TELEGEI

Home

Егіз арна

Төкен Әлжантегі

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Егіз арна

Жазушы Төкен Әлжантегінің бұл жинағына ел мен жер, тарихқа қатысты туындылары еніп отыр. Қаламгердің тілі жатық, сөз саптауы әдемі, баяндау мәнері ерекше. Автор кейіпкерлерінің жандүниесіне терең үңіліп сезім иірімдеріне бойлай түседі.

Алматы 2015
Төкен ӘЛЖАНТЕГІ

(хикаяттар)

ӘОЖ 821.512.122-31

КБЖ 84 (5 қаз) 7-44

Ә-51

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт
министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін
басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді
ӘЛЖАНТЕГІ Төкен.

ЕГІЗ АРНА (хикаяттар)/ Төкен Әлжантегі

– Алматы:«Хантәңірі», 2015, – 380 б.

ІSBN 978-601-03-0360-7

Жазушы Төкен Әлжантегінің бұл жинағына ел мен жер,
тарихқа қатысты туындылары еніп отыр. Қаламгердің тілі жатық,
сөз саптауы әдемі, баяндау мәнері ерекше.
Автор кейіпкерлерінің жандүниесіне терең үңіліп сезім

иірімдеріне бойлай түседі.

ӘОЖ 821.512.122-31

КБЖ 84 (5 қаз) 7-44

ІSBN 978-601-03-0360-7

Ә-51

© Әлжантегі Т., 2015
© «Хантәңірі», 2015

– 3 –

АҢЫЗ АЛБАРЫНДАҒЫ ҒҰМЫР

Құлаққағыс:
Бұл хикаят – қазақ тарихында әлі толық зерттелме-
ген, ХУІ-ХУІІІ ғасырлар төңірегіндегі кейбір деректерде
әредік ауызға алынғанмен мәні ашылмаған хан ордасында

болған Аталық дәрежесін иеленген, мәңгілік тыныштығын
Қожа Ахмет Яссауй кесенесіндегі ұлы хандар арасынан
тапқан Сайдалы Нияз (құлпытаста Сейдалы Нияз деп қате
жазылған) батырдың өмір қырын суреттейді.

Аталық – ханзадаларды тәрбиелер, хан жоқ жерде хан
орнын жоқтатпай билік тізгінін ұстар, белгілі бір дәрежеде
келіссөздер жүргізер тұлға болған.
Жаздың орта тұстан ауып кеткендігін байқатқандай көк

бояғын жоғалтқан дала қанын ішіне тарта бозарып алған.
Жота-жондардың басын былай қойғанда, ойпаңдағының
өзі өң-түсінен айырыла құп-қу. Оның бергі жағында, ат
сауырын қағар селеулі шөп өспейтін алқаптың қырбығы

мый қайнатар ыстықтан әлдеқашан күйіп жерге жабыса
түскендіктен бе ат тұяғынан көтерілер шаңды қоюлатып,
тынысты тарылта түседі. Ауа ауыр – кеудеңді еркін керіп
дем ала алмайсың, жол ауыр – ат екеш әлді аттардың өзі

сар желістен тиылып, сараң аяңның ауанына көшкеніне
бірталай уақыт. Бірақ, аяқ суытуға әлі ертерек. Суы бар
жерге тоқтамасаң кезерген ерінді ылғалдап, кепкен көңді
жібіте алмасың анық. Адамдарды қойшы, қанжығадағы

торсықтарынан ауыз шылап, тіл астына ытырылған
малтадан шөлге сеп жасап келе жатқандары шүбәсіз,
жануарларға обал-ақ, олар бір қисайса қайтадан аяққа
тұруы екіталай.

Жолаушылар әуелде, осы жолды таңдағанда, ертеден
көңілге жаққан, жадыда сайраған құдық көздерін сағалап,

– 4 –

соны алданыш қылуды ойлаған. Алайда, уақыт өз дегенін
істеп тынған ба, жоқ, әлде бұлар негізгі бағыттан сәл
қиыстаған ба, әйтеуір, айдың-күннің аманында сарсаң
тірліктің сартабын кеше сандалып келе жатқандарын

ғана біледі. Дегенмен, мұны айдайға жариялай қыңқ етер
бірінің табылмағаны жұбаныш. Не ойласа да ішке бүгіп,
іштей өз-өздерімен арпалысқандар қабарған қабақтарын
жазбастан үн-түнсіз алға қарай сүлдерлерін сүйретуде.

Сүйреткен қалыптарында ұрлана айналаға тінтініп келе
жатқандарына шүбә жоқ. Бірінің қапталын екіншісі қайыра
ұзап кете беретін сансыз қыраттардың ішінен тайға ендел-
ген ендей көзге ұрар межеліні таппаққа үміттенгендерінен

сөйтеді. Күндіз түгілі түннің қараңғылығында адаспас
түйсікті бүгін қандай қара басқанын ешқайсысы тап
баса алмай дал. Өкініш пен ызаның өзегінде өртенгендер
лажсыздықтың

албарында
алқыныстарын
басқанға
ұқсайды.

Талтүске іліккен күн жалын шашады. Көлеңке басы
табан астына түскенде көз жетерді сағым жайлаған.
Аспан бұлдыр, айнала бұлдыр, жер бұлдыр. Дүние
бұлдырлықтың

арасында
сапырылысып
кеткендей
әсер басым кім-кімде де. Мына қалпында әлем жөңкіле

көшіп бара жатқандай. Сол көшкіннің арасын аңдасаң
не бір нақыштар айшығы санаңа құйылып, өткен мен
кеткеннің елестерін топырлата көз алдыңда тербелтеді.
Алашапқындық та, алмағайыптықтың аласапыраны да

көлбең елес бойында сақталған. Ұшығына жармассаң
ұшпалықтың ұсқынын да нобайлардан аңғарғандайсың.
Бәр-бәрі дүниенің бір орында тұрмайтынын, қозғалысқа
құрылатынын дәлелдеп бағуда. Дәлел бедерінде екпіннің

басым жататыны да қиялыңды ширата түседі. Сол
екпіннің пәрменіне шыдас бергендер төрткүл дүниеде
тірнек талайын айырып, шыдамағандар қомнан ертерек
ауып қала беретінін сезінген жүректің мұндайда дір-дір

ете қалатыны жасырын емес.

– 5 –

Иә, түсіне білген жанға тіршілік дегенің қозғалыс ауа-
нына бағынған тылсым екені айтпаса да түсінікті жағдай.
Сондықтан іңгәңді жариялай мұнда кіріккен екенсің жан
алыс, жан беріс деп аталатын арпалысқа қашанда дайын

бол. Әгараки, абайсызда сүрініп кетсең құламауға күш
сал, қайтадан бойыңды түзеп, емпеңдей жүгіруге талпын.
Демікпеуді үйрен. Кеудеңді жалын кернесін, жаныңды
үміт жылытсын. Сонда дегеніңе жетесің. Жетесіздік та-

нытпа. Бүйтсең өзіңнің ғана желкең қиылып қоймайды,
жұртыңды ұятқа қалдырасың, ұрпағыңды масқараға
ұшыратасың.
Жаратқан иеге мың мәрте қарыздар, атасы Арыстан –

Хақназар мен Еңсегей бойлы Есім хандармен үзеңгі
қағыстыра жүріп билік тізгінінің бір басын ұстаса, әкесі
Барқы да Әз Тәуке тұсында Аталық дәрежесіне көтеріліп,
қазақ хандығының күш алуына көп қарым жұмсаған,

елдік мұратты бәрінен жоғары қоя білген арыстар еді.
«Жұртыңмен бірге тарығып, жұртыңмен бірге тойынсаң
жаман болмайсың», – деп отыратын әкесі Барқы қолы
қалт еткенде балаларына. Тағы айтатын: «Біреуге

жаққаныңнан айналаңа жақсы болып кетпейсің, ауыл
арасына беделіңнің артқанынан абыройың тасымайды –
жамағатыңа жұғымды бол. Жамағатыңның қуанышы мен
қайғысын бөлісуге жарасаң нағыз ұлан болғаның. Ал,

қараша халық өзі төбесіне көтергенін көкжал азуында
талатпаған. Найзаның ұшында, семсердің жүзінде тұрса
да жанын сала қорғап қалуға тырысқан», – деп. Міне, осы
ұлағатты санасына тоқып өскен Нияз батыр анасы қалжа

жеген күннен десе артықтау шығар, ес білген шамадан
бастап әке өсиетіне адалдыққа жүгінді. Ат жалын тартып
мінгелі тақым жазбай ер үстінде өзек жалғап, ер үстінде
көз шырымын алғаны соның айғағы. Арқадан басталған

мына жортуылында да ол елдік мүдденің еңселілігін
қолдайтынын білдіруге сапарға шыққан.
Аяқ астынан жиналған.

– 6 – Ат терлетіп жаушы жеткенде шалғыны көкорай, сабасы күрп-күрп, самалы жан жадыратар өңірде салқау тірліктің шуағын бойына еркін сіңіре тып-тыныш ғұмыр кешіп жатқан. Атой шықса атқақтай жөнелетін жұрты да қару-жарағын кереге басына іліп қойып, жортуылға мінер жануарларды ен отқа айдап тастап, марғаулықтың майсасына масайғандай ақар-шақар шақтың салтанатын кешіп жүрген. Амал нешік, бәрі бір сәтте сап тиылды. Кісі түсер он екі қанат ақ үйге кіріп, бұлаққа салқындатылған балдай қымыздан шөл басқан шамада қос жаушының оқтау жұтқандай қаздиып отырған ересектеуі сөз бастаған. – Мәртебелім, – деген ол ашық дауысы қырандай саңқ етіп, осында отырғандардың назарын еріксіз өзіне аудара, – Құлан жортар құба белдерден, құс базарын қыздырар шалқар көлдерден, қыран қонақтар қиядан, ырыс ұялаған ұядан дұшпанымызды аластап, көз алартқанды тамақтап «ух!» деп кеуде кере тыныс қайырғанымыз кеше еді. Құдайға шүкір, бұл күнде де алақ-жұлақтан ада қалпымызда бақуаттыққа байсал сала тірлік кешудеміз. Мұның бәрі хан иемнің алғырлығынан, сіздей ақылманның алысты көрер, асылды айырар сұңғылалығынан, намысын жани білер жұртымның керек жерде тас-түйін жұмылып, жауына қаршығадай түйілер күш-қайратының толысқанынан. Сөйткенмен, «жау жоқ деме – жар астында», дегенді әсте естен шығармағанымыз абзал шығар... Ол айтқанының салмағын білгісі келгендей маңайындағыларды көзімен сүзіп өтті. Үй ішіндегілер жым-жырт. Сөз соңын баққандар негізгі мәселенің түйінін тарқатар тұсты тағатсыз күткендей. Соны байқағанда жаушы төрдің нақ төбесінде таудай болып отырған Ниязға мойынын бұра ойын әрі қарай сабақтады: – Жылымға бір түскеннің жуыр маңда одан шыға қоюы екіталай. Олай болса, сол жылымға түсіп жанталасқаннан гөрі оған түспеудің қамын жасағанның бағы жоғарыда

– 7 –

екені айтпаса да түсінікті. Болат ханның көздегені де осы
мақсат секілді. Соған байланысты Әбілпейіз сұлтанды
бас ете шығыс тұсымызды нықтамаққа бекінген беті
байқалады. Ел жақсылары мен жайсаңдарын жинау бары-

сында бұл шаруаны көппен ақылдаса шешуді дұрыс деп
тапса керек. Жан-жаққа жаушы аттандыруының себебін
мен осыған сайыдым.
Іште отырғандар орындарында қозғалақтасқандарымен

суырылып алға шығар ниетті біреуі байқатпады.
Заңдылықтан. Аталық барда орынсыз өндіршектеу, жоқ
жерден көсемсу саппастыққа жататын.
Бірақ Нияз жуыр маңда бұл әрекетті не қоштайтынын,

не қоштамайтынын білдіре қоймады. Ойға шомып кет-
кен...
Бәрінен хабардар отырған. Кейінгі оншақты жылдың
ол жағы мен бұл жағында қонтайшылар арасында жүрген

билік таласы ол елдің берекесін әбден қашырып біткен.
Мұның барлығы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейін
басталған. Сыбан Доржыны ағасы Лама Доржы өлтіріп
тақты иеленсе, оның түбіне Лабашы жетіп, билікті қолына

алған. Дегенмен бұл нәсіп оған да ұзаққа бұйырмады,
Қытай жасағының қолына түсіп қалып, ол да өлтірілген
соң Лабашының кезінде Қытайға қашып барып, соның
әскерімен бірге оралған Әмірсана қонтайшы лауазымына

жеткен. Әйткенмен, берекесі қашқан елде бірлік құтайған
ба, ақыры ол да елден кетуге мәжбүр болып, ақырында
сыртта жүріп белгісіз аурудан қаза тапқан.
Бәрінің соңында халықтың босқындыққа ұшырағаны

мәлім. Жоғарғы тұстағы көршілерге кеткені сол жақты
сағалап, басқалары Еділге қарай жөңкіліп, бір кездегі
ұлан байтақ өлке әп-сәтте қаңырай босап қалған. Оған
қайта-қайта шабуыл жасап жатқан Қытай тепкісінің әсер

еткені де аян еді.
Енді, міне, сол тұсты қазақтар бекітсе, бекітіп қана
қоймай Жоңғарлардан босаған жерді иеленіп алса несі

– 8 –

айып! Бұл өте дұрыс шешім! Әсіресе Нияздың көңіліне
қонатыны – Әбілпейіздің иелік тұтқасын ұстайтыны.
Қанша айтқанмен өзінің тәрбиесін көрген, Аталық
тезінен өткен сұлтан ғой, жол бастарда да, қол бастарда

да оның көргені, көңілге түйгені жетерлік. Бір шамаларда
Әбілмәмбет хан мен Нияз батыр Сарыарқадағы хан жай-
лауына көшкенде Түркістан билігін Әбілмәмбеттің ұлы
Болат алып қалғаны белгілі. Сонда Әбілпейіздің түрлі

дау-шарларда өзін жақсы жағынан көрсете білгенінен ха-
бардар. Ендеше, ұрыста тұрыс болмайтыны қандай анық
болса, Аталықтың Әбілпейізге «Алла жарылқасын!» деп
бата беретіні сондай ақиқат дүние.

Елек қорытындысы осыған сайығанда Нияз жадырай
маңайындағыларға жүзін бұрды.

– Бауырларым, балаларым, қалай ойлайсыңдар, мына

сапарға шыға аламыз ба?
Іштей булығып отырғандар шу-шу етісті:

– Сіз ниет етсеңіз біз дайынбыз ғой!

– Ат – әлді, жігіттер – сақадай сай шақта суырыла

шығып, сусылдата жетеріміз ақиқат!

– Е, ел мүддесі таразыға тартылатын шамада бәрінен

шеттеп, бір қиырда қалғанымыз ұят та, бастаңыз, батыр!

– Иә, Әруақ!

– Әруақ қолдасын!

– Сапар сәтті болғай!

Сол күннің ертеңіне Нияз туысы Өмірзақты шақыртты.
Ебіл-дебіл жеткен немере інісіне барлай ұзақ қарады. Өтіп
бара жатқан уақыт-ай, бір шамаларда бұтын жалаңаштай
жүгіріп жүретін шикі өкпе бала еді, енді бұл да жігіт ағасы

жасына жетіп қалыпты. Екі иығына екі кісі мінгендей
алыптың нағыз өзі болған да қойған. Сықпытына үңілсең
көз тойғандай. Жауға салсаң жайпап өтер дүлейдің нағыз
өзі дерсің.

– Неге шақыртқанымды білемісің? – деп сұрады

сүйсінісін жасыра алмаған қалпында жымиып.

– 9 –

Анау шырт ете қалды:

– Біреудің ішіне кіріп-шығар қасиетім болса алдыңызда

бүйтіп пүшәйман күй кешпес едім. Білмейтінім ақиқат.
Сөзі түйеден түскендей. Бірақ жөнін айтып тұр. Кімнің
ішін өзі ашпаса кім білгендей...

– Маңайдағылардан естіген шығарсың, Түркістан

жаққа сапарламақ ниетіміз бар.

– Сапарласақ сапарлайық. Сіздің соңыңыздан еруге

мен қашанда дайынмын!

– Жоқ, бұл жолы сен маған ермейсің, керісінше мен

саған еруді ұйғарып отырмын...
Сөздің мәнісін ұқпады ма, аңтарыла қарады. Онсыз да
аласы молдау шегір көздері атыздай.

– Түсінбедім... Сонда қалай, ағасы-ау?!.

Ол тұтығыңқырап қалғанда Нияз мән-жайды түсіндіре
бастады.

– Шырағым, бекерден-бекер шақыртқан жоқпын.

Апырақтамай әуелі жақсылап тыңдап ал. Сен қонақ күтудің
жолын, ретін басқаларға қарағанда жақсы білесің. Енде-
ше бізді ұятқа қалдырмайтыныңа сенемін. Түркістанға
тап ертең аттанасың. Жаныңа әлді жігіттерден оншақты

серік ал. Малдан қам жеме, сол жақтан да табылады.
Ағайындарға менің сәлемімді жеткізсең сойыстан кенде
қылмайды. Түсіндің бе?
Өмірзақ мән-жайдың байыбына енді барғандай басын

изеді.

– Біз ай толған шамада шығамыз. Қалған шаруа

барғаннан соң байыпталар. Ал, жолдарың болғай!
Өмірзақ енді бөгелмеді, басындағы тер сіңді ескілеу то-
пысын бір жағына қисайта киген қалпында табалдырықтан
әрі аттай берді.

Уәделі мерзімде Нияз бастаған топ та атқа қонған.
Ендігі сиықтары осы...

– Ананы қараңдар?! Анау алда бұлдыраған «Қарашоқы»

емес пе?!

– 10 – Әлдекімнің оқыстан шыр еткені топтағыларды елең еткізді. – Кәні? – Қайсысын айтасың? Ана белден аса көрінген биіктік пе? – Тап соның өзі! – Ұқсайтын сияқты... – Ұқсағаны несі-ей? «Қарашоқы» ғой! Ұзынынан сұлап жатқан жатысынан таныдым! – Пәлі! Нақ «Қарашоқы!» Қырағы-ақ екенсің өзің! – Е, аяқ астынан әріні көрмейтін сен деп отырмысың, қарайғанды қалт жібермейтіннің өзіміз біз деген. – Мақтанған түрін-ай... – Мақтанса мақтанатын жөні бар мұның. Бәрекелді, қырағылығыңа болайын сенің! Жігіттер бірін-бірі қағытпаға салып жатқанда Нияз жер қыртысын бағамдағандай жан-жағына қаранған. Сөйтсе шынымен де негізгі бағыттан сәл қиыстап кеткен екен. «Ештеңе етпес, бұл да бір сынақ», деді ішінен. Сөйтті де атын тебініп алға қарай оза берді. Мына төбенің неліктен «Қарашоқы» атанғанын түсіне алар емес, басын жанына қисайта шөккен жалқы өркешті нарға көбірек келеді. Тек бір айырмашылығы, нарда жан болса, бұл жансыз тыншыған бір алып. Сұлбасына көзі үйренгеніне нешеме жылдың жүзі. Бала кезінде алғаш қауышқан. Содан бері жетпіс жылдай уақыт өтсе де міз бақпастан жатқан қалпы осы. Не биіктемейді, не аласармайды. Келгенді үнсіз қарсылап, кеткенді тілсіз шығарып салу пешенесіне бұйырған бір дүлей, әйтеуір. Сөйткенмен, олай-былай сапарлағандардың бәрі «Қарашоқыны» іздейтіні ақиқат. Кіре тартқандар да, бірлі-жарымды жолаушылар да алыстан төбесін көруге

– 11 –

ынтықса, жақындағанда бауырына жасырынуға асық.
Ынтығатыны – бағытынан жаңылыспағанын айыру
арқылы ертеңіне деген үмітін үкілейді, асығатыны –
қойнауындағы шоқ талдардан сая тауып, оның арасынан

сылдырай ағар бұлақ көзі шөлін басарына сенгенінен.
«Қарашоқының» және бір қасиеті бар. Жаугершілікте
қарауыл қарауға таптырмайтын орын. Басына шықсаң
айналаң алақандағыдай көрінеді. Ол жерден төрт

құбылаңды толық бақылай аласың. Шаң көтерер қалың
қол тұрмақ, андан-мыннан қылт еткенді көзің шалатыны-
на имандай сенуіңе болады. Бұл қиын күндерде осында
бекінген жасақ үшін артықшылық екені айтпаса да белгілі.

Міне, сол төбенің етегіне іліккелі Нияз бастаған топтың
жағдайы біршама жақсарып қалғандай. Аттар шөлін ба-
сып, жігіттер салқын суға беті-қолдарын шайысып жан
шақырысыпты. Әр-әр тұстан естілген әзіл-қалжың, бей

берекет даурықпа дауыстар мұны айғақтап тұр.
Бұлақ басындағы майса үстіне ертоқымды жаста-
на қисайған Нияз сәл қалғып кеткен екен, осының өзіне
әжептәуір тыңайып қалғанын сезінді. Қол-аяғы жеңілдеп,

денесі кәдімгідей ширағанын байқап жатыр. Сөйткенмен
орнынан бірден тұрып кетуге асықпады. Сайдың тасын-
дай сайыпқырандары тұрғанда ұсақ-түйекке араласуды
жөн санамай керіле есінеп алды.

«Пах, шіркін! – деді сонсын ішінен мағұрлана,  –
Мына «Қарашоқы» Сарыарқаның сыртта қалған бір
пұшпағындай екен-ау!» Содан әріде есіне әлдене
түскендей тал жапырақтары арасынан сығалаған шоқы

басына жанарын қадады.
Бұл төбенің алабөтен ерекшелігі өзге жоталардан
еңселілігінде. Көшім-қонымы көп қазақ қашаннан бағыт-
бағдар аужайын табиғат бедерлеріне қарап айқындап

отырған. Сонда биіктікті әсіресе бағалай білген. Алыстан
қара шалдырып, қашықтан сұлбасын қарайтарды көңілге
қондырып, әспетке айналдыруы адамдардың ұшы-

– 12 –

қиырсызда адаспасқа ден қойғанынан, алмағайыптық
албарында айдай тірлікке ах ұра қарамауды қаперде
ұстай білуінен. Заманалар бедерінде қозы көшті ғана
айналсоқтамай, алыстарды еңсеруді білуі соның салдары-

нан.
Болат ханның бұлар куә болар үлкен бас қосуға
шақыртуы Түркістандағы үлкен хан тағында отырған
әкесі Әбілмәмбеттің алысқа көз тігуінен, малды, жанды

қазақтың ертеңгі қамын ойлағанынан деп бағалағаны орын-
ды. Мұның тасасынан және бір шындықтың қылтиятыны
күмәнсіз: талай жылдарға созылған жоңғарлармен та-
лас-тартыс кезінде тапқан мен айырылғанның арасын

әлі ешкім таразыға тартпағанымен, ұтылғанды қайтару,
жағдай келіп тұрса еселеп алу ойы ешкімді бей-жай
қалдырмаса керек-ті. Міне, соның күні енді туғандай. Ен-
деше, талпынбасаң өзге біреуге бұйырарды ебін тауып

өзіңе қарай икемдесең кім айып тағар саған? Біле-білгенге
бұл жеке бастың емес, қалың бұқараның несібесі. Ал,
несібеден қарап тұрып айырылу есуастың еншісіне жазы-
лар пешене.

Бірақ, бұл үстем пиғылға іргеден көз алартқан Қытай
не демекші? Олардың да бүлінгеннен бүлдіргі алып
қалуға бар күшін салатыны анық қой. Қарап жатпайды,
әрине. Көзін сүзіп үздігіп, қолын сұғып уыстап, әйтеуір

бір қомақтыны қамтып қалуға, тақымына басып әкетуге
барын салатыны күмән тудырмайтын жағдай. Олай болса,
ата жұрттағылардың да бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығару арқылы ұйымдаса қам жасап, неғұрлым тезірек

жіліктің майлы басын ұстауға асыққандары дұрыс-ақ. Иә,
сәт!
Нияз Қытай әуселесін байқаған адам. Олар тап қазіргі
таңда әлдекімге әлімжеттік жасауға, әлденеге бас-көз жоқ

тарпа бас салуға құлықты емес. Ондайға түстікте аюдай
қорбаңдаған орыс тұрғанда бармайды да. Аңысын аңдап,
арғы-бергінің сарасын саралап барып қимыл-қозғалысқа

– 13 –

көшетіні белгілі. Ендеше осы тынысты қазақтардың ба-
рынша пайдаланып қалғаны орынды. Аюды емексітіп, сол
екі арада қара қытайдың көңілін басқа бір жылтырақпен
алдай алса айы оңынан туатыны күмән тудырмаса керек.

Бірақ, мұның бәрінің ықтияры бір адамның қолында,
бәрін шешетін хан ие. Олай болса, Әбілмәмбет ханның өз
ойлағаны бар шығар. Соған өміршеңдік тілеген абзал.
Тілей отыра баласы Болат арқылы Әбілмәмбет ханның

жан-жаққа ат шаптыруының басқа да мәні бар екенін
түсінген ләзім. Әбілмәмбет Нияз секілді шау тартқан
хан. Артынан жетіп отырған ұрпақтары, Құдайға шүкір,
баршылық. Олар да қазір бір-бір биліктің тізгінін

алақандарына сыйғызғандар. Түпкі нысананың сол
балалардың біріне үлкен хандықты қалдыру ниетін
байқататыны көрініп тұр. Несі айып, қалдырса қалдырсын.
Әбілпейіз ондай құрметке лайық-ақ...

Ойы осы тұсқа жеткенде жүрегі шым еткенін сезінді.
Сонда арыстандай айбарлы, жолбарыстай қайратты, ал-
даспандай өткір Абылай қайда қалмақшы? Ол мына
таңдаумен келісе қояр ма?

Бір мүшелден сәл астам уақыт ілгерідегі оқиға мыйына
сап етті.
Онда Абылай Қалдан Сереннің тұтқынында болатын.
Оны қапастан босату үшін мәмілегерлер тобы жасақталып,

сол топтың басы болып Нияздың Қалмақ жеріне барғаны
бар-ды. Обалы нешік, ел қонтайшысы қазақ өкілдерін тәп-
тәуір қарсылады. Ас-судан кенде қылмай, ара-арасында
ойын-сауықтың түр-түрін көрсетуді де ұмыт қалдырмады.

Тек, бір назар аударатын жағдай, негізгі әңгімені тым
сырғытпаға салғаны билік егесінің әлдебір жымысқы
ойының бар екенін байқатқан. Ол сонда не?
Жұмбақ түйіні көп өтпей шешілді. Үлкен қонақасы

үстінде орын алған тосын оқиға жиналған жұртты елең
еткізді. Ортаға ойқастай шыққан қалмақ жағының бір ба-
тыры: «Жекпе-жек! Жекпе-жек!» деп барылдай айқайлап,

– 14 – қылышын жалаңдата әрлі-бірлі жүгірді де, артынан қонтайшысының алдына барып басын ие, бір тізерлей отыра қалды. Мұны көргенде дастархан басындағылар қиқуласып, қазақтар түкке түсінбестен біріне-бірі қарасты. – Жекпе жекке шығатын батырларың болса шығарыңдар! Барлық мәселе батырлар шайқасынан кейін шешіледі! – деді сол кезде орынынан көтерілген қонтайшы жұрттың шуын баспаққа оң қолын жоғарыға көтере, миығынан күле жар салып, – Батырларың болмаса аман-есен тұрғандарыңда келген жақтарыңа қайта беріңдер, жан олжа, жолдарың ашық! Нияздың басына қан тепті. О заман мен бұ заманда мәмілегерлерді жекпе-жекке шақыру қай атаның қағидасына сыйған? Естісе құлағы керең боп қалсын! Дегенмен намысқа булықты. Мұндайды көргенше, мынадай қорлыққа төзгенше дәл осы жерде өліп кетсе болмас па! – Абылайдан жаным артық емес шығар, жекпе-жек десеңдер талаптарыңды қабылдадық! – деді ысқырына. Сонсын өзіне еріп келгендердің тоқтатпақ әрекеттеріне бой берместен сыртқа атылды. Нөкерлерінің бірі жетектеп әкелген атына қарғып мініп, тағы бірі жеткізген он екі бунақ найзаны білемдеген қалпында қарсыласына түйіле қарады. Анау да тас-түйін екен. – Ел менікі – алғашқы кезек те маған тиесілі! – деді сонадайдан бақыра. – Оныңа да көндік! Ымырт түскен шақ. Айнала қаракөлеңкелік құшағына кіріге бастаған шама. Бұлдыраң-құлдыраңның қарасы маңайды толық жайламағанымен құрық бойынан алыстау тұсты анық қалпында аңғару қиынның қиыны. Сөйткенмен, жанар өткірлігі жан сақтарға себепші. Сақтағанына да күмәнсіз. Аралық әжептәуір болғанымен шайқас алдында Нияздың байқап қалғаны – дұшпан батырының мінгені

– 15 –

қара ала ат екен. Оның ақ түсті бөлігі қаракөлеңке шақтың
өзінде сонадайдан қылаң беріп, қарсыластың қайдан
құйыларын жариялап тұратыны анық-ақ.

– Ал, бастаңдар! – деді дәл сол мезетте хабаршы

жарлығын түсіріп. Соны құлағы шалуы мұң екен анау
астындағы атын тебіне алға қарай шаба жөнелді.

– Әруақ жар болғай! – деп тістенді Нияз қарсыдан

төнген батырдың найзасын сол жағына ұстағанын аңдай,
сол арқылы майдандасының солақай екенін болжап
үлгеріп. Сондықтан шабуылшы қаруын сілтегенде барын-
ша оңға қарай жалтара ығысуды және жадына тоқи. Найза

ұшын мүмкіндігінше дарытпаудың амалы осы ғана еді.
Бәрі көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Батыр ақыра
жетіп, найзасын шаншуға түйілгенде бұл алдын ала
болжағандай кілт бұғына, тақымын қысып үлгерген.

Иесінің ыңғайын әбден алған жануар сол сәтте бір жағына
бұлт етіп, қас пен көздің арасында нысана бағытынан жы-
лыстап үлгерді. Соның нәтижесінде мұндайды күтпеген
қарсыласы өз екпінімен арсы-гүрсі жағдайда артқа қарай

суси берді.
Бір шабуылдан аман қалғанына шүкірлік жасаған Нияз
өз-өзіне келе артына мойнын бұрғанында ананың ызаға
булыға қайта шабуға ниеттенгенін байқады. Байқады да:

– Батыр болсаң сөзіңде тұр! Ендігі кезек менікі! – деп

ақырып жіберді. Онымен қоса жекпе-жек куәгерлері де
шу-шу етісті:

– Мәрттік керек!

– Сен кезегіңді өткердің!

– Қатын болмасаң қайт бетіңнен!

– Кезек қазақтікі!

Қалмақ батырының енді тоқтамасқа амалы қалмады.
Ол тізгінді алақанын қайысқа ысқыза күрт тартып,
алғашқы екпінін тежеген соң сонадайдағы орнына атын
ойқастата барды да, қасқайған қалпында шүйілер жауын

күтіп тұра қалды.

– 16 –

– Иә, сәт! Аллам жар болғай! – деді мұны көрген Нияз

ішінен тәңіріне сыйына. Содан кейін дұшпанына белгісіз,
өзіне ғана тән амалды қолданбаққа бекіне найза ұшын сәл
төменге қарата атын тебініп, алға қарай шаба жөнелді.
Шайқас тағы да аяқ астынан аяқталды. Дәл иықтың

жоғарғы жағындағы торкөздің қайырма қабатының
шор тігісіне қадалған қару әлеуетті қолдардың күшімен
қарсыласты атынан аударып тастады.
Жұрт ырду-дырду. Айналада айқай-сүрең:

– Қазақ жеңді!

– Әруақ! Әруақ!!

– Анау айласын асырып кетті!

– Қап, жер болғанымызды-ай, ә!..

Бұл кезде Нияз найза ұшын қалмақтың кеудесіне
тіреп тұрған. Бірақ өлім қаруын ананың денесіне бойла-
тып сұғындыра алмады. Өйткені, келісім артын ойлаған.
Абылай сұлтан солардың қолында тұтқында отырғанда

шиеленісті өршіте беруге мүдделі емес еді.
Қалмақтың күші тасыған һас батыры, дүлей дауылдай
жас батыры дәл сол тұста пайғамбар жасына іліккен Ни-
яздан неге жеңілді? Кейіннен бұл оқиғаны саралай келе

аталық бір ғана түйінге жүгінді: көзсіз сенім де адамға опа
алып бермейді екен. Сеніммен қоса сабыр мен салиқалық
серіктесе қанатын жайуы керек екен. Сабыр толғам мен
тоқтамға шақырса, салиқалық таным таразысын теңдеп,

асығыстық пен астамдықтан пенде баласын қорғаштауға
ниетті екен. Міне, осыларды жадыға түйгенде ғана адам-
зат астамдықтың құрбанына айналмайды, соқыр сенімнің
жетегінде көзсіздік таныта селтеңдемейді.

Біле-білгенге өмір дегенің – тұнып тұрған тәлім.
Туғаннан өлгеніңше сол тәлімнің жемісін тересің.
Тергенің тәтті ме, әлде құрт түскен бірдеңе ме, ол сенің
парасат, пайымыңа сыйысқан. Егер ақылың пісіп,

талғамың жетілсе опық жемейсің – оза жауып, бәйге ба-
сына шығасың, ал керісінше жағдайда өл де ғана бардың

– 17 –

қатарын толықтырасың. Қазақ: «Бала бер, бала берсең
оған сана бер, сана бермесең ала бер», деп құдайына
жалбарынғанда ұрпағының саналы азамат болып өсуін
Жаратқаннан егіліп отырып сұраған. Сұрағаны қабыл

болғанына ұлан-байтақ жері, сол жерге лайық жаратылған
дархан елі дәлел. Атпал жігіттері, ақылына көркі сай
қыздары болмаса, бәріне бас-көздік жасар даналары
тұрмаса жатар ма еді Нияз дәл бұлай бұлақ басында

көкмайсада аунап, «Қарашоқының» биігіне сүйініп? Жат-
пас еді, тырағай тірліктің соңында сенделіп жүрер еді ба-
сар тауы мен тығылар қуысын таппай.
Шүкір, бәріне шүкіршілік етеді – халқы сыйлады,

соның арқасында хан болмаса да ханмен иықтасар Аталық
дәрежесіне жетті. Бұл дәреже хан жоқ жерде оның орнын
басар мансапты қолына ұстатты. Ташкенде, Түркістанда
бірнеше жыл билік жүргізгені содан. Ел билігін қолына

ала отырып жақынды жарылқады, алысқа айбар бола
білді. Орыс елшілерімен бәтуәласуда табандылық таныт-
ты, қытай жағынан келгендерге және есесін жібермеді.
Сұс көрсететін тұста сұсын танытты, сұғын сұғар жерде

және аянып қалмады. Күле отырып күлше тәттісін өзіне
қарай тарта білді. Қалмақ қонтайшысымен де біраз тақым
қажасты. Ақыры мынау – бұл туған топырағында аунап-
қунап жатыр, ал ол жоғалып тынған. Елі арқа еті арша,

борбай еті борша болып, мойны ырғай, биті торғай жұрты
тұрымтай тұста тұрақ таппай сандалып кеткен.
Ағайыны бір басқа, төрт әйелі төрт орда, кіндігінен
тараған жеті бала жеті қауым ел. Немере, шөберелері де

атқа қонса дұшпанын дірдектетер қол, арқа төсін жайлай
отырса күпсінгеннің қабырғасын күтірлетер айбар болып
жетілген. Бұдан артық нені көксегендейсің, Жаратқаннан
нені тілегендейсің. Қанағат!

– 18 –

Салбырап түн түсті. Аулақтан түлкінің әупілі естіле ба-
стады. Оған және бір қиырдан шибөрінің аш өзекті солқ
еткізер ыңырсығы қосылып, тәуліктің қай шамасында да
дала тіршілігінің толас таппайтынын жариялай бастаған

тұста жоғарыға алтын қайығын тербелтіп ай көтерілді.
Сол-ақ екен көзге түткісіз айнала соқыр қараңғылықтан
арылып, жұлдызды аспан асты мол жамылған шәйі ора-
малын сыпырып тастаған қыздай түрленіп сала берді.

Енді от айналасы тұрмақ құлын кісінесі естілер маңай
қара-құраңын жайып, кемпір аяғы жетер алқап сұлбасын
нақтылап шыға келді.

– Айдың сүттей жарығын-ай! – деді осы кезде Ақтайлақ

батыр қандай сапарда да белінен тастамайтын қайқы
қылышын қынымен қоса жанына сырғыта беріп.
Осыны байқап қалған Итқара батыр мырс етті.

– Қараңғыда қара айырар бөрің боламын деп

жалаңдатып, басқаның құтын қашырар ызбарыңды қайда
итердің, бауырым-ау? – деді содан әріде қуақылана, –
Қылышыңды шешкеніңе қарағанда сыпыра төнердің құла
түзде кездеспейтініне енді ғана көзің жеткені-ау, ә?

Енді Ақтайлақ езу тартты.

– Жоға-а-а, бауырым, мен қылыш асынсам арғымақтың

екі аттарының арасында саған көз алартар біреу тұрмасын
деген сақтықтан асынамын. Ендеше, өзімді ойлап емес,
сенің қамыңа алаңдағанымнан сөйтуге мәжбүрмін. Ал,
қазір қаруымды шешкенім ағам отырғанда әзірейілдің өзі

бұл арадан безе қашатынына сенгенімнен. Ағасы барда
інінің тынысы ашық, тірлігі бейқам. Солай ғой, ә, аға?
Ол қолдау күткендей ағасына қарады. Бірақ Нияз не
құптағанын, не құптамағанын білдірместен үнсіз отыра

берді. Соны пайдаланған Итқара сөзін ширатты:

– Бәсе деймін де, жауға шапқанда алпамсадай дене мен

сырықтай бойына, сол бойда бұлқынған күшіне сенетін

– 19 –

шығар деп түйетінмін ойымды. Сондайда сен қылышыңа
сенгенде мен қатты ұялушы едім, жұрт алдында енді қалай
ақтап алармын деп. Ақыры беліңнен қаруың түскенде
қандай екенсің, көрейінші, кәне тұра қойшы орыныңнан?

Басқалар да байқасын түрінен қалмақ ыққан сабаздың
еңсесін, тұршы енді?
Қалжың бетін қалжыңмен ғана қайтарарын түсінген
Ақтайлақ орнынан лып етіп көтерілді. Сол бетінде асқан

шапшаңдықпен қылышын бір қолына іліп алған екен.

– Ал, енді не айтқандайсың?

Итқара мына қылыққа қарқылдай күлді.

– Ту-у, қалмақтың зәре құты қашса қашқандай бар

екенсің-ау! Әне, ананы қараңдар, алдаспаны тағы
қолында тұр. Сірә сен шеше құрсағынан кездік ұстап
туған шығарсың-ақ...

– Е-е, кездік ұстайын, кесек ұстайын, әйтеуір түбтің

түбінде намысқа шабатынымды біліп туғаным анық
екеніне көзім баяғыда жеткен. Солай ғой, бауырларым!
Мына ойынға құрылған тәжікені тамашалағандар ду-
ду етісті.

– Әлбетте, ағасы!

– Оған сөз бар ма!

– Кездік қана емес, дырау қамшы ұстап туғандар да бар

ғой арамызда. Сол дыраудың таңбасын сезінгендер оның
табын өмір бойы ұмыта алмай жүрген шығар, зар илеп.
Мұны айтқанның кімді меңзегенін бірден ұққан
маңайдағылар жапақ-жапақ Ниязға қарасып, әріде сөз ау-

анын қайтадан өз арнасына түсіруге тырысты.

– Ұл тудым деп қалжа жеген анамыздың сенімін

ақтамасақ кім болғанымыз!

– Иә, иә, қашанда ерді – намыс, қоянды – қамыс

өлтірген!
Айдалада ермек қуғандар осымен бәрі тоқтар деп
үміттенген. Алайда қысыр сөздің ошағына әлдекім
тамыздық тастап жіберді:

– 20 –

– Жарайды, ерді намыс өлтірсін, сонда бұлықсыған

аруды не өлтірмек, оны да айта кетсеңдерші?

– Пәлі, мына сұңғылаң қайда бастады ей...

– Соны да білмеймісің? Әй, сен де... Бұлықсығанды

бұла күш иесі өлтірмеген, бұлқындырған. Әріде...
Ана жігіт анайылықтың айналасына қарай ойысқанын
түсініп тілін тістей қойғанда Итқара:

– Бәрекелді, өзіңнен де, сөзіңнен де садағаң кетейін! –

деп орнынан атып тұрған бойы Ақтайлақты құшақтай
алды. Екеуі төс түйістіргенде ырду-дырду да сап тыйы-
лып, айнала қайтадан тыныштық құшағында мүлгіген.
Нияз ойланып кеткен. Әлгінде айтылған «Кездік

қана емес, арамызда дырау қамшы ұстай туғандар да бар
ғой», деген ишараның өзіне бағытталғанын ол түсінген,
түсінген де жылдар тасасына жасырына бастаған сол
оқиғаны қайтадан есіне алған.

Ташкентті басқарып тұрған шама болатын.
Құлағына жеткен бұқара зары үзеңгіге аяқ салмасы-
на қоймады. Жан-жақтан ағылған саудагерлер халықты
алдап қана қоймай, оларға зорлық-зомбылық көрсетуге

көшіпті. Осыдан қан қақсағандардың шырылын естіп, көз
жасын көріп отыру мүмкін емес еді.
Қасына жасақ ертпей жалғыз барған. Құрметіне сай
шапан-шақпытын да иығына ілмеген. Содан да шығар,

ылғый бір иненің көзінен өтердей жылпостар сөзіне мән
бермек түгілі, өзін сайқымазаққа айналдырып, ашуына
қатты тигені.
Шын ашуланды. Бойын долылық қысты. Жәй саудагер

түгілі алдына келсе именшіктей беретін шен-шекпенділер
көзіне тік қарамайтын жанға мына шектен шыққандық тым
ауыр тиеді екен. Бар қаруы – қолындағы дойыр қамшысының
тобылғы сабын алақанында қысудай қысып бақты.

Аналар болатын емес.

– Аты жақсы екен. Мынаған мінсем тақымымнан

түсіп қалмас, ә? Қалай ойлайсыңдар, мына жануардың

– 21 – үстінде бекзаттардан айнымай қалмаймын ба!? – деп бірі даурықса, енді бірі: – Сақалынан тартсам саудырай құлайтын сияқты. Тартайын ба? – деп тырқылдай күледі. Оны және біруі қолдап жатыр: – Байқа, майып етіп, құнына қалып жүрме... – Е, мұның құны қанша дейсің? Азар болса бір шыны аяқ шайдай шығар. Бердім сол шайлық құнды! – Ха-ха-ха! – Еһ-еһ-еһ... Қаны басына шаба қалш-қалш етті. Сонсын ендігі төзімнің опа алып бермесін түсініп, атын тебініп қалды. Жат десең жатып, қат десең қата қалатын қарапайымдармен тәжікелесіп, соларға ғана тізе батырып үйренген өңшең топастар мына ағын селдей домалатар, адуын желдей жапырар дүлейдің қайдан пайда болғанын білмей қуыс-қуысқа тығылмаққа тырағайлағандарында бәрін иіре айдап, қойдай қуып жүріп сабаған. Оған жасынан әдетіне айналып, бала кезінен тірлігіне серік болған қамшыгерлігі септескен. Аналардың бірі сай-сүйекті сырқыратардай сарнап, бірінің құлындағы дауысы құраққа шыға шыңғырып жатқанда ғайыптан пайда болғандай бауырлары жеткен алқын-жұлқын. Енді олар кіріскен мипалауға. Енді айнала азан-қазан күңіреністе жаңғырығып кеткен. Осының бәрін сонадайдан бақылаған қара халықтың айызы бір қанғандай еді. Олар ішінен «Сауап! Сауап!» деп тұрған-ды. Бәрі біткенде өмірем қапқырлар жер бауырлай келіп аяғына жығылған, кебісін сүйіп кешірім сұраған. Халыққа бұдан былайда титтей де қиянат жасамайтындарына ант су ішкен. Ол да бір кезең екен-ау! Бауырларына Нияз бек разы. Осы жасқа жеткенінше қиындықта да, қуанышта да жанынан табылып, абыройын

– 22 –

асқақтатып келеді. Көз алартқанға айбар, күш көрсетуге
тырысқандарға қалқан. Олар барда өзіне атса жебе
жетпейтінін, шапса қылыш өтпейтінін біледі. Білгеннен
кейін ғой артына алаңдамай, тек алдына ғана қарайтыны.

Қиянат бар жерде «қырық пышақтық» өре жүретінін
әбден түсінген. Олай болатыны, пенде атаулы алдап-
арбауға көнгенімен, ашық қиястыққа ешқашан төзбеген.
Намыстысы намысқа шапқан, боркемігінің өзі тістеп

қалуға жанталасқан. Қарсыласқанын қыршып алса соны
олжа тұтқан. Ендеше, қысымды қысыммен басам деп
күпіну ағаттық. Дегенмен, тіршілік үстінде күшті күшпен
қайтармасаң құрақтағы бақаның басыңа шығып алып

тайраңдауға ниет танытатын кездері де кездеседі. Оны да
көрген мына көз.
Сол Ташкентті басқарып тұрған шағында, сайран
Сарыарқаға қарай көңілі ауа бергеннен соң, қым-қуыт

тірліктен аздап тыныстай тұрмаққа ниет етіп, елге қарай
сырғуға мұрсат тапқан. Орынтағына Әлдеберлінің
тағайындалуына ықпал жасаған да өзі болатын.
Бірақ, туған топырақта ұзақ бөгеле алмады. Жарты жыл

өтер-өтпесте, келесі көктем туар шамада, артынан жағымсыз
хабар жетіп, қайтадан ерге қонуға тура келді. Өзі топ ба-
стап, бауырлары Итқара мен Құлғара қол бастап оңтүстікке
тартып, суыт жүрістің арқасында апта ішінде Түркістанға

ат шалдырған. Сонда естіді: Әлдеберліні дұшпандары у
беріп өлтіргенге ұқсайды. Сөйтіп есіл ер майдан даласын-
да қозы жаурын жебеден, немесе алмастай өткір алдаспан-
нан, әйтпесе білте мылтықтың құмалақтай қорғасынынан

емес, тұмша жамылған әлдебір жымысқының жылмың
қарекетінен қаза тауыпты. Өкінішті-ақ!
Мұны естігенде Нияз тісін шақыр-шұқыр қайраған.
Соңынан ергендер де қалш-қалш етіп, алдында қамал

тұрса қайтпай шабар өшпенділіктің өртін жаққан.
Бір күн Түркістанда бөгеліп, онда ат ауыстыра қайта
жолға шыққанда Итқара:

– 23 –

– Ол сарттарды ма, ол сарттарды өз қолыммен лақша

бақыртып бауыздармын! – деп тістенгенде, Құлғара да:

– Қатын тірліктің тасасында кім тұрса да аямаспын, тек

жетіп алайықшы! – деп қатты кіжінген. Ақыры солай бол-
ды да.
Шаһарды
сырт

айналдыра
тұрғызылған
қамал
қақпасының алдына жеткенде бұларды ешкім ішке

өткізуге асықпады. Хабар салғанда әуелгіде жым-жырт
қалғандар әндем шамада бұйрықтың солай түскенін, Таш-
кент басшысынсыз қақпаны аша алмайтындарын мәлім
етті.

Мынаны естігенде қос батыр қайта қаһарына мінді.

– Не тұрыс? Шабайық! – деді Құлғара қызбаланып.

– Мынадай қорлыққа төзгенше өлгеніміз артық, шапсақ

шабайық! – деп қуаттады оның ойын Итқара да кіжініп.
Басу айтқан Нияз.

– Қан төгіледі, – деді ол бауырларын сабырға шақыра,

– оның соңы жақсылыққа апармайды, халықты бостан-

босқа дүрлігіске салып қоямыз. Артын бағайық.
Бағысты. Шаһардың шын басшысы келіп тұрғанын
естіген іштегілер енді шын қарбаласқа кірді. Сүргін дабы-
лы сырттағылардың құлағына анық жете бастады. Әрілі-

берлі шапқандардың қарасы молайған сайын айқай-шу да
қоюлана түсті.
Арада тоқты еті пісер шамада сықырлай ашыла
бастаған қақпадан әуелі майы сырқа шыққан жылтыр

бас қалқайды да, артынша домалаңдаған әлдекім ала
шапанының етегіне сүріне бері қарай жүгіре басып келе
жатты. Бірден таныды – кезінде Ниязға, Нияз Арқаға
қарай жылжығанда Әлдеберліге көмекші боп қалған

сабаздың нағыз өзі. Түркістанға тоқтағанда естіген,
шаһардың ендігі басшысы мен деп өзін-өзі жариялап
алған ақымақ Ысмайыл әка.

– Мына әкаңда иман жоқ шығар, – деді мына көрініске

жиіркенішпен қараған әлдекім.

– 24 –

Оны екінші, үшінші сарбаздар қолдай жөнелісті:

– Лауазымға құл болған адамда иман қалушы ма еді!

– Бұлар сүй десең ұялмай артыңнан сүйер!..

– Намыс болмаған соң сүйтеді де.

– Е-е, намысы болса жауға шаппай ма, жылы қуысқа

тығылмай!
Ысмайыл домалаңдай жете беріп, ат үстіндегі Нияздың
қолын сүюге солай бұрылғанда ерден қарғып түскен
Құлғара оның ербеңдеген қолынан шап беріп ұстай алып,

шыр айналдыра жүзін сыртқа бұрып әкеткенде, екінші
қапталдан лып етіп жеткен Итқара болат кездігін оның іш
тұсына сүңгітіп-ақ жібергені.
Не болғанын түсінбеген анау біресе адамдарға, біресе

қадалған қанжарға таңдана қарап, артынша шыңғырып
жібергенде бұдан әрі қинағысы келмеді ме, әлде ит өлімді
енді тамашалаудан жерінді ме, Құлғара қылышымен
қылқа мойыннан шауып жіберді. Сонсын топыраққа до-

малай түскен баста шаруасы жоқтай атына қарай аяңдай
берді.
Иә, «Құлғарасы құшақтап, Итқарасы пышақтап» деген
сөз ел арасына осы оқиғадан кейін тарап кеткен еді.

Шырт ұйқыдан әлденеден секем ала оянды. Үнсіз жатып сырттан тың тыңдаған. Маңайды құлаққа ұрған танадай тыныштық жайлап тұр екен. Сонда түйсігі алдаған ба? Жоқ, алдамапты. Былғарыдан тігілген мәсісін шешпей қисайған. Сол тұстан бірдеңе жорғалап, бері қарай көтеріліп келе жатқаны байқалады. Түн баласында тыныштық таппаған бұл қандай бәтшағар болды екен, ә?.. Демін ішіне тартты. Созалаңдағанына, иректей салғанына қарағанда жыланға ұқсайды. Шөлейттің кәдімгі оқ жыланына келеді.

– 25 –

Бірақ, қимылында әлдеқайда асыққан шапшаңдықтан гөрі
жалқаулық, оның бергі жағында керенаулық басымдау.
Соған салса жұтарын жұтып, тоқтық шақырған сыңайы
бар.

Сөйткенмен
сақтанғаны
жөн.
Жылан

деген
жарықтықтың сәл тербелісті жатырқайтыны, қозғалысты
төнген қауіп түрінде қабылдайтыны белгілі. Сонсын
қорғануға мәжбүр. Ал қорғаныс амалы – уын шашу

екені түсінікті. Өйте қалса адам түгілі атан өгізді сеспей
қатыруы әбден ықтимал жағдай. Ендеше, абай болғаны
абзал.
Сіресе қалды.

Алғашында бойын лып-лып жайлаған тыз етпе үрей
қанын суытып, қол-аяғын ұйытып тастағандай еді, ар-
тынан, салдар байыбын түсінгенде, секем сезімі ізім-
ғайым жоғалып, жан кірген дене икемге көне бастағанына

сенімді. Бірақ, мына пәледен құтылғанша төзім қуатын
сақтаудай сақтай білуі керек. Сірескені сондықтан.
Анау әлі жорғалап келеді. Асығатын түрі жоқ. Соған
қарағанда мына таудай болып жатқан дөңбектен жасыры-

нар қуыс тауып, сонда дамылдамақ ниетін жария еткен-
дей.
Нияз амал көзін іздеп әлек. Не істесе болғандай? Шап
етерге шапшаңдығы жетер ме? Әгараки, жетпесе не қайран?

Жетпіс жыл бойы дамылсыз шабыс соңында құлдыраңдап,
ақырында айдалада құлашқа жетпес жәндіктің шағуынан
өлсе ел не демекші, жұрт не айтқандай. Мүсіркегенді
көруді жаны сүймеген қайран ер сол мүсіркестің шылау-

ында желпілдемек пе, анаған да, мынаған да күлкі болып?
О, Жасаған, бұған не дегендейсің, не дауа айтқандайсың...
Сұп-суық жылан тиген жерін тітіркендіре саннан
көтеріліп, қарын тұсқа қарай жақындай берді. Ирелеңі

бірқалыпты. Соған қарағанда сырттан ешқандай қауіп
нышанын сезінбегені көрінеді. Сезбегені дұрыс. Сезінбей
кете барсын барар жағына. Әрі асып жоғалса тіптен

– 26 – жақсы. Мал да аман, жан да аман жағдайда жәндік пен адам бірінен бірі ың-шыңсыз ажырасып тынады. Басқаша жағдайда... Жо-жоқ, ананың өз ойлағаны бар сияқты. Өңір тұсты межеге алғандай. Паналар тұрағын тапқан екен! Бәлкім, қолтық астын ін деп танып, соған жасырына тұруды көздейтін шығар. Ол жерге бір іліксе шығарарсың бұл пәлекетті... Жылан кеудеге іліккен тұста сәл аялыс жасады. Тілі жылтың-жылтың еткен басын қақшаңдата жоғарыға көтеріп алған. Бұдан асқан ыңғай тумас. Иә, сәт! Дәл осыны асқан шапшаңдықпен пайдаланған Нияз шап ете арқандай ширатылған неменің басқа жетер-жетпес тұсын уысына түсіріп, одан әріде оны езе қысқан қалпында сәл бөгеліп барып, артынша сонадайға лақтырып жіберді. Ирелеңдеген мақұлықтың басы жоғарыда қайқаңдап, созылмалы құйрығы денеден ажырай бастағанда және бір қайран жасауға үлгерді: қайда түнемесін жанында жататын кездікті тауып, оны ананың соңынан ілестіре атты. Содан кейін кеудесін оқыстан тіктеген бойда ендігі болардың аңысын аңдай алдына үңіліп қалды. Мына кереметке қараңыз, ұп-ұзын жылан жеңіл шатыршаның жаппасына соғылғанда соңынан ілесе жеткен кездік оны қаққа бөліп тастады. Нәтижесінде әлгінде ғана үрей шақырған мақұлықтың денесі енді екі тұста бір созылып, бір жиырылып шиыршық атып жатты. Ұйқы жайына қалды. Жаздың қысқа түнінің шымылдығын ысырған дала шығар күннің шапағына асыққандай бозамықтық бояуын ашаңдандырып, күншығыс тұс қызыл барқынын молынан ашып тастапты. Мұны көрген Нияз сыртқа шыққан бойда есіней керілді. Түкті сезінбегендей, түк те болмағандай «Қарашоқы» әлі марғау. Не болғанға қобалжыған сыңай байқатар емес, не тосындыққа қалт етер қалпын жоғалтпаған. Сонысы-

– 27 –

мен ұлы, сонысымен асқақ. Осы бейнесінде адамдарға
«мендей болсаңдаршы» деп тұрғандай.
«Болар ек сен мызғымас тастан, біз ет пен сүйектен
жаратылдық қой, – деп күбірледі Нияз әлгі бір әзірдегі

өзінің үрейге бой алдырған шағынан ақталғандай, –
Сондықтан сенің мызғымайтының беріктігіңнен, біздің
бір қаттыға жасып, бір тәттіге масайрап қалатынымыз
жұмсақтығымыздан шығар».

Өз сылтауына өзі разы болғандай езуіне күлкі үйірді.
Шынында да қаттылық пен тәттіліктің тіршілік
үстінде бір енеден туған егіздей қатар жүретіні неліктен
екен? Тіпті, бірінсіз бірінің күні жоқтай мидай араласып

кетіп, қойыртпақтықтың ылаңын бірге шайқайтындарын
қайтерсің. Мұндайда біріне алданған жанның екіншіні
уақытша естен шығара мардымситыны қайқаң дүниенің
қасыретін сәтке болса да қалқаға жасыра тұрмақ ниетінен

де шығар. Алайда, бас айналар қуаныштың соңы көкіректі
тілім-тілім етер қайғыға ұласқанда пәни жалғанның тым
қатты, тым қатал екенін ұғынған пенде атаулы бәрінен
безінуге тас-түйін бекініп, ақырында ылдым-жылдым

ақзерден белгісіздікке қарай баз кеше аттанып кете бара-
ды. Ол белгісіздік – екінші дүние белдеуі екені айтпаса
да түсінікті. Оның белгісіздік атанатыны – кеткендер көп,
қайтқандар жоқ. Қайтқан болмаған соң қайырға қалқан

болмайтыны белгілі.
Әлгінде Нияз да қайырсыздық тұзағына шырматыла
жаздады. Көрер жарығы таусылмағандықтан ғана дүрия
күндердің дүрмегін сезінуге ықтиярлық алды. Енді,

міне, қаттылық пен тәттіліктің құпиясын қазбаламаққа
«Қарашоқымен» сыр бөлісіп тұр.
Төбеге қайтадан назарын тіктеді. Анау үнсіз. Міз
бақпаған қалпында айналаға шекесінен қарайды. Құдды,

дүниеауи нәрселерден бейхабар мылқау іспетті. Білетінін
шашудан аулақ. Көргенін және жеті қатқа жасырып
тастаған. Тастан жаратылғанынан.

– 28 –

Тастай қаттылық адам бойынан да қара салар кез-
дер кездеседі. Әсіресе жастау кезеңде, бас бермес
асаулық аспанға шапшып тұрған шамада байыптың
басалқылығына бағынбаған көңіл жарықтық отқа өзі

ұмтылып, сол оттың жалынын кешуге құмартатыны
ғажап-ақ.
Майдан даласында алғаш атой салғаны әлі жадында.
Соғыспаққа қарама-қарсы сап түзеген екі жақ әуелде

ауызекі тәжікеге ден қойған-ды. Сонадайдан аналар ай-
бат шегеді, мына жақтан бұлар даурығысады, әйтеуір,
ию-ғию таластан соң дұшпан арасынан әлдебір сар-
дар ортаға шығып, «Жекпе-жек! Жекпе-жек!» деп ат

ойқастатқан.
Міне осыны көргенде Нияздың жаны желіксін. Найза
ұшын дұшпанына бағыттай «Ақжол! Ақжол!» деп аруақ
шақыра атойлап ала жөнелсін. Қаны бойында тасынған

жас емес пе, ешкіммен ақылдаспастан, қол бастағандардан
бата алмастан бір қиырдан әлгіге килігіп берсін.
Мына көзсіздікке қарсы жақ тұрмақ қазақтар аң-таң.
Әдетте жекпе-жекке айтулы батырлар шығатын. Олар

өз жағынан қолдау күткендей топ алдында әрлі-берлі
ойқастай шауып өтіп, сонсын барып дұшпанына жұрттың
айқай-сүреңін ала шүйілетін. Бұл жолы бәрі басқаша рең
алуда. Ешкімге белгісіз жас жолбарыс «Ақжол!» деп ат-

тандап, майдан даласында атой салуда. Алла жар болғай,
ата-бабалар әруағы қолдағай!
Ұрыста тұрыс жоқ. Айқас басталып-ақ кетті. Әне,
дулығасының төбесінен қызыл жалын тектес қызыл

барқын желпілдеген жас қыран сол шапқан бетінде
үзеңгіге салмағын сала көтеріліп, дұшпанына найзасын
қадауға тырысып бақты. Бірақ, бұл жолы нысанаға дөп да-
рыта алмады. Қарсыласы да тіс қаққан пәле емес пе, най-

за басын қаға тайқытып, сол екі арада өзі де жас перінің
сауытын қақыратпаққа қаруын сілтеп қалды. Үлгермеді.
Ілкімді жас ілгерілеп кеткен.

– 29 –

Екпінімен сонадайға асқанда қызынған атының басын
бір езулей бұра қайтарған қазақ енді байқады, дұшпан
батыры соңынан салыпты. Енді болмаса екпіндей жетіп,
найзасын ту сыртынан қадамаққа бекінген сыңайы бар.

Тақымын қыса бір жағына бұлт етті. Сол бұлтыл үстінде
өз қаруын және сілтеуге мүмкіндік тапты. Сәтін салғанда,
бұл жолы ананың көкірек тұсын жапқан торкөзді талқан
етпесе де, қара санның қапысын тауып, соның далын

шығарғанына көзі анық жеткен. Өйткені, анау аты-
нан ауа беріп барып түзелуге мұрсат тапқан болатын.
Тағы байқағаны, жарақат салдарынан шығар, дұшпан
батырының әуелгідегі екпіні басылып, енді сап-сапқа

ауғаны тізгін тартысынан аңғарыла бастаған.

– Ақжол! Ақжол!! – деп қаһар шақырды жас пері енді

тіптен еркінсіп.

– Әруақ!

– Әруақ! – деп дем берісті қалың қол қаруларын

жоғарыға көтере бұлғай даурығысып.
Мынаны естігенде Нияз өз бойына жаңа күш
құйылғандай әсерге бөленді. Сол бетінде әйеншектене
қорғана бастаған жауын қапысыз түйрей атынан аударып

тастап, ананың өлген өлмегеніне қарамастан қалың қол
арасына кіріге, көзден тасалана берді.

– Әруақ!

– Әруақ!

Жекпе-жектегі жеңіспен рухтанған қазақ қолы сол
жолы дұшпанының тас-талқанын шығарып ұлы дала
ұлы жеңістердің киесі екенін алыс-жақынға тағы да
танытқан.

Сол шақты есіңе алсаң ессіздік пен есерліктің кей
жағдайда кәдеге асып жататынын байқағандайсың. Тек,
саналы ессіздік пен есті есерлікің ақыры солай, әрине.
Басқадай жағдайда мал таппақ былай қалып, жан бақпақтың

шылауында шырқырап кете баратының ақиқаттың айғағы
екендігіне күмән келтірме. Құйылмақтың құныстырып,

– 30 –

сұйылтпақтың суды сіңірген құмдай жұтып қоятыны ай-
дан анық.
Солай, Қарашоқы, аласармас биіктік барда адамның
аласаны місе тұтпай, асқарға еліктеуін сен айып

санамағайсың.
Шабыныстар мен шағылыстардан тұратын қайран
дүние-ай...
Ертеңгілік ас-суларын ішіп, атқа қонғанда Ақтайлақтың

арада жоқ екенін аңғарған Нияз алпамсадай денелі, жау
қабағының астынан жанары от шаша қадалғанда басқа
түгілі досының дегбірін қашырар, жауының пысын басар
Итқараға қарата:

– Жігіттердің кейбірі арамызда жоқ сияқты ғой, олар

неғып кешігіп жатыр? – деп сауал тастағанда, қарасұр өңі
бүлк етпеген бауыры:

– Е, келер де, – деді жайбарақат, – Адасып қалар жас,

бәйек бола беретін бала емес, табар қарамызды.
Тым сабырлы, тым алаңсыз. Соған сайыса мына жоқ
болудың сыры оған мәлім болса керек.
Әрі қарай аға қазбаламады, іні де ашылып ештеңе айт-

пады. Тек қозғалысқа енгенде жиналмаған шатырларды
байқап:

– Артымызды шашып кеткеніміз қалай? – деп

қайырғанда Итқара қайтадан:

– Олардың өз иесі бар ғой, несіне алаңдайсыз... – деді

екіұштылау. Содан кейін аға көңілін ауламақ ниетпен:

– Енді бір қоналқылық жол қалды. Сәтін салса ертеңгі

кіші бесін кезінде ел қарасын көруге нәсіп жазар, – дей
жеңіл желбегейінің төс қалтасынан түспейтін сырты
күміспен қапталған мүйіз шақшасына қолын соза берді.
Бұл бауыр бір қитимасын де, қитиса жазылары қиындау

жан. Басқаның ауанына жығыла қоймайтын қырсықтығы

– 31 –

да бір басына жетерлік. Оны жұрттың бәрі біледі. Жел
жағына шығып кетпеуге тырысып жүретіндері сондықтан.
Сөйткенмен Нияз алдында мінез көрсете алмайтыны аян.
Үлкенді сыйлап, үлкенді қадір тұтқан көңіл бассыздыққа

аттап бастырмайтынына айналасындағылардың көздері
әбден жеткен.
Мына жерде де Итқара әуелгіде қыңырлыққа бау
таққанымен, артынша сол баудың түйінге айналмауын ой-

лай ағасына қайтадан жұғысуды ниет ете, сәл озыңқырап
кеткен Ниязды қуып жетуге атын тебініп қалды.
Қатарласқанында және тілге тиек тақты:

– Аға, айып етпегейсіз, – деді дауысын майдалай, –

Ақтайлақ бауырымыз әлдебір шаруаның қамымен таң
қылаңында жолға шығып кеткен. Оны сізге кейіннен айта
жатармын деп түйіп едім.
Тосын хабарға Нияз елең етті:

– Шаруа? Сапар үстінде ол тағы қандай шаруа, тосын-

нан шыққан? Әйтеуір тыныштық па?

– Тыныштық, аға, тыныштық.

– Қасына жігіттер алды ма? Иен дала иесіз емес екенін

қашанда ұмытпағандарың ләзім.

– Ақтайлақ оны білмейді емес біледі, сондықтан бес-

алты жігітті қосып жібергенмін. Кешкілік, тыныс алар
тұста қайтадан қауышып қалармыз.

– Жөн-ақ. Бізге сендердің аман жүргендерің керек.

– Ол жағынан қам жемеңіз.

Итқараның сырғақсығанында мән бар сияқты. Басқаша
жағдайда бетің бар, жүзің бар деп білмейтін адуын
мінездің аяқ астынан сынықсығаны ой қозғайтындай. Бұл
білмейтін ол не жағдай?

Мыйы солқ еткендей болды.
Тоқта! Әлгінде «Олардың өз иесі бар ғой. Оған несіне
алаңдайсыз», демеп пе еді. Сонда жапан далада қандай ие
шатыр жайып, оны жинап жүретін? Мәселенің басқада

жатқаны ақиқат.

– 32 –

Ой, сұмдық-ай! Жетпіс жыл ғұмыр кешкенде бойына
жеті күнге жетерлік қулық жинамағаны ма? Туыстары
мұны алдап келеді екен ғой!
Сапарға шығар алдында Нияз жігіттеріне бұл жолы

асып-тасынбай, салтанат шырайын әсірелемей, елеусіз
жүріп, барар жерге елеусіздеу жетуді қадай айтқан. Олай
еткені – шаруа жайымен жүрген ауылдарды бостан босқа
дүрліктірмеуді ойлаған. Арқа бойын жағалай шыққанда

жолай кездескен ауыл-ел ішіп-жемнен тарылтпас, ал
әріде қолда барды пайдаланармыз деп түйген. Ағайын-
туыстары мұны елемегенге сияды. Олар алға топ аттан-
дырып, сол топ қонар орын мен ішер ас-суды дайындап

қойып отырған. Оны қалай сезбеген? Тіпті, мынаусы аз-
дай, арттағыны жинап алар және бір жасақтың жүргені
күмәнсіз. Сонда олар кімдер? Дәл жиын-теріннің баста-
лар тұсында, малдың қоң жинар уақытында жігіттерді

сандалтып қойғандары несі мыналардың?
Әйткенмен наразылығын айта маңайындағыларға жақ
аша алмады. Біле-білсе олардың ойлағаны мұның беделіне
сызат түсірмей, мұның абыройын көтеру қамы екені

мәлім ғой. Ендеше, кімге өкпелеп, кімге кінә артқандай,
иен дала иірімін кешіп келе жатып. Болары болғанды бо-
латтай қабылдаудан басқа амалы жоқ дәл қазір.
Нияз ішін алдырмастан атын сипай қамшылап, алға

лекіте жөнелді. Оны көрген басқалар да жол басшы-
дан қалыспауды ойлай мінгендерін желдіртіп, ақырында
біршама аралықты қалай еңсеріп тастағандарын өздері де
байқамай қалысты.

Ұлан-ғайыр далада алуан-алуан өңірден өтіп келе
жатқандары белгілі. Қу тақырды жағалады, ат тұяғы ба-
тар құмдақтан да асты, енді, міне, талайдан жауын көрмей
тыртысқан, тілім-тілімге айналған шөлейтті артқа тастауға

айналған. Оған сендіретін көрініс – біртіндеп көтеріле
бастаған, ұйыспаға жетпесе де тырбықтан бой асырған
өсімдік қаралары. Соған іліккелі аттар да ауыздығымен

– 33 –

алыса, анда-санда болса да бастарын жерге қайыра, шөп
шалып қалуға құмар.
Осындайда қайран да қайран Арқа түседі екен ойыңа.
Көкорайы құлпырып, селеулі шөбі күн көзімен алтындай

түсін жая тербетіліп, жусаны аңқып, өзен, көлдері шалқып
дүрия дүниенің бар шырайын көз алдыңа тұндырып
қояды емес пе! Сол шырайдың шұрайын сезінгеніңде
сұлулық пен сылқымдықтың тұнбасын сіміргендей бір

жасайтының ғажап!
«Екі арыстап жау шапса,
Оқ қылқандай шансылса,
Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе,
Бетегелі Сарыарқа бойында
Соғысып өлген өкінбес!» – дегенде Ер Доспамбет
осындай керімдіктің кереметіне сүйінішін баса алмай

айтқан шығар мына сөзін.
Нияздың да Арқаға қарай қашқақтай беретіні содан. Хан
жайлаудың бір қанатын жайлай, ана жағы Есіл, Нұра, мына
жағы Сарысу өзендерін бойлай ауыл қондырып, арқа-

жарқа тіршілік кешумен келе жатқаны аян-ды. Сол үшін
кейінгі жылдар шеңберінде билік тізгінінен де қашқақтай,
ғұмырының қалғанын тып-тыныш Сарыарқада кешуді
ұйғарған. Бірақ, тірлік деген тінтінсек қоя ма, тіміскілеп та-

уып, тінтіндіріп, міне, алып келе жатыр, діттеген жағына.
Көнеді де. Е, көнбей қайда барғандай? Тірі адамда тірнек
таусылмаған. Сол тірнектің дабылы дарбазасын жайғанда
атқақ көңілдің андағайлай шабатыны түсінікті жәйт, әрине.

Шым ойдың жетегінде өзімен-өзі болып желдірткенде
жанына Итқара батыр қайтадан жанаса берді.

– Аға, ә, аға, жол қысқарсын, мына соңыңыздан ерген-

дерге жас кезіңізде арлан қасқырды жалаңаш қолыңызбен
ұстап, қалай байлап әкелгеніңізді айтыңызшы? Мен
естігенімді айтсам бұлар сенер емес, – деді даурыға
сөйлеп.

– 34 –

– Тәйт әрі! Арланы несі тағы?..

Деуін дегенімен әлдене есіне түскендей тына қалды.
Итқара басылатын емес.

– Жұртқа жайылып кеткен оқиғаны несіне бұлдайсыз,

айтсаңызшы мына артыңыздан ергендерге, – деп
тақымдайды, – бұлар оны басқалардың құлағына құйсын.
Қасқыр... Е-е, түз тағысын кімдер құрықтамаған?
Сөйткенмен ол оқиғаның жөні бөлек еді. Ұмытылып

кеткенді есіне және бір салғанын қарашы мына
көксоққанның...
Бұл хан жайлауда болған оқиға.
Онда әлі балаң кезі. Бозбалалық шамаға енді жетер,

дала қызығының дәмін өз бетінше енді-енді татар тұсы.
Соғыс өнеріне бірге жаттығып, ат үсті тартысқа бірге
ауызданған ханзадалар бар, басқалар бар, бәрі күндердің
күнінде аңшылыққа шығуға ниеттері ауған. Шыққанда

да үлкендердің бақылауынан тыс сайран құруға уәде
байласқан. Ол үшін қам жасап қазан-ошақ, ішіп-жем
мәселелерін алдын-ала пысықтап та қойған. Ақыры
ойлағандарына жетіп тынды. Күндердің күнінде аттарын

баптап, қаруларын сайлап, топтана аттанып құла түзге
кете барды.
Желөкпе жастарға бәрі думан-ды. Ат терлетіп жарысу,
жамбы атып әркімнің мергендігін сынау, аударыспаққа

түсіп айлалы мен қайраттының шамасын байқау – бәр-бәрі
сайран барысында бірінен соң бірі өтіп, әбден еліктіріп
әкеткен. Аты озғанның абыройы асқақтап, құралайды
көзге атқанның мерейі шалқып, аударыспақта жеңгеннің

білек пен тақым марапаты артып, әбден қызыққа кенел-
ген. Олжалары да жоқ емес. Тау аңғарын тінте жүріп
түсірген бір-екі арқар, сары жазықты сүзгенде сарыа-
ла түсін тақырға жасыруға тырысқан, сәл қарадан үрке

қашқанда бауырын желге сүйгізе жүйткіген ондаған
киіктер, бүлкілдей жөнелгенде қулығына құрық бойла-
майтын қырдың қызыл түлкілерінің бірнешеуі, су бетін

– 35 –

иректей жүзгенде жылдамдығына жанар ілеспес үйректер
қанжығаларға байланып үлгерген. Тек, жетіспейтіні түз
тағысының арасындағы тектісі – қасқырлар ғана еді.
Көбінесе күндіз жасырынып, түнде жортар азулылар

әзірге көзге шалынбай тұрған.
Күндердің күнінде оның сәті де түскендей.
Улап-шулай бір қалың шұбардың арасын топтана сүзіп
келе жатқандарында әлдекім:

– Мәссаған, мынау үйір ғой! – деп бақырып қалды.

– Қайда?

– Қай тұстан көзің шалды?

– Кәне, қайдан көрдің?

Жан-жақтарына апақ-жапақ қарасқандар әуелгіде
ештеңені байқамағандай еді, хабаршы қолын шошайтқанда
сол шошайғанның бағытымен оң қапталдағы қарағаны аз-
дау тұсқа жанар аударғанда, шынында да бүлкілге салған

бірнеше түз тағысын байқады.

– Әне кетіп барады!

– Үйір екені анық!

– Залымдар жасырынар жерін тапқан екен!

Әріде қиқуға қиқу қосылып маңай азан-қазан бол-
ды да қалды. Дәл сол кезде жасырынбаққа бекінгендер
қуыс-қуысты паналауға жанұшырып, қууды ниет ет-
кендер дүбірге дүбір қоса айналаны айқай-сүреңмен

жаңғырықтырып, ию-ғию атырап иір-шиыр шабысқа ай-
налып сала берді.
Мына сүргіннің соңы ақырында өз нәтижесін бергені
аян. Әріде шұбардан пана таппайтынын байқағандай

тағылар қалыңнан атып-атып шығысып, сонадайдан
көрінген көгілдірін жайған тауға қарай бүктетіле салды
дерсің. Топтана салмады, өздеріне тән қулықтары шығар,
жекелей, әрқайсысы әр жаққа тарай жан сауғалауға

көшті.
Басқалар басқаларының соңынан жөнелгенде Нияз
бір арланның қарасын байқап, соны бастырмалата қууға

– 36 –

бекінген. Ақыры екеуі жекеге ойысып, екеуара кім аларға
барларын салғандары ақиқат. Қасқыр қашып, бұл қуып
өзгелерден мүлдем қара үзіп кеткен-ді.
Жан беру оңай ма, арлан әу бастан жазыққа шықпай

жыра-жылға, сай-сала бойын қуалай қашуға тыры-
сты. Мұндайда майға қанған қолдай жылп-жылп етеді.
Ойпаңдаудан орғыған, қырлауыттан қарғыған атың енді-
ақ тұяғымен таптап өтер дегеніңде бұлт ете және бір

жырықтың бойын қуалай зытып бара жатады.
Өлдім-талдымға жеткенде түз тағысы алжасты. Мына
қара бұлттай түйілген дүлейден бүйтіп құтылмасын сез-
гендей енді бетін тауға қарай біржолата бұра тартты дерсің.

«Құдайдың бергені осы шығар», деп түйді мұны көргенде
Нияз желпініп. Өйткені, жықпыл-жықпылы жетерлік
биіктікке шейін әжептәуір жер жатқан. Оңтайының
өзі сонда, бұл аралықтың бірсыпырасы жазықтықтан

тұратын. Қарты келсе тап сол тұста соғу керек. Соға
алмасаң қапы қалғаның.
Барын салды. Аты да ат-ақ қой, бастырмалата қуғанда
ананың адымын аштырмады десе болғандай. Бірі тілі

салақтаған қалпы ырсылдай, екіншісі ентіге екіленгендер
арасы енді құрық тастамнан аса алмады.
Бұлталақ-бұлталақ қашудан шаршады ма, жоқ, әлде
жантәсілім етер алдында соңғы айбатын шегіп қалуға

тырысты ма, әудемде көкжал кілт тоқтаған қалпы тісін
ақсита керіге бұрылып, қарқынын жоғалтпастан қарсылай
шапты. Артқы сіңірлі аяғымен секіргенде адамға жет-
пес, ат алқымынан алар қарғуға күш тауып, өмір мен

өлім жанталасының өмірге бейімділігін жариялауға
бағытталған соңғы әрекетін жасап қалды.
Дәл сол кезде бала кезінен машықтанған қамшыгерлік
өнерінің кәдеге асқаны сөзсіз. Онсыз да дырауын айнал-

дыра ауа осқылап келе жатқан Нияз арланның бас тұсын
көздей тартып жіберіп, артынша ерден бір жағына ауа
сұп-сұр жүндесті және тобылғы саппен қиыстай қағып

– 37 –

үлгерген. Артынша қара жерге топ ете түскен дыбысты
құлағы шалды.
Ат екпінін баса керіге қайырылғанында жалма-жан
бауырын көтеріп, өзіне қарай айбат шеккен түз тағысын

тағы көрді. Бірақ, бұл жолғы айбат алғашқыдай қаһарлы
шықпады, жәй ғана сес көрсету ауанынан аспаған
далбасалық күйінде көз алдында қалыпты.
Нияз енді жанарын алдынан айырмастан бір қолымен

қанжығаға байланған қыл арқанды шешті де, одан қолма-
қол бұғалық дайындап, соны арланға тастап жіберді.
Мүлт кетпеді, қыл мойыннан түскен бұғаудан құтылуға
бұлқынған көкжал өзін-өзі қылғындырып жатқанын

аңдамады да.
Аяқтарын әбден матап, ұзынша тұмсықты босамастай
шандып тастаған шамада ер артына олжасын өңгере ыр-
ду-дырдудан қайта жинала бастаған топқа жеткенінде

мұны көргендер таңдай қағысты.

– Мәссаған, Нияз қасқырды тірідей байлап әкеліпті!..

– Болайын саған, болайын!

– Мынаны қалай ұстағансың? Өзіңді жазым етеді деп

қорықпадың ба?

– Е-е, қоқатын болса үйінде қалар еді ғой, қотан күзетіп!

– Иә десейші!..

Нияз олжасын Әбілмәмбет ханзаданың алдына тастай
берді.

– Саған байлағаным, ханзада!

Бұл екеуара сыйластықтың арнасын толтырған бір сия-
пат еді. Мұны сол жерде екеуі де түсінген-ді.
Өтер де кетер дүниенің бірыңғай өткіншіліктен
тұратыны өкінішті, әрине. Дегенмен, сол өткіншіліктің

өкініш жүрмейтін қырын ашқан бар ма, мына жалғанда?
Жоқ шығар. Бар болса осы күнге шейін мұны жерден

– 38 –

жеті қоян тапқандай айқайлап жариялар еді ғой. Ешкім
үндемейді. Ендеше, кірер қақпаны тапқан адамның дәл
солай шығар қақпаның тұтқасына қол созып тұратынына
сенгенің абзал.

Шын бағамдасаң дөңгелеп бара жатқан уақыт де-
ген дөңгелектің арынын басу мүлдем мүмкін емес екен.
Тоқтатам деп әуре болудың қажеті де шамалы сияқты.
Өйткені, уақыт – әмірші де, пенде баласы сол әміршінің

басыбайлы құлы санатындағы бір мүскін болып қала
бермекші. Құлдың пешенесіне бағыну бұйрығы жазыл-
са, өгіз екеш өгіз де ыңыршағы шыққанша қамытын
сүйретеді ғой, сол бағыныштылықтың салмағын сезіну

арқылы адамның адамдық болмыс көкжиегін айқындауға
мұрсат аларына, дегенмен тұқиянды тұнықтың қадіріне
жетпей өте шығатынына көзін әбден жеткізген Нияз әлі
күнге атын сипай қамшылап жол үстінде келеді. Әйтеуір

бір тоқтары барына сенген көңілі сол бекеттің қай тұстан
қара қалқайтарын ажыратқан емес. Сөйткенмен, оған
жақындай бастағанын іші сезеді. Мүмкін бүгін, мүмкін
ертең, қаңғыр мен даңғырдың дабылын дабырайтар

шайтан емес қой, бір құламада омақасып, бір сұламада
серейіп жатып қалатынына күмәнданбағанымен, қай
дәрежеде сұлайтынына алаң. Сөйте қалса соңынан
қара салғандардың көз дымдарлары шын пейілмен дау-

ыс қоя жоқтар ма, әлде, өзін де, өзгені де алдаусыратар
қоңырсықтықтың қойыртпағын шып-шып моншақтатып
барып түк көрмегендей жөндеріне жөнеле бере ме, ол енді
болардың болған шағының еншісіндегі жағдаят.

Сүзбеге салса шындық пен жасандылықтың өрісі
үнемі қатар жататынын мойындауға мәжбүр. Тек, сол
екі дүлейдің қайсысының салмағы басымдау түсетінін
ажыратуға келгенде неге мүдіре беретінін түсінбейді.

Бұл, бәлкім, тым босаңдығынан шығар, бәлкім, дүрия
шақтарға деген сағынышының басымдығынан ықпалға
ие, әйтеуір, қос құлаш кебінге оранған қалпыңда көр

– 39 – құшағына бейдауа енуді азапқа балағалы бірнеше жылдың жүзі. Жансыз қалса да денеңді жағымдылық шуағының желпіп тұрғаны ғанибетке лайық. Тек соған жету үшін тіршіліктегі азап пен тозақ отын кешудей-ақ кешуден ажырап қалмағаны қолайға жағатынына иланған көңілі дамылды ұмыттырғанына бірнеше жаз бен қыстың жобасында. Үлкен сапар үстінде де ол алаң шақтың алмағайыбын былайға ысырып, алаң да алаң күндердің бұлтын ыдырата, шуақ пен шырақтың жарығын жұртына молынан түсіру үшін атқа қонғанына сенімді. Ес білгеннен ертоқымнан түспеген ғұмыр, бәлкім ертоқым үстінде көзін жұмар. Ол енді Жаратқанның құзырындағы ерік. Дегенмен, тырыли тірліктен тарпаң дүниенің дабылын артық санаған түйіннің керіге қайтар ниеті байқалмағаны демеп, дариға дәурендегі дүрия көркемдіктің жанына құт екенін ешуақытта жасырмағаны дем береді. Шырыштан шынайылықты құт санап, өмір бойы құт жетегіне жегілгені соның салдарынан. Әй-әй, құбылса құйрығын ұстатпас, қыңырайса қырық сақтан қырсық үйірер қайран тіршілік десеңші! Сенің қадіріңді біле алған, қызығыңа тойындым деген бір жанды таба алар ма, мына жарық дүниеден? Әй, таппас-ау. Жарлы жанын салған, бары малын салған, бірақ, бәрібір діттегеніне жете алмағандар арқа еті – арша, борбай еті – борша күйінде қомнан ауа жығылып, мәңгілік тыным аясына сіңісіп үлгерген. Бұған не қайран, не амал? Басқасы басқа, жаһанға жарлығын асырғандардың өзінің ақыр соңында топыраққа қалай тез сіңіп жоғалғандарын байқамай қалғаны шүбә шақырмайды. Дәл қазір Нияздың табаны тиген мына топырақта кезінде қаһарлы Шыңғыс ханның да, айбарлы Ақсақ Темірдің де іздері айшықталып еді ғой. Бұл күнде мүлдем көрінбейді. Құм сусыды, жаңбыр шайды, жел ұйытқытты, ақырында бәрі ізім-ғайымға айналды. Болған-біткені осы ғана. Тіпті,

– 40 –

сахараға сөзін өткізбек болған Сыбан-Рабданның да
қарасы өшкелі қаша-а-ан. Бәрі өткіншіліктің тегеурінінен.
Сол өткіншілік күндердің күнінде мұның да қарасын ба-
тыратынына шәк келтірген емес. Келтірмейді де. Өйткені,

ақтықтың ақырына жетпеген, қойыртпақтықтың қоқыр-
соқырын ақтарудан аспаған пенде баласы екенін ұғынуға
мұрша тапқан пақыр бұл.
Сыбан-Рабдан демекші...

Ол да санада жаңғырығар бір кезең екен. Ат ауыздығымен
су ішкен, ер толарсақтан қан кешкен сол кезді еске алудың
өзі ауыр екенін Нияз жан-тәнімен сезінеді. Сөйткенмен
еске алмасқа тағы амалы жоқ. «Ақ табан шұбырынды,

алқакөл сұлама» осы Сыбан-Рабданның есімімен байла-
нысты. Мың-сан қолды бастап келген оның кіші баласы
Шуно-Дабо қазақ даласын ойранға салып қана қоймай,
енді оны мүлдем жаншып тастауға ниеттенген-ді. Бұл

ойын жасырмаған да. Түркістанды алғаннан кейін сайын
дала кіндігі Ұлытауға қарап ұли бастар әдет тапқан.
Міне, осындай сын шақта тізерлесе де тірсегін
шайнатпаған қазақ жасағы қандай амал-әрекетке баруға

тиісті еді? Біріншіден жасақтың негізгі бөлігін жойып алма-
уды ойлап жау қарасынан алыстау жатқан Ұлытауға қарай
шегінуді жөн деп тапқан, әскер басылары мен ақылмандар
қатары. Мұның екінші қыры да бар-ды. Арқада қалмақ

шапқыншылығын көрмеген ауылдар әлі жетерлік болатын
және оларда әскери қолға құйылар тың күш шоғыры ба-
сым тұрған. Сонымен қатар, Әбілқайыр бастаған кіші жүз
жағынан келер жасақ та ол тұсқа қалмақтан бұрын жетіп,

шеп құруға қолайлылық тудыратын. Кезі келсе қарсы
шабуылға шығып, жауды талқандауға да Ұлытаудың жер
бедері тиімді еді. Тиімділігі сонда, біріншіден – жарты-
лай шөлейт аймақтан қажыңқырап жеткен дұшпанның өз

мәнінде тынығуға уақыты қалмайтын, олар дем баспай
жойқын ұрысқа кіруге мәжбүр болса, екіншіден – жау
жеңіле қалған жағдайда шегінер аясы тарылып, бей-

– 41 – берекеті қашқанды тықсыра қуғандардың мерейін асыруға тағы да шалғайлық ықпал ететіні айқын-тын. Тірегінен айырылған дұшпан қолы шөлді көктей өту барысында шебін одан сайын сейілтіп қана қоймай, айбарынан айырылары, сенімін жоғалтып тынары күмән келтірмейтін. Ақыры солай болды да. Шұбар теңіз жағалауындағы бетпе-бет шайқаста Қабанбай батыр бастаған қалың қол қалмақ жасағын бір опындырса, Бұланты бойында Әбілқайыр бас бола, Қабанбай қос қайыра омақастыра құлатып, ақырында жеңіс деген құдыретті сөзді қазақ даласына жайып жіберген. Сол құдыреттен қуат алған халық енді айбатын асыра жауының құтын қашырар ұлы күшке айналып шыға келген. Майдан даласында жауына жай отындай жарқылдай түспегенімен мына жеңіске қал-қадірінше Нияз да өз үлесін қосқанына кәміл. Дұшпан жемтігінде қалған Түркістанда отырып ол Шуно-Дабоның әскер қарасын, оның бағыт-бағдары мен жасар амал-әрекеттерін жаушылар, қала берді тыңшылар арқылы қазақ даласына үзбей хабарлап отырған. Алғашында Нияздың бұл жерде қалуын батысқа беттегелі тұрған Әбілқайыр хан да, Арқаға ойысуды ұйғарған Қабанбай батыр да, басқалар да құп көрмеген. – Дұшпан қадіріңді білмес. Аталық екеніңді біреу болмаса біреуден естісе абыройыңды төгер. Қайт райыңнан, ер соңымыздан, – деген Әбілқайыр кәдімгідей қобалжып. Қабанбай да: – Ну орманның нулығы онда тамырланған бұтаның көптігімен, жайылар бұтақтың қоюлығымен әспеттелетінін ұмытпағаның абзал. Қазір бұл өңірде ну сиреп, сидиған шыбықтар ғана қалғанын өзің де көріп отырсың. Ал, шыбық аптапта сая, жауын мен дауылда пана болып жарытпақ емес. Сондықтан бізбен бірге кеткенің жөн. Күш жинап, күміс ердің үстінде салтанатпен қайта оралармыз. Сонда тілуімізді тілеген бұл жақтағы жұртпен

– 42 –

қайтадан жадырай қауышармыз, – деп өтіліп қоймап еді.
Бірақ, Нияз алған бетінен қайтпады.

– Тағдырдан ешкім аспаған, – деді байлам тезін нықтай, –

Егер жау қолынан қаза тапсам Жаратқанның бұйрығы
соны жазған шығар. Ал, егер тірі қалсам мұндағы онсыз
да теперішке түсер халқыма сүйеу болатыныма сеніңдер.
Менің қарамды көргендер ұнжырғасын түсірмей, еңсесін

жықпай ертеңіне елеңдей қарайтын шама табады. Сол
шаманы пайдалана алсақ, құзға құлар селге айналдырсақ
бұрынғы сеңсең тірліктің қарасын қапысыз қайтарарымыз
әбден мүмкін. Олай болса, қинамағандарыңыз орынды.

Алла аман-сау көрісуге жазсын!
Жөнге кім жығылмаған, шындыққа кім ара тұра алған,
Әбілқайыр кеткен жұртын жұмылдыруға батысқа бет
түзеп, Қабанбай да жылжыған Арқадағы елге аттанын да-

былдата. Қабанбай керуенімен хандар мен бектер қарасы
да ұлы далаға қарай ойысқан. Ақыры мына дүрмек соңы
жеңіске ұласқанына тәубә!
Шуно-Дабо Нияздың кім екенін білмеді емес, білді.

Бірақ, бір елдің, ол ел тізесінде бұлқынса да, бетке ұстарын
қазалай алмады. Бәлкім өзі осылай ұйғарды, мүмкін
ақылмандары солай кеңес берді, әйтеуір қазақ хандығы
аталығын өлімге бұйырмай, қираған Түркістанды қалпына

келтіру жұмысын басқаруға бекітті. Бұл негізгі шеп алға
озғанда ту сыртынан бүлік шықпауын ойлағанынан да
шығар. Бір Құдайға ғана аян дүниені қазбалай алмайды,
сөйткенмен тор ішінде жасымай, немесе қанжоса болып

өлмей, денесін құзғындар шұқымай тірі қалғанына әлі
таң.
Жыланды үш кессең де құмырсқалық әлі қалатынын
ұмытпау керек, Шуно-Дабо қолымен ұрыс Бұлантымен

шектелмеді, одан кейінде де сандаған шақ па шақ
шайқастар болып жатты. Дегенмен Бұлантының қазақ
рухын көтеріп кеткенін ешкім жоққа шығармақ емес. Со-
нымен қатар, Сыбан-Рабданның көкірегі осы ұрыстан соң

– 43 –

басылып, ақыр соңында демі үзілгені де сайын өлкенің
біраз дамылдауына сеп жасаған.
Қалмақ елінің қайта күш алуы Қалдан-Сереннің
қонтайшы

тағына
отыруынан
басталады.
Сыбан-

Рабданның үлкен ұлы Қалдан-Серен інісі Шуно-Дабо-
дай қызуқанды емес, бір іске бекінсе ойланып барып
амал қылар, аймағын жұмса жұдырығына сыйғыза алар
билеуші еді. Оның айналасына қаталдығы да жұртқа

әсер етпей қоймады. Күштіні сыйлар, соған бас ұрар
халық енді жаңа қонтайшының әміріне бас июге мәжбүр
болды.
Бұл кезде қазақ даласында да үлкен-үлкен өзгерістер

өтіп жатқан. 1734 жылы Әз Тәукенің мұрагері Сәмеке
хан дүниеден озып, оның орнына хан сайлау мәселесі
ашық сөз бола бастаған. Үш жүздің игі жақсылары жи-
налар үлкен жиын Түркістан маңындағы Күлтөбеде өтеді

деп белгіленіп те қойылған. Үлкен хан тағының иегері
Әз Тәукенің немересі Әбілмәмбет сұлтан екенін де ду-
алы ауыздар жұртқа таратып үлгерген. Ендігі мәселе ақ
кигізге отырғызып хан сайлау төңірегіне тоғысқан. Міне,

осы арада жауапкершіліктің Ниязға жүктелгені бар. Жан-
жақтан келгендер айтулы рәсім тізгінін Нияз аталық
ұстасын деп шешкеннен кейін-ақ дайындық шаралары
басталып кеткен. Ақыры бәрі ойдағыдай өтіп, үлкен тақ

иегері Әбілмәмбет құтты орнына қонақтады.
Сол Әбілмәмбеттің ықтиярымен атқа қонғаны мына
сергелдеңі. Бірақ өкінбейді. Азды-көпті тіршілікте
жақсыны да, жаманды да бірге көрген, ащының да,

тұщының да дәмін ортақ татқан қандыбалақ достың бір
базынасын көтермесе, бір қолқасын жерге тастаса қайтіп
кәукиіп жүргендей, несіне күмпиіп жер басқандай? Жоқ,
жүре де, баса алмас. Ары жібермес еді арғы жақта ұяты

шымырлап жатқанда. Солай тәрбиеленді, өмір бойы
ұстанғаны осы қағида. Енді ол өлгенде өзімен бірге көрге
түсер. Басқаша жағдайда айырылмас.

– 44 –

«Мейлі, айырылмаса айырылмасын. Ар мен ұят
берік қонақтаған жерден әйкәпірлік қашқан, – деді
іштей бұлқынып қалып, – Халқымды ар мен ұятынан
айырмағай!»

Ол еңсесін көтере, кеудесін жаза жанарын алыстарға
аударған сәтінде әлдекім:

– Пәлі! Өзіңе де, тұрысыңа да болайын! – деп дауыстап

қалды.
Өз ойларымен өздері болып келе жатқан топтағылар
алдыдан қара салған шоқыға жапырласа қарағанда қатқан
тастай қалқайған аттылыны байқады. Оның кім екенін де

жазбай таныды. Сонсын:

– Мынау Ақтайлақ ағам ғой! – деп бірі таңырқай тіл

қатқанда басқалары іліп ала жөнелісті:

– Тұрысы тұрыс-ақ қой!

– Дұшпан көрсе тырағайласын, досым көрсе көзі той-

сын деп айналасына айбар салғаны шығар.

– Салса салады, Ақтайлақ батыр! Қаһарланса қамал

бұзар, қатуланса қара тасты қақ айырар күш берген Құдайы
шексіз қолдаған соң айбар салмақ тұрмақ асқардағыны
қақыратар, менің ағам!

– Жасай бер, батырым!

Інісінің мына тұрысы жолдағы жолаушылар адаспасын
деген ниетінен екенін аңдаған Нияз іштей ризалығын та-
ныта жымиып қойды.
Аталық бауырларына бек разы. Араларынан ешкімді

бөліп-жара алмайды. Әрқайсысының өз орны, өз қадірі бар.
Итқарасы анау шалттығымен дараланған, Құлғарасы мы-
нау ақырса алдына келгеннің құтын қашырған. Ақтайлағы
да тұр әне алысқа айбарын асқақтатып. Бұлар барда

елін кім басынғандай, жерін кім шапқандай. Басынғысы
келер де, шабар да тектінің тектілігін танымағандар.
Сөйткенмен, соңынан иесі ішінен тепкен иттей қыңсылап
кейін қашар, өңкей мұндарлар. Үйшігіне жасырынар,

егер жасырынуға мұрша берсе. Әй-әй, саппас көңіл-ай,

– 45 –

сайқал өмір-ай. Саппастық баспаса қауым арасы бүлінбес
еді ғой, сайқалдық сабасынан аспаса қойын қоралаған
жұрт қойдай момақандығын сақтай тіршілік деген албар-
да тірнегін жалғастырып, бақуаттылығын сақтап жүрер

еді бағын басқаға бұйыртпай. Бірақ... бірақ, ашкөздік
пен ашқарақтық жайлаған алаңқайдан алаң жоғалмаған
заман мынау. Аттан шықса андағайлай шабарлардың
артты ойлауға мұршасы жоқ. Мама ағашқа байланған

жарау аттардың елеңге еліріп, босағаға сүйелген қадақ
найзалардың жел көтерілмесе де өз-өзінен діріл қағып
тұратындары сондықтан. Бұл қашанға шейін жалғаспақ?
Біліп болғысыз. Сөйткенмен бір басылатынына Нияз

сенеді. Сенетіні – қайғы-мұң ешкімге нәсіп сыйламаған,
жоқтау сарынын ғана әкелген. Ендеше, сарын жоғалмай
сарсаңдық
қара

үзбейтінін
түсінгенде
ғұмырдың
мәнденері, тірліктің салтанат жаяры бек мүмкін.

Ақтайлақтың әріректе, тұтқындағы қазақ сұлтанының
жатқан жерін анықтауда, алғырлық танытқанын Нияз
ұмытқан емес. Оқиға былай өрбіген.
Сұлтанның қапылыста дұшпан қолына түскенін

білген қазақ жағы қалмаққа бірнеше рет елшілер ат-
тандырады. Дегенмен оның бәрі нәтижесіз аяқталады.
Қарсы жақ азар да безер. Сөздеріне қарасаң ешкімді
көрмеген, ешкімге қиянат жасамағандай сұлу-сыпайы.

Қолдарында бұлтартпас дәлел болмағансын бұлар
болса-болмаса пүшәйман. Енді нендей әрекет жасаса
шындыққа жеткендей?
Хан ордасы әрі-сәріліктің аужайын қайырғанда Ақтайлақ

сыбызғысын қойынына тыға қалмақтар жағына өтіпті де,
бестен, оннан үй басын құраған ауыл-ауылды жаяу-жал-
пылай аралай бастапты. Онда да ауылдың ішіне сыналап
кірмей, сырттағы ойын балаларын жағалайды екен. Әуелі

сыбызғысын құйқылжыта тартып, қара домалақтарды
әбден баураған соң түк білмегендей қазақ жағынан түскен
тұтқын жайын ортаға қыстыра қоятын болыпты. Үй арасы

– 46 –

ұрлығын жасырмаған балаң көңіл еларасы мәнін қайдан
түсінсін, ақтарылып сала беретін көрінеді. Осылайша
бірнеше мекеннен дерек ізін таба алмаған жас жігіт ақыр
соңында бір тұстан іздегенін тауыпты.

– Ой, сасық қазақ па, ол ана қырдың астындағы жап-

пада байлаулы жатыр, – депті бір бала білетінін мақтана
жеткізіп, – Мен оны күнде көремін. Киімдері әйбәт екен,
оларды ағам тартып алып, қазір шоқпытқа орап қойған.
Өзіне сол керек, мазамызды енді алмайтын болады.

Жер мен ауылдың нақты атын қайта сұрай әбден
нақтылаған Ақтайлақ енді бөгелмейді, тасаға тығып
қойған атына міне ордаға оралады.
Хабар тигенде Нияздың өзі жолға шыққан-ды. Ақыры

қалмақтармен келісімге келе, сұлтанды ордаға алып
қайтқан.
Бұл Ақтайлақтың көзсіз батырлығымен қатар қажет
жерінде қулыққа барса ұтылмайтынын көрсетер тұсы еді.

Сөйткен інінің тұрысы анау, жапанда қағылған жалғыз
қададай қыр басында қалшиып. Қараңнан садағаң кетейін,
қайран бауыр!
Жетті-ау ақыры.

Бұларды қозыкөш жерден күтіп алған салтанаты
жарасқан жігіттер арнайы тігілген он екі қанат ақшаңқан
үйге түсіргенде күн екіндіден ауа бастаған шама еді.
Сырмақты бойлай жайылған бірнеше қабат құрақ көрпе

үстіне жантайғанда Нияз өзінің шаршағанын сезінді.
Жас кезінде айлап аттан түспесе мыңқ етпес бел үш-төрт
күндік сарсылға шыдамайтын болыпты. Бел ғана ма, қара
сан үзіліп кетердей ұйып, алға басар қадамыңды керіге

тартады. Шау тартқанының белгісі де.
Тыныққысы келді. Әбілмәмбет ханға сәлем беруге со-
дан кейін де бара жатармын деп түйді ішінен. Оның өзі де

– 47 –

жеткен асу ғой, түсінер жетпіс деген жастың желкеден ба-
сып тұратынын дегенге сайыды. Басып қана қоймай жел
қаққан бақбақ түбітіндей шашып-шашып тастайтынына
көзі жеткен шығар ендігі. Жетсе Нияздың мына жатысы

кердеңдігінен емес, амалсыздықтан екенін білер, білер
де көңіліне алмас, аталықтың алдына бірден келіп сәлем
бермегенін.
Қайран жүрдек уақыт десеңші! Аларын аямай сығып

алып, қалдырарын майы қашқан мүжіктей сорайтып
қойған қайран уақытқа не айтқандайсың. Айтарға тілің
де, назың да жетпес. Өйткені ол ыздиып алға озуға
әуес, сен тыртыңдап соңынан салпақтауға тәуелдісің.

Бұл тәуелділікті мойындаған жалғыз сен ғана емессің.
Бабаларың бар, басқалар бар – бәрі айдағанына жүрер,
илегеніне көнер жағдайда құзырына құлап тынған. Олай
болса, уақытқа наз айту күпірлікке жататынын білгенің

абзал. Білгеннен кейін өкінішке жүгінбей, қан-жыңыңды
қасиеттіге жұқтырмағаның орынды.
Жұқтырмауға тырысты. Кеудесінен жаны шықпаса
әлі жұқтырмайды да. Жымысқылана кірігіп, жылмыңдай

мыйыңды айналдыратын жарымес ойларға жүгінуден
қашқақтай беретіні содан. Қазір де ондайлар тесік-
тесіктен сығаласып, қарты жетсе сыналап кірігу үшін о
жер, бұ жерден қара сала ырбыңдасады. Аярлығынан,

алдауға түсіріп, артынан опық шалшығына лақтырып
кетуге ыңғай алғанынан. Нияз оныңа көнбес, сірә да.
Жетпіс жыл бойы сайқалдыққа арымаған, сарыуайымға
салынбаған сана мынадай сандырақтарды да қаперге

ілмес.
Беу, жалған дүние десеңші! Беу-беу, ентікпеден көз
аштырмай екіленуге ғана көндіктірген қайран ғұмыр!
Шыр етіп жарық сәулеге келген сәттен бастап сәбидің

аяқ-қолын дамылсыз тырбыңдататыны тіршілік үстіндегі
тынымсыздыққа дайындығының басы екен-ау. Бұдан
былайда енді оған мүлдем тынысқа жүгіну жоқ: қаз-

– 48 –

қаз тұрады, тәй-тәй басады, сонсын табанына тұз сеуіп
алғандай жүгіреді келіп. Тоқтамайды. Тоқтауды мүлдем
ұмытады. Ұмытатыны, түптің-түбінде дамыл табар
тұсқа жететінін біледі. Мәңгілік дамыл белдеуінде жаны

тыныштыққа кірігетінін сезінеді. Сол сезім тоқтатпайтыны
даусыз. Аялыс табудың алқаракөк дүниеден безінуге
жеткізетіні ақиқат. Олай болса, Нияздың тап қазір орны-
нан көтерілгені дұрыс сияқты. Шалжиып жатары әлі алда

ғой. Сонда жатар-ақ көсіліп...
Өз-өзінен ұялыс тапты. Мұны бауырлары неге жорымақ,
басқа жұрт не демек, тырая сұлағанын байқаса? Тастың
үгітілгені, таудың мүжілгені дегенге сайып аяушылық

танытпақ па, әлде «Тебінгідегі торы тоңнан тұяғын ал-
дырыпты» деп тырқ-тырқ күле беттерін шымшыспақ па?
Мұндай қорлыққа жаны қалай шыдамақшы? Оны естіген
құлақтың тас керең болып қалғаны әлдеқайда жақсы да!

Намысқа шапқан кеуде жастықтан басын көтерте
берді. «Жоқ, мен әлі жығылар тұсқа жеткен жоқпын! –
деді сонсын тістене күбірлеп, – Олай болса, иленіп жатып
алғаным жарамас».

Жүрелей
отырды.
Кеудесін
тіктеді.

Байқайды,
манағыдай емес, сәл жатып тұрғандығынан ба, әжептәуір
тынығып қалғанға ұқсайды. Қара сан ұйысын басып, ал-
памсадай дене дел-салдығынан айыға бастапты.

«Енді кім табалағандай, – деп күбірледі мына жағдайына
жас балаша қуана, – Бізге кескен теректей құлауға әлі ер-
терек. Ер болып туған соң ерлердей тік тұрып өлу бұйырса
сол жарасқан. Олай болса ширауға тиістіміз. Әбілмәмбет

алдияр да, мен де жұрт азбас үшін, даламыз жат табанын-
да тозбас үшін еңселеніп жүруге тиістіміз».
Өзін-өзі осылай қамшылап алған Нияз енді мүлдем
өзгеріп, басын кекжиткен қалпында үй ішін шолып

шықты. Шебердің қолынан енді шыққандай үй сүйегі тым
жаңа екен. Кереге, шаңырақ, уық ақжондығынан арыма-
са, ыс тие қоймаған кигізі әппақ түсін сақтай, жиектел-

– 49 –

ген ою-өрнегін айшықтай жанар арбайды. Жалғыз кигіз
ғана емес, басқұрлары мен желбауларының өзі түрлі-түсті
жіптен әшекейлене көмкеріліп көз жауын алғандай.
Ішке жиналған жүктен де мін таппассың. Оң жаққа

ағаштан қиюластырған сәкі орнатылып, оның үстіне
кестеленген көрпе-жастық жиналған. Керегеге айнала
тұскиіздер тұтылыпты. Бәрі келісті, бәрі қонақ көңілінен
шыққандай.

Аз-кем аралықта жаны жадырай бастаған аталық енді
үйде қамала бермей сыртқа шығуды ниет ете орнынан
көтерілуге қолымен жер таянғанында тыстан «Хан келе
жатыр!» деген дауыс жетті құлағына. Ол бір ғана рет

жаңғырықпай, бірден бірге өте бірнеше мәрте қайталанды.
Ендеше қағыс естімегені аян. Сонда бұл кім болды екен?
Ойланып үлгергенше сықырлауық серпе ашылып,
ішке иығына қамқалы желбегей жамылған, басына төбесі

биіктей сырылған, етегі екі жаққа қиыла қайырылып,
оюмен өрнектелген тақия киген хан өте берді. Төртбақ
денесі мен ширақ адымына қарап бірден таныды, бұл кел-
ген Түркістан аумағын билеп тұрған Болат хан болатын.

– Ассалаумағалейкүм, қадірменді аталық! – деп ол

оң қолын жүрек тұсына қоя, басын сәл ие сәлем салды
табалдырықтан аттаған бойда.

– Уағалейкүміссалам! – деді Нияз жол қағидасына сай

жауап қата, – Алла жар болсын!

– Әлей болсын, аға! Сіз келді дегенді естігенде тыпыр-

шып орнымда отыра алмадым, сонсын сәлем берейін деп
шыққан бетім еді.

– Бәрекелді! Ғұмырлы бол! Бірақ, алдыңа барып, сәлем

беру жолы менікі еді ғой...

– Жоқ, қадірмендім, алыстан алты жасар баласы кел-

се алпыстағы атасы сәлем берер халық емеспіз бе? Сіз
алыстан ат арытқан менің, менің ғана ма, дүйім елдің
қалаулысысыз. Олай болса, сізді күту менің міндетім
екенін ұмытпағайсыз.

– 50 –

– Өркенің өссін!

Аз ғана тіл қатысқаннан кейін Болат хан бері аттағанда
аталық орнынан лып ете қалай тұрып кеткенін аңғармады.
Әріде екеуі төс түйістірді.
Ендігі тілге Нияз мұрындық болды.

– Иә, мал-жан аман ба? – деді қайтадан тізе бүккенде

ханға жүзін бұра.

– Дін аман.

– Әкең бақуатты болар?

– Әкемнің де жағдайы жақсы. Тек, мына мәселе

қарасын шалдырғалы уайымдаңқырап жүрген жайы бар
ма, соңғы кезде ешкіммен ашыла сөйлеспегені жанға ба-
тады.

– Е-е, нені көрмеген сақа көз, нені кешпеген сабыр

бас дейсің ол. Ештеңе етпес, бәрі өтер де кетер. Соңында
сайдың тасындай ерлері, сарабдал жұрты тұрғанда ойға
алғаны орындалар. Бәрі орнығып, көңілі жайланғанда
әкең де сабасына түсер.

– Мен де солай болар деп ойлаймын.

– Қобалжуың бекер. Мұндайда орынсыз тықақтық

адамды жолдан жаңылдыруы мүмкін. Сондықтан сабырға
жүгінгенің орынды. Сабыр ешкімді орға жықпаған.

– Мен сізді түсіндім, қадірмендім.

– Түсінсең Аллам разы болсын саған.

– Әмин.

Екеуі бірауық үнсіз отырысты. Күн ұясына қонуға
жақындаған ба, түндік шетін қызыл барқын жиектей
бастапты. Тұп-тұнық аспан түпсіздігін танытқандай
мөлдірлігін сонда да сақтап тұр.

– Мен сізден бірдеңе сұрайын деп едім, – деді Болат

кигізі сәл түрілген іргеден самал жел желпи бастаған
шамада бар салмағын малдас құрған тізесіне аудара
қомданып.
Нияз елең етті.

– Сұрағын.

– 51 –

Анау әлденеге алаңдағандай оңды-солына жалтақ-
жалтақ қарағыштап қойды. Сонсын айтайын ба, айтпайын
ба дегендей өз-өзінен тығыла, томсырая қалды.

– Иә, құлағым сенде, – деді аталық әлденеге алаң

ханның айтарын шын ниетімен тыңдауға дайын екендігін
дәлелдегендей енді әңгімелесіне бар денесімен бұрыла.
Болат хан асықпады, сұрарын іштей қорытқандай
біршама аялыс жасады. Аққұба өңі сол екі арада нешеме

құбылды десе болғандай. Алғашында жылт етпе қызыл
жүгіріп өткендей еді, бірте-бірте оның орнын сұрғылттық
рең жайлап, сол бояу табы ұзағырақ сақталып қалды.

– Қадірменді аталық! – деді хан ішкі арпалыс толқынын

басуға ниеттенгендей әудемде жарқын тіл қатып, – Ағайын
неге керек? Қуанышта қызық бөлісіп, қайғыда қара бат-
панды қайыспай бірге көтеру үшін керек. Шырғалаңы көп
тірлікте түсіністік шырай алса, бірдің бірге қамқорлығы

артса «қағанағың – қарық, сағанағың – сарық» дегенің
осы деп білемін. Алайда, көп жағдайда керісінше шығып
жататыны жанымды мазалайды. Үнсіздікке үзеңгі тағып,
тілсіздікке тізгін беріп қоятынымыз жараспайды енді.

Мұны не үшін айтып отырмын? Кей туыстарымның алы-
ста жүріп хабар-ошарға жоқтығын байқағанда жүрегім
сыздағаннан айтамын да. Әйтпесе, тірлікке де, тірнекке
де өкпем жоқ екенін өзіңіз де білесіз ғой.

Ол тыныс қайырғандай сәл бөгеліс жасады.

– Сарыарқаның самал желі, сал құрағы, бал бұлағы

жақты ма Абылай бауырым да Көкшенің баурайында
үнсіз жатыр. Амандығын келген-кеткеннен ғана естиміз.
Соны көңілге медет тұтамыз. Сіз білерсіз деген үміттемін,
жағдайы қалай өзінің?

Мынаны естігенде Нияздың іші қылп ете қалды. Міне,
келіс мәні қайда жатыр! Сарыуайым сарынында ағайынға
деген сағыныштан гөрі басқа бір сыр жатқаны айтпаса да
түсінікті. Әбілмәмбеттің шау тартқаны кіші хандар мен

сұлтандар арасына жік сала бастағанын байқатады. Азулыға

– 52 – ғана бұйырар нәсіпке әрі мен беріден андағайлағандар үміт арта бастағандай. Қайран өмір де! Өмірде бәрі болады: күншілдік те, күндестік те, көре алмаушылық та. Бақ пен баптың шабысы үстінде баптының қағыс қалып, бақ бұйырғанның озғанын көргендер сол бақтың тек өздеріне бұйыруын қалай бастағандары аңғарылады, мына сұрақ ауанынан. Бұған Нияз не деп жауап қатқандай? Түлкі бұлаңның бұлтартпасы ғана тығырыққа түсірмес. Аталық жымиды. – Арғымақ шығарды құлын кезінен танығандай сенің үлкен жүректілігіңді бала шағыңнан байқап едім. Бауырларыңмен ойнай жүріп біреуі абайсызда құлап, жарақаттанып қалса жаның шырқырай бірінші болып жүгіретінсің. Сол дағдың есейгеніңде де қалмапты. Разымын, айналайын. Соған сүйсініп отырған жайым бар. Абылайды сұрағаның ағайын үшін алаңдағаныңды білдіреді. Ләйім осы ниетіңнен жаңылмағайсың. Ал Абылайға келсек, оның жағдайы жақсы. Қонысымыз қоңсы қонғаннан кейін барыс-келісіміз жиірек қой, Көкшенің салқар даласында сау-сәләматта жүрген жағдайы бар. Алысқа айбарымыз сол. Жортып кетсе ақбөкендей жүрдек, түйілер болса қырандай алғыр. Одан артық не керек, шаруа жайын күйттеген жұрт үшін. Тілеуіміз соның үстінде. – Әп, бәрекелді! Қыраннан қыран, құланнан құлан туар тегіміздің абыройын алысқа асырар бауырымның амандығын естіп бір қуанып қалдым ғой! Жарайды, сізге сәлем бердім, Абылай сұлтанның дерегіне қандым, осы олжаммен енді кері оралайын. Қыруар шаруа барда ордада отырмағаным жарамас. Саламатта болайық, қадірменді аталық! Болат хан орнынан көтерілгенде Нияз да ханнан қалыспай аяғынан тік тұруға мұрша тапқан. Бірақ үлгермеді. Болат артына мойын бұрмастан сықырлауықты серпе ашқан күйі табалдырықтан әрі аттап кете барды.

– 53 –

Қалдан Сереннің Әбілқайыр ханға: «Сен, Әбілқайыр,
ақ патша ханымның алдында тізерлеп отырсаң маған
жаусың. Қазақ пен қалмақ ақ тұйғын сұңқар құс, ол
екеуінің қарғаның алдында тізерлеп отырғаны жұрттың

алдында ұят. Біздің жұртымыз өзіне-өзі бек, олардың
жұрты арбасын сүйреткен дөңбек. Егер орыстың астына
тығылсаңдар сендерді, қазақтарды, біздің қалмақтар күн
құрғатпай ұрып отырады», деп хат жазғанда, оны естіген

Әбілмәмбеттің алғашқыда миығынан күлгені әлі есінде.

– Көрерсіңдер, енді тыныштық болмайды, – деген

ордаға жиналғандар алдында ой түйген Әбілмәмбет әріде
қабағын шыта, – Онсыз да бірін бірі кезі келсе түйіскен,
қайраты асса сүзіскен қазақ пен қалмақ арасы енді тіптен
ушыға түсетінін естеріңнен шығармаңдар. Сақ болыңдар.

Қарты келгенде Қалдан-Серен қамшы сілтеуге тырысады.
Сонда тек бұғынбай, қапысын таба сойылмен соғуға дай-
ын тұрғандарың абзал.
Хан сөзінің шындығына жүгінгендердің әмірші ойын

сол жерде құптасқандарымен ұшса құс қанаты талар
аймаққа бір жағынан шашырай қоныстанғандықтан,
екінші жағынан береке-бірліктің әлі де құтаймауынан
талай шапқыншылықтың зардабын тартқанына Нияз

куә болса, арада жылдар өте келе жылымға кімнің түсіп,
кімнің жарыққа шыққанына уақыт куә еді.
Әбілмәмбет үлкен хандыққа 1734 жылы Әзірет Сұлтан
кесенесінің маңында ақ кигізбен көтеріліп сайланған. Осы

ұлықтаудың басы-қасында және Нияз жүрген. Жасынан
бірге өскен үзеңгілестер рәсім аяқталған соң ордада жеке-
лей отырып сыр бөліскенде аталық ұлы ханның мансапқа
мастанбай, жұртым деп соғар жүрегінің тазалығын

сезінген-ді. Түйсігі алдамапты, қарапайымдылығы мен
биязылығын сақтап қалған хан бұдан былайғы тіршілігінде
ел мүддесін ғана көздеп, жұртына адалдығынан бір айны-

– 54 –

мады. Керек тұста қаһарға мінетіні бар-тын. Бірақ, оны-
сы дұшпанына бағытталып, өз айналасына кең қарағанын
былайғы жұрт та жоққа шығара алмас.
Нәзіктікке осалдығына қайран қалатын. Жадын-

да, хижра есебінде 1153, орыс жылнамасы бойынша
1740 жылдың тамызында Жайықтың орта ағысында
орналасқан Орынбор бекінісіне орыс генерал-лейте-
нанты Урусовпен келіссөз жүргізуге қазақтың барлық

шен-шекпенділері аттанған-ды. Түркістаннан аз шоғыр
шыққанымен жолай алдын-ала хабарланған аймақтардан
қосылғандар қарасы молайып, енді бір қауым елге ай-
налып үлгергендер Орынборға жеткенде дария бой-

ына құрылған шатырлардан шаһар орнағандай әсерге
бөленген.
Келіссөз
аумалы-төкпелі

жағдайда
өтті.
Таразы
басы біресе әрі қарай тартса, біресе беріге ауып, ешкім

есесін жібермеуге тырысып бақты. Түйінді түйіп та-
стамай, шешуі жұмбақ шиеленіске салып қойған тұс
қаншама десеңізші. Бұлталақтықты көп жасаған қазақтар
жағы. Олар орыс амалдарының өздеріне жақпайтынын

сөзбұйдаға салып, кейбіріне келісу арқылы келіссөзді
ойдағыдай аяқтап шықты. Соның ең бастысы Үндістан
мен Иранға, Бұхар мен Қытайға сауда-саттық жолы
қазақ даласымен өтіп, оның қауіпсіздігін қамтамасыз

ету мәселесін шешкені болатын. Соңында генерал-
лейтенанттың жеке шатырындағы мерекелік ас үстінде
игі жақсылар қағаздарға бармақтарын баса келісім қуатын
мойындайтынын білдірген.

Сарыарқаның шетіне іліккен тұста қызық оқиғаның
ұшығы қылаң бергені. Абылай өз қосынын Көкшеге бұрып,
Нияз соған қосылмаққа ыңғай танытқанда Әбілмәмбеттің
қимастықтың кемерінде көзі буалдырлана:

– Қайран, хан жайлауы-ай, енді сені көрерім қашан! –

деп күрсінісін жайғаны әлі көз алдында, – Көк шалғыныңа
аунап, жусаныңның иісіне тойынатын күн туар ма, шіркін!

– 55 –

Мынаны көргенде Абылай сұлтан да, Нияз да
ыңғайсыздана:

– Мұныңыз не, хан ием-ау?

– Соңыңызға ерген жұртыңыздан ұят та... – дегенде

Әбілмәмбет тосылмаған:

– Хан тағына отырғанда көрерсіңдер ұят пен

сағыныштың қабыспайтын тұсы көп екенін. Ал, қазір
қайыр қош! – дей иегі кемсең қаға бұрылып кете барған.
Міне, сол Әбілмәмбет бүгін ығай мен сығайларды жинап,
төбе басына тігілген үлкен шатырға өзі бастап келе жатыр.

Шоқша сақалын жел тарайды, қоңырқай өңін күн сүйеді.
Қадамын ширақ алуға тырысқан сыңайы бар. Шау тартқанын
сездірмеуге, дүйім жұртына күш-қайраты әлі қайтпағанын
дәлелдеуге жасаған амал-әрекетінен бұл. Әйтпесе жетпіс де-

ген жастың желкесіне шыға тұра ентікпеге бой алдырудың,
өрге қарай өршелене салудың салмағын Нияз ғана емес,
соңынан ерген басқа жасамыстар да байқаған райда. Тіпті
кейбіреулердің кейіндеп қалғаны соның салдарынан.

Батсайыдан молдау тігілген, өңірі оюланып, ол
алтынға буланған жіптермен көмкерілген әппақ шапаны
алыстан көзге түсіп, үлкен ханның шоқтығын басқаларға
қарағанда асқақтата көтеріп тұрғаны аян-ды. Басындағы

әппақ кигізден жұқалап сырылған, ол да қошқар мүйізді
оюмен безендіріліп, алтынмен зерленген шошақ бөркі де
хан иені топ арасында ерекшелендіре көрсететін.
Әне ол қыр басына орнатылған, күміспен күптелген

тағына да жетті. Бірден отыра кетпеді, қарқыныма
шыдаған қайсың барсың дегендей одырая жан-жағына
қаранды. Оң жағынан Нияз қара салғанда оған ризалығын
білдіргендей жымия бір қарап алып, асатаяқ ұстаған

қолын жоғарыға көтере берді. Абыр-сабыры басылмаған
жұртты тыныштыққа шақырған белгісі еді.
Хан жүрер жолды ғана ашық қалдырып, қыр беткейі
мен етегін тегіс толтырған сардарлар мен түкпір-түкпірден

би-бектерін қолдай жеткен жұрт мына ишарадан кейін

– 56 –

жым-жырт бола қалысты. Соны күткендей Әбілмәмбет
айтарын бастап кетті.

– Қадірменді жамағат! Мәртебелі би-бекзаттар!

Қыран ұшар алдында қомданар болар. Ал, қанатын
қаққанда қиянды шола самғап кетерін бәріңіз де білесіздер.
Ол енді кеңістікті еркін шарлайды, аспан астына билігін
жүргізер қуатқа ие.

Қыран өстігенде жерде жүгірген, жыбырлаған жан-
жәндікте не қайран? Оларға бұйырғаны таса-тасаға жа-
сырыну ғана. Мұзбалақтың көзіне түспей, демдерін ішіне
тарта тығылуға тәуелді. Неге өйтеді? Өйткені, жан бақпақ

керек, күштінің мысы осалды әркезде ықтырып отырған.
Алла жар болсын, біз де қомдануға тәуекел етіп
отырмыз.
Қағар

қанатымыз
барда
самғап
қалуға

ниеттіміз. Ұшы-қиыры жоқ кеңістікте еркін, көк аспан-
да қапысыз қалықтасақ деген мақсатымыз бар. Дәл сон-
да сенеріміз кім, сүйенеріміз не? Сенеріміз жамағат,
яғни сіздерсіздер, сүйенеріміз сіздердің қалтқысыз

сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз болмақ. Сене аласыздар
ғой? Қолдайсыздар ғой?
Сілтідей тынғандар дүр сілкіністі:

– Сенеміз, хан ием!

– Қолдаймыз!

– Қолдаймыз, сізді!

– Е, қашанғы еңкейе бермекпіз, бір мезгіл біз де

шалқаяйық та!

– Қазақ рухын ешкім жыға алмаған, жыға да алмайды!

– Әруақ!

– Әруақ қолдасын!

– Аллам қуат берсін!

Мына дүрмекке мағұрланған Әбілмәмбет қайтадан
қолын жоғарыға көтерді. Жұрт тағы тыныштала қалды.

– Бәрекелді! Мен сіздерге ойымды қолдайды деп сеніп

едім, сенімім ақталғанына қуанып тұрған жайым бар.
Сіздерге де Жаратқан ием қуат бергей!

– 57 – Әлгінде құлағым шалып қалды, иә, біз қашанғы еңкейе бермекпіз?! Шалқаяр жерде шалқайып, шамырқанар жерде шамырқана білер халықпыз. Оған қайратымыз да, күшқуатымыз да, шүкір, жетіп артылады. Олай болса, несіне бұйыға бермекпіз, кімге жалтақтағандаймыз! Еркін қомданып, еркін ұшуға тәуекел етуіміз керек! Осыған орай бір көздегенім бар еді, алдарыңызға жаяйын: жайлауымызды кеңейтіп, іргемізді бекіту мақсатында шығыс тұсымызға қоныс қондыруды ниетке алғанмын. Ойран-топаны шығып, бас қайғысымен ошарыла көшкен қалмақтан босаған жерді тап қазір біз иеленбесек ол ертең кімнің ықтиярына өтетіні белгісіз. Ендеше қамтып және қарпып қалғанымыз орынды. Бұл, бір жағынан іргелес жатқан орыс пен қытайдан негізгі бойды аулақтау ұстауға шапағат жасаса, екінші жағынан малды қазақтың өрісін ұлғайтып, ырысын демдер деп ұйғардым. Мынаны естігенде жұрт қайтадан қиқуласа жөнелісті: – Мәссаған, мынау дегенің аспаннан топ еткен олжа ғой! – Олжаң не сенің? Бақ те – бақ! – Шұрайлы жер шекемізді шылқытса қандай қарсылық!? Баста, хан ием, бастай бер! – Біз сізбен біргеміз! – Жолыңызға жанымыз құрбан! Әбілмәмбет хан аналар сәл тосылғанда ойын әрі сабақтады. – Енді шешім түйінін жария етейін: бұл ұлы көшті Әбілпейіз сұлтан бастамақ. Кәне, сұлтанға ерер қайсың барсың? Ол Ниязға қарады. Мұнысы «сен не айтасың?» деген ишарат еді. Соны түсінген аталық тамағын қырнады: – Маған әуелі Өмірзақ бауырымды шақыруға, соны мына жерге алдыруға септесіп жіберіңдерші? Аталық жайбарақат тұр. Сонысына қарап әлдекімдердің қылп-қылп еткендері де байқалып қалды. Сөйткенмен

– 58 – сапты қуа жалғасқан «Өмірзақ, Өмірзақ» деген сөз әрі асқанда сонадайдан бір жігіт ағасы бері беттей бастады. Жүрісі тарпаң. Анау-мынауды пысқыратын түрі байқалмайды. Ол аталықтың алдына жеткенде Нияз сөзін жалғады: – Жамағат! Біз үлкен бір істің басында тұрмыз. Қайырлы істің басындамыз, әлбетте! Ендеше, айылын жияр, мынадай құтты бастамадан тартынар арамызда ешкім болмас деп сенемін. Мен мынаны айтамын: қарамағымда бір ұлыс ел барын бәріңіз жақсы білесіздер. Кемі үш мыңдай ағайын шаңырағы қуатым болса, жаугершілікте қосылған мыңдай қандастарым тірегім еді. Оған бес жүздей түтінді Абақ-Керей әулеттерін қоссаңыздар дүйімдіктің қарасын байқайтындарыңызға шәк келтірмейсіздер. Мына Өмірзақ інім де қара жаяу емес. Атасы Арыстан аталықтың бір тұқымы – Мамадайыр, Мамашық атанған мың шаңырақтың тізгін ұстары бұл. Міне, көш басындағы Әбілпейіз сұлтанды демейтін осы Өмірзақ болады. Мың шаңыраққа бес жүз түтінді Абақ – Керей әулеттері де қосылады. Ал, жолдарың болғай! Мына тосын кесімге аңырған Өмірзақ: – Неге мен... – деп тұтыққанда аталық: – Несіне қобалжисың? Жалғыз болмайсың, Барқы тұқымынан да серіктерің болады. Бұл – елдің тұтастығы үшін керек, – деді де Өмірзақты бауырына тарта құшақтады. Осы кезде Найман руының бетке ұстарлары Ботақара, Боранбай, Сырымбет сияқты билер мен Толыбай батыр бастаған бірнеше адамдар кіселерін мойындарына аса ортаға шыққан да, бір тізелерін бүге, бастарын хан алдында ие берген. – Біз де барамыз бар деген жағыңызға! – Бердік қолдарыңызға тізгін мен шылбырды! – Тәңірім жар болсын, хан ием! Артынша «Біз де! Біз де ұлы көштен қалмаспыз!» деген

– 59 – дауыстар әр-әр тұстан естіліп, аспан асты күңгір қағып қоя берген. *** Қоныс қадалары Әбілмәмбет ханның ұйғарымымен, жасырын жағдайда ертерек қағылғанымен, негізгі көш мына оқиғадан дәл бір апта өткенде маң даланы дүбірге қанықтыра жаңа жерге аттанып кете барған. Қайырма: 1770 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін үлкен таққа Абылай хан отырған. Оның таққа отыру рәсіміне басшылық жасаған тағы Нияз аталық. Нияз – қазақ хандығындағы соңғы Аталық еді. Ол 1785 жылы жүзден асқан шағында бақилық болып, хандарға көрсетілер құрметпен жерленген.

– 60 –

БҰЛАҚТАР КҮЛІП АҒАДЫ

– Түндікті жаппағанбысың?..

Күйеуінің даусын естігенмен Бәтіш жауап қатпады.
Дәл төбеде самсап тұрған жұлдыздарға тесірейіп қараған
қалпы қимылсыз жата берді.
Самат бұдан әрі ештеңе айтпастан екінші жамбасына

аунап түсті, сосын тамсанғандай ернін сылп-сылп еткізді
де, үйреншікті қорылына басты. Айналасындағы ыстық-
суығы мол тіршіліктен бейхабар өлі ұйқыда.
Келіншек оң жағындағы дөңкиген денеге көз қиығын

тастай беріп ауыр күрсінді. Дауысы да шығып кетті.
Әлденеден пана іздеп, әлденеге ұмтылып аласұрған жан-
дүниесін мүлде түсінбейтін еріне арналған бар наласы
осымен тынғандай. Шынымен тынды ма, оны жалқау

тірлікке бойы үйренген Бәтіштің ұғуға шамасы жетпеді.
Ол тағы да көк жүзіне жанарын қадады. Аспан тұп-
тұнық. Қаракөк тұңғиықтың өн-бойы толған шырақ.
Жұлдыздар бүгін тым жиі орналасыпты. Бірі қызыл, бірі

көк, тағы бірі жасыл шырақтарын жамырай жарыстырып
көзіңді арбайды. Өздері бұла өскен қыздай тым еркін.
Ту-у алыстан жаныңды еліктіре көз қысысады. Әлденеге
мәз. Әлде меңіреу түн құшағына сәуле шашқандарына

қуанысқан түрлері осы ма? Мүмкін тығылыспақ
ойнағандары шығар? Иә, иә, дәл соған ұқсайды...
Бәтіш санасында жарқ еткен әлдеқандай сәуледен
жасқанғандай көзін жұма қойды. Жүрегі дүрсілдей

жөнелді.
...Бәрі осы тығылыспақ ойынынан басталып еді-ау.
Алтыншы класты аяқтап, жазғы каникулға шыққан
ауыл балалары кеш түссе-ақ далаға асығатын. Жылқы

ағытылып, сиыр сауылып, қой қотанға енген соң әке-
шешелері ұрса қоймайды. Содан түннің бір уағына
шейін үй-үйдің арасын азан-қазан қылған дауыстар
сембейді.

– 61 –

Осындай түндердің бірінде бұл жасырынған мая
қалдығының тасасынан екінші бейне де қараң етті. Кла-
стасы Мұрат. Пысық баланы Бәтіш іш тартатын.

– Охо, сен де мұнда ма едің?! – деді Мұрат таңырқай

әрі қуанышын білдіре жанына жайғаса беріп.

– Мен ылғи осында тығыламын.

– Онда тіптен тамаша!

Ненің тамаша екенін түсінбеген Бәтіш үндемеді,
әріректегі шуылға құлақ түрген күйі отыра берді.

– Мен сен іздедім... – деді ұл әлден уақытта, дауысы

құмыға шығып. Қыз таңырқады:

– Мені ме?

– Сені.

– Не үшін?

– Білмеймін, әйтеуір іздедім.

Бұдан әрі жақ ашыспады. Бір-біріне тығылыса түсті.
Бірінің-бірі жылуын сезінгендей. Осы сәтте екеуінің де
денесін діріл жайлағаны анық. Бірақ оны білдірмеуге ты-
рысады.

Тыныштықты Мұрат бұзды:

– Біз дос болайықшы, ә?..

– Дос?

– Аһа.

Мына сөз Бәтіштің жанына жағатын сияқты. Жүрегі
алқымына тығылатындай. Дүние есігін ашқалы ұл ба-
ладан естіген алғашқы ұсыныс болғандықтан да шығар
біртүрлі жағымды, біртүрлі ыстық.

– Келісемін, – деді қыз баяу үнмен. Дауысы өзіне де

әзер естілгендей еді, дегенмен Мұрат қағып алыпты,
ақырындап қолдарын қысып-қысып қойды.
Қайран, аңғал көңіл-ай, азға мәз, титімдейді қанағат са-
нап айға ұшуға дайынсың-ау, сен. Мұндайда қанат жоғын

ұмытып, қалықтауға әуессің. Қонар тұғырыңды тағы
ұмытып кетесің.
Бәтіш те сөйтті. Сол күннен бастап қыз өзін салмақты

– 62 –

ұстауға тырысты. Айналасына ересектердей ойлы көз
тастап, одан сақа адамдай сыр тартуға ұмтылды. Оны
осы күйге жеткізген кластасының: «Біз дос болайықшы,
ә?..» – деген жалынышты үні еді.

Бүгінде қарап отырса, барлық шырын балалықтың
базарлы шағында толысады екен. Ол шақта көзге жас
алудың өзі бір керемет! Бәрі өткінші жаңбыр секілді –
жауасың, соңынан қайта жадырайсың. Өткелден өтіп

алған соң артыңа бұрылып та қарамайсың. Батпақтадың
ба, тайғанақтадың ба – қаперіңе кірмейді. Өйткені сенің
көкірегіңе күн құлайды, жанарыңа шуақ құйылады.
Сен содан жылу аласың, сол шуаққа жуынып, тазарып

шығасың.
Кейіннен балалық шақтағы кіршіксіз достық үлкен
махаббатқа айналды. Оныншы класта Мұрат екеуі жұп
жазбады. Рас, бұл қарым-қатынасқа қарсы шыққандар

да жоқ емес. Кейбір жақын құрбылары: «Мұрат менмен,
өзімшіл, ортақ мақсаттан гөрі өзінің баспайдасын көбірек
ойлайды. Сен мықтап ойлан!» – деп ақыл да салды. Бірақ
Бәтіш бұл шақта отқа үйір көбелекке айналып үлгерген.

Санасына ешқандай ақыл кірмеді. Жатса да, тұрса да
көз алдында үлкен қара көзді, қыр мұрынды, ашаң
өңді, әдеміше бозбала тұрады. Түсінде де жиі көретінін
қайтерсің: қыр басында қол ұстасып, қызғалдақ теріп

жүргендері. Мұның құшағы қып-қызыл шоқтай гүлдерге
толы болады. Оянған сәтте оны өзінше жориды. Гүлді
бақытқа балайды. Сол бақыт санасын буалдырландырып,
басқа қырды тасалап тастағалы біршама уақыт.

Бірақ бозбала тым кінәмшіл-тын. Қыз кездесуге
көнетоз көйлек киіп келсе де жақтырмай тұрғаны. «За-
ман ағымынан қалып қоюға болмайды, – деп ескертеді
Мұрат онысын тіпті жасырмай, – сондықтан талапқа сай

киіну шарт. Үйде, түзде жарқырап жүр. Сонда өзгелер
сұқтанады, қызыға қарайды, сыйлайтын болады».
Мұндайда Бәтіш иығын қушитады.

– 63 –

– Не, сонда адамды үстіне жапсырған шүберекке қарап

бағалау керек пе?

– Талғамға тағзым еткен абзал.

– Иә деген, мен сыланайын, «жігітім тосып тұр» деп,

шешем шашымды жұлсын қу ғана қарға басып. Саған
керегі сол ма еді?

– Әке-шеше иіс алмай жүр дегенге мен ешқашанда

сенбеймін. Олар да жастықты бастарынан өткерген, енде-
ше түсінеді...
Бәтіш адам бойындағы кемшілікті көрмейтін көрсоқыр
емес-ті. Дегенмен бозбалаға кінә артудан аулақ тұрды.

«Балалық – деді ананы іштей қорғап, – өседі, ес алады,
сонда бәрі өзгереді: түйсік те, талғам да, өмірге көзқарас
та...». Ал, жақсылықтың да, жамандықтың да қандай дән
түскеніне қарап өсіп жетілетініне, тамыр жаятынына ден

қоймады. Бұған, бәлкім, сүйген жүрек ықтияр бермеген
шығар.
«Ғашықтық – көрсоқырлыққа бастар төте жол».  –
дегенді де естігені бар. Бәлкім, солай, бәлкім олай

емес, әлі күнге айырудан аулақ. Әйткенмен, көзсіздіктің
қамытын киерің анық. Жер басқан миллиардтаған адам
ішінде сенің таңдағаның ғана биік, сенің таңдағаның ғана
данышпан көрінетін сол бір түйсіну таразы басын өзіне

аударып, ақыл-ойыңды жаулап алғанда қазығын айналған
аттай тапырақтайтының заңдылық. Жүретінің – бір бағыт,
көретінің – бір сұлба. Күн өткен сайын сол сұлба зорайып,
ақырында заңғарға ұласады. Ал, заңғар барда шөмішке

пысқырып қарамайтының тағы бар.
Орта мектепті ойдағыдай аяқтаған Мұрат Алматыға
аттанды. Жолы оңғарылып бірден жоғарғы оқу орны-
на түсті. Бәтіш ауылда қалды. Шешесінің сырқаттығы

аяғына тұсау салған.
Азапты өмір енді басталды. Жігіттен не хат, не ха-
бар жоқ. Көңіл шіркін сонда да жамандыққа қимайды.
Керісінше Мұратқа жақ: инемен құдық қазғандай

– 64 –

оқудың тауқыметін алға тартып шыр-пыры шығады да
тұрады. Осылай күз құлдырады, осылай қыс қарасын
батырды. Көктемнің қақ-соқты күндерінде қыз жанын
ойран-ботқа басқан. Сол пәле қардан ерте аршылған

қыр тұрмақ, сайдың терең табанын көк жапқанда
қақаңын
баспай,
керісінше

қайқаңдай
жүйкесін
кемірсін. Енді Бәтіш сәл нәрсеге ашу шақырып, сәл
нәрседен от ала жөнелетінді шығарып алды. Мұндайда

құрбылары тым жанаспай, аулақтаудан ғана иек
қағысуға жарайды.
Сондай күндердің бірінде кездейсоқ ұшырасқан бір
құрбысы:

– Мұратты көрдім, – деп қалды. Бәтіш көз алды

қарауытып, тынысы тарылғанын сезінді.

– Қашан? Қайдан?! .

– Әлгінде түскі үзілістен қайтып келе жатқанда аулала-

рына көзім түскен, бір таныс бейнені байқадым. Анықтап
қарасам – Мұрат екен. Шікірейіп киінген. Талтаң-талтаң
етеді. Құдды жер басып жүрген жалғыз өзі ғана сияқты...

– Болды, болды-ы-ы!..

Қыз оқтай атылып барып алақанымен құрбысының
аузын қалай жаба қалғанын өзі де сезбей қалды. Жүзі
өрт сөндіргендей түтігіп, көзі қанталап кетіпті. Содан
шошынған екінші жан:

– Е-ей, саған не көрінді?.. – деп, шошына жұлқынды.

Сонда ғана асыңқырап кеткенін ұққан Бәтіш құрбысын
жайына қалдырған күйі тәлтіректей басып барып
қабырғаға сүйене берді. Аяқ-қолдары дір-дір етеді. Аяқ-
қолдары ғана ма? Бүкіл болмысы қалтырап, тіреу болмаса

құлап түсердей.
Бойжеткен шақтағы сол бір көңіл-күйдің өзі ғанибеттің
ғанибеті екен-ау! Жанғың келсе қу ағаштай шытырлап
жана аласың. Жалының айналаңды шарпып, жарығыңды

жалпақ жұрт көріп тұрады. Ішкі арпалыс, ішкі жарылы-
старды сен жасыруға тырысып-ақ бағасың, дегенмен ой-

– 65 –

хой әлем өз айтқанына көндіріп, өз дегенін жасатқанда
еріксіз
жариялылыққа
жығылып,

жаныңды
ашып
тастағаныңды, жасырындыңды шашып тастағаныңды
ұғынуға шамаң жетпейді. Кей-кейде дәл соның шым-

шымдап шығуын да қалайтының бар. Бұл, әлде мақтанға
жол тартқаның, әлде тылсым тұңғиығын жалғыз шарлай
беруден жалыққаның, әйтеуір қыңыр дүниеге қырын ке-
луге жақсың. Оның артында оқ қағар тұр ма, опық бар

ма, тағы ойлап жатпайсың. Өйткені сен бұл кезде құлсың,
ақ дария сезімнің басыбайлысысың. Бақытың да осында,
сорың да осы тұстан басталады.
Алып-ұшып аптыққанмен, бір көруге ынтыққанмен

ғашықтарға кездесу ертеңгі күннің еншісіне жазылып-
ты. Мұрат қанша айтқанмен қала көрген ғой, мұнтаздай
киініп келді. Үстінде ине-жіптен жаңа шыққан кремплин
костюм-шалбар, аяғында бізтұмсық, сүліктей қара туф-

ли. Қыздың сыншыл жанарының байқағаны – жүрісіне
салмақ,
сөйлеу
мәнеріне

астамдық
кіріпті:биіктен
қарайды, жоғарыдан үн қатады.

– Осы күнге дейін хабарсыз қайда жоғалдың? – деді

Бәтіш бар назасын бір-ақ ауыз сөзге сыйдырып.

– Оқудан қол тимеді ғой...

– Хат жазуға сәттік уақыт таппадың ба?

– Ертеңгіліктен аудиторияда отырасың, қалған шамада

кітапханадан шықпайсың. Сүрлігіп келіп төсекке құлаған
соң жайың белгілі – қорылға басасың. Мұндайда қайдағы
хат...

– Сонда тамақ ішуге мұрша жоқ па?

– Е, оған кім мән берген, бірде тоққұрсақ жүрсең,

көбінде ашқұрсақсың...
Неге болмасын сенгіш көңілді қойсаңшы, жігіттің
мүләйім үнінен соң өкпе сөгіліп, аяушылық басым
алғандай:

– Өзіңді тамақтан қақпасайшы, ауруға ұшырарсың,  –

деді Бәтіш қамқорлықпен. Осының өзі тоң жігін үшті-

– 66 –

күйлі жоғалтып, емен-жарқын сағыныштың өзегін
ашқандай.
Екеуі қайдағы-жайдағыны әңгімелеп ауыл сыртындағы
қыр етегіне жеткенде жұлдыздар толығынан жанып

тұрған. Жымыңдасқан сансыз шырақ астында жігіт батыл-
дана ерінге ерінді көміп жібергенде дүние шыркөбелек
айналып жүре берді. Буын-буынынан әл кетіп, тәлтіректей
бастағанда одан шығар жолды жігіт тапты: су жаңа

костюмін көкке төсеп, екеуі соған тізе бүкті.

– Мен сені ойладым – деді Мұрат сүйіс арасында құлақ

түбіне сыбырлап.

– Мен өлудің аз-ақ алдында қалдым...

– Сен маған сенесің бе?..

– Сенбесем түн жағалаймын ба...

– Тым тәтті сияқтысың!

– Жаным, сол!..

«Өмір несімен қызықты?» – деп ойлайтын оңашада
мұңданғанда. Сөйтсе, жарқ етер жалқын сәтімен шады-
ман екен ғой. Міне, жігітімен кездесіп еді, талай уақытқа
жүк болған салмақ бір сүйістің астында еріп жүре берген-

дей. Қазір санасы да, денесі де жеп-жеңіл. Жеңілдігінен
де шығар, ұмар-жұмар құлағанда салмақтың кеудесін
жаншуын тіледі. Мұраттың онда-мұнда жүгірген ұры
қодарына сәл қарсылық білдіргенсігенімен түйсік оның

тағы-тағы жанасуын, тіпті езіп-езіп тастауын күтіп еді.
Түте-түтесін шығарып, желге ұшырып жіберсе де разы.
Бұрын қаперіне кірмеген бояулар ажарын ашып, айтаққа-
айтақ қосарын қайтерсің.

Міне, міне, жігіттің саусақтары көтеріле-көтеріле ұии
қалған орынға қадалғанда денесін қытық жайлағандай.
Жай қытық емес, жаңалығы басым, жабайы қытық. Ол
ұрыны кері теппейді, керісінше тұлдана шақырады,

қарпып-қарпып тастауын аңсайды.
Ғажап! Бәрі де ғажап бір!! Мұндайды сезінген де
бар шығар, сезінбеген де бар шығар. Сезінгендерді

– 67 –

тәңір жарылқасын, сезінбегендерге шоқ-шоқ. Ту-у, не-
ткен ғаламат дүние! Тінтінген жан лауға өзі қарғымаққа
бар. Опырылып кетсе өзіне сын, ал аман қалды бар
ғой – асқақтары хақ. Асқақтағаны осы емес пе, жердің

тартылыс күшін сезінбейтіні анық. Қалықтап бара
жатқандай...
Осы кездесуден соң Бәтіш өзінің әйел атанғанын
ұғынды. Бірақ өкінбеді. Әлгіндегі ұлы сезімнің ырығында

ентік басқан Мұраттың тамағына мұрнын тыққан
қалпында ұзақ талықсыды.
Қоштасар кезде жігіт күле тұрып:

– Әтір сеуіп жүрсеңші, шашыңа күн иісі сіңіп кетіпті,  –

деді қамқорси. Мына сөз қыз жүрегіне ине сұққандай әсер
етті.

– Не, әтірге танауың үйреніп қалған ба? – деп шап етті

Бәтіш есін жия.

– Заман талғамынан асып қайда барамыз...

– Иіс аларларың көп екен ғой, ә?

– Енді... қала болған соң ондай-ондайлардың кездесетіні

шындық.

– С... солай де-е!

– Өзің сұрағаннан кейін айтып жатқаным да...

Бұдан әрі ұятсыз жүзге қарай алмаған қыз бетін
басқан күйі тұра жүгірді. Өзегін өртеген қызғаныш,
көкірегін тоқпақтаған ыза буырқанып тұрып-тұрып бір-
ақ атылғандай. Екпінімен Бәтіш арманын желге шашып

жібергендей. Ұзақ таңды ағыл-тегіл жылаумен атырды.
Міне, бұл көз жасы балалық шақтағы бейкүнә жы-
лаудан мүлдем өзгеше еді. Бұрын көңілде еш түйткіл
қалмаса, енді тастан да ауыр күйік салмағымен езіп жа-

тып алды. Оны ыдыратар, сыртқа лақтырып тастар күш
бұл дүниеден табылмас, сірә.
Осы күннен бастап қыз мүлдем тұйықталды.
Ешкіммен жадырап сөйлеспейді, үнемі жеке қалуды

қалап тұрады. Мейлі күндіз, мейлі түн баласын-

– 68 – да өзімен-өзі сырласуға әуес. Әлдекімге жалынады, әлденеден үміттенеді. Бірақ, үміті тым көмескі, өзге түгілі өзін де иландырмайды. Бұл әсіресе, бойынан өзгеріс нышаны байқалғанда қоюланды. Тамаққа тәбеті шаппай, денесін төсек тарта бергенде өн-бойына мынау тірлікке талпынған тағы бір жанның пайда болғанын аңғарды. Оның енді тар құрсақты місе тұтпайтыны анық. Күндердің күнінде мына әппақ дүниеге жарқ етіп шығады. «Міне көріңдер, мен осындаймын!» – деп айқайын салып жетеді. Біреудің абыройы, біреудің арына түкіргені бар, жас сәбидің. Ол үшін бір жұтым ауа қымбат, жарық сәуле таяныш. Алдында тосқаны қызық па, шыжық па, башпайынан келмейді. Жарыққа тез жетсе болғаны. Сосын іңгаләйды, қаз-қаз тұрады, тәй-тәй басады, былдырықтап сөйлейді, ал содан кейін қара жерді ойып жіберердей шапқылайды дерсің. Сүрінсе түзеледі, құласа бойын қайта жазады. Әйтеуір, тырбанудан жалықпайды. Жылар да күлер, күлер де жылар, дегенмен үмітін алғы күнге артып тайраңдауын үзбес. Тіршіліктің бұзылмас қағидасы осы. Бәтіш те күні бүгінге шейін тірлік заңына бағыныштылықтан жазбады. Біреуді жақсы көру керек болды – жақсы көрді, сүю керек болды – сүйді. Тек, сол адамы жер соқтырғаны айқын. Тәттіге тамсантты да жалт берді. Қазір не хат, не хабары жоқ. Өлі ме, тірі ме және бейхабар. Елдің бетіне қарауға жүзі шыдамаған шақта өлуге бекінгені де бар. Мал қораның есігін іштен бекітіп, шылбырды мойнына салып та көрген. Жеме-жемге жеткенде ойынан тайсақтап, мына жалғанды, оның жарығын қимағандай бәрін кері ысырды. Өлгің келгенмен өле салу да қиынның қиыны екен. Бір қызығы, осы уақыт ішінде, дәл сол күнгідей жалын құшуға ынтықпағаны жадында. Бәлкім ерге деген көңілі

– 69 –

орта, бәлкім өкпе басым, әйтеуір қыздар айта беретін
күйіп-жану қарасын көрсетпей, ойласа өзегін қарыр
өксік қана санасын тітіркендірді. Көз дегенің қазір баста-
уы ашылған бұлақ іспеттес. Оңаша қалса ағыл-тегіл аға

жөнеледі.
Әрі-сәрі күндердің бірінде, уақытша орналасқан кеңсе
жұмысынан қайтып келе жатып үй маңында топырласқан
адамдарды, аулада түтіні бұрқырап тұрған самаурын-

ды көрді. Шошынды. Сырқаттанып жатқан шешесі бір
жағдайға ұшырамаса нет-сін?!.
Бірақ бәрі басқа қамнан екен. Кібіртіктей басып ішке
өткенде жеңгелері жайдары, қарсы алып, қолтықтаған

күйлері жатын бөлмесіне бастады. Жүздері жайдары,
көздері күлім-күлім етеді.

– Бұл ненің құрметі?! – деп сұрады аң-таң болған Бәтіш

түкпірдегі жатын орнына жеткенде немере жеңгесінен.
Анау сұқ саусағын ерніне басты да, бажайлап есік жаққа
қарады. Басқалар шығып кеткенде:

– Бәрі сенің қамың? – деді сыбырлап.

Бәтіштің жаны түршікті.

– Не, құтыла алмай жүрсіңдер ме?!

Даусы қаттырақ шықса керек, жеңгесі құшақтай алды.

– Ақырын, айналайын, ақырын. Аналар, – көрші

бөлмені ымдады, – естісе ұят та...
Тағдыр тәлкегіне мықтап түскенін Бәтіш енді ұқты.
Одан құтылу мүмкін емес! Жалын-жалбарын, басыңды
тауға соқ, тасқа ұр, мына жиналғандар оған ден қоймайды.

Өйткені олардың өз ойлағандары бар. Соны жүзеге
асырғанда ғана көңілдері жайланады. Тіпті шешесінің
сырқат екеніне қарамағандары сондықтан.

– Жеңеше-ай, аясаңдаршы?! – деді қыз бұрышта тұрған

кереует үстіне құлай беріп.
Жеңгесі өбектеді.

– Қой айналайын, жылама. Біз де кезінде өзіңдей

болғанбыз.

– 70 – «Жұбатысының түрін... Сен мендей болған жоқсың, жеңеше! Болған жоқсы»! Мен... қарабетпін! Менің ішімде бала бар. Оның жарыққа шыққысы келеді. Түсінесің бе, мына жарық дүниеге ұмтылады. Мен қалайша оны басқа шаңырақ астында тумақпын?! Жо-о-оқ!ң Жастықты құшақтай егілген Бәтіш ал қоя алса-шы. Осы күнге шейін бітеліп тұрған тереңдегі бұлақ көзін бөтен біреу қиястықпен ашып жібергендей. «Жо-о-оқ, өйтіп масқара бола алмаймын, – дейді аласапыран ойы, – өзгенің ошағына азап апарғым келмейді. Не көрсем, жеке көремін!..» – Жеңгесі иығынан құшақтап жұбата түседі. – Қойшы, енді! Сен байлық тұнған үйге бара жатырсың. Қара да тұр. Самат әлі-ақ үлде мен бүлдеге орап қояды. Сонда сен бәрінен биік тұрасың. Жігіт те жігітім-ақ. Өзі момын, төбесіне көтереді әлі... Қыз бірталай уақыт өткенде есін жиды. Жөнделіп отырып көз жасын сүртті, дудырап кеткен шашын түзеді, содан кейін: – Ешкімге де тұрмысқа шықпаймын! – деп кесіп айтты. Енді жеңгесі ширықты: – Е, неге? Бұл шешіміңе жол болсын? – Сол шықпаймын! – Бәлкім өмір бойы тізеңді құшақтап өтерсің?! – Мен үшін сол жақсы... Айшаның қабағы түнеріп, жүзіне ашу тепті. – Пішту, Саматтан артықты табарсың! Мінез десең мінез, ақша десең ақшасы бар оның. – Маған ешкімнің керегі жоқ! Дәл қазір қыздың түрі жантүршігерлік еді. Кішкене мұрыны қусырылып, көздерінде толып тұрған жас сәл болса құйылып кетпек. Қаймыжықтай еріндерін ауырта тістеп алыпты. Бетінде қан-сөл жоқ, құдды тірі аруақ дерсің.

– 71 –

Мұны көргенде жеңгесі райынан тез қайтты.

– Айналайын-ай, сабаңа түсші! – деді ол жалынғандай, –

біздікі жай... Сенің бақытың ғой ойлағанымыз...
Бәтішке шегінер жер қалмады:

– Мен екі қабатпын, – деді түйеден түскендей тоқ

еткізіп.

– Тәйт әрі!..

– Тәйті де, қайты да жоқ оның.

– Ойбай-ай, қу ғана қар-ай, бүлдіргенмін десеңші!..

– Иә-ә!..

Дәл осы арада әзірейіл тепсініп: «Жаныңды аламын!»
десе, Бәтіш қуана-қуана келісімін берер еді.
Айша бір шешімге келгендей түйіле қалды.

– Енді не істедік?! – Ойланғандай екі жағын таян-

ды, – бір амалын табу керек, – орынан тұрып әрлі-берлі
жүрді, – жо-о-оқ, ел алдында масқара болуға жол берме-
ген абзал... – есі ауысқан жанша күбірледі, – ох, таптым!
Таптым!!!

Ол қайтадан Бәтіштің жанына жайғасты.

– Ауданда таныс дәрігерім бар. Оған айтқанымды

істетемін. Ертең жүреміз, дайындал!
Айтты – бітті. Бұйдалаған тайлақтай жеңгесіне
еріп аудан орталығына барды. Өз аяғымен аурухана
табалдырығын аттады.

Бойына біткен шаранадан осылай айрылды. Сөйтіп,
өзін тұрлаусыз тірлікке құл етті. Ең бастысы – жарыққа
құмартқан бейкүнә сәбиін болашақ үшін іұрбандыққа
шалды. Жіберген үлкен қателігі осы болатын.

Кейбір білгіштер уақыттың жазбайтын жарасы жоғын ай-
тады. Шын мәнінде жан жарасына жыл тұрмақ ғасырың да
ештеңе істей алмайтын сияқты. Кей сәттерде Бәтіштің сәби
шырылын естігендей өз-өзінен шошынатыны бар. Мейлі,

ұйықтап жатсын, мейлі, ояу отырсын, «іңгәлаған» дауыс
құлағына жеткендей болады. Келіншек айналасына жалтақ-
жалтақ қарайды. Мұндайда қол-аяғы сіресіп, жан-дүниесін

– 72 –

от аралағандай әсер етеді. Тұрмыс құрған жеті жыл ішінде
бұл жетпіс рет қайталанған шығар. Бәрінде көрінетін бір
құбылыс, еститіні бір дауыс. Бәлкім, тіршілікке талпынған,
бірақ жарыққа шыға алмаған сәбидің назасы да...

...Бәтіш тағы күрсінді. Жанарына жас тығылып, аспан
бұлдырап кетті. Ол жәйлап көзін сүртті. оң жағына
бұрылды. Саматтың ештеңеден хабары жоқ, теңкиіп
ұйықтап жатыр.

Келіншек жастықтан басын көтеріп, айналаға құлақ
түрді. Еш бөтен дыбыс естілмейді. Сәл қараны көзі шал-
са шабалана жөнелетін иттер де қой қамаған шарбақтың
қалқасында қалғып жатса керек. Жапсарлас киіз үйде де

тыныштық. Қызуы бойында, күші тасыған жас жігіттің
ұстамдылығына қайран. Көмекші болып келіп еді,
қойыртпақты езіп кетіп барады. Таңертең жүреді...
Тү-у, ойы тағы қай қиырды шарлап барады?! Әй-әй,

осындайда жүйелі арнаға түсе алмайсың-ау. Ұшығы жоқ
не түрлі суреттер анталайды да тұрады. Бірінің етегіне
жармассаң, екіншісі кесе-көлденеңдейді. Жо-оқ, жүйелеу
керек. Ол да, қанша айтқанмен келіншек шиырлаған із

ғой, сондықтан кезегімен өткені дұрыс.
Бәтіш отырған күйі көрпені иығына жапты...
...Сөйтіп бұл келіншек атанды. Әлі есінде, алғаш
өздеріне арналып салынған төсекке жатуға бетінен басқан.

Қараңғы бөлмеде екеуден-екеу қалғанда кереуетке қарай
аттауға қорықты. Бұрышта бүк түсіп отырған жұбайын
Самат көтеріп апарды. Әулетті қолдар денесіне тигенде,
ғажабы, Бәтіш селт етпеді. Құдды, қатып қалған қара тас.

Лапылдаған жалынға да илігетін түрі жоқ.
Келіншектің осы халын сезді ме, Самат әрі-беріден соң
кері ысырылды.

– Мен сені күштеп әкелген жоқпын ғой, – деді сосын

өкпелеген сыңаймен. Бұл не жауап қайтарарын білмеді.
Жүрегі өрекпіді. Бар шындықты жайып салуға оқталды,
бірақ күші жетпеді.

– 73 – Олар тоң-торыс ұзақ жатты. Енді келіншектің шыдамы таусылды, тер иісі шыққан жігіттің кеудесіне бетін басты. Ертеңінде күйеуі ертемен тұрып кеткенде, төсекті өзі жинады, сөйтіп, ел алдында абыройын сақтап қалды. Той өткен соң, тіршілік өз арнасына түсті. Сапырылысқан ел аяғы да басылған. Шаңырақ астында үш-ақ адам: келіншек, Самат, атасы Әбіл. Жетпістің белін басқан атасы үнемі өзімен-өзі. Сәл нәрсеге қуанып, сәл нәрсеге тұтанады. Дегенмен келінге жайлы. Қазаношаққа араласапайды. Ішеді, жейді, содан кейін көршідегі тұстастарына қарай аяңдайды. Кешке шейін көрмейсің. Ал қараңғы түсе табалдырықты сөйлей аттайды. – Бәтішжан, шайың дайын ба? Кәне, құя бер, мен қаталап барамын. Дастарқан басында да келінін мақтап отырғаны. – Әй, осы елдің келіндері шайды осылай қоюлап неге құймайды, ә? Тіпті ақ құманнан тамызуға да ерінеді. Сүйсініп бір іше алмайсың. Үйге келсем жасап қаламын. Тура Балымның (кемпірін айтқаны) қолынан дәм татқандай боламын. Ата мен келін арасы бірте-бірте жымдаса берді. «Айлас әйел – мұндас» дегендей, әлде екеуінің көңіл жалғыздығы, әлде адам мен адамның арасында туа беретін түсінушілік себеп болды ма, әйтеуір дастарқан басында да, үй-іші тірлігінің басқа сәтінде де тіл табысып, шүйіркелесіп отырғандары. Кейде бала мен келін арасын құйын аралап өтіп, қабақтары түсе қалғанда да Әбекең килігеді. Саматты тұқыртып алады. Бірде аяқ-табақ сылдырамай қалмады. Бәрін бастаған Самат. – Әй, осы сенің не ойың бар? – деді, бұл көрпе астына кіріп тым-тырыс бұйығып жатқанда. Келіншек үндемей құтылуды ойлап жауап қатпап еді, ері өршелене түсті. – Айтшы, жасырмай ақтарылшы, ойлағаның не?

– 74 –

– Ештеңе... – деді Бәтіш самарқау.

– Өтірік айтасың!

– Сенбесең, өзің бәл...

– Мен саған бірге өткізген алғашқы түннен кейін-ақ

сенбейтін болғанмын!

– Ә-ә?..

Мұның жүрегі зырқ етті. Көз алды қарауыта жөнелді.
«Сезген екен ғой, сезген екен», – дейді ішінде дауыл
ойнап. Сосын өзін-өзі күштеп тежеп, күйеуіне жүзін
бұрды.

– Енді не істейміз, ә?

– Соны білмей жатырмын.

– Онда мені талақ ет!

– Қой, ей!..

Келіншек шамырқанды.

– Сөйтші, Самат, сонда екеумізге де жеңіл тиеді...

– Жап аузыңды!

Күйеуі жиі-жиі тыныстады.

– Мен саған ойыншық ойнау үшін үйленген жоқпын,

білдің бе?!
Бәтіштің бойы жеңілдегендей керілді. Біреу «Уф!»
десе байыз таппайтын, шарықтап шығанға шығып кетуге
шақ тұратын көңілі де босаңсығандай.

– Мұндайыңды екінші қайтара естіртпе! – Самат әлі ту-

лап жатыр, – қайталасаң тіліңді кесемін!
Ертеңгілік шай үстінде Әбіл келінінің сынық жүзін
байқап:

– Әй, Самат, – деді ұлына түйіліп, – менің көзім

жұмылғанда мына шаңырақ еркі саған тиер. Ал қазір ба-
сынба, тынышымды шайқалтпа, әйтпесе не сен тұрасың,
не мен тұрамын!
Самат жерден көзін алмады. Жүзі түтіккенімен жақ

ашпады.
Әбекең Октябрь таңы атқанда «шыбық ат мінер» бала
екен. Есейе келе есінде қалғаны – қалт-құлт еткен тұрмыс.

– 75 –

Өмір, болашақ үшін күрес қана. Бала болып еркелей де
алмады. Қара сирақ кезінде-ақ еңбекке араласыпты. Таба-
ны тілініп, еріні жарылды. Шыдады.
Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майдан-

да болды. Ентелеп келген фашисті (өз сөзімен айтқанда)
тырқырата қуып, көріне тықты. Қызыл Жұлдыз орденін
алды, тағы бірді-екілі медалімен дәм жазып, туған жеріне
қайтып оралды. Күйзелген ауылдың күйін көтерем деп ал-

дына мал салды. Бір күні өрісте жүріп Балымына кездеседі.
Ол да шопан екен. Қызыл шырайлы қызға көңілі кетеді,
ұнатады. Олар сырласады. Ақыры, бір сәті түскенде,
атына міңгестіріп үйіне әкеледі, отқа май құйғызады. Ол

шақта қайбір жетіскен той, ырымын жасайды. Сөйтіп, ел
қатарлы өмір кешеді, бүгінге жетеді.
Атасының тағы бір қасиеті – бәйбішесінің есімін
кіргізбесе әңгімесі тұшымайды. Жақсы әйел кездестірсе:

«Әй, мынаның мінезі Балымдай сызылып тұр екен»; тәтті
тағам татса: «Пай-пай, кезінде біздің бәйбіше дәл осылай
пісіретін», – дейді. Мұның өзі шынайы сыйластықтың әлі
өше қоймаған жалыны болса керек.

Бір-бірін серік тұтқан ата мен келін шаңырақ астын-
да тұрған үш жылда «шәй» деспеді. Әбекеңнің қызық
мінезі – қонаққа барған жерінен қалтасына конфет салмай
келмейді. Қашан көрсең Саматтан тығып келініне ұстатып

жатқаны. Еркелеткені де.
Осы атасы тура үш жыл өткенде дүниеден қайтты.
Әуелі жарты жылдай ауырды. Тамақ татпады. Соңғы
күндерде суды да ерініне алмады. Сүйегі салдырады, жүзі

қуарды.
Бірде баласы мен келінін қасына шақырды.

– Әй, бір ожау су әкелші – деді ұлына. Самат ожауды

ұсынғанда басын шайқады.

– Сен іш, – деді әлсіз.

Самат орталап қана қойған еді, айызы қанбағандай ба-
сын шайқады.

– 76 –

– Дүниедегі ең сорлы өлім осы болар. Көз алдыңда

тұрып, қолыңа ұстағанмен, мейіріңді қандыра алмаған соң
судан не пайда, – деді, үзіп-үзіп айтты. – Солай, балапанда-
рым, мен енді сендерге жоқпын. Түнде, түсімде Балымды
көрдім. Ол байғұс та жалғыз жата-жата жалыққан білем,

қасына шақырды. Бардым. Содан екеуміз қол ұстасқан
күйі алысқа аттандық. Алдымызда ұзақ жол. Шаршамай-
мыз. Бір-бірімізге ризашылықпен қараймыз. «Сарғайттың
ғой», – дейді ол. «Міне, енді қасыңдамын», – деймін мен.

Иә, құлындарым, мен көп кешікпей аналарыңның жанына
аттанамын...
Қария күрсінді. Самат пен Бәтіш босаңси бастаған еді,
қабағын түйді.

– Керегі жоқ, оның керегі жоқ, балапандарым. Мен

асарын асаған, жасарын жасаған адаммын. Сендер-
ге ғұмыр берсін! Екеуіңнің бірліктерің ажырамасын.
Бірің қатты кетсең, екіншің кешіре сал. Одан ешқашан
ұтылмайсыңдар. Не істесеңдер де бірігіп істеңдер. Соңда

келте шықпайды. Бүгін екеусің, саспасаңдар, ертең үшеу,
сосын бесеу боласыңдар. Әттең...
Келіншектің тұла бойы қалтырады. Өзін қажытқан,
Саматтың көкейін тескен бала – қарияның да арма-

ны екен-ау. Қартайғанда немере сүйіп, жөргек иіскеп
мауқын басуды ойлапты ол. Мына жарық дүниеден алда-
ныш іздепті. Қайраты қайтып, жалғызсыраған шағында
жүрегін елжіретер, жанын жайлауға жеткізер сәбиді

аңсапты. Бірақ жақсы көрген келіні оңдай бақытты сый-
лай алмады. Сыйламайын деген жоқ, күші жетпеді. Бір
кезде өзі кері тепкен ондай тәттіні бүгінге шейін іздейді-
ақ, дегенмен күннен-күнге сол үміті құрғыр көмескіленіп

барады.
Қария екеуінің қолын кеудесіне әлсіз қысқан күйі көз
жұмды. Оны арулап жерлеген соң, бұлар жұрт жаңғыртты.
Самат өз алдына жеке отар қабылдады. Күйбең де көбейді.

Жаз бойы жайлауда болады, қыста қыстаққа көшеді. Оның

– 77 –

арасында адамды ығыр қылар қыруар науқандар бар. Төл алу,
жүн қырқу, күйек – бірінен кейін бірі топырлап қаптайды.
Ертелі-кеш сыртта жүріп қас қарая үйге кірген Бәтіш сонда
да Әбекеңді жоқтауын қоймады. Ықыласымен, пейілімен бар

санасын жаулап алған қария панасы іспетті еді. Төрт қабат
көрпе үстінде отырып алып желпініп сөйлейтін, ақтарыла
күлетін, әлденеге ашуланған кезінде шыжалақтай қалатын
тарамыс шал барда бұл бұрқыраған дауылдан да, селдет-

кен жауыннан да қорықпайтын. Қазір жасық-ақ. Атасының
ескі-құсқы киімдерін көрсе де жүрегі езіліп, жанарына жас
тығылады. Мұндайда Самат: «Тірілтіп аларсың...» – дейді
кейіп. Келіншек бүгежектей теріс айналады. Жақтырмағаны.

Әбілдің ығында жүріп күйеуінің барын да есінен
шығарыпты. Шаңырақ астында екеуден-екеу шошайып
қалғанда ғана ол түйсік қақаңдап бас көтерді.
Саматқа да ызаланады. Еркек болып үйіріп әкетсе ғой.

Бірақ ерінің мінезі тұйық, әңгімеге тым сараң. Өз айтқаны
емес, өзгенің әуеніне ден қойғыш. Сонысымен жаныңды
қалтыратады. Түйіліп түсіп, апай-топайын шығарсыншы,
бәлкім әйел де иір. Ал, әйел иісе темірдің де июін

қандыруға бар. Әттең...
Әрі-сәрі ойдың қазығын айналсоқтап жүргенде Айша
келді.

– Ойпыр-ау, жүдеп кетіпсің ғой! – деді жеңгесі жеке

қалғанда өбектеп, – не, анау күн көрсетпей ме?
Бұл басын шайқады.

– Әлде көңілің сол күйі пәс пе?

Келіншек үндеместен төмен қарады.

– Ә-ә, білем, – деді Айша мұңая түсіп. – Сен сүймейсің, ә...

Бәтіш көзімен жер шұқып жауап қатпады.

– Әйел жанын әйелден артық түсінетін кім бар? Мен

сені баяғыда түсінгенмін...

– Ендеше сол уақытта неге жанталастың?..

– Ойбай-ау, сенің абыройыңды сақтап қалғым келген

жоқ па?! Оң жақта отырып екіқабат атансаң, әке-шешең,

– 78 –

туған-туысқандарың елге не бетімен қарайды?! Көзге
шыққан сүйелдей болмас па едің?!
Бәтіш бұл жолы тағы үндемеді.

– Солай, айналайын... – деді анау жуасып, – сен қамыға

берме. Күйікті бас. Ондайдың емі курорт көрінеді.

– Курорт? Ол менің не теңім?

– Ойпыр-ай, артына дейін тыңдасаңшы. Қыстан шыққан

жабағыдай болып барғандар одан ойнақтап қайтып
жатқан жоқ па! Айтушылардың сөзіне қарасаң «тұнып
тұрған жұмақ». Өзің де семіресің, көңілің де семіреді.
Олардың айтысынша, курортта қалағаныңды шертіп

жүріп табасың. Керегі еркек пе? Көл-көсір дейді... – деді
Айша қалжыңға басып.

– Қойыңызшы әрі...

Лап еткен ұяттан бүгежіктегенмен Бәтіштің құлағына
мына сөз жағып-ақ қалды. Соны сезген жеңгесі бастыр-
малата жөнелді.

– Имандай шыным. Жақында бір құрбым Қырымға

барған. Құлын мүшесі бұзылмаған неме еді, «Біз
дефицитпіз!» деп мақтанады. Ал ол сенің жаныңда жіп
есе алмайды. Солай-й!
Баласын сүндетке отырғызу үшін бұйымтаймен кел-

ген жеңгесі екі нән секті алып жөніне кетті. Тұман ойдың
бодауында бұл қалды. Бірақ Саматқа ешқандай тілек қоя
алмады, іштей бұрқырап тынды.
Әр нәрсенің өз кезегі бар екен. Қоламтадай бықсып

жатып лап ететін, жаныңды да, тәніңді да шарпып өтетін
осындай от биыл күзде жалын шашты. Көмекшілікке
Айдар есімді жас жігіт келгенде, Бәтіш қалың ұйқы
құшағынан шошып оянғандай айналасына алақтай

қарады. Ат жақты, қыр мұрынды, жұқалтаң өңді, қысыңқы
қой көзінде жылылық ұялаған шымыр жігіт келіншектің
өмір бойы іздеп, таппай жүрген асылындай елестеді.
Айдардың пайда болуы шаңыраққа да тың леп

жеткізгендей. Кешкілік қауқылдасып, мәре-сәре күй

– 79 – кешеді. Көмекшінің домбыра тартып, ән салатын өнері де бар. Мұндайда «үстінен түйе жүріп өтсе де мыңқ етпейтін» Саматтың өзі елп-елп етіп отырады. Келіншекте не жан қалсын, майда қоңыр дауыс баяу көтеріліп, жан-дүниеңді тербегенде, көзін әншіден аудара алмайды. Бір ысынады, бір суынады. Сырлы әуез – жылан, бұл – торғай секілді. Арбалады да қалады. Көмекшінің тағы бір қасиеті – ерте тұрады, сосын ала өкпе болып жүгіреді. Одан кейін тастай суға жуынады. Денесінің тітіркенгенін сезбейсің, оған қарап тұрып өзің қалтырайсың. Тасадан сығалаған Бәтіш те сан дірдектеді. «Өзін-өзі қинап...» – деп іштей ұрысты да. Дегенмен сұқтануын қоймады. Бұлт-бұлт ойнаған бұлшық еттері ерекше. Құдды, сүйек-сүйегін сықырлатып қысардай көрінеді. Бұл – кеш оянған махаббат па, оны да білмеді. Махаббат деуге жасқанды... Біреуді сүйді, сүрінді. Екіншіде де сол алдынан шығардай қорықты. Әбден үйренісіп, бір-біріне сіңіскенде сөз де қағыстырды. Бәрін бастаған Бәтіш. – Қайным-ау, осыншама жүргенің не, бір аққуды ілмедің бе? – деді ананың жиырма үшке шыққанын білгенде. – Қайда асығамыз, жеңеше? – Сен «кең тұсаумен» жүргенде барлық жақсы қыздар тұрмысқа шығып кетпей ме? – Мендік бірі қалар. – Қалмаса? – Онда басқа бір жолын қарастырармыз. – Тағы қандай жол бар еді? – Әйтеуір, бойдақ қалмайтын амал. Келіншектің жанары жарқ етті. Мына тұспал жауапқа қанбағаны анық. – Байқа, босқа далаңдаймын деп біз сияқты қартайғаныңды білмей қалып жүрме. Айдар иығын қозғады. Тырыса түскен маңдайы мен бақырайған көзі таңданысын жасырмады.

– 80 –

– Мына сіз бе қартайған?!.

– Енді кім?

– Ой, жеңеше...

– Ешқандай «ойы» жоқ.

– Сіз де... Егер тура осы жерде көрмей, сыртта

кездессеңіз мен сізге он сегіз жас берер ем!

– Рас па?!

– Өз қадіріңізді білмейді екенсіз.

Сол күні ерлер сыртта жүргенде, Бәтіш айна алдынан
шықпады. Өзіне-өзі сұқтанды. Жиырма беске толмай жа-
тып маңдайға, көз айналасына түскен болар-болмас әжімді
есепке кіргізбесе әлі де ажарын жоймапты. Ұтқаны –

мүшелері дараланыпты. Тоқ құрсақ, ақ сазаңдай балтырлар
қай еркектің де жанарын шақырып тұрғандай. Кеудедегі
қос алмасы да көйлекті шіреп «мен мұндалайды».
Бәтіш қыз кезінен-ақ өз көркіне риза-тын. Елден асып

кеткен сұлу болмаса да көкірекке құрт түсірер сүйкімді.
Қап-қара қасын керіп, мойылдай көзін төңкере тастағанда
кластастары түгіл, ауылдың сайдың тасындай бозбалала-
ры да жөн-жосықсыз ыржия салатын. Олардың сұғанақ

көңілін қызға тән сезімталдықпен бірден аңғарады.
Кеудесін кере ұстайды. Менменсігені емес, басқаны
қызықтырғанына масаттанғаны.
Әлгінде, Айдармен тілдескенде де осы сиқыр

қылықты қайталады. Жігітке бұғалық тастағаны. Енді
соны тарта беру керек. Бар сезім қылғынып, бар сана
иілуге мәжбүр болғанда сәл босат, сонда бері құлайды.
Жай ғана жығылмайды, жанын, тәнін алдыңа тастай-

ды. Мейлі шыжғыр, мейлі күл қылып шашып жібер, өз
еркің.
Келіншек сол шаққа асықты. Жатса да, тұрса да сана-
сында тәтті күндер елесі көлбеңдеді. Тартқан бақ па, сор

ма, оны айырмады. Бар болмысымен сағымға ұмтылды.
Сөйтіп, жанталасқа толы тағы бір мезгіл өтіп жатты.
Бәтіш өзін тау басында жүргендей сезінді. Абайсызда аяғы

– 81 –

сәл тайса, шыңырауға құлап түсуі де мүмкін. Сондықтан
сақтықты да ойлады. Бірақ көңілін жайлаған құмарту
әзірше бәрінен биікке шығып алған. Ол дедектетіп ана
тасқа бір, мына тасқа бір ұрды. Елемеді. «Жоқ, – деді оның

түйсігі, – маған курортың керек емес. Мен өз бақытымды
жаңа таптым». Шын мәнінде тапты ма? Білмеді...
...Бәтіш тағы да оң жағына мойын бұрды. Теңкиген
денені көзі шалды. Мұрны бір қалыпты пысылдап ері әлі

ұйқтап жатыр.
Екі тізесін құшақтаған күйі бүрісе түсті. Құлаққа күйіс
қайырған қойлардың дыбысы келеді. Әредік қозылардың
енесін іздеп маңыраған нәзік үндері шығып қалады. Тез

басылады. Еміренген саулықтар алаңғасар ұрпағын тау-
ып, алдандырып жатады.
Міне, керегелер сықыр-сықыр етті. Сүйкенген сиыр
ғой. «Өк, мәлік келгір, өк!» Түн ортасында дамыл таппай

қақшаңдап жүргені қайсысы екен? Дәу де болса қызыл
тайынша шығар. Шошақай қыздай көрінгенге ұрынады.
Әсіресе күлге өш. Көзі аларып, өкіріп-бақырып шашып
жатқаны, қашан көрсең. Қусаң да кетпейді. Таяқпен са-

лып-салып жіберсең ғана әрі асады. Жанары ойнақшып
тұрып-тұрып, сосын басқа сиырларға жанасады, зықысын
шығарады. Желкесі күжірейген қара бұқадан ғана
жасқанады. Оны көргенде мүләйімсіп сала береді. Әлде

оның да өз өміріне өкпесі бар ма?
Денесі мұздаған соң қайтадан жастыққа бас қойды.
Суыған төсек жауырынын тоңазытты. Келіншек көрпесін
қымтанып, өз демімен өзін жылытты. «Уһ-уһ», – деді жиі-

жиі дем алып. Аздан кейін бойы балбырады. Ұйқысы кел-
гендей ме-ау. Көзін жұмды. Жанарына өткен күн елестері
пайда болды. Кино лентасындай тізбектеліп өтіп жатыр,
өтіп жатыр. Мұндайда қайдағы ұйқы.

Көрпе шетінен басын қылтитты. Қызыл тайынша әрі
кеткен-ау, керегелер сықырламайды. Қойлардың күйіс
қайырғаны ғана бірқалыпты құлаққа шалынады.

– 82 –

Жоғарыға қарады. Ай туыпты. Нұрын шашып тұр.
Жұлдыздарға да өзгеріс еніпті. Нақ төбеде жарқыраған ожау
бейнелес жеті қарақшы шалқайып, сабындағы үш шырағын
төмен салыпты. Бұл түн ортасы ауып барады деген белгі.

Енді сәл өткенде алаулап күн шығады, қарбалас тірлік қайта
басталады. Ең бастысы... ең бастысы ерлі-зайыптылар Ай-
дарды ауылына шығарып салады. Жарты жыл бірге болған,
келіншек жанына азап салған жігіт қайтпақ. Мейлі кете

берсін. Бәтіш жыламайды, жалынбайды да...
Бұрқ еткен ашуды әрең тежеді. Дем алысы да жиілеп
барып басылды...
...Уақыт дөңгелегі өз бетімен айналып жатты. Өңірге

қыс түсті. Жерді аппақ қар жауып, ауаны аяз демі шарпыды.
Бірақ бұл келіншек жүрегін ораған жалынды тұншықтыра
алмады. Ол отқа үйір көбелекке айналып үлгерген. Таң
атса-ақ дегбірі қалмай кешті күтеді. Күн ұясына қона қос

шопан үйге оралғанда жас баладай қуанады. Бар жақсыны
олардың алдына тосады. Әсіресе Айдар ризалық танытса
жанын қоярға жер таппайды. Кеудесін кернеген шаттықты
жасырмай жарқылдап отырғаны.

Осылай
желтоқсан
өтті,
осылай

қаңтар
артта
қалды. Енді Бәтіш бар үмітін ақпанға артты. Сағымдай
көлденеңдеген бақыт өз пұшпағын осы айда қолына

ұстата салардай тықыршыды.
Тілегені болды да. Бірде Саматтың ойда-жоқта мінез
шығарғаны. Түс ауа Айдарға:

– Ал, малға ие бол. Мен көршілердің амандығын біліп

қайтайын, – деді де атын ерттеп аттанып кетті.
Әуестік жеңіп баз басына келген келіншек көзі
жігіт қимылын бағып бақты. Ананың шөп айырласы,
алқын-жұлқын жүрісі көңіл құртын қоюлата түскендей.

Ал, оларға жан біткенде тән де, жан да шамырқанып
белгісіз бір тереңге тіленді. Бірақ келіншек болар істі
ушықтырмауға күш салды. Сыпайы күліп, сиқырлы
қимылмен көмек қолын созды. Ықтасынға шашылған шөп

– 83 –

желініп біткенде қойларды қораласып, қақпаны мықтап
жапқан соң сызылған күйі үйге оралды.
Жігітпен оңаша қалған сәтте Бәтіштің жаны нешеме
құбылды. Денесі бір ысынды, бір суынды. Дастарқан ба-

сында да, теледидар көріп отырғанда да аузына сөз түспей,
абдырады. Құдды жігітпен бірінші рет оңаша кездескен,
пәктігін бойында сақтаған қыз дерсің.
Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Әрі-беріден кейін

Айдарға ашуланды. Жүрегін тебірентер не жылы лебізі,
не сезімді шайқар ерке қылығы білінбеген жан үстіне
түйе шөгерсе де мыңқ етпес топастай көрінді. Әйтпесе
желіккен көңілдің дәруін таппай ма? Сонда бұл табы-

нар еді, аяғына бас ұрар еді. Ал әйел бас исе, жанын
алақаныңа салады. Осыны түсінбейді-ау, тәрізі, мыңқ
етпейді.
Келіншек шыдамады.

– Қайным, әңгіме айтшы, тіпті ішім пысып кетті ғой, –

деді сиқырланып. Жігіт көзін теледидардан алмаған күйі
иығын қозғады.

– Әңгіме? Бізде айта қоярлықтай не бар...

– Жас емеспісің?

– Жаспыз ғой, дегенмен...

Айдардың құлықсыз екенін бақап тақымдай түсті.

– Ендеше осы күнге шейін көрген қызығыңды айт.

Мысалға: ғашық болып көрдің бе?

– Енді, ондай-ондай кімнің басынан өтпеген.

– Ғашықтық дегеніміз не?

Жігіт экранды тастай беріп, бері бұрылды.

– Оны сіз жақсы білерсіз, қанша айтқанмен ағаймен

араңыз...
Жүрегі қатты шаншығандай Бәтіштің жүзі тыжырын-
ды. Осыны байқаған Айдар сөзінің соңын жұтып қойып,
аңтарыла қалды.

– Айта бер, айта бер, – деді келіншек бойын тез жиып.

Бірақ жігіт енді ашыла алмады. Сұрақты тағы да Бәтіш қойды.

– 84 –

– Қайным, саған ерсі көрінер, айып етпе, осы ері бар

әйелдің басқа біреуге ғашық болғанын көрдің бе?

– Ол мүмкін... – Айдар күмілжіді. Келіншек үстінен

ауыр жүк түскендей терең тыныстады.

– Ал мен ондайды естідім.

– Айтыңызшы, ә, жеңеше?

– Айтсам... – Бәтіш көзін жұмып, ойда өрнек құрған

әңгіме желісін пысақтады, – оның өзі жақында өтіпті.
Кезінде аңғалдықпен тұрмыс құрған менің бір құрбым
кейіннен басқа жігітке көңілі кетеді. Анау да «кет әрі»
емес екен. Ақыры үйленіп тыныпты. Жақында хат алдым.

«Қыз Жібек пен Төлегендейміз» деп жазады.

– Ғажап!

– Ешқандай ғажабы жоқ. Мен жігіттің ісін нағыз ерге

тән батылдық дер едім. Өйткені ол әйел сезімін аяққа ба-
спады. Солай емес пе?
Жігіт басып изеді. Айтқанға иланғаны анық, екі бетінің
ұшына қызыл ойнап, балбырап отыр.

– Осындай оқиға сенің басыңа түссе қайтер ең?

– Мен бе?

– Иә, сен.

Жігіт көзімен жер шұқыды.

– Жігерсіз екенсің!

– Қойыңыз...

– Ер адамның әрқашан батыл болғаны жөн. Олардың

әйелден айырмасының өзі сонда!
Бәтіштің ұры көздері Айдардың бойын тінткіледі.
Ананың ұйыған сыңайы бар. Жанары тұманданып, мүлгіп
отыр. «Жетекке ереді»? деп түйді келіншек.

Дәл сол арада тәттілік туралы ғана ойлады. Ал тәттінің
де неше түрлі болатынына, кейбір дәмдінің тіл үйіріп
тұрып, артынан кермек татып кететініне назар аударма-
ды. Оны түсінетін жағдайы да жоқ еді. Туа салып енесінің

төсін түрткілеген қозыға ұқсайтын.
Ері түн ортасында оралды. Өзі қызу.

– 85 –

– Бірдеңе болса әкелші, – деді ол шайқала тұрып, –

таңдайым кеуіп барады.
Сандық түбінде жататын жартылықтың бірі столға
қойылғанда алақанын мағұрлана ысқылады.

– Байболдың әйелі ұл тауыпты. Соны тойладық.

Сенбіде – шілдеханасы. Ұялмайтындай болып барарсың.
Шүйіншісіне кер жабағыны атадым. Оны да жеткізерсің...
Самат қырлы стаканға арақ құйды, сосын оны
сыздықтата жұтып, артынан сарымсақ шайнады.

– Құрдастың қызығынан немді аяйын! Бәрін өз

қолыңмен табыс ет. Бергеннен кедейленіп қалмаспыз.
Жомарттығыма ренжіме.
Тағы ішті, тағы сарымсақ шайнады. Босағада қалшиып
тұрған әйеліне назар да аудармады.

– Түк көрмегендей менің қайта-қайта бара бергенім

келіспес. Айдарға айт, жайдақ шананы баптасын. Жай-
лы болады, үстіне шөп салып алсын. Семіз көк атты
жегіңдер. Жабағыны шананың артына, не жетекке бай-
лай салсаңдар, өзі де томпаңдап еріп отырады.

Бәтіштің одан әрі ештеңе естігісі келмеді. Жатын
бөлмеге өтті. Жүрегі алабұртты. Шілдехана деген сөз –
қап-қараңғы түн, меңіреу дала, екеуден-екеу қалған жігіт
пен келіншек деген сөз. Ендеше мұның мақсатқа қадам

жақындай түскені анық.
Көңілдің бір есірсе жуыр маңда сабаға түсе қоюы
да қиын екен. Тордан босап, шарықтап қиянға шыққан
құстай самғайды келіп. Неғұрлым биіктесе – солғұрлым

қанағаттан да айрылады. Қанаты қатайғандай ширыға
түседі. Астында найзадай шаншылған шың тұрсын –
қарамайды, құласам сүйегімді жинай алмай қалады-ау
деп те ойламайды. Оған бір ғана бостандық – ғұмырлық

шаттықпен, бір ғана шарықтау – ғасырлық жырмен тең.
Соған жылынады, содан қуат алады.
Бәтіш те сөйтті. Жанында көктеп, бүр жаруға күн сәулесін
тосқан гүлдей алаңғасар ойдың бодауында бәрін ұмытты.

– 86 –

Әрбіреуі жылға тең сағаттар ауыр жылжып өтіп жат-
ты. Сәрсенбі салқаулық танытты, бейсенбі – безеріп
тұрып алды. Жұма да артына қорғасын байлап қойғандай
табандады. Осы аралықта келіншекке әлдекім уақытты

қиястықпен бөгеп тұрғандай көрінді. Көкбеттеніп сол
бетбақпен ұрсысты да. Оңаша шағында жерден алып,
жерге салды. Сөйтіп, сенбіге де жетті-ау, ақыры.
Қас қылғандай дәл сол күні боран соқсын. Кәдімгі,

ақпанның май бораны. Буынып тұрып-тұрып жылай
салған баладай бұрқырады дерсің. Дала етек-жеңін жи-
най алмай қалды. Желмен қаңғалақтай ұшып ауада еріген
жабысқақ қар жаңбырдан бетер. Сыртқа сәл шықсаң үсті-

басың малмаңдай су болып сүмеңдейсің.

– Әй, мына күн құтырып кетті ғой, – деді бой жылытуға

үйге келген Самат су-су киімін пеш жанына тастай тұрып.
Айдар да оны қолдады.
Бәтішке мыналар ұйымдасып жолын бөгегендей
көрінді.

– Боран көрмеп пе едіңдер, – деп шаңқ етті, – неменеге

жүндерің жығыла қалған?! Еркек болғандарыңа!..
Ана екеуінің ауыздарына құм құйылды. Үн-түнсіз оты-
рып шай ішті. Баз жаққа да солбырайып аттанды.
Адам адасайын десе аяқ астынан екен. Жүріп келе

жатқан соқпағыңнан сәл ауытқысаң көз көрмеген, құлақ
естімеген түкпірге тап боласың. Шошына айналаңа
қарайсың, шығар амал таппайсың. Жан-жағың құзар
шың. Далбасалап, аяқ қолыңды жырып жоғарыға

өрмелейсің. Тайғанақтап қайта құлайсың. Жанұшыра
айқайлайсың. Даусыңды естір, көмекке келер тірі жан
жоқ.
Бәтіш те осындай күйге тап болды.

Шілдехана көңілді өтті. Дәл төрге жайғасқан келіншек
жұрт қатарлы ән де шырқады, ойнақы әзілге де жол берді.
Қолқалағандардың меселін жықпай, коньяктан тартып-
тартып жібергенде өзегіне от түсті.

– 87 – Қайтуға жиналғанда буынды алған шараптан теңселіп шанаға әзер жетті. Ол шын мас-тұғын. Арақтан ғана емес, бақыттан да басы айналған. Шана орнынан қозғалған бетте-ақ қарсыдан соққан боранды сылтауратып жігіт киген тұлыптың өңірін ашып жасырынды. Сол-ақ екен, қолқасына тәтті иіс келіп делебесін қоздырды. Кәдімгі әйел түйсігі ғана айырар еркектің тер сіңді иісі. Ол алғашында бәріне шыдаған болды. Құлаққа жеткен шананың бірқалыпты сырылы мен ішін тарта уілдеген боран дыбысына алдағандай бұйыға қалды. Дегенмен кеудеде атой салған әулетті күшті тұншықтырып тастау мүмкін емес еді. Елсізге шыққанын жан-тәнімен сезгенде Бәтіш манаурай көзін жұмды. Буын-буынын діріл жайлады. – Тоңған жоқсыз ба? Осы сәтте төтеннен естілген айқайдан аузына салған тәттісін біреу жырып әкеткендей селк етті. – Жоқ, айналайын, жоқ, – деді, дауыс Айдардікі екенін айырып, содан соң қайтадан әлгі иісті түйсінуге асықты. Міне, мұнда тұр. Қандай тәтті өзі!.. Келіншек жиі-жиі дем алды. Жанына жұғымды, көкірегіне қымбат осынау қат дүниеден барынша қамтып қалмақ. Шіркін-ай, мынау өз меншігіңде болса ғой, күн жұтсын, түн жұтсын тоймас еді, тірлік атаулыны ұмыта, сүйегіне шейін буға айналып із-тозсыз күйігі көп жер бетінен жоғалар еді. Жай жоғалмайды, бақыт құсын құшағына қыса кетеді. Ол ыңырси жігітті құшақтады. Тартыла-тартыла ананың тізесіне салмағын сала шығып алғанын да байқамады. Әккі түйсігі Айдардың да денесін діріл жайлағанын аңғарды. «Дірілде, дірдектей бер, әлі-ақ үйренесің», – деді ішінен масаттанып. Шынында мұның бақытты атануына толық құқы бар шығар. Жеті жыл бойы бұйыққан тән қызулығын дәл қазір таныса, жеті жыл тұрмыста жеті секунд түйсінбеген

– 88 – қымбатты бүгін түйсінсе несі айып. Ол осындайға ұмтылмады деймісің. Ұмтылды. Жете алмады. Сосын торықты. Барлық мейірім, барлық ықыласын құпия сандыққа салып, қақпағын тарс бекітті. Одан шығармауды ойлады. Дегенмен тежеп ұстау қиын екен. Бәтіш манаурай керілді. Тынысын бекітіп тастаған киімді де елемеді. – Айдар, – деді ол өзін-өзі ұмыта тұншыға сыбырлап. – Әу, жеңеше? – Жайырақ жүрші... – Тоңып қаларсыз. – Менің үйге барғым келмейді... – Неге? – Екеуміз енді ол үйге бармайықшы... Келіншектің кеудесіне өксік тығылды. Қалтырай шыққан үннен соны аңғарған жігіт еңкейді. – Сіз... сіз жылап отырсыз ба?.. Бәтіш жауап қатпады. Жүзін жігіттің кеудесіне жасырды. – Сіз... сізге не болған?! – деді Айдар абдырап. – Жәй, айналайын, мен... Келіншек сөзін аяқтамай, қыстығып қалды. Сосын тып-тыныш жатып айналаға құлақ түрді. Сырғыған шана, қарды сықырлата басқан ат тұяғының дыбысы естілмейді. Тоқтап тұрғандары ма? Шайқалмағандарына қарағанда – солай. Бәтіш батылданайын деді. Бар күшін бойына жиды. – Айдар! – Әу, жеңеше? – Бірдеңе айтсам ренжімейсің бе? – О не дегеніңіз. – Мен сенсіз өмір сүре алмаймын! – Не?! – Сенсіз маған күн қараң!.. – Ой, жеңеше...

– 89 –

Жігіт бұлқынбақшы болған еді, құрсау босатпа-
ды. Соның артынша-ақ үзік-үзік сөздер санасына
құйылды.

– Жаным, түсінші... сен кездескенше... өлі едім... тағы

өлемін... Сенсіз... бір күн де... жарық дүниеде... жүре ал-
маймын...
Бірақ бәрі басқаша шықты. Құшақтың босаңсығанын
пайдаланған Айдар бұлқынып қалды да, сонадай жерге

ыршып түсті.
Бәтіш алғашқыда ештеңе түсінбей аң-таң күйде ба-
сын көтерген. Қараңғыда солбырайып тұрған бейнені
көргенде ішін аш бөрілер тырналады.

– Не ғып тұрсың?.. Кел... сей-ші-і-і... – деді

жалынғандай. Анау қозғалмады. Мұз болып қатып қалған
дерсің, не илікпейді, не жауап қатпайды.

– Мен... Бәтішпін ғой...

Далбасалай орнынан көтеріле беріп қалт бөгелді. Са-
насында жарқ еткен қорқыныш тұла бойын тіліп өтті.

– А-а-а!!!

Соның артынша-ақ шыңғырған жабайы дауыс маңайды
тітіркентіп жіберді де, астам ойдың құрбандығына
шалынған, арды аяққа таптамақ болған дене буын-буы-
нын ұстай алмай гүрс құлады.

Сол түнгі оқиғаны сірә да ұмытпас. Күйік оты-
на шыдамаған келіншек шанадағы шөпті бырт-бырт
шайнаған. Бәрінен күдер үзген бейшара жан мынау
жалғанды аямай қарғаған. Оқ тиген бөрідей шиыршық

атып жатып әділдік іздеген. Пенде емес пе, өзін-өзі ар
сотынан арашалап қалуды ойлаған, тығырықтан шығар
жол қарастырған. Оның ойынша, бәріне бейуақта тап бо-
лып, жүрегіне шоқ салған Айдар кінәлі-тін. Тұрлауы жоқ

өткені де жауапты. Әу баста Мұрат алдамаса, бәлкім, басқа
соқпаққа түсер ме еді, қайтер еді?! Ал өмірінде опық же-
ген келіншек бақытына ұмтылса, айып па? Бұл да тырбан-
ды. Бірақ биіктік басына шығармады. Өрмелеген мұны

– 90 –

омақастырып, табанына бір-ақ түсірді! Енді таптамақ. Не
үшін? Жо-жоқ, бұл әділеттілікке жатпайды. Жатпайды-ы!
Ол арашашы іздегендей жігіт жаққа мойын бұрған.
Жұбатар, басу айтар ойы жоқ Айдарға ызаланған. «То-

пас!» – деген булығып. Кеудесін өкініш жұлмалаған. «То-
пас!» – деген тағы қайталап. Барлық көрсеткен қайраты
осы ғана болатын.
Солығы басылғанда басын көтеріп, қайда тұрғандарын

айырмады. Маңайдың бәрі түпсіз қараңғылық. Қарға
адым жердің өзін ажырату мүмкін емес.
Әрі-сәрі күй кешкен келіншекке Айдар бағыт сілтеді.
Өз орнына жайғасып жатып:

– Жеңеше, тыңдаңызшы, бұлақтар күліп жатқан

сияқты. Тыңдаңызшы, ә? Мынау сылқ-сылқ күлкі ғой, –
деді ол.
Қыстақтан екі шақырым қашықтықтағы «Бұзау
бұлаққа» ат басын тірегенін ұққан Бәтіш су сылдырына

еріксіз құлақ түрді. Жылымшы дыбыс сыңсығандай ма-ау,
солықтағандай ма-ау, әйтеуір, мұның жанымен үндестік
тауыпты. «Жылап жатыр, – деді келіншек ішінен. – Иә, иә,
жылап жатыр!..»

Сол шақта оған бар дүние қара жамылып тұрғандай
елестеген...
...Келіншек орнынан жайлап көтерілді де, ұйқыда
жатқан күйеуіне тағы бір көз тастап, сыбдырсыз киініп,

сыртқа шықты.
Ай сүттей жарық екен. Айнала алақандағыдай көрінеді.
Дәл іргеден ирелеңдеп батысқа қарай созылатын өзен бой-
ын қуалай өскен талдар ұйқтағандай маужырай қалыпты.

Ұйыса біткен жапырақтар тып-тыныш. Тәрізі, күнұзынғы
желдің шайқағанынан қажыса керек, салбыраған күйі
мүлгіп тұр.
Қыңсылай келіп аяғына сұр тазы оралды. Еркелеген-

дей құйрығын бұлғаң-бұлғаң еткізеді. Шарбақ жақтан ен-
телей жеткен төрт көз қара төбет те одан қалыспай төрт

– 91 –

тағандап алдын кес-кестеді. Ит екеш иттің де қайырымды
білгені-ау. Итаяққа ас құяр Бәтішті айналсоқтауын.

– Не, іштерің пысты ма? – деді жылы ұшырай. Сұр

тазы ойын күткендей секіріп-секіріп қойды.

– Әй-әй, есерсің-ау...

Келіншек шарбақты айналып өтті. Күйіс қайырған
қойлар алаңсыз. Жайшылықта қақаңдап өрісті олай бір,
былай екі сүйрейтін көк шібіштің өзі мүйізі қарағайдай
серкенің тасасында тыпыр етпей қалшия қалыпты.

Дәл осы кейпінде шошақай мінездің ізі де жоқ. Ал сер-
ке паң. Мынау мыңғырған малдың басы екенін танып
масаттанғандай басын кекжитіп алған. Жан-жағына мой-
ын бұрмайды.

Сөйткенше, бұрыштан қызыл тайынша шыға келді.
Одыраң-одыраң жүрісі, алақ-жұлақ қимылы жеңіл мінезді
қыздан аусашы. Әне, ол шарбаққа сүйкенді. Қадақтарды
сықырлата қасынды. Мына арада адам тұр-ау деген ой

қаперіне де кірмейді. Тарпаң.

– Өк, мәлік келгір, өк!

Тайынша дауыс шыққан тұсқа одырая қарады. Иесінің
түнгі жүрісіне таңырқағандай сәл бөгелді. Сосын еріне
басып әрі беттеді.
Бәтіш те үйге енді. Ашық түндіктен түскен жарықтан

төсегін кідіріссіз тапты.

– Ұйқың қашып жүр ме? – деп сұрады осы кезде Са-

мат дыбыстап. Келіншек бұл жолы еркек сөзін жауапсыз
тастамады.

– Иә, – деді басыңқы. Күйеуі бері аунады.

– Дәрігерге көрінсең қайтеді, ә?

– Еш жерім ауырмайды ғой.

– Сонда да...

– Әуре боп қайтемін?

– Өзің біл, дегенмен қаралған да теріс болмас.

Бәтіштің қамқор көңілге іші жылыды.

– Саған қиын болар.

– 92 –

– Еркекпіз ғой, бірдеңе қылармыз.

– Қарның ашып қалады ғой...

– Мүйіз шықса, қарынды тойдырып бақтың ғой...

Әңгіме желісінің үзілмеуін тіледі. Неге екені белгісіз,
күйеуінің сөйлей бергенін қалады. Бірақ анау тілегін
қанағаттандырмастан:

– Сөйт, керек десе қаласына да бар, – деді де көрпесін

қымтанды. Ылғи осы. Бірдеңені бастайды, бастайды да,
мұның жүрегін елжіретіп қояды, сосын жалт береді. Кей
күндері аузын буған өгіздей сөз ала алмайсың. Тек басын
изейді, шайқайды. «Бары» да, «жоғы» да осымен тынады.

Бәтіш сыр мінез күйеуін енді қажамады. Бір-екі ауыз
жылы ниетті көңіліне тоқ санап түндікке қарады.
Қызық. Бәрі де қызық. Жеті жыл бойы өзімен-өзі
күресіп келді. Өртеніп махаббатын іздеді. Саматтың

көзіне шөп салмақ та болды. Кешеге шейін күйеуіне
жауыға қарады. Енді келіп...
Әлде жалған елестің соңында далақтаған ба? Со-
лай сияқты. Осы уақыт ішінде ері барлық жақсылықтан

адалаған, жастығын тонаған, тар құрсағын кеңейтер
тұңғышынан
айырған
баукеспедей

көрінген.
Егер
күйеуі «шабармандар» жібермегенде, бақыттың ал-
тын тұғырында отыратын едім деп есептеген. Сөйтсе,

қателесіпті. Адамға өмірдің мәнін, сыйластықтың дәмін
түсіну үшін де көп, өте көп жылдар керек екен. Тіршілік
теңізіне қайық түсірген әр жанның таудай талабы, асқар
арманы барын, олар соны орындау жолында бойындағы

күшін аямайтынын, буырқанған толқынмен өздерінше
алысатынын, осынау арпалыста шыңдалатынын Бәтіш
кезінде ұға алмапты. Сәттік әлсіздік, жарқ еткен жалын
мұратына жеткізетіндей, соған ұмтылыпты. Сайқал ойдың

бодауына айналыпты. Қандай көр соқырлық!..
Кеше кешкісін түндікті әдейі жаппады. Бүгінгі таңды
көзбен атырарын сезді. Жан-жақтан анталаған ойлар
қараңғылық маңайды жаба бастағаннан-ақ санасын буып,

– 93 –

келіншекке мазасыз түннен хабар бергендей еді. Бұл тұп-
тұнық аспанға қарап жатуды мақсат тұтқан. Жап-жарық
жұлдыз – жоғалтқан асылындай елестеген. Қарайсың –
көз алдыңда тұрады, қол созасың – ұстатпайды. Кезінде

қасқайып өзі басқа тепкен, енді армандап зар болған ұрпақ
сияқты. Екеуі де алыста, екеуі де тәтті елес қана.
Шынында, бәріне кім кінәлі? Кім?! Әлде Айша ма?
Мүмкін... Дедектетіп ауруханаға алып бармаса... Өзі ғой

ерген. Бірінен арылған соң жатқан жоқ па, ақ төсекте
аппақ адамдай-ақ?! Сығаласқан, сыртынан сүйреңдескен
сөзуарлардың табасын да елемегенсіді. О, қарабет!!!
Басы айналды. Ай сәулесінен қаймыққандай жүзін

жастыққа жасырды.

– Әлі ұйқтамағанбысың?

Күйеуінің гүжілдей шыққан үнінен селк етті.

– Жо-жоқ, – деді ашық қалған иығына көрпе шетін

тартқылап.

– Менің де ұйқым ашылып кеткен сияқты.

– Ә-ә?..

– Көз іліктіре алмай қойдым.

Екеуі бірауық үнсіз жатты.

– Ойландың ба? – деп сұрады Самат бір кезде.

– Неменеге?

– Ауданға баруға.

– Дәрігерге ме?

– Иә.

Келіншек күрсінді.

– Мен сап-саумын.

– Бірақ ұйқың бұзылған...

– Е, ол өткінші нәрсе ғой...

– Мұның дұрыс емес. Саған күтім керек.

– Ненің құрметіне?!

– Ойпыр-ай, – Самат сәл бөгелді, – арсы-гүрсі жүріспен

дәнекерімізді жоғалтып алмайық.

– 94 –

– Кімді-і?!

Бәтіш сәл томпиған ішін қалай сипалағанын аңғармады.
Қолына шодырайып тұрған түйнек білінді. Онысы сол за-
матта ашуланғандай бүйірін түртіп-түртіп қалды.

– Ой!..

Келіншек алғаш сезілген мына дүмпуден қорыққандай
жиырыла түсті.

– Не болды?! – деп сұрады күйеуі де жастықтан басын

көтере беріп.

– Жәй... әншейін...

– Деуін десе де іштей: «Шын ба? Шын ба?!» – деп

бірнеше қайталады. Сенбейтін секілді. Ұзақ тостырған
уақыт бар сенім ізін шайып жібергендей.

– Сөйт, айналайын, ақылға кел.

Самат есіней керілді. Біршамадан соң мұрнының
бірқалыпты пысылдағаны естілді. Ұйқтағанының белгісі.
«Шын ба?» – деді Бәтіш өзіне-өзі тағы сұрақ қойып,
сосын тыпыр етпей әлгінің қайталануын күтті...

...Ақпанның сол бір топалаң түнінен кейін еңсе
көтермеген келіншек көктемге жүреп-жадап жетті. Көз
айналасындағы сызықтар тереңдеп, маңдайға пайда
болған әжімдер айқындала түсті. Сәл қабақ шытса, бады-

райып тұратын осы қатпарлар қорқынышты-ақ. Төрт-бес
жасқа есейтіп жібергендей.
Шаңырақтан сән де кетті. Кінәлі жандай Айдар
бүгежіктей береді. Дастарқан басында да ол Бәтіштен

назарын алып қашады. Құдды, бірдеңені бүлдіріп, жаза
күткен бала дерсің, не шешілмейді, не жадырамайды.
Дала ақ шапанын көк көйлекке алмастырып, жан-
жануар тырбаңдай тіршілік күйбеңіне араласқан шақта

келіншек бір мінез тапты. Ұзақты күн үй іргесіндегі қыр
басын кезіп жүруді әдетке айналдырды. Беткейге қаптаған
қып-қызыл шоқтай қызғалдақтарға үңіледі, сырласқан
болады. Тас үстіне шығып, маңайға көз тігеді. Бұйыққан

көңілге алданыш іздегені.

– 95 –

Қыстақ айналасының табиғаты шынында әдемі-
тін. Іргеден етек алатын тау бірте-бірте биіктеп, үнемі
мұнартып жатады. Ол – осы өңірдің айбары іспеттес.
Ал шығыс тұс жыпырлаған төбелер. Теңіз толқынындай

бірінің етегін екіншісі басып жалғаса береді. Кейде сағым
көтеріп, тербетіліп тұрады. Мұндайда аспанға іліп қойған
алып бесікке ұқсайды.
Қойшы үйі тау мен төбенің арасындағы аядай жазыққа

орналасқан. Маңайы тұнған ағаш. Жабайы теректер –
алқаптың бойтұмары іспеттес. Шоқ-шоқ болып ұйысып
тұрғаны.
Келіншек әсіресе мұнартқан тауға қарауға құмар. Көк

төріне иек артқан көңсеңгір өзінің ұлылығын түсінгендей
тым маңғаз. Ұшқан құс қанаты талатын асқарына ақ қар
қондырып, жан-жағына ойлана қараған қариядай керіле
қалыпты. Не қуанғанын, не мұнайғанын аңғармайсың.

Біртоға бейне. Сонысымен көзді арбайды, адамды тәнті
етеді, шыдамдылыққа шақырғандай болады.
Көктем Бәтіш бойына тағы бір өзгеріс әкелді. Ол соңғы
кезде самарқау күй кешті. Бойын ұйқы басып, тамаққа

тәбеті тартпады.
Бірде үйге сау етіп геологтар келсін. Қарапайым халық
емес пе, қазан көтертпеді. Өздерімен бірге ала келген
қалбырларын ашты, бірді-екілі шишаларын дастарқанға

қойды. Сұрағандары ыдыс қана.
Мұрнына ашқылтым қияр иісі жеткенде Бәтіш
жұтынғанын байқамады. Жасаураған көзімен дастарқанға
мөлие қарады. Отырғандардың көңіл бөлетін түрлері жоқ,

өзара гу-гу етіседі.
Маңдайынан сұп-суық тер білінді. Үздігіп әлі тұр.
Әне, бір қалбыр босап шетке ығысты. Мұның тінтінген
жанары екіншісіне түсті. Аналар аштық белдеуінен

шыққандай оны да орталап тастапты. Шыдамады. Жетіп
барып бас салды. Ашқылтым иіс қолқасын атты. Тізе бүге
беріп түйірді аузына тығып үлгерді. Қытыр-қытыр шай-

– 96 –

нады. Сосын әлдекім жырып әкетердей асығыс жұтты.
Түйілгенін де елемеді.
Отырғандар әу баста ерсі қылыққа үрпиісе қалған. Ере-
сектеу біреуі мән-жайды түсінгендей тыпыр етпеуге белгі

бергенде, басқа геологтар ошарыла келіншекке қарады.
Анау асыға соғып жатыр. Қимылы қанға құныққан
қасқырға ұқсайды. Өңіріне шашылған қиқымның өзін іліп
алып аузына тыққылайды.

Геологтар екі-үш қалбыр сыйлады. Сол заматта атын
ерттеп үлгерген Самат орталыққа шапты. Ол түн ортасын-
да ғана оралды. Қанжығаға байлаған қоржынның екі басы
толы жеміс. Кептірілгені бар, тұздалғаны бар, әйтеуір мол

дүние.
Сол сәттегі келіншектің қуанышын айтып жеткізу
мүмкін емес. Талай күн шөлді кезіп қаталаған,
қажыған жанның суға бас қоймас бұрын оны желден

қызғанғанындай қоржынды өзі түсіріп, тал шыбықтай
майысып бөлмеге жеткізді де, есікті тарс бекітіп алды.
Содан ал соқ, ал соқ. Әбден тойғанның өзінде қолын
қалбырдан шығармады. Ашқылтым иісті тамсанып-там-

санып жұтады.
Осы оқиғадан кейін шаңыраққа жылылық ұялады.
Жайшылықта өкпелеген баладай томсырайып жүретін
Саматтың өзі жанары жадырап, елп-елп етеді. Қолы қалт

еткенде Бәтішті айналсоқтайды. Ананы-мынаны сылтау-
ратып малды да өріске кеш шығарады.
Сақман жұмысының нағыз қызған шағында да Са-
мат пен Айдар Бәтішке арналған ілтипатты кемітпеді.

Күнұзын сыртта жүріп қас қарая үйге оралған екеуі жай-
дары болуға тырысты. Көздеріне тығылған ұйқыны зор-
лап қуып, қызық-қызық әңгімелер құрастырады. Сөйтіп,
кетеуі кеткен өмірді бірте-бірте қалыпқа түсірді. Келіншек

те оларды аяды. Қарсыласқандарына қарамастан далаға
шықты. Қозыларды тоңғақтасты, енелері алмаған төлдерді
табыстыруға көмектесті.

– 97 –

Көңілмен істеген жұмыс та жемісті болады екен. Кей-
де, кешкісін Самат қойын кітапшасына тізілген сандарды
есептеп отырып жымиса, Айдар мен екеуінің төбелері
көкке аз-ақ жетпей тұрады. Күйеуі бірде: «Әр жүз қойға

жүз он қозыдан айналды», – дегенде бір-бірін қалай
құшақтағандарын да аңғармады.
Төлдердің буыны бекіген шақта жайлауға көшті.
Жылдағы мекендері – Көктал бойына қоныс тепті.

Бұл жердің Көктал атануы да тегін емес. Сонау-у,
шығыстан созылып келіп батысқа қарай иек артатын өзен
маңы сыңсыған ағаш. Алыстан қарағаныңда тұтаса өскен
жапырақтар бұйраланып, көкпеңбек болып жатады. Ал

арнада қалатын иірім-иірім сулар отарлардың жаз бойғы
сусыны. Сондықтан осы өлкеге жаз шығысымен-ақ киіз
үйлер қаптайды. Төңірек мал тұяғынан қайысады.
Жайлау – шопандар үшін береке басы да, мереке

басы да. Ерте қонғандары жаңадан шаңырақ тіккендерді
шақырысып мәре-сәре күй кешеді. Сыбаға беру де осын-
да. Қыс бойы шеті бұзылмай сақталған жылы-жұмсақтар
мұндайда қазандарда бүлкілдейді. «Ассалаумағалейкум!»

– деп қай үйдің босағасын аттасаң, сол шаңырақтың құтты

қонағына айналасың. Уыз қымызға шекең қызады, игі ни-
етке көңілің өседі.
Осындай қуанышты күндердің бірінде автодүкен ат ба-
сын тіреді. Гүр еткен машина үні шыққанда елең еткен

Бәтіш кабинадан түскен таныс бейнелерді көргенде басы
айналғандай керегеге сүйенді. Бұл келгендер – Айша мен
Мұрат еді.
Баяғы курорт туралы әңгімеден кейін бұл үйге бас

сұқпаған жеңгесі мұны құшағына қысып ұзақ тұрды.
Көзіне жас іркілді. Ал Мұрат ернін ғана жыбырлатты. Осы
бір сәттік бетпе-бет кездесудің өзінде келіншектің қырағы
жанары жігіттің шырайлана түскенін, ашаң өңге қызыл

шырай жүгіргенін байқап қалды. Тағы байқағаны – мұрын
астына кіп-кішкене мұрт қойыпты. Онысы жарасымды-ақ.

– 98 – Кешкісін қонақтардың құрметіне дастарқан жайылды. Демікпесі бар жандай екі иығынан демін алып әуелі Айша тост көтертті, Мұрат майын тамызып мына шаңыраққа жақсы тілегін айтты. Сөз кезегінен Бәтіш те, Айдар да, Самат та қалысқан жоқ. Стақандардың әрбір сылдырынан кейін денені ып-ыстық қан шарпыды. – Әй, осы сен астанадағы жоғарғы оқу орнында оқымаушы ма едің? – деп сұрады ду-ду қызған кезде Самат Мұраттың арқасынан өзімсіне қағып-қағып қойып. Анау мардымси қалды. – Оқыдық қой, оқыдық. – Әлде тауыспадың ба? – Тауыстық қой, тауыстық. – Әй, онда шопырлығың не? Мұрат желкесіне түскен қап-қара шашын саусақтарымен тарай отырып кеңк-кеңк күлді. – «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» деген ғой, Сәме!.. Самат түк түсінбегендей жан-жағындағыларға аңтарыла қарады. – Әй-әй, әзілдемесеңші... Сен, түбінде, сол оқуды тауыспағансың!.. – Қаласаңыз дипломымды көрсетейін. Ол анау бордошокта жатыр. – Қойшы-ей?!. – Рас айтамын. – Берген дипломы мәшиненің бордошогында жатса бес жыл бойы миды шіріткен оқудың да қәдірі түскен екен, ә... Самат түңілгендей қолын сермеді. Мұрат ыстықтағандай костюмін шешіп кереге басына ілді. Осы арада Бәтіштің тағы бір байқағаны – жігіт толысайын депті. Қозы қарын гүлді көйлекті шіреп тұр. Бұрынғы сыптай денеге артықауыс ет бітіп, қимыл-қозғалысты байсалдандыра түскен. Жігіт әсіресе сөзге салмақты. Әр үнге леп беріп, даусын әндете шығаруды әдетке алыпты.

– 99 –

Құйылған шампаннан бір-екі ұрттаған Мұрат жөткіріне
басқалардың назарын өзіне аударды да, қайтадан Саматқа
қарай еңкейді.

– Сәме, а, Сәме?

– Ал, тыңдадық.

– Сіз өмірдің «кішкентай ғана қулығын» білмейді

екенсіз.

– Е, не ғып?!.

Отағасының көзі ежірейе қалған еді, анау иығына
қолын салды.

– Солай, Сәме, солай! Оған ешқашан ашулануға бол-

майды. Біз көп жүрдік, көп көрдік. Табақтас болған
адамдарымыз да жеткілікті. Ендеше мына баста бірдеңе
дыңғырлайды.
Мұрат өз шекесін өзі сұқ саусағымен шұқып-шұқып

қойды.

– Мысалға, сіз еңбек етесіз?

– Қатарымнан қалып көрген емен.

– Табатыныңыз – екі жүз сом?

– Кейде одан да артық.

– Ал мен айына кем дегенде бес жүзді қалтама басамын!

Самат таңданды.

– Бес жүз?!.

– Сенбесеңіз сенбеңіз, бірақ бұл шындық. Енді

ойлаңыз, мен кеңседе отырармын, қағаз кемірермін, сонда
қай жыртығымды бүтіндеймін, ә?..
Ері үндемеді.

– Ә-ә, солай ма?! Міне, «кішкентай қулық» дегеніміз

осы!
Мұрат жеңісіне мәз болып, ыржиып стақанға қолын
созды.

– Ал, қауым өмірдегі сәттіліктер үшін алып қоялық.

Стақандар шылдыр-шылдыр еткенде, Самат ұйқыдан
шошып оянған жанша орнынан атып тұрып, жігіттің
қолына жармасты.

– 100 –

– Әй-әй, тоқта! Мен әлі түсінген жоқпын. Бес жүз

сомың – кесімді жалақың ба, әлде?..

– Қулық керек, Сәме, қулық, – деді Мұрат менменсіп.

Ерінің көзі шатынап, қою қабағы бір-біріне жалғаса берді.

– Тоқтаңдар! – Ол столды қойып қалды, сосын анаған

ежірейе қарады. – Әй, біз саған «батпан құйрық» екенбіз
ғой, ә!!!
От алуға шақ қалған жанжалды жабылып жүріп әрең
басты. Дегенмен енді дастарқанның сәні келмеді. Осыны

сезген Бәтіш төсек салып Саматты жатқызды да, ыдыс-
аяқты жуу үшін есік алдындағы жерошақтың жанына бар-
ды. Бірақ жұмысқа құлқы соқпады, сөнуге жақындаған
шоққа мөлие қарады. Осы от пен өзінің жүрегінің

лүпілінен үндестік тапқандай болды. Иә, иә, жеті жыл
бойы көкірегінде тыныстаған жалын да бүгін қоламтаға ай-
налып барады. Бұл есірік шалғандай басын анда бір, мында
екі соқса, жанын жаралаған алғашқы махаббат шеңберінен

қара үзіп кете алмапты. Ол санасын улап, өткенге қарай
сүйрей беріпті, Мұратты жер басып жүрген адамдардың
ұлысы етіп көрсетіпті! Сол тәңірді дәл жаңа күйеуі таба-
нына салғанда, сезім кенет селк етті. Анықтап үңіліп –

жігіттен заңғарлықты емес, соның тасасында дірдек қаққан
көлеңкені байқады. Мұрат тұғырынан түсіпті. Мүмкін
ешқашан биікке қонбаған да шығар. Мұндайлардың жа-
лындауы екіталай. Ендеше қонбағаны анық...

Өзімен-өзі боп тұрғанда әлдекімнің қолы иығына тиді.
Шошына жалт бұрылғанда, Мұратты көрді.

– Не керек?! – деді ашу шақырып.

– Өзің тым асаусың ғой?!

Мынаны қараңыз, келіншектің алдында мүлдем басқа
адам тұр. Сөзі де, қимылы да жаңағы бір әзірдегі жігіттен
бөлек. Тарпаң. Есік жақтауынан сығалаған жарықтан
анық аңғарылатын жүзінде батылдық бар.

– Бар, дем ал. Самат сезсе ұят та, – деді Бәтіш

шегіншектеп. Бірақ анау бұл сөзге тоқтамады.

– 101 –

– Е, ана аюыңды айтасың ба?! – деді немқұрайды, –

оның мұрыны да бірдеңе сезе ме?! И-и, сүмелегіңе болай-
ын!..
Келіншек есін тез жиды. Жүрегі өрекпіді.

– Не дедің, қайталашы?!

Мұрат сасатын емес. Жиі-жиі тыныстаған Бәтішті
арбағандай құшағын ашқан күйі тақала түсті. Өзі үздіге
сыбырлайды.

– Қойшы, боқтан өзгені қозғап қайтеміз. Мен сен

үшін ғана келдім осында. Сен... Сен құлпырып кетіпсің!
Оллаһи, ару болыпсың да қалыпсың...
Бәтіштің құлағы шыңылдады. Денесі қалтырады.
Дәл мынадай басынғандықты көрмеп еді. Анау қорлап

тұрғандай, табанымен жаншып жатқандай.
Келіншек қолына іліккен әлденедей затты қалайша
жігітке кезенгенін байқамай қалды. Сәуледен жарқ еткен
кездікке көзі түскенде, Мұрат та әрі қарай секіріп түсті.

– Тақалма! Жарып тастаймын! – деді Бәтіш еріктен

тыс ширығып. Жігіт бұдан әрі жақ ашпады, басын ішке
тыққан күйі үйге беттеді...
Ертеңіне ерте тұрған қонақтар қайтатын сыңай
байқатты. Түндегідей емес, жүздері сынық. Әсіресе Мұрат

пәс. «Мен қызыңқырап...» – дей ме-ау, «Ойнап едім...» –
дегенді қоса ма-ау, «Жеп жүрген нан ғой...» – деп соға ма-
ау, әйтеуір Саматты айналсоқтай береді.
Машинаға

беттегенде
Айша
ерлі-зайыптыларды
қолтықтаған күйі шетке ығысты. Ол әуелі екеуіне ақыл

айтты. Мынау қатпар-қатпары көп тіршілікте адамның
сүйеусіз жөні түзу өмір сүре алмайтынын, өзінің мына
жұпқа қашан да бүйрегі бұратынын, екеуінің қуанышты –
жеңгенің мақтанышы, екеуінің қайғысы – Айшаның азабы

екенін пысықтады. Ең соңында ғана негізгі бұйымтайына
көшті. Сөйтсе, отағасысы ауырып жатып қалыпты.
Аяғы бастырмайтын көрінеді. Соған жаны ашып, маши-
на сатып алып беруді ойласа, мың сомы жетпепті. Ана-

– 102 –

дан сұрайды, мынадан сұрайды, таппайды. Әрі-сәрі күй
кешіп жүргенде, үйіне Мұрат келеді. Ол өзінің Көктал
бойын аралайтынын айтады. Отағасысы: «Тарт!» – дейді
бұйырып. Күйеу баласы мен қарындасының қысылғанда

қол ұшын беретініне сеніп қалыпты ол.
Ерлі-зайыптылар бір-біріне қарасты.

– Алыңыз, – деді Самат аз ғана үзілістен кейін.

– Онда он шақты күннің мұғдарында қайтып соғамын,

кәссіден алып, дайындап қоярсыңдар.
Машина қырды асып көрінбей кеткенде Бәтіш:

– Екеуі бір-біріне қандай ұқсас, аумаған бір адам! –

деді үлкен жаңалық ашқандай таңырқап...
...Бүйірі тағы да бүлк ете қалды. Иә, иә, бұл шыны-
мен бала көтеріпті. Осы күнге шейін айналып өткен
бақыт мына шаңыраққа да қонайын депті. О, жасаған, о,

жасаған! Жарық дүниеге ұмтылған сәби пайда болыпты.
Ол енді бөгелмейді. айқайлап келіп тіршілікті азан-қазан
етеді. Сенімнен айрылып сергелдеңге түскен, бостан-
босқа далақтап, ешқандай жақсылық таппаған анасын са-

басына түсіреді. Бәтіш осы сәтті күтті ғой. Сарыла күтті.
Жеті жыл бойы жетім қозыдай көрінгенге түртінгенде
тілегені сәби болатын. Жетті мұратына, жет-ті-і!
Келіншек бетін жуған жасын аңғармады. Жүрегі өрекпіп,

кеудесін кернеген шаттықты ерімен бөліскісі келгендей
қобдырай түскен шашын баспастан басын шұғыл көтеріп,
оң жағына қарады. Самат ата-анадан қағажу көрмей бұла
өскен баладай томпиып қана ұйқтап жатыр. «Ұйқтай ғой,

таңғы ұйқы тәтті болады!» – деді мейірімді анадай елжіреп.
Есіне екеуара қақтығысқан түн оралды. «Мен саған
ойыншық ойнау үшін үйленген жоқпын, білдің бе?!» Тұп-
тура осылай айтып еді-ау Самат. Сөйтсе ері тыныштықты

ойлапты, шаңырақтың шайқалмауын ескертіпті. Түсінген
адамға осы сөздің өзі жеткілікті сияқты. Ал бұл түсінді
ме? Ана жарқабаққа бір, мына жарқабаққа екі соғылған,
толғын қуған ескексіз қайықтай дірдек қақты. Қалт-құлт

– 103 –

етіп тұман арасынан сәуле іздеді. Таппады. Сол шақта
күйеуі сұқ саусағын шошайтып: «Жолың әне!» десе
қайтер еді? Кеткені ғой тоз-тоз болып...
«Бәрі түс болса екен, бәрі түс болса екен», – деді

келіншек іштей қайта-қайта күбірлеп. Мұрат та, аурухана
да, Айдармен ақпанның ақ түтек түні де елеске айналса.
Шындығында соған ұқсайды. Әйтпесе қайда сол сезімдер?
Жоқ! Ендеше ондайлар мұның басынан өтпеген. Жаңа сәл

қалғып кетті. Сонда көрді түсті. Ана жігіт те, мына жігіт
те далақтап Бәтіштің соңынан ерді. Оянып еді, жоғалды.
Дәл қазір іздері де білінбейді. Тауып алшы, көрегендігіңді
сынайын. Ештеңе жоқ қой. Міне, жүрегі алас ұрмайды,

сана да шамырқанбайды. Сенбейсің бе? Сенбей-ақ қой.
Келіншек біледі, бәрі түс. Самат екеуі кеше ғана үйленген.
Енді екеуінің ұрпағы жап-жарық әлемге талпынып жа-
тыр. Шығады да. Қара да тұр, сосын ойнақтайды. Өзінше

биікке ұмтылады. Мақсатына жетеді. «Мынау Самат пен
Бәтіштің баласы ғой!» – дейді сонда ел тамсанып.
Иә, иә, келіншек түс көріп оянды. Қандай қорқынышты
өзі?! Беті аулақ! Енді ондай қайталанбайды. Қылымсыған

сезім ешқашан алдын кес-кестемейді. Осы түйсінгендері
де жетер. Аудағы уақытта адам деген атқа лайық өмір сүру
керек. Отбасы кілтін ұстаған соң оның да ыстығына күйіп,
суығына төзу шарт. Бұл да сөйтеді. Күйеуін күтеді. Жеті

жыл бойы Бәтішті сүйеймін деп қыңыр тірліктің шырма-
уында қалған ері де қажыған шығар. Ол да көрсін мы-
нау қым-қиғаш әлем тәттілікке толы болатынын, татсын
бақыт дәмін, алсын өмірден өз сыбағасын. Ең бірінші –

келіншек Саматқа балдан да тәтті бала сыйлайды. Ұрпағы
оның өзінен аумай қалады. Бүйрек бет, салпы ерін, жау
қабақ бала, әрине, шаңыраққа думан әкеледі.
Бәтіш өз-өзінен мәз бола көрпенің шетін ысыра беріп

жоғарыға көз салды. Шығып келе жатқан күннің қып-
қызыл шапағы шаңырақтың жалаңаш сүйегін күрең түске
бояпты.

– 104 –

Келіншек енді жата беруді жөн көрмей орнынан тұрды
да, киініп сыртқа шықты. Шығыс тұстағы қыр басында
дөп-дөңгелек үлкен шар тұр. Өлі дүниені тірілтіп, әлсізге
қуат беріп, тіршілік майданына шығаратын, өмір көшін

жаңа белеске сүйрейтін тағы бір күн көкке иек артыпты.

– Қайырлы таң, жеңеше!

Белуарына дейін жалаңаш Айдарға басын изеді.

– Жаңа күнмен, қайным!

Жігіт күлімдеген күйі біраз жаттығулар жасады, со-
сын шығысты бетке алып жүгіре жөнелді. «Менің балам
да әкесі сияқты, мына Айдар сияқты есті азамат болады»,

– деп түйді келіншек жігіт соңынан қадала қарап тұрып.

Анау ұзағанда жерошаққа тезек қалап, от тұтатты.
Тымық ауаға тік көтерілген түтін де бүгін тым ыстық
көрінеді. Ол алғаш рет әйел екенін, мезгілмен санаспай-
тын қиындықпен қоян-қолтық араласып жүретін, сонда

да мойымайтын жаны сірі шопан әйелі екенін осы арада
түсінді. Сол сәтте бүйірі де бүлк етті.

– Мына бұзық қайтеді-ей?! – деді қуана күбірлеп, – әй-

әй, қияңқы боларсың...
Сәби ашуланғандай тағы да түртіп-түртіп қалды.

– Қойдық, көкетай, қойдық!..

Өз-өзінен мәз болып тұрғанда құлағына сылдырай
аққан су дыбысы шалынды. Сылқ-сылқ күлгендей ме-ау,
сыңғырлап маңайына сыр шерткендей ме-ау?!
«Бұлақтар күліп ағады екен-ау!» – деді Бәтіш абдырап.

Шынында бұлақтар күліп жатқан.

– 105 –

ДӨҢГЕЛЕНГЕН ДҮНИЕ

Абажадай бөлменің дәл төрінде тұрған әппақ жайма-
лы кереуеттің үстінде тыриып шал жатыр. Кезінде оның
еңгезердей жігіт болғанына сенбейтіндейсің. Етінен
арыған сүйектер сойдиып-сойдиып, онсыз да жұқа теріні

тесіп шығардай сыртқа тепсінеді. Дәл осы қалпында мына
денеге қараудың өзі қорқынышты.
Осыны өзі де сезіне ме, әйтеуір тәні күйіп жатса да
көрпесін ашпауға тырысады. Тек, жастық үстінде басы

ғана қылтияды. Онысы да оңып тұрған жоқ. Көптен
бері алынбаған шаш тікенектей тікірейіп солған жақ пен
шүңірейген көздерді үрейлі ғып көрсетеді.
Бұл Молдазайым болатын. Алғашқы ауырған сәтте

ілініп-салынып көшке ілескендей сыңай танытқан,
кейіннен оған да шамасы жетпеді. Ақыры төсек
тартқанына жиырма шақты күннің мұғдары.
Шындығында шал дәм-тұзының таусылғанын ұғады.

Ұғады да жарық дүниеде еншісінде қалған аз уақытқа
ермек іздейді. Бар қанағат етері – ой. Мұндайда ой
нөпірі төпеп-төпеп өтеді екен. Тіпті қайсысының етегіне
жармасуды білмей қаласың. Оның ішінде тәттісі де,

қорқыныштысы да бар. Қорқыныштысы табалдырығынан
енді-енді аттауға айналған "ол дүние" елесі. Өлімге қанша
мойын сұнғаныңмен тірлік дәні тамыр жайған мына
жарық әлемге не жетсін, шіркін!

Бір қызығы, соңғы күндері халын сұраушылар қатары
сиреп барады. Онсыз да қалжау жанды мазалағылары кел-
мей ауылдастары ауызғы үйден қайтатын секілді. Бұл да
азап екен. Өмір оты жанып тұрған көздерге қарап, солар-

дан нәр алуды қалаған шал көңілі осыған қамығады.
Қазір тіршілік хабаршысы – кіші ұлы Дәркен. "Әке,
жағдайыңыз калай? Жаныңызға не қажет?" – дейді ол әр
кірген сайын. Өзі әкесіне тіктеп карай да алмайды. Мына

алапатқа араша түсуге шамасы жетпегеніне налый ма,

– 106 –

әлде арыстай әкенің тозған шағын көрмеуге тырыса ма,
әйтеуір көзін қашқақтатып әлек.
Жалғыздық жабықтырған кездерде Молдазайымның
тағы бір тапқан ермегі бар. Ол дәл төбеде тұрған ноқат

сұлбасына үңілу. Соны алданыш тұтады, соған қарай-
қарай көзі талады. Бірақ, әлі айырған жоқ, не сылаққа
жабысқан шыбын, не қағылған шегенің орны болуға тиіс,
әйтеуір нақ төбеден айқын байқалады. Құдды, көңілге

түскен, кейіннен беріш боп қатып қалған нала сияқты.
Иә, көңілге нала түспесін де. Өйте қалған күнде өле-
өлгеніңше күрсініп өтуің әбден мүмкін...
Сайқал ойдың бодауына түсіп бара жатқанын сезіп

өзін-өзі әрең тежеді. Күндегісі осы. Жақсылыққа қаншама
талпынғанымен бұралаңға кептелгенін сезбей қалады.
Тек, шоқалақтай бастағанында ғана үзеңгімен алысқан
шабандоздай алақан ауырта тізгін тартады. Бір жақсысы,

асау ойы ырыққа әзірге көніп жүр. Ал түптің түбінде
ықты-жарды тыңдамай кетсе омақастырары даусыз.
Молдазайым кайтадан ноқатқа карады. Тапжылмайды-
ау, тапжылмайды. Ең құрымаса сәл тербелсе-ші. Жоқ.

Қиястықпен бір орынға жабысып алғандай. Осынысымен-
ақ мына дүниенің қаталдығын танытатын сыңайлы. Шал-
ды тосқан да осындай мызғымас қаттылық екені анық.
Молдазайым күрсінді.

Осы сәтті күткендей ортаңғы есік сықыр етіп ашылды
да, ішке Дәркен енді.

– Әке, жағдайыңыз қалай?

Шал жауап қатқан жоқ. Ыммен өзіне жақындауын
өтінді де, ұлы сыбдырсыз келіп орындыққа отырғанда ай-
тар сөзін ойланғандай бірауық қозғалыссыз жатты. Сон-
сын:

– Балам, – деді көкірегі қарс айырыла, – ендігі жерде

шындықтан қашып құтыла алмаспыз. Бүгін бе, ертең бе,
мен сендерге жоқпын. Оны өздерің де іштеріңнен сезетін
шығарсыңдар. Олай болса, дайындықтарың қалай?

– 107 –

– Әке-ау, бұл не дегеніңіз?

– Ел-жұрт алдында ұялмауларыңды ойлағаным.

– Сонда...

Молдазайым баласына жақтырмаған көзбен қарады.

– Әй, шырағым-ай, кәмпит беріп алдайтын бала

көресіңдер-ау. Одан да жан-жаққа хабар жіберсеңдерші.

– Аз-кем алқынысын басқан соң сөзін қайта сабақтады,

– Иә, иә, сөйтіңдер, айналайындар. Өкпешілер қалып

қоймасын.
Дәркеннің мұрыны қорсылдай бастап еді, әкесі бетін
тыжырайтты. Босаңдықты қаламағаны. Соны ұлы да
түсінді ме, бойын тез жиып ала қойды.

– Кім-кімдерге хабарлағанымыз жөн?

– Оны өздерің ақылдасып шешіңдер.

– Дәулетке телеграмма салайын ба?

Тұңғышының есімін естігенде Молдазайымның денесі
оқыстан дір етті. Төсекке құлағаннан бері жанын мазалап,
жүрегін жұлқыған, сондықтан да еске алмауға тырысқан
Дәулет алдынан тағы шықты. Неткен каныпезер еді, мына

сұм жалған! Тіпті, қашса да қоймады-ау. Тып-тыныш
өлмек еді, оған да ырық берер емес.

– Жоқ! – деді шал шаңқ етіп. Үні жер астынан

шыкқандай
бәсең естілді, – Балам-ай, тірлігімде сүйегіме таңба
салған сол немең өлгенде не оңдырар. Оны тізіміңнен
алып тасташы, – деді сосын шаршағандай талмау дауы-

спен.

– Айтқаныңыз болады!

Баласы шығып кеткен соң да шал жанында ойнаған
құйын басыла қоймады. Шыр айнала үйіріп іштегі барлық
қақ-соқты қобдыратып жатқандай. Осынысымен де: "Сен
енді мендіксің, айтқаныма көніп, айдауыма жүресің!" деп

бұйырады.
Молдазайым қасарысып бақты. Жылымға бір түссе
сонда көз жұмарын сезіп ойын басқаға аударуға тыры-

– 108 –

сты. Төбедегі ноқатқа үңілді. Одан түк шықпады. Көзі
қарыққан ба, алданышын таба алмады. Сонсын ауызғы
бөлмедегі күбір– сыбырға қүлақ түрді. Баласы бөлмеден
шыққанда есікті жаппай кеткен бе, бұл жолы адамдардың

өзара әңгімесі анығырақ естілді. Мамыражай бір кейіпте
өрбіген күйкі тірліктің қамы екен, ауызғы үйдегілердің
сөз қылып жатқандары. Ауа-райының қолайлығы, шөп
шығымының молдығы, мал қоңының жақсылығы –

бәріне сол жерде баға берілуде. Сүйрең-сүйрең еткен
бір келіншек, тіпті келер қыстың жайлы болатынын
әлдеқандай газеттен оқығанын да айналасындағыларға
мақтаныш үшін жеткізіп отыр. Құдды, табиғат кілті өз

қолында тұрғандай-ақ төндірте-төндірте сөйлейді.
Сөйткенше, сыртқы есік жұлқа ашылды да, ішке асыға
басқан аяқ дыбысы өтті.

– Бетім-ай, енді елге не бетіммен қараймын! Атасының

жатысы анау! Қу ғана қар-ай!..

– Жоқ жерден жау жеттілердей не көрінді-ей?!

– Сұмдық! Сұмдық болғанда да бұрын жұрт естімеген

масқара!

– Қой, жаман ырымды бастама...

– Ішім күйіп бара жатса енді не істейін!?

– Аптығыңды басшы, айналайын.

– Иә, босқа дабырлап Молдекеңнің мазасын алмайық.

– Жоқ деймін-ау, қу ғана қардың ісін айтамын-ау,

атасының жатысы анау, "бүгін бе, ертең бе?" – деп біздің
отырысымыз мынау... Байсырай қалғанын қарашы, ә?!
Қашып кетіпті-і-і!..

– Кім? Алтын ба?!

– Сол бетің тілінгірдің тап өзі! Анау-мынау ала қояйын

деп дүкенге барсам жұрт жапырлап...

– Мұнан өткен масқара болмас!

– Тс-с, Молдекеңнің құлағы шалмасын...

– Иә, иә, мынаны естісе онсыз да құр сүлдері қалған

жан күрт түсіп кетер...

– 109 –

Дауыстар бірте-бірте бәсеңсіп, бөлмені тыныштық
жайлады. Тосын хабар Молдазайымды есеңгіретіп таста-
ды. Басқадан күтсе де дәл мұндайды Алтынынан күтпеп
еді. Кемпірі екеуінің бауырында өскен қайран сүйікті

немересі! Ешкімге бетінен қақтырмаған бұлаң бауыр ет!
Ол да атасын өлдіге санаған ба?..
"Туған ұл безгенде немереден не қайыр!" – деді іштей
кіжініп. Сонсын тістеніп төбеге қарады. Ноқаты орнын-

да тұр. Қап-қара, ап-анық, бірақ шалдан басқаға елеусіз.
Ұлы кеткен, немересі безген, енді мәңгілікке айналуға
жақын қалған Молдазайым сияқты. Жо-жоқ, керісінше
шал ноқатқа ұқсайтындай. Енді аз күнде бұл өліп тынады.

Содан арғы жерде ноқаттан не айырмасы бар...
Ішін аш бөрілер жұлып жатқандай денесі тітіркенді.
Күнұзынғы тыншудан соңғы бұл қозғалыс Молдазайымға
жан бітіргендей. Талай күнгі аурумен алқын-жұлқын алы-

судан кейін бүгін таңертең шаншулар басылып, рахат бір
бесікке бөленгендей болғанда біткен шығармын деген
пенделік ой мойынсұндырған еді. Сөйтсе әлі де тірілер
сапында екен. Ендеше, тірлік шеруінен қалып коюға

бол¬мас. Көрсін, білсін бәрі де Молдазайымның өліммен
қалай алысқанын, өмір үшін қасқайып тұра білгенін...
Тым асығыстықпен алға аттанып бара жатқанын сезіп
ашуын кілт тежеді. Адуын толқынның ықты-жарды

тыңдамай, жолында кездескенді бұзып-жармай ықтиярға
көне койғанына да тәубе. Әйтпесе, қай жарға соғып, қай
тасқа жапсырып быт-шыт қылары, немесе қай қоқысқа
төңкере салары беймәлім еді.

Aз тыншып, өз көңілін өзі демдеген шал тағы да ауызғы
үйге құлақ тосқан, арадағы есікті әлдекім жауып қойған ба,
ештеңе ести алмады. Содан кейін жанына сондай жақын
болып кеткен ноқатқа жүз бұрды да, жатып қалғаннан бергі

айнымас серігіне айналған ойға тізгін берді.
...Тірлік заңы да қызық-ау, бойда қуат барда тәуелділік
дегенді білмейсің. Күшің жетпей тұрғанымен сана-

– 110 –

спай арыстанды ат қып мінгің, жолбарысты жүгендеп
қойғың келеді. Әрине, дәл осыңның бос қиял екенін және
аңдайсың, дегенмен қайтпайсың, көңіліңді елеспен демеп
алға аса бересің. Дәл осылай болмағанымен осыған жуық

күй кешетінің анық. Молдазайым да сөйтті. Барды қанағат
тұтып, жоққа мойынсұнбап еді. Енді, міне, аурумен арпа-
лысып жатып ошақ басын жайлаған өсекші әйелдердің
кебін кие есікке елеңдейді. Бұл, бәлкім, жеңілгенінен

шығар? Әйткенмен, мынау жарық дүниеде бір күн тұрған
жанға ермек керегін де естен шығармау керек қой. Ендеше,
тірі әруақтың тың тындағанын ешкім айыпқа бұйырмас.
Бір ойды бір ой қуып жанын қуырған сәтте айыптау-

шы да, арашашы да өзі. Пенде баласы емес пе, әлсіздік
танытқан тұста шыр-пыр етіп тегеурінді толқынға қарсы
шығады. Жыға ма, жығыла ма, ол жағын айырып ала-
тын шикі өкпе табылмағанына тағы қуанады. Қанша

айтқанмен адамға жеңілістен гөрі жеңіс қымбат қой.
Саусақпен санаса, Молдазайымның марқайған шағы
көп екен. Солардың ең бастысы туған ауылдың талай
бозбаласының сілекейін шұбыртқан Әпішті алып қашуы.

Қыздың ұр да жық ағаларынан тасаланып Есіл өзенінің
бойында жалғыз үй отырған нағашысының баспанасына ат
басын тірегенде өздерін тосқан қилы-қилы жолдар барын
екеуі де пайымдамаған. Ыстық сүйіс, тәтті сезім толқыны

саналарын тұмшалап, дүниеде тіршілік атты тайғанақ
өткел барын, сол өткелде әлі сан сүрінетіндерін, тайып
жығылатындарын көмескілендіріп жіберген. Бірақ, бұл
күй ұзаққа созылмады. Көңіл тояттаған бір шақта айнала-

ларына анықтап қараса тіршілік толы күйбең екен. Алқын,
шарша, тағдыр мүсіркемейді, қайта ез болсаң желкеңнен
тұқырта түседі, майып еткенінше және тоқтамайды. Олай
болса, серпілген жөн. Сөйтті де.

Дегенмен, бұл қуанышы да ұзаққа бармады. Оған себеп –
төңіректегі ауылдан шыққан сыпсың сөз. Оларға астыртын
тыңшылар ат ізін салыпты. Қашқындардың тұрағын тауып-

– 111 –

ты. Айтушылардың сөзіне қарағанда "қуғыншылар бүгін
тыныш аттанғанымен, ертеңгі күні не болары беймәлім".
Осыдан кейін қос мұңдақтың белгісіздік сапары
қайтадан жалғасты. Олар енді арттарына карайлаған жоқ,

күндіз-түні тарта берді, тарта берді, бастары ауған жаққа.
Ақыры Сарысу өзенінің теріскей бетіне табан тіреді.
Ол да бір ұмытылмайтын кезең екен-ау. Жолаушыны
жатсынбайтын, құдайы қонағына табылса тай, табылма-

са қой соятын, жымисаң бірге жымиып, жыласаң бірге
жылайтын кайран казақтар Молдазайым мен Әпішті ала-
ламады. Руын да, тегін де сұрамастан жаппа ұсынып,
жік-жаппар болды. Бүгінде қараса, сол жолы екі қашқын,

екі мұңлық есілсе есіліп, көсілсе ұялмай көсілетін ел,
қайратына жұрт тәнті болғанымен жетімдіктің жетесіне
жеткен Молдазайым жанашыр туыс тауыпты. Осы ауылда
отағасы атанды, осында ұл сүйді, кереге жайды.

Тұңғышы Дәулет туғанда есінен әбден адасқаны бар.
Адасқаны емей немене, басқарманың көлеңкеде байлаулы
тұрған атының шылбырын қиып тастап, бәйге күреңмен
ауылды шаң қылды. Иттерді абалатып, жолда кездескенді

домалатып, істемегені жоқ. Шауып жүріп бар айтқаны:
"Шүйінші! Ұлды болдым, шүйінші!!!" Әлі көз алдында,
жын қуғандай есіріп, ет пісірім уақыттан соң өз үйінің жа-
нына тоқтағанда анталай жүгіріскен адамдарда шек жоқ еді.

Ожар мінезді басқарма мұның жетпіс жеті бабасын түгендеп
жүрген. Тоқтау айтқан ауыл ақсақалы Әбілғазым болмағанда
Молдазайымды тірідей жеп қоятыны даусыз-ды.
Кейіннен соғыс басталды. Әпішін еңіретіп майданға

аттанды. Төрт жыл қырғында оқ қағар періштесі бар
екен, аман оралды. Сөйтсе, тағы бір батпан жүкті мой-
нына арта келіпті. Түсінгені – сонау кездерде өзі үшін,
әйелі үшін арпалысса, енді баласының жолына шыбын

жанды шүберекке түю керек екен. Сол тарықпасын, сол
құрбыларынан кем қалмасынмен жүргенде күрмеуге
келмейтін қысқа ғүмырды сарп етерін кім білген.

– 112 –

Сөйткен Дәулет...
"Атамнан әрі! – деді кіжіне күбірлеп, – Ол шіріген
жұмыртқа, жұ-мырт-қа-а!"
Өзін-өзі қайрауы мұң екен ширатыла бастаған ашуы

тарқатылғандай денесі жеңілдеп сала берді. Молдазай-
ым енді қол-аяғын қозғап көрді. Сап-cay. Іштегі жа-
лын да өшкен сияқты. Мүмкін осының бәрі түс шығар.
Бастығырылып жатқандықтан жайсызданып, содан әріде

уайым жеуі де мүмкін ғой... Сондықтан тұрса ма? Әуп!..
Басын көтере беріп сылқ етті. Жоқ, түсі емес, өңі.
Ауруы да аян. Айтып келген өлімнің нағыз өзі. Қандай
қорқынышты! Жарық дүниені қияр сәтті тосу неткен азап!

Мүмкін бүгін, мүмкін ертең аттанар. Ой-ой жалған-ай!..
Қайтадан ноқатқа жүз бұрды. Көзі талғаннан ба, әлгі
қарайған дірілдеген сияқты ма-ау, қозғалған сияқты ма-
ау, әйтеуір орнын ауыстырғанға ұқсайды. Әлгінде ғана

ток өтетін сымнан сәл алшақтау тұрғандай еді, енді сол
сызыққа тақала түсіпті. Мүмкін жан біткен шығар? Бүгінгі
заманда жансызды жандандырып, жолсызды жолға ай-
налдыру таңсық емес қой. Озық ойлы данышпандардың

тек бір-ақ нәрсеге шамалары жетпей қойды. Дәл мына
алапат ауруға шамалары келмейді-ақ. Өкініштісі сол ғана.
Әйтпесе, жарық дүниеде әлі де бірер жыл тұра тұруға
Молдазайымның да құқы бар еді де...

Тіршілік-ай, қандай тәттісің! Азабыңмен азаматты
тұқыртсаң да шекерсің ғой сен. Адамның құлап жатып
талпынатыны, жер бауырлай алға жылжитыны содан бол-
са керек. Кермекті көп татқанға тәттінің дәмі елден ерек

көрінеді. Соған мына шал да құнықса несі айып!?
Сараласа Молдазайымның омақасқан тұстары да
көп екен. Біріне өзі кінәлі, екіншісіне өзге ортақ кез-
дер де кездесті. Өзің шалынысқан кедергілерді қойшы,

санаңды шайып, шел біткен көзіңді ашады, бәрінен
қиыны басқаның тұзақ құрғаны екен. Мұндайды да ба-
стан өткерді-ау...

– 113 –

Соғыс басталардан сәл бұрын болатын. Көже-қатыққа
жарап жүрген сиыры өрістен келмей қалды да, Молдазай-
ым іздеуге аттанды. Қоңыр күздің қақ-соқты күндерінің
бірі еді. Толассыз жауған жаңбырдан жердің ойран-

ботқасы шығып жатқан.
Aнa төбеге бір, мына төбеге екі шығып табанынан
таусылған ол көз байланып кеткенде еріксіз кері бұрылған.
Ауылға жақындағанда қиямет істің үстінен түсті. Әлдекім

мықшыңдап қол арбаны бүгежіктей сүйреп барады. Артқы
тұсы қойма да, бет алысы үй-үйдің арасы.
Алғашында аңырып қалған Молдазайым мына түнгі
жортуылдың тегін емес екенін сезіп, қолма-қол бір

шешімге бекінді де, әлгі қарайған сұлбаны қуып жетті.
Байқаса – аузында алласынан гөрі ойбайы күштірек
жүретін ақсақ Бәйкен екен.

– Ассалаумағалейкум, Бәке, – деді жасы үлкен жанды

жүрісінен таныған Молдазайым қаттырақ дыбыстап. То-
сын үннен шошынған Бәйкен "Астапыралла" – деп қол
арбасының жетегін жерге тастай салды да, жалт бұрылған
күйі қатты да қалды.

– Есенбісіз, Бәке, – деді Молдазайым, қарсыдағы адам

көрмесе де жылы жүз беріп, – Иә, жолыңыз болсын!
Сонда ғана есін жиған Бәйкен күлгенге ұқсайтын жіп-
жіңішке, шиқылдаған дыбыс шығарды.

– Аспан ашық, күн жарықта күркіреген күн бе десем,сен

екенсің ғой, Молдазайым...

– Бізбіз ғой, Бәке, соның дәл өзіміз.

– Иә, түнделетіп қайдан келесің?

– Сиырым өрістен қайтпай...

– Е,е, сиырдан қасақы мал бар ма, жер бетінде? Жүрген

шығар, бір ойпаңда, табылар...

– Табылуын табылар-ау, дегенмен дәл бүгінгі ызасы

өтіп-ақ кетті, қарасан келгірдің. Іздеймін деп табанымнан
әбден таусылдым...

– Күн-райының өзі оңып тұрған жоқ, әрине, қиын.

– 114 –

– Соны айтамын да.

Бұдан әрі екеуі бірауық үнсіз қалды. Молдазайым
қараңғыда ештеңені айырмаса да, біресе қоймашы шалға,
біресе қол арбаға көз қырын тастады.

– Иә, Бәке, өзіңіздікі не жортуыл, түнделетіп қайдан

келесіз?

– Мен бе? Еһ... еһ... Қойма жақты бір шолып қайтайын

деп... Кім біледі...

– Сіз де уайымшыл екенсіз.

– Қазақтың "Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме –

бөрік астында" деген мақалын естімегенсің-ау, сірә да?
Бәйкен тағы да шиқылдай күлді.

– Естуін сан естіген дүниеміз. Сөйткенмен, жапанда

жатқан бұл ауылға кім келе қоймақ, кім шаба қоймақ мы-
надай қақ соқта?

– Адам бар жерде алаң-бұлаң бола береді, жарқыным!

– Жарайды, бұған да келісейін. Апақ-сапақта айдалада

айтысқанымызға не жорық? Мына арбаңызды жеткізісіп
салайын?

– Жо-жоқ, айналайын, өзім-ақ! Тәйірі, осы да сөз бе,

біздей азаматтарға, жолыңнан қалмай-ақ қой!
Қоймашы шалды көргенде алғашқы беттегі күдігі
басылған Молдазайым ықты-жарды тындамай қол арбаны
итеруге ыңғай танытқанда қолына кенеп қап тиіп қайтадан

секемденді. Сипалап байқаса ішіндегісі дән сияқты.

– Бәке-ay, мұныңыз не, ел ырысын тышқаншылағанда

не таппақсыз? – деді дауысы дірілдей. Сол-ақ екен Бәйкен
көз ілеспес шапшаңдықпен шоқаңдай жетті де, мұның
білегінен ұстай алды. Өзі алқына тыныстап тұр.

– Шығарма дымыңды, кірме ит! Дәл осы сәт "а" деп

аузыңды аштың бар ғой, аяғынды аспаннан келтіремін.
Солай!
Ақсақ шалдан дәл мұндай батылдықты күтпеген Молда-
зайым алғашында абдырап қалғанымен, сәлден кейін бой-

ын жиып алды да, тістеуіктей қысқан қолды серпіп жіберді.

– 115 –

– Бәке, сіз ұры ма едіңіз?!

– Жап, дедім ғой аузыңды, кірме ит! Егер есің барда

елінді таппасаң күшіктей қыңсылатамын!

– Сонда қайтіп?

– Кәдімгідей! Ойлан, ойлан да мына арадан тез тайқи!

Әйтпесе, түрмеде шірисің. Қорқытқаным емес, шыным,
қатының мен балаңды танымайтындай боласың.
Енді Молдазайымның қаны қызды. Мына шәуілдеген
қандендей немені бүріп тастау ойына түскенімен ондай

бассыздыққа тағы бармады. Қашанғы сабырлылығына
басып, қарсыласын жөнге шақырды.

– Бәке-ay, мұныңыз не? "Ел-аман, жұрт-тынышта" жаға

жыртысатындай не қара басты, сіз екеуімізді? Сіз де ақылға
жүгініңіз. Мына дәнді қоймаға қайта алып барыңыз. Сөйтіп
"жабулы қазан – жабулы" күйінде қалсын.
Молдазайым осы арада бірінші рет қорынды. Ұрыны

ұры демей мәймөңкелегені қай сасқаны? Әлде, өзін
мына дүйім елден даралағаны ма? Жоқ, өйтуге ешқандай
қақысы жоқ. Қаңғып жүргенінде сая болған ауыл өз ау-
ылы, сондықтан оның ырысын босқа шашқыза алмайды.

Оған ары жібермейді.
Осы ойға бекінген Молдазайым:

– Бәке, мына қапты қоймаға еркіңізбен жеткізесіз бе,

әлде дүйім жұрттың алдында масқараңызды шығарайын
ба?! – деді түйіліп. Ақсақ шал айылын жимады.

– Тантыпсың! – деді шіңкілдей.

– Пайғамбар жасындағы адамсыз, тағы қайталаймын,

көніңіз ырыққа!

– Отта! Оттай түс!

– Көнбейсіз,ә?! Көнгіңіз келмейді... Жарайды, онда

басқа әрекетке барамыз!
Ендігі жердегі сайқымазаққа төзбеген Молдазайым
Бәйкенгe ұмтыла берген еді, анау балдағын сонадай жерге
лақтырып тастады да, байбаламға басты:

– Аттан! Аттан! Ауылымды жау шапты, аттан!!

– 116 –

Дәл осы сәт есіне түссе ұйқысынан шошып оянатыны
бар. Бәйкеннің шұрқырай шыққан дауысына жиналған жұрт
басқаға емес, дәл Молдазайымға ұрыдай оқшия қара¬ған.
"Қойманы бақылап қайтайын деп келе жатсам алдымнан

мынаның кездесе кеткені. Ұрлап барады екен. Тоқтатпақ
болған мені кылғындырып өлтіріп жібере жаздады. Әлім
жетпейтінін сезіп сіздерді көмекке шақырдым, халқым!" –
деп қолды-аяққа тұрмай тызақтаған Бәйкенге жандары

ашып, қызба жігіттер мұны желкелеп те алған. Араға тағы да
ауыл ақсақалы Әбілғазым араласпағанда істің насырға шау-
ып кетуі мүмкін еді. Ашулы топтың ықты-жарды тыңдамай
Молдазайымды майып етуі ғажап емес-тін.

Содан тексеріс басталсын, содан сүйретпе көбейсін.
Ақырында біраз уақыт темір торлы терезенің арғы
жағында отырып қайтты. Таққан айыптың дәлелсіздігінен
босады. Мүмкін Әбілғазымның араласуының шапағаты

да тиген шығар. Ол бір жаратқанға ғана аян. Әйтпесе,
тескен тау асуы бір шалдың айтуынша "ол – құдайдың
бірлігіндей" болатын.
Әділетсіздікке жаны жабығып, жүрегі күйіп ауылы-

на жеткенде Молдазайымның мыйын тескен бір-ақ ой
тұрды. ''Тезірек көшу керек, мына күйелі өңірден", – деп
шешкен. Әйткенмен, әйел, балаларымен қауышып, ыстық
шәй ішіп отырғанында Әбілғазым үстіне кірді де, барлық

жоспарын күл-талұан етті.

– Айналайын, Молдазайым, – деді қария қашандағы

әдетімен әппақ қауға сақалын сәнді сауа, баппен сөйлеп,–
мен саған ақыл айтуға, не жол мен жөн көрсетуге келген
жоқпын,ақсақалдық басымды алдыңа иіп кешірім сұрауға
келдім. "Бір биеден ала да, құла да туады," деген сөз бар.

Ал, біреуден осындай туса дүйім елден қандай шықпақ?
Іргеміз ірімеген ел едік, бүгінде жеріп жүрген жайым
бар. Әпішті келінім, өзіңді інім санағанмын. Арамызға
қылау түсті. Оны баттитып қою да, сылып тастау да сенің

қолыңда, Молдазайым. Кессең басым, міне!

– 117 –

Осыдан кейін көшіп көр. Молдазайым жылы орнын су-
ытпады. Әйткенмен сергелдеңге салған уақыт нөпірі сана
саңылауын толтырғаны да ақиқат. Осы оқиға барысында
мұның бір ұққаны: адам баласына жазықсыз күйе жағу

барып тұрған ант ұрғандық болса, бас пайдаңның қамы
үшін басқаны шырқырату кешірілмес күнә екен. Талпын,
ұмтыл биігіңе, дегенмен ешкімге қиянат жасама. Әділ
бол, әділет қана мұратыңа бастай алады.

Қалған ғұмырында ұстанған жолы да осы. Әсіресе,
төзбейтіні жылтырақ үшін жылымға айалғандар. Олар ұят,
ар атты қасиетті үғымды табанға таптап, адамнан айуанға
айналғандар болып көрінеді. Берсең – жағасың, бермесең

жамансың, ондай шіріген жұмыртқаларға. Тұңғышы
Дәулеттен де сол үшін безінді. Кіндігінен шыққан ұлға әлі
күнге рай бермейтіні осыдан...
Ту-у, есіне тағы да Дәулеттің оралуын қарашы. Ойы

айналсоқтап келіп соны табуға үйір-ақ. Құдды, маңайына
арқандап қойған ат секілді. Қаққан қазығы – ұлы. Сол
қазықты сағалап шыға алмайды. Неліктен? Аңғарып
жатқан шал жоқ. Көңілінен біржола бұл есімді өшірдім

деп есептеп еді. Төсек тартқаннан бері әлдеқандай сұм
жылан қақшаңдай бас көтеріп, сумаң-сумаң етеді. Оның
қашан тыншыры белгісіз. Бәлкім, қара жердің суық
құшағына бойын жасырғанда басылар...

Қара жер... Кімді алмады құшағына. Ақты да, қараны да
талғамастан жұтып жатыр. Сонда да қыңқ етпейді. Ұлының
ұлылығын ашпайды, сайқалдың сайқалдығын тағы шаш-
пайды. Осынысымен тірлік теңізіне қайығын түсірген адам

атаулыны тыныштыққа шақырғандай. Бірақ қара жердің
осы ұлы ниетін үғатын сана бар ма? Бар деуге де, жоқ деуге
де болады. Себебі біреулер адалдыққа жүгінсе, екіншілері
оның аяғынан шалып қалуға тырысады. Әбілғазым мен

Бәйкен, Молдазайым мен Дәулет сияқты. Алғашқы екеуі
әлдеқашан дүние салған. Жердің бетінде сиыспап еді, астына
түскелі тып-тыныш. Бітіспес жүректерді өлім ғана бітістіріп,

– 118 – түсініспес көңілдерді көр ғана түсіністіргендей. Олардың соңынан бүгін бе, ертең бе, Молдазайым да аттанбақ. Сосынғы жол, әрине, Дәулеттікі екені даусыз. Осындай ақиқатты біле тұра адамдар аз ғұмырды неге сергелдеңге салады екен, ә? Бір күнгі жарықты қадір тұтпай, мәңгілік қараңғыға жанталаса асығатындары несі? Жұмбағы көп қайран өмір. Сені әділетсіз десе ақтың ауылын жоғалтып алар, ал басқаға жорыса тіршіліктің тәтті дәмі тамсантып талғамын жояр. Әйтеуір, ғүмырдың ұлылығын, оған түсер соқпақтардың жоғалмайтынын біледі. Ләйім, соған жазсын! ...Соғыстан оралғанда ауыл жаңалығын естіп Молдазайымның төбе құйқасы шымырлаған. Баяғы Бәйкен колхоздың басқармасы екен. Қолына ерік тигесін аясын ба, ер-азаматсыз қалған ауылдың шікірі атанған да қойған. Қатын-қалаш басқарманың жел жағына шыға алмайды. Ақсақтың аты аталғанда бесіктегі бала да жылағанын кілт доғарады. Басқасын қойшы, алпыстан асқан бетпақтың ұялмай-қызармай бойжеткені бар үйдің терезесін түнделетіп қағатынын қайтерсің. "Ит жоқ жерде шошқа үредінің" кебі келген де қойған. Молдазайым басқарманың катыгездігін майданнан оралған алғашқы күні-ақ көрді. Кешкілік үйге есікті жұлқи ашып Бәйкен кірді. – Әй, – деді ол амандық-саулық сұраспастан, – естідім, үйіңе түскелі табаны күректей тоғыз сағат уақыт өтті. Неғып шалжиып жатырсың, ә! Әлде немістермен соғысқан жалғыз сен бе едің! Байқа! Аш көзіңді! Біз де мұнда ерігіп жүрген жоқпыз! Қазір қауырт науқан. Егінді салып біте алмай біз жанымызды шүберекке түйеміз, бұл жатады!.. Дабай,тұр, қырмандағы қатындарға көмектесесің. Аспанның сұрқы жаман, тұқымды жаңбыр шайса шаруамыздың біткені. Дабай, дабай, жинал! Бас жоқ, көз жоқ дікілдей жөнелген ақсақтың мына қылығына ызаланған Молдазайым тоң-торыс күйде теріс аунай берген еді, басқарма шапши жөнелді.

– 119 –

– Әй, тұрасың ба, жоқ па?! Осыдан дәл бүгін қырманға

бармадың бар ғой, құдай біледі, контра деп милисаға арыз
айдаймын. Сонсын өз обалың өзіңе! Үйреншікті түрмеңде
шіритін боласың! Кірме ит, бұл да
қиқаңдайды, ә?! Қиқаңдатамын! Баяғыңды қосып,

көзіңе көк шыбын үймелетейін!..
Дүниедегі ең қиыны өзіңді өзің қарадан араша-
лай алмауың екен. Бәйкен өткен шақты есіне салғанда
Молдазайымның денесі мұздап қоя берді. Орнынан қалай

созалаңдап тұрғанын, сонсын киінгенін, сонсын қырман
жаққа барғанын білмеді. Әйтеуір, әйелдердің арасында
берзент жабу тасып, ашық алаңда жатқан тұқымдық би-
дайды жауып жүргені еміс-еміс есінде. Бәрін тамамдап,

төсегіне құлағанда жүрегін бір қыжылдың жайлағаны
шындық. "Есің барда еліңді тап, -деген бір ойы, – Қанша
айтқанмен қаны бір туыстарың кезіндегі бір еркелігіңді
ұмытқан шығар. Әпіштің ағайындары да бәрін кешіруге

тиісті." Осыған илігіп бара жатса екінші бірі сумаң етеді:
"Сенде қандай ел, қандай туыс бар еді? Қаңғып жүргенде
қатарға қосқан мына ел – елің де, мына жұрт туыстарың.
Оның үстіне балаларыңның да кіндік қаны тамған жер

осы. Ендеше, едіреңіңді тұсап, жылы орныңды суытпа".
Ақыры соңғы ойдың ығына жығылды. Сөйтіп, өз ба-
сын Бәйкен пәтшағардың ырқына байлап берді.
Майданға ауылдан аттанған отыз адамнан оншақтысы

ғана тірі оралғанда күшке күш, сәнге сән қосылып, дүние
дөңгеленіп жүре берген. Күзде Бәйкеннің орнына басқа
басқарма сайлап және думандатқан.
Әй, алдамшы жалған-ай, сөйткен Бәйкен де дүниеден

озды. Тірісінде тінтініп жүретін неме өлгенде де
тыныштықты шайқап-шайқап жіберді. Мәйітті жерлейтін
шақ туғанда обырдың оңбайтын қылықтарынан жиренген
жұрт сырт берген. Бірақ араға тағы Әбілғазым араласты.

– Халқым, – деді ол күңірене, – қайт райыңнан! Өлікті

сыйлау парызымыз. Тіршілігінде істеген қиянатқа өлген

– 120 – тән жауап бермейді. Ендеше, қарайған көңілді жуып, түскен дақтан жандарыңды аршыңдар да, бейбақты арулап жерлеуді ұйымдастырыңдар. Туғанда ол адам болатын, келе-келе пенделікке бой ұрды. Ал, қазір ше? Қазірде де шоқалақ болсын, сор болсын, әйтеуір өз жолын жүріп өткен адам. Мына жарық дүниеден пәтуа таппай кеткен мұңдақ. Ендеше безінбеңдер, бедіреймеңдер, аза тұтып жерлеңдер. Үлкеннің сөзін жерге тастамаған ауылдастар Бәйкенді арулап қойды. Еркектер аянбай-ақ қолғабыс жасап, әйелдер жағы жоқтау айтты. Дегенмен, осының өзі жасандылықтың бояуын жасыра алмады. Жасанды ғұмыр иесінің соңғы алған еншісі заңдылық сияқты көрінді, Молдазайымға. Сөйтіп, Бәйкен жерленді, ал арамдықтың тамыры кесілді ме? Жоқ. Жайқалған теректер арасында өскен тікенек секілді бірде табаныңа кіріп, бірде киімдеріңді жыртып әлі де мазаны алып тұрады. Жаралап қана қоймай, тәніңді ушықтырып, жаныңа тыныштық бермейтінін қайтерсің! Өзгенің бақшасы емес, өз аулаңнан да ондайдың табылатыны ғажап дүние. Абайлап-ақ жүрсең де тыз етпе тікен, тіпті төріңнен де ұшырасады. Былқылдақ кілемді басып келе жатып жараланам деп кім ойлаған. Әйткенмен, жазмыштан қашып құтыла алмайсың. Өлерінен аз бұрын Бәйкеннің Молдазайымды шақыртып алдырғаны бap. Барды. Төсекте жатқан жан мұны көргенде кәдімгідей әлденіп, жастықтан басын көтере бере: – Әй, – деді шаңқ етіп, – әлденеден дәмеленіп қимаң қышымасын! Meн сенен кешірім сұрамаймын! Байқады, Бәйкеннің екі ұрты суалып, көзі шүңірейіп кетіпті. Жанарында бұрынғыдай жылтыраған ұшқын жоқ. Шақша басына біткен селдіp шашы шабылған сұйық шөптей әр жерге тарай-тарай жығылып, жып-жылтыр кұйқаны жасыра алмай тұр. Шикіл сары өң бозғылт тартыпты.

– 121 –

– Ондайды ойлаған емеспін, – деді Молдазайым

естілер-естілмес. Мұндай жауап күтпеді ме Бәйкен сәл
бәсеңсіп,жанында жатқан құрақ көрпені нұсқады, әріде
өзінің әлсіздігіне күйінгендей көзін жұма беріп, қайтадан
жастыққа жантайды.

– Молдазайым?

– Әу...

– Осы ауылда тыңдар құлақ құрып қалғандай сені неге

шақырттым, білесің бе?

– Жоқ.

– Білмейсің, ә? Әрине, білмейсің. Өйткені сен... –

Сөзінің аяғын жөтел бөлді. Бірауық күркілдеген Бәйкеннің
жүзі қызарып, маңдайынан шып-шып тер шықты.

– Сен менің ермегім едің...

– Не, не?! – деп сұрады Молдазайым ананың нені

меңзегенін түсінбей. Енді Бәйкен шиқылдай күлді.

– Саңырау емеспісің?

– Жоқ.

– Ендеше, не естісең сол. Сен менің ермегім

болатынсың. Жалғыз сен емес, барлық ауыл адамдары
ойыншығым еді. Иә, иә, одан артық теңеу таппайсың.
Ойыншық! О, менің жанды қуыршақтарым, егер бәрің
болмағанда мен баяғыда өліп қалар едім! Өмірімді

ұзартқан да, қысқартқан да сендерсіңдер! Осы жасқа
жеткенім – көп ойнағанымнан, осы жаста өлетінім – менің
бәріңді көргім келмейді, көргім-м-м-м!..
Бәйкеннің жаймашуақ басталған үні не күлгенге, не

жылағанға ұқсамайтын жабайы шыңғырыспен аяқталды. Ол
көрпесін бетіне бүркенген күйі аунақшып біршама жатты.
Жат үннен шошынған үйдегі тағы бір жан – Бәйкеннің
шүйкедей кемпірі шегіншектей-шегіншектей босағаға

жетіп қатып қалыпты.
Молдазайым отырған орнынан тыпыр етпеді. Жүзі бір
қуарып, бір сұрланып, көзін алдындағы бейбақтан аудар-
мады.

– 122 –

Бәйкен біраз дөңбекшіген соң басылғандай сұлқ жат-
ты да, әлден уақытта басын көтере берді. Сәл сырылған
көрпеден ашық қалған қушық иығы селк-селк етеді.

– Сендер көпсіңдер, мен жалғызбын. Бірақ, жеңілмедім,

жеңімпаз да атанған жоқпын. Ішімді кім ақтарды, жаным-
ды осы топтан кім түсінді? Ешкім ұқпады. Білесің бе,
сендерден нені кызғандым? Білмейсің... Өлемін, бүгін
бе, ертең бе жанарымның сәулесі өшеді. Мүмкін топырақ

саларсыңдар, мүмкін... Өкінбеймін. Мені тыншытпайтын
бір-ақ нәрсе бар. Ол – ұрпағымның жоқтығы. Сонсын
көңілімді дүниеге аудардым. Тышқаншылап жүріп жина-
дым да. Әй, қатын, ана сандықты ашшы?

Сөз өзіне бағытталғанда кемпір селк етті де Бәйкенге
біp, сандыққа бір қарады.

– Ей, неғып сөлмірейіп тұрсың, аш сандықты!

Өзі қалт-құлт етіп әзер жүрген кемпір шалының
жастық астынан шығарып, лақтырып жіберген кілтін
алып, қақпақты аша бастады.
Молдазайымның мұндайды бірінші көруі. Сандықтың

біp бұрышы толған ақша екен. Бума-бума он теңгелік, жүз
теңгелік қағаздардан көз тұнады.

– Mінe, менің өмірім де, ұрпағым да, – деді Бәйкен өз-

өзіне риза кейіппен жымиып. – Көріңдер, көріп қалыңдар.
Мен сендер сияқты көрінгенге телмірген сорлы емеспін.
Қаласам аспандағы айды да сатып ала аламын. Ал, енді
сандықты жап та, кілтті бері таста!..

Кілт қолына тигенде сәбиді аялаған анадай елжіреп
кеудесіне қысты.

– Молдазайым?

– Құлағым сізде.

– Айтпағым көп еді, бірақ бәрін аша алмаймын. Өйткені

жеңілгім келмейді. Сені шақыртқаным... Керегі жоқ.
Тек есіңде болсын – мен өмірде жалғыз емеспін. Мына
Бәйкеннен құтыларсыңдар, әйткенмен басқа Бәйкендер
әлі ондап, жүздеп кездесер. Сол шақта мені еске алып

– 123 –

жүрсеңдер мен соған да разымын. Бар айтарым осы. Енді
отырма, бара бер...
Осы кездесуден үш күн өткенде Бәйкеннің үйі өртенді.
Тағы екі күннен кейін өзі көз жұмды.

Пай-пай, жалған-ай десеңші! Адам дүниеге шыр етіп
келгенде-ақ өз үнін айғақтап, өз пенделігін жариялап
тұрады екен-ау. Жолында тосқан кесір бар ма, кесапат бар
ма, оған да карамайды, содан кейін шапқылайды дерсің.

Сондағы көздегені не – ақтық па, алпауыттық па? Пай-
ымдамайды да. Оған алға қарай ентелей берсе болғаны.
Өзегін өртеген от та, өкпені шарпыған шоқ та сол жолда
байыз тауып, қоламтаға айналып қала бермек.

Қоламта демекші... Мына пәниде кім мәңгілік? От
өшеді, тас үгітіледі, жан-жануар алмасады, адам да дәм-
тұзы таусылған шақта мәңгі мекеніне аттанады. Сонда,
ойлап карасаң, мынау әлемде бір-бірімен сиыспаған жан-

жәндіктің тоқайласар, дамыл алар тұсы да тыныштык елі
екен-ау. О, жасаған, сана-сезімі, ой-өрісі кемеліне жеткен
адамзаттың дәл осыны ғұмыр үстінде түсінбегені-ау, ә?..
Туасың, тырбаңдайсың, тұрасың, жүгіресің – бәрібір түптің

түбінде бір тыншисың. Табатының – жер, бұйыратыны –
топырақ. Етің іриді – топыраққа сіңеді, сүйегің қурайды –
жер қабатында қалады. Ендеше, адамның жерден шықты,
топырақтан жаратылды дегені де қисынға келіп тұр. –

Өйткені, асырайтын да, қабылдап алатын да сол. Адам ата-
улы осыны түсініп, осыған неге ғана мойынсұнбайды екен?
Молдазайым ноқатқа көз жіберді. Бәз-баяғы қалпы.
Ең құрымаса көңіл арбап бір қозғалса-шы. Тірі дүниенің

түртінген тірлігін айғақтар жыбырдың өзі дәтке қуат
екен-ау. Мына қарайған пәле соны төсекте жатқан шалға
қимағандай ма?..
Ұзақ үңілді. Жанары талған сон ғана кірпік қақты.

Сонсын қайта қарауға батпады.
Ауызғы бөлме жақтан құлағына дабыр-дұбыр шалын-
ды. Жиналған жұрт әлдененің қам-қарекетінде сияқты.

– 124 –

Сыңсығандай ма, әлде өксігендей ме, үзік-үзік жайсыз
дыбыс жеткендей болды.
Ә – ә, жаңа есіне түсті, шал мен кемпірдің бауырын-
да өскен Алтын өзгенің табалдырығын аттады деген

сияқты еді... Қағыс естімесе әлгі бір әзірде сондай хабар
естілгендей-ді. Ендеше мынау келіні, яғни қыздың туған
анасының үні. Сорлы-ай, екі оттың арасында қалғандай
күй кешіп отырған шығар. Қанша айтқанмен "іштен

шыққан шұбар жылан" ғой. Қимайды-ақ, дегенмен, табиғат
заңымен қарсыласу қайда-а. Қазақтың жол-жоралғысымен
соңынан қуып баруға да ниеті ауған шығар. Өйтуге
тағы батпайды. Атасының жатысы мынау. Оның үстіне

жайшылықта жер қозғалса қозғалмайтын, ал бір түйілсе
түйені түтіп тастардай болатын ноқай ұлдан жасқанар. Ол
да қазір жүрген шығар қабағынан қан жаудырып. Бәрінен
сол қауіпті. Дәл мынадай хал үстінде ешкімді мүсіркемесі

де, кешірмесі де аян. Туған баласы тұрмақ әке-шешесін
шалт басса көрмей кетуге бар бірбеткей баладан бәрін
күтуге болады. Шалдың осы күнге шейін таң қалатыны

– бір кіндіктен тараған екі ұлдың екі жақтылығы. Дәулет

інісіне кереғар. Ол көнпістіктің көлбеуіне байланған жан
иесі. Әщады әйелдің ырқынан шықпайтыны сондықтан...
Ойы тағы қайда бастады? Қой, көзі тірісінде әке мен
бала арасын ашпай-ақ қойсын. Қыз кетсе – өз жұртын

тапты. Oның несі айып? Бүгін бе, ертең бе, бұйыртқан
босағасын бәрібір аттайды. Ендеше...

– Дәркен... – деді әлсіз дыбыстап. Арғы жақтан жауап

болмады.

– Дәркен! – деді әріде күштене. Сонда ғана арадағы

есік баяу ашылып, баласының сұлбасы көрінді.

– Әке, шақырдыңыз ба?

– Бepі жақында.

Баласы
ағаш
кереуеттің
жанында

тұрған
биік
орындыққа жайғаса беріп әкесіне ықылас аударды. Мол-
дазайым сөзін бірден бастап кеткен жоқ. Ұзақ сапардан

– 125 –

сағынып оралған жолаушыдай Дәркеннің өн бойына
біршама уақыт көз тоқтатты. Жаңа байқады, қырықтан
енді асқан ұлы шay тартып қалыпты. Шойын қараның
өңіне әжім түсіпті. Әкесіне тартқан қабағының ашы-

ла қоймағанына қарап, ұрпағының кейінгі күндері
қажығанын сезді. Табақтай бетінің оң жақтағы ұшына
біткен бармақтай қалдың түктері тікірейіп тұр. Әлденеге
қапаланғанда өститін. Енді қайтсін, әкенің жатысы мынау,

баланың қылығы анау, ойламайды деймісің, әрине қиын
тиіп жүргені сөзсіз.
Бәрі қызық қой, әлдеқандай тосын көз: "Балаң аузыңнан
түскендей екен", – десе марқайып қалатын. Шындығында,

осы Дәркеннің бет-пішіні, қара-тұлғасы өзіне тартты.
Сүйегі ірі, иықты, батыртектес пішінге қарап тұрып-ақ
тойғандайсың. Сәл бұйралана біткен көмірдей қара шашы
қандай жарасымды, шіркін! Осындай жар тапқан келінде

де арман жоқ шығар.
Дәркеннің
мінезі
ғана

әкесінен
бөлектеу.
Нағашыларынан жұғысқан ба, әйтеуір кей-кейде дауылға
айналып сала береді. Ондайда... Алла сақтасын, қарсы

келтірмесін. Молдазайымның бір сүйсінетіні, адуын-
ды бола тұра баласы ешқашанда өзінің бетіне келмепті.
Осындай ұлдан айналып кетсе болмас па!

– Әке, жайша шақырдыңыз ба? – деп сұрады ұлы өзіне

тесіле қалған әке жанарынан жасқанғандай қозғалақтап.

– Жайша, – деді Молдазайым ойын кілт үзіп, сонсын

қолын көрпе астынан жайлап суыра берді де, еті қашқан
қу сүйекті баласына көрсетуге қорланды ма, қайтадан ты-
ныштала қалды.

– Балам, ауырсынбасаң келінді де, басқаларын да

шақыршы?
Дәркеннің бөлмеден шығуынан қайта кіруі тез болды.
Соның артынша ауызғы бөлмедегілер топырлай ішке өтті.

– Алтын қайда, араларында жоқ қой? – деп алдаусыра-

та бастады сөзін, Молдазайым.

– 126 –

Ешкім жауап қатқан жоқ. Бәрі көздерімен жер
шұқысты. Біріне бірі ұйлығыса, бірінің тасасына екіншісі
жасырынуға бейім.

– Жасырасыңдар, ә?

Күші жетпесе де зорлана жымиды.
Бөлмені үнсіздік жайлады. Тіпті маңайдағылардың
тыныстағандары да сезілмеді.

– Жасырыңдар, жасырыңдар... Жасыратын жөндерің

бар. «Ұрының арты – қуыс» дегенді аталарымыз тегіннен-
тегін айтпаса керек-ті. Жарайды, ол өткеннің әңгімесі. Ал
қазіргіге жүгінсек... мен бәрін естіп те, сезіп те жатырмын,
айналайындар. Ақыл да қоспақпын. "Қыз туса – өріс" деуші

еді, дәл бүгін өрістерің ұзарған екен, қайырлы болсын!
Бөлмедегілер бір-біріне жапақтаса қарасты. Тек
Дәркеннің жүзі түнере қалды. Осыны байқаған шал сәл
тыныстан соң бар күшін бойына жиып, сөзін әрі қарай

сабақтады.

– Әлгінде айтқанымды кекесін екен деп ұқпаңдар, ай-

налайындар. Дәркен, сен де өлік шығарғандай түнерме.
Менің бауырымда өскенмен, құдайдан жасырмағанды
адамнан жасыра алмайсың – бала сенікі, ендеше қолың
ұзарғанға қуан. Алтын ізсіз жоғалған жоқ, сүйек тау-

ып берді. Сондықтан ешкім де еңсесін түсірмесін. Жол
деген бар, жоралғы және қарасын қалқайтады, соған
дайындалыңдар. Шүкір, баламыз панасыз жетім емес.
Жатқаным болмаса мен бармын, туған-туысқандары

сендер жүрсіңдер. Ендеше, артынан қуушы жіберіңдер.
Оларың елді шулатпасын, жөнімен құдаларға, қызымызға
жолықсын, жөнімен қайтсын. Еркелік көрсету мұндайда
лайық-ақ. Бірақ, сендер өйтпеңдер. Осы бастан сына-

спай сыйласыңдар, аттарыңнан түсіп қалмайсындар.
Айтпақшыдай, өзі қай босағаны аттапты?
Бөлмедегілер жан біткендей қозғалақтасып қалды.
Әйел біткеннің жүздеріне қан жүгіріп, еркектердің көзін

ала біріне бірі қарап жымың-жымың етісті.

– 127 –

– Әбекеңнің шаңырағына қоныпты, – деді әлдекім шал

сұрағына басқалардан бұрын жауап қатып, Молдазайым
ішкі толқынысын жасыра алмады;

– Ырыс дарыған босағаға барған екен ғой, алдынан

жарылқасын!– деді күбірлей.
Содан сәл өткенде ауызғы бөлмеден Молдазайым
дүниеде ымыраға келе алмаған күңкіл сөздер шыға ба-
стады. Шалдан рұқсат болған соң кім тартынсын, әркім

өзінше сілкініп жатыр.

– Көзжақсымның соңынан мен бармағанда кім ба-

рушы еді?! Әбілғазым әулие болса да шаңырағын бір
шайқалтайын, – дейді бір әйел үні қызбаланып. Молда-
зайым таныды, көршінің жұбайы. Жайшылықта сызылып
сыр бермегенімен титтей нәрседен ашуланса ықты-жарды

тыңдамай сойқан салатынның нағыз өзі. Әлгінің сөзін
екінші– үшінші дауыстар іліп әкетті.

– Пішту, бәйгенің басына шығатын сен кімсің? Біле

білсең жол да, жөн де менікі емес пе!

– Иә, десейші, үлкен тәтем тұрғанда басқаға не жорық.

– Сонда үлкен тәтең кімнің шікірі?

Әлдекімнің түкіргені естілді.

– Ойбай, мына қызталақ келгір қайтеді-ей? Жатырынан

қағынған сайқал, саған сөз келген жоқ еді ғой...

– Мен сайқал болсам сен әлі күнге көрінгенге түртінген

байталсың!

– Жетер, жетер! – Бұл ұлдың дауысы.

Істің аяғы насырға шаппай тұрып тоқтау салған Дәркен
ендігі жерде тізгінді өз қолына алды.

– Доғарыңдар сөзді! Әкейдің әлгінде не айтқанын

естідіңдер ғой! Естеріңде болса, жайшылықтағыдай
жаңа құдалардың алдында кергіп тұратын уақыт емес.
Екі-үш адам барасыңдар, қыздың ерікті-еріксіз түскенін
білесіңдер, сонсын жусаннан аласа, бетегеден биік

қалыптарыңмен қайтасындар. Осыны істемедіңдер бар
ғой, менен жақсылық күтпеңдер!

– 128 –

Бір тоқтамға келген әйелдер қауымы араларынан екі-
үш адам сайлады ма, сәл үзілістен кейін тыпыр-тыпыр
жүрген аяқ дыбысы, сыртқы есіктің шиқылдай ашылып-
жабылғаны естілді де, артынша бәрі сап тиылды.

Үй ішіне тыныштық орнағанда бойынан ауыр жүк
түскендей болған Молдазайым жаны жайлана ноқатын та-
уып алды. Қап-қара нүкте бұл жолы көңілге түскен дақтай
елестеді. Ондай пәле пайда болса-ақ құрығаның. Беріш

боп қатып қалады да өмір бойы ызғарын шашып тұрады.
Мейлі үрле, мейлі өрт тұтат, енді оны жылыта алмайсың.
Дәулетпен араға осындай пәленің кіргені анық. Оны
жұлып алып, лақтырып тастауға әке жүрегі әрекеттенбеді

деймісің? Олай етуге күші жетпеді. Ақыры Молдазайым
ұлдан, Дәулет әкеден айырылды. Айырылғаны емей не-
мене, әредік кездескенде беттері жылтырағанымен іштері
қалтырайды, жанарлар тоқайласқанымен жылылықтан

гөрі жылымшылықты зорлана жайып тұрады. Бұдан
өткен сорақылық, бұдан өткен жасандылық болмас, бұл
пәниде...
Соның бәрі ұлдың ашкөздігінен. Үйленді, қалада

қалды. Кикілжіңнің басы да осы тұста басталды.
Ауыл адамы қалаға үйірсек. Міне, сол адамдардың
қонақ үйден гөрі таныстарын жағалайтыны ақиқат.
Бозкөлдіктер де сөйтті. Сондағы тапқандары Дәулеттің

баспанасы.
Обалы нешік, ауылдастар қонған үйіне салмақ
салғызбады. Молдазайым сан естіді, Дәулеттікіне қой да,
қарын-қарын май да, құрт, ірімшік те дорба-дорба болып

жеткізіліпті. Амал қанша, семіздікті қой ғана көтереді, осы
жақсылықты баласы ұғынбады. Ол сабазың былайғы жұрт
қолынан бергенді қорыққандыққа балады, бермегенді
сыйламағандыққа санады. Ақыр аяғында ауылға дүңк-

дүңк әңгіме тарады. "Ойбай, Дәулет сөйтіпті... ойбай,
Дәулет бүйтіпті"... дегендерді әке құлағы сан мәрте естіді.
Ақыры шыдамады, кәрі сүйегін сүйретіп қалаға өзі барды.

– 129 –

Бала да, келін де жұмыстан оралып, төрт көз түгел
дастархан басына жиналғанда Молдазайым сөз бастады.
Әрине, бірден төтелей тартқан жоқ. Аналардың тамырын
басқандай айналаны көп орағытты.

– Жағдайларыңды көзбен көріп қайтпаққа келгенмін.

Байқасам өз қолдарың өз ауыздарыңа жетіпті. Үйлерің
де сәнді екен. Менің бергенім бір-екі соғым ғана. Сонда
осыншама дүниені қайдан жинап алғансындар, ә?
Таңырқай сөйлеген атасының алдында мақтанып

қалуды ойлады ма, келіні:

– Ет комбинатының бухгалтеріне бұл сөз болып

па? Енді машинаға көңіліміз кетіп жүр, – деп салды.
Ауылдың тереңдігіне бойламаған қаланың тік бақай қызы
осынысымен-ақ барлық жұмақ түйінін шешіп берді.

– Е-е, майшелпектің тәттісін татып, күйігін сатып

жүрміз деңдер! Жөн-ақ.
Әке табиғатына қанық ұл әзірге аузын буған өгіздей
тіс жармайды. Әйткенмен, әлденені ішіне түйіп, соған
тас түйін бекініп отырғаны күмәнсіз. Ауызы сәл ашыла,

астыңғы ерні салбырай қалыпты. Добалдай қолдарымен
кесені айналдыра береді. Әйелін тыйып тастауға тағы
батпайды. Өйтсе әке қаһарына ілігуі мүмкін екенін жақсы
түсінеді. Жазық маңдайы жіпсіп тұр. Қоңқақ мұрнының

үстінде тамшылар жылт-жылт етеді.

– Жөн-ақ, – деді шал енді назарын түгелдей келініне

аударып,– ал, мен өмірімді тұл жетімдіктен бастап, үй
болғанда астыма төсер тоқым да таба алмаған едім...

– Ол енді... қиын жылдар ғой.

Жайшылықта сөзін бөлгенді жақтырмайтын Молда-
зайым бұл жолы райынан қайтып, ыңырана қозғалып ба-
рып ойын әрі сабақтады.

– Соңда деймін-ау, мендей бейшараны кім елеп еді?

Ел елеген. Ел болғанда да екі туып бір қалғандарым емес,
бұрын көз көріп, құлақ естімеген мүлдем бөтен адам-
дар. Олар басыма баспана, асты-үстіме төсеніш берді.

– 130 –

Ай, дарқан, халқым-ай, өзіне жетпесе де өзгелерге қайыр
көрсету пешенеңе жазылған екен-ау, сенің!
Кеседегі суып қалған шайды бір-ақ ұрттады да белі
талды ма, биік орындығын шегіншектетіп, арт жағында

тұрған жұмсақ диванға аударылып түсті.
Келіні ертегі тындағандай алға емініп алған. Үп-үлкен,
қап-қара көздерінде танданыс басым. Иыққа жетер тұстан
шорт кесілген шашы екі бетті бүркемелей береді. Жара-

сымды қыр мұрыны жеңіл көтеріліп басылады.

– Сонда соның бәрін олар сіздерге тегін берді ме?

– Тесік қалта кемпірім екеуімізден не алушы еді,

қарғам-ау...

– Сказка.

– Не?

– Жәй, ертегі деймін.

– Жоқ, айналайын, өкінішке орай бұл нағыз шындық.

Келіншегінің орынсыз әуейілігіне күйінді ме, осы кез-
де Дәулет күңк етті:

– Әй, құятын болсаң шайыңды дұрыстап құйсаңшы...

Бірақ келіні ұлдан ығатын сыңай байқатпады, қасын
сәл кере түскен күйі жайбарақат қалыпта отыра берді.
Шалдың сыншыл назары осыдан-ақ негізгі салмақ Зибагүл
жағында жатқанын сезді. Іштей тіксініп қалғаны да жа-

сырын емес. Дегенмен, тағы жақ ашпай қалды. "Төркіні
мықты – түтеді" деген осы да.
Молдазайым құдаға жарыған адам. Осы Зибагүл келін
болып түскеннен кейін бұрынғының жолымен кәде-

сәделерін жинастырып "аяққа жығылуға" қалаға бес-
алты ет жақынын ертіп, тартқаны бар. Көңілдері желдей
есіп келгендердің бастары салбырап қайтқан, сол жолы.
Жо-жоқ, тамақ, тарту-таралғыдан кенде болған жоқ, тек

кекірлік танытқан жаңа құдаларының қорлығы өтіп кетті.
Қайдан-жайдан жиналған өңкей дөкейлер Молдазай-
ымдарды сыйлауға емес, өздері ішіп-жеп, сейіл-серуен
құруға келгендей. Қимылдары да, сөздері де ірі. Аспан-

– 131 –

ды тіреп тұрған жалғыз солардай-ақ, олар болмаса дүние
төңкеріліп кетердей-ақ сызданады. Әлгілер үшін ауыл
адамдары жұмысқа жегілген өгіз ғана сияқты. "Шу" десең
жүреді, "дыр" десең, тұрады. Сөйтті де, өргізгілері кел-

генде өргізді, қайтарғылары келгенде қайтарды.
Ауылға оралған соң әйелдер беттерін шымшысып,
еркектер іштей кіжініп дау-дамайға май құйғанымен
Мол¬дазайым бұдан арғы жерде өрт қаулатуды қаламады.

Онсыз да қалаға еті үйренген келін мен балаға еншісін
берді де, тым-тырыс ауылда жата берді. Бір қызығы баласы
үй салатындардың оқуын түгесіп еді, қашан бухгалтерлік
кәсіпке көшкені шал үшін жұмбақ.

– Иә-ә-ә, – деді Молдазайым дауысын әндете со-

зып, біздің басымызға түскен ауыртпалық сендерге шы-
нымен ертегі, ал сендердің қитұрқыларыңды біз қалай
түсінбекпіз?
Дәулет әкесіне жалт қарады. Келіні сөз төркінін

толық ұқпаса керек, көзін төңкере телмірді де қалды.
Молдазай¬ым енді тізгінді тартқан жоқ.

– Қазақ қашанда қонақты ырыс санаған, жолаушы үйін

айналып өтсе елеңдеп отырған, – деді ұшатын құстай
қомданып қойып, – сендердің қандарыңа да осы қасиет
сіңуге тиісті еді, амал қанша, ондайды жазбапты. Ауылда
сыпсың көп. Оларды естіген сайын жүрегіме ине қадалып,

қолқамды үзіп жатқандай болады. "Есің барда елінді тап"
дегенді айтпақпын, сендерге. Әй, біле білсең сені біреулер
аға тұтса, біреулер пана көреді. Ал сен... Бұдан былай ит
болып үргендеріңді естімейін!..

Сол жолы шал отау есігін қатты жапқан.
Бірақ, бұл жайт арадағы жіпті бырт еткізіп үзе алмады.
Бәрі кейіннен, көп жылдардан соң болған шаруа.
Құдай қосқан қосағы – Әпіш дүние салғанда Зибагүл

дау шығарсын. Бар пәле киімнен басталған.
Әбілғазымның көзі тірісінде немересі үйленіп, соның
құдалығында әйелдердің басты киімі – жылтырақ тері

– 132 –

тонды Әпіштің иығына жапқан еді. Өмір бойы үйден он
қадам аттап шықпаған кемпірі сол тонды сандыққа салып
тастапты. Кемпірдің денесі қара жер қойнына жасыры-
лып, енді киім үлестіруге кезек тигенде Зибагүл дәл соған

жабыссын да қалсын.

– Төлдің басы Дәулет болса, мына шаңыраққа қызықтың

басын мен әкелдім. Ендеше, енемнің бұл киімі менікі, –
дейді ол. Сөзіне қарасаң жаны бар сияқты. Әрине, Әпіш
қызықтамаған мына тонның қызығын Зибагүл көрсе несі
айып? Дегенмен... Ой-ой, жалған-ай десеңші. Көздің құртын

алған киімге басқа да таласушылар табылды. Олардікі де
жөн. Бірі – көрші, бірі – көңіл жақын ағайын дегендейін.
Қамкөңіл Молдазайым ойлай-ойлай тонды Әпіштің көзі
тірісінде сырласы болған, ауырған шағында түн ұйқысын

төрт бөліп күткен көрші кемпірге беруге шешім қабылдады.
Соны Дәркенге жеткізгенде әке айтқанын екі етіп көрмеген
бала Зибагүлге деген қыжылы бар ма, әйтеуір қара күшке
салды да, жамбасқа басқан тонды жұлып алды. Міне, осы

оқиға қоздап жатқан шалаға жел боп тиді. Ақыры ұл мен
келін Әпіштің жетісін беруге қарамай қайтып кетті. Тыныш
кеткен жоқ, көңілде қалған аз ғана жылтырағанды сөндіріп,
қатынасар жолды тас-талқан етіп қиратып кетті. Содан бері

Молдазайым өмірде өз кіндігінен тараған Дәулет атты ба-
ласы барын ұмытқандай еді. Төсекке байланғаннан бері
бір түйсік қоқаңдап дамыл көрсетпеді, ақыры жеңіп тын-
ды. Бұрындары тірі әруаққа айналған шал ұлы төңірегіне

топтасқан ойды бықпырт тигендей қуатын. Бірақ, әлсіреген
бе, әлгінде өзіне-өзі ие бола алмай қалды.
Тойымсыздық, қанағатсыздық қайдан пайда бола-
ды екен? Шүкіршілік ету қайда? Жетпейді емес, мына

қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда адам жа-
нынан басқаның бәрі бар ғой, баршылық. Не ішем, не
кием демейсің. Тіпті күйелеш-күйелеш болып нан да
пісірмейсің. Қаласаң бәрін дүниесі самсап тұрған дүкеннен

сатып аласың. Тіпті, ақшасын төлесең ауызыңды ашып

– 133 –

тастап аспанға қарап жатуыңа да болады. Қалағаның өзі
келіп түседі. Сонда не керек, кердең елге?
Шалдың ішін жалын шарпып өтті. Шіркін-ай, бір үзім
нан жесе. Сонда мына өрт сап басылар еді-ау. Бір-ақ үзім...

Төбеге қарады. Мына сұмдыққа наныңыз, күні бойы
дақ деп, шеге деп алданып жатқаны бұтақ екен. Иә, иә,
үйеңкінің кіп-кішкене бұтағы. Қаққанда ма, тасығанда ма
ол түсіп қалыпты да, орны не әкке, не сырға алдырмай қап-

қара күйінде қалып қойыпты. Құдды, Дәулетке қарайған
шалдың көңілі іспетті. Әлде ағаш екеш ағаш та өзін кескен
әлдекімге налып, сол назасын осылай білдіруге бекінген
бе? Бәрі мүмкін ғой, мына атой тіршілік үстінде...

Молдазайым атқақтауға ат басын бұрған селтең ойды
қайтадан тежей, өзін тәк-тәкпен тоқтатуға тырысты.
Соның қарымындай сана түкпірінен түртінген тәтті
шақтардың елестерін қотарыстыруға күш салуға ты-

рысты. Әбілғазым марқұм айтушы еді: "Бір қолың бір
қолыңа араша түсіп жатқанда, бір ашуды бір ақыл ал-
дай тұрсын," – деп. Данышпан екен ғой, Әбекең! Қалай
дәл тауып айтқан. Басқаша жағдайда адамзат байғұс тұл

өмірден тұрымтайдай бақыт таппай өтер еді-ау.
Ауыз үй жаққа тағы құлақ түрді. Қыз қуушылар әлі
оралмаған ба, құлаққа ешқандай бөтен дыбыс шалынба-
ды. Басқасы-басқа, үйде қалғандардың өзі кешқұрымғы

мал қамымен сыртқа шығып кеткен сияқты.
Терезеге жүз бұрды. Батар күннің қызыл барқын
сәулесі сәл әріректегі тал-теректердің жапырағына қонып
алып, маңайды күрең түске бояй салыпты. Ауада үп ет-

кен жел білінбейді. Дүние сыбдырсыз. Тып-тымық бір
шақ. Осыған сайысаң, мынау әппақ әлемде ешқашанда
жарқын-жұрқын найзағай ойнамағандай, арсы-гүрсі бо-
ран туламағандай, аспан түбі тесілген нөсер құймағандай.

Адам өмірі де осыған ұқсас-ау. Міне, Молдазайым да
тыныштық құшағына бөленуде. Тіпті бәленбай жыл ғүмыр
кешпеген пенде іспетті. Жанын жырға, жүрегін нұрға

– 134 –

бөлеген Әпіші де, жынын шашып жыртақтаған Бәйкен
де маңайында жоқ. Толарсақтан қан кешкен соғыс та,
тоқшылық пен жоқшылықты қатар-қатар алға тартқан бей-
маза тірлік те мүлдем болмағандай. Әлде бәрі түс пе екен?

Түс секілді. Кеше туды, содан кейін өткен көріністерді са-
насына түйді, енді мәңгілік дүниеге аттанбақшы. Сонда
ол жаққа не бітірдім деп барады? Тамақ іштім, тойындым
дей ме? Әлде бәрінен жеріңдім, содан кейін өзіңе жетуге

еміндім дей ме? Шешуі жоқ мың жұмбақ, әйтеуір.
Ой, жалған-ай, саған не дауа...
Көз алдына Әпіші оралды. Өлерінен екі-үш күн бұрын
ол байғұс та өмірінде бір шешіле сөйлеген еді.

– Етегіңнен ұстағаныма өкінбеймін, – деген бәйбішесі

сонда, – Азды-көпті, жақсылы-жаманды ғұмыр кештік.
Пешенемізге жазылғаны сол шығар. Тағдыр талайы-
нан кім қашып құтылған, біз де жел қуған қаңбақтай
қалбалақтай беріппіз. Бала дедік – бала сүйдік, мал дедік –

мал жинадық, әйтеуір көштен қалмадық. Тек қана...
Осы тұста әлде таңсықтық жеңді, әлде сабырсыздық
кимеледі, Молдазайым қашанғы әдетінен жаңылысып:

– Иә, ол не? – деп қалды сөз соңын тоспастан.

Бір қызығы Әпіш мына қылыққа назаланбады, ерінің
қолын сипай жатып ойын әрі сабақтады:

– Тек қана бір арманыма жете алмай барамын, соған

өкінемін. Оным бір жатырда жетіліп, бір құрсақтан
шыққан бауырларымды тіршілікте көре алмағаным...
Мынаны тыңдай отырып Молдазайымның жүрегі
жұлқып-жұлқып қалды. Неткен санасыз, неткен парықсыз

еді, бұл мұңдар. Өзіне сенім артқан, соңынан ерген жалғыз
жанның мұң-тілегін білмей қалайша ғана өмір сүре бер-
ген? Оған құқы да жоқ еді ғой. Бәйбішесінің дәл осы ар-
манын тыңдап отырғанша ертерек үзіліп кетсе-ші.

– Кешірші мені, кешірші, – деді тізесі бүгіле беріп, да-

уысы да қалтырай шығып.

– Қой, мұның не? Бала болып кеттің бе?

– 135 –

– Кеш мен бейбақты, кеше гөр!..

Жүзін жас жуды. Бұрын ойлайтын, қатып-семген шал-
дарда не қалсын, жанарлары тұманданып барып басы-
латын шығар деп. Сөйтсе, үлкеннің жасы көзі бітелген
бұлақтай екен. Бастауын ашсаң-ақ сарқырай жөнеледі.

Әлден уақытта өзін-өзі бекітіп басын көтерген, Әпіш те
жылап жатыр екен. Тарам-тарам жас аямай шимайланған
беттегі әжімдерді қуалай өтіп жастыққа тама¬ды.

– Кешіре алсаң кеш мені, – деді Молдазайым тағы да

көкірегі қарс айырыла.

– Менің саған өкпем жоқ, – деді Әпіш солығын баса

алмаған күйі.
Сол түні екеуі көз шырымын алмады. Қай-қайдағы,
жай-жайдағыны еске түсірісіп бірде күлсе, бірде жыла-
сты. Сонау-у жастықтан басталған қара жол қарттықтың

ауылына жетіп жығылғанда да тәп-тәтті, дап-даңғыл
қалпынан ажырамағанын осылай жариялады. Әрине, бұл
сапардың ара-арасында ылди, өр, бел-белес ара-тұра қара
көрсетті де, дегенмен көңіл шіркін бәрін айналып өтіп

жазыққа қарай құлдыраңдай берген екен.
Әрі-беріден кейін бозбала, бойжеткендіктің миуа
бағына еніп кеткендерін қайтерсің.

– Ой, ақымақ басым-ай, – дейді Әпіш кәдімгідей

қызбаланып, – жүр дегеніңе еріп жүре беріппін-ау.
Басыңда баспана, алдыңда мал, айналаңда қазығың болар
туғандарың жоқ екеніне де қарамаппын.

– Жақсы көргеніңнен де.

– Ұнатпасам жетегіңе ермеймін ғой.

– Сол ерлігіңе ризамын-ақ!

– Қойшы әрі, осы да ерлік болып па? Міне, сенікі нағыз

көзжұмбайлық. Ағаларымның қолына түсіп қалсаң қайтер
едің? Жасқанбадың-ау.

– Сен қасымда тұрғанда неден қорықпақпын! Маған

күш-қуат берген өзіңнің батылдығың.

– Ой-ой, заман-ай десеңші...

– 136 –

– Иә, ол бір тамсансаң дәмі таңдайыңнан кетпейтін

тәтті шақ екен ғой!
Біріне бірі үздіге қарайды. Ертеңдер сыңарлықтың
зардабын тартатынын білмейді де. Жалқы қанатпен құс
ұшпаса, адам да жалғыз-жарымдымен биікке көтеріле ал-

майды емес пе, содан бері Молдазайымның Әпішсіз қарға
адым алға жылжымағаны анық. Бәйбішесі қайтты, шалдың
топшысы үзілді. Үзілгені емей немене, айналадағы
құбылысқа бұрынғыдай қызықпайтын болды. Енжарлық

бойын билеп, үйден екі қадам ұзамайтынды шығарды.
Ақыры төсек тартып жатып қалды. Ендігі күткені Әпіш
барған жер, яғни мәңгілік тыныштық мекені.
Қайтадан терезеге қарады. Қызыл барқын сөніп, жапы­

рақтарға қара көбелектер қонақтапты. Ауыз үйден аяқ тықыры
естіледі. Әлдекім жарықты жағып, бері беттеп келеді.
Дәркен перделерді жауып, төсек жанына жақындағанда
Молдазайым шыдамады.

– Әлгілер оралған жоқ па? – деп сұрады.

Әкесінің кімдерді меңзегенін ұққан Дәркен:

– Жоқ, – деді жұлып алғандай.

– Кешікті-ау...

– Енді... дәм татырмай жібере қоймас.

– Е, онысы да бар екен ғой.

– Таң атқанша бір келер.

– Несіне асығады, сый-сияпатын көріп қайтқандары да

жөн, сүйек-шатыс атанған соң.

– Мен де солай ойлаймын.

Дәркен есікке қарай бұрылған еді, Молдазайым:

– Асықпасаңшы, – деді өтінгендей.

Ұлы орындыққа жайғасқанда әке қайтадан тамағын кенеді.

– Балам?

– Құлағым сізде, әке.

– Балам, жан-жаққа хабар жібере алдыңдар ма?

– Әлгінде біраз жерге телефон шалдым. Телеграмманы

ертең жөнелтермін.

– 137 –

– Балам?

– Тыңдап отырмын.

– Іштен шыққан шұбар жылан ғой, ағаңды да

ұмытпассың...

– Дәулетті ме?

– Басқа қандай аға бар еді, сенде?

– Ой, ол курортта ғой.

Молдазайым ышқынып қалды:

– Курорты несі? Сонда... алыста ма?

– Иә, Қырымда деп естігенмін.

– Қап...

– Әйеліне хабар жолдармын. Ол күйеуінің дерегін

білуге тиісті.

– Сөйтші, айналайын.

– Басқа қандай бұйымтайыңыз бар?

– Айналайын, ағаңмен тату бол.

– Е, мен оған үйге келме деппін бе?

– Сонда да...

– Қитиятын өзі, ендеше өзі түзелсін.

– Кешірімді болғаның жөн.

– "Әй" деген жерім жоқ сияқты. Өзі ғой әйелінен аса

алмай жүрген.

– Жеңгеңді айтамысың? Зибагүл де есейді, түсінер.

– Жарайды, әке, сіз үшін...

– Жо-жоқ, айналайын, мен үшін кешірме, болашақтарың

үшін кешірімді бол. Ауыз бірлігі бар жерден береке
қашпаған. Осыны ұқ, балам. Ал, бара бер.
Молдазайым ойламаған жерде өзінің морт сынғанына
таңданды. "Дәулетке ішім жылымас", – деп ойлаған.

Сөйтсе, тоңның да жібіп, жіліктің де майы шағылар шағы
бар екен. Ол да дұрыс шығар. Әйтпесе, артыңа зіл тастап,
өзің тыныштыққа бөленгеннен не қайыр... Шалдың жолы
өмір атты ұзын көште қиылғанымен, ұрпақ даңғылы

үзілмесе болғаны да. Табыссын ұлдары. Бәлкім, соңынан
түсінісіп те кетер. Іріген сүттен қаймақ шықпайды, ұйымы

– 138 –

бұзылған тірліктен мән жоғалады. Осыны ұрпағы ұқсын.
Шал соған да риза. Риза. Риза-а-а-а...
Жан түкпірінен зікір салған осынау желі енді бірде
жаймашуақтанып өн-бойын еліткендей. Көктем соңын

ала күшіне мініп, жер-дүниені балқытып жіберген күн
қызуы іспетті. Не күйдірмейді, не қоңырсытпайды, қайта
буын-буыныңды бойлай өтіп, рахат бір сезімге бөлейді.
Мұндайда алқын-жұлқын ой да өз арнасына жығылып,

кекірек атқан мындаған сұрақтар тізгінін тарта қалады
екен. Иә, жасаған, бергеніңнен айырма!
Молдазайым төсек тартқаннан бері бірінші рет еркін
тыныстады. Талай күн бойы еңсені езген салмақ та

байқалмайды. Неткен ғажап еркіндік десеңші. Тіпті,
айырылғың келмейді.
Әбілғазым айтушы еді: "Өзіңді ел сыйлауы үшін ешкімге,
біріншіден өкпе артпа, екіншіден қиянат жасама. Сөйтсең

сенімге ие болып, мұратыңа жол ашасың. Өкпе жүрген жерде
өлермендік қоса жүреді. Ондай күн басыңа туса онды-солыңды
ажырата алмай қалуың әбден мүмкін. Ал, мұның арты терең
қазылған ор",– деп. Әулиелік пе? Әулиелік. Мысалға, Әпіші

өлер алдында кешірмесе Молдазайым не істер еді? Әрине,
күйіктен шөгетіні, сонсын көресіні көретіні ақиқат. Адамға
күйік енді дегенше күйреп бітті деп есептеу керек.
Тағы да Әпіші айтатын: "Құдайдан жалбарынып

тілейтінім – балаларымның арасы ашылмай бірлікте
жүрсін", – деп. Міне, осы тілек қазығын Молдазайым
қағып кетсе несі айып?
Молдазайым біраз күн бойы ермегіне айналған

тебедегі ноқатты іздеді. Әлде жарық әлсіз бе, әлде жанары
мұқалған ба, бұл жолы оны көре алмады.
"Дөңгеленген дүние-ай!.."– деді сонсын күбірлей
сөйлеп. Бұл сөзді не үшін айтты? Түсінбеді. Сөйте тұра өз-

өзінен күлімсіреді. Бәлкім, мына дүниеге тоқкөңілділігін
танытқаны да.

– 139 – БЕЙБАҚ І – Мыналарға оқ тиген бе!.. Әй, тұрмайсыңдар ма? Жатыстарын шалжиып... Тұрыңдар деймін, тұрыңдар!.. Райханның тосын даусынан Балбала селк етті. Ол ояу жатқан болатын. Құланиектенген таңды да көрер көзбен атырған. Бірақ шошаң етіп атып тұруға қорынды. Сол-ақ екен, жүрегі де езіліп сала берді. Ол көрпесін қымтанып теріс айналды. Шаң-шұң қайта жалғасты. – Қап, мыналарды-ай, ә!.. Мына моланы өрт шалса да қыңқ етпес бұлар! Сонда бәрі маған керек екен ғой?! Алып кетемін көріме... Тұрыңдар дедім ғой, тұрыңдар!!! – Демалысымызда жақсылап бір тынығайық та... – Атаңның басының демалысы саған! Күз болса мынау, ертеңгі қыста малыңды қай етегіме жасырамын. Шалжиып жатқаныңша ана қораңды жөдесеңші... Сәл қарсылық көрсеткен Ізбасар қора жайы сөз болғанда тілін тістей қойды. Сосын керіле есінеді де, әрең тұрып, киіне бастады. Бәрін естіп жатқан Балбала ұлының жігерсіздігіне іштей күйінгенімен жақ аша алмады. Мына ашудың бір ұшығы өзіне тіреліп тұрғанын сезінген сайын жігері де жаси түседі. Көзге шыққан сүйелдей болды-ау өзі. Бар гәп келінде тұрса бір жөн, бар ауыл саусақ шошайтады. Қарабет атандырды. Сондағы жазығы не? Өзінше жақсылыққа ұмтылғаны ма? Ал қателесті, аяғын шалыс басты дейік. Енді өлуі керек пе? Ал өлсін. Кімнің жері кеңімек? Әй-әй, адамдар-ай, сендерді түсіну теңіз түбіне сүңгіп, ине іздегенмен бірдей-ау... Балбала күрсінді. Келінінің айқайынан кейін үйде тіршілік нышандары пайда болды. Қыбыр-қыбыр жүріс, күбір-күбір сөз әуелі

– 140 –

сыздықтап жетті де, артынан көңілдерінде еш кірбіңі
жоқ немерелері үй үшін дуылдатып жіберді. Міне, біреуі
мұның көрпесін тартқылайды.

– Апа, шай... апа, шай, – дейді былдырақтап. Тілінің

тәттісін қарашы!

– Келе ғой, айналайын, келе ғой!

Балбала
немересін
бауырына
қысып,

кекілінен
мейірлене иіскеді. Көзіне жас үйірілді. Жан-дүниесін
қатып-семіп қалған бірдеңе деп ойлаушы еді. Жо-жоқ,
қатпапты. О, жасаған, бергеніңе шүкір, түу, иісін-ай!

Құдды, жас кезіндегі Ізбасар! Содан бері де отызға тарта
жыл өткені шын ба, өтірік пе? Райханның шаңқылдаған
даусы қайта естілді. Ендеше шын болғаны да. Пай-пай,
уақыт неткен жүрдек! Бәрі кеше ғана сияқты еді. Онда

Ізбасар жаңа-жаңа жүре бастаған. Екеуі Жанғабылды
ертеңгілік тракторына мінгізіп салады, қас қарая күтіп
алады. Көңілде не уайым, не қайғы жоқ. Жолдасы да
өмірге риза. Ол – екі иығына екі кісі мінгендей еңгезердей

жан болатын. Сыртынан қараған адамға ожар көрінетін.
Бірақ жаны нәзік еді. Кей-кейде бала ұстап тұрған мұны
тік көтеріп шыр айналдыратын. Сонда Балбала сылқ-сылқ
күліп, көзін жұма береді. Бақыттан басы айналады.

Бұлардың маңдайына қуанышты ұзақ жазбапты.
Ізбасар үшке толар-толмаста Жаңғабыл дүние салды. Шөп
шауып жүргенде сөніп қалған тракторды екінші тракторға
жалғайын деп жатып, екеуінің арасында қысылып мерт

болды. Мұндай қайғыны көтеру үшін де адамға ерек-
ше күш керек екен. Балбала көтере алмады. Жеті айлық
қызын шала туды.
Өтіп бара жатқан заман-ай! Сол Гүлдан да бүгінде

екі баланың анасы. Барса “кет” демес еді, бірақ ол қыз
ғой. Ал қыздың жолы қашанда жіңішке. Күйеу баланың
қабағына қарағанша, келіннің кекірігін көрейін деп Бал-
бала осылай тартты. Енді, міне, сопиған отырысы осы...

Жо-жоқ, еш өкінбейді, бәрі аман болсын, бала да, келін

– 141 –

де, немерелері де. Тек қинайтыны: халық қарғысы. Олар
өмірбойы қарғап өтетін шығар...
Шай үнсіз ішілді. Үлкендердің қабағы келіспеген соң,
балалар да артық-ауыс қыңқылдай қойған жоқ. Алғашқы

кесені тауысқан соң Балбала тұрып кетуді де ойлаған.
Бірақ әлдеқандай сезім етегінен басты да қалды. Ол көз
астымен бала мен келін сыңайын барлады.
Онсыз да ақ сары келіні сұп-сұр. Ертеңгіліктегі ашудың

табы әлі тарамаған ба, тырысып отыр. Үп-үлкен көздері
айналасына от шашатындай. Қаймыжықтай еріндерін
жымқырып алған. Сол еріндерді сәл ашса не түрлі бы-
лапыттар төгіліп кететіндей. өл жайбарақат. Айналадағы

тіршілікте түк шаруасы жоқтай кеседегі шайды сораптап
әлек.
Балбаланың көзі Ізбасарға ұзақ тоқталды. Айнымаған
Жанғабыл. Еңгезердей тұлғасы, тұтаса біткен қою қабағы,

дүрдек еріндері, қара торы өңі, адамға жылы ұшырай
қарайтын көкшіл көзі, жер қозғалса да қозғалмайтын
ауыр мінезі – бәр-бәрі әкесі. Тек, сәл кекселеу. Отызға енді
шыққанына қарамай жазық маңдайына әжімдер түсіпті.

Олары әсіресе әлденеге таң қалып, қабақ көтергенде
тереңдеп кетеді.
“Өтіп бара жатқан уақыт-ай” – деді Балбала іштей
қайталап. Сосын тағы күрсінді. Бала мен келіннің жалт-

жалт қарасқанына мән бермеді.
Бәрі күні кешегідей еді. Осы Ізбасарға босанарында,
толғақ қысқанда, Жаңғабыл жанын қоярға жер таппаған.
Түннің ортасы болатын. Іші бүріп бара жатқан соң күйеуін

оятқан. Ол алғашқыда көзін жыпылықтатып ұзақ отырды.
Балбала бебеулей бастағанда не істерін білмей алақтады.
Ауыз үйге жүгірді, қайтадан бері өтті. Құшақтап өбектемек
те болды. Бірақ толғақ оған қарай ма, күшейе түсті, Бал-

бала бүгілді де қалды. Бар білетіні Жанғабылдың денесін
тырмалай береді. Ал күйеуінің көзінде жас. Иә-иә, жас ба-
ладай еңкілдеп жылап отыр.

– 142 –

– Көршінің әйелін... шықыр-р-шы... – деді Балбала бір

есін жинағанда. Жаңғабыл жанынан сонда да кететін емес.

– Өлтірмесең-ң-ң... шақыр-р-шы-ы!..

Күйеуі бәрін сонда ғана түсінгендей безектеп ала
жөнелді.
Сол түні таңмен таласа сәби шырылы құлағына жет-
кен. Соның артынша ішке апырақтап Жаңғабыл енді.

– Рақмет саған! Өмірге менің ізімді басар жаным келді,

атын – Ізбасар қояйық. Бұған ренжімейсің бе? – дейді ол
екі езуі екі құлағының түбіне ілінген күйі.

– Болсын, – деді Балбала жымиып. Осыны естуі мұң

екен, Жаңғабыл дабырлай кіріп келе жатан елге қарамастан
мұның бетінен сүйіп-сүйіп алды.
Шіркін, сол сүюдің табы өлгенше өшер ме! Өшпес.
Есіне алса беті алаулай жөнеледі. Бұл да қимас шақтың

белгісі болса керек.
Балбала Ізбасарға қайта қарады. Ұл өзімен-өзі. Сусамыр
болғандай-ақ аузынан кесесін айырмайды. Маңдайынан
шып-шып тер шығыпты. Онысы көзіне құйылады. Бірақ

та елең қылатын бала жоқ, алақанымен сыпырып тастап
кесесін тағы аузына тосады.
Ол әлден уақыттан соң ғана кесені ысырып былай қойды.

– Туу, сусыным бір қанды-ау, – деді сосын қолымен

бетін желпи отырып.
Келін мырс етті.

– Мына кейпіңмен сен мені де жұтып қоярсың...

– Жаныма жақсаң, иесі бар, жұта саламын. Бірақ сен

керек адамсың ғой...
өлы әзілдегенсіп жымиған еді, келіні тырсия қалды.

– Несіне керексисің, жұта салмайсың ба?! Әлде бір

үйге бір құл жарайды демекпісің?..

– Ой, сен де...

– Білем ғой ойыңды, мен жүрсем отыңмен кіріп,

күліңмен шығып, сен жүрсең өзің айдау, жағаң жайлау бо-
лып. Солай емес пе?..

– 143 – – Қойшы енді... – Баяғыда қойғанмын мен. Тек соны сенің әлі күнге түсінбей жүргеніңе кейимін. Мен... Райхан көзіне жас алды. Балбала ши шығармауды ойлап араға араласпады. Өмір-ай, бұлтарыс-бұлтаңың, жықпыл-жыңғылың көп-ау сенің. Алғаш келін болып түскенде Райхан қандай еді. Сызыла отқа май құйып тұрғаны, жүзі нарттай жанып шымылдық тасасында отырғаны Балбаланың әлі көз алдында. Соған қарап құдайға тәуба айтқан. Ел де кәукілдесіп басыңа бақ қонды дескен. Дегенмен бақ ұзаққа қонбады. Ай өтпестен ұлы бөлек шығуға рұқсат сұрады. Бұл әлде келіннің қыңқылы, әлде ұлдың тілегі екенін ол шақта ойлаған жоқ. Еншісін бөліп берді де, ырғап-жырғап шығарып салды. Екінші ері Тоқтамыс: “Сәл тұра тұрмай ма? Өз қолдары өз ауыздарына жетсін, ыстық-суықтың дәмін татсын. Сосын қарсылық жоқ. Оның үстіне ел не демек. Өсек-аяңға жол берсе... “ – деп күмілжігенде де басып тастады. Осы үйді сатып әперді, алдарына мал салды. Сол бала мен сол келіннің түрі осы. Өз қолыңды өзің кесесің бе. Өмір Балбаланы шыдауға үйреткен. Ол әлі де шыдай бермек. ІІ Қыркүйектің соңы болса да күз демі білінбейді. Жаңбырлы жаздың шарапаты ма, жылда бұл шақта сап-сары түске енетін дала көкшіл реңінен әлі арыла қоймаған. Тек қоян жонды төбелердің бастары ғана саржолақтанып жатыр. Үй-ішімен қора-қопсыны жөндеуге шыққанда оларды мамыражай күн қарсы алды. Аспанда шөкім бұлт жоқ. Ауада үп еткен жел білінбейді. – Сірә, биыл қыс түспес-ау, – деді Ізбасар күнге көзін сығырайта қарап. – Елдің ризығы шығар.

– 144 –

Балбаланың сөзіне келіні мырс етті.

– Өз басымызды ойламасақ, елдің ризығы бізге несін

бермек?

– Олай деме, балам. Ел – көл, біз – тамшымыз. Көл бол-

маса баяғыда-ақ құрғап кетер едік.

– Көл-көсірлігіміз де шамалы-ау...

Райханның неге меңзеп бара жатқанын сезсе де Бал-
бала үндемеді, етегіне орала берген кішкене немересіне
еміренген кейіп танытып сырт айналды. Келінмен ортақ
тіл табыса алмайтынын келген күннен білген. Бірақ

тағдырға не шара. Көнеді де.
Ол іргеден басталып алыстағы көксеңгірге қарай
созылған жолға мұңая көз салды. Осы жолмен жүре
берсе бір қауым елге, кезінде ашса алақанында, жұмса

жұдырығында тұрған елге тап болатынын Балбала жақсы
ұғады. Тоқсан-ақ шақырым. Әйткенмен оған жетуге зар.
Сонау көксеңгір мұның алдына қойылған бөгет. Одан
аттап та, секіріп те өте алмайсың. Өтуге талпынсаң,

қақпақылап кері қайтарады. Тағдырдың әмірі солай.
Балбала сулана берген жанарын сүртіп, қара жолды тағы
барлады. Иә-иә, бұл жолдың ой-шұңқырына шейін жақсы
таныс. Үш-төрт бел ассаң, өзек бар. Көктемде ойдым-ой-

дым су пайда болады да, оған құс қаптайды. Қаңқылдаған,
сұңқылдаған, шықылықтаған дауыстардан құлақ тұнады.
Базар ұзаққа да созылмайды. Жаз ортасында сулар құрғап,
құстар басқа жаққа ауып кетеді. Сусыз сәні келмейді ғой.

Балбала да қазір сол құстарға ұқсайды. Қуаныш суын
ерте буландырды да осы жаққа қоныс аударды. Нәр бер-
ген, ұя салған өзегі – баспанасы тым шалғайда. Оған,
бәлкім, өмір бойы қолы жетпес...

...Жаңғабыл қаза тауып, екі баламен бұл боздап
қалғаннан екі жыл өткенде Балбалаға Тоқтамыс үйір бол-
ды. Қырықтың қырқасына шықса да өзін-өзі күтетін, үстіне
қылшық жуытпайтын сырбаз жан әуелгіде амалсыз, жер

қарап жүріп, машиналары сынған соң табалдырықты ат-

– 145 –

таса, кейіннен арнайы ат сабылтатынды шығады. Қараңғы
түсісімен жат көзден жасырынып кеп есік қағады. Екі бала-
дан өзге ермегі жоқ, дағарадай үйде жаны күйзелген Бал-
бала оны әжептәуір сүйеніш көреді, тық-тық еткен дыбыс

естілісімен есікке ұмтылады. Содан таң қылаң бергенше
әңгіме шертіседі. Мұндайда білте шамның өлеусіреген
жарығы да, он бес жылға жуық жас айырмашылығы да
бөгет емес. Бірақ ұяттан аттаған шақтары болмапты.

Келе-келе тықыр естілмесе тыпыршитынды шығарды.
Тоқтамыс үш-төрт күн соқпаса кәдімгідей өкпелейді.
Сондағы бар бітіретіні біразға шейін ілгекті ағытпайды.
Қолы тұтқаға он барып, он қайтады. Ақыры сағынышы

жеңеді. Сәл өткенде Тоқтамыс ыржиып төрге жайғасады.
Сондай тынышсыз күндердің бірінде Тоқаң:

– Балбала-ай, тұлпар көңілге тоқтау бар ма? Тізгінді

тарта-тарта қолым талды, алақаным күлдіреді, тағатым да
болдырды. Айтпайын деп едім, өзімді-өзім тежей алатын
емеспін. Арам ойы деп ұқпа, адал ниеті деп біл, мен сенсіз
тұра алатын емеспін, – демесі бар ма. Балбала жанына

шоқ басқандай оқыс селк етті. Бажырайып Тоқтамысқа
қарады. Жоқ, шын айтып отыр екен. Ат жақты, аққұба
кісінің жүзіне қан ойнап шығыпты.
Балбала көзін төмен салды. Не жауап қатпақ? “Жарай-

ды” деп жайылып түссе ше? Көңілінің қалайтыны сол ғой.
Әлде?.. Мүмкін емес, мүмкін емес. Бір арыстан өлідей ай-
рылды, екінші арыстан тірідей айрылмақ па? Бетін аулақ,
бетін аулақ!

Тоқтамыс ойын әрі сабақтады.

– Білемін, саған батпан зіл артып отырғанымды ұғамын,

Балбала. Бірақ сен де ойланшы. Үстірт емес, тереңнен
толғашы. Адам дүниеге жалқы келгенімен өмірде жалғыз
бола ала ма? Онда көңіл бар, онда жүрек бар. Көңіл өз биігін
аңсайды, жүрек өз ықтиярын алға тосады. Сол ықтияр

мені де тыншытпайды. Шынымды айтсам, бұл сөз менің
көкейіме ерте қонған. Әйткенмен бұрын қанаттандырып,

– 146 –

ұшыруға шамам жетпеді. Жасқандым. Сен “Жоқ” десең,
шымға батарымды сездім. Бүгін тәуекелге бастым. “Мың
сіз-бізден бір шыж-быж” артық қой деп ойладым. Ал енді
сорға саласың ба, баққа бөлейсің бе, өз еркің...

Балбаланың жаны осы сөз үстінде мың құбылды. Сана-
сы өткен шаққа ойысса, жүрегі болашаққа ұмтылды. Сон-
да қалай, қос құлынын өзге біреуге телміртпек пе?
Осы ойын сезгендей Тоқтамыс тамақ қырнады.

– Жалынға оранған жанымның дәруі өзің деп келіп

отырмын. Уайымың қос қанатың – қос құлының болса,
сен тұрғанда, мен тұрғанда оларды маңдайынан шертетін
жан табылмас. Сен бақыттысың, Балбала. Соңыңнан ер-
ген екі алтын асығың бар. Ал мен... мен... не дейін, сенің

қанаттарың менің де қанаттарым екенін ұқ. өшсам бірге
ұшайын, қонсам бірге қонайын.
Балбалада ерік қалмады. Ағыл-тегіл жылады-ай келіп.
Ақыры олар бас қосып тынды. Ел Көкөзекке шейін ыр-

ду-дырдумен шығарып салды.
Иә, қара жолдың айтары көп. Бұл жолмен бөлек
шыққанда Ізбасар да көшін тартқан, бұл жолды немерелері
де шиырлады. Бірақ бәрі кезінде өткен оқиғалар. Қазір

қанша қарасаң да қара таппайсың. Меңіреу дала, тас керең
белдер үн-түнсіз...
Балбала немересін көтеріп жұмыс үстіндегі ұлына
беттеді. Ізбасар ә дегенше-ақ жерді қазып, төрт бағананы

орнатып тастапты.

– Екі жағынан тақтай қағып, арасын сабан, шөп-

шаламмен толтырсақ мынадай қора шықпай ма? – дейді
бас бармағын көтеріп.

– “Көз – қорқақ, қол – батыр” дегеніміз осы да.

– Ой, апа-ай, ел ұлыңды жалқау атайды, ал мен бір

кіріссем...
Араға Райхан араласты.

– Жә, жә, аспа! Одан да мынаны айтшы, сол шөп-

шаламды қайдан алмақсың?

– 147 –

– Е, ол сөз бе? Қазір Мақашқа шауып барсаң машина-

сымен түсіреді де береді.

– Әй, сол құрдасыңнан қайыр болса...

– Өзің баршы, келмеді бар ғой, мойнын үзіп алайын.

– Ендеше мен ертерек сол көк соққанды жағалайын.

– Тәңір жарылқасын, сөйте қойшы.

Мақаш
бөлімшенің
маңдайына
біткен

жалғыз
машинаның жүргізушісі. Ауыл басшысының қолбаласы
секілді. “Анда тарт, мында шап” дегенге сөз қайтармайды.
Сондықтан да ел “обслуг машина” атап кеткен. Балалардың

өздері сары кабиналы “Газ-53-ті” көре қалса “Обслуг келе
жатыр”, – деп сандарын шапалақтасып жүгіріседі.
Райхан ауыл шетіне қарай жортақтай жөнелді.
Әй, ұлы епті-ау. Келіні қанша жерден табалағанымен

еркек қой, еңсеріп-ақ жатыр. Балға ұстасы, қимыл
қозғалысы, құдды Жаңғабыл. Ол да араласқан ісін опы-
рып тастамайынша дамыл таппайтын.
Бірде, қыс ортасында, қөршінің қорасын өрт шалсын.

Үйілген мая шөп қоя ма, көзді ашып-жұмғанша тып-типыл
болды да қалды. Не істеу керек? Өрттен қалған малды қайда
паналатпақ? Осындай жанды сұрақтар бас көтергенде, іске
Жаңғабыл кірісіп берсін. Ол әуелі бульдозермен күл-қоқысты

сырғызып тастады да, өз қорасында жатқан бөрене, тайтай-
ларды арқалап тасыды. Дәл осылай бағаналар тұрғызды,
сосын оны тақтаймен көмкерді де, арасына сабан тығып
ұядай қора жасап шығарды. Сондағы елдің алғысында

шек болсайшы. Жыл бойы Жаңғабылды жыр етті. Бірақ
көнермейтін дүние жоқ қой. Ел санасында ол іс те көне тарт-
ты. Балбаланың ойында ғана кей-кейде жарық береді.
Байқап қараса, Жаңғабыл мен Ізбасар бір арман, бір

мақсат, бір жолды жалғастырушылар сияқты. Тәңірі екі
бірдей ұқсастық болмасын деп Жаңғабылды алған еді,
сөйтсе орнын жоқтатпауға Ізбасарды қалдырып кетіпті.
Онысына да тәубе! Ал енді ұлының үзігін кім жалғамақ?

Мына қара домалақтар ма?

– 148 –

Балбала қыңқылдап етегіне оралған немересін көтеріп
алды. Әрине, осылар жалғайды. Әй, айналайындар!
Осылардың жолында шейіт болса арман бар ма!
Қой, қой, тағы нені ойлап барады. Өлмейді, мына қара

домалақтардың қызығын көреді. Келін түсіреді, шөбере
сүйеді. Тек соған дейін жетсе...
Әлдеқайдан машина гүрілін естігенде Ізбасар елең етті.

– Әп, бәсе, Ізбасардың сөзін Мақаш жерге тастаушы ма

еді, әне, құйындатып келеді, сабазың!
Сөйткенше, сары кабиналы “Газ-53”-те шаңды бұрқ
еткізіп тоқтап, кабинадан киіктің асығындай жұқалаң
жігіт түсе берді.

– Ассалаумағалейкум! Иә, іске сәт!

– Әліксалам! Сол, “әйел айтты – біз көндіктің” кебін

киіп жатырмыз.

– Е, әйел әмірі – аш белден тиген сойыл ғой. Біз оны

ерте мойындағанбыз, ал сенің бас июің – бағынғаның.

– Өйтпеске шара қалды ма...

Райханның қабағы осы кезде ғана жазылды. Ол
шықылықтай күлді.

– Пай-пай-пай, бағынып қалыпсың! Он күн қақсап бір

мойындатып едім, енді мұның шағынуын қара...

– Ерің не десе, о десін, мен саған ризамын, Райхан, сәл

де болса тәубесіне келтіріпсің. Ананы қарашы, қарашы
деймін, жүрегін әбден ұшырғансың-ау, тіпті мойын бұруға
жарамай қалыпты.
Жастар кәукілдескен сайын күн ұзақ маңайды

тұмшалаған салмақ сейіле берді. Осыған қарап тұрып
Балбаланың да еңсесі көтеріліп қалды. “Е, бәсе, – деді
ол ішінен, – өмір осылай өзгермес пе? Қандай жарасым-
ды! Тіпті мысқал ашу болмағандай. Ризамын, Мақаш,

ризамын. Осылай анда-санда соғып, жылылық таратып
тұрсайшы”.

– Ал, сен – айттың, мен – жеттім, – деді Мақаш көлденең

жатқан бөрененің үстіне отыра беріп. – Енді не бұйырмақсың?

– 149 –

– Не бұйырушы едім. Көрмей отырмысың, мына

қабырғаларды тығындауға сабан керек, – Ізбасар
Мақаштың жанына жетіп шылым тұтатты. – Ол үшін
машинаңды аямассың?

– Е, салдырлауық темірді сенен аяп не қара басыпты.

Тілегің орындалады. Тек, бүгін емес, ертең, я арғы күні.

– Бүгін ше?

– Жолға шығамын, құрдас, жолға. Менің де дігершім

жеткілікті ғой. Әлгінде бастық совхоз орталығына баруға
бұйырған. Соған жүріп барамын. Келген соң алғашқы ісім
қораңмен болсын, келістік пе?

– Ә-ә, “Алғабасқа” барамын де!..

– Бұйрық солай.

– Жөн-жөн.

“Алғабас” дегенге елең еткен Балбала тағы да қара жолға
көз тастады. Сонау Көксеңгірдің арғы бетіндегі ауылға са-
пар шекпек. Мақаш қандай бағытты еді! “Алғабас”. Оны
көрмегелі де біраз болыпты. Өзгерді ме екен?

Жүрегін сағыныш кернеді. Жүргізушінің алдына қалай
жеткенін де аңғармай қалды.

– Мақаш, шырағым, жаңсақ естімедім бе, “Алғабасқа”

барамын дедің бе? – деді алқынғандай.

– Иә, апа.

– Сен... Сен білерсің, онда қызым Гүлдан тұрады.

Соған соқсаң...

– Соғайын, апа. Гүлданды білемін ғой.

– С... соның амандық-саулығын білші, ә?

– Жақсы, апа, жақсы.

– Тағы да... – Балбала тілін тістей қойды. Көмейіне

тығылған “Алмас” атты есімді айта алмады. Оған ауызы
бармады.

– Сөйтші, айналайын, сөйтші, – деді содан кейін асығыс

сөйлеп. Көзіне жас тығылды. Онысы сәл бөгелсе ыршып-
ыршып түсердей.
Балбала теріс айналып, бұл маңнан ұзай берді.

– 150 – ІІІ Заман-ай десеңші! Адам да қызық-ау. Басына бақ қонса айға шабады. Құлап мерт болу ойына да келмейді. Жүрегі алып-ұшып өңге бір әлемді шарлайды. Сонда көлеңкедей соңынан еріп жүрген сор барын да ұмытады. Балбала да сөйтті. Бақыт пен сордың үзеңгілес екенін айырмады. Тоқтамысқа қосылып, өмірге Алмас атты ұл келгенде, дүние нұрға тұнып тұрған. Жиырма алтыдағы келіншек толықсып, гүлдей құлпыра түсті. Арыған денесі толыңқырап, кеудені көтеріңкі ұстады. Күйеуінің бастық екені жүрегін мақтанышқа бөледі. “Алғабас” ол кезде шалғайда жатқан отгон болатын. Отыз-қырық шаңырақ бір үйден енші алып бөлінген кіндіктестердей ұйымшыл. Сондықтан ба, жастығына қарамастан үлкенге жеңге, жасқа шеше атанды. Тоқтамыс та керім-ақ. Осынау жанды қырықтың үстіне шықты деуге ешкімнің аузы бармас. Сыптықтай дене, сұңғақ бой, отты жанар – келіншек көңілінің құрты. Өмір дөңгелегі өз еркімен айналып жатты. Жерге бінеше мәрте қар түсті, бірнеше мәрте көктем шықты. Бір кереметі – Алмастан соң Балбала тыйылып қалды. Бірақ осы аздың өзіне Тоқтамыс мәз. – Өлгенімді тірілтіп, өшкенімді жандырдың. Енді өлсем де арманым жоқ. Себебі артымда тұяғым бар, – дейді есе сөйлеп. Кейіннен отгон жеке колхозға айналды. Оның төрағасы болып Тоқтамыс сайланды. Сол шақта ауыл қарасы да біршама өскен. Жаңадан көшіп келушілердің арасынан бақталастар де шыға батсады. Әсіресе Қатшаның тегеуріні ерекше. Бригадирдің әйелі, жасының үлкендігін міндетсіне ме, әйтеуір өр. Қатша – қатпа қара қатын. Ашуланғанда аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығады. Содан да болар, ә дегенше ауылды

– 151 –

ықтырып алды. Тек Балбалаға ғана тісі батпайды. Қанша
айтқанмен, бастықтың әйелі ғой.
Бірде Қатша үйге келген.

– Ойбай-ау, сіңлім екенсің ғой, бұрын қалай білмегем,

– деді ол табалдырықты аттар-аттамастан, – әлгінде ғана

естігенім! Ой, айналайын-ай! Біле-білсең туыспыз. Мен
де – көзеймін, ерім – Барқы. Әлгі біздің мәстек: “Елім,
елім” деп емешегі үзілгесін көшкенбіз. Айналайын алтын
ел жатырқамады. Қанның бірлігі де.

Содан ұзақ-ұзақ шай ішілді, әңгімеден әңгіме өрілді.
Балбаланың ұққаны – Қатшалар осыған шейін ау-
дан орталығында тұрыпты. Күйеуі пенсияға шығарға
жақындаған соң малға жайлы, жанға тыныш осы өлкеге

көшіпті. Тағы бір ерекшелігі – Қатша бұрын екі адамға
тұрмысқа шығыпты. Олардан пұшпағы қанамаған екен.
Үшінші ерінде “құдай көз жасын иіпті”. Бірінен соң бірін
беріпті. Кенжелері Алмасжанның түйдей құрдасы болып

шықты. Есімі – Кенжетай.
Кетерінде
Қатша
аралас-құралас

жүруге,
тұтас
жақындықты сақтауға үндеді.
Заман-ай десеңші!

Әркімнің өз қадірі өз уақытында екен ғой. Сәнді
өмірдің буында жетілген Балбалаға қырындаушылар да
бар-тын. Әсіресе дүкенші Қалижанның екпіні ерекше.
Кездескен жерде көзімен ішіп-жеп, әзіл тастауға құмар-

ақ. Оңашада мықынға қол жүгіртетінін қайтерсің. Балбала
алғашында шамданатын. Келе-келе бойы үйренді ме, әлде
өзімен түйдей құрдас жанның қытықты қылығы жеңді ме,
елемейтінді шығарды. Назды жымияды да қояды.

Осындай ұйқы-тұйқы шақта Тоқтамыстың да төсек
тарта қалғаны. Жасынан жабысқан кеуде ауруы меңдеп
бас көтертпеді. Сөйтсе ері бұрын елге сырын ашпапты.
Ол – ауыр сырқат иесі екен.

Ақыры күйеуі аудандық ауруханаға түсті. Жыл
жатты. Балбала екі аралықта шабуылдаумен жүрді.

– 152 – Көрінген машинаға жалынады, трактормен барған күндері де болды. Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірінде тағы да бармақ болып жиналған. Өзінше тамақ істеп, буынып-түйініп отырғанда Қалижан сап етсін. – Бәке, сен жол жүреді деп естідім бе? – деді ол жымиып. Балбала күрсінді. – Е, жағдай қиын боп тұрғаны... – Ештеңе етпес... – Қалижан көзін қысты. – Жолымыз бірге екен. Менің де тұтынушылар қоғамында шаруам бар еді. Онда бөгелмелік. Ананың сынаптай сырғып тұрғанынан көңіліне секем алған Балбала қарсылық білдірейін деп еді, шамасы жетпеді. Басқа кімге жалынбақ?! Аудан орталығына түс ауа жетті. Тыныштық сағатында еріне жолықты. Кәкір-шүкірлерді сөз етісті. Кеш батпай қайтадан Қалижанның көк “Москвичіне” мінді. Жүрдек машинаға жер қашықтығы не, тәйірі. Олар әп дегенше-ақ орта жолдан асып та кетті. Міне, осы арада дүкеншінің бөлек мінез танытқаны. Ол жолдан қиыстай беріп тау аңғарына енді де, тежегішті іске қосты. – Бәке, – деді сосын, – тіршілік күйбеңімен көзімізді тарс жұмып жүріп көретін көп жайдан қалтарыс қалыппыз. Мына табиғат, мынау сұлулық адамдардың еншісіне берілген шығар, ендеше біраз тамашалайық. Бір сұмдықтың жақындағанын жан-дүниесімен сезінген Балбаланың жүрегі дір етті. Ол жалынғандай Қалижанға қараған, анау жайбарақат машинаның алдында тұр. “Түссеңші, тағатсыз күтудемін” дегендей езу тартып қояды. Қандай сайтанның түрткенін білмейді, түсті. Газеттен жайылған дастарқанның шетіне жайғасты. – Балбала, – деді Қалижан қан түстес коньякты қолына ұстап, – біз пендеміз, ет пен сүйектен жаратылғанбыз,

– 153 – күлеміз, жылаймыз, өрекпиміз, басыламыз – бәрібір өлеміз, салдырап қаламыз. Біреулер: “Ол дүниеде жұмақ бар” дейді. Жоқ, Балбала, біздің жұмағымыз осы әлемде. Мынау тамылжыған табиғат, сен және мен. Ендеше осы өмірдің сәнін келтіретін сенің денсаулығың үшін көтерейік. Алды. Коньяк емес қан жұтқандай жүрегі лоблып барып басылды. Ақыры бәрі тынды. О, жасаған, күнәһар етейін десең оп-оңай екен-ау! Жақсылыққа тұнып тұрған әлемнің быт-шыты шықты. Шайдай ашық аспанда найзағай жарқылдады... Ол үйіне жетіп, төсегіне қисайғанда ғана есін жинаған. Сонда ұятты, арды таптап өткені санасына еніп булыға ұзақ жылады. Ертеңіне ертелетіп дүкенге барды. Қалижаннан өзге жан жоқ екен. – Кеше біз түс көрдік, – деді қатуланып, – сен де, мен де! – Ой, Бәке-ай... Қалижан қалбалақтай құшақтаған еді, қолын қағып тастады. – Естіп тұрмысың, біз түс көрдік! Жаман түс! Ол тісіңнен шықса... Есіңде сақта, жаныңды еншілеймін. Ал сенің жаныңның маған керек емесін білесің, олай болса... – Шықпайды, Балбала, ант етейін, шықпайды! – Қалижан иығына қолын салды, жүзі құп-қу. – Бірақ, сенің де жадыңда жүрсін – мен сені ермек етуді ойлаған жоқпын, мен сені шын сүйдім! Білдің бе, шын ниетіммен қаладым. Өмір бойы аңсап өтемін! Мазақ күткенде алдынан шыққан мына көрініске тап болған келіншек жасын сықты. Қалижан айтқанында тұрды. “Жабулы қазан жабулы” күйінде қалды. Шіркін, заман-ай десеңші!

– 154 –

Уақыт дөңгелегі тынымсыз алға зырлап Балбала
қырықтың қырқасына шықты. өл, қыз жетілді. Ізбасары
үйленіп, отау болып шықты. Араға екі-үш жыл салып
Гүлданы тұрмыс құрды. Ендігі сүйеніші – Алмас қана.

Тоқтамыс аурудан айықпады. Бірде ауруханада, бірде
үйде. Еті қашқан денесі олпы-солпы. Сүйектері сидиған
тірі аруақ. Бөлек ыдыстан ас ішеді, бөлек төсек жамба-
сын тескен. Кейде көрер таңды көзімен атырады. Та-

усылмайтын ыңқыл-сыңқылдан әйелге де ұйқы жоқ.
Ертеңгілік жүзі домбығып, көңілі құлазып тұрған әйеліне
Тоқтамыстың жаны ашиды-ақ. Дегенмен қолдан келер
дәрмен қайда.

– Жаным-ай, қызықты меңзеп шыжық ұстаттым-ау, –

дейді мұңайып. – Сәл шыда, сәл ғана төз, сосын мен де
жоқ боламын.
Күйкі тірлік адамды жалықтырады екен. Соңғы кезде
Балбала тау аңғарын жиі есіне алатынды шығарды. Ол

оқиғаны өлтіріп, мәңгілікке көміп тастағанмын деп ой-
лайтын. Қателесіпті. Әлдекім мәпелеп, күтіп-баптаған
соң, онысы тамыр жайыпты, тіпті гүлдеп шығыпты.
Қырықтан асқан қырқылжың жасында көңілін түрткілеп

жүр.
Аңсаған тәнінің дауасы ма, әлде кездейсоқтық па, бірде
Қалижанды “құдай айдап” келгені. Тоқтамыс екеуі ұзақ
әңгімелесті, артынан Балбаланы шақырды.

– Балбала, – деді Тоқтамыс демін ауырсына алып, –

Қалижан келісіп отыр. Сен менің рецептерімді ал да, ап-
текке бар. Дәрі таусылыңқырап, жайым болмай барады.
Сол күні ескі жыландар бас көтеріп қақаңдасын. Бәрін
бастаған өзі. Дәріні тауып, істері оңынан шыққан соң

қайтар жолда:

– Баяғы орынға соғайықшы, – деді. Анау тілегін

қайтарған жоқ.
Дүниені өрт шалды. Маңай лап-лап етеді. Бәрін
бастаған қос жалын – Балбала мен Қалижан. Олар

– 155 –

тілдерімен тіршілікті жалмап барады. Өздері де күйетінін
ескермейді.
Ауылда
өсек

дүңк-дүңк.
Беттерін
шымшысқан,
еріндерін шығарысқандар қаншама. Балбаланы көрсе

саусақ шошайтысады. Бұрын ел анасы еді, енді “өл де
ғана бары”.
Топалаң шақта Алмас әскерге аттанды. Балбаланың
жолы ашылды.

Бірде, таңға жақын Қалижан (бұл кезде ол алдын
ала отбасынан айрылысып басқа жаққа қоныс тепкен)
көк машинаны есік алдына тоқтатты. Гүр еткен дыбыс
шыққаннан елең еткен Тоқтамыс арсы-гүрсі табалдырық

аттағандарды көргенде, сұлық қалды. Әйелі мен Қалижан
кереует аяғына жүгінгенде де үндемеді.

– Ошағыма от ойнатты деме, Тоқтамыс, “тең – теңімен,

тезек – қабымен”. Айыптымыз, бірақ шегінер жер жоқ.
Қалижанның сөзін Балбала жалғады.

– Қарғарсың, қарға оныңа лайықпын, дегенмен жолы-

ма тұрма! Мен өзге көлге қонуға барамын!
Тоқтамыс сонда ғана басын көтерді. Әуелі күрк-күрк
жөтелді, сосын тілге келді.

– Кінәламаймын, Балбала, саған еш кінә жоқ. Бәрі

өзімнен. Атаңа нәлет ауру жабысты, айбарымнан ай-
рылдым, қайратым күл болды. Сеземін, төрімнен көрім
жуық. Сондықтан бағыңды байламаймын. Бір өтінерім –
Алмасты жетімсіретпе. Ол мына қылығыңды кешіре ме,

кешірмей ме, білмеймін, әйтеуір тосқауыл бола көрме.
Тағы айтарым, о дүниеде маған қажеті болмас, қолыңды
қақпаймын, алатыныңды ал. Әлгіңде машина гүрілін
естіген сияқтымын, жаңа қонысқа құр барғаның ұят-та.

Ой, жалған дүние-ай!
Адам бір айуанға айналса қайтып үйіріп табуы қиын
екен. Дәл сол сәтте бұлар айуанға айналыпты. Бар
жақсыны қорапқа тиеп, қаңыраған үйде ауру жанды

қалдыра берді-ау.

– 156 – Жүруге дайындалған шақта тосын айқай құлақ жарды. – Көріңде өкіргір Балбала, көріңде өкір! О, қарабет, о, нысапсыз ит! – Аттан! Жау шапты, аттан-н-н!! Таныды – Қатша мен шалының даусы. Иә, Балбала осылай адасты. ІV Қарасы бар, қасқасы бар, көмескісі, таптандысы бар дала жолдары таусылған ба. Ұшы-қиырды шарлап келіп бір ауылдың үстіне топ еткізеді. “Осы біткен-ақ шығар”, – деп енді тыныс ала бергенде, екінші бетінен ирелеңдеп тағы созылады. Қырға шығасың, еңіске құлайсың, батпаққа малтығып та қаласың, әйткенмен тоқтамайсың, жан ұшырып алға басасың. Діттеген жерің сонда да жеткізбей титықтатады. Адам өмірі де осыған ұқсайды. Сені бір межеге беттеткен қасқа жолың үзілген тұсында екіншісі жалғасады. Ол – ұрпағың. Оның өз бағыты бар, өз еңісі, өз биігі бар. Әлімсақтан адам өз өмірінің ұзақ, тым ұзақ болғанын қалады. Бүлдіршіндер өсе берсе, өсе берсе, ал үлкендер қартаймаса, жарық дүниеден жоғалмаса. Олар бірбіріне алауыздықпен қарамаса, бір-бірін көзге түртпесе. Жаныңды тоздырар күйік, өмірді өксітер мұң да кездеспесе. Қандай рақат! Бірақ сол күйік, сол өксік тамырын тереңге жайып алды-ау. Енді балталасаң да жойылмайды. Алмаға түскен құрттай ірітіп-шірітіп, тып-типыл етеді. Балабала Көксеңгірге иек артатын жолға қарап тұрып өз өмірінің де іріп-шірігенін түсінді. Иә, иә, енді ешкімге керек емес. Жұртта қалған жарамсыз ыдыстай. Жауынмен, желмен тот басады, бораған құмның астында қалады, із-түзсіз жоғалды деген осы ғой. Құлағы шыңылдады.

– 157 –

“Көріңде өкіргір, Балбала, көріңде өкір! О, қарабет, о,
найсап!” Неткен қатыгез қарғыс!
“Аттан! Жау шапты, аттан-н-н!!!”
Жүрегі қысып-қысып жіберді. Балбала ауа жетпеген-

дей аузын арандай ашып, қора қабырғасына сүйенді. Одан
арғысы есінде жоқ.
Өз-өзіне келгенде жүрелеп отыр екен. Басы салбырап
тізесіне тиіпті.

– Біссіміллә, біссіміллә! Тіпә, тіпә, – деді ол қәлимаға

тілін келтіріп, сосын тағы да жерге үш түкірді. Ырым-
жырымға сенбеуші еді, осы арада бірінші рет тәңірге
құлдық ұрды.
Балбала ешқашан жеңілдім деп ойламаған. Қан майдан-

ды қақыратып шыққан батырдайын еңсесін тік ұстаған.
Қалижанның жылы-жылы сөзі, тегеурінді қимылы есін
шығарып, еркін билеген. Тастап кеткен соң көп ұзамай
Тоқтамыстың қазасының хабары құлағына шалынғанда

да өкіне қойған жоқ. Бәрі осылай болардай-ақ жайбарақат
қалды. Тек, Алмас әскерден оралғанда ғана лып етпе
түйсік абыржытты. өлы өзін табар деген. Басқаша шықты.
өзын құлақтан естігені: Алмас үйленіпті, тойын ауыл

бірігіп жасапты. Бүгінде кенжесі баяғы шаңырақтың отын
түтетіп жатқан көрінеді. Ақ көңіл адамдар алдына мал да
салып беріпті.
Иә, аңқылдаған ауыл адамдары көңілін тапсаң көл

қылады. Оларға жылы жүз бер, сонда алатының асқар тау.
Ал қарайсаң қатып қалады, шабынсаң тарпып жібереді.
Мұндайда еңсеңді көтере алмайсың, жүн боласың.
Өмір өз дегенімен жүріп жатты. Жаңа ел жайбарақат

сыңай танытты. Қалижан бұрынғыдай дүкенші, Балбала
үйде.
Бірақ қуаныш ұзаққа созылмады. Ыстық-суықтары ба-
сылысымен ері гөй-гөйге бастайтынды шығарды. “Бармақ

басты, көз қыстымен” түскен ақша араққа жұмсалды. Бал-
бала әуелгіде бұған онша мән берген жоқ. Қонақ келсе ша-

– 158 – шылып салады. Осындайда Қалижан да сілтейді дейсің. Ертеңінде татпауға уәде етеді. Кешкісін ләйліп келеді. Ырыс қаша бастады. Мал теңгеге айналып, құлқыннан әрі өтті, дүние-мүлік саудаға түсті. Екінші жылы ерінің мойнына пәленбай мың сом мінді. Жылу жиналып, ар да, жан да шүберекке түйілді. “Маңдайына тиді ғой, осыдан кейін қояр”, – деген. Қалижан үдеп шықты. Ес-түсін білмейтіндей тойып, мұны таяққа сан жықты. Сондағы бар сылтауы: “Тұқымымды тұздай құртуды ойлайсың, бала таппайсың”. “Басқа түссе – баспақшыл”. Балбала “беттің арын бес түйіп” дәрігерлерді де адақтады. Олар енді ұрпақ болмайтынын айтып түсіндірумен қара тер болды. Қосылғандарына үшінші жылға айналғанда Қалижан үйге қонудан қалды. Өсек-аяңнан естиді “ана жесірдікінде түнепті, мына жесірмен әмпей-жәмпей”. Бірде шыдамады. Көзі кіртиіп, аузынан сілекейі ағып отырған күйеуіне шаңқ етті. – Әй, осы сені не әбілет басып жүр?! Басымызды ашып алайықшы, не бірігіп үйге айналайық, не түзге тарасайық! Мұны естігенде Қалижан алғаш ыржиды, сосын қатуланды. – С-ен-н... б-асқа бі-іреу... таптың ба-а-а?! – Е, таппай! Кіндігіміз бір емес қой! – С... сал-да-қы-ы!! Күйеуі ұрмақ болып ұмтылғанымен орнынан көтеріле алмады. Әңгіме ертеңінде қайта жалғасты. өйқтап тұрған Қалижан бұл шақта тың еді. – Қалижан, тыңдашы, – деді Балбала таңертеңгілік шай үстінде, – Саған не болған? Айтып өлтірші?! – Нені? – Күйеуі кесесін столға қоя салды. – Не айтайын? – Біздің осымыз не? Не өліде жоқ, не тіріде жоқпыз. Елден ұят та. Көшеге шықсаң көзіңді жерден көтермейсің...

– 159 –

– Саған көтер деген біреу бар ма? Түкірдім еліңе!

– Қойшы, Қалижан. Бала емеспіз, шаға емеспіз...

– Оныңмен не айтпақсың?

– Мен – әйелің, сен – ерімсің...

– Білмеймін-ау, білмеймін...

– Нені?

– Екеуіміздің ерлі-зайыпты екенімізге шүбәм бар.

– Оның тағы нең?!

– Ол ма? Ол – сол!

Балбала шошынды. Мынау неге меңзеп барады.
Қалижан үшін емес пе, бәрін талақ еткені. Енді...

– Бірдеңең қалып па еді?

– Бірдеңе?

– Иә, болса тез әкелші? Кеуіп барамын. Әңгімеңді со-

сын жалғастырармыз.
Әйелдің қол-аяғы дір-дір етті. Жүрегі де аунап-аунап
түсті, сосын қысып-қысып жіберді. Балбала аузымен ауа
қармады.

Әлден соң бәрі қалпына келгендей.

– Бар ма еді ол итің, әкелсейші?!

Күйеуі ақырып қалғанда, орнынан қалай тұрғанын
байқамады.
Бір шыны қызыл қолына тигенде Қалижан итше ыр-
ыр етті. Тығынын тісімен жұлып тастап, ыдысқа да

құймастан, аузына тосты. Содан кейін қылқ-қылқ жұта
бастады. Езуінен төгіліп, өңіріне тамған тамшыларға да
мән беретін емес.
Ол арақты тауысып, шыныны аласа столдың астына

ытқытып жібергенде ғана “үһ! ” деді терең тыныстап.

– Тү-у, көзім шырадай ашылды ғой! Енді тыңдауға бо-

лады. Иә, құлағым сенде...
Балбала жүрексінді. Аузына бірдеңе тисе құтырған ит-
тей бағжаңдап шыға келетін неме...

– Неге үндемейсің? Айта бер. Мен де осы әңгімеңді

күтіп жүргенмін.

– 160 –

Жо-жоқ, сап-сау! Бұған не дауа!

– Қалижан, айналайын, – деді Балбала жыламсырай, –

әкем, күңің болайын, осы арақты қойшы?

– Әй-әй, тоқта-а, – күйеуі сайқалдана жымиып басын

шайқады, – Сенің айтпағың бұл емес, басқатұғын-н...

– Тілейтінім осы ғана...

Жо-жоқ-оқ, аспан ашық, күн жарықта адаспа. Әлде
жолға салып жіберейін бе, ә?
Балбала өзін-өзі бекітті. Қорыққанын білдірмеуге ты-
рысып тамағын кенеді.

– Жарайды, айтайын. Менің ойымша біз ел бола алмай-

тын сияқтымыз.

– Дұр-е-ес...

– Не онда жоқ, не мұнда жоқ... Осымыз не өмір? Мен

саған сеніп едім. Елімді, жұртымды тастап, етегіңнен
ұстағаным да содан...

– Оныңа өкінесің бе?

Сөзін бөлген күйеуіне жақтырмай қараған Балбала енді
белді бекем буды.

– Өкінемін, – деді даусын қатайтып. – Өкінбек түгіл

саған кездестірген тәңірді қарғаймын!
Қалижан мырс етті.

– Ендеше неге өзің жабыстың?

– Мен...мен алдандым...

– Көйлегіңді өзің түрген едің ғой?!

– Мен...

Балбала солқылдап жылап жіберді.

– Мен...мен...

– Ә-ә, солай ма?! Жарайды, тыңда, ендігі сөз менікі

болмақ!
Қалижан қолымен сипаланып шыныны тауып алды да,
көзіне тосты. Тамшы қалмапты. Соған ызаланып онысын
есік жаққа бірақ атты.

– Ол кезде сен қызыл едің. Қызылға қыран қашан да

өш. Мен де өшіктім. Ауру шалдың бауырынан қызғандым.

– 161 – Шырыныңды сорғым келді. Дегеніме жеттім де! Қазір сен сұрсың. Қан-сөлсіз өлісің. Ал өлімтікке қыран қонбайды! Естисің бе, қонбайды! Иісінен қашады! Бездім сенен! – Қалижан! – Бедеу қатын кімге дәру! Шүкір, әйелім бар, балаларым бар, қубас емеспін, ораламын соларға! – Шынымен бе?... – Ал сен – қарабетсің! Оқыранғанға ергенше етегіңе ие болсаңшы, кәрі қаншық! Кет, оралма аяғыма! Қалижан орнынан атып тұрды да, жолына жығылған Балбаланы теуіп жіберіп, есіктен шыға жөнелді. Содан қайтып оралған жоқ. ...Балбала жолға қарады. Қара шалынбайды. Не шаң, не тіршілік нышаны жоқ. Әріде де, беріде де дала төсін тіліп жатқан иір жолақ қана. Ол орнынан созалаңдай көтерілді. Аяқтары ұйып қалыпты. Ауырсынып ұзақ тұрды. Әлден уақыттан соң барып тізесі тызылдап, жан кірген нышан байқалды. Үйге келгенде келіні мен көрші әйел ауыздары жабыса әлденелерді соғып жатыр екен, мұны көріп тына қалысты. Жақтырмағандай ала көздерін қадасты. Балбала бірден түсінді, мұны өсектегендері анық. Мейлі, жақтары қарыспаса соға берсін. Өзіне бөлінген бөлмеге өткенде ол мүлдем әлсіз болатын. Тістеніп төсегіне жетті де, буын-буынын бекіте алмай құлай берді. V. Тағатсыздана күткен Мақаш ертеңінде түс ауа жетті. – Иә, балам, ел аман ба екен? – деп сұрады Балбала жігіттің кешіккеніне абыржып. – Аман, апа, аман. Гүлданның қол-аяғы балғадай. Немерелеріңіз, күйеу балаңыз да есен-сау. Сәлем айтып жатыр.

– 162 –

– Сәлем айтып жатыр деймісің?

– Иә, апа, иә. Тек, күйеу балаңыз шөп тиелген

тіркемеден...

– Астапыралла!..

– Иә, тіркемеден құлап, қолын сындырып алыпты.

Бірақ қауіпті емес. Жақында айнаға түсірген екен, бәрі
ойдағыдай деп тауыпты дәрігерлер.

– Ойпырмай-ай, ә!..

– Ештеңе етпес, гипсін алыпты ғой.

– И-и, бейнет те...

– Сосын... Е, айтпақшыдайын, Кенжетай атты бір

балаңыз келін әкелуге дайындалып жүрген көрінеді.

– Кенжетай?!

– Қатшаның кенжесі ше?

– Е-е, ол да ер жетті,ә!

– Алмаспен жасты деп естідім.

– Алда, тәңір-ай! Иә, қашан түсіретін болыпты?

– Дәл уақытын білмедім.

– И-и, айналайын-ай!

– Барым осы.

Балбала жігіт сәлеміне қанағаттанбағандай кетуге
айналған Мақаштың қолынан ұстай алды.

– Алмас ше?... Оның жағдайы қалай екен?

– Алмас?... Гүлдан ол туралы ештеңе айтқан жоқ.

– Онысы несі екен, ә?

– Қайдам...

– Сонда... Жалпы жұрт не айтады?

– Білмедім, апа. Түк естімедім. Машинам бұзылып,

есім шықты ғой.

– Алда, айналайын-ай!

Мақаш қолын тартқан еді, Балбала босатпады. Жанары
жасаурап әлдене күтіп тұр.

– Мен қайтайын, апа.

– Қазір, қазір... Ту-у, ойыма түспей тұрғанын қарашы...

Е-е... Енді ол жаққа қашан барасың?

– 163 –

– Арғы күні.

– Мені ала кетесің бе, ә?

– Кабинаны аяйын ба, жүріңіз.

– Рақмет, айналайын, рақмет!

Енді Балбаладан маза кетті. Үйге кіріп бір киер
киімдерін сандықшадан шығарды да киінді. Айна ал-
дында ұзақ тұрды. Байқайды, қартаюға де бет түзепті-
ау. Отыз-қырқында қып-қызыл гүлдей еді. Әлде сәнді

өмірдің шарапаты ма, әлде уайымсыз шақтың еншісі ме,
әйтеуір екі бетінің ұшында қызыл ойнап, қарға аунаған
қыр түлкісіндей құлпырып жүретін. Бұлтыңдаған бөксе,
кеудені керіп тұратын қос анар, қарағанын қағып түсетін

ойнақы жанар – бәр-бәрі келісті-тін. Жиын-тойларда еркек
көзі өзіне жетіп жығылып жатқанда мәртебесі көтеріліп
қалушы еді. Қазір ше? Анары жайыла жығылыпты, жа-
нарында мұң бар. Бөксе де олпы-солпы, көйлекті шіреп

тұрмайды.
Көйлек демекші, сол көйлектер денесіне қонбайды-ақ.
Мына бір баданадай қызыл гүлдісін мәртебелі отырыстарға
жиі киетін. Ол от шарпыған бетіне алау шашып онсыз да

сұлу кейіпті нұрландырып жіберетін. Бүгінде бәрі бөлек,
қаны қашқан жүз нәрсіз шөлдей солған. Оған ақ шалған
шаш қосылғанда...
Ол көзін жұмды. Айнаға қайта қарауға қорықты.

Етінен арыған денені тағы көргісі келмеді. Әлдекім мазақ
қылатындай. Шынында, біреу қарап тұрған жоқ па екен?!
Жасқана көзін ашып, жан-жағына алақтады. Әбүйір
бергенде жалғыз тұр. “Қартаюға бет түзеппін деймін, шын

мәнінде менен өткен кәрі, менен бейбақ жан жоқ шығар”, –
деп түйді ішінен, сосын қайтадан айнаға бұрылды.
Бұрынғы жылдарда көз айналасында жіңішке-жіңішке
сызықтар ғана бар еді, олар баттиған-баттиған әжімдерге

айналыпты. Маңдайы да соқа көрген жердей айқыш-
ұйқыш. Тіпті қарауға қорқасың. Терең-терең қыртыстар
жұтып
қоярдай.

Жұмыртқадай
аппақ
жүздің
өзі,

– 164 –

жүдегеннен бе, жоқ болмаса, уайымнан ба, сәл құбылтса
кемсеңдеген баланың бетіндей тыртыса қалады.
Ойланса, Балбаланың дәурені өтіп кетіпті. Ол қызыл
гүлді көйлекті жалма-жан шешіп, сонадай жерге лақтырып

жіберді. Содан кейін күнделікті шыт көйлегін киіп,
сүлесоқ күйде сандықшаның бұрышында жатқан ақшаға
қолын созды. Тура жүз сомды санап алып, сыртқа беттеді.
Ойы дүкенге соғып, әлдекімдерге шашу, әлдекімдерге

базарлық алу.
Сенекке шыққанында Райхан одырая қарады.

– Бір жаққа жиналдыңыз ба?

– Дүкенге барып қайтайын деп...

– Онда не бар екен?

– Кенжетай үйленетін болыпты. Соған шашу алсам...

– Сонда сіз “Алғабасқа” бармақшысыз ба?

– Енді... Қанша айтқанмен...

Келіні долдана орнынан атып тұрды.

– Осы тайраңдағаның да жетті ғой! Ел онсыз да артын

ашып күліп жүр! Барсаң жүндей түтіп қайтарады. Өзіңді
де, бізді же ұятқа қалдырмай отырсаңшы омалып!

– Райханжан-ау, енді...

– Жетер! Осыдан қадам атта, осы үйде не сен, не мен

тұрамын!
Балбаланың көңілі жаси қалған еді, шаң-шұңды құлағы
шалған Ізбасар келіп араға килікті.

– Тағы не боп қалды?

– Мына шешеңе айт, шошаңдамасын!

– Ей, тіліңді тарта сөйлесейші!

– Тартпаймын! Ал тартпадым! Не істей қоймақсың,

сонда?!

– Әй, әй, әй!

– Әп, солай ма! Ендеше мені тыңда! Шешеңді елдің

атарға оғы жоқ. Қолдарында күш тұрса екі шайнап, бір
жұтарларын өзің де білесің! Олай болса, шошаңдамасын!
Осы үшін күніне мың өліп, мың тірілгеніміз де жетер!

– 165 –

Балбала мына тегеурінге шыдай алмай қолындағы
сөмкені жерге тастай берген еді, ұлы шапшаң қимылдап
қайтадан ұсынды.

– Апа, бұл көкбетті тыңдап қайтесіз. Әзірше мен тірімін

ғой, бетіңізден қайтпаңыз.
Осы арада ағыл-тегіл жылағысы келді. Буын-буы-
ны дірілдеп, жан-дүниесі езілді. Бірақ жылай алмады.
Шарадағы жас мұз болып қатып қалғандай, шығар емес.

Ол ілбіп басып аулаға шықты да, жауырыны бүкшиіп
дүкенге беттеді. Ойы әлем-тапырық. Бірі келіп, бірі кетіп,
сапырылысып жатқан небір әлеметтер еңсесін езе түседі.
Балбала соларға өрлікпен қарсы тұрады. “Жоқ, бару ке-

рек, – дейді ішінен. – Ертең кім бар, кім жоқ, өтейін алда-
рынан. Кешірсе кешірер, кешірмесе оны көрейін. Бәрібір
ел үшін – өлгендердің сапындамын ғой. Азар болса көрге
тығылармын. Өлім бәрін жуар”.

Дүкен ішінде екі-ақ әйел тұр екен. Олар мұны көргенде
аңтарылып қалды.

– Сізге не керек? – деді әлден уақытта сәкінің арғы

басындағысы жақтырмағандай даусын көтере сөйлеп.

– Жақсы кәмпиттерің болса, айналайын...

– Көзіңіз бар ма, қараңыз, бәрі алдыңызда. Біз ештеңе

тықпаймыз.

– Көріп тұрмын, айналайын, көріп тұрмын.

– Ендеше тезірек айта қойыңыз.

– Қазір, айналайын, қазір.

Балбала көзімен алдын шолды. Көңіліне алғандары
көрінбейді.

– Уақытым жоқ, болыңыз! – деді әйел дігерлеп.

– Әрқайсысынан өзің өлшей қойшы, айналайын...

Дүкенші әйел бір қалбырды алып кәмиттердің
әр түрінен сала бастады. Қимылы ожар. Итке сүйек
тастағандай уысындағысын тарс-тұрс лақтырады.

– Он келі. Жете ме? – деді сосын таразының тіліне де

қарамастан.

– 166 – – Жетеді, айналайын, жетеді. – Тағы не аласыз? – Кездеме болса?... – Қайсысынан аласыз? Қанша метр? Балбала састы. Шағын ғана дүкеннің оң жағына орналасқан кездемеге жақындай бере саусағын әнтек шошайтты. – Мынадан үш метр. Мынадан да сондай. Дүкенші метрлікті құлаштай айналдырып, айтқандарын Балбаланың алдына лақтырып тастады да, есепшотты қағып-қағып жіберіп: – Ақшаңыз бар ма еді? Алпыс сом, – деді. Балбала алғандарын жылдамдатып сөмкесіне тықты. Ойы тезірек есеп айырысып жоғалу. Дүкенші әйел ісі ақшаға түскенде әлгіндегідей асықпады, саусағының ұшын жалап қойып, мипаздап санады. Көңілдегісі шыққанда езуінің ұшында жымысқы күлкі де тұрды. Сыртқа беттегенде екі әйелдің сыбыры құлағына шалынды. – Бұл кім? – Бір бейбақ. – Е-е, жер-жиһанды құртқан Балбала осы екен ғой?! – Дәл өзі! Балбала үйіне қарай безектей жөнелді. VІ. Мақаш уәдесінде тұрып, бұлар “Алғабасқа” жеткенде мал қоралар шақ туған. Ауыл үсті азан-қазан екен. Қой маңырап, желіні жер сызған сиыр мөңіреп, тірлік қазаны бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Жоғын іздеп зыр жүгіріскен балалардың айқайы да құлақ тұндырады. Шелектерін даңғырлатқан келіншектер көп өтпей-ақ бір-бір сиырдың бауырына жабыса қалады.

– 167 –

Гүлдан да сиыр саууға шыққан екен, машинадан түсіп,
үйіне беттеген жолаушыларды көргенде таңданғаннан
шелегін қолынан түсіріп алып, бағжиып тұрып қалды.
Балбала құшақтағанда ғана өз-өзіне келгендей мөлтілдеп

жылады дейсің. Дауыс қоймағанымен: “Апа-ай, қайран
апатайым-ай! ”– деп тұншыға сыбырлады. Бұған Балбала
шыдап тұрсын ба, аңырата жөнелді.

– Маңдайға біткен жұлдызым, қараған көздер қарығар.

Қамыққан ана құндызын, өзіңді ойлап зарығар! Аһ! Көгін
де ерте солдырып, адасқанға таң ата ма-ай?! Өзімді, сені
тоңдырып алдым ғой бүгін, ботам-ай! Аһ! Жаныңа салған
мың батпан, тағдырдың мынау қаталы-ай! Қуаныш емес

мұң қатқан, келді анаң саған, ботам-ай, Аһ!...
Бұл кезде тосын көрініске көршілер де елеңдесе қалған.
Осыны байқап Мақаш ана екеуін айыруға әрекет жасады.

– Бұларың не? Қойыңыздар? – деді ол үлкендерден

көріп жүрген әдетпен байсалды сөйлеп. – Ел аман, жұрт
тынышта жамандыққа бастамаңыздар. Кәне, жүріңіздер,
үйге кірелік!
Қауышқан құшақтарды әзер ажыратты. Сүйрегендей

қылып екеуін ішке енгізді.
Құрақ көрпе үстіне жайғасқан соң да Балбала солығын
баса алмады. Айтпағы да көп еді, он күн, он түн зарласа
да таусылмайтын. Қас қағымда қайсыбірін тауыссын, енді

солар ішін тырмалайды.
Үй іші қонақ күту кәдесін жасап жатыр. Күйеу баласы-
на Мақаш көмектесіп жүр. Олар бір секті алға тартып та
үлгерді. Бата күткен жайлары бар.

– Береке басы болсын. Бата күткен мына шаңырақтан

құт кетпесін. Аллауһуақпар! – деді Балбала күбірлей бетін
сипап.
Сөйткенше маңайды даңғаза қылып немерелері
де жетті. Гүлданның аузынан түскендей тұлымшағы

желбіреген қара торы қыз жатырқамастан тізесіне шығып
алды. Ал кішкене қарадомалақ ұл әуелгіде осқырынып

– 168 –

теріс айналғанымен, апасының жайлы орынға қонғанын
көргенде шыдай алмай мұрнын тартқылады.

– Келе ғой, айналайын, келе ғой! – деді Балбала емірене.

Қарадомалақ ерке екен, шақыру құлағына тиісімен
жүгіріп келіп үлкенін бүре құлады. Анау да тырмысып
кететін емес. Сосын-ақ тізеге талас басталды да кетті.

– Әже менікі! – дейді үлкені.

– Менікі! – дейді кішісі.

Мұны көргенде Балбала кәдімгідей масаттанып қалды.
Торығып бітіп еді, сөйтсе бұл да біреулерге керек екен.
Алдап-сулап ұл мен қызды татуластырды. Бірін оң,
екіншісін сол жақ тізесіне отырғызып қалтасынан конфетін

шығарды. Немерелері мәз. Қағазын тістерімен жыртып
ашып, ауыздарына бір-екеуін тоғытып та үлгеріпті.

– Тәтті-ақ! – деді қыз.

– Аһа, тәтті! – дейді ұл.

Ас ішіліп, еркектерге төсек салынып, түннің бір
уақытында оңаша қалған қыз бен шешесі сөзді неден ба-
старларын білмегендей үн-түнсіз ұзақ отырысты. Көкейге
кептелген ағын қақпа ашылса лақ етердей. Бірақ сол

қақпаны ашудың өзі күш.
Тәуекелге алғаш барған Гүлдан болды.

– Жағдайыңыз қалай?

– Бірқалыпты, айналайын.

– Райхан жайлы ма?

– Е, ене келіннен, келін енеден безе ме... Жүріп жатыр-

мыз, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей...

– Ізбасар да көптен ат ізін салған жоқ.

– Жұмыстағы адамның қолы қалт етер күні бар ма, ол

да бір қамыт киген өгіз ғой. Оның үстіне шөп шабуды
жақында аяқтады.

– Біз де хабарласа алмай...

– Міне, бұларың дұрыс емес. Жандарың бөлек

болғанмен қандарың бір, аралас-құралас жүрудің жөні
бөлек. Қарадомалақтар да бір-бірін жатсырап кетпесін.

– 169 –

– Бармайық демейміз. Жиналып-теріліп жүргенімізде

күйеу балаңыздың ұрынып қалғаны.

– Иә, иә, қиын-ақ.

Балбала әңгіме үстінде қызын барлап бақты. Шаңырақ
тұтқасын ұстаған соң ба, Гүлдан байсал тартыпты.
Бұрынғы ұшқалақтықтың ізі де жоқ, қимылы да, сөзі де
салмақты. Сары қарын ауыл әйелі болған да қойған.

Шыдай алмады:

– Алмас... Алмаспен қатысып тұрасыңдар ма? – деді

жасқаншақтай.

– Алмаспен бе? Әрине, қатысамыз. Әлгінде де балалар

сол үйден келді.

– Жағдайы қалай өзінің?

– Бірқалыпты.

– Келін орнықты ма?

– Сәулені айтамысыз? Ол деген Алмастың басына

қонған бақ қой! Келініңіз бір үйдің емес, бір елдің ыры-
сына біткен бала.

– Ойпыр-ай, ә?!

– Шын айтамын. Тіпті ауылдағы кексе әйелдердің өзі

Сәуленің алдында орынсыз тәжікелесе алмайды. Жо-жоқ,
келініңіз оларды тыймайды, оның ондай оғаш қылығы
жоқ. Тек, бәрі сыйлайды. “Қара шаңырақта отырған
үмітіміз”, – деп құрметтейді.

Балбала төмен қарады. “Қара шаңырақта отырған
үмітіміз”. Бір кезде өзін осылай атаушы еді. Алдынан
шықпайтын, сыйлайтын. Бірақта бұл көпті түсінбеді.
Бастықтың әйелі болған соң жасқанады деп ұқты, кеудесін

көтерді. Қайдан білсін, халықтың асқанға тоспа бола ала-
тынын.
Көзіне жас үйірілді. Оны қызына көрсетпей сүртіп та-
стады.

– Алмастың өзі не істейді?

– Ұста.

– Ұста?!

– 170 –

– Таңданатын несі бар, жұрт мақтап жүр. Басшылар да

ауыздарынан тастамайды. Жақында Болгарияға туристік
сапарға жолдама да берген.
Мына хабарға шошынған Балбала қызының қолынан
ұстай алды.

– Сонда ол ауылда жоқ па?!

– Он шақты күнде оралады.

– Әттеген-ай, ә?.. Ал, Сәуле ше?

– Үйінде.

– Ертең кіріп шықсам...

Қызы жайлап қолын босатты да, стол үстінде жатқан
нан қиқымын әрі ысырды.

– Апа-ай, ол мүмкін емес қой...

– Неге... неге мүмкін емес?! Мен Алмастың анасымын!

– Сіз ол ұлды білмейсіз. Алмас та, үйдей қорғасын да

бірдей. Айтса қатып қалады.

– Сонда ол не айтып еді?

– Сізді өмір бойы көрмеуге, шешем деп айтпауға уәде

еткен.
Балбаланың жүрегі бұлқынып-бұлқынып қалды. Ол
жайбарақат отырған қызына шүйлікті.

– Сонда сен... сен не бітірдің?..

– Мен оған не айта аламын?

– Сен... Сен!..

Балбала тілін тістей қойды. Шын мәнінде жазық
Гүлданнан емес қой. Бұл байғұс кімге қарсы келердей.
Отырысы мынау, сөзі анау.
Бірте-бірте сабасына түсті. Сұрланған жүзіне де қан

тарады.
Ұйқы-тұйқы заман-ай!
Сезімін тыйып, сайтан ойларға тізгін бермесе, өзі де
осы күнде отырмас па ел анасы атанып. өшып аспанға

шықты, үрпиіп жерге түсті. Ақырында солбырайып жеке
қалды. “Өлдім” десе аузына біреу су тамызар ма екен?
Жоқ, қайта басынан теуіп өте шығар.

– 171 –

Ой-ой, жалған-ай!
Жалған емей немене, байқап отырса Ізбасар да, Гүлдан
да өзіне мүлдем жат. Тек, іштен шыққан соң ғана амал-
сыздан илігеді, сыйлаған болады. Шынтуайтқа келгенде

құтылуға асық. Бәтшағар жан кімге дәру...
Балбала жан күйзелісін білдіре терең тыныстады.

– Гүлдан, жасырмашы, Кенжетайдың үйлену тойы

қашан өтпек?

– Сенбіде.

– Келін түсіп қойды ма?...

– Ертең тосып алмақшы. Ол астанада оқиды екен.

– Құтты болсын айтсақ?...

– Кім?! Біз бе?!

Гүлданның көзі шыға бақырайды.

– Мен айтсам аспан қақ айрылмас.

– Ой, сіз!..

– Жә-жә, несіне едіреңдейсің! Мен не, құмадан туып-

пын ба!..
Қызы екеуі ортақ тіл табыспаған соң ұйқыға жатқан.
Балбала көпке шейін көз іліктіре алмады. Сосын Қалижан
тастап кеткеннен бергі серігі – ұйқтататын дәрінің бірін

аузына салды. Әлден уақытта екіншісін де жұтты.

VІІ.

Ертеңінде сағат оннан аса оянды. Жай жатқандықтан
ба, денесі құрысып-тырысып, бейжай болып тұрған еді,
қаймақ қатқан қою шайдан соң жадырап сала берді. Енді
ол аялдамады, Қатшаның үйіне қарай беттеді. Нені бол-

масын көріп алмақ. Іштеріне тартса жақсы, ал кері тепсе
қыңсылаған иттей кете бермек.
Аула адамдарға толы екен. Еркектер бір бұрышқа жи-
налып әңгіме-дүкен құрса, әйелдер қазан-ошақ жағын ай-

налдырып жүр. Тымық ауаға көтерілген көк түтін көлең-
көлең етеді.

– 172 –

Шарбақ есігінен аттағанында абыр-сабыр сап басыл-
ды. Жұрт сайтан көргендей үрпиісе қалды. Таңданғандар
да, шамырқанғандар да баршылық. Осыны байқаған
Балбаланың тізесі дірілдеді. Бірақ ол өзін-өзі тез бекітті.

Сосын еңсесін көтеріңкіреп үйге өтті. Дәл төрге жеткенде
бір-ақ тоқтады.

– Қуаныштарыңыз қайырлы болсын! – деді көзімен

отырғандарды жағалап. Көбісі таныс, көбісі бейтаныс.

– Айтқаныңыз келсін! Жоғары шығыңыз!

Жас келіншек қолтығынан демеп жол көрсетпек болған
еді, Балбала қолын тартып ала қойды.
Отырғандарда үн жоқ. Әсіресе дәл орта шенге
жайғасқан кимешекті кемпір сазарып қалған. Басқалары

оған жаутаң-жаутаң қарайды.
Кимешекті кемпір әлден уақытта ғана тілге келді.

– Балбаламысың? Иә, қайдан жүрсің?

– Елді, жерді көрейін деп шыққан бетім.

– Сенде ел, жер қалып па еді?

– Сіз – ел, мынау жер емес пе!

– Мен ел болсам ел шығармын, табан астындағың жер

болса жер шығар, бірақ олар өзгенің еншісінде екенін
ұмытпа!

– Алланың еншісіне дауым жоқ.

– Тәйт, күнәһар, тәңірге тіл тигізбе!

– Ешкімге тіл тигізбек емеспін, апа...

Әлдекім биік орындық ұсынған, соған жайғасты.
Көзін кемпірден айырмады.
Сөзді тағы да кимешекті кемпір бастады:

– Балбала, іргеміз сөгілмеген ел едік – сойыл болып

қабырғамызды қақыраттың, басымыз ашылмаған жұрт
едік, – іріткі салдың! Осың жетпегендей енді неге келдің,
ашып айтшы?
Күңіренген үн жүрегін тіліп-тіліп өтті. Балбала шыдай

алмай көзін жерге салды. Не демек? Айтып отырғанының
бәрі рас. Шөңге боп өсті, көбінің табанына қадалды,

– 173 –

дүйім жұртты ақсатты. Олар жылап еді, бұл масайрады.
Қуанышы тасып айға шапты, ақыры мерт болды. Бірақ бір
кезде өзі түсінбеген осы жайды бүгін мыналар түсіне ме?
Сазарған жүздер түтіп, қанталаған көздер жұтып жіберер.

Әлде келгені бекер ме? Жо-жоқ, дұрыс. Мейлі тас бай-
лап суға тастасын, мейлі ат құйрығына тақсын, әйтеуір,
жазасының салмағын айырып берсе жеткілікті.

– Үндемейсің, ә?! Әрине, үндемейсің? Өйткені адам

өмірге келген соң оған жарық дүние қымбат екенін жақсы
білесің. Міне, мен жетпістің жетеуіне шықтым. Пайғамбар
жасынан асып жығылдым. Бірақ соны көңіліме құт санай-
мын ба? Жоқ! Әлі жетпіс жеті жыл жасасам да көрге кіруге

асықпаймын. Маған бір секунд ауа жұтқаным керек, мы-
нау жарық сәуле қымбат! Маған ғана ма? Бәрімізге. Сен
осыны ұқпадың, Балбала! Есіңе түсірші, Тоқтамыс қандай
күйде еді. Ол жарықты аңсамады ма? Аңсады. Сәл де болса

мына дүниеден тәттілік күтті. Дегеніне жетпеді. Бәрін сы-
пырып алдың, ол құсадан тез өлді. Бәрі дегенім дүниесін
айтқаным емес. Ол – қолдың кірі ғой. Бәрі дегенім – алда-
нышы. Ол алданышы – сен едің, Балбала!

Кемпір суланған көзін сүртті. Балбала басын төмен
тұқыртты. Бәрі көз алдында. Міне, Қалижан екеуі
кереуеттің аяқ жағында жүгініп отыр. Тоқтамыс сөз алды:

– Кінәламаймын, Балбала, саған кінә жоқ. Бәрі

өзімнен. Атаңа нәлет ауру жабысты, айбарымнан ай-
рылдым, қайратым күл болды. Сеземін, төрімнен көрім
жуық. Сондықтан бағыңды байламаймын. Бір өтінерім

– Алмасты жетімсіретпе. Ол мына қылығыңды кешіре

ме, кешірмей ме білмеймін, әйтеуір, тосқауыл бола
көрме. Тағы айтарым о дүниеде маған қажетті болмас,
қолыңды қақпаймын, алатыныңды ал. Әлгінде маши-
на гүрілін естіген сияқтымын, жаңа қонысқа құр қол

барғаның ұят-та.
Дәл осылай деді-ау сабазың! Өзі қиналып, өлім
табалдырығында жатса да мұның болашағын ойлап,

– 174 –

жақсы өмір сүргенін қалапты. Не деген ақыл, парасат!
Осындай адамға құл болса несі айып!
Бұл – қазіргі ойы. Ол шақта миығынан күлген, бар
жақсыны машина қорабына тиеген. Сөйтсе, бір арыстың

өміріне үкім шығарып, өз қолымен жерлепті-ау! Қандай
қорқынышты!...
Құлағы шыңылдады.
“Көріңде өкіргір, Балбала, көріңде өкір! О, қарабет, о,

нысапсыз ит! ”.
“Аттан! Жау шапты, аттан-н-н! ”.
Ол есірік шалған жандай басын кекжите беріп, айнала-
сына алақтай қарады.

– Мені ол кешірер ме екен, ә?!

– Кім? Тоқтамыс па?

– Иә, иә, сол!

– Оны ол дүниеге барғанда сұрарсың.

– Ал ел ше?

– Ел ме? Оны өздерінен сұра.

Балбала құлай беріп еңбектей алға жылжыды.

– Сіз кешірер ме едіңіз ә?!

– Мен бе?

– Сіз! Сіз!!!

Бір жері шаншығандай кемпірдің әжімді беті тыжырая
қалды.

– Оны да ел шешеді...

Балбала кемпірдің мәсісін құшақтай ұзақ жыла-
ды. “Енді маған өмір жоқ, өмір жоқ, өмір жоқ! ” – деді
солқылдап.
Қанша уақыт өткені белгісіз, бір кезде жым-жырт

отырған жұрт толқын шайқалғандай ырғалысып кетті.

– Сәуле келді, – деді біреуі сыбыр етіп.

– Сәуле келді...

– Қара шаңырақта отырған келін келді!

– Төрлетсін, айналайын, төрлетсін!

Балбала жылауын кілт үзіп, басын көтерді. Міне, келіні,

– 175 –

туған баласының әйелі... сыпайы жымиып үлкендерге ізет
білдірді. Қандай инабатты. Жүзінен нұр тамғандай. О,
жасаған, бергеніңе шүкір!
Балбала Сәуледен көмек күткендей солбырайып

орнынан тұра берген, бірақ үміті ақталмады. Келіні
мұңайғандай ұзағырақ қарап тұрып:

– Қайтсаңызшы, – деді сыпайы, – қазір жол тосуға кет-

кен үлкен апам да келеді. Ол кісінің ашуын білесіз. Бекер-
ге жер боласыз ғой...
Дүние шыр көбелек айналды. Тәлтіректей басып есік
алдына шыққаны есінде, одан арғысын Балбала білмейді...

VІІІ.

Көзін ашқанда алғаш көргені – үстіне төніп тұрған ақ
киімді ақ қыз.

– Мен қайда жатырмын? – деп сұрады одан.

– Ауруханада.

– Ауруханада?

– Иә, Сізге көп сөйлеуге, толқуға болмайды. Неғұрлым

тыныш болсаңыз өзіңізге солғұрлым пайдалы.
Балбала жан-жағына қарады. Төбе де, қабырғалар да,
қыз үсті да аппақ. Ендеше ауруханада жатқаны анық.

– Балам, – деді баяу, – мені мұнда қашан әкелдіңдер?

– Әлгінде ғана. Жүрегіңізде сырқат бар. Оған ерекше

күтім керек.
Балбала зорлана езу тартты.

– Әй, балам-ай, білмейсің ғой, мен бұл жүрекпен әлі

жүз жыл жасармын.

– Әрине, жасайсыз. Әуелі біз емдейміз, сонда құлан-

таза айығасыз.

– Қанша ұстамақсыңдар?

– Ол жағы маған белгісіз. Мүмкін ай жатарсыз.

– Ай?... Қой, балам, ойнама! Менің тап қазір үйге

қайтуым керек. Естисің бе, тап қазір!

– 176 –

– Оны дәрігерге айтыңыз.

– Айтамын, айналайын, айтамын. Шақыршы өзін.

– Қазір... – Ақ қыз аяғын тып-тып басып палатадан

шыққанда, Балбала басын көтерді. Есіне әлденелерді
түсірейін деп еді, тұман сияқты.
Сөйткенше ақ халатты ер адам есік ашты.

– Сіз шақырдыңыз ба? Иә, жағдайыңыз қалай?

– Жақсы, айналайын, жақсы. Мен шақыртқан едім.

Сөзіме құлақ салшы, айналайын. Мендей шешең бар
шығар, тілегімді қайтармашы, көкетайым.

– Құлағым сізде.

Балбала жанып түсті.

– Келінімнің аяғы ауыр еді. Сол байғұс қол-аяғын бау-

ырына алса... өл жұмыста. Бала-шаға шиеттей... Түсінесің
ғой, айналайын.

– Шопан екенсіздер ғой?

– Дәл үстінен түстің. Қара да тұр, келін босанғасын

өзім келемін, ал қазір босата қойшы, ә?
Дәрігер ойланып қалды. Балбала өз өтірігіне іштей
қысылғанмен, сыр бермеуге тырысты.

– Жіберуге де болады, жібермеуге де... үй-ішіңіз ана-

дай күйде... Сіз міндетті түрде келуге уәде етесіз бе?

– Тастай алмай жүрген жан жоқ. Әрине, келемін. Тіпті

қолхат берейін...

– Онда босатуға болар. Бірақ өзіңіз күтініңіз. Ашуға,

қатты толқуға жол бермеңіз. Жалпы, сізге тыныштық керек.

– Оны түсінемін ғой, айналайын!

Есік алдына шыққанда Мақаштың келе қалмасы бар ма.

– Апа, халіңіз жақсы ма? – деді ол кабинадан асығыс

түсіп, – естігенде зәрем ұшты!
Балбала жымиып жігіттің арқасынан қақты.

– Түкке тұрмайтын бірдеңе ғой, айналайын. Тіпті сөз

етудің өзі артық. Өз жұмысың бітті ме?

– Бітті. Енді қайтамыз ба?

– Қайтайық.

– 177 –

Кабинаға жайғасқан Балбаланың көзі оң қапталдан оза
беріп тоқтаған көк “Москвичке” түсті. Астапыралла! Мы-
нау Қалижан ғой. Тап өзі. Жып-жылмағай. Әйелін түсіріп
жатыр. Қағанағы қарық, сағанағы сарық жандай езуін жия

алмайды. О, қаныпезер, о, сұрқия!
Машина орнынан қозғала берді.
Қалижанды көргенде қара тастай қатып қалған Балба-
ла ауылдан ұзап шыққанда ғана тілге келді.

– Айналайын, сәл тоқташы? Қанша айтқанмен суын

ішкен, ауасын жұтқан ауылым ғой... тағы бір көз салай-
ын, – деді Мақашқа мұңайып.
Жерге түскенде жүрегі қайта атой салды. Әне ауылы!
Тып-тыныш, моп-момақан! Құдды, сан жылдардан асып,

сан тағдырдың куәгері болмағандай үн-түнсіз. Сонысы-
мен асқақ, сонысымен сұлу!

– Қош! – деді Балбала басын сәл иіп. Ол өзіне өлім

сағатының жақындағанын сезгендей қалтырап кетті.

ХІІ.

Үйінің табалдырығын аттағанда ыңғайсыз жайдың
ызғары соққандай қалшиды да қалды. Асыр салып, үй
ішін даңғазаға бөлейтін немерелері көрінбейді. Райхан да
жоқ. Ұлы ғана жападан-жалғыз шай ішіп отыр.

– Басқалар қайда?! – деді үрейлене.

– Келер.

– Төркініне кетті ме?

– Е, әдеті ғой. Тулайды-тулайды, сосын қояды.

Бұл ұрыс-керістің шығуына сеп болған өзі екенін
сезді. Қолайсыздана бөлмесіне өтті. Құрақ көрпені жай-
ып, үстіне жастық тастады. Тынықпақ. Елу жылғы азапты
бүгін бір сілкімек.

Көк пүліш шапанды жамылып көзін жұмды. Шіркін-
ай, ұйқтап кетсе! Бәлкім, сонда арылар еді еңсесін езген
дүлейден. Тұяқ серіппей қатып қалса!

– 178 –

Балбала дәрінің біреуін аузына салып, қомағайлана
жұтты. Жаны енді тыншыр.
Тынши алмады. Көз алдына келіні, немерелері елестеді.
Байғұстар бозарып қайда отыр екен? Төркін төркінімен,

өз ошағына не жетер! Көсілсең де, көлбесең де еркінсің.
Тірі пенде тәйт дей алмайды. Әсіресе немерелеріне қиын
болды-ау! Ой, айналайындар-ай!
Шыдамастан басын көтеріп ұлына дауыстады.

– Ізбасар, а Ізбасар!

– Әу, апа!

– Бері келші!

өлы тізесін бүккенде оған жалынышты қарады.

– Сен ренжіткенсің ғой, ә?

– Кімді! Райханды ма? Балалар тұрғанда қол тигізіп

қайтемін. Өзі бұрқырады, өзі кетті.

– Былай... барып қайтсаң...

– Өзі-ақ келеді. Көрерсіз, таң азаннан есікті тепкілер.

Балбала жастыққа қайтадан бас қойды.

– Су алып берші? – деді сосын қажығандай. Ізбасар ке-

семен су әкеліп жанына қойды.

– Рас айтамын, апа, таңертең келеді олар.

– “Өз үйі – өлең төсегі!” Келсін, келсін. Тек саған ай-

тарым, ренжіспеңдер, айналайын. Келте жіптей қысқа
өмірде қырқысып қайтесіңдер...
Ізбасар кеткесін Балбала қақпағын ашып, құтыны
алақанына төңкерген еді, үшеуі қатар түсті. Оларға

шұқшиып ұзақ қарады. Үш дәрі! Дөп-дөңгелек, кіп-
кішкене үш дәрі! Осы да адамның алып жанына шипа
бермек пе?! Мүмкін берер, мүмкін...
Үшеуін де аузына тастап жіберіп, артынан судан бір-

екі жұтты.
Шапанды бүркенгенінде көз алдына Қалижанның
ыржиған бағанағы бейнесі елестеді. Құдды жаны жазира,
жағасы жайлау жанның кейпі. Шын мәнінде солай шығар.

Әйелі, бала-шағасы, өзіндік баспанасы, ақырында көк

– 179 –

“Москвич!” О, жасаған, Балбала неткен ессіз еді! Соның
жолында арын таптап, бар дүние-мүлкін шашты-ау. Сон-
да Қалижанның қолында көк тиын болған жоқ. Тіпті көк
“Москвичтің” өзін үйінде қалдырып кетті. Олай не былай

болған күнде қайтып оралуды ол сұмпайы сол шақта да
ойлаған-ау! О, көк төбет!...

– Тағы ненің жолына түстім! Сап көңілім, сап! – деді

күбірлеп. Содан кейін құтыға жармасты. Тағы үш дәріні
қиналмай жұтты. Енді ұйқтамақ, тұяқ серіппей қатып
қалмақ.
Жүрегі қаққандай. Балбала терең-терең тыныстады.

Шіркін-ай, азапты көрмей қалғып кетсе, тезірек қалғыса!
Кеудесі қысқандай ма-ау, тынысы тарылғандай ма?
Ол ызалана шапанды ысырып тастап басын көтерді.
Құты дәл жанында жатыр екен. Оған мөлие қарады.

Дәріден күш кеткен бе, әлде Балбала күшейіп алған ба,
белгісіз...
Балбала ызаланғандай екі-үш дәріні күтір-күтір шайна-
ды. Не дәм, не татым білінбейді. Толғанып жұтып жіберді.

Сосын тағы екі-үш дәріні күтір-күтір шайнады. Мейлі,
дүние күйіп кетсін, дәл қазір бұған ұйқы керек, ұйқы!!!
Жанталасып отырып тағы ішті, тағы, тағы, тағы ішті.
Одан кейінгісін білмейді. Басы айналғандай болған соң

жастыққа қисайған, содан қозғалыссыз қалды.
Бұл шақта Балбала жан-тәнімен аңсаған, жан ұшыра
ұмтылған о дүниеге аттанып та үлгерген.

– 180 –

ЖАЛҒЫЗДАН ҚАЛҒАН ТҰЯҚ

Қонақтарын шығарып салған Басардың көңілі құлази
қалды. Ол қолындағы сағатына көз тоқтатқан еді, әлі түнгі
он екіні көрсетіп тұр екен. Сосын жиналмаған стол жанына
келіп, бос бокалға шампан толтыра бастады. Көпіршіктің

тасып төгілгеніне мән берер емес. Дастархан бойымен
жылғалай аққан шарапты жанарымен ұзатып салып, оның
қайда барып тоқтарын бақылаған жанша сілейіп тұр.
Осы кезде телефон безілдей жөнелді. Сонда ғана ес

жиғандай болған Басар селк етті де, шишаны стол үстіне
қоя салып, қалтасын қарманды. Қолына ештеңе ілікпеді.
Телефон тағы шыр-шыр етті. Құдды бүрге шаққан ба-
ладай безектейді. Түнгі тыныштықта дауысы да ащы-ақ.

Тұтқаны көтергенде арғы жақтан таныс дауыс естілді:

– Ало, Басармысың?

– Иә, тыңдап тұрмын, – деді бұл селқос.

– Мен Ескермеспін ғой.

– Таныдым.

– Танысаң бопты. Ау, дос, туған күніңмен! “Ештен кеш

жақсы” дейді ғой. Баламыз сырқаттанып бара алмадық,
айып етпессің...

– Ештеңе етпейді...

– Кімдер болды?

– Өзіміздің жігіттер, келіншектерімен.

– Жақсы-ы. Отырыс қалай өтті?

– Ойдағыдай.

– Маған сарқыт қалған шығар, ә?

Арғы жақтан шиқ-шиқ күлкі естілді. Әлде Басарға со-
лай көрінді ме, әйтеуір мұның жүрегі аунап-аунап түсті.
Бірге өскен жолдасы кекетіп тұрғандай. Дегенмен, лықсып
келіп қалған ашуын тежей:

– Бар айтарың осы ма?– деді.

– Осы ғана. Құттықтаймын! Ертең, уақыт болса, кіріп

шығармын.

– 181 –

– Бопты.

Тұтқадан үзік-үзік дыбыс шалынды.
Ол қайтадан стол жанына жете бере кілт тоқтады.
Өз көзіне өзі сенер емес. Дастархан бойымен аққан ша-
рап жерге құлапты да, одан әрі жол таппағандай кішкене

көлшік құрапты. Не сіңіп кетпейді, не буланып ұшып
кетпейді. Моп-момақан. Сүртпесең суланып жатып ала-
тын сыңайы бар.
“Құдды менің өмірім”, – деді Басар күбірлей. Осы сөздің

аузынан қалай шығып кеткенін байқамады. Қырық жеті
жыл бойы қасқайып қарсы тұрған, ащысын да, тұщысын
да татып, кермегін елемей, тәттісін дәріптей берген
тағдырдың жалғандығын осы сөзімен-ақ мойындағандай.

Шындығында мойындады ма? Оны өзі білмейді. Әйтеуір
бір тегеурінді күштің соңғы кезде тұқыртып алғаны ғана
мәлім. Оны, бәлкім, сырт көз айыра да алмас, дегенмен, ішкі
айқайға не дерсің? Онысы құрғыр әуелі тұншыға сыбырла-

ушы еді, кейінде мүлдем ырықтан шығып кетті. Санасын
арбаған әзәзілдей қақаң-қақаң етеді. Онымен де қоймай
бар ғаламға естірте шыңғыратынын қайтерсің. Тіпті, ұят,
ар дегендеріңді табанымен таптап, жаншып тастамақ бола-

ды. О, тоба, мұндай да есірік бар екен-ау, мына жалғанда!
Тоқта, тоқта! Кім есірік? Ой ма, әлде оның патша-
сы – адам ба? Адамсыз ой қайда бастар дейсің, ал ойсыз
адам... Жо-жоқ, мұндай болу мүмкін емес, ендеше пат-

ша есірік. Сондықтан да “ешкіні мұрындықтауға, өгізді
жұдырықтауға” құмар.
Басар тағы да жан қалтасын қарманды. “Қайда
қойғанмын?” – деді дыбыстап. Көзімен жан-жағын шол-

ды. Жұпыны серванттың үстінде тұр екен. Жеделдете ба-
сып барып жоғын тапқандай қуана қорапты қолына алды.
Түбінен шертіп қалып, секіріп шыққан бір тал шылымды
ерніне қыстырды. Бірақ тұтатуға асыққан жоқ. Салмақтап

байқағандай сіріңкені алақанында ойнатып біраз тұрды.
Құлағына әкесінің үні естілді: “Кеңсірігіңді құрт жеп бара

– 182 –

ма-ей?” “Иә, кеңсірігімді ғана емес, жанымды құрт жеп жа-
тыр”, – деді бұл ширығып. Сосын шошынғандай бұрыш-
бұрышқа алақтай қарады. Безірейген төрт қабырғадан
өзге көзіне ештеңе шалынбады. Жұпыны жиһазды бөлме

тып-тыныш. Жайшылықта көшеде сапырылысып жата-
тын машина гүрілі де дәл қазір тына қалыпты. Осының өзі
үрей шақырғандай. Жалғыздық үрейін санаға құйғандай.
“Түбінде жынданатын шығармын”, – деді Басар шылы-

мын тұтата беріп. Содан кейін ащы түтінді қомағайлана со-
рып-сорып жіберді де, көзі жасаурай орындыққа отыра кетті.
Осы бір жайсыз сезімнің басталғанына төрт-бес жыл.
Түп тамыры, бәлкім, әріде де жатар, дегенмен ащы айқайдың

шыққанына көп бола қойған жоқ. Әсіресе, жалғыз қалған
сәттерінде ойы онға бөлінеді. Тыншықтырып тұратындары
да, тұншықтырып жіберетіндері де бар. Соңғысы көбірек
мазалайды. Мұндай кезде көпшілікке ұмтылады. Қолы

жетсе қуанады, жетпесе іштен тынады. Қолы жететін сәті
тым аз. Жолдастары үйлі-баранды. Әркімнің өз күйбеңі,
өз тіршілігі бар дегендей... Барса кет деместері анық. Де-
генмен, қаймығады. Жасырындысы жарып шығып өзін

масқара ете ме деп жасқанады. Ал, Басарда тіршілікте тіл
безеуге келмейтін тұңғиық көп-ақ. Онысының өзін не ша-
лып жығатыны, не алып тынатыны анық.
Құлағына тағы да әкесінің дауысы естілді:“Ой, күшік,

осыншама күйрек болармысың! Кәне, көтер еңсеңді! Сен
жалғыздан қалған тұяқсың!”
Бұл жолы әкесінің үнінен шошынбады, бәріне
мойынсұнғандай шылымын құныға сорды...

Бәрі неден басталып еді?
Ес біліп, етек жапқан шақтан бастап Басар өзін еркекпін
деп сезінді. Бәлкім, бұл бала болып, жалаң бұт жүрмеген
де шығар. Әйтеуір, әкесін арқа тұтып, өзіне жақпаған елдің

бәрін боқтап салатыны, тұстастарын түйіп қалатыны жа-
дында. Әсіресе, қыздарға өш-ақ. Тұлымшақтарынан тар-
тып, күніне бірнешеуін жылатады. Ол ісін кешке әкесіне

– 183 –

жеткізгенде әкесі мырс-мырс күліп, бір жасап қалады.
Назар – батыр тектес адам. Екі иығына екі кісі мінгендей
зор денесі басқалардыкіндей ебедейсіз де емес, шалт
қимылдап, шауып түсер шапшаңдық танытып тұрады. Екі

арасы тұтаса біткен жау қабақ шегір көзді сестендіріп, он-
сыз да қара сұр өңді сұсты ғып көрсетеді. Әкесінің мінезі
де бірбеткей. Айтты-бітті, кесті-үзілді.Онысын кесімді
сөзімен де, ожар қылығымен де сан дәлелдеген. Содан

да болар, шалғайда жатқан ауылда Назарға батып “әй”
дейтін құдайдың құлы жоқ.
Міне, осындай адамның шаңырағына құрсақ құтаймады
дегенге кім сенер. Дегенмен, бұл шындық. Нәсіп туып

бақты. Бәрі шетінеді. Жасқа жетпей балапандарын жер
қойнауына ұсынады. Ерлі-зайыптылар сан рет жылады,
егілді де, әйткенмен жазғанға қарсы тұруға шамалары
жетпейді.

Жастары жер ортасынан ауғанда Нәсіп тағы құрсақ
көтерді. Ай-күні жетіп Басарды дүниеге әкелді. Бұл бір
шаңырақтың соңғы нүктесі екенін сезді ме, Назар туған
қызды ұл атады. Нәсіп “ұл таптым” деп қалжа жеді, ауыл

адамдары қызылға тойып, көкпар тартты.
Бәріне сенгіш қайран көңіл-ай! Жалғанды шындық дегізіп,
тәттінің орнына кермек жегізіп, тоймағанды тойдырып,
тойғанды омақастыратын да сен екенсің-ау. Басар осының

бәрін басынан өткізді. Алғаш, кімнен естігені беймәлім,
бірге өскен құрбысы Ескермес: “Сен қыз екенсің ғой”, – де-
генде ботадай боздағаны бар. Бәрі ойыннан шыққан.
Бірде ауыл балалары қалың шұбарға ойнауға бар-

ды. Соғыстың жаңа аяқталған шағы. Бәрінің құлағына
сіңіп қалған, “соғыс, фашист” деген сөздер енді ойынға
айналған кез. Шұбардың шетіне іліккен бойда ересектеу
біреуі қолма-қол өзін командир сайлады да, топты екіге

бөле бастады. Сосын қарсы жақты қиқаңдағандарына
қарамай “фашист” етті. Міне, осы топтың ішінде Басар
да бар-тын.

– 184 –

Бір қызығы бұл ойында жүйелі тәртіп жоқ. Белгілі
заңы “фашистер” жеңіледі. Егер қарсыласың қуып жет-
се немесе тығылған жеріңнен тауып алса сен ананың
құзырындасың. Ұрса шыдайсың, байласа көнесің.

Белгі берілген сәтте бұлар зымырай жөнелді. Басар
байқады, шабандар әу-бастан-ақ “қолға түсіп” шырыл-
дай бастады, ал жүйріктері екі өкпесін қолдарына алып
қалыңға сіңіп барады.

Әлден уақытта соңында қуғыншы жоғын білген Басар тілі
салақтаған күйі бір түп қарағанның көлеңкесіне тығылды. Жан
рахаты осында екен. Төбеден шыжыған күннің жалыны таса
жерді әлі қармап үлгермепті. Көктің үстіне жата кетсең тынысың

кеңіп, көңілің жайланып сала береді.
Ол осы жерде бірінші рет қиялға бой ұрды. Әкесі айта
беретін самұрық құс – самолет бұларды қияңға алып ұшты.
Басар әкесінің ескертуіне қарамай самұрықтың көзінен

қайта-қайта жерге қарайды. Онысы кіп-кішкентай.

– Біз енді үйге бармайықшы, – дейді назданып.

– Шешең сағынады ғой.

– Сағына берсін.

– Нәсіпті жек көресің бе?

– Онымен бірге жүрген қызықты емес.

– Неге?

– Ылғи үнсіз отырады. Сосын менің қылықтарымды

жақтырмайды.

– Онда сабап алайын.

– Жылайды ғой... Аяймын.

– Олай болса осылай ұша берейік. Күнге жетіп бірақ

қонармыз.

– Күн кішкентай-ақ қой....

– Барған соң көрерсің, ол үп-үлкен...

Басар жоғары қарамақ болады, бірақ шақырайған сәуле
көзін аштырар емес.
Өзімен-өзі жатқанында әлдене сыбдыр етті де, артын-
ша Ескермес бой көрсетті.

– 185 –

– Ә-ә, сен мұнда екенсің ғой!

Қиялының кілт үзілгеніне қапаланған Басар орнынан
атып тұрып тұстасын кеудесінен итеріп қалған еді, анау
шалқалай құлады да, беті-қолын қараған жырып кетті.

– Сен... сен қаныпезерсің, – деді Ескермес жараларын

сипалай көтеріле беріп.
Бұған Басар саспады. Ананың ұнжырғасы түсіп
кеткенін байқап, масаттана түсті.

– Ал, сен қонжықсың.

– Иә, деген... Ойынның тәртібін бұздың...

– Әлің келсе байлап ал.

– Байлаймын. Міне, белбеуім бар.

– Тақалшы, кәне, жүндей түтіп тастайын!

– Қорқады деген...

– Қорықпасаң кел бері!

– Келсем келемін.

Екеуі ұстаса кетті. Алғашқыдай емес, Есермес есін
жинаған ба, күштілігін байқатып, Басардың білегін мы-
тып-мытып жіберді. Бірақ, Басар оған мойыған жоқ, Қайта
ашуы бетіне теуіп тістене қалды.

– Жеңілесің бе? – деп сұрады Ескермес ентіге тұрып.

– Ең әуелі жығып ал.

– Мен қызбен күреспеймін.

– Не, не!?

– Сен қыз екенсің ғой...

Басардың денесі дір етті. Ол енді өзінің ісіне есеп бер-
местен қарсыласының шашына қос қолын салып жіберді
де, ананы бұрай жығып, кеудесіне мініп алды.

– Не, не дедің?..

– Сен қызсың!

– Мә, саған! Мә, саған-н!

Басқа, көзге төпелей ұрғаны есінде. Ескерместің
мұрынынан қан ақты. Басардың айызы бұған да
қанған жоқ. Даланы басына көтере жылап, үйіне қарай
жүгірді.

– 186 – Сол күні ауылға жай түскендей болды. Назар Ескерместің үйіне ат ойнатты. Арашаға түскен тірі пенде болсайшы. Тұрғындар жабықтан сығаласумен тынды. Кешкісін Басар тосын жайдың куәгері атанды. Қас қарая Ескерместі жетектеп шешесі келді. – Назар, – деді ол табалдырықтан аттар-аттамастан баласын желкесінен бір түйе алға оздырып, – Нешеме жыл едіреңдедің, еңкейгеннен басқа жазығымыз жоқ. Боқтасаң боқтығыңа, қамшыласаң қамшыңа көндік. Соның бәрі неліктен? Жалғыз-жабы болмасын дегендіктен. Осыны сен түсіндің бе? Жоқ! Бүгін келіп шаңырағыма ат ойнаттың, байымды таяққа жықтың. Ол бейшара тұщы етіне ащы таяқ өтсе де қарсыласты ма? Жоқ! Аш көзіңді, Назар, аш! Менің байымды да бір әйел ұл тудым деп қалжа жеген. Осыны ұмытпа! Тағы айтарым – он бала тудым деп ойқастамаймын. Көре алмағаның осы болса ал мынаны. Пісіріп жейсің бе, шабақтап өлтіресің бе, өз еркің. Көзіңе шыққан сүйел осы бала болса, құдай алдында сұраусыз, ал!! Үй ішінде сілтідей тыныштық. Нәсіп көзін жерден көтермейді. Назар да қатып қалған. Басар мына көріністен шошынғандай қабырғаға жабыса түсті. Тұс киізді ұстаған қолы дір-дір етеді. Әуелі есін жинаған Нәсіп. Ол көкірегі қарс айрыла күрсініп, алға қарай бір-екі қадам жасады да, Ескерместің шешесін құшақтай алып сарнай жөнелді. Сөзінің бірін түсінсең, екіншісін түсінбейсің... Аналар кеткен шақта өксігін әлі баса қоймаған Нәсіп Назарға жүз бұрды да: – Құдайдан жасырмағанды адамнан жасырып қайтеміз, тағдырдың салғанына мойын сұнайық та, – деді бәсең үнмен. Назар міз бақпады. Нәсіп қайтадан сөйледі.

– 187 –

– Қаттысың-ау, отағасы, қаттысың. Темір екеш темір де

балқып, мұз екеш мұз да еруші еді, сенде, сірә жан жоқ
шығар...
Әкесі үн қатпады. Бұл Нәсіпке ашу тудырды ма жүзі
күреңітіп, шешесі тағы тамақ кенеді.

– Осы босағаны аттағанда сүйегім осы босағадан

шығар деп келіп едім. Ерте ме, кеш пе солай болатыны
даусыз. Сенің алдыңда арым таза. Ендеше саған сөйлеуге
де қақым бар. Адаспа, отағасы. Баланы да адастырма.
Шындықты мыңнан жасырғаныңмен біреу біледі. Ал,

біреу білді дегенше...

– Оттама! – деді осы кезде Назар шаңқ етіп. Бірақ бұл

шешесіне тұсау сала алмады. Ол ойын әрі сабақтады.

– Иә, иә, біреу білді дегенше ел білді де. Түсінсеңші,

отағасы-ау, түсінсеңші. Қасқыр да бөлтірігін өз күнін
көруге жасынан баулиды. Біз адамбыз ғой. Мен – ана, сен

– әке емеспісің!..

– Қысқарт!

– Ертең екеумізге ел не демек, Басаржан не айтпақ?

Қарғайды ғой, сорлы-ау!

– Қысқарт! Әйтпесе тіліңді кесемін-н-н!

– Менің тілім кесілгелі қай заман. Алғашқы перзентім

шейіт болғанда-ақ ол қиылған. Ендігім далбаса ғой...

– Қоясың ба, жоқ па?!

– Осы аз ғана бірге өткізген тіршілікте алдыңнан кесе

көлденең өтпеппін. Не айтсаң соны мақұлдадым. Жөн бе,
бұрыс па, оны да сараламадым. Сен де мені бір тыңдашы.
Мен ризамын, отағасы, бәріне ризамын, тек сенің өмірің
өксімесінші, жолың қысқармасыншы. Сен... Сен төсек

жаңғыртшы..
Осы кезде Назардың қолына қайдан түскені белгісіз,
сегіз өрім қамшы ысылдай келіп Нәсіптің жауырынына
оралды. Соның артынша үйді басына көтерген жанкешті

дауыс шықты. “Ө-ө-ө! Ө-ө-ө!”
Бұл – етпеттей құлаған күйі жылап жатқан әкесі еді.

– 188 –

Мынау – нағыз жан ашуы болатын. Жылдар бойы
біріне-бірі қаттасып, уақыт өткен сайын тоң болып қатып
қалған шеменнің бір сәтке лықсып кеткенін көру қандай
ауыр. Әйткенмен жанар берген соң көре де, сезе де аласың.

Бірақ, қолыңнан келер қайран жоқ, сен бір жағадасың, ол
екінші жағада. Ортада үйдей толқындар буырқанып бет
бақтырмайды.
Әрине, дәл осы шақта мұны толық түсінуге Басардың

санасы жетпегені анық. Бала көз алдында өтіп жатқан
жабайы көріністерге шоши қараған, денесі түршіккен.
Әкесіне ұқсап өкірмегенмен, шешесі де сыңсып отырған.
Тарам-тарам жастар бидай өңді жүзін қуалай етегіне тырс-

тырс тамғанда Нәсіп теңселіп-теңселіп кеткен. Қушықтай
денесі бір уыс болып бүгіле қалған шеше тақсыретін ай-
тып ауыз жеткізе алмас.
Әкеге еліктеп, әке мінезін қабылдағанмен Басардың

дене бітімі жағынан шешесіне тартқаны даусыз. Бұл да
әлжуаз. Саусақтары салалы. Дөңгелене біткен бет пішіні,
қыр мұрыны, монтансып қарайтын қой көзі, қала берді,
сирек өскен қабағына шейін Нәсіптен айнығысыз. Жұрт та

мұны әлдеқашан мойындаған. Тек, осы ұқсастыққа қарсы
екі адам бар. Бірі – өзі, екіншісі – әкесі. Назардың пайым-
дауынша – өсе келе Басардың еті толысып, сүйегі іріленіп,
әкенің “аузынан түскендей” болады да қалады. Әке сөзіне

бала да иланады. Өзі пір тұтқан жанның ойы дөп шықса
екен деп тілейді. Сондықтан да Басар шешесіне қарсы.
Сөйткен әке нәр сызбастан үш күн жатты, төртінші
күні таң құланиектене атын ерттеп, белгісіз бағытқа

жүріп кетті. Бір адамға жөнін айтса-шы. Нәсіп ұсынған
тостаған толы көжеге ернін де тигізбеді. Тек, қас қарая
үйге оралғанда ғана Нәсіппен күңкіл-шүңкілге көшті.

– Сәндігүлге бардым, – деді ол шайға отырғанда.

Шешесі үндемеген еді, әке сөзін әрі жалғады.

– Тірі жанға тісінен шығармағанына ант-су ішеді. Мен

оған сендім. Сенетін жөнім бар. Қиын-қыстау кезеңде

– 189 –

үйелмелі-сүйелмелі екі үй қанаттасып бір-бірімізге сүйеу
болған едік. Ащы болса ащыны, тұщы болса тұщыны
бөліп жедік. Ашаршылықта та абысын-ажындай болдық.
Ендеше, Сәндігүл бізді сатпайды.

Нәсіп тағы да не қоштағанын, не қолдағанын
білдірмеді. Қашанғы әдетімен шайын сораптап ұзақ отыр-
ды да қойды. Жанарында шаршағандық белгі бар. Көз ай-
наласы қалталанып тұр.

Әлден уақыт өткенде ғана ол кесесін стол үстіне қоя
беріп:

– Отағасы-ау, өзің біліп, өзің түйіп жүрген дүние ғой,

оны маған несіне қақылдай бересің, – деді момақан үнмен.

– Ертеңгі күні бірдеңені көңірсітпес үшін сенің де

бәрін білгенің жөн.

– Менің аузым құлыпталғалы қашан... Кілт өзіңде,

ашасың ба, жоқ, сол күйінде қалдырасың ба, ерік сенде.

– Ашпаймын, ешқашанда ашпаймын!

– Солай-ақ болсын

Тәттіге тамсандырып, оның дәмін таңдайға татырмайтын
соқыр тіршілік-ай! Сенің өмір кешкен пендеңе жомарттығың
да, жоқшылығың да көп-ау. Көлденең өткен көк аттыға
несібеңді үйіп беріп, көшіңнің соңында салпақтаған көп

аттыға алақан жазбайтының қиын-ақ.Соңғы сорлылар жы-
ласа көз жасын көрмейсің. Алыстан көл болып, шөліркеп,
ентелеп жеткенде шөл болатының жаман. Осы соқпақта
қаншама мұң, қаншама сыр қалды. Бірін ашпайсың. Бәрін

үйіп-төгіп, құшағыңа сыйдырып жорта бересің.
Міне, осы көште Назар мен Басар да бар болатын. Бірі
жетектеп, екіншісі оған ілесіп, саналарын тұмшалаған
тұманнан айналаларына көз сала алмай олар да салпақтап

бара жатты. Алдарында тосқан не, сор ма, ор ма, оған да
мән беріспеді. Жүре берсе, жүре берсе – дәтке қуат сол ғана.
Басар өсе келе боқтампаздықты екінші қатарға ысы-
рып, бірінші қатарға төбелескіштікті шығарады. “Ә” де-

генге “мә” деп қарап тұрады. Өзі шақар-ақ. Әлі келмей

– 190 –

бара жатса тісті жұмсайды. Әйтеуір, қарсыласын басып
тынады. Рас, жеңіліп қалатын кездері де бар. Мұндайда
қайтпайды, тілін безеп бағады.
Сөйтіп жүріп шылым шегуді үйренді. Алғашында да-

ладан жылқының тезегін жинап, кептіріп тартса, келе-
келе дүкеннен арзан қолды темекі сатып алатын болды.
Әрине, тығылып тартады. Мұндайда ауыл жанындағы
шұбар пана.

Бірде, осындай ұрлық істеп отырғандарында, бұлардың
үстінен Назардың түскені бар. Жоқ қарап қайтқан беті ме,
аты терлепті. Өзі де шапанын ер жанына байлай салыпты.

– Мұрындарыңды құрт жеп бара ма-ей, көксоққандар! –

деді ол ат үстінен күле қарап. Қорыққандарынан демдерін
ішіне тартқан балалар шөже торғайдай бүрісе қалды.
Соны сезген әке кеңк-кеңк күлді.

– Күшіктер-ай, сендердің де өсіп, адам болғандарың, ә?

Біз қартаймағанда кім қартаяды. Кәне, маған да бір талын
беріңдерші, насыбайым таусылып, мазам болмай барады...
Балалар жасқана шегіншектеген еді, Назар тағы өтінді.

– Қорықпаңдар, айналайындар, пана болып, сая болу-

дан басқа бізде не қалды дейсіңдер? Сендер өстіңдер, біз
шөктік, алдарыңнан жарылқасын!
Міне, мынау нағыз қолдау еді. Ауыдағы ең беделді, ең
қатыгез адамның ұрыспауы, қайта жақтай сөйлеуі бала

біткенді қанаттандырып жіберді. Олар енді өздерін шын
есейгендей сезінді. Басардың айналасына балалардың
көбірек үйірсектегені осы кез.
...Басар қолындағы шылымның әлдеқашан сөнгенін

байқап, алдындағы күлсалғышқа тастай салды да, қораптан
тағы бір талын алып тұтатты. “Беломордың” ащы түтіні
кеудесін аша түскендей. Екі-үш рет қомағайлана сорып-
сорып қалғанда бойы да жеңілейіп сала берді.

Көшеде әлі де тыныштық. Қала шырт ұйқыда екенін
терезеден сығаламай-ақ жан-тәнімен сезінеді. Түннің
ортасында өзі секілді есуас болмаса кім ояу дейсің. Ба-

– 191 –

сар да жылы төсекте бұйығып жатар еді, бірақ дәл бүгін
сана-сезімі шамырқанып, жатуға мұрсат бермейді. Ұйқы
қашқалы қашан.
Сөйткенше дәл терезе алдынан жеңіл машинаның

өте шыққан гүрілі естілді. Ол тыныштық қаймағын дір
еткізгені болмаса қақырата қоймады. Басар соған қуанды.
Қанша дегенмен, ой тұңғиығына ың-шыңсыз бойлаған
жақсы-ақ қой.

Ол бокал толы шампанға қол созғанымен ішпеді.
Тұңғыш рет көріп тұрғандай көпіршіктерге шұқшия
қарады. Мұнда да тіршілік бар сияқты. Бокал беті бүлк-
бүлк етеді. Онысы тым баяу, дегенмен көңілге демеу.

Қаздия қалған төрт қабырғаға телміргеннен гөрі тіршілік
нышынына үңілген жақсы-ақ қой.
Телефон шалып Ескерместің баласының халын
сұрағысы келді. Дегенмен, тез қайтты. Түнгі екіде қай есі

дұрыс адам біреуді мазаламақ.
Қай баласы екен? Есерместен аунымайтын тұңғыштары
сүйкімді-ақ. Әлде ер бала болғаннан кейін бе, әйтеуір Ба-
сар соған үйір. Үйіне бара қалса айналып-толғанып жаны-

нан шықпайды. Сәби де бауырмал. Кісі жатырқау дегенді
білмейді. Әлде кенжелері ме? Әппақ бантик тағып, әппақ
көйлек киіндіріп қойғанда ақшақардан аусашы. Тек, бір
айыбы, шешесіне ұқсағандығы. Қаймыжықтай еріндері,

тәмпіш мұрыны, қала берді мойылдай қап-қара көздері де
сойып қаптап қойған шешесі. Бір үйде, бір ата-анада да
мұндай ала-құлалық бола береді екен-ау...
Басар шылымын тағы сора түсті. Ту-у, қандай рахат!

Осындайда Назардай әкең болғанына, өзіңнің қыздан ұлға
айналғаныңа еш өкінбейсің...
Тоқта, тоқта! Басар осы тірлігіне өкініп көрді ме? Жоқ,
өкінбепті. Мүмкін, сәл осалдық танытқан кездері бар

шығар, әйткенмен...
Сабыр, Басар, сабыр. Пенделікке бой ұрып қайтесің.
Сен де адамсың, адам болғанда да...

– 192 –

Ойпыр-ай, ойы тағы қайда бастап барады? Мойында-
мау керек. Әке әруағы алдында ұят та. Бірақ қайыспас қара
нар Назар да бәрін мойындаған сияқты. Ой-ой, жалған-ай!
...Басар еш таршылық көрмей оқуын бітірді. Ақшаның

көптігінен шашты, сапырды дүниені. Не ішем, не кием
демеді. Баршылықтың арқасы шығар, жолдас-жора да
көп-тін. Олар күндіз-түні Басардың маңынан шықпайды.
Студент кезінде қалада бармаған түкпір, кезбеген көше

қалмады. Осындай сергелдеңнің кесірінен техникумды
“әупірімдеп” қана тамамдады.
Әкесі үлкен той жасады. Дарақылықпен келген
қонақтарына бие сойды, жақын-жұрағаттың әрқайсысына

қойдың басын тартты. Ондағы ойы: “Көрсін, білсін мына
жұрт, жалғыздың да жебеушісі бар екенін, жалғыздан да
шаң шығатынын”, – дегені еді. Мұнымен де тынбады,
шапқылап жүріп туған ауылдан жұмыс та тапты. Трактор-

шылар бригадасына бригадир етіп тағайындатты.
Соңғы кезде қаланың у-шуына көндігіп қалған Басарға
ауылдың тып-тыныш өмірі тозақтай еді. Таңның атысы,
күннің батысы көретінің аптап ыстыққа шыжыған дала

ғана. Оның үстіне бір мезгіл бой жазатын ресторан, те-
атр дегендеріңнен де мақұрым. Әйтсе де шыдады. Әке
қаһарынан ыққандықтан ғана қарсылық білдірмеді.
Өмір бірқалыпты өтіп жатты. Баласының мәртебелі

орында жұмыс атқаратынына әке мәз. Шешесі де өз
қуанышын көпшілікке жария етпегенімен жан-жағына
жадырай қарайды.
Бірақ, бұл ұзаққа созылған жоқ. “Ойбай, кеше Басар

бәленмен шекісіп қалыпты”, “Ойбай, бүгін Басар түгенді
кілтпен ұрып, басын жарыпты”, – деген сыпсың сөз
ауыздан-ауызға көше бастады. Бұл Назар мен Нәсіптің
құлағына шалынды.

Бірде әкесі баласын оңашалап:

– Балам, – деді жүдеу үнмен, – Сені жасыңнан бетіңнен

қақпадым. Мен әкеден жалғыз болсам, сен менен қалған

– 193 –

тұяқсың, сондықтан да ешкімнен кем болмағаныңды
тіледім. Тілегім ақталды ма деп едім.... Жұрт аузына кім
қақпақ қоя алады. Дегенмен, олардан шыққан сөз жөн
бе деймін. Ести-ести құлақ сарсыды. Қойсаңшы, мына

қылығыңды...
Басар осы сәт әкесіне шұқшия қарады. Көзінде
өшпенділік пе, әйтеуір бір елес жалт етті.

– Әке, өзің жасыңда қандай едің?

– Мен бе... Менікі, енді, білместік те...

– Мен де жаспын. Ендеше білместігім көп шығар.

– Қылығыңды бұған сайып қойсақ жақсы-ақ.

– Соған сайыңыз, әке!

– Ой-ой, балам-ай... балам-ай...

Еркелетем деп еркінсітіп, жақсылық жасаймын деп
жайратып алғанын ұқты ма, Назар бұдан өзге сөзге бар-
мастан атының басын кері бұрды.
Сол әке жыл өтер-өтпесте ауырмай-сырқамай, кенет-

тен қайтыс болды. Онда Басар үйде-тін. Назар ертеңгілік
шапанын желбегей жамылған күйі далаға шықты да, онда
көп бөгелместен қайтып оралды. Жүзі сұп-сұр.

– Нәсіпжан-ай қисаятын жастық тасташы, – деді ол жа-

лынышты тіл қатып. Бәйбішесі төрт қабаттап көрпе төсеп,
қос құс жастықты биіктеу қылып салғанда Назар да құлай
берді. Сосын көзін жұмған күйі:

– Аяғым мұздап барады, арланбасаң сипашы, – деді

тағы.
Бұл қатал әке аузынан шыққан бірінші өтініш болатын.
Бұрын Назар сұранбайтын, бұйыратын. Өзінікі жөнсіз,
өзгенікі дұрыс екенін сезіп тұрса да илікпейді, шалқая

түседі. Мына жалғанды жалпағынан басып жүрген өзі, ал
басқалар оның басыбайлысы сияқты. Ол содан ләззат та-
бады, содан жаны жадырайды.
Мәсісін шешкенде көрді, шынында әкесінің бақайлары

көгілдір тартыпты. Нәсіптің қолы әлсіз бе, әлде шошынған
шағында күші қайтып қалды ма, қанша жанталасқанымен

– 194 –

қан ойната алмады. Өзі ернін ауырта тістеп алған.
Ышқынғаннан ба екі бетінен қызыл қашыпты.
Басар шыдамады, жүрелей отыра қалып тарамыс аяққа
қолын салып жіберді де, жоғарылы-төмен ысқылай баста-

ды. Әке аяғы мұп-мұздай. Әсіресе, бақайлары. Алақанына
тірі жанның денесінен гөрі аязда қатып қалған мұздың
табы сезілді.

– Уһ, жаным-ай! – деді Назар ышқынғандай. Нәсіп ша-

лына жалт қарады. Көзі толған үрей.

– Бірдеңеден шошындың ба?

Сырқат басын шайқады.

– Біссіміллә, біссіміллә деші.

Назар кекесінді жымиған кейіп танытты.

– Кесірге жазбашы, отағасы...

Әке сонда ғана кеудесіне күш жинағандай тағы езу
тартты.

– Кесір құдайдан өтіп маған жетпеген шығар...

– Алла де ... алла де...

– Де-мей-мін-н!

– Ой-ой, осы сенің мінезің-ай!

Шешесі күбіреп бірдеңелерді айта бастады. Көзінде
жас. Тамшылар әжім бойын қуалай жүгіріседі.

– Уһ, жаным-ай! – деді әкесі әлден уақытта тағы

да көкірегі қарс айырыла. Шешесі ұйқыдан шошып
оянғандай селк етті.

– Қырсығып қайтесің, отағасы, тәңірге жалбарыншы?

Әкесі тістене басын шайқады.

– О, жаратқан, бұған не дауа, не дауа-а... Басар,

бармысың?

– Қасыңда отырмын ғой.

– Бар, жүгір, көршілерді шақыр!

Басар құйындай ұшты. Көзді ашып-жұмғанша бес-
алты үйді аралап өтті. Соның артынша біраз адамдар жи-
налып қалды. Бәрінің жүзінде абыржушылық бар.

– Не болды?

– 195 –

– Аманшылық па?

– Бұрын сырқаты байқалмап па еді?

– Сырқатың не? Назекеңнің түшкіргенін естіп пе ең...

– Амандыққа жазсын де...

– Иә, соны айт!

Күбір-күбірдің арасынан әзер өткен Басар әкесінің
жанына жеткенде Назар “Уһ!” – деді ышқына, сосын:
“Жалғыздан қалған тұяқ-ай, ке... шір... ші!”– деді үзіп-
үзіп, содан кейін тағы бір ышқынды да, созылып сала

берді. Ол жүріп те кеткен еді...
Бүгінде, анықтап зер салса, қайран әке өзінің ағаттығын
сол жерде мойындап, ақтық сағатында жөнсіз ісіне баласы-
нан ғафу өтініпті-ау. Ал, мұны Басар сезді ме? Жоқ. Сана-

сын тұмшалаған самарқау тірлік, салғырт ойдың бодауында
алға баса беріпті, баса беріпті. Тіпті сезімі сыр бергенде де
көзін жапқан шелді арши алмапты. Неткен көрсоқырлық, не-
ткен надандық! “Әйелдің ешқашан еркекке айналмайтыны

сияқты, еркектің әйелге айналмайтыны аян”, – деген өмірдің
өзі үйреткен қарапайым қағиданы жоққа шығармаққа
ұмтылушылықты надандық демегенде неге балаймыз, дәл
осыны көрсоқырлық демегенде неге теңейміз.

Иә, Басар адасты, оңбай алданды. Ол өзінің қыз екенін
өзгеден жасырғанымен өзінен жасыра алмайтын. Әр
құбылысты жасынан дағдыланған ұлдай қабылдағанмен
ішінен қыз болып қорытатын. Лап етіп тұтанған алғашқы

сезім де осыны танытады. Бірақ бәрін мойындауға жанын
құрсап тұрған жалған намыс жібермегені ақиқат.
Алғашқы сезім... Шіркін, сенің ләззатіңе тойғандардың
армандары бар ма екен, сірә! Студент кезінде сан көрді,

сағынысып табысқан ерін мен ерін ерікті алып, құрбы-
құрдастарына тіршілік, тауқымет дегендердің не екенін
ұмыттырып жіберуші еді-ау! Мұндайда олар жандарында
Басар тұрғанын да естен шығарып жіберетін.

Енді саралап көрейік. Басар сонда кім жағына шығып,
өзінің басына осындай күн туа қалса еріні кімнің ерніне

– 196 –

жанасуын тілеуші еді? Әрине, ұлдардың. Өйткені, өз
нәсілі оған біртүрлі жиіркеніш туғызатын. Қыздарды
өлердей жек көретіні де содан.
Бірақ Басар санасына сіңіп қалған көзсіз түйсіктен

арыла алмады. Езуіне шылым қыстырып, не түрлі қияс
сөздерден сая тапты. Сөйтіп қоздап келе жатқан қоламта

– махаббат отын су сеуіп, өшіріп тастады.

Шындықты мойындау керек қой, Басар Ескерместі
сүйді. Күні бүгінге шейін жігіттің жанында көбірек
болғанды, басқалармен емес сонымен сұхбаттасқанды
жарататыны содан. Ескерместен айнымайтын балаға

үйірсектігі де жасында жүрегінде атой салған тылсым
дауыстың әсері.
Басар өз махаббатынан оңай бас тартты. Өйткені оған
талпынуға қақы жоқ болатын. Еркек біткен өзін ер деп

танып тұрғанда қалай қияс кетесің. Олай еткеннен өлген
артық шығар.
Міне, осындай жалған түйсіктің бодауында жүргенде
бір күні пәтерге Ескермес жетті алқынып.

– Әй, мына жатысың не, ініне тығылған тышқанға

ұқсап. Әйда, тұр, киін, кеттік! – деді ол әй-шәйға қаратпай.

– Қайда, бауырым-ау?

– Барған соң көресің. Қазір менен ештеңе сұрама.

– Сонда да...

– Айтпаймын деген соң айтпаймын!

– Қойдық, батырекесі...

Басар бір жайсыздықты сезінгендей самарқау киінді.
Костюмді иыққа ілер кезде ойланғандай ұзақ бөгелді,
содан кейін киімді орындықтың арқасына іле салды да,
шаршаған кейіппен керуетіне отыра кетті.

– Өй, мұның не? – деді Ескермес таңырқап.

– Сырқаттанып тұрған сияқтымын.

– Қойшы әрі, күн ашық, жер қарада саған тиген қандай

ауру? Сылтауратпа, жүр!

– Бармай-ақ қойсам қайтеді, ә?

– 197 –

– Болмайды.

– Неге?

– Сол. Мен біреуге сені таныстырамын деп уәде беріп

те қойдым.

– Оның кім?

– Барған соң көресің.

– Жоқ, қазір айт, қыз ба, ұл ма?

– Ой сен де қадалған жеріңнен қан алмай қоймайды

екенсің. Ұл, ұл!

– Онда бармаймын.

– Жолдастығыңа болайын!..

Ескермес өз-өзінен шыж-быж күйге түсіп бөлмені кезе
бастады. Басар біледі, қазір анау аптығын басады да бар
сырын ақтарып тастайды. Тек қиястана беру керек. Жігіт
мұнда тегіннен-тегін келген жоқ.

– Әй, барасың ба, бармайсың ба? – деп сұрады Ескер-

мес әлден уақытта шыдай алмай.

– Қайда?

– Ей, мен саған бағанадан бері не айтып тұрмын?

Қызға, ал керек болса, қызға!

– Өзі былай, қалай, әдемі ме?

– Бәз біреуге менің жүрегім ери бермейді.

– Кәне сипаттап берші?

– Кімді?

– Аруыңды.

– Қалай айтсам екен? Ай десе ауызы, күн десе көзі бар.

– Қашан таныстың?

– Кеше кітапханада.

– Онда бопты.

– Болса тезірек киін. Ресторанның алдында кездесуге

уәде байласқанбыз.

– Охо-о, қыздарды қымбатқа шақыратын қалтаң қашан

қалыңдаған?

– Мен бар, сен бар дегендей...

– Сенім артқаныңа рахмет!

– 198 – Басар кекесінді мырс етті. Сосын жастыққа жантая кетуді ойлап тұрды да, көңілін таңсықтық жеңіп, костюмін қарына ілді. – Ал мен дайынмын. – Кеттік. Сол түні өмірінде бірінші рет ой толқынының ырығында көрер таңды көзбен атырды. Ішін аш бөрілер тырмалап алас ұрды. Қызғаныш жалыны лап-лап етіп жүрегін шарпығанда көзінен мөлт-мөлт жас төгілді. Ескермес танысқан қыз тым әдемі екен. Өзінің сұлулығын сезіне ме, бойын тәкаппар ұстайды. Жанжағына мұрынын шүйіре, менсінбей қарайды. Сөз арасында Басарға: “Ер дауысты әйелден без деуші еді, қыз дауысты еркекті не істейміз?” – деп те қалды. Басар бір қызарды, бір қуарды. Кеңшілік жерде кездессе боқтап та салар еді, дегенмен көпшілік орында иба сақтады. – Қолыңызда тұрмыз, ерік сізде, – деді тістене. – “Ұсынған басты қылыш кеспесті” алдыма тартқаныңыз ба мынауыңыз? – Еркектікті бетке ұстап одыраңдаған қисынға жатпас, ендеше сіз жөнін таптыңыз. – Әйтеуір мойындайсыз ғой? – Нені? – Әйел жолы жіңішке екенін. – Мойындаймын. – Онда міне қолым. – Құп! Қыздың алақаны да нәзік-ақ. Ұлпадай үлп-үлп етеді. – О-о, мына алақанды жүрегіне басқан жігітте арман болмас, сірә! – деді Басар сүйсінгенін жасырмай. – Жазғаны басар. – Жазбаған біздей бейбақ ше? Қыз меруерттей тістерін көрсете сыңғырлай күлді. – Сіз бе? Сізге де бір ұлпа бұйырар. Тек сонда жайлыны жайсызға айырбастап алып жүрмеңіз.

– 199 –

– Ақылыңызға құлдық!..

Сол түні Басардың тағы бір түйсінгені – өз арнасына
түсе алмайтыны. Бір шақтарда жағалауын быт-шыт етіп
бұзып шыққан, осы арқылы қайтар жолын кесіп тастаған
өткенге оралу енді мүмкін емес. Жыла, сықта, тәңіріңе

жалбарын бәрібір сен жаңа, жаныңа бейтаныс соқпақтың
жүргіншісісің. Ол адастырса адасасың, шалса құлайсың.
Тұруға тырбанатының даусыз. Дегенмен, не діттеген
межең, не алар биігің болмаған соң бос далбасаның қажеті

қанша.

– Ой, алдамшы дүние-ай!..

Ой-ой, жалған-ай!
Әкесі қайтқаннан көп ұзамай шешесінің қыңқылы
көбейді. Сондағы бар айтатыны: Басар өз жөнін табу ке-
рек.

Екеуара ашық әңгіме де жүрді.

– Басаржан, – деді Нәсіп, – Әкеңмен осынша жыл

отасқаныма өкінбеймін. Ол – еркек, мен – әйелмін,
сондықтан ол биік, мен аласа тұруым жөн еді. Сондықтан
қаншама уақыт Назардың қай ісіне болмасын иә дұрыс,
иә бұрыс дегенім жоқ. Оның үстіне үлкен айыбым бар-

тын. Ұл туып, әке өмірін жалғай амадым. Бұған, бәлкім,
мен айыпты емес шығармын, әйткенмен осы шаңырақтың
тұтқасын ұстаған соң еріме қызық ұсынбауым шүйкелетіп
тастады. Бас көтеруден қалдым. Сөйтіп жүргенде сен

тудың. Марқұм әкең сонда қандай қуанды десеңші! Ұшып
аспанға шықты, секіріп жерге түсті. Жоқшылық кез болса
да маған қалжа, елге қызыл татқызды. Назар ақылды ер
ғой. Алдын да ойлап қойыпты. Үміт, күдік арасында алы-

сып жүріп үмітке иек артыпты. Толғақ басталған шақтан
бастап көрші кемпір Сәндігүлді ғана қасыма отырғызды.
Басқа ел ертеңінде ғана кішкентайлы болғанымыздан ха-
бар алды. Біз ер бала деп жар салдық. Әкеңнің қалауы со-

лай болатын. Сені бесікке салған да, қырқыңнан шығарған
да Сәндігүл. Тұсауыңды кескен де сол. Ендеше мына

– 200 –

шаңырақтың бар сырына ортақ жан Сәндігүл еді. Обалы
нешік, ол құпияны өзімен бірге көрге ала кетті.
Қателік кімнің аяғын байлап, кімнің басынан өтпеген?
Бүгінде, қарап тұрсам, біз қатты қателесіппіз. Оны әкең

өлерінде мойындап кетті. Неге олай етті? Білді, ұрпақ жо-
лын кескенін ұқты. Сен де, жаным, енді бұлтақтап адаса
берме, өз үйіріңді тап!
Басардың денесі дір-дір етті. Мұрыны қусырылып,

жүзі сұрланды.

– Сонда не қыл дейсіңдер маған?

– Ер баламын деп шолжаңдамай, ибалыққа түс.

– Қайтіп?

– Кәдімгідей. Шашыңды түзейсің, шалбарды көйлекке

ауыстырасың.

– Мен бе?

– Иә, сен.

– Пішту-у, түкірдік көйлегіңе!

– Сен де қызық көруге тиістісің.

– Қандай?

– Жар құшып, бала сүйіп.

– Тарт тіліңді!

– Мен жаманшылық ойламаймын ғой, айналайын-ау!..

– Қысқарт! Әйтпесе...

– Әйтпесе не, ұрасың ба?

– Естігім келмейді! Есті-гім-м кемейді-і!

Басар бетін қос қолымен баса өз бөлмесіне өтті де, ет-
петтей төсегіне құлаған күйі солқылдап ұзақ жылады.
Түн ортасында есін жиып, алды-артына ой жүгірткені бар.
Сөйтсе өмір дегенің күрделі дүние екен ғой. Оның ой-

шұңқыры, құз-қиясы бар. Оның бірі құлатып алып, етек-
тен тартса, енді бірі сүйегенсіп тұрып тастап жібереді.
Сосын құламай, не жыламай көр. Кейде құлап жатсаң
тұруға, майып болсаң жазылуға ұмтыласың ғой, ал кей

бұлтарыста дәл осыдан да қашады екенсің. Қашқанда да
алды-артыңа қарамай безесің. Міне, Басардың ендігі күйі

– 201 –

дәл осыған ұқсамасына кім кепіл? Әлде, әлде де болса
тырбаңдап көре ме?
Есік, терезені мықтап жауып бір ойға бекінді. Ең әуелі
енеден жаңа туғандай тырдай жалаңаш шешінді, содан

кейін айна алдына келді. Әуелгіде өз-өзінен ұялғандай
көзін тарс жұмып алды. Өстіп ұзақ тұрды. Денесі қалш-
қалш етеді. Дәл бір ұрлық жасап тұрғандай. Жай ғана
ұрлық емес, өмір мен өлім белдескен күрделі тұңғиыққа

қадам жасағандай.
Басар бірауық шамада ғана бойын жиып, әуелі бір
көзін сығырайтты. Қарсы алдынан бұлыңғырлау бейне
елес берді. Сосын батылданып екінші көзін ашты. Елес

бірте-бірте адам бейнесіне айналды. Адам болғанда да
осы жасқа еткенше бір рет те не елге, не өзіне ашпаған
сырды алдына жайып салып тұр.
Ол енді айнаға сұқтана қарады. О, жасаған, мұндай

да кереметің бар екен-ау! Мына тұрғанды жартылай ер-
кек, жартылай әйел десе де болғандай. Екі ұрт суалып,
бала кездегі дөңгелекше жүз сопақшаға айналыпты.
Үнемі тартқан шылым түтіні әсер еткен бе, бет терісі де

қошқылданып тұр. Одан сәл төмендесең қушиған иықты
табасың. Кеуде де бір тұтам. Бір ғажабы төс таңбасы
бадырайып көрінгенмен анар ізі білінбейді. Әлде бала
кезден жат әйелдік сезім араласпаған соң шықпаған ба,

өзгелерден сан көрген көз тартар алма орнына бадырайған-
бадырайған қоңырқай, ұшы ғана сәл шығыңқы таңба
көрінеді. Бел де жаратқан аттай тартылып қалған. Одан
сәл төмендесең ... әйелдіктен қалған, соны айқайлай жа-

риялап тұрған тән ғана. О, ғажап, мұнымен қалай әйел
бола аласың?!.
Басар көзін жұма беріп тістенді. Осылай сәл тұрды.
Бір шамада есіне әлдене түскендей жүгіріп барып,

шифоньердің есігін жұлқа тартты да, бір көйлекті шап
берді. Шешесінің тыққан тығындысы. Жалма-жан киді.
Солбаңдап тұр. Етегі желп-желп етеді.

– 202 –

Олай-бұлай жүріп байқады. Шалынысатын сияқты.
Көндікпегендіктен бе, әйтеуір төменнен жел гулейтіндей.
Қайтадан айна алдына барды. Керемет, кебін киген тірі
өліктей бір бейне көлбеңдейді. Әлде цирктегі сайқымазақ

па? Мүмкін.
Ызалана шешінді. Сосын күнделікті киімін үстіне ілді
де, әлгі көйлекті ызала умаждап пешке тықты. Шарқ ұра
жүріп керосин, сіріңке тапты. Ал, көйлекті өртеген сәтте

қастасқан жауын жеңгендей масайрады.
Ертесіне шешесіне:

– Апа, кешегі сөзді сіз айтқан жоқсыз, мен естіген

жоқпын. Сіз де, мен де түс көрдік, бәрі сонда қайталанды!  –
деді нық үнмен. Нәсіп шарасыз күйде иығын қушитты.
Сөйткен қайран ана да мына өмірден не жар, не бала,
не немере қызығын көрместен өте шықты.

Әсіресе, ана қазасы Басарға ауыр тиді. Қақ-соқпен ісі
жоқ, сөйлесе де қасындағы адамның көңіліне қарап оты-
ратын, соның ыңғайына жығылатын абзал жан көңілге
әжептәуір сүйеніш екен. Салқын үй, салулы төсекке бойы

үйренген Басарға алғашында бәрі түс сияқты көрінді.
Шешесі әлденендей туысына қонаққа кеткенге ұқсады.
Бүгін бе, ертең бе, салып-ұрып жетіп келердей. Сол сәтті
сағына күтті. Ондайдың енді ешқашан оралмайтынын

білсе де өз көңілін үмітпен тоғайтты.

– Балам, – деп еді бірде Нәсіп, – Шындықтан ешкім

қашып құтыла алмайды. Жабықсаң жаныңа демеу беретін
де, тасып-төгілген сәтіңде желеп-жебейтін де шындық.
Олай болса көңіліңе, жаныңа көлеңке түсірмейтін жағын
ойла. Адалдыққа жүгін, шындықты пір тұт.

Басар да сөйтті. Қанша өзін-өзі алдаса да келмеске кет-
кен ана жолын ақырында мойындап, аудан орталығына
қоныс аударды. Кейіннен қалаға көшті. Қазір қарапайым
ғана жұмыс иесі. Дәлдеп айтқанда сантехник. Табысы да

жаман емес. Күніне шай-сулығын жомарт қолдар кезде-
скенде айырып тұрады.

– 203 –

Бәрінен дәтке қуаты – қалада Ескермес бар. Ақылшысы
да, арқа сүйері де сол. Досының қызметі де тәуір. Ауылдан
шыққан қара сирақтардың арасынан жоғары білімді ди-
пломды жалғыз өзі иемденіп, бүгінде облыстық өнеркәсіп

бірлестігінде білдей экономист.
Таңданарлық бір жай – Басар мен Ескерместің
келіншегі Еркенің арасы бітіспей-ақ қойды. Қандай қара
мысықтың жүгіріп өткені белгісіз, бір-бірін жақтырмай-

ақ қойды. Содан да болар Ерке бұл босағаны ешқашан
аттаған емес. Ал, Басар бара қалса сырт көзге жылы шырай
танытқанымен іштей бұрқанып жүреді. Егер қан майданда
кездесті ме, тура тамақтан ала түсіп, қылғып жұтып қоюға

бар. Бұл салқындық, бәлкім, сонау жас кездегі ресторан-
нан басталды ма, кім білсін?.. Ол жолы Ерке көңіліне дік
ұстамағаны анық, бірақ Басар ішіне тоң мұздатып алғаны
даусыз. Мұндай кереғарлықтың көре алмаушылықтан

тууы да мүмкін ғой. Басар, шындықты мойындау керек
қой, Еркені көре алмады. Ананың сұлулығы, бақыты,
жүрегіне дауыл ойнатты. Тіпті, жымиысына шейін
денесін тітіркенткен кездері бар. Мұндайда жолдасының

келіншегі мазақтап, табалап тұрғандай көрінеді. Екеу ара
жүз шайысты да. Басар Ескерместе шаруасы болып үйіне
бара қалған. Есікті Ерке ашты.

– Ә-ә, сенбісің? Жайшылық па?

– Күйеуің керек.

– Оны қайтесің?

– Шаруа бар.

– Бізді іздемегеніңе қарағанда күрделі шығар?

– Күрделі емес, дегенмен соған жақын.

– Нарқоспағымыз жоқ болса қайтеміз?

Еркенің ерегіске бастап тұрғанын сонда ғана сезген Ба-
сар да қытия қалды.

– Жоқ болса ма? Онда төрге шақырасың.

– Жолдасыңның орнына мүмкін маған бай да боларсың?

– Бірдің жоғын екіншісі басса несі айып?

– 204 –

– Жарыған екенбіз байға!..

Ерке есікті жаба берген еді, Басар саңылауға аяғын
тоса қойды.

– Ей, өзің бүгін қай жағыңмен жатқансың?

– Күйеуім қай жағымда жатса соған қол артқам.

– Ұқсамайсың.

– Не, сен күйеуге қол артып көріп пе едің?

– Біз артпасақ та басқа біреудің өзімізге осылай істері

анық.

– Саған ба? Пішту!

Ерке есікті тағы тартты.

– Аяғыңды ал.

– Алмасақ ше.

– Милиция шақырамын.

– Қорықтық деген!

– Сендейлер әзірейілден де жасқанбас.

Басар жымиды.

– Ең әуелі әзірейіл болып көрсеңші... Әй, бірақ, одан

нең кем?

– Босат есікті!

– Ал, сен жөніңді айт.

– Ей, мен Ескерместі бағып отыр деймісің?!

– Бақпасаң несіне қатыны болып отырсың?!

– Болғымыз келгені де. Дүниеде не қатын, не ер бола

алмай сандалғаннан сақтасын!
Басар тіксініп қалды. Санасын ашу буды. Қарсысында
тұрған хайуан тектесті салып та жібермекші болды, де-
генмен тез қайтты.

– Бар айтпағың осы ма? – деді жүні жығыла.

– Әзірге осы да жетер!

Салы суға кеткендей ұнжырғасы түсіп, баспалдаққа
қарай беттегенде Еркенің соңғы сөзін құлағы шалды.

– Осындайларды не бай, не құдай алмайды!..

Осы жолы жұрт көзінен тасаланбай-ақ ағыл-тегіл
жылағысы келді. Шіркін-ай, ботадай боздаса! Сонда іште

– 205 –

тұрған не бір қойыртпақтар ақтарылар еді. Жаны да жа-
дырап қалар еді.
Бірақ Басар өйте алмады. Тістенген қалпы басқышты
ойып жіберердей нық-нық басты.

Ескермеспен аулада жолықты. Таксиден түсіп жатыр
екен. Қолында іші жеміске толы тор көзі бар.
Басар жолдасына көрінбей-ақ тасаға түспек болып
еді, ойы іске аспады. Көзі шалған Ескермес сонадайдан

арсалаңдай ұмтылды.

– Оу, батыр-екесі, қайдан жүрсің? Жайшылық па?

Басардың ашуы бұрқ етті. Қоздап жатып-жатып жел
үрсе лап ететін тамыздықтай жалын шашты.

– Қатын орнына қатын болғаныңды көргім келмей

бұрылып барамын.

– Сонда кім, мен бе меңзеп тұрғаның?..

– Сенен басқа маңайда ешкім көрінбейді.

– Оу, батырекесі... батырекесі...

– Өйтіп алдандырмай-ақ қой.

Ештеңеге түсінбегендей Ескермес көзін жыпылық­
татты.

– Басар-ау, мұның не?

– Оны ана тотайыңнан сұра!

– Сен үйде де болдың ба?

– Табалдырығыңнан кері қайттым.

– Е-е, міне гәп қайда-а!..

Ескермес жылыұшырай арқасынан қақпақ болған еді,
Басар оның қолын қағып тастады.

– Әйелің тойдырды, сол да жетер!

– Тойдырғаны қалай?

– Кәдімгідей.

– Қап, ол доңызды ма?!

– Кіжінбей-ақ қой.

– Оны ма, оны...

– Жасандылық саған жараспайды.

– Не, не дедің?

– 206 –

Басар жолдасының арғы сөзін естіместен тротуарды
бойлап ұзай берді.
Кейіннен естіді. Ескерместің үйінде сол күні үлкен
жанжал болыпты. Ерке күйеуінің бастығына шағым

жасаған ба, әйтеуір ауылдастың басы біраз шырғалаңға
түсіп жүрді де, ақыры ең соңғы ескертуін тіркеген қатаң
сөгіспен құтылды.
Бұл оқиға Басарды желпінтіп тастады. Ол өзінің на-

мысын қорғайтын, қиын шақта өзіне араша түсетін бір
жанның барына көзін толық жеткізді.
...Басар сағатына қарады. Бестен асып барады. Таң
қылаң берген бе, пердеден себезгілеп жарық түсіп келеді

екен.
Тағы да шылым тұтатты. Орнынан жайлап тұрып ба-
рып жарықты өшірді де, перделерді ашты. Бүгін де күн
ыссы болар-ау, аспан тұп-тұнық. Түні бойы жайраңдасқан

жұлдыздар сөне бастапты. Сонау тұста шолпан жұлдызы
ғана айқын көрінеді. Топ-толық, жап-жарық. Басқалардан
гөрі шоқтығы биік тұрғанына масаттанғандай тым кербез.
Осы кейпінде Еркеден аусашы. Әлде бір кездегі жан бала-

сын көзіне ілмейтін Басарға ұқсай ма? Неге бір кезде? Ол
бүгінде де тәкаппар емес пе?
Алқынғандай
кеудесі

жиі-жиі
көтерілді.
Безеу-
ден қалған білінер-білінбес таңбасы бар мұрыны да

қусырылып барып басылды.
Иә, иә, шындыққа жүгіну керек қой, бұрынғы Ба-
сар бүгінде жоқ. “Ә” дегенге “мә” деп қарап тұрар асау
мінез жарқабақты қақырата соққанымен кері қайтқанда

көпіршік атып монтанси қалатын толқындай күйге
түсіпті. Еркеден беті күйгені, Ескермеске зілденгенмен
салмақсыздық сақтағаны осыдан. Неткен аянышты, не-
ткен сорақы тағдыр!

Бір кездерде әкесі айтатын: “Өзгеге сесті болмасаң
өзіңнен түңіл. Пенделік тұрғанда әлсіз әрқашан күштіні
сыйлаған”, – деп. Әрине, бұл ойдың кереғарлығы көп, де-

– 207 –

генмен жандылығы – бәрін жеңу үшін жүрек күші керек-
ақ екен. Міне, осы жүрек күші Басарға жетпеді-ау. Өрмін
деп жүріп ойға айналғаны осыны аңғартады...
Ту-у, тағы қайда бастап барады...

Көкжиекке көз тастады. Ғажап! Аспан көкпеңбек дейді,
шындығында қап-қара екен ғой! Онысы жайшылықта
көзге шалына бермегенмен дәл қазір алақандағыдай ап-
анық. Неткен тұңғиық, неткен қорқынышты! Құдды

бұлаңға түскен адам тағдыры сияқты. Ондайлардың не
ізі, не жүзі, көрінбейді. Мына түпсіз терең де: “О, адамзат,
адаспа, адассаң, алдың мендей тұңғиық”, – деп тұрғандай.
Иә, адаспау керек. Ондай күн басыңа туа қалған

жағдайда жолыңды табуға ұмтыл. Қайдан іздейсің, қай
қияға көз тігесің – өз еркің, әйтеуір өз өміріңді жүдетпесең
болғаны. Мысалы: әкесі сияқты...
Жо-жоқ, Басар Назарға өкпелі емес. Әкесі мына

жалғаннан көңіліне дәру іздеді. Тапты да. Басқадан емес,
өз ұрпағынан кездестірді. Мейлі, онысы жалған болсын,
әйткенмен өзін-өзі алдауға, сол арқылы опасыздыққа
лағнат айтуға қол жеткізді. Бұл да жанға демеу.

Тоқта, тоқта! Сонда бір тағдырдың жанбай жа-
тып сөнуіне кім кінәлі? Басардың өзі шығар? Түсінігін
де, түйсігін де жалғандыққа бұрып алып, болмасты
болдырған, әрине, өзі. Ендеше...

Еріні кебірсіді. Алдында тұрған бокалға қолын соза
беріп кілт бөгелді. Мына сұмдықты қараңыз – әлгінде
ғана көпіршік атқан шарап жансызданыпты. Бүлк-бүлк
еткен тіршіліктен нышан байқалмайды. Өлі су да, бұл

да бір. Сонда қалай, көңілге сәл де болса медет тұтқан
жандының қолма-қол жансызға айналғаны ма? Бұл нені
ұқтырады? “Сен де мен секілді бір күні тыншисың, қазіргі
күйің де оңып тұрған жоқ”, – дегені ме?

Денесі мұздады. Көз алды қарауытқандай болды.
Жо-жоқ, кеудеде жан тұрғанда тірлік тынысын үзбеу ке-
рек. Аңғара білсе әкесі мына жарық дүниеге қалдырғанда

– 208 –

үлкен аманат жүктепті. “Жалғыздан қалған тұяқ”, – деп
атағанда жалқы жолды соқпаққа, оны ұлы көшке айналды-
ратын Басар болатынына сенім артыпты. Ондай жағдайда
жаман ойдың соңында салпақтағанша үміттің қайығына

мініп, өмір атты мұхиттың таудай толқындарымен
жағаласа берген шарт. Жеңілсе қалар бір арада, ал жеңсе
мақсат атты жағалауға жетері даусыз.
Бірақ қалай, немен жеңбек? Ең құрымаса шаршаса

демер, құласа сүйер жанында серігі де жоқ. Не әйел боп
күйеуге тие, не еркек боп келіншек ала алмайды. Әлде қыл
арқанды мойынға салып жіберіп, өзін-өзі аса салса ма?
Азар болса бірер минут қиналар, онысы жылдар басқан

салмақтың түйіріне тұрмайды. Сосын бәрінен құтылады...
Тітіркенді. Үрейлі елестер пайда болды. Ал, өлді
дейік. Онысы кімге батып, кімнің жыртығын бүтіндер.
Қара-құрым ел жиналмағанмен таныстары көздерінен

бірер тамшы жасты домалатып тастайды да, қара
жер қойнына тыға салады. Шын жыласа жөн ғой,
аяушылықпен жыласа қайтпек? Қайта тіріліп: “Адамдар,
мендейден аулақ болыңдар!” – деп жар сала ма? Онымен

не бітірмек? Басардың осы халын ел бүгінде түсінбейді
дейсің бе? Ұғады, ұғады да іштен тынады. Оны өзі де
сан байқады. Әрқайсысының үйіне барғанда жік-жапар
болатындары да содан. Бәрі бірінің аузына бірі түкіріп

қойғандай жалған сөйлейді, жалған күледі. Анықтап
қарасаң көздерінде тұтанған мүсіркеуді пайымдар едің.
Ой, сорлы-ай, осы күнге шейін сорлылығыңды да айыра
алмай өткенің бе?!.

Жо-жоқ, өлуге қақы жоқ! Онда әке әруағы да, өзінің
жарты ғасырға жуық өмірі де тұл болмақ. Сонда не істеу
керек? Не біреудің қойнына барып бала таптыра алмайды,
не күлге аунап туа алмайды. Әлде?

Өз ойынан өзі шошығандай айналасына алақ-жұлақ
қаранды. Ауа жетпегендей кеудесі қысылды. Бала асырап
алу – ұрлығыңды елге өзің жариялау ғой! Күні ертең-ақ

– 209 –

көше-көшенің қалтарысынан шошайған саусақтар жон
арқаңды көздеп, сылп-сылп еткен еріндер жалын шаша
сүйреңдескенде...
Көз алдына Ескерместің ұлы келді. Жөргекте жатқаны,

тәй-тәй басқаны, былдыр-былдыр сөйлегені қандай тәтті
еді! Оның бір жымиысына барлық дүниені айырбастай
салуға болады. Ендеше... ендеше неден жасқанады?
Мейлі өсектесін, мейлі өртеп жіберсін, жалғаннан күліп

өткенге не жетсін, шіркін! Ал, шын күлдіре, қуандыра
алатын сәби ғана!
Бойын бір тылсым биледі. Бұрындары мүлдем
байқалмаған жат сезім. Балбыратып барады. Жан дүниесі

әлденеге телміргендей ме, жоқ әлде, содан жасқанып,
жасқанса да керемет тегеурінді күшке ұмтылғандай ма,
әйтеуір денесі бір ысынды, бір суынды.
Басар көзі мөлие бокал толы шарапқа қайта қарады.

Құлағына көше шуы шалынды. Тіршіліктің тай қазаны
қайнап, мұны өзіне тартатындай. Несі бар, қазір тұрады
да араласады. Көрсін, білсін ел Басардың да ұша алаты-
нын, қона алатынын.

Ол бірінші рет көріп тұрғандай шарапты қолына ала
беріп ұзақ үңілді. Содан кейін ернін ауырта тістенген күйі
бокалды қабырғаға құлаштай лақтырды да, сынған шыны
дыбысымен қоса айқайлап жіберді!

– Сөйтемін! Сөйтемін-н-н!

– 210 –

ҚАРАКЕРДІҢ ҚАРЫМТАСЫ

Қоңыр күздің етек алар тұсы. Ауаға шағырмақтық
пайда бола бастағаны таңғы шықпен қабаттаса жетіп,
шаңқай түстің өзінде желбегей денеге жел боп тиген
ысқаяқ ызғардан анық сезіледі. Ұзыннан ұзақ созылып

жатқан белдердің, бірінің өкшесін екіншісі баса маңып
кететін төбе, жондардың беткей тұстары әлдеқашан-ақ
қарақотырланып, ашық алаңқайлардың өзі шығымын
сұйылтқаны состиған жалаңаш қурайлардан бірден

байқалады. Өңін бермей жатқаны қойнау-қойнауды
қуалай біткен сай табандары ғана. Жел жетпейтін бұл
алқап күн сәл көтерілгенде көк тұмсасын жая қояды да,
сап-сары тістей шөптердің қылта-қылтасын жасыл түске

бояй салады. Сондықтан да болар, қар бір жауғанша түзге
шығар ұсақ малдың қорығы осы маң. Мұндай жерге тап
болған отарды жуыр маңда отынан ажырата алмайсың.
Бұл әсіресе көшке ерген елге сын.

Қазір ұшы-қиырына көз жетпейтін ұлан-ғайыр да-
лада көш қарасы молайған. Сонау көктем қылаңымен
солтүстікке қарай жөңкілген ауылдар енді беттерін
оңтүстікке бұрып алып, етек-жеңін жинай, үдере тартып

барады. Көктемдегі қимылдары сылбыр болса, бүгінгі
қозғалыстарында асығыстық бар. Суыққа ұрынбай, жер
қарада тоқтар табанға тұяқ іліктіріп алуға жанталасады.
Сондай көштің бірі қылтадан бой көрсеткенде Бұзау

оқыстан селт етіп, ашық-шашық тұрған бойын жиып ала
қойды да, сымбаты бөлек, сәні келіскен топқа сүзіле қарай
қалды. Әлі де тым алыста болса да, көш былайғы көзге
күнделікті тіршілік айдынын кешкен адамзат күйбеңін

елестеткенімен дәл мына ат жақты, бидай өңді, еңсегей
бойлы, қамшысын білемдей қысқан салалы саусақтары
көгере қалған жан үшін тосындықтың бұрқағын жайып
салғандай. Ол жанарын аудармастан алдына ұзақ үңілді.

“Мынау соның нақ өзі” – деді сосын ішінен өз ойын

– 211 – құптап. Сол-ақ екен буын-буынын ұстай алмай қалтырап қоя берді. Әп-сәтте қаны қашқан беті де сұрланып, жақ жүндері үрпиіп шыға келді. “Сол! – деді тағы да алған дәйегін нақтылай түсіп, – Басынайын деген екен! Басындырамын!!” Мұның көңіл-күйімен санасуға ықтиярсыз көш бірте-бірте жақындай түсті. Жып-жинақы. Анда-санда албырттықпен қиястай шапқан бірді-екілі ойын баласы қатар жігін сәл ыдыратқанымен көп өтпей-ақ арындарын алдыра, орын-орындарына қайтадан оралып, біркелкі сапқа кіріге кетеді. Мына бетінде көш құм үстінде сумаңдаған жыланға ұқсап қалады. Іздерінен көтерілген шаң тұрқы да бөлек: не қоюланып бұрқақ қақпайды, не шудаланып ауа жайылмайды. Соған қарағанда қатқақтау тұстарды басап, шөптесін алқапты кешіп келе жатқандай. Әйткенмен жүрістері суық. Әлгінде ғана қылтадан қара беріп еді, енді атшаптырым жазықтың орта тұсына ендей еніп алыпты. Тегінде қас қараймай өзен бойына жетіп жығылмақ. Ас-суларын сонда қаузап, сонда түнді өткермек сыңайлы. Бұзаудың алыстарға телміре, қалшиып қалғанын байқаған Өтеміс қария атын тебініп, тізе түйістірді. – Иә, не көрдің, қозғалар райың байқалмайды ғой? Бұзау қартқа жауап қатпастан қамшысын көтерген қалпы жазықты нұсқады. Сулана берген жанарын қол орамалымен құрғатып алған Өтекең әріге үңіле беріп, таңданысын жасырмаған қалпы: – Пах-пах, көш деп осыны айт, сән деп осыны көрсет, – деді қардай әппақ қауға сақалын еті қашқан саусақтарымен сауа тұрып. Анау жақамады. Онысын жасырмады да: – Өтеке, өзгенің сәні мен мәнін ажыратуға шыққан жоқпыз ғой, салтанаты да, сауығы да өзі үшін. Мыналар кім? Қай жұрттан деп ойлайсыз? – Е, кім болушы еді, Тамалар да.

– 212 –

– Олар мұнда неғып жүр?

– Көріп тұрсыз, көшіп барады. Көктемде бетін Есілге

бұрған, күз жеткенде Шуға тығылған ағайындардың сыры
ежелден мәлім емес пе!?
Мынаны естігенде болыс кіржие түсті. Шаншу
қадалғандай бет-жүзі тырысып барып басылды. Ол

бәтәгөй қариядан басқаша сөз күткен-тін. Аға буын тілге
тиек болған жұртты тақымдаса, олардың жер-жебіріне
жетсе қыбы қанар еді. Бірақ күткені келмеді. Аңқаулана
қалған ақылшы ауан бағытын айдалаға аударып жіберуге

ыңғай беріп тұр.
Шындығында
солай
болатын.

Қонысын
қатар
қондырған Тама мен Найман елінің арасын ендеген дау-
шардың толас алатын түрі көрінбегелі не заман. Бірде

бергі жақтағы жұрт аттанға басса, бірде арғы жақтағылар
әруақ шақырысып жатады. Жиі-жиі естіліп, құлаққа
сіңісті боп кеткен “алды, аттан, түре қу” сөздерін бесіктегі
балаға шейін жаттап өсетіні сондықтан. Әсіресе жанып

тұрғаны – барымта. Біресе ары асып, біресе бері қуылып,
сандалған жылқыда есеп жоқ. Білек күші кімде басым –
таразының тасы сол жаққа ауып кетеді. Теке тірестің қай
шамада бітері де беймәлім.

Өтеміс бірден таныды: мына салтанат Тама болысы
Оңдыбайдың еншісіне ғана тән. Өзі сырбаз жан айналасы-
нан да ықтияттылықты, тәртіпті талап ететін. Жинақылық
бар жерде береке бар деп түсінген сабазың ауыл-елді ша-

шау шығармай, бастарын біріктіріп қондыруға әдеттенген.
Сол әдетін көш бойында сақтауы да ғажап-ақ.
Ұзын көштің Оңдыбай ауылына жататынын Бұзау
да сезбей қалған жоқ. Көпті көрген көнтері емес пе

ішіне әлдене түйіп қойғаннан да сау емес. Өтемістің
жорта сөйлеуінің мәні осында. Ол ел болысының рай-
ын қайтарып, екі қошқарды бұл жолы мүйіздестірмей
таратуға мүдделі. Онысын ашық жеткізді де:

– Айналайын, Бұзау, көш – киелі қосын. Мұндайды бабаң

– 213 –

басынан кешкен, атаң сабылыста атанын арытқан, өзің
көштің салмағын бір кісідей білесің. Бір құдайға, сосын
өзіне сенгендер ғана түйеге қом арта алады, ұзақ жолдың
азабын тартуға құмар. Анау сөйткен екен, тәуекелді жаны-

на серік етіпті – басқамыз қол ұшын ұсынуға міндеттіміз,
тілеуін тілеуге мүдделіміз. Жолаушының жолы жүргенде
бітсе, тілекшінің тілеуі тілеулесі көздеген мұратына
жеткенде ғана жеріне жетпек. Олай болса біз тілекші

екендігімізді ұмытпайық.
Қарияның ойын ұққанымен Бұзау міз бақпады. Мұнысы
Өтемістің меселін қайтарайын дегенінен емес, өз ішінде
бұрқаған борасынды басып алуды көздегенінен еді.

Көш одан сайын жақындай түсті. Екпіні қатты. Жо-
лында кездескен түйе тастың өзін аударып кетер сел
іспетті. Арындап, ойнақшып, еліріп келеді. Маңдай тұсы
ауыздығын қарш-қарш шайнаған ылғи кер аттылар-

дан сұрыпталған ер адамдардан тұратын жасақ. Жасақ
болғанда да қарына найза ілген, басына дулыға қондырып,
денесін торкөзбен көмкерген әскери сарбаздар емес,
бұғатын жерде бұғып, қуатын жерде қуа алатын ілкімді

жігіттер. Соған қарағанда жол торыған ұрыдан үркер
түрлері жоқ, олардың қауіпі басқада – бұршақ боп түйіп
өтер жұдырықта жатқандай.
Қыр үстінде қалқайған топты олар да көрген сиқатты.

Лектің тұмсығы етекке жеткенде оншақтысы бөлініп
шығып, бері беттеді. Ал, негізгі көш арынын баспай, өз
бағытымен жылжи берді.
Бөлінгендердің нақ маңдай алдында есік пен төрдей

қаракер атқа мінген, оқалы қызыл шапанды, құндыз
бөрікті жан ерекше дараланады. Өзі ерде қаққан қазықтай
қаздиып отыр. Аты лыпыл қаққанымен не шоқақтамайды,
не шоқырақ қақпайды. Осы бейнесімен-ақ тақымы қатты,

талайды көрген тарланбоз екенін танытып тұр.
Бұл Оңдыбайдың нақ өзі екенін Бұзау да, Өтеміс те,
қалған жігіттер де айнытпай таныды. Таныды да әркім өз

– 214 – орнын, өз қарым-қуатын бағамдағандай іштей тығылыса қалысты. – Ассалаумағалейкүм! Аралық оншақты қадамды құрағанда кілт тізгін тартқан Оңдыбай қамшы ұстаған оң қолын жүрек тұсына қойған күйі басын сәл иіп сәлем жасады. Үні әуезді екен. Ашық дауыс әуелеп барып әр құлаққа мамырлай қонды. – Әлейкүміссалам! Иә, көш көлікті болсын! – деп жауапқа Өтеміс ілкімдік танытты. Өйткені Бұзау қиқарлығын жамылып қыдия қалған еді. – Айтсын, ақсақал! Биыл әлдеқалай себептермен айналсоқтап қалған екенбіз. Енді соның өтеуін өтегендей жанталасқан қалпымыз осы. – Е, зейнеті тұрғанда еңбектің жеңіл-ауыры екшелмейді. Бүгін тоңсаң, ертең жылынасың, бүгін қиналсаң, күні ертең жаның жәннатқа бөленеді. Сонда бәрі ұмыт болатын қарекет қой. – Иә, иә-ә-ә, артын ойлағанда кәукиіп қалатынымыз рас. Бірақ, соған жеткенше саудырар жол тағы бар. Бізге енді не керек дейсіз – беретінімізді бердік, алатынымызды алдық, бәрі ертеңгінің қамы да. – Берерің болса әлі де берген жақсы-ау, дегенмен аларың тұрса қашпайтының тағы аян. Тіршілік несімен тәтті деп ойласам айырбасымен екен ғой. Соны бұрын білсем-ші. – Ештеңені білмей туып, ештеңеге түсінбей аттанатынымызға шәк келтіріп көрген емеспін. Тағы ұғатыным өзіңдікін көрмей, өзгенікін бадырайта беруге асқан шебер болып жаратылғанымыз. Солай ма, Бұзеке? Салмақ өзіне қарай ауғанда Бұзау кіржиген қабағын жаза алмай бөгеліңкіреп қалды. Соны сезгендей араға қайтадан Өтеміс килікті. – Бәріміз де ең әуелі пенде екендігімізді мойындайық. Пенде болғаннан соң астамшылдыққа алданатынымыз, түймедейді түйедей ететініміз даусыз іс. Оны жасайтын да

– 215 –

өзіміз, кешетін де өзіміз. Жасаған соң дабырайғанымен кеш-
кен соң өтетіні тағы бар. Осы жағын да ұмытпаған абзал.
Қария сөзіне келіскендей Оңдыбай басын изеді.
Болыс етжеңді, төртбақ жан. Толықша келген аққұба

өңінде жылылық бар. Сығырая біткен көздерінен ұшқын
байқалады. Сапар үстінде шаршағандықтан ба жанар ай-
наласы сәл талаурағанымен адамның іші-бауырына еніп
тұратын қой көздері не алалық, не қараулыққа тепсінбей,

бітімгершілікке, бәтуаға шақыратыны сөзсіз.

– Байқап келемін, – деді Оңдыбай жуандау мойнын

жан-жағына баппен бұра, дауысына екпін сала сөйлеп, –
елдеріңіз етек-жеңін жинай бастаған екен. Жағдайларын
жасап алғанға ұқсайды. Мал жайын ойласақ та кей
жағдайда өз жайымызға мән бермейтін халықпыз ғой.

Көзге түскен мына көріністерге шын қуанған жайым бар.

– Өзгенің күйін бағып емес, келер күнімнің жағдайын

күйттеп жүрмін десеңші...
Осы кезде шаңқ еткен Бұзау үні маңайдағыларды
селк еткізді. Алғашқы дидарласудан соң-ақ мамыражай
қалыпқа бой ұра бастағандар енді жауын күткен дала-

дай тымырая қалысты. Жазылған қабақтар қайтадан жа-
былып, жылышырай жүгірген беттер қабарып қоя берді.
Тақымға қысқан сойылдарға қолдары барып қалғандары
да жетерлік.

Бұл сөзден Оңдыбай ғана шам алған жоқ. Ол үзеңгіге
салмақ сала сәл шалқая беріп, шапанының етегін қайыра,
етік қонышына қол жүгіртті де, сырты күміспен өрілген
мүйіз шақшасын шығарып, оған тесіле қараған қалпында

кеңк-кеңк күліп жіберді.

– Пай-пай-ой, бүйтпесең болыс болармысың...

Иық селкілін баспаған қалпында алақанына бұйра на-
сыбайдан төгіп, оны мипаздай ерніне салды да, жан раха-
тын енді ғана сезінгендей көзін жұма сәл бөгеліс жасады.

– Сөзің сөз-ақ, – деді сосын басын кекжите көтергенімен

көзін ашпастан, – Дегенмен бұл қылтада өріс алатын тәжіке

– 216 – емес еді. “Жабулы қазан – жабулы” күйінде қалса қайтеді? Шашылғанын артынан жинап алармыз. Келісеміз бе? – Мен тұрдым! – Онда хош! Ондыбай бұдан әріге қайырылмады, астындағы атын тебініп алға озды. Басшысының ыңғайын баққан өзгелер соңынан желе-жорта жөнелісті. *** Қысқа ғана қайырым, қытымыр жауаптасу онсыз да қабарған көңілді мүлдем қарайтып тастағандай. Қыр басында қырланған Бұзау ұзына жол бойында серіктестеріне ләм-мим деп жақ ашпады. Жауар бұлттай түнерген қабағы жазылмастан шоқытты да отырды. Соңынан епеңдегендердің де тіл-аузы байланған. Жайшылықта ауыздыға сөз, аттылыға жол бермейтін мылжыңдардың өзі ұрттарына су толтырып алғандай үнсіз. Мұндайлардың бар бітіретіні зәбір көрген баладай маңайындағыларға жәутеңдеседі, басқалардан ыңғай болмаған соң ындыны құрып, сапар ырғағына мойынсұнады. Топқа ерген жігіттердің тоққұрсақ дәмесінің болыс ат басын ауыл жаққа бұрғаннан-ақ күлі көкке ұшқаны аян. Олар қышыған тістерін қызылға басып, қыстыққан көңілдерін қымызбен ашып, қызды ауылдардың қызығын көріп қалуға қамданған. Бұзау сапарын неғұрлым ұзағырақ жалғастырса, солғұрлым жасай түсетіндері де анық еді. Амал қанша, енді бәрін жаба тоқып, жағдайға бағынудан басқа амалдары жоқ. Осыны ойлағанда кейбіреулердің іші қыж-қыж қайнайтыны дау тудырмайды. Жайбарақаты – Өтеміс қана. Оның жұқалтаң жүзінен не опынудың, не күпінудің ізі байқалмайды. “Болары болып, бояуы – сіңді” дегенді меңзей, сар желіске түскен ат ырғағымен сақалы желпілдеп, салдырып келеді.

– 217 – Өзі  олыстың алдына шықпағанымен басқалар секілді құйрық тістеспей, құйысқан қағыстырып отыр. Осы қылығымен-ақ лауазым тізгінін ұстамаса да, ел билігінің бір ұшығы өз қолында тұрғанын байқатып қалады. Ал, болыстың ойы мүлдем басқа жақта. Әлем-тәпірік. Әлгіндегі Оңдыбай қылығын өзінше жориды. Анау түлкідей түрленіп түрғанымен табан астына салып, тапаптапап тастағандай. Денесін езген салмақты әлі де сезінетін сияқты. Одан шығудың жолын іздеп жанталасады. Ол да анадан туды, балалықтың базарын белден кешті. Сонда ойлайтын: “Таң – ақ, түн – қара. Ақтыққа дақ түсуі мүмкін емес. Түн – тыныштықтың қаймағы. Сондықтан бірі қарбаласты алға тартса, екіншісі тынымды еншілейді”  – деп. Әйткенмен, өсе келе, есейе бере жалған ойдың соңында далақтағанын ұғынды. Сөйтсе қарбаластың да сан алуан түрі, тыныштықтың да құбылмалы, екінші қабаты райын ашады екен. Біреуі қараулыққа бастаса, енді біреуі кермектікке жетелеп әкетуге құмар. Тіршілік толқынына түскен әр пенде осы екі жолдың екеуіне де табан тіреп, екі дәмнен де ауыз тиюге мәжбүр. Ащысы мен тұщысы қосарлана сезілгенде ара жігін ажырата алмай қалатындары да баршылық. Өйткені олар түйсік пен таным әлемін қойыртпақтап, екіжақтылықтың бұйдасын еншілеп алады. Найман мен Тама арасын кеулеген қиғаштық пенделіктің осы қағидасын қуалайды. Ықылым заманнан жалғасып келе жатқан теке-тірес әуелгі бетте бірді екіншінің шұқып кетуінен басталған сиқатты. Артынан нұқысып қалысты. Оған намыс жалған, намыс деген жабулар қабаттасып, тоң жігін қоюлатып жіберді. Сосын әуелі бірді екінші мұқатар ши жүгірту басталды да, артынан үлкен тәжіке қанатын жайып шыға келді. Қазір реті келіп тұрса алмайтын ешкім жоқ. Бергі жақтың мал алдыратыны, арғы жақтың қарымта қайтаратыны үйреншікті жай. Шөп басы қимылдаса Тамалар Наймандарды, Наймандар

– 218 –

Тамаларды қаралап қоя береді. Бұл атадан балаға, баладан
оның ұрпағына сіңісті болып қалып жатқан құбылыс.
Бір қызығы – барымта басы лау еткен жалынға
ұқсағанымен, соңы сиырқұйымшақтанып, бықсықпен басы-

лады. Алғашқыда өңеш керіскендер артынан ежелгі достар-
дай бір дастархан басында бір табақтан дәм татысып оты-
рады. Бірақ бұл уақытша бітім, аз тыныстық ауқым. Белгілі
кезең өткенде бәрі қайта қайталанады. Соған қарағанда

мына тәжіке кең сахара қазақтарының ойынына да ұқсайды.
Көңіл көтерді – басылды, ерікті – қайтадан ерік берді.
Солай дегенмен де белгілі жүйе, белгілі тәртіп бойын-
ша Бұзау одан өзін шектеуге тиіс емес. Кеткен есе бар. Оны

қайтармаса елдің атына сын. Ол есенің құныкері – Най-
ман, құн төлеушісі – Тама. Өткен күзде ғана Шу өңірінен
самсай құлап, сарқырата біраз малды қуып кеткен. Соның
қыжылы кеудені қыздырып барады. Қайтарымсыз басыл-

майтыны да анық. Бірақ қалай? Қандай жолмен? Қайтсе
қарсыласын қапы қалдырып, қазанын қақ айырмақ?
Қаптаған сұрақтың шешуін тапқан күнде ғана жаны
жайланбақ. Басқаша жағдайда күндіз күлкі, түнде ұйқы

болмайтыны белгілі.
Болыс дал. Бүгінгі таңда ашық әрекетке баруға тағы
болмайды. Сәл қиыстасаң мылтығын шошаңдатып қаптай
жөнелер әскер Атбасар жағында тағы жүр. Әйтпесе ата-

ларындай атойлап ат қояр еді. Берсе – қолынан, берме-
се – жолынан қарпып қалуға, бір құдайдың өзі куә, күші
де, қуаты да жетерліктей-ақ. “Аттан!” – десең атқа қонуға
сай ұлдар да, шүкіршілік, баршылық. Тек үкіметтің ұзын

құрығы қол байлайды. Сонда не істеу керек?
Есіне әне бір жылдағы оқиға оралды. Онда кеңшілік
кезең қанат жайып тұрған. Онда да ісі Оңдыбайға түсіп еді.
Малын

алдырған
ауылдар
азан-қазан
болғанда

еріксіз атқа қонып, оңтүстікке сапар шеккен. Белден
бел асып, құмнан құм кешіп жеткенінде болыс ауылы
жайбарақаттық танытты. Сыр бермеді-ау, бермеді. Құдайы

– 219 –

қонақ келгендей қол қусырып қарсы алды, қой, құлынын
сойып қазанын майлады. Әңгіме малға ойысқанда көрген-
баққандары жоқтай ауыздарын қу шөппен сүртісіп шыға
келісті.

– Қонағым бол – қыс бойы жатсаң да сыйлаймын, оған

ырысым жетеді. Бірақ, құныкерлігіңді әрі тарт. Шаруасын
күйттеген момын ел дәл осы күнде алысқа ат арытар ша-
мада емес. Дауыңды басқадан даула, күйеңді жазықтыға
жақ, – деген сонда Таманың болысы беті бүлк етпестен.

Оны-мұныны ақтарып көріп еді, анау бұлқынып
маңайына жуытпады. Қолында дәйегі жоқ жан не істей
алсын, ақыры далаңдап босқа қайтуға мәжбүр болды.
Кейіннен жансыздар арқылы білсе, мал астыртын әрі

асырылыпты. Тай, құлынына шейін көз көрмес, құлақ
естімеске жытырылған.
Мынандай қорлыққа шыдамады, әудемді жігіттерді
қосын-қосын етіп сайлап, қыс ішінде аттандырды. Белгілі

мөлшерлерге қос тіктірді. Ондағылардың міндеті негізгі
топтағы жігіттерді ас-сумен қамтамасыз ету, сосын із та-
стау болатын.
Ақыры ойлағаны болды. Тебінге түскен арғы жақтың

қыл-құйрықтары аз күнде қоңыр құмдардың бір тасасына
жасырылды.
Ғажабы, мал соңынан қуғыншы қара көрсетпеді. Әлде
қысқы жолды ауырсынды, әлде өз кінәларын сезінді,

әйтеуір тырс еткен дыбыс естілген жоқ. Сөйтсе... Сөйтсе
олар бар зілін кейінге сақтаған екен. Тарпып еді тұяғы
тәнді ойып, жанды сыздатып қоя берді. Соның әсерінен
айығар күнді ел болып күтуде. Жеңсе – мәртебесінің

асқаны, жеңілсе – тірідей жерленгені.
Жоқ жеңілмеу керек. Өйтсе ата-баба әруағы кешпейді.
Қасқыр да өз жарасын өзі қауып өледі. Сонда мұның
қасқыр құрлы қайраны қалмағаны ма? Ол бар. Құдайға

шүкір, ел тұрғанда, сайдың тасындай жігіттері самсап
жүргенде бір қайранға жетері хақ. Онысы нендей әрекет?

– 220 –

Міне, жұмбақ түйіні осы арада тұр. Бұл жолғы соққы
өте дәлдікпен жасалуға тиісті. Жанды ғана ауыртпай,
бүкіл болмысты қақыратып түсер амал қажет. Ол әрекеті
болысты ғана тұралатып қоймай, елдің қабырғасын

қайыстырса, бүкіл жұртқа таңба болып басылса...
Әлде...
Өз ойынан өзі шошығандай селк етті. Он ойланып бір
кеспек әрекет. Соңы кісі өліміне соқтыруы да мүмкін жай.

Онда құдай алдында күнәлі болар еді...
Желі оңынан туса ше? Жолды оңғарып, тәңірінің өзі
жар болып, Қаракер тақымына тисе. Ондай күн туса басқа
дүниенің бәрін талақ етері даусыз. Үш жүздің аузына

іліккен бәйге ат жалғанның бар жалтырағын жинасаң да
дара қояр байлық. Шіркіннің бітімі қандай – көзді арбап,
көңілді жегі боп жейтін нағыз сиқыр ғой, сиқыр. Айтуға
сөз, суреттеуге тіл жетпейтін құдырет. Самарқау тұрған

тұрысының өзі тым бөлек-ау, бөлек. Еріні салпиып, бар
мүшесі шашылып, төрт аяғы төрт жаққа далдиып, мынау
жалғанды жалпағынан басқан жануар жалғыз өзіндей тым
тәкаппар. Айналасында тіршілік бар ма, жоқ па қаперіне

де кірмейді. Болмыстағы толып жатқандарға селт етер
сыңай танытпастан сексиген де қалған. Тіпті, мал екеш
мал түгілі, маңайына жан жуыса да елең етпейді-ау.
Осы бей-жай қалпымен-ақ адам тәнтілігін одан әрман

ұңғып, көз құртын өргізіп жібереді. Ал, шабыс салғанда...
Мұндай ғажайыпты көрген де арманда, көрмеген де ар-
манда. Бұлтылдай ойнап бара жатқан бұлдырық дерсің.
Дүние дөңгеленіп қоя береді. Төрт аяқ тең түскенде қара

жердің өзі дірдек қағып ала жөнеледі. Тұяғының дүбірі
айшылық алыстан айқын естілетіні анық. Мың жылқы
жөңкілсе Қаракердің дыбысы дара шығары дау тудыр-
майды. Мұндай жануарға қызықпаған көз көз емес те,

мұндайға елітпеген жүрек жансыз.
Үш жүздің баласына сауын айтылған бір аста топ
жарған Қаракерге қызыққаны соншалық сұқтан, тіл-

– 221 – көзден сақтау үшін жасырылған жануарды, амалын асырып тауып алғаны бар. Сонда Оңдыбай қатты назаланып еді. – Көзің көтіңе түскір мұндар, бүйтпесең Бұзау болармысың!.. – деген болыс тіксініп – Қызық, қызығып қал, бәрібір қара үзер Қаракер маңдайыңа бітпеген, бітпейді де. Өйткені саған озғандық, айғырыңа азбандық бұйырмаған... Мына сөз шымбайына батса да өз кінәсін өзі түсінген Бұзау шыдамдылық танытты. – Сап, Оңдыбай, сап! Көпке топырақ шашардай не көрініпті. Мен озбасам бүгін озбаған шығармын – ертеңге сәуегейлік жасама, сандалып қаларсың. Ал, айғырдың азбан еместігін биеңді қосып бақамаған шығарсың. Бармақтай бақ берген екен, оны басып отырар артыңның да болғаны дұрыс. – Бақ адамын танып қонады. – Көз қорықса түйсік үстем. Ал түйсікте көз болмайтыны тағы белгілі. Екі қошқар ол жолы да сүзіспеді, бас шайқасып, тұяқтарымен жер тарпысып тарасты. Тек айырылысар шамада Оңдыбай: – Күйлей қалса байталдарыңды бері асыр, сәуіріктерімнен сарқыншақ қияйын, – деп шиқ-шиқ күлген еді, Бұзаудың басына қан тепті: – Кімнің кімге сарқыт сыйларын уақытында көрерміз. Тек сонда осы сөзіңді ұмытпа! Шіркін, сол қаракер қолына түссе! Ондай күн туса Оңдыбайдың көзінен жас емес қара қан ағар еді. Сол қанды уыстай сапырып отырса одан өткен ләззат табылмас, мына жалғаннан. Шіркін сондай күнге жетсе! Суыт жүріспен келе жатқандар тағы бір қырдан асып түскенде ауыл қарасы бой шалдырды. Әлі де қыстақтарына тарамаған ел шашыраңқы қоныстаныпты. Бір шеті қоңыр құмның етегіне жармасып, екінші басы көксеңгірге қарай

– 222 – ұмсынып қонып жатқан бір қауым ел дәл қазір тіршіліктің қан базарын толастатып, енді тыныштық әлеміне бой алдыруға дайындалған сияқты. Кешкі астың хабаршысы – түндіктерден көтерілген қою түтін аспан мен жер арасын ширатылған көк арқанмен айқыш-ұйқыш шандып тастаған. Тыныштық бесігінде тербелуге ыңғайланған мал атаулы да қимыл-қозғалыстарын бәсеңдетіп, шоғырлана бастапты. Сонау-у шығыстан созылып келіп оңтүстікке қарай бетін кілт бұратын сарысу өзенінің бойына ұйлығысып, бірі мамыражай күйіс қайырса, екіншілері үйездеуге шақ тұр. Мынаны көргенде Бұзау үзеңгіге салмағын сала сәл көтеріліп қойды. Сол-ақ екен күні бойы құрысқан денесіне жан біткендей серпіліп қалды. Дегенмен жан-жағындағыларға мойын бұрмады, ой ашар сәтті кейінге қарай ысырып, алға қарай ентелеуін одан әрмен жалғастырды. *** Енесінің сүтін арда емген қасқа құлын сойыла бастағаннан-ақ танауларымен ауа шалған ауыл адамдары жылы-жұмсаққа ұрттарын армансыз майлап, тіс шұқырға келгенде ғана тоқтық шақырыса бірінің тізесіне бірі қисайысқан. Енді олар жуыр маңда әңгіме-дүкенге желі тартпайды. Әрісін-берісін ой елегінен өткізгендей көздерін тарс жұмып бірі мүлгісе, екіншілері қас-қағымда қалғып қалуға ыңғайланған. Солай болды да. Тек үлкендеу шарамен қымыз жеткенде сілекей шұбыртар ашқылтым иістен әуелі мұрындары жыбырлап, артынан сылп-сылп еткен еріндер сырнайын сала ұйлыққан қанды ойнақтатып, ұшыққан сұлбаларды қайтадан қалқайта берді. Жәй қалқайтпады, ішке тығылған жалынды “уһілеген” демдермен демей бой жаздырды. – Өткендегі жол соғып тастаған-ау, денем әлі салдырауын қояр емес... Ой, белім-ай!..

– 223 –

– Е, жер ортасынан астым дегенше қомнан аудым

десейші.

– Соны айтамын да: жастыққа жану тән болса,

жасамысқа тәуба қылу ғана бұйырғанын енді ғана біле
бастағандаймын.

– Үһ, қара санымның бастырмауын қара... Мынау қирап

қалғаннан сау ма?

– Ту-у, сегіз көзімнің алып түсуін-ай, ә...

Сөйткенмен қымыз толы сырлы тостаған қолдарына
тигенде құнжыңдаса ерінге қарай жеткізуге асықты.

– Шіркін, күзгі қымызға жетер дәм табылар ма екен!?

– Е, қымызды көктем мен күзде іш. Жаздың ыстығында

бұл жарықтық шөл басар суан ғана...

– Баққан соң малдың игілігін көрген де жақсы-ау...

– Жаратқан адамға мал бергенде қызығын көрсін деп

берген ғой. Сүтін сауып ішпесең, жүнін тоқып кимесең,
етін сойып жемесең ұстадың не, ұстамадың не?

– Оған да еп керек, оған да бап қажет.

– Көз де.

– Ол болса-болмаса. Әйтпесе баққаныңды басқа біреу

ауызыңнан жырып әкетіп жатса...
Жәй айтыла салған қаңғыма сөздің өзіне қарай бағыт
алғанын сезінген Бұзау жеңіл жөткірініп қалғанда
жиналғандар тізгін басын босатып жібергенін аңғара жым

болысты. Біреулері жәутеңдей жан-жағына алақтаса, енді
біреулері жанарларын төмен салысып, әлденеге кінәлі ба-
ладай томсырая қалысты.
Әр ауызды бағып, әр сөзді қалт жібермей зерделеп

отырған Өтеміс осы кезде Бұзауға жүз бұрған. Болыс
өңінен сәл күрең бояу ізін аңдағанымен ашу ызғарын
айғақтар айшық ұшыратпады. Көңіліне соны демеу еткен
қария қайтадан тостағанға ұмсынды.

Әлгінің тосын айтылмағанын, мына жұрттың көкейін
тескен сұрақ тұрғанын ұғынған Бұзау осы тұста үнсіз
қалуды лайықсыз санап, тамағын кенеді.

– 224 –

– Уа, жамиғат! Тоқтысын алдырғанның тобанаяқ­

танғанынша жоғын қарап, сабылатыны бар. Бірдің мұңы
бұлайша болса, көптікі үлкен қарекет, үдере із кесуге
соқтыратыны мәлім. Қарап жатқан жоқпыз, елдің намы-
сын табанға таптатқанша қолды төбеге қойып, тау асып

кетсек дауа жоқ. Ендеше аптықпаған абзал, асығыстықпен
от баспаған ләзім. Ауызды айға білегенмен аспандағыны
алақанға түсіру мүмкін емес. Сондықтан сабыр шақырайық,
ақырын күтейік. Бәрінің орнына келеріне мен сенемін, сен-

дер де күмән тудырмаңдар. Тек, мұрсат беріңдер...
Отырғандар екіұштылау айтылған сөздің қай басы-
на жармасарын білмей дағдарды. Көңілдерде “Қашан?
Қалай? Сонда не істемек?” – деген сұрақтардың өре

түрегелгені де рас. Бірақ болыс ызбарынан қаймыққандар
оны сыртқа өргізіп жібере қоймады. Әркім өз тұспалымен,
өз болжамымен қала берді.
Қымыз ішіліп, кекірік шалғандар орындарынан ауыр-

лай көтерілгенде болыс Өтеміс пен Бекқұлының аялдай
тұруын өтінді.
Бұл екеуді даралайтын жөні бар. Бірі – көпті көрген
көнекөз болса, екіншісі – атса мылтығы, шапса қылышы.

Болыстың ғана емес, бір қауым елдің айбары. Атан түйенің
өркешімен таласар бойына қарап Бекқұлыны ебедейсіз
санайтындар қатты қателеседі. Сіңірлі қолдар серіппедей
шалт, шымыр дене ерен күштің құймасы. Күректей уысы

ұстағанын тапжылтпаса, батпандай жұдырығы өлермен
өгізді жалқы соққысымен тырапай асырып кетеді. Осын-
дай бола тұра біреуге тектен-текке көз алартқан пенде емес.
Қазір де ол босаға жаққа тізе бүккен қалпы міз

бақпайды. Болыстан дыбыс шыққан бетте төрге қарай
жылжымай, тұрған жеріндегі киіз шетіне шөге берген,
енді сол орнынан қозғалар райы жоқ. Ат құлағын соғар
тізесінен аса дамыл алған қолдары да сұлық.

– Бір ойдың мазалап жүргені... – деді Бұзау адам

аяғы басылған шамада жөткірініп қойып, – Өзім деп

– 225 – өзеусірегенде езуімізден ақ көбік атқылайды, елім деп еміренгенде екпінімізден тау жығылады. Сөзге келгенде ешкімге есе жібермейміз, ал іске тірелгенде кежегеміз кері тартады да тұрады. Жанды жегідей жеп жатқаны осы... Әңгіменің төзім тауысар үнсіздікке ұрынбай тез басталғанына қуанғанымен, жылаңқы бағыт алғанына көңілі толмаған Өтеміс: – Аспан ашық, күн жарықта су болып сүмірейердей не көрініпті? Елім деп елірсе екпін алар, өзім деп өзеуресе өзегін жұлып берер апайтөстер оң мен солыңда қаптап жүргенде тарылардай не қара басыпты! Тек, оларды тани біл, таны да таланын аш. Сонда жаның – тыныштықта, жағаң – жайлауда болатынына мен кепіл, – деп таралғыны тартып қойды. – Келісемін, Өтеке. Ашық алаңқайға шығып дұшпаныңмен шартпа-шұрт алысқанға не жетсін. Бірақ оған жағдай жіберіп тұр ма? Шағым түссе мылтығын шоштаңдатып жететін әскер дәл желкеңнен бедірейгенде қол-аяғың матаулы екен.Қорғаншақтық сананы тұмшалап, ойың топшысынан қағыла беретіні осыдан.. – Олай болса маңдайыңа жазылғанға мойынсұн. Басқа амалын таппасаң талтайып тұрып өлуден басқа амал жоқ. – Арам етіңе көрінген сарысын демексіз ғой? – Е, сарымағанда несі қалды? Әйелдер сыртыңнан ерін сылпыса, еркектер қарекетсіз іштен тынса, тіршілігіңнен не қайыр!.. – Сонда не істеуге болады? – Ойың кеткен екен – қолды қаптат та шап. Қатынын – тырдай, баласын – құлдай, жұртын – жұрдай ет! Мүмкін сонда айызың қанар, аптығың басылар!.. – Мынауыңыз шыныңыз ба, әлде ойыныңыз ба? Мен сізді мүлдем танымай қалдым ғой? Сіз мені қаныпезерлікке итермелеп отырғаннан саумысыз?! – Е, түздегінің түгін қалдырмай сыпырсаң ол қаны­ пезерлікке жатпағанда қайда сыйғызамыз? Малын ал-

– 226 –

дым дегенше қазақтың жанын алдым десейші. Ал жанын
еншілеген соң құр сүлдерді сүйретіп не керек!..
Өтеміс өзінің тым шығандап бара жатқанын сезіп сөзін
кілт үзді де, дірілге алдырған денесін сабасына түсіруге

әрекет жасағандай тымырая қалды. Артынша үй ішін өлі
тыныштық жайлады.
Қарияның өз көздегені бар-ды. Ол тартыс-таластың
осымен тынып, бірдің екіншіге арналған өкпесі айқай-

шыңсыз басылғанын тілеген. Қатты-қатты айтуының
мәні – Бұзау ойланар, ойланса райынан қайтар деп түйген.
Қанша дегенмен , қаннан жүрек шайлығып, қиянаттан
көңіл тартынады ғой. Осы тұрғыдан қарағанда атқаны

нысанаға дөп тиген секілді. Басы оқыстан салбырай
қалған болыс ой теңізін кешіп кеткендей.
Шынында анау тереңге шым батып, тұңғиықты шиыр-
лап отырған.

“Намысы жанып тұрғанда ер жігіттің еншісі түгел” –
деп ойлайтын Бұзау. Ал, оны тасаланған жымысқы түйсік
тұратынына мән бере қоймапты.
Шынайылық бір бұлқынса, жалғандық жүз мәрте

тепсініп кететінін де ұғынуға ұмтылмапты. Сөйтсе
тіршіліктегі пенде атаулын шамырқандыратыны екінші
қыр екен-ау. Сананы буып сарсылға салдыратын да, сабыр-
ды тұмшалап ашуға, жол аштыратын да жалғандықтың

жаңғырығы екен. Пенде біткен мұны сезінбейді емес,
сезінеді. Сөйте тұра шынайылықтан гөрі жалғандықтың
етегіне жармасуға құмар. Неліктен? Әлде оған қаны
сорғалаған шындықтан гөрі жалтырақ ойын қымбат па?

Солай да сияқты. Өйткені, соңғысының алданышы көп,
арбауы басым. Көңіл шіркін соған елігеді, еріп те кетеді.
Ондайда заңдылық атаулы сартапқа айналып шыға береді.
Сартаптық салғырттыққа бастайтыны тағы белгілі.

Солай бола тұра, қиястықтың қысастыққа жол аша-
тынын білгенімен Бұзау үшін алған бағытынан қайтарар
соқпақ жоқ. Болмаған, болмайды да. Ендеше...

– 227 –

Болыс ұшар құстай қомданып қойды. Оның әр қимылын
баққан екеу де селт етіп, серпіліп сала берді.

– Қолдасаңыздар менде бір ұсыныс бар, – деді Бұзау

зорлана жымиып.

– Құлағымыз сенде, айта бер.

– Біле білсек бұл жолғы әрекетке біз айыпты емеспіз.

Жатқан жыланның құйрығын басқан екінші жақ.

– Білместікті кешіре алмасаң білгендігің қайсы...

– Әрекетсіз қалсақ сүйегімізге таңба, елдігімізге сын.

Сыртымыздан баққан көз барда, қаңғыған сөз барда тұяқ
серпер кез жеткен секілді. Бұдан әрі қарекетсіз қалсақ
тірлігімізден не қайыр, жер басып жүргенімізден не үміт?
Сіздерден сұрарым – қолымды қаға көрмеңіздер!

Ол орнынан шапшаң көтерілген бойда нақ төрге
ілінген қамшыны кереге басынан жұлып алып, білемдеп-
білемдеп қойды. Сөйтті де қайта кері бұрылып, отырған
екеуге азу тістерін ақсита тағы ыржиды.

– Жаугершілікке бастар қанға құныққан жерім жоқ,

бітімгершілікке тағы бармайтыным – алғанымнан кет-
кен есем көп. Бірақ оны сөз етуден аулақпын. Менде бір
ғана тілек бар. Оңдыбайдың бәйге Қаракері қолыма тисе
тесіктің бүтінделіп, жыртықтың жамалғаны.

Аттың тұрпаты анықталып, түсі түстелгенде Өтеміс
шошынысын жасыра алмады.

– Бұл талабың ешқандай қалыпқа сыймайды. Қара­

керден гөрі бізге жұлдыз жуық, – деді тұтыға.

– Маған керегінің өзі осындай кесектік емес пе, Өтеке-

ау! Жақынға жымысқы да үйір. Ал, біз құлашты кеңге сер-
меуге тиістіміз!

– Оңдыбай арғымағын қатынынан артық қадірлейді.

– Өзге қатынның етегіне қол жүгіртуге болғанда,

өзгенің атын тақымға басуға неге болмасқа! Түкірдім
бәріне!

– Қаракер жеке үйде ұсталады деп естідім. Оның

қарулы күзеті мықты.

– 228 – – Ал менің суға салсам батпайтын, отқа тастасам жанбайтын Бекқұлым бар. Алдыруға ойым кетті – алдырам! Қалғанын сосын, көрдім де қойдым... – Аптығамыз деп арандап қалып жүрмейік. – Артының бар салмағын өзім көтеремін. Әгәрәки сынып кетсем арманым жоқ. Болыстың мына іске біржолата бет бұрғанын байқаған Өтеміс шарасыздықтан санын соқты. Бұзау енді Бекқұлыға шүйлікті. – Айлаң асса аласың, аспаса... аспаса оралмай-ақ қой. Болыс өзіне төнгенде орнынан шапшаң тұрған Бекқұлы ләм-мим сөзге келместен қолын қусырып басын иді. *** Табиғатынан томаға-тұйық, сөзге қасаң Бекқұлыға барымта деген жат емес еді. Көзін алғаш ашқаннан-ақ “Ойбай, әкетті!”, “Аттан!”, “Аударып таста!” байбаламы құлаққа сіңіскені соншалық шырт ұйқыда жатқанында атойласаң атқақтай жөнелуге дайын тұратын. Ғажабы да сол – жалған дүрмек соңында ел есін жиып, атының басын кері бұрса, Бекқұлы арынын баспастан андағайлап, алыстағыға өзі ұрынып, “берсе – қолынан, бермесе – жолынан” олжа салып қайтуға әдет алған. Құйындай құтырынып шыққанында шырамытқандар қарсылыққа бармастан жолынан қиыстаса, көзіқарақты еместердің өзі екпінінен жапырылып, еңсесін жаза алмай бүгежіктеп қалатын. Есейе келе әдетінен жаңылып, сақтыққа бой ұрды. “Екі қарап – бір шоқуға” райлы-ақ. Тіпті, кейде уысына түсіп тұрғанның өзін кері ысырып, кекжиіп кете беретін дағды тапты. Мұнысын түсінбеген басқалар бас қатырып жатқанда ол езуін екі құлақ түбіне жеткізіп ыржиып-ақ тұрғаны. Неліктен сөйтеді? Біліп болған бір жан жоқ. Мұндай әрекеттерінің арты ду-ду әңгімеге айналып, мадақтан гөрі күншілдікке үйір қазақтың күңкіліне

– 229 – ұласып жататынын, оны жел көтеріп жеріне жеткізетінін құлағымен естісе де қаперіне ілмегені отқа майды құя түседі. Біреулер бәрін жасықтыққа жанастырса, екінші біреулері “қатын алды – қақпанда қалдыңға” жұғыстырып, қара бояуды қалыңдатып жағуға құмар. Әйткенмен бастарына іс түскенде бәрінің айналып келіп табатыны Бекқұлы. Бір шоғыр “ағалап” алдын ораса, қалғаны бауырға балап, батпандап уәж тастайды. Соның арқасында араға түскен сызат қиюын тауып, сына сынып тынады. Қаңқудың қытыққа тиер жағы басым болғанымен шындықпен жанасар тұстары да кездесетін. Әсіресе отбасына орайластырылғанда алып-қосарға қара таппай дағдаратыны бар. Бұл, бәлкім естиярлықтан өтіп, кекселікке бой ұрған шағында қатын алып, қағанағын қарық қылғаннан да шығар. Әйтеуір, шаңырақта шыр еткен бала дауысы пайда болғаннан кейін тіршіліктің тірнегі тырағайлықты ысырып, тыныштыққа қарай жетелей жөнелгені даусыз. Жо-жоқ, арнасынан асып-тасқан дүлейліктің жолына әйелдің кесе-көлденең тұруы мүмкін емес дүние. Ондай шақ туғанда тартылмас та еді. Ердің қабағын бағып, қадамынан көңіл-күйін таныған қосақ мұндайға жол да бермейтін. Бәріне сеп әншейін бір көрініс. Тырбаң қаққан бала... Кезекті жортуылдан оралып, табалдырықты аттай бергенінде төрде жатқан баласының қол-аяғын ербеңдете уілге салғаны жүрегін жұлқып, жанын тітіркендіріп жіберген. Көз алдына ер үстінен қалбалақтай ұшып бара жатқан боздақ оралып, екі суреттің ұқсастығын ұзақ қадағалаған. Бір ғана айырмасы – сәби тірліктің тұнбасын мойындатса, әлгінде Бекқұлы тобықтан қаққан боздақ жалғанның жалған екенін дәлелдей жалпылдап бара жатқан. Дәл осы кептің етек жапқанында мына сәбиге бұйырмасына кім кепіл? Дәл сонда уыз өмірдің удай ащыға айналып кетпесіне сарашы кім? Түні бойы көз ілмеді десе де болғандай. Ол өзін әлсізбін деп ойламайтын. Қасарысқанды қасқайта

– 230 –

соғып қақыратып жол ашамын, арғы жағы даңғылдық
деп жорамалдаған. Соған көңілін де, түйсігін де әбден
иландырған. Қателесіпті. Қанша мықты болғаныңмен
жарық дүниенің мысы одан басым, одан әлдеқайда

зілді екен. Жаншығанда жаныңды көзіңе көрсетіп,
жаһаннамның жақындығын жариялағанда тәубеңді қалай
танығаныңды білмей де қаласың. Сосын бұйдаланған
тайлақтай көш соңынан далақтайсың, немесе мұрнын

тескен өгіздей өндіршегің үзілгенше темпеңдеумен күн
кешесің. Қатыгездік өмірден аспаған, ендеше оған ер са-
ламын деу ағаттық, мініп аламын деу мүлдем асылық. Ал
асылыққа бару кещенің ғана ісі.

Онсыз да тесілген тоңды сеңге айналдырып, артынан сел
ғып жіберген тағы бір жылымық – жарының бір ауыз сөзі.

– Отағасы, жайсыздық болды ма, жәйланып тыныға

алмай жатырсыз ғой... – деген ол дауысы бәсең естіле.
Дегенмен осы бәсеңдікке дүниенің бар әсемдігі сыйып
тұрғандай еді.
Жабықса жаны өзімен бірдей ауырар, жанықса жүрегін

жұлып берер жанашыры жанында екен. Болмыстағы
ауырлық та, жеңілдік те соның ғана пешенесіне
бұйырғанын, сондықтан салмақты салмақсыздыққа ауы-
стыру өз маңдайына жазылғанын ұғынғаны да осы арада.

Ертеңіне есік алдына шыққанында, ол өзін мүлдем басқа
жандай сезінді. Айбары мен айбыны сақталған, бірақ ішкі
болмысының бұрауы қоңыр күйге лайықталған босаң,
шертіп қалсаң шерменде шақтың шеменін лақылдата

ақтарып тастар домбырадай абыз сұлба сорайып, күн
кірпігінен жасқанған жанарын жасыра алмай қипақтап
тұрған. Кеудені буған өрлік басын қанша кекжиткенімен,
жүрегіне шым-шымдап енген сезім сананы ырықтандырып,

алдыға қарай итермелей берген. Соның салдарынан бүрі
кеткен табан тайғанақтап, дүние шайқалақтап жатқан.
Адамды ет пен сүйек құрағанда бірі босаңдықты,
екіншісі қатаңдықты шақырып тұру үшін жарата

– 231 –

салғандай. Қаттымын дегеннің майысып, бос белбеумін
дегеннің белгілі бір мезетте қайқайып шыға келетіні
жаратылыстың өзі дарытқан осы қасиетінен іспетті.
Тіршілік қағидасы ешкімді де ырқынан шығармайды.

Белгілі мөлшерде ысытады, уақыты жеткенде суытады.
Бүгінге шейін жалындауды Бекқұлыға да жазса, бүгіннен
бастап сабаға түсуді бұйырып тұр. Ендеше бұйрыққа бас
иген жөн.

Жоқ жерден пәлсапа тауып, соған иланған жан от-
басынан ұзай алмай көп жүрді. Кей-кейде атқақтаған
күш-қайратты амалын тауып басудан шаршаған да. Ерік-
жігердің күштілігі андағайлаған әумесер ойды аулақтан

қайырып, сана сілкінісіне жанығу бермей жанталасқан.
Соның салдарынан біраз жылдың жүзінде тақымға
сойыл қыспай салбөкселікке салынғаны да жасырын
емес. Кеңістіктен қайтқалы дабырасы басылып, аты да

ұмытылуға айналғандай еді. Жай отындай жарқылдаған
жас перілердің өре түрегелгені де осы шақ. Оларға қызыға
қарағанымен бір қысқан артты қайта қопсытпауға бекінген.
Бірақ болмады. Бұзаудың соңғы ұсынысы оспадар өгіздің

бұйдасын үзгендей бәрін быт-шыт етті. Қызыққаны мына
іске қара күштен гөрі айла керектігі. Амалын тапсаң ғана
алатын дүние екен. Олай болса бағын тағы бір мәрте сы-
нап көрсе несі айып? Нартәуекел.

Үшеуге ғана тән сыр үшеуара ғана өрбіді. Жолға
дайындық мұқият жүргізіліп, әр қалтарыс есепке
түсті. Алған күнде Қаракер жасырылатын орын құм
жыңғылынан табылып, оны жасақтауға біраз уақыт

кетті. Бәрі тамам болғанда Бекқұлы жолға шықты. Да-
быра болмас үшін жалғыз аттанды. Мінгені желмен
жарысар жүйрік емес, алысқа жарар белді ат. Мұны
көргендер бұл жолғы сапардың тіршілік күйбеңімен

сабақтас екендігіне сенген де қойған. Сондықтан мән
бермеген. Ал, келешектен үмітті үш жанға керегінің өзі
осы еді.

– 232 – *** Әуелі Сарысу өзенінің арнасын қуалай, артынан жол қысқарту мақсатында мидай жазыққа бет бұрған Бекқұлы белден бел асып, құмнан құм кешіп, діттеген ауылы қара көрсеткенде ғана тізгін тартқанда олжасының оңайлықпен қолына түспейтінін аңғарып бас шайқағаны бар. Осыдан ай шамасы бұрынғы төбе басындағы Бұзаумен бетпебет кездесуі соңында зіл қалғанын сезінген Оңдыбай неге болмасын тас-түйін бекінгендей күзет қатарын молайтып, еңкейген шалдан, еңбектеген балаға шейін түрікқұлақ жүруді тапсырған сиқатты. Оған ербеңдеген топ, ереуілдеген салтаттылар куә. Қазан-ошақ басын баққан қатындардың өзі қолы қалт еткенде теріскей бетке қадала қалып, қара шолуға құмар. Ондайда олар ғасырлар қатпарын бұзып-жарып жеткен балбалдарға ұқсап қалады. Тым төзімді, тым тәкәппар. Дегенмен мұның арты бір үмітке жетелейтіні тағы сөзсіз. Қанша қатқылдық танытқанымен елдің басым бөлігі қазақы мамыражайлыққа ден қойып, ерік тізгінін босатып алады екен. Ал, бойкүйездік барда енжарлық шырай ашатынын түсінген жан табандап күтсе талабы қанағаттанатынына шүбә келтірмеу керек. Бекқұлы да ұзақ барлады. Үш күн, үш түн бір орнынан тапжылмады. Ауыл деңгейінен сәл жоғарыға орналасқан тастақтың қалтарысын қалқан етіп, міз бақпастан жатты да қойды. Талғажуына ірімшіктің түйірін жұқ қылып, шөл басарға малтаны пайдаланды. Малта жарықтық тіл астына салып тастасаң әрі тамақ, әрі сусын. Оңтүстік жерінің қыртысы әлі де тоң алмаған шақ. Сәл құйын өтсе борпылдақ шаң тік көтеріліп, көзі-басыңды жауып тастайды. Жазық тұрмақ, сайлардың да шөбі күйіп кеткен. Содан да болар мал атаулы ұзақты шолып, алыстарға аяқ артады. Елден ұзай қоймайтыны түйелер ғана. Қарпуынан малжаңдауы көп жарықтықтар маң-маң

– 233 – басқан қадамының өзін санай жылжып, отқа да, оттауға да самарқаулық танытады. Түйелерге ерекше ден қойғаны – олар кешкілік ауылға құлайды екен. Соған қарағанда кенже боталаған інгендер барына ұқсайды. Бірлі-екілі тұмсалар тайраңдай жөнелгенде басқалар да соңдарынан қалыспай маңып қоя береді. Көзге түспей ауылға кірудің бір жолы – түйелер тобырының арасына сіңісу. Мұны ішіне алғашқы күні-ақ түйген Бекқұлы ақырын күтуді баққан. Әр үйдің тіршілік тынысын зерттеудейақ зерттеген. Ат ұстайды-ау деген екі-ақ нүкте көңілінде қалды. Бірі шет тұстағы қараша баспана да, екіншісі түйелер кіретін үлкен аранның ортасындағы алаңқайға тігілген алты қанат ақ үй. Соңғысын қыр басынан ғана байқауға болады. Ұзын-ұзын қамыстан қалқайтқан қорған қабырғалар жазықтан ішті мүлдем көрсетпейді. Алты қанат деп жорамалдауы – шаңырағы не шошайып тұрған жоқ, не жалпайып жатып қалмаған. Шошайса шөміштей қысаңды, жалпайса жайылған жалпақтықты білдірер еді. Алғашқы үйге назар аударғаны – басқа баспаналардан сабылыс байқалғанда мынаған кіріп шығар аяқ там-тұм. Бірді-екілі үлкендер болмаса бала біткен мүлдем жуымайды. Ал, екіншіден дік алуы – тым тасада екен. Ерекше ден қоймаған адам елер орын емес. Көрерін көріп, түйерін түйіп әбден біткен шамада алысқа қалдырған арқандаулы атына барып, қоржындағы қордан жүрек жалғап алды. Сосын артық-кем дүниені сол жерде қалдыра, сыптай болып межелі тұсқа беттеді. Өзімен алғаны – өткір кездік пен қайыстан өрілген жүген ғана. Оның өзін беліне орап, шылбырымен шандып тастады. Қас қарая елге қарай маңған түйелердің арасына сіңіскен ол жуастау, қолға үйренген бір нардың шудасына жабысқан күйі ауыл шетіне іліккенде өз көзіне өзі сенбей тағы бас шайқағаны бар. Аран маңын күзеткен қарулы

– 234 –

жігіттер жүр. Олар інгендерді бөліп тастап, атандар-
ды ішке қарай қақпақылдап жанталасады. Айқай-сүрең
тудырмай жұмыстарын жымдай қылып атқарғанына
қарағанда іске әбден машықтанғандары байқалады. Ылғи

бір әлекедей жаланған жандар. Жылп-жылп етеді.
Мынаны көргенде нарды тастай беріп үйілген отын
ба, ескі үй сүйегі ме, әйтеуір елеусіз жатқан үйіндінің та-
сасына жасырына берген. Енді бар күдігін аран ішіндегі

тігілген баспанаға аударып алды. Шынында да, мал тұрар
орынға адамның қоныс тебуі мүмкін емес дүние. Ұры-
қары азда күзетшілердің қауымдасуы да мыйға сыйымсыз
әрекет. Ендеше аран ішінде бір пәле жатқаны ақиқат.

Түннің бір уағына шейін орнынан тапжылмады.
Көзімен қараңғылықты тінткіледі, құлағымен дыбыс ау-
лады. Шаруасын тәмамдасқан жігіттер ананы-мынаны
қауқылдасып ұзақ бөгелді. Тек аспандағы жетіқарақшы

жұлдызы ожау сабын төмен сала бастағанда қарайған
сұлбалар бір-біріне әзіл-қалжың аударыса тараса бастады.
Бекқұлының қуанғаны – бұл маңда иттің болмағаны.
Қара шалса шәуілдеп шыға келер әңгүдік немелердің

қолбайлау жасары сөзсіз еді. Қазір олар кешкі астың
сүйек-саяғын мылжалап есік көзінде жатқаны жанына
дем.
Адам аяғы әбден басылды-ау деген шамада тасадан

шыққан Бекқұлы әуелі тағы да ұзақ-ұзақ дыбыс шалды,
сосын ғана мысықша басып аранға кірер ауызға беттеді.
Көптен бері әдетінен жаңылған дене тітіркеніп, жүрек ау-
нап-аунап кетеді. Қол-аяқтың дірілі де басылар емес.

Ол аз аралықтың өзін бірнеше мәрте тоқтап барып өтті.
Межелі тұсқа жеткенде ішін тарта тағы бөгелді. Қақпаның
екі қапталында екі жігіт қаннен-қаперсіз ұйқыға шомған.
Бірі қыстыға қорылдаса, екіншісі теріс айналған күйі ба-

сын шапанымен тұмшалап, тырайып жатыр.
Енді батылданайын деді. Денені жайлаған жағымсыз
әсер де сап басылып, ескі жындар қоздап қоя берді.

– 235 –

Бұрындары болса екі жанды екі-ақ ұрып есінен тандырар
еді. Бірақ өйтпеді, жылыстап әрі асты. Қақпа қайыспен
шандылған екен. Оны кездігімен қиналмай қиып, ішке
жылп еткенде таңданысын жасырмады. Мына қулықты

қараңыз, ауыз тұсқа шөгерілген түйелер бір-біріне
арқан арқылы шандылып тасталыпты. Егер тосын біреу
байқамай арқанды керсе жануарлар бақырып маңайды
азан-қазан етері даусыз.

Асықпай жүріп айқұш-ұйқыш байланған жіптерді
мұқият қиып шықты. Күйіске түскен жарықтықтар мыңқ
етпеді. Киіз үйге жеткенінде жорамалының нақтылығына
разы болды. Алжаспапты: алты қанат кереге алпамсадай

жайылып, едәуір жерге салмағын сала қаздия қалған.
Табалдырықты аттар-аттамастан оқыранып қоя бер-
ген аттың жалына саусақтары тигенде жалғызіліктен
жапа шеккен жануар сап тиылып, сипаланған қолдардың

ықтиярына бағынғандай мойынын иді. Бекқұлы жан-
тәнімен сезінді: адам мысы басқан тұлпар әлденені
сезінгендей қалтырап тұр. Дегенмен, не тарпынбады, не
оқыстық таныта оқыранып ала жөнелмеді, шабыс алар

шағын аңсағандай салқаулыққа салына, тер сіңген адам
денесіне сүйкеніп-сүйкеніп қойды.
Мына қылыққа жүрегі жылыған Бекқұлы ұрлыққа
келгенін сәл ұмыта мекіренгенін байқамады. Ол әркімнің

қолы жетпес жануар ендігі күнде басыбайлы өз еншісіндей
сезінді, сезінді де шамалы сәтке рухтанып шыға келді.
Жер апшысын қуырар Қаракер тұрғанда дүниенің кеңдігі
бұйым емес, андыздаса бас-аяғын бүріп тастардай

қоқиланып тұрған.
Адам санасы да қызық жаратылған-ау, ылдиды өрдей
бағалайтын кездері көп. Мұндайда шама-шарқын екше-
мей самсаған қолға дара шабуға бар. Жапырып тастардай

жойқын қуат көзіне шел қаптатып, секемдіктің сілікпесін
құрдымға қалдырады да, уақытша болса да үстемдікке
жеткізеді. Дегенмен, осы уақытша үстемдіктің өзі бақыт

– 236 – шылауын ұстатуға жетіп жатыр. Ал, бақыттың пұшпағын іліктіру өмір бойғы арман. Ендеше сананың бопсаға еліктеуі алданыш іздеуінен. Әлдене тысыр еткенде тамсанған тәттісін әлдекім аузынан жырып әкетердей тіксінген Бекқұлы біржағынан қиял теңізінің әп-сәтте жоғалғанына қапаланса, екінші жағынан сақтыққа шақырған дыбыстың қайталануын шыдамсыздана күтті. Қанша елеңдегенімен жаңғырық қайта естілмеді. Содан дәтке қуат алған ұры сипаланған қалпында беліндегі жүгенді шешіп алып, атқа кигізді. Қаракер бұл жолы да оқыстық танытпастан адам еркіне бағыныштылықпен мойынсұнды. Сақтық үшін шылбырдың бір басын білегіне ораған Бекқұлы аттың шандудан толық босағанына көзі жеткенде мысықша басып есікке беттеді. Аулаға шыққанында жып етіп жайдақ мініп те алды. Шабандоздың тақымын сарыла күткен жануар өзіне ғана таныс белгі берілгенде орнынан ата жөнелді. Енді оның қожасы шабандоз. Ол ырық берсе көсілудей көсіледі, тізгін тартса ғана тоқтамақ. Иә, сәт. Тұяқ дүбірінен оянған күзетші жігіттер ес жиып, аттанға салып-ақ жатыр. – Аттан, жау шапты. – Әкетті, ойбай, әкетті! Маубастарды мысқылдай мырс еткен Бекқұлы артына мойын бұрып қарамады да. Оның бар ойы арқандаулы атына жетіп, ер ауыстыруда тұрған. *** Қыс бойы Тамалар жағынан тысыр еткен дыбыс білінбеді. Жел үрлеп, қамыс басы сылдыр етсе аттанға басып, андағайлай жөнелетін жауынгер ел атын, ат болғанда елдің абыройын асырар сәйгүлігін алдырмағандай

– 237 –

тым-тырыс жатты да қойды. Мұның сырына түсінбеген
Найманның Бағаналы бұтағы дал. Күрзісін тоқпақтап, ау-
зынан жалын ақтарылар жаушы күткен халық жымысқы
басқан тыңшының қарасын көрмей пүшәйман. Сонда

қалай, Қаракерден қадір кеткені ме?
Көңілге кірген күдікті сейілту мақсатында құм ішіне
жасырылған атқа жасырын түрде сыншылар да жеткізілді.
Олар тұлпарды танып, толқығандарынан көздерін сула-

сты. Ат маңайын айналсоқтаған байғұстар ас-суын айда-
лада ішіп, тұлпармен тағдырлас болуды ойлағандарымен
Бұзаудың
қаһарынан

қаймыққанынан
ғана
кері
қайтқандары сөзсіз. Бәрі де басқаға ауыз ашпауға ант

қабылдап, өлердегі сөздерін айтып тарасқан еді.
Көктемнің қоңыржай желі оңтүстіктен шығып, қар
көбесі сөгіле бастағанда да осы кеп ұшығын үзбеді.
Тесілген жерді қуалай көшетін көшпелі ел түйелерін

қомдап, ат-көліктерін сайлап, ірге көтергендерімен
жоқшы аттандырар сыңай танытпады, әдеттегілерінше
баяу қозғалып, бағыттарынан ауытқымастан қыбырлай
берді.

Мына үнсіздіктің астарында бесбатпан зілдің жатқанын
сезінген сайын Бұзау да іштен тынып, қыстыға түсті.
Оңы мен солын қапсыра, етегін жинай тас түйін домала-
нып алып, тарпыса тұяқ тигізбес, қарпыса тіс дарытпас

қамалға айналды да қалды. Өйткені Оңдыбай бір тиіссе
осы кезде тиісуге мүдделі. Қыстан сіңірлері созылып
шыққан мал да, жан да бұл шақта бейқам. Мал көкке ауыз
салар сәтін күтсе, жан “ұзын арқан – кең тұсау” кезеңнің

буынан-ақ елтіп, еңсесін жаза алмайды.
Дегенмен, бұл жолғы күдігі де желге ұшқан қайықтай
із-түзсіз қалды. Күн жер қыртысын қыздырған шамада
Тамалардың ат-көліктері аман-есен қонар мекендеріне

қонып алғанын естіді.
Беу-беу жалған. Қаймақты шайқатуын шайқатқанмен,
таңдайға татымды май ұстатпай діңкелетесің-ау. Осының

– 238 –

бәріне итермелер ерік тапқаныңмен исіндірер еркіндіктің
пұшпағын бұйыртпай тағы сандалтып қоясың. Сосын
пенде атаулы емексумен таңын атырады, талайын ай-
ырып, түнін батырады. Ертеңге үмітін артып ұйқыға

кететіні бар. Бірақ ертеңі де, оның арғы күні де тұтам
жұбаныш бұйыртпай құрдымға жоғалумен тынады.
Сондағы адамзаттың демеу тұтары алданыш қана екен
ғой. Өмірін алданышпен тұмшалап, бар тіршілігін үмітке

бағыштайды. Жалғанның жалғандығын, тіршіліктің сай-
тан құбылыстың құбыжығы екендігін осыдан-ақ айыра
бер. Дегенмен, дәл осыны мойындар біреу табылар ма?
Табылмайды. Өйткені әркім өз қарекетіне мәз, күйбеңіне

разы. Бір жұтым ауаны жұтқызғаны үшін де тәңіріне
тәубәсін бағыштап баз кешуден жалықпайды. Көрегеннің
де, кезбенің де көрген күні осы. Сонда тірліктің мәні там-
сануда ғана тұрғаны ғой... Пай, жалған-ай...

Алдамшылықтың екінші қыры да бар. Ол – кер-
мек. Татса дәмі білінбей тұрғанымен уытын жайып
жібергенде шайқалтып қоятын, тамсанған сайын таты-
мын күшейтіп, тәнің топыраққа айналғанша тамырын бо-

сатпайтын өкініш ұрығын салса, ендігі күнде барыңның
да, жоғыңның да құны бір бақыр. Сондықтан осындайы-
нан сақта деп құдайға мың жалбарынасың. Естісе жақсы,
ести алмай қалса... Құдыреті күшті Алла тағала, бір өзің

жар болғайсың! Оңдыбайдың ойлануы басым. Ендеше,
қарпуы да қарымды шықпақшы. Адам тегіннен-тегін
тымыраймайды, мұндайдың артында батпан зіл тұрары
белгілі. Тек соны көтеріп алар күш бер де.

Істерін істеп алып, енді оның орнын толтырар амал
таппаған Бұзау дағдылы Атбасар жәрмеңкесінен бас
тартуға ниет еткенімен, намысы жібермеді. Құйрығын
ішке тығып, қыңсылаған ит кебін киюден қорынды.

Ақыры қосын құрып, қопсығанын білдіртпестен айтулы
думанға ат басын тіреді.
Атбасар аймағы биыл да салтанатын жайып, сайранын

– 239 –

салып-ақ жатыр екен. Күндіз ырду-дырдудың ортасына
енген жұрт саудасын жасап, сауығын тамашалап алады
да, кешкілік бір-бірін сойысқа шақырып, мәз-мәйрам күй
кешеді. Ағыл-тегіл астан жүрек шайлығып, ақар-шақар

қызықтан бас айналады.
Осындай
отырыстардың
бірінде

шабарманының:
“Оңдыбай аттан түсіп жатыр”, – деген хабары сең соққан
балықтай сенделтіп тастағаны анық. “Сыр бермеу керек, –
деді ол өзін-өзі қайрай, – Неге болмасын шыдап баққан

жөн”.
Сол екі арада Оңдыбай да сәлемін алға сала ішке
өтті. Жүзі жарқын, беті ашық. Түк болмағандай, түк
алдырмағандай, түрегеп тұрғандармен төс түйістіре,

қолдасқандармен алақан қабыстыра төрге ендеді. Ең
соңында Бұзаудың оң қапталын ала жайғаса беріп:

– Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. Жеткенге

салауат, өткенге бақуат, – деді дауысын әуелете созып, –
Иә, мал-жан аман ба?

– Шүкіршілік, – деді Бұзау да әу бастағы толқынысын

баса, қалыпты рай танытып.

– Шүкіршілік барда шаңырақ бүтін, қабырға түгел.

“Қанағат қарын тойдырады” – деп бұрынғылар бекер
айтпаған шығар. Қанағатшыл көңіл қашан да шүкіршілікке
жол ашқан. Олай болса жан-жағың келісті екен.

– Әлбетте. Өздеріңе де осыны тілер тілекшіміз.

– Ниетіңе рахмет!

Алғашқы
шалым
шаншусыз
өтті.

Тама
болы-
сы ауыз ашқаннан-ақ оған қадала қалған Өтеміс пен
Бекқұлының іш жиысқаны да осы шама. Оңдыбайға

салса дұшпандықтың ұшығы байқалмайды. Мына жан
көңіл қуған, ауыл адақтаған бір пенде ғана. Бұл не қылған
ғажаптық! Әлде сыбызғылап кіріп, сыздатып шықпақ па?
Жоқ, ондай пиғылы сезілмейді. Құдайға ғана жарасар

жалғыздықты бетке ұстай келуінің өзі ниетінің қараға
шыланбағанын байқатады.

– 240 –

– Иә, Оңтүстігіңде не жаңалық? – деп қалды Бұзау сөз

желісінің үзілмеуін қалап.

– Ауыз тұшытарлық ештеңе байқамадым. Онда да

тірлік қуған ел. Өзің де білесің, біз Арқаға тән халықпыз.
Бір бұтағымыз “Толағай” бойын қуалай қоныстанған. Со-
лармен қауышуды көздеп, көктем шыға, көк қылтия көш
бетін бері бұрамыз. Қызығымыз да, шыжығымыз да осы

өлкемен байланысты. Ендеше, алақандағыдай дүниені
айшықтай бергеннен әр шықпас...

– Мұныңа қосыламын. Ауылымыз аралас, қойымыз

қоралас жұртпыз. Қалыңның қалқасында қалып қоймай,
жұқаның жұқанағы болмай әркім өзінше күй кешуде.
Бәріміз де мына жалғанның қонағымыз. Бүгін бармыз,
ертең жоқпыз. Сондықтан сыйласқанға жетер ештеңе

жоқ. Келсең, құшағымыз әрқашан ашық.

– Шындығында бөле-жарар неміз бар? Жұтатынымыз

бір ауа, ішетініміз бір су. Сарысудың орта тұсын сен
бақсаң, төменгі сағасын мен қарауылдаймын. Олай болса,
алауыздық жат, алакөздік тақ дүние болуы керек сиқатты
екі жұрт үшін. Сөйте тұра саған қызығатыным, тіпті, се-

нен қызғанарым да жоқ емес.

– Ондайың да бар ма еді?

– Е, пенде болғаннан соң пендешілігіміз қалған ба,

Өтекеңдей дарияң тұрғанда, Бекқұлыдай арысың өкшеңді
басып жүргенде сенен өткен бақыт иесі жоқтай көрінеді.
Қызғанатыным осы жағы.

– Бардың қадірі білінбейді. Жан-жағыңа зер салсаң,

ақылгөй мен апайтөстер өз маңайыңнан да табылар...

– Ел болғаннан кейін жарықтың да, сарықтың да

жүретіні даусыз. Дегенмен, жұмсасаң алатын, сілтесең
шабатын Бекқұлыдай өткірің барда сенің жүзің жарық бо-
лады да тұрады.
Мынаны естіген сәтте Бекқұлы көзімен жер шұқыса,

Бұзау ішінен: “Болыс бәрін біледі. Ол бәрін біліп кеп
отыр”, деп қылп ете қалды. Оңдыбайдың тұспалы орын-

– 241 –

ды екенін мойындаудан өзге енді лаж жоқ. Көз қиығын
тастағанында Өтекеңнің де ошарыла құлағанын байқады.
Құлағаны емей немене, тұмау тигендей көзі-басын қол
орамалымен сүрткілеп әлек.

Бұзау маңайындағыларға айбар сала жөткірініп-
жөткірініп қойды. Бәрін жайсыздықтан құтқарғандай осы
шамада алдарына табақ тартылды. Басты қолына алған
Өтеміс құйқадан бір кесіп ауыз тиген соң Оңдыбайға

қарай ұсынды. Анау үнсіз қабылдап, бұдан арғы сөзге
құлықсыздығын
байқата,
жан-қалтасынан

бәкісін
шығарып, өз ісімен әлектеніп кетті.
Ас үнсіз ішілді. Аяқ-табақ жиналып, бата қайырылған
соң да тыпыр еткен тірі жан жоқ. Тек тұрар шамада ғана

Оңдыбай:

– Екеуара әңгіме бар еді, – деді өтінгендей.

Сыртқа шыққанда сөз бастаған тағы өзі:

– Бұзеке, – деді ол дауысында жарықшақ пайда болып.

– Құзырыңдамын, Оңдеке.

– Айтпағым көп еді. Бірақ, бірін-бірі кимелеген не-

мелер ішті алай-түлей етіп көмейден төгіле алмай
қыстығуда. Қайсыбірін ақтарып болғандайсың мынандай
көңіл-күйде. Мен саған жалғыз ғана қолқа салмақпын.
Қабыл алсаң еркің, қабылдамасаң тағы өкпем жоқ...

– Тыңдап келемін, Оңдеке, тыңдап келемін.

– Бұлталаққа бұғалық тастар мен емес, бұлтыңдау

саған да жараспайды. Ендеше, ашық әңгімеге жүгінейік.

– Оған мен дайынмын.

– Бір атқа бола бүкіл елдің шырқын бұзбайын деп күні

бүгінге шейін дымымды шығармадым, өзгенің де екпінін
басып тастап отырдым. Әйтпесе, ұл тудым деп қалжа
жеген бәйбішелер біздің елде де жетер еді. Еркекпіз деп
едіреңдейтіндер де жүздеп табылатын. Бірақ, мен бәріне

шектеу салдым. Мұным жасқанғандығымнан емес,
екіндіден асқанда елірмеге ұрынбай, елдікке жүгінуді
ойлағанымнан. Бүгін біз қырқыссақ оны көрген өскін күні

– 242 – ертең неге бармақ? Қанатыңды қайырып, сағыңды сындырып жатпасына кім кепіл. Бітімге жүгінейік, бірлікті уағыздайық, – Өндірдің өскеніне қарап өміріңді бағалайсың. Жақ­ сыға қуанып, жаманға күйзелетінің де содан. Олай болса, елдікке мен де жақпын. – Онда сен Қаракерді ұрлаған жоқсың, мен ұрлатқан жоқпын. Сен жөнімен алдың, мен жолыммен бердім. Осыған тұрсаң атты жеткізіп, үйімнің алдындағы мама ағашқа байла. Құр қайтарма, ер жеткен ұлың бар екен, соны қоса аттандыр. Қалған салмақ менің мойынымда! – Айтқаның болады! Екеуі қол алысты. *** Шамалы уақыт өткенде Бұзау сөзінде тұрып, Қаракер иесіне қайтарылды. Тұстасының мәрттігін мойындаған Оңдыбай Бұзаудың ұлына өз қызын қосып, жасау ішінде Қаракердің де барын жария етті. Сөйтіп, қазақы қасиет тұрғанда қалың елдің жігі берік екенін дәлелдеп шықты.

– 243 –

БАЛДАН ТӘТТІ ҒҰМЫР

… Дүние жанып жатқан сияқты. Айнала астан-кестен.
Тілін жалаңдатқан жалын жолындағысын жалмап, төніп
келеді. Шыр-шыр еткен жанын қайда қоярға білмеген Еділ
қашайын десе қаша алмайды. Қол-аяғы икемге көнбей,

тас болып қатып қалғандай. Айқайлауға тілі құрғыр бай-
ланып, үнін шығарар емес. Шарасыздықтан көзінен жас
ытты. Иә-иә, ес біліп, етек жапқалы байқалмаған, өзге
балалардан ғана көрген көз жасы. Өз-өзінен берік-ақпын

деп ойлайтын. Сөйтсе, арна бұзар тасқындай тып-тыныш
жатып-жатып, кезі жеткенде ақтарылып түсер селдей
адуын жинаған жарықтық бір лықсығанда ықты-жарды
тыңдамай аунақшып ала жөнелгендей.

Сөйткенше, әлдеқайдан бір қол созылды. Кәдімгі адам
қолы. Адам болғанда түкті, сіңірлі еркектікіне ұқсамайды.
Нәп-нәзік, мап-майда, әйелге тән аппақ саусақтар иығына
тиіп, үйіріп әкеткендей.

– Мама! – деп қалды сол кезде ышқынған қалпында.

Жауап қатқан ешкім болмады.

– Мама, сен бар екенсің ғой?! – деді жүрегі ери, жан

дауысы шыға.
Қол иесі тағы үндемеді, тек пәледен ала қашқысы кел-
гендей баяулап көтере берді.

– Мама! Мама!!

Өз дауысынан өзі шошып оянған Еділ селк етіп, есін
жинағанда әлдекімнің жұлқылап тұрғанын байқады.
Көзін ашқанда көргені – бөлмеде бөтен балалар бар екен.
Түс ұшығын жоғалтқысы келмеген жасөспірім одеялын

басына тартқан еді, төніп тұрған сида қара оны жұлып
алды. Онымен де қоймады:

– Мынауың иіс алмастың нағыз өзі ғой, – деді шиқылдай

күліп.

– Мұнда не үшін келдің? Үйрету үшін. Ендеше үйрет!

– Құп, Шериф!

– 244 –

Сонда ғана санасына әлдене жеткендей болған Еділ
орнынан атып тұрды да, арқасын қабырғаға берген күйі
бөлме ішін сүзіп өтті. Байқады, бөтендердің ұзын-қарасы
үшеу екен. Бәрі өзі тұстастар. Бір айырмашылығы – шаш-

тарын тақырлап алғызған және алабажақ киінген. Басшы-
лары стол жанындағы орындықта отырған төртбақ болса
керек, қалған екеуі соған жалтақтайды.
Бөлмелестері бәріне мойын сұнғандай салбырап кет-

кен бастарын көтерер шама таппаған. Келімсектердің
құзырына ерте бағынған сыңайлары байқалады.
Әуелгі сөзді Шериф атанған төртбақ алды:

– Байқаймын, өзің тым асаусың ғой… – деді ол

мысқылдағандай мырс етіп.

– Болсақ болармыз!

Төртбақ жымиды.

– Солай де!

Қысқа қайырым келте кесілді. Шериф сида қараға ым
қаққанда әріптесі түсінгендей басын сәл иіп, төрге қарай
беттегенде Еділ де төбелеске ыңғайланғандай тас-түйін
бекінісін жариялап үлгерді.

Айқас ұзаққа созылмады. Сида қара қоқиланған күйі
қарсыласын басып-жаншып тастауға ұмтылғанда Еділ өзіне
ғана тән тәсілмен сәл солға ойысып, шықшытты көздей оң
қолын әнтек сілтегенде анау кескен теректей сұлап түсті.

Бір қызығы, жақтастары құлағанда қалған екеуі өре
түрегелген жоқ. Шериф езу тартқандай кейіппен Еділдің
жеңісін құптағандай бір-екі рет алақан соқты. Содан кейін
созалаңдай орнынан тұра берген сида қараға “соңымнан

ер” дегендей белгі жасап, сыртқа шыға жөнелді.
Бөлмелестер
таң-тамаша.
Мұрынын

қорс-қорс
тартқан Башанның көзі жыпылық-жыпылық етеді. Соған
қарағанда тәжікенің оп-оңай шешілгеніне сенбейтін
сияқты. Күдігі бар ма:

– Бес-он теңгемізді беріп құтылғанымыз жөн еді, –

дейді міңгірлеп.

– 245 –

– Ақшаң көп болса ертең де беруге үлгерерсің, ал қазір

дем алайық.
Жарық сөнген соң Еділ ұйықтай алса-шы. Дөңбекшіп
оңға да аунады, солға да төңкерілді, бәрібір көзін
іліндірер амал таппады. Ере жөнелсең елпілдетіп тауға да

соқтырар, тасқа да тақым қашар ой қаумалап, әлем-тәпірік
әурешілдіктің әуселесін ашып қойғандай. Соның соңында
сенделер сана сәулеленіп, шамырқаныс шақырған сыңайы
бар.

Иә, қылп етсе қынын қарықтырар қанжар-тірліктің
қақпақылынан қашқан адамзат өмір бойы сіліңгір
сылтаудың сыңсымасын сапырып келеді. Сәл шалт
қимылдаса-ақ өтіріктің өзегін өкіректетіп, сылтауға соқпақ

салуға құмар. Өзін өзі арашалаудың соңында алаөкпе бо-
лып жүргендер кеше де болған, бүгін де жетерлік, ертең
өршімесе кемімес. Бәрі қарақан басын қаңқудан алып
қашқанымен қаңбақ ғұмырға қарғыбау таққанын ұқпайды

да. Сол қарғыбау түбіне жеткенде де түсінерді түсініп,
сезерді сезбейтіндері ақиқат.
Еділ де дәл осындай тіс сындырар быламықтың
құрбаны. Әкесі кім, шешесі қайда? Білмейді. Әйтеуір

балалар үйінде көзін тырнай ашып, осы үйден жетіліп
шыққаны шындық. Ғажабы сонда – қысылғанда немесе
қамыққанда түске кірер әйел қолы жебеудей-ақ жебеп
келеді. Бірақ әлгінің түс-әлпеті көзге бір рет те шалынған

емес. Сондықтан сықпытқа алданар сыйық бала бой-
ынан табыла қоймаған. Ол үшін еркек – еркек те, әйел

– әйел ғана. Бірінің шашы ұзын да ақылы қысқа болса,

екіншісінің шалбары болғанымен шамасы шағын пен-
де. Ал, пенделердің түбтің түбінде перғауынға айналуы
мүмкін емес жағдай.
Бірақ, дәл осылай екен деп, тіршілік доңғалағы айналу-

ын доғарған ба? Доғармаған. Өйткені, оның өз бағынышты
заңдылығы бар. Уақыттың құлы. Пір-уақыт жұлысқанды
жұлыстырып, шығысқанды шығыстырып, ақыр соңында

– 246 –

бәрін жұтып қойғанымен тойымсыз қалпында бүлкілдей
белден бел асып барады. Ол енді айқайламақ тұрмақ
таланың айырылса да мойын бұрмайды. Соңында ойран
қалды ма, өрт құлашын жайды ма бәрібір. Өйткені өткен

шақты тарих қатпарынан ғана іздеуге мұрсатың бар. Ал,
мұрсаттың мұратқа мұрындық болмайтыны тағы аян
дүние.
Балалар үйінде жазылмаған, дегенмен жауырды жаба

тоқыған заң қалыптасқан. Онда: “Мама”, – деген сөздің
айтылу дәрежесі мен естілу деңгейі солғындықтың сар-
табын байқатып тұрады. Айтқан да, естіген де, есірік
шалғандай елең-құлаң болатыны содан. Біреуі екпіндеттім

дегенмен еңкіштеніп, екіншісі еліттім дегенмен ербиіп
қала беретіні алмағайып шақтың қоңсы қонуынан. Ен-
деше, қоңсының қоңырсыққа алаңдауы мен елеңдеуі екі
бөлек қасиет екенін екшеудің еш қиындығы жоқ. Сөйтсе

де бұл атаудан жүрегі шым етпейтін бала жоқтың қасы.
Бірінен екіншісі қызғанып, іштен тынғандар бірін-бірі
түтіп жіберуге әркезде дайын.
Әлі есінде, жасы онға аяқ басқанда орталарына дудар

бас, секпіл бет сары бала пайда болды. Тым тарпаң, тым
мазасыз еді. Тамақ ішіп отырып та ұнамаса тарелкасын
төңкеріп тастайды, не басқа біреудің бетіне жеп отырған
нанын лақтырып жіберуден тайынбайды. Осы мінезінен

шығар, топтағы өзге балалар өзінен жасқанып жүруді
әдетке айналдыра бастады.
Бірде сол сары, қайдан үйренгені белгісіз:

– Менің мамам бар, сендерде жоқ! – деп қалсын. Бос

көңіл біреулер бұған кемсеңдей бастаған. Еділ шыда-
мады:

– Мамаң болса мұнда неғып жүрсің? – деді шамырқанып.

– Ол ертең келеді. Жұмыстан қолы тимеген шығар.

– Өтірік!

– Мен өтірік айтпаймын…

– Сенің мамаң жаман адам. Ол енді ешқашан келмейді!

– 247 –

– Келеді дедім, келеді!

Секпіл бет алдында тұрған тұз салынған сауытқа
қолын жүгірткенде Еділ одан бұрын қимылдап қолындағы
қасықпен қарсыласын басқа соқты. Бір емес, бірнеше
ұрды. Айызы қанбады.

Жан-жағындағы басқа балалар шу көтергенде жедел
жеткен тәрбиешілер екеуін әрең ажыратып алды.
Балалар үйінің тағы үйреткені: өзіңе өзің сен. Күшің
жетпейтінге тыраштанба – тырайып қаласың. Ондай

жағдайда омырылуың оп-оңай. Омырылғанның орны-
на келуі қиял дүниесі. Ал, қиялға сіңдім дегенше қирап
қалдым деу әлдеқайда жеңіл.
Қызылды-жасылды сәулеге тұнған жарық дүниеде,

байқағанға, қақтығыс көп. Ең бастысы – адам бала-
сы бірінің асқанына екіншісі төзе алмайды. Бірі өрге
өрмелесе, балағына жармаса кетуге жақ тұратыны содан.
Одан әрі жанталас басталады. Алғашқысы жабысқақтан

құтылуға тебінсе, соңғысы ерік-жігерін өзіндігін үзіп
алуға жұмылдырады. Қолы босай қалса шыңырауға құлап
тынатынына мұндайда мән бермейді де. Өйткені санасын
көреалмаушылық тұмшалаған. Ол сауды соқыр етіп, есту

қабылеті жоғарыны саңырау қылуға құмар.
Соқырлық пен саңыраулық қатар дамыған қоғамда
жаңаға орын сақталмайтыны аян. Жаңа деп отырғаны

– өскін. Мысалға, қай ересек адам балаға тең дәрежеде

қараған? Бұл ешкімнің ойына келмейтін жұмбақ.
Сондықтан жастың пікірі қашанда аяқсыз қалуға бейім.
Сондағы үлкеннің тындырғаны не? Одыраң жүріс пен
оспадар күлкі ғана ма? Еділдей жетімдер жер басып

жүргенде дәл солай ойламасқа шараң жоқ. Етегіне на-
маз оқымайтындар бұған, бәлкім, күлер де. Күлсін. Ол
оның әлем керітартпалығын мойындағаны, соқыр мен
саңыраулар қатарында өзінің де жүргенін жария еткендігі.

Міне, саған әппақ әлемнің айшығы! Балаң түйсік біріне
жеткенімен, екіншісіне жетпейтін бедерлер осы айшыққа

– 248 – шоғырланған. Олай болса, оған қара да, кереғарлық ұғымын тани бер. Кереғарлықты, алысқа бармай-ақ, мына бөлмеден де табасың. Бүгінгі Башанның ымырашылдығы бәріне куә. Басқаша жағдайда ол әкесі мен шешесі маңдай терімен тапқан адал ақшаны арамның қолына тигізуге құлшынбас еді. Қадір мен қасиетті қорқақтыққа жеңдірмей, керісінше жігерін жанып, жалынын жағып өре түрегелген боларды. Амал қанша, тайғанақтық тағынан құлатқанда тайқып шыққан көкпар көңіл күйрегін жайып күтірлеп қоя берді. Сонысымен де әлсіздің күшті алдындағы басыбайлылығын, күшті тұрғанда әлсіздіктің де жүретінін дәлелдеп үлгерді. Бірте-бірте өшпенділіктің оты тұтанғанын сезді, Еділ. Шериф, ол сияқты мыңдаған оңы мен солы келіскен жандарға деген ыза бойына сіңіп, қалш-қалш еткен денені одан әрі шиыршық атқызып жібергендей. – Тоғышарлар! – деді жасөспірім тіс арасынан сыздықтата. Шамасының бар келгені сол ғана. *** Өз-өзімен арпалысу үстінде кеш ұйықтағанымен әдеттенген мезгілде оянған Еділ көрпе астынан шығуға асыға қоймады. Дел-сал денесі әлі де жата тұруға тартып, дамылға шақырғандай. Көзіне ұйқы тығылып, тұңғиыққа сүңгіп кетуге ынтығады. Ол осы күйде біршама бөгелді. Бір уыс болып бүрісіп, басын қымтап та алды. Жата берсе, жата берсе. Тіпті, дәл бүгін тұрмаса. Сонда қым-қуат тірлік шырмауы өзөзінен ағытылып, бостандық әлемі қанатын жайып шыға келетіндей. Ой-сана бостандығы, жадағай тіршілік қамытын түсірген қаймана бостандық. Дүние тынысын сезбесе, қамқарекет қамын түйсінбесе. Өліп-өшер өлермендік дәл осы арада алымын алып, адуынын басар еді де, бипаздық сал-

– 249 –

танат құрары сөзсіз-ді. Ондайға жеткен бар, жетпеген бар.
Бірақ жеткенді көрген емес, ал жетпегендер жыртылып айы-
рылады. Күнделікті кездесуге жазған пенделер соңғы пайым
соңында салпақтағандар. Соның бірі – өзі. Он жеті-ақ жа-

ста. Дегенмен сол он жеті жылдың одыраңын көзбен көріп,
көңілге түйген тіршілік иесі. Үстірт қарасаң қиындықтың қыл
көпірін онша сезінбеген де сияқты. Сөйтсе де жүрек түбіне
байланған шешуі жоқ жұмбақ түйін адымды аштырмайды-

ау, аштырмайды. Шемен болып қатып қалғандай. Ерімек
тұрмақ, тоңның бетін жібітпей тоң-торыс жатқан пәлекет
бәтуәсіздіктің ызғарын жаймалап, беттен қаға береді. Осы-
дан ыққан түйсік ықты-жарын жиып, төменшіктеуге жақ.

Неге өйтеді? Білмейді. Бәлкім, іші сезер де. Әйткенмен
жариялауға болмайтын бір жаңғырықтың бұғып жатқаны
айдан анық. Күндердің күнінде оның да орын табуы мүмкін
құбылыс. Сонда бәрін ақтарып тастайтыны хақ. Оғандағы

уақыт керек, оған дейін қауқар бер.
Қайраққа жаныған асыл темірдей көз қарықтыру, әрине,
екінің бірінің қолынан келмес. Сөйтсе де қадалғанды қақ
айырып, кезенгенді қаққа бөлу үшін де жігер керек екен.

Ол үшін өзіңді-өзің шарыққа сал. Түрпідей тигеннен
кірпідей жиырылма, керісінше кірік, кірік те қиып түсуге
әдет ал. Мұны әуелгі айтқан Серікбай шал. Сол қарт
адамның пайымына имандай сенсе, шал парқын түсіну

үшін әлі шарқ ұратыны ақиқат…
Серікбай жарбиған кәдімгі пенде болатын. Ешкімнен
айырмасы шамалы. Күзетші. Бір ізбен жұмысына келеді,
бір ізбен қайтады. Біреуге дауыс көтергенін, әлдекімге

ғайбат сөйлегенін естіген адам жоқтың қасы. Қашан
көрсең өзімен-өзі болып жүргені. Аралайды ауланы,
қуыс-қуысты адақтайды, орынсыз жатқан дүниені орны-
на жеткізеді, сосын арнаулы бөлмесіне кіріп алып, газет

қарайды. Жұмысқа әр шыққандағы әдеті осы.
Бала мен баба ойда-жоқта танысты. Орашолақтықтан
оймақтайға сүрініп, тізесін жаралап алған баланы Секең

– 250 –

дәрігерге ала жүгірмеді, бөлмесіне жеткізіп, о жер, бұ
жерін алақанымен сипап байқаған соң:

– Еті ауырып қалған, ештеңе етпейді, – деді де сәкіде

тұрған йодтан жағып, жараны дәкемен байлап тастады.
Онымен де тұрмады:

– Алмағайыптың арашашысы өзіңсің. Бір жаратқанның

барына сен, содан кейін өзіңе ғана жүгін. Шеттен көмек
күтсең кешігесің, ол уақытында жетпесе өшігесің, сөйтіп
өндіршектіктің есігін ашып аласың. Бар пәле содан, – деп
және бір қайырып қойды. “Әй”, “Өй”, “Өйт, бүйттің”

неше атасын естіп жүрген бала шал жұмбағын санасына
жеткізе алмай көзін жыпылықтатты.
Кейіннен томпаңдап соңынан қалмайтынды шығарды.
Секең де періште жан ғой, ермек тапқанына мәз.

Ерінбей-жалықпай
Еділмен
сырласады.
Кәдімгі

тұстасындай ішіндегі барлы-жоғын ақтарып тастап,
айдың-күннің аманында жау бетін қайырғандай аһылап
отырғаны. Кей-кейде кемпірі келеді алқынып, болды-
рып. Ондайда құнжың-құнжың қаққан қарт түрленіп

кетеді. Бәйбішесіне қыр көрсеткендей төгеді дейсің не
түрлі оқиғаларды. Түрлентіп-түрлентіп айтқанда Еділ
түгілі еңкіш тартқан кемпір де аузын ашып тыңдайды. Әр
ақтарғанынан, тоқыр сана табылса, сөздің мәйегі, ойдың

тұнығы қотарылады. Тек түйсін, тек қабылдай біл.
Сөзіне салсаң Секеңнің көргені көп, түйгені мол.
Белгісіз соғысытың бел ортасында да жүрген. Кон-
цлагер, немістердің ылаңы сындырмаған. Ендеше,

жаратқан адамды жаратқанда не түрлі сынақты ойлап
қойған. Одан сүрінбей шыққандар ғана адам деген
атқа лайық. Мойыдың ба – пендесің. Ал, пенделікті
еншілегендер періште көңілді періге жығып беруге

әуес. Олардың діттегені – тіршілікті жын-ойнаққа ай-
налдыру. Әлің жетсе дәл осыған қалқан бол. Сонда
жұмақ пен тозақ арасы алшақтап, ақ пен қараның орта-
сына сына қағылады.

– 251 –

Ғажабы да сол – бәрін айтатын аңқылдаған шал өз
кіндігінен шыққан баласы тұрғысында жақ ашпай өтті.
Олардың бары да, жоғы да беймәлім қалуының сыры
осында. Мұндайға кемпір бағұс та аттап басқан емес.

Қыңқыл шыққанда қыңырлай берер кейуана қоңыр
әуеннің киесінен қорыққандай күрсінісін жиілетіп,
күйбеңдейді де қалады.
Дүниеден озғанда екеуін жерлеген балалар үйінің адам-

дары. Жоқтан бар жасаған ұжым соңғы парызын өтеген соң
оларды ұмытты десе де болғандай. Қазір Секеңді ауызға алар
бір пенде табылмайтыны ақиқат. Қарт тек Еділ көңілінде
өшпеген. Шөкімдейге шоқыдай мән беріп, түймедейге

түйедей леп салу – Серікбай шал тәлімінің таралғысы.
Әйтпесе… Басқаша жағдайда өзге талғамның өндіріне
жабысуы мүмкін-ді. Қаталдықтың қабырғасын қақыратып,
қаралықтың қайысын шандуға шақ қалған.

Балалар үйімен қоңсы қонған спорттық ғимарат бар-
ды. Қоршалған тас дуалдың тесігінен өтсең әлгінің есігіне
бетпе-бет келесің. Бірде, қызығушылық жеңіп, сон-
да барсын. Ешкімнен сұранбай, не айтпай ұры тесіктен

шығып кеткен. Сәл ашық қақпа саңылауынан сығаласа
алқын-жұлқын қимылдағандар ырс-ырс етіп, төбеге
ілінген қапшықты ұрғылап жатыр екен. Соққылары күрзі,
жиырылып-созылған бұлшық еттер керемет. Әлде балаға

солай көрінді ме, әйтеуір, мұнда бірыңғай Шварцнегерлер
бас қосқандай әсерге бөленгені даусыз. Тер шалған дене-
лер күн сәулесіне шағылысып жылт-жылт етеді.
Ұзақ қарады. Осы уақыт аралығында аузын ашқан күйі

орнынан тапжылмады десе де болғандай.
Арада қанша өткені белгісіз, әлдекімнің:

– Балақан, не, ұнай ма? – деген дауысынан селк еткен

Еділ сұрақ берушінің кім екенін айырмастан басын изеді.

– Онда неге саңылаудан сығалайсың, ішке өтпейсің бе?

Өтті. Кілең шиыршық атқандар мән беретін емес.

– Күшіңді байқап көргің келе ме?

– 252 –

Қандай жауап қайырарын білмей абдыраған балаға
бейтаныстың өзі көмек қолын созды.

– Жігіт адамға жігерлілік қана жарасқан. Мә, мына

қолғапты ки де, біраз төмпеште, қарымыңды байқайық.
Имене тұрып ұсынғанды алды. Батылсыздау басып
аспалы қапшыққа жақындады. Одан әрі не істерге білмей
абдырап қалғанында демеуіші тағы дем берді.

– Кәне енді бір қимылдап бер!

Қапты былш еткізді. Мына сұмдықты қараңыз –
өзгелер ойнақшытып жіберетін пәлекет міз бағар емес.
Намыстанып қайта ұрды. Сәл тербелген сияқты. Еділді
ашу кернеді. Ол енді шындап төмпештей бастады. Қолын

әр сілтегенде тістеніп алады. Еріні ауырғандай. Бірақ,
оған мән берер бала байқалмайды. Көзіне тер құйылған
күйі біраз қимылдады. Ыңқ-ыңқтың үстінде аңғарғаны:
ұрғанның үстіне ұра түссең іш босайды екен. Ыза ыдырап,

әлденеге арналған өштік өндіршектігін үзе, өмілдірігін
жиған секілді. Ғаламаты да сонда, салмақсызданған дене
жеп-жеңіл. Қайта туғандайсың.
Тоқтатқан тағы бейтаныс.

– Болды. Бүгінге осы да жетеді, – деді ол арқасынан

қағып.
Батпандай қолғапты шешпей сәл бөгелді.

– Ұнай ма? – деп сүрады спорттық киім киген жан.

Бала
қандай
жауап
қайырарын

білмей
көзін
жыпылықтатқан еді, демеп жіберген тағы сол.

– Ұнаса келіп тұр.

– Жарайды.

Бұл сөздің аузынан қалай шығып кеткенін аңғармаған
Еділ қызарақтай қалғанда үлкен кісі жымиды.

– Айналайын, біздің есігіміз келем деушілерге әрқашан

ашық. Тек ынта болсын, пейілге жүгін.

– Рахмет!

Бойы үйрене бастағандықтан ба, жауаптасудан енді
қашпады.

– 253 – – Тұрағың қайда, інішек? – “Мейірім” үйіненмін. – Е, көрші екенбіз ғой! Онда тіптен жақсы, алыстан ат арытпайсың. Атың кім? – Еділ. – Ал мен Жеңісбек деген ағаң боламын. Осында жаттықтырушымын. Қаласаң тәрбиешілеріңе мен айтайын, тек сен жаттығудан қалмайтын бол, жәрай ма? – Жақсы! Жеңісбек ағай сөзінде тұрып, Еділдің бокс секциясына қатысуына тәрбиешілерінен рұхсат алды. Балалар үйінің директоры елге сыйлы азаматтың тілегін жықпай, келіскенін білдірді. Содан бері бес жылдай уақыт өте шығыпты. Бір шамада қол-аяғы шап-шағын боқмұрын бүгінде білдей жігіт. Кәсіптік мектеп түлегі. Бұл орынға жетелеп әкеліп, кіргізген де Жеңісбек. Ол ерінбей-жалықпай қалаға ат ізін салып, сондағы танысы, осы мектептің тәрбие жұмысына жауапты Алтай Қыдырәліұлына жолықты да, бар мәселені шешіп тастады. Шапқылап жүріп үш мың теңге стипендия тағайындатқанын, бірақ айтпады. Сөйткен Еділ байғұстың жатысы мынау тырайып. Мұны естісе Жеңісбек ағасы не дер екен? “Сенген қойым сен болсаң күйсегеніңді ұрайын” – деп шырт түкірер ме, жоқ бармағын тістер ме? Болмас. Тұрғаны жөн. Әуп! *** Мезгіл қазанның қарашаға қарай ауған шамасы болса да ауадан ызғар қатты байқалмайды. Қоңыр жаздың шарапаты шығар ағаш жапырақтары сәл бозаң тартқанымен түсін жоғалтпай, бұтақтардан ажырамаған қалпын сақтаған. Бірлі-жарымды үзілгенінің өзі сарыдан гөрі ашаңдықты алға тартып, әр-әр тұста табан астында жаншылады. Әзірге оны жинап жатқан да ешкім жоқ. Соған қарағанда қала күзінің қауырт қарбаласы әлі алда сияқты.

– 254 –

Қарғалардың
топтана
бастағаны
беріде

ғана.
Ертеңгілік пен кешкілікте қарқ-қарқ етіп әрлі-берлі
айналған байғұстар күннің соңғы шапағында сайрандап
қалғысы келгендей қала үстін азан-қазан етеді де, артын-

ша оңтүстікке қарай жөңкіліп ала жөнеледі. Күндегісі
осы. Соңы көрінбейтін ұлы көш қатарын үзбейді. Қайда
барып, қайдан пана табатындары беймәлім. Әйтеуір,
жарық түсісімен думанын қайта жалғастырады. Осын-

шама қанаттылардың қай қуысқа сыйысып жатқандары
жаратқанға ғана аян. Әйтпесе, тал түгілі қылтанағы жоқ
маңайдан мейірім іздеудің өзі соқырдың шоқалағымен
пара-пар дүние екені бесенеден белгілі. Міне, қазір де

олар қарқылдауларын күшейтіп, кері оралып жатыр.
Ұзын-қарасы есепсіз. Несібесінен құр қалардай далп-
далп етіп, әлдеқайда асыққан беттері бар.
Күз қабағының ашаңдығына сеніп сыртқа желтең

шыққан Еділ айналым соңынан айналым қалдырғанымен
терлей алмай, енді бусанып келе жатқанында қарғалардың
саңғуынан қаймығып спорт залына жеткенде төрт көз
түгел жиналып, боксшылар дайындыққа кірісіп кетіпті.

Өзі де қарап қалмай, көлеңкесімен ұрысты бастай берген
еді, жаттықтырушысы иығынан қақты.

– Жағдайың болмай жүр ме, өңің келіспей тұр ғой?

– Жоға-а… Бәрі көңілдегідей, – деді Еділ сәл

ыңғайсыздана.

– Қайдам. Көзің қызарып, әрі домбығып кеткен

секілді…

– Жайсыздау ұйықтап едім, бәлкім содан шығар.

– Жарайды, оныңа да сенейік. Дегенмен байқа, бабыңды

жоғалтып алма. Алда үлкен жарыс бар. Амандық болса,
сонда бақ сынаймыз. Түсіндің бе?

– Әлбетте, Алтай аға!

– Бүгін түскісін жолдас балаңды ертіп, біздікіне кел. Ас

үстінде отырып, кең сөйлесейік.

– Жақсы, аға!

– 255 – Деуін дегенімен “жолдас бала” тоқтамына ойланып қалғаны даусыз. Сонда ол кім? Шыр етіп дүниеге келгелі “жолдас, дос” ұғымын жанына сіңдірмегені ақиқат. Балалар үйінде қалыптасқан заң бойынша бір-бірінің мүддесін қорғайтын топ қана болды. Ондағылар құрамдастарын өзге біреулердің тәжікесіне бермеуге ғана тырысатын. Бірақ, ішін ақтарып, барлы-жоғын қотарып тастауға біріне екіншісі сенбейді-ақ. Екіншісі бәрін сыртқа жайып тастардай қорғаншақтап, соның арқасында шәт-шәлекей борып жүргені. Бары сол ғана. Олай болса, кімді ертіп алып бармақ, жаттықтырушы үйіне? Он ойланып, жүз толғанғанда тапқаны Башан. Бетінде секпіл ізі қалған, күлсе жайылып күле алатын, аузын ашса көмекейі көрінетін домаланған бала, неге екені белгісіз, көңілін аударғаны талассыз. Өзгелердей тымыраю оның бойына жат қылық. Не айтса ойындағысын жасырмай айта алады. “Мынау ұят, мынаны сәл кейінге ысыра тұрайыншы”, – деп екшеу жоқ мұндайда. Даңғыр-дұңғыр етеді, дар-дар айырып тастайды. Дәл Серікбай шал тілге тиек ететін болмыс Башан бойында жинақталған сияқты. Ендеше, тоқтам Башанда. “Қалалық сана – табиғи түзілімін жасырып, жасандылыққа бой ұрса, нағыз шынайы болмыс ауыл адамдарына тән. Олай болса, қазақ табиғатын ұғынғың келсе ауылға бар”, – деп отыратын жарықтық. Онымен де қоймайтын, байқаусызда Еділге көзін қысып, кемпіріне әзіл лақтырып тастайтын: – Елуден асқан шамада жас кезіңде қыз шымшыған тұсыңның өзі белгі береді дейтін үлкендер, дәл мына жерімның шаншып кеткенін қарашы… Мұндайда кемпір де қарап қалмайды: – Ал ұл жұғысқан жер қандай болады дейді? Оны айтпаған ба? – деп шаншуға шаншу қосады. – Е, ұлдыкі ме? Ол үлпершегің үзілгенше үлпілдейді де тұрады. Соны да білмегенің бе…

– 256 –

– Еркекті еңкейтпесейші, әйтеуір.

– Еркек еңкіш тартса екіндінің етек жайғаны. Құдай со-

дан сақтасын!

– Иә-иә, ер-азаматтың амандығын бергей! Олар барда

біз қалтылдаудан аулақпыз.
Сол екі кейуана бақилық болғанда Еділ тұлдыр
жетімдіктің қамытын енді кигендей шын тарыққан. Жа-
сырып тәтті әкеліп, оны шалынан тығып ұсынып жата-

тын кемпірдің қылықтары әлі көз алдында. Мұндайда
Қалампыр әже сәбиден де қорғаншақ болып кетуші
еді. Ұрлығы ашылып қалардай шыж-быж етіп жүретін.
Ал, Секең бәрін көрсе де көрмегендей кейіп таныта-

ды. Бәлкім, кемпірінің риясыз көңіліне қаяу түсіргісі
келмегені, бәлкім, қарттық ермектің алданышын талғажу
еткені, әйтеуір өз-өзінен мырс-мырс күліп отырғанын
байқайсың. Бұл ертең де, одан арғы күндері де жалғаса

беретін қарекет. Бірақ, жалығатын ешкім болмайды.
Қарттар өз қамдарына өздері алданса, бала көңіл мейірім
шуағына шомылып, асып-тасып жүргені.
Дәл сол кейуаналардан кейінгі көңілі құлаған Башан

болса оған не айып? Ендеше, тәуекел түбі – жел қайық,
дейді де…

Осы оймен бөлмесіне оралғанда тырайып-тырай-
ып жатқандардың үстінен түсті.

– Башан, тұр! Кетеміз.

Әуелгіде шошына жастықтан басын жұлып алған Ба-
шан Еділді көргенде көңілін басып, керенау есінеді.

– Демалыста да ұйқы бермегенің бе?.. Қайда?..

– Оны барған соң көресің.

– Әй-әй, ойнама…

– Сенімен ойнағым келіп тұрған жоқ.

– Ендеше жөніңді айт?

– Соңынан білесің дедім ғой.

– Ертерек білсем атымнан ауып қалам ба?

– Керуеттен ауатыныңа мен кепіл.

– 257 – Екеудің тәжікесінен оянған әлдекім жаратпағандай ыңыранып, теріс айналып жастықты құлағына басты. – Әй, өлтірсең айтып өлтірсеңші?.. – деді осы кезде Башан көзін жыпылықтатып. – Қасапханаға шақырып тұрмағаным анық қой. Несіне шыж-быж боласың? Алтай ағайдың үйіне барамыз. – Қыдырәліұлының үйіне ме? – Тап сонда. – Онда құп, тақсыр, құп! Тез-тез киінген Башан бетін жуар-жумастан қасында қаздиып тұрған еді. Екеуі уақыттың ертелігіне қарамастан сыртқа беттеді. *** Күн неғұрлым көтерілген сайын айнала керімдікке кенеліп, кербез келіншектей керенаулықтың кіреукесін жайған да қойған. Көшеде абыр-сабыр жүріс жоқ. Демалыс қарсаңында кеш жатып, кеш тұруға дағдыланған қала халқы енді-енді ұйқысынан оянып, марғаулықтың мамырын баса алмаған қалпында үйлерінде ұйлығысып қалғандай. Асай-мұсайын дайындап алып саяжайларға асыққан кемпірсемпір, егде тартқан адамдар ғана аялдамаларда алаңдаулы. Бірақ бұл көрініс те ұзаққа созылмайды, дыр-дыр етіп көлік жеткенде үпір-шүпір топ жұтылып, оның орнын басарлар үздік-создық шашырандыны еске салады. Қандай шашыранды дейсіз ғой – сонау көктемнен қара суық ұрғанға дейін саяжайларға баратындар кілең жасамыстар. Бірі ыңқылдап, енді біреулері шоқаңдап, тағы бірлері кежегесі кері тартқанымен өзін-өзі күштей сүйрелеп, күңкілге күңкіл қосқандар. Соған қарағанда тамақ қамын ойлау жастықтың жағажайына соқпай, қарттықтың қазандығына түсіп кеткен секілді. Мейлі, қайнай берсін, уақыт өте арғылар көшіп, бергілердің нәсіп етері сол қазандық қой. Ендеше, сарқылын сарықпайтыны хақ. Өйткені өмір үйретсе, үйретіндінің таба-

– 258 –

тын үйірі біреу-ақ – ол бағыныштылық. Уақыт үндестігінен
асар пенде әлі табылмаған, табылуы және неғайбыл. Олай
болса, бағыныштылықтың басыбайлылығын осы тұстан
іздеген ләзім.

Өтпелінің өндіршек келуі де табиғи болмыс түзілімінің
сақталуынан. Мысалға: көктемді жаз ауыстырса, оның ізін
күз басуға ентелейді. Жай ентелесе бір жөн ғой, қыстың
қатаңдығын жеткізуге жанталасады. Балағын түрініп,

етек-жеңін жинақы ұстайтыны содан. Тіпті, қусырылып,
қуығын жел қағар қуындысын қотара келетінін қайтерсің.
Мұндайда қоңырдың қоймалжыңға айналып шыға
беретіні белгілі жай. Сөйте тұра күзсіз табиғаттың бағы

ашылмаған. Тоңдының тобаға жығатыны содан.
Бірақ биылғы күз жерге тоң силар райдан ада. Аспанға
бұлт үйірілмегеніне біршама. Қытымырлығын соңына
сақтап, қызығын ғана қылтитып, қытыққа шақырған кәрі

қыздай ашаңданып алған күн ойхой жалғанды омыраула-
тып барып өндіршегін үзбекке ниет еткендей. Бозала таңнан
бозамыққа шейін жылымығын жоғалтпай, түн баласының
өзінде ызғарға ырық бермей тұрған күйі осыны аңғартады.

Бүгін де күн көтерілген сайын ауаға тараған жылы леп-
тен айнала бусана бастапты. Анда-санда әлдеқайдан аңқ
еткен жел үй-үйдің арасына сіңіскен сайын сіңірін со-
зып, сілікпесін жоғалтады. Сәл тербеліске ұрынған тал

жапырақтарының сыбдыр етіп барып сілесі қататыны,
одан әрі тыпыр етпей қалатыны тымықтықтан.

– Күз түсті дегенге сенбейсің-ақ, – деп қалды Башан

көше бойын жағалар тротуарға шыққанда костюмін
қарына іле.

– Асықпасаң қысқа да ілігерсің.

– Асық-асықпа, табиғат өз жүрісінен жаңылмайтынын

сенсіз де білемін. Тек, осындайда қаланың қалың
қамалына қамалып қалғаныма өкінемін. Шіркін, қазір бір
төбенің басына шығып алып, отырсаң ғой ойға шомып!

– Пай-пай-ой…

– 259 –

– Кекетпей-ақ қой, Еділ дос. Елде жүргенде сөйтетінмін.

Сабақтан қайтқан шамада өзгелердей үйге асықпай, біраз
серуен құратынмын. Кей-кейде жынды адамдай сенделіп
жүре бергеннің өзі жаныңды жаңартады.

– Мынауың қияли адамның қарекеті ғой…

– Қиялилық неден туындайды? Ойдан. Ой болмаса

одыраңыңнан опа жоқ. Ендеше, қиялдағанға күле қарама.

– Сонда табатының не?

– Мен бос жүрмеймін ғой. Табу үшін жүремін. Табамын

да. Біле-білсең табиғаттың үйретері көп. Тек санаңа тоқи біл.

– Нені әкетай-ау?

– Бәрін. Ол не айтса ұғынуға тырыс. Ештеңені қалыс

қалдырма. Мысалға, бұлаққа үңіліп көрдің бе? Сылдырап
ағып жатқан су нені меңзейді? Өткінші дүниенің өкінішін
сезбес үшін өндіршектеуге үйрен, дейді. Нанбасаң
ағындыға үңіліп көр. Үстірттікте бәрі қалыпша секілді.

Шын мәнінде, сен алғаш көз салған толқын ұзап кетті ғой.
Сен басқа жыбырға алданып отырсың. Солай емес пе?

– Енді ағып жатқанның өз заңдылығы бар екені дау ту-

дырмас…

– Бізде бір жалаң ой қалыптасқан – дүниені жанды

мен жансызға теңеуге әуеспіз. Бұл қате пікір. Менімше
тау да, су да, жұлдыз бен ай да тірі түзілімдер. Тірі бол-
маса тау өспес еді, су ақпас еді. Жұлдыз бен айдың ай-
налыс шеңберінде сандалуы да жандылықтың белгісі.

Ендеше, табиғат пен кеңістік өз үндестігін тапқан тірі
дүниелер. Сондықтан оларға жай ғана қызықпай, бәріне
түсіністікпен қарау керек.
Еділ шыдамады, Башанды қолынан тартып тоқтатты

да, бетіне бажырая қарады.

– Осының бәрін айтып келе жатқан сен бе, басқа ма?

– Көзің құмалақ болмаса мен екенімді көріп тұрсың ғой.

– Сен… сен маған ұнай бастадың!

– Қылмиған қыздарды ұнатарсың. Ал, маған силасып

жүрсек сол да жетеді.

– 260 –

Осы арада Еділ үлкен жаңалық ашқандай болды. Адам
мен адам шын ізденсе түсінісе алады екен. Ол үшін бір-
бірімен ашыла сөйлесуі керек. Ой арнасы тоғысса, пікір
ағымы үйлессе көңіл де қоламтаға тұншықпай, өз отын жаға

біледі. Ал, от жанса оның қызуына жылынуға мұрсат бар.

– Сен түнде мүлдем басқаша сайраған едің… – деді

жөппелдемеде аузына сөз түспей.

– Бұзақылар кеткен соң ба? – Башан таңдайын тақ

еткізді, – Е, оларда құлақ түгілі құлық та жоқ екенін
сездім. Сездім де құтылуға асықтым. Біз әлі жаспыз ғой.
Есейеміз. Өз орнымызды табамыз. Міне, сонда сөйлесуге
мұрсат та, мұрындық та болады. Тек соған тезірек жетсек

екен!
Қараторы өңі сәл қызара түскен Башан өз қиялына өзі
иланған қалпында ауызын аша аңыра берді. Мұндайда
қалыңдау біткен астыңғы еріні салбырап, қысыңқы

көздеріне жылтыл қонақтай қалады екен. Жәй жылтыл
емес, жалыны бар, керек кезінде қадалғанын жылыта да
білетін жайлы жылтыл.
“Міне, саған керемет, керек болса!” – деп қойды ішінен

Еділ қылп етіп. Ол бұрындары есеюге асығып, үлкендерше
ой түюге ұмтылатын өзім ғана деп ұғатын. Ешкімге ашыл-
маса да тұстастарынан өзін биік қоюға дағдыланып та
алған. Сөйтсе, жарық есігін ашқан әр пенде баласы ойлау

шеңберін бағамына қарай құрып, соның төңірегіне түзілім
жасауға әрекеттенеді екен. Басқаға ұқсамайтын, қам-қарекеті
мүлдем бөлек, дегенмен ортақ соқпақтың бір тармағынан
тарайтын түзілім. Оның қалтарыс-қалқасында адами

қарым-қатынастағы ұшырасулар болып та жатар, сөйтсе
де бітім мен пішім арақашықтығы көзге ұрып тұратыны
және даусыз. Бір адам мен екінші адамның ұқсастығын
қаншама мойындағаныңмен олардың айырмашылығын дәл

табатының осы қасиетінен болса керек.
Еділ Башанға ұрлана қайта көз салды. Анау өзгермепті. Өз
ойының шырынына тамсанған сабазың тәттісін жоғалтып

– 261 –

алмауға тырысқандай өзімен-өзі келеді. Тоқкөңіл. Дүниені
сапырып-сапырып жіберіп, қоюын ыдысына қотарып
алғандай қанағатқа қазық қаққан қалпында қаздаң-қаздаң
етеді. Айналадағы өлі-тірі дүниеден бейқам жүріс. Ғажап!

Сонда күнұзынғы әңгімелескен адамы басқа жан болғаны
ма? Жан-жағына алақтай қаранды. Қатар түзеген екеуі
ғана. Ендеше, тілдескені – Башан. Оған ешқашан шәк
келтірмегені абзал. Мұндай да ғажап болады екен-ау, ә?!

Орталықтағы үлкен дүкеннің бұрышын айнала бер-
генде екеуі қалт тұра қалысты. Сонадайдан түндегі таныс
бейнелерді көздері шалған. Аналар да қырағы екен, өзара
ұйлығысып, сәл кідіріс жасаған соң үздік-создық бұларға

қарай беттесті. Ауыздарына сағыз салып алған ба, күйсеген
сиырдай
малжаң-малжаң
шайнасқандарын

мәртебе
көре аяқтарын алшаң басады. Құтты, мына маңайдың
құдыретіндей кердең. Араларында секиген қыз да бар.

– Шаң-шұң туса маған алаңдамай жатақханаға тарт!

– деп ескертті Еділ жанарын топтан алмаған күйде. Өзі

әлденеге бекінгендей жұдырығын түйіп, ширатыла қалған.

– Ал, сен ше?

– Менде жұмысың болмасын. Ешкімге есемді

жібермеспін!

– Жолдасын жауға қалдыратын мен де ез емеспін. Азар

болса таяқты бірге жерміз…
Башан тағы таңдандырды. Жайшылықтағы босбелбеу
тіршілік иесін әлдеқандай күш ауыстырып қойғандай. Дәл
қазір Еділ жанында жауса жау алатын, түйілсе түйілуге

бар тұлға тұр. Бұған арқаланбағанда қайда арқаланарсың.
Тапырақтап жеткендер талтайып-талтайып тұрысты.
Малжаң тасасында ерінге жымысқы күлкі үйірілген.

– Охо-о-о, сендермен дәл бұлайша кездесемін деп

ойламаған едім, – деді алғаш тілге келген Шериф
қолындағы әлденендей дүниені ойнатқан қалпында дау-
ысын әндете созып.

– Дегенмен кездестік.

– 262 –

– Дәл солай!

– Иә, қайда бағыт алдыңдар?

– Жүрген-тұрғаным үшін ешкімге есеп беріп әдеттенген

емеспін.

– Мұның құптарлық қасиет. Сөйтсе де жөн сұрасқанның

ешқандай айыбы болмас… Солай ма?

– Алтай Қыдырәліұлы үйіне шақырған, – деп қалды

осы кезде Башан тек тұрмай.

– Е-е, боксшымыз деңдер…

Жауаптасу осымен тынды. Тәртіп бойынша енді шабу-
ыл басталмақ. Бірақ қай тұстан? Шериф жайбарақат. Оң
қанатты көтерген сида қара түндегі соққыдан жасып қалған
ба, өзімен-өзі. Мүмкін сол жақтағы дембелше делеңдер?..

Райы байқалмайды. Соған қарағанда шоштаңға жоқ, қыза
келе қырып ала жөнелер дүлей сияқты.
Белгісіздік біршамаға созылды. Бір жақ бел алып
қыдыңдамаған соң екінші жақ та тоң-торыс күйін

жоғалтпастан, сабырға салмақ салып тұрып алды. Ақыры
бәрі осымен тынып, топ арасында жүрген жалғыз қыз
түйілген екеуге беттеді.

– Сен туралы естідім, – деді ол жігітті ұры көздерімен

тінте айналып шығып, – Дегенмен дәл осындай деп
ойламаған едім…
Ішін қызғаныш қарыды ма, осы кезде Шериф тек
тұрмады:

– Қандай екен? – деп қалды.

– Қасында ұялмай жүруге болады.

– Онда сен қал, біз кеттік!

Қалғандары ұзай бергенде қыз бұрылып та қарамады.
Соған салсаң өзінше дербес, өзінше тәкаппар.

– Таныс болалық, жігіт? – деді ол ештеңеден қыңбаған

қалпын сақтай, қолын ұсынып.
Топтан көзін алмаған Еділ:

– Еділ, – деп абыржи күмілжіген еді, қыз мырс етті:

– Сен басқамен емес менімен танысып тұрсың, жігітім!

– 263 –

– Ә-ә… кешіріңіз… Еділ

– Сәуле.

Алақаны мап-майда. Сүйрік саусақтары өн-бойына
бұрын сезінбеген жылылық құяды. Анықтап көз жіберді.
Ашық өңді, әдемі қыз екен. Қап-қара, үп-үлкен көздерінде
жаныңды желіктірер ұшқын бар. Ол жалт-жұлт етіп

дегбіріңді қашырғандай. Оймақтай еріндер сәл ашыла
қалған сәтінде алаңғасарлықтың ауанын жайғанымен,
иірімге түсіріп, үйіріп әкетуге ыңғай танытады. Дәл осы
еріннен сүйсең ғұмыр бойы тоят таппасың анық. Сөйте

тұра езудегі жымиыс табынан қорғансыздықтың көлеңкесі
көлеңдейді. Тым үркек, тым әйеншек. “Әй” десең атқақтай
жөнелер әуселе басым.

– Сұқ көзден қорқамын, – деді Сәуле Еділдің

тіміскіленіп кеткенін жаратпағандай.

– Ә, иә… мен…

Әлгінде ғана тас-түйін тұрған бозбаланың дегбірсіздене
қалғанын қызықтаған Сәуле күліп жіберді.

– Батыл ма десем босбелбеулігің де бар екен ғой…

– Кешір. Мен…

– Әйтсе де танысқаныма қуаныштымын.

– Мен де.

– Олай болса кездесіп тұралық. Келістік пе?

– Әлбетте!

– Бопты. Онда мен өз тобымнан қалмайын. Көріскенше!

– Көріскенше!

Сәуле былқ-сылқ басып ұзай бергенде Башан жеңінен
тартты.

– Әй, сен есіңнен ауып қалған сияқтысың…

Еділ жауап қатпаған еді серігі алақанын уқалады.

– Сөйтсе де аналардың бетін бір қайырдық. Дүңк-

дүңк еткенге өздерін дөкей санасам, шайпау қатын
шаңытпасынан аспаған біреулер екен ғой…
Бірақ бұл сөз де аяқсыз қалды. Еділ өзгеше әлемнің
есгін қағып тұрған-ды.

– 264 – *** Оқыстан туған сезімнің одыраңы тегеурінді ме, Еділ кешке шейін жанын қоярға жер таппады. Үй-күйімен таныстыруды ойлаған жаттықтырушы ниетіне жөні түзу алғысын жеткізе алмағаны содан. Оны-мұныны сөз етіп, әңгімеге шақырған Башанға ыңғай танытпастан оңашалыққа асығып, өзімен-өзі қалуды ниет еткенде ой дүниесінің қақпақылына ынтығып тұрғанын ол білмеген де. Керуетіне құлағанда ғана қаймана тірліктің қалтарысында қайраңды қамшылатар қабыспалар боларын ұққандай көз талдырар нүкте тауып, қыбырсыз қалды. Бұл не сонда, махаббат па? Періште көңілдің періге айналып шыға бергеніне қарағанда солай сияқты. Жанжүрегі езіліп Сәулені іздейді, сол қызға жолығуға алас ұрады. Жөн-жосық байыбына бармастан барымта басында байбалам салуға дайын. Ендеше, жұмбақ қызға құлай жығылғаны даусыз. Енді жолына алаша болып төселсе арманы жоқ. Табанының табын сезіну де бақыт. Мұндай да керемет болады екен-ау. Бұрындары, айналасындағы табысқандарға қарап ойлайтын: түсінісу мен сүйісудің арасы тырнақ қырындай шығар деп, оған негіз де бар еді – ынтығып табысқандар екі-үш шөпілден соң қайқаңдап екі бағытқа айырылысып жататын. Дәл осыған өкіне жер бауырлап түскендерді де көрмеген. Азар болса қыз байғұс көзін сулайды, артынан жігіт езуіндегі мысқылды көргенде мысық тілеуін мыңғыртып, басқа мизамның масатысында түрленуге түлеп шыға келеді. Сосын шеменге жетпеген шер бусанған көңілмен шайылып, шұрқырасудың жаңа жолы ашылады… Сөйтсе… Сөйтсе оның бәрі адамшылықтың бүлкілінде бұйдаланған астамшылықтың асары екен. Шын сүю мен шын ынтығудың астарында опыр-топыр ой тұратынын бірінші рет сезінді. Мына шамырқанысқа салсаң Сәулесіз

– 265 –

күн қараң, Сәулесіз болашақ тұл. Кереметтің өзі сонда –
қызды бір ғана көруге бүкіл дүниенің қызығы сыйыпты.
Сықпытын көз қиығымен сипап өтсе аласұрған жаны ар-
насына қайта түсердей. Бәлкім, түспес те, дегенмен сезім

сергелдеңін қайырары даусыз-ақ. Ал, оның артында тын-
шу тұратыны өз-өзінен белгілі…
Балалық шағында жанына жақын тұтқан Серікбай
шалдың айтатыны бар-ды:

– Күйректік жігіт адамға бір ғана жерде жарасады:

сезім мен сүю алдындағы күйректік кешірімді күйректік,

– деп отыратын жарықтық.

Мұндайды Қалампыр жаратады. От тұтанған жанары-
нан онысы анық байқалады. Сөйтсе де кемпір:

– Басқасы басқа, мұны балаға не үшін айтып

отырсың… – дейді қысылыңқырап.

– Неге айтпасқа! Біз базардан қайтқандармыз. Еділ

енді беттеген өскін. Ертең өседі. Өседі де бәрін басынан
кешіреді. Дәл сонда қиындыққа борып түспесі үшін керек
дүниелер. Әй-әй, әттең көрмеймін-ау…
Борымаса да босбелбеулік танытар дәл осы шағын

көрмегені аян. Дегенмен ауырда да, жеңілде де жадында
екенін сезсе көрінде бір аунап түсер. Аунасын, жарықтық.
Адам жалғанның жалқынында түйсіну үшін, бәрін бағамдау
үшін жанығатынға ұқсайды. Ал, жаныға алмаса айып кәне?..

Еділ
шыдамады,
қараңғылық
түсе,

ешкімге
байқатпастан көшеге шығып кетті. Әрі кезді, бері кезді,
болмаған соң күндіз көрген дүкен маңын торыды.
Жападан-жалғыз, шалық шалғандай ортасынан не үшін

безгенін түсінбеді емес түсінді. Тек, іздегенін таппай, әрі-
сәрі күйде сенделе беруді қалады. Табаны қызса таланы
айырылардай үмітке жол ашты. Онысы ақталды да. Бір
қалтарыста таныстау бір үн: “Еділ…” – деді құмығыңқы.

Жан-жағынан сезіктене, аңдап басып беттесе, сида қара
екен. Көпшіліктен жасырынғандай қараңғы бұрышқа
тығыла түсіп, шам жарығындағы айналаны бақылап тұр.

– 266 –

– Жүз теңгең бар ма? – деді ол әй-шайға қарамастан.

– Табылып қалар.

– Бере тұршы…

– Ол ненің ақысы!

– Құдай үшін. Кейіннен екі есе етіп қайырамын.

Үнінде жалыныш басым. Дауысында діріл бар. Дәл
осы бетінде аяғыңа жығылып түсуге дайын.
Еділде шегінер жер жоқ еді:

– Мә, ал, – деп қалтасының бір бұрышында жүрген

жақында тиген стипендиясының тығындысын ананың
қолына ұстата берді.
Ақшаны қақшып алған сида қара “соңымнан ер” де-
гендей басын иіп, бүкшеңдей алға озды. Сол бетінде

әлдеқандай подъездге сып етіп еніп, үшінші қабаттағы
темір есікті шартты белгімен екі қайтара қақты. Есік
ашылғанда арғы да, бергі де жөн сұраспады, ұсынысқан
қолдар айқаса қалып, артынан қайта айырылысқан күйі

тарс жабылды. Бар болғаны сол ғана.
Қараңғы подъезден шыққанда да Еділ сатыдан
тосылыңқырай кейіндегенде, сида қара ойқастай оза
жөнелді. Соған қарағанда жолды жаттап алғанға ұқсайды.

Екеуі көмескі жарығы бар бұрышқа жеткенде сида қара
жүрелей отыра қалып бір тал шылым шығарды. Оның
темекісін уқалап түсіріп, артынан шөміштегісін арала-
стырып, қайтадан толтырды. Содан кейін оны тұтатып,

жиі-жиі сора бастады. Қимылынан асығыстық байқалады.
Қолындағысын әлдебіреу тартып алардай қориды.
Осылай біршама бүгежектеген сида қара әлдене ойына
түскендей кенет тоқталып, шылымды бұған ұсына берді.

– Тартпаймын, – деді Еділ бірден бас тартып.

– Ә-ә, спортшы екнсің ғой…

Шаруасын тындырған соң да сида қара тұруға
асықпады. Бойына шым-шымлап тараған рахаттан айы-
рылып қалғысы келмегендей үн-түнсіз біршама бөгелді.
Бәрі өз ықтиярымен тынғанда ғана:

– 267 – – Рахмет! – деп ризашылығын бір ауыз сөзбен жеткізді. – Менікі жәй ғой, – деді былай шыққанда, – Инеге отырғандардың жағдайы қиын. – Ондайларың көп пе? – Жыртылып айырылады. Сенбейсің бе? Жүр көрсетейін. Ондай нүктелер басқа жерде. Сида қараның құмығыңқы үні ашылып, бәз-баяғы қалпына түскен. Жүрісі де ширап алыпты. – Керегі жоқ, – деді Еділ. – Керегі жоқ болса, табан тоздырмайық. Иә, енді сенің жағдайыңа оралайық. Түн қатып жүргенің ненің құрметі? – Таза ауа жұтқаным. – Таза ауа деймісің? Бары сол-ақ па? – Одан артық не керек… – Сұрайтының бар сияқты көрінеді. Айналшықтап жүргенің соны аңғартады. Ұялма, сұра. Мен қазір жомартпын. Еділ әңгімені неден бастауды білмей аңырған еді, сида қара желі тартты. – Айтпақшыдай, танысып қоялық. Менің есімімді де біле жүр – Мырзабек, былайша Минтай боламын. – Жақсы. Қуаныштымын танысқаныма. – Қуану, қуанбау сенің проблемаң. Ал енді бұйымтайыңды айт? – Сәулені көптен білесің бе? – деді осы кезде Еділ батылданып. Айтпайын-ақ деген, аузынан қалай шығып кеткенін байқамады. – Білемін. Бала кезден шығар. – Ол қандай қыз? – Кәдімгідей: шашы бар, басы бар, төсі бар… – Сенің ойыңша жақсы ма, жаман ба, соны сұрап отырмын… – Тоқта! – Мырзабек жаңа көргендей Еділге үңілді, – Сен не, ғашық болып қалғанбысың? – Онда шаруаң болмасын!

– 268 –

– Сен… Сен ғашықсың! Бірақ, байқа отпен ойнағың

келген сияқты. Ол дегенің… – Мырзабек біреу естіп
қалмасын дегендей жан-жағына алаңдай қаранды, – Ол
дегенің Шерифтің нақсүйері ғой. Ал, Шериф бұлтың-
сылтыңды кешірмейді!

– Нақсүйері?!

– Иә, маңына бір адамды тақалтпайды.

– Қыз ше?

– Ол тағы не?

– Қыз Шерифті сүйе ме?

– Оны мен қайдан білемін. Ішіне кіріп-шыққан жоқпын

ғой. Сүйсе сүйетін шығар, әйтеуір мысықтай мияулап
маңайынан шықпай жүреді
Мына сөзді естігенде Еділдің жүрегі жұлқып-жұлқып
қалды. Ол шап етіп Мырзабектің жағасынан ұстай алып,

бетін-бетіне тақаған күйі:

– Екіншілей мұндайды маған естіртпе, білдің бе! – деді

ысылдай.

– Құп, тақсыр, құп!

– Құбың өзіңе! Мені қызбен жолықтыр!

– Қалай?

– Жолын өзің тап.

– Шериф өлтіреді!

– Оған білдірме.

– Қыз айтып қойса қайтемін?

– Айтпайды.

– Сонда да… Досыңа қиянат жасау…

– Бұл қиянатқа жатпайды. Еңбегіңді жемеймін.

Сүмірейіп бұрыш күзеткеніңнен сол пайдалы шығар.
Алқымдағы қол сәл босағанын пайдаланған сида қара
оны кері ысыра, үсті-басын түзеді. Содан кейін сәл ойла-
нып тұрып:

– Бұл проблеманы да шешуге болады, – деді жым­

ысқылана, – Сәуленің телефонын берейін. Қалғанын өз
талайыңнан көр, келістік пе?

– 269 – – Бопты. – Болса бізде аванс деген де бар. – Не үшін? – Хабардың бармақ бастысы. – Солай ма еді… – Әрине солай. Еділ тағы бір жүзді алақанына қыстырғанда Мырзабек әкесі базардан келгендей қуанды. – Енді бір тартым, содан кейін қатып ұйықтауға жол ашылады! Ал, Еділдің миы әлі шиыршық атып тұрған. Ол телефон нөмірін ұмытып қалмауды ғана ойлады. *** Дүкен әлі ашық. Келушілер сирек. Ілуде біреу болмаса беймезгіл шамада кім артық жүріске әуес, аумағы әжептеуір сату залында төрт-бес адам сұлбасы байқалады. Зеріккен сатушылардың бірі отырып ойға шомса, енді бір-екеуі өзара әңгімеге жол салған. Ара-арасында сүйрең соңы сыңғыр-сыңғыр күлкіге ұласады. Соған қарағанда өсек өрім алғанға ұқсайды. Еділ шеткергі сүт-ірімшік бөлімінің сатушысынан қалам сұрады. Бетіне опа-далапты баттастырып жағып алған жасамыс әйел қолқасын қанағаттандырғанда әуелі алақанына жадында сақталған сандарды тізбектеді, содан кейін телефонды қайдан табуға болатынын пысықтады. – Он бес теңге төлесең сөйлесесің, – деді сатушы шар­ шаңқы үнмен, – Сонау тұстағы конфет сататын бөлімге бар. Қалтасының түбін ақтарып он бес теңгелік тиын ақша тапты. Телефонды да қолына алды. Бірақ номерді теруге батпай біраз бөгелді. Ақыры “шешінген судан тайынбастың” керін киіп, қоңырау шалды. Бір шыңыл, екі шыңыл, үш шыңыл. Қайта терем бе деп ниеттенгенінде арғы жақтан: – Ал-о, – деген дауыс естілді.

– 270 –

Жөппелдемеде аузына сөз түспей тығылыңқыраған еді,
тұтқадағы дыбыс бастырмалата жөнелді:

– Әй, кім болсаң да ерікпесеңші!

– Сәуле керек еді… – деді Еділ басыңқы.

– Тыңдап тұрмын. Бұл кім өзі?

– Мен Еділмін.

– Еділ?!

Сұрақ соңы таңырқауға ұласты да, артынан үн сап ти-
ылды.

– Сәуле тұтқаны тастамашы, өтінемін, – деді бұл үні

дірілдей шығып, – Өзіңмен әңгіме бар еді…

– Қайда тұрсың?

– Дүкенде.

– Онда не жоғалттың? Әңгімең болса үйге келмеймісің?

– Ыңғайсыз көрінді. Оның үстіне мекен-жайыңды

білмеймін ғой…

– Білмесең – біл. Бейбітшілік көшесі, 16 үй, 22 пәтер.

Ұқтың ба?

– Ұқтым.

– Ұқсаң подъезде күт.

Байланыс кілт үзілді. Абдыраған Еділ тұтқаны орнына
не қоярын, не қоймасын білмей дағдарды. Бәрін жайлаған
сатушы.

– Жігітім, қызда ниетің болса батылырақ әрекет ет.

Әйтпесе сілекейіңді шұбыртып, бәрінен құр қаласың,  –
деді ол жымия. Көзі қылмың-қылмың етеді. Аранына
түссең асай салар пиғылы бар.
Енді аялдамады, діттеген жерге жетуге асықты. Қыз

айтқан тұс алыс емес, екі көшені кесіп өтсең төбесінен
түсесің.
Бәрі түс сияқты. Бүгінгі қым-қуат тірлік те, қыз да,
қытымыр ой да түсте жаңғырығып, сонда қисындасып

жатқандай. Әркезде демеп, жебеп жүретін әйел қолы ұйқы
үстінде көтеріп әкетіп, мына қым-қуыт әлемге тоғытып
жібергендей. Ендігі малтып өту машақаты өзіне бұйырып,

– 271 –

соған бола жанталасып келе жатқаны ғажап құбылыс.
Қанша екпіндесе де ентікпейді-ау, ентікпейді. Құдды, құс
қып қанаттандырып қойғандай. Жүріп емес, ұшып келеді.
Серікбай шалдың кейде айтатыны бар-ды: “Өмірді

біреу жалған, екіншісі дарбаза деп әспеттейді. Болса бо-
лар. Дегенмен маған бәрі басқаша көрінеді. Біз бала бо-
лып есігін ашып, бақиға сол бала қалпымызда аттанатын
сияқтымыз. Өйткені ертегі әлемін санамызға сендіреміз

де, соның ұшығынан тіршілік бойы арыла алмай өтеміз.
Жақсыға да, жаманға да илана беретініміз сондықтан.
Бір ғана айырма ұшырасады – ертегі ылғи жақсылықпен
бітсе, өмір қағидасы оны қолдамайды. Өкпектеп келіп

жығылатынымыз осының нәтижесі,”– деп отыратын
жарықтық. Оның айтқанының бәрі рас. Ылдиына қарай
екпіндеткен тіршілік, өріне салғанда өңменіңнен итеріп,
ит сілікпеңді шығарып бағады. Басқаша жағдайда

ақылға кенде емес Секең мен бәйбішесі Қалампыр мына
фәниден ізсіз өтпес еді ғой. Әу баста, бірін-бірі жаратып
қосылғанда, екі мұңдақ өмір көшінің дәл осылай үзілерін
білмеген шығар. Бәлкім, білді де. Әйткенмен, бет бұрған

бағытынан айнымай тарта берді. Бір-біріне деген сый-
лы көңілдің сынын жоғалтпауды қалағанынан сөйтті.
Ертегінің елеусізге айналып сала бергені сондықтан.
Елеусізі несі? Мүмкін жалғасы табылып қалар…

Қалай? Қайдан?
Жүрегі өрекпіді, мыйы шыңылдады. Жасырындысын
жария етуге жасқанғандай басын сілкіп-сілкіп қойды.
Ызың сонда да басылар емес. Иә, иә, түкпірде бұйығып

жатқан бір тылсым дәл бүгін сілкініп, тұрып алған. Енді
қақаң-қақаң етіп, ықты-жарға қарамай, жолындағысын
қақыратып өтпекші. Мейлі, күші жетсе қақыратсын.
Ертегі әлемнің ертеңі сонда жарық түсірер. Еділдің

келешегін кім болжаған? Мүмкін…
Денесі тітіркенді, жүрегі аузына тығылды. Еділ Ермек-
баев дейді жұрт. Ермек тіршіліктегі еркінсуді білдіргендей.

– 272 –

Ал, Еділ Серікбайұлы десе ауыздары күймес, тілдеріне
шиқан шықпас. Секеңнің пейіліне жығылып, айтқанына
құлаған
көңілдің

айнасын
Серікбайұлы
бекемдесе
әділеттілік айбарын асырар. Олай болса, неден тарты-

нады? Жаттықтырушыға айтса, Алтай Қыдырәліұлы
түсінер. Түсінер де түйінді шешер. Сонда дүние дүрмекке
айналып, қанбазар қызар.
Иә, Еділ тап ертең сүйтеді. Өмірде бары да, жоғы

да белгісіз әкеден арылып, күйкентайдай шалдың
құлпырмасына айналып шыға келеді. Бұл Сәулеге де
ұнайтыны анық. Е, бедері жоқ белгісіздіктен гөрі, бебеу
қаққан болғанның болымсыздығының өзі жақсы ғой!..

Подъездге кіргенде көмескі шамның күңгірттігінен
есік нөмірін әзер тапты. Жиырма екіге әлі бір сүйем
көтерілуі керек екен. Сатыны бір-бірлеп санамаламады,
бүкшеңдей екеу-үшеуден қабат қарғыды. Ойдағы тұсты

омсырайтқанда көзін жерден көтере беріп қалт бөгелді.
Іздеген Сәулесі күртесін желбегей жамылған қалпы дәл
алдында тұр. Ертегіден шыққан ерке қыздан айнымайды.

– Ішке кірейік, – деді ол аузын ашып қалған Еділге жөн

нұсқай.

– Үлкендерден ұят болмай ма…

– Олар қонақта.

Имене
басып
табалдырық
аттағанда

жұмақтың
жұтқыншағына түсіп кеткендей әсерге бөленді. Еденге
түкті кілем төселген. Түрлі-түсті қағазбен көмкерілген
қабырғалар шам жарығында құбылып, көз қарықтырады.

Бөлмелер жиһазға да бай екен, адам айналып жүргісіз.
Аяқ киімін шешкен бойда жұп-жұмсақ шәркей киген.
Онысы табанын ұяға қондырғандай жайлы тиіп, жанын
рахаттандырады.

– Шәй қяйын, – деді Сәуле ілтипат білдіріп.

– Қажеті болмас. Көп отырмаймын ғой.

– Көп отырмайтыныңды өзім де білемін. Әке-шешем

он бірлер шамасында қайтады.

– 273 – – Әуре болмасаңшы… – Еркің білсін. Осы кезде телефон безілдеп ала жөнелді. – Ало… Шоқанбысың? Не керек? Ә-ә, кезекті тексерісің екен ғой. Үйдемін. Алаңдамай ұйықтай бер… Болды, мазамды алмашы енді… Тұтқаны тастай салды. – Шоқан ғой, – деді сосын тыжырына, – Күндегісі осы. Телефон шалмай байыз таппайды. – Ол кім еді? – Шерифті айтамын – Ә?.. – Шошып кеттің бе? – Көрінгеннен шошынсақ өмір сүрмей-ақ қоялық! – Одан сақ жүргейсің. Арамдығы басым Қыздың қамқорси сөйлегені көңілін демдеді. – Әлдекімдер сені Шерифке теліп жүр ғой, – деді ыңғайсыз болса да күдігінің ұшын қылтитып. – Кімнің аузына қақпақ боларсың. Мен өзіме сенемін. Ал, еретінім… Бізге де ермек керек. Әйтпесе ішқұсалықтан өліп қалатын сияқтымын. Опырып айтамын, бәрін қотарып тынамын деп қопаңдаған ойының қайда қашқанын білмейді, әйтеуір арғы жағы боп– бос. Сылаң сөзге сылдырмақ таққаны сондықтан. Оны қыз да сезе ме, әйтеуір тықақтап тығырыққа қамамай, еркіндікке ерік салады. Қап-қара, үп-үлкен көздеріне жылылық үйірілген. Сәл езу тартқанда бетіне қона қалатын болар-болмас шұңқырға шейін жарасымдылықтың жариялылығын танытып тұр. – Сенің іздейтініңді сездім, – деді сол қалпында қыз қылымси қарап. – … – Қыздарды кейбіреулер қаласа пайдаланар, қаламаса қарғыс атар ойыншыққа балайды. Ал, олар мүлдем басқа жаратылыс. Сезімталдығымен дараланады. Үп еткен жел-

– 274 –

ге ұшып кетуге бейімделгенімен керек жерінде қара тастай
қатып қалатынын еркек кіндіктің ұға алмайтынына налимын.
Дәл осылай деді. Деді де сүйкімділіктің суретін
салғандай оймақ еріндерін сәл томпайта қойды. Назы да,

наласы да осы кейпіне сиып кеткендей.

– Ал, менің сен туралы еш бөтен ойым жоқ.

– Білемін, бөтен ойласаң бөгетке кездескендей бүкшиіп

отырмас едің…
Сәуле тағы алдын орап кетті. Әр сөйлегенінде
жаныңның қалтарысын қағып өтеді. Сонысымен дара, со-
нысымен сең соққан балықтай көңіліңе дауа.

Жайшылықта өрлікке өкірек қайыратын өктемдіктің
ізім-ғайым жоғалғанына Еділ таң. Тіпті, аяқ-қолын еріктен
тыс қозғай алса-шы? Жоқ, әлдеқандай қияс күш байлап-
матап тастағандай. Тап қазір тым дәрменсіз. Мұндай да

болады екен-ау, ә…

– Университетке түсе алмадым. Ақшаға оқуға намы-

сым жібермеді. Әке-шешем осыған наразы. Мейлі, олар
қайда барады дейсің, мен келер жылы тағы бағымды сы-
наймын. Қайтсем түсемін, сол грантыңа.
Қайсарлығын танытты. Намысқой екен. Намыстының

ертеңі ешқашанда қор етпеуге тиісті.
Осындай қызға ғашық болғанына қуанды. Шынын-
да Еділ Сәулеге ғашық еді. Оны сезінген сайын жүрегі
алқымына тығылады. Бірақ ойын айтуға дәрмені жоқ.

Сонда үн-түнсіз кете бермек пе? Қабырғадағы сағат тілі
тақ-тақ етіп он бірлер шамасын алқымдап тұр. Ендеше,
қызды ұятқа қалдырмай, жөнін тапқаны ләзім.

– Мен қайтайын, – деді жігіт созалаңдай тұра беріп.

– Қонбайтының анық қой. Үлкендерге көрінбей

орныңды тапқаның да жөн шығар…
Табалдырыққа жеткенінде кері бұрылды.

– Кездесіп тұрайықшы, ә?..

– Сен ниет білдірсең менің қарсылығым жоқ.

– Рахмет!

– 275 – Тұтқаға қолын созғанда ойда-жоқта қыз білегі мойынына оралды. Қалт бөгелген Еділ есін жиып үлгергенше үлбіреген ерін ерініне жабыса берді де, шөп еткізіп сүйіп алды. Мұндайды күтпегендіктен сәл тосылған жігіт енді ғана қарымтаға ыңғайланғанда сүйріктей сұқ саусақ әнтек шошайды. – Асықпаған абзал, Еділ. Кездескенше. – Кездескенше! Дүние төңкеріліп кетті.. Басқа шапқан қан тұла бойын тұтып, тұншықтырып тастапты. Сатыдан әрең түсті. *** “Сәуле сүйеді! Сәуле мені сүйеді-і!!” Түнгі салқындыққа жетіп, есін жиғандағы алғаш ойлағаны осы. Адам сенгісіз жағдай. Бірақ, көзбен көрген соң иланбасқа амалың жоқ. “Сүйеді! Сүйеді!! Сүйеді-і!!” Бақыттан басы айналды. Елеусіз өмірдің ереуілімін деп ойлайтын. Сөйтсе, екшер ертеңі бар екен. Оны әлгіндегі қылығымен Сәуле жариялап берді. Жай ғана жариялай салмады, жалынын құйып, жарығын ашып, арман мен үміттің үлде мен бүлдеге оранып тұратынын айқындай паш етті. Одан артықтың керегі де жоқ еді, қауызын күнге енді-енді тосқан өскінге. Қыз демімен жеткен жалын бұдан әріде қалтыраудан қашық қондырса, ерін табы елітіп ертеңіне ентелететіні белгілі. Тек, сүрінбесе болғаны, тек жығылмаса жарағаны. Неге жығылады? Жығылмайды! Сүрінсе түзелуге, құласа тұруға жанталасады. Өйткені енді жалғыз емес Сәуле бар жанында. Сол үшін қаймана тірліктің қаймағын қалқып алуға қалыптасады. Ендеше, жан үшін емес жар үшін жанды жалдары хақ. Жалған әке мен жарымес шешенің шалықпасын осылай басады. Адам да бір қызық жаратылған құбылыс. Ынтығады, ындынын ашады, сөйте тұра ылғалға түсірген дәннің

– 276 –

өнгенін өгейсіте, өзге әлемнің өзегіне өмілдірік тағады.
Мысалға, аты-жөні белгісіз әке мен шеше бір-біріне
өндіршектемесінші – Еділ тумас еді. Бұл тумаса жан-
жағына жәудіреген жетім жаратылмайтын-ды. Жетім бол-

маса жауырды жаба тоқу және жоқ. Бірақ бұл адамзатты
қанағаттандырмайды. Бірсыдырғы тірлік жалықтырған
шамада пенде баласы ашынады, сосын ашылады. Ал,
ашық дүниеге ақ тер, көк тер болып ұмтылғандардың іліп

әкетуге, үзіп алуға жақ тұратындары басым. Олар адал
мен арамды айырмаса, обал мен сауапқа тағы түкіруге
бар. Тарпаң мен талтаңның тоқайласар тұсы осы аралық.
Одан әріде тарпаң таралғысын тартса, талтаң шаты

айырылғанша тапырақтайды. Ақыр соңында бәрінің же-
тер жері біреу ғана – қара жер қойнына кіріп алып, тын-
ши қалады. Әлемге сыймағанның қос құлаш көрге қалай
сиятынының өзі жұмбақ. Бәлкім, сыймай жатар. Дегенмен

топырақ бәрін жасырған шамада ондағы одағайлық тіріге
қызығын жояды. Қызықсызға қылтию пендеге және жат.
Жаз айында, ырду-дырдуы көп қала базарын аралап
жүріп, шет жақта отыратын құмалақшы кемпірге соққаны

бар.
Құнжың-құнжың
еткен
кейуана

арғы-бергінің
алашапқынын әспеттемей-ақ, бірден болашақтың божысы-
на жармасқан және болымсыздықтың боямасына тоқтамай,
баяндылықтың бағытын айқындаған. Оның жорамалына

сенсе – ай десе аузы бар, күн десе көзі бар арумен тіл та-
бысады екен. Тату-тәтті тірлік еншісіне бұйырып, үш ұл,
бір қыз баланы дүниеге әкеледі. Әрине, шама-шарқынша
кедергілер де кездестіреді. Әйткенмен бәрінен қарғып өтіп,

бақыттың балаусасында бауыр жазады. Тіпә, тіпә, тіптен
керемет өмір! Ләйім жақсылыққа жазсын!
Кейуананың сөзін жанына медет еткенімен, бәріне
иланды деу ағаттық. Сөйтсе де кемпірдің бір ауыз сөзі жа-

дында жатталыпты:

– Азаматым, – деген сонда ол, – Тірлік атты айдын

екі нүктенің арасы ғана. Туу мен өлу заңдылығын жоққа

– 277 –

шығару пешенемізге жазылмаған. Ендеше, тағдыр сол
екі нүктенің арасындағы көзге көрінбес жіпке түзілген,
оның ұзындығы мен қысқалығын белгілеу жаратқанның
қолында. Десек те, саған байланысты тұстары да жетерлік.

Дүниеге неғұрлым анық көзбен қарасаң, солғұрлым
ақиқатқа жүгінесің. Ал, ақиқат барда алдамшылыққа
орын бұйырмаған. Осыны есіңнен шығарма…
Еділ ештеңені есінен шығармақ емес. Қарадүрсінді

былай қойғанда, қағаберістегіні саңылауға сыйдырып
жүретіні содан. Бәлкім, құмалақшы кемпір меңзеген ару –
Сәуле шығар? Екеуі еңкейгенше елік ғұмырдың еркелігіне
бөленер. Олай болса қалған күнде бақыттың балауызын

татуға ерік-жігерін жұмсауға жалықпас еді. Ұшар кеңістігін
ашып, сонда қанат қағудан шаршамайтыны да ақиқат.
Ерін табы сезілгенде есеңгірегені есіне қайта түсті.
Абдырағаны, тіпті есі ауып қалғаны анық. Басқаша

жағдайда қарымта қайтарып, кенересі кепкен ындынды
суатқа құлатар еді ғой. Сосын тұнықтан бас алмаса кім
сөгер? Жоқ, өйте алмады. Олай етуге мұршасы да болмады.
Қас-қағым сәт буын-буынын сөгіп, санасын буып тастады.

Қозғалуға шамасын келтірмей, шалықтатып жіберді. Сол
шалық әлі буып келеді. Қол-аяғы дірілін баспапты. Жүрегі
де алып-ұшып, алқаракөк аспанға бір-ақ атылмақшы. Мейлі,
атыла берсін. Алмағайыптың айдынында тұншыққанша

ақиықтанып барып құласа арманы жоқ.
Неге құламақ? Жоқ, ол енді құлдиламайды, шаншылғаннан
шаншылып, шамасы жеткенше самғап қалады. Өйткені,
махаббатқа бөленді, сүю мен сүйінудің шырағын жақты. Сол

шырақ жалынын шашып жабыққан жанды жанықтырады,
ол барып алдын жарық қылады. Ал, жарықта адасу мен
алмағайыптыққа орын босамайтыны және белгілі.
Шын мәнінде, махаббат дегенің де кездейсоқтықта

туындайды екен. Сәулені бүгін ғана көрді. Көрді де
құмығыңқысын жайып салды. Көрмесінші – көмескіліктің
көнтерісін әлі киері даусыз-тын. Онда өмір де сылдырап

– 278 –

ағар өзендей шуылын жалғастырып, сусып жататын.
Не татымы, не тартымы жоқ шуылға елеңдемеген көңіл
елеусіздіктің ентікпесінде елпілдейтін. Көру керек бол-
ды – көрді, көрді де көкесі базардан келгендей қуанышын

жариялап кеп жіберді. Қуансын. Қуанарға құлық барда
шадыманға шалқып қалғанға не жетсін, шіркін!
Қала әлі ұйқыға кетіп үлгермеген бе, терезелерден жарық
төгіледі. Көше бойлары да жап-жарық. Күздің түскенінен

хабар бергендей ызғырық бой көтеріпті. Салқын ауа қойны-
қонышыңда сумаңдап, шымшымасын шұбыртып қойған.
Жеңілтек киінген Еділ тоңазығанын енді сезіне бастады.
Жел қағарының өңірін қымтағанымен, пана таба алмайты-

нын білгенде, қадамын жылдамдатуға көшті. Енді бір көшені
айналса жатақхананың қақпасы қара көрсетері анық. Тезірек
жетіп, темір керуеттің сықырымен үндестік табуға асықты.
Бұл сықыр туғаннан жанына жақын. Қуанса да, мұңайса

да көрпесін қымтаған күйі сықырмен үндесіп, соның
сыңғымасымен сиықтасуға дағдыланған. Мұндайда темір
екеш темірдің өзі шырылдаған шыбын жаныңмен үндестік
табатыны таң қалдырады. Қозғалсаң ызып ала жөнелетіні

– мұңға сыр қосқаны сиқатты. Ішіңдегіні сезіп бірге дыбы-

стайды. Қисыны келсін-келмесін тұл дүниенің тұлан тұтқан
сиқына осылай қарсылық тудырып, қайымдасып тұрғаны.
Сонысымен жақын, сонысымен сеп. Жансыздың жандыға дәл
осы селебесі жанды мен жандының ыржағынан әлдеқайда

жағымды. Ендеше, батар күннің басалқысында жатар орынға
асығуының салдары салмақты екенінде дау жоқ.
Дәл қазір Сәулесі не істеп отыр екен? Теледидарды
қосқан күйі әке-шеше жолын бағуда ма, әлде Еділдің

екпініне тілек қосып, тезірек жылы орнына жеткенін
күтуде ме? Әрине, соңғы пайым үстінде, лүп-лүп соққан
жүрегі адалдыққа жүгініп, амандыққа ажар ашатыны дау-
сыз. Сөйткен жүректен айналса болмас па!

Жатақхана қақпасына жеткенде қараң еткен екі-үш бей-
неге елеңдей бұрылған. Шерифті байқап қалды. Қасында

– 279 –

тағы бір танымайтын баласы бар. Арт жақтарында сида
қараның сұлбасы қараяды. Мырзабек селсоқ. Соған
қарағанда қалған екеуінің сұсы басып тастағанға ұқсайды.

– Міне, біз тағы кездестік! – деді Шериф ыңырси ды-

быстап.

– Осы ма? – деп сұрады бейтаныс ширығып.

– Осы.

– Онда не тұрыс? Әй, бері жақында!

Өтінбейді, бұйырады. Бұл қайдан шыққан шікір?

– Әй, бері кел, әңгіме бар!

Еділ бойын жиып ала қойды. Мыйын шиырлаған тәтті
сезімді жоғалтқысы келмегенімен амалсыздан ыдыратып,
ыздиып алыпты. Сіңірлері серіппедей созылуға шақ тұр.

– Мынау сіресіп қалды ғой, бұтына жіберіп қойғаннан

сау ма?!
Бейтаныс пен Шоқан шиқылдап күлген болды. Мырза-
бекте әлі үн жоқ. Ол бүгежіктеп теріс айнала береді.
Еділ де шарт кетті:

– Не бұтыңа жіберіп қоюды үйренген адамдай сөйлейсің

ғой! Бәлкім шалбарыңды дымдап көрсетерсің?!

– Мен саған басқасын көрсетемін!

– Ықтық лоққыңнан!

– Ықпақ түгілі итиіп кетерсің!..

Бірінші шабуыл сәтсіз аяқталды. Долдана ұмтылған
бейтаныстың қолы ауа қармап барып қайтты. Сол екі ара-
да амалын тапқан Еділ бүйірден түйіп өтті. Анау “ыңқ”
етіп, ұсқынын жиып үлгерді.

– Айттым ғой , ол боксшы, – деді осы кезде Шоқан

серігінің құлағына дыбыстап.

– Болса болсын! Бәрібер жәукемдеймін!!

– Тек байқағайсың…

– Байқайтын ештеңе жоқ. Көрдік әуселесін!..

Бейтаныс қайта ұмтылды. Бірақ бұл жолы қолға емес
аяққа жүгініпті. Бәтеңке табаны жақ сүйегін сүйкеп барып зу
етті. Мұндайды күтпеген Еділ басын тартып үлгермегеніне

– 280 – күйінді. Беті ду етті. Бірақ, сонда да қызбалыққа бой алдырмай, салқынқандылығын сақтап қалды. Алғаш бокс әліппесін үйреткен Жеңісбек ағасының тәлімі. Ол айтатын: “Бокста қызбалыққа салындым дегенше біттім де. Бокста ғана ма? Өмірде де ол ұшпақ әпермеген”, – деп. Қағида қанға сіңіп үлгеріпті. Оған да рахмет! Осы кезде жатақхана жақтан дабыр-дұбыр құлаққа шалынды. Әлдебіреулер сыртқа қарай беттегендей. Осыдан сезіктенген бейтаныс шабуыл тәсілін өзгертіп, Еділді құшақтай алған күйі қатты да қалды. Сол шамада Еділ жон арқасының шым еткенін сезді. Шоқан! Ол пышақ салғанға ұқсайды. – Аналар келе жатыр, қаш! – Екеуі тапырақтап жүгіре жөнелгенде Мырзабек: “Көмектесіңдер!” – деп бақырып жіберіп, өзі Еділді құшақтай берді. Қызық. Бәрі де қызық – әлгінде ғана шиыршық атқан дене қозғаларға дәрмен таппай қалшиып тұр. Не иілмейді, не бүгілмейді, сом темірдей сірескен де қалған. Құлағында шыңыл пайда болыпты. Соған қарағанда дүние шыңғырып жатқанға ұқсайды. Неге? Ол ненің құрметіне? Айырып болғысыз… Мына бір созылып келе жатқан қол кімдікі? Ту-у, танымай тұрғаны несі? Кәдімгі, түсінде көретін әйел қолы ғой! Желеп-жебеуге ұмтылған да. Өзі қандай керемет! Мапмайда, жұп-жұмсақ. Айырылмаса деп тілейсің. Шынында айырылмаса екен! Ғұмыр бойы сезінсе де шығынбайтын жылылық бар алақанында. Ол денесін балбыратып барады. – Мама! Мама-а! Қақпаның ашылуы мен Еділдің ыңырсығаны алмағайып әлемді алдандырып тұрған…

– 281 – «НАБАТ» ОПЕРАЦИЯСЫ (әдеби-деректі хикаят) *** Телефонның шыр еткен ащы дауысынан шошып оянған Есенгелді әуелгіде өзіне өзі келе алмай сәл кідіріс жасағанымен, артынша санасын осып өткен әлденендей күштен есін кілт жинағандай жалма-жан тұтқаға жармаса берді. – Иә, тыңдап тұрмын. – Кешіріңіз, жолдас генерал... Кезекші екен. – Айта бер! – деді дауысына салмақ сала. – Жолдас генерал, төтенше жағдай... Анау бұл сөзді кібіртіктей айтты. Құдды, шырт ұйқыдан бастығын оятқанына өзін кінәлі санаған қалпы бар. – Түсіндім, жедел жетемін. – Машинаңыз аулада күтіп тұрады. – Рахмет, жігіттер! Одан әріде телефон тұтқасын орнына қоя беріп шырт ұйқы құшағында жатқан жарына қызыға жанар тоқтатты. Тоқмейіл, ештеңеден хабары жоқ тәтті ұйқы. Мына жатысының астарында қаперсіздіктің мықты қазығының қарасы қалқаяды. Бұл, әрине, ерін алынбас қамал тұтып, соның қалқасын тоқ санаған жанның қалпы. Шынында Есенгелді сүйіктісіне қамал бола алды ма? Үнемі жұмысбастылықтан, сонсын ұшпағын ұстатпас уақыттың керуеніне ілесуден, одан қалып қоймаудың жанталасынан запы шеккен көңіл жарықтық шаңырақ шырайын ашып отыруға әркезде мұрсат тапты ма? Адалдығында шек жоқ, ал андағай заманның албарында әйелдің айдай арманын, аспандай әсіре қызығушылығын қанағаттандыруға шамасы жетті ме? Оңаша бір сәттерінде,

– 282 –

дәл осындай сұрақтар шеңберіне қамалғанында, мына
жанның өз-өзінен қолайсызданатыны бар. Оған негіз –
түйсік пен түсініктің аралықты қабыстыра алмауында.
Мысалға, түйсік түн баласында түртініп жүріп түндікті

ашып тастауға тырысса, түсінік түнді түндей, күнді күндей
қабылдап, парыз бен қарыз жауапкершілігін алдына тар-
тады да, одан алшақ кетпеуге шақырып, соңынан ілестіріп
ала жөнеледі. Ермеске шарасы қалмайды. Өйткені бұл

таңдаған жол солай, өйткені адамдықтың алғы шарты
қоғамға, елге, жерге деген адалдық екенін санаға сіңірген
жан осы ұстанымнан аттамауға, оны ту етіп көтеруге ғана
пейілді әрі бейімді. Сол пейіл мен сол бейім Есенгелдіні

тайғақтықта қалталақтатпай, таршылықта тоқыратпай
бүгінге жеткізсе, ертеңге де бойын тік ұстата алып бара-
тынына кәміл сенеді. Ал, сенім барда сергектік серіктесе
ілесетіні және айғақ жағдай.

Айғақтықтың екінші қыры да бар. Оны былайша
тарқатуға болады:
Алаулы тіршіліктегі жер басқандар арасында теңдік
пен теңсіздіктің арасын байқатпас аңсар таусылған ба?

Таусылмаған. Таусылуы да мүмкін емес. Өйткені, ол
түгесілген шамада өмір жансыз, тіршілік мәнсіз болар еді.
Сонымен қатар, мына ақзер әлемде ешқандай мән-мағына
қалмайтыны айқын.

Апай-топай өмір көшінде адам көңілін аулаған, қиял
мен қисынды қабыстыра сырлы әлемге бастаған арман
түгесілген бе?
Түгесілмеген. Түгесілмегені – ол болмаса уақыт

өз жарқындығын жойып алар еді де, кіл қараңғылық
басқан жалған дүние адам баласын негізгі бағытынан
жаңылыстырып, айдалаға адастырып жіберетіні сөзсіз.
Міне, осының бәрін, яғни ақтық пен қаралықты тең кешіп,

нені болса да қайыспай көтеріп жүретін адамзат өкілін әлсіз
деп ешкім айта алмайды. Ал, сол салмақтың басымдығын
иығына артқан әйелзаты тіптен қайратты десе, оған

– 283 –

ешкім шүбә келтірмесіне кәміл сенеді. Сенетіні – тіршілік
үстіндегі негізгі күш әйелдер еншісіне бұйыратынын жоққа
шығарғанды осы жасқа келгенше көрген де, естіген де емес.
Мұның өзі әйелзатының құрыштан да берік екенін дәлелдеп

береді. Мүмкін олар ерекше екпінге майысар, дегенмен сын-
байды. Сынбайтыны – әйел болмаса тірлік ырғағы тоқтап
қалатынын жақсы түсінеді.
Бірақ, дәл осыны қиғаштыққа үйір кейбіреулер ұғына

ала ма? Қым-қуыт өмір барысында өзіне-өзі теріс түсінік
жасап,
әйел
құдыретін

мойындағысы
келмейтіндер
де кездесіп қалатыны өкінішті. Әлдекімдердің марғау
қалыпта көзжұмбайлыққа басып, ұртын толтыра: «Әйел

деген – жұмбақ жаратылыс, сондықтан одан қашықтау
жүрген абзал», – деп жататыны сондықтан. Мына сөздің
түп тұқиянында нағыз шындықтың тамыр жайғаны және
белгілі. Өйткені, жұмбақтығының өзі сонда, әйелзаты

қатулықты қанша сезінсе де еш уақытта ешкімге мұң шаққан
емес. Шақпайтыны тағы ақиқат. Жаны әділетсіздіктердің
бәріне ауырғанымен оны айналасына байқатқанын көрген
ешкімнің жоқтығы әйелдердің нағыз қайсар жан иелері

екенін мәшһүрлейді. Шындығында олар қайыспастардың
нағыз өзі. Жұмбақтығының өзін осы тұстан іздегеннің
әсте жаңылыспасы анық. Жұмбақ бола тұра шешуі та-
былмас, түйіні ұстатпас тылсым емес, күнделікті тірлік

үстінде көзіңнен де, көңіліңнен де кетпеген анықтықтың
нақ тұнбасы. Тек, бір ерекшелігі – құлыптаулы алтын
қақпаға ұқсайды. Алыстан жарқырап көз тартқанымен,
жақындағаныңда тас қамалдай беріктігін сақтап бағады.

Балталасаң да бұза алмайсың. Кілтін тапсаң ғана ашылады.
Ал, сол алтын қақпаның кілті қайда? Ол алысқа
жасырылмаған. Ол – ер-азаматтардың қолында. Ер-азаматтар
ашқысы келген уақытта құлыпты қалағанынша аша алады.

Ашпақ тұрмақ, әрі қарай баса-көктей өтіп, қобырсытатынын
қобырсытып, шашатынын шашып тастауға бейім. Едірең
көңіл еркінсіп алған шамада ықты-жарға қаратпай барлық

– 284 –

байлықты шайқап-шайқап тастауға жақ. Міне, осындай
бассыздыққа араша тұру мүмкіндігі және әйел қолында
қалғаны ғажап құбылыс. Олар тірі дүниені адуындықтан
арашалап қана қоймайды, сонымен қатар, әр сәтті мәуелі

баққа айналдыруға ыңғай танытып әлек.
Дәл солай бола тұра байсал тірліктің байыбын таныған
қарапайымдылығы тәнті етеді. Жаратылыс заңы үстемдік
алып, Хауа ана заманынан бастау алатын осынау қасиет

бүгінгі күнде де өз өрісін тауып, басалқылық моншағын
тізбелеуден таймауда. Бұдан өткен ізгілік, бұдан өткен
қастерлілік болмас, мына әлеміжі көп әлемде.
Міне, Есенгелді өзінің Құдай қосқан қосағының бой-

ынан осындай ізгілікті қасиеттерді көрген сайын оған
деген сезіміне қаяу түсірмеуді ойлап, тіршілік үстінде
ұшырасар тарпаңдықты былай ысырып, тыныштық пен
түсіністік ауылын жағалауды ғана әдет ете білгенін бой-

ына құт санауда. Осы сәттегі жанар ұшқынынан да жарға
деген сүйіністі жасыру мүмкін емес еді.
Ол кетуге ыңғайланғанында:

– Тағы да жұмысқа шақырды ма? – деген бәсең дауы-

сты құлағы шалды.
Мына кереметті қараңыз: әйелі ұйықтап жатпапты,
сергектік таныта, телефон қоңырауымен қоса ояныпты,
дегенмен ерінің жиналуына, оның алаңсыз алғы шаққа

қам жасауына қолбайлау жасамауды ойлай іштей тынып-
ты. Енді ғана дыбыс салып, отағасына сәттілік тілегенінің
белгісі, мына үні.
Осыны түсінген Есенгелді:

– Жұмыс жағдайы да, – деді сәл аял тауып.

– Оны сездім.

– Сезсең ештеңеге қам жемей дем ала бер. Біздікі

белгілі тірлік те...

– Ертеден аян нәрсені тағы бір қайталаудың қажеті

шамалы сияқты. Бала емеспін, бәрін түсінемін. Тек айта-
рым – абай болғайсың.

– 285 – – Сақтанғанды сақтайтынын есімнен ешқашан шығарған жан емеспін. – Онда жақсы. Жұмысыңа сәттілік тіледім. – Рахмет! Қашан көрсең де дайын тұратын қол сөмкесін иығына ілген Есенгелді есікке беттегенде зайыбының дауысы қайтадан естілді: – Алаңдатпай хабар салып тұрарсың... – Әлбетте ғой. – Жолға қажеттінің бәрі сөмкеде. – Қамқорлығыңа разымын. Ылғый осылай, асығыс аттанар сәтте отағасы ештеңеге қам жасап әлектенбейді, бәрін әйелі реттестіріп қояды. Еркектікі дайынды тек иыққа іле жөнелу. Ол есік алдына шыққанында ақпанның ызғарлы желі денесін қарыды. Сол-ақ екен бойы сергіп, санасы шайдай ашылып қоя бергендей әсерге бөленді. Шымкенттің қысы да ерекше. Солтүстіктің сарышұнақ аязы мұнда жоқ, сөйткенмен үп етер лебінде ызғар басым. Еттен өтіп, сүйегіңді сырқыратып жіберуге ыңғайлы. Бұл, бәлкім, қарсыз жердің өз қарымын қара суыққа байлағанынан да шығар. Әйтеуір, бүрсеңге бой алдырған жұрттың көктем қара көрсеткенше жыбырлақ тірлігі қалмайтынына жігіт ағасының өзі куә. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылмайды, әп-сәтте жылт етер жылымық кіріп, дүние жаңа туған анадай бусанып сала береді. Қара жердің төсін қақырата көтерілер көк те буынын тез бекітеді. Соның артынша құба жондар көкшіл бояққа малынып шыға келеді. Көкпеңбек аспан мен көгілдір даланың біртектілікке сыйысып, әлемнің бірбірімен астасар шамасы осы кезең. Ондағы тіршіліктің қайта оянар сәті де ғажап-ақ. Құртқұмырсқалар тіршілік жолын тырбыңмен жалғастырса, көл-құраққа қонып, маңайды думанға бөлер құстар базары дарбазасын ашып, әлем жанданып шыға келеді. Дәл

– 286 – осы даңғазадан дүниенің жаңғырығып, аспан астының сауық-сайран мекеніне айналғанын көрудің өзі бір ғанибет құбылыс. Адамзаттың көктемді жаңару мен жаңғырығу маусымы деп атауы алаулы шаққа айқай қосар тірлікті асыға күтетінінен де шығар. Қысқы бұйығылықтың көрпесін қайыра келетін айхой дәуреннің асары таусылмасын де. Сондай күндерге тезірек жеткізсін деп тілеген абзал. *** Кабинетіне кіргенінде төрт көз түгел жиналғанын аңдады. Орынбасарлары, әр саланың басшы мамандары Есенгелдіні орындарынан тұра, құрмет көрсете қарсылады. Өзіне тиесілі жерге өтіп бара жатып Есенгелді төтенше жағдайда бас қосқандардың жанарларынан белгісіздік нышанын аңдады. Таңданыс танытпады. Өйткені, жағдайдан бейхабарлық мұның да бойын билеп алған-ды. Осыған қарағанда өмір дегенің – белгісіздік аралына ұқсайтындай көрінді генералға. Сол аралға байланып қалған пенде атаулы тәнтілік белдеуінде таңтамашалықтың ошағын маздатып, сол ошақ жылуына жылынумен күн кешеді ме деп топшылады. Бәлкім ұзындысонарлы уақыт көшінде пенде атаулының қателесетін тұстары да ұшырасатын шығар, әйткенмен тұшынысы кем тұстан тамсануды күту ағаттық екенін болжай білгеннің артықтығы жоқтығына күмәнсіздік танытқанның жолы жарқын екендігіне шүбә келтірудің өзі көрсоқырлық болар еді. Осыны санаға құя білгеннің тағы орнықты, бағы жоғарыда тұратынына шәк келтірудің өзі ағаттыққа бастама екендігіне ешкім таласпас деп түйді әріде. Шындығында қарама-қайшылыққа толы өмір айдыны тірлік үстінде ешкімді мүсіркеген емес, алдағы уақыттарда да аяныш танытпайды. Мұнда сен өзіңе-өзің сенген ша-

– 287 – мада ғана тірнек тынысын аша аласың. Толқын үстінде тербелген қалытқыдай қалт-құлт ете жүріп діттегеніңе жетуге тәуекелге бел байлайсың. Осы тәуекел аясында қателіктерге ұрынатының және аян нәрсе. Дәл сондай шақта қайрат пен жігеріңе сенсең ғана арғы жағалауға жетуге мұрсат табатының анық. Ал, сенбесең орта жолда тұңғиыққа шым бата беретінің кәміл. Сондықтан, әр басқан қадамыңа абай болғаның жөн, мына дүбірлі жалған дүние бедерінде. Иә, сақтық пен салдарлылық ешкімді сүріндірмеген, керісінше сартаптықтан сандырақтатпай алып шыққан. Олай болса, алда кездесер сын сағаттардың еншісіне салиқалық бұйырсын деп тілейді. Түн ортасындағы бас қосудың тегіннен-тегін шақырылмағаны түсінікті. Оған жиналғандар да басынан іс кешкен, иықтарына сан батпан салмақ артып, соны қайыспай көтере алған нар жігіттер екендігіне шүбә келтірмек емес. Сөйткенмен, байып пен пайымды егіз өргізгеннің асығы алшысынан түсетініне ешкім уәж қоспас. Ендеше, қандай жағдайда да абайға арқа сүйеп, «екі қарап, бір шоқығанның» айыбы арзан болатынын Есенгелді ішінен тағы бір сараптап өтті. Дәл осы ой иірімдеріне жүгінген генерал өзіне тиесілі орындыққа отырғаннан кейін жағалай жайласқандардың бет пішініне қайтадан назар аударды. Сәттің арасында олардың жүздерінен әлденеге тәнтілік пен тәтті ұйқы нышаны жоғалып, әрқайсысының қабағына қатулық табы кіріпті. Олай болса, тапсырма берсең орындауға бейім екендігі байқалады. – Жолдастар, – деді мұны байқағанда дауысын ширатып, – Ең әуелі Кеңес Армиясының құрылу мерекесімен тағы бір мәрте құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер. Дегенмен мерекенің аты мереке де, жұмыстың аты жұмыс. Жұрт той тойлап жатқанда біздің беймезгіл уақытта жиналуымыз бекерден-бекер емес. Мына дабыл – жаттығу дабылы

– 288 – емес екендігін өздеріңіз де болжаған шығарсыздар. Біздің жұмысымызда тосындық болмайтыны және айқын дүние. Ендеше, басқару пультінің тізгінін ұстаған кезекшіге сөз кезегін ұсынуға рұқсат етіңіздер. Кәне жағдайды баяндаңыз! Қолтығына папкі қысқан капитан шеніндегі жігіт қаздия қалды. – Өздеріңіз де білесіздер, бұрынғы Кеңестер одағына қарасты елдер тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекет аралық қылмыскерлер алмасу процесі жүргізіліп, біздің еліміз де келісім негізіне сай Ресейге кеше сегіз қылмыскер аттандырған едік. Жолай, яғни, Қызылорда аймағында осы сегіз қылмыскер, әзірге бізге белгісіз себептермен, айдауылдарды қарусыздандырып, кейіннен Қызылорда – Сарыағаш бағытына қатынайтын автобусты жолаушыларымен қоса басып алған. Қазір онда кепілдікте қарты бар, әйел, баласы бар – он үш адам отыр. Қылмыскерлер алғашында ешқандай талап-шарт қоймаған, тек көліктерін жанар-жағармаймен қамтамасыз етуді сұраған. Сөйтіп, Шиелідегі жанар-жағармай бекетіне жеткенде жүргізушіге сенбей алты қылмыскер ақша төлеу, жолға оны-мұны тамақ алу мақсатында жерге түскен. Дәл осы кезде жағдайға алдын-ала құлақтанған ішкі істер және МАИ қызметкерлері тасадан оларға шабуыл жасаған. Алғашқы: «Қолдарыңды көтеріңдер! Беріліңдір!» деген бұйрыққа жердегі алтаудың үшеуі бағыныштылық танытқан, қалған үшеуі атыс сала қашпаққа әрекет еткен шамада оққа ұшқан. Осыны көздерімен көріп отырған автобустағы екі қылмыскер есік-терезелерді берік жаптырып, іштегі адамдарды өлтіреміз деген қоқан-лоққымен көлікті атыс орнынан алып кеткен. Бұл екі қылмыскер аса ауыр қылмыс жасап сотталғандар, бір сөзбен айтқанда ең жоғарғы жаза – ату жазасына кесілгендер. Ендеше, олар қандай да болмасын

– 289 –

әрекетке баруға дайын жандар. Сондықтан, кепілдікке
алынғандар өмірін сақтау үшін Қызылордалық әріптестер
ешқандай қайран жасай алмай отыр.
Осы сағатта бұл қылмыскерлер айқын талап-шарт

негізінде әрекет етуде. Мақсаттары: ұшақ иемденіп, Из-
раиль мемлекетіне ұшып баруды көздеуде.
Міне, осы талапты естіген Қызылордалық әріптестер
аналарға алысқа ұшатын алып әуе кемелерін Қызылорда

әуежайы қабылдай алмайтынын, оған мүмкіндігі шектеулі
екенін жеткізген. Соның нәтижесінде қылмыскерлер
автобусты Шымкентке қарай бұрған. Тап осы сағатта
кепілдікке алынған көлік Оңтүстік Қазақстан шекарасына

қарай беттеп келеді. Енді бірер сағатта біздің аймағымызға
өтуге тиісті.
Капитан мәлімдемесін аяқтаған тұста жиналғандар
шыдамсыздық таныта оған сұрақтарды қарша жаудырды:

– Сонымен қылмыскерлерде қанша қару бар екен?

– Айдауылдардан түскен қарулармен жасақтанғаны

анық. Оның санын айқындау үстіндеміз.

– О-о, бұл енді үлкен кемшілік!..

– Қолға қайта түскен үшеуден жауап алынып па?

– Оны білмедік. Жағдай анықталған тұста қосымша ха-

бар алармыз деген үміттеміз.

– Менің байқағаным, жанар-жағармай бекетінен ав-

тобус бос шыққан. Ендеше, бірінші кезекте олар көлікке
бензин құюға әрекет жасайды. Солай емес пе?

– Мүмкін...

– Олай болса, жанар-жағармай бекеттеріне баса назар

аудару керек.

– Айтқаның жөн. Дегенмен, айдауылдар қалай қамсыз

қалды екен, ә?

– Е, той күні ғой. Жақсылап тойлаған да, жарықтықтар!..

– Тоқтатыңдар! – деп гүр ете қалды генерал мына соңғы

сөзге кейістік таныта, – Біріншіден, дәл осы тосын жағдай
орын алған шамада сен айдауылдармен бірге болған

– 290 –

жоқсың. Екіншіден, біз пенде баласымыз. Ал, пенде бала-
сына адасу, алжасу әркезде тән қасиет. Сондықтан, сырт-
тай ештеңені топшылаудың, ештеңеге тон пішудің қажеті
жоқ. Болған – болды, өткен – өтті. Ендігі біздің міндетіміз

осы оқиға артының қантөгіссіз, ешқандай ауыр салдарсыз
аяқталуын қамтамасыз ету. Түсіндің бе?
Ана қызметкер өзінің қызбалыққа салынғанын сонда
ғана мойындағандай көзімен жер шұқыды.

– Тағы қандай хабарламаң бар?

Кезекші офицер мына сұрақтың өзіне бағытталғанын
аңдап, папкісін қайта ашты:

– Жағдайдың шиеленісті екенін саралаған респуб­

ликалық қауіпсіздік органы Шымкентке өз өкілін аттанда-
рыпты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орын-
басары, полковник Леонид Сергеевич Дагаев мінген ұшақ
ендігі әуежайға қонған болар.

– Оны қарсы алушылар бар ма?

– Әлбетте. Машинамен күтіп тұр.

– Жақсы!

– Мәскеуден де өкілдер ұшып шығыпты.

– Келсін. Келгендері оң.

– Сонсын... Облыстық билікке, прокуратураға хабар-

ланды. Олар да ендігі жиналып жатқан болар.

– Жөн.

– «Альфа» тобына дабыл қағылған. Сарбаздардың

сақадай сай тұрғаны сөзсіз.

– Бәрекелді! Енді өзіміз де әрекет етер амал-шарғы ба-

рысын талқылап алайық.
Генерал сәл ойлана отырып сөзін әрі қарай сабақтады:

– Мына төтенше жағдайдың республикалық маңызы

бар. Сондықтан ерекше бақылауда ұстайтыны даусыз.
Осыған байланысты арнайы зардабтың алдын алу штабы
құрылатынына да күмән келтірмеңіздер. Ал, біз өз тара-
пымыздан амал-әрекеттің барлығын жасауға тырысуы-

мыз керек. Жақып Таутинович?

– 291 – – Иә, құлағым сізде, – деп бір орынбасары елп етті. – Сіз әуежай, вокзалды қатаң бақылауға алыңыз. Негізінен, қарапайым жолаушылар орнына өзіміздің адамдарды, сонсын орган қызметкерлерін көптеп пайдаланғаныңыз дұрыс. – Құп болады! – Мұны айтып отырған себебім, қылмыскерлердің еркіндікте сыбайластары болуы да мүмкін. Бола қалған күнде олардың жұрт арасына іріткі салып, жағдайды ушықтырмауларын қадағалау керек. – Сізді түсіндім, жолдас генерал! – Ал, сіз, жолдас Геннадий Куприянович... – Тыңдап отырмын! – деп екінші орынбасар да елгезектік танытты. – Сізге жүктелер міндет – қарақшылардың сұранысын қанағаттандыру мәселелерімен айналысу. – Құп! – Олардың қосымша қару, қаражат сұрауы мүмкін. Басқа да талаптар қоюы ықтимал. Дәл сондай жағдайда күшке жүгінбей, істі барынша бейбіт шешуге жұмылған жөн. Бәлкім, кепілдіктегі адамдарды, мысалға әйел, балаларды басқа адамдармен ауыстыруға мүмкіндіктің жолы табылар. – Бұл жағынан алаңдамаңыз, жолдас генерал. Барлық мүмкіндіктерді қарастырамыз. – Онда жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! Өздеріне жүктелген жұмыс ауқымын жақсы түсінетін аппарат мүшелері сыртқа беттесті. *** «Нағыз абыройсыз жұмыс, – деп ойлады кабинетінде өзімен-өзі қалғанында, – Нағыз бас кететін шаруа». Бұлай ойлауына негіз жоқ емес. Әлемдік тәжірибеде, кепілдікке адам алу барысында, бір оқиға адам

– 292 –

шығынынсыз өтпепті. Соның салдарынан қаншама лау-
азым иелері орынтағын босатып, қаншама жанның оба-
лы еш кеткені алақандағыдай. Алып ел Америка Құрама
Штаттарында да, Англия мен Жапонияда да, басқа да

«біздегі барлау қызметі мен құпия агенттіктер өте жоғарғы
дәрежеде, қару мен техникалық қуатымызға да күмән
тудырмаңыздар» деп күпілдеген, ауызын айға білеген мем-
лекеттерде де солай болған және бола беретінін өмірдің

өзі дәлелдеп келеді. Ал, сөйткен алыптар мынадай сәтте
амалсыздық танытса, іргесін жаңа ғана көтерген тәуелсіз
елдің жағдайын сараптап көріңіз...
«Жоқ, біз өзіміздің амал-айламыздың ешкімнен кем

соқпайтынын дәлелдеуіміз керек!» – деп түйді теле-
фон тұтқасына қолын соза беріп. Содан кейін облыстық
прокуратураға хабарласты. Тікелей байланыстағы бас-
шы телефонын алмады, «келіп үлгерді ме екен?» деген

күдікпен кезекшімен хабарласты.

– Иә, облыстық прокуратура кезекшісі тыңдап тұр.

– Маған прокурор керек еді... Ол қазір қайда екен?

– Ол кісі кабинетінде. Әлгінде келген. Қазір қосайын.

Хабарласушының кім екенін ежіктемегеніне қарағанда
кезекші телефон соғушының жөн-жобасын танығанға
ұқсайды.
Артынша тұтқадан облыс прокурорының дауысы

естілді:

– Есендік тілеймін, жолдас генерал!

– Өзіңіз де аман-сау болғайсыз.

– Рахмет. Түнделетіп жұмысқа шыққан жәйіміз бар.

Әйтеуір, артының қайырын бергей.

– Біз де осы тілек үстіндеміз. Иә, жағдай барысымен

танысуға мүмкіндігіңіз болған шығар? Бұған не айтар
едіңіз?

– Мағлұматымыз там-тұм. Әйткенмен, оңай ша-

руа емес екенін түсініп отырмыз. Біз белгілі заңның
орындалушылығын қадағалаушылармыз ғой. Әрекетке

– 293 –

қолымыз қысқа. Сондықтан, мынадай шамада сіздерге
тілекші болғанымызды бойға құт санаймыз. Солай емес пе?

– Әлбетте. Алайда екі органның түсіністікпен әрекет

етуі жетер жетістікке сеп екенін және бір еске түсіргеннің
айыбы болмас.

– Ол не дегеніңіз, жолдас генерал! Біз әр уақытта жөн

іске жақпыз! Ендеше, мына жағдайда да сіздер жасар
амал-әрекетке қолдау білдіретініміз сөзсіз.

– Сеніміңізге рахмет!

– Айтпақшыдайын... Бас прокуратурадан өкіл келуге

тиісті. Сол кісіні күтуліміз.

– Біздің де жоғарыдан қонақ күтіп отырған жағдайымыз

бар. Олардың ұшаққа бірге мінулері ғажап емес. Олай
болса, сіздің де біздің жаққа ат басын тірегеніңіз дұрыс
шығар?

– Бұл орынды ұсыныс. Сондықтан мені жолда деп

ойласаңыз қателеспейсіз. Онсыз да тағатсыздық ауылын
кешу үстінде едім...

– Жақсы! Сонсын...

– Айта беріңіз, құлағым сізде.

– Қанша айтқанмен, аймақ біздің қарамағымызда, ен-

деше шешім түйіні де біздің жауапкершілігімізде қалуға
тиісті. Басымызға салмақ түссе мен сіздің қолдауыңызға
арқа сүйейтінімді жасырмақ емеспін.

– Ондай күн туып жатса мені өзіңіздей көріңіз. Ымы-

рада ырыс мол демей ме, қазақ атамыз. Сол айтқандайын
ортақ іске титтей болсын пайдамыз тисе қуанбасақ
ренжімейтініміз анық.

– Енді көңіл орнында.

– Онда көріскенше!

– Күтемін.

Мына әңгімеден кейін Есенгелдінің үстінен бір салмақ
түскендей болды.
Генералдың жағдайды ежіктеуінің мәні бар: жоғарыдан
ат ізін салушылардың алғашқыда арыны қатты болғанымен

– 294 –

жеме-жемде, егер іс насырға шаба бастаса, бастарын
арашалауға жақ тұратынын жұмыс барысында талай
көрген. Міне, сондай сәт туа қалған күнде өзіңе жақтас
жан барын сезіну үлкен күш. Осы күшті облыс прокуро-

ры тарапынан тапқанына марқайып қалды. Иә, бұл нарқы
жоғары демеу еді. Оның үстіне, қару қолданар сәт туса
прокурор келісімі міндетті түрде керек. Онсыз ешқандай
қимыл жасай алмайсың. Ендеше, қолдау салмағы екі есе-

ге артатыны айтпаса да түсінікті.
Енді кезекшілерге қоңырау шалды.

– Иә, ұшақ қонып па?

– Қонақтарымыз машинада. Олар бірден осында кел­

мекші.

– Келсін. Тосып отырғанымыз солар ғой. Айтпақ­

шыдайын, облыстық ішкі істер басқармасына хабар
салған шығарсыздар.

– Әлбетте, жолдас генерал.

– Жақсы.

Тұтқаны орнына қоя беріп терең тыныс қайырды.
Алмағайыптықтың албарына енгенде адам баласының
басына неше түрлі ой келеді екен. Жан шүберекке
түйілгенде жастықтың албырттығы сананы шиырлағанын

қараңыз...
Жоқ-жұтаң өсті. Киер киімге жарымаған заман-
да жамауы жоқ шалбарды армандаушы еді. Өкшесі
қисаймаған керзі етіктің қарасы алыстан құлдыраңдап

құт қашырғанда әппақ дүниеге қарауға ұялатын уақыт
салмағын сезінген балаң көңіл сонда да ұрлық-қарлықтың
өзі тұрмақ көлеңкесіне жармасуды ойына алмапты. От-
тан жаңа шыққан таба нанға сары майды жағып берген

анасына ризалығын жариялай тайраңын салып кете бара-
тын. Дәл сондайда төрткүл дүниенің жарығы мұның ба-
сына түскендей масаттанатынын қайтерсің. Құдды, бар
жақсылық қанатын қаға жетіп мұның үстіне үйірілгендей

марқаятын.

– 295 –

Бұл ғана сөйтуші ме еді? Жоқ, барлық ауыл балала-
ры бақ пен сордың қатар жүретінін аңдамастан арман-
дарын айға аттандырып, айхой тіршіліктің даңғазасын
дабырлатуға жақ тұратын. Ересейген кездерінде бұдан

кем болды ма? Жоқ, керісінше, сүт ғұмырдың қаймағын
қалқып жеуге қол жеткізді. Бірі анда, екіншісі мұнда
тірлігін жалғастырып, бүгінде атпал азаматтар қатарына
жеткеніне ел куә.

Әлі есінде, ол шақты ұмыту мүмкін емес, анасы қолына
ұстатқан он сом ақшаның он күнге жетпейтінін ойлама-
стан тайраңдай сапарға шығып кеткен. Ондағы ойы –
нәсібін жолдан теру, қалаға жетіп, содан жұмыс тауып,

нәпақасын айыру.
Бірақ, ой айдыны тұнық та, өмір айдыны лайсаң келеді
ғой. Бұдан әріде қиындықты көріп бақты. Танымайтын
жер, білмейтін орта тарпаң мінез көрсетіп, жасөспірімді

жақсы қабылдай қоймады, жатсырай қарсылады. Анда
бір, мында екі барғанымен екі қолға бір күрек табылмай
біраз әуреледі. Басқасы басқа, жатар орынға тапшылық
жанын жұлмалап, жалынына су септі. Бұдан сөнді ме?

Сөнбеді. Керісінше, отқа май құйғандай өрши жанды.
Ақыры дегеніне жетті.
Жадында, қонар орны болмай, саябақ ішіндегі
орындықтарда ұйқы қандырғанында қол дорбасындағы

кітапты басына жастанатын. Таң қылаңдана бетін ашып,
сол кітапты парақтай бастағанда денесі сергіп, бойы
жеңілдеп қалатын. Онда баяндалатын оқиғалардан
тұщыныс тауып, ертеңге деген сенімін нығайтатын.

Ақыры дегеніне жетті. Бүгінгі шыққан биігі оған дәлел.
Кітап Есенгелдінің өмір бойғы серігі. Әскер қатарында
жүргенінде де қолынан тастамады, нәтижесінде жоғарғы
оқу орнына түсті. Қазақстанда емес, Душанбе қаласында

білім алды. Сонда алғашқы жұмыс қадамын баста-
ды. Талапты да бірбеткей жасқа көңіл аударған қамқор
жандардың арқасында әуелі қаз-қаз тұрды, сонсын тәй-

– 296 –

тәйлай жүрді, ақырында құлдыраң шабысқа бой үйретті.
Кейіннен, кезіндегі Кеңестер одағының біраз аймағына ат
шалдырды. Тіпті Мәскеудегі орталық аппарат құрамында
қызмет атқарды. Әрине, мұның бәрі «жәке» мен

«көкелерінің» қолдауынан емес, тұлдыр жалғызды кім
көзге ілгендей, өз қабылет-қарымының өміршеңдігінен.
Сараптап көріңіздер – сынып түсер болса жатар орын
табылмай, бір үзім нанға тапшылық кезінде қақ айырылар

еді ғой. Бірақ, адами болмыс адамдық бет-бейнесін сақтап
қалды. Оған да тәубә!
Бүгінгі таңда, бүгінгі таңда ғана ма, барлық тіршілік
үстінде қылмыс түбін жоқшылық пен таршылыққа

негіздейтін себеп-салдарлар бар. Өте қате пікір. Бәрі адам
баласының өз құзырындағы жағдайдан. Ол табандылық
танытса табандағы түгілі таудағыны табындырар еді.
Бірақ, ауырдың үсті, жеңілдің астына үйірлік санаға

тұмылдырық түсіріп, шынайылықтан гөрі сандырақты
самсатып қоя берген. Міне, бар шындықты осы тұстан
іздеген абзал. Ендеше, қылмысқа қыли көздің қатысы
жоқ, қисындықтың ұстараның жүзіндей өткір қыры да

тайғанақтыққа сеп – бәрі сана тоқырауынан. Өйткені,
санасызға кеңнің өзі кем, бардың өзі жоққа тән. Со-
дан бар болмысты ашқарақтық пен ашкөздік тұмшалап,
қанағатсыздықтың қақпақылы адамды қылмыс апаны-

на итере салады. Әріде қылмыскер одан шыға алмай-
ды. Шықпақ тұрмақ тереңге батқан үстіне бата беру-
ге ыңғай танытатыны жұмбақ құбылыс. Дәл осы жолда
ұят, ар дегенді былай ысырып қойып, қаныпезерліктің

жалына жармасатыны қылмыс әлемінің қатыгездікке
ғана құрылғанынан. Ал, қатыгезден қайырым күтудің өзі
ақымақтық.
Осы орайда тағы бір ойдың өзек тартатыны жасырын

емес – соңғы уақыт кезеңдерінде мемлекет жастар сая-
сатына сызат түсіріп алған сияқты. Жаһандану дүрмегін
кешіп келе жатқан замана ыңғайын елеусіздеу қалдырғаны

– 297 –

соның айғағы. Басқаша жағдайда дүбірлі дүниенің
дүмпуіне құлақ асып, тек құлақ асып қана қоймай, оның
жаңғырығына үн қосу арқылы жас өскіндерге бағыт-
бағдар сілтеп отыруға тиісті болатын. Алайда, бұл мәселе

тасаға жасырынып, көш бастауына жалтырақтық пай-
да болғаннан бері қоғам қалтырақтық күй кеше баста-
ды. Жалтырақтық емей немене, жаңбырдан кейінгі бой
көтерген саңырауқұлақтай қаптап кеткен оқу орында-

рында оқығандар қатарын мақтан етуді әдет етіп алды.
Ондағы сапа таразысын екінші қатарға ығыстырып,
бірінші қатарға мақтан мен пайда талғамын шығарғаннан
бері аты дипломды, заты әрі-сәрі мамандар қаптап кетті.

Олар кімнің балалары? Қалталылар мен қарымдылардың
еркетотайлары. Жерде қалмайтынын әлгілер жақсы
біледі. Өсу баспалдақтарымен тез көтеріліп, күні ертең-ақ
айналасына ықпалды азамат атанып шыға келеді. Білгені

де, білмегені де сөйтеді. Сонсын қиынға басын ауыртып
қайтеді, желдей есер жағдайды малданғандар өріп жүр.
Дәл осы көріністің екінші қыры да баршылық: мына-
дай теңсіздікті басқалар көрмейді емес көреді, сезбейді

емес сезеді. Көрген, сезген сайын олардың сеніміне қаяу
түсіп, болашақ тұлдырлығына мойынсұнуға мәжбүр және
немқұрайдылық белдеуін жағалауға өзінше қарсылық
танытуға тырысып қылмыс әлеміне кірігуге ықтиярлы. Ол

осы жолмен қоғамдық әділетсіздік қыспағына қарсылық
таныттым деп ойлайды. Бірақ, қателесетінін түсінбейді.
Темір тордың арғы жағында жүргендер қатарына сарап-
тама жүргізер әлдеқандай ұйымдар табылса бұған көз

жеткізу әлдеқайда жеңілдеу.
Сөйткенмен, қылмыс жасаушыларды ақтау мүмкін
емес. Әркімнің өз басы, өзінің өмір сүру қағидасын
қабылдау шарттары баршылық. Міне, осынау шарттарға

ықпал болмайынша және ол мемлекет тарапынан
тегеурінді түрде жүргізілмейінше түртініс жалғаса береді,
түрмелер де босамақ емес...

– 298 – Мемлекеттің басты байлығы – адам екенін тани білмейінше әділет тамырын жаймайды. Ендеше, сол байлықты сақтай білу бағытында билік тізгінін ұстап жүргендер үлкен шаруа тындыруға тиісті. Ең бастысы, адами құндылықты әспеттеуге жұмылған ләзім. Ол үшін теңгермешілік емес, тең дәреже мансұғын алға тартса құба-құп. Міне, сонда қоғам былық пен шылықтан арылып, азаматтардың елге, Отанға деген сүйіспеншілігі қалыптасатыны айдан анық. Басқаша жағдайда «баяғы жартас – бір жартас» күйінде қалатын түсінікті балталасаң да бұза алмайтының аян. Әй... қайсы бірін айтқандайсың, қай қасаңдықты қылыш жүзіне салғандайсың, мына бөлме ішінде отырып. Мұның бәрі бос сандырақ қана болып қалмақшы, іште жатып қозданғанымен. «Сананы – тұрмыс билейді», деп данышпан Маркс әлдеқашан айтып кеткен. Міне, осы сөздің шындығына көз жеткізумен келе жатқан қоғам алда да өз ырғағынан жаңылмайтыны ақиқат. Иә, қаны сорғалаған шындықтың бетіне тура қарауға адамзат баласы қашанда қауқарсыз болып қала бермекші. Есенгелді күрсінді. *** Әр тараптан жиналғандар бас қосқанда кабинетте ауыр тыныштық орнады. Аңыс баққандар алғашқы болып сөз алудан қаймыққандай бірін-бірі көзбен ғана ішіп-жеп, біршама уақыт іштен булығысты. Есенгелді де жанарымен отырғандарды шолып шықты. Бас прокуратура өкілі жуандау денесін қозғалақтата, тершіген маңдайын қол орамалымен жиі сүрте тымырайып отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастығының орынбасары да салмағын бұлдай қаздия қалған. «Альфа» тобының жетекшісі өз орнын білгендей басқалардың ауанын бағады. Ал, облыстан жиналғандардың жоғарыдан

– 299 –

келгендерге жалтақтайтыны байқалады. Олардың әуелгі
пікірді аналардан күткендей ішін жиғаны сөзсіз.
Осы қалыпта отыра берсе таңды атырарларын байқап
Есенгелді тамағын кенеді:

– Жағдайды баяндап жатуға уақыт тапшы. Негізгі

мәселені бәріңіз біледі деп ойлаймын. Сондықтан тікелей
іс барысына көшейік. Біріншіден, кепілдікке алынған
автобус Оңтүстік Қазақстан шекарасына жақындап
қалды. Қызылордалық әріптестерімізбен жедел байланыс

орнатқанбыз. Әр он минут сайын олар сапар барысын ба-
яндау үстінде. Әзірше бәрі қалыпты өтуде. Тосын оқиғалар
болмаған. Автобусты МАИ мен ішкі істер өкілдері
байқауда ұстап келеді. Екіншіден, біз де өз тарапымыз-

дан амал-әрекеттерді бастап кеттік. Қылмыскерлердің
түпкі ойын білген соң әуежай мен вокзалға қатаң бақылау
орнаттық. Оған менің бір орынбасарым басшылық жа-
сауда. Ал, екінші орынбасарым шекара маңына ендігі

жеткен шығар. Оның міндетіне қылмыскерлер тала-
бын қанағаттандыру жатады. Керек-жарақпен толық
қамтамасыз етілген.
Негізінен бұл операция барысын «Набат» деп атау-

ды ұйғардық. Набат – ел басына түскен ауыртпалықты
білдіретін ұғым, яғни, қазақ түсінігіне сүйенсек нәубет
мағынасын алға тартады. Қазір сондай ауыртпалық
жағдайды бастан кешіп отырғанымыз анық. Сондықтан

қарсылық білдірмейтін шығарсыздар?
Республика Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Лео-
нид Сергеевич ыңыранып қойды, ал бас прокуратурадан
келген жан шыдамсыздық таныта:

– Мәселе атында емес затында ғой. Сондықтан, атта

тұрған ештеңе жоқ. Істің ақырын сәтті аяқтасақ сол
олжа, – деп қалды.

– Жоқ, сіз қателесесіз, – деп оның сөзін Есенгелді

бөлді, – Қандай жағдайда да әр нәрсенің өзінің тиісті
орнында тұрғаны шарт. Олай болса, мағынасыздық пен

– 300 –

мағыналылық ешқашанда бір қалыпқа сыйыспаған. Енде-
ше аяқты – қол, қолды – аяқ деуден аулақ қашайық.
Мынаны естігенде Дагаев басын прокуратура өкіліне
қарай бұра беріп мырс етті:

– Есенгелді Әбілмазинұлы тек қана қауіпсіздік

саласының генералы емес, сонымен қатар, Ресей Жазу-
шылар одағының мүшесі болып табылады. Сондықтан
сөз таластырмағанымыз абзал.
«Солай ма еді?» – дегендей прокуратура өкілі генерал

жаққа жапақ-жапақ қарап қойды.
Осымен араға сәл кіріккен талас доғарылды да, жұмыс
барысы әрі қарай жалғасын тапты.

– Сонымен... біз ең әуелі осы операцияға кім жетекшілік

жасамақшы, соны шешіп алайық, – деп Есенгелді өз ойын
сабақтай түсті.
Мынаны естігенде Дагаев араға килікті:

– Бұл жөнінде ешқандай талас тумауға тиісті: жер, ел

жағдайын жақсы білетін жергілікті адам басшылық жаса-
са сәттілікке негіз. Олай болса, бар тетікті өзіңіздің қолға
алғаныңыз дұрыс болады, жолдас генерал.

– Бұл пікірмен бәріңіз келісесіздер ме?

Кабинеттегілер бастарын изесті:

– Әрине.

– Қанша айтқанмен өз адамына жергілікті тұрғындар

да жақтас қой.

– Генерал да балғын жас емес, көпті көрген тәжірибелі

жан. Ендеше қолдайтынымызды білдіреміз.
Бар тізгін қолына тигенде Есенгелді нақтылыққа
жүгінуге бел байлап «Альфа» тобының басшысына қарады:

– Сіз қалай ойлайсыз, операцияны елді мекеннен тыс

жерде өткізуге болар ма еді?
Топ басшысы орнынан көтерілді.

– Әрине болады. Тек оған қылмыскерлер мүмкіндік

берсе. Олар да ақымақ емес, сондықтан сақтық шарала-
рын жасап бағатыны айқын.

– 301 –

– Жөн. «Аңдамаған ауырмай өледі» деген сөз бар халық

арасында. Біз мүмкіндігінше адам шығынын болдырмауға
тырысайық.

– Егер, менің сөзіме құлақ ассаңыздар, мынаны айтар

едім: жұрттан тысқары тұсты қаперден шығармаймыз
ғой, сөйткенмен әуежайдың нақ өзінде бәрін жүзеге
асырғанымыз абзал сияқты, – Топ басшысы ойын жүйеледі,

– Бұл біріншіден, қылмыскерлердің сақтығын азайта-

ды, адамдар арасында оқ ату мен әрекет шамасы болмай-
тынына олар сенеді. Екіншіден, біздің жасаққа қалқа,
қалтарыс қарасы молынан жетеді. Мергендерді де орна-
ластыру мүмкіндігі артады. Осы орайда, автобус ішіндегі

адамдардың орналасу орындарын анықтау керек. Әсіресе,
қылмыскерлердің қозғалыс аясын білсек орынды. Оның
біреуі міндетті түрде жүргізушінің қасында болуға тиісті.
Өйткені, жүргізушінің әр әрекетін бағып тұруға мүдделі.

Ал, екіншісінің қайда жасырынғанын білсек, шіркін...

– Бұл мүмкін бе?

– Қылмыскерлерде қазір байланыс құралы жоқ.

Сондықтан, менің ойымша, олар қайтсе де жанды байла-
ныс орнатуға тырысады. Мұқтаждарын басқаша жолмен
жеткізе алмайды ғой. Осыны пайдаланғанымыз абзал.

– Жақсы. Қаперде ұстаймыз.

– Сонсын, мына жағдайда біз екі топқа бөлінуге

мәжбүрміз: біріншісі үнемі автобус айналасында жүреді
де, екіншісі әуежай маңына орналасады. Жылжымалы
топқа орынбасарым басшылық жасаса, өзім әуежайда бо-
ламын.

«Сөз осымен тәмәм», – дегендей топ басшысы орнына
отыра берді.

– Түсінікті, – деді Есенгелді «Альфа» тарапынан бола-

тын әрекет мұғдарын айқындаған соң. Содан кейін Дагаев
жаққа мойын бұрды, – Ал, сіздің қосып-аларыңыз бар ма?

– Мен алдын-ала тон пішкенге қарсы адаммын, –

деді мынаны естігенде Ұлттық қауіпсіздік комитеті

– 302 –

бастығының орынбасары, – Барлық әрекетті жағдай ба-
рысына сүйене отырып өрістетерміз. Ал, әзірге сәл ой
жинақтап алсақ. Аяқ суытуға да кет әрілігіміз жоқ. Бұған
қалай қарайсыздар?

Есенгелді қарсылық танытты:

– Ойды жол-жөнекей де жинақтауға болады. Уақыт

тапшы. Мүмкіндігінше шекара маңына тезірек жетуіміз
керек. Сіз дұрыс айтасыз, қалған жағдайды нақтылыққа
сүйене отырып жасай жатармыз. Қазір көлікке мінейік.
Амалсыздық танытқанымен жиналғандар сыртқа

беттесті. Осыны пайдаланған Есенгелді «Альфа» тобының
басшысымен оңашалана тіл қайырысып үлгерді.

– Сонымен сіз әуежай маңында қаласыз ғой, солай ма?

– Әлбетте, жолдас генерал. Барлық жағдайды

бақылауда ұстап, әрекет жобасын нақтылағаным жөн.
Қапа болмаңыз, менің орынбасарым да өте білікті жан.
Оған сене беруіңізге әбден болады.

– Мен сенбей отырған жоқпын, сіздің өз ойлағаныңыздың

барлығына күмәнім жоқ, оны маған нүктесіне шейін
аша алмайтыныңызды да ескеремін. Сөйткенмен, абай
болғаныңызды қалар едім. Бұл шығын болмасын деген сөз
емес, сол шығынның неғұрлым аз болғанын тілегендіктен

айтқан сөзім, көңіліңізге алмағайсыз.

– Шығынның болу-болмауы әрекет-амалдың нәти­

жесіне байланысты. Оның мүлдем ұшыраспауы да мүмкін.
Біз соған ұмтыламыз. Алайда...

– Иә, күдігіңізді жасырмағайсыз...

– Мұнда жасыратын ештеңе жоқ. Біз қандай да

тосындыққа даяр болуымыз керек. Сол тосындықты
қылмыскерлер емес, тағы біз жасауға амалдаймыз. Тек,
нәтижесін берсін деп тілейік.

– Ләйім, сәттілікке жазғай!

– Иә, сәттілік бәрімізге жолдас болсын!

Олар қол алысты.
Бұл кезде қыстың ұзақ түні өз шектеуіне жетіп қалған

– 303 – еді. Сөйткенмен, айналаны әлі қараңғылық тұмшасы басып тұрған. Міне, осы қараңғылықты жарығымен тілгілеген қос машина солтүстікке бет түзей асығып бара жатты. Ақпанның қырбық қары дөңгелек астында сықырсықыр еткенімен оны естір құлақтың табылмағаны аян. Қала әлі шырт ұйқы құшағынан арылмаған-ды... *** Жол ауанымен қырға көтеріліп, арғы жақтан шағын ауыл қарасы көрінгенде қос машина тежегіштерін іске қосты. Бұл арадан айнала алақандағыдай көрінеді екен. Таң атқан мезгіл. Тіршілік өз базарын жая бастаған шама. Адамдардың аулаға шығып, мал қамын күйттей бастағандары байқалады. Бірен-саран ірі қара ауыл сыртына жетіп үлгеріпті. Бірінің артына екіншісі түсіп, созалаңдай жайылымға беттеп бара жатқандары көзге анық шалынады. Ауыл – кәдімгі қазақы ауыл. Шымнан тұрғызылған көп баспаналардың шатыры да жоқ. Ал, барларының еңсесі жоғарылау. Аршыған жұмыртқадай ақшаңқанданып алыстан мен мұндалайды. Ауыл болған соң ба, үйден гөрі қора-қопсысы атшаптырым. Созалаңдап жатқан арандары біріне-бірі жалғасып, бүкіл аумақты қоршап тастағандай әсер береді. – Осы арада аздап тыныстап алайық, ендігі аналар да жетіп қалатын шығар,– деді Есенгелді жерге түсе беріп. Қалғандары да табандарын тастаққа бастырып, керіліпсозылып әуре. – Тәуелсіздік деген тым тәтті-ау! Жеке ел атанған соң Есенгелді Әбілмазинұлы өзі кезінде қоян-қолтық жұмыс жасаған әріптестерін елемеуге айналыпты. Әйтпесе, Мәскеуден келетін өкілдерді күтетін еді ғой. Жоқ, алдыартына қарамай тартып отырды, – деп осы мезгілде Дагаев ортаға әзіл тастады.

– 304 –

Оны басқалары іліп әкетті.

– Жөн айтасыз, Леонид Сергеевич, тәуелсіздіктің тым

тәтті екенін енді ғана сезіндік. Сол сезім басты айналды-
рып тастаса оған айып жүрмес. Солай емес пе?

– Әлбетте, солай. Басқаша жағдайда Есенгелді Әбіл­

мазинұлы мәскеуліктерді күткендіктен табандап жатып
алар еді.

– Онда біз де тар жерді айналсоқтап, мына кеңдікті

жуыр маңда көрмейтін де едік. Шіркін, далаға, жалпы
кеңістікке не жетсін!

– Ту-у, кеудем ашылып сала берді ғой! Қанша

айтқанмен қала дегенің қапастықты елестетеді. Онда
өзіңді аквариумдағы балықтай сезінесің. Үй, жұмыс, қала
берді көше айналасы – аквариумнан несі кем?

– Жөн. Ата тегіміз дархандықты даладан алса, біз сол

тамырды үзіп тастаған сияқтымыз ба қалай өзі...

– Үзсек үзген де шығармыз. Әйткенмен, заманына

қарай көсілгенсін заманауи тірліктен аса алмайтынымыз
және анық.

– Бұл пікіріңізге толығымен қосыламын. Өткенде­

гілердің кеңдік пен дархандықты қатар ұстауына табиғат
өзі ықпал жасағанға ұқсайды. Біздің табиғаттан алшақтап
кеткен буынға айналғанымыз өкінішті.

– Ештеңе етпейді, айналып келіп үйірімізді табатыны-

мыз сөзсіз. Өйткені, тәуелсіздік бізге өз заңдылықтарын
таңатыны жасырын емес.

– Тек, сол шақта интернационалдық борышымызды

ұмытып кетпесек болғаны.

– Ұлтшылдық ауыруына ұрынбасақ демексіз ғой?

– Әрине, дүниедегі ең қатерлі ісік – ұлтшылдық кеселі

екенінде дау жоқ.
Мынаны ести тұра Есенгелді шыдамады, өз пікірін
араға қыстырды:

– Ұлтпен мақтану – ұлтшылдық емес, ұлтыңды шексіз сүю

деген ұғымнан туады, – деді күлімсірей, – Ал, сен өз ұлтыңды

– 305 –

шексіз сүймейінше басқа ұлтқа деген құрметіңді қалыптастыра
алмайсың. Олай болса, жалғандық пен шынайылықтың ара-
сын айыра білгеніміз дұрыс деп ойлаймын. Ал, әлгінде сөз
болған мәскеуліктер жөнінде алаңдамауларыңызға болады.

Оларды жөн-жобасымен біздің адамдар күтіп алуға дайын.
Сонсын ойын өлеңмен жалғап әкетті:
«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен – жігітпін айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

Жанар таудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын,
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.

Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.
Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым,
Бәлки қайсақ, бәлки бір түннен тудым.

Деп шаттантты біреулер «күннен тудым»,
Жоқ, сірә мен, қара күн күңнен тудым.
Руым көп солардың аттарындай,
Мінезім бар таулардың қатпарындай.

Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таптарындай...»

– 306 –

Ол сайын дала төсінде шабыс салған сәйгүліктей біраз ан-
дыздап алды да, уақыт тапшылығын мойындағандай сәл ты-
ныс қайыруға аял жасағанында маңайындағылар гу-гу етісті:

– Бәрекелді!

– Сөз-ақ қой!

– Бір ұлттың ғасырлар шеңберінде өткен өмірін бір

өлең шеңберіне сыйдырған ақын да ақын-ақ!
Жағалай тұрғандар дабырлай қошемет көрсетіп
жатқанда өзімен-өзі тұрған Леонид Сергеевич:

– Бұл Жұбан Молдағалиев емес пе? – деді өзінің

әдебиеттен хабары бар екенін таныта, басын сәл қисайта
Есенгелдіге қарап.

– Әрине, сол ақын.

– Ұлыларын ұлықтай білген елдің болашағы зор. Біз,

қазақстандықтар, осыны ұмытпауымыз керек.

– Иә, барын барынша көрсете алған ел ешқашанда кемдік

албарына түспеген, керісінше биіктік басында жүрген.

– Бұл пікірге қосылмасқа шарамыз кәне!

Осы кезде машинадағы жылжымалы байланыс құралы
дыбыс салды да әңгіме кілт үзіліп, тұрғандар елеңдесе
байланысшының хабарына құлақ түрді.

– «Лашын» тыңдап тұр.

– Мен «Бүркітпін». Қалай естіледі?

– Жақсы. Қайдасыңдар?

– Біз межелі жерге жақындап қалдық. Ауыл қарасын

көріп келеміз. Әзірге тосын ешқандай уақиға өткен жоқ.
Жанармай құю бекетіне беттеудеміз.

– Онда біздің адамдар күтулі.

– Жөн. Сол жерде, бәлкім, көліктегілер әлдеқандай

ұсыныс түсіруі мүмкін. Сыңайлары солай.

– Мен сені түсіндім. Алаңдамаңдар. Бәрі қалыптағыдай

болады.

– Кепілдегілер әзірше тыныш. Соған қарағанда

қылмыскерлер ереже сақтау тәртібін қатаң ұстанғанға
ұқсайды.

– 307 – – Ең жақсы хабарың осы болды, біз үшін. – Онда кездескенше. – Кездескенше. Тұрғандар түйілісе қалысты. Олар нағыз сын сағатының жақындағанын сезінген еді. *** Бекет басында тыныштық. Ешқандай қарбалас, тосындықты байқататын қимыл-қозғалыс байқалмайды. Соған қарағанда орган қызметкерлері өз істерін өте жақсы атқарғанға ұқсайды. Көп ұзамай алды-артын МАИ машиналары қаумалаған кепілдікке алынған автобус қарасы көзге шалынды. Бір ырғақпен жүріп келеді. Мына көрініске қараған сырт көздің ештеңеден күдік алмасы айқын. Өйткені, жол қозғалысын қадағалаушылар балалар мінген автобустарды да үнемі дәл осылай демеп жүретінін жұрт білетін. Тек бір айырмасы – бұл жолы МАИ қызметкерлерінің орнын қауіпсіздік қызметінің қарамағында жұмыс жасайтын сарбаздар басқан-ды. Бекет ауылдың шыға берісінде, ұзын жолдың бойында орналасқан. Үйлер қарасынан сәл де болса тысқарылау. Мұның өзі әлдеқандай тосын оқиға туындап жатса жалпы көпшілікке салдарын тигізбейтініне иландырады. Тағы бір қолайлылығы – жатаған төбенің етегін баса бой көтерген, яғни қалтарыс-қалқаға мүмкіндік қалдырған. Биіктен мергендерге қарауылды дөп басуға ыңғайлы. Мергендерге ғана ма, шабуылдаушыларға да үмітке үзеңгі қағуға салдар табылатынына талас жоқ. Тек, соған ешқандай тосындықсыз жеткізсін деп тілеген абзал. Басты назардағы нәрсе, кепілдегі адамдардың бас амандығын қамтамасыз ете отырып жеңіске жету тілегін бұйыртса, үлкен олжа сол. Есенгелді біледі, жан-тәнімен сезініп тұр, «Альфа» тобының сарбаздары өз қамдарын жасап алған.

– 308 –

Қиядағыны қалт жібермес сергектікпен қазір бұйрық
күтуде. «Баста» десең әй-шайға қаратпай автобус түгілі
аспандағыны қағып түсіруге әзір. Бірақ, ондай бұйрықтың
ауылы әзірге тым алыста екенінде талас жоқ. Бәрін оқиға

барысы анықтай жатады.
Сөйткенше подполковник шеніндегі жігіт жақындады.
Оның топ жетекшісі тапсырған орынбасары екенін генерал
бірден түсінді. Түсінді де көз қиығын тастай беріп ананың

тосын жанар айғақтай алмас ымынан дайындықтың өз
мәнінде жүргізілгеніне шексіз иланды.
Подполковниктің жақ тұсына шағын байланыс құралы
ілініпті. Онысы жұмыс үстінде болғанымен әзірге тіл-

ауызсыз. «Ә» десең дауысыңды қағып алар есті құралдың
есірік дүниені есеңгіретер күшке ие екені айтпаса да
түсінікті.
Осы кезде автобус келіп межелі тұсқа тоқтады. Алайда

одан жуыр маңда тысыр еткен дыбыс шалынбады.

– Мыналардың сабырымызға ши жүгіртуін қара... –

деп қалды осы кезде әлдекім сыбырлай. Өзгелер оған сөз
қоспады. Жанарларымен алдын бағып тұра берді.
Сүт пісірімдей уақытта ғана көлік есігі ашылып, одан
он төрт жастардағы жасөспірім түсті. Қимылы салғырт.

Әлдекім күштегендей аяғын әпіл-тәпіл басады.
Ол жүз қадамдай жерде тұрған бұларға беттеді.
Елшілікке келе жатқанын айтпаса да аңғаруға болады.

– Мыналардан ес кеткен екен. Басқаша жағдайда араға

баланы салмас еді... – деді топ арасынан тағы бірі сабыр-
сыздана.

– Е, естері болса әуел баста қылмыс жасамас еді ғой.

Ендеше, әңгүдікке әңкі-тәңкілік қана сыйымды.
Екінші біреу алғашқыны қолдай сөйлегенде үшіншісі
қарсы шықты.

– Кешіріңіздер, маған салсаңыздар бәрі керісінше,

қылмыскерлер бәрін болжай істеп отыр. Баланы бет-
перде есебінде ұстауда. Ол қашып кетсе де есептері

– 309 –

түгел. Өйткені, қайдағы бір бала ғана. Соны сылтау етіп
басқаларына кесір тигізуі мүмкін...
Бала жақындай түсті. Түсі оңған шүберектей. Сұп-
сұр. Қорқыныштан аяғын нық баса алмайды. Шатқаяқтап

кетеді.
Мына көрініске шыдай алмаған облыс прокуроры алға
оза беріп жасөспірімді сүйеді.

– Айналайын-ай, не істеген ана мақұлықтар!? Есіңді

жыйшы кәні...
Ол демей бергенде бала бұлқынып қалды. Қайсарлығын
танытқаны. Көмекке зәру еместігін білдіргені.

– Қайсыңыз бастықсыз? – деп сұрады содан әріде үні

шашыраңқы шығып әрі әлденеден сескенгендей, – Маған
бастық керек.
Ауыл баласы екені бірден аңғарылады. Олар үшін
шендінің бәрі тек бастық қана.

– Мен тыңдап тұрмын, – деді Есенгелді осы сәт жүзін

жылыта.
Сида, етіне бөлек-салақ ет қоспаған мына тұлғаға
жасөспірім сенбегендей ошарыла қарады. Жанары жа-
саурап қоя берді. Сонсын, басқа амалдың жоқтығын

пайымдағандай бастырмалата жөнелді:

– Аналар айтты: бәк толы бензин құйсын деді...

– Құйылады.

– Тамақ, сусын керек. Молынан.

– Ол да болады.

– Бензинді жүргізушінің өзі құяды. Басқа ешкім ол

жаққа жақындамауға тиісті. Тамақты автобустан отыз-
қырық метр жерге ғана жеткізесіздер. Әрі қарай мен та-
симын.

– Орындалады.

– Тағы да...

Бала әлденені есіне түсіре алмай сәл бөгелді.

– Иә, қысылма, айта бер?

– Ә, айтпақшыдайын... Самолетті сұраған...

– 310 –

– Ұшақты Алматыдан шақыртқанбыз. Әлгінде хаба-

рын алдық. Аман-есен қоныпты. Әуежайда дайын тұр.
Соны жеткізгейсің.
Мына тұрған адамдар тарапынан жылылықты сезінген
сайын бала ширай түскендей. Ол енді есті адамдай сөз

қайырысуға шама жеткізді.

– Сонсын... Самолетке олар кепілдіктегі адамдармен бірге

кіреміз деген. Қауіпсіздіктеріне көз жеткізген соң ғана бізді
босатпақшы. Мұны айтуды ұмытып бара жатыр екенмін ғой.
Тұрғандар біріне-бірі қарасты. Бұл, түсіне білгенге,
ықтиярдан тысқарылау қолқа болатын. Бірақ, амал нешік,

оған да көнуге тура келеді.

– Қабылдаймыз, – деді Есенгелді.

– Тағы... ақша туралы айтты. Бес миллион доллар

берсін деді.

– Қазір оны ала қоятын жеріміз жоқ қой, мына медиен

далада. Шымкентте банкіден босаттырамыз. Содан кейін
ұшаққа саламыз. Бәрібір кепілдіктегілерді ұшаққа мінген
соң босатамыз деп отыр ғой. Ендеше адамдардың кепілі
сол ақша болады. Осыған келіссін.

Мынаны естіп тұрған Леонид Сергеевич Есенгелдіге
соңғы түйінмен келіспейтінін жеткізді:

– Есенгелді Әбілмазинұлы, – деді ол сәл қабақ кере, –

Аналардың жағдайында біздің бос сөзіміз ындынға жұқ
болмайтыны айқын. Оларға қазір өздерін «жылытып»
отыратын леп керек. Ал, ол леп – көкала қағаз айналасына
ұйлыққан. Ақшаның буы дәл қазіргідей жағдайда көңіл

алдандыратыны даусыз. Сондықтан осы төңіректе сәл ой
қорытып алсақ бұған қалай қарар едіңіз?

– М-м, да-а-а... – Генерал сәл ойланып қалды. Шынын-

да қылмыскерлер бос уәдеге иланбай қалса қайтпек? Лаң
шықса оны тоқтатар мүмкіндік табыла ма? Ең жақсысы,
жағдай ушықпай тұрғанда басқа амалды қарастырғандары
жөн. Сөйтті де арт жағында тұрған, осы арада қайта кез-

дескен орынбасарына мойын бұрды.

– 311 –

– Геннадий Куприянович, бұл жағынан қамыңыз қалай?

– Қамданғанбыз. Мұндай жағдайда міндетті түрде ақша

сұранысы болатынын болжап, мемлекеттік жүйемен келісе
отыра, банктен біраз қаражат босаттырғанбыз. Сондықтан
талаптарын толығымен орындауға мұрсатымыз бар.

– Олай болса, әзірге үш миллионды қанжығаларына бай-

лай тұрайық. Ал, қалған екі миллионға кепілдіктегілерді
босатқанда қолдары жетеді. Оны, алдында айтқанымыздай,
ұшақ бортынан табады.
Жасөспірім шаруасы түгенделгендей сәл желпініп

қойды.

– Онда мен кері оралайын.

Мына сөзге облыс прокуроры шыр етті:

– Қайда, балам-ау?

– Автобусқа.

– Автобусқа!? Онда неңді ұмыт қалдырдың? Қашып

кетсең қайтеді? Сонда азаптан құтылар едің.

– Қаша алмаймын.

– Неге?

– Онда менің мамам бар. Егер мен кері оралмасам ана

кісілер мамамды атып тастайды. Солай деген.

– Алда, байғұсымай, ә...

Бала «сөз бітті» дегендей кері бұрылуға ыңғай
танытқанда Есенгелді бөгеді.

– Сәл аялдай тұршы, бір-екі сұрағым бар.

– Сұраңыз. Білгенімді айтамын.

– Ештеңені уайымдамаңдар, бәріңді аман-есен босатып

аламыз. Тек, мынаны білгіміз келеді: екі қылмыскердің
орындарын анықтап берші? Түсірулі пердеден айыра алар
емеспіз?

– Оның еш құпиясы жоқ. Біреуі үнемі жүргізушінің

желке тұсында тапаншасын кезеніп отырады. Ал, екіншісі
көшіп-қонып жүреді. Бірақ, көбіне ол да алдыңғы қатарға
үйір. Өйткені, кері қарайтын орындықтан салондағы
адамдарды бақылау оңай ғой.

– 312 – – Өте жақсы! Сен бізге баға жетпес мағлұмат бердің. Дегенмен мына айтқандарыңды ұмытқайсың. Әсіресе, қылмыскерлер білмесін, жарай ма? – Мені бала деп ойлайсыз ба? Мен әлі ешкімді сатқан жан емеспін! – Бәрекелді! Жігіт адам осылай сөйлесе керек! Жасөспірім анасына жетуге асыққандай автобусқа қарай жөней берді. Ендігі қозғалысында жинақылық басым. – Есті бала, – деді мынаны көргенде прокурор сүйінісін жасырмай. – Еліміздің ендігі тірегі осылар ғой! – деп қалды Леонид Сергеевич те ризалық кейіпте, – Тек, тағдыр салмағы өмір жолында бетін қайтармағай! Тілекке қосылғандар жасөспірімді жанарларымен ұзатысып салды. *** Қылмыскерлердің талабы орындалып, уәделі жерге сұрағандары жеткізілгенде тағы да жасөспірім жұмысқа кірісті. Ол жеделдете жүріп салафан қалталарға салынған азық-түлік пен ақшаларды автобусқа таси бастады. Әр қатынағанда қадамын ширақ алуға тырысады. Артына алаңдай беретіні сөзсіз. Өйткені, автобус жаққа қарағыштауы жиі. Бәрі тынып, тоспадағылар да, іштегілер де терең тыныс қайырған шамада тосын жайдың орын алғаны. Автобустан түсіп, бекеттегі жанар-жағармай босататын операторлар отыратын дүңгіршекке бет түзеген жүргізуші оған жете бере кілт бұрылып, өз бетімен басы ауған жаққа қаша жөнелсін. Осыны байқаған сырттағылар демдерін ішіне тартқанда көлік ішінен шыңғырған әйел үні естілді. Әп-сәтте оған тағы бірнеше дауыстар қосылып, маңай азан-қазан болды да қалды.

– 313 –

Бәлкім, азан-қазандық орын алмаған да шығар,
әйткенмен автобус ішінен қорқынышты сарын құлағына
шалынғанда Есенгелдінің жаны түршіккені шындық.
Бірақ тістенген қалпынан жазбады, өзіне әлдеқандай

сұрақпен жанар тоқтатқан «Альфа» тобының жетекшісіне
де тіс жармады.
Маңайындағылар да тіл-сөзден қағылған. Бәрі демдері
бітіп қалғандай алға емінеді.

Генерал түсінеді, тап қазір автобусқа шабуыл жасаудың
ешқандай тиімділігі жоқ. Біріншіден, ара қашықтық
әжептәуір, оған сарбаздар жеткенше қылмыскерлер жа-
сайтынын жасап тынады. Екіншіден, мергендер оқты қай

тұсқа атпақ? Жүргізуші болса-болмаса қашып кеткен, яғни
оны бақылаушы қаныпезердің тап мына жағдайдағы орны
да белгісіз. Тұспалмен анықтай алар ма? Анықтамаса
арты не болмақ?

Шабуыл жасалсын-ақ, терезелерді автомат қаруына
жалғанған қанжармен сындыру мүмкін бе? Оған
әлектеніп жатқанда қылмыскерлердің мына әрекетті
сырттан бақылауы тағы неғайбыл. Олардың да кеудесінде

жаны бар. Жаны болған соң қарманып қалады. Ал, одан
жапа шегетін және кепілдегілер. Бір сөзбен айтқанда,
«торғайды таспен ұрсаң да, тасты торғаймен ұрсаң да
торғай өледінің» кері. Ендеше...

«Сабыр сақтау керек, – деді генерал өзін-өзі қайрай, –
артық қылам деп тыртық қылғаннан жаман нәрсе жоқ».
Автобус ішіндегі апай-топайдың арты ұлғайып бара
жатқандай. Қылмыскерлер кіжілі ендігі сонадайға анық

естіліп, ышқынғандар мен ыңқылдағандар дыбысы
сүйекті сырқырата бастады.
Осыған шыдамады, Есенгелді әлденеге бекінгендей
алға қадам жасады. Өзіне ермекші болғандарға қолын

көтере белгі беріп тоқтатып тастады.

– Леонид Сергеевич, олай-бұлай жағдай бола қалса

тізгін өзіңізде, – деп, тек айтып үлгерді.

– 314 –

Көлікке жақындай бергенінде «Тоқта!» деген қатқыл
бұйрықты құлағы шалды. Қылмыскерлердің бұйрығы.
Ендеше, әрекетінің оңға бастағаны даусыз.
Жиырма шақты қадамға жетпей кілт кідірді. Сонсын:

– Мен Оңтүстік Қазақстан облыстық Ұлттық қауіпсіздік

комитетінің төрағасы, генерал майор Есенгелді Әбілмазинұлы
боламын, – деді дауысын анық шығара, – Талап-тілектеріңді
қанағаттандыруға біз дайындық танытқанда, сендердің
де шектен шықпауларың керек еді. Шықпайды деп те

сенеміз. Ендеше басбұзарлықтарыңды дереу тоқтатыңдар!
Бұл біздің сендерге қояр басты шартымыз. Сонсын... Бір
жүргізуші қорқақтық танытты екен деп жазықсыз жандарды
жәбірлемеңдер, сендердің де ата-аналарың, бауырларың бар.

Оларға әлдекім қысым жасаса қалай қарар едіңдер? Осыны
естеріңнен шығармаңдар! Ал, жүргізушінің орнына басқа
жүргізуші табуға уәде береміз. Келісесіңдер ме?
Айқай-шу кілт басылып, әуелі автобустың орта

тұсындағы перде ысырылды да, артынша сәл ашылған
әйнектен бір әйелдің шашы дудырап кеткен басы қылтиды.
Ол бастың тасасына қылмыскердің жасырынғаны талас
тудырмайды.

– Әй, генерал, сен кімді ақымақ санайсың, ә? Бір

агентіңді тығып жібермексің ғой, солай ма? Бола қоймас!
Одан да... –Дауыс біраз бөгеліс жасады, – Одан да со-
нау қыр басынан көрінген КамАЗ көлігінің жүргізушісін
қолымызға тапсыр. Сонда біз талаптарыңды орындаймыз.

Есенгелді қылмыскер нұсқаған тұсқа бұрыла беріп,
қырдан асып келе жатқан жүк көлігін көрді де:

– Жақсы, айтқандарыңды орындаймыз, – деді сеніммен.

– Ендеше оған өзің барасың және жаныңа ешкімді

ертпейсің. Жүргізушіңді де қалдырып кетесің. Біз бәрін
бақылап отырамыз. Егер ағат бір қылық жасасаң бір адам-
ды оққа байлаймыз! Ұқтың ба?

– Бәрі айтқандарыңдай болады! Тек, тағы ескертемін,

адамдар жапа шекпесін!

– 315 –

– Ол біздің шаруамыз.

– Қателесесіңдер, бұл екі жаққа да тиімді ұсыныс,

сондықтан құлақ асасыңдар деп үміттенемін.
Жауап күтпеді, кері бұрылып, жүре берді.
Демдерін іштеріне тарта күтіп тұрғандарға жеткенде
және жағдайды тәппіштеп жатпады. Жүргізушіге: «Кілтті

әкел!» – деп бұйырды да, машинаға от алдырып, қыр ба-
сына қарай жүйткіте жөнелді. Мыйын қашаған неше түрлі
ойлардың ықтиярында газды қаттырақ басып жібергенін
аңдамады да.

Тірлік базарына кіріккен жандының жайлылықтан гөрі
жадағайлыққа үйірлігін түсінбей-ақ қойғаны. Жадағайлық
емей немене, кілем үстінде тайраңдауды көксеп кілегей
кешуге пейілді, тіршілік иелері. Дәл осы қылығының

айналаға кесапат әкелетінін ойлауға олар мұрша тап-
пайды. Тек өзінікін дұрыс санап, өзгелердің өзегін
өртер қылыққа баруға тәуелді. Оның арты орны толмас
өкінішке бастайтынын тағы саралап жатпайды. Сөйтеді

де, тарпаңдықтың таралғысын тартып, тайраң дүниенің
тақымын қыса түседі. Ақыры тырапай асқанын білгенінде
және өкініш ошағын маздатпайды, бәріне кінәлі өзге
жандардай басқаға кінә салмағын артып, тыртиып шыға

келеді. Санасыздығынан, пенделіктің пешпентін өмір ба-
рысында үстінен тастамағанынан. Бұл заманалар көшінде
көп болған, әлі болады, бола беретін жағдаят.
Тіршілік иелері, шын мәнінде, екі өмірге ғана еншілі

ғой. Бірі – жалғанның жарығы да, екіншісі – мәңгілік әлем
құпиясы. Жалғанның жарығында даңғазалықтың дар-
базасын ашса, мәңгіліктің құпиясында тірлікте кешкен
күндерге есеп беру арқылы ақ пен қараның айырмасын

екшейтіні белгілі. Дәл сонда жұмақ пен тозақ қапталдаса
тосып, жақсыны жәннәтқа жеткізетіні және күнәһарды
тозақтың отына шыжғыратыны аян.
Бір хадистен оқығаны бар-ды: «Жәннәт пен тозақ дәлел

келтіріп өзара үстемдік етуге кірісті, – дейді онда. Сонда тозақ:

– 316 –

– Мен сенен үстеммін, өйткені зорлықшылдар,

тәкәппарлар менде, – деп мақтанға көшеді.
Жәннәт оған қарсы шығады:

– Жоқ, олай емес, өйткені кішіпейілдер, мұсылмандар,

олардың сорлылары менде, – деп.
Араға Алла тағала кірігеді. Ол былай деп ана екеуін те-
жеген екен:

– Әй, жәннәт! Сен менің рахметімсің, қалағаныма сені­

мен мархамет етемін.

– Әй тозақ! Сен менің ғазабымсың, қалағаныма сенімен

ғазап етемін. Екеуіңді толтыру маған тән.»
Иә, осы хадистің шынайылығының өзі адамзатқа ой
салса кәні? Бәрі де бір Жаратқан иенің құзырындағы
жағдаяттар екенін мойындай білу де үлкен ерлікпен пара-

пар нәрсе. Тек, соған сана талқысы жетпейтіні өкінішті.
Ұят, ар деген ұғымдардың тасада қалып, ашкөздіктің
алға шығандап шығуына кейбіреулер уақытты кінәлауға
дайын. Ал, талқы сарабы тек өзінде жатқанын ондайлар

екшемейді. Міне, сор бастауын осы аралықтан іздегеннің
асығы алшысынан түсетіні айқын дүние.
Әй, бірақ... Пенде бар жерден береке іздеудің өзі
жалғандыққа қадам сияқты. Олай болса...

Қырдан төменге ылдилаған КамАЗ – дың жолын бөгей,
қиястай тоқтады. Жол апатын болдырмауды ойлаған жүк
көлігіндегілер де тежегішті жедел іске қосып, тастақ пен
резеңке дөңгелектің үйкелісі маңайға ащы дыбысын жайды.

Жүк көлігінің жүргізушісі серігімен бірге кабинадан
секіріп түсе бұған қарай ұмтылысты. Қолдарында белдік
темір бар, ауыздары боқтық сөзден босамауда.
Есенгелді мына қылыққа қыңбады, көгілдір куәлігін

алға тоса:

– Бұл жұмыс бабындағы тоқтату! – деді дауысын қатаң

естірте. Аналар жарға соғылған толқындай кілт кідірісті.

– Кешіріңдер, жігіттер, – деді және қарап тұрмай, –

Мен облыстық Ұлттық кауіпсіздік комитетінің төрағасы

– 317 – Есенгелді Әбілмазинұлы боламын. Бір жағдаймен өздеріңе келіп тұрмын. Айыпқа бұйырмағайсыңдар. Аналардың алғашқы арыны басылып, таулары шағыла құнжыңдасып қалысты: – Айтыңыз. – Құлағымыз сізде, – десті елпілдесе. – Айтсам, бізге сіздерден көмек қажет болып тұр. Болған істің несін жасырайын, кеше түн ортасында қылмыскерлер бір автобусты жолаушыларымен қоса кепілдікке алған. Әлгінде, жанар-жағармай бекетінде, сол автобустың жүргізушісі орайын тауып қашып кетті. Енді көлікке жүргізуші керек. Соған... Мынаны естігенде екеудің көзі атыздай болды. – Сонда автобусты біз айдауымыз керек пе? – Әлбетте. Басқа амалдың таусылғанынан осындай шешімге тәуелдіміз. – Атай көрмеңіз! – КамАЗ жүргізушісі қолын ербеңдете тұрып бұл сөзді кесіп айтты, – Менің өз отбасым, балашағам бар. Соларды ойламай отқа бас тығар жайым жоқ! Есенгелді оны қолдағандай басын изеді. – Сен дұрыс айтып тұрсың. Басқаның қайғысын несіне бөлісеміз, өз ошағымыздың амандығы қымбат әрқайсымызға. Бұл маған да таныс жай. Бірақ, сен жолда келесің, ошақ басында қалған әйел, балаңнан хабарың жоқ. Ал, олар осы сәтте бір пәлеге ұрынса не істер едің? – Құдай сақтасын! – Сақтамады дейік... – Жоқ, мені қинамаңыз, мен рульге отыра алмаймын... Есенгелдінің жаны жүдеді. «Біз осындаймыз, – деді ішінен күйіне, – Басқаға түсер салмақ бізден алыс тұрса сол құт. Міне, саған уақыт пәлсапасы...» Бірақ, мына жағдайда бұл пәлсапаның жігін бұзу керек болатын. Соны ойлап жүргізушіге қайтадан шүйлікті. – Әрине, сені мәжбүрлеуге маған құқық берілмеген. Әйткенмен, ойланғаның дұрыс сияқты. Әйелім бар, балам

– 318 –

бар дейсің. Ана автобустағы әйелдердің күйеуі жоқ па
екен, балалар тұл жетім бе? Олардың да күйеуі, олардың
да әкелері бар. Бірақ, олар қазір қайда? Уайымсыз,
қайғысыз жұмыстарын жасап, тіршілік қамымен жүрген

шығар бір қиырда, жолаушылап кеткен отбасым аман-сау
оралады деген үмітпен. Сөйткенде... Дәл осы жағдайдың
сенің басыңа түсуі мүмкін деп ойламайсың ба?

– Оны түскен уақытында көре жатармыз. Ал, қазір мені

қинамаңыз.
Есенгелдінің қаны басына тепті. Ақсары жүзіне қызыл
ойнап шыға, қабағы жауар бұлттай қабарып қоя берді.
Ол алдында тұрған жанды жерден алып, жерге салмаққа

оқталғанымен, әбестікке жол бермей, райынан тез қайтты.
Сол екі арада екінші жолаушыға тіл бітті:

– Сіз айып ете көрмеңіз, егер рульге мен отырсам

қайтеді? Қысылғанда бірімізге-біріміз қол ұшын созбасақ
адамдығымыз қайсы!? Оның үстіне, дәл мына жағдайда
шегінерге жер тапай келгеніңізді түсінемін. Мен бойдақ
жанмын. Артымнан алаңдайтын біреу табылғанша

алаңғасарлана тұрсам айыбы болмас. Солай емес пе, Ваня
ағай? – деп ол серіктесіне жымия қарады.

– Өй, сен де...

Егделеу жүргізуші қапалана жерге шырт түкірді. Ал,
жастауы енді езуін кере ыржиды.

– Біздің Ваня ағай жолға шықса Валя жеңгемізді

сағынумен уақытын өткізеді. Махаббаттары солай.
Сондықтан, бұл кісіні қинамаңыз, бағытынан жаңылмай
кете берсін, автобусты мен айдайын. Қылмыскерлер
де мен сияқты адамдар шығар, бәлкім тіл табысып та

кетерміз...
Ол қуақылана көзін қысып қойды. Мынаны естігенде
егделеуі барқ етті:

– Әй, арт өзіңдікі болса қыссаңшы, шырағым! Әке-

шешеңе мен не айтпақпын? Балаларыңды отқа лақтырып
кеттім деймін бе?! Әлде одан-бұдан құрастырылған

– 319 –

өтірікті суша сапырамын ба? Бүйтіп үлкендерді алдауға
қалай дәтім барады?

– Сіз ол кісілерді алдамаңыз, жөнін айтыңыз. Мысалға,

алаңғасар неме алаөкпе боп қыз қуып жүрген шығар дей
салыңыз. Қисынға сиятыны осы сылтау.

– Саған сірә да мый бітпес...

Сөз тәмәмдалып, іс тынған шамада салонға өтіп екеуа-
ра әңгімеге және тиек тақты. Бастаған жас жігіт:

– Сіз мені көп сөйлейтін көкемылжың деп ойлап

қалмаңыз. Үнемі алыс жолдамыз. Іш пысады. Сонда Ваня
ағайды сөзбен қажау дағдыға айналып кеткен ғой, – деді
ол ақталғандай.
Есенгелдіге мына жүргізушінің ақкөңілдігі ұнады. Ау-

зын ашса көмекейі көрінетіннің нағыз өзі екен.

– Қылмыскерлер күнде көріп жүрген Ваня ағайың емес,

сондықтан сақ болғайсың, – деді сонсын жас серігіне
ескерте, – Ең бастысы аналарға қарсылық танытпа, не
айтса да орындаған бол. Өзің шахмат ойнаушы ма едің?

– Ептеп.

– Онда бір-екі жүрісіңді алдын-ала болжап отырсаң

артықтық етпейді. Солай ма?

– Оған сөз бар ма!

– Мына жағдайда да соны есіңнен шығармағайсың.

– Сізді түсіндім, аға.

– Сонсын, жалғызбын деп ешқашанда қапаланба.

Қорғаның көп. Шөп те, жел де сен жағында. Қажет
кезінде сол шөп қияққа, сол жел бұрқаққа айналады. Осы-
ны есіңнен шығармағайсың. Келістік пе?

– Келісемін.

– Және айтарым: бір қылмыскер үнемі сенің желке

тұсыңда тұрады. Ал, екіншінің орынын, мүмкіндігің келіп
жатса, сен хабарлайсың.

– Қалай хабарламақпын. Аналар мені босатпайды ғой...

– Мұның ешқандай қиындығы жоқ, межелі тұста жол

жөндеушілерінің сары кеудешесін киген жұмыскерлерді

– 320 – көрсең оң немесе сол жақ бұрылыс шамын жағасың. Ол неше рет жанса тура сол қатарда, салонның жарық нұсқаған бетінде екінші қылмыскер бар деп ойлаймыз. Ұқтың ба? – Ұқтым. Бұл оңай шаруа екен. – Онда ендігі әңгіме кейінге қалсын. Ал, бауырым, аман-сау кездесуге жазсын! – Иә, есен-саулыққа ештеңе жетпейді. Екеуі бұдан әріде тіл қатыса алмады. Жас жігітке ойдажоқта ауыр салмақ салғанын Есенгелді ұқса, жүргізуші жігіт те жауапкершілік жүгін арқалағанын түсіне түйіле бастаған-ды. *** Алексей қағылез жігіт. Бойы ортадан сәл жоғары ғана. Қатарластарының арасынан көзге түсер ешқандай ерекшелігі байқалмайды. Кәдімгі тіршілік қамына бой ұрған бозбала. Кәсібіне ден қойып, соның ыңғайымен жүрген жан. Қылтың-сылтыңға жоқ. Тек деревнядағы той-томалақ, думандарда ес-түсі қалмай билейтіні айналасына аян-ды. Кейіннен немере ағасының ақылымен қалаға келіп, Иванның жанына жүргізуші болып орналасты. Екеуі алыс жолда апталап кіре тартады. Үйге оралғанында өзгелер сияқты және қылтың-сылтыңға үйірлігі жоқ, жазда баубақша қамымен күйбеңін жалғастырса, қыста жеңгесіне көмектесе шаруашылық жағдайына қолғабыс тигізумен уақытын өткізеді. Уақыт деген уақыт та бұларда там-тұм. «Әйда, шап», деген бұйрық түссе айыл-тұрмандарын тартып, құйысқандарын көтере жөнеп береді. Содан жүргендері бірде еуропа, енді бірде азияны айналып. Бүгін де шекарадан шекара асып, енді Қызылордадан жүк ала еліне қайтуға ниетті-тұғын. Амал нешік, мына

– 321 –

жағдайға тап болып отыр. Ештеңе етпес, бәрі ойдағыдай
шешілсе Ваня ағайына ертең кездесіп, сонсын сапарла-
рын жалғастыра береді де.
Жол үстілік өмір адамды өз қағидаларына бас игізеді

екен. Шексіз-шетсіз дала, бірінің етегін екіншісі баса ұзап
кететін қыраттар мен жондар, алды-артыңды ораған мұнар
да мұнар табиғат санаңды ұшы-қиырсыздыққа бағындырып,
өзгеше әлемге жетелеп әкететіні ғажап-ақ. Ол – түгесілмес

ой әлемі. Сен жолға шыққаныңда үнемі ой үстінде отырасың.
Өткен мен кеткен өз алдына, болашақ мұғдарын шиырлай
бастағаныңда не бір тәтті қиялдар өн-бойыңды еңсеріп,
тіл үйірер тәттіліктер жан-дүниеңді жаулап алғанда соның

дәміне тамсаныс танытудың шекерлігін айтып тіл жеткізе ал-
мас. Мұны кейбіреулер жәй ғана қиял деп мән беруден аулақ.
Әйткенмен, сол түсінік емес пе адамды ғажайыптар шеруіне
бастап, ғажайыптар құпиясына тәнтілік құлпын ашатын?

Ендеше одан қашқақтаудың мүлдем реті жоқ. Керісінше,
адамзат баласы қияли ғұмырын қиял суреттерімен көмкерсе
ғана дегеніне жетуге жол ашуға мұрсат таппақ. Олай болаты-
ны, барды қанағат етумен қатар, жоққа жүйрік қосу арқылы

болар мен болмастың арасын жалғауға мүмкіндік тапқан
жан нағыз бақытты жан.
Мүмкін, басқалар басқаша түйінге байлаулы шығар,
ал Алексей өз қорытпасын өзгертуге мүлдем құлықсыз.

Өзгертпейді де. Өйткені, тұрақсыздық жігіттігіне сын деп
есептейді.
Мына жағдайда да ол генералдың шеніне қарап шекесін
қыздырмады, ана автобус ішіндегі әйел-балалардың

тағдырына уайым жасап, қариялардың қапастағы қалпын
көз алдына келтіре, оларға қол ұшын созуға деген ниет
салдары көзсіздікке бастаған. Бұл да жігіттік намыстан
туған кеудемсоқтық болатын. Тек, артының қайырын бер-

гей!
Иә, өмір дегенің жайшылықтағы жарық күн мен қара
түннің кезек алысар қайырмасы емес, кездейсоқтықтар

– 322 –

алаңының алқақотаны екенін әркім түсінгені абзал.
Бүгінгінің ертеңдері қайталанбайтыны, ертеңгінің арғы
күнмен ұқсаспайтыны соның салдарынан. Ендеше, қарама-
қайшылықтар аласапыранында арпалысқан тірі пенденің

екінші пендеге деген жанашырлығы қалыптаспайынша,
бірдің екіншіге деген мейірі мәйегі еркін жайылмайын-
ша тіршілік өз мәнін жоғалтары даусыз. Нартәуекелге
бастаған осы пайым.

Алексей көлікке жақындағанында, ашыла қалған
есіктен ішке көз тастай беріп, арғы жақтан қара көрсеткен
түпсіз тұңғиық шамырқана тарта жөнелетіндей бойын
бір сезім буып алғанын байқады. Бірақ, ол қорқыныш па,

әлде басқа түйсік пе, ұғынып үлгере алмады. Шешінген
судан тайынбастың керін келтіре автобус баспалдағына
аяғын қойды.
Сол екі арада шеке тұсына кезелген пистолетті байқады.

Пистолет ұңғысы мен шүріппеге жанасқан саусақтар ғана
көрінеді. Адамы тасада сияқты.
Өн-бойын суық қарып өтті. Не әрі қарай өтерін, не
кейін шегінерін білмей дал болған шағында тығырықтан

шығарған және адам дауысы:

– Бол! – деп бұйырды өктем үн, – Тез өт!

Бағыныштылықпен ішке кіргенінде артынан есік сарт
жабылды.

– Сен кімсің?! – деді өктем үн жер астынан шыққандай

тағы қайталанып.

– Алексеймін. Дәлін айтсам – Алексей Николаевич де-

ген азамат боламын.

– Қайдансың? Осы жерден боламысың?

– Жоқ. Біз Ресейденбіз. Оның Самара деп аталатын

жағының тумасымыз.

– Самарадан болсаң мұнда неғып қаңғып жүрсің? Ит

өлген жерден не алайын деп едің?

– Қаңғып жүрген жоқпын, жұмыс бабында Тәжікстаннан

келемін. Елге бет алған шама. Біз жүк тасимыз.

– 323 –

– Ә, алыстан арбалайтын сабаз екенсің ғой?

– Иә, шекарадан шекара асып жүре береміз. Еуропа

мен азияның бізге әр тасы таныс.

– Онда жарадың!..

Не үшін жарағанын түсіне алмады. Сөйткенмен,
алғашқыдай емес, айналаға көзін де, бойын да үйрете ба-
стады. Сұрақ беруші шәлісі бір жағына ысырыла, шашы
қобдырап кеткен әйел тасасына жасырынған бойшаң жігіт

екен. Ол пистолетінің ұңғысын түсірместен жанарын
бұдан айырмады. Тәрізі тағы сұрақ бермек ойда-ау.
Түйсігі алдамады, арт жақ орындықтар тасасынан бой
көрсеткен екінші жан «бәрі ойдағыдай» деп міңгірлегенде

жалбырақ шашты әйелді былай ысырып тастап, енді
еркінсіп қоя берді.

– Сен қайда келгеніңді білемісің?

– Білгенде не істемекпін... Маған бәрібір...

– Мұны қалай түсінбекпіз? Мынаның есі дұрыс па өзі?..

– Есім дұрыс болмаса мені рульге отырғыза ма...

Сөзімді қалай түсінсең олай түсін. Әйткенмен, мынаған
назар аудар: егер келмесем аналар қадам бастыра ма? Ба-
стырмайды. Ит сілікпемді шығарады. Бүкіл Қазақстан
аумағында көзге шыққан сүйел болатыным даусыз. Ал,

келсем... сендердің кепілдіктеріңе түсемін. Анда анадай,
мында мынадай – айырма жоқ қой.
Сөзі анаған әсер еткендей.

– Да-а... – деді қылмыскер сәл езу тарта, – Сендерге де

оңай емесін естігенмін, білемін де. Қит етсеңдер қылпып
түседі, иттің ғана балалары!.. Өңештері өңешке ұқсамайды,
апан дерсің. Жарайды, ендігі тағдырымыз ұқсастау.
Ештеңе етпейді, айтқанымызды орындасаң, бөтен пиғыл

танытпасаң сен де, біз де бостандыққа шығамыз. Басқаша
жағдайда... бір оқ жалынсын. Ұққан шығарсың?

– Ұқпайтын кеще жоқ бұл арада.

– Кеще емес екеніңді байқадым. Тағы айтарым, өзіңді-

өзің жақсы ұстасаң еңбегіңді жемейміз. Он мың доллар

– 324 –

ақшаны қолыңа ұстатамыз. Мұндай қаржыны сен екі-үш
ай тірнектенсең таба алмайсың.
Алексей ештеңені түсінбегендей аңтарыла қарағанда
пистолет кезенген қарқылдай күлді.

– Сен... сен сенбей тұрған сияқтысың, ә? Әлі сенесің.

Көкпеңбек, су жаңа долларлар қолыңа тигенде бізге
жолықтырған тағдырыңа рахметіңді айтасың.
Әңгімеге екіншісі килікті:

– Сонда бұған не үшін он мың береміз? Тарс еткізсек

болмас па?!
Қару кезенген ыржиды.

– Тегін келген ақшаны аяймыз ба!.. Бұл бейшара да

жарып жүрсін. Оның үстіне... қанжығасы майланатынын
білсе бар ынта-шынтасымен жұмыс істейтіні сөзсіз. Со-
лай емес пе, жерлес?
Алексей жауап қатпаған еді, анау үнсіздікті келіскенге

балап бұйрығын жеткізді:

– Ендеше жұмысыңа кіріс. Әуелі бәкке бензин толтыр.

Ешкімге сенбе, бәрін өзің тындыр. Біреу-міреу дыбыс
салса қайырылма. Келістік пе?

– Жақсы, – деді жүргізуші міңгірлей, – Бензин құю

таңсық іс емес. Басқа не істемекпін?

– Басқасын келген соң талқылай жатармыз. Бар енді!

Уақыт ұттырмайық!
Жұмысын тиянақтап қайта оралғанында іштегілер сен-
се керек, онша қаһарланбай қарсылады.
Салондағыларды

жанарымен
сүзе
келе
Алексей

мұндағылардың қорқыныштан әбден қажығандарын аңдады.
Үрей бойларын билегені соншалық, олар тіпті көздерін
жерден көтеруге қауқарсыз жағдайда. Араларында соққы
көргендері де бар екен. Бірақ, олар жақ ашуға батпастан, жа-

раларын алақандарымен басқан күйде тымырайып қалған.

– Ал, бастық, енді қандай бұйрық? – деп сұрады рульге

жетіп, автобусқа от алдырғанда Алексей қылмыскерлерді
жорта өзімсіне.

– 325 –

Мына сөзге салонды билеген екеу миықтарынан
күлісті.

– Бастыққа бағынып қалған пенде екенсің. Оныңа

қосыламыз. Өйткені, бастықсыз адамның күні қараң. Бұл
түсінігіңе рахмет. Ал, онда тартайық. Ескертерім: жол-
да ештеңеге алаңдамайсың. Жол ережелерін сақтау не
сақтамау басқалардың еншісінде. Саған әрқашан көк шам

жарығы серік. Білдің бе?
Мұны айтқан пистолет кезенуші. Соған қарағанда
екіншіден де мұның мысы басым сияқты.

– Ұқтым, бастық.

– Ұқсаң жолың болсын!

Автобус іші қаракөлеңке. Қапталдағы терезелерді бы-
лай қойғанда алдыңғы оң жақтағы әйнек те жабумен жа-
уып тасталған. Мына бетінде көлік автобустан гөрі аузы-
басы тұмшаланған танкке көбірек ұқсайды.

Бір жақсысы салондағы айна беті ашық екен. Одан арт
жақты шолуға толық мүмкіндік бар. Шолды да. Шашы
жалбыраған әйелдің жанына баласы ма, басқа ма, әйтеуір
бір жасөспірім жайғасыпты. Олардың екінші бетіндегі

қатарына жасамыс адам тізе бүккен. Бір қызығы, жастар
жоқтың қасы. Кілең орта жастағылар мен әйел, балаларды
арнайы тоғытып алғандай.
Осыны ішке түйген Алексей енді қылмыскерлерді іздей

бастады. Іздеді деген аты ғана. Әйтпесе бірінің әу бастан
мұның желке тұсына жайғасқанын байқаған. Ал, екіншісі
одан аулақ кетпепті, қарт адамның дәл алдындағы теріс
қараған орындыққа құйрық басқан. Ол шаршаған ба,

автобус шайқалысының әсерінен қалғи бастаған пішін
байқатады. Оны бірде оңға, бірде солға қисайған басы
аңғартады.
Қара жолға түскенде желкедегіге қайта тіл бітті:

– Әй, – деді ол алғашқы сөзін серігіне бағыштап, –

Ұшаққа мінгенде әкеңді ұйқы өлтіргендей ұйықтайсың
әлі. Қазір қалғыма, сақ отыр!

– 326 – Анау керіле есінеп барып әлдене айтуға оқталғанында, оны тыңдамастан салондағыларға қайырылды: – Сендер де абыройы ашылмаған қыздардай қыртиюды доғарыңдар! Мен айттым, болды: аман-есен ұшаққа мінсек бәріңді жөндеріңе жіберемін. Маған сендер емес, бостандық қымбат! Түсіндіңдер ме?! Отырғандар үнсіз қалып еді шыбын шаққан құрлы көрмеді, сөзін әрі қарай жалғап әкетті: – Ал, өздеріңше бір әрекет ойласаңдар жақсылықтан үміттеріңді үзіңдер. Бәріңді жайрата саламыз! Өйткені, бізге бәрібір. Біз өліп қалған жандармыз! Ұқтыңдар ма?! Тағы жауап күтпеді. – Әрине, ұқтыңдар. Жан қымбат болса ұғасыңдар. Енді ызыңдарыңды естімейік! – деді жылан сияқты ысылдай. Бұдан кейін онсыз да тыныш тұрған салон іші одан әрмен тыныштыққа оранды. Ұнжырғалары онсыз да түсіп кеткендер мойындарын ішке тығыса шөже торғайдай бүрісе қалысты. *** – Бүркіт, мен лашынмын. Естіп тұрсың ба? – Құлағым сенде, лашын. – Енді біз алға озамыз. Қалған ықтияр сенің қолыңда. Ешқандай тосындықсыз әуежайға жетуге жазсын! – Тосындықты болдырмауға тырысамыз. – Онда әуежайда күтеміз. Есіңде болсын, оған баратын айналма жолға түсесің. Бұл жолда қозғалыс аздау. Қауіпсіздікке кепіл. – Жақсы, бәрін түсіндім. – Түсінсең кездескенше! – Кездескенше! Қос жеңіл көлік бір таса тұста ешкімге байқатпай оңға бұрылды да, тақтайдай дала жолымен ызғыта жө­ нелді.

– 327 –

Былай ұзап шыға машинада отырғандар өзара тілге
келісті. Талқылағандары қылмыскерлердің талабы. Сөзді
бастаған Леонид Сергеевич.

– Есенгелді Әбілмазинұлы, сіз қалай ойлайсыз,

аналардың шарты біздің әрекет-амалымыздың ырғағына
өзгеріс енгізетін сияқты ма? – деді ол артқы орындықтан
алға қарай ұмсына.
Есенгелді ошарыла кері бұрылды.

– Кепілдіктегілердің ұшақ ішіне өтетіні туралы айтқан

ойыңыз ба бұл?

– Әлбетте, сол мәселені қозғағаным.

– Иә, осы талап көп дүниені қайта сараптан өткізуімізді

сұранады. Біз енді ұшақ ішінде әрекет ете алмаймыз.
Сондықтан бар күшті сыртқа салғанымыз жөн бе деп ой-
лаймын.

– Менімше ең дұрыс шешім осы. Өйткені, ұшақ ішінде

әрекет жасау өзіңді-өзің тар қапасқа қамаумен бірдей
нәрсе. Ал, кеңдік болмаған жерде керіліп-созылуға ая жоқ.
Сондықтан не де болса сыртта қимылдап қалған ләзім.

– Негізінен осы жағдайға көп көңіл аударатынымыз

анық. Оны әуежайға жеткен соң «Альфа» жетекшісімен
тағы бір рет талқыға салайық.

– Әлбетте, халық арасында «он ойланып бір пішкен тон

келте болмас» деген сөз жайдан-жай айтыла салмаған ғой.
Деуін дегенмен екеуі де іштей амал тетігін сараптап
мазасызданады. Өйткені біледі, сыртта отырып болжам
жасау ең оңай шаруа. Жеме-жемде бәрінің аяқ астынан

өзгеріп шыға келуі әбден мүмкін. Тіпті, мүлдем мыйға
кірмеген әрекеттердің санатқа шығуы ықтимал. Міне, сон-
да әрі-сәрілік шеңберінде бұлқынбас үшін ойланғанның,
көп болып пікір алмасқанның ешқандай артықтығы жоқ.

Байланыс тетігінің тұтқасын ұстаған қызметкердің ауы-
зында дамыл жоқ. Ол біресе жолдағылармен, біресе жоғарғы
жақпен хабарласып әлек. Жолдағылардың сапары ың-
шыңсыз өтуде екен. Ал, жоғарғы жақтың дігірі басым. Құдды,

– 328 –

мына операцияның тезірек өтуіне жергілікті жердегі өкілдер
қолбайлау жасап жатқандай қайта-қайта тықақтай береді.

– Бұл біздің үйреншікті амалымыз, – деді Леонид Сер-

геевич мына жағдайда машинада отырғандардың көңілін
аулай, – Жоғарғының да жоғарғысы бар екенін әсте естен
шығармаңыздар. Солардың ыңғайымен әйтеуір мәліметті
көбейтудің әрекетін қарастыра береміз. Әйтпесе, іс бары-

сын аңдамайтын ақымақтар отырған жоқ, тұтқа иелігінде.
Ол үшін айып етпегейсіздер...

– Е, бұл бәріміздің басымызда бар жағдай ғой. Оны

түсініп бағамыз.
Облыс прокуроры жымиып қойды.

– Онсыз іс біте ме? Үнсіздік үлкендерге жақпайтын

айла.
Мұны айтқан Бас прокуратура өкілі.

– Мына оқиға кімнің басын қатырмаған. Сол қатқан

бастың тоңын жібіту оңай емес шығар. Ештеңе етпес,
жылымыққа да жетерміз.
Есенгелді де бір сәт әзілге ат қосты.
Өмір дегенің осылай – біреуге мал қайғы болса, енді

біреуге жан қайғы. Сол екі қайғының арасында қайнаған
тірлік қан базарын жайып жатады. Уақыт дөңгелегі
«анаған анау, мынаған мынау керек екен-ау» деп мұндайда
алқынысын баспақ емес. Баспақ тұрмақ өз айналысын

жылдамдатқан үстіне жылдамдатып, тіршілік дегенің
кесір мен кесапат жарын жағалатар ақпа өзеннің арыны
ғана екенін көзге шұқи көрсетуден айнымайды. Бірақ дәл
осыны білген біледі, ұққан ұға алады. Қалған тобыр топ-

шысынан томырылып, тұрымтай тұсында тыпыр тірліктің
тынысын қайырумен уақытын өтізуге ғана қауқарлы.
Сөйте тұра, екінші топтағылар, болашақтан енші алмаққа
ентелеуін және толастатпайды. Ерте мен кештің кім-кімге

де ермек екенінің айғағы.
Иә, жалғанның жарығы – жасырынбақ ойнар ойын ала­
ңына ұқсайды. Мұнда жолы болғыштар мен айлалылардың

– 329 – қашанда асығы алшысынан түсуге бейім. Еңкуден екіндіге шейін екпіндесең екіұштылық санаңа дамыл таптырмайтыны осының салдарынан. Сондықтан құмайлықтың кейде түлкі бұлаңға жол беріп тұратынына қайран қалудың қажеті жоқ сияқты. Тек... Бір күн ауа жұтсаң ауан салдарынан сандырақтамағаның да жақсы-ау... *** Шешуші сәттің жақындағанын сездіргендей әуежай маңында қарбалас күшейді. Асыға басқандар, ебіл-дебіл жүгіргендер қарасы әп-сәтте молайып, жайшылықтағы бейбіт тірлік жұқанасының осы шамадан бастап жоғалатынын жария етіп тұрғандай әсер берді, сырттан бақылаушылар тобына. Шынында да ендігі жерде сәттілік пен сәтсіздіктің нағыз жаналыс-жанберіс арпалысы қанатын жаюға шақ қалған. Шыдам мен ширығыстың таразыға түсер нағыз сағаты соққанын кепілдіктегі автобусты күткен барлық адамдар түсінген. Байланыс құралдарында да дамыл жоқ еді. Біресе жоғарыдан, біресе төменнен түскен нұсқаулар мен бұйрықтардан мый сарсыған. Бірде тәтті, бірде қатты сөйлегендердің дауыс ырғағынан қобалжушылықтың табын тану қиын емес-ті. Бірақ, олардың қай-қайсынан да шарасыздықтың шарапаты есетінін бас нүктеге орналасқандар іштей шамалап тұрған. Қарбалас ұзаққа созылған жоқ. Бас-аяғы оншақты минут мұғдарында айналадағы абыр-сабыр кілт тыйылып, әуежай ғимаратының алдына құшақтасқан, қолтықтасқан қыз-жігіттер пайда бола қалды. Олар ештеңеден хабарсыз жағдайда емін-еркін қыдырыстап, кейбіреуі тал тасаларына жасырына жастық ынтызарлық ауанына жол берген. Тек жастар ғана ма, әредік тұстан дорба арқалаған шалшауан, кемпір-семпірлер де қара көрсетіп қояды. Құдды, күнделікті көз үйренген көріністер.

– 330 – – Сәтті қойылым, – деді мынаны көргенде Леонид Сергеевич өз-өзінен мағұрлана. – Сөз жоқ, нағыз спектакль! – деп оны Бас прокуратура өкілі де қолдап жатыр. Мынаны естігенде Есенгелді қабағын керді. – Бұл анық спектакльдің басы ғана ғой, енді жалғасына сәттілік тілейік! Осы кезде маңайдағылар бірауыздылық таныта: – Иә, сәт! – Жақсылыққа жазғай! – Жаратқанның өзі қолдасын! – десті генералдың шашбауын көтере. Біле-білгенге бұл Есенгелдіні ғана қолдаған тілектер емес еді, жалпы операцияның шып-шырғасыз өтуіне бағышталған ниет-ті. Мұны бәрі түсінді. Түсінді де белгісіздік аламанына аттарын қоса әркім өз ойымен өзі әлек болып кетті. Байланыс құралында әлі дамыл жоқ. Біресе оң қапталдағы, біресе сол қапталдағы байланысшы әлдекімдерге түсінік жасап әлек. – Лашын, мен бүркітпін, жауап бер. Жиналғандар елең етісті. – Лашын тыңдап тұр. – Біз әуежайға жетіп қалдық. Ғимаратты көріп келеміз. – Көрсеңдер сол қапталдағы қоршаудан өтесіңдер. Қақпа ашық. Соған жетсеңдер ұшу алаңының шет тұсында жеке тұрған ТУ – 154 ұшағын байқайсыңдар. Бетті солай қарай түзегендерің жөн. – Лашын, сені түсіндім. – Сонсын... Қақпадан өте бере жылдамдықты күрт түсіресіңдер. – Ұқтым, лашын! Жылдамдық көрсеткішін жиырмадан асырмаймыз. – Өздерің де қандай жағдайда әрекетке араласуға дайын болыңдар!

– 331 –

– Оған сөз бар ма!

– Ендеше, көріскенше!

– Ләйім, жақсылыққа бастағай!

«Набат» деген атауға ие болған операцияның қақпа
маңында өтетінін жиналғандардың бірі білсе, екіншісінің
білмегенінде талас жоқ. Мұны үшеуара талқы барысында
Есенгелді, Леонид Сергеевич және «Альфа» тобының бас-

шысы өзара шешкен. Басталар әрекеттің тосындығының
өзі сонда – бұл жер ашық алаңқайға келеді. Жақын
маңдағы таса боларлық қабырғаға, үйшіктерге шейін
қырық-елу қадамдай жер бар. Ендеше, қылмыскерлердің

күдік алу қаупі сейілетініне ұйымдастырушылар сенімді.
Шынтуайтына жүгінсе, күдікке ешқандай негіз жоқ.
Жуыр маң алақандағыдай анық. Дәл қарсыда күнмен
шағылыса жарқырап, көз жауын алар ұшақ күтіп тұр.

Ынтаның соған ауатыны сөзсіз. Көптен армандаған,
қылмыскерлердің қиялына айналған ТУ – 154 енді сәлден
соң оларды бостандыққа ала ұшпақшы. Көк жүзіне
көтеріліп алған соң аналардың артына күле, тіпті мазақтай

қарайтынына шәк келтірудің өзі күнә.
Иә, енді шамалы минуттардан кейін сеңдей соғылысқан
ой ағыны толастап, қырбың тірлік қырын сындыратыны-
на сенбеу мүмкін емес.

Қылмыскерлердің көңілінде бір әттеген-айдың қыж-
қыж қайнап шекара асатынына да иланыңыз. Тәуелсіз
елміз деп кеуде керген осынау байтақ жердің қоқыстан
тазармауы, оған жұрттың көз жұма қарауы өкінішке

өзек жалғайтыны аян. Басқасы басқа, әуежай ауласын
тазалауға шамасы жетпегендерден не сұрамақсың?! Әй-
әй, қырсыздық-ай!..
Әр-әр тұсқа үйілген қоқыс қалдықтары шынында

да көзге қораштық ұялатады. Мынадай жағдайға жол
берген әуежай басшыларын жұмыстан шығарып таста-
са обал емес. Пендеміз ғой, алқам-салқам тірлікке бой
үйретеміз де, артынан соны қанға сіңіріп, бойкүйездіктен

– 332 – арылуға шамамыз жетпей жатады. Мынау соның айнадай қайталанбасы сияқты... – Лашын, мен бүркітпін... – Айта бер, айта бер, құлағым сенде! – Біз қақпаға жақындадық. Жылдамдықты барынша азайтуға ден қоюдамыз, – Жақсы! Күтіп тұрмыз! Мынаны естігенде «Альфа» тобының басшысы Бас прокуратура өкіліне жанар аударды. Шабуылға рұқсат сұрағаны. Қанша айтқанмен қазір қару қолданылады. Ал, оны қолдану заңдылығына прокуратура тарапынан келісім ауадай қажет. Бірақ, Бас прокуратура өкілі өз-өзінен мазасыздана тершіген майлы бетін сүртіне берді. Оның батыл шешімнен қашқақтағанын түсінген Леонид Сергеевич Есенгелдіге жүзін бұрды. – Есенгелді Әбілмазинұлы, оқиға Шымкент аумағында болып жатқанын естен шығармағайсыз. Олай болса, облыстық прокурор жаныңызда тұрған жоқ па! Сол кісінің келісіміне құлақ түрсеңіз жетеді. Мынаны естігенде облыс прокуроры саспады. – Бастан құлақ садақа! – деді сәл жымиып, – Айтқаным айтқан, қандай жағдайда да мен сіздерді қолдауға уәде етемін! Артынан қандай салмақты да көтеріп алуға дайын екенімді мәлімдеймін! «Альфа» басшысы байланыс қондырғысы арқылы әркім-әркімге бұйрық беріп жатқанда демдерін ішке тартқан бақылаушылар алға телмірген қалыптарында тас болып қатып қалғандай еді. *** Нағыз сын сағатының соққаны анық. Міне, алды-артын жол сақшылары мінген машиналар қаумалаған автобус әуежай ауласын қоршаған темір

– 333 –

шарбақтың қақпасына да келіп жетті. Жүрістері кірбің.
Дабыл қаққыш қондырғыларының тілі байланып қалған.

– Бастаймыз ба? – деп пысықтады «Альфа» басшысы

Есенгелдіге мойнын бұра.

– Бастайық!

– Онда кірістік!

Топ басшысы өзінің жақ тұсына бекітілген қондырғыға
бұйрық түсірді:

– Қырандар! Нөмірі бірінші дайындық! Кері сандық

әрекет! Үш!..
Айқайлаған жоқ, жәй сыбырлай салды. Сонсын алға
еміне демін ішіне тартты.
Автобус ырғалып келеді. Әлде тұрғандарға солай

көрінді ме, әйтеуір шабандық сабырға ши жүгірткендей.
Мына қалпында көз алдындағы көрініс өтіп болмастай.
Көлік қақпадан өтті. Тырс еткен бөтен дыбыс
байқалмады. Тіпті, көңілді селт еткізер бөгде бір ерекшелік

айналадан нышан салса-шы. Жоқ, әлем тас болып қатып
қалғанға ұқсайды.
Бақылаушылар тықырши бастады. Әсіресе, негізгі
жоспардан хабарсыз тұрғандар беймәлімдік апанын-

да тызақтап тағат табар емес. Олар үшін болардың бол-
май жатқаны бүткіл жұмыстың зая кеткенімен пара-пар
тірлікке тең келеді.

– Екі!..

Автобус тағы оншақты қадам тұсты артқа қалдырды.
Әлі еш әрекеттің салдары ұшық берер емес. Сонда, «ба-
стаймыз» дегендері бекершілік болғаны ма? Солай-ау, ша-
масы. Түсінген жанға мына жалғанның жарығындағының

бәрі бекершілік болар-ау...
Адамға бір нәрсені күту азабынан асқан азап жоқ шығар,
сірә да. Жаның нешеме құбылыс толқынын өткереді
мұндайда. Тіпті, үміт пен күдік арпалысының астында омы-

рылып кетуге шақ қалатының аян. Бірақ, омырылмайсың.
Өйткені, адами болмыстың азаби тағдырға тәуелділігі сені

– 334 –

сынып түсуден сақтап қалады. Тек, шытынап шығасың мы-
надай салмақтан. Жүрегіңе сызат түсіретінің тағы бар. Сол
сызат жарықшаққа айналмасын деп тіле.

– Бір!..

Уақыт тоқтап қалғандай. Жайшылықта сырт-сырт етіп
айналып дамыл таппайтын секунд тілі табандап жатып
алғанға ұқсайды. Табандағаны сол емес пе – қиястық
қағидасына бағыныштылықпен қозғалысқа қарсы, жа-

тып алғаны сол емес пе – өтпейді-ау, өтпейді. Тіпті, сәл
алға басуға емеурін танытса-шы. Жоқ, зіл батпан астында
бастығырылып қалғандай.
Тек, бір шамада...

– Ноль! Кеттік!!! – деген болмашы дыбыс тыныштықты

шайқап өтті.
Басшының қысқа емеурінінен соң аулада елеусіз
тұрған қар тазалағыш машинаға жан біткендей орнынан
жедел қозғалып, автобусты соққан сәтте бірінің соңын

бірі алған үш жарылыс маңайды дүр сілкіндіріп қоя берді.
Осы дүмпуден дүние дүрлігіп, тіпті шашылған қоқыс
қалдықтарына жан біткендей олар да жыбырлап кетті.
Сөйтсе... Бұлар жәй шашыла салған қоқыс қалдығы емес,

адамдар жасырынар таса екен ғой! Ана сұмдыққа назар
аударыңыз: қоқыс астынан сарбаздар автобусқа қарай
атылып жатыр! Тіпті толастар түрі байқалмайды.
Дүние теңселіп кеткендей. Аспан асты астаң-кестең.

Алда не болып, не қойып жатқанын адам түсінбейді.
Әйтеуір, бір жойқын ширатылыс бар маңайда.
Көрініс ұзаққа созылған жоқ. Шытынай сынған
әйнектер мен төрт-бес мәрте атылған мылтық дауысы сап

басылған шамада қоқыс арқалаған сарбаздар енді автобу-
стан адамдарды демеп шығара бастады. Демеді деген жай
сөз, көтеріп алып шығып жатыр. Кепілде болғандарда өң-
түс жоқ. Бәрін де тірі өлік дерсің.

Олар жерге табандары тигенде ғана жедел жеткен
дәрігерлердің көмегімен өз-өздеріне келгендей біреуі

– 335 –

ыңырсып, енді біреуі дауыс қоя жылауға көшті. Зарлары
сай-сүйегіңді сырқыратады.

– Қылмыскерлердің көзі жойылды! – деп есеп берді

шабуылға қатысқандардың жетекшісі операцияға жауап-
ты адамдарға.

– Шығын көлемі қанша?!

– Кепілде болған адамдар арасынан шығын жоқ. Тек,

жүргізуші мен бір қартаң адам болымсыз жарақат алды.
Ал, екі қылмыскердің екеуі де залалсыздандырылды.

– Рахмет, қырандарым!

– Қазақстан Республикасына қызмет етеміз!

Есенгелді жанарын аудара беріп жүргізуші Алексейдің
автобус алдын орай бергенін байқады. Шыдамады, құстай
ұшып қасына жетті.

– Айналайын-ай, аманбысың?

– Е, мені жау алады деп пе едіңіз? Дін аманмын. Тек,

мына жеріме сызат түсіріп алдым-ау деймін.
Ыржиып тұр. Оның сұқ саусағы нұсқаған тұсқа қарай
беріп Алексейдің шеке тұсынан алған жарақат салдарын
көрді. Оқ самайды жалап өткенге ұқсайды.

– Ештеңе етпейді, үйлену тойына шейін жазылып

кетеді, – деді жүргізуші қолымен жарақатын сипап
қойып.

– Әрине, жазылады. Сол тойда, шақырсаң, дәл төрде

мен отыратын боламын. Келістік пе?

– Генералдың отыруы маған да мәртебе. Ендеше неге

шақырмасқа!
Алексей әлдеқандай сарбаздың нұсқауымен дәрігерлер
тұрған
жаққа

қарай
беттей
бергенде
Есенгелдіні

әлдеқандай таңсықтық жеңіп:

– Айналайын, айтшы, тура көзделген оқтан қалай жал-

тара алдың? – деп сұрады бір жағынан ыңғайсыздана.
Өйткені, басқалар топтасқан нысана болса, жүргізушінің
дара нысана екенін ол білетін.
Мына сөзге Алексей қайта жымиды.

– 336 – – Сіз айтпап па едіңіз, шахматта бір-екі жүрісті алдынала болжаған абзал деп. Мен болжай алдым. Сондықтан жарылыстар болғанда есімді жоғалтпай, кезенген пистолет ұңғысын сәл бұруға мұрсат таптым. Дұрыс істедім бе? – Әлбетте ғой, айналайын, әлбетте. Қайда жүрсең де аман бол, азаматым! Есенгелді бойынан ауыр жүк түскенін сезіне көк жүзіне жанар қадады. Аспан шайдай ашық екен. Көктемнің жетіп қалғанын аңдатқандай ауадан жылылық лебі есіп қоя берді. – Армысың, әз көктем! – деді ол іштей буырқанып. Жылымықтан онсыз да қырбық қар күрт еріп, жер жіпсіп жатқан еді. *** Кейіннен АҚШ сияқты алып ел бастаған бірнеше мемлекеттердің барлау мектептері оқулықтарына үлгі есебінде кіргізген «Набат» операциясы осылай аяқталғанды. Оның басы-қасында жүрген азаматтардың білімі мен біліктілігі қандай марапатқа да лайық болатын.

– 337 – ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ БАР Ең әуелі телефон арқылы хабарласты, сосын өзі келді. Орта бойлы, қараторы, өңді келіншек екен. Ол қарсыдағы орындыққа отыруын отырғанмен көпке дейін жақ ашқан жоқ. Әлденеден қысылғандай ернін жымқырған күйі назарын жерден алмайды. Иығын жауып тұрған бұйра шашынан діріл байқалады. Мен де үндемедім. Мұным паңдығым емес, әуелгі сөзді келіншектен күткен сыңайым. Бірауық уақыт өткенде келіншек өз-өзіне келгендей маған қарады. – Сіз менен ештеңе сұрамаңыз, – деді содан кейін байсалды сөйлеп, – Не үшін іздедім, ол өзіме де жұмбақ. Бірақ өтінішім бар – қолымды қайтармай мына дәптерлерді алып қалыңыз. Бұлар менен гөрі сізге керек сияқты... Сумкасын ашты да ішінен үш дәптер шығарды. – Алыңызшы, өтінемін... Қолымды алға создым. Келіншек маған бермес бұрын дәптерлерді аялай кеудесіне қысты. Байқаймын, көз шарасына жас үйіріліпті. Келіншек кабинет табалдырығынан әрі асып көрінбей кеткен сәтте де менің көзім есікте болды. Жұмбақ түс көріп отырғандаймын. Дәптерлерді қолыма алғанда “Өткен күнде белгі бар” деген жазуды оқыдым. Ал, ішіне үңілгенде... Кел, достым, бірге оқиық. Бұл, бәлкім, жұмбақ келіншектің ғана емес, жер басып жүрген көбіміздің сырымыз болар. І – Неге екенін білмеймін, әйтеуір биылғы көктем менің өміріме үлкен өзгеріс енгізетіндей болады да тұрады. Кеш түссе-ақ жүрегім тулай жөнеледі. Мұндайда өзіммен

– 338 – өзім қалғанды жақсы көремін. Шық еткен бөтен дыбыс шиыршық атқан жүйкені балғамен соққандай әсер етеді. Жақтырмаймын. Шыныдай сынып кетуге дайын тұрамын. Осы халімді сезе ме, мұндайда күйеуім Сәбит те, тұла бойы тұңғышым Сандуғаш та бойларын аулақ ұстауға тырысады. Жалғыз қалғанда серігім ой ғана. Бірақ тарам-тарам желілердің бірінің етегінен толық ұстай алмаймын. Бірі кіріп, бірі шығып жатқан топандар өрмекші құрған тордай қоюлана түседі. Ұшығына жету мүмкін емес. Шаршап төсекке жығыламын. Дәл осы күйдің өткен күнмен өзектес, өткен күнмен сабақтас жатқанын білмеппін. Ой батпанын арқалап жұмысқа барамын, үйге қайтамын. Біреулер: “Ауырып жүргеннен саумысың?” – деп жанашырлық білдіреді. Ондайда үндемеймін. Жауап қатуға зауқым соқпайды. Осындай күндердің бірінде қарсы столда отыратын Бибіғайша: – Майра, уақыт болды, қайтпайсың ба? – деді шашырап жатқан қағаздарды апыл-ғұпыл суырмаға сала бастап. Байқаймын, қызметтес қыз бойына өзгеріс еніпті. Әне, қол сумкасынан айна шығарып ұзақ үңілді. Шашын түзеді, бетін ептеп опалады, сосын маған жымия бұрылып: “Қалай ойлайсың, кездесуге осы бетте ұялмай баруға бола ма?” – деп сұрады. – Сен опаланбасаң да сұлусың, – дедім қылықты қыздан әлденені қызғанғандай. Сыртқа бірге шықтық. Көшеде адамдар шоғыры көп екен. Күнұзынғы жұмыстан соң бір сәт тыныққысы келгендей олар жақын маңдағы паркке бет алып барады. -Ту-у, кеңседе отыра-отыра мынау ғажап тірліктен қол үзіп қала жаздаппыз-ау. Жүр, біз де бой жазайық, – деді Бибіғайша таза ауаға шыққан соң тынысы кеңігендей екі қолын жоғары созып.

– 339 –

Демалыс орны еске түскенде жан-дүниемді толқын
жайлап өткендей сезіндім. Бұрын ол жаққа жақындауға
қорқушы едім, енді барғым келді.

– Келістім.

Жұбымыз жазылмай жақындай бергенде өз көзіме
өзім сенбедім. Осы мекенді қаңырап қалған құла дүз
көретінмін. Сөйтсем қателесіппін. Мұнда бір сезім отқа
шарпылғанмен оның орнына он, жүз, тіпті мың гүл қауыз

жарады екен. Олар күн өткен сайын түрлене береді,
түрлене береді.
Жан-жағыма қызыға да, қызғана да қараймын. Жаңа
туған сәби сияқтымын. Бәрі таң, бәрі жұмбақ. Мына оң

жақтағы орындыққа жайғасқан қыз бен жігіттің күлкісін-
ай! Олар жер бетінде тіршілік атты ұлы дүрмек барын,
ол дүрмектің күйбеңге толы екенін, осы күйбең соңында
күйкілік тұратынын ұмытып, жалпақ әлемді өздері

ғана жайлап алыпты. Тіпті жанындағыларға мойын да
бұрмайды. Бір-біріне тығылған қалыптарында мәз.
Шаршағандаймын. Бір жерде тұрақтап отырғым
келеді. Бірақ неге екенін білмеймін, аяғым ерікке қоймай

алға сүйрейді. Ақыры аққулар жүзген кішкене көлшіктің
жанына бір-ақ тоқтадық. Тағы да алдымнан ғажап әлем
ашылғандай. Кербез құстар әлемі – махаббат әлемі сияқты.

– Майра, қарашы, қандай әдемі!

Бибіғайша да балаша мәз.

– Әлгінде кездесуге жиналғандай едің, қалып

қоймаймысың? – дедім құрбыма, ұзынша ағаш орындыққа
отырғанымызда.

– Жоға, – деді ол жайбарақат, – сегізге келіскенбіз. Сәл

кешігіп барсам да ештеңе етпейді. Жігіттер тосу үшін
жаратылған халық қой.
Жүрегім аунап-аунап түсті. Сол жерде құрбымнан
бақытты шын қызғандым. Құдды, мен үркіткен құс

Бибіғайшаның алақанына қонардай тарыла қалдым. Де-
генмен, анау бұл халімді ұқпастан сұрақ қойды.

– 340 –

– Майра, шыныңды айтшы, біреуді шын сүйіп көрдің

бе? Мысалы Сәбитті?

– Кім?.. Кімді?!

– Күйеуіңді?

– Білмеймін... Сүйген секілдімін... – Өтірік айттым.

– Бір көргеннен бе?

– Солай шығар... – Басқа не айтайын, бұлыңғыр шықса

да тағы жалған сөйледім. Құрбым бұл жолы да құпияны
сезген жоқ.

– Міне қызық, ол да маған бірден ұнады!

– Кім?

– Алтай

– Ұзағынан сүйіндірсін!

– Танысқанымызға бес-ақ күн, ал бір-бірімізге

кездескелі бес жыл өткендей. Алтай сөз бастаса аяғына
шейін тыңдамай-ақ түсінемін. Ол да солай...
Құрбымның одан арғы сөздерін ести алмадым. Санам-
да өткен күндер елесі тұрған.

... Ол кезде бухгалтерлер даярлайтын курста оқып
жүргенмін. Бөлмелес қыздар соңғы уақытта бір әдет тап-
ты. Түннің бір уағына шейін шүйіркелеседі де жатады.
Ортақ тақырыптары – махаббат. Бірде олар тойға баратын-

дай жиналды. Қас қарая кезекшіден хабар алды да, апыл-
ғұпыл бөлмеден шықты. Аң-таңмын. Әрі-беріден кейін
жалғызсырайын дедім. Кезекті пәнді пысықтауға отырып
едім, одан да мән шықпады. Сосын ыдыс-аяқты жудым

да, төменге түстім. Ойым – таныстың бірі кездесе қалса
әңгімелесіп, уақыт өткізу. Жатақхана өмірі өзінше бір қызық.
Кеш түссе-ақ бірінші қабаттағы шығар ауыз келушілерге
толып кетеді. Ана бұрышта да, мына бұрышта да екеуден,

үшеуден жиын құрған топ. Анықтап қарасаң, олардың ара-
сынан жадырай қалған жүзді де, жасаурай қалған жанарды
да көресің. Біріне қызығасың, екіншісін аяйсың.
Топты жарып өтіп, кезекшілер отырған бұрышқа

жақындай бергенімде әлдекім атымды атап шақырғандай

– 341 –

болды. Бұрыла беріп байқадым – бөлмелес үш қыз бен
танымайтын төрт жігіт тұр. Жандарына жақындағанымда
Орынбасар есімді қыз:

– Танысып қойыңдар, бәріміз бір бөлмеде тұрамыз, –

деді.
Қол алысып таныстық. Теңізге кезек жеткенде Орын-
басар араға қайта килікті.

– Майра болмаса бізбен жақындасатын ойыңыз жоқ-ау,

сірә...
Теңіз өзгелерге қарағанда ересектеу көрінді. Жігіт жа-
нары ойлы. Адамға біртүрлі жылыұшырай қарайды екен.
Мінезі де салмақты болса керек, жалаң әңгімеге арала-

спай, сөз ыңғайы келгенде ғана жауап қатады.
Бір сәт көздеріміз түйісе кетті. Неге екенін білмеймін,
осы жолы мен оған тіктеп қарадым. Ол жымиғандай кейіп
танытты.

– Бүгінге шейін көрінбегені қалай? – деді бір қыз жатар

алдында, Теңіз жайлы сөз қозғап. Оны екіншісі іліп әкетті.

– Жасы отыздарда, сақа жігіт. Үйлі-баранды шығар. Со-

сын алды-артын ойлайды да. Әйтпесе, баяғыда елпілдеп
жетіп келмей ме?
Мынаны естігенде дірілдей көрпе астына тығылдым.
Мені тыншытқан Орынбасар.

– Адамның сыртынан тон пішуге құмарсыңдар-ау, –

деді ол күңк етіп, – Жігіт туралы жолдастарынан бәрін
естідім. Бойдақ көрінеді. Қысқасын айтсам бір қыздың
маңдайына жазылған бағы!
Орынбасар шетін шығарған бақ маған қонды.

Кейіннен біздің жұбымыз жазылмады. Кештің тез түсуін
тағатсыздана күтетін дәрежеге жеттім. Көз байлана
жатақхана алдында тосып тұрамын. Уәделі уақыттан
Теңіз де кешікпейді, сосын екеуміздің жырымыз баста-

лады. Сөз байласқаннан кейін де біраз уақыт аласұрған
сезімнің ырқына бағынбай, жігіттен өзімді қашқақ ұстап
едім, кейіннен әлім таусылып, құшар құшақ, ыстық сүйісті

– 342 – өзім аңсап тұрдым. Мұндайда жалын әлемін емін-еркін кешетінмін. Біз осылай табыстық... ...– Ал, мен кеттім. Бибіғайшаның сөзін анық естісем де сәтті сапар тілеуге шамам жетпеді. Мен өз жөнімді жаңа тапқан сияқтымын. Талайдан бері жанымды құрсап босатпаған шеңгел – махаббат шеруі деп бұрын ойлаппын ба? Парк ішін шарлап келемін. Қайда қарасам да өткенімді елестетеді. Бұл жермен Теңіз екеуміз сан жүргенбіз. Мына жатқан жолдарда да біздердің іздеріміз қалған. Тек қана іздеріміз... ІІ Үйге кешігіп оралдым. Жүзім оңып тұрмаса керек, есік ашқан Сәбит: – Не, біреу ренжіткеннен сау ма, көзің бұлаудай ғой, – деп сұрады шошына. Жауап қатпастан айна алдына бардым. Шынында жылағанмын-ау, көзім қызарып тұр. Шашым да қобдыраңқырап кетіпті. Неге екенін білмеймін күлкім келді. Жынды адамдай сықылықтап күлдім де. Сәбит таң. Онсыз да сығырайып тұратын көзі жұмыла қалыпты. – Сырқаттанғаннан саумысың?! – деді ол үрейленіп. Басымды шайқадым. – Ыстық шай ішші... – деді қамқор көңілмен. Ыңғай бермедім. Төсекке жатқанда күйеуім өбектемек болған, бірақ мен салқындықты жоғалтпадым. Ол өкпелегендей теріс айналды. Сәл өткенде қор еткен дыбыс естілді. Мен ояумын. Бөлме іші қаракөлеңке. Бірақ, бұл менің өз күні шыққан көңіліме көлеңкесін түсіре алмайды. Көзімді жұмамын. Дәл қасыма Теңіз бейнесі тұра қалады. Өкпелеген бе жымимайды, қабағын түйеді.

– 343 – Осы қалпында-ақ жаныма тым жақын. Жүрегім лүп-лүп етеді. Оның да жүрек соғысын естимін. Алабұртып тұр. Қолынан ұстағым, денесіне денемді жақындатқым келеді. Бірақ жете алатын емеспін. Өйткені мен ұмтылсам ол қашқақтайды. Жігіттің өкпелейтін жөні бар. Бәріне кінәлі өзіммін... Сәбитпен бір сыныпта оқыдым. Ол мектеп қабырғасында жүргенде сөз салған. Дегенмен осы арықша, сығырайған қой көзді, салпы ерін сары баланы жаным қаламаушы еді. Бозбала да менен аса қоймайды. Қабақ шытсам бір уыс жүзіне қан ойнап шығады. Курсқа түскен соң да Сәбиттен хат үзілмеді. Оларды ашпастан жырта саламын. Тек, менімен бірге оқитын Сәбиттің туған апасы Айнұр үйірсектігін қоймайды. Оны бір, мұны екі сылтауратып бөлмеден шықпайды. Жанашырым іспетті. Теңізбен кездескеннен кейін де Айнұр бұл қылығын доғармады. Ол құлақ түбінен ызыңдайды да жүреді. Біресе інісін мақтайды, біресе Теңізді даттайды. Сондағы бар тағатын кінәсі – Теңіздің менен жеті жас үлкендігі. Осы айырма ертеңгі күні, ыстық-суығымыз басылғанда, көңілге жарықшақ түсіретінін шегелейді. Менің өз қызығым өзімде болатын. Айнұрды жүре тыңдаймын. Ол құлағыма бірдеңе құйып жатқанда көңілім мүлдем басқа жақты шарлап кетеді. Шарықтап шығып, көк төрінде емін-еркін қалықтайтынын қайтерсің. Тіпті, жерге түскісі келмейді. Төрт ай. Теңізбен бірге өткізген бар жоғы төрт-ақ ай санамда жатталып қалыпты. Ұйықтап жатқан жерімнен әлдекім оятып алып: “Бәлен айдың түгені күні екеуің қайда болдың?” – деп сұрай қалса мүдірмей жауап берерім анық. Тәтті сөздер, ыстық ықылас жеке тұрған сәтімізде еншімізге бұйыратын. Дегенмен, ұяттан асып кетпедік, сезімдерді дер кезінде тежей білдік. Бұл да бәлкім, ниетіміздің түзулігінен шығар...

– 344 –

Төрт ай төрт күндей болмай өте шықты. Теңізді еліне
шығарып салып тұрып бұл біздің соңғы кездесуіміз екенін
ойламаппын да.
Теңіз уәделі қыркүйек айында да, қазанда да келмеді.

Сағынышқа толы хаттары ғана демеу.
Міне, осы шақта Сәбит тарапынан қысымның
көбейгені. Араға күн салмай жатақхана табалдырығын
тоздырады. Өзі біржола қалаға ауысып алған. Күндіз

жұмыс істейді, кешкілік оқиды. Дегенмен, осындай жан
алыс, жан берісте жүріп маған соғатын уақытты қалай та-
батынына әлі күнге таңмын.
Осындай аласапыран шамада курс қыздары ара-

сына сыпсың сөз тарады. Айнұрдың аяғы ауыр екен.
Ұзынқұлақтың жеткізгені – бала Теңіздікі.
Өмірімдегі ең ауыр соққы осы еді. Тұралатып тастады.
Айнұрға кездестім. Ол сазарған күйі: “Бәріне кінәлі сен!

Сен болмағанда үйленетін едік, мен бұлай қарабет атан-
бас едім!” – деді. Міне, бұл нағыз көздеп тұрып атқан оқ
болатын. Дөп тиді. Құладым. “Адам бірін-бірі алдамай-
ды, не айтса да шындықты айтады”, – деп ұққан маған

енді шегінер жер қалмады. Істің ақ-қарасын байыптамай-
ақ Теңізден өш алуды ойладым. Сондағы бар тапқаным –
Сәбитке тұрмысқа шығу.
Шіркін-ай, сол шақта мені тұман арасынан суырып

алар бір жан болса ғой. Мен жалғыз болдым. Айдалаға
өскен жалғыз теректей достардан жетім едім...
Теңіздің уәделі уақытта келе алмағанының сырын кейін
білдім. Облысаралық ішкі істер мектебін ойдағыдай аяқтаған

оның жұмысы өсіп, сол кезде шешуі қиын іспен айналысып
жүріпті. Бірақ, бәрі кеш-тін. Тұрмысқа шығып үлгергенмін.
Содан бері үш жыл өтті. Бір сарынды тіршілік
мезі қылғандай. Осы күндер ішінде Сәбиттің жа-

нында болғаныммен бар сана-сезімім Теңізбен бірге
екен. Дәл қазір сезіп жатырмын, мен соқыр сенімге
алданған пенденің нағыз өзімін. Жауын күткен даладай

– 345 – тыныштығым бүгінге ғана жетті. Енді бұрқасын тұруын, алай-түлей сел құюын қалаймын. Сол сел тезірек жауса екен, жаңартса екен жанымды. Бар тілейтінім осы. ІІІ Шынында жауынымның жауар сәті таяу қалыпты. Алабұртқан жүрек түйдек-түйдек бұлттың қоюланып дәл төбемде жөңкіліп жүргенін ерте сезген екен. Мұны таң ата білдім. Ертеңгілік Сәбит Сандуғашты алып бала бақшаға кеткен соң, үстімді тәртіпке келтіру үшін айна алдына барғаным сол, телефон безілдей жөнелді. – Иә, тыңдап тұрмын. – Майра, бұл мен ғой, Бибіғайшамын. – Түсіңнен шошып оянғаннан саумысың? – Жақсы-ақ ұйықтағандаймын. Тек... – Айта бер, құлағым сенде? – Саған сондай құпия сыр ашпақпын. Сәбит үйде ме? – Сағат сегізден асты. Бұл уақытта оның қайда болатыны өзіңе мәлім емес пе? – Ендеше... – Бибіғайша сәл бөгеліп барып сөзін әрі сабақтады, – “Турист” қонақ үйіне тез жетші, ә? – Таң атпай одан не аламын? Әзілің болар... – Жо-жоқ шын айтып тұрмын. Дәл осы бетте ұшсаң да жет. Күтіп тұрамын. Тек, тезірек! Тұтқадан қысқа-қысқа дың-дың еткен дыбыс естілді. Бибіғайшаның телефон шалысы ойға қалдырды. Абдырадым. Мынаны қалай түсінуге болады? Жаман ойға барғым келмеді. Ашық, ақжарқын, аузын ашса көмекейі көрінетін құрбымның мені ұятқа қалдыруы мүмкін емес. Сонда бұл шақырыстың соңында не тұр? Әйтеуір, жаманшылық емес. Онда жиналайын. Киініп жүріп Бибіғайшаны есіме қайта алдым. Құрбымның басты қасиеті – уәдеге берік жан. Көркіне

– 346 –

ақылы сай. Көркі демекші... Осы қалада оның сұлулығы
жігіттерге жыр. Қарлығаштың қанатындай қиылған
қастарын кере, үлкен қара көздерін төңкере тастағанда
еркек түгілі әйел атаулы дегбірсізденеді. Қыздың қылығы

көзге бірден ұрып тұратын жасанды да емес, ерке мінездің
толқыны іспеттес. Әсіресе, әлденеге назаланғаны қызық.
Қағаздай аппақ жүзіне қан ойнап шыға келеді де, көзі
жыпылықтап, жұқаға да қалыңға да жатпайтын еріндері

томпая қалады. Бұл ұзаққа созылмайды, әлдебіреу әзілге
бұрса біркелкі тізілген маржандай тістерін көрсете ұзақ
күлкіге басады. Әсіресе, оның бойынан ерекше табаты-
ным – турашылдығы.

Бірде,
өткен
жылдың
үшінші

тоқсанының
қорытындысында, маған аға бухгалтеріміз шүйліксін.
Қағаздарды есептеу кезінде қате кеткен бе, әйтеуір екі
аяғымды бір етікке тықты. Мен ол қағаздарды қолыма

алмағанымды дәлелдеп әлекпін, ал аға бухгалтер бол-
са осы құжаттардың менің қолымнан шыққанына
шүбәләнбайтынын қуаттайды.
Талас үстінде бөлмеге Бибіғайша енді. Ол аңырып сәл

тұрды да, істің байыбына барған соң әміршіге дүрсе қоя
берді.

– Нысанаңызды таппай несіне жалын бүркіп тұрсыз,

– деді қағаздарды ананың қолынан жұлып алып, – Мына

арада Майраның ешқандай кінәсі жоқ, кінәлі менмін. Бұл
қағаздар менің қолымнан өткен. Ал, енді маған ұрсыңыз.
Аға бухгалтер сілейіп сәл тұрды, сосын тұлан тұтқан
күйінде бөлмеден шығып кетті. Кейіннен Бибіғайша ауыр

соққыларды қайыспай көтерді. “Өз кінәң үшін жеген таяқ
май ғой”, – дейтін.
Оймен такси аялдамасына жетіп, бос машинаның
артқы орындығына отырдым. Сөйткенше машина да ор-

нынан жылжи жөнелді.
Әйнектен жан-жағыма таңырқай қараймын. Ертегі
әлеміне еніп кеткен сияқтымын. Қала көктемдей түлепті.

– 347 –

Жол бойына сап түзеген теректер жапырақ жайып буса-
нып тұр. Жол шетін көмкерген көк те қоп-қою. Сағым
көтеріп жер бояуы аспанмен астасып кеткендей. Дәл қазір
бар дүниені көгілдір шілтер жауып алған. Осы көкпеңбек

әлемді қиып жатқан қап-қара асфальт жол ғана. Сол жол-
мен ұшып келемін. Соңымда күйкі тірлік қалса, алдымда
ғажайыптар әлемі бар. Бірақ, оның қандай тылсым екенін
өзім де айта алмаймын.

– Бикеш, есеп айырысайық.

Жуан дауыстан шошып кеттім. Біз қонақ үйінің
қарсысында тұрмыз. Қашан жеткеніміз беймәлім.
Бибіғайша асыға күтуде екен. Көрген бойда жүгіре ба-
сып жаныма келді де “Жаным-ау, түсіндірсеңші, бұл не

жұмбақ?” – дегеніме құлақ аспастан жетелей жөнелді.
Қонақ үйінің табалдырығынан әрі аттағанымызда ғана
тіл қатты.

– Өзіңді жақсылап жөнге келтіріп пе едің? Саған кере-

мет сюрприз дайындап қойдым.

– Жаным-ау...

– Жо-жоқ, босқа әуреленбе, алдын ала айтпаймын.

Үшінші қабаттың дәлізінде сұңғақ бойлы, жасы
қырықтың жуан ортасына шыққан кезекші келіншекке
ұшырастық.

– Кімді іздедіңдер?– деді ол төбесінен қарап. Жауапты

Бибіғайша берді.

– Е-е, ана бұйра бас жігітті ме? Көршісі екеуі ертемен

кеткен. Сөздеріне қарағанда түс ауа оралуға тиіс.

– Қап, кешігіп қалдық!..

Мына жұмбаққа енді менің аңсарым әбден ауды. Со-
сын құрбы мінезін саралай келіп, оның қармаққа ілінер
тұсын іздедім. Таптым. Ашуланған адамның кейпіне
түсуім керек. Актерлік шеберлігім жетсе Бибіғайшаның

маған қарай иілетіні даусыз.

– “Сенген қойым сен болсаң...” Тойдым сюрпризіңе!–

дедім сыртқа шыққанда дауысымды қатайтып.

– 348 –

– Ренжідің бе?

– Осыншама әуреге салдың. Басы бос, желөкпе біреу

санадың ба!? Оныңа көнбеспін!..
Бибіғайшаға қараймын. Көзі бақырайып, жүзіне қан
теуіпті. Атқан оғымның нысанаға дөп тигені анық. Енді
аттың басын тартпау керек. Сөйттім де. Тез-тез басып

алға оздым.
Құрбымның “сюрпризінің” астарында маған таңсық
сыр бары айқын. Ол не? Қанша ойлансам да таба ал-
маймын. Көрсетпегі Алтай емес. Сонда кім? Жанымды

мазалағаны осы сұрақ.

– Майра, Майра-а!

Тоқтамадым. Жүре беруім керек. Сонда Бибіғайша өзі
ақтарылады.

– Майра!

Артымнан тық-тық басқан аяқ дыбысы жақындай
түсті. Тезірек жетсе.

– Майра, сәл аялдашы?..

Тағы төрт-бес қадам аттадым ба, аттамадым ба,
Бибіғайша қуып жетті де, қолымнан ұстай алды.

– Шынымен өкпеледің бе? Кешірші, ә?.. Бұлай болады

деп мүлдем ойламаппын...
Ол ентігін басқандай сәл бөгелді. Сосын көшеде өтіп
бара жатқандарды елеместен маған төне түсіп, әңгімесін
бастады.

– Мен кеше қонақ үйіне бардым ғой, оны өзің білесің.

Содан біз, үшеуміз – мен, Алтай, Теңіз аға...

– Теңіз?!

– Иә, иә, сол кісі...

Бұдан кейін не болып, не қойғаны белгісіз. Жүрегім
өрекпіп қайтадан қонақ үйіне қарай жүгірдім-ау деймін...
Міне, жауыным осылай басталған.

– 349 – ІV Жоқ, мен қателесіппін. Жауын жауып, жанымды тазарта ма десем, ол жүрегімнің ұйқы-тұйқысын шығарды. Су астында сүмеңдеген баладай болдым да қалдым. Денеме тиген әрбір тамшы қалғыған көңілімді тітіркендіре түседі. Мұндай сәтте өткен күндердің әрбір минуты, әрбір секунды тарам-тарам жолдарға шақырады. Оның ми батпағы да, тақтайдай даңғылы да, өрі мен еңісі де бар. Ой жетегіне еремін. Бір ғажабы алқынбаймын. Әлде оны өзім елемеймін бе, әйтеуір шаршау дегенді ұмытқан сияқтымын. Алдымда діттеген межем де жоқ, дегенмен тоқтамаймын. Мейлі, адасайын, мейлі, құздан құлайын, ол түк емес, тек жүре берсем, жүре берсем. Кезінде бірге қыдырып келе жатқанымызда: “Махаббат дегеніміз не?” – деп сұрағаным бар. Теңіз бөгелмеді: “Махаббат па? Егер екеуміз біріміздің жетістігімізге бірге қуанып, біреуміздің күйінішімізге бірге қайғырсақ, сәл алыс кете қалғанда жүрегіміз елжіреп сағына алсақ, біріміз жоқ жерде мына өмір тұл көрінсе онда мызғымас жұп құруға толық құқымыз бар. Махаббат дегеніміз сол”, – деген. Сөйтсем мен махаббаттың құлы екенмін-ау. Теңізді жоғалтып едім, өзім жоғалдым; оны таптым – өзім де жаңа туғандаймын. О, құдырет, тұрмысқа шыққан үш жыл ішінде қараңғыда тінтінген жандай іздегенім сүйгенім екен ғой, неге ерте ұқпағанмын! Кейде шырт ұйқыдан ояна кетсем Сәбитті тас қып құшақтап жатқанымды көремін. Ояна сала білектерімді жазып, теріс аунаймын. Бұл өзімді де, өзгені де қорлағым келмегені. Мұндайда солтүстік мұхитын құрсанған мұзға ұқсаймын. Жақындағанды қаритыным аян. Кабинетке келген соң да ойымды қайтара алмадым. Тізгін бермес асаудай ол бір қиянға сүйрелейді. Стол үстіндегі қағаздар жайына қалғалы қашан. Бұл күйімді байқап отырған бір-ақ жан. Бибіғайша қапылыста бір

– 350 –

асыл дүниені сындырып алғандай жапақ-жапақ етеді.
Оны да жаныммен сезінемін. Ал, санам... Санам өткенге
табан тіреп айырылмайды...
... Көкек айының басында Теңіздің туған күнін атап

өткеніміз бар. Түс ауа бес-алты қыз-жігіт қала сыртындағы
орманды алқапқа шағын дастархан жайдық. Аспан
бұлттанып, жаңбыр сіркіреп тұрған.
Дәл сол уақытта жер басып жүрген адамдар арасын-

да менен асқан бақытты жан болмаған шығар. Ашық-
жарқын күлемін, не айтқым келсе іркілмеймін. Мінез
салмақтылығының мысқалы қалмаған. Көңілім шарықтап
көк төрін еркін шарлайды. Жер тартылысын сезінбейтін

сияқтымын.
Аздап дәм татқан соң серуенге шықтық. Екеу-екеуден
жұп құрған достарымыз орман ішіне сіңіп кетті. Біз бұған
қуанбасақ, ренжімедік.

Дастархан жайылған тұсқа қайта оралғанымызда есіне
әлдене түскендей қалт тұра қалған Теңіз:

– Сәл, сабыр етші, – деді де қолына бос стақан алды, –

Шынының сынғаны бақытқа меңзейтіні рас па?

– Сен жоралғыға сенесің бе?

Қарсы сұрағыма жауап қатпастан ойланған қалпы
алыстарға қарады. Жүзі алаулап тұр.

– Кейде сенуге тура келеді, – деді сосын жымиып.

– Мен де сенемін.

– Онда...

– Бала болып кеттің бе?..

Теңіздің жоғары көтерілген қолына жармастым. Де-
генмен, дәл қазір оны райынан қайтару мүмкін емес-тін.
Шоқтай жанған жанары жігіттің ойлағанын іске асыруға
берік бекінгенін ұқтырады.

Ол ыдысты құлаштай лақтырды. Әрірек тұстан
бұтақтардың тысыры естілді. Екеуміз алға бірдей
ұмтылдық. Стақанды тапқанда таң қалыстық. Бүп-бүтін.
Тіпті сызат та түспепті.

– 351 –

Мынаны көргенде жігіттің жүзі күреңітіп кетті.
Қалыңдау біткен қабағы жиырылып, денесіне діріл пайда
болғанын байқадым.
Теңіз шалт қимылмен ыдысты жерден қақшып алып,

бар күшін сала тағы соқты. Шыны бұл жолы да былқ
етпеді. Қары жаңадан еріп, бойына су қорын толық
сіңірген жер мамық тәрізді, былш-былш етіп ыдысты
қағып алады.

Жігітке қараймын. Тістене түскен. Ыза буған бойын
игере алатын емес. Тап қазір ебін таппасаң атылып кетуге
шақ қалған мылтық секілді.
Енді мен алға оздым. Лай-лай ыдысты жерден жайлап

көтердім де, қатқылдау тұс іздедім. Себебі – қанша күште
дәл мынадай лайсаңда шыны сындыру мүмкін емес.
Сөйткенше көзім құрғақ жатқан дөңге түсті. Аяңдап ба-
сып әлгіге жеттім де ыдысты тастап жібердім. Шашырай

төгілген жарықшақтар тұс-тұсқа домалады.

– Міне, сені бақытқа бөлейтін мен екенмін! – дедім

– Мүмкін емес... Бұл қалай? – деді жігіт абдырай.

Жүрегім қуаныштан лүп-лүп етеді. Еркелегім келді.

– Солай, енді мені бақытым деп ұқ!

– Оған сөз бар ма!

Теңіз аралықты бір-екі-ақ аттап жетті де құшағына
қысты. Өзі күбір-күбір етеді:

– Иә, иә, бақытым да, барым да сенсің, жаным!

Міне, бұл – өмір-тін. Мәні, мағынасы бар кезең еді.
Жүрек соғысы, ой ағысы тәттілікті ғана жариялап тұрған.
Күлсең шын ниетіңмен күлесің, жыласаң... Соңғысына
кейін жазды ғой. Ал, бірге өткізген төрт ай ішінде біз тек

қана күлдік, жарқылдай күлдік.
Ал, соңғы үш жыл бойы мен шындап жадырадым
ба? Ондай шаққа жетпеген болармын. Жетпедім де. Мен
қауызын аша алмай солған гүлге ұқсадым. Солғаным емей

немене, тәнімді ауырта, көз алдыма қызылды-жасылды
ұшқын шашып бөлек дүние тұңғиығына сүңгіткен

– 352 –

алғашқы төсек қызығын да анық сезінбедім. Бәрі біткенде
қызылға тойған қасқырдай тоқ көңілмен ыңыранып жатқан
Сәбитке жиіркенішпен қарағаным есімде. Дәл осы арада
өле қалсам өкінбесім анық. Бірақ көрер таңым бар екен

өлмедім, жер басып жүре бердім. Әлдекім күлсе күлгеннің
жөні осы екен деп ыржиып, әлдекім күңіренсе... О, онда
жан-дүнием босады. Оңашада көзі ашылған бұлақтай көз
жасыма ие болмай қалатыным да осыдан.

Иә, тіршілік теңізін кешкен адамзат бақытсызбын деп
айтуға қақылы емес, сорлымын деуге мәжбүр. Бақыт
жоқ емес, бар. Ол алақаныңа бір-ақ рет қонады. Ұстасаң

– ұстағаның, ұшырсаң – өмір бойы опынғаның. Мен де

үркіттім, енді бәрін өз сорымнан көрудемін...
...Безілдей жөнелген телефонның ащы дауысы ойымды
кілт үзді. Бибіғайша маған қарады. Бірақ менде дәл қазір
тұтқаны алуға қуат та, құлық та жоқ болатын. Соны сезді

ме байбалам салған телефонға құрбымның өзі барды.

– Алло, иә, иә, менмін... Алтай!.. Ой сен де... Білесің бе,

ертеңгілік біз барғанбыз. Иә... Ол сырқаттанып...
Әңгіменің өзім туралы болып жатқанын ұққан сәтте
қайтадан өрекпідім. Бар зейінім қыздың аузынан шыққан
сөзде. Оның ұзақ әрі мен жайлы өрбуін қалаймын.

– Әрине, түсінемін... Кешке ме? Міндетті түрде! Май-

ра? Білмеймін...
“Қалмаймын, міндетті түрде барамын”, – деймін іштей
буырқанып.
Бір жерден оқығаным бар еді, онда: “Адам өлер

шағына бір сағат қалғанда өз бақытын аңсап тұрады”, –
деп жазылған. Олай болса менің де бақытқа қол созуға
құқым бар шығар...

– 353 – V Бірақ, ұяттан аттап кете алмадым. Туғанда ана сүтімен бойға сіңген ұяңдық арнасынан асып-тасуға ышқынған асау сезімге тұсау салды. Сонсоң-ақ күнұзынғы шарықтау шегіне жетіп, үзілуге шақ қалған сабырсыздық бәсеңсіп, жанымда ойнақтаған дауылдар күшін жоғалтты. Жұмыс аяқталғаннан кейін бірден үйге қайттым. Есікті ашқан бетте құлағыма Сәбиттің даурыға шыққан дауысы шалынды. Осыдан-ақ қонақ келгенін ұқтым. Енді өзімді барынша сыпайы ұстауға тырыстым. Төрге бөлмеге бас сұққанымда Сәбит: – Мәссаған, дабырласып отырып премьер министріміздің келгенін де байқамаппыз-ау, – деді елпілдей. Оны төрде отырған аққұба өңді, сида еркек қағытып өтті: – Тәрізі премьердің тегеуріні болар президентіміз ұшып кете жаздады ғой... Ештеңені елемегенсідім. – Бүгінде ол кісінің атқаратын міндеті көп.Әйткенмен үй ішінде бәрін шешетін біз, – деді Сәбит ыржиған қалпы. Екінші қонағымыз Айнұр екен. Иә, иә, кәдімгі Айнұр. Аздап ысылыпты. Бұрын домаланған топ-толық еді, қазір құлын мүшесі дараланып, жұп-жұмыр денесі еркек көзін шақыратын дәрежеге жетіпті. Кеудесін керген анары гүлді көйлегін шіреп бақталас әйелдерді іштей опындырғандай. Әлде жасандылық, әлде сәттік құбылыс – мінезі де быпбиязы. Бос тұрған ыдыстарды ауыстыруға ыңғайланған едім, Сәбит бөгеді. Ол әуелі қыпша бел рюмкаларды толтырды, сосын тамағын кенеді. – Байбол, енді сен бөтен емессің. Біріміз – жезде, біріміз – балдызбыз. Ал, Айнұр апам болса, Майра – келіншегім. Ендеше, бұл тосты одағымыздың әрқашан беріктігіне көтеруді ұсынамын.

– 354 –

– Балдыз айтса жан қала ма, көтердім!

Рюмка ернеуіне ернімді тигізіп, қайта столға қоя бер-
ген едім, жездеміз қолымды қақты.

– Ойпыр-ай, жақсы ниетке алмағанда қайда аламыз,

қоймаңыз, елдің көңіліне қараңыз?..
Оны Сәбит іліп әкетті:

– Байбол дұрыс айтады, қуаныш үстінде көтергеннің

еш айыбы жоқ.
Кергімедім, көзімді жұма беріп тартып жібердім.
Көңірсік иіс қолқамды атты.
Жасаураған көзімді Айнұрға қададым. Ол жаңа түскен

жас келіндей сап-салмақты. Екі бетінің ұшы қызарып,
балбырап отыр. Осы күнге шейін түк көрмеген, түк сезбе-
ген сияқты. Көңілім бұлқан-талқан болды. Дегенмен, шу
шығармадым.

Келесі сөйлеу кезегі Байболға берілген еді, ол керги
қалды.

– Бүгінгі күн естен шықпас ғажап күн! – деді содан кейін

жағалай отырғандарды шолып шығып, – Әрине, бұл жалғыз
менің емес бәріміздің әсеріміз екеніне сенемін. Айнұрға
кезіктірген тағдырыма ризамын! Сендер де келіңдер, келіп
жаман жезделеріңе еркелеңдер. Бір еркелік түгілі мың

қиқарлықтарыңды көтере аламын. Сәбит, жаңағы айтқаным
айтқан, соғымың мойнымда. Қалыңсыз қыз алатын еркек
мен емес. Бір сөзге тоқтасам – сыйластығымыз бұзылмасын!

– Міне, жігіт!

Сәбиттің жанары бұлыңғырланып тұр. Онсыз да салпы
еріні төмен түсіп кетіпті. Екі шекесінде білеудей болып
көрініп тұратын тамырлары көкпеңбек. Осыдан-ақ, масаң
екені байқалады.

Тағы бір аңғарғаным – Байбол мақтанышқа жақын.
Бір совхоздың білдей бас бухгалтері екенін бірнеше рет
қайталады. Қат дүние атаулыға қарық қылып тастады.
Тәрізі, жездесі ұнаған ба, ол не десе Сәбит шыбындаған

атша бас шұлғиды.

– 355 –

Ал, маған мына отырысты ұнады деу қиын. Ортақ
әңгіме, жарастықты әзіл болмаған жерден не қайыр...
Шай ішіліп біткенде бос ыдыстарды алып ас үйге
шықтым. Көңілім бей-жай. Ештеңе істеуге құлқым жоқ.

Дел-сал күйде тұрғанымда жаныма Айнұр келді.

– Мынауың кім?– деп сұрадым үнсіздікті бірінші

бұзып. Қайынбикеме арналған бар зілім осы сұрақпен
бірге ақтарылды.

– Жігітім. Вернее – күйеуім.

– Үйлендіңдер ме?

– Жарты ай өтті.

– Ұзаққа ма, әлде?

– Дәм-тұзымыз таусылғанша.

– Сүйетін шығарсың?

– Ұнатамын.

– Дұрыс-с-ақ!..

Қаншама өзімді-өзім ұстайын десем де іште бұрқ-сарқ
қайнаған ыза ма, кек пе, бір дүлей ықтиярға көнетін емес.
Жүрегім өрекпіп, басыма қан тебеді. Дәл қазір неден бол-
масын тайынбайтыным аян.

Осы сәт Айнұрдың қолы иығыма тиді. Тына қалдым.

– Өкпең әлі тарқамаған-ау, – деді ол сынық дауыспен, –

Бәрін ойлап істеді деймісің...
Жалт қарадым.

– Сонда?..

Айнұр сөзін жайбарақат жалғады:

– Мен екіқабат күйімде қалдым. Кімнен? Оны жасы-

ру керек болды. Жігітті жанымдай жақсы көретінмін. Ол
алдады. Шырынымды сорды, қаңқамды лақтырып таста-
ды. Сонда да сүйдім. Егер шындықты ашсам ол сотталып
кететіндей көрінді. Оның үстіне Сәбиттің қыңқылы...

Қайтейін...
Қайынбикемнің аузынан шыққан сөздер жаным-
ды тітіркентті. Қос жанардан төгілген жас қапалы
келіншектің сан жыл бойы еңсесін езген мұңдай көрінді.

– 356 –

Енді оны аядым. Аяқ астынан мінезім де өзгерді. Мен де
жылап тұрғанмын.

– Жыламашы, – деймін осы қалпымда анаған қайрат

беріп, – әлсіз бола бермейік те...

– Қайтейін, бір сордан арылып, жарыққа шықтым ба

десем айналып сол сорға қайта тап келемін...
Айнұрдың сөзінің жаны бар. Жолы болмай-ақ
қойды. Сол жылдың аяқ шенінде тағы біреумен сөз
байласқан. Онысы да ізім-ғайым жоғалды. Опа-далап-

ты баттастыра жағып алып көрінгенге қылмыңдайтын
дүкенші қызбен көңіл қосты да, үшті-күйлі құрыды.
Ал, мынасы...
Осыларды саралай келе:

– Сордың да соңы бар шығар, – дедім күрсініп.

Арамыз бірте-бірте жақындай түсті. Бұған, бәлкім,
жүректерде шемен боп қатып қалған махаббат мұңы,
бәлкім ортақ өкініш әсер етті, әйтеуір күнұзынғы ызғарды
бір жылы леп ерітіп жібергендей. Пенде емеспіз бе,

бірімізге екіншіміз аяушылықпен қараймыз.
Ендігі сөзді Айнұр бастады.

– Қазір Теңіз қайда? Хабарың жоқ па?

– Ол осында.

– Да-а!

– Қонақ үйінде.

– Жолыққан шығарсыңдар?

– Әзірге жоқ.

– Оған да обал жасадым-ау. Сыртынан қаңқу сөз

таратқанымен кезінде курстің көп қызы ғашық еді...
Ішімді қызғаныш жайлады.

– Солардың бірі емеспісің?

– Онда өз “пірім” бар-тын. Әйтсе де Теңіздің жүріс-

тұрысы, мінезі, сөзі ұнайтын. Кейде өз “пірімді” онымен
салыстыра келе жақынымнан көп кемшілік тапқанымды
мойындаймын. Дегенмен, шын сүйген адамның кешірімі
де көп...

– 357 – Шынында әйел халқының сүйгеніне деген кешірімі көп-ақ. Онысы бағына ма, сорына ма, айырып жатпайды. Еркелетсе еріп түседі. Әйткенмен көп жағдайда еркектің қолынан еркелету келе бермейді-ау. Тоғышар күйге кім дәру? Тоғышарлықтан мен де жерідім. Сәбит басқаша жағдай жасаса, бәлкім жүрек жылыр еді. Оған жазбаған тағдырға не нала! Сыры да, мұңы да бір қос келіншек ыдыстарды мұқият жудық. Екеумізге де тап қазір мына жұмыс бітсе дүние төңкеріліп кететіндей көрінеді. Қабат-қабат жақпар түбінде көптен бері қатқан тоң еріп, көңілімізге жылылық құяды. – Ертең сенбі, қыдырып бой жазып қайтайық, – дейді Айнұр ұсыныс жасап. – Сәбит жұмысқа барады... – Сол да проблема болып па! Мен, сен, Сандуғаш – үшеуміз де адам шығармыз. – Байбол ше? – Оның да шаруалары бар. Төргі бөлмеге қайтып оралғанда екі еркек екі жерде ұйқы құшағына сүңгіпті. VІ Қостанай өңіріне биылғы көктем кеш келгенімен күн жылына көк дүр көтеріліп, маңайды масаты кілемдей құлпыртып жіберді. Көшелер бойын қуалай өскен теректердің тұтаса біткен жапырақтары самал тербеген сайын толықсып бой жеткен қыздардай сылаң қағады. Биік үйлермен бой таластырған ағаштар құстарға толы. Олар сан құбылған үнмен сайрай жөнелгенде бойыңа шым-шымдап тарап жатқан ғажап дүниені сезінесің. Көктемнің тағы бір ерекшелігі – қар кеткелі көк күмбезін бұлт торлаған жоқ. Кей күндері ертеңгілік тұман тұмшалағанмен жер қыза бәрі тез айығады да, аспан мөлдіреп шыға келеді.

– 358 –

Бүгін де жаймашуақ. Далада үп еткен жел білінбейді.
Тостағандай төңкерілген көк тұп-тұнық. Осы емеурінімен
түске қарай ауа ыси түсетінін танытқандай.
Жалпы бұл өңірге ынтықтырып жететін көктем соңы

мый қайнатар ыстыққа айналып сала беретін кез көп.
Мұндайда жылдың қыз қылықты шағымен толық қауыша
алмай отты лауға түсіп кетесің. Табиғат биыл да осы сый-
ды алға тартпақ-ау, тым ашаңданып алған.

Автобус көкке оранған көшені көктей орталық парк
алдындағы аялдамаға тоқтағанда сағат тілі он бірді
көрсетіп тұрған. Ыстықтады ма, жерге түскен соң Айнұр
сулығын шешіп, қарына іле салды.

– Қос боздағымыз түстіктен құр қалмасын, – дедім

күліп. Айнұр қолын бір-ақ сілтеді.

– Олар қашанғы отымызды оттап, суымызды сулап

жүре бермек... Асханадан ас ішсе іштері кеппес.
Шынымды айтсам менің де үйге тез қайтуға зауқым
жоқ. Шулы орта бұйыққан жанымның дәруі секілді. Осы
ортадан әлденеңдей тылсымды іздейтінім анық. Жүрегім

өз-өзінен өрекпиді. Оның неменеге асығып, неменіні
тағатсыздана күтетіні белгісіз.
Сүйікті орын – жасанды су қоймасының жиегіне
жетіп, аққулар қылығын тамашалай қалдық. Екі жа-

сар Сандуғаш та томпаңдай басып барып цементтен
құйылған жағадан балалық қызығушылықпен алдыңғы
жаққа көз салады.
Аққулар ештеңеге мән берер емес. Самсаған адам-

дар үйреншікті дағдыға айналған ба, не үрікпейді, не
қаймықпайды. Еркін жүзіп келіп балалар лақтырған жемді
іліп алады да, артынан аспай-саспай тарануға кіріседі.
Қылығы назды. Құстар әлемінің кербезі өзі екенін сезіп,

сол сезімнің құшағында балқып жүргендей.

– Майра, сенің осы Теңізді шынымен бір көргің келмей

ме? – деп сұрады Айнұр көзін көлден айырмаған күйі.

– Оны кім айтты?.. – дедім ширыға қалып.

– 359 –

– Қызық, мен алғашқы сүйген адамыммен кездесуді әлі

ойлаймын. Әңгімелессем, ақыл сұрасам. Мүмкін сонда
айналаға көзқарасым өзгерер...
Ол сөзін аяқтамастан тұрып қалды.

– Зачем осындай күйректік! – деді әлден уақытта қолын

сермей, сосын оң жағына бұрыла беріп таңырқай дауы-
стады: – Ой, кого я вижу!
Таныс бейнені көргенде денем қалтырап қоя берді. Ауа
жетпегендей тынысым тарылды. Буын-буынымды ұстай

алар емеспін. Қорыққандық па, қуанғандық па жүрегім
аттай тулайды.

– Сәлеметпісің, Майра!

Тілім байланып қалғандай.
Біз бір-бірімізге қараған күйі ұзақ тұрдық. Сезімге бой
алдыру арқылы іштей сөйлескеніміз де анық.
“Міне, кездестік!” – деймін мен түйсігіммен тіл қатып.

Теңіз дәл осылай жауап қатады.
“Иә, иә, кездесу деп осыны айт!”
“Мен сені көп ойладым”...
Мен де, жаным”

“Үш жыл өтті, ә?”
“Ғасыр жүгін арқалаған үш жыл”
“Бақыттысың ба?”
“Білмеймін, жаным, білмеймін”

“Мен сені сүйемін!”
“Сенемін, Майра, сенемін”.
“Тағдыр бізге осыншама неге қырын қарады екен, ә?..”
“Аямады ғой”

“Кінәмді кешірші, ә?!”
“Өкпелеспейік. Шын сүйе білген адамдар бір-біріне
ешқашан кінә артпайды”.
“Рахмет! Сенің осылай айтарыңды білгенмін”

– Мама! Ма-ма-а!

Денеме шым-шымдап қан тарады. Іштей болса да
тілдескеннен кейін жан-дүниемді жайлаған толқын

– 360 –

басылған сияқты. Теңіз бойынан өзгеріс іздеймін. Таба-
мын да. Жігіттің көз айналасына әжім түсіпті. Бүйрек
беті де тереңдеу сызықтармен бөліне қалыпты. Әсіресе,
маңдайындағы шиырлар ерекше. Қабақ кергенде жолақ-

жолақ болып шыға келеді. Өзгермегені жанары. Әлі ойлы,
әлі тұнық қалпында адамға жылыұшырай қарайды. Осы-
нысымен мұзды ерітіп, тасты үгітетіндей.

– Мама! Ма-ма-а!

Етегіме жармасқан сәбидің дауысын жаңа естіп, еңкейе
бергенім сол еді, үлгермедім. Теңіз көз ілеспес шапшаңдықпен
Сандуғашты көтеріп алып, маңдайынан иіскеді.

– Кішкентай Майрамысың? Хал қалай?

Күш ала бастадым. Теңіздің Сандуғашты жатсынбауы
көңіліме батылдық енгізді.

– Байқасаңшы, үстің шаң болады ғой... – дедім тілге

келіп.

– Ештеңе етпейді, қақсам кетеді.

Тіксініп қалдым. Теңіз: “Өмір бойы өкініш дағын са-
латын күйкі тірлік шаңынан сақтағай” – деген ойды
аңғартқандай.
Дегенмен секемшіл көңілдің сандырағы ұзаққа созылған

жоқ, араға Бибіғайша араласты да таныстық басталды.
Құрбым неше күн құлағыма жыр қып құйған Алтай орта
бойлы, бидай өңді, ат жақты, қою қара мұрты бар жігіт екен.
Сөзге де қара жаяу емес. Танысқан соң шағын топты бірден

үйіріп әкетті. Ол әуелі қызықты әңгімелерімен бәрімізді
күлдірді, артынан түрлі ұсыныстар жасады. Мен олары-
на бас шайқағанмын. Дегенмен, қалған бір келіншек пен
бір қыз Алтайдың дегеніне жығылды. Содан сәл өткенде

бізден рұқсат сұрамастан Алтай, Бибіғайша, Айнұр ара-
мыздан жылыстай берді. Тіпті жөндерін де айтысқан жоқ.
Екеуден-екеу қалғанда жүрегімді қайтадан толғаныс буды.
Сөйлегім, ішімдегі барлық сырымды лақ еткізіп ақтарып

салғым келеді-ақ, әйткенмен батылым бармайды.. Ауызымды
ашсам иегім кемсеңдеп, көзімнен жас төгілетіндей. Теңізге

– 361 –

жаутаңдаймын, ол да жанарын менен алмайды. Қарашыққа
мұң ба, сыр ма, бір тұнба тұныпты. Оны не аярлығы, не
арамдығы жоқ көгілдір айна жасыра алатын емес.
Біз тағы да сезім арқылы сырласып кеттік.

“Өмір толқыны үйіріп әкелгендегі жеткен жеріміз осы
ма?” – деп сұрайды жігіт көңілі алабұртып.
“Жазған құлда шаршау бар ма?..” – дейді менің жан-
дүнием.

“Бәрін тас-талқан етсек қайтеді?”
“Күшімізге қарайық, еркімізге салайық”.
“Бақытқа да, сорға да жол ашатын өзіміз ғой”...
“Иә, бәрі өз қолымызда”.

“Көңілің баяғыша шығар?”
“Жаным-ау, арада өткен үш жыл сезімімді өршітпесе
өшіре алмағанын қалайша түсінбейсің!”
“Түсінемін, бірақ...”

“Мені боркемік деп ойлаймысың? Бір бекінбейін,
бекінсем жолымда тау тұрса да қайтпаймын!”
“Ризамын саған, жаным”
“Күнім менің!”

Бұдан әрі жігіт жанында тұра беру қауіпті еді. Бір
босасам қайтадан өзіме келе алмайтынымды түсіндім.
Түсіндім де мына арадан қашуға бекіндім.
Автобус аялдамасына жеткенде Теңіз Сандуғаштың екі

бетінен кезек-кезек сүйді.

– Өзіңнен айнымайды, – деді сосын күрсініп.

– Баламыздың маған тартқанын қалаушы едің ғой?

– М-м, солай-тын...

Автобусқа
мінгенде
ішімдегі
құйын

қайтадан
бұрқанды. “Топас! Тоңмойын!” – деп өзімді өзім сөктім. –
Тұра тұрсаң қайтетін еді! Осыншама уақыт кездеспеген-
де, сарылып осы кездесуді күткендегі көрсетпегің осы

екен ғой. О, опасыз!..”
Бірақ бәрі кеш-тін. Автобус келесі көшені айналып та
үлгерген.

– 362 – VІІ Айнұр көңілді оралды. Үй ішінде ыңылдап өлең айтып әрлі-берлі жүріп алды. Бұрын мұндай әдетін байқамаған едім, қазір: “Бірге өткіздік талай күнді бал шырын, Сөздерің мен сымбатыңа балқыдым” – деген жолдарды он қайталайды. Білмеген тұсында дайын тұрған “ляля-лясын” қосады. Ара-арасында денесін вальс ырғағына бейімдеп дөңгелене жөнеледі. – Мынауың ненің желігі?– дедім жүйкем жұқарып. Қайынбикем ештеңе елемегенсіді. – “Сағындым ғой, қайда жүрсің, алтыным...” – Қойсаңшы енді, бала болып кеткенбісің?.. Айнұр сонда ғана тоқтады. – Не? – Неменеңе есіріп жүрсің? – Есіріп? Мен есірдім бе?.. – Иә. Қайынбикем қарсы жауап қатқанда ұрыс туып кетуі мүмкін еді. Оған бейім тұрғанмын. Осы жасқа жеткенше біреудің намысына тиер ауыр сөз айтпағанмен дәл қазір долы әйелдердей Айнұрды беттен алғым келді. Бұрқансам, сонда іштегі алас ұрған аласапыран тарайтын секілді. Бірақ Айнұр жүз шайысуға бармады. Көңілді қалпын бұзбаған күйі жаныма жайғасты да құшақтады. – Ой, сен де... Өкпелеп қалдың ба? Керісінше бүгін қуану керек емес пе! – Неменеге жетісеміз. – Ертең қала сыртына серуенге шығамыз. – Сонда кімдер серуендемек? – Бәріміз. Солай шештік. Көз алдыңа елестетіп көрші – айналаң көкпеңбек, етекте сылаңдап Тобыл өзені ағып жатыр. Оңың да, солың да орман, ал онда сансыз құстар. Ғажап қой!

– 363 –

– Мүмкін... – дей салдым самарқау ғана. Айнұр бұған

қанағаттанбады:

– Дәл солай! – деді қызбаланып, – Өз басым мұндай

ғажайыпты ешқандай кідіріссіз қабылдадым, сондықтан
Алтай ұсыныс жасағанда бірінші болып қол көтердім.
Ол сәл кідірді.

– Маған Алтай керемет ұнады!

– Бір көргеннен бе? Несімен?

– Тамаша жігіт! Онымен жүру көңілді. Бірақ ішін

алдырмайды. Жұмысы әбден үйретіп тастаған-ау, ша-
масы...
Айнұрға жақтырмай қарадым.

– Сүйіп қалғаннан саумысың?

– Сүю құқығынан әлі ешкім айырған жоқ шығар.

– Сонда нарқоспағың қайда қалады?

– Байбол ма? Ол да жаман жігіт емес. Айдауыңа жүре

біледі. Дегенмен, Алтай қолыма түссе өмір бойы құлы
боп өтер едім.

– Адам тұрмысты біреудің құлы болу үшін құрмайды ғой.

– Ал, мен бәріне ризамын.

– Сен жеңілтексің!

– Міне, мұның қате пікір.

– Өмір туралы терең ойлай алмайсың. Олай болса, сен-

де тұрақты махаббат жоқ!

– Бұрын сүйдім ғой...

– Ол өткен іс.

– Сен де өткеннің шылауында жүрсің.

– Менікі мүлдем бөлек дүние!

– Сонда да... айырмамыз шамалы-ау...

– Сен... Сен...

Тұтығып қалдым. Қайынбикеме арналған ызам бұрқ-
сарқ қайнауда. Адал махаббатыма шаң жұқтырғысы
келетін осынау жанды атарға оғым жоқ. Теңізді жан-
нан артық бағалайтынымды, ол үшін түн ұйқымды төрт

бөлетінімді қайдан білсін, бұл сорлы. Ең құрымаса

– 364 –

жүрегімнің лүпілін сезсе. Жоқ, ұқпайды. Одан ондай
сезімнің ауылы алыстап кеткені қашан...

– Сен топассың! – дедім шаңқ етіп.

– Ол екеумізден асып кете қоймаған шығар!

– Сені көргім келмейді-і!

– Менен енді қашсаң да құтыла алмайсың.

Тұтанып келе жатқан өртті үйге дабырлай енген ер-
кектер дауысы басты. Әйткенмен жанымды жұлқылаған
ашуды ізім-қайым жоғалта алмадым. Тереңнен бір сайтан
түрткілеп әлдекімге тиісуді ойлаймын. Қарсыласымды

тұқыртсам, оны бас көтермейтін етсем ғана бәрі тарай-
тындай. Ал, бұйыға түссем жарылып кететін сияқтымын.
Осы бетте аздап ішкенін пайдаланып Сәбитке
соқтықтым:

– Мынауың қай желігің, ә?! Кешегің кешегі, бүгінгіңе

не жорық? Қатының өліп, балаң жетім қалып, соның
күйігін тартып жүрмісің?!
Сәбит жасқаншақ баладай бүгежектеп қалған еді, араға
Байбол килікті.

– Сабыр, Майра, сабыр. Ашуды ақылға жеңдіре біл.

Жұмыс соңынан ресторанға соққанбыз... Айып бізден.
Тоқмәшке жегізсең, міне арқамыз...
Осы арада ғана ағат басқанымды сездім. Сездім
де сыртқа ұмтылдым. Ыңғайсыздықтан жеке қалсам

құтылатындай көрінді маған.

VІІІ

Осы қақтығыстың әсері ме, ертеңінде Айнұр екі
келіншектің бас еркі бір күнге өздеріне тиюін өтінгенде
еркектер қуана құптады. Сандуғашты да алып қалысты.
Міне, біз Тобыл жағасында тұрмыз. Ерке өзен қылықты

қыздай сылаңдай ағып жатыр. Тұп-тұнық. Үңіле қарасаң
тереңдегі малта тастарды анық көресің. Олар көгілдір түске
боялған. Майда толқындардың әсерінен бе жылт-жылт етеді.

– 365 –

Менің жаным да Тобыл ағынына ұқсайды. Буырқанысы
да, желікпесі де, тымыраюы да жоқ осы құбылыс жүрекке
жылы әсер қалдырады. Шын бақытты жандай кеудемді
асқақ ұстаймын. Анда-санда Теңіздің қадала қалған жана-

рын байқаймын. Ол неғұрлым ұзақ тоқталса, солғұрлым
аспандай түсемін. Жігіт көзқарасында аяушылық пен
мүсіркеушіліктен гөрі ынтықтық басым. Мұны әйелдік
түйсікпен жақсы ұғынамын, сонансоң-ақ мерейім өсе

түседі.
Аз ғана дамылдап, өзімізбен бірге жеткізген асты
қаужаған соң суға түстік. Балаша асыр саламыз. Жүзуді
білмейтінімді пайдаланып қалғандары таязда тұрған маған

су шашысады. Тұншығып қаламын, бірақ ренжімеймін.
Басқалармен бірігіп сықылықтай күлемін.
Ойын әсерімен ана үшеуі сәл әрірек кеткенде Теңіз жа-
ныма жақындады.

– Шынымен жүзу білмейсің бе?

Басымды шайқадым.

– Қаласаң үйретейін.

– Жақсы шәкірт бола алсам...

– Шәкірттің жақсы не жамандығы ұстазына байланы-

сты.

– Онда келістім.

Мұндай сәтті өлгенімше ұмытпаспын! Суы иектен
аспайтын тұсқа жетіп, Теңіздің қолы тәніме тиген шақта
менің қозғалуға шамам келмей қалды. Көзімді жұмған
күйі әлгі қолдардың денемді шарлауын қаладым. Ау-

ырта-ауырта қысса, мына тығыршықтай бұлшық еттер
тұншықтырса деп тіледім. Оның жүзеге аспайтынын
біле тұра әйелдік әлсіздіктен аса алмадым десем айып
етпес, ешкім де. Қазір мен сезімнің ғана құлы іспеттімін.

Өзіме белгілі тұңғиық тереңіне тарта жөнелсе – бар
тілегім осы.

– Теңіз, – дедім күбірлей.

– Әу!

– 366 –

– Кешірші, ә!

– Не?!

– Кешіре алсаң кешірші...

Жігіттің қолы қалтырап шашымды сипалады.

– Өткенді жаңғыртып қайтеміз. Аузын тырналай берсең

жараның ушығып кетуі мүмкін...

– Одан қорқасың ба?

Теңіз кеудесіне қысты.

– Қорқу бір бөлек те, басқасы бір төбе ғой, жаным.

Енді батылданайын дедім. Жүзімді иығына жасырдым.

– Айтшы, тек шындықты айтшы, бақыттымысың? –

деді жігіт өрекпіп.

– Білмеймін-н...

– Сандуғашты неге бірге алып келмегенсің?

– Оны жақсы көресің бе?

– Сәбиді ессіздер ғана жек көреді.

– Ризамын, жаным!

– Ол сенен айнымайды. Сені сүймеу мүмкін емес...

– Дәл осы күйімде ме?

– Мен үшін әрқашан тұнықсың!

Көкірегім ашылып, сананы тұмшалаған бұлт шоғыры
тарап сала берді. Жігіттің иығынан жеңіл аймаладым.

– Үйлі-баранды шығарсың, ә?

– Жоқ.

– Ал, мен...

– Керек емес, керек емес... Майра?

– Әу.

– Егер ауырлық кездессе қолымды да, жанымды да

ұсынуға әзірмін. Осыны ұмытпағайсың.
Басым айналғандай. Теңізге тығыла түсемін. Міне,
денелеріміз бір-біріне жабыса қалды. Бойыма шым-
шымдап тараған ләззатты сезінемін. Үш жыл бойы шарқ

ұрып іздеген, таппаған рахатым.

– Майра?

– Әу, жаным?

– 367 –

– Елдің сөзі – ел сөзі. Дегенмен, мың күнгі қараңғылық­

тан бір сәттік жарық артық, оны өзің де жақсы білесің. Ен-
деше, ойлансаң қайтеді? Мен де өксімейін, сен де өксіме.

– Жаным!

Теңіздің иегінен, маңдайынан, кеудесінен шөпілдетіп
сүйе бастадым. Жігіттің қайратты қолдары кеудемді қыса
тұншықтырып бара жатқанына да қарамаймын. Талай күн
шөлде жүріп жаңа жеткен жандай ынтығым басылар емес.

Сырт жағымнан даурықпа сөз, сыңғыр-сыңғыр күлкі
естілгенде ғана ес жинадым. Жарыса жүзіскен Бибіғайша,
Айнұр, Алтай екен.

– Пәлі, мыналар орнынан тапжылмапты ғой! – деді

Айнұр табаны жерге тигенде алқына сөйлеп.
Жағаға шықтық.

– Тобылдың суы жеңіл екен, – деді Алтай құмға сұлай

кетіп.

– Судың жеңілі, ауыры бола ма?

– Неге болмасын, болады. Мысалға кейбір өзенге

шомылғанда бойың ауыр тартып, құшағыңды еркін жаза
алмайсың. Міне, мұндайды “суы ауыр” деп атайды. Ал,
тап қазір шаршадық па? Жоқ, арғы жағалауға енді бір-екі
рет барып қайтуға дайынмын.

– Оһо, бұл жаңалық. Сұрайыншы, өзің қайсысына

жатасың, ауырға ма, жеңілге ме?

– Көтеріп байқасаңшы.

– Көтерер едім.

– Бөгелдің ғой?

– Тұрсаңшы?

– Ал, тұрдық.

Алтайды айналып өткен Айнұр Бибіғайша жаққа бір
қарады да, қайтадан жігітке шүйлікті.

– Әйел халқы салмақты күшпен емес, іспен сынайды.

– Сонда қалайша?

– Түсінбей тұрған шығарсың, ә? Қызылға түскенде

қалай-қалай қарпығаныңды бір көрсем!..

– 368 – Сөздің насырға шауып бара жатқанын түсінді ме, араға Теңіз киіп кетті. – Күресіп көр дегені де. Айлаң асса бәйгем бар. – Қой жеңіліп, ұятқа қалар жайым жоқ. Абыройды айрандай төкпей тұрғанда ат шапан айыбымды беріп тынайын. Осыдан кейін Айнұр жөнге көшер дегенбіз. Бірақ бәрі басқаша шықты. Айылын жимаған қайынбикем қасқайған күйі көзін жұмды. – Ендеше сүй! Бибіғайша мына қылықты ойынға балай ма, мәз. Теңіз де аңғал көңілмен келіншектің талабын орындауды ұсынады. Ақыры бәрі Айнұрдың қалағанындай шықты... Үй жанындағы аялдамадан түскенімізде қайынбикем: – Шайнап-шайнап жұтып қойсаң да тоймайсың, – деді жігітті есіне қайтадан алып, сосын қызара қалған жанарын маған аударды, – Осы желіккенің жетер, сабаңа түс! – Шектен шығатындай не істеппін? – Көрмейтін көр соқыр емеспін, мұндайлар менен қалған... – Оныңа ақы сұраймысың? – Өзің үшін айтамын. – Маған бір рет қамқоршы болғансың сол жетеді. Екеуміз екі айрылыстық. ІХ Көптен бері тыныш ұйықтағаным осы түн. Қатып қалдым десем де болғандай. Ұшпа көңіл армансыз бір тыныққандай. Дәл қазір оянғаныммен төсектен тұрғым келмейді. Денемді самарқаулық жайлап алыпты. Айналып соғар қуаныш сәтін күте ме, жайшылықта ойнай жөнелетін жүрек те бір қалыпты бүлкілдейді. Бақыт

– 369 –

атты ақ құстың басыма қонғаны осы шығар. Бұдан артық
жәннәттің керегі де жоқ.
Ойыммен өткен күнді саралаймын. Жігіт денесіне тиген
ерінім кебірсіп, сондай сәтпен қайта қауышуға ұмтылады.

Санамда Теңіздің сөзі: “Елдің сөзі – ел сөзі... Дегенмен,
мың күнгі қараңғылықтан бір сәттік жарық артық. Енде-
ше, ойлансаң қайтеді? Мен де өксімейін. Сен де өксіме...”
Жігітке дау айта алмаймын. Үш жыл бойы басымды тауға

да, тасқа да соққаным жетеді. Тінтініп сәуле іздедім, оны
Сәбиттің бойынан таппадым. Олай болса артыма несіне
қарайлаймын. Маған алға, тек қана алға ұмтылу керек.
Теңіз сүріндірмеуге, керісінше қолтығымнан сүйеп, өз

биігіме шығаруға тиіс. Шығарады да.
Сенімім күшейген сайын сезіміме желік біткендей.
Ұяттан аттап өтіп, тұңғиыққа қарай ұмтылып бара
жатқанымда әрең деп өзімді-өзім тоқтатамын. Жұмарлай

кеудеме қысқан құс жастық ып-ыстық. Құдды, Теңіздің
от шарпыған төсі іспетті. Соны иіскеймін, содан рахат-
танамын...
Үлде мен бүлдеге оранған қонақ үйінің табалдырығын

аттағанда тыныштығым қайта бұзылды. Отқа ұмтылған
көбелектей шыр-пыр болдым да қалдым. Өз-өзімнен
қобалжимын. Үйдегі тоқтықтың орнын әлденендей
күдік басқан. Қаймығатын да сияқтымын. Ойым өрекпіп,

тайғанақ жолға түскендей бұраң-бұраң етеді. Тал-
май бастап келе жатқан аяғым ғана. Не тоқтамайды, не
жаңылмайды, денемді ықтиярына көндіріп алға жетелейді.
Екі жүз он төртінші есікті көзім шалғанда жүрегім

де аунап-аунап кетті. Әйткенмен саусақтарым жақтауды
шертіп үлгерді.

– Бұл кім?

– Мен ғой, Майрамын...

Есік ашылған сәтте әлім құрып жігіт кеудесіне
сүйендім. Сан көз қадалып тұрса да осылай істерім анық.
Өйткені аспандай жөнелген көңіл арыны еркімді билеп,

– 370 –

ойлану, түйсіну деген кереметтерді шетке ығыстырып
тастаған.

– Шынымен сенбісің! – деді Теңіз таңырқай.

– Күтпедің бе?

– Солай.

– Әлде басқа біреу келмек пе еді?

– Жо-жоқ, ол не сөзің...

Үп еткен күдік атаулы өре қашқандай. Енді жігітке
еркелегім келеді.

– Телефон соғайын деп отырғам, – деді Теңіз күлімсіреп.

– Кімге? Маған ба?

– Әрине, саған.

– Таппайтын едің.

– Рас.

– Сонда не айтпақ болдың?

– Кездесуге шақырмақ едім.

– Онда сен телефон шалдың, мен ұсынысыңды қабыл

алдым да осында келдім. Солай ғой?
Теңіз аймалады.

– Жұмыс орның іздемей ме?.

– Мейлі...

Арада үш жыл өтпеген сияқты. Жәй, бір-екі күнге
көріспей,
содан
жаңа

кездескен
ғашықтардаймыз.
Менің басымда бар мін – өзгенің келіншегі екендігім де
ұмытылған. Тіпті, тойым дегенді ұмытқандаймын.

– Сені сүйемін, Майра! – дейді жігіт үздігіп.

– Мен де!

– Сенсіз маған күн қараң!

– Маған да!

– Жаным!

Күрмеуге келмейтін қысқа жіптей қысқа ғұмыр несімен
тәтті десем осындай отымен, осындай ләззатымен ғажап
екен ғой. Не опындырар ойы, не алқындырар қыры, не
тайғанақтатар мұзы жоқ, тек жаның жалын атып тұрасың.

Рахат сезім өн бойыңды ұйытып, сана-сезіміңді шырмап,

– 371 – ертегі әлеміне сүйрейді. Еркіңе қоймаған соң ересің. Оныңа өкінбейсің де. Өйткені сен махаббат бесігінде тербетілесің. Жаның да, тәнің де мамыққа оранғандай күй кешеді. – Майра?.. – Әу... – Сенбейтін сияқтымын... Осымыз шын ба, өтірік пе? – Шын жаным, шын! – Енді бір-бірімізді жоғалтпайықшы,ә? – Өлсек те біргеміз! – Махаббатым менің! Дүние төңкеріліп барады. Біз жерде тұрғандай емес, аспанда қалықтап жүргендейміз. Жігіттің ыстық демі шарпыған сайын түйсік атаулыны жоғалта түсемін. Мен де бір, ұйқы құшағындағы жан да бір. Артық-ауыс қозғалуға шамам жетпейді. Теңіздің ерніне ернімді тоса беремін. Осы арада ойымның ойран ботқасы шықты. Шамырқанған сезімім бұдан да өткен тұңғиық іздеп шарқ ұрды. Жариялауға болмайтын, үнсіз ғана сүңгіп кететін тұңғиық. Соған шым батсам, содан шықпасам. Құшақ ажыратпаған күйі мен шегініп, ол алға басып келеміз. Міне, аяғыма керуеттің қыры тиді. Темір сап-салқын. Бірақ, оны елеп жатқан мен жоқ. Екеуміз ұмар-жұмар құладық. Кеудемді зіл басып қалды. Сонда да талмай тыпыршимын. Іздейтінім – тән дәруі. Бәрі тезірек болса деп тілеймін. Жігіттің қолдарының саныма жұғысуын, одан көтеріліп бөксені қармануын тынбай қалаймын. Шіркін-ай, буын-буынымды бырт-бырт үзсе, кеудемді жаныштап, еркімді тұншықтырып тастаса! Соқыр түйсіктің күтетіні осы ғана. Бірақ жігіттен ожар қылықтың ұшқыны білінбейді. Ол өз сезіміне мас. Жыным келді. “Сен де маубас па едің?” – деймін іштей кіжініп. Сосын кеудемді сәл босатып, көйлегімнің өңір түймелерін ағыта бастаған едім, Теңіз қолымнан ұстай алды.

– 372 – – Керегі жоқ, Майра, керегі жоқ... Маған сенің тұнықтығың қажет... Әлдекім шапалақпен жағымнан тартып жібергендей селк еттім. Сонда ғана есім кіргендей. Енді бар күшімді сала жігітті кеудесінен итеріп қалдым. Мұндай қарсылықты күтпеді ме, Теңіз шалқалай құлады. Салмақтан құтылған сәтте алды-артыма қарамай сыртқа ұмтылдым... Х “Ұят-ай, масқара-ай!..” Далаға шыққанда мыйымды солқылдатқан осы ой. Көшеде өтіп бара жатқандар ішімдегіні оқып қоярдай жанарымды жерден көтермеймін. Өз-өзімнен қысыламын. Мына маңнан тезірек ұзау үшін аяғымды жылдамдата басқан боламын. Адымым өнбейді. Сенделген күйі біресе оңға, біресе солға бұрылып, әйтеуір екі көшені артқа тастадым. Сонда ғана артыма көз тастап, қонақ үйінің биік-биік ғимараттардың тасасында қалғанын көрдім. Бұл ара тыныштау екен. Қаланың шеткергі тұсы болғандықтан ба құлақтың құрыш етін жеген машина ызыңы да, сеңдей соғылысқан адамдар легі де аз. Мұның өзі ұрлықтан қашқан жанымды сәл сабырға келтірді. Енді әлгі аласапыран шаққа ойлы үңілуге тырысамын. Дегенмен, ұшығын ұстай алар емеспін. Қай жерде қате бастым? Білмеймін. Сезімнің отты лауына түсіп кеткенім анық. Сезім, сен қандай құдіретті күш едің! Қанат бітіріп биікке самғатасың, құлдилатып құзға құлатасың. Жанын жараласаң да адам ырқыңнан шықпайды. Бұл, бәлкім әлсіздігі, бәлкім өлермендігі, әйтеуір өкінсе де етегіңнен ұстап айырылмайды. Әйел емеспін бе, қыз-келіншектер пыш-пыштарын көп естимін. Араларында сезімге бағынған сәттерін дабырлата айтып жүретіндер баршылық. Сонан ойлайтынмын: “Бұл қалай, қосағыңның көзіне шөп салу мақтаныш па?

– 373 –

Өзге таптаған арды ертеңіне қалай жиып алады?” – деп.
Сөйтсем адам айуандық әрекетке саналы түрде барады
екен-ау. Ұятты, адамгершілікті, барлық асыл қасиетті
басқа тепкен күйі қараңғылыққа сүңгиді. Не деген

опасыздық, не деген ашкөздік! Тіпті ойлауға қорқасың.
Бірақ мұнымен өлермендік тоқтай ма? Жоқ. Әлгінде өзім
де соның бір ұшығын жеріне жеткізе алмай шықтым ғой...
Құлағыма күңгір келді: “Керегі жоқ, Майра, керегі

жоқ... Маған сенің тұнықтығың керек...” Бетім ду етті.
Тән тұнықтығын сыйлай алмаған адамға жан тұнықтығын
да қимағандығым ба? Нағыз қарабеттің өзі-ақ шығармын!
Енді Теңіз не ойлайды? Жеңіл мінезді біреу демесіне

кім кепіл? Әй-әй сабырсыздық-ай! Әлде қайта соқса
ма? “Есалаң болдым, кешір!” немесе “Мен нағыз ұятсыз
екенмін”, – деп аяғына жығылса... Бірақ, одан не пайда,
өтер іс өтті. Оның үстіне жігітке қай бетіммен көрінемін?

Арам жүзді сүйретпеге салғаннан гөрі бүркеп тастағаным
жақсы сияқты. Иә, содан артығы жоқ...
Абайласам, Тобылдың жағалауына шығыппын. Өзенге
түсуге аңсарым ауды. Бойыма жұққан шаң сонда ғана ке-

тердей жалма-жан шешіндім. Су салқындау екен.
Белуарға дейін жалдап барып, денемнің тітіркенгеніне
қарамастан күмп бергенімде жанымды шарпыған от
басылғандай болды.

Сабама
түсіп,
жұмысқа
құлқым

соқпай
үйге
оралғанымда ойламаған жерден Сәбиттің қарсы шыққаны.

– Қайда қаңғып жүрсің? – деп дүрсе қоя берді ол.

Бір сұмдықты сезгендей жүрегім жұлқып-жұлқып қалды.
Ауа жетпегендей кеудем қыса түсті. Көзім де қарауытқандай,
дегенмен есімді тез жидым да, тәуекелге бел будым.

– Жұмыстан басқа қайда боламын...

– Жөн-ақ. Тағы қандай өтірігің бар? Ақтар, бәрін

ақтарып қал!?

– Не, тіліңді анауың байлап тастаған ба?

– 374 –

Енді айқындалды, пәленің қай жақтан өрбігені де
белгілі болды.

– Айнұр қайда? – дедім батылданып.

Сәбит бұрқ етті:

– Ол кетті. Сенің әуейілігіңді көргісі келмей кетті!

– Мен әуейі емеспін, алда да болмаймын!

– Мынаның сөзін қара! Түк көрмеген, түк сезбеген

адам. Сонда миғұла мен екенмін ғой, ә?
Тағы жауап қатпаған едім, Сәбит өршелене түсті:

– Ей, тілің байланып қалды ма? Күні бойы қайда

жүрсің? Жұмыста жоқсың. Әлде анау әуселеңмен қызыққа
кенелдің бе?!
Батқаны – Теңізге тіл тигізгені. Егер оның қара ниеті
болғанда мен бүйтіп момақан күйде отырмас едім, түте-

түтем шығып, түбіттей шашылып қасында жатар едім,
көлім лайланып, көңілім басқа әлемнің есігін қағып...
Күйіп кеттім:

– Оған тіл тигізбе, қайта рахмет айт! – дедім ашу буып.

– Әйелімнің әжетін ашты деп пе?

– Жоқ, келіншегімнің көзін ақиқатқа жеткізді деп.

– Иттің ғана баласы-ай!..

Сәбит шыжбалақтай бөлме кезді. Төрден есікке,
есіктен төрге өтеді. Қайраты да, ызбары да осыған ғана
жеткендей.

– Еркексің ғой, сабасаңшы... – дедім күйеуімнің

жігерсіздігіне налып.

– Мынау не тантып отыр-ей.

– Не естісең соны айттым...

– Киін!

– Қайда барамыз?

– Ауылға.

– Қай ауылға?

– Біздің үлкен үйге. Екі күнге бастығың босатты. Билет

те дайын. Сандуғашқа соғамыз...
Бұйдалаған тайлақтай Сәбиттің жетегінде кете бардым.

– 375 – ХІ Елде өткен екі күн екі ғасырдай көрінді. Ағарып таң атқанын байқайсың, сосын күйкі тірлік басталады. Қолың әрнені істегенмен көңілің кештің батуын күтеді. Мұндайда уақыт шіркін өткен бе. Батпандап шыққан күн мысқалдап ұясына қонады. Үздігіп төсекке құлағаныңмен тағы ұйықтай алмайсың, жаның әлдеқайда асығып, әлденені іздеп тағат таппайды. Содан кейін көрпе астында езіле ой желісін шұбатып жатқаның... Ақыры қалаға да оралдық-ау. Ертеңгілік тірлігімді өзгертіп, өзімше ерім мен балама шай жасап отырғанымда Сәбит: – Осы күнге дейін еркелегенің жетер, енді байқа!– деді зілді үнмен. Оған таңырқай қарадым. – Несіне бағжиясың?.. Ендігіңді көтере алмаймын, сондықтан аяғыңды аңдап бас! – Қорқытқың келе ме? – Қалай түсінсең де еркің! – Қорқа алмасақ ше? – Онда өз обалың өзіңе... – Айырылысамын де!.. – Мүмкін. – Несіне мәймөңкелейсің, айтқан соң ашығын айтқанға не жетсін! – Мен айырылысамын деген жоқпын. – Өзің жігіт емес, мігіт екенсің ғой. Өз-өзіме таңмын. Бұрын күйеуімнің ыңғайына жығылып тұратынмын. Оның ұсынысы көңіліме жақпаса да мақұлдап отыратынмын. Енді жөн сөзге де қарсыласқым, салғыласып ұрысқым келеді. Тіпті, бет жыртысуға дайынмын. Мейлі, әлім жетпесін, әйтеуір жағалас үстінде жан тапсырсам арман жоқ. Бірақ, Сәбит ондайға аттап баспайды. Күпінгенімен күрмеулі күйінде қалады. Қазір де сөйтті.

– 376 – – Әйтеуір байқағайсың! – деді де Сандуғашты жетелеп үйден шығып кетті. Кеңсеге келген соң оны-мұны қағаздарды ыңғайластырдым да Бибіғайшаны күттім.Дамыл-дамыл сағатыма қарап қоямын. Тоғыздан әлдеқашан асқан. Құрбым бұлай кешікпеуші еді. Сөйткенше сырттан бірге істейтін, дегенмен басқа бөлмеде отыратын егде келіншек енді де, Бибіғайшаның орнына жайғасты. Қимылы бапты, соған қарағанда мына столға бір күн болса да үйреніп қалған сияқты. – Біз енді бірге отырамыз, – деді ол әлден уақытта көзәйнегін киіп. – Бибіғайша қайда? – Естімеп пе едің?.. Ә, сені сұранып кетті деп еді-ау. Коллегаң есеп айырысқан. Тұрмысқа шығыпты. Жасы келген бала ғой, бағы ашылсын! Мына хабар жай отындай әсер етті. Буын-буынымнан әл кетіп, сұлқ отырдым да қалдым. Менің күйіммен ісі жоқ бөлмелесім сөзін әрі жалғастырды: – Ұмытып барамын, мына хатты саған тапсыруымды өтінген. Көгілдір конвертті қолым қалтырай әзер аштым. “Майра, өзіңе жолыға алмай кетіп бара жатқанымды айып етпе, жағдай солай болды, – деп басталыпты хат. – Жоспарымыз аяқ астынан бұзылды. Жұмыс бабында жүрген Теңіз бен Алтайға шұғыл шақырту жетті де, алдыартымызға қарамай жол жүруге мәжбүр етті... Бәріміз сенің жоқтығыңа өкіндік. Әсіресе, Теңіз аға. Ол соңғы күндерде мүлдем өзгерді. Ешкіммен сөйлеспейді. Томаға-тұйық күйде. Маған бірнеше рет үйлеріңе телефон шалдырған. Жауап берген ешкім жоқ. Көп не айта берейін, біздің жағдай осылай. Ертеңгі он бірде ұшамыз...” Арғы жағын оқымастан далаға ұмтылдым. Қас қылғандай бір такси тоқтамады, сонсоң автобусқа отыр-

– 377 –

дым. Жүрегім дүрс-дүрс соғады. “Ауылға бекер бардым” –
деймін өкініп. Бұл сөзді ішімнен жүз, мың қайталаған
шығармын. Осы күйімде бар асылымды тонаған Сәбитке
тісімді қайраймын. Бірақ одан не пайда, уақыт зымырап

өтіп барады.
Сағатыма жалтақ-жалтақ қараймын. “Айналайын, сәл
сабыр етші, асықпашы...” деймін жалынып. Содан кейін әр
аялдамаға тоқтаған автобус жүргізушісімен ұрсысамын.

Жол үстінде әлгі жазықсыз пендені теңемеген айуаным
қалмаған шығар.
Ақыры жеттік-ау. Жынды адамша жолымдағыларды
қаға-маға сыртқа атылдым.Бір-бірімен арбасқан күдік-

үміт жанымды ширықтырып алды-артты ойлауға мұрша
бермейді.
Аэропорт
үйінің

ішіне
кіргенде
құлағыма
хабарлаушының:

“Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар!
Қостанай   – Жезқазған кестесі бойынша ұшатын само-
летке отыру басталды. Қайталаймын...” – деген дауысы

естілді. Маған енді мына қаңыраған үйде қалуға болмай-
тын еді. Соны ойлап қайтадан аулаға шықтым да, аэропорт
маңындағы темір шарбақты жағалай жөнелдім. Көріп
келемін, шеткері тұрған самолеттің жанына адамдар

шоғыры үйіріліпті. Соларға үңілемін. Іздейтінім – Теңіз.
Әне адамдар баспалдақпен көтеріле бастады. Ойпыр-ай,
мына ақшаңқан көйлекті қыздың Бибіғайшадан айнымау-
ын қарашы! Тап соның өзі!

– Бибіғайша-а!

Артына қарайтын емес. Аяғын жылдамдата басып
жоғары өрлеп барады. Одан кейінгісі... Теңіз! Асықпайды,
аэропорт үйі жаққа жалтақ-жалтақ қарайды.

– Теңіз! Теңіз!!

Іші-бауырымды біреу езіп жатқандай.

– Теңіз! Теңіз-з!

Әне, ол ішке өтер тұста тағы бөгелді.

– Теңіз-з!!!

– 378 –

Шыңғырған дауысым бәрібір жетер емес. Жігіттің жа-
нары әлі үй жақта.
“Мына жаққа, бері қарасайшы! – деймін ширығып. –
Келдім ғой, жаным! Ең құрымаса бір рет көз салшы,

танисың. Мен мұндамын!”
Темір шарбақты долдана жұлқыладым. Одан не пайда,
жігіт ішке өтіп кетті.
Тізерлей отыра қалғанымды сезбедім. Есі ауысқан

жанша күбір-күбір етемін: “Көрмедің, ә? Көрмей қалдың.
Өлгенім тіріліп, өшкенім жанғандай еді, бәрін қайта
сөндірдім. Сен тұтаттың, мен өшірдім... Не деп ойладың
екен, ә? Жоқ, сен мені жамандыққа қимайсың! Ендеше

әйнектен тағы бір үңілші? Мүмкін танырсың... Менің
өстіп отырғанымды көрсең сол да жетеді! Таптың ба жа-
ным? Жаным-м-м!..”
Біреулер қолтығымнан демейтін сияқты.

Самолет қалшылдап біраз тұрды да сырғанай жөнелді.
Дауысы жер жарады. “Өткен күнде белгі бар!”– деп
айқайлап бара жатқандай...

– 379 – Мазмұны Аңыз албарындағы ғұмыр.............................................. 3 Бұлақтар күліп ағады.................................................... 60 Дөңгеленген дүние...................................................... 105 Бейбақ........................................................................... 139 Жалғыздан қалған тұяқ............................................... 180 Қаракердің қарымтасы................................................ 210 Балдан тәтті ғұмыр...................................................... 243 «Набат» операциясы................................................... 281 Өткен күнде белгі бар................................................. 337

– 380 –

Төкен ӘЛЖАНТЕГІ

(хикаяттар)
Редакторы Мақпал Құрманбек
Корректоры Қазына Нұрмаханова
Көркемдеуші Бақытжан Ақышев

Техникалық редакторы Нүркен СҮЙЕУБЕКҰЛЫ

ИБ № 140

Басуға 15.04.2015 ж. қол қойылды.
Пішімі 84х108 1/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі “Tіmes New Roman”. Көлем 20,0 шартты баспа табақ.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 140

«ҚАЗақпарат» баспа корпорациясяның баспаханасы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙