Ер Шотан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қаржаубай Рейімбайұлы — «Ер Шотан». тарихи-шежірелік дастан
/uploads/245a3fe2-4b86-5e9a-8295-434abd03eda3/cover.png
тарихи-шежірелік дастан
БӘЙБІШЕ БАЛТАБАСҰЛЫ ТҮМЕННЕН:
Ер Шотан шұбар атты ұстап беріп,
Ақ бата Әжібайдан қабыл алып,
«Адай ту» Маңғыстауға тіккен жері.
Ұрпаққа мәңгі қоныс болады!—деп,
Баянды Бақыт құсы қонады!—деп,
Үкілі арман—үміт күткен жері.
1990 жылы Балықшы Төреханның айтуынан жазып алған — Рейімбайұлы Қаржаубай.
Ер Шотанды көзі көргендер ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып айтулары бойынша, замандастарымыз мақұлдап, Ер Шотанның жоба суретін салғызды. «Ер Шотан» тарихи —шежірелік дастан кітабының суретшісі — ҚазҰТУ-дің Жаңаөзен филиалының екінші курс студенті Ибрахим Қаржаубайұлына алғыс айтамыз.
Оспан Әбішеұлы, Күмісқали Дүйсенбайұлы.
(1705-1786)
1999 жылы сәуір айының 14-і, сәрсенбінің сәтті күні, еркіндік аңсаған ел үшін, атамекен жер үшін ерен ерлігімен жадымыздан мәңгілік орын алған аяулы, асыл ерлеріміздің бірі Жары Назарұлы ер Шотан туралы тарихи-шежіре дастанымды бастадым.
Менен бұрын да күміс көмей, шешен тілдің жүйрігі ақындар мен жыраулар мыңдаған үлгілі ұлы жыр-дастандар жазып, немесе ауызша жырлап, ол жыр-дастандар халқымыздың тарихи асыл мұрасына айналған. Сол жыр дастандардың қай мезгілде, қай жерде, қай елде, кім жазғанын (шығарғанын) әдебиет-тарихтанушы, зерттеуші ғалымдарымыз анықтай алмай, іздегенмен ізін таппай жатады. Халқымызға ортақ шежіре ізімен (әрине, сіз бен біздің, ортақ ата-бабаларымыздың шежіресі—Р.Қ.) толығырақ танысып өткенімді, айыпқа бұйырмассыз. Танысқандағы мақсатым – Сізбен түбі бір Түркі тектес туыстығымды, жеті атадан асқан соң қыз алып, қыз беріскен құдандалы-жегжаттығымыз бен қайынды-күйеулі, нағашылы-жиенділігімізді білдіруден басқа ойым жоқ.
«Ер Шотан» – тарихи-шежіре дастанымның тарихи-шежіре дерегінен, әдеби көркемдігінен жаңылған жерім болса, алдын ала кешірім өтінемін. Себебі, бәрін анық білуші—тек қана аса қамқор, Ерекше Мейірімді, Рақымды бір Алла. Жаратқан ием шындық жолымен жемісті жыр жаздырып, талабыма таусылмас күш беріп, ақындық шабытымды шындық нұрымен шалқытқай!
Рейімбайұлы Қаржаубай.
ЕР ШОТАННЫҢ АТА ТЕГІ
«Ер Шотан туралы жыр жазғанында, түбі түркі туыс қазақтың, кіші жүздің алты ата -Әлімұлы, жеті ата – Жетіру мен он екі ата Байұлының туыстығын шежіре дерегімен жырла!», -деп, көкірек көзі ояу ақсақал шежіреші ата мен ағаларымыз, ақ шашты аяулы асыл аналарымыз аманат еткен-ді.
Ия, Алла, бұл дастанды жамағатқа,
Жар болып, жеткізе гөр, шафағатқа.
Дастаным Ел қажетін өтеп жатса,
Көңілім толар сонда қанағатқа.
Оқырман,тыңдармандар сау-саламат,
Мехнаттан көргей түбі шын рахат.
Иманды муслим болып бұл фәниде,
Бақида орны болғай сегіз жаннат.
Дүние — қызыл түлкі, қуып жүріп,
Күнәлі болып, кейде, көп сүріндік,
Кеңсің ғой, Жаратқаным, кешіре гөр,
Жауаптан жаңылыссақ, бос күмілжіп.
Ой, сөзде әсте кетсе қателігім,
Жөнге сап, жасағайсыз мол кешірім.
Шындық ой жыр боп аққай жүрегімнен,
О, Алла, бір Өзіңе мол сенімім.
Шежіре, аңыз, тарих — ескі сырым,
Қарттарым айтып өткен шындық бұрын.
Тұқымды асыл ерлер жеті атасы,
Жазайын Ерлік жолын — ШОТАН жырын.
Жеті ата тұқым қуып ерлер өткен,
Ақиқат аңыз болып бізге кеткен.
Шотанның ата тегі кім?- десеңіз,
Баяндап қысқа-нұсқа Атап өтем.
Шежіре бір Аллаға анық аян,
Біздерге даналардан жеткен баян.
Жаңылсам кешіре гөр, еттім тәубе,
Түп-тегің туысқан,-деп елге жаям.
Замандас оқы үйрен шежірені,
Шежіре бабалардың өмірі еді.
Үйренсең өткеніңді ой жіберіп,
Бәрі де анық, айқын көрінеді.
Бұрмалап, теріс тартсаң сөгіледі,
Ұмытсаң, елес-ертек көрінеді.
Түбі бір Адам Ата-хауа Анадан,
Шақадай бір ағаштан бөлінеді.
Тағдырдың жазуымен сынғаны бар,
Жасынан тұқым жаймай, тынғаны бар.
Сынғанға жер нәр беріп, қайта көктеп,
Өмірге ізін қайта бұрғаны бар.
Берейін елім үшін жемісімді,
Ақиқат, адал жазып, келісімді,
Адамзат таласпалық, түбіміз бір,
Тарылтпа бостан-босқа өрісіңді!
Жаратқан жарылқағай, медет бергей,
Ақиқат періштесі демеп келгей,
Айтушы, үйретуші ұстаздарым,
Шын сөйлеп, шежіреден дерек бергей.
Құпия кен-шежіре сырын қазған,
Алтынды аршығандай құм, тозаңнан,
Ұстазым—Өмірзақты сүйенгенім,
Қазақтың шежірелі жырын жазған.
Сыналып, дұрыстығы пайымдалған,
Халқымнан асыл мұра дайындалған,
Түсінген ұрпағына беріп өтер,
Санасы шежіреге қайымдалған.
Тарихым анықталар шежіреден,
Даналар шежіреден жерімеген.
Мұса мен Сатхан, Ержан, Төреханнан,
Үлгі алдым, ұрпаққа сый беріп өтем.
Досеке, Ыбырайым—дариялар,
Шежіре, қазынажай қариялар,
Көңілге қонымды ғой шежіресі,
Зерек жан асылдарды тани алған.
Шежіре маған жеткен бабалардан,
Елімде дұрыстығы бағаланған,
Жазбаша жыр-шежіре жазу мақсат,
Қолыма жігерленіп қалам алам.
Бекарыс, Алшын, Алау, Құдиярдан,
Байұлы - Қыдырқожа, Қыңырқожам,
Байқожа, Елтай, Адай, Құдайкеден,
Жалғасып жеткен маған мол мұрадан.
Қосай, Байбол, Есенғұл, Қоңырымнан,
Сырымбет, Киікбайдан қалған мұрам,
Әлжаным, Санахайым, Мұратымнан,
Жоламан, Ырысбайлар мол ұғынған.
Дербісім Рейімбайға айтып өткен,
Шежіре сүрлеу жолы айқын жеткен,
Әкемнен ұлағаты үлгі алып,
Мақсатым — тілім барда айтып өтсем.
Сақтама теріс пікір, көңілде кір,
Мың шақа, жеміс ағаш-тегінде бір.
Еділ мен Алтай, Сібір, Келес-мекен,
Атажұрт-ел ерлігі сенімде жүр.
Атамыз Адам Ата-Сафиолла,
Жаңылсам, жолға салғай жалғыз Алла.
Нұхыдан, Яфес Түрік ұрпағымыз,
Бабамнан қалған сөздер құлағымда.
Тербелген ана бесік — атамекен,
Тұраным қасиетті, қайырлы екен,
Мың екі жүз жыл бұрын Түркістаннан,
Жазмышы, жетім Назар сапар шеккен...
...Арабқа бала болып Басырада,
Күні үшін, сол арабты асыраған.
Күйеу боп, қызын алып ақ некемен,
Ұлды боп, Мәлік атап, айтқан азан.
Мәліктен Әнес атам туылыпты,
Шыққан тек, атажұртын ұғыныпты.
Бірақ та, өз жағдайы сәйкес келмей,
Кенже ұл — Жәбәліне бұйырыпты:
—Мыңдаған сахабалар Мұхаммедке,
Бұл құрмет, Алла сыйы шын үмметке,
Аты да, атасы аттас үш сахаба,
Мен — Әнес Мәлікұлы, түркі текті.
Аманат еткен бізге бабам — Назар,
Сәтімен орындайтын келер заман.
«Ұрпағым оралсын! — дер, Түркістанға,
Қосылса елге есен, алаңдаман!» —
— Деп, тілеп Назар атам демі бітті,
Менен де, армандаумен өмір өтті.
Жәбәлім, Жебелжаным сен орында,
Алла жар! Аман жеткей, көшің! — депті.
Назардың аманатын орындауда,
Жебелім қоныс басқан Балқантауға,
Жебелден Мағаз, одан — Сахи Жайыл,
Жоғары, көшкен — дейді Маңғыстауға.
Жайылдың орыс қызы әйелінен,
Туылған Естек, Ноғай егізінен,
Қыпшақ қыз әйелінен Қырым және,
Туылған қара ноғай, — дейді білем.
Үшінші қыпшақ қызы болған жұбай,
Туылған Ақшолпан мен ерке Қурай.
Ақшолпан қыпшақ қызға үйленгенде,
Туылған Жайылханы, беріп Құдай.
Қурай да оғыз қыздан ұлды болған,
Соңғылық, сегіз арыс ер Сейілхан.
Түрікмен халқын құрап біріктіріп,
Түрікменге сегіз ұлын негіз қылған.
Жайылхан ұлдары ғой Майқы, Мүйтен,
Майқыдан Өзбек және Жаһан-Түмен.
Өзбегім сарттарменен араласып,
Харазым, Бұхараны иелеген.
Түменнен Айырқалпақ, Келемегім,
Айырқалпақ жерленген Күйеу Елін.
Келемек Алтай тобы рулармен,
Бірігіп, негіз еткен Қырғыз елін.
Айырқалпақ баласы — Қазақ, Созақ,
Созақтың әуелгі аты — ер Разақ.
Қазақ хан, ер Разақ әскер басы,
Дінепір жаға жайлап, болған саңлақ.
Қазақ хан заманында түркі текті,
Рулар түрлі дінде — бірлік кетті.
Қазақ хан: «Ислам жолы-тура жол!» - деп,
Ұстауға Ислам дінін үкім етті.
Туыстар көнгенменен, түркі — ала,
Шариғат, насихаты, сенім — шала.
Сондықтан түркілер де түрлі дінге,
Бөлінген, асқындаған бара-бара.
Қазақ хан хан кеңесте кеңеседі,
Құпия бір шешімге еріседі.
Мұсылман қара киіз қалпақ киіп,
Ғазауат соғысуға келіседі.
Мұсылман кәпірлермен болып жақ-жақ,
Дін үшін, мейлі туыс, шын соғыспақ.
Басталды жойқын соғыс қырық күндей,
Мұсылман әскер басы — ер Разақ.
Мұсылман — «қарақалпақ» әскер жеңген,
Түркінің көпшілігі дінге көнген.
Бірақ та, ер Разақ шаһид болып,
Дін Ислам, түркі үшін ер боп өлген.
Билерім кеңес берген Қазақ ханға:
«Күдік мол алда әлі аландарға.
Көшелік атамекен Түркістанға,
Тап болмай кәпір қысар замандарға».
Әскерлер ханға қарсы талап қойды,
Хан, халық — әскер екі тарап болды.
Киінген «Қарақалпақ» әскер қалып,
«Ақ қалпақ» — Қазақ елі санатталды.
Бөлініп қалған әскер — «қарақалпақ»,
Батысқа — Балқан түбек көшін тартқан.
Балқанға барған кезде кіресшілмен,
Исламға қарсы болып, одақтасқан.
Соғысып Стамбұлда түріктермен,
Жеңіліп, «қарақалпақ» үріккен ел,
Қайтадан сырт айналып, Қобан суға
Босып кеп, «ноғайлық» боп тыныққан ел...
Жыр көшін бағытталық Қазақ ханға,
Бағынған түркі өтті — мұсылманға.
Мұсылман халқын бастап,
Қазақ ханым, Жайласқан көшіп келіп, кең Қобанға.
Қазақ хан Қап тауына жорық жасап,
Жеңеді, түркілердің қызын алад.
Бірақ та қайын жұрты қалауымен,
Әйелі жүктілікпен сонда қалад.
Туылған туыстар көп Қап тауында,
Аныз боп, ел есінде сақталуда.
Қазақтың аты қалып, ал ұрпағы,
Әзірбайжан ұлты боп хатталуда.
Қазақтың Елеуінен екі бала,
Ұрпағы өсуіне болған пана,
Шафағат нұрыменен жарылқаған,
Иманды ұлыс еткен Хақ-тағала.
Елеуден-ер Алаш пен Маңғыбайы,
Тұсында нұрлы жұлдыз жарқырайды.
Маңғыбай жыл басында халқын сыйлап,
Лақабы-«Наурыз» ғой, басыбайлы.
Ер Алаш ерлік даңқы дүбірлеген,
Ел үшін балуан белі бүгілмеген.
Он мың жау ел шетіне қаптағанда,
Тартынбай қарсы шапқан, кідірмеген.
Алаштың үлкен ұлы — Ақарысы,
Екінші туылған, дер, Жанарысы,
Үшінші Кенже ұлы — Бекарысы,
Үш арыс — үш жүзіме саға, ізі.
Бекарыс, Мөңке биден — Алшын,
Кеншін, Алшыннан — Арғымақ пен Алау ерім.
Алаудан — Құдиярым, «Тентек» лақап,
Шежіре осылай дер берік сенім.
Жаз жайлап, көшін тартқан Орал тауға,
Көктем, күз аяқ — Еділ, Мұғалжарда,
Ал, қыста қыстайды екен Арал алды,
Харазым, Маңғыстауда, Балқантауда.
Мекендеп Алшын, Кеншін осы күнгі,
Маңғыстау, Жайық басы — құла дүзді,
Еділ мен Торғай, Тобыл аралығын,
Төрт мезгіл еркін көшіп, өмір сүрді.
Үлкені Құдиярдың Сәдірқожа,
Екінші баласы екен Нәдірқожа,
Кенжесі Құдиярдың Қадыр түні
Туылып, аталған, дер, Қадырқожа.
Кіші жүз — нақ жиырма бес ата — тайпа,
Таңбасы — айқастырған екі найза.
Қос найза — Алшын, Кеншін таңбалары,
Ата тек өлеңмен айт, тілім сайра!
Бекарыс, Алшын, Алау, Құдиярдан, —
Қадырқожам шексіз бай, малын жайған.
Сондықтан атаныпты «бай» лақабы,
«Байұлы» он екі ата тұқым жайған.
Қадырқожа ағасы — Сәдірқожа,
Лақабы «Әлімұлы» — алты ата.
Ортаншы «Жетіру» — Нәдірқожа,
Кем айтсам, кешіре гөр, Хақ тағала.
Байқожа, Қыдырқожа — қос Байұлы,
Қадырдан қалған мирас байлық нұры.
Немере он бір бала, бір кенже ұл,
Бұл күнде он екі ата бар Байұлы.
Байқожа балалары — Ата, Қалпақ,
Естай мен Елтай бірге туғаны хақ.
Атадан — Есентемір, Қалпақтан — Таз,
Естайдан — Беріш дейді шежіре хат.
Елтайдан Адай туған, білер халық.
Аңызда шындық бары — айдан анық.
Шахматтың тақтасынан дән өнгендей,
Өскен ғой, отырмағын қайран қалып.
Қыдырқожа ұлдары — Қыдырсиық,
Бақсиықпен және де Сұлтансиық.
Шеркеш, Ысык, Асқар мен Масқар, Тана,
Қызылқұрт пен Алаша — бұл ұш сиық.
Ұрпағы Қыдырсиық — Шенеш, Шеркеш,
Шаһид, дер, бір соғыста батыр Шенеш,
Шенештің Қосымын да қоса бағып,
Бұл күнде бес арыс боп өскен Шеркеш.
Асқар да жастай шаһид, шаңырағын
ие боп, Байбақтысы отыратын.
Сондықтан соңғылықты «Байбақты» деп,
Асқардың бар ұрпағы аталатын.
Үш Сиықтың анасы — Жанбибі ана,
Үш Сиықтан туысқан жеті бала,
Қыдырқожа тоқалы — Ақтотыдан
Туылыпты Жаппасы — жалғыз бала.
Шеркеш, Ысық, Байбақты, Масқар, Тана,
Қызылқұрт пен Алаша, Жаппас — дара,
Есентемір, Таз, Беріш, Адайымен,
БАЙҰЛЫ деп атанған — он екі ата.
* * *
Адайдан — Келінберді — батыр Ақпан,
Елек пен Қобда үшін шаһид болған,
Қосағы — кіші ана Алтын көшіп,
Төркіні Жаппастарға қатар қонған.
Аталып «Алтын — Жаппас», бөлек елім,
БАЙҰЛЫ он үшінші көгеретін.
ТӨРЕЛЕР Төлеңгітпен жиырма сегіз,
«КІШІ ЖҮЗ бірлестігі» деген елім.
БАЙҚОЖАҰЛЫ ЕР ЕЛТАЙ
Мал жайылымы ретімен Қыдырқожа Сырдарияның орта ағысын мекендеп, ағасы Байқожа Қырғыздың Алатауына дейін мекендейтін.
Туыстар он жылдай араласа алмай, алшақ жүріп, өмірі өте беріпті. Байқожаның он жастағы ұлы жиырмаға жетіп, жігіттік желікпен аң аулап, түстік жеп, тамақтанған соң, қалғып кетіпті. Елтай рахаттанып ұйықтай тұрсын, жырға кезек берелік:
Байқожа, жазмыш ісі, елден бөлек
Туыстан аулағырақ жүрсе керек.
Туыстың амандығын жолаушыдан сұрасып,
Сырттай хабар білсе керек.
Қырғыздың Алатауы, таудың төрі,
Байқожа қонысы екен Сырдың өрі.
Он жылдай бөлек жүріп ағайыннан,
Шет жерде біткен, — дейді, ақыр демі...
* * *
Он тоғыз жастан асқан, балуан білек,
Барыстай, қалың жаудан қайтпас жүрек,
Ер Елтай сом денелі, сұлу сымбат,
Ауылдан аулақ жерде аңда жүред.
Ер Елтай сейіл құрып, аңға шыққан,
Көз көріп, көңілі толды мол қызықтан,
Түстікке қырғауылды кәуап қылып,
Тойған соң, көз ілдіріп, ол тыныққан.
Ұйықтап, көңілі ояу, түс көреді,
Түсінде өңдегідей іс көреді —
Үріккен қырғауыл мен түлкі, қарсақ,
Қасқырлар — тауда аң-құс жүгіреді.
Айнала түрлі-түсті текеметтей,
Әр алуан гүл жайқалған, кереметтей,
Сылдырап сылқым бұлақ, жасыл құрақ,
Көңілді қалай тұрсын елеңдетпей.
Боз тұман, әлде бу ма, перделеді,
Ақсақал, ақ шапанды қарт келеді.
Нұрлы жүз, ақ шалмалы, аса — қолда,
Елтайдың ет-жүрегі елжіреді.
Ер Елтай ақсақалға сәлем берді.
«Уағалейкумассалам, балам! — деді. —
Қарағым, ауылыңды қалмақ шапты,
Жігерлен, беліңді бу, бекем!»-деді.
«Әрине, өте ауыр, қайғылы жай,
Жасыма, Елтайжаным, қолыңды жай,
Кездескен Қыдыр атаң мен боламын,
Ақ бата берем, Аллам қабылдағай.
Мейірлі Ұлы Аллам қабылдағай,
Жар болып, Жаратқаным жарылқағай.
Иманың жеткізеді мұратыңа,
Тіл-жағым айтар ойдан жаңылмағай.
Жау қалмақ шапты, турап атанды да,
Аялап, әлдилеген анаңды да,
Бір жеңгең, үш тірегің — ағаңды да,
Бауырлар-жел өткізбес панаңды да.
Көне біл, Жасағанның жазғанына,
Көтергін ауыр салмақ салғанын да.
Қос жеңгең, Темір тумаң-күтер жәрдем,
Сауап қой, қамқорлыққа алғаның да».
Қыдыр ата ер Елтайға:
— «Бүкіл әлемнің жалғыз Иесі Рахымды Алла-тағаланың шафағатты жазуымен кездесіп тұрмыз. Ақбатамды қабыл ал» — деді. Ер Елтай қос алақанын жайып, Қыдыр атасының ақ батасын ақ ниетімен қабыл алуда.
Қыдыр ата:
— Қолыңды жай, Елтайым,
Ақ батам да тұр дайын.
Уайым түбі — терең су,
Босасаң, батып кетерсің.
Тәуекел түбі — желқайық,
Жігерлен, жүзіп өтерсің.
Бір Алладан жәрдем күт,
Ақыл мен сабыр — тең ұста,
Мақсатыңа жетерсің.
Есен-сау барып ауылға,
Қыдырқожа бауырға,
Өмір — күрмеу шешерсің.
Жанбибінің сіңлісі,
Ханбибі ару, жұлдызы,
Кездесерсің көрерсің.
Құдай қосар қосағың,
Жүрегіңді ашатын,
Көңілің нұрға бөленсін.
Ханбибіге қосылып,
Көңілің күндей ашылып,
Шаттыққа жаның кенелсін.
Жалғыздан жайып жапырақ,
Алаштан асар айбыны,
Ұрпақпен әлі өсерсің.
Үйленіп ұлды боларсың,
«Құдайдың сүйген құлы!-деп,
Адай»,-деп, атын қоярсың.
Сол ұлың даңқты, текті боп,
Мал менен басы тең өсіп,
Баяндап баққұс озар шын!
Ақ батамды қабыл ал,
Қыдырғалайһиуассалам мен болам,
Түс-аян болып көрініп,
Деміңмен бірге дарығам!
Аллаһу Әкбар! Әмин! — деп, қызыл шырайлы, шафағатты, мейірлі нұр көзінен, сөзінен, жүзінен айналасын арайландырып тұрды. Елтай жаюлы алақанын жүзіне тегіс сыйпап: Әлемнін Шафағатты да Рахымды Ұлы Иесі- Алла тағала, Қыдыр атамның ақ батасын қабыл ете гөр!! Аллаһу Әкбар! Әмин! — деп, егіліп тұрды.
Баяу ғана сейілген тұмандай, Қыдыр ата ауаға сіңіп кетті. Елтай ояна келсе, өңге тең түспен берілген аян екенін жан-жүрегімен сезінді.
Қыдырдың аянменен айтқандары,
Елтайдың жанын тербеп, шайқалтады.
Қайғы да, қуаныш та араласып,
Жүрегі шаншып, шаншып, қайқаңдады.
Жүгіріп, бұлаққа кеп, жуынады,
Таһәрат тәртібімен шайынады,
Шапанын жайнамаз ғып жайды дағы,
Құбыла бағыт алып отырады.
Құдайға құлдық етті ақ жүрекпен,
Бесіндік намаз оқып, шын ниетпен,
Ата-ана, туыстарға дұға арнап,
Аяқтап бата жасап, бір тілекпен...
* * *
...Келгенде, туған үйі, ауылына,
Жолықты шаһид ата, бауырына,
Ана мен жеңге, үшеу — ағасына,
Көп жылап, келе алмады ақылына.
Қамығып, отырғанда іштен тынып,
Айнала тұрған сәтте болып тыныш,
«Іңгәлап» — нәрестенің жылағаны,
Елтай да елегізіп алды тыныс.
Аралап, төрт үйін де қирап жатқан,
Ер Елтай жамап алды қайғы батпан.
Қираған үй, мүліктер, жасау-жиһаз,
Бықсыған, көрпе, кілем, шала жанған.
Елеусіз төңкерілген қазан асты,
Қазанды Елтай барып, алып, ашты.
Астында, ойыс жерде Темір жатыр,
Темірді бауырына Елтай басты.
Егіліп, Темірменен бірге жылап,
Көз жасын көлдетумен бетті бұлап,
Темірдің шөл екенін сезгеннен-ақ,
Бағыты іздеуменен болды бұлақ.
Бауырға тұра алар ма туыс шыдап,
Бар еді ауылында мөлдір бұлақ,
Темірді алып барып, сол бұлаққа,
Жәйімен шөл қандыртты, таңдай шылап.
Осы кез екі әйел — екі қабат,
Аһылап! Боздап, жоқтап, демін алад.
Қалпақ пен Естай екі ағасының,
Аялар асыл жары еді — қосақ.
Күміс пен Түймежаны — қос жеңгесі,
Арулар еді елде аз теңдесі.
Көргенде Еркенжесін-Елтайжанын,
Қос жеңге зарлап, жылап, кемсендеді.
Жеңгелері кенже қайын інісі Елтайды «Еркенжем» дейтін. Қалпақ ағасының қосағы —Күміс (лақабы — «Күнжан», «Моншақты» — Р.Қ) Елтайды құшақтап, ата-енесін, қайын аға, қайын сіңлілерін, қайын іні, балаларын, қосағын және шаңырағы мен ауылын жоқтап жылағанын, жобасы осылай болар, деп, өлеңмен айтайық:
«Моншақты»:
— Айналайын Еркенжем,
Сен кеткенде, ел есен,
Төл біткені байлаулы,
Сауын бие сайлаулы,
Хақтан нұрлы шұғыла,
Төрт жағымыз құбыла,
Уайымсыз, қайғысыз,
Айтса адам нанғысыз,
Отыр едік қамданбай.
Келісімді кезекте,
Біз кеткенбіз тезекке,
Отын теріп келеміз,
Құрғақ бұта тереміз,
Жақындасақ ауыл маң:
Қаптаған жау, қалың шаң,
Опыр-топыр, жағалас,
Қирап жатыр, аралас,
Қорғансыз қалдық, жалған-ай!
Екі қабат екеуміз,
Барып, жауға не етерміз?
Көрінсек көзге бас салар,
Тұтқындауға анталар,
Іште қалған тұяқты,
Тегі асыл қияқты,
Көрінбей жауға,сақтармыз,
Сақтасақ, үміт ақтармыз,—
Ендігі басты арман-ай.
Қалқаным еді бабамыз,
Әкедей қамқор панамыз,
Енем еді шешемдей,
Сырласар ем бөгелмей,
Ағекем еді ағамдай,
Абысын еді апамдай,
Қорғаным еді қосағым,
Тетелес алтын шашағым,
Тастап бізді озғаны-ай.
Жоқтағанмен болар ма?
Ордамның орны толар ма?
Үмітіміз кесілмей,
Өмір-түйін шешілгей,
Аман болғай бар халқым,
Сабыр түбі — сары алтын,
Қуғын жоқ, күдер үзіп, әлде қалды,
Жаңылып, әлде, ізден адасқан-ды?
Күн бата, ер Елтайым сұрай-сұрай,
Қыдырқожа ауылына араласты.
Үлкен ой, айнала қыр, жолбарыс жон,
Он бестей, ақ күмбезді бай ауыл сол,
Ортада — сегіз қанат ақ ордаға,
Қуанып ер Елтайым, таяды жол.
Қарсы алды қызметші атын байлап,
Қыз-келін кірді үйге, төсек жаймақ,
Жанбибі ақ жеңеше: — «Қош келдің!» — деп,
Бабымен мама қаздай басар жайлап.
Он жылдай көрмегелі бұл ауылды,
Тұспалдап Елтай таныр бар бауырды.
Он жаста бала Елтай — қазір жігіт,
Жанбибі: — «Қай елсіз?» — деп ол жаңылды.
Ауылда үш Сиықтар амандасып,
Келеді құрметпенен қадам басып,
Мейманды үйге бастап: — «Төрге шық!» — деп,
Ел жайлы құлақ түрмек, хабарласып.
Шеркеш жүр қымыз саба көтерткізіп,
Келіндер дайындауда қымыз пісіп,
Қыдырсиық, Бақсиық, Сұлтансиық
тай соймақ, қонақасы істеткізіп.
Мейманның Қыдырқожа оң жағында,
Жайғасып:-«Жол болсын!»-деп, қонағына,
Зереңмен қымыз беріп, ізет жасап,
Қарайды құрметпенен қабағына.
Елтайдың қымыз ішіп, шөлі қанды,
Басынан өткен жайды хабарлады:
«Байқожа ағаң өтті дүниеден», -
қамығып, Елтай көзге жас алады.
Жер шұқып, Қыдырқожа босаған-ды,
Үнсіз ол, ақ сақалға жас тамады,
Бір кезде: «Асқарым-ай, арқа сүйер,
Таппаспын Байқожадай әз-ағаны!» —
—деді де, бекігендей буындары,
Тәбәрік ағасына оқығаны.
Қол жайып, қайыр тілеп, соңғылықты,
Бет сипап, біраз үнсіз отырады.
Кішісі үлкеніне көңіл айтып,
Жылы сөз жүйесімен айтар сарқып,
Бәрі де болған іске болаттай боп,
Тіршілік қамын жатты жалғастырып.
Жанбибі құшақ жайып көріседі,
Жоқтаумен ақтарылған ішкі шері:-
«Амал жоқ, жазмыш солай болғаннан соң»,
Жігерлі көңіл сөзбен бекітеді.
Ас пісіп, тайдың басы табақпенен,
Жамбас, сүбе, қабырға, омыртқамен,
Ойда жоқ, Елтай отыр бас табақта,
Тартылып бас алдына барад деген.
Түсініп Қыдырқожа ыңғайына,
Тураушы бас ұсынды Елтайына.
Қысылып, Елтай айтты: —Бас — Сіздікі,
Сіз барда, бізге ұят болмайды ма?
Қыдырқожа: — «Бас ұста, інім!» — деді,
«Ағамның орны енді өзің!» — деді.
«Жас та болсаң, бас ұстар ретің бар,
Бұл құрмет орныменен берілгені».
Болған соң ас желініп, ас қайырды,
Серуендеп, тысқа шықса, түн жарымы.
Дайын боп төсек-орын Елтай жатты,
Жайылып ұйықтап, шаршау шығарылды.
Ауа да болғандай ма тым қапырық,
Елтай да шошынғандай бастырылып,
Жатқанда айқай-сүрен: — «Қапта! ,Тапта!».
Аңсызда жау қамады қапылдырып.
Ел жатыр таңсәріде ес жыя алмай,
Сасқаны киімдерін тез кие алмай,
Түс деген өңі болып, тез киініп,
Жауына қарсы шапты батыр Елтай.
Ысығы атын әкеп, қапталында,
Қызылқұрт, Асқар, Масқар, Танасы да,
Жауларын жайпау үшін тізе қосып,
Бай, жалшы түгел жауға аттануда.
Таң сарғайып, атуда,
Шолпан жұлдыз батуда,
Қарақшылар қаптаған,
Жобасы отыз шақты адам,
Жел өкпелі желігіп,
Келгенмен жау елігіп,
Ер Елтайым ақырды,
«Алшын!» — деп, ұран шақырды,
Жаудың бермек сазайын.
Қыңырсиық, Бақсиық,
Сұлтансиық ел жиып,
Шенеш, Шеркеш, Асқармен,
Қызылқұрт, Ысық, Масқармен,
Малшы, жалшы, ауылдас,
Осындайда қауымдас,
Топталысты ағайын.
Байбақты, Жаппас, Алаша,
Болса да әлі жас бала,
Жұдырықтай жұмылды,
Жауы босқа ұрынды,
Ұрандатып, Аллалап,
Жауды ерлер найзалап,
Жау түсіп қазған орына,
Орында дайын торына.
Жаудың тапты қолайын.
Жебені қардай боратты,
Аз атпады, мол атты,
Қос нарлап арқан кергізді,
Арқаннан ажал келгізді,
Омақаса сүздірді,
Омыртқасын үздірді,
Жауын солай жеңіпті,
Берекесі еніпті,
Бірлікпенен ағайын.
Жаудың сардар батырын,
Ер Елтай қуды ақырып:
«Жазаңды менен аларсың»,
Қашып қайда барасың!?» —
Жау батыры бұрылды,
Елтайға қарсы ұрынды,
Найза, қылыш сынады,
Шоқпарменен ұрады,
Елтайым тапты орайын.
Шегінді Елтай айлалы,
Екпіндеп жауы жайрады,
Ұрғанын Елтай құлатты,
Тұрмастай қайта, сұлатты.
Аруағын асырды,
Жауларын жеңіп, Қашырды.
Аман қалды малы да,
Аман қалды жаны да,
Риза қылды маңайын.
Қыдырқожа көңілі жайланады,
Бозқасқа — Құдай жолы, қамданады.
Дүние-мүлкін жинап, келін-бала —
Тірлігі ауылының жанданады.
Түстікке дайындайды садақаны,
Ақ тілек тілеп бәрін таратады.
Шеркеш пен Ысық — жолдас Елтайға, деп,
Ат-көлік жол жүруге таңдатады.
Елтайға ақ жол тілеп Қыдырқожа,
Елтай мен Шеркеш, Ысық түсті жолға.
Қалдырмас жау өтінде, жол шетінде,
Жанашыр жақсы екен ғой туыс барда.
Елтаймен екі інісі жолға шығып,
Он бір күн тауға өрлеп, жонда жүріп,
Жетеді жеңгелері жатқан жерге,
Олар да қарсы алуда жылап-күліп...
...Тынығып, ертесіне жеңгелері,
Көлікпен елге төмен беттегені,
Ауылдан шыққанына жиырма бес күн,
Дегенде Елтай есен жеткен еді.
Елтай мен Шеркеш, Ысық, Темір, Күміс,
Түймежан — бәрін елі аңсай күтіп,
Алдынан шашу шашып, қарсы алуда,
Құшақтап, көрісуде қоршай тұрып.
...Темірді «Есен» атап жеңгелері,
Елі де «Есентемір» деп кетеді.
Би болып, Есентемір ер жеткенде,
Қайырын Алшындарға көрсетеді...
Күміс те ұлды болды күні жетіп,
Ұлының шашы шықпай сәл кешігіп,
Шын аты Тұяқ екен — «Таз» лақабы,
Аталған лақабы тек, жоқ кемшілік...
...Түймежан ұлды болды, «Беріш» аты,
Өскенде тез жайылған ерлік даңқы,
Қалмақпен болған жойқын бір соғыста
Қазаққа ер Беріш те теңдік алды.
Бердіхақ әуелгі аты Берішімнің,
«Беріш» деп еркелеткен ел ішінің,
Атаған атыменен «Беріш» болып,
Мәңгілік иеленген ел есімін.
...Жанбибі—Қыдырқожа бәйбішесі,
Ханбибі-өзі баққан бір сіңлісі,
Лақабын Ханбибінің «Анайы» дер,
Елтайдың қалап алған сүйіктісі...
Жанбибі — Арғын қызы, орта жүзден,
Төркінін қалмақ шауып, күдер үзген.
Ханбибі кенже сіңлі — Жанбибіге,
Қолында, қызындай боп, бірге жүрген.
...Жанбибі, Қыдырқожа кеңеседі,
Елтайын үйлендіру — бар есебі,
Басы бос Ханбибіні Елтайменен,
Қосуды мақұлдасып, бір шешеді.
Қосағы Бақсиықтың — Қамар келін,
Елтайға жеңгелікке жарар келін,
Жанбибі, Қыдырқожа ұйғарысып,
«Қамарға болғын, — деді — дәнекерім!»
Елтайға Қамар айтты, үлкендердің
жоспарлап жақсы істі жүргендерін,
Елтай да жауап берді жеңгесіне,
Ағаның арманына қарсы емесін.
Қамар да келді енді Құдашаға,
Кездесіп, екеуара — оңашада,
Сырласып, түсінісіп, мақұлдасып,
Қиялы — алдағы той-тамашада.
Тілегің қабыл болды Құдайыңнан,
Екі жас табылды, — деп, ыңғайыңнан,
Жеткізді Қамар келін Жанбибіге.
Жаратқан жарылқағай маңдайынан!
Жанбибі, Қыдырқожа ойластыра,
Кірісті екі жастың той қамына.
Айнала алты күндік ат шаптырып,
Той берді ел құралған жайлауында.
Той өтті, бірлікпенен тамашалы,
Татулық осындайда жарасады.
Үйсіндер, Арғын, Қыпшақ, Қоңыратым,
Алшынға ырза болып қарасады.
Бәйдібек деп айтады бетін ашқан,
Қыз-келін шат сезіммен шашу шашқан.
Ханбибі — оң-солында қос абысын
қолтығын сүйеп, үйге қадам басқан.
Алдында-ақ торғыннан ақ шымылдық,
Тіл-көзден қорғаштайтын бақ-шымылдық,
Кестелі ақ орамал Ханбибінің,
Ажарын айқындаған басты мүлік.
Алмасып сәукелеге ақ орамал,
Ақ неке куәсі ғой бақ ораған,
Есінен айырылған жан болмаса,
Басынан ақ орамал тастамаған.
Отауға келді иіліп, оң аяқпен,
Абысын, май түтеткен сапты аяқпен,
Түтетіп адыраспан, үйді аластап,
Үй ішін майдың иісі жайлап кеткен.
Қасиетті «Құран-кәрім» қолда,
Ғұламатегі қожа Мақтым молла,
Елтай мен Ханбибінің ақ некесін,
Қиюда: — «Жар болғай,— деп, — жаббар, Алла!»...
* * *
Елтай мен Ханбибісі — екеуара,
Отауда қалған сәті оңашада,
Ер Елтай көзін салып, көңілі толған,
Берді, — деп — тілегімді Хақ-тағала.
Он төртке Ханбибінің толған шағы,
Қайындай сазға біткен бұралады.
Жүргенде сырға — сыңғыр, шашбау — шылдыр,
Әуенмен жанға жайлы ырғалады.
Ботакөз — қарақаттай жәудір жанар,
Назбенен көзін салса, есің танар.
Қап-кара мақпал кірпік, қиылған қас,
Ай жүзді, алма бетті, жұптан анар.
Орта бой, кеудесі кең, қыпша белді,
Сөйлессе, жан тербейтін шырын сөзді,
«Ханбибі-Құдай қосқан қосағым!»-деп,
Елтайдың көңілі мас, іші сезді...
...Ұзамай, «Жау шапты — деп — жылқыларды!», —
Жылқышы ауылына хабар салды.
Жылқыны Елтай, Шеркеш, Ысықтармен,
Қуғындап, ізін кесіп, алдын алды.
Қалмақтың Шу өзеннен өтер жерін,
Ойласты, қалай жауды бөгеу жолын,
Өткелден ары етіп, алдын тосты,
Із кесіп, білгеннен соң, сүрлеу жолын.
Кідірмей, жылқыменен келді қалмақ,
Қауіпсіз, Шудан есен өтіп алмақ.
Жылқылар түгел етіп болған кезде,
Ер Елтай жауды тосып, күтіп алмақ.
Шеркеш пен Ысығына жылқы айдатып,
Өзі тұр тар өткелде ат ойнатып,
Қалмақты судан шыққан қағып-соғып,
Дұшпанын тістендірді іш қайнатып.
Жетеуін тар өткелде жайғағаны,
Секілді қарсыласы қалмағаны.
Тағы да бес дұшпаны бірден шығып,
Ер Елтай оң мен солға қарманады.
Ішінде бір алыбы қысық көзді,
Басшысы — батыры сол бірден сезді.
Шықты да судан өрге ұмтылулы,
«Қазағым, жекпе-жек!» — деп бері келді.
Ер Елтай шықты дағы жекпе-жекке,
Қаруын ыңғай ұстап сілтемекке.
Жартастай алып қалмақ шауып келед,
Найзасы бағытталған қақ жүрекке.
Ер Елтай қағып қалып жау найзасын,
Кіргізді кеңірдекке өз найзасын.
Қылышын тез суырып, мойнын шапты,
Домалап, басы кетті бақ тайғасын.
Ер Елтай соғысып жүр, аянбады,
Қалмақтың ажал тапты таянғаны.
Жүздеген қалмақ қоршап Елтай ерді,
Ішінде кетер болды бар арманы.
Ақыры көп-көптігін етіп тынды,
Ер Елтай жүз қалмаққа жалғыз тұрды,
Жиырмасын жайратқанмен амалы жоқ,
Сексені қоршап, торлап, байлап, ұрды.
Елтайдың жан алқымда ойлағаны:
«Туыстар аман жеткей! — бар арманы.
«Байұлым аман болса, ар жібермес,
Жазмыштың болып тұр ғой қалағаны».
Шеркеш пен Ысықтарым аман-есен,
Айдаған жылқы-түгел, елге жеткен.
Үш күн соң, Елтайы жоқ, аты келді,
Ер Елтай туыс үшін шаһид өткен.
Жиылып Байұлдары Шуға барған,
Сүйегін қазан салып Шудан алған.
Белгілі бір төбеге жерлеп ерді,
Ас беріп, азалап ел жылап алған.
Ұлдарын Қыдырқожа тежеп-тергеп:
«Елтаймен бір жүрмедің, бермей көмек.
Асыл ер-ағам орны шаһид өтті-ау!
Бересің енді бұған жауап не?» — деп.
Шеркеш пен Ысық айтты: — «Елтай ағам:
«Жылқыны ірікпегін! Елге айдаң!
Қалмақпен соғысамын өткел бөгеп,
Өлсем-шаһид! Сау болсам, елге барам.»
Айдатып жылқышыға жылқыларды,
Елтаймен бір болуға ұмтыламын.
Бірақ та аға сөзі — бұйрық сөзі,
Бұзуға оны менің жоқ шыдамым!»
Елтайы солай етсе, амалы не?
Тоқтамға келді ұйып азалы ел,
Ұмытпас ер Елтайын еске алар,
Мәңгілік есте сақтар дананы ел.
...Тойдан соң жыл айналып өткен өмір,
Жатқан кез мамыражай қалың елім.
Ханбибі — Анайы ана ұлды болған,
«Адай» — деп, атын қойды бір елбегім.
Осылай дүниеге Елтай туған,
Ел қорғап, ер боп, ата жолын қуған.
...Қыдырқожа жылқысын жаудан қорғап,
Елтайға жиырмада аран ажал құрған.
Ерлерге ел қорғаны болу — мұрат,
Қайтпайды қалың жаудан болса сынақ.
Шотанға жетінші ата — ер Елтайым,
Ер Елтай — ерлік көзі, бастау — бұлақ.
ЕЛТАЙҰЛЫ ЕР АДАЙ
Аруақты, ақ маңдайлы Адай атам,
Болғанда атам — Елтай, «Анайы» — анам.
Анадан айға жетпей жетім қалып,
Теліген Адай, Тазды «Моншақты» анам.
Ел атап «Адай менен Таз емшектес »
Өлгенше тату-тәтті, бір еншілес,
Соңғылық қыз алысып, қыз беріскен,
Жеті ата өткеннен соң ел көршілес.
Байқожа, Елтай, Адай — туған жері,
Кең ойы — Әзіреттің, Сырдың өрі,
Адайдың жиырмасында бас балуан боп,
Сыр бойы сауық-сайран салған жері.
* * *
Тұранда бақыт қонып, Әмір Темір —
Барластан Тарағайдың ұлы Темір,
Алласы бұйыртқанда адамзатқа,
Ыңғайлы, оңға айналар ісі жеңіл.
Ауған мен Иранды да жаулап алған,
Жеңіліп, қол қусырған Әзірбайжан,
Ендігі Гүржістанды алмақ оймен,
Қапқаздың шың жолымен бағыт алған.
Он түмен ерлер — сайлы сарбаздары,
Арыстан айбатындай сардарлары,
Әскердің айбарынан сескенгеннен,
Жолында адам түгіл, аң қалмады.
Әскерлер шыңнан аспақ, тауға өрлеп,
Кім шыңнан бастап өтсе, атын бермек.
Бұйрығы Әмір Темір көрегеннің,
Сардар да, сарбаздар да бірінші өтпек.
Солардың бірі еді сарбаз Адай,
Сиынды:-«Жар бола гөр, жаббар Құдай!»
Тұлпарын жетектеумен шыңға өрлеп,
Күш-жігер, ақыл-айла қылды тынбай.
Әуелі өзі өрлеп шынарларға,
Арқанмен байлап басқұр құз тастарға,
Қарлы мұз, басқұрлы жол — атқа жеңіл,
Асады шыңнан жеңіл тұлпар алға.
Тағалы тұлпары да ақыл-есті,
Барыстай бүгіледі жүріп епті.
Әскердің ең алдымен шыңға шығып,
Ер Адай бірінші боп озып өтті.
Ер Адай шыңға шығып, демін алып,
Жан-жаққа тамашалап, көзін салып,
Ақ қойдың жібек жүні жайылғандай,
Төменде қалқыр мамық бұлт айналып.
Ізінде жанкешті ер — жауынгерлер,
Адайдың тәсілімен тауға өрлер,
Қиналып, қиындықпен таудан асып,
Гүржістан елін Әмір жаулады дер.
Қапқазды жаулап — жеңіп Әмір Темір,
Жеңістің тойын сонда тойлаған дер.
Сол тойда бас сардарға бұйрық берген:
«Жол бастап, шыңнан асқан, ол қандай ер?
Анықта, әкел маған сол сарбазды,
Ерлікпен өткен алғаш зор Қапқазды,
Мәңгілік ұмытылмас сый беремін,
Ақылы ерге лайық — ол ардақты.
Он сегіз жасқа толып Адай сарбаз,
Әмірдің бұйрығымен асқан Қапқаз,
Жол бастап, Қап тауынан Гүржістанға,
«Адай көк» аталыпты сол шың алғаш.
Шаттанып Әмір Темір жеңісіне,
Жеңістің дәмін татқан жемісіне.
Жар шашып, ұлы жиын той жасаған,
Самарқанд уәлаяты — ел ішінде.
«Шынжырлы піл балуанмен кім күресер?
Тұранда оныменен кім тіресер?
Он бес жыл жауырынына жер тимеген,
Пілменен елден ерек жан күресер!» —
Жаршы тұр піл балуанды елге мақтап,
Жар салып, Әміріне тілмен жақпақ.
Адай тұр: — «Шеркеш аға бата бер!» — деп,
Елге де, ерге де сын, қорғап қалмақ.
Шеркеш би: — «Бауырым-ай, айбарым-ай,
Көзсіз ер, қайтпас алмас, қайсарым-ай,
Тоқта — деп, айтқаныммен көнбейсің-ау,
Қажымас қар барысы, қайратым-ай!»
Шеркеш би қолын жайды: — «А, Құдайым,
Жарылқа, жығып келгей, ер Адайым,
Бозқасқа Құдай жолы бүгін шалам,
Алаштың Адай қорғар абыройын.
Алла жар, бақыт құсың көкке өрлегей,
Қайратың қарсыласқа дес бермегей,
Ұрпағың үлгі болғай, бар Қазаққа,
Фәниде кемдік, зорлық еш көрмегей!
Аллаһу акбар! Әмин!» — бата жасап,
Шеркеш би ер Адайды оңашалап,
Ағалық, жанкүйерлік кеңес беріп,
Ортаға алып шықты мыңға балап...
...Әлімде Қарамашақұлы Ораз,
Адайды марапаттап сөйлеп біраз:
«Бұл Адай төрт атадан туысымыз,
Асыл тек он атасы ерлер сабаз.
Қазақ, Елеу, Алаштан Бекарысым,
Мөңке би, Алауымнан Құдиярым,
Сәдірқожа — «Әлім-ұлы» — біз боламыз,
Қадырқожа — «Байұлымен» туысамын.
Байқожа, Елтайұлы ер Адайым,
Бақ берген баянды ғып бір Құдайым,
«Адай көк» Қап тауында аты қалды,
Ортақ боп абыройға мақтанайын.
Жаратқан артық қылған бақ-талайын,
Жығады піл балуанды нақ Адайым.
Сеземін, сезімім еш алдамайды,
Туыстың жеңісіне шаттанайын!»
...Шынжырлы піл балуаны ирантегі,
Әмірдің бас балуанын елі керді.
Ортаға бас балуанмен күресуге,
Жас барыс-Адай тездеп, жетіп келді.
Шынжырдан босатылып піл балуаны,
Ортада қаһарланып талтаңдады.
Ер Адай піл балуанды іштен шалып,
«Алла!» — деп, аруақтанып, жамбасқа алды.
«Алшын!» — деп, ер Адайым ұрандады,
Піл балуан жамбасында бұраңдады.
Жасындай жалт еткенде тез иіліп,
Жартастай піл балуаны құлап қалды.
Үш Алшын ұрандасып, мақтанады,
Мерейі үстем болып, шаттанады.
Адайды кезек-кезек құшақтасып,
Сыйлаған, — деп бабалар жадқа алды.
Беріш, Таз, Есентемір, Шеркеш, Ысық,
Қызылқұрт, Тана, Масқар кезек құшып,
Байбақты Жаппаспенен Алашалар,
Адайды алқалап тұр кезек қысып.
«Алшын!» — деп, Жетіруы, Әлімұлы,
Тұтасып он екі ата бар Байұлы,
Олардың мерейіне ортақтасып,
Нұрланып, гүл жайнаған жердің жүзі.
Әмірдің бас бәйгесі кілем жапқан,
Көруге кез керек қой, кілең ақ нар,
Тоғыз нар, тоғыз жылқы, тоғыз түлкі,
Үш Алшын олжа бөліп, еткен мақтан.
Әлқисса , тағдырдың жазмышымен әлемге аты әйгілі Алтын Орда билеушілерінің береке-бірлігі кетіп, ұлы мемлекет ыдырап, тозып, Қазан хандығы, Қырым хандығы, Хажытархан хандығы, Өзбек ордасы, Қазақ ордасы тағы да басқа ұсақ хандықтарға бөліне бастаған кез. Алтын Орданың соңғы Қорғаныс Қарулы күштерінің бас сардары Қарақыпшақ Қобыланды батыр ыдыраған елдің етек-жеңін жинап, бөлінгендермен шешілмеген дау түйіліп, етектен алған жаулармен күресіп жатқан.
Елтайұлы ер Адай да «түбі бір Түркі туыс елдердің іргесі сөгілмесін!» — деп, ел бірлігі үшін, Қобыланды батырдың қоластында жауымызды жайпасқан мыңдаған ерлердің бірі еді. Жыр кезегіне Адайдың елге белгілі аңыз болған ерлігімен көзге түсіп, Қобыланды батырдан алтын жебе сый алғанын баяндайын:
Тарқауға Алтын Орда таянғанда,
Түркіде ауызбірлік азайғанда,
Көреген Әмір Темір ел бөлшектеп,
Бөктірді Жайық, Жемді ала қанға.
Кінәлі ел алдында бақталастар,
Өзімшіл, өркөкірек тақталастар,
Хан тағын, ел теңдігін қорғау үшін,
Шақ туған өмір-өлім жанталасқан.
Халқыма қамқор болып Қобыланды,
Сасқанда ел жанынан табылған-ды.
Орақ пен Киікбайы, Бекенбайы,
Батырлық қасиетпен танылған-ды...
Естеміс сардар болып төрт жүз қолға,
Жауменен соғысуға шықты жолға,
Жайықтың төменінде кездескенде,
Жауына шапты ұрандап: — «Алла, оңда!».
Түстіктен келді жүздік «Алшындаған»,
Дулыға, қалқан, найза алтындаған.
Қол бастап келген екен ер Адайым,
Қолында наркескені жарқылдаған.
Ту ұстап Шеркеш биі ізіндегі,
Бір сапта жүздік болып тізіледі.
Жетіруы — Әлімұлы аталастар,
Байұлы ағалары, інілері.
Ысық пен Байбақтысы, Масқар, Тана,
Жаппасы, Қызылқұрт пен ер Алаша,
Есентемір, Таз, Беріш — бәрі батыр,
Әр батыр — жүзге татыр жау қамаса.
«Жәрдемге келдік біз!» — деп хабарласты,
Қыпшақтар қолыменен араласты,
Естемістің төрт жүз қолы енді бес жүз,
Әр сарбаз — жүз жауға тең, шамаласты.
Жүз басы Естемістің — ер Адайым,
Жаратқан артық қылып абыройын.
Бөрідей бөрліктіріп жауға тиді,
Бес қару күн нұрына жарқырайтын.
Қаһары қара жерді айырғандай,
Қас жауын ұрмай-соқпай майырғандай.
Кездескен жау батыры безгек болып,
Еркі мен жігерінен айрылғандай.
Жауының бас сардарын жебеменен,
Садағын кере тартып дәл көздеген.
Оң кезін ойып кетті жебе тиіп,
Ер Адай ат айдады жеделменен.
Жетті де, жауға сілтеп, найзалады,
Кіріпті кеңсіріктен байқағаны,
Найзасын ырғап кейін суырғанда,
Кеңсірік ойылып, қан сорғалады.
Сардары өлгеннен соң, жаулар қашты,
Мыңдаған кеп болса да, қара басты,
Қуалап, қасқыр тиген қойдай қырып,
Бес жүз қол мыңдап жауды атты, шапты.
Ер Адай жау туына шабуылдап,
Найзамен, қылышпенен тез қимылдап,
Қорғаушы жау ерлерін шаншып, шауып,
Жау туын тартып алды, кегі тынбақ.
Жау қашты, алды-артына қарай алмай,
Жаралы сарбаздарын жинай алмай,
Арбалар толы алтын, қазынасын,
Қалдырды, өз еркімен, сыйлағандай.
Шеркеш би орта тұста ту ұстаған,
Таз, Ысық балуандарым ту қорғаған.
Ер Беріш, Есентемір, Қызылқұртым,
Байбақтым жауды қуып туралаған.
Алаша, Жаппас, Тана, Масқарларым,
Қуалап, жаудың соғып қашқандарын,
Ұялы бөрідей боп, жауды жайпап,
Тұтқындап, матап кетер сасқандарын.
Ер Адай тоқтатты бір көк күймені,
Күймеден ару түсіп бүгілгені,
«Жан сауға!» «Жан сауғалап», — сұлу бикеш,
Етегін басып, ессіз сүрінгені.
Жөн сұрап тұтқын қыздан білді Адай,
Темірдің сұлу қызы-бұл Құралай.
«Олжа», — деп ер Естеміс сардарына,
Байлады олжа қызды, берді Адай.
Құралай сұлу шашы құндыздай нақ,
Екі көз — арбап тартар жұлдыздай-ақ.
Екі бет Алатаудың алмасындай,
Жұмақтан түсе қалған һұр қыздай-ақ.
Көргендер көзін сүзіп ала алмайды,
Бөлініп, топтан шетке қала алмайды.
Ие боп, бәрі алмақ, егес-кеңес,
Пенделік, әділ шешім таба алмайды.
«Тұтқын боп, бір жаманға кетем бе?» — деп,
«Өксумен өмірімнен өтем бе?» — деп,
Құралай: — «Таласпаңдар маған!» — деді,
Қыз көңіл тең тапқанша елеңдемек...
«Жау ғой!» — деп, таптамадың қыз арымды,
Өлтірмей, сақтағансың бір жанымды,
Қала! — деп, өз еркімді берсе маған,
Ер Адай таңдар едім бір басыңды!».
Естеміс естіп, деді сарбаздарға:
«Бармаңдар берекесіз жанжалдарға,
Бас сардар Қобыланды өзі білер,
Ие сол сауға менен олжаларға!»
Бұл сөзді көпшілік те мақұлдады,
Қобыланды келер мезгіл жақын қалды.
Бағынған қолбасыға бірлік-белгі,
Бәрі де осылайша ақыл салды.
* * *
Кез келіп, қамысты қара көл шетіне,
Көкорай, жасыл шалғын жер шегіне,
Естеміс дем алуға шешім жасап,
Шатырлар тігілмекте тездетіле.
Құралай: — «Келемін», — деп, көл жағалап,
Өтінді Естеміске жан ағалап,
Хан қызы қанша тұтқын болғанменен,
Ата тек осындайда бағаланбақ.
Шомылмақ оймен қыздар көлге барды,
Құралай — ханның қызын қабылан жарды,
Шуылдап, шар еткенде Құралай қыз,
Бір топ қыз жылап, шулап, айғай салды.
Сарбаздар жүгірісті, аң-таң бәрі,
Ер Адай жетіп келді қамданғалы,
Құралай қолын созып, сыбырлайды:
«Мен-сендік!» — жандәрменде айтқан зары.
Ер Адай тура ұмтылды, алға өрлеп,
Қабыланның сыбағасын арнап бермек,
Қолына тірі түссе, бір айқасып,
Қабыланның қаһарланып жағын кермек.
Кездесіп ұрды шоқпар тұмсығынан,
Құтқарды жазым етер қырсығынан,
Айырып, жағын керіп, сындырды да,
Сыпырды тері теріс тұлыбынан...
* * *
Қобыланды жеңіспенен оралады,
Ерлерді әділетті бағалады,
Олжадан мол ғып беріп ер Адайға,
Көңілде күпті ойды саралады.
Қобыланды: — «Ер Адайым — арысым» — деп,
«Қайтпайтын, қалың жаудан барысым!» — деп
Ырза боп ерлігіне таңба берген,
«Оқ таңба — алтын жебе тағылсын!» — деп.
Оқ таңба — алтын жебе көкке атылған,
Адайдың таңбасы, — деп, ел таныған,
Ұрпағым ұмытпасын тарихымды,
Шартас боп ой-санаңды мен жаныған.
Қазақтың кең қонысын қайтарғаны,
Ел үшін туылған ер — байқалғаны.
Еліне тірек болса осылай ер,
Таңдайдан дәмі кетпес бал қаймағы.
Ер Адай — үш Алшынның ақ алмасы,
Жәнібек, Керей хандар замандасы.
«Дай», «Ада» — екі мың жыл бұрын өткен,
Жаңылтар күңгірт ойдың жарамасы.
Адайдан-Құдайберді, Кәрімберді,
Атанған «Құдайке мен Келінберді».
Туылып екеуінен сегіз бала,
Адайым сегіз арыс делінеді.
Қосай мен Тәзікеміз — Құдайкеден,
Бақ қонып, тоғыз арыс Құдай берген.
Киелі би де, ер де, пір де — Қосай,
Ақжолтай Қосай елге ұнай берген.
Құнанырыс, Ақпан мен Әлниязы,
Шыбынтай, Тобыш би мен ер Мұңалы
Келінберді ұлдары бәрі батыр,
Өркендеп он төрт арыс шаңырағы.
Әлнияз — «Бұзау» лақап ел біледі,
Шыбынтай-«Балықшы» атпен белгілі еді.
Құнанырыс атанып «Құнанорыс»,
Бәріне лақап атақ телінеді.
Қалмақтар қазақтарға салып ойран,
Қалың жау ортасында қалды Сауран.
Аңызда аты қалған ер Адайым,
Шаһид боп, елі үшін өтті жаудан.
Ер Адай Сауран қамал іргесінде,
Жерленген деген сөздер ел есінде.
Басына құлпы тастан белгі қою,
Болашақ мүмкіндіктің үлесінде.
Ер Адай өткен ерлік даңқыменен,
Жасайды мәңгі бірге халқыменен.
Шотанға алтыншы ата — ер Адайым,
Ер сыйлы — елге еңбек нарқыменен.
АДАЙҰЛЫ КЕЛІНБЕРДІ БАТЫР
Қартайып ол кездері Адай атам,
Сексеннің сеңгіріне нақ таяған.
Құдайке үйленген күн жиырма жаста,
Шешесі ұлды болып хабарлаған.
Үлкен ұл «Құдайкеңіз»—Құдайберді,
Кенжеңіз болсын енді — Кәрімберді,
Деп атап, молда оқып азан дұға,
Ат қойып кенже ұлға беріп еді.
Жақсы іс жас келінге телінеді,
«Жас келін ырысы мол келін!» — деді.
«Құт келді жас келінмен Адайға», — деп,
Атанды Кәрімберді — «Келінберді».
Ел айтқан:... «Құдайкенің қосағы екен,
Адайға жаңа түскен келін»,—деген.
Келін түскен той күні туылған соң,
«Келінберді» аталып кенже өскен...
Келбеті шалдай нұрлы Келінберді,
Туылып дүниеге келді, — дейді.
Құдайке әкесіндей тәрбиелеп,
Отаулап еншісін де берді,-дейді...
Келінберді қосағы — Нұржамалы,
Қарақалпақ Қияттан таңдағаны.
Қиятта Еспенбет би қызы екен,
Көзінен — нұр, тілінен бал тамады...
...Жазғытұрым — жыл басы, көктемеде,
«Сүйінші» жақсы хабар жеткен еді.
Келінберді қосағы ұлды болған,
«Үйінде шілдехана, кел!» — дегені.
Байұлы қатар жатқан түгел келді,
Тойлы ауыл шат көңілді, түрленеді.
Басында алтыбақан ән әуелеп,
Қыз, жігіт көз қамасар түрге енеді.
Ақ орда алты қанат толған мейман,
Бойжеткен шымыр, ширақ қымыз құйған.
Шешендер кезек-кезек сөз алысып,
Ағытар маржан сөзден асыл жиған.
Үй алды, тай қазанда тай қайнайды,
Келіндер кербез басып, нұр жайнайды.
Айтады туыстарға Келінберді:
«Ұзамас, қалмақ келіп емінеді.
Тар жолдан жылқы айдар, жылқы өтсе,
Бес аша-шарбақ жолға керіледі.
Бес қатар аша-шарбақ керілгенде,
Оң-солдан тас пенен оқ төгілгенде,
Жүздеген қалмақ шатта ошарылар,
Аранға түскен аңдай көрінер де!
Кейінге шегінбестей жол байлаймыз,
Шатқалдан домалатып, тас айдаймыз,
Онымыз оннан жүз оқ нақтап атсақ ,
Қалмақты қамап атып біз жайғаймыз».
Ойласып болған сәтте шаң көрінді,
Шаңдатып тар шатқалға жау төгілді.
Шатқалдан қалың жылқы өткен сәтте,
Белгімен, аша-шарбақ тез керілді.
Артынан жау қалмақтың Келінберді,
«Алшындап!» — ұрандатып келіп еді.
Келді де: — «Тоқта қалмақ! Жекпе-жек!» — деп,
Бес қару түгел сайлы керіледі.
Шұбары шапшып көкке керіледі,
Ат емес, айдаһар боп көрінеді.
Соғыспақ асқан батыр Келінберді,
Қалмақтан бір дәу көсе бөлінеді.
Қаһарлы қалмақ алып қолға найза,
Өзінше сөйлеп келед, былдырлай ма?
Қос батыр қарсы шапты найза салмақ,
Бес қару шақыр-шұқыр шылдырлауда.
Таянған жау найзасын... қырын қалқан,
Тайдырып атамызды қорғап қалған.
Қалқанның шығыршығы жау найзасын,
Ілдіріп, бұра тартып, морт сындырған.
Бұрылып, Келінберді жаудан тездеп,
Шабынды найза — қылыш қарсы келмек.
Келінберді найзасы кіндіктіктен,
Қалмақтың денесіне кірді дендеп.
Атынан қалмақ дәуі шалқалады,
Найзасын ұстап алмақ бар талабы,
Құлаған жау денесін шұбар тұлпар,
Әп-сәтте баса жаншып, таптағаны.
Қалмақтар дәуі құлап, шуылдасты,
Атойлап, қумақ ниет, дуылдасты.
Батырым Келінберді кейін жолға,
Шегініп, шұбарына қамшы басты.
Оң-солдан айқай-сүрен: — «Ат! Ат! Шап! Шап!»
Алдында бес кедергі аша-шарбақ.
Артынан қашар жолға тас домалап,
Қамалды тар шатқалда жүздеп қалмақ.
Ойда жау, қырда қазақ атысады,
Қалмақта берілмеуге қарысады.
Амалсыз төрт жағынан түгел қамау,
Барлық жау бармақ тістеп қалысады.
Түскендей ауға шабақ, ұрынады,
Тар жерде қалмақ тегіс қырылады.
Қазақтан Мырза — шаһид, үш — жарадар,
Бас қосып, мал-жан түгел жиылады.
Мырзаның жаназасын оқып бәрі,
Төбеге жерлеп, жайлап, отырады.
Бір жылқы садақа айтып, Құдай жолы,
Күн батып, сол арада қонып қалды...
...Он үші, жылқы — түгел, айдап келед,
Еліне екі тәулік тынбай жүред.
Осылай Келінберді батыр бастап,
Мал — түгел, орындалды ойда тілек.
Ел сыйлар жол табатын ақылдыны,
Қосылса, қол бастарлық батырлығы.
Қуаныш, қайғыңа да ортақтасар,
Байқалар жан аямас жақындығы.
КЕЛІНБЕРДІҰЛЫ ЕР МҰҢАЛ
— Мол болып маңдай бағы Мұңал атам,
Туылған,—деген сөзді айтқан бабам.
Сыр бойы туған жері — деген де бар,
Шындық бар шежіреде, болмас жалған.
Мұңалым — сегіз арыс ең кенжесі,
Сондықтан қайырусыз ел еркесі.
Өскен соң бабалардың ерлік жолын,
Жалғаған сарбаздардың ер-серкесі.
Сайма-сай берекелі дәулетіне,
Мұңалдың болған сәнді сәулеті де.
Қос әйел — Мақпалы мен Тоқбикесі,
Үлгілі ана болған әулетіне.
Әлқисса, кез келген оқырман, немесе жыр тыңдаушының көкейінде: — «Келінберді кенже ұлына не үшін Мұңал деп ат қойды екен?» — деген сұрақ туатыны айдан анық. Мен де, ес біліп, шежіреге ықыласым ауғаннан бастап: — «Мұңалдың» мағынасын, солай деп ат қойылу себебін білгім келетін. Әкемнен, тағы басқа көптеген зерделі де тарихымызды білетін кісілерден естіген тиянақты жауабымды айта кетейін. Шығыс Түркістандағы моғол ханы Ұбайдолла өзара астыртын келісім жасасып, қазақ- қырғыз елін шауып, жерін алмақ ниетке бекінген. Ел билеуге икемі жоқ Тайыр ханнан береке-бірлігі қашып қалған қазақ елінің етек-жеңін Тоғым хан жинап болмаған, еліміздің қарулы күшінің кем кезі еді. Қолындағы бар күшін, мүмкіндігінше қорғанысқа дайындаған Тоғым хан қос өкпеден қысқан мөңғол-өзбек қолына төтеп бере алмай, 1537 (бір мың бес жүз отыз жетінші) жылы шілде айының соңғы күндерінің бірінде қиян-кескі соғыста күш кемдігінен қазақ-қырғыз қолы ойсырай жеңілді. Көпшілік сарбаз шаһид болып, азы босып-бытырап кетті.
Қазақ-қырғыздың арманда қалып, апатқа ұшыраған сардарлары мен сарбаздары қасық қанын аямай, «елім - жерім!» — деп, ел үшін құрбан болған оқиға ел есінен кетпестей «Сын-Таш оқиғасы» деп есте қалды. Бұл оқиға қандас қазақ-қырғыз елінің көкейіне өшпестей Ұлы Мұң қалдырған оқиға еді.
Келінберді батыр — «ел мұңын-өз мұңым», — деп Жаратқан Иеден — «Мұңымды ал», —деп тілеген. Арада үш жыл өткенде, 1540 жылы туылған кенже ұлын Мұңал — деп, атаған себебі, осылай деуші еді шежіреші қарттарымыз.
Жырға жол берсек, ер Мұңалдың төрт ұлы-қазір төрт арыс ел. Ал, ең үлкені Алақұнан туралы және Мұңалдың ерлік жолын қысқаша айтып өтсем, жалықпассыз деп ойлаймын.
Мұңалдың тұңғыш ұлы Алақұнан,
Тағдырдың жазуымен шақа сынған.
Ұлы жүз ішінде жүр ұрпақтары,
Өшпеген бабалардың санасынан.
...Әли мен Бәйімбеті, Шоғы, Жаулы,
Төрт арыс өскен елім Мұңал аулы.
Би Мұңал бітірген,— дер талай дауды,
Ер Мұңал қайтарған,— дер талай жауды...
Мақпалдан тұңғыш еді Алақұнан,
Кенжесі Бәйбішенің Әли ұлан.
Алтайда жауға түсіп Алақұнан,
Бұл күнде дерегіміз бұлдыр-тұман.,
...Қалмақпен бір соғыста Алтай жақта,
Күш жетпей, жесір кетті жау қалмаққа.
Адайдан тұтқын болған Алақұнан,
Қалыпты амалсыздан, малшы жақта.
...Әлде шын, әлде аңыз, әлде жалған,
Бізден соң Ұлы жүз де бір шабылған,
Қыз, келін, жас баласын қалмақ алып,
Мал — олжа, қызметке — жесір алған.
Ұлы жоқ бір қалмақ қарт ұл етуге,
Көнбесе, есігінде құл етуге,
Алақұнан бауырды иемденген,
Тірлікте сүйенісіп күнелтуге...
...Қарт қалмақ ұлы жүзден алған олжа,
Бір сұлу қыз баланы алды қолға.
Көрікті қыз қояншық болып шықты,
Сөйлемес, туа біткен тілі лал ма?
Күніне он реттей қыз талады,
Көз ауып, өлеусіреп нұр жанары,
Селкілдер, қорқынышты жын басқандай,
Ақ көбік ауызынан ақтарады.
Әуелгі ойы еді қызды алмақ,
Ол ойы іске аспай, айнып қалмақ: —
«Келесі кешкенімде масыл қызды,
Жұртыма ассыз-сусыз кетем тастап!».
Бейшара қызға қалмақ кіжінеді,
Сәл затқа жекіп, ұрсып, ісінеді,
Дірілдеп, қалш-қалш етіп бейшара қыз,
Етегін басып, кейде сүрінеді.
«Тамаққа жау болды», — деп қалмақ мұндар,
Бұл қызға оқты көзбен шашар ызғар.
Бір күні оңашада қыз сөйлеспек,
Аң-таң боп, Алақұнан таппас шыдам.
«Қарындас, сөйлесетін тілің бар ма?
Қулықпен айналдың ба сақау-лалға?
Айтшы сен, бар сырыңды, сыр шашпаймын,
Қояншық ұстамалы ауру қайда?»
Қыз айтты: — «Еркесімін» Ұлы жүздің,
Жау шауып, аңдаусызда қолға түстім.
Ар үшін, қояншық боп ұстамалы,
Танытам жауларыма тілсіз пішін.
Киімім, денем лас әдейіден,
Сондықтан құмар көздер шын сейілген.
Қазақтық қаның болса, мені сатпа,
Бар сырым ақтарылды көмейімнен.
Ал, енді, жөніңді айт, өзің кімсің?
Қалайша, қашан, қайдан мұнда жүрсің?
Қазақ — деп, бар сырымды жайып салдым,
Сыр шашпа мен жайында, ішің білсін.
Дегбірсіз Алақұнан: «Қарындасым,
Адаймын, Алақұнан, танысамын.
Ауылым айшылық жер, алыс кеткен,
Көретін күн болар ма? Неғыламын?»
Ерке қыз: «Алақұнан қос ат қамда,
Жеткізбес жүйрік болсын жылқы малға,
Алтайдың батыс беті біздің елдер,
Қашалық, ақ жол бергей, жалғыз Алла.»
Үш күн соң Алақұнан хабарлады:
«Сайладым, баптап жүрмін төрт тұлпарды,
Кеудеңде жаның болса, таңсәріде,
Топ ағаш түбіне кел, сәт сапарлы...»
...Ерке қыз, Алақұнан жаудан қашты,
Тың атпен алма-кезек таудан асты.
Сақтанып, бұқпалаумен елге жетті,
Жеткенше өздері де қатты састы.
Ерке қыз, Алақұнан жұптасады,
Түсініп, бірін-бірі құптасады.
Бұл күнде рулы ел Ұлы жүзде,
Осындай аңыз ізі ұштасады.
Айтайын Мұңал жайлы аңызымен,
Үлгілі ұрпағына маңызымен,
Он бесте Мұңал атам Сыр бойында,
Жолыққан жолбарысқа аң ізімен...
...Аң аулап Қосай шыққан ауылынан,
Атқосшы Мұңал еді бауырынан.
Қоржында қақпан, тұзақ, арқан,шәугім,
Қапы жоқ, түгел сайлы қаруынан.
Сыр бойы — нулы тоғай, қалың қамыс,
Кей жері күн көрінбес, қалың жыныс.
Қосай мен Мұңал кесіп аңның ізін,
Қақпан мен тұзақ құрып, алды тыныс.
Кекте күн — жерге ынтық, нұрын шашқан,
Жер жүзі гүл жайнаған, кұшақ ашқан.
Тамаша табиғатта серуендеген,
Қосай мен Мұңал кеңілі Сырдай тасқан.
Тынығып отырғанда, ат кісінеп,
Екеуі тез жиналды, «не белгі?» — деп,
Мұңалға Қосай айтты: — «Барлап келші:
Не екен? Жау ма, аң ба? Нақ көрші!» — деп.
Айналып, Мұңал жаяу жүз қадамды,
Аң ізін барлап жүріп, байқағаны,
Отырған тораңғылда жолбарысты,
Тасадан Мұңал көріп тайсалғаны.
Сылдырлап алда қамыс шықты елік,
Атылды жолбарыс та соны көріп,
Сұр жебе Мұңал алып, атты көздеп,
Жүректен, жолбарысқа, садақ керіп.
Оқ тиіп, жолбарысқа жүрегінен,
Алатын айрылды да елігінен.
Қарады жан-жағына айбат шегіп,
«Кім екен? — деп, — айырған несібемнен».
Қылышын Мұңал алып қайымдалды,
Жолбарыс атылуға дайындалды,
Жолбарыс жиырылып атылғанда,
«Аллалап!» — Мұңалым да жанын салды.
Жолбарыс атылғанда Мұңал солға,
Тез аттап екі адым, қылыш қолда,
Сілтеді дәл мойнынан қия тартып,
Сиынып тілек тілеп: — «Алла оңда!»
Сілтеген ер Мұңалдың наркескені,
Мойнынан жолбарысты дәл кескені,
Оқ атып, қылыш сілтеп, ерлік еткен,
Уақыт қас қағымдай сәт кеткені.
Қосай да жетіп келді інісіне,
Ырза боп Мұңалының ер ісіне,
Құшақтап, кезінде — жас, көңілі — шат,
Он бесте жеткен мына жеңісіне.
Айтуға ер Мұңалдың ерлігі көп,
Танылған жастайынан белгілі боп.
Шапқанда Баба сұлтан Түркістанды,
Қазаққа алып берген, теңдігі көп.
* * *
Тәуекел хандық құрған заманында,
Қазағым өсіп-өнген, аманында,
Мың бес жүз сексен алты жыл есебі,
Босатқан Абдолладан Сайрамын да.
Мың бес жүз тоқсан сегіз, ақпан айы,
Тәуекел Абдоллаға аттанады.
Тоқсан мың сайлы ерлер-сарбаздары,
Жеңісте өрге өрледі бақ-талабы.
Қазаққа әлимсақтан атамекен,
Шахруйа, Ташкент, Ходжент, Сыр бойы екен.
Отырар, Түркістан мен Сауран, Сайрам,
Жиделі-Байсын деген көркем өлкем.
Тәуекел баһадүр хан даналықпен,
Қазаққа атақоныс ала білген.
Он бес жыл жанқиярлық күреспенен,
Қазағым Сырдың бойын жайлап жүрген.
Тәуекел Сарбазының бірі — Мұңал,
Бойында — жау жарағы, түгел — құрал,
Мыңдаған батырлардың бірі болып,
Жауына шапқан батыр салып ұран.
Ер мінез, ерен жігер ел данасы —
Қосайдың алпыс сегіз жас шамасы,
Үш ұл мен келін, кемпір, немерелер,
Сыр суға опат болған бар баласы.
Қосайдың қам көңілді зар-наласы,
Есіне түскен сайын әр баласы.
Алланың жазғанына амалы жоқ,
«Шүкірлік, соңын бер!» — дер, бар тобасы.
Қайырлы жеті іні-бауырлары,
Қосайға жасап жағдай, қамын бәрі.
Түрікменнен Оғылмеңлі қосақ қосып,
Жайылды алты — Қосай жапырағы.
Талай жауды табанға баса қалған,
Ер Мұңал Ер Қосайдан бата алған.
Ақ бата алған ошақ соңғылықты,
Аталып «Мұңал-ошақ» есте қалған.
Тоқбике — Мұңал әкеп үш баласын,
Қосайдың алған екен ақ батасын.
Бәйімбет, Шоғы, Жаулы өскен шақам,
Батамен көгерген ел, үлгі аласың.
Пәк сезім, кіші пейіл ізетімен,
Ерекше, елден ерек құрметімен,
Мұңалдың Тоқбикесі Қосайға ұнап,
Беріпті ақ бата — пәк жүрегімен.
Жайылған сол баяғы Сыр бойында,
Сиыспай Әзіреттің кең ойына.
Үш жүзім үш тарапқа көшін тартқан,
Ыңғайлы қоныс іздеп мал жайына.
Тәуекел жарлық берген қазағыма:
«Қоныстан Алтай — Еділ арасына,
Сыр бойы — тар қонысқа тығылмайық,
Көшің!» — деп бұйырған Ел ағасына.
Ұлы жүз-Алтай, Сырдың арасында,
Орта жүз — Арқа, Сібір даласында,
Кіші жүз иемденіп: — «Кең қоныс!» — деп,
Бұхара, Әму, Жайық саласында.
Біразы Әлімұлы — Бұхар жаққа,
Қалғаны Кіші жүздің Хиуа жаққа,
Ұлы жүз кең жайылып Алтай жаққа,
Орта жүз көшін тартқан арқа жаққа.
Бар қазақ жаз жайлайтын солтүстікте,
Қыстайтын құспен қайтып оңтүстікке.
Қайран жоқ, қайтып келмес қаздай көшу,
Тағдыр-ай! Жазмыш -торға тез түстік пе?!
...Ер Қосай аз Алшынды бастап келген,
Кең қоныс Әзіретті тастап келген.
Сауранды бір айналып, Сырдан өтіп,
Әмудің шығыс жағын қыстау еткен.
Еспенбет би ұрпағы жегжат зият,
Мекені құдалардың қыстақ Қият.
«Мың жылдық құда» деген осы екен ғой,
Аралас Қиятпенен болып тұрад.
Төркіні Оғылмеңлі — Құба тауда,
Қосайға келіп тұрад көңіл аулап.
— Болсын, — деп алты жиен — «түрікмен-адай»,
Лақабын теліп-атап, ілді жайлап.
Он жылдай жаз жайлаған Елек, Жемге,
Қыс қыстап Бестөбеде — Хорезмде,
Тәуекел хан бақилық болғаннан соң,
Хажым хан аз Алшынмен тіресуде.
Қақаған қыс айында Қосай бабам,
Жүз онда, Бестөбеде қаза болған.
Сөз сөйлер Елағасы кеткеннен соң,
Хажым хан, беглербегі қысым салған.
Көбейтіп екі еселеп мал салықты,
Қосыпты зорлықпенен жан салықты,
Жан салық — қыз салығы жанға батып,
Қазағым жол таба алмай сандалыпты.
Айтысса, жер иесі өзбек елі,
Тату боп, бірге қыстап келген еді.
Қазақта қасиетті хан, би болмай,
Кемдікті аз Алшыным көрген еді.
Бертінірек оқиға бұл, шамасы,
Бестөбе, Шылпық қорған екі арасы,
Үйінде Ақлан батыр жиналыпты,
Сол маңда Кіші жүздің бар баласы.
Үш Алшын, би, батырлар жасап кеңес,
Кеңеске себеп болған ханмен егес,
Мал мен қыз салық салған Хажым ханы,
Күресер Кіші жүзде күш жоқ теңес.
«Ұсыныс — соғыссақ!» — деп Ақпан батыр,
Ерлері Кіші жүздің қолдап жатыр,
Бірақ та, Бекжол менен Аққошқар би,
«Күш кем!» — деп, басу-ақыл айтып жатыр.
Көпшілік Аққошқарды мақұлдады,
Батырлар сабыр тауып дамылдады.
Жем, Сағыз, Елек, Қобда — атамекен,
Көшуге билік-шешім қабылдады.
Бас болып Ақпан батыр Кіші жүзге,
Соңында бес жүз сарбаз келеді ізде.
Үстіртке «Жібек жолдан» көтеріліп,
Бет түзеп ала қырлы құла дүзге.
Қыр үсті түрлі-түсті құлпырады,
Кілемдей түрленген шөп, көз тұнады.
Мал төлдеп, төл отығып, аяқтанып,
Көшкен ел сәтіменен жол шығады.
* * *
Жиырма күндей жол жүріп,
Мал бабымен мол жүріп,
Манаты, Қаратөбеге,
Кең қонысқа келеді.
Маңғыстауда үш түбек,
Ол күндері ну-түнек,
Тоғай толы аңы бар,
Жайсыздау қоныс біледі.
Жайсыздығын сонан біл,
Хажым ханның билігі,
Үш түбекке жүреді...
...Ханнан аулақ болуға,
Жайлы қоныс алуға,
Қаратөбе жерінен,
Атырауды жағалап,
Жемге бетті түзеді.
Жемге жетіп, жайласып,
Сауын малын байласып,
Келген Алшын жағалай,
Үйін тігіп, тізеді.
Батырлар барлап жан-жағын,
Жемнен өтіп, аржағын,
Қалмақ алған қонысын,
Қитасұлы Жайығым,
Он жігітпен жер барлап,
Көргенін айтып келеді.
Әлімұлы, Жетіру,
Он екі ата Байұлы,
Батырлары шамданды,
Қапысыз қару қамданды,
Келінберді баласы
Ақпан батыр бас болып,
Үш Алшын түгел ереді.
Бес жүз сарбаз қолменен,
Тура тартып жолменен,
Хабарсыз жатқан қалмаққа,
Қалмақты айдап салмаққа,
Жемнің шығыс бойында,
Таңсәріде төнеді.
«Алшындап!» — ұран шақырған,
Арыстандай ақырған,
Қаптаған қазақ ішінде,
«Ер Қосай!» — деп, ұмтылған,
Мұңалым қайсар ер еді.
Қалмақпенен жекпе-жек,
Бес батырын кескілеп,
Қылышпенен қидалап,
Шоқпарменен мылжалап,
Алты құлаш ақ найза,
Қалмақ-шабақ мысалы,
Қалмақты жүр найзалап,
Жолбарыстай ер Мұңал,
Бүріп, таптап, езеді.
Қарсы келген дұшпаны,
Қас қаға алмай қалшылдап,
Демі бітер шақ туып,
Ажалына тап келіп,
Әзірейіл келгендей,
Жүректері сезеді.
Біріктірмей қалмақты,
Жан-жағынан шаңдатты,
Қасқыр тиген қойдай-ақ,
Бөлшек-бөлшек сөгеді.
«Ер Шоралап!» Жетіру,
Бекжол батыр-көсемі,
«Дөйіттеп!» — шықты Әлімұл,
Аққошқар батыр-шешені,
Қамсыз жатқан көп қалмақ,
Қаша көшті — жан бақпақ,
Тағдырына бойсұнып,
Жеңілісті келісім,
Шартқа түгел көнеді.
Қаракөгі Мұңалдың,
Қашқан жауды құтқармай,
Қыр асырмай, жетеді.
Алдындағы қалмақты,
Омыраумен опырып,
Қағып, жаншып, езеді.
Артынан жетсе жау қалмақ,
Атының нақ басына,
Тұрмастай етіп тебеді.
Бүгіліп, ырғып, қарғумен,
Мұңалын қорғап жауынан,
Көп екен тиген себебі.
Қалмақтарды тоздырып,
Аруақпен даңқын оздырып,
Жемнен қуды желкелеп,
Сағызға да сыйғызбай,
Қалмақты қуды ентелеп,
Ойыл, Қиыл, Қобдадан,
Елек, Ормен, Ырғыздан,
Жайыққа қуды желкелеп.
Жайықтан да асырды,
Еділге көбін батырды,
Елек, Жемнің саласын,
Еділ, Ырғыз арасын,
Алшындар алды еншілеп,
«Жаратқан қайта берді!» — деп.
Құнанырыс, Ақпаным,
Жау жағына қалқаным,
Қарттарым айтқан сөз еді,
Шәһит боп, қаза тапқанын.
Талай ер қалды-ау белгісіз,
Іздедім, әлі таппадым.
Шежіре-алтын қазынам,
Зердеге түйіп жадтадым.
Ер Мұңалдың қонысы,
Мұғалжар тауы, — деп айтар,
Оқып, білдім бір дерек,
Можайский хаттарын.
Білгенімді ұрпаққа,
Жырлап өтем мүдірмей,
Сарымайдай сақтадым.
Ұнаса жырым халқыма,
Үлесім қосқан салтыма,
Арманымды ақтадым.
МҰҢАЛҰЛЫ ЖАУЛЫ БАТЫР
Тамылжың табиғаты — жаз жайлауда,
Туылған Жаулы атам Мұғалжарда.
Жиырма-отызында ерлік даңқы,
Жайылған Кіші жүзге, Алшындарға...
...Сағымдай заманалар көшіндегі,
Қалған сөз, бабалардан есімдегі,
«Ташкентті Имамқұлдан қорғаймыз!» — деп
Қазақты бастап барған Есім ері.
Еңсегей бойлы, ер Есім! — деп,
Қазақтың айбар, шыңы, белесім! — деп,
Еске алар шежіреші аталарым,
Ең әділ берген билік төресін, — деп...
...Ташкентті қорғасуда батыр Жаулы,
Алғысын Есімханның қабыл алды.
Себебі, қалың жауда, соғыс кезі,
Оқ қағып, ханды қорғап, жанын салды.
Атқанда Есім ханды бір дәу ауған,
Жаулы да оққа ұстап болат қалқан,
Темір төс шоқпарымен ауғанды ұрып,
Ауғанның дулығалы басын жарған.
Есім хан ер Жаулыға болып ырза,
«Хан сыйлығы — үйлен — деп — сұлу қызға.»
Исфаһани бір алмас қылыш сыйлап,
Жаулыны үлгі еткен ұл мен қызға.
Қырқында қол бастаған сардар екен,
«Жау!» — десе, қуанатын қардар екен.
Өзбектен отыз үште сұлу сүйіп,
Жаулының ұл-жұлдызы жанған екен.
...Кіші әйел — өзбек қызы Бибіжаны,
Келгеннен жүкті болып құлпырады.
Бәйбіше күтіп, баптап, Бибіжанды,
Нақ өзі ұл табардай бір тынбады.
Талпынтып, томағадан шешкен құсы —
Туылған тұңғыш ұлы Ескелдісі,
Жыл өтіп, Қосқұлақ та туылған — дер,
Жақсы ғой, бұл жалғанның ештен-кеші.
Алланың берер көп қой қазынасы,
Бәрі де жазмышыңа жазылады.
Жаулының бәйбішесі ұлды болып,
«Жары» деп кенжеге ат тағылады.
Тарихқа жасап аздап шегіністі,
Еске алсам, өтіп кеткен ерлік істі,
Орнымен айта алсам тілім жетіп,
Аңыздар — түбі шындық жеткілікті...
...Жаз айы, ел жайлауда — Қобда бойы,
Үш Алшын кең жайлауда малы толы.
Шаңырақ иелері — түгел ерлер,
Жорыққа шыққан тағы қазақ қолы.
Қалмақты Жайықтан да асырмақшы,
Қалайша атажұртта бас ұрмақшы,
Жайықтан Ноғайлының елі ауған,
Қалмақтар алса қоныс тарылмақшы.
Үш жүздей сарбазбенен Ақпан батыр,
Жайыққа бағыт алып бара жатыр,
Барлаушы — Байбол, Тіней, Жаулы, Көбес,
Жантуған, Жанбай жолды қарасатын.
Тосыннан қалмақ қолы кездескені,
Сескенбей екі жақта беттескені.
Айтысып, керілдесіп, қан қыздырып
Соғысқа қару сайлап өштескені.
Байбол мен Тіней жеңді қос кезекте,
Жантуған, Көбес шаһид — жекпе-жекте.
Жас Жаулы бесінші боп алға шықты,
Қалмақты жекпе-жекте өлтірмекке.
Қалмақтан өгіздей боп күжірейген,
Қысықкөз ері шықты бедірейген,
Жаулымен қысықкөз дәу қарсы келіп,
Айбатын асқақтатып едірейген.
Екеуі қарсы найза қайымдасты,
Бар күшін бойға жиып, дайындасты.
Ұрандап бір-біріне ұмтылысып,
Екеуі аттарына қамшы басты.
Найзалар қалқандарға тірелісіп,
Ат, адам алға ұмтылған шіренісіп.
Ер Жаулы: «Ер Қосай!» — деп қаһарланды,
Қаһардан алма жүзі күреңітіп.
Ер Жаулы ат артына жауын жықты,
Қалмақтың сан етіне найза тықты.
Алмаспен басын шауып, іліп алып,
Қалмақты жекпе-жекте жеңіп шықты.
«Танымас күш атасын», — деген осы,
Сол жеңер, өрге өрлесе бақыт тасы.
Жаулының қоржынында кете барды,
Өліспей-беріспейтін жаудың басы.
Қалмақтар бұл қорлыққа тұр шыдамай,
Көңілі астаң-кестең, сұр бұлағай.
Тыпыршып, жалпы соғыс жасамақшы,
Басталды қан қасабы — «Үр-р! Үр-р-халай»...
Осы кез келіп жетті Ақпандар да,
Жүйкенің шегі үзілер шақ қалғанда,
Үш жүздік үш тараптан шабуылдап,
Заманын бір уыс қып қалмақтарға.
Қалмақпен қазақ қолы араласты,
Қалмақ — мың, қазақ — үш жүз шамалас-ты
Әр ерім—онға балап өз қайратын,
Салып жүр шаншу, шабу жағаласты.
Айтумыс, Әйтей, Бегей — ерлер шаһид,
Халқы үшін қайран ерлер ажал тауып,
Жантуған, Көбес — шаһид ел-жер үшін
Біз үшін мәңгілікке дәулет, бақыт.
ЖАУЛЫҰЛЫ ЖАРЫ БАТЫР
Күн суып, шөп сарғайып, күзге салым,
Жаулының шаттандырып шаңырағын,
Ұлды боп бәйбішесі аңсап күткен,
Шақырды шілдетойға атырабын.
Ер Жаулы Кенже ұлын ханға балай,
Нар менен тай да сойды, мал аямай,
Құдайдың берген малын елге шашып,
Тартуда бүтін мүше, жал-жаялай.
Анасы айтқан екен: — «Балам — барым,
Жолыңда жүк қалдырмас болғай нарым!
Анадан жалғыз еді, мал мен басқа,
— Жары ғой! Аты —Жары, өскей — Жарым!!
«Мақұл!» — деп анасының ақ тілегін,
Қол жайып, көп көтерді білектерін.
Ана мен көп тілегі қабыл болып,
Жарылар — сегіз арыс, қалың елім...
...Сол Жары күш иесі болған екен,
Аңыз боп ерлік ісі бізге жеткен.
Он алты жастарында,...малын іздеп,
Ізімен түйелердің сапар шеккен.
Ашылап, құмды кезіп, батыс беттеп,
Шығынып, түйе кеткен елден шеттеп,
Иесіз түйелерді кім суарсын?...
Қуалап бұлақ, қақтың суын ішпек.
Құм асып, жүре-жүре Жайық жаққа,
Құм іші, келіп жетті сулы қаққа,
Көзіне таныс барлық түйелері,
Су ішіп, қақ жағалай аунап жатқан.
Шығынған түйелерді ауыл жаққа,
Қайырып, жолға салып айдамаққа,
Мәмбетқұл, Мойнақ, Құтый, Алдасаймен,
Қостай мен Еділ, Жары барды қаққа.
Қайырып, түйелерді салды жолға,
Көңіл тоқ, табылған соң барлық мал да,
Еліне жақындады түйені айдап,
Бір жарым тәулік жүріп шөлді жолда.
Бүйірден он бес қалмақ шыға келді,
Сипаты жау да болса, түгел ер-ді.
«Қазақтар — жаның сауға, түйе қалсын!» —
— Деп, бір дәу көлденеңдеп қарсы келді.
Жары да Мәмбетқұлдан кезек сұрап,
Қалмақпен жекпе-жекке болды шықпақ.
Айдарлы, қысық көзді қалмақ батыр,
Жарыны қолдан келсе жалмап құртпақ.
Адайлар ат, қаруы түгел сайлы,
Сенімді, жібермейді жауға арды.
Жетеуі — жеті жүзге күшін балап,
Он бесін жау қалмақтың қарсы алды.
Жарыға бата берді Мәмбетқұлым:
«Алдыңнан Аллам шашқай жеңіс нұрын.
Ақыл мен айла, қайрат — қатар жұмса,
Жекпе-жек шықпап едің бұдан бұрын.
Биссмиллә, жар бола гөр, жалғыз Алла,
Жолын аш, аққа жақ боп, баста оңға.
Жебей гөр аруақты пір атамыз,
Ер Қосай жолыңды бер, қорға, қолда!» —
Ақ бата қабыл алып Мәмбетқұлдан,
Жары да шықты алға басып жылдам.
Бес қару ерге лайық жарқ-жұрқ етіп,
Сары ат — текті тұлпар ойнап тұрған.
...Қалмақ та келді тебініп,
Жұтатындай емініп,
Керілгенде кетердей,
Сауыты түгел сөгіліп.
Өзінше аруақ шақырды,
Арыстандай ақырды:
«Хара Шұна мен болам,
Айт қазағым атыңды!
Жүзің науша, жас бала,
Жолымда тұрма, қаш бала!!.
Бір ұрғаннан қалмассың,
Қайратыңа мас бала!».
Сонда Жары сөйледі:
«Мен де Алла пендесі,
Мені қайрап шығарған,
Қалмақта кеткен Ел Кегі!..
Сенерім Ұлы бір Құдай,
Жеңісін бергей, оңдағай!
Басынғаның Елімді,
Еріксіз жайлап Жерімді,
Мал-жанымды алмақсың,
Сындырып менің белімді.
Білесің мені — қазақпын,
Елеуден алты Алашпын.
Несібеме қол салып,
Қалмағым жөнсіз таластың.
Бекарыс, Мөңке, Алшыннан,
Әлемге аян Алаумын,
Құдияр, Қадырқожамын.
Қадырқожам бай болып,
Он екі туыс шөбере,
«Байұлы» содан лақабым.
Нәдірқожадан — «Жетіру»,
Сәдірқожадан — «Әлім ұл»,
Үш қожадан жиырма бес,
Рулы ел боламын.
Байқожа, Елтай, Адайдан,
Келінберді, Мұңалмын.
Жеті атам — түгел ер,
Жаулы ұлы Жарымын.
Жоқтаушысы қазақтың,
Қорғаушысы арының.
Жаһаннамға жөнелтер,
Ажалыңды танығын!..
Жау да болсаң үлкенсің,
Кезегіңді ал, кәпірім!.
Алла жазбай, ажал жоқ,
Жеңіске жету — бақытым.
«Үмітсіз шайтан»—деген ел,
Үмітпен күтем ақырын».
Хара Шұна жау қалмақ,
Кез қарыс оқ алады,
Садағын керіп, икемдеп,
Кіріске жебе салады.
Ат үстінде керіліп,
Садағын тартып қалады.
Мөңіреген жебесі,
Құлақ пердені жарады.
Жеті қабат сауыттың,
Алтауын бұзып өтеді.
Бұзып-жарып өтердей,
Жетіншіге жетеді.
Тоқылған қолдан кебенек,
Оны да ішке кереді.
Алла жар боп Жарыға,
Аруақтар жебеді.
Қыран құс болып аруағы,
Пірім Қосай демеді.
Қанатыменен қағыпты,
Қалмақ атқан жебені.
Қалмақ басын шайқады,
Болмай басқа айтары:
«Кезегіңді ал!»—деді,
Азайғандай бар демі.
Хара Шұна қасқайды,
Қабағы бұлтты, ашпайды.
Қабыршақты шар болат,
Сауыты бар саспайды.
Мылтық оғы болмаса,
Садақ оғы батпайды.
Серіппелі сары жай,
Жары садақ қолға алды.
Қорамсақта ажал оқ,
Жебені таңдап қол салды.
Кісесінде у сауыт,
Жебені малып, қамданды.
Жаудың солы — жүректік,
Әлсіз жерін аңғарды.
Тізілгендей жапырақ,
Қабат-қабат қабыршақ.
Сөгілген жерден оқ өтер,
Болса да сауыт хас болат.
Бір Аллаға сиынып,
Жауатын бұлттай түйіліп,
Сары жайын керді де,
Жіберді жебе шүйіліп.
У жебе кетті шыңғырып,
Біресе гулеп, ысқырып,
Көзделген жерден нақ тиіп,
Теңселді қалмақ түшкіріп.
Жеті қарыс жебенің,
Жартысы кіріп кеткенін,
Қазақ, қалмақ көріп тұр
Шұнаның демі біткенін.
Хара Шұна «аһылап!»,
Айтқандай сөзді сандырақ.
Жебені алмақ суырып,
Қолдары тартар қалтырап.
Кейін шықпай, морт сынды,
Қорқырап Шұна шоршыды.
Басы айналып құлады,
Аунақшып, салды қорсылды.
Жары алды наркескен,
Шұнаның мойнын дәл кескен.
Басын салды қоржынға,
Жауы шулап гулескен.
Жау қалмақ өзді-өзі кеңеседі,
Жалпылай соғысуды оң деседі.
Өздерін екі есе көпке санап,
Жеңісті өздерінде, — деп шешеді.
Қазақтар соны сезіп, қарап қалмай,
Түйенің сыртын жинап, қамашалай.
Тағадай жинақтады түйелерді,
Шөктіріп, арқан қоршай, оңашалай.
Мыңдаған түйе таға — қамал, қорған,
Жетеуі садақ керген, жебе-қолда.
Қалмақтар жақындаудан бір-бір атып,
Жетеуін жаудың жығып, малды қанға.
Қалмақтар оқ боратты бұларға да,
Жау жебе тиіп жатыр қамал-нарға,
Қазақтар тағы атып таса жерде,
Ажал-оқ құйылдырды қалмақтарға.
Қалмақтың ат-көлігі, қару, затын,
Қазақтар олжа етіп алып жатыр.
Қолбасшы Мәмбетқұл да: — «ер Жары!» -деп
Інінің арқасынан қағып жатыр.
Астында текті тұлпар аты сары,
Танылды он алтыда батыр Жары.
Ауылға аман-есен, мал-жан түгел,
Жеткенде ел шашумен қабылдады.
Ерлерім ол заманда: — «Малым!» — деген,
«Мал барда сақталады жаным!» — деген.
«Мал мен жан, Дін, Ел, Жерді сақтай алсақ,
Сақталар таза ұлтым, арым!» — деген.
«Діл, Діні таза ұлтым — арым!» — деген,
Арын сақтап, қорғаудың қамын жеген.
«Мал мен жаным, арымды сақтау үшін,
Қорғап өтем қасықтай қанымменен!».
Жары да болған екен қос жұбайлы,
Екі әйел бір рудан сөз сыңайлы...
...Ер Жары бәйбішемен сырласқан соң,
Үйленбек балдызына бір ыңғайлы.
Бәйбіше Ажар — қызы бай Айдардың,
Жасында арулығы байқалған тым.
Ақкете Аққошқардың немересі,
Аққуы жүзген келін шайқалтатын.
Үш бала туғаннан соң саулық кеміп,
Жазмыш па? Кем-кем оны ауру жеңіп.
Жарының мерейі үшін аталастан,
Бір сіңлі қосақ қылмақ алып беріп.
Ақкете Әлмәмбеттің Алма қызы,
Сұлу жан, мінезге бай, алма жүзді.
Апасы Ажар айтқан өтінішін,
Қабылдап жауабын да айтқан кезі.
Қосқұлақ құда болып Айдар байға,
Қалың мал — қырық жеті бие байлап,
Кәделер киітімен түгел төлеп,
Өткізді бәрі — жүз бас малын айдап.
Айдар бай туған аға Әлмәмбетке,
Елінің қадірлісі, сыйлы көпке.
Ол барда жау жоламас Ақкетеге,
Жетім мен жесір кетпес шығып шетке.
Жаз жайлап, жайлы мекен Сағыз, Жемді,
Хабарлап той сәт күнін қалың елге.
Салтымен қазағымның Жары аулы,
Алманың бетін ашып, тойын берген.
Сол жылы Ажардың да аяғы ауыр,
Әкелді дүниеге кенже бауыр.
Ат қойды «Ырысбек»- деп сол балаға,
Ажардың демі бітті жазмыш тағдыр
* * *
ЖАРЫҰЛЫ ЕР НАЗАР
Мың алты жүз тоқсан сегіз жыл шамасы,
Ушығып қазақ-қалмақ екі арасы.
Әз Тәуке заманында қалмақ қозып,
Бұзылған қалмақ елі шекарасы.
Қалмақтар жорық жасап дүркін-дүркін,
Өтпепті тыныштықпен өмір бір күн
Сондай бір жорығында қалмақ жағы,
Қазақты тонап, алған елдің шырқын.
Аралас Қазығұртта қалың Арғын,
Отырған араласып Адай-Алшын.
Қыстауда отырған шақ, таң алдында,
Тосыннан қалмақ талап, салды шапқын.
Қыстауды аңсыз жатқан біліп-барлап,
Бас салған мал мен жанға әккі қалмақ.
Құйындай төрт қыстауды жайпап өтіп,
Зым-зия жау жоғалды елді жаулап.
Он мыңдай жылқы кетті өрістегі,
Қазақтың бақ-талабы келіспеді.
Жау қалмақ он мың бас мал, үш жүз жесір,
Еліне айдап, мәз боп, жетіскен-ді.
Әлпештеп, аялаған балалары,
Ару қыз, келін, жеңге-аналары,
Зар жылап, кете барды тұтқын болып,
Жоқтаумен айтып шерлі назаларын.
«Жау шапты!» — бір-біріне ел жеткізді,
Қосылып қайғымызға жел жеткізді.
Қайысып қабырғасы уайымнан,
Көз жасын қалың елдің селдеткізді.
Ес жиып, етек жапты таланғандар,
Ерлерге көмек сұрап шабармандар,
Айнала қыстауларда Арғын, Адай,
Түп-түгел жау шапқаны хабарланған.
Ер Қошқар жасақ жинап Арғындардан,
Ер Жанақ жасақ жинап Алшындардан.
Кездесіп уәделі жол үстінде,
Мал, жесір қайтарудың қамын қылған.
Шақшақтың ер Қошқары ердің-ері,
Ерлікпен бар қазаққа белгілі еді.
Жоспарлап мал, жесірді құтқаруды,
Кеңесіп, көппен шешіп, белгіледі.
Бекітіп сардарлыққа Қошқар ерді,
Көңілге сенім-жеңіс дәнін екті.
Келісіп кек қайтару амалдарын,
Уайым, қайғы дертін жеңілдетті.
Шолғыншы хабар берді: — «Жау жақын!» — деп
«Шатқалда, қалтарыстау жау жатыр!» — деп.
Қазақтар сақтықпенен қимылдауда,
«Қалмақтар секем алып қалмасын!» — деп.
Жанақ пен Назар келді елу ермен,
Қалмақтар жинақталды көзі көрген.
Келіскен Қошқарменен жөн бойынша,
Жекпе-жек майдандасу кезі келген.
Адайдың туын ұстап Есекмерген,
Жанақ пен Назарға ақ бата берген.
Бәйімбет немересі ер Жанағым,
Жекпе-жек соғысуға алға өрлеген.
Ақ боз ат мінген қалмақ өз тобынан,
Бір асып жау да болса, ел қорыған,
Сайма-сай, жау-жарағы тұлғасына,
Жанақтың қарсы келді оң жағынан.
Қалмақ ер қара найза қолға алды,
Былдырлап өз тілінде ұран салды.
Ер Жанақ: — «Ер Қосайлап!» — найза қолда,
Қос батыр бір-біріне қарсы салды.
Ер Жанақ найзаменен шүйілгенде,
Қалмақ та қырғидай боп түйілгенде.
Ер Жанақ тар қолтықтан найза салды,
Жау ері: — «аһылады!» — күйінгеннен.
Тізгінін іліп қойып ер басына,
Сол қолмен қақты жаудың найзасын да,
Көздеп кеп, найза сілтеп, оң қолтықтан,
Асырды ер Жанағым айласын да.
Ер Жанақ тіресіп тұр найза ырғап,
Жау ері қаны саулап, бұлғалақтап,
Найзасын суырған сәт ер Жанағым,
Қалмақ та аттан ауды ырғалақтап.
Қылышпен Жанақ жаудың басын алды,
Бөктерген қоржынына басты салды.
Ер Назар: — «Жекпе-жек!» — деп, — «ЕрҚосайлап!»
Ортаға қаһарланып жетіп барды.
Екінші ері шықты қалмақ жақтан,
Қолында жалаң қылыш, болат қалқан,
Назарда исфаһани қылыш қолда,
Қалмаққа қаймықпастан қарсы салған.
Екі ер қылышпенен қидаласты,
Қос қылыш шақыр-шұқыр, ұшқын шашты.
Аттары арыстандай қарғып көкке,
Тебісті, саздай илеп қара тасты.
Қалмақтың қолын шапты білезіктен,
Назардың мысы басты үстемдіктен.
Қылышпен басын шауып, іліп алды,
Аруағы жаудан асып түскендіктен.
Аз қазақ көтермелеп ер Жанағын,
Қолпаштап, құттықтауда ер Назарын.
Қалмақтың жалпы соғыс ойын сезіп,
Кез келді тас-түйін боп қамданатын.
Жау жағы жекпе-жекті доғаратын,
Ойлары жалпыламай соғысатын,
«Қазақ—аз, өзіміз—көп»—деп ойлай ма?,
Көптікпен ойлары бар шошытатын.
«Атойлап» қалмақ шапты қан майданға,
Қазақтар қашатындай сыңайларда.
Соғысып, жәйіменен шегінуде,
Жоспарлы мұның бәрі амал-айла.
Туды ұстап шегінуде Есекмерген,
Жау жағын қорғап келед Мете мерген.
Жиырма мерген сарбаз оң жақ шеттен,
Метенің сақтықпенен соңына ерген.
Қазақтар соғысумен шегінуде,
Қалмаққа жеңілердей көрінуде,
«Үр-р-ха-лап!» қалмақ түгел қуа соғып,
Аңсыздық, мал-жесірден бөлінуде.
Ер Мете жұмылдырып жиырма мерген,
Қалмақтың сырт ажалы болып төнген.
Білтелі мылтықпенен көздеп атып,
Жауының сыбағасын сайлап берген.
Сирақты білтелімен оқ боратып,
Жауларын жамсатуда оқ кеп атып.
Сардарын, батырларын сайлап атып,
Аңсызда қалмақтарды арттан атып...
...Сол жақтан, ер Қошқарым бір бүйірден,
Жүз елу ер-найзағай, от түйілген,
Қалмақтың алдын бөгеп, шабуылдап,
Жауларын қара қойдай нақ иірген.
«Алаштап» ұрандатып түгел қазақ,
Жауына бірлікпенен ойран салад.
Кескілеп, шаншып-шауып, атып-жығып,
Елінің, жесірінің кегін алад.
Ер Қошқар жауға шапқан арыстандай,
Ер Назар түре тиген, қалыс қалмай.
Ер Жанақ, ер Метелер жебе, оғын,
Бұршақтай жаудыруда қағыс қалмай.
Айтуға айғағым жоқ анықтарға,
Ерлер көп кек алысқан Арғындарда,
Тілеуке, Айтболат пен Әжібайлар,
Бөкенбай, Отарбайлар — Алшындарда.
...Шабынған жауын көрсе шерлерімді,
Айтайын ел қорғаған ерлерімді,
Қорғасқан қасық қанын аямастан,
Қазаққа атамұра жерлерімді.
Жарылғап, Қайып, Жұлдыз, Есекмерген,
Тоқтамыс, Тоқпанбет пен, Тәңірберген,
Мырзатай, Қоңыр, Айтқұл, Өрөзегім,
Еміл мен Мойнақ, Шуақ, Балтаймерген.
Қозыбақ, Елбак, Жайлы,Табынайым,
Жолманбет, Жарылғап пен би Шоңайым,
Ақжігіт, Жарас пенен Боққарамыз,
Төлемей, Есеналы, Сырлыбайым,
Қосаяқ, Текей, Корпе, Қожамсүгір,
Бекболат, Қохан, Кенже, Сұлтангелдім,
Тоқтамыс, Дәулеталы, Метемерген,
Жанақ пен Назар, Есен, Жиенғұлым,
Батыр мен Байбол, Жаңай, Ырысбегім,
Олжашы, Жаналы мен Мұратбегім,
Байқошқар, Ырысбайым, Бегілімен,
Тоғызақ, Өтеп, Доғал, Нәуірзегім,
...Адайдан санай берсем толып жатыр,
Ол күнде осалы жоқ, бәрі батыр,
Тіліме асығыста аты түспес,
Бас иіп: «кешір!» — дейді Сізге ақын...
...Адайлар шабуылдап, аңдап алға,
Жан-жақтан: — «Ер Қосайлап!» — қалмақтарға,
Әр сарбаз мың боп жауға көрінгендей,
Аруағын астам қылып, жар боп Алла!..
Қалмақтар үздік-создық бытырадай,
Шашылып, берекесіз, қожырады-ай.
Қазақтар төрт жағынан бөріктірді,
Жау қалмақ тозғындады қосыла алмай.
Қалмақтар қан майданда — мол шығынды,
Бұқпалап, қашты, безді, ту жығылды.
Қошқар мен Жанақ, Назар қалмақ туын,
Тартқылап, ту-талапай қолды қылды.
Құтқарып тұтқындағы мал мен жанды,
Қалмақтан кек қайтарып, арын алды.
Жауларын ел асырып, қуып шетке,
Арғын мен Алшын түгел дамылдады.
Қуанып, құттықтасып, құшақтасқан,
Құт мекен Қазығұртта тұрақтасқан.
Үш жүзім басын қосып, жеңіс тойлап,
Жетерлік меймандарға қазан асқан.
Ер Назар — ерлікпенен танылған жер,
Бірлікпен — жау қалмақтан арылған жер.
Жай кезде көрместей боп есіргенмен,
Жау шапса, жұмылатын ашынған ел.
ЕР НАЗАРДЫҢ ҚҰБАЖАНҒА ҮЙЛЕНУІ
Ер Жары Айдар байға күйеу еді,
«Ақкете» қайың жұрты сүйенгені.
Құбажан Болпыш байдан туылғанда,
Назарға атастырып,иемденді.
Ер Жары Болпыш баймен құда екен,
Тұз-дәмін жарастырған Құдай екен.
Екеуі бесік құда бір-біріне,
Дос болып құрмет-сыйы ұнай берген.
Назары он алтыға толғанында,
Ер Жары жетпекші бір арманына,
Кенжесін үйлендіріп, келін алып,
Шүкіршілік етті тағдыр жазғанына.
Жеті жыл өтті жылжып жылдырымдай,
Назарға шаттық сезім тұр бұйырмай,
Бір бөбек сүйе алмай Құбажаннан,
Жан-сезім алай-түлей сұр құйындай.
Ер Назар күннен күнге қату қабақ,
Баласыз — базарсыз үй, қайғы жамап,
Жазмышқа Құбажаны не істесін,
Оңаша шерін төгіп жылап алад.
Бір күні Назар-Құба сырласады,
Мұңы бір екі мұңлық мұндасады,
Жазмышқа екеуінің амалы жоқ,
Кезекпен демеу сөзді тыңдасады.
Сол түні Құба ғажап түс көреді,
Түсінде өңдегідей іс көреді.
Әкесі Болпыш мырза Құбажанға:
«Не айтсам, екі етпе! Істе!» — деді.
«Құлақ ас, айтқан ақыл-кеңесіме,
Жазмышқа жазылғанға көнесің де,
Назарың екінші әйел алсын қалап,
Таңертең рұқсатын бересің де.
Үйленсе, жыл айналып ұл болады,
Ордаңа бала-шырын нұр толады,
Кеңесіп, келісіммен ұлды алсаң.
Көтерер көңіліңді гүл болады.
Ұлды сал етегіңе ырым етіп,
Сүйерсің өзің де ұл, мезгіл жетіп,
Алғанын Назарыңның сіңліндей көр,
Сыйласып, өмір өткіз күлімдесіп.
Бақытың — тату тірлік, тәттілікте,
Татулық жеткізеді сәттілікке.
«Кең болсаң, кем болмайсың», — деген халық,
Өзіңді көтер көкке, мәрттілікке»...
...Таңертең Құба тұрып Назарына,
Түндегі түсін еске салады да,
Баяндап кеңеседі өмір жайлы,
Үміттің нұры толып жанарына.
Назардың күткені де осы еді,
Құбаның ойы көңіл өсіреді.
Көп күткен қиын-түйін сәтіменен,
Бірлікпен түсінісіп шешіледі.
Немере көре алмай Назарынан,
Алманың күлкі кетті ажарынан.
Бақсы мен балгер айтар: — «Түбі оңды!», —
Жар болғай, Алла, бала-базарынан.
Құбажан түсін айтты енесіне,
Шаттанып түс-болашақ елесіне,
Енесі Алма жорып жақсылыққа,
Айналды әділетті төрешіге.
Айтады Алма ене келініне:
«Орнағай түсің берік сеніміңе!
Қыз таңдап, айттырамын Назарыма,
Түсінер қосақ болғай өміріне»...
***
...Кеңесіп Назар менен Құбажанға,
Алма да келді дұрыс ұйғарымға,
Беріштен Айтболатқа құда түспек,
Келіссе, үкі тақпақ Мақпалжанға.
ТӨЛЕ БИДІҢ ТӨРЕЛІГІ
Ер Жары өмір жайлы толғанады,
Кеңесіп, ағайынға ой салады.
Беріште Айтболаттың Мақпалжанын,
Назарға үйлендіру бар талабы.
Жаналы айтты сонда бар кеңесін: —
Байұлым жеті атадан асты өсіп,
Байқожа, Қыдырқожа ұрпақтары,
Келісер үлкен іс бар алар шешіп»...
...Лақабы «Бай» атанған Қадырқожам,
Сауранда жерленген,—дер жеткен хабар.
Байұлы ұрпақтары жиналалық,
Ақ боз ат Құдайжолы арнап шалам.
Құдайжол садақада Байұлы ұрпақ,
Ала жіп кесу жолын кеңес қылмақ,
Ала жіп кесіп болып, жеті атадан,
Асқан жер есептесіп, қыз алыссақ»...
...Жаналы ұсынысы мақұлданды,
Жетіру, Әлімұлы ақыл салды.
Белгілеп бір бейсенбі-жұма күнді,
Сауранға Кіші жүзім жақындады.
Үш жүз үй тігілуде — үш жүзіме,
Ел бегі, батыр, билер сүзілуде,
Іріктеп, аттандырып өз жақсысын,
Сауранға мейман келіп тізілуде.
Күз басы, дала сары, жасыл түсті,
Сыр суы буырқанған, ағып күшті.
Бұхар жақ, Сауран жаққа салмен өтіп,
Меймандар мезгілінде келіп түсті.
Бас ханым Әз-Тәукеге есік ашық,
Енуде алдыменен алшаң басып,
Сұлтандар, батырлар мен билер тобы,
Келеді ақ ордаға араласып.
Бастаған Ұлы жүзді Төле биім,
Бастаған Орта жүзді Қазыбегім,
Орнында Әйтекенің Ақсуат би,
Кіші жүз көп жиналды қалың елім.
Бөкенбай, Есет, Көбек, Әжібайлар,
Зілқара, Малайсары, Сәңкібайлар,
Жаналы, Есекмерген, Шонай, Есен,
Құлымби, Қожамжар мен «Жүйрік», Назар.
Құрметтеп жолыменен күтілуде,
Ақ орда іргелері түрілуде.
Сол жылғы жинақталған дау-өкпесін,
Шештіріп, әділетке жүгінуде.
Бозтөбе Сауран қамал іргесінде,
Айнала үш жүз үй тұр белесінде,
Екі күн салт, шариғат жолыменен,
Шешілген түрлі істер ел есінде.
Әуелі мал, жан-жетім, жесір дауы,
Құн, айып, жөнсіз істің кесір бәрі.
Тобықтай, тоқсан сөзден түйін шешіп,
Қазақтың шешілісіп арылғаны...
...Жаналы кезегімен сөзін алып,
Ұйыды айтқан сөзін тамам халық:
«Дәстүрі Қазақ атам, жеті атадан,
Асқанда, құда болар араласып.
Сол салтты біз жүреміз жалғастырып,
Алғанбыз елімізге заңдастырып.
Қазаққа қатаң сақтау — ұлы міндет,
Туыстық, бұзылмайды қандастылық.
Үш жүзім рұхсат бер Байұлына,
Ақ боз ат арнап шалам құдайыма.
Жеті ата толған жерден қос Байұлы,
Ала жіп кесіседі шынайыдан».
Сол күнгі төбе биім — Төле биім,
Сөйледі, құлақ қойды ұлы жиын:
«Әйтекем бізге берген аманаттап,
Сақтаймыз Қазақтықты — салт пен ырым.
Естай мен Елтай толған жеті ата,
Анықтап шежіреден бердім бата.
Ала жіп кесіседі Естай, Елтай,
Куәгер осы халық һақ тағала».
Байұлы — Ағатай мен Құдайназар,
Қаумалап ел екеуге салды назар,
Ала жіп керілгенде ырым-жөнмен,
Кездікпен кесті Ағатай, Құдайназар.
Төле би: — «Рұхсат!» — деп берді бата:
Байұлы түбі туыс он екі ата,
Қыз алып, қыз берісіп, құда болып,
Жайылсын Бекарыстан мың сан шақа!
Аллаһу акбар, Әмин!» — деп Төлеміз,
Батамен айтқан шешім есте еміс.
Сол салтпен құда болдық он екі ата,
Қыз, келін төркіндері болып өріс.
ЕР НАЗАРДЫҢ МАҚПАЛЖАНҒА ҮЙЛЕНУІ
Жаналы құда түсті Айтболатқа,
Айтболат зар қылмады құт-жауапқа.
Екі жақ ырзаласып қалың малға,
Келіскен хабар айтты жамағатқа.
Мақпалжан он үшінде айдай толып,
Иілген қара қасы жайдай болып:
«Назарға қарсы емеспін қосылуға» —
Күлімдеп жауап берді таңдай болып.
Келіскен — қалың, киіт бәрін өтеп,
Бәріне жүз бас малды берді төлеп,
Беріштер салтанатты тойдан кейін,
Мақпалдың аттандырды көшін түзеп.
Адайлар қарсы алып Мақпал көшін,
Тойлады ойдағыдай болып шешім.
Құбажан бауыр басып Мақпалжанға:
«Келер жыл бір ұл сыйла, көңіл өсір!»...
Дегенде Мақпалжан да басын изеп:
«Арманым — сізбен тату өмір сүрмек.
Ақылды күншілдіктен аулақ болар,
Ақымақ іштарлықпен ренжімек.
Құдайым айырмағай татулықтан,
Болайық аулағырақ қатулықтан,
Үшеуміз сыйласалық бұл жалғанда,
Ел үшін, үй болалық үлгі тұтқан».
* * *
Мақпалжан Назарменен ақ некелі,
Ақ отау оңашада, құс төсегі,
Зер жеңсіз, қос етекті ақ көйлегі,
Шашбау мен алқа, сырға — сыр шертеді.
Әуезді сыңғыр, күмбір, ерке сылдыр,
Көңілді қытықтайтын дыбыс құрғыр,
Ағытып он түймені «қос төбеден»,
Сырласар ерлі-зайып күбір, сыбыр.
Назармен Мақпалжанға сәтті күндер,
Есінен мәңгі кетпес тәтті түндер...
Елу күн өткенінде Мақпал жеріп,
Жүрегі айнып, лоқсып, тәні мең-зең.
Құбажан және туыс абысындар,
Мақпалдың жайын біліп барып-шығар.
Мақпалда ұйқы-күлкі, ес-түсі жоқ,
Білмейді кім ем тауып, алып шығар.
Бектеміс терең білім молла еді:
«Ия, Алла, пендең жолын оңда! — деді, —
Ашайын кие кітап Мақпал үшін,
Жерік ас неден емі? Жолда!» — деді.
«Жерік ас — жолбарыстың жүрегіне,
Ер туар: ел аңсары — тілегіне.
Назарым сәт-сәрсенбі аңға шықсын,
Жаратқан қайрат берер білегіне».
ЕР НАЗАРДЫҢ ЖОЛБАРЫС АУЛАУЬІ
«Сәрсенбі — ия, сәт!» — деп Назар аңға шығады: —
«Жар болғай, — деп — жалғыз Алла».
Метемен Есекмерген, Әжібайы,
Тоқтамыс, Есболаймен шықты жолға.
Аралдың алды сансыз құрақты көл,
Солардың бірі аңды,«қамысты көл».
Назарлар «қамысты көл» жағасына,
Қос тігіп, саяжайда алады дем.
Басшысы, ақылшысы Есекмерген,
Тілекші бір туысы Метемерген,
Тоқтамыс, Әжібай мен Есболайы,
Жаужүрек сайлы ерлер бірге ерген.
Із кескен Есекмерген болжап бағдар,
Жоспарлап шаруа жайы кеңес айтар:
- «Түнімен қоста кезек дем алысып,
Қарауыл қырағы боп, аң-құс байқар.
Таңсәрі аң-құс келер су ішуге,
Жолбарыс аңдыр жемін нақ ілуге,
Сәтімен Назар алса жолбарысты,
Мақпалға бұйырғай да ем түсуге».
— Деді де Есекмерген хикаяны,
Тарихи-шежіреден баяндады,
Мергенге құлақ түріп жолдастары,
Өткенмен бірге желіп, аяндады...
...Маған да сол хикая сүрлеулері,
«Жырла!» — деп, жүрегіме дем бергені.
Жырлаймын өткен өмір-көргендей боп,
Қажет қой ұрпағымның меңгергені...
...Ортада от жануда таң атқанша,
Әңгіме зеріктірмес ел жатқанша.
Бабалар шежіресі-көш керуендей,
Елес боп, өтер зулап қас қаққанша...
Таң ерте жинақталды аңның тобы,
Із тапты, жолбарыстың соқпақ жолы.
Бес қару сайланулы, Назар күтер,
«Болар! — деп, — сапар сәтті осы жолы».
Бес жолдас бес жағында сақ қарайды,
Аң-құстар сирек өте, қаптамайды-
Топ бөкен жел жағынан желіп өтті,
Жолбарыс кез боп үміт ақтағай-ды.
Мінекей, токта! Тыңда! Қамыс... сытыр,
Соқпақпен дәу жолбарыс келе жатыр.
Сары ала қамыспенен түстес түсі,
Бөкенге тез шабынып, бара жатыр.
Бөкендер сезіп қалды жолбарысты,
Азулы ер екенін аңғарысты.
Бір теке құрбандыққа басын байлап,
Әдейі, соқпақ жолға, алға басты.
Қалғаны жансауғалап бытырады,
Жел тұяқ жеткізбестей құлдырады.
Жолбарыс жолындағы ор текені,
Жем қылып, шайнап, талмап, жұтынады.
Осы сәт... Назар алып ақ садағын,
Сұр жебе жүрегіне оқталады.
Керіліп, тартып тұрып жіберген оқ,
Жүректен жарып өтіп тоқтағаны.
Жолбарыс байқап қалып атылуда,
«Жетем!» — деп, ер Назарға шабынуда.
Назар да жасыл найза ыңғайлап ап,
Кезеніп жолбарысқа ұмтылуда.
Үшінші қарғығанда жолбарыс-дой,
Назарды қыран құсша бүретіндей.
Назар да найзасына іліп оны,
Ту қылып, желбіретіп жүретіндей.
Ілдіріп, нақ төбеде найзасына,
Көтерді найзаны оң жамбасына,
Өгіздей жолбарысқа шыдамаған,
Найзасап ортасынан морт сынуда.
Ер Назар осы сәтті алғаш байқап,
Қос қадам бір жағына шықты аңдап,
Ашылған ауызына жолбарыстың,
Көмейге найзасапты тықты бойлап.
Қанжармен қонып құсша жолбарысқа,
Тез шалды сағағынан кең тыныстап,
Тулауда, тыпырлауда жандалбаса,
Төрт аяқ тарпып жерді қапылыста.
Ер Назар қанжар салып жұлынына,
Басып, қарап, жан шығар солқылына,
«Амал не, аяғанмен? Ем үшін!» — деп,
Бекітті буын, сезім, қан жолында.
Жолбарыс жатыр міне тұлып болып,
Ер Назар тынығуда сойып болып,
«Ерсің!» — деп, мақтан тұтып жолдастары,
Жүрегін жолбарыстың жайып қойып.
Іркілмей жүріп кетті Назар елге,
Мақпалға жүрек берді: — «Же! — деп, емге»...
Мақпал да шала қақтап жолбарыстың
Жүрегін түгел жеді, тұздап лезде.
Сол күннен үш күн, үш түн Мақпал ұйықтап,
Оянса су ішеді, шұбат ұрттап.
Құбажан Назарменен кезек қарап,
Мақпалдың көңілінен баптап шықпақ.
Төртінші күн дегенде тұрып Мақпал,
Қосағын, күндесін де етіп мақтан,
Алаулап ай дидары қырмызыдай,
Рахат сезім билеп, демін алған.
ШОТАННЫҢ ТУЫЛУЫ
Тоғыз ай он күн толып Мақпалжанға,
Ұл туды ат басындай, арман бар ма?!
Құбажан өзі талғап, туғандай нақ,
Әлдилеп, аялады алақанда.
Ата салт, ырым етіп етегіне,
Салды да, мейір шашты бөбегіне,
«Мақпалым — «ер туғаным» бөбекті бер!
Ерейін не айтсаң да жетегіңе.
Күндесім — түсініскен көңілдесім,
Еншіміз тірлігімде бөлінбесін.
Тағы да қос ұл сүйер анасың сен,
Тағдыры бір қамшыдай өрімдесім»
— Дегенде, Құбажанға Мақпалжан да,
Ақ пейіл, ақ жүрегін ақтарғанда:
«Тұңғыш ұл сендік болсын, Алла куә!
Жеткейміз алда асыл армандарға»...
Ер Назар Құдайжолы тоғыз жандық,
Мал атап, тарқатады мол құрбандық.
Тағы да шілдехана тойын берді,
Айнала алты Алашты ырза қылып.
Алшында сол кездегі ата салты,
«Ер Қосай жолын бер!» — дер, жамағаты.
Сол жолмен Қосай ұрпақ — билік, ерлік,
ақбата жолын бастар салтанаты.
Бұл өзі киелі жол ел білетін,
Адаспас ата салттан жөн білетін.
Мінекей, шілде тойда Есекмерген,
«Бөбекке ат қой!» — деп ел көз тігетін.
Ортада, төрде батыр Есекмерген,
Алпыс бес жас шамасы, көпті көрген.
Ақ орда сегіз қанат толы мейман,
Қазақтың балқаймағы тектілерден.
Жамағат, Есекмерген қолын жайды,
Шер дауыс тау суындай арындайды,
Естіген адам түгел, аң, құс түгел,
Мергеннен ұйып бата қабылдайды:
«Шет-шексіз мейірімді, аса қамқор,
О, Алла, ақ тілегім болғай да оң,
Жаратқан атынды атап сөз бастадым,
Пендеңнің ақ пейілін қабылда оң.
Назардың тұңғыш ұлын - игі ұл ет,
Жан-тәнін сау-саламат бек көркемдеп.
Өзін де, ұрпағын да Ислами ет,
Фәниде, бақида да бақытты ет.
Әлемге жалғыз Ие, — а, Құдайым,
Жебей гөр, ақ жол биім, ер Қосайым,
Осы ұл қалқан болғай қазағыма,
Илаһи қабыл еткей, қол жаяйын.
Ер болғай — Ел үмітін ақтап өтер,
Жауларын жағаласқан таптап өтер,
Ерлікпен даңқы фәни, бақида да,
Ұрпағы үлгі тұтып, мақтан етер.
Қалмақтан қысылғанда болған қорған,
Замандас, Байбақтымда батыр Шолан,
Шоландай ерлігімен елге жақсын,
Бұл балам — болсын аты мұның Шотан.
Ер болғай бізден соңғы қол бастайтын,
Тар жерде ақыл тауып, жол бастайтын.
Мың есе жауы қамап тұрса дағы,
Жүрегі — сенім толы, тым саспайтын.
Бұл балам—болсын аты мұның Шотан,
Ұрпағын өсіргей көп Хақ-тағалам.
Киелі ер Қосайға шөберемін,
Уа, Алла, қабыл болғай бұл ақ батам.
Аллаһу Әкбар. Әмин!» — деп Есекмерген,
Ат қойып ер Шотанға бата берген.
Ізінен Шотанжанға Бектеміс те,
Оң құлақ, азан дұға оқып берген.
Назар да: «Болғай да, — деп, — қабыл батаң,
Мергенім, зер өрнекті шапан жабам.
Торжорға күмістелген ер-тұрманды,
Ырза бол, ақ ниетпен алға тартам.
Замандас, бөле мерген, жегжатымсың,
Түбің бір, сырлас досым, бекзатымсың.
Құбажан бәйбішеңе кілем сыйлар,
Алдымда айбар ағам, ардағымсың.
Ырза бол той-сыйыма жамағатым,
Сізбенен артар менің салтанатым.
Шотаным азамат боп, аман өскей,
Келсеңіз, күлім қағып қарсы алатын.
О, халқым, ой-тілекке жеткейсіңіз,
Менен де даңқың асып өткейсіңіз.
Мал мен бас, бақ, абырой-Құдай беріп,
Жалғанда иманды боп өскейсіңіз.
Тілеймін бәріңе де амандықты,
Жаратқан аулақ қылғай жамандықты.
Бірлік пен берекеміз арта бергей,
Халқымнан аулақтатқай надандықты.
Барғаймын қуанышты тойларыңа,
Жеткейсіз алда арман-ойларыңа.
Қош-есен көріскенше күн жақсы!» — деп,
Қоштасты Назар елмен жайнады да.
БЕСІККЕ САЛУ, БЕСІК ЖЫР
Жыл есеп-мың жеті жүз бесіншіде,
Туылып Шотан көңіл өсірді де,
Назардың шаңырағын шаттық кернеп,
Бак нұры құйылғандай сезілді дер...
...Сол күні, жеті әйел — әжелері,
Қызықтап, дайындасып жеңгелері,
Оңаша Құбажанның отауында,
Бесікке тұңғыш салар белгіледі.
Сол жақтан, төркін сыйы-әбдіреден,
Ашты да, бесік алды өрнектелген.
Бір үлкен елге сыйлы әже келіп,
Шотанды қолға алып әлдилеген.
Іс бастап Алла атынан, жез легенге
су құйды мыс құманнан және демде,
Шотанды иіс сабындап жуындырып,
Құрғатып, сүртіп алды үлкен әже.
Майменен, тұзды сумен сылап-сипап,
Кергілеп, аяқ-қолға қимыл жасап,
Шотанды бастан ұстап, мойнын созып,
Шынығар іс-қимылдың бәрін жасад.
Бесіктің басын қойып шығыс жаққа,
Шотанның жүзін беріп Кәба жаққа,
Алдымен аластаған бесігіне,
Бөледі, әлдилеумен жұбатпақта.
Әлқисса, Шотанды бесікке салатын үлкен әже деп отырғанымыз—Тобыш, Ораз, Жайықұлы Әлмәмбеттің қосағы-Қаракөз екен. Қаракөз әжеміздің Шотанды алғаш бесікке салып, айтқан «бесік жырын» тыңдалық:
— Әуелі Алла атынан,
Бесікке бөлеу шарты бар.
Әлди Шотан, әлди-ай,
Еліңнің асыл салты бар.
Жар болып, Алла, қарасқай,
Шотанға бесік жарасқай,
Атам Қазақ салтымен,
Алайын әуел аластай.
Бабадан қалған ізбенен,
Адыраспан, тұзбенен,
Тұтатып бесік аластау,
Зиянды түрлі тіздеген.
Мейірім күтіп Алладан,
Жебеу күтіп бабадан,
Тілеймін: — «Алас, алас!» - деп,
Аулақ бол, зиян, баладан!
Түбегін бастап салайын,
Аяқ-қол бау алайын,
Көрпеше, жастық, жөргегің,
Жаңадан, сілкіп, жаяйын.
Келе ғой енді бөбегім,
Бағымдай сені көремін.
«Тыштырмай» ырым ұмытпай,
Өрік, мейіз төгейін.
Қауынқақ, құрт, ірімшік,
«Тышты ма балам» шұбыртып,
Ауылдың барлық баласын,
Бесікке қойдық үңілтіп.
Қой жілігі шүмегің,
Құйылған қыш түбегің,
Тазалықты сақтайды,
Алаңсыз іспен жүремін.
Әуелі оң жақ қолыңды,
Екінші сол жақ қолыңды,
Қосақтап қос аяғың,
Байлаймын, болсын қонымды.
Жастайын басқа Құранды,
Тұз, тұмармен құралды,
Шошымай жайлы жатарсың,
Тұрмыста талай сыналды.
Байлайын әсем сылдырмақ,
Шайқасам, тұрсын сыңғырлап.
Дыбысқа ойың бөлініп,
Көңіліңді бұрғызбақ.
Жеті затты жабайын,
Бесігің ат қып шабайын.
Қалта, киім ырысың,
Артылғай тағдыр-талайың.
Қамшы, жүген басында,
Өскенде қажет батырға,
Әлди Шотан, жата ғой,
Келгенің жөн ғой, ақылға.
Туыстарың мәз-мейрам,
Алау жүздер нұр-жайнаң,
Бесік-жорға мінеді,
Қаракөз әжең қартайған.
Ел қорғайтын батыр бол.
Шешен, көсем, әкім бол.
Жамандықтан аулақ жүр,
Жақсылыққа жақын бол.
Күш иесі білекті,
Ер болғайсың жүректі.
Азамат бол, арлы бол,
Бергей, Аллам, тілекті!
«БАҚҚҰСЫМ ӨЗІҢ-ЖАН БАЛАМ»...
Шотан тыныш жайланды,
Қалғуға да айналды,
Құбажан алып бесікті,
Жәймен шайқап, толғанды:
«Айналайын, ақ ботам,
Құмарым едің қанбаған,
Баққұсым өзің — жан балам,
Айналдым берген Алладан.
Айналайын, ақ ботам,
Бесігің жайлы, жат ботам.
Сегіз жыл аңсап күткенмін,
Иіді міне, ақ мамаң.
Үзілмес үміт өзіңсің,
Шат сезім, нұрлы көзімсің,
Иіді мамаң еме ғой,
Туғандай анаң сезінсін.
Алпыс екі тамырым,
Сүт болып ақты ақырын.
Аналық мейір-сүтімді,
Еме ғой, ботам, батырым.
Әлди, әлди, балам-ай,
Аялайды анаң-ай,
Анам! — деп, мені ұққайсың,
Сақтасын мәңгі санаң-ай.
Тумасам да туғандай,
Жан-тәнім «сен!» — деп, тұрғандай,
Бағым да, жаным өзіңсің,
Жүрегім сезіп тұрғандай.
Есейіп, ер боп өскейсің,
Ел қорғап, ер боп өткейсің,
Еліңнің алсаң алғысын,
Ұрпақпен мәңгі көктейсің.
Еліңе тұтқа аға бол,
Ақылды, текті, дана бол,
Адал сүт еміп анаңнан,
Ең әуелі адам бол.
Әлди, әлди, ақ ботам,
Ұйықта, дем ал, жат ботам.
Ел мен жерді қорғап өс,
Елеулі Ер бол, ақ батам!!.»
НАЗАР, МАҚПАЛ, ҚҰБАЖАН МҰРАТЫНА ЖЕТКЕН КҮН
Ең Асыл әйел Құбажан:
— «Келсін! — деді, — Мақпалжан»,
Келген кезде Мақпалжан,
Оңаша сыр ақтарған:
«Күндес емес, көңілдес,
Бір қамшыдай өрімдес,
Жаратқан Хаққа шүкірлік,
Бергенге сендей өмірлес.
Ақ пейілмен сыйлайтын,
Ұлын да берген қимайтын,
Айналдым сенен Мақпалжан,
Өлгенімше сыйлаймын.
Құшағымды ашқанда,
Бауырыма басқанда,
Хаққа ырза көңілім,
Ана сүтім аққанда...
...Ақ ботама иідім,
Иіскедім сүйіндім.
Амандығын тілеймін,
Көңіл-көкте күнімнің.
Ақ ботам енді менікі,
Көңіл ортақ сенікі,
Ел тірегі Ер болса,
Сүйіктісі — Елдікі!»
— Деді де, құшып аймалап,
Көзі күндей, айқабақ,
Мейір шашып, Мақпалға,
Ұсынды шұбат, балқаймақ.
Өткенін еске алысты,
Кезек сөйлеп жарысты,
Шотанды кезек тербетіп,
Рахат тыныс алысты.
Көңілдері — көктем күн,
Өркендері өскен күн.
Назар, Мақпал, Құбажан,
Мұратына жеткен күн...
ШОТАННЫҢ ЕР ЖЕТУІ
Теңінен артып туған Шотан өсіп,
Сегіз ай тарлық етті ақ тал бесік.
Он үш ай өткенінде «қаз-қаз» басып,
Тойлады тамашалап, тұсау кесіп.
Тіл шыққан он төрт айда сөйлеп анық,
Он тоғыз айда айтты ойын анық.
Жас бала үлкендерше сөйлегенде,
«Тіфалап!» — халық жүрді қайран қалып.
Бес жаста жорға мінді тайпалдырып,
Алтыда тайға мінді таң қалдырып,
Жетіде тең-құрбының бәрін жықты,
Бес есе күштілігін байқаттырып.
Бес жаста молда келіп сүндеттеді,
«Шотанжан Мұхаммедке үммет!» — деді.
Назар бай жеті тәулік той жасады,
Керемет тамаша той, тіл жетпейді...
...Сегізде асау мінді жас барыстай,
Бозбала, жігіттерден еш қалыспай,
Он жаста құрық салып, тайды жығып,
Он төртте көкпар тартты жолбарыстай.
Ауылда сегіз қанат мешіт үйі,
Мешітте молда-имам Бектемісі,
Ұл-қызды иман-сенім, шариғаттан,
Оқытқан Бектеміс — дін үлгілісі.
Мешіт үй, күндіз-түні есігі ашық,
Бес уақыт намаз оқыр тамам халық,
Қол боста ауылдастар басын құрып,
Отырар насихатты үлгі алып.
Сөз қозғап, шешендері сөз-лұғаттан,
Дін жайлы имам сөйлер — шариғаттан,
Үлгілі сан хикая, құран, хадис,
Өнеге ойға түйер тағлиматтан.
Шотан да: — «Лә Иләһа илләллаһу» —
Деді де, шын ниеті болды оқу.
Бес жылда қырық парыз мол меңгерді,
Жеткізді жігерлілік, сеніп тоқу.
* * *
Он үште жылқы бақты жігіттермен,
Шынығу, сайыс өнер үміттенген,
Қарумен, қарусыз да, жаяу, атпен,
Сарбаздық тәлім алды іріктелген.
Белгілеп шың басына қиядағы,
Ілінген нысананы ұядағы,
Жебесін тигізеді нақтап атып,
Қолында керілгенде ақ садағы.
Найзамен қылыш, шоқпар, сойыл, құрық,
Дойырмен салғыласар ойын құрып,
Атүсті аударысып көппен жеке,
Шыңдалды Шотан түзде айқас қылып.
Жылқыны кең аңғарға жайып тастап,
Жігіттер шынығады айқас бастап,
Қимылдар көз ілеспес, найзағайдай,
Шынықты, тар кезеңде іске аспақ.
Тәлімгер ұстаз — Шолан, Есекмерген,
Тінейде Арықұлы Тәңірберген,
Туысы — Тоқтамыс пен Метемерген,
Ақкете ер Аралдан үлгі көрген.
НАЗАРДЫҢ ТӨРТ БАЛАСЫ
Назар да тілеген жан бір Құдайдан,
Мақпалдан екінші ұл, аты — Майлан.
Одан соң туылыпты Құдайберген,
Отбасы бәйтерегі желек жайған.
Құбажан Шотанымен шат өмірлі,
Жазылды ескі уайым, қам көңілі.
Бұйрықты мезгіл жетіп екі қабат,
Босанды көп ұзамай Тастемірді.
Назар мен Құба, Мақпал төрт балалы,
Қызықтап балаларын шаттанады,
Шотан, Майлан, Құдайберген, Тастемірмен,
Базарлы, өсті көңіл, бақ-талабы.
НАЗАРДЫҢ ҚЫДЫР КӨРУІ
Оралған он екі айда, оразада,
Назар келді үйіне тарабадан,
Қадір түні үйінде таң атқанша,
Құран оқып отырмақ оңашада.
Таһарат алғаннан соң шам түбінде,
Қасиетті құранға ол үңілген.
Осы кезде ит үріп, ат дүрсілдеп,
«Хабарлас!» — деп шақырған үн естілген.
Жамылып шидем шекпен Назар тезден,
Кездесіп ақсақалға сәлем берген.
Айлы түн, ақсақал тұр ақ киімді,
Назармен төс тақасып, мейірленген.
Көргендей сағынысып, бауыр басып,
Екеуі бір сәт тұрды құшақтасып.
«Алысқа сапар шеккен жолаушымын,
Құдайы қонақ алсаң, қабыл алып.
Беймезгіл келіп тұрмын есіңе,
Жазылған сізден дәмім — несібіме»,
— Деді де, ақсақал қарт жауап күтіп,
Назарға қарап қалды көзін тіге.
Назар да келген жанды есігіне,
Ырза ғып аттандыру кәсібі ме?
«Ақсақал қонып, дем ал, өз үйіңдей,
Мал соям, жемей кетпе есігімнен»,
— Деді де, қонақ үйге кірді бастап,
Салулы құс төсекке жастық тастап,
Құбажан, Мақпалжанға қатар енген;
«Әкел! — деп, бесті қымыз», — айтты шапшаң.
Қонаққа таныстырды қос жұбайын;
«Қосақтап қосқан лайық бір Құдайым.
Бүгінгі Қадір түні Сізбен бірге,
Сырласып, шариғаттан сөз қозғайын».
Осы кез қос шам жағып Құбажан да,
Жеткізді бесті қымыз Мақпалжан да,
Сапырып, тегенеден қымыз құйып,
Зереңмен ұсынуда мейман шалға.
Ақсақал қана ішіп ағарғаннан,
Ырзалық пішінменен демін алған.
Назар да інілерге мал сойдыртып,
Сәреге дайындаудың қамын қылған.
Түнімен кезек-кезек шариғаттан,
Мейман мен Назар мырза тағлим айтқан.
Және де, мезгіл-мезгіл тасбих тартып,
Құлшылық етуменен таң да атқан...
...Сәреде Мейманға бас табақ тартқан,
Құрметпен бар отбасы тамақтанған.
Қымызды сабасында пісіп-пісіп,
Мақпалжан қанғанынша сусындатқан.
Сол күнгі оразаға ниет етті,
Ауызын бекітуге мезгіл жетті.
Мейманмен таң намазын бірге оқып,
Назар да Хақтан тілеп, сәжде етті...
...Сол кезде Назар айтты мейманына,
Бір сәтке, ойға кетіп толғанды да:
«Мейманым жөн сұрадым, айтпадыңыз,
Кім деймін ауылдасқа, жан-жағыма?»
Мейман да сөз бастады күлімсіреп,
Ақ сақал күмістей ақ, нұр төгілет,
Алаулап жүзі жарқын, көзі күндей,
Мейірім себезгілеп, тұр елжіреп.
«Айтайын, анығымды, Назар балам,
Кезеді Қадір түні Қыдыр бабаң.
Алланың бұйрығы ғой, келдім саған,
Жарылқар, Жаратушым, назар салам.
Айт, егер менде болса бір тілегің,
Жауабын қазір айтам мен білетін,
Алланың сүйген құлы Назаржаным,
Іркілме! Күн шығарда мен жүремін».
Мейманы Қадір түнгі Қыдыр екен,
Мейманның айтуымен Назар білген.
Ойлады «айтайын», — деп бір тілегін.
Арманы — ұрпақ қамы ойда жүрген.
— «О, Ата! Бар арманым — ұрпақ қамы,
Ислами, иманды боп өскей бәрі.
Бірлікпен Берекелі өскей ер боп,
Сақталғай таза қаны, болып арлы.
Ұрпағым болғай бәрі қайырымды,
Өсіргей тайпа етіп ауылымды.
Тілегім төрт ұлыма назарың сал,
Көрсетші Қыдыр ата зайырыңды.
Тарықса, төрт ұлымды жебегейсің,
Тар жерде таяныш боп демегейсің.
Шотан, Майлан, Құдайберген, Тастемірім,
Атаның алғысымен өрлегей шың».
БЕССАЙЫС — БОЗБАЛАҒА СЫНАЛАР КҮН
Сол кезде...наурыздың соңғы күні,
Мырзалар танылатын мейрам ұлы,
Байұлы ортасында Сатым байдың,
Кезекпен, мырзалықпен тойлар жылы.
Мақсаты мерекенің жастар үшін,
Бессайыс өтеді екен, ең ұлы сын.
Бәрінен бессайыстың озып шыққан,
Бессайыс жеңімпазы аталар күн...
...Бессайыс — бозбалаға сыналар күн,
Бозбала: — «Жігітпін!» — деп қуанар күн.
Қыз-жігіт тамашалап, теңін тауып,
Оңаша кезі келсе, сырласар күн.
Он жеті жасқа жеткен Шотан жігіт,
Қыз көрсе, көңілі толқыр, көзі күліп.
Ажарлы ақылы сай қыз кездессе,
Қиялдар: — «Қалыңдық!» — деп, іші жылып.
Сатым бай бессайыс той тойлап жатқан,
Бірінші—сайыс қызу көкпар тартқан.
Көкпарда үш жүздің бар бозбаласы,
Алысып, көкпар ойын қызықтатқан.
Ат үсті алыс-жұлыс тартып жатқан,
Ығысып, тік жар жалға жақындатқан.
Жас Шотан соңғы сәтте көкпар алып,
Сатым бай ауылына тура тартқан.
Астында көк бестісі желдей есер,
Шотан да: — «Кім бар, ізде, қуып жетер?!»
— деп ойлап, қарайлаумен тақым қысып,
Жеткенде бай үйіне көкпар берер.
Көкпарды Сатым байдың ордасына,
«Сауғам!» — деп тастап кетті сыйлады да.
Сатым бәйбішесі жас Шотанға;
«Сыйға-сый. Жүзік ал!» — деп көкпарыңа.
Көкпарға күміс жүзік Шотан алып,
Ұнатып, саусағына тездеп салып.
Көргендер ырзалықпен айтып жатыр;
«Мінекей, ер болатын жігіт анық!».
Ауылдың іргесінде қырат қабақ,
Қабаққа қойған ұзын бақан қадап.
Сол жерден қабақпенен бақан басы,
Көргендер: — «Жиырма құлаш!» айтар санап.
Бақанның басында үш арқар тұяқ,
Сом күміс — арқар тұяқ қойған байлап,
«Жамбы» деп аталады сом күмісі,
Тигізген нағыз мерген, болар айғақ.
Бақанның басында үш күміс жамбы,
Нақ атып, тигізген — ер, соны алсын.
— Деген шарт; қан қыздырып, «мерген!» — деген,
Жиналған бағын сынар қалың Алшын.
Бақанда үш жамбы тұр салбыраған,
Күн нұры шағылысып, жалтыраған.
Шотан да, тағы сынап бақ жұлдызын,
Ортаға шықты еркін басып қадам.
Бақаннан елу қадам тұрды қашық,
Ақ садақ, ұшқыр жебе қолға алып.
«Ия, сәт!» — деп кере тартып жібергенде,
Ақ жамбы түсті жерге сыңғыр қағып.
«Хас мерген, ер Шотан!» — деп көтермелеп,
Көрермен халық тұрды сөзбен демеп.
«Тіл-көзден сақтай гөр!» — деп ер Есболай,
Шотанға күлімсіреп, тілек тілеп...
Үшінші — сайыс екен күресетін,
Ақыл, күш бәрін жұмсап тіресетін.
Күреске Шотан шықты алшаң басып,
Сенімді, ойлап: «Жеңіс!» — түп есебін.
«Жарылқа, Жаратқан!» — деп толғанады,
Сеніммен, үміттеніп ойға алады.
Осы сәт, өзі теңдес балуан шықты,
Оның да өз арманы, бар талабы.
Екеуі алдыменен амандасты,
Сонан соң, бастап күрес, жағаласты.
Қарсылас сырттан оң жақ жамбасқа алып,
Бүктемек Шотанжанды табан асты.
Сезді де Шотан жасап басқа әдіс,
Ырғалап, жаңылдырды іштен шалыс,
Ауытқып, оң жамбасқа өзін алып,
Ер Шотан көтерді оны жерден қарыс.
«Ер Қосай қолдай гөр!» — деп Шотан сонда,
Қыран боп Қосай рух келді самғап.
Шаңқылдап қыран Шотан төбесінде,
Жебеді қайрат қосып, қолдап-қамдап.
Шалт қимыл жасап, сол сәт бүгілгенде,
Қарсылас салмағымен иілгенде.
«Гүрс!» - етіп, шалқасынан түсті тегіс,
Шотан да бүркіттей боп шүйілгенде.
Күрестен жығып Шотан жүзі жарқын,
Артықша сом денелі, мінезі алтын.
Ақыл, күш орныменен тең қолданып,
Мәз қылды қалың қазақ — туған халқын.
* * *
Төртінші — теңге алу мықты сайыс,
Ат үсті бірде желу, бірде шабыс,
Сом алтын теңге түйін жатқан жерде,
Атпенен желіп өтіп, алу — табыс.
Шотан да көк бестімен дайындалды,
Шеттеуде шынығумен қайымдалды
«Баста!» — деп бас төреші белгі берді,
Шотанның жан-жүрегі жалындады.
«Тәуекел!» — қамшы басты көк бестіге,
Жасындай ағып келед көк бесті де.
Оң жаққа тез иіліп, теңге алды,
Қуанды бұл жеңіске жеткеніне.
Қолында жарқылдаған алтын теңге,
Қолпаштар: «Епті екен!» — деп қалың ел де.
Төрт сайыс түгелімен жеңіп шығып,
Құрметтеп қаумалады құрбы-теңдер.
Бесінші — сайыс болар қыз қуудан,
Көрермен көбі жастар қызық қуған.
Жігітке жеңіс — атта, болса тұлпар,
Шотан да бір үміткер белін буған.
Төреші қоржынында жеребе бар,
Қыз, жігіт жеребені кезек алар.
Бірінші кезек кімде, сол жұп таңдар,
Таңдаулы сәйкес келген гүлдей жайнар.
Кезекпен Шотан алып жеребені,
Оқиды, біріншілік кезек еді.
Дауыстап көпшілікке: «Ханайым!» — деп,
Ер Шотан шат сезімге бөленеді.
Астында көк бестісі ойнақтайды,
Жас Шотан жалын-жүрек жайнақтайды.
Осы кез сүлік қара арғымақпен,
Ханайым Сатым қызы бұлғақтайды.
Ретпен қашты алда Ханайым қыз,
Ізінен Шотан қуды, жайнаған жүз,
Бір қырдан асырмай-ақ Шотан жетті,
Жеңіспен, Шотан шетте аймалап қыз.
Оңаша ...Аттар қатар — қыз бен Шотан,
Именген Ханайымды құшақтаған.
Иіскеп ақтамақтан, шашын сипап,
Екі жас балқып, шалқып, жалындаған...
Ханайым он бесінде, ай келбетті,
Киімі ханшалардай сән-сәулетті.
Ай-дидар ару сүйіп Шотан бүгін,
Болғандай елден ерек бақ-дәулетті.
«Біріксе құшағымыз мәңгілікке»,
— Деп Шотан шын берілді тәтті үмітке.
Ханайым басын изеп, елжіреді,
Жаратқан жазған мына сәттілікке.
Көк бесті, сүлік қара қатар келед,
Кісінеп, сөйлескендей, қатар желед.
Ханайым тәтті сәтке босап былқ-сылқ,
Құлатпай, Шотан оны келед демеп.
Екеуі бірге шығып қыр басына,
Соңғы рет көз күлімдеп, ымдасты да,
Ханайым алға озды қарасымен,
Шотан да келді жетіп қыр басына.
Кешкілік бас төреші елге жайлап,
Бессайыс жеңімпазын тұр хабарлап:
«Бас жігіт, ердің ері Адай Шотан,
Бас жүлде иегері, шештік таңдап.
Лайық азамат ер бағалауға,
Ер болар, елін бермес қалың жауға,
Шотандай ер жігіттер мыңдап өскей,
Ерлікпен көзге түсіп танылғай да.
Бас жүлде — тоғыз нарша, тоғыз құнан,
Және де бес қарумен болат қалқан.
Өркенің өсе бергей інім Шотан,
Өзің біл, берсең алам, болса сауғаң».
ХАТ АРҚЫЛЫ ҒАШЫҚ ЖАНДАР СЫР АШАР
Ертесі Шотан жазып ғашық хатын,
Тапсырды Ханайымға тауып сәтін.
Ойын-той аяқталып, мейман түгел,
Қайтатын мезгіл жетті жиналатын...
...Ханайым оңашада, өз отауы,
Есігін іштен іліп отырады.
Шотанның хатын ашып асығулы,
Мынадай өлең-хатты оқығаны:
«Алашта теңдесі жоқ о, Ханайым,
Баққұсым! Алақанда аялайын.
Өмірлік қосақ болшы түсінісер,
Армансыз айқұшақ боп аймалайын.
Жан-жүрек аңсап сені жүдеді ғой,
Жалындап, ынтық көңіл үдеді ғой.
Ықылас, ниетіңнен берші хабар,
Тағатсыз жаным жауап күтеді ғой.
Хат жаздым төзім жетпей, сағынғаннан,
Махаббат билігіне бағынғаннан.
Маңдайға «Ханайым!» — деп, жазғай Алла,
Жолыңда бар тілегім өзің — арман.
Сенімен жүздеспекке — саламат та
Сәлеммен ғашық жүрек—аманатқа.
Күтемін жауабыңды сабыр сақтап,
Келтірші көңілімді қанағатқа.
Басқа жан әлде,...әлде, менен бұрын,
Жайды ма жүрек толы сәуле-сырын?!
Егер де, ондай болса, амалым не?
Жаратқан қарағаны маған қырын.
Ер Шотанды көзі көргендер ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып айтулары бойынша, замандастарымыз мақұлдап, жоба суретін салғызды. Суретші — ҚазҰТУ-нің Жаңаөзен филиалының екінші курс студенті Ибрахим Қаржаубайұлы.
Шотан ұрпағы — Әбішеұлы Оспан
Маңғыстау. Шотан құдығы маңындағы Қожаахмет Күсепұлының кереге-тамы. Шебері —Шотан ұрпағы Қартбай күйші.
Шотан құдығы маңындағы мазар жанында. Шотан ұрпақтары — Исламғали, Сардарбек, Бекен, Молдағали.
Маңғыстау. Қаратөбеде Шотан - Абыл - Досан асында. Шотан ауылының ұрпақтары. 1998 жыл, 16 мамыр.
Шотан ұрпағы — Өтебай Наятұлы
Маңғыстау. Шотан құдығы маңында — Шотан ұрпағы Қалқаманның құлпытасы жанында Исламғали ұлы Бекенмен тұр.
Қаржаубай Рейімбайұлы Сейсем атада Шотанның жаңа мазары біткен күні "Ер Шотан" жырынан үзінді оқып тұр. 2000 жыл, қыркүйек.
Шотан ұрпағы- Шотан ұрпағы—Күмісқали Рыскелдиев. Геннадий Ертайұлы.
Шотан ұрпақтары—(отырғандар) Оспан, Күмісқали, екінші қатарда Ертай және оның ұлы Геннадий кітап авторы Каржаубай Рейімбайұлын ортаға алып тұр.
Шотан ұрпағы- Қалмұхан («Ертай»).
Маңғыстау. Сейсем атада Шотанның жаңа мазары біткен күні Шотан ұрпағы Асқарқызы Гүлсім өлең оқып тұр. 2000 жыл, қыркүйек.
Сейсем-Атадағы Ер Шотанның 2000 жылы салынған жаңа мазарының көрінісі. Суретшісі-Ибрахим Қаржаубайұлы.
Қыз таңдап, ел кезіп жүр ағаларым,
Оларға қандай жауап таба аламын?
Өзіңе бар сырымды жайып салдым,
Тілек қос, о, аяулым, бағалармын.
Уәде-сөзде таймай тұра алатын,
Жігітпін, кесімді сөз құп алатын.
Сарғайтпай, жауабың бер осы хатқа,
Күн болғай, көңіл қосып, құралатын».
Қол қойған жебе таңба, Адай Шотан,
Арабша әліппемен әсем жазған.
Ханайым қыз қылықпен ой ойлап тұр:
«Иілмен! Арзансыман! Жауап жазбан!...»
Осы кез есік қақты бір жеңгесі,
Күйеуі — туған аға, тетелесі.
Ханайым хатты тығып есік ашты:
«Жеңеше кел, отыр! — деп, — кеңескелі»
Жеңге мен қайын сіңлі сыр ақтарып,
Өмірдің өткен-кеткен мол ақпарын,
Айтысып, кезек-кезек пікірлесіп,
Күлісер кей жайларға бір шаттанып.
Жеңгесі: «Шахнұржаным бір әңгімем,
Айтайын кеше ғана мен естігем.
Атекем көрші ауылда кездесіпті,
Оқтаңба, — Қызыр көрген атамменен.
...Қысқартып айтқанымда Қызырлы атам,
Ұлына лайықты қыз таңдаған.
Бірақ та, жақын күндер ұлыменен,
Сырласып, сонан кейін шешім алар»...
...Ханайым сыр білдірмей жеңгесіне,
Келгендей сенімменен бір шешімге:
«Жеңеше ұйқым шала, дем алайын»,
— Дегенде, кетпек болды жеңгесі де.
Кеткен соң жеңге үйден, есік ілген,
Қағаз бен қалам алып, ойын сүзген.
Шотанға жауап хатын жазып болып,
Қайталап, міне, хатын оқып көрген:
«Есенбісің, армандасым — батырым,
Сабырлы бол, сүйенерім — асылым.
Мен ұялам, сырды сақта құпия,
Хатымды да іштей оқы, ақырын.
Мен де сені жан-тәніммен сүйемін,
Сенсіз өмір — мағынасыз білемін.
Мәңгілікке тұрақты бол, болмасаң,
Сезім алдап, өз отыма күйемін.
Бар еркімді бір өзіңе беремін,
Адал жарға лайық!—деп, сенемін.
Бұл жалғанның бақ, сорын да сенімен,
Шыдамменен дәмін татып көремін.
Ата-анаң түсе берсін құдалық,
Салтты сыйлап, ауыл-елге ұналық.
Сәтті күні, дәм айдаса, қосылып,
Ақ некемен, ақ отауды құралық.
Алла аты — Уәдемді беремін,
Бұдан артық енді саған не дермін?
Адалдықпен ақ босағаң бұйыртса,
Сәукелелі желегіммен енейін».
Шотанның Ханайыммен келісімі,
Хат-жауап іргедегі сайдың іші,
Елеусіз диірмен тасты қолайласқан,
Ханайым желдеп барып сайға түсті.
Дәретке отырған боп, хатты тығып,
Ханайым үйге келді тездеп жүріп,
Аздан соң, күтіп жүрген Шотан сайдан,
Хат алып, оқыр іштен, күліп тұрып.
Сол жерде хатқа жазды соңғы жауап,
Жан-жағын сақтықпенен алды барлап.
Жасырып орынына жауап хатты,
Шотан да ауыл жаққа қадам басад.
Мезгілі бие сауым өткен шақта,
Ханайым барар бағыт алды барлап.
Жамылып желең шапан сайға түсті,
Орнынан соңғы жауап алды бір хат.
Асығып, жетіп келді отауына,
Ынтызар ғашығының жауабына,
Есігін іле салып, хатты ашып,
Оқиды, шат нұр орнап қабағына:
«Хатың келді ішпей-жемей еліттім,
Жиі соғып, жүрек тулап, деміктім.
Уәдеңіз берік болғай, Ханайым,
Өз ойыңдай, тұрақтымын, берікпін.
Тез арада құда түсер ағалар,
Жөн біледі, ата салтты бағалар.
Тек сенімен асыл арман — ақ отау,
Іргетасы мәңгілікке қаланар.
Алла сыйы — Махаббатты ойлаймыз,
Бұл жалғанда, жүрмей босқа ойнаймыз.
Қос аққудай өмір-көлде бір жүзіп,
Алла жазса, біз қосылып тойлаймыз»
...«Асыл жар бол Ханайым,
Көңіліңді табайын. »
Сеніміңді ақтармын,
Бақ-жұлдыз боп жанайын.
Айналайын Ханайым,
Айдай ару арайым,
Алақанда аялап,
Асыл жарың болайын.
Көркің — гүл ғой жайнаған,
Тілің—бұлбұл сайраған.
Сен — алауым өшпейтін,
Мен — көбелек айналам.
Сен — алтын күн шырағым,
Мен — қалықтар қыраның,
Көк жүзінде қалықтап,
Қанат жайып тұрамын.
Айналайын, Ханайым,
Айдай ару арайым,
Алақанда аялап,
Асыл жарың болайын.
Мендегі құт отанның,
Атам менен анамның,
Келіні бол көргенді,
Арманы бұл Шотанның!»
— Деген Шотан хатын оқып балқыды,
Ханайымның ойы мұхит шалқыды.
Болашағы — тәтті қиял көгінде,
Аққу болып, сыңқыл қағып қалқыды...
ҚҰДАЛЫҚ
Шотаннан бұрын жетті жеңіс-хабар,
Бұл ұлы жетістік қой қайран қалар.
Шотанның бессайыстан оралуын,
Ауылы күтінуде, тойлап алар...
...Шотан да келді міне, ауылына,
Той жабдық жасап жатыр қауымы да.
Құдалар, жиен, бөле, нағашылы,
Қуанар ортақ барлық бауыры да.
Назарға бәрі келіп ақ тілекпен,
Шотанға бас амандық-бақ тілеген:
«Бұл тойың келін тойға жалғассын!» — деп,
Жақындық көңілменен сәт тілеген.
Назар да болашағын болжап алдан,
Армандар: «Жақсы елмен құда болсам»
Көргенді, көріктіден келін алып,
Шотаннан ұрпақ көріп, өркен жайсам!» —
— Деген ой-армандарын ағайынмен,
Кеңесіп келісімін алайын,—деп,
Кеңесті Дәулеталы, Айтқұл, Есен,
Жиенғұл, Табылдымен, Жаналымен.
Айтады Айтқұл сонда Назарына:
«Нұр жаусын асқақ асыл талабыңа.
Жеңімпаз бессайыстан Шотанжаным,
Теңінен өте озды дара шыға.
Өзіңе тең атаға сөз салайық,
Байбақты Сатым байдан қыз алайық.
Алдымен Шотанжаның мақұлдай ма?
Сөйлесіп, келісімін біз алалық.
Шотанға жеңгесі кеп сөз бастады:
— «Ойлан!» — деп, жауабына, ой тастады.
— Ханайым қалыңдыққа жарай ма!» - деп,
Шотанның жүрегіне шоқ тастады.
Шотан да әдептілік жолыменен,
«Ұйғарса ата-анам оңыменен,
Тілегі сүйіндіргей қарсы емеспін,
Сұраған әкем неге оны менен? —
Айтуға ішкі сырын ұялады,
Ниетін үлкендердің құп алады.
Тұспалдап жеткізулі қас-қабақпен,
Белгілі ұсыныс-ой ұнағаны.
Белгілі ұсыныс-ой ұнағаны,
Алланың бергені, — деп, ұйғарады.
Алланың сүйген құлы не тілесе,
Жәйменен орындалар сұрағаны...
...Жеңгесі біліп Шотан қарсы емесін,
Енеге айтты, жауап бер — дегесін.
Енесі аталармен мақұлдасып,
Сөз түйді, құдалыққа кетер шешім.
Хабарлап Сатым байға жүріс жайлы,
Сәрсенбі, құдаларды жолға салды.
Сәт күні Сатым бай да жарқын қабақ,
Құдалар Айтқұл тобын қарсы алды.
Құданы күтті құрмет-сәніменен,
Кеңесіп шешті терең мәніменен.
Жеңгесі Ханайымның ойын біліп,
Жеткізді қыз жауабын жәйіменен.
Сондағы қыз жауабы: «Ата-анамның,
Аялап, әлпештеген баласымын.
Қызының құтты орынға қонар жайын,
Кеңесіп, шешер, табар жарасымын.
Әкемнің айтқан сөзі — маған кесім,
Қарсы емен, сұрайды екен, менен несін?»
— Дегенін, қыз жеңгесі айтып келді,
Ойланып, Сатым айтты толық шешім:
«Құдалар, кеңестім мен ағайынмен,
Туыстар, Дат, Алаукен, Иманыммен,
Қызым да, туыстар да — «өзің біл!» — дер,
Сөзім бір, шештім құда боламын мен.
Қалың мал Ханайымға тоқсан жылқы,
Бәрі де болсын, — деймін, бірдей түсті.
Тоғыз нар, тоғыз жамбы, тоғыз орам,
Қытайы жібек болсын түрлі-түсті.
Қалыңын тез өткізсең осы жазда,
Ұзатам Ханайымды етіп ырза.
Ойлаймын ойдан шығар құдаларым,
Әуелден атақты ғой Назар мырза»...
...Осылай, екі жақ та баталасып,
Тездетті таңдап беріп, араласып,
Қыркүйек аяғында Қазан түспей,
Тойлады қыз ұзатып, келін алып.
ХАНАЙЫМ ҰЗАТЫЛҒАН ТОЙ
Жаналы би құда боп Адайлардан,
Қосшысы Қарпық биім жасандаудан.
Шотанға күйеу жолдас Атақозы,
Сатым бай ауылына жетіп барған.
Байбақты құдаларын құшақ ашып,
Қозы көш көк төбеден күтіп алып,
Амандық-саулық біліп, жарқылдасып,
Келеді тойлы ауылға аяңдасып.
Есенбай, Қарақожа — Байбақтылар,
Құданы ақ ордаға жайластырған,
Сапыртып сары қымыз ұсынуда,
Шөл қанып, сүбелі сөз жалғастырған.
Әңгіме бұрылғанда шариғатқа,
Жаналы — темірқазық жәмиғатқа.
Хикая айтылғанда шежіреден,
Ұйыған тыңдаушысы Қарпық жасқа.
Қарпықтан — Шенен би мен Қалниязым,
Жалғаған шежіре-жыр ағызамын.
Жүйелі шежіре-жыр тыңдар болсаң,
Сел жаңбыр-нұр боп жанға шашыламын.
...Үлгі алған бабалардан Қаржаубаймын,
Сұрасаң, жауап айтпай қайтармаймын.
Іргетас — бабалардың асыл сөзі,
Аяғым нық тұрғасын тайсалмаймын...
* * *
Құдалар елден ерек құрметтелген,
Тартылып тай басымен, семіз еттен,
Лайық мүшелері — жамбас, сүбе,
Жал-жая, қазы-қарта, төс етпенен.
Күйеулер өз алдына жастарменен,
Табысты жаны жақын достарменен.
Теңімен әзіл-қалжың, ән-күй сайыс,
Алты ауыз, қонақкәде бар сәнменен.
Кешкілік алтыбақан, ән қалықтар,
Қыз-жігіт еркін ойнап бір шалықтар,
Сырласып, мауқын басып, айлы түнде,
Еркінсіп, көкте көңіл, сәт шарықтар.
Ертесі ауыл сырты бәйге, көкпар,
Мергендік, қыз қуумен гу-гу жастар.
Одан соң алқалаған жанкүйерлі,
Жекпе-жек балуандар да айқас салған.
Ата салт қонақкәде күйеу жақтан,
Сайысқа Атақозы түсіп жатқан.
Сайыстың түр-түрінен мүдірместен,
Бас жүлде үстемдікпен жеңіп алған.
Ерекше елге жаққан қонымдысы,
Жүлде-нар арқалаған артық ісі,
Алқаны Атақозы үш айналды,
Көтерген қайратын айт! Нардың күші.
Сатымның ауылы мәз — тамашалы,
Бәрі де орныменен жарасады.
Ата-ана, жақын-жуық, туыстары,
Қимас сәт, Ханайымды жолға салды.
Ханайым туған ата-анасымен,
Жеңгемен, сіңлі, іні, ағасымен,
Тең-құрбы ауылымен, қауымымен,
Қоштасып, сыңсып жүрді жарасыммен:
«Хош-есен бол ардақты Шаңырағым,
Күн қайда енді еркін отыратын?!
Хош есен өз үйім-ай, өлең төсек,
Ыстықсың қос босағам жаныма тым.
Хош есен асқар тауым — асыл атам,
Хош есен бол аяулы — асыл анам,
Хош есен жеңешем мен сырлас сіңлім,
Хош есен еркелеткен — асыл ағам!
Жаныма жақынсыңдар бәрің бірдей,
Аялап өсірдіңдер мені гүлдей,
Ортаңда бұлғақ қағып сайраңдадым,
Жат жұртқа кетерімді жүрдім білмей» —
Жеңгесі басу айтар Ханайымға:
«Салынба Шахнұржаным уайымға!
Анаң да сендей болған қыз кезінде,
Жазылған тағдыр солай маңдайыңа.
Мен-дағы өз елімнің елігі едім,
Қыз күнім еске түсті желігетін.
Жазмышпен жан ағаңа жар боп жүрмін,
Мойындап, Алла ісін телінетін.
Түсінгін бар қызығың алда әлі,
Бел-белес, өмір толқын шақырады.
Баққұсың құтты болсын! Баянды ет!
Алдыңнан бақ-есігің ашылады»...
...Ханайым ұмтылғанда анасына,
Елжіреп ана алды құшағына:
«Қарағым, кенжетайым-Ханайымым,
Бекем бол! Аллам алғай панасына.
Мойынсұн тағдырыңа, көне біліп,
Қиындық қатеріне төзе біліп,
Барған жер, ата-енеңді нақ біздей көр,
Жаға біл, жайсыздықты жеңе біліп.
Сен жақсаң барған елге, бізге—мақтан,
Қарағым көргенді бол, үміт ақтап,
Еріңнің ар-ұяты—өз жан-тәнің,
Қорғай біл, ар-ұятың бекем сақтап!
Бос болма! Босай берме, көз жасың тый!
Жыламай жүрген сәтің бізге мол сый.
Қоса ағар Шотанжанмен, бақытты бол,
Өскейсің, жеміс — ұл, қыз, мол жеміс түй
—Деп, ана Ханайымды аттандырды,
Жат мінез, жат қылықтан сақтандырды.
Жеңгелер жайлы жорға таңдап, дайын,
Ханайым: — «Біссміллә!» — деп, атқа мінді.
Жеңгелер жорға ұстап, қолтық сүйеп,
Қоштасып, Ханайымды құшып, сүйед.
Әзілдеп, қайынсіңлі-жеңге болып,
Орнымен езу тартып, жәймен күлед.
Сатымның Дәуқарасы үлкен ұлы,
Сондықтан, әке орны — тартар жүгі.
Ханайым кетер мезгіл таянғасын,
Қарпыққа айтар мынау, арнап сыры:
«Қарпығым азаматсың бір сенімді,
Құрметтеп ұл-қызыма етем үлгі.
Кенжетай қарындасым — Ханайымым,
Аманат бір өзіңе, қамда енді.
Мендей бол, менен де арт, ағасы бол,
Ол — аққу, сен — айдынды жағала көл,
Шариғат жолыменен қияметтік,
Қамқоршы, бір туғандай ағасы бол.
Кез болар, қоныс бөлек, өріс бөлек,
Сол кезде Ханайымға қамқор керек.
Өзіңдей өкіл аға бар — деп жүрсем,
Көңілім орнығуға болар себеп».
Қарпық та, көпшілік те мақұлдады,
Бір жерге тоғысқандай ақылдары,
Уәде — Алла аты, нан ұстасып,
Қазақтың бір көрінді алтын салты.
Шығарып Ханайымды қозыкөшке,
Төркін жұрт: — «Аман бар!» — деп іркілмекте
Жаналы бастаған топ елге беттеп,
Бұрылып, қимай қарар қалың көпке.
НАЗАРДЫҢ КЕЛІН АЛҒАН ҰЛЫ ТОЙЫ
Ырғалып, қыз көшімен баппен жүріп,
Бір жарым тәулік жүріп, елге жетіп,
Ел шеті қыр басында қарауылдап,
Бір бала Шотандарды анық көріп: —
«Сүйінші! Келін елге сау келеді!
Басында желек, зерлі сәукелелі.
Ханайым ақ жеңешем тор жорғамен,
Келеді тайпалдырып, тербеледі.
Құдалар, Шотандар мен Ханайымдар,
Жақындап келіп қалды, қарсы алыңдар
Толы жүк тоғыз нарда қос үй жүгі,
Айнала көштің шаңы, сағым, мұнар.
Сүйінші! Келін келед! Сау келеді!» —
— Деп, шауып ауыл бетке, желген еді.
Күтініп, дайын тұрған қарсы алуға,
Қырағы жастар жағы көрген еді.
Келіннің көші тоқтап, көз көрімде,
Құдалар келіп жетті ел шетіне.
Қыз, жігіт, бозбалалар, келін, жеңге,
Жөнелді қарсы алуға еңсеріле.
Жаналы тобыменен келіп түсті,
Жамырап көңілді сөз ауыл үсті,
«Есен-сау келдің бе?» - деп,«Құт қадам!»
Сөйлескен көп көңілі желдей есті.
* * *
Келінді абысындар қарсы алып,
Басына ақ жібектен жаулық жауып,
Алдына шаһи жібек шымылдықты,
Жайылған, керіп жүрді, ауыл бағыт.
Қос келін қолтықтаған Ханайымды,
Шымылдық зерлі ернек, алтын айлы,
Айнала ерке сылқым ән әуені,
Жас келін төбесінде қалықтайды.
Қоршалап Ханайымды кілең жастар,
Бір әнді аяқтай сап, бір ән бастар.
Ән әуен көңіліңді көкке өрлетіп,
Сезімің көк теңіздей шалқып тасқан.
Толқындап домбыраның қоңыр үні,
Қосылған әуен сазға қобыз үні,
Жұмақта жүргендей нақ сезінесің,
Айналаң сұлу, кербез һұрдің қызы.
Ой-көкте, аяқ-жерде келдік міне,
Құбажан, Мақпалжан мен үлкен ене,
Қос ене күмістелген қос табақпен,
Уыстап шашу шашты күміс теңге.
Қос ене Ханайымды аймалаған,
Елжіреп, иіскескен ай маңдайдан.
— «Қадамың құтты болғай! Қоса ағар!» — деп
Отауға дейін аппақ киіз жайған.
Ханайым табалдырық босағаны,
Аттады оң аяқпен босап тәні:
— «Біссмілла! Мәңгілік бол шаңырағым», —
Көңілі толқып-шалқыр босап жаны.
Ханайым түскен күннен бес күн,бес түн,
Назардың ауылында думан күн-түн.
Әр күні өзгеше бір тамашалы,
Көргеннің жүзі алау, жайнар гүл-гүл.
Ауылдың шеті таулы биік жота,
Жотаға төрт құлаштай қаққан қада.
Жотаның етегінен қада басы,
Өлшеген отыз құлаш, — дейді шама.
Басында жеті қада жеті жамбы,
Тайтұяқ жеті жамбы-жеті алтын,
Сайланып шықсын көптен мерген болса,
Бұйырса, тайтұяқты атып алсын.
Шарты сол, бір жебемен бір атады,
Тигізсе, жамбы алар нұр талабы.
Тимесе, өз-өзіне өкпелесін,
Ақиқат сом алтыннан құр қалады.
Жебесі қаңғып кеткен шығып шетке,
Келесі садақ керер, жамбы көкте.
Жиырмадай «тәуекел !» - деп шыққандардың,
Жетеуі нағыз мерген елден өткен.
Жүз қадам жерден атып кезегімен,
Үзілді жеті жамбы жетегінен.
Тигізген бір атқанда жеті мерген,
Алғанын тайтұяқты елі көрген.
Мергендер — Әбілхайыр, ер Өтеген,
Бөкенбай, Есет, Арал, Жәнібекпен,
Ерлерім алты жамбы түсіргенде,
Жетінші нақтап атқан Есекмерген.
Жетеуін қазақ білер даңқыменен,
Не керсе, бірге көрген халқыменен.
Қос нарға қос жорғадан қосақтатып,
Мергендер бәйге алды салтыменен.
Жотаға мейман түгел шығып кеткен,
Ат жарыс қызықтамақ қалың көппен,
Айдалған тұлпарлардың келер сәті,
Жанкүйер өз атындай көптен күткен.
Көрінді қыр басында түймедей шаң,
Кем-кемнен шаң үлкейіп, тұтасты маң.
Келеді алда бір ат, артта екеу,
Емінді, соңғы озар, соқтырып сан.
Мың қадам қалған шама, айқындалды,
Үш ат та тұяғында барын салды.
Үшінші екіншіден озды оқтай,
Найзағай аққанындай арындады.
Жотада пікірсайыс қызған ду-ду,
Аттарын көтермелеп салған у-шу.
Араның ұясындай тұтас жота,
Жанкүйер алағызып тұрған гу-гу.
Бірінші — сүлік қара атқан оқтай,
Екінші — торы, жұлдыз-аққан оттай,
Екі жүз қадам жерде торы озды,
Сөреге жетті он кез ара сақтай.
Екінші — сүлік қара келді озып,
Үшінші — ақ боз ат та белді көлік,
Тағы да жеті ат өтті іркес-тіркес,
Қолпаштар жүйрікті ел көзі көріп.
Бірінші — торы атқа тоқсан жылқы,
Екінші — қара атқа жетпіс жылқы,
Үшінші — ақ боз атқа да елу жылқы,
Тағы да төрт орынға асыл-мүлкі.
Бәйгесі әділдікпен берілуде,
Бәйге алған ең бақытты сезінуде.
Аттары қалып қойған тісін қайрап,
Кейбірі іштей тынып егілуде.
Иесі Әбілхайыр торы аттың,
Иесі Әйтек Олжай қара аттың,
Иесі ер Үкібай ақ боз аттың,
Әңгіме аңыз сүрлеу іздеп таптым.
* * *
Білек күш, арқан тарту, жорға жарыс,
Болыпты қыз қуумен, көкпар тартыс,
Күрес пен алтыбақан, ән, жыр, айтыс,
Үш жүзден жеңіп шыққан алған алғыс,
Той өтті елден ерек тамашалы,
Жас-кәрі жанкүйер боп қарасады.
Алғысы көптің берген қабыл болып,
Шотанның қатарынан бағы асады.
Беташар айтты жырау өнегелі,
Алтын күн күліп нұрын себеледі.
Айтболат ақ батасын берген екен,
Ханайым ақ батамен көгереді.
БОЛАШАҚ ТҰРМЫС - ТІРЛІК ҚАЛАЙ БОЛАР?
(Назардың ақыл — кеңесі)
Қолайлы сәтті күнді Назар таңдап,
Шотанмен ордасында ой толғамақ.
Заманның ағымыменен өмір жайлы,
Кеңесіп келелі ой — сөз қозғамақ.
Шежіре өткен өмір тереңінен,
Еске сап ел жағдайы дерегінен,
Болашақ, тұрмыс-тірлік қалай болар?..
Мал-жанның қамын қамдау керегінен.
Ұйыған Шотан тыңдап, Назар сөйлеп:
— «Шотанжан өмір жайлы түсін жөндеп,
Аржағын қозғамайын өстіп өстің,
Айтайын әз-Тәукеден бері екшеп...
...Өзбектер өз туысым, түбі түрік,
Бірақ та билеушісі салар бүлік.
Күншілдік, тойымсыздық, әзәзіл ой,
Шығарар түзу жолдан шайтан түртіп.
...Түстікте Парсы елі дін мұсылман,
Жайлы елі көңілдерін Хаққа ұсынған.
Бар бәле шаһ-билеуші ашкөзінде,
Қазаққа көзін тігіп, құтырынған.
...Алтайым, Арқа, Еділ атырабым,
Ормандай орыс елі — мол тұрағы,
Бес ғасыр аржағында Мәскеу кінәз,
Бұл күнде қарулы ел, кең құлашы.
Сездірмес, біз сеземіз орыс ойын,
Тұңғиық түпкі ойы, жоқ қой тойым.
Жетіліп ғылым, білім, от қаруы,
Алмақшы Үндістанға шығар жолын...
Шығыста Жоңғар елі іріленді,
Ойраттар күшін қосып бірігеді.
Жүз жылдай Орда болып ту тіккелі,
Темірдей тәртібі бар қалмақ елі.
Аюке Рабтанмен одақтасқан,
Құртуға қазақ елін мақұлдаскан.
Орыстың отқаруын пайдаланып,
Қазақтан уақытша күші асқан.
...Жоңғардан түстігімде қалың Қытай,
Қытайдың санын білер жалғыз Құдай.
Мүмкін боп, кезі келсе жалмап жұтпақ,
Қазақты орап алып айдаһардай.
Орыста, қытайда да ішкі есеп,
Жоңғармен қазақ жау боп, бірі жеңбек ,
Бір-бірін әлсіретсе, жалмап жесе,
Түбінде өз ойлары — пайда көрмек.
Ойраттар сол қол-жоңғар, ел боп Жоңғар,
Шығыстың темір тәртіп заңын алған.
Көшпелі жауынгерлік-тұрмыс салты,
Жібек жол, базарлы кент-жоңғарға арман.
Сол арман Жоңғарларды еліктірген,
Орыс пен Қытай алдап желіктірген.
Жеті рет жоңғар шауып қазақ елін,
Беймезгіл түре тиіп бөріктірген.
Билікке келген күннен Сыбан-Рабтан,
Жоңғардың бағы асып, күші тасқан.
Орыс пен Қытай қолдап, қару беріп,
Қазаққа әбжыландай зәрін шашқан.
Сол кезде үш есе кем қазағымнан,
Ойраттар жүз мың әскер сан асырған.
Әңгіме санда емес, сапасында,
Зеңбірек, мылтықпенен бағы ашылған.
Мың жеті жүз он бесте әз-Тәуке хан,
Тағдырдың жазмышымен тапсырды жан.
Бос белбеу Қайып сұлтан хан боп елге,
Жауымның аяғына басылды ар...
...Мың жеті жүз он сегіз жыл аяғы,
Қайып хан шаһид, хандық бос қалады.
Ел шаршап жау иектеп тұрған сәтте,
Жігерсіз, жасық Болат хан болады.
Бірақ та, іші білер, билер ала,
Өресіз, ойсыздықпен шешім шала.
Хан оңбай, қара халық қорлық көрді,
Шешімнің терістігі берді жаза...
...Қазақты билей алар адам дайын,
Лайық сұлтан еді Әбілхайыр,
Атақты, абыройлы, сардар, көсем,
Ер еді түсінетін елдің жайын.
Қазаққа қолбасылық қабілетті,
Ерлікпен билігі тең қасиетті,
Қарымы қатты, дана хан керек ед,
Бос-былжыр Болат хан боп сәні кетті.
Амал не? Әбілхайыр шеттетілді,
Ол дағы қам сүт емген, өкпе қылды.
Кіші жүз хан көтерген өз алдына,
Баһадүр Әбілхайыр шетте жүрді.
Хан әлсіз, би билеген заман болды,
Билердің іші қара, арам болды.
Хан сайлап иі жұмсақ, бос Болатты,
Қазақтың келер күнін қараң етті.
Далам — кең, қазағым — көп, бірлігім — жоқ
Бірліксіз тыныш, тату тірлігім жоқ.
Хан сыйсыз, би қадірсіз, пейілі азған,
Көршілес елден көрген кемдігім көп.
...Шотанжан дау-дамайға араласпа,
Бүгін — пәк, ертең — қара арам асқа.
Саясат сайқал қатын адастырар,
Кез қылар туыстарды жағаласқа.
Өз үйің, өз еліңнің қамын көзде,
Алданба әзәзілдік жалған сөзге.
Сиқырлы саясатпен билік үшін,
Ағайын, Алашыңнан азып, безбе.
Алдында заман болар бұлағайлы,
Жігерсіз ондай сынға шыдамайды.
Жігерлі жан-тәнімен елін қорғар,
Сенімді, тура жолдан құламайды.
Көшерміз бұл мекеннен жайлы жерге,
Ұрпаққа құт болатын сайлы жерге.
Қиямет күні туып тарықсаң да,
Сабырмен жеңіске жет, қайғы көрме.
Қосайдың шөбересі — Есекмерген,
Ұрпаққа бақ-ырысты қоныс көрген:
«Түбінде Маңғыстауды мекен етіп,
Адайым иемденсе, көзбен көрсем!»
Деп айтқан талай рет Есекмерген,
Сол арман — ел арманы есептелген,
«Атамыз ер Алаштың қонысы сол,
Сабырмен ел тілекке жетет!» — деген.
— Өмірде көппенен көр не көрсеңде,
Бірге бол еліңменен көгер сен де,
Ел арын қорғап өтсең, есте сақтар,
Мәңгілік жақсы атың еленгенде. —
Назардың бар кеңесін ұғып Шотан,
Үлгісін әкесінің қабыл алған.
Өмірге өзек етіп өнегесін,
Ер Шотан елінен мол алғыс алған.
«БОЛАР, - ДЕП, - ШҰБАР ҚҰНАН ОҚ ЖЕТПЕСІМ!»
Әлқисса, Шотан он сегіз жасқа жетіп, әкесі — Назардың бес мың жылқысынан ерге лайық тұлпар таңдап мінуге жылқыға аттанды. Қыдыр көрген Назар да тұңғыш ұлының ат жалын тартып мініп, ел қорғаны ерлердің санатына қосыла бастағанына аса қамқор, ерекше рахымды Аллаға мың шүкіршілік етті.
Шотанының ат таңдаған қызық-қуанышын тамашалауға жылқыға бірге келген. Шұбар атты Шотанның қалай таңдағанын Сіз бен біз де көңіл - көзімізбен көрелік. Сондықтан жырға кезек берелік:
Ұйытқып, өзгермелі жаулы заман,
Қазақ пен қалмақ бітпес даулы заман,
Жастарды тез ширатқан өмір-ағыс,
Шаттық аз, қара бұлтты қайғы заман.
Сол заман тез ширатқан бір жас Шотан,
Ширығып, жастай Шотан болған қыран.
Қырандай қиял-көкте самғар ойы:
«Ер қанаты — ат табу» алда арман.
* * *
Шотанның әкесі — бай, мырза-Назар,
Бес мың бас қыл құйрықты көк ала бар,
Әкеге Шотан айтты ішкі ойын,
Назар да ырза болып бек қуанар.
Назар бай Шотанменен келді бір күн,
Жылқыны аралады үш күн, үш түн,
Шотанға ат таңдауға ерік беріп,
Жылқыны айдатуда дүркін-дүркін.
Бес мың бас жылқы ішінен төртінші күн,
Бір шұбар құнан көзге көрінгесін,
Көңілі Шотанжанның ауды соған:
«Болар, — деп — шұбар құнан оқ жетпесім!»
Шұбардың көзінен от шашырады,
Шотанға қайырылып оқыранды.
Еңселі, тұрқы ұзын, кең сауырлы,
Бұлшық ет малта тастай омыраулы.
Шойыннан құйғандай нақ сом тұяғы,
Тұлпардай көз тартарлық бар сияғы.
Секілді қар барысы шұбар ала,
Көрген жан сескенгеннен қалтырады.
Жылқыда болады екен айбындысы,
Жүректі сескендірер салқын түсі,
Шотан да сыншы екен тұлпар таныр,
Ойлаған орындалды басты ісі.
Жылқышы шұбар атқа құрық салмақ,
Асауды қыр асырмай, ұстап алмақ.
Қуалап, таң атқаннан күн батқанша,
Шұбарды ұстай алмай тістер бармақ.
Ертесі бес жылқышы жүйрік мініп,
Шұбарды қуалады дүрліктіріп.
Шұбарды бес жылқышы ұстай алмай,
Аттарын әуреледі тер бөктіріп.
Үшінші күн сәскеде жылқышылар,
Шотанмен шұбарды ұстар кеңес құрар.
Осы кез Шотан сыртын айналып кеп,
Кісінеп, басын иіп шұбар тұрар.
Таң болып, шұбардың бұл қылығына,
Шотан тұр сүйеніп тал құрығына,
Шұбар да Шотанды тұр иіскелеп,
Сүйкеніп Шотанның тал құрығына.
Шотан да шұбарды ұстап, сипап сауыр,
Тараштап, саусақтармен құйрық, жалын.
Ноқталап, жүгендеп боп, қарғып мінді,
Шұбар да қарғыр көкке, асау арын.
Атылған жебедей нақ шұбар шапты,
Шотан да жалдан ұстап, бұға жатты.
Дүние дөңгеленді, тұяқ асты,
«Найзағай!» — деп ойларсың шұбар атты.
Шұбардың алды солай ащы терін,
Тұлпарға ырза болды Шотан ерім.
Бес мыңнан таңдап мінген тұлпар шығып,
Шотанға қанат бітіп орнап сенім.
КІШІ ЖҮЗ САУРАН АЙНАЛҒАН
Әлқисса, әз-Тәуке бақилық болғалы қазақ халқының айдынын шалқытып, айбарын асыратын, үш жүздің берекесін ұйытып, бірлігін бекітіп, күшін асқақтататын ханы болмай, еліміздің елдігі ездікке айнала бастаған кез еді... Қазақ халқын талай рет қалмақ шапқанда ерлігі мен билігі, қиыннан қиыстырып жеңіске жеткізер жол тауып жүрген даналығы тең Әбілхайырды жау шапқанда, қол бастатып қалқан еткен, хан сайланар сәт туса, бұйыртпауға түрлі себеп тауып, оның асқақ, асыл арманын талқан еткен ел тізгінін ұстаған билерім еді...
...Бос, былжыр Болат хан болған соң үш түгілі, әрбір тайпа, әрбір ру жау шапқанда ғана бірігіп, жәй кезде алауыздықпен бірлігі кетіп, берекесі азған-ды. Сондықтан, халқымның тату-тәтті тірлігі тозып, басынан бағы озып, рубасылар: «Алдымызды болжап, мал мен жанды жауға талатпай, аталас рулар күш қосып, күнімізді көрелік!» — деген кез еді.
Алшынның бір бөлек елінің рубасылары Есенғұлдың Есекмергені, Кете Әжібай, Жарыұлы Назар, беріш Есболай ерісі бір, қоныстас болғандықтан, өзара кеңесулі. Мергендігімен, ерлігімен, аузы дуалы арғы атасы пір- Қосайға тартқан Есекмерген:
«Жоңғар ханы Сыбан Рабтан орыс пен қытайдан күш алып, жетпіс мың әскерін қазақ елін келер жылы (1723 жылы) ерте көктемде шабады деген ұзын құлақтан хабар жетіп жатыр. Өткен сәрсенбінің сәтінде Сауран қамалының іргесінде Адай бабам басына түнегенімде, бабам да: «Балам, халқыма қауіп — шығысыңнан. Мал-жаныңның амандығы дұрыс шешімге келе білуіңде. Өзің де, алшындарың да бірлікпен сақтанудың амалын жасаңдар. Алла тағала да сақтанғанды сақтайды. Амандығыңызды тілеймін!» — деп түс-аян берген» — деді. Жарыұлы Назар, кете Әжібай, беріш Есболай Есекмергенмен келелі кеңестен соң, өрістес рулар малдарының соғым-сойыстық пен сауындық және көлігінен басқасын Хорезм жерінде, Әмударияның батысындағы Хәкім ата әулие-қойымшылығы маңындағы мал қыстатуға қолайлы қалың жыныс тоғайлыққа төрт түлік малын мың жеті жүз жиырма екінші жылдың қысында қыстатып қалдырды. Өздері Сырдың Сауран қамалы маңына қыстайды. Жоңғарлардың мың жеті жүз жиырма үшінші жылы ерте көктемде халқымызға шабуылға шығатынын Есекмерген үш жүздің ел басыларына хабарлағанмен, енжарлыққа салынған елбасылар көңіл қоймаған соң, өзіне қараған аз алшынды Жарыұлы Назар, кете Әжібай, беріш Есболайлармен бірігіп Сауран айналып, Сырдан өтуге елін дайындады. Төртеуі Сауранға елін үш күн, үш түн зиярат жасатып, Адай бабаның басына Құдай жолына садақа малдарын құрбандыққа шалдырды. Ел, молда, имамдары Құдай жолына, ата-бабаларымыз бен аналарымыздың өткен рухтарына арнап құран-хатым етті. Алладан ақ жол тілеп; Есенғұлдың Есекмергені, кете Әжібай, беріш Есболай, Жары Назар — төртеуі алты жүздей аз алшынды бастап, Сауранды сырт айналып, қаңтар айының ақырған аязына тастай қатқан Сырдариядан аман-есен отіп, мал-жан бабымен бір аптада Әмудария бойындағы Бестөбенің ең үлкенінде мәңгі-бақилық мекендеп жатқан пір-Қосай бабаның маңына келіп, үш тәулік тынықты. Алшындар Құдай жолына атаған садақа малдарын Қосай баба басында, айнала елді түгел шақырып, ас тарқатты. Кезекті жырға берелік, қиялмен көшке ерелік:
Жоңғардың жаулау ойын сезіп білген,
Есенғұлдың ұлы екен Есекмерген:
Хәкім ата жеріне малды қыстат,
Ығыссақ, ыңғайлы!» — деп кеңес берген.
Мал, көлік аса қажет бар қолында,
Алшындар отыр екен Сыр бойында,
Жүз мыңдап жоңғар келсе, күш тең емес,
Ығысу ойласылған бар ойында.
Қырық жыл қырқысумен келген қазақ,
Қансырап, ентікпедей демін алад.
Тақталас, алауыздық әлсіретіп,
Бірліксіз, бас-басына кеткен тарап.
Ұлы жүз уақытша қалды жауда,
Жазмышы солай болса, амал бар ма?
Орта жүз, үрке көшті кең арқаға,
Кіші жүз кешін бұрды Мұғалжарға.
Нобайы әлімұлы — Бұхараға,
Жетіру, байұлылар — Харазымға,
Қалмақтан аулақтатып ауыл-елін,
Түскендей тар абаққа жан алқымда.
Жан беріп, жан алысқан қазақ-қалмақ,
Қазаққа болды соғыс — ауыр салмақ,
Бақ ауып, берекесіз жеңіліспен,
Қан жұтып қазақ қалды тістеп бармақ.
Құл етті-ау, қолға түскен тұлымдымды,
Күң етті-ау, әлпештеген бұрымдымды.
Сөз қалды — «Алқакөлдің сұламасы,
Алты алаш болды ақтабан шұбырынды».
Мың жеті жүз жиырма үш, қаңтар айы,
Аз алшын қоныс ауар бар талабы.
Ұрпақты аман сақтау—басты арман,
Кеңесіп, мақұлдасып, қамданады.
Кіші жүз Сауранымды сырт айналған,
Қоштасып, жылай-жылай іш қайнаған.
Сауранда: — «Адай бабам ақ жол бер!» — деп,
Ұрпағы дұға оқып үш айналған.
Жолбасшы аз алшынға Есекмерген,
Есболай, Әжібай мен Назар ерген.
Ізінде түбі туыс, құда-жегжат,
Алшыннан алты жүз үй бірге ерген.
Дегенде алты жүз үй алшындардан,
Үш жүз үй — толық көшкен адайлардан,
«Сақтанғанды — сақтаймын!» — Алла сөзі,
Сақтанғаннан біздің ел аман қалған.
Үш қонып, Бестөбеде тынығады,
Көшінің бас-аяғы жиылады.
«Әмуден мұз бұзылмай өтелік!» — деп,
Көшбасшы Есекмерген бұйырады.
Қызылжар тау тұсынан мұздан өтті,
Жыңғылды, ақбасты сай суға жетті.
Қалдырған өткен күзде малға келіп,
Ірікті уақытша Алшын көшті.
Ерімей Әму мұзы көші өтіп,
Аялдап «жібек жолға» есен жетіп,
Үстіртке көтерілді наурызда,
Түлейге мал төлдетті кешіп келіп.
Төлдері аяқтанып, көтеріле,
Кеш келді Доңызтауға еңсеріле.
Жайласып Борсыққұмға жайлы қоныс,
Алшынның көтерілді іргесі де.
Дүңкілдеп хабар келед Түркістаннан,
Ел босып, жоңғарлардан үркіп жатқан,
Есекмерген елі екен аман кетіп,
Борсыққұмды ен жайлап еркін жатқан.
Мың жеті жүз жиырма үш, ерте көктем,
Шығыста ұлы жүзден хабар жеткен,
Жетпіс мың шерік алып Сыбан-Рабтан,
Аттанып, біздің елге зәрін төккен.
Қыл шашақ қызыл туы желбіреген,
Шерігі дүрбіт-ойрат күркіреген,
Мәнжу-Цин соғысында шыңдалғандар,
Қазаққа қарлы селдей дүркіреген.
Ұрпағын аман сақтау ұлы арман,
Сол себеп, ерлерім көп елге қалқан.
Сауранды айналғанда алшын көшін,
Қорғасқан ерен ердің бірі Шотан.
ШОТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ЕРЛІГІ
Қалған сөз — шежіреші қарттарымнан,
Ойымнан жыр-дария ақтарылған.
Жүйелеп, сынай сүзіп Шотан жайлы,
Ерлігін баяндайын жадтағыдан.
Білгенім — ұрпағыма үлгі, дерек,
Қадірін білетінге тарих керек.
Бұл кітап — әр шаңырақ сақтар кітап,
Оқыған түсінеді оймен зерек.
Ал, қане! Мен жырлайын, сіз тыңдаңыз,
Ой, қиял өзге жаққа бұрғызбаңыз.
Оқиға ерісінде жүргендей нақ,
Өріліп ой-сезімің тұрса нағыз.
Әлқисса... Әбілхайыр хан тағында,
Толысқан ақыл-қайрат дер шағында.
Бас сардар үш жүзіме бекітілген,
Көтерген заманының сынағында.
Айнала аңдыған жау — орыс, парсы,
Харазым, Қохан, Бұхар, қытай — қарсы.
Еділден Алтай жақтан қалмақ қаптап,
Қазақты қысқан торлап, қыспақ шаршы...
...Мың жеті жүз жиырма үш, мамыр айы,
Табиғат ана жайнап жадырайды.
Сарыарқа — қызыл, жасыл түкті кілем,
Төрт түлік еркін жайлап, жамырайды.
Құлпырған табиғаттың аясында,
Хан отыр алтынды тақ, ордасында,
Мұғалжар-батыс етек, Жем өзені,
Көңілді, көз тартатын жағасында. »
Жем өзен қызыл емен толып тасқан,
Асаудай, арнасынан шыға қашқан.
Еншілес мың-сан көлшік жағасында,
Қызыл су тасығанда кұшақ ашқан.
Суы-бал, жаға — жасыл, қамыс, жекен,
Тал, терек, түрлі жеміс өскен мекен.
Сары ала, қызыл, жасыл — гүл жайқалған,
Жем бойы — атамекен жер ғой көркем.
Суында — жайын, шортан, табан, сазан,
Бекіре, майшабаққа көңіл алаң.
«Бір мезгіл әуесек!» — деп аулап жеген,
«Алланың сыйы ғой!» — деп ата-бабам.
Ер Есет, Есекмерген, Арал батыр,
Үш мыңдык үш алшыннан құрап жатыр,
Ту ұстар бас сардарым ер Бөкенбай,
Шыныққан сарбаздарын сынап жатыр.
Бөкенбай туын ұстап, қолды бастап,
Жерімді иемденген жауды шаппақ.
Жем, Еділ арасында құба қалмақ,
Қалмақты ары қуып, қоныс алмақ.
Осылай, үш мың сарбаз дайындалып,
Жатқанда жорыққа тез қайымдалып.
Желтаудан адай, табын ауылдардан,
Бір хабар келіп жетті жалын атып...
...«Жайықтан Аюкенің қалмақтары,
Алшынға отыз күн соң аттанбақшы!»
Қалмақтың тұтқынынан қашып шыққан,
Бір қазақ аман жетіп хабарлапты...
...Би, батыр, хан құпия кең кеңесіп,
Қамдану, тосын шабу жағын шешіп.
«Алшыннан алты мың қол сарбаз жинау!
Әбекем хан үкімін айтты кесіп.
Сегіз мың сарбазбенен Әбілхайыр,
Жем судың шығысында тұрды дайын.
Батырлар ханыменен мақұлдасып,
Қалмақты тосын шабу жоспар дайын.
Бір мыңға ер Дәуқара Есет ермен,
Бір мыңға Есболай мен Есекмерген,
Бір мыңға Әжібай мен Арал батыр,
Басқар!—деп Әбілхайыр кеңес берген.
Екі мың Бөгенбаймен оң қолында,
Екі мың Жәнібекпен сол қолында,
Сай-сала Жемге жақын жайғасады,
Ыңғайлы Желтау тұсы жау жолында.
Арқаға хабар салған Жәнібекке,
Ол ер ғой! Осындайда көрінет те!
Екі мың қолды бастап ол да келді,
Әбекем жан досына сенім еткен.
Шолғыншы, тыңшылардан хабар келді,
«Он мыңдай қалмақ қолы, шама! — деді.
Ертең кеш Жемнің батыс жағасына,
Қалмақтар жетіп келіп, қонар», — деді...
...Тыңшының хабары нақ, қалмақ жетті,
Күн бата, батыс жаға қаптап кетті.
Көз көрім — үш шақырым өткел маңы,
Түнеуге, өткел аузын мекен етті.
Бөкенбай бар әскерін үшке топтап,
«Бес жүзі шығыс бетте,—деді, қонат!
Он мыңдай әскер бар деп, ойлар қалмақ
Сарбаздар бес жүз жерге отын жағад!»
Сардардың айтқанындай түн қараңғы,
Шығыста бес жүз қостың оты жанды.
Арқадан, құбыладан өткел тауып,
Екі топ батыс жаққа етіп алды.
Барлаушы басшысы ер Есекмерген,
Себебі, сансыз жорық, көпті көрген.
Барлауға Атақозы, Малай, Шотан,
Аттанып, бір қалмақ-тіл әкеп берген.
Қалмақ - тіл айтты білген бар хабарын:
— «Он мың қол, Аюке хан бас сардарым,
Ер Хазай, Доржы, Лобжы-баһадүрлер,
Қазақты бөрліктіріп бас салатын.
Жүз мылтық, бес зеңбірек қаһарлы күш,
Түн ауа Жемнен өтер, бағыт шығыс,
Таңсәрі түре тимек қазақтарға, Аюке:
— «Қалмақта, дер, жеңіс-соғыс!»
Бес жүз қол отты жағып бес жүз жерден,
Аюке сарбаздары мұны көрген.
«Таң ата қазақтарды шабамыз!» — деп,
Өз ойы, қиялына анық сенген...
...Қазақтар жүз түйеге сексеуілден,
Отынды шынжыр — торлап, бек тиеген.
Түн жарым сексеуілді жағып, жәйлап,
Қалмаққа тосын шапты жүз түйемен.
Алаулап сексеуіл от жалындаған,
Сескенген түйе алға ағындаған,
Батыстан мың жауынгер: — «Алшындаған!»
Күркіреп қаптаған от, сағым далам.
«Найзағай, жылдырымдай бұл не аққан?!»
— Деп қалмақ шошыныпты көшкен оттан.
Ес жимай, қаруланбай, қалмақ қашып,
Жем өзен ағысына тоғытылған.
Аюке қосындары опыр-топыр,
Бірінен-бірі қорқып, қалмақ шошыр.
Байқамай өзді-өзі қидаласқан,
Болғандай қалмақ түгел түнде соқыр...
Жүгі от жүз түйеміз құтырынған,
Жолында тапталуда, жау қырылған.
Үрейлі, айқай-шулы басқыншылар,
Адасып ақылынан есі шыққан.
Өзді-өзі басқыласып, Жемге қашып,
Үш мыңдай қалмақ болған суда набыт.
Үш мыңдай қалмақ өлген қазақтардан,
Төрт мыңы тозғындаған, елі-бағыт.
Қазақтар қалмақтарды түре қуып,
Тар қолтық үш жағынан сорға тығып,
Қалмақтар торға түскен қабандай боп,
Ақситып азу тісін ашынды нық.
Қалмақтар түске таяу есін жиып,
Сап түзеп, қарсы беттеп келеді нық.
Қарсы кеп, қазақ қолы ай-тағадай,
Тоқтады қаһарлы қол, қабақ түйіп.
Қалмақтан алға жылжып батырлары,
Ортаға он дәу қалмақ жақындады.
Айқайлап соның бірі: — «Жекпе-Жек!»
— Қолында ақ найзасы жарқылдады.
Ағатай, Атақозы, Арал, Шотан,
Тағы да көп ерлерім сонда болған.
Он ерім жекпе-жекке сайланулы,
Әжібай ата жолмен бата қылған:
— «Лә иләһә иллаллаһ,
Әуелі, Алла, оңдағай.
Бізге қарсы жау болған,
Арам ниет оңбағай.
Алла жеңіс-жол беріп,
Аққа бақыт орнағай.
Қисынды келіп ісіміз,
Жауды үрей торлағай.
Қара істі кәпірдің,
Ойлағаны болмағай.
Ел қорғаны ерлердің,
Қанаттары талмағай.
Бақыт қонғай басына,
Мәңгі даңқы самғағай.
Ерлігін жалғап ұрпағы,
Дәулетін елге арнағай.
Атамекен азат боп,
Орындалғай арман-ай.
Ақ батамды қабыл ғып,
Орындағай Аллам-ай.
Орындағай Аллам-ай,
Аллаһу акбар. Әмин»
Ақ бата Әжібайдан қабыл алып,
Батырлар жекпе-жекте жанын салып,
Жауына қара тасты жастандырып,
Қайтуда қалмақтардың басын алып.
Жетінші кезегімен Шотан шықты,
Нар тұлға , сом денелі, маңғаз мықты,
Бұл өзі түңғыш рет жекпе-жегі,
Ұлы сын — ерлігіне Шотан ұқты.
Күн бесіндік шамасы,
Алқалы алаң арасы,
Тұңғыш рет жекпе-жек,
«Жауымды жайпап жеңсем!» — деп,
Ортаға шықты Шотан да,
Он сегізге толғанда.
Екі кісі мінгендей,
Алшаң басып жүргендей,
Сом шойындай иықты,
Айбарлы түсі суық-ты,
Бес қаруы сайма-сай,
Қыр мұрынды аймаңдай.
Тоғыз қабат тор сауыт,
Желбегейі көк мауыт,
Дулығасы үкілі,
Мойнында бар дүрбісі,
Саптама етік кигені,
Асырар айдын жүргені.
Астындағы шұбар ат,
Мінген екен тұмарлап,
Ауыздықпен алысқан,
Тізгінде қол қарысқан,
Сұйық жал, шоқпар кекілді,
Текті тұлпар секілді.
Шотан кегін алмаққа,
Көз салады қалмаққа,
Қалмақтан шықты бір алып,
Көргендер қалды қуарып,
Қуармай қайтсін көргендер: —
— «Құшақ жетпес емен!» — дер.
Әжібай тұр қиналып,
«Аққа-жақ!» — деп, ұйғарып,
Қазақтар кетті теңселіп,
«Жеңер ме Шотан еңсеріп?...
Тілегін тілеп тұралық,
Ақырын күтіп шыдалық»...
Қалмақ ері ортаға,
Шыға келді қомдана,
Шотанға көз тоқтатып,
Қарап тұрды таңдана,
Таңданғанын білгізбей,
Шекелеп қарар паңдана.
Қалмақ сөзін бастады: —
— «Сен жауқазын жастағы,
Қазақта маған тең келер,
Лайық ер жоқ-тағы.
Бар болғанда шықпас па,
Қазақтың алып-асқағы.
Обалыңа қалмайын,
Мойынға жас қан алмайын,
Кейінге қайт ойланбай,
Жас жеткіншек — жас қайың!
Қазақтың шықсын алыбы,
Теңіммен соғыс бастайын!
Менің атым ер Барзан,
Күрессем, жығып, бәйге алғам!
Қырық жас жасап, жауымнан
жеңілмеппін, ешқашан.
Толысқан соң келерсің,
«Жеңемін!» — деп еске алсаң.
Кетсең-дағы айтып кет,
Кімсің, қай ел ата тек?
Еске алармын түбінде,
Ер болатын бала! — деп.
Ал, қазірше піспеген,
Бір қайнауың шала!» — деп.
Шотан айтты: — «Қайтпаймын!
Ел үмітін ақтаймын.
Өлсем, өлем — ар үшін,
Сүйегімді сатпаймын.
Менменсіген ит қалмақ,
Басыңды тұздап, қақтаймын!
Ер Түріктің ұрпағы,...
...Алдансары, Назармын,
Мәлік, Әнес, Жәбәлмін,
Сейіл, Мағаз, Жайылмын,
Ақшолпаннан Жайылхан,
Майқы биден Жаһанмын,
Айырқалпақ Қазақпын,
Елеуден алты Алашпын,
Ұлы, Орта, Кіші жүз,
Туысып түркі жарастым.
Бекарыс ұлы Мөңке би,
Алшын ұлы Алаумын,
Құдияр, Қадырқожамын,
«Байұлы» — дер, лақабым.
Байқожа, Елтай, Адаймын,
Келінберді, Мұңалмын,
Жаулы, Жары, Назармын,
Алдыңда Шотан-ажалмын!
Ата-бабам түгел ер,
Айтпасам да білер ел,
Назардың ұлы Шотанмын,
Жеңетін жаспын біле бер,
Басыңды бүгін алармын,
Күдеріңді үзе бер!
Нағашым Беріш, Кетеден,
Айтайын нақтап, төтеден,
Есболай мен Әжібай,
Ақбата беріп, демеген,
Қос анам Мақпал, Құбажан,
Айнымас алтын кемеден.
Жарылқағай бір Құдай,
Жебеуші пірім — ер Қосай,
Мұхаммедке үмметпін,
Дін — Ислам тұрам айнымай!
Атамекен, Ел үшін,
Жеңістің желі шалқығай!»
Мұны естіп ер Барзан,
Көңілі болды күл-талқан,
Ашу, қаһар ісініп,
Жүзі мұз боп сұрланған,
Жас баладан сөз естіп,
Құтырынып, жынданған.
Ашу билеп ақылын,
Зіркіреп тұр батырың,
Ашу—дұшпан аздырар,
Азар болды пақырың.
Ойсыздықпен опық жер,
Сақтай алмай сабырын.
Білтелі қолда мылтығы,
Дайындап Барзан ұмтылды:
— «Кезегімді бер бала,
Тоқтатарлық былшылды!
Сөз саптауың жалын-шоқ,
Өртеп бұзды шырқымды!..»
Барзан мылтық оқтады,
Шақпақпен білте оттанды.
Шотанды етіп нысана,
Бағыттады оқпанды.
Білте жанып сол сәтте,
«Гүрс!» — етіп, мылтық от алды.
Барзан мылтық атқан-ды,
Шотанға қауіп шақ қалды.
Қосай келді қыран боп,
Қанатпен оқты қаққан-ды.
Бір Алласы жарылқап,
Шотанда сенім ақталды.
Оқ қаққан қыран адам боп,
Пірім — Қосай бабам боп,
Шотанға сенім-дем берді:
«Қорғаймын, саспа балам!» — деп, -
Алладан жазған жарылқап,
Қалқаның — қорған болам!» — деп.
Барзан қалды ойланып,
«Не болды?» — деп толғанып,
Шотан Хаққа сиынды,
Улы жебе қолға алып,
Тағдыр тесік тұсынан,
Жебесін атты қомданып.
Жебе кетті зырылдап,
Ысқырумен пырылдап,
Қарыс сүйем кіргендей,
Барзан тұрды қырылдап,
Суырмақ, жебе морт сынды,
Басы айналды дыңылдап.
Жантәсілім ер Барзан,
Ақ найзасын қолға алған.
Шотанға тура ат қойды,
Найзасын шіреп ұмсынған.
Шұбар қарғып, құстай нақ,
Найзадан Шотан құтылған.
Барзан қайта айналып,
Найзасын ыңғай қолға алып,
Шотан қағып найзасын,
Асырды жаудан айласын.
Тағдыр тесік дәл көздеп,
Шотан салды найзасын.
Шотан алға емінді,
Барзан кейін шегінді,
Ат көгіне ығысып,
Сауыты анық сөгілді.
Аттан ауды ер Барзан,
Ажалы анық көрінді.
Мүйіз сапты наркескен,
Шотан алды бар еппен.
Сақалдықтан сілтеп ед,
Бауыздаудан бас кеткен,
Басты алды ер Шотан,
Найзадағы ілгекпен.
Тұңғыш жеңіс бағына,
Айы туды оңына,
Басты әкеп тастады,
Ту түбінде ханына.
«Ер Шотан!» — деп, бар әскер,
Қолпаштауда жарыла.
Оңынан келді Есболай,
Солынан келді Әжібай,
Шотанды кезек құшақтап,
Иіскесті аймалай.
«Жолбарыс жүрек Шотан!» — деп,
Гуілдер алшын, кеп адай.
Тағы үш ер жекпе-жек,
Жеңіске жетіп ерлеп ед!
Қалмақта қалмай шыдам шек,
Жалпылай шықты ентелеп.
Ашынған жаудан тайынбас,
Соғысып қалмақ өрлемек.
Қазақ-қалмак қаржасты,
Сілтесіп семсер-алмасты.
Жебелер жауған бұршақтай,
Жердің жүзін қан басты.
Қазақтар кем-кем күшейіп,
Қалмақты басты албасты.
Бекітіп бекем белдерін,
Қол бастар асыл ерлерім.
Ажалды бас алмадай,
Қиылғаны көргенің.
Қалмақты турар қауындай,
Қарсыласып келгенін.
Жауда болса, ері көп,
Найзағайдай төгілет.
Аруағы басып қазақтың,
Бытырап, шілдей сөгілет.
Шотандар жауды тоздырып,
Сыбағасын беріп ед.
Қайтпады қазақ қарсы алды,
Дауылпаз ұрып жар салды.
Жеңісте үстем қазағым,
Қалмақтар шошып арбалды.
Бөлшектеп қырып шетінен,
Қалмақтан қазақ арды алды.
Бір күн, бір түн соғысты,
Қазаққа Құдай болысты.
Сорға батып көп қалмақ,
Екі мың қашып ығысты.
Жеңіс туы желбіреп,
Қазақтар алды тынысты.
* * *
Алшындар тойлап жеңісін,
Аралап шаттық ел ішін,
Жемге дейін жерлесті,
Жеңістің тапты жемісін.
Тойлады Назар қуанып,
Шотанның тұңғыш ер ісін.
«КӨЗІҢДІ САЛМА, ЖЕРІМЕ!"
Әлқисса, жеңіс деген де бақ құсы сияқты аумалы-төкпелі, бірде — бізде, бірде — жауда. Аз алшын Сауран айналып келген сәт құба қалмақты Жемнен асырып қуғанмен, мың жеті жүз жиырма үштің қысында құба қалмақ тағы да күш жиып, қазақтардың ауызбірлігі босаған сәтін пайдаланып, Жемнен шығыс Шерқала таулы қыраттарының айналасын басып алған. Қазақпен шекара атырабының күзетін күшейтіп, құба қалмақ мың жеті жүз жиырма төртінші жылдың қысын Жемнен шығыс Шерқала жоталарын бекініп қыстап қалды. Қазақтардың күші бөліну себебі, Сыр бойындағы үш жүздің елі — туыстарымыз қара қалмақ ханы Сыбан — Рабтанға таланып жатқанда, Әбілхайыр хан бастаған бес мың сарбазымыз көмекке кеткен...
...Адайлар мың жеті жүз жиырма төрттің қысында Борсыққұмда қыстап жатқан. Есекмерген жайсыз түс көріп, елін қамсыз қалмауға жұмылдырып, жауды құртуға аттанады. Бұл жорықта Шотанның екінші ерлігін, бізге жеткен шежіре — хикаяларынан балықшы Төреханның айту — сараптауымен ой-қиялымды ұштастырып жырлайын:
Мың жеті жүз жиырма төрт, ақпан айы,
Тұрған кез қыс қаһарын сақтап әлі.
Доржының билігінде құба қалмақ,
Қыстаған Жемнен шығыс Шерқаланы.
Қазақтың кең даласын еркін жайлап,
Менменсіп, астамсыды қалың қалмақ.
Саураннан ауып келген алшындардың,
Ойлары, мал мен жанын жаулап алмақ.
Бас болып мың шерікке ер Селеңгі,
Бағыттап Борсыққұмды жол шегеді.
Қалмақтар олжа қылмақ қазақтарды,
Тынбастан жолды жүріп ентеледі.
Қалмақтар келе берсін бағыт алып,
Жыр жолын алшындарға бағытталық.
Қалмақтар кеңескен түн Есекмерген,
Оянды көрген түстен шошып анық..
Ұйықтаса,...Есекмерген түс көріпті,
Басы қат, аяғы сәт іс көріпті.
Басы — қат...Батыс жақтан қара қабан,
Ырситып, қос азуын тістеніпті.
Ізінде қаптаған көп қабандары,
Қорсылдап, ашулы көз алаңдады.
Батыстан қара бұлт та көтеріліп,
Аспанын алшындардың қаптап алды.
Қабандар қалың елге тап береді,
Жолында кездескенді қақ бөледі,
Алмастай, азу тістер күн нұрына,
Ақсиып, айбынданып жарқ етеді.
Шығыстан арайланды күннің нұры,
Бөленді күн нұрына жердің жүзі,
Жел тұрып, боратумен тасты, құмды,
Жаулардың омыртқасын таспен үзді...
Түсінен шошып тұрды Есекмерген,
«Бір Алла өзің жар бол, деме!» — деген.
«Күн нұры — Алла сыйы жеңіс қой!» — деп,
«Жел — аруақ қолдайды!» — деп дәмеленген.
Шақыртып күндік жерден алшындарды,
Кеңесіп Есекмерген ақыл салды.
Баяндап, көрген түсін көпшілікке,
Өз түсін өзі жорып айқындады:
«Қаптаған қара бұлттар — қатер бізге,
Қабандар — қалмақтар ғой көзін сүзген.
Күн нұры — бір Алланың шарафаты,
Түбінде, жау жеңіліп, күдер үзген.
Бір Алла адамзатты желеп-жебер,
Құлдарын қысылғанда сүйеп-демер.
Білікпен, бірлікпенен қарсы шықсақ,
Сеземін, айдай анық-жеңіс келер!
Қамдансын жақын елім басын құрап,
Жеңеміз қалмақтарды, қарсы тұрсақ.
Ертең түс келіп жетсін ат, қарумен,
Жиналған жігіттерден жасақ құрсақ...
Қалмақты ел шетіне енгізбейік,
Қамсыз боп, жау қалмаққа жеңгізбейік,
Жан түгіл, төрт түлік мал, жетім тайды,
Бұйыртып дұшпан-итке бергізбейік!»
Мергеннің ұсынысын қабыл алған,
Ерлерім қолдарына қару алған,
Мезгілді, межелі жер уәдемен,
Бір мыңдай жасақ келіп дайындалған.
Қолына ер Қосайдың туын алып,
Төбеге Есекмерген шығып алып,
Жасаққа ақ жол тілеп тұрған сәті,
Кәнеки, айтқандарын біз тыңдалық:
«Батысым мен шығысым,
Еділ мен Тобыл арасы,
Түстік пенен арқамда,
Маңғыстау, Жайық сағасы,
Арал алды, Сыр бойы,
Әзіреттің даласы,
Атамекен алшынға,
Жайлаған қазақ баласы.
Ауып келген ит қалмақ,
Иемденген шамасы.
Қазағымда бардай-ақ,
Еншілес жер аласы.
Орысына сүйеніп,
Болды бізбен таласы.
Намысы бар ер жігіт,
Түсінер болса санасы.
Туылған соң ер болып,
Өлме босқа ез болып,
Тар заманға тап болдық,
Сыналатын кез болып,
Атамекен жер үшін,
Соғысалық ел болып.
Найзағайдай от шашып,
Сәуірдегі сел болып.
Қалмақ-қаңбақ кезеген,
Біз ұшырар жел болып,
Кең қонысты сақтасақ,
Арман-тілек жөн болып.
Ырза болар ұрпақтар,
Көңілдері көл болып.
Жеке, жалпы соғыста,
Қалмақ кетсін жер болып!»
— деді де, Есекмерген мың сарбазды,
Он жүздік, жүз ондыққа топтап алды.
Мыңбасы Айтқұл батыр бекітіліп,
Ту ұстап Есекмерген жол бастады.
Бес жүздік сарбаздары оң қолдағы,
Бес жүздік сабаздары сол қолдағы,
Оң қолда қолбасшы боп Атақозы,
Сол қолда Шотан батыр қол бастады.
Сол күні түніменен жасақ жүріп,
Шағырсай үстіртінен асып өтіп,
Тынықты тар шатқалда көзге түспес,
Шаған су шығыс жаға қоныс етіп.
Шолғыншы хабар берді Селеңгіден,
Қалмақ та таяу келді өрекпіген.
Адайлар Шаған судан ары өтіп,
Қалмақты қарсы алды өкпеліктен.
Қарсы тұр айбат шегіп қазақ-қалмақ,
Олжалап бірін-бірі тегін алмақ.
Алдымен екі жақты келісіммен,
Жекпе-жек батырлары соғыс салмақ.
Адайдан сегіз батыр сайланады,
Қалмақтан үстем түсу бар талабы.
...Тиісті жолыменен Шотан дайын,
Жарқылдар бес қаруы жау жарағы.
Жеті ер — жеті ерін қалмақтардың,
Жекпе-жек жеңіп алған зор бастарын.
Мұңалдың жолыменен сегізінші,
Ер Шотан шұбарымен алға аттасын.
Ер Шотан шыға келді көзі жайнап,
Ұрандап, қолдау тілеп, «пір Қосайлап!»
Қалмақтан қарсы шықты ер Селеңгі,
Бұрқанып, шүлдірлейді тілін шайнап:
— «Адайдың ері — ер Шотан,
Қылығың өтті тым астам,
Бір жыл бұрын өлтірдің,
Туысым еді ер Барзан.
Қолыма түстің ер Шотан,
Осы сапар кек алсам,
Барзан үшін бауыздап,
Жас қаныңа бір қансам!
Жекпе-жектің шартымен,
Үлкен жолы алдымен,
Төрт құлаштай найзамен,
Шаншамын дәлдеп жанды жер!
Қорғанып бақ, қорғанып,
Мен ажалың, аңдап, ұқ.
Сені күттім әдейі,
Елімнен келгем қамданып!
Толысқан күшім кемел-ді,
Танығын, атым Селеңгі.
Жаналғышың мен болып,
Көрсетемін өнерді.
Қанынды судай шашамын,
Қапы қалма Шотаным.
Адайларға айтып кет,
Ойыңда болса арманың!»
Сонда Шотан не деді?
Қаһарланып сөйледі:
— «Көкектейсің қалмағым,
Ажал-найза мендегі.
Пұтқа сенген қалмақсың,
Боса көшкен қаңбақсың.
Басқыншы боп еліме,
Жерімді жаулап алмақсың.
Аққа — Алла жақ болар,
Елім! — дер ерге бақ қонар!
Зорлықшыл сендей жауызға,
Менен ажал тап болар!
Еліңе қайт, еліңе,
Шығыста туған жеріңе.
Өз жеріңді қорғамай,
Көзіңді салма жеріме!
Тыңдамасаң құл етем,
Тұлымдынды күң етем!
Бүлінген елден пұл алман,
Дүниеңді күл етем!»
Селеңгі сонда шамданды,
Ұмсынып найза, қамданды.
Ер Шотан да ыңғай тұр,
Қалмақтың ойын аңғарды.
Селеңгінің сұр тұлпар,
Арындап, алға құлшынған.
Құтырынған қабандай,
Селеңгі найза ұмтылған.
Найзаны қағып, найзамен,
Құтылды Шотан айламен.
Қаға,...қайта бағыттап,
Шотан ұрды найзамен.
Қалмақ та қайта сілтеді,
Найзасы нақтап тимеді.
Ер Шотаным қолтықтан,
Қалмақты шаншып, түйреді.
Селеңгінің оң қолтық,
Найза кіріп, қол шоршып,
Шоршыған қолдан найзасы,
Жерге түсті ойнақшып.
Қарусыз қалып жау қалмақ,
Оң қолтықтан мол қармап,
Бойлатып найза ер Шотан,
Атынан енді аудармақ.
Жандәрменде Селеңгі,
Бастады бір өнерді,
Шотанның ұстап найзасын,
Кейін күштеп шегерді.
Найза шықты қолтықтан,
Қолтықтан ақты шоршып қан.
Таудан аққан бұлақтай,
Бұлқып ақты қоңыр қан.
Қызыл, бірде қоңыр қан,
Күнге түрлі құбылмақ.
Жантәсілім дыбыс па?
Селеңгі тұр қорылдап.
Шотан тартты найзасын,
Өткізді жаудан айласын.
Итеріп тұрған ит-қалмақ,
Жаңылып қимыл, жайрасын
Шотанның ойы болды да,
Селеңгі гүлі солды ма?
Екпінмен алға ұмтылып,
Құлады аттан шаншыла!
Басымен түсті Селеңгі,
Шотан бір сәт бөгелді.
Басын алды алмаспен,
Алмасқа шаншып жөнелді.
Білтелісін, найзасын,
Білегінен қалқанын,
Шоқпар, дойыр, семсерін,
Қалмақтың алды қанжарын.
Селеңгінің сұр тұлпар,
Иіскеп оны тарпынар.
Қимай тұр-ау иесін,
Көкке қарап арқырар.
Найзасында ілмекпен,
Сұр тізгінін ілгектеп,
Шотан алды жетекке,
Сұр тартынар дірдектеп.
Олжасын алып ер Шотан,
Мыңбасыға ұсынған.
Ақ бата алып Айтқұлдан,
Жауына қайта бұрылған.
Селеңгісі өлгенмен,
Орнын басты Сенгін ер,
Өліспей қалмақ беріспес,
Қазаққа қалмақ төнген жер.
Қалмақтар жалпы соғысты,
Бастауға белді буысты,
Адайдың туын алмаққа,
Шүйіліп қалмақ тұрысты.
Жекпе-жекте жеңілген,
Шығуға жаннан түңілген,
Соғысып, бұзып өтпекші,
Бұрханына сеніммен.
Қазақ-қалмақ арбасты,
Жайратпаққа жармасты.
Қылыш, найза, шоқпармен,
Қайраттанып қаржасты.
Ажалдысы аңдамай,
Басы түсер алмадай.
Қарсы келген аямас,
Хан, қара — деп таңдамай.
Қазақта аруақ асқақтап,
Қалмақ бәсең, жансақтап,
Шегінуде шығынмен,
Соғысуда қашқақтап.
Есекмерген білген-ді,
Жөнелтті жасақ ілгері.
Артынан қуып, кідіртпей,
Алдынан орап бүрген-ді.
Қапталдан атып мергендер,
Қалмақты аңдай жәукемдер.
Қашуға қалмақ жол таппай,
Қырылды! — депті, көргендер.
Жолбарыстай жол бастап,
Шотан жүрген қол бастап,
Алдынан қалмақ құтылмас,
Қылышы қияр сағақтап.
Жауларын Шотан жапырды,
Қалмақ састы, шашылды.
Ақылдан қалмақ алжасып,
Жансауғалап бас ұрды.
Бағыттары — Шерқала,
Қалмақ қашты жан сала,
Қашқанмен, қазақ қырып жүр,
Қалмақ састы сан соға.
Қазақ алды малдарын,
Жесір етті жандарын,
Азы қашып қалмақтың,
Жайлапты Жемнің аржағын.
Борсыққұм, Жемнің шығысын,
Жайлапты солай ұлысым.
Жарты мекен тазартып,
Елім алған тынысын.
ЕР ШОТАННЫҢ ЕКІНІШ ӘЙЕЛІ -АЙКЕНЖЕГЕ ҮЙЛЕНУІ
Әлқисса,...Кіші жүз Сауран айналғанда, ер Шотан көптеген ерлермен танысып, сырласып, достасқан. Сол достарының бірі — Шеркеш, Қойыс, Дербіс (лақабы «қаракемпір» — Р.Қ.) Базар, Ибескі, Жапақ байдың баласы Жаңабай батыр болатын. Ел қорғаудан жеке шаруасынан қолы босай қалса; ас, тойлардың себебімен, достарымен барыс-келісті үзбейтін. Сондай көңіл-татулықтың ізі Жаңабай — Шотан қос батырды қайынды-күйеулік жақын-жегжат болуға Алла тағала жазған екен... Жыр көшін ер Шотанның екінші әйелі Айкенжеге үйленуі бағытына бұралық:
Ел-жерді қорғап еткен Шотан батыр,
Ерлікпен ырза еткен қазақ халқын.
Жапақұлы Жаңабай батырменен,
Достасқан бір-бірінің сезіп нарқын.
Қыдырсиық баласы — Шеркеш биім,
Қойыс, Дербіс, Базардан ер Ибескі.
Ибескіден екі ұл — Мөней, Жапақ,
Айтылған шежіреден бұл сөз ескі.
Күнінде аты шыққан батыр Жапақ,
Бай Жапақ, мырза Жапақ, жетер атақ.
Жапақтың алты ұлы Шеркештерге —
саялы, өскен алып алтын дарақ.
Алты ұл, үш қызының ең кенжесі,
Ерке қыз — он жетіде Айкенжесі.
Жаңабай ауылында мейман Шотан,
Айкенже ару қызға ой бөлгені...
* * *
Себебі, Ханайым да етіп тілек,
Өзіндей, Шотанына қосақ тілеп,
Кеңпейіл, шарғи жолмен келісулі,
Сәт тілер, туыстардың бәрі білед.
Айкенже — Шотан батыр бірін-бірі,
Жарасып, сырын айтты көңілдегі.
Ұнатып, қосылуға ынтық болды,
Келісіп, кемел оймен көңілдері.
Ер Шотан Ханайыммен сырласады,
Кіршіксіз пәк көңілмен тыңдасады.
Ханайым ұғынған соң Шотан жайын,
Екеуі ата-анаға сыр ашады.
Ата-ана шарғи жолмен мақұлдасты,
Аталас, ауылдаспен ақылдасты.
Тоқтамыс, Лабақ пенен Атақозы,
Құда боп, бай Жапақпен жақындасты.
Келісіп, жүз жылқыға құдаласты.
Қадесін түгел беріп, ырзаласты,
Айкенже ұзатылып ер Шотанға,
Шеркештер адайлармен араласты.
МАҢҚЫСТАУ - ӘЛМИСАҚТАН АТАМЕКЕН
Әлқисса, 1725 жылы көктемге дейін кіші жүздің ханы Әбілқайырдың, тама Есет, табын Бөкенбай, адай Есенқұлұлы Атақозы, адай Назарұлы Шотан, кете Әжібай, беріш Есболай, шеркеш Жапақұлы Жаңабай тағы да басқа қазақтың қайсар батырларының ауызбірлікті ұйымшылдығымен құба қалмақтарды Сағыздың батысындағы Жамансор, Сұлукөлдерден ары асырып, атамекенімізді өзіміз иелене бастағанбыз. Маңқыстау түрікмендерінің өтінішін орындап, Маңқыстау қалмақтарын Тентексордан да асыра қуып, Жамансордан бері көз салмауға қалмақтардың уәдесін алғанбыз. Бірақ, Биікжал мен Өліқолтық арасын жайлап жатқан түрікменнің игдир руының Қарақұмдағы мал-жанын қалмақтар шауып, талап кетіпті... Сөз кезегін жырға беріп, ер Шотанның үшінші ерлігін тыңдаңыз:
Мың жеті жүз жиырма бес, жаз айында,
Адайлар жайлап жатқан Желтауында,
Батысын, Қарақұмды түрікмен жайлап,
Бәрі де өз тірлігі, мал қамында.
Сағызда — Жамансорда құба қалмақ,
Сұлукөл екі арасын жатқан жайлап.
Қарақұм түрікмендерін мал-жанымен,
Тосыннан аңсыз кезде алған жаулап...
...Желтауда адай ері Есекмерген,
Таңнамаз оқып болып, серуендеген.
Ауылдың батысында қыр басына,
Шыға сап, батыс бетке елеңдеген.
Әдеті, Алла сыйы — алдын болжар,
Ер Қосай бабасынан аруақ қонған.
Бүгінде жайсыз хабар күтулі ме?
Батысқа көзін сүзіп, алаңдаған.
Батыстан, Қарақұмнан шаң көрінді,
Шаңдатқан жалғыз атты ер секілді.
Жақындап жалғыз атты келді міне,
Асығыс аттан түсті, өрге жүрді.
Арғымақ ахал-теке мінген сайлап,
Үстінде бес қаруын ілген байлап,
Қос мүшел шамасында жас түрікмен,
Төбеге шығып келед, ерлеп, жәйлап.
Басында ақ сеңсеңнен шөгірмелі,
Жиекті ойма жаға боз көйлегі,
Ақ шоқай аяғында балтырлықпен,
Шапаны түсті жібек, өзгермелі.
Төбеге шықты түрікмен түсі жылы,
Бас иіп, басқан оң қол жүрек тұсы.
Еңселі Есекмерген арыстандай,
Кез келген адамзатты басар сұсы.
Қол алып, құшақтасып амандасқан,
Мейманды ертіп үйге қадам басқан,
Ақ киіз қалпақпенен тік жағалы,
Ақ көйлек киген және қазан шапан.
Аяқта күмісті сұр бұхар кебіс,
Ақсақал тісі маржан түгел тегіс.
Қыр мұрын, қара торы Есекмерген,
Таппайды тұлғасынан сыншы кеміс.
Сексен төрт жастан асқан Есекмерген,
Кездескен: — елу жас! — деп, есеп берген.
Құдайым денсаулығын берген артық,
Сондықтан киелі ер есептелген.
Мейманмен Есекмерген ауыл беттеп,
Сөйлесіп сырласумен демде жеткен.
Бұл ауыл Есенғұлдың үлкен үйі,
Осы жыл жаз маусымы қоныс еткен.
Он үй бар үлкен-кіші — ақ боз бәрі,
Ортада сегіз қанат көз тартады,
Мейманды бастап барды ел ағасы,
Жайғасып үлкен үйде сөз басталды.
Атқосшы бес бозбала аттанады,
Жан-жаққа нақ тапсырма — бар талабы.
...Мейманмен қымыз ішіп ел ағасы,
Кеңесіп, келелі ой ақтарады...
...Уақыт ет пісірім өткен кезде,
Жан-жақтан жетпіс атты түсті көзге.
Жетпісі осы ауылды бағыт алып,
Ауылдың сыртын ала келді лезде.
Түсе қап, аттар түгел шідерленді,
Келгендер амандасып, түгенделді.
Қозғалды, бағыттары үлкен үйде,
Күтуші қарсы алды келгендерді.
Әлқисса, бұл келгендер — Қосай, Тәзіке, Құнанорыс, Ақпан, Әлнияз, Шыбынтай, Тобыш, Мұңалдардың шөбере, шөпшек, ұрпақтары. Қоныстас, өрістес аталастардан жиналған жетпіс ер жорық аты, сауыт, йес қаруымен Есенғұлдың Есекмергенінің шақыртуымен жиналған.
Есекмергеннің сегіз қанат, ақбоз үйінің сыртына киіз төсеніштерге жетпіс ер мен Есекмерген және мейман түрікмен, ауыл азаматтары жайғасқан. Қызметші жігіттер төрт саба қымыз әкеліп, сабадан саптыаяқпен сапыртып, зереңмен көпшілікке, ретімен, тостағандарға қымыз құйып жалғап, сусындатты. Есекмерген бар меймандармен есен-саулық сұрасып, көпшілікке: «Аталас бауырларым! Сізді суыт шақыртқан себебім, түрікмен нағашыларымнан Баубек батыр адайлардан жәрдем сұрай келіпті. Бұл Баубек — маңқыстаулық тамыр — досым және нағашым (Алты Қосайдың анасы Оғылмеңлі түрікмен қызы екенін білесіз ғой) түрікменнің игдирі, дағлы Аннасейіттің үлкен оғлы. Аннасейіттің бәйбішесі Жемал — жиеніміз. Түрікмендер - сегіз арыс Сейілхан болғанда, біз — Жайылхан ұрпағымыз. Аннасейітпен, осыдан қырық жылдай бұрын Маңқыстауға мал қыстатып қалғанымда, аң аулап жүріп, танысқанмын. Жәй таныстықтың ізі ұлы достыққа айналған. Аннасейітке, еліне жау тисе, туыстарымның жауымен жауласып, түрікмен елін қорғастым. Маңқыстауға дәм тартып қыстаған кездерімде, бізді де Аннасейіт және оның руластары қалмақтардан қорғасты. Жауымызбен жауласып, арымызды арласып, күш-көмегін аямаған. ...Бүгін таңда елегізіп, қыр үстіне шығып, батыс жақты барлап тұрсам жүрегім сездіріп, күткенімдей, Аннасейітоғлы Баубек батыр асығыс іздеп келді. Игдирлерді Жемнің арғы бетіндегі қалмақтар аңсызда шауып, мал-жанын айдап кетіпті. Ел ағалары Баубекті маған жіберіп тарыққаннан достық көмек сұрап отыр. Қоныстас, өрістес игдирлерді Сағыздың құба қалмағына талатып, біз қалай қарап отырамыз? Игдирлердің қалмақты қуған қолымен, Баубектің айтуы бойынша, Жемнің Биікжалдантіке арқасындағы өткелде кездесеміз. Жемнің арқасындағы Бөлектауда қалмақты қуып жетерміз. Достық парызды бірге өтеуге қалай қарайсыз?- деген Есекмергенге сексен сарбаз келісім берді.
Есекмерген сексен сарбазға Ер Шотанды сардар етіп, ақбатасын беріп, жауға аттандырды. Жолды игдир Аннасейітоғлы Баубек батыр бастап, құба қалмақтың ізіне түсті.
Ал, жырлалық, тыңдаңыз:
Қосылып, жетпіс ерге тағы оны,
Адайдың дайын болды сексен қолы.
Елаға-Есекмерген ауылында,
Сусындар, саба-саба қымыз толы.
Ер Шотан, игдир Баубек — сексен ермен,
Қалмақтың ізін қуып, Жемге келген.
Барлаушы Андағұлдың хабарымен,
Қалмақтың алдын кесіп, Жем де төнген.
Ер Шотан үш топ болып, жауға тиді,
Қалмақты қақ айырып, қарнай кірді.
Есінен адастырды аңсыз шауып,
Жасағын жау қалмақтың жалмай түрді.
Алысып қазақ-қалмақ араласты,
Жан алып, жан берісіп жағаласты.
Бес қару шақыр-шұқыр, жарқ-жұрқ етіп,
Жеңіліп қалмақ қолы шамаласты.
Игдирдің арын қорғап ер Баубегі,
Соғысып сан қалмақты жәукемдеді.
Баубектің сырт жағынан бір ер қалмақ,
Найзасын ыңғай ұстап ентеледі.
Баубектің жауырынына сілтеп найза,
Қу қалмақ асырмақшы ақыл-айла.
Ер Шотан байқап лезде қаққан сәтте,
Екпіндеп қалмақ ауды терең сайға.
Аңғарып игдир Баубек Шотан ісін,
Шаттанып нұр биледі алма жүзін.
«Мәңгілік даңқың артқай ер Шотан!» — деп
Ер Баубек ырза болып арнар сөзін...
Екі ер қолдап, қорғап бірін-бірі,
Қалмақты бек састырды, түңілдірді.
Қашқанын Жем суына тұншықтырып,
Қалғанын тұтқын қылып жүгіндірді.
Ұялы бөрідей нақ сексен ерім,
Дос үшін қылыш сермеп, төккен терін.
Қалмаққа тұтқын болған игдирлерді,
Құтқарып, мұратына жеткен елім...
...Игдирдің мал-жесірін Баубек жинап,
Күлімдеп қауышады, бірде жылап.
Бәрі де ер Шотанға алғыс айтып,
Жамырап, қуанғаннан қойдай шулап.
Еске сап, айтылатын келді кезі,
Сондағы игдир Баубек айтқан сөзі:
«Ер Шотан не тілейсің, орындаймыз,
Игдирдің саған болмас қояр шегі.
Қайтардың байлық-мүлік, дәулет-малды,
Құтқардың құлдығынан әулет-жанды.
Әйел, қыз, анам еді — ең аяулым,
Сақтадың жаудан есен сәулет-арды».
Жауабын ер Шотаным айтты дайын:
«Түбі бір, түркі тектес — сіз ағайын,
Бұл күнде қыз алысып, қыз беріскен,
Құдандал түрікмендермен біз — адайың.
Бір тілек — болсаң егер келісімді,
Кеңейту қоныс-қыстау өрісімді.
Маңқыстау әлмисақтан ортақ мекен,
Ортақтас, бағаласаң ер ісімді.
Игдирдің Баубек ері: — «Қабыл!» — деді,
«Адайлар қоныстас бол, алың» — деді.
«Игдирлер ұмытпайды жақсылықты,
Сізге де қалқан болсын жаным!» — деді.
Сол күннен ер Шотанға болған қоныс,
Үш түбек құтты мекен, жайлы өріс.
Кем-кемнен Адай ұрпақ араласып,
Маңқыстау — атамекен, майлы жеміс.
ЕР ШОТАНЫМ — ЕЛ ҚАЛҚАНЫМ!
Жырлайын жар бола гөр, бір Құдайым,
Құлыңның арттыра гөр абыройын,
Шындықтың ізіменен жүргізе гөр,
Мөлдіреп жыр-сел болып ағылайын.
Кіші жүз заманына ыңғай-қайым,
Орайлап икемдеген тірлік жайын,
Баһадүр алдын болжар саясатшы,
Билеген дана ханым Әбілхайыр.
Бес жылдай кіші жүзім қалмақпенен,
Соғысып, жеңіп, қуып, алған мекен.
Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл, Елек, Қобда,
Жайықтан шығыс азат болған екен.
Кең қоныс — ата мұра, атамекен,
Ерлерім жан берісіп азат еткен.
Ұрпағым! Есте сақта! Дұға оқы!
Жадыңа салып өтем, мұрат еткем.
Ер Есет, Есекмерген, Бөкенбайым,
Арал мен Атақозы, Әжібайым,
Ер Шотан, Кенже, Лабак, Малай, Жанақ,
Дәуқара, Ағатай мен Есболайым,...
...Мыңдаған тізе берсем батырларым,
Жауынан қорғап өткен асыл халқын.
Күніне еске алып, ырза болам,
Барлығы түбі туыс — жақындарым.
Әлқисса, сол ерлердің бірі Шотан,
Қазаққа бола білген болат қалқан,...
...Мың жеті жүз жиырма сегіз жылы,
Бұланты соғысында даңқы асқан.
Айтайын сол ерлігін ер Шотанның,
Қарттардың еске алып аңыздарын.
Бұланты соғысында соңғы күні,
Қалмақтар күшін жиып салды шапқын.
Бас сардар Әбілхайыр шешім алып,
Бас болып шабуылдап, жауды жарып,
Ізінде қазағымның батырлары,
Шапқанда қалмақ састы естен танып.
Тозғындап, қалмақ шілдей бытырады,
Ерлерім шаншып, шауып ұмтылады,
Қамауға түсіп қалған бір топ қалмақ,
Қақпанға түскен аңдай бұлқынады.
Осы кез Әбілхайыр ханға дұшпан,
Найзасын лақтырды, ойы: — «сұқсам!»,
Ер Шотан жау найзасын қайырмаққа,
Керіліп, дойырымен нақтап ұрған.
Дойырдың оқ жыландай соққысынан,
Жау найза қақ бөлінді ұңғысынан,
Хан байқап: — «Ер Шотаным — Ел қалқаным!»,
Аңдатты ақ пейілін алғысынан...
Жеңіспен соғыс бітіп Бұлантыда,
Жеңісті тойлап қазақ ойда-қырда,
Бас сардар жеңіс тойда мол олжадан,
Ұсынды ерлік еткен ұланына.
Кезегі жеткен кезде батыр Шотан,
Бас сардар шақырғанда жетіп барған,
Қаракөк тұлпар, алмас, болат қалқан,
Қалмақтың бір аруын сыйға алған.
Ер Шотан айтқан деген сонда бір сөз:
Анықтап айтып өтер келді бір кез:
«Бас сардар! Бас иемін құрметіңе,
Құрметке — елжіреп, кім тебіренбес?!..
Әкем ғой-Жары Назар мыңбасыңыз,
Әкеме сауға берсем, құптарсыңыз,
Ел — семсер, бас сардарым — алтын балдақ,
Ел — қалқан, Сіз — тоғалы тұтқасыңыз.
Сізбен — Ел, тұтас тұрсақ болар Бірлік,
Бірлік барда, болады тату Тірлік.
Мына жеңіс — Бірліктің жемісі ғой,
Жемістің бүгінгі күн дәмін білдік.
Қазағым қайран елім ұйығай да,
Айналар ұйыған сүт — сарымайға.
Қазағым ірімегей күншілдікпен,
Тілеймін, сиынамын бір Құдайға.
* * *
...Мың жеті жүз отыздың көктемінде,
Үш жүзім Бірлік шыңға жеткенінде,
Итішпес көл маңында аңыраған,
Ойраттар—қазақ жеңіп, түткенінде...
...Айтайын сол соғыстан бір оқиға,
Жар болған қазағыма жалғыз Алла.
Қазаққа отқарудан оқ боратып,
Ойраттар өкшелеген қалмай алға.
Мылтықты, зеңбіректі ойрат үстем,
Шегінен қазақтардан үстем түскен.
Баһадүр — бас сардарым ақыл тауып,
Жеңетін жау қалмақты жоспар пішкен.
Қосымша Шотан қолын тізіп сапқа,
Бұйырды: — «Шабыңдар,» — деп, — мініп атқа!
Сардардың үкімімен Шотан қолы,
Айналды Көктөбеден күнгей жаққа...
...Бұл кезде, қазақ қолын ойрат қуып,
Түйелі зеңбірекпен сырттан түріп,
«Атқылап, атой салып бездірмекте,
Қуғындап қашқандарды, мәз боп күліп.
Ойратқа Шотан тиді бір бүйірден,
Мыңдығы бал арадай үйірілген.
Ойратты түтіп,сөгіп,бөлшек-бөлшек,
Жеңілген жау аңырар күйігінен.
Ойраттар мылтықтарын, зеңбірегін,
Ата алмай, қас-қағымда телім-телім.
Үзілген омыртқасы оқ жыландай,
Бұраңдап, жинай алмас күшін, белін.
Мың-мыңдап қазақ қолы жан-жағынан,
Қалмақты босатпады қармағынан.
Артылған төрт түйеге зеңбірегін,
Шотандар олжа етіп алғанынан.
Болат хан шаһид болып жау оғынан,
Сұлтандар себеп қылып, ыдыраған...
...Қол бастар қажет кезде Әбілхайыр,
Хан сайлау — тақмұраға ұнамаған.
Сол күннен үш жүзіміз үш бөлінген,
Үш ханға — ел тағдыры тұр телінген.
Менменсіп, бірлік болмай хандарымда,
Жат қолда кетті еркім — нұр сеніммен.
ҚОНЫС ҮШІН ҚАНДАСҚАН…
Мың жеті жүз қырқыншы жыл шамасында Ер Шотанға байланысты бір оқиғаны жетімек Мұса былай әңгімелейтін...
Әлқисса, Мың жеті жүз жиырмасыншы жылдардың орта тұсынан бастап, көсемдеріміздің көрегендігінің және Маңқыстау түрікмендерімен, Хиуа хандығымен тіл табысуының арқасында, Адайлар Маңқыстауды еркін қыстап, түрікмендермен татулықпен араласып тұрған. Салығын төлеп,ортақ жаудан бірге қорғанатын. Ол кезде, ресми түрде Маңқыстау Хиуа хандығының қоластында еді. Кей жылдары адайлар Маңқыстау жайсыздау болса, Бесқала, Мары, Кешкі, Қызылқия, Балқантау, Шағадам жерлеріне тамыр — дос түрікмен ауылдарымен бірге көшіп барып, араласа отырып қыстайтын.
1740 жылдары түрікменнің аушар тайпасы, гараклы руынан шыққан Ымамгулыоғлы Нәдир(Нәдір) шаһ Хиуа хандығына басқыншылық ниетпен жорыққа аттанып, жаулауға кіріседі. Сол жылы Надир шаһтың үстемдігі Хиуа хандығына жүріп, Маңқыстаудың салықшы - елбегілері түрікмендер мен адайлардан дасалықты еселеп жинауға кіріседі. Зорлыққа көнбеген түрікмендер мен адайлар күш қосып, азаттық үшін күресті.
Түрікмендердің көбі Жем, Сағыз, Жайық, Еділ арқылы орыс еліне қоныс аударып, көшіп кетті. Бір қатары желкенді кемелермен Әзірбайжан еліне, Астрахань жеріне көшті. Бұрынғы Хиуа ханына қызмет істеген түрікмен елбегілері — Құтлық, Сейід, Оғылша, тағы басқалар Нәдір шаһқа да бойсұнып, қызмет істеді. Салық есебінен өз несібелерін де алып, құныққан олар халыққа жайсыз болды.
...Айтқұлұлы Атақозы батыр басшылығындағы адай руы Теке, Орынбор қалаларына дейін жаз жайлап, көктем мен күзді Тайсойған — Борсық құм арасын, Сағыз, Жем, Доңызтау, Тасастау қайнар, Желтау, Биікжал, Қарақұм аралығында өткізетін. Қыста Манқыстау, Бесқала — Харазым ойында қыстайтын.
Нәдір шаһтың қысымына көнбеген, салығын төлемеген адайлар салықшы-елбегілер Құтлық, Сейід және Оғылшамен теңдік үшін соғысуға мәжбүр болады. Азаттық үшін алысқан жүздеген ерлеріміздің бірі ер Шотанның Оғылшамен соғысын, жеңісін және Оғылшаның жесірі Оразгүл гезелмен арадағы оқиғаларын жырлайық:
Мың жеті жүз қырқыншы — тарих хаты,
Айтқан-ды жетімектің Мұса қарты:
«Ел үшін намыс етіп, Оғылшаны,
Жеңген соң, тағы артты Шотан даңқы»...
...Бастайын бұл ерлігін айғағымен,
Ол кезде түрікмендер дос Адайымен.
Маңқыстау — құтты қыстау, ортақ мекен,
Тату боп, араласқан сыбайымен.
Шөбі аз, суы таңқы кей жылдары,
Хиуаның алынумен ырзалығы,
Адайлар түрікмендермен бірге көшіп,
Қыстайтын Тежен, Көшкі, Бесқаланы.
...Сол жылдар Нәдір еді Иран шаһы,
Дүрілдеп, асып тұрған дәулет-бағы.
Шығысы Қап тауының — Бағдат, Герат,
Үнді мен Қандыағар, Бұхараны.
Хиуаны жаулап алған, бағындырып,
Елдерін қырған, езген, жалындырып.
Салықты төлемекке түрікмен халқы,
Көндіккен Нәдір шаһтан сағы сынып.
Маңқыстау түрікмендері басын иіп,
Көсемдер — Оғылша мен Құтлық, Сейід,
Түрікменге қоса адай руынан,
Салықты бермек тезден түгел жиып.
Көсемі адайлардың — Атақозы,
Күнінде қатарынан даңқы озды.
Адайдың батырларын бастағанда,
Сан рет жау жеңіліп, қашып, тозды.
«Көнбен! — деп, Атақозы: — Нәдір шаһқа!»,
Қамданып, соғысуға мінді атқа.
Бес жүздей адайлардың сарбаздары,
Дайын боп, сенім етті жалғыз Хаққа.
Адайлар қырға көшу қамын еткен,
Бір күні хабар келді, ерте көктем.
Маната асуында түрікмен қолы,
Мал салық зорлап алмақ, алдын күткен.
Білді де, Атақозы сарбаздарын —
Үш топқа бекітеді сардарларын,
Қос жүздік сардарлары Шотан, Лабақ,
Аттанды жау жарағын қамданғасын.
Жүз мерген мылтығымен тұрған дайын,
Андағұл мерген екен — сардар қайым,
Андағұл, Атақозы үш жүздікпен,
Бағыттап жүріп кетті Ман құлауын.
Маната қырға шығар жолдың үсті,
Түрікменнің торуылы көзге түсті.
Шеп құрған қыр жағалай Құтлық қолы,
Бастамақ қазақтарға қырғын істі.
Түрікменнің жатқан жерін түгел барлап,
Күш көлік жайын білді көздеп, аңдап.
Тар соқпақ, жасырын жол екі жерден,
Адайлар шыңға жолды алды таңдап.
Қос жолмен Шотан, Лабақ түнделетіп,
Айналып, тауға шықты жеделдетіп.
Жорыққа жараған ат, сарбаздар да,
Үн-түнсіз алып шықты өрмелетіп.
Таңсәрі Шотан, Лабақ ертелетіп,
Сарбазын жеткізеді ентелетіп,
Жауларын нысанаға алды көздеп,
Атардай тізіп бәрін желкелетіп.
Таң шолпан батқан кезде Құтлық қолын,
Қоршады қырдан, ойдан, оңды-солын.
«Ер Қосай! Ер Қосай!» — деп ер адайлар,
Ұрандап бөгеп тұрды жүрер жолын.
Кеңесіп Құтлық қолы өзді-өзі,
«Жекпе-жек! Жекпе-жек!» — деп,айқай сөзі.
Сайланып екі жақтан үш жұп тұрды,
Ерлікпен танылатын келді кезі.
Бірінші — Лабақ шықты Құтлықпенен,
Алмадай Құтлық басын жұлып келген.
Екінші — Қоңырұлы ер Сырымбет,
Шоқпармен ер Тіркешті ұрып берген.
Түрікменнің екі ері бірдей өлді,
Ерлігін қос адайдың көзі көрді.
Үшінші — Оғылша ер тұр шіреніп,
Түрікмендер Оғылшаға анық сенді.
Ер Шотан ойнақтатып шұбар атын,
Майданға шыға келді қысып тақым.
Оғылша қарсы келді айбаттанып,
Арасы он құлаштан болар жақын.
Оғылша сонда сөйледі,
Сөйлегенде не деді?
«Кеше жүрген дос едің,
Бүгін болдың қас елім!
Ел амандық — күн үшін,
Салық төлеу бұл ісім.
Нәдір шаһпен соғысып,
Күш сынасып, тоғысып,
Бағынбауға күшім жоқ.
Табатын айла, ісім жоқ!
Сондықтан елім бас иіп,
Қызылбасқа мал жиып,
Құтылсақ, кім ұтылмақ?
Күшті жаумен алысып,
Орынсыз жерде қарысып,
Опық жеп өткен өмірден,
Жеңілген жақсы, жеңілген
Доспын! — дейсің еліме,
Еншілес болдың жеріме,
Салықты бөліп төлемей,
Достық парыз өтемей,
Адайым, қайда барасың?
Секіріп бастан асасың.
Секіртпеймін басымнан,
Өлмей, сені қашырман!»
Сонда Шотан сөйледі,
Сөйлегенде не деді?
«Сегіз арыс Сейілхан,
Жүз мыңдаған болар жан,
Берекелі бірлік жоқ,
Бірлік болмай, тірлік жоқ.
Берекеңіз қашқасын,
Бағынасың, сасқасын.
Бүкіл түрікмен біріксе,
Жұдырықтай түйілсе,
Қызылбас келіп ала алмас!
Басынып сізді шаба алмас!
Сондай кезде бірігіп,
Біз де бірге жұмылып,
Қазақ, түрікмен достасып,
Қызылбаспен қастасып,
Соғыссақ, жауды жеңер ек
Азды көпке теңер ек!
Өзің бағын, бағынсаң,
Мен бас иіп, бағынбан!
Салық төлеп малымнан,
Қызылбасқа жалынбан!
Садақа басым арымнан!
Тірлігімде шағынбан!
Сөз асырман басымнан,
Танылған ермін жасымнан!
Бос егесті тасталық,
Жекпе-жекті басталық!
Жар болғай аққа-бір Құдай,
Ісімді Аллам, оңдағай.
Бәріне себеп бір Аллам,
Сенетін менің кең панам.
Жауымнан әр кез қорғанам,
Сиынып Хаққа толғанам».
Оғылша дулығалы, сенсең бөрік,
Балтырлық ақ без шұлғау, шоқай етік.
Көк сауыт, шаһи шапан, қылыш, қалқан,
Жарқылдап қарулары берер көрік.
Астында ахал-теке арғымағы,
Тізгінді тарта ұстап, қарғытады.
Оғылша сұр найзасын, кезей ұстап,
Шотанды шаншу ойы, қарсылады.
Оғылша құшақ жетпес күжімдейді,
Дауысы аюдай нақ күжілдейді.
Көрген жан тілден қалып, есі ауып,
Қорыққан қоян жүрек дірілдейді.
Бірақ та, Шотан одан басылмады,
Сескенбес, ерлік қимыл жасырмады.
Ақ найза алты құлаш қолда ойнар,
Найзамен қаржасуға жақындады.
Екеуі найзаменен тіреседі,
Бір-бірін ала алмай, сіреседі,
Оғылша ұсынысын қабыл алып,
Екеуі аттан түсіп күреседі.
Ала шаң көтерілді аяқтардан,
Бір-бірін ішке тартып, таяп алған.
Күрескен орындары — үй орнындай,
Ет пісім мезгілінде ой боп қалған.
Ер Шотан: «Ия, Алла жар бола гөр!
Пендеңе артық күшпен дем бере гөр» —
— Дегенде, ер Оғылша қарқ-қарқ күліп:
«Ал, Шотан иманынды үйіре бер...
Еркек тұлғам екі есе, күшім артық,
Шаманды білмей жүрген ісің тантық,
Мен байқап, сеніменен ойнап жүрмін,
Шайнаймын, шындап кетсем, шердей қарпып».
Осы кез көкте қыран қалықтады,
Шаңқылдап, бұлттан асып, шарықтады.
Құйылды ер Шотанға тосын қайрат,
Ер Шотан: — «Алла жар!» — деп парықтады.
Бұл қыран пір Қосайдың аруағы,
Шотанды аруақ жебеп, жалындады.
Ер Шотан қос бүйірден Оғылшаны,
Қысқанда, жаны шыға арылдады.
Ер Шотан Оғылшаны жерден қарыс,
Сәлден соң тізеліктен сәл-ақ алыс
көтеріп, сілке ырғап, шыр айнала,
Шалқалай, лақтырды құлаш алыс.
Ер Шотан серіппедей қимыл жасап,
Тік тұрды, жәрдем етті Құдай қалап.
Оғылша есі ауып, талып жатыр,
Аяқ-қол жинай алмай, ол шалқалап.
Белінен үшкір тасқа түскен екен,
Үзілген бел омыртқа жұлынменен,
Мойыны қайырылған, бас астында,
Өлген ғой, тірлік сезім білінбеген.
Бес қару, қалқан, сауыт, дулығасын,
Бөктеріп, байлап алды қанжығасын,
Айналған Оғылшаны атын ұстап,
Жетектеп кете барды арғымағын.
«Ер Шотан, жаса! Жаса!» — Елі гу-гу,
Мақтаған, көтермелеп адай ду-ду.
Түрікмендер ақылынан алжасқандай,
Оғылша сарбаздары болды у-шу.
Ту ұстап Атақозы: «Ер Қосайлап!»
Желігіп қайталауда ел ұрандап.
Түрікменге түре тиді сасып тұрған,
Мергендік, ерлік сәті — күн сыналмақ.
Андағұл мерген тобы бес атқанда,
Жүздігі бес жүз жауын құлатқан ба?!
Бұқпақтап, сай-салада жаяу қашқан,
Аттысы оққа ұшқан қыраттарда.
Жау туын олжалаған Боран батыр,
Жау қашқан, адай қуған ала шапқын.
Жау-қоян, адай-арлан құтқармайтын,
Еңселеп, жалмап, жұтып бара жатыр.
Қуалап, жау қалдығын жау жеріне,
Адайлар жеткен екен жау еліне,
Түрікменді обасынан түре айдап,
Олжалап, мал-жан алды несібіне.
Бұл оба — Оғылшаның обасы екен,
Олжаға түскен соның мал-басы екен.
Ер Шотан Оғылшаның қалыңдығын,
Оразгүл гөзел қызды олжасы еткен.
Ер Шотан Атақозы көсеміне
тапсырды мал-жан олжа есебінде.
Олжаны таласпастай әділ бөлер,
Көсемі Атақозы шешеді де.
Мал-басы Манатадан есен шығып,
Жиналып, түгенделді ел тынығып.
Жеңісті тойлап адай қыр үстінде,
Бір тәулік сайрандады ел сүйініп.
Олжа мал, жетім-жесір, асыл мүлік,
Халқына Атақозы үлестіріп,
Ең соңы Оразгүлге тірелгенде,
Би, көсем шешім алды кеңес құрып:
«Оразгүл гөзел-сұлу өзі не дер?!
Таңдауға жігіттерді бер еркін! — дер.
Оразгүл гөзел сұлу кімді таңдар?! —
Қызықтап, тамашалап желпінген ел!
Әкелді Оразгүлді ел ортаға,
Үркектеп, жүзі солғын ол қорқа ма?
Сардарым Атақозы Оразгүлге,
Таңдаудың жолын айтты екі сала:
«Бір таңдау сексен жебе жасырамын,
Шанаштан бірін суыр, бағыңа сын!
Бір таңдау сексен жігіт қатар тұрар,
Таңдайсың бірін сайлап, арыңа сын!»
Тұтқынға мұнан артық бақыт бар ма?
Оразгүл күлімдейді, жүзі-алма.
Алаулап, жүзі жайнап, тілі сайрар:
«Бір сұрақ, сексен ерде Шотан бар ма?
Ер Шотан сексен ердің бірі болса,
Таңдаймын, ер Шотанды! Қарсың бар ма?
Арман жоқ, ер Шотанға қоссаңыздар,
Бұйыртып маңдайыма жазсын Алла!»
...Оразгүл бидай өңді, қыр мұрынды,
Күлім көз, шырын сөзді, көп бұрымды,
Орта бой, қыпша белді, сүйір саусақ,
Кездессең, қоздыратын тән-жыныңды.
Таңертең ашылған гүл — еріндері,
Қос алма жүрген кезде дірілдейді.
Жүрісі жаңылмайтын жорға меңзес,
Қарасаң, оғаш қимыл білінбейді.
Қасы-жай, кірпігі — оқ, жанары — шоқ,
Қызуы шақпақ жақпай, жандырар от.
Көз салма! Көзі түскен ер жігіттің,
Ажырар Оразгүлден амалы жоқ!...
Әлқисса, адайлардың бас сардары Айтқұлұлы Атақозы батыр жорықта ерекше ерлігімен көзге түскен сексен ерді таңдауға би, батырларымен кеңеседі. Таңдалған ерлердің ішінде Шотан мен Жаналыұлы Мырзағұл көрінбегесін іздестірілуде еді. Оның үстіне Атақозы батыр Оғылша қалыңдығы Оразгүл гөзелге ертең дауға екі ұсыныс жасап, бірін таңда —деген. Оразгүл екі ұсыныстың соңғысын, яғни, сексен ердің бірін — ер Шотанды қалайтындығын білдірді. Сарбаздар шуылдасып: — «Оразгүлдің қалауын ер Шотан қабыл ала ма? Анығын білейік!» — десті.
Көпшілік Шотанды іздетіп тапқанша, қыр астындағы бұлақ басында Шотан мен Жаналыұлы Мырзағұлдың сұхбат-сырын тыңдалық:
...Ер Шотан бұл мезгілде жырақ көптен,
Мырзағұл туысымен кеңес еткен.
Ер Шотан: «Мырзағұлым болашаққа,
Құмалақ ашып маған болжам етсең!»
Мырзағұл кісесінен ақ орамал,
Алды да, сілкіп, жерге жая салған.
Жүз беріп, Қағба бетке: «Биссмилләһ!» — деп,
Қол жайып: — «Алла жар!» — деп, дұға қылған.
Қырық бір құмалағы—орамалда,
Шашылған үйір-үйір, қиял самға!
Мырзағұл күбір-күбір, өз-өзіне:
«Жүрегім анық ашып, жорамалда!
Жауменен қосылуға жолы жабық,
Қосылса, сол әйелден ажал анық!
Аздырып, әзәзілі қосса, оңбас,
Ұрпағы әкесіз боп, болар ғаріп». —
Мырзағұл ер Шотанға жүзін бұрып,
Түр-түсі, бірде суып, бірде жылып:
«Ей, Шотан естідің бе, болжамымды?
Шешім ал, ақылменен пайым қылып.
Жаратқан: — «Пендем тура жолда жүрсін!
Адасса, жазаланар, оны білсін!
Пендеме ерік бердім,сана бердім,
Кім қалай өмір сүрер, жеміс жесін!» —
— Дегенін, білесің ғой, оқығансың,
Көңілге көрікті ой тоқығансың.
Туыстық — жанашырлық кеңес айтам,
Бұл сапар жесір алма! Базынам шын!»
Ер Шотан: — «Ой түйдім мен жорамалдан,
Осы жол түрікменнен жесір алман!»
Осы кез Есен келіп көпшіліктің,
Шотанды күткендігін хабарлаған.
Ер Шотан келіп көпке, басын иіп:
«Есеннен бар хабарды келдім біліп,
Оразгүл гөзел болсын бүгін азат,
Тілегім, шешімім сол!» — деді күліп.
Ертесі Оразгүлге ат мінгізіп,
Жиырма бес сарбазбенен бір жүргізіп,
Ең жақын Игдирлердің обасына,
Қалдырды аман-есен, тез жеткізіп.
Игдирде Баубек ерге аманаттап:
«Сақта! — деп, Оразгүлді жаманаттан».
Сарбаздар амандықпен елге жетті,
Аттамай имандылық адал аттан.
КИІМДІ ҰЛЫМ - СҮЙКІМДІ ҰЛЫМ МӘМБЕТІМ
Мың жеті жүз қырық алтыншы жыл, қыстың қаһарына мінген желтоқсан айының орта тұсы. Бозашы түбегінің құмақты құтты қоныс қыстауындағы ер Шотан ауылына Жем мен Сағыздың құярлығындағы беріштерден Ағатайұлы ер Боқай екі жолдасымен келген. Байқожа, Естай, Беріш, Байсейіт, Қитас, Жайық, Наурыз, Тілеукеұлы ер Ағатай жеті баулы беріштерге асқақ аруағымен, даңқты ерлігімен ұран болған. Сол Ағатайұлы ер Боқай мезгілсіз, суыт келгенде, ер Шотан құшақ жайып, қарсы алды. Шотанның бәйбішесі-Ханайым қызметші келінге шұбат алдырып, дастархан жайдырды. Сегіз канат сән-салтанаты жарасқан киіз үйді бабына келген қышқылтым шұбаттың иісі алып, отырған кісілердің сусынға деген құмарлығын арттырды. Қызметші келін күмістелген, өрнектелген әсем ағаш зереннен сүйек және күміспен өрнектелген сапты аяқпен шұбатты бабына келтіре сапырды. Сарыала ағаш тостағандармен меймандарға шұбатты ұсынды. Боқай екі жолдасымен, үй иелері шұбатқа қанған соң, асығыс шаруаларын айта отырды. Боқай:—«Байсейіт, Қитас, Жайық, Дәулет Тұмашұлы Ерназар байдың жылқысын Жайықтың ар жағындағы құба қалмақтар барымталап кетіпті... Құба қалмақтан қарымта қайыруға адайлардың тізгін ұстар батырларының бірі ер Шотанға ер Боқай жәрдем сұрай келген соң, Шотан қамдануға төрт жігітін төрт жаққа аттандырды. Ертесіне, төрт жігітіне ере келгені және ет пісірімде келген жігіттерді жинап, жүз сарбаз дайындады. Бозашы, Ақтау, Қаратаумен үстірт түлейлерінде қыстап жатқан қалың адайдан сарбаздар жиылып, Бекбике ұрпақтарының қыстауында басқосып қалмаққа аттануды ұйғарып, хабаршыларын аттандырды. Қиялмен тарих көшіне ілесуге жыр тізгінін босаталық:
Баласы Ағатайдың Боқайменен,
Қол бастап Назарұлы Шотан ерген.
Ат басын іркіп, Тіней ұрпағына,
«Бекбике» қыстауына қонған екен.
Айнала ағайыннан — адайлардан,
Бес жүз қол келді түгел ыңғайланған.
Іркілмей Шотан келді бес жүз қолмен,
Сөз кезек, күтіп алған Ағатайдан...
...Бас болып аруақты ер Боқайым,
Байұлы мың сарбазы болды дайын.
Жайықтың мұз өткелін аңдап өтіп,
Паналап, батысында Ақтоғайын.
Барлатып, біліп алды қалмақ малын,
Қыстаған айнала құм Бескөл маңын,
Аңсызда жылқышыны түгел құртып,
Жылқының олжалады үш мың санын.
* * *
Аттанып, Ақсорға да келді жетіп,
Мың түйе олжалады иемденіп,
Екі жүз сарбаз айдап үш мың жылқы,
Мың түйе қоса кетті жеделдетіп.
Олжа мал кете берсін елімізге,
Ерелік сардар Боқай — ерімізге,
Іркілмей қалмақ елін тауып, шауып,
Көшірсек, ие қылмай жерімізге.
Ер Боқай Шотанменен сегіз жүз қол,
Қалмақтың елін беттеп тартады жол.
Жүз жиырма шақырымдай жолды жүріп,
Кездесті құмды белде табиғи ор.
Айналып, өткел тауып, ордан өтті,
Құмбелдің етегіне келіп жетті.
Сырымбет: — «Ұран от!» — деп хабарлады,
Қалмақтар сезгендіктен қауіп етті.
Бәріміз көз тігеміз құмтөбеге,
Ұран от жалындайды құмтөбеде.
Ер Боқай бұйрық берді тынығуға,
Дайындық, қалмақ-қасқыр сұм келе ме?
Аттардың қайта тартып тартпаларын,
Төс айыл, құйысқанын шақтап алды.
Жол азық, қоржындардан алып жайып,
Сусындап, тамақтанып, баптанады.
Әлқисса, ер Боқайдан рұқсат алып шеркеш Жаңабай батыр он жігітімен барып «Ұран от» жаққан қалмақтарды мезгілінде құртып келген. Сегіз жүз қол тамақтанып болып, Еділге беттеді:
Бас сардар — ер Боқайым сарбаздарға,
бұйырды жол жүруге қамданбаққа,
«Құтылып, қалмақ көшіп кетпесін!» — деп,
Шаппақшы тездеп жетіп жау, қалмаққа.
* * *
Барлаушы түстік жолды аңдап, барлап,
Сардарға жау жоқтығын тез хабарлап,
Бас сардар — ер Боқай да кеңескен соң,
Жүруге шешім алды, ойын талдап.
Алды — түн, түн ауғанша сапар шегіп,
Таңсәрі бір құмжалға барған жетіп,
Андағұл бастап кеткен барлаушы топ,
Кездесті осы жерде қарсы келіп.
Андағұл хабар айтты: «Құмдыжалда,
Үйікте отырған-ды қалмақ барлап.
Сай іші, елеусіздеу тосын барып,
Атып ек, қос қарауыл елді қалмақ.
Құмды жал аржағында бұлақты сай,
Қырық үй қалмақ отыр сай жағалай.
Таңсәрі, таңғы ұйқыда біз шабалық,
Жеңеміз тосын шапсақ, жау андамай».
* * *
Ер Боқай, ер Шотан да мақұлдады,
Үш топ боп қырық үйге жақындады,
Жау иті сезіп қалып, ұлып-үріп,
Төбеттер ұмтылысып, арпылдады.
Қалмақтар шуылдасып атқа мінді,
Екі жүз қалмақ екен, қазақ көрді.
Ауылдың іргесінде топ-топ болып,
Қазаққа екі жүзі қарсы жүрді.
Қос қалмақ ары кетті қырдан асып,
Шамасы, хабаршы ғой кеткен қашып,
Ер Боқай айтты қолға: «Ал, шабалық!
Қалмаққа көмек келмей, алсақ басып!..»
...Қалмақтың қол басысы: «Тоқта, қазақ!
Соғыссақ, жекпе-жекпен — бізден талап.
Бес батыр бізден дайын, сіз де шығың,
Өздерін жүрген жандар ерге балап».
Бұл сөзді естіп қазақ сайланады,
Бес батыр бізден шықты, бар талабы,
Алаңға қарсы келіп қалмақтарға,
Ер-тұрман қайта тартып, қамданады.
Бас сардар, бұл жорықта ер Боқайым,
Кеңесті ерлерменен соғыс жайын,
Бірінші өзі шықпақ жекпе-жекке,
Тағы да төрт батыры тұрды дайын.
Әлқисса, қалмақтың қолбасысы — ер Солаң ауылын қорғамаққа, ауылындағы он төрт жас пен сексен жастың арасындағы барлық еркек кіндіктіні, ер жүрек әйел-қыздарды және ауылындағы құдайы қонақ меймандарды да атқа мінгізіп, екі жүз қол жинапты. Екі жігітін жақын маңдағы қалмақ ауылдарына хабарлатып, жәрдемдесетін күш-көмек күткен. Хабаршы қос қалмақты көріп қалған ер Шотан Андағұл бастаған он мергенге ең таңдаулы тұлпарларды мінгізіп, қалмақ хабаршыларын тірілей, не өлілей ұстауды бұйырды. Қалмақ пен қазақ беттескен үлкен алаңның ортасына ер Солаңы бастаған бес батыры шықты.
Қазақ қолынан:
1— Беріш, Байсейіт, Қитас, Жайық, Наурыз, Тілеуке, Ағатайұлы ер Боқай.
2— Беріш, Байсейіт, Қитас, Жайық, Дәулет, Тұмаш, Ерназарұлы ер Алдар.
3— Шеркеш, Қойыс, Дербіс, Базар, Ибескі, Жапақұлы ер Жаңабай.
4— Адай, Келінберді, Құнанорыс, Жанбай, Сүйіндік, Қожамжар, Жиенғұлұлы ер Лабақ.
5— Адай, Келінберді, Мұңал, Жаулы, Жары, Назарұлы ер Шотан.
Қалмақтың ауылында ері Солаң,
«Тосыннан жау келді!»-деп абыржыған.
Ер Солан атқа мініп ауылынан,
Екі жүз атты сарбаз әрең жиған.
Бір тұлпар сайлап беріп бір балаға,
«Жау шапты! Хабарла!» — деп айналаға.
Жөнелткен кезін көріп, Шотан қамдап,
Он мерген қуғын кетті сол балаға.
Андағұл өзімен он мерген кетті,
Мінгені он мергеннің тұлпар текті.
Андағұл хабаршыны қуып кетсін,
Айтайын соғыс жайын, қалай өтті?..
* * *
...Ер Солан өзі бастап бес ер шықты,
Нар тұлға бес қалмақ та кең иықты,
«Жекпе-жек! Жекпе-жек!» — деп қиқулайды,
Мастанған күштеріне кілең мықты.
Аттары ауыздықпен алыспақта,
Қалмақтар кере тартып, қарыспақта.
Ойқастап, тықыршиды қалмақы ат,
Бабында екендігін танытпақта...
...Ауылы қалмақтардың үйін жығып,
Үй, жиһаз, ыдыстарын буып-түйіп.
Нарларға артып-тиеп әйел-қызы,
Шашылған мүліктерін теріп-жиып.
Шамасы, соғыспенен алдандырып,
Өздері қаша көшпек, біз аңғардық.
Ер Шотан ер Боқаймен ой бөлісіп,
Жіберді үш жүздікті аттандырып.
Ер Кенже үш жүздікпен Еділ беттеп,
Қалмақтың көш жолына орап өтпек.
Ер Кенже жолы болсын, баяндайын,
Жекпе-жек және соғыс қалай өтпек.
...Ер Боқай, ер Шотаным, ер Алдарым,
Жаңабай батырменен ер Лабағым,
Бес қару сауыттары күн нұрына,
Жарқылдап шағылдырар көз жанарын.
Жаңабай, Боқайменен Алдар, Лабақ,
Қалмақтың төрт батырын жеңді тапап.
Бақшадан бір-бір қарбыз үзгендей нақ,
Шаншыған төрт найзада төрт бас — қалмақ.
Қалмақтан бесінші боп бір жас батыр,
Ортаға: «Жекпе-жек!» — деп келе жатыр.
Астында қаракөгі көк бөрідей,
Шайнайды ауыздығын шақыр-шақыр.
Сом дене, ер Шотандай бар тұлғасы,
Қой көзді, ақсары жүз, нар тұлғасы,
Бет әлпет — ноғай тектес, шымыр дене,
Қолында қыл желекті ақ найзасы.
Үкілі дулығалы, тор желкелік,
Тор сауыт қабыршақты түр өң беріп,
Сан, тізе, балтырлықта — болат қалқа,
Қалқаны омырауын тұр көмкеріп.
Шотан тұр: — «Ер екен — деп салтанатты,
Өлтіріп алам-ау! — деп азаматты.
— Жауым боп келгеннен соң мен қайтейін»,
Ер Шотан ұмтылдырды шұбар атты.
Бұл шұбар — алғашқының шөбересі,
Жау көрсе, қоза түсер делебесі,
Алғашқы тұлпарынан артық шығып,
Риза бұл шұбарға ер егесі.
Төрт ерден айырылған сорлы қалмақ,
Бесінші батырына үміт артпақ.
Сиынып Буддасына, үміттеніп,
«Үррхалап!» — сүрен салды: — «Ер Момбаттап!»
Ер Шотан жау қалмақтың атын аңдап,
Жадтады: — «Қарсыласым батыр Момбат».
Бар тілек: жекпе-жекте, Алла жар боп,
Қалмақтан Қазағының кегін алмақ.
Ер Шотан кекті ойлап, ширығады,
Момбатқа көк найзамен ұмтылады.
Момбат та қақпақылдап найзасымен,
Шотанның кек найзасын бұрғызады.
Ағындап, өтіп кетіп бұрылады,
Біріне-бірі қайта ұмтылады.
Қос найза қос денеге сұғынғанда,
Қос қалқан көлбеп, қорғап, сыңғырлады.
Үш кезек шауып, тағы найзаласып,
Шотанның көк найзасын қайта қағып,
Шалт қимыл найзадағы қармақпенен,
Шотанның көк найзасын алды тартып.
Оқыстан Момбат артқа бұрылғанда,
Шотаннан қолда найза сусығанда,
Ер Момбат көк найзаны, өз найзасын,
Лақтырды, тік қадалды құм ызғарға.
Екі ер алды енді қылыштарын,
Үн-түнсіз ерлер жүрді қылыштасып,
Ер Шотан қаһарланып сілтегенде,
Шарт сынды жау қылышы екен жасық.
Екеуі бірдей алды шоқпарларын,
Бетпе-бет келгендей ме арқарларым?!
Ер Шотан сілтегенде жау қорғанып,
Соққысы жау қалқанын талқандады.
Ер Момбат қарсыласты қарсы қағып,
Шотанның шоқпары да жарылды анық.
Екеуі дойыр алып сілтесуде,
Аяспас жаулардай нақ қарсыласып.
Дойырлар түйінделді оқ жыландай,
Айқасып, ши байланды ажыралмай.
Екеуі бірдей тастап дойырларын,
Ат үсті айқасуда қолмен қармай.
Тартысып, қос қолдасып, тізгін тістеп,
Тап болды екеуі де қызық іске.
Күш тең боп тұрса дағы батыр Момбат
қос қолын ажыратты. Өң бе? Түс пе?
Ер Момбат иілуде жығылғандай,
Шотанның бауырына тығылғандай,
Аң-таң боп, ер Шотан да бас шайқауда,
Жауының бұл қылығын түсіне алмай.
Ер Шотан ер Момбатты өңгереді,
Ер Момбат жеңілгенін ел көреді.
Ер Шотан қаракөктің тізгін алып,
Қазаққа, ту түбіне жетеледі.
Жолшыбай ер Момбатқа қойған сұрақ:
«Неліктен соғыспадың анық шындап,
Зорлықпен жекпе-жекке шыққансың ба?
Тайдыра қару сілтер ісің жұмбақ ?!»
Ер Момбат өңгерулі айтты жауап:
«Дін, тілдес, түркі туыс маған қазақ,
Бес жаста тұтқын болдым жау қалмаққа,
Жауымнан құтылмаққа еттім талап.
Ноғаймын, ер Қазидың ұрпағымын,
Ата-анам әлдилеген іңкәрімін.
Елімді ер Соландар шауып, талап,
Қалмаққа тұтқын бала-сұңқарымын.
Мақсатқа жету үшін көңілімде,
Қалмақтың ене білдім сеніміне,
Ұл болып-ұлсызына ер боп өстім
Шарт қойғам, өзім Сізден жеңілуге.
Қазақ пен ноғай түбі — бір ағайын,
Жалғанда, мақсат Сізбен бір болайын.
Жек көрсең, малың бағар құл болайын,
Сеніммен үміт етсең, ұл болайын.
Ата-анам қойған атым еді Мәммед,
Қалмақтар бұрып айтып етті тәлкек.
Ер Шотан сонда айтты: «Бұдан былай,
Қазақша атың болсын деді — Мәмбет.
Алдыма өңгерген сәт елжіредім,
Жау емес, достық ниет сезіп едім.
Бір ерім сеніменен көбейсінші,
Ұлым! — деп, сенімменен сезінемін».
...Мәмбет пен Қаракегін ер Боқайға,
«Аманат!» — деп, тапсырды бір Құдайға!».
Осы кез у-шу болып қазақ-қалмақ,
Соғысып, басып кетті ұлы айғайға.
Өтпей-ақ ет пісірім қалмақтарды,
Тоздырып қазақ қолы талқандады.
Сауы бар, жарлысы — елу қалмақ,
Тізілтіп, кісенделіп, тұтқындалды.
Көлігін қалмақтардың түгел жинап,
Үйіріп жас жігіттер, жүрді айдап,
Ұрланып қалмақ ауыл көшкенменен,
Үш жүз қол алдын орап, алған байлап.
Андағұл он жігіті, хабаршыны,
кеп қуып, ұстай алмай алас ұрды.
Андағұл мылтығымен саннан атып,
Хабаршы аттан құлап, жан тапсырды.
Хабаршы тұлпарының қыл шылбыры,
Ілініп, тораңғылға оратылды.
Андагұл жау тұлпарын жетекке алып,
Есен-сау елге келіп, бағы ашылды.
Беріштің сан есе боп малы қайтты,
Кеткен кек, еселеніп ары қайтты.
Ер Мәмбет — ер Шотанға сүйікті ұл,
Намысты ұрпақ өскен, қартым айтты.
Беріштер риза боп адайларға,
Қажет кез жан аямас сыңайларда,
Тұтқыннан алпыс әйел, қыз, ерлермен,
Сый беріп, ырзалықпен шырайланған.
Екі мың жылқы және бес жүз түйе,
Сыйлыққа ырза болғын! Бол,—деп, ие,
Үш күн-түн құрмет қылып, сыйлап бәрін,
Бес көш жер аттандырды бірге жүре.
Ер Шотан теңдей бөлді олжа малды,
Ерекше ерге берді олжа-жанды.
Күш-көлік бергендерге мал-жан берді,
Ал, өзі Мәмбетпенен он мал алды.
Шақыртып қазақ, түрікмен айналасын,
Тарқатты Құдайжолы садақасын.
Мәмбетті жуындырып, киіндіріп,
«Бәйбішем — деді, — сенің жан анашың».
Мәмбет те басып оң қол жүрегіне:
«Алла жар! Бүгін жеттім тілегіме!
Ата-анам — сіз мәңгілік, мен айныман,
Туыстар айналады тірегіме.
Аманат, ұрпағыма, айнымасын,
Алданып әзәзілге, тайқымасын.
Аманат орындалса, алғысым мол,
Қарғыс бар айнығанға айтылатын.
Шотандар, төрт — назарым, сегіз — жарым,
Төрт — мұңал, сегіз арыс — адайларым,
Байұлы — он екі ата, алшындарым,
Туысым, бірге малмен жаным, арым.
Уәде бердім міне, тұрақтымын,
Ұрпақтың ұнатамын тұрақтысын.
Берік боп уәдеге, ата-анасын
сыйлаған жан ашады жұмақты шын».
Мәмбетке риза боп Шотан айтар:
«Жарыға, ұрпағыма тілек айтам.
Сыйласа рухымды, сені сыйлар,
Айныса, бірлікпенен бағы қайтар!»
Шотанның асыл жары — Ханайымы,
«Мәмбетжан!» — деп сүйікті бала қылды.
«Ақтар, — деп — адал ұрпақ үмітімді,
Азар, — деп, — ал, арамы!» — нала қылды.
Ер Шотан: «Киімді ұлым — сүйкімді ұлым,
Мәмбетім — ұрпағыма үлкен үйім.
Ханайым бәйбішеме төл кенже ұл,
Жайылғай жапырағы!» — етті түйін.
Ұстатып Мәмбетіне асық жілік,
Ұл етті ата дәстүр салтпен жүріп.
Дәрі мен Сарқұл, Қармыс, Қырымқұлы,
Нұржандар: — «Туыспыз!» — дер күліп тұрып.
Дәрі мен Сарқұл, Қармыс — бәйбішеден,
Ер Мәмбет — Ханайымға ұл телінген.
Айкенже — кіші әйелден екі бала —
Қырымқұл, Нұржанменен өсіп-өнген.
* * *
Алты ұл — алты арыс Шотан қазір,
Ұрпағы алты алашқа болған мәлім,
Әдейі атап өтем орныменен,
Түсінгің тарихыңның терең мәнін.
Бал өмір тату-тәтті тірлікпенен,
Алты ұл өсті ауызбірлікпенен.
Бақ қонған алты ата Шотандарым,
«Бірлікте — Бақыт!» — деген шындық екен.
ҚАЗАҒЫМ ҚАДІР ТҰТҚАН ЕР ШОТАНЫМ
Қазағым қадір тұтқан Ер Шотаным,
Жайылған алты алашқа бар атағың.
«Оң қолы Атақозы батырдың!» — дер,
Мұсаның аңыздарын еске аламын.
Білемін, «Сисенде» — бақи-мәңгілікте,
Әкемнен ол жөнінде естідік те.
Ұрпағың Қаби аға, құлпытасың,
Анықтап мәлім етті көпшілікке.
Белгілі мың төрт жүз жыл ата тегің,
Қарттардан ақиқат сөз ала бердім.
Аңызға айналған сол ақиқатты,
Шежіре-дастан етіп жаза бердім.
Жеті атаң ел білетін бәрі батыр,
Саналы ұрпақ білер түгел атын.
Жырладым сынға салып даналарға,
Анықтап, аңыздардан ақиқатын.
Атабай, Қартбай, Ізбас, Ырыскелді,
Ұрпағы аталаста іріктелді.
«Ерлігін Ер Шотанның жаз!» — деп маған,
Аманат іс тапсырып, үміттенді.
Аманат қолдан келген орындалды,
Ой, қалам жазып жырды, дамылдады.
Сынаған дана қарттар ырза болып,
«Ер Шотан» дастанымды қабылдады.
СЕГІЗ АРЫС ЖАРЫ ТУРАЛЫ
Жарыдан: — 1-әйелі Ажардан:
2-әйелі Алмадан: — Дәулеталы, Мете, Мұратбек («Кеще») Ырысбек («Жетімек»), —Бектеміс, Тоқтамыс, Базар, Назар.
Жарының 1-әйелі Ажар Ақкете - Айдар қызы төртінші ұлына екіқабат кезінде денсаулығы кеміпті. Өмірінің санаулы айлары қалғандығын сезген Ажар, балаларының өзіндей ана қамқорлығында болып, мейірім-шапағатқа бөленіп, ер жетулерін армандапты. Сол арманының іске асар жолы, көзі тірісінде Жарыға өз төркінінен — Ақкете Әлмәмбет байдың Алма деген ақылына көркі сай, аталас сіңлісін айттыртып, ырзалығымен қосады.
Ырысбекті туған соң, көп ұзамай, Ажар өмірден озады. Алма Ажардың тілегіндей мейірімді де қайырымды жан болғандықтан, Жарыға — адал жар, Дәулеталы, Мете, Мұратбек, Ырысбектерге аяулы ана болады. Өз құрсағынан қыздары өз алдына, Бектеміс, Тоқтамыс, Базар, Назар есімді төрт ұлы мен үлкен әйелден қалған төрт ұлды Алма анамыз бір ананың баласындай баққандықтан ұрпақтары «бәйбіше», «тоқал» деп, бөлінбейді.
(Әкем Рейімбайдан. — Р.Қ.).
Дәулеталыдан: Тілеубердіден: Жанқарадан:
Дәуқарадан: Тілемістен:
1- әйелінен:
2- әйелі Баяннан: Мете мергеннен:
— Тілеуберді, Тілеміс. — Жанқара, Дәуқара. — Өтеулі, Итемген, Қамысбай,
Тұрсынбай, Қайып. — Бегеш, Қоқаш.
— Итбатыр, Үсен, Үйтолы, Төлебай. Білкен, Өзенбай, Құлбарақ. — үш ұл:
1- қалмақ әйелінен: - Андағұл, Алыпсары.
(Алыпсары «Апсары» атанды.)
2- қазақ әйелінен: — Таңай, Мәни.
Мете мерген — Қосай, Байбол, Есенғұлұлы Есек мергеннің ақбатасын алған шәкірті.
Мұратбек батыр аңғал, ұмытшақ кісі болған екен. «Бұланты» соғысында қазақтар жеңіске жетіп, елдеріне қайтады. Алшын рулары еліне келе жатып, Арал сыртында түстенгенде, Мұратбек таһаратын алып болған соң, торсығын бұлақ суына толтырып, «беліме бесін намаздан соң байлармын!» — деп қойған екен. Жамиғатпен бесін намазын оқып болған соң, Мұратбек асығыс атқа қонады. Оның ұмытқан торсығын Ақкете еліндегі бір әзілкеш нағашысы өз жанына байлап алады. Ет пісірім жол жүрген соң шөлдеген Мұратбек, торсығының бұлақ басында қалдырғанын есіне алады. Қатар келе жатқан нағашысынан (құрдас та екен) Мұратбек су сұрайды. Нағашысы: «Өзің нағыз кеще екенсің ғой! Екінші рет ұмытпа!» — деп, Мұратбектің торсығын қайтып береді.
Сол құрдас нағашысының бір ауыз әзіл сөзі Мұратбекке лақап болып, «кеще» атанған.
Мұратбектің ұрпағынан — дарынды, дана жырау Мұрын Сеңгірбекұлы бір естігенін жадтап, елге алты ай жазымен жырлайтын, жадкештігімен даңқы шықты.
(Рейімбайдан. — Р.Қ .)
Мұратбектен («Кешеден»):
1-әйелінен: — Хожакелді, Шортық,
Меңдібай, Сасықбай.
2 орыс әйелінен: — Орын («Орыс»),
Хожакелдіден: — Хожағұл.
Шортықтан: — Бұхар, Сырым, Жарылғас.
Бұхардың лақабы: — «Құрым».
Сырымның лақабы: — «Қазан»
Жарылғастың лақабы: — «Күміс аяқ».
Бұхарға еншіге Шортықтың алты қанат үйі берілген. Байлығы жетсе де, «әкемнің көзі» деп, сол үйді өзі өлгенше тіккендіктен, «Құрым үйлі», «Құрым» атанған.
Сырымға еншіге Шортықтың қазаны берілгендіктен, «Қазан» атанған. Жарылғасқа еншіге Шортықтың күміс аяғы (ыдыс) берілгендіктен, «Күмісаяқ» атанған. («Кеще» Шарқатбайұлы Ақкенжеден. — Р.Қ.).
Ырысбектен («Жетімек»):
1- әйелден:
2- әйелінен: Маннан: Мұсылманнан: Ырсалыдан:
1- әйелінен:
2- әйелінен: — Ман, Мұсылман, («Пұсырман»), — Ырсалы, Қосақ. — Алтыбай, Жетібай, Тоғызбай. — Дәнесбай, Құдасбай.
— Жәнібек, Мәлібек, Әлібек, Өмірзақ. — Тінібек, Жанұзақ батыр.
Жанұзақ батыр — Шотан батырдың оң қолы есебінде, жанқияр батыр інісі.
Қосақтан: — Үргешбай, Кенбай, Меңдіқұл.
Үргешбайдан: — Қылыш, Құтты, Мерек,
Сүйін («Сүйінқара»), Кежі батыр.
«Айқайы ата жауын сескендірген, Бір төбе — Сүйінқара нарым жатыр!» — деп, Әмірзақ ағам жырлаған Үргешбайұлы Сүйінқара батырымыз осы.
Бектеміс молдадан:
Тоқтамыстан:
Бабекеден: Базардан:
1- әйелден:
2- түрікмен әйелінен: Нұраннан: Назардан:
1-әйелі Құбажаннан:
— Қамай, Самай, Мамай, Сүйірбас.
— «Бабеке», «Тілеке», Құлтығай, Қаржау. — Өтембай, Табай батыр.
— Отыншы, Жантен. — Нұран.
— Нұрсеп
— Тастемір-
2-әйелі Мақпалжаннан: — Шотан-1, Майлан-2, Құдайберген-3.
Жарыұлы Назар он алты жасында, Акқете Болпыш байдың қызы — қалыңдығы-Құбажанға үйленгенмен, жеті жыл бір бала сүйе алмай, сырты — бүтін, іші — дертпен өмірі өте береді....Бір күні, Құбажан енесіне: «түнде, түсімде әкем Болпыш: Қарағым! Күйеу балам Назарды, құда-құдағайларымды сүйіндір. Ол үшін, ата-енең Назарға өздері қалаған қызын — екінші келіндікке алсын. Алла сәтін салса, сол келіні жыл еткен соң ат басындай ұл туар. Келісіммен, ұлды етегіңе сал! Өзің туғандай бақ, тәрбиеле! Сәті келгенде, өзің де ұлды боларсың. Ақ батамды қабыл ал, Құбажаным», — деп ақ батасын беріп, түсімнен ғайып болды. Ал, ене, еліңмен кеңесіп, Назарға екінші әйел алыңыз. Мен тату тірлік құруға әзірмін!» — деді. Енесі қуанғаннан Құбажанды бауырына басып, егіліп, жылап қоя берді....
...Жаулы ұрпақтары Құбажанның түсін жақсылыққа жорып, Төле бидің төрелігінен соң («Ер Шотан» тарихи-шежіре дастанымнан оқырсыз, — Р.Қ.), Беріш Айтболат байдың ару қызы Мақпалжанды құда түсіп, ырзаласып, Назарға сәтімен бұйырған күні қосады...
...Мақпалжан елу күн өткенде, жерік болып, ауырады. Бектеміс молла кітап ашып: —«Жерік асы — жолбарыстың жүрегі», — дейді... Назардың жақын бөлесі, Есенғүлұлы Есекмерген бас болып Мете мерген, Тоқтамыс (Жарыұлы) Ақкете Әжібай, беріш Есболайлар Арал алдындағы қамысты көлдердің бірінен жолбарыс аулайды. Назар батыр жолбарысты садақпен атып, өзіне атылған жолбарысты ақ найзасына төстігінен ілдіріп көтергенде найза сабы морт сынады. Жолбарыс үстіне түспеу үшін, қос қадам қапталға Назар ырғып ығысады. Жолбарыс жерге түскен бойда, сынық найзасапты жолбарыстың ашылған ауызына көмейлете тығады... Тулап тыпырлаған жолбарыстың үстіне ырғып мінген Назар қанжарын жолбарыстың жұлынына ұрып, жолбарысты өлтіреді... Сойылған жолбарыстың жүрегін Мақпалжанға әкеліп, ол шала қақтап, кәуап етіп жейді.... Жолбарыс жүректі ер Шотан туылып, қазақ елін жауларынан жасқанбай, сексен бір жыл өмірін ел қорғаумен өткізген.... Айта берсек әңгіме көп. Жырымнан ата-бабамның сырын оқырсыз. Бұл кітапта айтылмай қалған тарихи оқиғалар келесі кітаптарымда Сізге жетер.
(Рейімбайұлы Қаржаубай. Ел аузынан.).
Ер Шотаннан (1705-1786):
1- әйелі Ханайымнан: — Дәрі, Сарқұл, Қармыс, Мәмбет.
2- әйелі Айкенжеден: - Қырымқұл, Нұржан.
Тастемірден:-
1- әйелі Құмардан: - Сейіт, Сейтімбет батыр,
Балта, Қылыш, Тоқырак, Ақеділ сопы.
2- әйелінен: - Мұхамбетберді, Таған, Қаделі.
3- әйелінен (орыс): — Заман,...Сармолла,...
4- әйелінен: - Ырыскелді, Жылкелді,...
Тастемірден барлығы он сегіз ұл енші алып, отау болған. Сондықтан Тастемір — он сегіз ұлды Тастемір мырза атанған. Себебі, Тастемір Құдайдың берген малын туыстарынан, аталастарынан, Адайлардан, Алшындардан, Қазақтардан аямаған, Хатам Тайдай мырза болған.... Хажытарханнан қашып шыққан (еліне құныкер болған дейді) бір орыс жігіті аман-есен Бозащыда қыстап отырған Шотанға келіп, паналатуды өтінеді. Шотан орыс жігітті Тастемір інісіне жібереді. Ізінен жазалаушы жасақ келгенде, жасырып, орыс жігітін аман алып қалады. Тастемір бай орыс жігітін: «Сен де бір ұлым бол! Атың — Заман болсын. Жылқымды бақ!» — деп, сеніп тапсырады. Бірнеше жыл өткен соң, Заманға риза боп, бәйбішеден туылған бір қызын қосып, үстіне үй, алдына төрт түлік мал берген. Россияда жазалы-айыптыларға амнистия - кешірім болып, сол өткен күнәсі кешірілген Заман Тастемір ұрпақтарынан рұқсат алып, еліне кетерде: — «Әйелім екіқабат еді, ұл туса, аты — Тұяқ болсын!...Тұяқ Тастемір ұрпағы болсын!...
Еліме кеткеніме, ренжімең!» — депті. Яғни, Тастемірден — Заман, Заманнан —Тұяқ...
«Сармолда» — Діни, ғылыми, философиялық сиқыр оқуларын жетік меңгерген. Шын аты Сары Мұхаммед екен. Молдалығымен елге танылып, «Сармолда» атанған.
Тастемірдің ауылын түрікмендер шауып,мал мен жанды тұтқындап, ауылды қорғайтын ер-азаматтар жорыққа кеткендіктен есірген жау әйел-қыздарды жесірлікке алып, бір үйге қамай бастайды. Өз денсаулығына зиян болса да, елді құтқару үшін Сармолда бес қаруын асынып, арғымағымен ауыл шетіндегі төбеге шауып, сиқырлы дұғаларды оқи бастайды. Ауылды талап жатқан түрікмендер аруағы қашып, албасты басқандай сасып, бет-бетіне қашады. Ауыл-ел етек-жеңін жинап, мал-жанымен дүние мүлкін түгендеп, шаттыққа бөленді. Осы кез, Сармолда атқа қонып, қашып бара жатқан жаудан бірін найзалап, бірін бұғалықтап екі тұтқынды ауылға әкелді... Тастемір ауылы шаңда болғандарын ауыл іргесіндегі төбеге жерлеп, Құдай жолына мол етіп садақа тарқатты. Тұтқын түрікмендерден ауылды жаулап болып қалғандарында, неге үркіп қашқандарын сұрағандарға, жауабы: — «Өзіміз де түсінбей қалдық. Шығыстан құлақ пердемізді жарардай қорқынышты зор дыбыс естілді. Қалың тұмандай шаң төрт жағымыздан да көтерілді. Шаң арасынан он мыңдаған қазақ сарбаздары ұрандап, «Аллалап!» — ат қойғанда, не істерімізді білмей, тарыдай шашыла бас сауғалай қаштық. Құтылғандар кетіп, тағдырымызға тұтқындық жазылғандарымыз сіздің қолға түстік... Енді, байқап, сезуімізше, бізді үркіткен Сармолдаңыздың сиқыр күші екен....
Сармолда Тастемір ауылында имамдық етіп, бала оқытқан халыққа сыйлы емші көріпкел қасиетті кісі.
(Тастемір Сармолда ұрпағы Ермекбайдан. — Р.Қ.).
«Сармолдадан»:
(Сары Мұхаммед) — Аманияз, Анданияз, Базылбек,
Сапар, Жәлке.
Майланның екі әйелінен он ұл және қыздары болған.
Құдайбергеннен де ұрпақ мол. Бірақ нақтап айтатын адам кездеспеді.
АЛТЫ АРЫС ШОТАН БАТЫР ҰРПАҚТАРЫ
Шотанның
Дәрісінен:-Нұрман, Өтеміс,
Тілеміс, Зайыт. Нұрманнан: — Өтеумағанбет, Сүйеу.
Өтемістен: Байжуаннан: Ізтілеуден: Елубайдан: Таңатардан: Сопақтан: Телегеннен:
Дәрі, Тілемістен: Құлжаннан:
Екеуінен де орын жоқ.
— Байжуан, Таңатар. — Есжан, Ізтілеу, Өтеген. — Елубай. — Оразғали. — Сопақ, Бекбосын. — Төлеген.
— Ақмұрат, Наухан, Теңел, Қақабай, Көбеген. — Құлбай, Құлжан. — Шақша, Жарқын, Беркін, Үсенбай. Күлбай мен Жарқыннан орын жоқ.
Шахшадан: Мергеннен:
Шамилден: Сүйіндіктен: Ермұханбеттен: Беркіннен: — Мерген.
— Шамил, Ермұханбет, Қалмұханбет, Алмас, Аққұрал. — Сүйіндік. — Бағлан. — Еркін.
-Сағын, Рахмет.
Беркінұлы Сағын басшылығында Шотандар Абыл мен Досанның жанынан, Қаратөбеде Ер Шотанға арнап күмбезді ескерткіш тұрпат салдырды.
Сағыннан: — Нұрнияз, Самат.
Рахметтен: — Оңаш.
Құлжан, Үсембайдан: —Имаш, Тәжіғаи,Әжіғали. Имаштан: — Бердіғожа.
Бердіғожадан: — Асқар, Қанаш, Омар.
Тәжіғали, Әжіғалидан орын жоқ.
Шотанның Сарқұлынан: Тілептен:
Баймағанбеттен: Жармағанбеттен:
Өтегеннен: Сарқұл, Күсептен Қожахметтен: Ерболаттан: Көшеннен: Сарайдан: Уақбайдан:
Жолмағанбеттен: Сәрсенбайдан: Бекқалидан: Өтесіннен: Жетесіннен: Сәтеннен: Досайдан: Қарабастан:
Қойшыбайдан: Орысбайдан: Жұмабайдан: Доснияздан: Құттымұраттан: Есейден: Жұбаннан: Атшыбайдан: Аралбайдан: Момыштан: Аралбектен: Жолайдан: Борпыдан: Төлеубайдан: — Тілеп, Күсеп, Мүсіреп, Метірей. — Баймағанбет, Құлмағанбет , Жакей.
— Жармағанбет.
— Ермағанбет, Нұрмағанбет, Өтеп, Өтеген. — Бүркіт.
— Қожахмет, Еламан, Қалқаман. — Ерболат, Сәтен, Құттымұрат. — Көшен. — Сарай.
— Уақбай(1925-1999). — Жолмағанбет, Сәрсенбай. Өтесін, Жетесін. — Айтқали. —Бекқали. —Бекболат.
— Құдайберген, Наурызбай. — Есенғали, Ербол. — Досай, Доснияз. — Қарабас, Қойшыбай, Алпысбай. — Орысбай, Жұмабай, Мұратбай, Болат. — Бердіхан. — Алтынбек. — Ақылбек. — Нысанбай.
— Есей, Жолай, Досан, Ізім, Досым. — Жұбан.
— Атшыбай, Аралбай, Аралбек, Момыш. — Арсен. — Жандос. — Бауыржан, Талғат. — Әлмұханбет, Жәнібек. — Борпы, Төлеубай. — Тұрғанбай.
— Қожалақ, Қалдыбай, Жолан, Марат, Серік, Ерназар.
Қожалақтан: — Анарбек, Тұрғанбек.
Қалдыбайдан: — Қуанышбек, Жандос, Нұртас, Азамат.
Жоланнан: — Жасұлан, Еркебұлан, Марғұлан.
Мараттан: — Сәбит.
Құттымұратұлы
Досаннан: — Есентемір.
Құттымұратұлы
Ізімнен: — Тастемір, Байтемір, Боранбай.
Тастемірден: — Орын, Қуаныш, Әділхан, Мереке.
Орыннан: — Али.
Байтемірден: — Еділхан.
Құттымұрат,
Досымнан: — Темірбай.
Темірбайдан: — Барыс, Жанболат.
Сарқұл, Күсепұлы
Еламаннан: — Атабай, Шихы.
Атабай, Шихылар Қарағанды-Босағада мешіт-медресе салдырып, халқын Алланың ақ жолына бастаған адайдың асылдарының алды — азаматтар. Мешіт-медресенің орны әлі сақталған дейді көзі көрген замандастарым.
Қарағанды-Босағадан батыста 20-30 км, Балуанияздан аққан бұлақтың 7-10 км төменінде мешіт салынған. (Р.Қ.).
Атабайдан: — Әбіше, Сәби молла, Әбдір.
Мұханмедин, Сәби моллаларды көзіміз көрді. Бесқала, Харазымға, Теңге кентіне, Жаңаөзен қаласына, Қызылсай кентіне абыройлы молдалар. (Р.Қ.). Әбишенің.
1- әйелінен: — Оспан, Орынбай.
2- әйелі — Балхатшадан: — Орынбек, Жұмасәт, Жұмабек. Оспаннан: — Мұхтар, Мұхит, Мұрат. Мұхтардан: — Марат, Қуанышбек. Орынбайдан: — Сағидулла, Махсат, Назар.
Сағидулладан: — Әділет, Медет. Орынбектен: —
1- әйелінен:
2- әйелінен: Жұмасәттен: Жұмабектен:
Сәби молдадан:
Жұмабайдан: Махыдан: Ысқақтан: Сәрсенбайдан: Еламанұлы Шихыдан:
Наяттан: Өтебайдан:
Майлыбайдан: Боранбайдан: Базарбайдан: Сейдулла молдадан:
— Қожанияз. — Бекнияз, Нұрнияз. — Мамай. — Рахман, Расул. — Жұмабай, Қажомолла, Сәрсенбай.
— Махы, Ысқақ, Нұрлан, Ерлан. — Рамазан. — Иса.
— Амангелді, Аманғали.
— Мұхаммадин («Мұханмолла»), Наят, Сейдолла молла. — Өтебай.
— Майлыбай, Боранбай, Базарбай, Батырбай, Аманбай, Кенжебай, Мұратбай.
— Серікбай, Берікбай. —Абай, Қуанбай. —Абылай, Абылхайыр.
— Жұмагелді, Хожагелді, Амангелді, Мұхан, Елубай, Қайырбай.
Сарқұл, Күсеп, Қалқаманнан:
Есенаманнан: Басбайдан: Қитардан: Ыспаннан: Есболайдан: Нұрмұханнан: Әліпбайдан:
Жолдасбайдан: Қалқаман, —Есенаман, Есболай, Аманша, Аманжол, Қартбай. —Басбай. — Қитар.
— Ыспан, Смадияр. —Марат, Мұрат. —Ерғали, одан—Нұрмұхан. —Тілепбай, Әліпбай, Жолдасбай. —Нұржан, Нұрлан, Айтбай, Айтқали, Ерлан, Ербол. —Бекбол, Нұрбол, Бектұр.
Аманжолдан: —Иманғали, Нұрғали.
Нұрғалидан: —Шарухия, Мэлс, Алданазар,
Бердіғұл, Аташ.
Шарухиядан: —Әлібек, Жәнібек.
Мэлстен:—Әлнияз, Асхар, Әлжан,
Орынбасар.
Алданазардан: —Әбжет, Артық.
Бердіғұлдан: —Алшын, 2.
Аташтан: —Әскер.
Қалқаманның Қартбайы «Ақсақ құлан-Жошыхан» күйінің сегіз күйін де толық орындайтын. Бірден-бір шебер күйші Қартбайдың «Күй басын» замандастарымыз әлі орындайды. (Р.Қ.).
Қартбайдан: —Молдағали, Төреғали, Исламғали.
Молдағалидан: —Қалдыбай, Қалнияз, Аманияз, Тағанияз, Дәулет.
Қалдыбайдан:—Самат.
Қалнияздан: —Фараби, Файзулла.
Аманияздан: —Байсейіт, Нұрсейіт, Нұрпейіс.
Тағанияздан: —Ержан.
Дәулеттен: —Ғабиден.
Исламғалидан: —Бекен, Бекбол, Бектұрлы, Асқар, Айтбай.
Бекеннен: —Сабыр, Айдын.
Бектұрлыдан:—Хамзат, Телегей.
Айтбайдан: —Ақберен.
Төреғалидан: —Ербол.
Ерболдан: —Алмас.
Фарабиден: —Бекжан.
Сарқұл, Мүсірептен:
Жапардан:
— Жапар, Қапар, Жүсіп, Тәкен, Шақа, Құрман, Қалмағанбет, Құлмағанбет. —Қожамберді, Емберді, Сандыбай, Сеңгірбай, Жолдыбай(о).
Қожамбердіден: Қойшығұлдан: Жапардың Ембердісінен: Отардан: Сәрсеннен: Қоныстан: Еңсегеннен: Ақнұрдан: Жарылқаптан: Ертайдан: Аманқостан: Рейімнан:
Әділден:
Саржаннан:
— Түйеші, Наурызбай. —Сисенбай.
— Ибрагим, Әбила, Ағына, Әбен. —Күзембай, Қойлыбай. —Абыл, Асқар. —Жеткізген, Мейрамбек. Сарқұлдың Мүсіребінің Қапар, Қалмағанбет, Жүсіп, Тәкен, Шақа, Құрман деген балдарынан орын жоқ. Сарқұлдың Метірейінен: —Сүлеймен, Ерубай. Сүлейменнен: — Жұмабай, Көптілеу(о), Ізбасар. Жұмабайдан: — Дүйсеке.
Алдабергеннен: Тағабергеннен: Пердебайдан: Жапар, Сандыбайдан: Жұмағазыдан: Жапардың Сеңгірбайынан: Сарқүл, Мүсіреп, Құлмаганбеттен: Түйешіден: Сисенбайдан: Наурызбайдан: Күзембайдан: Асқардан: —Салықбай, одан—Қойшығұл. —Ақберді, Ақмұрат, Омар,.
— Дүйсен, Еңсеген, Сағындық(о). —Сәрсен, Әбутәліп. —Жандос, Айдос. —Көбейсін. —Ақнұр, Әбілтай(о). —Жарылқап. —Ертай, Рақымжан. —Қуанышбек. —Рейім, Әділ. —Бауыржан, Бақытжан, Бахтияр, Асылбек. —Қадыржан, Сәттіғұл, Молдабек, Ырзабек, Әнуарбек. —Алдаберген, Тағаберген, Бақберген, Пердебай, Жаңабай. —Әлібек, Ерлан, Ғалымжан. —Мұрат. —Ислам.
— Жұмағазы. —Нұрыш(о), Ілияс(о).
— Нұрла(о).
Дүйсекеден: Ізбасардан: Байыштан:
Ерубайдан: Аманнан: Қодардан: Жақайдан: Әбілхайырдан: Шотанның Қармысынан:
Әбдікәрімнен: Мәмбетәліден: Оразбектен: Қармыс Сатыбалдыдан:
Бақдәулеттен:
Досбергеннен: Табылғаннан: Қарақұлдан: Елеместен: Ахметтен: Құрманғалидан: Жақсылықтан: Жарасқаннан: Ерғалидан: Аймұраттан:
Рахманнан: Шатайдан: Жексеннен: Тыныштықтан: Тынышқалидан: Ерғали,.
— Амантай, Орынтай, Серік. —Байыш.
— Өтеген, Мейрамбек, Қаршыға, Бауыржан. —Аман, Қодар. —Болат. —Жақай. —Әбілхайыр. —Азамат, Бауыржан.
— Әбдікәрім,Сатыбалды, Бекежан, Итемген. —Мәмбеталы, Мәме. —Оразбек. —Ибылда, Айтқұл.
— Бекайдар(о), Қараайдар(о), Қарабатыр(о), Бақдәулет, Жандәулет.
— Досберген, Елемес, Құрманғали, Ерғали, Қосжан(о), Әбді(о). —Табылған. —Қарағұл. — Қайсар. —Ахмет.
— Нұркен, Нұрлан. —Жақсылық. —Жарас, Жарасхан. —Айбек.
— Аймұрат, Аманқос. —Рахман, Шатай, Жексен, Құдайберген, Тыныштық, Тынышқали, Берік. —Роман, Жомарт. —Нұрлыбек. »
—Нұрболат. —Нұрсұлтан, —Шынболат.
Жұмағалидан: Әбдіден: Асқардан: Амантайдан:
Жандәулет, Дәуіттен: Арыстаннан: —Әбді, Әбу. —Асқар, Амантай. —Исатай, Мәлік. —Махамбет, Сарымбет, Айдос, Олжас.
— Арыстан.
Аманқостан: —Қанат, Самат, Сәкен, Қуандық.
Саматтан: — Жасұлан.
Қармыс, Сатыбалды,
Жандәулеттен: — Жұмағали, Дәуіт.
— Нареш, Бақтығали, Қуан.
Қармыстың Итемгенінен: Исаханнан:
— Исахан. — Дүйсен.
— Қыңырдәулет(о), Есболай(О), Балғабай.
— Тәжібай(о), Қожымбет, Қосымбай. — Дұрмұхан(о). — Нұрахан.
Қармыстың Бекежанынан:
Балғабайдан:
Қожымбеттен: Қосымбайдан: Нұраханнан: — Дайрабай, одан — Ілесбай.
Шотанның Мәмбетінен: Атағозыдан: Шонайдан: Әжібайдан: Оразбектен: Мәмбет, Байғозыдан: Рыскелдіден:
— Атағозы, Байғозы, Нарғозы. — Шоңай.
— Әжібай, Оразбек. —Озғанбай(о). — Әбіл, одан — Исхан.
— Рыскелді, Бүртоқаш. — Дүйсенбай.
Дүйсенбайдан: — Күмісқали.
«Ер Шотан» — тарихи-шежіре дастанын жазуыма себепші болған, Шотан ұрпақтары атынан алғаш ұсыныс жасаған, тарихи шындығы мен әдеби көркемдігіне жанкүйер ағамыз Оспан Күмісқали осы кісілер.
(Рейімбайұлы Қаржаубай.)
Күмісқалидан: — Бердіхан, Кемелхан.
Бердіханнан: — Еркебұлан, Жасұлан.
Мәмбет, Нарғозыдан: Бөдентайдан: Есмағанбеттен: Сағынбайдан: Байырбайдан:
Байғозыүлы Бүртокаш ұрпағы Орынбор қаласында, аймағында.
— Бөдентай.
— Есмағанбет, Бердібек. — Сағынбай, Мыңбай. — Байырбай. — Жұмабай.
Байырбай 3-5 жасында әкесі—Сағынбай қайтыс боп, шешесі Әжібайдың Озғанбайына әмеңгерлік жолмен қосылған. Байырбайды баққан, тәрбиелеген Озғанбай. Мыңбайдан: —Жұма. Бердібектен: — Сейітхан. Сейітхан ұрпағы Россияда.
Шотанның Қырымқұлынан: Біржаннан:
Жұмақұлдан: Райстан: Есмағанбеттен: Қашағаннан: Амандәулеттен: Айтжаннан: Шәбіктен: Әділден: Бекмағанбеттен: —Біржан, Райс, Уайс(о), Есенкелді. —Икембай, Қиянбай, Шәудірбай, Табай, Сабыр—бәрінен орын жоқ; Жұмақұл. —Бекібай, Егеубай. —Есмағанбет, Бекмағанбет. —Қашаған, Шәбік. —Амандәулет, Айтжан. —Маңғыстау, Жиенбай. —Балтемір («Владимир») —Қабеш, Әділ.
— Мұхаш, Бегеш(о), Төкеш(о). —Аманбек, Өмірзақ(о), Жазжан(о),
Қырымқұл, Есенкелдіден: Қайырмағанбеттен Абдулладан: Хасеннен:
Әбиден: Құсайыннан:
Жанұзақтан: Алидан: Хансұлтаннан: —Қайырмағанбет, Жанұзақ. :—Абдулла, Әби, Мұханбет(о). —Хасен.
—Нұржан, Базарбай, Ержан, Бекжан, Үсен. —Құсайын.
Аманбектен: —Белгібай.
Белгібайдан: —Жұмажан, Бисенбай, Сабыр.
—Смағұл, Исағұл, Исабай, Исатай, Базарбай, Жексенбай, Ісенбай. —Али, Хансұлтан. —Жұмабай, Наурыз, Марат. —Диханбай, Мұрат, Қайрат, Асқар.
Шотанның Нұржанынан: Мұраттан: Алтыбайдан:
Сүйеубайдан: Бораштан: Саламаттан: Қажымұраттан: Қабидан:
Сейсен-атадағы ер Шотанның құлпытасын анықтап, елге жария еткен осы Қаби ағамыз. Ер Шотаннын құлпытасы, жатқан жері әуелден де белгілі. 1930 жылдан жетпіс жылдай «балапан-басына, тұрымтай-тұсына кеткен» заманда, көзі көрген кісілеріміздің көбі бақилық.
Азаматтан: Қолғанатынан: Ержаннан: Қанағаттан: —Мұрат, Төре, Қожа. —Алтыбай, Шаншар, Төлеген. —Сүйеубай, Мұрсалы(о), Құршымбай(о). —Бораш, Асқар, Қаби. —Саламат, Қажымұрат. —Ербол, Нұрбол. —Марат.
—Азамат, Қолғанат, Нұрлан, Ержан, Қанағат, Кенжебай. —Есет, Абзал, Абай. —Жеңіс, Назар. —Әбіш. —Қазыбек.
Мұраттың Шаншарынан:
Жасағанбергеннен Нұржанның Төресінен: Ізбастан: Жалғасбайдан: Иманғалидан: Нұрмұханнан:
болып, тірімізге де ата-бабаның тарих-шежіресін айтуға шек қойылған кездерде ер Шотан және сол сияқты белгілі де белгісіз талай ерлеріміздің мәңгілік мекендері ұмытыла жаздаған. Алла сәтін салып, өткен тарихымызды түгендеуге мүмкіндік туған, Еліміз үшін еркін заман келді. Исламғали, Қабидың басшылығында ұрпақтары ауызбірлікпен лайықты мазар салып (23.09.2000 ж.), садақа берді. (Р.Қ.).
Досқалидан: —Құлбарақ, одан—Оңайбай, одан—Төлеген, одан—Тұяқбай, одан—Жасағанберген. :—Аюп.
—Сәтиман(о), Ізбас, Жолдасбай. —Жалғасбай, Құлбек(о). —Иманғали, Досқали. —Нұрмұхан, Есқуат(о). —Есенқұл, Қожақұл, Бердіқұл, Жұмақұл.
—Баймұхан, Ермұхан, Қалмұхан («Ертай»), Жұмабек, Нәренбай, Сайын.
Қалмұхан («Ертай») көп жылдар сауда саласында еңбек еткен Маңқыстауға белгілі азаматтардың бірі. Қазіргі заманға лайықты тұрмыс-тірлігімен еңбек жолын икемдеп алған іскер азаматтардың бірі. Қалмұханұлы Геннади де әке жолын жетік меңгеріп, Жаңаөзенде жергілікті телеарна ашқан жігіт.
-Оңдаған, Оңберген, Мейрамбек. -Асылбек, Ақылбек, Бауыржан. -Бекжан.
Баймұханнан: Оңдағаннан: Оңбергеннен: Қалмұханнан:
1- әйелінен:
2- әйелінен: Геннадиден:
-Геннадий. -Қуаныш, Қуандық. -Мақсым.
Нұржанның Қожасынан: Сардарбектен:
Көшкінбайдан: Құлбастан:
Дүзелбайдан:
Тұрмағанбеттен: Түгелбайдан:
Сисенбайдан: Бисенбайдан: Базарбайдан: Мұратбайдан: Сәмірден: Ілесбайдан: Айымбайдан: Үсеннен:
Сауытбектен: Мақсымнан:
Қосайдан: Қарлыбайдан:
—Сардарбек, Сауытбек. —Кешкінбай, Тұрмағанбет, Сәмір, Айымбай, Шоқы. —Құлбас, Дүзелбай. —Исатай, Өтеген, Мұса, Оңғарбай, Төлеген, Айдарбай, Төлеп.
—Абай, Қажымұхан, Айсұлтан, Айберген, Ербол. —Түгелбай, Күзембай(о). —Сисенбай, Бисенбай, Базарбай, Сансызбай, Жұлдызбай, Мұратбай. —Нариман. —Назар.
—Данияр, Азамат. —Нұржан. —Ілесбай.
—Бекес, Амангелді, 3,4, 5. —Үсен.
Жұмабектен: —Нұртас, Мұрат. Нәренбайдан: —Болат, Қанат. Сайыннан: — Қайрат.
Сайын-тума талант, сәулетті-құрылысшы.
—Мұратбек, Қуанышбек, Болатбек, Жұмабек, 5. —Замқали(о), Мақсым. —Қосай, Қарлыбай, Түрікменбай(о). —Жақаш, 2. -1,2.
Ер Шотанның құлпы тасындағы жазуын алғаш анық оқыған Көрпе Таған (23.09.2000ж) тамбайғазы — садақада да оқыды. (Р.Қ.)
Шотан батыр ұрпақтары жөніндегі шежірелік деректерді Сәтенұлы Досайдың (тоқсан жасында — 1981 жылы дүниеден өтті.) жетпіс бес жасында — 1966 жылы өз аузынан жазып алған — Атабай немересі Әбішеұлы Оспан ағамыз. Осы күнге дейін толықтырып, Оспан ағамыз жинақтаған шежіре нұсқасын ұсынып отырмыз.
Тағдыр айдауымен жер бетіне бытырап кеткен туыстарымыз жаңылған жеріміз болса, алдын-ала кешірім өтінеміз.
Осы кітаптың қолжазбасын алғаш компьютерлік нұсқасын жазған Ысық Сайынқызы Гүлшат — Қырық- мылтық Алаш келініне рахмет айтамыз.
(Рейімбайұлы Қаржаубай, Әбішеұлы Оспан.)
Шотан ұрпақтары шежіресін Шотан, — Сарқұл,- Күсеп, — Қожахмет,— Сәтенұлы Досайдан жазып алған Шотан,-Сарқұл,-Күсеп,-Еламан,-Атабай,—Әбішеұлы Оспан жинақтаған (Р.Қ.).
БАТЫР БАБАҒА ҚҰРМЕТ — ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ
Бірнеше жүздеген жылға созылған Жоңғар шапқыншылығы қазақ даласын қанға бөктіріп, халқын әбден есеңгіретті. Ақыр соңында «ақ табан шұбырындыға» айналдырғаны тарихтан мәлім. Сан жылдарғы шабуылдан қажып, ұйымшылдығын жоғалтып, бас біріктірер хандары мен басшылары қылышын тасқа шауып қалған заман болды. Елдің сұлтан, бектері ауыз біріктірмей, әр жаққа тартып, ала қашып, онсыз да жаудан ыдыраған елдің берекесін кетіріп, ру-ру, жік-жік, топ-топқа бөліп, бас-басына бастап әкетіп, тоз-тозы шықты. Тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» міне, осылай болған еді.
Жау шауып, тоз-тозы шығып, бытыраған елдің бір бөлігі — кіші жүз тобы Түркістанның сыртынан Сауран айналып Еділ, Жайық, Атырауды бетке алды. Бірақ, бұл бағытта да босқын елді алдан күтіп тұрған қуаныш жоқ болатын. Қарсы алдында тағы бір аждаһа аранын ашып тұрғанын білсе де өзге барар жері, басар тауы қалмаған ел көзді жұмып бір Аллаға бас ұрып, ілгерілей берген.
Еділ, Жайықтан әрі жатқан орыс патшалығы бұл кезде әлемнің төрт бұрышына кезек көз тігіп, аждаһадай ысқырып отырған болатын. Олар өздеріне қарай басқан халықты жаны сүйген жоқ. Оларды Еділ, Жайыққа жақындатпауға тырысты.
Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген елге қолайлы қоныс керек болды. Мұны білген орыс патшалығы басқа елді маңына жуытпай, алысырақ ұстап және оны алыстан арбап, ішіне жыландай сусып кіру арқылы оларды өздеріне тәуелді етіп ұстау пиғылында болды. Және солай істеді де. Біріншіден, бұларды орыстар отарлық ретінде ұстағысы келсе, екіншіден, бұл кезде отарлау саясатымен Шығысқа қол созған Ресей, Индия, Қытай, Хиуа, Қоқан сияқты мықты бәсекелес те иықтас мемлекеттер мен хандықтарға қарсы жорықтарға оқ қағар ретінде пайдаланбақ ниетте болатын.
Патша үкіметінің осындай қаскөй, отарлық саясатына қарсы тұрып, босқын елді біріктіріп, ес жиып, болашақ елдіктің іргесін қалаған талай батырлар мен баһадүрлер тағы да тарихтан белгілі. Сонымен, екі жүз жылдай уақытқа созылған Жоңғар шапқыншылығынан кейінгі тағы да ұзақ мерзімге созылған ауыр жылдар еді.Сол кездің тарихына тұңғыш ғылыми тұрғыдан көз салған қазақ ғұламаларының бірі Халел Досмұхамедовтың сөзімен айтқанда, «кіші жүздің жүз елу жылдай тарихы қанмен жазылған» деуі жайдан жай емес-тұғын. Бір жаудан босқан елді алдан екінші жау қарсы келіп, ашынған ел аянбай соғысып, елдіктің іргесін қалады. Қан майданда жауға қарсы тұрып, оққа кеудесін тосқан талай сардарлар, еңіреген ерлер өткен. Олар жөнінде қазір тәуелсіз мемлекетіміздің баспалары, газеттерге жазып, кітаптар шығарып та жатыр.
Сондай ел қорғаған батырлардың бірі де берегейі — жары Шотан батыр. Түрікмен адай Атақозы, Құнанорыс Лабақ пен Шабай, Олжашы Құлбек, Қосқұлақ Бекет, Есембет Бердібек батырлар сияқты халық тағдыры талқыға түскен заманда елін қорғау үшін, ата қонысы үшін орыс отарлаушыларына, қалмақ қаулаушыларына, Хиуа басқыншыларына қарсы талай қанды қырғынды бастан кешкен. Ел ішінде, жау өтінде талай дүркін жауға қасқайып қарсы тұрған, талай қан майданда қол бастап қан кешкен. Орыс патшалығының отарлау саясатына көнбей, Хиуа, түрікмен басқыншыларына қарсы қол бастап, неше бір жорықтарға қатысқан. Сөйтіп, босқын елдің Жем, Сағыз, Маңғыстау өңіріне ірге тебуіне ұйытқы болған. Ұйымдаса қозғалған Адай тайпасы ірге тепкен үш қиянның бірі —Маңғыстау жері — бабаларымыздың қасиетті аймақты қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен қорғап өткен сол батырлардың бірі Жары Шотан деп, жоғарыда айттық.
Болашақ ұрпағына, халқына қасиетті мекенді қан кешіп жүріп қалдырып кеткен батыр бабаларымызды тарих қатпарынан аршып алып, рухтарына тағзым етуге мүмкіндік туып отырған бүгінгі заманда халықтың бабаларын, батырлары мен билерін, сұлтандары мен бектерін, ылымды хазреттерін таққа көтеріп, ас беріп жатқаны орынды. Талай батыр, билеріміздің, өз заманының ұлы болған бабаларымыздың талайына ескерткіш орнатылып, басына белгі қойылып, зираттарына зәулім ғимараттар салынып, рухтарына аят оқылып, мінәжат жасалуда. Мұның бәрі — бүгінгі ұрпақтарының бабалар алдындағы қасиетті борышын атқарғандығы. Бұл дәстүр жалғаса беруге тиіс. Ұрпақтарына осындай шетсіз-шексіз жер, ұлан асыр ел, сара жол қалдырып кеткен бабаларға қандай құрмет көрсетсең де лайық және ата-бабаның бірін батыр, екіншісін батыр емес деп бөліп алары жоқ. Олардың әрқайсысының тарихқа қалдырып кеткен жолы — өшпес із, өлмес мұрасы бар. Ендеше, соның бәрі де ұмыт қалмауға тиіс.
Сол батыр бабалардың ішінде Жары Шотанның тұлғасы бөлек. Оның өміріне терең үңілер болсақ, толған батырлық, билік, ерлік, ел бастаған қайраткерлік, қайтпас қайсарлықты көруге болады. Осылайша ол бар ғұмырын еліне, халқына арнаған еңіреген ер еді. Ол жөнінде әр жылдары әр жерде газеттерде тиіп-қашты бірен-саран мақалалар жазылғаны болмаса Шотан туралы, оның өмірінен, ел, жер қорғаған батырлығынан хабар берер көлемді дүниелер жазылған жоқ. Некен-саяқ көрінген жеке мақалалармен ғана шектеліп жүр. Бұл айтылғандар болашақта қаламгерлерімізге құлаққағыс болуға тиіс.
Шотан 1705 жылы туылып, 1786 жылы 81-жасында дүниеден озған. Оның ат жалын құшар шағында қазақ елі Жоңғар шапқыншылығына ұшырады. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын ол да бастан кешті. Бейбіт тірлік, тұрақты қоныс іздеген босқын елге ол осы кезде бас болды. Қазіргі Атырау, Ақтөбе, Астрахань өңірін, Маңғыстауды мекендеп қалған Адай жамиғаты осы кезде, яғни Жоңғар шапқыншылығынан босқын ел кіші жүз боп бірігіп Болат хандығынан да ара жігін ашып, бөлініп, үдере көшкен. Адай жұрты көшін Есенғұлдың Есекмергені, кете Әжібай, Жарыұлы Назар, беріш Есболай аз алшынды бастап, Атақозы, Шотан, т.б. батырлар елді қорғап, қазіргі құтты қонысымызды иеленуге үлкен үлес қосты. Сауран айналу 1723 жылдың ақпан айында басталып, Сыр, Әмуден, үстірт арқылы Борсыққұмға келіп, Кіші жүзіміз 1723-1746 жыл аралығында Аралдан Жайыққа дейін, Орынбордан Маңғыстау аймағын түгелге жақын қоныс етті.
Бұл оқиғаларды шежіре қарттарымыздан, жыршыларымыздан естіп, тарихи деректерден оқып өстік.
Бұл көшпенді топтың басынан Маңғыстауда да қанды қырғын кетпеді. Алпыс үй — Адай тайпасының Маңғыстау ойына табан тіреп мекендеп қалуы оңайға түспеген. Бұл аймақты бұрын жайлап отырған азғана түркімен тайпалары мен төңірегіне күш көрсете көз тіккен Хиуа хандығы бұл аймақты мәңгі қоныстанып қалмақ ниеттегі Адай тайпасын құшақ жая қарсы алмаған. Оларға қарсы бір жарым ғасырға созылған талай қанды қырғындар, сұмдық шайқастар өтіп, жорықтар жасаған. Соның бәріне де Шотан бастаған Адай батырлары мен билері елін шашыратпай ұстап, шапқыншыларға қарсы көтеріп, соңынан ерте білген. Сақадай сай Адай жасақтарына шапқыншылар төтеп бере алмаған. Сөйтіп, түркмен рулары Оңтүстікті ала шегінуге мәжбүр болған. Орыстарға көз алартпақ ниеттегі Хиуа хандығы, оларға көз алартқан орыс әскері ортада әскери дәстүр кешкен сақадай сай Адай жасақтарына тап болып, талай рет маңдайын тасқа соққаны тағы да тарихтан мәлім. Соның бәрінде де Адай жасақтары басында Шотан бастаған батырлар тобы болды. Олардың әрқайсысы, олар бастан кешкен қанды оқиғалардың әрбіреуі бөлек жыр, таусылмас тарих, ұзақ әңгіме.
Бүгінгі Маңғыстау аймағын мекендеген халықтың алғаш өлкені қоныстану тарихы осындай тарихи маңызы зор әлеуметтік жағдайларға байланысты болатын.
Жоғарыда айтылған халық қастерлеген есімдерді ел есінде қалдыру — бүгінгі ұрпақ парызы. Еліміздің тәуелсіздігі үшін қасық қаны қалғанша күресіп, шыбын жанын пида еткен, басын бәйгеге тіккен еңіреген ерлер есімі ұмытылуға тиіс емес. Қайта ұрпаққа ұран болып жаңғыра түскені нұр. Осындай көптеген ел есіндегі ерлердің қазір есімдері жаңғыртылып, ауыл, аудан, көше, мектеп, тағы басқа да географиялық атаулар беріліп жатыр. Болмаса басына күмбез мазар салынып, асқақтауда. Мұның бәрі әбден лайық, бүгінгі заманымызға сай істер.
Біз әңгімелеген Шотан батыр тұлғасы да осындай құрметтерге лайық есімдердің бірі. Бұдан үш жүз жылдай бұрын бостандық, тәуелсіздік туын көтеріп, халқын сүйіп, ел бастап, қол бастап өткен батыр тәуелсіздік үшін қайсарлықпен күресіп, елдікті бас тігіп қорғауды кейінгі ұрпағына өнеге қып кетті. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанымыздың дербес мемлекет болуы бастауларының бірі — ғасырлар бойына жоғалмай, қайта уақыт өткен сайын жаңғырып, біздерге келіп жеткенін. Тәуелсіздік, азаттық, бостандықтың өздігінен келмейтінін, оның бастау алар жері сол бір жылдардағы Шотан батыр бастап жүргізген ұлт-азаттық күрестерінде жатқанын қазіргі ұрпақ ешқашан да естен шығармауға, ұмыт қалдырмауға тиіс. Ғасырлар бойы бабаларымыздың басын бәйгеге тігіп, қан төгіп қорғаған қасиетті қоныс—туған жер, туған ел, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпес үшін ел бастаған, қол бастаған батырларымызды құрметтеу парыз. Сонымен, көп заман ұмыт қалған батыр бабаның есімін қайта жаңғыртар кез келді.Өткен жылдары Бейнеу ауданының әкімі оңды бастама көтерген екен. Опорный бекетінің мектебіне батыр баба — Шотанның есімін беріпті. Әрине, бұл — біліктілік іс. Аудан әкімі қолынан келгенін істепті. Оған ел де, халық та риза, бабалардың рухы да риза шығар.
Алып күш иесі — батыр бабаның есіміне бұл аздық етпей ме деген де ой келеді. Өз заманында парызын артығымен атқарып кеткен батыр бабаның есіміне одан да ірілеу — ауыз толтырып айтарлықтай, ғасырдан-ғасырға, еліне, ұрпақтарына мақтан болып тұра беретін ауқымды бір атау тауып беруге болмас па? Мысалға, батырдың елін, жұртын жаңа қонысқа бастап әкелгенде алғаш ат басын тіреген жері қазіргі Опорный маңы. Ендеше, сол бекеттің қазіргі орысша атын өзгертіп, баба аты берілсе, одан ешкім де ұтпаса, ұтылмас еді. Немесе, Маңқыстау ауданының атын Шотанға, Бейнеу ауданын Атақозы атына берсе де артық болмас еді. Және Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан көшелердің, мектептердің аты берілсе — тағы да құп, тіпті бір заманда өзі ел қоныстандыруға бет түзеген, бұл заманда сол арманы орындалып, өзі бастап келген жұрттың құт қонысына айналған Маңғыстау төріндегі ару қала Ақтауда орталық алаңдарының бірінен батыр бабаның ескерткіші орнатылса әбден лайықты болар еді. Не ондай ескерткіш мұнайшылар қаласы, Жаңаөзеннен бой көтеріп жатса да халық риза болмақ.
Айтулы мерекелі күндері, мәдени спорттық шараларда Шотан батыр атында бәйге(приз), сыйлық жариялауды дәстүрге айналдырса. Спорттық-лоторея ойындары өткізіліп тұратын болса. Батырдың өмірінен кітап жазылса, мұндай батырлардың талайына кітап жазылып жатқанын білеміз. 2005 жылдар шамасында батырдың туылғанына 300 жылдығы Қазақстан көлемінде мерекеленіп, атап өтілсе де артық болмас еді. Әрине, бұл шараларды жүзеге асыру үшін алдымен батырдың өз жұрты Маңғыстау бойының қала, аудан әкімдері мен мәслихаттарының батыл бастамасы керек-ақ. Одан әрісін халық, көпшілік өзі қолдап әкетер еді.
Өткен 1996 жылы батырдың бүгінгі тікелей ұрпақтары болып тар шеңберде мәслихат өткізіп, батыр бабалары есімін есте қалдыру шараларын ойластырған. Олар белгіленген шаралар ішінде батыр атына қор ашылуы, ағайындар болып күш біріктіріп, қаражат жинап, батырдың жатқан зиратын да, басына күмбез кесене тұрғызу қолға алынды. Таяу күндерде Қаратөбеде алпыс үй тігіліп ас берілмек. Бұл — құптарлық іс. Бірақ, азғана ағайынның бабаларына деген ақ ниеті ғана болмаса, олардың ауқымды істерге күші жетпей жатыр. Осы тұста жергілікті үкімет орындары қол бастаған, ел бастаған бабаның батырлық істері бәрімізге, күллі халыққа ортақ еді ғой деп демеушілік танытып, қол ұшын берсе одан асқан қамқорлық болмас та еді. Қалай болғанда да батыр ісі бүгінгі ұрпақтардың баршасына ортақ. Олай болса Шотан батырдың есімін ел есінде қалдыруға баршамыз болып атсалысып, күллі Маңғыстау, Атырау, Орал, Ақтөбе өңірі түгел жұмылуға тиіс деп ойлаймыз.
Ер Шотан ұрпағы-Оспан ӘБІШАЕВ-тың әңгіме-сұхбатынан жазған Қазақстан Республикасының жазушылар және журналистер одақтарының мүшесі, жазушы-журналист Жоламан АЙДАРБАЕВ.
«ЕР ШОТАН» ТАРИХИ-ШЕЖІРЕ ДАСТАНЫ ЖАЙЫНДА
Халқымыз — ел үшін еңсе көтеріп, «елдің шеті, жаудың бетінде» дегендей, ат үсті өмір кешкен ерлерімен, халқының «арын арлап, жоғын жоқтап» сөйлеген билерін ұмытпай, қастерлеп келе берген. Билеріміздің сөздерін ақыл-нақыл ретінде еске сақтаса, ерлеріміздің ерлік істерін әңгіме, аңыз, хикая ретінде өнегелі өмірлерін дәріптеген. Сол әңгіме, аңыз, хикаяларды халық ақындары елі сүйіп тыңдар ұлы жыр-дастандар етіп, жырлап, халқының рухани қазынасын байытып отырған. Ерлік жырларымызды жыршы-жырауларымыз жаттап, ұлы жиын-ас, тойларда рухтана жырлап, елінің аруағын асқақтатып, отаншылдыққа, алтын бесік — туған елі мен атамекен — туған жерін жанқиярлықпен қорғауға үндеп, тәрбиелеудің бастау-бұлағына айналдырған. Ел есінде мәңгілік сақталып, халықтық әдеби асыл-мұраға қосылып, халық қазынасын байытып отырған. Олардың қатарына Абылдың «Құлбарағын», Қалнияздың «Ер Қармысын», «Балуаниязын», Нұрымның «Тоғыз ауылын», Ақтанның «Ерлік жырын», Қашағанның «Атамекенін», Сәттіғұлдың «Досан батырын» жатқызуға болады. Бұл жырлардың бәрінде де бұхара халықтың сыртқы жауларынан көрген қорлық-зорлығы шынайы суреттелініп, көрсетілген. Сондай-ақ ел тонаушы басқыншыларға қарсы шыққан халық батырларының ерлік істері келер ұрпақтарымызға өнеге боларлықтай паш етілген. Әрине, еткен ерлігі жыр-дастан боларлықтай ерлеріміз ел ішінде біріндеп емес, жүздеп саналатындығы белгілі. Сол ерлеріміз ел есінде ауызша әңгіме немесе ақын-жырауларымыздың толғау-жырларында тарихи оқиғаға байланысты аттары ғана аталып кетіп жүр. Дегенмен, олардың бәрі дерлік хатқа түсіп, халқымызға танылмай, аттары ауызша аталып, ерлікке толы оқиғалары жырланбай жатқандары да баршылық емес пе?
Әрине, солай!..Солай болған себебі де, кешегі қызыл империяның тұсында біздің батыр бабаларымыздың көпшілігін «басқыншы» деп атаған тұстары да болды. Сондықтан, оларды ауызға алып, мадақтауға тартындық та.
Осындай олқы тұстарымызды, тарихымыздың ақтаңдақтарын толықтыруға «айымыз оңынан туып» дегендей, егемен ел болған қазіргі таңда ғана мүмкіншілігіміз бола бастады. Көптеген ерлеріміздің ерлік жолы жыр-дастандарға арқау болып, халқына қазына-шашу болып қайтарылуда. Мысал үшін, соңғы жылдары жарық көрген осы мақаланың авторының «Ер Шабай», халқымызға белгілі ақынымыз Есенғали Раушановтың Бердәулет пен Жоламан туралы жырларын атап өтсек болады.
Міне, «Ер Шотан» тарихи-шежіре дастаны да қолымызға тигелі тұр. «Ер Шотанды» поэзиялық шабытты шебер тілмен жазып шыққан ақын ініміз Қаржаубай Рейімбайұлы. Қаржаубай ақын Маңқыстау, Түрікмен елі, Бесқала аймақтарына оншақты жылдан бері отты жыр-толғау, терме, өлеңдерімен танылып жүрген ақын. «Маңқыстауда суырыпсалма, еркін, ағытыла жырлайтын бағзы халық ақындары дәстүрін өнеге тұтқан жастар да аз емес. Бұл сипатты, әсіресе, Қаржаубай Рейімбайұлы, Сайын Назарбекұлы өлең, толғауларынан айқын байқауға болады»,—деп атаған еді марқұм, жаны жәннатта болғыр әдебиетші ғалым, ақын, филология ғылымының кандидаты, Қаз. Республикасының Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтында аға ғылыми қызметкер болған Қабиболла Сыдиықұлы, «Сарқылмас қазына» атты кітабында. Сол айтқандай, Қаржаубайдың көптеген шығармаларында табиғи дарын, ақпа ақындық шабыт байқалатын.
Қаржаубай ел тарихын, шежіресін жақсы білетін шежіреші-ақын. Оның шығармаларында тарихи-шежірелік тақырып болатыны да сондықтан. Мәселен, «Ер Қосай» шағын толғауында көптеген шежірелік-тарихи оқиғаларға анықтама беріп кеткендігін аңғаруға болады.
«Ер Шотан» тарихи-шежіре дастаны Қаржаубай ақынның тырнақалды ең көлемді шығармасы. Ақынның шабыты шалқыған кездерінде жазылғандықтан болар!? «Ер Шотан» қазақтың не бір көлемді шығармаларына—жырларына теңдесе алады. Ал, оқиға құрылымдық кеңдігі ерекше нанымды, ел есіндегі асыл мұрамызды мөлдіретіп жырлаған. Сондай-ақ, теңеулерінің дәлдігімен, сөз ұйқастарының жымдасып тұрған шеберлігімен, мағыналы нәрлілігімен оқырманды өзіне магнитше тартады. Оқып, қорыта айтарым, «Ер Шотан» нақты да сәтті жазылған жырлардың қатарына қосуға болады.
Байқауымызша, «Ер Шотанның» көлемдірек болу себебі, кейіпкерінің ерлік істерін суреттеп жырлаумен қоса,оның жеті атасынын ерлік жолын айтып, ең басында шежірелік ата-тектен бастауында деп, ойлаймыз. Шығарманың «Ер Шотан» тарихи-шежіре дастан аталу себебі де осыған сай келіп тұр.
Ақынның кейбір тарихи оқиғалар мен шежірелік деректерден ой қозғауы қазіргі таңдағы «жеті атасын білмеген — жетесіз» болып бара жатқан жастарымыздың көңілін оятып, өздерінің шығысы жайлы ата-тегін біле жүруіне және адамзат ұрпағын алаламай, түбі бір туыстығын сезінуге бағыттайтын ізгі мақсаттан туындаса керек. Бұл жоспарлы ойын ізгі ниетпен құптаймыз. «Ер Шотан» көп тараудан құралған ұлы жыр. Жыр басында өзін оқырманға таныстыруы да қысқа метражды кинофильмдей көз алдыңнан өткенде тарихымыздың мыңдаған жылдарынан әп-сәтте хабарлы болып, көңіл көк жиегін кеңейе түседі.
«Ер Шотанның» көп тараулары Шотан батырдың ата-аналарының ұрпағын аңсап күтуімен басталып, дүниеге келуі, ер жетуімен басталады. Бес сайысқа түсуі, қалыңдық қалауы, үйленуі, әкесімен сырласуы, ат таңдауы туралы тарауларда халқымыздың бағзы замандардан келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүр, тұрмыс-тірлігі кең сөз болып, нағыз халықтық тілмен жырланып, әсіресе, жастарымызды шаттандырып, еліктіретін-желіктіретін жерлері көп. «Ер Шотанның» соңғы тарауларында Шотан батырдың ерлікке толы оқиғалары, халқының жауларымен соғысқан сәттері айтылып, автор өзі бірге жүргендей, көзбен көргендей шабытты шеберлікпен жырлаған,тартымды суреттелген.
Ер Шотан Назарұлы 1705-1786 жылдары өмір сүрген, қазақ халқының іргесі сөгілмей, кең байтақ туған жер-атамекенін сақтап, айбынды ел болуына үлесін ақ найзасының ұшымен, ақ білегінің күшімен ерек ерлігімен қосқан жүздеген ерлеріміздің бірі де бірегейі. Оның жалынды жастық шағы жоңғар қалмақтарының шапқыншылығымен тұспа-тұс келсе, өмірінің орта тұсы — батыстағы Еділ қалмақтарымен болған атамекен жер үшін жан алып, жан беріскен соғыстардың бел ортасында. Ол қазақ елінің кіші жүзі қалмақтардан үркіп, «Сауран айналып» Сыр, Әму, Үстірттен Босыққұмға келіп орныққанша Есекмерген, Назар, Әжібай, Есболайларға қалқан болған, ел қорғаған айтулы ерлердің бірі; Ел үшін жүздеген рет қан майданда қайыспай қол бастаған ерлеріміздің бірегейі — ер Шотан. Ол — Бұланты, Аңырақай соғыстарына да қатысып, ерлігі аңыз болған. (1740-1747 ж.ж.)
Нәдір шаһқа қарсы халық азаттық күресіне де қатысқан, Нәдір шаһтың «қолшоқпарына» айналған Оғылшалармен соғыста жеңіске жеткен. Хиуалықтармен болған соғыстарда елінің айбары бола білген. 1746 жылдары Атырау, Жайық бойындағы «Байұлы» туысымыз Беріштердің малын Еділдің қалмақтары күштеп әкеткенде, ағайыннан қол жиып барып, ер Боқайлардың намысын қорғасып, мал-жанды еселеп жаудан қайтарысқан ер Шотанның ерлігі бір төбе. Сол соғыста, баяғы ноғайлық ер Қазидың ұрпағы Мәмбет батырмен басы қатты, аяғы сәтті оқиғалары тамаша суреттелген, ел есіндегі оқиға нанымды жырланған. Оғылшамен жекпе-жекте жеңісте қолға түскен Оғылшаның қалыңдығы Оразгүл гөзелге таңдау еркі берілгенде: «Болашақ ерім Оғылшаны жекпе-жекте өлтірген ер Шотанға қосылғым келеді!» - депті. Осы жерде, соңын ойлап, болжап, нәпсіге берілмеген Шотанның шешімі — ерліктің бір қыры десек те болады.
Жыр-дастанның қай тарауын оқысаң да қарапайым тілмен, көңілге қонымды өрілген өлеңмен жүрегіңе жеткеніне, оқып болып, ырзалығыңды білдіресің. Жырда ұрпаққа үлгі боларлық ой-түйін, өсиет жетіп артылады; Мысалы:
Саналы ұрпақ-сом алтын,
Өлмейтін өлең-сөз алтын,
Қалдырсам деймін артыма..
...Шындық қалмас көміліп,
Ширай түсер өріліп,
Сөндірмес Алла санадан...
...Қазына жырым Алладан,
Қиялым — қыран самғаған,
Жыр-маржан тапқай жарасым.
Мүдірме тілім — дүлділім,
«Ер Шотан» болғай үлгілім,
Қазағым берер бағасын.
Аталар жолы — ерлік жол,
Ерлік жол — ұлы елдік жол,
Елдігім менің — теңдік жол,
Оятқай ұрпақ санасын...
...Ия, Алла бұл дастанды жамағатқа,
Жар болып, жеткізе гөр шарафатта,
Дастаным Ел қажетін өтеп жатса,
Көңілім толар сонда қанағатқа...
...Шежіре, аңыз, тарих — ескі сырым,
Қарттарым айтып өткен шындық бұрын.
Тұқымды асыл ерлер жеті атасы,
Жазайын Ерлік жолын ШОТАН жырын.
Жеті ата тұқым қуып ерлер өткен,
Ақиқат аңыз болып бізге жеткен.
Шотанның ата-тегі кім? — десеңіз,
Баяндап, қысқа-нұсқа атап өтем...
...Ерлерге ел қорғаны болу мұрат,
Қайтпайды қапың жаудан болса сынақ.
...Ел сыйлар жол табатын ақылдыны,
Қосылса қол бастарлық батырлығы,
Қуаныш-қайғыда да ортақтасар,
Байқалар жан аямас жақындығы...
Жеті атам түгел ер,
Жаулыұлы Жарымын.
Жоқтаушысы қазақтың,
Қорғаушысы арының.
Жаһаннамға жөнелтер,
Ажалыңды танығын!...
...Ерлерім ол заманда: — «Малым!» — деген,
«Мал барда сақталады жаным!» — деген.
«Малмен жан, Дін, Ел, Жерді сақтай алсақ,
Сақталар ұлтым таза, арым!» — деген.
Міне, осындай ұрпаққа ұлағатты жыр жолдары бұл дастанда жетіп, артылады Кейбір көлемді жырлардағыдай мезі қылар қайталау жоқ. Қайталаса да, айтатын ойы, өлең құрылысы өзгелігімен өзіне тартады. Басқа ой, басқа мағына береді. Қорытындылап айтқанда. «Ер Шотан» тарихи-шежіре дастаны өткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық мағынада жазылған кең көлемді атына заты сай сәтті шығарманың бірі дейміз.
Өмірзақ ҚАЛЫБАЙҰЛЫ зейнеткер, Қазақ халық ақыны. 2000 ж. Сәуір айы.
ДЕРЕК КӨЗДЕРІ
1. Құран кәрім. "Жазушы", 1991 ж.
2. Маңғыстау энциклопедиясы "Атамұра", 1997 ж.
3. "Алтынды орда қонған жер" Ы. Құлыбайұлы. "Арыс", 1994 ж.
4. "Топан" Қашаған. "Жалын", 1991 ж.
5. "Хан Кучум" М.Әбдіров. "Жалын", 1996 ж.
6. "Казахстан - летопись трех тысячилетий" С.Г.Кляшторный, Т.И.Султанов. "Рауан", 1992 ж.
7. "Қарақалпақ тарихы" К.Мамбетов. "Қарақалпақстан", 1993 ж.
8. "История казахского народа" М.Тынышбаев. "Қазақ университеті", 1993 ж.
9. "Қазақ даласының ежелгі тарихы" Ә.Байбатша. "Санат", 1998 ж.
10. "Маңғышлақ түркменлері - ХУПІ-ХІХ ғасырларда "Берекет - Бина" мешрияты" А.Бегжанов. Ашқабат, 1993 ж.
11. "Казахи Мангышлака во второй половине XIX века" М.С.Турсунова. "Наука", 1997 ж.
12. "Кіші жүз шежіресі" Ә.Атшыбаев. "Өже", 1996 ж.
13. 'Түркменлердің несили дарағты" А.Бахадырхан. "Метбулат", 1991 ж.
14. "Сырым Батыр" ҚТемірханов. "Қарақалпақстан", 1996 ж.
15. "Қазақ шежіресі" Мәшһүр - Ж.Көпейұлы. "Жалын", 1993 ж.
16. "Казақ шежіресі" А.Өтеулин, М.Әлімбеков. "Ана тілі", 1992 ж.
17. "Из истории казахской книги" А. Жиренчин. "Казахстан", 1987.
18. «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» Ш.Құдайбердіұлы. "Қазақстан - сана", 1991 ж.
19. "Алаңқай батыр" Ө.Қалбаев. "Жазушы", 1993 ж.
20. "Кіші жүз шежіресі" Х.Маданов. "Атамұра", 1994 ж.
21. 'Түркілер шежіресі" Абұлғазы. "Билим", 1994 ж.
22. "Алты ата Әлім" Ж.Дәуренбекұлы. "Рауан", 1993 ж.
23. "Хан Абулхаир" И.Ерофеева. "Санат", 1999 ж.
24. "Поскан ел" К.Мамбетов. "Қарақалпақстан", 1988 ж.
25. "Елең-алаң", "Үркер" Ә.Кекілбаев. "Жазушы", 1981 ж, 1984 ж.
26. "Аманат" С.Жанғабылұлы. "Ер - дәулет", 1996 ж.
27. "Қазақ тарихының әліппесі" М.Мағауин. "Қазақстан", 1995 ж.
28. "Огузнама" Ф.Рашидаддин. "Туркменистан", 1990 ж.
29. "Паметники истории и культуры Казахстана". "Казакстан", 1988.
30. "Қарақалпақ халқының қаһармандык эпосы". "Қарақалпақстан", 1986 ж.
31. "Қоңырат шежіресі" М.Ерімбетов. "Жалын", 1993 ж.
32. "Памятники народного зодчества Западного Казахстан а" М.Меңдіқұлов. "Өнер", 1987 ж.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру