейді. Сирена дауы сынан шошып кетіп, бас амандап, бұл төңіректен көзін жо ғалтса керек. – Айналайын-ау, жəне қандай жиырма миллион десейші! – Самат Қалиевичтің даусы ащы шықты. – Шеттерінен еңіске салсаң төске озатын, халықтың ең жас əрі денсаулығы мықты бөлегі ғой олар. Армияға ақсақ пен шолақ, тобанаяқ ты, əйтпесе жеті атасынан бері көксауды алушы ма еді. Сонда қаза болып кеткен əлгі жиырма миллионның əрқайсысы ның

артында əйелі, баласы, əке-шешесі, іні-қарындасын қосқан да орташа есеппен он туысы қалды делік. Есептеңдерші... Самат Қалиевич сөзін аяқтап үлгірмеді, Иса зірк ете қалды. – Баяғыда есептегеміз – екі жүз миллион əйел мен бала, əке мен шеше, іні мен қарындас! – Түтіккен беті қап-қара. Қалың қастарының арасы қосылып кеткен. Исаның көзіне қарадым да, жүрегім су етті – көз қарашығында байлаулы арыстан өз шынжырын өзі кеміріп отыр. – Жетім... Бəріміз де жетімбіз! Мұны кім айтқанын аңғара қалдым. Жел сыбырлауы ықтимал. Адам емес, құдая, жел, жел сыбырласа екен... – Ұнжұрғамыз түспесін, жігіттер! Жетімдік деген жалмауыздың басын бүгін шауып жатырмыз. Мына ГЭС-ті салып, көк таспен алысып жатсақ о да жетімдікті түп-тұқиянымен құртудың қамы. Сөз болсын, мен сендерге жетімдіктің адамға тигізетін пайдасын айтып берейін. – Самат Қалиевич жымиды. Бəріміз елең еттік. Прораб жарады, бұл жолы да атпен жүріс жасап кетті. – Қандай пайда? – Иса ішін тартты. – Білмейсіңдер ме? Ендеше, біліңдер. Министрліктің бөлім бастығы да жетім. Иə, иə... – Ыңылдап біраз отырды. – Мына заңдылықты күнде көріп жүрсеңдер де ескермеген шығарсыңдар – бұл күнде ел бастап, атқа мінген азаматтардың көбі таза-тақыр жетімдер. – Жетімдер? – Қалайша?! – Неге? Сұрақ жаңбырша жауды. – Аптықпаңдар, қазір бəрін де білесіңдер. Патша зама ны тұсында флотқа алынған жігіттерді жүзуге қалай үйреткенін оқымап па еңдер? Ешкім де оқымапты. – Матросканы киіп, кеме палубасына көтерілген күні-ақ жас жігітті сақа теңізшілер жағасынан алып, борт сыртына лақтырып жібереді екен. Батайын десе жан тəтті, сосын əлгі байғұс, амал жоқ, қол-аяғын тырбаңдатып, суға қақалыпшашалып, ақыры өлдім-талдым дегенде трапқа қол іліктіреді. Келесі күні тағы борт сыртына ұшып кете барады. Осы тəртіп əлгі жігіт қашан суға жүзуді үйренгенше қайталана береді. «Ұра берсе құдай да өледі», ай өткесін жаңағы шіркін суда ақ

аюдайын малтиды. Ендеше сол жас теңізшіні – жетім, ашық теңізді – өмір, ал жағадан алып теңізге лақтырып жібергіш қақсал теңізшіні – тағдырға теңеп елестетіп көріңдерші. Толып жатқан мехнатпен алыса жүріп, жүзуді үйренген жасқа теңіз не, жетім не, бəрібір. Осындай сын-сынақ, мехнаттан кейін оларға теңіз де бағынады. Ғалым, суретші, яки жазушы, бөлім бастықтарының көбінің анкетасын ақтарып көр, екеуінің біреуі жетімдіктің таз тақиясын киіп шыға келеді. – Ал альпинистер ше? – деп Бақтияр Самат Қалиевичті бір іліп қалды. Самат Қалиевич титтей де мүдірген жоқ. – Керек болса альпинист те. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» дегендей, Бақтияр, мен саған жетімдер хақындағы мына шылқыған шындықты айтып, шалқаңнан түсірейін, бəлем. Жақсылап тыңдап ал: егер сен шынымен жетім болсаң, жəне алда-жалда жолыңа адамдар кесе-көлденең тұра қалса, оны қағып жіберуіңе қақың бар. Автобусқа мінерде мүгедекті кезектен тыс өткізіп жібереді ғой, сол сияқты жетімдер кейбір жерлерде басқаларды яғни жетім емес сені, Бақтияр, жолынан ысырып, тезірек өтіп кетуі керек. Бері қара – Əшірдің, Исаның ол дөрекілігіне жəне сен кешірім көзбен қарауың керек, Бақтияр. – О ненің ақысы? – Əшір ұсақ тасты ойға қарай лақтырып отыр. – Əділдік, əділдік, əділдік – оны міне, осы талап етеді. Бері қараңдар да, анализ не дейді, соны тыңдаңдар. Бөлім бастығының баласы Бақтияр шыр етіп жерге түскеннен бері əке-шешесінің арқасында не ішем, не кием демеді. Университетке де қалай түсем деп бас қатырған жоқ – өз қабі леті бар, əкесінің беделі бар, əйтеуір конкурстан өтті. Күні ертең үйлене қалар тойды қалай өткіземін, ол қанша сомға түседі деп те бас ауыртпайды. Тойдан соң қаланың ортасын ойып тұрып пəтер алмаса арғы қолыңды бері əкел... Иса қозғалақтап қап еді, аяғы қағып кеткен шелектен су төгілді. Самат Қалиевич оған бір сəт лып етіп қарады да, сөзін əрі қарай созып кетті. – Ал, Иса ше? Əке-шешеден айрылып, кісі қолында өскен Иса көзіне кезінде қанша көк шыбын үймелегенін өзі жақсы білер. Иса қайта оқуға түсіп, қиындықтың біразын артқа тастапты. Хош. Бірақ əлі үйлену, жұмысқа орналасу, пəтер

алу мəселесі қай қиындықтан кем? Пішту! Қиындықтың көкесі алда жатыр. Оны мен жақсы білемін, өйткені, басымнан бір тіндеп өткен. Бері қара, əке-шешелі Бақтияр, жетім Иса сені иықтан қағып, алдыңды ораңқырап кетсе озбырлық, əділетсіздік деп санайсың ба? Санасаң бетті тіліп айтшы! Үндемейсің, ə? Бақтияр шашын ұйпалап: – Сабыр етіңіз, Самат Қалиевич, – дей береді. – Мен əрқашан да сабырлымын. Иса прорабқа жалт қарап: – Самат Қалиевич, дəл бүгін неге үстімізге қара аспанды құлатып отырсыз? – деді əр сөзін нақпа-нақтап. Əшір күліп жіберді. Шын да аңғал көңілден шыққан риясыз күлкі емес, домбыраның ішегіндей дыңылдап керіліп тұрған ызалы күлкі. – Мына аксиомаңыз арабтардың мұнай бағасын еселеп өсіріп жіберген тірлігін жүз пайыз ақтайды, Самат Қалиевич. – Арабы несі? – Прораб Əшірге жаман көзімен қарады. – Арабтар мұнайдың бағасын өсіріп жіберді деп Батыстың көз жасын көл қып отырғанын білмейсіз бе? Ақыры арабтардың содан тапқан пайдасы мен өздерінің отарлау дəуірінде араб елдерінен тасыған қыруар байлығымен салыстырып есептеп кеп тастапты ғой баяғысында. Сонда арабтардың баға өсіруден көрген игілігі бəленше ғасыр бойы Шығыстан Батысқа тасыған байлықтың мыңнан бір бөлігіне жарамай қалыпты. Осыдан кейін арабтар сол көрген қорлығы үшін мұнай бағасын қанша өсірсе де қақылы деген теорияның құлағы қылтиып тұрған жоқ па. Сіздің жетімдердің есе қайтаруы дегеніңіз сияқты. – Сенің, менің, Исаның қайтаратын есесі... – Сөйтті де прораб Бақтияр екеумізге жалмаң етіп қарап қойды. Жай-ақ қарауы да мүмкін, əйткенмен сол қарастың іштей жек көріп тұрғасын ба, маған солай көрінді. Манадан бері қол басындай тасты алақандарына алмакезек аударып салып отырған Иса орнынан тұрды да, əлтектəлтек басып, прорабтың қасына барды. Күресетін адамша алға сəл еңкейе басын қақшитып, мойнын иіріп, екі қолын салбыратып жіберіпті. Қара торы жүзі түтігіп кеткен. Жоғарғы ернінің оң жақ бұрышы сəл түріліп, дір-дір етеді. Бəріміз де бір оқиғаның бұрқ етерін біліп, тына қалдық – ала жаз бойы Исаның бүйтіп бұзылуын алғаш көруіміз.

– Самат Қалиевич... Прораб басын көтерді, əлдене айтпақ болды ма, аузын аша беріп, Исаның жүзіне қарады, аңырып отырып қалды. – Самат Қалиевич... – Иса бес батпан жүк көтеріп тұрғандай екі иығынан дем алады. – Самат Қалиевич! – А? – деді прораб апалақтап. – Сіз жетімдіктің жоғын неге жоқтай бересіз? Неге кеше өткен сұм соғыстың аруағын көрден тұрғызып ап, ортамызға лақтырып тастай бересіз? Жетімдік, жетімдік... Жетпеді ме, болмады ма? Қашанғы құлақ сарсытасыз?! Самат Қалиевич алғашқыда сасуын сасып қалды. Тіпті сəл шегінді. Есін тез жинады. Артын тасқа егеп, отырысты түзеді. Сосын қанын ішіне тартып: – Сен немене, мені соққалы тұрғаннан саумысың? – деді. – Алдымен жауап беріңіз... – Солай де. Ендеше оң құлағыңмен тыңдап ал. Ұмытпа! «Жыланды жеті кессең де кесірткелік əлі бар». Мен емес соғысты жатқан көрінен тұрғызып алған. Мен өзім соғыс салып кеткен лаңнан қашып, құтыла алмай жүрмін. Жетімдіктің өзі жеті кессе де сүйретіліп келіп қақ ортамызда иереңдеп жатқан... Нəлетіңді маған емес, кешегі соғысқа айт мықты болсаң! Сұмдық-ай! Иса тұрған орнында теңселіп қалды. Теңселіп тұрды да, тас үстіне сылқ отыра кетті. Көзі бет-жүзімізді кезектеп шарласа да, құдай біледі, түк көріп отырған жоқ. Қара перде тұтып алған ондай көзді бірдеңе көріп тұр деудің өзі ұят. – Жетімдік дейсіз... – Саусақтары жер сипалап жүріп, жұдырықтай тас тауып алды. – Біткен жараның аузын тырнайсыз... Тырнасу керек пе?.. Мен-ақ тырнап салайын жараның аузын. Көріп қалыңдар, естіп қалыңдар! Исаның əкесі жоқ, Иса əкесіз өскен шата! Сүйгенін соғыс жұтып, жесір қалған шешеден туғамын мен. Кім менің əкем? Қайда жүр? Жүзі қандай – білмеймін. Сұм соғыс, менің əкем сенсің! Сенен туғамын, сенен жаратылғамын! Басқа əкені білмеймін, танымаймын, танымаймын! Орнымнан тұрғаным бұлдыр-бұлдыр есімде, Исаның қасына барғанымды там-тұм білемін, анық білетінім – тізерлей кетіп, оның бүлкілдеген жауырынынан айқара құшақтағаным ғана. – Қойшы, Иса... Иса... Иса басын кілт көтерді, қолымды қағып қалды, жоқ, қақ-

пады, өзім шегініп кетіппін – көзі шарасынан шығып, менің иы ғымнан аса қарап қалыпты. Өкшемнен шыр айналып, ту сыртыма қарадым – еңістегі қосар каналдың табанында автомашиналар гүрілдейді, экскаватор шөміштері ми шағып шақұр-шұқыр етеді, жұмысшылардың ара-тұра айқайласып сөйлескен дауыстары жетіп тұр. – Оның не?! Қой деймін, Иса? Қой... – Бақтиярдың жан ұшыра шыққан даусы естілді, жан ұшырмауы да ықтимал, дегенмен даусы жайшылықтағыдан бір-екі нота жоғары еді. Оның жан ұшырдым деген шамасы сол жоғары алған бір-екі нота болу керек, іле зу еткен тас еңіске қарай құлдилап ба рып, канал жиегіне топ ете түсті де, бір секіріп, əрі қарай дома лап түсіп кетті. Төменнен шылдыр етіп, əйнек сынды. Жалт қарасам, Бақтияр Исаны тас құшақтап алыпты. Самат Қалиевич отырған жерінде əлі қалшиып отыр, былайда жылпың-жылпың Əшір бұл жолы ол қасиетінен жаңыла қапты, қозғалуға шамасы келмей аузы аңқиып ашылып отыр... Иса керемет шаршаңқы қалыппен Бақтиярды əлсіз ғана кеудесінен итерді, көзіндегі қара жалын, тəуба, тəуба, тілім тасқа, сөнген екен, тек еріндері қыбырлап; – Кешіріңдер, жігіттер, кешіріңдер! – дей береді. – Қайсың, ей, тас лақтырған?! Алаң жиегінде бульдозерші Қарабай тұр состиып. – Қайсың деймін тас лақтырған? Трактордың əйнегін сындырған кім?.. Иса алға шықты. – Мен! – Сен болсаң жын ұрған ба? Тракторды кабақтың көлеңкесіне доғарып қойып ұйықтап жатсам... Түс көріп жатыр ем... Түсім түс еді. Майдандас достар жиналып, пəдіретке түсіп жатыр екеміз. Түсім түс еді. – Таңдайын қақты. Іле қайта шадырланып шыға келді, – Əйнек, əне, быт-шыты шықты. Жын ұрған ба, бала, сені? Қарекең бері жүрді. Сиқырлап қойғандай Иса оған қарсы жүрді. Екеуінің арасы он, бес, үш қадам... Манадан бері үнсіз отырған Самат Қалиевич орнынан атып тұрды, атып тұрды да, жүгіре басып, Исадан озып, Қаре кең екеуінің арасына дікиіп тұра қалды. – Сабыр, Қареке! Екіленбе, Иса! Бүлінетіндей ештеңе бола қойған жоқ! Бəріміз анау тасты ермек үшін дəлдеп ойнап ек.

Біреуі домалап, канал қабағынан құлап кетті. Əйнек сынса салдырамыз. Тап бүгін, кешке дейін! Қарекең қолындағы кепкасын умаждаған күйі; – Ой, ойының осылғыр... – деп келе жатыр еді; – Осымен сөз бітті, Қареке! – деп прораб кесіп тастады. Мен адам психологиясының жүздеген кезеңдерінің дəл қай сысында, қай сатысында тұрғанымды білмедім, білгенім ма надан бері Самат Қалиевич, Иса, Бақтияр, Əшірдің «қысқаша» сөзін түртіп отырған блокноттың беттерін жыртып алып, күлдей ғып ұсақтап, аяқ астына шаша беріппін... «Мұндай спектаклі құрысын, құрып кетсін...» – Əне, қараңдар! Əуелі тіреу орны түсетін қарсы алдымыздағы жартас төскейінен қызыл жалын бұрқ етті де, баяғы қасапханада шейіт боп кеткен қара бұқадай қошқыл шаң мен түтін орасан зор жылдамдықпен жалы жалбырап, атып түрегеле берді. Келер секундта əлгі быт-шыт болып, ірілі-ұсақты тастар жан-жақка жаңбырша жауды. Қара бұқа секілді қалың түтіннің құйрығынан ұстап, ілесе көтерілген шаң алып саңырауқұлақтай қалтылдап қас қағым тұрды да, кереге, уықтарын бірден жұлыпжұлып алған киіз үй құсап жалп құлап, жайыла түсті. Табан астындағы жер солқ етіп, аспан астын қақыратқан күр-күр құлақтың қақасын жарып кете жаздады да, қырқалардан қар ғып өтіп, көз ілеспес жылдамдықпен алыстап, бəсеңдей берді. Жалын жарқ өткенде мен тас тасасына бұға қойғамын. Басында бармақтай жалын толықсыған бір тал шырпы!.. Үш жыл бұрынғы қыста қасапхананың ағаш дуалының түбіне жүрелеген қалпы бір тал шырпыны қорап сыртына сүйкеп, көпке дейін тамыза алмағаным есіме сап ете түсті. Бір тал шырпы қаршадай басыма қандай зобалаң əкелді десеңші! Сол бір тал шырпының басындағы жалын жартас бетінен мың есе үлкейіп, жаңа тағы жарқ етті – менің суқаным ұшпағанда енді кімнің суқаны ұшпақ! Құлағымда – шырпының пырылдап жанған дыбысы, мұрнымда – күкірттің күлімсі иісі... Алыстан, бел-белес қыраттардың астынан виолончельдің боз даған үні естілер-естілмес талып жетіп тұрғандай. Бəрі де өткен шығар, үш жыл бір тал шырпы басыма түсірген əуре мен əбігерін енді қайтып жолатпастай төңірегімнен ұшық тап аластаған шығар деп ойлап едім. Сонда, сонда мы нау Қапшағайдың білем-білем қыраттары жалын мен

виолончельдің мұңды үнін қайта алдымнан тосқаны ма? Жалпылдаған жалын өшкен шығар, виолончелдің алты ішегі быртбырт үзілген болар деп ойлап едім. Мың есе үлкейіп, мың есе күшейіп, қарсы алдымнан қайта шыққаны ма? Шырпы басындағы бармақтай жалынды ешкімнің де үрлеп өшіре алмағаны ма? Виолончельдің тарам-тарам ішектерін бір-ақ тартып, бытырлатып үзетін жанның мына қазандай қайнап жатқан дүниеден табылмағаны ма? Кенет, басыма сап ете түскен суық ойдан селк еттім.., Жо-жоқ, бір тал шырпы басындағы от пен виолончельдің үні қарсы алдымнан қайта-қайта тегін шығып жүрмеген болар... Қайта мен өзім сол екеуінің соңына түсіп қуып жүрген жоқпын ба осы? Əлде, əлде сол бармақ басы от өз жүрегімде маздап, шытадай жүрек қабымның ішінен виолончель үні боздап шығып тұрса қайтем? Өйтсе лап еткен жартас бетіндегі жалыннан емес, өз жүрегімнің жалыны мен жарылысынан қорқып, тас тасасына тығылғаным ба? Біреу иығымнан қақты. Еңкейген Бақтиярдың бетіне еш мағынасыз, көзім шарасынан шыға бақырайып қарай беріппін. Бақырайдым ба, жоқ па, оны кім білген, өз көзі мен желкесін кім көріпті, солай қараған шығармын деп ойладым. – Не болды, Асан? Тас тиген жоқ па? Басымды үсті-үстіне шайқаймын. Самат Қалиевичтің жалпақ беті мен шаршы тұлғасы аспанның қақ жартысын алып, төбеме шатыр құрды. – Зорығып кетуі ықтимал. Қосқа қайтарып жіберсе қайтеді? Мəн лəм-мим демедім. Қолыммен жер тіреп тұра бергенде жүрегім сазып сала беріп еді. Мен не дедім, домбырам не деді? Мыналар мені ұқпай, оларды мен ұқпай əрі-сəріміз. Жал пы жуық арада менің өмірімнің кішкентай ауласына үлкен бір оқиға шауып кіруге тиіс. Өміріме үлкен өзгеріс кіргізетін үлкен оқиға! Қасапхана оқиғасының қарсаңында да жүрегім өстіп сазатын. Онда да көкем, мамам, Шыңғысқан төртеуміз өстіп бір-бірімізді ұқпағамыз. Əйтеуір оқиғаның болары анық... Мына жалпақ өзен өзін болашақта, алдын платина бөгегесін басын аяғына қосып, қылғи салатын апан ауыз туннельге қосар каналмен қалай тып-тыныш шымырлап ағып баратын болса, мен де сол оқиғаға күн артына күн салып, солай тақтап келемін. Ес жинап, өз-өзіме келсем, бəріміз де бізге тап əзірде пана

болған қыраттың қыр арқасына мініп үлгеріппіз. Жарылыстан ұшқан қою қара шаң мен аммониттің сап-сары түтіні бытықышытықы араласып, беткейден сырғып өзенге түсе беріп еді, аңғар бойын қуа сыдыртып соғатын самал тына қалғандықтан ба, шұбатыла созылып, арғы жағаға жетпей жатып, айдын бетіне ұзыннан-ұзақ құлады. Иір мойын экскаваторлар, «БелАЗ-дар» дүрілдеп, жарылыс дүмпуінен құлақтары тас бітіп, тоңқиып-тоңқиып, бүк түсіп жатқан тау кеудесі сырылдап, жан біте бастаған. Шығыс, түстік, солтүстік көкжиек бүгін бе тіне бозамық перде тұтып, кіреукеленіп тұр. Мана батыс беткейге іліне қалған пышақ қырындай жұқа қара бұлт үздіксіз ұл ғая, етегін жая түсіп, аспанның қос қапталын қаусыра тас төбе ге жылжып келеді. Ауа қапырық. Күн бетін мұнар шалыпты. Иса, Əшір, Бақтиярдың жауырындары терден қарайып кет кен. Ол да жаңа жейдеңе апта өтпей-ақ тұздан қақ тұрғызатын өзен бойының ерекше мінезінің белгісі – ауаның ылғалдығы жоғары, ыстық күндері өзіңді жеріне жете жағылған моншаның шешінетін ауызғы бөлмесінде жүргендей сезінетінің бар. – Анау кім, жігіттер? – Иса қосар каналдың бергі қабағы на үңіле калыпты. Біз бұл уақытта қырат үстінен құлап келе жатыр едік. Түбінен тұма атқылап шығатын жартас каналдың бергі бетінде Қапшағайдың көп тасбақасындай дүмпиіп, «мен мұндалап» тұр. Сол жартас төбесінен біреу ақ орамал бұлғап, бізді шақырады. Əлде ақ орамал деп тұрғанымыз əрлі-берлі зыр жүгіріп жүрген ақ көйлекті біреу ме? – Соға кетсек қайтеді? – Иса Самат Қалиевичке қарады. – Сендер соға кетіңдер. Мен тіреу басына бара берейін. Қарекең туннельге бір кіріп кетсе, қайта бас қылтита қоюы қиын. Мен барып желкелеп шықпасам болмас. Иса Самат Қалиевичке, Самат Қалиевнч Исаға қарап сөйледі. Соңғы кезде бригада мен бас прорабтың қарым-қатынасы көбінесе Самат Қалиевич – Иса деген екі нүкте арасындағы қарым-қатынаспен анықталып жүр. Əшір, Бақтияр үшеуміз сол екі акула қайда жүзсе солай жүзетін шабарман лоцман балықтары сияқты кішігірім рольді мойындай бастаған сияқтымыз. Самат Қалиевичтің бригада қақында Исаға қоятын сұрақтары гараж бастығының қарамағындағы шоферге автомашиналардың хал-ахуалы жайында қоятын сұ рақтарына тым ұқсап кетіп жүр. Яғни бас прораб – гараж

бас тығы, Иса – шофер, қалған үшеуміз – əлгі автомашинаның темір-терсек, уақ-түйек бөлшектеріміз. Екеуі тіпті жаңа ұрыс-керіс болмағандай бейбіт сөйлесті. Шекіссін, сөзге келісіп қалсын, бəрібір екеуінің бойында бірбірінен алыстатпайтын, еріксіз айдап əкеліп тіл табыстыратын контакт нүктелері бар. Шекіскен күннің өзінде ақыры татуласатынына сеніп, соны біліп шекісетін сияқты. Прораб қосар каналдан өтті де, қиялап тіреу орнына, біз тұмалы жартас жаққа бас-көз демей жолсыз жермен тарттық. Жол деймін-ау, жол, жолсыз деген ұғымдар бұл өлкенің əлпетіне сай келмейтін түсініктер. Қапшағай – жол, соқпақ, сорап бетін айқұш-ұйқыш сызғыламаған бетоннан құйылған би алаңындай таза тақыр өлке. Шынжыр табандарының жалпақтығы метрден асатын экскаваторлар, бульдозерлер, биіктігі екі қабат үйге жуық «БелАЗ», «КрАЗ-дар» соқпақ жолды таңдап-талдап жүре ме, ой, қырат, еңіс демей қасқайып, тіке салады да отырады. Ондаған тонна салмағы бар сол темір динозаврлардың жер тітіретіп жүріп өткен ізі соқпақты былай қойып қойыңыз, қара топырағы аспанға бұрқырап көтеріліп жататын кəдімгі айдау қара жол. Бетоннан құйылғандай таза тақыр өлке деп отырғаным, жаңағы сансыз із-айдау қара жолдар уақыт өте келе шырма-шату шатысып, мың жерден айқасып, мың жерден қатар түсіп, ақыры қосылып, бір-бірінің үстіне түсіп əншейін өсімдік-шөпсіз май топырақ далаға айналып кеткен. ...Сəңгірлеген сөз ойымды бөліп жіберді. Бағасы бес сомдық радиоқабылдағыштай – арзан болса да ол радионүктесін сіз əр үйдің күн көруі, жаңалық естуі тағы қиын – дəңгіреп келе жатқан тағы Əшір. – Бұл заман адамдарын қойып қой. Аузына түкіріп қойғандай бір-бірінен аумайды, аумайды-ау. Самат Қалиевичтің де, Асанның да, Бақтияр, сенің де, Иса, сенің де сөздеріңді алайықшы. Бəріңнің сөздерің бір адамның аузынан шыққандай керемет ұқсас. Эрнесакстың отыз мың адамдық хорынан жеке əншінің даусын бөліп айырып аласың ба? Мə, алып көр. Сол сияқты сендердің жүздеріңнен болмаса, сөздеріңе қарап айырып ала алмайсың. Ал біздің ауылдың шалда рын тыңдап көрсеңдер... Мақал-мəтел ме, идиомалардың небір ғаламат жақұты дейсің бе, ой дейсің бе... бəрі бар. Əрқайсысы сөйлеген сайын көз алдыңа əншейін бір-бір картина құрып

тастайды. Осы кейбір адамдарды көрсең, тыңдаған сайын тереңдей түседі. Баз біреулер керісінше. Əуелі баста терең көрінгенмен бəр-бəрі тобықтан келіп, аласарып қалады. Ой, құдайым-ай, бұл дүниенің құрылысы неткен қызық! Əшір ылғи да өстіп бүйректен сирақ шығармаса іші ауыратын жан. Иса көбіне томаға-тұйық. Бақтияр жуас. Мен де осы екеуінің арасынан табылып қалармын. Осы көп сөйлемейтін тізбектің ішкі құрылысын Əшір асау атом секілді ыршып, шоршып бұзады да жүреді. Бəріміз анау адам орамал бұлғап тұрған бұлақ басына қаздай тізіліп. беттедік пе? Бетте дік. Беттесек біздің басымыздағы ойлар да қатар алып келе жатқан адымдарымыз сияқты ұқсас болуға тиіс. Ол ойлар – бұлақ басындағы адам кім, ол неге жанталасып орамал бұл ғап тұр, аяқастынан ерекше бір оқиға болып қалмады ма? Жоқ, оны Əшір мойындамайды. Ол өзінше жүруі керек, өзінше сөйлеуі қажет. Жəне сөйлегенде де қазіргі жағдайға еш қатыссыз тұстан келіп тиіседі. Мəселен, мақал-мəтел айтқыш шалдар дың бізге қандай қатысы бар? Сөйтсе де Əшір өстіп қазан бұзба са бірдемеміз тағы жетпей тұратынын қайтер сің. Ішіміз пысып, өз ойымызға өзіміз тұншығып өліп кетер ме едік Əшір болмаса. – Ал шалдар қайтіп сөйлейді? – Бақтияр əдеттегідей ынтышынтымен қадағалап сұрап тұр. Əшірдің бұрылмалы, ықпа лыжықпалы мол қалтарысты сөздеріне арамыздан бар көңілі мен құлап сеніп, түсіп қала беретін адам – Бақтияр. Шалдар дың қалай сөйлейтінін шынымен білмейтін болу керек. Шалды қайдан көрсін, шалмен қалай сөйлессін, мұның да əкесі балалар үйінде өскен жетім. Кенет, біреу тас төбемнен қос қолдап ұрғандай тұрып қалдым – біз де шал атаулыдан ақыртақыр таза үй емеспіз бе? Екі атадан қосылатын нағашы атам бар-ау, былтыр жайлауда отырғанда қыдырыстап барып қайтқан нағашы атам бар. Бір ізбен тұрып, бір ізбен жү ретін жуас. Үйдің тізгіні өгей нағашы əжемнің қолында екен. Жыпырлаған қара домалақ інішектерді құдай аямай бере беріпті, кетер кеткенше аттарын шатастырып, əбден қор болдым. Мамамның шешесі ертеректе қайтыпты. Өгей əжемнің ауылына баратын жолымды кесе беретіні де содан болу керек, əйтеуір қайтып жібермеді. Ал көкемнің əке-шешесі кім, ес білгелі ол туралы маған ешкім ештеңе тіс жармапты. Мен сұрамаппын, көкем айтпапты. Қызық...

– Сен жоқ жерден жұмбақ жасама, Əшір. Шал, шал... Мақал-мəтелді қойны-қонышынан борататындай ауыл сыртындағы əр төбені таққа айналдырып, күнде кешке сөз теріп отырмыз ба? Оған шалыңның шамасы ғана келер. Біздің оған уақытымыз жоқ. Біз бір мектепке барған, бір кітап оқыған, телевизордан бір бағдарламаны көрген, бір фильмді қызықтаған, «инкубатордан шыққан» жандармыз. Бұдан кейін біздің сөзіміз ұқсас болмағанда кімнің сөзі ұқсас болмақ. Инкубатордан шыққан балапандардың сөздігі қандай, естігенің бар ма? Біреу-ақ – «шиқ-шиқ». – Бұл сөздерді алда келе жатқан Иса желкесімен айтты. – Ал, Бақтияр, сен шалдардың қалай сөйлейтінін сұрамай-ақ қой. Бəрібір ұқпайсың. Тірі шал өз маңдайыңа бітпегесін олардың сөзін сұрап қайтесің. Сен алдымен өзің еркелей аласың ба, соны сұрашы. Еркелей білмейсің, жалпы, қаланың балалары еркелей білмейді. Ей, шал-кемпірден жұтап қалған үйдің ұзын шаштары, естеріңде болсын, бұл дүниеде енді сендерге еркелеу жоқ. Əй, Исаның мына сөзінде жан бар-ау. Мен өзім еркелей білмеймін. Ал білетіндерге қызығамын. Ана Маймақ дегенің еркелеудің түбін түсіреді ғой. Көзі сықсиып, жымырайып кеп тəтті-тəтті сөздердің тиегін ағытқанда жан жүрегің елжіреп, қолыңда не қымбат зат болса, соны бере салғың кеп тұрады. Жəне еркелегенде өзі əдемі боп кетеді. Жалпы, еркелеп тұрған адамның сапасы қарадан-қарап бір жарым есеге артып кететін сайтаны бар. Көкем, мамам қу екен. Маймақтың сол қасиетін біліп, «Жигулиге» салып алып жүр, басқа не дейсің. Машинаң: «Бип-бип!» – деп зырғып тұрса, оның ішінде еркелеудің неше көкесін білетін сүйкімді бала отырса, одан артық не керек. Маймақтың еркелей білетіні – ауылдан əжеатасы бар кенже немереміз қашан келеді, қашан еркелетеміз деп екі көзі төрт боп тосып отырған. Бір жылдың жартысын үйінде, екінші жартысын сонда өткізіп, аунап-қунап жүргені. Ал мен... Жоқ, көкемнен апам мен атамды қай жерде жоғалтқанын сұрау керек екен қоймай жүріп. Еркелеуді қалтамнан қай бұрышта түсіріп алғанымды сонда барып білермін. – Иса! Бригадир! Ио-хо-хо! Бір қарасам, Бақтиярдың қолы Исаның жағасында жүр. Онсыз да күнге күйген жүзі нарттай. Қақалыпшашалып, тұтыға сөйлейді. – Сен бар ғой, сен...

– Дұрыс, алдыңда тұрған менмін, – деді Иса еш саспай. – Сен неге мені осы мүгедек адамға санайсың? Иса жымиды. Зілсіз жымиды. Сосын əр сөзін бөліп-бөліп, сыздықтата сөйледі. – Мүмкін мен өзімді солай санайтын шығармын. Біз келесі секундта Исаның бетінен Бақтиярдың бес саусағының таңбасын көреміз бе деп күтеміз, дұрысы, мен күттім. Бақтияр Исаның жағасын босата салды. Бір уақытта бетін басты да, сенделектеп, бір басып, екі басып төмен қарай түсе бастады. Емін-еркін жайылып алып, енді аузын ырбаңдатып күйсеп жатқан қызыл тайыншадай үлкен тасты тіреу орнынан мана жарылыс көтерген аппақ шаң тұтыпты да, кəдімгі көк қасқа тайыншаға айналыпты. Ал тұманың өзі... Үні өшіпті! Қазандай қара тас бел ортасынан батпаққа батып, бұлақтың көзін басып жатыр. Жарылыс эпицентрінен жырыла ұшқан жүйрік тастардың бірі... Төңіректе тағы басқа үлкен-кішілері бауырсақша шашылып қапты. Онсыз да жылап ағатын жылға арнасы тартыла бастапты. Айна сынығындай ойдымойдым болып, өлеусірей жылтырайды. Біз тұмсық, сары тамақ кішкене құс əр тасқа шыпжың-шыпжың қонып, тыным таппай шықылықтайды. Кешке қарай бұлақ бойына құрттай боп үймелейтін шыбын-шіркейдің бұдан былай көзден бұлбұл ұшатынын сезіп жүрсе керек. Жағаны кемерлеп өскен құрақ қурапты; жазылмас ауру меңдеген адамдай балауыз түсті сіңіріп күл беттеніп жатыр. Тыныштық.., Тұма басындағы қазіргі халді бір-ақ ауызбен біреу суреттеп бер деп қолқа салса, ойланбастан осы сөзді айтып салар едім. Тас үстінде су перісінің қызына орнатылған ескерткіштен аумай Жамал отыр. Бізге бұрылып қараған жоқ. Өлі тыныштық. Арна ирелеңдеп барып қосылатын көлшікке қарап бір-екі бақа табан астынан тап-тұп секірді. Гүжілдеген аралар да жоқ. Құрығанда анау төмендегі экскаватор, «БелАЗ-дардың» біреуі гүр етсейші. Соған қарағанда мана жарылыстан қашып барған баспаналарын жұмысшылар жаңа тастап, шығып жатса керек. Құлақ шыңыздайтын тыныштық! Менің тұла бойым түршігіп кетті. Тас астындағы бұлақ жы-

лап жатыр! Тұншығып, жер бетіне жол таба алмай, саңылауы жоқ қапырық құшақта қалған бұлақ солқылдап жылап жатыр... Қателесіппін, құмығып жылаған қара тас астындағы бұлақ емес, Жамал екен. Екі бүктеліп отырған күйі қолымен бетін басып, өксігенде қос кішкене жауырыны шоршып-шоршып түседі. Иса үшеуміздің бетімізге бір-бір қарады да; санап басып, Жамалдың жанына барды. Əр қасық, пышақ, шанышқыға дейін қай жерде қалай тұрғанын бес саусақтай білетін ұқыпты əйел асүйдегі газплитаның қасына осылай жақындар еді. Қыздың иығына қол салды да: – Аз-мұз тынығып алсайшы! – деді. Неге жылады, неге тынығады – жо-жоқ, ондай сұрақты атамаңыз, олар Иса қоймайтын сұрақтар. Иса жалпы, сұрақты барынша аз қояды. Жауапты қатырып қайтарады. Басқадан гөрі сұрақты өзіне-өзі көбірек қойып, соған жауап таппай іштей қиналып жүре ме, білмеймін, білетінім – тым тұйық. «Ақ мұрт, ақ майдан боранда қалсаң астыңдағы ат тізгінін еркіне қоя бергін, салып ұрып, елді өзі табады», – деп отыратын Шыңғысханның əкесі. Иса да адамдармен сөйлескенде емінбей, əңгімеге еркін араласпай, тізгінді бос қоя беріп, аңысын аңдып отырады. Ондай бір кездерде өзіңді кейде Исаның астындағы əлгі ауыл тапқыш аттай сезінетінің де бар. Жамалдың жауырыны тыншыды, мұрны пышылдап тастан сырғып түсті де, жартас айналып кетті. – Ал, кеттік! – дейді Иса. Айтқаным айдай келді, Иса қайда, не себепті қайда кеткенімізді тағы айтқан жоқ, емеурін ғана білдірді. Бұл жолғы емеуріні қара тасты аударып тастау екенін бəріміз бірден түсіндік. Мен де тасқа қарай басқалармен бірге жармаса беріп ем, Иса: – Сен, Асан, қоймадан күрек-сайман алып кел! Мə, кілт! – деді. ...Бес-алты сүймен, күректің астында қайқаңдап қайтып келсем, үшеуі шəугімдей тастарды тізіп, тұма көзіндегі нəн қара тасты қоршап тастапты. Жамал көз айналасы қызарып, анадай жерде тұр. Мен олардың ойын бірден түсіндім – ауыр тастарды қопарып, аударып тастарда ала жаздай сан қолданған əдіс –

мына кішілерін сүйменге тіреу етіп, дəу тасты аунатып, тұма көзін аршу... Сүймендерді нəн тас астына бойлата сұқтық та, шəугім тастарды тірек етіп, екінші ұшына бар салмағымызды салып, ырғай бастадық. – Кəне, алдық! Кəне! Бір, екі, үш! Жастар – алып күш! Тас қозғалған сайын қоймалжың, лай суды қорп-қорп жұтып, қайта құсқанмен бауырын көрсете қойған жоқ. Қайта құмды қазып ұя салатын Қапшағайдың тарғыл тасбақасындай екі бүйіріне кезек ырғалып, сазға белшесінен бата түсті. Манағы сүт пісірім отырыста жел қағып, тобарсып қалған маңдай, жауырынды тағы тер алды. – Жамал, кел, көмектеспейсің бе? – Əшір бұл сөзді тұғжыңдап, жан адамның бетіне қарамай тұрып айтты. Ол тұғжыңға біз таңғалмадық. Жамалдың вагонына қысқа күнде қырық сылтау айтып, кіргіштеп жүргенін көріп те, біліп те жүргесін таңғалмадық. Жамал бетіне түскен шашын қайырып, мұрнын жас баладай тартқыштап, бізге қосылды. Е, өмірде не болмайды. Баяғыда атасы, əжесі, немересі, иті, мысығы тартып жұла алмаған, ақыры тышқан қосылға сын суырып алған қант қызылшасы туралы ертегі оқып күліп едік. Манадан бері Иса, Əшір, Бақтияр төртеуміз жабылып ауда ра алмаған ауыр тас Жамал келіп, көмектесуі мұң, су шыла ған артын жарқыратып, құбыланы маңдайға ала бетіммен жер сүзді. Əлде алпамсадай жігіт басымызбен шынашақтай қызға жалынғанымызға намыстандық па, қыз көзіне түсіп қалуға тырысуымыз да мүмкін, аяқастынан күшке күш қосылды. Тас орнында қалған қазаншұңқырдың қабырғаларынан жы лап аққан тамшылар жолшыбай қоймалжың батпақты езе тү сіп, түбіне қарай тарам-тарам жол сызып жатыр. Жүрексіз соқ қан самал бұлақ арнасының аяғын құшып жатқан кішкене көлшіктен борсыған батпақ иісін желпіп тұр. Тастың бір шетін перфоратор бұрғысының ізі əлеміштепті. Кеше ғана өзіміз жаруға дайындап, бұрғыны төбесінен тік қойып тескен тас қан қойылып келгенде таңдай жібіткен, бетіқол шайған бұлақтың көзін бүгін бітеп тастар деп кім ойлаған. Өз қолымызбен бітейміз деген ой кімнің басына кіріп шығыпты. – Тұма тартылып қала ма? Мүлдемге тартыла ма? – Шұң-

қыр жиегінде жүрелеп отырған қыз түсіріп алған гауһар тасын іздеп отырғандай шып-шып жинала бастаған лай суға үңіле ді. – Бұлақ қайтып ақпай ма? Бұл төңіректе енді гүл өспейтін шығар. Өспес, өспейді... Сендерге келген сайын соға кетіп, гүл теріп қайтушы едім. Көп гүл... Көк, сары гүлдер... Əдемі гүлдер... Иса мырс етті. – Өзіне де сол сауап. Таяқтастамда жөңкіліп жатқан дарияға қосылмай қырсыққан жеке бұлақ қой. Жекелер өзі сондай... қырсық келеді. – Сонда көлшік қайда сіңіп кетеді? Жер астымен болсын Ілеге қосылмай ма? – Көзі бақырая қалған Бақтияр бұл сөздерді сыбырға жуық үнмен ақырын айтты. – Мына бұлақтың ендігі күнін итке таста. Бетінде шыбыншіркей жүзіп, сасып жатыр. Жекенің күні жермен тең. – Əшір көлшікке ту сыртын беріп, теріс айналды. – Жеке, жеке? Ал жекеңнің басын біріктірер жалпың ның сиқы анау ма? – Иса бізді таңдантып, тағы көтеріліп кетті. Бүгін бұл нешінші ереуілдеуі өзі? – Жалпың анау жатқан Іле ғой? Іленің де мойнына бұғалық мықтап түсті. Мына бетон туннельден мың бұралып, белін үзіп, жыландай жырғалап өткенше сасық көлшік болса да, жеке шаруа боп, аш құлақ тан тыныш құлақ өмір сүрген тəуір. Мен суала бастаған жетім бұлақтың астау түбіндей арнасына саусақ үшін батырып, аузыма тақап əкеп... балдыр сасыған батпаққа тіл ұшын тигіздім. Тұз ба, тотияйын, жоқ, кер мек татып тұр. Көлденең жатқан күрекке еңкейе берген Əшір ге, Иса мен Жамалға, Бақтиярға, батыс көкжиекті саңылау қалдырмай тегіс қымтап жауып, алды тас төбеге өрме лей бастаған қалың қара бұлтқа кезектеп қарап шықтым да: – Кермек дəм! – дедім сəңгірлеп. Əлден уақытта бірінің ізін бірі басып, тіреу орнына беттеген төртеудің соңынан түсе беріп күңк еттім. – Ол... қайдағы кермек дəм өзі? Ол сұрағыма жауап қатпақ түгіл, ешкім естіген де жоқ. «БелАЗ-дардың» гүрілі, экскаватор ожауының көк тасты қарш-құрш шайнаған дыбысы, саңқ-саңқ шыққан адамдардың үні естіртпеді... Біз өз көзімізге сенбедік. Кейде бақырайып қарап тұрып та сенбейтін оқиғалар əлемде кездесіп қалады екен. Сағат бұрын бүткіл беткейді алып жатқан көк тас қабаты үшті-күйлі жоқ. Жаз бойы сүймен сілтеп, пневматикалық балғамен қауынша

тіліп жарсақ та шыбын шаққан құрлы көрмеген көк бет жартас үйме-жүйме тас үйіндісіне айналыпты. Дəрінің ащы иісі танау жарады. Қираған тас қиялымның кейбір бөлшектерін қозғап өтті ме, соған қарағанда өзгерген дүние ой дүниесінде де өзгеріс туғыза ма деймін, сурет салғым келіп, қолым қышыды. Жан сыз-тілсіз тас төбешігі де қиял қоздырады екен. «Қайтып қал ған тас симфония ғой мынау», – дедім күбірлеп. Естіп тұрған ба: – Əлбетте, симфоння! Бір сағат бұрын финалы ойналып біткен жарылыс симфониясы! Мұндай симфонияны, бауы рым, ешқандай композитор жаза да алмайды, жазып көрген де жоқ. Біз, біз жаздық бұл симфонияны! – деді біреу арқамнан қағып. Бұрылып қарасам – Самат Қалиевич. Прораб ұрлығымның үстінен ұстап алғандай ызаланып қалдым. Сəтті ойыңды тағы басқа біреу қоса параллель ойлап тұрса кəдімгідей қызғанып қалады екесің. Мұндай əсіреқызыл бояулы теңеулерді іштен ойлағанды ұнатамын – ол ойыңды естіртіп айтсаң кім қалай қабылдарын құдай білсін. «Шатасыңқырап тұрған жоқ па өзі?» – деп ойлап қалуы ықтимал. Самат Қалиевич тағы атпен жүріс жасады. Қарсыласың шаршы тақта үстінде атын қарғытып-орғытып, ойран салып жатқанда өзіңді əманда пешкімен жүргендей оңбаған сезімде қаласың да. Сырт айналып кеттім. Қосар канал мен тіреу орны түскен беткей арасын қақ екіге тіліп, жорғалап өткен жолдың астыртқа түсіп кеткен ұшынан гүріл естілді. Минут өтпей шынжыр табаны жол тана бын астына басып, жаншып жеп, «С-100» бульдозері белес үстіне арбиып шыға келді. Сынған əйнегі салынбаған трактор əлемге сыңар көзбен қыңыр қарайды. Шойын, болат, темірден құйылған шомбал тұр қына, маңайды басына көшірген арылына, жалғыз көзіне қарап амалсыз Құнанбайға, Құнекеңе теңейсің. Тек адам Құнанбай емес, техниканың, трактор атаулының Құнанбайы. Темір-Құнанбай арсалақтап кеп, тіреу орнының тұсында қырық бес градусқа шыр айнала кілт бұрылып, таңқиған та науын аспанға көтеріп тастап, тура қия беткейге қарай салды. Самат Қалиевичтің екі езуі екі құлағында. – Айтпап па едім жаңа тасты сендердің орындарыңа бульдозер ысырады деп. Кəне, «С-100-дің» өнерін көріп тұрыңдар!

Сөйтті де, «Баста!» – дегендей қолын сілтеп қалды. Рычагта – Қарекең. Жан адамға көз салмайды. Тракторы секілді танауын көтеріп тастап, тіп-тік отыр. Рычагқа қолы тисе құдіреттеніп кетеді екен. Қалың табан бəтеңкені сарт-сұрт етіп, педальдердің жанын шығарып, желкесінен кезекпе-кезек тепкілейді. Жеңі білегінен түрулі. Саусақтары арбиған қо лын созып жіберіп, газды басып қалса, алып «С-100-дің» шы бын даусы шырқырап, зар қағады. Біз Қарекеңді əбден түсініп тұрдық. Мынадай өн бойы сақыр-сұқыр темір алып əйт дегеніңе жүгіріп тұрса, кім де болса Қарекеңнің қызық ха ліне ұшырар. Мен Исаның қандай сезімді бастан кешіріп тұрғанын білгім келген жоқ. Əшірдің осындайлық көрнекі оқиғаға арнап əзірлеп қойған қуақы сөзін естуге де кұлқым соқпады. Ал əзірлеп қойға нын сықсия қалған көзінен, шүріше қалған ернінен сезіп тұрмын. Бақтияр мына ғаламат жарылыстан кейін мəңгілік ұйқы сын қиып, оянды ма, жоқ па, онда да шаруам шамалы. Жамал екеш Жамал да есімнен тас шыққан. Тек тіреу орнындағы біздің өмірімізге бүгіннен бастап он шақты тонна болт, гайка, трубка, цилиндр, əйнек, жанаржағармайдың жиынтығы ретінде рұқсатсыз салдыр-сұлдыр кірген – ал рұқсатсыз кірген қонаққа кім де болса қызыққыш сынаулы көзбен қарамақ – сынық көз «С-100-дің» тамашасына қарадым да тұрдым. Алаң шетінде іліге бере скреперін салдыр-гүлдір түсіріп жіберіп, шынжыр табаны сақырлаған «С-100» гүрілін манағыдан да асырып, əйда, берекесіз ажыл да гүжілге басты дейсің. Миллиондаған жыл бұрын беткей аталып, жаралғалы қозғалып көрмеген тоң мойын тастар сақыр-сұқыр жылжып, бір-бірін жан біткендей итергілей жаныштап, ұсақтары етекке қарай жарыса тоңқаң-тоңқаң домалап, сосын канал жиегінен шыңырау табанына доға сыза құлдилап құлап, үн-түнсіз жоғалып жатты. Дөңбектей ауырлары алаңнан жай сырғып түсіп, қурап қалған жусанды сытыр-сытыр сындыра астына илеп басып, бір иығымен еңісті, бір иығымен өрді тіреп, канал қабағында тұрып қалды. «С-100» сүйкеп өткен сайын тау боп жатқан тастар жеміре желініп, көпе-көрінеу кемпіриектеніп, шөмиіп бара жатыр. Ар-ұр гүріл мен скрепердің құлақ етін жеген шақыр-шұқыры екі-үш сағат бойы осы əуенінен жаңыл-

маса тас алаңды түгел алып жатқан тастар ұшарымды бульдозер, қонарымды канал түбі білді деп анау тұңғиықтан табылып қалары мында тұр. Мен «С-100-дің» мына тірлігіне көз салып тұрып, осы сағаттан бастап қана жиырмасыншы ғасырда ғұмыр кешіп жатқанымды жаңа-жаңа тұшынғандаймын... – Көздеріңді көкжөтел трактор ашты ма? Ашты. Енді тас кө теру, лақтыру деген ұғымды саналарыңнан əдемілеп тұрып сы зып тастаңдар. Бульдозердей көк бестіні тіреу орнына байлап бердік, енді шылбырынан мықтап ұстап айрылмаңдар. Бұрғылаңдар, бұрғылаған үстіне бұрғылай беріңдер. Бүгіннен бастап трактордың да, тракторшының да қожасы өздерің деп біліңдер. – Прораб екі мықынын таяна сəңкілдеп сөйлеп тұр. – Рақмет, рақмет жəне рақмет жаңбырша жаусын тас төбеңізден, Самат Қалиевич!– Əшір мұны прорабқа əдейі бұрылып, қадалып тұрып, бəсең айтты. Бəсең айтса да, бір қызығы, бəріміз естідік. Бəріміз де таңғалдық – алғысты мұндай қыжылмен айтпас болар. Жақсы көңілден шыққан алғыс қарапайым айтылар. Əшір алғысын пулеметше сақылдатып шықты. Жамал сықылықтап күліп жіберді. Түкке түсінбеген қаң ғыма күлкі. Санитарлық сумкасын сүйретіп, анда-санда бір соғып кететін, ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңбаған қонақ қыз не түсінсін. Оның есесіне біз түсініп тұрмыз. Басқаны білмей мін, қыжылдың астында не пəле жатқанын мен сезген секілдімін. Иса, Бақтияр күлген жоқ. Күле салу керек еді, сөйтіп, «С100» көрсеткен күштің арқасында кеудемізге ұялай қалған қуанышты быт-шыт қылып қуып тастар қырсық көңіл күйді жылатпау үшін күле салу қажет еді. Сиыр сəскедегі жетім-жесірлік, жетімдердің алатын есесі жайлы əңгіме прораб пен бригада арасындағы əйнек секілді нəзік нəрсені шытынатып кеткенін бəріміз де ұққан едік. Шытынаған əйнек сынып тынбаса қайтып кірікпейді. Əшірдің кекесіні соны мезгеп тұр. Самат Қалиевич те мұны анық сезді. Əшірге лезде көзінің астымен жылдам-жылдам қарап қой ғаны болмаса, «шылбырлаулы көк бесті» тақырыбына оралма ды. Ең қиыны, сол əңгіме осыған дейін ұйымшыл, тұтас болып келген шағын бригаданы екіге бөліп кетті. Жетім жəне жетім еместер тобына! Бөлген емей немене, Əшір, Иса жетім де, мен, Бақтияр жетім емес екемін жəне ең қорқыныштысы,

жетімдер жетім еместерден ақыртып-бақыртып есе деген пəлені алу керек-мыс. Жаз бойы, əсіресе, қилы-қилы оқиға кешкен қала сапарынан кейін аға тұтып жүрген Исаның дəл менен əке-шешемнің төрт көзі түгел болғаны үшін ғана алатын қандай есесі бар – түсіну қиын. Ал өзін түсінбейтін ой басқа бір кіріп алса өзіңді қорқыта бастайды. Ал осы оңбаған əңгімеге мұрындық болып жүрген жан мына тұрған сəңкілдеп сөйлегіш, қылп-жылп қимылды Самат Қалиевич. Əшірді мен сондықтан да түсініп тұрмын. Ал түсіну мен қолдаудың арасы бір-ақ қарыс. ...«С-100» ышқына ар етті де, трубасынан қара түтінді лоқсып-лоқсып құсып жіберіп, өшіп қалды. Қарекең кабинадан түсіп, кепкасын шынжыр табанға сарт-сұрт соқты да, милықтан басып қайта киіп алды. Бері беттеді. Қасымызға келді де, біз ге бір қырын тұрып, жалған дауыспен барқ етті. – Қалай-қалай мына көк тұлпарың! Тамаша! Техника! – Сосын бетімізге қарады. Біздің тұнжыраңқы кейпімізден қостау, құптау таппасын сезіп, өзі де сасып қалған болу керек. – Шаршадық, – деді мүлдем басқа, баяу үнмен. – Иə-ə... Сағат түскі бір. Қосқа қайтпайсыңдар ма, жігіттер? Қалған тастың əуселесін түстен кейін көріп алармыз. А? – деді бажырайып. Тырс үн жоқ. Қарекеңнің басы төмен салбырады. Манағы əйнек сынған тұстағы оқыс мінезі есіне түсіп кетті ме: – Хо-ош! – деді қырылдаған дауыспен. Қақырынып табан астына түкірді. – Хо-оош! Мана өзі... қатты кеттім, ə? Қатты кеттім – факт. Осындай бір шатақ, ит мінезім бар. Қайдан бі лейін, əзірге алып бара жатқан жұмыс жоқ қой, мызғып ала қояйын деп кабинада жантайып жатсам, сатыр-сұтыр... Талағым тарс кетпесе де болатын еді. Контузиядан қалған ит мінез. Ол иттің өстіп ара-тұра үріп кететіні бар. Құрып кетсінші сол əйнек-сəйнек! Айттым ғой, Қареке, ақырын жүріп, анық бас деп... Қоймайсың еліріп. Ал енді... Ақырын жүріп, анық бас десем... – Шатыс сөйлеп бара жатқанын өзі де сезіп қалды ма, – мен кеттім! – деді ойда жоқта еш дайындықсыз от алған тракторша дар етті. Кепкасын кепкен балықтай салбыратып ұстаған күйі тайғанақтап беткейден түсті, тік баспалдақтың тепкішектерін бəтіңкенің өкшесімен сақ-сұқ санап, канал табанына сүңгіп жоғалды. Мана трактор əйнегі ғана сынды ма? Сиыр сəскедегі əңгімеден хабары жоқ Жамал;

– Экземпляр! – деді таңдайын қағып. – Сирек кездесетін экземпляр! – деп күлді. Иса тұрды, тұрды да: – Айһ-һ! – деп, оң қолын ерекше қайратпен сермеп, қосаяқтай секіріп-секіріп түсті. – Ой басып кетті ғой, ой басып кетті, достар! Ойды арқамнан лақтырып тастай алатын адамның алақанына санап тұрып жүз сом салып берер едім. Самат Қалиевич алақанын жайды. – Əпке, жүз сомды! Мен арылтамын ол ойыңнан. Манағы əңгіме екі иықтарыңнан қара албастыша басып тұрса, мейлі, жүз сомсыз-ақ арқаларыңнан сыпырып тастаймын. Осы минутта, осы жерде! Самат Қалиевич атпен жүріс жасағалы тұр. Шіркін, өзін қалаға барғанда көрген баяғы шахмат шатырының астына бір сүңгітіп алар ма еді. Ойран ботқасын шығарар еді... Жамал сықылықтады. Бұл қызға бүгін не болған? Мана жылады, енді күлкіден езуі жиылмайды. Қыз халқы қылт-сылт, тез өзгермелі деген рас па екен? Жаз бойы қатар жүріп: «Мен Жамалмын!» деген айқай қасиетін ұстай алмадым. Бұлақ бетіндегі жыбыр-жыбыр ағындайын мың құбылып өзгереді де жүреді. «Бірде құт, бірде жұт мінезді қыз» деген Самат Қалиевичтің сөзін естігемін бірде. Мүмкін сол қасиеті адамдарды өзіне тартып тұратын шығар? Жер шайқалса да қозғалмайтын анау Алтын туралы түк те ойламаймын ғой. Ойласаң «Асты жақсы пісіреді... Қайырымды қыз...» деген секілді бірдеңелер. Яғни асүй кең бе, тар ма, кафелі бар ма, жоқ па деген сияқты асүйдің басты қасиеттері туралы емсс, оның ішіндегі пышақ, шанышқы, қасық сияқты уақ-түйек жайында əңгімелеп отырғандай халде қаласың. Ал Жамал жайында, қалай екенін білмеймін, дереу: «Осы қыз мені ұната ма өзі, мені ұнатпаса көңілінен кім шығып жүр екен?», – деген ұшқары ойларға бата бастайсың. Қызық... – Орынды күлдіңіз, қарындас, күлкіңіз қазір көбейе түседі. Тура сақылдап қаласыз, – деді Самат Қалиевич қалпағы жоқ болса да, басынан алып, тағзым етудің ишаратын жасады. Жамал томсара қалды. Мұнша салтанатты, астарлы сөздерден сескеніп қалса керек. – Екі бірдей қуанышты хабар қоржынымда қоянша тулап жатыр. Біріншіден, ертең құрылысшылар күні. Сіздерге де, бізге де ортақ ұлыстың ұлы күні.

Алыстан самолет ызыңдады. – Мерекеге байланысты бүгін түстен кейін жəне ертең боссыздар! – Урр-аа! – Плюс: Құрылысшылар күнін той-думанмен қарсы алу үшін кешке қарай өзеннің төменгі ағысына барып, түнеп қайта мыз. Орынды командирлерің көріп қайтқан. – Қиқу! Қиқу! Қиқуды кім бастағанын білмейміз, біліп жатудың кажеті де шамалы еді. Ура мен қиқуды ботқа етіп араластырған бет те аяқ-қолдан ұстап алдық та, Самат Қалиевичті түйіліп тұрған аспанға аттық-ай кеп. Жайшылықта прорабтай шымыр азаматты аспанға аттық десек ешкім сенбес еді, бойымызға ғаламат күш бітіп, он алақанның ортасында Сəкең аяқ-қолы тырбаңдап, адам ойына келмейтін неше түрлі айқұш-айқұш фигураларды əуе бетіне сызғылады кеп, сызғылады кеп, * Əй, бүгін бір оқиғаның болары анық. Өзен жағалап, қосқа қайтып келе жатқанда соны ішім сезді. Сезе қойдым да: «Рас па, ей? Шын айтасың ба? Сезгіш-ақ екесің! Өй, бəлі, бас қамшыны!» – деп, өз-өзімді келекелеп, біраз жерге апарып тастадым. Бұл да Əшірден үйренген қасиетім. Əшір айтпақшы, шынымен өзіңді өстіп оңашада «əшіртіп» алсаң, ішің босап, қай-жайдағы қоқыстан тазарып, көңілің көтеріліп қалады. «Бəрібір, бəрібір үлкен оқиғаның болары анық». Бұл сөздерді мен қою бұлты аударыспақ-төңкеріспек ойнап, қайнап жатқан қара аспанға қарап айттым. Беу дүние қызық қозғалысқа түсіп еді. Əлем аяң жүрісінен жаңылды. Біз жағалап келе жатқан өзен ағысы күндегіден гөрі жылдамдай түскендей. Мана көкжиекте тістеніп, қара сызық болып қатып тұрған бұлт шашын жайып жіберіп, емпеңдеп тас төбеге шығып алыпты. Додаға түскен бұлт шумақтары бұрқырап, күн бетін сипап өткен сайын өзен бетімен елбеңдеген көлеңке жүгіріп, тарғыл түс алып, əлгі тарғыл сұлбалар еш дыбыс, үн шығармай айдынды кескілеп, құлаштап жүзе жөнеледі. Шекшек шырылдамайды. Балық шоршымайды. Шағала шаңқылдамайды да, қалықтамай-

ды да. Тəңірдің өзі салып бергендей түзу сызықпен таймай қасқайып тарта беретін жайбасар тасбақалар да жоқ. Ауа ауыр. Əдетте шыр-пыр ұшып, шықылықтап, алдыңды кесе беретін – əлде Маймақ секілді ес білмес еркелері ме, кім білсін – пысықай торғайлардың қарасын қайда жоғалтқаны беймəлім. Қарлығаштар ғана үн-түнсіз сыпылдай ұшып, оқша зулап, лезде кішкентай нүктеге айналып, беткей-беткейге сіңіп кетіп жатыр. Күн барда шекелері тершіп, қызара бөртіп, қасқиып жататын жартастардың кір-қожалақ бетін көлеңке қара шүберекпен əлсін-əлі сүртіп əуре. Əнеугүні Иса екеуміз, содан кейін жападан-жалғыз өзім екі мəрте кірген үңгірге кө зім түсіп еді, үңгірлі жартас ү-үлкен О əрпі дыбысын айта беріп, мына шат-шəлекей өзгерістерге таңғалған күйі ашылған аузын жабуға үлгіре алмай қатып қалған адамның жүзіне қат ты ұқсайды екен. Қамыс, бұта түптерінде əлдебір бозғылт, сұр көлеңкелер босып, ұдайы қозғалысқа түсіп, жыбыр-жы быр көшіп жүр. Дүние, шын айтамын, ішін тартып, əлдене бұрқақты тосып тұр. Бізде лəм-мим жоқ. Ерін, езу қыбырлатып сөйлесең болды, əлденеге əзірленіп, танауы шуылдап, үй ішінің тірлігімен əуре-сарсаң болып жатқан əлемді үркітіп, шошытып, нəзік бөлшегін сындырып алатын сияқтымыз. Тамыз айының осы көрінісін тұтастай елестетіп байқасам, нағашы атамның өткен жазда қалың нөсер бұрқақтатып төніп келіп қалғанда киіз үйдің түндігін жауып, қазықтарын бекітіп, арқанын байлап күйбеңдеген тіршілігіне тым-тым ұқсайды, тəрізі. Төртеуміздің мына қалпымыз тиіп кетсең сыңғыр етіп сынып түсетін өңкей хрусталь вазалар толы атшаптырым алакөлеңке музей, иə көрменің ішінде аяғын қорқа-қорқа жасқаншақ басып, əрі аузынан суы құрып тамсанып жүрген ашқарақ та қорқақ жандардың жай-күйін еске түсіреді. Əсіресе, адуын, айдынды дала жаңбырын көп көрмеген мен таң-тамашамын. Қалада немене, ағаштар көкке бой соза бере бір-біріне бұтақтарын соза ұмтылып, мың-миллион нүктеде айқаса кетеді де, бұлтты да көрмейсің, көшедегі ызықызы айқай-шу, күн күркірін де естіртпейді, тек себелеп өткен жаңбыр тамшыларының жіңішке сызықтарын шаласың, оның өзінде де гастроном қалқасы, подъездерге көртышқанша сүңгіп кетіп, ес жинағасын ғана тамшыларға алақан созып, соған

мəз-мейрам қарқ боп қаласың. Жауынның көкесі – нөсерді былтыр жайлауда алғаш көрдім. Қара бұлт киіз үйдің ту сыртындағы таудың иығынан қайқаңдап шыға келіп, сия сауыттай бұршақты бытырлатып кеп бергенде киіз үйге:«Ойбай! ойбай!» – деп мен жүгіргенде, алдымнан нағашы атам «Пай! Пай!» – деп шыға берген. Нөсер деген əне, сол. Ал мынау дала жаңбыры. Қырсыққанда құрылыс отрядына келгелі жаңбыр тамбай, аспан көгеріп, сазарып тұрып алды. Есесіне бүгін селдетіп өтсе, шіркін! Класқа барғанда Қапшағайдың көк тасын алып ұрдым деп барам ба, жарылыстың көк түтінін иіскеп қайттым деймін бе, шіркін, бір селдетіп өтсе екен... Өзенге сұғына кірген жартасты айнала берісімен кең-мол қойнын аңқылдатып ашып жіберген дала қара аспанның астында бұғып-бұғып тұрған алты вагон мен түйір шиеге ұқсас «Жигулиді» алып алақанына салып тербеп, алдымыздан шыға берді. Көкем «Жигулиі!» Бізге еш сезімсіз ақ шел басқан жалтыр шамдарымен тасырая қараған «Жигулидің» моторына үңіліп, əлденені бұ рап жатқан көкемнің тоқ ту сыртын көргенде: «Жетім еке мін», – деген сөз аузымнан шығып кетті де, таңдайым кермек дəм ді сезді. – Не, не дедің? – Бетіме үңіле қалған Исаға: – Бұршақ, бұршақ жаумаса неғылсын, – деппін. Сосын ебедейсіз бұрылып, оң қолында жиырма екінші кілт, сол қолы əлдебір қимылды істей беріп, жарым-жарты жолда, ауада ілініп тұра қалған қызық қалыпта аузы аңқайып қал ған көкемнің қағаз бен (бухгалтер ғой!) машина майының иісі аңқыған кеудесіне басымды тыға беріп те, басқаның бауындағы əбден қызарып піскен алманы үзіп алуға бата алмаған баладай бір бүйірлей жасқаншақ жақындаған мамамның ту сыртындағы жазықта шалқалап жүзіп бара жатқан өзенге бір басып, екі басып жақындап келе жатып та, кермек дəмнің аузымды уылтып келе жатқанын сездім. Дəл осы сəтте бəрі де – Иса да, Əшір де, Бақтияр да, көкем де, мамам да аузына аңдаусызда түсіп кеткен мияның ащы дəмінен бет машиналары бұзылып, оны тағы түкіріп тастай алмай тыржиып тұр еді, дұрысы, тұрған секілді еді. Көкем жігіттердің қолын кезекпен қысып жатты, мамам маған қарап сөйлеп тұр, мен түк ұқпаймын, тек үзік-үзік дыбыр-дыбырды құлағым шала ды. – Мерекелеріңмен...

– Əдейі алыстан ат арытып келдік... – Құттықтауға... «ЛТИ-81-10-ның» есігі айқара ашылып, жұмыртқаны жарып шыққан сары үрпек балапанша екі езуі екі құлағына же тіп, қисық та қысқа аяғын тырбаңдатып, көйлек пен шалбары ның қиығынан қарны жарқылдай түспек болып қайқаңдап жатқан Маймақты көргенде барып іштей жеңіл күрсіндім – таңдайдағы кермек дəм уы біртіндеп қайта бастағандай болды, аузы уылмаған, жетіммін деп жыламаған адамды да көрдім-ау ақыры. Аузы уылмаған баланың жүзі де жарқын, сөзі де тақпатұқ анық, қоңыраудай сылдырап шыға ма деймін, Маймақ қисық аяқтарымен ауада О секілді эллипс сыза құлдыраңдай арсалақтап кеп, етегіме жармасты. – Асан аға, аман! Біз келдік. Қашан балық ұстаймыз? Жазда аташканың қасында болдым... Асан аға, Асан аға деймін, бері қарашы, мына алмаға қарашы, – деп алақаныма өзінің том пақ беті секілді қызыл алманы тыкқыштап жатыр. Кеудемді қуаныш кернеп кетіп – қайдағы бір кермек дəм мен қалың күдіктің қақ ортасынан мына бала құлағымнан сүйреп шығарып алса, қуанбағанда қайтейін – Маймақты қос қолтығынан көтеріп алдым да, құлақ түбінен, маңдайынан иіскедім. Сүйгім келмеді. Қапшағайдың көк тасын талқандап жүрген бойы құрықтай Асан бұдан үш жыл бұрынғы он төрт жасар дистрофик Асан емес. Сосын Маймақты одан əрмен жоғары көтеріп: – Кəне, таста алмаңды! – деп, тақ төбедегі аспанды бұлтмұлтымен қоса асап кеп алардай аузымды барынша аңқи тып кеп аштым. Қол-аяғы шолтаңдап əуеде айналып тұрса да, Маймақ зəлім қулық сақтайды. Алманы өзіне тартып ала қойды да, кеудесіне қысып: – Əуелі «Күшігім менің Саққұлақ, келеді, əне, шапқылап» деген тақпақты айт! Алманы... Алманы қайтетінін айтып үлгірмеді, Маймақ алмасын аспанға көтерген күйі аяғы серектеп шалқалап бара жатты; қос қолтығына жармаса кеткен мамамның ұзын, салалы, ақ саусақтарын көріп қалдым. Келер секундте көтеріп алғанымның арқасында ойда жоқта бойы менен бір жарым есе өсіп, тыраңдап қалған Маймақ үш есеге қысқарып, маған төменнен қарап тұрды.

– Соны дараңдата бермеші, Асанжан... Бала емес пе ойнай берсең есіре түсетін. Соның алмасына көз сүзіп қайтесің. Əкең екеуміз мыңын əкелгеміз. Мамам сырт айналды да, қаз-қаз басып, қызыл «Жигулиге» беттеді. Туфлиін кемеріне дейін құм қапқан мамам құмды жалаңаяқ кешіп бара жатқан секілді. Менің төбемдегі минуттық қуанышым мен шаттығымды жұлып алған жаңағы ұзын да салалы ақ саусақтар – тістей қатып қалған крокодилдің аузына ұқсас багажникке жармаса кетті: жағын қақ жарып айырып, шалқалата ашып тастады. Көзімді жұмып ала қойдым – крокодилдің көмейін қып-қызыл жалын қақтап жатыр екен... Тек əлсін-əлі лыпылдап, толықсып жанған жалын емес, бедірейіп-бедірейіп, бірінің үстіне бірі үймелеп, мінгесіп-ұшқасып жатқан көп-көп домалақ жалындар. – Биылғы жаздың алмасы ғой. Жауын тамбай ерте пісті. Ас болсын, алыңдар! Ай бойы түйір көк көрмей тістері қышып жүрген жігіттер аясын ба, əп-сəтте багажниктің аузы қызыл қоңыр білектерге кептелді де қалды. Қасқырша талады. Ешқайсысы қызыл жалынға қолымызды күйдіріп аламыз-ау деп қорықпады. Мана Маймақтың жалаңдатқан жалғыз алмасы аузыма бұйырмай, көңілім қайтып қалған ба, көздің жауын алған көп қызыл ала, торы алаға қол соза алмадым. Шеткері шығып, ауыздан-ауызға көшкен қызыл алмалардың соңына көзімнің итін салып, əр отыз екі тістің арасынан шығып қалған көп қаршыл мен құршылға құлақ салдым да тұрдым. Мамам мен жаққа жалт етіп қарады да, багажниктің ау зын жалғыз-ақ жұлқып көтеріп, мүлдем керіп тастады. – Алыңдар, қалдырмай алыңдар! Көп алмаға жалғыз өзі қожайындық жасап, үйреніп қалған Маймақ талаурап жаңа көтеріліп келе жатқан айға ұқсас тістелген жарты алманы аузына апара берген күйі багажник додасы мен білектер бəйгесіне қарап сілейіп қапты. Көкем машина майы сіңген орамалға қолын сүрткіште ген күйі еңкейе басып, маған беттеді. Қасыма келді де, бетін топқа беріп тұрып, тамағын кенеді. – Халің қалай, ұлым? – Хал тас көтеріп, ас жеген. Енді алма жеймін,– дедім аяқастынан қырсығып. Көкем кір-қожалақ шүберекті жазып жіберіп, шаңы болма са

да сілкіп-сілкіп алды, көріп тұрып, Татьянаның хатын оқыған Онегиндей ұзақ үңілді, ақыры, сосын қалтасына сала беріп – оның орны қалта емес, құрал-сайман салатын қобди екендігі есіне түсті ме, суырып алып, уысында қысып, нанша илеп, аяусыз жұмарлай берді. – Іһм... Аварияға ұшырап, төрт дөңгелекті төрт жаққа шашып ала жаздадық. О да бір бітпей жүрген іс еді... Əйтеуір бас аман. Құдай сақтады... «Жигулидің» майысқан буферін, кабинасыпың қызыл түске ұқсаса да қосылмай, кірікпей тұрған ал қызыл сырлы есігін нұсқады – анық ауыстырған. – Сатып жіберем бе деп ойлап ем, мамаң көне ме. Сөйтіп келіп қалдық... Аурухананы он күн мекендеп, жарылған шекені жамап-жасқап шықтық. Аварияға ұшырасаң машинаңмен қоса басыңның да кем-кетігін қоса жөндеп береді екен. Манадан бері кермек дəм, алма, Маймақ деп жүріп байқамаппын, көкемнің шаш қойысы өзгеріпті. Желкесіне қарай толқын-толқын болып құлайтын бұйра шашы көп қысқа рып, күзеліп алға түсіріліп, маңдайын жаба қисық таралып ты. Желпіп өткен жел бір көтеріп өткенде шашының астынан жазылып бітпеген сүйем тыртық қызыл көзін қысып қалды. – Бүгін не қылса да нөсер соғатын шығар... Бұршақ жаумаса неғылсын, – деп, аспанға көзінің қиығымен жасқана қараған көкеме ұмтылып барып, көкірегіне маңдай бастым. – Көке, машина құрғырды неге алдыңыздар? Біліп едім, баяғыда білгем. Əнеугүні келгенде Иса айтқан: «Машина мөңкіп жығып кетпесін, машина да адам таңдайды», – деп. Білгем, білгем... Кімге керек бұл темір-терсек? Пəлеге ұшырамай тұрғаныңда сат, сатып жібер... Жауырынымды жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай жайлап үтіктеп тұрған көкемнің алақаны соңғы сөзге келген де қалт тоқтады. Иығымнан сəл итеріп, көзіме көзін қадады. – Кімге керегі несі? Мамаңа, өзіңе.... Үсті-үстіне басымды шайқадым. – Жоқ, жоқ, қажеті жоқ. Маған біраз нəрсе керек, бірақ машина емес. Мектеп, училищені бітірейін, сосын, сонан соң... Көкем бетіме барлай қарап тұр. Бұрын бір жерде көрген, əйткенмен əлдеқашан ұмытқан жанды жыға танып ала ал май тұрғандай сүзіліп қарады. Ост-Индияны жанталасып ізде ген Колумб жер шарының картасына көкемнің көзімен қара ған шығар.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙