Мазмұнға өту
Home

Өмір өткелдері

Шайхан Жандаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Өмір өткелдері

Авторы: Шайхан Жандаев

Шайхан ЖАНДАЕВ Алматы «Жазушы» Шайхан ЖАНДАЕВ ‡МІР ‡ТКЕЛДЕРІ Әңгімелер мен хикаяттар Өмір өткелдері

Жандаев Ш. Өмір өткелдері: Әңгімелер мен хикаяттар. – Алма­ты: «Жазушы», 2012.– 224 бет. ISBN 978-601-200-384-0 Бұл кітапқа өмірден ерте өткен қарымды қаламгер Шайхан Жандаевтың қаламынан туындаған деректі хикаяттары мен мазмұнды ойға толы әңгімелері топтастырылған. Мұндағы “Жауырыны жерге тимеген” деп аталған хикаятта қазақтың атақты балуаны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, халықтық күрес федерациясының президенті болған Әбілсейіт Айхановтың күрестегі өмір жолы, туып-өскен ортасы, бай спорттық өмірбаяны, ұлттық күрес өнерін дамытудағы ойпікірлері балуанның өз аузынан баяндалады. Жинаққа енген өзге шығармаларында да автор өз ұлтының жетістігіне мақтанып, кемшілігіне жаны ауыратынын анық байқатып, тебірене сыр шертеді. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 Ж 26 Ж 26 ISBN 978-601-200-384-0 © Жандаев Ш., 2012 © «Жазушы» баспасы, 2012 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-44 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды

Шайхан ЖАНДАЕВ ЖАУЫРЫНЫ ЖЕРГЕ ТИМЕГЕН Хикаят ТАУ САМАЛЫ «Алмақтың да салмағы бар» деген. Көңілі кең дала­ дай дархан халқыма өзімнің өмірбаянымды, спорттық жо­лымды әңгімелеп берейін. Мен де ет пен сүйектен жаратылған пендемін. Адам болған соң қуанышты, өкі­ нішті сәттері де таразы басына түсіп жатады ғой. Осының төрелігін өздеріңіз айтарсыздар. Әлемнің талай елін араласам да, өзімнің кіндік қаным тамған Екі Ашаға жер жетпейтін сияқты. Қайда жүрсем де, туған ауылымды сағынып жүремін. Мен жер жанаты Жетісудағы Жоңғар Алатауынан бастау алатын Үлкен Басқан мен Кіші Басқан өзендерінің түйісер тұсына орналасқан осы Екі Ашада 1938 жылы көкек айының 15 жұлдызында дүниеге келіппін. Өмірдің заңы қатал. Біздің балалық шағымызға Ұлы Отан соғысы тұспа-тұс келген соң не шара? Әлі есімде. Үш жастан енді аса берген шағымда әкем Рүстем атқа мінгізіп, ауылды аралатты. Ақсақалдармен, ақ жаулықты аналармен қоштасты. Әр үйден тары көже ішіп, ірімшіктен дәм татқаны еміс-еміс көз алдымда.

Өмір өткелдері Әке алдында отырып, айдарынан жел ескен сәбиде ес бола ма, қоштасып, мейірлене сүйіп жүре бергенінде жер тепкілей еңіреп, әбден қалжырағанша жылап, титықтап ұйықтап қалыппын. Қазір ойлап қарасам, секемшіл бала көңіл әкенің мәңгі оралмасын сол кездің өзінде сезгендей сияқты. Қарғыс атқан қырғын соғыс мені әкесіз өсірді сөйтіп. Шешем Рақиланың айтуынша, менің сегіз айлық кезімде біздің семья Екі Ашадан Қаракөз деп аталатын мал жайылымына көшіпті. Қазір бұл жер Талдықорған облысының Ақсу ауданына қарайды. Мен алты ағайындымын. Ең үлкеніміз – Ажар әпкем, Нұрсейіт, Әлсейіт, Байсейіт, мен – Әбілсейіт, қа­рын­ да­сым – Базар. Осыншама жаннан қазір тірі калғаны Байсейіт екеуіміз ғана. Басқалары тіршілік күйбеңімен жүріп көз жұмып, мәңгі тыныштықта ұйықтап жатыр. Базарлы балалық шағым Қаракөзде өтті. Ағаларым колхоздың қошқарын бағушы еді. Ал әпкем Ажар сол кезде есімі ауданға танымал тракторшы болатын. Ажар денелі, сом алып тұлғасына қайраты сай қарулы да еді. Жыл он екі ай бойы жұмыстан қолы бір босамайтын. Екі рет Сталиннің суреті салынған орден таққанын білемін, медальдары да көп болатын. Бала кезімізде солармен ойнап отыратынбыз. Әке орнына әке болған Ажар әпкеме мен өмір бойы қарыздармын. Сол Ажар күн-түн демей, білек сыбанып, бел шеш­ пей еңбек етсе де, топты семьяның көрген бейнеті аз емес. Әпкем күзде тракторын МТС-ке жөндеуге кел­ се, колхоздың бухгалтері оның жыл бойы атқарған еңбек ақысын есептейді. Сонда Ажар әпкем берешекке белшесінен батып шыға келеді.

Шайхан ЖАНДАЕВ Әділдік пен билікті таздың басына сирек өскен шаштай аз ғана атқамінерлер алған заман-ай десеңізші. «Бастан құлақ садаға» дегендей, әпкемнің жаз, күз бойы ішіпжеген тамағының қарызына күн көріп отырған жалғыз қара сиырды төлеуге мәжбүр болдық. Ал мұның тарихы да ұзақ-сонар бір әңгіме. Қара сиырды нағашы апам беріпті. Бір сауғанда бір жарым шелектей сүт беретін деп шешем ылғи жыр етіп айтып отыратын. Қара сиыр біздің семьямыздың бар байлығы мен құты еді. Бұл жануардың бір ерекшелігі жыл сайын ылғи еркек бұзаулайтын. Онда топты жан Басқан өзенінің аяғына қарай Лепсіге жақын орналасқан, аяққа құйған астап шағын Қаракөз ауылында едік. Бұл араның қысы қатты. Қары белшеден келеді. Қысы аязды. Бораны да керемет. Екі бөлмелі жер үйдеміз. Жылы үйде жұт жоқ дегендей, ағалы-інілілер құшақтасып жататынбыз. Шешем Рақиланың Күнжұман деген бауыры көрші тұратын. Оның Кәрім, Баймолда, Қанабек деген үш ұлы болды. Кәрімі ауыл советтің төрағасы болып қызмет ат­ қарды. Баймолдасы – мұғалім, ал маған тетелесі Қанабек мектепте оқитын. Ұстазымыз Баймолда аң құмар болатын. Жүйрік тазы ұстап, қансонарда біздерді таң атпай ертіп шығатыны әсте ұмытылмайды. Қанжығасы майланып кейде қасқыр, бірде түлкі, қоян ұстап қайтқанда, әр тазысын келістіре мақтап, жыр етіп айтып отыратын. Сол жылы қаңтар айы боранмен басталды. Әлгі Күнжұман ағамыздың үйінің алдында қатпайтын тұма бар еді. Біздің қара сиыр соған өзі барып су ішіп қайтатын. Түскі шайға енді отыра бергенде Қанабек біздің үйге

Өмір өткелдері жүгіріп келді. Ентігіп, алқынған. Маңдайдан бұршақбұршақ тер сорғалайды. – Апа, – дейді менің шешеме. – Кара сиырды көп ит талап жатыр. Жыртық құрсаулы кеселер алынбай қалды. Табандал­ ған пималарымызды қоңылтаяқ киіп бәріміз де сыртқа атып шықтық. Сөйтсек, бізден бұрын Баймолда аға атқа мініп жеткен екен. Мұғалімнің көп иттері көк бөрі – қасқырларды қуа жөнеледі. Байекеңнің айтуынша, үштөрт қасқыр қара сиырды жан-жақтан қоршап алыпты. Ақылды жануар-ай, тұс-тұстан анталаған бөрілерді жолатпай жанталасып тұр екен. Салт атты адамды, үйден қолдарына айыр, күрек ұстап, айғайлай, аттандап шыққан дауысты естісімен қасқырлар тым-тырақай қаша жөнеледі. Жайшылықта, апам кейде ашуланғанда, қара сиырға «мәлік келгір» деуші еді, енді өзі де тұмаға қарай жанұшыра жүгіріп келеді. Бәріміз жылап-сықтап қара сиырға жеттік. Өзі де есеңгіреп, мүлдем қорқып қалған екен. Қос жанары ша­ расынан шығып кетердей. Дір-дір етеді. Көп болып үйге алып келдік. Қораға байламай, екі бөлмелі үйдің біріне орналастырдық. Жануар үш күн бойы тізе бүкпеді. Шөп пен суды аузына да алмады. Мен қара сиыр өліп қалады деп жылап жүрмін. Ауылда Азя дейтін адам дәрігері бар еді. Сол келіп дәрі еккен соң, қара сиырдың беті бері қарады. Қашан бұзаулағанша сүт беретін сол қара сиырды ауылдың әпербақан белсенділері Ажар әпкемнің ішкенжеген тамағы үшін деп ақыры алып тынды ғой... Мен үш жастан кейін әкемді көре алмадым. Мені жеткізген, кейін төрткүл әлемге танытқан ше­ шем мен Ажар әпкем және ағаларым еді. Қара сиырдан

Шайхан ЖАНДАЕВ айрылсақ та, Ажар бізді жарғақ құлағы жастыққа тимей асырады. Екі қап бидайды екі қолтығына қыса көтеріп, үйге дейін он шақырым жерден түсірмей әкелген қайсар әпкемнен маған да бір қайрат дарыған ба деп те қаламын, кейде. Үлкен ағай Нұрсейіт те сұрапыл соғыстың тақсіретін тартып өсті. Ол кезде қалай оқысын, мал бақты, арық қазды. Жұмыс десе қажымайтын азамат еді. «Тамақ іш» деп шақырмасаң, оны ешкім оңайшылықпен тоқтата алмайтын. Өзінің семья құрудан да бағы жанбады. Екі рет үйленді. Кейін қой бағып жүріп, таулы Жасылкөл, Шатырбай деген жайлауға көшіп бара жатқанда жалғыз өзі бір отар қоймен елсіз далада қалады. Қар аралас жаңбыр жауғанда қоғам малын тастамай, үш күн, үш түн арпалысып, мал соңынан қалмайды. Содан суық тиіп ауырады. Ұзақ уақыт емделгенімен, көп ұзамады. Шаруа адамының артында ­балалары, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Грамотасы қалды. Одан кейінгі Әлсейіт деген ағайымның еті тірі еді. Сол кезде оны Ақсу ауданының үлкен-кішісі танитын. Сөзді кестелеп, дестелеп шебер сөйлейтін. Өзінің қолтаңбасы да ғажап келісті болатын. Жота тоғанның егініне түсіп, қамалған сиырын қайтарып үйге келе жатқанда биік жардан құлап, суға кетіп көз жұмды. Ал Байсейіт ағай маған Ажар әпкеммен бірге әке орнына әке болған жан. Жас кезінде астық бастыратын молотилканың дәу тасын атпен айналдырып жүргенде басы айналып құлайды. Сонда Тәжібас деген ақсақал құ­ лағынан жұлқып, қаршадай баланы лақтырып жібергенде, тымақтай ұшып түседі. Сонда тұмсығы бұзылған

Өмір өткелдері Байсейіттің құлағы естімей қалады. Ол да жетімдікті көп көрген. Мына бір көрініс есімде қалыпты. Басқан өзенінің салалары: Қаракөз, Тектұрмас, Қара тоған, Қос ағаш, Қасқалдақ, Қожамберлі деп аталатын. Қасқалдақтың қамысы керемет қалың, ну еді. Қыста таптырмайтын отын. Қожамберлінің бас жағында Бес кемпір деген тұма болды. Аңыз бойынша, ол бес кемпірді жұтса керек. Әлгі тұма тайыншаны да тартатын. Бірақ қандай ғажабы бар екенін кім білсін, әбдебір тылсым күш әлгі тайыншаны сыртқа шығарып тастайтын. Сол маңның топырағы аппақ болатын. Сонымен тұрғындар үйдің сыртын ақтайтын. Қаракөздің жан-жағы көкорай шалғын. Жазда өзен суы құрғап иірім-иірім болып қалушы еді. Сол «Қаракөз» бен «Кең қарын» колхоздарының аралығында, Қос ағаш өзенінің жағасында қос қыздың бейіті бар. Дөңгелете салынған, алыстан қарағанда құдды сәукеле сияқты. Бұл ара тұнған тарих қой, шіркін. Жері қандай құнарлы. Сиырдың сүті қаймақтай маңызды болатын. Жартасы мен үңгірлері де көп. Суы терең емес жерлерден балықты қолмен ұстай беретінбіз. Осы арадан Байсейіт балықты қап-қап аулайтын. Бір күні ағайдан ферма меңгерушісі Төлеу Тұяқов балық сұрайды. Ол бір қап балық беріпті. Бірақ оған Төлеу қанағаттанбай: – Сен маған анау дәу сазанды бер, – дейді. Онымен қоймай Байсейітті қорлап, балықпен ұрыпты. Қорлыққа шыдамаған ағайым сол кезде дәу сазанды суға қоя береді. Құтырынған Төлеу Байсейітті атпен қуады. Сонда Әлиша кемпір кездесіп, ағайымды көп үңгірдің біріне жасырады. Шешем ұзақ күн шарқ ұрып баласын іздейді. Таба ал­

Шайхан ЖАНДАЕВ майды. Байсейіт үңгірден түн ортасында бір-ақ шығады. Ертеңінде Рақила ауданға барып Төлеудің қорлығын айтпақшы болады. Сонда Төлеу шешемнің алдынан шығып, өлердегі сөзін айтып, аяғына жығылып кешірім сұрайды. Байсейіттің көрген қорлықтары осы мазмұндас болып келеді. Ол Қарағандының ФЗО-сында да оқыған. Қанша айтқанмен, бұл қала жұмысшылар мекені ғой. Байсейіт Қарағандыдан есейіп оралды ауылға. – Сарқандта тапқан еңбекақыңа ақша береді, – деген сөзді мен өзім тұңғыш рет Байсейіттен естідім. Алғашқы тың игерушілердің бірі атанып, «ДТ-54» тракторымен жер жыртқан да осы Байсейіт ағам. Қазір пенсияда, Талдықорғанда тұрады. Қарындасымның есімі Базар еді. Ауылдың апайтөс азаматтары Ұлы Отан соғысына аттанар шақта: Қош құлыным, сен бесікте қаласың, Қан майданға қарсы туған баласың. Сілкіндіріп шырылдаған дауысың, Европа мен Азияның арасын. Қош құлыным, келе алмасам оралып, Әкем қайда кетті деме жоғалып, Менің тамған әрбір тамшы қанымнан Миллиондаған батыр шығар құралып, – деп ұзақ өлең шырқайтын. Әкем бесіктегі осы кенже ба­ ласы – Базарды Жаудыркөз деп атаған екен. Жас кезінде сәбидің кеудесіне суық тиіпті. Кейіннен жазылды. Бірақ мен Алматыда оқуда жүргенімде қайтадан ауырады. Аяу­ лы қарындасым молланың сия қарындаш езген ішірткісін ішіп ұйықтап, мәңгілік көз жұмады. Міне, біз әкесіз өсіп, елде Ұлы Отан соғысының сұрапыл тауқыметін осылай тарттық.

Өмір өткелдері Шешем Рақила ұзын бойлы, денелі кісі еді. Қырық бірінші мөлшерлі мәсі киетін. Шашын көлеңкесіне қарап тарайтын. Алты баласын қызғыш құстай қорғап өсірді. Ондай қамқорлыққа, аналық кіршіксіз сезіміне, балаға деген шексіз махаббатына менің тілім жетпейді. Әрі шеше, әрі әке орнына әке болған ардақты анам өзімнің қолымда болды. Өзім туралы бір ауыз сөз айтсам, жас кезімнен жоқ­ шылық, таршылық көріп естім. Төбелес дегенді суханым сүймейтін. Бала кезімде асықты жақсы ойнайтынмын. Ол баланы мергендікке, қолдың шеберлігіне тәрбиелейтін үлкен өнер екен. Осы кезге дейін асық ойнап жатқан балаларды көрсем, балалық шағым есіме түсіп, қызығып кетемін. Балалық шақты ойға алсам, мына бір сурет көз ал­ дымнан кетпейді. Мен Қаракөзде Балтабек Жақсылықов, Сәруақас Дәнегожин, Әбіл Кенжебековтермен бірге оқы­ дым. Әбіл Рақымбек деген басқарманың туған інісі еді. Рақымбектің әйелі Лиза үлкенді-кішімен әзілі жарасқан от ауызды, орақ тілді жан еді. Атқа мініп келе жатқан қайындарын көрсе: – Әй, салақтап қайдан келе жатырсың? – деп әдейі тиісетін. Ал менің аттасым Әбіл де еті тірі, пысық әрі шымыр болатын. Өзі көп білетін. Бір күні асық ойнап, суға түсіп, одан кейін әбден жалығып кеттік. Сонда балалардың бірі: – Давай, совет жауынгері мен неміс солдаты болып екі­ге бөлініп соғыс ойнайық, – деді. Әбіл, Исатай, Қа­на­ бек, Манабек, Балтабек, Сәдуақас, Анарбек деген чечен баласы, Құсайын, Омархан – бәріміз қолма-қол екіге бөлініп, ойынды бастап жібердік. Қаруымыз – сары топы­ рақ. Жентектеп алып бір-бірімізге лақтырамыз. Сары

Шайхан ЖАНДАЕВ топырақ – «оғымыз» таусылған соң жекпе-жек айқасқа шықтық. Мен бір баланы алып ұрып жығып жатқанымда, селолық Совет төрағасының баласы Исатай үстімізге секіріп түсті. Оң қолым қайрылып қалды. «Ой» дегенімше болған жоқ, Манабек те Исатайдың үстіне қонжиды. Әбілдің зеректігін қараңыз, қолма-қол жүгіріп келіп, бәрімізді ажыратып, орнымыздан тұрғызды. Қолым тізеден төмен түсіп салбырап қалыпты. «Өл­ дім» деп ойладым. Анадай жерде Жамағат деген мұғалім мен Рақымбек қармақ салып тұрған. Әбіл соларды көрсетіп: – Ана екі кісіге ешнәрсе білдірмейік, – деп бізді ауылға қарай бастады. Осы екі аралықта Манабек біздің үйге барып: – Селсоветтің ұлы Әбілсейіттің қолын сындырды, – депті. Ескі көпірден өтіп келе жатқанда алдымыздан шешем Рақила шықты. Бұрқыратып келеді. Қолында кетпен. – Соғысқа кеткен адамның баласын кім өлтір деген? Кәне, Исатайы қайсы, көрсетші, – деді шешем. Исатай тұра қашты. Қайдан жеткізсін. Шешем мені Молдабай шалға алып келді. – Әлгі жынды немерең қайда? Қазір өзім қолыммен өлтірейін, – деді қатуланып. Сонда Молдакең: – Рақыш, сәл сабыр етші. Ол итті өзім-ақ өлтірейін, – деді. Сонда ғана шешем сабасына түсті. Ауылда оташы жоқ еді. Шешем мені арқалап Кең қарынға тартты. Ауылдан сегіз шақырымдай жердегі Асыл базға тақалып қалғанда: – Тәте, менің көзім қарауытып, басым айналып кетті. Кішкене дем алайын, – дедім. Көк шалғынға көкорайға

Өмір өткелдері біраз жатып жан шақырғандай болдым. Тағы да жолға шықтық. Біраз жүрген соң ақбоз ат мінген, сақалы аппақ бір жолаушы кездесті. Шешем ол кісімен ізетпен аман­ дасқан соң: – Көпті көрген үлкен қария екенсіз. Мына бала­ ның қолы шықты ма, жоқ әлде сынды ма, біл­мей­мін. Қолыңыздан қандай көмек келеді? – деді. Әлгі ақсақал: – Жоқ, қолымнан ешнәрсе келмейді, – деп әрі қарай жүріп кетті. Он бес, әлде жиырма қадам өтті ме, өтпеді ме, қайта айналып соққанда қанжығадағы күшікті өзіне берді. Сонда қария: – Ауылда Күнжұманның үйін білуші ме едің? Сол үйге кел, балаңның қолын салып берейін, – деді. Біз ауылға қайтадан оралдық. Әлгі үйге келсек, ақсақал шай ішіп болып қалған екен. Қолымды ұстап тұрып шынтақтап басып қалғанда жаным сая тапты-ау. Суық тер бұрқ ете қалды. Ақсақал қолымды орамалмен орады. Шешемнің риза болғаны сондай, қариға бір қап бидай берді. Әлгі Әбіл қолым екінші рет шыққанда да көмектесіп еді. Бірінші Басқан өзені мен «Жаңалық» колхозының аралығындамыз. Шешеме қой сауғызып бола бергенде Әбіл мен Балтабек, Сәдуақас үшеуі ат мініп жетіп келді. Балалықты қойсаңызшы, әлгілер: – Кел, давай, жарысайық, – деді. Ат ағашта бір ат байлаулы тұрған. Үсті-басы ақ көбік тер. Соны шешіп мініп алдым, аяғын баспайды. Тізгінмен қатты тартып қалғанымда әлгі ат тұра шапты. Қарсы алдымыз қалың тал. Тізгінді тартып-ақ келемін. Біраздан кейін әлгі ат мөңкісін келіп. Сол кезде ертоқымнан асып түстім. Бір қолыммен жер тірей құлағанымды білемін. Балалар қасыма жеткенше опына жыладым.

Шайхан ЖАНДАЕВ Кейін білсем, әлгі мен мінген жылқы Тәсібек деген ағамыздың жаңа үйретіп жүрген шу асау құнаны екен. Әбіл мені ертіп сол Тәсібектің үйіне алып келді. Тәсібек те шешемнің мінезін білуші еді, содан қаймықты ма, кім білсін, биесіне міңгестіріп сегіз шақырым жердегі кәпәйға тартты. Осындағы Бибәтіш деген оташы үйінде екен. Қанша жанталаса, жұлқына тартынсам да, Тәсібектің темірдей қарулы қолдары жібермеді. Сол Бибәтіш әжеміз шыбын жанымды шырқыратып сынықты орнына түсірдіау, әйтеуір. Осының бәрін егжей-тегжейлі неге айтып отырсың дейсіз ғой? Кейінгі желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақ­ тарыма балалық шақты ізденіспен өткізіңдер, білімге ұмтылыңдар, егер ес білгенге дейін сырқатқа шалдығып қалғандар оның қасіретін өмір бойы тартасыңдар дер едім. Мен әлгі қолымның екі сынығының зардабын көп көрдім... Өзімнің ұстаздарым туралы да айта кетейін. Қаракөзде оқып жүргенімде бізге Жамағат Бейсебаев деген мұғалім математикадан, физикадан, химиядан сабақ берді. Мен осы пәндерді өте жақсы көретінмін. Сабырлы, білімді ұстаз Жамағатқа мен көп қарыздармын. Ол спортты да жанындай жақсы көретін. Сабақтан қолы сәл босаса, ауылдың қаратабан балаларын жинап алып, оларды жүгіртетін, секіртетін. Шахмат, ән-күй үйірмелерін де ашқан осы кісі. Бізге шаңғы мен коньки үйреткен де Жамағат еді. Әлі есімде, алтыншы класта оқитынбыз. Жамағат ағай көршілес «Жаңа таған», «Жота тоған», «Жаңалық» колхоздарының оқушылар шақырып, үлкен спорт жары­ сын өткізді. Сонда мен биіктен секіруден бірінші орын алдым. Жеңіске деген жігердің қасиетін сол жолы ұққан

Өмір өткелдері сияқтымын. Менің қимас ұстаздарымның бірі – Жамағат ағай. Екінші үлгі етіп, мақтан тұтатын мұғалімім – Николай Степанович Серебрянников. Зырлаған өмір ағынының осы кісімен таныстырғанына да көп рахметімді айтамын. Тың және тыңайған жерлерді игеру басталғанда біздің семьямыз Қаракөзден «Энергия» совхозына көшіп келді. Қаракөзде жетіжылдық мектепті тәмамдағаннан кейін орта дәрежелі білім беретін оқу орнына қолым жетпей, едәуір қарайып та қалып едім. Бұл – соғыстан кейінгі халықтың ес жиған елуінші жылдардың ортасы еді. «Энергиядағы» орта мектептің сегізінші класында әр колхоздан жиналған 56 оқушы болды. Әрине, бұл бір класқа сабақ беретін мұғалімдерге өте ауыр еді. Қазір айтып жүргеніміздей, әлгі 56 балаға аттестация өтті. Бұл сынақтан өте алмайтындар, сөз жоқ, жетінші класқа сырғиды. Мен де бір саты төмендеп қалдым. Сонда Қарағанды қаласында ФЗО-дан оқыған Байсейіт қана маған арашашы болды. Сонда ғана мен алғаш рет туыс жанның, жанашыр адамның қамқорлығын балалық жүрегіммен сезіндім. Хош деңіз, сонымен сегізінші класта оқып жүрмін. Міне, оған да қырық жылға жуық уақыт өткен екен. Математикадан сабақ беретін Сәрсекенов деген ұстазым мені мақтады: – Балалар, сендер бәрін Әбілсейіт Айхановтай оқы­ саңдар жаман болмайсыңдар. Есеп білмеген – есек. Ал математика бар ғылымның анасы. Ана сүтіне жарымаған әсте адам болмайды. Математиканы меңгере алмасаңдар, басқа пәндерді үйрене алмайсыңдар, – деді. Сол ұстазым өз пәнін балаларға жан-тәнімен түсін­ діретін. Киімдері, бет-ауызы аппақ бор болса да, оны елең

Шайхан ЖАНДАЕВ қылмайтын. Қай тақырып болса да, оны ынта-жігерімен құлаққа құйып беруші еді. Күнделікті сабақты ойдағыдай меңгерген соң, бір мезгіл спортқа да ден қоя бастадым. Шаңғыдан қара жаяу емес едім. Ауылда озып шығып, аудандық жарысқа бар­ дым. Сарқандта өткен жарыс әлі есімде. Қашықтық – он километр еді. Қарсыластарыма қарасам, кілең спорт ко­ стюм кигендер. Шаңғылары да жүзіктің көзінен өткендей. Менің үстімде – ала-құла киім. Қарадан қарап сағым сынып қалды. Сол күні аспан шайдай ашық болатын. Күмістей жарқыраған ақша қардан жүз ұялады. Жанарыңды тіктеп қарай алмайсың. Нар тәуекел деп жиырма шақты өрім жас аламан бәйгеге түстік те кеттік. Мұндайда ой-қиялда шек болмайды екен. Шіркін-ай, «Энергияның» балалары менің мына көсілісімді көрмеді ғой деймін. Жарты жолдан асқан соң әлгі қарқын бірте-бірте басылған сияқты. Тамағыма бір өксік тірелгендей бол­ ды. Тіпті, құрғап қалғандай. Мана менің тілеулестерім шөлдесең керек болады деп қалтама екі-үш түйір құрт салып беріп еді. Әлгіні тамсанып едім, көп-көрім әл берді. Ия, сәт деймін. Бағана озып алдыма шығып кет­ кен баланы біразға дейін өкшелеп отырсам да ентігіп, шаршап барамын. Әбден болдырдым. Теректей сорайған мені тәштек балалар да артқа тастады. Ар-намыстан жа­ рылып ұялып барамын. Ауылға қайтып оралғанда, көпке дейін жолдастарымның беттеріне қарай алмай жүрдім. Әсіресе, қыздарға тіке қарау қандай қиын еді. Тек қана сегізінші класс емес, ол кезде кеудесі бұлтиып қалған ересек қыздардың өзі мені табалап тұрғандай еді. Сол сәттегі пұшайман болған күйім күні бүгінге дейін әредік түсіме де енеді.

Өмір өткелдері Менің бағым бар екен. Сол жылдары біздің мектеп­ ке Николай Степанович Серебрянников деген мұғалім келді. Бұл өзі бұлшық еттері бұлт-бұлт ететін, денелі, әрі сымбатты адам болатын. Құдайымыз жарылғап, ол кісі дене тәрбиесінен сабақ берді. Әскери адам екені бірден білінеді. Өзіне де, бізге де бір тыным бермейді. Әр қашықтыққа жүгіреміз. Акробатикадан үйретеді. Мен спорттың ең алғашқы әліппесін Николай Степа­ новичтен үйрендім. Өзі де нағыз жайсаң жан еді. Қыстың қақаған сары аязында тақыр басы күнге шағылысып жа­лаңбас жүретін. Соны көріп біз қайран қалатынбыз. Мектепке кіре берісте: «Если хочешь быть здоровым, занимайся спортом» деп жазылған ұран да бірден көзге шалынатын. Оны да жаздырған – Николай Степанович. Жамаулы күпәйкені төсеп жіберіп, акробатиканың сан алуан тәсілдерін жасаймыз. Қалың төселген сабан үстінде сальто жасаймыз. Сабан мекені құлағымызға, көзімізге кіреді. Оған қарап жатқан біз бар ма? Сонда дене тәрбиесі сабағына ерекше бір шабытпен құлшына кірісуші едік. Негізгі пәндерді ақсатпай оқып, ұзақ күн бойы төккен тер зая кетпеді. Оныншы класта оқып жүрген кезім. Сарқандт ауданында жастар мен студенттердің Бүкілдүниежүзілік ең алғашқы фестиваліне арналған керемет жарыс өтті. Онда бой да, ой да есейген. Бірақ ана жылы шаңғыдан ең соңғы орында калғаным естен кетер емес. Сол сәт­сіз­ діктің есесін бір қайтарып, жерлестер алдында мәртебем өссе екен деп мен де осы жарысқа келіп едім. Онда әліме қарамай, өзімше бесаспаппын. Жүгір десе жүгіремін, секір десе секіремін, жалғыз өзім «Энергия» колхозының бар сенімін мойныма артқандаймын. Олай деп дандай­ ситыным сальтоны мектепте Николай Степанович қана жасайды. Одан кейінгі орында – мен.

Шайхан ЖАНДАЕВ Фестивальде топпен акробатика жасаған біздің мек­ тептің оқушылары еді. Қас кағым сәтте еліктің лағындай қыздар төбемде ойнақшып кетті. Бұл мың бұралған, ұстара жүзіндей лыпылдаған сәттерді суреттеу әсте мүмкін емес. Бірнеше қабатты қайыспас қара нардай көтеріп тұрдым. Осы аса жауапты көріністің шарықтау шегінде әлгі көбелек қыздар «Бейбітшілік» деген сөзді жазды. Сарт-сұрт соғылған шапалақтан тау жаңғырықты. Лүпілдеген жүрек мәйкіден шығып кете жаздады. Еңбек жанды. Осы көріністен бас бәйгені жеңіп алдық. Көңіл көтеріңкі. Әне-міне дегенше басқа да жарыстар басталып кетті. Баяғы балалық шақтың бал дәурен кезінде жалама тасты суға лақтырып қаймақ жалатушы едім. Онда ең көп ұпай толқын санымен есептелетін. Сонда ба­ лалар мені қолпаштайтын. Енді міне көпшілік қаумалаған соң ядро дегенді серпуге дайындалып тұрмын. Бұл өзі, сырт қарағанда, онша қиын да емес сияқты. Алақанға сиып кететін құйма шойынды лактырсаң болғаны, бітті шаруа. Бірақ қалай құлаштап серпісең де әлгі бәле он шақты қадамнан аспайды-ау, аспайды. Мен осындай сынға түстім. Ең ақырғы талпыныста құйма шойын II метрге жетті. Бұл бар болғаны екінші орын еді. Оған да ризамын. Ендігі сынақ ұзындыққа секіру. Спорттың бұл тү­ рінен онша сескенбеймін. Ауылда жүргенде армансыз жаттығып едік. Соның пайдасы тиді. Құйындай жүйткіп лып ете түскен сәттен соң қолдарына ұзын өлшегіш ұстаған екі жігіт 5 метр 35 сантиметрді дауыстап айтып жатқанын естіп қалдым. Бұл көрсеткішке бірде-бір спорт­ шы жете алмады. Тағы да бірінші орын. Адам жаны табиғатынан ізгілікке, жақсылыққа құштар ғой. Сол жолы тек қана жеңіске жете бергім, ауылдың

Өмір өткелдері командасына ұпай қоса бергім келді. Бірақ әр нәрсенің өз шегі болады. Биіктікке секіруден де сынға түстім. Нәтиже – I метр 55 сантиметр. Бұл жүлделі үшінші орын еді. Мен Сарқандта болған екі-үш күн ішінде едәуір есейіп қайттым. Сол жылы енді кәмелеттік аттестат аламыз деп жүр­ генде үркердей шоқталған бір топ жас Талдықорғандағы облыстық жарысқа аттандық. Бұл қаланы тұңғыш көруім. Жасыл желек жамылған ауасы таза шағын қала маған өте ұнады. Біздің ауданның спортшылары кілең аппақ атла­ стан киім киген еді. Күннің өткір сәулесімен жарқ-жүрқ етіп көз қарықтырады. Парадтан өткенде жанкүйерлер бізді де қол соғып қошеметтеп жатты. Облыстық жа­ рыста біздің акробатшылар командалық бірінші орынға шықты... НАР ТӘУЕКЕЛ Талдықорғаннан үйге келсем, ауыл іші гу-гу. – Рүстемнің баласы облыстан бірінші орын алыпты. Жұрттың бәрі мені жаңа көргендей, қолымды қысып, жан-жақтан құттықтап жатыр. Балалық шақтың әсері болар, төбем Жоңғар Алатауына екі-ақ елі жетпей қалды. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Біз облыс орталығында жарыста жүрген кезде оныншы класта оқыған құрбы-құрдастарым кәмелеттік аттестаттарын алып жан-жақка тарап кеткен екен. Ал мен болсам, олар­ мен коштаса да алмай қалдым. Өрекпіген көңіл су сеп­ кендей басылды. Жан дүнием ала жаздай құрған сауықсайраны, қызығы кетіп қалған жайлаудай құлазыды. Колхоз басқармасы да күнде маза бермейді. – Әбіл, адам күші жетпей жатыр, мая салуға шық, – дейді.

Шайхан ЖАНДАЕВ Онда тынығуға да мұрша жоқ. Қолға айыр ұстап маяшы болып шыға келдім. Жас кезден жұмысқа ма­ шық­танғандықтан болар, мақтанғаным емес, кез-келген қарулы жігіттердің өзімен бәсекеге түсетінмін. Сондағы шөптің қалыңы-ай. Айырды шөмелеге құлшына салып, құшырлана көтергенде ақсақалдар риза болып, сүйсініп қалушы еді. – Жігіт болсаң, Әбілдей бол! – Қарулылығы тура әкесі Рүстемдей! – Күші өгіздің күшіндей! – деп мақтайтын олар. Қариялардың бұл мадақ сөздері мені жадырата алма­ ды. Есіл-дертім – алдағы болашағым. Кім боламын? Алда мың тарау жол жатыр. Соның қайсысына түсу керек? Ақыл – алтау, ой – жетеу. Үй іші: – Тракторшылар даярлайтын оқуға бар. Бұл маман­ дық – нағыз ауылдың қолы. Ақшаны да күреп табасың,– деді. Ал өзіммен бірге өскен жігіттер Қанат Досқалиев, Төкен Орысбаевтар: – Давай, Алматыға тартайық. Сонда барып бағымызды бір сынайық. Жоғары оқу орнына түсе алмасақ, ауылға қайтып оралармыз. Жұмыс бізден қашпас, – дейді. Ол кезде елдің жағдайы енді-енді оңала бастап еді. Астық молайып, қарын тоғайса да, ақша жағы қинайтын. Бірде өз ойымды ең алдымен Төлепберген деген туыс ағайға айттым. Ол өзі аңқылдаған, ақ көңіл жан еді. – Айналайын, Әбіл, қазір жоғары білімсіз қия баса алмайсың. Оқимын деп талпынғанын өте дұрыс. Рас, қаражат жағы өте қиын-ақ. Мен саған екі қап бидай берейін. Соны сат. Арғы жағын көре жатарсың, – деді. Осы бір ауыз жылы сөз мені қанаттандырып жіберді. Енді туған ағайым Байсейітпен ақылдасайын. Ол бірден намысқа басты:

Өмір өткелдері – Сен, немене, жұрттан астық сұрап жүрсің. Мен сағат екі қап бидай тауып бере алмаймын ба? Енді бұдан бы­ лай ондай сұрампаздық әдетіңді қой! – деп өзіме ұрсып та алды. «Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпес» деген­ дей, бидай және жүгері сатып ескі ақшамен санағанда 800 сомды қалтаға басып Алматы тарттық. Қолға ұста­ ған үлкен чемоданды бауырсаққа, жентке, ірімшікке, құртқа толтырып алғанбыз. Молалы станциясынан поезға отырдық. Қасымда Қанат Досқалиев пен Төкен Орысбаев. Екеуі де ауыл шаруашылығы институтына оқуға түспекші. Ал мен әлі толқып жүрмін. Толқитын себебім, аудандық оқу бөлімі маған ҚазПИ-дің матема­ тика факультетіне арнайы жолдама беріп еді. Екіншіден, осыдан бірер ай бұрын аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, айдарымнан жел ескен болатын. Сонда «Шір­ кін, спортшы болсам!» деген бір ой қылаң еткен-ді. Әлгі са­парлас достарыммен ақылдассам. – Сен неде болса дене шынықтыру институтына бар. Қазірдің өзінде бесаспап спортшысың, мына серейген бойыңмен бассаң да, белдессең – жығасың, жарыссаң кімнен де болсын озасың, – деп мені қолпаштап қояды екеуі. Нар тәуекел! Документтерімді осы институтқа тап­ сырдым. Спорт түрінен күресті таңдадым. Онда Петр Филиппович Матушак – кафедра меңгерушісі. Қабден Байдосов – оқытушы. Абитурент атанған оқу орнына әр облыстан келген жігіттермен бірге күресіп, алдағы емтиханға бірге әзірленіп жүрдік. Дайындығым жаман емес сияқты. Қасымдағы жаңа таныстар да: – Әбіл, сен өзіңді институт студентімін деп есептей бер, біздің бәрімізді баудай түсірерсің, – деп қояды.

Шайхан ЖАНДАЕВ «Жақсы сөз – жарым ырыс». Бұған көк дөнен көңіл бір көтеріліп қалады. Әйткенмен күдік те бар. Көптен күткен сынақ та басталды. Еркін күрестен мен Сокол деген бірінші разрядшы палуанмен белдестім. Шынымды айтсам, онда мен еркін күрестің тәсілдерін еркін білмеуші едім. Бар сенетінім – қара күш, жанбасқа салу. Соколың мысықтай жылдам екен. Өзі де бұлшық етті, денелі болатын. Қалай алып ұрсам да, көпір жасап, балықтай бұлт етіп, жаурынын жерге тигізбейді. Белдесу аяқталған соң мені Петр Филлипович ша­қыр­ ды: – Сен өзі бұған дейін күресіп көрдің бе? – деді. – Күрестім. – Қандай түрімен? – Қандай түрі екенін өзім де білмеймін. Күрестім, – деймін қайсарланып. Содан соң мені Байдосов шақырды. Бұл жолы өтірік айта алмадым. – Ағай, бұрын күресіп көрмеп едім. Енді күресемін. Осы бүгінге дейінгі дайындықта қарсыласымның бәрін жықтым. – Ә, олай болса, біз сені қабылдай алмаймыз, қаласаң, документіңді спорттың басқа түріне ауыстыр, – деді ол майда тілмен. «Жазған құлда шаршау бар ма». Енді документімді акробатикаға ауыстырдым. Бұл пәннен қабылдау сынағы Максим Горький паркінің ашық алаңында өтетін. Үстімде баяғы Талдықорғанға барғандағы аппақ атлас форма, жарқ-жүрқ етіп сорайып паркке бардым. Бір топ жігіттер мен қыздар жаттығып жатыр. Әлгілерді сырттай қарап тұрғанның өзінде жүрегім зу ете қалды. Олардың жа­ нында менің акробатшы болып жүргенім өзімді-өзім құр

Өмір өткелдері босқа алдау екен. Қарадан қарап акробатшы болудан да үмітімді үздім. Үн-түнсіз бұрылып жатақханамыз – кең зал ішіне келіп шалқамнан түстім. Ой дегеніңіз қиянды шарлайды. Қанат пен Төкен документтері дұрыс болмай, ертеңінде-ақ ауылға тар­ тып кеткен. Сырыңды айтып, жан дүниеңді ақтаратын бір дос жоқ. Тамаққа ащы өксік тірелгендей. «Алматыға несіне келдім, мұнда менің кімім бар еді сенетін. Ауылда қалып, трактордың оқуына түспей, – деп өзіме-өзім ұрсып жатырмын. – Әй, Әбілсейіт-ай, аңғалсың, аңғалсың-ау!» Жанымда Семейден келген Жанғожин деген жатқан. Бұл өзі Совет Армиясы қатарынан азаматтық борышын атқарып қайтқан сақа жігіт еді. Оның да жолы болмай қалған-ды. Әлгі бір мезгілде «Ура» деп айғайлап өзіненөзі атып тұрды. Мен аң-таңмын. «Мынауың жынданып кетті ме?» Басымды көтердім. – Мен енді шаңғы мамандығына документімді тапсы­ рамын. Оған қайтсем де түсемін. Емтиханы оңай. Жи­ ырма рет қолмен тартыласың. Ұзындыққа секіруден – 5 метр, биіктікке секіруден – 1 метр 40 сантиметр нәтиже көрсетуің керек. Содан кейін ядро серпесің, үш километ­ рге жүгіресің, бітті шаруа! – дейді ол. Айтып тұрғандарының бәрі ақылға сиып тұр. Ойласам, соның бәрі маған да келетін сияқты. Сөйтіп, екеуіміз документімізді қайтадан ауыстырдық. Сынақтардың ішінен ең қиынға түскені жүгіру болды. – Ойбай, қолыңды түсірме, ербеңдете бер, тоқтама, – деп Жанғожин анда-санда айғайлап қояды. Біраздан соң кеудем ашылып, денем сергіді. Көмбеге екінші болып іліктім-ау. Секіру, тартылу, суға жүзу, ядро серпу, жүз метрге жүгіру мен үшін онша қиынға түспеді. Физикадан емтихан тапсырғаным да есімде. Бұл пән­ нен өзіме-өзім әбден сенімді едім. «Қырсыққанда көжеге

Шайхан ЖАНДАЕВ де тіс сынады» дегендей, Құдай атып сұрақтарына жа­ уап айта алсамшы. Есебін дұрыс шығардым. Жанымда отырғандардан сұрауға арланамын. Оқытушыға шыным­ ды айттым. – Мына билеттің сүрақтары тап қазір есіме түспей тұр. Ал есептерін шығардым, – дедім. Әлгі де жылдам екен: – Онда емтихан қағазын әкел. «Қанағаттанғысыз» деген баға қоямын, – дейді. Қолымдағы қағазды тастап бұрылып шыға беріп, қайта оралдым. – Апай, мен физикадан «екілік» алуға тиісті емес едім. Бұл сұрақтар оқулықта жоқ. Тағы бір билет алайьшшы. Оны білмесем, өз обалым өзіме. Ұстаз келісті. Билетті қайтадан алсам, бәрі де білетін сұрақтар. – Ал, бірден айта берейін бе? – дедім. – Жоқ, барып дайындал, есебін шығар, – деді ол. Тулаған жүрек орнына түскендей болды. Әлгі сұрақ­ тардың бәрін тақылдатып айтып бердім. Сонда оқытушы: Мен саған жақсы баға қоя алмаймын, – деді. Енді мен күшейейін. – Неге қоймайсың, ауызша сұрақ беріңіз!– де­дім. Бірнеше сұрақ қойды. Бәріне де жауап бердім. Кейін білсем, бұлардың бәрі де әлгінде ғана өзім айта алмаған билеттің сұрақтары екен. Оқытушы маған өте риза болып «бестік» баға қойды. Хош деңіз. Меніңше, дүние жүзінде қазақтың «ұзын­ құлағынан» жүйрік ешнәрсе жоқ шығар. «Бойы екі метрге жуық бір алып бар, өзі жылдам, сальто жасайды екен» деген хабар институт ректоры Хамзе Мұхаметжановқа да жеткен екен. Бір күні мені сол кісі шықыртты. Өзі бөлме­ де емес, институттың аула жағындағы есіктің алдында тұр екен. Сәлем бердім. – Аты-жөнің кім?

Өмір өткелдері – Әбілсейіт Айханов. – Сальто жасайсың ба? – Жасаймын, аға. – Ал онда жасап көрші. Жастық шақтың желігі шығар, анадай жерден жүгіріп, шыр көбелек айналып, екі аяқпен асфальт үстінде дік ете түстім. – Жақсы, – деді ректор. – Әне, ана тұрған гараж. Соның төбесіндегі тақтайға секіріп қолыңды жеткізе аласың ба? – Жеткіземін. Тағы да жүгіре жөнеліп тақтайға сау­ са­ғымды тигіздім. Жігіттер мен қыздар тегін концерт көргендей дуылдасып, даурығып кетті. – Мынауың өзі дайын атлетші ғой. – Атлетшің не, баскетболшы десеңші. – Өзі де бір болатын жігіт екен, – десіп мені қолпаштап жатты. Кейін келіп қарасам, әлгі секірген жердің биіктігі кем дегенде 3,5 метр екен. Ректордың сынағынан сүрінбей өттім. Сонымен шаңғы бөліміне оқуға түстім. Енді қыркүйекте алғашқы сабақ басталады. Оған дейін ауылға барып қайту керек. Баяғы 800 сом да, жент те, құрт та бәрі біткен. Енді үйге қалай жетемін? Жатақханада жеңіл атлетика бөліміне түскен қарағандылық бір жігіт бар еді. Содан қарызға деп 50 сом сұрадым. Әлгі тілеуің бергір, менің меселімді қайтармады. Әлгі ақша Молалы станциясына баруға ғана жетті. Жаяу-жалпылап, реті келген көлікке мініп үйге де келдім-ау. Шешем, әпкем, ағаларым менің институтқа оқуға түскенімді естіп мәре-сәре болысып қуанып жат­ ты... Көп ұзамай студенттік өмір басталды. Атақты шаңғы­шы, Олимпиада чемпионы Иван Гараниннің жат­ тық­тырушысы Владимир Филимонов ол кезде шаңғы

Шайхан ЖАНДАЕВ бөлімінің төртінші курсында оқитын. Оның күнде­лік­ ті кәсібі – таңертең ерте тұрып, Кеңсайға барып жат­ тығатын. Соған еріп мен де жүгіріп жүрдім. Құтты бір көлеңкесіндей соңынан қалмаймын. Сонда Филимонов: – Ох, ты, казах, ты будешь чемпионом! – дейтін еді. Осылай студенттік өмірдің алғашқы күндері өтіп жат­ты. Онда біздер Тимирязев көшесіндегі жатақханада тұратынбыз. Шаңғышылар палуандармен көрші бола­ тын. Сабақтан, жаттығудан қол босаса, ермегіміз – қол жығыстыру. Бәрін де шақ келтірмей, тегіс жығатынмын. Борис Аргунов деген якут жігіті бір күні: – Әбіл, ҚазГУ-дің спорт залында қазақша күрестен ре­ спублика біріншілігі өтеді. Оған Алматыдан екі команда қатыспақшы. Соның біреуіне ауыр салмақтан палуан жоқ. Сен соның орнына түс. Мен бапкерге айтайын, – деді. Мен бірден келісімімді бердім. Онда салмағым 75 ки­ лограмм еді. Балық жеп, су ішіп дегендей, салмағымды өсіре бастадым. Мұндайда уақыттың өтпейтін әдеті. Республикалық жарыс қашан басталар екен деп әбден мазам кетті. Бір күні көптен асыға күткен сәтті сағат та соқты. Алғашқыда бірнеше жігіттерді жыққаныммен, фи­налға жете бере семейлік Сидельниковтан және қара­ ған­дылық Аманжоловтан ұтылып қалдым. Тұңғыш рет қатысқан Қазақстан біріншілігінен үшінші орынға шық­ тым. Жүлдеге спорт костюмін алдым. Сондағы қуаны­ шымды осы күнге дейін ұмытпаймын. Жарыс аяқталған сон Петр Филиппович Матушактың өзі келіп арқамнан қағып: – Ертең сағат төртте маған жаттығуға кел. Енді сен күрес бөліміне ауысасың, – деді. Ұстаз айтқан уәдесінде тұрды. Содан бері менің палуандық өмірбаянымның жаңа беттері басталды.

Өмір өткелдері Өз өмірімде мен үшін 1957 жыл өте ерекше. Бұл жылы алғаш рет спорт деген қасиетті де киелі сөздің түптөркінін бар болмысыммен сезіндім. Сол жылы кәмелет­ тік аттестат алып Алматыға институтқа түстім. Маңдай терді бұршақтатып төгіп, күн-түн демей жаттығып, өзімнің қолымнан не келетінін, күні кеше өзіме сенбеген жандарға соқырға таяқ ұстатқандай дәлелдеп бердім. Соның ең бастысы – ауылда қалған ардақты анамның, Ұлы Отан соғысынан оралмаған әкем Рүстемнің, туғантуысқандарымның, барша жерлестерімнің алдында ұятқа қалмай көздеген мақсатыма бір табан болса да жеткендігім еді. ШЕЖІРЕ ЖЫЛДАР Содан соң-ақ қар көк мұз болып дегендей, тер төккен күндер сабақталған жіптей бірімен-бірі жалғасып жат­ ты. Іздегенім де осы еді. Бұл екі аралықта көп жайды аңғарып қалдым. Бапкердің айтатыны – кіл жанашырлық. «Ұтылып қалсаң да сақ бол», «Қарсыласыңның қапысын тап», «Мен сенен мол үміт күтемін». Жақсы сөз – жарым ырыс. Талпынып, талаптанып-ақ жүрмін. Петр Филиппо­ вич бір-ақ кесіп айтады. Одан әсте қайтпайды. Күн сайын кілең өңкиген «тұлыптарды» жығып жа­ лығып та кеттім. Шаршап-шалдығып ұйықтасам, түсіме Қажымұқан бабам кірді. Шалғыны белуардан ке­летін жайлауда отыр екенбіз. Жиналған жұрттың бәрі палуан атаның әңгімесін ұйып тыңдап отыр. Мен де аузымды ашып қалыппын. Бабаның әр сөзін қағып алғым келеді. Бірде ол сыртқа шыққалы оқталып маған көзі түсті. Ба­ сымнан сипап: – Балам шаршадың ба? Рас, қажыдың ғой. Қарағым, «Күш атасын танымас» деген. Күрес – үлкен өнер. Ол

Шайхан ЖАНДАЕВ әркімнің ермегі емес. Әлден жалықсаң, әу баста менің жо­ лымды неге қудың? – деп маған сынай қарайды. Жанары қандай қанжардай өткір, өңменімнен өтіп кетті. Кірерге қуыс таба алмай қысылып кеттім. Бірдеме деп жауап қайтарайын десем, аузыма сөз түспейді. Алқынып, ты­ нысым тарылып қалды. Дем ала алмай қалдым. Сол сәтте оянып, көзімді аштым. Не болды дегендей, өң мен түстің арасында мәңгіріп қалған жай бар. Маңдайдан бұршақбұршақ тер тамшылайды. «Ух» деп ауыр тыныстадым да, Қажымұқан бабадан айрылып қалғаныма өкініп, қайтадан көзімді жұмдым. Қайдағы ұйқы. Таң атқанша дөңбекшіп, әбден шаршап талықсыған соң ғана көзім ілінді. Дәл сол күні сабаққа баруға енді жиналып жатқанымда ауылдан шешем келді. Мені талай жылдан бері көрме­ гендей мейірлене құшақтап, айналып-толғанып жатыр. – Жаным-ау, бойың Алматының терегіндей серейіп кетіпті ғой. Өзің күнде күрес-күрес деп әбден жүдепсің. Өңің сынық қой. Әлде ұйқың қанбаған ба? – деп менің көңіл-күйімді тамыршыдай тап басты. Соны айтты да, қоржынының аузын шеше бастады. Кішкене бөлме ішін ауылдың таңсық дәмді тамақтарының исі алып кетті. Жолдастарым да қутың-қутың етеді. – Апа, апа, – деймін мен. Түнде түсімде Қажымұқан бабамды көрдім. Менің басымнан сипап аталық ақылын айтты. – А, Құдай, не дейсің? Жарықтықтың тура өзі ме? Тәуба, тәуба, ауылға барысымен шал-кемпірлерге шай берейін, – деп шешем балаша мәз болып қалды. – Ба­ баңның өзі басыңнан сипаса бақытты болады екенсің, құлыным. Ұзағынан сүйіндірсін... Бұған едәуір марқайып қалдым. Өз өмірімде студент­ тік бес жыл мен үшін өте ерекше. Бес жыл менің қана­

Өмір өткелдері тымды қатайтты, өзінің құпия сырларымен мынау ға­жап тіршілікке құштар етті. Кең байтақ еліміздің, дү­ние­жү­ зінің көрікті қалаларын, асыра айтсам, әлемнің төрткүл бұрышын адақтаған жылдарым, бақытты шақ­тарым­ды қалайша ұмытармын. Мен қазір алпысқа келген шақта бар болмысыммен, қуаныш-қызығымен, өкініш-ренішімен есте қалған әр белдесуді еске түсірудің өзі бір ғанибет екен. Әрине, олардың бәрін жіпке тізіп айтып шығу мүм­ кін емес. Тек солардың кейбіреулеріне тоқтала кетейін. Бұл құштарлық дегенге дауа жоқ. Күреске деген көзсіз ғашықтық мені тез ширатты. Жаттыққаныма толық бір жыл толмай жатып Одақ көлемінде өткен ірі-ірі белде­ сулерге қатыса бастадым. Менің Москваны тұңғыш рет көруімнің сәті 1958 жылы түсті. Қайран, Москва! Есімің бала кезден жүректе жат­талған, Кремльдің суреті көңілде сақталған астанаға алғаш рет табан тірегенде керемет толқыдым. Осы мен рас Москвадамын ба деп жан-жағыма балаша қараймын. Мұнда «Крылья Советов» спорт сарайында жастар ара­ сында Бүкілодақтық біріншілік өтпекші. Соған қатысып, Москва жұртшылығының алдында палуандық өнерімнің тұсауы кесілмекші. Өте жауапты сын. Өзің Отаныңның астанасын енді ғана көрсең, осында тұңғыш рет кілемге шықсаң, теңіз толқынындай толқымай көр. «Құйқылжыр көңіл шіркін шартарапқа». Абай атам көл-көсір сезімді төрт-ақ сөзге сыйғызып, қалай дәл тауып айтқан десе­ ңізші! Мен Москвада алғаш болғанымда осындай күй кештім. Онда салмағым 87 килограмм еді. Менің бапкерім де, барлаушым да Петр Филиппович. Ол алғашқы қарсы­ ласың түрікмен палуаны Тахиров деді. Жаттығуда бас­ қаларға білдірмей Тахировты іздеймін. Өзі де бұлшық

Шайхан ЖАНДАЕВ еттері бұлт-бұлт еткен нағыз шой қараның өзі екен. Қимылдарына көз ілеспейді. Бұдан бұрын Фрунзеде, Ташкентте, Бакуде мұндай жігіттердің талайын көріп едім. «Сенен келген құқайды көрермін» деп өзіме-өзім қайрат беріп, ертеңгі белдесуді күттім. Төрешінің ысқырығы естілісімен-ақ ортаға келіп, Та­ хировпен қол алыстым. Жүрісі маңғаз, жанары от шаша­ ды. Дәстүрлі барлау. Ә дегеннен менің мысымды басып тастағысы келген Тахиров әдіс-айласынан еш нәтиже шығара алмаған соң, кәдімгідей жуасып тайсалақтап қалды. Менің кілем үстіндегі қимылымның өзі сырт қараған адамға тіпті қызық. Қашанда келсең кел дегендей, қар­ сыласыма аяғымды беріп аңғал-саңғал жүремін. Осылай аңқау кейіп танытып оңтайлы сәтте Тахировты айқара құшақтап, оң жамбасыма салып, қырқа шалғанда, ол оңбай таза түсті. Москва жанкүйерлері маған қошамет көрсетіп кең зал ішін жаңғыртып жіберді. Отанымыздың астанасында өзімнің тұңғыш рет жеңіске жеткенімді мен осы күнге дейін ұмытпаймын. Келесі қарсыласым ленинградтық палуан, сүйкімді әрі әдемі, қыз тұрсын жігіттің өзі ғашық боларлық Ана­ толий Албул еді. Ол әлем Кубогының жеңімпазы. Маған қарағанда, атақ-даңқы жер жарады. Оның дүниені дүріл­ деткен айбынынан қаймықпай, шабуылды өзім бастадым. Бұл Тахировтай емес екен, оңтайлы тәсілге алдырмайды, не шалдырмайды. Қайта, қапысын тауып қарсы шабуылға шығып, біраз ұпайын асырып алды. Тіс қаққандығын, тәжірибесінің молдығын аңғартты. Әйтеуір, абырой бол­ ғанда, Албул мені таза жыға алмады, тек ұпай санымен ұтып кетті. Ал күреске осының өзі-ақ жетіп жатыр. Сөйтіп мен Отанымыздың астанасынан тырнақ алды жеңіске ие болғаныма қанағаттанып, Алматыға оралдым.

Өмір өткелдері Сол жылы қыркүйек айында Тбилисиде ССРО-ның жеке командалық біріншілігі өтті. Ол жылдарда Кавказ палуандарының есімдері өздерінің айбынды тауларындай асқақ естілетін. Соған дейін қазақстандық жігіттерден олардан басым түскен палуан жоқ еді. Тәуекелдің жел қайығына мініп, Тбилисиге бет алдық. Грузиндер астана­ сы маған өте ұнады. Қаланың архитектуралық ансамблі де өзгеше екен. Бұл жарысқа қазақстандықтардан менен басқа Қабден Байдосов, Макс Қызекенов, Василий Пуга­ чев, тағы басқа бірнеше палуандар қатысты. Осы жолы Кавказ палуандары, ССРО спорт шеберлері Арутюиян мен Гобиджешвилиді таза жеңіп, өз жерлес­ теріме олардың да ет пен сүйектен жаратылғанын, олар­ ды да жығуға болатынын айқын дәлелдедім. Өзім Одақ бойынша сегізінші орынға шығып, тұңғыш рет бірінші разряд алдым. Шеберлік осылай шыңдала түсті. Бұрын тер төккен жаттығуды қиынсынушы едік. Одан да көкесі зорлармен кездестік. Мыңдаған шақырым жол жүріп келіп, енді тыныға бергенде тағы да телеграмма жыл құсындай же­ теді. Осылай да осылай. Пәлен жерде белдесу. Тез кел. Сонда бәрінен де әуе бекетінде, вокзалда жол тосқан қиын екен. Шаршап-шалдығып, жанарға ұйқы енді келгенде: – Ал, тұрыңдар, самолетке отыру басталды! – дегенді естисің. Қалғып-шұлғып аттандап шаба жөнелесің. Бұған шыдамасаң, күреспен қоштаса бер. Сондай жедел тасқынның бірінде Новочеркасскіде ­«Буревестник» ерікті спорт қоғамы Бүкілодақтық Орта­­ лық Советінің біріншілігі өтеді деген хабар келді. Бұл 1959 жылдың сәуір айы еді. Тағы да Гурам Гобиджешви­­ лимен кездестім. Ол өткен жолғы ұтылысының қарымта­ сын қайтармақшы болып қара терге түсті. Бұл белдесу

Шайхан ЖАНДАЕВ тең аяқталды. Одан кейін Белоруссия палуаны Николай Аксеновтан ұпай санымен ұтылып қалдым. Бірақ жүлделі үшінші орынға іліктім. ССРО спорт шеберлігінің нор­ мативін орындадым. Күрес күн өткен сайын өмірімнің жарық жұлдызды темірқазығына айналды. Қазақша айтқанда, қылыштай қылшылдаған шағымдағы менің ең негізгі кәсібім оқу және күрес болды. Осы екеуінсіз тірлік маған қаңырап қалған бос дүние сияқты көрінді. Палуан атаны түсімде көруім маған ерекше күш қосып, жігер берді. Балыққа су қалай қажет болса, мен күрессіз өмір сүре алмайтын дәрежеге жеттім. Бір ғажабы белдесуде кілең жеңістің қуанышты сәті әсте болмайды. Қарсыласыңнан ұтылуың да заңды. Сонда бойыңдағы намыс отының денеңді шоқша қаритынын айтсаңшы. Зығырданың қайнап, тұла бойға ыстық қан шапшып, кілемге шыққан әлгі досыңмен қайтадан белдесуді аңсайсың. Мен сол жылы Гобиджешвилимен Тбилисиде тағы да белдестім. Қызу қанды жерлестері қаншама жанығып даурықса да, мен оның жауырынын кілемге тигіздім. Сол жылы Ереванда армян палуандары Шагинян мен Арутюнявды да жеңіп, күреске деген шабыт одан сайын қанаттанып еді. Осындай сезіммен айдарымнан жел есіп жүргенімде, 1960 жылдың да сәтті сағаты соқты. Бакуде ССРОның командалық біріншілігі өтетін болды. Ә дегенде ленинградтық Задорожный кездесті. Өмірде қандай мың тарау жол болса, еркін күрестің де тәсілдері аз емес. Әри­не оны айту оңай қысылтаяң сәтте сол білгеніңді жүзеге асыру өте қиын шаруа. Мен атам қазақтың «па­луан­дікі-балақтан» деген ұлағатты сөзін әрдайым қасиет тұтамын. Түсіне білген адамға мұның мағынасы

Өмір өткелдері ұшан-теңіз. Мақтанғаным емес, мен үнемі қарсыласыма аяғымды беремін. Оның аяқтан ұстауын тілеймін. Қар­ сыласым сирақтан шап берсе жең оңынан тұрды де. Оны әсте құтқармаймын. Задорожный да бірден аяққа ұмтылды. Құдай берді. Өзім де осыны күтіп тұр едім. Сәті түсті. Лып етіп жалт бұрылып оны өткізіп жібердім де, қарсыласымның сирағынан ұстап жоғары көтеріп кілемге етпетінен түсірдім. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, одан кейінгі айла-тәсілдер өзіме белгілі еді. Әріптесімнің жауырыны кілемге тиді. Келесі қарсыласым бұдан айбынды. ССРО-ның бірнеше дүркін және әлемнің чемпионы Борис Кулаев болатын. Күрестің өз тәсілі бар десек те, әр белдесуді жүр­ гізудің құйтырқысы болады. Алғашқыда әдіс-ай­лаңның бәрін жарқырата ашсаң, орта жолда қаласың. Діттеген жеріңе жете алмайсың. Мен осыны ескеріп, Бористен өзіме қажетті ұпайымды асырып алдым да, оны әбден діңкелетіп болмашы басымдықпен ұттым. Сол жылдары әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы, москвалық Александр Иваницкийдің атағы дүрілдеп тұрған. Бар күшімді соған сақтап едім. Құдай тілеуімді берді, ақтық белдесуде сонымен кездестім. Саша әлемдегі күрес өнерінен жан-жақты хабары бар, мол тәжірибелі, бесаспап палуан еді. Талай-талай ұзақ түндерде мен онымен бір белдесуді армандаушы едім. Онымен «ойша күресіп», өзімше сан қилы тәсілдерді қолданып, әбден титықтап ұйықтайтынмын. Енді міне, сол арманның сәті түсіп тұр. Әдетте біз театр не кинодағы жұлдыздарды мақтағы­ мыз келсе, оларды ерекше талант иесі, әйтпесе айрықша дарын дейміз ғой. Ал күресті де өнер деп бағаласақ, Александр да осы саланың өте үздік саңлақтарының бірі

Шайхан ЖАНДАЕВ еді. Ол кілем үстінде сенің әр қимылыңнан-ақ қандай тәсіл қолданатыныңды сезетін. Сәл ағат қозғалысыңды байқаса, сені оңайлықпен жібермейді. Осындай палуан­ мен бетпе-бет кездесуге шыққанда көңілімде күдіктің болғанын да жасыра алмаймын. Иваницкий кілемге мені менсініңкіремей, тәкаппар кейіпте шықты. Қол алысып болғанымыз мұң екен, бірден аяққа жармасты. Мен одан тап мұндай қас қағым сәттегі оқыс қимылды күтпеп едім. Едәуір уақыт бір аяқпен секеңдедім де қалдым. Темірдей құрсау бір босатпай-ақ қойды. Александр «сені осылай діңкелетемін» дегендей, аяғымды жіберетін емес. Өзі де мұнан артық басқа тәсіл қолдана алмады. Қақпанға түскен жыртқыштай қатты ашуландым. Ол ақырында ешнәрсе шығара алмайтын болған сон мені «құрсаудан» босатты. Бір минуттан астам уақыт бойы менің аяғымды көтеріп, әрі сан алуан тәсіл қолданамын деп жанталасқан Александр лезде алқынып қалды. Соны пайдаланып, же­ делдете-жеделдете артына шығып, құшақтай лақтырып, ұпай санын біршама асырып алдым. Тәжірибелі палу­ ан бұдан кейін қаншама әрекет етсе де, таразы басын теңестіре алмады. Шалғысы «тасқа тие» берді. Мен бұдан кейін де Сашамен талай күрестім. Екеуіміз бес құрылық қалаларына да бірге сапарға шығып жүрдік. Арамыздан қыл өтпейтін дос та болдық. Сонда бір байқағаным – ол шыншыл да әділ еді. Жалған сөйлеуді жаны сүймейтін. Кейіннен Александр Иваницкий өзінің спорттық өмір жолынан «Шешуші белдесу» деп атала­ тын кітап жазды. Саша осы жинағында мен туралы да өз пікірін білдіріп, жылы лебізін арнапты. Осы бір кішкене мысалдың өзінен оның адалдығы, адамгершілігі көрінсе керек.

Өмір өткелдері Бакудегі біріншіліктен жеңіліссіз қайтып, мерейім тасыды, көңілім көтеріліп, мәртебем асқақтады. Бойым биіктеген сайын ойым да өсті, күш толысып, шеберлік шыңдала түсті. Күні кеше әй Әбілсейіт дейтіндер енді біздің Әбіл ғой, Әбеке, Әбеке, – деп қолын ұсынып, анадайдан амандасатын болды. Мен халықтың көл-көсір қошеметіне, ананың мол мейіріміндей сүйіспеншілігіне бөлендім. Сол бір атақ-абырой, бақ қонған шақта әлде­ біреудей кісімсіп, көсемсіп, әсте де шешенсіген емеспін. Қайта, керісінше, халық алдындағы, Отан алдындағы азаматтық борышымды ақтау үшін алдымда тұрған зор жауапкершілік жүгінің бес батпан екенін бар болмысым­ мен сезіндім. Өз еліме бергенімнен гөрі берешегім көп деп ұқтым. Мен қазақ палуандары арасынан тұңғыш рет Чехо­ словакияға барып халықаралық жарысқа қатыстым. Еркін күрестің ақжолтай туын асқақтата желбіретіп, үнемі көш басында жүргенімді әрдайым мақтан етемін. «Ел сенімін нар жігіт көтереді» деген. Жат жердің, шет елдің топырағын алғаш рет басқанымда мені барша қазақ халқының сенімін арқалағандай сезім биледі, ішкі жан-дүниемді жанар таудай лықсып атылған толқынды иірімдер керемет тебірентті. Праганың жасыл желекке малынып, толықсыған ару­ дай құлпырып, гүл жайнап тұрған кезі. Қала қандай сәнді, көшеден бейсауат жатқан бірде-бір қоқыс көрмейсің. Че­ хословак ағайындардың бас қаласының көрік-келбетіне қатты сүйсініп, алған әсерден біразға дейін айыға алмай, ертеңгі күнді күтіп, қонақ үйдің жұмақтай бөлмесіне оралдым. Жеңіл тамақтанып, ертеңгі күрес басталатын беймаза күнді тостық. Онда шетел палуандары сөз бола қалса аузымызды ашып қалушы едік. Олардың әрқайсысының атақ-

Шайхан ЖАНДАЕВ даңқтары да жер жаратын. Әлем біріншілігі мен Олим­ пиада ойындары кілемінің шаңын қаққан Куббат, Резняк, Гейтман, Кмент сынды палуандардың қай-қайсысы болсын «Сен тұр, мен атайын» дейтіндердің нақ өздері. Осы сабаздар тұлғаларының өзі таудай еді ғой. Сырттай қарап тұрып-ақ көзің тояды. Мен осы сапарда Рим Олимпиадасында бесінші орын алған венгр Резнякті, кейіннен әлем біріншілігінде екінші жүлдеге ие болған чех жігіті Кментті – барлығы алты палуанды жеңіп, ақтық айқасқа жолдама алдым. Финалдағы менің қарсыласым – чехословакиялық алып Богумил Куббат болды. Бұл Рим Олимпиада­ сында күміс медальді жеңіп алған мықтылардың бірі. Оның салмағы 140 килограмм. Ал мен жарыс алдында өлшенгенде таразы тілі 87 килограмды көрсетті. Онда бойым 1 метр 93 сантиметр болатын. Бұдан бұрынғы бел­ десулерде бәсекелесімнің тұлғасына сырттай көз салған едім. Нағыз алып қара нар дерсің. Ана денемен қалай күреседі деп өз көзіме өзім сенбедім. Бірақ ол бір жарым центнерге жуық ауыр салмағына қарамастан, кілемде өзін сақ ұстайды екен. Қапысын тауып, реті келсе аянатын түрі жоқ. Менімен кездесудің алдында ол өз қарсыласын өте әдемі жеңді. Зәулім спорт сарайының ішінде ине шаншыр орын жоқ, араның ұясындай гу-гу етеді. Әр тілде сөйленген сөздер, құлақ жаратын ысқырық, дабыл даңғыры, айғай, шу бір сәт толастамады. Бастапқыда мұндай жаңғырық біразға дейін басымды зеңгітіп жүрді. Кейіннен оған да етіміз үйренді-ау, әйтеуір. Балпаң-балпаң басып Богумил шықты ортаға. Дәс­ түр­лі қол алысудан кейін ол артына қарай бір-екі қа­ дам шегінді де, қос қолымен бүйірін таянып тұрды да

Өмір өткелдері алды. Осы тұрыстан мен «Келсең кел, әуселеңді көріп алайын» деген сөздердің мазмұнын түсінгендей бол­ дым. «Бұған қандай айла-тәсіл қолдану керек, абай болмасаң, бұл оңдыртпайды». Дәл осы сәтте менде бұдан басқа ешқандай ой болған жоқ. Сырттан айғайлап жатқан өзіміздің палуандар мен бапкерлердің сөздері де құлаққа жетпеді. Бір-біріміздің «тамырымызды» басып жүрміз. Кілемнің шаңын бұрқ-бұрқ етіп шығаратын алдың-жұлдың алыс жоқ. Екеуіміз де сылбырмыз, бірақ сауысқандай сақпыз. Күрес жанкүйерлері, әрине, бұған риза емес. Ал кім ұтылғысы келеді? Сарай іші ысқырыққа тұнып қалды. Үзіліс алу үшін бес минут бес жылдай ұза­рып кеткен сияқты. Бір кезде төреші бір минуттық демалыс берді-ау, әйтеуір. Қас қағым уақытта ауыз шайып, тер сүртініп жан шақырып алдық. Бапкерлердің айтатыны баяғы ескі ән. «Абай бол, қапы қалма. Шаламын деп өзің түсіп қалма». Үзілістен кейін қайтадан ұстастық. Куббаттың қимы­ лы сылбыр. «Қонақсың ғой, әуелі сен бастасайшы» деген­ дей. Осы сылбыр жүріс өзімді де жалықтырып жіберді. Екінші бес минуттың тең жарымындай мерзім өте бер­ генде, «Қайран бабам, өзің қолдай гөр» деп нар тәуекелге бел будым. Богумилды көптен сағынып жаңа көргендей қаусыра құшақтап көтеріп қайыра лақтырғанда ол қос жамбасымен кілемге түсті. Дуылдап отырған кең сарай іші сол сәтте не болып қалды дегендей, сілтідей тынды. Бір қарасам, совет палуандары мен бапкерлері бірін-бірі құттықтап жатыр екен. Өз көзіме өзім сенбей мен тұрмын. Осының бәрі өң мен түстің арасында өткен сияқты. Қалай қуанбайсың, қалайша мақтанбайсың! Қазақша айтқанда, бұл менің жат жұрттықта кілең түйе палуандар­ мен алғаш рет бетпе-бет кездесуім еді. Біреу емес, екеу

Шайхан ЖАНДАЕВ емес, қатарынан жеті нарды тізе бүктіріп, шетелден ең бірінші алтын медальді Қазақстанға апару менің еншіме тиді ғой! Спорттық өмірімде Прага мәңгі есте қалады. Өйткені ол менің тұңғыш алтын медальіме қуана қол соғып, болашағыма ақжолтай тілеу тілеген қала. Қасиетті қазақ жерін, алтын Алматыны есіме түсірген Прага, мен сені әсте ұмытпаймын! Сен маған әлемнің басқа қалаларына жол аштың, келешегіме бағыт-бағдар сілтедің. Дәл осы 1961 жылы Германияның Лейпциг қала­ сында белгілі антифашист Вернер Зееленбердердің атын­дағы жүлде үшін халықаралық жарыс тұңғыш рет ұйымдастырылды. Бұған да жер-жерден ең таңдаулы палуандар жиналды. – Ал Әбіл, бұл турнир саған үлкен сын! Осы жолғы сынақтан сүрінбей өтсең, ССРО құрама командасының мүшесі болып қабылданасың, – деді бапкерлер. Генерал болуды армандамайтын солдат жоқ шығар, сірә. Жауапкершілік жүгінің бес батпан ауыр екенін жантәнімен сезініп, бар өнерімді салып-ақ бақтым. Ақтық айқасқа еш жеңіліссіз жеттім. Финалдағы қарсыласым Рим Олимпиадасының чем­ пионы болгарлық палуан Станчев еді. «Тегін кісі таз бола ма» дегендей, бұл тығыршықтай, домалақ, толықша келген жігіт екен. Бұлшық еттері бұлт-бұлт етіп, жойқын күш иесі екенін бірден аңғартады. Күрестің сан қырлы тәсілдерін жетік меңгергені де сырт көзге бірден байқалады. Амалын тау­ ып қапы қалдырмасаң, бір ғана қара күшке алдырмайты­ ны көрініп-ақ тұр. Маған дегенде кілең «ақ мылтықтар» кездеседі. Тағдыр маған осындай сый-сыбаға әзірлеген соң амалың қанша. Кілемге толқып шықтым.

Өмір өткелдері Күресте бес қаруың сай болмаса, онша алысқа ұзай алмайсың. Төрттағандаған палуанға да қарсы қол­ да­натын әдістер сан алуан. Мұндайда менің сүйсіне жа­сайтын тәсілім – «растяжка». Оның мән-мағынасы мынада. Етпетінен жатқан қарсыласыңның оң аяғын екі аяқпен мықтап қатты қысып аласың да, сол қолыңды сол қолтығына кіргізіп, оң қолдың шынтағымен қарсы­ ласыңның мойынын баса, екі қолды қосып аударып тастау. Мен бұл тәсілді көп жарыстарда қолдандым. Бұл айтуға ғана оңай, жасалуы өте қиын және ол әркімнің қолынан келе бермейді де. Егер осы тәсілді дұрыс қолдана білсең, әріптесің бұған ешқандай лаж таба алмайды. Станчев та алғашқыда сауысқандай сақ қимылдады. Енді қандай амал табу керек? Ретін тауып үш ұпайды асы­ рып алдым да, шабуылды үдете түстім. Төрешілер болгар палуанына ескерту жасап, оны төрттағанға отырғызды. «Енді реті келді-ау» деп ойлаймын. Ысқырық естілісімен-ақ әлгі тәсілді жасауға жанта­ ластым. Ол да тыпырлап көнетін емес. Сәлден кейін екі қолым қосылды-ау. Ышқына дем алып, Станчевті аудара лақтырдым. Еңбегім еш кетпеді. Алтыннан алқа тақтым. Алматыға екінші рет қуанышпен оралдым. Бірде бапкерлерім: – Әбіл-ау, 1961 жыл сен үшін алтын жыл болды ғой,– деп әзілдеген еді. Ол қалжыңдарының да жөні бар. Ма­қашқалада тұңғыш рет село спортшыларының спар­ такиадасы өткен болатын. Сонда Орджоникидзе қаласы­ ның өкілі, жастар арасында ССРО чемпионы атанған Наниев­ті, армениялық Мкртчянды жеңіп едім. Одан кейін ВЦСПС біріншілігінде чемпион атандым. Осылай, ше­ жіре жылдар өз жылнамасын жазып, сырғып өте берді.

Шайхан ЖАНДАЕВ ҰМЫТЫЛМАС СОЛ БІР КЕЗ Ең соңғы курстамын. Күрес, күрес деп күндіз-түні құс ұйқылы хал кешіп, анда-мұнда шапқылап жүргенде уақыттың қалай тез өткенін аңғармай қалыппын. Бір бөлмеде қара нан мен қара суды қылдай бөліскен досжолдастарым сенбі, жексенбіде қыпша бел аруларды қолтықтап киноға, театрға кетіп жатса, мен қоржындай үлкен қапшықты иығыма іліп спорт залға тартамын. Бөлмеге келсем, қолымнан кітап түспейді. – Біздің Әбекең қашан әлем чемпионы атанғанша үйленбейтін шығар? – Ой, оның жүрген жерінің бәрі қыз-келіншек емес пе? – Ана қолындағы құраннан көзін бір алмайды, дәу де болса ол қазір қай қызға үйленетіні жөнінде бал ашып отыр, – деп олар бөлмені жаңғырта күлкіге көмеді кейде. Мұндайда шыдай алмай өзім де жымиып: – Бәрің де оттапсыңдар! Алдымен өздеріңді жөндеп алсаңдаршы! – деп қарсы уәж айтамын. Бірақ кей-кейде бөлмеде жалғыз қалғанда қалың ойға шомамын. Әлгі қулар сөздерінің жаны да бар. «Осы азапты тірліктің не кажеті бар? Қой, мен де ел қатарлы бір сәт сергиін. Күрестен алған осы атақ-абыройың да жетер!» Енді бір ой айтады: «Әбеке, құр бекерге асығыпаптықпа. Палуандық жолда сенің шыққан белестерің әлі де болса төбешіктей ғана. Сонда оның асқаралы асулы шыңдарына кім шығады? Осы екеуін таразыға салып салмақтап, салыстырсам, соңғысы жөн сияқты. Бірақ «Үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, менің күрестен басқаға алаңдамаған көңілім бір-ақ күннің ішінде айран-асыр болды. Наурызда Алматыда нағыз көктем басталады. Күннің нұрлы өткір сәулелері бойыңды балқытып, қол бұлғап далаға шақырғандай. Түске қарай кітап оқудан әбден

Өмір өткелдері жалығып кеттік. Қасымда Рахат деген, ауылда бір мек­ тепте оқыған досым бар, екеуіміз қала асханаларының бірінен жүрек жалғамақшы болдық. Рахат тағамдарды столға қойып жатқанда, қасық, шанышқы алайын деп ұмсына бергенімде қолым нәзік те жұмсақ алақанға тиді. Денем болмашы ток ұрғандай дір ете түсті. Жалт қарасам, қарсы алдымда толықша келген бір қыз тұр. Ұшқын атқан жанарынан «ағай-ау, толып жатқан қасықтарды көрмей, менің алақанымды тапқаныңыз қалай?» – деген сұрақты оқығандай болдым. Қара торы жүзіне қызыл шырай жай­ ылып, өңі бал-бұл жайнап кетті. Қапелімде не айтарымды білмей, сасқалақтап: – Кешіріңіз, қарындас, кешіріңіз, – дей беріппін. Сол сәттен бастап жүрегім алып-ұшып, көңілде бір тоқ­тық пайда болды. Түстікті қалай ішкенім есімде жоқ, сонау төргі жақта отырған төрт қызға анда-санда ұрланып қарай беремін. Біреуінің өңі таныс сияқты. Таныс деймінау, өзімнің жақын қарындасым Сара. Қолыма енді ала берген шайды қайтадан орнына қойып: – Рахат, Сараны қара, ана жерде тамақ ішіп отыр,– деппін. Досымның осы қарындасыммен жиі-жиі кезде­ сетінін сезуші едім. Ол қызараңдап қалды. Екеуіміз тездете тысқа шықтық. Төрт қыз жұптарын жазбай жанымыздан өтіп бара жатқанда, Сара келіп ме­ німен амандасты. Ауылдың амандығын, жаңалықтарын айтып болған соң, құрбыларын шақырып таныстыра бастады. – Бәти. – Күләш. – Кәмаш. Бағанағы қасыққа таласып қалған қыздың есімі Кәмеш екен. Күректей қолыммен нәзік саусақтарын қысыңқырай біразға дейін босатпадым.

Шайхан ЖАНДАЕВ – Өздерің бір-біріңе ғашық болып қалғаннан саусың­ дар ма? – деп Рахат әзілдеп жатыр. Кәмәштың өңі тағы да арайланып сала берді. Назды жанарымен қолымды, жіберсеңізші деп жалбарынады. – Ағай-ау, жолыңыздан қалдыңыз ғой, – деп қыздар да шыр-пыр. Кәмаш жатақханасының қай жерде екенін анықтап алып оның нәзік саусақтарын босаттым. Сол күннен бастап мен бұрын-соңды болып көрмеген басқа бір ыстық сезім әсеріне бөлендім. Кітап оқысам да, тұрсам да, отырсам да, көз алдыма Кәмаштың ботадай мөлдір жанары, нұр ойнаған бейкүнә келбеті елестейді. Сол сәбидей албырт бейне күндіз-түні есімнен шықпады. Күнделікті жаттығу кезінде де әлгі алаулаған нұр кескін мені өзіне келші деп шақырып тұрғандай. Алғашқы сәтте екеуіміз киноға барып жүрдік. Өзі менің туған жерім Екі Ашадан екен. Жерлес болып шыға келдік. Кинодан қол ұстасып, қолтықтасып жатақханаға қайтқанда әңгімеміз бір жараспай-ақ қойды. Екеуіміз де үнсізбіз. Құдай маған бой мен ойды бере салған да, сөзге дегенде сараңдық жасаған. Жайшылықта күнде жатар алдында кеудемде небір асыл сөздер маржаны құйылады. Ал Кәмаштың алдына келсем, әлгінің бір ауызы да еске түспейді. Бірақ маған осы үнсіздіктің өзі рахат сияқты. Үндемей Кәмашпен осылай жүре бергім келеді. Әйтеуір сөз болсын деген оймен: – Қалай, кино ұнады ма? – деймін. – Қыздың тағдыры өте аянышты екен, – дейді Кәмаш. Екеуіміз бұдан арыға бара алмаймыз. Осыдан кейін тағы да үнсіздік жайлайды. Біраз жүргеннен кейін Кәмаш: – Аға, әңгіме айтыңызшы, жұрт осы сізді атақты па­ луан дейді, сол рас па? – Қайдан, сорайған адамнан еш уақытта палуан шықпайды, – деп мен өтірік жалтарған боламын.

Өмір өткелдері Сөз төркінін басқаға аударып: – Қазір госқа дайындалып жатырмын. Институттағы ең соңғы емтихандарды жақсы бағаға тапсыру керек. Содан соң жарыс басталады, – деймін мен. Әңгімеміздің ұзын ырғағының түрі осы. Осылай Кәмаштың жатақханасына жетеміз. Біраз дейін үнсіз қолын қысып тұрамын да, мен де кейін қайтамын. Уақыт зымырай етіп жатты. Екпіні тау суындай қатты, студенттердің зәресін ұшырып, жандарын мұрын ұшына келтіретін емтихандар да артта қалды. Институтты ойдағыдай бітіріп, диплом алып шықтық. Өзім Алматыда қалған соң, бір бөлмелі үй де тиді. Ол кезде бұл мен үшін өте үлкен байлық еді. Таң алаң-елең атқанда тұрып, күн бата сүріне-қабына пәтеріме жетіп жығыламын. Жаттығу әбден қажытады, әрі жалғыз адамның жеке үй болғаны қиын екен. Күнде Кәмашқа айтамын деп іштей жаттаған сөздерім алдына барғанымда іріген сүттей бір қабыспайды-ау. Тор­ ғайдай пыр етіп ұшады да кетеді. Не сиқыры бар екенін кім білсін, талай-талай түйе палуандардан қай­мықпаған жү­регім Кәмаштың алдына келгенде май ішкендей кілмиеді. Бір күні нар тәукелге бел буып тікелей, төтесінен тарттым: – Кәмаш, менің жай-күйім болмай жүр. Екеуіміз қол ұстасып, бір семья құрайық. Деніміз сау болса, ел қатарлы үй болып кетерміз? – дедім. Ол үнсіз қалған соң батыл­ данып сөзімді әрі қарай сабақтадым. – Әрине, семьялық өмір саған да оңайға түспейді. Мен апталап, айлап жат­ тығуда, немесе әртүрлі жарыстарда жүремін. Спортшы деген сондай халық, кең даланың қаңбағы сияқты. Сонда сен жалғызсырайсың ғой, жалығасың ғой. Егер жалғыз өзің қорықсаң, қасыңа ауылдан апамды алып келемін...

Шайхан ЖАНДАЕВ Кәмаш осы сәтте күліп жіберді. – Әбеке, аңқаусыз-ау, аңғалсыз. Осы бір ауыз сөзіңізді тоғыз айдан бері күтіп жүрмін ғой, – деп Кәмаш мені құшақтай алды... Біздің шағын отауымыз 1962 жылы қыркүйектің 9 жаңасында жеке шаңырақ көтеріп, түтін түтетті. Ұланасыр той жасамасақ та, осы қуаныш-қызыққа барлық туған-туыстарым, жақын дос-жолдастарым жиналды. Сондағы анамның айтқан сөздері әлі есімде. – Айналайын, жарық жұлдызым, Әбілжаным, құлы­ ным, кызығым, Кәмаш! Осы бүгінгі тойға өліп-талып жеткен де бар, арамыздан мәңгілік кеткен де бар. Біздің шаңырақ­тың иесі соғысқа кеткенде Әбілім үш жастан жаңа ғана асып, аяғын әнтек-тәнтек басып қалып еді. Әкесі майданда шайқасса, біз ауылда жоқшылықпен, шолақ белсенділердің озбырлығымен айқастық. Аңырап қалған аналар қаңырап қалған елде осы балалар жетсін деп бір үзім нанды алдымен әкесіз қалған жетімдердің аузына салдық. Әбілімді арқалап жүріп шөп шаптым, егін ордым, мал бақтым, сиыр саудым. Шүкір, осы бергеніңе де тәуба. Сендер бақытты, шаттықты, халқыңа қалаулы, еліңе елеулі болыңдар, қос қарлығаштарым. Үйге ұрыс кірсе – ырыс кетеді деген ата-бабамыз. Екеуің ынтымақты болыңдар. Туған-туыстарыңа, дос-жолдас­ тарыңа мейірімді болыңдар. Алдарыңнан күн шығып, арттарыңнан ай тусын. Отауларың ордалы семьяға ай­ налсын, құлындарым, – деп бата беріп еді. Осылай, үйлену тойы да өтті. Ертеңінде барлық туғантуыстарым, дос-жолдастарым мені Ригаға шығарып салғалы аэропортқа келді. Кәмаш мені қимай тұр. Жібек орамалын анда-санда жанарына апарып қояды. Байсейіт ағай да бұрқылдап жүр:

Өмір өткелдері – Дәл бүгін кететінің бар, онда несіне үйлендің? Тойды келген соң бірақ жасамай. – Жә, болды, Құдайдың жазуы осы болса, оған қандай шара бар? – деп апам оны тиып тастады. – Ал ботам, жарық жұлдызым, жортқанда жолың болсын. Қажымұқан бабаң серік болсын! – Әбеке, өзіңе сендік. Алматыға чемпион болып оралыңыз, – деді Кәмаш та жыламсырап. – Айтқаның келсін, Кәмаш, тап осы сөзің үшін чем­ пион болмасам да боламын, – деймін. Кәмаштың үні дірілдеп шықты: – Олай деп астамшылық айтпаңызшы?.. Алып әуе кемесі жайлап көтеріле берді. Сонау қол бұлғап қараң­ даған топтың арасында көздері жаутаңдаған апам мен Кәмаш та бар еді... Сол Ригадағы белдесу оқта-текте есіме түссе, әлі күн­ге дейін ішім удай ашиды. Қабырғам қайысып, тіпті, жылағым да келіп кетеді. Өйткені әр жеңістің, әр ұты­ лыстың жөні бөлек қой. Бәрін де басынан бастайыншы. Көтеріңкі көңілдің әсері ме, жоқ әлде бұла күштің нағыз толықсыған кезі ме, кім білсін, әйтеуір алғашқы үш күн ішінде белдескен қарсыластарымның бәрін жықтым. Енді ССРО чемпионы атануға небәрі бір-ақ қадам қалған. Қадам деймін-ау, тіпті, ол менің қанжығамда байлаулы да еді. Бұл жолы менің кездескен палуаным эстониялық Тиит Мадалвее болатын. Бұл да екі иығына екі бала отыратын­ дай денелі, төртбақ, қарулы жігіт. Әлгі ертегілерде айта­ тын «ертеден шапса төске озар» дейтіннің нағыз өзі. Және де кең сарайда отырғандардың бәрі Тиитке жанашырлар. Ол кілемге шыққанда кең сарай іші шапалақ дуылынан жарылып кете жаздайды. Кеше бір белдесуін көргенімде

Шайхан ЖАНДАЕВ маған оның өжеттігі, қайсарлығы, ақтық демі қалғанша қарсыласына берілмейтіні ұнаған еді. Қалай болғанда да, ең алғашқы сәттен оның меселін қайтарып тастауым керек. Мен осылай бекінгенмін. Белдесу басталысымен-ақ жыланша арбап, оң аяғымды ұмсына бердім. Ол да осыны күтіп тұр екен, қызыл көрген қырандай аяққа бірден шүйілді. Атыла бергенде мен де қаусыра құшақтап басымнан асыра лақтырып, ұпай алдым. Сонда аңғардым, денесі қорғасындай ауыр, салмақты екен. Әлгіден кейін ол кілемді айналып қаш­ қақтай берді. «Қашқан жауға қатын ер» дегендей, шыбын жанын тығарға жер қалдырмай қуып жүріп ұпай санын жетіге жеткіздім. 1962 жылғы ССРО чемпионы атану үшін маған осы да жеткілікті еді. Өйткені белдесудің аяқталуына санаулы минут қалған. Кім білсін, жастық шақтың мастығы ма, жоқ, әлде, Кәмашқа мақтанғым келді ме, сол сәтте маған Тиитті таза жығу керек деген ой сайтандай сап ете түсті. Енді көздеген мақсатымды жүзеге асыруым керек. Бұл, бұйрықсыз дегенге шынында да еш дауа жоқ. Осы қайтеді екен деп аяғынан қағып едім, қарсыласым ауыр салмағын билей алмай шайқалақтап қалғанда, тағы да белінен қайшылай ұстап, қайырып көпір жасай лақтырдым. Тиитті таза жеңдім, деп ойлағанымша болған жоқ, төрешінің ысқырығы естілді. Сарай іші дуылдасып, даурығып кетті. Төреші Тииттің қолын көтерді. Енді өкін, мейлі жыла, еңіре, бітті шаруа. Мадалеев ССРО чемпи­ оны, мен екінші орында қалдым. Осы жиырма төрт жасқа келгенімде әсте де мұндай өкінген жоқ шығармын. «Байқа, абайла, сақ бол» деген бапкер ақылын да тыңдамадым-ау. Құдай-ау десеңізші, жеті ұпай да жететін еді ғой. Қолыма түсіп тұрған алтын­

Өмір өткелдері ды басқаға беріп алдым. «Енді Кәмаштың бетіне қарай қараймын. Ел-жұртқа қалай көрінемін», – деп өзіме-өзім ұрсамын. Сол күні жарыс аяқталған. Жігіттердің бәрі қала аралап кетті. Мен төсек тартып жатып қалдым... Алматыға оралсам, Кәмашымның өңі сынық, қабағы қатулы. Гүл шоғын ұсына беріп: – Жаным-ау, сыртқаттанып қалғаннан саумысың, – деймін. Сол-ақ екен, Кәмаш жас балаша солқылдасын. – Әбеке, баяғыда қариялар келіннің аяғынан дегенді айтушы еді. Сіздің бірінші орын ала алмағаныңызға мен кінәлімін, – дейді кемсеңдеп. Соңда ғана барлық мән-жайға түсіндім. Мейірлене құшақтап, бетінен сүйіп: – Кәмаш, бұдан былай ондай ырым-сырымды қалтаңа салып қой. Менің бірінші орын алмауыма сенің ешқандай қатысың жоқ. Бар кінә өзімде. Енді мұндай сөзіңді естімейтін болайын, – дедім. Екеуіміз осыған келістік. Сол жылы күзде үш бөлмелі пәтер алдым. Ауылдан шешем көшіп келді. Мен бұл жолы да үйге көп тұрақтай алмадым. Жел айдаған қаңбақтай Американың Огайо штатының Толидо қаласында өткен әлем біріншілігіне аттандым. Осындай ұлы дүбірден қалмағаным қуанышты болса да, қосалқы команданың қатарында жүруім жаны­ ма қатты батты. Дегенмен әлемге әйгілі палуандарды көзбен көріп, олардың әдіс-тәсілдерімен танысудың өзі мен үшін үлкен өмір мектебі еді. Және де Қазақстанның бір пұшпағындағы шағын Қаракөзден шыққан адамның Америкаға сапар шегуінің өзі де дәтке қуат. Расында да біз білмеген, біз көрмеген ғаламаттар көп екен. Маған әсіресе 62 килограмм салмақ бойынша әлем чемпионы атанған жапондық палуан Ватанабе өте ұна­ ды. Бұл жігітті жойқын танкпен теңеген дұрыс шығар.

Шайхан ЖАНДАЕВ Басқаша теңеу таппайсың. Ол артқа шегіну дегенді әсте білмейді. Тек қана алға, алға қарай ұмтылады. Айлатәсілді керемет қолданады екен. Жанбасқа алған кезде оны бір-ақ қолымен жасайды. Қол күшін жұмсамай-ақ аяққа өтіп қарсыласты иығына оп-оңай салып алады. Ер­ кін күрес техникасының шексіздігін мен сонда осы жапон палуанынан көрдім. Оның өнеріне қатты сүйсіндім. Екінші есте қалған бір жігіт 78 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп әлем чемпионы атанған ирандық Имам Хабиби. Бұл да маған жақсы әсер қалдырды. Жы­ ланша үзіліп, мысықша секіретін қас шебер. Және де әрбір әдіс-айланы өте сезімталдықпен жасайды екен. Ол Оган деген түрік палуанымен белдесті. Имекеңнің бір ғажабы шабуылға шыққан қарсыласын қалай болғанда да амалсыз қорғануға мәжбүр етеді. Бұл дегеніңіз үлкен өнер ғой. Ирандық жігіт кілемге шыққан беттен-ақ бір тоқтамай шабуыл жасап жанбасқа алып, екі минут бір секунд ішінде әріптесінің жаурынын жерге тигізді. Американың Толидо қаласында өткен әлем чемпиона­ тында кілемге шықпасам да, мен күрес өнерінің өзімен беймәлім сырларын көңіліме түйіп оралдым. 1963 жыл. Жаңа жылды семьямызбен қарсы алып, мәре-сәре болып жатқанда Москвадан тағы да телеграмма келді. «Тез жет, Токиоға барасың». Апам ежелгі әдетімен айналып-толғанып, «Жортқанда жолың болсын» деп ақ батасын жаудырып жатыр. Америкаға атақты палуан Александр Медведьтің қосарласы болып барсам, енді осы сапарда кілемге өзім шығамын. Бұл да екінің біріне келе бермейтін зор сенім. Сонымен біз аязы мен бораны сақылдаған ақпан ай­ ында Жапонияның астанасына бет алдық. Жолшыбай Делиде, Тайландтың астанасы Бангкокта, Қытайдың

Өмір өткелдері шекарасындағы Гонкконг әуе бекеттерінде сәл аялдап, Токиоға жеттік. Жолдастық кездесу Маэбаси қаласында өте­тін болды. Мұнда біздермен бірге дзюдошылар да келген еді. Жапондықтар күрестің бұл түрінен бет қаратпайды. Мен Жапонияның атақты палуандарының бірі – Ка­ ваномен күш сынастым. Сырттай естуімше, бұл жігіт мейлінше жылдам, құстай ұшқыр. Әдіс-айлаға да мығым болса керек. Кілемге шыққан беттен-ақ жамбасқа алуға оңтайлы келе кетті. Сөйтіп 45 секунд ішінде таза жеңіске жеттім. Екінші күні Кобе қаласындағы кездесуде Владимир Литвин, Нодар және Зарибек ұтылып қалды. Гиви Мче­ дашвили қарсыласымен тең түсті. Ал Гурам және мен, Анатолий Албул, Медведь төртеуіміз жеңіске жетіп команданы құтқарып қалдық. Үшінші белдесу Иокогама қаласында өтті. Бұл жолы мен салмағы 100 килограмм Тагахимен кездесіп, оны кілемге таза түсірдім. Ақырғы жарыс Токиода. Мен онда осы елдің ең мықты палуаны Сасакиге қарсы шықпақшымын. Таразыға ал­ шенгенде, ол – 88, мен – 96 килограмм болдық. Сасаки саспай, сақ жүрді. Шабуылға шығуынан қорғанысы көп болды. Мен оны ұпай санымен ұттым. Токио сапарындағы осы жолдастық кездесуде совет палуандарының мерейі үстем болды. Елге осы жеңіспен жігерленіп қайттық. Сол жылы ССРО халықтарының III жазғы Спарта­ киадасы өтті. Осы жауапты сынға өте тыңғылықты әзір­лендім. Әсіресе өткен жылы болмашы жерден қапы қал­дырған Тииттен қарымта қайтаруға өте құштар едім. Бірақ оған дейін жету үшін де бұршақтата тер төгуге тура

Шайхан ЖАНДАЕВ келді. Қырғызстандық Владимир Фомин, өзбекстандық Ефим Колтунов, москвалық Батраз Борукаевтар оңай шағылатын жаңғақ емес-тін. Бұл үшеуін де кілемге таза түсіріп, Тиитті күттім. Былтырғы жеңістің ыстығы әлі басылмаған екен. Ма­ далвее мені шу дегеннен тықсырмақ болып шабуылға шықты. Шынында да, қарсыласыңа алғашқы сәттен басымдылық тізгінін беріп қойсаң, оны жеңу өте қиын. Соны аңғарып, мен өзімнің күні бұрын ойластырған жоспарым бойынша, батыл шабуыл бастадым. Есін жиғызбай жеделдете-жеделдете ұпай санын асырып ал­ дым. «Аузы күйген үріп ішеді» дегендей, былтырғыдай көзсіз «ерлікке» бармадым. Әлгі артықшылық маған же­ ңіс әкелді. Сөйтіп мен 1963 жылы ССРО халықтары­ның III Спартакиадасының және ССРО біріншілігінің чемпи­ оны атандым. Бұл сапардан оралғанда Кәмаш жайдары жүзбен қарсы алды. Екеуіміз де үнсіз жымиып қоямыз. Ару жүзіндей алаулаған алқызыл гүл біздің жинақы дастарханымызға айырықша сән берді, шағын бөлмеде жұпар исі аңқиды... Баяғыда біреу тентек баласының ес жиып, есепші бо­ лып жүргенін көріп сырттай сүйсініп: – Құда қаласа, баламның осы атқа мінгені мінген шығар, – деген екен. Сол айтпақшы, мен де алыс сапар­ лардан қалмай, жолаушылауды ата кәсібіндей дәстүрге айналдырып алдым. Ендігі бағыт – Стамбул. Бұл елдің палуандары бала кезден құлаққа ертегіаңыздардай естілетін. «Әр елдің заңы басқа» десек те, Түркияда күреске деген ілтипат өте ерекше. Мұнда жас балғындар он үш жастан бастап мектепте күрес сабағын міндетті түрде өтетін көрінеді. Бұл ғасырлар бойы келе жатқан бұлжымас тәртіп. Сондықтан болар түрік палуан­

Өмір өткелдері дары әлемде өте жоғары бағаланады. Оның шет жағасын Америкадағы сапарда көзіммен көріп, таңдай қағып тәнті болып едім. Бір ғажабы түрік палуандары классикалық және еркін күреспен шұғылдана береді. Осы екеуінен де чемпион атанғандар мұнда толып жатыр. Стамбулға аттанбас бұрын Москвада жарты ай бойы тер төктік. Қасымда Алматыдан Алексей Семкин бар. Талай жерге бірге барып, жат елдің дәмін бірге татқан сыралғы достың қасымда болуы үлкен көмек еді. Астанадағы жаттығудан қан сорпамыз шықты. ССРО құрама командасының аға бапкері Александр Михайло­ вич Дякин өзіне де, өзгеге де тыным бермейтін жан еді. Сол ежелгі дағдысымен біздерді отқа салған темірдей шыңдап алыс сапарға аттанған болатын. Күміс қанатты әуе алыбы жолшыбай Киевке, Венаға сәл бөгелді де, Стамбул қайдасың деп тіке тартты. Қала бізді тұнжыр қабақпен қарсы алды. Көк аспан жүзі түнеріп, ақ жаңбыр бір толастамай-ақ қойды. Ертеңінде жаттығу жасайық деп бір залға барсақ, әлгі аңғал-саңғал болып шықты. Мұндай қонақжайлылық күтпеп едік. Байқауымша, мұндай қолайсыз жайға өздері де ұялды білем, ертеңінде жарыс өтетін сарайда жаттықтық. Мен жаттығу кезінде ауыр салмақ бойынша сынға түсетін Александр Иваницкиймен белдесемін. Бұл мен үшін өте пайдалы. Өйткені әлемнің екі дүркін чемпионынан тәлім аларлық, үйренерлік өнеге аз емес еді. Ойлап қарасаң, өмірдің өзі бір қуаныш, бір өкініш қой. Мен де күтпеген жерде сондай ренішке тап болдым. Жаттығуда күресіп жүріп, оқыс қимылдап оң аяғымды қатты жарақаттап алдым. Алғашқыда оны онша елемеп едім, кейін ол жан шыдатпай сырқырайтын болды. Маған кілең жеңіс әперетін қайран оң аяқ осылай, бір-ақ күнде

Шайхан ЖАНДАЕВ сыр беріп алды. Сонау жерден әдейі күресуге келген соң кілемге шықпай қалу тым ұят-ақ. Алған бетімнен қайтпадым. Мен осы күнге дейін түрік палуандарымен әсте бел­ деспеп едім. Бұл жолы алғашқы күресетінім Гиоседцин Илмаз еді. Бұл жұмбақ жігіт, біздің қырандарға да, бап­ керлерге де беймәлім болып шықты. Белдесу басталып кетті. Әдеттегідей, оң аяқты беріп алдаусыратуға дәтім шыдамай, сақтана күресіп жүрмін. Оңтайлы сәтке келгенде оны қапы жібермей қайыра лақтырып екі ұпай алдым. Күресіп жүріп өкініп жүрмін. Он екі мүшеңнің біреуі сыр берсе, палуан үшін бұдан артық қорлық жоқ шығар, сірә. Илмазды тағы бір аударып тастауға ғана шамам жетті. Содан кейін бір минуттық үзіліс алдық. Екінші кезеңде түрік палуаны кілемге ширығып шықты. Бірде ол мені лақтырамын деп әрекет жасағанда тепе-теңдігін сақтай алмай, жығылып қала жаздады, осы сәтте оң аяқ сырқыраса да, қамшыны аянбай бастым. Тү­ рік палуанын етбетінен түсіргенімді қайтейін, осындайда оң аяқтан қайран болмаған соң. Оңтайлы сәтті босатып алдым. Илмазды ұпай санымен ғана ұттым. Ертеңінде кіммен кездесетінім әлі белгісіз. Жартылай ауыр салмақта отыз үш жастағы Хамит Капланның есімі жер жаратын. Нар тәуекел, не де болса сол мықтымен белдесуге құштар едім. Бірақ оның сәті түспеді. Түріктер Илмаз кеше қапы қалды деді ме, кім білсін, екінші күні оны тағы да маған қарсы шығарды. Илмаз ә дегеннен қатты кетті. Оң аяғымның осындай­ да сыр бергеніне ренжіп едім, енді шегінетін жер жоқ болған соң мен де барымды салдым. «Шіркін-ай, таза түсірсем, жарар едім» деп қоямын. Оң аяғым ауырмаса, оның әуселесін көрер едім.

Өмір өткелдері Бірінші кезеңнің аяқталуына шамалы уақыт қалған. ­Илмаз жанталаса қимылдап мені басынан асыра лақты­ руға әрекет жасай бергенде тез қимылдап сол аяқпен қырқа шалдым. Ол мұны күтпеп еді, шалқасынан құлап кілемге таза түсті. Алғашқы жеңіс маған осылай қиын­ шылықпен келді. Алпыс үшінші жыл да мен үшін жемісті болды. Токио мен Стамбулдан олжалы қайтып, жаңа жылды – 1964 жылды өз семьяммен бірге қарсы алдым. Бұл кезде апам мен Кәмаш менің таусылмайтын сапа­ рыма әбден үйреніп алып еді. Олар енді: – Жолға әзірлене бермейсің бе? – деп қалжыңдайтынды шығарды. Расында да ертеңінде телеграмма келді. Ендігі сапар – Иран. Москва манындағы Подольск қаласында дәстүрлі жат­тығуды өткізіп болған соң, алдымен Ереванға ұштық. Мұнда «Динамо» ерікті спорт қоғамы Орталық Советінің біріншілігі өтіп жатқан болатын. Сол жарысты тамаша­ лап, осында бірер күн жаттыққан соң, автобуспен Иранға бет алдық. Бұл сапардың мақсаты да Стамбулдағы сияқты осы жылы қараша айында өтетін Токио Олимпиада­ сы алдындағы соңғы барлаудың бірі еді. Осы сыннан сүрінбей өтсем, Олимпиада ойындарына қатысамын ба деген арман да көңіл қалтарысының бір бұрышында бұғып жатқан. Екі-үш күн тынығып қаланы араладық. Стамбулға қарағанда, Тегеран маған өте ұнады. Үйлері де, көшелері де сәнді екен. Жұма күні көптен асыға күткен жарыс та басталды. Күрес жанкүйерлері өңештері жыртылғанша даурығысады, Тегеранда да Стамбулдағыдай айғай-шу, кең сарай іші темекінің түтінінен көрінбейді. Бірден қолқаңды қабады. Кейде құсқың да келіп кетеді. Бірақ амал қанша, бәріне де лажсыз көнесің.

Шайхан ЖАНДАЕВ Бес елден жиналған осы дүбірлі жарысқа өткен жолы Американың Толидо қаласынан көрген атақты палуан Хабиби бас төрешілік етті. Алғашқы күнгі қарсыласым Амери деген мықты екен. Бұл кезде оң аяқтың сырқырауы әбден жазылған. Өзімеөзім сенімді едім. Белдесу басталып, ұстасқан беттен аяқ­ тан қағып аударып тастап бірнеше ұпай асырып алдым. Амери содан қатты қаймығып қалды білем, ол кілемнің ортасына жуымай қашқалақтай берді. Қарсыласым ширақ тәсіл жасатпай діңкелетті. Оны сирағынан ұстап ортаға қарай сүйрей-сүйрей шаршадым. Не керек, оны сәл ғана ұпай басымдылығымен ұттым. Оған өз басым риза емеспін. Әрине, спортта үнемі жеңіске жетемін деу кімге де болсын артықтау және қиындау шығар. Кейде сәтсіздіктен де қашып құтыла алмайсың. Дегенмен күшің де, әдіс-тәсілің де асып тұрғанда, қарсыласыңды ұпаймен жеңу өзіңе қорлық та сияқты. Ертеңінде кілемге шықпай бос болып, жексенбі күні тағы да ирандық палуан Мойзопермен күш сынастым. Сабаздың бойы да келісті екен. Жерлестерінің алдында жеңіске жетемін деп аянбай барын салып-ақ бақты. Сонда да шалғысы тасқа тие береді. Мен ұпайды бірінен соң бірін асырып жатырмын. Бір рет ирандық палуанның жа­ урынын кілемге тигізіп те едім, бірақ оны төреші көрмей қалды. Тағы да мен әріптесімнен айқын басым түстім. Енді үшінші сында болгарлық Мұстафаевпен белдесе­ тін болдым. Оны да Толидодан білемін, көзге қораштау көрініп еді сонда. Қарсыласымды менсініңкіремей шыққандықтан ба, жоқ әлде шаршағандықтан ба, бұл жолы Мұстафаевқа қарсы ешқандай әдіс-айла қолдана алмай пұшайман болдым. Болгарлық палуанмен тең түстім. Өкінгеннен де пайда? Күрес осындай қуаныш, ренішімен қызықты.

Өмір өткелдері Бұдан кейінгі жылдарда да күрестен қол үзген жоқпын. ССРО кәсіподақтарының біріншілігіне және ауыл-село спортшыларының бәсекелестерінде бірнеше рет биік тұғырдан көріндім. Екі рет еліміздің Кубогын ұтып ал­ дым. 1966 жылы Индия – Қазақстан матчтық кездесуінде жеңіске жеттім. 1967 жылы ССРО халықтарының IV Спартакиада­ сында мен тұңғыш рет ауыр салмақта сынға түстім. Осы жарыс алдында кезекті жаттығуда мойнымды ауыртып алғаныма қарамастан, тек қана әлем және XVIII Олим­ пиада Ойындарының чемпионы Медведьтен ұтылып, ал­ тыншы орынмен қанағаттандым. Қазақстан құрамасында 12 есепті ұпай әпердім. Осыдан бастап менің спорттық өмірімде тоқырау процесі жүре бастады. Табиғаттың төрт маусымы кезек-кезек мәңгі алмасып жататынындай, менің өмірімде де көгілдір көктем мен жанға жайлы шуақты жаз аяқталып, қыраулы күз бен ызғарлы қыс басталды. Тірі адам, жаны сірі пенде бәріне де көнеді екен. ТОҚЫРАУДАҒЫ ТОРЫҒУ Сырт қараған адамға менің спорттық өмірім кілең қызықпен өткен сияқты болып көрінуі мүмкін. Шынды­ ғында солай ма еді? Мен бұл арада күн сайын шелектеп төккен терлеріммен өрледім деп әсте айта алмаймын. Азамат атанып, өмірдің өлшеусіз ұзақ даңғыл жо­ лына түскеннен бері мен туған халқымның мәртебесін асқақтатып, соның туын әрдайым желбірете берсем екен деп армандап едім. Өзімнің аспаған асу-белестерімді артымдағы үлкен көш керуен – жастар легі үйренсе екен деп қиялдап едім. Осы орайда тағы да бір бүкпесіз, ешқандай қайырма­ сыз және нүктесіз ақ көңілдің ешкімге айтыла бермейтін

Шайхан ЖАНДАЕВ иірімдерін жасырмай ақтарсам, мен өзімнің барлық са­ налы өмірімді тек қана күреске арнаған жанмын. «Жаңа ғана үйленіп едім, ауылдан қарт анам көшіп келіп еді, семьямда тығыз шаруа болып тұр» деп басшыларға бір ауыз тілек айтпаған, өтініш, өкініш білдірмеген жанмын. Мен өзімнің тұла бойы тұңғышым Қадырсейіттің дүниеге келгенін 1963 жылы маусымның 7 жаңасында Алматыда Орталық стадионда күресіп жатқанда естідім. Қай азамат өзінің семьясын, өмірде бір-ақ келетін әке деген ардақты есімді естуді армандамайды? Сол күні өз семьямдағы жағдайды біле тұра маған кілемге де шықпауға болушы еді. Мен сонда өзімнің тұңғыш сәбиімнен Қазақстанның мәртебесін жоғары көріп едім. Бұрын да, қазір де мен үшін Айхановтан гөрі туған халқымның атақ-даңқы, абыройы биік тұратынын айтқым келеді. Бәз біреулер осы Әбілсейітте ешқандай арман жоқ шығар дейді. Жұмыр басты, екі аяқты пенденің армансыз өтпегені бар ма? Менің де мақсат етіп қойған жоспарла­ рым көп еді. Соларды жүзеге асыра алмай армандамын. Соны ішке бүкпей сыртқа да шығарайын. Менің әділдік іздеп, шындықтың шегіне жетемін деп шырылдап, жазықсыз жапа шегіп бейнет көргенімді екінің бірі біле бермейді. Ол кезінде «Қазақ әдебиеті» және «Лениншіл жас» газеттерінде жарияланды да. Сон­ да да, жұртшылыққа өзімнің кейінгі еңбек жолымды да айта кетейін. Кейде жалғыз өзің оңаша қалғанда ойыңа қай-қайдағы оқиғалар түседі екен. Өткен спорттық жолымды жай ғана шолып өтсем, мен әлемнің жер-жерінде 72 рет ха­ лықаралық белдесулерге қатысыппын, солардың бірдебіреуінде жауырыным жерге тимепті. Қаншама атақты палуандарды жықтым. Сонда да өзіңді дүние-жүзіндегі ең

Өмір өткелдері күштілердің қатарына қосып жүріп, жеме-жемге келгенде солардың қатарында болмау мен үшін әсте орны толмай­ тын, өзекті өртейтін өкініш. Бұл орайда өзімнің бірде-бір әлем біріншілігіне және Олимпиада ойындарына қатысып күресе алмағанымды айтып отырмын. Менің алпысыншы жылдардағы жер жаһанды кезген ұзақ сапарым халқыма ұнаса да, республикалық спорт басшылығында отырған кейбір жолдастарға, біраз бап­ керлерге жақпай қалған сияқты. Бала-шаға емеспін, та­ лай-талай жаттығу, белдесулерден тәжірибе жинақтап, есейген шағым емес пе, бұл кезде бозөкпе боз-балаларға арман болып елестейтін асуларды алып, өмірдің кейбір нәзік иірімдерін аңғаратын халге жетіп едік. «Әлем Айханов деп қол соғады. Көк теңіз Айханов деп күңіренеді. Айханов қайда? Айханов Америкада, Индия­ да, Токиода, Стамбулда, Тегеранда, Лейпцигте, Пра­гада, Улан-Баторда... Айханов қазір шетелде жүр. Осы «ше­ телде жүр» деген екі-ақ ауыз сөз талай-талай марқасқа жайсаңдардың жүрегін бүлк еткізуші еді. Абайсызда жол кесіп өтетін қара мысықтың тырнағындай өткірдің жүзі көре алмаушылардың кеудесін сұққылайтын. Мен оны Алматыда, мейлі жат елде жүрейін, айқын сезіндім. «Олай болса Айхановты тоқтатайық». Тырнақ асты­ нан кір іздеп, имансыз, жансыз жүретін адамдар жеке басының атақ-абыройы үшін қандай әрекетке барады десеңізші! 1967 жылы ССРО халықтарының IV Спартакиадасын­ да мойнымды ауыртып алғаныма қарамастан, алтыншы орын алып, Қазақстан құрамасына 12 ұпай әпергенімді жоғарыда айттым. Міне, осы сапардан Алматыға оралы­ сымен «Айханов өзінің спорттық жолын аяқтады» деген қаңқу сөздер әр жерден естіле бастады. Сыбырлаған

Шайхан ЖАНДАЕВ сөз құдекеңнің де құлағына шалынады дегендей, ол маған да жетті. Және де сол кезде республиканың дене тәрбиесі мен спорттың бас басқарушысы марқұм Кәркен Ахметовтың да құлағына жеткен сияқты. Сол кісі мені бір күні өзінің қабылдауына шақырды. Ойымда ешнәрсе жоқ, тағы да халықаралық жарыс өтетін шығар деп жетіп бардым. Амандықтан кейін күн­ делікті күрестің жайы, оның болашағы сөз болды. Біздің бұл әңгімемізге екеуімізден басқа, сол жылдардағы мем­ лекеттік жаттықтырушы Хайс Байынғалиұлы Аққалиев қана ортақ болатын. – Әбілсейіт, сен Қазақстан күресіне өлшесе баға жет­ пейтін үлес қосқан жігітсің, – деп бастады сөзін марқұм Кәкең. – Біз осы отырған үш азамат халқымыздың ке­лешегін де ойлап, ұлтымызбен бірге жасасып келе жатқан күрестің де ертеңгі болашағын ұмытпауға тиіс­ тіміз. Мен сенен мол үміт күтемін. Сен Қазақстан құрама командасының бас бапкерлік тізгінін өз қолыңа ал. Соған дайын бол. Соны айту үшін шақырып едім, – деді. Расын айтсам, сол арада осындай оқыс шешімді күтпеп едім. «Әр кәллада бір қиял» дегендей, мен әлем біріншілігіне, Олимпиада Ойындарына қатысуды әлі де болса армандаушы едім. Халқым алдында күрестің ең соңғы нүктесін қойған жоқпын деп ойлайтынмын. Күтпеген жерден қойылған тілек мені аяқ астынан абыр­ жытып тастады. Сонда да: – Олай болса, менен көп үміт күтсеңіздер, мен сіздер­ дің сенімдеріңізді ақтаймын, – дедім. Бұлай деп айтқан себебім, әдетте спорттың түр-түрінде «ойнаушы-бапкер» деген сөз бар. Бір жағынан, жастарды жаттықтырып, оларға бас-көз болып өзім де күресіп жүрсем, оның еш­ қандай сөкеттігі жоқ деп ойладым. Осымен тарқастық.

Өмір өткелдері Өзіммен-өзім қабырғаммен кеңесіп, ойланып-толға­ нып күй кешіп жүр едім. Менің бір жаман мінезім мұндай толғақты мәселелерді не апама, не Кәмашқа әсте тіс жа­ рып айтпаймын. Осы үш адамның арасында болған ауыз екі әңгімені бірге жүрген дос-жолдастарыма да жарияла­ мадым. «Еркін күрестен Қазақстан құрама командасының бас бапкері бола қалсам, алғашқы жұмысты қалай бастау керек?». Мені күндіз-түні толғандырып жүрген мәселе осы еді. Арада екі-үш күн өтпей жатып мені тағы да Кәркен Ахметов бөлмесіне шақырды. Өңі өрт сөндіргендей тү­тігіп кетіпті. Ұрсысуға қара таба алмай отырғаны жү­ зі­нен білініп-ақ тұр. Шын көңілден көрсететін ежелгі дәстүрмен ағалап берген сәлемімді салқын алды Кәкең. Ол ызбарлана айбатын шашып, маған дойыр қамшысын басып-басып жіберді. – Әбілсейіт, сен әлі аға бапкердің қызметіне кіріспей жатып жанжал, төбелес шығарып жүргенің не? Кей жігіттерге тізе көрсетіп, басымдылық айбатын шегетін көрінесің. Осы да жігіттік пе? – деп көзін ақшитты. – Аға, бұл қалай? Мен ешкіммен жанжал шығарған жоқпын, төбелескен де емеспін, – дедім. – Жоқ, сен жалтарма, бұлталақтама. Күні кеше Қабден Байдосовпен төбелесіпсің. Біз де бұл жерде ай қарап отырған жоқпыз. Бәрін де білеміз, бәрін де сеземіз. Жігіт болсаң, ағыңнан жарыл, шыныңды айт. Өзімнің туған ағамдай сыйлайтын басшым қадалған жерінен қан алмай тынбайтын кенедей жабысып отыр. Ал бұрын Қабден Байдосов екеуіміздің арамыздан қыл өтпейтін. Оның өзіне, көзіне де шөп салған емеспін. Әлгі сөзге керемет таң қалдым. Ал сол жолғы үшеуіміздің әңгімемізде Қабден болмаған.

Шайхан ЖАНДАЕВ – Аға, кешіріңіз. Егер мен Байдосовпен төбелессем, сіз оны шақыртыңыз. Бетпе-бет сөйлесейік. Егер ол Әбілсейіт маған осылай деді, әйтпесе менімен төбелесті десе, мен өзімді өмір бойы ақтамай-ақ қояйын. Кәкең бұл уәжге тосылып қалды. Түймені басып хат­ шы қызға Аққалиевті шақыртып алды. Еңді ертең біз төртеуіміз кездесетін болдық. Тағы да таң атып, тауық шақырған соң, адамдар бәзбаяғыша таңғы сағат 9-да кенсеге жиналғанда Кәкең, Аққалиев, Байдосов және мен бетпе-бет жүздестік. – Әй, жігіттер, мен бір нәрсеге түсінбеймін. Сіздердің бұларыңыз не? – деп Кәкең бәрімізге ортақ сұрақ қойды. Үшеуіміз үнсіз отырып қалып едік, Қабден: Аға, не болды? – деді. Сіздерге не жетпейді осы? Тоқалдан туғандай бірбірлеріңмен қырқысып, ұрсысып жүресіңдер. Тіпті, төбелесуге де барасыңдар? – Қалай?! Кімдер ол төбелескен? – деді тағы да Қабден. – Сен ешнәрсе білмегендей жалтарма. Алдыңғы күні Әбілсейіт мен енді аға жаттықтырушы боламын деп саған озбырлық көрсетіпті. Екеуің төбелесіпсіңдер ғой. Оны менен неге жасырасың? – деп Кәкең де тақымдап болмады. – Мұны кім айтты? Екеуіміздің арамызда ондай қақ­ тығысатындай ешнәрсе болмады, – деп Қабден таң қалды. Осы кезде әңгімеге Хайс араласты. – Қабден, қойсаңшы, маған мұны өзің айттың ғой, – деп шала жанған отты көсеп-көсеп жіберді. – Ты, что, қашан мен айттым? – деп Байдосов даусын көтеріп шыға келді. Біздің осы әңгімемізді жай ғана сырттан абайлап қарап отырсаң, сценарийі дап-дайын сахналық көрініс сияқты.

Өмір өткелдері Оқиға желісі нанымды, кейіпкерлері де сайдың тасындай іріктелген. Тап осы кезде Хайс қарап отырмай күйтабақтың екінші жағын алмастыра қойды: – Арамызда Феликс Примильский болған. Тәрізі бұл әңгімені сол айтқан сияқты,—деп шүмшуірді жанып жатқан отқа тағы бір сұққылады. Шым-шытырық бір жұмбақ. Шешімін тапқызбайды. Түлкібұлаң сөздердің төрелігін Кәкеңнің өзі айтты. – Әй, жігіттер, бұларың болмайды екен. Өздеріңе қарасам, бәрің де нар қасқасыңдар. Сөздеріңді тыңдасам, ұзынқұлақтан аспапсыңдар. Бұларың болмайды. Қыз­ меттеріңе бара беріңдер, – деп шорт кесті. Сол күні Кәкеңнің қандай ойда қалғанын мен біл­ меймін. Өзім осы жарты сағаттық әңгімеден кілемде қарсыласымнан жығылып қалғандай керемет қажып шықтым. Сол күннен бастап Хайс пен Қабденнің сөзін Амангелді Ғапсаттаров та қолдайтын болды. Оған Қарағандыдан Феликс Примильский және Өскеменнен Ибрагим Исмаилов, сонымен бірге бұл лекке марқұм болған, өзімнің жан жолдасым Ахметжан Қазымбетов те қосылды. Сонымен не керек, «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» дегеннің керін көріп, сорайып жалғыз өзем қалдым. Ал еркін күрестен Қазақстан кұрама командасының бас жаттықтырушысы болып өзімнің сүйікті ұстазым Петр Фялляпович Матушак өз қазметін бұрынғыша атқара берді. Сырт көз алдын ала сыртымнан тон пішіп, спорт әлемінен шығарып тастаса да, мен күрестен әлі қол үзбеп едім. 1969 жылы ССРО біріншілігіне қатысып, бесінші орынмен қанағаттандым. Палуандық өнерде ең соңғы ақтық нүктені қоюға асықпай әрі жаттықтырушы, әрі

Шайхан ЖАНДАЕВ спортшы атанып жүргенде, 1970 жылдың жаңа жылы да келді. Алда еркін күрестен ССРО Кубогы үшін жарыс өтпекші. Соған өзімді де, артыма еріп, өкшемді басып жүрген Аманжол Бұғыбаевты да дайындап жүр едім. Бұл дүбірлі жарыс Ленннградта өтті. Өзім де, Аман­ жол да нағыз спорттық бапта едік. Кубокты жеңіп алдық. Еркін күресте ұстазы мен шәкіртінің осындай дүбірлі жарыста қос жеңімпаз атануы некен-саяқ кездесетін оқиға еді. Осыдан кейін мен қазақ палуандары расында тұңғыш рет халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген құрметті атаққа ие болдым. Бұл жеңіс, зор табыс мені қанаттан­ дыра түсті. Соны күш, ерекше шабыт берді. Енді алда 1971 жылы ССРО халықтарының V жазғы Спартакиадасы өтпекші. Өзімнің ішкі есебім бойынша, өмір бойы армандаған Александр Медведьпен белдесіп бағымды сынап, көп жыл бойы тер төккен күрес өнерінің ең соңғы нүктесін қоймақшымын. Бұл кезде мен де ауыр салмақ дәрежесіне көшіп едім. Сол жылы отыз үшке шықсам да күш-қайратымның қайтпай, нағыз кемеліне келген кезі болатын. Алдағы өтетін Спартакиадаға жауапты адам Ахмет­ жан Қазымбетов, жаттықтырушылар Қабден Байдосов, Феликс Примильский, мемлекеттік жаттықтырушы Аман­гельді Ғапсаттаров. Басқа да бапкерлер толып жатты. Команда капитаны Петр Суриков. Осы сорпа бетіне шығатын кілең жайсаңдар менің бұл жолы атақты Алексавдр Медведьтің жолын кесіп тоқтататынымды айқын білді. Республика құрама командасының аға жат­ тықтырушысы болады деген қауесетті және де естіді. Енді бұған жол бермеу үшін олар не істеуі керек? Оның бірден бір дұрыс амалы – Айхановтың адымын аттатпау. Бірақ қалай? Бұл оңай шаруа емес еді. Бірақ көптің аты көп қой,

Өмір өткелдері оның да есебін келтірді. Аяқ астынан өзінен өзі сәті түсті. Шілдеде Алматы маңындағы Қарғалы демалыс үйінде ССРО халықтарының V Спартакиадасына дайындалып жүргенбіз. Аманжол да нағыз топшысы бекіген, қанаты алмастай жарқ-жұрқ ететін тау қыранындай бабында еді. Салмағы 68 килограмм болатын. «Ұрыстың басы Дайрабайдың қызыл сиырынан шықты» дегендей, бар әңгіме осы салмақтан басталды. Әлгі үркердей шоқталған топ, білгір спорт мамандары жеті рет өлшемей-ақ бірақ кесті. «Бұғыбаев Спартакиадаға дейін салмағын 62 килограмға қуып түсіруі керек. Өйткені 68 килограмм салмақ бойынша Спартакиадаға Владимир Абрамов барады». Айттық – бітті, кестік – үзілді. Күресте мұндай бақай есеп құмарлық бар екені бәрімізге де белгілі еді. Ал қысқа мерзімде алты килограмм салмақты кеміту деген­ нің қалай болатынын спорттың осы саласында жүрген әр адам жақсы білсе керек. Бұл айтуға ғана оңай. Шын мәнісінде адамның жаны түршігетін азап қой бұл. Мұндай аяқасты оқыс шешімге мен тіпті де келіспедім. «Аманжол өзінің 68 килограмм салмағы бойынша сынға түседі». Тағы да «қырық адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ» дегеннің кері келді. Ол кез тоқырау тоңының сіресіп жатқан уақыты еді. Айбатынан арыстан сескенетін кілең білгір мамандарға Аманжол екеуіміз қарсы шыға алмадық. Екеуіміз де Спартакиадаға бармай қалдық. Дәл осы жылдан бастап Қазақстанда еркін күрестің бұрынғы атақ-абыройы күрт төмендей бастады. Оның есесіне көз бояп, «қосып жазушылар», Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушылары көбейе бастады. Әлгі Спартакиадан кейін Петр Филиппович Матушак өз орнын босатып, бұл қызметті Қабден Байдосовқа берді. Бірақ ол да көп тұрақтай алмады. Енді оның орнын Петр

Шайхан ЖАНДАЕВ Суриков басты. Баяғыда апамның айтқан: «Үйге ұрыс кірсе, ырыс кетеді» деген сөзі айна-қатесіз дәл келді. Содан бастап еркін күрестен республика командасының аға жаттықтырушысы қолғапша ауыса берді. Қайтадан Байдосов, одан соң менің шәкіртім Аманжол Бұғыбаев, тағы да Петр Суриков, кейіннен Амангелді Гапсаттаров болып ботқаша араласты. Әлгі ұйымдаскан топ айтқан уәделерінде тістей қатып, ақырында мені әлгі қызметке жолатпай қойды. Бір кездерде әлем жұртшылығын дүр сілкіндірткен мен – Әбілсейіт Айханов бұл кезде есімім әсте аталмай, көшкен елдің жұртында қалғандай елеусіз ұмытыла бердім. Кезінде дуылдата қол соғып, бөріктерін аспанға атқан халқым да мені тап осы сәтте ұмытып кетті. Мен қақпақыл ойынына түстім. Себебі – басшыларға жал­ тақтап, ықпаймын, әділеттіктің ақ туын өле-өлгенше жықпаймын. Бетің бар, жүзің бар деп қарамай, шындықты алмас қылыштың жүзіндей бір-ақ жарқ еткіземін. Жең ішінен жалғасып, еркін күрестің келешегін емес, өзде­ рінің қарақан басының қамын ғана ойлаған азғана топ «ішкен мас, жеген тоқ» дегендей, жауырды жаба тоқып жүріп жатты. Ал еркін күрес күн сайын төмендеп, құлдырай берді. Мен асқар Алатаудан асып, қырғыз еліне, одан кейін өзімнің туған жерім Талдықорған облысына бардым. Осы арадан мың шақырымнан астам Семейге автобуспен шәкірттерімді де апарған күндерім болды. Осындайда адамның қуанышы мен реніші алма-кезек таразы басын басады екен. Қалай қуанбайсың: мына тау өзеніндей сарқырап аққан, буырқанған өмірдің ағымымен 72 рет халықаралық кездесу өткізіп, соның бірде-бірінде жанбасың жер иіскемей кілең жеңіспен туған еліңе оралсаң.

Өмір өткелдері Қалай ренжімейсің: туған халқы алақанына көтерген Әбілсейіт Айханов 1971 және 1987 жылдары қызметсіз қалды ғой. Қалайша қуанбайсың: мен 1967 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамының бас жаттықтырушысы болып қызмет атқарып жүргенімде шәкірттерім республика бойынша өткен барлық спорт қоғамдары арасындағы жарыста бірінші орын алып шықса. Қалайша ренжімейсің: мен қаншама атақ алған палу­ ан болсам да, республика спорт басшыларына сенуден қалған адам болдым. Ат жалын тартып азамат атанғалы елімнің болашағы – менің болашағым деп ойлашы едім. Осындай қиын-қыстау хал кешіп жүргенде туған халқым да маған қол ұшын бере алмады. Қалайша қуанбайсың: әлгі «Қайрат» қоғамының құрама командасы Украинаның Кадиевка қаласында Бүкілодақтық жарыста елімізден жиналған 27 қоғам арасында жүлделі алтыншы орынға ие болып еді. Ме­ нен бұрын қайраттықтар кілең жиырмасыншы орыннан көтеріле алмай жүретін. Сонда мен өзімнің адал еңбегіме тағы да сеніп едім. Қалайша ренжімейсің: өңшең обыр тобыр жағаңнан алып, көзіңе мақтап, сырттан даттап жатса. Тоқырау кезінде талай-талай қазақ жастарының жұлдыздары жарқырамай, бақтары ашылмай қалды ғой. Қалайша қуанбайсың: дуалы ауыздар Әбілсейіт үлкен спорттан қол үзді, енді қоштасты деп жүргенде шәкіртім Аманжол Бұғыбаев екеуіміз 1970 жылы ССРО Кубогын жеңіп алдық. Сонда он бір жыл ССРО чемпионы атанған, ССРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Арам Васи­ льевич Ялтрян: «Нағыз космонавттар Әбілсейіт Айханов пен Аманжол Бұғыбаев!» – деп еді ғой. Мұндай үлкен жүректен айтылған әділ бағаны қалай ұмытарсың.

Шайхан ЖАНДАЕВ Қалайша ренжімейсің: мен бірде өзімнің осы жағда­ йымды Олжас Сүлейменовке барып айттым. Ол: – Әбеке, өзіңді таныстырмай-ақ қой. Қазақта батыр бар екені рас болса, ол нағыз сенсің. Бәрі де түсінікті. Көмектесемін,– деді. Әрине, Олжастың сіңбіруге уақыты жоқ екенін мен жақсы білемін. Күнделікті қарбалас жұмыстан менің шаруамды ұмытып кетуі де мүмкін ғой. Оған ешқандай өкпе жоқ. Мұхтар Шахановқа да бардым. – Жарайды, көрейік, сөйлесейік, – деп сұлу сыпайы шығарып салды. Мақтай Сағдиевтің де қабылдауында болдым. – Әбеке, сізді кім білмейді. Бұлай қызметсіз жүргеніңіз исі қазақ халқына ұят қой. Ақпаев казір командировкада. Келген соң онымен өзім сөйлесейін. Хабарын айтамын... Басқа да бірнеше жауапты қызмет атқарып жүрген республика басшыларына барып та, тіпті, Москваға дейін жазып та көрдім. Бірақ «Қайда барсаң да – Қорқыттың көрі» дегендей, одан ешқандай тұрлаулы нәтиже шықпа­ ды. Әлі бірден бірге сырғып жүрмін. Міне, осындай жағдайда мен не істеуім керек еді? Ұрымен – ұры, өтірікшімен – өтірікші, көлгірмен – көлгір бола алмадым. Оған ар-иманым жібермеді. Мұндайда ақын қарындасым Фариза Оңғарсынованың: Заман да өзгерер, Ұран да өзгерер, Ал мен қалай өзгерем? Арамдыққа төзбегем, Адалдықты көздегем, Ал мен қалай өзгерем? Өзгермеске сөз бергем...

Өмір өткелдері деген өлең жолдары менің өмірлік көзқарасымның темірқазықтай бұлтартпайтын нысанасы болды. Ал Қазақ ССР Мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт комитетінің терағасы А. Ақпаевтың айтатын жауабы біреу-ақ: – Айхановты миллиондар силайды. Сондықтан бұл мәселені өздеріңіз шешіңіздер дейді Байдосов пен Суриковке. Бұл не деген төрешілдік, бұл не деген паңдық десеңізші! Осындай әділетсіздікті көзбен көріп, құлақпен естіп отырғанда Шәкәрімнің: «Өзі қу, өзі сұм болса, одан қандай келешек күтесің» деген данышпан сөздері еске түседі екен. Көреген ақын қалай тауып айтқан! Мен өліп көрге түскен жоқпын, одан басқасының бәрін де көрдім. Тіпті, әділдік іздеп сотқа да барған адаммын. Шындыққа жол ашып өзімді-өзім ақтап та алған мен. Оны кейінірек айтайын. Не ғажабы бар екенін кім білсін, енді ғана қызметке тұрсам, ол орын бірер айдан кейін қысқарып шыға келеді. Айлап жұмыссыз қалған күндерді еске алудың өзі қиын. Мақтанғаным емес, республикада еркін күрестің даму­ ына, оның атағын шығаруға мендей үлес қосқан бір палу­ ан жоқ шығар. Осыдан бірер жыл бұрын өзімнің 50 жасқа және Кәмаш екеуіміздің қосылғанымызға 25 жыл толуын жеке өзіміз ғана атап өттік. Сонда республиканың спорт ұйымдары ауыздарына су құйып алғандай, тым-тырыс үнсіз қалды ғой. Шелектеп төккен маңдай теріммен алған атақ-даңқым өзімнің бір басыма жетіп-ақ жатыр. Егер Айхановтың осы мүшел тойы Алматының бір қоғамдық үйінің бірінде өтсе, ол бүкіл республикаға мақтаныш емес пе? «Адамның көңілі бір атым насыбайдан қалады» деген осы екен ғой. Тоқырау жылдарынан қаншалықты торығып жүрсем де, мен халықтың «Ашу келсе, ақылға кетер, ақыл көп

Шайхан ЖАНДАЕВ болса, ашу не етер», «Битке өкпелеп, тоныңды отқа сал­ ма» деген нақылдарын есімнен шығармадым. Шындық туының асқақта желбірейтініне, ақты – ақ, қараны – қара деп түстеп айтатын мезгілдің келетініне имандай сеніп едім. Сол келеді дегенім осы емес пе?! Егер баяғы әміршіл-әкімшіл заман болса, мен осы жолдарды жаза алмас та едім ғой... Қырғызстанға, одан кейін Талдықорғанға барып, үй-күйсіз қызмет атқару, одан Алматы келіп спорт қо­ғамдарына цығандарша көшіп-қону мені керемет қажытты. Және атқарған ісіңде де береке болмайды екен. Кей-кейде өзіңмен-өзің жеке ой құшағында қалғанда, жақын-туыс, дос-жаран көрмейтін бір қиыр шетке кетіп, ешқандай алаңсыз қызмет атқаруды аңсайсың. Шіркінай, сол бір еңбектің жемісін көрсем деп армандайсың. Сонда басқа жұрт Айхановтың қандай адам екенін білер еді, көрер еді. Менің осындай жоспарымның сәті ойламаған жерден өзінен-өзі келді. 1983 жылы маусымның 2 жаңасында мен Ауғанстан Ұлттық Олимпиада комитетіне жаттықты­ рушы болып бардым. Бұл жылдарда Ауғанстанда жағдай өте қиын болатын. Кабулда күн сайын бомба жарылады. Қазақша айтқанда, өмір мен өлімнің қол ұстасып жүрген кезі еді. Осыны күні бұрын сезіп, білсем де, мен қиындықтан қашпай, өзімнің Отан алдындағы интернационалдық борышымды абыроймен ақтап шығу үшін бетімнен қайтпадым. Ауғанстан Мемлекеттік спорт комитетінің төрағасы Гулям Сахи Хасани орысшаны жақсы білетін, ақкөңіл, аңқылдаған жан екен. Өзі дене тәрбиесі институтын Киевтен бітірген көрінеді. Барған беттен-ақ еліміздің, Қазақстанның таңдаулы спортшыларын сұрап, екеуіміз

Өмір өткелдері ежелгі таныс адамдардай бірден бүкпесіз сырласып кеттік. – Әбілсейіт Рүстемұлы, егер шаруаңыз бола қалса, ұялмай маған келіңіз. Сізге есігіміз әрқашан ашық, – деп мені машинасына мінгізіп, мекен-жайыма алып келіп, өзі орналастырды. Гулям Сахи Хасани мені әдейі сынады ма, жоқ әлде, менің палуандарға берген оқу-жаттығу тәсілім ұнады ма, кім білсін, өзі бірнеше ай бойы залға келіп, сырттай ұзақ бақылап жүрді. Ауған жігіттері жаратылысынан еңбекшіл. Қашанда айтқаныңды екі етпейді. Олар алғашқы сәтте жаттығуға шыдамай да жүрді. Кейіннен оған әбден үйреніп алды. Бастапқыда жат елдің тілін түсінбей өзім де қиналып едім, келе-келе кейбір сөздерінің қазақшаға ұқсайтынын аңғардым, бір-бірімізді ыммен түсінетін дәрежеге де жеттік. Кейін өзім де ерінбей кешкілікте ауған тілін сөздік арқылы үйрене бастадым. Ауғанстан сапарының өзі ұзақ сонар бір әңгіме. Әрине, айналасы үш жыл ішінде тау қопарып, бәрін де мінсіз етіп тәрбиеледім десем, ол артықтау болар еді. Бірақ онда менің айшықты қолтаңбамның тайға таңба басқандай қалғаны сөзсіз. Осы үш жылда менің тәрбиелеген шәкірттерім 22 рет халықаралык турнирлерге қатысыпты. Сонда олар сон­ шама күміс және соншама қола медальға ие болды. Төрт палуан халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атақ алды. Ал он жайнақ спорт шебері атанды. Үш жылдан кейін қоштасар сәтте Гулям Сахи Хасани мені қимай: – Әбілсейіт Рүстемұлы, Москвамен сөйлесіп келісейін, тағы да бірер жыл бізге қалыңызшы! – деп өтінді. Маған Ауғанстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің Дип­

Шайхан ЖАНДАЕВ ломын тапсырды. Біз нағыз достарша, бауырларша қош­ тастық. Ауғанстаннан туған елге 1986 жылы маусым айында оралдым. Міне, содан кейін де, осы уақытқа дейін де бір орында тұрақтап қызмет атқарған емеспін. «Баяғыда біреу: болса да бастан қан шықты» депті ғой. Сол айтпақшы халқымнан жасыратын не сыр бар. Республика спорт басшыларының, күрес мамандарының әділетсіздігі, мені көрне-көзге қақпақылға салып қойғаны тым әріде. Олар Айхановтың асқақ Алатаудай атақ-даңқын көре алмай, адам ойлап таппайтын неше түрлі құйтырқыға барды ғой. Қазір кей кезде соны еске түсірсем, сол мазаққа тірі пендені көзін бақырайтып ду­ шар еткеніне жаным керемет түршігеді. Ол азапқа менен басқа біреу болса, әй қайдам, шыдай алмайтын да шығар. Шындықтың бетіне тіке қарап, оны айту ол кезде өте қи­ ын болатын. Мен соған қарамастан, газет бетіне «Ұстазға хат» деген сын материалымды жарияладым. Онда маған берілген ССРО-ның халықаралық дәре­ жедегі спорт шебері деген куәлік пен кеудеге тағатын белгісінің сегіз ай бойы Қазақ ССР спорт коми­тетін­ дегі әкімшіліктің тартпасында жатқанын, бірнеше па­ луандардың жасын кішірейтіп күреске түскенін, тағы бас­ қа кемшіліктерді жазып едім. Ол кезде республикадағы спорт комитетінде күрес бөлімінің бастығы Амангелді Ғапсаттаров болатын. Мен тегінде осындай бақай есеп, адам жанын жи­ рендіретін арамдыққа баруды әсте түсінбеймін. Айханов ол атақты біреуден ұрлап немесе базардан сатып алған жоқ. Және де осындай құрметке ие болғаным үшін спорт комитетінің басшылары қуана қол соғып, оны дүйім жұрттың көзінше салтанатты жағдайда тапсырмай ма?

Өмір өткелдері Ал ондай сый-құрметке тұрмаймын ба? Айналайын, ағайындар-ау, сайып келгенде, ол өзімнің табан ақы, маңдай терім ғой. Тіпті, басқасын айтпағанның өзінде, жай ғана даурықпай-ақ, куәлік пен белгіні тапсыра салуға болатын еді. Қойшы, әйтеуір, мен өзімнің құс ұйқылы күндер мен түндерде бір қуанып, бір ренжіп жүріп, талай-талай алыс сапарларда қол жеткен атағымды осылай зорға деп алып едім. Әлгі сын мақала жарық көргеннен кейін Юнус Газиев, Савели Цихлиди, Казим Сулиевтер ССРО спорт ше­бері деген құрметті атақтарынан айрылды. Аға жат­ тық­тырушы Азамат Байшоров қызметінен шығарылды. Құлақсу Көкбаев пен Владимир Авраменкоға қатаң сөгіс берілді. Осыдан кейін А. Ақпаев пен күрес жат­ тықтырушылары маған азу тістерін одан сайын қайрай бастады. Әрине, олар мұны сырттай маған білдірмеген болады. Бірақ оны сезбейтін мен бала емеспін ғой. Туып өсіп, туған жерден осындай қиянат көргендіктен ғой, менің Алатау асып Қырғызстанға, одан кейін Тал­ дықорғанға барып жүргенім. Ал Ауғанстан сапарынан оралғанда бұрынғы ескі кикілжің әлдеқашан ұмытылған шығар, жариялылықтың жылы лебі есті ғой, басшылар мен күрес мамандары өздерінің жөнсіз әрекеттерін ендігі қойған шығар деп ойлап едім. Және де шетелде қызмет атқарған маманның бұрынғы орнының сақталатынын мұндағылардың екі жерде екідей білетіні айдан анық еді. Ауғандық бауырлардан аман-есен абыроймен оралып, туған-туыстарыммен, дос-жолдастарыммен қауышып, мауқымды басқан соң ежелгі қызметіме шықпаймын ба. Жаттығу залына келсем, шәкірттердің қабақтары түсіп кетіпті. Күрес түрлерінен республикалық жоғары мектептің бұрынғы директоры Құлақсу Көкбаев пен

Шайхан ЖАНДАЕВ Владимир Араменко менің бұрынғы қызметім бос емес деп қарап тұр. Міне, саған безгелдек! «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деген осы екен. Қос басшының әлгі сөздеріне қайран қалдым. Сонымен қайтадан ескі жыр әуені басталды. Мұндайда ата-бабамыз «Үйреншікті жау атыспаққа жақсы» деген­ дей, өздерінің мол өмірлік тәжірибесін нақылға айнал­ дырса да, менің алыс сапардан туған елді аңсап келген ақ көңілімді реніштің қара бұлты торлап алды. Мың сан шытырман ой тұманы арылар емес. Адал­ дықтың ала жібін аттамап едім, шындықты айтқаным үшін жазықтымын ба, бұл қалай? Жазығым төрткүл әлем­ге қазақ атын танытқаным ба? Олай болса күні кеше Әбеке, Әбеке деп жалпаңдап жүргендер неге әділдіқтің ақ жолынан тайды. Көз алдымда өскен балалар палуан Айхановты емес, адам Әбілсейітті неге сыйламайды? Көңіл иірімінің сан алуан ашқарақ сұрақтары жан-жақтан анталағанда менің есіме төрт көзіміз түгел отырған бір алқалы жиын түсті. Жайшылықта дүйім жүрттың назарына түспейтін, әдеттегі жан беріс, жан алыс жаттығуда моншақтап тер төгіп, небір сында бір-бірімізге ақ тілек білдіріскен жігіт ағасы сөз кезегін алып еді. Әй-шайға қарамай өзінің жамылғысының көлеміне симайтын кесек те ірі-ірі сөздерді бомбаша атқылап жатыр. Сол, арқаны аяздай қаритын ызғарлы ғайбат жазғыру менің көңіліме магни­ тофон таспасындай жазылып қалды. Сол күні Айхановты нысанаға алған еркін күрестен Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Петр Суриков еді. Ол айна қатесіз былай деді: – Бұл арада ешқандай жасырын сыр болмауы ке­ рек. Республика спорткомитетінің басшылары мені аға

Өмір өткелдері жаттықтырушылық қызметке шақырғанда, алдымен мен оларға мынадай шарт қойып едім: – «Егер сіздер мені Қазақстан құрама командасына аға бапкер етіп қойғыларыңыз келсе, мен Әбілсейіт Айхановпен, Аман­ жол Бұғыбаевпен, Рамазан Нұрмановтармен бірлесіп жұмыс атқара алмаймын. Олар мен қызмет істеген жерден кетуі керек. Мейлі, оларды директор етіп басқа орынға жібере беріңіздер. Мен осы талабымды сырттан пыш-пыш өсек етпей, көздеріңізше айтып отырмын. Мен сіздермен бірге қызмет атқара алмаймын. Осыған көнсеңіздер ғана аға жаттықтырушы боламын»... Бұл қандай талап? Қазақтың үш бірдей бірегей азамат палуаны басқа кеңістіктен жер ауып келіп пе еді сонда? Қазақша айтсақ, біз үшеуіміз тоқалдан туып па едік? Әр жылдары үшеуіміз де Қазақстан күресіне өзіміздің лайықты қолтаңбамызды қалдырып едік қой. Петрге әлдекімдер жол беріп отырғаннан сау ма? Әйтпесе, ол көңілі мұздай қаритын әлгіндей сөздерді айтпаса керек еді ғой. Әлде жастығы ма, тау суындай асыққан албырт көңілдің мастығы ма? Шамданбай, ашуланбай, оған уәж айттым. – Петр екеуіміздің сіз-бізден артық сөзіміз болмағанын өзің білесің. Есіңде шығар, сіз 1971 жылы командада ком­ сорг болып жүрген кезіңізде өзара келісе алмағанымыз өтірік емес. Ол күнделікті жұмыс бабындағы өзара сын­ нан өршіп кеткен болатын. Оны осы уақытқа дейін кек сақтауға бола ма? Халқымыз айтылған сөзді атылған оққа теңейді. Сіз өзіңіздің сөзіңізге жауап беруге тиістісіз. Егер сүйікті От­ анымыз Сізбен бірге жаңағы өзіңіз айтқан үш жігітке аса маңызды тапсырма жүктесе сіз одан бас тартып, мен оған бармаймын дейсіз бе? Сондықтан қандай пікір білдіру

Шайхан ЖАНДАЕВ үшін де алдымен кеңінен толғанып, ойланып барып айту керек. Сіздің қандай жұмыс тындырып жүргеніңіз бізге бес саусақтай белгілі. Сіз 1975-1977 жылдар аралығында еркін күрестен Қазақстан құрама командасында аға жаттықтырушы болып қызмет атқарған кезіңізде қандай биіктерге қол жеткіздіңіз? Тайға таңба басылғандай, жастарын төмендетіп, жалған документ жасап, дүбірлі жарыстарға жасарып апарған палуандарыңыз көңіліңізді қалдырды ма? Олардың болашағы қандай болды? Рас, сіз Ивановты алға тартасыз. Бәрін де сонымен жуып-шаймақсыз. Сонда сіз жергілікті палуандарды тәрбиелемей, сырттан әкелген жұлдыздарыңыз кімге абырой әпереді? Бір күнгі жетістіктің буына мәз болып, мәселенің екінші жағын мүлдем естен шығарып алдыңыз. Шындыққа тіке қарап, осындай құйтырқыларды да аттап өтуіңіз керек еді. Бірақ сіз одан орағытып аттап өтіп кеттіңіз. Бұл орайда біз сізге сенбей отырған жоқпыз. Бар түсініспестік сіздің сайдың тасындай іріктелген үш аза­ матқа сенбегеніңізде болып отыр. Ал еркін күреске алмас қылыштай өткір жастық шағымды, отыз жыл өмірімді арнаған мен, шүкір, әр сөздің қадір-қасиетін түсінетін жастамын. Оған ешкім қарсы дау айтпайтын шығар. Сондықтан пікір білдіру үшін жеті рет пішіп, бір-ақ рет кескеннің ешқандай артықтығы жоқ. Сіз әлі жассыз, ке­ лешекте осыны ойлаңыз... Міне, жазықсыз осылай жапа шеккен менің халімді біреулер біледі, біреулер білмейді. Осының бәрі бет пердесіне шымылдық құрған, әлдекімдердің от көсеп, жартылай жанған шаланы бет-аузының күйе бола­ тынына қарамастан үрлеуімен болғанын мен жақсы

Өмір өткелдері сезінемін. Бұл арада да республиканың спорт басшылары принциптік мінез таныта алмай, Петр Суриковты еркін күрестен Қазақстан құрама командасына екі рет аға жат­ тықтырушы етіп тағайындап, оны екі рет қызметінен шығарды. Мұның ең бір зұлымдығы сол – бұл қызметке әйтеуір Айханов жоламаса екен. Ал республика күресі пұл болмаса, күл болсын деген ой еді. Менің бұл сөздерімнің ешқандай бұрыстығы жоқ. Еркін күрестің тізгінін сұраусыз әркімнің қолына ұстата салудан дым пайда келмегені республиканың спорт басшыларына бес саусақтай белгілі еді. Әйтпесе, қолымызда өскен Петрдің әлгі сөзі не? Көпе-көрнеу барлық жұрттың көз алдында арыстай үш аза­матқа тас лақтырып, өзін ғана жоғары санап, бізді іске алғысыз етіп қорлап тұрғаны нағыз таң керең болмаса, әркімге де айтпаса да түсінікті еді. Жеме-жемге келгенде, осы алқалы жиындарда отырған басшылар, белгілі күрес мамандары Петрді қолдап шықты. Ал аталған үшеуіміз тағы да қалтарыста қала бердік. Бұл Әбілсейіт не көрмеді дейсіз. Талай-талай сыр­ ғытпалар, ағатайлап, көкетайлап келіп, күндердің күнінде сырт айналатындарды да көп кездестірдік қой. Соның қайсы бірін айта бересің. Сонда да мына бір оқиға ұмытылмайды екен. Қай бір жылы жел айдаған қаңбақтай мен кәсіподақ­ тары ерікті спорт қоғамына қарайтын Олимпиада чем­пионы Жақсылық Үшкемпіров басқаратын күрес мекте­біне аға жаттықтырушы болып тағайындалғанмын. Жақ­сылыққа келіп осылай да осылай деп жағдайымды айттым. – Жарайды, аға, былай болсын, сіз осы Алматыдан 60–80 бала жинаңыз. Бұған бір ай уақыт берейін. Содан кейін өзіңіз іріктеп алған балаларды жаттықтырасыз.

Шайхан ЖАНДАЕВ – Мақұл, айналайын. Онда маған әлгі балаларды күрестіретін бір зал тауып бер, – дедім. – Оны өзіңіз бастықтармен ақылдасып көріңіз. «Жазған құлда шаршау бар ма?» дегендей, кәсіп­ одақтары спорт қоғамының төрағасы Қазбек Әшілаевқа барайын. Жағдайымды айтайын: – Әбеке, сіздің Алатаудай беделіңіз бар, залды өзі­ ңіз-ақ тауып алмайсыз ба? – деп Қазбек маған ақыл айтып тұр. Құдай-ау десеңізші, ол маған өзінің жеке мен­шігіндегі спорт залын беретіндей бұлданады. Бұған қалай ренжі­мей­сің? Бұл дегеніңіз нағыз адамға деген бюрократтық көз­қарас емес пе? Мен әлгі балаларды сол қоғамның келешегі үшін жаттықтырмаймын ба? Осындай сырғытпаларды көріп тұрып қалайша қамықпайсың? Сонымен, не керек, жағалап отырып, Алматы облыс­ тық дене тәрбиесі және спорт комитетіне келейін. Оның төрағасы Қайрат Қашқынбаев деген жігіт ыстық ықы­ ласпен қарсы алды. – Аға, – деді ол, – сіз соншалықты неге қамығасыз? Мына іргедегі Шамалған мелиорация техникумының спорт залына жаттықтырушы болыңыз. Жалақыны Қапшағайдағы облыстық спорт мектебінен аласыз, – деді. Мен бұған ойланып қалдым. Ойланатын себебім, атақ­ ты ақын Мәди айтқандай, ақырында мен бір қуғын көр­ген жан болып шықтым. Үйім – Алматыда, қызметім – Ша­ малғанда, жалақым – Қапшағайда, жаман емес сияқты, ә? Сонымен 1988 жылдың жаңа жылы да келді. Қаңтар­ дың алғашқы жұмыс күні Қ. Көкбаев маған штат қысқарды деп бұйрық жазып, оның көшірмесін қолыма ұстатты. Кейіннен ақпанның 10, 18, 19, 22 жұлдызында тағы да төрт бұйрықты бұрқ еткізді. Ең соңғы бұйрықты алып, журналға қол қойдым да, оған: «педагогикалық

Өмір өткелдері жұмыс сағатым толық, қысқартуға іліккен жоқпын» деп жаздым. Жаздым да, бұйрықты қалтама салып, бұл істі сотқа бердім. Калинин аудандық халық сотының қызметкерлері кейіннен істің анық-қанығын анықтады. Маған тағылған: «Айханов соңғы жылдары құрама командаға бірде-бір спортшы даярламады» деген кінәні сот жоққа шығарды. Өйткені мен үш жыл бойы Ауғанстанда жүрсем, құрамаға спортшыны кім дайындайды? Аудандық халық соты Айхановты республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіндегі бұрынғы жаттықтырушылық жұмысына қайтадан тағайындау жөнінде шешім шығарды. Содан кейін ғана республика жоғары спорт шеберлігі мектебіне жаттықтырушы болып зорға қабылдандым. Бірақ бұл қуаныш та көпке ұзамады. Аманша Ақпаев басқарып отырған республиканың спорт комитеті күні бүгінге дейін тоқырау кезіндегі әміршіл-әкімшіл бас­ шылықтан арыла алмай келеді. Жақында оның осы қызметке қайтадан қалайша сайланғанына мен қатты таң қаламын. Өзге-өзге емес. Қазақстан күресіне лайықты үлес қосқан Әбілсейіт Айхановқа дұрыс қызмет тауып бере алмай отырған Ақпаев кімді жарылғасын. Республика спортын мафия жайлап алған. Ол соның шылауынан шыға алмай жүрген адам. Әйтпесе, мен бір кісідей өз қызметімді атқарамын ғой. Менің бар айыбым – біреуден қылдай қиянат, әділет­ сіздік көрсем, оны жасыра алмаймын. Кім де болса кем­шілігін бетіне айтып саламын. Ал спорт басшылары менің жалтақтап жүруімді қалайды. Туа біткен жараты­ лысымнан ондай мінезім жоқ болса, мен қалай жағымпаз атанамын? Басқа жаттықтырушылар менің жалған іске

Шайхан ЖАНДАЕВ бармайтынымды жақсы біледі де, менен іргесін аулақ салғысы келеді. Сонда олар жек көреді екен деп мен қызмет атқармауым керек пе? Сайып келгенде, осы ұзақ жылғы айтыс-тартыстан Қазақстанның еркін күресі бұрынғы атақ-даңқынан ай­ рылып қалды. Ал Ақпаев басқарған спорт комитетіндегі басқа жолдастар, бапкерлер маған қызмет беруден гөрі, сол бұрынғы атақ-даңқтың одан сайын құлдырай беруін жақсы көріп отыр. Мұндай созылмалы ауру-дерттің не­ мен тынатынын қазір ешкім де тап басып айта алмайды. Республикадағы классикалық күрестің жайы да онша емес. Алматылық палуан Валерий Рязанцевтің есімі дүние жүзіне әйгілі. Ол әлемнің үш дүркін, Олимпиада ойындарының екі мәрте чемпионы. Менің жеке өз ба­ сыма Валерийдің күресі өте ұнайды. Спорттың кейбір майталман мамандары осы палуанның әдіс-тәсілін «көне дәуірдегі техника» деп қорлағандай пікір айтады. Бұған мен келіспеймін. Олардың сынайтыны – Валерий жиі қолданған «бычок» қазақша айтқанда «бұқа сүзісі» деп аталатын тәсіл. Оның мәнісі – қарсыласын мойнымен иықтан итеріп, спортшының артына шығып алуы. Менің ұғымымша, бұл палуанның шеберлігі шыңдалғанда ғана батылы барып қолданатын әдіс. Ал осыны түсінбейтін адамдарды мен палуандық өнерден білімі өте таяз деп бағалаймын. Осы Валерийдің ұстазы ССРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вадим Псаревтің де Қазақстан спор­ тына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Осы адамның басшы­ лығымен республиканың құрама командасы ССРО ха­лықтарының VI жазғы спартакиадасында жеңімпаз атанды. Палуандарға тәлім беруде өзіндік методикасы бар, тәжірибесі мол маман. Осы Псарев та, одан кейін

Өмір өткелдері Олимпиада чемпионы атанған марқұм Шәміл Серіковтың ұстазы Анатолий Жарков та аға бапкерлік қызметтен қу­ыл­ды. Неге? Бұл сұраққа Ақпаевтан басқа адам жауап бере алмайтын шығар. Республиканың спортында тоқырау кезінде қойылған басшыларды алмастырмайынша, күрестің көсегесі кө­гер­ мейді. Ал бізде қолынан іс келетін, жұмыс десе жанып тұратын отты жастар аз емес. Осындайда еске түседі. Жетпісінші жылдардың аяғында, сексенінші жыл­дардың бас кезінде Қарағандыда облыстық дене тәр­биесі және спорт комитетінің төрағасы болып Ғалым Жарылғапов деген азамат қызмет атқарды. Қара жер хабар бермесін, сол марқұм өте тереңнен ойлайтын. Спортшылар мен жаттықтырушыларға әкедей мейірімді, қамқор еді. Спортқа жаны ашитын. Бірде мен Қарағандыда бол­ ғанымда Ғалым маған: – Әбеке, Қарқаралыда балалар мен жасөспірімдердің күрес мектебі бар. Содан он жайнақты таңдап алып, өзің тәрбиелеші. Олардың киімдерін, ішетін тамақтарын біз өзіміз мойнымызға алайық, – деп өтініш жасап еді. Қан­ дай көрегендік десеңізші. Ғалым марқұм сонда сол он баладан күндердің күнінде талантты палуан шығатынына имандай сеніп тұр. Мен кейіннен осы тілекті Қабден Байдосовқа айтып едім, ол бірден тайсақтап шыға келді. «Басы ауырмағанның балтыры сыздамайды» деген нағыз осы емес пе? Ал болашағын ойламаған адамнан не шығады? Алматыда Қазақ радиосында Өмірзақ Жолымбетов деген бір журналист бар. Қазақтың дене тәрбиесі инсти­ тутын бітірген. Бірінші разрядты ауыр атлетші. Спорттың бірнеше түрімен шұғылданады. Өзі спорттың арғы-бергі тарихын бес саусағындай біледі. Соны халыққа кеңінен

Шайхан ЖАНДАЕВ насихаттап жеткізе де алады. Егер ол алда-жалда респу­ блика спортының төрағасы бола қалса, әсіресе ұлттық спорт түрлерінің бағы жанар еді... «Ел іші – өнер кеніші» деген ғой халқымыз. Ауыл-се­ лоларда аудан, қалаларда талай-талай қазақ жігіттерінің бағы жанбай жүр ғой. Ал оларды іздеп табу үшін сол іске жан-тәнімен берілген жаттықтырушылар өте аз. Өйткені әркім өзінің күнделікті орнын ойлап, басқамен шаруасы бола бермейді. Ал Суриковтер бірде-бір рет ауыл аралап шыққан емес. Онсыз күрес өркендемейді ғой. Күнделікті газет-журналдарды алғанда менің атыма республиканың жер-жерінен көптеген хаттар келіп жата­ ды. Солардың біразы менің семьямда спортшы болғандар бар ма деп жиі сұрайды. Оны да қысқаша айта кетейін. Тұңғыш ұлым – Қадырсейіт, мамандығы инженермеханик. Жас кезінде еркін күреспен шұғылданған. ССРО спорт шеберлігіне кандидат. Семсерлесумен, су добымен, ат спортымен, шахматпен, допты хоккеймен шұғылданған. Разрядтары бар. Алмагүлім өзімнің жолымды қуып Алматы дене тәр­биесі институтының бұқаралық-ұйымдастыру фа­ культетін бітірді. Ал Айгүлдің орта білімі бар. ҚазМУ-де оқып жүр. Ең кенжем – Қызырсейіт мектепте оқиды. Күрес түрлерін жанындай жақсы көреді. Ал оның қайсын таңдайды, оны келешек көрсетеді. Қазір Кәмаш екеуіміз үш немере сүйіп отырмыз. Тұңғыш немерем Сеул Олимпиадасынын салтанатты жағдайда ашылған күні дүниеге келді. «Кемедегінің жаны бір» дегендей, осы дүбірлі сынға қатысқан қазақ палуаны Дәулет Тұрлыханов үшін «ауырып», шыбын жанымыз қалмаған сонда. Осы жақсы көретін інімнің құрметі үшін

Өмір өткелдері сол жас нәрестенің есімін Тұрдаусе деп (Тұрлыханов Дәулет Сеулде деген ұғымды білдіреді) қоямын деп жүр едім, жастар жағы бұған бірауыздан қарсы болды. «Папа, сен оны қай адамға барып түсіндіресің деп уәж айтты олар. Бірақ менің де көңілімді қалдырмай жас сәбиді Сеулсейіт деп атады. Кім біледі, Айхановтар әулетінің дәстүрін бәлкім осы Сеулсейіт жалғастырар?! Мен алмаған биіктерді осы Сеулсейіт бағындырар?! Екінші немеремнің есімі Айтолқын. Үшіншісі – Азамат. Имандай сырымды айтсам, осы балаларды тәрбиелеп, өсірген өзімнің шешем Рақила мен жан жолдасым Кәмаш. Бұл екі адамның бала тәрбиесіне сіңірген еңбектеріне баға жетпейді. ҰЛТТЫҚ КҮРЕС ТОЛҒАНДЫРАДЫ Біз өткен жетпіс жылдан астам уақыт ішінде сәби ба­ ладай бәріне имандай сеніп келдік. Содан не ұтылдық? Ұтылғанымыз көп, соның ең бастысы – өзіміздің туған анамыздың ақ сүтінен дарыған ана тілімізді жоғалтып ала жаздадық. Ғасырлар бойы қалыптасқан ежелгі игі дәстүрлерден көз жазып қалдық. Үлкенді сыйлауды, кішіні жақсылыққа тәрбиелеуді ұмыттық. Көлгірлікке, өтірік, өсек, жалған айтуға жол беріп алдық. Соның ең күйініштілерінің бірі – қазақша күресті жоғалттық. Қазір оның аты бар да, заты жоқ. Ол халыққа бұрынғыдай ләззат, қуаныш сыйламайды. Мені баршамыздың қазақша күрестен жеруге көшкеніміз хатты қынжылтады. Оның негізгі себебі – біз өзіміздің ұлттық қасиетімізді сыйлау­ дан қол үзіп барамыз. Күресу үшін ең алдымен қазақтың қасиетін білу керек. Халықтың салт-санасын, дәстүрін үйрену қажет.

Шайхан ЖАНДАЕВ Бабамыз Қажымұхан осы қазақша күреспен-ақ өзін бүкіл әлемге таныстырды ғой. Енді оны дүние жүзіне әйгілеу біздердің, бүгінгі өскелең жастардың абыройлы борышы. Салыстыра айтсам, шүкір, тіл-аузым тасқа, қазір айтыс күннен-күнге соны сипат алып келеді. Оны тыңдаушы халық енді жаттап алған айтысты менсінбейтін болды. Көрермен ақыннан қолма-қол суырып салған отты жырларды талап етеді. Егер де қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алмай, жер-жердің бәрінде іс қағаздары орыс­ ша жүргізілсе, балалар ана тілін білмесе, айтыстың да көсегесі көгермес еді. Қазақша күрес те сондай. Оған әрбір қазақ азаматының жаны ашып, қамқор болуы керек. Ұлттық күресті қалай дамытуға болады? Бұл сұрақ жүз ойланып, мың толғанып жауап беруді қажет етеді. Өйткені бұл мәселенің толғақты жайлары өте көп. Солардың ең біріншісі – біз қазақша күрес деп айтып жүрген атауымызды дұрыстап алуымыз керек. Неге десеңіз қазақша, орысша, немісше, украинша деген жеке күрес жоқ. Осылай деп атай берсек, ол біздің сауатсыздығымызды көрсетеді. Ал нағыз дұрысы – қазақ халқының ұлттық күресі деп атауымыз керек. Мәселен, бізден басқа көршілес бауырларымыз өздерінің ұлттық күресіне ат қойып алған. Сондықтан мен мұны алдағы уақытта қазақ халық күресі деп атауды жөн көремін. Не­ месе оны палуан күресі деу керек. Ертеде небір мықтылар мен алыптар «палуандікі – балақтан» деп бекер айтпаған. Қалай күрессең, олай кү­ рес, әйтеуір, қарсыласыңның жаурынын жерге тигізу па­ рыз. Шаласың ба, жоқ әлде басыңнан асырып лақтырасың ба, ол өз еркің. Айла, әдіс-тәсілдердің шегі болмауға тиісті. Айталық, шалу әдісі ағылшындарда да бар, қырқа шалу самбо мен дзюдода кездеседі. Осы тәсілдерді

Өмір өткелдері әркімге жеке-жеке үлестіріп бере берсек, халқымыздың ұлттық күресінде қандай қасиет қалады? Бұл арада ерек­ ше көңіл бөліп айта кететін бір жай, халықтық күресте барлық әдістерді кеңінен қолдану қажет. Әрине, ұруға, баспен соғуға, тіземен және аяқпен тебуге, шаштан ұстауға, шымшуға, тырнауға әсте болмайды. Жапондарда қария мен бала белдеседі. Сонда жас жайнақ шыр көбелек айналғанда ересек адамның басы айналып кетеді екен. Мұның өзі салмаққа қарамау керек деген ұғымды білдірсе керек. Бұл тұрғыдан алғанда атам қазақ «Күш атасын танымас» деп бекер айтпаған. Ал салмақ мәселесінің басын ашып алсақ, мектеп балалары үшін көп салмақ дәрежесін өндірген дұрыс сияқты. Ал ересектердің негізінен үш немесе, әрі кетсе, төрт салмақ бойынша белдескені абзал. Бұл мәселе бір қалыптасса, одан әрі жалғасып кетер еді. Енді киім туралы сөз етсек, меніңше белбеу таққан дұрыс. Егер палуан кілемге күрте киіп шықса, ол самбоға ұқсап кетеді. Сондықтан тізеге жетпейтін жұқа, жеңіл де ықшам, алды ашық шапан киген жөн деп білемін. Бұл арада ұлттық күрестің мәдениетін мұқият ескеріп, кілемге мәсі немесе етік кие ме, әйтпесе жалаң аяқ шыға ма, осыны да келісіп, шешіп алған жөн. Және де ұлттық күрестен жарыс өткенде өлең айтылып, күй ойналып, жыр жырланып, терме шырқалып жатса, қандай жақсы болар еді. Халықтық күресті жүргізу және палуандарға атақ беру мәселелері де оңай шаруа емес. Мұны шешу үшін мамандар мен жанкүйерлерді жинап, халықтық күрестің бұлжымас ережесін жасауды тез арада қолға алған жөн. Онсыз манадан бері айтқандарымыз құр босқа желге ұшып кетеді. Ал ереже шығару да өте жауапты, оған

Шайхан ЖАНДАЕВ алдымен оны тыңдайтын, сыйлайтын, пікір айтатын адам­ дарды іздеп табуымыз керек. Ол адамдар қазақтың тілін, дәстүрін, салтын жетік білмесе пайдалы ой айта алмайды. Ереже дегеннен шығады, мен 1971 жылы халықтық күрестің жеке ережесін жаздым. Қолжазбамның көлемі – 70 бет. Онда Амангелді Ғапсаттаров мемлекеттік жат­ тықтырушы еді. Ол оны әртүрлі сылтаулар айтып, бе­ кітпей тастады. Кейде өзіңмен-өзің жеке қалып қабырғаңмен сыр­ ласып, ойға шомсаң бармағыңды шайнағың келеді. Сол ­жылдары осы ереже көптің талқысына түсіп, то­ лықтырылып бекіп, ол Қазақстанның жер-жеріне кеңінен тарағанда, талай-талай жастардың есімдері шығып, біздің халықтық күресіміз бүгінде тамырын кеңге салып, өзінің өріс-аясын әлемге танытатын дәрежеге жетіп қалушы еді. Жоғары білімі бар басшылардың, саналы азаматтардың осы халықтық күреске неліктен үрке қарайтынына мен керемет қайран қаламын. Оның себебін қалай ойласам да түсінбеймін. Қазір, Құдайға шүкір, қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды. Қазақстанда Ұлттық Олимпиадалық комитет құрылды. Енді не жетпейді, сонда? Біз, шынын айтсақ, сөз сөйлегенде алдымызға жан салмаймыз да, іске келгенде көш соңында қалатын жаман әдетімізден әлі де болса арыла алмай келеміз ғой. Алда атқарылатын осыншама кыруар іс қаулы алумен, әйтпесе қағазға жазумен әсте де бітпейді. Бірақ соны қолға алатын адам табылмай отырғаны өкінішті-ақ. Адам жоқ деп аузымызды қу шөппен сүртіп, қол қусырып қашанғы отыра береміз, сонда? Мен мұны талай рет айттым. Нанымды дәлелдер де келтірдім. Тоқырау кезінде халықтық күресті айттың деп кінә тағып, сен нағыз ұлтшылсың дегендер де бол­

Өмір өткелдері ды. Тырнақ астынан кір іздеп, жүйкеме ойнап, өзімді сергелдеңге салды. Сонда халықтық күрестің қазіргі мүшкіл жағдайын біз айтпасақ, кім айтады? Менің ойымша осы сөз болған мәселелер Қазақстан Республикасы спорт жөніндегі ұйымының үнемі наза­ рында, бақылауында болуға тиісті. Соған байланысты тез арада ұлттық күрес жөнінде республикалық, облыстық федерация құрып іске кірісу керек. Бүгінде еркін және классикалық, басқа да күрес түрлерімен жастарды баулып жүрген жаттықтырушылар халықтық күреске танауларын тыржитып, шекесінен қарайды. Мен мұны өте сауатсыздық әрі мәдениетсіздік дер едім. Неге десеңіз, халықтық күрес өзінің басқа да түрлері: еркін және классикалық күрестен, немесе самбо мен дзюдодан артық болмаса әсте кем емес. Тек қана оған ынта-ықылас, ұлттық намыс, ілтипат, құрмет жетпейді. Егер әрбір жаттықтырушыда, әр басшыда халықтық күреске деген әлгіндей жанашырлық сезім мен қалтқысыз қамқорлық болса, оның атақ-даңқын дүние жүзіне шығаруға әбден болар еді. Осы айтылғандарды іс жүзіне асыру үшін ең ал­ дымен Алматыдан бастап, әрбір облыс, аудан, ауылға дейін халықтық күрес үйірмелерін түбірімен қайта құру қажет деп санаймын. Ол ең алдымен білгір, іскер маман кадрларға байланысты. Сондықтан халықтық күрес жаттықтырушыларының республикалық, аймақтық, облыстық, аудандық семинар-кеңестерін өткізуді қолға алу керек. Халқымыз «Ауруын жасырған өледі» деп ащы шын­ дықты да бетке айтқан. Жасыратыны жоқ, республикалық спорт басшылары жер-жердегі қазақтардың ұлттық спорт түрлерімен жан-жақты шұғылдануына күні бүгінге

Шайхан ЖАНДАЕВ дейін жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмей жүр. Бұл орайда ондаған, жүздеген мысалдар келтіруге болады. Мәселен, футболда, дойбыда, шахматта, жеңіл атлетикада, волей­ болда, баскетболда, тағы басқа спорт түрлерінде неліктен қазақ жастары көрінбейді? Оған басшылар нақты да дәл жауап айта алмайды. Мықты деген қазақ палуандарын санасаң да он саусағың толық жұмылмайды. Осы тұрғыдан алғанда, республика басылымдарын­ да көп жылдан бері қалам тартып жүрген журналист ағайындарға да өкпеміз қара қазандай. Жастар газеті бол­ маса аға газеттер, журналдар спорт тақырыбын мүлдем ұмытқан деуге де болады. Әсіресе, оларда ұлттық спорт­ ты дамыту проблемалары сирек жазылады. Аптасына бірақ рет жарық көретін алақандай республикалық «Спорт» газетінің бұған ешқандай мүмкіндігі жоқ. Көпшіліктің сүйікті басылымының көлемін және шығу жиілігін көбейту сияқты толғақты мәселелерді шешуді қолға ала­ тын уақыт әбден жетті. Бірақ оған республиканың спорт басшылары жанды көмек бере алмай отыр. Сонда осының бәрін сырттан біреу келіп атқарып кетпейді ғой. Бірақ біз қайта құру кезінде де «Сен тимесең, мен тимен, бадырақ көз» дегеннің керін келтіріп, үндемей-түндемей, сұлусыпайы жүріп жатырмыз. Ал мұнымен алысқа көп ұзап бара алмаймыз ғой. Осының ащы запыранын да жұтып жүрміз. Бірақ республиканың басшылары нағыз ертегі кейіпкерлері сияқты. Суға салсаң, батпайды, отқа салсаң, жанбайды. Халықтық күрестің жайы қандай, оған еш адамның басы ауырмайды. Ал оларға жоғары жақтан «Ау, көкем-ау, бұларың жарамайды, сендер ұлттық күреске бастарыңмен жауап бересіңдер», дейтін бір жан жоқ. Ұзақ жылдар бойы қанға сіңіп қалған ескі әдеттің салдарынан қазақ палуандарының есімдері әлемге шыға

Өмір өткелдері алмай жүр. Ал бүгінде жариялылықтың самалы есіп отырған сәтте, тікелей бұрылып, қамқорлық жасалған шақта халықтық күресті өрге тартып, оның тынысын ашып, өрісін, көкжиегін кеңейтетін уақыт әбден жетті. Тап осы пікірлерім айтыла-айтыла әбден жауыр болған. Содан ешқандай қорытынды шықпайтыны қатты қынжылтады. Біздің білгір маманға немес жоғары оқу орынан жаңа ғана шыққан жастарға деген көзқарасымыз тым кереғар ғой. Мысал келтірейін. Мәселен, ҚазМУ-ды биыл ғана бітірген, диплом алған жас Жоғары және арнаулы орта білім Министрлігіне нұсқаушы болып қызметке тұрады. Бірақ ол көп кешікпей өзі түлеп ұшқан университетін тексеруге барады. Ондағы ректордың докторлық, ал кафедра меңгерушілерінің ғылым кандидаты деген дәрежелері бар. Сонда әлгі нұсқаушының өз ұстаздарының сан қырлы жұмыстарын тексеруге өресі жете ме? Мен бұған жеке өз басым күмән келтіремін. Жетпейтіні айдан анық. Міне, күрестегі жағдай да сол сияқты. Алды – жи­ ырма, арты отыз жыл жаттықтырушы болып қызмет атқарған адамға институтты жаңа ғана бітірген жас қалай ақыл-кеңес бере алады?! Тіпті, күлкің келеді. Өмір жо­ лын енді ғана бастаған жігіт нағыз қатал сын – қызмет баспалдақтарынан өтуі керек қой. Сондықтан ол біреуге ақыл айтуы үшін ең алдымен жаттығудың ащы терінің дәмін татып, күрес әліппелерін толық меңгеретіндей дәрежеге жетуге тиісті. Бала тұңғыш рет мектепке барғанда ең бірінші әріп­ терді үйренеді де, сөз, сөйлем құрауға жаттығады. Оның сөздік қоры неғұрлым бай болса, ол соғұрлым жатық та шешен сөйлейді. Күрес те сондай. Сол сияқты, палуандық өнердің әліппелері де сан алуан. Жамбасқа алу, бастан

Шайхан ЖАНДАЕВ асыра лақтыру, тағы сондай, сондай толып жатыр. Осының бәрін толық меңгерсе, палуанға да шеберлік пай­ да болады. Ол сонда өзіне-өзі сенімді болып, қарсыласын өзінің сүйікті әдіс-тәсілін жасауға шақырады. Мұны қазақшалап айтсақ, әріптесіне осалдау болып көрініп, оны ақыр аяғында қақпанға түсереді. Ал осындай нағыз өмір мектебінен шыңдалмай, институт бітіре сала бірден Қазақстан Республикасы спорт ұйымында қызмет атқа­ рып жүрген жастарды көргенде еріксіз қарның ашады. Осы орайда мен алдағы уақытта республикалық спорт комитетінің жұмысын жақсартып, жандандыра түсу жөнінде бірер пікір білдіре кеткім келеді. Мұнда бү­ гінге дейін Қазақстандағы атақты спортшылар алқасы құрылмай отыр. Олар, жиі-жиі бас қосып, қандай же­тіс­ тіктер бар, қандай кемшіліктер кездесті, оны қалай жою керектігі жөнінде ақыл-кеңестерін ортаға салып отырса, бұл көп пайда әкелер еді. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» дегендей, мұнда бір жеңнен қол шығаратын­дай ұйымшылдық жоқ. Әркім өзінің жеке дара басының қа­мын ойлап, сол отырған орындарынан айырылып қалмайын деп тістей қатып, сол үшін қандай да болсын қиястыққа, небір зұлымдық әрекеттерге барады. Мұн­дай тұрпайы қылық спорттай нәзік те қасиетті өнерге еш­ қандай пайда келтірмейді. Ал жаман әдеттен жиренетін кез келді ғой ағайындар десем, спорт басшылары алған беттерінен бір танбайды. Республикалық спорт комитетіндегі лауазымды жол­ дастар, еркін күрес төңірегіндегі шағын жаттықтырушы­ лар тобы Айхановқа қалайда жанталасып, арамдық ойлап, танаулап, ұрандап қарсы шықса да, олар Әбілсейіттей бола алмайды. Қазақтың күрес өнерінде мен Қажымұқан бабамнан кейінгі асқар шыңмын. Күннің нұрлы сәулесі

Өмір өткелдері қаншама жылуын мейірлене төксе де, долы жел дауылда­ та, нөсерлете соқса да биік шыңдағы кіршіксіз аппақ қар өзінің сол сұлу көрінісіне дақ шалдырмайды. Менің туған халқыма деген адал жүрегім, күреске деген ыстық махаб­ батым, қалтқысыз ақ көңілім сол аппақ қардай тап-таза. Қай адам өзінің туған анасын жақсы көрмейді? Басқа біреу бөгденің емес, ең алдымен өзінің шешесін құрметтейді, соны аялайды. Сол сияқты мен де ең алды­ мен өз ұлтымның күресін қастерлеп, соның атақ-абыройы әлемге шыға берсе екен деп тілеймін. Мұндайда тырнақ астынан кір іздейтіндер мені ұлтшыл, Әбілсейіт өзінің баяғы ескі әнінің әуеніне басты деп өзеуреп, кеуделеп шыға келеді. Қазақ палуандары кешегі тоқыраудың салдарынан күні бүгінге дейін жарқырай көріне ал­ май жүрсе, республиканың спорт басшылары күрес өне­рін жандандыруға жолатпай, Қазақстан құрама командасының бас бапкерінің тізгінін бермей жүрсе, оған мен шырылдамағанда кімнің қабырғасы қайысады. Және де бір ғажабы осы әңгімені Қазақстанның атақ­ ты-атақты, беделді басшылары, спортқа жаны ашитын қамқор ғалымдары мен ақын-жазушылары естіп те, көріп те отыр. Сонда да олар селт етпей, «Қырқысып таласа беріңдер, қай жеңгенің менікі» дегендей, әу демей, жұм­ ған ауыздарын ашпайды. Мен осыған түсінбеймін. Осы уақытқа дейін республика журналистерінен осы күрес маңындағы шым-шытырық айтыс-тартыстарды, қосып жазып, өтірік ССРО спорт шебері атағын алатындарды, жеке басының қамы үшін адам ойлап таппайтын айлашарғыға баратындарды жазатын тілшілердің жоқтығына қатты қынжыламын. Олай дейтінім, әр бапкер өз шәкір­ тінің ғана жайын ойлап, басқа мықты палуандардың бағын байлайды. Өзгенің емес, өзінің шыққан тауының ғана биік болуын қалайды. Егер асау өзеннің арналары

Шайхан ЖАНДАЕВ бірте-бірте тартыла берсе, оның келешегі қандай болар еді? Спорт та, оның ішінде еркін күрес те сондай. Жержерден ағынды бастау ала алмаған соң, жаттықтырушы­ лар бірінен соң бірі алмасып жатқаннан кейін, күрестің де құлдырауы заңды. Ең бастысы, тәртіп нашарлап кетті. Тамыр-таныстық жайлап алды. Ал құлшына қызмет атқарайын дегендерге ешқандай жағдай жасалынбаса, оған мүмкіндік берілмесе, жағдай қалай жақсара қой­ сын?! Міне, осы сорақы мінездердің қан-жынын шы­ ғарып, оны жұртшылыққа бүкпесіз жеткізетін уақыт әбден келген жоқ па? Бұл арада мен өзімді басқа жаттықтырушылардан артық санап отырған жоқпын. Күні бүгінге дейін әділеттіліктің жоқ екенін, шындықтың шыңына шығудың қаншалықты қиын екенін айтқым келеді. Әйтпесе, мен өзімнің көз алдымда өскен Петр Суриковтай немесе өзімнің шәкіртім Аманжол Бұғыбаевтай қызмет атқара алмаймын ба? Бүгінде демократия, жариялылық талай-талай жолсыз, жөнсіз істердің ара жігін ажыратып, оның ақ, қарасын анықтап жатыр ғой. Еркін күрес және халықтық күрес ауылына да бетбұрыстың алтын күрек бір самалы соғады деп сенемін. Бұған еш күмән келтірмеймін. Ал жетпіс жылдан астам уақыт бойы шырмауықтай шырмалған тоқыраудың әкімшіл-әміршіл құрсауынан босанып, тыңнан түрен салу да оңай емес. Есті, алды-артын ойлапболжайтын адам табылса, айтыс-тартыстан не ұттық, не ұтылдық деп оны ақыл таразысына салса, әр коллективте темірдей тәртіп болса, онда жоғалған жұмыстардың ор­ нын толтыруға болар еді. Күрес – менің өмірім. Мен оған ғұмыр бойы қарыз­ дармын. Өйткені мен осы елуден асқан жасыма дейін

Өмір өткелдері үйімді, семьямды, балаларымды ұмытып, тек қана күрес деп жүрген жан едім. Өмір бойы өзімнің жинаған бай тәжірибемді туған халқыма, жас ұрпақтарға берсем екен деп армандаған жанның бірімін. Мен үшін ел-жұртыма қалтқысыз қызмет атқарудан артық бақыт жоқ. Бірақ өз айтқаны болмаса қайтпайтын Ақбаев жолдастың қырсығынан маған күрестің билігі тимей отыр ғой. Шындығында, Ақбаев кім, Айханов кім? Ол қайдан шыққан данышпан? Оны былайғы жұрт танымайды да, ал менің есімім бүкіл дүние жүзіне әйгілі. Республи­ ка өкіметі ұлттық күреске жаны ашымайтын адамға спорттың бар билігін беріп қойып отыр. Егер Ақбаев осы қызметінде жүре берсе, күрес өнерінің өспей, құлдырай беретініне мен имандай сенемін. Өйткені, жоғарыда айт­ қанымдай, күреске түбегейлі өзгерістер, оны түбірімен жақсарту керек. Спорт өміріндегі ең басты міндет те осы. Олай дейтінім, айлакер, жырынды топ тұғырдан түспей жүрген жылдарымда мені де, еркін күрестің атасы Петр Филиппович Матушакты да тірсектен қағып, әдіс-амалын асырып «бір оқпен атып» кетті ғой. Енді оны түзеу, ескі жараның орнын жазу қиынның қиыны. Сондықтан Қазақстан күресіне тез арада шұғыл да батыл шаралар қажет. Былай болмайынша, құр бос сөзбен күрестің көсегесін көгерте алмаймыз. Көгерте алмайтынымызды айтайын. Балаларға күрес техникасын үйрету жер-жерде бұрынғы қалыптасқан ескі методика бойынша жүргізілді. Қазақстан күресінің өспей, сол бір орында тұралап қалуының басты себебі де осында. Ал бұрынғы методиканы арифметиканың ежелгі төрт амалына теңесек, қазіргі күрестің сан алуан техникасы жоғары математика дәрежесінде. Бір есепті шығарудың бірнеше тәсілдері болса, еркін күрес әдістері де сондай,

Шайхан ЖАНДАЕВ оны әр адам өзінің білгенінше орындайды. Әдісті білу бар да, қолдану бір басқа. Ол әртүрлі жағдайда келеді. Менің бір байқағаным жаттықтырушылардың бі­ лім деңгейі төмен, олар өзінің ерте кезде алған «ескі жүгіне» ешнәрсе қоспайды. Мәселен, мектептегі мұға­ лімдерден ғылым кандидаттарының сирек шығатыны сияқты, күрес бапкерлері де өзінде барды қанағат етіп, сарқылып қалады. Тәжірибелі бапкерлер мен өресі саяз жаттықтырушылар бір-бірімен әсте тіл табыса алмайды. Міне, бұл күрес үшін өте зиянды әдет. Осыдан барып алауыздық туады. Бір-екі таңдаулы палуан шықса болды, бөркімізді аспанға атып, даурығысып мәз боламыз. Жержерде желкілдеп өсіп келе жатқан жауқазын жастардың келешегіне өте жауапсыз қараймыз. Ал ауылдық жерлер­ де қаншама жас жеткіншектердің таланттары ашылмай жатыр. Оларға тиісті қамқорлық жасалынбай отыр. Егер әр жерде күреске жанашыр бапкерлер болса, әр ауылда, әр ауданда, облыс орталықтарында күрес үйірмелері тұрақты, өз мәнінде жұмыс атқарса, жауапты адамдарға қатаң талап қойылса, Қазақстан күресінің ежелден қалыптасқан бұрынғы атақ-даңқын қалпына келтіруге болар еді. «Ат тұяғын тай басар» деген. Жыл сайын респуб­ ликадағы жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі факультеттерінен жүздеген жігіттер мен қыздар өмірге жолдама алып шығады. Мен ондай жас мамандарға уақыт талабынан артта қалма, әрдайым соны ойла, ізденіс үстінде бол деп тілеймін. Әрқашан әділеттіліктің ақ туын жықпаңдар, адал болыңдар дер едім. Сен шәкірттің ұстазы болсаң, ол сенің балаң іспеттес. Сондықтан жас палуандарға өз балаңа деген сүйіспеншілік сезіммен қарауың керек.

Өмір өткелдері Бапкер – мәдениетті, жан-жақты адам болуға тиісті. Шәкірт одан тек қана күрестің әртүрлі әдіс-тәсілдерін үйренумен бірге адамгершілік жөнінен де тәлім алады. Жастық шақ адамның албырт кезі емес пе, бозбала қателік жіберіп алса, оған кешірімді болған жарасады. Оның сол қателігін көз жеткізіп түсіндірсең, онда ол екінші рет келеңсіз жайды қайталамайды. Ондай жайға ендігәрі жол бермейді. Ел атынан кілемге түскен палуан – халықтың байлығы, халықтың арманы әрі халықтың тірегі. Неге дейсіз ғой? Егер сіз тарихқа бір сәт көз жіберсеңіз, батыр мен палуан ежелден Отанын жаудан қорғаған. Елі, жері үшін қасық қанын төккен. Батыры мен палуаны көп елге зұлым жау қадам баса алмайды. Сондықтан әр әке, әрбір ана өзінің жас нәрестесін батыр болып, палуан болып ер жетсе екен деп армандаған. Жаттықтырушы өз шәкіртінің құлағына осындай ұғымды сіңіре білуі керек. Әр баланың тілін табу бапкер үшін үлкен өнер. Шәкірттерді алаламай, бәріне бірдей қарасаң, еңбегің сон­ да ғана жанады. Жас палуандардың арасында ешқашанда өтірік айтпауға тырысу керек. Егер олардын көздерінше былапыт сөйлесең, не ішімдік ішсең онда қадір-қасиеттен жұрдай қаласың. Бүгінде жастар тәрбиесі кімді болсын қатты алаңдатып отыр ғой. Өз шәкіртіңді сендіре білсең, оған мол сенім артсаң, айтқан сөздеріңді нақты іспен дәлелдеп отырсаң жұмысың сонда ғана алға басады. Менің жас бапкерлерге беретін батам осы. Бастаған істі тастамаған жаттықтырушы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Іске сәт, жаңа қызметің әрдайым сәтті болсын, бауырым! Жас палуандарға да бірер тілек білдірейін. Күреске түсемін, белдесемін деп білек сыбанып, бел шешкен

Шайхан ЖАНДАЕВ екенсің, қайта шегінбе, ақ қар, көк мұз болып жаттығудың қиыншылық, ауыртпалықтарына жігіттерше шыдай біл. Оған төзе алмайды екенсің, онда келешекте палуан бо­ ламын деп басыңды ауыртпай-ақ қой. Алдыңа қойып, бет алғаннан кейін, үзбей, тұрақты жаттыққан абзал. Ал алға қойған мақсат – керуен көшіндей тым ұзақ әрі ауыр. Оған жететін жолда талай-талай қиын бекеттер кездеседі. Соның бәріне көнсең діттеген жеріңе жетесің. Төзе алмасаң орта жолда шаң қауып қаласың. Күресті ба­ стамай тұрып, осы жайларды мықтап ойлан, жас палуан. Атақ-даңқтың айбыны асқар таудай. Оған таласа, тармаса, енді ғана шыққан сәтте тізгінді сәл босатып, жеңістің буына мастансаң, төмен қарай құлдырап кетуің оп-оңай. Біреу асты-үстіңе түсіп мақтап жатса – шаттанба. Тағы біреу жамандап, даттап жатса, оған да өр көңілің мойымасың. Өйткені жүйрік уақыт кімнің ақ, кімнің қара екенін өзі-ақ дәлелдеп береді. Ертең сен Отаның үшін, коллективің үшін талай-талай дүбірлі сындарға түсесің. Сонда соған барар алдында ел-жұртың телегей теңіздей ақ бата береді. Сен соны абы­роймен ақтауға тиістісің жас дос! Соқыр жеребемен алда-жалда жолдасыңмен белдес­ сең, аянбай қатты күрес. Досыңмен ұстаса қалсаң да оны жеңіп шық. Кілем үстінде кіммен жаулассаң да, одан кейін онымен жан аямас дос бол! Егер жақсы палуан атануды армандасаң, онда ұста­ зыңның әр айтқан сөзін жадыңнан шығарма. Жаттық­ тырушыңа сенсең – оның айтқанынан шықпа. Осы талап­ тарды мүлтіксіз орындағанда ғана көздеген мақсатыңа жетесің. Жас адам әсершіл болады. «Әсіре қызыл тез оңар», дейді халқымыз. Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Өмір өткелдері Байлыққа, мансапқа қызықпа. Мен өз өмірімде тек күресті ғана ойлаған жанмын. Дүниенің басқа тірлігі мені онша қызықтыра алмады. Алдыма темірқазықтай айқын мақсат қойып, адал еңбекпен ғана атақты палуан атанғанмын. Жас дос, сендерге жеке басымның еңбекқорлығын, абыройын тілеймін. Мен сендерге қазақ елінің ежелгі халықтық күресінің ақжолтай туын әрдайым асқақтата беріңдер деймін. Және де оған кәміл сенемін. Сендерді қашан да жеңістің биік тұғырынан көре бергім келеді. ҚАЗАҚСТАН ПАЛУАНДАРЫНЫҢ ЕРТЕҢІ Кең байтақ республиканың қаласы мен даласын араласам, ең алдымен жас жайнақтарға көзім түседі. Осылардың арасында болашақта қазақ халқынан әлем және Олимпиада чемпиондары шыға ма деп үміттенем. Мені еркін күрестің қазіргі мүшкіл халі әрдайым тол­ ғандырады. Сонда тұйықтан қалай шығамыз? Біздің бір осал жеріміз, жайшылықта қай-қайсы бол­ сын, мен қазақпын, өз ұлтымның игі жақсы дәстүрлерін қалыптастырып жүрмін деп шыға келеді. Және де бұл мінез көбінесе ой-өрісі тар, ақылы қысқа жандардан шығады. Сырт қарағанда олардың айтқан сөздеріне елтіп қалатындар да аз емес. Көзін көрмей құмартып, өзін көріп түңілетіндер де кездеседі. Ал сайып келгенде солардың бәрі өздерінің күйкі тірліктерін күйттеп жүрген жырынды алаяқтар. Ал осы арзан құрмет, жалған көлгірсу арқылы аққа қара жапсырғандай, күресті додаға немесе саудаға салуға әсте болмайды ғой. Мұның бәрін тәптіштеп айтып отырғаным, күресте де ерекше дарын, айырықша талант болады. Бастаудың көзін ашқандай соларды тауып алып, дұрыс жөн-жоба, бағыт-бағдар беру оңай жұмыс емес.

Шайхан ЖАНДАЕВ Ана бір жылы Арқалық қаласында болғанымда бір нар жігітті кездестірдім, Сол сәтте менің көз алдыма чех палу­ аны Богумил Куббат бар болмысымен елестеді. Шіркінай, өзі де кілемге мені шығаршы, томағамды сыпыршы деп тұрған қыран бүркіт екен. Әлгі жігітке ессіз ғашық болдым. Таныстық, жөн сұрастық. Сөйтсем, әлгі жігітім сегізінші кластың оқушысы болып шықты. Әлгі баланың әкесіне жатып жалынайын: «Осы тұңғышыңды маған бер. Алматыда орта мектепте оқытамын. Шамам келсе, жоғары оқу орнына да түсіруге көмектесемін. Ұлыңның келешегіне өзім жауап берейін», – дедім. – Жоқ, бұл тентекті қолымнан шығармаймын. Оқи ал­ маса, өз обалы өзіне, зердесінде бірдеңе болса, далада қал­ мас. Жын ұрған адамдай, өзімен-өзі күнде жанталасып, ақ қар, көк мұз болып жанын жеп палуан атанып, менің атымды шығармай-ақ қойсын, – деп әлгі замандасым көңілімді қатты қалдырды. Буынсыз жерге пышақ ұрасың ба, сол жолы Алматыға пұшайман күймен оралдым. Менін әріптестеріме тағы да қарным ашатыны – әркім өз көйлегім өзіме жақын деп басқамен әсте са­ наспайды. Атамыз қазақ «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын», демеп пе еді. Ал біздің ауыл деген ұғымымыз күн сәулетті Қазақстан емес пе? Олай болса, барша халқымыздың бүгінгі және ертеңгі күрес өнерінің тағдырын, келешегін кім ойлайды? Егер мен теңеуін таппай жатсам, кешіріңіздер, біздің еркін күрес жаттықтырушылары тау бөктерінде бытырап шашылған қалың отар сияқты. Әрқайсысы отымыз бен буымыз бөлек деп өзінің күнделікті күйбеңінен асып шыға ал­ майды. Қазақ бапкерлерінің тағы бір соры – ізденбейді, жылт еткен жақсылық болса, соны іліп алып жалғастырудың

Өмір өткелдері орнына, өзінің сарытап болған сүрлеуімен жүре бергісі келеді. Ол онымен алысқа ұзай ала ма? Және де талан­ ты бір жас шықса, жерден жеті қоян тапқандай бөркін аспанға атып, кеудесін тоқпақтап, «мен-мен» деп шыға келетіні тағы бар. Ата-бабаларымыз бізге «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген нақылды бекерге қалдырмаған. Әттең осы аталы сөздің қадірін білмейміз, оның өзекті өртейтінін ұмытып кетеміз. Осындайда ертеде үлкендер жиі айтатын сыйластық деген бір ауыз сөздің төркінін де бажайламай қаламыз. Жақ-жақ болып керісуден, аталы сөзге тоқтап келісу артық. Егер республиканың жер-жеріндегі қазақ бапкерлері бір жеңнен қол шығарып дегендей, әр кез ұйымшылдық көрсетіп, бірігіп еңбек етсе, күрестің де көкжиегі кеңіп, бірер жылдың ішінде мамыр гүліндей құлпырып жайнап кетер еді. Әттең не керек, бұл да алыстан қол бұлғап қалатын алдамшы армандай бір елес қана. Олай дейтінім біздің санамыз әлі де қайта құрылмай жатыр. Жасыратыны жоқ, қазақ жаттықтырушылары енжар әрі жалқау. Көре алмаушылық дейтін қызылкөзді пәледен құтыла алмай жүрміз. Қызғаншақтық деген қара мысықтың алмастай тырнағы кеудені жөн-жосықсыз осқылайды. Бір-бірімізді күндейміз деп жүндей түтеміз. Ал осындай жағымсыз қылықтардың күні келмеске кететін уақыты әбден жетті ғой. Бүгінгі соңымыздан өкшемізді басып келе жатқан жас толқын осындай пасық мінездерден аулақ болса екен деп тілеймін. Өйткені бұл айықпас дерт, ол есті адамды өсірмейді, қайта өшіреді. Соңғы лек мұндай жағымсыз «ауруға» ұшыраса, ол біздер үшін кешірілмес күнә. Әр адамның мінез-құлқы бір болмайтындай, әр бапкердің де жастарға үлгі-өнеге және күрестің сан

Шайхан ЖАНДАЕВ қырлы тәлімдерін үйрету тәсілдері де алуан түрлі. Со­ нымен бірге бапкер өз шәкірттерін ізгілікке, жақсылыққа, адамгершілікке де баули білуі керек. Бұл жас палуан үшін өте маңызды. Осындай игі қасиеттерді бойына дарытқан жастардан ғана атақты палуандар күтуге болады. Палуандық өнердің бапкері болудан артық жауап­ кершілік жоқ деп санаймын. Ол дегеніңіз ақынның өрнектеген жырындай, абзал ананың баласына айтқан сы­ рындай, жарқыраған алмас қылыштың жүзіндей, кестенің бізіндей ерекше өнер ғой. «Сен мына тәсілдерді үйрен, адам бол, адал бол, кілемде сақтанып жүр» деген жат­ танды сөздерден ешқашан да жақсы палуан шықпайды. Жас жігер, ер көңіл жанып тұрған алау жалын. Соның ретін келтіріп, бабын тауып лаулата түсу бапкердіц ең бірінші парызы. Былай алып қарасаң, мұның өзі оп-оңайақ нәрсе сияқты. Ал әр жүрекке жол табу, іске аспай жатқан ондаған, жүздеген мүмкіндіктердің көздерін ашу кең даладан кен іздегенмен бірдей. Ал күресте бір күн ішінде жаңалық аша алмайсың. Бірде әріптесің жығып, енді бір белдесуде қапы қалып, палуанға кінә қою да қиын. Өйткені спорт та өзіміздің күнделікті тіршілік құрып жүрген өміріміз сияқты. Оның да өз көктемі, өз жазы, өз күзі мен қысы бар. Мұнда нар тәуекелге белін бекем буып, әлгі ертекте көп айтылатындай, талай-та­ лай шөлдерден, айдын шалқар көлдерден төзімі жетіп өткендер ғана өзінің көздеген мақсатына жете алады. Бұған шыдамайды екенсің күрес ауылының жанына киіз үйіңді тікпей-ақ қой. Мен жеке өзім Ауғанстан сапарын қосып айтпағаннын, өзінде Қазақстан топырағынан ондаған шәкірттерді түлетіп ұшырдым. Солардың арасында ССРО-ның ха­ лықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған Аманжол

Өмір өткелдері Бұғыбаевтың жұлдызы тым биік. Ол еркін күрестен ССРО чемпионы, төрт мәрте ауыл-село жастары ара­ сында Бүкілодақтық ойындарының жеңімпазы. Аманжол өзіммен бірге ССРО Кубогын жеңіп алған палуан. Манарбек Есімов – ВЦСПС чемпионы. Жақсыжол Көрпебаев ауыл-село Спартакиадасының және «Спар­ так» ерікті спорт қоғамының чемпионы. Тәрбиелеген шәкірттерімнің аты-жөндері мен алған атақтарын атай берсем, оның өзі кішігірім бір кітапша болар еді. Менен бір кезде дәріс алған жігіттердің өзі қазір бірнеше жайнақтарды түлетіп ұшырған бапкер атанып отыр. «Баласы атпен шапса, әкесі үйде отырып тақымын қысады» деген. Өзімнің кешегі шәкірттерімнің біреуі алқалы жарысқа қатысты деп естісем, ішіп отырған асымды жерге қойып, қашан содан бір хабар келгенше әсте тыныштық таппаймын. Соңғы жылдарда мен қызмет бабымен Қарағанды қаласында жиі болдым. Кеншілер астанасында еркін күрес зор бедел алған спорттың түрі. Мұнда Европа біріншілігінің, ССРО-ның, ССРО халықтары Спарта­ киадасының чемпионы атанған Мұсан Абдул-Мүсілімов, жастар арасында әлем чемпионы атанған Серік Ал­ шынбаев пен Амангелді Жаппаров, ССРО Кубогының жеңімпазы Мұратәлі Майауызов, тағы басқа бірнеше талантты палуандар еліміздің спорттық намысын абы­ роймен қорғаған жігіттер. Бір өкініштісі – солардың ізін басқан жастар әлі де болса теңіз түбіндегі інжудей жарқырап көріне алмай жүр. Солардың тұсауын кесу біз сияқты жаттықтырушылардың ең басты парызы деп білемін. Бірақ бір байқағаным, Қарағандыда да еркін күрес бұрынғыға қарағанда едәуір кенжелеп калған сияқты.

Шайхан ЖАНДАЕВ Оның ең басты себебі – кейінгі жылдары еліміздегі талай-талай атақты палуандардың тұсауын тұңғыш рет кескен, осы Қарағандыда Совет Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы Бүкілодақтық турнир соңғы кезде өзінің бұрынғы атақ-даңқын төмендете түсіп, абы­ ройын жоғалтып алды. Бір кезде осы дүбірлі жарысқа қатысқандар да, оған жете алмаған жастар да арманда еді. Жалғыз Қарағанды емес, Өскемендегі жағдай да осын­ дай. Мұнда тағы да бір қазақ батыры Төлеген Тоқтаров атындағы Бүкілодақтық турнир де өзінің бұрынғы игі дәстүрінен айрылып қалды. Соған қарамастан, еркін күрестен ССРО спорт шебері атанған жастар, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушылары жаңбырдан кейінгі көктем гүліндей тез қаулап кетті. Мұны мен қызғанып айтып тұрған жоқпын. Спорт шебері атанған жақсы-ақ. Бірақ сол шебер тыз етпе жүйріктей тез болдырмай, тұлпарша алысқа, ұзаққа көсілуі әдіс-айласын тегіс бес саусақтай білуге міндетті. Өйткені ол сол үшін спорт шебері. Ал біз кейде кілем үстінен спорт шебері атанған жастардың бірінші раз­ рядты жастардан да жығылып қалатынын жиі көріп жүрміз. Сондықтан осындай киелі атақты кім көрінгенге бере беру тегінде жақсылыққа апармайды. Қазақта «Көрпеңе қарай көсіл» деген бір жақсы сөз бар. Ол тәрізі осындайларға айтылған болар. Сондықтан үлкен абыройға ие болдың ба, соны әр жерде дәлелдеп, көрсете біл. Бұл бұрыннан да қойылатын, қазір де жиі айтылатын талап. Әркім жан-тәнімен, бар болмысымен сезіне білсе, бүгінгі уақыт алға қойып отырған жауапкершілік те осы. Осыған орай әр жаттықтырушы өзінің бапкерлік, адамгершілік қасиетін абыроймен орындап жүр ме? Міне,

Өмір өткелдері әңгіменің түп қазығы осында жатыр. Өзінің бұрынғы деңгейінен бір сүйем жоғары көтерілмеген палуаннан, ізденбеген жаттықтырушыдан ешқандай жақсы нәтиже шықпайды. Ал бұл орайда қазақ бапкерлеріне айтатын өкпе-наз өте көп. Сонын ең бастысы, біздер біреу бір ауыз ақыл айтса, соған шамданып қаламыз. Бұл әсте дұрыс емес. Атам қазақ «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегенді бекерге айтпаса керек. Қазір құр кеудемен алысқа бара алмайсың. Күрес тәсілдері күннен күнге жетіліп, шыңдалып жатыр. Соны әр бапкер өз шәкіртіне үйретіп, дарыта білуі керек. Бірақ біз үйренуден, ізденуден қашқақтай береміз ғой. Бұл нағыз залалды әдет. Осыдан арылуымыз керек. Тоқырау жылдарыңда сан қуып, сапаны тіпті ұмытып кеттік. Бет-жүзімыз бүлк етпестен, Зеке, Жәке, Беке десіп көз жұмып көзбояушылыққа салындық. Атақ пен құрметтің буына малындық. Сақалы қауғадай болып өскен жігітке, тез қырынып кілемге бозбала болып шық деп жалындық. Соларды іздеп күндіз-түні сабылдық. Төрешілерді төредей тік тұрып күтіп, кірпік қақпай қонақ үйден табылдық. Мәскеу мен Алматыдан біреу келсе, бәріміз тайлы-таяғымызбен солай қарай ағылдық. Алматыдан біреу келсе, бәріміз тайлы-таяғымызбен со­ лай қарай ағылдық. Есебін тауып жағындық. Олардың алдарына табақ тартып, бас қойдық, солармен бірге өзіміз де ішіп-жемге кекірік ата тойдық. Осымен еркін күрестің сәні кетті, мәні жоғалды. Сөйте де, күресіміздің бүрынғы күйі кетті деп жанталасып жүрген бір адамды көрмейсің. Бәрі де бұрынғыдай тап-тамаша. Күрестің көші қалай қарай бұрылып кетті дейтін бір жанашырды көрмегенге қатты қиналады екенсің.

Шайхан ЖАНДАЕВ Осы енді ғана тоқыраудан мәңгірген есімізді жиып, жоғалған, ұмытылғандарды жоқтап жатқан жайымыз бар. Тосырқап, бір орында тоқтап қалған нәрсені алға бастыру оңай шаруа емес. Оны алға бастыру үшін көпшіліктің қажырлы ұйымшылдығы қажет. Он ойланып, жүз толғанып ақылдасып, кеңескен ләзім. Бір жерді шиырлап жайыла берген мал әсте семіріп, шөлдемейді. Белгілі бір сүрлеуден шықпай ескі тәсілден арылмаса еркін күрес те бір орында тұралап қалады. Қазақстан қалаларын аралағанда осыған көзім әбден жетті. Ал осы кемшіліктерден қалай арылуға болады? Тұйықтан қалай шығамыз? Мені әр кез осындай сұрақтар мазалайды. Соған жауап іздеймін. Меніңше, оның бірнеше жолдары бар сияқты. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып, аз да болса біраз шаруалардың қолға алынғаны дәтке қуат. Соған қуана қол соққанымызбен, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитетінің тындырған ісі әзірше көңіл көншітпейді. Күрес түрлерінің кеңінен қанат жайып өркендемеуінің ең негізгі кепілі халықтық күрестің дамуына байланысты. Менің бұл сөзді бірнеше рет қайталап айтуымда бір мән бар. Қанша рет айтқанмен, қанша рет шыңғырғанмен, еркін күрес өзінен-өзі бірден ұшпаққа көтеріліп кетпейді. Сондықтан ол халықпен бірге сан ғасырлар бойы жасасып келе жатқан ұлттық күрестен бастау алуы керек. Онсыз ешқашан да алға баса алмайсың. Сондықтан ең алдымен жер-жердегі спорт мектепте­ рінің жауапкершілігін арттыру керек. Оқушылар санын толтыру үшін кейде кездейсоқ балалардың қабылдана са­ латынын көзіміз көріп жүр. Ал бұл орайда көбіне шалғай аудандардан күреске бейімі бар жастарды іріктеу мүлдем ұмыт қалған десем, оның ешқандай жалғандығы жоқ.

Өмір өткелдері Облыс орталықтарындағы бапкерлер жыл он екі айда ауылға бірде-бір рет ат ізін салмайды ғой. Аудан орта­лықтарында тұратын жаттықтырушылар да солай. Сондықтан да республиканың пәленбай күрес мек­теп­ терінде тәрбиеленген балалар арасыңда талапты жастар жоқ деп аузымызды қу шөппен сүртуге әбден дағдыланып алдық. Егер аудан және облыс орталықтарындағы күрес мектептері өзін-өзі ақтай алмаса, ешқандай пайда кел­ тірмесе, оның қандай қажеті бар деген сұрақ туады. Бәлкім әлде оған қабылданатын балалар санын едәуір қысқартып, сапа жағына көңіл бөлген дұрыс. Неге десеңіз, жалпы орта білім алатын мектептерде оқитын балалар күрес мектебіне қатысамын деп өзінің күнделікті оқитын сабағын да, белдесу тәсілдерін де атүсті меңгеріп, тек қана көрсетіп қана жүреді. Ал ондай «палуандардың» барынан жоғы жақсы емес пе?! Бұл спорт мамандарының көп болып ақылдасып-кеңесіп шешетін шаруаларының бірі болса керек. Екіншіден, жаттықтырушылардың тұрмыстық жағ­ дайы ерекше сөз етуді қажет ететін мәселе. Институт бітіріп, диплом алып келетін жас жаттықтырушылардың алатын айлық жалақысы тым аз. Оларды пәтермен қамтамасыз ету де нақты шешілмей келеді. Шынын айтсақ, облыстық дене тәрбиесі және спорт комитеттері осы мәселелерді өздері жеке шеше алмайды. Бұл да көп болып ойласатын жай. Үшіншіден, жер-жердегі спорт базалары бүгінгі өске­ лең талапқа сай емес. Күрес залдары, оған қажетті кі­ лемдер жетіспейді. Әсіресе, ауылдағы жағдай қиын. Село палуандары облыстық, республикалық жарыстарға жыл­ дап қатыспайды. Сонда шеберлік қайдан шыңдалады?

Шайхан ЖАНДАЕВ Осындай шешімін таппай отырған келелі проблемалар жыл сайын үлкенді-кішілі жиындарда айтылмағанымен, ол сол жерде ұмыт қалады. Бұған облыстардағы және республикадағы жауапты қызметкерлердің еттері әбден үйреніп кеткен. Олар жауырды жаба тоқып, уақыт өткізгендеріне мәз. Міне, осы келеңсіз жайлардан еркін күрес өзінің бұрынғы атақ-даңқынан айрылып қалды. Көз алдымызда оның қадір-қасиеті айдынынан айрылған Аралдай күннен күнге төмендеп келеді. Соның сал­ дарынан қазір Қазақстандағы еркін күрестің беделін Бүкілодақтық және әлемдік деңгейге көтеру біздер үшін әлі арман болып қалып отыр. Республикадағы спорт басшылары мен күрес маман­ дарының алауыздығы, іске жаны ашымауы, бірін-бірі түсінбеуінің салдарынан біздің еркін күресіміз гру­ зин, осетин, тағы басқа бірнеше елдер палуандарынан едәуір артта қалып отыр. Біз оған баршамыз бір кісідей жұмылып, ұйымшылдықпен еңбек еткенде ғана жете аламыз. Ал бапкерлер бірін-бірі көре алмай, осыдан жиырма, отыз жыл бұрынғы ескі жараның орнын тыр­ най берсе, әрине, іс алға әсте жылжымайды. Сондықтан менің айтарым – бәріміз де бірігіп, топтаса, жұмыла еңбек етейік. Баяғы өкпе-назды ұмытайық. Адамға деген ең ізгі ниет сенім деген қасиетті ұғымның нәзік пернесін үзіп алмайық. Сонда ғана қолға алған істен айтарлықтай нәтиже шығаруға болады. «Ынтымақ түбі – ырыс». Баянды бақ, атақ-даңқ берекеге, тер төккен еңбекке, ұйымшылдыққа ғана дариды. Қолда бардың қадірін білмеу үлкен күнә. Әйтпесе табиғатынан күрес десе ішкен асын жерге қоятын қазақ халқынан талай қас палуандар шыққан. Сол игі дәстүрімізден бір сәт көз жазып қалғандаймыз. Ата-ба­

Өмір өткелдері баларымыз «жүзден жүйрік, мыңнан – тұлпар» дегенді бекерге айтпаған. Олай болса, қазақ жастары арасынан әлем, Олимпиада чемпиондары әредік емес, жиі-жиі шы­ ғуы керек қой. Тағы да қайталап айтсам, еркін және клас­ сикалық күрестің кібіртіктеп отырғаны халқымыз­дың тума өнері – ұлттық күрестің кенже қалуынан. Ал оны жаңғыртпай, біз әлі де болса алға қарай сеніммен жылжи алмаймыз. Бұл бір күнде немесе үш-төрт жылда шешіле қалатын шаруа емес. Оны бүкіл халық болып, ұлттық күреске жанашыр маман болып, барша қауым қолға алуы керек. Әр жерден саусақпен санарлықтай көрінген он шақты қамқор жандар мұндай келелі мәселені әсте шеше алмайды. «Көп түкірсе – көл» дегендей, ел-жұрт, ағайындар халықтық күрестің шашбауын көтеріп, оның абыройын арттыруға бәріміз де бір кісідей ат салысайық.

Шайхан ЖАНДАЕВ ҚЫРАНДАР ҚИЯСЫ (деректі хикаят) Күтпеген кездесу ДАСТАРҚАН басында әзіл-қалжыңы үзіл­мейтін Ва­ лентина Васильевнаның кешеден бері қабағы салыңқы. Жайшылықта қасында отырған­дардың езуін жиғыз­ байтын келіншегінің көңіл күйін Юрий Иванович та тамыршыдай тап бас­қанымен не дерін білмей дағдарып қалып еді. Ерлі-зайыптылар таңертеңгі ас үстінде көпке дейін бір-біріне тіл қатпады. – Юра, Аленаны білгір дәрігерлерге ұзақ уақыт бойы қаратпаса болмайды дейді. Не істейміз? Қайда барамыз?– деді біраздан кейін Валентина. Болмысынан айтар ойын ақыл таразысына салып, сараң сөйлейтін қожайын бұл жолы да сабыр сақтап отырған сыңайлы. – Валюша, мұңайма, тұла бойы тұңғышым Аленаны жер түбіне дейін апарсам да емдетемін. Өзің кішкене сабыр етші. Мен де дәрігерлермен ашық әңгімелестім. Олар балаға бірден-бір шипа болатын жер деп Қара теңіз жағалауындағы Анапа курортын атап отыр. Сүйікті қызым үшін қолым­нан келетін бар жақсылықты аянбай­ мын. – Валентинаның мұңайған жүзі лезде нұрланып сала берді. 1975 жылдың жаз айы. Анапа жинақы ғана шағын қала екен. Төңіректің бәрі жасыл желекке малынған. Теңізден ескен салқын самал, көздің жауын алатын сан алуан гүлдердің хош иісі бойыңды сергітіп, қиялыңды қиянға шарық­татады. Жиделібайсындай жанға жайлы

Өмір өткелдері жерді Алена да жатырқамады, өзіндей бүлдіршіндермен тез үйренісіп кетті. Балғын жүзі оңып кеткен шүберектей бозарған баланың бетіне күн өткен сайын қан жүгіре ба­ стады. Сүйікті қызының ажарынан күлкі табын жиірек аңғарған сайын әкенің алабұртқан көңілі де сабасына түсті. Жылжып күндер, сырғып айлар өте берді. Бапкер – қай жерде жүрсе де бапкер. Ол да ақынжазушылардай, артистердей үнемі тәтті арман құша­ ғында жүреді. Шіркін-ай, менің де бір шәкіртім әлем жұртшылығын таң қалдырса екен деп қиялдайды. Сол үшін де жастарға ақыл-кеңесін айтады, кейде ұрсады, қиналады, айна­лып-толғанады. Ұзақ түнде кірпік қақпай таңды-таңға ұластырады. Юрий Иванович Гордеев Ана­ пада жүрген кезінде осындай беймаза хал кешіп еді. Классикалық күрестен ондаған СССР спорт шеберін да­ ярлап шығарса да өзіне-өзі көңілі толмай жүрген. Жұмыр басты пенденің үкілі үміті таусылған ба?! Мұнар таудың сағымындай үзіл­меген бір елес сол Анапада бір жалт еткендей болды. Шағын курортты қалаға қысы-жазы келіп кетіп жата­ тын қонақтар легі әсте бір толас­тамайтын. Юрий Ива­ нович өзін біраздан бері іңкәр еткен адамның соңын ала автобустан түсті. Ал ол бұған көз қырын да салмады. Алаңсыз, бір топ құрбы-құрдастарымен мектепке кіріп, ұзақ уақыт шықпай қойды. Гордеев оны көп күтті. Мұндайда уақыт өте қоя ма? Шыдамның шегі қаймыжық мұздай шетінеді. Мына іргедегі спорт залынан шыққан у-шуды естіген бапкер кермеде тұрған аттай тықыршиды. “Қиқу қыза түсті ғой, бас сұға салайыншы” деп ойлаған. Юрий Иванович өз көзіне өзі сенбеді. Бұл сыртта күтіп жүрсе, ол спорт залда жүр екен. Бап­кер іздеген адамын

Шайхан ЖАНДАЕВ аяқ астынан тапқанына мұн­дай қуанбас. Ол осыдан бір ай бұрын денесі еңге­зердей, кең иықты, бойы екі мерт­ ге жуық, сымбатты бозбаланы көріп еді. “Шіркін-ай, өрге шапса шалдырмайтынның өзі екен. Қалаға келген тынығушылардың бірі шығар” деп ойлап қойған. Тіпті түнгі ұйқы алдында төсекте дөңбекшіп біразға дейін көз ілмеуді шығарды. Бүгін қалайда тілдесемін деп бекінген. Жолы болды, бозбаланың ізінен көз жазбады. Баскетболшылар сырттан келген Юрий Ивановичке көз қырын да салған жоқ. Бәрі де ойынға жанын салған. Годеев бозбаланың әр қи­мылына сынай қарап тұр. Са­ баздың сырт пошы­мы да сымбатты. Бура саны, апай төсі, сұңғақ бойы қалақтай жауырыны бірден көзге ұрады. Ойын да аяқталды-ау бір кезде. Юрий Иван­ович оны есік алдынан тосып алды. – Жігітім, уақытың болса бірер минут мойныңды бұршы. Өзіңді біраздан бері сырттай қарайлап жүр едім. Егер рұқсат болса танысып қойғанымыз артық болмас. Мен, Юрий Иванович Гордеевпін. – Аты-жөнім Игорь Растороцкий. Осы № 1 орта мектептің алтыншы класында оқимын. Юрий аң-таң. Өз көзіне-өзі сенбеді. – Жарайсың Игорь, әке-шешең, інілерің бар ма? – Бар. Әкем – Дмитрий Николаевич Растороц­кий, осы Анапаның байырғы тұрғыны, шофер. Шешем – Светлана Васильевна, мамандығы медсестра. Жалғыз қарындасым бар, есімі – Нина. – Өте жақсы, Игорь. Саған айтатын бір өтінішім бар, егер ренжімесең бүгіннен бастап сені “балақай” деп атайыншы. Игорь таңдана жымиды. – Қалауыңыз білсін.

Өмір өткелдері – Жарайсың, балақай. Егер маған шын сенсең, сені мен ұзақ жылдар бойы іздедім. Нансаң, сенің осы тұлғаң, барлық болмысың әр күн сайын көз алдымнан кетпей қойды. Өйткені мен классика­лық күрестен жаттықтыру­ шымын. Өзіңдей бір бала кездессе екен деп армандайтын­ мын. Сен маған жаттығуға келуге уәде бересің бе? Қашан айтты деме, әлі-ақ екеуміз жер шарын түгел аралап шығамыз. Ойлан, қабырғаңмен кеңес. Игорь сол бір өң мен түстей қас қағым сәтте не дерін білмей аңтарылып үнсіз тұрып қалды. – Есіңде болсын, тұмандай тұнжыр болу жігітке жа­ распайды. Міне, мынау менің адресім. Кел, сені жаттығу залынан күтемін. Ал әзірше ертеңге дейін сау бол. Өзінің күнделікті сабағының күйбеңімен жүрген ал­ тыншы кластың оқушысы дәл осындай оқыс кездесуді күтпеп еді. Игорь жаратылысынан сезімге тез берілетін, өзінің айтқаны болмаса қолма-қол ашуланып қалатын күйгелек мінезді бала еді. Көпке дейін дөңбекшіп, талықсып зорға ұйқтады. Көз алдына өзі кинодан жиі көріп жүрген шетел қалаларының қарбалас тіршілігі елестейді. Енді бірде өзін айғай-шуы құлақ тұндыратын зәулім сарайда күресіп жүргендей сезінеді. Сақалды төреші “жеңіске Растороцкий жетті” деп мұның қолын жоғары көтеретін сияқты. Жан дүниеңді елжірететін тәтті елестер қол созым жердегі сағымдай бұлдырап жеткізер емес. Бір жарыстан кейін манағы аспан түстес жанарынан мейірім шуағын төккен жаттықтыру­шысы екеуі Москваға келіп, самолеттен түскен екен дейді. Гүл шоқтарын ұсынған қалың нөпір қоршап алған. Қолын құшақ толы гүл шоқтарына қанша созса да жеткізе алмайды. “Қап!” деп қатты өкінеді.

Шайхан ЖАНДАЕВ Таңдайы құрғап қалыпты, тұла бойы терге малшынған. Оянғанда ғана айқын аңғарды. Әлгі тәтті елес түсі екен. “Қап, түс болса да аяғына дейін көрмедім-ау. Жарайды, тірі жүрсем маң­дайыма жазғанды көре жатармын”. Алғашқы аптадағы жаттығулар Игорьді едәуір есеңгі­ ретіп тастады. Аяқ та, қол да тіпті басқа біреудікі тәрізді. Денесіне мың, миллион ине сұқ­қылағандай отырған ор­ нынан тұрудың өзі қиын­дай түсті. “Аяқпен шалма, белден төмен ұстама” дейді. Сондай күрес бола ма?! Аспан ашық, ай жарықта өзіңнен-өзің жынданған адам­дай жанта­ласып, алысып-жұлысып не көрінді соншама. Бүйтіп чемпион атанғаны да, бүкіл әлемді арала­ғаны да бар болсын. Күрестің жанында өзімнің хоккейім жұмақ екен ғой. Игорь мұндай құқайға көнбейді. Юрий Иванович өзінің Қарағандысына барып, басқа жігіттерді тауып алсын”. Содан ол үш-төрт күн бойы қарасын көрсетпей кеткен. “Аяқ астынан желімше жабысқан қызыл көзді пәледен құтылдым ба, жоқ па” деп жүрген. Мектептің сыртқы есінгінен кіре бергенде Игорь: – Балақай, сәлем,– деген дауысты тағы да естіді. Жалт қараса – Гордеев. Қапелімде кінәлі сәбидей не айта­ рын білмей абдырап қалды. Жаттықтырушы болса топ баланың көзінше бастырмалатып барады. – Бұл қалай? Ер жігіт екі сөйлей ме екен? Ауы­рып қалды ма деп қатты қорықтым. Білемін, көзің айтып тұр, алғашқы жаттығуды көтере ал­май қалдың. Әлі де болса аяғың бастырмай, екі қарың көтертпей тұр ғой, ә? Сендей батыр жігіт сондай­ды елей ме екен. Қазір қыздар да білек сыба­нып күреске шығып жүр. Қыздар құрлы қауқарың болмағаны ма? Игорьдің екі беті ду ете қалды. Намыс отына шоқ түсті.

Өмір өткелдері – Юрий Иванович, жетті, болды. Бүгін кешке қарай жаттығуға барамын. Уәдем – уәде, тосыңыз. Сеніңіз, бұл менің шын сөзім. Палуан бала 1979 жылы Юрий Иванович Гордеев Анападан Қарадағандыға қайтадан оралды. Жаттықтыру­шының қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Сүйікті қызы Алена ау­ руынан құлантаза жазылды. Анапа­да жүргенде шәкірті Игорь Растороцкий “Спартак” ерікті спорт қоғамы Орталық Советінің біріншілі­гінде чемпион атанды. Мек­ теп оқушыларының Бүкіл одақтық XV спартакиадасында тағы да алтыннан алқа тақты. Игорь сол жолы он алты жасында СССР спорт шебері деген құрметті атақ­қа ие болды. Ұстаз үшін бұдан артық бақыт та, қуаныш та жоқ. Осы бір төрт-бес жыл ішінде Игорь күрт есейді. Бұ­ рынғы болбыр дене шар болаттай шынықты. Бойға ой қосылды. Енді бұл өзін классикалық кү­рессіз өмір сүре алмайтындай сезінді. Әсіресе әкесіндей қамқоршы, жа­ нашыр жақыны Юрий Ивановичтің Қарағандыға кетіп қалуы қатты қамықтырды. Жатса да, тұрса да ұстазының “бала­қай” деген жанға жайлы тиетін майда даусы құла­ ғынан ызыңдап кетпей қойды. Жайшылықта онша көп ашылып-шашылып сөйлемейтін боз­бала томаға-тұйық, беймаза хал кешті. Әке балаға сыншы емес пе, Дмитрий Николаевич жалғыз ұлының көптен бері көңілсіз жүргенін білгенімен, біразға дейін тіс жарып үн­демеп еді. Кеудедегі сол сабыр сандығының кілті таңертеңгі шай үстінде ашылды. – Игорь, біздің көзіміздің қарашығы да, көңі­лі­міздің сарасы да жалғыз өзіңсің. Әлгі қара­ғандылық жаттық­

Шайхан ЖАНДАЕВ тырушы Юрий Иванович еліне қайта оралған соң, ұн­жырғаң мүлдем түсіп кетті. Құдайға шүкір, шешең екеуміз әзірше қартайып отырған жоқпыз. Нина барда жалғызсырамаймыз. Балам, сенің болашағың, бақытың әлі алда, біз бағыңды байламайық. Ұстазыңның өзі кішіпейіл, инабатты, жаны жомарт адамдай көрінді. Қадамыңа гүл бітсін, қарағым. Өзіңнің ойлаған ойың болса, ашық айт! – Папа, көптен бергі толғандырып жүрген ойымды айны қатесіз дәл таптыңыз. Мен Юрий Ивановичсіз өмір сүре алмайтын тәріздімін. Ол маған қазақтың кең дала­ сы туралы көп әңгімелеп еді. Сіздер рұқсат етсеңіздер, бағымды Қараған­дыдан сынап көрейін. – Келістік ұлым, жолың болсын, қайда жүрсең де аман бол. Туып-өскен Анапа, толқынына қарсы жүзген Қара теңіз, құлын-тайдай бірге өскен, дос-құрбылар артта қалып барады. Ет жүрегі езіліп, дір ете түсті. “Шыны­ мен, мен осы балалық жаса­ған жоқпын ба? Бейтаныс ел, көрмеген жер, жағдай қалай болар екен?” Аспан сұңқары ұшқыр-ақ, қиял одан да жүйрік. Игорь беймаза ой құшағында отырып, Қарағандыға қалай жеткенін аңғармай қалды. №3 спорттық бағыттағы мектеп-интернаттың директо­ ры Бақдәулет Өрбісінов оныншы класс оқушысы Игорь Растороцкийді жатырқамай, жатсынбай қарсы алды. Ұс­ таз­дарымен, бірге оқи­тын кластастарымен таныстырды. – Мектеп-интернатымызда Одақ көлеміне аты таны­ мал болған спортшылар аз емес,– деді ол. – Олармен өзің жата-жастана танысарсың. Мен саған күрес жөнінде біре сөз айтайын. Біздің Николай Лященко деген палуанымыз 1972 жылы Токио қаласында өткен жарыста қарсыласын

Өмір өткелдері 42 секундта таза жеңіп, жас өспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Ал жас талапкер палуан­дарымыздан Серік Алшынбаев пен Аманкелді Жаппасаовтан көп үміт күткеміз. Осындай үркер­дей шоқталған лекке енді өзің келі қосылдың. Мына оң жағыңда отырған жігіт Болат Байқабылов – классикалық күрес бөлімшесінің аға жаттықтыру­шысы. Бізде монша, асхана, кітапхана, спорт залы, дәрігерлік пункт, бәрі-бәрі де осы мектептің ішінде. Тек сабағыңды оқы, жаттық. Ал өзіңнің жаттықтырушың Юрий Иванович Гордеев қызмет атқаратын Қарағанды облыстық жоғары спорт мектебі де дәл іргеңде тиіп тұр. Қысқасы, Игорь, ең алдымен адам болуды ойлау керек. Ол сенің өз қолыңда. Он жылдықты ойдағыдай бітіргеннен кейін үйленемін десең кеншілер қаласында небір сұлулар бар. Манадан бері директор сөзін ұйып тыңдап отырған Игорь қапелімде өзі тентектік жасап ал­ғандай қатты қысылып, үнсіз төмен қарап қалды. – Игорь әзіл-қалжыңды түсінерсің. Жаңа ортаны жатсынба, ертең-ақ мектеп-интернат өз үйіңдей болып кетеді. Жайғасып орналас, жата­тын орныңа қам жеме. Жуын, тамақ іш, демал. Оныншы класс оқушысы директорға рақмет айтып, шыққаннан кейін ұзын дәлізбен жан-жа­ғына қарап келе жатты. Мектеп-интернат ішінен спортшыларға тән жинақылық, тазалық аңғары­лады. Болашақ бапкері Болат мұны қос кереует қойылған шағын бөлмеге ертіп әкелді. – Спортшы ақ тер, көк тер жаттығудан кейін емін-еркін көсіліп жатып демалуы керек,– дейді балалар жарыса сөйлеп. Игорь жол бойы мұндай сый-құрметті, ыстық ықыласты күтпеп еді. Жаңа таныстарының қонақжай көңіліне риза болды.

Шайхан ЖАНДАЕВ Сол күні мектеп-интернат ішінде гу-гу әңгіме Арқа самалындай есті. Әсіресе ауыл балалары бір-біріне кезек беретін емес. – Бізге алыстан бір дәу келіпті. – Салмағы 125 килограмм! – Бойын айтсайшы, екі метрден асады екен. – Енді ол баскетболдан жан шыдатпайды. – Жоқ, палуан дейді өзін. – Онда кімді болсын ә дегенде бойымен баса салмай ма?! Көрші қыз ИГОРЬ асығыс едім дегендей кейіп танытып, тағы да сағатына қарады. – Мемлекеттік емтихан тақап қалды. Европа бірін­ шілігі де иек астында. Міне, менің бар еңбе­гім,– деп ол алдыма алтын медальдарын сыңғыр­латып қоя берді. – Менің он екі жыл бойы шелектеп төккен терім осылар. Шетінен тізіп жаза беріңіз. Қалған әңгімені Вероника жалғастырар. Қазір университетке баруым керек. Алтын медальдар күн сәулесімен жарқ-жұрқ етеді. Міне, мынау 1981 жылы Канадада жастар арасында өткен әлем біріншілігінің ұмытылмас белгісі. – Мама, Лейпцигтің медалі қайда?– деді ма­надан бері моп-момақан болып отырған Регина. – Міне, менің қарлығашым, 1985 жылғы Европа біріншілігінің алтын медалі,– деп ал қы­зыл лентаны Ве­ роника қызының мойнына тақты. Сөйтті де: – Әлемнің екі мәрте Кубогы, әне, тұр,– деп талдырмаш денелі келіншек аялы көздерінің қиығын жалт-жұлт еткен ше­ тел мебельдеріне қарай аударды да, біразға дейін үнсіз

Өмір өткелдері қалды. Осы сәтті пайдаланып мен “Игорь Растороцкий ха­лықаралық спорт шебері” деген сөздерді асыға жаза бастадым. Сәлден соң Вероника: – Сіз Игорьдің мінезін көңіліңізге ауыр алып қалма­ ңыз. Кейде оны өзім де түсінбей қаламын. Биыл ол Қара­ ғанды мемлекеттік университетінің заң факультетін сырт­ тай оқып бітірмекші. Қысы-жазы жол үстінде, ағылшын тілін үйренемін деп бір жағынан жанталасып жүр. Оған да оңай дейсіз бе? – Кербез келіншек жай ғана күнсінді. Қол ұстасқан қосағым деп ақтап, не мақтап тұрған жоқ. Жауынның мөлдір тамшысындай ақ көңілінің қалтқысыз шындығы. Екеуінің алғашқы таныстығы да қызық. Веро­никаның әкесі марқұм Владимир Напольонович Аракелов Горде­ евтің досы болатын. Көрші тұратын екі жолдастың есіктері әрдайым ашық. Вероника да Юрий Ивановичті әкесіндей сый­лайтын. Аузын ашса жүрегі көрінетін, зәредей қалтарыс, бүкпесі жоқ ақ жарқын қыз оныншы кластың емтихандарына әзірленіп отырған. Музы­калы қоңырау әндетті. Бапкердің таныс даусы естілді. – Балақай, жоғары шық, төрлет. Көрші қыз “балақай” деген тосын атауға елең ете қалды. “Юрий Ивановичтің үйінде кішкентай бала жоқ еді ғой. Бұл кім болды екен, ә?” Бала­қайды тезірек көргісі келіп, бөлмеден қаздаңдай басып, есікті ашып еді, көкшіл жанары шара­сынан шыға сілейіп қатып қалды. Әлгі “балақай” деп жүргендері қой көздері сұстылау, қою мұртты, екі иығына екі адам мінгендей алып біреу. Оның жанында әкесі де, Юрий Иванович та бала сияқты. Веро­ ника шағын бөлмеге адам лық толып кеткендей сезінді. Жұдырықтай жүрегі дір ете түсті. Өң мен түстің арасында жүргендей бір әсерге бөленді. Ұзын кірпіктерін жиі-жиі

Шайхан ЖАНДАЕВ қағып, жан дүниесінің толғанысын біразға дейін баса алмады. “Ал ойнарсың балақаймен”. Алыптың тілі жаңа шығып келе жатқан сәби сияқты. “Иә, да, да-дан” артық сөзі жоқ. Ойламаған жерден есін алған мұртты жігіт оған ертегідегі батырлар­дай көрінді. Сөз арасынан аңғарды, ол да биыл он жылдық мектепті бітіретін көрінеді. Ерке де нәзік қыз қысқа қайырым таныстықтан кейін мүлдем еркінсіп кетті. – Игорь, жүр емтиханға бірге әзірленейік. Біраз сабаққа дайындалғаннан соң киноға бара­мыз. – Мұртты бозбала да енді Верониканы көр­месе елеңдеп тұра алмайтын болды... Әзілдеп, көрші қыз деп атай бастады. Совет Армиясы қатарына аттанар қарсаңында Игорь оған өз көңілін білдірді. Көрші қыз бұл жолы да наздана жауап берді. – Игорь мені шын сүйсең саған қояр екі шартым бар. Соны орындасаң өмір бойы етегің­нен ұстар едім. – Қымбаттым-ау, екеу емес жиырма шарт қойсаң да орындаймын. – Бірінші тілегім – Отан алдындағы азаматтық пары­ зыңды абыроймен атқарып қайт. Оған дейін мен медици­ на институтының алғашқы екі курсын бітірейін. Екінші тілегім – келген соң жоғары оқу орнына түсуге тырыс. Ол сенің қолыңнан келеді. Сонда ғана мен саған өмірлік жар боламын. Соңғы сөзін көрші қыз ойнап айтса да жас­тайынан бір беткей, қандай жағдайда болсын айтқанынан қайтпайтын Игорь оның бұл шартын да орындап шықты. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне сырттай оқуға түсті. Ал мына тұлымшағы желбіреп ойнап жүрген бала – тұңғышы Регина. Өзін жанындай жақсы көреді.

Өмір өткелдері Игорь мен Дәулет Екеуінің танысқанына шамалы-ақ уақыт өтті. Сол таныстық өткен жылы Омбы қаласында одан әрі жалға­ сын тауып, үлкен достыққа жол ашқан. СССР біріншілігі басталар қарсаңында Дәулет құрдасына тіл қатып: – Атам қазақ баласына белдескенде бекем бол деп бата беруші еді. Құрдас келіп кеткеннен кейін ажарың кіріп, өңіңе қан жүгіре бастады. Енді чем­пион атанбасқа ешқандай қақың жоқ,– деген. – Әй, қу құрдас-ай, сен өзің үндемей жүріп абайлап, бәрін байқап жүреді екенсің ғой. Өзің чемпион атанған соң басқаға көз қырыңды саласың ба? Бірақ мен де құрдастан қалыспаспын. Дәулет қалжыңының жаны бар еді. 1987 жылға дейін Игорьдің СССР біріншілігінде әсте жолы болмай қойған. Әйел жаны нәзік қой. Соны сезіп Вероника Қарағандыдан Омбыға әдейі ұшып келіп еді. “Үйдің сәлем-сауқатынан дәм тат” деп Игорь Дәулетті қонаққа шақырған. Дәулет сол кездесуді еске алып, құрдасының намысына ұшқын тастап отыр. Сол жолы екеуі де СССР чемпионы атанды. Елге абы­ ройлы оралды. Содан бері жұптарын жаз­ған емес. Игорьге Дәулеттің қайсарлығы, ізденгіштігі, еңбек­ қорлығы, ақ жарқын, ашықтығы ұнайтын. Ойламаған ­жерден батыл шабуылға шығып, оқыс қимылмен қар­ сыласын қапы қалдырып кететініне сүйсінетін. Міне, екеуі тағы да алыс сапарға бірге бара жатыр. Беталысы Финляндияның Тампере қала­сы. Жиырма екі ел палуандары арасында өтетін “Европа-87” біріншілігіне қатыспақшы. Қазақстанның қос палуаны талай-талай аршын төс, бура сан күштілерді қапы қалдырып финалға шыққан.

Шайхан ЖАНДАЕВ Дәулеттің ең соңғы қарсыласы Олим­пиада чемпионы Юко Саломяки еді. Күрес десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер жеңісті Юкоға “беріп” те қойған. Кейбір жергілікті газетте біздің жерлесіміз Саломяки бес минут­ сыз Европа чемпионы деп те жазды. Игорь Дәулеттен бетер қысылды. Өткен түнде құрдасы қолқалап сұраған соң, Игорь ағылшын тілінде “Қош бол, менің махаббатым” деген өлең­ді де шырқап берген. Әйтеуір, Дәулеттің көңілін көтеру үшін қолдан келген өнерін, ақыл-кеңесін аяған емес. Сонда құрдасы: – Музыкаға тілмаштың керегі жоқ. Сенің осы әніңде көңілге демеу беретін ерекше бір сыр, аянышты мұң бар. Мүмкін, осы әнің ертең маған қажыр-қайрат, жігер берер,– деген. – Әйтеуір, абайла, сауысқандай сақ бол. Саломяки де кілемге екі иығын жұлып шығар. Тамперенің қызу қанды жанкүйерлері кеше жерлестері финалға шыққанда зәулім сарайды бастарына көтеріп кете жаздаған жоқ па. Менің жеңісімнің бастауы өзіңсің. Сен ұтсаң құрдасың да қарап қалмас... Фин палуаны ешқандай барлаусыз-ақ өңмең­деп бірден шабуылға шықты. Мыңдаған адамдар­дың айғайшуынан құлақ тұнады. Жайшылықта үстінен түйе жүрсе де селт етпейтін Игорьдің де дегбірі қалмады. “Өзіңнің сүйіктіңді” қолдан деп қояды анда-санда. Оны естіп жатқан Дәулет жоқ. Кездесудің үшінші минутына тақалып қалғанда, кілем үстінде адам айтса нанғысыз оқиға болды. Қас қағым сәтте Саломякидің екі аяғы серең ете түсті де, ол кілемге шалқалай құлады. Қалғаны Дәулет үшін оңай шаруа еді, әріптесін тырп еткізбеді. 2 минут 58 секундтың ішінде Юконың жауырынын жерге тигізді. Сеңдей лықсыған, теңіздей толқыған спорт сарайының манағы даңғаза шуылы өткінші жаңбырдай тез басыла

Өмір өткелдері қалды. Диктор екі мәрте СССР чемпионы алматылық Дәулет Тұрлыхановтың Европа бірін­шілігінің алтын медалін жеңіп алғанын хабарлады. Игорь құрдасын ай­ малай құшақтап сүйіп жатты. Сол күнгі қуаныш көпке дейін, сірә да, ұмы­тылмас. Біздің жігіттер бір қола, бір күміс, бес алтын медальді еншілеп тұрғанда әдеттегідей Игорь Растороцкий жалғыз қалып, ең ақтық белдесуді күтіп еді. – Ал Қажекең бабамның өзі жебесін,– деді Дәулет. – Байқа, қарсыласыңның қабырғасын күйретіп алып жүрме. Қапы қалсаң өкініші ұмы­тылмайды. Алматы мен Қарағандыға қос алтын­мен оралайық. Ең ауыр, 130 килограмм салмақ дәрежесінде кілемге шығатын швед палуаны Юханссон да тісқаққан палу­ андардың бірі болатын. Ол өткен жылы Челябі қаласының өкілі Владимир Григорьевті жеңіп, әлем чемпионы атанған. Игорьге Юханссонның “осал жерлері” жақсы та­ ныс. Бұдан бұрын әр түрлі жарыстарда төрт рет кездесіп, соның бәрінде де мәртебесі асып еді. Игорь бесінші белдесуге де қобалжымай еркін шықты. Жойқын күш иелері мұндай жауапты сынақта бір-біріне оңай алдырмайды. Бұл кезде Дәулет те Юрий Ивано­ вич Гордеевтен онша алыс емес еді. Әр минутыңның өзі сағатқа пара-пар сияқты, секунд жылжымай тұрып қалғандай. Үш-төрт рет оңтайлы сәтті өте шебер пайда­ ланып, ұпай санын асырған Игорь сол басымдылықты белдесу қашан аяқталғанша ұстап тұрды. Тампереде Совет Одағының Гимні шырқалды. Қара­ ғандылық палуан Игорь Растороцкий осымен екі дүркін Европа құрлығының чемпионы атанды. – Жарайсың Игорь, ерледің,– деп Дәулет те құрдасына шын сүйсініп, ақ алғысын жаудырды. Бір-бірінен жұптарын жазбайтын қазақстан­дық қос па­ луан сәл демалыстан кейін Америка Құрама Штаттарына

Шайхан ЖАНДАЕВ барып, осы елдің ең мықты жігіттерімен күш сынасты және халықаралық турнирге қатысты. Сан-Франциско қаласына келген СССР палуандары самолеттен түсе салы­сымен шай қайнатымдай уақыт жаттығып, бірден кілемге шықты. Бір семьяның балаларындай ұйымшыл совет спортшыларының мерейі бұл жолы да үстем түсті. Минскілік Камандар Маджидов ленинакандық Левон Джулфалакян, алматылық Дәулет Тұрлыханов, омбылық Теміржан Калимулин мен Владимир Попов, витебскілік Игорь Каныгин, қарағандылық Игорь Растороцкий американдық палуандарды ойсырата жеңді. Жалпы есеп 7 : 2. Келесі күні Конкорд қаласында АҚШ, Жапония, Куба, Швеция, Франция және СССР атлеттері қатысқан халықаралық турнир өтті. Бұл белдесулерде де Совет Одағының командасы бірінші орынға шықты. Жеңіске жеткен бес палуанның бірі – Игорь Растороцкий еді. Игорь мен Дәулет елге оралғанда бір-бірімен қимай қоштасты. – Ерледің Игорь, жиырма бес – жігіт жасы, октябрь­ де мүшел тойыңа шақыруды ұмытпа. Биыл алдымызда әлем біріншілігі, келесі жылы Олимпиада асуы бар. Сол биіктерге бірге көтері­лейік, Қазақстан спортының атақдаңқын асқақ­тата берейік,– деді Дәулет. – Айтқаның келсін, құрдас. Қарағандыға барысымен мемлекеттік емтихан тапсырамын, бұйырса универси­ тет бітіріп, диплом аламын. Алдымен осы жігіттердің бәрін сол тойға, Қара­ғандыға келіңдер деп шақырамын. Ал, құрдас, кездескенше күн жақсы болсын,– деп Игорь Дәулетті мол құшағына тебірене қысты. Ыстық құшақтар көпке дейін жазылмады. 1984 ж.

Өмір өткелдері ҚАПАН ПАЛУАН Бір кездегі көмірдей қап-қара қайратты ша­шын қазір ақ қырау шалған. Көпе-көрнеу көл­гірсуді білмейтін, то­ пан суы қаптаса да жалтақ­тауды, мақтануды сүймейтін Қапан әңгімеге шорқақ. Қайта жеңгеміз Рымкеш пысық па деп қалдық. Бірақ ол да сексеннің сеңгірінен асқан кей­ уана анаға балаша жалтақтап, ләм деп тіл қатпады. Кен­ жебаевтар үйінде заң тармағына жазылмаған бір тәртіп бар. Үлкен отырғанда жасы кіші тілмарсып, көсемсіп, шешенсіп сөйлемейді. – Қапанжанымды кәзитке жазамын десең алдымен мені тыңда, балам,– деді манадан үнсіз отырған ана. – Мен осы ғасырға жуық ғұмырымда өліп көрге түскен жоқпын. Әйтпесе замана зұл­матын мойынға артып, тір­ шіліктің талай бейнетін көрдім,– деп бастады өз әңгімесін Рахима шешей. – Бауырым құтсыз болған жоқ, құлыным,– деп қарт ана сөзін одан әрі сабақтады. Он үш құрсақ көтердім. Баяғыда қариялар “Адамның басы алланың добы” де­ генде бұл сөзге таңғалушы едік. Пенде көресісін көрмей, тынбайды екен. Отызыншы жылдардағы ашаршылық еске түссе осы кезге дейін тұла бойым қалшылдап кете­ ді. Тәуба дейін, құлқынның қамымен Сібірге де асып кеттік. Ондағы нәубатты адам баласының басына бер­ месін. Құлыншақтай құлдырап жүрген жеті жастағы Тү­ сіпханымның балдай тәтті қылығы әлі көз алдымда. Бір күні ойнап келді де күрт құлады. Қан кетіп тілге келмей шейіт болды. Торсықтай Жағыпарымды қалай ұмытайын. Ново­ кузнецкіден елге қайтқанда ол емшекте еді. Поезда келе жатқанда құшағымда көз жұмды. Жолшыбай түсіп қал­ саң, қайтадан поезға міну қиямет қайым. Демі таусылған

Шайхан ЖАНДАЕВ нәрестені кеудеме қысып бірнеше тәулік нәр татпай, тіл қатпай, көз ілмей елге келіп оны да бір төмпешіктің қойнына жасырған бейбақ анаң менмін балам. Шөп машинасына өгіз табылмай, сиыр жегіп аяғымды шалғыға отатқан да менмін. Қалың ел-жұртпен ер басына күн туған соғыс жылдарында “Тегісшілдік” колхозының сиырын сауып, бүгінгі мамыражай заманда дер кезінде зейнетақымды уақытында ала алмай қорлық көрген де менмін. Қайсы бірін айта берейін, жаным. Қазір менің қатарым кеміп, айдын көлде жалғыз қалған аққудаймын. Әйтеуір мына жаңа құлындарымның арқасында еш қиындық білінбейді. Зарығып көргенде кіндігін балтамен кескен Қапаным осы ғой. Басқалары бір төбе де, Қапанжаным бір төбе. Көңіл кірі айтса кетеді деген. Зердеңмен зерделе­ сең Қапанжанымның жастық шағы қиындықпен өтті. Басқасын енді өздерің әңгімелесе беріңдер... Ұлдан гөрі сүт кенжесі Мәрияның үйінде көбірек болатын абзал ана Қапанжанына кір жуытпайды. Оны айналып-толғанып аузынан тастамайды. Ананың балаға деген ақ махаббаты осы да... 1952 жыл. Қапан жетінші класты тәмамдаған соң Сарандағы педагигикалық училищеге оқуға түскен. Мұнда бозбалалардан бойжеткендер басым. Бар салмақ ұлдарға түсті. Бәрінен де спорт жарыстары өтсе қыздар­ дың “Қапан, Қапан” десіп қиқуласатыны қиын-ақ. Ондай­ да Қапан да бар жанын салып-ақ бағады. Өзі бесаспап. Жүгіреді, секіреді, ядро серпеді, шаңғы тебеді. Сол кезде алған мақтау грамоталарының өзі бір құшақ. Кенжебаев сонда шаңғыдан училищелер арасында өткен жарыста облыс чемпионы атанып бірінші разряд алды. Мұндай

Өмір өткелдері атаққа сол кезде де, қазір де екінің бірінің қолы жете бермейді. Училищені абыроймен бітірген соң туған ау­ лына оралып дене тәрбиесі пәнінен сабақ берді. Спорттан қол үзбеді. Шаңғыдан бірнеше рет аудан, облыс чемпи­ оны атанды. Уақыт жылдам. Арада үш жыл желдей есіп өте шықты. Бір күні Қарағанды педагогикалық институтындағы био­ логия факультетінің жанынан дене тәрбиесі бөлімі ашы­ лыпты деген хабарды естіді. Спортқа жаны құмар жайсаң жайнақ елең ете түсті. Содан бағын сынауға Қарағандыға келсін. Педагогикалық училище бітірген, одан соң үш жыл ауыл мұғалімі болған Қапанға қабылдау емтихан­ дары сөз болып па?! Барлық сынақтарды ойдағыдай тапсырып студент атанды. Іле-шала колхозға жиын-терін жұмысына аттанды. Басқарма қарулы деп бес-алты жігітті сүрлемді жайып, жазып тұруға бөлді. Сайдың тасындай іріктелген қарулы жігіттер қойсын ба, қандай іс тапсырылса да жапырып ат­қарып тастайды. Шаршап-шалдығуды білдірмейтін қайран жастық-ай десеңізші. Қалт етіп қолы босағанда жұмсақ сүрлем үстінде күресе кететін. Күрестің әліппесін ерте үйреніп, облысқа танылып үлгер­ген Зейниден Есмағамбетов, Ермек Иманбаев, Серік Демесіновтердің атағынан именбей Қапан да кез-келгенімен белде­ се түсетін. Бірде жығып, бірде жығылып дегендей, атақтылармен теке тіресіп жүргенде оны бапкер Феликс Григорьевич Примильский көріп қалды. – Қапан, сен бұрын күресуші ме едің? – Жоқ, белдесіп тұрғаным осы. – Олай болса Қарағандыға оралысымен күрес үйір­ месіне кел. Сені өзім жаттықтырамын.

Шайхан ЖАНДАЕВ – Жарайды. Қапан күреске осылай оқыс келді. Палуан атанамын деп әсте ойламап еді. Талаптыға нұр жауар дегендей, классикалық күрестің сан алуан әдіс-тәсілдерін тез үйреніп алды. Айналасы екі жыл ішінде ССРО спорт шебері деген құрметті атаққа ие болды. – 1962 жылы көкек айында Аөтөбеде Орта Азия және Қазақстан палуандарының біріншілігі өтті. Осы сынға Қарағандыдан Шәріп Харисовтың шәкірті Нығмет Әйтенов екеуіміз қатысып едік. Жеңіл салмақта күресетін Нығмет бірінші, ал өзім үшінші орын алдым. Ақтөбе сапары сәтті болып, екеуіміз де Қарағандыдағы қазақ жастары арасында тұңғыш рет ССРО спорт шебері деген атаққа ие болдық. Келесі жылы Алматыда республика бірін­ші­лігінің ақтық кездесуінде алматылық Бауыржан Хасановты ұпай санымен ұтып, Қазақстан чемпионы атандым. Ал КарПИ, КазМУ студенттерінің дәстүрлі екінші кездесуінде де жеңіс тұғырынан көрініп едім. Күресіп жүргенде бәрін де ұмытады екенсің. “Бастан құлақ садаға” дегендей қос құлақтың шеміршегін талай рет сындырдық. Қолым да, аяғым да шықты. Шешем мен Рымкеш енді күресті қой деп талай рет зар жылады да. Оларды: “күресті қойдым, Таллинн қаласында өтетін ІV Бүкілодақтық студенттер ойынына төреші болып бара­ мын”,– деп алдадым да кілемге шықтым. Грузияның атақты палуаны Ш. Блядзадан ұпай­мен ұтылып, әлем чемпионы Чугаловпен белдес­тім. Сонда жойқын күшпен ыңғайсыз қимылдап өз шынтағым қабырғамды сынды­ рып жіберді. Абырой болғанда белдесу мерзімі бітіп қалып еді. Сонда мен Қарағандыға үшінші жүл­демен оралдым. Содан кейін күреспен біржола қош айтыстым,– деді Қапан.

Өмір өткелдері Институтты бітіргеннен кейін ол алдымен облыстық спорт комитетінде аға нұсқаушылық қызмет атқарды. Кейіннен “Қайрат” ерікті спорт қоғамы облыстық сове­ тінің төрағасы болып тағайындалды. Он сегіз жыл бойы ауыл спортын жандандыруға үлес қосты. Ауыл­ дан атақты палуандар Ерсін Жүнісов, Амангелді Мұ­ сабеков, Серік Алшынбаев, шаңғышы Алексей Жулин, тағы басқа бірнеше танымал спортшылардың есімдері Қапан қызмет атқарған жылдары шыққан. Қапекеңнің еңбектері де ескерусіз қалмады. “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін” және “В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы” мерекелік медалімен наградталған. Кенжебаевтың омырауында “ССРО дене тәрбиесі және спорт қызметкерлерінің үздігі” белгісі жарқырайды. “Әке көрген оқ жонар” деген. Қапанның медицина ин­ ститутында оқитын ұлы Саят еркін күрестен ССРО спорт шеберлігінер кандидат. Ал жетінші класта оқитын Элми­ расы конькимен мәнерлеп сырғанау үйірмесіне қатысып жүр. Гүлмирасы да ер жеткен, спорт саласында қызмет атқарады. Ал Сәулесі Совет аудандық қаржы бөлімінде инспектор. Рымкеш жеңгеміз №57 орта мектепте мұғалім. – Халқымыз қыз баланы өріс деп бекер айтпаған ғой. Сәуленің жолдасы Алмас та өзімнің туған баламдай. Не­ мерем Әлия келгенде үй-іші толып бәріміз де бір жасап қаламыз. Төрт құлыным – жарық жұлдызым. Солардың келе­шегі үшін еңбек етіп жүрміз ғой,– деп Қапекең әңгімесін аяқтады. Спорт ардагері Қапан Кенжебаев қазір Қараған­ды аймақтық “Спортлото” басқармасының бастығы. Он екінші бесжылдықта осы кәсіпорын 27 миллион 810 мың сомның әр түрлі билеттерін таратты. Түскен таза пайданың 1 миллион 814 мың сомы Қарағанды мен

Шайхан ЖАНДАЕВ Жезқазған облыс­тарының дене тәрбиесі мен спортын дамыту үшін аударылды. Қапекең бұл қызметте де абы­ ройлы. ТҮЛКІБАЙ МЕН АҚТИЫН (Әзіл әңгіме) – Ақышым менің тыңдашы деймін? – Өзеуремеші, айтасың кейін. – Өзіңді бір көргенде ұнаттым, Сырымды айтам, Шынымды айтам,– деп Түлкібай үзіліп қалды, Ақтиын оған сүзіліп қалды. “Бағы тайған жігітті түйенің үстінен де ит қабады” деген ғой. Мен дәл солмын. Қалай екенін өзім де осы күнге дейін түсінбеймін, жасымда жақсы едім, өсе келе бақсы болдым. Олай дей­тінім, орта мектепті сүрініпқұлап жүріп бітірсем де, әкем Малдыбайдың малына сүйеніп, инсти­тутқа оқуға келдім. Физикадан әсіресе, “өгіздің күші” деген сұрақты келістіріп-ақ айттым ба деймін, түнде өзіммен бірге ресторанда отырған жездем Жәрдем “төртті” қонжитып берді. Мені құртқан химия болды. Кәдімгі сіріңкеде болатын қышқылға, кітап тілімен айтқанда – күкірт қышқылына бөгелген жоқпын. Әлгі суда жанатынның аты не еді, тоқта, тоқта, е, енді есіме түсті – батрийдің де мақтауын жеткіздім. Бұл адам дегенді қойсаңшы, бір қара басса... Жаңа айттым ғой, бағым тайған,– деп. – Е, не боп қалды? – Менің түбіме су жетті. – Су түбіне кеттің бе? Түсінбедім.

Өмір өткелдері – Ойбай-ау, кәдімгі су, ішетін су. Сол құртты мені. Оқытушы суды айт дегенде, бір жұтынып алдым да ба­ стап кеттім: – Су деген таза зат... Не десем екен, әлгі, әлгі, е, атамыз қазақ айтыпты “сүттен-ақ, судан – таза” деп. Данышпан ғой олар, соны қалай тауып айт­қан. Су дегеніңіз – өмір. Сусыз сіз бен бізге күн қараң. Судың екі түрі бар. Бірін­ шісі – тұщы. Оны­сы – жай су. Екіншісі – ащы. Мұнысы – арақ. Осы кезде сөзімді бөліп оқытушым тоқтатып тастады да: –Ал, енді сол судың формуласын тақтаға жаза қойшы,– деді. Шынымды айтсам, не жазарымды білмей қалдым. Сұрағына түсінбедім. Балқаш көлінің суретін салдым. Ирек-ирек қылып өзен де сыз­дым. Енді құдықты келістіре бергенімде, оқыту­шым қуып шықты. Салым суға кетіп ауылға келдім. – Тірәктір мінсең төңкеріліп қаласың,– деді апам. – Қой бақсаң айдалада қаңғып өлесің,– деді әкем. Әй, ауыл дегенің скучно-ақ қой. Жылыстап, жамба­ сыма жүзіктерді басып, Жақау деген жиені­ме бардым. – Не білесің?– деді ол. Бухгалтер боласың ба? – Сотталып кетем. – Завсклад ше? – Жоқ, онда ертеңінде түрмеге кетем. – Бірдеңе жаза аласың ба? – Е, е, осы. Жаза аламын, сөздің түбін қаза аламын. Сөйтіп, оп-оңай жөрнәліс боп шыға келдім. Алғашқы­ да аяғына қан түскен аттай кібіртіктеп жүр едім, кейіннен есектей желе жортып кеттім. Бірақ, тұзым жеңіл дедім ғой, мана. – Тағы бірдеңе болды ма?– деп Ақтиын ыршып түсті.

Шайхан ЖАНДАЕВ – Бірер айдан соң командировкаға шықтым. Мен барған Сайдәулет деген шопанның үйінде киікше орғып бір сұлу жүр екен. Өзінің бигурасы да кісіні ішпей-жемей елтітіп тастайды. Бұрын ондай көріктіні кім көрген. Соған қарап қырын­дап жүргенімде мерзімді күнім де бітті. Қайтейін, қасы-көзі қиылған Қаракөзді қимай, жүрегім сыздап, құр сүлдерім жетті ауданға. Бірер күннен кейін “Молшылық” деп аталатын газе­ тімізге “Әкелі-балалы шопан” деген очеркім шықты. Көзім жамандық көрмесін, Сайдәулет дегенім Байдаулет болып кетіпті. “Қызы Қаракөз өткен жылғы боранда айда­ лада екі күн табиғаттың дүлей күшімен алысқан” дегенім мүлде өтірік боп кетіпті. Артынан естісем Қаракөзі жаңадан түскен келіні екен. Ол кезде күйеуі қысқы ем­ тиханда жүріпті. Әне, жастық шақ деген сол. Түлкібай бір күрсініп алды да: – Ақышым, шынымды айтайын. Алғашқы махаббатым Қаракөз еді. Жүрегімді жандырды да жарқ етті. Екінші махаббатым – Сақыш еді, мен басқа бір қызбен жүрген соң қызғаныш күйігінен бесінші этаждың балконынан жалп етті. Енді үмітім өзіңсің. Сенен жылы сөз болмаса маған өмірдің қажеті жоқ. Бір күні аузын ашқан балық­ тай қоштасамын бұл дүниеден. Айтшы, Ақышым, әлде жігітің бар шығар? Бар болса оған бұл дүние тар шығар! Жауласып өтейін, түбіне жетейін! Айтшы! Ақтиын мысық көзін бір-екі жыпықтатып еді, Түлкібай сабасына келіп, ақылына түсті. Ақтиын жымиды. Содан кейін наздана қылмиды. Сөйтті де сөз бастады... – Мен де жігіттерге алаң болғам. Бір кездерде балам болған. Жігітіме мінезім жараспады. Содан болар ол мені аластады. Батыр екеніңді білейін алдымен соның көзін құрт!

Өмір өткелдері Ақтиын көңілдегісін айтып қалды. Түлкібай райынан қайтып қалды. ӘЙ, ОСЫ ҚЫЗДАР-АЙ! (Әзіл әңгіме) Ертеңгі семинарға дайындалып болған кезде есік қа­ ғылды. Гүлбану екен. Амандасқанша болған жоқ, қолыма бүктеулі тілдей қағазды ұстатты да, үндемей шығып кетті. Аң-таңмын. Группадағы мінезі ашық жайдары қыздар­ дың бірі еді. Жаңағы келісіне таң қалып, біраз тұрдым да берген қағазын оқи бастадым: “Кенжебай! Келмегеніне көп болды. Ренжіп жүргеннен саумысың? Сабақта қиын. Бос уақыт та аз. Өткенде айтқан сөздерің ой­ландырып жүр. Кейбір түндерде соны ойлап ұйықта­ май шығамын. Қолың тисе бүгін кешкі сағат 7-де инс­ титуттың алдында кездесейік. Пікірлесіп, біраз әңгіме­ ле­сейік. Сәлеммен Кенжегүл”. Не болғанымды өзім де білмеймін. Мынау қандай қуаныш десеңізші! Кенжегүл – менің ұнатқан қызым. Өткенде бір кеште ретін келтіріп сөз айтып едім. “Ма­ хаббат атүсті шешілетін мәселе емес, ойланайын, қабыр­ ғаммен кеңесейін” деген. Кейін тағы бір жолыққан да: “Соның өзі болмайды-ау”,– деп айтқан соң қайта-қайта қыз алдына бара беруге ұялып, шеттеп жүр едім, енді міне өзі жолығайық деп жазып жіберіпті. Қателеспеген екенмін. Шынында да Кенжегүл байсалды, ақылды қыз. Бәрінің реті келгенде, мені ақша жағы қинады. Жа­ қында ғана туфли алып қойып тиынсыз қалып едім. Ау­ ылдан ақша келіп қалар деген ой түсті басыма. Орталық почтаға барайын. Жақсылап барымды киіндім де далаға

Шайхан ЖАНДАЕВ шықтым. Манадан тамақ ішпегенімді жаңа сезгендеймін. Бірақ “Жаяулыға жел қарсы”. Ақша жоқ. Почтадан да мән шықпады. Әкемнен хат алдым. Ирелеңдеген арбаның шең теміріндей жазған әріптері көзіме оттай басылды. “Жанботам, құлын балам, оқуың жақсы ма? Тамағың тоқ, көйлегің көк пе? Осы кезде ішім бүлк ете түсті. (Граматикалық, орфографиялық қателер дегенде шек жоқ. Нүкте, үтір, абзац дегендер әкеме бәрі бір). Біз де дін аманбыз. Шешең анда-санда қыңқылсыңқыл ауырып қояды. Қар қалың, бұйырса биыл егін бітік болар. Ауыл аман. Сұраубайдың сары қызы күйеуге қашып кетті. Айтпақшы біздің көрші Азынабай арыстан­ дай ақырған, тайыншадай бір итті алып кепті қаладан. Байқамасаң демалысқа келгенде қауып алар. Мәліктің шарбағын айналып кел үйге. Биыл қыс қатты. Қоңыр сиыр көтерем. Қара қойдың да аяғы ақсап жүр. Жүнжұрқа, тері-терсек сатсам ақшасын салып жіберемін. Ке­леріңде апаңа алтыншы галош ала кел. Аяғынан су өтіп жүр. Ұмытып барады екенмін, сол қалада біздің Көрікбай деген нағыз бауыздау құдамыз көшіп барған екен. Міне, Мәліктен соның адресін алып салып жіберіп отырмын. Қарның ашса сол үйге барып жүр. Қазір елдің бәрі тұмау. Суық су ішіп ауырып қалма. Сабағыңа ықтият бол. Сәлеммен әкең, Итемген.” Не күлерімді, не жыларымды білмей тұрмын. Оның жүн-жұрқа сатқан ақшасы қанша дейсің. Оның өзі әлі бұзауламаған сиырдың уызы ғой. Сағат әлі үш. Әлі ерте. Шегім де шұрылдап барады. Көз алдымда Кенжегүл күлімдеп тұр. Қыз алдына көк тиынсыз бару тағы да ұят: Тым құрыса конфет алу керек. Енді не істеймін, ә? Қой, Көрікбай құданікіне барайын.

Өмір өткелдері Есікті бүлдіршіндей жас қыз ашты. Төр жақтағы бөлмедегі диванда бір әйел жатыр. Қолында газет. Тәрізі құдағи болар. – Сәлеметсіз бе? Онда үн жоқ. Тіпті адам келіп тұр дейтін емес. Естімеген шығар деп тағы да амандастым. Ол газеттің екінші бетін аударып, бір аунап түсті. Тағы да жөтелген боп бұрынғыдан да қаттырақ сәләмәтсыз ба дедім. Ол естімеді. Осы кезде қатар­дағы бөлмеден бір еркек шықты. Сірә, әлгі құда осы болар. Амандастық. Жөн сұрастық. Ақкөңіл екен. Біраздан кейін ол далаға шығайық деді. – Дұрыс-ақ, төртінші курста оқимын де. Жақсы. Ал, енді жаңа жеңгең жұмыстан шаршап келіп еді. Дем алмай тамақ істемейді. Мына асханаға барып бірдеңе ішейік. – Жо-жоқ, рақмет. Сабаққа дайындалу керек. Жай амандасайын деп... Реті болса үш-төрт күнге біраз ақша берсеңіз екен? – Оқыған соң солай сабақты жақсы оқу керек. Оның жөн, жөн. Ал, өзіңе қанша керек еді? – Егер болса он сом берсеңіз? Ол қалтасынан бір қызыл қағазды суырды. Қуанып тұрмын. Әрі құдаға сондай ри­ замын. “Ашаршылықта жеген құйқаның дәмі кетпейді” деген осы емес пе. Рақметімді жаудырып, қош айты­ стым. Әлденіп алып, институттың алдына келіп тосып тұрмын Кенжегүлді. Қазір келіп қалар. Айтатын сөзімді жүйелеймін бір сәт. Өстіп тұрғанда бір сағат өтті. Әй, осы қыздардың бір сағат киініп, кешігіп шығатыны-ай. Осындайда ой да мазасыз. Енді есіме манағы құдағи түсті. Қызық-ә! Газеттен бір бас алмайды. Сондай қызығатын не бар екен онда? Айтпақшы, мен де газет алайыншы. Газетті жаңа ғана қолыма ұстағанда 1 апрель деген жазуға көзім түсті. Иә, бірінші апрель күні ешкімге сенбе деген

Шайхан ЖАНДАЕВ бар. Қап. Алданған екенмін. Бұның бәрі Гүлбанудың әзілі екен ғой. Әй, осы қыздар-ай,– деп басымды шайқай беремін. Басқа не келеді қолымнан... ҰЯДАН ҰШҚАН ОН ТОҒЫЗ (деректі хикаят) 1. 1981 жыл. Тамыздың нағыз тамылжып, Арқа жерінің жанға да, малға да жайлы болып, бар мейірімін, шапағат нұрын төгіп тұрған кезі. Ақжардың үлкенді-кішілі тұр­ ғындары көңілдерін бір демдеп, мамыражай тыныстап, тоқшылық кейіп танытты. Осыдан бірер жыл бұрын ақжар­лықтар өздері өсірген бітік егінді дер кезінде жинай алмай қиналған болатын. Сонда көршілері, социалистік жарысқа түсіп, үнемі артта қалып жүрген Бабаев атын­ дағы совхоздың бір топ озат комбайншылары сау етіп көмекке келгенде, ұялғандарынан жерге қарап қалған. Намыс отына жігерін жаныған жігіттер бұл жолы нағыз азамат­тық мінез көрсетті. Ауыл механизаторлары ша­ бындыққа мая-мая шөп үйіп, оны дер кезінде тасып алып, енді-енді басталатын егін орағына да тас-түйін отырған-ды. Жігіттер осылай ораққа қапысыз қамданған сәтінде шағын ауылда қуанышты хабар тез тарап кетті. – Бүгін Жәкеңнің үйінде үлкен той болады екен. – Қай Жәкең? – Мектеп директоры Жамалиден Махановты айтамын. Мұғалім ұлы Қанат үйленетін көрінеді. – Келін қайдан екен? – Осы ауылдан. Құбыш ағайдың бүлдіршіндей баласы. Әлия ше?

Өмір өткелдері – Е, онда тең-теңімен деген. Екі жас бақытты болсын,– деген ауылдастары. Сол күні ауыл шетіндегі Жамалиденнің сегіз бөлмелі екі үйі қонаққа лық толды. Көрші ауылдардан келген жігіттер мен қыздар да төрге шықты. Жастар жас келінді жаңа дәстүр, жаңа салт бойынша “Жар-жармен” әндете қарсы алды. “Беташар” айтылып, ел-жұрт орын-орын­ дарына жайғасқан сәтте, асабаның қоңыр дауысы жұрт­ шылықты бірден елең еткізе түсті. – Уа, халайық, қымбатты құйрық-бауыр жесіскен, мың жыл туыс боламыз десіскен, құда-құдағилар. Бәрің маған қараңдар. Бүгін ауылы­мыздың ардақты азаматы, алтын асықтай он тоғыз бала тәрбиелеп өсірген Жамалиден ағай мен Мәпіш апайдың үйінде үлкен қуаныш, дүбірлі той басталғалы отыр. Осы құтты ұядан түлеп ұшқан он сегіз ұл мен бір қыздың арасынан бірінші болып ұстаз атанған Қанат бақытты совет семьясының қатарына тағы бір отау қосты. Тойдың ең алғашқы сөзін он тоғыз баланың әкесі Жәкеңе беруге рұқсат етіңіздер. Сол-ақ екен, бөлмеде, тағам толы стол басында отыр­ ғандар қол шапалақтап, дуылдасып кетті. Бұл сәтте Жамалиденнің қараторы жүзі бал-бұл жанып, мейірімді қой көздері ұшқын атып тұр еді. Қуанышын жасыра ал­ май, күлімсіреген бойы төрге, құдаларына қарай тақала берді. Денесінде сәл болмашы діріл бар сияқты. Талай-та­ лай жиындарда қысылып-қымтырылмай, алқалы топтың алдынан сүрінбей өтетін мектеп директоры бұл жолы аз-кем ойланып қалды. Екі-үш рет тамағын кенеп: – Қадырлы қонақтарым! Бұрынғылар “Үйлену оңай, үй болу қиын” деген екен. Мен осы бір нақылға өзгеріс енгізсем бе деймін. Олай дейтінім, бүгінгідей нұрлы заманымызда үйлену де, үй болу да оңай. Бұрынғыдай емес, екі жас бір-бірімен теңін тауып қосылады, семья

Шайхан ЖАНДАЕВ құрады. Ал қайда болсын олардың еңбек етуіне, тату-тәтті өмір сүруіне барлық жағдай бар. Балаларыма айтарым, ең алдымен әке-шешелеріңнің тілегін ақтаңдар! Сендер жақсы болып асып кетсеңдер, олар әсте күндемейді. Әркім өз балаларына бақытты бол, деп тілек айтады ғой. Бақыт дегеніңіз ұшып жүрген құс та емес, барлық та, байлық та емес. Ол әр адамның туып өскен, білім алып, ер жеткен жерінде, ошағының басында, қосағының жанында. Қазір мен құда-құдағилармен бірге үлкен шаңырағымның алғашқы қызығын көріп бақытқа бөленіп отырмын. Осы қос құлыным өздерінің жеке бас қамын ғана ойлап қоймай, елдің баласы, Отанымыздың ардақты азаматы болсын. Халқына адал қызмет етіп, әрқашанда оңдарынан – күн, солдарынан – ай тусын. Бақыт­ты болыңдар, қос ботам! Той қызығы таң ағарып атқанша толастамады. Жа­ стар шырқаған әсем ән тымық кештің мөлдір аспанында шарықтап тарап жатты. Бірде күліп, енді бірде отты, тұнық жанарынан қуаныштан төгілген жасқа ие бола алмаған Мәпіш жұрт аяғы басылғанда ғана тізе бүкті. Оның өзінде абысын-ажындары, сіңлілері: – Апа-ау, бір сәт дем алсаңызшы. Қалған шаруаны өзіміз-ақ тыңдырамыз ғой,– деп жан-жақтан кеу-ке­ улеген соң амалсыз құс жастыққа қисайған еді. Көзі жұмулы, көңілі ояу. Той үстіндегі ұлы мен келінінің бал-бұл жанған, алаулаған жүздері, өзінің өткен жастық шағы, өрімдей өндірген он тоғыз баласы, бірінен соң бірі тізбектеліп көз алдына келді. 2. Мәпіш қазіргі сәбилердей балалықтың бал дәурен база­ рын армансыз кешіп, алаңсыз ойнай алмады. Алты жасқа

Өмір өткелдері келген шыбынсыз жазда алай-түлей сұрапыл боран соқ­ ты. Ол бүгінге дейін дәл сондай алапат дауылды көрген де, естіген де жоқ. Ғасырлар бойы талай-талай күнәсіз ғашық­тарға пана, куә болған мәуелі бәйтеректердің са­ ялы бұтақтары сол шыбынсыз жазда, аңыраған анадай жапырақтарынан айырылыпты. Сол шыбынсыз жазда миллиондаған адамның “соғыс” деген жалғыз ауыз үрейлі сөзін Арқаның майда самал желі асқар таулардан асырып, алысқа жеткізіп жатты. Ә дегенде осы сұрапыл “соғыс” деген жалғыз ауыз сөз жөн-жоба білетін көшелі, көне көз қарияларды ғана емес, ес білетін, әліппенің әріптерін енді-енді ежелейміз деп жүретін Мәпіштерді де есеңгіретіп тастады. Елге, туған жерге деген ессіз, дүлей боранның Батыстан соққанын естігенде, барша совет халқы белді бекем буды. Сол бір шыбынсыз жазда алты жасар Мәпіштер алты есе есейді... Тоғыз жасында таң елең-алаңнан алғаш рет масақ теру­ ге шыққаны әлі есінде. Шолақ қол бригадирдің: “Балалар, тұрыңдар, күн түс болды ғой” деген жарықшақтанған даусын Мәпіш сонда біразға дейін түсінде де естіп жүрді. – Ал, қарақтарым,– дейтін бригадир, аңыз басында балаларды сапқа тұрғызып. – Біздің жауынгерлер жауды өкшелей қуып барады. Соғыс бітуге жақын қалды. Егер әкелерің мен ағаларың ауылда жүрсе, мен сендерді түн ұйқыларыңды бөліп, елең-алаңнан тұрғызар ма едім? Ауылдан кеткен азаматтар үшін алдымен нан керек. Сондықтан сендердің жинаған әрбір масақтарың фа­ шистерге оқ болып тиеді. Балалық жасамай, аңызда бір дән қалдырмай теріңдер. Өзім түсте де, кешке де келіп атқарған жұмыстарыңды тексеремін. Албырт балалық шақтың қызуындай, от-жалын жоқ шығар әлемде. Қара сирақ ұлдар мен қыздар әлгі сөзден

Шайхан ЖАНДАЕВ соң аңызға атой салатын еді. Қолдарында бір-бір қару, қазір музейде болмаса, іздесе таптырмайтын кәдімгі қол орақ. Бәрі де әу баста от пен оқ кешіп майданда жүрген әкелеріміз үшін, Отан үшін ағаларымыз үшін деп ертелеп келіп, жомарт, бейкүнә жанарларымен ара-кідік қалып қойған бидай сабақтарын жан ұшыра жанталаса іздейді. Сол күні олар бригадирді риза етіп, ауылға әндетіп қайтты. Ертеңінде Мәпіш анасы Күлшаттың: – Тұра ғой, ботақаным, бригадир есік қағып тұр, ба­ лалар масақ теруге бара жатыр,– деген сөзін естімеді, ананың аялы алақанын сезбеді. Денесі ысынып күйіпжанып, қары салдырап, аяқ-қолы көтертпей, беймаза хал кешті. Үйге келген бригадирдің жүрекжарды тебірене айтқан сөзін де естіген жоқ. – Күлшат апа-ау, менде не кінә бар? Ер аза­маттар белшесінен қан кешіп жүргенде, біз қалайша тыныш ұйықтаймыз. Әне, қараңызшы әшейінде көркіне күн тигізбейтін, бүлдіршіндей баланың ақ мақтадай үлбіреген алақаны бір-ақ күн ішінде тілім-тілім болып қалыпты. Басқа да қыз балалар қай бір жетісіп жүр дейсіз. Оны мен де сеземін. Қайтейік, амал бар ма? Бекем буынған белді күні ертең боздақтарымыз ауылға аман есен қайтып оралғанда шешерміз. Оған да көп уақыт қалған жоқ қой. Бүгін Мәпіш үйде болсын, дем алсын. Мен ұлдарды ғана аңызға апарамын,– деп еді бригадир. Мәпіш сол күні сәске түсте ғана басын көтерді. Үй ішінде ешкім көрінбейді. Сәби кешегі шаршағанын ұмытып сыртқа шықты. Көлеңкеде өзінен кейінгі жалғыз бауыры Хамиттың, апыл-тапыл аяғын басып жүрген сіңлілері Үмітжан мен Шәйданың ойнап отырғанын көріп қуанып қалды. Кәдімгідей ер жетіп, есейгендігін танытып

Өмір өткелдері оларды ертіп үйге кірді. Қалған қатқан нанды, жылымшы көжені бәрі бөлісіп ішті... Көбелекше әр гүлге қонған, өткен өмір жолын шолған ойлар бірімен-бірі сабақтасып жалғаса берді. Әлдекімдер аяғына жармасып, төсін аймалай берді. Әлгі тәтті елестер үзілген моншақ­тай, шашырап кетті. Ананың сезімтал, жүрегі елжірей соқты. Бұлар ең кенжесі он сегізінші, он тоғызыншы – егіз туған үш жастағы Асыл мен Арман еді. Қос сәбиін бауырына қысып мейірлене сүйіп, құшырлана иіскеді. Қарлығаш ойлар тағы да қанат қақты... 3. Он тоғыз бала, он тоғыз мінез. Оқу жылы аяқталып мұғалімдер демалыста еді. Тек мектеп директоры Жа­ малиден Маханов қана жұмыста болатын. Бір мезгіл мектептің жөнделуін қадаға­лайтын. Үйдің де ұсақ-түйек жұмыстары қолды бір босатпайтын. Көкке аузы енді ғана іліккен марқалар әлі арық. Сойып тастауға обал-ақ. Жамалиден “Жи­гулиіне” отырып, со­ вхоз орталығы – Корнеевкаға қарай жүйітки жөнелді. Бір пұттай шұжық сатып алды. Үйге келген соң балаларын шақырып алып, әлгі әкелгенін стол үстіне қоя салда да, өзі “шар­шадым, қалжырадым” деп жатып қалды. Әредік “қор-қор” етеді. Үлкенді-кішілі балалар осы сәтті күтіп отыр еді. Олар “шұғыл” жұмысқа кірісті. Бағанағыдай емес, әлден соң балалар тоқпейіл мінез танытты. Арада едәуір уақыт өтсе де, олар әбден тойдық демей, столға үздік-создық қол соза берді. Сонда басқа емес, тоғызыншы баласы Дарын: – Бәріміз де тойып қалдық. Ендігі қалғанын мамам мен папама қояйық. Олардың да қарны ашып қалған шығар,– деді. Ер жетіп қалғандары інісінің айтқанына ден қойды.

Шайхан ЖАНДАЕВ Бәрі де мамасы мен папасына шұжық қалдырды. Сол кезде Жамалиден орнынан атып тұрды. – Құлындарым менің, осылай біріңнің айтқан сөз­ деріңді үлкенім, кішімін демей, тыңдап жүрің­дер. Мәпіш екеуіміз сендер үшін қолдан келгеннің бәрін аямаймыз. Киімдерің – көк, тамақтарың – тоқ, уайымдарың – жоқ қой, айналайындар. Ақылдым менің, міне, азамат болды деген осы,– деп ол Дарынын бауырына қысты. Сол Дарын Асыл мен Арманның “екінші папасы мен мамасы” атанды. Сабақтан қайтып келгенінде егіз бала осы ағасын далада күнде асыға тосып тұратын. Содан көздері әбден ұйқыға барғанша Дарынның қасынан көлеңкедей қалмай еріп жүретін. Дарын Қарағандының ¹2 қазақ орта мектеп-интернатына оқуға барып еді. Сонда Асыл мен Арман кімнің де болсын, жүрегін дір еткізетіндей беймаза хал кешті. Әкесін де, шешесін де тыңдамады. Бейкүнә қос сәби түн ортасында тұрып алып, беу-беулеп Дарынды іздеді де отырды. Жәкең мен Мәпіш қос ұлдарына алма да, апельсин де, көз қарықтыратын тәттілерді де ұсынды. Сонда да Асыл мен Арман тыныш­ тала алмады. – Қой, болмас,– деп Жамалиден “Жигулиін” “ерттеді”. Дарынды ауылға әкелді. Аяғын апыл-тапыл, басып жүрген қос сәбидің сол күнгі қуанышты сезімін, көңілкүйін Жамалиден мен Мәпіш бар болмысымен түсініп еді. Сол түні екі бала Дарынның оңы мен солында армансыз ұйықтады. 4. Адам бір қуанғанда ойды-ой қуып, өткен белестердің ұмытылмас шақтары өзінен өзі еске түсе береді екен. Ке­ шеден бері қанша қалжыраса да, Мәпіштің кірпігі ілінбей

Өмір өткелдері қойды. Енді бірде бауырында егіз қозыдай монтиып жатқан осы сә­билерінің жарық дүниеге келер сәтіндегі қиналған шағы көз алдына елестеді. Сол түні Мәпіштің жарғақ құлағы жастыққа тимеп еді. Ол қанша қиналса да, үрейлі жанар­ларымен жаутаңдап отырған балаларының көзінше қабағын да шытпады. Барлық қажыр-қайратын, күш-жігерін жинап анда-санда: – Құлындарым-ау, ұйықтасаңдаршы бір мезгіл. Ертең мен ауруханаға түскенде қарын­дарың ашып, жүдеп қалар ма екенсіңдер?– деп, әрқайсысына аналық мейріммен қарайды. Мұндай қамқор дауыс шыққанда, балалардың жүздері де бұлт астынан көрінген күндей жайраң қағады. – Мама, алдымен өз денсаулығыңызды ойла­саңызшы. Біздер туралы еш алаң болмаңыз. Үйде мен бар емеспін бе,– деп Қатима кәдімгідей өкпе­лейді. Енді сөзге Нүркен мен Нәжат араласты. – Малды екеулеп жайлаймыз, мама. – Мама, мен барлық ыдыстарды өзің сияқты тап-таза етіп жуып қоямын. Дарынның бұл сөзіне үй-ішіндегілер тегіс күліп жі­ берді. – Мама, мен Нұрға ие боламын. Бәрінен де бұрын өзі­ ңіз тез жазылып келіңізші,– деді Сәкен. Естері кіріп, ер жетіп қалған балаларының осы сөздері Мәпішке қуат берді. Бұл кезде Жамалиден “Жигулиін” қыздырып үйге кірді. Балалары шешесін жан-жақтан жапырласа қолтықтап машинаға отырғызып, сәт-сапар тілеп қалды. Көктемнің алғашқы айы. Желмен жарысқан “Жигу­ ли” асфальт жолмен жүйіткіп келеді. Мәпіш бір мезгіл көз шырымын алды. Аудан орталығы – Ульяновка поселкесіндегі перзентха­наның дәрігерлері алғашқы жәрдем көрсетісімен, Жамалиденге ақыл-кеңес берді.

Шайхан ЖАНДАЕВ – Сіз бұл араға көп бөгелмеңіз. Жаныңызға медсестра қосып берейік. Қарағанды осы арадан елу-ақ километр ғой. Жедел жүріп кетіңіз. Арада бие сауым уақыт өтпей-ақ, Мәпіш ¹3 перзент­ ханаға орналасты. Мұндағы дәрігерлердің бәрі де құрақ ұшып, жандары қалмай қызмет етті. 1978 жылдың 16 апрель күні ең алдымен жарық өмірге Асыл келді іңгәлап. Содан кейін ананың жағдайы бірте-бірте ауырлай берді. Мынау жарық дүние бірде төңкеріліп, бірде шырқ айна­ лып кеткендей болды. Жас нәресте – Арман 17 апрельде көп бейнет көрсетіп дүниеге келгенін қайдан білсін? Дәрігерлер Мәпіштің де, бала­лардың да жанын алып қалып еді... ... Мәпіш жайлы орынға жайғасқан соң көңілі орны­ на түскен Жамалиден қалада көп бөгелген жоқ. Өзінің үйреншікті магазиндерінен балаларға киім-кешек, шайқант, базарлық алды да, ауылға қайтты. Айнаға қарап еді, самайындағы ақ қырауды көзі шалып қалды. “Қартайып қалғаным ба? Уақыт, жыл дегеніңіз дарияның ағысындай, қандай жылдам”. Екі көзі жолда болса да, көңілдері шар тарапқа самғап қонақтар емес. “Өтіп бара жатқан өмір-ай, ұстаздық еткеніме де отыз жылдай болыпты”. Шәкірттерін ойлағанда Жакең езу тартып, іштей қуанып, бір кездегі ауылдың қараторы балаларын еске алды. Солардың бірі – Нығмет Танашев. Жасында тентектеу болса да, сабаққа алғыр еді. Москвадан жоғары оқу орнын бітіріп, Қостанайдан кондитер фабрикасының директоры болып бір-ақ шықты. Сол Нығмет қазір Отанымыздың астанасында Академияда оқиды. Елубай Әбжанов. Көп сөйлемесе де, анда-санда жатып ататын, шақпа тілді осы баланы Жамалиден “журналист болатын шығар-ау” деп дәмеленетін. Елубай дәрігерлік мамандықты қалады.

Өмір өткелдері Қарағанды облысы бой­ынша селолық аудандардың ішінде бірінші болып жүрек ауруларынан диссертация қорғаған меди­цина ғылымдарының кандидаты. Қазір Елубай Қарағандыдағы білгір мамандардың бірі. Ой­ лап отырса, өзінен тәлім алған шәкірттері сан алуан мамандықтың иелері екен. Сартау сегіз жылдық мектебінің директоры ауылға жеткенше осындай талай-талай ойды сабақтады. Үшінші егіздері – Нұрғазы мен Ерғазы атты қос нәрестелері дүниеге келгенде, ХХ партия съезі атындағы совхоздың басшылары бұларға арнап 102 шаршы метрлік үйді тегін салып берген-ді. Арада біраз жыл өткен соң, бала саны он жетіге жетіп еді. Бірде ол совхоз орталығы – Корнеевкадан бір қап нан сатып алды. Келімді-кетімді кісілер мұны көріп таң қалды. Сатушы да қалжыңқой жан екен. – Тым тамақсау екенсің, қайным,– деді. Жігіт ағасы да есесін жібермей. – Егер өзіңіз мен сияқты он жеті балам бар деп, бір сәт ойланып көріңізші. Сонда оларға қанша қап нан алар едіңіз?– деп қарсы сұрақ қойды. – Қойыңыз, осы күнгі жастардың үлкендермен қалжыңдасатыны жараспайды-ақ. Бәлкім, әр жерде бірбір үйіңіз бар шығар? Жиналған жұрт ду күлді. – Жоқ, әстеде олай емес. Осы совхоздың Ақжар бөлімшесінде тұрамыз. Бір ғана Мәпіш есімді жұбайым бар. Сенбесеңіз есік алдында “Жигулиім” тұр. Көрімдігін берсеңіз, жақын жер ғой, ауылға апарып көрсетіп, қайта алып келейін. Сатушы не сенерін, не сенбесін білмей аңтары­лып қалды...

Шайхан ЖАНДАЕВ Жамалиден ауыл көшесіне енді іліге бергенде, қарсы алдынан тәжірибелі мұғалімдердің бірі – Серік Ысқақов шықты. Машина кілт тоқтады. – Иә, Серік, сабақ қалай өтті?– деді мектеп директоры. – Ол жайында еш алаң болмаңыз. Осы жаңа ғана клас­ тардың бәріне от жаққызып келе жатқан бетім осы. Өзіңіз тез оралдыңыз ғой. Қалай, жең­гей тынышталды ма? – Сенімді адамдардың қолына барды ғой. – Ә, онда жеңгейдің аяқ-қолы жеңіл болсын! Оншақты күн өткен соң ауылға құстай ұшып, қарлы­ ғаш қанатты телеграмма жетті. Онда: “Сізді егіз ұлы­ ңызбен құттықтаймыз. Жұбайыңыздың, бөбектердің денсаулығы жақсы” делініпті. Жамали­ден де, балашағалары да мәз-майрам болып, бір қуанып қалысты. Қыстай бордақыға байланған ту қой сойылды. Бүкіл ауыл келіп құтты болсын айтты. Шілдехананың алды басталды. ... Мәпіш перзентханадан құшағын гүлге тол­тырып шықты. Егіздің бірі – Жамалиденде, сыңа­ры – Қанатта еді. Сонда жүздері шат семья мүше­леріне жиналған көпшілік таңдана қарасқан... 5. “Тойға той ұлассын” деген ауыл тұрғын­дарының тілегі қате кеткен жоқ. 1979 жылдың қысында ойда жоқта Жәкеңнің атына халық депутаттары Ульянов аудандық Советі атқару комитетінен хат келді. Онда: “Аудандық атқару комитеті көп балалы семья екендігіңізді ескеріп, сіздерге кезектен тыс “УАЗ” маркалы жеңіл авто­машина берілетіндігін хабарлайды” делінген. Тағы да бүкіл семья үлкен қуанышқа кенелді. – Енді қандай қалың қар болса да тіліп өтетін болдық,– деді Жомарт.

Өмір өткелдері – Ура, “Жигулиді” енді Қанат жүргізе берсін. Мына машина менікі,– деді Болат. Сонда Жамалиден: – Бәрің де босқа таласасыңдар, екі машина да соңғы егіздікі, Асылым мен Арманымдікі,– деп еді мұртынан күліп. “Балалы үй – базар”. Шалғай ауылдағы бақыт­ты семьяның қызығы біріне-бірі жалғаса берді. Сабақтан шыққан соң Жамалиден күндегі әдетімен балаларының ортасында, Мәпіштің қаймақ қатқан қою шайын ра­ хаттана ішіп, буса­нып отырған еді. Әлден уақытта екі жігіт сау ете түсті. Бірі – совхоздың партком секретары Орынбай Усин, екіншісі – бөлімше басқарушысы Қалтай Маташев екен. Жүздері қуанышты. Жылы аман­дасып, төрге шықты. – Ауылымыздың аты бәйгеден келді. Сен оздың, Жәке, бас бәйге сенікі,– деді Қалтай. – Сүйінші, осындай қуанышыңыз әрдайым жалғаса берсін,– деді парторг. Қапелімде еш нәрсеге түсіне алмаған Жамали­ден мен Мәпіш аң-таң. – Ойпырым-ай, үздіктірмей тоқ етерін айтсаң­даршы? Жақсылық хабарға сүйінші деген сөз болып па?– деді мектеп директоры. Орынбай Қазақ Совет Энциклопедиясының Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 60 жылдығына арналып шығарылған томының 132-бетін ашты. Сонда Махановтар семьясының суреті жарияланған екен. Кітап қолдан-қолға өте берді. Балалар бір-біріне: “Мы­ нау – сен, мынау – сен” десіп жатыр. Орынбай әңгімені жалғастырды: – Қап, әттегені-ай бұл суретке Нұр, Асыл мен Арман ілікпеген екен-ау,– деп өкініш білдірді. Сол кезде Қалтай Жамалиденмен замандастығын білдіріп:

Шайхан ЖАНДАЕВ – Энциклопедияның келесі басылымы шыққанша, Жәкеңдер семьясының балалары бұл қарқынмен отызға тақап қалар. Сонда бәрі қайта жиналып суретке түседі ғой,– деді. Жұрттың бәрі күлкіге қарық болып қалды. Сол күні той дастарқаны тағы да қайта жасалды. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” деген. Жамалиденнің семьясын көрмесе де Маханов­тарды одақтық теледидардан, деректі фильмнен көріп, респу­ блика баспасөздерінен оқыған адал ниетті, ақ пейіл жандар Қарағанды облысының Ульянов ауданындағы ХХ партия съезі атындағы совхозында тұратын осы үлкен де, бақытты семьяға қысы-жазы өздерінің ақ ниеттерін білдіріп жер-жерден хат жазып жатады. Мына бір хат­ ты 1978 жылдың күз айында Шымкент облысының, “Жетісай” совхозының №5 бөлімшесінен жетпістегі қарт ана Әлима Мүтәлиева жолдапты. “Сәләматсыңдар ма? Балам Жамалиден, Мәпіш келінім,– делінген онда. – Сендер туралы “Қазақстан әйелдері” журналында жарияланған мақаланы оқып, әрі суреттеріңді көріп, бір жасап қалдым. Қуанғанымнан немерелеріме хат жаз­дырып отырмын. Қазақта “Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық шығады” деген мақал бар. Өмірде бақытты болыңдар, айналайындар. Бір-бірімізді бұрыннан білмесек те бүлдіршіндей он тоғыз бала тәрбиелеп өсіріп отырған сендерді балалары­ ма, келіндеріме әрдайым мақтан етіп айтып отырамын. Семьяларыңа зор бақыт, үлкен қуаныш тілеймін”. Ақжардағы ауыл шетiндегi ақшаңқан, iшi жиһазға толы екi үй. Екi жеңiл машина. Бақытты ата-ана Жама­ лиден мен Мәпiштiң жүздерi бал-бұл жанған бөбектерi тысқа шығып барады. Бiрiн-бiрi қолтығынан демеп, тату-

Өмір өткелдері тәттi ойнап жүрген сәбилер желкiлдеп өскен құрақтай тете өсiп келедi. БАТЫРМЕН БІРГЕ ШАЙҚАСҚАН Ұлы Отан соғысының, бейбіт еңбектің ардагер­лері! Олар қызғалдақтай құлпырып тұрған ша­ғында оған елі мен жері үшін оқ боранына өр кеудесін төседі. Бүгінгі жас ұрпақ ағалары мен апаларының ерлігін Қамбар батыр мен Алпамыс­тан деседі. Отты жылдар көңілінде сайрап тұр, көз алдында кешегі... Ақ күміс шалғын селдір шашын бипаздай сала­лап, ол біразға дейін үндемей қалды. – Осы әлгінде ғана өзіміздің штаттан тыс тіл­шіміз, ауыл мұғалімі Мейрам Қарасартов жолы­ғып, сіздің жауынгерлік жолыңызды жазайын деп еді. Енді сен де, сол жайды қолқалап сұрап отырсың. Мейрамнан ұят болмай ма? – Алпы аға. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тасы­ сын” деген. Отты жылдардағы ерлікті кім жазса да артық болмас. Ол бүгінгі желкілдеп есіп құрақтай қаулаған жастарға үлгі-өнеге емес пе? Тағы да үнсіздік. Блокнотымды ала бергенде: – Ертең таңғы сағат 4-те Кама Әбдірахман деген шофер жігітпен Ақтауға цементке барушы едім. Қазір соны тағы да өзіне барып ескертейін. Демалу керек. Ауылға келіп жүрсің ғой сонда кездесіп, әңгімелесерміз. Арада бірнеше ай өтті. Келесі жүздесуімізде Алпы­ ағамыз көңілді. Целиноград облысының күйеу баласы келіп, немересі Болашақты өбектеп, мәре-сәре. Осы сәтті пайдаланып, Алпыағаңды сөзге тартты. Бұл жолда ол бірден ашылмады. Іргеде ілулі тұрған кілемдегі домбырасына қарады. Өзі тұрып соның

Шайхан ЖАНДАЕВ жанындағы мондолин алып, құлақ күйін келтірді. Со­ дан соң “Манчжурья соқпағы” атты вальсті ал келіп нөсерлетсін. Жайшылықта қыз­мет басты болып жүретін совхоздың кәсіподақ комитетінің председателі Нұрғали Смайлов жү­рекжарды әсерлі әуенге беріліп, елтіп отыр. Бәлкім Нұрекең жұбайы Жібекпен бірге өткізген студенттік күндерін еске алған шығар. Теңіз толқынын­ дай буырқанып тасыған, құйқылжыған сырлы музыка аяқталғанда тыңдаушылар да тамаша ғажап әуенді қалай тез бітті деп өкініп қалды. Аз-кем тыныштықты Алпекеңнің өзі бұзды. – Сұрапыл соғыстың бар тақсіреті мен қасіре­тін, солдаттың сағынышы мен бейбіт өмірге құштарлығын осы бір вальстің аңғартып тұрған жоқ па?– деді. Жездесінің желпініп алмаса ашыла қоймайты­нын жақсы білетін осы Бабаев атындағы совхоз­дың бас зоотехнигі Шәдетов Жеңіс те еркінсіп оқыс сұрақ – жемді қармаққа қадады: – Алпеке, алпысыншы жылдарда өзіңіз бас болып ауыл өнерпаздарын ұйымдастырып, облыс орталығына апардыңыз. Жеке өзіңіз Құрманғазы мен Тәттімбеттің бірнеше күйлерін орындапсыз. Үш адам екі қазақ дом­ бырамен өнер көрсетіпті. Ол кезде теледидардан көрініп, бәйгі алу екінің бірінің қолынан келмейтін шаруа. Сол қалай болды өзі?– деді. Алпыстан асқан ақсақал жас балаша қуанып, жайраң­ дап сала берді. Алпекең көңілденіп домбыра оркестірін қалай ұйымдастырғанын жыр етіп әңгімеледі де, бізді талайдан бері ынтық­тырып жүрген тақырыбымызға жақындай түсті. – Уақыт жылдам ғой. Содан бері ширек ғасыр­ға жуық уақыт өтіпті. Тегінде музыка дегеніңіз адамның

Өмір өткелдері рухани азығы емес пе. Көңіл сезімінің қуанышын қиянға шарықтатады, адамның қайғы-уайымын сергітеді. Соғыс жылдарында да көркем­өнерпаздар үйірмесін басқардым. Көңіл кілті енді ашылды. – Мен Омбыда педагогикалық училищеде оқып жүргенімде 1942 жылдың апрель айында әскерге шақырылдым. Алғашқыда сержанттар, кейіннен офицер­ лер даярлайтын курстардан өткеннен кейін 8 ноябрьде Сталинград майданынан бір-ақ шықтық. Мына бір дерек есімде қалыпты. “Осы Батыр қала үшін қанкешті шайқас 200 күнге созылды. Неміс фашистері Сталинградқа бір миллионға жуық солдаттары мен офицерлерін, бір мың­ нан астам танкілері және екі мыңға жуық самолеттерін төкті. Сталин­градтықтар ұзындығы 2850. Соның ішінде танкіге қарсы 1170 километр орлар қазды. 85 мың атыс ұяларын және 125 мың атыс скоптарын жасаған екен”. Жау қаншама жанталасып құтырынса да батыр қаланы ала алмады. Бірақ өмір жолын енді ғана бастаған жас қайнақтар мынау нұрлы дүниемен қоштасты десеңізші. Солар туралы айтқаным жөн болар. Аға сержант Алпан Итжанов “Қызыл Жұлдыз” орде­ німен, “Жауынгерлік ерлігі үшін”. “Ерлігі үшін”. “Ста­ линградты қорғағаны үшін”. “Севастопольді азат еткені үшін” медальдарымен наградталған. Осы наградалар туралы сұраға­нымызда ол: – Майданда салтаттылар барлауында әскери қызмет атқардым. Барлау жұмысы жақсы жерде жеңіс те бола­ тыны баршаға мәлім Совет Одағының Маршалы. Бас қолбасшы Иосиф Виссарионович Сталиннің өзі қол қойған құттықтау хатын алдым. Онда біздің жігіттер Шауляй қаласының оңтүстік-батыс жағын немістерден

Шайхан ЖАНДАЕВ азат етіп еді. Одан да өзімнің майдангер достарым туралы айтайын,– деді тағы Алпекең. – Әлгінде айттым ғой “Қазақ фильм” кино­студияы 1978 жылы Совет Одағының Батыры Тәлен Қабылов туралы Прибалтика жерінде “Оралу” атты деректі фильм түсірді. Оған қазір Алматы қаласында тұратын, финанс қызметкері Нұрым Сансызбаев, сол кездерде Жезқазған облысы Шет аудандық партия комитетінің бірінші секретары болған Кәмәли Дүйсенбеков және мен шақырыл­дым. Қашанда журналист қауымы оқыс сәттерге, кенет­тен болатын оқиғаларға құмар ғой. Солай деп ойлаймын. Әлгі қанды көйлек жолдас­тарымызды бір поезда болсақ та Шауляйға жеткенше көре алма­ дым. Олармен тек экранға шығар алдында кездестік. Жайшылықта әдейі іздеп баратын майдангер достарды аяқ астынан кез­дестіруден артық бақыт жоқ шығар. Нұрым мен Кәмәлимен кездесіп мәре-сәре болдық. Ал алматылық жігіт Төлен Қабыловпен біз Сталин­ град майданында 24 гвардиялық дивизия­ның 72-ші гвардиялық полкінде танысып едік. Ол өжет те алғыр болатын. Бізге өмірлік тәжірибе­сін, ағалық ақылын айтып жүретін. Өлеңге, музыкаға құмар еді. Мен мондолда орыс билерін орындағанда әлгі жігіттер ұршықша үйірілетін. Өмірге құштар да құмар жайнақтар сонда әсте қамығып шаршауды, қажуды білмеуші еді. Есімдерін ұмыттым, біздің взводта орыс жігіті Сонин, Назерев, Евдокимов, бе­ лорусь Горнак, чуваш азаматы Архипов, тағы басқалары болды. Ал Төлен, Нұрым, Кәмәли бәріміз бір үйдің бала­ ларындай ағалы-інілі болдық. 1940 жылдан бері КПСС мүшесі, сабырлы, байсалды Төлен ол кезде жаңа тараған “Паровоз” бен халық әні “Молдабайды” орындайтын. Ал

Өмір өткелдері “Катюша” сол жылғы әндердің гимні іспеттес жүрегімізде жатталып қалды. Әлі ісімде, апрельдің екінші он күндігі қар­саңында Төлен жаудың қарсы шабуылына шықты. Немістердің оншақты жеңіл “фердинант” танкілері біздің шепке қарай оқты қарша болатып келе жатты. Сонда батыр Төлен жаудың төрт танкісін жойды. Соңғы гранатасын лақтыра бергенде абзал, адал жігіт өзі де мерт болды. Тө­ лен Қабылов СССР Жоғарғы Советінің Указы бойынша Совет Одағының Батыры атағын алды. Алматы облысы, Шелек ауданы Асы-саға ауылының азаматы осындай батыр жігіт еді. 1980 жылдың август айында алматылық жауынгер жолдасым Нұрымнан және оның жұбайы Үміттен хат ал­ дым. Онда олар “Төлен Қабылов” атындағы балық аулау траулері коллек­тивінен хат алғанын, сол коллективтің барша­мызға – Нұрымға, Кәмәлиге, маған сәлем айтқа­ нын жазған екен. Ал өзіміз “Оралу” деректі фильміне түскенімізде сол үлкен пароходты көр­дік. Онда мынандай ұмытылмас өзендер жазылды: “Қазақ халқының батыр ұлы Төлен Қабыловтың ауылынан – Алматы облысы, Шелек ауданы Асы-сағадан майдангердің қанды көйлек жолдастары Нұрым Сансызбаев, Алпан Итжанов, Кәмәли Дүйсенбеков Батыр ауылындағы үйінің жанына топырақ әкелген, 6 июнь, 1978 жыл”. Майдангер осыдан кейін Алматыдағы жорық­тас досы Нұрым мен Үміттің ауылға әдейі “Волга­мен” қонаққа келгенін, өзінің Жезқазған­дық Кәмәли Дүйсенбековке бірнеше рет барғанын жыр етіп айтып берді. Бабаев атындағы совзоздың күрделі құрылыс бөліміне қызмет ететін Алпан Итжановтың бүгінгі жастарға айта­

Шайхан ЖАНДАЕВ тын осындай әсерлі де қызықты әңгімесі көп. Қазір оның ұлы Ертай Совет Армиясы қатарында өзінің азаматтық борышын абыроймен өтеп жүр. МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН немесе зарыға күткен 47 жыл Қаланың күнделікті күйбеңімен теңертең 24-ші авто­ бусты ең кемі жарты, әйтпесе бір сағаттай тосып тұрғанда капитан шені бар жігіт ағасымен иек қа­ғысып, бас изесіп сәлем­десіп жүрдік. Та­нысқа­нымызда: ССРО Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары мектебінде сырттай оқы­ татын факультетінде аға инспек­тормын, аты-жөнім – Са­ тыбалды Бисенов,– деді ол. Бір күні сол 24-ші автобуспен келе жатқанда біреу арқамнан қақты. Жалт қарадым. Сатыбалды екен. Шені жоғарылапты. Подполковник атағын алыпты. – Тілші жігіт, хал қалай? Мен әкемді таптым. Өте қуаныштымын,– деді ол. – Қуанышыңыз құтты болсын!– дегенше бол­ған жоқ, автобустағы сеңдей лықсыған толқын әңгіме желісін үзіп кетті. Бұл Нүркен Әбдіров проспектісіндегі “Ұсақ-түйек” магазинінің аялда­масы еді. Ол болса “сау болыңыз” деп иек қағып қала берді. “Әкемді таптым”. Осы бір-екі ауыз сөз мені әр кез ма­ залай берді. Әке! Әке! Мамыражай қуанышты өмірде ол әкесін қалай жоғалтқан? Бәлкім сонау аласапыран кезде оның әкесі Қытай асып кетті ме? Осы сұрақтар мені көп толғантты. Ертеңінде Сатыбалдының қызметіне телефон шалдым.

Өмір өткелдері – Кешіріңіз,– деді ол. Бүгін кешкі сағат 8-ге дейін жұмыстан қолым босамайды. Ертең кез­десейік. Айбын беретін киімін шешкенде Сатекең тіпті қа­ рапайым екен. Елгезек үй иесі елпеңдеп самау­рынды қолға алды. – Шай ішейік,– деді ол қонақжайлылық танытып. – Алдымен шаруамызға кірісейік. Өзің сұрақ бермесең көсіліп, шешіліп кетпей­тін жігіт ағасының өмір жолы бір кітап екен. Ол менің көз алдым­ нан деректі фильмдей өтіп жатты. Мың да тоғыз жүз отыз сегізінші жылы жарық дүниеге іңгәлап келген Сатыбалды тағдыры қиын екен. Әкесі Шаймұхаметтің тізесіне алып отыр­ғаны еміс-еміс есінде. Кейін ес білген соң естіді: – Сен әкеңнің аузынан түскендейсің. Шаймұхамет аңқылдаған ақкөйлек жігіт еді. Жүзінен күлкі, аузынан әзіл арылмайтын. Бір ауыз сөзімен жылаған баланы егілген қарияны уататын. Сен әкеңе тартқансың... Қостанай елінде, Жітіқара жерінде есімі аңыздай ата­ латын әке туралы Сатыбалдының бар білетіні осы ғана. Осы соңғы жылдарда демалыста жолдасы Аманбике, жалғызы Жанарды ертіп ауылға барғанда көз көрген, көне құлақ шалдар былай әңгімелейтін: – Сенің әкең Шаймұхамет еңбек армиясына алынды. Қазір көзі тірі шолақ қол Нұрпейіс Бірмановпен бірге Сібірде ағаш кесіпті. Бір күні иығы жалтыраған бір адам келіп: – Сендер ағаш кескен сайын бір жауызды өлтіріп жатырсыңдар. Бұл еңбектеріңе көп рахмет. Енді сол фа­ шистпен бетпе-бет кездесуге қайсың барасыңдар?– депті. Шаймұхамет “мен барамын”– деп алға аттап шығып­ ты. Сонда тізбеде қатар тұрған Нұрпейіс:

Шайхан ЖАНДАЕВ – Өй, сен жындысың ба? Өлімге басыңды тігесің бе?– деп қолынан ұстапты. Шаймұхамет жолдасын тыңдамай: – Нұреке, Отан үшін жан пида. Сібірдің қалың маса­ сына таланғанша Гитлердің өзімен жекпе-жек шығайын,– деп алған бетінен қайтпаған. Со­дан ол от пен оқ бораған қанды майданға аттан­ған. Бұл 1942 жыл еді. Әрине, Сатыбалды бұл оқиғаларды кейін естіген. Арқа еті арша болған Шәрипа шешесінің, өзіне тетелес інісі Қуа­ныштың да бір жылдан соң дүниеден қайтыс болғанын да ес білген соң естіді. Әке-шешесінен жас қалған жетім бала “фашист” десе жаны түршігетін болды. Нағашы әжесі Сағилаға өмір бойы қарыздар. Мейірімді қамқор әже Сатыбалдыны бауырына басты. Сұрапыл соғыстың зардабы алыстағы ауылдың да еңсесін көтертпеген соң әже Сатыбалдыны қимай күн-түн жы­ лап амалсыздан Қарабалықтағы балалар үйіне берді. Жалтақ бала бұл арадан тез есейді. Ер жетті. Кейіннен Жітіқараның мектеп-интер­натын тәмамдап, кәмелеттік аттастат алды. Алда мың тарау жол тосты оны. Жетім бала Оралдың педагогикалық институтына жол тартты. Физика-матема­ тика факультетіне құжатын тапсырды. Сатыбалды сонда ғана санын соғып қалды. Үш пәннен –5, бір пәннен –4 алғанда, неміс тіліне келгенде ал кеп қиналсын. Пұшпақ­ тап тер ақты. Бұл балалық дегенге еш дауа жоқ, менің әке-шешемді жалғыз інім Қуанышты неміс өлтірді деген ұрлықшы ой Сатыбалдының санасына әбден ұялап алған еді. Мектепте оқып жүргенде де неміс тілі деген пәннен төбе шашы тік тұратын. Бұл сабақты әсте оқымайтын. – Сен бала,– деді неміс тілінен емтихан алған ұстаз Аухариева,– бұл пәнді нашарлау біледі екенсің. Мен саған қанағаттанарлық деген баға қоямын,– деді...

Өмір өткелдері Институтты ойдағыдай бітірген Сатыбалды Бисенов­ тің одан кейінгі өмірі де бір төбе әңгіме. Ол өмір мек­ тебінен шыңдаламын деп Совет Армиясы қатарына сол­ дат болып барып, офицер атағымен елге оралды. Бүгінде подполковник. Құрметті ұстаз. ...Хабарсыз кеткен әке тағдыры естен шық­пады. Биыл Қостанай облысына қызмет бабымен баруына жолы түсті. Жанында Жанары бар еді. Сонда Жітіқарадағы жолдасы Амангелді қуаныш­ты хабар айтты. – Сатыбалды, біздің аудандық “Авангард” газетінде наурыз айының 12 жұлдызында “Зерде” кітабында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан бір топ майдангерлердің тізімі жарияланды. Сонда сенің әкеңнің де аты-жөні жазылған. Сол күні Сатыбалды жөндеп ұйықтай алмады. Ертеңінде Жітіқарадағы аудандық әскери комис­сариатқа барды. Әлгі газетте Бисенов деген фами­лия “Бисянов” деп жазылған екен. Бірсуат село­лық Советінен әскерге алынған делінген. Хабар­лама қағазымен егжей-тегжейлі танысқа­нында Сатыбалды 47 жыл бойы іздеген әкесін тапты. Сол сәтте оның жүрегі жарылып кете жаздады. Адресте: Иваново селолық Советі, Невель ауданы, Кали­ нин облысы делінген. Дерек картаны қарасын. Иваново деген село мұндай көп болар ма? Бұл атау Псков облысы­ нан да кездесті. Сатыбалды кезекті демалысын алып осы екі селолық Советке хат жазды да Сарыағашқа дема­луға аттанды. Бір аптадан кейін Қарағандыға теле­фон шалды. Аманбике амандықтан соң қуанышты хабар айтты. – Сәке, сүйінші, әкейдің жерленген жері та­был­ды, Псков облысынан хат келді. – Ә, не дейсің? Рас па? Олай болса маған Москваға самолетке билеп алып қой. Қарағандыға барысымен әкемді іздеймін.

Шайхан ЖАНДАЕВ Сатыбалды Қарағандыға келген соң бөгелмеді. Москваға ұшып кетті. Жанында бажасы, облыс­тық клиникалық аурухананың дәрігері, демалыста жүрген Мұхаметқали Тентекбаев та бар еді. Псковта қарағандылық қонақтарды облыстық әскери комиссариаттың қызметкері Вячеслав Егорович Капчу­ ков жылы жүзбен қарсы алды. – Сіздерді Невельде аудандық әскери комис­сариат­ та ­Вячеслав Александрович Рыбанов күтіп отыр. Жолдарыңыз болсын,– деп ол сәт-сапар тілеп қалды. Орыс елінің қонақжай адамдары Сатыбалды мен Мұхаметқалиды Иваново селосына жеткізді. Бұл арадан қонақтарды селолық Совет төрағасы­ның орынбасары Зинаида Михайловна Герасимова Колпино деревнясында жерленген бауырластар зиратына әкелді. Бейітте мыңға жуық адам жерленіпті. Қарапайым ескерткіш орнатылған. Оның жан-жағына Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың тізімі екі қатарға жазылған. Содан: “Қатардағы жауынгер Шаймұхамет Бисянов, 1943 жылы қазанның 9-да қаза тапқан” деген жазуды оқы­сы­мен Сатыбалды көз жасына ие бола алмады. Мына ғажапты қараңыз. Бұл маңайда қазақша айтқанда арасы таяқ тастам жерде соғыста қаза тапқандардың 15 бейіті бар екен. Солардың бірінде Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметова жерленіпті. Ал Невельде, дәл орталықта батыр қыздың үлкен ескерткіші тұр. Оны қазақстан­дықтар орнатқан екен. Мәншүктің ерлікпен қаза тапқан күні 1943 жылдың 16 қазаны. Сатыбалды­ның әкесі Шаймұхамет бұдан небәрі бір апта бұрын ғана көз жұмған. Ертеңінде Сатыбалды мен Мұқаметқали қазақ халқы­ ның ежелгі дәстүрімен ауыл иелеріне ас берді. Оған Зи­

Өмір өткелдері наида Михайловна Герасимова Невель ауданының әскери комиссариаты Вячеслав Александрович Рябанов, колхоз басқармасы Александр Григорьевич Лебедев және мек­ теп директоры (фамилиясын ұмытыпты) жұбайлары­мен, басқа да қонақтар шақырылды. Сонда Зинаида Михай­ ловна шын жүректен тілек біл­дірді. – Мен Сатыбалды Шаймұхаметұлының тебіре­не жаз­ған хатын керемет толқып жылап отырып оқыдым. Әсі­ресе “Менің әкем табылды, ол совет жерінің топыра­ рағында, Псков жерінде екен. Соны естіп қуандым. 47 жыл бойы хабарсыз болғанда шет елде жатыр ма екен деп қорықтым да”. Содан кейін қолма-қол хат жаздым. Енді бір осы бауырластар бейітіне жаңадан ескерткіш орната­ мыз. Өйткені онда жатқандар осы отырған баршамыздың әкеміз. Бұдан кейін де талай-талай жүрек тебірен­терлік сөздер айтылды. Ауыл иелері де, қонақтар да бір-бірімен қимай қоштасты. Невельдің қонақ үйі. Сатыбалды мен Мұхаметқали әлгі жүрекжарды кездесуден едәуір қажып қалып еді. – Көлке (Мұхаметқалиды еркелетіп атағаны) шай қойшы,– деді Сәкең. Дастарқан жасалып, шай құйылғанда Сәкең күйбең­ деп, орамалға ораулы бір уыс топырақты қолына алды. Бажасы аң-таң. – Көлке, сен таң қалма. Мана әкеме туған жердің топырағын шашып едім. Ал мына орамда Псковтың топырағы. Мен үшін бұдан артық киелі, қасиетті зат жоқ. Ақын деген халықтың жан дүниесін енді ғана түсінгендеймін. Көңіл күйім алай-түлей дауыл. Тың­ дашы,– деді. Сонда Сатыбалды жас баладай егіліп мына өлең жол­дарын оқыды.

Шайхан ЖАНДАЕВ Жаным әкем! Келіп тұрмын басыңа, Мұқаметқали бажам да тұр қасымда. Елу жылдай арман болған есімің, Жазылыпты Невельдің ақ тасына. Күнім әкем! Көрмедім мен күлкіңді, Зарығумен өткіздім ғой бар түнді. Қазір тұрып құшақтасаң балаңды, Көрген бейнет болмас еді әр күнгі. Қайран әкем! Көп іздедім, көз ілмедім сарылып, Қамықтым да өзіңді ойлап жабығып, Есіміңді газеттен оқығанда Жүрек деген шаққа қалды жарылып. Алтын әкем! Өмірімде көрген жоқпын тарығып, Әрбір таным, әрбір кешім тағы үміт. Тұршы әкем, күлші әкем, бір сәтке Келді ұлың бір өзіңді сағынып. Құшақташы бір иіскеші ұлыңды, Келдім әке, әке жаным зарығып... Ыстық шай алынбай суып қалды. Бөлме іші жымжырт. – Кеудемде бір құс ұшып жүр,– деді бір кезде Саты­ балды. Бұл жалғыз менің емес, сенің де, Аманбикенің де, Майра мен Минураның, Жанар мен Жұлдыздың да тілегі. Жітіқарадағы Бірсуат аулындағы туыстардың да көңілі. Екі бажа біразға дейін үнсіз отырып қалды.

Өмір өткелдері * Мен подполковникті жиі көремін. Ол да 24-автобуспен қысылып-қымтырылып қызметіне кетіп бара жатады. Алыстан иек қағысып, бас изеп амандасады. Шаймұхамет ағаның жалғасы ғой Сәкең. Көңілге ән жолы оралғандай Мен сенің өміріңнің жалғасымын... 11 қыркүйек, 1990 ж.

Шайхан ЖАНДАЕВ АЛТЫН АРНА Деректі әңгімелер МОЛШЫЛЫҚ БАСТАУЫ Ақын қиялынан жүйрік, ақын ойынан ұшқыр еш нәрсе жоқ шығар, сірә. Ол шабыттың шалқар дариясын­ да жүзген шақта әлемнің төрт бұрышын шарлап, жантәнімен егіліп, елжіреп жыр нөсерін ақ қағазға төгеді. Ойшыл азамат, отты, өршіл жырларымен қазақ поэзия­ сына мәңгі өшпес ту тіккен Қасым Аманжолов мына бір өлеңін Ертіс өзеніне арнаған екен: Арқада аққан күміс, алтын арна, Ер ерке Ертісімдей өзен бар ма?! Суылдап сабырлы оймен жатыр ағып, Жарқырап көз жіберіп айналаға. Күй төгіп кернейлетіп ағады Ертіс, Лебімен балқытады даланы Ертіс. Ертісім – еркіндіктің белгісі бұл, Ер жігіт, ерте тұр да Ертіске түс. Міне, осы Ертіс бұл күндері өзінің байырғы ағысын да, арнасын да өзгертті. Ол тың төсіндегі егіндік пен ша­бындықты суарып, ауыл шаруашылық өнімдерін мо­ лайтуға, завод, фабрикаларға жетіп, өнеркәсіп өнімдерін арттыруға, сөйтіп, халық шаруашылығының қажетін өтеуге толықтай бет бұрды. Ақын айтқандай, оның ағысы енді алтын арнаға айналды.

Өмір өткелдері Ауа сияқты, су да – табиғаттың нәрі, өмірдің сәні, тіршіліктің әні. Жер шарының төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Планетаның жалпы көлемі 510 миллион шаршы километр болса, соның 361 миллион шаршы километрі судың үлесіне тиеді. Сонда да кенезесі кеуіп, шөліркеген жер қаншама көп десеңізші?! 1960 жылдарда Орталық Қазақстанның қалалары мен ен далалары, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, мәдениеті шұғыл дамып өсіп-өркендеді. Соған байла­ нысты судың қажеттілігі күннен-күнге айқын сезілді. Әсіресе ірі-ірі өнеркәсіп орындары оған баласын аңса­ ған анадай қатты зарықты. Өйткені Қарағанды, Жезқаз­ ған, Павлодар және Целиноград облыстарының жері ұланғайыр Қазақстан территориясының төрттен бір бөлігін алады. Бұл аймақта Менделеевтің кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Ғасырлар бойы жеті қат жер астында жатқан сан алуан кен орындары өздерін халық игілігіне жарату үшін адам күшіне, мөлдір тамшыларға зәру болған. Тарих шежіресіне алтын әріппен жазылған атақты «Ертіс-Қарағанды» каналын тарту туралы Казақ ССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қатардағы инженер болып қызмет істеп жүрген кезінің өзінде армандаған болатын. Жыл өткен сайын Орталық Қазақстандағы одақтық маңызы бар ірі-ірі өнеркәсіп орталықтары – Қарағанды, Теміртау, Екібастұз, Жезқазған қалалары қарыштап өсті. Халықтың күрт көбеюімен бірге ауыл шаруашылығы да одан әрі дами түсті. Нұра, Шерубай-Нұра, Кеңгір, Есіл өзен­дерінің бойларында ірі-ірі су қоймалары мен тоғандар салынды. Жер астының сулары құдық және скважина қазу арқылы пайдаланылды. Әйтсе де халық

Шайхан ЖАНДАЕВ шаруашылығын одан әрі өркендетуге судың жетімсіздігі анық байқалды. Содан барып Ертіс суын Орталық Қазақстан жеріне тарту мәселесі нақты қолға алынды. Каналдың болашақтағы жобасы 1961 жылы бекітіліп, оның ұланғайыр құрылысы 1962 жылы басталды. Содан бері 20 жылдан астам уақыт өтті. Бірақ ол күндердің дүбірі ұмытылмақ емес. Мұны дәлелдеу үшін Сіз канал құрылысына қатысқан мамандармен кездесіп, әңгімелесіп көріңізші. Олар архивке кеткен қағаздарды іздеп әуре-сарсаңға түспейді. Жасампаз еңбектің ше­ жіресін жатқа айтады. Бұл түсінікті де. Өйткені олардың тілге тиек ететін цифрлары нақты іс нәтижелері ғой. Сондықтан да оны қажырлы еңбек етіп, тер төккен, ныса­ налы межеге тез жетсек екен деп асыққан, өзіне жүктеген істі жауапты да тиянақты атқаруға ұмтылған әрбір маман ұмыта алмақ емес. Олардың мына сөздері осыны растай түседі де. – Каналдың ұзындығы – 500 километрдей, арнасының ені – 40 метрдей, тереңдігі – 5-7 метрдей, – деп баста­ ды әңгімесін «ЙртышГЭСстрой» тресіндегі құрылыс басқармасының бас инженері Юрий Иванович Литви­ ненко. – Канал бойындағы 22 станция суды 420 метр биіктікке көтереді. Олардың әр қайсысы биіктігі – 30 метрлік, диаметрі – 18 метрлік темір-бетон целиндрден тұрады. Онда секундына 20 текше метр су тартатын қуаты 500 киловаттық электр двигателі бар тік насостар қойылған. – Көгілдір трассада 100-ден астам түрлі-түрлі гидротехникалық құрылыстар орнады, – деп жалғастырды әңгімені Ертіс-Қарағанды каналын пайдалану жөніндегі басқарманың бас инженері Анатолий Федосеевич Литви­ нюк. – Топырақтан 14 бөгет тұрғызылып, бірнеше тоған

Өмір өткелдері жасалды. Олардың жалпы аумағы – 150 шаршы километр, сыйымдылығы – бір миллиард текше метр. Каналды жөндеу қажет болғанда су ағысын уақытша тоқтату үшін 11 бөгет жасалды. Канал бірнеше шағын өзенді, бұлақ, сай, жыраларды қиып өтеді. Олардың суын өткізу үшін каналдың астына диаметрі 1,5–2,5 метр 11 темір-бетон құбыры орнатылды. Ал 11 құбыр Нұра өзенінің астынан өткізілді. Канал бойында автомобиль және мал өтетін 24 көпір салынды. Канал жұмыстарын жүргізу үшін электр, байланыс жүйелері, электр подстанциялары, жұмысшы поселке­ лері, 500 километрден астам автомобиль жолдары салын­ ды. Осынау аса үлкен комплекс советтік гидротехника­ лық құрылыстың ең үздік жетістігі еді. Бұдан бұрын елімізде және шетелдердегі ірі каналдар тек жазғы маусым бойында ғана жұмыс істесе, Ертіс-Қарағанды каналы жазда ауа райының +42С0 градус ыстық, қыста –48С0 градусқа дейін суық болуына қарамастан, жыл он екі ай бойы халық шаруашылығына тұрақты қызмет етеді. Юрий Иванович те, Анатолий Федосеевич те: «Сіз әлгі аталған цифрларға ой жүгіртіңіз. Салыстырыңыз. Сонда қаншалық таңғажайып керемет істің тындырылғанын айқын көресіз», – дегендей маған қарады. Осы сәтте халықтың қаһармандық ісін көз алдыма елестеттім. Канал бойы толассыз қозғалыс. Қисапсыз көп техника. Мың-сан адам... Иә, Ертіс-Қарағанды каналын бүкіл совет халқы салды. Жабдықтар мен қажетті механизмдер, материалдар, ме­ талл құрастырмалары Совет Одағының ірі-ірі өнеркәсіп орындарынан жеткізілді. Ал кейбір бөлшектер тіпті Вен­ грия мен Австриядан әкелінді.

Шайхан ЖАНДАЕВ Адымдағыш экскаватор экипаждарының бригадирі Гауас Ғарифоллаұлы Алтынбаев бізбен кездескенде осы деректерді жаңғырта әңгімеледі. – Қайсыбір жылда біздің қатарымызда 10 мыңнан ас­ там адам жұмыс істеді. Олар қырыққа жуық ұлт өкіл­дері еді. Сонда біз бір жылда 41,4 миллион сомның құрылысмонтаж жұмысын атқардық. Әлі есімде, жер қыртысын аршуға 80 экскаватор, 170 скрепер, 160 бульдозер, 800-ден астам жүк машиналары қатыстырылды. Канал құрылысын жүргізу кезінде 97,5 миллион текше метр топырақ аршылды, 700 мың текше метр жерге дренаж жасалды. Сондай-ақ 305 мың текше метр бетон төселіп, 25 мың тонна металл-құрастырма жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, канал 1975 жылы өндірістік пайдалануға берілді. Мемлекеттік қабылдау комиссиясы халық шаруашылығы үшін маңызы үлкен аса ірі құрылысты салушылардың еңбегін өте зор бағалады. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі Ертіс-Қарағанды каналын жобалаушылар мен салушыларға құттықтау хат жолдады. 1979 жылы каналды жобалаушылар мен салушылардың бір тобы СССР Министрлер Советінің сыйлығымен наградталды. Олардың арасында жоғарыда есімдері аталған адымдағыш экскаватор экипажының бригадирі Гауас Ғарифоллаұлы Алтынбаев, «Иртыш­ ГЭСстрой» тресі құрылыс басқармасының бас инженері Юрий Иванович Литвиненко, құрылыс басқармасының бастығы Өтеу Есенұлы Есенов, Ертіс-Қарағанды каналын пайдалану жөніндегі басқарманың бас инженері Анато­ лий Федосеевич Литвинюк, тағы басқа мамандар болды. Жалпы алғанда үш жүзден астам құрылысшылар Совет Одағының ордендерімен, медальдарымен наградталды.

Өмір өткелдері КАНАЛДЫҢ БОЙЫ МОЛ БАЙЛЫҚ Бүгінде канал бойындағы қызу еңбек қысы-жазы бір толастамайды. Арқада аққан алтын арна Ермак, Екібас­тұз, Теміртау, Қарағанды қалаларындағы, Ақтау жұмысшы поселкесіндегі өндіріс орындарын, тұрғын халықты сумен қамтамасыз етеді. Өзара жарыстас Пав­ лодар және Қарағанды облыстарының 56 совхозы жүз мың гектарға жуық суармалы алқапты пайдаланады. Ка­ нал аймағында жаңадан алты совхоз ұйымдастырылды. Олардың үшеуі – «Қазақстан», «Мирный», «Звезда» со­ вхоздары Қарағанды облысының жерінде. – Каналдың бойы тұнып тұрған мол байлық. «Сулы жер – нулы» деген. Халық ырыздығы болып аққан Ертіс суы осы шаруашылықтарда тұратын әр семьяның жаны­ на – жан, малына – мал қосты. Осыдан он шақты жыл бұрын бұл жер қаңбақ ұшқан құба жон еді. Совхозымыз 1973 жылдың 20 мартында құрылды, – дейді Қарағанды облысы, Молодежный ауданындағы «Қазақстан» сов­хо­ зының директоры Амантай Рахымов. – Яғни отау тік­ кенімізге он жылдай ғана уақыт өтті. Соған қарамастан, өзінің 30 жылдық мерекесін тойлағалы жатқан тың төсіндегі сәнді де сәулетті мекендерден біздің селомыз еш кем емес. Мысалы, қазір орталықта екі мыңдай адам тұрады. Совхоз құрылғаннан бері 20 миллионнан астам сомның күрделі құрылыстары жүргізілді. Балалық шақтың бал дәуренін қойлы ауылда өткізген Амантай совхозда директор болып қызмет істеймін деп әсте ойламап еді. «Жас келсе іске» дегендей, Амантай Рахымов жаңа шаруашылықты бірден дөңгелетіп әкетті. – Партия мен үкіметіміздің әкелік қамқорлығының

Шайхан ЖАНДАЕВ нәтижесінде тың төсінде қарыштап өскен шаруа­шы­ лы­ғымыздың сәулетіне дәулеті сай. Ен далаға сәнді поселка орнады. 10 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды, – деп ол әңгімесін одан әрі жалғастырды.– Тың жердің, әсіресе суармалы алқаптың берері мол екені белгілі. Біз жыл сайын мемлекетке 6 мың тоннадай картоп, бір жарым мың тоннадай овощ, екі мың тоннаға жуық сүт тапсырамыз. Совхоз адамдарының өнімді еңбек етіп, көңілді дем алуына барлық жағдай жасалынған. Ауылымыздағы әр түрлі мамандықтың иелерінде елуден астам жеңіл авто­ машина, жүздеген мотоцикл бар. Әр семья мал ұстайды, аулада картоп, көкөніс, бау-бақша өсіреді. Келешекте канал бойынан балық шаруашылығын ұйымдастыру да ойымызда бар. Ертіс суы әрбір еңбек адамының семья­ сына ырыс, құт, береке, бақыт, шаттық, қуаныш әкеліп отыр. Ұйымшыл коллективіміз елімізде Азық-түлік программасының ойдағыдай шешілуіне өз үлестерін қоса береді... Канал бойындағы «Мирный» совхозының коллективі де табыс биігінен көрініп жүр. Қарағанды облысы бойын­ ша картоп егістігінің ең көп алқабы осы мирныйлықтарда. Мұнда картоп плантациясы 620 гектар жерді алып жатыр. Өткен жылы совхоздың картоп өсірушілері мемлекетке 5.500 тоннаның орнына 6.800 тонна өнім сатты. Звено жетекшісі, коммунист Евгений Яковлевич Морозов басқаратын шағын коллективтің мүшелері әр гектардан 264 центнерден картоп жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Міне, тыңның, суармалы алқаптың мүмкіндігі қайда жатыр?! Канал бойындағы әр шаруашылықта қоғамдық малға қажетті жем-шөпті жеткілікті әзірлеу ісі де іскерлікпен шешіліп келеді.

Өмір өткелдері – Соңғы бір жылда ғана тек картоп өсіруден 400 сом таза пайда таптық. Он бірінші бесжылдықтың осы төртінші жылында да шаруашылық еңбеккерлері биік бе­ лестен көрінетініне сенеміз. Өйткені мол өнім алуымызға толық жағдай баршылық, – дейді «Мирный» совхозының бас агрономы Сайран Хасенов. Ертіс-Қарағанды каналының ауыл шаруашылығы өндірісін өркендетуге мол үлес қосып отырғаны мына мы­ салдың өзінен-ақ аңғарылады. Бұдан бұрынғы жылдарда Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Павлодар сияқты ең ірі өнеркәсіпті облыстар жергілікті тұрғындарды картоппен, капустамен, басқа да көкөніс түрлерімен толық қамтамасыз ете алмайтын. Ал канал пайдалануға берілгеннен кейін екі облыс та тұрғын халықты өз ша­ руашылықтарында өндірілетін картоппен, овощ түр­ лерімен толық жабдықтайтын болды. – Канал суының берекесін 1983 жылы айқын көрдік, – дейді Молодежный аудандақ партия комитетінің бірінші секретары Леонид Петрович Мукин. – КПСС Орталық Комитетінің 1982 жылғы май Пленумында мақұлданған Азық-түлік программасында ет пен сүтті мол өндіру үшін қоғамдық малға қажетті жем-шөптің берік қорын жасау қажеттігі айрықша атап көрсетілді. Міне, осы тұрғыдан алғанда бізде соңғы жылдары едәуір шаралар белгіленіп, ол нақты жүзеге асып келеді. Мәселен, был­ тыр аудан еңбеккерлері мал азығының бір жарым жылдық қорын жасады. Пішендеме салудың жоспары екі еседен асыра орындалды. Мемлекетке 80 мың тоннаға жуық астық тапсырып, зор мерейге бөлендік. Ертіс-Қарағанды каналының игілікті шапағатын көршілеріміз де айқын көріп отыр. Мысал келтіріп айтсақ, Тельман ауданында

Шайхан ЖАНДАЕВ № 1 овощ және сүт өндіретін совхоздың орталық мекені салынып жатыр. Алдағы уақытта Ертіс-Қарағанды-Жез­ қазған каналының бойында 14,6 мың гектарды алатын жаңадан төрт совхоз құрудың техникалық-экономикалық жобасының жасалғанын біз жақсы білеміз. Көгілдір трассаның ен байлығы бізбен көршілес 83 километр жердегі Осакаров және 170 километр қашықтықтағы Нұра аудандарының шаруашылықтарына да береке, құт әкеледі. Олай дейтінім, Молодежный-Осакаров деп аталатын тораптық су жүйесінің техникалық жобасын жасау аяқталды. Бұл жүйенің ұзындығы 540 километрден асады. Ол аталған үш ауданның 53 елді мекенін мөлдір тамшылармен қамтамасыз етеді. Міне, Ертіс-Қарағанды каналының құдіреті дегеніңіз осы! Алтын арна бойында балық шаруашылығын өркенде­ туге де мүмкіндік туып отыр. Ертіс суының келуіне орай Қарағандыда тоған шаруашылығы ұйымдастырылды. Оған балықтың бірнеше түрлері жіберілді. Таяу жылдар­ да оның қуаты екі есе арттырылады. Қала халқын азықтүлік өнімдерімен толық қамтамасыз етуде осындай игі шаралар жүзеге асырылмақшы. Каналдың келешектегі экологиялық маңызы да зор. Шідерті өзеніндегі су қоймасы кең далаға сән береді, нәр береді. Көгілдір трассаның бойында әлі сан алуан өзгерістер болады. Нұра өзеніне суды үзбей беріп тұру­ дың нәтижесінде оның санитарлық жағдайы бұрынғыдан жақсара түседі. Целиноград облысындағы Қорғалжын көліне де Ертіс суы тұрақты жіберіліп, толықтырылып отырылады. Бұл ең ірі, әсем де сұлу Қорғалжын қорығын қорғап, сақтауға мүмкіндік берді. Кеншілер астанасы – Қарағандыда осы Ертіс-Қара­ ғанды каналын пайдалану жөнінде арнайы үлкен кә­

Өмір өткелдері сіпорын құрылды. Бұл мекеменің қызметкерлері жыл он екі ай бойы көгілдір арна бойындағы жұмыстың сапа­ лы, әрі қалтқысыз атқарылуын қадағалайды. Қат-қабат науқандық істердің мүлтіксіз орындалуын, қалалардағы өндіріс орындарына және тұрғындарға берілетін ауыз судың, совхоздардың егіс алқабына жіберілетін ауа­ дай қажетті мөлдір тамшылардың ұқыпты, үнеммен жұмсалуын реттейді. Қазір осы кәсіпорында жоғары бі­ лімі бар сан алуан мамандықтың иелері қызмет атқарады. Иә, Ертіс-Қарағанды каналының келешегі өте зор. Ол болашақта Қарағанды, Павлодар, Жезқазған, Целиноград облыстарының халың шаруашылығына бір миллиард 924 миллион текше метр су береді. Көгілдір арна салын­ бай тұрғанда өзара социалистік жарыстағы Павлодар, Қарағанды облыстарында небәрі жүздеген гектар жер суарылатын еді. Келешекте осындай алқаптың көлемі 99,3 мың гектарға жеткізіледі. Канал суын Орталық Қазақстанның ірі-ірі өнеркәсіп орындары пайдаланады. Жоғарыда аталған төрт облыстың екі миллионнан астам тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Канал құрылысы одан әрі жүргізіліп, жоба бой­ ынша он бірінші бесжылдықтың аяғында Жезқазған қаласының Кеңгір су қоймасына дейін жеткізілмекші. Бұл қашықтықта ол Нұра және Сарысу өзендерінің ар­ насымен де, сондай-ақ жабық су құбырлары арқылы да ағатын болады. Жалпы, Ертістен Жезқазғанға дейін тар­ тылатын каналдың ұзындығы мың километрден асады. Дүние жүзінде осы Ертіс-Қарағанды-Жезқазған каналына бара-бар бір де бір алып жоқ. Мына цифрлардың өзі-ақ еріксіз таңдай қақтырады. Канал құрылысын одан әрі жүргізу үшін 32 миллион

Шайхан ЖАНДАЕВ текше метр жер қыртысын аршып, 365 мың текше метр ұсақ қиыршық тас төгу қажет. Бұған қоса 171 мың тек­ ше метр бетон және темір-бетон төселеді. Жезқазғанға дейінгі арнаның бойында жоғары вольтті электр жүйелері тартылып, автомобиль жолдары салынады. Қазір көгілдір арнаның екінші кезегінің объектілері, жұмысшы поселкелері бой көтеруде. Жаңа трассаның бойындағы қала типті сәнді поселке Изумрудный мен Атасуда тұрғын үйлер, мектеп, аурухана, магазин, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бой көтерді. Со­нымен бірге Қызылжар поселкесінде де канал құры­ лысшыларының жекелеген кварталдары салынуда. Келешекте канал бойында 49 мың гектар, оның ішінде Қарағанды-Жезқазған учаскесі бойынша 14 мың гектар алқап тұрақты суландырылады. Ал Жезқазған облысында үш жаңа шаруашылық құрылмақшы. Әрқайсысында 3,5 мың гектар суармалы егістігі болады. Ер жүректі, құрыш білекті адамдар Арқа жеріндегі алып арнаның атын шығарса, канал да құрылысшылар­ дың есімдерін дүйім елге әйгілі етті. Адымдағыш экскава­ тордың Ленин орденді машинистері В. Мартыненко, В.Белов, Октябрь революциясы орденді шофер Г. Слива­ чев, бригадирлер В. Лень, В.Модин, И. Приходько, тағы басқа майталман озаттар канал құрылысының жайын жақсы біледі. Каналдың екінші кезегіндегі аса маңызды құрылысобъектілерінің бірі – Ақтасты су қоймасы. Оған 77 мил­ лион текше метр сыяды. Айдынның аумағы 16 шаршы километр. Орташа тереңдігі – 5 метр. Осындай жауапты құрылысты атқару техника ғылымының кандидаты Анаберді Нұрқадиев жетекшілік ететін №75 жылжыма­

Өмір өткелдері лы механикаландырылған колонна құрылысшыларына сеніп тапсырылған. Олар бұл күндері «Бір минут бөгеліс болмасын!» деген ұранмен еңбек етіп жүр. – Иә, алтын арнаның бойы күннен-күнге адам айтқы­сыз жасарып, жаңарып келеді. Кезінде Батыстың сәуе­гейлері: «Совет адамдары Ертіс суын соншама қа­ шықтыққа теріс ағыза алмайды», – деп сарнап еді. Қазір олар жұмған аузын ашпайды. Бүгінде каналдың бойы құт-береке, ен байлық! Бұл күндері жасампаз совет аза­ маттары Арқаның алтын арнасын Жезқазған қаласына жеткізуге асығуда. Канал құрылысы жыл он екі ай бойы бір толастамайды... ДОМБЫРА – ХАЛЫҚ МҰРАСЫ Қазақстандық миллиард жырының асқар тау шың­ дарынан, телегей-теңіз дариялардан асып, бүкіл әлемді ақ бидай әуенімен тебірентіп, тербеп тұрған кезі еді. Ауылда ақ түйенің қарны жарылды. Ойда да, қырда да той-думан. Клубтарда, қырларда шалқыған шаттық ән. Домбыра шанағынан көкке өрлеген асқақ үндер тымық ауада қалықтайды. Пай-пай өнер-ай, десеңізші! Сол шақ­та үлкен де, кіші де ойын-сауықтан әсте жалықпады. Осы бір сәтте Шәкен де бәйгеге түсетін сәйгүліктей елең етіп, үйде отыра алсайшы. Жаңалық жата ма, осы­ дан бір апта бұрын Қарқаралыдағы дүбірлеп тұрған «Салтанат» ансамблінің өнерпаздары егінжай ерлеріне арнап концерт қоятын көрінеді деген хабар қарлығаш қанатымен – осы «Қарқаралы» совхозына да жеткен бо­ латын. Соны естісімен-ақ қария дегбірі кетіп, жас балаша елпеңдеді де қалды. Балалары, келіндері ән-күй десе

Шайхан ЖАНДАЕВ ішкен асын жерге қойып отыра алмайтын әкесінің көңілкүйін жазбай танып, қоғадай жапырылды. Ине-жіптен жаңа шыққан қара костюмінің омырауына Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен бірге сыңғыраған бірнеше наградалар тағылды. Шәкен үйден шығып автобус аялдамасына қарай аяң­ дағанда ауылдастары оны танымай, таңырқай қарасты. – Бұл кім өзі? – десті есік алдында отырған кемпірлер тарамыс саусақтарымен күн салып. – Атақты комбайншымыз Шәкен емес пе?.. – Егін орағында жыл сайын аудан бойынша бас бәйгені алып жүрген Шәкен Әлжанов ше?! Ауылдың ардақты азаматын танымай қалып көзіңе шел қаптады ма? – деп жиналғандар гуілдесіп кетті. Қарқаралы аудандық мәдениет үйінің маңы лық толған халық. Ән-күй, өлең-жыр десе, ішпей-жемей мас болатын сері Қарқаралы тұрғындары ғана емес, бұл жолы жері, мал-жаны аралас көршілес Талды, Егіндібұлақ аудан­ дарынан да кілең жақсылар мен жайсаңдар жиналған екен. Жігіті қайсы, жігіт ағасы қайсы, бозбаласы қайсы, айыра алмайсың – бәрінің де күнге тотығып күреңіткен жүздерінде күлкі ойнайды. Жасының да, жасамысының да омырауларында шолпылдай сыңғыраған орден-ме­ дальдар. Шәкен совхоздан аудан орталығына асығып келсе де, әлі де болса бір қадірлі қонақтың келуін шыдамсыздана күтті. Қыранның көз жетпес қиянды аңсайтыны сияқты жүрегі өрепкіп, еңбектес жарыстасын, бір-бірімен үзеңгі қағысқан досын іздеп іштей беймаза хал кешті. Жыл сайын астық бастырып жүрген жүлдегер диқан серіктес досының концертке келетініне еш күмән келтірмеді.

Өмір өткелдері – Сізге қырғызстандық диқандар шын көңілден сәлем жолдады! – дегенді естігенде Шәкен Николай Семенович Зважийге Арқа самалындай аңқылдаған құшағын аша берді қауқылдап. Сосын барып Валентинаға бұрылды. – Наталька, Меколай, Ерке (Юрий) ер жетті ме? Бәрі де үлкен жігіт болды ма? Сағындырдыңдар ғой өздерің, – деді. – Әлгі өзіңмен жарысқа түскен бірінші бөлімшедегі Омардың Жәкенінен қалып қойып, кешіктің бе? – Шәкен асыға күткен ежелгі достарын қолтықтап алдыңғы қатардағы бос тұрған орындарға беттеді. Көз жауын алатын жібек шымылдық ысырылғанша сыралғы тыңгер достар диқаншылық кәсіптерінен сыр алысты. – Бір жылда «Қарқаралы» совхозы Отан қоймасына 2 миллион пұт астық тапсырып ерледі ғой, – деп Николай күректей қолымен Шәкеннің арқасынан қақты. ; – Әй, Меколай-ай, бұрын ауданымыздың атын еке­ улеп шығарушы едік. Сонда сен: «Жарысқа түссең – қалыспа!»– дейтінсің. Уақыт ерікке қоя ма, «Қырғызстан» совхозы Талды ауданына берілген соң мені жалғыз тастап кеттің ғой. (Бұрын «Қырғызстан» совхозы Қарқаралы ауданына қарайтын). Сен де миллион тауларынан кенде емессің, – деп Шәкен «Қырғызстан» совхозының Отан қоймасына жыл сайын миллион пұттан астық тапсыра­ тынын еске алды... Домбыра оркестрі кең даланы, тың алқапты дүбірге бөлегендей болды. Көптен сағындыра көрінген сағымдай көк мұнар сахнаның арғы жағындағы әсем сиқырлы су­ рет – кербез Қарқаралының асқар тауы, қыздай сәндене билеген тал, терек, қайың, қарағайы, құралай сұлудың көзіндей мөлдіреген көлдері. Осындай буалдыр әсем

Шайхан ЖАНДАЕВ көріністің бергі жағында көгілдір аққулар көрінеді. Жұптарын жазбаған аққулар су періштелері емес, осы қызықты тамашалап отырған малшы, механизаторлардың ай мен күнге, жұлдыз бен шолпанға балаған қыздары, балғын жүздерінен нұр тамып, күлкі ойнаған ұлдары еді. Әр қайсысының қолдарында әлемнің асылына бергісіз бір-бір алтын масақ. Қас-қағымда олар көз жеткізсіз шексіз де шетсіз егіс алқабындай жүз құбылып, мың бұралады. Осы отырған әкелерінің егін орағындағы құс ұйқылы күндері мен түндерін, маңдай тер төгіп, түбіт шаңмен боялған жүздерін, ерлік істерін би ырғағымен ғажап бейнелейді. Тағы бір қас қағым сәтте бұлбұл қанатындай дірілдеген нәзік саусақтарымен дастарқанын жайып, сары самаурынын еселей толтырып, алтын дән аңқыған аңызға қарай қос жанарын телмірткен ата мен әженің, асыл жардың келбеті елес береді. Көрермендерді елітіп, еліктіріп, ұйытып отырған домбыра оркестрінің екпінді де әсерлі әуенінен, мына мың бұралған қыздардың әрбір қимылынан тыңдағы тау-тау болған дәннің тасқыны сезіледі. Сезіліп қана қоймай, алпыс екі тамырыңды идіріп, елжіретеді. Осының бәрі лезде өң мен түстей өте шықты. Ду-дүрмек, қошемет мәдениет үйінен асып, кешкі тұнық ауаға шарықтап ұшып жатты. – Жігіт-ақ екенсің! – деді осы қызықты кештен кейін Шәкен домбыра оркестрінің жетекшісі, Қарқаралыдағы музыка мектебінің директоры Шалғынбай Төлеубаевқа әкелік ризашылығын жасыра алмай. Абырой-атақтарың аса берсін! – деп қарт тыңгер өнерпаз жастарға батасын берді. – Әлгі өзің жеке ойнаған «Сарыарқа», «Сарыжай­ лау» күйлерінің күмбірі құлағымда әлі сайрап тұр. Не

Өмір өткелдері деген сырға, жырға толы әуендер еді. Көсегең көгерсін! «Салтанат» ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене берссін! Мың болғыр өнерлі жастарды жинаған-ақ екенсіңдер. Домбыраларың да сайрап тұр. Дүкеннен жөнді көрмейміз. Осыншалық күмбірлеген көп домбыраны қайдан қолға түсірдіңдер? Біздің ауылда да жастар оркестр құрамыз деп домбыра іздестіріп еді, әзірше таба қоймады. Адресін білсең, мен оларға айта барайын, – деп Николай Семено­ вич те қуанышы мен таңданысын жасыра алмады. – Бәріміз де жыл он екі ай бойы маңдай тер төгіп, бітік егін өсіріп, құс ұйқылы жүрген сіздердей барша ағаларға әрдайым бас иеміз. Тың дәні мен әні ежелден егіз ғой. Осы төл ұғымның бір-бірінсіз сәні жоқ. Ақша қардай ақ тілектеріңізге, әкелік қамқор ниеттеріңізге көп рақмет! Николай Семенович, енді сіздің әлгі сауалыңызға жауап берейін. Ауыл өнерпаздарының домбыраны бірден таба алмауының жөні бар. Себебі бұл аспапқа деген сұраныс республикамызда ғана емес, тіпті шетелдерде де жылданжылға артып келетін көрінеді. – деп Шалғынбай жаңа әңгіменің шетін бастады. Николай Семенович бұрын мұны естімегенін сездіріп еді, Шалғынбай аса қадірмен тыңгерге домбыра жайында қызықты әңгіме айтып берді. Атыңнан, айналайын, қасиетті, өнерлі де өрелі домбыра! Домбыра қашан да күштілердің қаһарынан ықпаған, бармағынан бал тамған әнші-күйшілердің көңілін жықпаған. Жауыздармен алысқан, жақсылармен табысқан. Шанақтан күй төккенде, тамылжыды нұрлы аспан. Домбыра нағыз жыр-дастан. Халықтан қалды мол мұра – соны бізге жеткізді ғой домбыра. Қазақсыз – дом­ быраны, домбырасыз – қазақты білу әсте мүмкін емес. Кешегі кері кеткен заманда зарланған шерлі күйді шерте­

Шайхан ЖАНДАЕВ тін қос ішектен қазір Моцарттың, Брамстың, Огинскийдің тамылжыған нәзік те сырлы саздары құйқылжиды. Дом­ быра шанағынан кең байтақ Қазақстанның миллиард пұт дәні әсем ән болып, республиканың атақ-абыройы әсем күй болып барша әлемге тарайды. Қазақ домбы­ расымен күміс көмей атақты Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижге барып ән шырқап, Европа елдеріндегі жақсы-жайсаңдардың бастарын шайқатып, таңдайларын тақылдатты. Қазақ домбырасымен күні кеше Дударай көз жасын көлдетіп, мұңын шаққан. Қазақ домбырасымен Қарқаралыдағы «Салтанат» халықтық-фольклорлік ән-би ансамблінің мүшесі Сергей Даудрих 1982 жылы Герман Демократиялық Республикасының қалаларында қазақша «Ақжайықты» асқақтатып, орыс, неміс тілдерінде өлең айтып, көрермендерді тамсантты. Домбыра бүкіл республика тыңгерлерінің сырласы, мұңдасы. Ол кейде тәкаппар теңіз толқынындай айбын­ ды да өктем үнімен, көктемдей нұрлы гүлімен хош иісін шашып жаныңды жадыратады. Ол өзінің қос ішегімен әлемнің өнер сүйгіш жандарын баурап, еңбек күйін шертіп, достық әнін шырқап келеді. – Халықтың осындай сүйікті аспабы Қарағанды облысындағы Осакаров ауданында жасалады, – деп бір тоқтады Шалғынбай. – Өй, алыста емес, тіпті өз облысымызда екен ғой. Ауыл өнерпаздарының бұл мұқтажын шешіп беруге көмектесуіме болады екен, ендеше. Тіпті сол Осакаровқа орақ науқаны аяқталған соң өзім-ақ барып қайтам. Сіздің оркестрдей оркестр бізде неге болмасқа! Болады. Әлі, Шалғынбай қарағым, сен де біздің ауылға концерт тыңдауға келетін боласың... Иә, сонымен сен білсең

Өмір өткелдері айтшы, осы домбыраны кімдер жасайды, қалай жасайды екен?.. Бұл жолы әңгімеге Шәкен араласты. Ол Осакаровка­ ның шеберлері туралы бұрын көп естіген-ді. Газет-жур­ налдан оқығаны да бар. Соны еңбектес досына айтып беруді жөн санады Шәкен. Домбыра жасаушы шеберлер, ағаштан түйін түйетін ісмерлер бұрын да, қазір де болған. Солардың бірі – Жа­ман Қорабайұлы Қарағанды облысы Ульянов ауда­­ нындағы Үлгі селосында туып-өсіп, жетпісінші жылдар­ дың ортасында жүзге жетіп дүниеден қайтты. Жамекең ерінбей-жалықпай, күн демей, апта демей Қызылтау, Белағашты кезіп, ер-тоқым, домбыра, ожау оюға жарам­ ды томарларды іздейтін. Оларды асықпай кептіріп, қыс күндері жылы үйдегі пеш түбінде отырып пышағымен бипаздап жонып отырушы еді. Домбыраны әбден жасап біткен соң оның ішегі үшін ту ешкісін сойып тастап, ащы ішегін баптайтын. Оны тазалап, тұзға салып, кептіріп, иіріп кергенше бір аптадай уақыт өтетін. Бірақ қарияның еңбегі еш кетпейтін, домбырасы ғажап үн шығаратын. – Осакаровкадағы цехтан шығатын домбыраның Шығыс үлгісі, альт және тенор дауыстысы – үш түрі му­ зыканы білетін жандардың көңілінен шығады. Онда мен болғамын, – деп енді әңгімені Шалғынбай жалғастырды. Арқа шеберлері 1980 жылы Отанымыздың астана­ сы Москвада өткен Олимпиадаға 1500 домбыра жасап шығарды. Одан кейін «Қазақстанға 60 жыл» деген жазуы бар 100 ұлттық аспап Алматыға жөнелтіледі. Осака­ ров домбырасы Францияда, Монреальда, Жапонияда, Монғолияда өткен көрмелерге қойылып, жақсы баға алды.

Шайхан ЖАНДАЕВ Осы цех жыл сайын Қазақстан мен одақтас респуб­ ликалардың сауда орындарына және Монғолияға 56 мың домбыра шығарады. ...Цехты аралап жүріп, әуелі Құрмет тақтасынан ком­ мунистік еңбектің екпінділері М. Лянг, П. Тимофеев, Л. Воробьев, А. Сычев сынды шеберлердің суреттерін көріп едік. Біраздан соң осы үнсіз тұрған бейнелердің өздерімен іс үстінде бетпе-бет кездестік. Көңілдің нәзік пернесін шертетін домбыраны жасау оңай шаруа емес екен. Жаңа ғана өндірістен шыққан, қаз-қатар қойылған дайын аспаптарды көрдік. «Қай үйге қуаныш, шаттық әкелер екенсің, қасиетті домбыра?! Күні ертең сенің тыңгер, малшы-шопан үйінің төрінде тұрарыңа дау жоқ. Шанағыңнан әсем әуендер күміс бұлақтай төгілсін! Ер жігітті, ару сұлуларды, өнер сүйгіш қауымды шашудай шашылған сырлы үніңмен баурап алып, аяулы анадай тербей бері «Жақсыда жаттық жоқ» деген, күйінгенді сүйіндір, шаршағанды шабыттандыр, жылағанды жебе, киелі домбыра! Көз алдымызға теңіздей толқыған шексіз егінжай, тау-тау астық тасқыны елестеп кетті. Еңбек адамдарына рухани нәр, әл беретін бастау­ дың көзі осы домбыра екен ғой!..» Осылай іштей тебіреніп тұрғанымызды сезді ме, кім білсін, цех бастығы Петр Захарович Сподаров жағдайды таныстыра бастады. – Коллективіміз 1982 жылы өзінің жарты ғасырлық тойын тойлады. Алғашқыда өндірістік комбинат деп аталды. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында бұл кәсіпорын уақытша жабылды да, 1947 жылы домбыра жасайтын цех болып қайтадан қүрылды. Шежіре аспапты екі түрлі ағаштан құрастырамыз. Домбыраның мойыны,

Өмір өткелдері сағағы, үстіңгі қақпағы шыршадан, ал шанағы шамшат­ тан жасалынады. Шамшат – биіктігі 50 метр, діңінің жуандығы – 2 метрге дейін жететін, қабығы тегіс, сүр түсті, қаңсымайтын, мықты, берік ағаш. Ол бізге Румы­ ниядан әкелінеді. Тегінде, музыка деген қасиетті де киелі атауға тілмаштың керегі жоқ қой. Шеберлеріміздің бәрі өз мамандығын жетік меңгерген. Осакаровкадан шыға­тын домбыралар мемлекеттік Сапа белгісіне ие... – Қарағым Шалғынбай, мәдениет үйінің де, бізге көрсеткен концерттерің де, ән айтқан, күй тартқан өңкей жас таланттарың да жақсы екен. Әрі әңгімеңе де қанықтық. Әсіресе мына алыстан келген Меколай қуанып қалды. «Салтанат» дедің бе? Әлгі концертшілерің жиі келіп, осылай бізге өз өнерлерін сыйлап тұрсын. Сенен сұрайтынымыз осы. Әйтеуір, үлкен кісілердің талап-ті­ легі есіңде жүрсе болғаны, – деді Шәкен Шалғынбаймен қоштасар сәтте. Иә, «Салтанат» бұл жолы еңбек ардагерлерінің көңілінен шықты. Осылай әуелі ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына бөленген бұл халықтық ән-би ансамблі соңғы жылдары облыстық, республикалық байқауларда жүлдегер атанды. Франция мен Герман Демократиялық Республикасында болып, табысты оралған өнерпаз кол­ лектив қазір қызу дайындыққа кірісті. Олар өздерінің жаңа программасын тыңның 30 жылдығына, астықтан тау тұрғызған дала батырларына арнады. 1984 жыл.

Шайхан ЖАНДАЕВ ӨМІРДІҢ МӘНІ СЫЙЛАСТЫҚТА Жайшылықта жайраңдап жүретін Күлжәмила шешей бір күннің ішінде күрт өзгерді. Кешеден бері өзімен-өзі болып үй ішіндегілерімен де жөнді сөйлеспеді. Балалары мен келіндері болса: «Апам шаршаған шығар, қажымай қайтсын, екі-үш күн болды күн-түн бойы келімді-кетімді кісілерден тіпті босаған жоқпыз, енді біраз демалсын» десті бір-біріне. Қарт ана енді ғана көз шырымын ала беріп еді, өң мен түстің арасындай Майдан елестеп кетті. Баласының кетердегі «Апа-ау жылағаныңыз не, ертең-ақ келмеймін бе» деген даусын дәл жанынан естіп тұрғандай сезінді. Орнынан тұрғанша болған жоқ, таңғы шықтай мөлдір тамшылар бетін жуды. Бәрі тәтті қиял, өткінші өкініштің өксігі екен. Майдан жоқ, үй-іші, балалар тегіс алаңсыз ұйықтап жатыр. Кәкенов Майдан Алматыдағы политехникалық инс­ ти­тутты бітіріп Жезқазғанда, одан кейін көмірлі қа­ла­­ мыздың «Киров» шахтасында инженер маркшейдер болып бірнеше жыл қызмет атқарды. Запастағы офицер ұлы екі жыл азаматтық борышын атқаруға аттанғанда ­бес-алты күн бойы Күлжәмила шешей осындай беймаза күйге түсті. Барысымен «тілгәрәм» сал деп еді, ерегескен­ дей ешқандай хабар болмады. Екінші апта өткенде немерелері Балапан, Жәркен, Нағималар апалап, сүйіншілеп «Майдан ағам Камчаткаға барыпты» – деп жарыса сөйлеп әжесінің мойнына асыл­ ды.

Өмір өткелдері – Құлыным, аман-есен жетіп пе? Кәмшат деген қай жер? Әлгінде диванда үнсіз жатқан ана осыны айтып орнынан оқыс тұрды. – Біз Камчатка түбегін географиядан білеміз. Үш жағын теңіз қоршаған. Жанартаулары да көп. Суықтығы сондай қыста түкірген түкірігіңіз түспей қатып қалады, – деді немерелері. Жаңа ғана қарт ананың жүдеу тартқан жүзіне қуаныш нұры жүгіре өтіп еді, енді тағы да «теңіз қоршаған», «суық», «жанартау» дегенге сескеніп қалды. Орамалының ұшын көтере беріп еді, Сату ақсақал: – Балалардың үрейін ұшырып, қайдағыны бастағаны несі. Кешегі сұрапыл соғыста да талай қиындықты көрдік қой. Ел аман, жұрт тынышта Майдан сияқты азаматтық борышын өтеуге кеткендер аз ба? Көз жасыңды төккеніңе жол болсын, – дегенде шешей ас үйге шығып кетті. Арада бірнеше ай өтті. Ана көңілі орнына түсіп, жү­ рексінгені біршама басылған еді. Әйтсе де қос құлыным Майдан мен Қарақат жүдеп қалған шығар, елдің асын сағынды-ау деген ой маза берер емес. Қалған қазы-қарта, шұжықтарын, өзі жасаған жентін, басқа да дәмді астарын салып жіберуге қамданып жатқан. Қоңырау соғылды. Есік ашқанда почташы қыз телеграмма ұсынды. Тек жақсылық болғай деп қарт ана әлгі қағазды үлкен баласы Болат пен Зуратай келініне ұсынды. Табиғатында асық­ пай саспайтын Болаттың әлгі келген хабарды оқығанына іші пысты. Сәлден кейін: – Апа, сүйінші, Майдан кішкентайлы болыпты. Қайшы ұстар, – деді Зуратай. Сол-ақ екен балалар үйді басына көтеріп кішкене бөбекке ат қоямыз десіп, дуылдасып кетті. Жанна, Эльвира, Гуля деген бірнеше есімдерді атап жатыр. Бір-бірімен таласып қояр емес.

Шайхан ЖАНДАЕВ – Бәрің болдыңдар ма? Камчатка Қиыр Шығыстағы үлкен түбектің бірі. Онда Майдан сияқты әр ұлт өкіл­ дерінің балалары еңбек етеді, азаматтық борыштарын атқарып жүр. Біздің қасиетті еліміздің қиыр шалғайында Камчаткада дүниеге келген немеремнің аты Кәмшат бол­ сын, – деді Сату ақсақал бір кезде. Ойнап жүргендердің ішінде Сәкеңнің алты немере­ сінің бірі Кәмшат та бар еді. Үлкенді-кішілі болып қамқор әке үйінде өткенге есеп беріп, жаңаға ой жүгіртіп тойлы мерекені қарсы алу Кәкеновтар семьясында дәстүрге айналған. Алпыстың асуынан асқан ақсақалдың үйіне балалары мен келіндері тағы да жарқын май­ ды тойлауға жиналды. Төр жақта отырған Сәкеңнің тұңғышы Болат Кәкенов – Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, жанында жолдасы Зуратай Шәйменова – қаладағы № 62 орта мектептің мұғалімі. Күні кеше Совет Армиясының қатарында болған «Ки­ ров» шахтасының бас инженер-маркшейдері Майдан да дәрігер келіншегі Қарақатты ертіп келіп қалған екен.– Автобус тосып кешігіп қалдық, кешіріңіздер, – деп Сәкеңнің Теміртаудағы ВТУЗ-да сабақ беретін баласы Жанат жолдасы – балабақшасының тәрбиешісі Ләйламен жайраңдай үйге кірді. – Даладағылар тегіс келді, үйдегілер қайда жүр, со­ лардан көріп жүрмейік көрешекті, – дейді Күлжәмила шешей. Қарт ананың үйдегілер деп отырғаны меде­ цина институтының бесінші курсында оқитын Нәзия мен КарГУ-дың бірінші курсындағы ұлы Қайрат еді. Сөйткенше болған жоқ әлгі есімдері аталған студенттер

Өмір өткелдері тоғызыншы класта оқитын інісі Мәденмен бірге жетіп келді. Үй-іші думанға толды. Жастар өлеңдерін айтып, билерін билеп жүр. Көңілді, телефонда дамыл жоқ. Жақын таныстар, дос жарандар, туыстар Кәкеновтер семьясын мерекемен құттықтап жатыр. Сәкең Кәмшат немересін бауырына қысып иіскеп, ақ күміс шашын бір сипап қойды да ойға шомды. Алдымен әліпті таяқ деп білмей кеткен Кәкен әкесінің балам оқып, адам бол дегенін есіне түсірді. Енді бірде ес біліп, ат жалын тартқаннан бері Абай атасының: Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға. Ақырын жүріп, анық бас Еңбегің кетпес далада, – деген бір шумақ өлеңін тіршілігінің қазығы етіп, қырық жылдан астам уақыт мектепте мұғалім болғанын көз ал­дына елестетті. Осы уақытта мыңдаған шәкірттер Сә­­ кеңнің алдынан қалам ұстауды үйреніп, тіл сындырыпты. Бү­гінде олардың алды ғалым, арты жүлдегер механиза­ тор болып республикамыздың түкпір-түк­пі­рінде қызмет істеп, еңбек етіп жүр. Олардың ішінде Ульянов ауданын­ дағы ХХ партсъезд атындағы совхоз­дың аурухана­ сындағы бас дәрігер Посев Әрінов, Ульянов аудандық ау­ руханасы бас дәрігерінің орынбасары Төлеухан Такиров, бас терапевт, аспирант Елубай Әбжанов, механизаторлар Жақсылық Әшірбеков, Сейілхан Асылбеков, «Михай­

Шайхан ЖАНДАЕВ ловка» шахтасы бас инженерінің орынбасары Нығмет Әбдіқадыров, Қарағанды кондитер фабрикасының бас инженері Нығмет Танашев сияқты бірнеше мамандықтың иелері бар. Сәкең құрметті демалысқа шыққанға дейін жиырма жыл ішінде қаламыздағы № 2 қазақ орта мектеп интернатынан қаншама жасты түлетіп ұшырды десеңізші. Сәкең манадан бері бір-бірімен әзілдері жарасқан бала­ ларына, келіндеріне, немерелеріне риза болып, осындай шат тұрмысқа, бақытқа бөленген партия мен үкіметке іштей алғысын айтты. Сөз әдет бойынша ақсақалға берілді. – Құлындарым, Абай аталарың: «атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деген. Менің әу баста қалаға келген мақсатым осы сендерді оқыту еді. Шүкір, ризамын. Институт бітіргендерің бар, енді оқып жүргендерің бар, бүгінгі өмір талабы сендерден бұдан да өсуді күтеді. Ди­ плом алғанға масаттанып асып-таспай, оқуды, ізденуді одан әрі жалғастырыңдар. Аспирантураға түсіңдер. Ілгері өрлей беріңдер. Үлкенге мейірімді, кішіге кешірімді болыңдар. Өмір бәріңе жаңа бақыт, жаңа шаттық сыйла­ сын! Балаларым, өмірдің мәні сыйластықта. Бір-біріңмен тату-тәтті болыңдар, – деді Сәкең. Иә, алты балалы, үш келінді болып, алты немере сүйіп отырған қарт ұстаз Сату Кәкенов пен Күлжәмила шешей жарқын өмірдің мәні сыйластықта дейді әрдайым бала­ ларына.

Өмір өткелдері ҚАЛАМДЫ ҚАРУДАЙ ҰСТАП От пен оқтың арасында зұлым жаумен жан аямай күрескен партизан жазушы ағамыз Қасым Қайсенов хақында Адамзат баласы ес біліп, оң-солын таныған кезден ба­ стап дүние жүзінде талай-талай соғыстар болғаны мәлім. Солардың ішінде ең алапаты, ең қырғыны – Ұлы Отан соғысы еді. Совет елі зұлым жаумен 1418 күн бойы өзінің ұлан-байтақ елін қорғау үшін майданда да, елде де бел шешпей неміс басқыншыларының тұтқиылдан жасаған шабуылына төтеп берді. «Достық күшті болса, Отан сұсты болар» деген нақыл бар. Көп ұлтты бауырларымен бірге қазақ халқының мыңдаған боздақтары қолдарына қару ұстап жауға қарсы аттанды. 1943 жылы алтыншы февральда неміс фашисттерімен қантөгіс шайқастардың арпалысқан шағында «Правда» және республикалық газеттреде қазақ халқының 2 миллион 631 мың 506 адам қол қойған хаты жарияланды. Сол хатта мынандай сөз жолдары бар: ...«Ардақты ұлдарымыз, туысқандарымыз! Қырыңдар жауды! Атқан оғың, сілтеген найзаң мүлт кетпесін! Жер алам деп келген немістер жер жастансын! Біздің жер – жаудың көрі болсын! Сендерді туған елің – қазақ халқы, атаңның мынадай нақылымен тәрбиелеген:

Шайхан ЖАНДАЕВ Бақыт дәулет орнаса, ырыс қонады, Ынтымағы еліңнің дұрыс болады. Ұлың жауынгер болады, Қызың қырағы болады. Ағайын қоғам болады. Бірі оған болса, Бірі бұған болады. Топтанып жау қашырады», – деген еді. Отан үшін, туған елі үшін, саумал ауалы, жазиралы жері үшін жаумен айқасуға аттанғандардың ішінде біздің жерлесіміз, жазушы-партизан Қасым Қайсенов те бар еді. Қасым 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысының Асубұлақ ауылында туған. Жиырма жасында Өскеменде саяси-ағарту техникумын бітіреді. Содан кейін Павло­ дар облыстық халық ағарту оқу бөлімінде нұсқаушы болып қызмет істейді. Енді ғана туған халқының жас жеткіншектеріне білім ұрығын себемін деп арман қуып жүрген шағында сұрапыл соғыс басталды. Ел басына қысыл-таяң кез туған шақта ол 1940-1941 жылдары ар­ наулы әскери мектепте оқиды. Осыдан соң жау тылын­ да астыртын ұйымның жұмысына қатысып, кейіннен Украина және Закарпатьеде командир болып отрядын басқарады. Жаумен қиян-кескі шайқастарда талай-талай адам төзгісіз жайларды көріп, мың өліп, мың тірілген Қаскең өзінің көрген, білгендерін қойын дәптеріне күнделік етіп жазып жүрген еді. Солары кәдеге жарап іске асты. Кейіннен елге оралған соң Қайсенов 1955 жылы «Ажал аузында» еңбектерін кітап етіп бастырып шығарды. Со­

Өмір өткелдері дан соң «Жау тылындағы бала» атты көлемді повесі 1960 жылы тағы да жарық көрді. Кейіннен бұл шығармалар топталып 1973 жылы екінші рет қайтадан басылып шықты. Бұл кітап «Жау тылында», «Соғыстан кейінгі кезде­ сулер», «Повестер» деген үш тараудан құралған. Автор шығармаларының бәрі дерлік балаларға арналған. Бұл жайында Қасым Қайсенов өзі: «Сол бір ауыр айқас күндерінен есте қалған оқиғаларды сарғайып тозығы жеткен қойын дәптеріне сүйене отырып жаздым. Әзірше майдандағы өмір шындығынан шыққан емеспін. Қанды көйлек партизан достарымның аты-жөндері, жер-су, кала-село аттары да өзгертілмей сол күйі алынды. Ота­ ны­мыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, адам бала­сының жарқын болашағы үшін күрескен қаһарман партизандардың ерлік бейнесі сендерге үлгі болсын, жас бауырларым! Отан қымбат! Ұлы Отанымыздың көзіміз­ дің қарашығындай сақтайық! Жазушы өз шығармаларында бір жеңнен қол шыға­ рып, тұтаса топтасып, ынтымағы мен бірлік, достығы жарасқан әр ұлттан құралған партизан отрядтарының жаумен күресін суреттейді. Автор отрядтағы орыс, қазақ, грузин, украин, чех, поляк, венгер, тағы басқа ұлт өкілдерінің ерен ерліктерін көз алдыңызға елестетеді. Осындай қиын қыстау жағдайда партизандар та­ лай рет ғажап-ғажап ерліктер жасады. Олар жау қо­ лынан жүздеген жазықсыз совет азаматтарын тұтқын­ нан босатып алды. Ойламаған сәтте атой салып, дұшпанның қару-жарақ қоймаларын өртеп жіберді. Оқдәрі артқан ұзын-ұзын составтар сан адамдармен бірге күлі көкке ұшып жатты. Партизандар жаудан маңызы

Шайхан ЖАНДАЕВ құнды соңғы мәліметтер жинады. Иә, «ауыздықпен су ішкен» дейтін осы ауыр отты жылдардағы партизан өміріндегі қиындықтар мәңгі ұмытылмайды. Жазушы өз шығармасына осы жайларды арқау етеді. Автор өзінің көрген білгендерін бірінші жақпен баяндайды. Қасым Қайсеновтың шығармаларын оқып отырғанда сіздің көз алдыңыздан сұрапыл соғыстың көріністері бірінен соң бірі елестеп жатады. Сіз шырылдаған баланы, еңіреген ананы, мейірімсіз жау келбетін өзіңіз көргендей сезінесіз. Осы көріністердің бәрі ешбір қоспасыз өмір шындығынан алынып жазылған. Енді жазушы шығармасынан мына бір көріністі назарларыңызға ұсынамыз. Қатысушылар: Қасым Қайсенов – автор. Мещеряков – партизан. Екінші партизан. Көрініс: (Мещеряков деген кәрілеу партизан шырыл­ дап қолды аяққа тұрмаған бір жасқа толар толмас неміс баласын көтеріп тұрады. Бала жыларын қояр емес.) Автор: Мұны қайдан тауып алдың? Мещеряков: Шырылдаған бала даусын естіп төргі бөлмеге барсам еденде жылап жатыр екен. Офицер шешесі атылып қалыпты. Содан кейін күнәсіз сәбиді қимадым да алып шықтым. Екінші партизан: (ашуланып) Фашистің баласын неге алып жүрсің? Кәне, дереу таста! Мещеряков: Әке-шешесі фашист болғанымен бала фашист емес қой! Жас нәрестенің не жазығы бар, – деп баланың басынан аялай сипады. Екінші партизан: (одан сайын қатуланып, зілденіп) Сенің балаларыңды олар «күнәсіз, жазықсыз» деп аяп па

Өмір өткелдері еді? Шырылдатып тұрып атып тастағаны қайда? Ендеше неғып жаның ашып тұр. Қанға – қан, жанға – жан. Сен де мұны сілейт, өлтір! Мещеряков: Жоқ, Борис! Біз ондай тас жүректер емеспіз! Сілейтпек түгілі, сәбиді шырылдатып тастап та кете алмаймыз. Баланы бір жерге паналатуымыз керек. Командир жолдас, егер сіз рұқсат етсеңіз, осы нәрестені менің тастап кеткім келмей тұр. Алда-жалда тіпті қиын болып бара жатса, селолардағы астыртын ұйым мүшелерінің біріне береміз, – деді қиылып. Автор: Осы бір жазықсыз нәрестені көрген кезде ет жүрегім елжіреп, езіліп кетті. Артымнан өзімнен қалған бала болмаса да сонау шалғайда жатқан Қазақстанда осы сынды уылжыған бөбектер, осы сынды үймелі-сүймелі інілерім бар еді. Бұл да солар сияқты күнәдан пәк, дәрменсіз сәби емес пе? Сонда мұның жазығы қандай? Бұл түгілі бәлкім мұның әке-шешесі де жазықты емес шығар?... Екінші партизан: (қызбаланып.) Тіпті де олай емес. Жолдас командир, Сіз көз алдыңыздағы қойдай қырылып жатқан мыңдаған кәрі-жасты неге көрмейсіз? Олар неге жазықсыз жандарды қойша бауыздап, дарға асып өлтіріп жатыр. Айтыңызшы? Ә, оған үндемейсіз. Сондықтан мына баланы өлтіру керек. Автор: Сен өлтіру керек дейсің. Тыңда бауырым. Кісі өлтіру дегенің былай тұрсын, ондай ой өмір бойы ойыма келмеген менің. Бірақ өзің көріп жүрсің міне соғысқа келіп қан кешіп кісі өлтіріп жүрмін. Неге? Бұған бүкіл адам баласын күл етуді көздеген Гитлер айыпты! Фаши­ стер айыпты! Ең алдымен мен өзімнің туып өскен Ота­ нымды қорғауға тиіспін! Мен басқа бір елдің жеріне баса-

Шайхан ЖАНДАЕВ көктеп кіріп, бақастық, қаскөйлік ниетпен кісі өлтіріп жүрген жоқпын. Өз жерімді, өз елімді басқыншылардан тазарту жолында күресіп жүрмін. Ендеше Отанымды жаулап, бауырларымды құл, қарындастарымды күң етпек болған жауларды қыра беруім керек! Отан алдындағы борышым осы! (Пауза). Бірақ мына сәби ше? Бұл фа­ шист офицерінен туғанына жазықты ма? Сонда мұны неге өлтіреміз? Адам баласын жаппай қыра беретін тек қана нацистер ғана. Ал біз, болашақ үшін, болашақтағы бүкіл адам баласының бақыты үшін күресіп жүрміз. Олай болса мына неміс баласының келешекте жауымыз болмауы үшін күресіп жүрміз. Рұқсат Вася! Тек баланы оққа ұшырып ала көрме. Сәбиді өзіңмен бірге ала жүр. Міне, құрметті оқырман, жаңа өздеріңіз көргендей автор шығармасында тұла бойыңды елжіретіп, совет адамдарының ақ жарқын, парасатты, ізгі мінездерін көрсететін сәтті жазылған көріністер аз емес. Жазушы көңілінде соғыстың әрбір сәті сайрап тұр. Сондықтан да Қайсенов өзінің «Жау тылында» де­ ген кітабындағы оқиғаларды жеке-жеке тақырыптарға бөлген. Сонда бұл жеке-жеке үздік оқиғалар жиынтығы емес, қайта қиын-қыстау соғыстың бар болмысын, бар тынысын сездіретін полотносы сияқты ауқымы мол дүние болып шыққан. Сондықтан да біз Қайсеновтың бұл шығармаларын осы партизандар өмірін жазған атақты Ковпактың, Вершигораның, Медведовтың, тағы басқа жазушылардың еңбектерімен терезесі тең, айтатын ойы анық та түсінікті деп әбден айта аламыз. Жекежеке тақырыптарға бөлінудің тағы бір ұтымдылығы – оқиғаның оқушыға жеңіл түсінілетіндігінде дер едік. Ал жанр жағынан алғанда жазушы еңбектерін әңгіме, очерк, суреттеме деп те айта аламыз. Оқиға желісіне

Өмір өткелдері автордың өзі қоян-қолтық араласып жүргендіктен ол соғыс эпизодтарын қаз қалпында оқушы көңіліне елестетеді. Кітапты оқып отырғанда сіз ол соғыстың барлық тынысын өзіңіз көріп-білгендей сезінесіз. Ав­ тор жылтырақ сөз тізбектерін теріп, әдемі сөйлеуден өзін аулақ ұстайды. Айтамын деген ойын кішілікке еркін жеткізеді. Бұдан біз Қасым ағаның мінезінің қарапайымдылығын, кішіпейілділігін аңғарамыз. «Жау тылында» кітабындағы кейбір оқиға көріністері қарапайым тілмен әдемі суреттелген. Сөзіміз дәлелді бо­ луы үшін бір үзінді келтірейік. Автор парашюті ағашқа ілігіп қалған партизанды былай суреттейді: «Міне, сегізінші адам – радиска Зина. Зәулім, жуан, бұтақсыз жіңішке қарағай арқылы кезек-кезек шыға бастадық. Бірақ Зинаның тұсына жетпей-ақ қолымыз талып, төмен сырғып қайта жерге түсіп кетеміз... Сөйтіп тұрғанымызда күзетшілеріміз ит ерткен көп жау күші орманды сүзіп келе жатқанын хабарлады. Енді не істеу? Біздің жаумен қазір табан тіреп ұрысуға мүмкіншілігіміз жоқ. Ал бізді осы ағаштың түбінен жау қуып шықса, онда Зина бар құпия шифр, документтер, рациямен жау қолына түспек. Жау қолына Зинаны қалдырып кету Закарпатьедегі партизан қозғалысының құпия сырын ашу боп табылады. Сондықтан біз өзара ақылдаса келіп Зина асылып қалған ағашқа мина қойғымыз келді... Ол асылған қарағайдың түбіне күшті мина қоярдың алдында : «Жауынгер достарым! Мені әрқашан бірге деп санаңдар! Жауды аямай соғыңдар! Үлкен жерге менен жалынды салем!» ... Міне, өмірдің ащы шындығы қайда? Осы жолдарды оқып отырғанда көз алдыңызға ажал аузындағы батыр қыздың үрейлі жүзі елестегендей болады. Еріксіз денеңіз

Шайхан ЖАНДАЕВ шымыр ете түседі. Шіркін-ай парашютты өзіңіз барып қиып та жібергіңіз келеді. Бірақ осындай сын сағатта да Отаны үшін, елі үшін жауыздармен күрескен батыр қыз ажалдан тіпті де сескенбейді. Ол өзі жау қолында қалсам құпия документтер қолға түседі, одан да мені өлтіріп кетіңдер деп тілейді. Сөйтіп ол жауыз жауларға қарсы қарғыс айтады. Автор соғыс салған шындықты бұрмаламай қысқа әрі түсінікті етіп оқушысына нанымды жеткізе білген. Отты жылдардың дәл осы бір қайғылы көрінісі өз оқушысының жауға деген өшпенділігін одан сайын арттыра түседі. Кітаптың екінші тарауы «Соғыстан кейінгі кезде­ сулер» де әсерлі жазылған. Жазушының өз жерлесі, ақын Жұмағали Сайнмен кездесу сәті кімді де болсын тебірентеді. Енді Қайсеновтың ақын Жұмағалимен кез­ десуінен шағын көріністерді назарларыңызға ұсынамыз. «Қатысушылар: Генерал майор Андреев – партизандар қозғалысы орталық штабының бастығы. Полковник Сперанский – кадр бөлімінің бастығы Ақын Жұмағали Сайн Қасым Қайсенов Генерал адютанты Оқиға 1944 жылдың декабрь айында өтеді. Украина­ дағы орталық партизандар қозғалысы штабы қасындағы демалыс үйі. Генерал-майор Андреевтың қабылдау бөлмесі. өзі жалғыз. Сахна ашылғанда іс-қағаздарын көріп отырады. Андреев: Кнопканы басады. Адютант: (келіп) Жолдас генерал-майор, Сіздің бұйрығыңызбен келіп тұрмын. Не бұйырасыз? – деп қолын күнқағарына апарып сымдай тартылып тұрады.

Өмір өткелдері Андреев: Маған партизандар отрядының командирі Қайсенов жолдасты шақырып жіберіңіз! Адютант: Құп болады, жолдас генерал-майор! Сәл үзілістен кейін Қайсенов: Рұқсат па, жолдас генерал-майор? Сіздің бұйрығыңыз бойынша партизан отрядының командирі Қайсенов келіп тұр деп қолын күнқағарына апарады. Андреев: (тұрып амандасып) Отырыңыз. Осында, кадр бөлімінде сенің жерлесің, партизан отрядының комисса­ ры, қазақ ақына Жұмағали Сайн жолдас отыр. Сол кісі сені іздеп жүр екен. Барып сол кісімен жолығыңызшы. Қайсенов: (орнынан тұрып). Құп болады, жолдас гене­ рал-майор! Тапсырманы орындауға рұқсат етіңіз? – деп қолын шекесіне апарады. Андреев: Рұқсат! Барыңыз! Қайсенов әскери тәртіппен бұрылады да бөлмеден шығады. Келесі көрініс (полковник Сперанский, ақын Жұмаға­ ли, Қасым үшеуі отырады.) Сперанский: – Сайн жолдас, манадан бері айтып отырған жерлесіңіз осы кісі, Қайсенов Вася деген командиріміз. Танысып қойыңыз. Саин: Вася, – деп Қасымға таңырқай қарайды. – Сенің атын неліктен Вася болған, әлде балалар үйінде тәрбиелендің бе? Сперанский: (екеуіне алма кезек қарап.) Бұл қазір украиндық жігіт. өзі қазақша атын ұмытып кеткен де бо­ лар. Партизандар оны Вася деп атап кеткен. Қазір бәріміз де өзін Вася дейміз. Саин: (күліп.) Партизандарда ондай болады. Жолдас полковник! Мен сізге ертең келсем қайтеді?

Шайхан ЖАНДАЕВ Сперанский: Жарайды. Жерлесіне кездескен адамның осылай отыруына бола ма екен? Рұқсат, барыңыз! (Әске­ри тәртіппен Жұмағали мен Қасым полковникпен қоштасып сыртқа шығады.) Саин: (қатарласқан Қасымнан.) Ал, бала, атың кім? Қайсенов: Қасым. Саин: Қасым деймісің. Алматыда келіншегің бар ма сенің? Қайсенов: Бар. Саин: (бір нәрсеге өкінгендей басын шайқап.) Қасым, мен сенің келіншегіңді көрдім. Аты кім еді? Қайсенов: (таңданып.) Как, как? Аты – Асыл. Саин: Сен өзің қазақ тілін ұмытқансың ба? Екі сөзіңнің бірінде орысша, не қазақша сөйлейсің? Қайсенов: (ұялып төмен қарап.) Кешіріңіз, аға! Саин: Осылай жүрерімде «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясына бардым. Сонда бөлім бастығы Әлиманов деген жолдасыммен сөйлесіп, Украинаға партизандар штабына баратынымды айттым. Сол кезде анадайда отырған бір сары қыз: «Ағай, Украинаға бара жатыр екенсіз. Менің жолдасым да сонда партизан. Мүмкін кездесіп те қалармыз. Аты – Қасым. Хат жазып берейін», – деп ұялып төмен қарап еді. Мен жарайды ала кетейін, бірақ ертең тағы келемін. Сонда алармын. Оған дейін хатты жазып қойыңыз, – дедім. Бірақ жағдай болып редакцияға соға алмай кеттім. Қайсенов: (өкініп.) Қап, ала келгеніңізде жақсы бо­ латын еді! Оқасы жоқ, таға, қалай ел-жұрт, ауыл-аймақ тегіс аман ба? Саин: Дін аманшылық. Халық жау қуылып шегінген­ нен бері қуаныш құшағында. Ал Қасым, күн өткен сайын жау соңғы демін алып келеді. Енді өз ойың қандай?

Өмір өткелдері Қайсенов: Аға, мен осында Украинада қызметте қаламын. Саин: (таңданып.) Неге қаласың? Жау тылына тағы да ұшып, қолыңа қару алатын болсаң бір сәрі. Өйткені ол – Отанды қорғау, орын жоқ, елің бар, онда әке-шешең, сүйген жарың бар. Елден де қызмет табылады ғой. Қасым, мен сенен бір көйлекті бұрын тоздырдым. Сен болсаң әлі де болса алды-артыңды байыптамайтын жа­ ста екенсің. Енді менің бір тілімді ал? – Елге қайт! Штаб басшыларынан, осындағы украиндық достарымнан естіп жүрмін. Жаман соғыспапсың! Өз халқыңның атына кір келтірмепсің. Оған қатты ризамын. Елге қайт! Қайсенов: (жалғыз өзі.) Міне, ленинизм идеясына шексіз берілген, үлкен жүректі жалынды патриот, жауға мейірімсіз, Отанының батыл солдаты Жұмекең маған осындай ақыл-кеңесін айтып еді. 1945 жылы январь ай­ ында екеуміз Алматыға келіп түстік. Содан былай сол ардақты адамнан, сол адал жаннан мен жұбымды жазған жоқпын...» Міне, біз осы бір шағын көріністің өзінен жаны жай­ саң, кішіпейіл ағаның ініге деген қамқорлығын аңға­ рамыз. Соғыстан кейінгі жылдарда Қайсенов Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған генерал-майор Сидор Артемович Ковпакпен, Алексей Крячекпен, қанды көйлек партизан жолдастары орыстан – Алексей Асмо­ ловпен, немістен – Робет Клеинмен, грузин – Давид Ба­ карадзелермен кездеседі. Отты жылдарда қан майданды кешкен ерлердің осы жолығысу сәті оқушының жан сезімін дір ете түсіреді. Автор шығармаларының бір құндылығы кітапта интернационалдық халықтар достығының шынайы көрінуінен дер едік.

Шайхан ЖАНДАЕВ «Ұрыстың мерейі – ерлік, ырыстың мерейі – достық» деген. Мына бір сәтті көз алдыңызға елестетіңізші. Партизандардың құрама командирі Александр Васи­ льевич Тканов, Қасым Қайсеновке Закарпатье укра­ индары мен басқа да халықтарды апаттан аман алып қалу үшін жеке отрядтар ұйымдастыруды тапсырады. Сонда жазушы-партизан өзіне серік етіп поляк жігіті Юзик Никольскийді таңдап алады. Екеуі орман ішінде тығылып жүрген төрт чех, екі румын, екі венгер, үш закарпатьелік украин адамдарымен кездесіп шағын отряд құрады. Ынтымағы мен достығы жарасқан осы шағын топтың мүшелері бір күнде жаудан 270 соғыс тұтқынын азат етіп, 24 винтовка, үш пистолет, азық-түлік тиеген үш арба, көптеген патрондарды олжалайды. Кейіннен мұндай талай-талай ерліктер қайталанады. Міне, осы бір шағын көріністің өзі партизандардың жауға деген ашу-ызасын, қайтпас кегін көрсетпей ме?! Атамыз қазақ «Шірік шынар сынып тынар, соғысқұмар құрып тынар» дейді. Азаттықты, бостандықты аңсаған ұлы күшке кім төтеп бере алады?! Ақырында жау тізе бүгіп тынды. Жазушы кітабының тағы бір жақсы жағы жаңа ғана жоғарыда айтып кеткен көріністер, партизан барлаушылардың ерлік істері, сан сұрапыл шайқастары нанымды суреттеледі. Сіз автор шығармасындағы ауыр жараланған армян жігіті Аркадий Госпорян мен Қасым Қайсеновті жау қуып келе жатқан сәтін оқығанда өзіңіз де іштей толқып, күйзеліп отырасыз. Осындай тар жол, тайғақ кешуде Қасым жаралы жолдасын жау қолына та­ стамайды. Қайта серігімен бірге өлімге басын тігеді. Міне мұндай ерлік совет азаматтарына ғана тән. Осы тәрізді сан алуан соғыс сұрапылдары кітапта ешбір қоспасыз, сол өз болмысында баяндалады.

Өмір өткелдері ТҮН ҰЙҚЫСЫН ТӨРТ БӨЛГЕН (деректі хикаят) Газеттің жер-жердегі тілшілерінің үйіндегі телефон жұмыс бабымен күндізден кештің біраз уақытына дейін бір тыным болмайды. Тағы да қоңырау сылдыр етті. – Алло, сәләметсыз ба? Маған «Лениншіл жас» газетінің тілшісі керек еді. Бұл – Қарағанды облыстық Ішкі Істер басқармасынан. Бізде таяуда ғана КПСС мүшелігіне кандидаттыққа өткен бір жас жігіт бар. Егер уақытыңыз болса, сол жайлы материал жазсаңыз қайтеді? – Жарайды. Келістік. – Онда сізді түске дейін күтеміз. Биылғы ақпан тым жомарт-ақ. Нағыз қырланып қыр көрсететін сәтінде көше жолдарынан сан тарау су ағып жатты. Сол ақпан ақпейіл мінез танытып, дәл нау­ рыздағыдай «бірде киіз, бірде мүйіз» болып жатқанда біз болашақ кейіпкерімізге қойылатын сұрақты іштей топ­ шылап, сарапқа салып едік. Журналистік тәжірибеде көз көрмей, бет жүздеспей ойлаған ойыңның сәби қолындағы моншақ кәмпиттей шашылып кететіні бар. Дәл солай болды. – Өткен 1976 жылғы социалистік жарыстың қоры­ тындысы бойынша облыстағы қала аудандарының ара­ сындағы Совет аудандық ішкі істер бөлімінің ОБХОС–і бірінші орынға ие болды. Сонда милиция лейтенанты, инспектор Қанат Балбеков деген жас жігіт қызмет істейді. Сол жайында материал жазуыңызды өтінеміз, – деді облыстық Ішкі істер басқармасының қызметкері Влади­ мир Анатольевич Танков жолдас. – Жас та болса өз ісіне мығым. Тындырымды. Елгезек. Қаласаңыз мен қазір онымен таныстырайын. Қанат Балбеков!...

Шайхан ЖАНДАЕВ Бірінші сыр немесе Балбековтар семьясы хақында Тау суының ағынындай қас қағым өмірде әркімдер­ дің: – күні кеше Жаңа жылды қарсы алып едік, көктемнің нұрлы да мерекелі мейрамы 1-Май да келіп қалыпты ғой, деп тамсана да таңдана айтқанын талай естіп едік. Ал мен болсам, Қанат Балбековты бала кезінен білетінмін. Ол балалықтың бал базарында бала бақшадан келгенде: – Мен үлкен болғанда ұшқыш боламын. Мөлдір ауада көк түтін будақтап жатады. Папам мен мамамды алыстағы анау бұлттың ар жағындағы курортқа апарамын дегенде топты адам сәби тілін қызықтап қалушы еді. Міне, енді сол Қанат милиция лейтенанты. Міне, енді мен кешегі өзімнің көз алдымда өскен Қанатты жазуға бара жатыр­ мын. Балғын денесін жау оғы бірнеше рет жаралаған Қанаттың әкесі Қабыкен Балбеков те бүкіл Қарағанды қаласына белгілі жан. Омырауы отты Ұлы Отан соғысы мен бейбіт өмірдің ордендері мен медальдарына симай­ ды. Аты Бүкіл одаққа әйгілі болған атақты «Михайлов­ ка» шахтасында партком секретары. Облыстық партия комитетінің мүшесі. Ал түн ұйқысын төрт бөліп ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып отырған Рәшида жеңгей де бақытты жан. Тұла бойы тұңғышы Нұрғайша – Теміртауда дәрігер, тера­ певт. Қанаттан кейінгі Нағима – Қарағанды кооператив институтының түлегі. Одан соңғы Бақыт – Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті. «Әкеге тартып – ұл, шешеге – тартып қыз туады» де­ ген осы болар. Мен милиция лейтенанты, түбіт мұртты Қанат Балбековты жазуға барғанша осыны ойладым.

Өмір өткелдері Қоғам мүлкін көздің қарашығындай сақтау үшін түн ұйқысын төрт бөліп жүрген қыз мінезді, кішіпейіл. Осы­ дан үш жыл ғана бұрын СССР Ішкі Істер министрлігінің Қарағандыдағы жоғарғы мектебін бітірген жас жігіттің өскен ортасын, ұшқан ұясын еріксіз көз алдыма елес­ теттім. Екінші сыр немесе қылмыстының қадамы қысқа Қыстың қысқа жіптей күрмеуге келмейтін келте күні бағана батқан. Қаланың қараңғы түскен көшелерін түнгі жарық пен ақ көңілдей жайнап жауған жапалақ қар са­ маладай жарық қылып тұр. Немересін бауырына қысқан Қабыкен ағай мен Рәшида жеңгейдің терезе алдына сан келіп, сан кеткеніне үш сағаттың жүзі болды. Мана ымырт үйірілмей «ұзын хабардан» қоңырау қаққан Қанаттан бір сыбыс жоқ. Әке мен шеше де мазасыз, алаңдап үлкен те­ резеге қайта-қайта жаутаңдайды. «Ақыл алтау, ой жетеу», жалғыз ұл қайда жүр. Жұмысынан мана шықса керек еді. Түндегі жүріс саябырлап, көше де, ата-ана да тыныш­ талып ұйықтаған сәтінде үсті-басы ақша қарға малынған Қанат аяғының ұшымен ептеп басып, өз кілтімен есік ашты. Дайын тамаққа да зауқы соқпады. Шешінді де бірден төсекке ұмтылды. Сол-ақ екен, қор ете түсті... – Сөз комсомол ұйымы секретарының орынбаса­ ры Қанат Балбековке беріледі. Ол жаудырап отырған жүздеген жанардан жасқанбастан биік мінбеге қарай бет алды. – Комсомолец жолдастар! КПСС ХХҮ съезінің ше­ шімдері милиция қызметкерлеріне де үлкен міндеттер жүктеп отыр. Жастық жалын жігеріміз жалындаған біздердің алғы шепте жүріп ағалар мен апаларымызбен

Шайхан ЖАНДАЕВ бірге атқаратын істеріміз ұланғайыр. Өздеріңізге мәлім мен әрі «Күзетте» атты қабырға газетінің редколлегия мүшесімін. Осындай бас қосуда ашық айтайық, сіздер га­ зетке материал береміз деп талай уәде бердіңіздер. Бірақ соны ұмытып кетесіздер. Осыған азаматтық арымызбен жауап беретін уақыт жетті... Енді бірде Николай Ива­ нович Платонов үнсіз отырады. Қанат Совет аудандық Ішкі Істер бөліміндегі ОБХСС-тің бастығын мазалағысы келмей, өз орнына жайғаса береді. Николай Иванович менде бір ой болып тұр дегенше болған жоқ жас жігіт ұйқысынан оянып кетті. Түсі екен. Ешнәрсеге қарамай жалма-жан киіне бастады. Қамқор ананың тым болмаса бір кесе шай ішші дегеніне де қараған жоқ. Бар болғаны: – Мама, мен бала емеспін ғой. Жұмыс бабы солай болып тұр, – деді. Шынында да кеңседе Николай Иванович жалғыз өзі отыр екен. Қанатты көріп балаша қуанып қалды да: – Қабыкенович, қалай демалдың? Мен сені кеше кеш қайтқан соң мазаламадым. Бірақ ерте келгенің жақсы болды. Көңіл-күйің қалай? – Өте жақсы, ұйқым қанды, Николай Иванович – Олай болса кешегі жоспар өзгерді. Киім сататын сауда бірлестігі дирекциясының Оңтүстік-Шығыс ауданындағы магазинінде 2 мың сом ұрланған. Сол істі тезірек анықтау керек болып тұр. – Құп болады! Қанат дереу аттанып кетті. Бұдан да бұрын осындай талай істің анық-қанығына жеткен ми­ лиция қызметкері бұл жолы тағы да іштей ойға берілді. «Кассадан қолды болмаса, ол ақша күнде есептеліп тап­ сырылып отырса ұрлықшы кім болғаны? Ғажап-ақ. Алды­ мен магазин әкімшілігімен, сатушылармен сөйлесейін». Ол осыған тоқтады.

Өмір өткелдері – Жоқ, жоқ. Біз алған жоқпыз. Мына көпшілік айтсын, бірге қызмет істеп жүріп, бір-біріміздің көзімізге шөп салсақ сонда кім болғанымыз, – деп олар безек қақты. Тағы да ұшы қиыры жоқ тылсым басталды. Енді не істеу керек? Жас инспектор саспады. Ақша жоғалған бөлімнің жанындағы бөлімге де тексеріс жүргізуді ұйғарды. Сон­ дағы сатушылар Григорьева Лиза мен Артемова Вика құндызды жағаларын көтеріп жұмыс бітісімен таксилетіп үйіне қайтады. Осында да бір мән бар сияқты. Күнде солай. Тексеріс түпкілікті аяқталғанда ғана әлгі қос құрбылардың бөлімінен бес мың сом ақшаның жоқ екені анықталды. Жұмбақ жіптің ұшы табылған сияқты. Бірақ бұған бұлтартпайтын дәлел жоқ. Тағы да соны ізденіс. Енді қос сатушының көршілерімен кездесу керек. Ин­ спектор бұл жолы да жаңылмады. Тап басты. Амалсыздан Лиза: – Осыншама ірі ақшаның ізін жабу үшін көрші бөлімнен екі мың сомды қапысын тауып ұрладым, деп өз кемшілігін мойнына алды. Мемлекеттің барлық қаржысы орнына қайтарылды. Айыпкерлер кейін сот орындығына отырды. Енді бірде Қанат таңертеңгілікте өз жұмысы бойынша жолға шығайын деп киініп жатты. Сол-ақ екен есіктен бейтаныс жігіт кірді. Асығып аты-жөнін айтты. Владимир Семенов деген кенші екен. – Сіздерді сұрай-сұрай зорға таптым. Мен сенбі сайын овощ сататын базардан жеміс аламын. Әйелім ауруха­ нада еді. Міне, бірнеше ай болды, бір қазақ әйелі қоян құлақшынын екі есе бағасына сатып жүр, – деді. Бұл да тосыннан келген оқыс хабар болды. Қанат енді базарға қарай бет алды.

Шайхан ЖАНДАЕВ Тапқыш болсаң сан мыңдаған адамның көлеңкесінен қорқатын саудагер әйелді тауып көр. Ол өзінің сенімді қызметшілерін ертіп келгенше тағы да өз ойын серік етті. Қарапайым төрт амалға жүгінді. Он құлақшын. Оны 25 сомға көбейтейік. Шын 250 сом! Қарапайым жандарды қалай алдайды. Сонда алыпсатар саудагер алсаң – қолымнан, алмасаң – жолыңнан дейді-ау. Жоқ, ондайларды тез арада табу керек. Онда да ақша қарда із қалып жатқан. Ауылдан келген Атымтай деген жігіт мәз болып екі езуі құлағына жетіп қоян құлақшынды киіп келе жатқанда саудагер де қырағы көздерден құтыла алмады. Жанпейісова Зәру ал келіп жат та жалынсын: – Құлыным, менің де өзіңдей балам бар. Базарға келгенім бүгін ғана. Имандай шыным, нан алатын болған соң балаларыма алған бес құлақшынды сатсам ба деп едім. Қара басып, қолды болып қалдым. Бір жолға босата көр, қарағым. Саудагердің жан тебірентетін жылы сөзі жас инспек­ торды иландыра алмады. Бірден жалынғанына қарағанда тағы да бір соны істің ұшы бар сияқты. Істі түбіне жетіп анықтағанда әлгі Зәрудің сыбайласы Квасова Варвараның үйінен тап сондай 45-шақты құлақшын табылды. Бірбірімен жең ұшын жалғасқан екі алыпсатар әділ заңның тармағымен тиісті жазасын алды. Осындай шат-шадыман заманда жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүретін жандардың қадамы қашан да қысқа. Қанат тағы бір жауапты тапсырма алғанда алды­ мен ұстазы Николай Ивановичпен ақылдасты. – Бұл жолы ешбір ақыл көңілге қонбай отыр. Жұрт қажетті затын көзбен көріп алады екен. Сонда жергілікті

Өмір өткелдері өнеркәсіптен дайын киімді сататын магазиннен артық ақша қалай шығады? – «Жел болмаса шөтің басы қимылдамайды». Егер олай болса бұл жолы кім де болсын айласын асырғалы отыр. Байқа, абайла, кейде ойламаған жерден қылмыстың қылт етіп көрініп қалатыны бар. Алдымен бір барлап көр. Содан соң ақылдасайық. Магазин түс кезінде сауда тіпті қызған. Сатушылар да, келген тұтынушыларды жылы лебізбен қабылдап жөнелтіп жатты. Көзге оғаш ештеңе назарға ілікпеді. Осы жолы жас жігіттің тауы шағылып қайтты. Іс жалғасын келесі күнге қалдырып ерте жатқанымен ұйқысы шайдай ашылып көпке дейін дөңбекшіп жатты. «Апыр-ау бұл қалай? Кейде жалған арыз, шағымдар бола беруші еді. Соның кебі келіп жүрмесін?» Ол таң ата жұмысқа күндегі әдетімен ерте тұрып аялдамаға жеткенше қиялдап келе жатты. «Таптым» деп іштей күбірлеп қалды. Ол сол өткен дайын киім тігетін қоймаға келіп сондағы бұрын сол магазиннен өткен фактураларды мұқият қарап шықты. Содан соң кешегі өзі болған «Новинка» магазинінің қоймасына тексеріс жүргізуді ұйғарды. Міне, ғажап! Әрбір киімкешектің құнына 2-3 сомнан артық айырма бар. Демек, баға өзгертілген. Мемлекеттің сауда тәртібін бұзған жазықты адам оңтайлы цифрды өзгертіп түзетуді әдетке айналдырған. Оны өзінің жеке басы үшін пайдаланған. Мың сомнан астам қаржы тағы да кассаға түсті. Жазықты жан өз ісінің жазасын алды.

Шайхан ЖАНДАЕВ Соңғы сыр немесе түйін Қара басының қамын ойлап өзінің пайдасы үшін не­ ден болсын тайынбайтын, тоғышар жандар арамызда арамшөптей кездесіп қалады. Солар ғана күндіз де, түнде де жасқана басып бұта түбіне бұққан бөденедей ізін жасырып жүреді. Бірақ олар түн ұйқысын төрт бөлген милиция сақшыларының назарына ілікпей қоймайды. Біз әңгіме еткен Қанат Балбеков сияқты мыңдаған жа­ стар қай уақытта да қырағы күзетте. Күні кеше жоғары білім алған жас маман бүгінде облыстағы таңдаулы озат милиция қызметкерлерінің бірі. Ол Қарағанды облыстық Ішкі Істер басқармасынан бірнеше рет алғыс пен бағалы сыйлыққа ие болған жайнақ. – Ағай, мен жайлы жазбай-ақ қойыңызшы. Өйткені менің атқарып жүрген ісім барша совет жастарына тән. Ал бізде бірнеше жылдан бері мол тәжірибе жинақтаған абзал ағалар өте көп, – дейді Қанат. Мен ойланып қалдым. – Жас жігіттің адамгершілігі, еңбек сүйгіштігі, қарапайымдылығы, ізденімпаздығының негізі осы кішіпейілділігінде екен.

Өмір өткелдері ТАҒЫДА ҚЫМЫЗ ХАҚЫНДА (деректі хикаят) Шешілмей жүрген проблема. – Шіркін-ай, бал татыған сусынды ұмыттық қой, – дейді қала тұрғындары тамсанып. – Бүгінгі совхоз басшылары, жастар ата-бабамыздың ақ адал асының бірі, ауруға – ем, сауға – қуат беретін дәрі қымызды ұмытты ғой. – Е, олар бал татыған сусынды қайтсін. Олардың «қымызы» көше сайын тұрған «Сары бөшке» дүкендегі самсаған «тентек су» емес пе?!... Демалып отырған екі қарияның әңгімесі. 1. Қар тепкенде қажымас қайран жылқы Ықылым заманнан бері талай-талай сойқанды, шо­ шымалы, аумалы-төкпелі оқиғаларды бастан кешірген ата-бабаларымыз төрт түлік малдың ішінен жылқыны өте-мөте қасиеттеп, ерекше құрметтеген. Оны Қамбар ата деп қастерлеп ән жырына қосқан. Бесіктегі бөпесін мейірлене емізіп отырған мейірбанды абзал ана сәбиіне: Құрығыңды майырып, Түнде жылқы қайырып, Жаудан жылқы айырып, Жігіт болар ма екенсің? – деп жас нәрестесіне тілек тілеуінде де үлкен философия­ лық мән-мағына бар. Ата-бабаларымыздың дүниеге жаңа ғана шыр етіп кел­ ген жас иісті иіскегенде оны құлыным деп жылқы баласы­ мен тегіннен-тегін теңемеген. Жылқының тез ширайтын

Шайхан ЖАНДАЕВ төлі сияқты «тентегін» қажыр-қайратқа, төзімділікке, шыдамдылыққа, ерлікке баулыған. Әлгі бала ес білгенде: «Үркейін деп тұрған жылқының шабынан түртпе», – деп оны әрдайым шошақайлықтан, тентектіктен, есерліктен сақтандырып отырған. Кейін әлгі бозбала ер жетіп, есей­ генде «Жылқы мінезді жігіт екен», – деп оның мінезіне айна қатесіз баға берген. Жылқыны мақал-мәтелдеріне, шешендік, тапқырлық, толғау нақыл сөздеріне арқау еткен. «Шабаннан желмес туады, сараңнан бермес туады, саңыраудан шақырса келмес туады», – деп сөз саптауы да осының бір дәлелі. Бүгінде керемет алып трактор қуатының ат күшімен есептелуі де тегін емес. Қар жауса да қажымас қайран жылқыны халқымыздың от тілді, орақ ауызды ақын-жазушылары талай рет өзінің өлең жырларына, әңгіме-повесть, романдарына арқау еткен. Басқасын айтпағанның өзінде оның бал татыған қымызының өзі сан кітап болатын ұзақ сонар әңгіме. Атақты грек тарихшысы Геродот біздің заманымызға дейінгі Ү ғасырда көшпелілердің қымызды ұзақ уақыт сақтауының тәсілдерін құпия ұстағанын жазып, таң тама­ ша болып қайран қалған. Ал, қымыздың адамға тигізетін әсері туралы алғашқы жазба пікірді 1253 жылы француз саяхатшысы Вильгельм Рубрикас білдірді. ХҮ-ХҮІ ғасырларда өмір сүрген Мұхаммед Хайдар Дулатидың еңбегінде қымыз қазақтардың татымды, дәмді тағамы ретінде аталады. Адамға, жерге, елге, қандай жайға болсын ат қойғыш ата-бабаларымыз қымызды да «сорт-сортқа» бөлген. Олар: саумал қымыз, сары қымыз, уыз қымыз, бал қымыз, құнан, дөнен, бесті қымыз, түнемел, тосап, қойыртпақ

Өмір өткелдері қымыз, биебау қымыз, сіргежаяр қымыз, қысырақтың қымызы, – деп ащы ішектей шұбатылып, тағы, тағы атала береді... Осыдан он шақты жыл бұрын жол сапарда жүргені­ мізде Жұмекен қарияның үйінде болдық. Ұзақ күні бойы жол соқты болып келгендіктен бе, жоқ әлде шөл­ дегендіктен бе мұрынды жаратын қош иісті бал қымыз мол ішілді. Соны сезді ме Жұмекен: – Сендер ерте кезде қымызды қалай ашытатынын білесіңдер ме? – деп күтпеген жерден оқыс сұрақ қойды. Біздер, жолсерік жолдастар, бір-бірімізге қарасып, жоқ дегендей сыңай таныттық. Ақсақал сол үнсіздікті бұзбай қымызын асықпай ішіп алған соң, баппен қияқ мұртын ширады да әңгімесін бастады. – Баяғыда, біздің жас кезімізде, – деп қария өзінің балалығын еске түсірді. – Арудай толықсыған май ай­ ында, құлын қара құлақтанғанда, жайлауға шыққандар іле-шала бие байлайды. Қыстан қысылып шыққан елжұрттың қағанағы қарық, сағанағы сарқ болып қалатын шағы – дәл осы кез. Балалар, сендердің естеріңде бол­ сын, қазақтың «жағасы жайлауда» дейтін сөзінің төркіні осыдан шыққан. Ауыл-ауылдың «Желі байлар», «Қымыз мұрын» жасап мәре-сәре болатыны да осы уақыт.Сонда жарлы-жақыбайлар шіркін-ай, саба қымыздың дәмін татсақ деп тамсанатын. Саба – қыста соғымға сойылған жылқының терісінен жасалады. Оны жасау оңай шаруа емес. Жүні қырқылған тері-құрымда, қына да жатады. Ішіне құм салынып ай бойы ыстықта кептіріледі. Екі жағына жылқының сүр майы сіңірілген соң оны тағы да жарты айдан астам тобылғы, арша, қайың түтініне салады. Осылай бапталған

Шайхан ЖАНДАЕВ саба бір жаз бойы бүлінбейді. Әрине, ол ауық-ауық жу­ ылып, ысталып отырады. Мұның бәрін тәптіштеп айтып отырған себебім – дұрыс ашымаған қымызды ыдысқа құйсаң ол быршып көпіріп тұрады, суы жиектеніп тұнады, дәмі ащы кермек татиды. Қазір бізде саба болмаса да мына шешелерің қымыз күбіні, піспекті, бие сауатын шелекті, тегене ожауды сүр маймен майлап, уақыт өткізбей жас балаша мәпелейді. Кейде күбіге бір тілік қант тастайды, – деп ақсақал біздің әрқайсысымызға барлай көз жүгіртіп, шара толы қымызға қолын соза берді. – Жұмеке, бұл жайды бұрын естімеп едік, деп біз бірі-бірімізге қарастық. Шынында да тәтті қымыздың жаса­луы да оңай шаруа емес екен. Осындай қыруар еңбекпен бапталатын қымыздың қадірін орыстың атақты жазушылары да жақсы білген. А.С.Пушкин «Кавказ тұтқыны» поэмасының ескерт­ песінде: «Қымыз бие сүтінен ашытылады, бұл сусынды Азияның көшпелі және тау халықтары көп ішеді. Ол әрі дәмді, әрі шипалы сусын», – деген. Орыстың атақты жа­ зушысы А.П.Чехов 1901 жылы Андреев санаторийінде қымызбен емделіп жүріп: «Қымыз ішкеніме бір-ақ апта болды, мейлің сен, мейлің сенбе, сегіз фунт салмақ қостым». Содан бес күн өткеннен кейін басқа бір ха­ тында: «ІІ фунт салмақ қостым, күніне 4 бөтелке қымыз ішемін», – деп жазды. Ал ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың да бұдан бұрын 1870 жылы Самара даласында қымызбен емделгені жөнінде деректер аз емес. Айта берсек мұндай мысалдар аз емес. Ғылым мен техниканың бүгінгідей қарыштап өсіп отырған шағында облыс жұртшылығын бал татыған қымызбен қамтамасыз етудің жайы қалай, соған тоқталайық.

Өмір өткелдері 2. Көзден таса қалған соң КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А.Қонаев жолдас Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ІІ пленумында жасаған баянда­ масында: «КПСС Орталық Комитеті біздің алдымызға жылқы шаруашылығын неғұрлым интенсивті дамыту міндетін қойып отыр. Бұл өте әділ талап. Саланы пәрмен­ ді жүргізу үшін республикада барлық жағдай бар. Жабы, адай және көшім жылқыларының сойыстық және сауындық тұқымдарын одан әрі дамытуымыз, мамандандырылған ірі фермалар мен шаруашылықтар құруымыз, жылқы санының көбейтілуі мен сақталуын жақсартуымыз, жылқының талан-таражға салынуын жоюымыз, арзан жылқы еті мен шипалы сусын қымыз өндірісін молайтуымыз керек. Спорттық жылқылардың сапасын жақсартуды назардан тыс қалдырмаған жөн», – деп атап көрсетті. Әңгіме қымыз жайында болғандықтан алдымен кө­ ңілге осы біздің Орталық Қазақстанда жылқы шаруа­ шылығының өсіп-өркендеу жайы қандай, жер-жерде оған деген көзқарас жақсы ма? – деген сұрақ оралады. Арқа жері төрт түлік малдың төресі атанған жылқы өсіруге өте қолайлы. Жылқыны бағып қағуға, шығынның аз кететіні, оның етінің сиыр етінен сапалы болмаса кем еместігі, қымызының шипалы екендігі кімге де болсын аян. Солай бола тұрса да осы түлікті өсіруге қырын қараушылық біздің облысымыздағы шаруашылық бас­ шыларына да тән болғаны өтірік емес. Оны мына бір факті айқын дәлелдейді. Алысқа бармай-ақ қоялық. 1972

Шайхан ЖАНДАЕВ жылдың 1 январында Қарағанды облысында 135 мың (онда Жезқазған облысы бөлінбеген) жылқы болды. Ал 1973 жылдың басында облыста қыл құйрық саны – 51 мыңға жетті. Егер әрбір совхоздың басшы мамандарының тарапынан жылқыға деген қамқорлық болса осы 51 мың жылқы жылдан жылға кемімей өсе түсуге тиісті еді. Көпе-көрнеу енжарлықтың, жауапсыздықтың, олақтықтың, салақтықтың нәтижесінде мыңдаған қыл құйрық боранда ықты, ит-құсқа жем болды, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. 1981 жылдың 1 июньдегі мәліметі бойынша облыста небары 28795-ақ жылқы қалды. Соңғы жылдарда жылқы саны 6700 басқа кеміп кетті. Осындай жауапты іске кім кінәлі? Егер жеке меншіктің қозысы бір күн үйіне келмесе, онда әлгі семья тайлы тұяғымен іздеп бүкіл ауылды адақтап шығады. Ал, жоғалған, ұрланған жылқыға кім жауапты? Иә, бұған жыл он екі ай бойы ат үстінен түспейтін, боран мен жауында табында болатын жылқышылар кінәлі шығар. Осылай десек те әр бөлімше, әр совхоздың басқарушыларының, товарлы жылқы фермасы меңгерушілерінің, қала берді бас мамандардың тарапынан да кездесетін қателіктердің бар екені аңғарылады. Неге десеңіз жылқыда нақты есеп жоқ, ол соғымға сойылса да, «қасқыр жеді», «ығып кетті», «қыста баспана болмады» деген желеулермен есептен шыға береді. Осындай түлікті өсіруге ең қолайлы дейтін Егіндібұлақ ауданында оныншы бесжылдық жылдарында жоғалғаны, өлгені бар 3 мың жылқы ізім-қайым жоқ болып шықты. Осыншама тұяқты мал көбінде етке өткізілгенде қаншама адамның қажетін ашар еді? Көл-көсір резервтің жел­ ге ұшқаны осы емес пе? Жылқы өсіруге бейімделген

Өмір өткелдері «Айырық» совхозы былтыр етке тапсырылған 582 жылқының әрқайсысының межелі 300 килограмын ор­ нына бар болғаны 262 килограмнан ғана өткізді. Бұл қаншама ұтылыс. Осының өзінен-ақ жылқы малына қалай болса солай қарауды аңғаруға болады. Қыруар мал жоғалып өле берсе, арзан шығынмен бағылатын жылқы өзін өзі ақтамаса онда егіндібұлақтықтар осы түлікті неге өсіріп отыр деген сұрақ көңілге ұялайды. – Бізде қазір 9 мыңға жуық жылқы бар, оның 2600-і бие, – дейді Егіндібұлақ аудандық партия комитетінің бірінші секратары Ш. Қуанышев, – бірақ бие сауғызуға ешқандай мүмкіндік болмай отыр. Аудан маңында жылқы жаятын жер жоқ, бәрі жыртылған. Адам күші жетімсіз. Барлық совхозда жылқы қоралары жоқ. Сонау Қарағандыға қымыз апарып сату ақылға сыймайды. – Шәке, соңғы уәжіңіздің жөні бар. Сіздер кеншілер астанасына қымыз апарып сатпай-ақ қойыңыздар. Ау­ данда аурухана, балалар бақшасы, пионер лагері, одан басқаларын айтпағанның өзінде 5 мыңға жуық халық бар ғой. Жаз айларында сол бір мезгіл ақ ішіп отырса қандай жақсы болар еді? – Әрине, әрине, оған сөз бар ма. Бірақ біздің биыл бие сауғызуымызға ешқандай мүмкіндігіміз жоқ. Қарқаралы ауданында да соңғы жылдары қымыз өндірілмей отыр. Мұнда осыдан бірнеше жыл бұрын механикаландырылған орман шаруашылығының жа­ нынан арнайы цех ашылып, одан қымыз сапыратын әдемі, әшекейлі, оюлы ожау, тегене, әртүрлі тостағандар шығарылғанда тұрғындар оны пышақ үлестіргендей талап алған-ды. Аудан орталығынан кигіз үй үлгісімен «қымызхана да» салынған. Осыдан он шақты жыл бұрын

Шайхан ЖАНДАЕВ «І май», Нүркен атындағы «Кирзия», Фрунзе, Жамбыл атындағы совхоздар (соңғы үш шаруашылық қазір Талды ауданына қарайды) бие сауып жұртшылықты қымызбен бір кенелткен еді. 1975 жылы Қарқаралы ауданынан 24 тонна қымыз сатылған болатын. Сол игі дәстүр соңғы жылдары ұмыт болды. Тұрғындардың әлгі әшекейлі ыды­ стары шаңның астында қалды. «Қымызхана» жабылды. Жұртшылық сол уақытты қазір тамсана еске алады әр кез. Биыл аудан бойынша халыққа 50 тонна қымыз сатылуға тиісті деп жоспар қабылданған болатын. Бірақ июнь айының 10-на дейін бірде-бір литр сатылмады. – «Бесоба» және Нүркен атындағы совхозда жақын арада бие саууды ұйымдастырамыз. Ұмыт қалған игілікті істі қолға алып, енді тұрғындарды қымызбен қамтамасыз етуді мықтап ескереміз, – дейді Қарқаралы аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары Елеусіз Ержанов. Көршілес Талды ауданында да болып мамандармен тілдестік. – Біз Фрунзе атындағы совхоздың «Өзен» деп ата­ латын жылқы фермасынан 70 бие сауғызамыз. Сөйтіп тұрғындарға күніне 300 литр, күзге дейін 30 тонна қымыз сатамыз. Бірақ осы орайда едәуір қиындықтар да кездесіп отыр. Ноқта, арқан деген ұсақ-түйек заттар тапқызбайды. Ағаш бөшке, қымыз таситын арнайы автомашина қажет,– дейді Талды аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Коммуна Мұқанов. Маман сөзінде ащы шындықтың төркіні бар. Қар теп­ кендер қажымас қайран жылқының өзі соңғы жылдарда облыс, аудан басшыларының назарынан тыс қалып көшіп кеткеннен кейін ноқта, арқан, бөшке, ертоқым, жүген деген ұсақ-түйек бұйымдар сөз болып па?!

Өмір өткелдері Бір ғажабы неге екені белгісіз жылқыны көптеп өсіруге, қымыз өндіруге облыстың барлық аудандарының басшылары қырын қарайды. Елуінші жылдары Киев­ ка поселкесінің тұрғындары таңертең «Путь Ленина» колхозы (қазіргі «Путь Ленина» совхозы). Байтуғаннан көкбие жеккен арбамен 2-3 бөшке қымыз әкелетін Тақыр есімді қарияны асыға күтетін еді. Сол жылдары «Киров» колхозының басқармасы Ақылбек Ержұманов (2-3 жыл болды қайтыс болды, қазіргі «Уражайный» совхозы) Калинин атындағы колхозда (қазіргі «Чернигов» со­ вхозы) бие сауғызатын. Онда бүгінгідей техника жоқ, адам күші де жеткіліксіз болса да қымыз мол еді. Улья­ нов ауданының Бабаев, Буденный атындағы, «Красный октябрь» совхоздары да Қарағандыға күн сайын қымыз әкеліп сататын. Бүгінде осының бәрі ұмыт болды. Қалай ұмыт болмасын бірнеше жылдан бері облыстың ауыл шаруашылық басқармасында жылқы малы өз алдына жеке сала болып бөлінбей қой шаруашылығы басқармасының қарауында болып келді. Ондағы қыз­ меткерлер қымыз бен қазыны жақсы көретіні болмаса жылқыға ешқашан да жаны ашыған емес. Олай дейтініміз осы қой шаруашылығы бөлімінде қызмет істейтін Қайырбек Мырзаәліповтен: – Биыл облыс бойынша тұрғындарға қанша қымыз сатылу жоспарланып отыр? – деп сұрадық. – Онымен білмеймін, қажет болса жоспарлау бөлімі­ нен сұраңыз, әйтпесе бастығымыз М.Әдекенов жолдасқа жолығыңыз, сол кісі білетін шығар, – дейді ол. Міне, жылқыға жаны ашитын, қамқор маманның сөзі осы. Ең өкінішті жай, жылқыны мыңдап өсіретін аудан­ дардың басшылары осы түлікті пайдасыз малдың

Шайхан ЖАНДАЕВ қатарына жатқызады. Олай дейтініміз, жылқының сапалы еті, бал қымызы ешқандай жоспарға енбейтін сияқты. Мәселен Тельман ауданының Аманкелді атындағы со­ вхозынан жыл сайын сатылатын 40 тонна қымыз сиыр сүтінің жоспарына қосылған. Ал, қымыздың өз алдына атауы не жоспары жоқ. Бұл өте төзгісіз жай. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі жақында жылқы шаруашылығын дамыту жө­ ніндегі шаралар туралы мәселе қарады. Осы қаулыда: «РСФСР, Өзбек ССр-і, Қазақ ССР-і, Қырғыз ССР-і және Тәжік ССР-і Министрлер Советіне сайыстық үйірлі жылқы шаруашылығының одан әрі дамытылу­ ын, мамандандырылған сойыстық жылқы совхоздары мен жылқы фермаларының, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету ұсынылды», – деп атап көрсетілді. Сүйікті партиямыз бен үкіметіміздің осы қаулысын басшылыққа алу Қарағанды облысындағы аудандар мен совхоз басшыларының абы­ ройлы борышы дейміз. 3. Сарыбұлақтың бойында Қиындығына, қыруар қол жұмысын қажет ететініне қарамастан облысымызда бие сауып, қымыз өндіріп отырған жалғыз-ақ шаруашылық бар. Ол – Тельман ауданындағы Аманкелді атындағы совхоз. Мұнда осы игілікті іс 1976 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады. Содан күні бүгінге дейін қолға алынып отыр. Бұл туралы совхоз директоры Мәдениет Құламыров былай дейді: – Мен бұл совхозға 1976 жылы директор болып қызметке келдім. Сонда Ынтымақ бөлімшесінен бие

Өмір өткелдері сауатын арнаулы комплекс салынып жатыр екен. Осы объектіні Теміртаудағы синтетикалық-каучук заводының құрылысшылары жүргізеді. Сол комплекс күні бүгінге дейін толық аяқталмай отыр. Амалсыздан Сарыбұлақ деп аталатын жылқы фермасынан ескі екі имек қорадан биені машиналы қондырғымен сауатын қарапайым орынды өз күшімізбен жасадық. Міне, бес жылдан бері Теміртаудың сүт комбинатына 225 тонна қымыз өткіздік. Қазір Сарыбұлақта 96 бие сауылады. Таяу жылдарда бие санын 300 басқа дейін жеткізуді мақсат етіп отыр­ мыз. Ал Ынтымақтағы комплекс бітіп, іске қосылса да онда бие саууға мүмкіндік жоқ. Неге десеңіз мұнда 300 сауын сиыр бар. Оны сауатын сауыншылардың 80 проценті пенсия жасына жетіп қалғандар. Демек бұл арада адам күші жетімсіз. Бұл бір. Екіншіден, Ынтымақ бөлімшесінде жылқы жайылатын жайылымдық тапшы. Егер совхоз орталығынан бие сауатын комплекс салынса, оған қажетті 400 гектар суармалы алқап бөлінсе, онда қажетті құнарлы жасыл азықты және бие жайылатын жерді толық шешер едік. Сөйтіп, 200-ден астам бие сауып қала тұрғындарына жылына 100 тоннадан асырып қымыз сатуға мүмкіндік туар еді. Ал, бұл мәселені әзірше аудан, облыс басшылары нақты шешпей отыр. Бізде 1977 жылы мыңнан астам жылқы болатын. Содан кейінгі уақытта бұл цифр едәуір кеміп кетті. Жоғарыдан келген нұсқау бойынша біраз жылқыны көршіліс совхоздарға бердік. Қазір шаруашылығымызда 645 жылқы, оның ішінде 230 бие бар. Халықтың талап-тілегін ескеру үшін біз көп шығынға, еңбек адамдарының маңдай терінің төгілуіне қарамастан Сарыбұлақта жылда бие сауғызып, қалаға қымыз жіберіп отырмыз...

Шайхан ЖАНДАЕВ Біз жылқышылар ауылына бие байлап жатқан кез­ де келдік. Сауылатын биелер име қораның ішкі екі қапталында қарапайым тәсілмен жасалған екен. Екі жағы ағашпен қоршалған. Жылқы шығып кете алмайтын ұзын да тар «коридорға» бірінен соң бірі тізіліп қамалады екен. Үйренген мама биелер бұған өздері кіреді. Ал, өмірі жүген, құрық көрмеген шу асаулар қора маңына тақап жоламайды да. Жылқышы Жанайдар Жұмашевтің, Сайлау Сәрсембаевтың, бие сауатын Далабай Мұсабеков, Қуан Әмірәлин, Әбусағит Әбдікәрімов, Сапарғали Шәкеновтердің жанкешті еңбектерін сонда көрдік. Жылқы фермасының меңгерушісі Алданыш Мұқтаров та күндіз-түні осы арадан табылады. Олар биылдың өзінде бұрын сауылмаған отыз биені машинаны қондырғымен саууға үйреткен. Мұндағы қыз-келіншек: Құралай, Бақыт Тәпеновалар, Рымбала Сәрсембаева, Алмагүл Бековалар да бие саууға едәуір машықтанып алыпты. Сауылған бие сүті қымыз цехында ағаш бөшкеде ашытылады. Оны сапыру механизм күшімен атқарылады. Ондағы мастер Жеміс Марзиева, оның көмекшісі Үміт Мұқтарова қымыздың тәтті, сапалы ашытылуына үнемі көңіл бөліп отырады. Сөйтіп күн сайын 380-400 литр қымызды шофер Мереке Ырысбаев плягпен Теміртаудың сүт комбинатына жеткізеді. Сарыбұлақ бойындағы осы бір тынымсыз еңбек, сонау қоңыр күзге дейін бір тола­ стамайды.

Өмір өткелдері 4. Түйін Әрине, облыстағы жалғыз Аманкелді атындағы совхоздың жылына өндіретін 40-50 тонна қымызы Қарағанды, Теміртау оның серіктес қалаларындағы кеншілердің ауыз шаюына да жетпейді. Осы шешілмей келе жатқан қымыз проблемасы біздің газетімізде бұдан бұрынғы жылдарда да талай рет жазылған болатын. Бірақ одан аудандық, облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшылары ешқандай қорытынды шығара алмай келеді. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің жылқы шаруашылығын өркендету туралы қаулысында нақты міндеттерді жан-жақты атап көрсетті. Соған орай алдағы істерді жүзеге асыру үшін қыруар жұмыстарды атқаруы керек. Біріншіден, барлық жылқы өсіретін шаруашылықтарда жылқы фермасы ұйымдастырылып, оған арнаулы қора салынып, ол қажетті жемшөппен адам күшімен толық қамтамасыз етілуге тиісті. Екіншіден, әрбір аудандардың совхоздарында бие са­ уылатын механикаландырылған комплекстің құрылысы салынса екен дейміз. Оның жаз күндері сауылатын құрылысына қаржы онша көп кетпейді. Үшіншіден, қымыздың әр литрінің нақты бағасы күні бүгінге дейін ескерілмей келеді. Елімізде жылқы өсіріп, қымыз сатуда өте бай тәжірибе жинақтаған Баш­ кирияда әр литр қымыздың құны 1 сом 20 тиын болса, Аманкелді атындағы совхозда бір литр қымыз небары 41 тиынмен бағаланады. Бұл керемет шипалысусынның сыра құрлы құны жоқ деген сөз. Бұл – қаншама еңбектің, төккен маңдай тердің бағаланбауы деген сөз. Сондықтан

Шайхан ЖАНДАЕВ Қазақ ССР ауыл шаруашылығы министрлігі мен мем­ лекеттік баға комитеті бие сауушылардың, қымыз ашытушылардың жалақысын нақты белгілеп, қымыздың әр литрінің құнының нарқын анықтау қажет-ақ. Төртіншіден, жылқы бағатын, бие сауатын, қымыз ашытатын маман кадрлар даярлайтын курстарды ұйымдастыру үнемі ұмыт болып жүр. КПСС ХХҮІ съезінің шешімдерінде он бірінші бес­ жылдықта халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жайы айырықша сөз болды. Демек, арзан жылқы еті мен ши­ палы қымыз өндіру әрбір аудан, облыс басшыларының назарында болуы керек. Бұл үшін облысымызда жағдай жеткілікті, мүмкіндік толық. Тоқсан ауыз сөзімізді түйіндей айтсақ қала тұр­ ғындарын, кеншілерді, металлургтерді, химиктерді, құрылысшыларды жыл сайын құрғақ уәдемен емес, жеткілікті дәрежеде шипалы сусын – қымызбен қамта­ масыз ететін уақыт жетті. Бұған облыстық ауыл шаруа­ шылық басқармасының беделді басшылары қалай деп жауап береді екен. Сол нақты жауапты асыға күтеміз.

Өмір өткелдері ДАЛАНЫ ӘН ТЕРБЕЙДІ Қарқаралы аудандық мәдениет үйінің «Сал­ танат» атты көркемөнерпаздар ән-би ансамблі Франциядан еліне қайтып оралды. Париж маңында өткен халықаралық фольклорлық фестивальде «Сал­ танат» ең таңдаулы творчестволық коллектив деп танылды... («Правда» газетінен) Әңгімеміздің кейіпкері – «Салтанат» ансамблінің әншісі, Қарқаралы аудандық мәдениет үйінің автоклуб меңгерушісі Нұрғали Найманбаев. Осыдан елу жыл бұрын Әміре Қашаубаев Парижде асқақтата ән шырқап, бүкіл әлемнің өнерсүйгіш қауымын елең еткізген еді. Енді сол жерге әнші өмірінің жалғасы бір топ жайраң қаққан немерелері келіп тұр. Елең-алаңнан тұрып, түн ортасы ауғанша Франция қалаларының кон­ церт залдарында Қазақстан даласының жүрек тербейтін әсем әндерін қалықтатып, сазды күйлерін шалықтатқан жастар сол сәтте ерекше ұмтылмас әсерде еді. Олеорон қаласындағы концерттен кейін түскі асқа кел­ генде Нұрғали да жайраң қағып, таңертеңнен бері алған мол әсерін жолдастарынан жасыра алмады. Мана көшеге шыққанда ол алдыңғы қатарда «СССР Қазақстан» деп жазылған ансамбль адресін ұстап келе жатқанда үстінен алқызыл гүл шоқтары жауып кеткен-ді. Сонда ол өзінің кең байтақ елінің ұлылығын, айбындылығын бар болмы­ сымен сезінген болатын. Сол жүрекжарды сезімнен әлі айығып үлгермеген сәтте қасындағы әнші, биші серіктері жан-жағынан кеукеулеп кетті.

Шайхан ЖАНДАЕВ – Нұрғали, туған күнің құтты болсын. Даяшы қыз Нұрғалиға отыз саны жазылған шырақдан­ ды сыйға тартқанда кең бөлменің ішінде «Катюша» әні шалқып кетті. Тілегі бір, жүрегі бір он төрт елдің ұл­ дары мен қыздары төгілткен осы әуен, алаулап жанған шырақдан Нұрғали көңіліне нұр сәулесін қонақтатып жатты. Жігіт ағасы атанған әнші ақ көңіл алғысын «Ақ құсым» әнімен шырқап білдірді. Сиқырлы, сазды әуен кең тыныстап, еркін шарықтап аспандайды да, енді бірде мың сан жүректерді дір еткізіп, баяу қалықтайды. Тағы да ыстық ықылас, толайым тілектің айғағындай дүр еткен шапалақ жаңғырығы жауып кетті. Нұрғали сыртқа көңілді шықты. Алыстан Переней тауы қарауытады. Табиғаттың тылсым сыры ғажап қой. Сағым ойнап, көк мөлдір аспанға тәкаппарлана асылған осы тау өзінің көз алдында Алатауды, Қарқаралы шыңдарын елестетті. Жат елдің көңілге тікендей қадалған әлгі көрінісінен Нұрғали тіксініп, өзінің алыстағы саумал ауалы, жасыл жайлаулы, күміс бұлақты туған жерін еске алды. Ондағы адамдардың жаны да жазиралы көктем. Мейлі малшы, немесе диқанға бар кімді болсын құшағын ашып, өз туысындай қарсы алмай ма?! Нұрғали туып өскен елін, кіндік кескен жерін сағынып кетті... Биыл жазда Қарқаралы атырабы масаты кілемге бөленіп жылдағыдан ерекше күй танытты. Тау да, тас та, сай-сала да көкпеңбек, жасыл жамылып алыстан өзіне қол бұлғайды. Қарағайлы алқаптың жанға жайлы саф ауасында сан құстардың шырқаған әні бір толастар емес. «Кубань» деп аталатын автоклубты жүргізіп келе жатқан

Өмір өткелдері шофер жігіт Аманкелді Адамов тым көңілді. Манадан бері бір әуенді ұзақ ыңылдап келе жатқан. Содан жалық­ ты білем қасындағы серігіне тіл қатты. – Нұраға, сіз өз республикамыздағы өнер өкілдерімен кездесіп көрдіңіз бе? Бұл Нұрғалидың күтпеген сұрағы еді. «Баламысың деген осы-ау. Не болса соны сұрайды». – Осыдан бірер жыл бұрын Алматыда аттас әнші Нұрғали Нүсіпжановпен кездестім. – Білесің бе өзің, бұл кісіні, – деп ол шофер жігітке қарады. Аманкелді шының ба дегендей аңтарыла қарады. – Әйгілі әнші сонда мені сырттай білемін деді. Екеуміздің даусымызда табиғи ұқсастық бар деп айтты. Осы бір жылы лебіз мен үшін өте қымбат. Содан кейін республика теледидарынан ән шырқадым. Бұл бір де. Өткен жылдың август айында «Лениншіл жас» га­ зетінде Шәміл Әбілтаевтың ақын Кәкімбек Салықовтың «Сені іздеймін» деген өлеңіне шығарған әні жарияланды. Сол күнгі газет санын мен әрдайым қастерлеп сақтаймын. Онда: «Өнеріміз үндес, Нұрғали Найманбаевқа осы әнді бірінші болып орындағаны үшін құрметпен сыйлаушы Шәміл Әбілтаев. 27.VІІІ Алматы» деп жазылған. Мұны мен өнерге деген ыстық ілтипат деп бағалаймын. Машина бұл кезде қарағайлы қалың орманнан өтіп, қайың талы аралас өскен тау бөктеріне қарай бұрылды. Осы кезде әңгіме желісі басқа арнаға ауысты. – Дұрыс-ақ. Үш-төрт күн Нүркен атындағы совхоздың малшыларын аралап, әрмен қарай «Востокқа» аттанып кетеміз. Бүгін Шонай, Нөкеш, Аршалы қыстақтарында болайық.

Шайхан ЖАНДАЕВ Қой қораланып, мал әбден жайғасқан соң үй иесі Қапыштың үйіне көршіліс қонған шопандар жинала ба­ стады. Аралары алыс болмаса да бір-бірін сирек көретін көршілер алдымен амандық сұрасып, мәре-сәре болып қалды. – Нұр жаусын, Нұрғали балам! Сен келдің, енді ән мен әңгіме-кеңеске бір жарып қалатын болдық қой, – деп кәрі ана да алғысын айтып бәйек болып жатыр. Магнитафон тетігі басылғанда таныс дауыс естіліп, совхоздың маңдайалды, Ленин орденді озат шопаны Іңкәрбек Шаяхметов сөйлеп кетті. өз тәжірибесін ортаға салып жатыр. Әбдуәлі Ақтанов, Дәлди Ыбыраев, Қапыш Тамабаевтар үн-түнсіз аға шопанның ақыл-кеңестерін тыңдай бастады. – Мынау өзі тамаша екен. – Өзіңді көріп тұрғандай сөйлейді ғой. – Ғажап-ақ. Тілеуіңді берсін Нұрғали! – десіп шопан­ дар жамырай сөйлеп кетті. Одан кейін кино басталды. Шай үстінде автоклуб меңгерушісі шопандарға Қазақстанның миллиард пұт астығы жайлы, КПСС Орталық Комитеті июль (1978 ж.) Пленумның шешімдерін әңгімелеп, еңбек адамдарының тілек-талаптарын жазып алды. Мұндай уақыт та тым жылдам. – Кешігіп қалыппыз ғой. Таңертең ерте тұрамыз. Ал Нұреке үш-төрт өлең шырқап жібер енді! – Әнші жігіт бұлданған жоқ. Қолына баянын алды. Нұрғалидың зор үнді даусы шопан үйінің терезесін дірілдетіп, сонау тау басындағы ұшар шыңдарға қонақтап жатты. Түн ортасы жақындағанда шопандар:

Өмір өткелдері – Өркенің өссін! Автоклубтың бүкілодақтық бай­қау­ ында жүлдені тегін алмаған екен. Өзіңнің дипломдарың да қайырлы болсын. Жүрген жеріңде ән көкжиегін кеңейте бер, – деп тілек білдіріп орындарынан тұрды. Тағы да сұлу таң атты. Көк майса көмкерілген қайың­ ды, қарағайлы, үкілі талды, күміс бұлақты жағалаған қара жолдың бойымен автоклуб тағы да сапар шегіп кетіп бара жатты.

Шайхан ЖАНДАЕВ Мазмұны ЖАУЫРЫНЫ ЖЕРГЕ ТИМЕГЕН (хикаят)...........3 Тау самалы............................................................... 3 Нар тәуекел............................................................ 18 Шежіре жылдар..................................................... 26 Ұмытылмас сол бір кез......................................... 39 Тоқыраудағы торығу............................................. 54 Ұлттық күрес толғандырады................................ 80 Қазақстан палуандарының ертеңі........................ 94 ҚЫРАНДАР ҚИЯСЫ (деректі хикаят)................... 105 Күтпеген кездесу................................................. 105 Палуан бала......................................................... 110 Көрші қыз............................................................. 113 Игорь мен Дәулет................................................ 116 Қапан палуан....................................................... 120 Түлкібай мен Ақтиын (әзіл әңгіме).................. 125 Әй, осы қыздар-ай! (әзіл әңгіме)...................... 128 Ұядан ұшқан он тоғыз (деректі хикаят)....... 131 Батырмен бірге шайқасқан................................. 144 Мен сенің өміріңнің жалғасымын..................... 149

Өмір өткелдері АЛТЫН АРНА (деректі хикаят).........................157 Молшылық бастауы................................................. 157 Каналдың бойы мол байлық................................... 162 Домбыра – халық мұрасы........................................ 168 Өмірдің мәні сыйластықта...................................... 177 Қаламды қарудай ұстап........................................... 182 Түн ұйқысын төрт бөлген (деректі хикаят)....... 194 Бірінші сыр немесе Балбековтар семьясы хақында ................................................ 195 Екінші сыр немесе қылмыстының қадамы қысқа ..................................................... 196 Соңғы сыр немесе түйін .................................... 201 Тағыда қымыз хақында (деректі хикаят)........... 202 1. Қар тепкенде қажымас қайран жылқы ...... 202 2. Көзден таса қалған соң ................................. 206 3. Сарыбұлақтың бойында ............................... 211 4. Түйін ................................................................ 214 Даланы ән тербейді.................................................. 216

Шайхан ЖАНДАЕВ Редакторы Сәндібек Жұбаниязов Техникалық редакторы 3айра Бошанова Көркемдеушi редакторы Нұрлан Тазабеков Компьютерде беттеген Дилярам Мансурова Шайхан ЖАНДАЕВ ‡МІР ‡ТКЕЛДЕРІ Әңгімелер мен хикаяттар Өмір өткелдері ИБ № 7246 Басуға 29.07.2012 қол қойылды. Қалыбы 84х1081/32. Офсеттi басылыс. Қарiп түрi «Тип-таймс». Баспа табағы 14,0. Шартты баспа табағы 12,0. Таралымы 2000+150 дана. Тапсырыс № Қазақстан Республикасы “Жазушы” баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙