Адам
К.И. Осетрова
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бұл кітап жас оқырмандарды адамның ағза мүшелерімен таныстырады. Адамның ішкі органдары мен сезім мүшелері жайлы, олардың жылдар ағысындағы жұмыс істеу өзгерістері жайлы білетін болады.
MӘСКЕУ
РОСМЭН
МАЗМҰНЫ Ағзаның құрылысы .......................................... 4 Маған берілген дене ..................................................4 Жасушалар ...............................................................6 Ұлпалар .....................................................................8 Дене жамылғылары ........................................ 10 Терінің құрылысы .....................................................10 Ыстық пен суықтан қорғану ......................................12 Меланин пигменті ....................................................14 Тырнақ пен шаш .......................................................16 Дененің тірегі..................................................18 Сүйектердің түрлері .................................................18 Сүйектердің құрылысы .............................................20 Бас сүйек және омыртқа .........................................22 Аяқ'қол қаңқасы .......................................................24 Буындар ...................................................................26 Қозғалыстағы дене ........................................ 28 Бұлшықеттердің жұмысы ..........................................28 Жылдамдық, төзімділік, күш .....................................30 Біз қалай тыныс аламыз .................................. 32 Өкпенің жұмысы ауыр ..............................................32 Мұрынмен демалыңдар! ..........................................34 Қан айналым жүйесі ...................................... 36 Қан жасушалары ......................................................36 Қан және иммунитет ................................................38 Қан тамырлары ........................................................40 Қажымайтын еңбекқор .............................................42 Хабар жеткізу ...........................................................44 Қанды тазалау .........................................................46
Мен ас ішкенде...… ......................................... 48 Ауыз қуысы ..............................................................48 Асқазан және ішек ....................................................50 Біздің жейтіндеріміз .................................................52 Дәрумендер .............................................................54 Басқару орталығы .......................................... 56 Нейрондар ...............................................................56 Рефлекстер, жұлын ..................................................58 Ми ..........................................................................60 Үлкен ми сыңарлары ................................................62 Сезім мүшелері .............................................. 64 Сезім мүшелерінің жұмысы ......................................64 Иісті және дәмді сезу ................................................66 Есту және тепе'теңдікті сезіну ..................................68 Көру ........................................................................70 Көзіңнің қарашығындай сақтау! ................................72 Көрудің бұзылуы ....................................................... 74 Ұрпақты жалғастыру ....................................... 76 Екі жарты – бір бүтін .................................................76 Репродуктивтік жүйе ...............................................78 Жандының бәрі – жұмыртқадан! ...............................80 Жүктілік және босану ................................................82 Хромосомалар ........................................................84 Тұқым қуалайтын аурулар .........................................86 Өсу және даму ............................................... 88 Өмірдің басталуы .....................................................88 Балалар мен жасөспірімдер .....................................90 Ересектік және қарттық ............................................92 Көрсеткіштер ................................................. 94
Адам Ағзаның құрылысы Біздің денеміздің, яғни ағзамыздың құрылысы өте күрделі. Ол сағаттың ішіндегі дөңгелекшелер тәрізді өзара байланысқан көптеген бөліктерден тұрады, сол бөліктер біздің өмірімізді сақтап тұру деген ортақ міндетті орындайды. Табиғат сыйлаған дене мүмкіндіктерімізді дұрыс әрі саналы түрде пайда; ланып, ағзаны ауру;сырқау мен жарақаттан қорғау үшін, өз ағзамыздың құрылысындағы ерекшеліктерді, мүшелеріміздің қызметін білудің маңызы зор. Маған берілген дене Адам денесінің сұлулығын қай заманда да ақындар жырға қосқан, ал белгілі суретшілер, мүсіншілер мен философ' тар осы сұлулықтың құпиясын ашып, адам денесінің «мінсіз» пропорцияларының формуласын жасауға тырысқан. XV ғ. әйгілі итальян ғалымы, табиғат зерттеушісі әрі суретші Леонардо да Винчи жалаңаш тұрған ер адамның тұлғасын екі қалыпта бейнеледі. Аяқ'қолдарын екі жағына созған күйдегі тұлғасы шеңбердің ішіне, ал қолдарын түзу созып, аяқтарын біріктірген бейнесі ' шаршының ішіне сыйғыза бейнеленген. Леонардо бұл суретті ежелгі римдік сәулеткер Витрувийдің есептеулеріне сүйеніп салған, сондықтан ол «Витрувий адамы» деген атпен белгілі. Алайда мұндай «мінсіз» денелер шынайы өмірде өте сирек кездеседі. Дене пропорциялары жас өскен сайын өзгереді, әйелдер мен еркектерде әртүрлі болады. Тіпті, сұлулық қағидаларының өзі де тұрақты «Витрувий адамы»
Ағзаның құрылысы
Орта ғасырларда мүрдені сойып көруге шіркеу
тыйым
салған,
сондықтан
адам
денесінің
құрылысын (анатомиясын) зерттеу қиын болды.
Бірақ анатомдар бастарын қатерге тіге жүріп,
өлген адамдардың денесін қабірден ұрлап
алып, бәрібір жарып көрген.
Доктор
Тюлптың
анатомия
сабағы.
Рембрандт
картинасынан
көрініс. 1632 ж.
емес және әр халықтікі бір'бірінен мүлде өзгеше.
Біздің ағзамыздың құрылысы мен қалай жұмыс істейтіні ту'
ралы ұғым'түсініктер ғасырлар бойы елеулі түрде өзгеріп отыр'
ды. Бұның қыр'сырын зерттеу үшін ғалымдар мен дәрігерлердің
қаншама буыны табандылықпен әрі жанкештілікпен еңбек етуіне
тура келді, бұл жұмыс әлі де жалғасу үстінде. Анатомия мен
медицинаның осы саласынан ертедегі адамдардың да білім'
танымы мол болып шықты. XVІ ғ. ортасында дәрігер әрі анатом
А.Везалий «Адам денесінің құрылысы туралы» кітабын шығарды.
1628 ж. қан айналымын ашып, жүректің қалай жұмыс істейтінін
түсіндірген ағылшын дәрігері У. Гарвей медицинада нағыз
төңкеріс жасады. Микроскоп ойлап табылғаннан кейін ғалымдар
ұлпалардың және біздің денеміздегі ең кішкентай құрылымдар –
жасушалардың құрылысын зерттеуге мүмкіндік алды.
Адам Мүшелердің әртүрлі жүйелері Жасушалар Біздің ағзамыздың қаншалықты күрделі жаралғанын еле' стету үшін, оның құрылысын сатыға теңеп, сонымен өрлеп көрейік. Ең төменгі басқыш – молекулалық деңгей, мұнда біздің денемізде алуан түрлі заттардың химиялық түрленуі жүріп жата' ды. Органикалық заттардан (нәруыздар, майлар, көмірсулар) жасушалардың құрылымы түзіледі. Әртүрлі жасуша' лардан ұлпалар құралады, ұлпалардан мүшелер құралады. Ортақ міндеттерді орындайтын мүшелер жүйелерге бірігеді (тыныс алу, асқорыту, зәр шығару және басқалары). Ал қиялдағы сатының ең жоғарғы басқышында ағзаның өзі тұр. Ағзамыздағы өте кішкентай тірі құрылымдар – жасушалар. Жал' пы айтқанда, солардың әрекетінің арқасында ғана тірі жүру мүмкіндігіміз бар, сондықтан жасушаны тіршілік тірегі деуге болады. Көлемінің өте кішілігіне қарамастан, әрбір жасушаның құрылысы тым күрделі. Ол сыртқы ортадан жасуша мембранасы деген қабықпен бөлінген. Қабықтың іші қоймалжың сұйықтық – ци' топлазмаға толы, цитоплазмада орга' неллалар – жасушаның «ішкі мүшелері» орналасқан. Мысалы, митохондри; ялар – «энергетикалық станциялар», эндоплазмалық желі – көлік жүйесі, ри; босомалар нәруыздарды синтездейді.
Ағзаның құрылысы Жасушалардың кішкентайлығы сондай, ми' кроскоппен ғана көруге болады. Тіпті, адам ағзасындағы ең үлкен жасуша – аналық жасушаның диаметрінің өзі бар болғаны миллиметрдің ширегіндей. Жасушаның ішкі құрылысы Жасушаның бүкіл тіршілік үдерістерін басқаратын ең басты органелласы – ядро. Ядрода дезоксирибонуклеин қышқылы (қысқаша ДНҚ) деген қиын атауы бар тұқым қуалаушылық заты бар. Жасушаның көбею кезінде ядро тең екіге бөлініп, әрбір еншілес жасушаға алғашқы жасушаның ДНҚ беріледі. Амёба сияқты кіп'кішкентай бір жа; сушалы ағзаларда барлық тіршілік қызметтері жалғыз'ақ жасушаның бой' ына жүктелген – қоректену, тыныс алу, зәр шығару, қозғалыс, көбею... Ал көп жасушалы ағзаларда, оған адам да жатады, жасушалар бұл қызметтерді өзара бөлісіп алған. Сондықтан олардың көлемі, сыртқы бейнесі мен құрылысы бір'біріне ұқсамайды. Адам ағзасында жасушаның 200'ге жуық түрі бар. Әрбір жасушаның құрылымы өзіне жүктелген міндетті барынша жақсы атқаруға лайықталған, бірақ осындай тар аядағы қызмет бөлінісі салдарынан біздің денеміздегі жасушалар бірінен'бірі бөлек өмір сүре алмай' ды. Әртүрлі жасушалардың тіршілік ету ұзақтығында да айырмашылық көп. Мысалы, қандағы эритроциттер 120 күндей, ал ми жасушалары 100 және одан да көп жыл (яғни, адам қанша жыл өмір сүрсе, сонша) өмір сүре алады.
Адам
Эпителий ұлпасы
Ұлпалар
Құрылысы мен атқаратын қызметі бірдей жасушалардың
жиынтығы ұлпа деп аталады. Біздің денеміздегі ұлпаларды
үлкен'үлкен төрт топқа бөлуге болады: эпителий, дәнекер,
бұлшықет және жүйке.
Эпителий ұлпасы – жамылғы іспетті. Ол бір'бірімен тығыз
жанасқан жасушалардан құралып, терінің сыртқы қабатын
(эпидермис) түзеді, кейбір ішкі мүшелерге – ішекке, асқазанға,
аңқаға төселіп тұрады. Эпителий ұлпасының басты қызметі–
ағзаны зиянды әсерлерден қорғау. Әртүрлі заттарды бөліп
шығаратын сілекейдің, көз жасының, тердің бездері де эпите'
лий ұлпасынан құралады. Эпителий ұлпасының бұл түрі безді
эпителий деп аталады.
Дәнекер ұлпасы өте көп түрлі. Сүйектер, сіңірлер,
шеміршектер, май жасұнықтары (клетчатка) осындай ұлпадан
тұрады. Дәнекер ұлпасының жасушалары босаң орналасады,
ал араларындағы саңылауларды, жасушааралық зат толтыра'
ды. Денеміздің қаңқасын құрайтын сүйек ұлпасындағы жа'
сушалар жасушааралық қатты затпен бейне бір бітеп, сылап
Соединительная
ткань (костная)
Бұлшықет ұлпасы
Ағзаның құрылысы
Ғалымдар адамның зақымданған ұлпаларын ал'
мастырып салу үшін, кейбір ұлпаларды жасуша'
дан өсіруді үйренді: мысалы, ауқымды күйікті
осылай емдеуге болады. Ал келешекте олар
тұтас мүшелерді – жүректі, бүйректі, бауырды
өсіруі мүмкін.
тасталғандай.
Сондықтан да сүйек ұлпасының түрі жұмсақ ысқышқа (губка)
немесе пенопластқа қатты ұқсайды. Қан – дәнекер ұлпасының
ерекше түрі. Басқа ұлпалардан айырмашылығы, ол сұйықтықта
жүзіп жүретін жасушалардан құралады.
Адам
денесінің
салмағының
жартысына
жуығын
бұлшықеттер құрайды. Бұлшықет ұлпасы жиырыла ала'
тын талшықтардан тұрады. Қаңқа бұлшықеттері біздің дене
мүшелерімізді қозғалысқа келтіреді. Микроскоппен қарағанда
мұндай бұлшықет талшықтары көлденең жолақ сызықтарға
толы сияқты көрінеді (сондықтан да оларды көлденең'жолақты
деп атайды). Басқа талшықтар қан тамырларының, тыныс
жолдарының, ішектің қабырғаларында бар. Оларда жолақтар
байқалмайтындықтан, бірыңғай салалы деп атайды. Көлденең'
жолақты бұлшықет ұлпасы біздің қалауымызша жиырылады, ал
бірыңғай салалы бұлшықеттердің қозғалысы өзімізге көбінесе
сезіле бермейді. Жүрек бұлшықет ұлпасының ерекше түрінен
құралған.
Жүйке ұлпасы жүйке жасушаларынан (нейрондар) құралған.
Нейрон көптеген өсінділері бар денеден тұрады, сол өсінділері
арқылы нейрондар өзара байланысады. Нейрон денелерінің
топтасуынан мидың және жұлынның сұр заты түзіледі. Өсінділер
тобы мидың ақ затын және әртүрлі мүшелерге тарайтын
жүйкелерді түзеді.
Адам Терінің құрылысы Дене жамылғылары Тері – біздің денеміздің сыртқы жамылғысы ғана емес, ауқымды әрі құрылысы өте күрделі мүше, теріге өмірлік маңызы бар көптеген қызметтер жүктелген. Тері ағзаны неше түрлі сыртқы әсерлерден қорғайды: механикалық зақымданудан сақтайды, микробтардың шабуылын және күннің ультракүлгін сәулесінің шектен тыс мөлшерін қайтарады. Сонымен қатар, дене температурасын рет; теуде тері маңызды рөл атқарады, онда көптеген жүйке ұштары орналасқан. Шашымыз бен тырнақтарымыз да – тері жамылғысының туындылары. Терінің құрылысы Терінің ең беткі қабаты эпидермис деп аталады. Ол жалпақ әрі үнемі жаңарып отыратын жасушалардан тұрады. Эпидермистің беткі қабаттары мүйізденіп кетеді де, солып бітеді. Өлген жасушалардың орнын жаңалары басады. Эпидер' мис бейне бір қамал қабырғасы тәрізді, біздің ағзамызға ми' Эпидермис Торлы қабат Май ұлпалары Бүртікті қабат Түк Қан тамырлары
Дене жамылғылары Ересек адамның терісінің ауданы 1,5 – 2 м2 бо' лады, ал салмағы 4 келі шамасында. Біз өмір бойы 25 келідей эпидермистен арылып, қайта өсіріп аламыз. Тері жамылғысының 50 пайы' зына зақым келсе, адам өліп кетеді. Папилляр сызықтары және саусақ таңбасы кробтар мен көптеген зиянды химиялық заттардың еніп кетуінен сақтайды. Оның жасушалары соққыны өзіне бірінші қабылдайды. Астыңғы жағында терінің өзі, яғни дерма орналасқан. Ол бүртікті және торлы қабаттан тұрады. Бүртікті қабат босаңдау, кей жерінде бүртіктері эпидермиске бойлап кетеді. Мұнда шашты көтеретін бұлшықеттер, теріні қоректендіретін қан та' мырлары, жүйке ұштары орналасады. Торлы қабат теріні берік ететін айқыш'ұйқыш талшықтардан тұрады. Торлы қабатта шаш түптері, тері және май бездері бар. Торлы қабаттың астын' да май ұлпасы жатыр, оның жасушаларына май жиналады. Қарындағы және бөкседегі май ұлпалары ерекше дамиды. Саусақтың ұшындағы жұмсақ теріден өзгеше өрнектері бар
папилляр
сызықтар көрінеді. Бұлар қайталанбас
өрнектер!
Адамды
саусақ
таңбасы
арқылы
тану
тәсілі
дактилоскопия
деп аталады. Саусақ таңбалары бірдей
адамдар болмайды деген ойды алғаш
рет ағылшын полицейі Уильям Хершель
айтыпты. 1877 жылы. Содан бері бүкіл
әлемнің тыңшылары көптеген қауіпті
қылмыскерлерді
саусақ
таңбалары
арқылы тауып келеді.
Адам
Ыстық пен суықтан қорғану
Ыстықтаған кезде теріміз ылғалданып кетеді. Оның бетінде
тер тамшылары пайда болады. Тер теріде орналасқан тері
бездерінен бөлініп, тесіктер арқылы шығады. Тер була'
ну арқылы теріні салқындатып, ағзаны қатты қызып кетуден
сақтайды. Термен бірге тұздар (сондықтан оның дәмі тұзды)
және кейбір зиянды заттар сыртқа шығады. Өте ыстық әрі құрғақ
климатта, мысалы шөл далада адам термен бірге тәулігіне
бірнеше литр су жоғалтуы мүмкін. Бұл жоғалған сұйықтықтың
орнын толтыру қажет, сондықтан ыстықта немесе ауыр жұмыс
істегенде және спортпен шұғылданғанда қатты шөлдейсің.
Тердің өзінде мүлде иіс болмайды. Ал егер адам ұзақ уақыт жу'
ынбаса, терісінің бетінде, әсіресе қолтық сияқты жасырын жер'
лерде микробтар көбейеді. Солардың тіршілік өнімдері тердің
иісін жағымсыз етуі мүмкін.
Дермада көп мөлшерде қан тамырлары болады. Олар
теріні қоректік заттармен қамтамасыз етіп, дене темпера;
турасын реттеуге қатысады. Бұл былай бола'
ды: ауа температурасы төмендеген кезде
терідегі тамырлар әуелі кеңейеді де, жылы
қан теріні қыздырады. Ал егер суықтың
әсері жалғаса беріп, адам тоңа баста'
са, қан тамырларының саңылауы тары'
лады. Тамырдан қан аз өтеді де, соның
арқасында қатты суып кетпейді. Ауа тем'
пературасы жоғары кезде, керісінше,
тамырлар кеңейіп, көбірек жылу береді.
Сондықтан адам қатты тоңғанда терісі
бозарады, ал ыстықтаған кезде терісі
қызарады.
Терідегі тер
тамшылары
Дене жамылғылары
Май бездері бітеліп қалған кезде қабынады
да, безеулер пайда болады. Олардан әсіресе
жасөспірімдер жиі зардап шегеді, өйткені 12'14
жаста ағзаның қайта құрылуы жүреді де, май
бездері ерекше белсенді жұмыс істейді.
Аздаған аяз беттің
ұшын қызартады
Терінің
қатты
суып
кетуі
үсікке
ұрындыруы
мүмкін
екенін
естен
шығармау керек. Аяз кезінде бетте,
қолда немесе аяқта ақтаңдақтар пайда
болып, терінің сезімталдығы азая ба'
стаса, ағарған жерді дереу қатты'қатты
ысқылап жіберу керек, сонда қан айна'
лысы қалпына келеді. Беттің табиғи таза
түсі оның терісінің қанмен қаншалықты
қамтамасыз етілуіне байланысты. Мыса'
лы, шылым шегу қан тамырларын тарыл'
тады да, тері бозарып, сұрғылттанып
кетеді.
Үсіктің алдын алу үшін, қатты аяз'
да бетке крем немесе май жағып қоюға болады. Бірақ терінің
өз майы – тері майы бар, оны терінің терең қабатындағы май
бездері бөліп шығарады. Осы майдың арқасында тері құрғап
кетпей, серпінділігін сақтап, аяздан қатты зардап шекпейді. Со'
нымен қатар, тері майы теріні зиянды микробтардан қорғайтын
жұқа қабат түзеді. Тері майы терінің бетіне түктердің түбінде
орналасқан жіңішке түтікшелер арқылы шығады, олар өте ұсақ
әрі көзге көрінбейтіндей болып, бүкіл денемізді жауып жатады.
Май бездері алақандар мен табандарымызда ғана жоқ, өйткені
ол жерлерге түк шықпайды.
Адам Меланин пигменті Күн сәулесі біздің денсаулығымызға пайдалы, бірақ мөлшерден аспау керек. Күн жарығының әсерімен теріде D дәрумені пайда болады, ол біздің ағзамызға өте қажет. Ал егер аптап күннің астында тым ұзақ уақыт «қуырылатын» болсақ (мысалы, жағажайда күні бойы көлеңкесіз күйіп жата берсек), тері күйікке ұшырап, адамның жағдайы нашарлауы мүмкін. Тері күннен қорғана отырып, меланин деген арнайы пигмент бөліп шығарады да, қараяды (мұны біз күнге күйдік дейміз). Көптеген адамдар күнге қатты күюді әдемілік деп санайды. Ал шын мәнінде күннің артық әсері зиянды: ол қауіпті сырқаттарға се' беп болуы мүмкін. Оның үстіне, тері үнемі ыстық күн сәулесінің астында жүрсе, тез қартаяды да, әжім басып кетеді. Афри' ка– негроид нәсілді адамдардың отаны. Олардың терісінде еу' ропеоид нәсілді адамдарға қарағанда меланин мөлшері көп, сондықтан олардың түсі үнемі қара. Көктем мен жазда кейбір адамдардың бетіне қара дақтар– секпіл шашырап шығады. Русьте баяғыда мынадай ырым болған, қарлығаштың ұясын бұзсаң секпіл қаптайды деген. Мына қыздың бетіне қаптап шыққан секпіл – күн сәулесінен қорғаныс
Дене жамылғылары Меланин шашқа және көздің нұрлы қабықшасына рең береді. Кейде ағзасында мүлде мела' нин жоқ адамдар (жануарлар да) дүниеге келеді, оларды альбинос деп атайды. Альбиностардың терісі аппақ қудай, шашы түссіз, көздері қызыл болады. Альбиностарда меланин пигменті бөлініп шықпайды Құстар осылай кек алады деп білген. Тек ұзақ жылдар өткенде дәрігерлер мұның себебі мүлде басқа екенін дәлелдеді. Секпілдер – ағзаның ыстық күн сәулесінен қорғану әдісі. Терісі өте ақшыл адамдардың (мұндай адам' дар көбінесе жирен шашты болады, бірақ үнемі емес) терісінде күннен қорғайтын меланин деген зат өте аз. Осы зат секпілдерде болады. Секпілдер күн сәулесін өзіне жиып, теріні күюден қорғайды. Сол себептен секпілдер көктем мен жазда, күннің көзі жарық әрі ыстық кезде пайда болады. Көптеген адамдардың терісінде кішкентай қара немесе қызғылт дақтар – меңдер бар. Мең – меланин бөліп шығаратын тері жасушаларының – меланоциттердің шоғырлануы. Соның әсерінен меңнің тұрған жері қара түсті болады. Меңдер кез' келген жаста пайда болуы мүмкін, кейде адам туғаннан пай' да болады. Меңді ешқашанда жарақаттауға, алып тастауға әрекеттенуге мүлде болмайды. «Шошынған» мең қауіпті ауру – терінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
Адам
Тырнақ төменгі
жағындағы
аппақ жарты
ай сияқты
бөлігінен өседі
Тырнақ пен шаш
Қол мен аяқтың саусақтары мен бақайларының үстін
жалпақ тырнақтар жапқан. Тырнақ – терінің жоғарғы қабаты
эпидермистің өнімі. Тырнақ тері жасушалары бөліп шығаратын
кератин нәруызы деген ерекше заттан тұрады. Онда жүйке
ұштары жоқ, сондықтан қиып алғанда ауырмайды. Тырнақ
пластинасының өлі жасушаларының астында жанды тырнақ
төсемі бар. Одан қан тамырлары өтіп, тырнақтарды қызғылт
түске бояйды. Кератин тырнақтың түбінен бөлініп шығады.
Кератиннің жаңа қабаттары алға қарай итерген кезде тырнақ
өсе түседі. Тырнақ пластинасы 6'8 айда толық жаңарады,
аяқтың тырнақтары қолдыкінен жылдам өседі. Тырнақтың асты'
на кір жиналып қалмау үшін, жиі'жиі қиып алып тұру керек.
Шаш та тырнақ сияқты кератиннен тұрады. Шаштың ішінде
де жүйке болмайды, сондықтан қиып алғанда ауырмайды.
Шашқа түс беретін меланин пигменті – ол неғұрлым көп бол'
са, шаш та соғұрлым қара. Жас ұлғайған сайын меланин азая
береді – шаш ағарады. Адамның шашы кейде қатты қайғыдан
немесе қорқыныштан тез арада ағарып кетуі мүмкін. Шаштың
әрбір талы терінің ең қалың қабаты – дермада орналасқан шаш
түптерінен өсіп шығады. Адамның денесінде бірнеше милли'
он түктер бар, теріні тұтас дерліктей жауып жатады, бірақ олар
Дене жамылғылары Бастағы шаш талдарының саны олардың табиғи түсіне байланысты. Жирен'сары адамдардың басында орта есеппен 80 мың, қараторыларда шамамен 90 мың, қоңыр шаштыларда – 100 мыңға жуық, ал ең көбі ақсарылардың шашы – 120 мыңдай тал шаш. Шаштың әсемдігі – денсаулықтың белгісі өте жіңішке әрі қысқа болғандықтан, тері тақыр сияқты көрінеді. Ең қалың әрі ұзын түк баста өседі. Шаш мықты болып, жылтырап тұру үшін оны күту керек (жуу, тарау), сондай'ақ шаш түптері шаштың өсуіне қажеттінің бәрін алу үшін дұрыс тамақтанып, сала' уатты өмір сүру керек. Шаштың түбінде кішкентай бұлшықеттер болады, олар жиырылғанда түктер көтеріледі де, терінің бетінде бүртіктер пайда бола' ды, біз оны құс еттену деп атаймыз. Адам тоңған кезде немесе бір нәрсеге қатты абыржыса, шошыса терісі құс еттенеді. Бұл біздің бабаларымыздың денесін қалың жүн басқан ерте за' маннан қалған мұра. Сәл көтерілген қылшықтардың арасындағы ауа қабаты жылудың сақталуына жағдай жасайды, ал аңдар жүнін тікірейту арқылы жауын қорқытады, өйткені олар осылай істесе көлемі үлкейіп көрінеді.
Адам
Адамның
қаңқасы
Дененің тірегі
Адам денесінің ішкі тірегі – сүйектерден құралған
қаңқасы бар. Қаңқа біздің денемізге тірек болып қана
қоймай, өзіне бекітілген бұлшықеттер арқылы қозғалу
мүмкіндігін де қамтамасыз етеді. Қаңқаның тағы бір
қызметі – қорғаныс, өйткені сүйектер ми мен жұлынды,
тіршілік үшін маңызы зор көптеген ішкі мүшелерді
зақымданудан сақтайды. Адам қаңқасының бірнеше
бөліктері бар: бас қаңқасы (бас сүйек), кеуде қаңқасы,
аяқ;қол қаңқасы және олардың аралықтары (бұлар
аяқ;қолды кеуде қаңқаларына бекітетін сүйектер).
Сүйектердің түрлері
Ересек
адамдардың
көпшілігінің
қаңқасында шамамен 208 сүйек бар
(олардың саны әр адамда сәл артық не
кем болады). Сәбилерде едәуір көбірек,
бірақ жас өскен сайын кейбір сүйектер
бір'біріне жабыса бітіп, тұтас сүйекке
айналады. Сүйектер әртүрлі міндеттерді
орындауға арналған, сондықтан пішіні,
көлемі мен құрылысы жағынан әр алуан
(мысалы, бас сүйекте пішіні төрт қанатты
көбелекке ұқсайтын сүйек бар).
Ең ұзындары – түтік тәрізді сүйектер,
олар біздің аяқ'қолдарымызда бар. Ор'
тан жілік санды, асықты жілік пен жіліншік
– сирақты, иық сүйегі – иықты, кәрі жілік
пен шынтақ сүйегі – білекті құрайды.
Түтік тәрізді сүйектер – ең мықтысы,
Дененің тірегі Адам денесіндегі ең үлкен сүйек – ортан жілік, ол шамамен адам бойының төрттен бірін құрайды. Ал ең кішкентай сүйек – үзеңгі сүйек, құлақтың ішінде орналасқан үш сүйектің бірі. Үзеңгі сүйектің ұзындығы 3 мм ғана. Кемікті (борпылдақ) сүйектің қимасы олар иінтірек (рычаг) рөлін атқарады. Олардың бетіндегі шығыңқы жерлеріне қозғалысқа келтіретін мықты бұлшықеттердің сіңірлері бекиді. Түтік тәрізді сүйектердің іші қуыс, пішіні жағынан шынында да ұзын түтікке ұқсайды. Түтік тәрізді сүйектің екі басы жуандап, жілік басына немесе эпифизге айналады. Табанның, білезіктің, омыртқаның қаңқасы неше түрлі пішіндегі ұсақ сүйектерден тұрады. Бұлар кемікті сүйектер, мықтылық пен қатар қозғалмалылық өте маңызды болатын орындарда тұрады. Біз кемікті сүйектердің арқасында басымызды, қолымыздың, табанымыздың буындарын әрі'бері бұрып, жан'жағымызға еңкейе аламыз. Бұл сүйектердің іші тесік'тесік бола' ды. Қабырға, төстік, жауырын, бас пен жамбас сүйектері жалпақ сүйектерге жатады. Жалпақ сүйектердің басты міндеті – маңызды ішкі мүшелер мен миды әртүрлі зақымнан қорғау. Жауырынға иықтың бұлшықеттері бекиді.
Адам Сүйектің құрылысы Сүйектердің құрылысы Сүйек бірнеше қабаттан тұрады. Сырты дәнекер тіннің жұқа қаба' ты – сүйек қабымен қапталған. Оның ішінен жүйке талшықтары мен қан тамырлары өтеді. Сүйек қабының астыңғы қабатында сүйектің жас жасушалары түзіледі – солардың есебінен сүйек қалыңдап өседі әрі сынықтың орнын бітейді. Сүйек қабы сүйектің «ықшам қабат» деп аталатын ең тығыз әрі жалпақ қабатын жауып тұрады. Көп күш түсетін түтік тәрізді сүйектерде бұл қабат өте қалың, кемікті сүйектерде – жұқа. Ықшам қабаттың арасынан ұсақ өзекшелер өтеді, солар арқылы сүйекке қоректік заттар келеді. Оның астында айқұш' ұйқыш бұрыш жасап жатқан берік арқаулардан тұратын борпылдақ зат орналасқан. Сүйектің ішіндегі қуыстары жілік майы деген жұмсақ ұлпаға толы. Жілік майының сары және қызыл түрі болады. Жілік майы жұлынға ұқсағанымен, ми мен жұлын сияқты жүйке ұлпаларынан тұрмайды. Сары жілік майы түтік тәрізді сүйектердің қуысын толтырады. Онда май қоры болады. Кемік сүйекті ұлпаның ұяшықтарында қызыл жілік майы орналасқан – онда қанның жаңа жасушалары түзіледі. Сүйектердің ішімен өтетін тамырлар арқылы жаңа жасушалар қан ай' налу жүйесіне түсіп, бүкіл денеге таралады. Сүйек қабы Ықшам қабат Кемікті қабат Қызыл жілік майы Сары жілік майы
Дененің тірегі Сүйек тіні өзіне серпінділік беретін органикалық заттардан және беріктік беретін минералды заттардан тұрады. Осы қасиеттердің бірігуі арқасында сүйектер әдеттен тыс берік болады. Жылдар өте шеміршек сүйекке айналады Кейбір аса қауіпті ауруларды (мысалы, қан рагы) емдеген кезде қызыл жілік майын сау адамның (донордың) ағзасынан алып, науқастың ағзасына енгізеді. Көбінесе мұндай операция адам өмірін құтқарады. Қызыл жілік майы жамбас сүйектерінде, төстікте, сондай'ақ омыртқада көп болады. Қаңқа сүйектері адамның жасы ұлғайғанша өсе береді, ал сүйектер ұштарында болатын шеміршектің есебінен ұзарады. Шемір;шек – дәнекер ұлпаның бір түрі, сүйекке қарағанда біршама жұмсақ. Мысалы, құлақ қабыршақтары мен мұрын шеміршектен құралған. Жаңа туған баланың қаңқасында шеміршек өте көп болады, бірақ өскен сайын шеміршек бірте'бірте сүйек ұлпасына айналады. Сондықтан, адамдар бала кезінде жылдам өсіп, 25 жасқа келгенде түтік тәрізді сүйектердің ұзаруы іс жүзінде тоқтайды. Сүйектің қалыңдап өсуі сүйек қабының ішкі бетіндегі жасушалардың бөлініп, сүйек жасушаларының жаңа қабаттарын түзуіне тікелей байланысты.
Адам Тұтасып өскен төменгі омыртқалар құйымшаққа айналады – бұл ертеде бабаларымызда болған құйрықтың қалдықтары. Соны еске салғандай, кейбір адамдар бұл күнде кішкентай құйрықпен де туылып жататын жағдайлар кездеседі. Адамның бас сүйегі Бас сүйек және омыртқа Қаңқаның ең жоғарғы әрі маңызды бөлі'гі – бас сүйек. Ол бет және ми бөліктерінен тұрады. Бет бөлігінің сүйектері көз ұясынан, таңдайдан, жақтан құралады. Төменгі жақ сүйек – бас сүйектің қозғалатын бірден'бір бөлігі. Ми бөлігін ми сауыты деп те атайды. Дәл сол сауыттың ішінде ми сенімді орналастырылған. Бір қарағанда бұл сауыт біртұтас сияқты көрінеді, шын мәнінде оның қабырғалары өзара жымдасқан бірнеше сүйектерден құралады. Олардың тісті жиектері сыдыр' ма ілгек сияқты бірімен'бірі кірігіп, ересек адамдарда мықты жікке айналады. Бірақ, жаңа туған балада бас сүйектерінің арасындағы кейбір тұстары былқылдақ күйде тұрады,' ол – еңбек деп аталады. Баланың басындағы еңбегін сипап көрсеңіз жұмсақ – ол жерде әлі сүйек жоқ. Осының арқасында бастың сүйектері бір'біріне сәл жылжып, қызғалдақтың күлтелеріндей жа' былады. Бала дүниеге келерде оның басы жамбас қуысынан еркін шығу үшін, табиғат осындай қулыққа барған. Өйткені адам миы жануарлардыкінен әлдеқайда жақсы дамығандықтан, балаларымыз да бастары өте үлкен болып туады.
Дененің тірегі Омыртқа жотасы (алдынан және жанынан қарағанда) Омыртқа жотасы біздің денеміздегі 32'33 омыртқа сүйегінен құралады, ал оған қозғалғыш қасиет беретін шеміршекті ұлпаның жұқа қабаттары – омыртқааралық дөңгелектер (диск). Омыртқа өсінділерінен түзілген өзекке жұлын орналасады. Омыртқалардың көлемдері әртүрлі. Ең ұсағы – мойын омыртқалар, ең ірісі – бел омыртқа. Бас сүйекпен қозғалмалы түрде бірігетін ең жоғарғы ауыз омыртқа «атлант» деп аталады. Тіпті ең «сыптай түзу» адамдардың да омыртқасы латынның «S» әрпіне ұқсас иіліңкіреп тұрады. Омыртқаның мұндай пішіні түзу жүруге байланысты: жүргенде не' месе жүгіргенде пайда болатын дүмпулерді жұмсартуға мүмкіндік береді. Кеуде тұсындағы омыртқаларға 12 жұп қабырға бекіген. Жоғарғы қабырғалар алдыңғы жағынан жалпақ сүйек – төспен қосылған. Осы конструкция кеуде қуысы деп аталады. Жүрек пен өкпе оның ішіне мықты сауыттағы күрделі аспап тәрізді «орап» орналастырылған. Бірақ біздің ағзамыз өте асқан шеберлікпен жаратылғандықтан, оның әрбір мүшесі бір уақытта бірнеше қызметті атқарады. Мы' салы, кеуде қуысының көмегімен біз ты' ныс аламыз. Қабырғалар омыртқаларға қозғалмалы түрде бекігендіктен, арнайы бұлшықеттер арқылы көтеріліп, түсе алады. Демді ішке тартқанда қабырға көтеріледі, кеуде қуысы кеңейеді де, өкпе созы' лып, ішіне ауа толады. Дем шығарғанда бұлшықеттер босаңсып, қабырғалар қайтадан төмен түседі. Омыртқаның төменгі, сегізкөз бөлігіне жамбас сүйектері нықтап бекіген.
Адам Жалпақтабандық – табанның жалпайып кетуінен болатын ауру. Жалпақтабандық дамып кет' пеу үшін, аяқ киім ыңғайлы, ұлтаны иілгіш әрі серпімді, өкшесінің биіктігі 2'3 см болуы тиіс. Жамбас қаңқасы (алдыңғы көрінісі) Аяқ;қол қаңқасы Адамның аяқтары өте мықты. Өйткені біз екі аяқпен жүреміз, денеміздің бүкіл салмағын аяқтар көтеруі тиіс. Егер ересек адам бар болғаны 1 км жаяу жүрсе, оның аяғына түсетін жалпы күш 80 тоннаға тең. Адамның аяқ қаңқасы 26 сүйектен тұрады. Жамбас сүйекке буын арқылы сан сүйегі жалғасады. Бұл сүйек тізе буынында асықты жілік пен жіліншіктен тұратын сирақ сүйектерімен қосылады. Сирақ сүйектері табанымызды құрап тұрған толарсақ сүйектермен, табан және башпай сүйектерімен қосылады. Табан сүйектері жүргенде және жүгіргенде жеңіл серпіліп отыратын дөңес қалыпқа келеді. Мұндай табан велосипедтің жүрісін жұмсартатын серпінді резина дөңгелек тәрізді, дененің сілкінісін азайтады. Сан омыртқаның төменгі бөлігімен тұтасқан жамбас сүйектеріне жалғасады. Жамбастың әрбір жартысы үш сүйектен тұрады. Бала кезде олар шеміршекпен бірігіп, кейін біртұтас жамбас сүйегі болып бітеді. Жамбас сүйегінің пішіні кір жуатын леген тәрізді дөңгелек. Жамбас біздің құрсағымызда орналасқан ішкі мүшелерді демеп, қорғап тұрады. Жамбастың астында саңылау бар. Әйелдер мен ер адамдардың жамбастары әртүрлі.
Дененің тірегі Жалпақтабандыққа ұшырағанда (сол жақта) табанның ойыс жері жалпайып кетеді Қолдың қаңқасы Әйелдерде ол кең әрі терең, босанып жатқанда баланың басы сыйып өтетіндей дөңгелек жиекті саңылауы да үлкен. Ал ер адамдардың жамбасы тар әрі «ұсақ», саңылауы да кішірек. Қол сүйектері бұғана мен жауырынға бекіген. Бұғана қолымызды екі жаққа созуға мүмкіндік береді, маймыл, аю, жанат сияқты аяғы епті кейбір аңдарда да бұғана бар. Арнайы айдары бар жауырынның жалпақ бетіне иықтың мықты бұлшықеттері бекиді. Қолдың қаңқасы иық сүйегінен, білектің екі сүйегінен, білезіктен, алақан сүйегінен, сондай'ақ әрқайсысында қозғалмалы бекіген үш сүйегі бар саусақ сүйектерінен тұрады. Бас бармақ өзгелеріне қарама'қарсы біткен. Адамның білезігі заттарды қатты қысып ұстауға, іс тігу, сурет салу, жазу, күрделі хирургиялық операцияларды орындау сияқты нәзік қимылдарды орындауға мүмкіндік береді.
Адам Буындар Сүйектеріміздің көбі бір'бірімен буын арқылы байланысқандықтан, біз қимыл'қозғалыс жасай ала' мыз. Дененің түрлі бөлігіндегі буындардың пішіндері де, қозғалғыштығы да әртүрлі. Сүйектердің буын түзетін бөліктері тегіс те серпімді шеміршек қабатымен жабылған, сондықтан сүйектер біріне'бірі үйкелмейді. Тірсек буыны жіліншік пен табанның сүйектерін біріктіреді. Тобық буынындағы сүйектердің бірігуі диірмен деп аталады, себебі, бірігетін екі сүйектің бастары диірменнің екі тасына ұқсайды. Буынның үстіңгі сүйегі оңға және солға аздап қана қозғала алады, ал төменгісі біршама қозғалғыш, ол жоғары' төмен де қимылдай алады. Тізе буыны ортан жілік пен асық жіліктің бастарынан түзілген. Ол буын қабына салынған топса тәрізді. Алдыңғы жағында дөңгелек келген шағын сүйек – тізе қақпағы бар. Тізе буынының басты қызметі – бүгілу мен жазылу. Шынтақ буынының құрылысы да осындай. Жамбас буыны санды жамбаспен жалғайды. Ол аяқтың ба' рынша қозғалғыш болуын қамтамасыз етеді. Иықты (қолдың Тірсек буыны Тізе буыны
Дененің тірегі
Қозғалмалы буындар буын ойысына тығылған.
Ойыстың сыртқы бөлігі сүйектердің ажырап
кетуіне жол бермейтін мықты сіңірлерден
тұрады, ал ішкі жағы синовиальді сұйықтық
бөліп шығарады. Ол үйкелісті азайтатын май
рөлін атқарады.
Жамбас буыны
жоғарғы бөлігін) кеудеге жалғайтын иық буыны да осыған ұқсас.
Жамбас буыны қақпақ кигізілген шар іспетті. Буынның мұндай
түрін шар тәрізді деп атайды.
Мойынның бірінші омыртқасы – ауыз омыртқа (атлант) –
бас сүйекпен қозғалмалы түрде жалғанған, соның арқасында
біз басымызды жоғары'төмен қозғай аламыз. Ал басымыз'
ды айналдыра бұруға атлант пен екінші мойын омыртқаның
арасындағы атлант осьті буын деп аталатын – эпистро;
фей көмектеседі. Оның бетінде тіске ұқсайтын өсінді бар,
соған балалардың оське жинайтын пирамида ойыншығының
дөңгелегіндей атлант кигізілген.
Атлант осьті буын
Адам Қозғалыстағы дене Қаңқа сүйектерін қаңқа бұлшықеттері қозғалысқа келтіреді, олардың адамның ағзасындағы саны алты жүзден асады. Қаңқа бұлшықеттері көлденең;жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, сіңірлер арқылы неме; се берік дәнекер ұлпадан тұратын байламдар арқылы сүйекке жалғанады. Біз осы бұлшықеттерімізді қалауымызша басқара аламыз. Бұлшықеттердің тағы бір тобын бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұратын ішкі мүшелердің бұлшықеттері құрайды. Олардың жұмысына біздің санамыздың бұйрығы жүрмейді. Бұлшықеттердің жұмысы Қаңқа бұлшықеттері үйлесімді түрде жиырылып, жазылу арқылы иінтірек'сүйектерді қозғалысқа келтіреді. Бұл жұмысқа бұлшықеттердің екі тобы қатысады: бүккіш және жазғыш бұлшықеттер. Мысалы, қолды шынтағынан бүккенде иықтың үстіңгі жағындағы бұлшықет жиырылып, жуандайды. Ол екі басты бұлшықет немесе бицепс деп аталады. Бицепс – бүккіш бұлшықет. Иықтың астыңғы жағындағы бұлшықет үш басты немесе трицепс деп атала' ды. Трицепс – жазғыш бұлшықет. Әдетте бицепс жиырылғанда, три' Бицепс (бүккіш) пен трицепс (жазғыш) бұлшықеттерінің үйлесімді жұмысы
Қозғалыстағы дене Адамның денесіндегі ең үлкен бұлшықет – бөксе бұлшықеті. Ал ең күштісі – жақ сүйектердікі, біз сонымен тамақ шайнаймыз. Бұл бұлшықеттер 72 кг дейін күш түсіре алады! Адамға тән сезімдердің алуан түрлері Л.Л. Буальидің «Бет=бейнелер» литографиясында көрініс тапқан. 1823 ж. цепс босаңсиды. Бірақ олар бір мезгілде де жұмыс істей алады, мы' салы, гантель ұстаған қолымызды алға созып тұрғанда. Бет терісінің астында 80'ге жуық шағын бұлшықеттер орналасқан, оларды мимикалық деп атайды. Ымдау (мимика) біздің сөйлемей' ақ қарым'қатынас жасауымызға, түсінісуімізге көмектеседі. Адамның көңіл'күйі мен хал'ахуалы бет'жүзінен көрінеді. Қуаныш немесе айналаға деген сүйіспеншілік жымиюдан байқалады. Бет' ке күлкі ойнап шығу үшін, 17 бұлшықет жұмыс істеуі тиіс. Кейбіреуі езулерді тартыңқырайды не сәл көтереді, тағы біреулері көзді сәл сығырайтады, сол себептен көздің қиығында тартымды «нұр» пай' да болады. Айтпақшы, қабақты түю үшін 43 бұлшықетке күш түсіру қажет. Ендеше жымиған әлдеқайда жақсы екен. Жануарлардың да көпшілігі мимикаға өте бай, алайда жануарлар әлемінің жымия білетін жалғыз өкілі шимпанзе ғана.
Адам Жылдамдық, төзімділік, күш Тіршілік иелерінің қозғалыс жылдамдығы сияқты қасиеті сол қозғалысқа жауапты бұлшықеттерінің қалай жылдам жи' ырылып, жазыла алатынына байланысты. Планетадағы ең жүйрік сүтқоректі – қабылан. Олжасын қуып жету үшін ол сағатына 120 км жылдамдықпен жүгіре алады – бұл автокөліктің жылдамдығына барабар деген сөз. Әрине, адамның қолынан бұл келмейді, ең жүйрік желаяқтың өзі сағатына 36 км жылдамдықпен ғана жүгіреді. Қозғалыс жылдамдығы – көп ретте тұқым қуалайтын қасиет, бірақ оны жеңіл атлетика, фут' бол, хоккей, семсерлесу сияқты спорттың белсенді түрлерімен шұғылдану арқылы дамытуға болады. Шығыс жекпе'жектерімен шұғылданғанда да жылдамдықтың арнайы жаттығулары бола' ды. Жұмысты ұзақ уақыт орындай алу қабылеті төзімділік деп аталады. Ең алыс қашықтыққа жүгіретін марафоншылар Марафон мәреге жеткенде үшін бұл қасиет өте маңызды. Ежелгі грек аңызында Фидиппид атты жауын' гер біздің дәуірімізге дейінгі 490 жылы Марафон түбіндегі шайқастан кейін, гректердің жеңгенін сүйіншілеу үшін Ма' рафоннан Афиныға дейін 42 шақырым бойы тоқтамастан жүгіріп жеткені айты' лады. Ол: «Қуаныңдар, афинылықтар, біз жеңдік!» деген сөзді ғана айтып үлгеріп, құлап түседі де, көз жұмады. Қазіргі ма' рафоншылар бұл қашықтықты 2 сағаттан сәл астам уақыт ішінде жүгіріп өтеді! Планетаның ең күшті адамы кім болғаны белгісіз, өйткені әр халықтың өзінің даңқты батырлары болған ғой. Мысалы, ежелгі гректер кереметтей 12
Қозғалыстағы дене
Адамның ең жылдам бұлшықеттері – үстіңгі
қабақты көтеріп'түсіріп тұратын бұлшықеттер
екені белгілі: олар секундына 5 рет жиырыла
алады, соның арқасында көзді әртүрлі қауіп'
қатерден қорғап тұрады.
Культуристер
жарысында
ерлік жасаған Гераклды осындай адам деп санайды.
Оны алғашқы ерлігі терісін жебе де, найза да тесе алмай'
тын қаһарлы Немей арыстанымен жекпе'жегі болыпты. Ге;
ракл оны бәрібір жеңіп шыққан! Бір қызығы, аңызға айналған
Гераклдың ерлігін 1907 жылы украин батыры Терентий Корень
қайталапты, Чикаго қаласындағы цирк ойыны кезінде тордан
шығып кеткен арыстан оған тап береді. Бұл жолғы шайқаста да
адам жеңіп шығады! Қазіргі ауыр атлет батырлар өз салмағынан
екі еседен артық салмақтарды көтере алады.
Табиғат әркімге мықты бұлшықет сыйлай бермейді, бірақ ар'
найы жаттығулар арқылы бұлшықетті
нығайтып,
дамытып,
біршама
сым'
батты
етуге
болады.
Бодибилдинг
(ағылшынның «дене» және «сомдау»
деген
мағынадағы
сөздері)
деген
спорттың ерекше түрі де бар. Ресей'
де оны культуризм деп атайды. Жа'
рыс кезінде спортшылар (қатарында
әйелдер де бар) әртүрлі ұтымды қалыпта
тұрып, бұлшықет өсірудегі жетістіктеріне
қазылар алқасы мен көрермендерді
таңғалдыруға
тырысады.
Алай'
да, бұлшықеттерді арнайы тағамдық
қоспалар ішу арқылы өсіру денсаулыққа
өте зиянды екенін дәрігерлер ескертеді.
Адам Біз қалай тыныс аламыз Адамдар тіршілік үшін өте маңызды әлдебір нәрсені сөз ет; кенде «ауадай қажет» дегенді жиі айтады. Шынында да, ауа болма; са адам 5 минут ішінде өліп кетеді. Ауа – әртүрлі газдардың қоспасы, оның құрамында бізге қажет от; тек те бар. Ағзамыздың барлық бөліктерінің жұмыс істеуі үшін әрдайым энергия керек қой. Үлкен қалада энергияны мұнай немесе Адамның тыныс алу жүйесі көмір отыны жағылатын электрстанцияларда жасап шығарады. Біздің ағзамыз оттектің көмегімен майлар; ды және көмірсуларды жағу арқылы энергия бөледі. Бұл отынды біз күнделікті астан аламыз, ал оттек; ті – қаңқа, кеңірдек, көмекей, бронхы және өкпеден тұратын тыныс алу жүйесінің көмегімен ауадан ала; мыз. Өкпенің жұмысы ауыр Кәне, ауаның адам денесінің ішімен қалай саяхат жасайты' нын бақылап көрейікші. Ауа мұрыннан аңқаға (ауаны ағзаның ішкі жағына өткізетін арна), содан кейін жарты сақина тәрізді серпімді шеміршек қорғап тұратын ұзын түтік – кеңірдекке, сол арқылы өкпеге жетеді. Ауаның кеңірдекке өтуіне көмекей көмектеседі (ол ауа жолына тағамның түсіп кетуінен қорғайды). Кеңірдектің төменгі жағы екі тармаққа ' оң және сол жақ бронхыларға бөлінеді де, брон; хылар өкпенің өзіне сәйкес бөлігіне барады. Осы үлкен тармақты түтіктерден ағаштікі сияқты кішірек бұтақтар, олардан кейін мүлде
Біз қалай тыныс аламыз Біз бір рет қана тыныс алған кезде ішімізге жар' ты литр ауаны енгіземіз. Ал адамның күні бойы жұтатын ауасымен ауа шарының бірнеше мыңын үрлеп толтыруға болар еді! Дем алу мен дем шығару (қабырғалар мен көкеттің қозғалысы) ұсақтары тарайды. Әрбір тармақ өкпе көпіршіктерінің (альвеола) шоғырымен аяқталады, көпіршіктердің ең ұсақтары микроскоппен ғана көрінеді. Осы қуыс көпіршіктерден өкпе түзіледі. Қан жүретін капиллярдың қалың торлары басқан альвеола қабырғалары арқылы оттек қанға түседі де, бүкіл денеге таралып кетеді. Тыныс алғанда өкпеміздің көлемі біресе ұлғаяды (дем алу), біресе кішірейеді (дем шығару). Бұл тыныс алу қимылдары қабырғаларды, көкетті (диафрагма) көтеретін тыныс алу бұлшықеттерінің көмегімен жүзеге асады. Көкет – кеуде қуысы мен құрсақ қуысының арасындағы жұқа бұлшықетті перде. Ол біресе тегістеліп, біресе күмбездене көтеріле алады. Дем алғанда тыныс алу бұлшықеттері қабырғаны көтереді, ал көкет төмен түседі. Өкпенің көлемі ұлғайып, ауаға то' лады. Дем шығарғанда қабырғалар төмен түсіп, көкет көтеріледі де, өкпеден ауаны қысып шығарады.
Адам
Мұрынмен демалыңдар!
Мұрын біздің тыныс алуымызға көмектесіп қана қоймайды –
ауаны шаңнан тазартады әрі ауру тудыратын бактерияларды
ұстап қалады. Сондықтан мұрын қуысы – ауаның сүзгісі. Мұрын
қуысының қабырғаларын шырышты эпителий жапқан, оның жа'
сушаларында өте ұсақ, қозғалмалы өскіндер – кірпікшелер бар.
Шаң мен микробтарды солар ұстап қалады. Ауа мұрында таза'
румен бірге жылынады да. Сондықтан ауызбен емес, мұрынмен
тыныс алған дұрыс, әсіресе күн салқында. Егер мұрын қуысына
шаң көп жиналып қалып, мұрынның шырышты қабығын
тітіркендіретін әлдебір затты ауамен ішке тартып қойсақ, шұғыл
рефлекторлы дем шығару – түшкіру арқылы одан арыламыз.
Біз тамақты жұтқан кезде, кесегі абайсызда тыныс жолы'
на түсіп кетпеу үшін, арнайы шеміршек – бөбешік – автоматты
түрде төмен түсіп, кеңірдектің жолын жауып тастайды. Бірақ
кейде түсіп те кетеді, сонда қорғаныс механизмі – жөтел пайда
болады. Ол өкпені ауаға толтыратын терең дем алудан баста'
лып, кеуде қуысындағы бұлшықеттер мен көкетті жиырылуға
Мұрын қуысының
құрылысы
Дыбыс сіңірлері мен
дыбыс саңылауы
Біз қалай тыныс аламыз
Мұрынның ішкі қабырғалары арнайы сұйықтықпен
майланған. Адамның дені сау кезде ол өте аз бо'
лады. Ал егер суық тисе сұйықтық бірнеше есе
көбейіп, тымау пайда болады.
және өкпенің ішіндегі ауаны қысып шығаруға мәжбүрлейді.
Осыған дейін жабық тұрған бөбешік кенет ашылып,
қысыммен келген ауа тез шығады да, бөтен денені де ала кетеді.
Адамның керемет ерекшелігі – сөйлеу қабілеті тыныс алу
жүйесімен байланысты. Сөйлей білу ең алдымен миға, ойлау
қабілетіне тәуелді. Алайда, біз көмекейдегі дыбыс саңылауымен
бөлінген, бұлшықет және дәнекер ұлпаларынан тұратын ды'
быс сіңірлерінің арқасында дыбыс шығара аламыз. Біз үнсіз
тұрғанда дыбыс сіңірлері босаңсиды. Ал сөйлеген кезде жиы'
рылып, бүріседі де, сыртқа шыққан ауаның әсерімен тербеле ба'
стайды. Дыбыс сіңірлері адамның айқайлағанын «ұнатпайды».
Бұл кезде олар бір'біріне үйкеліп, зақымданады.
Бір адамның дауысы екінші адамдыкіне ұқсамайтыны
неліктен? Дыбыстың пайда болуына дыбыс сіңірлері ғана емес,
ауыз қуысы, мұрын мен жұтқыншақ, тіл мен тістер де қатысады.
Сүт тістері түсіп қалған балалардың сақау сөйлейтін себебі сол.
Дауыстың жіңішкелігі дыбыс сіңірлерінің ұзындығына байланы'
сты. Әйелдерде ол ер адамдардыкінен қысқалау, сондықтан
әйелдің дауысы жіңішке. Балалардың дыбыс сіңірлері мен
көмекейі ересектердікінен кішкентай. Бірақ 10'12 жаста олар
қарқынды өсе бастайды да, жасөспірімнің дауысы жуандап,
біраз уақыттан кейін ересектердікіндей болады.
Адам Эритроциты (слева) и лейкоциты (справа) Қан айналым жүйесі Адамдар денеміздегі ағып жатқан қызыл сұйықтық қанның – тіршілігі үшін өте маңызды екенін ежелден біліп, оның ғажайып қасиеттері бар деп санаған. Мы; салы, қанмен бекітілген серт бұзылмастай болған, ал қандарын араластырған адамдар бір;бірімен туыстас болып кеткен. Қан – біздің ағзамыздың тасымалдау жүйесі, қоректендірушісі әрі қорғаушысы. Ол ұлпалар мен мүшелерге қан тамырлары арқылы түседі, ал оның үздіксіз айналып тұруын жүрек қамтамасыз етеді. Қан жасушалары Қан плазмасында қоректік заттар бар, солармен ұлпаларды және мүшелерді қамтамасыз етіп, олардан қажетсіз, тіпті зиян' ды заттарды – қалдықтарды алып кетеді. Қанға қызыл түс беретін қызыл қан түйіршіктері немесе эритроциттер. Қанның бір там' шысында олардың бірнеше миллионы бар! Басты міндеттері – от' тек тасымалдау. Құрамында темірі бар гемоглобин деген пигмент эритроциттерді толтырып тұрады, олардың оттекті тез қосып ала' тын және беретін қабілеті бар. Баға жетпес орынды зая қылмау үшін, эритроциттердің ішінде ешқандай артық құрылым, тіпті ядро да жоқ.
Қан айналым жүйесі Қан құю көп адамның өмірін құтқарып қалады, дәрігерлер оны басқа адамдардан – донорлардан алады. Ересек адамның денесінде 5 литрге жуық қан бар, оның жартысын жоғалтудың өзі өлімге соқтыруы мүмкін. Тромбоциттер қан тамырын «жөндейді» Ақ қан түйіршіктері немесе лейкоциттер жасуша құрылым жағынан алуан түрлі. Олардың басты қызметі – қорғаныс. Лейкоциттердің ядролары бар әрі пішіндерін өзгерте алады. Кейбір түрлері қан ағысымен баяу жылжып қана қоймай өз бетінше де қозғала алады. Қан ағысынан тыс қалып, ұлпаның жасушалар арасы' на – ауру тудыратын микробтар пайда болған қауіп'қатер ошағына жетіп барады. Көптеген ауру түрлерінде қандағы лейкоциттер мөлшері күрт өсіп кетеді, қанның талдауы мұны бірден көрсетеді. Қан пластиналары немесе тромбо; циттер – қанда айналып жүретін ядро' сыз ұсақ жасушалар. Олар жілік майының алып жасушалары – мегакариоциттердің бөлшектері. Тамырдың зақымданған жеріне жиналған тромбоциттер қалың тор құрап, қанның өзге жасушалары соған шырмалып қалады. Көп ұзамай сол жерде тығыз ұйыған қан пайда болып, зақымданған тамырды бітейді де, қан ағуын тоқтатады. Тромбо' циттер болмаса, кішкентай сызаттың өзі көп қанның жоғалуына ұшыратар еді.
Адам
Егу арқылы
шешекті, күлді,
полиомиелитті
және бірқатар
қауіпті
ауруларды
жеңудің сәті
түскен.
Қан және иммунитет
Айналамызда қауіпті микробтар мен вирустар өте көп,
бірақ біз кейде ғана сырқаттанамыз. Ағзаның иммундық
жүйесі бізді олардың басып кіруінен қорғайды. Инфекцияның
жолындағы бірінші кедергі – денеміздің жамылғы қабаты, ал
егер ауру тудыратын бактериялар мен вирустар ішке еніп кет'
се, олармен күреске лейкоциттер кіріседі. Кейбіреуі микробтар'
ды тікелей жұтып та алады. Бұл шайқас үнемі лейкоциттердің
жеңісімен аяқтала бермейді. Қатты инфекция түскен жарадан
бөлініп шығатын сары ірің – өлген лейкоциттердің жиынтығы.
Басқа лейкоциттер ағзаны бактериялар мен вирустардан
қорғайтын заттарды – антиденелерді бөліп шығарады. Ауру
қоздырғышының әрбір түрімен күресуге соған лайық антитела
қажет, оларды жасау үшін ағзаға белгілі бір уақыт керек. Сол се'
бептен, қызылшамен ауырған адам 2 аптадан кейін ғана жазы'
лады. Есесіне қызылшамен қайталап ауырмайтын болады: оның
қанында қызылшаның қоздырғышына қарсы антидене пайда
болған, енді тұрақты (өмір бойы) соған қарсы имунитеті бар.
Қан айналым жүйесі ЖИТС (СПИД), жұқтырылған имунитет тапшылық синдромы – 1981 жылы алғаш рет байқалған аса қауіпті аурулардың бірі. Әзірге оны емдейтін тиімді дәрі табылған жоқ. ЖИТС иммунитетті бұзатын ви' рус тудырады. Аллергия көктемде күшейеді Екпе жасалған адамдарда имуни' тет қалыптасады. Екпені (вакцинация) XVІІІ ғ. ағылшын дәрігері Дженнер ойлап тапқан. Ол заманда шешек деген қауіпті ауру қатты күшейіп тұрған. Сиырда бо' латын, адамға қауіпсіз шешектің түрімен ауырған сауыншылардың қайталап ау' ырмайтынын Дженнер байқап қалады. Сонда дәрігер адамдарды нағыз ше' шектен құтқару үшін сиыр шешегін жа' санды түрде жұқтыруды ұсынған. Бұл ауруларды тудыратын вирустар өте ұқсас болып шықты. Сиыр шешегін оңай жеңіп шыққан ағза нағыз шешектің қоздырғыштарын жеңетін антиденелерді бөліп шығаруды үйренеді. Адамға қауіпті аурудың әлсіретілген қоздырғышын ексе, осындай нәтижеге жетуге болады. Кейде иммундық жүйеде ауытқу болады да, ол зиянсыз ақуыздарды (мысалы, өсімдік тозаңында болатын) қауіпті ми' кробтар деп қабылдай бастайды. Бұл кезде адамда көптеген аурулардың: тымау, шырышты қабықтың қабынуы, дене қызуының көтерілуі басталғанындағы сияқты белгілі бір көрініс береді. Бұл құбылыс аллергия деп аталады.
Адам Адамның қан айналым жүйесі Қан тамырлары Қан тамырлары – серпінді түтікшелер, олардың қабырғаларында тегіс бұлшықет қабаты бар, ағзаға қанның келуін реттеп, саңылауын ұлғайтады немесе кішірейтеді. Жүректен шыққан қан ағатын тамырлар артерия деп ата' лады. Артериялар кішірек тамырларға (артериолдар) және мүлде ұсақ тамырларға – капиллярға бөлінеді. Қабырғалары жасушалардың жалғыз қабатынан тұратын капил' лярларда газ алмасу жүреді. Өкпе көпіршіктерінде эритроциттер оттекке қанығып, көмірқышқыл газын береді, ал өзге мүшелерде керісінше оттекті беріп, көмірқышқыл газын алады. Қан мүшелерден жүрекке қантамырлар арқылы оралады. Қантамырлар жіңішке капиллярлармен басталып, жүрекке жақындағанда жуандай түседі. Сызба суретте артерияларды қызыл, веналар' ды – көк түспен бейнелейді. Артерияларды өзі қанмен қамтамасыз ететін мүшелері бойынша атайды: бүйрек артериясы, иық артериясы және басқалары бар. Ең үлкен артерия жүректен шығады, ол – қолқа, оның қалыңдығы 3 см жуық. Ірі артериялар' да қан елеулі дәрежедегі қысыммен тұрады. Егер артерия зақымданса, жарадан аққан қан субұрқақ тәрізді атқылайды, бұл көп қан жоғалту қаупін тудырады. Артериялардың дене
Қан айналым жүйесі
Капиллярлардың ұзындығы 1 мм'ден аз, олар
өрмекші торынан да жіңішке, ал егер барлық капил'
лярларды бір қатарға тізсе, пайда болған жіппен
жершарын екі жарым рет орап шығуға болады!
Қан қысымын
өлшеу
бұлшықетінің тереңінде жататыны сол, ол жерде қауіп аздау.
Көптеген веналар артериялар сияқты емес, тереңде
орналаспаған, оларды көруге болады, мысалы терінің астында,
аяқ'қолдарда көгілдір жіптер тартылғандай – вена деген осы'
лар. Артерия бойымен қанды жүрек итереді, ал оны, айталық,
аяқта қалып қоймай кері қарай қозғалуға мәжбүр ететін не?
Веналарда арнайы қақпақшалар бар. Қақпақшалар – қанды
бір ғана бағытқа – жүрекке қарай жіберіп тұратын «есіктер».
Екі қақпақшаның арасындағы кеңістік қанға толғанда, төменгі
қақпақтар жабылады. Тегіс бұлшықеттер венаның осы бөлігін
қысады да қанды жоғары көтеріп шығарады.
Жүректің жиырылуы қанды артерияға
айдайды, қан тамырдың қабырғаларын
кернейді. Бұл қысым әсіресе жүректен
шыққан қолқада жоғары, ал жүректен
алыстаған
сайын
әлсірей
береді.
Адамның қал'жағдайы қан қысымына
қатты тәуелді: қысым талапқа сай бол'
маса, науқастанады немесе басы ай'
налады. Қан қысымының жоғарылығы
(гипертония) өте қауіпті аурулардың
белгісі болуы мүмкін. Қан қысымының
шамасын тонометр деп аталатын ар'
найы медициналық аспаптың көмегімен
өлшейді.
Адам Жүрек ырғақты басқарушы деп аталатын синустық түйінді жұмыс істетеді. Бұл ерекше бұлшықет жасушаларының ұсақ шоғыры, онда ырғақты электр импульстері пайда болады да, жүрек бұлшықетінің жиырылуын тудырады. Жүректің көлемі – иесінің жұдырығындай Қажымайтын еңбекқор Қанды тамырларға айдаудан талмай' тын бірден бір мүше ол – жүрек. Бұл ең маңызды мүшелердің бірі, өйткені жүрек бірнеше минутқа ғана тоқтаса, адам өліп қалады. Жүрек кеуде қуысының орта' сына қарай орналасқан. Қолды кеудеге қойғанда оның соғысын сезуге болады. Жүректің қабырғалары қалыңдығы бір елі болатын ерекше бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жүректің іші қуыс әрі оң және сол жақ жартыға бөлетін тұтас қалқамен жабылған. Әрбір жартысы екі «бөлмеден» тұрады: төменгі жағында қарынша, үстінде – жүрекше. Бұл бөлмелер «көршілес»: олар өзара арнайы қақпақшалар (клапан) арқылы қатынасады. Клапандар қанның белгілі бір бағытта ғана ағуы үшін қажет. Венадағы қан жүрекшеге түседі, ол жиырылып, қарыншаға итереді. Жүрекшелер мен қарыншалардың арасындағы кла' пандар жабылып қалған кезде қарыншалардың жиырылу кезегі келеді, қанның артерияға қарай ағудан басқа жолы қалмайды. Оң жақ қарыншадан қан өкпеге қарай ағады, оттекке қанығып, оң жақ жүрекшеге қайтып оралады, бұл кіші қан айналым
Қан айналым жүйесі
Білезіктің
ішкі жағынан
ұстап көру
арқылы
тамыр
соғысын
өлшеуге
болады.
шеңбері.
Сол жақ қарыншадан оттекке қаныққан қан бүкіл денеге та'
ралып, оң жақ жүрекшеге оралады, бұл үлкен қан айналым
шеңбері. 70 жыл ішінде жүрек 2,5 млрд. астам рет жиырылып,
шамамен 156 млн. литр қанды айдайтыны есептелген! Жүрек
бұлшықеті осы орасан жүктемеге төзетін себебі, ол босаңси
біледі: жиырылған кезде ғана жұмыс істеп, басқа уақытта дема'
лады.
Қан бүйректен үлкен күшпен қысылып шығатындықтан, та'
мырлар ырғақты түрде кеңейіп, өне бойына толқын түрінде та'
райды, бұл тамыр соғысы (пульс) деп аталады. Жүрек неғұрлым
жиі жиырылса, пульс те жылдамырақ болады. Дәрігерлер
пациенттің жағдайын анықтау үшін тамыр соғысын өлшейді.
Дені сау ересек адамның қалыпты тамыр соғысы – минуты'
на 60'80 рет, ал кішкентай балаларда одан көбірек. Белсенді
қозғалыс кезінде, денеге көп күш түскенде немесе адам
бірдеңеге қобалжыса, тамыр соғысы минутына 200 ретке дейін
жиілейді, ал ұйықтаған кезде азаяды.
Адам
Хабар жеткізу
Адамның денесінде ерекше заттарды – гормондарды бөліп
шығаратын бірнеше бездер бар (оларды эндокриндік деп
атайды). Гормондар бездерден дереу қанға түседі де, соның
ағысымен ағзаға жылдам таралады. Олар көптеген мүшелерге
және олардың тұтас жүйелеріне әсер етіп, жұмыс режимдерін
өзгертеді.
Ашу мен қорқыныш гормоны деп аталатын адреналин гор'
монын бүйрекүсті бездерінің қыртыстық заты бөліп шығарады.
Адреналиннің әрекеті бәрімізге де жақсы таныс. Бір нәрседен
шошынған, ашу, ыза және басқа күшті сезімдерді бастан кеш'
кен адамның тыныс алуы мен жүрек қағысы жиілеп, қан қысымы
жоғарылайды. Ал қан плазмасында бұл сәтте жасушалардың
алатын негізгі қуат көзі – қанттың құрамы күрт артып кетеді.
Осының бәрі адреналин әсерінің көріністері. Іс жүзінде қауіпті
жағдайларда бұл гормон ағзаның қосалқы күш'қуатын қас'
қағым сәтте іске қосады. Сол'ақ екен біз не істеу керектігін
шешеміз – бір жағымызға ыршып түсу, зыта жөнелу немесе
шабуылға тойтарыс беру. Бірақ біздің ағзамыз бұл әрекеттерге
дайындалып үлгереді.
Қанына
адреналин
түскенде
пайда
болатын
сезімнен
көп адам
рахат күйге
бөленеді
Қан айналым жүйесі Бойы ең ұзын адам 1881 жылы дүниеге келген Виктор Махнов, оның бойы 275 см болыпты. Ал ең кішкентай адам ХІХ ғ. өмір сүрген әйел Полина Мастере – бойы 59 см ғана. Мүсіндей нәзік әрі биязы бұл қыз циркте өнер көрсетіпті. Гормон тапшылығының нәтижесі Ең маңызды эндокриндік без – ги; пофиз мида орналасқан. Гипофиздің көлемі бұршақтай ғана, бірақ осы кішкентай без өзі бөліп шығаратын гормондар арқылы өзге эндокрин бездерінің барлығының жұмысын басқарады: оны эндокриндік жүйенің «дирижёрі» деп тегін атамаған. Гипофиздің тағы бір маңыздылығы, онда өсу гормоны түзіледі. Ол адам туа салы' сымен ағзаның барлық жасушалары мен ұлпаларының өсуі мен дамуына ықпал етеді. Егер өсу гормоны тым көп бөлінсе, бала алып денелі болып өседі, тым аз бөлінсе, ергежейлі болып қалады. Қазіргі уақытта дәрігерлер өсудегі ауытқушылықпен күресу әдісін тапқан. Мысалы, өсу гормоны тапшы болғанда балаға жа' санды гормон енгізеді де, бала құрбылары өсуі жағынан қуып жетеді. Ұйқы безінің бөліктерінің арасына көп мөлшердегі жасуша топтары – Лангерганс аралшалары қосылған. Олар көмірсу алмасуға әсер ететін инсулин мен глюкагон гормондарын бөліп шығарады: глюкагон қандағы қант деңгейін көтереді, ал инсулин төмендетеді. Инсулин жетіспеушілігінен қант диабеті деген ауыр науқас пайда болады.
Адам
Бауырдың
қызметтері әртүрлі:
ол асқорытуға,
зәр шығаруға
қатысады, онда
көмірсулар қоры да
сақталады
Қанды тазалау
Біздің ағзамыз жұмыс істегенде көптеген керексіз, кей'
де тіпті зиянды қалдықтар пайда болады. Оның үстіне,
ағзамыздың ішкі ортасына тұрақтылық тән: мысалы, қанда
судың және суда еріген тұздардың, қанттың, басқа да
заттардың мөлшері белгілі бір деңгейде болуы тиіс. Қан
құрамының тазалығы мен тұрақтылығын ерекше сүзгілер
жүйесі – ағзаның зәр шығару жүйесі қадағалайды. Ол жүйе
жұмыс істеу үшін біз су ішіп, су қорын үнемі толықтырып оты'
руымыз керек. Бізге тәулігіне шамамен 2,5 л сұйықтық қажет.
Ағзаның ең басты сүзгілерінің бірі – бауыр. Қоректік
заттарға байыған қан асқазан, ішек және кейбір басқа
мүшелердің капиллярларынан қақпа венасына жинала'
ды да, сол арқылы бауырға барады. Бұл жерде қақпа венасы
капиллярлар торына (синусоидтар) ыдырайды. Бауыр жасу'
шалары қаннан әртүрлі зиянды заттарды, қызметін атқарып
болған соң бұзылған эртроциттерді, микробтарды бөліп ала'
ды. Содан кейін олардың кейбіреуі ағзадан өттің құрамында
шығарылады, тағы біреулері заласыздандырылады, өзгелері
бауырдың арнайы жасушаларында уақытша жинақталады.
Қан осындай өңдеуден өткен соң ғана жүрекке бағыт алады.
Қан айналым жүйесі
Біздің бүкіл қанымыз бір тәулік ішінде бүйрек арқылы
шамамен 400 рет сүзгіден өтеді. Бұл кішкентай
мүшелердің орнын басу үшін, ғалымдар көлемі
шкафпен бірдей өте үлкен «жасанды бүйрек» аппа'
ратын жасады.
Бүйректің ішкі
құрылысы
бөлігін алып, оларды қасынан өтетін қан тамырларына береді.
Түтікшелерде қалдықтарға толы нағыз зәр ғана қалады. Зәр
бүйрек астауларына жиналып, несепағарлар арқылы қуыққа
қарай ағады.
Қуыққа шамамен 0,5 л сұйықтық сыяды. Қуықтың жұқа
қабырғалары бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуыққа зәр толған
кезде қабырғаларына қысым түседі де, миға белгі беріледі,
сонда біз әжетханаға бару керектігін түсінеміз. Қуықтың
қабырғалары жиырылады да, зәрді сыртқа шығарады.
Біздің ағзамыздың тағы бір маңызды
сүзгісі – қанды артық мөлшердегі
тұздардан
тазалайтын
бүйректер
жұбы. Олар белдің тұсында орналасқан.
Бүйректің ең басты сүзгілік құрылымы
нефрон деп аталады. Олардың саны
әр бүйректе 1 млн.! Нефрон өзіне
жалғасқан қан тамыршасынан ішінде
әртүрлі еріген заттары бар сұйықтықты
бірінші сүзіп алады. Бұл сұйықтық
алғашқы зәр деп аталады. Алғашқы
зәр бүйрек түтікшелеріне жиналады.
Оның қабырғалары алғашқы зәрден
пайдалы заттардың бәрін, судың басым
Адам
Мен ас ішкенде...
Өмір сүру үшін біз ас ішуіміз керек. Тамақтың
құрамындағы май, ақуыз және көмірсулар фермент
деп аталатын әсерімен арнайы заттардың неғұрлым
қарапайым заттарға айналады да, қанға сіңеді. Ағза
дененің өсуі мен жаңаруына арналған «құрылыс мате;
риалын» және өмір сүруге қажетті энергияны осылай
алады. Тамақты өңдеудің бұл күрделі үдерісі асқорыту
деп аталады, асқорыту жүйесінде жүзеге асады.
Асқорыту жүйесі
Ауыз қуысы
Асқорыту жүйесі ауыз қуысынан
басталады. Мұнда тағам алдын ала
өңдеуден
өтеді:
тістердің
көмегімен
ұсақталады және үш жұп сілекей бездері
бөліп
шығаратын
арнайы
сұйықтық–
сілекеймен
шыланады.
Сілекейде
көмірсуларды ыдырататын заттар бар.
Сондықтан да бір үзім нанды ұзақ уақыт
шайнаса, дәмі тәтті болып кетеді: крахмал
қантқа айналады. Тіл тағамды араласты'
рады, содан кейін өңешке қарай итереді.
Сәбилердің алғашқы сүт тістері бірінен
соң бірі жарып шығады, ал 6'12 жаста олар
түсіп қалады да, орнына одан да мықты
тұрақты тістер шығады. Адамда 32 тіс
бар: үстіңгі және астыңғы жақ сүйектердің
әрқайсысында
тістен
орналасқан.
Әрбір тістің айналасы жақ сүйектің жиегін
жапқан қызыл иекпен қоршалған.
Мен тамақ жегенде...
Сүтқоректілерде ғана ерін бар, адам да сүтқоректіге
жатады. Аңдардың балалары да, жас сәбилер де
ана сүтімен қоректенеді. Еріннің басты қызметі –
қоректену.
Тістің шағын бөлігі – тіс сауыты ғана қызыл иектің сыртына
шығып тұрады, ал тіс түбірі жақ сүйектің терең ойығында – аль'
веолда жатады. Тіс дентин деген берік заттан тұрады, беткі
жағын ақ кіреуке ' эмаль (бұл біздің денеміздегі ең берік зат)
қабаты жапқан. Тістің қан тамырлары мен жүйкелері орналасқан
ішкі бөлігі пульпа деп аталады. Егер эмаль бұзылып, пульпа
қорғанышсыз қалса, тіс ауыра бастайды.
Адамның тістерінің пішіні әртүрлі. Алдыңғы жақта ұштары
аздап өткірленген күрек тістер тұрады. Күрек тістер қаттылау
тағамды қайшымен қиғандай бөліп алады. Сойдақ тістер күрек
тістерден кейін орналасқан. Қатты етті жұлып жеу үшін біздің
Тістің
құрылысы
бабаларымызға ірі де өткір сойдақ тістер
қажет болған, ал жұмсағырақ тамақпен
қоректенетін
қазіргі
адамда
олардың
пішіні жағынан күрек тістерден көп айыр'
масы жоқ. Ауыз қуысының артқы бөлігінде
жалпақ, үстіңгі жағы аздап бұдырлау кел'
ген азу тістер бар. Олар диірмен та'
старындай жұмыс істеп, үзіп алынған
кесекті ұсақтап, қоймалжыңға айналды'
рады. Адам отыз'қырық жасқа келгенде
ауыздың ең түбінен, азу тістерден әрі ақыл
тістер де шығады.
Адам
Тағамның асқазаннан ішекке ауысуы
Асқазан және ішек
Шайналып, сілекеймен шыланған тағамды біз жұтамыз да,
ол ұзындығы шамамен 25 см серпінді түтікке – өңешке бара'
ды. Өңештің қабырғаларында жалпақ бұлшықеттер бар, олар
ырғақты түрде бір жиырылып, бір босап, тағамды асқазанға
жылжытады.
Асқазан қарынның жоғарғы бөлігінде сол жақта, қабырғалар
бітер жерде орналасқан. Бұл бұлшықетті қабырғалары бар
шағын қапшық. Оның ішкі қабығында асқазан сөлін бөліп
шығаратын бездер бар, сөлдің құрамына тұз қышқылы кіреді.
Бұл сөл еттің, нанның, көкөністің, тәттілердің құрамында бола'
тын қоректік заттарды қорыта алады. Ал жұмыс жылдам жүру
үшін асқазанның қабырғалары сығылып, қайта кеңейіп, қоректік
массаны қарқынды түрде араластырып отырады. Асқазан өзі
қорыта алмаған нәрселердің бәрін аз'аздан әрі қарай – ішекке
жылжытып жібереді.
Асқорыту жүйесінің аса маңызды мүшесі – бауыр. Бауыр
майлы тағамды қорытуға қажетті ферменттері бар сұйықтық'
ты – өтті жасап шығарады. Бауыр тәулігіне 1 литрдей өт бөледі,
ол тамақ ішу арасындағы үзілістерде өт қабында сақталып
тұрып, қажет болған кезде ішекке түседі. Ұйқы безі асқорыту
Мен тамақ жегенде...
Ішектің ішіне сіңіргіш эпителий төселген, оның жа'
сушаларын көптеген түктер жауып тұрады. Егер
сол түктердің барлығын тегістеп жайса, ішектің
«жұмысшы» бетінің жалпы ауданы теннис кортына тең
болып шығар еді!
Ұйқы безі
Ішектің ішкі
қабырғасының құрылысы
сөлін бөліп шығарады, ол сөл асқазандағы қышқылды залал'
сыздандырады, оның құрамында асқорыту ферменттері көп бо'
лады.
Аш ішектің он екі елі ішегіне қарай оған жол ашылады.
Шала қорытылған тағам асқазаннан шұбатыла оратылған
түтікке – ішекке түседі. Адамда оның ұзындығы 6'8 м. Ішек
негізгі екі бөліктен – аш ішек пен тоқ ішектен тұрады. Аш
ішекте өттің, ұйқы безі сөлінің және ішектің өз сөлінің көмегімен
асқорыту аяқталады. Қоректік заттар қанға сіңеді, ал жарамсыз
қалдықтардың бәрі тоқ ішекке келіп түседі. Оның қабырғалары
қалдықтағы суды сіңіріп алып, нәжісті қалдырады. Нәжіс аналь
тесігі деп аталатын арнайы саңылау арқылы ағзадан сыртқа
шығады.
Адам
Бұл өнімдерде
нәруыздар көп
Біздің жейтіндеріміз
Адамның денсаулығы тамақтану мәселесімен тығыз бай'
ланысты. Неміс философы Людвиг Фейербах бірде: «Адам
не жесе, өзі де сондай» деп тегін айтпаған. Адамға қарынын
ашырудың да, артық тамақтанудың да зияны бірдей. Аштық
жүдетіп'жадатып, әлсіретеді, ал аста'төк тамақтан семіріп ке'
туге болады. Осының бәрі иммунитеттің төмендеуіне де, ішкі
мүшелердің әртүрлі ауруларының дамуына да әкеліп соғуы
мүмкін. Тамақтың мөлшері ғана емес, құрамы да маңызды. Біздің
ағзамыз қалыпты тіршілік ету үшін аспен бірге нәруыздарды,
майлар мен көмірсуларды алуы тиіс. Бұл заттар әртүрлі азық'
түліктерде кездеседі, сондықтан жейтін тағамымыз алуан түрлі
болғаны жөн.
Нәруыз – жаңа жасушалар мен ұлпалардың ең басты
құрылыс материалы. Жануарлардан алынған өнімдерде – етте,
балықта, жұмыртқада нәруыздар бәрінен де көп кездеседі.
Өсімдік текті өнімдерде де нәруыз
бар: бұршақ түрлерінде, жармалар'
да, көкөністе. Бірақ ет пен балықтағы
нәруыздарды біздің ағзамыз жақсырақ
сіңіреді, сондықтан олардан бас тартуға
болмайды.
Нанда, ботқада, картопта, қантта
көмірсулар бар, олар біздің ағзамыз
үшін
негізгі
қуат
көздеріне
жата'
ды. Әсіресе миға көмірсу көп керек.
Көмірсулар жеміс'жидек, көкөніс, ботқа,
нан, қант сияқты өнімдерде көп дедік.
Бірақ тағамдағы көмірсу мөлшерінің
шектен тыс болуынан адам артық салмақ
қосады, сондықтан қатты қызықпаған
дұрыс.
Мен тамақ жегенде...
Холестерин аз мөлшерде болса адамға пайдалы, ал
шамадан асып кетсе, қан тамырларында түйіртпектер
түзіп, саңылауларын тарылтып жібереді. Бұл қанның
қозғалысын қиындатып, жүрек'қантамыр ауруларына
ұшыратады.
Тәттілер мен жемістерде
көмірсулар бар
Құнды май
көздері
Өте бағалы қуат көзі – май. Оларды терінің астындағы
май қабатына қор ретінде жинау оңай, сонымен қатар, май'
лар ағзаның көптеген құрылымдарының, мысалы – жасуша
қабырғаларының, жүйкенің миелиндік қабығының жасалуына
қатысады. Май түрлері көптеген азық'түліктерде бар, әсіресе
әртүрлі майларда көп. Дене жұмысымен көп шұғылданғанда
тағамдағы май мөлшерін көбейткен жөн, ал көп қимылдамайтын
жағдайда майлары аз тағамға үйір болу керек. Ең пайдалы май'
лар өсімдік майларында болады. Ал майлы етті, малдың қыртыс
майын, сарымайды азырақ жеген дұрыс. Жануар майларының
өте көп болуы қандағы холестерин мөлшерін арттырып жіберуі
мүмкін.
Адам
Дәруменді
препараттар
Дәрумендер
«Дәрумен» (витамин) сөзі латынның «вита» сөзінен шыққан,
аударғанда «өмір» деген мағына береді. Дәрумендерге
мұндай аттың берілуі кездейсоқ емес: біздің ағзамызға
олардың шын мәнінде өмірлік қажеттілігі бар, ағзаның өзі олар'
ды жасап шығара алмайды. Әлдебір дәрумен жетіспейтін бол'
са (дәрігерлер мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды),
адам ауыр науқастарға ұшырауы мүмкін.
Ұлы географиялық ашылымдар за'
манында
теңізшілер
жаңа
жерлерді
іздеп теңізді шарлады, оларға көп қауіп'
қатер төнді, бәрінен де қорқыныштысы
құрқұлақ (цинга) ауруы болатын. Қатқан
нан мен тұздалған етті бір'екі ай қорек
еткеннен
кейін
адамдардың
қызыл
иектеріне ойық жаралар шығып, тістері
түсіп қалды, көп ұзамай бірталайы өліп
те кетті. Теңізшілер лимон жеуді әдетке айналдырса, солардың
құрқұлақтан аман'сау жүретінін байқап, өздері де жүзу сапары'
на лимон алып шығатын болды. Құрқұлақ ауруының себебі – С
дәруменінің, яғни аскорбин қышқылының жетіспеушілігі екені
ғасырлар өткеннен кейін анықталды. С дәрумені қара қарақатта,
итмұрын жемістерінде, тәтті бұрышта және тіпті шикі картопта
да көп, бірақ оны пісіргенде дәрумені бұзылып кетеді.
В1, В2, В6, дәрумендері көмірсу, май және нәруыз алмасуды
реттейді. Бұлар В тобындағы дәрумендер деп аталады. Олар
кесек тартылған ұннан жасалған нанда, жармаларда, бұршақта
(В1), жануарлардан алынған тағамдарда – сүт, жұмыртқа, ет,
балықта (В2, В6) болады. В тобындағы дәрумендер жетіспесе
адамда тері аурулары, көздің және жүйке жүйесінің аурулары
дамуы мүмкін. В6 дәруменін көптеген ауруларға, оның ішінде
инфекциялық ауруларға дәрі ретінде тағайындайды.
А дәрумені ағзаның өсуіне, асқорыту мүшелерінің дұрыс
Мен тамақ жегенде...
Кейбір адамдар дәрумендерді тек жеміс'жидек пен
көкөністе ғана бар деп ойлайды, бұл дұрыс емес. Шын
мәнінде дәрумендер көптеген өнімдерде болады.
Сонымен қатар, құрамында дәрумендердің барлық
қажетті жиынтығы бар таблеткалар да жасалған.
Мына азық=түліктердің бәрінде де
дәрумендер бар
жұмыс істеуіне қажет, ол иммунитетті күшейтеді. Бұл дәрумен
көздің тор қабығының құрамына кіреді, егер ол жетіспесе,
адамның көзі ымырт мезгілінде нашар көреді (бұл ауру «ақшам
соқыр» деп аталады). А дәрумені бауырда, сүт өнімдерінде және
кейбір көкөністерде, мысалы сәбізде болады.
Сүйектің өсуіне ықпал ететін D дәрумені біздің ағзамызда
күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бірақ ол жануарлардан алы'
натын өнімдерде де бар – жұмыртқада, қаймақта, сары майда.
Балалар бұл дәрумен жетіспеген жағдайда мешел деген сүйек
ауруына шалдығады. Мешел болғанда сүйектер жұмсарып
кетеді де, қисаяды.
Адам Адамның жүйке жүйесі Басқару орталығы Адам ағзасының ең басты жүйесі – жүйке. Бұл барлық мүшелердің жұмысын үйлестіретін, біздің денемізді басқару орталығы. Жүйке жүйесінсіз тыныс алу, асқорыту, қозғалу, сыртқы дүниемен қарым;қатынас жасау, білім алу және барлық саналы әрекеттерімізді орындау мүмкін болмас еді. Жүйке жүйесі жүйке жасу; шаларынан – нейрондардан тұрады. Нейрондар Біздің ағзамызда 100 млрд. астам нейрон бар. Жүйке жасушалары дененің басқа жасушаларына мүлде ұқсамайды. Әрбір нейронның денесінен көптеген қысқа, барынша тармақталған өсінділер (дендриттер) және бір ұзын өсінді – аксон тарайды. Нейронның денесі дендриттер арқылы басқа жүйке жасушаларынан хабар алады, ал ак' сон арқылы өзге жасушаларға және әртүрлі мүшелерге хабар жібереді. Бұл хабарлардың табиғаты – электрлік, ал тұтас жүйке жүйесін құрылымы өте күрделі электр желісімен салыстыруға болады. Бұл желіде қысқа тұйықталуға жол бермеу үшін, аксондар миелин қабықшасымен қапталған. Қабықша глиалдық жасушалардан немесе гли' ялардан тұрады, бұлардың мембрана' ларында миелин қабықшасына ақ түс беретін көптеген май тәрізді заттар (ли'
Басқару орталығы Адам ағзасындағы ең ұзын әрі жуан жүйке – құйымшақ жүйкесі. Ол жұлыннан шығып, аяқтың табандарына дейін жетеді. Бұл жүйкенің жуандығы 2 см жетеді. Нейрон пидтер) бар. Осы жасушалар нейрондарды қоректендіреді әрі қорғайды. Аксондар мен дендриттердің түйіскен ұштарындағы жүйке импульстері берілетін «жалаңаш» тұстары синапс деп атала' ды. Көптеген жүйке жасушаларының өсінділері көбінесе бірігіп, біршама жуан әрі ұзын жүйкелерді құрайды. Нейрондар сезімтал, қозғалыс және қыстырма деген түрлерге бөлінеді. Сезімтал нейрондар арқылы жүйке импульсі рецептордан (сезімтал жүйке ұштары) жұлынға не' месе миға беріледі. Бұл нейрондардың денелері түйіндер (ганглийлер) түзеді. Қозғалыс нейрондары импульстерді жұлыннан немесе мидан мүшелерге береді. Қыстырма нейрондар сезімтал және қозғалыс нейрондарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Нейрондардың үлкен түйіндері ми мен жұлынды түзеді, бұлар бірлесе келе орталық жүйке жүйесін (қысқаша ОЖЖ) құрайды. Ми мен жұлынды өзге мүшелермен жалғастыратын жүйкелер желісі, сондай'ақ ондағы ней' рон түйіндері (ганглий) шеткері жүйке жүйесін құрайды. Аксон Дендрит Нейронның денесі
Адам Ему – туа біткен рефлекс Рефлекс доғасы Рефлекстер, жұлын Жүйке жүйесінің бүкіл жұмысы рефлекстерге негізделген. Рефлекс – ағзаның кез келген тітіркендіргішке (әсерге) жауап реакциясы, ол жүйке жүйесі арқылы орындалып, реттеліп оты' рады. Рефлексте жүйке импульсі өтуі тиіс жол болады, ол жүйке доғасы деп аталады. Жүйке доғасы бірнеше бөліктен тұрады: тітіркендіруді қабылдайтын жүйке ұшы (рецептор); рецептордан ОЖЖ'ге ха' бар жүретін жүйкелерден тұратын сезімтал жол; осы хабарды қабылдайтын жұлындағы немесе мидағы ОЖЖ бөлігі; ОЖЖ'дан мүшеге қарай қозғалыс жолы; жауап әрекетті жасайтын мүше. Рефлекстердің бір бөлігі бізге туғаннан берілген, олар туа біткен рефлекс деп аталады. Жүректің жұмысын, қан қысымын, өңеш пен ішектің қозғалысын, сондай'ақ ағзаның көптеген қорғаныс реакцияларын реттейді. Мысалы, біз ыстыққа тиер'тиместен қолымызды тартып ала қоямыз, көзімізге қоқым түссе жұма қаламыз, тамаққа шашалғанда жөтелеміз, жарыққа шыққанда қарашығымыз дереу кішірейеді. Рецептор Жұлын Ми
Басқару орталығы Егер жұлынға зақым келсе, ми мен дене мүшелерінің байланысы бұзылады да, соның салдарынан дененің қимылын бақылау қабілеті жоғалады (адам жартылай немесе толық сал бо' лып қалады). Жұлынның құрылысы Біз өз өмірімізде көптеген жаңа реф' лекстерге де ие боламыз, олар жүре пайда болған рефлекс деп аталады. Мы' салы, автокөлік жүргізушісі не істейтінін ойлап жатпай'ақ, бірқатар механикалық қимылдарды жасайды. Тіпті сол жүргізуші машинаны өзі жүргізбей, жо' лаушы ретінде отырған кезде де, жолда қауіпті жағдай туа қалса, ойланбастан аяғымен тежегішті басқан тәрізді қимыл жасайды. Рефлекстердің пайда болуында жұлын зор рөл атқарады. Ол кейбір қарапайым қорғаныстың рефлекстік реакцияларын өзі, мидың көмегінсіз'ақ жүзеге асыра алады. Сонымен қатар ол теріде немесе өзге мүшелерде орналасқан рецепторлардан миға жүйке импульстерін өткізеді, сондай'ақ мидан мүшелерге қарай жүйке импульстерін өткізеді. Жұлын қалыңдығы шамамен 1 см ширатпа жіпке ұқсайды. Ол омыртқа өсінділерінен түзілген өзекке жасырынған. Жұлын бағанының орталық бөлігінде сұр зат – нейрон денелерінің шоғыры болады. Сыртында олардың өсінділерінен құралған ақ зат бар. Жұлыннан 31 жұп жұлын жүйкелері тарап, барлық ішкі мүшелерге және қаңқа бұлшықеттеріне барады.
Адам Адамның миында шамамен 14 млрд. нейрон бо' лады. Баланың миы жылдам дамиды, 14 жасқа таяғанда ең жоғары салмағына жетеді. 60 жастан кейін көптеген адамдардың миының салмағы азаяды. Мидың құрылысы Ми Адам ағзасының ең үлкен құндылығы – ми, оның мықты бассүйек сауытындағы сенімді жерге орналасуы да тегін емес. ол сананың, естің, әртүрлі дағды мен білімнің – адамды адам етіп тұрған барлық нәрсенің қоймасы. Біздің миымыздың салмағы орта есеппен 1 ке' лі 400 г ., құрылысы да өте күрделі. Ол тіршілік әрекетінің әр саласына жауап беретін бірнеше бөлімнен тұрады. Ең үлкен әрі маңызды бөлі' мі – үлкен ми сыңарлары, бірақ өзге бөлімдерсіз де біз өмір сүре алмаймыз. Мидың түбінде жұлынның жалғасындай болып сопақша ми жатыр. Оның қалың қабырғалары негізінен үлкен ми сыңарларына және мидың басқа да бөліктеріне баратын жүйке ұштарынан тұрады. Ағзаның тыныс алу, жүректің соғу жиілігі, қан тамырларының тарылуы мен кеңеюі, жұтыну сияқты өмірлік маңызы зор қызметтерін басқаратын жүйке орталықтары да сонда орналасқан. Біз тыныс алусыз және жүрек жұмысынсыз 5 минуттан артық өмір сүре алмаймыз! Сопақша ми адам үшін өте маңызды болғанымен, көлемі кіші, ұзындығы бар болғаны 2 см.
Басқару орталығы Спорттың белсенді түрлерімен шұғылдағанда басты міндетті түрде дулығамен қорғау қажет Үлкен ми сыңарларының артында мидың мишық деп атала' тын бөлігі жатыр. Ол кеңістікте бағдар алуды, тепе'теңдікті, дәл әрі үйлесімді қимылды қамтамасыз етеді. Мишық құрылысы жағынан үлкен ми сыңарларына өте ұқсас. Ол да екі жарты' дан тұрады, оның да қабығы бар, қабығының бетінде жіңішке қатпарлары көп. Мишық зақымданған кезде оның қызметтері ішінара мидың басқа бөліктеріне көшеді, бірақ ондай адамдар дәме'дәл қимылдаудан қалады, мысалы инені сабақтай алмай' ды. Ортаңғы ми қаңқа бұлшықеттерінің тонусына жауапты: ол бұлшықеттерге жүйке импульстерін жібереді, солардың арқасында бұлшықеттер сергек күйде (тонус) болады. Мидың қатты жарақаттануы салдарынан ғана тонус жоғалады. Аралық мидың ең маңызды бөліктері – таламус және гипоталамус. Аралық ми ағзаның барлық рецепторларынан ақпарат алады, денеміздің температурасын реттейді, ішкі мүшелердің жұмысын үйлестіреді. Гипоталамус гормондарды бөлетін ішкі секреция бездерін басқарады.
Адам
Үлкен ми
сыңарлары
үстінен
қарағанда
(сол жақта)
және көлденең
қимасы (оң
жақта)
Үлкен ми сыңарлары
Көптеген жануарлардың миы адамдікінен едәуір үлкен: мы'
салы пілдердің миы 5 келі! Ендеше адамды Жер бетіндегі ең
саналы тіршілік иесі ететін не? Біріншіден, біздің миымыз –
дене салмағына шаққанда ең үлкені. Бірақ ең бастысы бұл да
емес! Өйткені ақыл'естің болуы нейрон денелері шоғырланған
сұр заттың мөлшеріне ғана байланысты. Сұр зат мидың басты
бөлігі – үлкен ми сыңарларының беткі жұқа қабатын (қабық)
түзеді. Үлкен ми сыңарлары қабықтың ауданын үлкейтетін
қатпарлар мен сайшаларға толы. Адамда оның ауданы аса
үлкен, сондықтан «ойлайтын» сұр заттың мөлшері бойынша
біз планетаның барлық басқа тіршілік иелерінен миллиондаған
есе асып түсеміз. Ми сыңарларының қабығы астында ней'
рон өсінділерінен тұратын ақ зат бар, ол миды ағзаның барлық
мүшелерімен байланыстырады.
Адамдар кейде миын жарақаттап алады, содан кейін көру не'
месе есту қабілетінен, қимылын дәл үйлестіру қабылетінен не'
месе жадынан айырылады. Ғалымдар осындай мәліметтерді
жинай отырып, жануарларға тәжірибе жасап, үлкен ми
сыңарларының қабығы аймақтарға бөлінгенін, олардың
әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратынын анықтады. Желке
тұсындағы аймақ – көру аймағы. Мұнда көзден түскен ақпарат
талданады.
Басқару орталығы Шамамен планетадағы әрбір алтыншы адам солақайлар қатарына жатады екен. Мидың оң жақ сыңары бейнелі ойлауға, ал сол жағы – логикалық ойлауға жауап беретінін ғалымдар анықтаған. Ми қабығының аймақтары Соның арқасында біз көреміз, түстерді ажыратамыз және адамдардың бет'жүзін еске сақтаймыз, оқимыз. Есту аймағы самай маңында, қозғалыс аймағы (қозғалыс үйлесімділігіне жа' уап беретін) – төбемізде орналасқан. Қабықта көңіл'күйімізге – қуаныш, ауыру, ашу'ызаға жауап беретін өз аймақтары бар. Сонымен қатар, жадқа, үйрену қабілетіне, мінез'құлыққа, т.б. жауап' ты көптеген аймақтар бар. Қысқасы, ми қабығының картасы өте күрделі болып шықты, ғалымдар миымызды көп зерт' теген сайын, оның күрделілігі де арта түсуде. Бір қызығы, мидың оң жақ сыңары дененің сол жағының жұмысына, ал сол жағы – оң жақ жартысының жұмысына жа' уап береді. Адамдардың басым бөлігінің сол жақ ми сыңары жақсырақ дамыған, сондықтан олардың оң қолы икемдірек. Бірақ арамызда солақайлар да бар, олар жазу жазғанда қаламды, тамақ жегенде ' қасықты сол қолымен ұстайды. Солақайлардың оң жақ ми сыңарлары жақсы дамыған болып шықты. Солақайлардың арасынан ұлы адамдар да көп шыққан: Қайта өрлеу дәуіріндегі суретші, ғалым Леонардо да Вин' чи, әйгілі физик Альберт Эйнштейн және «Алиса ғажайыптар елінденің» авторы Льюис Кэрролл.
Адам Сезім мүшелері Табиғат барлық тіршілік иелеріне айналадағы әлем және онда болып жатқан оқиғалар туралы мәлімет алу қабілетін сыйлаған. Сезу қабілеті болмаса, жануарлар да, адам да жыртқыштардан құтылу, тамақ табу, ұрпақ әкелу дегенді білмес еді. Бұл ақпаратты әртүрлі сезім мүшелері жеткізеді. Адам; да да бес сезім мүшесі бар: көру мүшесі – көз, есту мен тепе;теңдік сақтау – құлақ, иіс сезу – мұрын, дәм сезу – тіл, сипап сезу – тері. Сезім мүшелерінің жұмысы Сезім мүшелері және олардың мидағы орталықтары Сезім мүшелері әртүрлі міндеттерді орындауға арналған және құрылыстары да бөлек, бірақ ортақ ерекшеліктері де бар. Олар рецепторлардан (белгілі бір тітіркендіргішке реак' ция беретін сезімтал жасушалар) және өз жұмыстарын жақсы атқаруға көмектесетін қосымша құрылымдардан тұрады. Ре' цептордан шыққан белгі'хабар жүйкелер арқылы Орталық жүйке жүйесінің тиісті бөліміне асығады. Алынған ақпаратты ми талдап, бұлшықеттер мен мүшелерге әрекет етуге әмір береді. «Хабардың» қандай жылдамдықпен жетуіне кейде біздің өміріміз де тәуелді, сондықтан сезім мүшелерінің басым бөлігі баста, миға таяу жерде орналасқан. Егер адам сезім мүшелерінің бірінен айырылса, оның міндетін ішінара басқа мүшелер мой' нына алады. Мысалы, соқыр адамдардың есту қабылеті, тепе' теңдікті сезінуі, терісімен сезуі және тіпті иіс сезуі де керемет дамиды.
Сезім мүшелері
Көз жанарынан айырылған адамдар үшін сипап сезу ай'
наладан хабар алудың негізгі көздерінің бірі болып
қалады. Соқыр адамдар дөңес нүктелермен
белгіленген
арнайы
кітаптағы
әріптерді
саусағымен сипай отырып жылдам оқи да
алады.
Сипап сезу
арқылы біз
айналадағы
дүниеден
көп мағлұмат
аламыз
Біздің теріміздің бетінде алуан түрлі (түйсіну, ауырсы'
ну, жылуды сезу) рецепторлары көптеп орналасқан, ол сезім
мүшелерінің ішіндегі әмбебап әрі ауқымдысы. Сипап сезу
арқылы, яғни, мысалы мысыққа жай ғана қол тигізе оты'
рып, мол ақпарат жиынтығын аламыз: мысықтың жылылығын
білеміз, көлемін байқаймыз, жүні жұмсақ әрі құрғақ екенін
аңғарамыз, тіпті оның пырылдап жатқанын да болжаймыз. Си'
пап сезу арқылы біз мұздың тайғанақ әрі суық, судың – сұйық,
ал тастың – қатты да кедір'бұдыр екенін сезінеміз. Және де
осы сезімдердің барлығының алуан реңкі мен өзгеріс күйлері
бар. Адамның саусақ ұштарындағы терісі мен еріндері ерекше
сезімтал. Сәбилер қолына түскенді аузына апара беретіні де
сондықтан.
Адам
Хош иістердің
сиқырлы әлемі
Иісті және дәмді сезу
Ас үйде анамыздың не істеп жатқанын білу үшін, барып қарап
келуіміз міндет емес. Біз жай ғана... иіскелейміз: мұрнмызбен
ауаны тартамыз! Иіс сезу – біздің мұрнымыздың иістерді сезу
және ажырату қабілеті. Мұрын қуысының жоғарғы жағындағы
шырышты қабықта ұштары пияз түйнегіне ұқсап кеңейген,
өте жіңішке өсінді кірпікшелері бар жасуша'рецепторлар көп
шоғырланған аймақ болады. Олар ішке енген ауамен бірге
келетін болар'болмас мөлшердегі заттарды – иістерді аулайды.
Бұл рецепторлардың сезімталдығы сондай, заттың бар болғаны
бірнеше молекуласын сезіп қояды. Осы жасушалардың берген
белгілері мидың иіс сезу орталығына түседі, ми оларды талдай'
ды да: «Алақай! Анам бәліш пісіріп жатыр!» деп шешеді. Әрине,
адамның иіс сезуі иісшіл иттей ізге түсіп, жоғалған қолғапты
иісінен тауып алатындай дәрежеде өткір
емес. Бірақ ол бізді бұзылған тағамды
жеп қоюдан сақтандырады, сол арқылы
біз бірдеңенің жана бастағанын, тіпті
қоңырсыған иіс қай жақтан жеткенін де
анықтай аламыз. Адамдардың көбі 10
мыңға дейінгі әр алуан иістерді ажырата
алады!
Ғалымдар мидағы иіс сезу орталығы
оның ұзақ уақыт есте сақтауға жауап'
ты аймағына өте жақын орналасқан
деп есептейді. Сондықтан біз шырша
қылқанының және мандариннің иісін
сезсек болғаны, есімізге жаңа жыл
түндері түсе қалады.
Сезім мүшелері Дәм сезу иіс сезумен бірлесе жақсы жұмыс істейтіні қызық. Қатты тұмауратқанда біз иісті ғана емес, дәм сезу қабылетімізді де жоғалтамыз, ал есесіне иісі мұрын жарған тамақ бізге тіпті дәмді сияқты сезіледі. Тілдің дәм сезу аймақтары Тағамның дәмін біз тілмен ажырата' мыз. Айнадан тілге мұқият көз салсақ, оның үстіңгі жағын ұсақ бұдырмақтар жапқанын көруге болады. Оларда жүйке талшықтарына жалғасатын дәм сезу емізікшелері орналасқан. Бұл емізікшелер сұйықтықта еріген заттар' ды ғана сезеді. Сондықтан біз тағамды сілекеймен шыламай тұрып оның дәмін сезбейміз. Бір қызығы, тілдің әртүрлі бөліктеріндегі емізікшелер белгілі бір дәм түрлерін сезуге бейімделген. Тілдің ұшы тәттіге барынша сезімтал, екі жақ қапталы – қышқыл мен тұздыны, ал артқы бөлігінде орналасқан ре' цепторлар ащы дәмді сезеді. Қант кесегімен, тұздалған қиярмен, қышқыл лимонмен, ащы жусан жапырағымен тәжірибе жасау арқылы бұған көз жеткізу оңай. Жүйке импульстері дәм сезу емізікшелерінен үлкен ми сыңарларының дәм сезу аймақтарына беріліп, сол жерде тал' данады. Онда сақтаулы тұрған дәм түрлерін сезудің тұтас қоры бар, сондықтан біз алманың дәмін көзді жұмып тұрып білеміз, ал лимонды елестетсек, аузымызға қышқыл дәм келеді.
Адам Құлақтың құрылысы Есту және тепе;теңдікті сезіну Есту адамның қоршаған ортада дұрыс бағдар алып жүруіне және басқа адамдармен қарым'қатынас жасауына мүкіндік береді. Адамның есту қабілеті мысықтыкіндей күшті емес. Бірақ біз жіңішкелігі мен қаттылығы алуан түрлі дыбыстарды қабылдай аламыз. Естудің арқасында сөйлесе аламыз. Кішкентай сәби әуелі ата'анасын тыңдап жүріп, содан кейін ғана өзі де сөйлей бастайды ғой. Біздің есту мүшеміз – құлақ. Оның сыртқы бөлігі – құлақ қалқаны – дыбыс толқындарын есту жолына бағыттайды. Жануарлардың өмірінде есту өте маңызды рөл атқаратындықтан, құлақ қалқандары үлкен әрі қозғалмалы, сондықтан олардың арнайы бұлшықеттері болады. Адамдар, әдетте, сирек жағдайда болмаса құлақтарын қозғалта алмай' ды. Есту мүшесінің ең маңызды бөліктері – ортаңғы және ішкі құлақ – бас сүйектің самай сүйегіндегі капсулада орналасқан. Дыбыс – ауа бөлшектерінің тербелісі, ол дыбыс көзінен толқын түрінде таралып, есту жолының түбіндегі дабыл жарғағын дірілдетеді. Дабыл жарғағына жанаса өзара қозғалмалы түрде жалғасқан, ортаңғы құлақтағы үш құлақ сүйекшелері – Құлақ қалқаны Есту жолы Дабыл жарғағы Жартылай айналмалы өзектер Құлақ сүйекшелері Ұлу
Сезім мүшелері Кемеде шайқатылғанда немесе автокөлікпен жүргенде вестибулярлы аппарат «істен шығып», адамның басы айналуы, жүрегі айнуы ықтимал. Бұл жағымсыз ахуалға «теңіз ауруы» деген ат берілген. Тепе=теңдік сезімін дамытуға болады балғашық, төсше және үзеңгіше орнала' сады. Олар тербелісті ішкі құлаққа апа' ратын сопақша тесікке береді. Ішкі құлақ – өзара байланысқан өзектер мен қуыстар жүйесі, оны лабиринт деп өте дәл атаған. Осы лабиринттің бір бөлігі ұлу деп аталады. Ұлудың ішін арнайы сұйықтық толтырған және 30 мың жасуша'түктерден тұратын Корти мүшесі де сонда. Түктер сұйықтықтың тербелісін тап басып, оларды электр сиг' налына айналдырады да, миға жібереді. Біз жүргенде, жүгіргенде неме' се велосипед тепкенде, мұны тепе' теңдікті сезінудің арқасында жасай' тынымызды ойлап жатпаймыз. Бұл сезімге жауапты мүше ішкі құлақта орналасқан, ол вестибулярлы аппарат деп аталады. Өзара перпендикуляр орналасқан үш жартылай айналмалы өзектерден және олардың түбіндегі сұйықтыққа толы екі ампу' ладан тұратын лабиринттің бір бөлігі сол аппаратқа тиесілі. Біз денеміздің қалпын өзгертсек болғаны, сезімтал жасушалардай ішке төселген өзектер мен ампулалар сұйықтықтың қозғалысын сезе қойып, миға хабар жібереді. Ал ми тепе'теңдікті сақау үшін не істеу керегін шешеді.
Адам
Көздің тор қабықшасында бейненің
қалыптасуы
Көздің ішкі
құрылысы
Көру
Айналадағы
дүние
туралы
ақпараттың
шамамен
пайызын
біз көру арқылы аламыз. Бұл өте көп.
Сондықтан көз ' адамның ең басты
сезім мүшесі деуге болады. Көздеріміз
көптеген
жануарлардағы
сияқты
бастың екі жағында емес, алдымызда
орналасуының арқасында, біз бір зат'
ты екі көру нүктесімен бірдей көреміз.
Мұндай көру бинокулярлық деп атала'
ды. Ол заттардың көлемін көруге және екі арадағы қашықтықты
өте дәл бағамдауға жол ашады. Бұл әсіресе қауіп'қатерлі орта'
да өмір сүрген бабаларымызға өте қажет болған.
Көздің пішіні домалақ. Оның сыртын қатты ақ қабық – скле'
ра жапқан, ол көзді зақымданудан қорғайды. Көз алмасының
басым бөлігі шыны тәрізді дене деген мөлдір массаға толы. Ол
көздің пішінін сақтайды әрі қоректік заттары болады. Склераның
алдыңғы жағы жарық өткізетін жұқа мөлдір қасаң қабықшаға
ұласады. Склераның астында көзге қорек беретін қан тамыр'
лары торлаған тамырлы қабықша жатыр. Алдында нұрлы
қабықша орналасқан.
Оның ішінде болатын меланин пигментінің әсерімен көз
Сезім мүшелері Көптеген адамдардың көздері шамамен 150 түсті ажырата алады, ал кәсіби адамның, мысалы суретшінің немесе химик'лаборанттың көзі 15 мыңға жуық түсті ажыратады! Көздің тор қабықшасындағы таяқшалар мен колбашалар көгілдір, жасыл немесе қоңырқай бо' лады. нұрлы қабықшаның ортасын' да дөңгелек тесік – қарашық бар. Нұрлы қабықшаның бұлшықеттері жиырылғанда қарашықтың көлемі кішірейеді, көзге түсетін жарықтың мөлшерін нұрлы қабықша осылай рет' теп отырады. Қатты жарықта қарашық тарылады, ал қараңғыда кеңейеді. Қарашықтың көлемі көңіл'күйге де бай' ланысты: ашуланған адамның қарашығы кішірейеді. Қарашықтың дәл артында көз бұршағы – мөлдір линза орналасқан, ол өзіне жалғанған сіңірлердің көмегімен көлбеулігін аздап өзгерте алады. Көз бұршағы жарық сәулелерін ішіне тор қабықша төселген көздің артқы қабырғасына түсіреді. Тор қабықша ерекше жарықсезгіш жасушалардан – таяқшалар мен колбашалардан тұрады. Олар көру жүйкесі арқылы миға сигналдарды жібереді. Таяқшалар жіңішке мұртшаларға ұқсайды, жарыққа сезімтал. Солардың көмегімен біз жарық пен қараңғыны және сұр түстің әртүрлі реңктерін ажыратамыз. Колбаша' лар кішкентай пиязшықтарға ұқсайды. Олар түстерді, ұсақ бөлшектерді қабылдауға жауапты. Дәл солардың арқасында біз инені сабақтап, ұсақ әріптерді танимыз, табиғат бояулары мен әдемі суреттерге сүйсінеміз.
Адам
Ғалымдар көз жасында тыныштандыратын нәрседей
әсер ететін заттар бар деп санайды. Сондықтан жан
азабын шеккенде жылап алу жеңілдік әкеледі.
Айтпақшы, адам ' жылай алатын жалғыз'ақ жан
иесі.
Көз жасы баланың
3 айлығында ғана
пайда болады
Көзіңнің қарашығындай
сақтау!
Табиғат көзді сенімді қорғалатындай
етіпті. Ең бірінші кедергі – қабақ.
Қабақтар – көздің асты мен үстіне
орналасқан екі қатпар. Көзге бірдеңе
жақындап келе жатқаны байқалса бол'
ды, қабақтар дереу көзді жауып қалады.
Мұнда негізінен үстіңгі қабақ қозғалады,
ал астыңғысында көтерілетін бұлшықет
жоқ. Қабақтар көзді желден, қатты
жарықтан және шаң'тозаңнан қорғайды.
Жыпылықтаған
кезде
олар
көздің
бетін тазалап, көз жасы сұйықтығымен
ылғалдандырады.
Кейбір адамдардың ойынша, адам жылаған кезде ғана
көзде жас пайда болатын сияқты. Шындығында олай емес.
Көз жасы сұйықтығы тұрақты бөлініп отырады: ол ақ қабықтың
сыртқы бетін ылғалдандырып, шаю арқылы тазалайды, ал
оның құрамындағы антисептикалық (яғни, залалсыздандыра'
тын) заттар көзді зиянды микробтардан қорғайды. Көз жасы
сұйықтығын жас бездері бөліп шығарады. Олардан 5'12 өзекше
таралады. Өзекшелерден көздің сыртқы бұрышына ағып
Сезім мүшелері
Кірпіктер мен
қастар қысқа
әрі қылтанды
деп аталатын
қатты
қылшықтардан
тұрады
шыққан жас көзді ылғалдандырып, көздің ішкі бұрышына ағады.
Онда арнайы көз жасы қапшығы бар.
Қапшықтан көз жасы мұрын қуысына түседі. Тек адам
жылағанда көз жасы көп бөлінсе ғана екі бетін бойлап ағады.
Қай заманда да сәнге құмарлар қастары мен кірпіктерінің
әдемілігіне ерекше көңіл бөлген. Бірақ қас пен кірпік – жай ғана
беттің көркі емес, олар көзді қорғау үшін керек. Кірпіктер мен
қастар көптеген қысқа қылшықтардан тұрады. Адамның үстіңгі
қабағында 100 ' 150'ге жуық кірпік өседі, ал астында – екі есе
азырақ. Кірпіктер көзді қоқым түсуден сақтайды, ал қастар
маңдайдан аққан тер тамшыларын ұстап қалады. Қас пен
кірпіктің қылшықтары әр 3'4 ай сайын толық жаңарып отырады.
Ескі қылшықтар біртіндеп түсіп, орындарына жаңалары өседі.
Біздің көздеріміз – өте дәл аспап, оған аса ұқыптылықпен
қарап, көздің қарашығындай сақтау керек. Сондықтан жарық
нашар жерде жазуға және оқуға, теледидарды ұзақ көруге не'
месе компьютердің алдында сағаттап отыруға болмайды. Көзді
құм, тозаң немесе жаңқа түсіп кетуден міндетті түрде қорғау
керек, бұл үшін арнайы қорғаныс көзәйнектері бар. Көзді өте
шақырайған күн сәулесінен күңгірт шынылы көзәйнек кию
арқылы қорғаған жөн.
Адам
Көрудің бұзылуы
Мүлтіксіз көретін адамның көзі алыстағы да, жақындағы
да заттарға жақсы фокустеледі. Бірақ көптеген адамдар
алыстағыны көргенімен, кітаптағы әріптерді нашар ажырата'
ды. Көрудің мұндай бұзылуы алыстан көргіштік деп аталады.
Жақыннан көргіштікте, керісінше, адам көз алдындағыны
көреді де, алыстағы заттар оған тұман тәрізді. Көрудің бұл екі
кемшілігі де көз бұршағының бейнені тор қабықшаға фоку'
стей алмауына байланысты, бейне бұлдырап кетеді. Алыстан
және жақыннан көргіштікке дәрігерлер арнайы көзілдірік неме'
се түйіспелі линза киіп жүруді ұсынады. Көруі бұзылған адам
солардың көмегімен сау адам сияқты анық көре алатын бола'
ды. Көп адамда алыстан көргіштік жасы ұлғая келе дамиды.
Көздің қозғалыстарын алты бұлшықет басқарады. Ол
бұлшықеттердің бір ұштары көз ұясына, екіншілері көз алма'
сына бекіген. Әдетте екі көздің де бұлшықеттері үйлесімді
қимылдайды, сондықтан көздер бір нүктеге бағытталады.
Бірақ кейбір адамдардың бір көзінің қозғалысы екіншісінің
қозғалысымен
байланыспайды.
Көрудің
мұндай
бұзылуы
қылилық деп аталады. Қылилықпен ауыратын адамның көздері
әр бағытқа қарап тұрады. Мұндайда бір көзі ғана анық көреді.
Қылилықпен ауыратындарды емдеп, арнайы көзілдірік жазып
береді.
Жақыннан және
алыстан көргіштік –
көрудің бұзылуының
ең көп таралған
түрлері
Сезім мүшелері
Көздің көруін түзетуге арналған тұңғыш көзілдіріктер
ХІІІ ғ. ортасында жасалған көрінеді. Алғашқы лин'
заларды мөлдір асыл тастардан қашап жасапты,
кейін мөлдір шыныны балқыту тәсілі табылған
соң, көзілдірікке көптің қолы жететін болыпты.
Дальтониктің көзіне әлем қызыл реңктен ада болып көрінеді
(оң жақта)
Көрудің бұзылуының дальтонизм деген түрі бар, онда адам
бір түсті басқа түс деп қабылдап, жасыл мен қызыл түсті шатас'
тырады. «Дальтонизм» сөзі ағылшын ғалымы Джон Дальтонның
атынан шыққан. Ол өзі кейбір түстерді ажырата алмай, көзінің
бұл ерекшелігін бірінші болып сипаттаған. Дальтонизмнің себебі
неден? Себебі мынадай, тор қабықшаның колбашаларының үш
типі болады, әрқайсысы белгілі бір түстердің қабылдануына
жауап береді. Дальтонизмнен зардап шегетін адамдарда
колбашалардың қандай да бір түрі басқаларынан аздау болады.
Медицина көз ауруларын емдеуде зор жетістіктерге жеткенін
айта кету керек. Көз дәрігерлері көзге күрделі операция жа'
сауды, лазер арқылы алыстан көрмеушілік пен жақыннан
көрмеушілікті түзетуді, қыртыстанған қасаң қабықты «тігіп
қоюды», тіпті пациенттерге жасанды көз бұршағын салуды да
үйренді.
Адам Ұрпақты жалғастыру Табиғат адамзат атаулыны екі жынысқа бөлген – еркек және әйел. Ерлер мен әйелдердің дене құрылысы әртүрлі, физиологиясы, психологиясы, қызығулары да бөлек. Бірақ олар бірін;бірі толықтырады және бас қосқанда ғана өмірге бала әкеле алады, яғни адамзат ұрпағын жалғастырады. Ұрпақ әкелуге жауап беретін мүшелер жүйесі жыныстық немесе репродуктивтік деп аталады. Екі жарты ; бір бүтін Гректің бір философы еркек пен әйелді толық жетілген бір тіршілік иесінің жартылары, оларды құдай өзі екіге бөліп жіберген деп санаған екен. Содан бері жартылар уайым шегіп жүріп, тек бір'бірін тауып алып қосылғанда ғана бақытқа кенеледі екен. Табиғат әйелге өте маңызды рөлді – ана әрі жар болуды жүктеген. Ал әзірше болашақ әйелдер – жай ғана бантик таққан К. Бранкузи. «Сүйісу» бұрымды қыздар. Қыз балалардың көпшілігі қуыршақ ойнағанды ұнатады, кішкентай аналар сияқты оған қамқор болады. Біраз жылдан кейін қыздар бойжетеді. Ағзаларында өзгерістер бо' лады: омырау пайда болады, жамбаста' ры кеңейеді. Әйелдер дене күші жағынан еркектерден төмен, есесіне неғұрлым биязы әрі әсем. Әйел ежелден ошақтың ұйытқысы болған, тамақ пісіріп, бала тәрбиелеген. Қазіргі әйелдер көп еңбек етеді, спортпен шұғылданады. Әйтсе де қамқорлық, нәзіктік, балаға деген ма' хаббат бұрынғысындай әйелге тән ең
Ұрпақты жалғастыру Әрбір жынысқа тән дауыс тембрі, терідегі түктерінің сипаты, кеуде бездері мен жамбасының құрылысы қосымша жыныстық белгілер деп аталады. Олардың дамуына ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары жауап береді. Нағыз еркектер! Нағыз әйелдер! маңызды қасиет болып қалуда. Ұл балалар қимыл ойындарын ұнатады, күш сынасудың сәті келсе тартынбайды. Олардың көбі техникамен әуестенеді. Уақыт өте келе, тынымсыз ойын балалары ер;азаматқа айналады. Олардың сыртқы келбеттері өзгереді. Иықтары кеңейіп, жамба' стары тарылыңқырайды, денесі нығаяды, бұлшықеттері дамып, беттеріне тебіндеген мұрт пен сақал шығады. Табиғат ерлерді отбасына қамқор болсын: асырасын, үй салсын, әйелдер мен балаларды жаудан қорғасын деп әдейі күшті әрі төзімді етіп жаратқан.
Адам Сирек жағдайларда адамда екі жыныстың белгілері қатар дамиды. Бұл құбылыс гермаф' родитизм (ежелгі Грек мифіндегі Гермес пен Афродитаның ұлы, қосы жынысты тіршілік иесіне айналған Гермафродиттің аты бойынша) деп аталады. Репродуктивтік жүйе Ерлер мен әйелдердің арасындағы ең басты айырмашылық олардың репродуктивтік жүйесінің (көбею жүйесі) айырмашылығы, ұрпақ жалғастыруға қажетті жыныс мүшелері осы жүйеге жатады. Ерлердің жыныс мүшесіне аталық без, жыныс мүшесі не' месе пенис, ұрық шығатын жолдар және көмекші бездер жа' тады. Жұп аталық бездер тері қапшықта (ұмада) орналасады. Аталық бездерде ерлердің жыныстық жасушалары – сперма' тозоидтар, сондай'ақ ерлердің жыныс гормоны – қосымша жыныстық белгілердің дамуына жауапты тестостерон жаса' лып шығады. Қуықалды безі сперматозоидтардың тіршілік қабілеттілігін және қозғалыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін сұйықтық бөледі. Сперма ұрық шығаратын жолдармен қою сұйықтық түрінде жыныс мүшесіне түсіп, одан аз'аздан бөлініп шығады. Әйелдердің жыныс мүшесіне құрсақ қуысында қарыннан төмен орналасқан аналық бездер, жатыр, жатыр түтіктері, қынап жатады. Жұп аналық жасушаларда әйелдің жыныс жасу' шалары – аналық жасуша пісіп жетіледі де, әйелдердің қосымша жыныстық белгілерінің көрінуіне жауапты гормондар бөлінеді.
Аталық без Пенис Қуықалды безі Ума Қынап Жатыр Аналық без Жатыр түтігі Ұрпақты жалғастыру Ерлердің жыныс мүшесі Әйелдердің жыныс мүшесі Жетілген аналық жасушалар аналық безден жатыр түтігіне, олардан – жатырға түседі. Бала дүниеге келгенге дейін жатырда дамып өседі. Қынаптың ауызы қарыннан төмен тері қатпарлары арасында орналасқан, олар жыныс еріндері деп аталады (бұл әйелдердің сыртқы жы' ныс мүшелері). Жыныстық жетілу кезеңі немесе пубертаттық кезең – баланың ересек адамға айналуы – ұл балаларда 13'тен 17'18 жасқа дейін, қыз балаларда 12'ден 16 жасқа дейін болады. Бұл үдерісті гипофизде, бүйрекүсті және жыныс бездерінде жаса' латын гормондар басқарады. Гормондар деңгейі бұл кезеңде 5'8 есе өседі. Бұл кезде өсу күрт жылдамдайды, ұл балалардың жыныс мүшесі мен аталық безінің көлемі ұлғаяды, бетіне түк шығып, дауысы өзгереді. Қыз балалардың да жыныс мүшелері жетіліп, сүт бездері қалыптасады.
Адам
Сперматозоид (сол
жақта) және аналық
жасуша (оң жақта)
Жандының бәрі – жұмыртқадан!
Әйелдің жыныс жасушасы – аналық жасуша барынша ірі
әрі дөңгелек пішінді. Қыз бала дүниеге келгенде оның аналық
безінде бүкіл өміріне жететін аналық жасушалардың толық
жиынтығы болады – 400 мыңдай. Жыныстық жетілу кезінде 40
мыңдай аналық жасуша қалады, бірақ олардың 450'500 ғана
толық жетіледі. Қалған аналық жасушалар өсе бастайды, бірақ
кейін дамуын тоқтатады. Әдетте, әйел ағзасында айына бір рет
бір аналық жасуша жетіледі. Ол аналық бездің қабырғасын жа'
рып шығып, құрсақ қуысына түседі, онда оны шұңғыл ыдыстай
кеңейген жатыр түтігі «ұстап» алады. Пісіп жетілген аналық жа'
суша 24 сағаттай ғана өмір сүреді.
Ерлердің жыныс жасушасы – сперматозоид – бақаның ба'
ласына сырттай ұқсайды. Сперматозоид үш бөліктен тұрады:
басы, мойны және құйрығы. Сперматозоидтың құйрығы өте
ұзын әрі қозғалғыш. Құйрығының ирелеңдеуінің арқасында
сперматозоид алға жылжи алады. Ол 1 минут ішінде шамамен 3
мм жол жүреді. Бұл осындай кішкентай жасуша үшін өте жоғары
жылдамдық. Сперматозоидтың көлемі аналық жасушаның
көлемінен көп кіші, оны микроскоппен ғана көруге болады. Ер
адамның ағзасында сперматозоидтар үнемі әрі көп мөлшерде
пісіп жетіледі.
Ұрпақты жалғастыру
Қазіргі
уақытта
баласыз
ерлі'зайыптыларға
нағыз көмек «пробиркада ұрықтандыру» болып
отыр. Бұл әдісте аналық жасуша жасанды түрде
ұрықтандырылады, содан кейін оны болашақ
ананың жатырына орналастырады.
Ұрықтану және ұрықтың дами
бастауы
Барлық сүтқоректілер сияқты, адамның ұрпағы пайда болу
үшін сперматозоид ұрық шығатын жол арқылы ер адамның
денесінен шығып, болашақ ананың ағзасына еніп, онда аналық
жасушаға қосылуы тиіс. Ер мен әйелдің жыныс мүшелері бұған
арнайы бейімделген. Ұрықтың бір үлесінде шамамен 300 млн.
сперматозоид болады, олардың барлығы қынап пен жатыр
арқылы аналық жасуша орналасқан жатыр түтігіне ұмтылады.
Алайда, олардың біреуі ғана мақсатына жетеді. Сол бақыт
иесі аналық жасушаға ере салысымен, жасушаның қабығы
өзге үміткерлердің барлығы өте алмастай жабылады, сырт'
та қалғандары біраз уақыттан соң өледі. Сперматозоид пен
аналық жасушаның ядролары қосылып, ұрықтану жүзеге
асады. Ұрықтанған аналық жасуша бөліне бастайды. Шама'
мен 1 апта өткенде кішкентай ұрық жатырға ауысып, оның
қантамырларына толы қабырғасына жабысып алады. Оның әрі
қарай дамуы сол жерде жүреді.
Адам Жүктілік кезінде жатыр бұлшықеттерінің мас' сасы 50'100 грамнан 1 келіге дейін және одан әрі өседі, ал көлемі 500 есе ұлғаяды. Осы өзгерістердің бәрі баланың жолдасы бөліп шығаратын гормондардың әсерімен жүреді. Кім бар, інімсің бе, сіңілімсің бе? Жүктілік және босану Әйелдің құрсағында баланың даму кезеңі жүктілік деп ата' лады. Адамда ол 9 айға созылады. Жүктілік – әйел өміріндегі өте маңызды, қуанышты, бірақ өте күрделі кезең. Бұл уақытта болашақ ананың өсіп жатқан нәрестесімен бірге іші де үлкейеді, бүкіл ағзасы терең өзгерістерге ұшырайды. Жүкті әйелдің жүрегіне, бүйрегі мен бауырына көп салмақ түседі, өйткені олар екі адам үшін жұмыс істеуге мәжбүр. Сондықтан болашақ ана жақсы тамақтанып, көкөніс пен жеміс'жидекті көп жеп, таза ауада серуендеуі және қатты шаршамауы керек. Жатырға түскен ұрық жүздеген жасушадан тұрады әрі көлемі көкнәрдің дәніндей болады. Бірақ жүктіліктің екінші айының соңында оның ұзындығы 4 см'ге жетіп, денесі, саусағы бар аяқ'қолдары, көздің, мұрынның, ауыздың белгілері бар басы қалыптасады. Жатырда ұрықты сұйықтыққа толы қабық қоршап тұрады. Жатырдың қабырғасында ерек' ше зат – баланың жолдасы (плацен' та) қалыптасады. Оның ішінде ана мен болашақ баланың қан тамырлары бай' ланысады.
Ұрпақты жалғастыру
10 апталық
ұрық
осындай.
Оның
жынысын
анықтауға
болады.
Ұрық өзіне қажетті оттек пен қоректік заттарды қаннан
алады. Жүктіліктің үшінші айының соңында ол қозғалып,
жұдырықтарын түйіп, қабағын шыта алады. Дамудың бұл
кезеңінде ұрық жетілген ұрыққа айналады. Төрт айында ол
кішкентай адамға әбден ұқсап, бесінші айдың соңында салмағы
300 г болады, анасы оның қозғалғанын сезеді. Сәби алтын'
шы айдың соңында қарынның сыртындағы жарықты сезіп,
анасының дауысын естиді. Жетінші айдың соңында ұрық
қалыптасып, кейбір мүшелері ғана даму үстінде болады. Ми
қабығының қалыптасуының жауапты кезеңі басталады, бала
тез салмақ қосады. Тоғыз айда оның салмағы 3'4 келіге жетіп,
сыртқа шығуға дайын болады.
Жүктілік босанумен аяқталады. Жатырдың бұлшықеттері
жиырыла бастап, баланы анасының денесінен итеріп шығарады.
Міне, бала дүниеге келеді де, алғашқы іңгәлаған үні естіледі.
Демек, баланың жағдайы жақсы, ол алғашқы рет тыныс алды
деген сөз. Акушер дәрігер ұрықты плацентамен жалғап тұрған
кіндігін кескен соң, бала өз бетінше өмірін бастайды. Әрине, ол
ата'анасының көмегінсіз жүре алатын, толық дербестікке біраз
жыл өткен соң ғана жетеді.
Адам Гендер ұрпақтан'ұрпаққа беріледі. Балада өз ата'анасның ғана емес, ата'әжесінің, тіпті арғы аталарының қасиеттері көрініс беретіні сондықтан. ДНҚ қосарланған спиральге ұқсайды Хромосомалар Біздің ағзамыздағы жасушалардың ядросында тұқым қуалаушылық заты – ДНҚ бар. Бұл кішкентай «кірпіштерден» ' негіздерден тұратын өте үлкен молекула. ДНҚ қосарланған спиральге ұқсайтыны электрондық микроскоппен қарағанда көрінеді. Негіздерінің орналасуындағы реттілік кездейсоқ емес. Біздің көзіміз бен шашымыздың түсі қандай, мұрнымыз бен еріндеріміздің пішіні қандай екені, жалпы бойымыздағы барлық қасиеттер солардың тізбегінде шифрланған. Белгілі бір ерекшелікке жа' уапты кішкентай ДНҚ бөлігі геном деп аталады. ДНҚ молекуласының ядро' сында тығыз орналасқан ерекше құрылымдар – хромосома; лар бар. Осы хромосомалардың (демек, гендердің) жарты' сын біз анамыздан, ал жартысын әкемізден аламыз. Барлық балалардың өз ата'анасына ұқсайтын себебі сол. Денеміздің әрбір жасушасында 23 жұп хромосома бар, олардың құрамында мыңдаған гендер болады. 22 жұп хромосоманың сыртқы көрінісі ерлер мен әйелдерде бірдей, ал бір жұбы өзгеше. Бұл жыныстық хромосомалар. Әйелдерде бұл жұпты ХХ, ал ерлерде ХY деп белгілейді.
Ұрпақты жалғастыру
Екі Х=хромосома
қосылғанда қыз
бала туады,
ал Х және
Y=хромосомалар
қосылғанда ұл бала
туады.
Өмірге ұл баланың немесе қыз баланың келетіні ұрықтану
сәтінде анықталады. Дене жасушаларынан айырмашылығы,
сперматозоидтар мен аналық жасушаларда хромосомалардың
жартылай жиынтығы болады, олар 23 дана. Аналық жасушаның
ядросы
сперматозоидтың
ядросымен
қосылған
кезде
хромосомалардың толық жиынтығы қалпына келеді. Барлық
аналық жасушаларда Х'хромосома, ал сперматозоидтарда
екі түрі де – Х'хромосома немесе Y'хромосома болады. Егер
аналық жасушаға Х сперматозоид қосылса, ХХ жиынтығы пай'
да болып, қыз туады. Y сперматозоидтың «жолы болса», ХY
жиынтығы пайда болып, ұл туады.
Кейде әйел бірден екі немесе үш бала туса, оларды
егіздер деп атайды. Егіздер екі жағдайда дүниеге келеді.
Егер ұрықтанған аналық жасуша тең бөлініп, содан кейін
жартылардың әрқайсысы дербес дами бастаса, дүниеге
біржұмыртқалы егіздер келеді, олар біріне'бірі егіз тамшы'
дай ұқсайды. Олардың жынысы бірдей (ұлдар немесе қыздар)
бойы, көздерінің түсі, бет әлпеттері бірдей. Егіздердің кейде
ұқсас болатыны сондай, оларды тек анасы ғана ажырата ала'
ды. Мұндай ұқсастыққа таң қалуға болмайды, бір жұмыртқалы
егіздерде хромосомалар жиынтығы мүлде бірдей ғой. Егер
әйелдің ағзасында бір мезгілде екі аналық жасуша пісіп
жетіліп, әрқайсысы өзінің сперматозоидымен кездессе, онда
әртүрлі жұмыртқалы егіздер дүниеге келеді. Мұндай егіздердің
ұқсастығы кәдімгі ағалы'қарындастай ғана. Олардың жыныста'
ры да әртүрлі болуы мүмкін.
Адам
Тұқым қуалайтын аурулар
Тұқым қуалаушылық ақпараттың ата'анадан ұрпаққа берілуі
өте дәл жүреді. Бірақ бұл үдеріс өте күрделі, кейде мұнда
қателіктер, ауытқулар (мутация деп аталады) да болып жа'
тады, сонда хромосомаларда «дұрыс емес» гендер пайда бо'
лады. Мутациялар көбінесе аса елеулі болмайды. Оның үстіне
әрбір қасиетке гендер жұбы жауап береді, егер олардың біреуі
«қалыпты» болса, ген'мутант сыртқа еш белгі бермейді. Бірақ
басқаша да болады. Мутациялар ұрпақтан'ұрпаққа беріліп,
кейде тұқым қуалайтын ауруларға себеп болады. Адамзатқа
белгілі 10 мыңдай аурудың 3'5 мыңы тұқым қуалаушылықпен
қандай да бір байланыста. Мысалы, Ресейдің соңғы импера'
торы ІІ Николайдың ұлы Алексей ханзада тұқым қуалайтын
ауыр науқаспен – гемофилиямен ауырған. Гемофилиямен
ауыратындардың денесіне жай сызат түссе де көп қан жоғалтуы
мүмкін. Алексей ханзадаға бұл ауру арғы әжесі, ағылшын коро'
левасы Викториядан тараған.
Бір қызығы, гемофилиямен әдетте ер адамдар ауырады, ал
әйелдер тек жұқтырушы ғана болады, өздері ауырмайды. Оның
мәнісі, осы ауруға жауапты ген Х'хромосомада орналасқан.
Әйелдерде мұндай хромосома екеу, сондықтан мутациялық
геннің әрекеті оған жұп болған екінші Х'хромосомадағы «дұрыс»
Полидактилия
кезінде
хирург артық
саусақтарды
алып тастайды
Ұрпақты жалғастыру
Кейде қолында немесе аяғында алты саусағы
бар балалар дүниеге келеді. Бұл ауру полидак'
тилия деп аталады, грекшеден аударғанда «көп
саусақтылық». Бұған саусақтарының санына жау'
апты геннің мутациялануы кінәлі.
Даун
синдромымен
ауырған
адамдарды
дұрыс емдесе
өмірден өзіне
лайықты орын
алады
геннің әрекетінің тасасында қалады. Ал ер адамдарда бір ғана
Х'хромосома, сондықтан оларда гемофилия толық көрініс
береді.
Кейде дені сап'сау ата'аналардан әрбір жасушасында бір
артық хромосомасы бар балалар дүниеге келеді. Бұл Даун
синдромы деген атпен белгілі ауруға ұшыратады. Мұндай ба'
лалар даму жағынан қатарластарынан көп артта қалады, сырт
келбеттері де басқаша. Бірақ олар өте қайырымды, ақжарқын,
достаса біледі және жақындарын қатты жақсы көреді. Бір
ақылды қыз інісі Даун аурумен дүниеге келгенде айтқан екен:
«Мейлі, ол басқаларға ұқсамайды. Есесіне ешқашан да жа'
ман адам болып өспейді!». Қазір ерекше орталықтар ашылған,
ондағы қызметкерлер осындай балаларға және олардың ата'
аналарына көмектеседі.
Адам Өмірінің алғашқы айларында нәресте мүлде дәрменсіз Өсу және даму Біздің ағзамызда өмір бойы үнемі өзгерістер жүріп жатады. Бойымыз, зат алмасу, салмақ, көптеген мүшелердің көлемі мен құрылысы өзгереді. Жас ұлғайған сайын келбетіміз ғана емес, өмірге көзқарасымыз да өзгереді. Ежелгі гректер ғажайып жұмбақ ойлап тауыпты, оны адамдарға құбыжық Сфинкс жасырған екен: «Қандай жануар таңертең төрт аяқпен, түсте екі, ал кешке үш аяқпен жүреді?». Жұмбақты Эдип батыр шешіпті. Ол – адам: таңертең (сәби кезінде) төрт аяғымен еңбектейді, күндіз (ере; сек кезі) аяғын нық басады, кешке (қартайғанда) таяққа сүйенеді. Өмірдің басталуы Адам ағзасындағы ең қарқынды өзгерістер нәресте шақта, 1 жасқа дейін жүреді. Жаңа туған бала үнемі дерлік ұйықтайды, тек тамақтану үшін ғана оянады. Бір айлығында ол күлімсіреуді біледі, ал екі ай болғанда – өз бетімен аунап
Өсу және даму
Нәрестенің басты тағамы – ана сүті. Онда барлық
қажетті қоректік заттар мен дәрумендер,
сондай'ақ баланың иммунитетін қамтамасыз
ететін
заттар
бар.
Сондықтан
жасанды
қоспалар ана сүтін алмастыра алмайды.
Жақында ол тәй=тәй
басады
жатады. Алты айлығында бала отыру'
ды және еңбектеуді үйренеді, алғашқы
сүт тістері жарып шығады. Жеті айлық
баланы жарқын бояулар, дыбыстар,
әртүрлі заттар қызықтырады. Ол өзінің
төсегінде аяғымен тұруға ұмтылады.
Балаға тоғыз ай толғанда алғаш рет өз
бетінше жүре алады, алғашқы сөзін ай'
тады, сылдырмақпен және басқа жыл'
тыр ойыншықтармен қызыға ойнайды.
Бір жастағы бала – өз алдына бір
кішкентай адам. Анасы оны емізуді
тоқтатады. Ол енді жай ғана былдырла'
май, үлкендердің шығарған дыбыста'
рына еліктейді де, сөйлеуді үйренеді.
Рас, оның сөзін әзірге жақын адамдары ғана түсінеді. Бір жаста
бала алғашқы қадамын қорқа'қорқа басып, екі'үш ай өткенде
жүруді үйренеді. Бірақ ол әлі не істеуге болатынын, нені істеуге
болмайтынын, ненің пайдалы, ненің қауіпті екенін түсінбейді,
сондықтан ересектердің үнемі қадағалауын қажет етеді. Бір
жастағы баланың салмағы жаңа туған баладан шамамен 3 есе
көп, ал бойы бір жыл ішінде бір жарым есе өседі. Бір жасқа
дейінгі уақыт – адамның ең жылдам өсетін кезеңі.
Адам Көп адамдардың дарындылығы бала кезінде көрінеді, оны байқап, дамытудың маңызы зор Балалар мен жасөспірімдер Балалық шақта, бір жастан алты'жеті жасқа дейін ағзаның барлық қызметі жетіледі. Әсіресе баланың психикасы тез да' миды, сөздік қоры молаяды. Бұл уақытта бала өзге балалар' мен және ересектермен араласып, қоғамдағы өмірдің негізгі заңдарын меңгереді: ол енді ненің «жақсы», ненің «жаман» екенін түсінеді, тыйым салудың, жазалаудың бар екенін ұғады. Алты'жеті жаста баланың қолынан көп нәрсе келеді: футбол ой' найды, билейді, велосипед тебеді. Бұл уақытта ол оқуды, сана' уды және жазуды үйрене алады. Біздің елімізде дәл осы жаста балалар мектепке барады. Онда кешегі сәбидің мүлде басқа өмірі басталады: тұрақты сабақ оқуға дағдылануға, көптеген жаңа материалды меңгеруге тура келеді, ал үйде және сабақ қарау керек! Алты'жеті жастағы балалардың ақыл'ойы мен дене дамуының деңгейі де осындай жұмыстарға сәйкес келеді. Балалар өсіп'дами келе жасөспірімдерге (шамамен 13' 18 жастағы ұлдар мен қыздарды осылай атайды) айналады. Балалық шақ аяқталып, адам жастық кезеңге өтеді.
Өсу және даму Қазіргі балалар алдыңғы буындардың бала' ларына қарағанда біршама тез өсіп, дами' тыны байқалған. Бұл құбылыс акселерация (латынның «жеделдеу» деген сөзінен) деп аталады. Акселерацияның себептері әзірге түсініксіз. Кітап жасөспірімнің досы бола алады Жасөспірімдік шақта бойдың өсу қарқыны жылдамдап, жыныстық жетілу үдерісі жүреді, ол аяқталғанда бала өзі де ата'ана бола алатын ересек адамға айналады. Қыздарда бұл кезең ұлдарға қарағанда ертерек басталатындықтан, олар әдетте мектептің орта сыныпта' рында ұлдардан ересектеу көрінеді. Ештеңе етпейді! Көп ұзамай ұлдар оларды қуып жетеді, тіпті басып оза' ды. Өйткені ер адамның орташа бойы әйелдерден 8'10 см биік. Бала ержеткен кезде сырт келбеті ғана емес, мінезі де өзгереді, бірақ үнемі жақсы жағына емес. Бұл жасты қиын кезең деп тегін айтпайды. Жасөспірімдер кішкентай балаларға қарағанда біршама дербес. Олар ересектерге еліктейді, ата' аналарына тәуелді болғысы келмейді, олар үшін құрбыларының пікірі ең маңызды баға саналады. Бірақ бәрібір түбегейлі есею үшін, жасөспірімдерге әлі де бірнеше жыл керек. 18'20 жаста ғана жасөспірімдер ересек болып, отбасын құрып, өз балала' рын тәрбиелей алады.
Адам Өмірдің гүлденген шағы Ересектік және қарттық Шамамен 20 жасқа келгенде адам ересек өмірге аяқ басады. Бұл уақытты кәмелеттік деп атайды. Бұл кезеңде адам жыныстық жағынан толық жетіліп, өсуі бірте'бірте тоқтайды. Бірнеше он жыл бойы оның ағзасы гүлдену кезеңін' де – дене және ақыл'ой мүмкіндіктерінің шарықтау шыңында болады. Көптеген балалар тезірек ересек болғысы келеді, өйткені сонда оларды ешкім мезгілінде ұйқыға жатуға және таңертең ботқа же' уге мәжбүрлемейді ғой. Бірақ кәмелет' тік – адамның не істеймін десе де өз еркі білетін кезі ғана емес. Бұл адамның мүмкіндігінше өз қабілеттерін толық жүзеге асырып, өмірден өз орнын табуға тиіс шағы. Оның мойнында үлкен жауапкершілік тұр, себебі ол өз отбасын игілікпен қамтамасыз етіп, балаларын тәрбиелеу керек. Әрине, өзінің қартайған ата'анасына да қамқор болуы тиіс. Адам өмірінің шегі бар: барлық адам ерте ме, кеш пе өледі. Өмірдің соңғы кезеңі қарттық деп аталады. Ғалымдардың есебінше, қарттық орта есеппен 75 жастан кейін басталады. Бұл кезде ағзада адамның балалық шағында бастан кешкен даму' ына көбінесе қарама'қайшы үдерістер жүреді. Денесі әлсіреп, ағзаның барлық мүшелері мен жүйелері дерлік тозады. Қарт' тық – дауасыз нәрсе, біздің қолымыздан тек кәріліктің келуін алыстатып, денсаулықты мүмкіндігінше ұзағырақ сақтау ғана келеді. Ең дұрысы денсаулықты бала кезден сақтай бастау!
Өсу және даму Жапония ұзақ өмір сүрушілер елі саналады. Қазір онда жасы 100'ден асқан 20 мыңнан астам адам тұрады. Орта есеппен ондағы ерлер 79 жасқа дейін, әйелдер – 83 жасқа дейін өмір сүреді. Теңіз өнімдерімен тамақтану тіршілікті ұзартады деген пікір бар. Қарттықтың өз артықшылықтары бар Өйткені дәрігерлер адамның қартайғандағы нағыз жасы неше жыл өмір сүргеніне емес, өзін қалай сезінетініне байланы' сты деп біледі. Ұзақ өмір сүрушілер – жасы 90'нан асқан адамдар. Мұндай адамдар жер бетінде көбею үстінде, себебі тіршілік са' пасы жақсарып, медицина үнемі дамып келеді. Дәрігерлер бұрын өмірге қауіпті деген ауруларды көбірек емдеп жазатын болды. Ал Жер бетіндегі ең қарт адам' дар неше жыл өмір сүрді екен? Фран' цуз әйелі Жанна Кальман 122 жыл өмір сүрген. Жапондық Сикэтио Идзуми 120 жыл, әзірбайжан Ширали Муслимов– 168 жылға жуық, ал ағылшын Томас Парр – 152 жыл өмір сүрген. Ұзақ өмір сүрушілердің көбі биік тауда тұрады: таудың таза ауасы адамға пайдалы. Бірақ ғалымдардың есебінше, адамдар одан да ұзағырақ – 200 жылға дейін өмір сүруіне болады. Ал келешектің медици' насы адам өмірін ұзарту тәсілін міндетті түрде табады.
Адам А Аналық жасуша 7, 78, 80'81, 85 Ағза 4, 6 біржасушалы 7 көпжасушалы 7 Адреналин 44 Аксон 56 Аллергия 39 Альбинос 15 Альвеола 32'33 Артерия 40'41 Асқазан 50 Асқорыту жүйесі 48 Аталық без 78 Алтант 27 Алыстан көргіштік 74 Аңқа 32 Ауыз қуысы 48 Ә Әйелдер 76 Б Балалық шақ 90 Бауыр 46 Бас сүйек 22 Без қуық 78 Бездер тер 12 май13 эндокриндік 44 Босану 83 Бронхы 32 Буындар 26'27 Бүйрек 47 Бұғана 25 Бұлшықет 28'29 В Вена 40'41 Вестибулярлы аппарат 69 Г Гемофилия 86 Ген 84, 86 Гипофиз 45 Гормондар 44 Д Дабыл жарғағы 68 Дальтонизм 75 Даун синдромы 87 Дауыс 35 Дауыс сіңірлері 34'35 Дәрумендер 54'55 Дәм сезу 67 Дендрит 56 Диафрагма 33 ДНҚ 7, 84 Е Егіздер 85 Егу 38'39 Еркектер 77 Есту 68 Еңбек 22 Ж Жақыннан көргіштік 74 Жалпақ табандылық 24'25 Жамбас 23'25 Жауырын 25 Жасуша 6'7 Жасуша мембранасы 6 Жатыр 78'79, 81'83 Жатыр түтігі 78 ЖИТС 39 Жүктілік 82 Жүйке доғасы 58 Жүйке жүйесі 56'57 Жүрек 5, 23, 36, 40'43, 82 Жүрекше 42 Жілік майы сары 20 қызыл 20'21 Жылдамдық 30 Жыныстар 76 Жыныстық жетілу 79 Жыныс мүшесі 78 Жөтел 34 З Зәр 47 Зәр шығару жүйесі 46 И Иммунитет 38'39 Инсулин 45 Иіс сезу 66 К Капилляр 40'41 Кәмелеттік 92 Кеуде қуысы 23 Кеңірдек 32 Колбашалар 71 Көз 70 Көз жасы 72 Көз бұршағы 71 Көмір сулар 52 Көру 70 Кірпіктер 73 Күш 31 Қ Қабақ 72 Қабырғалар 23, 33 Қан 7, 9, 36'43, 46'47, 51 Қан қысымы 41 Қан тамырлары 40 Қаңқа 18'19, 21' 22, 24'25 Қарашық 71 Көрсеткіштер
Қарынша 42 Қарттық 92 Қас 73 Қынап 78 Қылилық 74 Құйымшақ 22 «Құс еттену» 17 Құлақ 68 Құлақ қалқаны 68 Құлақ сүйекшелері 68 Қуық 47 Л Лабиринт 69 Лангерганс аралшасы 45 Лейкоцит 36'38 М Майлар 52 Меланин 14'16, 71 Мең 15 Ми 60 сопақша 60 аралық 61 ортаңғы 61 Ми қабығы 62 Мишық 61 Мимика 29 Митохондрия 6 Мутация 86 Мұрын 34 Н Нәрестелік 88 Нәруыз 52 Нейрон 56 Нефрон 47 Нұрлы қабықша 70 О Омыртқа 23 Ө Өкпе 32'33 Өңеш 50 Өсу гормоны 45 Өт қабы 50 Өт 46, 50 П Папилляр сызықтары 11 Планцента 82 Полидактилия 86'87 Пульс 43 Р Репродуктивтік жүйе 78 Рефлекс 58 Рецептор 64 С Секпіл 14'15 Сезім мүшелері 64 Синустық түйін 42 Сипап сезу 65 Склера 70 Сперматозоид 78'80 Солақайлар 63 Сүйек қабы 20 Сүйектер кемік 19 жалпақ 19 түтік тәрізді 18'19 Сілекей 48 Т Таяқшалар 71 Тер 12 Тері 10'13 Тестостерон 78 Тромбоциттер 37 Тор қабықша 71 Төзімділік 30 Тіл 67 Тістер 48'49 Тырнақ 16 Түшкіру 34 Ұ Ұзақ өмір сүрушілер 93 Ұйқы безі 45, 50 Ұлпа 8 сүйек 8, 21 бұлшықет 8'9 жүйке 9 дәнекер 9 эпитерий 8 Ұлу 69 Ұма 78 Ұрықтану 81 Ү Үлкен ми сыңарлары 62'63 Х Холестерин 53 Хромосомалар 84 жыныстық 84 Ц Цитоплазма 6 Ш Шаш 16'17 Шеміршек 21 Шыны тәрізді дене 70 І Ішек 51 Э Эндоплазмалық желі 6 Эпидермис 10'11 Эпистрофей 27 Эритроциттер 7, 36, 40, 46 Я Ядро 7 Көрсеткіштер
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Автор текста М. О. Лукьянов, Н. Н. Малофеева, Л. С. Сергеева, Л. Е. Этинген Составитель К. И. Осетрова Художники: Е. Н. Богуславская, Л. Ю. Лучинина, Н. О. Москалева, А. Г. Проскуряков, А. Н. Савельев, И. Н. Ситников Ответственный редактор И. В. Травина Художественный редактор Н. О. Москалева БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «Балалар энциклопедиясы РОСМЭН» cериясы АДАМ Бұл кітап жас оқырмандарды адамның ағза мүшелерімен таныстырады. Адамның ішкі органдары мен сезім мүшелері жайлы, олардың жылдар ағысындағы жұмыс істеу өзгерістері жайлы білетін болады. Редакторы: Мақпал Мыса Қазақ тіліне аударған: Қайырбек Шағыр Корректоры: Майра Кенжебекова Беттеген: Арман Мақсұтов Басуға 01.09.12. қол қойылды. Пішімі 70 90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. Гарнитура «Прагматика». Шартты баспа табағы 7,02. Таралымы: 1000 дана. + 2 000 дана. Тапсырыс № . ІSBN 978'5'353'06043'7 УДК 087.5 ББК 28.706 «Книжник» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 1 Тел.: +7 (727) 273'59'06, 273'59'07 (сату бөлімі) © Перевод на казахский язык. ТОО «Книжник», 2012г. © Текст, оформление, иллюстрации. ЗАО «РОСМЭН'ПРЕСС», 2012 х
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру