Қыз Жібек
Сәкен Сейфуллин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақ халқының ғашықтық дастаны «Қыз Жібекті» Сәкен Сейфуллиннің шебер өңдеуіндегі лиро-эпостық мұрасы.
Тыңдап құлақ салыңыз.
Келгенінше қалымыз,
Зекетсіз болса пайда жоқ,
Қасықтап жиған малыңыз.
Замандас еркек, ұрғашы,
Ақ сақалды шалыңыз.
Қыз Жібектің сөзінен
Енді әбден қаныңыз.
1
Қиса болып Қыз Жібек
Бас - басына қарасам
Бәрі жала әзінің
Басында менен шыққанда
Тыңдаған адам жылаған.
Қисығын қайта түзейін,
Аруақтарың бар болса
Сіздер де мені жүр жебеп.
Кім жазғанын білмеймін.
Жыламақ түгіл күлмеймін,
Мыңнан озған жорғамын
Ұлы дуға салғанда
Қамшыласаң желмеймін.
Басында тәңірім жаратты,
Әр нәрсеге бір себеп
Қиса қылып жазып ем
Әуелі бұрын басында.
Қайғылықпен жазып ем.
Жиырма үш жасымда
Сол кездердің уақытында
Бар еді қайғы басымда.
Баспа бопты бұл Жібек
Қисынсыз кетіп сөздері
Баспаға жазған адамның
Ноғай ма екен өздері.
Далаға көбін жіберген
Әйтеуір бар іздері
Егер қазақ жазғанда
Басындағы көздері.
Өзге сезді қоялық.
Қызығына тояйық.
Сыры түскен жерлерін.
Жаңартып қайта боялық.
Тамақ керек әркімге,
Бір тоқтыны соялық.
2
Дін мұсылман аманда,
Кіші жүздің ішінде
Жағалбайлы елі бар
Ақ теңіз деген көлі бар.
Қара теңіз жағасы
Ұлан жамбыл елі бар.
Базарбай атты байы бар.
Өлшеу қылып айтуға
Есе жетпес жайы бар.
Жеті жүз түйе жүк екен.
Мың түйе жүк тағы да
Қант пенен шайы бар.
Аяқты малда есеп жоқ.
Айдалып бағып жайылар.
3
Есебін тәңірі берген мұнша пұлды.
Бірі қалмай тоғыз ұл бәрі өлді.
Ашу мен алты қатын тағы да алды.
Тапты кіші қатын бір ұғылды.
Бала жоқ өзгесінде мұнан басқа.
Жүргенде көзі толып қанды жасқа.
Құдай артық жаратқан оның затын.
Көрген жан ақылынан бір талатын.
Қайғының ішіндегі бәрін жойды.
Жұрт жиып Сансызбай деп атын қойды.
Дұшпанның әр не деген сөзіне ермей
Тірі жүрсе өздері алар бір қыз,
Өліп қалса күйігін тағы көрмей
Алса да патша қызын малы жетер.
Күйікті қатты тартып жүрген басым!
Жазым болса күйермін онан бетер!
Төлеген сонда он екі жасқа келді,
Он алты жасқа дейін қыз жаратпай
Ат жетер жерді аралап тамам қылды.
4
Бұлардың әбден жайын білді дейді.
Саудагер мазақ қылып күлді дейді.
Бермейді малының қалың біреуіне?
Көзінің ағы менен қарасындай
Артында мирас, малға иесіне?!»
«Бақ-дәулет берген артық бір Құдайым,
Ел-жұртынан қыз жаратпай жүр Төлеген,
Малын аяп жүрген жоқ Базарбайың».
Ал сонда Төлегенді шақырып алар
Төлегенге айтады «Сүйінші бер.
Қыз жақпай оз еліңнен жүрсе саған,
Төлеген сүйінші бер енді маған.
Аласың жақсы қызды барсаң соған.
Ерінбей қыз іздесең сен соған бар.
Болғасын мұнда тұрып қатерін, тар.
«Жолы бар неше күндік оның?» депті.
Төлеген іздемекке талап етті.
Аз емес бір тәңірінің берген багы.
Төте жол қырық күншілік болса дағы,
Онымен жүре алмайсың барғаныңмен.
Жүр, — деді, — алыссынбай су жағалап»
Әрқашан бардың ісі пәрменменен;
Төлеген Ақ Жайыққа жүрмек болды,
Тәңірінің жазған ісін көрмек болды.
Жүз жамбы сүйіншіге бермек болды.
Өзі жорға жануар құс қанатты,
Тұрманның барлығын алтындатып,
Күміспен торт аяғын тағалатты:
Шәм шырақтас орнатты жүген ерге.
Басшы, қосшысыз жігіт алды бірге.
Бес жігіт тағы алды қызметкерге.
Қырық түйе болды азық қант пен шайы.
Жөнелді туғаннан соң наурыз айы.
5
Ерте туған көбеген,
Сексен жігіт қосшы алып,
Он бес жігіт басшы алып
Ақ Жайыққа жөнеген.
Ай қараңғы кесесі.
Ер Төлеген мүшесі.
Қорасанға қой айтып,
Шыбын жанға жан артып
Артынан қуып келеді.
Өлгенде көрген шешесі.
Сөйлегенде бүй деді:
«Мінгенде атың аласың,
Менен туған баласың,
Атасы менен анасын.
Айтқан тілді аласың,
Қал дегенде қалмасаң,
Айтқан тілді алмасаң,
Өлгенде көрген қарағым,
Ата-анаңды зарлатып,
Қай жаққа кетіп барасың?
Әкең отыр сандалып,
Көре алмаған кәп дұшпан
Сыртынан келер қамданып.
Өледі кемпір-шалыңыз!
Сансызбай болса, жас еді.
Төлеген сонда сөйледі:
«Қой, шешеке - ау, жылама!
Жылағанмен бола ма?
Жиырмаға келгенше
Маған қалың бермеген,
Тең құрбымдай көрмеген,
Осы екен сізге сыбаға!»
Шешесі сонда сөйледі
Сөйлегенде бүй деді:
Патша қызын алсаң да
Өз елінде жат сана.
Қартайып әкең Базарбай
Сенің үшін күймей ме?
Ел ішінде тентек кен,
Тентіреген демей ме?
Ата-анасын зарлатып
Бір қыз үшін кетті деп,
Төлеген сонда сөйледі:
«Айтайын саған шешеке - ау,
Қай кұнан қой қаңғырып
Бір сұлу алмай шешеке - ау,
Сірә да көңілім тола ма?
Талап қылған ісінен
Жаман-жақсы болса да
Алланың болар әмірі.
Тілімді алмай кеттің деп.
Мен Жайықтан келгенше
Жүзіңді аман көргенше
Тапсырдым ата-анамды
Анасы сонда сөйледі:
«Өлкенің көркі тал болар,
Өзеннің көркі жар болар
Жігіттің көркі мал болар.
Қара басың хан болар
Аюға ұқсап іштің бал
Жая шайнап жемедің жал.
Жылқыдан тандап қырық жорға
Сансызбай болса жас еді
Сен кеткен соң қарағым
Артыңда қалған кемпір-шал?»
Төлеген сонда сөйледі
Сөйлегенде бүй деді:
Сенен туған баламын,
Көңіліме түсіп бір қиял
Сапар шегіп барамын.
Бір сұлуды аламын
Алда нәсіп қылмаса
Ендігі сөздің қысқасы
Төлегеннің қайтпасын білген соң анасы батасын береді.
Анасы қаріп жылады.
Жылады да толғады.
Оған сірә болмады
Бір сұлу қыз алмай
Төлеген Дүниеге көңіл тоймады.
«Аһ, дедім құдая!
Дарғаһыңа бас идім!
Сөзді сөзге ап келіп,
Күйгенімнен жапсырдым.
Әуелі құдай мен сені,
Кәміл пірге тапсырдым
Қол иесі Қамбар - ау,
Қарағыма көз сал - ау!
Рақым қылсаң құдая
Сенен өзге кім бар-ау?
Ләйлі - Мәжнүн сіз бар-ау!
Ғашықтардың сәруәрі
Зылиха - Жүсіп пайғамбар!
Баламды сізге тапсырдым!
Адасса жолға салып жүр,
Сүрінсе қолдан алып жүр.
Бір ғашықтың дертінен
Қарағым менің нағып жүр,
Әзіреті ер сұлтан
Баба түкті шашты әзіз!
Баламды сізге тапсырдым.
6
Жылап-сықтап қоштасып шешесі қайтады. «Кірекеш болмасам да әрі туысы секілді едім, шешемнің сөзі дұрыс екен» деп ойлап, сол жерге досын қондырып, Төлегеннің өзі қайтып келіп жылқыдан екі жүз елу жорғаны бөліп айдады. Көп күн жол жүріп шекті деген елдің шетіне келеді. Шатырын тігіп жорғаларын жайып салып, Төлеген айналасындағы елге жар салады. «Алыстан Жағалбайлы елінен Базарбайдың ұлы Төлеген мырза сұлу тандап, қыз тандап келді. Көрінген қызға жаратса да жаратпаса да бір-бір жорға сыйлық береді», — деп. Жұрт қыздарын әкеліп көрсете берді, көрінген қыздар бір-бір жорғадан әкете берді. Бірінші күнде екі жүз қыз көрінді, Төлеген жақтырмады. Төлегеннің қасындағы сексен жолдасы бір күні кеңес қылды. «Төлеген малды босқа шашып, ысырап қылды, бүйте берсе жуырда айдаған жорғаны тауысады. Сонан соң біздің астымыздағы аттарымызды үлестіре бастар. Жаяу қалып, жүген алып елден ат іздегеніміз жараспас. Онан да қыздарды әуелі өзіміз көрейік, асқан сұлу болса ғана Төлегенге көрсетейік, әйтпесе Төлегенді білмейміз деп жасырып көрсетпейік», — деп. Айтқандай-ақ, көптің бәрін сырттан қайырып Төлегенге жалғыз-жарым болмаса қыз көрсетпеді. Біраз уақыт өткен соң саудагер шалдың айтқаны бекер екен, бұл жақта сұлу қыз жоқ екен деп Төлеген келгеніне өкіне бастады. Алты шектінің Сырлыбай деген ханы бар еді. Сырлыбайдың алты ұлы, бір қызы бар еді. Қызы ең кішкенесі еді, аты Жібек сұлу еді. Жібек өте сұлу еді. Әркімдер айттырса да ешкімді жаратпай жүруші еді. Ханның Қаршыға жыршы деген уәзірі бар еді. Қаршыға тым сенімді болғандықтан, отардағы тоғыз мың жылқысын баққандардың үстінен хан бас-көз ғып қойып еді. Төлегеннің дабылын естіген соң Қаршыға Төлегенге бармақ болды. Қаршыға ойлады: «Төлегенді көрейін, жұрттың мақтағанындай болып шықса Қыз Жібекпен таныстырайын. Төлеген маған жақса Жібекке де жағар» деп.
Бір бедеуге мінеді,
Алладан пәрмен тіледі,
Ойпаң жерден ырғытып,
Тегіс жерден сырғытып
Алаңдамай желеді.
Салып жетіп келеді.
«Асу да асу бел дейді
Аса бір соққан жел дейді
Сексен жігіт ішінде
Төлеген мырза кім? дейді
Басыр, басыр, басырды,
Аққа құлпы жасыды.
Төлегенді жасырды:
«Мінгенде атың дөненді
Көкке тойған көбенді
Төлеген мырза дегенді».
Жігіттердің Төлегенді жасырғанын Қаршыға сезіп «жол болсын» деп айтқаны.
Сайланған бәрің бірдей бек жігіттер
Сайланып шыға қапсыз тобыңыздан,
Сөйлей түр сезін, болса сен жігіттер!»
Бет алып шыққан жерім көк бояушы,
Үйірін қысырақтың жауға алдырып
Келеміз сұрау салып біз жолаушы».
Төтелеп келдім сізге кемерменен,
Көрдім де қараларың жандай шаптым
Баласы Базарбайдың дегенменен»,
Жауапқа жауап таппай қаламыз ба?
Сыртынан Базарбай деп естуші едік,
Төлеген біздің жоқты арамызда!»
Төлеген жұрттан асқан бегім деп ем,
Сұрасам жолаушыдан сіздер дейді,
Жасырдың Төлегеннің несін менен.
Ол өзі кімнің ұрлап ақын жеген?!»
8
Шатырдың ішінде бұлардың сезін естіп жатып «Жігіттер мені неге жасырып тұр» деп Төлеген таңданады да шатырдың есігін көтеріп сығалап қарап Қаршығаны көреді. Түрінен дос адам екенін танып шатырдың етегін сертпе тастап сыртқа шығып Қаршығаға қарап Төлеген сөйледі:
Мен едім Базарбайдың Төлегені.
Қаршекем араз ба еді бұрын маған
Қасыма таныт тұрып келмегені?
Мен едім Базарбайдың үлкен ұлы,
Қаршыға - екем сәлем берсем қарамады.
Осы келген Қаршыға
Табынан асқан ер еді,
Шетте тұрған Қаршыға
Төлегенге келеді.
«Ауыл алды ен» деді
«Белден көшкен ел» деді
«Сексен жігіт ішінде
Төлеген мырза сен» деді
«Нәсіліне қарасаң
Қас патшамен тең» деді!
Алты шекті елінде
Сырлыбай ханның уәзірі
Қаршыға жыршы мен» деді.
«Кел соңымнан ер» деді.
Білдірмей маған бер» деді.
Патшамыздың жалғызы
Аты Жібек сұрасаң
Кереметін кер» деді.
Қаршығадай ақынның
Бұл сезін мақұл көреді,
Айдап жүрген жорғадан
Екі жорға береді.
Бес жігітті бөледі.
Қаршығаменен ілесіп
Ақ Жайыққа жөнелді.
Оқпанды жер ғып болып,
Төлегеннің сездері
Соңғыларға жыр болып
Айдын көлдің шетіне
Адам қарап болмайды
Ер Төлеген бетіне.
Көк жорға аттың көтінде
Дәл сегіз күн жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Ақ Жайықтың шетіне.
Көлден тартты бұрықты,
Арада неше қоныпты.
Жетемін деп зорықты.
Қыз іздеген Төлеген
Көшкен бір елге жолықты.
10
Сонда Қаршыға айтты: - Біздің ел жайлауға қарай бұзыла көшкен екен. Жібекті көш жөнекей көрсетейін, — деді. Асықпай артымыздан жаймен келерсіз деп сол араға қосшыларын тастап Қаршыға мен Төлеген қалың көшті аралап жөнеледі.
Талай көштен өтеді.
Сонда бір көшке жетеді.
Бір қыз кетіп барады.
Нұр сәулесі бетінде.
Бұралып кетіп барады.
Пірдің қызы секілді.
Жарқыратып маңдайын
Айырып қойған кекілді.
Жетіп келеді қасына
Базарбайдың Төлеген.
«Жібек емес» деген соң
Онан бір өтіп жөнеген.
Және бір көшке жетеді.
Бір қыз кетіп барады;
Тан мезгілі болғанда
Шолпанның туған жұлдызы,
Бейіш шығып келмесе
Бұл жалғанда қор қызы.
Сондай-ақ болып туар - ды.
Адамзаттың бір қызы.
Жетіп келеді қасына
Базарбайдың Төлеген,
Артынан келіп Қаршыға
Онан да өтіп жөнеген.
Асығып жүрді тез енді,
Бір көрмекке Жібекті
Төлеген мырза кезенді
Жағалай салды өзенді.
Бір кеш шықты түбектен,
Кеш алдына қараса
Бір қыз кетіп барады
Сары мая илектен,
Мұрындығы сары жез,
Бұйдасын ескен жібектен
Ақ сазандай бұлқысып
Бұрылып кетіп барады.
Атынын, басын бұрады,
Әңгіме-дүкен құрады.
Қаршығадан сұрады
Қаршыға жетіп келеді.
«Бүл емес» деп «Қыз Жібек».
Онан өтіп Төлеген
Атына қамшы басады.
Орғытып келіп асады,
Белестен түсіп желеді
Ойға түсіп келеді
Көш алдына қараса
Бір қыз кетіп барады,
Жанасалай сұлудың
Қасына жетіп келеді.
Көш алдында сұлудың
Он қыз нөкер қасында,
Өзі он бес жасында,
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында
Қырық нарға жүк арттырған.
Жүк үстіне жаптырған,
Қазыналы қырық нарға
Жібектен арқан тарттырған.
Бүл жиһаннан арттырған.
Бүл дүниені кең салып.
Оқ жыландай толғанып
Бұралып кетіп барады
Жын соққандай теңселіп,
Жетіп келді қасына
Базарбайдың Төлеген
Сыртынан келіп Қаршыға
Онан да өтіп жөнеген.
Төлегеннің мінезі
Болып кетті баладай.
Он бір қыз өтті сәулетпен
Бәрі де қалды жарамай
Тағы айқасты бір көшке
Бір қыз кетіп барады
Орта бойлы дембелше,
Алтындай камзол жейдеше,
Бұрынғы қыздан өзгеше.
Екі көздің, қарасы,
Бейістен шыққан шамшырақ
Көзінің гауһар қарасы
Екі қастың арасы,
Сымға тартқан күмістей
Он саусақтың саласы
Адамзаттың баласы!
Осы екен деп Қыз Жібек
Жетіп келді қасына
Базарбайдың Төлеген.
«Жібек емес» деген соң
Онан да өтіп жөнеген.
Енді онан өтеді,
Және бір көшке жетеді
Көш артына қараса
Бір қыз кетіп барады.
Қара торқа кигені,
Екі көзі сүрмелі
Бұл сияқты перизат
Жоқ еді сірә кергені
Сексен түйе қомдаған,
Сексенінде болмаған,
Алтынды жағдан оранған
Аспаһани кілем бар
Жібектен гүлін торлаған
Ақ бетінде кіршік жоқ
Айдын көлдің қуындай,
Екі көзі жалтылдап,
Сөйлеген сөзі мазалы
Аппақ зәмзәм суындай,
Аузынан шыққан лебізі
Осы екен деп Қыз Жібек
Жетіп келді қасына
Базарбайдың Төлеген.
«Жібек емес»деген соң
Онан да етіп жөнеген.
Атқа қамшы басады,
Тұлпардан туған кек жорға ат
Көзі оттай жанады,
Сүмбедей болып жарады.
Көш алдына қараса
Бір бәйбіше нұр жүзді
Көшті тартып барады.
Сары алтыннан жабдығы
Екі жүз түйе қазына
Қызыл алтын сандығы.
Көркі раушандығы.
Қартайса да ілгері
Әлгі қыздан салдығы.
Ай қараңғы кешесі!
Жазығы қатын демесең
Қартайса да ілгері
Асылдай болып есіліп.
Ақ маңдайы жарқылдап,
Танадай көзі жалтылдап,
Алтынды кебіс сартылдап,
Жібектің тапқан шешесі.
Ертесі мен кеші не?!
Ертеңгі күн бесінде
Зорға жеткен секілді
Қыз Жібектің көшіне.
Аспанның жәуһәрі,
Бастампылдың кәуһәрі.
Тояды көзінің баһары
Есебі жоқ дүниені
Ееептелік несіне!
Сол секілді көшінде
Мұны көріп Қаршыға
Аттың басын бұрады,
«Жібек жан қайда кеткен?» деп
Әккі болған Қаршыға
Шешесінен сол жерде
Сылтау етіп сұрады. «Жібекжан ерте кеткен» деп.
Көшпенен бірге жүрсем деп
Бетіме тозаң тиер деп
Кек пәуеске күймемен
Шешесінің сол жерде
Бұларға берген жауабы.
11
Төлеген мен Қаршыға көштің алдыңғы жағына шықты. Жібектің арбасының, көшбасшылардың жосылып жатқан ізін көрді. Ізге түсіп Жібекті қуып жөнелді.
Желі тұрып оңынан
Ай мүйізді қошқардың
Бұра тартты қоңынан.
Кеткен Жібек соңынан
Базарбайдың Төлеген
Енді белін түйінді,
Багымды Алла ашқын деп
Пірлеріне сыйынды,
Атқа салды малдыққа,
Текіректеп келеді.
Келгеніне өкінді.
Ор қояндай секірді.
Атқа қылды әкімді.
Қыз Жібектің ізімен
Келе жатқан секілді.
Алтынды жүген жарқылдап
Көк жорға тұлпар қырланды
Екі көзі жалтылдап.
Омырауда алқымдап,
Солқылдайды қара жер
Көк жорға ат басса былқылдап
Қояндай шаны бұрқылдап,
Алмас қылыш белінде
Қолында найза қылтылдап,
Шақпақ тастай жылтылдап.
Тау суындай сыңқылдап,
Қолтығынан аққан тер
Тебінгіден шылқылдап
Жақынның болмас жырағы,
Жеті қырдан асқанда
Дүрілдеген қонырауды
Шапса балта өтер ме
Шағырлаудың тасына?!
Нелер келіп не кетпес
Қоңырау даусы келген соң
Көк жорға атты ағызып
Жетіп бір келеді қасына.
12
Жібектің күймелі арбасына үш ат қатарынан жегілген екен. Күйменің қақпағы жабылып, ат айдаған жемшігі де сырттан көрінеді. Төлеген күйменің алдына бір шығып артына бір шықты, Ешкімді көре алмады. Артына қараса Қаршыға көздің ұшында қалған екен. Шыдап тұра алмай қызды шақырып сонда Төлеген:
Ақылын ашуланып тауыспады.
Қыз Жібек сөйлесуге намыстанды.
Өзінің елін ойлап іші толды.
Қайран басым бүл жерде бекер болды.
Алдыма келмеуші еді қан атымен
Мынау қыз жауап бермей қапа қылды,
Жүргенсіп ө
Төлеген қапа болып қалды тұрып.
Сол уақытта Қаршыға да жетіп келді.
Сөйлеспей Жібек кетті құдай ұрып.
Атына қамшы басып екпіндетіп.
«Кетті деп жауап бермей қапа етіп».
13
Қаршыға Төлегенге «налымаңыз» деді. «Сізден бұрын ешкім Жібекпен дауыстап сөйлескен емес. Сіздің айғайлағаныңызға намыстанып қалған болар. Енді мен сөйлесіп керейін» деп Қаршығаның Жібекке келіп айтқаны.
Қанаттарын тарайды,
Асыл туған анадан
Әрбір іске жарайды.
Тігемін алтын сарайды.
Парасатын қарайды.
Оны да іске санайды.
Ертіп келдім бір жігіт
Тап өзіңе лайық,
Жақтырмап едім талайды.
Құлағың салып сөзіме,
Қасымда тұр бір жігіт
Тап лайық езіңе,
Нұр жігіттей өзі бар.
Талай бекзат көріп ем
Мыңын жисаң осының
Жетпейді басқан ізіне
Қапа қылмай қарағым
Бір қарашы жүзіне.
Сөйлегенде бүй дейді:
«Кеке болмай жерге кір,
Салмаймын құлақ сөзіңе
Қашан айттым өзіңе?
Өжідеп баққан малыңды,
Бет алдыңа сандалмай,
Жолама менің ізіме.
Мені сатып сыртымнан,
Не бетіңмен сөйлейсің?
Көрінбей жәнел көзіме!
«Рас менің, Жібекжан,
Екі жорға алғаным,
Неге айтайын сөзімнің
Расын айтпай жалғанын.
Сөздің жеңін байқамай
Өтірік жанжал салғаның
Екі жорға мен алдым
Жолыңа сенін басымды
Бетке тігіп мен келдім.
Ерте көшіп кеш қонып.
Кетпес еңбегім еш болып.
14
Қаршыекем маған сеніп келген екен, көрінбей қалғаным ұят болар деп ойланады да Қыз Жібек қақпағын ашып жарқ етіп көрініп амандасты да қайтадан күйменің ішіне кіріп қақпағын жауып жіберді. Жібектің қасында үш қыз бар екен. Жібектің сұлулығы Төлегенді таңдандырды. Төлегеннің көзіне Жібек хор қызындай болып көрінді.
Жиһаннан асқан сәулеті
Ләйлі - Мәжнүн болмаса
Өзгеден артық келбеті.
Өзі он торт жасында
Кебісінің өкшесі
Бұхардың гауһар тасындай
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын шашбау шашында
Қыз Жібектің дидары
Көз сипатын қарасаң
Нұр қызының шырағы,
Дүр гауһар сырғасын
Көтере алмай түр құлағы.
Бектердің, мінген пырағы
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ тауықтың қанындай,
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай,
Ақ балтаның сабындай.
Нар бураның санындай,
Оймақ ауыз құмар көз
Іздеген ерге табылды - ай
Ұсталар соққан кетпендей,
Нұр тұқымын еккендей.
Өлігіне адам қырылып,
Бетінен келіп өпкендей.
Ақылыменен танып түр,
Көз мейірі қанып түр,
Бейістен шыққан шамшырақ
Көзі жайнап жанып тұр.
Белі нәзік талып тұр.
Үзіліп кетпей нағып тұр?!
15
Төлеген сол жерде - ақ Жібекке ғашық болды. Айналасынан кете алмай бір-екі ауыз өлең айтып Жібекті сөйлетпекші болды. Сұлулығынан, байлығынан, нәсілінен мін таба алмай кесірлі екенсің деп Жібекке тиіп айтқаны:
Аққа құлпы жасыл тау.
Төлеген келді қасыңа - ау!
Қыз басыңмен алшақтап,
Бүйте берме, ей, Жібек.
Қыз Жібек мінген күймесін,
Күймеге тағып түймесін.
Бүйте берме, ей, Жібек
Кесірін, жұртқа тимесін?
Сонда Жібек сөйлейді,
«Олай болса, Төлеген,
Мен жайымды айтайын,
Ағыным судай ағады,
Халқым майдай бағады.
Менің қылған кесірім
Саған кесір болса да
Өзіме майдай жағады.
Жақындамай арман тұр,
Үстімдегі кесірлер
Таянсаң саған жұтады.
Арқама тепкен қолаң шаш,
Қайдан келіп кез болдың
Қаңғырып өскен бір қу бас!
Кесірім ұрып кетпесін
Қасыма келмей аулақ қаш!»
Төлеген сонда сөйлейді,
«Қыз Жібек мінген күймесін,
Күймеге тағып түймесін,
Қайдан білдің, Жібек - ау,
Мал беріп сені алмасын,
Ал қойныңа енбесін,
Ақ төсіне мінбесін?!»
«Жақсы айтасың Төлеген
Сіздей - сіздей әр жерден
Неше жігіт келмеген?
Сені алмасам» демеген!
Көбісі келмей шетіме
Бір дәрке болып жөнеген.
Шай мамығым басыңа
Ал жатпас па едім қасыма
Әлуе шекер беремін
Ішетұғын асыңа.
Құрметім мұндай менікі.
Келмесең арман кете бер.
16
«Олай десең саған жеңген жерде сөйлесермін» деді де Төлеген жүріп кетті. Төлеген Жібекті айттырмақшы болды. Қаршығамен ақылдасты. Қаршыға мақұл көрді. Ортаға жүрмекші болды. Сол жерде Төлеген екі жүз елу ат сатып алды. Жылқыларды айдап Сырлыбайдың ауылын қуып келе жатқанда Төлеген мен Қаршығаның алдынан он шақты жасауыл шыға келді. Амандасқаннан соң жасауылдар айтты: «Қаңғырған жалғыз атты жолаушыға Жібекті көрсетіп, ұялмай Жібектің басын базарға салып, бәрімізді масқара қылып жүргені несі Қаршығаның» деп ханымыз ашуланып жатыр. «Қаршығаны жанындағы жолдасымен қосып ұстап алып келіңдер, екеуінің де жазасын беремін» деп бізді жіберді» деп. Қаршыға айтты: олай болса өзіміз де келе жатырмыз, жүріңдер деп.
Аузымды ашсам денемнен қайнайды өлең.
Сіздерге Төлеген келіп берді сәлем.
ОТЫРҒАН ТОПТЫҢ ІШНЕН БІРЕУІНІҢ
ТӨЛЕГЕНГЕ БЕРГЕН ЖАУАБЫ
Жүріпсіз ат жаратып барың тамам
Келесіз ат сабылтып алыс жолдан
Сөйлей тұр сөзін болса шыраққанам
ТӨЛЕГЕН СӨЙЛЕЙДІ:
Ойлаған ақыл-айла жанға пайда.
Жібек сұлу дегеннің аулы қайда?!
ХАН СӨЙЛЕЙДІ:
Ойын-күлкі сауықпен жүрісіңіз!
Жібек сұлу дегеннің аулы жақын,
Бар еді балам, қандай жұмысыңыз?!
ТӨЛЕГЕН СӨЙЛЕЙДІ:
Бітпеген еш пендеге ондай мүсін.
Қаршекем арасында жүрмек болған
Келемін ат шаршатып соның үшін.
СОНДА ХАН СӨЙЛЕЙДІ:
Тікені саудагердің қосы ма еді.
Кешегі Төлегенді жамандаған
Көп дұшпан көре алмаған қасы ма еді?
Жібегім тисе тисін өз теңі екен,
Жібегім Төлегенді көрген екен
Жібекжан енді өлмесін білген екен
Ырзамын Қаршығаға не қылса да
Төлеген Жібекті айттырады. Сырлыбай беретін болды. Бата оқып, той қылды. Батаяққа Төлегеннің айдап келген жылқысының бәрін алады. Ауылдан қашық жерде бір төбенің тасасында шатырын тігіп, өнерлі жігіттерді жинап, Төлеген ойын-күлкі қызықпен жата береді. Бір күні қырық қатын келіп Жібекті алып келеміз деп Төлегеннен жеңгелік сұрады. Төлеген қатын басына бір жамбы берді. Төлегеннің мырзалығына ырза болып қатындар Жібекті күйеуге апармақшы болып қанша аңдаса да қолдарына түсіре алмады.
17
Алты арыс шектінің ішінде Жібекке ғашық жігіттер көп екен. Осылардың ішінен бастығы Бекжан деген болып, алпысы жиылып бір күні «Шынымен Жібекті бір қаңғырған жолаушы алып кетіп, өзіміз күр қаламыз ба? Жібекті Төлегенге бермей өзіміздің біріміз алалық», — деп кеңес қылады. Кеңестегілерден бір қатары: «Төлеген тірі тұрғанда Жібек бізге тимейді, Төлегенге сүйіп тиіп отыр», — деген соң бұлар өлтірмекші болады. Төлегенді өлтірген соң Жібекті кеңесіп біреуі алмақшы болады. Күні-түні қасында думан тарқамағандықтан жай уақытта Төлегенді өлтіру қиын деп Төлегенге Жібекті жеңгелері алып келгенде, қыз бен жігітті оңшада өлтіретін болып тарқасады. Бұлардың бұл маслихатын бір байғұс естіп, Төлегенге келіп айтады. Төлеген дереу Қаршығаны шақырып алады. Қаршыға келіп: «Шырағым, бір жұмысқа шақырдың ба?» деп сұраса, Төлеген үндемей мұңайып төмен қарайды.
СОНДА ҚАРШЫҒА СӨЙЛЕЙДІ:
Суырылып озған қарағым!
Ақорда болды кіргенің
Қызық дәурен сүргенің,
Бұл күнде сенің көргенін!
Heгe қапа боласың?
Біреудің тілі тиді ме?
Ертелі-кеш әр уақыт
Жат етемін пірімді.
Көрген соң сенің түріңді?
Тірі болсам табайын
Көңіліндегі кіріңді!
Айтшы маған сырыңды?!»
Төлеген сонда сөйлейді
Сөйлегенде бүй дейді:
Мен сырымды айтайын,
Құдай басқа салған соң
Сізге айтпай қайтейін.
Едіреңдеген неме екен,
Елінде қанша жігіт бар?
Іші толған кір екен.
Өлтіремін дер екен.
Жазым боп кетсем қайтейін?»
Қаршыға сонда сөйлейді
Сөйлегенде бүй дейді:
Аса бір соққан жел дейді.
Кел coңымнан ер дейді.
Кереметін көр дейді».
Қаршығадай ақынның
Бүл сөзін мақұл кереді,
Алдырып атын мінеді,
Шаңқай түсте аулына
Шатырдан шыға жөнеді.
Қаршығаға сенеді,
Иілмей тіпті бөгелмей
Ауылға жетіп келеді.
Алтауы бірдей бөрі еді.
Сол жылы түскен отауы,
Сонда келіп енеді.
Кереметін көргізді,
Төлегеннің атымен
Шаңқай түсте ауылға
Жиренбай мырза үйіне
Жаңа түскен отауға
Ертіп келіп кіргізді.
18
Бұларды жайғап болып Қаршыға шығып кетейін деп тұрғанда, Төлеген Қаршығаның етегін ұстай түрегеліп:
Аса бір соққан жел дейді.
Жібекті ертіп кел» дейді.
Берейін бүгін үш жорға
Бесеу қылып мін», — дейді.
Ертіп келгін Жібекті
Айналайын Қаршеке - ау,
Жігіт болсаң шын», — дейді.
Жібекке жетіп келеді
Келіп сөйлей береді:
«Айналайын, Жібегім!
Осы емес пе еді құдайдан
Қарағым сенің тілегің?!
Басыр, басыр, басырды,
Қаршыға көкең келгенде
Көтергін шырақ басынды.
Көк түскен жер тақыр - ды,
Шеттегі отау ішінде
Жаңа түскен жеңешең
Қарағым, сені шақырды».
«Өзің шешен батырсың
Шешендікпенен айтарсың
Кеше алдың қос жорға,
Бәрі болды бес жорға!
Сыйғыза алмай құдайға
Жазып бір келген кәпірсің!
Мінгенде атың қарагер
Барайын өзім бара бер,
Шақырғанда бармасам,
Ақыр бір күн болармын
Сол жігітке қызметкер!»
Қаршыға сөзін есітіп
Асыл киім киінді.
Қаршекем тілін алмасам
Ақыр бір күн болармын
Сол жігітке сыйынды
Бармай қалсам қиын-ды,
Қаршығадан өзгеге
Жібектен жауап алмағы
Қиын-қыстау іс еді.
Алтын тақтың үстінен
Қояндай қарғып түседі,
Ақ маңдайы жарқылдап,
Алтынды кебіс сартылдап,
Жүйрік аттай ойқастап,
Құнан қойдай бой тастап,
Жан-жағын қарап байқастап,
Кер маралдай керіліп,
Сары майдай еріліп,
Бір басарға ерініп,
Үйден шықты Қыз Жібек.
Баршасынан жиреніп,
Ауыл алды бел еді,
Белден көшкен ел еді.
Атқан оқтай желісіп.
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сырт етіп,
Мықындары былқылдап
Сүмбіледей жылтылдап,
Буындары былқылдап
Айдынды туған Қыз Жібек
Отауға қарап жөнеді.
Қызмет қылып бермекке,
Шахизада Қыз Жібек
Жалт-жұлт етіп келеді
Қыз Жібектің дидары
Нұр шетінен пішкендей,
Қыз Жібектің екпіні
Бейіштен самал ескендей.
Шыбын жаннан кешкендей.
Неше түрлі сәулетпен.
Құланнан атты құдықты,
Көлден тартты бұрықты,
Бір көрмекке ынтық боп
Талтүстің шағында
Ақ отаудың ішінде
Айдынды туған Қыз Жібек
Төлегенге жолықты.
Мәселе кітап оқыр - ды,
Насихатты жақсылар
Ақылменен тоқыр - ды
Төлегеннің мойнына
Асыла барып отырды.
Сөйлегенде бүй дейді:
«Келдің Жібек қасыма
Отыра кеттің асыла!
Той болды салсаң басыма!!»
Жібек сонда сөйлейді:
«Қынама пешпет қынадым
Сынамаққа бір сөзді
Әзіл қылып айтып ем,
Әлі ұмытпай жүр ме едің
Екі ғашық қосылып
Әңгіме-дүкен құрады.
Ләйлі - Мәжнүндей болады.
Күндей балқып толады.
Көрген жанның әммесі
Тамаша қайран қалады.
Жездеңіздің қасында
Кеш болғанша отырды.
Күйеуге төсек салады
Төсекті жайлап салған соң
Жатар мезгіл болған соң
Асыла барып құлады.
Айтушы ердің ұстасы.
Бұрынғылардың нұсқасы.
Қалаған жерден аударды,
Қаршыға ілген үйректей
Жұмарлап мойнын бұрады.
Көңілдері тынады.
Төлеген үш ай жатып қалындық ойнады. Бір күндерде еліне қайтпақшы болып, аттарын байлап, ертеніңде ертемен жүрмекші болады. Сол түні ұйықтап жатып Жібек түс көріп шошып оянады. Кіші жеңгесін шақырып алып түсін айтып, Төлегенге айт, жүрмесін деп жұмсады.
Өзінің жақсы жеңгесін
Омырауда алтын теңгесін,
Сырласатұғын жерінде
«Ау, жеңеше - ау, жеңеше - ау,
Мінезің еді өзгеше - ау!
Төлегенге барып кел
Ата-анасы бар ма екен?
Жал құйрығы сал ма екен?
Жә болмаса құдай-ай
Атасының аты кім болар?
Анасының аты кім болар?
Сұрап келгін жеңеше - ау
Мен бүгін бір түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім,
Төлеген мінген көк жорға ат
Ертоқымсыз бос көрдім.
Ел жайлаған Ақжайық.
Жағалай біткен бидайық.
Біреу үрлеп өшіріп
Көзімнен болды сол ғайып,
Қолымдағы тұйғынның
Желкесін қиды бидайық
Пендем десең құдай-ай!
Бұл түс емес еді ғой
Айналайын жеңеше - ау!
Төлегеннің мен білдім
Бір кеткен соң келмесін,
Білдім көзге ілмесін.
Білгізді құдай мен қуға
Бұл жерді кайтып көрмесін.
Тірлігінде құдайым
Еш пендеге бермесін!»
Базарбайдың Төлеген,
Жеңгесі келсе алқынып
Не ғып жүрсің демеген.
«Айналайын Төлеген,
Бикешжан бүгін түс көрді,
Түсінде жаман іс көрді:
Ертоқымсыз бос көрді.
Жағалай біткен бидайық.
Біреу үрлеп өшіріп
Көзінен болды сол ғайып,
Тілімді алсаң жүрмегін,
Құдайға біз де жылайық?»
Төлеген сонда сөйлейді:
«Ау, жеңеше - ау, жеңеше - ау!
Әрнеме деме жеңеше - ау!
Жаратқан мені бар құдай,
Өлім десе көңілім жай!
Атамның атын айтайын.
Қой ішінде марқады,
Омырауда түйме алқадай,
Шешем атын айтайын
Алпыс жасар Қамқадай.
Сансызбай атты інім бар,
Жібегім неге қорқады?!
Жаман-жақсы болса да
Жалғыз ағаш кесілсе
Қурап қалар тамыры.
Тоғыз жасар артымда
Жеткіншегім бар еді!
Қараша болып жауды қар
Дұшпандардың пейілі тар.
Өліп кетсем артымда Жібекті
Еш жаманға қор қылмас
Сансызбай атты інім бар.
Тәңірім тілек береді.
Енді қыс боп келеді.
Шеге дер еді,
Ақылға дархан кен еді.
Сансызбайға басшы боп
Еліңізге келеді.
Тірі тұрса жанымыз.
Қазбенен бірге келем деп,
Не қылса да құдайым
Жібекке дұғай сәлем деп,
Енді атына мінеді.
Қол ұстасып достасып,
Қош айтысып жөнеді.
20
Бірнеше күн жол жүріп Төлеген аман-есен еліне келеді. Ата - анасы қуанып той қылады. Жұрт жиылып отырғанда Базарбай баласынан «Қайда жүріп, не ғып келдің?» деп сұрады. Төлеген көрген - білгенінің бәрін қалдырмай жай - мәнісін баян етеді. Ақырында Базарбай «Қайыныңа енді қашан барасың?» деп сұрады. Төлеген «Жазғытұры барамын» деді. Сонда отырып атасы «Бір тілегім бар, бересің бе?» деді. Төлеген абайламастан «берем» деп тастады. «Тілегімді берсең, қайныңа жазғытұры барма, жыл өткізіп ендігі жылы осы уақытта бар, осыған уәдеңді бер» деді Базарбай. «Ай, ата, бағанағы сөздердің бәрін сізден қорыққаннан айтып едім. Ел елден артық болмайды екен қыз жаратпай келдім. Ешкімнің қызын көргенім де жоқ, алғаным да жоқ, қалыңдығым да жоқ, қайным да жоқ! Барма десең ешқайда бармай-ақ қояйын» деді де үйден шығып кетті. Базарбай ашуланып жұртқа баласының қылығын шағып: «Балам тілегімді бермеді, баруына разы емеспін. Біреуің қошамет қылсаңдар, сендерді де тезіме салып, теріс батамды беремін, Төлегеннің кететінін білсеңдер ұстап беріңдер». Төлегенге ешкім ермейтін болды, кетерін білсе ұстап беретін болды. Елінің түрі мынадай болған соң Төлеген атасынан қорқып кептен сескеніп киім-кешегін, ер-тұрманын далаға сақтап, кек жорға атты далаға бағатын болды. Күндер де бір күн Төлеген қасына Сансызбайды ертіп, қолына тұйғын алып құсқа салып жүргенде аспаннан қаңқылдап екі қаз өте шықты. «Жаз болып қалған екен, қазбен бірге келемін деген Жібекке уәдем де болған екен» деп даладағы жасырып қойған киім-кешегін жүз мың ділдә, сегіз пұт күмісін қоржынға салып артына бөктеріп алып, қасынан қалмай бірге жүрген інісі Сансызбайды елге хабар береді деп атынан жерге алып тастап, кек жорға атқа мініп алып «Жібектің ауылы қайдасың?» деп Жайыққа қарай жеңеді.
Жағалбайлы халқынан
Жабдықтап атын мінеді.
Жалғыз езі жеңеді.
Қаздың даусын есітіп
Сабыр қылып тұрады,
Дүниеге мойын бұрмады.
Сансызбай жылап жүгірді
Төлегеннің артынан.
Кезден аққан жасына,
Қу бауырды қия алмай
Қайырылып келді қасына.
Пәруана болды басына.
Аш күзендей бүгіліп,
Төлеген тұрды кете алмай
Кезінен жасы төгіліп,
Қандай қиын бауырлас!
Төлегеннің сүйегі
Бордай болып егілді,
Aт үстінен Төлеген
Көтеріп алды алдына
Қабырғасы сөгіліп.
Сонда Төлеген: «Жеңешеңді әкелуге барамын жылама» деп інісін жұбатты.
Сөйлегенде бүй дейді:
«Жыламайын көкежан,
Өзіңіз де жыламай
Көзіңнің жасын тый» дейді.
Сапарыңды қиын деді.
Ел-жұртыңды жи деді.
Жалғыз кайтып барасың?
Менің жайым мінеки
Танымаймын ешкімді
Кемпір-шалдың қасында
Өзім жалғыз, езім жас
Боламын кімге сый дейді.
Қайғыменен қан жұтып,
Қобыз алып қолыма
Тартамын сонда күй деді.
Сөйлегенде бүй дейді:
«Айналайын, қарағым,
Жауға барсам жарағым!
Артымдағы құйрығым,
Жетегімді жанатым,
Айналайын жылама,
Ал келуге барамын!
Пендесін Құдай қарғаса
Қабыл болмас тобасы.
Ғашықтықтың әуресі.
Жақындап қалды уәдесі.
Неден қашып құтылар,
Басы жұмыр пендесі!
Құдіретіне Алланың
Қай іске талап қылмайды
Жер бесікке кірсе де
Адамзаттың жамбасы!
Қолғанатым құйрығым,
Судан шыққан сүйрігім,
Суырылып озған жүйрігім.
Жаратқан қадыр Алланың
Тағдырда жазған бұйрығын.
Жеті айда келемін.
Үйде болсам да өлемін.
Құдайдан сен де тілегін.
Ғасылық еткен қатесін.
Бермеді әкем батасын.
Тоқтата алмай ісіме
Ғашықтықтың қапасын
Қыз Жібектің дертінен
Көрейін деп барамын.
Бейнетті жолдын жапасын.
Кемпір-шалға ие бол,
Ғынаят тіле Құдайдан
Медет тіле пірлерден,
Көзіңді кімге сатасың.
Разылық әкем бермеді.
Жалғыз жолдас ермеді.
Өзіңді Құдай жеткерсе
Алып қойдым бәрін де
Ат-тұрман, сауыт - жарағың,
Сенен өзге кімім бар?
Алды-артына қарағым!
Мұратыңа жеткесің
Көк бурыл тұлпар бар,
Биыл құнан, былтыр тай,
Қас қылмаса құдайым
Мінетұғын бас атың.
Ат болғанда мінгейсің.
Саған арнап соқтырып
Салдырып қойдым қынапқа,
Аш беліңе ілгейсің.
Теңіңмен ойнап-күлгейсің,
Бұл сөзімді тыңдағын
Жеткіншегім Сансызбай!
Жұрт қадірін білгейсің.
Тоғыз қабат көк сауыт
Саған арнап соқтырып,
Будырып кеттім кілемге
Оны үстіне кигейсін.
Асыл туған Жібекті
Еш жаманға қор қылмай
Өзің бір алып сүйгейсің.
Үстіңе баса киіп ал
Алтыннан сауыт көбені.
Толғамалап қолыңа ал
Қозы жауырын жебені.
Жолдасын жауға алдырмас
Басшы қылғын Шегені.
Алланың болар дегені.
Сансызбайдың бетінен
Үш қайтара сүйеді.
Қол ұстасып, қоштасып,
Қош алда деп жөнеді.
22
Шаба алмаса ұр басқа.
Ғашықтық жөні бір басқа!
Інісіменен қоштасып,
Базарбайдың Төлеген
Белін буды тұрмасқа.
Жайыққа қарап жол тартып,
Алладан парман тілеген.
Үш айшылық жол екен.
Қырық бес күндік ортасы
Атырабы шөл екен.
«Қособа» деген көл екен.
Мекен қылған жер екен.
Тынығып жеткен уақытында
Соғып бір кетер кезі екен.
Қыз Жібектің сыртынан
Кеп ғашықтың бірі екен.
Төлеген енді келер деп
Қособаның көлінде
Жолын тосып жүр екен.
Азықтары таусылып
Қайтып бір кетер күні екен.
23
Көлден тартты бұрықты,
Арада неше қоныпты.
Жүз күндік алыс жолынан
Қырық бес күндік шөлінен
Он жеті күн, түн су ішпей
Шөлдеуменен зарықты.
Атынан көңілі торықты.
Бесін намаз болғанда
Базарбайдың Төлеген
Бір шұбалған шанға жолықты
Қасына таман барады.
Төлегенді қамады.
Алды-артына қарады.
Намаздігер болғанша
Алдырмай кетіп барады:
Еркімен аты жеткен соң
Жау ортаға алады.
Жамандатқыр көк жорға ат
Шөлдеуменен зорығып
Басын жерге салады.
24
Атынан қайрат кеткен соң,
Базарбайдың Төлеген
Тәңіріне қылды наланы.
Құдіреті күшті Құдай-ай.
Өзімнен бұрыш атайын,
Тым болмаса құдай-ай!
Бекежанды өлтіріп
Жастығымды ала жатайын.
Жақындап жауап қатайын.
Қайратым менің жасыды.
Су сепкендей басылды.
Он сегіз жасымда алмаққа
Жазып па ең Тәңір жасымды.
Алыста жарға ғашық қып
Әуреге салдың басымды!
25
Төлеген Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Толғап тартып қалады.
Кірістен оғы келеді.
Топ арғынға жетеді.
Жетеуінен өтеді.
Қорамға қолын салғанша
Атаңа нәлет Бекежан
Арғыннан шыққан қу екен.
Әккі болған сұм екен.
Алпыс адам жақындап
Бір құдайды паналап
Жеткен екен жағалап
Жақындап келіп тұр екен.
Аруағы асады,
Төлеген сынды мырзаның
Қанын судай шашады.
Ажал болып жабысты.
Жібермеді намысты.
Толықсып атта тұрғанда
Қолтығынан сүйейтін,
Таба алмады танысты.
Маңдайынан келіп ұрады,
Алтынды сүйек Төлеген
Алланың салған қорлығы -ай
Толықсып аттан құлады
Жалғыздық түсіп басына
Қамығып сонда жылады.
Жанын өзі берсін деп
Қорлықпенен өлсін деп
Анталап келіп тұрады.
Бір уақытта Төлеген есін жиып көзін ашты. Қараса, шалқасынан жатыр екен. Барлық киімін алпысы тонап алды. Содан Төлегеннің Бекежанға қарап «Замандас едің ғой, ит пен құсқа жем қылмай тым болмаса көміп кетсеңші» деп зарлағаны:
Бисағат күн құдай-ай
Мен шығып ем далаға.
Бұ сықылды бәлеге!
Қарға-құзғын жемесін
Жасыра кеткін жүзімді
Бүл жібердім бақшаға,
Қызыл тіл енді қақсама
Қарға-құзғын жемесін
Замандас едің, жақсы аға!»
Төлегеннің тілдері
Осы сөзге келеді,
Екінші сөзге келмеді.
Не айттың сірә демеді.
Алпыс адам болады.
Төлеген мінген көк жорға ат
Су ішіп әбден қанған соң,
Бір қарақшы астында
Ойнақтай басып жөнеді.
27
Төлеген елінен шыққанда алты қаз да бірге қайтқан екен. Қособаның көліне алты қаз бен Төлеген қатар келген екен. Шөлдеп келген жануарлар суға қонайын десе алпыс қарақшы мылтық атып көлге қондырмайды. Бір уақыт ecі кіргенде, Төлеген аспанда қона алмай, кете алмай айналып ұшып жүрген қаздарды кереді. Хайуан да болса елден бірге келген жолдасым еді» деп қаздарға қарап сөйлегені.
Етің шекер, сорпаң баз,
Атайын десем оғым аз
Қонар болсаң жануар
Өлмеген құлға Құдая
Болып қапты енді жаз.
Әкемді айтып қайтейін.
Шешемді айтып қайтейін.
Көкешім деп Сансызбай
Еркелеп қылар кімге наз?!
Әуелеп ұшқан алты қаз
Жерге түсіп көбейсін.
Жатырсың не ғып демейсің?!
Қасірет - қайғы қалымды
Неге келіп білмейсің?!
Бірге келген жолдасым,
Қасыма неге келмейсің?!
Мұнан былай кеткенде,
Төбеге шықса, белім деп
Қарайған әкем Базарбай
Алдыңнан шығып жануар
Көрдің бе десе не дейсің?!
Онан арман өткенде,
Жая десе, жал берген,
Майға салып нан берген,
Әр алуан дом берген
Алақанда өсірген
Алпыс жасар сорлы шешем
Алдыңнан шығып жануар
Құлыным менің Төлеген
Онан арман өткенде,
Малға таман жеткенде
Қарға жүнді қаттасым,
Таласып емшек еміскен,
Тай - құнандай тебіскен,
Бір төсекте жатысқан
Асық ойнап алыстан,
Өлгенде аға кере алмай
Қолынан сусын бере алмай.
Ажалым жетті алыста - ай
Жалғыз інім, бауырым,
Қанатым да қияғым,
Жылжымас жерден ауырым.
Кекешім менің Төлеген
Көрдің бе десе не дейсің?!
Сауыттың көзі сытылып
Баратұғын жеріне
Жетпей кетті дегейсің!
Алтынды сауыт шөже көз
Өлі екенін білмейміз,
Тірі екенін білмейміз.
Құса кетті дегейсің!
Маңдайынан аққан қан
Жоса кетті дегейсің!
Бір қарақшы қолыңда
Босқа кетті дегейсің!
Қособаның жолында
Жылай-жылай бір жалғыз
Дүниеден өтті дегейсің!
Төлегеннің тілдері
Осы сөзге келеді.
Ендігілерге келмеді.
Ау, дариға Құдай деп
Ләиләһа иллаласын айтып
Жұлдыз шыға Төлеген
Маңдайдан тиген жалғыз оқ
Желкеден ағып өтіпті
Алланың жазған парманы
Айтып-айтпай немене
Сол секілді асылдар
Кебіні жоқ кәрі жоқ.
Ит пен құсқа жем болып.
Арманда болып кетіпті!
28
Алпыс қарақшы Төлегенді өлтіріп, ат-тонды олжа қылып бөліп алып, жұртқа айтуға қорқып, еліне келіп адамға сездірмей жата береді. Сонымен сегіз жыл өтеді. Бекежанның Жібекті өзі алғысы келеді екен. Бір күні ой ойлады: Төлегенді өлтірдім деп Жібекке білдірейін, батырлығымды білген соң Жібек маған тиеді. Кімге тиер дейсің?!
Өлгенін естімесе маған тимес,
Күдер үзсе өзгеге сірә тимес,
Білген соң анық менің ерлігімді
Өзі де Төлегенге қатты күймес.
Жай жерде айтып шошытып кештірмейін
Бұл тойда айтумен естіп қалсын
Адамға оған шейін сездірмейін.
Жібекті алайын деп ой қылады,
Көк жорға атты желдіртіп жетіп келіп
Тұсына кеп Жібектің сөз сұрады,
Коп жігіт жеңілген соң кетті қаңғып
Бекежен түн болғанда айытпаққа,
Тұсына Қыз Жібектің келді андып,
Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек!
Кеткелі жаман жарың көп жыл болды,
Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?
Етегін түнде жүрген түрген шығар!
Артымда жеткіншегім жас деуші еді,
Айналып сұм дүниеге жүрген шығар!
Білмей жүрсің айрылып қалғаныңды?!
Ат ізін сегіз жылдай бір салмаған
Мырза деп мақтай берме жаманыңды»!
Дүниеде тірі жүрсем не көрмеймін:
Арғында алты шекті алпыс мырза,
Ізіне басып кеткен теңгермеймін!
Қыз Жібек әлі-ақ болар пиғылың тар
Өліп қалған немеңді сонша мақтап
Көк жорға ат астымдағы қылғын бауар»!
Қанеки құрбы болын тиген пайдан?
Атаңа алты нәлет ит қарақшы!
Көк жорға ат астындағы алдын қайдан?
— «Жол тосып Қособада жатып алдым,
Өзім батыр болған соң кімді аяйын,
Өлтіріп Төлегеннің атын алдым!
Бекежанның бұл сөзі
Өкпесінен ұрады.
Ғашық болсаң сондай бол.
Керегені құшақтап
Етпетінен құлады.
Кереге көзі жырады.
Ішінен судай тынады
Біреудің қуаныш тойы еді,
Адыра талқан қылады.
«Атана нәлет, Бекежан!
Көрсетпе маған түсінді
Бітіріпсің ісінді.
Сол сықылды мүскінді?!
Алдыңа құдай келтірсін
Маған қылған ісінді
Құдайым сені қарғасын!
Тәңірі мені жылатса,
Қатын-балаң зарласын!
Қасыңа досың бармасын.
Бекежанның мен көрдім
Осы жерде пайдасын
Туыспай кетер алты аға!
30
Алтауы бірдей бөрі еді
Отырған жылап Жібектің
Тұсына жетіп келеді.
Бекежанды көреді.
Бір сұмдықтың болғанын
Сонда бұлар біледі.
Енді ортаға алады.
Мойнына арқан салады.
Құрбандық қылып шалады.
31
Сансызбай он жеті жасқа келді. Сегіз жылдай ағасынан хабар болмаған соң Төлегенді сағынып іздемекші болады. Қару-жарағын асынып атасына келіп, Төлегенді іздеуге рұқсат сұрады.
Сансызбай атқа мінеді
Батасын алып кеткелі
Атасына келеді.
«Айналайын жан ата!
Ботаңның айтқан сөзіне
Құлағыңды сал ата!
Рұқсат, бата бер ата.
Көтергін бермен басынды.
Қайғыменен қан жұтып
Іше алмадым асымды.
Жеткізді құдай жасымды.
Жер шаршысын көздейін
Жоқтаусыз кеткен лайық па
Туған соң іні біз дейін?!
Ешкімге көзім сүзбейін
Батанды бергін, жан ата!
Тірі - өлсін білгенше
32
Базарбай сол күнде Төлегеннің қасіретінен көзі көр болып, көңілі жер болып, санамен сарғайып, қайғыменен қарайып тұрмастан жатады екен. Сансызбайдың сөзін естіп зар жылап батасын береді.
Батасын берді Базарбай
Түрегеліп қол жаяды
Аумин деп Сансызбай:
Жаратқан Алла Бар Құдай!
Бата тиін құдая
Он сегіз мың ғаламның,
Лұқ менен қаламның!
Жаратқан Алла жар болып
Бақытын ашқын баламның
Қадыр Алла, Құдайым!
Құрметі үшін көлемнің,
Қызыр Ілияс қырық шілтен
Балама менің назар сал.
Ғауыс, ғаяс әулие
Баһауыттен қолын ал.
Сіздерсіз менде жоқтыр қал.
Тапсырдым мынау баламды
Жаратқан тәңірім зүлжелей
Разылық бермей жіберіп
Қалыңға соққан қырандай
Қанатымнан қайырылдым!
Тасқа тиіп тұяғым,
Жол жүруге қимаған,
Бір сағаттай көрмесем
Дидарына тоймаған,
Ақырында Құдая,
Бір көрерге зар қылдың!
Жұлма - ғайып жарандар
Үйде, түзде болса да,
Бұйрықтан адам қала ма?!
Жолың болсын бар балам:
Іздеп келген ағаңды
Екінші жаңа тапсырдым
Шарапатты өткен бабама»
33
Батасын берді Базарбай.
Батасын алып Сансызбай.
Төлеген айтқан көк бурыл
Ат болған екен он жасар,
Піренменен белдіктеп,
Мақпалменен терліктеп,
Айылын жайлап салады,
Жел тимейтін бауырға
Орай тартып қалады.
Екеуара үш тұлпар
Қос атқа бірін алады
Амандасып айырылып,
Қоштасып жұрты қалады.
Сапарға басын салады
Жол көрмеген жас бала
Тәуекел Алла, Құдай деп,
Жайыққа кетіп барады.
34
Шеге мен Сансызбай бірнеше күн жүріп Жайыққа келді. Сырлыбайдың ауылын шарлап келе жатып бір белге шықса, бір ауылдың үстінде топырлаған есеп-қисабы жоқ көп атты адамды көреді. Бұл жиынның мән-жайын білейін деп анадайдан көрінген қойшыға келіп жолығады. Қойшы айтты: «Бұл Сырлыбай деген ханның ауылы. Сырлыбайда Жібек деген асқан бір сұлу қызы бар еді. Жібектің сұлулығын естіп қалмақтың Қорыш деген ханы тоғыз мың әскерімен тектінің үстін басты, Сырлыбайға Жібекті қалыңдыққа бермесең еліңді шабамын деді. Қалмаққа әлі келмейтін болған соң, Сырлыбай Жібекті бермек болды. Сонда Жібек әкесіне арыз қылып, шынымен мені қалмаққа бермек болсаң, тым болмаса қырық күн той, отыз күн ойын қылып ұзат деді. Осы күні Жібектің тойы бітіп, ойынның басталғанына үш күн болды»деп. Жібек бұрын күйеуге берілген жоқ па еді? деп Шеге сұрады. Қойшы айтты: «Жібектің Төлеген деген күйеуі бар еді. Қособаның көлі деген жерде оны Бекежен деген қарақшы өлтірді. Оған биыл сегіз жыл болды» деді. Бұл сөзді естіген соң-ақ Сансызбай жылап жүре берді. Шеге Сансызбайдың артынан жүрді.
35
Көзінің жасын бұлады.
Heшe мықты болса да
Қайтып шыдап тұрады.
Жұбататын кім бар деп
Шеге ақын сабыр қылады.
Сансызбай аттан құлады.
Мінәжат етіп Аллаға
Сәждеге басын салады.
Сонда жатып жылайды.
Жылайды да толғайды.
Бүл дүниеден өтіпсің.
Шын дүниеге жетіпсің.
Қасіретке тастап кетіпсің.
Айқайлаған дауыстан
Басына құдай салған соң
Көкешімнің ісіне
Fашықтық оты жабысқан.
Қыз Жібекті тауыпсыз
Осынша қиын алыстан.
Кебінің жоқ, көрің жоқ
Жапанда жатып жан бердің,
Қайранда менің көкешім!
Өлгенше жаудан өлмедің
Ту байласып жабысқан
Батырлар жауға шабады.
Төлегенді табам деп
Мініп ем атқа қуанып,
Бүл жерлерге келгенде
Жер болып қалған суалып
Қайранда менің көкешім!
Кебінің жоқ, көрің жоқ
Жапанда қапсыз қуарып,
Айналайын көкешім!
Жүреріңде қимадым
Атам менен анамның
Маңдайына сыймадың.
Көзімнің жасын тыймаймын.
Раһман аттық құдая,
Төлеген сынды пенденің
Жолдас қылғын иманын.
36
Шеге артынан келіп аттан түсіп Сансызбайдың басын сүйеп тұрғызып алды. Өткенге өкініш қылмайық деп Шегенің Сансызбайды жұбатқаны.
Көлге біткен құрағым,
Суырылып озған пырағым
Жасын тыйғын көзіңнің
Рас болса өлгені
Төлеген сынды ағаңның
Ұжмақтан жазсын тұрағын,
Өкініш қылма өлімге,
Өз тілеуің сұрағын.
Жүз жиырма торт мың пайғамбар.
Өлмей тірі кім қалар!
Қазаға разы болмаған
Тәңірі алдына барғаңда
Рақметтен нәубет құры қалар.
Ғапылдық пенен пенделер!
Шайтанға сірә өлім жоқ,
Жақсылық тағы көру жоқ,
Рақметтен құры қаламыз
Қарғысы тиген Алланың
Одан пенде не табар?!
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.
Өтсе де өмір сүру жоқ,
Құдай ісі болған соң
Қанша айтсақ та жүру жоқ.
Күні біткен күнінде
Дәм таусылса жүру жоқ.
Құлақ салғын сөзіме
Тәңір өзі айдады
Ата менен анасын
Жиылған қалың дүниенің
Төрт түлік малдың бірін де.
Бұйырған жері топырақ
Келтіріпті кезіне.
Зар болып қалдық мінеки
Кешегі жүрген Төлеген
Басып бір кеткен ізіне.
Мүсәпір жолда жүргенде
Қуат берсін өзіңе!!»
37
Сансызбайды жұбатып атқа мінгізіп алған соң Шеге айтты: «Төлегеннің өлгенін естідік, көп елдің әлі келмеген қалмаққа біздің әліміз сірә келмес, Жібекті ала алмаспыз! Енді елге қайтайық» деп. Сонда Сансызбай айтты: «Жібекті қолымыздан келсе алып кетелік, қолымыздан келмесе жүзін көріп жолығып кетелік. Сіз барып Жібекті тауып күй-жайын біліп келіңіз» деп. Екеуі Сырлыбайдың ауылына қарай жүрді. Жиылған көпке жақын келді. Сонда Сансызбай жиылған тамашаны өзім барып көріп, барлап біліп келейін деді де атын Шегеге беріп әзі жаяу топтың ішіне кіріп кетті. Ойынды тамаша қылып аралап жүрсе, бір үлкен үйден зарлаған дауыс естіді. Үйдің қасына барса мынадай зар екен:
ЖІБЕКТ1Ң ЗАРЫ
Көр болды көзім жылай – ай!
Төлеген сынды мырзадан
Айырдың өзің құдай-ай.
Көрінбегір түсімді,
Төлегеннен айырып
Оңдамаған екенсің Қадыр
Құдіреті күшті жан Алла!
Жаратсаң мені пенде ғып
Осы қалмақ алып-ақ
Жайықтан көшкен көп шекті
Қонады барып Тарбаққа
Не қылғанымнан құдай-ай
Жаратқан ием жаппар - ай
Шыныңмен нәсіп қылдың ба,
Нәсілі жаман қалмаққа?!
Сансызбай зарлап отырған әйелдің Жібек екенін таныды да, қайтадан жүгіріп Шегеге келіп, Жібектен бір жауап алып бер деп айтқаны:
Артық туған ер аға!
Жібек сынды жеңгеме
Жұмсадым сізді мен аға.
Жалғыз-ақ арыз сөзім бар
Қыз Жібектей жеңгемнен
Бір жауап әкеп бер аға
Кіріптар қылып пәлеге
Кетпейін тастап сені аға,
Жалғыз-ақ арыз сөзім сол.
Өтірік айтып келме аға».
38
Батыр туған Шеге ақын, О да бір асқан ер еді. Қолындағы тұлпарды Сансызбайға береді, Желе басып Шеге ақын Елге таман жеңеді. Өлең айтқан ақ үйдің Тұсына таман келеді. Ойдың ішін аралап Қалмақтың қалың әскерін Тамаша етіп көреді. Қалың қолды аралап үлкен ақ үйге Шеге жақындап келсе, үйдің ішінен зарлаған дауыс естіпті. Құлағын салып тыңдаса мына сөзді айтып зарлаған Жібек екен:
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?
Тағы да бас қосқаным жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Жесірін іздеп келіп неге алмайды?
Тағы да бас қосқаным жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Жіңішке әйел жолы таба алмайды.
Мұны естіп ал сонда
Жібекті Шеге біледі.
Алладан парман тіледі.
Жібекке таман жүреді.
Арық қойдай тырысып,
Баз біреумен ұрысып,
Баз біреумен жұлысып
Қыз Жібектің тұсына
Шеге де жетіп келеді.
39
Бірден-бірге жақындап Шеге Жібектің тұсына келеді. Мұңды болып отырған Жібекті көреді. Жігіт болып өлең айтып Жібекпен таныспақшы болады. Төлегеннің өлгенін білгеннен бері Жібек ешкімменен айтыспайды екен, Жібекке ешбір жігіт барып өлең айта алмайды екен. Шеге мұны білмейді.
—Жібекжан туа бермес сіздей перзент,
Тәуірлеп өлең жарқыл айтқын маған
Адамға о да болса бір ғанибет.
—Басы екен өлеңімнің айым-қайым, Бітеді қия тауға тал мен қайын.
Білмейтін қандай жансыз менің жайым?
—Көрдім де шырай жүзің көндім толды, Бейіштегі көреді сарай жолды.
Жарқыным не себептен болдың мұңды?
—Көргендей жол бейнетін жүзің сарық, Тұсыма қалың топты келдің жарып.
Айырылған ел-жұртынан мен бір ғарып.
Отырмын тұрпатыңа қайран болып!
Нәсілің алыс жердің адамысыз,
Қай жақтан келіп жүрсіз арып, талып?!
—Бетіне қор қызынан саған көрік,
Жарқыным қалайша бүл түстің торға
Мәнісін айтсаңызшы есітелік?
—Алланың үкіміне жүрмін көніп
Құдайым айырған соң қосағымнан
Отырмын жау қалмаққа пенде болып.
—Сары ағаш қиылған сайын құм болады, Замана жылдан-жылға сұм болады.
Есімі күйеуіңнің кім болады?
—Жақсының бал тамады тіл жағынан, Өлімнің кім құтылар қармағынан.
Қорқамын ат атауға ата-анам аруағынан.
—Жақсыға жаман адам сірә жетпес
Сұрадым зәруат пенен білмек үшін.
Бір жолға атай қалсаң ештеңе етпес.
—Қыз-бозбала жиылып
Әңгіме дүкен құруы
Білгенімді мен айтсам
Сөзімнің болмас бұруы.
Жағалбайлы руы.
Ілгері еді патшадан
Ақылының данасы.
Болмады аз күн жүруі.
Құрыды құдай қылған соң.
Ат ізін бір де салмады.
Сансызбай ердің санасы.
Омырауда тілде алқады,
Қайын енем атын айтайын
Алпыс жасар Қамқадай.
Біздей ғарып пендесін
Қабағым неге тартады?!
Тірі болса, Сансызбай
Біздей ғарып міскінді
Неге бір іздей келмейді?
Кешегі өткен Төлеген
Ақылға диқан кен еді.
Шеге деп еді. Қайтейін - ау, қайтейін,
Қайсыбірін айтайын.
Айтқан бір сөзі бар еді.
40
Сөйлегенде бүй дейді:
Асу да асу бел деді,
Аса бір соққан жел деді,
Бері таман кел деді.
Бұл сөзімді біл деді.
Іздеп келген өзіңді
Ақын Шеге мен деді.
Алдап жүрген біреу деп
Бұл түсіне сенбеді.
«Шын айтқан сөзге нанбасаң,
Жарқыным саған не дейін?!
Бекер деп білсең шын сөзді
Дұшпан деп білсең досыңды
Қапалықпен өлейін.
Жау қалмақты дос көрсең,
Расыңды айтшы Жібекжан!
Ізімше қайтып жөнейін.»
«Шын айтқан болсаң ай, аға,
Соңында жүріп елейін
Ақылымнан танған уақытымда
Кім екенін білейін.
Айналайын ағажан
Сөзіңе сонда сенейін!»
* * *
Көк түскен жер тақырды.
Атын айтсам білер деп
«Атқосшы кел» деп шақырды.
Бір шақырым жер еді,
Ер Шегенін дауысын
Естіп - танып біледі.
Алла деп атқа мінеді.
Ер Шегенің қасына
Іркілмей жетіп келеді.
Батыр туған Шеге ақын
Жібекке хабар береді.
Сансызбайды көреді.
«Алтыннан соққан қияғым,
Күмістен соққан тұяғым.
Көкесіне сыяғын.
Жандыма өшкен шырағым.
Өлгенім тіріліп келіп тұр
Жарылсаңшы жүрегім,
Бергенде менің тілегім»!
Жібектің көңілі тояды.
Қайғысын іштен жояды.
Көрісуге жер қиын
Амандасып қояды,
Бір-біріне екеуі
Көңілі әбден тояды.
41
Көңілі қарыптардың судай тасты.
Алдырып бір табақпен қойды асты.
Ізіңмен кейін қайта жүргін деді.
Екі тұлпар аты бар білгін деді.
Сол жолда мені тосып тұрғын деді.
Ертең түсте сол жерде көргін деді.
Түннен - ақ үйдің бауын шешер деймін.
Шырағы жау қалмақтың өшер дейімін»
42
Көшеді ханның елі түннен тұрып.
Жүрейін деп қыздармен ойнап-күліп»
Жұмсады жеңешесін алып кел деп,
«Қорынға бізден тұлпар алып кел» деп
Жеңгесін жібереді барып кел деп.
Жеңгесі келіп Қорынға: «Бикеш сәлем деді. Екі тұлпарым бірін берсін көшке мінем деді» дейді. Қалмақ «Жібек маған тимеймін деп айтады екен, атымды бермеймін» деді. Сонда жеңгесі қалмақты алдап айтқан сөзі:
Еркелікпен қылады.
Біле тұрып дұшпанның
Дініне неге кіресің?!
Бір күн кешке мінеді
Бүгін күннің батысы
Ақ отауға кіресің.
Көп қызықты көресін
Нұр сипатты бикештің
Кеудесіне мінесің,
Басына таман түресің».
«Ау, жеңеше – ау, жеңеше - ау!
Мінгенде атың құла ма
Алтыннан жүзің бұра ма,
Бәрін де құдай қыла ма?!
Тимесе Жібек тимесін,
Сандал көкті сұрама,
Сандалды сұрап күймесін!
Ерлер мінер тұлпарды
Әйелдер мінер болар ма?»
43
Қалмақ атын бермеген соң жеңгесі ыза болып Жібекке жылап келеді. «Өзім барайын, өзім барсам тұлпарды мінермін», — деді де қасына он бес қызды ертіп, қалмақ Қорымға кетті. Жолшыбай көңілім көтеріңкі, құдай тілегімді берер, қалмақтың кеудесін басар деп ырым қылды, жаңа да қасындағы қыздарға жездеңізбен жақсылап ойлаңдар деп айтып қойды. Салтанатпен келген Жібекті көрген соң Қорынның есі кетті. Балдызы мас болды. Қыздар айнала отырып жездесімен ойнай бастады. Қорынның онан жаман есі кетті. Сонда Жібек «Сұратқанда атынды неге бермедің?», — деді. Қорын айтты: «Мен келгелі екі ай жарым болды. Сонан бері маған бір көрінбегеніңе өкпелеп бермеп едім. Енді қайсысын аласың?», — деп. Жібек сандал көкті мінемін деді. «Екі тұлпарымның екі бөлек ер тоқымы бар, өз ері болмаса өзге ер тұрмайды. Тұлпарды өзім ерттеп берейін деп қалмақ сыртқа шықты. Қалмақ тұлпарды ерттеп жатқанда Қорынның төсегінің астында тығулы жатқан он бес құлаш ақсемсерін Жібек алып ішінен беліне байлап алды.
44
Атқа мініп анадай жерге шыққан соң Жібектің көңілі тасып кетіп қалмаққа қарап айтқаны:
Хандығың сенің қайда бар?!
Алдаумен бердің атты әрең!
Тәңірі берсе қолыма
Сандал сондай тұлпарын.
Иә, сенікі, иә менікі!
Тұзымды құдай көтерсе,
Мұнда жоқ сенің тең парың!
Ұғып тұрғыл сөзімді,
Ұлық біліп сен тұрсың
Осы күнде өзіңді.
Қарға, құзғын сыбаға
Шоқдырамын көзіңді.
Тұрмайын сенің қасында,
Аламын деп келіп ең
Адырайып басында.
Кінекершілік асыға.
Үкіміне көнгенмін,
Тілеуді құдай бергені
Сандал көкті мінгенім.
Ақымақтық деп білмейсің
Ажалыңның келгенін!!
Тоба қылдым Құдая!
Жүзіне нәлет кәпірдің
Шырақ отын өшіргіл.
Тәуекел қылдым өзіңе,
Не қылсаң да өзің біл.
45
Мұнан соң, тұлпардың етін қыздырып алайын деп олай-бұлай орғытып шапты. Еті қызған соң тұлпар алып қашып шығып кетпесе игі деп қауіптеніп Жібекке шаппа деп айтайын деп жаңа семсерін алайын деп Қорын қаз мойынды қара тұлпарды ерттеп мінді де Жібекке қарай жүрді. Келе жатып Қорынның айтқан сөзі.
Байқадың ба боз бала
Қыз Жібектің ғапылын
Көк сандалды жүгіртер
Басы қатты сандал көк
Тастап кетіп жүрмесін
Айналайын, Жібек - ау
Ақырын шапшы ақырын...
46
Қорынның бір іспен келе жатқанын білді де ойлағанын ұмыттырып жіберейін деп алдына қарсы келді де Жібек айтты. «Ай, тақсыр, неше атаңнан бері хансың? Хан болған өзің бе, иә арғы атаңнан бері хансың ба?» деп. Қорын «Жеті атамнан бері ханмын» деді. Жібек айтты: «Сен хан болмай жерге кір. Бойында биттей бектік жоқ! Сен шын дегдар хан болатын болсаң, мен сенін қатының болатын болсам, күл - қойшыға ұқсап қош жөнегені менің қасыма неге келесің? Бұл жерде тұрмаңыз, ілгері барып шатырыңызды тігіп жатыңыз, біз көшпен бірге барамыз», — мен сенің қасында жүрмеймін. Мына тұлпардың еті қызса басын алып қашатын еді, әшейін соны айтайын деп келіп едім, және де семсерімді өзіме бер, — деп, Қорын жауап қайырды. Жібек айтты: — Міне, сенің ақымақтығың, бізді кешіктірмей жөнелтсін деп, мен елдің көңілін сескендірейін деп жүрмін. Түнегіден бері өз ақылыңмен біттің ғой. Енді менің ақылымды істе, жүре бер. Қалмақ нанды да: — Жарар, мен ілгері барайын, екінтіден қалтырмай атымды өзіме тапсыр, — деді де жүріп кетті.
47
Кетейін деп тұрып Жібек артына қараса, кіші жеңгесі Жібектің сәукелесін киіп бара жатыр екен. Қыздың кезі қызылда деген ғой, дүние шіркін қандай, Жібек салып отырып жеңгесіне келеді. Асу да асу бел деді. Аса бір соққан жел деді.
Бері таман кел деді.
Бұл сөзімді біл деді.
Алып маған бер дейді.
Бүгін кешке киейін.
Өз көзіңмен көр деді.
Жеңгесі мақұл көреді.
Жібекке алып береді.
Асыл кәукер тастарын
Бытырлатып үзіп ап
Жан қалтаға салады.
Қашығырақ тұрады.
Сонда бір Жібек жылады.
«Айналайын жеңеше - ау,
Мінезің еді өзгеше - ау
Сапар тарттым алысқа
Жаратқан бәрімізді Алла тағалам
Қолында молдалардың дауыт қалам.
Алыс жол барамын
Айтыңыз ата-анама дұғай сәлем
Тұзымды құдай көтерсе,
Ниет қылдым алыс жол.
Қорын қалмақ алғалы
Қамап жатыр қалың қол.
Ел-жұртқа дұғай сәлем де,
Жеңеше - ау, өзің аман бол».
Айналайын, бикеш жан,
Мінгенде атың пырағың,
Қалай талап қылсаң да
Ашылсын сенің мұратың.
Кәпірдің көңілін басқай деп.
Ертенді-кеш құдайдан
Зар қылып мен да сұрадым.
Барасың қайда шырағым?
Жібек сонда сөйледі:
Тұлпар мініп астыма
Асындым алмас беліме.
Сансызбай іздеп келіпті.
Қосылайын деп тұрмын.
Барайын деп мен тұрмын.
Қу кәпірдің кіміне?
Жеткізсе құдай мұратқа
Қалмақтың көзі ағарсын
Талап қылдым жеңеше - ау,
Осылай қиял қылмаққа.
Басымды жолға салмаққа.
Қайтіп қатын болайын
Құдайымның дұшпаны
Нәсілі жаман қалмаққа.
Басында Жібек атанып
Кәпірге қатын болғаным
Есіткен жұртқа әлемет.
Разы болсын атамыз
Ел-жұртқа дұғай сәлем де
Жеңеше болғыр сәлемет!
Басқа сөздер демеді:
Атының басын бұрады
Уәде қылған қара ағаш
Бетін соған жөнеді.
Аттың басын бұрған соң
«Сансызбайға сәлем» деп,
«Қош - аман бол, бикеш» деп
Жеңгесі тұрып жылады.
48
Жөнеді, Жібек, жөнеді.
Ағашқа шығып екеуі
Қарауылдап тұрады.
Сансызбай Шеге көреді.
Ауыздықпен алысып,
Ұшқан құспен жарысып
Майдай мойнын созады.
Алақаны тозады.
Ойпаң жерден орғытып,
Әне-міне дегенше,
Ашып көзді жұмғанша
Ұйытқытып саулап келеді.
Бір Алланың досы деп,
Бұрынғы жолы осы деп,
Атынан түсіп Қыз Жібек
Шегеге сәлем қылады. «Ашылсын багын, балам» деп.
Ер Шеге бата береді.
Маймаңдап қаздай баяулап
Сансызбай сынды баланың
Қасына Жібек келеді.
Шүкір қылып Аллаға
Енді атына мінеді.
Алла деп елге жөнеді.
Елге қарап шу деді.
Соққан желдей гуледі.
Сансызбайға жүр деді.
Сандал көкті мін» деді.
Жібектің атын мінбеді. «Жүре бер Жібек, жүре бер.
Жеткізсе біздей тарыпты,
Мінермін сонда шын» деді.
49
Ақшам намаз болғанда Қорын атымды беріп жіберсін деп Сырлыбайдың ауылға кісі жібереді. Бұлар «атты білмейміз» деді: Жібекті іздеп таба алмады. Жібек те ат та жоқ болып шықты. Сырлыбайдың ауылы Қорын Жібекті атымен еліне жіберген екен деп ойлады. Шынын айтса да болады ғой «Біз оған не қыламыз? Атын сұрап бізді әуре қылмаса да болады ғой», — деді. Бұл сөзге Қорын ашуланды. Әскерін жиып, Сырлыбайдың ауылына келді.
«Қайда деп?» атын сұрады.
«Атымды шапшаң тапқын» деп,
«Тауып берсең атымды
Тыныш ұйықтап жатқын» деп,
Қазір тауып бермесең
Қайратыма баққын» деп
Жиып алып әскерін
Айғай салып ақырып,
Қораға келіп тұрады.
Қатын менен баласы
Ел-жұрты шулап жылады.
50
Сырлыбайдың өзі қалмақ пен сөйлесуге намыстанып, Қаршығаны жұмсады: «Сен барып Қорынмен сөйлес, жай - мәнісін түсіндіріп қалмақты бас» деді.
Жауапқа шешен ер еді.
Қаһарланған қалмаққа
Іркілмей жетіп келеді.
Сөзбен жауап береді.
Сөзімді тақсыр тыңдаңыз!
Әйтеуір әлім келер деп
Қисынсыз қаһар қылмаңыз.
Сонан соң тақсыр шындаңыз,
Ашуыңды басыңыз,
Қосыңа барып түсіңіз.
Алып қашып кеткенді.
Далаға ізін кесіңіз.
Бар ма еді елде қасыңыз?
Мың кісіге барабар!
Бір өзіңнің, басыңыз!
Өзіңіз тақсыр ойлашы
Дұрыс па қылған осыңыз?
Хан болсаң да тақсыр айтайын
Өзіңнің иттік насыңыз.
Тұлпардың сырын білесің.
Тұлпарды неге бересің?
Өзін беріп атынды
Елден неге кәресін?
Ел билеген төресің!
Өз мініңді ойламай
Тентектік қылып күйеужан
Сонда Қорын «әуелден неге осылай деп айтпайсыз Жібекті өзі еліне жөнелтіп жіберіп бізден сұрайды» дегеніне ашуланып едім. Шапқан уақытта сандал көктің ізі ошақтай болып қазылып қалады. Атымның ізін өзім танимын» деді де қосына қайтып кетті.
51
Тан, сарғая қалмақтар атына мініп із қарады. Жұртқа барғанда тұлпардың ізін тапты. Мойын асуға барғанда аттың ізі төртеу болды. Жібектің біреумен қашқанын қалмақтар білді. Қорын әскерін екіге бөлді. Мың жеті жүз кісіні қууға шығарды. Қалған әскерді қуғыншы қайтып келгенше жата беріңіз деп тастап кетті. Бастығы Қаршыға болып қазақтан жиырма кісі басшы алды. Алты күн қуып жете алмаған соң Қорын жалғыз қуды. «Мен барып жауды түсіріп өлтіре тұрайын. Жолда түсірсем сендердің алдарыңнан шығармын. Еліне барғанша жеткізбесе елдің шетіне барып түсіп іздерді күтіп жатармын. Борқым бақыш болғанда шауып қайтармыз» деп Қорын Жібекті қуып жөнелді. Жөнеді қалмақ жөнеді. Шеңбер ұрып келеді.
Тебінгісі тарсылдап,
Құйысқаны сартылдап,
Сауырынан аққан ақ көбік
Қаз мойын қара тұлпарды
Сауырға сипай қамшылап
Сауырынан аққан тер
Борбайынан тамшылап
«Шу десе қалмақ дауысы
Түлек құстай саңқылдап
Қаһарланып келеді.
Сансызбайдың қарасын
Қорын қалмақ көреді.
Күндік жерден қарасын
Жібек бір болжап біледі.
«Басыңнан дәурен өтті» деп,
Сансызбай менен Шегеге
Жібек бір хабар береді.
Толғана мойын бұрады.
Алладан дәрмән сұрады.
Ілгері қарай жөнелтіп
Келетін қалмақ кәпірдің
Жолын тосып Сансызбай
Көлденен тартып тұрады.
Жау бетіне жас бала
Жалғыз тұрып қалған соң,
Мұңды болған Қыз Жібек
Бір төбеге барады.
Құбыла жаққа қарады.
Мойнына орап салады.
Мінәжат қылып сол жерге
Қыз Жібек қылды наланы.
Басымнан кетті сәулетім,
Жүзімнен кетті әуретім.
Маған деген дәулетің
Ажалым жақын таянып
Жетті ме енді нәубетім?
Құртамысың құдая?
Бір бейшара жанның әулетін.
Не пейілімнен тұтылдым?!
Қайтадан қолға түс болсам
Не болар менің сиқылым?!
Құртамысың құдая?
Бір бейшара жанның тұқымын
Бұлайша деп Қыз Жібек
Зарланып қатты жылады.
Көзінің жасын бұлады.
Тобасын қабыл қылады.
Аз кідірсең, қызығы
Арт жағында болады.
53
Әне-міне дегенше
Айтып ауыз жиғанша
Сансызбайдың қасына
Қорын жетіп келеді.
«Қарсы алдыңнан қарасам
Жасың кіші баласың,
Оттай қаулап жанасын!
Неден үміт қыласың?!
Мен жайымды сөйлесем
Ақылыңнан танасың,
Қай жаққа алып барасың?
Жібекті ілгері жіберіп
Мойыныңды маған бұрасың
Көлденең тартып тұрасың.
Құдайыңа барасың.
Не қылып жүрген баласың?!»
Сансызбай сонда сөйлейді:
«Қорын қалмақ сен болсаң,
Сансызбай бала мен едім.
Жібек сынды жеңгемді
Елімнен іздеп келіп ем.
Медет тілеп Алладан
Еліме алып жөнедім
Артымнан келе жатқан соң,
Білейінші деп едім.
Болайын жолдас деп едім
Нәсілің кәпір жау болсаң
Алла тізгінді оңдаса Жіберейін деп едім!!»
«Асу да асу бел дейді,
Аса бір соққан жел деді,
«Әуелгі кезек менікі,
Бұл сөзімді біл» дейді.
Жасың кіші жас ұлсың
Кезегімді бер»дейді.
Толғанда мойнын бұрады
Алладан пәрмен сұрады.
Кезегін беріп қалмақтың
Қасқайып қарап тұрады.
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Толықсып тұрған баланы
Толғап тартып атады.
Кіріден оғы кетеді.
Сансызбайға жетеді.
Сегізінен өтеді.
Қатарланған жағасы.
Қабыл еді тобасы.
Жібермеді бұл оқты
Қауыс, қажас, қырықшілтен
Болған екен панасы.
Сансызбай сонда жылады:
«Қор қылма деп кәпірге
Алладан пәрмен сұрады.
Пенденің несі құрайды.
Бір өзіңе жылайын.құдайым,
Көргенім жауды осы еді.
Құдіреті күшті Құдая,
Батар күнмен батайын,
Қалмақты мен де атайын.
Қу қалмақты өлтіріп,
Қызығына батайын.
Пазлын бірлен я Аллай
Ғасылық өткен қатайым»!
Бұлай ата толғап Сансызбай
Бір салғанда мол салды.
Толықсып тұрған кәпірді
Толғап тартып қалады.
Қалмаққа таман жетеді
Көкірек қысқан көбеден,
Қарамаулы қауыл жебеден
Мұнан да өтіп кетеді.
Ой орныңдай бір жерді,
Төнкере тастап кетеді.
Қорын аттан құлады.
Туы қолдан ұшады.
Бәлем қалмақ сұлады.
Қасына жетіп барады.
Денесінен жұда ғып
Басын кесіп алады.
Жетегіне алады. «Тоқтағын,
Жібек, тоқта» деп,
«Менде көңілің жоқ па?» деп,
Жібекке атой береді.
Шеге мен Жібек көреді.
Сансызбай жетіп келеді.
Кәпір жаудан құтылып,
Бір неше күн жол жүріп
Еліне аман келеді.
Қырық күн ұдай той қылып
Сансызбай Жібекті алады.
Ел-жұрты қайран қалады.
54
Айналды жұлдыздары енді оңға.
Айтады Сансызбайға тұрып сонда. «Түсімде бір топ қарға көрдім» деді. «Соңынан бір тұйғынның ердім» деді.
Қызығын тамаша қып тұрдым» деді.
Құдай біздің тілекті береді екен
Қарға қырған тұйғының мен екенмін,
Келген қалмақ бәрі де өледі екен».
Әзетке құдай үшін жанын қиды.
«Көп әскер келді» деген хабар келді.
Өлігін жота-жота қылып үйді.
Панасы патша құдай қысылғанның.
Оларға ымғам ақсаң қылды сыйды.
Панасы патша құдай қысылғанның
Қыдыр дарып, бақ қонды Сансызбайға
Ешбірін жібермеді ұсынғанның
Қорынның сонда өлгенін білген екен.
Көрсетпей қалмақтарды бұрған екен.
Қаршыға қалмақты алдап ұрған екен.
Ақыл мен осылай қып қырған екен.
56
Сансызбай Қаршығаны бір неше күн қонақ қылып сыйлады, елінен екі мың әскер жиып алып, Қаршығаны басшы қылып Сансызбай Жайыққа аттанды. Сырлыбайдың ауылында хабарсыз жатқан көп қалмаққа түнде келіп тиді. Көбін атына мінгізбей қырды. Таң атқан соң амал қылатын бастығы жоқ кеп қалмақ еліне қашты, қазақ қуды.
Қолға түскен қалмақты қырып берді
Қалмақтың бес мың қолын бәрін қырып
Қызыл қанға бояды қара жерді.
Жігіттер тамаша қыл мұндай ерді.
Құдай, Мұсылманның болып тұр көңілі жай.
Қайныңа келді қайтып ер Сансызбай:
Басшысы Сырлыбайдың өзі болып,
Алдынан шықты елдің бәрі шулай
Қызмет қып сыйлай тұрды екі айдай.
Еліне екі ай жатып жүрді деді.
Қызметін қайын жұрттың көрді деді.
Бес жетім алтын отау берді деді.
Қайын енесі қасына ерді деді.
Еліне үш ай жүріп келді деді.
Қайтадан қырық күндей той қылды дейді.
МҰНЫМЕН ҚЫЗ ЖТБЕК ТАМАМ БОЛДЫ
Пенденің Алла білер іште сырын.
Кешіргін күнә болса жаппар кәрім.
Назым қылып шығардым насыр сөзден.
Әрқашан құр қамаса дұғаңыздан.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру