TELEGEI

Home

Ақиқат мінбесі

Қуантай Сатыбалдыұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ақиқат мінбесі

Қуантай Сатыбалдыұлы – жаңа ғасырдағы, жұңго қазақ әдебиетінде қазақ студенттері туралы жазылған, тұңғыш көлемді көркем шығармасы «Бақытқа бодау» романымен әдебиет есігін ашқан жас жазушы. Автордың бұл шағын прозалық шығармалар жинағына адам бойындағы бойкүйездікті, опасыздықты, дүниеқоңыздықты, сондай-ақ, тіршілік иелері мен табиғат ортасындағы таусылып бітпес теке тіресті, асқақ рухты, өміршең көзқарасты, үзілмес ү

Қуантай Сатыбалдыұлы
Ақиқат мінбесі
Алматы – 2015

Қуантай Сатыбалдыұлы – жаңа ғасырдағы, жұңго қазақ әдебиетінде қазақ студенттері туралы жазылған, тұңғыш көлемді көркем шығармасы «Бақытқа бодау» романымен әдебиет есігін ашқан жас жазушы. Автордың бұл шағын прозалық шығармалар жинағына адам бойындағы бойкүйездікті, опасыздықты, дүниеқоңыздықты, сондай-ақ, тіршілік иелері мен табиғат ортасындағы таусылып бітпес теке тіресті, асқақ рухты, өміршең көзқарасты, үзілмес үміткерлікті, тектілікті ту етіп көтерген түрлі жанрдағы көркем шығармалары еніп отыр. Жазушы шығармалары негізінен бүгінгі күн тақырыбын өзіне арқау етіп, жазылғандығымен де өзінше бағалы. Қалған төрелік – оқырман қауымның өз еншісінде. Кітап жұртшылыққа қауымға арналады. ӘОЖ 821.512.122-3 КБЖ 84(5қаз)-44 С — 23 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді

Сатыбалдыұлы Қуантай

«Ақиқат мінбесі». — Прозалық шығармалар жинағы./

Қ. Сатыбалдыұлы — Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2015. — 342 б.

ІSBN 978-601-03-0362-1

ІSBN 978-601-03-0362-1

 Сатыбалдыұлы Қ., 2015

 «Хантәңірі», 2015

С 23

Автордың қысқаша өмірбаяны
Қуантай Сатыбалдыұлы – 1982 жылы, қаңтардың
20 күні Іле Қазақ автономиялы облысы, Нылқы ауданы
Көкқұтқұр Моңғұл ауылы, Шөңкек қыстауының Қас

өзені бойында дүниеге келген. 2003 жылдан 2006 жылға
дейін Іле педагогика мектебінің ханзу тілі мамандығына
түсіп оқиды. Аралықта шыңжаң университетінде
сырттай оқып, қазақ әдебиеті мамандығы бойынша

арнаулы курс дипломын алған. Қазір аталмыш орнынан
жалғасты сырттай оқып, толық курс дипломын алу
алдында. Ол 2000 жылы «Іле өрендері» газетінен жарық
көрген «Туған жер» атты өлеңімен әдебиет майданына

келіп, содан бері тынымсыз еңбектеніп, поэзияда 100-
ден астам өлең онға тарта дастан, поэма жазса, прозада
жиырмаға жуық әңгіме, очерк, шалқыма, «Апа, мен
оқиыншы!», «Өтілген сабақты бекімдеу» атты балаларға

арналған комедиясын жазып жариялады.
2013 жылы, шілдеде Қазақстан Республикасы
Алматы қаласы, «Қазақпарат» баспасынан басылым
көрген «Бақытқа бодау» романы автордың тырнақ

алды көркем шығармасы. Сонымен бірге жиырмаға
жуық авторлық әндердің иесі. Ол 2014 жылы Шыңжаң-

Ұйғыр автономиялы райондық Жазушылар Одағының
көрсетуімен өкімет арнайы қаржыландырып әр ұлт
жазушыларына арнап ашқан Жұңгодағы ең жоғары
әдебиет оқыту орны Лушұн әдебиет институтының 10

кезекті курсына барып, білім толықтап келді. Ол қазір Іле
Қазақ автономиялы облыстық Жазушылар қоғамының,
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы райондық жазушылар
қоғамының,

“Таңжарықты”
зерттеу
қоғамының,
Қазақстан Халықаралық Жазушылар Одағының мүшесі.

Ойға қалдырған уақиға
(әңгіме)

Әдетте айтқан-ақыл есіме кіріп-шықпайтын есірік
оқушының бірі едім. Мектепке дәйім кеш баратынмын.
Мұғалім шара көрсе де, қабағын шытып зекісе де
топан су тобығымнан келмейтін. Кейде мектеп қарасын

көрмей, жол бойындағы портқана, құмарханаға кіріп,
ұзынды кеш ойыным осылатын. Бүгін не әсер етті
екен, орнымнан ертерек тұрдым. Менің бұл өзгерісіме
көптен бері қамығып жүрген әке-шешем қатты қуанды.

Сонымен, таңертеңгі шайымды асығыс іштім де, сабаққа
кіруден жарым сағат бұрын мектеп табалдырығын
аттадым. Класқа кілт ұстаған оқушыдан басқа бірдеـбір
оқушы келмепті.

Мен боқшамды партаға салып қойдым да,
есік алдына шығып айналаға барлай көз тастадым.
Оқушылар бірден-екіден қосарланып келіп жатыр.
Қатардағы класс ішінен алысып-жұлысқан қимылдар

мен даңғаза үн, дарақы күлкілер естіліп тұрды. Машық
майданы жақта таң бозынан тұрып, мектепке келіп,
сабақ пысықтап, оңаша жүрген бірен-саран оқушының
қарасы көрінеді. Күн сонау тау иығынан баспалап

келіп, қым-қуыт қимылын бастаған тіршілік әлеміне
сығалай қарап, жарқырап нұр шашып келеді. Сәл
тұрып, оқушылар мектеп ауласын дүбірге толтырып
топ-тобымен келе бастады.

Мен қайта айналып класқа кірдім де, тағатым
таусылып, тазалап сүртіп қойған қара тақтаның бетін
олай бір, былай бір айғыздадым. Кезекшілер кейістік
білдіріп, қой деген сайын қитықтым. Менің мынадай

есірік әдетіме желден қанық олар қайта қайырылып

дау айтпады, өз дерті өз іштерінде болып су сепкендей
тына қалысты. Осы кезде, біреу арт жағымнан баспалап
кеп, иығымнан шап беріп ұстай алғанда, тұла бойым
дүркіреп кетті. Жалт қарасам сабақтасым Есбосын екен,

екеуміз қазір кездесіп тұрған ескі достардай жайдарман
қол алыстық, ол велосипедке мініп үйден жаңа келгенін
айтты да; «Ерсін құттықтаймын сені. Бұрын ел артында
қалып мұғалімнен дәйім ұрыс естуші едің. Бүгін тіпті,

ерте кепсің ғой. Мына өзгерісің үшін ырымдап қурай
сындырып қойсам болады екен», - деді қолымнан қыса
ұстады да, бетіме күле қарап.
ـЕрте келсем, не бопты, - дедім мен бірбеткей қырыс

әдетіме басып ішің күйіп, шошқа бетіңді сүйіп тұр ма?
Есбосын маған аңыра қарап аз тұрды да: «мен саған
жақсы сөз айтсам, жаңсақ ойлапсың. Бопты онда, өзің
біл» деп артына бұрылып, партасына қарай бет алды.

Мен оның «тым ерте кепсің ғой» деген сөзіне
шамданып қалдым, расын айтсам, қитығыма тиді.
ـАйтып қояйын, - дедім соңынан дүбіне тіл қатып

- Ерте келем бе? Жай келем бе? Онда сенің қарың

болмасын. Әйтпесе, шығыспай қаламыз.
Ол үндемеді, партасына барып отырған соң,
боқшасынан физика оқулығын алып шықты, мен
оның назарын басқаға бұру үшін қасақана ән шырқап

класты басыма көтердім. Одан да сорақысы, ұзын
тұмсық кір басқан ақ сұр қалпағымды артыма қайырып,
дауысымның жеткен жеріне деиін ышқына ысқырдым.
Есбосын алақанымен екі құлағын басып алып, үнсіз

сабақ қарап отыр.
Бұл кезде, оқушылардың басـаяғы толық келіп, класс
іші абырـсабыр күйге түскен. Кейбірі тапсырма орындап,
кейбірі сұрауға жауап жаттап, кейбірі кітап бетін

ашпай анаған бір, мынаған бір соқтығып, сабақ қарап
отырғандардың қитығына тиіп: «ей, сен мұны оқығанда
аэроплан ұшырасың ба? Қанша тырысқаныңмен бекер,
ертеңـақ артын қысып жайында қалады. Көп пысықсып

кетпе ғалымым» деп жаюлы жатқан оқулығын жұлып алып, есікке қарай лақтырып жібереді. Бұл шынында екінің бірі, егіздің сыңарынан келмейтін іс қой, бастапта батырлық көрсетудің бабын таппай, дегбірім құрып тұрғанда мына әрекет маған дардай демеу болды. Сонан соң, ортаңғы партада бар зейінін салып сабақ қарап отырған Есбосын көзіме оттай басылды. Соңынан, бір аттап қасына жетіп бардым да, оқып отырған кітабын тартып алып, есік көзіне қарай лақтырып жібердім. Ол маған өңін бұзып, тұра ұмтылды. Екеуміз сол жерде кермалдасып қалдық, әр екі жағымызды аңдып тұрып, басымыздағы бір қап шашқа қарай ұмтыламыз. Ағаттық менен кетсе де беттің арын белбеуге түйіп, оның жағасынан алып ақыры ұрыпـсоғуға айналдым. Ол мені тағы да кешіріп ештеңе демеді, тек түсі бұзылып: «болды» дегендей қадала берді. Біздің бұл төбелесімізден қыздар жағының кейі жылап, кейі үрейі ұшып, әңкі-тәңкі күй кешті, Гүлнар бізді ажырата алмай, ”қойыңдар енді, мына қылықтарыңды басқалар естісе ұят емес пе?, - деп біресе оған, біресе маған қарап зар-зар етеді. Ұл оқушылар ажыратудың орнына бірімізді-бірімізге айтақтап салып, тамашасын көріп, шат-шадыман. Бір кезде Есбосын маған сықсия қарап, «өзіңді-өзің құртып жүрсің, кейін өкінесің», - дегенді айтты. Мен оған қайта шаптаса түсіп алқымынан ала бергенім де, қасымыздағылар қой, қойлап ажыратып әкетті. Сөйтсем, жетекшіміз оқытушылар кеңсесінен шығып, класқа қарай келе жатыр екен. Мен ештеме білмеген жандай өз партама бардым да, басылып отыра қалдым. Класс ішіндегі қалыпсыз әрекет қасـқағымда құрдымға кетіп, оның орнын өлі тыныштық басты. Жетекші жыти басып, класқа кірді. Біз орнымыздан тұрып құрмет білдірдік. Ол қолтығына қысқан әдебиет оқулығын сабақ үстеліне қоя салып артындағы қара

тақтаға бүкіл тұлғасымен бұрыла қарады. Кезекшілер
жетекші көрсін деп тақтаны өшірмей жайына тастап
қойыпты, мен адам жанын елжірететін «ізгі» істермен
болып кеткендіктен, қара тақтаны өшіруге мұршам

тимеген еді, тимеді деймін-ау, шынын айтқанда ұмытып
кетіппін. Жетекші артына бұрылып, тақтаға қарап
тұрған да, мен мынадай арам ойға кеттім.
”Егер ол біліп қойса, Есбосынға жаба салайын“деп

тон піштім. Осы кезде, жетекші бізге шекесінен
қарап: «тақтаны шимайлаған кім», - деді. Біз үндемей
ыңـшыңсыз тұрып қалдық. Қысым кезекшілер мен
класкомға түсті. Олар қанша айтпайын десе де,

жетекшінің жебедей сөздері жандарын шығарып
барады, айтайын десе менен қорқады. Ақыры «тағдыр
салды, біз көндік» дегендей бастарын кеуделеріне
құлатып, үнсіз тынысты.

ـБопты. Кезекшілер айтпаса қойсын. Тіпті, білмеді
дейік. Гүлнар класком бола тұрып, саған не көрінді?
Оқушыларды тәртіпке салғанның орнына, еркіне қоя
бергенің неғылғаның, - деді. Гүлнар жұмған аузын

ашпады. Үміті үзіліп, өзегі өртенген жетекші енді келіп
кезекшілерден сұрады, олар да үндемей қалып еді.
Біреуі тәуекелге бел буды да, болған істі бүкпесіз айтып
салды. Жетекші сонда барып мен екенімді білген соң:

«бәсе бағанадан бері оқушылардың үнсіз қалғанында,
мән бар екен де. Жарайды, ендеше» деді жұдырығын
түйіп, сабақ үстелін дүңк еткізіп. Соның өзінде демі
сығылып, дегбірі құрып, от алып қопаға түсті. Мен

басымды кеудеме құлатып, үнсіз тұрдым.
Мұғалім сөзін әрі қарай жалғап әкетті:
ـҚара тақтаның бетін шимайлағанша, өз бетіңді
шимайласаң болмай ма? Бұл деген білім ордасы.

Сендерге жамандық үйретіп жатқан жоқ, қайта
алдағы болашақтарың үшін тура жол сілтеп, ізгі
нысанға бастайтын алтын тұғыр, сендер осы тұғырдан
қанаттарың қатайып, топшыларың бекіп, шексізـшетсіз

аспан аясында самғайсыңдар. Ерсін, саған айтып
қояйын, әке-шешеңнің беті үшін осы рет тағы да орай
берейін. Енді әуектейтін болсаң, ренжіме - деді шортын
айтып.

Мен жетекшінің бұл сөздеріне көңіл қоймай
кекжиіп тұрсам да, «шимайлаған» деген тіркесті естіп,
мазасыз күй кештім.
Мұғалім тамағын кенеп алып: ”Гүлнар бүгін үлкен

ағаттық өткізгендігі үшін класкомдық міндетінен
алынды“ – деді кес етіп.
Міне, қызық. Ел естімеген сұмдық енді басталды.
Гүлнардың міндетінен алынғанын естіп, төбе шашым

шымырлап, жүрегім дірілдеп кетті.
ـМенен бұйрық, - деді жетекші қабағынан қар
жауып, сабақ үстелін тағы да бір қойып, - Гүлнардың
орнына Есбосын класком болсын! Мен оның өзіне

жүктеген міндетін ойдағыдай істей алатынына кәміл
сенемін!
Оқушылар ду қол шапалақ үнін көтерді. Есбосын
ештеме сезбеген кісідей жаңғырыққан шапалақ үні

ішінде орнынан баяу көтерілді. Ол еңсесін тік ұстап
тұрып: ”Мұғалім, мен класком болмаймын. Басқалар
бола берсін. Меніңше, бұл орынға Ерсін лайық, өйткені,
ол сотқарлау болғанымен, ұйымдастыру қабілеті күшті,

қалай болмасын күткен үмітіңізден шыға алады, - “деді
өз пікірін батыл ортаға қойып.
Жетекші оқыс пікірді естіп екі ойлы болды да
қалды. Оқушылар аяқ астынан Есбосынды жақтап:

«мұғалім класком Ерсін болсын, Ерсін! үйрену
үшін тыныш орта керек», деді жарыса шулап. Мен
Есбосынның ұсынысын өз құлағыммен естіп тұрсам
да, жақ қырысын ашпадым, байқаймын» мәнсап десе

малақайын аспанға ататын барып тұрған қотыйын
сияқтымын, жетекші оның ұсынысына бірден қосылып
кетпеді, іштей ой кешіп, бір сәт үнсіз тұрды да соңынан,
«жарайды, онда класком Ерсін болса болсын. Қане,

бәріміз оны құттықтап, ду қол шапалақ соғалық», - деді
жадырай тіл қатып...
Түстен кейін мектептен тарап үйге келе жатып,
таңертеңгі қалыпсыз әрекетіме бола Гүлнардан кешірім

сұрадым. Ол маған қарамай өз алдына қарап тұрып:
”мәнсаптан қалғаным үшін басыңды ауыртпа! бір ғана
тілегім түзеліп кетсең болғаны, басқа айтарым жоқ,
деді де, адымдай басып алға жүріп кетті. Соның өзінде

көңілі босап, көзіне жас үйіріле қалғанын аңғардым.
Ол менен сәл ұзап барып, сол қолымен иығына асқан
дәптер қабын оң қолымен аузын басып, аяқ алысын
тездетіп жүгіре жөнелді. Мен не болғанымды білмей

соңынан қарап, сілейіп қалыппын. Кенет артымнан
келіп, сигнал берген машина дауысынан селт еттім де,
секіріп жолдың шетіне шықтым...
Ертесі мектепке сабақ басталардан он минут бұрын

бардым, келсем сабақтастардың барлығы жиналып
болыпты, боқшамды партама нығай салдым да күндегі
әдетім бойынша далаға шығып, аз бой жаздым. Көп
өтпей қоңырау шалынып, ресми сабақ басталғанын

жариялады. Класқа дабырлап кіріп келе жатып
Есбосынға кездесіп қалдым, кешегі қату бейне бүгін
жоқ, машық майданына барып, доп ойнап ырсылдап
жеткені осы екен, күндегі салдырлап жүретін ақ жарқын

мінезімен қол беріп амандасты. Мен қолын алмай қағып
жібердім.
Демалыс әредігінде, алдыңғы партада отырған
Гүлнар артына бұрылды да, алдыма тілдей қағазды әкеп

тастай салды, мен оны қолыма алып абайлап оқығаным
да, онда ”өзін өзгерту – ұлылық“ деген бір ауыз нақыл
сөз жазылыпты. Жүрегім зырқ ете түсті.
Шынын айтқанда, Гүлнардың сол сөзі санама үлкен

салмақ түсірді де, әлгінде Есбосынның ұсынған қолын
қағып жіберген сүйкімсіз қылығым есіме оралып:
«Япырай неғып кешіре салмадым екен» деп ағат басып
алғаныма қатты опық жедім. Бір қызығы, Есбосын

оны да көңіліне алмапты. Кеште сабақ қарап отырып
әдебиет оқулығының арасынан тағы бір парақ хат
тауып алдым. Хатта, Есбосын менен кешірім сұрап,
бұдан кейін арамыздан қыл өтпейтін жақсы достар

болуымызды өтініпті. Әуелі бір сөзінде: «кеше сен
лақтырып өткен кітапты үндемей барып алған болсам,
іс мұншалық ушықпас еді», - депті. Мен екеуіне не
деп жауап берерімді білмей, екі ұдай күй кештім. Сірә,

қайтсем екен?!

Тәпектің теориясы
(әңгіме)

Тәпектің тар төсекке таңылып, тырп етпей
жатқанына екі айдан асқан кезде, жерлесі Бағашар
жұртты жұмылдырып жинап-терген бір мұнша жылу
ақшасын көтеріп оны екінші рет іздеп барды. Алғаш

барғанда, астынан дәрет, аузы-мұрнынан қан кетіп ес-
түссіз жатқан болатын. Қазір қанығы қалпына таяп
келген-кеткенді парықтай алатын дәрежеге жетіпті,
бірақ, жақ қырысын ашпай, үнсіз жататын болыпты.

Тәпек есіктен кіре өзіне қарап; «амандық» сұрасқан
Бағашарға, басын жастықтан сәл ғана көтеріп жауап
ретінде екі езуі құлағына жетіп зорлана күліп қойды.
Бағашар айтарға болмаса, оның осы бір суық та, зәрлі

күлкісінен «көңілімды сұрап емес, қайта, қандай күйде
жатқанымды сынап келген шығарсың» дегендей аңыс
қабылдады, әйткенмен, сыр бермеді, жай ғана бас изеп
жымия езу тартты.

Содан жұбайы Биғайшамен амандасып, артынан тіке
мақсатына көшті де, өз жеріндегі көрші-қолаңдардың
ұйымдасып жинап-терген барлық жылу ақшасын
қолына ұстатты. Ол жылу ақшаны қолына алып жатып

көңілі босап көзіне ыстық жас үйірілді...
ـҚой, жылама Биғайша! - деп Бағашар оның жүдеу
тартқан ақша жүзіне қамыға көз тастады да, кереуеттің
бас жағындағы ішпек-жемек салатын асадалдың алдын­

да тұрған арқалықсыз темір орындыққа барып отырып
жатып, – Алла қаласа, бәрі де жақсы боп кетеді...
Тәпек тіл қатпады, ақ дәкемен әлі де неше орап
таңып тастаған қазандай басын қайта жастыққа қойып,

екі көзін өзі жатқан емхананың мидай жазық симон
төбесіне қанжардай қадап ауыр күрсінді...
Бағашар сегіз бітірген соң отбасы қиыншылығы

салдарынан өрлеп оқи алмаған, әдебиет десе ішкен
асын жерге қоятын, арақ ішіп, темекі тартудан ада,
өзіне би, өзгеге қайырымды, уәдесіне берік адал жан
болатын, әр рет ауданға түскен кезде, кітап дүкеніне

барып қалаған кітаптарын сатып алатын. Жолдас-
жоралары оның осы кітап құмарлығы мен әліге дейін
үйленбеген жалғыздығын көлденең тартып азан атын
айтпай керісінше «кітапшы» немесе «оқу соққан», «қыз

жақпайтын қыңыр бойдақ», - деп кекететін. Әсіресе, осы
Тәпектің оған қоймаған лақап аты жоқ еді, жайшылықта,
өзгелер «оқу соққан» деп сипай қамшыласа, Тәпек
оның соңына басқа сөз қосып, одан әрі әрлеп жаңғырта

түсетін. Бірақ, оны Бағашар қаперіне де алмай, жымия
езу тартып жай жадыра жүре беретін...
Тәпек әдетте темекі қағазы таусылған кезде,
Бағашарды

іздеп
табатын.
Ондайда,
«құланның

қасуына, масаның басуы тура келіпті», – деп ақжарқын
адамдардан гөрі, бас десе құлақ дейтін кержақтардың
жолы болғыш келеді. Әйтеу, Бағашар барлық кітап-
журналын

сандықтан
шығарып
қаннен-қаперсіз
көріп отырғанда жоқ жерден Тәпек пайда болатын

да, екі көзі шырадай жайнап анайда қатталып жатқан
мұқым газеттерді көріп «тап сонда ата-бабасынан бері
алынбай келе жатқан кегі бардай» қолына ала сала бір
жақ шетінен ұстап тұрып дар еткізетін. Иә, оған ұрсаң-

таяқ, айтсаң-сөз өтпейтін, «құрдастың құдайы бір» деп
көнбесіңе шараң не? Анау газет бетіндегі ат басындай
алтынға бергісіз ғылыми білімдердің темекі күліне
айналып кеткеніне Бағашардың іші удай ашығанымен,

ал Тәпек шымырығып қоймайтын. Ол кезінде осындай
ерсі қылығынан бастауыштың үшінші жылдығында-
ақ жаман атағы жер жарып, сыртта арақ ішіп, темекі
тартып, елдің тауығын ұрласа, іште мектептің терезе

әинегін шағып анаған, мынаған тізесін батырып жүріп,
содан төртінші жылдықты толық аяқтамай жатып
қуаланды болған.
Әнеугүні жазым болардан үш күн бұрын Бағашарды

баяғыдай екі сандық кітабын ашыққа шығарып
жайбарақат көріп отырған жерінен іздеп тапқан да, тағы
бір ғылыми білімдерге толы тамаша газетін паршалап
бәкімен кесіп, жанқалтасына сап алған.

Онымен қоймай сол жердің өзінде бір бұрам темекі
жасап алған соң қасында жантайып жатып, «газет деген
немені оқып болған соң бітті, сақтаудың түкте қажеті
жоқ, өстіп темекі қағаз ғып қиып-қиып көзін құрту

керек» дейтін.

– Кітап оқу жақсы ғой шіркін - дейтін Бағашар

оның мына әумесер қылығына іштей наразы болса да,
сырт көзге кәнігі қалпын сақтап - көзаяң кеңиді, ойың
ұшталады.

– Ой, оның бекер былжырақ - дейтін сонда Тәпек төте

кететін әдетіне басып - біздің мына елімізден шығатын
қазақша газет-журналдарда титтей де жаңалық жоқ,
көне сүрдек. Әуелі, оған кеткен ақшаң да, жұмсаған
уақытың да зая. Қайта, оны алған ақшаға базарға барып

жібі түзу асханаға кіріп бір бөтелке сыра ішіп, он тал
петір манты жеп, қызара бөртсең сол артық!
Бағашар оған қарсы дау айтпайтын, «Тәке!» деп
сөз арнасын басқаға бұратын - мына түріңде жазушы

болатын сұрың бар...
Тәпек қызыл тілін мақтаған сайын орғытатын...

– Ой, мен жазбаймын, жазсам сөздің майын

тамызам. Бірақ, біздегілер «шамның түбі қараңғы»
деп көкжиекке көзін сатады, соны ойласаң жазғың
келмейді - ол темекі күлін сұқ саусағымен астындағы
көнетоз киіз текеметтің үстіне шертіп түсіріп жатып сәл

үнсіз қалатын да, қайта жалғайтын сөзін. Тоқтап тұр.
Қазір қатысты расмияттарды жөндетіп жатырмын. Сол
біткен соң, (осы жерде үстінгі қасқа тістерімен астыңғы
еріндерін жымыра тістеп Бағашарға қарап қабағын

көтеріп қоятын) бірақ, күнде Қазақстан қайдасың
деймін де, сонымен түрі мол, тілі у не бір күшті
шұрайлы шығармаларды шаңын шығарып жазып, бас-
аяғы екі-үш жылдың ішінде бұрқ ете түссем...

Бағашар оның «Қазақстан» туралы сөзін естігенде,
мырс етіп күліп жіберетін...

– Не болды күлесің ғой - дейтін Тәпек оған қуыстана

қарап. Оның қуыстанатын себебі де бар еді, өйткені, ол
Қазақстанға көшуді ойлағанымен, қолында қоры жоқ
еді, бір үйдің кенжесі болғандықтан, сол кенжелігіне
арқа сүйеп бар байлығын судай шашып, банкідегі

қырық мың юань қарызынан сырт, өзіне тән төрт ауызды
«пешеюань» там үйінен басқа тігерге тұяқ қалмаған.
Оның үстіне, алты жүз му жайлымдық, бір мың бес
жүз му жайлаулық жерін бір ұйғырдан үш жылға жүз

тұяқ қой алып соңында бәрін қырып, бір мұнша қарыз
арқалап, соның төлеміне он жылға көтеріп берген.
Ол бір сөйлесе жағы талғанша тоқтамайтын, сол
сәтте бар есіл-дерті он екі де бір нұсқасы жоқ, қитұрқы

сөздерге ауып кететіндіктен, әлгінде бұрап тартып
отырған көк темекісі қоңырсып, жана-жана түбіне барған
да, оқыс орнынан атып тұратын. Содан, іс байланып
сарғайып кеткен балаң үйрегі мен ортан терегінің

арасындағы қысқа шөпекті тастай берем дегенде қызыл
шоқ үстіне киген жұпыны қара костюмына түсіп, етек
жағын әп-сәтте үңірейтіп күйдіріп тастайтын.
Ол жығылардан бір күн бұрын қара шарқыш

мотоциклімен иір-қиыр, «ұры» жолдарды баса жүріп
ауыл орталығындағы сәрсенбі базардан бірақ шыққан.
Әлқисса, базар шетіне ілінген кезде, шарқыш мотоны
қатынас сақшыларынан таса таныс бір жерге қойып,

өзі базар орталығына жаяу тартып берген. Сонымен,
сәті тосып оған талайдан бері кездеспей жүрген көңіл
жетер бір ағайыны кезіге қалды да, әлгі өзі оқудан
намыстанатын қазақша газет-журналдан аяған азғантай

шай-тұздық ақшасын ақ көңілділігі ұстап, сол досына
жұмсап, көше бойындағы жеке асхананың оңаша
бөлмесінде түрлі қуырмаш, төре табақ тауық еті мен
бір бөтелке арақ бұйыртып, емін-еркін сырласпасы бар

ма?..
Екеуі айтылмыш асханаға сәскеде келген болатын.

Содан ананы-мынаны айтып, әуелдегі бір бөтелке
арақты тауысып, одан кейін тағы да екеуінің түбін
көрсетіп, бесін ауғанға дейін отырады. Тәпек күн
бата асханадан шығады да, «жан қияр» жақын досына

қимастықпен қош айтысып, үйіне қарай ызғита
жөнеледі. Ол ылғи мас болғанда, саушылықтағы сақ
әдетін мүлдем ұмытып кететін, қазір сол әдетіне басып,
мотасының майын құлағына дейін беріп, құлындағы

дауысын шығарып, құлыперен ұшып келе жатып,
абайсызда жолдан шығып кетіп, жантәсілім бола
жаздаған. Бағына жарай су ішерлігі бар екен.

– Биғайша! - деді Бағашар оған өзінің жағдай ұғысып

жиі-жиі келіп тұрмағанына айыпты екенін білдіріп.
Биғайша бұл кезде, ара-тұра бір кемсеңдеп қойып,
жылай-жылай жасы құрғап, қызара бөртіп кеткен қой
көздерін әлдебір жаққа ессіз қадап үнсіз отырған. - Мен

өткенде келіп кеткен соң белгілі себептермен уағында
келе алмадым. Жаңа есіктен кіргенде, «қалайсың» деп
хал-жай ұғыссам ол үндемеді, соған қарағанда ренжіп
жатқан көрінеді....

– Биғайша Бағашардың сөзінен кейін, «қайдағы»

деп бір тоқтады да, сәл кідіріп барып, жақ қарысын
ашты - қайта, басына күн туып екі дүниенің ортасында
жатқанда, емханаға іздеп келіп, көңілін сұраған сенен
басқа кімі бар, өткенде, шырғалаң туылғанда тілін

қыршып алыпты, сондықтан, сөйлей алмай жатыр.
Жағдайын білсең әне сол.
Бағашар Биғайшаға тіксіне қарады, содан кейін
емхана ішін бір мезет үрейлі тыныштық жайлады...

Сәлден соң, «ал онда, мен жүрдім» деді Бағашар
Тәпектің қасына барып, оған еңкейе көз тастап тұрып:

- Алла қаласа орныңнан тұрып кетесің. Оған дейін

барлық қиыншылыққа шыдап, Биғайшаға сәйкес. Өзге
нәрсені ойлай берме!
Тәпек тіл қатпады, тек бетінен басқа жерін дәкемен
орап тырыстырып таңып тастаған қазандай басын

болар-болмас шайқап, «оқу соққан немесінің» нұрлы

жүзіне көз жасы көлдей ағып, қамыға қарады. Бағашар
енді байқады. Әлгінде, езу тартып ырсия қарағаны-
шын мәнінде күлкі емес екен, ол әр рет көңілін сұрап
келген туыс-туғандарына, басын жастықтан көтеріп

өзінің ризалығын осындай жолмен білдретін болыпты,
сол сәтте, бүкіл тұла бойы шанышқақтап, шыбын жаны
мұрнының ұшына келіп тісі ақсиып, аузы қисайып
кетеді екен, бұл ахуал жаңа Бағашарға бейне мысқыл

күлкідей сезіліпті.

– Болды, жылама! - деді Бағашар бұдан әрі байыздап

тұруға дәті шыдамай тезірек кетудің қамын жасап -
Алла қаласа, хал-жайыңды ұғысып тағы кеп тұрамын!
сау бол!
* * * *

Арада жарым ай өткенде Тәпек дүние салды, теория
дәурендеуден қалды! Алайда,...

2012 - 5 - 11

Күмбез
(әңгіме)

Ол жүре-жүре бір иен мазарлықтың қасына таяды.
Бойынан біртіндеп әл кетіп, аяқ алысы ауырлап,
аздан соң алға ілгерілеу арманға айнала бастады.
Оның осы қалыппен жаяу жол жүргеніне дәл қазір

екі тәуліктен асты. Алғашқы түні бір шағын тоғай
арасын паналап, өзіне лайық әлдебір жуан теректің
басына шығып, жан-жағына тарбайып өскен жіңішке
жас бұтақтарды бір-біріне айқастыра тоқып, түні бойы

қалғып-шұлғып ырғақта отырған болатын. Содан таң
ата орнынан тұрып, және де жалғасты суыт жүріп,
бесін ауа айтылмыш мазарлықтың жанына таяған еді.
Оның ұшқан құс, жүгірген аңнан басқа тірі жан жоқ,

жапан далада бір үзім нан, бір ұрттам суға зар болып,
қаңырағы түтеп, тілі кеуіп, аузына сыймай кеткен. Әне,
өңі қуарып, шашы майланып, құйқасына жабысып,
анау қарсы алдындағы мидай жазықтан болар-болмас

бұлтиып шығып тұрған жатаған текшенің үстіндегі
ескі мазарлыққа мөлие қарап, бір сәт үнсіз тұрды. Ал
мазарлықтың шығыс оңтүстік бүйіріндегі жер астынан
шым-шым қайнап, кішкене бұлақ ағып жатыр. Күміс

күннің батыс көкжиекті бүкілдей қаусырған қызыл
шапағы уақыт өткен сайын солғындап, дарқан даланы
қою түн құшағына қыса бастаған. Ол қайткен күнде
де, көз байланудан бұрын көне мазарлыққа жету керек.

Өйтпегенде, өзінен басқа жан баласы аяқ баспаған
мынадай меңіреу иен далада талайдан бері тіске
шұқыр дәнеңе таппай табандары тартып жүрген аш
бөрілер қапысын тауып, қан жоса етуі әбден мүмкін.

Ол мазарлыққа мөлие қараған беті әрі-бері теңселіп аз-
кем тұрды да, ендігіде бар күшін жинап алға ілгерледі.
Егер, сол аралықта «аз дем алайын» деп қалаған жерге

қылтасын бүгіп отыра кетсе, қайта тұруға қауқарының
жетпейтінін өзі де білетін. Сол үшін осы бетінде
үздіксіз алға ілгерілеу оның бірден-бір басты мақсаты.
Әне, аяғын сүйрете басып, анау көне мазарлыққа қарай

жол алды. Ойында әкесінің: «мазарлық бар жерде су
болады» дейтін сөзі түсіп, жан-жағына жабырқай көз
тастап, сенделектеп жүріп келеді. Қас қарая оның
құлағына аш бөрілердің азандата ұлыған дауыстары

кейде алыстап, кейде жақындап төрт бағыттан бірдей
естіле бастады.
Ол қайтсе де межелі жеріне жетпей тынбайтын бір-
мойын әдетіне басып, әудем жерде мәңгілік тыныштыққа

шомып үнсіз мүлгіп тұрған көне мазарлыққа ат басын
тіреп тоқтады. Әрине, бұл мазарлыққа келу себебі де
тегін емес-ті.
Ол бала кезінде еркелігі басынан асқан ерекше

тентек болатын. Әкесі марқұм оның ертекке үйір әдетін
пайдаланып, әр күні кеште оң тізесіне отырғызып алып,
«е, балам, есіңде болсын! қазір бала болғаныңмен, алла
амандығын берсе, күні ертең зіңгіттей азамат аталасың,

ат жалын тартып мініп, арғы-бергіге ой сала қарайсың.
Ал содан кейінгі өмірің көбінесе тірліктің тынымсыз
күйбеңімен тыста өтеді. Алда-жалда елсіз далада қалып
қоналқалы орын таба алмай тұйыққа тірелген сәтте­

ріңде, аруақтарға бағыштап құран оқып, мазарлыққа
барып түне. Алла сақтайды» деп отыратын. Сол себепті,
мынау иен далада жанға жайлы жақсы орын таба алмай
діңкесі қатқанда, әкесінің бала кезінде өзіне айтқан

аңыз әңгімелері есіне түсіп, анау мазарлықты көріп,
сонда барып түнеуді ұйғарған. Ол ақыры мазарлыққа
барып түнеді. Келе салып кезінде әкесінің жанында
жүріп еліктеп үйренген құран сөздерін ішінен күбірлеп

аруақтарға бағыштап аят оқыды да, тастай суық қара
жерге арқасын беріп шалқасынан түсіп жата кетіп еді,
демде көзі ілініп кетті.
Ол балиғатқа толып, бұғанасы қатқаннан бастап,

жұмыр басынан нелерді өткермеді. Шынын айтқанда,

тек қана өлген жоқ, одан өзгенің бәрін көрді. Анау тайқы
маңдайына тірлікте көруге тиісті барша қуанышты
тәңір жазбаған тәрізді. Екі күннің бірінде көзінен жас,
көңілінен қаяу кетпей, қабағынан қар жауып қырсық

иектеп бір оңала алмады. Сонда да, оң-солына ой көзбен
қарап, әрнеге әуестенді. Домбыра шертіп, асқақтата
ән салды, әрі айналасына аты шыққан бұрынғы-
соңды ақын-жыраулардың жасампаздық еңбектеріне

еліктеп, өз жанынан өлең шығарды. Соның арқасында
төңірекке дүркіреп аты шығып, әжептәуір беделге ие
болды. Сол беделдің буымен ел аралап, су кешіп қаздай
қалқып, үйректей жүзді, ештеңеден тарлық көрмеді.

Бірақ, опасыз уақыттың, жүйеден сол күндердің
өтпелі екенін, ол кезде ойлап көрмеді. Өмір бойы осы
қалыппен өтетіндей сезімде жүрді. Сол мезгілдерде
ойламаған жерден бір байдың қызына құлай ғашық

болды. Әсерлеп айтқанда, оны он секунд көрмесе
көңілі алабұртып тыныш отыра алмайтын тіпті тұла
бойы түнімен оттай жанып, төсегінде төрт дөңгелеп,
ұйқысырайтын құбылыс пайда болды. Ал, аталмыш

байдың қызы да оның атағын сырттай естіп, бір
көруге аңсары ауып жүрді, содан әлгі жігіт ойламаған
жерден өзін іздеп келіп, ізгі ниетін білдіргенде «көктен
тілегені жерден табылғандай» екі езуі құлағына жетіп,

гүл-гүл жайнап кетеді. Сонымен әр екі жақ бірін-бірі
құлай сүйіп, мәңгі бір болуға сөз байласады. Бірақ,
аяқ астынан көңілдеріне қаяу түсіп көп қиындықтарға
жолығады. Екеуінің сөз байласып бір жүргендерін

ең алдымен қыздың жеңгесі, одан соң шешесі біліп,
аяғында әкесінің құлағына жеткен. Содан бастап
екеуінің басына қайғының қара бұлты үйіріліп, аңсаған
армандарына жете алмай, адыра қалуға айналған.

Әңгіме былай еді. Әрине, «бай байға, бұлақ сайға
құяды» деп атамыз қазақ тегін айтпаған. Қыздың үлкен
әкесі кезінде осы өңірге аты шыққан атақты бай, оның
үстіне, өз руының тізгін ұстар тіректі тұлғасы. Енді сол

жұдырықтай мәнсабынан айырылып қалмау үшін өзінің

сойылын соғып, сөзін сөйлейтін сыбайлас дос іздейді.
Осы мақсатпен осы өңірде өзінің үстінен қарайтын «ақ»
дегені алғыс, «қара» дегені қарғыс әрі бай әрі адуынды
бір би болады. Оның көңілін тауып көздеген мақсатына

жету үшін бір реткі орайдан ұтымды пайдаланып,
өзінің тұңғыш ұлынан туған бесіктегі немере қызын
оның екінші баласының онға келген ұлына атастырып,
«бесік құда» болу ойын айтады. Сол сәтте, қарсы жақта

бұл идеяны теріс көрмейді де, бірден мақұл болып, әр
екі жақ бірін-бірі «бесік құда» атап, кәукелек қағады.
Алайда, екі бай немерелерін бір-біріне атастырып «бесік
құда» болғандарымен, екі жастың ат жалын тартып

мініп азамат қатарына өте бастаған сәттерін көрсе де,
бірақ, бас құраған бақытты той күндеріне жете алмай,
әлдеқашан өмірден озған. Ендігі бар ауыртпалық әр
екеуінің әкесі мен шешесіне түседі.

Ұл жақ қыз жақта болып жатқан қауесет әңгімені
ести сала ақ бата, қызыл қанды ұлықтау әрі оны
қайткен күнде де жүзеге асыру жолында қыздың
әке-шешесіне

жолсыз
қысымдар
түсіріп,
жабал

аттанысқа келеді. Бірақ, қыз өзіне атастырған аталмыш
ұлды титтей де жақсы көрмейді. Қайта күндіз-түні
қиялдайтыны өзі құлай сүйген сері жігіт болады.
Десе де, бұрынғы атастырған жігіт жақ үстем шығып

екеуінің аққудай пәк, адал махаббаттарына ойламаған
жерден тосқауыл қойылады. Екеуі бұл кедергіден
құтылу үшін амалсыздан көз жаздырып, қашып кетуге
мәжбүр болады. Сонымен, өздері белгілеген орында

сәтті кездесіп көз жаздырып қашып құтылғанымен, әл
дебір жансыздардың әшкерелеуімен арттарынан қуғын
түсіп, қапыда қолды болып, қыз бұрынғы атастырылған
жігітке ұзатылып, ал, мына бейбақ қарсыластарының

қақпанына түсіп ит көрмеген қорлықты көріп, бір реткі
бостық орайдан пайдаланып қашып құтылады. Содан
із жасырып, екі таулық тау асып, тас басып, аш құрсақ
жеткен жері осы болатын. Ол шалқасынан түсіп, қаннен-

қаперсіз пысылдап ұйықтап жатыр. Төңірек тастай

қараңғы. Қасқырлар оның соңынан ілесіп, мазарлықтың
маңын торуылдап, әудем жерде ұйлығысып қарап тұр.
Тіп-тік құлақтарын тынымсыз қайшылай түсіп, сүйір
тұмсықтарын алдыға қарай еміне созып, тімтіне иіс

алады. Олар қазір меңіреу мазарлықты төңіректеп,
аталмыш «олжаларын» қағып алуға сақадай сай
тұрғанымен, бірақ, әлдебір құдіретті күш оларды ілгері
бастырмай алдыларын тосып абдыратып қойды. Анадай

жерде яғни жігіт жатқан жерден сәл алыс әлдебір күмбез
ішінен алаулап от ұшқыны шашырап тастай қараңғы
түн ішінде айбындана жанып тұр. Кейде, бір орында
тапжылмай жанып тұрған от әлі де қандай бір құдіретті

күштің әсерімен күмбез ішінен сыртқа шығып өздеріне
тура беттеп келе жатқандай болады. Ондайда оттан
өлердей қорқатын даланың тағы серілері арттарына
жалт бұрылып, жамырай қашып, әудем жерге барғанда,

қайта арттарына бұрылып, құлақтарын тікірейтіп
сілейіп тұра қалады...
Жігіттің онымен ісі жоқ, қаннен-қаперсіз шырт
ұйқыда жатыр. Әредікте алыс көкжиекте найзағай

ойнап, әлейім дүниені әлуетті жарыққа бөлеп барып,
соңынан лып етіп сөне қалады. Төңірек тым-тырыс.
Тек анда-санда белгісіз бір жақтан аш қасқырлардың
ашына ұлыған айбынды дауыстары құлаққа келеді.

Уақыт үнсіз зымырап өтіп жатты. Жігіт таң атудан аз
бұрын ғаламат түс көреді. Басына ақ қалпақ киіп, аппақ
сақалы кеудесін жапқан бір қария қасына таяу келіп:
«әй, әй! тұр, тұр, не жатыс» деп оң жақ бетіне жанып

жібереді. Жігіт шошып оянып, көзін ашса, сілбіп жауын
жауып тұрыпты. Таң әлі атпапты. Ол жан-жағына
қарайды. Көзіне ештеңе шалынбайды. Орнынан тұруға
кеудесін көтеріп құлшынып көріп еді, онысы құр

арамтер болды. Тақыр жерге тек киімшең жатқандыкі
ме, денесінен өткен суық аяқ-қолын қармап, икемге
келтіртпей тастапты. Әйтсе де, басына түскен мынадай
қияпат жағдайды еріксіз мойындап, езіліп жата беруді

өзіне ар санады. Ақыры шалқалап жатқан жерінен оң

жағына қарай аунап екпетінен түсті де, екі қолымен жер
тіреп, тісін-тісіне басып жүріп, кеудесін зорға көтеріп
тізерлеп отырды. Сол сәтте, қарсы алдынан қаулап
жанып тұрған қып-қызыл отты көріп қайран қалды.

Әлгі от бір қалыпты тұрмайды, кейде екі жағына кезек
жығылып жер бауырлап жанса, кейде үш бұрыш жасап,
кейде жыландай ирелеңдеп көкке шапшып, лапылдап
жанады. Ол ойға шомды. Мүмкін іштей қорқып та

тұрған шығар.
Әкесі марқұм тірі кезінде айтқан бір әңгімесінде,
мына дүниеде тастай қараңғы түнде жапан даланы
жалғыз жортқан кезде екі түрлі от адам баласына

құбылып көрінеді екен. Бірі – шайтани от. Ол ібілістің
адам көзін бояп, ес-ақылын алжастыратын от. Ібіліс
адамды алдайтын кезде, ат басындай гауһарды қойнына
тығып алып, кейде сыртқа шығарып, кейде, қалқалап,

соның сәулесіне мастандырып, қоян-бұлтаққа салады
екен. Бірде аяқ астынан ғайып болып қайта жарқырап,
бірде оң жақтан, бірде сол жақтан көрініп, одан қалса
ақырын-ақырын алыстап көзге көрінбей кетеді екен.

Ал, адамдар соған алданып алай бір, былай бір жүгіріп
әбден діңкелейді екен. Ібіліс осы арқылы мақсаты
айқын, болашағына берік сеніммен қарайтын ізгі
ниетті жандарды арбап тура жолдан тайдыруға қам

жасайды екен. Енді бірі – нағыз шын от. Ол Алланың
сүйген құлына көрсететін шапағат нұры екен. Бұл
шапағат нұры ешжаққа ауытқымай, бір бағытты ғана
бойлап қозғалыс жасап немесе тұрған орнында қырық

құбылып көз мейіріңді қандырып, көңіліңді көлдей
толқытады екен. Ол тізерлеп отырған жерінен «шын
ба, өтірік пе?» дегендей көзін әлсін-әлі уқалап, әлгі
қаулаған отқа қайта-қайта қызығып қарайды. Ойында

көптеген көмескі жайттер бас көтеріп шарықтап дами
берді.
«Ғажап!» дейді ішінен. Мынау ұшқан құс, жүгірген
аңнан басқа тірі жан жоқ жапан далада әрі құлаққа ұрған

танадай жым-жырт мазарлықтың арасында осыншалық

айбындана жанып тұрған неғылған от. Немесе адам
аяғы бармайтын асқар тауларда өсетін қараңғы түн
ішінде көзге қырық құбылып қаулап жанып тұратын
бағасы алтыннан қымбат мергиа шөп пе? Егер сол

болса, тәуба, бұл араға қалай келіп алған. Неде болса
тәуекел, жанына барып көрейін.
Ол орнынан тұрмақ болып еді, ұзақ отырғандыкі
ме, жоқ суық қармап қалған ба? Аяғы салданып тұруға

дәрмені жетпеді. Ақыры таңның атуын асыға күтты.
От әудем уақыт әртүрлі формаға еніп, алаулап жанып
тұрды да, аяқ астынан жалп етіп өшті де қалды. Аз
тұрып асыға күткен әлуетті жарық киіздей тұтасқан

будақ бұлттардан жосылта жол салып, дарқан табиғатты
түні бойы уысында ұстап, сән-салтанат құрып келген
тастай қараңғы түнді тың тебінмен түре қуып тастады.
Айнала анық көріне бастады. Ол қарсы алдына қарап

әлі отыр. Анадай жерде ақ боз үйге ұқсайтын пысық
кірпіштен қалап салған есігі жабық ескі күмбез тұр.
Есіктің бас жағы мен маңдайшалыққа дейінгі аралықта,
ауа алмасып тұрсын дегені ме? Екі қарыстай ашық жер

қалдырыпты. Сілбіп жауын жауып тұр. Жігіттің тұла
бойы малмандай суға шыланды.
Меніңше, - дейді іштей әлдебір ойға батып -
дүниедегі ең тыныш, ең әділетті, ең қауіпсіз орта сірә

осы меңіреу мазарлық шығар.
Жігіт екі көзін анадайдағы күмбезге қадап, үнсіз
отырғанымен, бар зейіні таң атудан аз бұрын ғана
алаулап жанып тұрып, аяқ астынан лып етіп өшіп

қалған айтылмыш оттың орнында.
Ол енді мұнда мелшиіп отыра беруді қаламады.
Қалайда орнынан тұрып, тым құрыса жаңбырдан
тасаланатын бір ықтасын іздеуді ойлады. Бірақ, бұл

өңірде анау ескі күмбезден басқа жауын өтпейтін
оңтайлы орын жоқ еді. Жігіт бар айласын іске қосып
тізерлеп отырған жерінен зорға тұрды. Аяғы ұйып аттап
басудың өзі мұңға айналыпты. Оның үстіне, қозғалған

сайын жауын суына шыланған киімі денесіне тиіп,

тістері сақылдап қоя берді. Көзінің айналасы көгеріп
кеткен, бет-әлпеті көкілдеген ісік. Қаңырағы түтеп,
қылғына жұтынып, анау маржандай ретті тізілген қасқа
тістерінің арасынан анда-санда қызыл тілін жылтыңдата

шығарып кеберсіген еріндерін жалап қояды. Ол «а»
деген де, өзінің тұлғасына шақ ықшам да арық денесін
зорға билеп, алдыға қарай әзер қозғалды. Соның өзінде,
өзін еркін ұстай алмай, тәлтіректеп жығыла жаздап

барып қайта оңалды. Жауын сілбіп жауып тұр. Ол
өзінше бір ойларға кетіп, ескі күмбезге қарай беттеді.
«Е, е, әшейінде пысқырып та қарамайтын, тіпті
әкесі тірі кезінде бейіт басынан өткенде аттың жүрісін

баяулатып, оң аяғыңды үзеңгіден шығарып, іштей
иман айтып, бет сипап өт – дейтін тағылымын ілікке
алмайтын ерке-тотай енді басына қиын іс түсіп, қайда
барарын білмей дал болғанда, ескі мазарлық ес қатып

келер таңын күліп қарсы алса, ал, жауыннан қорғанатын
жер таппағанда төбесі бітеу тозығы жеткен көнетоз
күмбезді пана тұтып, солай кетіп барады.
”Е, жалған дүние-ай десеңші! Бұл арада жатқан

беймәлім көп мүрделер көздерінің тірісінде пәни
дүниеде қаншама бақытты, қаншама қайғы-қасіретті,
қаншама қысталаң күндерді өткерді екен, ә. Ал бүгін сол
бекзадалар барсакелместің» кемесіне «мініп, бағзыдан

жасап келе жатқан бауыры суық жұмыр жер астында
алақандай орынды иелеп, мәңгілік шырт ұйқыда жатыр.
Кейде, бұл араны мен де аңсап шалқамнан түсіп шырт
ұйқыға кеткім келеді. Бірақ, маған өлердей ғашық сол

жанды ойласам, оны тірідей тозақ отына тастап қан
жылатып көз ілгенше, жалғасты жер бетінде жасай
беруге құштарланам. Тәңірім-ау, көкірегімді кеңітші!»
Ол екі аяғын сүйрете басып, ескі күмбезге таяп

келіп, аз-кем бөгеліп тұрды да, соңынан баяу қимылдап
оң қолымен жабық тұрған күмбез есігін өзіне қарай
тартып аша бергенде:

– Тарт қолыңды, – деді іш жақтан әлдебір әйел

дауысы саңқ етіп. Жігіт: «о, құдірет мынадай меңіреу,

жым-жырт мазарлықта тосын тіл қатқан жын ба, шайтан
ба? Сірі не? Жоқ осы моладағы беймәлім мүрденің жер-
әлемді шиырлап кезіп жүрген аруағы ма?» деп неше
түрлі қиялға кетіп, қос жанарын көрдей қараңғы күмбез

ішіне қадап, сілейіп тұрып қалды...
4-1-2014

көк Башақ
(әңгіме)

Мен бүгін құзғын сәріде орнымнан тұрдым. Бұл
тек осы күні ғана бойымнан табылған жылт еткен
жаңалық емес, қайта, бұрыннан бар сүрлеуге айналған
үйреншікті әдетім болатын. Орнымнан тұрған соң ең

алдымен анау ашық қорада қамаулы тұрған қойларды
үй артындағы дөңге қарай шығарып жіберіп, беті-
қолымды жуып, дастарқан басына келіп отырдым.
Былайғы жоспар: таңертеңгі шайден кейін алғашқы

арында көк қуалап кеткен өрістегі қойлардың артынан
барып бас-аяғын жинап, түгендеу еді. Бірақ, аралық
та бір шұғыл шаруам шығып қалды да, бар зейінім
соған ауып, ішкен шайымның де тамтығы болмады.

Сол себепті, қой соңынан екі-үш сағат кешігіп бардым.
Барсам қойлар дөң үстіндегі жазық тепсеңде бастарын
жерден алмай, жан-жаққа бытырай табандап, жайылып
жүр екен. Жайылымда шөп дейтіндей шөпте жоқ, қыс

түспей қара топырағы көрініп, әбден рәсуасы шыққан.
Мен қойлардың тақыр жерге тебіндей қадалып, беріле
жайылып жүрген әрекеттерінен тіске сыздық бірдеңе
табылатынына анық көз жеткізіп, үркітіп алмайын,

деп ойладым да, олардан шеттеп осы жазық тепсеңнің
бас жағында шошайып тұрған кішкене төбеге қарай
аяңдадым. Қыс қырынан қысылып әрең шыққандыкі
ме, жоқ көктем жылымығының көңіл-күйге көрсеткен

тіке әсерінен бе, жақыннан бері денем дел-сал тартып
буын-буыным босап, жүрген сайын жағдайым құритын
әдет пайда болды. Бүгін де кежегем кері тартып, аяқ
алысым ауырлап, ілби басып саяқсып жүріп келем.

Айнала алаулаған жылымық аптап. Көзіме әудем
жердегі тақыр төбенің бауырынан жұдырықтай болып

бүк түсіп жатқан бір көк нәрсе шалынды. Жақындап барғанда бірақ білдім, ол төрт аяғын бүгіп, тұмсығын жерге шаншып күн шуақтап ұйықтап жатқан нәзік көк қасқа қозы екен. Ал, оның астынғы жағында бір метрдей аралық тастап, көлденеңнен шұбатылып, күнге құрысып кебе бастаған әлдебір қойдың қып-қызыл шуы жатыр. Қозының үстіндегі шарана тым болмаса, енесінің тілі тиіп тігісінен де ажырамапты, туылған бетінде, күнге қақталып тұла бойын бір қабат сұр түсті солиау жарғақпен орап тастағандай, қайызғақтанып жабысып қалыпты. Мен көктемгі жылымыққа маужырап, мамырлай аяңдап қасына жете бергенім де, аяқ дыбысынан селт етіп шошып оянған көк қасқа қозы оқыс орнынан атып тұрды да, басын кекжите кіндігі жерге шұбатылып, төбе басына қарай далбалақтап шаба жөнелді, көзді ашып-жұмғанша әрі асып түсті де көзден ғайып болды. Менде қарап тұрмадым, жүрісімді тездетіп ізін қуып, төбе басына шықтым. Қызық болғанда, әлгі көк қозының өзін қойып, қалбаң еткен көлеңкесі де жоқ, сол маңайдағы түбі қобырап жаңадан жанданып көктей бастаған құшақ-құшақ қу шидің арасын бір сағаттай арылта іздедім, ақыры бір түп шиді қалқалап бүк түсіп үнсіз жатқан жерінен зорға таптым, содан қос қолдап көтеріп, кеудеме көлденең тақап ұстап өрісте жүрген қойлардың арасына апарып қоя беріп едім, сонша қойдың ішінен тым құрыса мойын бұрып маңырап қойған біреуі де болмады. Көтеріп үйге апардым. Шешем қозыны көріп: «мұны қайдан тауып алдың», - деді. Мен көрген-білгенімді байыптап айтып шықтым. Шешем сыпы астында төрт аяғын талтайтып, басын кекжите әлденеге таңырайып қарап тұрған көк қасқа қозыны құрсағынан қос қолдап көтеріп барып қайта жерге қойды да: «әй, мынау үлкен қойдың қозысы емес, ақсыз туған тоқтының қозысы екен. Өйткені, өте нәзік, болбыр» деді. Кешке қойларды үй маңына әкеліп бас-аяғын жинап, түгендеп болған соң шешемнің бұйрығы бойынша

есік алдындағы төрт жағын тор сыммен қоршаған
ашық қораға қамадым да, алай бір, былай бір, өткізіп,
аталмыш «без бүйректі» арылта іздедім, таба алмадым.
Шешем де менің бұл әрекетіме күмәнмен қарап, қалың

қойды өзі де бір бастан аралап әлгі «без бүйректі» таба
алмай әбден мысы құрыды, сонымен, амалсыз қалдық.
Көк қасқа қозы дүние есігін аша салып, басына бұлт
үйіріліп, енесінің уызына жарымай әп-сәтте тірі жетімге

айналды. Шешем оның денесінің нәзік, болбырлығына
қарамай, ең бастысы, етінің тірі, тұрқының әдемілігіне
қызығып, көз алдыда ашықтырып өлтіруге батылдық
етпеді. Мал қораланып, абыр-сабыр басылып, аузымыз

асқа бара бере көк қозының құрсағы ашты білем, сыпы
астында төрт аяғын талтайта басын көтеріп ышқына
маңырап, әбден мазаны алды. Оның бүйтіп ессіз
маңырағаны менің ит жынымды ұстатты да, бір қойып

өлтіре салғым келді. Шешем бұл қылығыма бірден
қарсылық білдірді де, ішіп отырған тамағын дереу
доғарып, бір кішкене бөтелке тауып, оған жылыман
сиыр сүтін құйып, басына еміздік кигізіп, көк қасқа

қозыға апарып ішкізді. Ол – емізік аузына тиісімен төрт
аяғын төрт жаққа талтайта кішкене шолақ құйрығын
бұлаңдатып, езуінен ақ көбік атқып, аталмыш сиыр
сүтін қадалып іше бастады. Бөтелкедегі сүт таусылып

бола көк қасқа қозының екі бүйірі сыртына теуіп, демде
қампиып шыға келді.
* * *
Шешем оған дене-тұрқының нәзіктігі мен қушиған

арықтығына қарап: «көк башақ» деп лақап ат қойды.
Содан бастап бәріміз көк қасқа қозыны «көк башақ»
деп атап кеттік. Ол бөтелкедегі сиыр сүтін сарқа таусып
тыңқия тойып алған соң үні ішіне түсіп, таң атқанша

ың-дыңсыз жатты. Бірақ, бұл бейғамдық бір күн өтпей
батпан сорға айналды. Сиыр сүті көк қасқа қозының
асқазанын бұзып, ойламаған жерден сарылдап, іші

өтті, соның кесірінен, араға бір күн салып, тұяқ серпуге
дәрмені келмей, бүк түсіп, сұлық жатып қалды. Судай
аққан сары жалқақ артқы екі бұтының арасына сауыс
боп қатып, қасына таясаң адамның көңілін айнытатын

күлімсі иісі қолқаны қапты. Көк башақтың халі барған
сайын қиындай түсті. Әредікте, аяқтарын қозғап,
тамағын бүлкілдетіп, қылғынып қойғаны болмаса,
оның өлі-тірісін шынында айыру қиын еді, анау сыпы

астында жартылай жұмылған қос жанары терезе
жақтауындағы кәресін шамның жарығына болымсыз
шағылысып, төрт аяғын төрт жаққа жіберіп қыбыр -
қимылсыз сұлық жатыр. Шешем ол үшін барын салды.

Үйде бар дәрі-уколды аямай берді. Ара-тұра: «жер
жұтқыр, ондайы бар неге табады мұнысын..» деп көк
қасқа қозының без бүйрек енесін балағаттап, қарадай
тұлан тұтады. Әйтеу, дәрі-уколдың әсері ме, ертесі

орнымыздан тұрсақ, көк башақ төрт аяғын баурына
алып, басын көтеріпті. Шешем оның тірі екенін көрген
де: «е, жануар-ай, қайтейін? Су ішерлігің бар екен»
деп қуаныш білдірді. Көк башақ сол күні таңертеңнен

түс ауғанға дейін нәр татпады, ішін соғып қимылсыз
жатты. Шешем сиыр сүтін бөтелкеге жылытпалап
құйып, еміздікті аузына апарса да көк башақ басын бір
жағына қисайтып енжарлық көрсетті. Тек сол күні кеш

бата өлеусірей маңырап аржағына ел қондыратынын
аңдатты. Шешем бөтелкесін көтеріп, алдына жетіп
барды. Ол еміздікті азуына салып бір-екі сорды да
басын шайқап, оқыс пысқырып жіберді. Арада және бір

күн жатып, екінші күні орнынан тұрды. Ішінің өткені
тоқтап, асқазаны түзеліп, кәнігі қалпына келді.
Оның адамға бауыр басып кеткені сонша, әсіресе,
шешеме деген үйірсектігі елден бөлек. Ол есік

алдындағы көк шөпті иіскеп, аз-аздан аузына салып
таусап жей жүріп, бір айдан кейін оттығып алды. Әр рет
сиыр сүтін ішіп алған соң әудем жерге дейін екі құлағын
делеңдетіп ойнақ салып барады да, өткір тістерін қадап,

көк жұлып жей бастайды.

Көк башақ қашан көрсең, сыртта жайылып жүрген
де, әйтеу, адам қарасын көрсе бітті, маған сүт әкеле
жатыр дей ме екен, үстіңгі ерінін жоғары түріп, қызыл
иегін көрсете мойынын созып құнжыйып жүгіре

жөнеледі. Ал оның бұл әдетін бұрын көрмеген адам
өзін сүзгелі келе жатыр ма деп жаңсақ ойлап қалуы
да мүмкін. Мен де талай рет оның осы бір сөлекет
қылығына куә болдым. Жанына жетіп барсам болды,

қарадай мазасы кетіп, алды-артымды орап, қолымнан
иіскеп,
етек-жеңімді
аузына

салып
тартқылап,
тіміскілеп өліп қала жаздайды. Оның мұндай әрекетін
кейде кешірсем де, кейде ашуым келіп көтеріп алып,

алысқа сермеп лақтырып жіберемін. Ол анадай жерге
барып, бар салмағымен былш ете түсетін де, аз-кем
қыбырсыз жатып, орнынан қайта тұрып маған қарай
құлдилай жөнелетін. Оны алғашында ызаға булығып

лақтырып жіберем де, артынан: «бұл жануардың маған
өтіп кеткен нендей кінәсі бар? Қу кеңірдегін ойлап,
құнжыңдап жүгіргені үшін айыпты ма?» деп қарадай
жаным ашып, көзіме ыстық жас аламын. Содан үйге

ертіп әкеліп, құмыраға сиыр сүтін құйып, құрсағын
тойғызып жайына жіберем. Ол екі бүйірі сыртына теуіп
тыңқия тойып алып, есік алдында көк жұлып, жападан-
жалғыз жүретін.

* * *
Бір күні ел жатар уақытта көк башақтың іші кеуіп
жаны қиналып «ыңқ-ыңқ» етіп әбден мазасы кетті,
тынысы тарылып тілін салақтатып, аузын ашып алды.

Құрсақ дегеніңіз екі жағына тырсия кеуіп, барған
сайын домаланып ісіп барады. Егер төрт аяғы, қылша
мойыны, қылтиған басы болмаса көк башақтың ұлы
денесін бір көрген адам доп деп жаңсақ түсінуі мүмкін.

Шешем көк башақтың ыңқылы күшейіп, құрсағы
кепкен сайын жанын қоярға жер таппады. Соданы
суға қосып араластырып, аузынан құйды. Жануар бір
орында тұрмай әрі-бері жүргісі бар. Бірақ, тырсиған

құрсақ оны уақыт өте қимылға келтірмей тастады. Тек
өзі тұрған орнында еш жаққа кетпей, бір жатып, бір
тұрды. Аузы арандай ашылып, қызыл тілі салақтап
кеткен. Шешемнің жаны да дәл қазір көк башақтың

үстінде сияқты. Ара-тұра: «әй, құдай-ай, енді қайттім.
Көз алдыда қиналып жатып бекер өлетін болды-ау.
Иә, сөйлейтінге тілі жоқ..» деп быжалақ қағып склад
үйге дәрі-укол іздеп жүз барып, жүз келді. Мен де

айтарға болмаса, не істеп, не қоярымды білмей әбден
есім шықты. Бір кезде, бар тапқан амалым сол болып:
«шеше, көк башақтың құрсағына ептеп укол инесін
сұқсақ қайтеді? Сонда жел иненің тесігі арқылы сыртқа

шығып, жаны терезе тауып, аз болса да қиналыстан
құтылар еді» дедім. Шешем: «ойбай құрсағына ине
сұқсақ, обал болмай ма?» деді жұлып алғандай. Мен:
«бұдан басқа не амал істейміз, көк башақтың құрсағына

ине сұғу көз алдыда қиналып жатып өлгеннен гөрі әлі
де қайда жеңіл ғой» деп едім, шешем аз-кем ойланып
тұрды да: «бопты, онда сүйтсек-сүйтейік» деді аузына
оңды сөз түспей. Ақыры менің айтқаным есеп болды.

Әйткенмен, укол инені көк башақтың құрсағына сұғуға
жөпелдемеде ешкімнің батылы бара қоймады. Шешем:
«бұл әдісті алдымен ойлап тапқан сенсің. Сол үшін
өзің істе» деді де, қолындағы тоғызыншы нөмірлі жуан

инені маған ұстата берді. Мен алғашында батылдық
ете алмадым. Онсыз да екі дүниенің ортасында қалып
қиналып тұрған қозыны одан арман қинаймын ба?, -
деп ойладым. Бірақ, бұдан әрі түйткілсіп тұруға уақыт

мүмкіндік бермеді де: «не болса да тәуекел» деп қолым
дірілдеп жүріп, жуан инені оң жақ құрсағының орта
бөлегінен пісіп кеп алдым. Сол-ақ екен, құдай көзін
ашсын, қозының кепкен құрсағынан иненің тесігі

арқылы жел дегеніңіз «ғаррррр» етіп ағытыла жөнелді.
Артынан жидіген, борсыған бір сасық иіс үй ішін алып
кетті. Бәріміз шапанымыздың жағасымен мұрнымызды
басып, қозының кепкен құрсағынан көзімізді алмай, үн-

түнсіз мелшиіп қарап тұрмыз...

Көк башақ және бір ажалдан аман қалды. Ол
дәйім шешемнің жанынан қалмайды. Ұзынды кеш
үш уақ тамағынан басқа кездері қойдан бөлек қалып,
үй айналып жайылып жүреді. Ал кешке қой келген

кезде, үйге кіреді де, төрт аяғын бүгіп үн-түнсіз
жатып алады. Бірақ, оның бұл әдеті ұзаққа бармай,
аяқ астынан бұзылды. Бір жолы шешем маған: «мына
көк башақты ылғи қолдан емізгенше, бір уақ қойдың

өзінен емізейік» деді. Мен қарсылық білдірмедім,
айтқанын екі етпей орындауға бекідім. Сол күні кешке
көк башақты «шаңырақ мүйіз» деп аталатын будан
ақ қозысы бар үлкен қара қойға апарып еміздік. Бұл

жануар өте балажан еді, оның үстіне, желіні толық,
қозысы еміп тауыса алмай, іші өтіп, тышқақтап
жүрген. Мен есік алдында иірулі жатқан қалың қойдың
шетінде будан ақ қозысын емізіп, қаннен-қаперсіз

күйсеп тұрған шаңырақ мүйізді ептеп ұстадым. Бейғам
жатқан қойдың кейбірі шаңырақ мүйізді ептеп ұстай
алғанда, дүр етіп орындарынан тұрып кетті. Шешем
көк башақты шаңырақ мүйіздің бауырына әкеп салды.

Талай ыстық-суықты бастан өткізіп, шар тартып қалған
кәрі қой бауырына бөтен қозының келіп еміп жатқанын
сезе қойды да, құтылып кетуді ойлап маған қарсылық
көрсетіп, әрі-бері бұлқынды. Мен оған дауысымды

қатты шығара бір ақырып қап едім, жануар содан
кейін-ақ қыбыр, қимылсыз қатты да қалды. Көк башақ
шаңырақ мүйіздің шабына тұмсығын тығып жіберіп,
кішкене доғал құйрығын бұлғаңдатып түрткілеп еме

бастады. Шешем оның жанында басын еңкейтіп,
үнсіз қарап тұр. Көк башақ сәлден соң қара қойдың
бауырынан басын шығарды да, қызыл тілімен тұмсығын
жалап дүр-дүр сілкініп, тұрып қалды. Шешем оның

тұмсығына бір қарады да: «мына қойдан қайыр жоқ,
иімеді» - деді Көк башақ содан бастап, әр күні кешке
қой қораға келгенде, өзі қалаған саулықтың артынан
барып ұрланып, еметінді тапты. Кейбір қой оны өз

қозым екен деп байқамай емізсе, ал өте сезгірлері дереу

байқай қойып, мүйізімен қағып, әудем жерге ұшырып
жіберетін. Ол сонда да алған бетінен қайтпайтын.
Анадай жерге қашып барып немесе бар салмағымен
топ ете түсіп аз-кем жататын да, орнынан қайта қарғып

тұрып, басқа бір саулықты жағалайтын. Ол осы әдетін
уақыт өткен сайын өршіте түсті. Ақыры соның аяғынан
әлдебір саулықтың байқаусызда қатты сүзіп қалуымен
оң жақ аяғын сындырып бірақ тынды. Бұның азабы да

шешеме оңай болған жоқ, шыққан аяқты ептеп таңып
қойды. Көк башақ жаны мұрнының ұшына келіп,
таңған аяғын баурына тығып қиналып әрең жүрсе де
ұрланып еметін кәнігі әдетін мүлде қоймады. Ақыры

оң жақ аяғы кем болып бітті де, бір жағына қисайып
бұраңдап жүретін болды.
* * * *
Мамыр айының орта шенінде қойды жайлауға

айдадық. Шешем көк башақ: «қойға еріп жүре алмайды,
ойда қалсын» деді. Бәріміз бұл қарарды бір ауыздан
мақұлдадық. Содан бастап көк башақ қыстауда қалып,
шешемнің сенімді серігіне айналды. Күн айналаны

өрттей шалып, ми қайнатып шыжып тұрса да, оған
бәрібір, қорғанып жатпайды, қызыл тілін салақтатып,
екі бүйірін соғып шешемнің артынан қалмай еріп алады.
Кейде күшті күн нұрына төтеп бере алмай, кезкелген

шидің түбін паналап жата кететін. Шешем оның бір
жерде үйездеп жатып қалғанын ұзап барып білетін
де, қайта артына бұрылып ізін қуалап қанша іздесе
де, дерегін таба алмай, әбден діңкелейтін. Осы тектес

бірнеше әурешіліктен кейін шешем көп ойлана келіп,
оның мойнына қоңырау тағып қойды. Қоңырау көк
башақ жүрсе, немесе шыжыған ыстықта қалың шидің
түбін паналап көлеңкелеп жатып басын шыбындап

қозғаса болғаны, мойнындағы қоңырау сыңғырлап
қоя береді. Егер, үйге жақын қой қораның ішінде,
арбаның астында немесе тағы сол сияқты ұрымтал

жерлерде көлеңкелеп жатқанда, шешем атын атап
дауыстай қалса, орнынан қарғып тұрып, мойнындағы
қоңырауын сыңғырлатып, оң аяғын сылти басып, үйге
қарай маңырап шаба жөнелетін. Ол тамақ талғамайтын,

әсіресе, жібіген нанның қоқымын аса ұнатып жейтін,
шешем көк башаққа дастарқандағы нан қоқымын
арнайы жиып, оған қатқан нандарды турап қосып
белгілі мөлшерге барғанда, аптасына бір рет қайнақ

суға салып жібітіп беретін. Көк башақ нан қоқымын
жеп болған соң төрт аяғын талтайта дүр-дүр сілкінетін
де, далаға қарай басын қылжаңдатып, ойнақтап шаба
жөнелетін.

* * * *
Арада ай аунап, мезгіл күзге таяды. Ел жайлаудан
қайтатын уақыт келіп жетті. Бұрын жасыл шекпенін
жамылып жадырап жатқан дарқан дала бұл күнде

науқас меңдеп жүйкесі жұқарған ауру адамдай өте
жұпыны. Жыл құстары құт мекенін тастап, оңтүстікке
біртіндеп қайта бастаған.
Қыркүйек айының аяғында төрт түлік мал жайлаудан

қайтып келді, шешем малдардың қыстауға аман-есен
қайтып келгенін көріп қатты қуанды. Өйткені, жаздай
адамды паналап жалқы тіршілік еткен көк башақ үйіріне
қосылып, жылы қорада емін-еркін аунап-қунайтын

болды. Қазір ол бұрынғыдай нәзік, болбыр емес, тұрқы
жағынан да, дене салмағы жағынан да әдетте енесін
еміп өскен қозылардан көп парықталмайтын еді,
жалғыз-ақ бойы өспей жатаған боп қалғаны көңілге

ақау түсіретін. Шешем қой келіп бір күннен соң көк
башақты қойлармен бірге қорада жатып үйренсе деген
пікірін ортаға қойды. Мен екіленбей мақұлдадым. Бірақ,
көк башақ қойлар келген күннен бастап жайшылықта

өзі барып жатып жүрген қой қорадан қарадай безді.
Әуелі, екі күннен бері үйге кіріп, сыпының астында
бүрісіп жатып, таң атыратын әдет тапқан. Оның бұл
қылығы маған ұнамады. Жайшылықта, шешеме айта

алмай іштей тынып жүргем. Енді, міне шешем де менің
ойымды құптап оны қойлармен бірге қорада жатқызуға
қосылып отыр.
Арада саяқсып жүріп, екі күн өтіп кетті. Көк башақ

сыпының астында жатып қалағанынша тышып, сиетінді
тапты, шынын айтқанда, еркінсіп кетті. Құмалағы мен
несебінің ашты иісі уақыт өте ауаға тарап, үй ішін
жаулап алды. Соның кесірі ме, жоқ, ауа-райының

өзгерісінен бе, алдымен мұрнымыз бітіп, тамағымыз
ауырып, жөтеле бастадық.
Бүгін көк башақты қайтсем де, қойға қосам, деп
іштей нық байлау жасадым. Соның жебеуімен кеште

қойлар өрістен келгенде, көк башақты көтеріп апарып
қалың қойлардың арасына тастап жібердім де, көз
жаздырып қашып шықтым. Көк башақ қой арасында
қалудың орнына, дереу артына жалт бұрылып, мені

өкшелей қуып жетті. Міне, екі құлағы делдиіп басы
кекжиіп, қатарымда тұр. Ақыры: «бұлай істесем пайдасы
аздау болатынын» іштей топшылап, далада иірулі
тұрған қойларды төрт жағы сым тормен қоршалған

ашық қораға әкеп қамадым да, көк башақты солардың
арасына тастап, өзім сыртқа шығып, қашаны бекітіп
алдым. Көк башақ қой арасынан демде сытылып шығып,
қашаның түбіне келіп, жабық екенін көріп: «құтқар»

дегендей маған қарап маңырап жіберді, мен оған:
«шәй» деп қолымды сермеп, зекіп қалдым. Ол менен
«именді-ау» деймін, маңырағанын шорт тыйып көзін
тайдырып әкетті де, артына қарай бұрылып, қойлардың

бергі шетіне таяу барған соң мелшиіп тұрды да қалды.
Алғашында одан үркіп бір жақ шетте ұйлығып тұрған
семіз қойлар уақыт өте көк башақты өздерінің тегінен
екенін білді ме, оны қаумалап иіскей бастады. Көк башақ

олардан қорғанып, артына қарай шегініп, қашаны бетке
алып баяулап келе жатты. Ал, оның қарсы алдында
басын тұқырта сүзуге ыңғайланып, орайлы сәтті күтіп
бір үлкен будан сары қой келеді. Әсілі, көк башақтың

ойы онымен сүзісу емес, қайта, жан-жағын қаумалап

иіскей бастаған қалың қойдан қорқып, мені бетке алып қорғалап келе жатқан болатын. Бірақ, будан сары қой оны қате түсініп, бар күшін бойына жиып сүзуге оқталып төніп келеді. Мен: «әй, әй» деп жасқағанымша, болған жоқ, будан сары қой артына аз шегініп барды да, өзіне қорғана қарап көткеншектеп бара жатқан көк башақты дәл маңдайдан тарс еткізіп перді де кетті. Көк башақ кейін қарай бүктетіліп барып шалқасынан түсті де, аузынан ақ көбік ағып, орнынан тұра алмай сұлық жатып қалды. Әдетте, қанша есерсоқ, ақымақ болсам да, оның мына жағдайынан кейін бұрынғы басынан өткен қиыншылықтары есіме түсіп, көңілім босап, көзіме ыстық жас алдым. Жүгіріп барып бас салдым. Ол желкесі өрге тартып төрт аяғы тырбыңдап ес-түссіз жатыр. Соның арасынша қайдан көргенін білмеймін, шешем де делеңдеп жүгіріп жетті. Келе сала: «қап, қап амал бар ма? қойларға бекер қос деппін. Оданша өзін жеке қалдырып, бұзаулардың қорасына апарып жатқызсам бопты екен» деді. Мен үндемедім. Көк башақтың уақыт өте езуіндегі ақ көбігі молайып ең соңында жағы қарысып, әдетте от шашып тұратын қос жанарының нұры сөніп, демі бітуге айналды. «Тәте, көк башақтан айырылатын болдық. Не істейміз?» дедім екі ұдай күй кешіп. Шешем оның басын ұстап, жанарын ашып аз тұрды да: «әй, мынау мал болмайды екен, маңдай сүйегі опырылып миына қан құйылып кетіпті. Пышаққа ілінсе де жарар» деді. Мен шешемнің сөзіне сенер-сенбес болып қолымның ұшын маңдайына апарып басып қап едім, былқ ете түсті. Шошығанымнан тұла бойым «дір-дір» етті. Шешемнің айтқаны рас екен, «жазым болса сары майға да тыс сынадының кері келіп, будан ақ қойдың бір сүзгеніне маңдай сүйегінің күл паршасы шығады деп кім ойлаған? Тек сыртқы бір қабат терісі ғана керіліп, әуелгі күйін сақтап тұрыпты. Мен міндетті мінсіз орындауға дайын болсам да, «ә» дегенде, шыны

керек, қолым бармады. Оның үстіне, бір жағынан, уақыт
қысқа, бір жағынан шешем қаузап болмады. Ақыры
тәуекелге бел будым. Қазақ: «жаман малды асырасаң
аузы-мұрныңды май етеді. Жаман адамды асырасаң..»

деп тегін айтпапты.
Көк башақ бойының аласа, денесінің шағындығына
қарамай жарылып түсті. Шешем жай көзге сыр
бермегенімен, іштей көк башақтың тосын мерт

болғанына қатты қамықты. Кей кездері оның әрдайым
атын атап шақырған сәтте, дала жақтан қоңырауын
сыңғырлатып үйге жүгіріп келіп, жібіткен нан қоқымын
құлантаза жеп алып қайтадан ойнақ салып жайына

кететін қылығын айтып, іштей тынып отырып қалатын
болды. Шешем тағы бір жолы түскі шайды ішіп болып
дастарқан жинап жатып, ондағы нан қоқымдарын
көріп: «е,... ойда жоқта көк башақтан да айырылдық.

Жануар қазір тірі болса, мына нан қоқымдары да осы
күнге дейін дастарқанда жатпас еді, әуелі, анау склад
үйде де ол мерт болатыннан бірнеше күн ілгері арнаулы
жиып жүрген бір талай нан қоқымдары бар болатын.

Ол да бекер қалды... Тоқ етерін айтқанда, құдай пендем
десе «көрдемшеден» сақтасын. Оның өмірден көретін
көресісі осы» деді демін ішіне тарта терең күрсініп.
Мен шешемнің: «көрдемше» деген сөзінің мәніне терең

бойлай алмасам да, оның көк башаққа қарата айтылған
тегін баға емес екенін іштей тұспалдап үнсіз отырып
қалдым.
2014 – 4 - 2

Жанды жайлаған у
(әңгіме)

Шаңқай түс. Күн – қапырық ыстық. Кермек иісті боз
жусан, қаптай өскен күрең тобылғы, о жер, бұ жерден
бой көрсеткен бұта-бүрген, түйе бойынан асатын
қалың шилеуіт. Төңірек тым-тырыс. Тек шырылдауық

шегірткенің шырылы мен бозторғайдың әуеде қалқып
тамылжыта сайрағаны құлаққа тынбай естіледі. Сонау
шалғайда ылғал ауаны «быж-быж» қайнатып, қырық
құбылып қызу аптап қалтырайды...

Көз үшін талдырған көлденең күнгейді қақ
ортасынан жарып жалғыз аяқ тар жол қосылып жатыр.
Сол жолдың жиегіндегі жапырағы қурап жұпыны күйге
түскен қырық түйіншектің арасынан жанына сая тауып

бір ту жылан шығысқа беттеп барады. Жотасында жол-
жол бедері бар, былқылдаған буынсыз денесін бүктеп,
жазып, қырық түйіншектің астындағы күнге күйіп
қақырап жатқан бос топырақ пен саудыраған сары

жапырақтарды кесіп өткенде, кедір-бұдырсыз мап-
майда ізі бірде түсіп, бірде белгі қалдырмай жасырынып
қап жатты.
Анау үрейді алатын ұсқынсыз бейнесі күн нұрына

шағылысып иінге салған терідей жылбырап көрінеді.
Ол айыр тілін жалақтата қарсы алдына қадала қарап
суыт келе жатып, әудем жерден таудай боп дөңкиіп
жатқан құмырысқаның илеуін көрді де, мойынын

бүктеп кегжие қалды. Содан бұрынғы бағытын шұғыл
өзгертіп, шығыс солтүстікке қарай мимырттап аз
жылжыды да, бір түп тобылғыға дөңгелене оралып
алып, басын аспанға тік шаншып, қозғалмай жатып

қалды. Әуеде алуан әуенге ерік беріп, емін-еркін қалқып
тұрған бозторғай денесінің ауыр тартып, басының зеңи
бастағанын сезді. Алдыға орын жөткейін деп еді, аяғын

әлдебір сиқыр жіп буып тастағандай қанша қарманса
да ылдиға тартып, есін шығарды. Жылан бозторғайды
арбай бастады...
Кешеден бері нәр татпай, шырт ұйқыда жатқан

Жұқан сиыр түсте басын көтерді. Үйде өзінен басқа
адам жоқ болатын. Төсегінің аяқ жағында жатқан
сымын киейін деп солай ұмтылып еді, денесінің икемге
келмей салданып қалғанын сезді. Сымынан сәл әрірек

балшыққа илектеніп әбден рәсуасы шыққан және бір
қара сым жатыр. Жұқан оны бір шетке алып қояйын деп
еді, шала кепкен батпақтың ауырлығы көтерген қолын
сол сәттің өзінде-ақ дірілдетіп әкетті. Оған қоса денесі

де «қалш-құлш» етіп, кере қарыс маңдайынан суық
тер бұрқ етті. Ол лас сымды бар қайратымен жоғары
көтеріп, тұтас өңіріне жіті көз тастады.
Екі балағы тігісінен ажырап ауына дейін қақ

бөлінген. Жанқалтасы алба-жұлба.
Жұқан қанша құлшынса да өткен ісін ойына келтіре
алмады. Анау атан жығардай алпауыт денесінен әтір
емес, әлі де бір арақтың иісі бұрқырап тұр. Басындағы

май басқан шашы бірі төмен, бірі өрге, бірі мал таптап
кеткен көкорай шалғын сияқты құйқасына киіз боп
жабысып қапты. Мойыны «қылт-қылт» етіп, басы
кеудесіне әлсін-әлі құлай береді. Ауырласқаны сонша.

Жұқан сымын әудем уақыт алысып жүріп, әрең киді.
Енді бас жағына көз тастады. Жастығының астына
бастырылған тап-таза ақ жейденің шеті анық көрініп
жатыр. Анадайда бас жағын ала және бір жейденің

өңіріне
жұққан
батпақтың
болар-болмас

дегдіп
қалғанын көрді. Әйтеу тоңбаса да тұтас денесі өз-өзінен
дірілдеп тоңғаннан бетер күй кешті. Оның үстіне,
бойын билеп аларлық шамасы да жоқ. Ол киімін киген

соң, екі-үш ұмтылып орнынан әрең тұрды да, сыпының
астында жатқан шібілитіне аяғын сұқты.
Сыртқа шықты. Күн жарық нұрын жер бетіне төгіп
көзді ұялата қақырап тұр.

Жұқан асхана үйге кірді. Босағада тұрған айнаға

қарап шашын тарады. Жағасын түзеп, сымбатын көрді.
Анау ажары кетіп, қыры сынған бозамық бет-әлпетін
көргенде, дымы ішіне түсіп, терең күрсінді. Екі көзі
ішіне кіріп, қабағы ісіп, жақ еті солып, мап-майда жазық

маңдайын қатпар-қатпар әжім торлаған. Жұбайы Жамал
ол келсе дайын тұрсын деп, дастарқанын жимай жөн
ғана түйіп, төрге тастап қойған. Ал өзі үй ішін айнадай
жарқыратып сыпырып, оң жақ керегеге арқасын беріп,

екі айдан бері әлекке салған сырмағының шетін жиектеп
отырған еді. Терезе сыртындағы алды ашық лапаста,
қарсы қараған керегеге жандап салынған кесек ошақтың
үстінде, жарым қазан сұйық ас бырқылдап қайнап

жатыр. Қақпақ пен қазанның жиегіндегі болымсыз
ашық­тан сығылып шыққан ақшулан бу лапастың
төбесіне қарай бар күшін салып шабынып тұр. Жұқан
асхана үйге кіргенде, Жамал істеп отырған шаруасын

бір шетке қайырып қойып, шай демдеп сыртқа шығып
кеткен.
ـКиімдерімді балшыққа шылап қойғанша, далаға
апарып жая салсаң бопты екен?-деді ол айнаға қарап

тұрып жайғана тіл қатып.
Жамал жауапсыз қалған жоқ.

- Мен сені білсін дедім, не болып жүргенін - деді

күрсіне тіл қатып - осы күнге дейін отыңмен кіріп,
суың­мен шыққаным болмаса... Қай ісіңді аяқсыз қалды­
рыппын. Жамал сөйлей жүріп, қолына тұтқыш киіп
қазан­ның екі құлағынан ептеп ұстап, жерге түсіре

бастады.

– Рас кеше бір іс болды ма? Қанша ойласам да,

есіме келмеді.

– Не болушы еді. Мас болып қайда жатқаныңды

білмейсің. Жұмыр жер жылы үй, жұмсақ төсегің. Тұла
бойыңнан арақ исі шығып кетіпті. Шайыңды ішкен соң,
су жылтып берейін. Ішкі үйге барып түсіп ал.
Жұқан ләм демеді, айнаға қарап аз тұрды да,

сыртқа самарқау бет алды. Жамал бұл кезде ошақтың
отын қағыстырып, қазанын көтеріп, үйге қарай келе

жатқан болатын. Жұқанмен есік көзінде түйісіп қалды.
Жұқан Жамалға жол берді де, қарсы алдындағы биіктеп
қалаған кесек кірбектің шетін басып тұрып, маңайына
мұңая көз тастады. Тұла бойы дел-сал болып, тамаққа

тәбеті тартатын емес.
Жамал Жұқанға үй ішінен дауыстады:

– Әй, неғып тұрсың. Суымай тұрғанда, тез келіп

тамағыңды іш, бағана ұйықтап жатқаныңда, мектеп
бастығы келіп кетті. Түстен кеиін мектепке барсын.
Болмаса, жұмысын тоқтатып, қызметінен айдатам. Бұл
іс бір емес, бірнеше рет қайталанды. Жасырмадым

емес, жасырдым. Енді маған ренжімесін, - дейді. Түстен
кейін барасың ба? Қайтесің - деді бірден-бірге өтіп.
Жұқан жағын ашпады. Төбесінен жасыл түскендей
сілейді де қалды. Көз алдына көк мойын құмырадағы

мөлдіреген ащы су елестеді. Таңдайы құрғап, тілі
аузына сыймай тұрса да, өзі ұғып болмайтын бір күш
сол ащы суға магниттей тарта берді. Тіршілікте тек сол
болмаса... Жұқан қаз басып, қимыл жасай алмас еді.

Міне, басы айналып, буыны құрып, жүрегі тартып, қол-
аяғы тынымсыз қалтырады.
”Шіркін, көз алдына елестеп тұра қалған сол ащы
судан тек бір ұрттап алса,.. Жаны жай тауып, солынан

айы, оңынан күні туар еді. “
Кенет қыңқылдап жылаған жас сәбидің дауысын
естіп ес жиғандай болды Жұқан.

– Оу, оу, жылама, жылама. Көкемнің ақылы бар.

Қарның ашты ма?..
Жамал бесікте жатқан баланы әлдилеп тербете
бастады. Ішкі жан-дүниесі ел көшкендей құлазып
тұрса да, Жұқанға сездірмеуге тырысты. Жұқан баяғы

орнынан әлі қозғалған жоқ, тұла бойы күнге күйіп-
жанса да, бір сыдырғы дірілдеуінен танбады.

– Ей, неғып тұрсың. Кірсеңші үйге, ыстықтай іш

ана тамақтан сәл болса да сергіп қаласың.
Жұқан тіл қатпады. Жамал баласын емізіп
ұйықтатып қойған соң, үй ішінде сыпының шетіне

таман кеп есік алдында күнге қақталып тұрған
Жұқанның ту сыртынан қамыға көз тастады. Қанша
ашуға басайын десе де оған деген шексіз махаббат
пендешілікке бармады. Тұрмыста қатты күйзелгенін,

тіпті, көңілінің көшкен жұрттай құлазып тұрғанын,
күйеуіне білдіргісі келмеді. Онсыз да жасып жүрген
жанына қаяу салмайын деп ойлады. Жұқан Жамалдың
жаңағы сөздерін естімеген адамдай аяғын ептеп басып,

қарсы алдында тұрған ағаш қашаға қарай бет алды.

– Әй, қайда барасың?

Жамалдың бар айтқаны осы болды. Одан артық
сөйлеуге босаған көңілі ырық бермеді. Көзінен аққан жас
моншағы тамағын кенерлеп, аш омырауына толассыз
ағылып жатты. Ол үй ішіндегі сыпының жиегінде тік

тұрған беті Жұқанды жасқа толған мұңлы жанарымен
қарсы алдында көрініп тұрған ағаш қашадан ұзатып
салды. Жұқан көшеге шықты...
Бозторғай басына төнген қауіпке қарамастан, бас-

аяғына көз жетпейтін кең аспан аясында тамылжытып
әнге басуда. Аспанға басын тік шаншып, пружинадай
дөңгеленіп, жиырылып, қозғалмай жатқан сол оқтаудай
жылан баяғы ниетінен танар емес, бозторғай есінен

ауайын десе де, табандылық көрсетіп, тамылжыған тәтті
әуенімен әлейім дүниені айрандай ұйытуда. Жылан
жатқан орнынан жылжуға бет алды. Басын қозғалтпай
аспанға тік шаншыған бойы құйрығын «сырт-сырт»

қозғалтып, шыр көбелек айналып, аузынан ысылдаған
ғажап үн шығарып, өз тобынан бөлек өсіп шыққан бір
түп жуан тобылғыға орала бастады....
Көше даңғырап жатыр. Тырп еткен тірі пенде жоқ.

Жұқан сау кезде сондай сабаз болғанымен, шылқа мас
болған күні аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын қазан
бұзардың аумаған өзі. Бірақ, бұл кезде ол «қасиетінен»
де айырылған. Тек тірі жүрген аруақ тәрізді бір жан иесі-

тын. Әсіресе, биыл көктемнен бері арақ ішсе болды,
самбырлап сөйлеуге шамасы жетпей, есінен ауып,
қай жер болса, сол жерге сұлап жата кететін жаман

әдет қалыптастырған. Ал ішпейін десе, тұла бойы
дірілдеп тыным таптырмайды. Тым құрыса, бір рюмка
ішпейінше, жаны жай табады деу дардай қылмыс.
Оны көргенде, қандай қабаған ит болса да, құйрығын

бұтына қысып, қаша жөнелетін. Тіпті, тұла бойына өсіп
шыққан табиғи түктері де, денесінен ажырап жидіп
түсуге шақ қалған. Ол тік кеткен ұзын көшемен едәуір
ұзақ жол басты да, төрт көшенің түйіліскен ортасына

таман барып, батысқа беттеді. Жол бойындағы өзіне
таныс дүкен алдында ұйлығып тұрған бір топ адам
Жұқанды көре сала бытырап, алды-алдына кетті.
... Кезінде осы адамдардың бәрі де Жұқаннан талай

жақсылық көрген, қарттар балам деп, үлкендер інім
деп, кішілер аға деп, біреуі арыз-шағымын жаздырып,
біреуі қазақшаны ханзушаға, ханзушаны қазақшаға
аудартып алатын.

Жұқан қандай қарбалас жүрсе де, басқалардың
жұмысын бейне өз жұмысындай бар пейілін салып
істейтін. Оның мұндай кішіпейіл әдетіне Жамал көп
жағдайда қолдау көрсеткенімен, кейде бес тиын пайдасы

жоқ қаймана біреудің аяқ астынан келіп, қысылтаяң
уақытты алып, әуре-сарсаңға салғанын көргенде,
қарадай тұлан тұтатын. Ел кеткен соң, Жұқанның есін
алып: - осы ел қызық, ей, тәуба. Адам өз жұмысын

бітіре алмай дал болып жүрсе, онымен ісі жоқ, ойбай
анауымды айта сал, мынауымды бүйте сал - деп
уақсыз уақытта әуре қылады. Ал сол елдің қайсы бірі
басыңа іс түсіп, балтырың сыздағанда; ”ойбай Жұқан

“деп жақыннан жәрдем беріп, жарығыңа шығыпты.
Озсаң көре алмайды да, тозсаң теріс айналады - деп
қарадай күйіп-пысатын. Ондайда Жұқан әзілмен жауап
қайтарып, сүйген жарының сұрланған жүзіне, аз да

болса күлкі шуағын себетін.

- Болды, болды! Болмашы істер үшін бұлқынып

қайтесің. Саған біреу оқымыстының жары бол деп пе?
Сүйдің бе деп едім, сүйдім, күйдің бе деп едім, күйдім
дедің. Енді сол берген сертіңнен тайқып, қымс етсе

тұлан тұтасың - дегенде, алғашында арындап тұрған
кеуде, соңынан су сепкендей басыла қалып, - рас та
тегі. Айтпайын десең де, ішің күйеді, - иә, беріп жатқан
бір тиын ақшасы жоқ, - деп сұрланған жүзіне сыпайы

күлкінің табы пайда болып, екі көзі оттай жанатын.
Батыстан шығысқа қарап соққан құба жел Жұқанның
денесіндегі мүңкіген арақ иісін дүкен маңында жүр­
гендердің мұрнына апарып тықты. Олар мына келе

жат­қанды адам емес, әлі де бір мақұлық ретінде, қа­
райтын секілді. Мүңкіген арақ исінен жүректері лобып,
жейделерінің ұшын тұмсықтарына апарып, жерге
«былш-былш» түкірісті. Жұқан қаннен-қаперсіз. Оның

алдындағы бар мақсат - көк мойын құмырадағы ащы
суды шөлі басылғанша қана ішіп, денесінің құрыс-
тырысын жазу.
Міне, маңғаз басып дүкенге де жетті. Анау қарсы

алдындағы сөреде тізулі тұрған көк мойын құмыралар
көзінің жауын алып, көңілін көтеріп-ақ тастады.
Сатушы Жұқанға бұрыннан таныс жиырманың екі-
үшеуіне келген биязы мінезді жас қыз болатын.

– Қарындас анау арағыңнан бір бөтелке берші.

Ақша түскенде, ақысын төлеп қоям. Жақында айлығым
тимек.

– Жоқ ағай. Ренжімесеңіз екен. Ақшаның қажеті

жоқ, қарындасыңыз болған менің тіліме көнсеңіз...
Осыдан ат кекілін кесіп тыныңыз.

– Ойбай-ау не боп қалды қарындас? Бұрын мұндай

емес едің. Осы рет тағы да бере тұр. Айтқаның ғой
орынды. Бірақ.
Ол сөз аяғын шорт тұжырып, бір сәт үнсіз тұрды да,
ойын басқаға бұрып әкетті.

– Жүре жүріп, бұдан да арылармыз. Дегбірімді

тауыспай тезірек бере салсаң... Шыдамай барам. Тым
құрыса, бір шөңке.

- Жоқ болмайды - деді қыз күн көріс үшін дүкен

ашып тұрса да, Жұқан сынды шегінен асқан запойды
көріп ет жүрегі елжіреп, - сіз ойлап көрдіңіз бе? Кеше

қайда болдыңыз... Әйеліңіз бен балаңыз не күн көріп
жүр? Рас сіз менің екі туып бір қалғаным болмасаңыз
да, мына сиқыңызды көріп, тек отыруға дәтім бармады.
Шынын айтқанда, қатты ашынамын.

ـИә, ол айтқаның орынды ғой қарындас, бірақ...
Ол сөз аяғын жұтып қойды. Жанқалтасынан тер
сіңіп тозығы жеткен қызыл шытын алып, маңдайынан
аққан суық терін ептеп сүрте бастады. Сатушы қыз

қанша тырысса да, оның дірілдеген тұла бойын көріп
қатты аяп кетті. Көзінен саулаған ыстық жасын қарсы
жаққа көрсеткісі келмеді. Қолындағы құмыраны теріс
қараған беті Жұқанға ұсына берді.

- Шөңке бар ма? - деді Жұқан бәсең тіл қатып.

Қыз алдында тұрған кішкене әйнек рюмканы
баяғыдай теріс қарап тұрып, қолының сыртымен әперді
оған. Сол жақ қолымен жейдесінің жағасын тұмсығына
басып тұрып, Жұқан бөтелкенің аузын ашты да, бір

рюмка арақты толтыра құйып, ішуге оңтайланды. Оның
қалтыраған қолы рюмканы әрі-бері шайқап бетімен
бет болып шөпілдеп тұрған арақты соғып та үлгерді.
Еріні рюмкаға тиер-тиместен құшырланып кеткені

соншалық, басын шалқайтып, екі көзін тарс жұмып
қылқ еткізіп, бірақ тартты. Маңдайынан бұрқ етіп тер,
шайдай ашылып көңіл, құрыс-тырысы жазылып дене
кетті. Сатушы қыз бірдемде тұрып, артына бұрылғанда,

Жұқан терезе жақтағы орындықта оң аяғын сол аяғының
үстіне қойып, самайынан сорғалаған суық терді қызыл
шытымен сыпыра сүртіп отыр екен. Жұқан сатушы
қызға езу тартып күле қарап еді, оның жас іркілген

жанарын көріп томсара қалды.

– Қарындас, неге жылайсың, «жебіренге жетпесең,

желге майыспас едің ғой» ол сөз аяғын жұтып алды
да, артындағы терезе жақтауында тұрған арақ толы
рюмкасын бүкіл тұлғасымен қиыс бұрыла қолына
алды. Қыз оған жауап бермеді. Тек ішінен тынып, терең

күрсінді...
Ешкімге титтей жазығы жоқ өз тірлігін өзі көріп

бейғам өскен бозторғай ойламаған жерден тағдырдың
тәлкегіне ұшырады. Кеудесін күйік, жанарын жас
торлады. Жуан тобылғының бойымен бірдей боп әлі
де неше оралған сол жылан денесін тырсита ісіп-кеуіп,

«ыс-ыс» етіп бейшара торғайды барын салып арбау
үстінде. Құс өзіне төнген қатерден қанша тырысса да
құтылатын емес. Уақыт өзған сайын қанат қағуы сиреп,
екі көзі өрге тартып, бойын бір түрлі мең-зеңдік билей

бастады. Осы жайттен иығын артқа тастап біртіндеп
төмен түсіп келеді. Бірақ, әні тоқтаған жоқ, бәз-
баяғысындай тамылжып сайрап тұр...
Жұқан бір бөтелке арағын жарымына дейін ішті де,

қалғанын ышқырына тығып сыртқа бет алды. Жіпсіген
дене, маңдайынан сорғалаған тер, көзі бұлдырап шыр
көбелек айналған тау мен тас барлығы да Жұқан үшін
түкке тұрғысыз. Тек шөлінің қанып, денесінің дірілі

басылғанына мәз. Жұқан тәлтіректей басып, шығыс
жақтағы төрт көшенің қиылысына қарай беттеді. Қырық
градусқа жақын шыжыған ыстық оның қаңырығын
түтетіп, таңдайын құрғатып, тілін аузына сыйдырмады.

Шөлін қандыра құнығып ішкен жаңағы жарты құмыра
арақ өзегін өртеп дуылдатып барады.
”Шіркін бір ұрттам су болса, - “деп ойлады ішінен.
Шығыс солтүстікке қараған көше бұрылысынан

түскі демалысты аяқтап, мектебіне кетіп бара жатқан
бір топ оқушының қарасы көрінді. Жұқан оларды көз
алды бұлдырап сұр буалдыр тұман арасында зорға
шырамытты. Үстілеріне киген аспан түстес көк ала

шапандарынан осы қыстақтағы өзі істеп жүрген мектеп
оқушылары екенін тұспалдады.

– Ойбай, қараңдаршы, анау Жұқан мұғалім ғой.

Тағы ішіп апты, ә. Неғып үйтты екен деші!

– Рас ә. Кеше әйелі қолтығынан демеп, үйіне қарай

ертіп бара жатқан.

– Жүріңдер барайық - деді олардың ішінен өжеттірек

біреуі батыл үн қатып.
Сүйтті де, төрт көшенің түйіліскен ортасына

келіп, арқан бойы аралық тастап, Жұқан мұғалімді
тосып тұрды. Жұқан оларға таяп барып, артына қайта
бұрылды.
”Қой бұларға көрінбей-ақ қояйын. «Жақсы ит өлігін

көрсетпейді» ғой.
Ол әртүрлі ойға батып, қыстақ шетіндегі арқырап
ағып жатқан үлкен өзенге қарай жол алды.

– Мұғалім қайда барасыз. Мектеп оңтүстікте қалды.

Әлгі ертектің аяғын қашан айтасыз. Оқушыларыңыз
сізді күтіп жүр.
Жұқан өзіне таныс оқушының дауысын естіп, селк
ете түсті.

– А, не дейсің? - деп артына қарай қатты екпінмен

жалт бұрылғанда, бойын билей алмай тәлтіректеп кетті.
Соңынан өзін тез түзеп алды да, қарсы алдында
тұрған бір топ оқушыға мөлие қарады.

– Мен – мас. Болды, басқа іс жоқ. Бірақ, арақ ішіп

ішқұсталықтан арылам деп ойламаңдар. Ол сендерді
құртпаса құтқармайды. Рақмет. Ертеңнен бастап
мектепке барам. Аңыздың ақырын сонда айтып берейін.
Бүгін...

Ол сөз аяғын жұтып алды да, қолын ішіне қарай сәл
иіп оқушыларға қаратып сермеп қалды.
Бұл оның ”кете беріңдер “деген ишарасы еді.
Оқушылар бастарын кеудесіне құлатып тайып

тұрды. Жұқан өзен жаққа беттеді. Шыжыған ыстық
шыдамын тауысып барады. Тілі аузына кептеліп
сөйлеуге шамасы келетін емес, әйтпесе, көкейінде
көміліп жатқан асыл арман-тілектер баршылық. Ол

әлгінде өзі арақ ішкен дүкеннің тұсынан өткенде,
сатушы қыз сыртқа шығып, әлдебір асылы оған ілесіп
бара жатқандай басын шайқап булыға жылап ұзақ тұрды.
Жанарына жиналған жас кірпігі айқаса қалғанда шағыл

тоқып тастаған жол үстіндегі борпылдақ топыраққа
«тырс-тырс» тамады. Жұқан теңселе басып, дүрдараз
кетіп барады, өзегін өртеген арақ өзенге жетіп шөлін
басуға соншалық ынтықтырды…

Бозторғай жыланның арбауымен бұрынғы шыққан
биігінен әлдеқайда төмендеп кетті. Жемсауы қуырылып,
демі сығылып, қыр желкесі өрге тарта берді. Сонда да
бар қайратын бойына жинап, жыланның арбағанына

оңай-оспақ ырық беретін емес, қанша қатер төнсе де
тамылжыған тәтті әуенінен титтей де танбады...
Жұқан бірдеме айтайын деп еді, бірақ, тілі күрмеліп,
іші оттай жанып, тамағы бүлкілдеп үнсіз тынды.

Қиналғанда, денесінен шыққан тер жейдесінің тұтас
өңірін шылқытып тастады. Арақ уы уақыт өткен сайын
бойына «балдай» батып, тік басып түзу жүрудің өзі
мұң болды. Өзенге жетуге әлі бар еді. Ойына мынадай

сөздер оралды.
”Жер неткен ұлы едің! Беліңді қайыстырып
қаншама тіршілік иелері қимыл жасаса да, былқ
етпейсің. Жауыздық істесе де, өліп-жітсе де соның бәрін

мейірбан құшағыңнан мүлдем шығарғың келмейді, ал
адамдар ше! Қанша есті болғанымен, басына түскен
титтей қиындықтан жасып, тапталып кетеді»
Жұқанның ойы шарықтап келе жатып, қарсы

алдында арқырап ағып жатқан ақжал өзенді көргенде,
тұшырқанып тамсанып кетті.
Жылан күрең тобылғының бойымен бірдей болып
оралып алып жиырылып-созылып, ісіп-кеуіп «ыс-ыс»

етіп, бозторғайды бар күшін салып аласұрып арбап
жатыр. Бозторғайдың бойында дәрмен қалмады. Ол
ең соңғы рет бар күшін бойына жинады да, қанатын
қаттырақ қағып бұлқынып-бұлқынып барып, сонау

биіктен құлдилап кеп жерге топ ете түсті. Бөтегесін
басып ұйысып өскен жұмсақ қауырсындары биіктен
құлап келе жатқанда-ақ түбінен ажырап, жел ығын
бойлап асты-үстіне аударылып қалықтап барып, кез-

келген жерге қобырап түсіп жатты. Жылан әуеден арбап
түсірген бозторғайды басынан бастап, қомағайланып
жұта бастады.
Жұқан ақ жал өзенге тезірек жетуді ойлап шама-

шарқынан тыс қимыл жасаймын деп сау басына сақина

тілеп алды. Жол үстінде жатқан жұдырықтай тасқа
аяғы шалынып қалды да, бойын билей алмай әрі-бері
бұлғақтап барып етпетінен түсті. Сол сәтте, бұрқ ете
түскен жол үстіндегі бос топырақ кеңсірігін кенерлеп

барып өкпесін қапты. Содан ба, болмаса, басқадай
себептен бе, жаны қиналып, қатты лоқсып, ышқына
жөтеліп, көз алдына бірде сау кездегі салиқалы күндері
елестесе, бірде жанашыр жары мен жас баласы тұра

қалып, өлім мен өмір арасында жанталасып ұзақ
жатты...
Жылан бозторғайды жұтып әлек. Екі көзі қанталап,
денесі қырық қатпарланып, демін терең алып «ыс-ыс»

етеді. Бойынан жан кетіп, құр сүлдесі қалған бейшара
торғай бұл кезде екі аяғын артқа қосып, пружинадай
созылып ұзарып кеткен еді...
Ешкімге қылар жамандығы жоқ тек қу арақтың

құлына айналған бейкүнә жан иесі көз көрім жердегі
тұнық өзенге жете алмай, шілденің шыжыған ыстығын
да денесінің майы еріп, о, дүниеге сапар шекті. Қос
жанары жұмылмай ашық қалды. Аузынан аққан сары

жалқақ жылыстап барып, жерге сіңіп табын ғана
көрсетіп жатыр...
Жылан бозторғайды жұтып бітті. Соның өзінде
ісіп-кеуіп әбден қиналған-ды. Бозторғай жыланның қақ

ортасында бұлтиып көрініп жатыр. Жылан сары жолақ
бауырын күн көзіне жарқ еткізіп, бір аунап барып қайта
оңалды да, баяу қозғалып алға жылжыды.
Жұқан қара жерді құшақтап, жол шетіндегі шағыл

тастардың үстінде мәңгілік көз жұмды. Оның өмірден
кеткенін, адамнан бұрын сол өңірдегі ауыл иттері
сезді де, тіміскілеп тұс-тұстан жетті. Енді олар мойын
жүнын тікірейтіп, тісін ақситып бір-біріне тап беріп

ырылдай бастады. Сондағы бар көзалартқаны баяғы
сол Жұқанның аузынан аққан сары жалқақ.
Ұзын саны онға тартарлық ауыл иттерін бірден
тықсырып жеңіп шыққан мынау бір дәу сары ала

төбет Жұқанның ауызынан аққан сары жалқаққа

алдымен аузын матырып еді, қырсыққа жолықты.
Әлдеқандай бір кермек иіс өкпесін қауып кірген де,
сары жалқақтан тұмсығын тез тартып алды да, үйін
бетке алып, бүлкектеп желе жөнелді. Ал қалғандары да

сары ала төбет кеткен жаққа мойындарын созып терең
иіс алды да, өз-өз жайларына кетісті. Тіпті, қайдағы бір
лас нәрсені өшіге сапсылайтын шыбын атаулы да бұл
сыбағадан құр қалған жоқ, кезкелген жақтан ызыңдап

ұшып келіп, сары жалқаққа қонды да, көп ұзамай
шетінен қырылып жатты...
Жылан жуан тобылғының діңіне әлденеше оралды
да, бойындағы бейшара торғайдың денесін күлдей

үгітіп жанына сая тапқан соң өз жайына кете барды.
Шіркін тіршілік, шіркін жарық дүние, Жұқанға енді
жолдас болудан қалды.
25-4-2005

Әже (әңгіме)

Қыс мезгілі. Аспан бұлтсыз, шайдай ашық. Айнала
ақ қар, көк мұз. Қақаған аяз қанын ішіне тартып
барған сайын безере түскен. Ауа алай-дүлей ұйтқып,
аппақ қар ұшқындары күн нұрына шағылысып, аспан

кеңістігінен алабажақтап жауып тұр. Қала іші қырық
құрау, қарбалас қимыл. Албарынды адамдар легі мен әр
қилы авто көліктер бірі батысқа, бір шығысқа бет түзеп
қайшаласып өтіп жатыр. Жол бойы мойнына боқшасын

асып, жеті жастағы бір оқушы қыз келеді. Оның қыр
соңынан әудем аралық тастап адымдай басып және
бір жас жігіт кетіп барады. Ол – қыздың нағашы ағасы
Ербол еді. Бүгін жайшылықта жабырқау жүретін

бүлдіршін қыз, қалай екен, өте көңілді. Таңертеңгі
шайын іше салып, сыртқа шыққан соң Ерболдың алдын
орап, әудем аралық тастап ұзап кеткен. Әуелі: «Әй,
Нұрзия ақырын жүр, абайсызда бірдемеге соғылып

қалма» деген сөз құлағына кіретін емес, қазірдің өзінде,
бір үлкен қиял теңізіне батып, күні кеше ауылда өткен
қам-қайғысыз бала күндерін, аяулы ата-анасын, сондай-
ақ, бір минут көзінен таса болса, дегбірі құрып тыныш

отыра алмайтын қадірменді қарт әжесін есіне алып;
«шіркін соларды тезірек көрсем..» деп аптыққан жүрегі
атша тулап, алып-ұшып келеді...
Қыркүйек айының басы болатын. Әжесі оны

керек-жарағын көтеріп, ауданға ертіп түскен. Ол сол
күні үлкен нағашыларының үйіне қонып, ертесі аудан
орталығындағы мәлім бір бастауыш мектепке арнаулы
тізімге алынып оқуға түсудің қажетті әзірлігін көре

бастады. Бірақ, ол кезде оқу деген оның өңі түгіл,
түсіне де кіріп-шықпады, әйтеуір көркемдігі көз

сүріндіріп көңілін көлдей толқытқан осы бір думанды
ортаға келгеніне мәз. Сол күні өзінің тұңғыш тіл ашар
мұғалімі оған көптеген қажетті оқулықтарды тарту
еткен болатын. Нұрзия оларды қолына алысымен анау

аты беймәлім әдемі әріптерді көріп, өзіне ой түсіп, оны
ұғып-білуге асықты.
Нұрзия тізімге алынып, екі күн өткен соң сәрсенбі
сәтті күні таңертең тұңғыш рет өмірден еш хабарсыз

ерке мінезімен мектеп табалдырығын аттады. Міне,
содан бастап, ата-анасының аялы алақанынан алыстап
өз алдына дербес өмір сүрудің алғашқы қадамын
басты. Әжесі оның жанында, мынау ауыл-қыстақтан

алыс ала бөтен думанды ортаға қашанғы бауыр басып
үйір болғанша, өзінің қалада тұратын інісінің үйінде,
бір аптадан артық бірге болып еді, міне, бүгін немере
қызын осындағы ел-жұртына қайта-қайта тапсырып,

таңертеңгі шайдан кейін таудағы үйіне тартып бермек.
Бағиша әжейдің бұл оқыс әрекеті мойнына боқшасын
асып мектепке енді жүргелі тұрған Нұрзияның көз
шарасын жасқа толтырып, көңілін босатты, содан, аяулы

әжесін қия алмай, аяқ астынан бір қызық шығарып,
мейірлі құшаққа құлай барып, егер: «мүмкіндік болса,
өзімен бірге тауға кетуге» ыңғай байқатып еді, Бағиша
әжей немере қызының ойда жоқ тосын қимылынан

бір үлкен өтінішті аңғарып, іштей іші-бауыры езіліп
отырса да, онысын сыртқа сездірмей, қайта, өзін-өзі
қатаң ұстап:

- Қой, бүйтпе! Ақылың бар емес пе? Менен алаңсыз

бол, құлыным. Асып кетсе тауға барып екі-үш күн
тұрам да, көп кешікпей қайтып келем. Әне, қарашы!
аға-апаларың саған қарайлап тұр - деді мойындарына
боқшаларын асып Нұрзияны тағатсыздана күтіп сыпы

астында тұрған екі оқушыға қарап. Бұл екеуі Нұрзия
баратын мектепте біреуі, биыл – төртінші, біреуі –
бесінші жылдықта оқитын осы үйдің балалары болатын.
Нұрзия өзін әжесінен зорға тартып алды. Әлгінде

ғана әйбаттап тарап, буып-түйген қолаң шашының

ұйпа-тұйпасы шығып, рухани жақтан күрт түсіп кеткен
еді.
ـОйбай, ұят-ай,-деді Бағиша әжейдің осы үйдегі
келіні мейірлі құшақтан енді ғана ажырап мектепке

жүруге ыңғайланған Нұрзияға еркелете тіл қатып: - Үп-
үлкен ақылды қыз осынша жылай ма екен. Әсілі, бүйтып
жылағанына қарағанда, әжесінің қызы емес, анау
таудағы Байболдың қызы болды. Әйтпесе, жыламайтын

еді, бері кел, шашыңды жөндеп тарап берейін. Ұйпа-
тұйпасы шығып кетіпті. Осы бетімен мектепке барсаң
мынауың не деп мұғалімің ұрсады.
Нұрзия жағын ашпады, ауызын бұртитып оның

алдына келіп тоқтады, ол Нұрзияның шашын тарап,
екі жанынан әйбаттап буып берген соң өз балаларына
қосып мектебіне жөнелтті.
Шынын айтқанда әбден бауыр басып алғандікі ме?

Бағиша әжей де немере қызын қия алмай, іштей қатты
қапаланған-ды.

– Айналайын, құлыным. Неме сол, - деді Нұрзия

мектепке кеткен соң тұла бойы ток соққандай дірілдеп,
анау айналасын әжім айғыздап орталап, солуға бет
алған көз шанағы жай ғана жіпсіп - жаңағы еркелеген
түрін қара. Қайтейін, қайтейін? Е, қайда жүрсе де аман

болсын.
Отағасы оған:

– Әй, ардақты тәте-ау, бостан-босқа қамығып

қайтесіз? Нұрзия соғұрша алаңдайтын біреудің үйінде
жатыр ма, өз бауырыңның үйі ғой мынау, - деп тоқтап
еді, мына жақтан келіні де:

– Рас, бауырыңыз айтқандай немереңіз қаймана

біреудің үйінде жатыр дейсіз бе? Алаңдайтын дәнеңе
жоқ, бірте-бірте бәріне үйір болып, бауыр басып кетеді

- деді күйеуін қостап.

Әжей ләм-мим демей, тым-тырыс отырып қалды.
Иә, атамыз қазақта: «өз балаңды бөліп, немереңмен
өліп тынасың» деген сөз бар. Бұл тектен - тек айтылмаған.
Нұрзия Бағиша әжейдің кенже ұлы Байболдың ең кіші

қызы еді, оның алдында Айсәуле есімді бір қыз бар, ал
шешесі болса осы күнде ауыр аяқ. Жатса-тұрса тәңірден
тілейтіні – бір ұл көру.
Айсәуле бастауыштың үшінші жылдығына келген

де отбасылық жағдаймен оқудан қол үзіп, содан бері
осы отбасының отымен кіріп, суымен шығып, шама -
шарқынша әке-шешесіне қарайласып жүр.
Жанұя да аман тұрғанда жалған дүниедегі жеңіс

пен жеңілістің, бақ пен сордың таусылып бітпейтін теке
тіресінен кім қашып құтылған!!? Бұл кейуана шалы
өмірден өткен жиырма жылдан бері не көрмеді? Осы
қара шаңырақты ортасына түсірмей босағасын берік,

бауырын бүтін ұстап, төрт тұрманын сай ету жолында
қолынан келгенін аямады. Бағиша әжей өз өмірінде
жеті құрсақ көтерген. Соның үшеуі ұл, төртеуі қыз еді.
Ол күні кеше жарасымды жұбынан айырылып, басына

қайғы бұлты қонақтап, сергелдең күй кеше жүріп,
шалының артында «салт бас, сабау қамшылы қалған»
екі қыз, бір ұлын аяқтандырса, ал бүгін Алланың
берген әл-қуатында немерелерінің қызығына батып,

бай - бақытты күн кешіп отыр. Нұрзия оның екі көзінің
біріндей ыстық болғанымен, оның болашағын ойласа,
әрқандай қимастықтан бәз кешуге дайын еді, соның
жетегімен, оны ауылдан гөрі, оқу құрлығылары бір

шама кемелді, ортасы тамаша қаладағы мектептен
оқытуға бекем жасап, осылай алып келген болатын.
Нұрзия әжесі кеткен соң ауданда қалып, үлкен
нағашыларының

үйіндегі
аға-әпекелерімен
бірге
мектебіне барып оқи берді. Содан бері қас-қаққанша

төрт ай өтіпті. Басында, үй ішіндегілер үш айға дейін
таудан түспей, тым-тырыс жатып алды. Оның есесіне
қырдан келген таныс-білістерден үзбей «сәлем-сауқат»
жіберіп тұрды, әрі, апекесі Айсәуленің өзіне жазған екі,

үш парақ сәлем хатын қолына алды. Ол дерліктей хат
танымағандықтан, биыл толық ортаның 2-жылдығында
оқитын нағашы ағасы Ерболға барып жүгінетін. Ербол
хатты нәшіне келтіріп, баптап оқып беретін. Хатта,

таудағы әжесі мен әке-шешесінің амандығын, енді
ештеңеден алаңдамай тырысып жақсы оқуын айта
келіп, ең соңында, өзінің сүйкімді сіңлісіне деген
жеке көңіл-күйін қысқа да нұсқа жазыпты. Нұрзия

хатты оқытып, мазмұнын түсініп рухани жақтан
қанша серпілгенімен, уақыт өзған сайын үйіндегілерін
сағынып, ұнжырғасы түсіп, тіпті сабаққа деген қызу
ынтасы да біртіндеп суый бастады. Бұрын ақжарқын

мінезімен салдырлап сөйлеп жүрушы еді, қазір онысы
да бір шетте қапты. Осыдан жарым ай бұрын апекесі
Айсәуле сіңілісінің артынан іздеп келіп, төбесін көкке
жеткізіп бір қуантып тастаған. Іле-шала, әке-шешесі

келіп оның қыстық формасын жеткізіп берген болатын.
Нұрзияның соншама аптығып тауға қарай алып-ұшуы
айналып келгенде, ардақты әжесін көріп, оның ыстық
құшағында маңдайы тершіп маужырап тәтті ұйқыға

кету еді. Өйткені, ол әжесін күзде кеткеннен, күні
бүгінге дейін бір ретте көрмеген.
Ол қазір үйіне барып, әжесіне еркелеп, ыстық
құшағында маужырап тәтті ұйқыға кететін кезін

қиялдап іштей:

– Па, шірк...і...н.. - деп басын көтере бергенде,

күтпеген жерден қарсы алдындағы велосипед мініп
келе жатқан адамға соғылып қала жаздады.

– Үй не қарап жүрсің? Байқасаң болмай ма?-деп

велосипедші оған зеки тіл қатып еді.

– Кешіріңіз ағасы - деді Ербол Нұрзияның қолынан

ала түсіп, қысыла тіл қатып.
Содан әлгі адам велосипедіне мініп жолына түсе
бергенде:

– Әй, бағана айтпадым ба? Бірдемеге соғыласың,

- деп. Не болды сонша аптығып? - деді оған қадала

сөйлеп.
Ол не дерін білмей сілейіп тұрып қалды, соның
арасынша, көңілі бұзылып, көз алдын көлегейлеген
ыстық жас кірпігін айқастыра бергенде-ақ ашаң бетінен

сырғанай түсіп, аяғының алдына тамып жатты.

– Болды жылама, үйіңе қазір-ақ барасың. Жасыңды

тиып менімен ілес.
Ербол соны айтты да, Нұрзияны қолынан жетелеп
бет алған жағына қарай суыт тартып берді. Бүгін анау
қашан көрсеңіз қаңғырап бос жататын жастар алаңы

да қақаған суықты елеп қоймай, қызу мерейлі жайма
базарына айналыпты. Оны тамашалап көріп жүрген
адамдар легі де мол. Жайма базарындағы қымбат бағалы
зейнет бұйымдар мен алуан үлгідегі киім-кешектер,

сондай-ақ анау әлем-жәлем безенген балалардың
әртүрлі электронды ойыншықтары көрген жанның көз
мейірін қандырып, өзіне магниттей тартады. Нұрзия
оларды, әсіресе, соның ішінде балалар ойыншығын

көргенде есі ауысқан адамша өзін-өзі тоқтата алмай
жүгіріп барып, бас салғысы келеді. Ербол оны жетелеп
алыпты, екеуі базар алаңын қақ ортасынан жарып,
тынбай ілгерілеп келеді. Олардың суыт жүрістеріне

қарағанда өте асығыс секілді, аз кешіксе, әлденеден
құр қалатындай аяқ алыстарын тездетіп алдыға
қарап адымдай басады. Нұрзия Ерболдің жетегіне
жорта ілесіп, аяғы-аяғына тимей безектеп барады.

Ол анау базар алаңындағы әртүрлі әсемдік тұтыну
бұйымдарына таңырқай көз тастап ара-тұра Ерболға:
«анау не?», «мынау не?», «ол қандай нәрсе?», «не үшін
бүйтеді?» деген сияқты сұрауларды қойып әлек. Ербол

оның мынадай мағынасыз сұрақтарынан әбден мезі
болса да көңілін ауыртпау үшін: «бәрі де елдің дүниесі,
оларды адам жасаған..» деп орашолақ жауап қайырады.
Міне, бұл – күн календірі бойынша наурыздан бұрын

келетін жаңа жылдың ең алғашқы күні болатын. Ауа
әлі де ұйтқып тұр. Сақылдаған аяз сүйектен өтеді.
Нұрзия бір айдан бері ешкімге ауыз ашпай өзімен өзі
оңаша болып, қабағы түсіп, тұнжырап жүретін қызық

әдет тапқан. Жатқан үйіндегі жанашыр жақындары:
«не болды, бір жерің ауырып жүр ме? Сөйлесеңші» деп
талай рет тақуырлап сұраса да, жақ кырын ашпаған.
Бірақ, әр күні төсекке бас қойып, тәтті ұйқыға кеткен

сәтте, өз-өзінен ұйқысырап: «апа, апа! қайда барасың?
Мені тастамашы! уай, уай барам, барам... Гыдык, гыдык
ка, ка! сар күшігім» дейтін де соңынан сықылықтап
күліп жататын. Бұндай құбылысты бір емес, бірнеше

рет кезіктірген бұл үйдегі Бағиша әжейдің келіні көп
ойланып, толғана келе: «Нұрзияда ешқандай ауру-
сырқау жоқ, ол қазір үйін сағынып рухани жақтан
басымдылық көріп жүр» деген кесім жасап сол арқылы

отағасын тілге көндіріп, бүгінгі әңгіменің жарыққа
шығуына дәнекер болған.
Олар суыт келе жатып, төрт бағытпен түйіскен
орталық көшені кес-кестей қарсы жаққа өтті де,

жолаушылар бекетіне тура тартты.
Кезекті автомобил енді ғана оталып гүрілдеп
жүргелі жатыпты. Олар билет сату орнына барып билет
кестіріп алды да, жоғары «бал фермаға» қарай баратын

автомобилге түсіп, ортаңғы қатардан орын алып
жайғасты. Әне, автомобиль мидай жазық асфальт жолда
атқан оқтай зымырап келеді. Айнала аппақ қар. Меңіреу
тыныштық. Қас өзенін бойлап, батыстан шығысқа қарай

созылған ит тұмсығы өтпейтін жыныс орман мен одан
берірек аппақ қар жамылып, алтын нұрға шағылысып
кең көсілген тақта-тақта егіс атыздары, сондай-ақ, анау
терезе сыртында жол жиегін кенерлеп тұтас діңін бір

қабат жылтылдақ қар ұшқыны қаптап, қырық құбылып
тұрған ақ теректер автомобилдің аңыраған екпініне
сәйкесіп лек-лек болып артта қалып жатыр. Нұрзия
терезеден сыртқа қарай таңданысты пішінмен тігіле көз

тастап, әредік демін тарта терең күрсініп қойып, тым-
тырыс отыр. Автомобил екпінімен екіге бөлініп иіріліп,
үйірілген қысаң ішіндегі құйынды ауа терезе әйнегінің
болмашы жапсарынан ішке ентелей кіріп, Нұрзияның

қабағының үстіне келіп тоқтаған кекіл шашын кейін
қарай ықсыра жайғана желпіп тұр. Тасжол етегіндегі
арқырап ағып жатқан атышулы Қас өзенінің даңғаза
дауысы құлақ түбінен жаңғырып естіледі. Қысаң іші

тастай суық, күн көзінен таса жердегі ала көлеңкелер

өзі тұрған өңірін уысында ойнатып көзді байлап күңгірт
тартып тұр. Автомобил тар қысаңды өрлей барып бір
мүйістен сопаң етті де, күмістей аппақ күн сәулесіне
малшынды да қалды. Оның күн көзін шағылыстырған

жалтыр әйнектері көзді ұялта жаһұттай «жарқ-жұрқ»
етіп шығысты бетке алып безіп келеді. Нұрзия осы кезде
күн сәулесінің қиғаш түскен терезедегі жылы нұрына
кеудесін төсеп, басын төмен салып, оң жағына қарай

қисая маужырап ұйқыға кетті. Қас қаққанша шырын
түс көрді.
«Сәуір айы болса керек-ті. Өзінің туған апекесі
Айсәуле екеуі үй артындағы жатаған текшеде гүл теріп

жүр. Анадайда момақан жас қозылар енесін таба алмай
есі кете маңырап, әрі-бері шапқылайды. Сай-саладан
жылап аққан қар сулары қойыртпақ лайға айналып,
жұмыр жердің жігі босап, әр жерден шарықтап бу

көтерілуде. Өзен арнасы дөңбекшіген дүлей толқынға
толып, кемерін сүзгілеп буырқанып ағып жатыр.
Аспанда белгілі тәртіппен сап түзеп тыраулап ұшқан
тырналар дауысы құлақ құрышын қандырып, төбе

тұстан ауық-ауық өтіп жатты. Түстіктен туған жеріне
қайта оралған аққу мен қаз қыс бойы қасат қар қымтап
жұтап жатқан жетім көлді жаңа бір түске бөлеп,
айналаны әсем әнмен айшықтауда. Ол әжесімен бірге

әлгінде үй артындағы жатаған текшеден теріп келген
гүлдерін гүл қашаға салып егіп жатыр. Әне, онысы ұзақ
өтпей, гүл қашада тұрып, көктеп шыға бастады.
ـОһо, шіркін-ай, апа, апа, қарашы ана гүлдерге! не

деген әдемі! Бүгін үй артындағы текшеге тағы барып
теріп келем. Бірақ, қай жерге ексем болады екен..»
ـӘй, нұқау, тұр! Үйге келдік. Басыңды көтерші,
тез! машина жүріп кетеді - деп Ербол оны кеудесінен

ырғап оятты да, қолынан жетелеп, жерге түсті. Төңірек
тым-тырыс. Екеуі адымдай басып, тасжол бойынан
алыстау орналасқан анау тау етегіндегі бір топ там
үйлерге қарай бет алды. Нұрзия Ерболға қарап:

ـАға көрдіңізбе? Анау біздің үй - деді кішкене

қолдарын алдыға қарай барынша созып шатырша
жабылған әлдебір там үйді нұсқап.
Ербол: «қане қайсы үй» деді алдына түксие қарап.

– Сіз әлі білмейсіз бе? - деді Нұрзия одан әрі тағаты

таусылып, әлгінде көрсеткен үйін тағы да нұсқап.

– Иә, қойшы... Әбден көз салып қара. Алжасып

тұрған жоқсың ба? - деді Ербол білмегенсіп.

– Шын айтам аға. Рас сол үй. Біздің үйдің есігі Қас

өзені жаққа қарап салынған - деді Нұрзия өзеленіп.
Ербол оның бұл сөзіне еріксіз күліп жіберді де -
болды, болды. Мен жеңілдім, - деді қолынан жетектеп

- жүр, Аллай, суық өте қатты екен... Ертерек үйді

табайық. Әйтпесе тоңып кетеміз.
Екеуі үнсіз жүріп, межелі жерге де жетіп қалды.
Есік алдынан үре шыққан сабалақ жүнді сары күшік
Нұрзияны көрген жерден тани кетті де, қайта қарманып

үрмеді, құйрығын бұлаңдатып бір-екі қыңсылап қойды
да, аула сыртындағы жатаған төбешікке барып, өз
көзіне-өзі сенбегендей артына қарай қайта бұрылып
екеуіне қарап шоңқиып отыра қалды. Бұған дейін

үйден қарсы ала шыққан ешкім болмады. Екеуі есік
көзіне келгенде, Нұрзияның әкесі босаға жақтағы
сыпы жиегінде қамшы өріп, шешесі түскі шәй демдеп,
апекесі төр алдында кесте тігіп отырған болатын.

Аяқ астынан есікті ашып, ентелей кіріп келе жатқан
Нұрзияны көргенде өз көздеріне өздері сенбей аңырып
тұрып қалды. Шынында, мұндағылар мынадай тосын
қуаныштың болатынын ешқашан ойламаған.

ـӘкау, сендер - деп аңыра қараған әкесіне қызының
бұл келісі жерден шыққан әлдебір тылсым нәрседей
ғажайып сезіліп кетті. Нұрзия есіктен кіре көз шанағына
мөлтілдеп ыстық жас іркіліп, аз-кем сілейіп тұрды да,

артынан: «шеше» деп барып анадайда сыпы жиегінде
жүрелеп отырған ақпейіл анасының ыстық құшағына
өзін атты. Дәл осы сағат, осы секундта көптен бері
көкірегін қысып күн көрсетпей келе жатқан сағыныш

жасын әзер басқандай болды...

Арада аз-кем уақыт өтіп, үй іші бір сәт тына қалып
еді, енді Айсәуле келіп аяулы сіңлісін айналып, үйірілді.
Нұрзия содан кейін әнтек кідіріс жасап, әлде бірдемесі
жоғалған адамдай айналасына жапақтап қарай бастады.

Ал, бұл кезде әкесі мен шешесі баласына деген
сағыныш сарықтарын басып, енді екі жақтап Нұрзияны
ертіп келген Ерболдан аудандағы ағайын-туыстың хал-
жағдайын сұрап, жығы-жапар болып жат­қан. Осы сәтте,

аузы сөзде болғанымен, қызына аңсары ауып отырған
Байбол оның не іздеп отырғанын біле қойды да:

– Ой, нұқау. Әжеңе амандаспадың ғой? Барсаңшы

жүгір - деді пеш жақтағы төрге жақын бұрышта қалың
көрпеге оранып шалқасынан жатқан Бағишаны нұсқап.
Нұрзия әжесінің қасына барды да:

– Апа, амансыз ба? Артымнан неге бармадың? Ау­

даннан саған арнап сауға әкелдім. Мә алыңыз, - деді
боқшасынан кішкене қалтаға салынған сары науатты
алып жатып - мынаны кеше әжеңе барғанда ұсынасың
деп мен жатқан үйдегі тәте алып берді. Шайыңызға сап

ішіңіз, иә.

– Айна..л...ы...п кетейін, неме сол - деді әжесі құс

жастығынан ептеп басын көтеріп, оң жақ қырымен
жантайып жатты да - көлдей көңіліңе таудай рақмет,
қарғам. Бағана мені ұмытып әке-шешеңді айналып,
үйірілгенге едәуір өкпелеп қалып едім. Енді мына

сауғаңды көріп қайта сабама түстім... Кеше түнде сен
жайлы жақсы түс көріп, әке-шешеңе: Нұқауым екі-үш
күннен қалмай келіп қалатын сияқты деп едім. Құдай
аузыма салыпты.

Ол осыларды айта келіп, сары науатты қолына алып
ептеп алдына қойды да, немере қызының маңдайынан
құшырлана иіскеп: «жасың ұзақ болсын қарғам» деді
ағынан ақтарыла.

Бағиша әжей күрк-күрк жөтеліп қойып жағы
сембей сөйлеп жатыр. Нұрзия қасында отыр. Уақыт
үнсіз зымырап күн бесінге таяп қалды.
Ол немере қызын ауданға апарып, мектеп құшағына

кіргізіп, ауылына қайтып келген соң көп ұзамай
бұрыннан бойында сыз беріп жүрген ревматизмі мен
тыныс жолы қабыну ауруы асқынып, бір мезгіл үйден
ұзап шыға алмаған.

Әлден уақытта, аяқ астынан үдеп келген қатты
жөтел бейбақ әжейді бір уыс қып бүкшитіп жіберді.

– Үйбай-ай, қабырғамнан шаншу қадалып барады

- әжей жөтелі бәсеңсіп аз тыныс алған әредікте ентіге

сөйледі - садағаң кетейіндер мынау кәзекейімнің
қалтасындағы гояны алып арқама шаптаңдаршы!
Үһ, қу жаным-ай, қараң қалғыр мына жөтелдің ұстай
қалғанын қара.

– Әже, доғдыр шақырып келейін бе? - деді Айсәуле

аузына одан басқа оңды сөз түспей сасқалақтаған
кейіппен.

– Болды балам. Шақырмай-ақ қой. Бірдем тұрып

өздігінен жадырап кетеді. Бұл әдеттегі жел-құз ғой...
Мұндағылар бейбақ әжейді айнала қоршап алды.
Бірі, қайнақсу әкеліп, бірі дәрі ішкізіп, бірі, жауырын
ортасын уқалап беріп, әбігерге түсті. Нұрзия әжесіне

қадала қарап қыбыр-қимылсыз отыр. Ол жатса да,
тұрса да балалық пәк көңілмен аяулы әжесінің аман
болуын тілейді. Өйткені, оның дүниеге келіп тік басып
тірлік етуіне табан ет, маңдай терін сарқа жұмсап

түн ұйқысын төрт бөлген ардақты анасынан кейінгі
тағы бір қамқоршысы дәл осы Бағиша әжей болатын.
Әжейдің жөтелі бағанағыға қарағанда сәл саябыр
тауып, бүйірден ұстаған шаншуынан ақырын-ақырын

айыға бастады. Қатты жөтелдің кесірінен көкірегі қақ
айырылып қиналғандықтан, қылау шалған самайын,
қатпарланған қабақ үстін шыпылдап суық тер алды.
Басқалар Бағиша әжей күтпеген жерден қыстап келген

қатты жөтелден айығып, бүйірінен ұстаған шаншуы
тарап, баяғы бейнесін тауып тілге келе бастағанда, жан-
жаққа бытырап өз-өз жұмыстарымен болып кеткен.
Үй іші жып-жылы, мұнтаздай тап-таза. Үстел

үстіндегі ыдыс-аяқтар өз үйлесімін тауып сондай ретті

де әдемі тізілген. Пешке қаланған қи мен көмір лаулап
жанып тұр. Пеш үстінде қақпағының айналасындағы
болымсыз ашықтардан құшақ-құшақ бу атып көнетоз
шай шаугім сақырлап қайнап жатыр... Нұрзия әжесінің

сауыққанын көріп, әлгіндегі қорқыныш билеген сәби
санасын сан түрлі күдіктен айықтырып:

– Апа, қалайсыз, жазылдыңыз ба? - деді балалық

пәк көңілмен еркелей тіл қатып.

– Е, балам. Бағанағыдан едәуір жақсымын - деп

әжесі немере қызына көңілді бейнемен күле тіл қатты -
рас-ау, оқу қалай? Басқасын қойып соны айтшы!

– Мақұл, әже айтайын - деді Нұрзия жымия езу

тартып - оқуым өте жақсы. Қазір қазақ әліпбиінің отыз
үш әрпін жатқа жаза берем. Әдеттегі сөздерді бір-біріне
байланыстырып құрап оқи алам. Бірақ, кейбір әріптерді
тез тани алмай, сасып қалам. Мұғалім маған көп жазып,

көп үйрен. Жақсы оқысаң, заттай сыйлаймын, - деді.
Мен сүйтіп жақсы оқуға тырысып жатырмын...
Сөз осы араға келгенде, әжесі күліп жіберді:
«айналып кетейін, неме сол» деді Нұрзияның басынан

барбиған арық саусақтарымен аялай сипап: - жарайсың,
жарайсың. Қазірден бастап құлшынып жақсы оқысаң,
келешекте халықтың қажетіне жараған қадірлі азаматша
боласың ботам. Өзіме салса сені ешқайда жібермей,

жаныма ұстап отырар едім, бірақ болашағыңды
ойлағанда тамағымнан түйір дән өтпейді. Қазір сендер
ең бақытты ұрпақсыңдар, заман оңалды, не іздесең сол
бар, ішсең алдыңда, ішпесең артыңда. Ендігі болашақ

сендердікі. Апаң қартайып, бұрынғыдай еркін жүріп-
тұратын халден кетті. Осы күнде үйден ұзап олай-
былай жүрейін десем, жас келген соң бірдеңеге ұшырап
қалам ба, деп қарадай қорқатын болдым. Сол үшін

көбінесе үйден шықпаймын. Бұдан соң кешке дейін
мені жағалағанша, бір уақ, әке-шешеңді де айналып,
үйіріл. Апаң қашанғы жасайды, бүгін болмаса да күн
ертең кетеді.

Нұрзия әжесіне бағжия қарап:

– Апа, сонда қайда кетесіз? - деді таңдана сұрау

тастап.
Бағиша әжей жымия езу тартты да:

– Е, қарғам. Баласың ғой баласың. Не білесің. Кейін

уақыт түсіндіретін болады - деді кеудесі сырылдай ара-
тұра «күрк-күрк» жөтеліп қойып.
Содан соң сөз арнасын басқаға бұрып:

– Осы жасқа келгенше не көрмедік, барды да көрдік,

жоқты да көрдік - деп көкірегін кере кең тыныстап
қойды да, әрі қарай бір кездегі барсакелмеске кеткен
бала кездерін, жалынды жастық көктемін, сондай-
ақ күні кеше басынан өткен қиын-қыстау кезеңдерін

немере қызы Нұрзиядан іркіп қалған жоқ...

– Е,... Қарғам. Сүйтіп деген оқитын жаста қолдың

қысқалығынан қара тани алмадық. Соның кесірінен
күні бүгінге дейін қараңғылықта жасап келемін. Міне
биыл алпыс сегіз жасқа шықтым. «Өлмеген құл алтын
аяқтан ас ішеді» дегендей бүгінгі күні ырғын тұрмыстың

рақатын көріп отырмын. Бұл бірінші, жарылқаушы
жақсы Алланың, екінші, «қой үстіне бозторғай
ұялаған» бақытты заманың арқасы ғой. Ендігі арманым:
сендердің алдыларыңда Алланың аманатын тапсырып

беру. Бұрынғылар айтады екен: «ұрлық қылсаң өлесің,
шөп жесең қақаласың, тек жүрсең тоқ жүресің» деп. Сол
айтқандай жақсы жүріп, жақсы тұрсаңдар, кім сендерді
шекеге шертеді. «Өзі жақсының орыны сайлаулы» емес

пе?..
Нұрзия бағанадан бері әжесінің әңгімесін тыңдап
отырып, басы кеудесіне құлап қалғып кетті.
Сыртылдаған сағат көрсеткіші тынбай қозғалыс

жасап, уақыт аялсыз өтіп барады. Сәл тұрып отанасы
дастарқан жайып, шай құйды, отағасы дастарқан
басына келіп нан турап, келген қонаққа шыны алып
берді. Айсәуле Нұрзияны оятып алмай, ептеп көтеріп

әжесінің қасына апарып жатқызды. Ол осы сәтте әдемі
түс көріп жатқан. Түсіне тағы да «көктем» кірді... Әне,
үй артындағы биік текшеде айналаға көз салып үнсіз

тұр. Атырап алаулаған жылымық аптап. Құлағына
қозылардың
маңырап,
тырналардың

тыраулағаны
ап-анық естіліп тұр. Сонау көз ұшындағы шалғай
кеңістікте түстіктен келген бір топ қоңыр қаз белгілі
аралық тастап, қатарласып, зымырап ұшып барады.

Көк қылтиып, кең дүние қар сауытын тастап, бір жасап
қалыпты... Нұрзия көз ұшын талдырып, барған сайын
бұлыңғыр тартып бара жатқан аталмыш қоңыр қаздарға
қарап көңілі алабұртып айғайлап бірдеме айтқысы

келді... Ол әжесінің мейірбан құшағында алаңсыз
ұйықтап жатып, езу тартып, жымия күліп қойды...
Бағиша әжей оны жылы көрпесімен қымтап, өзі оң
жақ қырынан жантайып жатып алып, немере қызының

жұпыны да сүйкімді жүзіне көз алмай, ұзақ қарады. Ол
бұрын да немере қызына, кейде, аңыз - ертек, кейде өз
басынан өткен тарихи уақиғаларды айтып, осылайша
бір жасап қалатын да, қазіргідей қалғып ұйықтап кеткен

соң ыстық құшағына басып: «айналып кетейін, неме
сол» деп күбірлей сөйлеп, көрпесін сыртынан қымтап-
қымтап қоятын.
24 ـ12-1999

табиғат тағылымы
(әңгіме)

Күз. Жаз бойы жасыл желегін жамылып жердің
жүзін жайнатқан бүкіл өсімдік атаулы тамыз айынан
кейін тамаша күндерін тамамдап жаңа бір жүдеу
тірліктің бетін ашты. Гүлдер қурап, шөптер сарғайып,

ағаш жапырақтары саудырап төгіле бастады. Маусым
айының соңынан бері жан баласын көрмей жым-жырт
жатқан мектеп ауласы, қыркүйек айы туысымен-ақ
қым-қиғаш аяқ ызының астында қалды. Жол үстінде

ығы-жығы боп жайрап жатқан сары жапырақтарды
сылдырата басып оқушылар қайшалысты. Екі жақ
шеттегі қатар-қатар тізілген зәулім ақ теректер
жапырақтарынан тоналып, жабырқау тартып, күздің

құба желімен қоса келмеске кеткен күндерін аңсап,
өкіне бас шайқайтындай.
Жаңа сабақ басталғалы бір жеті өтсе де, Есер уағында
келмей көп кешігіп оралды, мұғалім қазбалап сұрап

еді, ойдан ойып жасаған өтірігіне қырдағы күзгі жиын-
терін сәйкес келді де, себебін тауып, сәнге құтылып
кетті. Анығында, еңбек десе, екі қолын төбесіне қойып
терісіне симайтын ол: «тамыз айының жиырмасынан

кейін оқу басталады. Одан бір күн кешігетін болсақ,
мұғалім класқа кіргізбей қуып жібереді» деп ата-
анасына құйттай өтірік айтып, екі аптаның алдында
жолға шыққан. Енді, міне бір апта кешігіп келіп отыр.

Тоқ етерін айтқанда, көкейін тескен қу ойын, қамсыз
тірлік Есерді қаңбақтай ұшырып әкеткен де, «ұшарын
сай, қонарын жел билеп» жол бойы ана досына бір,
мына досына бір соғып, жағалай-жағалай мектебіне

жеткенде селт етіп есін жиған...
Бір жылда он екі ай, төрт маусым бар екені баршаға

белгілі. Сол төрт маусым бір-бірін қайталамай өз
алдына дара қасиеттерімен оқшау көрінетіні де, ал,
соған сәйкес жер бетіндегі өсімдік атаулы да өзінің
тіршілік әдетін өзгерте білетіні де ешкімге жұмбақ емес,

міне, сүйтіп тіршілік қажеті үшін гүл – көркінен, ағаш

– жапырағынан тоналып, сахара сары түске боялды да,

төңірек түнерген қабағын мүлде жаза алған жоқ, бұл –
өзгермес өмір заңы.
Бірақ, біздің Есер төрт маусымның қай мезгілі болса
да, самаурындай сақырлап қайнады да жүрді. Мектеп

табалдырығын аттап класқа кіргелі бері кітап бетін
ашып сабаққа сана бұрған емес, бетке алған мақсаты

– «барды ішіп, бақанды қолға алу». Одан басқа қиял

оның есіне кіріп шықпайды.
Ауылдан аттанарда: «мынау оқу қаражатың, анау
тұрмысқа істететін ақшаң» деп ата-анасы берген төрт
мың юаньның тең жарымын қазына бөліміне апарып

тапсыру былай тұрсын, қайда жұмсап тауыса алмай
дал ұрып жүр. Әйтпесе, тұрмыс қаражатының өзі де бір
басына жетіп асатын еді.
”Мынау баянсыз бес күндік өмірде, басыңа барлық

пәлені үйіп алып, босқа қиналғанша, барды жұмсап,
бейғам ойнап-күлсең содан өтетін бақыт жоқ. “Есер
кейде өзіне бір істер себеп болып, тығырыққа тірелген
кезінде, ой тиегін осылай ағытатын.

* * * *
Апта аунап, ай ауысқан сайын оның анау бір
айқара ашылған алпамсадай кеудесінен әдептілік емес,
әркімді алаңдаушылыққа салатын әулекі қылықтар бас

көтерді. Әр күні түстен кейін екі сағаттық сабақтан
соң күзетші көзінен тысқары мектеп дуалының бір
ұрымтал жерінен ептеп шығатын да, ішімдікті әдеттегі
сусындық құмырасына құйып, жатағына жасырын

жөткейтін. Бұл әдеттегісі ғой, қызықтың көкесін сенбі,
жексенбі күндері көресіз. Қашан болса қайдағы бір
қыз-қырқынды жанына жинап алып, түнгі клубтан

шықпайды, соңынан ақ арақ пен сыраны аузы-мұрнынан
шыққанша қанып ішіп, түнның бір уағы болғанда,
бойын билей алмай, екі жағына кетіп теңселе басып,
жатағын зорға табатын. Жатаққа келген соң жаны терезе

тауып жайбарақат жатса құдайдың оңдағаны, есесіне,
тыныш ұйқыны бұзғанмен қоймай тілін шайнап, тентек
сөйлегенде, дегбірің құрып титықтап бітесің.
Ертесі есін жиған соң кешегі қылықтарын айтсаң:

«ойбай онда кешіріңдер, расында ұят болыпты.
Қара басқанда, кеше өлгенше ішіп ес-ақылдан бірақ,
айырылыппын. Жатаққа қайтып келгенімді білмеймін..»
деп арт жағын жаймашуақтатып басқа әңгімеге

аударып тынатын. Сау кезінде, жатақтастарының
өзіне айтқан достық ақыл-кеңесін айрандай ұйып
үнсіз қабылдағанымен, мас болған күні оның өңін
аударып басқалай жорып, тырнақ астынан кір іздейтін.

Сонымен, жатақтастары да одан күдерін үзіп: «қайтсең,
сүйт» дегенде үнсіз тынысқан...
Қараша айының басына ала күз келісімен жапырағы
сарғайып, сәнды бейнесінен кете бастаған мектеп

ауласындағы ағаштардың сорайған діңі мен сойдиған
бұтағынан басқа түгі де қалмаған. Күні кеше өткен
көңілді шақтарына бір жолата қош айтып, күздің құба
желіне қақталып, ертеңгі тіршілік қажеті үшін табиғат

заңына қарсылықсыз бағынған...
”Қанша айлакер болса да, аспандағы құс та жаңылып
торға түседі. Оған қарағанда адам баласы неге тұрмақ.
“Есер ойламаған жерден қатты жаза басты. Бір сенбі

күні кеш бата жатаққа шылқа мас оралды, ақырып
айтсаң да, ескерту жасап батырып айтсаң да топан су
тобығынан келетін емес.

- Ей, ойлаңдаршы, ей, мен не деген сорлы едім, ә.

Бүйткенше қара жер жұтып өлсем жақсы еді ғой, енді
маған ештеңе керек емес, ол мені бойына тоғытпады,
өзегімді өртеп өзгенің қолтығында кетті. Не істеймін?.
Ол осы күні сүйген қызынан айырылып, өкініш

отына өзегін қарыды. Қыз Есерден біржолата бет

бұрып, екінші біреудің бақ құсына айналып ұшып кетті.
Есер бүгін соны көлденең тартып ішкі құсалығынан
арылмаққа көк бөтелкемен сырласып, едәуір қызып
алған. Жатақтастары жабылып ұстап, төсегіне апарып

жатқызса да тынши алмады. Бірде айғайлап, бірде
ойбайлап, бірде қос қабат кереуеттің темір сирағына
басын ұрып, сүйген қызының атын атап, уыстап
шашын жұлып, аласұрып жынданып кетті. Жағы-

жағына тимей самбырлап сөйлеген сайын қызуы
күшейіп, қаны қозып, басына бірақ шықты. Тіпті
жатақтастарына ырық бермей жатқан орнынан тұрып
алып, іргелес жатаққа кіріп, шығысқа қараған терезенің

қос қабат әйнегін жұдырығын түйіп, бірақ ұрғаны мұң
екен, мөлдіреп тұнып тұрған кристалл әйнек күлдей
ұсатылды да, «шаңғыр-шұңғыр» етіп жерге түсті.
Тірлік үшін тынымсыз тыпыршыған кеуде қуысындағы

кінәсіз
жүрек
кристалл
әйнектің

шағылғандағы
дауысын естігенде, дымы құрып тоқтап қала жаздады.
Есер ішінен шошып тұрса да, маңайындағыларға мүлде
сыр алдырмады. Құдды қарсыласынан кегін қайтарған

қас батырдай лепіріп сөйлеуден бір тынбады. Тіпті,
тыныш жатқан қорғау бөліміндегі әлдекімдердің атын
атап: «келсе қайтейін? Бір жерімді кесіп алады дейсің
бе?! Жанды алса, құдай алады» деп бір қойды. Есердің

мұнша бүлінуіне тоқ етерін айтқанда, басқа біреудің
қолтығында кеткен баянсыз махаббатының дерті
себепші. Кезінде, екеуі қайда барып, қайда тұрса да жұп
жазбай бірге жүретін. Замандастары олардың мынадай

бақытты сәттеріне қызыға да қызғана да қарайтын.
Бірақ, уақыт өте екеуінің тұрмыс дағдысынан, тіршілік
философиясынан зор парықтар шығып, бір - біріне суық
раймен қарай бастаған. Есер жастайынан ата - анасына

арқа сүйеп, ақ алақан өскен бір үйдің жалғыз бекзадасы
еді. Ал қыз болса, барған жерінің бардам, бақытының
баянды, сүйген адамының іскер де, қағілез болуын
тілейді. Сол себепті, «істің осы беті ушыға беретін

болса, ең соңында өкініш арқалайтын мен» деп Есердің

көңілге жақпайтын қитұрқы қылықтарын, жүйесіз
тұрмыс әдетін көріп, ақырында айырылысып тынған.
Бүгін Есерге мына дүниенің түк те қажеті қалмады,
көзіне көрінгеннің бәрі жау, адам емес албасты.

Әйнекті шаққан көзсіз жұдырықтың сырты әр
жерден тілімденіп қан тепшіп тұр. Оны көрген әрі
сабақтасы әрі жатақтасы Зақанның дәті шыдамады,
жүгіріп барып жаралы қолын таңуға оңтайлана

бергенде, дөкей мінезге басқан ессіз Есер бет-аузын
қан жалатып, баспен перді де кетті. Міне, қызық
енді басталды. «Жақсылық істеймін» деп жаралы
болған Зақан алақанымен аузы-мұрнын тұмшалады

да, құнжыңдап сыртқа шыға жөнелді. Есердің жағы-
жағына тимейді, саңқылдап сөйлеп тұр:

– Ей, Зақан сен менің қолымды таңғанша, өзіңді-

өзің жақсылап басқарып ал. Ұқтың ба? Сен мұғалімге
жағымпазданам деп не қылмадың маған. Сабаққа
мықты болғаның үшін кеуде кергенің болмаса, сен де
мендей таздың біреуісің! Қолымды таңамын деп өтірік

монтансыма? - деді екі езуінен көбік шашырап еліре
сөйлеп.
Зақан бастапта мынадай күйде қалам деп мүлде
ойламады. Қаны қозып, қапаланып күйіп-жанды. Тіпті,

ол емес, қасында тұрғандар да жауыр болған аттай
қайқаңдап кетті. Зақан тұмсығынан бұрқ етіп атылып
шыққан ыстық қанды сумен шайып тазартты да, Есердің
алдына қаны қайнап арыстандай атылып, жетіп барды.

Басында батыл келген ол, соңында сабырлы қалыпқа
түсіп ойлана бастады.
«Рас, қазір бұл бейбақты шылқа мас екен деп
саушылығыма сүйеніп сілейте соғып алсам, ертең ес

жиған соң не деп жауап беремін. Мейлі дұрыс, мейлі
бұрыс болса да, бұл дүниеде мас адамнан өткен сөз
жемейтін ешкім жоқ. Осы күнде жер бетінде мастыққа
сүйеніп, қаншалаған сұрқиялықтар істеліп жатыр...

Кеше мас боп қаппын. Не айтып, не қойғанымды қайдан
білейін?! Бопты, біраз оттаған шығармын! Соның бәрін

әдейі істеді дейсің бе? Сауыққан соң айтып алсаң да кеш
емес еді ғой» деп тап берсе, іс одан бетер ушықпай ма?
Ақымаққа қосылып, ақымақ болудың қажеті қанша?»
Ол міне, осындай ойлардың жетегінде кеткенімен,

қазірше қатулы бейнесінен ауытқи қоймады. Ақылы да,
ашуы да тең келіп, теке тіреске түсіп, Есердің бетіне
безірейіп қарады да тұрды. Қасында қарап тұрғандар
енді екіге жарылып, кермалдасып тұрғандарға: «қой,

қойлап» ара түсіп жатқанда, жатақ күзетшісі жетіп
келді.

- Бағанадан бері жатақ тыныштығын бұзып даңғаза

шығарған қайсының? - деді еңгезердей жатақ күзетшісі
егескен екеуіне ежірейе қарап.
Зақан ашуын баса алмай аптығып сөйлеп кетті
де, Есер түйткілсіп тұрып қалды. Әлгінде ғана азуын

айға білеп алғай-шалғай сөйлеп тұрған асау арыннан
қазір жұрнақ та жоқ, күзетші оның қолынан шыққан
қан арқылы жатақ терезесінің шағылған әйнегін көріп,
тіптен қатая түсті, сәл тұрып, екеуін алдына салып,

жатақ қорғау бөліміне алып барды да, әрі сұрап, бері
сұрап Зақанды ақтап, Есерді жаншып таптап, тексеру
жаздыртып, тентек мінезін тырапай астырды. Есер бұл
кінәсынан бір аптадай сүйретіліп жүріп, ең соңында,

мұғалімге, қорғау бөліміне: «ендігәрі мынадай өрескел
қылық шығарсам, мектептен қуалап жіберсеңдер де
өкпем жоқ» деп ант беріп, әрең құтылған.
Табиғат таңғажайып. Оған ешкімнің де күмәні

болмаса керек. Кеше жер бетіне күреңіткен күз маусымы
ойран салса, бүгін қылышын сүйретіп қаһарлы қыс
келіп іргесін көмді. Гүл қурап, құр сояуға айналып, шөп
сарғайып, күлдей ұсатылып, бір қабат күртік қардың

астында қалды. Ал адамдар мен хайуанаттар болса,
аталмыш күртік қарды қылтадан омбылап, аяқ астында
басылып жатқан жаздағы жасыл өсімдіктердің қу
сабақтарын басып-жаншып топырлап өтіп жатыр. Олар

анау тіршілік қабілетінен айырылған қу сабақтардың
тамыры жеті қат жер астында жатып кезі келген де көз
жауын алып қайтадан құлпырып шығатынын мүлдем
ойлаған жоқ. Жер шары тынбай дөңгелек айналып,

күн мен түн кезек ауыстырып, жаңа жылда жақындап
келеді. Соған сай сабақта ақырғы бетіне таяп, қарбалас
пысықтаудың қызу өрлеуі де басталып кетті...
Оқу-үйрену, қомақты нәтиже үшін қол созу - Есер

үшін босқа шабылу. Оған басын қатырмады, бәз-
баяғысындай шат-шадыман. Бірақ, бүгінгі жүріс-
тұрысы кешегіден тіпті өзгеше. Күні кеше мүлде
таусылмайтындай болып сезінген оқу қаражаты мен

тұрмыстық ақшасы бұл шақта мүлде қарасын батырып,
оның орнын қайдағы бір қарыз ақша басқан. Қалай
десек те, «бөрі арықтығын білдірмейді екен». Ата-
анасының адал терімен қолына түскен қомақты қаражат

қарасын батырса да, құдайға шұкыр, қарыз ақшаның
арқасында: «досқа – күлкі, дұшпанға – таба» болмай
әліге дейін масайрап жүр. Ол өткен айда жатаққа
шылқа мас келіп, Зақанмен кермалдасып қалса, осы

күнде оның қимас досы боп алған. Себебі, сәл болса да,
класс жетекшіден именетін Есер күнделікті берілетін әр
сабақтың тапсырмасын содан көшіріп алатын-ды. Зақан
қанша қамқорлық жасап, сабақ түсіндірсе де, Есердің

есіне кіріп-шықпаған соң көшірмешілікке шарасыз жол
берген. Есер тек сол үшін ғана Зақанды қимас дос санап
жүр....
* * * *

Бүгін желтоқсан айының аяқ шені болатын. Есер мен
Зақан түстен кейінгі сабақ басталудан бір сағат бұрын
жай аяңдап класына беттеп келе жатқан. Екеуі оқыту
ғимаратының алдындағы дөңгелек гүл текшенің алдына

келгенде, Есер оқыс мінез байқатты. Гүл текшедегі із
түспей қаймақшып жатқан күртік қарды көріп, көңілі
елеуреп, өзін-өзі ұстай алмай кетті. Жүгіріп барды да,

оң жақ қырынан жантайып жатып алып, аппақ қардың
үстіне аунай кетті. Зақан оған үрке қарады да: «ой,
оның не, жындысың ба? Аунаймын деп гүлдердің түп
тамырына зақым тигізсең қайтесің? Шық, былай деп

еді, мұртынан күлген Есер:

– Пай, пай жаның неткен нәзік Зақан. Олар баяғыда

қурап жоқ болған. Енді олардың тіршілік ету қуатынан
айырылған қу сабағын қанша әспеттесең де түк пайдасы
жоқ, баяғы қалпын табады дейсің бе? Садаға кетсін
одан. Мен мынаған таңмын, өмірде өсімдік атаулының

барлығы тұрақсыз, екібеткей. Төрт маусым қалай болса
олар да солай бейімделіп тұрады, сенбесең айналаңа
көз салып қарашы! Анау ағаштар жазда қандай еді?
Күзде не күй кешті? Ал қазір ше, жасыл жапырағынан

тоналып сыртқы діңін бір қабат жұқа мұз қаптап,
қақаған аязда қалшылдап әрең тұр. Па, шіркін үстімнің
шаңын бір қағып алдым ғой» деді аппақ қарға әлденеше
аунап тұрған Есер үсті-басын қаға гүл текшеден түсті

де, Зақанның қасына келіп. Екеуі қатарласа әңгіме
дүкенін құрып, оқыту ғимаратына қарай беттеді, Зақан
үнсіз қалмады. Кезегі келгенде:

– Сен шынында солай ойлайсың ба?! Мен бұған

мүлде қарсымын. Демек, өсімдік атаулы маусымға
қарай түсін өзгертіп құбыла білгені үшін тұрлаусыз,
екібеткей емес, қайта, ортаға бейімделу қуатының
соншалық жоғары екендігінде. Олар соған қарамастан

тіршілік дағдысынан, түп негізінен ауытқып көрген
жоқ. Қазір барлық өсімдік сонау күз басында-ақ
тіршілік етуге қажетті талшық жіпшелерін уақытша
үзіп, сыртқы діңін бір қабат жұқа мұз қаптап қақаған

аязда қалтырап әрең тұрғанымен, олар осы қасиеттері
арқылы өзінің өмір сүру құқығына мәңгілік ие болмақ.
Кейде, адамдардың өзі жасаған ортасына бейімделуі
де осыған ұқсап кетеді, егер, олай болмағанда, көз

алдындағы небір қомақты нәтижеден, таудай табыстан,
баянды бақыттан құр алақан қалады - деді сөздің бір
ұшын Есерге тіреп.

Есер сөз төркінінің өзіне сайып тұрғанын толық
түсініп жетпесе де, басқа бір қырынан орағытып
сөйледі:

– Сенде өздігіңнен ойланып көр досым. Төрт

маусым төрт түрлі ерекшелікке ие, олар қай жағынан
қарасаңда, бір-біріне мүлде ұқсамайды. Бірақ, соған
қарай киімді өзгертсек те, ішкі жан дүниедегі асқан
қайсарлықты әсте өзгерте алмаймыз, бұл әлемде оған

тең тұрарлық ешқандай күш жоқ. Адам өмірге келген
екен қам-қайғысыз ойнап күліп, «қолынан келсе,
қонышынан басу» керек. Қазір қанша қарманып сабақ
қарасаң да, елеп-ескеріп жатқан кім бар. Тіпті, тырысып

үйреніп, диплом алған күнде де, тұрақты қызмет орны
жоқ, ананы бір, мынаны бір істеп әбден зықың кетеді -
деді «тауып айттым ба?» дегендей, сол жақ қатарында
келе жатқан Зақанға мәз бола көз тастап.

Зақан оның бұл ойларын бірден құптап кетпеді,
қайта, қосылмаған ыңғай байқатып, мырс етіп
мұртынан күлді де, елеусіз ғана бас шайқап қойды. Есер
де тақымдап кетпеді, ол да жұмған аузын ашпады, үнсіз

тынды. Екеуі бірін-бірі қабақпен бағып, оқушылар
ғимаратының төртінші қабатына көтерілді де, жым-
жырт жатқан дәліз ішін жаңғырықтырып, аз жүріп
барып өз кластарын тапты.

* * * *
Айттың не, айтпадың не? Көзді ашып-жұмғанша
жаңа жылда жайраң қағып өте шықты. Сұлқынды
түсіріп, сананы сары уайымға салатын сынау қарсаңы

таяған сайын Зақанның ұйқысы шала бөлініп, таң
бозынан тұрып, сабақ пысықтайтынды тапты. Ал Есер
ші? Баяғыдай мәз - мейрам. Қайғысы жоқ, құрсағы
тоқ, сабақ басталардан жарым сағат бұрын тұрады

да, киімін киіп, беті-қолын жуып, асхана қайдасың
деп тартып береді, әуелі, таңертеңгі дене машығына
да қатынаспайды. Басқалар бір қараңғы, бір жарықта
тұрып дене машығын жасап жатса, ал Есер қаннен-

қаперсіз ұйықтап жатады. Қашан болсын, әйтеу,
Зақанның класынан біреу жоқ болса, ол ешкім емес,
баяғы сол Есердің өзі.
Тіршілік тегершігі тынымсыз дөңгелеп, түн таңға

ұласып емтихан қарсаңы да жетіп келді. Оқушылардың
көңілі күпті. Іштей: ”қайтіп сынаудан өтеміз. Өтпей
қалсақ ше? Құдай оның бетін әрі қылсын“ деп ішкені
ірің, жегені желім боп жүрсе, ал Есерде қорқыныш жоқ.

Сонымен не керек, әркімді алаңдаушылыққа салатын
емтиқан мезгілі де сәтімен аяқталып, оқушылар
ауылдарына кетіп жатты.
* * * *

Есер осы жолғы емтиханда қаншасынан өтті,
қаншасынан өтпеді, онымен есептесіп жатпады.
Емтихан берді ме, болды, жұмыс бітті. Ол болашағын
былай қойып, бүгінгінің не болып бара жатқанын да

ойға салмайтын. Оқушылар қыстық каникулға тарап
алды-алдына кеткен шақта, ауылына қайтарлық көк
тиыны жоқ, анадан, мынадан қарыз сұрап әбден мысы
құрыды. ”Бір болса осыдан шығады-ау “деп күні кеше

бірге ойнаған қимас достарына зор үміт артып келсе де,
олар өзі ойлағанындай оншалық мәрт болып шықпады.
Бәрі де: «жоқ, жоқты» айтып, ауыздарын қу шөппен
сүртіп, еңсесін түсіріп, есік алдынан ұзатып салды.

Енді қайту керек? Ақыры Зақанның аяғына оралып,
өлердегі сөзін айтып болмаған соң, ол достарынан
қарыз алып Есердің қолына табыс етті де, аман-есен
ауылына жөнелтті.

Наурыздың алғашқы күнінен бастап, жым-жырт
жатқан мектеп ауласын даңғазаға толтырып тағы да
оқушылар басты. Жершары күннен алыстаған сайын
көлбеу түсетін күлгін сәуле тік шаншылатын әдетіне

басты. Қыстың қара аязында бір-бірін жібермей
сіресіп қатқан күртік қар көктем келісімен-ақ астынан
ойылып жылыстап еріп жатты. Оқушылар жол

үстіндегі былшылдап езілген қатқақ қарды аяқтарымен
кіршілдете басып, әрі-бері қайшалысты. Олардың
арасында құр кеудесін көтеріп, Есер де сабылып жүр.
Қашан болса да бір қалыптан жазбайтын ол бұл

күнде де кеудесін кеңге салып керіле басады. Ал, Зақан
болса, мектеп табалдырығын аттап дәл қазірге дейін
қолынан кітабын тастаған жоқ. Әйтеу бос уақыт шыға
қалса, бірде, конспект жазып, бірде өтілген сабағынан

пысықтау жасап, тек жүргенін көзің шалмайды.
Наурыз айының ортасынан кейін жер - ана
ақ сауытын шешіп, қыстай қар астында басылып
шіріп жатқан гүл-шөптердің топырақ қабатындағы

тамырларынан, ақпанның ақырған аязында бағасы
кетіп бар көркінен айырылған ақ теректердің діңінен,
бұтақтарынан тың тірліктің нысаны тебіндеп, бүр
жарып, күн өткен сайын көз жауын ала берді. Ал, Есерде

ешқандай өзгеріс жоқ, сол баяғы қалпы. «Барды шашып
бақанды қолға алу» оның сүйегіне біткен сілімтік әдеті.
Бірақ, бұрынғыдай бір қалыпты жүрсе де, жанына
батқан жабырқау күндері де болмай қалмады. Өткен

маусымда елден үстеп алған қарыз ақшалары енді келіп
еңсесін түсіріп, таудай боп басып қалды. Үйінен әкелген
тұрмыс қаражаты да қарыз ақшасының тең жарымына
да жетпеді. Қыстық демалыста Зақанның достарынан

алған жол қаражатын да түрлі сылтаумен бүгінге дейін
созып келді. Енді Есерден ештеңе өнбейтінін білген
Зақан үйінен келген тұрмыс қаражатының бір бөлімін,
«қарыз» берген досына төледі де, жабулы қазан жабулы

күйінде қалды.
Күзде сары сояуға айналып, қыста ақ қар, көк мұз
жамылып, не бір ыстық - суықты бастан кешкен дарқан
табиғат сәуір айының алғашқы күндерінен бастап, «дүр-

дүр» сілкініп түлей бастады. Шөптер қаулап өсті, гүлдер
шешек атты. Ағаштар әсем бейнесін қайта тауып, теңге
жапырақтары желге шалқып тынбай сыбдыр қақты...
Жер жүзы жайнап, тірлік біткен тың тынысқа

бөленіп, тамаша тебін байқатқан шақта, Есер күтпеген

жерден тағы бір қырсыққа тап болды. Сәуірдің орта
шенінде бүкіл мектеп көлемі бойынша, жылдық оқу
қаражатын толық тапсырмаған оқушылар келер аптаның
ішіне дейін әкеліп үлгермесе, іс артының ортаймас

өкінішке апарып соғатынын ашық жария етті. Сүттен
ақ, судан таза мөлдір оқушылар жарлық жетісімен ата-
анасын сарсаңға сап жүріп, дер кезінде әкеліп құтылды
да, Есер тәрізді қарбытып алғандар қайтерлерін білмей

қара су жұтты. Күнін кескен мезгілден бір апта өтіп
кетсе де, Есерден ешқандай сыбыс байқалмаған соң:
«осыда бір үлкен күдік бар-ау» деп топшылаған класс
жетекшісі ауылдағы ата-анасына төте телефон жалғап,

істің анық-қанығына әбден көз жеткізді. Сонымен,
жасырынған жемқор әрекет ашық майданға шықты да,
Есер кірерге тесік таппай әрі-бері далақтап шапты.
* * * *

Басын кеміріп, бағасын ұшырған қитұрқы қырсық
Есердің бұрыс жолдағы байлаусыз аяғын бір емес,
бір неше рет келістіріп шалып қалды. Оқу қаражатын
тапсыру науқаны қызу жүріп жатқан шақта, өткен

маусымда ілесе алмай артта қап қойған оқушылардан
толықтау емтиханы алынады екен» деген қауесет тарап
кетті де, үш күн болмай жатып, шыңғырған шындыққа
айналды. Есер өткен маусымдағы шешуші емтиханда

бес сабақтап құлап қалған. Енді қайтпек, біресе мектеп
қаражаты, біресе елден алған қарыз ақшасы, біресе,
толықтау емтиханы қойшы әйтеу,... Пәнидегі барлық
пәле - қаза бір Есердің басына келіп кептеліп қалғандай

қабағын түйіп, қабырғасын қайыстырып жіберді. Есер
жөнінен алғанда, кетеуі кеткен қитұрқы күндер арт -
артынан жалғасып өтіп жатты. Мамыр айының алғашқы
күндері мектеп көлемін қамтыған аса дабыралы және

бір жиын өтті. Есер осы жиын өтерден бір неше күн
бұрын, ұстазына, қорғау бөлім бастығына, сондай

- ақ мектеп әкімшілігіне екі-үш рет барып, өткізген

қателігі үшін кеңшілік сұрап: «бұдан соң жақсы оқушы
боламын» деп қайта-қайта өтінсе де, жылы шырай
білдірмеген. Көңіл жықпас үшін: «жарайды, кейін
ойласып көрейік» деп екі ұшты жауап қайырған. Бүгін

жалпы оқытушы - оқушылар үшін ауыр сын - сағатқа
дөп келген күн. Бұл күні сабақ өтілмеді, бірақ, мәңгілік
санада қалатын бір маңызды жиын ресми күн тәртіпке
енген-ді. Жиын басталар алдында оқушылар бөлім

бастығы бет ашар сөзін сөйлеп, өткен маусымдағы
бір тұтас емтихан нәтижелерін класс бойынша
қатарға тұрғызды. Өкінерлігі сол, өткен маусымдағы
оқушылардың үлгерім көрсеткіші төмен, көше алмай

қалғандары санап тауысқысыз екенін ашына баяндап
келді де, соңынан әрбір класты дәрежеге тұрғызып,
сыдырта оқып шықты. Есердің класы жиырма үш
кластың ішінде артынан санағанда алғашқы орынды

иеленіпті... Зал іші жым-жырт күй кешті де, сөзге құлақ
аспай қағынып отырғандар қыбыр-қимылын шорт
тиып, үнсіз тына қалысты... Бөлім бастығы сөзін одан
әрі жалғап әкетті.

– Қазір өте жақсы оқушы, жақсы оқушы және үлгілі

класс алқаларын сыйлаймыз. Бірінші, өте жақсы оқушы

– біреу, екінші, үлгілі класс алқалары – төртеу, жақсы

оқушылар сегіз – деді де, сыйланған оқушыларды рет-
ретімен сахнаға шақыра бастады. Беделі ең жоғары,
биік мәртебелі «өте жақсы оқушы» деген сыйлыққа
ие болған Зақан сахына төріне көтерілген сәтте,

зал іші ду қол шапалақ үнімен жаңғырықты. Бөлім
бастығы Зақанның әр сабақтан үлгерімі 95 балдан
кем түспегенін, сондай-ақ мектептің түрлі-түсті ереже
тізіміне, жүріс-тұрыста, киім-киісте, күнделікті келіп-

кету де үлгілі рөл атқарғандығы үшін «өте жақсы
оқушы» сыйлығы берілгендігін көпшілік қауымға аса
шалқыған көңіл-күймен жария етті. Қалай айтсақ та,
оның бүгінгі қуанышында шек жоқ. Жүргізуші Зақанды

сөзге тартып, өзінің қазіргі көңіл-күйін, сондай-ақ, осы

күнге қалай жеткенін көпке баяндап беруін өтініп еді,
ау баста, аз-кем кідіріп қалды да, артынан көсіле сөйлеп
кетті:

- Құрметті сабақтастар және ұстаздар - деді

дауысын көтере сөйлеп, бүгін менің қуанышымда шек
жоқ, ерекше толқып тұрмын. Бірақ, бұл күнге қалай
жеткенімді айтудан гөрі, өз ойымдағы мына бір жеке
көзқарасымды ортаға салғаным жөн сияқты. Адам

өмірде әрқандай бөгетке кез болады екен, онда оны тек
сары уайымға салынып, арзан ойын-күлкімен жеңу әсте
мүмкін емес. Оны жеңуге, бір жолата ұмытып кетуге
табандылық және талаптылық қажет. Тірлікте табысқа

жеткен бір күнің мың күнгі рақатыңа тең - Зақан сөзін
сөйлеп, сыйлығын алып, сахнадан түсіп кетсе де, ду
қол шапалақ үні талайға дейін толас таппады.
Сыйлау аяқтағаннан кейін сөз кезегін қорғау бөлім

бастығы алды да, залдағы оқушыларға тура қарап
отырып, қатулы бейнемен сөз бастады:

– Жә, сабақтастар, тынышталыңыздар! Сөзге

қонақ беріңіздер! Біз бүгін бас қосып отырған осынау
салиқалы сәттерде, менің де сіздерге айтар болмашы
ғана «бұйымтай» шаруам бар. Рас, жаңа ғана сахна
төріне шығып, көптің алқауына бөленіп, отырған бір

топ орденді оқушыларды көріп, құлазыған көңілім аз
болса да бір жасап қалды. Өкінерлігі, бұлардың қатары
біздің арамызда өте аз санды ұстайды. Меніңше,
оқушылардың үлгерімінің осыншалық төмен болуы,

біріншіден, арзан ойын-күлкінің жетегінде кетуден,
екіншіден, болашағына сенім артпаудан, өзгеге иек
сүйеп өзінің кім екенін ұмытып кетуден, үшіншіден,
тоқетерін айтқанда, құнттап сабақ қарамаудан, қашан

көрсең, үлде мен бүлдеге оранып, қайдағы бір ресторан,
төрхана дейсің бе, ертелі-кеш содан шықпайды. Одан
қалса, ішімдік ішу, темекі тарту егіздің сыңарын
қойып, кезкелгеннің бойынан табылады десем артық

айтпаймын. Әуелі, кейбір оқушылар ата-анасының
талай жыл тер төгіп, тырнаштап жиған азғана мал-

мүлкін оқуды сылтау етіп өз еркінше төгіп-шашқанымен
қоймай, кім көрінгеннен қарыз алып, ақырында қайтып
қайтарардың бабын таппай бастары қатып жүр. Міне,
солардың бірі Есер Қалдыбекұлы. Ол мектепке келген

екі жылдан бері тәртіп - түзімге, күнделікті келіп-
кетуге, жүріс-тұрысқа, әдеп-ибаға үлкен қайшылық
жасады, заңды көзге ілмеді. Неше дүркін ескерту жасап,
тәрбие берсек те өнімі болмады. Сол себепті, мектептен

міндетті түрде қуаланды - деп дауысын көтере шорт
тоқтады. Отырғандар ың-дыңсыз тынып қалған. Зақан
Есердің мектептен айдалғанын естігенде, көз алдын көк
тұман торлап, зал ішіндегі қаптаған қалың оқушылар

арасынан оның бейнесін іздеп әлекке түсті. Бірақ, көре
алмады, қайта, ішегін тартып, жағасын ұстап, өңдері
бозарып, үрейі ұшып отырған оқушыларды көзі шалды.
Ол жүгіріп сыртқа шықты. Төңірек тым - тырыс.

Мүлгіген ағаш жапырақтары баяу соққан қоңыр самалға
ілесіп масаттана сыбдыр қағады. Зақан шынында
Есерді қия алмады, есіне алған сайын көңілі босап,
көзіне ыстық жас үйірілді. Тым болмағанда ең соңғы

рет бір көріп қалу үшін мектеп қақпасына қарай тұра
жүгірді. Бұл кезде, ол өте кеш қалған еді, жан дәрмен
жүгіріп қақпаға таяғанда, қақпа күзетшісі алдынан
шығып, аптыққан кеудесін әзер басты. Күзетшінің

айтуына қарағанда, жиын басталардан аз бұрын екі
мұғалім Есерді мектептің меншікті автокөлігіне басып
ауылына алып кетіпті. Зақан мұнда көп тұрмады, дереу
есін жинап, артына қайта бұрылды. Көңілі жабырқап,

көз алды мұнартып, қыста Есер аунаған гүл текшенің
қасынан өте беріп, шорт тоқтай қалды.
Анау көз жауын алып алаулап тұрған алуан
гүлдер Зақанды өзіне бірден баурады. Қыста Есер

осы гүлдердің қураған сабағын аяғымен таптап, аппақ
қардың үстінде айызы қанғанша аунаған еді ғой. Ал,
қазір ше, мүлде басқаша. Күні кеше тіршілік қуатынан
айырылып, қар астында көміліп жатқан қу сабақтардың

тамырынан дәл қазір алқара көк аспан астында күн

нұрына қырық құбылып жаңа бір гүлдер әлемі қаулай
шешек атыпты. Ал, бір кезде кеудесін бермей, керіле
басқан Есер әлгінде ғана ері мойнына кетіп, мектептен
айдалып тынды. Зақан алаулап тұрған алқызыл

гүлдерді алақанымен аялай сипады да, айналасына
дүрдараз көз тастады. Жер беті жасыл пүлішке оранып,
жанатқа жақын жайлы мекендей әлем-жәлем құлпыра
түскен. Қыс күндері бар көркінен айырылып, бұйығып

тұрған жалаңаш ағаш бұтақтары бүгін қарасаңыз, теңге
жапырақтарын желмен ырғалтып, жанға ләззат, көңілге
қуат сыйлайды. Зақан қанша рухты болғанымен,
кеудесін керген әлдебір ғапыл сезім көз шарасын жасқа

толтырып, жабырқау күйге жетелей берді. Артынша,
есіне жиын залы түсе кетті де, енді солай қарай денесін
бос тастап, жай қалыппен жүгіре жөнелді.
2008 – 08 - 09

Алматы – Тараз қаласы

қайран, бозтөбел!
(әңгіме)
Менің кіндік кесіп, кір жуып, қызықты балалық
шағым өткен құт мекеннен алыстап, бейтаныс орта,

бөтен үйде жатып, білімнің бал бұлағына бас қойғаныма
міне биыл төрт жылдай болыпты. Содан бері не анадай,
не мынадай алмағайып күндерді бастан кешсем де,
бірақ ғылым-білімге деген қызу ынтам кез келген

бөгетті жеңуіме көп септігін тигізді. Соның арқасында
бар назарымды үйренуге бағыштап, бел шешпей оқып
келемін. Биыл сегіз жылдықтың соңғы мезгілі, оның
үстіне, мемлекеттік бір тұтас емтиханға қатынасып

арманның асқарына қанат қағатын шақ болғандықтан,
қыстық демалысты ауылға барып, ата-анамның қасында
өткізіп, одан қайтып келген соң, көп өтпей жаңа оқу
маусымы ресми басталды да, сабақ басты болып кеттім.

* * * *
Не себеп болды екен, биыл көктемнен бастап,
есік алдындағы құдық суы тартылып қалды да, әр
күні түстен кейін мектептен тарап үйге келген соң,

иығыма әкпіш асып, мәлі шетіндегі үлкен өзеннен
барып екі шелекпен су әкелу – бұлжымас борышыма
айналды. Мен жатқан үйдің үлкен ұлы төменгі көшеде
тұратын қара шаңырақтың иесі Қабыш ағамен бірлесіп

алған Қарабағылдағы қыстау да қысы-жазы мал
бағатындықтан, бұл жердегі үй шаруаларына онша
бас қатырмайтын. Ал, екінші ұлы мінезі шәлкестеу, әрі
ойынпаз болып өсті. Сол себепті, көңілді кездері көп-

көрім қолғабыс еткенімен, қабағынан қар жауған күні
бұл үйде не бар, не жоқ онымен ісі болмайтын. Ылғи
көшеде бос жүрген жастарға ілесіп, мектептегі машық

майданына барып, доп ойнап, ақ тер, қара тер болатын.
Мен бүгін мынау мамыр айының орта шенінде, сенбі
күні таңертеңгі шайымды іше салысымен, кәнігі
әдетім бойынша, өзеннен барып, екі рет су әкеліп

қойып, содан ішкі үйге кіріп сабақ қарап отыр едім,
үш жылдың алдында бастауыш мектепті бітіріп,
одан соң отбасы қиыншылығынан өрлеп оқи алмай
кілең мал шаруашылығымен айналысып кеткен менің

сабақтасым, көршіміздің баласы Әділжан аяқ астынан
кіріп келді. Оны күзден бері көрмеген болатынмын.
Әйтеу, ол туралы сөз бола қалса, әлдекімдердің аузынан
Қабыш аға майға алған Қарабағылдағы қыстаулыққа

жақын бір байдың «суын тасып, малын бағып жүр»
деген әңгімені еститінмін. Енді міне, ойда-жоқта,
кездесіп отырмыз. Көп уақыт көрмегендікі ме? Қатты
сағынысып қалғандаймыз, көрген жерден бірімізге-

біріміз
ыстық
құшағымызды
ашып,

қауқылдай
амандастық. Амандықтан соң, ол мұнда өзінің жайша
келгенін айтып, менің оқып-үйрену жағдайымды сұрап
ағынан ақтарылды. Мен тиісті жауабымды қайтарып,

одан: “қазір Қарабағылда не жаңалық бар. Әлгі бір
айдың алдында көшіп барған Қабыш ағалар тегіс аман
ба? Жағдайлары қалай?” дедім, ол: “бәрі де тегіс аман.
Баяғы өзің көргендей” деп жауап қайтарды. Мен содан

кейін пысықтап отырған сабақтарымды бір шетке
қайырып қойып, көбінесе, оны әңгімеге салып, өзім
үнсіз тыңдап отырдым. Ол одан, бұдан әңгіме қозғап
отырып тосыннан: “иә, рас енді есіме түсті. Жаңалық

демекші, әлгі өзің білетін Қабыш аға биыл қыстай осы
жерде қолға бағып, Қарабағылға өздерімен бірге алып
шыққан Боптөбел жақында өліп қалды” деді қарсы
алдымда жайбарақат жантайып жатып.

Мен: «қашан» дедім де, үстіме бір шелек суық су
құйып өткендей оған қарап сілейіп аз отырған соң дереу
есімді жидым. - Қайтып өліпті, айғыр талап өлтіріп пе?

– Жоқ, - деді ол басын шайқап.

– Болмаса қыстаулықтың қарсы алдындағы қиядан

құлап өліп пе?
Ол және басын шайқады.

– Онда ше? - дедім мен дегбірсіздене тіл қатып -

айналайын жұмбақтатпай, айтсаңшы тез.

– Жылан шағып өліпті, жылан.

– Қашан?

– Бір айдай боп қалды.

Мен тілім күрмеліп тым-тырыс отырып қалдым...
Жаңа менің айғыр талап өлтіріп пе? дегенім боп
төбел бапталмай тұрған кезде осы Өпшередегі көрші-
қолаңдардың жайылысқа қоя берген бір топ аттарымен

бірге жүретін. Бұл арада «қысырақ» деп аталатын
үйірдің атаманы – алаяқ қарекер айғыр өзінің өзімшіл,
қазымыр қасиетімен көпке таныс еді, бос жүрген құр
аттар үйіріне таяп барды болды, құлағын жымырайтып,

басын жерге салып, үйірін шыр көбелек айналып
қызарақтап өліп қала жаздайтын. Одан қалса, әудем
жерде жайылып жүрген мініс аттарға тап беретін де,
сол қуғаннан мол қуып тіпті, үйірінен көз жазып, ит

арқасы қиянға кетіп қалатын. Соңында қуып жеткенін
қыр желкесінен қапсыра тістеп «ондай қазанға, мұндай
шөміш» деп айызын қандырып, әбден шайнайтын.
Әлгінде, Боптөбел сондай бір оқыс жағдайға тап

болып, қарекер айғырдан қашып құтылам деп жүріп
жазатайым мерт болды ма деп аяқ астынан сол ой сап
ете түскен.
Енді «құлап кетті ме» дегенім, Қарабағылдағы

қыстаулықтың қарсы жағында найзадай шаншылған
тік қия бар еді, мұндағы шаруашылар ойламаған
жерден болмаса, жайшылықта, ол жаққа бір тұяқ мал
өткізбейтін. Кей күндері жайылуға қолайлы жазаң

жердегі мал табындары соны қуалап сол жаққа өтіп
кететін. Сондай орайда «май тілесең, міне құйрық» деп
күтпеген жерден сатырлатып нөсер құйып, Боптөбел
байқаусызда сол қиядан «құлап кетті ме» деп суық

хабар сумаң ете түскенде, соны ойлап айтқан едім, қазір бұл екі тұспалым да қате болып шықты. Мен меңірейіп бір талай отырып қалғанға ұқсаймын. Әділжан; ”ей не болды ей“ деп қарсы алдымда жантайып жатқан жерінен басын сәл көтеріп алақанымен сол жақ иығыма салып қалғанда барып есімді жинаппын. Соңынан «а» деп оған жалт қараппын. Ол маған: ”әй оңбаған мал десе өлесің ғой. Не болды сонша қайғырып. Өлсе, «іші боқ, сырты түк» бір мал өліпті. Оған сенің нең кетті. Егер, тілімді алсаң, «мал бағу бізбен кетсін» сен мынауыңнан нәтиже шығар, - “деді аласа үстелдің шетіндегі жинаулы тұрған оқу материалдарымды иегімен нұсқап. – Қайран Боптөбел-ай - дедім мен Әділжанның кейіп сөйлегенін елең қылмай басымды шайқап, бейжай тіл қатып. Соның өзінде көңілім босап, көзімнен ыстық жас ыршып кетті - хайуан болса да адамнан бетер ақылды еді ғой жануар. Ол «өлді» дегенге шынымды айтсам, сенбей тұрмын. – Ой-бой қойшы ей болды. Бір мал үшін соншалық болып кеттің бе? Мұндай болғанда бекерге айтыппын. Әйтеу аузыма сөз тұрмайды. – Сен түсінбейсің - дедім мен көңілім босап, көзім жасаурап - ол құдды адам сияқты ақылды, иесіне де сондай адал еді. – Онда айтсаңшы - деді Әділжан сөзін келте қайырып, - бекер отырғанша әңгіме болсын, қане баста. Мен бөгелмедім, ол өзі талап еткен соң, Боптөбелдің өмірінен өзім куә болған мына бір қысқа оқиғаны баяндап бердім. * * * * Былтыр көктемде, Еремодін-Көкебайда* бір үлкен сүндет той болды. Ақы иесі той басталардан төрт ай бұрын алыс-жақынға ат шаптырып, арнайы бағақ * (жер аттары)

таратып, аяқ жағына: «тойда қазақтың дәстүрлі спорт
ойын түрлерінің бәрі өтеді, әсіресе, ат бәйгесі мен
ақындар айтысының алатын орны бөлек. Жүлделі
болғандарға арнайы сый-сияпат бар» деп ескерту

жазыпты. Мұны естіген атқұмар азаматтар бекер қарап
жатпады. Өзін танытудың орайы келді деп ойына
бүккен жүйріктерін ерте-бастан қолға алып, күн сайын
күй-жайын бақылап, күтімін жақсартып, бабын тауып

байыптап жарата бастады. Бұл науқаннан Қабыш аға
да қағыс қалмады. Ол енді-енді аты шығып айналасына
таныла бастаған маңдайында «Қартадағы боптан»
аумайтын кішкентай ғана әдемі қасқасы бар ор ауыз кер

атын қолына тиген күннен бастап, далада бос жүрген
жерінен ұстап әкеліп, асты-үстіне түсіп күте бастады.
Кер аттың маңдайындағы әдемі қасқасы көрген жанның
көзін тартатындықтан, жұрт оны; «Боптөбел» деп

атайтын, мен де бұл есімді ерекше ұнатып, кей кездері
жайша жүргенімде өз ішімнен; «Боптөбел, Боптөбел»
деп әлденеше рет қайталайтынмын.
Қабыш аға әр күні ертелі-кеш Боптөбелдің құйрық-

жалын сылап-сипап жем-шөбін ұқыптап бергендіктен,
екі айға жетпейтін уақыт ішінде жүні жылтырап, жілік
майы толып, бірте-бірте ішін тартып, дүр-дүр сілкініп,
«неден салсаң содан шығамын» дегендей жылт еткен

үміт, жаңа тебін байқатты.
* * * *
Арада тағы екі ай өтті, көптен күттірген сәт ақыры
келіп жетті. Бірақ, аяқ астынан және бір іс жылт етіп

жарыққа шықты. Қабыш аға үйінің артындағы екі
мудай айдаулық жеріне жыл сайын жаңғыртып дақыл
айдайтын. Биыл оған қонақ айдапты, оны суғарудың
кезегі тойға барардан бір күн ілгері жайырақ қолға

тиіп, Қабыш ағаның сол аралықта аяқ астынан сыртқа
баратын шұғыл шаруасы шығып қалғандықтан, қайтерін
білмей есі шыққанда, қалған жерін Сәулет бітіріп қойса

деп отағасыдан сұрап кепті. Мен оқудан тарап, енді
ғана келген бетім болатын. Отағасы Қабыш ағаның
жоғарыдағы сөзін жеткізгенде, жүктелген міндетті
жан салып істеуге тырыстым. Сонымен, қонақтың

суғарылмай шала қалған жерін күн бата табыспен
аяқтап, сол күні Қабыш ағаның қиыла жабысуымен
үлкен үйге (қара шаңырақ) қонып шықтым.
Ертесі таңертеңгі шайымды ішіп алып, мектепке

жүргенімде, Қабыш аға үй алдындағы алма бағында
Боптөбелдің құйрығына ақ байлап, кекілін буып сылап-
сипап тойға жүруге қамданып жатты. Мен былай
шыққан соң Боптөбелдің пышақ жанығандай етсіз жағы

мен кең кеудесінен тартып, қыл-аяғы, қамыс құлақ,
құлан тұяқ, бота тірсек, аласа бойына дейін көз алдыма
елестеттім, Ол маған бүгін бұрынғыдай емес, бөлекше
сымбатты көрінді...

Түстен кейін мектептен тарап үйге келсем, Қабыш
аға бірнеше адаммен бірге онан-мұнан әңгіме қозғап
үйде шай ішіп, дүркіреп отыр екен. Әңгіменің дені,
әсіресе, тойға апарған бәйге аттарының өзіне тән

бітім-болмыстары мен Боптөбелдің бірінші болып
келсе де, аталмыш сыйлығын ала алмай қайтқаны
туралы тақырыпқа ауыпты, оқиға былай болған екен.
Қабыш аға сол күні тойға бара салысымен көп ұзамай

ат жарыс басталыпты. Боптөбелге сол жерден он бес
жастардағы бір жерлік бала мініпті. Басқа аттар жарыс
басталғанға дейін ауыздығымен алысып ұшып тұрса,
ал, Боптөбел құлағын жымитып, екі көзін жартылай

жұмып қаннен-қаперсіз жүріп алыпты. Шабандоз
бала бұл жағдайды көріп қатты алаңдағанымен, ал,
Қабыш аға өз көңілін жасады ма? Болмаса шын ниеті
ме? Беймәлім, екі езуі құлағына жетіп шат-шадыман

жүріпті. Сонымен, он километрлік ұзақ жарыс ресми
басталыпты. Боптөбел жарыс басталып үш-төрт
шақырымға дейін топ ортасында болып, одан соң басқа
аттардан біртіндеп оза беріпті, кейін соңғы бір айналым

қалғанда алдындағы бірінші боп келе жатқан бәйге
атты артқа тастап, көмбеге арқан бойы ұзап алдымен
кепті. Сүйтіп, ол ағалап алға шығып, дүйім елді өзіне
жалт қаратқанымен, бірақ, әлдекімдердің шағым тіл,

шатпа сөздерінің салдарынан аралықта үлкен дау туып,
екіншіге түсіп қапты. Бұған Қабыш аға қатты ашу
шақырып, екіншіге берілген аталмыш сыйлыққа да
қарамай, тойдан құр қол қайтыпты.

Содан екі күн өткен соң яғни жұма күні түстен
кейін Қабыш аға мені қасына шақырып алып; ”Алла
қаласа, ертең таңертең Боптөбелді Қарабағылдағы
қыстаулыққа жеткізіп таста! Қайтарыңда Қуақан атты

мініп келесің, – деді.
Мен бас изеп мақұлдық білдіргеніммен, бірақ, әлі
де бір алаңдаушылық көңіл хошымды кетіріп кежегемді
кері тартты...

Рас, Қуақан ат демекші, бұл жануардың да көз
ашқаннан бері көрмегені жоқ, өте-мөте, бестісінен
бастап дәл қазірге дейінгі өткен өмірін тілге алсақ та
жетіп жатыр. Қысы-жазы арқасынан ер түспейді, біресе

қырға, біресе ойға шапқылап күнделікті керек-жарақ
тасып ақ тер, қара тер болады, ол осындай салпақтың
салдарынан өз еркімен керіліп-созылып тым құрыса
жарты күн бос жүрген емес, әр күні таңертеңнен кеш

батқанға дейін арқасынан ер түспейді де, әбден қас
қарайып абыр-сабыр басылған сәтте, аяғына кісен
салынып үй қасынан ұзап кете алмай, айналсоқтап
жайылып тұратын. Егер оған тіл бітіп басқа біреуге

бастан кешкенін баяндап берсе, қаншама тас жүрек
болса да басын шайқап, бір жыламай тынбас еді,
бірақ, амал жоқ, хайуан болған соң бәрін былқ етпей
көтеруге міндетті. Оған қоса, ер батып, тоқым қажап,

шоқтығының жүні түсіп қарайып қалған. Тіпті, анау
екі жақ бүйірі де қызарып ойылып, уақыт өте, бұрынғы
түгінің орнына төңкерілген шындай болып ақ қылау
түскен.

Қуақан аттың қыры мен сырын бес қолдай анық
білетін Әділжан бір сөзінде, бұрын бұл жануардың
жайдары мінезді, тым жуас екенін, тіпті, байлап қойсаң
жайына тұратынын, мінсең қамшы салдырмайтынын,

айыл тартсаң былқ етпейтінін айтып еді, қазір ол
мінезі мүлдем өзгеріп, айыл тартсаң ат ағашты қауып
тістеп, алдыңғы аяғымен жер тарпитын, қамшы салсаң
құйрығын шыжбаңдатып болмаса, артқы екі аяғын

аспанға серпитін жаман әдет қалыптастырыпты, алда-
жалда, қолыңнан шығып кетсе оны ұстауың бір қиямет.
Төбеңді көрсе болды, тауешкі сияқты тау мен тасты
аралап тұра қашады, оған қоса, байыбына кісі бара

алмайтын бақай қулығы да бір басына жетіп асады,
әдетте, қолда тұрған да ештеңеден хабарсыз бейғам
болғанымен, (бұл оның нағыз бейнесі емес еді) қапысын
тауып қолыңыздан шығып кетсе, со беті көз жаздырып

кетпейді, керісінше, әлденеден секем алған қояндай
басын кекжитіп, құйрығын шошайтып әудем жерге
дейін қаңғалақтап шауып баратын да, артына қарай
қайта бұрылып; “сенен шын құтылдым ба?” дегендей

одырая қарайтын. Содан жанына барып шылбырдан
ұстай бергенде, тағы да шаба жөнеліп, әудем жерге
барып секиіп тұра қалатын...
Ол міне осындай қызық жануар еді! менің әлгінде,

Қуақан атты айтқанда, кежегем кері тартып, кіртие
қалғаным содан болатын. Бірақ, «бұйрық қатты, жан
тәтті» демекші, Қабыш ағаның айтқанын орындамау
өзіме де, жатқан үйіме де тиімсіз екенін сезіп, үнсіз бас

изедім.
* * * *
Ертесі таңертеңгі шайымды іше салып, Қабыш
ағаға берген уәде бойынша, міндетімді мінсіз орындауға

тырыстым. Қабыш аға, мен үйден шықпас бұрын
Боптөбелді
ер-тоқымсыз
арқасындағы

алақандай
көпшігімен есік алдына әкеліп, көлденең тартып тұр

екен. Мен оның жайдақ екенін көріп, іштей ренжіп
тұрсам да, онымды сыртқа шығармадым, неғұрлым
байсалды болуға тырыстым. Бұл кезде, Қабыштың
шешесі шайқана үйде ошақ басында ыдыс-аяқ жуып

жүрген еді, есік алдындағы жайдақ тұрған Боптөбелді
көре сала; “ей, Қабыш” - деді дауыстай тіл қатып,

- “алдағы атты жайдақ алып шыққаның не? Ерттеп

берсең болмай ма? Қарабағыл қарға адым жер емес,
анау ит өлген жерде.

– Ештеңе етпейді, - деді Қабыш аға зырқ ете тіл

қатып. Сірә, шешесінің Сәулетке жаны ашып айтқан
сөздерін елейтін емес. - Сәулетті қазір бала деп тұрсыз
ба? Бұл да бір азамат.

– Е, бопты онда, өзің біл - деді шешесі жай ғана.

Сөз сонымен аяқталды.
Мен бір ауыз тіл қатпастан Боптөбелдің қасына
барып, бір-ақ тоқтадым. Жануар қазірдің өзінде қуса
жететін, қашса құтылатын қыл бабына келіп тұр екен.

Қабыш аға қолыма тізгін шылбырды беріп жатып: “сол
аяғыңды әкел, көтеріп тұрайын. Осы жерде қарғып
мін” – деді. Мен жақ кырысын ашпадым. Үнсіз еркіне
бақтым. Көзді ашып-жұмғанша Боптөбелдің үстіне

жапалақтай жалп етіп қона қойдым. Ол сол сәтте,
топырлатып тезектей бастады. Тезегі құрғап жерге
жарылып түсіп жатты. Мен сол қолыма шылбыр мен
тізгінді қосып ұстап, оң қолыммен шылбырдың үшін

қамшы етіп жүруге ыңғайландым. Қабыш аға маған
күле қарап; “жануар жүрер алдында тезектеді, лайым
жолың болады екен інім. Мынау жарап тұрған ат.
Қашан да сергек отыр. Аяқ астынан тұра шауып сені

жолға тастап кетпесін”, - деді. Мен: “мақұл”, - дедім
де, анадайда аңырайып ашық тұрған көк түсті темір
қақпадан тасырлатып шыға жөнелдім. Қабыш аға
артымнан тағы да дауыстай тіл қатып: “Әйтеу өзіңе

абай бол. Былай шыққан соң шабамын деп бір пәлеге
ұшырап қап жүрме. Ұқтың ба?” – деді.

– Ұқтым, - дедім мен кетіп бара жатып қайтара тіл

қатып.
Боптөбел аз жүрген соң қамшы бастырмай делеңдеп
жүріп отырды. Кейде, тосаттан тұра шауып тұла
бойымды ток соққандай «дір-дір» еткізеді. Мен тізгінді

қамтып тартқан сайын ол басын кекжитіп, ауыздығын
«қарш-қарш» шайнап, жолдың о жағына бір, бұ жағына
бір шығып, мүлде тынымы кетіп қалды. Ақырында,
Боптөбел «осы өңірге атағы шыққан белгілі бәйге

ат қой, сол үшін 7-кенттің өр жағындағы Құр өзектің
жазығына іліне салысымен өз еркіне бағып, алып ұшқан
аптығын бір басайын» деген ойға келдім. Сонымен,
аталмыш жазыққа да жеттім. Бұл жер бас-аяғы бес-

алты шақырымдай ұзақ, астауша келген жайпақ аңғар
болғанымен, негізінен, бір ұрттам суға зар, бұта-
бүргенді, ат бойынан асатын қалың шилеуіт екен. Мен
көздеген жерге жеткен соң Боптөбелдің басын тартып

жерге түсіп астымдағы алақандай көпшікті жөндеп
салып, өзіме-өзім келген соң қайта міндім. Ол менің
бұл әрекетімнен бір үлкен жаңалықтың болатынын
сезді ме? Тіпті, бір орында тұрмай қос құлағын алдына

тігіп ауыздығын шайнап шыр көбелек айналып, қарап
тұрып мазасы кетіп қалды. Содан, тосын тақымымды
қысып қалғаным мұң екен, тықыршып әрең тұрған
жануар бұта-бүрген мен қалың шилеуітті қақ жарып,

қыстау қайдасың деп тартып берді. Қарсы алдымнан ұра
соққан аусар жел кекіл шашымды кейін түріп, құстай
самғап құныперен кетіп барамын. Оның үстіне, ат
бойынан асатын қалың шилеуіт екі бетімді жиі сабалап,

жазатайым көзіме кіріп кетеме деп кірпігімді үсті-үстіне
жұмып-ашып қорғанып келемін. Боптөбел құстай
самғап шауып келе жатып, әлденеден қарғып өткенде,
қырсыз отырған мен жерге топ ете түстім. Содан қанша

уақыт жатқанымды білмеймін, бір кезде, есімді жисам
оң жақ иығым бос топыраққа жартылай көміліп жерде
жатыр екенмін, көзімді ашып айналама қарадым. Аспан

шайдай ашық, батыстан бебеу қағып салқын самал
есіп тұр. Күн екінтіге ауып қапты. Боптөбел көзіме
шалықпады. Мен сол қолымның алақанын жерге тіреп
тістеніп тұрып топыраққа жартылай көміліп жатқан оң

жақ иығымды әрең көтердім. Содан иығымды ептеп
қозғалтып едім, түсе жаздап зырқырап ауырғанда,
өзімді қоярға жер таппадым, иығымды сол қолыммен
ептеп ұстап, кеудемді көтеріп жүрелеп отырған соң,

төңірекке тұнжырай көз тастадым, тырп еткен тірі жан
болсашы!
Оқыс өзіме бір ой түсті де, әлденеден секем алып
бар сырын ішіне бүгіп бұйығып жатқан иен даладан

қарадай қорқа бастадым. Орнымнан тұрайын деп едім,
басым айналып көз алдым қарауытып, құлақ шекем
гуілдеп кетті. Осы кезде, өкпе түсімнан Боптөбелдің
кісінеген дауысын естідім. Міне, тамаша. Қуанғанымды

айтып сұрамаңыз, соның өзінде қобалжыған көңілім
орнына түсетін емес, тәңірім-ау: “рас па, өтірік пе?”
деген күдікті, күмәнді ойда дауыс шыққан жаққа қарай
жалт қарадым, жаңсақ естімеппін. Жануар менің есімді

жиып, орнымнан тұрғанымды білген соң айналсоқтап
жайылып жүрген жерінен тізгін-шылбырын сүйретіп,
жаныма жетіп келді де: “барсың ба, амансың ба?”
дегендей арқамнан иіскеп, адам жанын елжрететін аса

жағымды үнмен кісінеп жіберді. Жаңа: “жапан түзде
жаным жүдеп жалғыз қалдым-ау” деп жаман күй кешіп
отырғанымда, Боптөбелдің жан тебірентерлік мынадай
әрекетін көргенде, жалын құшып еңіреп жылап

кеттім. Ол: «қорықпа, мен жаныңдамын!» дегендей
тағы да кісінеді. Сол сәтте, әлгінде, орнымнан тұра
алмай обиып отырған мен аяқ астынан қайтып тұрып
кеткенімді ұқпай қалыппын, әуелі, оң жақ иығымның

түсе жаздап зырқырап ауырғанын да ұмытып кетіппін,
енді байқадым, мен жығылған жер жылдар бойы жел
мұжып, жауын шайған көне қой қораның орны екен.
Соған қарап, бұл орын бұрын әлдекімнің көктеу, күзегі

болар деп топшыладым. Әлгінде, Боптөбел құныперен
келе жатып, таяз ордан қарғып өте шыққанда қиялсырап
қырсыз отырған мен өзімді-өзім ұстай алмай мұрттай
ұшыппын. Боптөбел бағыма қарай есімнен ауып, екі

дүниенің ортасында жатқанда опасыздық істеп бас
ауған жаққа лағып кетпепті. Соны ойлаған сайын
көңілім босап, көзімнен ыстық жас төгіле берді. Ендігі
мәселе, оған қайта мініп, Қарабағылға қарай қайқая

тартуда ғана қалды. Мен осы туралы бас қатырып
тұрғанда, ойламаған жерден тағы бір оқыс жайт жүз
берді. Әлқисса, сол қолыма бір жағы, тізгін-шылбырды
іліп, бір жағы, әудем жерде жатқан алақандай көпшікті

алып үстіне салып едім, ол шылбырды тартып басын
кекжеңдетіп әлдебір жаққа баратын сыңай танытты.
Мен ыңғайына бағып шылбырды бос тастап артынан
ердім. Ол жел кеміріп, жауын шайып кеткен көне

там қорықтың таяз орына түсіп басын шұлғып тып-
тыныш тұра қалғанда: “бағанадан осы неғып ойыма
келмеген”, деп өз-өзіме сұрау қойып Боптөбелдің мінер
жағындағы өз шетіне барып үстіне қарғып міндім. Бұл

жолы жүрексініп қалғандікі ме? Бұрынғыдай алып
ұшпадым. Неғұрлым сабырлы болуға тырыстым. Ал,
иығым болса түсе жаздап, жан шыдатпай ауырып
барады. Боптөбел де соны білгендей жеңіл жүріспен

желе жортып отырды...
Содан Қарабағылдың бергі жалына ілінгенде,
тағы бір пәлеге тап болдым. Сонау төменде, жатаған
текшенің үстіндегі ала бөтен екі үй жақтан алты ит

абалап маған қарай лап қойды. Мен Боптөбелдің
жүрісін жылдамдатып, мына пәлелерден құтылып
кетуді ойлап тебініп қап едім, Боптөбел қырсыққандай
екі құлағын жымырайтып, әуелгі тұрған орнынан аттап

баспады. Содан кейін-ақ мен жаққа салып ұрып келе
жатқан алты иттен суқаным ұшты да шипам бітті деп
ойладым. Әсіресе, анау алдыда алқын-жұлқын ұшып
келе жатқан тайыншадай дәу көк итті көріп қайтерімді

білмей састым. Ақырында, сол қолыммен Боптөбелдің
жалынан мықтап ұстап, көзбе-көз сәтті күттім. Оң
иығым аздап қимылға келе бастады. Соған қарағанда
сынықтан сау, аздап еті ауырып қалған көрінеді.

«А» дегенше алты итте келіп үлгерді. Алдымен екі
өкпесін соғып тілі салақтап тайыншадай көк ит жетті.
Боптөбел оны өзіне таяп келіп құйрық ұшынан ала
бергенде, артқы оң аяғымен қақ маңдайдан туралап

тұрып періп қап еді, «қаңқ» еткен бір үн шықты
да, артынан зым-зия өшті де қалды. Жалт қарасам
арыстандай айбарлы көк итім құйрығын бұтына қысып
сай табанына қарай безіп барады екен. Ау баста, атаман

көк итке сеніп айбатына ай жасырып келген есерсоқ көп
ит мынадай тосын жағдайдан кейін бұрынғыдай емес,
сабасына түскен салмақты сыңай байқатады. Ара-тұра
маған қарап қойып; «неғып жүрсің а, кетпейсің бе а»

дегендей әудем аралық тастап бірнеше үріп қойды да,
одан соң өз жайларына кетісті.
* * * *

– Па, па, жануар-ай - деді бағана менің көңілсіз

кейпімді келеке етіп отырған Әділжан Боптөбелдің
мынадай жан тебірентерлік ізгі қасиетін білгенде,
басын шайқап таңдайын қағып, - шіркін жылқы малын
қойсаңшы, не деген ақылды еді жануар!

– Соны айтсаңшы, - дедім мен көкірегімді кере

тыныстап - қайран жануар-ай. Мен – бұл суық хабарды
неғып бұрын естімегенмін. Болды, басқасын қойшы,
сонда Боптөбелді қайтып жылан шағыпты. Қабыш аға
сол кезде қасында бар ма?

– Е,...е,... Сәулет - деді ол күрсіне тіл қатып -

Қабыш аға Боптөбелдің қасында бастан-аяқ бар. Бірақ,
аяқ астынан келген арсыз ажалға не шара!? Қайран,
Боптөбел, қыстай қолға алып бағып-қағып, 1-мамыр
халықаралық еңбекшілер мерекесінде бәйгеге қосамыз

деп жүргенде, тосыннан мерт болды.

– Сонда қалай мерт болды? - дедім мен баста қойған сұрауымды және қайталап, оның тоқ етерін айтпай сөзуарлыққа салынып отырып алғанына тағатым таусылып басқасын қойып, соны айтшы айналайын. Ол бас изеп мақұлдық білдірді де, сөзін суыртпақтады: – Тоқта! Неменеге асығасың? Тақымдамасаң да тәртіп бойынша таяп келемін ғой. Мен содан соң барып ау баста, тым аптығып кеткенімді білдім де, кемшілігімді мойындап, жымия езу тартып, жым-жылас отырып қалдым. Ол баяғысындай байыппен сөйлеп отыр. – Әсілі, Қабыш аға ол атты, әр жылы Жырынтайда Бұрқан шоқының етегіндегі жазықта өтетін 1-мамыр халықаралық еңбекшілер мерекесіне арналған ат жарысқа апарып қоспақшы болған. Оның үстіне Боптөбел де сондай жақсы жараған. Қабыш аға да соған қарап осы жолы қайтсе де бас жүлдені алады деп оған зор сенім артқан еді, бірақ, жарыс басталардан екі күн ілгері Қабыш аға оны ұзаққа жүргізіп, арам терін алып ат қораға әкеліп таң асырып байлап қойған жерінен жылан шағып, жазатайым бір қырсыққа ұшыратты. Бір есептен, оның мынадай жағдайға тап болуына Қабыш ағаның өзі себепші болды. Анау қыстаулықтың артындағы жатаған текшенің бауырында әлгі өзің білетін бір кішкене жылан ордасы бар ғой. Мен: «білем, айта бер» дегендей үнсіз басымды изеп, оның әр ауыз сөзіне ықыласпен ден қойдым. – Е сол жердегі жыландар себеп болды. Ордасынан түп қотарыла бірақ шығып, үйдің айналасына қаптап кетіпті. Рас, оны мен де барып өз көзіммен көрдім. Астапыралла, әдетте, біз көріп жүрген жылан бірғана жайылым сұр жыланы екен, ал, мыналардың ішінде қызылы да, жасылы да, сарысы да, ағы да бар... Қарап тұрып қарадай түршігесің. Қабыш аға олардың адамға тиісіп қоюынан алаңдап, жеңгеміздің; «өлтірмейік, ақ

тамызып жайына жіберейік» деген сөзіне құлақ аспай
көзіне көрінгенін қамшымен ұрып, албаты жайрата
беріпті. Әсілі, біздің қазақ салтында есік алды емес,
үйге кірген жыланға да қастандық жасамай басына

ақ тамызып; «мен саған қас қылмайын, сен маған қас
қылма» деп ақ жол тілеп қоя беретін. Оны біз секілді
есерсоқтар қайдан білсін!?
Әуелі, оны қойып, өзіміздің кейбір ұлттық салт-

дәстүрімізді де тарс ұмытып бара жатқанымыз өтірік
пе?.. Айналып келгенде, Боптөбелдің өлуіне өзіміз
себепші болдық... Қабыш аға, үй маңына келген жылан
біткенді қынадай қырып, айналасы екі күнге жетпей

екі қозы, бір тайыншаны шақты. Тайынша аман
қалғанымен, екі қозы бүкіл денесі сіресіп құлындағы
дауысы шығып қиналып жатып, аянышты түрде жан
үзді. Енелері үйді айналып қозыларын іздеп бір апта

маңырап жүрді. Ол аз болғандай араға тағы екі күн
салып Боптөбелді шақты. Жылан оның астыңғы иегінен
шағыпты. Біз оның қиын жағдайға тап болғанын жылан
шаққан иек асты қолдырап ісіп, уыт бүкіл денесіне

тарап, буыны құрып, бүк түсіп жатып қалғанда барып,
бірақ білдік.
* * * *
Боптөбел алғаш жығылған күні яғни жарыс

басталардан екі күн бұрын бір шама тәуір болатын.
Қабыш аға жергілікті мал доғдырын ертіп әкеліп уытқа
қарсы дәрі-уколды күпілдетіп берсе де, өнімі болмады.
Ертесі, бұрынғыдай «тұрамын» деп талпынған жан

кешті әрекетін мүлде доғарып, сұлық жатты да қойды.
Ал, жарыс басталған күні таңертең Боптөбелдің екі
көзінен мөлтектеп жас ағып, тер басқан қамыс құлағын
кезек қайшылап, мойынын жарыс өтіп жатқан тұсқа

қарай зорға бұрып, әлсін-әлі оқыранып кісіней берді.
Бірақ, амал қанша? Сол күні түн жарымынан кейін

басын оң жақ бауырына тығып, барсакелмес сапарға бет түзеді. Қабыш аға Боптөбелді құшақтап қанша жылағанымен, жануардың жұмылмай ашық қалған солғын жанары қыбыр етіп қозғалып қойған жоқ, біз оны Боптөбелден әрең ажыратып алдық... Сол күні 1-мамыр халықаралық еңбекшілер мерекесіне Боптөбелдің аяғынан бара алмай қалдық, айтарға болмаса да менде қатты күйзелдім. Бәрінен бұрын мерекеге бара алмай қалғаным үшін емес, керісінше, Боптөбелге мініп жарысқа қатынасып, бас жүлдені ала алмай қалғаным үшін опық жедім. Қабыш аға ары жылап, бері жылап әбден діңкесі қатқанда тоқтады. Содан жылай-жылай жасы сарқылып қанталап ісіп кеткен қой көздерін бізге қадап: ”қадірлі достарым, мен бүгін қаралымын, өйткені, аяулы Боптөбелден айырылдым. Ол енді мәңгі келмеске кетті. Сол үшін сендерден өтінерім, оны бүйтып обалдығып жалғыз жатқызбаңдар! Бәрің бас қосып... Қабыш аға сөзін айтып осы жерге келгенде аяғын айта алмай басын шайқап булығып жылап кетті. Біз оның не демекші болғанын айтқызбай сезе қойдық та: ”болды, ол жағынан алаңдама. Сөз жоқ орындаймыз. Біздің саған айтар тілегіміз, қайғыңды қайратқа айналдыр“ деп едік. Ол үнсіз бас изеді де, теріс айналып жүріп кетті. Біз оның талабын екі етпей орындадық. Айналасы жарым сағатқа жеткен жоқ, Боптөбелдің терісін сыпырып, басын кесіп Қабыш ағаның алдына алып бардық. Шынын айтқанда, бізде бұл істі шарасыздан істедік. Бір ойдан бұлай етпеске де болмай қалды... * * * * Әділжан әңгімесін айтып болғанда, мен көңілім босап, көзіме ыстық жас іркіліп бір сәт үнсіз отырып қалдым. Ол маған ұқсас күй кешпесе де, басын шайқап бейсебеп күрсініп жіберді.

ـКейін қайттіңдер? - дедім мен әудемнен соң
Боптөбелдің соңғы жұмыстары жайлы дерек ұқпақ
болып.
Ол бұрынғыдай сергек қалып танытпады, құдды ой

соқты адам секілді екі көзін әлдебір жаққа ессіз қадап
әдеттегідей жауап қайтарды.
ـОның несін сұрайсың. Өлер ат өлді. Біз Қабыш
ағаның айтқанын екі етпей орындадық. Ол қорада

байлаулы тұрған Қуақан атты мініп бізді бастап,
қыстаудың өр жағындағы топ қарағайға тартып берді.
Біз соңынан бейжай еріп отырдық. Сол күні әшейінде,
жүк артсаң мізбақпайтын, қамшы ұрсаң шыжбақтайтын

Қуақан ат сол құлағын артына қайыра басын кекжитіп,
бір жағына қарай қисайтып алып қамшы салдырмай
қитыңдап жорғалап отырды. Оның үстіне, өзің де білесің
биыл қыс қатты болды да, оған күніне жем артып ой

мен қырға шапқылап жүріп, арқасына ошақтай жауыр
түскен. Бәлкім, содан ауырсынама, жоқ Қабыштың
қабағына баға ма? Беймәлім аяғы-аяғына тимей алдыға
түсіп жүріп отырды. Біз топ қарағайдың шетіне іліне

бере, Қабыш аға аттан түсіп, ақ шүпірекке әспеттеп
орап арнаулы қоржынға салып алған Боптөбелдің басын
көтеріп, анау қалың қарағайлардың ішінен өзі қалаған
бір қарағайға шығып, орта бөліміне барды да, қимас

асылын көз алдындағы қатар өскен қос бұтақтың түбіне
көлденең қойып, оны жіңішке сым темірмен шандып
байлап тастады. Артынан Қабыш ағаның қыстығып
жылаған дауысы естілді. Бізде егіліп кеттік. Қабыш

аға сәл тұрып қолына ұстаған кішкене қолшөтімен
Боптөбелдің басы таңылған бұтақтан төменгісін бірден
шауып жерге түсті.
* * * *

Әңгіме осы араға келгенде, мен жатқан үйдің екінші
ұлы басындағы қазтұмсық қара қалпағын артына
қайырып қабағынан қар жауып қатуланып кіріп келді.

Ол таңертең шайын іше салып, мектепке доп ойнағалы
кеткен. Содан келген беті осы болатын. Әділжан
орнынан тұрып: «ассалаумағалайкүм» деп сәлем беріп
еді, ол ләм деген жоқ, келген беті маған инедей қадалды

да: «ей көк ми, таңертең сабақ қараймын дегенің қане?
Өзіңше іс істеп отырсың ғой. Бүгін жалпы беттік кір
жуатын күн екенін ұмытып қалдың ба?.» деп дүрсе қоя
берді. Мен әлгінде, өзенге барып екі рет су әкелгенімді

айтып ақталып едім. Ол одан әрі от алып қопаға түсті:

– Тіл қайтарма маған. Таудай кірге екі шелек су

қайтып жетеді. Тұр, жүгір. Өзенге барып су алып кел.
Мен үнсіз қалдым, ол енді Әділжанға шүйілді.

– Сенде көп оттамай, кет үйіңе. Бес тиын пайдасы

жоқ бірдемелерді айтып, біреуді неге жұмыстан
қалдырасың? Бұл жерде әкеңнің басы бар ма? Кет, кет!
Сәулет енді су әкеліп, кір жуады.
Әділжан үндемеді, өйткені, оған мына дөкейдің

мінезі бес қолдың саласындай анық болғандықтан, ең
жақсы әдіс үндемей құтылу деп түйді. Сонымен, мен
де, ол да бір ауыз тіл қатпастан, үнсіз сыртқа шықтық.
Әділжан сыртқа шыға сала басын кеудесіне құлатқан

бойы тура үйіне тартты да, мен екі шелегімді көтеріп
өзенге беттедім...
Қайран, Боптөбел!
8 - 3 - 2012

еріккеннің естемесі
(әңгіме)

Мен – Әлима шешейдің өмірден озған хабарын
естіп, бір жағы қатты қамықсам, бір жағы, сенер-
сенбесімді білмедім. Ол кісіні осы екі аптаның алдында
ғана көрген болатынмын. Бірақ, хабар жеткізген

адам «Алланың атын атап ант беріп тұрған соң,
мойындамасыма болмай қалды.

– Е, өмір-ай десеңші, күні кеше ғана тірі жүрген

адам бүгін дүниеден өтті десе кім сенеді?! Рас, менің
Әлима шешейді көргенім әрі тұңғыш, әрі соңғы рет еді.
Мен шынында мынау мағынасыз өтіп жатқан
алдамшы өмірден қатты торықтым. Өйтетіні, өз басым

ес жиып, етек жапқан соң әдебиетке әуестеніп, поэзия,
проза сынды осы екі үлкен салаға тең қалам тарттым, бір
мезет соның «шоқпарын көтеріп, сойылын соғып» отқа
да, суға да түстім. Біреулердің: «ақын шабыты арақтан

келеді екен. Атышулы әлдебір ақын пәлен жерде, пәлен
өлеңін қызыл шұнақ мас отырып жазыпты» дегенін естіп
мен де соған еліктеп, ішкілікке салындым. Алғашында
шала қызу отырып ойлана бастадым. Түк жоқ. Одан

соң әуелгіден бір саты жоғары өрде отырып, ойландым.
Және де түк жоқ. Ақыры болмағанда, одан тағы бір
табан «алға» ілгерлесем жазам ғой деп ем, мә, қайдан?!
әуелі, ес-ақылдан айырылып өлең бір жақта, өзім бір

жақта қалыппын. Кейде, қызыл шұнақ мас отырып,
өзімше шабыттанып, құлағым гуілдеп, екі бетім оттай
жанып, көз алдым қанталап, басымды кегжеңдете
кекіл шашымды жалп-жұлп еткізіп, сол жұдырығымды

сол жақ тіземнің үстіне тік қадап, оң қолымның сұқ
саусағын шошайтып, әрі-бері бұлғаңдатып, әруақтанып
өлең айтыппын. Қырсық шалғанда:
«мен кіммін, мен жігітпін жалындаған,

қарайсың қайран қалып, бәрің маған..»
деп бұрқыратып келе жатып, аяғы есіме түспей
мелшиіп отырып қалыппын. Сәл тұрып, жанымдағыларға
шекемнен қарап: «мен кіммін?» деп сұрау тастаппын.

Олар табан да: «ойбай, сен азаматсың, ақынсың», - деп
жамырай шулапты. Басқалар мені ақын деп астыма
көпшік қойған сайын одан әрі қоразданып, жан-жағыма
тұнжырай қарап, көзіме кім «ыстық» көрінсе, соның

жағасын жыртып, қыз-келіншекке қырғидай тиіппін.
Өйткені мен ақынмын, асау қандымын.
Ал сауыққан күні жұрт менің төбемді көрсе
болды, ат-тонын ала қашып қарадай үркетінді тапты.

Әуелі, соның кесірінен менің бұрынғы азан шақырып
қойылған атым мүлде ескерусіз қалып, енді оның орнын
«нақұрыс» деген лақап ат басты.
Жазғандарымды мерзімді баспа орындарына бір

неше рет жолдасам да шықпады. Мүмкін, арақ ішіп
алғай-шалғай отырып жаза салғанымды, әрі келер-
кетерді ойламайтын «есалаң, нақұрыс» екенімді біліп
алған да шығар. Телефон соғып хабарлассам, бұйырған

күні шығады дейді. Ал сол шығарманың қашан бұйрыққа
тура келетінін ит біле ме? Бірде, сол арманы құрғырды
талақ етіп: «басқадай жол қарайын, өз алдыма отау
көтеріп, әдеттегі ауыл адамдары қатарында «қойымды

құрттап, айранымды ұрттап, тыныш жүрейін» деп
ойладым. Содан кейін өзім құлай сүйген қарапайым
ауыл қызының біреуін алып қашып бас құрадым да,
кезкелген жұмыстарды істеп ел қатарлы мәдениетті,

ауқатты отбасы болуға күш салдым. Бұл бір есептен
айтуға оңай болғанымен, ақиқатына келгенде беліңді
талдырып, берекеңді қашырып тынады екен. Әрине,
таңертеңнен кеш батқанша екі қолды жан қалтаға салып

құр дүрмекке ілесіп қайқаң қаққаныңмен іс бітпейді
екен. Әлгі баяғыдай «алма піс, аузыма түс» дейтін
дәурен қайда? Айта берсең, аржағыңа ел қондыру
үшін де әрекет жасамасаң аузыңа түйір дән түспейді

ғой. Ашалап айтқан да, әдебиеттен ат-тонымды аулақ

ұстауға мынадай екі үлкен себеп түрткі болды. Оның
бірі, жоқшылықтың салдары болса, енді бірі, өзімше
ойлап көрсем, әдебиет шебінде менің қолымнан
келетіні, ойға түскен рухани қажеттілікті қағаз бетіне

түсіріп, туған ел, торқалы топыраққа болмашы
көзқарасымды білдіру екен. Ал оны қанша адам оқыды.
Қанша адамның қайраты тасып, санасы сілкінді, ол
өз алдына бір үлкен мәселе. Ақиқатын айтқанда, осы

бір рухани еңбек, жеке басыма көк тиындық пайда
жеткізбейді екен. Бар болғаны мұны кім жазды?
Пәлен жазды. Атақ сол ғана. Әуелі, осының соңынан
салпақтап еріп жүріп, тырдай жалаңаш қалмасам да,

шылдай тозып кеттім. Алған адамым араға үш жылды
салып айласын асырып ажырасып тынды. Оған кінәлі
тағы да өзім. Көбінесе, оны шиеттей баласымен бірге
үйге қалдырамын да, ай бойы төбе көрсетпей сыртта

ойнап-күлем. Менің мынадай кереғарлыққа басуым:
«ертеде, қазақ даласында өткен сал-серілердің» тіршілік
дағдысына еліктеуімнен болатын. Бұл алғашында жай
желік есепті болғанымен, кейіндеп барып кері әсерін

тигізді де, екі күн үйде жүріп қалсам, аласұрып отыра
алмайтынды таптым. Қойшы, әйтеу, соның кесірінен
сүйген «сұлуым» сырт берді. Соттың бұйыруымен оған
ілесіп бауыр етім, бір қызым кетті. Содан бері де міне

алты жылдың жүзі болыпты. Мен үшін осы бір ұзақ
уақыт алты жыл емес, алты ғасырдай сезілді. Дүниеде
өмірдегі жалғыздық әдеттегі «әри-айдай» болса, ал,
рухани жалғыздық құдай басқа салмасын, қиямет екен.

Әйтеу, іштей күйзеліп жүрсем де, қу кеңірдек үшін
қолым тимеген ісім қалмады, мүмкін бұл саған өтірік,
маған шын.
Әуелде, жалақысы жоғары болады-ау деп құрылыс

өнеріне қызығып, айналасына атағы шығып жүрген
бір мықты ұстаздың етегінен тас қып ұстадым. Құрып
қалсын болмаған ауқат екен мұнысы. Біресе, лайын,
біресе құмын шылап, әбден қалжырадым. Менен

басқалары әсіресе, ұстаз тұтқан адамның қасында

ұзақ уақыт бірге жүргендер: «кесек қалау, ауданын,
енін, ұзындығын, түзулігін өлшеу» және т. б. жеңіл
жұмыстарды істеп бәйек боп жатады. Әсілі, менің
көздегенім, қолыма сылақ темір алып, биіктеп бара

жатқан қырдай керегенің үстіне шығып лай жағып
кірпіш қалау болатын. Бұл бір шама оңай болар
деп ойлағанмын. Сөйтсем қайдан? Бұл да оңбаған
жұмыс болып шықты. Ұзынды кеш қырдай керегенің

үстінен түспей, жұмыс істейтіндіктен, бір жағынан,
белің талып, бір жағынан, аяғың ұйып, одан қалса,
табаныңнан сыз өтіп әбден зықың ұшады екен. Шынын
айтқанда, біріншіден, қалаған кесегім қағидаға сай

келмеді, ұстазымның көңілін суыттым, ал екіншіден,
азабына шыдамадым.
«Қой, бүйтіп тапқан ақшасы құрысын. Мұны істеп
ұшпаққа шыққанша, жанды қинамайтын жеңіл жұмыс

істейін» деп ойладым. Ұстазым мен қалаған үш қатар
кесекті ерінбей-жалықпай бір шеттен қопарып алып
мұқият қадағалап, қайтадан өз-өз орнына қойып шықты.
Екінші рет, жанға рақат жеңіл жұмыс қой деп қойшы

отбасымен шімірікпестен бір жылға тоқтам жасасып,
алтай жаз жайлауға шығып, қой бақтым.
Алғашында әлдекімнің аузынан: «жан қинамайтын
жақсы кәсіп - қой бағу» деп естіген болатынмын. Ол:

«қойларды әр күні өріске айдап қойып, өзің соның
қасынан кетпесең болды, олар жайылып-жайылып
әбден құрсағы тойған да өздігінен қораға тартады,
содан тынышы жоқ», деді. Мен: «ой, мынау болатын

кәсіп екен» деп қуана құптадым. Сол жылы құдай
оңдағанда біздің жерге сырт ауданнан қойшы іздеп
бір адам келе қапты. Мен оған кездесе сап аман-
сәлемнен кейін нақтылы іске көшіп, еңбекақы жайлы

жеке көзқарасымды білдіріп едім. Ол «май тілесең,
міне құйрық» деп бірден мақұл бола кетті. Арада апта
өтпей, әлгі адам мені ертіп өз ауданына алып жоғалды.
Мен барып екі аптадан кейін қожайыным бес жүз тұяқ

қойға кішкене күркешені қосып беріп, ел онша көп

бара бермейтін бір иен кер жайлауға апарып тастады.
Ал содан соң жайлауға барып алып, бұл жерге біреудің
тіліне еріп бекер келіппін, деп бармағымды шайнадым.
Жайлау жай айтқанға жәнаттай сезілгенімен, күн көзі

кіртиіп, айналаны соқыр тұман қаптап, кең дүниенің
кетеуі кеткен сәтте, қарға адым жерді көре алмайды
екенсің, бағдарыңнан адасып, бас ауған жаққа кетеді
екенсің. Өзің ғана қаңғырсаң бір сәрі еді, алдыңда айдап

жүрген қойың да үйірінен адасып алды-алдына кетіп,
көрші ауылдың қойларына қосылып, содан әрі бірден-
бірге қыдырыстап, ең соңында ұшты-күйді жоғалып
тынады екен. Сонымен қоса, дәл осындай орайдан

пайдаланып ортадан кеп тиетін қасқыр деген пәле бар.
Ол келсе бітті, екі көзі қанталап ештеңені көрмейді де,
кез келген қойды тамақтап, қанын судай ағызып кете
береді екен. Былай қарасаң, қойға бәрі де өш сияқты,

егер, жайған қойың өзіңе тиесілі меншікті өрістен өтіп
басқа біреудің жеріне кіріп кететін болса, айықпас
пәлеге қалдым дей бер. Қаймана біреуден қарадай
боқтық естисің. Ал, аспан шайдай ашылып, күн қызған

кезде, аяғы базданып болмаса өзге дене мүшелерін тас
тіліп, сол жеріне шыбын тышып құрттап кетсе оны дер
кезінде емдемесең, жаны қиналған қой көлеңке іздеп
үйірінен бөлініп жалғыз қаңғырып жоғалады, одан

қалса ұрыға жем болады.
Содан бір күні алдымдағы айдап жүрген қойымды
өріске тастадым да, бой тасалап қашып жоғалдым...
Үшінші рет, қала жағалап таусылып бітпейтін дала

азабынан құтылсам деп армандадым. Соның жебеуімен
өзім тұрған қала орталығына келіп, істемеген ісім
қалмады. Бірақ, бәрінен қуаланды боп шықтым. Өйткені,
мен мойныма алған әрқандай істі шынымды айтсам

ұқсатып істей алмадым. Еп, икем дегеніңізден жұрнақ
жоқ. Әр күні таңертеңнен кеш батқанша көз алдымдағы
жұмысқа бар пейілімді аударып, қанша жақсы істесем
де әйтеу қалай екен, қожайыныма жақпадым. Ол

маған жанды жегідей жейтін жаман сөздерін айтып,

намысыма тиеді. Оған менің жүйкем қозып, қарсы
шабуылға өтем. Жиып айтқанда, бір ғана кемшілігім, не
жұмыс істесем де, ол жайлы ақпаратты былай қойып,
керек десеңіз бейімімнің жоқтығынан, ұқсатып істей

алмай біреуінен бір ай, енді біреуінен жарым ай деген
де шарасыз қуылып отырдым. Көп санды қожайындар
«сынықтан сылтау» тауып, еңбекақымды берген жоқ.
Мен де қузап кетпедім. Тіпті, алдына барып сұраудың

өзін намыс санадым. Бір есептен қалаға барып қанша
құлшыныс жасап елге жалданып істегеніңмен, тұрақты
кіріс көзі болмаса, тапқан-таянғаның біріне тартсаң
біріне жетпей, әбден ығыр етеді екен.

Төртінші рет қоғамдағы нашар жастарға ілесіп,
қырдан
келгендерді
айналсоқтап

суыққолдылық
істедім. Әсілі, бір рет істеп қажетімнен шықсам
болды, содан кейін істемеймін деп іштей өзіме-өзім
серт берген болатынмын. Сөйтсем, қайдан?! Бір-екі

рет дәмін татып алған соң қандай қиянат болса да қой
десе де қойғың келмейді екен. Шынын айтайын, сол
кезде, маған жанның рақаты, өмірдың қызығы нақ сол
суыққолдылықта тұрғандай сезілді. Мұның соңы төбем

жерге шаншылып, екі аяғым көкке қарап, түрменің
төрінен бірақ шығарды.
Ал содан кейін кезінде қыр-қыстақ десе қыртысым
сүймейтін, екі күннің бірінде қалаға қашатын мен

байқұс сонау бауырында төрт түлігі мыңғырып, басын
бұлт шалған ақбас шыңды кең жайлау төсін әрі сондағы
өткен өмір жолдарымды сағына еске алып кемсеңдеп
қатты жыладым. Рулы ел, ұялы теректі аңсадым.

Туған жердің торқалы топырағына бауырымды төсеп,
екпеттеп жатып алып, қаннен-қаперсіз қорылдап
ұйықтағым келді. Әлқисса, еркін жүрген кезіңді еске
түсіріп ебелек қақтырған аядай ғана тас қараңғы

түрмеден таңның атып, күннің батқанын білмейсің. Тек
тезірек құтылып теңдік алуды ғана ойлайсың... Бірақ,
өзіңді-өзің орға итеріп өзегің күйіп отырған соң кімге
барып дау айтасың. Сабырлық көрсетіп сағат, минутын

тоспасаң, сары уайыммен, іс бітпейді екен. Мен сонда
барып ел айтса айтқандай нағыз «нақұрыс» екенімді
аңғардым.
Ақыры түрлі-түсті ресми аттарымды толық өтеп

түрмеден босап шыққаннан кейін ауылыма барсам, ол
жердегі құрбы-құрдас, дос-жарандарым бұрынғыдай
бауырына ала қоймады. Қайта, жат өлкеден келіп жаңа
таныс болып отырғандай, бір пәлесі жұғып кетеді дей

ме екен, жоқ өзіме солай сезіле ме, әйтеу суық раймен
сәлемдесетін болды. Бұл менің рухани дүниеме ауыр
соққы болып тиді.
Бесінші рет, ауылды тастап Үрімжіге барып,

алдамкөстердің шырғасына түсіп, жанымнан айырыла
жаздадым. «Бақадай шулап, қазандай қайнаған»
алып қалада «а» дегенде, екі қолға бір жұмыс таба
алмай, қалтамдағы барымды аужал етіп, бір мезет бос

жүрдім. Бір-екі жерге барып жұмыс істеп едім, белгілі
сылтаулармен еңбекақымды ала алмай, екі қолымды
мұрныма тығып, шұнтиып шыға келдім. Бірақ, қайдан
сап ете түскенін білмедім, сақ құлағым осы жерде

«бүйрек» саудагерлері бар, бір бүйрек отыз мың
сом екен деген қауесетті шалып қалды. Алғашында
тіксіндім. Кейін ішкерлеп ұғыса келе, егер, екі бүйрек
те сау болса, бір бүйректі алып тастаса да, ештеңе

етпейді дегенді естідім. «Ой, бұл жақсы әрекет екен,
бір бүйрегім аман болса, әлі талай қажетін көрермін»
деп тошыладым да, ақшаның айы өтіп жүрген мен
ерікті түрде мақұл болып, екі бүйрегімнің біреуін

алдырып, орны толмас өкінішке қалдым. Тым құрыса
оның ақысын да ала алмадым. Алаң-ашық жұпыны
емханада есім-екеу, түсім-төртеу болып жатқан кезімде,
алдамкөстер әлдеқашан табанын жалтыратыпты. Еңсем

түсіп, ауылға қайтып келдім. Бұрынғыдай күй жоқ.
Денеге пышақ тиген соң қанша сап-сау жүргеніңмен
дерексіз аурулардың дертінен бәрібір айыға алмайды
екенсің. Амал қанша?! Іс өткен соң қайта орнына келе

ме? Бәрі де бекер дүние. Содан әрі ойлап, бері ойлап

өзім істеген істі өз мойныммен көтеріп, у жеген иттей
болып, ұнжырғам түсті. Шынын айтқанда, жарық
дүниеден мүлде көңілім қалды. Қатты торықтым. Бірақ,
жан тәтті, тірліктен табаның тайғанша, өлместің күнін

көруге құлшынады екенсің...
* * * *
Бір жолы қоңыр күздің орта шенінде белгілі бір жұмыс
бабымен сонау қырдағы үйден аудан орталығына жол

алдым. Бетке алған жұмысым сол күні сәті түсіп, бітпей
қалды. Ауданда жақын туысымның үйі бар болатын.
Сол үйге барып құдайы қонақ болуға тура келді. Барсам
туыстар толығымен үйінде екен. Отағасы мені көре

салып, жылы жүз танытып, жадырай амандасты. Мен
де іштей ұнжырғам түсіп ойсырап жүрсем де, онымды
сыртқа сездірмей, құшақ жая қауқылдай амандастым.
Есіктің іш жағындағы тоқымдай ғана төсеніштің үстінде

бір мұнша аяқ киім ерсілі-қарсылы айқасып жатыр.
Алғаш үйге кіргенде, аралықтағы жүрер жол мен анау
әрірек іргелес салынған шағын бір ауыз үйдің сыртқы
есігінің болар-болмас ашық тұрғанын байқадым. Іш

жақтан әлдебір әйел адамның самбырлап сөйлеген сөзі
мен және біреудің кеудесі сырылдап екі өкпесін қағып
ентіге тіл қатқаны естіліп тұрды. Мен енді үй иесінің
бұйыруымен сол үйге қарай беттедім. Бұл кезде бесін

ауып, күн ұясына кіруге аз қалған. Басқа бөлмелерді
қою көлеңке тұтас тұмшалап алғанымен, ал, мына
бөлменің терезесі батысқа қарағандықтан, үй іші ала
кеуім екен, мен кіріп бардым да аңырып тұрып қалдым.

Көзіме жын ба? Албасты ма? Әлдебірдеме елестеп
кетті. Қарсы алдымда астына бір қабат көрпе, үстіне
жұқа көрпеше жамылып бет-аузын көлкілдеп ісік керіп,
шолтиған бұрымы бір-біріне киіздей тұтасып, маңдай

шашы қобырап, шалқасынан түсіп егделеу бір әйел
жатыр. Кеудесі өкпесі кеткен кәрі қойдай сырылдап
сәт сайын «тық-тық» жөтеледі. Әлгінде, оның жанында

самбырлап сөйлеп тұрған өзінің қызы болса керек, мені
көре сала аузын жыбырлатып жай амандасты да, мұнда
көп тұрмай сыртқа шығып кетті. Науқас кісі мынау
жанына батқан ауыруды әдеттегі іс ретінде көретін

сыңайлы, тіпті, елеп-ескеретін түрі жоқ, екі көзі оттай
жанып маған үңіле қарады.

– Қалай сәлеметсің бе әке. Ауыл-аймақ, үй іші тегіс

аман ба? Ә, қай туғансың?!
Мен бастапта болар-болмас жыбырлаған ерніме,
қоңыр дауысымды қосып осындағы үй иесіне жақын
туыс болатынымды айтып салмақтана жауап бердім.

– Е, қарғам. Жөн, жөн!

Ол кісі кеудесі сырылдап үні бірде күшейіп, бірде
ішіне қарай тартып қиналып сөйлеп жатыр. Енді
байқадым, әлгінде, қызының самбырлап сөйлеген
себебі, шешесінің үстіне аржақ шетінде илектеніп

жатқан жүн көрпені жауып қояйын, мұздап қалма десе,
оған бұл кісі ұнамаған тәрізді, содан екеуінің арасында
аз кикілжің пайда болып, мен келген кезде аяқсыз қалған
көрінеді. Бұл кісінің аты – Әлима екен, жарықтықты

ауру меңдеп жүйкесін жұқартса да, анау от шашқан қос
жанарынан қиналып, қыры кетіп отырған ешқандай
бейнені аңғара алмайсың. Өмірге деген оттай ыстық
махаббаты ауру азабына оңай-оспақ алдыратын емес,

кеудесі сырылдап үні ішіне түсіп, әлсін-әлі «тық-тық»
жөтеліп қойып, маған кәдімгі сау адамдай жай-жадыра
сөйлейді...
Анда-санда көкірегін қақ айыра терең тыныстап

қояды. Мен арқамды артымдағы суық тамға сүйеп, оның
бер жағына келіп жайғастым. Ол бір шақта шалқалап
жатқан жерінен басын жастықтан жұлып алып, кеудесін
көтеріп, тік отырды. Ең соңғы күн сәулесі сонау шалғай

көкжиектен өлеусірей көзге шалынып, дарқан даланы
тастай қараңғы түнектеу алдында тұр. Әлима сол жақ
қырына таяу қабырғаға жандап салынған тастай суық
парды қос қолымен қапсыра ұстады да, күннің көзден

тасаланып батып бара жатқан ең соңғы сәулесіне

телміре көз тастап, әлі де бірдемелерін айтып күбірлеп
кетті.
”Е,.. Әрі мейірімді, әрі рақымды жаратушы ием. Осы
уақытқа дейін мен жазған не көрмедім, бәрін көрдім.

Бірақ, оған бола кейіп, от алып қопаға түспеймін. Қайта
өткен өміріме үлкен ризалықпен қараймын. Өйткені,
сен Алла маған төрт ұл, екі қыз бердің. Оны бағып-
қағып адам қатарына қостым. Үш қызымды ұзатып,

бір ұлымды аяқтандырдым. Биыл елу жетіге шықтым.
Ей, Алла мейірің шүлен, шапағатың шексіз емес пе
еді. Мендей мүсәпір пендеңнің болмашы бұйымтайын
қабылдап, тым құрыса үш жыл тірі қойсаң болмай ма?

Анау артымда қалып бара жатқан бір ұл, бір қызымды
аяқтандырып армансыз өтейін. “Осыдан кейін Әлима
шешейдің үні ішіне түсіп басын шайқап, солғындап
өшуге таяған күннің ең соңғы сәулесіне қарап үнсіз

қалды. Мен соншама әсерленіп кеттім. Содан шам
жағып қарап едім, Әлима шешей терезе жақтауының
астындағы пар жиегін қос қолымен қапсыра ұстап,
көрпешені белінен төмен оранып алып, екі көзінен

жас бұршақтап, тізерлеп жылап отыр екен. Оны көріп
менің де көңілім босап, көзіме ыстық жас үйірілді.
Енді байқадым, әлгінде, көрпешені тегін жамылып
отырмапты...

Ұзақ жыл аурумен алпарысып, ем іздеп, бармаған
жер, баспаған тауы қалмапты. Алғашында халық
арасынан шыққан қара емшілерге барса, біресе,
сауыққандай болып, біресе, қайта ауыра қалып дел-

сал күйде жүріпті. Содан өкімет қарастылығындағы
емханаларды жағалап, айлап-жылдап жатыпты. Олар
асқынып, әбден шегіне жеткен науқасты түбегейлі үзіп,
кете алмаса да, уақытша тоқтату үшін батысша түрлі-

түсті укол-дәрілерді парықсыз істеткендіктен, күн өте
келе ет пен терінің арасына көлкілдеп сарысу жинала
бастапты. Әсіресе, қимылдаған сайын белінен төмен
сан етінің сыртына мөлдіреп-мөлдіреп сарысу тепшіп

шығатын болыпты. Мен ол кісінің осы әңгімелерін

естіген соң бір жағынан, әсерленсем, енді бір жағынан,
бойыма
иман
үйіріп

қатты
шошыдым.
Соның
салдарынан ба? Әлима шешейден көзімді алмай,

ұзақ уақыт үнсіз отырып қалыппын. Ол кісі бір кезде:
«е,... балам. «ұлы сөзде ұяттық жоқ» басыңа түскен
соң бәріне көнеді екенсің. Мен қазір белімнен төмен
жалаңаштанып, мөлдір, жұқа қалтаға түсіп, оранып

отырмын. Далаға барып келейін. Сыртқа шыға тұрасың
ба, қарақ» деді. Мен дереу орнымнан тұрдым да, сыртқа
шыға жөнелдім. Соның арасынша, қызы сырттан аңдып
тұрса керек, сып етіп ішке кіріп кетіп еді, аржағынан

Әлима шешейдің: ей, көргенсіз неме! Мені соншалық
мүсәпір санап отырсың ба? Ішкі құрлысым іріп тұрса
да, екі аяқ, екі қолым сау, өзім орнымнан тұра алам.
Шық ұйден, ұятсыз!» - деп қырылдай сөйлеген өктем

дауысын естідім. Қыз екі көзінен жас сорғалап сыртқа
шықты. Отағасы оған: «Қайтесің? Ол екі дүниенің
ортасында отырған ауру адам. Сөзін көңіліңе алма!
Үндемей жүре бер» деп бәсең үнмен басу айтты. Сәл

тұрып қарсыдағы үйден екі аяғын сүйрете басып Әлима
шешейдің қарасы көрінді. Қылтадан төмен түсіп тұрған
қоңыр көйлегі, жейдесінің сыртынан киген қара көк
кәзекейі, ақ сұр байпағы оны кезінде бет біткеннің

сұлуы әрі айырықша кербез, айбынды жан болғандығын
айнытпай танытып тұр.
Мен – Әлима шешей әжетханаға, қыз ішкі үйге
кіріп кеткен аралықта отағасыдан бұл адамның өздеріне

қандай жақындығы барын, неғып осынша ауру басты
боп кеткенін сұрадым. Отағасы аузын құлағыма таяу
әкеліп сыбырлай сөйлеп, оның әйеліне жақын жеңге
болатынын, бүгін облыстық достық доғдырханадан

шығып, таудағы үйлеріне жете алмай, ат басын осы
жерге тірегенін айтты. Мен одан әрі қузай түсіп: «сонда
бұл адам не науқас» деп едім. Отағасы тағы да бәсең
үнмен: «негізгі орында тұратыны, өкпе түберкүлезі.

Ал, қосымша ауруларынан салмақтысы, бауыр қатаю.
Дәрігерлер бүгін таңертең емдеу өнім бермегендіктен,

доғдырханадан шығарып тастапты» деді.
Әлима шешей жүрген тұрған кезде, белінің жел
толтырғандай бунақталып тырсиып тұрғанын көрдім.
Кейін ұқтым, ол беліне жиналып қалған сарысу екен.

Қыз ішкі үйге кіріп, ол кісінің әлгінде белінен төмен
киіп отырған мөлдір қалтасын бері алып шыққанда
байқадым. Түбіне үш елідей қалың сарысу жиналып
қалыпты. Қыз қалтаның ішіндегі сар суды көтерген

беті сыртқа апарып төгіп тастап, Әлима шешей
дәрет сындырып болғанға дейінгі аралықта үйге
қайта алып кірді. Отағасы Әлима шешейге қалтаны
қымтанбай жай отыра беруді айтса да, жарықтық оған

ұнамапты. Айтарға болмаса, көз алдыда жалпылдап
құрақ ұшқанымен, бұл үйдегі отағасының әйелі де
өте кірпияз, кінәмшіл жан болатын. Әлима шешейдің
көзінше күйеуін жақтап: «ойбай оныңыз не? ештеңе

етпейді. Солиау қалтаны алып тастап, көрпе жамылып
жай отыра беріңіз» деп қанша езу тартқанымен, сырт
айналып кеткен соң: «и жерге кіргір-ай. Қашан болса да
осы біреу сал бөкседен көрдім-ау. Қайран көрпем бекер

былғанатын болды» деп өз-өзінен күйіп-пісатін.
Сол күні мен Әлима шешей жатқан үйде қондым.
Отағасының жұбайы сырттай сыр бермесе де, бірақ, көз
жанары мен оқыс қимылынан маған да нелеу қарайтыны

ап-айқын білініп тұратын. Әйтсе де, бұл арадан кетейін
десем біріншіден – қалтам жұқа, екіншіден – мынадай
жеті қараңғы түнде тіміскілеп қайда барам. Міне, осы
екі түйінді негізге алып, беттің арын белбеуге түйіп,

ештеме сезбеген жандай жай-жадыра отыра бердім.
Әлима шешейдің қызы бір досының үйіне барып
қонатын болып сыртқа кетті. Сол күні Әлима шешей
мен жатқан үйде арқасын артындағы биік жастыққа

сүйеп, кеудесі самаурындай сырылдап, әлсін-әлі «тық-
тық» жөтеліп қойып, түннің бір уағына дейін әңгіме
айтты:
”Е,... Жаратқан иеден айналайын. Неғылса да

өзіне жөн. Жастық шақ албырт, алаңғасар келеді. Көп

жағдайда келер-кетерді, ойламайды. Менде сол жастық
шақтың кесірінен бір үлкен қателікке жол аштым. Соған
әліге дейін өкінем. Ұһ, қу жаным-ай... “аралықта, кеудесі
сырылдап «тық-тық» жөтеліп, сыбырлай сөйлеп отыр.

”ол не десең, кезінде озат оқығам мектепті. Қай сабақ
болса да қиын мәселе келгенде қарап отырмайтынмын.
Қалауын тауып, қидай сыпыратынмын. Бірақ, сол кезде,
менде бір алдың-гүлдің әдет бар еді. Біреу жаман айтып

жатыр ма, жақсы айтып жатыр ма, арғы мәнін екшеп
ойға салмайтынмын. Ұһ, қу жаным-ай, қай жерде той-
тамаша десе, сол жерге қаншалық алыс-жақындығына
қарамай, бірнеше қыз бас қосып, сөз жоқ қатысатынбыз.

Содан бір тамашада мен ең алғашқы жігітіммен танысып
қалдым. Қарасам жігітің қайсы десе, мынау дейтіндей
бір болған жігіт екен. Көрген жерден көңілімді бұрып
соншалық ынтықтыра түсті. Өзім де өлең, ән десе ішкен

асымды жерге қоятынмын. Бір тәуірі, ол жігіт те әнші,
домбырашы сал-серінің дәп өзі екен. Бірнеше қыз оны
қаумалап орталарына алыпты. Оларды көргенде, құдай-
ау, қарадай қызғанышым қозды әлгілерге. Бір кезде, ол

жанындағы қыздардың бәрін шетке қағып тастап, тақ
менің қасыма келіп отырмасы бар ма?.. Төтесін айтқанда,
сол отырыстың өзінде-ақ бірімізді-біріміз тура көріп,
өмірлікке серттестік... Арада ай өтпей оқуды жайына

қалдырып, сол жігіттің етегінен ұстап бір түнде қашып
жоғалдым... оның соңы үлкен дауға соғып, төркінімді
бір жарым жыл дегенде зорға көрдім... Бастапта, ол
жігітті киім киісіне, сөз сөйлесіне қарап мәдениетті,

салауатты адам деп жүріппін. Сөйтсем қайдан, анау
үстіндегі жарқыраған киімі, мінген аты, таққан сағаты,
әйтеу жібі түзу нәрселерінің бәрі де өзінікі емес, өзгенікі
болып шықты. Ол мені ауылына апарып апта өтпей

әлгі жібі түзу нәрселердің иесі тұс-тұстан келіп күле
кіріп, күңіреніп шығып жатты. Мейлі, дүниесі құрсын
деші! Оны тізе қосып, тең құлшынсақ, құрап алуға
болатын еді. Адамды ашындыратыны, ол біріншіден,

асқан арақкеш болса, екіншіден, жұмыс десе кежегесі

кері тартып, «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен»
жүретін барып тұрған әккі, жалқау екен... Ал, ананы
әйтейік, мынаны бүйтейік деп ақыл қоссаң, сен мені
адам қатарында көрмедің. Маған әйел басыңмен ақыл

айтуға дейін бардың ба? Айтып қояйын, мына үйдің
иесі мен. Бұдан былай мен не десем сен соған көнесің.
Амалың жоқ» деп кеудесін «дұңк-дұңк» ұрады. Онсызда
өзегімді от қарып, иә, құдай алмай, иә, жылай алмай өң

мен түстің арасында жүргенде, мына сөзді естіп, қаным
қозып басыма шығады. Шамам жетсе де, жетпесе де
қарсылық көрсетем. Ол одан әрі өршіп қолына не түссе
сонымен ұрып талай рет есімнен тандырды. Амал не?

Өлейін десең жан тәтті, өлмейін десең көрген күнің
мынау. Қойшы әйтеу, екеуміз әйтіп, бүйтіп жүріп, екі
жылдай отастық та, ақырында жұлдызымыз жараспай
ажырасып тындық. Арамызда бір ұл бар еді, оны сол

қайын жұрт алып қалды. Мен бір жағы, бауыр етім
баламды өзіммен бірге әкете алмағаныма өкінсем, енді
бір жағы, адам қадірін білмейтін имансыз нақұрыстан
басымды арашалап бостандыққа шыққаныма қуандым,

содан, соқа басымды көтеріп, төркініме келдім... Мұнда
келіп, төрт жылға таяу салт отырдым да, содан қазіргі
шалыма кездесіп, екінші рет некелі болдым. Ол да мен
секілді алғашқы некесі сәтсіздікке ұшырап, тұмсығы

тасқа тигеннің бірі екен. Одан алты қыз, екі ұл көрдім.
Шынын айтқанда, екеуміз біріміздің қадірімізге біріміз
жеткен бақытты жұбайлардан болдық. Е,... қарғам,
бұда болса Алланың бергені... Бірақ, отыздан өте

бере тыныс жолына қатты суық тиіп, оны салғырттық
істеп асқындырып алып, өкпе ауыруына ұласып, енді
соның әлегімен күні бүгінге дейін алпарысып келемін.
Балаларымды ауырып жүріп көтердім, ауырып жүріп

әлпештеп адам қатарына қостым. Әйтеу, жаман
шалымның арқасында «қалт-құлт» етіп, ел қатары
жасап жүрмін. Енді қаншалық су ішерлігім бар, бір
құдай біледі!? Алладан тілейтінім, балалардың бағына,

әрі олар қашанғы аяқтанып өз-өзіне келіп алғанша шал

аман болсын! Ұһ, қу жаным-ай! Қызыма тұрмысқа
шық, тірі тұрғанда қызығыңды көріп кетейін десем,
ол мен жатжұрттық болсам, сізге мендей күйініп кім
қарайды. Енді ештеңені уайымдамай тезірек сауығуға

тырысыңыз!, - дейді. “Әлима шешей сөзін айтып,
осы араға келгенде, көңілі босап, көзіне ыстық жас
алып, аз-кем отырды да, қайта жақ қырысын ашты”:
Кейде осы қызымның маған деген балалық пәк көңілі

үшін Алладан медет тілеп және де жасағым келеді.
Әйтеу бәрі де үміт дүниесі. Ал ұлыма үйлен десем,
ол алдымен шоферлік үйреніп, кінешке алып алайын,
содан соң үйленем. Әйтпесе жан баға алмай қалам

дейді, оған әкесі: «шешеңнің мына түрін көріп тұрып,
бұл неғылған қысасың» деп қарсы шығып талай рет
қамшының астына алды. Бірақ, балам айтқан сөзінен
қайтпады. Содан әрі ойлап, бері ойлап балаларым менің

кесірімнен амалсыз оқудан қол үзіп бір малдың артынан
кетті, енді бірі болмаса, бірі ел қатарлы оқып білім
алсын, - деп, шалға доғдырға көрінем деп екі-үш ту биені
сатқызып соның үштен екі бөлегін әкесіне сездірмей,

кенже ұлымның қолына ұстаттым. Ол қазір шоферлік
оқып жатыр. Ұл қанша айтқанмен ер бала ғой, біреуге
барып жалға тұрса да жанын бағар. Ал, мынау байқұс
қызымның тағдыры кенет көзім жұмылып кетсе не

болар деп кейде, күндіз күлкім, түнде, ұйқым келмейді.
Сол себепті, ол бар кезде, өзімнің ойсоқты қалпымды
көрсетпей қашан да сергек, рухты болуға тырысам. Егер
ажалым жетіп Алланың аманатын тапсырып жатсам,

ол менің тірлігімдегі қайсар бейнемнен үлгі алып,
жабыққан, жалғызсыраған сәтте керегіне жаратсын деп
ойлаймын! “Әлима шешей сөзін айтып келе жатып,
кенет шорт тоқтай қалды да, маған үдірейе қарады.

– Бағанадан әңгімемен болып сенен сөз сұрамаппын

- деді әлдене есіне түсе кеткендей - айтпақшы, өзің

үйлендің бе? Қанша балаң бар?
Маған мына сұрақ өте ауыр тиді. Өйткені, үйленіп
ажырасып кеткем, бір балам бар дейін десем, оған арым

аттап бастырмады. Ал айтпайын десем оның орны жоқ.
Содан, екі ұдай күй кешіп, аз-кем отырып қаппын.

– Е, үнің шықпай қалды ғой. Соған қарағанда, әйел

алып шығарғанның бірісің бе? Не өзі? - деді Әлима
шешей ойлы жүзбен сұрау тастай тіл қатып.
Мен сасқалақтағаннан: «жо, жоқ, үйленбедім. Салт
бас, сабау қамшылымын» дедім келте жауап қайтарып.

Ол кісі: - не дейді құдай.. - деп ортадан қиіп әкетті -
осы кезге дейін үйленбей жүрсең сұмдық қой, күнім-оу.
Мен одан әрі қысылдым.
Ақыры қолдың қысқалығын көлденең тартып,

Әлима шешейдің сұрауынан әрең құтылдым. Ол кісі
бұл жауапқа мойынсал болған сияқты:

– Е,... Қарғам-ай - деді дауысын сөза терең

тыныстап, «тық-тық» жөтеліп қойып - осы күнде
қалыңмал деген бір пәле шығып талай жастың сорына
қалып жүр ғой. Ештеңе етпейді, атамыз қазақ: «күл
тасыған кұңге де ылайықты қалың бар» дейді ғой. Сол

айтқандай, бір бұйырғаны бар. Адамға өмірге келіп ес
жиып, етек жапқан соң бас құрап, бала сүю - парыз. Бұл
дүниеде, жалғыз жүріп, жайдан-жай қиял сүргеннен
гөрі, жаны сұлу жақсы жарыңның қасында ертеңгі

ұрпақтың қамын ойлап соның отымен кіріп, суынан
шығу әлдеқайда ұтымды, біле білсең нағыз бақыт содан
өтпейді балам. Енді бүйтіп жүре бермей басыңды құра,
бауырыңа қазан ас - деді өз алдына сөйлеп отырып.

Мен Әлима шешейдің мына сөздерін естіп көптеген
ойға кеттім. Бұрынғыдай сары уайымға салынып жүре
бермеуді, бір кезде, өкініш теңізіне ағып кеткен үміт-
сенімімді іздеп тауып қайтадан атқа қонуды ойлап,

өзіме-өзім іштей серт бердім.
Әлима шешей оны-мұныдан әңгіме қозғап
отырып, бір кезде: «Е,... Бағанадан сырымды айтам
деп, шынымды айтып әбден оттадым-ау. Оның үстіне,

ұйқыңды қашырып, мазаңды да алып қойдым» - деді.
Мен: «оқасы жоқ, әңгімеңіз жақсы екен және де жалғай
түсіңіз» дедім.

Ол кісі: «е, қарақ, мен не жетіскеннен әңгіме айтады
ғой дейсің. Қазір ұйқы қашты. Оған қу жөтел қосылып
екеуінің құдайы жасады ғой», - деді. Мен ол кісінің
әңгімесін тыңдап жатып қай уақ екенін білмеймін, бір

кезде тәтті ұйқыға кетіппін. Ертесі орнымнан тұрсам
Әлима шешей арқасын артындағы биік жастыққа
сүйеп баяғысынша «тық-тық» жөтеліп қойып, үнсіз
отыр екен. Менің оянғанымды көріп: «Қалай қарақ.

Жақсы жатып жайлы тұрдың ба? Ұйқы қанды ма?» -
деді жадырай тіл қатып.
Мен басымды көтеріп: «шүкірлік, түнде сіздің
әңгімеңізді тыңдап жатып ұйықтап қаппын», - дедім.

Ол кісі: «мен түнде әңгіме айтып отырып саған қарасам,
шырт ұйқыға кетіпсің. Содан тынышыңды алмайын, -
деп жөтелімді бәсейтіп, үнсіз отырдым», - деді.
* * * *

Мен сол күні бетке алған жұмысымды табысты
орындап, қас қарая қырдағы үйге жеттім. Одан бері
де жарым айдай уақыт өтіпті. Ал, бүгін кезінде маған
айырықша әсер еткен Әлима шешей туралы қаралы

хабарды естіп, көңілім босап, көзіме ыстық жас үйірілді.
Маған бұл хабарды өткенде аудан орталығына барып,
құдайы қонақ боп қайтқан үй иесі жеткізді. Ол бүгін
бізге қосқан малын көріп, кейбір қажет деп тапқан керек-

жарағын ала келіпті. Мен ол кісіден аман-сәлемнен
соң Әлима шешейді сұрап едім, берген жауабы дәм-
тұзы таусылып, дүниеден өткен хабары болды Оның
айтысына қарағанда, Әлима шешей таудағы үйіне

барған соң, қашанғы дүниеден өткенше ешкімге иек
сүйемей, әжетханаға өз аяғымен барып, кеп жүріпті.
Ең соңғы рет бойынан қуат кетіп шамасы құрып тұрған
кезде де, қызы қолтықтап далаға апарып келейін десе

оған көнбей баяғы бір мойын қырыс әдетіне басып өзі
жүріпті. Бұл жолы бұрынғыдай емес, қол-аяғы дірілдеп
тепе-теңдігінен айырылып екі жағына кезек-кезек
теңселе беріпті, оған қоса, әнеугүні сан етіндегі тері

қабатын тесіп шыққан сарысу тақа таусылып, оның
орнынан мөлтілдеп қызыл қан көрініпті. Жарықтық
соңғы рет бар қайратын бойына жиып тісін-тісіне
басып әжетханаға әне-міне жете бергенде, етбетінен

жығылып түсіпті, содан бала-шағалары ұлардай шулап
жан-жақтан қаумалай көтеріп, үйге әкелгенше ұрпақ
деп соққан ұлы жүрегі мәңгілік тоқтап, әлдеқашан
барсакелмеске кетіпті...

Мен Әлима шешейдің өмірінің соңында да қанша
қиындық көрсе де, тағдырға бас имей қайсар да, сергек
қалпымен бақилық болғанын естіп, қатты әсерлендім.
Әрі өткенде маған айтқан аналық ақыл-кеңесін еске

сақтау үшін қолыма қалам ұстап, осы бір шағын естемені
жаздым. Мен осы күнге дейін кезегін күткен маңызды
шаруаларымды айтқанымда тұрып, абыроймен орын­
дай алмаппын, керісінше, тамырсыз түйе қарын секілді

«қонарымды сай, ұшарымды жел» билеп, бірде олай,
бірде былай бұлтарып, ала құйындық істеп, ерігіп
жүріппін. Әуелі, жарға сүйеу, балаға әке болудай тарихи
азаматтық борышымды да толық ада етпей бес күндік

жалғанның баянсыз қызығына беріліп, өз отымды
өзім өшіріппін. Мен бұл естемені жазып отырып,
өзімнің өткен өмір жолдарымды қайта бір көз алдыма
елестетіп, мынадай мол кемшіліктерімді байқадым.

Бұрын тіл мен жағыма сүйеніп, қанша ақылмандық
көрсеткеніммен, бірақ, азаматтық іс-әрекетім соған
сай болмапты. Ақыры Әлима шешейдің ұрпақ қамын
өзінен биік қоятын қажырлылығы мен қайырымдылығы

жайлы туынды жазайын деп талай жыл ұстамай кеткен
қаламымды қайтадан қолыма алдым. Мен бұл естемені
мерзімді басылымдарға жолдап, атымды шығару ойым
жоқ, тек әр рет ұнжырғам түсіп, өз-өзімнен қамыққан

сәттерде, оңашада оқып бойыма қуат, ойыма ой қоссам
деп осылай істедім. Мен – десе дегендей нақұрыс
екенмін!
22 - 3 - 2014

ақтық Өсиет
(тұрмыс-салттық әңгіме)

Мен бұл әңгімемді қажымас рухты,
қайсар тұлғалы, аға оқытушы, француз
тілінің білгір маманы, Қазақстанның әйгілі
жазушысы,

өнердегі
ұстазым
Жанат
Ахмадидің жұбайы - ардақты жеңгем

Роза Жапарқызы Оразалиноваға ыстық
ілтипатпен арнаймын

Мен күндегі әдетім бойынша, арнасын керген
лай толқынды өзенге түсіп, не болмаса, басқадай бір
қатерге ұшырап қалмау үшін енесінен бөліп алған жас
төлдерді (кілең қозыларды) үй артындағы аласа жотаға

жамыратып жібердім де, гүл тере бастадым. Жер астына
жылу жүріп, ақшулан бу көкке көтеріліп, қара топырағы
көрініп, батыстан шығысқа қарай қосылып жатқан
күнгей бетте көк гүлдер көз жауын алып андыздап

өсе бастаған. Бүгін қалай екен, жан дүниемді бір түрлі
көңілділік билеп сол гүлдерді әр жерден тентіреп іздеп
жүріп, уысым толғанша теріп алдым да, үй қайдасың
деп тартып бердім.

Қыс бойы байтақ даланы қапсыра құшақтап шырт
ұйқыда жатқан қасат қар көктем лебі біліне бастағанда-
ақ күміс күннің күшті нұрына бет келе алмай табиғат
дүниесінен тайып тұруға мәжбүр болды. Қарсы

алдымыздағы жіңішке өзекте шағын өзенше құлдырап
ағып жататын. Қыс күндері бетін қымтаған қалың мұз
көктем шыға «гүрт-гүрт» опырып, алақандай арнаны
арпатлысқан сеңге толтыратын. Кей жерде, қабағы

салбырап өзенге қарай ұмсынып тұрған жар жиегі қар
суымен езіліп дөңбекшіп аққан лай толқынға «шалп-
шалп» түсетін.

Мен өкшем-өкшеме тимей, есік алдына ентіге
жеткенімде, үйдің шығыс жақ қырымен жапсарлас
салынған жартылай ашық қой қораның аузынан қи
көтеріп шығып келе жатқан Мерей ағам мені көре салып:

”Жаңадан бері қи тасыспай қайда жүрдің? Үндемей
қойса қарашы ей өзін, бас ауған жаққа лағып. Кел,
қолғабыс ет, жалғыз өзім жетісе алмай жатырмын!»,

- деді сөзін келте қайырып. Мен сәл ыңғайсызданып

тұрсам да, сыр бермедім, қайта, жалынды бейне
байқатып: ”қозылар арт жақтағы жотада жүр, түп-
түгел“, – дедім қысқа тұжырып.
Ағам дүрсе қоя берді.

– Немене? Өз аяқтарымен жүрген оларды жау алады

ғой деп пе ең? Қашан болса да өстіп жүресің. Бірдеме
десе қозы-лақ сылтау екен ей. Енді өтірік айтып, үй
артына баршы, менен не көреді екенсің. Бол! Неғып
мелшиіп тұрсың?! Тезірек қимылдамасақ, мына қи

бүгін бітетін емес.
Ол осыны айтты да, қолымдағы қурап сола бастаған
көк гүлдерді көріп: ”алдағың не? “деді адырая қарап.
Мен бір септігі тиіп қалар деген оймен мәз бола тіл

қаттым:

– Бұл ма, гүл. Үй артындағы жотадан теріп келдім.

Әйбат екен. Міне, өзің көрші аға, - деп оған қарай қадам
тастадым. Ол қос қолдап көтерген қойдың жас қиын
ептеп жерге қойған соң, алдыма келді де, бойынан
жан кетіп қуырылып шөге бастаған көк гүлдерді көріп

қабағын түйіп зеки бастады:

– Жаңадан шешек атып құлпырып келе жатқан

балауса гүлдерді неғып үзесің. Бұлай істеуге қайтып
дәтің барды. Оданша үзбей-ақ қояйын, қауашақ аша
берсін, Жастай жылатып үзіп алсам обал ғой, – деп
ойламадың ба? Мұнысы несі ей, ә, - деп кейістік

білдірді де, шой алақанын оң жақ бетіме жағып жіберді.
Мен айналаны басыма көтеріп, азынап қоя бердім. Осы
кезде, үй ішінде өз шаруаларымен әбігер жүрген әпекем,
анам, әжем үшеуі азандап жылаған ащы дауысымды

естіп сыртқа қарай тұра ұмтылысқан-ды, ең алдымен
жан ұшыра жеткен анам болды.

– Не жетті құдай, - деді тұла бойы дірілдеп асты-

үстіме түсіп. Мен аузым сөзге келмей, кемсеңдеп жылап
тұрмын. Шешем болған істі Мерей ағамнан толық
ұққан соң, көзімнен аққан ыстық жас тамшыларын
мейірбан алақанымен сыпыра сүртіп, басымнан сипап

басу айтты. Ара-тұра: ”мырза қайным-ау. Жас баланы
жылатып не жетті саған. Аясаң болмас па... Сонша
ұрғанын қара... “деп өз дауын айтып қалады. Ал әпекем
Мерей ағама кейіс пішінмен қарап, шешеме болысып,

менің көз жасымды сүртіп, қобалжыған көңіл-күйімді
сабасына түсіріп әлек.

– Болды, жылама көкем! Ештеңе етпейді. Қазір-ақ

ұмыт боп кетеді. Жас баланы сонша ұрғаны несі? Аяса
болмас па? Ақылын айтып анығына көз жеткізсе, бұда
адам баласы өз қателігін мойындап жаман әдеттен аулақ
болар еді ғой - деп өзінше бұлқан-талқан.

Екеуінің соңынан ақ кимешегінің ұшы желге
желбіреп, қабағын қатпар-қатпар сызықтар торлап,
кеудесі самаурындай сырылдап әжем де жеткен еді.
Келе сала сөзге кірді. Аузы сөзде болғанымен, екі көзі

үлкен уақиғаға мұрындық болған, тентек немересі
менде.

– Сонша жылап не зорлық туды шырақ. Бірдеме боп

қалды екен десемші!
Мен азынап жылап тұрып, болған уақиғаны бастан-
аяқ баяндап бердім.
Әжем қи тасып қарбалас жүрген Мерей ағама

қарап: -әй...й, балам-ай - деді басын шайқай қамыға
тіл қатып - тым ұшқалақсың ғой. Жас баланы қол
жұмсап жылатқанша, жақсы сөзіңді айтып жолына
салсаң мың мәрте бақыт емес пе? Енді келіп.... Әжем

сөз аяғын жұтып аз-кем тұрды да, қайта жақ қырысын
ашты - Сонша ұрама екен баланы. Бұл қазір аузынан
ана сүті кетпеген сәби бала сияқты, мына әрекетінің
қиянат екенін қайдан білсін?! «баланы бастан» деп

тарбие берген жөн. Бірақ, ашумен, ағат басумен, асыра
қол жұмсаумен түзу жолға салам деу, құс ұшпайтын
құмайт даладан су іздегендей қиын іс. Баланың гүл
үзгені шынында қате, ойға келмеген ағаттық. Бірақ, ол

мұны әдейі үзген жоқ. Балалық қиялға салынып, көңілі
лепіріп, қызық көріп үзді. Әйткенмен, қарғамның
гүлге құштар болғанына өз басым қатты қуанып
тұрмын. Өйткені, гүл – сұлулықтың, бейбітшіліктің,

мәңгілік махабаттың, терең сүйіспеншіліктің, биік
адамгершіліктің символы. Гүлге құштар баланың
жүрегінде өлшем бірлігі жетпейтін шексіз кеңдік
жатады, сол кеңдіктің бойында мен айтып өткен жақсы

нышанның барлығы қатар жасап, қатар өркен жаяды.
Бүгін жұма екен. Айтып-айтпай өзің де жаза басқан
жоқсың ба?
Мерей ағам әжемнің мына сөзін естіп, қи көтеріп

бара жатып, үнсіз сілейіп тұрып қалды. Әжем сөзін
бастай жөнелді:

– Бүгін күллі әлемнің жаралып біткен, барша

тіршілік алғаш рет өркен жайған қасиетті мереке
күн. Бұл күні адамдар сыртқа жолаушы жүрмейді,
қан шығармайды, албаты ағаш кеспейді, жұмыс
істемейді, бір жерден бір жерге қоныс аудармайды. Тек

шаш тырнағын алып, тазалығын көріп, жеті шелпек
пісіріп, жеті рулы елді жинап, бір-бірін мәңгі көрмеуге
ант беріп, ат кекілін кесіскен ағайын-туыстарын
шақырып, құтын қашырмас, құшағын ажырамас етіп

нағыз береке-бірлікке ұйыстыратын әрі ата-анасы
жоқ тұлдыр жетімді көптің көмегімен жарылқап,
жығылғанды жебеп, сүрінгенге сүйеу болатын ұлы күн.
Сенің жаңағы әрекетің жаңсақ берілген тәрбие. Адам

алдымен өз мінін пысық игеріп, онан соң барып өзгеге
тәрбие берген жөн. Жақыннан бері тұла бойымды суық
тер басып, жата кетсем кеудем сығылып, жаман түс
көретін, жарым түнде шырт ұйқыдан шошып оянатын

қызық әдет таптым. Шынын айтқанда, жақсы серпіле
алмай келемін. Сендерге сәті түсіп қазір айтып тұрмын.

Бүгін жақын маңдағы көрші-қолаңдарды шақырып,
құдай аруақтарға бағыштап, жеті шелпек пісіріп
кішігірім шай берейік. Аруақтарға Алладан рақым,
пайғамбардан шапағат тілейік. Мерей сен алдағы

жұмысыңды тоқтат. Тілімді алсаң атыңа мін де, осы
өпшередегі көрші-қолаңдарды шақырып кел. Бір адам
қалмасын, бәрі толық келсін! Әнеугүні, алақандай жер
үшін адамдық ардан аттап, бірін-бірі дұшпан санап,

ат кекілін кесіскен Көкиіндегі Айдарқан мен Әбеуді
де бала-шағасымен бірақ шақыр. Егер келмесе, үлкен
басымды кішірейтіп өзім барам, - деп айтты де. Келін
сен Жайна (әпекемді айтады) екеуің дереу іске кірісіп

жеті шелпек пісіріңдар! Алда келе жатқан құрбан
айт меркесіне арнап жүрген жылы-жұмсағыңды осы
шайдан аяма, айт келгенше Алланың берері мол.
Құдай аруақтың, ақ тілеуімен жиналған жұрттың алғыс

батасын алсаң ешқашан жаман болмайсың, қарғам. О,
дүниелік адамдардың аруағы біздің басымызға келетін
әрқандай пәле-қазадан қорғап жүрсін. Мына Айбектің
әкесі жолаушылап кеткеннен әлі келген жоқ, байқайым

«аңшының кешіккенінен дәмет», - деп соны жаңа бет
көріскен құда жақ асты-үстіне түсіп күтіп жатыр-ау -
деді де, шешеме қарап мәз бола күліп қойды.
Шешем әжемнің бұл әзіліне жай езу тартты

да, шүйдесіне қарай сырғып түскен зер жаулығын
маңдайына таман жылжытып байлап, үнсіз үйге
беттеді. Оның соңынан жай аяңдап Жайна да жол алды.
Бір ауылға бас-көз болып, бөлінгенді қосып, берекесі

кеткенді бірлікке шақырып, абыройы асқақтап отырған
ақылгөй әжемнің сөзін кім теріс көрсін!
Үйдегілер әжем айтқан жұмыс бөлісі бойынша,
шұғыл іске кірісті.

– Апа, шын айтыңызшы. Әкем қайда кетіп еді, ана

да кеткеннен әлі келген жоқ. Сонда қашан келеді - дедім
қабағым түсіп, бұртия тіл қатып.
Әжем өрмекшінің ұзын сирағындай барбиған арық
саусақтарымен басымнан еркелете сипап аз тұрды да,

күле тіл қатты:

ـӘкең келеді балам, бүгін жұма. Сол себептен
күн талғап барған үйінде қамсыз жатса керек. Құдай
бұйырса, ертең түс ауа жетіп қалар - деді қой қораның
жанында тұрған жерден қолымнан жетелеп үйге бастап.

Әжем ортаңғы үйге кірді де, таспиығын қолына
ұстап, екі көзін тарс жұмып іштей күбірлеп ұзақ
отырды. Басына киген ақ шылауышы, жасыл түстес
торғын көйлегі, іш жағы қозы терісімен қапталған

қара шибарқыт қазекейі менің көзіме шынында бөлек
көрінді.
Жаратушы иеге жалбарынып болашақ ұрпақтары­
ның өскелең тәрбие көріп елге сыйымды ізгі ниетті

азамат болуын жан-тәнімен тілеп, үнсіз отырған әжем
әудемнен соң орнынан сызыла тұрып, жайнамазын
жиып далаға шықты да, жатын үйде майға нан пісіріп
қарбалас жүрген шешеме: ”келін қышқаш қыздырып

қойшы, күн бата Айбекті ұшықтайын. Оған дейін даяр
тұрсын”, - деді.
Бетіне қызыл қан жүгіріп, дайым жасаңғырап
тұратын аққұба өңі бұрынғыдай емес, темірдей таттанып

тым қатты сұрланып алыпты. Тіпті, жайшылықта оты
сөніп өлеусіреп тұратын анау қой көздері де, бүгін
ерекше жалын атып, жиегі қанталап жаңабір тірліктің
нышанын байқатқандай. Сәскеде іске кіріскен шешем

түс бола, жеті шелпегін пісіріп даяр етті де, Мерей
ағам көршілерді шайға шақырып үлгірді. Міне, алды
келе бастады. Шаңқай түс кезінде шақырылған барлық
көршілер тегіс жиналған соң, дастарқан жайылды.

Құран оқылды. Құраннан соң шай құйылды. Әжем
шай үстінде мына жұрттың неге шақырылғанын
қысқа қайырды да, - бүгін бір аптада бір келетін
қасиетті жұма мерекесі. Сол үшін барлығыңды арнайы

шақырып отырмын. Бұл реткі бас қосу расында тосын
болды. Иә, жаратушы ием, менің үрім-бұтағымды,
ауыл-аймағымды, ұры-қарыдан, жан баласын жақсы
жолдан аздырып жаман әрекеттерге бастайтын әзәзіл

қылықтардан сақтап тұрғайсың. Бүгін мынау немерем

Айбек деп тізесіне шынтақтап жүрелеп отырған мені
басымнан сипай: - үй артындағы жотаның баурайынан
жаңадан қауашақ ашып көктеп келе жатқан бір уыс
балауса гүлдерді үзіп әкепті. Оған кіші ағасы Мерей

қарсы шығып, бір шапалақ тартқан көрінеді. Халқымыз
арасында: - “бір қой егіз туса, бір шөптың басы айыр
шығады” дейтін аталы сөз бар. Көктем барша тірліктің
басталған шағы, ертеңгі өмірдің жалғасы, дыр-думаны.

Бұл дүниеде басы артық жаралған ешнәрсе жоқ. Тіпті,
болмайды да. Ата-бабаларымыз ежелдің ең күнінен:

- “көк шөпті жұлма, көктей орыласың” “жас кезінде

құстың ұясын бұзған, үлкейгенде өз ұясын бұзады” «жас
талды қисаң, жалғыз ағашқа тисең, жаның жабырқап
жапанда қаласың» - деп ұрмай-соқпай ұлағатты сөзбен
кейінгі ұрпақтарына тәрбие беріп отырған. Бірақ, бүгін

Мерей балам да ағат басып отыр. Иә, жаратушы ием,
құдай аруақ бұл екі перзентімнің барлық күнәсін кеше
көрсін деп Нұрбүбі келініме жеті шелпек пісіртіп,
аруақтарға бағыштап жұма шайын беріп отырмын -

деді де тағы бір сорапқа тартты - жә, тобықтай түйіні
болмаса, ділмарсып тілді безегеннен не қайыр. Ендігі
айтар мақсат - осы жиналған жұрттың ішінде бірі төрде,
бірі аяқ жақта отырған Айдарқан мен Әбеу екеуіңді

арнайы шақыртып отырмын. Өткенде жерге таласып
бір-бірін мәңгі көрмейтін бопты деп естідім, айтарға
болмаса абдырап қалдым. Екеуіңде бөтенім емессіңдер.
Бірің бауырым, бірің күйеу баламсың. Құдайдың жері

кең, берекеге бас иіп, бір-біріңді бүйірге түртпесеңдер
тоқымдай жерде таудай табысын пешенеге жазбай ма?-
деп бір тоқтады. Осы кезде аяқ жақта отырған Әбеу сөз
алды, іштей іріп қату отырса да, көрнеуде кәнігі қалпын

сақтады. Көпшіліктің назары енді солай ауды.
ـАйтқаныңыз орынды ғой апа. Әйтсе де, Айдәкең
екеуміз жөнінен алғанда аса күрделі шаруа. Мен
болсам күйеу балаңызбын. Ал ана кісі бауырыңыз.

Әйтсе де, енді өзіңіз ойланыңыз.. - деп өткендегі іске ат
басын бұрғанда, төрде отырған Айдарқан аяқ астынан

атып тұрып, сыртқа шығуға қам жасады, Жұрт ашуын
сұраса да, Айдарқан алған бетінен қайтпады. Оң жақ
қырында отырған адамды иығынан сілкіп белін идірді
де, артынан қырлап өтпек болды. Оған көне қоярлық

ешкім жоқ еді. Айдекеңнің мына қылығына шамданған
ол арқасын артындағы тамға беріп қарсы дау айтып
түнеріп отырып алды.

– Үй, бұл неғылғаныңыз. Мына отырған мен адам

ба? ит пе? Тіпті, елеп те қоймадыңыз ғой.

– Елемесем не бопты. Жолымды кесіп қайтейін деп

ең. Мен баяғыда бір бекімге келіп болғам. Енді қайтып
Әбеуге ауыз ашпайым да жүзін көрмеймін. Айттым,
бітті. Мені шақырғандарың осы іске бола ма?

– Аға сабыр етіңіз. Ашуыңызды маған беріңіз - деді

Мерей ағам, Әбеудің қасында шыны алып отырып.

– Болды, қойсаңшы Айдарқан. Мұндағы елдің

берекеге шақырғаны болмаса, не жамандық істепті
бізге. Бүлінген түкте жоқ қой - деп әйелі бір сөзін айтып
қап еді, ол әп-сәтте кіжініп шыға келді:

– Жап ей, аузыңды - деді жұдырығын тарс түйіп,

төбе шашы тікірейіп әйеліне алая қараған Айдарқан -
саған кім ара түс депті, үндемесе айтып отырған сөзін.

– Аға, бір жол сабыр қылып ашуыңызды маған

беріңіз. Басылып отырып шай ішіңіз - деді Мерей ағам
тағы да дегбірсіздене тіл қатып.
Оған Айдарқан құлақ асатын емес:

– Жоқ айттым, бітті. Көп тұр ғой құдай келсе де

алған бетімнен қайтпаймын - деді сөзін шорт қайырып.
Айдарқан иығынан тартқан адам әуелгідей арқасын
тамға беріп шіреніп отырып алды. Әбеудің әйелі төрдің
түйіскен шығыс жақ шетінде басын кеудесіне құлатып

кемсеңдеп жылап отырған-ды. Кенет кеудесін көтеріп:

- Болды аға! Ашуға басып қайтесіз. Ақылға келіңіз.

Ат кекілін кесісу шынында қиын екен. Бұл тек бізбен
кетсе мейлі еді, осының кесірінен балалар да бір-біріне
өштік орнатып екі күннің бірінде соғысады да жатады.
Бұрын қатынасымыз сондай жақсы, арамыздан қыл

өтпейтін тату көрші едік. Былтырдан бері не шайтан
түрткенін кім білсін! Алақандай жерге таласып
араздасып тындық. Қанша айтқанымен, «бет көрсе,
жүз ұялады» екен. Құдай пендем десе, мұндай күнді

ешкімге бұйырмасын, оданша бітімге келейік - деді көз
жасын қол орамалымен сыпыра сүртіп отырып. Бірақ,
Айдарқан алғашқы райынан қайтатын емес, ал әйелі
Әбеудің жұбайынан төмен босаға жақта күйеуіне

кейістік білдіріп, көзіне ыстық жас үйіріп үнсіз
отыр.
Қасындағы адам еңкейіп жол бермеген соң
Айдарқан енді ешкімнің ойына кіріп-шықпаған ерсі

қылық байқатты. Алдында жаюлы тұрған дастарқан
ортасын қақ бөліп Әбеудің өкпе тұсынан өте шықпақ
боп оң аяғын көтере бергенде: - тоқта, Айдарқан.
Мынау нендей күн білесің бе? Мына жұрт істерге іс таба

алмай еріккеннен жиналып отыр ма?! Бүгін арғы ата-
бабаларымыз бен күні кеше көз жұмған марқұмдардың
аруақтары үрім-бұтақтарын аралап әр үйден дәм
тататын қасиетті күн. Қысқарт мынадай әрекетіңді!

Аруақтардың киесіне ұшырамайын демесең, ашуыңды
тиып, ақылыңа кел Айдарқан! Ойлап көрсеңдер,
бүгін сендерді бұл жерге бас-басымызға би болып бет
жыртысайық, берекемізді келекеге айналдырайық деп

шақырмадым, қайта, бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығарып, айрандай ұйыған береке-бірлікке тізе бүгейік
деп шақырдым. Тап қазір біріміз өрге, біріміз жерге
тартып тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге жинай

алмасақ құдай аруақтар кешірмейді, олар келгенде жай
келмейді, жетесі барлар жесірді жарылқап, жетімге
көз қырын салды ма? Бас-басына ءби болып берекесі
қашқандарды қайта табыстырып, біз үшін қол жайып

құран бағыштады ма?, - деп алаңдап, абдырап келеді
дейді. Сен қазір ісіңмен әбден астың. Мейлі, мына
отырған жұртты көзге ілме, тіпті, құдайды да. Бірақ,
тек атаң – алтын қазығың, қасиетті қолдаушың құдай

аруақтарға қалайша шет келесің. Сен соғұрша аспаннан

болмаса, жерден шығып па ең. Бұл не деген сұмдық. Ана
сүті мен ата күшінен аттаған әумесур ұрпақ болайын
демесең отыр, - Айдарқан. Тоқ етерін айтқанда, осы
отырғандардың көбі менің балам қатарындасыңдар.

Жетпіске жақындап жер таянып отырсам да, жеті
рулы елге сөзім өтерлік шамам бар. Қане тілімді алмай
көріңдер, - деді қатты ашуға басып. Соның өзінде, тұла
бойы дірілдеп, бет әлпеті бозамық тартып, тісі-тісіне

тимей сақ-сақ етті. Төрде отырған іргелес көршіміз
Жұман әжемнің мына бейнесін көріп, іштей бір пәлеге
ұшырап қалар ма екен деп: – айтқаныңыз жөн үлкен
кісі, тым алқынып кеттіңіз, аз тыныстап алыңыз - деді

сабырлылық тілеп.
Айдарқан – әжеме қарсы дау айтпады, қабағынан
қар жауып, қанын ішіне тартып, қайта басылып отырды.
Үй іші бір сәт үнсіз тынды. Бұл үнсіздікті бағанадан

бейтарап отырған Жұман бұзды. Ол тамағын кенеп
алды да:
ـЖа, жамағат. Мына үлкен кісінің құтты мешін
үйінде бәріміз бас қосып, ақ тілеулі дастарқанынан

дәм татып отырмыз. Мен болсам үлкен кісінің іргелес
көршісі Әбеудің жамағайын туысымын. Ана отырған
келін үлкен кісінің ақ сүтін ембесе де аталас туысының
қызы. Мына Айдарқан құрдасым, келін жағынан алып

айтсам құда-сымақ. Әйелі жөнінен бажа келеді. Демек
бәріміз бөтен емеспіз. Әйтеу бір іліктестігіміз бар екені
шын. Жаңа келін айтқандай бұл іс тек бізбен кетсе
мейлі еді, өкініштісі, бізден кейінгі ұрпақтар бір-бірін

бүйірге түртып, кек сақтасса, расында қиын. Өйткені,
«шеше көрген тон пішер, ата көрген оқ жонар», - деген.
Балалар әлі жас. Ненің жақсы, ненің жаман екенін
қайдан біледі - деп тоқтағанда, мына жақтан әжем іліп

әкетті:

– Сол үшін жамағат мына Жұман көрші айтқан­

дайын, ата-баба аруағына шет келмейік, бірлікке
жүгінейік! қазір мен бір кесім жасайын. Сол бойынша
іс көріңдер. Әбеу мен Айдарқан бағаларыңды кетіріп,

бас-басыңа би болмаңдар. «Көршілер керіссе де безіспейді» деген. Мына жұрттың алдында бір-біріңді кешіріп қайтадан елдесіңдер - деді сөзінің соңғы байлауын айтып. Жиналған жамағат әжемнің бұл байлауына қосылатындықтарын білдіріп, жан-жақтан дүбірлеп кетті: – Үлкен кісінің айтқаны орынды. – Солай болғаны жөн. – Мынау шынында жақсы бастама екен. Бір-бірін мәңгі көрмей кететін емес, ауылы аралас, қойы қоралас іргесі бір ежелгі көршілер. – Сол өзі де. Азғантай іске бола бет жыртысып қайтесіңдер. Оданша татуласыңдар. – Сүйтсін, сүйтсін - деген талап-тілектер қарша борады. Бірақ, ұзаққа бармады: ـУай, жамағат, - деді жұрт тілегі толас таба, бағанадан бір ауыз тіл қатпай түнеріп отырған Айдарқан аяқ астынан тілге келіп - жаңа Тұрымқан әжеміз айтқандай аруақ аттайын деген ойым жоқ. Менікі де амалсыздың күнінен болған іс. Өздеріңіз ойлап көріңіздер, - жазда шабысымды, күзде айдау жерімді, қыста өрлеп жиған маямды түтіп жеп отырса, қайтып дәтім шыдайды... Сөз осы араға келгенде, жаңадан бері жым-жылас отырған Әбеу суырылып сөз бастады: ـЖоқ, ағасы үйтіп жала жаппаңыз. Егер мен артық айтсам, міне құдайдай қайын енеміздің ақ дастарқаны, дәм-тұзы атсын, жалғанда жақсылық көрмейін. Айдасам, атызым, жесем кең өрісім тұрса, сізге соқтығып нем бар. Мен – өкімет белгілеген шекара бойынша, іс көрсем, сіз оның керісінше істеп отырсыз. Тіпті, ала жаздай еңбектеніп жиған анау кең өрістегі үлкен бір мая шөбімді менің жеріме тән деп тағы да тартып алдыңыз. Оған таяған малдарды да таяқтың астынан алып бір құнажын сиырым белін көтере алмай

қорамда жатыр. Сенбесеңіз осы отырған жұрт ішінде
біздің әри-айдайымызды күніне көріп біліп жүрген
адамдар бар. Солардан сұраңыз. Менен жақсы айтпаса
атым өшсін - деді сөзінің соңында маңайындағы көрші-

қолаңдарын айғаққа тартып.
Жұрт дүбіреп кетті, әркім өз білген-көргенін ортаға
салып, алуан саққа ой жүгіртіп жатты.
Әжем жақ қырысын ашпады, көптің пікіріне үңіле

ден қойып ұзаққа дейін үнсіз тынды:

– Жә, - деді сәлден соң сөзге кіріп - бағанадан бері

жүрек жарды сөздеріңді шын ниетпен ұйып тыңдадым.
Байқасам әр екі жақта сау емес, «Ағайын тату болса, ат
көп. Абысын тату болса, ас көп» деген. Әбеу жер менікі
деп өңешін созбаған болса, Айдарқан оған қол жұмсар

ма еді?! Ал Айдарқан болмашы боқ дүние үшін Әбеудің
созған өңешіне қолын апармаған болса, Әбеу оған жау
боп шығар ма еді?! Бопты, бәрі де жан бағыс үшін
делік, сонда алақандай жерге бола қызыл кеңірдектесіп

сонша жұлқысқанда, күміс айдап алтын орып алдыңдар
ма? Баяғы сол жым-жылас жер, жұтаған жайылым,
желінген мая.... Қой әкесі, мынау жақсы ырым емес, аз
күндік алдамшы өмірде адамдық арды сақтап, ағайын-

туыспен аралас, құралас өткенге не жетсін?!!
Әжемнің сөзі дәл осы араға келгенде, жұрт тағы да
дүрілдеп кетті:

– Ә, ә, сүйткені оң!

– Үлкен кісі дұрыс айтады, біле-білсе осыдан артық

ақыл-кеңес қайдан табылар.

– Болды енді бүйтіп ат кекілін кесіскенше, қайта,

бір-біріңді берекеге шақырып, дәм-тұзы жарасқан
жақсы көршілерден болыңдар.

– Иә, меніңше сол оң.

– Бүгін бет жыртысып, көрмей кеткенімен ертең

қайда барады, бірі мекенде, бірі «шетелде» дейсің бе?
Баяғы сол «Көк иінде» күнделікті тұрмысын бастап ай
аунап, жылдар өтеді, «бет көрсе жүз ұялады» деген.
Қойыңдар, бірлікке жүгініңдер. Мына жиналған жұрт

та, құдай аруақтар да разы болсын.

ـИә, иә барымыздың тілейтініміз сол. Жұман тура айтады, ең жақсысы, елдескендері оң - деп тілек айтысты жиналған қауым. Айдарқан бұл кезде бұрынғыдай емес, сабасына түсіп сәл ойланып қалды. Жұрт ыстық ықыласты жақсы сөздерін айтып бола бере, басын тұқырып терең ойға шомып отырған ол кенет кеудесін көтерді де: ـУай, жамағат шынын айтқанда жерге таласып, жақыным емес, жатыма айналған іргелес көршім Әбеумен мәңгілік ат кекілін кесісу қарарын қабыл көргенім рас еді, Бірақ, бүгінгі күн дүйім жұрт әжеміздің ақ дастарқанында бас қосып, берекеге шақырып болмаған соң бастапқы райымнан қайтып отырмын. Мұның себебі екі түрлі. Бірі, әжеміздің аруақтарды айтып, ақ дәміне шақырып отырғаны болса, енді бірі, осы жерге келіп бас қосып отырған жұртшылықтың жақсы тілегі қамшы болды, дегенімен менің де, сіздерге айтатын мынадай бір талабым бар, - деп еді, жұрт: ”айт, айт“, - десіп Айдарқанның аузына қарасты. – Тілегім басқа емес, мынау – деді Айдарқан отырғандарды ұшқын жанарымен жағалай шолып - Әбеу бүгіннен бастап өкімет адамдарына барып, талас жердің шекарасын анық бекітсін! Сонан кейін әр екі жақ өз жерімізді толық игіліктенумен қатар бір-біріміздің шекарамызға мал өтсе қумаймыз, аралас, құралас тең жеп өтеміз. Бірақ, осы жолға кеткен барлық шығынды Әбеу өз үстіне алады, онда менің жұмысым болмайды, өкімет не десе мен соған көндім. Мұным қалай? Жұрт Айдарқанның бұл пікірін бір ауыздан мақұлдады, Әбеуде шет кеткен жоқ, жұрт тілегін қабылдап, жығыла құп көрді. Әжем көзіне жиналған қуаныш жасын ақ шылауышының ұшымен сыпыра сүртіп қойды да, екеуіне езу тартып, кезек-кезек қарады. Соңынан салмақты қалыпқа ауысты да, екеуіне бұдан соң қия баспас үшін қол алыстырып, ауыздарынан ант бергізді. Іс мұнымен тынбады. Әжем тағы бір ұсынысты ортаға қойды.

– Мен Әбеу мен Айдарқан екеуінің берекеге

келгенін көріп қатты қуандым. Соның куәсі ретінде
кәрі көзімнен мөлдіреп ыстық жас та шықты. Хош
ендігі айтарым, былтыр өмірден кеткен Әзімбектің
жалғыз ұлы Асқар туралы. Ол жазған әке-шешесі жоқ

тұлдыр жетімге айналып қалды. Өзімен аталас келетін
бір ағасы әйел алып қайта шығарды. Ол сорлы да не
күй бар дейсің. Туған апекесі біреудің етегінен ұстап,
өз күнін өзі көріп кетті. Асқар қазір ел-елдің малын

бағып, суын тасып, сыртта сергелдең боп жүр дейді,
оны бүйтып қаңғырта бермейік! Қалай айтсақ та, ата-
анасымен дәмдес, тұздас болған іргелі ел-жұрт ек. Бізде
әдеп те, қайырымдылық та, биік адамгершілік те бар

аты затына сай ұлы халықпыз. Адамнан қайтпаса да
Алладан қайтады, «өлі разы болмай, тірі байымайды»
деген. О, дүниелік әке-шешесі разы болсын. Біздер боп
сіздер боп бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып

Асқарға адам әперейік. Өлгенін тірілтіп, өшкенін
жандырайық! Ес жиып, ел қатарына қосылып, басына
үй, бауырына қазан ассын. Кімде бала жоқ, осы отырған
бәрімізде де бала бар. Менің құдай берген екі ұл, төрт

қызым бар. Үш қызымды ұзатып бір ұлыма адам алып
бердім. Одан көрген немерем мынау Айбек - деп оң жақ
қырында жүрелеп отырған маған бұрылып көз тастап
қойды. Мен қысыла төмен қарадым. Әжем сөзін әрі

қарай жалғап әкетті:
ـЕнді тұрмыстанбаған бір ұл, бір қызым қалды,
отағасы дүние салғаннан бері үйде біраз қиыншылықтар
болды да, Мерейді дер кезінде үйлей алмадым, оның

үстіне, бұйрық болмай жүрме, өзі де өтініш етпеді.
Биыл бір жер таптым деп жеңгесіне құлақ қағыс еткен
соң, Айбектің әкесін жаңа құдаларды көріп аман-сәлем
жасасып кел деп жібердік. Бәлкім ертеңдер келіп қалар.

Кенже қызым анау Жайна, теңін тапса, тегін беруге
разы едім. Бірақ, «кәдесіз ұл болса да, кәдесіз қыз
жоқ» деген. Тиісті жол-жорасын өтеймін де. Е,...е,..
айта берсек, сөз көп қарақтар. Ендігі арман осылардың

қызығын көріп, Алланың аманатын ұрпақтар алдында
тапсырсам, ұлдың өкпесін, қыздың көз жасын көрмесем
деймін. Сендер менің бір ауыз сөзімді жерге тастамай
мұнда келіп бас қосып отырғандарыңа мыңда бір

рақмет. Және де айтарым Асқар туралы. Оны бүйтіп
қаңғырта бермейік. Басын құрап, бауырына қазан асып
берейік - деді маңдайынан шыпылдап суық тер шығып
екі бүйірінен ентіге дем алып.

Жұрт жаман айтпады, орынын тапқан ұлағатты
сөзге кім шет келсін! Ақпейіл әженің батасын алып,
алғысына қанып, аруақтарға бағыштап құйған шай
табыспен аяқталып жиылған жұрт тұс-тұсқа тарап

жатты...
Күн ұясына кіріп қызыл шапақ батыс көкжиекке
толық жайылған шақта, әжем мені есік алдына шығарып
жүзімді құбылаға қаратып, жүрелетіп отырғызып қойды

да, қатты қызып тұрған қышқашқа аузына толтырған
суық суды бүркіп әбден ұшықтады, мен дәйім әжемнің
құшағында жататын едім, сол күні мені өзі өтініп бөлек
жатқызды. Сол жатқан жерімде шырт ұйқыға кетіппін.

Қай уақ екенін білмейім. Ұйықтап жатып, ғажайып түс
көріппін. ”Күндіз екен. Үйдің алдындағы өзен тасып
үлкен көлге айналыпты. Мен сол көлдің жағасына келіп
аппын. Әжем ақ шылауышы көрініп көл ортасында ағып

барады. Батыстан бебеулеп суық жел соғып тұр. Су беті
жыпырлаған қалың толқын. Әжем сол толқындардың
арасында бірде көрініп, бірде көміліп жанталасып
ағып барады. Мен қолымды созып артынан айғайлап

тұрмын. Кемсең қағып жылап тұрмын. Кенет әжем
көрінбей кетті. Құлағыма сонау алыстан: ”Әрі бар.
Ағып кетесің“, - деген әлсіз жаңғырық келіп соғылды.
Жанымда еш пенде жоқ, бойымды бір түрлі үрей билеп

жан-жағыма жапақтап қарай бердім. Артыма бұрылсам,
қозы жайған жотаның барлық жері алқызыл гүлдерге
сықап қалыпты. Көңіл көгіме шаттық құсы қонақтап
енді солай қарай жүгіре жөнелдім....“.

Кенет кеудемді алақанымен басып біреудің ырғап

оятып жатқанын сезіп көзімді ашсам апекем Жайна
екен, екі көзінің айналасы жылап-жылап бұлаудай боп
ісіп кетіпті. Терезенің жақтауында жалаңбас май шам
өлеусіреп жанып тұр. Үй іші ала көлеңке.

– Не болды әпеке. Сонша жылапсың ғой - дедім

көзімді уқалап ұйқымды шайдай аштым да, оған тесіле
қарап: - түс көріппін. Түсімде әжем бір үлкен көл
бетінде ақ шылауышы көрініп ағып барады екен. Бірақ,
өзін көре алмадым. Сен келіп оятып өттің...

Әпекем үндемеді, көзіне ыстық жас үйіріліп
аңтарылып аз-кем қарап тұрды да, көрпе ішінде
отырған мені бас салып құшақтай алды. Мен оның
іші-бауыры езіліп үнсіз жылап отырғанын сездім де,

бірге қосылып, «әри-айдайға» бастым. Ол мені ыстық
құшағына басып аз отырған соң, көрпеден шығарып,
апыл-ғұпыл киіндіре бастады. Кейін сездім, қайран
әжем барсакелмеске кетіпті.

* * * *
Таң ата, әжемнің бауыр-туыс, бала-шағасынан
оншақтымыз таяққа сүйеніп тізіліп сапқа тұрдық.
Кешегі шайда әжеме болысып, бір кісідей еңбек

көрсеткен ақ еділ көршіміз Жұман маңайдағы көрші-
қолаңдарды аттанысқа келтіріп, алыс-жақынға адам
жөнелтіп, әйт, бүйт деп алашапқын болып жатыр. Күн
тау иығынан баспалап, жерге жарық толық түскен шақта:

«ақылшым, асқар белім» деп аттың ар жақ, бер жағына
түсіп тұс-тұстан ел ағылды. Біз үн салып жылаудамыз.
Іште де, сыртта да азандаған үн. Бір шақта, Әбеу мен
Айдарқан ат бауырына түсіп, азандап үн салып жетті.

Мен таяққа таянып жылағандардың ең аяғында тұрдым.
Ділім тастай ма, жоқ белгілі себептер бар ма, білмедім,
көзімдегі жас төгіліп емес, тамып жерге түседі. Әбеу
мен Айдарқан ат бауырына түсіп, озандап жылап келіп,

таяқ ұстап тік тұрғандарға менен бастап бет көрісті де,
үйге кіріп кетті. Іш жақ у-шу, олар далаға шыққанда да
көпке дейін жылауларын тоқтатпады. Көздерінен аққан

ыстық жас тамшыларын қол ормалдарымен әлсін-әлі
сүртіп әңкі-тәңкі күйге түсті. Сыртта жүрген жамағат
екеуіне басу айтып әбігер.

– Болды қойыңдар, тоқтау қылыңдар, шөкпейтін тау,

өтпейтін» өмір жоқ, кезі келгенде осы жүрген бәріміз
де бақилық боламыз. Өткен адам өтті. Ол енді қайтып
келмейді. Құдай түбін оңғарсын - деп жан-жақтан басу
айтуда.

– Ой Аллай десеңші! Кеше сап-сау жүрген адамның

енді келіп өмірден озғанын қара. Қайран апам-ай. Асқар
белім, айдын көлім-ай. Енді не болдым. Кеше бізді тегін
шақырмапты ғой жарықтық, тәңір білдіріпті өзіне - деді
терең күрсінген Айдарқан көз жасын сүртіп, қолына су

салып.
Әбеуде: - Қайран ақылшым, есіл сабазым-ай.
Ардақты апам-ай. Шынында сенбей тұрмын. Кеше ғана
тік басып тірі жүрген жан, бүгін жоқ арамызда. Бірақ,

Алланың ісіне амал не? Қайтеміз енді - деп көз жасын
көлдей ағызып, таяққа сүйеніп егіліп жылап тұрған
біздің қатарымызға келіп қосылды. Есік алдында
жүрген адамдар бізге келіп тоқтау айтып басылып

отыруға үндеді. Мен шынын айтсам онша жылаған
жоқ едім, есіл-дертім келген-кеткендердің әрекетін
астыртын бақылаумен болды. Басылып отырған соң
қатарымдағыларға абайлап қарасам бәрі де шын

жылапты, Мерей ағамның екі көзі жылай-жылай
қанталап қызарып ісіп кетіпті. Арамызға жаңа келіп
қосылған Әбеудің де, іші-бауыры езіліп әрең отыр. Екі
иығы жиі қойқаңдап секем алған қояндай селк-селк

етеді.
Менде ондай құбылыс жоқ, Әйтеу аң-таңмын.
Жылайын десем көзімнен жас шығатын емес, бүкіл
дүние ештеме болмағандай, бәрі де өз-өз орнында

тұрғандай, тіпті, әжем тік басып тірі жүргендей көңілім
тоқ. Бет көріп, шай ішіп болып далада жүрген адамдар
арасында: ”Е,... өмір деген осы. Бұл кісіде не арман
бар. Асарын асады, жасарын жасады. Ұл десе ұл, қыз

десе қыз берді құдай. Сексеннің сеңгіріне шықса да
ақыл-есін жоғалтпай денсаулығы күшті, сергек кетті
жарықтық“, - деген сөздер еміс-еміс естіліп жатты...
* * * *

Ел аяғы әжемнің қырқы-нәзіріне дейін саябырла­
мады. Ауыл маңын айғай-шуға толтырып ес жидырмай
келіп жатты. Біз таяққа сүйеніп, қадірлі әжемізді жоқтап
қаралы үнге басып әлекпіз. Бұл үрдіс қырқы-нәзірін

былай қойып, тұп-тура жыл уағына дейін жалғасты.
16-2-2007

ақиқат мінбесі
(әңгіме)

Бұл әлемде айдарынан жел ескен не; не данышпан
ғұламалардан өмір туралы ой толғамаған кім бар?
Уақыт болса, судай ағып өтіп жатыр, бұған ешкім де дау
айта алмайды, бір қырынан қарасаң бұл пәниде дардай

теңсіздік бар сияқты, өйткені, біреу – бар адам, біреу –
кедей, біреу – зарлы. Ал, ақын Таңжарық: «дүниенің ісі
дүниеге кетпейді» дейді, бірақ, жоғардағыдай теңсіздік
дәурендеп тұрғанда, жарық дүниедегі көрсеткен

қорлығың, істеген жақсылығың, өткізген жамандығың,
төккен терің қалайша алдыңнан шығады. Шынын
айтқанда, ақиық ақын: «осы сөзін жаңсақ айтқан болар»
деп оған бір мезгіл күдікпен қарап жүргем, сөйтсем,

мағынасы сонау түпсіз тереңде жатыпты. Қысқасы,
қателескен даңғайыр ақын емес, таяз ойлы мен екенмін.
* * * *
Мен 2000 жылы, шілдеде орталау 8 класты оқып

бітірдім. Оның аз алдында мемлекеттік бір тұтас
емтиханға қатынасып, бағымды сынап едім, асығым
алшы түспеді, тұмсығым тасқа тиіп, кері қайттым.
Ендігі бар тірлік – ауылға барып, ақ таяқты қолға ұстап,

айналдырған аз қойға ие болып, соның «отымен кіріп,
суымен шығу» болды. Бірақ, қой соңында жүрсем де,
өлеңге деген әсіре әуестігім бір сәт бәсеңдеген жоқ,
соның жебеуімен, күні кеше өткен дыр-думанды мектеп

құшағын, әрі ондағы ақ еділ ағайын-достарымды
сағына еске алып, шабыт құсын шартарапқа ұшырып,
дүрілдетіп өлең жаздым, аздап прозаға да ат басын
бұрдым. Шынын айтайын, ол кезде менде тау суындай

тентек, талант дейтін талант қайда? Қайта, қыбырлаған
қойдан басқа қалқайған ештеңе жоқ, мынау қалың ши
қаптаған меңіреу күнгей де, істерге іс таба алмай әбден
ішім пысқандықтан, уақыт өткізу үшін солай істелген

шаруа, әдеттегі қан қызбалық еді, кейін келе соңына
түсіп қызығу барысында дүңгіршектей санамнан өлеңге
деген ыстық махаббат аяқ астынан бас көтеріп, әңкі-
тәңкі күйге салды. Содан соң, ермек үшін өлең жазуды

шорт доғарып, керісінше, әр сөзді абайлап айтып,
оқырманды ойға салатын тамаша лирикаларды жазуға
бел будым. Бұл ой мені бір күн тыныш жатқызбады,
амал бар, әр минутты зая жібермей, білімімді молайтып,

ойыма өріс, қиялыма қанат бітірейін деп ойладым
да, бар зейінімді кітап оқуға жұмсадым. Әйткенімен,
қатынасы қолайсыз, шарт-жағдайы нашар мынадай
таулы районда алды-артты орап, асып-төгіліп жатқан

қайдағы кітап. Қолда бары - бастауыш мектептің ана
тілі мен орталаудың әр жылдығындағы әдеби оқулықтар
болатын. Ал, ауданға түсіп жаңа кітап әкелуге арнайы
уақыт болмағандықтан, қазірше қолда барды қанағат

тұтып, шын ниетімді беріп, бір-бірлеп оқып шықтым...
* * * *
Маған жаңа кітап сатып алатын орай, қазан айының
бас шеніне тура келді. Ауданға жетіп автовокзалдан

шыға сала ең алдымен кітап дүкеніне бардым. Сол
кезде, бар-жоғы үш қабаттан тұратын көнетоз ақсұр
ғимараттың ортаңғы қабаты кілең қазақша кітаптар еді,
үстіңгі, астыңғы қабаты ханзуша, ұйғырша кітаптарға

сықалып тұратын. Мен ат басын аталмыш ғимараттың
қазақша кітаптар тұратын бөліміне барып бірақ тіредім.
Алғашында анау сөреде көз жауын алып тізіліп тұрған
қалың кітаптардың қайсысын аларымды білмей

аңтарылып тұрып қалдым. Аз-кем кідірістен соң көз
алдымдағы қолым тиген кезкелген кітаптарды парақтап

оқи жүріп, тек қайтарда ғана «Абай жолы» романының
екінші томы мен Мұқағали Мақатаевтың «Қаздар
қайтып барады» атты өлеңдер жинағын алдым. Қазан
айы ойдағы диқандар үшін негізінен бар шаруасы бітіп,

бекершілікке өткен мезгіл болғанымен, ал қырдағы
шаруалар үшін күзгі жиын-теріннің ең бір қызу кезі еді.
Аралықта, базар аралап күнделікті тұрмысқа қажетті
темір күрек, төрттік айыр, басқа киетін қазтұмсық

қалпақ қатарлы бір мұнша керек-жарақтарымды алып,
автобус бекетіне төте тарттым. Келсем, кезекті автобус
әлі жүрмепті, мөлшермен бір сағат уақыт бар екен,
содан билет алып, үлкен залдағы қатар-қатар тізілген

жолаушылар орындығының біріне жайғастым да,
«Қаздар қайтып барадының» бетін ашып парақтап оқи
бастадым. Міне, қызық, мені еш қиналыссыз, емін-
еркін шарықтап, табиғи ұйқасып жатқан әрі қарапайым,

әрі мағыналы лирикалық өлеңдер оқыған сайын өзіне
баурап, магниттей тарта берді. Бір кезде, орнымнан
тұрып, автобусқа кіріп, қолымдағы керек-жарағымды
орындықтың өр жағындағы оң жақ қуысқа салдым да,

қайта сыртқа шықтым. Ондағы мақсат – автобус бекеттің
көше жақ сыртынан жеміс-жидек сататын жер тауып
үйдегілерге базарлық алу болатын. Автобус болса,
орынша оталып кезегін күтіп гүрілдеп жүргелі тұр. Мен

бекет сыртына барып, керек-жарағымды алып, қайта
айналып келгенше, автобус орнынан баяу жылжып
бекет аузына қарай шығып барады екен. Соңынан жан
дәрмен жүгіріп жетуін жетсем де, есік көзінде тұрған

билетші әйел қолымдағы билетті көрді де, қайта өзіме
беріп жатып: “Мына билетіңнің шеті жыртылмапты.
Есепке алынбайды, тез түсіп кетіңіз“ деді. Содан, жақ
қырысын ашқанша, ай-шайға келтірмей кеудемнен

итеріп, жерге түсірді де, есігін жауып жайына кете
берді. Мен сең соққан кемедей сенделектеп билет
кестіру залына қарай кетіп бара жатып, автобустың өр
жақ қуысында қалып қойған әлгіндегі керек-жарағым

қалт есіме түсіп, сол жерде сілейіп тұрып қалдым.
Енді қайтем? Бұл көрер көзге арзымайтын әдеттегі
ұсақ-тұйек болғанымен, бірақ, өзіме-өзім опасыздық
жасап, қолда бар дүниеден бекер айырылып қалғаным

үшін намыстандым. Ақырында: “Кеткен дүние кетті.
Құдайдан қанша тілесең де қайтып келмейді. Болды,
енді. Бастан құлақ садаға” - дедім іштей.
Зал ішіндегі билет сататын терезе көзіне барып,

қатысты орындағы адамға болған жайды бүкпесіз
баяндап беріп едім, ол, үстіне аз ақша қосылса, жаңа
билет дайын болатынын айтты. Мен бірден мақұл
болдым да, келер кезекті автобустың билетін кестіріп

алдым. Алдыңғы автобуста ұмыт қалдырған затымды
аралықтағы аз уақыттан ұтымды пайдаланып, аяғым-
аяғыма тимей, аптығып жүгіріп жүріп, қайта толықтап
алдым. Автобус мерзімді уақыты толғанда, алды-артына

қарамай күн шығысты бетке алып тарта жөнелді. Міне,
автобустың оң жақ терезесінен сыртқа көз тастап ойға
шомып сүлесоқ келемін. Кеш болса күн сәулесі барған
сайын қоюланып дарқан далаға анталап төніп келеді.

Кенет қайдан сап ете түскенін білмеймін, автобус
Қас өзеніне салынған көне көпірдің үстінен өтіп бара
жатқанда, ақын Таңжарықтың: «Дүние ісі кетпейді
дүниеге» дейтін осы бір өлең жолы ойыма оралып мені

түбі жоқ терең қиялға батырып жіберді...
* * * *
Мен өз жерімнен бастауыш мектепті бітірген соң
орталауды ауыл аттап оқыдым, екі ауылдың арасы

шамамен жүз километрдей ұзақ еді. Өз ауылымнан
оқып жатқан жеріме жету үшін алдымен ауданға түсіп,
одан кейін бекеттен тағы бір автобус ауыстырып, зорға
жететінмін. Автобус жол үстіндегі ойдым-ойдым

шұқанақтарға ырғалып тоқтап қалған жауын суын жан-
жаққа шашыратып, тынбай теңселіп, межелі жерге
жеткенше әбден шырықты бұзатын. Ол кезде, біздің үйдің

әл-ауқаты да ауыз толтырып айтарлықтай емес, әйтеу, ел
артында қалмасақ та өзімізге шақтау ырыс-құтымызбен
бірін-біріне жалғап, үпі-түпі күн кешетінміз. Мен әр рет
туған жеріме келіп, мұнда бір аптадай тұрып, оқыған

жеріме қайтатын кезде, әке-шешем жол қаражатымнан
сырт, тұрмыстық керек-жарағыңа істет, - деп қолыма
мардымсыз тиын-тебен ұстататын. Мен олардың
көзінше, бас изеп риза болғаныммен, іштей: «әттең,

үстіне тағы біраз қоссашы..» деп тіленіп отыратынмын.
Өйткені, мектеп іші адамдар жиы топтасқан әлеуметтік
орта. Ол арада өзіме ет жақын, сабақтастарым, ағайын-
достарым, тіпті, бір минут көзден тысқары қалса,

алақызып тек отыра алмайтын көңілімнің түкпірінен
ойып тұрып орын алған және бір ай маңдай бар. Олар
мені көргенде: «Ауылыңа барып келдің ғой. Ол жақтан
бізге қандай базарлық ала келдің» деп жәудіреп қолыма

қарайтыны айдан анық, сол үшін ақшамды барынша
үнемдеп, көңіл жетер ағайын-достарымды, әсіресе,
көкейімде көлеңкесі қалып, көзімнің нұрын тартқан
анау ай маңдай аруды қасыма ертіп, алаңсыз серуендеу

қандай бақыт?!!
Соларды ойлағанда, қалтамдағы мардымсыз ақша
жоғардағыдай тамаша ойларымның аяғына тұсау
салып, біріне тартсам біріне жетпей қатты қинайтын.

Мен бөгде ортада ауыл аттап, төрт жылдай оқыдым.
Алғашқы жылдары үйімді қатты сағынып, соның
жебеуімен бір маусымда екі-үш рет ауылға қайтып
жүрдім. Кеиінгі жылдары бөгде ортаға бейімделіп кеттім

де, шұғыл жағдайда болмаса, ауылыма жиі баратынды
мүлде қысқарттым. Әр жолы өз ауылыма барып, оқыған
жеріме қайтқан кезде, ауданға дейінгі автобус ақыны
толық төлегеніммен, ауданнан жатқан үйіме дейінгі

аралықта кететін ақшаны амал бар қалтамда қалдыруға
тырысатынмын. Ал қымқырып алған сол ақшама
санама бүккен айтылмыш ай маңдайды қасыма ертіп,
оңаша бас қосып, бүкпесіз сырласқым келетін. Шынын

айтқанда, тұрлауы жоқ, құрдым қиял мен құрбы қызға
деген оттай ыстық махаббат бостан-босқа тұйыққа
тіреп, әлгіндей жымысқы қулыққа еріксіз итермелейтін.
Сол кезде, ауданнан жатқан үйіме дейінгі жолақы бар-

жоғы үш-ақ юань болатын. Мен межелі жерге жеткенде,
өзіммен бірге түсетін адамдарды қалқалап жасырынып
жүріп билетшіні шаң қаптырып кететінмін...
Автобус шығысты бетке алып, дамылсыз жүйткіп

келеді. Өзім дәл қазіргі минутта әртүрлі ой ойлап,
әңкі-тәңкі күй кешіп отырмын. Рас, кезінде ақиық
ақынның аталмыш өлеңін: «логикалық байланысқа
түспеген, ойы – таяз, ұйқас қуалаған қайдағы бір бос

сөздің ұйындысы» деп қате түсініп, ішкі мәніне терең
бойлай алмаппын. Ал бүгін сол кездегі байлауы жоқ
балаң көзқарасыма уақыт үрдісі өз-өзінен жауабын
қайтарып, қас пен көздің арасында аударып тастады.

Мен өз орнымда екі көзімді тарс жұмып, ырықсыз
қиялға батып, кезіндегі қымқырып алған автобус ақы
мен әлгінде алдыңғы автобуста кеткен керек-жарақтың
құнын өзара салыстырып, іштей есептеп көрдім де,

жағамды ұстап, тәубамды бойыма келтірдім. Өйткені,
әр екеуінің бағасы артық та, кем де емес, тұп-тура отыз
юань екен. Әлбетте, әдеттегі адамдар аңғара бермейтін,
аңғарса да түйіндеп айта алмайтын қарапайым тіршілік

заңын кемел ой, кестелі тіл арқылы алдыға әкеп жайып
салған ақиық ақынның тарпаң таланытына шынында
таңданбай тұра алмадым.
Иә, дүние, дүние болғалы аспан мен жер арасында

жалпы тіршілік, әсіресе, екі аяқты ақыл иесі үшін бақ
пен сор да, қуаныш пен қайғы да ешқашан жат емес,
өзара тығыз байланыста, бұл қос алпауыттардан
тіршілкте ешкім де қашып құтыла алмайды, жарық

дүние де, Алладан келген ақ өлімнен басқасының бәрін
де себеп бар. Егер, біреу қуанышын көппен бөлісіп, ұлан
асыр той жасап, мәре-сәре боп жатса немесе аңсаған
арманына қолы жетіп, ақ түйенің қарыны жарылса,

онда оны істеген жақсылығы мен төккен терінің арқасы
деп, ал жалған жалаға ұшырап, жағасына кір жұқса,
ісі ілгері баспай, дәйім тұйыққа тірелсе, онда оны бір
кезде өткізген бейсебеп пендешілігінің бодауы деп

түсінсін! Себебі, «адамнан ағат кетпейінше, Алладан
жаза жетпейді» уақыт ешкімді де елеусіз қалдырмайды,
«ексең орасың, берсең аласың», қыл қысқасы, «дүниенің
ісі, дүниеге кетпейді»

3 - 6 - 2014
Сычуан өлкесі – Чыңду қаласы

Маран
(әңгіме)
Көктем келіп, күн жылынысымен, қыстық ұйқыға
кеткен омыртқалы, омыртқасыз жануарлардан бастап,

қылаяғы, насеком, жәндікке дейін жанданып тіріле
бастады. Күнгей бет күн нұрына бөгіп, теріскей бірте-
бірте құрғап, қыс бойы қолға қараған Шопан ата мен
Зеңгі баба түлігі үй айналып қу шидің түбін жұлып өз

күнін өзі көруге қамданған. Ал Қамбар ата түлігі - атам
заманнан өзінің дербес тіршілік етуге бейім қасиетімен
күз басында-ақ қара топырағы шығып тұяқ кесті болған
шағын қыстақтағы қу шидің қияғы мен сарғайған

гүл-шөптің қалдығын көк соқта қар астынан теуіп
ашып соны қаужал ететін. Зәуде ғаламат, қар қалың
түсіп, қаһарлы боран бет қаратпай, ышқынған кезде
шарасыздан қолға қарап қалғаны болмаса басқа кездері

үй маңынан төбе көрсетпейтін. Енді, міне көктемнің
жайы байқалып, қар еріп, күн қыза бастағаннан бері
бойларына жан шақырып жабағы жүндерін тастап, тез
серпіліп түлей бастады.

Түліктер төлдеп бітуге айналған. Егер, таң бозынан
тұрып биік қыратқа шығып айналаңызға көз тастасаңыз,
сонау шалғайдан көгілдір сағым саз беріп, жусан иісі
кеңсірікті қапқан быдырмақ адырда, андыз-андыз

бой көрсеткен шағын қыстаулардың мұржасынан тың
тірліктің белгісіндей болып таң самалына елітіп, көк
түтін шалқитын, әрі мәлім бір қой қораның ішінен жас
төлдердің енесін іздеп жамырай маңыраған жіңішке

дауыстары естір құлаққа жер астынан шығып жатқандай
әлсіз естілетін.
Зағыш бүгін күндегі әдеті бойынша ерте тұрды.
Орнынан тұрып киімін киіп, пешке от салып өзіне

тиесілі оны-мұны жұмыстарын тап-тұйнақтай істеп

тастады, содан жылы көрпеде жанын күйіттеп
жайбарақат жатқан жолдасының өкпе тұсына көрпе
астынан екі аяғын көкке көтеріп еңбектеп барды да:

– Ай Дүребай, тұр, тұр! - деді аптыға дауыстап -

күн шыққанша не жатыс мынау. Кеше, жас төлдерге ен
саламыз, - деп едің ғой. Бүйтіп жатсаң, қай уақта бітеді
оның.
Дүребай әйеліне қарсы қарап жатқан жерінен:

– Ы - деп ыңырсый тіл қатты да, көзін бағжита бір

ашып барып, сол жақ қырына қарай аунап түсті.
Бұл оғаш әрекет Зағышқа мүлдем ұнамады, қабағын
қатулана түйіп, Дүребайдың үстіндегі қос кісілік қоңыр
ала көрпені басқы жиегінен қаусыра тартып:

– Қой, тегі қандайсың, Дүребай. Қашан болса күн

төбеге келгенше, езіліп жатасың өстіп, - деді кейи
сөйлеп.
Бұл жолы Дүребай жауапсыз қалмады. Басын
жастықтан жұлып алып жұбайына аз-кем ішіп-жеп

қарап тұрды да: «тартпа көрпені», - деп бір зекіп барып
басын жастыққа қойып, жайынша жата берді.
Зағыш одан әрі бүлінді.

– Ой, оңбаған, - деді күйеуін бойына тоғытпай

кербездене тіл қатып, - өзінше маған күш көрсетеді.
Оданша жақсылықпен айтқан сөзді ұқсашы! Бүгін үйде
ұрттам су жоқ, айта берсең, таңертең шайда жейтін
тістем нан да қалмапты. Анау ауыл орталығында

оқып жатқан екі бала да кеше хабарласып, қажетті
дүниелерінің таусылып қалғанын айтады. Қазір қамыр
илеп ашытып қояйын десем, ұн ол жоқ. Кеше не дедім,
саған. Бүйтіп жатсаң, қайтіп ісің мандиды.

Зағыш сөйлей жүріп, артына қарай шегініп
сыпының астына түсті де, үй есігін бар салмағымен сарт
еткізіп жауып, сыртқа шыға жөнелді. Әйелінің айтқан
аярлы сөздері қитығына тисе керек, Дүребай мұнда

көп жатпады, аяқ астынан үстіндегі қоңыр көрпені
қатты серпіп бір шетке лақтырып тастап, орнынан
атып тұрды. Анау оң жақ шекесінің шетінен сол жақ

шекесіне қарай жарып тараған май-май қоңыр шашы
алды-алдына кетіп, әуелгі көркінен ауытқып қалыпты.
Дүребай басын жастықтан көтерген соң дереу киініп ат
қорада тұрған қоңыр төбел атын ерттеп, үйдің төмен

жағындағы кішкене жыраның баурайынан жылтырап
ағып жатқан «Қалақай бастау дан» су әкелуге қам
жасады, Зағыш бұл кезде былтыр көктемде қой қораның
алдынғы керегесіне тақап қалаған күн қақты кебу қидан

біреуін алып қолындағы кішкене балтамен паршалап
жаман шелегіне толтырып салып жатқан. Дүребай
атын ерттеп склатқа кірді де, жиырма бес килолық екі
торсығын (каныстыр) темір ерінің артқы қасына апарып

іле салып, Қалақай бастауға қарай тартып берді.
Маранның мазасы кеткеніне бүгінмен тұп-тура үш
күнге аяқ басты. Жолдасы Тана ішіндегі жаңа бір «жан»
иелеріне жайлы орта тауып жайғастырып келмекке үш

күннің алдында сыртқа кеткен, содан ордаға қайтып
оралмады. Болмаса, осы орданың ішінен көрдім,
білдім деген ағайындардан бірде-бірі жоқ. Енді Маран
жөнінен бұл жерде бекер қарап жата берудің түк қажеті

қалмады. Оның үстіне, уақыт озған сайын бойын
бір түрлі беймазалық билеп, қарадай тынышы кетіп,
ордадағы басқа жыландардың шырқын ала бастады.
Соның салдарынан жылан патшасы Маратаның кәріне

ұшырап, аямай ұрыс естіді. Енді ойласа, қамыққан
да, қайрат беріп, сыналғанда, сабырға шақырып әр
дайым қасынан табылып отыратын, жарық дүниедегі
жарасымды қосағы Танадан басқа ешбір жанашыры

жоқ сияқты. Ол ақыры әрі ойлап, бері ойлап Маратадан
кеңшілік алып жұбының соңынан іздеп тірі болса өзін,
өлсе сүйегін тауып, беймаза күйден арылуға бекіді.
Тана ордадан шыққан соң, қыстай жылқы теуіп,

қияғы тоналып, тек түбірі қалған қадау-қадау қу шиден
басқа іліп аларлық ештеңесі жоқ, тұяқ кесті быдырмақ
адырмен шығысты бетке алып, сыпсыңдап заулап
отырды.

Дүребай қоңыр төбел атына екі бидонын артып,

көк темекісін езуіне қисық тістеп, бір көзін сықсита
жұмып, өзінше бір ойға шомып, қарсы алдындағы
жалғыз аяқ тар жолмен «Қалақай бастауға» қарай келе
жатқан. Кенет бір сұр жылан жолын кесіп өте шығып

еді, ол мұны демде жамандыққа жорыды, әрі, бұрнағы
күні өрісте жүріп жылан шағып соның уынан емдеу
өнім бермей, егіз қозысын жетім қалдырып, тамақ асты
көлкілдеп ісіп көз алдыда қиналып өлген қара қой есіне

түсіп, атының тізгінін тартып, шорт тоқтады.
Тана асығыста Дүребайдың алдын кесем, – деп
ешқашан ойлаған жоқ. Бар мақсаты - ішіндегі жаңа
бір «жан» иелерін аман-есен дүниеге әкеліп, ақтамаса

болмайтын аналық парызынан құтылу еді. Бірақ,
ол мақсатына жете алмады, ойламаған жерден опат
болды. Дүребай оны арыстай қойды шағып, мезгілсіз
өлтіргенімен қоймай, қасақана алдымнан кесіп өтті

деп жамандыққа жорып, өз бетінше кетіп бара жатқан
жерінен қуалап барып, ат үстінде тұрып қамшысын
биік көтере жоталатып салып қалғанда, бір-екі
ышқынып барып сеспей қатқан. Дүребай сол сәтте

өзінің адамгершілік ар-ұжданы алдында кешірілмес
күнәға батқанын қайдан білсін? Қайта, сол тіршілік
иесінің бір ұрғанда-ақ сеспей қатқанына мәз-мәйрам.
Ол атынан қарғып түсті де, Тананың басын кесіп, дереу

ақ шүберекке орап, үйге апарып табалдырығының
астына көміп тастады.
Зағыш оған қазақ салтында ежелдің ең күнінен
жылан түгіл, жыбырлаған құрт-құмырсқаға дейін

қиянат жасамайтынын, тіпті, үйге кірген жыланға да қас
қылмай басына ақ тамызып босағадан шығарып салатын
тамаша дәстүр барын айтып, қарсылық білдірсе де, ол
оны елеп те қойған жоқ. Өлтірген жыланның басын

табалдырыққа көміп жатып: «ел сөйлей береді. Бұл
деген жоқтан өзгеге сенгіш халықтың секемшіл сезімнен
туған құрапат идея. Қайта мені тыңда. Бұл бастың иесі
алдынғы күні қорада жатып арам өлген қара қойдың

қас жауы болмасына кім кепіл! Білсең бармақтай басты

бекер әкеп көмгем жоқ босағаға. Осылай етсек, өзге
жыландар бізден қорқып маңайымызға ендігәрі аттап
баспайтын болады», - деді Зағыштың қарсы пікіріне
өзінше тойтарыс жасап.

Зағыш жақ қырысын ашпады, күйеуінің қасында екі
ұдай болып аз-кем тұрды да, өз жайына кетті. Дүребай
аталмыш «олжасын» табалдырыққа әкеліп жайлап
көмген соң, атына қайта мініп, күрегін тақымына

қысып, өлген жыланның қалған денесін сол маңайдан
шұқанақ қазып аяқ астынан тіріліп кетердей жетіге
бөліп бетін топырақпен жасырып, жермен жексен етіп
тегістеп тастады. Тананың құрсағынан үлкендігі жүгері

дәніндей былқылдаған аппақ сұйықтық ағып жерге
түсті. Дүребай бетке алған ісін берекемен тындырып
көңілі жай тапқан соң қоңыр төбелге қарғып мінді
де, тізгін ұшымен «Қалақай бастауға» барып, бірақ

тоқтады. Бұл алдыңғы күні болған әңгіме еді.
Содан бері Тананың соңына түсіп іздеу салған
ешкім болмады. Міне бүгін ғана оның кешіккенінен
алаңдап жолдасы Маран ордадан шықты. Ол ордадан

шыққан соң қарсы алдындағы кеудесін шіреп қайқайып
жатқан биік тепсеңге қарай тартып берді, бір талай
жерді шиырлады. Бірақ, ешқандай із-дерек таба
алмады. Тіпті, мынау қосылып жатқан тепсеңнің

үстін, ондағы бұта-бұрген, тақыр ши түбін және басқа
қалтарыс орындарды түк қоймай арылтып шықты.
Дерек жоқ. Ол – ордадан шыққан кезде күн көкжиекке
арқан бойы көтерілген болатын. Қазір екінті өтіп, бесін

ауып барады. Маран тепсеңнің түстік шетіндегі бір топ
шидің түбіне барып, айыр тілін жалаңдатып демін алып
ұзақ жатты. Көз алды кұңгірт. Қозғалыстағы әр қандай
денені қалт жібермей байқағанымен, оның адам не

басқа нәрсе екенін анық айыра алмайтын. Тек иіс түйсігі
арқылы бір жайлы ететін. Ол бүгін Тананы іздеймін деп
шынында қатты шаршады. Бәрінен бұрын бұл сонша
ақтарып іздесе де, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже

болмағанына қарадай күйіп-пісті.

”Шіркін бір жүрген бақытты күндер-ай “деп ойлады
ол. Сөйтті де, Тана екеуінің мәңгі естен кетпейтін
қызықты да қырпулы сәттерін есіне алды. Ол кезде,
Маран Тананы алмаған, бас құрау алдында тұрған

болатын. Екеуі бірін-бірі тура көргенімен, орда заңынан
аттап, аусай әрекет жасай алмайтын. Сол себепті, Тана
ордадағы жыландардың «қыздар» тобында болып
көзден таса бір шетте жүрсе, ал, Маран орда істерін

басқаратын қорғаушы «қосынға қосылып басқа жақта
жүретін. Бірақ, бір-біріне деген ыстық махаббаты
ешқашанда суып көрмеген, қайта, күн өткен сайын
көңілдері алабұртып бір-бірін көрмесе тұра алмайтын

шырқау шыңға жеткен. Ақыры әр екі жақтың үлкендері
өзара бас қосып, ақылдаса келіп, Тананы Маранға
ұзатып тынған. Екеуі аңсаған армандарына жетіп,
махаббат бесігінде үнсіз тербелген. Олар қайда барып,

қайда тұрса да жұптарын жазбады, тізе қосып қорек
іздеді. Әр күні бір қараңғы, бір жарықта орындарынан
тұрып, сыртқа шығып, содан қас қарайған шақта ғана
ордаларына қайтып жүрді.

Бір жолы Маран Тана үшін оңбай жаза басты. Бірақ,
қасақана істемеді. Сол күні қырсыққанда екеуі бірге
жүріп ұзынды кеш тіске шұқыр дәнеңе таба алмады.
Маран бесін ауа Тананы ертіп, ордаға суыт тартып

берді, жолда жүрегі қарайып келе жатып, басын жерге
салып мамырлай жайылып өрістен қайтқан бір қара
қойды қарсы алдынан кесіп өте бергенде, аңдып тұрып
дәл тамағынан шағып үлгірді. Оның қанын Тана екеуі

бөліп ішті. Бұл іс екеуіне де қуаныш әкеле қоймады,
күтпеген жерден бастарына пәле, жағаларына жала боп
жабысты.
Кешке жақын күндегі салт бойынша әркімнің

бір күндік тірлік сапарында қолға келтірген қомақты
нәтижелерін
бағалап,
еңбегіне

қарай
сыйлау,
шабыттандыру зор «жиыны» ашылды. Ордадағылар өз-
өз орындарын тауып, еңбектері бағаланып болған соң

шекесінде бұлтиған екі мүйізі, қыр арқасында тікірейген

тал-тал жалы бар, ұзындығы бір метрден асатын бөрте
реңді тығыршықтай жуан Марата сөз алып:

– Халайық арамыздағы біреулер сыртта жүргенде,

үлкен қиянат жасаған көрінеді. Орда ішінде аша тұяқты
бір жануардың қан исі бұрқырайды. Егер оны ақы иесі
сезіп қалса, ордамыздың ойран топырын шығарып
мына күнімізге зар етпесіне кім кепіл! Сол үшін күнәкар

пендем дереу жұрт алдына шығып өзінің өткізген
қылмысын мойындасын, әрі тиісті жазасын тартсын!-
деп қарашаларына бұйыра сөйледі. Ордадағы жыландар
Маратаның сөзін естігенде, қарадай тынышсызданып

бірін-бірі басып жаншып ығы-жығы боп кетті. Марата
дауысын көтере: «Тынышталыңдар!», - деп бір ақырып
қап еді, олар демде су сепкендей тына қойды, содан бір-
біріне: «ол кім екен, ол кім екен?» деп күбір-сыбырын

жалғап үдірейе қарасты. Тана қорыққанынан екі көзі
өрге тартып, талып қала жаздады. Маран басын жерге
салып, ұзынынан көсіліп қыбыр-қимылсыз жатып
қалды. Марата көпке жарлық шашып, қанша сабыр

сақтағанымен, бірақ күнәкар: «мен едім» деп кеуде
керіп алға шықпады. Енді патшаның алдағы минуттарда
кезегін күтіп қаңтарылып тұрған бір талай қоламталы
мәселелері бар болғандықтан, бұдан әрі күтуге төзімі

қалмады. Анау шөккен түйедей ақсары алтынның
үстінен баяу сырғып түсіп, қарсы алдындағы бастарын
жерге салып тым-тырыс жатқан қалың жыландарды
аралап қылмыскерді тауып шығуға бел буды. Тана –

іс осы беті ушығатын болса, Маранның тірі жүруінің
қауіпті екенін ойлап, оны бүйірге түртіп өзін мәлімдеуге
кеңес берді. Соның нәтижесінде, өз дерті өз ішінде
болып үнсіз жатқан Маран басын кекжите көтеріп,

Маратаның алдына барды да, аяғына бас ұрып кешірім
сұрады.

– Дат хан ием - деді Маран құлдық ұра кішіпейілдік

танытып - жаңа сіз іздеп жүрген қылмыс күмәндісі
мына мен. Бірақ, оны әдейі істемедім. Бүгін таңертең
Тана екеуміз сыртта бір таулык қаңғырсақ та, тіске

сыздық дәнеңе таба алмадық. Оның үстіне, Тана «ауыр
аяқ» еді, егер ол дер кезінде қуаттанбаса, құрсағындағы
жаңа бір «жан» иелеріне қауіп төнетін болғандықтан,
пендешілікке салынып, қарсы алдымнан кесіп өткен

бір үлкен қара қойды тамағынан шаққаным рас еді.
Енді нендей жаза қолдансаңыз да мейлі, бәріне көндім.
Жалғыз-ақ болашақ ұрпақтарымның жетім қалмауы
үшін шыбындай жанымды қия көріңіз.

Марата ләм демей бір сәт үнсіз қалды. Жұрт ананы
айтып, мынаны айтып дүрлігіп кетті. Патша оларға
тыныштық тілеп, кеудесін көтеріп сұқтана қарап қойды.
Содан кейін:

ـЕ,... Маран-ай, Маран! осынша дүниені бүлдіріп
жүрген кім екен десем сен екенсің ғой. «Түйенің өзі
түйе болғанымен, ал оның түйе болмас құмалағы»
деген. Кезінде сенің әкеңнің әкесі Ұмсық батыр керемет

жан еді. Осы жұртқа көшіп келердің алдында бұрынғы
ордамыз тұрған жерден бір жылы тасқын жүріп бәріміз
қырылып қала жаздадық. Тасқын сай тағанынан биіктеп
өрлеп келіп орданың орта бөлегіне келгенде, әлдебір

тышқан інінен су кіріп сыртқа шығуға үлгіре алмадық,
сонда Ұмсық сурылып ортаға шығып, менің алдыма
келіп: «Дат, хан ием. Саспаңыз, бұл жұмысты маған
бұйырыңыз, осы жұрттың бақыты мен нұрлы болашағы

үшін қасықтай қанымды, шыбындай жанымды қидым.
Мен ін аузына бекініп жатып алайын, барлықтарыңыз,
дереу аттанысқа келіп, басқа жаққа көшіп кетіңіздер,
ал өз басым тірі болсам, арттарыңыздан барам, егер,

ажалым жетіп аман қалуға мүмкіндік болмаса,... Хош
ағайын-туған. Бәрің де бақытты болыңдар! Бірақ,
сендерден өтінерім, артымда қалған үрім-бұтақтарыма
оң қабақпен қарап қойыңыздар! Басқа айтарым жоқ -

деді екі көзі оттай жанып. Біз қадірлі азаматты қия
алмай, құт мекеннен еріксіз айырылып, түн жастанып
түп қотарыла көшіп кеттік. Кейін ол қайтып оралмады,
ертесі іздеп барсақ, орда су астында қалыпты. Арада

бір жұма өтіп, тасқын қайтқан соң тағы да күш топтап,

Ұмсық батырдың сүйегін алып келуге бұйрық түсірдім.
Өкініштісі, таба алмадық. Ордаға кірген су жер
астына қарай тартып айналасы отырып үлкен кеуекке
айналыпты. Жиегіне барып, төменге үңіліп едік. Көзіміз

жетпеді. Бейне тастай қараңғы шыңырау сияқты.
Марата әңгімесін баяндап айтып жатыр. Жұрт ың-
дыңсыз, ордада тырп еткен тірлікте, дың еткен дыбыс та
жоқ, ол бір кезде қарсы алдында қыбыр-қимылсыз үкім

күтіп тұрған Маранға қарап: - Жарықтық, Ұмсық бабаң
міне осындай көпшіл азамат еді, егер, сол кезде Ұмсық
соншалық көзсіз ерлікке бармаған болса, біздің бүгінгі
баяшат күніміз болар ма еді, қайтер еді? Бүгін сол бір

аяулы батырдың немересі сен үлкен қателік жіберіп
отырсың. Бұл дәл осы уақытқа дейін менің алдыма
келіп түскен шешуі қиын сұрақтардың бірі болды.. - деп
терең тыныстап тоқтады. Содан: «жолдасың қайда?»

деді алдында тұрған Маранға ішіп-жеп қарап.
Маран:

– Бар, қазір келеді - деп айтып ауыз жапқанша,

Тана да жетіп үлгерген еді, Марата одан: «Маранның
айтқандары рас па?» деді қазбалай сұрап.
Тана: «Иә, хан ием. Оның айтқандары түгел рас»
деді биязы мінезімен бас изей тіл қатып.

Марата содан кейін жоғарыда баяндалған Ұмсық
батырдың жанкешті ерлігі үшін оның немересі
Маранды бір жолға өлім аузынан алып қалғанымен,
бірақ, бұрынғы тәртіп сақшылық міндетінен, яғни,

қорғаушы қосыннан шығарып тастады.
Шынын
қуғанда,
жыландардың

осыншалық
тұйыққа тіреліп қате жолға түсуіне адам қолымен
жасалған атышулы тышқан дәрі себепші болған еді, бір
неше жылдың алдында адамдар аталмыш дәріні жаппай

қолданып тышқан апатынан бір жолата құтылуға бел
байлаған. Соның арқасында алғашқы бір-екі жылда
тышқан біткен тірлігін тамамдап, түбегейлі құрып
жоғалуға бет алғанымен, кейін келе олардың бойынан

адам ойына келмеген физиологиялық өзгерістер

жарыққа шығып дәріге деген күшті қарсылық қуат
дарыған. Әуелі, кейбір тышқандар улы дәріні жеп
өміріне қауіп төнген соң, ажалмен айқасып алысып
жүгіріп жүріп өзінің ата жауы мысық пен жыландардың

көзі шалатын ашық орындарға барып әдейі жан
үзетін болған. Айта берсең, адамға да шабуыл жасап
улы дәріні аузына еппен тістеп алып, күбідегі суға
тастап, болмаса, ұн қалтаның арасына жасырып талай

трагедиялы уақиғаларға негіз қалап берген. Әлқисса,
көп жағдайда, азық іздеп айналада жортып жүрген
мысық пен жылан анадайда тырайып жатқан өлі
тышқанды бассалып жеп талайы соның салдарынан

қымбатты өмірін қиып тынған. Содан кейін мысық пен
жылан тышқан десе ат бойын ала қашып, олардың еркін
өсіп-өркендеуіне тамаша шарт-жағдай жасап берген.
Ендігі жерде талшық етуге түк табылмаған да мысық

пен жылан бір-бірін арбап тіршілік құқығына таласу
күресі басталған. Содан бері де аттай желіп төрт-бес
жыл өте шығыпты. Тышқандар өзіне қарсы күштердің
әлсіреуінен

пайдаланып
барған
сайын
баранын

көбейтіп уақыт өза бойларынан тараған бір түрлі
күлімсі сасық иіс сахарадағы гүл-шөптің бәріне жұғып
сол арқылы жылқының тыныс жолы қабынып құрғақ
жөтел пайда болған. Шаруалар қолдарындағы жылқы

біткеннің жөтелін тиып аман алып қалу үшін жан-жаққа
шапқылап қарандыздың тамырын қазып әкеліп, бір
жағы, ақ шүперекке әспеттеп түйіп ауыздыққа байлап,
бір жағы суға қайнатып, соны ішкізіп болжаусыз келген

бұрағай індетке қарсы шабуылға өткен. Осы сәттерде
үйдің іші-сырты, қора-қопсы, төңірек бас дейсіз бе?
Қойшы әйтеу, сайын сахараның бұлың-пұшпағында,
тіпті, басқан-тұрған жеріңде қара топырағы күнге

кеуіп дөңкиіп-дөңкиіп тышқан іні көрініп жататын.
Әлгінде, жылан патшасы Маратаның кәріне ұшыраған
Маранның аталмыш қылмысы айналып келгенде, міне
осындай экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан келіп

шыққан еді.

Маранның ендігі жерде күні оңынан тумады.
Кезінде Танаға өлердей ғашық болғанымен, талабы
тойтарылып, тұмсығы тасқа тиген, әрі Маран екеуінің
бас қосуына көп кедергілік жасап, көздеген мақсатына

жете алмаған қаны сұйық дұшпандары мына сәтті бір
келмес орай деп білді де, бұрын екі тізгін, бір шылбыр
қолында тұрғанда не десе соған мақұл болып бүлкек
қағатын олар бүгін басына күн туып, бағы тайған сәтте

«сынықтан сылтау тауып», Маранды бүйірден түртетін,
тіпті, реті келгенде, өктемдік көрсетіп қоқан-лоқы
жасайтын жаман әдет тапты. Шіркін көзден бұлбұл
ұшырып, келмеске кеткен сол шақтағы қайран абырой,

қайран мәнсап. Енді міне, «құдыққа құлан жығылса,
құлағында бақа ойнар..» дегеннің кері келіп, қашан
көрсең ешкімге сөзі өтпей, қалың ордалы жыландардан
сырттап, орда тәртібіне бойсұнып, патшаның бұйрығын

қарсылықсыз қабылдап, ін аузына таяу суықта жайсыз
орында қарауылда тұратын болған...
Осыдан бастап Маранның Танамен бірге төңірек
ті түгел тінтіп, қорек іздейтін кезіндегі шат-шадыман

күндері мүлдем келмеске кетті. Әр күні таңертең құрбы-
құрдастары қосағын ертіп сыртқа бет алғанда, ол ін
аузын күзетіп көңілі құлазып жападан жалғыз қалатын.
Соның салдарынан Танадан көз жазып қалды. Оның

сыртқа шығып кеткеніне бүгінді қосып есептегенде, тұп-
тура үш күн болды. Содан бері Маранның тамағынан
түйір дән өтпеді. Басы зеңіп, буындары құрып, аштық
меңдеп әбден титықтады. Бүгін Марата Маранның

бағына қарай: «Сыртқа шығып Тананы іздеуіңе болады.
Бірақ, тағы да өз білгеніңше кететін болсаң, өлім
жазасына бұйырамын» деп арнаулы жарлық түсіріп,
кеңшілік берді. Содан жұбын іздеп, сыртқа шыққаны

осы болатын.
Ол Танамен бір жүрген бай-бақытты күндерін
ойлап, өзегі удай ашып, іштей қатты азаптанды. Амал
не, аяулысынан әліге дейін бір дерек жоқ, аяғы жеткен

жерді ақтара іздеп, ешбір сыбыс байқай алмай енді,

міне бір түп шидің түбінде бойын күн нұрына қақтап,
қиял сүріп, қыбыр, қимылсыз жатыр.
* * * *
Кенет жер сілкініп кеткендей болды. Маран басын

көтеріп, айыр тілін жалаңдатып, жан-жағына сақтана
қарады. Көзіне әлдене бұлдырап көрінді де, соңынан
тез ғайып болды. Дүсірлеген дыбыс төңіректі тітіретіп
барған сайын жақындап келе жатты. Бұл Дүребайдың

қыстаулық жеріндегі көшкен елден адасып қалған,
қашып-пысқан қырық құрау жылқысы болатын.
Ол бүгін шындап ашуға басқан еді. Көптен бері
жайылымдық жерінде бейбастақ жүрген бір топ иесіз

жылқылардың басын қосып ызғита қуып, белден-бел
асырып қаңғыртып жіберуге бекіген. Әлгіндегі зілзала

- әне сол қалың жылқының тұяқ дүбірі еді.

– Әй, әй... Үндемесе, қайтеді ей, жамандат алғыр,

шу ей, ой әкеңді... Қасқыр же, қасқыр жегірдің малы -
Дүребай қазір тым қатулы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит
шығып, дүркірей шапқан қалың жылқыны іргеден қиқу
сап айдап өткенде, Маран амалын тауып өзін қорғап

қалды, әйтпегенде, жанынан жұда болар еді, қалың
жылқы басы-көзге қарамай екі жанынан дүркіреп өте
шықты. Ол тұла бойы түршігіп, қатты қорқып кетті,
бейғам жатқан жерінен денесін жиырды да, айыр тілін

жалаңдатып, қарсы алдына кегжие қарады. Енді бұлай
жата берудің қажеті қалмады.
Іштей: ”шығысты бетке алып және де іздеп көрейін,
мүмкін, бір жерде жұмыртқасын күзетіп жатқан шығар...

“деп ойлады да, қарсы алдындағы түйетайлы жатаған
текшеден төмен қарай қабырғалап түсе бастады.
Әредік маңайында өзіне төніп тұрған қарсы күш бар
ма, жоқ па? Соны байқап айыр тілін жалаңдатып, бір

ауық үнсіз жатып «тың» тыңдайды. Бірде, мұным не
азап деп өз-өзіне сұрау тастап кері қайтуды ойласа,
бірде, ордада қаққы-соққы көріп қиналған сәттерін
ойлап қан жұтады. Қазір Маранның басына пәнидегі

барлық пәле - қаза келіп үйіліп қалғандай өмірден баз
кешуге шақ тұр. Әйткенмен, Тананы ойласа тік тұрып
тірі жасауға, басына төнген барлық ауыртпалықты
былқ етпей көтеруге дайын. Ол – түстіктен терістікке

қарап бүкшиіп бейғам жатқан жатаған текшенің етегіне
түсіп қалың шилеуітті аралап, шығысқа қарай тартып
берді. Қазір көк жетіліп, күллі аумақ жасыл түске бой
алдырғанымен, бірақ, бұл ара тұяқ кестіліктің кесірінен

әліге дейін тақырайып жатыр. Маран суыт кетіп бара
жатып, өзіне таныс бір иісті сезе қойды да, пуржинадай
жиырылып, басын көтеріп кегжиіп тұра қалды. Содан
айыр тілін жалаңдатып аталмыш иістің қай тұстан кеп

жатқанын дәм түйсігіне салып парықтады, көп ұзаған
жоқ, иіс тұрақтанып, Маран қайтерін білмей аңырды да
қалды. Қайран Тана баяғыда пәни дүниеге хош айтып,
келместің кемесіне мініпті. Күн ұясына кіріп, қызыл

шапақ батыс көкжиекті біртіндеп жаулай бастады.
Маңайда Мараннан басқа тырп еткен тірлік нысаны
жоқ, тек сонау үй маңынан қойлардың азандатып
маңыраған, иттің өзеуреп үрген дауыстары естіліп тұр.

Маран қанша қапырық жұтқанымен, мүлдем сұлкынын
түсірмеді, сәл тұрып ақылына келді. Содан Тана көміліп
жатқан қара топырақтың үстін басып, жер бауырлап,
иіріліп ұзақ жатты.

– ”Тана білесің бе? Бұрын екеуміз қандай тату-

тәтті едік. Біздің сол бір көңілді күндерімізге ағайын-
достарымыз қызыға да, қызғана да қараушы еді. Мен
қапыда қылмыс өткізіп ордадан ұзап шыға алмай
қалғанда, сен жалғыз тау асып, тас басып жүріп опат

болдың? Айналайын Тана міне хан иемнен кеңшілік
алып саған келіп тұрмын. Бірдеме десеңші! Мен сенің
нұрлы жүзіңді көре алмасам да бәрін жүрегім сезіп тұр.
Адам баласы неткен тасбауыр еді! Бір бүтін уылжыған

талдырмаш денеңді жетіге бөліп, басыңды кесіп,
табалдырығының астына апарып, ақ шүберекке орап
көміп тастапты“.
Маран осы жерге келгенде, көңілі босап қыстығып

жылап жіберді, бірақ, қамығып қанша жыласа да,
бәрібір, Танадан мәңгі көз жазған еді, ол енді қайтып
оралмайды, Маран тағдырдың басқа салғанын шарасыз
қарсы алып, жарық дүниеде жападан-жалғыз қалды.

Қас қарайды, Маран осы күні таң атқанша
Тананың қасынан ұзап кете алмады, жерге жарық
түспей бір ыңғайлы орын тауып бекініп алуды қанша
ойлағанымен, қалай екен, Тана жатқан жерден аз ұзаса

болғаны, әлдебір нәрсесін ұмыт қалдырған адамша
өз-өзінен мазасы кетіп, қарадай алабұртты. Ол осы
түні Тананы айналсоқтап жаны күйзеліп бір жатып,
бір тұрды. Әрі осындай мазасыз күйге душар еткен,

Тананы тағылықпен шанап өлтірген сол бір екі аяқты
жендеттен кек алмай тынбаймын деп өз-өзіне мықтап
серт берді.
Маран таң ата ақылын тауып, өзінің о дүниелік

болған аяулы жарына «Қымбаттым, алаңсыз жата бер.
Мен қайтсем де, сенің түбіңе жеткен сол бір екі аяқты
жендеттен кегіңді алып, басыңды әкеліп өз денеңе
қосам» деп соңғы сөзін айтты да, Тананы түбегейлі

тастап кете алмай, тағы біраз айналсоқтады. Бірақ,
өмір заңы оған ешқандай мүмкіндік қалдырмады.
Ақыры қарсы жақтан қарым қайтару үшін Танадан да,
ордадан да айырылып тіке тартты. Өйтпесіне де амал

болмай қалды, кеше кеште ордаға қайтып, бір күндік
есебін жасап, азаматтық парызын өтемей таң атқанша
Тананың өлі денесін күзетіп, дөйдалада түнеп шықты.
Демек, орда тәртібіне үлкен қиғаштық жасап, қылмыс

үстіне қылмыс жамап отыр. Әдетте айтқан мерзімде
барған күнде де оны құшақ жая қарсы алып, өз жанына
тартатын жанашыр жақыны жоқ, оған қоса Марата
оны қорғаушы қосыннан шығарып, «досына күлкі,

дұшпанына таба» етті. Енді, «қасқырдың аузы жесе де
қан, жемесе де қан» дегендей әуелде Тана үшін табаға
ұшырған екен, ақырына дейін соның жоғын жоқтап,
мұрдем кетейін» деген бекімге келді.

* * * *
Бүгін Дүребай жаңа туған саулықтарды жас қозысы­
мен қорада қалдырып, ал, марқа қозыларды енесіне
қосып өріске жіберіп жатқан. Зағыш үш күннің алдында

жылан шағып өлген қара қойдың егіз қозысына жаңа
сауылған сиыр сүтін құмыраға құйып басына еміздік
кигізіп, кезек-кезек беріп жатқан.
Маран бастапта не істеп, не қоярын білмей әңкі-

тәңкі күй кешсе де, Тананың түбіне жеткен қанды
қолдан кек қайтаруды әсте есінен шығарған жоқ. Оны
ойласа болды, өзегі удай ашып екі көзіне қан толып,
терісіне сыймай ісініп шыға келетін.

Өрісте төрт түлік мал лықсып жайылып жүр.
Ордадан таң ата жем іздеуге шыққан жыландар да
түліктермен бірге өздеріне тиесілі ырыздықтарын
тауып жеп, тұс-тұсқа бытырап кетті. Бірі «іші боқ,

сырты түк» төрт аяқты бағынды хайуан болса, ал енді
бірі аяғы жоқ, қолы жоқ, тек бауырымен жорғалаушы
салқын қанды жануар. Олар кез келген жерде бір-
бірінің көзіне түсіп қалғанымен, екі жақтан да бір-

бірінен сескену құбылысы көрінген жоқ, зәудеғалам,
түліктер жыланның бір жерін байқаусызда басып
қалып, жанына қысым түсірмесе, олар да келсе-келмес
қарсылық көрсетіп, уын шашпайды. Бірақ, Маран

оларға ұқсамайды, оның көзқарасы көп жыландардан
мүлде басқаша.
Марата кеше Маранның ордаға келмегенінен қатты
алаңдап, қол астындағыларға: «ертең оны қайтсеңдер

де іздеп тауып, осында алып келіңдер. Оның бүйтіп
кешіккеніне қарағанда, Тана бір қатерге ұшыраған
сияқты. Егер іс осылай болып жатса, Маранды тезірек
іздеп тауып сабырға шақыруымыз керек, өйтпеген де,

ақылдан кешіп, өзімен қоса өзгені де айықпас пәлеге
қалдыруы мүмкін. Ең маңыздысы, оның өз басын аман
сақтап қалмасақ, Ұмсық секілді жау жүрек батырдың
тұқымынан түк қалмайды. Сол үшін жабал аттанысқа

келіп, жаппай іздеу салыңдар..» деп жарлық шашты.
Маран бұл жағынан хабарсыз жүрсе де, бірақ, өзінің
жаңсақ басып алғанын әманда сезетін. Соны ойлаған ол
басқалардың көзіне түспеу үшін көрнекі жерден гөрі,

қайта, аяқ ізі түспеген соқпақ жолдармен алға қарай
үздіксіз ілгерлеп отырды...
Ол осы күні өрісте жүріп бір қозы және бір дөнежін
сиырды шақты. Оларды белгілі себеппен емес, өзегін

өртеген ортаймас кекпен әдейі іздеп барып шақты. У
қозының денесіне жарым сағатқа жетпей тарап үлгірді.
Соның салдарынан өрісте жайылып жүріп көз алды
алашұбартып, әрі-бері сенделектеп барып жығылып

түсті де, аузынан ақ көбік ағып, кежегесі кейін тартып,
төрт аяғы сіресіп, құлындағы дауысы шығып, қиналып
жатып жан үзді. Ал дөнежін сиыр кешке өрістен қайтып,
үй жанына келген кезде жығылып түсті. Дүребай оны

мал түгендеп жүріп қораның батыс жағындағы жатаған
төбенің баурайында төрт аяғын бүгіп басы қалтақтап
орнынан тұра алмай жатқан жерінен тапты. Жануар
иесін көргенде, өзіне үлкен медет тұтып, ыңырана

мөңіреп жіберді. Дүребай атынан түсіп оған жақындап
барып қанша сәп салып қараса да ешқандай ұлғаусар
белгі таба алмады. Көтерем дейін десе, қазірге деиін
малдарының ішінде одан өтетін әлдісі жоқ, оның үстіне

тумаған, қысыр. Дүребай сиырын әрі-бері айландырып
көріп, ақырында жылан шағып алғанын тұрақтандырды.
Бұл айтып-айтпай нақ қойылған диагноз еді, жануар
аяқ астынан келген пәледен тірі қалған жоқ, у тұтас

денеге тарап, қанын қоюлатып, буып тастағандықтан,
кешігіп берілген дәрі-уколдың еш өнімі болмай, таң ата
сылқ ете түскен. Маран мұнымен тынбады, кеудесін
кек кергені соншалық, тіпті, алған бетінен қайтар түрі

жоқ. Ордадағылар оны таңертеңнен кеш батқанша жер-
көктен іздеп таба алмай, кері қайтқан. Ол бұл күні де
ордаға бармады, өзі лайық санаған өрістегі бір түп
шидің түбін паналап, ұзақ таңды ұйқысыз атырды.

Көзін ілсе болды, Тананың табалдырыққа көмілген

басына аяқ астынан жан бітіп, өзінен көмек тілеп ұлы
денесін аңсап зар жылап жатқаны елестейді де селк
етіп оянып кетеді...
Таң атқан соң кәнігі әдетіне қайта басты, бірақ,

ол бүгін басқа жолды таңдады, бұл рет «найза» ұшын
Тананың түбіне жеткен қанды қолға қадады. Сонымен,
өрістен қайтып, ауылды бетке алып сыпсыңдап суыт
жүріп кетті. Жолда келе жатып күтпеген жерден

жанынан жүда бола жаздады. Өрісте жайылып жүрген
бір үлкен сұр сиырдың аяғының арасынан өте берген
де, оны артқы аяғы қағып қалып бауырын жарқыратып
әлденеше домалатып жіберген. Ол домалап барып қайта

оңшалып, айыр тілін жалаңдатып аз-кем тұрды да, сұр
сиырдың қарсы алдынан шығып басын шошайтып
иіріліп жатып оңтайлы сәтті күтті. Аңқау сұр сиыр
басын жерден алмай, пышылдап жайылып келе жатып

дәл Маранның жанына келгенде, иегінің астынан сарт
еткізіп шағып алды. Сиыр басын бір шайқады да,
түк болмағандай жайына кете берді. Ал Маран баяғы
сорапқа түсіп көздеген жеріне қарай суыт тартты. Ол

бұл күні бірден үй қасына батынып бара алған жоқ,
сөйтсе де, үйге таяу өзіне ыңғайлы бір жерді тұрақ етіп
таң атқанша көз шырымын алмады. Өзегін өрт шалып,
ішкі жан дүниесі астаң-кестең боп шықты.

Аталмыш сұр сиыр кеше өрістен қайтып келе жатып
үйдің жоғарғы жағындағы аласа дөң басында у бойына
тарап бүк түсіп, жатып қалды. Оны көз байланар
алдында мал көздеп өріске шыққан Дүребай байқап

жылан шаққан иек астын шабақтап, у қайтартын укол-
дәрі беріп, аз болмаған ем-дом жасады.
Ертесі Маран түске дейін жатқан орнынан
қозғалмады. Екінті ауа қой қораның артындағы

шұңқырға түсіп, тышқан аулап аржағына аз болса да
ел қондырды. Арада тағы бір күн жылжып өте шықты.
Маран бұл күні қой қораның алдыңғы керегесіне тақап
жиналған кебу қидың арасына кіріп бой тасалады.

Бір күннің алдында жылан шағып уланған сұр сиыр

бойынан әл кетіп орнынан тұруға шамасы келмеді.
Дүребайдің әйелі Зағыш өте малсақ еді, қайткен
күнде де, өзі нәсілді, әрі жылына салмай туып тұрған
сүтті сиырын өлімге қимады. Мүмкіндіктің барынша

жанын сақтап қалуға тырысты. Оны көктемнің көк
долы суығынан қорғап, үстін көне текеметпен жабулап,
алдына жем-шөп әкеп қойып, күніне бір рет орнынан
тұрғызып, бір жағынан енді бір жағына қарай аударып

орнын жаңалап, асты-үстіне түсіп көп қарады...
Дүребай әнеу күннен бері қозыларға ен саламыз,

- деп қанша құлшынғанымен, бірақ сәті түспей

келген еді, бүгін ауылда оқып жатқан екі баласы
сенбіге қарсы мектептен тарап үйіне келген орайдан
пайдаланып сол маңызды шаруаны ресми қолына
алды, бұл ауыл жайлауға әр жылы маусым айының

ортасына таяу ел артында қалып саяқсып көшіп
шығатын. Биыл да сол мезгілге барып қозғалатын түрі
бар. Өйткені, қазір мамырдың 25-жұлдызы. Осы кезге
дейін Дүребайдың не істеп не қойғанын адам ұғып

болмайды. Ал, маңайындағы көрші-қолаңдар сәуірдің
соңғы мезгілдерінде-ақ малын айдап, тау етегіне қарай
ептеп жылжи бастаған. Олар жас төлдерге бір жағынан
ен салса, бір жағынан, сауырына көлденең қызыл

сыр жағып белгі ұрды. Маран қораның аузына таяу
жиналған кебу қидың арасында ұрымтал сәтті күтіп
қыбыр-қимылсыз жатыр. Зағыш екі баласын ертіп
қораның ішінде қарбалас қозы ұстап жүр. Дүребай

қораның сыртында ергеншектің түбінде қозыларға
ен салып, белгі ұрып әлек. Маран қи арасында жатып
кезіндегі Тананың тәтті қылықтарын есіне алып өзегін
өрт шалды. Рас екеуінің бас қосып бір жүрген сәттері

қандай бақытты еді, өмірде дәл екеуіндей тату, дәл
екеуіндей адал ғашық-машықтар болмаған шығар-ау
сірә. Маранның әлі есінде. Кейде екеуі ойға келмеген
оқшау мінез танытып, өнер сынасып сол арқылы бір-

біріне деген терең сүйіспеншілігін, құрмет-сезімдерін
білдірісетін. Тана Маранның мойнынына оралып,

алдына көлденеңдеп жатып алып, оған деген ыстық
махаббатын білдірсе, ал Маран анадай жерге зу етіп
атылып барып құйрығын ғана жерге тигізіп тікесінен
тік тұрып, Тананы таң-тамаша ететін.

Бір жолы екеуі бесін ауа орданың жоғарғы
жағындағы биік жотадан қабырғалай түсіп құтты
орындарына қайтып келе жатты. Мезгіл күздің орта
шені еді. Қия беттегі ұйлыға өскен бұзау шіңген

сабағынан сарғайып әбден майдаланып кеткен. Маран
Тананың алдында қия беттен жол бастап ептеп түсіп
келе жатқан. Бір кезде: «ой-бай, Маран, құтқар, өлетін
болдым!» деген дауысты ести салып, артына жалт

бұрылып қарай бергені сол еді, Тана әудем жерден
домалап келіп, өзіне соғылып тоқтады. Маран шошып
кетті. Ол Тананы: «Айналайын, көзіңді ассаңшы! өлісің
бе тірісің бе? Не болды саған» деп қанша жұлқылап

жыламсырай тіл қатса да, тырс еткен тірлік белгісі жоқ,
ес-ақылдан айырылып сұлқ жатқан.
”Әй, құдай-ай, ордаға жақын деп ойлап едім,
жүрмейтін жермен жүріп өзіме де обал жоқ. Енді

қайттым. “деді есі шыққан Маран қыстыға тіл қатып.
Күннің қызыл шапағы солғындап қас қарайып келеді.
Маңайында екеуінен басқа тірлік нысаны көзге
шалынатын емес, ал, Тана қыбыр-қимылсыз, мүлдем

сұлық. Маран алдында жатқан Тананы көзі қиып бір
жолата тастап кете алмады, егер, «мәйітті» шынымен
осы арада қалдыратын болса, онда өліспей беріспейтін
қас жауы - кез құйрық, үкі секілді дала серілерінің

таптырмас жеміне айналуы мүмкін. Маран соны ойлап
өлі дененің орта тұсынан құйрығын орап, төмен қарай
сырғытып түсіре бастады. Ол жансыз денені сай
табанына қарай құныперен сүйрей жөнелсе де болушы

еді, бірақ, олай істемеді, «өлікті» тау-тасқа соғып,
сүйрелеп уыздай тәніне дақ түсіруге дәті бармады.
Тананың денесін аса ептілікпен төмен қарай сырғыта
жөнелді. Аз жүрген соң Тана есіне келіп: «ойбай, Маран

мені қайда апарасың, тоқта!» деді орнынан тұрмаққа

талаптанып басын жерге ұрып. Маран сенер-сенбесін
білмей шорт тоқтай қалды. Содан артына бұрылып
аңыра көз тастап еді, шын ба, өтірік пе әлгінде сұлық
жатқан Тана баяғы қалпын тауып, өзіне қарап күліп тұр

екен.
Маранның қуанғанынан жүрегі тайдай тулап
кеудесін тесе жаздады.
”Айналайын Тана, шынымен тірісің бе?, - “деп

төңірегін басына көтеріп айғайлап жіберді. Тана оның
көзі алақандай болып қуанған түрін көріп, өзін меңгере
алмай сақылдап күліп жіберді.

– Әй, аңқауым-ай, - деді Тана оған күле тіл қатып

- жаңа сені қорқытайын деп осындай қулыққа барған

едім, соны да білмедің ғой. Маған деген көңілің қандай
кіршіксіз еді, егер сенен басқа біреу болатын болса,
мүмкін, өлетін «жан» өлді, енді өзге жол іздейін, – деп
мені иен далаға тастап кететін еді, бірақ, сен үйтпедің.

Шынында әсерленіп тұрмын...
Тана сөзін айтып, осы жерге келгенде тосыннан
кідіре қалды. Іле-шала, көңілі босап көзіне ыстық жас
үйірілді. Маран ашуланарын да, әсерленерін де білмей

Тананың бетіне қарап аз-кем аңырып тұрып қалды.

– Сен неткен адал едің! - деді Тана Маранды

бас салып құшақтай алып менің мынадай қулыққа
барғанымды кешірші, бұдан кейін сені бүйтіп азапқа
салып жаныңды қинамаймын. Маған сен.
Маран Тананың мынадай жолсыз әрекетін іштей

оң көрмесе де, оны шексіз сүйетіндігі үшін бір жолға
кешірді.

– Болды, қойсаңшы қалқа, – деді өзін ғапу өтініп тас

қып «құшақтап» тұрған Танаға бұйыра тіл қатып - сені
кешірмегенде кімді кешірем. Мен үшін тірі жүргеніңнің
өзі бір үлкен кешірім емес пе?..
Маран қи түбінде көпке дейін күтіп қозғалмай

жатыр. Зағыш әлгінде Дүребайдің рұқсатымен түскі
шай жөндеуге үйге кеткен. Ол үйге келе сала бу
қуырдақ жасап, түскі шайға дейін үлгіртуге қамданды.

Соның әлегімен түрлі қажеттіліктерді дайындап пештің
күлін қағыстырып жаңалап отын қалап еді, кеше әкеп
қойған кебу қи шай қайнатып, тамақ пісіруге жетпейтін
сияқтанды. Сонымен, күндегі әдетінше жаман шелегін

көтеріп, төбесі жартылай ашық қой қораның сыртына
там қабырғасына жандап қаланған қиға қарай тартып
берді. Жүрер алдында қи шағатын тесе балтаны іздеп
еді, жер-көктен таптырмады.

”Мүмкін қидың қасында жатқан шығар“, - деп
ойлады. Шынтуайтында, кеше Дүребай ол балтаны
қостың өкпе тұсындағы малға тұз салатын ұзын ағаш
науаның екі басындағы салқылдап бос қалған қазығын

жөндеп жаңалап қаққалы сол жерге апарған еді, жұмыс
бітер-бітпесте бір шұғыл шаруасы шығып қарбаласып
жүріп балтаны сол жерге ұмытып тастап кеткен.
Басқалар қора жақта қарбалас жұмыс істеп жүр.

Маран қидың арасында жатып, айыр тілін жалаңдатып,
айналадағы қыбыр-жыбырдың бәрін иіс түйсігі арқылы
тура парықтап, әудем жерде қозы-лаққа ен салып
қызу жұмыс үстінде отырған Дүребайды барынша

арбап қозғалыссыз жатыр. Дүребай басы зеңіп, көз
алды қарауытып, мазасы кетсе де, бүгінгі ісін бір
шетке шығарып дем алсам деп барынша шыдамдылық
көрсетті. Кенет шығыс жақтан бөгделеу бір иіс білініп

барған сайын жақындай түсті. Маран Дүребайды
жайына тастап, әуелгі райынан тез қайтты да, енді
бөгде иістен дәмеленіп, бар назарын солай аударып,
қыбыр-қимылысыз жатты да қойды. Зағыш Маран

жатқан өңірге келіп аз тұрды да, қарсы алдындағы
кебу қидың біреуін оң қолымен қапсыра ұстап көтере
бергені сол еді, таңертеңнен бері осы орайды күтіп,
сақадай сай тұрған Маран сұқ саусақтың ұшынан сақ

еткізіп шағып та үлгірді. Зағыш саусағының ұшы дыз
ете түскенде-ақ бір пәлені сезе қойды. Содан, аталмыш
қиды көтеріп алғанда астынан айыр тілін жалаңдатып,
терісіне сыймай ісіп кеуіп иіріліп жатқан дәу қара шұбар

жыланды көріп баж ете түсті. Міне, бұл кеудесін кек

кернеген жау жүрек батыр Маранның дәл өзі еді. Маран
Зағыштың қолынан сақ еткізіп шағып алған сәтте-ақ,
қарасын өшірудің қамын жасай бастаған. Дүребай
баж еткен үрейлі дауыс шығысымен қолындағы ен

салып жатқан қозысын жайына жіберіп дереу орнынан
атып тұрды да, әйелінің жанына жүгіріп жетіп барды,
қалғандары да Зағыштың ісімен болып қызу жұмыс
аяқсыз қалды. Дүребай істің шын сырына қанықты.

– Бәсе әлгінде басым зеңіп көзім қарауытып еді,

арбап жатқан сол пәле екен ғой - деді терісіне сыймай
тісін-тісіне басып, - қане қай жерден көрдің? Өлім
қапқырдың сазайын берейін.
Зағыш жылан жатқан жерді нұсқап еді, Дүребай

жүгіріп складқа кірді де, күрегін алып келіп жинаулы
тұрған кебу қиды шетінен аударып қаны сұйық қас
дұшпанын іздеп қарадай аласұрды. Бірақ, бәрібір
кеш қалған еді, Маран бұл кезде ел көзінен таса қи

арасындағы бостықтарды ебдейлі пайдаланып, бір
үлкен тажалдан басын қорғап қалды. Ол сыртқа
сытылып шыққан соң шапшаң қимылдап, қораны
айналып барып бір кішкене жар қабақтың шетіндегі

қалың ши арасына кіріп көзден ғайып болды, уақыт өте
у Зағыштың тұтас денесіне тарап қаны қоюлап, жүрегі
тартып, тынысы тарыла берді. Дүребайдің екі баласы
шешесі Зағышты айналсоқтап не істерлерін білмей,

әбден титықтады. Дүребай бар назары Маранға ауып,
Зағышпен ісі болған жоқ. Бірақ, ұзаққа бармады. Зағыш
бір кезде жылан шаққан қолынан бастап біртіндеп
ұйып, қаңырығы түтеп, көз алдына алуан формадағы

қызылды, жасылды сағым сақиналары пайда болып,
басының ыңғы-дыңғысы шығып есінен ауып жығылып
түсті. Екі бала қарадай естерін жоғалтып айналаны
басына көтеріп, шулай жөнелді. Дүребай дауыс шыға

сала қарбалас жұмысын қайырып қойып, ес-түссіз
жатқан әйелін еңіреп келіп бас салды...
16-3-2014

Жаңбырлы түн
(әңгіме)

Түні бойы жауған жаңбыр таң ата толас тапқан-ды. Керім төсегінен дүрдараз тұрды да, керіліп-созылып терезе алдына барды. Қарсы алдында даңғырап жатқан асфальт жолдың оң жағындағы тоғыз қабат ғимараттың ұшар басында Қазақстан Республикасының күн мен қыран бейнесі өрнектелген қасиетті көк байрағы таңғы самалға қосылып көз жауын ала желбіреп тұр. Төңіректе тырп еткен тірі пенде жоқ, жауын шайған асфальт жолдың үсті бұлт арасынан қылтиып шыққан шағырмақ күннің аппақ нұрына шағылысып, көзді ұялтады. Ол терезе алдына таң шапағына малынып, жым-жырт жатқан Тараз қаласының тамаша көріністеріне қиял ұзатып сәл тұрды да, соңынан сабағы есіне түсіп, ұйқы тығылып шала жұмылған қой көздерін уқалай жүріп, шұғыл қимылға көшті. Бүгін таңертең бірінші өтілетін сабақ география (жағарапия) пәні болатын. Сабақ мазмұны су байлығы жайында еді, Қали мұғалім күнделікті әдеті бойынша, тізімді жоқтап, кешегі өтілген сабақтан пысықтау алып болған соң, іле-шала, жаңа тақырыпқа көшті. Мұнда ол тек бір ғана су байлығы туралы емес, тіпті, тұтас әлемде болып жатқан қазірге дейінгі өзгерістерді осы реткі жаңа сабақ мазмұнына тығыз сәйкестіріп, кеңінен қосылып сөйледі. Шебер тіл арқылы жүйелі қолданған тың тіркестерге бірлі-жарым тентек оқушылар болмаса, сабаққа сана бөлетіндер айрандай ұйып үнсіз тыңдайтын. Керім – Қали мұғалім сабағын өткен сайын оның әр сөзінен үлкен ой арқалап, қоғамдық өмірмен тығыз ұштастыратын да, қиял теңізіне белшесінен бататын. Ол – бүгін де сол әдетіне басып, басқа бір дүниені қиялмен аралап кетті. Өткен күзден бастап,

дәл осы жылға жуық уақытқа дейін жат жерде білім қуып, оқу қарбаластығымен туған ауылына бара алмай, көкірегін керген сағыныш сарығы күн өткен сайын күшейе түскен. Аспан асты ақ шулан нұрға бөгіп шырадай жайнап тұрғанымен, о, жер, бұ, жерде демін ішіне тартып, шоқ-шоқ будақ бұлттар кезегін күтіп қалықтап жүрген. Оқыту ғимаратының Керім отырған екінші қабатындағы терезенің сыртында жан-жағына жайылып, жасамыс тартқан ағаш бұтақтары сумаңдаған суық желге бой алдырып, сүйір жапырақтарын тынымсыз сыбдырлатады, Қали мұғалім ау баста, бір-екі рет тұтығып қалып еді, кейіндеп барып шабыты шалқып көсіле сөйлеп кетті. Класс ішінде, оның жаңғырыққан жуан дауысынан басқа ешқандай үн жоқ. Тыңдаушылар тым-тырыс, Керімнің екі көзі қара тақтада болғанымен, қиялы басқа жақта. Ол қазір аспан асты еліндегі кір жуып, кіндік кескен алақандай ауылын аңсап, қиял теңізіне бірақ батып кеткен. Жайлау үсті, көз байланып келеді, дарқан даланы селдір тұман басқан. Сылбыраң жауын кәнігі әдетінен бір тынатын емес, аяғы тік қиямен ұштасқан шағын тепсеңді мүйістің үстінде сопайып жалғыз қос тұр. Қостан берірек қой қораның бір жақ шетінде қазығын шыр көбелек айналып тайыншадай дәу төбет өзеленіп үріп болмайды. Төңірегін айналдырып, сым тормен қоршаған ашық қой қораның аузында екі адам иірілген қойды ортадан өткізіп, үнсіз санау үстінде... Жайлаудың қара бас шалғынын белшеден кешіп әбден шелденіп алған семіз қойлар ортадан өткен сайын аспанға тік шапшып, әудем жерге төрт аяқтап, «дік-дік» түсіп жатыр. Бір шақта, сыртта иірілген қойдың саны азайып, ішке түгел кіріп болды да, сан санап тұрған екеу бірбіріне қарап сілейіп тұрып қалды, ұзын саны бойынша, есептегенде, екі қора қойдан жиырма тұяқ кем болып шықты. Олар мұнда көп тұрмады, дереу шешім

қабылдап, кішісі үйде қалып тамақ жасайтын болды
да, үлкені жиырма тұяқ қойды іздеп күндіз жайылып
келген өріске қарай тартып берді. Бұл кезде қас қарайып,
қараңғы түн төңіректі тұншықтыра басқан. Керімнің

қолына ұстаған электр прожектор сәл жүргеннен кейін
қуаты кеміп, дымы құрыды да, аяқ астынан лып етіп
өшіп қалды. Қазір оның қиялына күндіз қой жайған
өрістен басқа ештеңе түспеді. Себебі, бүгін қойлар

ешкімге қосылмаған. Оған көзі әбден жетеді. Ол
осынша көп қойдың үйірінен адасып бір далада қап
қойған себебін басқадан емес, қайта, күн шыққаннан
түс әлеті болғанға дейінгі көзді байлап, көңіліне дық

түсірген: адыра қалғыр, «соқыр тұманың» кесірінен
екенін бес қолдың саласындай анық біледі. Ертелі-
кеш қарабас шалғыны бойдан асатын сонау шатқалдан
екінті бола қораға тартқан қойлар көз байланудың

сәл алдында ғана үй маңына жетіп үлгірген. Қостың
аяқ жағындағы әрдайым өрістен келгенде, қой шұбап
өтетін жалғыз аяқ тар жолдың шетін ала, бір үлкен
сәкі тас бар болатын. Ол – қос аралығы мен шатқалға

түсетін жолдың қилысына жайғасқаны себепті, үстіне
шығып төменге көз жіберсеңіз не нәрсе болса да
назардан тыс қалмайтын. Керім бүгін екінті мезгілінде,
сол сәкі тастың үстіне шығып, дүрбі арқылы сонау

сай табанынан тізіле қатар сап түзеп өрлеп келе
жатқан қойларға көз кідіртумен болған. Міне, сол
кезде, көкейіне күдік ұялатқан бір жағдай әліге дейін
есінен кетпеген. Қойдың соңы шұбап көз еркін жететін

ашыққа келгенде, дүрбі арқылы және бір шолу жасаған
жас шопан сонау алыстағы қарабас шалғын арасында
шөп басын қозғалтып әлдененің жүргенін байқайды,
биіктігі бойдан асатын шалғын арасын қаншалық

жақындатып көрсетсе де, ондағы жүрген тіршілік иесін
мал иә басқа нәрсе екенін ажырату мүмкін емес-ті.
Көңілі сезсе де, көзі жетпеген ол шалғын арасындағы
қимылдап жүрген мынау тірі жан иелерін өткенде,

төменге түсіріп тастаған тайынша-торпақтардың бір

бөлегі берірек келіп, шүйгін қуалап жайылып жүрсе
керек, деп топшылаған. Жаңбыр жаңағы бір сыдырғы
әуенінен жазбай «сытыр-сытыр» жауып тұр. Айнала
тастай қараңғы. Ол – жалғыз аяқ тар жолға түсіп, әлі

жүріп келеді, жылдам басып жүрген сайын шөп басына
тұнған мөлдір су тамшылары су етегінің қонышын
кенерлеп, аяғына ораған шылғауын сығып аларлық
дәрежеге көтерді, қолындағы қуаты әлсіреп, керектен

қалған прожектор сәл тұрып іске қосқан кезде, бір
жарық етеді де, өлеусіреп барып қайта сөніп қалады.
Жол үсті мал тұяғымен шыланған қойыртпақ батпақ
болғандықтан, Керімнің аяқ алысы ауырлап, бірде

тайып, бірде, сүрініп жығыла жаздап, самайынан
тер моншақтап әбден зықысы кетті. Қолына ұстаған
прожектордің соңғы сәулесі сөнгеннен бастап, қарға
адым жерді қамсыз басу тіпті мұңға айналды. Ақыры

болмағанда діңкесі құрып отыра кетті. Кері шегінуге
әсте жол жоқ, бөлініп қалған топ қойдың қасқыр
тартып кететінін ойласа, бір минут байыздап тұрудың
өзі қылмыс. Аспандағы бұлт қоюлап, күн күркіреп,

найзағай жарқылы үдей бастады. Керімнің ендігі амалы
найзағай жарқылынан пайдаланып, жол жағдайын
игеру болды. Міне, көктен тілегені жерден табылды да,
найзағай жарқ еткендегі сүттей сәулемен бір талай жерді

есіне тоқып, үлгірген ол орнынан сүйретіле тұрып,
межелі жеріне жеткенде, тағы да сылқ етіп отыра кетті.
Ол тек найзағай жарқ етсе ғана алға ілгерлеп отырды.
Найзағай және бір жарқ етті. Бұл кезде қылт еткен қиял

әлдеқайда алып кеткендіктен, айналасын толық көруге
мұрсат болмады. Ол орнынан дүрдеараз тұрып және
де алға ілгеріледі. Қырсық шалғанда, жай аяңдап келе
жатып, аяқ астынан тайып жығылып еді, өзін ұстай

алмай жол астындағы қиядан сырғанап түсті де, бір
жазықтау жерге барып зорға тоқтады. Соның өзінде
өне бойын үрей билеп, есінен тана жаздады. Жаңбыр
баяғы ырғағын өзгертіп, енді басқа бір қырынан көріне

бастады. Найзағайдың жарқылы мен күннің күркірі

уақыт озған сайын, үдемесе мүлде бәсеңсіп көрмеді.
Шудаланған қою қара бұлт өкпесін ұстап, тау басын
бетке алып жөңкіле көшуде...

- Ей, анау арт жақта отырған екеуің қашан болса да,

қипақтап тыныш отырмайсыңдар! Мен тақта алдында
санамды сабаққа бөліп, самбырлап сөйлеп тұрғаныммен,
екі көзім сендерде. Екеуің өздеріңді-өздерің алдаған­
дарың­мен қоймай, басқалардың да шырқын бұзып,

оқып-үйренуіне үлкен кедергі жасадыңдар. Тыныштал!

- деп Қали мұғалім сабақ үстелін бір қойып қалып еді,

түртініп отырған екеу де бойларын түзеп, алдыға қарап
жым бола қалды. Керім селт етіп есін жиды да, Қали
мұғалімге тесіле көз тастады. Ұстаз түсі бұзылып, аз-
кем үнсіз тұрған соң, сабағын келген жерінен жалғап

әкетті:

– Біз жаңа су – бүкіл тіршіліктің тірегі, өсімдіктің

қуаты мен нәрі дедік. Адамзат жөнінен айтқанда, біз
суды үшке бөліп сөйлейміз. Біріншісі – теңіз-мұхит
суы, екіншісі –тұщы (өзен, көл) су, үшіншісі – жер
асты суы. Бізге тұщы судың қажеті көп түседі, қазір

дүниедегі бірталай елдерде ауыз су мәселесі қиын
жағдайға дөп келіп отыр. Ал теңіз суына келсек, онда
тұз құрамы аса мол болғандықтан, бірден тұтынуға
келмейді. Бірақ, бүгінгі күні ғылым мен техниканың

ғарыштап дамуына байланысты тұз құрамын арылтып,
тұщы суға айналдыру жүзеге асып отыр. Енді жер асты
суына келсек, ол да бір жөнінен алғанда аса табиғи
байлық, әйткенімен, «судың да сұрауы бар». Тек бүгінгі

күнімізді ойлап, ертеңімізге назар аудармасақ және
болмайды. Жер асты суы мәңгі сарқылып бітпейтін
байлық емес, ол да шекті. Ол сарқылып біткенде, жер
астын кеулеген бостық қалады да, таулар отырып, жазық

дала түпсыз шыңырауға айналып адам айтса нанғысыз
табиғи апаттар болады. Оның бір айқын дәлелі-
тұтқиылда туылатын аса ауыр жер сілкінісі. Егер жер
шарында су болмаса, өсімдік тамыры солып, топырақ

қабаты құнарынан айырылып, ауа құрғап, көптеген

зиянды заттар тыныс жолын кенерлеп, жасыл әлемді
жан түршігерлік оңалмас апат жайлайтыны даусыз.
Керім сүйретіліп орнынан тұрды да, жоқ қойын
іздеп табуды қазірше қоя тұрып, басы аман, дені

сау кезінде қос қайдасың деп тартып бергісі келді.
Бірақ, тастай қараңғы түн ішінде қай жерде тұрғанын
анық біле алмады. Көзін үлкен ашып үңіле қараса да
ештеменің қарасын көре алған жоқ. Ойына қайдағы бір

қорқынышты бейнелер еніп, тұтас тұлғасы дүркіреп
дірілдей бастады. Әдетте ештеңеден сескенбейтін
алпауыт шопан басына қиын күн туған шақта, тәубасын
бойына келтіріп, әлденеше рет иман айтып, ертеңгі

жарқын өмірі үшін жаратушы иеден медет тіледі.
Ауық-ауық күн күркіреп, жай жарқылдап, сылбыраң
жауын шелектеп құя бастады. Ол бір реткі найзағайдың
орасан зор жарығының арқасында, қайда келгенін

жете білмесе де, теңшенің үстіндегі жазаңдау жерде
тұрғанын анық аңғарды. Алдынғы жағы қарағай, арт
жағы аяғы тайып түскен қия бет, оңтүстігі ұзын кеткен
сай іші, солтүстігі жолын кесіп тұрған доғал мүйіс. Ол

қанша ойланса да тұрған жерін дөп басып тұспалдай
алмады. Оның үстіне, өн бойын үрей билеп, екі ұдай
күй кешкен-ді.
Дәл осы кезде терезе сыртындағы қарағаш

жапырақтары бір-біріне қатты соғылыса, білеудей
бұтақтары бағдарсыз басын шайқап, түп тамырымен
қопарыла жаздады. Ышқынған жел қос қабат терезе
әйнегін шаға жаздап, жараған бурадай ішін тартып

шабынып тұр. Әлгінде ғана шырадай жайнап тұрған
көк күмбез аспан қазір қабағын түкситіп, тіршілік бесігі
аталған жұмыр жер бетіне қаһарын төгуге қамданған
тәрізді. Іле-шала, күн күркіреп жай жарқылдап,

дарқан даланың дегбірі кетті де, сытырлап жаңбыр
жауа бастады. Әу баста, бірден-екіден қаңғып кеп
терезе сыртына соғылған жаңбыр тамшылары уақыт
озған сайын санын молайтып, мөлдіреп тұнып тұрған

кристалл әйнекке «айғыз-ұйғыз» із тастап, төмен

сырғып, сарылдап төгіліп жатты... Керім күн күркіреген
сәтте-ақ, жылдам есін жинап, өзінің сабақта отырғанын
білді де, қара тақта алдында жағы сембей сөйлеп тұрған
Қали мұғалімнің сөзіне беріле ден қойып, санасын

сергек ұстап, қиял сермеуге тырысты.

- Адамзат, бүгінгі күні Айға аяқ басып, Марсқа

дейін барлау аппаратын ұшырды. Жиып айтқанда,
қазірше күн жүйесіндегі тоғыз планетаға жасаған
барлау жұмыстарымыз аса нәтижелі. Бірақ, сол Айға,
Марсқа қанша тексеру жүргізгенімізбен, әліге дейін

тірлік нысаны байқалмай келеді. Бұл жағынан Ай бізге
өте қолайсыз. Ол – жершарының табиғи серігі. Жер
шарын айнала қозғалатындықтан, бір апта жарық, бір
апта қараңғы күй кешеді. Бәріңізге белгілі, тіршілік ету

үшін оттегі, су, қалыпты күн нұры қажет. Айда мұның
ныспы да жоқ, енді бір сенімді деректерге қарағанда,
айдың күн түспейтін арғы бетінде, аса зор мөлшерде
мұз күйде сақталған су қоры бар екенін анықтады, бұл

адамзат жөнінен болмашы ғана бір үміт. Ғалымдар
сол сақталған мұз күйдегі су қорын химиялық жолмен
ыдыратып, оттегі мен тұщы суды бөліп шығара алсақ,
Айда жүз жылдан астам уақыт тіршілік етуіміз ғажап

емес дейді. Әйткенімен, бір жоқ табылып, зәредей
жылт байқатса, ал, мына жақта енді бір жоқ басын
қылтитып мазаңды кетіреді. Ол болса, Ай бедерінде
әлемдік тарту күшінің жоқтығы. Айталық: жер бетінде

сіздің жай алып жүрген қадамыңыз орта есеппен жарым
метр десек, Айда мұның керісінше он екі метрге тең.
Өзіңді-өзің меңгере алмай, биікке секірген адам секілді
қалықтап ұшып жүресің. Онда бір адам орнынан

жылжыта алмайтын шой тастарды бір қолыңмен
көтеріп кете бересің. Ал, Марсқа келсек, жершарымен
негізінен ұқсап кетеді. Ол төрт маусымы, күн мен түні
бар күн жүйесіндегі адамзат назарына ерте ілінген

қыры мен сыры мол қарапайым планета. Өз өсінен
айналу уақыты жер шарынан жарым сағаттай артық.
Өкініштісі, олда біздің жер шарындағыдай самсыған

саялы орман да, жанды еліткен жасыл өсімдік те, көз
сүрінген көркем көрініс те, сылдыраған зәмзәм су да,
қымбатты оттегі де атымен жоқ, тек қана түксиген
тақыр тау, құлазыған қырат, сұлық жатқан иесіз дала.

Неше миллион жылдың алдында Марста аса жойқын
сел апаты болғаны байқалды. Міне, көріп отырсыздар,
су жоқ жерде, тырп еткен тіршілік те, таңғажайып
тамаша көрініс те болмақ емес. Бірақ, біз Айға шықтық,

Марсқа барлау жасадық дегенімізбен, мұның барлығы
дамыған елдердің еншісі. Ал біз ертеден қазірге дейін
судың тұнығын, шөптың шүйгінін қуалап, кілең мал
шаруашылығымен айналысып, өзімізге тән тіршілік

әдетті, дүниелік көзқарасты, салт-сананы барлыққа
келтіргенімізбен, көп жағдайда, адамзаттың тылсым
табиғатты бойсындырудағы ең үлкен рухани қаруы

- ғылым-техникадан шеттеп қалдық. Осы күні аспан

денелеріне барлау жасауды былай қойып, мынау тәуелсіз
қазақстанның аса мол жерасты қазба байылықтарын өз
күшімізге сүйеніп, кәдеге жарата алмай отырмыз.
Керек десеңіз, шетелдегі кейбір атақты байлар

Айдан болашақ ұрпақтарға деп белгілі көлемде жер
сатып алуда. Ал, оның шекті мерзімі жоқ болғандықтан,
кім алса соның меншігінде мәңгілік жалғасын тауып
қала бермек... Қазір ғылым-техника ұшқан құстай

дамыды. Осыған байланысты Америка, Жапония
секілді төрт тұрманы сай елдер таяу болашақта Айға
саяхаттап баратындарға арнап, ғарыш қонақжайын
салуды жоспарлап отыр. Және осы жолда тынбай

ізденіп тер төгіп келеді...
Керім тағы да қиялға батып кетті...
Үстіне киген сулығы оның бір жанына пана бола
алған жоқ, жаңбыр сытырлап жауып тұр. Ауық-ауық күн

күркіреп, найзағай жарқ-жұрқ етеді. Ол енді күндізгі
жарық дүниені армандады.
Шіркін таң қылаң беріп, дала алакеуім шаққа жетіп
үлгірсе, онда Керімнің көңілі бір жасап, көзіне ыстық

жас үйірілер еді.

Ол қазір тастай қараңғы түн ішінде не істерін білмей
аңтарылып тұрғанымен, тамылжып таң атсыншы! екі
көзі шырадай жайнап, ана жердің «ойпат», мына жердің
«үстірт» екенін бес қолдың саласындай анық меңгеріп

алған соң, ештеңеден қорықпай емін-еркін жүретін еді!
өкінішке орай, мынау қысылтаяң шақ адамның көзін
байлаған қара кебінді түн ішіне дөп келіп тұр. Алға
жүрейін десе, және жығылып, қаламын ба?, - деп іштей

қорғанады. Әттең таң бір атып кетсе!
Күндіз осы жолды бойлап талай рет жүрген, талай
рет отын арқалап су тасыған. Ол кезде мұндай мүшкіл
халге душар болмаған. Барлығын көзімен көріп, көңіліне

түйіп, жайбарақат жүре берген. Енді қараңыз, күндіз
өз тізгіні өз қолында жүрген сері шопан қазір тастай
қараңғы түнге қамалып, соның айдағанына жүріп,
айтқанына көнуден басқа шарасы қалмай тұр. Керім

орнынан тұрып артына бұрылып жүре бергенде, дәл
өкпе тұстағы биік тепсеңнің үстінен екі-үш иттың абалап
үрген ащы дауысы естілді. Соңынан қоралы қойдың
«дүр-дүр» үріккен аласапыран қимылы да байқалды.

Ол үстіне бір шелек суық су құйып жібергендей қатты
да қалды. Енді не істеу керек? Мына қойдың осыншама
дүрлігіп үріккеніне қарағанда астапыралла... Оның одан
әрі қиял кешуіне дәті бармады. Байлауда көп тұрып, іші

пысқан бәйге атындай шыр көбелек айналып ширығып
кетті.

– Жоқ, - деді аяқ астынан өзіне-өзі жауап қайтарып.

Дауысының жаңғырығып сыртқа шығып кеткенін ау
баста өзі де сезбей қалды, кері қайтпауым керек, бүгін
қайтсем де бөлініп бір далада қап қойған сол жиырма
тұяқ қойды іздеп тауып, аман-есен үйіріне қосу менің

азаматтық борышым.
Ол қазір осыдан басқа ештемені ойламауға
тырысты. Әлгінде үрген үш иттің үрген даңғаза
дауысы айналаны жарыса басына көтеріп, уақыт озған

сайын күшейе берді. Соның әсерінен бе, жоқ басқадай
себеп болды ма Керімнің қарсы алдындағы тепсеңнің

үстінен өзге бір иттің өршеленіп үрген дауысы құлақ
тұндырып кетті. Бұл – Керімге бәрінен таныс тарғыл
төбеттің дауысы еді. Артынан інісі Есбердің де айғайы
тау мен тасты жаңғырықтыра үзіліп-үзіліп барып,

зорға тынды. Дауыстың тұнық естіліп, таяу арадан
шыққанына қарағанда, Керім қос маңайынан онша
ұзап кетпеген секілді. Өзінің күндегі әдеті бойынша
қарауыл қарайтын жол жиегіндегі оқшау тұрған сәкі

тасқа әлі жетті ме? жетпеді ме? Ол жағы беймәлім.
Осы кезде, найзағай жарқ-жұрқ етті де, айнала сүттей
аппақ сәулеге белшесінен батып қалды. Бірақ, ұзаққа
бармады. Көзді ашып-жұмғанша жарқ етіп барып, қара

кебінді түн ішіне қайта сүңгіп кетті. Керім қиял сүріп
кеткендіктен, айналасын толық көріп алуға мүмкіндік
болмады. Оның қиялын қайдағы бір сұрқия елестер
иектеп алған еді, қанша ойламайын десе де қайратын

кемітіп, қаңбақтай дедектетіп әкетті.
Иә, сонау шатқал ішінде, қарабас шалғын арасында
Керімнің жиырма тұяқ қойын бірнеше жас бөлтірігін
ерткен көк құртқа ортаға алып ажал отын бүркуде...

Өмірдың ыстығы мен суығына бірдей түсіп, талайды
басынан кешкен ол өңшең адуынды жас бөлтіріктерін
жеке жүріп жемін аулауға қазірден бастап тәрбиелеп,
сақадай-сай етпек. Ажал құрығы қыл мойындарына

түсіп бір жанымен қайғы болған топ қойды қалың
бөлтірік енесіне жан басып, айнала қоршап, тісін
ақситып, жүнін тікірейтіп, тап-тап береді. Бұл әшейін
ойын емес. Қайта, өмір мен өлім арасындағы өліспей

беріспейтін ең ақырғы қан майдан еді, бөлтіріктердің
арандай ашылған ауыздары жазықсыз жан иелеріне
тап берген сәтте-ақ сірәда құр қайтпайтын, болмаған
да, терісін сыдырып, бойын кернеп аққан ыстық қанды

судай ағызатын.
Керім осыларды ойлағанда, сол сілейіп тұрған
орнында әлденеше рет шыр көбелек айналып кетті.
Іле-шала, есін жинады да, жан-жағына жапақтай көз

тастады.

Аядай класс іші, оқушылар үн-түнсіз. Мұғалім
сабағын жалғастырып сөйлеу үстінде.
Сырт жақ қабағын шытып түнеріп тұр. Сумаңдаған
суық жел арқылы бар пәрменімен соғылған жаңбыр

тамшылары терезе әйнегін шаға жаздап сықыр-сықыр
еткізеді, тағы да қиял әлемі.
Керім қайтерін білмей қатты састы. Қосқа қайта
ма? Жоқ қойын іздеп шатқалға түсе ме? белгісіз. Мақұл,

қойын іздесін дейік, қырсық шалғанда, қолындағы
прожектордің түрі анау өлеусіреп барып, өшіп тынған.
Қосқа тартайын десе, ауыз толтырып айтарлықтай
ештеңесі жоқ.

Бірақ, оған қазір “әлгінде әлемнің жұмысын
тындырып тастамақ болып, шала бөлініп кетіп едің.
Қане, алдыңа салып айдап әкелген қойың. Құр өз
басыңды көтеріп сүмеңдеп жетіптсің ғой“, - деп жерден

алып жерге салатын ешкім жоқ еді. Қайта, Керім өзін-өзі
тұйыққа тіреп, құр сүмеңдеп қосқа баруға беті шыдамай
тұр. Рас, ойланып көру керек? Бүгін бір басының қамын
жеп, ертең жиырма тұяқ қойынан айрылса, көре алмаған

көп дұшпан не демейді, жаздай жайлауда жапа шегіп
жүріп, баққан еңбегі қайда кетпек? Соқыр тұманның
кесірінен үйірінен адасып, бір далада қап қойған ессіз
қойларда не жазық бар?!

“Шіркін арайлы таң осыншама зарықтыратын
нендей зорлығым өтіп еді менің!?. Бейшара қойларым-
ай десеңші! Даланың жыртқыш серілеріне тап болып
қандай күйде жүр екенсіңдер қазір. Тым болмағанда

мынау елді мекенге келіп түнесеңдер де, жандарыңа сая
боларлық бір орын табылар еді ғой. Бәлкім, сонау тап-
тар шатқалдың ішінде шығар жол таба алмай тұйыққа
тіреліп тұрған да боларсыңдар! Жайлау үсті әрі кең, әрі

тынысты болса да, шүйгін іздеп соны қуалап сонау көз
көрмейтін шатқалға түсетін еш жөндерің де жоқ еді,
қанағат етсеңдер де қара топырағы шығып, қаңғырап
жатқан қос маңындағы жұмыр жерде тиесілі несібесін

сыйлап үлгіретін еді. “

Найзағай және жарқ етті. Сол-ақ екен, әлейім дүние
көзіне ап-айқын көрінді де, іле-шала тастай қараңғы
түн ішіне сүңгіп көзден ғайып болды. Құрдым қиял
оны және де есінен адастырып, айналасын толық

көруге жағдай жасаған жоқ. Ол тұрған орнынан сәл
қозғалып қалған еді, тұла бойы ток соққандай дүркіреп,
тістері «сақ-сақ» етті. Екі жақ самайынан, желкесінен
кенерлеп кірген жаңбыр тамшысы бүкіл тұла бойын

аралап балағынан бірақ шықты. Есбердің дауысы тағы
естілді. Бұл жолы оның айғайы алғашқыдай тым қысқа
емес, ұзаққа созылып барып тынды, Керім есін жинап,
дауыс шыққан жаққа құлақ түрді де, қозғалмай тұрып

қалды.
Шіркін таң атып кетсе, құдайдың оңдағаны да сол
еді, ол кезде бүйтіп сілейіп тұрмас едім. Бәлкім, өзім
жоқ болсам да, рухым сезіп көңілім бір жасап қалар еді.

Астапыралла, сау басыма сақина тілеп не көрінді маған.
Жаратушы ием қолдай көр мен пақырыңды. Үйірінен
адасып, бір далада қап қойған момақан қойларымды
аузы қанға малынған даланың жыртқыш серілерінен

аман сақта.
Ол ішінен осы сөздерін айтып, әлденеше рет
күбірледі. Бірақ, келер таңды қанша зарыға күтіп,
қазіргі хал-күйіне қаншама налығанымен, тылсым

табиғат айтқанына көніп, айдағанына жүретін ешкімнің
қол жаулығы емес.

– Мұғалім – мен айтамын.

– Мен айтамын, - деп кластағы оқушылар жарыса

үн қатқан шақта, қиял сүріп кәңгіреп отырған Керім
селт етіп есін қайта жинады. Өтілген жаңа тақырыпты
сабақ соңынан сұрау қою арқылы оқушыларға қайта
пысықтап беру Қали мұғалімнің қашанғы әдеті

болатын. Оған бұл кластағы барлық оқушы қарсылық
көрсетпейтін. Сөзі мен іс-әрекеті оқушыларға мүлде
ұнайтын мұғалім сабақ үстелінің алдында жарыса үн
қатқан оқушыларына мәз бола қарап, миығынан күліп

тұр. Іле-шала:

– Тынышталыңдар. Басылып отырыңдар!, - деп

қол ишарасын жасап еді, қарсы келген ешкім болмады,
сол сәттің өзінде-ақ байсалды қалыпқа түсті де, су
сепкендей тына қалды.

– Жарайды, алдымен Қасым тұрсын. Қане, жаңа

қойған сұрауыма жауап берші! Су – біз жөнінен
алғанда, қандай маңызға ие, әрі ол өз ішінен қаншаға
бөлінеді? Егер су болмаса, тіршілік ортасы не күй
кешпек!!?

Қасым орнынан лып етіп атып тұрды да, өзінің
танымы бойынша лайықты жауабын беріп үлгірді.
Соңынан және бір оқушы көтеріліп сабақтан сырт,
бірақ, негізгі мазмұнға тығыз сәйкескен қоғамдық өмір

туралы сұраққа өз еркімен орнынан тұрып жауап
берді.

– Сіз жаңа су туралы сабаққа қоғамда болып

жатқан нақтылы істерді тығыз бірлестіріп, тамаша
сөйледіңіз! Былай қарағанда, істің беті расында адамды
ашындырады. Тарихта біздің ата-бабаларымыз ақ
білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен толарсақтан

қан кешіп жүріп, ата жауынан қорғап қалған осынау елді
мекен – сүйікті Қазақстан жерінде, орыстың ұлы химик-
ғалымы Менделеевтің периодтық кестесіндегі жүз жеті
элемент және әлемдегі бар байлықтың қоры сақталып

тұрса да, ғылым-техниканың мешеулігінен оны өз
қажетімізге істете алмай амалсыз қалып отырмыз. Ал
дамыған басқа мемлекеттер жердің асты мен үстін
тінтіп болып, енді сонау шалғайдағы қиялдан басқа

ештеңе жетпейтін аспан әлеміне көз тігуде.
Сөз осы араға келгенде, Қали мұғалім өзін ұстай
алмай ортадан киіп кетті.

– Жарайды, жарайды. Өте дұрыс айттың Бәйкен.

Анығына келгенде, өз басым сенен мұндай сөз шығады
деп мүлде ойламаппын. Жүрегінде намыс оты бар, қызу
қанды, аты затына сай талапкер азамат екенсің. Кейде
адамның селкеусіз сұлбасы мен секектеген мінезіне

қарап, ішкі жан-дүниесіне ат үсті баға беруге, тон пішіп

долбар жасауға ешкім де құқықты емес, себебі, «жаман
тонның ішінде де жақсы адам бар» екенін халық
әлдеқашан мойындап болған.
Жаңбыр «сытыр-сытыр» жауып тұр. Керім аяғын

ілбіп басып, алға ілгерлеген сайын су етігінің ішіне
кірген жаңбыр суы жүйкесін босатып, әлін құртып,
«шалп-шұлп» етеді.
Жарықтық жауынның осыншама төгіліп жауғанын

қарашы! Осы жауынға ұқсап қаншалаған бейкүнә
жандардың көз жасы көл болып, етегіне төгілді екен
деші! Олар келер таңды асыға күтеді, өмір заңы қызық-
ақ. Нөсерлеген жауын соңынан шырадай жайнап, күн

көзі көрінсе, көл болып төгілген көз жастың соңынан
ортаймас бақыт, үзілмес шаттық құшағын жазып, әудем
жерде күліп тұрады.
Есбер және айғайлады. Тарғыл төбет жағы сембей

өршеленіп үріп болмайды, бұл рет Есбердің дауысы
таяу арадан естілді. Артынан прожектор жағылды.
Міне, сонда барып, Керім өзінің қос астындағы
шатқалға баратын тар соқпақтың шетінде тұрғанын

толық ұғынып жетті. Жаңағы құлап түскен жері – қос
пен сәкі тастың аралығындағы жалғыз аяқ жолдың
жиегіне жайғасқан жазаңдау бір текше болатын. Қол
прожектордің сүттей аппақ жарығы Керімнің төбесінен

асып, көз жетпес қараңғы түн құшағына қарай жол
тартқан еді, жарық тек бір бағытқа емес, жан-жағына
бірдей қыдырды. Керім аң-таң.
Тәуба, қоста мұншалық күшті жарық шығаратын

әлуетті қол прожектор болмаған еді, Есбер оны қайдан
алып жүр. Жоқ, көршілерден қой іздеп қосқа келген
біреулер бар ма? Болса, кім бәсе?“
Ол әртүрлі ойға кетті, әлгінде айналаны басына

көтеріп, абалап үрген үш иттің дауысы бұл кезде бір
жола өшіп тынған. Тек Есбердің дауысы естілгенде
ғана маңқ-маңқ етіп үріп қойды да, соңынан пышақ
кескендей шорт тиылды. Есбер қол прожектордің

қуатты жарығымен айналасын толық барлап шықты да,

енді төменде құдиып жатқан сай ішіне түсірді. Тастай
қараңғы түнді қақ жарып тұйыққа тіреліп жол таба алмай
тұрғандарға шапағатын төгетін әлеуетті жарық Керім
тұрған сайдың ана беті мен мына бетіне шыққанша, сүт

пісірім уақыт өткен жоқ, сай табанына түсіп жылжи-
жылжи Керім тұрған жерге келгенде, көп кірдірмей
лып етіп өте шықты да, қиялап жоғары көтеріліп кетті.
Керім жарыққа тура қарап еді, көзі шағылысып, төмен

еңкейіп алды да, содан басын көтеріп қайта қарағанша
болған жоқ, өкпе тұсындағы тепсеңнің үстіне шығып
сәл кідірді. Есбер енді сыбызғыдай сызылған майда
қоңыр дауысына қосып: «Кер...і...і...м» деп созып

айғайлап барып тынғанда, қуанышы қойнына сыймаған
ол: «Есбер», - деп айғайлап жіберді.
Класс ішіндегі оқушылар тосын туылған мынадай
өрескел іске бола қыран күлкіге белшеден батты да

қалды. Керім қиялға батып қайда отырғанын ұмытып
кеткендіктен, өзінің өрескел ісіне ұялып, екі беті
нарттай жанып, еріксіз төмен қарады, оқушылар ішек-
сілесі қата алды-алдына күліп әлек.

Қали мұғалім әу баста, еріксіз езу тартып барып,
соңынан өзін басып алды да, шырқы бұзылған тыныш
күйді қайта қалпына келтірді, оқушылар жым бола
қалды.

– Керім тұр орныңнан! Не үшін қиялға батып, жаңа

сабаққа назар аудармадың? - деді жай ғана жарлық етіп,
Керім басын төмен салып, партаның бетін шұқылап,
үнсіз қалды.

– Не болды саған. Алғаш осы класқа келгеніңде,

сабаққа үлгерімің ерекше жақсы еді, тырыссаң бейнеңе
қарап, болашақта бір үлкен ғалым иесі болады-ау, - деп
дардай үміт артушы едім, жақыннан бері сабақ үстінде,
басқа нәрсені қиялдап, дөйдалаға кететін болдың.

Осылай кете берсең бола ма?.. Есбер дегенің кім ол?
Бәлкім, күн өткен сайын сонау аспан асты елінде жатқан
әке-шешеңді, ел-жұртыңды аңсап, сағыныш сезімі
сабаққа деген қызу ынтаңа қарадай су сеуіп жүрсе

керек. Қазір сен үшін әрі мен үшін ең маңыздысы-
ұмтыла үйрену.
Керім жақ қырысын ашпады. Класс іші құлаққа
ұрған танадай жым-жырт. Терезе сыртындағы әйнектің

бетіне нөсерлі жауын суы айғыз-ұйғыз із тастап,
төмен сырғып түсіп жатыр. Жел шайқаған қара ағаш
бұтақтары жасыл жапырақтарын жалпылдатып, жауын
суы айғыздап кеткен терезе сыртынан бұлдырап көзге

шалынады...
Тағы да жабырқау күй, жанға маза бермейтін түлкі
қиял...
Бір әредікте, демалыс қоңырауы шалынды да,

оқушылар сыртқа шығуға қамданып, орындарынан
қобырай тұрып жатты.
18-3-2009

бала кезімдегі арман
(шалқыма)

Менің бала кезімдегі ең үлкен арманым – туған елімнің рухани мәдениетіне өлшеусіз үлес қосатын айтулы жазушы болу еді. Міне, сол сәби арманыма жету үшін дәрмені жоқ дімкәс қиялға белшемнен бататынмын. Ондайда сыртқы дүние санамнан бір-ақ шығып кететін. Маужыраған мамыр айында, мектептен қайтып үйге келгенімде, кейде, үй алдындағы жар қабағынан жабайы кептердің ұясын аңдып балапан іздейтінмін. Қырсыққанда, кептер ұясын өте берік жерге салғандықтан төбесінен үңілсем де төмен түсіп өрге қарай ұмтылсам да қолым жетпейтін. Әрі алысып, бері алысып әбден шаршайтынмын, дегенмен, бұл маған өте қызық сезілетін. Кейде, шешем мені қолғанат көріп: ”Өрісте жүрген бұзауларды айдап әкеліп желіге байла. Енесі келсе еміп қояды“, - дейтін. Мен шешемнің айтқаны бойынша, бұзау кеткен жақты бетке алып, құлдырай жөнелетінмін. Бірақ, жоғарыдағы құрғыр қиял бұзауды жайында қалдырып, басқа бір дүниеге алып кететін. Содан санам сансырап, бір кішкене тепсеңге шығатын едім де, шалқамнан жатып алып бас-аяғына көз жетпейтін көк зеңгір аспанға қадала қарайтынмын. Сол сәтте, есіме ең алдымен «Сіріңке сатушы қыз»** бен «Ванька»*** оралатын. Бірі, көзіме ыстық жас үйірсе, бірі, көңілімді астаң-кестең ететін. Екеуі маған Гималай шыңының ұшар басындай асқақ та, әлуетті сезілетін. Осы қиялдың жетегіне еріп, сыртқы дүниеден хабарсыз **«Сіріңке сатушы қыз» Данияның әйгәлә балалар жазушысы Андерсонның (1805-1875) әңгімесі. ***«Ванька» Ресейдің дүниеге айгілыі әңгіме пірі А. П. Чеховтың (1860-1904) айтулы новелласы.

жатқанымда, шешем өрістегі бұзауды өзі айдап әкеліп, желіге байлап, сонан соң мені іздеп қырға шығатын. Мен кешкі апақ-сапақтан бастап, түн қоюлап, ай туғанға дейін сол жатаған текшеде шалқалап ұзақ жататынмын. Шешем мені әрі іздеп, бері іздеп әбден діңкесі қатқанда, келген жеріне отыра қалып: ”құдай-ай әлгі жүгермек қиял сүріп қайда жатыр, - деші. Әйтеу, бір қатерге ұшырап қалмаса игі еді”, - деп шеке тамыры лықылдап, демін ішіне тартып, терең күрсінетін. Мен ол шақта, шешемнің бүйтіп ақ тер, қара тер боп іздеп жүргенін мүлде білмейтінмін. Қайта, тұңғиық аспан аясындағы түстіктен терістікке қарай ақ шаңдақтанып қосылып жатқан құс жолына, әрі анау ақша бұлттарды аралап батысты бетке алып бара жатқан дөп-дөңгелек жарық ай мен шалғай көкжиектен жерге еңкейіп жымия езу тартып тұрған сансыз жұлдыздар шоғырына ой жүгіртіп үнсіз жататынмын. Сол мезгілде, сабыры сарқылған аяулы шешем уыздай ұйыған тынық ауаны қақ жарып, әлдебір жақтан айғай салғанда, құрдым қиялға белшеден батқан мен селт ете түсіп, жатқан орнымнан қарғып тұратынмын. Содан жан-жаққа жамырап кеткен есімді тез жинап: ”Шеше мен мұндамын. Мен мұндамын“, - деп аузыма одан басқа сөз түспей үй жақты бетке алып жүгіре жөнелетінмін. Жанына жақындағанымда, - ”Ойбай енді қайтем. Қиялдап жүріп бұзауларды ұмытып кетіппін ғой...“, - деп жүрегім атқалақтап қиын күй кешетінмін. Бірақ, іс керісінше болатын. Шешем екі ұдай күй кешіп, алдында тұрған мені, ұрсу жоқ, ұру жоқ, тек қана жымия езу тартып: ”Бағанадан бері қайда жүрдің, ботам. Өстіп жүріп бірдемеге ұшырап қалсаң қайтесің. Онда мені тірідей өлтірмедің бе? «Үһ» қу жаным-ай жүрегім әрең орнына түсті ғой, - “деп маңдайымнан иіскеп, ыстық құшағына емірене басатын. Мен мүлдем үнсіз қалғаныммен іштей: ”Ұқтым шеше. Бұдан кейін бүйтіп бейбастақ кетпеймін. Айтқан тіліңізді аламын“, - деп жауап бере­ тін­мін. 6 ـ4-2004

мектеп – ана
(шалқыма)

Уа, сүйікті Мектеп-Анам! Білем, сен барлық
жеткіншектерге бейне ата-анадай қамқорсың. Сен бізге
ұшан-теңіз білім нәрін бердің. Сен осы бір «өмір» атты
ұшы-қиырсыз теңіз айдынында қалай малтауды, анау

көз ұшында қосылып жатқан ұлы құрлыққа қайткен де
бағдарды тура белгілеп, аман жетуді үйреттің. Біз сол
тірлік теңізінде таудай толқындарды қақ жара бірде
көміліп, бірде көрініп өзімізге таныс ұлы құрлыққа

қарай жанталаса малтадық. Бәріміздің де тұрғымыз
бір болғанымен, талғамымыз бөлек-бөлек болатын.
Сен тұла бойыңдағы бар қажыр-қайратыңды, таным-
түсінігіңді, өмірден қорытқан өрелі ой-толғамдарыңды

тірлік теңізінде таудай толқынға өзің атқан біз секілді
тәуекелшілдерге бағыштап қаншама өтем бергеніңді
тілмен айтып жеткізе алмаймын!
Уа, сүйікті Мектеп – Ана! Мынау, бір сәтте байыз

таппай сан ғасырды артына тастап, сырғып өтіп жатқан
өмір керуенінде, ғылымның әр саласынан кесек-кесек
жаңалықтар жаратып, адамзаттың заттық өркениетін
тың құндылықтарымен байытқан кемелді тапқыр

иелері де, ел басына күн туғанда, «егеулі найзасын
қолына алып, еңку-еңку жер шалған» көкірегі даңғыл,
көзі ашық көсемдер де, халқымыздың есте жоқ ескі
замандардан бері бабадан-бабаға, баладан-балаға мирас

болып жалғасып келген ұлттық әдет-ғұрыппен ұшан-
теңіз рухани мұраларды, әр заманның тұсында тарихи
борыш арқалап жеріне қызғыш, еліне ұйтқы болған
танымал тұлғаларды әрі олардың кісілік қасиеттерін

теңізден тебен іздегендей шұқшия зерттеп бүгінгі
ұрпақтарға аманат еткен кемеңгер тарихшы да, қолына
қалам ұстап қарымды қабілеті мен алымды идеяларын

көркем тілмен кестелеп жұрт жүрегінен терең орын
алған ай маңдай ақын - жазушы да, бар зейін-зердесін
адам баласының ақаусыз өсіп-жетілуіне арнап әрі
сол жолда кездескен айықпас ауырулардың арнаулы

емін тауып, салауатты өмір салтын құруға еселі еңбек
сіңірген медицина ғалымдары да ертелі кеш қара
тақтаның алдынан кетпей, өзіндегі барын ұрпақтарға
арнаған ұлағатты ұстаздар да сондай-ақ, әр сала, әр

кәсіптегі айтулы өнер иелері де бір сөзбен айтқанда,
сенен терең нәр алып, бала кезіндегі балғын қиялын
ақиқат-шындыққа
ұластырып,

буынын
қатайтып,
өзі аңсаған арман шыңына қарай қанат қаққан. Сен –
біз үшін айтқанда, бәрінен де артықсың! Әрі мәңгі

аласармас, ескірмес берік дара шыңсың! Сен бүгінгі
бізді қойып, ертеңгі жас талапкерлер үшін де ой-
санасын өнер-білім бесігінде тербетіп, Қырымға қанат
қақтыратын, әрі сол жолда нақтылы әрекет жасайтын

адал жол бастаушысың! Сенің мәртебең Бұланай
тауынан да асқақ! Мен сол алғаш босағаңды аттаған
күннен бастап, дәл қазірге дейін өзің баулып түсірген
ұшы-қиырсыз теңіз айдынында, сонау ұлы құрлыққа

қарай жанталасып жүзіп келемін. Бір кезде, арман
жалауын асқақ көтеріп, асау теңіз айдынында таудай
толқындарға өздерін атып алға қарай үдіре тартқан
тәуекелшіл замандастарымның көбі бұл күнде бірі орта

жолдан қайтып, бірі белгілі себептермен еріксіз артқа
шегініп, бірі күнделікті күйбең тірліктің арбасына
жегіліп, өз күндерін өздері көріп, тұс-тұсқа шашырап
кетті. Ал, мен бар күшімді бойға жинап құрлық көзімнен

тасаланып құр қиялдың жетегінде жүрсем де, бір ғана
арманым үшін алған беттен қайтпай, әлі жүзіп келемін.
Айналам алқара көк асау теңіз айдыны, төбеден төнген
күн нұры әудем жерде теңіз суына шағылысып көзді

қарықтыра айнадай жарқырап жатыр. Егер, ашық аспан
ашулы адамдай аяқ астынан қабағын түйіп, дауыл үдеп,
ақ жал толқын аласұрып көкке шапшыған күні, ұлы
құрлықты бетке алып жанталаса малтап келе жатқан

мені біресе, «ыстық» құшағына басып, төменге тартып
тұншықтырып, біресе, бетіне шығарып, алай бір-былай
бір шайқап, маймылша ойнатады. Мен әбден сілікпем
шығып,

кезіндегі
тәуекелшіл
замандастарымның
қатары сиреп жалғыздан жалғыз жабырқап шалқыған

теңіз айдынында аңсаған арман тауыма қарай үдіре
тартып тынымсыз малтап келемін. Ал, өзіме ұқсас
армандағылар мұқалмас жігерімен мәлім аралық
тастап анда-санда бір көрініп өздері көздеген теңіз

жағалауына қарай құлашын кең сермеп, жанталаса
малтап барады.
Уа, сүйікті Мектеп – Ана! Сен кезінде ешнарседен
хабарсыз тастай қараңғы дүмбілез ой-санаға білімның

шам-шырағын жарқырата жағып көңіл көкжиегін
мейілінше кеңейткенсің! Сол үшін сені ұмыту, қадіріңе
жетпеу, бері айтқанда, опасыздық, әрі айтқанда, өмір
сүру құқығынан мақұрым қалғандық. Өз басым, бүгінде,

ұзақ болашақта да саған қарыздармын. Мейлі арманның
ақ сұңқарына мініп аспан кеңістігіне ұшып шықсам да,
немесе бір үлкен өнер тетігін игеріп, қоғамның қажетіне
жарап қалаулы азамат болсам да, сенің есімің ешқашан

есімнен шықпақ емес. Бір кезде сәби санама сепкен
арман ұрығың уақыт өткен сайын көгеріп, көктеп бұл
күндері тамырын терең тартып, жапырағын жан-жаққа
жайып, алып бәйтерекке айналып сонау алыс жағалаудан

өзіне баурап, қол бұлғап шақырып тұрады. Мен – сол
алып бәйтерекке қарай дөңбекшіген теңіздің дүлей
толқынын қақ ортасынан жарып жан дәрмен малтап
барамын. Мүмкін, мен аңсаған сол алып бәйтерек ұлы

құрлыққа табаным тиіп, жаным жай тапқанша, жауын
шайып, жел мұжіп, тамырлары адырайып жер бетіне
шығып, өзегіне құрт түсіп, жапырағы сарғайып, қурап-
семетін шығар. Болмаса, желге қарсы жапырағын

жайып, жауын суы жанына қуат сыйлап көзжауын алып
бәз-баяғысынша мауылжып жайқалып тұратын шығар.
Әйтеу неде болса сонау арғы жағаға сен үйреткен іс-
жүзіндік білімдерге тіршілік философиямды тығыз

ұштастырып, үмітімді қанат, талғамымды табандылық
етіп, дәйім алға тарта беремін.
Уа, сүйікті Мектеп-Ана! Сен қай-қашанда өз
биігіңді сақтағайсың! Бүгін де, болашақта да, отанның,

ұлттың, тіпті, тұтас қоғамның қызу алқауына бөленіп,
дәуір тудырған дара тұлғаларды мейірбан құшағыңда
білімнің бал бұлағынан сусындатып, алаңсыз баули
бергейсің!

Лайым,
теңіз
тартылмасын!
Құрлық

батпасын! Арман аласармасын! Бәйтерек қурамасын!
25 - 3 - 2014

Бұлт пен боран
(шалқыма)
Айналам тастай қараңғы. Мен дамылсыз жүріп
келемін, қайда барып, қайда тұрарым белгісіз. Әйтеу

арқа етім арша, борбай етім борша болып, шығысты
бетке алып, алға ілгерілеп келемін. Бір басымнан
күлімдеген көктем де, жадыраған жаз да, күреңіткен күз
де, қаһарлы қыс та тіпті, қуаныш пен қайғы да, күн мен

түн де алма-кезек қабаттасып өтіп жатты. Міне, және
бір жұлдызды түн таңғы сәуледен ықтап көзден ғайып
болды да, оның орнын сүттей аппақ шүлен шұғыла
басты, кеше титтей жарыққа зар болып титықтаған

қос жанарым бүгін шырадай жайнап, айналасын анық
көре бастады. Мен жүріп келемін, дамылсыз жүріп
келемін!... Күн төбеге таяған сайын көзім қарауытып,
басым зеңиді, көкжиек көлкіген сағым, анадайда, қызу

аптап қылаң ұрып, гүл-шөбі қурап, құты қашып қаңсып
жатқан қойнау-қолатты өртеуге шақ қап тұр. Мен
кенезем кеуіп қатты шөлдедім. «Шіркін су болса,..»
дедім ішімнен. Аяқ астымдағы шөп-шалаң судан

тарығып сарғайып кеткендіктен, табаным тисе болды,
«гүтір-гүтір» етіп күлдей ұсатылады, тілім кеуіп аузыма
симады... Бойымнан әл кетіп бір басып, екі басып
алдымды кесіп, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып

жатқан биік белеске әрең дегенде шықтым. Содан,
терең тыныстап аз тұрған соң, басымды шалқайтып
әуеге көз тастадым. Алқара көк аспан асты айнадай
тұп-тұнық. Кенет артыма бұрылып батысқа қарап едім,

сонау көкжиектен қап-қара ноқаттай болып бір кішкене
бұлт қарасы көрінді, екі езуім қуанғанымнан құлағыма
жетті. Бұған мен ғана емес, анау қураған гүл-шөптер де,
қаңырығы түтеген қара жерде, қылаяғы, судан тарығып

сұрқы қашқан бейкүнә жан иесі де батыстан білінген

битімдей бұлт қарасын көре сала мәз-мейрам боп бір
жасап қалды... Күн бесінге таяды, бұл тұста бұлт шоғыры
молайып, қанатын кең жайып, батыс көкжиекті тұтас
көмкере бастаған. Екінті кезінде бет алдыдан бір тал

қурайды қозғалта алмайтын болмашы желемік білінген
болатын, уақыт өте ол да өз өкімін жүргізіп, әлжуаз
желеміктен жініккен желге, одан құйынға айналып
енді тіпті, күшейіп тік тұрған талды сындырып, тұрғын

үйдің төбесін жұлып әкететін ала өкпе боранға өзгерді.
Күн еңкейіп қызу аптаптың қаһары қайтқан сайын
боран да күшейіп қала да көше бойларындағы қоқсық
сандықтарынан жарықсыз заттарды ұшырып, ал,

далада сәні кеткен сояу қурай мен сарғайған шөптерді
тамырымен жұлып, одан құм басқан құба шөлдерге
сапар шегіп қиыршық тастарды қарша боратып, ашық
аспанды әп-сәтте астаң-кестең етті. Аттап басу арманға

айналып, жейдемнің жеңі жалаудай жалпылдап жан-
жағыма жабырқай көз тастадым. Анау сары белдегі
сарғайған шөптер мен сояу қурайлар түп тамырымен
жұлынып, аспан кеңістігіндегі құм-қиыршық тастарға

соғылып өрмекшінің торындай айқасып ұшып жүр.
Ұшып жүр деймін-ау ала өкпе боранға: «Айналайын
ардақтым! Бұлтқа жол беріп, бізге рақым етсеңші!
Сусынымыз қансын!», - деп мұңын шағып зар жылап

жатқандай. Мен солардың тілегін жақтап боранға былай
тіл қаттым: Боран, боран, тоқташы! Мен – саған бір сөз
айтайын деймін! Ол тыңдамайды, мен, қарсы беттеп
жүре беремін. Боран бір қалыпты соқпайды, кейде

үдеп, кейде бәсеңдеп қашан да бақай қулыққа басады,
бәсеңдей қалғанда, анау аспан аясындағы қаңғып жүрген
солиау қалталар, қиыршық тастар, және басқа да қоқыр-
қоқсықтар жер бетін қымтай жауып қалса, ал үдей соққан

кезде, сары ала сағым ойнап суға зар болған сайын
даланың апай төсін әлі жеткенше жүнше түтіп қорыс-
қопасын шығарады. Бейне ашулы арыстандай аузын
арандай ашып тістерін ақситып, жүндерін тікірейтіп,

алды-арттан орай соғып ысқырған дауысымен бір түрлі

үнін құлаққа әкеледі. Боран, боран, тоқташы! Мен –
саған бір сөз айтайын деймін. Ол тыңдамайды, маған
тіл қатып жатқандай емес, соғумен әлек. Алғашында
оның мақсаты ыстықтың алауын қайтарып, дала мен

қаланы ғарыштан түскен қайдағы бір шаң-тозаңдардан
айықтырып әлейім дүниені лас нәрселерден тазарту еді,
кейін келе, сипаты өзгеріп, ыстық ұрған егіс дақылдары
мен судан тарығып сарғайып кеткен шөп-шалаңдарды

бір қабат жер қыртысымен қоса ұшырып ауаны қара-
қошқыл қою түтекпен қаптады.
Боран, боран, тоқташы! Екеуміз дос едік қой.
Саған бір сөз айтайын деймін. Ол үн қатпастан бел-

белестерді жүнше түтіп, өрге-төмен ұйтқи соғады. Мен
жүріп келемін, төңіректі тозаң қаптап тұр, тырп еткен
тірі пенде жоқ, без бүйрек боран бейкүнә табиғатты
былай қойып, енді келіп бар мұңымды шағып бір өзіне

сабыр, тағат тілеген мені де оңдыратын емес, орайы
келсе, ұшырып әкетердей ой мен қырға ессіз шапқылап
екпіндеп, үдей түседі, улдейді, гуілдейді. Жүрек жарды
сөзімді айтып, жылы-жылы сөйлесем де, жақ қарысын

ашпайды. Ақырып сес көрсеткен сайын аптығы үдеп,
айдаһардай ысқырып, арыстандай айбат көрсетіп
әумесерлене соғады, баяғы қалпынан жазбайды.
Қас қарайды, төңіректі түртіп алса көрінбейтін

тастай қараңғы түн иектеді. Әлгінде, батыс көкжиекті
бірақ қымтап алған бұлт қазір сайын сахарадағы
сарғайған шөптер мен қаңырығы түтеген қасиетті
жер анаға медет беру үшін боранның бассыз кеткен

бейбастақ қылықтарына қатты қаһарланып, кейде,
әлейім дүниені басына көтеріп айбаттана күркіресе,
кейде, «жарқ-жұрқ» етіп от бишігін үйіріп, қара тауды
бетке алып қасқая тартып барады.

Боран бет қаратпай ышқынып тұр. Бұлттар шумақ-
шумағымен тап-тақыр тауларды бетке алып жөңкіле
көшеді. Боран тозаңы шыққан тырдай жалаңаш дала
төсін жүнше түтіп, ауа кеңістігін шарықтаған шаң-тозаң

мен қалықтаған жұқа солиау қалталарға бықтырып

тастады. Жаңадан жапырақ жайып жайқалып келе
жатқан да, жөпелдемеде жүз берген құрғақшылықтың
салдарынан бір тамшы суға зар болып ертеден қурай
бастаған жас талдар жаны қиналып жадап-жүдеп ес-

түссіз бұлғақ қағады. Бұлт барған сайын қоюлап, күн
күркіреп, найзағай шатырлап айналаны сүттей жарық
пен жан түршіктіретін ащы дауысқа толтырды. Қойлар
иіріліп, жылқылар ық іздеп, сиырлар тұрған жерінен

табан аудармай, түйелер бүк түсіп жатты да қалды.
Бірдем тұрып боран біртіндеп басыла берді де, жаңбыр
тамшылары жайғана жел күшіне бұлғақтап онда бір,
мұнда бір қаңғып кеп түсіп жатты. Мен қолымды

жайып жаратушы иеден; «төпелет, төпелет» деп қуана
айғай салдым. Дауысым төңіректі «дір-дір» еткізіп,
жаңғырып барып, сілтідей тынды. Тілегім орындалды.
Әлгінде, аш бөрідей «алақ-жұлақ» еткен аусар боран

алды-артын бағамдап аптығын басты да, артынан жай
жарқылдап, жартастар жаңғырып жаңбыр шелектеп
құя бастады... Мен барлық өңірімді жаңбыр суына
шылап, қараңғы түн ішінде қазықтай қатып қыбыр,

қимылсыз тұрдым да қалдым. Ара-тұра жай жарқылдап
жан-жағымды бағамдауға мүмкіндік тудыруда...
Ақыры жерге жарық түсе бастады.
Жер шарының шығыс жақ қапталынан түн бойында

тыным алмай тырбыңдап келе жатқан күміс күн кер
басына таяған сәтте, тұла бойынан шашыраған шулен
нұр өзінен оқ бойы ұзап бергі қапталға асып үлгірді. Осы
кезде, тіршілік атаулының тынысты мекені, қасиетті

жер денесін өлі тыныштыққа бөлеген тастай қараңғы
түн сонау асқар таудың басынан құлдырап төгілген
алтын нұрға мойын бұрып, кегжие көз тастады. Сүйтті
де, қарсы шабуылға өтті. Бірақ, шамасы жетпеді. Қашан

көзден таса болғанша, шабуылдаудан тынбады. Ақыры
алтын нұрдың айбарына бет келе алмай құйрығын
бұтына қысып, батысты бетке алып, тайып тұрды.
Жүрегі лүпілдеп тұрса да денесі қимылға келмей,

сұлық жатқан тіршілік иелері алтын нұр тұла бойларын

құшып-сүйген шақта, керіліп-созылып орындарынан
тұра бастады. Алтын нұрдың артынан қуа жеткен от
табақ оның жеңіске жеткендігін қызу құттықтап күле
жымиды да, сонау кер басынан жылт етіп шеті көрініп

бірте-бірте зорая берді. Міне, бүкіл әлем сүт реңдес
аппақ нұрға малынды да қалды. Кең көсілген дала
төсіндегі бірі аласа, бірі биік, шоқы-төбелер аспанға
жарыса бой созған беті мәңгілік қатып қалған.

Кешегі кетеуі кеткен қырсыз дүние бүгін баяғы
беинесін қайта тауып, тотыдай түрлене қапты. Мен
анау табан астында жаңбыр суына шыланып жайрап
жатқан әлдебір жапыраққа: “жапырақ, жапырақ, көзіңді

ашып кең дүниеге қарашы! қандай тамаша!? ”дедім, ол
өте алжуаз жел күшіне жалп етіп, бір жағынан, енді бір
жағына қарай аунап түсті де: “мазамды алмашы! Біраз
мызғып алайын”, - деді ыңырси тіл қатып.

анамдай ардақты,
ақбұзау өзені
(шалқыма)

Мен бұл шалқымамды қарындасым Сәуле, інілерім:
Еркінтай, Амантай, Есқаттарға арнаймын.
Автор

Бала кезім бәрінен қымбат, өйткені ол менің ең
аңқау, әрі қылт еткенді қызық көріп, қам-қайғысыз өсіп-
ержеткен өмір жолдарымның куәсі.
* * * *

Бала кезім есіме түсе қалса, көз алдыма ең алдымен
анамдай ардақты, Ақбұзау өзені елестейді. Десе де,
бұл өзен тек мен ғана емес, тіпті, осы өңірдегі барша
тіршілік пен әрі-бері өткен жүргіншілерге де бар

мейірін төккен.
Біздің үй – бір үлкен кезеңнің баурайында отыратын.
Шығыс жағымыз байырғы моңғол көрші Дожаның үй
артындағы кішкене мойнаққа тіреліп, батыс жағымыз

мектеп қорықтың арғы шетінен басталып, бір ұшы
Сарбұлақтың бойына, енді бір ұшы Ақбұзау өзенінің
аяқ жағындағы тар қысаңға барып тірелетін. Есік
алдындағы үлкен қырманның астында, жіңішке өзекте,

ойран-ботқасы шығып, Сарбұлақтың суы құлдыраң
қағып, он неше шақырым шалғайдағы қалың тоғайдың
тасасынан дауысы естіліп тұратын, Қас өзеніне барып
құйса, ал, артымыздағы айналасын алуан ағаштар

көмкерген кішкене беде қорыққа іргелес аласа жотаның
аржағында түбінде титтей жалбызы жоқ тұнбадай таза
атышулы Ақбұзау өзені арқырап ағатын.

Мен міне осындай ортасы жайлы, көрінісі көркем
құт мекенде өсіп-ержеттім.
* * * *
Қалаған сәтте, үй артындағы аласа жотаға

шығып айналама көз салғанымда, «а» дегеннен анау
қарсы алдымдағы мидай жазықты, одан соң сол
жазықты қақ ортасынан жарып, күміс бауыры күн
көзіне шағылысып шығыстан батысқа қарай жыландай

ирелеңдеп тоқтаусыз жөңкіле аққан Ақбұзау өзенін
көретінмін.
Өзен алқабы төрт маусым бойында қаптаған қалың
тірліктің қарбалас қимылынан көз ашпайтын, әрі

оларды несібесіз қалдырмайтын, өзіндік ризығымен
қамдайтын.
Көктем лебі білініп, көк тебіндей бастағанда,
түстіктен келген жыл құстармен бірге, Ақбұзау

өзенінің аспан кеңістігін шыр көбелек айналып
тырналар тыраулап ұшатын. Мен үй артындағы аласа
жотада жаныма іні-қарындастарымды ертіп алып,
аспан кеңістігінде шыр көбелек айналып ұшып жүрген

тырналар тізбегіне қарап; «арқан тарт, кілем тарт, соқыр
қызға сәлем айт» деп айғай салып әрә-бері жүгіретінмін.
Сол сәттен яғни сәуір айының орта шенінен мамыр
айының аяғына дейін үй қасындағы Ақбұзау өзенін қақ

жарып таспадай созылып жатқан көне көш жолы мал
аяғымен тапталатын.
Анау Еремодін, Көкебай, өзен ауылынан тартып,
қылаяғы, Жырынтай, Моты, Шашы, Құжырға дейінгі

бір талай елдің жайлаулары жоғары Қас басында
болғандықтан, әр жылы межелі уақытта, төрт түліктерін
айдап ұзақ сапар шегетін. Қашан көрсеңіз әудем жердегі
көне көш жолдың бойынан қойлар қорасымен, сиырлар

табынымен, жылқылар үйір-үйірімен бірі, жай жүріске,
бірі, өгіз аяңға, бірі, бөкен желіске салып ақ шаңдақты

аспанға көтеріп лек-легімен өтіп жататын. Мал
айдаушылар күні бойы ұзақ жол басып дәл Ақбұзаудың
жазығына түскенде, ішінара бейтаныс адамдар болмаса,
бізді танитындар үйімізде құтты қонақ болып, кейде

таң ата, кейде күн көтерілген сәтте баяғы сарпалдаңға
қайта басатын.
Қыстан қалтақтап әрең шыққан арық-тұрақ малдар
шамасы құрып, мамырлай басып дел-сал кетіп бара

жататын. Әуелі, бізге дейінгі аралықта жүре алмай
болдыра бастаған малдар иесінің ауызекі тапсыруымен
қашанғы қалпына келгенше, үйді айналып жайылып
жүретін.

Бұл сарпалдаң мамыр айының басын ала негізінен
тоқтайтын, ал содан бастап шалғай тау сілемдерінен
еріген қар суы өзен суын арнасынан асырып,
жағалауындағы жазық өңірді бірақ басып қалатын.

Мен күн аралатып үй артындағы жотаға шығып, таудай
толқындар жасап дөңбекшіп аққан лай тасқынның
ертерек қайтуын, одан соң жадыраған жаз күндері
айнадай тұнық Ақбұзау өзеніне түсіп, алтын балығымен

жарыса малтап, алаңсыз ойнайтын сәттерді зарыға
күтетінмін.
Ал, тасқын қайтқанға дейінгі аралықта «тумаған
сиырдың уызын күтіп» құр қол жүрмейтінмін, есесіне,

басқалардың батпырауығына еліктеп, өз алдыма
батпырауық жасап, үй артындағы аласа жотаға алып
шығып аспанға ұшырып ойнайтынмын. Батпырауықтың
жібін баяу қоя беріп, артыма қарап айғай салып жүгіріп

жүріп, абайсызда қарсы алдымдағы қу шидің түбіріне
шалынып екпетімнен түсіп бетімді бес жерден жаралап
ботадай боздап бір сағаттай жататынмын да, содан соң
орнымнан тұрып, жайыма кететінмін.

Маусым айының орта шенінде, тасқын бәсеңсіп,
өзен өз қалпын таба бастағанда, әке-шешеме ілесіп,
сонау тау арасынан тасқын суымен ағып келіп әр-әр
жерге үйіліп қалған ақ жайма салындыларды теріп, оны

арбаға тиеп үйге апарысатынмын.
* * * *
Жадырап жаз шығып әсіресе, шілде айы туғаннан
бастап, күндіз-кешке дейін үй қарасын көрмейтінмін,

ондайда, шешеме менен көрі аспандағы бұлт жақын
болатын. Шешем әр жылы жазда сауын сиырларды
қыстауға алып қалып сүт сататын, мен әр күні таңертең
шешеме жәрдемдесіп бұзау тартатынмын, ал, сиыр

сауылып болған соң таңертеңгі шайымды іше салып,
үй қасындағы иінде арқандаулы тұрған тор құнанды
әкеліп ерттеп (кейде жайдақ мінетінмін) бұзауларды
Сарбұлақтың бойына түсіріп жіберіп, одан соң сауын

сиырларды айдап Ақбұзау қайдасың, - деп тартып
беретінмін. Шешем жүрер алдында; ”сиырларды
Ақбұзауға түсіріп жібер де, тезірек қайтып кел. Мұнда
істейтін жұмыс бар“, - дейтін. Мен ол кісіге бас изеп

мақұлдық білдіргеніммен, былай шыққан соң ойынның
қызығына түсіп, ұмытып кететінмін. Содан сиырларды
айдағаннан айдап отырып, Ақбұзаудың суынан өткізіп
арғы жағаға шығарып қойған соң күндегі әдетіме қайта

басатынмын.
Тор құнан тетік те жылдам, әрі тәп-тәуір жүйрік
еді, бәрінен бұрын оның желаяқ жүйріктігі мен
жылдым жүрісі маған қатты ұнайтын. Сол себепті, әр

күні осындай шақта, кең көсілген мидай жазықта, ақ
шаңдақты аспанға көтеріп, жұлдыздай ағатынмын,
шілденің шыжыған ыстығында, қарсы алдымнан
қабындай соққан аусар жел кекіл шашымды кейін

түріп, құлазыған көңілімді бір көтеріп тастайтын. Мен
сол шапқаннан мол шауып тор құнанның тұла бойынан
тұнық тер сорғалап аяқ алысы ауырлап әбден дығырлаған
сәтте тізгінді тартатынмын да, жай жүріске салып кері

қайтатынмын, бұл кезде, күн төбеге келіп, масалар
масайрап, сиырлар оқыралап, өзен жағасындағы тоғай

арасына кіріп, көзден ғайып болатын.
Мен – тор құнанды ағаш көлеңкесіне байлап қо­
йып жабайы үйректің балапанын іздейтінмін, олар
көбінесе, суы таяз жасыл шалғынды бұлақ бойларынан

табылатын. Жалпақ табанымен суды кейін сырып алға
қарай бар күшін салып қылжаңдап жүзып бара жатқан
үйректің балапандарын көргенімде, жерден алтын
тапқандай алақайлап жан ұшыра қуып беретінмін.

Ене үйрек «хаһ, хаһ» етіп артына алаңдай қарап, әудем
жерге дейін аңғалақтап жүзіп баратын да, одан кейін
қанатын қағып ұша жөнелетін. Ал, артында қалған ақ
үрпек әккі балапандар бар күшін салып, суды сабап

арпалысып жүзіп бара жатып, аяқ астынан көрінбей
кететін. Мен енді жете бергенде тосын көз жаздырып
кеткен әккі балапандарды іштей табалап сілейіп тұрып
қалатынмын, олар сол орайды пайдаланып, судың

астымен жүзіп отырып, көз көрмейтін жерге барған
соң жағаға шығатын да, жасыл құрақтардың арасына
тығылып, бүк түсіп жатып қалатын.
Шынын айтқанда, үйректің балапанын қуалап бар

пұшпағымнан тер сорғалап, әбден діңкелейтінмін,
содан Ақбұзау өзенінің малтауға ыңғайлы кез келген
ирім жеріне барып, кейде, өр жағынан ағысты бойлап
келіп, кейде жиектегі жар басында тұрып суға секіріп

алтын балықтарымен жарыса малтайтынмын. Маған
суға секіріп, түсу сондай қызықты болғанымен, ағысты
бойлап біртіндеп көмілу тым қорқынышты сезілетін.
Әйтеу, суға түссем-ақ денем тітіркеніп, әлденеден қорқа

беретінмін. Мұның себебін кейін білдім, мен ағысты
бойлап иірімге қарай құлап келе жатып, тіземнің
төмен жағынан әлдебір суық нәрсенің олай-бұлай
соғып өткенін сезетінмін, алғашында: ”өзі тентек,

көзі тостағандай, тұмсығы тәмпиген, құйрық қанатын
дәйім бұлаңдатып, тұп-тұнық су ішінде жарысып
шауып жүрген сүйкімді алтын балықтар шығар“, - деп
ойлаппын. Сөйтсем, мұным мүлде қате түйсік екен.

Иірімге таяй бергенде, суға көз тастап едім, саным
жуарып, аяғым тарбайып, өз денем өзіме құбыжықтай
қырық құбылып көрінді, сол сәтте, бір аппақ жылан
тіземнің төмен жағынан ирелеңдеп өте шыққанда, тұла

бойым дүркіреп тіксіне қалдым, артынан шешемнің
мына бір сөзі есіме оралып қайта сабама түстім.
Ол кісі: ”бұл дүниеде таудың да, тастың да, қылаяғы,
көзге көрінбейтін ұсақ нәрселердің де (организмдерді

айтады) өзіне тән қорғаушы, иесі болады. Мәселен: сен
дәйім шомылып ойнайтын Ақбұзау өзенінің де өзіне
тән қорғаушы иесі бар“, - дейтін.
Мен сонда шешемнен: ”оның қорғаушы иесі не?“, -

деп сұрайтынмын.
Шешем аспай-саспай: ”ол денесінде титтей теңбілі
жоқ, бір метр ұзындықтағы аппақ жылан“, – деп жауап
беретін де, содан әрі сөйлей жөнелетін - сен білмейсің,

ол адамға қас қылмайды, әрі албаты көзге көрінбейді.
Тек судағы барлық жанды-жансыз нәрселерге адамдар
жағынан апат төнсе, болмаса, сол өңірдегі белгілі бір
тіршілік иесіне ауыр зақым жеткізсең, ызаға булығып

алдыңнан кес-кестейді.
Мен – су ішінде осыларды ойлап бір сәт тым-
тырыс тұрып қалатынмын, артынан; ”бәлкім, өткеннен
бері суда малтап жүріп, анау төменде, тас қуысында

екі мұрты едірейіп демалып жатқан бір ит балықты
абайсызда басып қалып, өлтіріп алсам керек“, - деп
ойлайтынмын. Бірақ, қанша ойласам да байыбына бара
алмайтынмын. Тек, ”ол адамға албаты соқтықпайды“,

деген сөзін медет тұтып, алға қарай жүзіп келіп, су
иегіме келгенде ғана «шолп» етіп шөгіп кететінмін, ал,
содан соң бойымды билеген бейсебеп мұңнан құлантаза
айығып, ойынның қызығына түсіп, суды шалпылдатып,

олай да бұлай да малтайтынмын, мен шынында Ақбұзау
өзеніне барып, тұп-тұнық суға денемді тоғытып, алтын
балықтарымен асыр сап ойнауды өте қызық көретінмін.
Шешем менен қатты алаңдайтын. Кейде, жанына

шақырып алып; ”Қарғам суға түсем деп бірдемеге
ұшырап қалсаң қайтесің! Онда мені тірідей өлтірмедің
бе? “деп ескерту беретін. Мен бас изеп мақұлдық
білдіргеніммен, біраздан соң ұмытып, баяғы әдетіме

қайта басатынмын. Сол қылығыма бола шешемнен
ауыр таяқ жеп, Ақбұзаудың айы өтіп, бір неше күн
үйден ұзап шыға алмайтынмын. Сол сәттерде, көзімді
жұмып шырт ұйқыға кетсем болды, күміс бауыры күн

көзіне шағылысып, аяулы Ақбұзау өзені түсіме кіретін
де, жағасындағы жел жалап, аптап қарыған алуан
түстегі малта тастардың арасынан әлденелерді іздеп
қарбалас жүретінмін. Шешем ондайда менің бір кездегі

өзен сағалап ұйыса өскен қалың тоғайдың арасынан
үйректің балапанын қуған сәттерімді қиялдап булығып
жатқанымды естіп, кеудемнен ырғап оятатын. Мен селт
етіп оянатынмын да, аз үнсіз жатқан соң қайта көзімді

жұмып, баяғыдай булығып ұйықтай алмайтынмын.
Менің мынадай мүшкіл жағдайымды білген
шешем сиыр сауып, сүт сатып таңертеңгі шайын іше
салысымен үй қасындағы көне көш жолдан әрірек кесе

көлденеңдеп терістікке қарай құйылып барып, қайта,
батысқа бет түзеген аласа жотаның бас жағындағы
кішкене иінде ығы-жығы боп қызара бөрткен қой
бүлдіргенге ертіп апаратын. Мен хош иісі қолқаны

қауып тұрса да қой бүлдіргенге онша қызықпайтынмын,
қайта бар есіл-дертім Ақбұзау өзеніне ауып ұйқылы-
ояу күй кешетінмін.
Әлқисса, екі тізгін, бір шылбыр қолға тиген күні

байырғы әдетіме басып, тор құнанды ерттеп алып,
сиыр айдап Ақбұзау өзеніне бара салысымен киімімді
бірақ шешіп, тырдай жалаңаш денемді күнге қақтап, екі
көзімды тарс жұмып, өзіме оңтайлы жар жиегін басып

тұрып, аталмыш иірімге «күмп» етіп қойып кететінмін.
Сол сәтте, тұп-тұнық өзен суы екіге қақ бөлініп,
мені «ыстық» құшағына басып, түбіне қарай тарта
жөнелетін. Мен денем суға тие салысымен әу бастағы

жұмған көзімді дереу ашып жіберіп, су түбіндегі әдемі
тастарға қызыға қарайтынмын, олар су толқыны мен
көлбеу күн нұрына әсерлесіп, көзіме қырық құбылып
көрінетін. Әйтсе де, есімнен ауа ойын соңынан түсетін

есерсоқ әдетім аяқ астынан бәсейе берді. Мұның
себебі, баяғы сол ақ жыланнан болды, бір жолы суға
шомылып боп өзен жағасындағы үйіліп жатқан ұсақ
құмға бауырымды төсеп жатып, күтпеген жерден арғы

жағалауға көз тастап едім, суға сұғына кіріп тұрған
жасыл шалғынды жиекте, аталмыш ақ жылан денесін
пуржинадай жиырып, мойынын кегжите созып, мен
жаққа қарап қыбыр-қимылсыз жатыр екен, оның бұл

әрекетінен: ”бұдан кейін шешеңді алаңдатпа, ертерек
қайт үйіңе!“, - деген ой түйдім, содан бастап бұрынғы
бұрыс әрекетім күн өткен сайын сирей бастады.
* * * *

Күз келісімен түстікке қайтқан жыл құстарына
ілесіп, Ақбұзау өзенінің аспан кеңістігін шыр көбелек
айналып тырналар тыраулап ұшатын. Барлық жер баяғы
көркін тастап, басқа бір түске еніп бозамық тартқан

да, тек қана Ақбұзаудың кең көсілген мидай жазығы
жаздағы бейнесін бермей, жап-жасыл күйінде жататын,
тіпті, бұл күйінен қараша айына дейін айырылмайтын.
Ара-тұра аспан кеңістігінен екіден-үштен қосарланып

қанаттарын сымпылдата қағып, қоңыр қаздар ұшып
өтетін. Мен, кейде мектептен үйге келгенде, немесе
сенбі, жексенбі күндері үй артындағы аласа жотаға
шығып айналама үнсіз көз тастап ұзақ отыратынымын,

осындай сәттердің бірінде, құбылмалы күз аспаны
күтпеген жерден кіртие қалып, кең дүниені көз
жасымен жуып тұтас өңірімді малмандай суға шылап
онсызда ұсқыны кетіп тұрған көңілімді одан бетер

жабырқататын. Әне, таң алдында дарқан даланы қырау

қымтап, көктемнен бері кер басынан түспейтін ақшақар енді бергі жайлаудан да көрінетін болған. Сол себепті, өзен суы жаздағыдай емес, уақыт озған сайын тастай суып, зәрі сүйектен өтетін. Анау көз алдыдағы кең көсілген мидай жазықтың ең шетіндегі қыстаулықтардың маңайынан қадау-қадау мая шөптерді, сондай-ақ шалғының табы қалған қия беттегі шабындықтардың етегінен қалқайған шөмелелерді, одан бергі егіс атыздарынан кей жерде, комбайннан шұбалып түскен, кей жерде, аралық тастап шошайып жатқан бидай сабаны мен зығыр сабанын көріп, жаздағы жанды еліткен жасыл әлемнің қас-қағымда көзден ғайып болғанына қайран қалатынмын, қазір мен үшін анау ақ моншағын аспанға атып жыландай ирелеңдеп тоқтаусыз жөңкіле аққан Ақбұзау өзені ғана өзгермегендей, бәз-баяғы күйін сақтап тұрғандай сезілетін. Бірде, өкпе тұстағы Құжырдың мойнағына көз салатынмын, оның етегіндегі тарам-тарам тар соқпағы бар қалың шилеуітті жазықта Қасбасы жайлауынан көшкен малшы қауымның төрт түліктері ақ шаңдақты аспанға көтеріп, мамырлап кетіп бара жататын. Жаз күндері борпылдақ топырағы боранға ұшып, жымжырт жатқан үй қасындағы көне көш жол күз келісімен көктемдегідей мал аяғының астында қалатын. Кейде, қасыма іні-қарындастарымды ертіп алып, жол бойындағы жар жиегіне жағалай қатарға тұрып әрібері өткен елдердің төрт түлік малдарына қарап үнсіз тұратынбыз, бейнетқор малшылар бет-ауыздарын шаңтозаң басып, аттары ақ тер, қара терге түсіп, көне көш жолдың бойынан күндіз-түні ағылып өтіп жататын. Олардың ішінде ішінара бейтаныс адамдар болмаса, басқасы үйімізге келіп құтты қонақ болып, ертесі таң ата баяғы әдетіне басатын. Біз әрине ойын баласы болғандықтан, ананы бір істеп, мынаны бір істеп ақырында түк таппағанда,

Ақбұзау өзенінің өр жағындағы текшеге шығып алып
анау төменде шұбап өтіп жатқан малдарға арбаның
істен шыққан ескі балонын домалатып мәз болатынбыз,
ол кезде біз оның ағат қимыл екенін білмейтінбіз,

қайта, малдардың үркіп алды-алдына бытырап кеткенін
қызық көріп, балалық мінезге басатынбыз. Одан да
қызығы, әке-шешеміз аяқкиіміміз тозса, дүкенге барып
жаңадан бір жұбын сатып әкелетін, біз оны киіп алған

соң; ”жүйрік пе екен, емес пе екен“, - деп екі етекті
сабалап жын соққандай жүгіре жөнелетінбіз, сол сәтте,
аяғымызды бірдеме қағып, екпетімізден түсетін болсақ,
онда ол аяқкиім өте шабан есептелетін.

Кейде, қол шананың жібін мойынға асып, үй
артындағы аласа жотаның аржағында «Науа сай» деп
аталатын кішкене шұңқырға біріміздің артымыздан
біріміз шұбап, мың бір жапамен әрең жететінбіз. Жеткен

соң қолымыздағы орақты шалғы етіп Науа сайдағы
буыны қатып сарғайып кеткен қырық түйіншек пен көке
маралдың сояу сабағын зорлана шауып оны кәдімгідей
байлап шанаға сыйғанынша басып, жотаның үстіне

өліп-талып әрең шығатынбыз. Содан бұзаушіңген
қаптай өскен қияның ұшар басына шананы тоқтатып
қойып үстіне шығып алған соң үйге қарай құлдилай
жөнелетінбіз, шана біраз жерге дейін зымырап барып

әлденеге соғылатын да, қаннен-қаперсіз отырған біз
мұрттай ұшып, бір шетте жататынбыз.
Кейде, жалғыздан-жалғыз жабыққан шағымда,
Сарбұлақтың бойына барып, сазбалшықтан алуан түрлі

моторлы көліктердің бейнесін сомдап немесе арнасы тар
өңірден әрі-бері өткен жүргіншілерге арнап ағаш көпір
жасайтынмын. Мектеп қорықтан бері қазақ бейіттің
аяқ жағындағы жазықта мөлшермен жиырма мудай

қоршамалы жерде қолмен отырғызылған жасанды бақ
бар еді, оның жартысы, жергілікті өкіметке, жартысы,
бізге тән болатын, мен сол бақтан барып қолымдағы
кішкене балтамен көпір жасайтын ағаш кесіп су

жағасына апаратынмын. Әржылы күз мезгілінде, осы
араға көпір салу мен үшін бас тартуға болмайтын
маңызды міндеттей сезілетін, әрі солай істеуді бір түрлі
қызық көретінмін. Мен жасаған көпірден адам да, мал

да еркін ойқастап өтетін. Өкініштісі, бұл көпір жазға
салым су тасығанда, көзден ғайып болатын да, әр рет
күз келгенде қайта жасайтынмын.
* * * *

Қыста айналаны ақ қар басып салатын, әсіресе,
анау Ақбұзаудың жазығы, тау етегіндегі андыз-андыз
қыстаулықтарға баратын жалғыз аяқ тар жолдардан
басқа, қылтиған қылтанақ та, тырп еткен тірі жан да

жоқ, қар ұшқындары күн нұрына қырық құбылып,
аршылған жұмыртқадай жылмиып жататын. Бар
болғаны жазықтың ең шетіндегі көз ұшын талдырып
қарайып көрініп тұрған тұрғын үйлердің мұржасынан

тың тірліктің белгісіндей болып анда-санда ағараңдап
көк түтін шалқитын. Анау Ақбұзау өзенін қыс
күндері көкпеңбек мұз құрсап, күн нұрын шағып
айнадай жарқырап жататын. Мен қыста үй артына ай

аралатып болмаса, жаз, күз мезгілдеріндей жиі-жиі
шықпайтынмын, себебі, қар қалың түсетіндіктен, күзде
қас-қағымда шығатын жотаға қыста қарды омбылап
қиналып жүріп, бір сағатта шығатынмын. Менің ендігі

бар өнерім складқа кіріп алып, шана жасау болатын.
Соның әлегінде таңның атып, күннің батқанын білмей
ақ тер, қара терге түсетінмін. Мен көп әуреге түсіп
шана жасап болғанда, мына жақтан інілерім келіп дау

айтатын, сонымен, олардың да шанасын жасап беремін
деп тастай суық складта түйтеңдеп отырып көп уақытым
өтіп кететін. Ал, шана жасалып болған соң Ақбұзаудың
кезеңіне қарай біріміздің артымыздан біріміз ілесіп

қаз-қатар шұбайтынбыз. Өзеннің аржағында тік

беттен қабырғалап түсіп жатқан байырғы көш жол бар
болатын, оның аяғы өзен жағасына барып тірелетін.
Мен кезеңге барған соң шананың басын еңіске қаратып,
үстіне орнығып отырып алып, аяқтарымды қосып

барып қайтадан артыма бүгіп, серпіліп қалғанымда,
шана
ұшқан
құстай

зымырап
кететін,
сонда,
қарқынының тездігінен қарсы алдыдан соққан қар

ұшқындары тозаңдай бұрқырап көзді көлегейлеп, тіпті,
тыныс алдырмай тұншықтырып жіберетін, біз оған
бола жасымайтынбыз, қайта, қызық көріп қиналған
сайын құнығатынбыз. Одан қалса, өзеннің бетіндегі

көктайғақ мұзға сырғанақ теуіп, зырылдауық ойнап,
кейде, анау тау етегіндегі шаруа баққан адамдардың су
алып қайтатын ашық жерін бұрынғыдан әрі кеңейтіп,
кейде, арнайы алып жүрген балтамызбен оңтайлы

жер таңдап алып көкпеңбек мұзды шауып ақ тер-қара
терге түсетінбіз, жанымдағылар мұздың ашық жеріне
үймелеп тұп-тұнық су ішінен алтын балық іздеп әбігер
болса, ал, мен: ”жаздағы аппақ жылан қай тұстан сопаң

етіп шыға келеді“, - деп екі көзім төрт болып сескене
қарайтынмын, шынын айтқанда, мені осындай күйге
түсірген басты себеп, баяғы сол шешем айтқан сірлі
сөздер болатын.

Мен бір жолы ол кісіден: ”Шеше жазда Ақбұзаудың
суында асыр сап ойнайтын алтын балықтар қыс
түскенде қайда кетеді?” деп таңғала сұрағаным бар.
Сонда шешем біраз үндемей отырғанда, соңынан;

”Олар қайда кетуші еді, қыс түсе, су бетіне шығып
мұзбен бірге мұз болып қатып қалады. Содан көктем
келгенде, бойына қайта жан бітіп суға түсіп бас ауған
жаққа жүзіп кетеді. Сол үшін Ақбұзауға барып мұз

шауып ойнағанды қойыңдар, әйтпесе, алтын балықтарға
обал болады. Егер, оларды беталды қыра беретін
болсаңдар аталмыш ақ жылан судан секіріп шығады
да, мойындарыңа барып асылады. Сонда өлмегенде

нелерің қалды”, - дейтін.

Мен одан әрі таңырқап: ”онда біз шапқан мұздан сіз
айтқан балықтарды неге көрмейміз“, - дейтінмін.

– Ол неге көрінеді екен, - деп шешем әр сөзін

астарлай сөйлейтін, - егер өз бейнесі бойынша, мұз
боп қататын болса, онда Ақбұзаудың бетіндегі мұзды
адамдар келіп бес күнге жеткізбей шауып бітірмей
ме? Соны көздеген балықтар әуелгі бейнесін өзгертіп

мұзбен бірге мұз болып қатып қалған. Адамдар оны
көрмегендіктен, мына жерде балық жоқ екен, деп
сұлкыны түсіп, кері қайтып жүр.
Мен шешемнің осы сөздерін есіме алғаннан кейін

арып-шаршап мұз шауып жатқандарға: ”тоқтаңдар“,

- деп шұғыл бұйрық түсіретінмін. Олар менің сөзімді

ести сала, жұмыстарын бір шетке қайырып қойып, «не
жетті» дегендей бетіме бір түрлы сұраулы әлпетпен
аңыра қарайтын. Мен оларға шешемнің айтқандарын
айна қатесіз баяндап беретінмін, олар содан кейін

алғашқы арындарын басып, тіпті, кейбіреуі мұздың
ашық жеріндегі тұп-тұнық суға үрке қарап артынан
үйді бетке алып зыта жөнелетін, мен айғайлап әрең
тоқтататынмын. Содан кейін анадайда таудай боп

үйіліп жатқан мұз кесектерін әрбір шанаға сыйғанша
басып, үйге қас қарая қайтатынбыз. Бірақ, ақ жылан
біз кеткенше көзге шалынбайтын. Таңертең ғана
ауыстырып киген әрі таза, әрі құп-құрғақ сымымыз

кеш батқанша суға шыланып аяз қарыған сайын
балағына шор-шор мұз қатып, салдыр-сұлдыр етіп
есімізді шығаратын. Оны кеште пеш түбіне жайып
отқа қақтайтынбыз, ал таңертең орнымыздан тұрған

соң дыңғырап кеуіп кеткен сымдарымызды дереу киіп
алып, кәнігі әдетімізге қайта басатынбыз...
* * * *
Ақбұзау – міне осындай ерекшелігімен менің

санамнан мықтап орын алған ардақты өзен. Ғылыми
пайымдауларға негізделсек, бұл өзен Шыңжаң-ұйғыр

автономиялы ауданы бойынша, тазалығы мен тұнықтық
дәрежесі
Алтай
аймағындағы

Шыңғыл
өзеннен
қалса, екінші орында тұрады екен. Әр жылы жазда
күн аралатып, алуан маркадағы жеңіл автокөліктер

сонау ит арқасы қияндардан терезе әйнегі күн нұрына
шағылысып, үй маңындағы көне көш жолды қою шаңға
көміп, кезең асып Ақбузау өзенінің бойына барып, бірақ
тоқтайтын. Олар әрине аталмыш өзеннің атын естіп

атағына бас иіп: «табиғи ағып жатқан осы бір тұнбадан
таза, минарал судан» шөлдері басылғанша қанып ішіп,
көркем көріністерін тамашалап, көңіл сергітіп қайтуға
келген саяхатшылар болатын. Кезінде бұл өзеннің

иірім жеріне барып жар жиегінде тұрып өзімді-өзім
биіктен тастап түбіне қарай шөгіп бара жатып көзімді
ашқан сәтте көңілімді шалқытып, күшті күн нұрына
әсерлесіп, қырық құбылып көрінетін ғажайып тастары

да, 2004 жылдан бері жер-жердегі тас әуесқойларының
назарын бірден аударып, ең алды 10 мың долларлық
құн жаратып көптің көңілін баурап, сан өткелектен өтіп
еліміздің Жыңжиаң өлкесінен бірақ шыққан.

Ақбұзау туралы ел аузында айтылып жүрген аңыздар
да баршылық. Соның бірі, 1225 жылдары Шыңғысқан
әскерлері Орта Азияны ат тұяғымен таптаған тұста,
атақты қолбасы Жебе ноянның шағын бір бөлімі Іле

өңіріне кіріп тазалау қимылын өрістетеді. Сол кезде,
осы реткі тазалау қимылының бас қолбасшысы Моңка
ноян кең-байтақ сахараны аралап жүріп, айтылмыш
өзенге келгенде суының тұнықтығы мен табиғатының

тамашалығына сүйсініп, осында бір мезгіл тынығып
алуды ойлайды да, әскерлерінің негізгі бөлімін өз
қасына, бір бөлімін шығысындағы Баргейті өзенінің
жазығына, енді бір бөлімін өкпе тұстағы Қас өзені

бойына, Шырынтоғайдың жазығына орналастырады.
Содан соң бұл арадағы аң мен құсты қынадай қырып
аста-төк ырғын тұрмысқа белшесінен батады. Бір күні
қасындағы нөкерлерімен тоғай арасын аралап сейілдеп

жүріп, қарсы алдарынан енесінен ерте айырылып арқа
еті арша, борбай еті борша болып кең дүниені кезіп
келе жатқан бұғының қылаусыз аппақ жетім бұзауына
кезіге кетеді де, садақтарын сайлап атып алғанша,

оған үлгіртпей жалт беріп көзден ғайып болады. Бұған
Моңқа ноян қатты намыстанып:

– Осы күнге дейін алдымнан еш нәрсе қия өтпеген

еді, ал, мынау әбден арықтап тарамысына ілінген
жаман бұзаудың мені тәлкек қылғанын қара, - деп
бұлқан-талқан болады да, қасындағы нөкерлеріне оны
қайтсе де, іздеп тауып алдына алып келуді бұйырады.

Нөкерлер бұйрық түсісімен жабал аттанысқа келіп,
тоғай ішін түк қоймай арылтса да, дерегін таба алмайды,
кеш бата көңілдері суып тұрақтарына қайтады. Бірақ,
сол түні әлгі аппақ жетім бұзау Моңқа жатқан үйге

баспалап кіріп; ”Ей, Моңка сен мені қанша іздесең
де таба алмайсың. Мен бір енесінен ерте айырылған
жетім бұзаумын. Анамды алты айдың алдында әлдебір
аңшылар атып әкетіп, мені жетім қалдырып мойнымды

ырғайдай, битімді торғайдай етті. Ал, сен келіп бұл
өңірдегі тіршілік атаулының тұқымын тұздай құртатын
болдың. Сол себепті, мен сияқты тұлдыр жетімдердің
қатары көбейіп, көркемдігімен көз жауын алған мынау

кең алқап қаңырап қалуға айналды. Енді тілімді алсаң,
бұдан соң бейкүнә аң-құстың қанына ортақ болмай
жаның барында жолыңа түс. Болмаса, жаратушының
жазасына ұшырап ажалыңнан үш күн бұрын шаң

қабасың“, - дейді де артына бұрылып есіктен шыға
жөнеледі. Моңқа түсінен шошып оянған соң жан-жаққа
хабаршы жіберіп қол астындағы түмен басыларын
төңірегіне жинап шұғыл мәжіліс ашып, бұл жерден

кету туралы дереу бұйрық түсіріп, араға бір күн салып
басқа жаққа қоныс аударады. Содан бастап осы өңірден
ағып өтетін өзен аты Ақбұзау аталыпты деседі.
Оның қайнар көзі сонау Жың ауданымен шекаралас

Қызыл кезеңнен басталып, содан былай жеке дара жүз

километр аралыққа дейін қиыр-қиыр тар қысаңдардан
жосылта жол салып, әр жылы жаз маусымы келгенде,
мен сиыр бағып, үйректің балапанын қуалайтын кең
жазықты басып, содан осы жазықтың аяғындағы тағы

бір тар қысаңды даңғазаға бөлеп, аралықта Құжыр
өзенін қосарына алып, ең соңында Қас өзеніне барып
құятын. Ал, Қас өзені жол-жөнекей Күнес, Текес
өзендерімен бірігіп, Іле дариясына барып құятын да,

содан шекара аттап анау көрші отырған Қазақстан
Республикасындағы Балқаш көліне барып бірақ тыным
табатын.
23 ـ8-2012

қазақ тілді хангұйшин
мұғалима
(шалқыма)

Өткен жұмада менің есімнен мүлде шықпайтын бір
шағын оқиға жүз берді. Сол күні түстен кейін ханзу тілі
граматика сабағын өтетін Хангұйшин мұғалима класқа
сәл жайырақ оралды. Біз оған дейін кәнігі әдетімізге

басып, өзгелердің назарында буалдыр елеске айналған
зәредей жаңалығы жоқ, бір талай қимылдарды өріс
алдырдық.
Тоқтау көрмей, толассыз дөңбекшіп аққан өзен

айдынында мүлде тынымы кеткен тентек мінезге бай
қармақ салса, іліне қоймайтын, сырт көзге тым нелеу
шабақ балықтар қаншама?.. Олар күміс бауырын күнге
шағылыстырып, аспан кеңістігіне тік шапшиды да,

сонша тездікпен қайта суға сүңгіп, еш қам-қайғысыз
емін-еркін сайран салады. Олардың өз қылығы
өзімен кетсе бір сәрі, бүгінгі білім табысын өндірте
қолға түсіріп, ертеңгі тіршілігіне берік негіз қалаған

қармаққа жылдам ілінетін, көздің жауын аларлық дәу
балықтардың жанына тыныштық бермей, қолындағы
бар асылын тартып жеуге шақ қалуы – қаншама
қабырғаны қайыстырмады дейсіз?!

Әне сондай тынымсыздығынан құрсағы тойса
болды, жер мен көкке сыймай айызы қанғанша секектеп
шоршиды. Ала жаздай әнге басып, күз келе бастағанда
қайда барып, қайда тұрарын білмей, дірілдеп-қалтырап

құмырысқаның илеуіне тығылған шегірткеше тым
опық жейтінін қайдан білсін!?
Қазір сол шабақтар өзен бетіндегі бұла толқындарды
қақ жарып олай-бұлай ойқас салып, кәнігі әдетіне

басқан-ды.
Құлақ
пердесін
жыртып

жіберердей

дүңкілдеп көтерілген ащы дауысты музыканың тербеуін
де барлық сабақтастардың назары биге бірден ауған.
Кенет есік шиқ етіп ашылды да, Хангұйшин мұғалима
класқа кіріп келді. Қашанда күлімсіреп жүретін

жалпыға жағымды байсалды бейнесі бұл жолы сәл
кірбең тартқандай... Қабағы тұнжырап өте ашулы келді.
Сабақтастар бір сыдырғы музыка ырғағына ілескен
ширақы аяқ алыстарын шорт тиды да, үн таспасын

дереу өшіре қойып, өз-өз орындарына барып жайланып
отыра қалысты. Осы әредікте, орындық сирағының
еденге үйкелген, партаның бұрылған дөрекі әуені
мен сабақтастардың белгілі бір істерге наразы болған

«пыш-пыш» сөздері кластың айрандай ұйыған жым-
жырт тыныштығын бұзып, зейіннің шоғырлануына
дардай бөгеттік жасады. Шай қайнатым уақытқа дейін
жалғасқан қалыпсыз әрекет әрең тыным тапты да, содан

соң барып Хангұйшин мұғалимаға тікемізден тік тұрып
салауат білдірдік.
Ол бізді басылып отыруға бұйырған жоқ, қайта,
қабағынан қар борап тұрып, жұмған жұдырығымен

алдында тұрған сабақ үстелін «дүңк» еткізіп бір қойды
да: - не деген әдепсіз болып кеткенсіңдер. Мен сендерге
дәйім айтатын; «Қазір есейдіңдер. Анау бастауыштан
қалған жаман әдеттеріңді енді тастаңдар. Тырысып

үйреніңдер» деген ақыл-кеңесім құлақтарыңнан ағып
кетті ме қара өздерін, үндемей қойса төбеге шығып.
Осы күнде кім сендерді бала дейді, қайта, азамат
болды, ес жиды», деп айтады. Болды, отырыңдар!-деді

сүйкімді қоңыр қол сомкасындағы ханзу тілі граматика
оқулығын алып жатып.
Мен мұғалиманың қабағын қанша шытып тұрса да,
жаз маусымындай жайдары жүзінен болар-болмас күлкі

табын аңғарғандаймын. Сол бір солғын күлкі табы
бірте-бірте үлкен толқынға айналды да, ұлғая келіп
әлгіндегі ашулы ажарын демде жадыратып жіберді.
Сол-ақ екен, бұрқ етіп атылған күлкі фонтаны бір мезет

жым-жырт қалған меңіреу класс ішін тау бұлағындай

сыңғырап аққан тамаша жаңғырыққа толтырып үлгірді. ـАл онда,-деді мұғалима қар жауған қабағы лезде жадырай қалып - сабақ өтуден бұрын тізімдік жоқтап алайын. Класком, кім жоқ? Бұйрық беріле бастағанда-ақ орнынан лып етіп атып тұрған класком шабақ балықтардың бір-екеуінің жоқ екенін айтты. Сабақ басталып кетті. Біз айрандай ұйып үн-түнсіз отырмыз. Шабақ балықтар да жынын алған бақсыдай моп-момақан. Класс іші одан бетер тым-тырыс. Тек Хангұйшин мұғалиманың сыбызғыдай сызылған әсем үні ғана жаңғырып тұр. Терезеден төгілген алтын нұр осы бір аядай бөлмені сүт реңдес ақшулан түске бояп тастаған. Қадірлі мұғалима артындағы қара тақтаға бұрылып қолын созып, тақ­ таның бас жағына ала тұп-тура жол ортадан « » деп жазды да, астына «сөз алды қосымшалары» деп қазақша бір жазды. Содан оқушыларға қарап: - жә, сабақтастар біз жаңа сабақты бастаудан ілгері өтілген сабақтан біраз пысықтау алып барайық, - деді. Оқушылар оның бұл ұсынысын үнсіз құптады. Ақ моншағын аспанға атып, айдаһардай ирелеңдеген адуынды өзен жағасында жем ілген қармағын суға тастап бір қарт балықшы отыр. Қармақты маңайлап бірнеше шабақ балықтар мәз-мейрам асыр салады. Қашанда өз ырыздығын теріп жеп, бейғам күн кешкен дәу балықтар шабақ балықтарды маңайлап қармаққа ауыз сала бастады. Көзді ашып жұмғанша болған жоқ, бір дәу балық кесек денесі тым салмақты болғандықтан, қармаққа іліне кетті де, әрі бұлқынып, бері бұлқынып, еш айла таппай со беті қарт балықшының қолына барып түсті. Қарт балықшы қолындағы дәу балыққа жымия езу тартып, ұзақ көз тоқтатты. Зайыры бірнеше минут өзен жағасында сарылып отырған уақыты тегін кетпеген тәрізді. Ол қармақтағы балықты алақанына салып аударыстырып әрі-бері көрді де, қимастық сезіммен

көзіне ыстық жас алып, жайына жіберді. Өйткені, оны өлімге үкім етуге батылы бармады, «Өз алдына тіршілік етсін» деп ойлады. Мұғалима тұңғыш рет өтілген сабақ туралы сұрау сұраған оқушысының мүдірмей жауап бергеніне басын изеп қатты риза болды. Ол: - Жарайсың! Міне өтілген сабақты барлық оқушы өстіп пысықтаса, қандай жақсы, ә, - деді ақша жүзіндегі қабағат риза болған қуанышты көңіл-күйін жасыра алмай. Содан тағы да біреуін тұрғызып, сабақ сұрады. Қарт балықшы жем ілген қармағын суға тастап, дәу балықтан дардай дәмеленді. Бұл жолы қармаққа бір кішкене шабақ балық ілінді де, тартып ала бергенде шөп етіп суға түсіп кетті. Оның денесі жеңіл, қашанда секеңдеп шоршып, қам-қайғысыз күн кешкендіктен, қармаққа ілініп барып, оңай құтылып кеткен. Демек, ықпал жасайтын ешқандай кереметі жоқ, құр дүрмекке ілесіп қам-қайғысыз асыр салғандықтан, көбінесе назардан сырт қалған. Класс бәз-баяғысынша құлаққа ұрған танадай жым-жырт. ـНеғып сабақ қарамайсың? Тегі мұнда келгендегі мақсатыңды айтшы маған. Оқығалы келдің бе? Жоқ, ойнап-күлгелі келдің бе? Егер санаңда үйренемін деген қызу ынта болған болса, жаңағы сұрауыма тым құрыса жүзде жиырма пайыз жауап берер едің. Болды, отыр. Бұдан кейін мынадай қылығыңды көрсетпе - деді күткен үмітінен шыға алмаған «шабақ балыққа» бір рет жай ескерту беріп. Ол басын кеудесіне құлатқан бойда орындығына сылқ етіп отыра кетті. Жаңа сабақ басталды. Мұғалима әлгінде жазылған аталмыш тақырыптың астына « », « », « », « » қатарлы сөз алды қосымшасын маржандай тізіп келді де, екінші жолдан қазақ тілі шығыс септігінің; «нан», «нен», «дан», «ден», «тан», «тен» жалғауларын жазды. Содан оқушыларға қарап: - жә, ондай болса жаңа сабақты бастадық. Біз бүгін ханзуша, қазақша осы екі тілдегі сөз алды қосымшаларының қолдану аясы мен жазылу

тәртібін таныстырамыз. Онда, сөз алды қосымшасы
дегеніміз - зат есім, есімдік, немесе сөз тіркесінің
алдына
келіп

қимылдың,
іс-әрекеттің
бағытын,
уақытын, орнын, шарттарын білдіретін сөздер. Осы

сағатта уақыт байланысымен сөз алды қосымшасының
алдыңғы бір тармағын тәптіштеп өтеміз.
Ол бірде қара тақтаға, бірде оқушыларға қарап
жоғарыдағы сөз алды қосымшаларына айқын мысал

келтіріп, бүге-шігесіне дейін түсіндірді. Анау аппақ
бор арқылы тақта бетіне түсіп жатқан алуан мағыналы
күріш әріптер көз мейірін қандырып «жалт-жұлт» етеді.
Ол сөйлеп жатыр, ”оһо, шіркін”, - деймін ішімнен

айғай салғым келіп, - ”қараңдаршы әне қыран достарым!
ол өзі сібе ұлтынан болса да, ханзу тілін қанық білгеннен
сырт, «Абайдай ұлы ақыны», «Мұқтардай кемеңгер
жазушысы» бар менің маңдайыма біткен мәңгілік

қасиетті қазақ тілін тау суындай тап-таза күйінде
сыңғырлап сөйлеп тұрмай ма?“ Мен шынында қатты
тебірендім. Себебі, өзге ұлт өкілі алпыс екі тамырымды
иітіп өз ана тілімде мүдірмей сөйлеп тұр. Оның орынды

да, епті қол ишарасы мен қағілез қимыл-әрекеті аузынан
шыққан әр сөзіне тығыз ұштасып, оқушыларға бірде
көңілді күлкі сыйласа, бірде терең ойға жетелеп, басы
артық бос мылжыңнан адалап тұратын.

Сондықтан, Хангұйшин мұғалиманың сағатын
апта айналып келгенше үйренуде нашар ойынпаз
оқушылар да төрт көзбен зарыға күтетін. Әдетте,
көзәйнек тақпайтын, бірақ, бір көрген адамға жылап-

жылап жасы сарқылып домбығып ісіп кеткендей
әсер беретін анау өткір қой көздерінен бөлекше ой
алатынмын. Кейде сабақ үстінде: ”біз үшін қанжілік
боп қаншалаған қатысты материалды ақтарып, қанша

сағат қадалып отырды екен“ - деп екі көзім қара тақтада
болса да ішімнен тұңғиық қиялға бататынмын. Міне,
соның кесірінен, өтілген сабақтан он тиын олжа таппай
уақытым өксіп бостан-босқа сан соғып қалатыным бар.

Ақ моншағын аспанға атып айдаһардай ирелеңдеген

ақ жал өзен бір тынатын емес, бөгеу бермей, буырқанып
ағу үстінде.
Шабақ балықтар су шетіндегі күн нұрына жылынып
кеткен таяз өңірге барып үйме-жүйме болып секектеп

шорши бастаған. Кенет неден секем алды екен, әйтеу
аяқ астынан дүр етіп үрке жөнелді де, өзен ортасына
қарай лап қойды.
Бағанадан «пыш-пыш» әңгіме айтып, арт жақта

отырған екеу ойламаған жерден оқыс мінез танытты
да, біреуі өзін тежей алмай күлкі көмейін ашып
жібергені мұң екен, әлгінде, беті теп-тегіс тақтайдай
боп шымырлап ағып жатқан өзен айдынына ойламаған

жерден жел тұрып, желікпе толқын пайда болды да, екі
жақ кемерін кезек сүзгілеп шырықты бұзды, айрандай
ұйып алдындағы қара тақтаға беріле қарап отырғандар
арт жақтағы әбес әрекеттен зейіндері шашырап солай

қарай жалт-жалт қарасқан.
Бұл кезде, мұғалима бір жағынан, сөйлеп, бір
жағынан, сөз алды қосымшаларына ханзуша, қазақша
жеке-жеке айқын мысал келтіріп, сөйлем құрап жатқан

болатын. Қалыпсыз әрекет белең берген соң, келген
жерінен доғара тұрып, арт жақтағы ұшына шыққан екі
тентекке ішіп-жеп қарады.

– Не болды екеуіңе, - деді мұғалима класс іші

әнтек тына қалған сәтте. Бұл кезде қалыпсыз әрекетті
тудырған қос тентек те өз-өз алдыларына қарап
бастарын кеуделеріне құлатып үнсіз қалған - менің
өткен сабағым көңілдеріңе жақпай қалды ма? Мен

сендердің мүдделеріңнен қайтсем шығам деп ертелі-
кеш қатысты материал көріп тыным таппаймын. Ал
сендерші? Әсіресе, анау арт жақта отырған екеуің.
Менің сол ашты теріме аз құрмет етсеңдер болмай

ма? Егер, қайсы сабағым болса да, әйтеу көңілдеріңе
жақпаған жерлерім болса бүгежектемей бетіме тура
айтыңдар! Содан кейін түзете алмасам, қанша күліп
сайқы-мазақ етсеңдер мейлі. Тіпті, разы едім.

Мұғалима күйініп көп сөйледі. Бәрінен бұрын

«сайқы-мазақ» деген екі ауыз сөз қалыпсыз әрекеттің
туылуына түрткі болған екі тентекке оңай тиген жоқ,
соның ықпалынан болса керек, біреуі орнынан атып
тұрып: «Бізді кешіріңіз. Бұдан кейін қателігімізді сөз

жоқ түзетеміз» деді ғапу өтініп.
Мұғалима содан соң екеуіне ризалық білдіріп
орындарына отырғызды да, сабағын қайта бастап кетті.
Бұл жолы өтілген сабақ демалыс қоңырауы ша­

лынудан он минут бұрын аяқталды. Ол осы он минутты
да қалт жібермей, оқушыларды өз еркі бойынша,
орнынан тұрғызып «сөз алды қосымшаларына» тіке
қатысты бірнеше маңызды сұрауларды ортаға қойды.

Иә, сан жылдарды артына тастап, сан рет түлеп, сан
рет шырынды жеміс беріп, шөлдегенге-сусын, зәруге-
дару болған сол бір саялы бәйтерек дәл қазір менің көзіме
егде тартып кей бұтақтары қурап түйін тастаудан қалып

бара жатқандай көрінді. Бұрын шынында аңғармаппын.
Осы жолы оның әр рет оқушыларға қарап сөйлеп тұрып,
артындағы қара тақтаға шорт бұрылған кезінде оң жақ
самайын қылау шалып, бурыл тартқанын байқадым...

Өзен өркештеніп ағып жатыр. Қарт балықшы
қармағын суға салып, өзен жағасында үнсіз отыр.
Қармақтағы жемнің маңайына төрт-бес дәу балықты
өз ішіне алған бір қора «шабақ» балықтар ығы-жығы

боп топтаса бастады. Олар «бір» дегенде жемге
жақындап барып, дүр етіп кейін қайтып, екі ойлы боп
біраз дағдарысып тұрды. Бастапта, қалың шабақтардың
арасын қақ жарып қармаққа жақын барған мына дәу

балық тағы да тәуекелге басып шыжымдалған жемге
ауыз сала бастады. Бірақ, іс насырға шапты. Жемді
аузына салғаны мұң екен, оған қоса, ұшы үшкір темір
қармақ таңдайына «гірш» етіп кіргенде, бұлқынып-

бұлқынып қап еді, іле-шала, әлдебір күш оны су бетіне
қарай тартып ала жөнелді.
Қарт балықшы қармағына ілінген мына бір басатын
дәу балықты көргенде, екі езуі құлағына жетіп бір

жасап қалды. Жағаға алып шыққан соң әрі көріп, бері

көріп, көңілі шалқып көз мейірін әбден қандырды.
Мұғалима ортаға қойған сұрауына ерікті түрде қол
көтеріп нанымды жауап берген бұл оқушыға риза
болғанын білдіріп, екі езуі құлағына жетіп, дамылсыз

бас изей берді.
Қарт балықшы қармақ салудан жалығатын емес,
қысқасы, денесі зор, таразы басатын дәу балықтан
қашан да дәмелі. Бірақ, өзен оны өзі ойлағандай дәу

балыққа анда-санда болмаса, дәйім ұшыратпайды. Бұл
жолы көп тостырған жоқ, орта дәрежелі дәу балық
ілініп су бетіне сәл көтерілген сәтте, «шолп» етіп қайта,
түсіп кетті. Балықшы басын шайқап, бір ауық отырып

қалды...
Мен сабақ үстінде әр түрлі қиялға батып кәңгіреп
отырғанымда, мұғалима атымды атап орнымнан
тұрғызды. Қырсық шалғанда оның күткен үмітінен

дерліктей шыға алмадым. Мұғалима маған сөз алды
қосымшасы «
» әрпіне сөйлем құратты. Мен орнымда
тұрып сөйлем құрауға көп құлшыныс жасадым, бірақ,

«жау кеткен соң қылышыңды боққа шап» дегендей,
бұл «әріптің» қазақ тіліндегі шығыс септікке тән екенін
қиялсырап отырып түсінбей қалғандықтан, тақамаға
келгенде тілім күрмеліп, тікемнен тік тұрдым да

қалдым. Бір тәуірі, мұғалиманың өзі аузыма сөз салып
алға қарай жетелей жөнелді де, абыройым қорғалып
қалды.

– Жарайды, отыр, - деді ол маған жайдары жүзбен

жымия қарап - бұдан соң сабақты қайта-қайта пысықтап,
бейтаныс әріптерін берік есіңе сақта! Өйтпегенде, алға
басуың мүмкін емес. Әнеу күндері жақсы едің. Бүгін
неғып нашарлап қалдың, а...

Амал қанша? ұялғанымнан екі бетім өрт кеткендей
қып-қызыл болып талаурап кетті. Егер, сол кезде титей
ғана тышқанның інін көрсем, таудай денеммен сиып
кетуге дайын едім, алайда, іздеп таба алмадым. Анау,

әр сөзі ат басындай алтынға бергісіз аяулы мұғалима
ның жаңа сабағын зер салып тыңдамағаным үшін опық

жедім. Соған қарап өзімді де «шабақ» балықтардың
бірімін бе деп ойладым!
Уа, менің ардақты ана тілім, сен мәңгі өлме! Әлем
асты-үстіне аударылып, астаң-кестең болғанша, жеті

қат жер астында жатса да, тұлғасына титтей де дақ
жұқтырмайтын алтындай асыл қасиетіңді сақтап, тап-
таза күйіңде дәурендей бер, жаңғырып, жасара бер!
Мен әлбетте, сені қорғау үшін өмір есігін ашқанмын.

25 - 4 - 2004

Етікшінің ИгІ қадамы
(очерк)

Қоғам орнықты, өндіріс ілгері болған сайын заттық
өркениеттің сан түрі қаулай шешек атып, «көзі ашық,
көкірегі ояу» әрбір адам баласын тек отырғызбай тың-
тың ойға бастайтыны бұлжымас ақиқат. Ұлтымыз

ежелден бері шет жайлап, қиыр қонып, судың тұнығын,
шөптың шүйгінін іздеп, отырықты өмір салтынан
тыс қалғанымен, жаңа Жұңго құрылғаннан, әсіресе,
реформа жасап, есік ашқан жуық жылдардан бері

базарға бет алып бағын сынап, осы арқылы өзіне
тән игілік жаратып, ел назарына ілініп жүрген қазақ
жастары да қара көбейтіп келеді.
Шамен (Шаймардан) Әбдікерімұлы міне осындай

өз алдына игілік тіктеп, оң мен солына таныла бастаған
көзі қарақты, көкірегі ояу аңғарлы азамат. Ол 1988
жылы толықсызды бітірген соң бір мезгіл қоғамда
жүріп, содан соң өз қалауымен 1990 жылдан 1992

жылға дейін Дөңмазарлық Самет Қарәжімнан діни
білім алады да, 1993 жылы Ибақан Нәсіпқызымен бас
құрап, бауырына қазан асады. 1994 жылы қыста Нылқы
аудан орталығындағы имам тәрбиелеу діни курсына

қатынасып, заңдық талапқа сәйкес діни диплом алады.
Содан көп өтпей Көкқұтқұр моңғол ауылы Жырынтай
мал фермасы, Қарабағыл мешітіне имамдыққа тұрып,
содан бері бұл қызметті асқан жауапкершілікпен

ақсатпай істеп келеді. Ол қызметке қатынасқан 1994
жылдан қазірге дейін ауыл, аудан жағынан көп рет
«бесте жақсы имам» деген даңқты атаққа ие болған.
Әрі осы еңбектеріне сай қатысты орындардың қолдап-

қуаттауымен 2005, 2008 жылдары Іледе, 2009 жылдары
Үрімжіде үйренуде болады. Ол өзі қатынасқан екі-
үш дүркін топтық үйренуден, көп ой түйеді. Демек,

көшпенді өмірдің салдарынан көптеген кіріс көзінің,
болмаса, бірер өнерді игеріп соның қажетін көрудің
ығын таппай құралақан қалғанын, қазіргі ай сайын алып
отырған 200 жүз юань айлықтың бір үйдегі төрт бірдей

жанның күнделікті ішіп-жеміне де жетпейтінін, оның
үстіне, үлкен ұлының оқу жасына толып, тіпті, бастауыш
мектепті аяқтау алдында тұрғанын, әрі оны сырт жерге
апарып жатаққа жатқызып, жайына қоя беріп оқытудан

алаңдайтынын ойлағанда, тамағынан түйір дән өтпей
қатты қиналатын. Иә, сонау 2001 жылдың өзінде-ақ,
отырықты өңірден шеткері Қарабағыл қыстағынан
Жырынтай мәлісіне көшіп түссе де, бұл жер адамдар

шоғырлы қоныстанған орталық өңір болғанымен, бірақ,
бірер кәсіптің басын ұстап оны әрі қарай дамытуға
қолайсыз екенін аңғарады да, сегіз жыл тапжылмай
отырған аталмыш жылы орындарынан 2009 жылы бір

жолата қоныс аударып, аудан қалашығына келіп базар
жағалап бір мықты өнердің тетігін игеруге шындап
бекінеді. Соның жебеуімен 2009 жылы күзге таяу екі
ұлы мен жұбайын ертіп Нылқы аудан қалашығына

келіп, аядай бір ауыз үйді жалға алып, бейтаныс
ортадан бейімдеріне қарай бағалы өнер іздеп, бастапта,
үй сәндеу өнеріне әуестік танытады. Бірақ, айтылмыш
азаматымыз ойда жоқта аяқкиімін майлатпақшы болып

бір бейтаныс дүкенге кіргенде, оның іші қаридарларға
лық толғанын көреді де, сол жердің өзінде-ақ әуелгі
райынан қайтып осы өнерді зер сала үйренсем: «аштан
өліп, көштен қала қоймаспын» деген қорытындыға

келеді.
Бағына қарай, бұл орынның қожайыны қазақ
тілінен хабары бар Жаушыңбау есімді ханзу азаматы
боп шығады. Ол 1974 жылы 9 айдың 15 күні Тоғызтарау

ауданында диқан отбасында дүниеге келеді. Ол осы
бір аяқкиімін жамау, майлау орнын ашқан 2005 жылға
дейінгі аралықта шойыншақ, такси қатарлы бірнеше
мотормен жағаласып, одан мардымды кіріс болмаған

соң қоғамның қажеті мен жұртшылықтың зәрулігіне

сай Нылқы аудандық ханзу базарының аяқ жағындағы
екінші қабаттан шағын үйді жалға алып аталмыш
кәсібіне бел шеше кіріседі. Шамен аға аяқкиімін
майлатып болған соң дүкен қожайынын іздеп тауып,

осы өнерді үйренуге қызғығушылығы бар екенін
білдіреді. Жау шың бау оған өзінің осыған дейінгі
басынан өткен істері мен қазіргі жағдайын, тұрақты
кірісін кішпейілдік көрсетіп, егжей-тегжейлі баяндай

келіп; «Егер үйренем десең, бетіңнен қақпаймын! Есік
ашық. Ертеңнен бастап кел», - дейді ағынан ақтарылып.
Шамен аға қожайынының қолдауында жұбайын
ертіп ертесі аталмыш орынға келіп, етік тігу өнеріне

құлай беріліп, қызығушылық танытқанымен, кезінде
қайнаған
ортадан
қашық

сонау
қыр-қыстақта
жүргендіктен, тіл үйренуге, әрі оған жаттығуға
ешқандай мүмкіндік болмаған себепті, ауыз екі тілден

көп қиналады. Ал ол аз болғандай елдің екеуі жайлы
айтысқан алып қашпа сөздері де оңай тиген жоқ.
Шынында да, алдында қоралы қойы, табын-табын
сиыры, атқарып жүрген қызметі тұрса да оны бір шетке

қайырып қойып, аудан қалашығына аяқ астынан көшіп
кетуі кімді болса да ойға батырмай, қоймайтын еді.
Былайғы жұрт оларды өсек-аяңға қосып, сар іздеріне
шөп салғанда, бейне жауыр болған аттай қайқаңдап

кететін-ді.
Жау шың бау екеуін екі жылдай қол астында ұстап,
шынайы көңіл бөліп, жан-жақтылы тәрбиелейді. Соның
арқасында олар аяқкиімге қатысты: табан алмастыру,

түсін өзгерту, өкшесін салу, ұзын тұмсығын кесу,
тіпті, кейбір адамдар қыстық, жаздық қымбат бағалы
аяқкиімдерін тастауға қимайтындықтан, кеңейтіп,
тарылтып, немесе қыста қарда таймайтын қышыр

табан салу, жазда жұқа табанды қалыңдату, гаңбан
(болат кепіл) орнату сияқты бір мұнша үлкенді-кішілі
ерекше өнімділіктерді зер сала үйреніп, аталмыш
кәсіптің

майталман
ісмеріне
айналады.
Атамыз

қазақта; «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,

жаманның жамандығын айт, қыры басылсын» дейтін
тәмсіл бар. Сол айтқандай дүкен қожайыны Жау шың
баудың да іскерлігімен қоса, өзгелерге үлгі боларлық
ерекшелігі бар айтулы азамат болатын. Бұған дәлел:

аталмыш дүкенге күніне сан-санақсыз адамдар келіп-
кететіндіктен, кейбіреуі әлдебір оқыс жағдаймен ішіне
қымбат бағалы бұйымдар салынған қол сумкаларын
ұмытып тастап қоятын. Мысалы: 2005 жылы 5 айдың

13 күні бір ұйғыр әйел құны 2 мың долларға жуық
алқа, білезік сияқты аса бағалы заттар салынған қол
сумкасын аяқкиім майлатқан жерге ұмытып тастап
кетеді. Қожайын оны дер кезінде байқап, ертесі иесі

іздеп келіп алып кеткенше, дін аман сақтап қояды.
Тағы бір рет Әнуар Айдарұлы деген қазақ азаматы
аяқ майлатудан аз бұрын банкіден шығарып алған 30
мың юандай жоғары өсімді қарыз ақшасын отырған

орнына ұмытып тастап кеткенде Жау шың бау оны да
қаз-қалпында сақтап қойып, ертесі иесіне табыс етеді.
Сонымен, жоғалған дүниесін дін аман тауып, қатты
қуанған азамат Жау шың баудың мынадай өскелең

өнегелі қасиетіне дән риза болып, өз атынан алғыснама
жазып тарту етеді.
Ол қазірге дейін яғни 2005 жылдан бастап
Шамен аға мен Ибақан жеңгеміз секілді 50-ге тарта

қазақ шәкірттерін тәрбиелеп үлкен өнер иелеріне
айналдырады. Осылардың ішінде ағалап алға шыққан
үздік шәкірттерінен Нұржан, Шамен, Көшербай,
Бекарыс сияқтылар бар. Ал, Көшербай мен Бекарыс

болса, қазір қазақстанға қоныс аударып, сол жерде өз
алдыларына жеке кархана ашып, үйренген өнерлерінің
үлкен игілікке жарағанын көріп, ұстаздарына дән риза
болып отыр.

Шамен аға Жау шың баудың қолында екі жылдай
тұрып, өзі қалаған өнердің қыры мен сырына әбден
қаныққан соң ұстазының рұқсатымен өз алдына
жеке аяқкиім дүкенін ашуға бел байлайды. Алайда,

алғашында дүкен ашу оған оңай сезілгенімен, қол

салып істеу барысында ырыққа көнбейді. «Үйдегі ойды
базардағы нарық жеңеді» демекші, аяқкиімге қатысты
керек-жарақ пен техникалық аспаптардың құны
қолындағы бар қаражаттан әлдеқайда асып түседі.

Дегенмен, тәуекелге тас түйін бекіп алған азамат
қандай кедергі болса да қирата жеңуге дайын-тұғын.
Ол жұбайымен қайта-қайта ақылдасып, бір байламға
келген соң қырдағы ағасының қолында тұрған жүзге

тарта қойлары мен жиырмадай сиырларын бірақ
сатып, алдымен аудан орталығынан құны екі жүз мың
юань келетін бес ауызды қабат үй сатып алса, қалған
ақшасын етік тігуге қатысты керек-жараққа жұмсап,

2011 жылы көктемде өздері лайықты санаған шағын
үйді жалға алып, маңдайшасына: «көрікті құрым аяқ
киім тігу» орталығы деген дүңгіршек ашып іс бастайды.
Алғашында саудалары дұрыс болмай, олар бір жағынан,

маңайдағы көрші-қолаң, туыс-туғандарына өздерінің
жаңадан ашқан іс орындары жайлы үгіт жүргізіп, бір
жағынан, келген қаридарларға көңілді қызмет өтеп, аяқ
киімдерін төмен бағада жамап, майлап береді. Содан

кейін қаңырап бос тұратын дүкендерінен адамдар
аяғы үзілмейді, күн өткен сайын көбейе түседі, тіпті,
кей күндері кезекке тұрып аяқ майлататын дәрежеге
жетеді. Бастапта, айлық кірістері небәрі 2 мың юань

болса, ал екінші жылы яғни 2012 жылдан бастап екі-
үш есе қатталып өсіп айына орта есеппен 4 жарым
мың юань кіріс кіріп, «ащы тердің тәтті жемісін» тата
бастайды. 2013 жылдан бері күн көрістері бұрынғыдан

да жақсарып, айлық кірістері бір жолда он мың
юаньның үстіне бірақ шығады. Бұған себеп, Шамен
ағаның ұстазы Жау шың бау белгілі себептермен Құлжа
қаласына тосын көшетін болғандықтан, меншікті

аяқкиім дүкенін сатуға тура келеді. Бұдан хабар тапқан
Шамен аға үй ішімен ақылдаса келіп, ұстазының
айтылмыш аяқкиім дүкенін ішіндегі барлық мал-
мүлкімен сатып алуға бекиді. Сонымен, аларманы көп,

атағы асқар таудай аяқкиім дүкенін Жау шың баудан 180

мың юаньға басы бүтін өзіне қаратып, оған өзінің жеке
мал-мүлкін қосып, бұрынғы «көрікті аяқкиім жамау,
майлау» дүкенін кеңейтіп ашады.
Міне содан былай алармандардың қарасы көбейіп,

әуелі өздері жетісе алмаған соң айлық еңбекақысын
беріп екі-үш қазақ жасын бір жағы көмекші, бір жағы,
шәкірт етіп тәрбиелеп, жылдық таза кірістері 120 мың
юаньға жетіп, күндері көңілді, істері өнімді, бірлігі

жарасқан бақытты отбасылардың біріне айналып
келеді. Мен сөз соңында, Шамен ағадан:

– Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Әрі алдағы

күндерде жүзеге асыруға құлшынып жүрген белгілі
жоспарларыңыз бар шығар - дедім. Ол аз ойланып
отырды да:

– Өнер деген таусылмайтын қазына. Оны игеру,

қадіріне жету бір үлкен белес. Енді бұдан кейін Алла
бұйыртса осы дүкенді тіпті де кеңейте түсіп, мүмкін
болса, өзімізден де, өзге ұлттардан да өнерімізді үлгі
тұтатын аңғарлы шәкірттер тәрбиелеп, қоғамның

қажетіне жаратсақ деген ой бар, - деді.
Иә, ардақты аға-жеңге сіздерге қашан да зор
денсаулық, таудай табыс тілеймін!
7-5 - 2013

табыс – тердІң төлемІ
«Үйлену оңай, үй болу қиын» міне, бұл өмірдегі
өзгермес ақиқат. Шынтуайтында, бір жаңа отаудың
уығын шаншып, оның отымен кіріп, суымен шығу,

болмаса, еңсе көтеріп ел қарасына ілесу біріншіден,
іскерлікті қажет етсе, екіншіден, асқан қажырлылық
пен аңғарымдылықты қажет етіп тұрған сөз.
* * * *

Бүгінгі бізді тәнті етіп отырған кейіпкеріміз де
соған сай келетін ауыз толтырып айтуға татырлық
аңғарлы азамат десек артық айтпас едік. Көшербай
Нокенұлы 1967 жылы Нылқы ауданы, жоғары Ластай

ауылына қарасты Байнхол қыстағында өмір есігін
ашқан. Кейін отбасы жағдайымен бұрынғы Жырынтай
мал фермасы Шөңкек қыстауына көшіп барып бала
күндерін, сондай-ақ жастық шағының бірталай мезгілін

сол жерде өткізіп 2001 жылы Шырынтоғай қыстағы
Баргейты жаңа қонысына көшіп келеді.
Көшербай аға басына үй тұрғызып, бауырына
қазан асқан соң, өзіне жүктелген міндеттің ауырлығын

ерте сезіп бірін бір, екісін екі ғып қиын күн кеше
жүріп, өз теңдестерінің алдына түскен алқаулы азамат.
Айтып-айтпай бір үйдің үлкені болғандықтан не
бары тоғызыншы класты бітірген соң әке-шешесіне

қарайласып өрлеп оқи алмайды. 1999 жылы Тұрсынай
Иманәліқызымен отасып тың тіршілік жолына түседі.
Жыл өте тұңғыш ұлдары Мұрат дүниеге келеді.
Олар қара шаңырақта үш жыл отырып, 1994 жылы

қыста, ұш қой, бір ат, бір сиыр, бес ешкі енші алады
да, бөлінуден бұрын өз күшіне сеніп, төбесін жауып
дайындап қойған екі ауызды там үйлеріне көшіп кіреді.
1995 жылы екінші ұлдары Құштар дүниеге келеді. Қара

шаңырақтан бөлініп шыққан соң бір мезгіл қиыншылық

көреді, сонымен, әке-шешесінің қолында ортақ ас ішіп,
ортақ ас жеп, мұң-мұқтажсыз өткен күндерін алғашқы
жарым жылға дейін алабұртып аңсаумен болады. Тіпті,
олардан барып қарыз да сұрайды. Бірақ, мысы құрып

кері қайтады. Ол енді қазан-ошағы бөлек, өз алдына
бір отбасы болғандықтан, күнделікті керек-жараққа
кететін барлық экономиканы өзінің екі білегіне сүйеніп
таппаса, жан бағысы қиынға түскен еді, бастапта,

«барға риза, жоққа сабыр» күн көріп келгенімен,
уақыт өте тұрмыстағы тұтыну көлемі кеңейіп біріне
тартса, біріне жетпей қу жоқшылық қолын байлайды,
басына қиын іс түскенде, қара шаңырақтан көмек сұрап

барғанымен, күні оңынан тумайды, ұнжұрғасы түсіп
кері қайтады. Кезінде «сенің табаныңа кірген шөгір,
менің маңдайыма кірсін» деп қуанса тойлап, мұңайса
шабыт беріп жар құлағы жастыққа тимей мәпелеп

өсірген асқар таудай әкесі мен ардақты анасының аяқ
астынан бет бұрып бөтен адам болып шыға келгені,
оны терең ойға батырып жіберген.
Содан бастап дербес тіршілік ету өзі ойлағанындай

оңай емес екендігін, «құр жатса-қурай сынбайтынын,
құлшынғанда ғана - қыр асатындығын» бірден түсінеді.
Бірақ, қалай құлшынса жақсы күнге жете алады!?
Ол кейде біріне тартса, біріне жетпейтін бұл секілді

жұпыны тірліктен қайтып құтылудың амалын таба
алмай басы қатқанда, жақын маңайдағы дүкендерге
барып шөлі қанғанша сілтеп алып, кеш бата үйін
табатын. Бұрын мұндай әдет аздап белең бергенімен

бірақ осы күндегідей өршіп кетпеген болатын. Ішседе
шамасына қарап ішетін. Ал қазір жағдай одан өзгеше.
Бұл болмағыр әдет оған бөлек үй болып, бірнеше ай
өткен соң пайда болды да, арада аттай желіп екі жыл

өте шығады. Бірақ, қанша ішіп жүрсе де отбасын есінен
шығарған жоқ, кезкелген қандай жұмыс болсын барын
салып істеп, жұпыны жан ұясын жүрек жалғарлық
нәпақамен қамдап жүрді. Ол бөлек үй болған бірінші

жылы өз жерінде отырды да, екінші жылы көктемде бір

жағы, әке-шешесіне қарайласып, бір жағы, жұбайына ой
мен қырға шапқылап жүріп он неше сауын сиыр жинап
беріп шағын бас қалтқыларымен Манжа қарағайда
(жайлау) бір жаз отырады. Міне, бұл Көшербай ағаның

бас құрағаннан бергі алғаш рет жайлауға шығып жаңа
тірліктің жалынды қадамын бастаған шағы еді. Осы
жылы олар май айынан тамыз айының соңына дейін
кілең сүт сатып, одан былайғы жерде, яғни қыркүйек

айы біткенше май, құрт алып, бір қыстық азықтарын
тауып жегендерімен күнделікті ішіп-жемнен аспай
көктем шыға қолдарында көк тиын қалмайды.
Келесі жылы қара шаңырақтан бастарын адалап

өз алдыларына сауын сиыр жинап, Манжа қарағайға
шығады. Бұл жылы ала жаздай жауын жаумай, барлық
жерді
құрғақшылық

жайлап
өткен
жылдағыдай
мандымды кіріс болмайды. Әйтеу жоқ деп жұтынып

отырғаннан көрі бір шама жақсы еді, әуелі, күзде ел
жайлаудан көшкен шақта, жүк артарға көлік табылмай
жалғыз үй жұртта қала жаздап, қайырымды жандардың
арқасында қыстауларына аман жетеді, бұл жағдай

Көшербай ағаға терең ой салады. Демек, осы беті кете
беретін болса, күн көрісі тіпті де қиынға түсіп, сіңірі
шыққан тақыр кедейге айналуы нағайбыл еді, оның
үстіне, өзіне тән жайылымдық жері болмағандықтан өз

алдына отау болып оқшауланып кеткен күннен бастап
үлкен кісілер «енді бізге масыл болма, өз күніңді
өзің көр» дегендей оң қабақ танытпайды. Мұндай
кері ұстаным оған рухани жақтан азап арқалатады.

Сонымен, «бұл дүниеде өзінің сүйген жары мен ақыл-
парасатынан» басқа ешқандай жанашыр-жақыны жоқ
екенін сезіп, арақ ішіп абыройдан жұрдай болғанша,
есім барда еңсемді көтеріп алайын деген ойға келеді.

Соңында, жұбайы Тұрсынаймен ақылдаса келіп
сол жерде біреудің бос жатқан 800 му қыстаулық
жерін жайлауымен қосып, заңды тоқтам бойынша,
бес жылға көтереге алады да, 1996 жылдан, 1999

жылға дейін Шынаңғолға қарасты Көкқолдың аржағы

«Аюлы сай» деген жерге кенже інісі Асанды қасына
алып, үрдіс үш жыл салт бас, сабау қамшы жүріп
1000 тұяқ қой жинап бағады. Бұл барыста, ол бірде
аш, бірде тоқ жүріп, не қиын күндерді бастан кешеді,

алғаш барғанда, бас қалытқы жоқ, тек бір қабат орын
көрпесін апарғандықтан, жаздай бір үлкен қарағайдың
түбін паналап мың тұяқ қойды аман-есен бағып, күзде
мол табыспен ауылға оралады. Екінші жылдан бастап,

өзі отырған жердің аяқ жағындағы аласа жартасқа
көлденең ағаш қойып, астынан бір қабат, үстінен бір
қабат ағаш үй жасап, інісі Асанмен бірге бапандай
екі жаз сол жерде жатып, өздерін өздері асырайды.

Ал жеңгеміз Тұрсынай да кезінде «шеше көріп, тон
пішкен» он бармағынан өнер тамған айтулы ісмер еді,
бірақ, бұл өнерін отбасы қиыншылығы салдарынан
кәдеге жарата алмайды, ағамыз қой бағып жайлауға

кеткенде, ол көтереге алған қыстаулықта қалып, азын-
аулақ сауын сиыр сауып, жаздай май, құрт жинап, қолда
бар бес-он тұяқ қой, сиырының қыстық жем-шөбіне
адам істетіп, қорасына қалқайтып жинап дегендей, бір

мұнша мұқым шаруаларды тындырады. Сол жылдары
қой, қозының айлық бағым ақысы не бары 3 юань еді,
Көшербай аға 1000 тұяқ қойды май айының басынан
қазан айының аяғына дейін жоғалтпай жақсы қарап,

соның нәтижесінде бес айлық бағым ақысын 15 мың
юаньға жеткізеді, мұның 5 мың юаньын киер киім, ішер
асқа шығарып тастағанда, ар жағында он мың юань таза
пайда қалады.

Ол жайлаудан қайтып келген соң малын өз-өз
иелеріне аман-есен өткізіп беріп, жаздайғы еңбек
ақысына ұсақ мал алып, қыстаулық жерінен жаңалап үй
салып, қора жасап, үш жыл ұдайы ауыр еңбектенудің

арқасында жиырмаға тарта қой, отыздай ешкі, екі-үш
сиырдың басын құрап үлгіреді. Атамыз қазақ «еңбегі
бардың өнбегі бар» деп тегін айтпаса керек, үш жыл
салт бас қой бағып, ес жинап, ел қатарына түскен

еңбекшіл азамат енді бұл сарпалдаң тірлікке хош айтып,

мал басын көбейтіп, санынан сапасына мән беріп,
қыстық жем-шөбін жалғыз өзі жинап, өз құрбыларынан
қара озып алдыға шығып жұрт аңсын қозғай бастайды.
«Есің шықса, ешкі бақ» дегендей ол осы жылдары

ешкінің санын молайтады, өйткені, ешкінің бағасы
төмен болғанымен,өсімталдығы жоғары, түбіті қымбат.
Бір жылда екі рет төл береді. Сүйтіп Көшербай ағаның
ешкісі 2000 жылға келгенде, 200 жүзден асады. Түбітін

әр жылы сәуір айының соңында тарап алады, Бірақ,
бұл жерлік ешкі болғандықтан бір ешкіден әрең 200
грамм түбіт шығатын. Оның әр килосы сол жылдардағы
базар бағасымен болғанда, орта есеппен 300 юаньнан

айналатын. Осындай құлшыныстардың арқасында
Көшербай аға тез көтеріледі. Осы ауқаттану барысын
еске алғанда Тұрсынай жеңгеміз былай дейді.

– Біз мал бағып, жайлауға шыққан алғашқы

жылдары оңай бейнет тартпадық. Ағаң болса 13
жастағы қайын інім Асанды қасына алып, салт басты
қой бағып, жайлауға кетеді. Өз басым қыстауда қалып
жаздай бес-алты бұзаулы сауын сиыр сауып май, құрт

аламын. Оның үстіне, қолда бар аз малдың қыстық жем-
шөбіне адам істетіп, одан қалса, қайын інілеріме айтып
жүріп, өзімде көмектесіп дегендей қораға жинатып
аламын. Жанымда шиеттей екі жас балам бар. Біреуі,

бесте, біреуі бесікте. Жалғыз адамға бірнеше жұмыс
қабаттасып келсе қайсыбіріне жүгіреріңді білмей, дал
ұрады екенсің. Қойшы әйтеу, көрмеген күніміз аз қалды
ғой.... деп кешкен күндерін күрсіне еске алды.

Иә, жеңгеміз айтқандай сол кездегі тартқан
ауырлықтары міне бүгін оларды бір биіктен яғни
дөңгелек дәулетті өрге жеткен ауқатты да, мәдениетті
отбасына айналдырып отыр. 2001 жылы күзде бұрынғы

отырған Шөңкек қыстауынан көшіп, олардың жылы
орындарынан көшу себебі де бір үлкен әңгіме еді,
түйіндеп айтар болсақ, бұрын Шөңкекте отыратын
он неше отбасының (мұның ішінде Көшербай ағаның

отбасы да бар еді) қыстаулық жерлері Жырынтай су

электр станциясына тәуелді болады да, оларға Нылқы
аудандық көшіріп қоныстандыру мекемесі мықты
кесектен сілкініске төзімді, тағаны берік үш ауызды үй
және бір мал қорасын салып беріп, Көктақыр моңғол

ұлттық ауылына қарасты Шырынтоғай қыстағындағы
түйінді отырақтасу орны Баргейті жаңа қонысына
көшіріп әкеледі және әр отбасына 50 мудан айдаулық
жер бөліп береді, Көшербай аға 50 му жерінің 10 муын

беделікке, 15 муын шабындыққа, 25 муын нормалық
жерге өзгертеді.
Ол мұнда келген соң да барға қанағат етіп босаңсып
көрген жоқ, тағы да тынбай еңбектенуінің арқасында,

ешкісінің ірі басы 300 жүзге, сиыры тайынша-
торпағын қосқанда 30 тұяққа (мұның ішінде 13 тұяқ
туатын сиыры бар), қойы 70 тұяққа жетеді. Бір жағы
жергілікті өкімет орындары оның қолындағы төрт түлік

малдың қыстық, жаздық бағымын ойлап қайта-қайта
ақылдасу арқылы өздері отырған жерден бұрынғы 700
му жайлауларынан сырт 400 му қыстаулық жер бөліп
беріп, оны ресми заңдастырып, книжка кесіп қолдарына

ұстатады. Баргейті оларға шынында құт болды. Мұны
екеуі де мақтанышпен айта алады. Мәселен: Тұрсынай
жеңгеміз бұл жерге көшіп келген соң арада жыл өтпей
жатып жергілікті орынның қолдап-қуаттауында 2 жыл

ауылдық, 5 жыл аудандық халық құрылтайына уәкіл
болып сайланып, өз ел-жұртының арман-тілек, ұсыныс-
пікірлерін жоғарыға толық жеткізіп, бұл жағындағы
үстіне алған міндетін абыроймен орындайды. Көшербай

ағада көп рет сыйлық төрінен орын алады.
2005 жылға келгенде мал басы бұрынғыдан екі
қатталып өскендіктен, қысты күні өкімет салып
берген жалғыз қора қой мен сиырға тарлық етеді.

Сонымен, осы жерге көшіп келгенде жаңадан сатып
алған жиырма аттық қол тракторымен әредік уақыттан
пайдаланып кесектен басқа барлық қажетті материалды
өзі дайындап бұрынғы қой қораның қарсы жағынан

ұзыны 16 метр, ені 8 метр бір үлкен қой қорасын салса,

келер жылы оған тағы да ұзыны жиырма метр, ені
алты метр келетін сиыр қора салады. Үйі әуелде, үш
ауыз болса, бүгін алты ауызға барды. Сүйтіп сан қилы
жапа-машақатты бастан кешкен ардақты ағамыз бүгінгі

дөңгелек дәулетті ауқатты отбасына бір жола секіріп
жете салған жоқ, қайта, неше жығылып, неше тұрып,
бір басып, екі басып сатылап жеткен еді.
2009 жылы 350 ешкісін сатып, өкімет белгілеген заң

бойынша, жайылым сыйымдылығына қарай малдарын
шақтап 150 туатын қой, 25 тұяқ сиыр өсіріп отыр.
Кезінде бір тістем нанға зар болған жұпыны отбасы қол
ұстасып құлшына еңбектенудің арқасында алғашқы

қадамда аққа қолдары жетсе, одан кейін күндік отын
жылдық азығын жияды, сүйте-сүйте 2005 жылға
келгенде жылдық кірістері 50–60 мың юань болса,
қазір одан бір есе қатталып 130 мың юаньнан түспей

келеді. Осы жылы жеңгеміздің көп жылдан бері кәдеге
жарамай көкейінде көміліп жатқан кестешілік өнеріне
де өріс табылады. Жолы болып Нылқы аудандық
таңбалы базарындағы «Толық ай» ұлттық қолөнер

бұйымдары орталығымен тоқтам жасасып, содан бері
ол жерге түскиіз, шымылдық, төркөрпе, аяққап сияқты
қазақтың байырғы дәстүрлік бұйымдарын тігіп беріп,
лайықты еңбекақысын алып отыр. 2010 жылы күзде

үлкен ұлдары Мұрат Далян-ляу лиң сақшы-офицерлер
институтына оқуға қабылданып, қазір сол жерде
алаңсыз білім алуда.
Ал кіші ұлдары Құштар – Құлжа қалалық 2-орта

мектепте биыл толық ортаның 3-жылдығында оқып
жатыр. Сөз соңында Көшербай мен Тұрсынайдың
бұдан кейін де зор нәтижелер жаратып, бай-бақытты
тұрмыс кешулерін тілейміз.

16.04.2012

тағдырға мойымаған
тарпаң талант
Тіршілік несімен бағалы? Тіршілік қиян-кескі
күреске толы көп бұлтақты, кедір-бұдыр тар соқпағымен

бағалы. Біреулер бұл сөзді естіп қалай айтты деп
күмәнді ойда қалуы да мүмкін! Ойлап көрсек қызыл иегі
көрінген шиеттей сәбиден басқа көз алды дымданбаған,
көңіліне қаяу түспеген кім бар бұл дүниеде? Тағдыр

тұтас тіршілікке ортақ өзгермес заңдылық десек те,
соның ішінде, әсіресе, адам баласының өзі аңсаған
арман мен бақыты жолында айтса бітпес аумалы-
төкпелі күндерді бастан кешуі, әрі оның көп жағдайда

басқалар жағынан түйіні шешілмес тұңғиық сыр болып
қалуы таңданарлық іс емес.
Ал нағыз талант иесі әне сондай қиын тағдырдан
тек өзіне ғана тән қолтаңбасы бар кесек туынды

жаратып, көптің рухани қажетін қанағаттандырып,
қызу алқауына бөленеді. Сол себепті, бүгінгі күні қалың
халық бұқарасының ұрпақ жалғап рухани қажетінен
шығып келе жатқан бірегей туындылар әне сол тағдыры

қиын тарпаң талант иелерінің қолынан ғана келген.
Қанат Қабдолла мен үшін алғанда ертеден таныс
есім болғанымен, бірақ, бетпе-бет кездесіп бүкпесіз
сырласып сыйлас, сырлас рухани дос болғанымызға

ұзақ өтпеді. Әңгімені әріден бастасақ, ұмытпасам
1993 жылдың сәуір айы болса керек, сәті келіп, «Анар-
Сәуле», «Назигүл», «Сәнуар патша» атты үш үлкен
қисса-дастанды

қамтыған
Таңжарық
таңдамалы
шығармаларының 2-томын қолыма түсірдім. Мен ол

кезде 3-класс оқушысы болатынмын. Ана тілге деген
әуестілігімнен бе, болмаса, басқадай себеп бар ма
беймәлім, кітапты қолға алып қызыққаным сонша, бас
алмай оқып, үш күн дегенде жамбасын жерге тигіздім.

Сонда маған ерекше әсер еткені «Анар-Сәуле» атты реалистік дастан болатын. Содан жылға жуық уақыт өткенде, аталмыш «Анар-Сәуле» дастанының Қанат Қабдоллаұлы орындаған үн таспасына ие болдым. Бұның алдында оның «Анашым», «Жаңа заман», «Қажымұқан», «Нағашыларыма хат» атты толғауларын қамтыған үн таспасын кезіктіріп, құлақ құрышым қанғанша, құнығып тыңдаған жайым бар еді... Ол тұстарда, магнитофон дегеніңіз бүгінгідей жай мүлік емес, ілуде бір кезігетін оңай-оспақ қолға түспейтін қымбат бағалы асыл еді. Біздің өңірде тек үш аймақты дүбірлеткен әйгілі айтыскер ақын Алқыдырдың кенже ұлы Бақтыбай марқұмда ғана бар болатын. Шешем мені ит арқасы қиянда болмаса айналамызда өтіп жататын әрқандай той-томалақтан қалдырмай ертіп алатын. Әйтеу қайсы тойға барсам да қолына төрт бұрышты кішкене қара магнитофонын ұстап, бұлбұлдай сайратып, Бақтыбай марқұм жүретін. Жастар оны көргенде қоғадай шулап жапырылып қалатын. Осы күнде ойласам ол кісі өнер десе ішкен асын жерге қоятын рухы мықты, елгезек азамат екен. Қашан көрсеңіз екі езуі құлағына жетіп, жүзі жадырап көңілді жүретін. Мені жанындай жақсы көретін. Сүйтіп жүргенде, 1994 жылы күзге салым менің қолыма аяқ астынан Қанат ағаның «Анар-Сәуле» дастанын орындаған үн таспасы келіп түсті. Бұл мен үшін сол кездің өзінен алып айтқанда бір үлкен табыс болатын. Шешем оны су жаңа магнитофонға қосып, Нылқы қалашығындағы «Софидың асханасы» деп аталатын (ол кезде, аталмыш асханада қазақ тіліндегі алуан түрлі үн таспалары сатылады екен. Жұрт өздері ұнатқан қажетті рухани керек-жарағын осы жерден алатын көрінеді) асханадан сатып әкелген еді, аталмыш үн таспаны қойған кезде магнитофон алдында қашан біткенше қыбыр-қимылсыз тізерлеп отырып тыңдағаным, әлі есімде.

Содан бастап, той-томалақта немесе екі адамның
басы қосылған жерде, Қанат жайлы: «Оны пәлен жерде
пәлен адам көріпті. Өзі қарсы алдыңда қарап тұрып-
ақ тұла бойыңды тұтасымен өлеңге қосып суреттей

салатын суырып салма ақын екен» деген алыпқашпа
сөздерді көп еститін болдым. Тіпті, кейбіреулер
Қанаттың бет-аузын көрмесе де, «жақында онымен бір
тойда бірге болып, ағарып аппақ таң атқанша, арақ

ішісіп... деп құйттай өтірік айтып қадірін арттыруға
тырысса, енді біреулер: «Қанат Сарғұлсында жүр екен...
Қанат Қаратөбеге барыпты... Қанат Құжырға келіпті...
Пәленмен айтысыпты... Пәлен қызға ғашық болып,

пәлендей ән шығарыпты... Онысын ет құлағымызбен
естідік. Пай, пай қайғылы болғанда айтпа... Малдасыңды
құрып мәңгіріп отырып жылағаныңда көзіңнен жас
тоқтаса не дейсің... Қанат қып-қызыл мас жүріп Қас

өзені бойындағы көне көпірден ұшып кетіпті. Десіп
сан саққа жүгіртіп даурығысып отыратын. Мен де
іштей: «шіркін сол кісіні көрсем, қандай адам екен,
ә, – деп армандайтынмын. Соның жетегінде, өзімше

қиял теңізіне батып: «Палуан денелі, бура санды, бойы
еңгезердей, басы қазандай, шашы екі иығын жапқан,
құндыздай қап-қара. Қос жанарынан құбылып от
шашырап тұратын» әлдекімді көз алдыма келтіретінмін.

Міне, бұл менің Қанат аға туралы аталмыш әңгімелерді
естігеннен кейін бала көңіліме сәулесін түсірген өнер
иесінің образы-тұғын.
Мен «Анар-Сәулені» Қанат ағаның үн таспасына

ілесіп айта жүріп, миыма шегелеп алдым. Ал сондағы
аталмыш дастанның оқиға желісі менің бала қиялым да
өмірде болған шын оқиғадай сезілетін. Сондықтан, оны
күдік, күмәнсіз көкейіме тоқып, құнттап жаттап алуға

барынша тырысатынмын.
* * * *
Мен Қанат ағамен сұхбатта отырмын.
Ол кісі сөз реті келгенде:

– Е, бауырым ағаң бұған дейін не көрмеді? Тек

қана өлген жоқ. Одан басқаның бәрін көрді. Кезінде
дүрілдетіп ақын Қанат атансам, бүгін буын бекіп Да
фың (жылы жай) Қанат атандым. Бұрын асқақтата ән
салып дүрілдетіп терме-толғау орындап (үн таспа)

шығарсам, ал бүгін күн көріс қамымен қысы-жазы
күйбеңдеп жылы жайда көкөніс егіп, базарға сәй
шығарамын. Білсең хал-жай осы - деді өзінің қазіргі
қолға алып істеп отырған негізгі кәсібін қысқа да нұсқа

таныстырып.
Рас жоғарыда айтылғандай ақын ағамыз қазір күні
кеше ғана іргесін бекемдеп уығын шаншып шаңырағын
көтерген жұпыны жас отауын мүмкіндіктың барынша

төрт тұрманы сай жан-жақты гүлденіп-көркейген
ауқатты отбасының біріне айналдыру үшін Нылқы
аудандық әскери жылқы фермасында жылыжайда
көкөніс егу кәсібімен шұғылданып, тірлік дейтін

түпсіз теңіздің дүлей толқынын қақ ортасынан жарып
аршынды қадаммен алға тартып барады...
Ағамыздың асыл жары Шарапат Мұқтарқызы
да ақындығымен қоса, өзіне тән әсем дауысы бар

үлкен өнер иесі. Ол әр жылы өтіп жататын аудандық,
аймақтық ақындар айтысынан қалмай, қатынасып ел-
жұрт алдында өзінің ерекше талантын әйгілеп бірінші,
екінші, үшінші дәрежелі жүлдеге ие болып, сан мәрте

сахна төрінен орын алыпты. Атамыз қазақта «өлмеген
құл алтын аяқтан ас ішеді» дейтін тәмсіл бар. Бұл
білген адамға тектен-тек айтылмаған. Иә, күні кеше бір
жасында әкесінен, алты жасында шешесінен, жасында

жетім қалып, ертеңінің не боларын білмей, кісі есігінде
кез келген жұмысқа жегіліп күндік тамағын асырап
жан етін жеп істеп жүрген иесіз жетімнің бүгінгі күні
ақылына көркі сай өнер десе ішкен асын жерге қоятын

асыл жар сүйіп, өз алдына отау көтеріп, мынадай
бақытты отбасын құратынын кім ойлапты?! Бәлкім бір
кезде асқақ дауысы мен алуан айшықты ой арқалаған
өлең-толғауларына аузының сілекейі шұбырып аңыра

тыңдап жүргендердің көбі оның осындай «қонарын
сай, ұшарын жел билеп жүрген» көзі жасты, көңілі
күпті қиын тағдырдың иесі екенін ойламаған да шығар.
Жоқшылық қолын байлап, жетімдік жеткелі тұрған

бақытын басқа теуіп, көңіліне қайғы бұлты орнап,
көзінен моншақтап ыстық жас төгіліп қаншама рет
тұмсығы тасқа тиіп қайтты?! Онысын жаратушы бір
Алладан кейін тек өзі ғана білмесе кімге әшкере дейсіз?!

Басқа түскен соң байыпты болмай, амал жоқ? Ол қандай
қиын күндерге кезіксе де тірліктен түңілмеді, ертеңіне
үмітпен қарады. Жалаң аяқ, жалаң бас, тіпті, талшық
етуге түк табылмай, түлкі құрсақ жүрсе де ешкімнің ала

жібін аттамады. Алақан жайып, арам олжа дәметпеді.
Қайта, бір тістем қатқан нан, бір шыны қара су болса
да екі білегіне сүйеніп адал еңбекпен тауып ішті.
Оның күн көріс үшін салт бас, сабау қамшы жүріп Іле

өңірінде бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Сайын
сахараны мейілінше шиырлап кез келген жұмысқа
білек сыбана кірісіп, қора салып, үй жасады, там соғып
түйгі тас ұрды, таяқ ұстап қой бақты. Ол үстіп кісі

есігінде күнелтіп жүрсе де, өзінің өнерге, өлеңге деген
ыстық махаббатын сүлкіні түсіп суытқанның орнына,
одан әрі өршітіп жай ғана жалыннан жалаңдаған өртке
айналдырды. Қамыққан кезінде, тәңір сыйлаған дара

талантын жұмсап, шабыт құсын шартарапқа ұшырып
өмірден түйген орамды ойларын өлеңге айналдырып,
көкірегін кеңітсе, ал тарыққан кезінде, домбыра тартып,
ән шырқап өз алдына мұңлы да сарынды әуендер

жаратып көңілін көтерді.
Мен 2005 жылы Қанат ағаның тағы бір үн
таспасымен тосын кездесіп, ұйып тыңдағаным бар.
Ол арнаулы түрде емес, естуге қарағанда, мәлім бір

жерде меймандықта отырып, үй иесінің жығыла
өтінуімен орындалған үн таспа екен. Соған қарамастан
өте сәтті шығыпты. Оның ішінде өзге туындылардан
сырт қазір ел арасына кеңінен тарап кеткен танымал

авторлық әндерінен «Арман қыз», «Мен кіммін?»

сияқты бір қаншасы бар екен. Кезінде өзімді терең ойға
шөктіріп рухани дүниеме аса зор ықпал жасағандікі
ме? Аталмыш үн таспаны тыңдаған соң да іштей қатты
тебірендім.

Соның
жетегімен
айналамдағыларға:
«Қанат аға қазір қайда жүр екен, білетіндерің бар

ма?», - деп сұрау тастадым. Біреулер ол кісі туралы
ештеңе білмейтіндігін айтып сыпайы түрде бас тартса,
енді біреулер екі-ұшты жауап беріп, тағы біреулер:
«Қанат қазір Нылқыны қойып, Іле көлемінде де жоқ,

Бұратала облысында біреудің қоржасында істеп жүр»
деп дұрыс-бұрысы белгісіз дүдамал болжал айтты.
Мен содан кейін де Қанат аға туралы ізденісімді аяқсыз
қалдырмай барған-тұрған жерімде анадан, мынадан

сұрастырып жүрдім. Бәрі де ел арасына тараған алып-
қашпа сөздермен шектелгені болмаса, оның нақтылы
қайда тұратындығын дәп басып айта алмады. Бірақ,
мына бір дерек мені өзіне шүбәсіз сендірді. 2008 жылы

шілде айының 29 жұлдызы тұңғыш рет Қазақстанға
өтпекші болып Құлжа қаласындағы Ақ бұлақ қонақ
үйінде жатып, бұрыннан атын естіп жүргеніммен бұған
дейін бетпе-бет кездесіп, бір дастарқанда болмаған

аталас туыс педагог ағамыз Жеңісжан Әзірбекұлымен
аяқ астынан танысып қалдым. Содан «ақ түйенің қарны
жарылып» арқа-жарқа әңгімелесіп отырып бір сөздің
аяғынан Қанат ағаны тілге алып едім. Ол кісі елең

ете қалды. Соңынан мен іздеп жүрген жоғымның дәл
үстінен түсіп, оның қазір Нылқы ауданында, Нәсілді
ара фермасына қарасты, Көктерек деген жерде мәлім
бір саяжайда жұмыс істейтінін айтып, көңілімді көлдей

толқытып тастады. Бірақ, бет көрісуге уақыт шықпады.
Таң атса қазақ еліне сапар шекпекпін. Сонымен, Қанат
ағаны көрудің сәтін келешектің еншісіне қалдырып
ертесі таңертең қазақ еліне тартып бердім. Содан бері

де сағымдай бұлаңдап сан қырға басып бес жыл өте
шығыпты. Түптеп келгенде, кездесудің сәті жақында
ғана түсті. Біреулерден телефон нөмірін сұрап тауып,
кездесуден екі күн бұрын хабарласып іштей дайындық

көрдім де, 2013 жылы қыркүйектің 23 жұлдызы Нылқы
ауданы, әскери жылқы фермасында тұратын Қанат
ағаның үйіне тартып бердім. Алдымнан орта бойлы,
қыран қабақты, қиылған қасты, ат жақты, шүңірек

көзді, жас шамасы қырыққа таяп қалған шілбиген
арықтау қара торы жігіт екі езуі құлағына жетіп қуана
қарсы алды. Бұрыннан атын естіп, бір көруге асығып
іздеу салып жүргеннен болар, кездесе сала көзіме

жылы ұшырап, еш тосырқамастан ертеден таныс
әлдекімдердей еркін сырласа кеттім. Анау көз шарасын
ғажайып көркемдікке тоғытып иірімдене біткен шүңірек
қой көздері маған қараған сайын талай сырды түбіне

жасырып түпсіз теңіздей тұңғиық тарта берді. Әңгіме
арасында өзінің қазіргі қолға алып істеп отырған жылы
жайда көкөніс егу техникасы жайлыда шет-пұшпақтап
сыр ағытып, соңынан өзінің жол бастауымен ертіп

апарып нақ майданды көзден кешіртті.

– Е,...е... бауырым, - деді Қанат аға демін тарта

терең күрсініп, жылыжайды көзден кешіріп болып оң
жақ қатарымда үйге қарай аяңдап келе жатып - әлгі «аяз
әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» демекші, құдайдың
мұнысына да мыңда бір шүкірлік. Мен бүгінгі баяшат

заманға дән ризамын. Өйткені, қоғам орнықты, адамдар
берекелі болмаса мен секілді тұлдыр жетімнің мынадай
дәрежеге жетуі шынында мүмкін бе еді? Жетімдік
желкеме мініп, жеткелі тұрған мақсатым «су аяғы-

құрдымға» кетіп, төзімім бітіп тірліктен күдерім үзілген
сәттерде, өнерге деген оттай ыстық махаббат өмірді
қызу сүюге жетелеп мені сан рет өлім аузынан алып
қалды...

Мен – Қанат ағаның әр сөзіне ара-тұра бас изеп
ризашылығымды білдіргенім болмаса, көп жағдайда,
ыждағатпен құлақ түріп, үнсіз келемін. Сүйтіп, қызу
әңгімеге түсіп, үйге жеткенімізді де ұқпай қалдық.

Содан шай ішіліп болып, менің құрметіме деп
жеңгем екеуі қосылып қос дауыспен төл туындыларын
орындап берді. «Қиялға - қанат, ойға - өріс» қосатын

мұңлы да әсем әуендер бірінен-бірі асып менің ішкі
жан-дүниемдегі көмескі жатқан сағыныш сезімін
қоздатып, басқа бір дүниеге алып кіргендей болды.
Айтылмыш азамат Қанат Қабдоллаұлы 1971

жылы 14 наурызда, Нылқы ауданы, Ластай ауылының
іргесіндегі “Қаратам” деген жерде қарапайым малшы
отбасында дүниеге келген. Ол шыр етіп өмір есігін
ашып, кеудесін көтеріп, оң-солын тани бастағанда өзінің

тауқыметті тірлік пен жетімшіліктің жеті қат азабын
көремін деп ойлады ма екен? Бір жасында әкесінен,
алты жасында шешесінен, тоғыз жетім қалған соң үлкен
апайы Тұрарды пана тұтады. «Қырсық бір шалса қырық

шалады» демекші, екі бірдей қамқорынан айырылып
апайының қолына келіп «барға риза, жоққа сабыр» күн
көріп, көз жасы құрғап, көңіл аспаны аз болса да қайғы
бұлтынан сейіле бастағанда, өзіне қамқор тұтып жүрген

апайы дүниеден өтеді. Бұл оған оңай соққы болған
жоқ. Десе де, табиғатына біткен қайсар мінезі мен
өмірге деген оттай ыстық махаббатының жебеуінде, үш
бірдей асқары құлап, жас жаны күйзеліп өң мен түстің

арасында қалған қыршын жас бар үмітін ертеңіне артып,
былайғы жерде екі ағасы Рақым мен Нұрбақыттың
қарауында болады. Сонымен, отбасы қиыншылығы
себебінен, өз тұстастарынан екі жылдай кешігіп барып

оқуға түссе де, мектеп табалдырығын аттаған күннен
бастап, өзінің тырысшаң да, зерек қабілеті арқылы
барлық сабақтастарын артқа тастап, бұрынғы өз
теңдестерін айналасы үш жылдай қысқа ғана уақыт

ішінде класс аттап қуып жетіп, Нылқы аудандық әскери
жылқы фермасы 3-ротаға қарасты «Қаратам» бастауыш
мектебін үздік нәтижемен тамамдайды. Ал орта мектепті
Нылқы әскери жылқы фермасының орталығындағы

«ферезенттер» жатақты мектебіне түсіп оқиды. Бұл
барыста ол бұрынғыдай балаң қиялынан айығып,
сана, сауат жағынан біртіндеп өсіп, айналасындағы
ата-анасы бар бақытты балалардың баяшат тұрмысын

көріп, онсызда оңбай жүрген рухани күйі одан бетер

ойсырап өгей өмірге кекке толы кейісті көзқараспен
қарай бастайды, сонда да жігерін жасытпайды,
аршындап алға ұмтылады. Мүмкін соның әсері ме
екен, болмаса басқадай себеп болды ма беймәлім, 1985

жылы Тілеубек Қожанұлының жол көрсетуімен сол
кезде Нылқы ауданындағы бірден-бір дыбысқа алу
орталығы саналатын «Софидің» асханасында тұңғыш
рет әлдеқашан әлемнен өткен асқар таудай ата-анасына

деген сарғайған сағынышы мен өзінің өмірбаяндарын
отты да ойлы өлең жолдарына айналдырып, мұңға
оранған мәнерлі әуен арқылы дыбыс таспасына түсіріп,
қара ормандай халқына көкірегін қарыс айыра, әсерлеп

жеткізеді. Содан кейін-ақ оның үн таспалары халықтың
қызу қарсы алуына ие болып, біреуден-біреу көшіріп,
Іле өңіріндегі сегіз аудан, бір қалаға кеңінен таралады.
Жетіні бітірген жылы баяғы осы тұрмыстық қыспақтың

әлегімен амалсыз оқудан қол үзіп, бір мезгіл қоғамда
жүреді де, 1987 жылы төте 8 класқа түсіп оқиды.
Ақын сондағы бастан өткен балалық кешірмелерін
еске алып:

ـЕ,...е... бауырым ол кездегі менің көрген күнімді
итке берсін. Жетімдік пен жоқшылық желкеге мініп,
қысқа жіп күрмеуге келмей, мектебімнен амалсыз
қол үзген соң екі-үш жылды артқа тастап, мұнда не

жетіскеннен келіп жүр дейсің. Шынын айтқанда, өз
үйімнен өзім бездім. Иә, үстіге жамылатын екі жастық
пен және жүні жалбырап әбден тозығы жеткен үш-төрт
көрпе, астымызда көнерген бір тал киіз текемет, ыдыс-

аяқтан төрт-бес кетік шыны, ескі қазан-ошақтан басқа
ештеңе жоқ, төрт керегесін тор басып құлауға шақ
тұрған аядай үш ауызды ескі там, үйде құдай бар тұрғым
келмеді. Үйде әйел адам болмаса, қанша құлшынып

қайрат көрсеткеніңмен кетеуі кеткен дүниені келістіре
алмайды екенсің. Әйтпесе, алдымда арыстай екі ағам бар

- деді көңілі толқып, көзіне ыстық жас үйіріп. Иә ақын

айтқандай, әке-шешесі өмірден өткен соң апайының
қолына барып, көзі жасты, көңілі күпті болса да киімі

бүтін, құрсағы тоқ жүрген еді. Тағдыр оны да көп көрді
ме? Тұл жетімнің тайқы маңдайына сыйдырмады,
өмірдың бір жалт етпесінде лып еткізіп алды да кетті.
Сонымен, барар жер, басар тауы қалмаған үш жетім

аядай үш ауыз үйде аңырап қала берді. Айналадағы
ел-жұрт оларға қанша күйінеді. Асып кетсе бес-алты
ай шыжақ болып қараған шығар, одан соң олардың
да өз шаруасы өзінен асады, соның әлегімен сіңбіруге

мұрсалары тимейді. Қанат жаз күндері осы бір аядай
үш ауыз үйде ештеңе білмей алаңсыз өткенімен, қыс
түсісімен көрген күні күн емес еді. Ол осы мезгілдер
де қыстың ұзақ сартаңын тісі сақылдап, денесі тітіреп

аяулы ата-анасының ыстық құшағын аңсап қаншама рет
ұйқысыз атырды екен деші! Кейде, көзін ілген сәттерде,
бір қырынан жантайып жатып, ыстық құшағындағы
балбырап тәтті ұйқыға кеткен тентек ұлына меиірлене

көз тастап маңдайынан иіскеп: «Айналайын ботам.
Алаңсыз ұйықтай ғой» деп іштей күбірлеп тәңірден
тілек тілеген ақпеиілді анасы түсіне кіріп, қаншама
рет: «шеше, шеше» деп екі қолымен бос ауаны қармап

ұйқысырап оянды екен деші!
Оның мектепке келуі де, міне, осындай қиын-
қыстау күндерден құтылу еді. Бірақ, бұл амалы да
өзінің ойлағанындай болмады. Әр күні ата-анасы

бар балалардың ауылынан қалта-қалта ішпек-жемек
келетін. Ал Қанат та ондай сүйеніш қайдан болсын!
іштей ұнжырғасы түсіп қанша қапырық атса да
онысын ешкімге білдірмейтін. Дәйім түлкі құрсақ

жүретіндіктен, басқа балалардың ауылынан келген
сәлем-сауқытына сабақтастарымен бірге құныға қол
салатын. Оның бұл қылығын жақатпаған кей әумесер
оқушылар: «Қанат жайыңа бар, жолама бізге. Ауылыңда

ешқандай сүйенішің жоқ, қарызды қайтара алмайсың»
деп таршылық иемектеген тұлдыр жетімдігін бетіне
басатын. Ол қанша қорланып тұрса да есесін жібермей:
«Үйтпе досым! Ертең болмаса да оның арғы күндері

менің де үйімнен дәм келеді. Сол кезде бәріңе тең бөліп

беремін» деп қарсы жағына қайтарма шабуылға өтетін.
Алла оның айтқанын орындады ма? Бір жолы сырттай
заттық қажетке, іштей рухани сүйенішке зәру боп қатты
жүдеп жүрген оны мектеп бастығы кеңсесіне шақырып

алып:

– Қанат үйіңнен дәм келді. Жатағыңа апарып

же, - деп қолына, ішіне көптеген ішпек-жемек салған
екі үлкен қалтаны ұстатады. Сол кезде, Қанат ағаның
қуанғанынан екі көзінен ыстық жас бұршақтап далаға
жүгіріп шығады да, тізгін ұшымен класына барып;

– Достар жүріңдер, үйімнен дәм келді. Идарада

тұрған екі қалта ішпек-жемекті жатаққа әкеліп бәріміз
бөліп жейік, - деп мәре-сәре болғанда, бір кезде:
«Қанат жайыңа бар, жолама бізге» деп жетімдігін
бетіне басқан әумесер оқушылар оның бұл айтқанына

сенбейді,
мұрындарын
шүйіріп
кекете

қарайды.
Бұған намыстанған Қанат идарада тұрған екі қалтаны
арқалап жатағына әкеледі де, барлық сабақтастарына
ауыз тигізіп, өзі бір шетте: «ой алла, менің де үйімнен

дәм келеді екен, ә» деп ойлаған сайын, екі көзінен
моншақтап ыстық жас тоқтамайды. Оның бұл кеңпейіл
әрекетін біреуден-біреу естіп, мектеп бастығының
құлағына да жетеді. Мектеп бастығы дереу Қанаттың

жатағына келіп: «Мұның не? Елге таратып бергенше,
өзің үнемдеп ішіп-жесең болмай ма?», - деп кейістік
білдіреді. Сонда Қанат екі көзінен жас сорғалап тұрып:

– Жоқ, мен мұны өзім жеп тауыса алмаймын, әрі

олай етуге де дәтім бармайды. Өйткені, мен ауылдан
дәм келмей, түлкі құрсақ жүргенде, осылардың дәмінен
ауыз тиіп жан сақтап келдім. Сол үшін өз еркіммен
осылай істедім, - деп жауап береді.

Ауылынан дәм келген себебі, үлкен ағасы Нұрбақыт
басына үй, бауырына қазан асып, жеңгесі Тұрсынқан
тойдан қалған сәлем-сауқатты атын естісе де, әлі күнге
бет-аузын көрмеген, қайнысына келген-кеткендерден

қалтаға салып беріп жіберіпті. Сол кездегі Қанат
ағаның қунышында шынында шек жоқ болатын, жаны

сүйінетін жақын достарына: «біздің үйге бір тәте келіпті,
тұрмысымыз енді жақсаратын болды. Алла қаласа, сол
тәтемді көргім келеді» деп қуана хабарлағаны әлі есінде
сайрап тұр. Содан мұғалімнен, мектеп бастығынан:

– Үйіме барып бірнеше күн жүріп келейінші! – деп

рұқсат сұрайды. Өкінішке орай, сол кезде шеріктік
сынау алуға бір-екі күн қалған еді, мектеп бастығы мен
мұғалімі Қанатқа:
ـЖарайды, рұқсат бермейміз емес береміз. Бірақ,

шеріктік сынауыңды беріп кет. Екі күн шыда - дейді.
Қанат оған көнбейді, өйткені, ауылда қалған аяулы екі
ағасын, жұпыны қара лашығын қатты сағынған-ды. Ол
кезінде, өз үйінен шекесі қызғаннан безбеген еді, оның

былай шешім жасауына негізгі себеп: біріншіден – қанша
қайсарлық көрсеткенімен, көзін жұмса болды, әке-
шешесі түсіне кіріп ұйқысынан шошып оянатындықтан,
содан құтылу үшін болса, екіншіден, қаралы отбасында

омалып отыруға шыдамы жетпеген еді. Ол қанша
алыста жүрсе де, тіпті түлеп ұшқан тұғырын көруге дәті
бармай жүрсе де іштей қатты аңсайтын. Оның үстіне,
аңырайып иесіз қалған үйге сән кіргізіп, оң босағаны

қызартқан аяулы тәтесін естігенде, онысыз да жіпсіз
байланып әрең жүрген Қанаттың мұнда бір минут
тұруына мүмкіндігі қалмаған. Ол ақыры мұғалімі мен
мектеп бастығының сөзін тыңдамай, шеріктік сынауды

жайына қалдырып, үй қайдасың, - деп тартып береді.
Міне, бұл 1987 жылы болатын. Қанат сол кеткеннен мол
кетіп, мектеп құшағына қайтып оралмайды. Ол алғаш
үйіне барған кезде өз үйін өзі танымай аң-таң болады.

Бұрынғы жұпыны үйлері, кірсең шыққың келместей
әлем-жәлем безеніп кетіпті. Төрт керегеге кілем-кілше,
сыпыға сырмақ, текемет жайып, бұрыш-бұрыштан
жел азынап тұратын жарық, сызаттарды бекітіп, іші-

сыртын сылап, керемет құлпыртып жіберіпті. Қанаттың
мынадай жақсы тұрмысты көргенде, мектепке барғысы
келмеді, ағасы мен жеңгесінің қасында қалып, аунап-
қунап көкірегін кеңітіп, көңіл көтергісі келді. Бірақ,

бұл қуанышы да ұзаққа бармады. Арада бір апта өтер-
өтпесте үй ішіндегі көз жауын алған барлық дүние-
мүлікті өз иелері келіп, бір-бірден әкете бастайды.
Ең соңында екі-үш кісілік көнетоз көрпе-жастық пен

әдеттегі қазан-ошақ қана қалады. Әнеугүні арнасына
сыймай асып-тасыған қайран бала көңіл қайтадан
көшкен жұрттай құлазып көз жасын тия алмайды. Оған
екі ағасы да, тәтесі де қосылып жылайды. Әйткенмен,

көңілі құбылмалы болса да дәті берік Қанат аға бәрінен
бұрын көз жасын тиып, екі ағасы мен тәтесіне қарап:

- Болды жыламайық. Бұдан кейін оқымаймын.

Бәріміз күш қосып сыртқа шығып жұмыс істеп, мына
үйдегі керек-жарақты өз күшімізге сүйеніп, толықтайық

- дейді. Оның бұл сөзіне бәрі де қосылғанымен, Қанаттың

оқудан шығуына ағалары алғашында қосылмайды.
Бірақ, белін бекем буып алған Қанат олардың айтқанына
көнбейді. Өз айтқанын орындауға тырысады. Сонымен,
мектептен біржолата қол үзіп, сыртқа шығып жұмыс

істеп, жұпыны қара лашықтарын, жақсарту жолында
бар күшін салады...
* * * *
Ол 1986 жылы 5 айда өзінің сырттай естіп атағына

бас иіп құрметтеп жүретін Мүсілімбек Сарқытбайұлын
әскери жылқы фермасынан Нылқы аудан қалашығына
үйіне арнайы іздеп барады. Сол кезде Мүсілімбектің
үйінде бір топ ығай мен сығай бас қосып, қызу

әңгімеде отырады. Олардың ішінде Жұмаділ маман,
Маметқан Шөкеман, Даулетбек Қаңбақтар бар болатын.
Мүсілімбек алыстан ат арытып іздеп келген уыздай
жасты алдынан қақпай, үлкен кісілікпен қарсы алып

айналасындағыларға өзін қысқаша таныстыруды өтінеді.
Қанат дәл осы орайды күтіп отырғанда, қарманып
қалмай текке отырсын ба? Таңдайы тақылдап өзінің
өскен жерін, шыққан тегін, мұнда Мүсілімбек ақынды

іздеп келудегі мақсатын қысқа да нұсқа таныстырады.
Әрі сол жерде басқалардың; «өнеріңді байқайық»

деген ыстық ілтипатымен «Қажымұқан» атты әнді орындап ығай мен сығайлардың жақсы бағасын алады. Сол жылы қатысты орынның ұйғарыммен «Нылқы аудандық 7-кезекті ақындар айтысына қатынасып, тұңғыш рет терме орындап ел көзіне ерекше түссе, 1988 жылы Нылқы аудандық халық өнерпаздарынан ұйымдасқан «Біржан-Сара» операсына қатынасып, 1-дәрежелі орындаушы болып марапатталады. Қанатты тек ақын ғана емес, аты затына сай әнші болумен бірге өз жанынан мұңлы да ойлы әуендер жаратқан көрнекті композитор деуге де әбден татиды. Оның мейлі өлеңі, мейлі сазды әуендері болсын еріккеннен шыққан ерсі дүние болмастан қайта өз басынан өткен кешірмелеріне сәйкес шынайы шабыт, ширыққан көңіл-күйден туған тартымды туындылар. Оның себеп-салдарын басқа жақтан қарастыру, құмды өңірден көгал іздеумен пара-пар. Мысалға, оның ең алғаш шыққан әндерінің бірі «Сушы қыздың Жамалын» алып айтсақ, бұл ән 1990 жылы Моңғолкүре ауданы, Ақаяз ауылында жарыққа шыққан. Мезгіл жаз ортасы екен, автор Моңғолкүре ауданына жақын досы Бектұрсын Оразалыұлының арнайы шақыртуымен саяхаттауға барады. Сол аралықта, аталмыш азаматтың бір аталас туысы қайтыс болып, Қанатты қасындағы көңіл жетер достарына: «мен қайтып келгенше, жақсы қараңдар» деп арнайы тапсырып өзі бет алған жағына қарай тартып береді. Ал, Қанат болса, досының тапсырып кеткен жолдасжораларымен ішкерлей араласып танысып-білісіп, араларынан қыл өтпейтін тату достардай боп кетеді. Бірақ, сол кезде оның Ақаяз ауылына аяқ астынан шұғыл барып келетін шаруасы шығып қалады. Сонымен, жанына бір жолдас ертіп, аталмыш ауылға суыт жүріп кетеді. Ол жерде көптеген жаңа достармен жүздесіп сырлас, пікірлес болады. Белгілі бір үйде ән айтып жыр жырлап, таң атқанша отырады. Түн пердесі сырылып жаңадан жерге түсіп келе жатқанда ойламаған жерден

ұрыс шығып сол жердегі елді шулатып «есірік» атанған
бір бұзақы Қанатқа кінәсіз қол жұмсайды. Қанат ол
жерден әрең дегенде қашып құтылады. Күн көкжиекке
енді ғана көтерілген сәтте ол қып-қызыл қан жапқан

бет-аузын жумаққа жақын маңдағы Ақаяз өзеніне қарай
тартып береді. Қарсы алдынан төбесінде үлпілдеген
үкісі бар кестелі киім киіп, екі шелек су көтеріп келе
жатқан бір қыз шығады. Қанат – ол қыз қасынан

сәлем беріп, екі шелегін көтеріп жанап өте бергенде
оң қолын шелектегі суға малып бет-аузын сүртіп жуа
бастайды. Қыз ашуланғанның орнына шелегін жерге
қойып, Қанаттың қолына өзі су құйып береді, аралықта

Қанат оған өзін таныстырады. Ол Қанатты көрмесе де
атағын бұрыннан еститінін айтып, ағынан ақтарылады.
Беті-қолын жуып болған Қанат оған екі шелегін беріп,
тұруын, өзінің ойламаған жерден жолсыздық істеген

кінәсі үшін өзенге барып су әкеп беруін өтінгенде,
қыз: «Бұл құрметіңізге көп рақмет. Қыз бала тұрып,
ұлдың су көтергені - салтқа томпақ» деген шешесінің
сөзін көлденең тартып, Қанаттың талабын сыпайы түр

де тойтарып тастайды. Қанат оның мынадай өскелең
тәрбиелік қасиетіне айырықша тәнті болады. Осы сәтте
ақын көңілі мейілінше шалқып көкейіне:
ـСушы қыздың Жамалы-ай,

Маған неге қарады-ай?
Қос бұрымы білектей,
Тірсегін соғып барады-ай.
... Сушы қыздың Жамалы-ай,

Маған неге қарады-ай?
Қыр мұрынды, қиғаш қас,
Сүйемін сондай баланы-ай.
... Сушы қыздың Жамалы-ай,

Маған неге қарады-ай?
Желбір көйлек кигені,
Желбіреп кетіп барады-ай, -

деп келетін әсем де асқақ арманға толы әлдебір
сазды ырғақтар қабаттасып келе бастайды.
Міне соның нәтижесінде, 1990 жылы Моңғол­
күренің Ақаяз өзені бойында осы күні халық арасына

кең таралған «Сушы қыздың Жамалы» атты ән дүниеге
келеді. Екінші әні «Арман қыз», - да автордың өз
басынан өткен трагедиялық махаббат сапарының
айқын айғағы еді. Бұл ән 1996 жылы жазылған. Автор

сол тұста өзінің жақсы көретін бір қызына сөз салып,
аңсаған арманына қолы жетіп, «өлгені тіріліп, өшкені
жанып» шат-шадыман жүргенде, аяқ астынан басына
бұлт үйіріліп, бақ құсынан қапыда көз жазып қалады.

Әр екі жақ жалынды махаббаттарын жан сала қорғап,
қылаяғы өлім аузына дейін барғанымен, бірақ, ажалы
жоқтығынан аман қалып, жігіт құлан таза жоқшылық
пен бұрыннан келе жатқан құрсақ құда дейтін керенау

көне салттың кесірінен өзінің сүйген қызына қосыла
алмай күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айырылса,
ал қыз көз жасы көл болып әлдекімнің етегінен ұстап
ботадай боздап кете барады. Анығын айтар болсақ, әсілі

қыздың әкесі мен оның атастырылған күйеуінің әкесі
екі жас дүниеге келмей тұрғанда құшақтасып қияметтік
дос болады екен, әрі сол кезде екеуінің де әйелі ауыр аяқ
жүреді, содан отағасылар егер, екеуі бірдей ұл немесе

қыз тапса достастырамыз, ал, бірі қыз, бірі ұл болса,
сүйек ажырату үшін бір-бірімізбен құда боламыз деп
серттеседі. Осының салдарынан екеуінің балдай тәтті
баянды махаббаттары су аяғы құрдымға кетіп, бірақ

күнде орны толмас өкініш арқалайды. Қанат осы бір
трагедияны басынан өткізген соң көкірегін қақ айырып
тұрып:
Қыр мұрынды, қыпша бел,

Мұңаймағын арман – қыз.
Неге сонша сарғайып,
Мұң ойладың арман – қыз.
Күн ойладым өзіңді,

Түн ойладым арман – қыз.
Мен мұңайсам сенің де?
Мұңайғаның арман – қыз.

Сүйем, деп ем мәңгіге,
Сүйе алмадым арман – қыз.
Неге сонша сарғайып,
Қиялдадың арман – қыз.

Сен сарғайдың, мендағы,
Қиялдадым арман – қыз.
Жүрегімнен жүдеңкі,
Күй арнадым арман – қыз.

Е-е-ей арман – қыз,
Арманға толы қалған қыз.
Сарғайтқан бізді соншама,
Сабандай сары,

Сабандай сары арман – күз.
деп келетін мұңлы да сырлы махаббат әнін жазып
шығады. Әрі бұл ән Қанаттың қазірге дейін жазылған
80-ге жуық әндердің ішінде жұлдызы бөлек сипатты

әндердің бірі деп айтсақ та асыра мақтаған болмас
едік. Оның қазірге дейін «Біздің мекен Таңбалы», «Мен
кіммін?», «Адасқан сұңқар», «Сушы қыздың Жамалы»,
«Тұяжан», «Қанбадым», «Ана мейірі – аңсарым»,

«Сездің бе?», «Болады» сияқты отызға тарта ән, терме,
толғаулары түрлі-түсті әлеуметтік бас қосуларда әр
қырынан орындалып, тыңдарман қауымның жақсы
бағасын алып жүр. Әрі ақын, әрі композитор, әрі әнші

«сегіз қырлы, бір сырлы» азаматымыздың еңбектері
елеусіз қалған жоқ. 2003 жылы Шынжаң халық
радиостансасы «Кәусар» радио бағдарламасының
жүргізушісі Сажида Айтқазықызы ақын еңбектері

туралы арнаулы сұхбат жүргізген еді. 2012 жылы 27
қараша күнгі автономиялық аудан көлемінде өткізілген
дәстүрлі терме айту жарысында өз термесі «Болады»-
ны орындап, «Ата мұра» сыйлығына ие болса, 2013

ақпан айында Нылқы аудандық телевизиясында «Қас
қойнауы» бағдарламасы сұхбатқа тартса, 2013 жылы
наурыз айында Іле Қазақ автономиялы облыстық
«Жарасымды отбасы» атындағы отбасылық ән жарысы

байқауында топтық ән орындап, бірінші дәрежелі
сыйлықты еншілейді. Әрі сол жылы тамыз айында
Шыңжаң телевизиясы қазақша «Арай» бағдарламасы
ардақты азаматымыздың қысқаша өмірбаяны мен ән

жасампаздығы жайлы түйінді таныстыру жасайды.

тағдырды өзгерткен
талпыныс
Тұрдынұр талайдан бері дымын ішіне сақтап
тымырайып жүрді де қойды. Оған жұбайы Нұргүл: «не

болды, жайсызданып жүрсің бе?» деп еді, ол: «ештеңе
болған жоқ» деп тағы да үнсіз тынды. Кейде, санасын
сан ойлар билеп, таң атқанша ұйқы көрмей дөңбекшіп
шығатын, оның бұл қалыпсыз көңіл-кұйі Нұргүлді тіпті

де алаңдатып қойды.
Ақыры болмағанда: «Айналайын мені бекерге
азаптамай айтсаңшы! Тегі не болды саған», - деп
қоярда қоймай тақымдап сұрап жүріп, әйтеу жіп ұшын

шығарды.

– Нұргүл - деді ол жұбайына өтіне қарап - мені шын

түсінсең, айтқаныма мақұл болшы, жарай ма?

– Құдай-ау, өткеннен бері үнсіз жүргендегің соның

себебі ме?
Тұрдынұр «тура айтасың» дегендей басын изеді.

– Айт.

– Алдымен уәде бер.

– Сен ойыңдағыны айтпасаң мен не деп уәде берем.

– Онда жарайды, өткеннен бері саған айта алмай

жүрген құпия ойым мынау еді, өзімізге тән он му
егістік жерді біреуге өмірлік көтеріп беріп, одан алған
ақшаға аудан орталығынан «той фильмін жасау, бағақ
басу, жыр таспа орталығын ашсам», - деймін. Мүмкін

солай істесек бүгінгі мына күнімізден де жақсы күнге
қолымыз жететін шығар, өйткені, қазір аудан бойынша,
осы кәсіппен шұғылданатын адам жоқтың қасы.
Нұргүл мына сөзді естігенде, төбесінен жай

түскендей сілейіп отырып қалды, сәлден соң барып:
«жынданғаннан саумысың, қазір бізде сол он му жерден
басқа тұрақты кіріс көзі жоқ, ашқан орталығың алда-

жалда күйреп кетсе, кісі есігінде күніміз өтпегенде
неміз қалды? Болмайды, болмайды. Мен бұған өлсем де
қосылмаймын» деп теріс айналып түтігіп отырып алды.
Ол қанша қарсылық көрсеткенімен, Тұрдынұр бұл

ойға баяғыда-ақ бекіп болған еді, тек жұбайымды:
«көндірсем болды» деп соны күтіп жүрген. Міне
нәтиже мынау болды. Тұрдынұр сонымен, жұбайының
қарсы шыққанына қарамастан, он му жерін өз жеріндегі

жер майлап алушыға 18 мың юаньға басы бүтін бірақ
өткізіп тынды, бұл хабарды естігенде жұбайы Нұргүл
ашу қысып жынданып кете жаздады.
ـӘй, ақымақ - деді күйеуіне қатты кейіген ол жаны

күйіп жыламсырай тіл қатып - енді қайтіп күн көреміз.
аядай үш ауыз үйің мен әдеттегі қазан ошағыңнан
басқа нең қалды? Ең болмаса, мына шиеттей балаңның
ертеңін ойласаң болмай ма?

ـҚамықпашы Нұргүл - деді ол жұбайының мынадай
күйзелген күйін көргенде, өзін қоярға жер таппай - бас
аман, ден сау болса бәрі де жақсы боп кетеді.
ـКөрем ғой әлі. Әйтеу, досқа күлкі, дұшпанға таба

болмасаң болды...
Екеуінің сөздері осыншалық қысқа болғанымен,
ешқашан естен кетпейтін елеулі сәттер еді бұл.
Нұргүл сол кезде күйеуімнің таяу болашақта тың

табысқа қол жеткізудің тұңғыш негізін қалап үлгергенін
ойламаған еді. Бұл ахуал көп өтпей әке-шешесіне,
ағайын-туыстарының құлағына жетіп үлгерді...
Айтарға

болмаса,
алғашында
ұлының
мына

қылығына шешесі де қосылып кетпеді.
ـӘй, ес жоқ. Алды-артын ойламады ғой - деп басын
шайқап үнсіз тынған. Сол кезде әкесінің ойына ұлының
бастауыш оқып жүрген кезіндегі мынадай бір ісі орала

кетті.
Тұрдынұр ол шақта он жастар тұсында болатын.
Олар жылы күзде, қазан айының орта шендерінде,
сенбі, жексенбі күндері қырға шығып, ши орып әкелетін

де, одан өзгелердің өнеріне еліктеп сыпыртқы жасап

көрші-қолаңдарына сатып, өзінің дәптер-қарындаштық
ақшасын тауып алатын.
Соны еске алған әке кемпірінің ұлына деген кейіс
пішінін жаратпай: ”бопты енді істеймін десе істесін.

кейінгісін кейін көрерміз“, - деп күле тіл қатқан.
Тұрдынұр ақыры айтқанын орындады. Оның
бұл тәуекелшілдігі қара шаңырақтан бөлініп жарым
жыл өткен соң жүз берген еді. Оған алғаш шабыт

берген әрі қолдаған адам өзінің жерлесі, жақын досы
Мұрат Мамырқанұлы болатын. Ол бұл ойын ресми
тұрақтастырудан бұрын көркемөнерге жуық осы
Мұратқа келып: ”досым мен әрі ойлап, бері ойлап аудан

қалашығынан халық қажетінен шығатын той фильм
жасау орталығын ашсам деймін. Сен ше қалай? - деген
де ол екіленбестен: ”Бұл ойың жақсы екен. Мен толық
қосыламын. Бірақ, жанұяң мен әке-шеше, аға-інілерің

қалай қарайды екен? Әйтсе де, алған бетіңнен қайтпа!
Түбі бір су бетіне шығасың“ - деп қуана құптайды.
Тұрдынұр Даулетбекұлы 1976 жылы қарашаның 29
жұлдызы Тоғызтарау ауданы Доңмалы ауылы Гұңшаң

қыстағында дүние есігін ашқан. 1984 жылдан 1989
жылға дейін бастауышты, 1991 жылы сегізінші класты
бітіріп, сол жылы өзінің көкейтесті арманы - машина
сазылыққа емтихан тапсырып өте алмайды. Аралықта,

бір жарым жыл қоғамдық еңбектерде болып, 1993 жылы
қайтадан емтихан тапсырады. Бірақ, бұл жолы да бағы
жанбайды. Меселдесі түсіп, кері қайтады. Содан 1996
жылға дейін өз жерінде диқаншылық істеп, күн кешеді.

1996 жылдан бастап, тойды кескінге алу жұмысымен
шұғылданып, жаңа бір кәсіп жолына түседі. Ол кезде,
той фильмін бізге таныс «WCD», «DVD» табақшасына
айналдыру техникасы толық жалпыласа қоймаған

болатын. Тек қана нақ майданда тартқан кескін
лентасын сол күйінде ақы иесіне табыстайтын.
1998 жылы Нұргүл Норекқызымен (қырғыз) бас
құрап, басына үй, бауырына қазан асады. 1999 жылы

тұңғыш ұлдары Айбар дүниеге келеді. Олар қара

шаңырақта төрт жыл отырып, 2001 жылы мықты
кесектен үш ауызды үй салып алады. Тұрдынұр үлкен
үйден өз алдына отау көтеріп шыққан соң бір сыдырғы
диқаншылық жұмыстан қол үзіп, баюдың басқадай

жолын қарастырады. Соның нәтижесінде жоғарыдағы
айтқан бекімге келіп, бұған білек сыбанып кіріседі.
Ол «той фильм жасау орталығын ашып, тұрмы­
сымды тез арада оңап кетемін» деп нық сенім

байлағанымен, ал, іс жүзінде оңай шаруа емес еді,
әлбетте, өз мақсатын іске асыру үшін тойды кескінге алу
орталығын ашудан бір жыл бұрын базар жағалап, сонау
Доңмалы ауылындағы үйін тастап, аудан қалашығына

келіп, пәтер жалдап отырып, алды-артын бағамдап
алады. 2002 жылы шілдеде, аудан қалашығындағы
солтүстік жолы бойынан той фильм жасау орталығын
құрып, оған белгілі ақын Тұрдыбек Әбылқасымұлына

«Өмір өткелдері» деген ат қойдырып, ресми жұмыс
бастайды. Ол жұмыс бастаған соң үш ұйықтаса
да ойына кірмейтін қырсыққа тап болады. Анау
компьютердің алдына барып экран бетіндегі қым-қуыт

құрылғыларды көргенде, қайсысын қалай істеткенде,
қандай рөл ойнайтынын білмей, ойы онға, санасы
санға бөлініп миы айрандай ұйиды. Кейде, қиналған
сәттерінде, Гұңшаңдағы күндерін еске алып: ”қайран

он му жерым-ай“, - деп қайтып айтып жібергенін өзі де
ұқпай қалады.
Әр күні күндіз кешке дейін компьютердің түбінде
отырып қатты қалжырағанда, маңдайын алдындағы

суық үстелдің шетіне басып, құнжиып ұйықтап
кететін. Нұргүл оның түскі, кешкі тамаққа келмей той
фильм жасау орталығында жүріп алғанынан алаңдап
іздеп барғанда, ол ой соқты күй кешіп мыжырайып

ұйықтап жататын. Алайда, өзі бастап, өзі тастаса
азамат басына намыс болатынын іштей сезіп алған
бетінен қайтпайды, осы үшін Үрімжіге дейін барып
арнаулы курстарға қатынасып, «той фильм жасау мен

және басқа да техника тетіктерін» алғашқы адымда

игере бастайды. бұл барыста, ол бар пейілін салып,
әуелдегі үйрену сапарын комьютерді ашу, жабу секілді
қарапайым сауаттан бастап бірте-бірте оңайдан қиынға,
ішінаралықтан жан-жақтылылыққа өтіп, жарым жылға

жетпейтін уақыт ішінде бірталай білімге ие болады. Осы
кезде, оған Үрімжідегі Әлімжан атты бір ұйғыр жігіті
көп көмек көрсетеді. Білмеген жерін байыппен үйретіп,
кескінге алумен оны «VCD», «DVD» табақшасына

айналдырудың сан қилы сырларына қанықтырады.
Міне сөйтіп, арада бірталай бөгеттерге ұшырап
жүріп, «Өмір өткелдерін» жарым жылға жетпейтін
уақытта, тәй-тәй басқан дімкәс бейнесінен дардай

орталыққа айналдырып, тікесінен тік тұрғызады.
Осыдан соң оның өзі қол салып істеген той фильмі мен
басқаға көрсеткен ыстық ілтипаты жұрт жүрегіне ұялап
саудасы сәтіне басып, қуанышы қойнына сыймайды. Я,

кезінде, «барға қанағат» етіп бір сыдырғы күн кешіп
келген азамат алғашқы бір-екі жылда «той фильм
орталығын» төңірекке танытып, халықтың қажетінен
шығу басқышын орындаса, одан соң айына орта есеппен

он неше тойды кескінге алып, жылдық таза кірісін 30
мың юаньға жеткізеді.
Ол бұл кәсібін 2009 жылға дейін бапандай жеті жыл
жалғастырады. Ауданға келген бастапқы төрт жылда өзі

ашқан «Өмір өткелдері» той фильм жасау орталығына
жақын жерден жылдық май ақысына 5 мың юань беріп
үй майлап отырады.
Тек 2005 жылға келгенде Гүңшаң қыстағының

бесінші тобындағы үш ауызды үйлерін сатып, оған
өздерінің «той фильм орталығы» мен басқа жақтардан
істеп тапқан ақшаларын қосып, аудан ішінен отырықты
үй сатып алады. 2009 жылы қараша айында Тоғызтарау

аудандық «Саяхат көшесінің» бойындағы бұрынғы
«Құт мекен» тойға қызмет өтеу орталығын (оның ақы
иесі Тоғызтарау аудандық бажы мекемесінің қызметкері
Әнуар есімді қазақ азамат) жылына 60 мың юань

беретін болып, бес жылға көтереге алып, атын «Ақ

отау» тойға қызмет өтеу орталығы деп өзгертеді. Ал,
кезіндегі «Өмір өткелдерін» жалғасты ашуға адам күші
болмағандықтан, маңдайшалығының өзін орталықтың
құнынан сырт есептеп 8 мың юаньға сатып береді.

Тұрдынұр аға алғаш «Ақ отау» тойға қызмет өтеу
орталығын ашқанда, бір айға дейін той үзілмейді. Әуелі
сол жердегі арнаулы адамдармен өздері үлгіріп жетісе
алмаған да аға-бауыр, туыс-туғандары да келіп көмек

қолдарын созады.
«Ақ отаудың» бір үстелі бастапқы жылдары 160
юань болса, кейіндеп зат бағасының өрлеуі мен халық
тұрмысының жылдан-жылға жақсаруына байланысты,

2010 жылдардың басында 180 юаньға, 2011 жылы 240
юаньға, ал, 2012 жылдан бері 260 юаньға өсіп, жылдық
кірісі 180 мың юан болса, бұл күндері 300 мың юаньнан
түспей келеді екен. Осы себептен тұрмыстары да барған

сайын жақсарып, 2011 жылы 3 айда Жапонияның
«Хундай» маркалы әйгілі машинасына қолы жетсе,
2012 жылы көктемде 400 мың юаньға жер түзеу
машинасынан (саншы) біреуін алып, халық қажетіне

қарай сағатына 300–350 юаньдық жұмыс істеп ащы
тердің тәтті жемісін көріп отыр. Ол не істесе де қара
басының қамын ойлап, қаридарының көңілін қалдырған
емес. Қандай жағдайда да қарсы жақтың шын разылығы

мен экономикалық күй-жайын ескеріп, соған сай іс
көреді. Ақша үшін арын бұлдап адамдық қасиетін
жою оған жат қылық. Ол міне осындай қасиетімен де
адамның бәрімен сыйласып олардың күткен үмітінен

шығуға барынша құлшынып келеді.
Атамыз қазақ «алдынғы арба қалай жүрсе,
соңғы арба солай жүреді» деп тегін айтпаса керек.
Тұрдынұр ағаның іске ептілігі мен жаңалық жаратуға

деген белсенділігі артынан ерген Ғайыпнұр, Биғабыл,
Аршын секілді үш інісіне де үлкен ой салып, бұл күнде
өз алдыларына игілік жаратып замандастарының
алдынғы легінен бой көрсетіп отыр. Айтар болсақ үлкен

інісі Ғайыпнұр 2001 жылы Қазақстанға өтіп, сол жерде

бас құрап, қазір жұбайы Мүбарак екеуі табан ет, маңдай
терлерімен бір отаудың шаруашылығын шалқытып
бақытты жұбайларға айналса, ал, екінші інісі Биғабыл
әкесінің дәрігерлік кәсібіне мұрагерлік етіп, арманның

асқар шыңына қанат қағып, сонау ішкі моңғолдың
Ордос қаласындағы медицина институтынан арнайы
білім алып жатыр. Кенже інісі Аршын да ағаларының
ықпалымен ас ішіп, аяқ босатқаннан көрі әлдебір

кәсіптің басын ұстауға бел байлап, 2009 жылдан бастап
реңді қаңылтыр зауытын ашып, содан бері айтарлықтай
нәтижелер жаратып келеді. Оның үстіне, ағайындылар
өзара сыйласымды тату өткеннен сырт, Нұргүл,

Мүбарак, Михуа секілді абысын-ажындар да бірінде
жоқты, бірі толықтап, ауыл арасындағы береке-бірлікті
сақтап, алты бақан, алауыздықтан аулақ боп келеді екен.
Мен сұхбат соңында Тұрдынұр ағадан: ”аға сіз осы

кезге дейін көп нәрсені көкейіңізге түйдіңіз, соған орай
топтаған тәжірибеңізде аз емес, бұл арада менің сізден
сұрамақ болғаным осы игілік жарату немесе өнер игеру
туралы қандай танымдасыз“, - дедім.

Ол аз ойланып отырды да: “мейлі кәсіп, мейлі
техника тетігін игеру болсын маған салса, бәрінен
бұрын оның көмескі болғаны жақсы. Өйткені, көмескі
нәрсенің жіп ұшын шығарып алған соң, содан әрі не

бар екен деп соңына түсіп қызығу арқылы көп нәрсені
игеріп аласың. Әдетте, білімің мен барлық жағдайың
жарасып тұрған өнер адамды алаңсыз етіп қояды да,
бұдан былайғы білуге тиісті нәрсеңе салқынын тигізеді.

Сол үшін жігітке жетпіс өнер де аздық етпейді”, - деді.
Мен дән риза болғанымнан, аузыма оңды сөз түспей,
тек қана басымды изей бердім.

25 - 8 - 2012

қайсар рухты, қайырымды
бойжеткен
Өмір – ұрыс майданы секілді, егер, төзімің берік,
сенім күшті болмаса, өскен ортаңнан өз орныңды тауып,

көздеген мақсатыңа жете алуың екіталай, сол үшін бақ
пен сордың, қуаныш пен қайғының қашан да егіз екені
жұмыр басты пендеге жұмбақ емес. Бес күндік пәни
жалғанда біреулер шырт киініп, шырт түкірсе, енді

біреулер жоқшылық қолын байлап, алай тартса ат өліп,
былай тартса арба сынып, тағы біреулер бір жағынан,
сырқат, бір жағынан, кедейлік алқымдап жарық дүние
үшін жан алып, жан беріп жатады.

Мен ел аузынан бір үйдегі үш бірдей ауру жанды
адал еңбегіне сеніп асырап, бағып отырған Сағигүл
сынды қайсар рухты, қайырымды бойжеткеннің атын
естіп, Нылқы аудандық әскери жылқы фермасына

қарасты 3-ротада тұратын Жұмақан отбасына арнайы
іздеп бардым. Әңгіме барысында бұрын ел аузынан
естіп жүрген айтылмыш әңгіменің жалған емес,
қайта шыңғырған шындық екеніне әбден көзім жетті.

Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек
баста айтып өткеніміздей бір жағынан, сырқат, бір
жағынан, жоқшылық иектеп, үш бірдей жанның төсек
тартып жатып қалуы бір үйдегі жалғыз еңбек күш

Сағигүлге қайтып оңай болсын!
Әу баста, аяқ астынан келген тапшы тұрмыстың
қыспағында қалып көзінен жас, көңілінен қаяу кетпей
жасып-тапталып кете жаздайды. Бірақ, басына түскен

соң атқармай амал не?! Сонымен, барлық мұң-зарын
ішіне бүгіп, көз жасын көрсетпей сүрте жүріп, бұл қиын
тұрмысқа да жыл өте жатылып ширай бастайды. Тіпті,
жылай-жылай жасы да сарқылады. Шынын айтқанда,

бұл үйдегі ошарлы жан екі адамның яғни әкесі мен

шешесінің айлығына ғана сүйеніп күн кешетін-ді.
Бірақ, бұның да орны бар болатын, шешесінің айлығын
ауру көрсеткен кездегі қарызға байлап, ал әкесінің
айлығы қазіргі көрініп жатқан дәрі-уколға жұмсалып,

бұл үйде одан басқа сырттан келетін мандыған кірісте
болмайды. Міне, бұл Сағигүлдің алдындағы кезек күтіп
тұрған үлкен мәселелердің бірі еді, ол осы бір қиын
қыстау кезеңнен сүрінбей өту үшін терең ойға батып

талай таңдарды ұйқысыз атырды.
Соның нәтижесінде, кішкентай кезінен бастап
«шеше көріп, тон пішіп» зер сала үйренген кестешілік
өнерін сәулелендіріп, анаған, мынаған әсемдік тұтыну

бұйымдарын тігіп беріп, осы үйдің күнделікті керек-
жарағын соның ақысымен қамдап келеді. Сағигүл 1986
жылы 1 айдың 1 күні Нылқы ауданы әскери жылқы
фермасына қарасты ауылда дүниеге келген. 1994 жылы

мектеп табалдырығын аттап, содан 2001 жылы шілдеге
дейін Ластай ауылы тоғыз жылдық қазақ мектебінде
оқыған. Сегіз бітірген соң отбасы қиыншылығы
салдарынан өрлеп оқи алмайды. Ол мектептегі кезінде

бір жағы, оқып үйренуін үзбей жалғастырып, бір жағы,
кешкі демалыстан тарап үйге келген соң тапсырма
орындай жүріп, ауру шешесін қарап, соның әлегімен
кетеді.

Шешесі
Бәтеш
Дауытқанқызы
жылы

туылған. Жұмақан қартпен 1980 жылы бас құраған.
90 жылдардың бас шенінен бастап, денсаулығы жақсы
болмай ревматизм, өкпе, қанбасым қатерлі науқастар
иектеп, баспаған жері, бармаған доғдыры қалмайды.

Содан 2001 жылдың басында қатарға қосылғанымен
қатты-қайырым жұмыстан қалып, әйтеу ауру азабынан
арылғандай болады. Бірақ, бұл қуаныш та ұзаққа
бармайды. «Қырсық бір шалса, қырық шалады»

дегендей анасы аурудан айығып, енді-енді ес жия
бастағанда әпекесі Сағымгүл Жұмақанқызы он жетіге
келгенше сап-сау жүріп, 2001 жылдан кейін ревматизмі
асқынып, жұлынынан суық өтіп, екі аяғынан жан кетіп,

салданып қалады. Ол кезде шешесін емдетіп, қолда бар
қорын бүкілдей жұмсап жұпыны күйге түскен әкесі
апекесін ауданнан жоғары емдеу құрылғылары озық
орындарға апарып, көрсетуге қауқары келмейді. Содан

бері төсек тартып жатып қалғанына бақандай он үш
жыл болады.
Одан соң ағасы Рақымжан Жұмақанұлы 1985 жылы
8 айдың 5 күні туылып алтыншы класс оқығанша

сап-сау жүріп, ойламаған жерден ми солу науқасына
шалдығып емдеу өнім бермей 2009 жылы қыста қайтыс
болады. Әкесі Жұмақан Мамытпайұлы осы үйдегі
әйелін, қызын, ұлын емдетем деп қолда бар қорын бірақ

жұмсап, бірер жылдың ішінде сіңірі шыққан тақыр
кедейге айналады.
Жұмақан қарт 1948 жылы 6 айда Қаратөбе ауылында
өмірге келген. Сақа партия мүшесі, 1971 жылдан 1975

жылға дейін Қашқар аймағы «8028» әскери казармада
бес жыл қатаң жаттығу көрген. 1975 жылы 2009 жылға
дейін яғни, зейнетке шыққанша, Нылқы ауданы, әскери
жылқы фермасы қой, жылқы әскери ферма сақшы

бөлімшесі қатерлі жерлерде, әскери тәрбиеші, сақшы,
малшы, жұмыскер болып әскери жылқы фермасының
түрлі шаруасын игеру жолында бір кісілік еңбек
сіңірген қадірменді қарт еді, кезіндегі отбасы орнықты,

шаруашылығы шалқыған бақытты жанұя тосын келген
ауру-сырқаудың салдарынан бүгінгі күні «бесте кепіл»
кембағал отбасына айналып отыр.
Бір жағы, үш бірдей сырқат, бір жағы, жалғыз ұлын

емдеу өнім бермей, жалғаннан көшуі отағасыны оңай
тәлкек еткен жоқ, әсіресе, жалғыз ұлының жан тәсілім
болғаны 2002 жылы жығылып, қалтақтап әрең жүрген
қадірлі қартты рухани жақтан тіпті де күйретіп кетеді.

Соның салдарынан ба? Болмаса басқадай себеп болды
ма? 2009, 2011, 2012 жылдары іркес-тіркес және де
үш рет жығылады, бұл кісі әр рет жығыланда жергілікті
бұқара қол қусырып қарап отырған жоқ, әсіресе, соңғы

жығылуында өздіктерінен ұйымдасып 3000 юаньдай

жылу атап, жанына арашашы болады. Бірақ, екі құлағы
естімейтін, оң көзі мүлдем көрмейтін, сол аяқ, сол
қолынан жан кетіп, еркін қимылға келмейтін ғарып боп
қалады.

Содан кейін бұл отбасының барлық ауыртпалығы
Сағигүлдің мойнына мінеді. Ол сыртта ұлдың, іште
қыздың жұмысын істеп, түнде ұйқысын, күндіз
күлкісін тиып, ажалмен алпарысқан ауру жандарды

бар ынтасымен тік тұрып күтеді. Сүйтіп Сағигүл бір
жанұяны өзінің асқан өнері мен адал еңбегі арқылы
асырап, бір жағы, қатысты тараулар мен жергілікті
бұқараның жақыннан жәрдем беруінде күн кешіп

келеді. Алайда, арт-артынан ауру көрсетіп қарыз басты
болып апекесі Сағымгүлді емдетуге шарасыз қалумен
қоса, бұл үйде өзінен басқа бірде-бір еңбек күш жоқ.
Ол ендігі жерде ардақты ата-анасы мен ауру әпекесіне

қолғанат болып, жақыннан жәрдем беруді жеке басына
тән барлық қуаныштан артық санап, солар үшін күндіз
күлкісін, түнде ұйқысын қиды.
Мен одан:

- Сен қазірге дейін осы жанашыр - жақындарың

үшін оңай жол бермепсің. Сол қатарда өз басыңның да
бақытын ойламадың ба? - дедім.
Ол аталмыш сөздерді естіп, ыстық көз жасын төгіп,
аз-кем кідіріп отырып қалды. Мен оның анау от шашқан

қой көздерінен төгілген мөлдір моншақтарды көріп:

- Ай, әттеген-ай... қай-қайдағыны есіне салып,

оңбағыр сұрақты несіне қойдым екен, - деп іштей
қатты опық жедім. Ол деміне өксік араласып: - неге
ойламаймын, ойлаймын. Өйткені, менде ет жүректі
пендемін ғой. Адам өмірге келіп, оң-солын парықтаған

соң бас құрап, бауырына қазан асу – парыз екен. Осы
кезге дейін маған сөз салған жастар да аз болмады.
Солардың біреуін өмірлік жар тұтып, бақытты болайын
десем, артымда қалып бара жатқан үш бірдей ауру

жанға мен секілді кім күйініп қарайды. Ал, біреудің
босағасын аттаған соң сол елдің жыртысын жыртып,

сөзін сөйлеуің, отымен кіріп, суымен шығуың керек.
Ондай жағдайда, менің жанашырларыма қазіргідей
бұрылып қарауыма мүмкіндік болмайды ғой. Оның
үстіне, қазір бұл отбасыға менен басқа ие болатын

адам да қалмады. Ағам болса, о дүниелік болды.
Өзіме сөйлесіп келген жастардың бәріне: «Егер, мені
шын мәнінде бақытты ете аламын» десең онда осы
үйге кіріп, біздің тұрақты бір мүшемізге айналасың

деймін. Оларды да қинайтыны міне, осы талап. Түптеп
келгенде, маған сөз салғандар тек менің жеке басыма
ғана қызығатындар» деді көз жасын сүртіп отырып. Я,
қайсар рухты, қайырымды бойжеткеннің жасығанға

жігер, жығылғанға сүйеу болатын өскелең дәстүрге
ие қара ормандай халқы тұрғанда, ешқашан жарлы
да, жалғыз да емес. Біз оның таяу болашақта, басына
түскен барлық бейнеттен бір жола арылып, жанға

жайлы жақсы күндерге қол жеткізетініне сөзсіз сенеміз.
Әрі алдағы атқан таңдарының бақыт пен қуанышқа
ұласа беруін тілейміз.
18 - 2 - 2012

адал жар, өнегелі келін
Атамыз қазақта: «анасын көріп қызын ал, аяғын көріп
асын іш» дейтін тәмсіл бар. Бұл жай сөз болғанымен,
ал аржағына үңілсеңіз бір үлкен өмір заңдылығы

қамтылып жатыр. Өйткені, қыз бала бүгін ата-анасына
қолғанат, екі көзінің біріндей ыстық сезілгенімен, ертең
өзге бір шаңырақтың ұйтқысы, барған жерінің берекесі
мен құты секілді.

Сол үшін әрбір ата-ана өз отбасындағы қыз
тәрбиесіне баса мән беріп, биязы да, іскер етіп өсіруге
күш салған. Тіпті, бір елдің мәдениет деңгейін, кісілік
қасиеттерін сол елдің қыз тәрбиелеу үрдістерінен яғни

жаңа түскен жас келіннің адами қасиетінен іздеген.
Егер сол келін «жаман атқа жал бітсе, жанына торсық
байлатпастың» керіне бағып, жаулығын салмай,
көйлегін кимей, келген жерінде өз бетінше кетсе, кердең

басып, кесір сөйлесе, әдеп-ибаны аяқ асты етсе, «ат
үстінде тұрып, ас берген», «тұз үстінде тұрып, дөрекі
сөйлеген», көргенсіз елдің қызы атанып өзінің емес,
өсіп-өнген тегіне де ауыр сын болған.

Сондықтан, «шеше көріп, тон пішкен» қыз
балиғатқа толған соң өз теңін тауып, жат жұрттық
болса да, барған жерінде ат тергеп, ақылмен іс істеп,
ата-енесін құрметтеп, өз ортасының береке-бірлігін

сақтап, балдай батып, судай сіңген. Бұл біздің заман-
заманнан келе жатқан ұлттық ізгі қасиетіміз десек,
артық айтпас едік. Сол себепті, біреудің емес, бір үлкен
іргелі елдің атына айналған Абақ пен Қызай секілді

қасиетті аналарымыз қаншама?!!
Бүгінгі біздің тілімізге тиек болған кейіпкеріміз
осындай «шеше көріп, тон пішкен» өнегелі де, текті
жердің ұланы, адал жар, өнегелі келін Дүйсенгүл

Әлімбекқызы еді. Ол 1982 жылы 15 ақпанда, Іле Қазақ
автономиялы облысы, Нылқы ауданы, Құжыртай

ауылында өмір есігін ашқан. Оқу жасына келген
соң, бастауыш, орта мектепті өз жері Құжыртайда
тамамдайды. Оның оқу тарихы осы ғана. Одан соң,
өрлеп оқуға мүмкіндік болмайды. Бірақ, жастайынан

өнегелі отбасының тәрбиесін алып өскен қыз бұған
бола жасымайды.
Бір үйдің үлкені болғандықтан, қыз орнына қыз,
ұл орнына ұл болып үйде шешесіне, түзде әкесіне

жәрдемдесе жүріп, 2005 жылы күзде Құлжағазы
Дәуейұлымен дәм-тұзы жарасып, бас құрап, қатынасы
қолайсыз, құбыр суы атымен жоқ, сымды тоқ
тартылмаған шарт-жағдайы төмен таулы ауданға, бір

үлкен қара шаңыраққа кенже келін боп түседі. Бұл үйде
жетпіске келген енесі, сексеннен асқан атасы бар еді.
Ол келін боп түсерден бұрын қайын енесі қанбасымнан
жығылып, Құлжа қалалық достық ауруханасында бір

ай жатып әрең сақайып шықса да, оң аяқ, оң қолынан
жан кетіп, тіл-аузы тартылып, ғаріп боп жатып қалады.
Жаңа түскен жас келінге бұл оңай шаруа болған
жоқ. Я, тәңір «ауырлық пен бауырлықты тек қана

сүйген құлыма берем» депті сол айтқандай құдай
қосқан қосағының анасы, бір ауылдың ұйтқысы, өзінің
қайын енесі мынадай күйге ұшырап отырғанда ол несін
аясын! Ақыры «құдай салды, құл көнді» деп, күніне

үш уақ тамағын даярлап, жаңа көрпесін жауып, тұрса
қолтығынан демеп, дәреті кетсе тазалап, жағасын
кірлетпей, жанын ауыртпай мәпелеп бағады. Бір жылдан
соң тұңғыш ұлы дүниеге келіп, жас баласы мен ауру

енесін де қоса қарап, басына түскен бар ауыртпалықты
былқ етпей көтереді.
Халқымызда «аяғын етік, аузын шеше қыспаған»
дейтін тәмсіл тағы бар. Дүйсенгүл кезінде «қырық

үйден тиым көріп, от басы, ошақ қасынан озбадым-ау»
деп іштей наразы болса да, бірақ, ата-анасына ашып
айтпайтын. Өз дерті өзінде болып үнсіз жүретін. Бүгін
сол көрген тәрбиесінің өзіне көп септігін тигізгеніне

дән риза. Әрине, қара шаңырақ болған соң үлкендердің

амандығын біліп ат ізін салатындар күн сайын
үзілмейды. Ол әркүні таңмен таласа тұрып түңілік
ашып, күн шыққаннан кеш батқанға дейін біресе үй
шаруасына, біресе жас баласына, біресе ауру енесіне

қарап, қанша қыйналып жүрсе де үйіне келген қонағын
қабақ түймей, қараулық көрсетпей ізет-құрметпен
аттандырып салады.
Жолдасы Құлжағазы осы үйдегі бірден-бір еңбек

күш болғандықтан, таусылып бітпейтін түз шаруасы
оны екі иығынан басып бірде оған, бірде бұған шапқылап
қатты қалжырайтын. Осы кездерде Дүйсенгүл қарап
отырмайтын. Үй шаруасынан қолы босай қалса болды

жолдасына көмектесіп, бетке алған жұмысын апырып-
жапырып істеп тастайтын. Әсіресе, көктем, жаз,
күз мезгілдерінде жолдасының мұрнына су жетпей
қатты қарбаласқа түсетін. Сол сәттерде, көктемде

күн төбеге келгенде, жазда кешкі салқында, күзде ауа
райы жаймашуақ кезде, жас баласын арқасына таңып,
көк өгізге екі торсығын (каныстыр) артып, үйінен ат
шаптырым шалғайдағы Қарабастауға барып су алып

келетін.
Бұл үйде төрт түлік малдан басқа мандыған кіріс
те жоқ, ол жазда таңертең-кеш сиыр сауып, сүт сатып,
күнделікті керек-жарақ пен енесінің емделу қаражатын

тапқаннан сырт, қыстық ішіп-жемге де қор топтайтын.
сонымен қоса, еңбекшілердің ас-суында уағында
әзірлеп, әредікте, шабылған шөпке шоме салып қажып
жүрген жолдасына рухани жақтан ақыл, еңбек жақтан

күш қосатын.
Осылайша, апта өтіп, ай аунап, не қиын күндерді
бастан кешіп, бақандай бес жылды артқа тастайды.
Бұл кезде, ұлы да үштен төртке шығып, жан-жағын

тани бастайды. 2011 жылы мамыр айында екінші ұлы
дүниеге келеді. Бірақ, «қуаныш пен қайғының қашан да
егіз» екені жұмыр басты пендеге жұмбақ болмаса керек.
Екінші ұлы туылған жылдың күзінде қайын атасы

қанбасымнан жығылып алдымен аудандық ауруханаға,

одан соң Құлжа қаласындағы Достық емханасына
ілгерінді-кейінді бір жарым ай жатып, үйіне қайтып
келеді. Бұл да Дүйсенгүлге оңай тиген жоқ, әйткенмен,
осы үйдің отымен кіріп, суымен шығып, әбден көніп

кеткен қайырымды келін, әу бастан енесіне қалай
қараса, атасына да сонымен тең мәміле жасап, қашан
қалпына келгенше, жар құлағы жастыққа тимей, бәйек
болады.

Бағына қарай, жаратушы ие, оның мына күніне
жаны ашыды ма немесе, қайсар мінезі мен қайырымды
дәстүріне дән риза болды ма? Ресми төсек тартып
жатып қалған қадірменді қарт үйіне келген соң, басып

емдету мен көңіл қойып күткеннің арқасында екі айдан
астам уақыт жатып, орнынан тұрып кетеді. Дүйсенгүл
міне, осындай еселі еңбектері арқылы келген жеріндегі
абысын-ажынын ғана емес, басқа да бауыр-туыс, көрші-

қолаңдарын да таңдай қақтырып тамсандырып отыр.
Олардың бұған алғыстан басқа айтары жоқ, соңында бұл
келіннің бұдан кейін де осы үрдісінен жаңылмай аяулы
ата-енесінің ақ батасын алып, болашақта, қосағымен

қоса ағарып бай да, бақытты өнегелі от басына айнала
беруіне тілектестік білдіреміз.
9- 2 - 2012

науБайшы азаматтың
нағыз тІрлІгІ
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарының тіленбей»
деп ұлы ақын Абай атамыз айтқандай бүгінгі күні бөзің

- жібек, тезегің - алтын болған алуан арналы нарық

заманында, қиыншылық атаулыны қирата жеңіп, өз
алдына игілік жаратқанымен қоймай, өзгелерді де осы
жолға баулып, жұрт аңысын қозғап жүрген ақ еділ
азаматтарымыз қаншама?!

Және соның айқын дәлелі аңғарлы азамат Асқанбай
Әбдірақынұлы болатын. Нылқы аудандық 2-орта
мектептің іргесіндегі «Асқанбай қазақи нандары»
деген маңдайшалығы бар қарапайым наубайхана

қожайынымен әңгімелескелі барғанымда, көптен бері
ел аузынан естіп жүрген жақсы аңыздардың жалған
еместігіне анық көзім жеткендей болды. Мен барғанда
да айтылмыш азаматымыз қаридарлардан қолы босамай

қатты қарбаласып жатыпты. Артынан келгендегі
шаруамды білген соң, жылы қабылдады да, әңгіменің
тиегі ағытыла жөнелді...
Әрине, бір кәсіптің қыры мен сырын жете меңгеріп

көптің көңілінен шығу айтуға оңай болғанымен,
іс жүзінде қиынның қиыны. Бұл азаматымыз да
наубайшылық кәсібін бірден үйрене салып іске
қоспағанын, бұдан бұрын да бірнеше кәсіптің басын

ұстап, ащы мен тұщыны тең тата жүріп, осы күнге
жеткенін айтады. Асқанбай Әбдірақынұлы 1971 жылы
Нылқы ауданы, Сүптай ауылына қарасты 5-қыстақтағы
қарапайым диқан отбасында өмір есігін ашқан. 1980

жылдан 1988 жылға дейін өз жерінен бастауышты,
ауыл орталығынан 8 класты бітірген соң, отбасы
қиыншылығы салдарынан өрлеп оқи алмайды. 1989
жылдан 1996 жылға дейін Сұптай ауылындағы

Тілебалды қариядан дін сабағын оқып, «қарилық»
атағын алады. 1998 жылы Жұмагүл Ыстанбекқызымен
бас құрайды, бір жылдан соң қиыншылықтар себебінен
қара шаңырақтан үш қой, екі көрпе, бір шәугім бөлек

енші алып басына үй, бауырына қазан асады. Сонымен,
бұрын бір өзін қамдап киімі бүтін, құрсағы тоқ жүрген
азамат енді бір жас отаудың белді тірегіне айналып,
бетке алған ісіне білек сыбанып, бел шеше кіріседі.

Ол бастапта, өзіне тән алты му айдаулық жерін айдап
жылдық азығын тауып жегенімен, басқа жақтағы
қажетін қанағаттандыра алмайды да, тұрмыста қатты
қиналады. Тіпті, анадан, мынадан қарыз алып отбасы

қиыншылығын уақытша шешіп тұрғанымен, жыл
соңында бір мұнша борыш арқалап, иесі келіп қысай
берген соң қолда барын соның төлеміне беріп, екі қолын
мұрнына тығып шұнтиып шыға келеді. Енді қайту керек?

Барды жұмсап, бақанды қолға алып, бейғам жату керек
пе? Жоқ қайтадан қайратқа мініп, кері кеткен тұрмысын
оңау керек пе? Ол дәйім осы екі сұраудың жауабын
іздеп күндіз күлкісін, түнде ұйқысын қиды. Ақыры

бекер жатуға беті шыдамаған аңғарлы азамат тұралаған
жұпыны отбасын экономикалық нарық қыспағынан
шаруасы шалқыған төрт түлігі сай дөңгелек дәулетті
отбасына жеткізу үшін егіншілігін айдай жүріп, оған

қоса тағы бір жанама кәсіптің жалынан ұстауға мықтап
бекиді. Сүйтіп, 2002 жылға келгенде, жергілікті
орынның қажеттілігіне қарай аудан орталығына келіп
бір жыл үйренген соң, өз ауылына қайтып барып

алғашқы қадамын жылт еткен үміт, жаңа тебінмен
бастайды. Бұл кәсіпті 2004 жылға дейін жалғастырып,
сол жылы халық бұқарасының қалауымен аудандық
ұлттық істер мекемесінің бекітуінде Сұптай ауылы

Борбосын қыстағында 2009 жылға дейін имамдық
қызметін өтейді. Бұл барыста, ол дінді саясатпен тығыз
ұштастырып, халықты аста-төк ысырапшылдықтан,
маскүнемдіктен, феодалдық соқыр сенімнен, жатып

ішер жалқаулықтан, шектен асқан өсімқорлықтан ада

болуға үндеп, ұлттар ынтымағын, жоғарының төменге
қаратқан тиімді бағыт-саясаттарын, жарасымды қоғам
құрудың абзалдылығын дәріптеп, өзі ауыл, аудан
жағынан көп рет даңқ төрінен бой көрсетеді. Асқанбай

имамдығын ойдағыдай өтей жүріп, өз отбасының
қамын да әсте естен шығарған жоқ. Бұрынғы кәсібін
ішкі-сыртқі себептерге байланысты доғара тұрып,
аралықта, аяқкиім тігу өнерін үйренеді. Әрине, қала

маңынан шалғай таулы аудан болғандықтан, бұл
кәсіпті жандандыру үшін бір орында тұрғаннан,
қыр-қыстақтарға барып, ел аралап атқару бір шама
тиімді екенін аңғартады. Я, осыдан бір ғасыр бұрын

күндік отын, жылдық азығыңды жию жолында «адал
теріңді төгіп, есектің артын сүртсең де пұл тап» деп
Абай атамыз айтқандай ол бұған бола арланбайды.
Қайта, аршындап алға басады, егіншілік, имамдық

кәсіптерінен сырт, босай қалғанда, кішкене сандығын
арқалап тау асып, тас басып, аяқ киім жамау кәсібін
табандылықпен жалғастырады. Жолдасы Жұмагүл де
оның бұл құлшынысын барынша қолдап бет алдынан

қақпайды. Отағасы оған да бекер отырмасын деп
Борбосын қыстағындағы бастауш мектептің қасынан
шағын дүкен ашып береді, ол кезде, ұлы Юсуп те
төртке шыққан еді, Жұмагүл жолдасы аяқ жамап сыртқа

кеткенде ұлын қолынан жетелеп жанынан тастамай
ертіп жүріп, үй шаруаларын ойдағыдай атқарғаннан,
сырт дүкенінде уағында ашып, күнделікті саудасын
жүргізіп отырса, бір жағы, Алладан аяулы жарының

амандығын тілеп, жүрген жолына шуақ болып төгіледі.
Ал, бұл кәсіпте екеуін жерге қаратпайды. Ел алдына
түспесе де, сырттағы қарыз пұлдарынан ада-күде
құтылып, бір шыны шайларын алаңсыз отырып ішетін

дәрежеге жетеді. Ал Асқанбай үшін ел аралап аяқ
жамау кәсібіне қарағанда бір шама ауыр сезіледі, оның
үстіне, дәйім ел аралап жүруге қайдағы уақыт. Ақыры
мұны да қысқартып бір орында тұрып пайда табатын

жүзік, самаурын жасайтын әсемдік өнерін зер сала

үйреніп бір мезгіл сонымен шұғылданады. Бұл кәсіпті
2009 жылға дейін істейді. 2009 жылы күзде Нылқы
ауданы Жың гүңше шаруа Дұи қыстағы мешітіне имам
болып орын алады. Бұл жерге келген соң да бекер қарап

жатпайды. Бір басына сан өнерді тәуелдеген аңғарлы
азамат он ойланып, жүз толғана келіп, 2010 жылдың
күзінде бүгінгі тілімізге тиек болып отырған «Асқанбай
қазақи нандары» дүкенін ашып наубайшылық кәсібімен

шұғылданады. Ол қазақы нандарын базарға салғаннан
сырт, жаз, күз мезгілдерінде, қымыз, сүт, айран секілді
ұлттық өнімдерді де айналымға түсіріп, күніне 350
қазақи нан, 80 литр сүт, 40 литр айран сатып айлық таза

кірісі 5 жарым мың юаньнан асырады. Ол бүгінгі күні
жұрт қалауынан шығып, өз алдына игілік жаратып,
кірісін молайтып ауқатты отбасылардың біріне айналса
да, бірақ, қиыншылық қыспағында қалған көмекке зәру

жандар мен екі қолға бір жұмыс таба алмай қоғамда
саусылдап бос жүрген жастарға жарқын жол нұсқап,
оларға демеу беруді де есінен шығармапты. Оның айқын
бір дәлелі қиыншылығы ауыр Сағатбек отбасындағы

Бағаргүл есімді оқушы қызды бірінші кластан тартып,
сегіз бітіргенге дейін өз қаражатымен оқытып келсе,
ал, сегіз бітірген соң аудандық кәсіптік техникалық
мектепке үш жылдық аспаздық кәсібіне беріп, жыл

сайын 5 мың юань қаржы жұмсап тағы да оқытып
келеді. Оның үстіне, осы наубайшылық өнерін үйреніп,
өз алдына кіріс көзін тауып біртіндеп баю жолына
түскен азаматтар да аз емес, бұған мысал, Бибінұр

мен Рамазан секілді жұмыссыз жүрген бір жұп жас бұл
өнерді Асқанбай ағадан келіп бақандай бір жыл үйренген
соң, көп өтпей облыс орталығы Құлжа қаласынан
арнаулы маңдайшалық іліп, қазақ наубайханасын

ашады. Олар қазір сол жерде күндері көңілді, істері
өнімді саудалары жүріп, жақсы күн кешіруде. Қашан
да елге жақсылық істеуді өзіне үлкен борыш санайтын
аяулы азамат бұл күнде де Нұркамал, Жұмабек секілді

жұмыс күтіп жүрген екі бірдей атпал азаматты тағы да

ақысыз тәрбиелеп отыр. Асқанбай міне, осындай ізгі
істерімен де жұрт көңіліне орнап күн өткен сайын өз
рөлін сәулелендіріп келеді. Ол Жың гұңше шаруа Дұи
мешітіне имам боп келгелі бері де, аудандық ұлттық

дін істер комитеті жағынан «бесте жақсы имам» болып
маңдайы жарқырап сыйлық сахнасына шықса, аудандық
кәсіптік орта мектебі жағынан «ибалы, мәдениетті
ұрпақ өсірген өнегелі отбасы» болып бағаланады.

Сөз соңында, біз бұл азаматқа бір күніңнен бір күнің
көңілді болсын деген шын ниетпен болашағына бұдан
да зор табыстар тілейміз. Лайым аспаның ашық, жолың
даңғыл бола берсін, ардақты азамат!

19 - 3 - 2012

Еркенің қызығы
Повесть
Төбесі артына еңкіш жабылған екі бөлмелі ескі
там үйдің алдының ағы көшіп, жаздайғы жаңбыр суы

мал таптап кеткен қара бас шалғындай жосалап із сап
тастапты. Ауыл орталығынан автобусқа отырып таң ата
жолға шыққан Ақылбай төрт жағын топырақ таммен
қоршаған шағын ауланың алдына келіп, аңырып аз

тұрды да, ағаш қашаның үстіңгі, екі белдеуін еппен
алып, ішке қадам тастады. Оған дейін алдынан әуектеп
қарсы ала шыққан ешкім болмады. Батыс терістік
жақтағы неше жыл бойы жел кеміріп, жауын шайған

ескі там қорыққа екі аяғын асып алып, тоғыз жасар бір
бала ойнап отыр. Тегі тұлпар мініп алса керек, ес-ақылы
соған ауып, екі жағын кендір қураймен кезек сабалап,
мойыны жорғалаған үйректің мойынындай имеңдеп,

алдыңғы жағына іркіліссіз ұмтылады. Ал, там қорық
мәңгі тырп ететін емес...
Ақылбай оған сыртынан сескене бір қарап қойды
да, дымы ішіне түсіп, анадайда аңырайып ашық тұрған

шарқыш есікке қарай жол алды. Іш жақта әлдекімдердің
маңқылдасып,
сұхбаттасып,
сөйлесіп

отырғаны
құлаққа естіледі. Аузы шығысқа қараған бітеу қой
қораның алдында байлаулы жатқан Ақтөс қара қаншық
мына келген адамға басын көтере бейжай көз тастап,

«маңқ» етіп бір үріп қойған соң жайынша жата берді.
Шағын ауланың іші сарықурай мен өрпі бас кендірдің
қу сабағына лық толған. Шалғымен шауып тастағанына
ұзақ болған сықылды, жер бетінен бір қарыстай түбірі

көрініп, шым-шытырық айқасып жатыр.
Ақылбай – ауыз үйге кіргенде, төрт қабырғаның
жапсарындағы дірілдеген жұқа торды, киіз үйдің шаң

басқан шаңырағы мен алты қанат керегесін және бірінің
үстіне бірін баттастырып жинаған уық-туырлықтарды
көрді, үйдің төбесіндегі сырғауыл ағаш пен арқалықтың
тұтас өңірін жауын суы келсе-келмес шиырлап тастапты.

Ол мұнда көп кідірген жоқ, айналасын қырағы көзімен
қыдырта бір шолып өткен соң ішкі үйге қадам тастады.
ـАссалаумағалайкүм - деді өздерінше әңгіме
дүкенін құрып, мәз боп отырған кемпір мен шалға.

ـУағалайкүмассалам! Кел, төрлет! жайша жүрсің
бе? Ә, келіннің денсаулығы қандай? Есбол ержетіп
қалған шығар. Ол биыл оқу жасына толды ғой, мектепке
бердіңдер ме?, - деді шал ортаншы ұлының ойда жоқ

жетіп келгеніне таң-тамаша болып.
ـАман-есен жатырмыз. Шұғыл шаруам жоқ, сол
сіздердің амандықтарыңызды білейін, - деп. Есбол бір
айдай боп қалды, ауданда істейтін балдызымның үйінде

жатыр. Оны ханзуша оқытамыз ба деп әдейі солай
жібердік, ауылда да ханзуша мектеп бар. Бірақ, сапасы
жақсы емес. Содан аудан тәуір деген соң өткенде солай
жібергеміз. Осы бір аптаның алдында не боп жатыр

екен деп әдейі барып келдім, тіпті, үйді сағынатын емес,
балдызымның Есбермен қарайлас тұңғыш ұлы бар еді,
сол екеуі қайда барып, қайда жүрсе де бір-бірінен көз
жазбайды екен. Мектеп іші қандай дыр-думан. Ойын

баласы болған соң ақыл-есі соған ауып, таңның атып,
кештің батқанын сезбей қалатын секілді, үйдің қазір
қадірі болмағанымен, уақыт ұзара келе есіне алар, мені
сағынар деп шешесі жүр.

Ақылбай өзінің ішкі ой ағысын аса шалқыған көңіл-
күймен осылай баяндап еді, кемпір:
ـЕ, жақсы бопты онда. Әйтеу, ел қатарлы күнін
көрсін. Басқа не дейміз - деді сүйей салды жауап беріп.

Шал ол сөзін аяқтай бере: «ей, шайыңді жөнде» деді
бұйыра сөйлеп. – қазір сағат неше болды өзі. Анау күн
нұрының терезеден төте түсіп тұрғанына қарағанда,
түс болды-ау деймін.

Шал – Ақылбайға өтіне көз тастады. Ақылбай

білегіндегі сағатына қарап, уақыттың түске таяғанын
айтты. «Бәсе» деді шал болжамының бұрыс кетпегеніне
іштей риза болып.
Кемпір жақ қарысын ашпады түскі шайді демдемек

болып, орнынан тұруға қам жасап еді, бойына біткен
байырғы сырқаты қайта қозды.

- Ойбай-ай, қу тізем-ай, қараң қалғыр! Анда-санда

өстіп ұстап қалады. Дәрі ішсем де басылатын емес,
айтарға болмаса, әбден мезі болдым.
Кемпір бір қолымен жер таянып, бір қолымен
тізесін басып, орнынан екі-үш ұмтылып зорға тұрды.

Ақылбай шешесін демеп тұрғызбаққа қам жасап еді,
кемпір одан бұрын оңшалып тұрып кетті:

– Дәріні уағында ішіп жүрсіз бе, жоқ күн аралатып

па?-деді шешесіне жаны аши қараған Ақылбай жақсы
жауап алмаққа.
Кемпір кесірлене сөз бастады:

– О,.. Оның несін сұрайсың. Жатыр ғой әне қап-қап

болып. Иә, онысы ауырған жерді бір баспайды. Көңілім
тартса ішем, әйтпесе ода жоқ.
Ақылбай сөз қайтармады, үнсіз қалды.

– Шешең осындай адам. Дәріні уағында ішпейді,

ал, ауыра қалса дүниедегі бар пәлені басына үйіп төгіп,
құлақ етіңді жейді, - деді шал жауап ретінде өз көңіліне
бүккен шын сөзін айтып.
Кемпір екі сөздің бірінде келіні мен Есбер жайлы

өз көзқарасын білдіріп, шалының сөзін елеп те қойған
жоқ, Ақылбайға шай демдеп ыдыс-аяқ жақта жүріп
алды.

– Бізде сол жұмыс басты боп келе алмадық, - деді

Ақылбай шешесінің сөзі аяқтай бере, - әне барамыз,
міне барамыз деп жүріп, ақыры бүгінге әкеп соқты.
Келіндеріңізде келемін деп сонша құлшынып еді, оған
аяқ астынан шұғыл жұмыс шығып қалды да келе алмай

қалды.

– Е, бопты онда. Келмеді деп кейімейміз. Әйтеу,

аман жүрсеңдер болды ғой... Бізден мән-жай сұрасаң

осы міне. Күнделікті күйбеңмен кібіртіктеп өтіп
жатырмыз. Қартайған соң денсаулық та жақсы емес,
бірде алай, бірде былай. Әйтеу, құдайдың берген әл-
қуатында қалтақтап әрең жүрміз - деді шал демін ішіне

тартып терең тыныстап арқасын артындағы жиналған
жүкке берді де, аяғын алдына қарай еркін қосып.
Ақылбай үндемеді, жауап ретінде жайғана бас изеп
қойды.

Көп өтпей, дастарқан жайылып шай құйылды.
Ақылбай екі-үш шыныға дейін анадан, мынадан әңгіме
қозғап отырды да, ендігі кезекте келген мақсатын
кемпір мен шалға шындап айтуға бекінді.

– Рас, шәй үстінде келген бұйымтайымды айта

отырайын. Бұл жолы Ешенді алып кетейін деп келіп
отырмын. Мына таулы өңірде, мектеп болғанымен,
жағдайы өте нашар. Оның үстіне тұрақты емес,
көшпелі. Бастауышты бітірген соң баяғы ұқсас ойға

түсіп оқиды. Оданша, бастан-аяқ бір жерде жатып
оқысын. Міне оқу жасынан да асып барады екен. Енді
кешіктірсе болмайды. Қазір заман бұрынғыдай аумалы-
төкпелі емес, әлгі «төрт көнені жоғалтамыз», «сыртпен

қатысы бар бұзық элемент», «бай малын кәмпескелеп,
баласын барлық тиімді жағдайдан шектейміз» дейтіндер
енді жоқ, қоғамда бай-кедей деп бөлінбейді, барлық
адамның терезесі тең. Ешен тым болмаса қара танып

сауатын ашсын. Жаңа оқу маусымы басталғалы да екі
апта болыпты. - деді шорт-шорт сөйлеп.
Төрінен көрі жуық екі кәрі мына сөзді естігенде,
Ешенді оқуға берер-бермес болып, аз-кем дағдарып

отырып қалды. Үй ішін үнсіздік басты. Әудемнен кейін
сөз кезегін шал алып қолындағы шай құйған кесесін
алдына қойып, тер сасыған ақсұр марлы шытымен
екі жақ самайын, аузы-басын сүрте отырып, тамағын

кенеп алды да, сөзге кірді. Ал, кемпірде үн жоқ, терең
толғаныс үстінде.

– Е, айтқаның да жөн. Бірақ, ол әлі жас. Ақылы да

тола қоймады, апарғаныңа қарай сабағына ілесе ала

ма? Мәселе сонда тұр. Біз ғой оқымаған қараңғы адам,
оның үстіне, жас та жетті. Айта берсең алып кел, барып
келге бір кішігірім қолғанат болмаса, таяққа сүйеніп,
тәлтірек қаққаныңмен, іс бітпейді екен. Қазір не күй

қалды ғой дейсің. Өзімізге салса, Ешенді жанымызда
болса дейміз, алдаусыратып отырғанға да бала керек,
оқып ұшпаққа шығады дейсің бе? Алдындағы аз малын
қайырып алса да жетеді - деп үнсіз тынып еді, кемпір

іліп әкетті.

– Шал айтқандай біз болсақ қартайдық, бұрынғыдай

өзімізді-өзіміз алып жүретін дәрмен жоқ, қазір
буын-буынның кілтілдегенін былай қойып, көзден
де, құлақтан да кете бастадық. Анаған, мынаған
жұмсағанға қол-аяғы жеңіл қолғанат қажет екен. Ешен

қарғамның арқасында көп нәрсені білмей отырмыз.
Аз балалыққа салынып ойнап кеткені болмаса, ойына
алған істі опырып, істеп тастайды. Ол кетсе не күн
көреміз. Әйтеу, көз алдымызда жүрсе, төбеміз көкке

жеткендей жадырап қаламыз. Оқуын оқып қайтеді?
Оданша, осында жүре берсін. Бетімнен қақты деме!
Ешенімді ешқайда жібере алмаймын. Келінге де осыны
айта бар, - деді бастапта байсалды қалыппен сөйлеп

келе жатып, аяғына келгенде қабағын шытып қаталдау
үн қатып.
Ақылбай аңырып аз отырды да, артынан аса бір
салмақты қалыппен сөз бастады:

– Айтқандарыңыз әрине дұрыс. Бірақ, оның «алып

кел, барып келі» не қызығып ертеңін ойламасаңыздар
бола ма? Мынау кешегі қара дүрсін заман емес, дәуір
талабына сәйкесе білмесе, күндік азығын тауып жеу
қиынға соғады. Жақыннан бері қатысты орындар

бірлесіп, мектеп жасына толмаған балаларды түрлі
сылтаумен оқуға бермеген отбасыларға қатаң шара
қолданады, деген заң шығарды. Ол келетін болса,
Ешенді бәрібір оқуға бересіздер. - деп сөзін тұжырып

еді.
Шал шақшия қалды:

– Осы сен не сөйлеп тұрсың бала. Үй, оқуыңның,...

Қарашы
айтып
отырған
сөзін.

Баланы
оқыту-
оқытпауды ел біле ме екен? Қане алдыма әкелші сол
айтқан өкіметіңді, көрейін өнерін! Сен де оқимын деп

жетістірген жоқсың. Қолдағы қорды шашқаныңмен
қоймай, бізге тигізген бес тиын пайдаң жоқ, ауылға
бардың да үнсіз жатып алдың. Сенен басқа елдің
баласын қарашы әне, қойын құрттап, айранын ұрттап

ата-анасын бағып-қағып қасында отыр. Балалары да ес
жиып, етегін жапты. Сенші, оқимын деп жай үйленіп
көрген күнің мынау - деді алдындағы кесесін қолына
алды да, тураған нанын сақпымен іліп, асықпай шайден

ұрттап.

– Олай демеңіз, оқығанның бәрі аэроплан ұшырып,

болмаса бастық болады деген ұғым шықпайды. Ол әр
кімнің өз жағдайына байланысты шаруа, - деді Ақылбай
деміге тіл қатып.
Енді оған кемпір қыртиды:

– Ауылдан келгендегі шаруаң осы ма? Амандасқалы

келгенің бос сөз болды деші онда. Қой қарақ Ешенді
бере алмаймын. Екі-үш күннен бері денсаулығы болмай
жүр. Бүгін таңертең шөп жинағандардан әрең алып
қалдым. Олар өгізге мінгізіп, шөме сүйреткіземіз, -

дейді. Осы күні ойнап жүрген ешкім жоқ, анау екінші
ағаң Сәрсенбай да құдайдың құтты күні бір тыным жоқ,
үлкенін қойшы отын-суы бөлек. Ешкімге иек сүйемей,
өз жанын өзі бақса да жетіп жатыр. Шәкей (Сәрсенбайды

айтады) биыл көктем шыға шабыстың маңынан мая
жинайтын қорық соққан еді, соған өткеннен бері
шабылған шөпті жинап жатыр, бүгін мен бес күн
болды, алғашында айналадағы көрші-қолаңдарды бір

күн көмекке шақырды да, одан соң жанына адам алып
істетіп, өзі жалғыз ақ тер, қара тер боп жүр. Сенде оған
келіп жәрдемдеседі екен десе, «өкімет әйтті, өкімет
бүйтті» деп аш құлақтан, тыш құлақ, ойға бардың да

үнсіз жатып алдың... Е, анау інің Әлімбай оңған бала
болмады. Бірдеме десең, делебесі қозып «дікек, дікек»

етеді. Қу түйнектің мына қарбалас жұмыс уақытында
қайда қаңғып кеткенін білмейміз. Оны да биыл бір жер
тапса көп әуектетпей үйлесек деп жүр Шәкей. Қайда
жүрсе де іштен шыққан шұбар жылан ғой, аман болса

екен, - деді сұлқыны түсе дүрдеараз тіл қатып.
Осы кезде, өз ойымен үнсіз отырған шал иегіндегі
шоқша сақалы шошаң етті де, кемпіріне кегжие
қарады:

– Рас, Ешен қайда? Шақыршы бері, келіп елмен бірге

шайын ішсін, - деді сабасына түскендей салмақтана
сөйлеп.
Кемпір үйде отырып, Ешеннің атын атап шақырып
еді, көп ұзамай аласа бойлы, екі беті іркілдеген, үсті-

басын шаң басқан, қолы бес баттам кір, өңі бозамық
тартқан бір бала алшаңдай басып, үйге кіріп келді. Келді
де, Ақылбайға ежірейе бір қарап қойған соң, кемпірдің
қасына, сыпының жиегіне барып, «не жұмыс» дегендей

бұртия көз жүгіртті:

– Шайыңды іше ғой қарғам. Қарашы әне! Кім келіп

тұр!? Барып қол беріп амандас. Әйтпесе, құлағыңды
кесіп алады. Менің ботақаным жақсы өзі, сүйт бол.
Ұят болады, - деді кемпір «кенжетайын» келген жерден
көпшік қоя әуектетіп.

Сол-ақ екен, Ешен май басқан «құж» мойнын
жиырып, кеудесін шіреп, алақанын ашып сыртына
қарай қайырып, сыздана қалды да: «уай,..» деді кемпірге
кегжие қарап.

Кемпір одан бетер әуектетіп әкетті:

– Ал, ал. Амандаспасаң бопты-шы! - деді Ешенге,

езу тарта, елжірейе қарап.

– Кел, қолыңды жуып, шайыңды іш, - деді шал

жайдарман көз тастап.
Бала баяғы әдетіне басып кеудесін шіреп, тағы
да: «Уай,..» деді тап әлемнің жұмысын тындырып
тастағандай.

Кемпір оны қостап: - Қойсаңшы шал, жумаса
жумай-ақ қойсын. Жас баланың періштесі бар. Онда

нең бар сенің, келе ғой шайыңды ішші, шайыңды іш -
деді жанынан орын нұсқап.
Шал үнсіз қалды, Ешен аяғын шешпестен кемпірдің
жоғары жағына шықты да, бес баттам кір басып, күздің

қоңыр желіне тілініп кеткен лас қолымен дастарқаннан
бір жапырақ нанды алды да, езуге салып жұла тартып,
шыпылдатып шай іше бастады. Аз уақыт тізесін бүгіп
жүрелеп отырған еді, артынан табанын тамға тіреп

екпеттеп жатып алып, қолындағы нанды аузына тістеп
бір жұтымнан шайға салды да, сәл тұрып жібіген соң
кір қолын матырып шыныны бетіне киіп шыпылдатып
ішкенге түсті.

Ақылбай оның бұл қылығын көргенде жүрегі
лобып, дастарқан басына құсып өте жаздады.
Жас әке бетке алған ісін берекемен бітіріп, тұла
бойы тұңғышын шал мен кемпірдің қолынан зорға алып

шықты. Оның осы рет таудағы үйін туралап келген келісі
шынында тегін емес-ті. Жұбайы Күләш бір талайдан
бері тұңғышы Ешенді өз қарауына алып ержеткізбек
ойы бар болса да оған Ақылбай бір ауыздан қосылмаған.

Себебі, Ешенді бір жасқа шыға, әке-шешесіне қолғанат
болсын деп солардың қолына қондырып берген.
Сондықтан, сөз сабақтауға бата алмай ішінен тынып
жүрген. Бірақ былтыр күзден бастап жұбайы оған

жоқ жерден қиғылық салып, құлағын шулатып қырын
кетіре берген. Әсіресе, биыл көктемнен қазірге дейін
екі сөздің бірінде Ешенді ауызға алып, Ақылбайды
болмайтын іске зорлап, неше рет келісіңкіреп қалған.

Алдыңғы күні Күләш кешкі шай үстінде Ешен туралы
тағы да дау тудырып, Ақылбайдың миын жеп болмаған
соң ашуға басқан ол кеше таң ата тау қайдасың деп
тартып берген. Міне бүгін жағдайы оңынан кеп сапары

сәтімен аяқталып, ауылына қайтып барады.
Автобус терезесінен сонау алыс атырапқа тұнжырай
көз тастап терең ойға кетіп отыр. Тасжол жиегіне төрт

қатар тізілген ақ теректермен одан арғы кең көсілген
атыздықтар көз ілеспей артта қалып барады. Атызда
біреулер сабан жинап, біреулер масақ теріп, біреулер
қырман басында бидай қалталап, біреулер астық тиеп

қарбалас жүр...
Ешенді қолға келтіру бір ойдан оңай болған жоқ.
Дегенмен, кей істе адам таңғаларлық қызық жайттер
ұшырап отырады. Сол сияқты сәті келгенде шал тосын

жіби қалды да, кемпір күтпеген жерден оның сөзін
қостап:

– Бопты, оқыса оқысын. Бізге де бір құдайдың

берген күш-қуаты, жақсы күні бар шығар - деп үнсіз
тынған.
Әңгіме былай еді: Ешен екпеттеп шәй ішіп жатып,
Ақылбайға бағжия бір қарады да: «ей сенің үйіңде мен

ойнайтын ойыншықтар бар ма?» деді ойда жоқ, Ақылбай
«ей» деген әдепсіз сөзді естіп кірпідей жиырыла қалса
да, онысын сездірмей мейірлене көз тастап: «бар» деп
еді, ол: «не» деп жауап қатты аптыға.

Ақылбай кідірмеді, аузы аңқайып қарап қалған
Ешен: «мылтық» аты шыққанда, екпеттеп жатқан
жерінен: «о» деп атып тұрмасы бар ма? Содан бастап
құдай көзін ашсын! Шал мен кемпірдің құлақ етін жеп,

Ақылбайдың үйіне барамын деп торғайдай мидың
тозы-топалаңын шығарды. Сабыры сарқылған шал:

– Бопты барса барсын. Жас баланың бет алдынан

қақпайық! Тәңірі жарылқасын! - деп еді, қайтерін
білмей ұнжырғасы түсіп, отырған кемпір де күтпеген
жерден қосыла кетті.

– Мейлі онда, әнеукүні Шәкей де осы баланы

қараңғы қалдырмай оқытсақ, - деп жүрген. Құдай
аузына салды ма? Бүгін Ақылбай арнайы кепті деп
жадырай қалғаны.
Ақылбай автобус терезесінен сыртқа көз тастап

Ешенді ойға әкету барысындағы көлденең істерді
ойлап, тұнжырап терең ойға батып отырған. Тосын:

– Ей, ей біз қайда кетіп барамыз? Маған қазір

ойыншық мылтық тауып берші. Мына адамдарды
туралап атып ойнаймын - деп еді, терең қиялға батып
отырған ол селк етіп есін жинап тұңғыш ұлына түксие
қараған.

– Ей, тартпа етектен. Не деген көргенсіз баласың.

Мына елден ұят емес пе? Тыныш отыр, - деп еді, Ешен
аузын шүршитіп:

– Уай, маған мылтық тауып бер. Қазір ойнайым.

Әйтпесе кетем тауға - деп өкпесін айтты да, соңынан
кілт өзгере қалып, Ақылбайға өшіге көз тастады.

– Үй, өтірікші адам, - деп жұдырығын түйіп әкесін

үсті-үстіне төпештей бастады. Автобус ішндегі жұрт
біткен орталықтағы қос орындықта отырған әкелі-
балалы екі жазғанға төне қарап қапты. Ақылбай
қайтерін білмей сасқалақтап қалды. Өлмегені қара жер

болды. Ұрсайын десе, оның жөні болмаған. Онсыз да
өршіп отырған тексіз неме ұрысқанды біле ме? Қайта
одан бетер үдеп енді сол қалғандай автобусты басына
көтеріп бақырып-шақырса, құдайдың құртқаны сол.

Ақылбай терісіне сыймай, түтігіп отырса да, Ешен қой
деген сөзді ұқпай үсті-үстіне төпештеп ұра бастады.
Ақыры болмады.

– Болды ей, тыныш отыр - деп еді, солақ екен,

елдің құлағын сасытып азынап қоя берді. Жұрт
ырықсыз күйге түсті. Тұс-тұстан қомпылдаған ауыздар
біліне бастады. Танымаса мейлі деші! Тәңір атқанда
Ақілбаймен істес болмаса да, бір жердің дәмін татып,

суын ішкен құрбы-құрдасынан бір-екеуі бар екені аян
болды. Жаңадан бері арт жақта отырғандықтан, көз
нұрына ілінбей тысқары қалған жайы бар-ды. Ақылбай
қайтерін білмей қысылып отырғанда, олар артжақтан

айғай көтеріп, бықсып тұрған шала қозды одан бетер
өршітуге сұқтанды.
ـӘй Ақылбай мынауың кім өзі? Тұрпатына
қарасам тегін емес көрінеді. «Қой үстіне бозторғай»

жұмыртқалаған мынадай тыныш заманда, аяқ астынан
дүниеге келген арыстан кеуделі қас батырдың өзі-ау

деймін. Жақсырақ тәрбиелесе болғалы тұрған бала
екен, әй, бірақ, бұл жер оған сәйкеспейді, мылтық
сұрағанына қарағанда, анау ит арқасы қиянда жүріп
жатқан соғысына апарып салса болғандай.

– Мынау жақсы ақыл екен, меніңше сүйткен оң.

Ең қызығы, бұның мұндай ержүрек батыр, кеудесі
Күләш екеуіңнен мүлде басқаша. Байқайым, перінің
баласы болса керек - деп онсызда өртеніп әрең отырған
Ақылбайға мынау одан бетер ауыр соққы болып тиді.

Тап осы шақта Ақылбаймен қатарлас отырған біреу:

– Ей, қарағым қайтесің өзі. Бесіктен белің шықпай

жатып басқа шапшығаның неғылғаның. Қой үйтпе.
Бала деген әдепті болуы керек. Тыныш отырмасаң
құлағыңды кесіп алам, - деп еді, Ешен оған түксие көз
тастады да: «не, үй әкеңді..» деді көз шарасы жасқа

толып.
Ол түтіге тіл қатты:
ـҮй мына бала не дейді, ә. «аяғын етік, аузын шеше
қыспаған» тексіздің өнегесін қарай көр - деді терісіне

сыймай түтіге тіл қатып. Ақылбай қысылған да айтпа!
Төбе шашы шымырлап, екі бетінен от шығып кете
жаздады. Ешен өзіне қадалып отырған кісіге қарсы сөз
айтып болатын емес, қойшы әйтеу, әдептен әліге дейін

аттап көрмеген сөзі мен іс-әрекеті бірдей байсалды
педагог Ақылбай тұңғышын өзім апарып, оқытам деп
үйіне барғанша автобус ішінде көрмегенді көрді, Ешен
өршеленіп болмаған сайын: «шіркін ешкім көрмейтін

бір оңаша жер болса, кеңірдегін сығып сылқ еткізіп
өлтіре салсам» деп жаман қиялдар басын шеңбектеп
қаншалық азаптанды десеңші!
Басқасын қойып, Ешенге қадалған бейтаныс біреу

мен арт жақтағы екі құрбысының және жан-жағын
қоршап отырған елдің «көргенсіз, тексіз», «бесіктен
белі шықпаған біліксіз», «көрген өнегең осы болса, сені
тапқан ата-ана не жетіскен біреу ғой дейсің» деп айтқан

сөздер Ешенге емес, қайта Ақылбайдың өзіне айтылып
жатқандай жаман күй кешті.

Автобус үйдің қасына келіп тоқтағанда, Ақылбай
алды-артына қараған жоқ, Ешенді қолынан жетелеп
есікке қарай ұмтылды. Ешен оның қара тер басып
қысылып жүргенін қайдан білсін?!

– Ей, Ақылбай қолымнан жетелеп қайда апарасың?

Маған үйіңе барғанда торғай ататын мылтық әпересің,
иә - деп өзінше әлем-жәлем. Іле-шала, Ақылбайдың
артынан екі танысы да, Ешенді итере-митере есік жаққа
беттеді.

– Бас, тез аяғыңды.

Ешен артына бұрылып қарай алмады.

– Итерме ей, мені сен таптың ба? - деп қалай болса

солай парықсыз сөйлеп автобустан түсті әйтеу. Оны
көрген айналадағы адамдар жағаларын тістеп, талай
уақытқа дейін таңдай қағысты:

– Алла, мынау ел көрмеген сұмдық қой. Құдай

пәлесінен сақтасын! - десті бәрі де бірауыздан.
Ақылбай Ешенді ертіп үйге келгенде, Күләш түскі
шайын демдеп, есік алдында жүрген болатын. Күйеуіне
жай амандасты да, Ешенді көріп бас салып құшақтайын

деп еді, оның алқам-салқам түрі мен тілім-тілім болып
жарылған қолын, бет-аузын көріп, жүрегі тастай қатты
да, арындап келген аналық мейірі су сепкендей тына
қалып, қабағы түсіп, ғажап күй кешті. Сонда да сыр

бермеді, дұшпан көзі болсын үшін беті-қолынан сүйіп,
үйіне бастап, аяғы-аяғына тимей құрақ ұшты. Ешен
келгенше сағат сайын сарыла жолға қарап, сағыныш
мауқымы бір басылмай батпан мұң кешкен қадірлі

ана енді келіп не қара басқанын өзі де білмейді, оны
көргенде жын көргендей жаман ырымға бастайтын
жат пиғыл белгісіз бір жақтан бой көрсетті. Оңаша да
кеудесін басып:

ـАпырай, маған не болған. Мынау рас Ешен бе? Кім
өзі? Жоқ қу жүрегім жақын тартпай жатқа балап тұр
ма?-деп өзіне-өзі күбірлеп қойғанымен, Ақылбай бар

жерде әдеп сақтап аңғалақ қақты. Іштей:
ـҚайтсін бала емес пе, бірте-бірте түзеліп адам
боп кетер. Үлкен кісілерге жан басып, жаман үйренген
соң ол жатырқап, мен жат санап, біріміз-бірімізге

сыр бермей, жаман әдетке басып тұрған шығармыз,

- деп өзін-өзі жұбатып қояды. Ал, Ақылбай қанша

ашуланып отырса да, өз дерті өз ішінде болып, жолда
көрген қорлығын Күләшқа білдіргісі келмеді. Күләш
таудағы елдің амандығын шет жағалап сұраған болды
да, Ақылбай: «бәрі де дін аман екен» деп қысқа жауап

қайырып, үнсіз тынды. Аз тұрып дастарқан жайылып,
самаурындап шай құйылды. Ешен не жын жабысқанын
кім білсін бағанадан тіл қатпай томсарып отырған
болатын. Қиғылықтың көкесін шай үстінде бастады.

Алдына шай құйып еді, Ақылбайға қарап: «нан турап
бермесең ішпеймін» деп безеріп отырып алды. Ақылбай
енді төзген жоқ, сабасына сыймай шорт кетті.

– Ой, әкеңнің... Ешкімнен көрмеген қорлықты тек

сенен көрдім ғой. Автобустағы қылығың анау, енді
келіп нан турап бер, деп зар-заман саласың. Сонда
маған неғыл дейсің, - деп еді:

– Сен нақ өтірікшісің. Маған мылтық әперем дегенің

қане? Тағы есігіңнің алдында мен мініп ойнайтын там
қорық жоқ екен, кетем - деп шақшия қалғанда, мына
жақтан: «көтек, там қорығы несі» деп түнере қалған
Күләш:

– Ей Ақылбай қызық екенсің. Биттей баламен

ерегесіп абыройыңды кетіргенше, қазірше сенікі жөн,

- деп қойсаң болды ғой - деп еді, онсызда үзіліп әрең

отырған ол:

– Осы пәлені тапқан сен. Мынау адам емес ит

екен. Бүгін маған ешкімнен көрмеген қорлықты осы
көрсетті. Өлмегенім қара жер болды, әйтеу әкеп беріп,
міндетімнен құтылдым. Енді қайтсең сүйт - деп екі
қолын төбесіне қойып, азар да безер болды. Бұған

Күләштің да ашуы келді.

– По, тауыпсың ақылды. Маған керек бала саған

керек емес пе? Сонда бұл сырттан енген сіңбе болды
ғой!
Амалы қалмаған Күләш оның шынысына нан турап
беріп, қазірше айдағанына жүріп, айтқанына көнетіндей

сыңай танытты. Ешен шынысына нан туратып алған
соң, екпеттеп жатып алып, беймәлім періштесіне иек
артып, пәлен мезгіл бір жуылмаған кір қолын шыныға
матырып, жұмсарған нанды қарбытып жей бастап еді,

Күләш оның алдын тосып:
ـҚой, ей үйтпе. О несі? Көкемнің ақылы бар, жақсы
өзі. Жүгір сыртқа барып, қолыңды жуып кел - дегені
мұң екен.

ـУай, жумайым өстіп жей берем, - деді Ешен
екпеттеп жатқан жерінен сәл кеудесін көтеріп Күләшқа
кегжие қарап.
... Шайдан кейін Күләш оның басы-көзін жуып, таң

атса ауданға апарып, басынан-аяғына дейін су жаңа
сым-шапандармен малындырып, сәрсенбі сәтті күні
Ақылбайға қосып, мектепке жібермек болып дайындық
жасады.

Бірақ, бетке алған мақсаты оның ойлағанындай
бірден сәтті болмады, Ешенді айырым үйге қалдырып,
су жылытпалап, леген даярлап: «шомылып ал» деп өзі
басқа үйге оған қатысты киім-кешек іздестіргелі кеткен

болатын. Қырқынынан шығып, қазірге дейін өз алдына
дербес жуынып көрмеген адам легенге түсіп, жуынып-
шайынуды қайдан білсін!
«Мені қасақана қамап кетті» деп ойлап шелектегі

жылыман суды ашуланып еденге, там қабырғасына
албаты төгіп-шашты, одан қалса, қарадай күйіп-
жанып, шешесі Күләштің: «біреу-міреу кірмесін» деп
сыртынан іліп қойған есікті есіре төпештеп, шағып

жібере жаздады. Ақылбай бүгін жексенбі бола тұрса да,
маңызды жұмыспен мектепке кеткен болатын. Ойында
ештеме жоқ, үйіне келе жатып, аулаға таяй бере оқшау
салынған шайхана үйдің іш жағында әлдебіреудің есікті

есіре төпештеген дауысын естіп, жүгіріп келіп есікті

ағытқанда, күтпеген қияпат жағдайға тап болды. Еден
үсті шылқа су, там қабырғасы шыпылдап тершіп кетіпті.
Ақылбай Ешеннің қылығын көргенде, өзін тежей алмай
дірілдеп-қалтырап кетті. Осы кезде, есіктің тарс-тұрс

дауысын естіп, Ешенге лайық киім-кешекті асыға
жүріп, іздеп тапқан Күләш та ентелеп шайхана үйге
жеткен. Келді де, кеспірсіз тұңғышының қылған ісін
көріп, төбе шашы тікірейіп терісіне сыймай кетті. Бірақ,

қанша ашу шақырғанымен болар іс болды, бояуы сіңді.
Оған не шара? «Тілеп алған ауруда дауа жоқ» деп сәл
болса да сабасына түскен ол күйеуінің алдында ашуын
ақылына жеңдіріп, әдепті бейне танытты. Ақылбайды

ашу қысып, атылып кете жаздап әрең тұр.
ـӘй,...й енді қайттық. Жоқ жерден бір пәле тауып
алдық па не? Мен мұны әкелмей-ақ қояйық, сол жерге
сіңіп жүре берсін, - деп бұрыннан зарлап келемін. Оған

қанша айтсам да көнбедің. Ал, енді әкеліп бақ. Іштен
шыққан шұбар жылан болса да, шектен асқан қылығын
көріп шыдап тұра алмайды екенсің - деді екі бүйірін
таянып кейи тіл қатып.

Күләш оған басу айтты:

– Болды қойшы енді. Мұның мынадай парықсыз

екенін қайдан білейін?! Жас болса да ес кіріп қалды
ғой, мен шомылдырсам ұялып жүрмесін деппін!
Сөйтсем көрсеткен сойқаны мынау. Үлкен кісілер
еркелетіп әбден басына шығарып апты. Бопты енді,

болар іс болды. «Жас өсіп, жарлы байыды. Ешен қазір
мұншалық сүйкімсіз болғанымен, күн ертең бойын
түзейді, ел қатары есін тоқтатады, кемшілгін сонда
барып таниды» - деді қабағы түсе тақпақтай сөйлеп.

– Мені неғып үйге қамап қоясыңдар. Өлтіресіңдер

ме? - деді Ешен Күләшқа айқұлақтанып.
Күләш:

– Сені үйге қамап өлтіреміз деген кім бар, үсті-басы

кірлеп кетіпті, жуынып алсын дедік. Соған айыптымыз
ба? - деді Ешенге зілдене көз тастап.
Ешен:

– Мен шомылмаймын. Тауға кетем, апам мен

атамның қасына барам, қорыққа мініп ойнаймын - деді
де өзге бір ой ұшығын жылт еткізді: - апам маған жас
баланың періштесі бар, сол денені кірлетпей, беті-
қолды көрінбей жасырын келіп жуып береді деп айтқан.

Осы кезде Ақылбай сөзге кірді:

– Ешен ақылы бар, жақсы өзі. Сөзіме құлақ сал.

Үлкендер боғын жеп айта береді, адам ең жақсысы, күн
сайын жуынып-шайынып тұруы керек - деп еді, оған
құлақ асатын Ешен қайда? Бір десе, екіні айтып ерінін
шығарып, ерегесіп беттен алды да тұрды.

Төзімі таусылған екеу ойлана келіп қысым түсіру
арқылы өздері қол салып жуындыруға кірісті. Ақылбай
есікті ішінен мықтап ілді де, Күләш баланы шешіндіріп
әбігерге түсті. Бірақ, Ешен үй ішін басына көтере

азандап екеуіне көрмегенді көрсетті. Көзді жұмып
көлге түскен олар баланың бақырып-шақырғанына
қарамады. Екі жақтап жүріп, бірақ шешіндіріп еді,
бір күлімсі тер исі үй ішін кернеп кетті. Ақылбай

шыдаса да, Күләш шыдамады да, терезенің бір көзін
ашып, ішінен пердені түсіріп, аузы-мұрынына жұқа
жаулығын қос қабаттап таңып, жабал іске кірісті. Сырт
киімін былай қойып, іш киімі де ауыспай ұзақ жүрген

тәрізді, етпен ет боп жабысыпты да, жауырын жағы
тер сіңе бергендіктен, бірақ шіріп кетіпті. Қол тисе
болды, өздігінен іриді де дар-дар айырылады. Екеуі
баланы бастан-аяқ шешіндірген соң үлкен легеннің

ішіне зорлықпен түсіріп, жуындыра бастады. Ақылбай
су құйып, Күләш үсті-басына сабын жағып, кірін езіп,
бір үлкен жұмыстың басын қайырып тастады. Етпен
ет боп жабысқан бес баттам кір қолмен ысқан сайын

шиыршықталып сыртқа шығып, оның орыны қанталап
қызарып қап жатты. Бала жаны мұрнының ұшына келіп
жылап отыр. Жаңалап су құйған сайын бірдемеден
секем алған қояндай «селк-селк» етеді. Оған назар

салған ешкім болмады. Жанталас қимылға түскен ерлі-
зайыптылар Ешенді ортаға алып, жуып-шайып жатыр.

Сақар сабын ысылған жері мен жарылған беті-қолына
тиген сайын апалап, аталап жылаған Ешен ешкімнен
рақым күтпеді. Күләш оның кұс басқан қолындағы бес
елі кірді сабындап тұрып ысқанда, теріні жарып қызыл

қан тепшіді. Осы күні шыт жаңа дүниеге енгендей
болып, ертесі түс ауа көзін ашқан ол далада жүргендей
сезімге бөленіп, төсегіне қоя беріпті әуелі.
Ақылбай мен Күләш Ешенді екі күн үйде

отырғызып, сәрсенбі сәтті күні мектепке кіргізбекке
бекім жасап еді, Күләш көзін ашқан Ешенді тұруға
насихаттап, төсегін жинап жатып, астынғы көрпенің
шылқа су екенін көргенде, төбе шашы дуылдап терісіне

сыймай кетті. Ешен елең ғұрлы көрмеді оны. Қабағын
шытып: «түнде шығып кетсе қайтем? Соны да менен
көресің бе?» деді көз шарасына жас жиналса да, көңілін
берік ұстап, аузын шүршите тіл қатып.

Күләш құсадан жарылып кете жаздады.
Ақылбай сәрсенбі сәтті күні Ешенді шыт жаңа
киіндіріп, мойнына боқша асып, ауылдық ұлттық
мектепке алып барды. Алғашында тосырқап келген

ол өзімен құралыптас балаларды көрген сәтте бәйге
атындай алып ұшып көңілі көтеріліп, елегізіп кетті.
Ақылбай оны тіркеу кеңсесіне барып тізімдетіп,
қатысты кітаптарын толықтап мұғаліміне таныстырды

да, класына апарып, ортаңғы партадан орын алды. Оқу
оның ойына кірді дейсің бе? Бар назары басқа жақта,
сабақ өткенде сабырлы кейіп жоқ, жан-жағына жапақтап
қарап, құдды хан тағында отырғандай өзінше мәз. Мәз

деймін-ау, қайдан келіп қайда отырғаны белгісіз, тіпті
өзін де ұмытып кетсе керек, байқаусызда артынан
шыққан арсыз жел ауа жолымен айналасына тарай
бастады. Оның исіне шыдап тұра алмаған қасындағы

парталасы мұрынын алақанымен басып, алдына қарады
да, сабақ өтіп тұрған мұғалімге:

– Мұғалім мынау осырып өтті, - деді міз бақпай.

Мұғалім артына бұрылды да, өзіне қарап ыржиып
отырған Ешенді көрді, тіпті қымсынатын емес,
масаттанып отырғандай. Мұғалім қайтерін білмеді,
жебей басып Ешеннің қасына барды да: «мұның не

қылық» деді қабағын шытып. Оқушылар енді сезгендей
мұрындарын басып, Ешен жаққа тесіле қарап қапты.
Ешен именбеді, мұғалімге тіке қарады да: - ішім ауырып
кетсе қайтем? Содан қоя бердім. Рас, дәретке барып

келсем бола ма? - деді жай-жадыра отырып. Мұғалім
оны йықтан алды да, сүйреп отырып, далаға шығарып
тастады - не деген көргенсіз еді, кластың іші сасып кетті
ғой. Терезені ашып қойыңдар! Ешен сол кеткеннен

қайтып оралмады, мұғалім да қузамады. Демалыс
қоңырауы шалынған шақта сыртқа бой жазып шыққан
оқушылар Ешеннің батыс жақ ауладағы қорықтың
үстінде екі аяғын асып алып текпіленіп отырғанын

көрді, Ақылбай оны көріп, өлмегені қара жер болды да,
сабақ өткен класынан шыға алмай қалды. Осы арада
екі-үш апта өтті. Ешеннің ерсі қылығы өршімеді де,
басылмады. Бір қалыпты сақтап, баяғы әуеніне басып,

күндер өтіп жатты. Күләш та, Ақылбай да Ешеннен
үмітін үзді де, қайтерлерін білмей есеңгірей бастады.
Тауға апарып тастайын десе оның реті болмаған,
арнайы қалап әкеліп алған өздері, басқасынан бұрын

ерлі-зайыпты екеуінің арқаларына бататыны, Есеннің
төсекке қоя беруі мен там қорыққа екі аяғын асып алып
екі жанын алма-кезек сабалауы. Ақыры екеуі «құдай
салды, құл көнді» деген қорытындыға келіп еді, ал,

Ешен болса таудағы атасы мен апасын сағынып қайтып
жетудің амалын таба алмай еңсесі түсіп жүрген. Қашып
кетейін десе сәті түспеген. Тауға баратын жолды бес
қолдың саласындай анық білмейді. Келгендегі жол

торабы есінде қалмапты, парықтай алмай адасып кету
қаупі күшті. Ешеннің ендігі ойы да дәл осыған келіп
тіреліп еді, «алай тартса ат өліп, былай тартса арба
сынып» өзінің жарығына шығатын таудағы апасы мен

атасы жоқ болғандықтан, ойдағы тұрмысқа үйренісе

алмай, едәуір қиыншылық тартып жүрді. Соның әсерінен
бе, жоқ екі қормалына деген сағынштан ба, бұл жерге
келгеннен бері іркілдеген екі бетінің жағы солып, реңі
қашып топырақтай сұрланып бозамық тарта бастаған.

Бүгін ол мектептен шыға үйіне баратын тар көшенің
шығыс жақ бұлыңындағы ауыл орталығында әр күні
сәрсенбі болып жататын әлеуметтік базарға қарай бет
түзеді. Ондағы ойы таудағы танитын біреудің етегіне

жармасып, өлердегі сөзін айтып, алыста қалған апасы
мен атасына жету. Міне сол ойдың жегінде, әлеуметтік
базарға қалай келіп алғанын өзі де аңғармай қалған.
Қайнаған ортаға тіке бармай, бір шетте тұрды да, әрі-

бері қайшалысып өтіп жатқан адамдар легіне телміре
көз тастап, таныс бейнелерді іздеді. Осының бәрі
жат сезілді оған. Көзіне жылы ұшырайтын бір пенде
кездеспей күдері үзіле бастап еді, құдай оңдағанда,

төрт көшенің ортасында үстіне екі-үш тұяқ қой басып,
батыс терістік жақтағы мал базарын бетке алып кетіп
бара жатқан өзіне таныс ат арбаны көзі шалды да,
артынан ілесіп тоқтаған жерге дейін дем алмай, алқына

жүгірді. Арба қайнаған мал базардың шетін ала кілт
тоқтаған соң, арбакеш божыны бұғыттың басынан
орап, үстіндегі байлап тастап қойған үш қойды шешіп
жерге түсірді. Ешен ентігіп келіп абайлап қарап еді,

өзіне таныс таудағы үлкен үйдің көршісі Сейіт болып
шықты. Апасы мен атасын сағынып қайтып жетудің
жолын таба алмай еңсесі түсіп жүрген ол Сейітті
көргенде екі көзі балбұл жанып, төбесі көкке тиюге

шақ қалды. Сейіттің әйелі мал базарға таяғанда, әрі-
бері қайшалысқан адамдар легінен алаңдап, «сақтық
та қорлық жоқ» деп өзінше ой қорытып арбадан түсіп,
межелі жерге дейін жаяу жүрген еді, қалай екен, арбаны

айналсоқтап артынан қалмай, борсаңдап жүгіріп бара
жатқан Ешен көзіне жылы ұшырап кетті. Әйтеу бір
жерден көргендей шырамыта берді, бірақ, қай жерден
көргенін, кім екенін анық айыра алмады, таяғанда

барып зорға таныды: - құдай-о... оу қайтейін? Мынау

әлгі Асан атаның кенжесі ғой, қайдан жүрсің күнішім.
Құрғыр көзім алдамаса Ешеннің аумаған дәп өзі - деп
құшағын жайып алдына жетіп келгенде, Ешен одан
бұрын дайындалып болған секілді, оны көре сала көз

жасын тия алмай, өкіріп барып ыстық құшағына өзін
атты. Бала өзін билей алмай өзіне таныс бейнені көріп,
мейірбан құшаққа өзін атқанда, ана бейшарада не күнә
бар, көңілі босап көзіне ыстық жас үйірілді де, Ешенді

бауырына басып үнсіз тұрып қалды. Сәттен кейін тілге
келген ана Ешеннің бұл арадағы хал-жағдайын сұрап
еді, дәл осы орайды күтіп тұрған ол «көктен тілегенім
жерден табылды» деді ме? Өтірікті шындай, ақсақты

тыңдай» етіп бар пәлені Ақылбай мен Күләшқа үйіп-
төгіп тастады, - екеуі мені атам мен апамның қасынан
әкеп алып көрмегенді көрсетті, күндіз күлмеймін, түнде
ұйқы көрмеймін! Қашан болса да үйге қамап алып

жазықсыз ұрып-соғады. Бағана үйге барсам, Күләш
есік алдында тұр екен. Мені көре салды да қолына
бір шыбықты алып көшеге қуып шығарды. Сонымен
осы жаққа қарай жылап-еңіреп келсем, сіздер кездесе

қалдыңыздар! Айналайын жалынып кетейін сіздерге.
Мені бұл жерге тастай көрмеңіздерші! Тауға атам мен
апамның қасына алып кетіңіздер. Бағана мен қашқанда
Күләш артымнан қуып келе жатқан болатын. Қазір

келіп ұстап алса, жібермей қояды ғой. Мені бұл арадан
тезірек алып кетіңіздерші! - деп зар-заман салып,
Сейіттің әйеліне жабысты да қалды.
Онысызда үзіліп әрең тұрған ана оның мына мүшкіл

жағдайынан хабар тапқан соң одан әрі елжіреп кетті.
Ешенді ыстық құшағына басты да: - болды, жылама!
Жігіт адам деген жылай ма екен? Сені оларға ұстап
бермейміз. Сөзсіз тауға атаң мен апаңның қасына алып

кетеміз - деді көз жасын сығымдап жылап тұрып,
құшағынан қайта босатып жатып. Бұл шақта, Сейіттің
де, көңілі босап, көз алды дымдана қалған еді, бірақ,
оны әйелі мен Ешенге сездірген жоқ, салмақтылық

көрсетіп, әйелінің қасында қолының сыртымен екі

көзін басып алып, кемсеңдеп жылап тұрған Ешенді өзіне қарай тартып, басу айтты: - Болды енді, көп жыласаң жаман болады. Неге қорқасың? Ол келсе біз бар, сені оған өлсек те бермейміз, әйтеу амалын тауып тауға, атаң мен апаңның қасына алып кетеміз, таңертең біз осылай жүрерде атаң маған кездесіп, Ақылбайдың үйіне барып Ешенді біле келші! Не боп жатыр екен, деп еді, міне өзіңде оң жолың болып, бізбен кездесіп отырсың - деді оның көз жасын қол орамалымен сыпыра сүртіп жатып. Ешен атам мен апамның қасына барсам деген сағынышты арманына міне осылай жетіп еді. Сейіт бұл жерде көп тұрмады, екі сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде, сатқалы әкелген қойы өз ойындағыдай лайықты бағаға ие болды да, базардан керек-жарағын алып, бесін еңкейе тауға тартқан. Сейіт жүрер алдында бір ойға қалып: - Ақылбайға Ешенді біз алып кеттік - деп хабарлап қойсақ қайтеді, кейін арам тер боп іздеп жүрмесе деп еді, оған Ешен екі қолын төбесіне қойып, «шыр-шыр» етті де, әйелі: - барып қайтеміз?!. Баланың қадіріне жетпей бас салып ұрып-соқса, уыздай аппақ тәніне мәңгі өшпейтін жара іздерін салса, оның не болып жүргенімен істері болмаса, айтып ауыз ауыртудың қажеті қанша?!! Оданша Ешенді біз тауға алып кетіп, олардың мысын құртайық! Баланы ұрғанның зардабы қандай екен?! Бір көрсін!-деді дүбіне тіл қатып. Сонымен, Ешен Сейіттің арбасына түсті де, қуанақуана тауға тартты. Күләш пен Ақылбай Ешенді кеш бата жоқтады. Оған дейін екеуі бір жерде болмағандықтан, Ақылбай Күләшқа, Күләш Ақылбайға сеніп бейғам жүрген еді, енді келіп екеуі бір-бірінен көріп шалкем-шалыс бола бастады. Ақылбай: «Ешенді оқушылармен ілесіп үйге кеткен болу керек» деп ойласа, Күләш: «Ақылбай мектептен келгенше Ешенді соның қасында жүр екен» деп бейғам отырыпты. Екеуі әрі ерегесіп, бері ерегесіп еш нәтиже шықпаған соң, оның бүгін мектепке барған-бармағанын ұқпақ болып бірге оқитын сабақтастарына барып ішкерлей сұрап

еді, бәрі де: «түстен кейін мектепке келмеді» деп қызық
жауап берген. Ғажап, оның осыған дейін қайда
жүргенінен хабарсыз ерлі-зайыптыларға мынау үш
ұйықтаса ойға кірмейтін тосын жағдай болды. Түскі

шайда
Күләш
Ешеннің
екпеттеп

жатып
алып
тамақтанғанына айқұлақтанып ауыр қысым түсірген
еді, ол да тілін тартпай бір десе, екі деп өршелене берген

соң, екі шапалақ ұсынған. Ол жылап-жылап қойғанда,
шайын шала-шарпы іше салып, мектебіне кеткен. Бұл
Ешен келгеннен бастап, жүз беріп келе жатқан дағдылы
әдет болғандықтан, Ақылбай екеуіне ара түсіп ешқандай

әрекет жасамаған. Өз ойымен өзін асырап жайша отыра
берген. «Ескермеген ауру, елемеген дау жаман» дегендей
енді келіп әр екі жақта бас қататын қиын жағдайға дөп
келіп отыр. Екеуі бір-біріне қырын қарап аз отырды да,

артынан ақылға келіп: «бір жерге барып ұйықтап қалды
ма?» деген күмәнді оймен көшенің шетіндегі суы
тартылған тас арық пен және басқа да қалтарыс
жайларды екіге бөлініп арылтып іздеуге кірісті.

Ақылбай жолдың екі жағалауындағы төрт қатар тізілген
ағаш арасы мен одан әрірек атызда жатқан сабан
үйінділерін, ал Күләш суы тартылған тас арықтың ішін,
көшенің аяғына дейін іздеп түн ортасы болғанша безек

қақты, еш дерек жоқ. Желпінген күздің қоңыр самалы
мен баяу ырғалған ағаш арасындағы шалаңдау сары
жапырақтардың сыбдыры ғана құлаққа келіп естіледі.
«Ешен, Ешен» деп көкірегін қақ айыра қанша

дауыстағанымен, қабағын түйген көрдей қараңғылық
ботасын іздеп бебеу қаққан мынау бір бейбақ анаға жақ
қарысын ашып жанын тыншытар түрі жоқ. «Әй, құдай-
ай. Оны өзім әкеліп оқытам деп неге бүліндім деші! Сау

басыма сақина тілегеннен басқа тапқан пайдам қане!
Бір есептен өзіме де обал жоқ, түскі шайда екпеттеп
жатып алып тамақтанғанын артық көріп, неғып шақшия
қалдым екен! Құдай-оу, құдай. Не болса да Ешенді аман

сақтай көр» деп іштей ойға шомды да, артынан есін
жинап дір ете қалды. Төңірегі көзге түртсе көрінбейтін

көрдей қараңғылық. Ол абайлап, о жақ, бұ жағына көз
тастап еді, тек өзінен басқа тірі пенденің жоқ екенін
сезіп ішінен иманын айтып, аяқ алысын шапшаңдатып
үйіне қарай бет алды. Ол үйге кіргенде Ақылбай одан

бұрын келіп апты. Өңінде қан-сөлден ныспы жоқ, ескі
бұлдай қуарып ұнжырғасы түсіп, қатты жүдеп кетіпті.
Ол Күләш келіп отырар-отырмастан от алып қопаға
түсті - әй , құдай-ай деші! Мен саған баяғыда-ақ айтпап

па едім, осыны қойсақ қайтеді деп. Ал енді өзің әкеліп
бақ. Бірдеме десе екі ауыз сөзге келмей бұрқ ете қаласың

- деді өз-өзінен күйіп-пісіп. Оған Күләш та қадала

қалды. Бірақ, онша шорт кетпеді. Неғұрлым байыптылық
сақтады - ей, сенде қызық екенсің. Өзің былай
ойламайсың ба? Мейлі ол қара шаңыраққа тән болсын,
тіпті, қара-құрасын да көрмейік. Сонда оның оқып-

үйренуіне, немесе басқадай істеріне аралассақ болмай
ма?! Баланы үлкендер асырап алған күннен бастап, өз
әке-шешесінің құлазыса, кекілінен сипап, көңілін
сергітіп, қысылса, жағдайына қарап жақыннан жәрдем

беруіне болмайды - деген белгілеме қай заңда бар екен?
Ал мақұл оны үлкендер көндіріп бағып алған күнде де
жетістірді ме? Оның соңы міне неге апарып соқты.
Айтса ақылға, жүр десе жетекке көнбейтін ойсыз,

ұятсыз
қайдағы
біреуге
айналыпты.

Баламызды
басқалардың қарастылығына өткізіп бергендегі бар
тапқан пайдамыз сол ма біздің. Айтпайын десе де
адамның жанын күйдірдің ғой тегі - деп кейістік білдіріп

еді, Ақылбай шамдана қалды да: - ойбой өткен істі
қоңырсытпай тыныш отыршы, ей, енді - деді Күләшқа
түксие көз тастап. Осыдан кейін екеуі екі жаққа қарап
үнсіз отырып қап еді, бұл жайды Күләш өзгертті:-рас,

мен бір ойға кетіп отырмын. Сол жаяулатып тауға
тартып кетпесе болды ғой - деді күйеуіне қамыға қарап.
Ақылбай бұл сөзге елең етті де: «оныңды қалай
дәлелдейсің» деді оған сұрау тастай тіл қатып - олай

дейтінім, - деді Күләш аталмыш ойын дәлелдейтін факт
іздеп - осы бірнеше күннен бері ол жарым түн ауғанда

не болмаса таң ата ұйқысырайтын әдет тапқан еді.
Сонда айтатыны, үлкен кісілер мен таудағы қара құнан,
кер өгіз, одан қалса тағы да немене құдай-ау, ие, рас
сары ала күшіктің аяқ астынан у жеп өлуі дей ме? Әйтеу

бірдемелерін айтып сандырақтайтын. Ақылбай кілт
ойлана қалды да: - рас мынаның да жаны бар сөз екен.
Егер, ол сен айтқандай шынында тауға тартатын болса,
кеше жете алған жоқ, сөзсіз жолға түнеді - деді өз ойын

ортаға салып. Бұған Күләш та қосылғанымен, соңына
таман өзінің жеке көзқарасын білдіріп: - мәселе тауға
жаяу тартты делік. Сонда ол сендер келгендегі тас
жолмен бе? Жоқ қырқа жолмен бе? Алдымен осыны

анықтап алсақ.. - деді сұрау тастай үн қатып. Ақылбай
жақ қарысын ашпады, тек терең күрсінді де, амалсыз
қалған бейне танытып, басын сипады. Күләш та оңып
тұрмаған еді, санасында сан күдік сайран салған әңкі-

тәңкі күйде болатын. Осы күні бұл өңірде дүрлікпеген
жан болмады. Бесіктегі баладан басқасы Ешеннің із-
түзсіз жоғалып кеткені жайлы өсек-аяңнан құр қалған
жоқ. Үйден-үйге шүйгіген қыдырмашыл әйелдер

бестен-оннан топтасып Ешен туралы алып-қашпа
сөздерді қырық құбылтып, барынша өңдей түскен. Аз
үнсіз қалған ерлі-зайыпты екеу ең соңында мынадай
бекімге келді. Ақылбай енді қайтеміз деп басы қатып

еді, Күләш оған бір ақыл көрсетті: - мен былай ойлап
отырмын. Ертең сен мектебіңнен бір күндік рұқсат ал
да, автобусқа түсіп тауға тарт. Жол бойында жан-жағыңа
көз сала жүр. Егер, тауға барғаныңда Ешен жоқ болса,

қайтарыңда қырқа жолмен ойға түс. Бәлкім солай
істесек бір пайдасы тиіп қалар. Құдай-ау, құдай. Не
болса да, аман-есен табылса екен. Онсызда дос-дұшпан
тегін отырған жоқ, қаншасы қаймыйып отыр, оны бір

құдай біледі - деді тұнжырай сөйлеп. Ақылбай Күләштің
бұл сөзін «құп» көрді де, таңертеңгі шайден соң тауға
баратын болып бекіді. Түнімен дөңбекшіп ұйқы
көрмеген олар таң ата орындарынан тұрып түндегі

жоспарлары бойынша іс көріп Ақылбай тауға тартты

да, Күләш ауылда қалып Ешен туралы көрші-қолаңнан
сұрап тынбай іздеу салатын болды. Ақылбай автобус
ішінде межелі жерге жеткенше, айналасына арылта көз
тастап, одан соң жол бойында түсе қалып, анау қарсы

алдындағы ирелеңдей созылып жатқан жалғыз аяқ тар
соқпақты бойлап, екі жағы тіктеу жайпақ жіңішке
сайды өрлеп, таудағы үйге қарай тартып берді. Сүт
пісірім уақыттан кейін түстікке қараған тілімдей сайдың

шығыс жақ тепсеңіндегі Асан атайдың үйіне де жетті.
Содан баяғы таныс қашаның алдына барып тоқтағанда,
өз көзіне өзі сенбей сілейіп тұрып қалды. Артынан:
«Елес пе, әліде шын бейне ме?» деп көзін көп рет уқалап

қайта-қайта қарап еді, қателеспепті, баяғы сол Ешеннің
аумаған дәл өзі. Анау жылдар бойы, жел мүжіп, жауын
шайған аласа қорыққа екі аяғын асып жіберіп, тыным
алмай тепеңдеп отыр. Ал, там қорық мәңгі тырп ететін

емес...
11 - 5 - 2006

апа, мен оқиыншы!
(комедия)

А р м а н – бастауыш мектеп оқушысы
Ә ж е й – алпысты еңсерген қарт
О т а ғ а с ы – отыз бен қырықтың арасындағы жас
Т е р і а л у ш ы – қырықтың ортасында

* * * *
Сахнаның артқы көрінісі орта жағдайына қарай
ерікті жобаланады, сахнаға бетіне оюының түте-түтесі
шығып әбден оңып кеткен көнетоз текемет пен жиегі

қырқылған жаман сырмақ төселеді. Одан кейін бір
кішкене тамақ үстелі, үстел жанында екі-үш шыны, тұз
салған ыдыс сияқтылар тұрады. Ал үстелдің үстінде
бір жақ шетіне таяу май басқан ескі дастарқан түюлі

жатады. Әжей тамақ үстелінен, сәл алыс көнетоз киіз
текеметтің үстінде ұршығын шыр көбелек айналдырып
жіп иіріп отырады, оқушы бала әжесінің алдында бір
жақ қырынан аяғын еркін қосып, оң қолымен жер

таянып қамыға тіл қатады.
A р м а н. Апа!
Ә ж е й. (ұршықпен жіп иіріп отырып, немересіне
сұлесоқ тіл қатады). О, не қарғам.

A р м а н. Бүгін мектепке барайыншы? Бола ма?
Кеше күн жауын дедіңдер. Ал бүгін және қалдырсаңдар,
жыл соңындағы сынақтдан көше алмай қалсам қайтем?
Ә ж е й. Әй, балам-ай оған басыңды ауыртпа! кеше

жексенбі, ол айналып келгенде өз демалысың. Қаласаң
бүгін бір күн ғана қалады екенсің. Тіпті болмаса, оқудан
шығып ал. Осы күні оқу оқып айырплан ұшырған қайсы
елдің баласын көрдің? Тындырған түгі де жоқ, ішкені

арақ, тартқаны темекі көше таптап, құр сандалып жүр.
Оданша, бері қара. Жақын отырып менің сөзімді тыңда,

жас емессің. Құдай бұйырса, он екіден он үшке шықтың.
Бұрынғылар «он үштегі бала – отау иесі» деген. Сол
айтқандай оқимын, оқимын, – деп өндіршектегенше
мына қарбалас уақта әкеңе қарайласып, бір малыңды

екі қылсаң, содан жақсысы жоқ.
A р м а н. Уай, уай. Бүгін барам. (басын кеудесіне
құлатып жер шұқылап отырып бұртия тіл қатады.)
Мұғалім кешіккен сайын кластың бұрышына тік

тұрғызып
қойып,
қолыма
жіңішке

шыбықпен
шыпылдатып ұрады екен. (Булығып жылайды).
Ә ж е й. (иіріп отырған жібін дереу тоқтата салып,
немересіне үрке қарайды). Көтек, мұғалім ұрады дейді.

Ол неғып ұрады екен. О заман да, бұ заман маңдайына
шертіп көрмеген баланы қаймана біреу ұрса.... Ой,
үйткен оқуы құрысын. Болды онда. Бармасаң қайтеді
екен. Ата-бабаң да оқымай-ақ бір ұлысқа би болған.

A р м а н. Уай, уай. Барам, барам. (бүкіл денесін
қозғап, басын шайқап, артынан шорт тоқтай қалады
да, тағы да булығып жылайды.)
Ә ж е й. Әй, құдай-ай! «Есекті отқа айдаса, боққа

қашады», - деп мына қыршынның сөзін қара. Ырқыңа
көнып, әуектеткен сайын жаман тілазар болып барасың-
шы! Өтірік жыласам жіби қалады деп отырсың ба? Тұр
жүгір! Ана қой бағып жүрген әкеңе бар. Ол азаннан

тұрып, өріске кеткеннен әлі келмеді, оразасын да
ашқан жоқ. (Осы кезде, сахынаның бір шетінен таяғын
артына көлденең ұстап отағасы келе жатады). Әне
айтып ауыз жапқанша, өзі де келіп бопты. Дастарқан

жаяйын.
О т а ғ а с ы. Шешей!
Ә ж е й. О не?
О т а ғ а с ы. Дауысыңыз сонша қатты шығып кетті

ғой, біреуге ұрсып жатырсыз ба?...
Ә ж е й. (қойдан келген ұлына дастарқан жайып,
шай құймаққа әзірлік көріп жағы сембей сөйлеп
жүр). Ие, не жетті дейсің. Мына қу түйнек те баяғы.

Әкең өріске кеткеннен әлі келмеді. Барып қойына

қарап тұр, таңертеңгі шайын ішіп алсын десем, бүгін
мектепке бармасам мұғалім ұрады деп сықсиып отыр....
Әй, құдай-ай әлгі шай салған шайнекті отқа апарып
бықтырып қойып едім, ұмытып кетіппін ғой. Ендігі

қайнап-қайнап борқы боп кетті ме? Қайтті? Жүгірші,
ей, Арман. Алып кел ананы. (Арман тапал үстелдің бір
жақ шетінде басын кеудесіне құлатып үнсіз отырған
болатын. Әжесінің бұйрығын естіп дел-сал орнынан

тұрады да, сыртқа шығып кетеді).
О т а ғ а с ы. (беті-қолын жуып дастарқан басына
келеді). Е, оқимын десе оқысын! Алдынан тоспайық.
Кеше ғой жауын жауды, қарайтын сабақтарың болса,

үйде пысықта деп алып қалдық.... Бүгін және де алып
қалсақ, үйтіп оқытқан оқудың пайдасы не? Оданша қой
бақсын!.
Ә ж е й. Ой, құдай-ай. Ол – оқу оқып жетістірсе,

мен мұрнымды кесіп берем. (осы аралықта сахына
сыртынан қойлардың маңыраған дауысы, иттің
абалап үргені естіледі).
О т а ғ а с ы. (екі көзі алақандай болып, шошына тіл

қатады). О, әкеңді... Е,... қойлар Ақжардан бері асып
кетіпті ғой. Егінге түсіп кетер ме екен.
Ә ж е й. Ойбай не дейді? (шайнекті әкеліп енді
отыра берген Арманға бұйыра сөйлейді.) жүгір, жүгір

Арман. Әкең шайын ішіп болғанша, сен бара тұр. Әлгі
жем-шөптік жерді көтере алған ханзу бидайға жақсы
қарамапсың деп жаздайғы еңбекақымызды бермей
қойып жүрмесін. Сүйт, әке құдай.

О т а ғ а с ы. (Арманға өтіне қарайды). Жүгір,
сүйтшы әйтпесе. Құдай бұйырса, барасың мектепке.
Ең жақсысы, қойларды Ақжардан әрі асырып, Кеңсайға
түсіріп, қой да қайтып кел. Сен келгенше, ақылдасып

бір жауабын береміз.
A р м а н. Рас па? Әке! (бағанадан бері терісіне
сыймай тырсиып жүрген болатын. Отағасының
жоғардағы жақсы сөздерін естіп кеудесін көтеріп

күле қарайды.)

О т а ғ а с ы. (бас изейді). Рас емеген де! Өтірік деп
отырсың ба?
Ә ж е й. (өз алдына сөйлеп кетеді.) «Сырын білмеген
жылқының сыртынан жүрме» деп мына екеуінің

қылықтарын қара. «Бақа тілдес, балық үндес пе?» Не
өздері.... Ой оқуды. Кім аэроплан ұшырыпты осыдан?
Жүр ғой жардай-жардай болып тындырған түгі де жоқ.
Оданша, қып-қызыл пұлды шашып оқытқанша, оқудан

шығарып алып малға салса болмай ма? Ес жоқ....
A р м а н. Оһо шіркін-ай! Оқитын болдым.
(қуанғанынан екі санын шапалақтап отырған орнынан
қарғып тұрады да, қойға бармақ болып жүгіріп

саһынадан шығып кетеді. Ұзамай оның қой қайырып
жүрген дауысы, қойлардың жарыса маңырағаны
естіледі). Шәй, Шәйт, кіш, кіш. Айда, айда.
О т а ғ а с ы. (қолындағы шынысын алдындағы

үстел үстіне қойып шешесіне таңдана тіл қатады).
Шеше күбірлеп не сөйлеп кеттіңіз.
Ә ж е й. Не сөйлеуші едім. Алжып отыр дейсің бе?
Баяғы осы сендердің қамдарың. Арманды оқытам деп

бекер арам тер болғанша, қасыңа алсаңшы! Жалғызілік
тартқанша, көп-көрім қолғанат қой.
О т а ғ а с ы. О...о...ой, шеше сізде қызық екенсіз.
Өзіңіз ойлап көрмейсіз бе? Бұрынғы сіздердің заман

қандай? Бізді қойшы, ал мыналардың заманы қандай?
Екеуін бір салғастырыңызшы! Әлгі бес-он тұяқ малдың
соңынан салпақтап, ойсыз, мұңсыз өтетін дәурен
қалды. Қайта, маған қолғанат болып мал бағыс дегеннің

орнына, жігер беріңіз!
Ә ж е й. Е, қарақ ол айтқаның да орынды. Бірақ, осы
үйдің ырыс-құтына оңай ақша кетіп жатыр ма? Біріне
тартсаң, біріне жетпейді. Ух, қу жаным-ай. (қабағын

түйе терең күрсінеді).
О т а ғ а с ы. Шеше. Мен қой баға жүріп көп нәрсені
ойладым. Біз шынында ақымақ екенбіз.
Ә ж е й. (оған аңыра қарайды). Е, неғып?

О т а ғ а с ы. Бала өзі ұмтылып оқимын демесе,

қанша қолдағаныңмен бекер екен. Өзіңіз де білесіз.
Мына біздің көршіміз Сабырбайдың баласы Мұқышты
айтпайсыз ба? Әке-шешесі барын беріп оқытса да, оны
анау есалаң Мұқыш білді ме? Білгені былай тұрсын

пұлды судай шашып, оқыған оқуының тамтығы жоқ,
екі жерден қуаланды боп келіп отыр. Болмаса солар
кімнен кем?
Ә ж е й. Мұқыш жерге кірсін, жерге кіргір! Айтып

аузыңды ауыртпа оған. Арақ ішіп, әбден қызса, бейкүнә
елдің соры да, ақшасы таусылып ниетін бұзса, ойда
тауықтың, қырда қойдың соры.... Ал мына Арманды
қара су ішіп, қарәкер жаныңды жалдасаң да оқытуын

оқытасың-ау. Сонда әлгі бедел пұл мен кітап пұлын
қайдан табасың. Бұл да киім кимей ме? Тамақ ішпей
ме? Банкедегі қарызың анау белден басып жатқан.
Ух, қу жаным-ай. Біріне тартсаң біріне жетпейді. Қу

жоқшылық қайда апарар екенсің? (ол қарсы алдына
қадала қарап, үнсіз ойға шомады).
A р м а н. Апа, қамықпаңыз. Бас аман, ден сау болса,
бәрі де табылады. Заман да бүйтіп тұрмайды, бүгін

болмаса да күн ертең балалар ақысыз оқитын кезде
болар. Оған дейін оқимын деп ұмтылып тұрған баланың
бетін қақпай белін буайық, біз шықпаған асуға, біз жете
алмаған арманға немереңіз жетсін.

Ә ж е й. Аумиын, айтқаның келсін! (бетін
сипайды). Бедел пұл деп, берекеміз, кітап пұл деп
құтымыз қашты ғой қаран қалсын. Әкел шыныңды шай
құйып берейін.

О т а ғ а с ы. (шешесіне шынысын беріп жатып,
есіне бірдеме түсе кетеді). Рас, бедел пұл, кітап пұл
демекші, кеше түстен кейін, Арманның мұғаліміне
кездесіп қалдым.

Ә ж е й. Қайсы әлгі Мартбек пе?
О т а ғ а с ы. Жоқ-ә Шартбек.
Ә ж е й. Е, не дейді?
О т а ғ а с ы. Кеше, мектеп ісімен төмен түскен екен.

Содан келе жатыпты. Мен қойларды анау Ақжардан бері

еңкейтіп қойып жол шетіндегі жатаған тепсеңде отыр
едім, шақырады. Барсам, баяғы Арманның әңгімесі. Ол
Арманды: “оқуда жақсы, бірақ, күнделікті келіп-кетуі
ойдағыдай емес. Осыған көңіл бөлсеңіздер”, - дейді.

Мен де өз жағдайымды айттым. Сонда ол Арманның
бұрынғы төленбей келе жатқан кітап пұл, бедел пұлын
қазірше қоя тұрыңдар. Қатысты орындар шалғай,
шет аудандар мен қиыншылығы бар отбасылардың

жағдайына негізделіп, бір мұнша тиімді саясаттарды
шығарып жатыр. Осыған қарағанда, бұдан кейін
оқушылардан кітап пұл, бедел пұл алынбайтын тәрізді.
Хош, ендігі мәселе, Арманның биылғы бедел пұлы мен

кітап пұлын қайтсеңдер де амалдап беріп қойыңдар.
Өйткені, жаңа оқулық сатып әкелейік десек, қаржы
жетіспей қолымыз байланып отырғаны - дейді. Мен
мақұл болдым.

Ә ж е й. Ой, қарғам-ай! Мына қысылтаяң кезде,
қайдағы пұл оған бере қоятын. Қазір қалтада соқыр
тиын да жоқ. Баданың ақысын анаған, мынаған жұмсап
жаздай жеп болдық. Қалған ақыны өткен айда ауырып

өлген сарбас қойға тарта ма қайтеді? Терісін уағында
көрсеткенімізбен, әбден тақамаға келгенде тән алмай
кете ме деп содан шошимын. Қыс болса келе жатыр.
Көктем шыққанша, ішпей-жемей, аштан-аш отырамыз

ба? Азғантай айдаулық жерді де біреуге көтеріп беріп,
одан алған ақыны ұсақ-түйекпен тауыстық. Күнделікті
шай-шалаңға да ақша керек. Қалай күн көреміз, сонда.
Жаңа Арман бір сөзін айтып қалды. Кешіккен сайын

мұғалім кластың бұрышына тікемнен тік тұрғызып
қойып, алақаныма жіңішке шыбықпен шыпылдатып
ұрады деп.... Сол жеріне келгенде, ішім жылымай отыр.
О, несі? Біз маңдайына шертпеген баланы кешігіп

барса тұрғызып қойып ұратын.... (алдында тұрған
шайын қолына алып бір ұрттайды да қайта, өз орнына
қояды.) е, «жоқ жомарттың қолын байлайды» деп келін
барда сиыр сауып сүт сатып, соның ақысына күнделікті

ырыс-құтты ажырататын едік, енді ол да жоқ болды.

Төркініне барды-дағы, теріс қарап жатып алды. Бір
ойдан оныкі де тура. Қайтеді байғұс.
О т а ғ а с ы. Шеше, не деп кеттіңіз өзі. Осы іліп-
тартпасаңыз көңіліңіз жай таппай ма? Бұдан кейін

келініңізді ауызға алмаңызшы. Келмесе содан әрі
кетсін. Күніміз тек соған қарап қалған жоқ.
Ә ж е й. (күле тіл қатады.) құдай-ай. Бірдің басын,
бірдің аяғын шалып не айтып кеттім өзі. Айтпақшы,

әлгі Арман мұғалімім кешіккен сайын алақаныма
жіңішке шыбықпен шыпылдатып ұрады дейді. Ол кім
екен. Біле алдың ба? Сол айналып келіп, Мартбектің өзі
боп жүрмесін!

О т а ғ а с ы. (таңдайын тартып тық еткізеді).
Мартбек үйтпейді.
Ә ж е й. Болмаса, кім еді әлгі. Атың өшкір! Жаңа
ғана айтып едік қой. Тілімның ұшында тұрғаны.

О т а ғ а с ы. Шартбек пе?
Ә ж е й. Иә, иә сол.
О т а ғ а с ы. (қолымен меңзеп, басын бір жағына
қисайта екі ұшты жауап қатады). Кім біледі. Болса,

болады да. Бәріне тіл кінәлі...
Ә ж е й. (сырт жақтан алдымен мотаның, одан соң:
«тері бар ма?». деп хұйзушалаған әлдекімның дауысы
естіледі). Ой, терің жайылсын, терің жайылғыр!. Қай

көргенсіз мынау. Тілеуінің жаман-ай.
О т а ғ а с ы. (осы кезде, отағасы шешесіне қарап тіл
қатады). Рас алдыңғы күні арам өлген қара тұсақтың
терісі қайда?

Ә ж е й. Құдай, ол әлгі Әбдішүкірдің қозысының
терісі емес пе? Кейін ешкім алмай, бекерден-бекер
төлетіп жүрмесін.
О т а ғ а с ы. Кеше телефон шалып едім. Қазір жаздық

жиын-теріннен мұрынға су жетпей жүр. Көрмей кететін
адам емеспіз. Хабарын берген соң болды, - дейді. Неге
қорқасыз.
Ә ж е й. Е, бопты онда. Сатсаң сат.

О т а ғ а с ы. Тері қайда?

Ә ж е й. Қоймада.
О т а ғ а с ы. (сахнадан шығып кетеді де, бір
теріні сүйреп қайта келеді, содан бір шетте тұрып,
әлдекімді екі саусағын аузына салып ысқырып, қол

бұлғап шақырады). Әй, әй. Ләй, ләй. Физы ю жыгы
дипаң. На бұу на.
Т е р і а л у ш ы. (сахнаға тері алушы келеді).
Ассалаумағалейкүм. На, на. Ұйса бұу на.

О т а ғ а с ы. Уағалайкүмассалам. Ләй ба, фың йоу.
Ба жыгы физы дошиау ءшиан на. Шоу шиан ни шоба.
Т е р і а л у ш ы. Әй, әй шиң лы. Шиң лы. Шоу
шиан нин шуо, нин шуо. За мәй ды.

О т а ғ а с ы. Шоу шиан нин шуо, нин шуо.
Т е р і а л у ш ы. Әй, я. Хау, хау фың йоу. Береді
болса, атпыш сұң алады.
Ә ж е й. (екеуінен сәл алыс өкпе тұсқа келіп,

қастарына бара алмай әрі-бері жүріп әбден тынышы
кетеді, ойында көп сөздер айтылып жатады).
“мыналар не деп даурығып жатыр өзі. Қақпыш тері дей
ме, не дейді, анау. Құдай-ау күнде жатып құрғап кетпесе

қоймадағы тері қайтып қақпыш болады. Қымбат сатылса
көрім-ақ болатын еді. Әй, бірақ, ана қу дұңген бағасына
келтіріп ала алама? Ала алмай ма? Әттең, амал қанша?
Тілін білмей діңкем құрып тұрғанын қарашы”. (басын

көтеріп жан-жағына қарайды).
A р м а н. Апа мен келдім.
Ә ж е й. Оу, қарғам келгенің қандай жақсы болды.
Қойларың түгел ме?

A р м а н. иә, иә апа, түгел. Ақжардың ар жағындағы
Кеңсайға түсіріп тастадым.
Ә ж е й. Е, бопты. Басқасын қойып, анау мына
теріні қақпыш дей ме, не дейді, тілін білсең, аударып

берші қарғам. О заман да, бұ заман, күнге тимеген тері
қақпыш бола ма екен.
A р м а н. Анау, (тері алушыны нұсқап) мына тері
қақпыш деп жатқан жоқ, алпыс деген сөзді атпыш деп

бұрмалап сөйлеп жатыпты. Оның айтысынша, тері өте

кішкене екен? Онша пайда жоқ. Берсең алпыс сомға
алайын деп жатыр.
Ә ж е й. Е,... Бұрын кінарат тек қана көзге келді
ме деп ойлаушы едім, бүгін бір сөзді бұрмалап қақас

естіген болсам, онда құлақтан да кете бастаған екем....
Ей, Арман мынау ана терінің бағасын рас алпыс сом
деп тұрса, және де арзан. Қой әке құдай! Қарап тұрып
бекердің қатарында кетпеді ме? Алса жүз сомға алсын.

Ал әкең не дейді бұған?
A р м а н. Алсаң жетпіс сомға беремін. Әйтпесе
жолыңа түс дейді....
О т а ғ а с ы. (осы кезде, шешесіне қарап тіл

қатады). Шеше!
Ә ж е й. О не?
О т а ғ а с ы. Мынау мына теріні алпыс сом дейді.
Мен алсаң жетпіс сомға ал. Әйтпесе, бермеймін деп

едім. Ол көнбеді. Сатам ба қайтем?
Ә ж е й. Ә, бопты. Менің ойымша, мына Арманның
оқу қаражатынан біраз артылса, үйге шай-тұз алсақ, аз
қостырсаң деймін де.

О т а ғ а с ы. Ой, бұдан арыға бастырмай тұр.
Ә ж е й. Е, мейлі, онда өзің біл.
О т а ғ а с ы. (тері алушыға разылық білдіріп хош
айтқан соң, ақшаны шешесіне береді). Мәңіз, мынау

терінің алпыс сомы. Неге жұмсайсыз, өзіңіз біліңіз.
Мен енді қойға барайын. Біз мына жақта қаннен-
қаперсіз жүргенде, олар ана жақтан егінді ойрандап,
жүзіп жүрмесін!

Ә ж е й. Балам аз кідіре тұр. Менің саған айтатын
жалғыз ауыз сөзім бар. Барсаң содан соң бар. (үшеуі
бұрынғы орындарына қайта кеп отырады, әжей ойлы
кескінмен отағасына қарайды).

О т а ғ а с ы. (шешесінің сөзіне құлағы түрік екенін
білдіріп бас изей тіл қатады). Құлағым сізде. Айтыңыз
қане.
Ә ж е й. (қасында отырған немересінің басынан

сипап отырып жақ қырсын ашады). Е,....е.... Болар

бала боғынан деп Арманның бүгінгі ұстанымынан,
сөйлеген сөзінен болашағының нұрлы екенін байқадым.
Кейінгі күні обалына қалмау үшін мына пұлды қолына
ұстаттым. Оқу қаражатына төлесін. Бүгіннен бастап

мектебінен қалмай баратын болсын. Бұған қалай
қарайсың? Айтайын дегенім міне, осы еді.
О т а ғ а с ы. Онда тіпті жақсы. Оқыса оқысын.
Болады, мен жүрдім шеше. Қойлар егінге түсіп кетпесін.

Қалған әңгіме Арман екеуіңізге қалды.
Ә ж е й. Қосылсаң болды қарғам. Жолыңнан қалма!
(сахнадан түседі).
A р м а н. (бұртиып отырған жерінен басын

көтеріп апасына қуана қарайды). Рас па апа?
Ә ж е й. Ие қарғам-ау. Рас қой, рас. Өтірік айтып
ұшпаққа шыққан кімді көріп ең?
A р м а н. (қуанғанынан екі санын шапалақтап

секектеп кетеді). Оһо, шіркін-ай. Мен оқитын болдым,
оқитын.
Ә ж е й. (немересіне сүйіне қарап күрсіне тіл
қатады). Е, қайтсын енді. Бала байғұста не күнә бар.

Алдарқатсаң жұбанады, ашулансаң қуарады.
A р м а н. Апа.
Ә ж е й. О не қарақ?
A р м а н. Қазір мектепке жүре берейін, ә.

Ә ж е й. Өстіп ауыздан қағынған соң,....болды енді
маған қарамай кетсең кете бер. Өзіме де обал жоқ. Шал
өмірден өткелі не көрмедім мен....
A р м а н. Апа.

Ә ж е й. Оу
A р м а н.(таңғала тіл қатады). Не деп кеттіңіз өзі.
Ә ж е й. (қарқылдап күледі). Ой, құдай-ай. Мен
сияқты жаман кемпірде не ми қалды. Бірдің басын

бірдің аяғын шалады да баяғы. (кемпір немересіне ой
сала қарайды). Әлгінде, мектепке барамын дедің бе?
Әйтеу, қайда жүрсең де аман бол қарғам. Е,... Саған не
жетіскенімнен қой бақ, қой бақ деймін. Ана әкеңнің

сырын бес қолдың саласындай анық білемін ғой, бірде

болмаса бірде алдындағы қойын тастап қу арақтың
соңынан кетсе, қу бетім, (бетін ұстайды) елдің жоғын
неңмен төлейсің. Содан қорқам емес пе? Қазір арағын
қойып ақылына келгенімен, (көкірегін керіп қатты

тыныстайды). Кім біледі аз күн өткен соң әри-ай-
дайын қайта бастай ма?...
A р м а н. (булыға жылап аз отырады да, әжесін
бас салады). Апа, бұдан соң мен жоқ кезде, әкем мас

келіп, сізге тиіспейтін шығар ә.
Ә ж е й. (ішінен егіліп тұрғанымен, сырттай
өзін ұстап салмақтылық көрсетеді). Жылама балам.
(басынан сипап тұрып). Оқисың, оқисың. Қазір барып

ақшаңды тапсыр. Содан соң тырысып, жақсы оқы.
Мақұл ма?
A р м а н. (бір демнен кейін әжесінің құшағынан
шығады да, орнынан тұрып көз жасын сүртіп, тіл

қатады). Мақұл, айтқаныңызды ұқтым апа! Мен
жүрейін енді.
Ә ж е й. Е,...е,...әжең бар болсын Әйтеу. Тек қана
өлген жоқ, одан басқаның бәрін көрді ғой. («Уһ» терең

күрсінеді). Болды енді, мектебіңнен қалма. Ана тіліңді
аяқ асты етпе қарғам. Сен де, әкең де ханзуша сөйлеп,
ақырында қазақша айтатын бір пенде қалмай мен
байқұс төрт керегеге қарап күңіреніп отырмайын. Оны

да ойлай жүр. Енді әкеңнің де ес жиатын кезі келді.
Құдай нысап берсе, бұдан соң оңалып қалар.
A р м а н. Апа, хош тұрыңыз. (әжесін қия алмай
артына қарағыштап сахнадан арең түседі).

Ә ж е й. Мақұл қарғам. Мұғаліміңе барғанда
айтарсың бәрін. (немересі сахнадан түсіп кеткен
соң, көрермендерге қарап өзінше сөйлейді). Е,... Е,...
Сопайып жалғыз қалдым міне. Шал барда ештеңе

білмеппін. Жарықтық хал үстінде жатып: “е, кемпір енді
тағдырдың басқа салғанын көресің. «айналдырған ауру
алмай қоймас» деген. Байқайым бетім бері қарайтын
емес. Енді мына қалған бала-шаға өзіңе аманат. Қыздар

өз күнін өзі көрер-ау. Ана жалғыз ұлымыз Жарылқаны

кішкене кезінен еркелетіп өсірдік те, ержеткен соң тізгін
бермей кетті, бұдан кейін де талай сарсаңға салып,
паң жаныңды жаралауы мүмкін. Сол кезде, мен үшін
болса да ашуыңды тиып, әліптің артын бақ. Албаты

қарғап-сілеме кемпір. Атамыз қазақ: «жақсыдан жын,
жаманнан нұр туады» депті. Өзі жаман болғанымен,
ұрпағы алды-артын ойлайтын көп-көрім адам боп
қалар. Әйтеу аман болсын. Кеудеден жан шықпаған соң

құдайдың басқа салғанын көреді екенсің. Қу жоқшылық
не қылмайды. Осының кесірінен кейде, кәрі басыммен
түздың жұмысына да араласып кетем. Жарылқа не сатса
да қасында мен бармын. Сонда баяғы не тындырам ғой

дейсің. Ол арзан сатып қойды ма? Әттең, бұдан да қымбат
сатса, ана қарызымыз болмаса, мына қарызымызға сеп
боп қалама деп шыжақ боламын. Оған қайдан. Әлгі
іштен шыққан шұбар жыланым, о...о...ой құдай-ай не

деп кеттім өзі, жалғызым Жарылқа от алып, қопаға
түсіп: ”шеше, албаты іске араласып алады екенсің.
Оданша, барына қанағат қып үйде тыныш отырмайсың
ба?” - дейді. Оны мен бақиға әкетеді дейсің бе? Көзімнің

тірісінде барлық қарызынан құтылғанын көріп, көңілім
жай тапса деген ой. Басқа не бар. Па, па, па, (басын
шайқап) «ананың көңілі балада, баланың көңілі дала
да» деп не деген айтқан бұрынғылар. (осы кезде, сахна

сыртынан маңыраған қойдың дауысы шығады. Әжей
кеудесін басып шошыған бейне аңғартады). Ойбай,
көтек. Жүрегім шыға жаздады ғой қаран қалсын.
Жалғызым, Жарылқа бағып жүрген қойын тастап қу

арақтың соңына түсіп кетті ме қайтт?. Құдай-ау, құдай.
Зәремді ала бермей, титтей тыныштық берсеңші! «Уһ»
қу жаным-ай. Қойлар егінге түсіп бірақ отап кетпесін.
Айғайлап болса да айбар көрсетейін. Ойбай-ай, қу

тізем-ай. Қараң қалғыр. Күн бұлттаса болды, зырқырап
жанды шығарады. (орнынан тұрады да, сахынада
шойнаңдап кетіп бара жатып кілт тоқтай қалады).
О,...о...ой құдай-ай. Қазір қойғанымды қазір ұмытып,

не ми қалды менде. Әлгі, келін төркініне кетпей

тұрғанда, апа, «Жіп иіріп берші. Көршіміздің қызы
ақысын алыңыз, жасауыма бір қазақы сырмақ керек
еді» депті. Сонымен, мақұл деген едім. Бекер жүргенше
иіре берейін. Келінім де кержақ емес еді, бүгін болмаса

да, күн ертең келіп қалар. Әйтеу үміт дүниесі ғой.... Е,...
бейшара келінім-ай, оның да көрмегені жоқ, Жарылқа
мас боп келген күні үй ішінде тыныштық жоқ, одан
көрі аспандағы бұлт жақын. Ол тілін шайнап танти

берген соң, келін де ет жүректі пенде ғой, қашанғы
шыдайды.... Әй, оның да тілі у сойқы. Кезінде шал
ашу шақырғанда, біз үндемей жүріп-ақ алақанға салып
алатын ек. Содан соң ашуы тоқтап, арыны басылған

соң жігін тауып, жылы-жылы сөйлеп, өзінен кешірім
сұрататын ек. Әйтеу осы күннің әйелдерін әй, құдай-
ай көпке топырақ шашып не көрінді маған?! Анау
келінімді айтам да. Соны түсінсем бұйырмасын, бірдеме

десе беттен алады, одан қалса, анау алты ғасырдың
алдындағы ата-бабадан тартып тіпті, бертінде өткен
жас аруаққа дейін тіл тигізгенде құдай салмасын,
мірдің оғы. Содан ғой көзіне жұдырық тиіп, көкпеңбек

болып ісіп шыға келетіні. Бұрын бір көзі ғана ісуші еді,
былтырдан бері екі көзі бірақ жұмылып қалатынды
тапты. Бір айдың алдында екі көзі де жұдырық жеп
жылт еткен жарыққа зар боп қалған. Бейшара екі қолын

ербеңдетіп бос ауаны қармап: «апа, қос жанарымнан
айырылатын болдым, осынша қор қылатын неғып едім
жаратушы иеге» деп ботадай боздағанда сай сүйегің
зырқырайды құрып қалсын. Ондайда адам пендесі

емеспіз бе? Оның кей-кезде, маған көрсеткен пенделік
әдетін тарс ұмытып мойыныма бұршақ салып құдайға
қол жайып: «е, жаратушы ием, әнтек ашуға басып
артық сөйлесем сөйлеген шығармын. Оны кешерсің.

Бірақ, ешкімге зәбірім тимеген жан едім, сол үшін
болса да келінімнің екі көзін сау қойсаң» деп (көңілі
босап жыламсырай тіл қатады) тілек тіледім. Соным
қабыл болды ма, кім біледі? Әлгі жіңішке сызықтай

болып тарс бекітіліп қалған қап-қара екі көз жиырма

төрт сағаттан соң бірте-бірте ашылып айналаны көре
бастады. Келінімнің қуанғаны соншалық. О...о...ой,
қойшы әйтеу, кейін көздің ісігі қайтқан соң байқасақ
құдайға шүкір сау екен. Бірақ, жұдырық тиген аумақ

әшейін тотияйындай көгеріп, қарашықтың шетіндегі ақ
өңір қырдың қызыл қызғалдағындай болып құлпырып
кетіпті. (осы кезде Жарылқаның қой қайырған дауысы
тым жақыннан естіледі, әжей: «көтек, не деп кеттім

өзі, Әйтеу аузыма сөз тұрмайды, әлқисса, сырымды
айтам деп шынымды айтып алдым ба не? Жарылқам
да жақындап қалған екен. Төбе көрсетіп болса да
қойдың бір жақ шетінен шығайын» деп кеудесін басып

шошыған бейне танытады, содан шойнаңдай басып
сахынадан түседі де, көп өтпей сырттан оның қой
қайтарған дауысы шығады). Ай, ай. Шай кыш, кыш.
Жау айдағырдың малын қарашы ей. Егінге түсіп....

(шымылдық жабылады).
28 ـ5-2002

Баланың тағдыры ананың қолында (ғылыми зерттеу мақала) Ұрпақ – өмірдің жалғасы, ата-ананың көз қуанышы, ұлттың қорғаны, отанның болашағы. Ұрпақ – бүгін қызыл шақа сәби болғанымен, күн ертең кем дегенде қатардағы қарапайым азамат. Бірақ, біз өмірге келген қызыл шақа сәбиді әйтеу амандығын ғана ойлап, қалай болса солай бақсақ, мүлде жаза басқанымыз. Сәби дүниеге келіп үш күннен соң, өз әке-шешесін таниды, тәрбиенің тағаны да дәл осы кезден бастап, біртіндеп қаланады. Халық ұғымында бала алғаш жерге түскенде, кім көтеріп алса соған тартады дейді. Бұл былай қарағанда қарапайым идея секілденгенімен, ішкерлей үңілетін болсақ, онда бір үлкен ақиқат жатыр. Өйткені, ол шыр етіп өмір есігін ашқанда аса сезімтал келеді. Оның сол кездегі сезімталдығы ересек адамдарға қарағанда әлдеқайда жоғары болады. Бұл құбылысты қазақы тілмен жайбарлап айтсақ, алғашқы «арын» деп аталады. Мәселен: белгілі бір адам өзінің қазір қолға алып істеп отырған қызметін немесе соңына түскен мамандығын бастапта нөлден бастаған кезде, алғашқы арында апырып-жапырып істесе де, ал сырын ашып, сипатын түйіп алған соң әуелгі қызығушылығының орнын бойкүйездік пен немқұрайдылық басуы мүмкін, сол сияқты, жас нәрестенің бойында да тұңғыш өмір есігін ашқан кезде жоғарыда айтқанымыздай әсіре сезімталдық болады, әрі өте иісшіл келеді. Оны кім көтерсе, сол келіп алдына алмайынша, сол қоректендірмейінше, шырқырап жылағаны жылаған. Ғылым баланың сәби кезінде көп жылағанын

дәріптейді. Мұндағы себеп: бала қарыны ашып, немесе
ішкі-сыртқы дене мүшелерінің бірі ауырып жыласа
да, ол бәрібір, миға ықпал жасамай қоймайды. Әуелі,
қамығу, ойлау, шаттану сынды құбылыстардың өзі де

үлкен мидың сыртқы себептен туған жағдайларды
жинақтау, талдау жасау арқылы жарыққа шығады.
Бұлай болғанда, әрқандай бір көңіл-күй құбылыстары
үлкен миға тіке әсер көрсетпейді деп кім айта алады?

Менің көзқарасымша, сәбидің жылауы үлкен мидағы
жаңадан жетіліп келе жатқан я, болмаса, тыныш күйде
тұрған нәзік қан тамырларды дамытады және оятады.
Әрине, мидағы қан тамырларға азықтық толық жетіп,

еркін қызмет етсе, сәбиге оның несі залалды?!! Бірақ,
жылаудың пайдасы зор екен деп сәбиді қысап, келсе-
келмес жылатуға болмайды, әр нәрсе өзінің жолымен,
еркімен болғаны құба-құп. Сәбидің әсіре сезімтал

қасиеті небәрі үш ай ғана дәурендейді де, одан кейін
әдеттегі адамдардай қалыпты сезіну қуатына ие
болады. Шын мәнінде, меншікті психикалық күйге
қатысты тәрбие осы қысқа ғана үш ай ішінде өнімін

көрсетіп болады. Ең жаңа ғылыми-зерттеу нәтижесі,
сәби дүниеге келіп үш айдан кейін екі жағына елеусіз
бұрылып өз мойнын өзі салады дейді, өйткені, алғаш
дүниеге келген сәбидің мойын сүйегі толық бекімеген,

өте бос болады екен, ал, өз мойынын өзі салған сәби
басқа ырықсыз ақпараттарды қабылдамайды деп
ойлайсыз ба?..
Мінездің ресми тұрақтасып бір арнаға түсу уақыты

үш айдан үш жасқа дейін болады. Қайткен күнде де,
анау алдыңызда жатқан қызыл шақа нәрестені не
біледі деп жайдан-жай тастап қойсаңыз, онда сіз оның
өмірдегі ұстайтын орнын, тіпті, кемінде бір жан иесі

екенін мойындамаған боласыз.
Әдетте біз аппақ матаны кір көтермейді дейміз,
себебі, оған жұққан нәрсе біздің көзімізге ең алдымен
түседі. Сәби де сол сияқты кіршіксіз болғандықтан,

ақтың не, қараның не екенін біліп жатпайды, қалай
бақсаң
солай
бейім

болады.
Адамның
бойына
қалыптасатын тұрақты мінезі де міне сол кезден

басталады.
Егер, сіз сәбиді жылап-сықтаса да жанына жоламай
жайына жатқызып қойсаңыз, ол жылап-жылап бір
кезде уанады да, содан барып оның психикасы шорт

өзгеріп, есейгенде ешкімге сенбейтін күмәнқор болып
өседі. Мұның соңы есерсоқтыққа, қатыгездікке апарып
соғады.
Егер, жыласа да, жыламаса да қолыңыздан тастамай

көтеріп бақсаңыз, онда ол кейін келе аспандағы айды
әпер дейтін ерке шолжаң болып өседі. Мұның соңы
тоңмойындыққа, парықсыздыққа, ақылсыздыққа апа­
рып соғады.

Егер, жыласа уағында емізіп, бесік жырын айтып
тербетіп ұйықтатсаңыз, сондай-ақ, қасынан адам үзбей
жағдайын жиі бақылап сәйкесті іс көрсеңіз, онда ол
әрі мейірбан, әрі ақылды кем дегенде бір жақсы мінез

қалыптастырған атпалы азамат (азаматша) болып өседі.
Біз жанға жайлы жағымды әуен арқылы баланың
есту қабілеті мен көңіл-күйінің тұрақты, ақаусыз
болуына назар аударсақ, бесігін тербеу арқылы оның

денесіндегі кейбір сезімтал жасушаларды тыныш­
тандырып, алаңсыз ұйықтауына түрткі боламыз.
Мұнда айта кететін бір жайт: баланы бесікке
салудың алдында қазақи салтқа ілтипатпен қарап, әрі

оны жүйелі атқарып, жағдайы жар берсе, кішігірім
той жасап, жар бермесе, көрші-қолаңын шақырып,
ырымын өтеп, алдымен бесікті аршамен, ол болмаса
шақпақ жағып айналдыра аластап, содан кейін негізгі

мақсатқа көшу қажет. Түйіп айтқанда, бесік жүйелі
қалыпқа түскен баланы бөлеуге, әрі оның тазалығына,
тән ақаусыздығына кепіл болатын арнаулы құрал.
Әдетте, баланы бесікке бөлемей, жаныңызға алып

жатсаңыз, жатқан орны ойыс немесе дөңес болса, онда

баланың денесі бүктетіліп, яки қалыптан тыс шалқалап,
жаңадан жетіліп келе жатқан өте нәзік мойын, бел-
омыртқа сүйектеріне ақау түсуі әбден мүмкін. Ал ол
ақау есейе келе айқын көзге көрініп бала алдына еңкіш,

не болмаса, артына шалқақ, бір жағына қисық болып
қалуы да ғажап емес.
Бесікке бөлеу – түптеп келгенде, баланың денесінің
табиғи сымбатты болып өсуіне кепілдік ету. Әрине,

бала денесінің тіп-тік, қимылының ширақ, рухының
асқақ болуы әрбір ата-ана үшін үлкен табыс.
Мәселен: баланы бесікке бөлегенде алдымен екі
аяғын түзу қосып, бір-біріне қосып таңу, сыртына қарай

маймақ болмауы үшін, кеуде, құрсақ, және белін таңу,
денесінің тіп-тік болуы мен бөксесінің сыртқа қарай
қалыптан тыс өсіп шықпауы үшін екі қолын жанына
тастап түп-түзу таңу, сіңірдің қалыпты икемділігі мен

шынтақтың сыртқа теуіп шықпауының алдын алу
үшін бастың жастыққа орнықты қойылуы шүйденің
шодыраймауы, мойын сүйегінің буыннан ажырап
кетпеуі үшін істелген игі шара. Бұл арада қадап айтуға

тиісті тағы бір мәселе: баланың басын әр рет бесікке
бөлеген сайын оңға, солға немесе, шалқасынан түзу
жатқызып әрекет жасатып тұру қажет. Өйтпеген де, бір
жағына қарай ұзақ уақыт жата беретін болса, баланың

сол жақ бас сүйегі жалпайып қалады. Сондықтан, бұл
жағына да баса назар аудару керек.
Егер, сәбиді қалыптан тыс анауы бір, мынауы бір
қағып әкетіп, қолдан-қолға өтсе, ол санасына әртүрлі

иісті қабылдау арқылы кейіндеп екібеткей, тұрақсыз
мінез қалыптастырады. Бұның соңы өтірік айтуға, қоян
бұлтаққа салуға немесе қиюын тауып, қулық істетуге
итермелейді.

Міне осы төрт түрлі жайт жас сәбилерде бір жастан
үш жасқа дейінгі аралықта жүз беретін құбылыс. Әр
бір ата-ана осы мезгілдерде отбасын берекелі, тыныш
болуға, албаты самбырлап сөйлеп, жанжал тудырмауға,

неғұрлым сәбидің көңіл-күйін орнықты ұстауға күш
салуы керек.
Мінездің және бір қалыптасу барысы немесе ең
алғашқы өркенінің белең беруі атап айтқанда ана

құрсағында көрінеді. Себебі, сәби ана құрсағында
жатқанда
қалай
болмасын

анасының
ықпалына
ұшырауы табиғи. Әрине, ана да періште емес, жер басып
жүрген жай адам. Адам болған соң тірлік толқынында

ашулану, көңілі суу, рухсыздану, сырқат меңдеу
сияқты құбылыстар дәйім жүз беріп тұрады. Ал осы
құбылыстар адам денесіндегі кейбір ағзаларды әдеттен
тыс қоздырып, немесе, қуатын әлсіретіп, қан ағысын

қалыпсыз күйге түсіруі мүмкін. Бұлар ана құрсағында
жатқан нәрестеге қоректік арқылы әсер жасап, кейбір
көмескі өзгерістерді жарыққа шығармайды деп кім айта
алады? Сол үшін әр бір ата-ана болашақ ұрпақтарының

ақаусыз дені сау болуы үшін әуел бастан ортақ
жауапкершілік арқалап, кісілік қасиеттерін сақтаулары
керек.
Біз жоғарыда әрқандай сәби үшін үш айдан үш

жасқа дейінгі аралық өмірде шартты, шартсыз түрде
қабылдаған қалыпсыз информацияларды санасына
сіңіріп, меншікті мінезін қалыптастыру кезеңі дедік. Бұл
тұстарда, баланың тұрақты көңіл-күйі мен көркем мінез

қалыптастыруына тамаша орта жаратып, жақыннан
жәрдемші бола алмасақ, онда кінә балада емес, қайта
өзімізде деп ұғуымыз керек. Егер, үш жастан өткен
баланың бойынан көзге сыймайтын кейбір керенау іс

әрекетті байқап, дереу түзетуге бұйрық бергенде, оған
көнбей өз бетінше кетсе, қайтсең сүйт деп мүлде жайына
тастап қоюға, еркінсітуге әсте болмайды. Олай етсек
ең соңында өкініш арқалайтын өзіміз боламыз. Жетіге

келгенше тәрбие беруді табандылықпен жалғастыра
алсақ, жақсы мінез қалыптастыруына кеш болмайды.
Әйткенмен алғашқы тәрбиенің өнім беру уақытына
қарағанда, бір шама ұзақ.

Меніңше, әрқандай адам белгілі бір жаңа заттың
сырын біліп, сипатын түю үшін; қабылдау, жинақтау,
бекіту сынды осы үш түрлі кезеңді сөзсіз басып
өтеді. Ал, қабылдау-аңыс, жинақтау-қызығу, бекіту-

идеядан өткізу. Біз көп жағдайда баланың жаман әдетті
жаңалыққа балап, жаңсақ түсінуін алғашқы сатысында
емес, қайта, ең соңғы бекіту басқышына өткен кезде,
бірақ біліп, бас шайқап, бармақ тістейміз. Бұл кесіп

айтқанда, күнделікті тұрмысқа баса мән беріп, бала
тарбиесіне немқұрайды қарағанымыздың тұлғалық
көрінісі десек, артық айтпас едік.
Баланы мүмкіндіктің барынша өтірік айтудан,

уәдесінде тұрмаудан, «қулық» істетуден сақтандыру
керек, өтірік айту - өзгенің өзіне деген сенімінен айыру,
уәдесінде тұрмау - кісілік қасиетін жою, қулыққа бару,
бойкүйездікке салыну, ал осылардың ішінде барлық

бұзақылыққа бастап апартын бұрағай жол - қулық.
Өйткені, «қулық» табиғат дүниесінде тіршілік ететін ең
төмен сатыдағы хайуанаттардың бойындағы күн көріс
әдеті. Адам жөнінен алып айтқанда, «қулық» ойдың

азғындаған түрі. Бала «қулық» үйренгенше, «әдіс»
үйренгені абзал. «Әдіс» ойдың жетілуіне, дамуына
ең зор қозаушы күш есепті. Кезінде, ұлы ақын Абай:
«қулық сауып, қыр асқан қазақты көргемін жоқ» деп

текке айтпаған.
Балаға алғаш тіл шыққанда, ең жақсысы: «әке-
шеше» деп таза ана тілінде сөйлегені құба-құп, міне,
содан бастап ана тілін өзіне таяныш етіп айналасындағы

заттардың түрін, түсін, формасын, құрамын, т. б. ерекше
белгілерін игеруге құлшынады. Әрбір ата-ана бала
оқу жасына толып, мектеп табалдырығын аттаған соң
барлық жауапкершілікті тек оқытушыларға артып, өздері

басын бүркеп жатып алса, болмайды. Әр күні түстен
кеиін мектептен тарап үйге келген немесе тапсырмасын
толық орындап шайын ішіп көңілді отырған сәтінен
пайдаланып, жынысына, жас ерекшелігіне қарай

күнделікті тұрмыста жиі ұшырайтын үй мүліктеріне, ұлттық әдет-ғұрыпқа, қолөнер бұйымдарына, ішпекжемекке, қылаяғы той-томалақ, өлім-жітім істеріне байланысты төл атаулардың қыры мен сырын қадағалап айтып санасына сіңіріп отыруы керек. Әрқандай ана адам бойындағы бірінші – туа біткен талант пен айырықша зеректікті, екінші, болашақтағы бөгет істер мен бейсебеп қатерді, үшінші, кейбір тұқым қуалайтын психологиялық, физиологиялық нысандарды өзгерте алмайды, немесе кез келген уақытта сауғаға ұсына алмайды. Ана – тек баланың не анадай, не мынадай мінез қалыптасуына немесе жақсы мен жаманды парықтай алмауына тікелей себепші болады. Сол үшін жас аналар бала тәрбиелеуді ең жақсысы, сәби жастан бастап, ғылыми түрде жүйелі алып баруы қажет. Ал, ғылымның адам бойындағы қан құрамы (A, B, О, АВ) осы төрт топқа жіктелетінін әбден білеміз. Типті, қан тобындағылар ата-ананың тәрбиесінде өте шапшаң, алаңғасар, сондай-ақ жеппелегіш келеді. Балалармен бірге ойнағанда тым сотқарлау, әрі қағілез келеді. Мектеп құшағында, төтенше зерек болғанымен, бүгін еске сақтағанын, ертең ұмытып қалады. Егер мұны ата-ана немесе мұғалім болсын, белгілі тәртіпке түсіріп баули алмаса, кейін келе өз мінезінен өзі мезі болады да, іш құсалықтан арылу үшін көңілін аулап ойын-тамашаға араласады. Түйіп айтқанда, бұл типтегілерден шапшандығына байланысты спорт қимылдары мен әскери жаттығуға әрі музыкаға бейім екендігі көрініп тұрады. Мысалы: шапшандығынан алаңғасарлығын, кейде сөзге қонақ бермей ортадан киіп кетуінен сезімшілдігін түсінуге болады. B типті, қан тобындағылар асықпай қимылдайды. Ата-ана тәрбиесінде жүргенде, мінезі ауыр келеді. Әдетте көп ашу шақырмайды, ал ашуланған сәтте

аспандағыны алмап, жердегіні жалмап кете жаздайды.
Сол үшін олар басқа балаларға қарағанда, жуас келеді.
Оның осындай жуастығы кейбір даңғой, сотқар
балалардың әуесін қоздырып, топ алдында намысына

тиіп, мұқатып алуды ойлайды. Ол – бұл жағдайды
басқаларға айта алмайды. Іштей азаптанады, көптен
дараланып, ойыншық құрап ойнайды.
Мектеп құшағында жүргенде, қимылы баяу,

басқалармен қарым-қатынас жасауға шорқақ. Дәйім
топтан
бөлініп,
жападан-жалғыз

жүреді,
қашан
көрсеңіз қабағын бір ашпай, терең қиялға батқан
бейне танытады. Соған байланысты, айналасына зер

салып бақылап жүреді. Одан кейін көрген-білгені
бойынша қолына қалам ұстап сурет сызуға немесе ішкі
көңіл-күйін ақтарып бір нәрсе жазуға әуестенеді, бар
зейіні соған ауып өзінің өтеуге тиісті істерін мүлдем

ұмытып басқалардың сөгісіне қалады. Содан барып
әлдекімдер жағынан «маубас» атанады. Бірақ, ғалымға
тән қайсарлық пен табыскерге тән табандылық дәл
осылардан шығады. Егер, B типтілердің осы бір

ізденгіш, әрнеге әуес әдетін дер кезінде байқап, жақсы
тәрбие көрсете алмасақ, онда ол уақыт өте қиялшаң,
бұйығы болып кетеді. Ал, өзінің бейіміне қарай баулып
оны әдетіне айналдыра алсақ, нұр үстіне нұр.

AB типті, қан тобындағылар ата-ана тәрбиесінде
жүргенде, негізінен бір істі қолына алса, бір нәрсеге
қызықса соның соңынан мүлдем кетуге дайын. Көздеген
нәрсесі қашанғы өзіне тәуелді болғанша қарадай өзін

жоғалтып, әртүрлі әдіс-шараларды қарастырып, жік-
жапар болады. Ал сол аралықта өзінің жетпекші болған
нәрсесінен екі-үш есе әсем немесе сапасы жақсы затқа
көзі түссе алғашқы нысанаға алған затына әне-міне

жете бере оны тастай салып, басқаға назарын бұрып
әкетеді. Міне сүйтіп бәрінен құр алақан қалады.
Мектеп
құшағында

сабаққа
үлгірімі
жақсы,
табанды, орнықты. Әйткенмен, тым әсерленгіш келеді.

Мұғалімнің аузынан белгілі бір жаратылыстың немесе
қоғамдық ғылым туралы адам жанын әсерге бөлейтін
жақсы сөздер шықса, сол салаға қызығып нәтиже
жаратуға бел байлайды да, басқа сабаққа немқұрайды

қарайды. Мұғалім оның осындай ерекшелігі мен
кемшілігін сергектікпен байқап, үйрену әдісін жүйелі
тәртіпке түсіруге қузаушылық ету керек. Өйтпегенде,
«жалғыздың» шаңы шықпай, жарға апарып соғады.

O типті, қан тобындағылар ата-ана тәрбиесінде
жүргенде, өте жылдам да, баяуда емес, көбінесе кісі
көңілін табуға шебер. Егер олардың мынадай ерекше
қасиетін тәртіпті, жүйелі басқарып, ізгі жаққа баули

алмасақ, онда ол белгілі бір мәселеге дөп келгенде қай
жақ күшті келсе, сол жақтың сойылын соғып соны әдетке
айналдырып алады да, күн өте обал-сауапты білмейтін
жеке бастық мүддені көздегіш асқан жағымпаз, алаяқ

болып ержетіп, өз болашағын өзі ойрандап тынады.
Мектеп
құшағында
сабаққа

үлгірімі
жақсы
болғанымен, көп жағдайда «кұрыштың арқасында
күрмек су ішуге» дайын тұрады. Егер, олардың жоғарыда

айтып өткеніміздей, ортаға үйлескіштік, басқалармен
шығысымды қасиетінен толық пайдаланып тәртіпті,
жүйелі түрде ізгілікке баули алсақ, адамдар арасындағы
күнделікті барыс-келісте немесе сауда саласында жүз

берген кейбір кереғар әрекеттерге уағында әділ үкім
шығарып, оның бейбіт жолмен шешім табуына жол
сілтеп, әрі екі жаққа да пайда жеткізуге шебер келеді.
Сәбиінде еркінсіп кеткен бала, үлкейе келе ойына

келгенін істейтін, от пен суға түсуден тайынбайтын,
жақсы-жаманды
парықтамайтын
ішіне

шынтақ
айналмайтын қытымыр, қызғаншақ болып өседі,
«отбасы шағын мемлекет» деп Қасым Аманжол
айтқандай бала тәрбиесінде ең маңызды рөл ойнайтын

адам – ана. Сондықтан, біз аналарды «бір қолымен
бесікті, енді бір қолымен әлемді тербетеді» деп аса
жоғары бағалаймыз. Ертеде біздің аналаларымыз

балаларын кішкене кезінен тәртіп жүріс-тұрысына,
киім киісіне, сөз әлеміне қарап, соған сай ұлттық
дәстүрмен мәйектендіріп атпалы азамат етіп тәрбиелеп
шыққан. Олардың атын атап, түсін түстемесек те

тарихта еліне, жеріне қорған болған небір даңқты
тұлғалар өткен. Ол тұста бүгінгідей кемелді білім
ордасын қойып, әуелі, ғылым-өнерді жалпыластыратын
түйінді баспа орындары да болмаған. Сүйте тұра олар

қалайша бүгінгі күні бүкіл ел болып ардақ тұтатын
бірегей тұлғаға айнала алды? Оның бір себебі, қаймағы
бұзылмаған қазақы тұрмыс пен халық арасына кең
таралған бай ауыз әдебиеті мұрасының құдіреті. Оның

үстіне, ана тәрбиесінің өте жүйелі әрі қатаң қағидамен
алып барғаны. Мәселен: біз ««Aқан тәртібін айтсақ,
ол бала кезінде өте жұлымыр, әрнеге таңырқағыш,
тынымсыз болады дедік. Әрі жоғарыда балаға

зеректік туа бітеді дедік, ол сол зеректігінің арқасында
айналасына зер сала қарап одан өзіне тән ой түйіп,
рухани кеңістігін аса мол қажетті материалдармен
қамдайды. Сол кезде, ата-ана оның осы бір ерекшелігін

дер кезінде байқап, ұлтымыздың атам заманнан бері
қалыптасқан, дәстүрлі бала тәрбиелеу әдісін бүгінгі
дәуір талабына тығыз ұштастырып ұтымды пайдалана
білсе, онда ол ешкімнің қолынан келмейтін ең үлкен

табыстың иесі болар еді.
Өз енесінің қамқорына бөленіп, уызын еміп өскен
қозының құрсағында «мәйек» деп аталатын зат болады.
Ол уыз асқазанында ұйып, одан ұлтабарына тұрақтап,

үлкендігі бұзаушықтай болып, домаланып байланатын
қозының жетілуіне ең қажетті қымбатты асыл уақыттың
өтуімен қозы енесінен бөлініп, дербес тіршілік етудің
жолына түскен кезде, іштегі мәйек біртіндеп желініп,

оның ақаусыз, шымыр жетілуіне қолғабыс етеді. Ал
уызға жарымаған жетім қозылардың бойы аласарып,
нәзік,
әлжуаз

болып
өсуі
көбінесе
«мәйектің»

жоқтығынан. Балаға сәби кезінен жүргізілген жүйелі

тәрбиеде бейне сол «мәйек» сияқты, кішкентайынан санасына «мәйек» топтап, өскен бала оқу жасына толып, мектеп табалдырығын аттағанда да, қоғамға шыққанда да, тіпті, арман қуып, алысқа барғанда да, өзінің өскен елін, шыққан тегін, ұлттық құндылықтарын сағына еске алып ешқашан ұмытпайтын, жолдан азбайтын болады. Қысқасы, «рухы мықты адамның ұнжырғасы түспейді» Ал, жасында жүйелі тәрбие көрмеген, тізгінсіз кеткен рухы әлсіз балалар бейне «мәйегі» жоқ жетім қозы сияқты, анаған бір, мынаған бір телмеңдеп, көрінген «кеменің» соңынан кетеді. Өйткені, «бүріскен мысыққа бүрге үйір келеді». «Мәйек» демекші, ана сәбиді қолдан жасалған қоспалы ішпек-жемекпен емес, ең жақсысы омырау сүтімен асырағаны абзал. Себебі, ана сүті табиғи болатындықтан онда адам ағзасына жеткізетін ешқан­ дай химиялық элемент жоқ, қайта сәбиге қатысты көптеген қажетті белоктар болады. Шынын қуғанда, баланың бәрі еңбектеген кезінен айналасына зер сала бастайды. Бұл мақсатты түрде зер салуда, немесе әлденеге қызығуда емес, қайта, өзіне белгісіз бір ырықсыз зейіннің жетегімен келген әуес. Әрі төтенше тынымсыз болады. Көзіне көрінгенді бас салып ұстасам дейді, от пен суды, жақсы мен жаманды айыра білмейді. Егер сіз ондай кезде баланың мұндай бейбастық қылығына сабырлылық көрсетіп, бір кешіресіз, екі кешіресіз, үшінші ретке барғанда шыдай алмай қолыңызбен кез келген жеріне салып қаласыз немесе тұрған жерінен жұлып алып әудем жерге лақтырып жібересіз. Ол сол жерде сілесі қата әбден жылап, бір кезде шаршап уанады. Ол осы бойынша баяғыдай аман-сау уанып жүре берсе ештеңе емес, ең азабы, сәбидің дене құрлымы өте бос, әрі әлжуаз, үздіксіз өсу үстінде болатындықтан, сіз ашуға басып ұрған кезіңізде сол бір нәзік дене мүшелерінің біріне зақым жетіп, есейе келе кем болып қалса, оның азабын

баяғы өзіңіз тартасыз. Сонымен бірге, ақаусыз өсіп
келе жатқан баланың бір мүшесін кем қылып оған бір
өмір аналық мейір емес, ат көтере алмас азап бағыштап
бересіз. Сондықтан, біздің халқымыз «адамнан ағат

кетпейінше Алладан жаза жетпейді» деп өте тура
айтқан.
Бізде баланың тынымсыз, әрнеге әуес осы бір
психологиялық әрекетінен өнімді пайдаланып, оны өз

қажетімізге істете білетін жасампаздық қабілет болуы
керек. Егер, сол кезде ол көрген нәрсесін алдынан
ешқандай кедергі шықпай, тура еңбектеп барып алса,
бұл әрекет оған күн өте санасына білінбей, көлеңкесін

түсіреді де, дүниедегі нәрсе атаулы құлшынсаң ғана
қолға түседі дейтін, сыңар жақтылы көзқараста болады.
Біз оның әудем жерден еңбектеп келіп алмақшы болған,
затын бірден қолына ұстата салмай, тұрған жерінен

қозғап басқа жерге апарып қойсақ, ол келген жерінде
шорт тоқтай қалып, аталмыш нәрсесіне үңіле салады,
ал, қолы жетпейтін биікке апарып қойсақ әрі оған
амалдап назарын аударсақ, ол отыра қалып, аталмыш

нәрсеге аңыра қарайды. Міне осындай әдістер арқылы
бірінші – баланың еске ұстау қабілетін жетілдірсек,
екінші – оған ырықсыз түрде өмірде қимылдаса ғана
қолға ілігетін қымбат нәрсенің жоқтығын, аралықта сан

түрлі кедергі болатынын түсіндіре аламыз. Ал, аталмыш
затты бірнеше заттың арасына қосып, оларды бірден-
бірден көз алдынан өткізсек, түсті айыру қабілетін
толық сәулелендіре аламыз.

Балаларды амал бар даңғаза, у-шуы көп жерде
отырса да, үйренуін үзбей жалғастыра беретін тамаша
әдетке баулу керек. Өйткені, қоғамдық орта қашан да
ың-шыңсыз, тыныш емес, қайта, үздіксіз қозғалыста.

Ал бала дәл көңіл-күйдің гүлдей құлпырған сәтінде,
у-шудан ада тыныш орта іздеймін деп бірінші – уақытын
ысырап етсе, екінші – ойына келген үздік ойлардың
сорабынан көз жазып қалуы мүмкін. Сондықтан, ең

маңыздысы, баланың психологиялық еркін қандай

шуылды орта болса да өнімін көрсете алатындай, қуатқа
ие етіп тәрбиелеу керек.
Біздің халқымызда туа да кем туылатын балалар
өте аз. Тіпті, жоққа тән десе де болады. Мұның себебі,

жеті атаға толмай, жеті өзен аттамай қыз алыспаудың
пайдасы. Әсілі, біздің шежіреміз жерге, руға бөлінуді,
әрі бір-бірімен жақ-жақ болып қырқысуды мақсат
тұтпаған. Қайта, қан тазалығын сақтау мен ата қуалап,

бауырмалдықты, қандастықты дәріптеуді басты орынға
қойған. Сол үшін әрбір қазақ жастары ұлтымыздың
осы бір ұлы қасиетін есіне берік сақтап ұрпақтан-
ұрпаққа мирас қалдыруға міндетті. Баланың бейбастақ

кетуін тежеудің әдісі, түптеп келгенде, сәби кезінен
басталады. Мәселен: жаңадан еңбектеп тынышы
кетіп жүргенде, отқа таяу барып алса, немесе сол
сияқты қатерлі нәрсеге қарадай әуестенсе, соның

қасына апарып, оған өз қолыңызды тигізіп: «ыбыжай»,
«абажай», «кыкай», «пу» деген жүйкені тітіркендіретін
әрекет жасап қолыңызды тез тартып алсаңыз, ол бұл
нәрсенің аты мен затын толық парықтай алмаса да, өз

түсінігі бойынша кемінде жаман нәрсе екенін біледі де,
екінші қайтып ол жаққа бармайтын болады. Бұл анаға
да, балаға да пайдалы данышпандық тағылым.
Бала өте өзіне таңсық сезілген нәрсені қайта-қайта

сұрай береді, бұл олардың қызығушылық қасиетінің
біртіндеп оянғанынан дерек береді, дәл сол кезде оның
кейбір кереғар сұрағына кішпейілдік көрсетіп немесе
басқа сөзге айналдырып кетудің орнына, «тек», «қой,

бұдан соң мына сөзіңді айтушы болма! «Не ол» деп
зекіп бетінен қақсақ, оның көңілі суып жасқаншақ,
жігерсіз болып қалады, қайта, мінезіне, бейіміне қарай
өзі қызыққан нәрсеге зейінін шоғырландырып жүйелі

тәрбие беру керек. Баланың тағы бір әдеті төрт-бес
жасында әркімның аузын бағып сөзін тыңдайды. Оның
жақсысы қайсы, жаманы қайсы парықтамайды, әйтеу
есіне сақтап реті келгенде басқаларға айтып беруді

мақтан көреді, егер, балалардағы мынадай кереғар
әдетті дер кезінде тежемей еркіне қоя берсек, төтесін
айтқанда, жақсы жаққа баули алмасақ, уақыт өте
келе бұл бойға дерт болып жабысады да, арпылдаған

өсекші болып шығады. Ал оның осы ерекшелігін дұрыс
пайдаланып, кітап оқуға баулып, одан алған әсерін
қайта өзіне айтқызып машықтандырсақ, бұл біріншіден
есте сақтау қабілетін, екіншіден, ақылдық танымын

тереңдетуге аса пайдалы.
Енді бір жағынан балаларды бейбастақ кетті
деп оларды ойыннан тежесек, зейіннің жетілуі
мен денсаулығының ақаусыз өсуіне нұқсан жетеді.

Бұлай дейтініміз, балалар ойынның қызығына түсу
барысында белгілі бір нәрсеге бола кейде, достасып,
кейде, араздасып сол арқылы кегін, сүйіспеншілігін,
амалын білдіреді. Мәселен: бір топ бала ойнап жүріп

өздері қызығатын бір асыл зат тауып алды дейік,
олар алғашында бір-бірін қимас дос етіп топтасып
ойнағанымен, әлгі затты көрген кезде қас-қаққанша
үш-төрт топқа бөлініп кетеді. Затқа ие болған бірінші

топ оны басқаларға бермеуді, көрсетпеуді ойласа, одан
кейінгі топ сол затты қайтсек қолға түсіреміз, немесе
көреміз, деп амал, айла іздей бастайды. Үшінші топ
бірінші топта аталмыш асыл заттың бар-жоқтығына

көздері жетпей, екі ұдай боп бір шетте ұйлығысып
тұрса, ал төртінші топ бірге күш қосып, қарсы
шабуылға өтудің орнына алды-алдына кетіп, бірі әлгі
асыл затты көру үшін бірінші топтағы мәлім біреуге

жағымпазданып соның шашпауын көтерсе, енді бірі,
құр дүрмекке ілесіп өрге-төмен шапқылайды. Балалар
міне осындай жолдармен бір нәрсеге аңсары ауу, өзіне
тәуелдеу пиғылы арқылы зейінін шоғырландырып, ой

өрісін кеңейтеді, оның үстіне, ойнап жүріп жығылып-
сүрінеді, топырақ жейді, киімі былғанады, бұл тазалыққа
аса үлкен зиянын тигізгенімен, бірақ, жығылып-сүріну,
топырақ жеу, үсті-басын былғау, оның ішкі ағзасы

қажет еткен кейбір маңызды элементтердің кем жерін
толықтауға септігін тигізеді, айталық, топырақтың
құрамында темір құрамы болады, ол қандағы темір
құрамның кемдігін толықтауда алдына жан салмайды.

Сондықтан, балалардың ойынын қандыруға, таза
топырақпен қоректігін толықтауға, әрі сол кездегі
қауіпсіздікке көңіл бөлу керек.
Баланы: «жарайсың, жақсы» деп шабыттандырумен

бірге, әрбір ата-ана оған ой салатын, жақсы үлгілерді шай
үстінде немесе орайы келген сәтте арнаулы мақсатпен
емес, қайта жай отырып айту керек. Мәселен, көзі
көрмесе де бірақ, естіген сырттай таныс бір оқушыны

болмаса соған сәйкес құрбыларының кейбір жақсы
сапасын, үйренуге болған белсенділігін, жасампаздық
ерекшелігін айту керек.
Мейлі ұл, мейлі қыз болсын оларды өздерінің

ерекшеліктеріне қарай күнделікті тұрмыста шамасы
келетін үй жұмыстарына араластырып, бос белбеу
болудың, қыстық, жаздық демалыстарда туыстарының
үйіне, немесе белгілі саяхат орындарға апарып көңілін

көтеріп, салқын қандылықтың, бұйығылықтың алдын
алу керек.
Демек, әр қандай ата-ана бала тәрбиесі туралы
бір қанша маңызды түйіндердің ретін тауып, қажетіне

жаратумен бірге, өздерінде де бүгінгі дәуірге сәйкес
өскелең жақсы қасиет, аса мол білім қамбасы, сондай-
ақ, өрелі ұлттық рухқа тән жаһандық көзқарас болуы
керек.

Бала тәрбиесі бүгінгі бізді қойып, күні кеше
ұлтымыздың мақтанышына айналып үлгірген небір
данышпан тұлғалардың да басын қатырған. Мәселен:
сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «жастық тың жер секілді

оған не ексең, соны орасың» десе, ұлы жазушы
Мұқтар Әуезов: «ұлт боламын десең, бесігіңді түзе..»
депті, ал мен; «тәрбиенің тамаша мектебі - отбасы,
немесе «кемшілік адамның бір өзінен кетпейді, қайта,

қитұрқы мінезінен кетеді» демекпін. Себебі, мінезді
қалыптастыратын басты фактор - өскен орта ғой!
Сөз соңында айтарым, бұл шағын мақаламда кейбір
нәзік буындарды дөп басып айттым дей алмаймын,

мен тек ұрпақ тәрбиелеуге қатысты көп уақыттан
бері ойлап жүрген жеке көзқарастарымды ғана ортаға
салдым. Оқырман қауымның мақаладағы артық-кем
жерін талғам таразысына салып, құнды ұсыныс-пікір

берулерін шынайы үміт етемін.
30 - 3 – 2014

қарымды сөздер
Ойтолғам
Бақыт дегеніміз – жалпылай айтқанда, тіршілікті
қорғап, табиғатты таза сақтау және баянды даму, жеке

бас үшін төрт мүшенің дін амандығы мен төккен тердің
тегін кетпегені.
Біз – бүгін тозық дәстүрге сын көзбен қарап, озық
дәстүрді ұрпақтар бойы жалғастырып, әдебиеті мен

мәдениеті тең алға басқан, экономика, саяси жақтан
бір тұлғаланған, өркениеті кемелді елдер қатарынан
ойып орын алмайынша, жанымызға маза, тәнімізге
тыныштық жоқ.

Өмірде ешкім қол сұға алмайтын бір ғана бостандық
бар. Ол – автордың образ жасау құқығы, оған бастысы,
ақиқат пен дәлдік керек.
Өсімдіксіз өңір көп,

Ормансыз оттегі,
Ал онсыз өмір жоқ.
Табылмас оңай оттегі,
Тапса да қорек кеңірдек.

Кім де кім өз салауатын сақтамаса, достықта құрмет,
татулықта береке болмайды.
Тәртіп болмаған жерде, тағылық өршиді.

Күн күндестік қылмаса, бір таудың көлеңкесі бір
тауға түспейді.
Аңыз әрқалай айтылғанымен әрине, жалған емес,
Әйтеу онда бір үлкен ақиқаттың бары шын. Оны ғылым

жүзінде жарыққа шығарып, үлкен кәдеге жарата білу
осы күнгі естілердің бұлтартпас борышы.
Біз – ғылымды бақыт үшін басталған бір жақсы
қадам деп есептесек, оның ұшар басына әлі жеткен

жоқпыз. Қайта, әртүрлі атауы табылып, арнасы ұлғайған
алғашқы сатысында тұрмыз.
Егер менен біреу келіп, дүниеде ең ұлы нәрсе не деп
сұрау қоятын болса , онда мен еш ойланбастан өсімдік

дер едім, өйткені, ол жоқ жерде бүгінгі баянды өмірдің
бес тиындық құны да жоқ.
Махаббат – мүлде қарапайым, ол тек еркіңнен тыс
еліту мен таза жүректің әміріне бағынатын аксиома.

Көзсіздікпен істелген іс-көмескіде көміліп жатқан
көптеген жат пиғылдардың қоздаған ошағына
айналады.
Көкте – тәңір, жерде – ақиқат бар.

Адамзат төрткіл дүниені өз еркіне бағындырып,
күн сайын алға ілгерілеп келе жатқанымен, бірақ оның
озық ғылым техникасынан бұрын, пайдасы жоқ кері

жағы көздеген жақсы мақсатына жетіп үлгіргенше,
жер бетінің қорыс-қопасын шығарып, көзден бұлбұл
ұшыратын сыңайлы.
Дүниенің соры – тосын апат, лаулаған от, бақыты-

баяғы қалпы.
Адамның жауы – өзімшілдік, досы – кішпейілдік.
Адам баласын әр жағынан сұрыптап көрсететін ең
негізгі өлшем – кемел ақыл, көркем мінез.

Өтірік шыққан ауыздан ұят кетеді, иман азады.
Бір адам жаңалық жаратады, мың адам көлеңкесінде
қалады.
Басқалар сенен ат бойын ала қашса немесе бақастық

істей бастаса, биік мақсатқа жетудің бастапқы қадамын
сәтті бастым, – деп сана. Бірақ, байыпты болғайсың.
Арман мәңгі таусылмайды, арман таусылған кезде,
әлейім дүниенің қадірі кетеді.

Қымыз тостағанымен, ғашықтар қоспағанымен
қымбат.
Біреулер бақытқа, біреулер жақұтқа қызығады.
Жақұтқа қызыққан өмірде, бақытқа қызыққан көңілде

жасайды.
Құлшыну – адам өміріндегі естен кетпейтін ең
мағыналы, ең бақытты сәттер.

Шабыт – әрқандай адамның бойында бар қасиет.
Ол терең толғаныс әсерінің белгілі бір жаратылыстық
ортадағы құбылмалы құбылыстардан пайдаланып,
өзін-өзіне баурату арқылы ойлау, топшылау сезімінен

туатын қалыпты құбылыс.
Оқытушы – күллі дүниені бетке алып, коммунизм
ісі үшін күрес жасайтын сондай-ақ қазіргі заман
ауқымының жедел дамуына сәйкесіп, ұрпақ тәрбиелеу

жолында бәрінен баз кешетін алдыңғы шеп атойшысы.
Барлық адамның бойында бұрыннан бар қасиет-
ұлттық сезім. Оны ешкім де жаулай алмайды, оның
жойылу себебін өзіңнің опасыздығыңнан көр.

Адамды алға жебейтін немесе жалпақ әлемге
танымал ететін өміршең күш – ұлттық рух.
Мен де сен туралы ойланайын, сен де мен туралы
ойлан. Біз шынында ойланайық, тағы да ойланайық.

Тек бір адам ғана саналы болып жарала бермейді,
осы дүниедегі адамдардың бәрінің де, игілік жарату
қабілеті бар. Оны жандандырудың жолы немесе бірден-
бір шығар жолы тар жол тайғақ кешулер мен толассыз

толқынды ізденістер.
Дүниенің қожасы – ғылым.
Дүниенің тиегі – идеялық форма емес, қайта
материалистік ұғым.

Тарихқа таңба басатын және оны тәртіпке түсіретін
адам, ал тарих тегінен бар, ол – әлем барлыққа келген

күннен бастап, дәл қазірге дейін талас-тартыспен жасап
келеді.
Байқау – басты мәселе, тану – ілгері бастыратын
күш, тәрбие – тыныш күйдегі зат емес, қайта, сөз бен

әрекеті тығыз сәйкескен ең жақын кемелді трактат.
Өмір ойлағаныңдай оңтайлы емес, жуас болсаң
өзгенің жеміне, асқан кезеп болсаң жыртқыш бөріге, ал
өнерлі, үмітшең болсаң, бірегей серіге айналасың.

Жер жүзінде күні бүгінге дейін талай жүректерді
тебірендіріп, үзіліссіз жалғасып келе жатқан бір асыл
бар. Ол атап айтқанда, ауызбірлігі. Бұл дүниеде одан
өтетін ешқандай күш болмақ емес.

Адам азса ақымақтығынан емес, ақылсыздығынан
азады.
Болмыс – тыныш орта, оны адамдар дүрліктіреді,
бұзып – жөндейді, болмыс – шашылып жатқан иесіз

дүние, оны адамдар жиып-тереді және басқарады,
болмыс – бас білмейтін шу асау, оны адамдар үйретеді,
және бұғалықтайды.
Зерделілік – көп рет ойланудан, ден қоя бақылаудан

келеді, бір сағат ойлансаң, екі күндік жол басқанмен
пара-пар. Демек, қанша ойлансаң, сонша жұғымды
болады. Мұнда әспенсуге, сәл қарауға әсте жол жоқ.
Сауданы ми, сезімді жүрек басқарады. Ми басқарған

махаббатта мәңгі баян жоқ, жүрек басқарған мөлдір
сезім басы кетсе де, бет алған жағына бейім.

Лирика жазу – махаббат туралы тұрақты аксиоманы іздеу емес, қайта, әр екі жақтың (қыз бен жігіт арасындағы) бір-біріне деген үміт сенімін, қызу ынтасын жеткізу. Ғылым – табиғат бойында бұрыннан сақталған, аса тәртіпке түскен, мүлде өзгермейтін заңдылық. Оның бізге құдіретті сезінетіні адамдар жағынан көп бұлтаққа салып, терең ойға тастап, риясыз еңбектің арқасында жарыққа шыққандығында, немесе көп күрделі жасампаздығында. Түстің бір ұшы қоғамдық өмірде, бір ұшы қиял мен көңілде. Пенденің бәрі білікті емес, бестінің бәрі жілікті емес. Қараулық – көп құндылықтардан қағыс қалдырады, тіпті, аяқ астында жатқан ат басындай алтынның да қадіріне жеткізбейді. Қырсық – қонғалы тұрған десті қырық кез аспанға шығарады. Қара су жұтпай, қатты қиналмай қолға келген кесек табыстың түкте жұғымы жоқ. Бақытқа жету үшін қиындыққа мойымайтын қайсар рух, күн нұрындай мейірімді ыстық жүрек, таудан құлап түссе де түгі қисаймайтын табандылық қажет.

Былыққан ортаны берекеге, теріс баққандарды
тәртіпке шақыратын терең түсінік.
Қоғамдық өмір – барлық қайшылықтар мен қаптаған
қалың сұрақтың ортасы. Оның жауабын тауып, сауабын

алу үшін шыңдалған рух қажет. Өз ортасына терең
түсінік орнатып, тыңынан жол іздеген адамның ғана
жұлдызы мәңгі жарық.
Бізге ешкім өз тіліңді ұмыт, әдет-ғұрпыңнан

қолыңды үз. Өзіңді аздырып, өзге ұлт қатарынан
мәңгүрт бейнеңмен бой көрсет деп көзге шұқыған емес.
Ондай мәңгүрт бейне жан баласы түгіл, жұмыр жер беті
жөнінен алғанда да аса қауіпті дерт.

Адамгершілік – пәнидегі барша болмысқа тең
қарау, құнын біліп, қадіріне жету, ал, адалдық – арын
таза сақтау, бұйрыққа бойсыну.
Өмір дегеніміз – үмітпен жасау.

Әлем
сәуледен
жаралып,
дыбыстан

құрып
жоғалады.
Тақырыптың қожасы – орамды ой, ойдың қожасы –
тереңдік, уақиғаның қожасы – қиял, кейіпкердің қожасы

– ортақ шындық, сөздің қожасы – дәлдік, сөйлемнің

қожа­сы – кемелді қисын.
Намыс – адамды ширықтырса, бойдағы бар мүмкін­
дік­терді жай ғана жалыннан жалаңдаған өртке айнал­
дырады.

Егер мен қоғамдық нақты жағдайға зер сала үңіліп
одан өзгеше ой қорыта білсем, онда өзімнен бұрын
өткен алыптар қатарынан орын алуым айнымас
ақиқат.

Өмір – үмітпен жасауды өзгермес заң етеді. Қуансаң-
құдды қиялда айтылатын ғаламат бейіш, қамықсаң, күн
батып таң атпайтын тастай қараңғы түн, түңілсең, түкте
қызығы жоқ шыбын жаныңды шыжғырып от пен суға

салатын нағыз тозақ.
Жаны берік адам ғана, жақсы күнге қол жеткізе
алады.
Ұлы адамдардың артына қалдырған асыл сөздерін

есіне тоқымаған адам оның ішкі мағынасына ой
жүгіртпей тұрып, мынау есі ауысқан әлдебіреудің қияли
сандырағы деп ішек-сілесі қатып күледі, ал білгендер
өмір бойы алтындай ардақтап, есіне сақтап жүреді.

Дүниеде екі түрлі абырой бар. Біріншісі, жетесізді
жарға
итеріп
жағымпазданып

табатын
абырой.
Екіншісі, қолда бардың қадіріне жетіп, халықтың қызу
қарсы алуына бөленетін нағыз өміршең абырой.

Бөбек те бесікте уілдеп жатып, бостандықты
аңсайды.
Адам дүниеде тіршілік етуге ең ебедейсіз жаралған
есті мақұлық. Бір ғана айырмасы – ғылыми қулығы.

Жарлы шындық отқа күйсе, қалталы өтірік сотта
еркіндік алады.
Тіршілік бар жердің бәрі де толған кедергі. Кедергі
болмаған жағдайда, кемелді дүниеге қол жеткізуге

болмайды.
Біз тарихқа қарап бой түзеп, тарихқа қарап тың
бастама көтеруіміз керек.
Пәниде барлық жағынан кемелді болған бірде-бір

зат жоқ, олай болуы да мүмкін емес. Әрқандай жанды
мақұлық дүние есігін дін аман ашқан күнде де, тік басып
тірлік толқынына түскеннен кейін денесін тыртық,
басын бейсебеп мұң, жүрегін пендеуи кереғарлықтан

туған жазылмас жара меңдейді.
Байлық бізге есігін ашып, езу тартып күліп тұрса
да, оны көретін көз, сезетін сана жоқ. Керісінше, қиял
жетсе де, қол жетпейтін қиырдағыны аңсап, тумаған

сиырдың уызын күтіп жүріп, өмірдің бір жалт етпесіне
келгенде, барса келмейтін сапарға бет түзейміз.
Ақылды – әр істің ығын тауып, ретіне келтіріп
істейді. Ақымақ – арзан атаққа бой ұрады, ағат басудан

жазбайды. Барын сатып, бағынан айырылады. Әңгүдік

–өзін зор, өзгені қор санайды, өзімшілдікке басып

өзгенің орнына таласамын деп, ең соңында көзін жасқа,
кеудесін күйікке толтырады.
Қыран қияға тартып қызылын аңдыса, тірнек ұяда
жатып, самғайтын сәтін күтеді.

Жер – ежелден барлық ағзаларға, өсімдік атаулыға және жан-жануарларға ортақ мекен. Онда ешқашан ендік, бойлық немесе төрт бағыт деп бөлінген емес. Қазіргі күндегі шекаралық аймақтар мен ел аралық қақтығыстар адам баласының өзімшіл рухынан келіп шыққан. Ақын – халық қолдаса, мерейі тасиды, су – балық болмаса бабынан кетеді. Сасыған суда балық, қалытқылы жерде жарық болмайды. Қолға келген бірегей туынды – мәңгі қайталан­ байтын шабыт. Біз зайыры кімге ұқсасақ екен, ұқсаған күнде де, ұқсатып іс тындыра алмасақ, онымыз өрескел болмай ма?! Біз – барлық жақтан тең тұруға қақылы сезінеді екенбіз, онда ең алдымен, өзіміздің ұлттық мәдениетімізді ілгері дамытып, салиқалы салтымызды көз қарашығымыздай қорғап, өзгенің озық өркениетінен ой түйіп, үлгі қабылдайтын сындарлы рухты жетілдіруіміз қажет. Талант тіке байқаудан, ғұламалық құныға зерттеуден келеді. Пәнидегі барша болмыстың аты өзгергенмен, заты өзгермейді, мәңгі сақталады.

Ақкөңілділік әр қырынан бой көрсетеді. Олардың
ең әйгілерінен мынадай үшеуі бар. Біріншісі, қоңыржай
ақкөңілділік – бұл шын ниеттен туған бөгде мақсаты
жоқ тап-таза сезім. Екіншісі, жасанды ақкөңілділік

– бұл атап айтқанда, өз ішінен қаншалық қысылып,

немесе жаратпай тұрса да жауға жарасын білдірмей
жалған қалыппен құрақ ұшатын қитұрқы күй. Үшіншісі,
айлалы ақкөңілділік – бұл өзінің ойына бүккен қандай
мақсаты болса да қарсы жағын сезіктендіріп алмау

үшін неғұрлым кішпейіл байсалды болуға тырысатын
ең сұрқия психика.
Алтын адамдар үшін алғанда әлемдегі ең бағалы зат
болғанымен, еңбек одан да қастерлі, одан да өскелең.

Көңіл тоқығанымен көзге шалынбайтын, жарықтан
да күшті әрі әлеуетті және бір куанышты ұғым, атап
айтқанда адамзат ақыл-парасатының жауһары –
қасиетті ғылым.

Оқудың мәні – ойын-күлкіде немесе үстірт ой
салуда емес, қайта ашты тер төгіп, аянбай ізденуде.
Ғылым – бүкіл әлемде бұрыннан бар. Бірақ, тіке
байқауға келмейтін, бір тұтас жүйе.

Біліксіз ұл мен қылықсыз қыздың жарыққа шығуы
ойсыз шеше мен өнегесіз әкенің тәрбиесінен.
Таудың тағаны бір болғанымен, тұлғасы бөлек.
Ақиқат – өтірікті асықпай аударып тастайды,

өтіріктің оңайға жан бермейтіні - философиядағы бір
барыс.
Тіршіліктің нәрі, өсімдіктің жаны, әлемнің сәні су.
Қағазға жаның ашыса, шығарманың көзі шығады.

Ақша құмарлық, адамгершілікке жасалған сұрапыл
соққы.
Жазушының жасырын жан жарасы жасампаздыққа
көлеңкесін түсірмей қоймайды.

Ұрпақтардың
ұлттық
тәрбиеден
қожырауына

себеп болатын нәрсе - ананың ақ алақан, ойсыздығы,
әкенің бір мойын төрешіл көзқарасы, үлкендердің әсіре
мейірбандығы мен қарау, дүниеқорлығы.
Қиял темірдей тәртіпке салып, телегей біліммен

суғарғанда ғана көздеген нысанаға дәл тиеді.
Өзімшіл – құрғақ ақылдың құлы, қызғаншақ –
табысты қолдың кірі.
Тымырсық сәби – қойшы, жылауық сәби – ойшы

болады.
Алланы ұмытқандар ертеңінің арайлы екеніне
мүлде сенбейді.

Кемшілік адамның бір көзінен кетпейді, қитұрқы
мінезінен кетеді.
Ұлттық рухы ояздаған адам ең алдымен әдебиетін,
одан соң мәдениетін ұмытады.

Егер, сыртқы себеп болмаса қозғалыстағы әрқандай
бір зат тербелмейді немесе бұлғалақтамайды.
Арман – арғы жағадағы жасыл бақша, бейнет –
орталықтағы тасыған өзен, тәуекел – өзен бетіндегі

қайық, үміт – бойыңдағы қажыр-қайратың, жеңіс –
арманға жету жолындағы төккен теріңнің төлемі.
Зеректік – байқауға бастап апаратын төте жол, байқау

– барлық табыс пен жаңалықтың қайнар көзі, бақылау

– байқалған болмыстың, заттың немесе құбылыстың

сырын ашуды қузайтын түрткі күш. Зерттеу – қомақты
нәтижеге қол жеткізетін алтын ашқыш.
Нағыз азаматтық қасиеттің алдында – мол білім,
ғылыми жетістік, ақын-жазушылық, қысқасы, жалпы

өнер атаулы ауызбен орақ ору ғана.
Ғарыш – тіршілік етуге титтей пайдасы жоқ,
қаңыраған ауасыз орта болғанымен, адамзат оның да
амалын табады, ешқашан шарасыз қалмайды

Жүрегінде иманы жоқтар жақсылықты жаратушы
әннің дарғайына емес, қайта, адамның хал-жайына
қарап істейді.

Ойсыз шығарма болмайды, әрқандай шығармада
өзіне тән ой болады. Ойды жеткізе айту үшін шеберлік
керек. Шеберлікке селкеу түсіретін нәрсе – қисынның
кемелсіздігі, қиялдың қуатсыздығы.

Мазмұны Автордың қысқаша өмірбаяны ...3 Ойға қалдырған Оқиға......................5 Тәпектің теориясы...............................12 Күмбез..........................................................18 көк Башақ..................................................27 Жанды жайлаған у .............................39 Әже.................................................................52 табиғат тағылымы...............................66 қайран, боПтөбел!.................................82 еріккеннің естемесі............................100

ақтық өсиет.............................................118 ақиқат мінбесі........................................136 Маран............................................................143 Жаңбырлы түн.........................................165 бала кезімдегі арман.........................181 Мектеп – ана............................................183 Бұлт пен боран........................................187 анамдай ардақты, ақбұзау өзені..............................................................192 қазақ тілді хангұйшин мұғалима .................................................208 Етікшінің ИгІ қадамы.........................217 табыс – тердІң төлемІ..........................223 тағдырға мойымаған тарпаң талант .......................................230 тағдырды өзгерткен талпыныс..................................................248

қайсар рухты, қайырымды бойжеткен.................................................255 адал жар, өнегелі келін....................260 науБайшы азаматтың нағыз тІрлІгІ............................................................264 Еркенің қызығы......................................269 апа, мен оқиыншы!.............................294 Баланың тағдыры – ананың қолында ....................................................308 қарымды сөздер.....................................324

Қуантай Сатыбалдыұлы
Ақиқат мінбесі
Редакторы Әлсейіт Оспан
Корректор Қапиза Арганчаева

Көркемдеуші редактор Әлия Сеңгірбаева
Техникалық редактор Нүркен Сүйеубекұлы

ИБ №167

Басылуға 08.06.2015 ж. қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32.
Қаріп түрі «Tames New Poman».
Көлемі 18,0 ш.б.т. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс 167
«Қазақпарат» баспа корпорациясының баспаханасы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙