Қобыланды батыр
Сәкен Сейфуллин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақтың бас батырлық дастаны. Қарақыпшақ Қобыланды мен Тайбурылдың ерлік жорықтары, ел қорғау дәстүрі жырланады.
Қият рулық Қараманның жауға аттанып бара жатып құрдасы қара қыпшақ Қобыланды батырға айтқаны:
Сен Сыламның ұлы Қараман:
Қазанға кетіп барамын,
Жүрмейсің бе, құрдасжан,
Көп қолқалық қыламын.
Заманы бірге сырласым,
Жылы бірге жылдасым,
Жасы бірге құрдасым,
Сапар тартып, жол шектім.
Жасыңнан артық талайың,
Қобыланды сондай батырың.
Жүрмейсің бе, құрдасым,
Дұға тиген ер едің,
Киізіңе келген дұшпаның,
Білемін, Қобылан, оңбасын.
Сапар қылып жол шектім,
Жүрмейсің бе, жолбарысым?
Қобыланды сонда сөйлейді:
Алды-артымнан қалмасын,
Ақыреттік жолдасым,
Ителгі құстай іледі;
Сүйкімді назбен күледі.
Хабар салып алайын,
Үйдегі Құртқам біледі.
Сұрағалы Құртқадан,
Сол арада жөнелді.
Қобыландының жанынан,
Естемес шықты ел жаққа.
Бұл сөзімде жоқ қата,
Ойнақтайды жас бота.
Құртқа тіккен отауға.
Естемес тыстан сөз қата,
Күн шыққан соң таң ата
Естемес келіп сөйлейді:
Әйел болдың амал жоқ,
Егерде еркек болғанда,
Болар ен тұтқа бір жұртқа.
Мінген аты қызылды тағдырға сезілді.
Арыстанның көңілі бұзылды.
Белге керек шар болат,
Ділге керек жалаң қат.
Жалғыз емес Қобылекем,
Қияттан шықты қолқанат,
Батырын мініп шабуға,
Жасымен баққан бурыл ат,
Жарамай ма бурыл ат?
Құртқаның сонда шыққаны:
Сылаң етіп сылт етіп,
Саулы інгендей аңқылдап,
Көсегендей сұңқылдап,
Алтын текті ақ Құртқа,
Көтеріп жаулық сөйлейді:
Естемес құлға былқылдап,
Пенде толмас іңкәрға,
Екі тоқты, бір саулық,
Берер едім қырқарға.
Үйдегі бурыл тұлпарға.
Тұлпарыңа жұмсадың,
Құрт иесі сұңқарға.
Құрбы менен құрдасқа.
Жылы бірге жолдасқа,
Жасы бірге құрдасқа,
Мінем көшке көк қасқа,
Саламын қамшы жамбасқа.
Жанына ерген жолдасқа,
Бәрікең менен той басқа,
Ескіменен жол басқа.
Бәйбіше менен күң басқа,
Туған ұл менен құл басқа.
Біздей нашар жолдасқа,
Жолдасына жұмсаған,
Көп құлдық бас дегейсің.
Жұрт иесі жолбарысқа.
Алды-артымнан қалмасын,
Тілеуімді алса, сұлтаным,
Бұл сапарға бармасын,
Көп жылайды дегейсің,
Үйдегі нашар жолдасың.
Жасағанда кеңдік бар,
Азда қанша тендік бар,
Құрдаста қанша елдік бар,
Сұлтаныма сәлемде,
Біз байлаған бурыл да,
Қырық үш күндік кемдік бар.
Қобыландыға келеді.
Естемес барды Қобыланға.
Жүремін деген жолдасқа;
Сонда Қобылан сөйлейді,
Көлден ұшқан қалбаймын,
Қақ бұйырған сапардан,
Арыстаным қалмаймын.
Бұл сапарға бармаймын,
Бұл олжадан алмаймын.
Ақ бармақпен жемдеген,
Ауырса жеммен емдеген,
Өзінен басқа көрмеген,
Бағып тұрған бал асы.
Күтіп тұрған анасы.
Өзі әйелдің данасы.
Қырық үш күнін кем деген.
Бұл барғаннан барсақ біз,
Ер Қазанды өлтіріп,
Қаласын бұзып алсақ біз,
Әр сапарға шығарда,
Қатынға ақыл салсақ біз.
Ерлер киер кейбене,
Наздар киер кидана
Кеткен кісі келе ме,
Әр талапқа шығарда
Қатынға ақыл салған соң,
Асыл туған Қобыланды,
Неше батыр болса да,
Басында билік жоқ адам.
Ол қатын емей немене?
Әлқисса, сонда Қобыландының құрдасы Қараманның аузынан мынадай сөз шыққаннан кейін Қобыланды батыр қатыны Құртқаға ашуланып, басын кесіп келуге атына мініп, жөнеген жері:
Тері тамып иектен,
Оқ тілді батыр жүректен,
Үш ай тоқсан болғанда,
Ордалы жылан орғыттым
Мына жайлы иектен.
Қараман айтқан бұл сөзі,
Өтіп кетті сүйекке.
Қамшы басты сауырға.
Тобылғы меңді тор атпен,
Қобыланды шапты ауылға.
Буырқанып, бұрқанып,
Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан қар жауып,
Ар жақ пенен бер жаққа,
Найзасын ұстап бармаққа,
Аттанбаққа қалмаққа,
Құдай жолын алмаққа.
Сөзге сынық қылды деп,
Егер шықса алдынан,
Батыр кейіп келеді,
Басын кесіп алмаққа.
Пайғамбардай несіпті,
Үйде отырған қыз Құртқа,
Дүбірін алдан есітті.
Сұлтаным - дағы десіпті.
Қарады ашып есікті,
Қарады да қамықты,
Құстың жүні мамықты,
Арпа, бидай қабықты.
Жылында бір қой салықты,
Тастай беріп қыз Құртқа,
Және ашады жабықты.
Қараса ерді таныпты,
Түсі суық көрінді,
Ерге болған секілді:
Бір сөзбенен жазықты.
Өксіп жылап қамықты.
Бетінен қаны қашады,
Оң етегін басады.
Аш күзендей бүгілді.
Есік пенен төріне,
Heшe қайта жүгірді.
Ақылменен ой тауып,
Түтікпенен су ішкен,
Түндікпенен күн көрген,
Басын шешіп алады.
Қобыландыдай бөрінің
Бұлаңдаған қыз Құртқа
Алдынан кетіп барады.
Туғаннан жеміс, жеді өлең,
Туғалы торды көрмеген,
Түнектен шыққан Тайбурыл
Түлкідей көзі жайнады,
Қазандай болып қайнады,
Көлденең жатқан көк тасты,
Сұлы ғой деп шайнайды.
Атылып бурыл ойнайды,
Қыз Құртқаны көтеріп,
Бурыл көкке екі ұшты.
Алып жерге бұл түсті.
Сол Құртқадан кім күшті?
Қамығып Құртқа сөйлейді:
Асқар таудың белдігі,
Құрдастың жоқ-ты елдігі.
Алланың көп дер кендігі.
Бір ұшуың кем болды,
Мен қайтейін, Тайбурыл,
Қырық үш күннің кемдігі,
Үзілмейді базары
Қайда қалмас жігіттер
Үлкен сордың мазары.
Тайбурылды көрген соң,
Құртқадан қайтты қаһары,
Бурылға түсті назары.
Көлден ұшқан қаздаймын,
Қаз жайлаған саздаймын,
Наурыздан соңғы жаздаймын,
Бүйтіп жүрген Құртқаны
Шауып тастай жаздаймын,
Сарайда, сарай — сарай бар...
Қос өркешті қызыл нар,
Әр пендеге лайық,
Өзіне тәңірім қосқан жар.
Әр адамның өзінің
Ылайықты жары бар,
Атымды бағып - баптауға,
Қарағайға шаптауға,
Кұртқадайын майысар,
Жар тапқанымша талай бар,
Құс төсектей мамықты,
Арпа-бидай қабықты,
Батыр Қобылан келгенде,
Құртқадайын сұлуың,
Өксіп жылап, қамықты.
Қызыл тілім шешен-ді,
Қатардан басым көсем-ді.
Атасы әйел десем де,
Басқа әйел болғанда,
Қауіпсіз болып тұрғанда,
Кеудеден басып кетеді.
Жүктесең де Құртқажан,
Неге мұнша қамықтың?
Алдындағы мендей бір,
Арыстаның есен де.
Арпа-бидай қабықты,
Асыл туған қыз Құртқа,
Мені көріп қамықпа.
Шығарамын жарыққа.
Есен барып, сау келсем,
Әйел де болсаң басыңды,
Хан қылармын халыққа.
Айдын көлден қуаттым,
Дайрағы дәрі отына,
Жазғы балық ойнайды,
Кисең киім жарасар,
Ақ қағаздай етіне,
Талап етіп ойға алсаң,
Сіздер — сұңқар, біз — қарға,
Сіз алыстан келгенде,
Ажырайып қарауға,
Жарамаймын бетіңе.
Жылқы ішінде аламын
Қылшық жүнді қарамын,
Тоқтарбай1 мен Аналық
Тірі безіп жанынан,
Тілеп алған баламын,
Өкпелеме Құртқажан,
Жатпады бір күн ше,
Кемпір - шалдың қойнына,
Жатайын деп барамын,
Тобылғы меңді жорғаға.
Тоқтарбай тіккен ордаға.
Бүршігі жоқ тікендеп,
Үйде отырған кемпір-шал,
Қобыланды қозым екен деп,
Жүгіре шықты далаға.
Бірден жылап екеуі,
Баладан болды садаға,
Бірден келіп екеуі
Шылбырына оралды,
Оң тізгінін қолға алды,
Қобыландыны жетелеп,
Әкеліп үйге түсірді.
Шәрбаттың суын ішірді.
Екеуі де толғанып,
Кезек-кезек қолға алып,
Қобыландыны күн батпай,
Жатқызды көрпе-төсекке.
Кезек-кезек сөз қатты.
Тілеп алған жалғыз ұл,
Кемпір-шалға тым тәтті.
— Өзіме қара, Қозым, — деп, От жақтан кемпір бұл тартты.
— Маған келші, қалқам, — деп, Ірге жақтан шал тартты.
Қобыландыдай сымбатты.
Алма-кезек домалап,
Шал-кемпірдің қойнында,
Артық туған Қобыланды,
Кірпік қақпай таң атты.
Таң шолпаны батқанда,
Шал-кемпірдің қойнында,
Арда Қобылан жатқанда,
Аз ғана азық жем салып,
Бәйгеден келген көк дөнен,
Түнімен үйді көрмеген,
Құртқа сұлу көлденең.
Құртқа сұлу Қобыланды батырдың, атын есік алдына көлденең ұстап тұрып: «Жолдасыңыз жолға шықсын деп жатыр», — деді. Қобыландыны тоқсандағы атасы Тоқтарбай; алпыстағы анасы Аналық, қарындасы Қарлығаш және жар жолдасы қыз Құртқа аттандырып, кездері қимай еріп кетудің де, қалудың да жөнін таба алмай артынан жылап ілесе берді.
Тайбурыл атты мінеді.
Қараспан тауын бөктерлеп,
Көк құсының соңынан,
Батыр Қобылан жеңеді
Алпыстағы Аналық
Қарындасы Қарлығаш,
Жан жолдасы қыз Құртқа,
«Кесіп кет» деп қолыңнан,
Қобыландының ізінен,
Бұлар да еріп келеді.
Сол уақытта сөйлейді,
Қарындасы Қарлығаш,
Халық ұйғарса бармаймын,
Жұрт ойлаған талапқа,
Сыбанып білек бір алды,
Балдағы алтын болатқа,
Құйрығы менен қанатқа,
Жалғыз ағам, жан көкем,
Сапарланды талапқа,
Берік ішінде шоқтымын,
Осы кеткен сапардан,
Жан көкем есен келгенше,
Айтып кеткен құдайға,
Қоңыр шолақ тоқтымын.
Нешік айла болады,
Көзін жасын қоярға.
Елі-жұртың көргенше,
Артында қалған мен нашар,
Етіңіз емді ниязға.
Аумасын деп баса артық,
Жан көкем есен келгенше,
Елі - жұртын көргенше,
Болайын сізге тасаттық
Басымда барды алтын шоқ,
Жан көкем барда көңілім тоқ.
Басымнан кетер дүние боқ.
Маған тисін ажалды оқ.
Бірге туған құлыным,
Керекке біткен тірегім,
Бірге туған бауырым,
Тассаттық - садаға деген мағынада.
Сізге деген құдайдың
Қабыл еттім бұйрығын.
Қоянды менің бастасым,
Бірге туып, бірге өскен,
Кіндігімді бір кескен,
Үйректің жүні оттасым,
Бірге туған теңдесім,
Қызылдан жерде түптесім,
Оны кімге тапсырдың?
Қора толған қойың бар,
Оны кімге тапсырдың?
Мұны кімге тапсырдың?
Тоқсанда атан Тоқтарбай,
Жан көке, кімге тапсырдың?
Ал көке, кімге тапсырдың?
Өзіңмен бірге туысқан,
Бірге туып, бірге өскен,
«Көкежан» деп жылаған,
Мен сорды кімге тапсырдың?
Бұл дүниеде мұңдасың,
Ақыреттік жолдасың,
Көкелеген қыз Құртқаны
Құдай қосқан жолдасың
Қобыланды сонда тарықты,
Есіркеп көп халықты,
Қарлығаштың дауысы шыққан соң,
Ақ найзаға сүйеніп,
Өксіп жылап қамықты.
Қаз айналып қонады,
Ұя салған жеріне,
Әркім ойнап-күледі,
Көзден аққан қара жас,
Қаны, жасы аралас,
Қарлығашқа көрсетпей,
Және Қобылан сөйлейді: —
Тауда болар тарғыл таз,
Тарықса шығар көзден жас,
Шығады сүйеп қарындас,
Қарындасың болмаса,
Жауға қалар әділ бас,
Шырағым сөзге құлақ ас.
Сіздерге бол тілеулес.
Қалың қыпшақ қарындас,
Қарлыжан мен айналсам,
Ағызба, қалқам, көзден жас.
Сай-сүйегім сырқырар,
«Жан көке» деген сөзіңнен,
Атадан тақ баламын,
Жасым үлкен ағамын,
Әлдеқандай боламын,
Армансыз болып кетейін,
Нашар деп сені не етейін?
Қарлығаш, бұршы мойныңды,
Бетіңнен сүйіп кетейін,
Желі толған түйеңді,
Сары суға тапсырдым,
Қора толған қойынды,
Тоқсанда атаң Тоқтарбай,
Құдіретіңе тапсырдым.
Бибі Фатимаға тапсырдым.
Қараша ханымға тапсырдым,
Жар жолдасым қыз Құртқа,
Палуан қызға тапсырдым,
Орман ағаш ортаңда,
Құдіреттей жас бота,
Мен сорды кімге тапсырдың?
— Мал сатамын базардан,
Салса жылқы тоқтайды,
Арқаның көде көзіне.
Осы кеткен сапардан,
Жан көкем есен келгенше,
Елі - жұртын көргенше,
Патшасына тапсырдым,
Мен көкемді өзіңе,
Көп кәріптің қияуы,
Жан көкем есен келгенше
Елі - жұртын көргенше,
Қобыландымды тапсырдым,
Бір жаратқан Құдайға.
- Басымнан дүние өткендей, Көрінбесең көзіме.
Құлақ сал, көке сөзіме.
Ата-анасын көргенше,
Қалқамбысың дегенше,
Мен көкемді тапсырдым,
Падишасы өзіңе,
Қараспан тауын жайлаған,
Біздің қият кеп қыпшақ,
Жасаған құдай беріп бақ,
Алды - артында сүйеу жоқ,
Атадан көке туған тақ.
Сапарынан қайтқанда,
Аман-есен келгенше,
Мен көкемді тапсырдым,
Падишасы Жаппар хақ,
Кеп қайырын тіледі,
Жанында қырыңжы сыбайға.
Бірге туған жұбайға.
Залымдарға тапсырып,
Осының көке, ұнай ма?
Көкем есен келгенше,
Шыбыныңды тапсырдым,
Бір жаратқан құдайға.
Қобыландыға айтқаны:
Ел жайлаған ибалы,
Зарлы мұңды көп еді.
Кемпір мен шал жүдеді.
Енді Қобылан сұлтанға,
Сұлу Құртқа сөйледі: —
Жүрдіңіз бе, сым кесіп,
Езусіз менің күмісім,
Ойыным менен күлісім,
Сұлтаным сізге бас қосып,
Алтыннан соққан көп есім,
Сегіз жұмақ құсым,
Қауыз кәусәр суындай,
Арыстаным, аман бол,
Осы кеткен сапардан,
Қиын болар келісің,
Қылшық жүнді қарасын,
Алды-артында ешкім жоқ,
Жеке туған дарасың,
Дүние кезіп малынан,
Тірілей безіп жанынан,
Тілеп алған баласың,
Атасы менен анасын,
Тоқтамасқа меңзеймін,
Жалғызымның шамасын,
Енекемді еміп кет,
Төсіндегі екі мамасын,
Сабындаса ағармас,
Іштен туған дарасың.
Жөнге түспес баласың,
Тіл білмеген дұшпанға,
Сұлтаным жалғыз барасың,
Әлде қандай боласың,
Асқар төбе билерсің,
Тайбурылды желерсің,
Қадірін сонда білерсің,
Тоқсанда атаң Тоқтарбай,
Бұтында жоқ ыштаны,
Ақ табан болып кәріге,
Қой баққанда келерсің,
Алпыстағы анаң Аналық,
Қайғыменен қан жұтып,
Құрт қайнатып жүргенде,
Сұлтаным сонда келерсің,
Әбдастасы қолыңда,
Дастарқаны белінде,
Пияласы қолында
Қызылбастың жерінде,
Шай қайнатып жүргенде,
Сұлтаным сонда келерсің
Күзгі жердің шықтысы
Сенен қалған мен сорды,
Бір дұшпанның мықтысы,
Қараңғы үйге салғанда,
Кәділге қайғы қонғанда,
Сұлтаным сонда келерсің,
Айтулы едің мақтаған.
Өлмегенге сақтаған,
Алла қосып сұлтаным,
Сапарланып жол шектің,
Мерген байлап оқ атар
Ұшқан көлдің қуына,
Иманды құл жолығар,
Бұл дүниеде көрмесең,
Құртқамбысың демесең.
Қаққа түзеп бетіңді,
Арыстаным жөнелсең,
Жұбайым бар деп еске алсаң,
Табысайық мақшарда,
Пайғамбардың туында.
Кұртқа мұны айтып болғаннан кейін Қобыланды батырға қарап: мен сізге бір соз айтайын, егер сол айтқаным тура келсе, айтқаным болады. Келмесе, айтқаным болмайды, деп мынау сөзді айтады: «Кешегі кеткен көп досын Сыңсыма деген баудың Сергелдең деген тауында жатқанда сен барарсың. Сен бармастан бұрын Қараман құрдасың Қазанға он сегіз жансыз жіберген болар. Кеткен жансыздың айтып келер сөзі мынау болар: Қазанның сырлы қаласының олжасы мол екен, атысар адамы жоқ екен, Қазанның өзі жатқан қара қаланың бір жағы аққан су екен, бір жағы жеті қабат өр екен, қайрат қылыш алса, онда да олжа мол екен, Қазан одан қырық күншілік шел екен. Егер осы айтқандарым болса менің әдепкі айтқанымның бәрі де келер, талығып, тарығып, кемшілік көргенде келерсің. Және де айтатыным: Қараман құрдасыңыз он сегіз адам келгеннен кейін батасын оқып, малтасын жиып ат құйрығын сүзіп, кімде-кім озып, барып қала бұзып олжа алса, сол адам досым да басшы болсын деп жар қылар, бірақ сіз оларменен бірге шаппаңыз, ол күні жатыңыз, келесі күні жатыңыз, оның келесі күні түсте шабыңыз, сонда да олардан бұрын барарсыз. Ол досында Тайбурылдан асатын ат жоқ.Қараман құрдасыңның бір қара жалғыз құла аты бар екен, таңбасы жоқ екен. Қара қарын екен, ары - бері шапқан соң көзіне тері тығылып шаба алмас екен, қой, енді, қош сау болыңыз, біз кемшілікті кеп көргенде келерсіз, — деп қала берді. Баласын жауға аттандырып салып, анасы Аналықтың жылап айтқаны:
Баласына жете алмай,
Үйіне қайтып кете алмай,
Жапанда тұрып зарлады,
Падишасы қақжаппар,
Есіттің бе сөзімді,
Жылатпа менің көзімді.
Ерінбей сүйер көзіңді.
Жалғызымның артынан,
Тар жерде ал өзімді.
Сіздерден басқа кімім бар,
Бас - басына бір сандық,
Дем бермесең біз қалдық
Белден асып ел кетті,
Біз пақырға көзің сал,
Аруақтар, сізді тербеттім,
Келінжан, баққан бурыл ат,
Денеңе мылтық тигізбес,
Дауыл соққан жылан қат,
Ұстаған жері сап алтын,
Балдағы алтын шарболат,
Шырағымның шыбын жан,
Қайқып кетсе қағып жүр,
Адасып кетсе, бағып жүр.
Жол иесі Қамбар - ай,
Қамбар өзің қолдасаң,
Қолдамайтын кім бар - ай.
Қараман деген заңғар - ай,
Қараман жиды санатты,
(Қырғыздар ішер арақты).
Жалғызым қылды талапты.
Өз қолыңа тапсырдым,
Атадан дара шырақты
Қала қалмас Тайбурыл
Қатар шапқан жарыстан.
Жақын емес алыстан,
Қыс болғанда жылқы ақбас,
Орда біткен қамыстан,
Оз қолыңа тапсырдым,
Жорғалы атты арыстан,
Осы кеткен жалғызым,
Егіз туған көк бұға
О да сенің жолыңа.
Бұ да сенің жолыңа.
Тумады ма сорыма.
Алланың досы Мұхаммед,
Тек тапсырдым қолыңа.
Бұлтты күні бұрылған,
Ай қара бесік таянған,
Дыбысы шығып оянған,
Ақторғынға бөлеген,
Өлгенде көрген Көбеген,
Жұрт тілегін тілеген.
Көтергенде бесікті,
Он бармағым майысқан
Тас емшегін еріткен,
Балапан қаздай ерткен,
Алсам қолым талдырған,
Сүйсем мейірім қандырған,
Денемнен шыққан балдырған.
Жабырқаушы құдірет,
Үмбетім деп еске алсаң,
Алланың досты Мұхамбет,
Қараман кетті жығып қол
(Сөйлейді сөзді ондай сол),
Осылайша зарланып,
Жылаумен қалды кемпір сор
Қобыланды мінген Тайбурыл,
Елбең-елбең жортады,
Қала берді кемпір-шал,
Аруақтарға жалынып,
Бұл жерден бурыл гуледі, —
Бірде шауып желеді.
Тұлпар туған бурылмен,
Құртқаның айтқан жерінде
Жатыр екен көп қосын
Қобыланды
Гулетіп келді бесінде.
Қобыланды батыр келсе, Қараман батыр Қазанның қаласына дұшпандардың шай тойларын білмек үшін жіберген он сегіз жансыз қайтып келіп отыр екен. Қобыландыны көргеннен кейін амандасып отырып, мынау сөздерді айтады: «Сырлы қаланың олжасы мол екен, атысар адамы жоқ екен: Қазанның өзінің жатқан і ара қаласынын бір жағы аққан су, биік жар екен, бір жағы жеті қабат қазған ор екен; қайрат етіп алған кісіге онда да олжа көп екен; Қазан қаласы бұл жерден қырық күншілік жер екен». Жансыздардың бүл сөздерін есіткеннен кейін Қараман: «Батыр кімде-кім батасын оқып, малтасын жиып, ат құйрығын сүзіп, Қазан қаласына ат қойып, қала бұзып осы жатқан адамдарға олжа і алса, сол адам осы қосында бас болады» деп атына мініп жөнеп кетеді. Кобыланды батыр сол арада сол күні жатты; екінші күні жатты; келесі күні (үшінші күні) дұшпанға аттануға көңілі қобалжып, тау басына шығып, Тайбурылдың құйрығын сүзіп, кекілін тарап, көңілін алдап, теңселе басып ырғалып, коп қосынды жөнелтіп жіберіп, Тайбурылмен оңаша қалып атына айтқан сөзі:
Жаншармын найза төбедей,
Ескіден қалған кенедей,
Тойтармаған жебедей,
Мінейін деп тұрғанда,
Анаңыз Құртқа не деді.
Бурыл қалмас деп еді.
Қақ жаратқан құдайым,
Ұжмаққа қорлар сымбатты
Үйдегі Құртқа жұбайым,
Жемеймін бурыл уайым,
Анаңыз тұлпар деуші еді,
Анаңның сөзін сынайын,
Есебі жоқ алыста,
Таза тұлпар ат болсаң,
Тұлпарым бүгін қарышта.
Бір мезгілге жетуге,
Сіздей малға алыс па?
Қатын Қобылан қалды деп,
Қоямысың намысқа.
Тұлпарым саған айтайын,
Сал құлағың сөзіме,
Қырық күншілік Қазанға
Намазшамға жеткенше,
Түсірмесең жүзіме,
Көрсетпесең кезіме
Қалады көңілім өзіңе.
Артық туған Қобыланды
Тобылғы сапты қамшыны
Толғап ұрды санына
Жаман батты жанына,
Қобыландының қамшысы
Тайбурылға шын батты,
Құрбысында адам жоқ,
Қобыландыдай сымбатты,
Жанына қамшы батқан соң,
Иегімен сыбырлап,
Тайбурылға тіл бітті,
Тәңірі оны сөйлетті,
— Наз бедеуге бітер жал,
Алуа менен шекер бал,
Салып едің қамшыңды,
Шығара жаздың кеудемнен
Артық туған Қобыланды нар,
Қызылбастың жұртына,
Осынша болдың ынтызар,
Төрт аяғым тең жорға,
Үстімде сен есеңде,
Қашу бар ма мен сорда?
Құртқа сынды жұбайға,
Жаратқан соң құдай ат қылып,
Сіз секілді су байға,
Бір мезгілде жет дейсің,
Ұшқан құсқа оңай ма?
Қиын да болса Қобыланды
Уағдаңыз солай ма?
Қазанның сырлы қаласын,
Намаздігер өткенше,
Түсірмесем жүзіңе,
Көрсетпесем көзіңе,
Сүйіп мінген бурылды,
Қобыланды сондай батырдың
Көңілі бітіп бурылға,
— Айт, жануар, шүу, — деді,
Тау менен тасты кермеді,
Табаны жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасты,
Саз балшықтай иледі,
Қараша емес қауысты,
Қоңырлатып дауысты.
Күн төбеден аумай - ақ,
Түзеді бурыл шабысты.
Қайырға біткен қамыстай,
Түс ауған соң бүктелді,
Илеуі жеткен қамыстай,
Төрт аяғын көсілді.
Бұлаңдаған бурылмен,
Артық туған Қобыланды,
Аңқып жетті бесінде.
Қара Боған жаурыншы,
Боғанға келді:
«Ар ма!» деп,
— Алдында кісі бар ма деп,
— Жылқы ішінде алады
Осынау дөңнің астында
Аққозы кетіп барады
Тайбурыл атты құтыртып,
Оған да келді сыпыртып.
— Үлкен едің, ар ма, — деп
Аққозы айтты аланы
Қылшық жүнді қараны
Осы таудың астында
Қосдәулет кетіп барады.
Оған да жетті сыпыртып:
—Үлкен едің, ар ма, — деп
Қосдәулет сонда сөйлейді:
— Алыстан айқын көрінген,
Қылшық жүнді қараны
Адасты деп ойлап ек,
Қобыланды сондай баланы,
Пенденің болмас жарасы,
Қызыл тілді сөйлеткен,
Кәусерме жақтың арасы,
Өз көңіліме шамасы
Кешегі қонған мезгілден,
Шапқаннан бері, шырағым,
Құрдасыңның қарасы.
— Айт, жануар, шүу, — деді, Бурыл тұлпар гуледі.
Жұлдызы туды оңынан.
Екпінді тұлпар бурылмен
Қобыланды сынды батырдың
Қараман жетті соңынан.
Болғаның ба досым - ай,
Мақтаған атың осы ма - ай,
Он екі күнде келерсің
Менің жауға тіккен қосыма - ай.
Жарасар құрған шатыр - ай,
Анау күні қатын деп
Қараман кеткен батыр - ай,
Құртқамның асыл затын - ай,
Қатынның баққан атын - ай,
Қалсаң өлім жағын - ай,
Үш күн кейін жондалып,
Мен де озып барамын.
Жалғыз сағат қарамай
Қала берді көп қият
Бірі еруге жарамай.
Айт, жануар, шүу, — деді,
Көлденең жатқан көк тасты
Тегістеп тілген тұяғы
Саз балшықтай иледі.
Бурыл қарғып жөнеді.
Асып бурыл жөнеді.
Бүлдіргенді жөнейттен,
Асу-асу шөлдерден,
Қасқалдақты көлдерден,
Қан сасыған жерлерден
Үмітін үзіп жол шекті.
Қалың қыпшақ елдерден,
Қан жайлаған Қаратау
Би жайлаған Алатау
Сол төбе мен бұл төбе,
Бауыры шұбар күн тебе
Күдердік қара дөңінен,
Астындағы Тайбурыл
Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады.
Бір төбеге қосады,
Жаңбырдай теріскелеп,
Жауған күндей күркіреп,
Қар суындай тасады.
Ұзатпай алдын тосады.
Көкқұтан менен қарабай,
Көтеріліп ұшқанда
Белінен кесе басады.
Ақ сары менен ылажын,
Өлген құсты жиып қалды,
Қоғалының қулы көл,
Секіріп бурыл жөнеді,
Астындағы Тайбурыл
Құбылып ойнап жер басты.
Сынық сүйем кем басты.
Тозаңынан адасты.
Құбылып ойнап, жер басып,
Дөңгеленіп келеді.
Намаздігер өткенде.
Қазанның сырлы қаласын,
Қобыланды батыр көреді.
Жатыр екен далада.
Бұлаңдаған бурылмен
Қобыланды жетіп келеді.
Қуалап жылқы алады,
Айдап жөнге салады.
Барайын деп ойлайды,
Қазанның сырлы қаласын
Қобыланды жалғыз ат қойып,
Көшенің аузын шандатты.
Жендеттен оғын ырғытты.
Керегесін отын қып,
Үрерге итің болмады.
Сығарға битін қоймады.
Жан шығармай далаға.
Өтірік емес, жан аға,
Он екі күнде сәскеде,
Жалғыз адам құтқармай
Сырлы қала пендесін.
Айдап шықты далаға.
Бұл қаланы алады.
Артық бақыт табады.
Бұлаңдаған бурылмен
Асқар тауға барады.
Ақ найзаға сүйеніп,
Жан-жаққа көзін салады.
Қалың қият көп қосын
Олар да келіп қамайды,
Қазанның Қара қаланы.
Көп қияттың басы Қараман батыр қырық мың қолымен келіп, Қара қаланы қамаса да, ордан өте алмай, күші жете алмай, қайрат ете алмай жатыр екен. Өздерінен еш нәрсенің өнбейтінін біліп Қараман батыр жолдастарына айтты: «Мен Қобыландыға барайын, сол алып бермесе біздің қаланы алатын түріміз көрінбейді».
Қобыланды сондай батырға
Қараман келіп сөйлейді:
Сөйлегенде не дейді:
Балтам тастан етпейді,
Жамандар сөзді кектейді.
Қызылбастың кентіне,
Сізсіз күшім жетпейді».
Атан ба екен, нар ма екен,
Жая ма екен, жал ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен.
Қатын бұзған бар ма екен?
Мал саттым базар бөзіне
Салсаң жылқы тоқтайды
Арқаның бері көзіне.
Қатын деп айтқан сөзіңді
Сен бір айтсаң, екі айттым,
Келмеді ме кезіңе
Көрінбе менің көзіме.
Үйде қалған Құртқаның
Сатса алмаймын өзіне.
Сағынғанда бір ауыз
Қалқам «жан» деген сөзіне.
Қараман бүл сөзді есіткеннен кейін шыдап тұра алмай ашуланып, жөніне жүре берді. Қобыланды батыр артында біршама тұрып: «Қанша айтқанменен жылы бірге жылдас, жасы бірге құрдас ер еді, жаңсақтан айтқан бір ауыз сөзіне бола көңілін қалдырмай-ақ қояйын», — деп шақырып алып өкпе кінәларын кешіреді. Екеуі де қосынға келеді. Қобыланды қырғыздың қазған орнынан Тайбурылды секіртпек болып, атына арнап айтқан сөзі:
Мал саттым базар бөзіне,
Салсаң жылқы тоқтайды,
Арқаның бөрі көзіне.
Құлағың сал сөзіме.
Жая менен жал қандай,
Атаңыз тұлпар деуші еді,
Қырғыздың қазған орынан
Тайбурыл сонда сөйледі: —
Артында қалды еліңіз,
Болды ма менде кегіңіз,
Сатылмайды теріміз.
Жылқысы Қамбар піріміз.
Артық туған серіміз
Салған қолқаң сол болса,
Қарғысам қарғып көрейін:
Қобыланды сондай еріңіз,
«Айт, жануар, шүу», — деді,
Бурыл балқып гуледі.
Бурыл келіп «топ» етті
Жердің шаңы «бұрқ» етті,
Төрт аяғы тиген жер,
Тесіле жаздап «солқ» етті.
Қайтпасын батыр білген соң,
Қара қасқа ат мінген,
Ат құйрығын шарт түйген,
Алдына дабыл өңгерген,
Алмағанға дем берген,
Азды, көпті тең көрген
Жау көрмесе жылаған,
Қолына жұмсақ болсын деп,
Найза ұстаған жеріне,
Топтап барқыт ораған.
Жаңбырлы қардай бораған,
Суда болар сары сазан,
Молдалар айтар бес азан
Алдына шықты ер Қазан,
Қазан келіп сөйлейді:
— Атыңды сұрасам кім деймін,
Қалжың сөзге көнбеймін,
Ашуыма кеп тисең,
Үстіндегі ақ сауыт,
Атыңның жалы жатыпты,
Алыс жолдан келгендей,
Қабағың жаман қатыпты,
Атыңның жалы жатыпты,
Көп шабуыл көргендей.
—Мал саттым алтын, күміске, Ат алудан қашпаймын.
Келмей жатып, ат сұрап,
Қызылбас неден есірді?
Қырғыздың қызы сұлу деп,
Бүл сапарға жесірді.
Көрсетейін кесірді,
Атасы жаман анасыз,
Атамды сұрап не етесіз?
Анаңыз бар-ды некесіз,
Жоқ сөзді айтып не етесіз?
Көзіңді сал ойныма,
Қан сорғалар қойныңа,
Атаңа нәлет ит қалмақ,
Басылмаған есерсің
Қан қылмай-ақ кесерсің.
Бауырынан түсерсің,
Мойныңнан аққан қызыл қан
Шамаң келсе ішерсің.
Жаманнан ақыл сұрамас.
Жаңбырлы қардай аралас,
Мұсылманның баласы,
Өзім өлмей жыламас.
Аты - тоны әр жерде,
Беруші еді сендей нас.
Қиқаладың дерсің сен,
Найзаменен өлтірсем,
Миқаладың дерсің сен.
Қапы қалдым дерсің сен,
Мылтықпенен өлтірсем,
Жазым қалдым дерсін сен,
Сендер көп те, мен жалғыз,
Қолына келді бір бала,
Білгеніңді қыла қой.
Батырлар қылды намысты
Әуелі тәуір сөйлесіп,
Артынан шайтан жабысты.
Ырғай сапты сүңгіні,
Ырғай, ырғай салысты.
Найза қанға майысты.
Бүге - бүге тұрысты,
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып,
Ерлер жаннан түңілді,
Аш күзендей бүгілді.
Артық туған Қобыланды,
Найзасын ырғап ендірді,
Aт көтіне міндірді.
Ту жығылар ат шықты,
Ақ денеден қан шықты.
Тысқы қорған ішінде,
Ішкі қорған тысында.
Қобыланды құйды балшықты,
Қазан аттан құлады,
Көріп кәпір сұлады,
Тегіс хабар салады.
Халқын жиып алады.
Қобыланды сондай баланы
Самсап тұрған көп керіп,
Тұрған жерде қамады.
Жалғыздығын білген соң,
Толып жатқан көпірдің.
Жалғыздықты айтып жабығып,
Бір тәңіріге зарын ғып,
Қобыланды тұрып сөйлейді:
Бұрынды ердің найзасы,
Бақ қараған жігіттің,
Басында болар айласы.
Қараспандағы халқымның
Қайда бір маған пайдасы.
Астымда бурыл дөненді.
Көкке тойған көбеңді.
Ерлігімді айтар деп,
Қараспандағы жайлаған,
Қалың қыпшақ кеп елге,
Салсаң, жылқы тоқтайды,
Арканың бөрі көзіне,
Сал құлақты сөзіме
Бір шыбындай жан үшін,
Жан жаратқан бір құдай,
Жалынамын өзіңе.
Қаза жетіп мен өлсем,
Үстімдегі ақ сауыт,
Астымдағы Тайбурыл
Кім көрсетер апарып,
Кемпір-шалдың көзіне,
Сүйдеп айтып болған соң,
Бауыры жазық Тайбурыл,
Шығыршық атып ойнады.
Ерегескен дұшпанның.
Басын жоймай қоймайды.
Қарағайдың шайырын,
Қашан - солар алады.
Сабайын деп батыр тұр,
Қырылуға кәпір түр.
Шабайын деп Қобыланды
Тайбурыл атты аршындап,
Бурыл тұлпар ұмтылды.
Омырауын жапты балшылдап,
Кейін қалып көп шаншып,
Ақ сүңгісі сыбалы
Қобыланды
Әскер басы кер төре,
Алдынан шулап өтеді.
Алтынды қалпақ, жез телпек,
Баса киді көзіне
Тыңдасаңыз, құлақ сал,
Артық туған Қобыланды
Қырық шәрлі қызылбас,
Қырық кісідей батырдың
Көрінбеді көзіне.
Кірпігіне мұз тоңып,
Қатуланып қаттанды.
Мұздай темір құрсанды.
Қобыланды жалғыз тиеді.
Бөлек-бөлек қылады.
Қасқыр шапқан қойдай ғып,
Қамап кетіп барады.
Шошып кетіп барады.
Тойып кетіп барады.
Төрт мың атты бір сайға,
Қойып кетіп барады.
Тізгіндерін қосақтап,
Қойып кетіп барады.
Ақ білегі қан болып,
Көргендерге таң болып,
Үсті-басы шаң болып,
Жау үстіне жол салды.
Үкімін батыр мол салды.
Мың сан қолды тауысып,
Тайбурыл атпен бұлаңдап,
Қобыланды жалғыз бұғалды.
Ерлерінен алдырып,
Бәрі де жесір, тұл қалды.
Тәңірі берді көп бағыт
Қобыланды сындай балаға.
Қазанның Қара қалаға
Нақ бесінде жал етті,
Жеті кәміл бабаға.
Жан шығармай далаға,
Жалғыз адам құтқармай,
Сырлы қала пендесін
Айдап салды далаға.
Қазына. алтын-күмісін,
Малын, жанын ызғытып,
Осыншама көп малды,
Айдап жөнге салады.
Артық бақыт табады.
Көп олжаға кенелді.
Кәп дос көшпей бөгелді.
Екі-үш күн етке тойғандар,
Қосқа отырып кеңесті.
Жалғыз жұрт Қобыланды
Қаланы бұзып алдым дер,
Толып жатқан жаманға
Олжаны өзім салдым дер.
Қияттан мың сан нөкерлер.
Сәніміз біздің кетер деп,
Ақылдасты көп қият.
Өлтіріп кетсек не етер деп?
Айтса дағы қылмадың
Мұраты қабыл болмады.
Толып жатқан қиятты,
Есепсіз малға тойғызды,
Жамандардың бұл сөзін,
Қараман біліп қойғызды.
Қобыланды батырдың Қараман құрдасы тұрып, Қобыландыға: Қазанның екі қаласын алдық, тек бұл олжаменен ғана қайту ұятты. Осынау жақта Көбікті деген хан бар; оның енсіз далада жатқан көп жылқысы бар, соны да ала қайтайық тағы, деп ақылдасты. Қобыланды да оның бүл сөзін мақұлдап, екеуі жүріп кетеді.
Көшпей тоқтап бөгелді.
Көп олжаға кенелді. Қараман,
Қобылан бас қосып,
Көбікті ханның жеріне,
Қазаннан алған көп елді,
Базарда болар ақ мата,
Ойнақтайды жас бота,
Қараман менен Қобыланды
Көбікті ханға бет алып,
Сапарларыңды ел жата.
Жатыр екен алдында.
Жетіп келді тан ата.
Айдап жөнге салады,
Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда,
Оқпанды сай жер екен.
Жылқы ішінде тұр екен
Жамандатқыр тарлан ат
Құйрығын құстай тарады,
Бауырынан жарады.
Ием бе деп кісінеп,
Жау екенін білген соң,
Сыртына құйрық салады.
Тарлан ат қашып барады.
Қарасын көрмей қалады.
Шәріге барып еніпті.
Ат барған соң демікті,
Үйдемісің Қарлыға
Ат ертте деп жекіді.
Тарлан атқа Көбікті
Ер салуға асықты.
Тақымына басыпты.
Еріндіктеп алады.
Беліне терлік салады.
Арығынан қуып барады.
Қобыланды батыр мен Қараман екеуі олжа жылқыларын алдарына салып, ызғытып сары өзенге келіп жеткен еді. Кобыланды жолдасы Қараманға: «Мен көптен бері үйді көрмей, тыным алмай ат соқты болып қалдым, біразырақ ұйықтап алайын», — деп бұғаудың бауырына жатып қалды. Қараман батыр жылқыны күзет қылып тұра берді.
СОЛ УАҚЫТТА КӨБІКТІНІҢ КЕЛУІ
Сары өзеннен өткенде,
Тау суындай сарқырап,
Тарлан атпен Көбікті,
Көбікті сонда сөйлейді: —
Ел иесіз дедің бе,
Көл иесіз дедің бе,
Жан иесіз дедің бе?
Өрісте жатқан жылқымның
Өрісін бұзған кім еді,
Жусауын бұзған кім еді,
Батыр жігіт қайдасың.
Көбіктіні шанышпаққа,
Қарамандай еріңіз,
Оңтайлады найзасын,
Ерлігін алда қоспады
Денесіне тигізбей
Көбікті дінсіз ит қалмақ,
Шоқпармен қағып тастады.
Қараманды ұстады.
Мұсылманнан асады.
Қараманды Көбікті,
Тақымына басады.
Көбікті тағы ойлады.
Қобыландыны Көбікті
Ұйықтап жатқан жерінде
Тоғыз қабат тор салып,
Бекітіп әбден байлады.
Ұйықтап жатқан Қобыланды
Оятуға болмады.
Қобыландыны Көбікті
Оятпаққа сайланды.
Қобыланды батыр тұрмады.
Ұйқысын Қобылан бұзбады.
Жиып алды Көбікті
Қару-жарақ бойыңа жоқ
Хабарсыз жатып дұшпаннан,
Аңдаусыз жерде Қобыланды
Пенде болып дұшпанға,
Табанына түскен соң,
Қобыланды батыр көсілді.
Әлі де жоқ есінде,
Көбіктінің байлаған,
Тоғыз қабат торының
Бес қабаты шешілді.
Қобыланды қалып сандалып,
Қобыланды батыр сасады,
Басынан бақыт қашады.
Жын қаққанға ұқсады.
Қараман менен Қобыланның,
Аяқтарын тұсады.
Жат етуге жаңылды.
Енді қара басады.
Тақымына қысады.
Жылқысына қосады.
Тарлан атпен желеді.
Көбікті тағы ер еді.
Аулына батыр келеді.
Салақтатып Көбікті
Тақымында қос батыр,
Ұлы сәске кезінде
Шәріне кеп енеді.
Үйдемісің, Қарлыға,
Түздемісің, Қарлыға
Жер астына бір түсер,
Бүл адамның барлығы.
Қайысқан болат сынғандай,
Желіккен көңіл тынғанды,
Өтірік қандай, шын қандай,
Екі пенде әкелдім,
Бас жетімге қылқандай,
Көгершін қонып қабаққа,
Сұғары беріп тамаққа.
Алтын кілтті табаққа! —
Қарлыға мінген кер еді,
Маң-маң басып келеді.
Бүл шәрдің бегі еді.
Екеуін екі қолтыққа,
Боғжамаша қысып ап,
Ақырын алып жөнеді.
Сұғары беріп тамаққа,
Апарып жауып тастады,
Алтын кілтті табаққа.
Қарлыға екі батырды жауып отырып ойлады: «Мен бұрында бұлардай сұлуға құмарланып жүрген адам едім, егер бұл екі жігіттің ішінен ер болғандайы болса, сонысымен қашып кетейін, болмаса екеуі де абақтыға жатып шірісін», — дейді де, екі батырға мынау айтқаны:
—Тауда бітер ай татыр, Ол татырда мал жатыр.
Мейіз берсем жеймісің,
Далада жатқан жылқымды,
Айдап қашқан ермісің,
Қарлыға қыз қашырмай,
Өзім қаштым дермісің?
Қараман сонда сөйлейді:
— Менің өзім нашармын
Бүл бейнеттен қашырсаң,
Болайын сізден тасаттық,
Қарлыға, босат қолымды.
Бүл шәһердан қашамын.
—Қош, аман бол, Қараман,
Ат жолынан адасқан,
Ердің жолын тәңірі ашқан,
Алты жаста ат мініп,
Аман қалған жоқ еді,
Қызылбасқа бір жастан.
Езе берме, бұл жақта,
Дәулет құсы ұшты деп,
Бір сағат болмай басымнан,
Өшімді алмай, мен қашпан,
Кекті болған атаңнан,
Кегімді алмай мен қашпан,
Дұшпан қылып құдайым,
Қобыландыны ол бастан.
Алты жаста ат мініп,
Он үш жасқа келгенше,
Таулар күйіп, тас жанды.
Қорған болып туғанын,
Туғаннан - ақ қалды ма?
Асықпай тұр, Қарлыға
Жайдақ сауыр артына.
Ата-анамды сағындым,
Жауға пенде болғаным,
Қара басып өзімді,
Кәміл, пірді жаңылдым.
Ішім толды пұшмаңдай,
Кәміл пірді жат етпей,
Пенде болдым дұшпандай,
Дұшпан батар болар ма,
Мендей арыстан қошқарға - ай.
Азулы деген көлдерге,
Асқар - асқар белдерге,
Қараспанды жайлаған,
Қалың қыпшақ елдерге.
Ит жүгіртіп, құс атқан,
Найза ұстаған ерлерге,
Тұлпар мініп, ту алған,
Бұрынғы жолдас бектерге.
Үлкен аға, кіші іні,
Кек салмасын біздерге.
Асқар - асқар белдерім,
Азулы деген көлдерім,
Қараспанды жайлаған,
Ол елімде кеп еді,
Тұлпар мініп, ту алған,
Қатар өскен жасымнан,
Жазым болып, көз жұмсам,
Аға-інім жоқ еді,
Кім іздейді көлдерім,
Неше алуан үндерім.
Мені іздемей жатпасын,
Қатар туып, тең ескен,
Құрбы туған бозбала,
Қазам жетіп көз жұмсам,
Кәрілердің айтқаны —
Келмеді ме басыма,
Опасыз арығына.
Қобыланды сөзін айтып болғаннан кейін, Қарлыға Қобыландыға: «Мен сіз екеуіңіздің аяқ-қолдарыңызды шешіп босатайын. Өзім де мұсылман болып сізбен бірге болайын», — деді де, екеуінің қақ қолын босатып Қобыландыға: «Түр!» деп еді, Қобыланды батыр тұрмады, Қарлыға қыз көтеріп тұрғызуға қолайланып көтеріп қарап еді, бір аяғын да қозғалта алмайды. Қарлыға қыз келесі бір қолымен көтерген Қобыландының бүгін бір аяғын қозғалта алмағанына ашуланды. Ақырында, жанындағы Қараманға: «Жылқыға барып Тайбурылды алып кел, ердің жаны атыменен тең деп кәрілер айтушы еді, атына қылбырау салып, шыңғыртсақ, батырдың өзі шыдап тұра алмас», — деді Қарлыға. Қараман Тайбурылды алып келгеннен кейін, Қарлыға айтқандай қылып еді, Тайбурыл шыңғырды. Атының дауысын есіткеннен кейін Қобыланды батыр да шыдап жата алмай, не қылсаң да өзіме қыл, — деп ақыра, есікті мойнына іле шықты. Қарлыға қыз: — Кел, батыр, үйде жатып жаудан кек ала алмаймыз, атқа мін, майданға шығыңыз!, — деп жаяу Қобыландылардан қалмай жылқышы айдасып жүре берді. Бұл соныменен доғарыла тұрсын. Енді Қобыланды батырдың аруағына мініп, Тайбурылдың үстінде жарқылдап, олжа жылқыны айдап бара жатқандағы түрін сымбаттап жатқан өлеңді қалдырмайық. Ол өлең мынау:
Тайбурылға мінеді.
Денесіне киеді.
Қарына найза іледі.
Арманда қалған қос батыр,
Көбікті ханның жылқысы,
Жаңадан айдап жөнеп,
Бозжорға аттай ырғалып,
Асқар - асқар бел қалып,
Ата-ана, қарындас,
Туып - өскен жер қалып,
Қобыланды еске түскенде,
Қыздың шері қозғалып,
Әр іс салса, көнем деп,
Арманым жоқ дүниеден,
Қобыландымен бас қосып,
Өзі жаяу Қарлыға,
Қос батырға қосылып,
Әкесінің жылқысын,
Бірге айдасып жөнеді.
Сары өзенге жеткенде,
Көбіктінің тарлан ат
Әуеге қарап есінеп,
Жау екенін білген соң,
Жылқы ішінде алады.
Тарлан ат қашып барады.
Тарлан аттың артынан.
Ат та енеді қалаға,
Қыз да кірді қалаға;
(Өтірік емес жан аға)
Қобыланды сондай балаға,
Тарлан ат қашып келіпті,
Есітті дүбірін Көбікті,
—Ат ертте, деп желкінді,
Әкесіне келіпті,
Қарлыға келіп сөйлейді:
— Көзге түсер биік там,
Ұйқыңды бұзба, атажан,
Сорлы атам неге жегілді?
Өзім жаңа байладым,
Жем жейін деп келіпті.
Көбіктіні жатқызды;
Абілетке батқызды.
Алтын тұрман ер салды;
Аз ғана азық жем салды,
Қобыланды еске түскенде,
Қыздың шері қозғалды.
Ноғай бөркін киеді.
Ақ сүңгісін қолға алып,
Ақ жыландай толғанып,
Қобыландыға қосылып,
Бірге айдасып жөнеді.
Күн сәскеге жеткенде,
Құнанда - аттың тынысы,
Оттамайды, жусайды.
Жамандатқыр көк бесті,
Қашаған көктің інісі.
Қалшаң күнді қарады,
Әуеге қарап есінеп,
Ием бе деп кісінеп,
Құстай құйрығын тарады.
Қайта айналып көк бесті
Шәрге қашып барады.
Қарасын көрмей қалады.
Шәріне барып еніпті.
Ат барған соң желікті.
Қаһарланып Көбікті.
Аз ғана азық - жем салды,
Ат басындай тас шоқпар,
Көбікті батыр қолға алды.
Бұрынғы тартып салтына.
Көбікті түсті артына.
Көк бесті ат қашып кеткеннен соң Қарлыға Қобыландыға: Менің әкемді айламенен өлтірмесең, күшпен өлтіре алмассың, әкемнің үстіндегі ақ сауытты өзім соғып едім, кіндік тұсынан үш жерін кем соғып едім, сол жерінен болмаса, өзге жерінен оқ і имейді», — деді. Қобыланды Қараманға жылқыны топтатып айдатып жіберіп, өзі аллаға тәуекел қылып келер жаудың жолын тосып қасқайып тұра берді.
Белес-белес бел еді,
Өзіне, кәпір халқына,
Белгілі болған ер еді.
Бірде шауып келеді.
Тау суындай сарқырап,
Ақ сауыты жарқырап,
Қобыланды сондай батырдың
Үстіне келді барқырап.
Басымнан дүние өттің бе,
Шын бұйрығы жеттің бе?
Өлшеулі күнім біттің бе,
Ықлас ата, Шашты әзиз,
Жеті кәміл пірім - ай,
Сарт болып-ақ кеттің бе,
Шыққыр көзім шықты ма,
Жалғыздық қалды басымда.
Жолдасым жоқ қасымда.
Өзімнің өмір жасымда.
Артықша еді уайым,
Шыбыным сізге аманат,
Жарылқаушы құдайым.
Артық туған Қобыланды,
Қорамсаққа қол салды.
Бір салғанда мол салды.
Сүр жебе деген оқ алды.
Кәп оғына қол салды.
Созағындай сусады,
Қалмады ердің сағы деп,
Ақ моншақ аттың басы деп,
Өлер жерін. осы деп,
Толқытып келген көпірді,
Артық туған Қобыланды
Толғап атып салады.
Кәпірге таман жетеді,
Кобыландының, оғымен,
Көбіктінің кеудесі,
Ұшып бірге кетеді.
Оқпен кетті кеудесі.
Қабыл болды тобасы.
Кәпірлерге Қобыланды
Жасынан - ақ келеді
Қылыш шауып, оқ атып,
Қобыландыны бұл сапар,
Жасаған құдай қалады.
Жеті кәміл бабаны.
Оқпен түскен кеудесі,
Анадай жатқан шылбырға,
Еңбектеп кетіп барады.
Оқпен тескен кеудесі
Қару қылар қуат жоқ,
Қобыландыға қарады.
Суырып алып қылышын,
Көбіктіні шабады.
Мұқатып әбден алады.
Қылышпенен салады.
Қызып жетсе, он бес күн,
Атып өлтір бетбақты.
Сақалын жұлып жылады.
Көбіктідей батырдың,
Екі қолдан әл кетіп,
Жаһаннамға жан кетіп,
Топырақ қаба құлады.
Сәтіне ісін келтіріп,
Ақмоншақ атты жетелеп,
Жүруге жолын төтелеп,
Жібектей болып есіліп,
Қарлыға менен Қобыланды
Аударыспақ ойнайды.
Ерегескен дұшпанын
Басын жоймай қоймайды.
Белгісі болған ер еді,
Қобыландыңнан артық па,
Өліп кетсе жаным деп,
Қараман тосып тұр еді.
Үстіне жетіп келеді.
Жылқы жайдым жапанда,
Асқар үлкен тауда,- деп
Артық туған Қобыланды
Жетіп келді
Қараман Құрдасжан, бізге сауға деп,
Қобыланды сонда сөйлейді:
— Жая менен жал құрдас,
Көбіктінің көп жылқы
Олжаға қоспай ал құрдас.
Мал саттым базар бөзіне,
Салсаң жылқы тоқтайды
Арқаның бөрі көзіне.
Наз етемін өзіңе.
Құлағың сал, сөзіме.
Құрдасжан сауда өзіме.
— Құртқа баққан Тайбурыл
Тайбурылды мінген соң,
Дұшпанға тендік бермедім.
Басыма тиген кемшілік
Көбіктіден көргенім,
Ата-ана, көп елім,
Коп халқының ішінде
Менің бүйтіп жүргенім,
Мынау тұрған Қарлыға
Қылып еді мен үшін,
Артықша тиіп пайдасы,
Көбіктінің өлгені,
Қарлыға қыздың айласы.
Тәңірім бақыт бергенін.
Артықша мақтап айтпаймын,
Көбіктінің Қарлыға
Өзі сүйсе — бергенім,
Қараман келіп сөйлейді:
Мұңдық пенен Зарлық деп,
Түйенің көркі нарлық деп,
Сауға тілеп өтініп,
Құрдасымнан қыз алдым,
Татулыққа тандық деп.
Жетектеп ала жөнелді.
Мінген аты дөненді,
Үшеуі тоқтап бөгелді.
Болғаннан соң, үш көкжал,
Көбіктінің жылқысын
Гулетіп айдап жөнелді.
Кейін қалды көп елі.
Ертең дәл түс болғанда,
Қазаннан алған малменен
Жат деп кеткен жерінде
Көбіктінің жылқысын.
Гулетіп айдап келеді.
Қияттан шыққан көп құлға,
Үш көкжал келіп қосылды.
Ер қадірін білгендей,
Қобыландымен ісі жоқ,
Құрметтейді коп қият,
Қызды өзі алып келгендей,
Нәсілі жаман кеп қият,
Қараманды көтеріп,
Ат үстінен алады.
Астына мамық салады.
Атын ұстар кісі жоқ.
Бұл батырменен ісі жоқ.
Ісі тағдырға сезілді.
Олжаға көңілі біткен соң.
Көшпекке көңілі бұзылды.
Масаты шекпен қамдатқан.
Үдере көшті кеп қосын.
Артық туған Қобыланды
Жалғыздықты айтып жабығад.
Жалғыздық жаннан еткен соң,
Сүйекке намыс жеткен соң,
Қарамандай құрдасы
Есіне алмай Қобыландыны
Көптік етіп мастанып,
Жалғыз тастап кеткен соң,
Опасыз дүние осы ма,
Жалғыздық түсті басыма.
Жан келмеді қасыма.
Көптің ісі бітеді.
Жалғыздың ісі жетеді.
Қияттар алып кетеді.
Бүйтіп жалғыз жүргенше,
Қараспандағы жайлаған,
Қалың қыпшақ көп елден,
Жігіт алсам не етеді?
Мен ақмақтың басымнан,
Қаңғырып жалғыз жүргенде,
Дүние бір күн өтеді.
Өзі түгіл бүл құлдың,
Жұртына әлім жетеді.
Алдымда сүйеу адам жоқ,
Алладан басқа панам жоқ,
Тәңірі жалғыз жаратты,
Артымда талай інім жоқ,
Жалғыздықтан мінім жоқ,
Көптік етер күнім жоқ,
Өткенің бе, дүние боқ.
Өзімнің нашар әлімді.
Халық талайды малымды,
Атадан алтау екен деп,
Өзімнен төмен жаманға,
Енді қашан көремін,
Кемпір менен шалымды.
Ойла менің қамымды.
Осы түннен шығармай,
Тағдырымды бітіріп,
Тауыс менің нанымды.
Батырдың алған жылқыға,
Жер толмаған құлпуға,
Қобыланды сынды батырдың
Жүре алмай астында.
Ат басындай жүрекке,
Қайғы менен шер толып,
Бұл қайғыны көрген соң,
Есі кетті сандалып,
Бір құдайға Қобыланды
Жылады түңде зар қылып,
Кеп досыңның шетінде
Қобыланды келді қаңғырып,
Қол үстінде Қобыланды,
Қатарынан Қобыланды
Әжептәуір кісі еді.
Қобыландыдай мүшелі.
Жылап жүріп Қобыланды
Тоқымын қылды төсекті.
Жылап жүріп Қобыланды,
Етбетінен құлады,
Ұзынынан сұлады.
Өксіп - өксіп жылады.
Көзі кетті ұйқыға.
Таңшолпаны батқанда,
Көк есегі астында
Ақдәйесі басында,
Он бесі бар қасында.
Жеті кәміл бабасы
Жетіп келді қасына.
Жеті кәміл бабасы
Қобыландыға сөйлейді:
— Мінген атым бозды қой,
Қорғаймын деп Қобыланды
Алтын тонның етегі
Тамтық қалмай тозды ғой.
Құлағың сал,Қобыланды
Құланнан аттым қодықты,
Көлден тарттым борықты,
Сенің атад, шырағым,
Тоқтарбайға жолықтым,
Оқпанды сай сыр екен,
Штаны жоқ бұтында
Ақ табан болып жат елде
Қойшы болып жүр екен.
Арқан есіп, жүн түтіп,
Қасіретті көп тартып,
Тезек теріп, анаңыз
Қарындасың Қарлығаш,
Дастарханы белінде,
Пиаласы қарында
Бөтен жаудың елінде
Қызылбастың жерінде
Кызмет етіп жүр екен.
Қалмақтың ханы Алшағыр
Аламын деп тұр екен.
Қызылбасқа жерінді,
Сындырып кетті беліңді,
Кесіп кетті желіңді.
Жеті кәміл піріңді.
Олжаға салып қоймаңыз
Қалың қыпшақ еліңіз
О да саған өлімді.
Алаулаған қалмақтан
Бір алып қал кегіңді.
Шақа туған адамдай
Айыр құйрық шаяндай,
Қарсылардың сөзі бар,
Асылдан ұшқан қаяудай.
Көрерсің қашқан қоянды,
Бабасының даусымен
Қобыланды шошып оянды
Таң сарғайып атыпты,
Таң шолпаны батыпты.
Оянып тосын қамықты.
Соны біліп Тайбурыл
Қайғыланып жүр екен
Пірінен хабар жеткен соң,
Тұлпар туған Тайбурыл
Құландай ойнап тұр екен.
Оқпанды сай жер екен,
Жанында жоқ еш адам,
Қобыланды жалғыз қалған соң,
Толып жатқан көп қият
Артықша құрмет қылған соң,
Қыз да болса Қарлыға
Серікке жарар ер екен.
Сауғаға кеткен бишара,
Қарлыға бағып түр екен.
Көзінің жасы мөлтілдеп,
Мойны кетті батырдың
Қуатсыз болып былқылдап
Кезінің жасын ағызып,
Артық туған Қобыланды
Қарлығаның қасына
Азар келді былқылдап.
— Жылқыда қомай аламын,
Көмек берер демеймін
Сейіл ұлы Қараман
Әйел де болсаң дана едің,
Мұңымды саған саламын.
Жау кесіпті желімді.
Қуратып кетті келімді,
Жалған айтар демеймін,
Жеті кәміл пірімді.
Бүлінген елге барайын,
Тәңірі оңғарса жолымды,
Қаулаған қалмақтан
Бір алайын кегімді.
— Ер де сасар болар ма,
Пайғамбарға үмбет пендеде
Дінсізге асар болар ма?
Мұндай әсілі қуанбай
Әуелі құдай анайым,
Қақ жаратқан құдайым
Ата-анам өз қалдым,
Құрбандық қылып шығып ем,
Шыққандағы ниетім,
Сіз болар ма екен деп едім
Тәңірі қосқан жұбайым.
Артықша жедім уайым.
Талабыңнан қайтпаңыз,
Жалғыз жүре беріңіз
Азырақ тоқтап артыңа
Қараман басы көп қият
Жамандарды сынайын.
Пенде болған халқыңа,
Тезірек жүріп жете гөр
Медет берсе құдайым.
Жиып алып қолыма
Жаңылмасам артыңнан
Мен де үш күнде барайын.
Тайбурылға мінеді,
Қарына найза іледі,
Беліне байлап болатты
Жасыққа асыл жалатты.
Қараспан тауға қаратты.
Жел тимеген бауырын,
Күн тимеген сауырын,
Қамшы ұрып қанатты.
Кешке шейін шабады.
Бара алмай еліне
Түн ортасы болғанда
Есіктің алды ағынды
Шығын емей немене?
Екпіндеп шапқан
Тайбурыл Етпетінен жығылды.
Қолын салып Қобыланды
Жерді байқап қарады.
Жазығы мал демесең
Тайбурылдың ақылы
Адам заттан артықты.
Бурыл құлап жатыпты.
Құланға шауып бұлады.
Тоқымын төсеп, ер жастап,
Етпетінен құлады,
Ұзынынан сұлады,
Өксіп - өксіп жылады.
Таң атқанша жатады,
Таң сарғайып атады,
Таңшолпаны батады,
Таң атқанда қараса
Жұрты жатыр, елі жоқ,
Батпағы жатыр, көлі жоқ,
Қобыланды көріп жылады.
Ешбір опа кере алмай
Өткенің бе, дүние боқ.
Тағы мінді жарасқан
Тайбурылдың үстіне
Алтын тұрмай еріне.
Іркілмей кірді көріне.
Бұлаңдаған бурылмен
Жүгіртіп келді Қобыланды.
Ордасын тіккен жеріне.
Қобыланды жаңа бусанды
Көзіне батыр жас алды.
Қайғыланып бойынан
Қуат кетіп сандалып
Аяғын жөндеп баса алмай,
Он, етегін басады.
Артық туған Құртқаның
Орнына таман барады.
Жұртына көзін салады.
Көтерідкі көрінді
Көл ішінде не бар деп,
Қобыланды келді қарады.
Жая менен жал екен,
Түрлі тағам бар екен.
Көк арбаға салғанда
Кез болса, бұған батыр деп,
Тауып азық қылсын деп,
Бөтен нәрсе тастауға,
Шамасы келмей сұлудың
Кеміп кеткен наны екен.
Нанды колға ұстады.
Осы шығар бізге деп
Бісміллә деп Қобыланды
Шетінен нанның тістеді.
Іші күйіп барады.
Ат қоржынға салады.
Жүрерге жолын таба алмай,
Қайсы жаққа кеткенін
Жаудың жөнін біле алмай
Зарығып тағы жылады.
Жалғыздық басқа түсіп түр
Дүниедегі уайым,
Қайсы жаққа жүрейін,
Атқа мініп жасымнан
Есерлікпенен жүрсем де,
Ашылмаған екен талайым
Қайда барып табайын.
Дүниенің кең сарайын.
Қобыланды батыр жаудың қай жаққа кеткенін білмей дағдарып тұрғанында Тайбурыл жерді иіскеп, иіскеп алады да кісінеп - кісінеп күннің шығысына жөнеледі. Қобыланды батыр бұған таңданып Тайбурылдың иіскеген жерін қараса, Құртқа сұлу өзін қалма қалып кеткенде қай жаққа кеткендігімізді Қобыланды біліп қалсын деп Тайбурылдың сүйсініп жейтін жемін шұбатып төгіп кеткендігі мәлім болды. Қобыланды батыр бұған түсінгеннен кейін жемнің иісіменен тауып берер деп Тайбурылдың басын қоя берді.
Тайбурыл атты Қобыланды
Айт, жануар, шу, — деді,
Бурыл тұлпар гуледі
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.
Аяғын топтап басады.
Кешке дейін шабады.
Бекер шапты далаға,
Сылтауды анық табады.
Түн ортасы болғанда,
Есіктің алды ағынды
Бола жазды шығынды
Екпіндеп шапқан Тайбурыл
Етпетінен жығылды.
Жерді байқап қарады
Аллаға тәлім жазықты
Ат ауырса, қарны ашса,
Қыз Құртқа қағып кетіпті
Кез бойы алтын қазықты.
Қолын жерге салыпты.
Қобыланды тауып алыпты.
Ат қоржынына салыпты
Атына Қобылан мініпті,
Тайбурылды талдырмай
Табан жолға салады.
Тан атқанша шабады.
Адаспай Қобылан табады.
Таңшолпаны батқанда
Алшағырдың шәһәрін
Батырдың көзі шалады,
Шәрге жегіп барады.
Тайбурыл атпен барады.
Жақсы кісі жаманға
Көп тигізер пайда деп,
Таң атқанша Қобыланды
Кіруге тесік қайда деп,
Енерге есік қайда деп,
Мінген аты алады.
Күнде қойға барған да
Тоқтаушы еді Тоқтарбай,
Жалғызым деп бананы
Жас қозыдай маңыраған,
Саулы інгендей аңыраған
Сыртта жүрген Қобыланның,
Құлағын жарып барады.
Құлағын батыр салады.
Қайрып бура оқшаған.
Мың жылқының ішінде
Көзге түртсе тұлпардай,
Қияғы бүтін сұңқардай
Ботам сенен айрылдым.
Аһ ұрсам да кетпейді.
Тіземе тартсам жетпейді.
Жалғызым сенен айрылдым.
Басымнан өтті дүние боқ.
Тағдырмен келген ажалды оқ.
Күні біткен күн де өтер,
Жалғызымнан айрылып
Көрген күнім беп-бекер,
Он үш жасар Қобыланды
Шынымен сенен айрылсам,
Өтірік емес құдайдың
Шынымен мені ұрғаны - ақ.
Бүл бейнетті көргенше
Жалғызымның артынан
Неге өлмедім мен сорлы.
Кәміл тоқсан жасымда
Пенделік пен кәпірдің
Қойын бақтым мен пақыр,
Сорым қайнап мен сордың
Ия болмаса сол жақта
Қазасы жетіп өле ме?
Пірлері берігі хабарды.
Пенде болған жайымды
Басыма түскен уайымды
Қобыланды қозым білер ме?
Қобыланды қозысы шағын жерден тыңдап тұра берді. Қобыландының атасы зарын айтып болғаннан кейін іле-шала анасы Аналықтың айтқан жоқтауы:
— Тоғайдан қудым көжекті,
Жалғызымды жоқтайын,
Шаршағанда тоқтайын
Жан жолдасым, Тоқтарбай
Ай мүйізді қошқардай
Ісіміз болды пұшмаңдай
Жалғызымнан айрылып
Пенде болдым дұшпандай.
Кәпірдің етті бұл ісі
Жан қосағым Тоқтарбай
Түн ортасы болғанда
Құбыла жақтан жел соқты.
Жалғызымның астында
Тайбурыл аттың тынысы.
Кетіп еді жау ізден
Астында бурыл дөненмен.
Жұмысы болмай жөнелді
Қараспанды жайлаған,
Қалың қыпшақ көп елмен,
Жасықты жанып болатқа.
Сапарланды талапқа,
Көзіңді сал Тоқтарбай
Алласы берген шыраққа.
Бұлты келді өзің соқ
Жалғызым барда көңілім ток,
Жалғызым сенен айрылдым
Жалғызымның барында
Көшке жорға мінгенім,
Еруге қамқа кигенім,
Осынша бейнет көргенім.
Иінім бүгін тартады
Қарасанға ел қонып
Еруге қамқа кигендей,
Қараспан тауын қабаттап
Қалың қыпшақ ел көшіп
Көшке жорға мінгендей.
Асылы жоқ бос тері
Бұлақ болып есілді
Жалғызым келіп емгендей.
Ботасы өлген інгендей.
Он үш жасар шырақтың
Ақ бетінен сүйгендей.
Кеткен қозым келгендей.
Сапар шеккен қозымнан
Анық хабар келгендей.
Жалғызымды көргендей.
Бишара болған біздерге
Кәпір қылды кеп зорлық.
Тезек теріп етектеп,
Құрт қайнатып, жүн түтіп,
Арқан ескен не қорлық?
Өзіңнің Құртқа жарыңды
Қалмақтың ханы Алшағыр
Аламын дейді сол қорлық!
Алшағыр жиған нөкерге.
Өлгенше естен кетер ме?
Біз мұнда көрдік көп қорлық,
Жас қозым жүрді бекерге
Шырағыма жетер ме?
Бұдан кейін Қобыланды батырдың қарындасы Қарлығаш бір түс кердім деп айтқаны:
— Жан шешеке, тұра тұр,
Адыра қалған ақ балтам
Тасқа тиіп кетілді.
Мен бишара жетімді.
Қалмақтың ханы
Алшағыр Бүлдірер ме еді кентімді?
Бүгін менің түсімде
Қазанның сырлы қаласын
Артық туған жан көкем
Жалғыз жайлап жүр еді.
Бірге туған жан көкем
Қаһарын тігіп ақырып,
Қарт бурадай бақырып,
Қатын деген бір сөзін
Бетіне айтып тұр еді.
Жылтылмаған дұлбысын
Қараман менен жан көкем
Тан ата алып жүр еді,
Көбікті ханның жылқысын.
Қашып барып еліне
Ер салуға Көбікті
Тарлан атқа асығып,
Қуып жетіп Көбікті
Аға - көкемнің сынып найзасы.
Ақмақ қырғыз желікті.
Жан көкем неге көніпті.
Сыйынып жүрген бабасы
Аға - екемнің бүл сапар
Болмады қабыл тобасы.
Көбіктінің асып айласы.
Көкеме тиіп пайдасы,
Қараман менен көкемді
Қолын шешіп босатып,
Қызметін асырып,
Өз атасын Қарлыға
Артық туған көкемнің
Мұсылман боп жүр еді,
Биік, биік қыр еді,
Қарлыға менен үшеуі,
Жаңада айдап жүр еді.
Және қашып шәріне.
Бұрынғы тартып салтына,
Қуып жетіп артынан,
Пірлері қолдар жан көкем
Сәтіне ісін келтіріп,
Қарлыға мінген сұрайды,
Қарамандай жаманға
Саудаға беріп жүр еді.
Кеп қосында үшеуі
Жылқы айдап келіп қосылып,
Тайбурыл аты ақсақ боп,
Қайғы менен шер толып,
Нәсілі жоқ кеп қият
Ағаекеме қарамай.
Үдере көшіп жүр еді.
Неше шауып жан көкем
Қараспанның тауында
Жұртына келіп жүр еді.
Бұйырғаны осы деп,
Шетінен тістеп түр еді.
Қылсын деген азықты
Бурыл тауып жүр еді,
Кез бойы алтын қазықты.
Оқпанды сай бар еді,
Сарт болмаса пірлерім,
Осы күні ағаекем,
Түсімді тыңдап тұр еді.
Құртқа сұлу бикеш тұра тұр деп, Қарлығашты тоқтатып қойып бір сөз айтқаны:
Бұғалық салдым саяққа,
Піл өтпейді бояға
Перзентім болған
Тайбурыл Менен кеттің қай жаққа.
Ананың жүзін көрсетпей,
Бауырыма салып бала етіп
Алғалсыз болсын кідеу деп,
Қулықтың, сүтін емгіздім.
Маңға, құлға болма деп
Және байлап жеміме,
Қызыл дәрі жегіздім.
Қира жалды, қыл құйрық
Сенін анаң мен едім,
Менің балам сен едің,
Ғайыптың жоғы сен болып
Қай тарапқа жөнедің?
Артықша енбек қылып ем,
Үстіндегі сұлтанды,
Тарықтырмай біздерді
Көрсетер ме екен дер едім.
Болмашының сөзімен
Қырық үш күнің кем еді.
Бауырында ойнар құлжасы,
Тәңірі неден жараттың
Темен етек ұрғашы.
Діні бұзық болмашы.
Болар ма жаудың олжасы.
Қой теліген барлықты.
Нар теліген зорлықты.
Кәпірден көрдім қорлықты.
Кәпірге салып әлемет,
Осы жалған дүниеде
Өлер едім армансыз,
Өзінікін келтіріп,
Бір көрсетсе қорлықты.
Пайғамбардай несіпті
Шәрдің тұрып ішінде
Қыз Құртқаның зарланып
Періштеден жалғасып,
Сыртта тұрған тұлпардың
Құлағы анық есітті.
Артық туған Қобыланды
Он үш жасқа келгенше
Ерегескен дұшпанның
Басын жойып тауысты.
Қайта-қайта кісінеп,
Шыңғырды қатты дауысты.
Қыз Құртқаға келеді.
Құртқа да анық біледі.
Келгенін біліп сұңқардың
Артық туған қыз Құртқа,
Ақ сұңқар құстай түледі,
Көңілі тасып, шат болып
Алшағыр ханға келеді.
Ай, Алшағыр, құлақ сал,
Мінген атым керме едім,
Сұлтанымның барында
Намысымды бермедім.
Сен едің менің ергенім.
Жарық сәуле көрмедім.
Бойын жазсын демедің.
Далаға шығып азырақ,
Бой жазайын деп едім.
Сөзіме құлақ сал, Шағыр,
Сақтағаны құдайдың
Саған дағы бар шығар.
Екі құл мен екі күң,
Бақташыңды сал шағыр.
Беліме арқан салайын,
Тезек теріп, бой жазып,
Шәрден тысқа барайын.
Сұраған соң сұлуға
Аламын деп қашаннан,
Үмітпен жүрген Алшағыр,
Рұқсатты әбден береді.
Беліне арқан салады.
Екі құл мен екі құқ
Бақташыны салады.
Торт бақташы қасында
Қыз Құртқа кетіп барады.
Ғазиз жанның тәттісін.
Алшағыр ханның сатысын.
Хан сатысын береді,
Мені қабыл көрді деп,
Жұбайына ереді.
Сатыны қолға алады.
Тамға сүйеп салады.
Тамның шығып басына,
Қыз Құртқа кетіп барады.
Жан-жаққа көзін салады.
Бір дуадақ атып ап,
Отқа салып Қобыланды
Шала піскен кезінде
Ортасынан бір кесіп,
Дәм көрмеген көп күннен,
Артық туған батырың
Аузына алып салады.
Отырғанын батырдың
Сұлудың көзі шалады.
Әуелі алла алғаным,
Атып мылтық өткізбес,
Басында тіле қалқаның.
Келген жері қуанған.
Туын қанға суарған,
Дұшпан іздеп жол шеккен,
Келген екен салғамын.
Бойын жазып кәпірден,
Қыз Құртқа әбден алады.
Келді сайдың қасына:
Қыз Құртқа бір сөз бастады,
Құл мен күндер қостады,
Ойнай түр деп тастады.
Құртқа кетті, біз қалдық.
Бола ғой деп қостады.
Бір құл менен бір күнді,
Сен де ойна деп тастады.
Бойын жазып алған соң,
Қолындағы ақ балта,
Тасқа тиіп майрылды.
Дұшпанынан айрылды.
Не болмаса түсі деп,
Бұ тоғайға қайрылды.
Терекке басын байлаған,
Шығыршық атып ойнаған,
Бурылды сұлу көреді.
Тайбурыл анық біледі.
Теректегі шылбырын
Жұлып алып жөнелді.
Артынан Қобылан жүгірді.
Артық туған қыз Құртқа
Омыраудағы ақ түйме
Ағытып бәрін жіберді.
Бола жазды шығынды,
Шығын болмай не қылсын
Омырауына Құртқаның
Тұмсығын тыға жығылды.
Бұлаңдаған Құртқаны
Қобыланды батыр көреді.
Қол қусырып, түре кеп,
Иіліп сәлем береді.
Дүниедегі іңкәрім,
Екі саулық, бір тоқты,
Баһар айдағыр жарым
Астыңа мінген тұлпарың.
Аман-есен келдің бе,
Жұрт иесі, сұңқарым?
Қалмақтың шектім тұлпарын
Дұшпанның көрдім аласын
Құдай қосқан, сұлтаным,
Әлдеқандай қыласың?
Үкімменен қинайды,
Коп дұшпанның баласын,
Сөзге қайым келеді.
Қауыштырды сәлемет,
Бұларды сақтап жаббар хақ,
Ала қапты бес бүктеп
Арыстанды сынамақ.
Артық туған қыз Құртқа,
Қында заман баяғым,
Кім ұстамас жылқының
Бірді таппа мыңды тап,
Көріп келдім бұл сапар
Жалғыздықтың азабын.
Өзіңнің соғар таяғым.
Ерлігін алла қостады.
Артық туған қыз Құртқа Қобыланды сынды батырдың Көзінше алып тастады. Қобыланды сонда сөйлейді:
Сағынған жарың мен едім,
Кәпірден көріп кемшілік
Сарғайған күттім сен едің.
Есен-аман қауыштым,
Құдай қосқан қосағым.
Көре алмаспын деп едім.
Қыпшақтың мекен жайлауы
Қараспан еді еркені
Көрмегелі сіздерді
Керіселік кел бері,
Құртқа келіп көрісті,
Осы келген сапардан
Қобыланды керген көп істі.
Керіскелі келісті.
Арманым жоқ құдайға,
Аман-есен көрдік деп
Көңіліндегі қашаннан
Екі сұңқар кеңесті.
Әлқисса, екеуі біраз сөйлескеннен кейін Қобыланды батыр тоғайға қарап, жүре бастап қыз Құртқаға: «Жүр!» деп еді, қыз Құртқа: «Жаманның сөзі ащы» деп, «Ертең құдай қалап еліңді қолыңа қаратқан күні ата-анасын, ел-жұртын қолына алмастан бұрын қатынын алды деген атаққа қаларсың, сақтаған құдай, езі сақтар, мен әзірге қала тұрайын, дұшпаның менен ұрысып, теңдесіп алғаннан соң, ғана ата-ана, ел-жұртыңмен бірге қолыңа келермін, әзірге сабыр етіңіз», — деді. Онда Қобыланды тұрып: Сұлтаным сағынып келгенде, қолына ала қоймады деген сөзге қалам ба деп, сені Қараспанға апарып тастап, қайтып келіп арыз қылмақшы едім», — деп мынау сөзді айтады: Болғайды, болғай болғай ма. Болдайдың түбі тыңғай ма.
Түлкі киген тоңғай ма,
Бұл ақылың Құртқажан,
Падишаға бітсе болмай ма.
Тапсырдым сені құдайға.
— Жарылқасын құдайым,
Ойынбалық кетпейді,
Жазды судың шетінен
Шырағым жаның сау болса,
Шыға алмас дұшпан көтімнен,
Сұлтаным бұршы мойныңды,
Бір сүйейін бетіңнен.
Аузынан сүйді Құртқа жар,
Көбірек тұрды құшақтап,
Қобыланды ерге ынтызар.
Қыз мінгенім қонды еді,
Жасаған құдай оңдаса,
Сүйгенімнің алды еді.
Асқаным алтын мосы еді,
Ондамаса құдайым
Сүйгенімнің соңы еді.
Құртқа Аузын сүйді аймалап,
Бетінен сүйді қармалап,
Дұшпанға таяр Қобыланды
Мауқын Құртқа басқан соң,
Қобыланды тұрып сөйледі:
Әбзел салдым алаға,
Ағайын-туған қарындас
Қарамай қатын, балаға,
Мұнша Құртқа бой жазып,
Жеңіп алған ел қалмақ,
Келінін, қашып кетті деп,
Барғанша қорлық көрсетер,
Атаң менен енеңе.
Қайт тезірек қалаға.
Атам менен анама,
Әсіресе қалың қыпшақтың
Жасы үлкен ағаға,
Жасы кіші балаға.
Ағайын жұрттан садаға.
Ертеңге шейін тапсырдым,
Бір жаратқан аллаға.
Тұлпар туған бурылды
Қалауым деп мінейін,
Дауыл соққан пір аңды,
Сіздерді алған дұшпанға,
Жалғыз да болсам тиейін,
Мінер көріп байланған,
Қойсын бүгін ұйқысын
Түніменен сайланып,
Бітіре берсін жұмысын,
Кесіп алсын бір келтек,
Арғымақ аттай жарасын,
Ашқарынға шыққанда,
Зор қақпадан табылсын.
— Қайт десең, сұлтан кайтайын,
Көргеннен соң шығып ем,
Шыдай алмай далаға.
Ішім толды налаға.
Бір жаратқан тапсырдым,
Қандай қара басыңнан,
Мендей жарың садаға
Шәрге қайтып жөнелді.
Мінген аты жарады,
Ішкен асы сұлудың
Бойын енді тарады.
Ұлы бесін кезінде
Шұбалаңдап қыз Құртқа
Шәрге кетіп барады.
Жұмысы бітіп құл мен күң
Жатыр екен ұйықтап,
Келе жатқан жолынан
Оятып Құртқа алады.
Бұлаңдаған қыз Құртқа
Алшағырдың қалаға
Тезірек жүріп барады.
Тоқтар басы көп қыпшақ
Есіткен соң Құртқадан
Көңілі тасып қуанып,
Шаттанысып қалады.
Күннің батыс астынан
Шұбылған қалың шаң шықты,
Шаң астына қараса
Кәмшат бөркі басында
Екі бөрі қасында
Ақмоншақ атпен бұлаңдап,
Қарлыға сұлу бұл шықты.
Қара жалғыз құла атпен
Қобыландыға қосылды
Сейілұлы Қараман,
Айдынды орақ, айды орақ,
Айбалтасы қанды орақ
Балалы тауда бар дұзақ.
Нан піседі тандырдан,
Кәпірдің көңілін қалдырған,
Қазақтың отын жандырған,
Аллаға жеткен даты бар,
Бірге келді ер Орақ.
Кәпір алды деген соң,
Шақырушы Қарлыға,
Жеткен екен сол шырақ.
Еркінше шауып көсілді.
Жоқ еді ердің есінде.
Қобыланды менен бас қосып,
Есендік саулық айтысып,
Амандасты бесінде.
Әлқисса, Қобыланды, Орақ, Қарлыға мен Қараман төртеуі бастарын қосып, көңілдері өсіп бүгін тынығалық, ертең Алшағырдың қаласын шабалық деп, мауықтарын басып жата берді. Бұлар сүйтіп өздеріменен өздері мәз-мейрам болып жатқанда, Алшағыр ханның қарт шешесі Қора көтеріп бал ашып отырып, баласы Алшағыр ханға айтқаны:
—Жалғыз ботам, Алшағыр,
Басынды көтер, жан балам,
Қастары төмен салынған,
Іздеген дұшпан жиылған,
Бейне Қобыланға ұқсайды.
Келді балам, тұсыңа.
Орта бойлы, нұр жүзді,
Қараман келгенге ұқсайды.
Келді, балам, тұрсана.
Аллаға жеткен даты бар,
Орта жүздің бегі еді,
Орақ келгенге ұқсайды.
Келді, балам, тұрсана.
—Қызыл тілді сөйлеткен,
Сырық тартқан білегім.
Қозғалмайды жүрегім,
Жоқ сөзді айтып қинама
Қайдан келсін бұл жерге
Қобыланды ердің сүйегі.
— Жіңішке жирен аты бар,
Орақ келген ұқсайды,
Қорасан жүзді, қой көзді,
Қараман келгенге ұқсайды,
Кәмшәт бөркі басында
Қарлыға келгенге ұқсайды.
Орта бойлы, нұр жүзді,
Келді, балам, бурылмен
Қобыландыға ұқсайды.
Ақ бөкендей жортамын,
Келді, балам,бурылды
Қобыланды деп қорқамын.
Басыңнан көшер аруақ
Астындағы алтын тақ
Қой мінер деп қорқамын.
Таңбалар деп қорқамын,
Енсіз жатқан қойыңа,
Ен салар деп қорқамын.
Бұйырып соққан ер дауыт
Сол киер деп қорқамын
Алдынан шапса түске озған
Сол мінер деп қорқамын,
Тамыры жерге тараған,
Жапырағы әммесі
Киік пе екен деуші едім,
Тау текедей маңыраған,
Сол кесер деп қорқамын.
Бүлдірер деп қорқамын.
Тінікейдей текті қыз
Күлдірер деп қорқамын.
Идірер деп қорқамын.
Әрдің аузын ашармын,
Сен жатсаң да мен жатпан,
Қанікейдей көрікті қыз
Жау қолында жылатпай
Күймеге салып екеуін
Бұл шаһардан қашармын.
Қызын салып күймеге
Қолына тисе сұлу қыз
Әркім әуес сүймеге.
Алтын-күміс дүниеге.
Ұлы бейіс кезінде
Қызын салып күймеге
Қақпадан шығып қадалаға
Кемпір қашып барады.
Қашқанын біліп кемпірдің
Көбіктінің Қарлыға
Қу кемпірге білдірмей
Екі қызды біржола
Ұрлап алып қалады.
Сейілұлы Қараман
Қиядан көзін салады.
—Қарлығажан, сауға деп,
Қараман кетіп барады.
— Көлге біткен жікенсің, Бүршігі жоқ тікенсің.
Құдайдан сұрар ойың жоқ,
Әзіңе біткен мал-жанды
Сауғадан жиған екенсің.
Байытқалы келіп пе ем,
Қияттың жарлы кедейін.
Өзімнің басым сауғадан
Құтыла алмай жүргенде
Мен кімге сауға берейін.
— Мұсылманға мырза аттық,
Шырағым сауға сұрадым
Қанікей мен Тінікей
Екі қызды бер маған,
Басыңа бердім азаттық.
Шығара алмай барады,
Бейне толған сананы
Қарлыға сондай сұлудың
Қобыландыдай баланы.
Қос сұлуды бір беріп
Артық туған Қарлыға
Қарамандай жаманнан
Басын сатып алады.
Кеш болған соң жайлап,
Бір төбеге келеді.
Қоржынға салған азықтан
Бұйырған дәмді татады.
Таң сарғайып атады.
Таң шолпаны батады.
Масыл, масыл, масыл ма,
Аққа құлпы жасыл ма,
Ғашық боп жүрген Қарлыға
Қашаннан бері қан құсып.
Қобыланды қыран асылға.
Қаруларын киініп,
Бір құдайға сыйынып,
Аттарына мінеді.
Беліне байлап болатты,
Қарына найза іледі.
Туын алып батырлар
Қақпасына жүреді.
Артық туған Қобыланды
Ақ сұңқар құстай түледі.
Жалғыз өзі шәһәрға
Ат қоюға ойланды.
Жатқаннан соң кәпірде,
Қалың қыпшақ көп елі
Қақпаның келіп аузына
Қарт бурадай бақырды,
Алшағыр деп шақырды.
— Ей, Алшағыр, Алшағыр,
Менің атым Қобыланды
Қара қасқа атың міне шық,
Ақ сауытың кие шық,
Қарыңа найза іле шық.
Алды - артыңды жалмай шық,
Арманда қапыл болмай шық,
Белес-белес бел еді,
Халқына тиіп пайдасы,
Қатарынан Алшағыр,
Асып жүрген айласы,
Басын жойған ер еді. Алшағыр!
Деп шақырған
Қобыландының дауысы
Құлағына келеді.
Үстіне сауыт киеді.
Қарына найза іледі.
Томаға көзді қасқа азба
Алтын тұрман ер салып,
Атына батыр мінеді.
Құйрығын шарт түйеді.
Қорықты деп бармасам
Алдынан жүре береді.
Алшағыр шықты қаладан,
Түлкідей көзін жайнатып,
Тасқа жаншыған сүңгісін
Қарыс сүйем бойлатып.
Алшағырды көрген соң
Тайбурыл атты көсілтіп,
Қобыланды шапты даладан.
Жақындасып қалысты.
Бәтен жауап айтыспай,
Шегінісіп екеуі
Емен найза салысты.
Ат тізесін бүгісті.
Бүге, бүге тұрысты.
Тақымдары құрысты.
Бірі дүние сала алмай,
Қақырғаны қан татып,
Ерлер жаннан түңіліп
Ақ күзендей түгісті.
Семсерменен серместі.
Жамбыдайын ойнады.
Ерегескен дұшпанын
Басын жоймай қоймайды.
Қанжар қалды қайысып,
Бір уақыттар болғанда,
Қобыланды сынды еріңіз,
Алшағырдай кәпірді
Ат көтіне міндірді.
От шығады орнынан,
Үмітін үзді Алшағыр,
Шәрлі байтақ жұртынан.
Жұмарланып барып жоқ болды,
Қара қасқа аттың сыртынан,
Шәрдің қалын, ішінен
Қатуланып Қобыланның
Түгі шықты білектен,
Етке тоқтар қайрат па,
Тартып еді шықпады,
Қобыланды ердің найзасы,
Қан мен қатыс жібіктен.
Көпірдің күнін қуырып,
Артықша тартып күш етіп,
Найзасын алды суырып,
Есіктің алды балдырған,
Нан піседі тандырдан.
Мұсылман көңілін қалдырған.
Тағы болат, тас болат,
Құртқаны алар сапарға,
Бір өзінің әкесі
Бірден қырып салдырған
Ағанас пенен Тоғанас,
Алшағырдың соңынан
Қаладан шықты екі жас.
Ежелден кекті бұлар қас.
Інісі еді Тоғанас,
Таптырмай ақыл-айланы,
Қобыланды ерге Ағанас,
Келе салды найзаны.
Бір қызылбас, бір қазақ,
Бермейміз деп намысты.
Найзаларын салысты.
Итерісіп тұрысты.
Ат тізесін бүгісті.
Атына құшағын жіберді,
Іздегені қызылбас,
Дұшпанын Қобылан табады.
Пірлері кәміл қолдады.
Көңіліме болмаса
Ағанастың найзасы
Қобыландының бөксесін,
Қисайтып кетіп барады.
Басымырақ болғанын
Көбіктінің Қарлыға
Қиядан көзін салады.
Ағанасты Қарлыға,
Іліп тастап барады.
Түзеліп алып бурылға
Қобыланды іліп тастады.
Көк қасқа атты Ақжалтай,
Ұрысқа кірді жағдайлап,
Орақпенен ұрсысып,
Орақ іліп тастады.
Баласы еді нар Қығыл,
Келіп еді ұрысқа,
Қараман іліп тастады.
Шығып еді қаладан
Қарлыға алып тастады.
Шығып еді қаладан,
Қобыланды іліп тастады.
Қызылбас көрсе жан татқан.
Шығып еді қаладан,
Қараман іліп тастады.
Күмбезді найза қолында
Ағын судың сағасы,
Ақ қайырдың жағасы,
Кәмшат бөркі басында
Нөкері бар қасында,
Өзі он бес жасында
Үстіне дұшпан келген соң,
Ұрыспаққа айла таба алмай,
Соғыспаққа дұшпанмен,
Көк ала атты бір шымбай
Бөтен сөзге қарамай,
Қобыландыны бір жанышты,
Орақты келіп бір шанышты,
Сол бойымен Біршімбай
Сыпыртып өтіп жөнеді.
Орақты келіп бір шанышты.
Қараманды бір шанышты,
Қобыландыны бір шанышты,
Сыпыртып етіп жөнеді.
Маңдайы шып-шып терледі.
Барған сайын өрледі.
Самсап тұрған ерлерді
Бір адамдай көрмеді.
Төрт көкжал да меңдеді.
Әлқисса, Қарлыға Біршімбайдың күшін көргеннен кейін қарулық қылып жеңудің бекерлігін, айламенен құртудың жөн екендігін айтқаны:
— Сіздер келіп тұрыңыз, Барайын жалғыз мен, — деді.
Қақ жаратқан құдайым,
Мал шыдамас жауырға,
Ер шыдамас бауырға
Сіздер кейін тұрыңыз.
Жалғыз өзім барайын,
Мінген аты алады,
Атасы әйел демесең
Қарлыға қыз да ер еді.
Ораққа Жолдастыққа жарады.
Өлтірмесек болмас деп,
Бөркін жұлып алады.
Ақмоншақ атты бұрып aп,
Ерлердің шығып қасынан
Біршімбайдың алдына
Қарлыға жиылып барады.
Бірге туған Біршімбай,
Сен кеткен соң, шырағым.
Дұшпанды қырып шырағым,
Шәрді алдым босатып,
Бір жанымды аямай,
Қайратқа атаң жарамай,
Кеп дұшпанның ішінен
Қашып еді үш батыр,
Өлсем де жоқ арманым,
Есен-аман сәлемет,
Көрсетті сені бір құдай,
Атыңның басын бұрмадың.
Жалғыз бардым Біршімбай,
Болайын сенің құрбаның.
Мынау келіп тұрғаны.
Жалғыздық түсіп басыма,
Көңілімде көп қапам,
Осы келген батырлар,
Менен қашқан үш адам.
Басымды саған оса алмай,
Ақыл, айла таба алмай,
Жаудың тұрып қасында,
Жаралы болды сорлы апаң.
Екеумізді құдайым,
Жақыны көрсе кемшілік,
Кімнің жаны шыдайды.
Жұлып алып бөрікін,
Бірге туған Қарлыға
Алдына келіп жылайды.
Әлқисса, Қарлыға Біршімбайға келіп: «Сен кеткен соң мұсылмандар келіп, біздің шәрді түн ішінде басып ойран-ботқасын шығарайын деп жатқанда. әкең атқа қайрат қылып міне алмай тұрғанда, өзім мініп, жаудың жүзін қайырып, мынау үшеуін қуып мұнда келіп тұрғанда, мені бұларменен бірге жаншығандай мен не қылып едім» — деп бөркін жұлып алып, шашын жайып, ой, бауырымды салып, жылап аттан құлап кетті. Тумасы Қарлығаның бұл қылығын көргеннен кейін Қарлығаны тауға алып барып тастап, келіп қойға тиген бөрідей жауға тимекші болып, Қарлыға қыздың алдына түсіп, қызды соңынан ертіп алып жүре берді. Жол-жөнекей бара жатқанда Қарлыға қыздың Біршімбай тумасын өлтіргені:
Назары арман ауғанда,
Біршімбайды Қарлыға
Найзамен салды желкеден.
Ай төбелді құла атты,
Біршімбай сынды батырды.
Жан апасы құрысын,
Өз апасы Қарлыға
Інісін аттан құлатты.
Айламенен өлтірді.
Белес-белес бел еді,
Атасы әйел демесең,
Қарлыға қыз да ер еді,
Көк ала атты жетектеп
Қараман, Орақ, Қобыланды
Үш батырға келеді.
Өз інісін өлтіріп
Көңілі тасып, шат болып,
Батырлар қызға сенеді.
Қарлыға қыздың қорымына,
Көп дұшпанын мұқатып,
Құдай қалар ерлерді
Естері келді орнына.
Қапыда елді Біршімбай,
Қарлыға айла қылмаса,
Күшті туған Біршімбай,
Қарлыға менен Қобыланды
Қараман, Орақ төртеуі
Бастарын қосып батырлар,
Намыстарын бермеді.
Барған сайын өрледі.
Басбақты сиыр танадан
Алтын-күміс шанадан
Қалмай қатын, баладан,
Түгесіліп болған соң,
Тоқтататын адам жоқ,
Тоқтар басы көп қыпшақ,
Шулап шықты қаладан.
Ақ бөкендей жосылды,
Ұлы қақпа аузында
Қаладан шығып көп қыпшақ
Қозыдай маңырап дуылдап,
Қобыланды ерге қосылды.
Қабыл болды бүл сапар,
Қобыланды ердің мұраты,
Ата-ана көп халқы
Қобыланды елге көрісіп,
Есендік, саулық сұрады.
Ерлердің көңілі тынады.
Он жеті күн шабады.
Іздегенін табады.
Сығарға биті қалмады,
Қобыландының көп халқын,
Жалғыз шапқан Алшағыр
Бүтін жұртын жалмады.
Ырғап-жырғап алады.
Байдың қызы жамылар,
Масаты шекпен шыраңды,
Қият қыпшақ қосылып,
Көп олжаға кенелді.
Қараспан тауын бет алып,
Ерлер алып жөнелді.
Келмеді дұшпан шетіне.
Келтірді құдай жөніне.
Қараспан тауын жағалап,
Азулы деген көлдерге
Тоқтар бас, коп қыпшақ
Келіп қонды баяғы.
Бүлініп көшкен жеріне.
Ел қонысқа қоныпты.
Пенде болып байланған,
Жылаған қыпшақ баласы
Бұрынғыдан екі есе
Бақдәулетке жолықты.
Азулы деген көліне
Бұрынғыдай толқысып,
Дәулет бітті еліне.
Ісі келді жөніне.
Кәпірден алған көп олжа
Әділдікпен Қобыланды
Жиып алып көп халқын
Пақыр, кедей, кеміне.
Қобыланды жиып көп елді.
Көп олжаға кенелді.
Үлестен көп алған соң,
Байып қалып қыпшақтың
Жарлысы байға теңелді.
Сіздің жай бұл уақытта күншығыста;
қолыма қалам алдым осы қыста.
кысқасы болған шығар асығыс та
Бүл кітап осылайша тамам болды.
Асығып, тез бітудің қамын ойлап,
жазуы тәуір емес жаман болды.
(Сақтасын әр нәрседен хақ тағалам).
қыса жазып,сәлем інім саған
1894жылы12 декабрь
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру