Бабалар сөзі 81 том
Әлбеков Тоқтар
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 81-томына «Түрік тайпалары мен қазақ үйсіндер», «Қазақ шежіресі», «Үш жүздің шежіресі», «Сатыпалдин Файзолла қаридың өлең-шежіресі», «Шежіре өлең», «Жыр-шежіре», «Көкжарлы—Бура», «Кіші жүз шежіресі», «Өлең шежіре», «Адайлар жайында», «Қайролланың туыс шежіресі» т.б. шежірелік жыр-аңыздар енді.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды
Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек
Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік
Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир
Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар
Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар
Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік
Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат
Шаймерденов Ербол
Шеңгелбаев Бақытжан
«Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын
жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес
УДК 398
ББК 82.3
Б 12
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік
маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қалижан У.Қ.,
Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У.,
Күзембаева С.А., Әлбеков Т., Қосан С., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
Әлбеков Т. (жауапты редактор), Қасқабасов С.А.,
Салтақова Ж., Тойшан А., Алпысбаева Қ.
Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
Әлбеков Т., Райыс Ғ., Салтақова Ж.
Жауапты шығарушы: Орынғали Қ.
Б 12 Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: Фолиант, 2012.
Т. 81: Шежірелік жыр-аңыздар.—432 бет.
ІSBN 978-601-292-440-4
«Бабалар сөзі» сериясының 81-томына «Түрік тайпалары мен қазақ
үйсіндер», «Қазақ шежіресі», «Үш жүздің шежіресі», «Сатыпалдин
Файзолла қаридың өлең-шежіресі», «Шежіре өлең», «Жыр-шежіре»,
«Көкжарлы—Бура», «Кіші жүз шежіресі», «Өлең шежіре», «Адайлар
жайында», «Қайролланың туыс шежіресі» т.б. шежірелік жыр-аңыздар
енді.
УДК 398
ББК 82.3
ІSBN 978-601-292-440-4 (т. 81)
© Әдебиет және өнер институты, 2012
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, 2012
Құрастырушылардан
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған сексен томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді сала-
сы болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге,
шетелдердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар
мен мақал-мәтелдер сияқты шағын жанрларға арналды.
Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни
дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір,
«Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—
жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі,
«Жұмбақтар» мен «Шежірелік дастандардың», «Балалар
фольклорының»—бір-бір томы, «Ертегілердің»—бес томы,
«Қазақ мифтерінің»—бір томы, «Моңғолиядағы қазақ фольк
лорының»—бір томы, «Топонимдік аңыздардың»—бір томы
баспаға дайындалып, басылым көрді. Бұл жинақтардың он
екі томын Қытайдағы қазақтардың фольклорлық мұрасы
қамтыды.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 81-том қадым за-
маннан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан халық шы
ғармашылығының көне жанрының бірі—«Шежірелік жыр-
аңыздарға» арналады. Жалпы қазақ шежіресі ру-тайпа, ұлыс,
ұлт шежіресі, төрелер мен қожалар, төлеңгіттер шежіресі бо-
лып жіктелетіні белгілі. Олар ішкі жанрлық белгілері бойын-
шежірелік жыр-аңыздар ша: жыр-шежіре, қарасөз және кесте шежіре болып бөліне ді. Шежіре Қазақ Ордасының әкімшілік басқару жүйесіне аса қажет болғандықтан, хандар оның жүйелі түрде жиналып, хатқа түсуіне мүдделі болған. Себебі батырлар арқылы әскер жасақтауда, ру-тайпа басшылары мен билер институтының не гізінде мемлекеттік билікті жүргізуге, салық жинау, жер дауы, жесір дауы, құн дауы мәселелерін шешуде шежіре білудің ма ңызы зор еді. «Осындай шежірелердің бір бөлімі Жәңгір ханда сақталған. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ хандары қытай еліне барғанда мәдени қатынаста болған. «Қазақ шежіресі» атты кітап мәнжу тілінде Бейжіңдегі хан сарайы архивінде тұр1». Ұрпақтан ұрпаққа ауызша таралып келген шежіре-аңыз дар—қазақ халқының сан ғасырлық тарихнамасы, тұтас бір ұлттың өсу-өрбу жолдары. Алдымен, әр тайпаның, рудың, аталықтың кесте шежіресі, соған байланысты аңыздар қара сөз күйінде атадан балаға жетіп, өзге нұсқалары арқылы толы ғып отырды. Кейін ру ақсақалдарынан естіген шежірелік жүйе мен аңыздарды ақын-жыраулар, жыршылар өлең-жырға айналдырып, ел ішіне таратып келген. Олардың көпшілігі арнайы бір сюжеттік желіге құрылмай, қазақтың түп-тегінен жырлаушының өзіне дейінгі шежіре тізбектеліп, жыр үл гісіне түсірілген. Алайда ата-тегін, олардың тыныс-тіршілі гін, қоғамдағы атқарған рөлін, қадір-қасиеттерін, болмаса ерлік істері мен елі үшін атқарған елеулі еңбектерін көркем бейнелейтін тұстары да кездесіп отырады. Бұл томға «Түрік тайпалары мен қазақ үйсіндер» (Төлтай Меңлібайұлы), «Қазақ шежіресі (қысқаша)» (Әлмағамбет Оспанұлы), «Қазақ шежіресі» (Жақсылық Төлепұлы), «Қазақ шежіресінен өлеңмен жазылған қысқаша мазмұндама» (белгісіз жыршы), «Үш жүздің шежіресі» (Мұқаш Байбатыров), «Өлеңшежіре» (Файзолла қари Сатыпалдин), «Қазақ шежіресі» (Кенен Әзірбаев), «Шежіре» (Шоңбай Жұбанұлы), «Шежіре өлең» (Заһидолла Қауменұлы), «Адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ, руларға дейінгі шежіре» (Бектұрсын Орынбекұлы), 1 Мыңжани Н. Қазақ шежірелері.—Күйтің: Іле халық баспасы, 1990.—6-б.
құрастырушылардан
«Жыр-шежіре» (Азнабай Әбілмәжінов), «Көкжары-Бура» (бел
гісіз жыршы), «Нұржанның шежіресі» (Hұржан Наушабай
ұлы), «Өлең-шежіре» (Досымбет, Бекберді ақындардан), «Қара
керей Мұрын Ақшайықтың өлең шежіресі», «Қабыл Қамзаның
өлең шежіресі», «Кіші жүз шежіресі» (белгісіз жыршы), «Өлең-
шежіре», «Адай шежіресі» (Қартбай Қылышев), «Адайлар
жайында» (Өмірзақ Қалбаев), «Қайролланың туыс шежіресі»
(Қайролла Иманғалиев) атты шығармалар енді.
Томға енгізілген шежірелік жыр-аңыздардың мәтіндерімен
жеке-жеке таныса отырып, жоғарыда айтылғандай, олардың
ауыздан ауызға тараған, болмаса хатқа түскен белгілі бір
аңыздың желісімен жырланғанын айқын аңғаруға болады.
Мәселен, Ш.Жұбанұлы, Қ.Қоржынұлы, белгісіз ақын жырла
ған туындыларда шежіренің негізі ХІХ ғасырдың жетпісінші
жылдары мұсылмандық парызбен Меккеге барған Құнанбай,
Мырқы қажылардың арнайы хатқа түсірген нұсқасы бойынша
жырға айналдырылғаны айтылады («Жаздырып бір шежіре
алып қайтқан, Шайхислам Сейітзада қазіреттен»). Қалған
ақын, жыршылардың көпшілігі алдыңғы буын шежірешілер
ден, ел ақсақалдары мен би-шешендерден естігендерін өлең
сөзге түсіргендігінен хабардар етеді. Бұл ретте Шоңбай ақын:
...Бұл жазған шежіренің әнжамына,
Қайқының Бекжанынан қанып едім.
Кейінгі жастар оқып үйренсін деп,
Оралтып өлең сөзге жазып едім,—
деп жырласа, Н.Наушабайұлы: «Айрылды Ұлы жүз бен Кі
ші жүз боп, Осылай шежіреден қалды сөз боп»; К.Әзірбаев
шежіресін жеткізушілер: «Осындай ел аңызын өлең еткен,
Сексенді алқымдаған Кенен екен»,—дейді.
Сондықтан сан ғасырлар бойы әкеден балаға үлгі-өнеге
ретінде жеткен бұл жанрды фольклорлық мұраның қатарында
қарастырып, зерттеуге толық негіз бар деп білеміз. Алайда
шежірешілердің алдында да күрделі мәселелер аз болмаған.
Біріншіден, олардың кейбіреулері түрлі кітаптарға сүйеніп
шежірелік жыр-аңыздар
қазақ ұлтының түп-тегін Мұхаммед пайғамбардан шығар
са, екіншілері Шыңғыс ханның ұрпақтарынан таратады.
Екіншіден, шежірешілер үш жүзге жататын руларды біркелкі
біле бермейтіндіктен, мейлінше өз руына кең тоқталып отыруға
бейім болады. Сондықтан ру атауларын жеткізуде, олар тура-
лы аңыздарды баяндағанда көп олқылықтар кетіп жатады.
Атап айта кететін бір жайт—томға енген мәтіндерде кейбір
адам есімдері, ру, жер-су атаулары немесе олар туралы беріл
ген мәліметтерде қате кетуі немесе оқиға желісі бұрмалануы
мүмкін. Құрастырушылар тарапынан аталған кемшіліктерге
түзету жасалынбайды. Өйткені, мәтіндер қолжазба негізінде
дайындалады, сондай-ақ «Бабалар сөзі» сериясының жалпы
ұстанымдарына байланысты шежірелер түзетілмей, түпнұсқа
бойынша жіберілді.
Көптомдықтың принциптеріне сай беріліп отырған мәтіндер
ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, өлең жолдары
реттік санмен нөмірленді. Томның ғылыми қосымшалары:
томға енген мәтіндерді жазып алушылар мен жариялаушылар
және басылымдар туралы мәліметтер, томға енген мәтіндер
ге ғылыми түсініктеме, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде
кездесетін тарихи тұлғалар мен діни атаулардың түсініктері,
пайдаланылған әдебиеттер тізімін және томның орыс, ағыл
шын тілдерінде жазылған түйінін құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.
Жазуға түрік нәсілі алдым қолға,
Жәрдем ет, Жаратушы, өзің оңла.
Патшасы патшалардың бір өзіңсің
Сала гөр, қате кетсем, тура жолға.
Барша әлем қолыңызда жанды-жансыз,
Күнбатыс әм күншығыс, оң мен сол да.
Бір зат жоқ әміріңе бағынбайтын
Хан менен ханзадалар, алтын орда.
Жараттың жоқтан жасап барша әлемді,
Адамзат хайуан, малды баққан қолда.
Әр заттың өзіне лайық нәсіп бердің
Мақұлық әм жәндік, тірі жанға.
Шашылған несібесін теріп жеп жүр,
Бірі ойдан, сахарадан, бірі қырда.
Лайық бағзыларын жазалайсың,
Батырып құтылмастай қалың сорға.
Келмейтін сенің күшің ешбір зат жоқ,
Жоқ болар, қаһарлансаң, одан зор да.
Нұхтан басталады тарих басы,
Адам мен алшақ жатыр екі арасы.
Мұрсалдан үш пайғамбар өтсе керек,
Төртінші пайғамбар дүр айналасы.
Нұхтың заманында тасқын болып,
Адамның ғарық болды әм баршасы.
Түрік тайпалары және
қазақ үйсіндері
шежірелік жыр-аңыздар
Белгілі бір жағдайда себеп болып,
Жасаған жаратқанның бәһанасы.
Хам мен Сам және бірі Япыс атты
Болыпты бұл кісінің үш баласы.
Нәсілі Хам мен Самның толығымен
Мен жазған шежіреде бар сарасы.
Бұлардың қай елдер деп нәсілдері,
Біле алмай, боп жүрмесін ел таласы.
Жазылған қарасөзбен шежіренің
Сен соның бетін ашып, бір қарашы.
Япыстан екі тайпа болса керек,
Азия, Тұрания болса расы.
Кезінде Иран, Тұран деп атаған,
Жазылған кейбір елдің тәржімасы.
Алайда ғұламалар сұхбатында
Ашылған Азия, Тұран шекарасы.
Айтылған шежіреде бұлар да бар
Халқымен мекендеген жазирасы.
Қытайлар, жапон, түрік, корей мен
Үнділер, тунғұс, якут құбыласы.
Фин, аннам, ұғры, малай, камшадалы,
Төлеңгіт, бурят, намлус, ескумасы.
Ақыры Ғінібурі он жеті ата—
Осындай тарихшылар көзқарасы.
Әулеті Тұранзаман деп жазады
Иунанның саяхатшы ғұламасы.
Түріктен екі тайпа—скиф, түрік
Солай деп жазған екен ел данасы.
Түріктен татар, моңғол болса керек,
Деп жазған ағайынды бір тумасы.
Туыстық, туысқандық себебінен
Көп заман жақын болды екі арасы.
Жәнасы тарихшылар деп жазады
Түріктің финмен болған араласы.
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Скифтен мешшар тарап шықса керек,
Келеді осылай боп сөз шамасы.
Әулеті испан, финнің самоедтен
Осылай Асан ата тәржімасы.
Бұларды түркі-фин деп атағаны
Бір жайдан болса керек қатынасы.
Айтылған бұл жайлардың растығын
Бекіткен тарихшылар һәм баршасы.
Білгенге осылайша болса керек,
Адамның не білмекші бейшарасы.
Түріктен тарағанның бұл бірісі,
Скиф деп аталады екіншісі.
Массагет, сармат атты екі тайпа
Иунанның деп жазады тарихшысы.
Сарматы Кавказ тауын мекендеген
Деседі жын мен пері жиындысы.
Дейді екен жын мен адам араласқан,
Ұқсаса әм адамзатқа реңі, түсі.
Жартысы адамзаттан деген халық
Жаһанкез саудагермен көрген кісі.
Жын, адам бір тұруы мүмкін емес,
Ғалымдар күмән еткен базбірісі.
Иунанның Нардут атты ғұламасы
Шығыпты саяхатқа боп жұмысы.
Кавказ бен Қара теңізді аралаған,
Бұл жайды келгендіктен тексергісі.
Сол сапар ғалым мұны ашқан екен
Сармат—массагеттің бір тумасы.
Дағыстан һәм Қасулан—екі тайпа
Ел болған деп жазады құрылысы.
Афинде көргендерін баян еткен,
Халқының болған кезде жиылысы.
Ел екен бөтендермен қатысы жоқ,
Жындарға ұқсас әм әр пормысы.
Сыйлапты үш мың алтын падишасы
шежірелік жыр-аңыздар
Ғалымның ұнаған соң бұл жұмысы.
Ақыры Рұм патшасы Маркиянмен
Сарматтың кескілескен бопты ұрысы.
Қиямет, бітпес соғыс салдарынан
Болыпты сарматтардың жеңілісі.
Рұмға мал, адамын айдап кетіп,
Жоқ етті бір тайпа елді келіп қуушы.
Сәнаның төрт жүз сексен жылдарында
Қалмады шежіреде бір белгісі.
Массагет екі ел бопты—Арсу, Сирақ,
Бір ел кеп және бірі жатса қирап.
Үшінші—Алаң атты бір ел бопты,
Бірі өрлеп, бірі және кетсе ылдилап.
Арсудан әсету, нуер, папуа болып,
Бұлар да жауынгер ел болған ширақ.
Тарихи мағлұматқа қарағанда,
Сирақтан шеркес елі дейді, шырақ.
Ұраны—заманында болған екен,
Елі үшін малы түгіл, жанын қимақ.
Қор болып соғыстарда не батырлар
Қан жұтып намысы үшін жанын қинап.
Жазуы Асан ата осылайша,
Ешкімді мақтамадым өзім сыйлап.
Алаңнан алты тайпа шыққан тарап,
Бір қызық, шежіреге тұрсаң қарап.
Кей жері түсініксіз боп шығады,
Бір елді қайталаса неше қабат.
Мешшарды фин әулеті деген едік,
Екінші қайталаймыз мұны ғажап.
Біле алмай не жазуды бұл жайында
Ақыл-ой ортаға алып отыр қамап.
Жазуға бұдан да ары бел байладым,
Болған соң өз әлімді мен шамалап.
Былай деп жазған екен Намлус Алы
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Тарихшы болса керек, нәсілі—араб.
Түркі-финге жататын тайпаларды
Жазғанбыз жоғарыда әм саралап.
Айтылаған мешшар халқы екі елге де,
Бірдей деп ғұламалар берген жауап.
Сондықтан түрік нәсілі деп те айтамыз
Мекендеп туған жерін қалған жанап.
Алаңнан оғыз, хазар, османғазы,
Осылай үш тайпа елді қойсақ санап.
Балғар мен башқұр халқы әм мешшар-ды
Финдерден алған болсақ арашалап.
Айтылған алты тайпа боп шығады,
Бұлар да дүниені бір жаңалап.
Тұқымы османғазы Түркияда
Әр жерде дұшпанына қылған ғазап.
Батырлық, мансабында теңдесі жоқ,
Көп жерде күш көрсеткен бек қабағат.
Тарапты осылайша бұрын халық,
Тыңлаңыз, бұдан да ары құлақ салып.
Бұл сөздер түсінікті болса керек,
Білетін даналарға сөзді аңғарып.
Осы елге Томирис ханым патша бопты,
Бақ қонып, болса да әйел қыдыр дарып.
Ақылды, кемеңгерлік турасында
Тұрарлық болған екен ел таңғалып.
Патшасы парсы елінің Кейқысрау
Осы елді талқандауға соғыс салып.
Әртүрлі өнерменен айла жасап,
Амудың дариясын өткен жарып.
Бұл елге күшін жинап қарсы барды,
Жеткенде жаудың қолы ашып-арып.
Жеңіліп Кейқысрау қолға түскен,
Кеулі алаулаған сияқты жалын.
Өшірді тірікліктің есебінен
Кәлласын қылышпенен кесіп алып.
шежірелік жыр-аңыздар
Бұл бастан бір ибарат жасау үшін
Қан толған бір ыдысқа салды апарып.
«Жасыңнан қанға құмар болып едің,
Іше бер, тойғаныңша, мейірің қанып!».
Осындай дәлелдері болған үшін
Шежіре деп айтамыз негізі анық.
Түрікпенмен және өзбек тайпалары,
Екеуі осылайша кетті аталып.
Құмық пен хайе елі екі тайпа,
Қыпшақты осыларға қосса апарып,
Бес тайпа Оғыз ханнан шықты тарап,
Жазыпты осылай деп ескі тарих.
Не болды бұдан кейін ақыр халі,
Мұны да шежіреден айқындадық.
Ғасырда он екінші хайе елі
Жоқ болды шежіреден шығып қалып.
Бұл елдер «ақаслар» деп атаныпты,
Деген сөз қазаққа әм жақындадық.
Жасаған бұдан соңғы қазақ халқы,
Бірі—өлсе, бірі—туып, көріп жарық.
Тарихта осылай ел туыстары,
Талай ер батырлықпен ту ұстады.
Уақтында жаудан қайтпас ерлер өтті,
Тас кескен сілтегенде қылыштары.
Бітпейтін, таусылмайтын арасында
Әрдайым болып тұрған ұрыстары.
Атадан балаға әм мирас қалып,
Қырқысып жоқ болғанша тыныспады.
Қырылып екі жағы жатса-дағы,
Рақым бір-біріне қылыспады.
Әлсізін күшті жағы жеді талап,
Әзалда бір болса да, туыстары.
Адамы, малы—олжа, құл ғып сатты,
Болса да қандай түрде жыныстары.
Жеңілген мал-мүліктен түгел безіп,
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Тау-тасқа бой тасалап жылыстады.
Тыныстап аз ғана күн ес жинаса,
Бас қосып аға-іні туысқаны.
Қол жинап, бөтен елден көмек алып,
Қайталап жанжалдасу жұмыстары.
Басына қауіп төнсе, кетер тастап
Болмайды шын кеуілмен шығысқаны.
Ол кезде бейбіт дәуір өмір сүрмей
Бірінің-бірі сөзін ұғыспады.
Бір мысал келтірейік дәлел үшін
Бір кезде болған екен бұл іс-тағы.
Әуелі сөз бастайын ескі жайдан
Табылды деп ойлама бұл сөз қайдан.
Мүпсілде осылай деп жазған екен
Тарихшы болса керек «Шын»—Қытайдан.
Бір тайпа Қыпшақ атты ел болыпты
Әулеті Оғыз ханның кішкентайдан.
Дон менен Волга өзені арасында
Саратов сахарасында малын жайған.
Бұларды түрік әулеті—Хорезм шаһ
Қыпшаққа жорық жасап ашқан майдан.
Жеңіліп қыпшақ халқы зор майданда
Біле алмай не істерін болған қайран.
Арасы Хазар, Көк хан төрт ата екен,
Ағайын ажырасқан осындайдан.
Ауыпты молдаван мен бес арабқа
Кезінде соғыс қаупі зор ұлғайған.
Біразы бой тасалап Кавказ кеткен,
Тозыпты жақынынан болмай қайран.
Аттары шежіреден біржола өшті,
Ел еді бір кездері салған сайран.
Құралды босқындардан селжүк түркі
Ел болып екі тайпа Керей, Найман.
Кезінде Уақ хандық құрған екен,
Бұлар да талай жерге салған ойран.
Хандығын Орта Азия талқан етіп,
2-83
шежірелік жыр-аңыздар
Парсы мен шауып алды Иранды әм.
Жаулап ап Герман, Грек және Рұмды
Осылай күштілігін елге жайған.
Кезінде ел болмаған бұдан асқан,
Жыр қалды соңғыларға болып дастан.
Әуелі екі тайпа бір ел еді
Жерінде Орта Азия орналасқан.
Көп жерді күштілікпен алды жаулап,
Жерінен қан ағызып қадам басқан.
Еліне Кіші Азия басып кірді,
Бір қандай қарсылыққа қарамастан.
Жаулап ап Бағдат, Мысыр және Шамды
Байытып Мұқадысқа бір жол ашқан.
Көбейіп қолдың саны өсе берді,
Босқын ел жеңілістен, жолдан қашқан.
Дұшпаннан Байтулланы азат етті,
Жауынан болғаны үшін күштері астам.
«Паходы креставай» деп жазылған,
Орыстың тарихының бетін ашсаң.
Деседі аһл ислам мұсылманша
Жазылған осылай деп әуел бастан.
Көп жерде бағынған ел бас көтерді,
Топ болып, жанжал жасап, жүрсе де аштан.
Арабта Аббас сақи әулетінен
Патша боп Алалетрин бала жастан.
Бір күшті арабтардан әскер құрып,
Селжукпен соғыс жасап қарсыласқан.
Татар мен бір жағынан моңғол шықты,
Қан шыққан, қаһарланса, қара тастан.
Хандығын селжук-түркі талқан етті,
Тоздырып адамдай-ақ жол адасқан
Әр елге бет-бетімен кетті тарап,
Мал-мүлкін тастап қашып, етіп босқын.
Оныншы, он бірінші ғасырларда
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Елдей боп бір-бірінен ажырасқан.
Тарихта бұлардан із қалмады,
Ел еді арыстандай қаһар шашқан.
Болмады нелер сұмдық дүниеде,
Адам мен жаралғалы жер мен аспан.
Сөз болған Уақ, Керей, Қыпшақ, Найман,
Қазаққа қосылады келіп қайдан.
Тараған Орта жүзден деседі жұрт,
Әркімің болса керек бұл жайға қайран.
Көнеден хандық құрған ел болған соң,
Өскен ел болу керек бір талайдан.
Қыпшақ әм тоқсан баулы атануы
Жай бір сөз болмау керек шыққан ойдан.
Құралып тоқсан екі рулы елден,
Көп жерге Қыпшақ атпен салған ойран.
Бұнақ хан, Жұлдыз хандар заманында,
Көп елге күш көрсетіп ашқан майдан.
Ақыры татар-моңғол хандықтары
Қыпшақты бір соғыста қырып жойған.
Жеңіліп бөтен елге кетті тарап,
Ел еді көп жерлерге қанат жайған.
Ғасырдың он бірінші аяғында
Тарихтан біржолата шығып қалған.
Тарихтың бір мың бір жүз сәнасында
Жетісу, Алтай тауы арасында
Бір тайпа Хайе деген ел болыпты,
Сол жердің көшіп-қонып даласында.
Жайларды бұл айтылған дәлелдейді
Шежіре Қашқаридың намасында.
Сүлеймен бұл елдерге хан болыпты,
Көшпенді даласы мен қаласына.
Үндіден Атила хан соғыс ашып,
Бір шетін шауып алған, аясын ба!
шежірелік жыр-аңыздар
Екінші бір жағынан бас салыпты,
Жақыны моңғол-татар баласы да.
Хайе елі екі жақтан қысым көріп,
Қалмаған паналайтын саясы да.
Бере алмай бұған төтеп көше қашқан,
Ем іздеп, қансыраған жарасына.
Жол жүріп, неше уақыт арып-ашып,
Жетіпті Пират суы жағасына.
Ықтылат [қаласында] хан Сүлеймен
Тағдырдың ұшыраған қазасына.
Байтоқтың елі-жұртын өсиетпен
Тапсырған Таһир атты баласына.
Бұлар әм Османлыға барып жетті
Ғасырдың он екінші шамасында.
Бұрынғы Хайе елі жоқ болыпты,
Сол елдің айналыпты баласына.
Бұл ел де шежіреден біржола өшіп,
Хайе елі қалмай кетті қарасы да.
Бұл жақта қалғандары қашып жүріп,
Күн көрген тау мен тастың арасында.
Құралып кейінірек бір ел бопты,
Топталып Алаша хан саясына.
Алаштан Қарақалпақ, Қазақ туған,
Халықтың солай дейді данасы да.
Азырақ сөз етейін Алаш жайын,
Түсінер сөз мәнісін еткен пайым.
Әртүрлі шежіреде мағлұмат бар,
Келеді сәйкесі жоқ боп әрдайым.
Бірінде Хайеден соң Ақас десе,
Бірінде Алаша хан тұрар дайын.
Халықтың айтуында «Аннас» дейді,
Тамызған шешендер әм тілдің майын.
Махмұд Қашқаридың жазғандарын,
Мұны әм осы жерде сөз қылайын.
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Ғасырдың он бірінде Хайе елі бар,
Білмеді деуге болмас ол мұндайын.
Аттары Алаш, Ақас аталмайды,
Тіліменен сөз етеді жарлы-байын.
Дүниеге бұл кездері келмегені,
Жоғарғы мағлұм болды айтқандайын.
Алаштан Әмет, Сәмет екі ұл болған,
Шоқанның байқасаңыз сөз ыңғайын.
Өзбектің жазуынша Қазақ, Созақ,
Әр жерде аты өзгеріп жазған сайын.
Жазайық пактілерді мағынасы зор,
Қазақтың жаза бермей құр айқайын.
Арқада, қалың тоғай бие бауда,
Ел еді малын баққан тартпай қауға.
Жол жүріп, тау, сахара, шөлді кезіп,
Кейбірі көшіп жүріп еткен сауда.
Кейбірі хандық жасап дәуір сүрген,
Баста тәж, алтын шені омырауда.
Кезі еді жаугершілік алыс-жұлыс,
Найза ұстап, не батырлар шапқан жауға.
Ғасырда он екінші босқын елге,
Алаша хан болыпты Ұлытауда.
Оң-солда қазылары, билері бар,
Үлгілі билік айтқан үлкен дауға.
Айтайық және бір сөз Алаш жайлы,
Боларлық түсінікті дені сауға.
Шыдатпас қандай ноқта тақсаң-дағы
Ұрда-жық түзелмейтін басы асауға.
Қаншалық сипап-сылап бақсаң-дағы
Шарт үзер бір-ақ салып омырауға.
Өзені Майлықия арқадағы
Көп өзен сол жақта ағып, тарқалады.
Кең дала, ойын салған тай мен құлын
Көк майса, түрлі өсімдік жайқалады.
шежірелік жыр-аңыздар
Алаштың хандық құрған жер шамасы,
Осы деп кім де болса айта алады.
Ақыры сол жерлерде қаза тауып,
Күмбезі тұрғандағы байқалады.
Қазақтың түп атасы осы кісі,
Демеңіз, неше мәрте қайталады.
Бағзылар Ақас, Аннас десе-дағы,
Бұларға талдау жасап, шаршамалы.
Алаштан екі бала дүниеге кеп,
Бұлар да талай жүкті арқалады.
Айтылмыш Қазақ, Созақ, Әмет, Сәмет
Өскен соң ата жолын қайталады.
Үш жүзге бөлінеді қазақ халқы,
Жері кең—ұшан-теңіз, жатыр жайлы.
Оңтүстік өзбекпен араласып,
Белгісіз кейбір елдің қазақ-сарты.
Қырық жүзбен және мың жүз өзбекте
Тұқымы Төбей бидің туған жалқы.
Бір жағы қырғыз, қытай көршісі бар,
Кетіпті қытайласып жарым-жарты.
Ол елде Албан, Суан, Қызайлар бар,
Белгілі айтпасақ та сөздің арты.
Бір тайпа ел саяқ атпен қырғызда жүр,
Өз ұлты «қазақ» деген шықпай нарқы.
Орта жүз—Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ,
Естуім Уақ, Керей жарым-жарты.
Кіші жүз—Әлімұлы, Байұлдары,
Жетіру өскен халқы мыңың арты.
Әлімнен Қарасақал, Қытай шықты,
Шөмекей, Қаракесек, Төртқара, Алты.
Байұлы—Адай, Жаппас, Байбақтылар,
Масқар мен Беріш, Таздар емес жалқы.
Шеркес пен Тана және Есентемір,
Қызылқұрт, Шыбықтардан өскен халқы.
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Бұлар да Алашамен он екі ру,
Әм және де ұстағаны қазақ салты.
Жетіру: Тама, Табын, Төлеуменен,
Рамазан, Кердері мен Алшын атты.
Жетінші—Жағалбайлы деген ел бар,
Деседі осылайша елдің қарты.
Алшын мен Жағалбайлы турасында,
Десіп жүр, сіңген тайпа боп бұралқы.
Беймағлұм болса-дағы біз тараптан,
Жазылды келген үшін сөздің шарты.
Бір елді екінші жақ кем тұтатын,
Қазақтың бұрыннан бар ескі салты.
Кейбірі ұры, кәззап болғанменен,
Ішінде Атымтайдай бар жомарты.
Кімдер жоқ ел ішінде байқап тұрсаң,
Жасайтын досқа қастық, бар нәмарты.
Білмейтін сөз қадірін надан да бар,
Адаммен бірдей болмас надан парқы.
Жараттың, Пәруарым, барды жоқтан,
Бина етіп адамзаты топырақтан.
Келтірдің дүниеге нелер батыр,
Қашпаған көре тұра ажалды оқтан.
Жазалық Ұлы жүзден тараған-ды,
Тыңлайтын құлақ болса инабаттан.
Әуелі Ұлы жүзден Кейкі туып,
Бек әділ би болыпты асқан топтан.
Төбей би бұл кісіден жалқы туып,
Жауына тартып садақ зымыратқан.
Төбейден Майқы, Қоғам, Қойылдырмен,
Төрт бала Мекірейілмен бір қынаптан.
Бұрынғы өзбектің жазуында,
Осылай ата жөнін ажыратқан.
Мекірейіл, Қойылдырмен қазақта жоқ,
Деседі араласқан тәжік-сартпен.
шежірелік жыр-аңыздар
Қай елге қосылады екі рулы ел
Айырылған бөтен ел боп «қазақ» аттан.
Қоғамның әйелі әм деседі жұрт:
Қаңлы мен Шанышқылы—екі ұл тапқан.
Бағзылар: Шанышқылы, Қаңлы дейді,
Ел сөзі, мен емеспін жала жапқан.
Бақтияр Майқы биден жалқы туып,
Ақылмен жалпы қазақ туын соққан.
Баласы Бақтиярдың Ойсыл, Үйсін,
Бұлар да жүрген жерін ойсыратқан.
Бағзылар аз ғана елдер деп те атайды,
Бұл сөздер ескіліктен келе жатқан.
Ойсылдан Сіргелі атты рулы ел бар,
Ел дейді батыр болған жастық шақтан.
Не батыр болған екен бұл елдерде,
Кәлласын талайлардың домалатқан.
Үйсіннен болған екен екі бала:
Жансақал, Ақсақалмен аты және.
Бағзылар Абақ, Тарақ деп те атайды,
Бұл жайлы беріледі кейін баға.
Жалайыр Жансақалдан бір рулы ел,
Қараша Ақсақалдан жалғыз ғана.
Бәйдібек Байдолла мен Қарашадан,
Бақ, дәулет қабат орнап болған дана.
Болған бір оқиғаны сөз етейік,
Құлақ сал, тыңдаушылар, бермен қара.
Жасаған Байдолланың бір жұмысын,
Отырмын жазайын деп, келсе шама.
Бәйдібек уақыты жетіп қаза тапты,
Ас берді малды қырып, жинап саба.
Домалақ бір баламен жесір қалды,
Жасынан жүрегіне түсіп жара.
Көнбеске болған іске шара бар ма,
Тағдыры осылайша етсе, шара.
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Қайнысы жеңгесіне некеленбек,
Салт солай, қаза тауып кеткенде аға.
Бір бала Байдоллада болған кезі,
Дүниеге Шақшам келіп жалғыз, дара.
Байдолла алмасына көзі жетті,
Қашықтап аралары бара-бара.
Оятты төсегіне түнде барып,
Анамыз бұдан басқа таппай шара.
«Түн қатып неге жүрсің, күң неме» деп,
Кемсітіп, жаман сөзбен еткен таба.
—Сен мені алмасыңа көзім жетті,
Құлақ сал, көзім жетті, ей, бейшара!
Мені алсаң, екі бала көрмекші едің,—
Осылай деген екен Байдоллаға.
Екі есе Жарықшақтан көп болушы ең,
Ақыры, мені мұндай еттің нала.
Жүз үйден көп болмасын тұқымдарың,
Біржола кетпесе де болып ада.
Тарады азғантай боп Шақшам елі,
Қарғысы Домалақтың боп бәһана.
Білсеңдер, осылайша деп айтады,
Жас емес, кәрі құлақ бала-шаға.
Тараған Орта жүзден Керей елі,
Жазылған болған үшін бір керегі.
Қараби, Сибанменен әм Ашамайлы
Керейден дүниеге келген еді.
Абаққа Қараби қызын берген,
Қарасаң, осылайша шежірені.
Жантеке, Жадық және Жастабанмен,
Шеруші, Шұбарайғыр, Итемгені.
Әйтелі, Молқы, Меркіт, Сарыбаспен,
Кеңсадақ, Қарақастар бір кезеңі.
Қызынан Қарабидің өскен елдер,
Деп жазған он екі елдің солай жөні.
Баласы Құдайберді* жазуынша:
∗ Құдайбердиев Шәкәрім
шежірелік жыр-аңыздар
Бұл елдер Қарабидің жиендері.
Бұл елдің жайы қалай болса-дағы
Елдің жоқ деген сөз бар елден кемі.
Ақсақал болмаса, Абақ—Ұлы жүзден,
Болып тұр бұ да Үйсіннің бір бөлегі.
Бұл жақта Қарашаның ұрпағы бар,
Деседі жалқы туған бұл жердегі.
Шығарып өз жанымнан жазғаным жоқ,
Көп сөзді бұрмалаған демес мені.
Бізге де хабар берер деп сенемін,
Бұл жайдың болған күнде өзгергені.
Үлкені Қарашаның Бәйдібек бай,
Байлықты аямастан берген Құдай.
Болыпты үш зайыбы ақылы асқан,
Кездескен бәрі бірдей боп сайма-сай.
Туыпты бәйбішеден тоғыз Сары
Баһадүр, батыр болған бәрі де ыңғай.
Бір кезде Бәйдібектің барлық малын,
Қалдырмай жау алыпты—бір жетім тай.
Уақтында аңнан қайтқан Сарылар әм,
Көреді ауылы малдан болған жұрдай.
Артынан қуып жетіп жау мен малдың,
Ат қойған қалың қолға есін жыймай.
Көп дұшпан жан-жағынан алған қоршап,
Қор болған көздерінің жасын тыймай.
Бәрі де сол соғыста қаза тапқан,
Әркімдер әм солай болмақ жүрмесе жай.
Тарапты жиенінен Сарыүйсіндер,
Бұл елдің деп айтады жайы солай.
Шынында, бір жағдайлы іс болса керек
Қозғалмас жел тұрмаса жусан, қурай.
Екінші Зеріп атты зайыбынан,
Жалмамбет жалқы туған бұ да бір жай.
Ошақты, Шапырашты, Жауатар мен
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Баласы деп айтады Жалмамбет бай.
Туыпты Жауатардан Ойық, Түлік,
Ұраны «Жауатарлап» салып айқай.
Жарықшақ Домалақтан жалқы туған,
Жалғанда ата жолын бұ да қуған.
Үш бала бұл кісіден болса керек,
Дулатпен деп айтады Албан, Суан.
Үшеуі бір себептен араздасып,
Екеуі Қытай асқан, өтіп Шудан.
Көбісі Қытай елін мекендеп жүр,
Ел болып, екі тайпа салып думан.
Бұлар да осылайша алыстады,
Жерінен кіндік кесіп, кірін жуған.
Дулаттан Сиқым, Жаныс, Ботпай, Шымыр,
Қоралас деген ел бар үшінші ұлдан.
Шымырдан Бестерек пен осы екеуі,
Білгендер «сіңбелі ел» деп өсек қылған.
Қалай деп айтса дағы заты адамнан,
Жаралған жын-пері емес, от пен будан.
Жалғанда ешкім тірі қалмақ емес,
Бұлар да кезегінде көзін жұмған.
Келеді біреуі өлсе, бірі туып,
Белгі алып бірі—дана, бірі—сұмнан.
Айтбозым, Сегізсары, Қызылбөрік,
Бұлар да туып келді жарық көріп.
Алжан мен Қоңырбөрік, Құрман, Қыстық,
Албаннан келген екен дүниеге еніп.
Демейміз бел баласы содан туған,
Уақтында ана сүтін бірден еміп.
Кейінгі рулары болса керек,
Анығын білмеген соң біз не дейік.
Алматы айналасын мекендеп жүр,
Ағайын бір-біріне болып серік.
шежірелік жыр-аңыздар
Суанның тұқымынан бейхабармыз,
Қытайды мекендейді өсіп-өніп.
Ілгері солар жақтан бір кездерде,
Жылқы айдап тұқымдары қайтты келіп.
Соларды көрген адам әлі де бар,
Көбісі бұл кездерде кеткен өліп.
Сол сапар келгендердің айтуынша,
Суанның болса керек тұқымы анық.
Қайтадан сөзімізге оралайық,
Қайтеміз білмеген соң айта беріп.
Екеуі Жанту, Жантай Жаныстағы,
Үшінші Жарылғамыс арыстаны.
Жанысы Қапал, Шегір екеуі бар,
Оймауыт, Бөгежілі алыстағы.
Жаныстан жеті бала болған екен,
Жығылған белдескенде алысқаны.
Кісілік мансабына қарағанда,
Талмайтын өрен жүйрік шабыстағы.
Бұл күнде жеті рулы ел болып кетті,
Көп болды қыз беріп, қыз алысқалы.
Шындықпен жазылған соң сөз турасы,
Бұл сөзді бекер демес қалыстағы.
Жайылмыс, Өтеміспен және Бәйіс—
Жантудың үш баласы жарыстағы.
Болып жүр осы күні құдандалы
Себеп сол қыз-бозбала танысқаны.
Бірі алып, бірі тиіп өз еркімен,
Қыз-жігіт бір-бірінен қалыспады.
Жекжат боп, туысқандық белгі қалмай,
Осылай бірден біреу қалыспады.
Жамбай мен Қожамберді—Жайылмыстан,
Деседі шежіремен таныстары.
Қыбырай және бірі болса керек,
Бұлар да ел аузында барыс-тағы.
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Бұлардың бір туғандық дара жасы,
Бұрында білімпаздар анықтады.
Және де бұлар жайлы дәлелдеген,
Ілгергі жазған қазақ тарихтары.
Үш бала үш арыс боп, қыз алысып,
Шығып жүр, солай деген дабыстары.
Деп едік Жайылмыстан Қожамберді,
Үш бала кәмарынан дүниеге енді.
Құдайқұл, Ақберді мен Құдайберді
Үшеуі жер бетіне туып келді.
Бұлардан небір жүйрік болған еді,
Қаратқан ауызына талай елді.
Болыпты Құдайбердіде тоғыз бала,
Жазайын аты-жөнін мұның енді.
Қолжазба Саурықтан деп айтады
Әлібек, Тоқан менен Құдайменді.
Үшеуі бір анадан болса керек,
Бұрынғы айтушылар «солай» дер-ді.
Бақыбек, Ақтайменен бір анадан,
Осылай деп айтады білген жөн-ді.
Түгелбай, Манай менен Шәуке, Тілек
Бұлар да бір анадан төртеу еді.
Бұлардан Тілек атты тұқым қалмай,
Деп жазған айтушылар жасында өлді.
Дүниеден аз күн жасап бұлар да өтті,
Атаның жолын қуып бұ да ежелгі.
Қаншалық өнер, айла жасағанмен
Ақыры бар адамды ажал жеңді.
Бұл сөздер—жинақталған тарих сөзі
Біреудің дей көрмеңіз, тіліне ерді.
Көбісі шежіреші қарттарда бар,
Аңыз боп келе жатқан көптен бергі.
Қаншасы келіп-кетіп жатқанменен,
Ойласақ, кім тойғызған қара жерді.
шежірелік жыр-аңыздар
Дүниеге бала туып, келтірсе ана,
Уайымсыз ешнәрседен болмақ бала.
Өзімен бір нәрсе де ала келмес,
Ақылсыз, надан болмас туа сала.
Кемеңгер, өнері көп ғалым болмас,
Яғни ақылы асқан, болмас дана.
Мансапқа, иә билікке құмарланбас,
Айта алмас боламын деп шаһизада.
Ғайбат та, өтірік те айта білмес,
Біреуге өтіріктен жаппас жала.
Ешкімді өзі біліп мақтамайды,
Яғни жамандамас елден ала.
Айтарлық дос-дұшпаны және болмас
Мұқатып, ешбіреуді етпес таба.
Мұсылман, кәпірменен жұмысы жоқ,
Парызды мойнындағы етпейді ада.
Өзінің ойлағанын айта білмес,
Толғанша бәлиғатқа сөйлер шала.
Өзімен өзі болып жайбарақат,
Біреумен тілдесуге келмей шама.
Ержетіп қайсыбірін тапса керек,
Бір кезде қалыптасып ой мен сана.
Ойласақ, дүниеге кім келмеген,
Мұқтажсыз дүние жиып күйбеңдеген.
Мал үшін жан, иманын бірдей сатып,
Жұмыстан арам, пасық жиренбеген.
Дүниесі мол адамға қошеметпен,
Жалпаңдап, өтірікпен күлмеңдеген.
Бағзылар достан досты ажыратып,
Өсек пен ғайбат айтып сүйреңдеген.
Бәзбірі күшті екенін көрсетіп жүр,
Жыландай айбат жасап, иреңдеген.
Кейбірі туысына қараспай жүр,
Кісідей сыр алысып үйренбеген.
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Бақ тайып, бағзылардың досы келсе,
Жақтырмай қабақ шытып бұл нем деген.
Кей надан білгішсініп шіреніп жүр,
Бола алмас жай ит арлан үргенменен.
Болмайды есек тұлпар жем-шөп беріп,
Құйрығын жылқы мысал түйгенменен.
Қарақұс түлкі, қарсақ ала алмайды,
Биіктен бүркіт мысал шүйгенменен.
Бөктергі баптасаң да, қаз алмайды,
Тырнағын қаршығадай бүргенменен.
Адам мен надан нарқы бірдей болмас,
Екі аяқ, бір кәлламен жүргенменен.
Ләззатын дүниенің білмеген көп,
Жалғанда аз күн дәурен сүргенменен.
Ер, әйел бірін-бірі сыйламай жүр,
Басында көңіл қосып сүйгенменен.
Уәде сөзге қазық лебізбенен,
Бір сөз екі қайта дегізбеген.
Сарқылып су жағасы сай болады,
Телегей [тең] болады теңізбенен.
Бұлар да ақыры бір күн өтсе керек,
Ақ тұйғын алыс жерден жем іздеген.
Ақымақ ақыры бір күн опық жейді,
Бар ойы арық шығып, семіз деген.
Жұт болса, бір-ақ қыста жоқ болады,
Мыңдаған малың болса егіздеген.
Ажалы қаса батыр бір атқан оқ,
Ардагер ана сүтін емізбеген.
Көп көрдік ақыл-ойсыз адамдарды,
Білместік кеселінен ем іздеген.
Қатқан көң қалыбына барса керек,
Болса да майға жүзін негіздеген.
Ақыры тойған бір күн жарылады,
Бақадай ерегіскен өгізбенен.
шежірелік жыр-аңыздар
Айырып досты достан, жарды ғашықтан,
Сұм дүние, кімдерге боқ жегізбеген!?
Осымен шежірені тәмамдадым,
Осыдан басқа түрін таба алмадым.
Біреуде басқа түрі болған күнде,
Маған да деп сұраймын хабарлағын.
Жазғанын Асан ата тәпсір еттім,
Өзімше одан ары бара алмадым.
Тарихы қазақ халқы қолжазбамен,
Білгеннің және қостым хабарларын.
Көнеден келе жатқан мирас қалып,
Айтқанын көпті көрген адамдардың.
Барлығы білгенімнің хатқа түсті,
Тастарсың, тәуірін ап, жаман жағын.
Түсінген білімпаздар деп айта алмас:
Наһақтан кейбір елді жамандадың.
Жақсыны әділдікпен тура жазып,
Дәріптеп, мақтамадым жамандарын.
Түсінер мағынасын деп ойлаймын,
Аударған шын көңілмен назарларын.
Емеспін—өрен жүйрік, бәйге бермес,
Демеймін бұдан да ары шаба аламын.
Жеткенше барлық күшім толық жаздым,
Қолымнан келгенімді аянбадым.
Жазушы, атым—Төлтай Түгелбайдан,
Дулаттан—затым Жаныс тарағанмын.
Айтарсыз аз да болса алғысыңды,
Түсініп, бұл жазғаннан нәр алғаның.
Осымен тоқтатылды аяқталмай,
Қолдағы бәрін жаздым аяп қалмай.
Алты жыл әурелендім іздеуменен,
Ақыры жинақтадым шаршап-талмай.
Көтердім неше түрлі ауырлығын,
Қалған жоқ сақал-шашты бір ақ шалмай.
түрік тайпалары және қазақ үйсіндері
Тоғызы Құдайберді жазылмады,
Адам жоқ бәрін бірдей таратқандай.
Мағлұмат қолдағы бар жетімсіз боп,
Мұны әм іздеудемін қарап қалмай.
Білетін адам болса кәрі құлақ,
Дүниеден сауда жасап бара жатқандай.
Жинақтап осылардан жазбақшымын,
Лахытқа тұрсам, егер, аяқ салмай.
3-83
Ал ұста, Әлмағамбет, қолға қалам, Денсаулық, берсін қуат, Хақ Тағалам! Артыңа аз да болса, бір сөз қалдыр, Бір нұсқа шежіре сөз, келсе шамаң. Жаз жинап, тарихтан көргеніңді, Есітіп, бұл туралы білгеніңді. Кейінгі жас буындар шамаласын, Сенің де не кәсіпте жүргеніңді. Жазып көр, атаң қазақ шежіресін, Сірә, сен бұл туралы не білесің? Бастап бер, білімпаздар өзі өңдер, Несіне ойға қалып, кідіресің?! Хадис—Хақ Расулдың жанған шамы, Түсініп, татқандарға тәтті дәмі. Бұйырды «Әлім Құда әл сәбихум Тиғл әл файс бүгіттамай»*. Мағынасы: қайсы шариқ бұ жамағат, Көңілге жақсы тоқып біл, жамағат. ∗ Әлім Құда әл сәбихум тиғл әл файс бүгіттамай /а/—«жазмыштан озмыш жоқ» деген мағынада Қазақ шежіресі (қысқаша)
қазақ шежіресі
«Нәсіпті бек біліңіз» деген Расул,
Қылармыз, жылап қатым тез, жамағат.
Мұхаммед пайғамбарға болсақ үммет,
Шежіре, тарих тану бізге міндет.
Әмірдің белгілі бес мағынасы бар,
Болса да қай тарауын—білу міндет.
Алсақ, біз рас сөзді асылынан,
Тауарих, түрлі кітап пазылынан.
Адамзат жер жүзіне келіп-кеткен,
Атамыз Адам—ислам нәсілінен.
Нұх нәби—екі адам саналады,
Анық деп, ақыл шариқ шамалады.
Нұхтан—Хам, Шам, Япыс атты,
Барша адам үш ұлынан таралады.
Әприқа, Әміриқа, ол Үндістан,
Сахара, тау-тасында жүрген бустан.
«Негр» деп аталады осы халық,
Болады Хам нәсілі—бір туысқан.
Мысыр илән тұрды бәрі—яһуди, араб,
Дін аман ғираттылар берсем санап.
Әприқа, Әзиада отаны екен,
Нәсілі Самның болар өскен тарап.
Япыстан айрылыпты екі қауым,
Бірі—ақ, бірі мұның сары қауым.
Таралған осы Япыс әулетінен
Мемлекет батыстағы—ірі қауым.
Ағылшын, прансуз, Керманиа,
Орыс, неміс, латын, грек.
шежірелік жыр-аңыздар
Румыния, Әзиа, ауған, иран—мұның бәрі,
Болады ақ қауымнан Ирания.
Қытайлар, аннан, жапон, Манжурия
Және де түрік, татар, Моңғолия.
Тұрмысы, түр-түсіне қарай бұлар,
Атанған сары қауым бұрыннан.
Қазақтың айрылатын жері
Түрігің—біздің қазақ бір баласы,
Аннастан боламыз деп бар таласы.
Араб болмақ бұл ғажап іс,
Секілді жер мен көктің шекарасы.
Атамыз Аннас деудің себебі бар,
Сенімді шын сөз емес тіреуі бар.
Ал келіп дәлелсіз сөз алынбайды,
Әр сөздің айырғандай іреуі бар.
Бағынған ережеге біздің қазақ,
Сүйенер дінің жоқ деп қылған мазақ.
Ел болсаң, шын ислам дініндегі,
Көрсет деп шежіреңді берген азап.
Қинаған «сопы емес шығарсың» деп,
«Мәжуси жолын тұтқан шылғисың» деп.
«Дәлме-дәл тауып берер дәлелің жоқ,
Өтірік діншіл болып отырсың» деп.
Қазекең: «Мұсылманбыз шын біз,—деген,
Қашаннан ұстап келдік дін біз» деген.
Самарқан, Қоқан, Хиуа, Бұқарадан
Жақсылар қазақ тарихын көп іздеген.
қазақ шежіресі
Шежіре күншығыстан табылмаған,
Архив жоқ қайдан тапсын жазылмаған.
Татардан дін қарындас талап еткен,
Халық деп Мұстапаны жағалаған.
Жақсылар тұра алмаған сабыр етіп,
Тауарихқа табылған соң қолы жетіп.
Ел жаққа бір хазірет, ишан бар деп,
Жіберген бір мүптиді уәкіл етіп.
Ол мүрит хазіретке барып жеткен,
Мақсұтты көңілдегі баян еткен.
Хазірет бірнеше жыр жазып берген,
Қазақтың қазылары үміт еткен.
Данышпан, өзі ғалым, ишан ғаріп,
Қызғанған дін қарындас тұрған азып.
«Сұраушы болса, мұны беріңіз» деп,
Аннасқа тіркеп берген ебін тауып.
Ол мүрит шежірені алып қайтқан,
Мұраты мұның ғасыл болып қайтқан.
Үш жүздің баласынан өкіл барып,
Көшірме сол нұсқадан алып қайтқан.
Атамыз Аннас деудің себебі осы,
Дәлелі дініміздің көңіл хошы.
Қатасы болса, ғапу етерсіздер,
Білгенім бұл туралы менің осы.
Болады шын атамыз біздің—түрік,
Негізсіз неге керек құр өтірік.
Ал босқа адасудың жөні бар ма,
Дәлелді рас сөзді көре тұрып.
шежірелік жыр-аңыздар
Тіліміз—түпкі атамыз түрік тілі,
Дініміз—түрік, татар тұтқан діні.
Қозыны жеген қасқыр секілденіп,
Қызыққан басқалар сөздің шыны.
Болмаса кемшілік жоқ дінімізде,
Шалалық болса болар күнімізде.
Көшпелі, сарқырауы салақ елміз,
Мойынға мұны аламыз өзіміз де.
Түрікте Алаша атты хан болыпты,
Бек әділ, салтанатты жан болыпты.
Бозторғай қой үстіне жұмыртқалап,
Халықтың көңілі толып жай болыпты.
Болыпты бір бай адам бұл шағында,
Болмаған мұнан озған ол шағында.
Бақыты, мал мен басы қатар өсіп,
Атанған мәшһүр Алаш сол шағында.
Тұсында болыпты Алаш Алаша хан,
Түріктен туған болар тамаша жан.
Таңбасыз тай, енсіз қой сол шағында
Болыпты деп айтады қаншама жан.
Ескерту: «Алаш Алаш болғанда, Алаша хан болғанда,
таңбасыз тай болғанда, енсіз қой болғанда» деген мақал сол за-
маннан қалса керек.
Алаштан туып-өскен екі бала,
Қата деп айта қоймас ешкім жала.
Қай жерде хат қалдырған қариялар,
Осылай шежіреде жазған жәна.
Түрікпен сегіз арыс Сейілханнан,
Майқы би жалқы туған Жайылханнан.
қазақ шежіресі
«Түбі бір түгел сөздің түп атасы—
Майқы би» деген сөз бар сол заманнан.
Туады Майқы биден Өзбек, Сапиан,
Сапианнан Айырқалпақ етем баян.
Баласы Айырқалпақ—Қазақ, Созақ,
Созақтан Қарақалпақ өрбіген жан.
Қалықтап жаңа жеттім мен Қазаққа,
Басымды байлап алып мол азапқа.
Азабым бойыма құт болар еді-ау,
Қалмасам қата жазып мол ұятқа.
Қатасыз пенде бар ма, Хақтан өзге,
Дауа жоқ нақақ жетпес айтқан сөзге.
Өзіме-өзім нанып өтпеу үшін,
Қайта анық қателерім түссін көзге.
Үш арыс ұл Қазақтан туған бала,
Бұларға берген бақыт Хақ Тағала.
Ақарыс, Жанарыс, Бекарыспен
Үш жүздің атасы деп айтар жәна.
Қаратау ол кездегі отандары,
Болыпты ортақ қоныс маңайлары.
Үшеуі қазақ елін үшке бөліп,
Билепті болып бегі әрі хандары.
Салтанат құрған шығар қатар қонып,
Көшпелі ел, тағы бірі шаһар болып.
«Ақтабан-шұбырынды» деген анық,
Қозғалған қонысынан сапар болып.
Ұлы жүз қараған ел—Ақарысқа,
Орта жүз жанасқан ел—Жанарысқа.
шежірелік жыр-аңыздар
Кіші жүз және-дағы деп аталған,
Бір кезде қараған ел—Бекарысқа.
Тарихи бір оқиға—қазақ өлген,
Жеті жыл тұтасынан аштық келген.
Қырылып осы аштық әсерінен,
Әр жүздің арасынан адам өлген.
Жауласқан және дағы қазақ, қалмақ,
Қалмақты қазақ болған шауып алмақ.
Ала ауыз, алты бақан болғандықтан,
Қазақты қалмақ шауып, салған салмақ.
Қоныстан ауған қазақ кезекпенен,
Сергелдең екі түрлі себеппенен.
Үш жүздің басын қосып бар жақсы ісі,
Қоштасқан көшпек болып зеңбеген.
Үш жүздің би мен бегі—көшбасшылар,
Басына Қаратаудың шыққан бұлар.
Қоштасып жер-суменен жыраулары,
Өлең-жыр үш жүз ауыз айтқан бұлар.
Үш жүздің ортақ өлең баласына,
Қараған Қаратаудың қаласына.
«Қалмақты шауып, шаншып аламыз» деп,
Төгілген сыймай кетіп қаласына.
Бет алған басшылардың бағытымен,
Тау-таудың тартқан бұлар саласына.
«Басынан Қаратаудың көш келеді,
Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді.
Айрылған ағайыннан жаман екен,
Мөлдіреп қара көзден жас келеді».
қазақ шежіресі
Жырдың үш ауызы—осы басы,
Алаштың мәлім барлық баласына.
Тараған талай жерге себебі осы
Дегеннің мен қазақпын арасына.
Өлеңі Қаратаудың бәріңе ортақ,
Қазақтың ханы мен би, қарасына.
Ел ауған еркін қоныс ыңғайымен,
Жерінің және отырған жағдайымен.
Ұлы жүз оңтүстік пен күншығыста,
Орта жүз солтүстікте маңдайымен.
Кіші жүз күнбатысқа қарай көшкен,
Орал мен Бөкейлікке шалғайыменен.
Тер төгіп, қоныстанып қона қалған,
Тап келген таланына оңдайымен.
Сонан соң қазақ басын қоса алмаған,
Қалмаған дос-дұшпаны өш алмаған.
Бас аман қып қазақ кеткен азып,
Дұшпанын тізе қосып тоса алмаған.
Жолында Ноғайлы, Естек және болып,
Жайықтан өтіп ары көше алмаған.
Оралдың екі бетін орыс алып,
Еділге қарыс қадам баса алмаған.
Үш жүздің ойран түскен баласына,
Бір тасып төгілген соң саласына.
Жауласқан жанталасып және дағы
Жел түсіп өзді-өзінің арасына.
Кірерге көр, шығарға тесік таппай,
Жүрсе де қара ауызының аласына.
Қалған соң енді бұлар ел болудан,
Деген сөз ел болалық жем болудан,
шежірелік жыр-аңыздар
Жәнібек, Әбілхайыр заманының
Ресейдің кірген қазақ панасына.
Барақ хан Әбілхайыр ханды өлтірген,
Соғысып неше талай жанды өлтірген.
. . . . . . . . .*
Үстінде қара жолдың қалың хабар,
Жатады барған жұрт тәуап қып.
Басына шыққан дарақ жалғыз жиде,
Қойылхан деп есім берді молдасына.
Қолынан Сырым төренің қаза болған,
Хандарға бұл уақиға сәна болған.
Адасып сонан бері әлі жүрміз,
Ауыздың амал бар ма аласына.
Орыс та сене алмаған сонан кейін,
Ойлаған амал-айла онан кейін.
Аманат әр ауылдан адам алып,
Қамаған Орынбордың қаласына.
Небәрі елу[дей] адам алған,
Архипте аттары тұр, емес жалған.
Ұстаған Орта жүзден Тұрлығұлды
Жәкеңнің жаны ашыр деп ағасына.
Бағынған барлық қазақ мұнан кейін,
Орысқа бодан болып сонан кейін.
Бірнеше көтеріліс болса дағы,
Шықпаған еш нәтиже онан кейін.
Ақымдап ақылменен ала берген
Түркістан, Хиуа, Бұқар шетке дейін.
Сарыарқа, Сырдың бойы, Шыршық суы,
Ар жағы Алтай бетке дейін.
Наурызбай, Кенесары—екі төре,
Келіпті көне қоймай көпке дейін.
∗ Қолжазбада бірнеше өлең шумақтары жоқ.
қазақ шежіресі
Қырғыздың Алатауы түгелдейін
Қырғыз да қалмаған соң ақыры сол.
Тоқтаттым осыменен сөз аяғын,
Болжаусыз болғаннан соң алдағы ағым.
Тұяғы тұқырылған тұлпардай-ақ,
Отырған күйсіз шауып, бұл бір шағым.
Заманда ел билеген хандар өткен,
Толғауы жоқ тоңмойын жандар өткен.
Хат танымас қазынадан халық қанап,
Аң патшасы арыстан түсті бетпен.
Хан атаққа мәз болып жарлық шашқан,
Заң-зәкүн, жол-жораны байқамастан.
Бас салған, басын алған, қанға малған,
Кімде-кім қарсыласса, қайраты асқан.
Жеңген елін, жерін алып жеңілгеннің,
Қонысынан аударып, орнын басқан.
Әлі аздар атының басына ие,
Иен жаққа, елсіз-ессіз ауып қашқан.
Хан болды халық ішінде қадірменді,
Жауласса бір ханменен өзі теңді.
Батыры көп басты алды, бауыздады,
Әйткенменен артынан қауіп төнді.
Серттесе сескендірген бірін-бірі,
Байқалар, бас теңессе, қайсысы ірі.
Екі ердің ерегессе, бірі өлмей ме,
Кете ме кектескеннен көңіл кірі.
Қазақ халқы қажырлы ел әуел бастан,
Қытай, Моңғол елімен көп жауласқан.
Қазақ шежіресі
қазақ шежіресі
Басында Түрік, Татар, Қазақ, Созақ—
Ел екен бірге өскен, араласқан.
Күншығыс лықылдаған елге толды,
Алтайдың алабында көшіп-қонды.
Тел өсіп, мал мен жаны жерге сыймай,
Қоныс үшін таласып, соғыс болды.
Сол соғыста Қытай мен Моңғол жеңді,
Алтайдан аса қуды біздің елді.
Жеңілген ел жетім мен жесір болып,
Бері асып Енесей мен Байқал көлді.
Неше ғасыр өткізді сонда жүріп,
Ержетті ел көбейіп, әскер құрып.
Алтайдан қалың қолмен ары асты
Моңғолды Қытайменен шаппақ болып.
Сол күнде елді жүрген Түрік бастап,
Ор қазып, көрсетпестей жауып тастап.
Жау әскері жабылып қуған кезде,
Сол ордан қорыққансып өте қашпақ.
Көріністі кеп берді жау келгендей,
Жылқы алды жер шаңдатып ес білгендей.
Жіңішке өткел жасады асты берік
Айналасы терең ор жау өлгендей.
Ал жылқыны тар жолмен айдап өтті,
Қуғыншы да бұларға тақау кепті.
Сан жетпес, жер қайысқан қолды көріп,
Елге хабар беруге қайтып кетті.
Барғандар кейінгі елге айтып келді,
«Көрген жойқын көп» деп қорқытты елді.
шежірелік жыр-аңыздар
«Түріктен жер қайысқан қол кепті» деп,
Еліне түгел шауып хабар берді.
Жан қалмай Қытай, Моңғол жауға шапты,
Күңіренген қалың қол жер шаңдатты.
«Жау келсе, орға жығып қырамыз» деп,
Түрік, Татар, Қазақ пен Созақ жатты.
Көп әскер көз қорқатын келді жетіп,
Ту байлап, тұлпар мініп екпіндетіп.
Көзге таған іліне орға түсті,
Келгенін қырып салды жолмен өтіп.
Бас көтерер үлкенін қырып салды,
Жас бала, мал-мүлікті жиып алды.
Адам түгіл мал-мүлік, ит қалдырмай,
Елге әкеліп, үлесіп, олжаланды.
Сол кезде Қытай, Моңғол екі хан бар,
Қол астында өсіп-өнген талай жан бар.
Екі еркек бала қапты екі ханнан
Естіген ертеде өткен тамашалар.
Ержетіп екі бала жасқа толды,
Жас, зерек ұмытпапты келер жолды.
Бір кезде екі бала жоқ боп кетті,
Жер болжаған, кезінде оң мен солды.
Таппады көп іздеді Түрік елі,
Қай жаққа білінбеді кеткендері.
Қашқан қалған өзі елін тауып алып,
Атамекен өз елі барған жері.
Тоқтамай, одан да ары ауып кетті,
Талай заман, ай жүріп, жыл да өтті.
қазақ шежіресі
Алатауды аралап жан бармайтын,
Күн көрінбес бір шатқа барып жетті.
Төрт жүз жыл мекен етті сонда барып,
Нұрынан ай мен күннің көрмей жарық.
Мал мен жан оған сыймай өсіп-өнді,
Кең жерге шықпақ болды жолын тауып.
Қағу-соғу көрместен еркін өсті,
Білмеді атқан таң мен батқан кешті.
Ен жайлап, еркін өсіп көбейген соң,
Мұның аты Еркінахун болсын десті.
Ел көшіп, шығатұғын жолын тапты,
Таласын тастап шықты қиын шақты.
Сол жолмен кең дүниеге шыға келіп,
Аспаннан күнді көріп талып қапты.
Мас болып күн нұрына екі ай жатты,
Ай, жұлдыз көк жүзінде таңырқатты.
Сол екі айды мейрам қып күні бүгін,
«Кеген-Шаған» деді де, қойды атты.
Кең жерді кесе басып жүре берді,
Өзеннен тауып өтіп, өткелдерді.
Жер шұрайын жобалап, жете жүріп,
Алтайға ауған елдің алды келді.
Олар келді, мұндағы ел оны көрді,
Замана тоғыз сәна себептері.
Түрік, Татар бере ме Алтайды оңай,
Неше ғасыр мекендеп жүрген жерді.
Қызғаншақ екі елге кірді тағы,
Кімде-кімнің сенгені күш баяғы.
шежірелік жыр-аңыздар
Ары кет, бері келме деушілікпен,
Тағы да соғыс болды сөз аяғы.
Соғысып Қытай, Моңғол қайта жеңді,
Айдады Алтай таудан біздің елді.
Түрік, Татар, Қазақ пен Созақ елі,
Батысқа күншығыстан ауып еді.
Сарыарқа иен жерге ауып келді,
Мекенінен кетірді соншама елді.
Бас қосып, ақылдасып ел ауғанда
«Балқан тауға барамыз» десіп еді.
Ауған ел күнбатысқа бармақ болды,
Жүре көріп, таппақ боп барар жолды.
Мен осында қалам деп Созақ елі,
Қимай қалды Сарыарқа салқын белді.
Түрік, Татар, Қазаққа ермей қалды,
Сайлап алды ішінен Ойрат ханды.
«Мен мұнда қалмақпын» деген сөзден,
Қалмақ деген атақты содан алды.
Бірге өніп, бір анадан жаралғанмен,
Арғы тегі Тұраннан таралғанмен.
Өмір—тартыс, айырып бірден-бірін
Басында туысқан жұп саналғанмен.
Жер де иесіз, ел де шағын сол заманда,
Қай жақта жақсы бар бұл жалғанда.
Қара теңізді айнала мекендеді,
Аралықтан шаһар көрді барлағанда.
Аралас қылды барып қатым-қатыс,
Бет алып Қапқаз өтіп қалай барыс.
қазақ шежіресі
Ел-жері таныс боп көшін танып,
Көп ұзамай салысты атан жарыс.
Әскермен қаласына бармақ болды,
Ішіне кіріп соғыс салмақ болды.
«Бір патшалық бұл жерге құралық» деп,
Иунанның шәрін тартып алмақ болды.
Осы шаһар Стамбол—Зарқұм салған,
Зарқұмды жеңіп, Әлі тартып алған.
Жеті қабат соғысып, жеті ел алып,
Жеті жүз жыл жеті жұрт патша болған.
Келе кіріп Стамболға соғыс салды,
Елін қырып, патшаның басын алды.
Қалған Иунан қашып кетті ағылшынға,
Патшалық құрып, Түрік орнап қалды.
Осы сөз—түрік жазған тарих сөзі,
Білген жанға таса емес, жердің жүзі.
Түріктің Стамболды меңгергені
Ғасырдың он екінші орта кезі.
Қазақ келіп Қырымнан қала салды,
Жайылымға тастады қостан малды.
«Шәрлі болған—малды болмайды» деп,
Кең жер іздеп, таппақ боп аралады.
Аттанып әскерменен Балқан барды,
Салынған аралады қалаларды.
Отырықшы қалада ел иен қалған,
Кең дала малға жайлы таба алмады.
Батырлар жер таппады, қайтып келді,
Елсіз иен жоқтығын айтып келді.
4-83
шежірелік жыр-аңыздар
Орманбетті хан сайлап Ноғай қалды,
Қайтадан кейін қазақ ауып берді.
Көшпелі ел Қапқаз өрлеп шығыс тартып,
Сол Қапқаздың бойында көп жыл жатты.
Олай-бұлай ел ұйтқып толқығанда,
Бөлініп әрбір тасы сонда қапты.
Ауған, Орыс, Қытайда бар қазақтар,
Қалған қалып Түрік пен Татарлар да.
Арабтың да ішінде қазақтар бар,
Мекке барған жолыққан сапарларда.
Орғып жүріп олай барып, былай барып,
Отырықшы бола алмай қала салып.
Көшіп кетіп бытырап, көбейе алмай,
Көшкен сайын жұртында жұрын қалып.
Қайбар патша Мұхаммедпен соғыс салған,
Рұмның тарихында жазылып қалған.
Қырық мың әскерменен тұрды өріп,
Мезгілі екен сол кезде қажып қалған.
Екі жұрт жеңісе алмай жатқан кезде,
Үстіне тоқсан Қазақ батыр барған.
Батыр деп, ер деп те осыларды айт,
Тарихта жоғалмастай аты қалған.
Алдынан араб шапқан бізге кел деп,
Ер болсаң, әскері азға көмек бер деп.
«Азға көмек» дегені жөн екен деп,
Тоқсан ер жауға шапты кеуде кернеп.
Қайбардың әскеріне қарсы барды,
Тоқсан батыр мың санға ойран салды.
қазақ шежіресі
Бетке келгенді беттетпей, талқан қылып,
Туын жығып, шаһарын шауып алды.
Көп олжаны алды да жүріп кетті,
Жол тартты елге қарай түзеп бетті.
Жанына алып Мұхаммед тоқсан ерді:
«Мыналар өзі-өзі бек екен» депті,
Өзбек деген ат содан қапты.
Үйіп қойып көп олжа үлесіпті,
Үлгі боп сөйленетін ірі сөз көп.
Қалмаған мақал болып арғыдан кеп,
Мына сөз бекер босқа айтылмайды:
«Өзбек—өз ағам, сарт—садағам» деп.
Шолғыншы сол жолында Балқан барған,
Сөз тозбайды, озса да миллион заман.
«Барар жерің Балқан тау
О да біздің көрген тау» деп,
Қазаққа осы мақал содан қалған.
Тоқсан ердің біреуі білгір шешен,
Мұхаммедпен сөйлескен сол ер екен.
Мені «өзі бек» атады Мұхаммед деп,
Бектік атты ол да тәуір көрген екен.
Бұл атты бұлар да тәуір көрді,
Есіртпей ме мақтау сөз аңғал ерді.
Бұл атқа басқалары таласпады,
Өзбек деген атты соған берді.
Ол өсіп, өз алдына бір топ ел боп,
Өзбек елі атанып жүре берді.
Бір білгір Өзбектен тағы шығып,
Басшылықты көп берген елге ерген.
шежірелік жыр-аңыздар
Қайтадан Арқа аууға сөз байлады,
Айтысқан соң сертінен бір таймады.
Оқыған, сөзге шешен адам екен,
Әлгі Өзбекті ішінен хан сайлады.
Жақсы жайды таба алмай батыс жақтан,
Тұрақсыз өмір ұқсас судай аққан.
Малға жайлы батыстан жер таба алмай,
Айналып Сарыарқаны қайта тапқан.
Не дәуір жүрді Қазақ Жайық жайлап,
Жауласқан тоғыз жұртпен қару сайлап.
Солардың біріне де бағынған жоқ
Арланып аса соғып, қаны қайнап.
Қазақтың тұңғыш ханы Өзбек хан,
Оқыған, білімі бар, саналы жан.
Атақты осы Өзбек ел бастаған,
Он екінші ғасырда хан сайланған.
Түрік ханның баласы Алаш атты,
Оқыған, терең ойлы, мағлұматты.
Өзбек хан өлгеннен соң сол хан болды,
Алаша деп алыпты «Алаш» атты.
Арқаға Алаш екен алғаш келген,
Әлемге Алаш аты белгіленген.
Қазақтың мақалы бар сондықтан да,
«Алаш, Алаш, керегем—ағаш» деген.
Орнаған Қазақ елі Кеңгірге кеп,
Алаш, Жошы, Домбауыл—үш хан өлген.
Қуа санап келгенде тарих жолын,
Тоқтамыс, Едігелер одан бермен.
қазақ шежіресі
Үш ханға да қызыл тастан күмбез соқты,
Одан бері жетінші ғасыр өтті.
Ел көбейіп, мал сыймай ен далаға
Малекең туғызбай ма ол да жақты.
Арқаны аңсап келген Қазақ елі,
Басында баяндалды барған жері.
Қырымнан—қыр, Жайықтан—жай таба алмай,
Қайта келіп, Сарыарқаны мекендеді Қазақ елі.
Өскен жер ұлы жері, малы, төлі,
Салқын бел, самал желі, шалқар көлі.
Көк қасқа бетегесі, мың жусаны,
Алтайда ат семірткен көксегені.
Отырықшы қалалы ел боп қалған,
Кең дала малға жайлы таба алмады.
Батырлар жер таба алмай қайтып келді,
Елсіз иен жоқтығын айтып келді.
Орманбетті хан сайлап татар қалды,
Қайтадан кейін қазақ ауып берді.
Көшкен ел Қапқаз өрлеп, шығыс тартты,
Сол Қапқаздың бойында көп жыл жатты.
Аладай ел ұйтқып толқығанда,
Бөлініп әрбір табы сонда қапты.
Ауған, Үнді, Қытайда бар қазақтар
Қалған сіңіп түрік пен татарда да.
Ал ұста, ойды тербеп, қолға қалам,
Жалқау боп, жүре бермей, болма сараң.
Артыңа аз да болса бір сөз қалдыр,
Бар болса, баста пікір, ойда санаң.
Жаз жинап тарихтардан көргеніңді,
Естіген қариялардан білгеніңді.
Әртүрлі шежіренің нұсқасынан
Жинақтап азды-көпті тергеніңді.
Жазып көр, атаң қазақ шежіресін,
Сен сұра, ол туралы не білесің.
Бастап бер, білімпаздар өзі шешер,
Несіне ойға қалып, кідіресің.
Түріктің біздің қазақ бір баласы,
Әнестен боламыз деп бар таласы.
Қазаққа араб болмақ ол ғажап іс
Секілді жер мен көктің шекарасы.
Атамыз Әнес деудің себебі бар,
Сенімді шын сөз емес тіреуі бар.
Дей келіп дәлелсіз сөз алынбайды,
Әр сөздің айырғандай іреуі бар.
Қазақ шежіресінен өлеңмен
жазылған қысқаша мазмұндама
қазақ шежіресінен өлеңмен жазылған.....
Бағынған Ресейге біздің қазақ,
Мүсәніптер діні жоқ деп қылған мазақ.
Ел болсаң, шын мұсылман дініндегі
Көрсет деп шежіреңді берген азап.
Қазақтар «мұсылманбыз шын—біз» деген,
Қашаннан ұстап келдік осы жолмен.
Самарқан, Қоқан, Тәшкен, Бұхарадан
Жақсылар қазақ тарихын көп іздеген.
Шежіре күншығыстан табылмаған,
Архип жоқ қайдан тапсын жазылмаған.
Арабтан дін қарындас талап еткен,
Халық едік ислам жолы жабылмаған.
Жақсылар төзе алмас сабыр етіп,
Шежіре таппаған соң қолы жетіп.
Арабтың сұлтанына арыз жолдап,
Жіберген екі қожа уәкіл етіп.
Құнанбай—Тобықты, Арғын Орта жүзден,
Және де Жаппас Мырқы—Кіші жүзден.
Жаздырып бір шежіре алып қайтқан,
Шайхислам Сейітзада қазіреттен.
Құнанбай Мырқыменен—екі қажы
Байлықпен бұл екеуі болған қазы.
Салдырған Құдай үшін бір тахия
Жаздырып жорналына мүфти қазы.
Екеуі Мәдинеге барып жеткен,
Мақсатын көңілдегі баян еткен.
Шайхислам бір шежіре жазып беріп,
Қазақтың қариялары үміт еткен.
шежірелік жыр-аңыздар
Данышпан өзі ғалым, имам ғаріп,
Қызғанған дін қарындас тұрған барып.
«Сұраушы болса, мұны беріңдер» деп,
Әнеске тіркеп берген алып барып.
Ол Әнес—пайғамбардың сахабасы,
Арабтан шыққан өсіп мал мен басы.
Арасы екеуінің қайда жатыр,
Түріктің болса қазақ шын баласы.
Қажылар шежірені алып қайтқан,
Бұл жолы мұрат хасыл болып қайтқан.
Үш жүздің сол кездегі жақсылары
Көшірме сол нұсқадан алып қайтқан.
Атамыз Әнес деудің себебі сол,
Дәлелі дініміздің көңіл хошы.
Тұтынып өтірікті айтпау үшін,
Айт анық қате жері түссін көзге.
Болады шын атамыз біздің түрік,
Негізсіз неге керек құр өтірік.
Жөнсіз босқа адасудың жолы бар ма,
Дәлелді рас сөзді көре тұрып.
Тіліміз—түпкі атамыз түрік тілі,
Дініміз—түрік-татар тұтқан діні.
Қазыны жеген қасқыр секілденіп,
Қызыққан мүсәніптер сөздің шыны.
Болмаса кемшілік жоқ дінімізде,
Шалалық болса болар күнімізде.
Көшпелі сахарада салақ елміз,
Мойынға мұны аламыз өзіміз де.
қазақ шежіресінен өлеңмен жазылған.....
Түрік те Алаша атты хан болыпты,
Бек салтанатты, ғаділ жан болыпты.
Бозторғай қой үстінде жұмыртқалап,
Халқының көңілі толып жай болыпты.
Болыпты бір бай адам бұл шағында,
Болмаған онан озған сол уағында.
Бақыты мал мен басы қатар өсіп,
Атанған мәшһүр Алаш сол шағында.
Тұсында болған Алаш Алаша хан,
Түріктен туған болар тамаша жан.
«Таңбасыз тай, енсіз қой» сол шағында,
Болыпты деп айтады қаншама жан.
Алаштан туып-өскен екі бала,
Қате деп айта қоймас ешкім жала.
Қай кезде сөз қалдырған қариялар
Осылай шежіреге жазған жәна.
Ат қойған үлкеніне Сейілхан деп,
Атаған екіншісін Жайылхан деп.
Баласын алты Алаштың айрылмастан
Білеміз екеуінен өскен жан деп.
Түрікпен сегіз арыс Сейілханнан,
Майқы би жеке туды Жайылханнан.
«Түбі бір түгел сөздің түп атасы—
Майқы би» деген сөз бар сол заманнан.
Туады Майқы биден Өзбек, Сабиан,
Сабианнан Айырқалпақ, Аққалпақ етсем баян.
Баласы Айырқалпақ Қазақ, Созақ,
Созақтан Қарақалпақ өрбіген жан.
шежірелік жыр-аңыздар
Туады Аққалпақтан және Қырғыз
Қырғызды Сабианнан деп біліңіз.
Тілінде аз кемшілік болғандықтан
Атанған ақ қалпақты сақау Қырғыз.
Қармалап жаңа жеттім мен Қазаққа,
Басымды байлап алып бұл азапқа.
Азабым бойыма құт болар еді,
Қалмасам қате болып зор ұятқа.
Қатесіз пенде бар ма Хақтан өзге,
Дауа жоқ нақақ жетпей айтқан сөзге.
Тұтынып өтірікті айтпау үшін
Қайтадан анықталып түссін көзге.
Үш арыс ол Қазақтан туған бала,
Оларда шын туыстық болған сана.
Ақарыс, Жанарыспен әм Бекарыс
Үш жүздің аталары болар жәна.
Сан емес бұл жүздеген жүз деген сөзі,
Дарияның арғы жағы бергі жүзі.
Негізін жүз сан деп іздеген сөз
Дейтіндей бетін қоныс мезеген сөз.
Түркістан ол кездегі отандары,
Болыпты ата қоныс мекендері.
Үшеуі қазақ елін үшке бөліп,
Болыпты бегі, сұлтан әм хандары.
Салтанат құрған болар қатар қонып,
Көшпелі бір қатары шаһар болып.
«Ақтабан-шұбырынды» дегені анық
Қозғалған қонысынан сапар шегіп.
қазақ шежіресінен өлеңмен жазылған.....
Ұлы жүз қараған ел Ақарысқа,
Орта жүз қараған ел Жанарысқа.
Кіші жүз және дағы деп айтылған
Бір кезде қараған ел Бекарысқа.
Тарихта қазақ халқы азап көрген,
Жеті жыл тұтасынан аштық келген.
Азықсыз осы аштықтың салдарынан
Әр жүздің ортасынан адам өлген.
Жауласқан және дағы қазақ, қалмақ,
Қалмақты болған қазақ шауып алмақ.
Алалық алтыбақан арқасында
Қазақты қалмақ шауып болған салмақ.
Қонысынан ауған қазақ кезекпенен,
Сергелдең екі түрлі себеппенен.
Үш жүздің басын қосып жақсылары
Қоштасып көшпек болып ретпенен.
Үш жүздің хан мен биі, көшбасшылар,
Басына Қаратаудың шыққан олар.
Қоштасып жер-суымен жыраулары
Өлең-жыр жүз ауыз айтқан болар.
Үш жүздің ортақ өлең баласына,
Қараған Қаратаудың қаласына.
Ол жырдың басы болған айтуына
Қазақтың мәлім барлық баласына.
«Басынан Қаратаудың көш келеді,
Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді.
Айрылған қарындастан жаман екен
Мөлдіреп қара көзден жас келеді».
шежірелік жыр-аңыздар
Таралған Қаратаудың даласына,
Дегеннің мен қазақтың баласына.
Өлеңі Қаратаудың жалпы ортақ
Қазақтың хан мен билер арасына.
«Матаусыз сөз байлаусыз» дегенді ойлап,
Бұл сөзді кірістірдім жақсы жайлап.
Мүмкіндік отыруға болмаған соң
Кірістіруге ойланып сөзді сайлап.
Ел ауған еркін қоныс ыңғайымен,
Жерінің және отырған жағдайымен.
Ұлы жүз оңтүстікке қарай көшкен,
Орта жүз солтүстікке маңайымен.
Кіші жүз күнбатысқа қарай көшкен,
Орал мен Бөкейліктің шалғайымен.
Ел болып қоныстанып қона қалған,
Тап болып келген таланына маңдайымен.
Мұнан соң қазақ басын қоса алмаған,
Қалмаған дос-дұшпаны өш алмаған.
Бас амандап қазақ кеткен азып,
Дұшпанын тізе қосып тоса алмаған.
Үш жүздің ойран түсіп баласына
Бір тасып төгілген соң шарасына.
Жауласып және дағы жанталасып,
Жел түсіп өзді-өзінің арасына.
Қалған соң енді бұлар ел болудан,
Деген сөз ел болайық жем болудан.
Әбілқайыр, Абылай хандар заманында
Ресейдің кірген қазақ панасына.
қазақ шежіресінен өлеңмен жазылған.....
Бір мың жеті жүз отыз бірінші жыл,
Бағынды Руссияға дәл осы жыл.
Ел қылған бізді басып орыс халқы
Қазақтың кәрі-жасы осыны біл.
Кіші жүз Әбілқайыр хан бастаған,
Орта жүзді Абылай хан әм бастаған.
Ант беріп бұл екеуіне бағынған соң
Паналап дәуір сүрген екі жүз жыл.
Ленен мен Сталиннің дәуірінде
Теңдіктің пайдаландық бәрінен де.
Атанып Қазақстан, қатарға еніп,
Деп тұрмыз жасаймыз деп мәңгісіне.
Қолға алып домбырамды аттанайын,
Көңілде не бар екен ақтарайын.
Жібекке меруертті қолмен тізіп,
Нақыштап сөз өрнегін тақталайын.
Халықтың қарауына берілейін,
Асқақтап артық айтып аттамайын.
Ел тыңдап, еңбегімді бағаласын,
Несіне күні бұрын мақтанайын.
Қағазға қалдырайын білгенімді,
Өнерлі ер жігіттен ауытқымайын.
Бір кезде біреу оқыр, біреу тоқыр,
Қалтама босқа бүктеп сақтамайын.
Ой өрбіп, ұшқыр қиял кетті шалқып,
Ми тербеп, құлақ тыңдап, бой да балқып.
Көз қуанып, қолға алды қағаз, қалам,
Білгенін аяр емес тіл де тартып.
Айдынды мекендеген ала үйректей,
Көңілім кейде шомып, кейде артып.
Жазуға мойындамай жүруші едім,
Көрейін көкіректің көзін аршып.
Басымнан көп өмірлер кетті өтіп,
Аз өнер білген өлең қолда барсың,
Үш жүздің шежіресі
үш жүздің шежіресі
Қартаймайтын өмірді көргенім жоқ,
Атыңнан түс дер бір күн жыға шаншып.
Тұра ма ер жігітке кәрілік келмей,
Қалмайды жаратылысқа ешкім көнбей.
Ілгері адам бәрі де арман қылды,
Уа, шіркін, қайда барар бізге келмей.
Елуге келгеніңше еліресің,
Өзім де баламын деп көңіл бөлмей.
Алпысқа әркім келіп арандады,
Адамзат кеткен емес мұны көрмей.
Жетпіс, сексен, алдыңда тоқсан да тұр,
Мазаңды алар мең-зең қып, тербей-тербей.
Жүзге шейін көрерсің талай қызық,
Жарығың алдыңдағы тұрса сөнбей.
Балалық он бес жасар қызық-тағы,
Жігіттің екі талай ұмытпағы.
Қызыл жел жиырма бес соғып өттің,
Гауһардай жалтыраған тұнықтағы.
Отыз бес оң мен солға қол создырдың,
Батырдай дулығалы жорықтағы.
Сақталған қынабында ақ алмастай,
Тең басқан үзеңгіні қырықтағы.
Ер толар елуінде кемеліне
Халыққа әділ, үкім ұлық тағы.
Арысқа алпыс жаста түскенменен,
Бүркеген күннің көзін бұлт тағы.
Жетпісте жер таянып орныңнан
Көзіңе қос көрінер жуықтағы.
Сексенде сегіз мүше жігі босап,
Торғайдай үрпиесің суықтағы.
Тоқсанда барлық денең тобықтай боп,
Құлындай шұрқырайсың құдықтағы.
шежірелік жыр-аңыздар
Жеткенше сонау жүзге кім бар, кім жоқ,
Діңкеңді өстіп дүние құрытпағы.
Жігітке қисық қылық мінменен тең,
Жараспас жас бойына сынменен тең.
Күлдіргіш ойын құс та тәуір жігіт
Көңілдің бақшасында гүлменен тең.
Қолы сараң надан бар, көңілі қарау,
Қараңғы ақ жүрегі түнменен тең.
Сасқан жерде ойланып тапқан ақыл,
Заты жалған болса да, шынменен тең.
Әзіліңе жарасқан жақсы жолдас
Тараған кіндігіңнен ұлменен тең.
Жақсы атадан жарымес бала туса,
Қайғылы, қасіретті сұмменен тең.
Қалжың, ойын, сықақты көтерген ер
Терісі жуан елі пілменен тең.
Біреуден пайдаланған ақыл-ғылым,
Жаңбырмен араласқан нұрменен тең.
Бозбала, құлағың сал, біздің сөзге,
Тыңдасаң, аз мәселе айтам сізге.
Тіршілік ғұмырыңызға душар болдым,
Майдан ғып базар құрған кезіңізге.
Әрқайсың, сөзім тисе, шамданарсыз,
Мінезін тау[ып] айтса, таң қаларсыз.
Он бес пен он алтыға келген шақта,
Баршаңыз жігіттікке сайланарсыз.
Біреуің біреуіңнен үлкен болсаң,
Мен де сондай болсам деп ойланарсыз.
Көңіліңде таудай талап болса-дағы
Ақыл, білім болмаса не қыларсыз.
Жігіттің дәл жиырма жасы дейміз,
Ақылға, ойға зерек басы дейміз.
үш жүздің шежіресі
Мінез, білім, сабырлық, ұят, әдеп,
Табылса бір жігіттен осы дейміз.
Ғақылың бойыңменен өссін бірдей,
Ажарың жылы, жұмсақ тисін гүлдей.
Жауабын тістеп, шығып тартқаныңда,
Жақыннан біреу білсін, басқа білмей.
Жүзіңді төмен үйрет жоғары аспа,
Ер жігіт, жамандықтың жолын баспа.
Мінезің күнде көрсе көрмегендей,
Табылсын әмма құмар құрбыласқа.
Есіктен кіріп келсең, әдеппен тұр,
Өз орның табылғанша төрге аспа.
Бойыңа мін тағылар, абзал құрбым,
Жаманмен құрбы ғой деп ақылдаспа.
Киім ки, сипаттанып бойға шақтап,
Білім ұқ, ақылменен ойға шаптап.
Көзіңе көрінгенмен еріп кетсең,
Ойлаусыз жоғаларсыз қалбалақтап.
Елірме елпелектеп, есіңмен бол,
Басыңды бұлдандырса, біреу мақтап.
Өзімді мынау асып жеңді деме,
Бір ақымақ көп ішінде тұрса боқтап.
Халыққа басың бұлды, сыйлы болсаң,
Кегіңді жұрт әперер ісіңді ақтап.
Ағайын, аймағыңмен әрбір іске,
Отырсын тез көрмесе орның жоқтап.
Арымақ семіз—сұқтан, ұры—ардан,
Жаманның ләззатсыз сөзі дардан.
Ежелден ел аузында аталы сөз:
«Болғанда іні—тастан, аға—бордан».
Тең басып үзеңгісін, ту ұстаса,
Саналы сабаз осы елге қорған.
5-83
шежірелік жыр-аңыздар
Ел бола емешегі елбіреген,
Ел безер тәкапарлы көңлі зордан.
Халық үшін қасқайса атқан оққа,
Жау алар ел батыры садақ жонған.
Сырты берік, іші кең—адал досың
Дұшпанға шалдырмайды сырттан шолған.
Ақылдасқан азбайды ауыз бірлік,
Құт орнаған кең есік болса ордан.
Ел—қазына, кеңпейіл кетпес дәулет
Сабасын сапыртады балға толған.
Деуші еді: «ел өсірген ер дарахат»
Сайрауға саясына бұлбұл қонған.
Айтпай біліп, ауыртпай тілсе, досың
Онымен өткен өмір емес арман.
Жаманның көңілі аспанда, басы жерде,
Өзінен басқа жан жоқ барлық елде.
Асқақ көңіл сыйымсыз, артық мінез,
Осындай болады екен қайбір пенде.
Сөдегей сопа басы, өнер, ой жоқ,
Саңлаусыз өрекпиді кейбір кеуде.
Өмірдің өрісіне ілесе алмас,
Сыйласқан бір адам жоқ құрбы-теңде.
Ойда тұрып созады кеңірдегін,
Бір құрбысы қуанып тұрса белде.
Сөреде тұлпар озып тұлданғанда,
Шобыр шауып, қиналар биік өрге.
Үйрек ұшып, қаз қонса сахараға
Шырылдап шақырады бақа көлде.
Көк шалған көкірегі жамандарға,
Айтқан ақыл кетеді ұшып желге.
Білгенге ақыл, білмеске кетті зая,
Ішінде бар шығармыз сіз де, мен де.
үш жүздің шежіресі
Болғанда ауру—албырт, жоқ—далбаса,
Ауру қор қылады ем қонбаса.
Ер жігіт ешнәрсеге мұқтаж болмас,
Сегіз мүше біреуі кем болмаса.
Түзі—бай, үйі—кедей кей жігіттің
Сүйіп алған қосағы тең болмаса.
Тұғырда қыран түлеп тоят алмас,
Сақтаулы саясында жем болмаса.
Белсеніп белге семсер байлағанмен,
Ерге сауыт жараспас жең болмаса.
Жалғыз жігіт халыққа қазы болмас,
Ердің аты шыға ма ел болмаса.
Алатау бойын көкке безегенмен,
Баурайы жараса ма бел болмаса.
Арнадан түзу аққан мән шыға ма,
Толқыған айналасы көл болмаса.
Халыққа ақ орданың қайыры не,
Кірер есік, тоқтайтын төр болмаса.
Ту желбіреп, тұлдаған тұлпар мініп,
Ішінде ел қорғайтын ер болмаса.
Туған ел тұлғасына көңілім шат,
Берейін біраз сөйлеп ең болмаса.
Ал енді құлағың сал, ел-жұртым,
Зор байлық, құт орнаған іші-сыртың.
Халықты шағалалы көлдей қылып,
Ешкімнің сұрамаймын ру, ұлтын.
Ерікті қатардағы елім, міне,
Өмірі шат, ұстаған бақыт кілтін.
Колхоз, совхоз, қаламда айырма жоқ,
Сайрандап аралаймын біртін-біртін.
Балды бармақ бәйбіше, қарт, қария,
Жарасқан қыз-бозбала қызыл қыршын.
Достасып, құшақтасып, қол ұстасып,
шежірелік жыр-аңыздар
Түрлі елдің баласымен бірге жүрсін.
Қайырлы халқың үшін еңбек істе,
Абырой, атағыңды әлем білсін.
Қолға алып домбырасын Жамбыл, Абай,
Жыр жырлап, қандырыпты құлақ құрышын.
Үш жүздің тірлікпенен дәмін таттым,
Аралап қызығына әбден баттым.
Ел дәулеті еріксіз еркелетті,
Алдында ел бастаған азаматтың.
Жыр жырлап, әнге салып ел ішінде
Алғысын алып едім жақын-жаттың.
Үш жүздің салаларын бір шолайын
Жазылған шежіресін іздеп таптым.
Жазылған ақ қағаздың парасынан
Көрінер қате болса арасынан.
Орта Азия елімнің мекені бар,
Тауы көп Жетісудің даласынан.
Тауы—жеміс, ойы—егіс, қыры—киік,
Бал аққан жеті арнаның сабасынан.
Халқымның туын тіккен астанасы—
Орнаған Алатаудың сағасынан.
Еліне сай ері бар, қонысы бар,
Үш жүздің ал, сөйлейін баласынан.
Ұлы жүздің саласы
Ұлы жүз деп айтады Ақарысты,
Үлкен үйдің иесі Ақарыс-ты.
Ақарыстан Түменбай, онан Кейкі,
Тілеген әуелден-ақ адал істі.
Кейкі бидің баласы Төбей екен,
Білгенің шежірені қараңызшы.
Майқы, Қоғам, Мекірейіл, Құйылдыр дер
Төбейдің төрт баласы тараңызшы.
үш жүздің шежіресі
Айтайын Майқы бидің көлемдерін,
Кім болып дүниеге келгендерін.
Бақтиярдың баласы—Үйсін, Ойсыл,
Тараған екеуінен көп елдерін.
Үйсіннен Ақса[қа]л мен Жансақал дер,
Мекендеп Жетіарнаның өзендерін.
Таңбамен Абақ, Тарақ атаныпты,
Арнаған талай ақын өлеңдерін.
Ақсақалдан Қараша, Шақшам екен,
Қарашадан Бәйдібек, Кемелдерің.
Бәйдібектің болыпты үш қатыны,
Айта алмаймын күндестік өнерлерін.
Жарғышақтың басына сүйек жамап,
Отаршының қарашы шеберлерін.
Халқым қалап қызықты тыңдағанда,
Орындаймын халқымның дегендерін.
Домалақ Жарғышақтың өзін тапқан,
Албан, Суан, мынау Дулат—Жарғышақтан.
Зеріптен Шапырашты, Ошақты, Ысты,
Қосылып төрт Дулатпен шалқып жатқан.
Сары бәйбіше болады Қалша, Жақып,
Домалақ анасының қарғысы атқан.
Көк өгізге өкпелеп Суан көшіп,
Шеттен қоныс алыпты шығыс жақтан.
Албаннан Шыбыл, Сары екі бала,
Дулат, міне, сондағы нұрға батқан.
Үш таңбалы төрт Дулат ұраны бір,
Қарасай енші алыпты алтын тақтан.
Кеңпейіл кетпес дәулет қыдыр шалған,
Өрісте мал ордасы басқа толған.
шежірелік жыр-аңыздар
Қарасай Абылайға тарту беріп,
Орданың босағасын қалап алған.
Қарасай содан кейін ұран болып,
Абақтың ортасында от боп жанған.
Қоныс іздеп қырық күн шеңгел шауып,
Өтеген батыр Байсынға неге барған?
Төле би белсеніпті үш жүзге де,
Еліне ереже айтып бопты қорған.
Сыпатай Сұраншымен қатар шығып,
Дулаттың дұшпанына қолын созған.
Қыдыр, Намаз қарсы боп Сыпатайға,
Сонда да Сыпатайдан емес озған.
Алтай, Мәмбет, Бөлтірік, Дәуітәлі,
Бір кезде ел иесі бұлар болған.
Байзақ, Құдайберлі, Батырбек, Шойбек,
Сайраған саясына бұлбұл қонған.
Бұғыбай естуімше жершіл екен,
Қараңғы қан жауса да қалың орман.
Сары менен Қасабек, ер Кебекбай,
Жиында шешендікпен топты жарған.
Саурық Андас болғанда Құртқа әулие,
Сарыбай Екей үшін еткен арман.
Құлыншақ Сүйінбаймен, Сарыбас, Майкөт,
Жырын тыңдап, құлақтың құрышы қанған.
Байсейіт ақ патшаның солдатына
Іледен бір аттатпай садақ жонған.
Ноғайбай, Құдайберген, Мәнке мен Сәт,
Тұлғалы тұрғысында болған бағлан.
үш жүздің шежіресі
Алпысбай, Қосай, Жайнап, Дүйсебай да,
Белсеніп бет бұрмаған түзу жолдан.
Байболат, Таңабай мен Жандарбектер,
Құтқарған талайларды түскен тордан.
Ыдырыс, Қыйсыбай мен Әбдіғали,
Сақтанған саналы ерлер қазған ордан.
Араб жетен болғанда Абақ Жайнақ,
Тезектен алым алып, жөнге салған.
Райымбек, Жәмеңке, Дәркембайлар
Ұзақ іздеп азаттық көзі талған.
Ыстамшал, Мұқа менен Қожбанбет би,
Қарауында сөзіне халқы нанған.
Мақсұт пен Саймасай кісі өлтіріп,
Арт жағы екеуінің емес оңған.
Жамбылға кеп орнады өшпес бақыт,
Тіліне қыдыр дарып, балға малған.
Абақтың айналасын шолып өттім,
Бар шығар аты аталмай менен қалған.
Жігіттер, қатарыңмен сыйласып өт,
Солардан да өтіпті мынау жалған.
Ал енді, Жансақалды дейді Тарақ,
Мұнан да табылады қырғи қабақ.
Қабылан бел баласы шежіреде
Саялы, саналы ерге болған дарақ.
Жансақалға ас беріп ұлы жиын,
Жанама ат қойыпты келген қонақ.
Асау аттың шоқтығын қақ айырып,
Жалайыр атаныпты осы жол-ақ.
шежірелік жыр-аңыздар
Болыпты Қабыланнан екі бала,
Сырманақ пен тағы да дер Шуманақ.
Он екі ата Жалайыр атанады,
Осылардан шығады батыр Орақ.
Сырманақтан Ахметқожа туған,
Қарадым шежіреден емес думан.
Ахметқожадан Сиыршы, Қарашапан,
Бойына Қараталдың қалай сыйған.
Енді екеуі Бәйшегір, Арықтының
Сарыесік қоныстары сонау Құйған.
Ахметқожадан төртеуін таратады,
Мен емес шежіреге жазып жиған.
Шуманақтан Қанқожа қарап тұрсам,
Қарақожа, Маңғытай жолын қусам.
Бұларды да айтайын шамам келсе,
Ұрпағы алғыс айтар қызмет қылсам.
Қанқожадан Қайшылы, Балғалы бар,
Сыпатай Ақбұйымға мойын бұрсам.
Қанқожаның баласы, міне, осылар,
Аралап ел ортасын сайран құрсам.
Қарақожадан тағы да дейді Торлақ,
Мені де отырған жоқ ешкім зорлап.
Торлақтан Алшағырды туғызады,
Орақты батыр бопты бақыт орнап.
Ақкөбік, Қаракөбік деген тажал,
Айырған осы жаудан елді қорғап.
Барақтан Көлшік туып Күшік бопты,
Күшіктен кім екенін қара аңлап.
Маңғытайдан тарайды алты Андас боп,
Бет бұрдым осыларға күшімді арнап.
Мырзаға Орта жүзде таласады,
үш жүздің шежіресі
Туысы біздікі деп әлі зарлап.
Қаңлы мен Қарақалпақ бұлар қайдан
Жаңылмайды оны да қара болжап.
Төрені Төлеңгітпен қалдырмайын,
Мәулім бой жазған екен елді таңлап.
Тоқтасаң шежіренің тарауына,
Іздесең, табылады елден саңлақ.
Сиыршы, Ескелді би, Балпық, Андас,
Әулиелік, кісілік берген мал, бас.
Маңғытайдан алты Андас тарап жатыр,
Күшікті, Таз, Сүйіндік айтпай болмас.
Сиыршы Бесбет болып өскен қалай,
Тыңлаушы, құлағыңның құрышы қанбас.
Аман, Қангел, Сиыршы, Күшік, Тарақ,
Жұдырық пен Андаста дейді Сарыбас.
Мырзадан, Бейсен, Асым шықпады ма,
Қабандай өз тұсында бұлбұл қонбас.
Бақай батыр, Бәйшегір, Арықтыным,
Жалмендімен атамыз бопты жолдас.
Қалқа мен Толымбектей бақыт қонса,
Андас қатын көп алған неге сонша?
Дүйсенбі тұт бесікке бөленіпті,
Кейінгі ұрпақтары бұған нанса.
Толымбек ақ, қара боп бөлінеді,
Құттық пен Деріп салып бұлар қанша.
Қалқадан Көтенбөрте, Түрке, Ордағұл,
Саурық Таймөңкеге көзін салса.
Байшығаш, Құлшығаш пен Танаш, Тілес,
Тоғызы бір қалқадан көңілге алса.
Ғалымбекті ұстаған Тілес, Омар,
Мешітте кім бар екен іздеп барса.
шежірелік жыр-аңыздар
Не көрді дүниеге келген адам,
Өтіпті солардан да мына заман.
Он екі ата Жалайыр, он үш болыс,
Жәрдем бер тіл-жағыма, ақын Қабан.
Мәулімбай осылай деп сиыныпты,
Ескелді, Балпық, Қарынбай ата-бабам.
Мәулімбайдың кей сөзін толықтырып,
Алла деп алға қарай бастым қадам.
Жалайыр кәрі шалға қылды жиын,
Қатарлап көк салаға тікті үйін.
Үш жүздің баласынан келген қонақ,
Әркімнің өзіне сай көрді сыйын.
Төрт аты Наймандардың бірдей озып,
Жалайырдың наміне болды қиын.
Қара нар, қалы кілем, бітеу құндыз,
Тайтұяқ жамбы, бәйге асыл бұйым.
Жалайыр Найман десе келмес жуық,
Балуаны белсеніп белді буып.
Үйсіннің балуанын қолына алмай,
Балуаны тағы да кетті жығып.
Аты озып, балуаны жығылған соң,
Найманнан Жалайырдың көңлі суып.
Намысын Жалайырдың жібермеді,
Артынан Бапекеңнің Бейбіт туып.
Күшікте болыс болды Тұрап, Шалбай,
Бөлекке кеткен емес ақыл салмай.
Бейбіттің билеп тұрған болыс күні
Бәйгесі Тіленшінің болды қандай.
Жиынға шақырылды екі-үш арыс,
Өңшең саңлақ егесіп қылды жарыс.
үш жүздің шежіресі
Шұбар ат алдыменен жалғыз келіп,
Бұл жолы жібермеді сыртқа намыс.
Мал мен бас қабат біткен Құттымбетке,
Тартады жақсы-жаман ата текке.
Қолымен дүниені ұстағандай,
Аты шығып, атағы кетті көпке.
Оспанның Бекмұқамбет шыққан даңқы,
Сыйлайды өз тұсында көрген халқы.
Тазабек, Тәймөңкеде Есімұрат бар,
Ешкімнен кейін емес мұның салты.
Шопабай, Толымбек те өткен назар,
Әр істі пендесіне Тәңірім жазар.
Бақ қонған Бақтыбайдай ақын қайда,
Жігітке тірлігінде болған базар.
Орнықты аталықта жігіт бопты,
Қалмақтан алып келсе олжа табар.
Албанның атын елге білдірмеген,
Ешнәрсе Кенжекеңде жоқ қой хабар.
Байқоржын, Толымбекте Досан, Орман,
Досын жауға бермеді келсе қолдан.
Құдайменде, Түркеде Әбіләкім,
Би болып Ыбырайым оң мен солдан.
Атақты бәйбішенің Доскесі,
Дәулеттің біліне ме ерте-кеші.
Сердалы, Саяқ шықты Саурықтан
Тарақ пен Байқоржынның қайтпай десі.
Нұралы, Құлым болыс көп ісімен,
Ерасыл, Шелбай тұрсын сонысымен.
Қамбарды айдап шықты келесінен,
Баласы Нарытбайдың болысымен.
шежірелік жыр-аңыздар
Үмбетәлі Қамбардың Найманханы,
Ерасыл баса шығып қайтты бағы.
Есімге де болыстық болды дұрыс,
Мырзадан Найзабек те шықты тағы.
Дөненнің бел баласы—бұл кәрі шал,
Жанғұлыға есепсіз бітіпті мал.
Жалайыр жақсысынан кем болған жоқ,
Алдында шыныменен Жаманбай бар.
Елірді Мақажан да бір жыл жарым,
Мал шашып, белге түйіп беттің арын.
Әлді би болыстығын тартып алды,
Мансапқа қиса дағы жалғыз жанын.
Байшегір, Бақай батыр жарықтығым,
Жалменді туысы бір арықтының.
Мекке барып Жалменді дүние сапты,
Пенде білер өлімнің анықтығын.
Ас беріп, ат шаптырды Балтабайға,
Кешегі Жалмендідей болу қайда?
Көп малды көзі қимай, тон сүйретіп,
Өтіпті естуімше Ойшыбай да.
Болыстық Әшімбекке лайық па,
Жалменді өткен екен жақсы жайда.
Алғашқы Жалмендіге бақ қонғанда,
Балпық би түсіне еніп, берген найза.
Жігіттер, мынау жалған жанған шырақ,
Қызығы қалай қымбат бізге бірақ.
Сәрсембі Бөлекпенен қатар шығып,
Кетіпті Балғалының басын құрап.
үш жүздің шежіресі
Бабайды да бір ұлық шақыртыпты,
Қазақтың әдет-ғұрпы жөнін сұрап.
Орынды жауап тауып айтқан екен,
Ояз да үндемепті көңілі ұнап.
Бөлектің аты елге болды машық,
Бәйтерек жете алмады малын шашып.
Шамасы Жапарқұлдың келмей қалды,
Бірер жыл Қожақанмен қарсыласып.
Бақ айналып басына Қожақанның,
Барады қатарынан өнері асып.
Қол созып жас болғанмен Жалмендіге,
Дұшпанын ерегескен жүрді басып.
Жиренше шешен екен қара тілге,
Сыпатай, Тоқтамыс та өсті бірге.
Он екі ата Жалайыр жақсыларын
Өлеңменен көрсеттім неше түрге.
Ер өсер елдің шаттық аманында,
Біле білсе адалын, арамын да.
Күшік сүттей ұйыды тату болып,
Адамның кешегі өткен заманында.
Маматай болыс болған, бұрын Қараш,
Сасыққа Шәлімбекпен болдық талас.
Адамға арқа сүйеп қалың Күшік,
Қапалға енді қалай қағаз салмас.
Есмұрат, Исабек пен Арықбай-ды,
Жақсы адам істің түбін парықтайды.
Әжіге екі барып келсе дағы,
Есімбек дау даулаудан жалықпайды.
шежірелік жыр-аңыздар
Асылбек қағаздасқан елді жеңіп,
Шармаққа қырғыз неге тұрды көніп.
Адамның артын ала Құсайынға,
Халық тұрды қызғыш құстай төніп.
Тілеужанның Жақыбы сөйлегенде,
Ешмұқамбет не десе де тұрды сеніп.
Тіршілікті тербеткен көп жақсылар,
Осының бәрі дағы кетіпті өліп.
Рас па, өтірік пе бұл оқиға,
Мәулімбай жазған екен көзбен көріп.
Ас берді Сүндетбайға қалғандары,
Бас қосты Абақ, Тарақ бағландары.
Артық ел аса жұрттың баласынан,
Келіпті Қапалдың да Наймандары.
Санабай Құраманың баласымен,
Жыр жырлап, қарсы алыпты абзалдары.
Қадалған қара сүлік қалқа болып,
Ел мақтап, өтірік пе алғандары.
Үш жүздің баласының басын қосқан,
Солардың да бар ма екен армандары!?
Орта жүздің саласы
Жанарыс Орта жүздің аймақтары,
Ел билеп, ереже айтқан саңлақтары.
Қыпшақ, Қоңырат болғанда, Керей, Уақ,
Арғын, Найман—осы алтау тармақтары.
Ақын, әнші, балуан, батыр, шешен,
Үлгі алған көрші қонған жан-жақтары.
Ту ұстап, тұлға болған сан ғасырға
Қор құйған сом алтындай салмақтары.
үш жүздің шежіресі
Ақ тулы Қабанбай мен ер Бөгенбай,
Үріккен Құбажонның қалмақтары.
Алшынбай, Сәдірменен билік айтып,
Қалыпты Құбажонда ойнақтары.
Жамантай, Құсбек, Сарытай, Көкжал Барақ,
Тимеген еш дұшпанның саңлақтары.
Ақтайлақ би, Құнанбай, Тәнеке, Маман,
Көп елге азық болған әруақтары.
Дулат, Сабыр, Тәттімбет, ақын Түбек,
Балқыған күй айналып бармақтары.
Орынбай мен Кеншімбай, Кемпірбай, Шөже,
Өтіпті елдің ерке ардақтары.
Әріп, Абай, сал Біржан, ақын Сара,
Елімнің айна болған қаймақтары.
Қуандық, Ырысжан мен Әсет анау,
Асыл сөз, сұлу әннің ырғақтары.
Жанарыстан Ақтамқожа тыңла бір-ақ,
Баласы—Ақжол сопы қойсаң құлақ.
Ақжол сопының болыпты төрт баласы,
Тарақты, Арғын менен Керей, Уақ.
Арғыннан ақын Қадан шежіреде
Баласы—Дайырқожа бұған сұрақ.
Дайырқожадан Сүйіндік, Қарақожа,
Жүргіздім бұл туралы талай сынақ.
Қарақожадан Мейрам сопы, Бәсентиін,
Қара сопы, Кенже сопы дәлел шын-ақ.
Сүйіндіктен Шәржетім, Шақшақ дейді,
Бәсентиіннен Әйтімбет, Бәйімбет емес жырақ.
Мейрам сопының тағы бір бес баласы,
Сарыарқа, Көкшетауды еткен тұрақ.
Қуандық, Сүйіндік пен Болатқожа,
шежірелік жыр-аңыздар
Ерлері салдықпенен мінген тұрақ.
Бегендік, Шегендіктер енді екеуін,
Ағызған Есіл, Нұра балдан бұлақ.
Атығай, Қарауыл мен Қанжығалы,
Айтуға Тобықтыны қиынырақ.
Болатқожаның баласы Ақшатүйте,
«Қаракесек» атанған неғып, шұнақ?
Майқы, Бошан, Бесқозы, Үшәйбике,
Қаз дауысты Қазыбек жанған шырақ.
Тағы да Жанарыстан Момынқожа,
Өнерге талаптандым қолды соза.
Момынқожадан Ақсопы саспа, тілім,
Шын айтпасаң, саған да үлкен жаза.
Ақсопыдан туыпты Өкіреш, Найман,
Атағанға әруақ та болмас наза.
Сармырза жалғыз екен Найман шалдан,
Дәмі бітіп, ертерек болды қаза.
Жезетек жесір қалып желек асты,
Найман шал балалардан болды жаза.
Арғын өсіп, алты ауыл атаныпты,
Найманнан көппіз дейді, содан оза.
Сексеннің сегізіне Найман келді,
Аңлып жүрді атасы сиген жерді.
«Әлде болса, бір бала береді» деп,
Малын матап, бір қызды алып берді.
Найман шал қалған күшін қызға жұмсап,
Даусы шығып, сондықтан Өкіреш дер-ді.
Содан соң сол анамыз жүкті болып,
Жезетек атасынан бір ұл көрді.
Есмырза ол балаға ат қойғызып,
Ержеткен соң «ерім» деп берді төрді.
Сүгірші, Шуақ туып Жезетектен,
Есмырзаның екеуі соңына ерді.
үш жүздің шежіресі
Сүгіршіден Құрманай, Қытай ғана,
Ерге шықты Есмырзаны тапқан ана.
Қытайдың бел баласы Төлегетай,
Шындығын көрсетейін жаппай жала.
Қызананы әперді Есмырзаға,
Келбұғы, Кетбұғымен туды жана.
Жезетек Қызананы әперген соң,
Қартайдым деп үлкендік етті пана.
Алатау асқан биік, бұл бір жота-ай,
Ар жағы Қалмақ, Қызай, қалың Қытай.
Сарыжомарт, Ергенекті, Көкжарлы мен,
Мекені Жайсаң, Сауыр, Тарбағатай.
Төлегетайдың болыпты төрт баласы—
Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай.
Найманның он екі ата саласы бар,
Қарадым шежіреден, емес қата-ай.
Төртуыл ең үлкені—Қаракерей,
Тараған ол кісіден ер мен егей.
Қаракерейден Ерторы, Байторы екен,
Сабыр қып, тыңдап отыр, пәлен демей.
Ерторыдан туады Мұрын, Сыбан,
Неше руға бөлінер содан бері-ей.
Байторының баласы Байыс, Байсиық,
Байжігіт пен Жанжігіт елдің көбі-ей.
Барлығы қырық төрт болыс ел болыпты,
Басқасына барады шама келмей.
Ер Қабанбай, Арқалық, Жәнібектер,
Халық үшін құрбан болған алтын кен-ей.
Нарымбай Сыбандағы болған бұрын,
Сұрдай жылтыр айырмай өтті жұбын.
Жанұзақ, Түбек пенен Ақтайлақ би,
Айтамын көп әруақтың қайсыбірін.
Яһуда қатарынан озған екен,
6-83
шежірелік жыр-аңыздар
Мұрынға құйған екен Құдай нұрын.
Аяғы Сабырай мен ақын Әріп,
Абайға Көкбайменен келген қырын.
Садырдан үш руға бөлінеді,
Шаржетім, Тоң мен Шүйке көрінеді.
Шүйке менен Шаржетім тұра тұрсын,
Көңілім Тоңды айтуға желігеді.
Тоңнан туған Түгелбай шежіреде,
Сөйлеуге ақын неге ерінеді.
Жанатай—Түгелбайдың бел баласы,
Жанатайға Бәйгеліс еріп еді.
Бәйгелістен Алдияр, Құдияр дер,
Бұлардан Бұлан өсіп-өніп еді.
Баласы Қанқожаға мұра қалды,
Атасы ажал жетіп, өліп еді.
Бек келді дүниеге Қанқожадан,
Айнымас айтқанына берік еді.
Бектің ұлы Бөлдекке жаңа келдім,
Қай Садырдан мал басы кеміп еді.
Жақанбай сол Бөлдектің баласы екен,
Бар Садыр айтқанына көніп еді.
Қалған Садыр ас беріп Жақамбайға,
Үш жүздің азаматы келіп еді.
Шал мен Бармақ тағы да Иманды екен,
Айтқанына айнымай сеніп еді.
Араб пенен Сыйқымбай көл орнатып,
Талайлар ордасына еніп еді.
Кім асты өз тұсында Базарбайдан,
Тай сойып танымасқа беріп еді.
Қашаған Құл ақынмен айтысқанда,
Құлды не деп Қашаған жеңіп еді.
үш жүздің шежіресі
Матай деп аталады төрттің бірі,
Батыр, шешен бәрі бар ірі-ірі.
Аталық ер Қаптағай және Кенже,
Ашылсын жабық жатқан елдің сыры.
Үш Матай деп айтады осы үшеуін,
Жөн сілтейін көрінсін елдің түрі.
Аталықтан туады үш болат боп,
Айтуға атын атап келді қыры.
Кенжеден Үмбет, Мәмбет—екеу екен,
Көрерсің ел саласын жүрсең тірі.
Қаптағайдың баласы—Жолдас, Қияс,
Қаптағай ұран болған тудың нұры.
Аталықтан Құттыболат, Сүттіболат,
Торқалы сауыт киген тоғыз қабат.
Құттыболаттың баласы—Көлбай, Тымбай
Орнатқан аталыққа сән-салтанат.
Қасаболат, Мұңайтпас, Ершиірбай,
Ермеген тірлігінде еш жаманат.
Бақ қонған шыр айналып Қанабекке,
Бұларға паналаған көп азамат.
Біреуі—үш Матайдың Кенже болар,
Баласы Үмбет, Мәмбет қайда барар.
Ақсудай арналы өзен, мекені бар,
Айдынға қаз қаңқылдап, үйрек қонар.
Үмбеттен Ындыш пенен Тыбыш екен,
Ішінде Жалауқарт бар іске жарар.
Мәмбеттен Шөпшіме мен Жәнебақы,
Үшінші—Темірболат, алсаң хабар.
Темірболаттан Кеңқара, Тұрсын, Сақай,
Байтілеу батыр өткен жанған панар.
Басына Жиренқасқа ат шаптырып,
Дұшпанынан досына олжа салар.
Ақ патшаның солдатын қойдай қырып,
шежірелік жыр-аңыздар
Мүсәпір салған екен бір қансонар.
Кешегі Қашаған мен Үпі қайда,
Бүгінде жан бар ма екен аузына алар.
Ыбырайым, Қапланбек, шықты Шәріп,
Арнайы көзге түсті топты жарып.
Асында Мырзақұлдың алдына алды,
Тұлпардай Сарқызылды алып барып.
Тұрбай батыр атанған бір ағасы,
Көрмеген құрбысының көңлі қалып.
Жарады үш Матайдың ортасына,
Жаралған жігіт еді қызыр шалып.
Қаптағайдың баласы—Жолдас, Қияс,
Тоқжайлау, Қарауыл, Жасық туғаны рас.
Жолдастан Есенгелді, Теке—екеу,
Текеден Көлдей, Жұмай атам, рас.
Жұмайдан Нартайлақ пен Назар екен,
Сенбесең, білгендерден барып сұрашы.
Көлдейден Құлжаман мен Есіркемес,
Құттымбет пен Қытайға создым құлаш.
Жолдастың бір баласы Есенгелді,
Өзіңнен таратайын біраз елді.
Есенгелдіден—Жалаң мен Жарылқамыс,
Таппадым, іздестіріп сізге теңді.
Жарылқамыстан—Өрікбай, Сүйінбөлек,
Жәдігер сізге ақын көңіл бөлді.
Мұның бәрі Төртқара атанады,
Ақтолыс анамыздың сүтін емді.
Жалаңға да қарайын көзді салып,
Жалаңнан—Алакүшік, Асан, енді.
Батыр, шешен, саңлақтың бәрі осында,
Сауыт киіп, иығына таққан шенді.
үш жүздің шежіресі
Алакүшіктен Ақшора және Шаппа,
Сұрай келе бөлінер әрбір тапқа.
Асаннан алтау болып алшаңдаған,
Белсеніп, сөз сөйлеген талай топқа.
Үш Жақсылық—Төртсары, Ақтілес, Тасыбай,
Сарыдан Бөрібай шыққан атқан оққа.
Бөрібайдан—Қыдырәлі, Құлшан, Елшен,
Мініпті Қыдырәлі алтын таққа.
Үш қатын алған екен Қыдырәлі,
Осылардан табылар елдің нәні.
Таңсықтан Дөсет, Қосет, Ерқожа екен,
Бұларды айтпай тағы да болмас мәні.
Дөсеттен Қалқабай мен және Бартай,
Тәнеке Маманменен елдің сәні.
Үш Матайдың өркеші осы екеуі,
Қараны қақ жаратын бопты ханы.
Келейін Қалқабайдың алты ұлына,
Ту тіккен Баянжүрек алқымына.
Төріне үш Матайдың түрлі-түр боп,
Күреңбел жұпар шашқан салқынына.
Маманның құт орнаған сабасының,
Рулы ел қанбап па еді сарқынына.
Тәнеке он бес жаста билік айтып,
Қарашы, бақытының артуына.
Есімбек пен Тұрысбек балалары,
Дұшпанның жол бермеді тамтығына.
Жаяуға ат, жалаңашқа киім болып,
Қыдырдың қолы жеткен алтынына.
Онан соң болған екен батыр Сыртан,
Сауыт киіп, қолына найза тұтқан.
Алысып он бір болыс Матайменен
Түсіріп орнынан мысын құртқан.
шежірелік жыр-аңыздар
Сексенбай, Дүбек, Артық, Шымыр, Дулат—
Бәрі де батыр бопты жүрек жұтқан.
Байкісі, Аязбай мен Итжеместер
Дұшпанын, ерегессе, жерге тыққан.
Қапсалаң, Жаманбала, Саршуаш би,
Өз тұсында тістескен жауын жыққан.
Нұрламбітім, Әлімбай, Қозайыр, Былшық,
Ішінде үш Матайдың ереже ұққан.
Қаптағай батыр, Шоңай бабам, Бөрібай—
Осылардың атасы, даңқы шыққан.
Кіші жүздің саласы
Үш жүзде кімдер өтті өнегелі,
Өнер мен өрнектеген дөдегені.
Еншіні үш жүз болып үлескенде,
Ұлы жүз алған шаңырақ-керегені.
Кіші жүз батырлыққа ие болып,
Ақ алмас, өткір найза—егегені.
Ағаны—жал, ініні—құйрық қылып,
Орта жүз айтқан екен ережені.
Шақшақ Жәнібек, Тоқсан би—сөз иесі,
Қызыл тіл, қаусырма жақ—жебегені.
Қаз дауысты Қазыбек өткен екен,
Төле би бір ауыз сөз—демегені.
Кіші жүзде Әйтекеге кім таласар,
Түсінбеген айтты деп неменені.
Әбілмансұр қазаққа хан болғанда,
Үш жүзді бақ-дәулетке бөлегені.
Батыр десең Қабанбай, Өтеген, Бекет,
Сілтеген жауға қарсы селебені.
Саңқайбай, ер Құнанбай Мекке барып,
Орнатқан мешіт салып терезені.
үш жүздің шежіресі
Ақын десең Абай мен Жамбыл, міні,
Болжаған болашақтың көрегені.
Құнанбайдың баласы Абай, міні,
Білімнен бұлақ ағып шенегені.
Ақындар айтылмаған толып жатыр,
Қозының қойға ереді емегені.
Тұрпаты тұлпар қандай білген жанға,
Жабының жақындатпас тебегені.
Абай, Жамбыл қазаққа азық болып,
Алтынға таусылмайтын бөлегені.
Қол артқан партияға бақытты өмір,
Өлімді тіріменен теңегені.
Бекарыс деп айтады Кіші жүзді,
Ер тағы айтпай болмас және сізді.
Арғымақтан Алау батыр, одан Алшын,
Бір барып, татқан едім нан мен тұзды.
Алшынның үш баласы—бәрі қожа,
Ақын деп халық баға берді бізді.
Қыдырқожа болады үштің бірі,
Ерімбет жазған екен, салып ізді.
Қыдырқожаның үш Сиық балалары,
Ой атайын, тербетіп ұл мен қызды.
Үшеуінің үлкені—Сұлтансиық,
Таймай басқан тұлпардай жалтыр мұзды.
Серкеш, Масқар әкесі Сұлтансиық,
Кім екенін айтуға келді қиық.
Алаша, Қызылқұрт пен Байбақты бар,
Бұлардың біреуінен бірі биік.
Бұл бесеуі болады ағайынды,
Ел қорғап, ер атанған сауыт киіп.
Қыдырсиықтан Ысық пен Мысық екеу,
Үшсиық беті ашылмай қалмас тұйық.
шежірелік жыр-аңыздар
Бақтысиық болады Алтын, Жаппас,
Тоғызы тарап жатыр судан тұнық.
Адай қыздан Таз, Беріш дейді, күңнен,
Байұлы он екі ата, соған жуық.
Айтуы шежіренің дәл осылай,
Әртүрлі болады екен мінез-құлық.
Қадірқожадан туады Қаракесек,
Бұл кісіге ұнайды, қалай десек?
Қаракесектің баласы—Әлім, Шөмен,
Бар екен Байсарыда аздап өсек.
Шөменнен Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнек,
Жазылмас ақ қағазға жалған жетек.
Аққожа Байсарыдан жалғыз екен,
Өсекке ұшыраған ашық етек.
Әлімнен Жаманақ пен Қарамашақ,
Ақманақ, Тоғалаққа жетпейді есеп.
Айнық пенен Ақкете—бәрі алтау,
Алты Әлім көрінеді кесек-кесек.
Сәдірқожа Тама мен дейді Табын,
Кердері, Телеу, Керейт айтсам бәрін.
Жағалбайлы, тағы да Рамадан,
Сөйлейін Жетірудың барлық жағын.
Тамадан Есенгелді, Шотқара—екеу,
Өмірдің кім байқайды өткен шағын.
Табыннан—Ағым, Тоғым, Шаңқан, Бозым,
Осылардан табасың елдің бағын.
Кердеріден—Жабағы, Жамбас, Құлтай,
Басқасының таппадым ешбір бабын.
үш жүздің шежіресі
Тәуке хан «Жетіру» деп ат қойыпты,
Ол кезде жаугершілік көп боп, шабын.
Серкештен—Байбөрі мен Жаубөрілер,
Айтайын Жолберліні, ұлықсат бер.
Жаубөрі Жолберлінің әкесі екен,
Жолберліден Қалыбек, көзіңмен көр.
Қалыбектен—Тоғантай, Құрман, Сейіт,
Кішісі батыр екен Жансейіт ер.
Тоғантайдан Өтеулі, Жәдігер бар,
Қойке менен Тыныман егізбен тел.
Құрмансейіттен Бәйсейіт, Жаманақ,
Қойкелді мен Байтайлақ—бірталай ел.
Кенжесі Наурызбай—бәрі бесеу,
Дулатқа батыр өткен, көңіліңді бөл.
Ер Бөрібайдан Жансейіт бата алыпты,
Берсе де қарамапты, алтын мен зер.
Қырық жігітпен Жансейіт кеткен ауып,
Батырға мақсат емес, туылған жер.
Келейін Кіші жүздің хандарына,
Ел тоқтаған ереже шалдарына.
Батыр, ақын—халықтың найза-айнасы,
Дұшпанын келтірмесе маңдарына.
Әбілқайыр орысқа құшақ жайып,
Ел бөлінді осының салдарына.
Батыр Бекет таңылып көк арбаға,
Патшалық құлақ салмай зарларына.
Босанып көк арбадан Бекет батыр
Табағын тартпап па еді алдарына.
Нияздың ту сыртынан өтін жарып,
Кек алып жетпеп пе еді арманына.
шежірелік жыр-аңыздар
Ал енді Жәңгір менен Тәуке хан
Қараған бұларға да бірталай жан.
Он екі ата Байұлы, Әлім—алтау,
Табын мен Танаға беріпті мән.
Қаратай да хан бопты өз тұсында,
Басқасынан бұл кісі Адайға тән.
Аяғы осылардың Баймұхамбет,
Өш болған Исатайға атырмай таң.
Сол елде Сырым, Бекет, Ерназарға,
Батырлар ие болған намыс, арға.
Көтібар, Есет пенен Атағазы
Орнатқан заманақыр пейлі тарға.
Жанқожа сарт, патшаға қазық қақты,
Қанағат етпеген соң қолда барға.
Махамбет пен тағы да ер Исатай
Көнбеген, талқан қылып темір торға.
Шөмекей Шоқай менен Нұрбөбекке,
Халық—дария, қалқыған—бұлар кеме.
Есбол, Сапақ, Досыке ел келесі,
Ақылды көпті көрген бопты көне.
Маман мен Тілеуқабақ шабын көріп,
Тап-тақыр ел жайлаған бопты төбе.
Иесі жоқ байлықтың керегі не,
Олжа ғып үлесіпті батыр, төре.
Күндік жерден Бұқарбай көреді екен,
Қырағылық, батырлық—өткір жебе.
Байұлы, Әлім, Табын, Шоқтықтары,
Ойламаңдар, жазды деп мұны неге.
Шернияз, Әубәкір мен Балқы Базар,
Тыңлағын жырларына салған назар.
Қарасақал Ерімбет, әнші Мұхит,
Молдалық, әншілікпен қолын созар.
үш жүздің шежіресі
Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет,
Ақындары болды ма бұдан озар.
Балқы Базар бәрінен өктем екен
Әубәкір де нұсқалы көп сөз жазар.
Көп жасасаң, жасайсың бір-ақ ғасыр,
Көгеріп көркейерсің, өмір тозар.
Шамамның келгенінше шолып өттім,
Көлемі Кіші жүздің осы болар.
Нұх нәби түп атамыз саналады,
Үш нәсіл үш ұлынан таралады.
Есімі Хам, Сам, Япыс—үш ұлының
Жер жүзі халықтардың бабалары.
Қаптаған жердің жүзін болған топан,
Кемемен сол апаттан қалған аман.
Таралып үш ұлынан барлық халық,
Сондықтан деп атаймыз—екінші адам.
Хамнан нәсіл тараған қара халық,
Бұл арасы тарихта болған анық.
Бұл нәсілден көп халық өсіп-өніп,
Жер құрлығын Африка жатыр алып.
Атасам, білгенімді—Негрия,
Үндістан, Араб елі және Индия.
Міне, осылар болады Хам нәсілі,
Жапон, Бостан, Ангола, Эпопия.
Бір туысқан мешер мен яһуд, араб,
Афин халқы араман, берсем санап.
Африка, Америка жер құрлығын,
Мекендеп өсіп-өніп кеткен тарап.
Сатыпалдин Файзолла
қаридің өлең шежіресі
сатыпалдин файзолла қаридің өлең шежіресі
Ақ нәсіл кеп тарайды енді Самнан,
Көбейіп, өсіп-өнген бұлар да жан.
Неміс, испан, ағылшын, Италия,
Белгия, Швеция және Руслан.
Туғызар, білген жандар сөздің дауын,
Ертеден құрған бұлар бірлік қауым.
Патшалық құрған олар іргелі ел боп,
Өздері шешкен ойлап, тайпа дауын.
Ал енді сары нәсіл—Жапония,
Қытай мен Түрік, Татар, Моңғолия.
Бұларды тұс-тұсына таратайын,
Иран, Ирак, Саклап, Жангория.
Тарихта көрінеді, міне, осылай,
Түрік, түрікпен, тараншы, құмық, алтай.
Қарашин, ұйғыр, қашқар, қарақалпақ,
Өзбек, қырғыз, қазақ, құмық, балқар.
Естек, Ноян қалдырып жаздым тарих,
Бұл арасы шала емес, бәрі де анық.
Тарайды сары раса нәсілінен,
Азияда тұратын барша халық.
Табылар оңай жұмыс талас деген,
Өтірікті жарамайды рас деген.
Түріктен Мәдинаға көшіп барған,
Бір адам болған екен Аннас деген.
Біз, міне, сол түріктің бір баласы,
Атамыз Аннас деген бар таласы.
Сары араб болмақ ол—ғажап іс
Секілді жер мен көктің екі арасы.
шежірелік жыр-аңыздар
Осылай Аннас болудың себебі бар,
Сенімді бос сөз емес, тіреуі бар.
Дәл келіп дәлелсіз сөз айтылмайды,
Рас сөздің айыратын реті бар.
Атасы бұл халықтың Аннас екен,
Адамның қатардағы данасы екен.
Болыпты сол кісінің үш қатыны
Атамыз кіші қатын баласы екен.
Сары адам қара адамға жанаса ма,
Есті адам болмашы іске таласа ма?
Сол кісі Мәдинадан көшіп келіп,
Жүз жаста опат болды Басрада.
Өлерде балаларына хабар салды,
Шақырып қатындарын жиып алды.
Өзінің тірісінде енші айырып,
Бөлдірді алтын, күміс, дүние-малды.
Еншілеп балаларын риза қылды,
Босатып, азат етті құл мен күңді.
Төрт түлік малын алып кіші қатыны,
Қоныс қып сахараны көшіп жүрді.
Екі үлкен қатын алды, дүние-пұлды,
Алтын, күміс болады деп, малдан құнды.
Ел болып отырықшы қала берді,
Көбейтіп, мал орнына құл мен күңді.
Малды алып, кіші қатын кетті көшіп,
Көбейіп, төрт түлік мал кетті өсіп.
Халыққа қайырымды болған жомарт,
Жетім мен жесірлерге жәрдемдесіп.
сатыпалдин файзолла қаридің өлең шежіресі
Басрадан шығып кетті көше-көше,
Арада жылдар өтті әлденеше.
Келді де Түркістанды мекен етті,
Түрікше болып кетті әмме көші.
Көп халық Түркістанға ауып келген,
Дұшпаннан қаша көшіп қауіптенген.
Малға жай, жері жақсы сахараның
Тұруға жайлы орынды тауып келген.
Кіші қатыннан Сахил, Қабил, Жабил туып,
Бұл тарих келе жатыр түбін қуып.
Қабилдан бірсыпыра халық тарап,
Айырылар осы арада, қалмақ келіп.
Бөлініп Сахил кетті осы арадан,
Жұрт болып, бұлар да өсіп көп тараған.
Жүгінсек, тарихшылар жазған хатқа:
Хакас, тараншы, құмық, алтай—осылардан.
Жабилден туады енді Мағаз,
Белгілі болды жұртқа айтып уағыз.
Мағаздан дейді атамыз Ақшолпан
Шежіре бірден-бірге қалған қағаз.
Ақшолпаннан Ақмар, Аққурай, туды Аламан,
Ноғай халқы Аламаннан кеп тараған.
Жұрт болып бұлар дағы өз алдына,
Орнығып шаһар болып, қала барған.
Тарихты оқысаңыз, жіті қарап,
Ақмардан моңғол жұрты кеткен тарап.
Олар да өз алдына өскен тайпа,
Өздерін бір жауынгер елге балап.
шежірелік жыр-аңыздар
Асан мен Алаш туды Аққурайдан,
Сөйлейін бір азырақ осы жайдан.
Асаннан атасы Естек жалғыз туып,
Олар да өсіп-өніп, қанат жайған.
Атамыз Алаш ханнан екі ұл туып,
Шежіре келе жатыр түбін қуып.
Көбейіп өз алдына ордалы ел боп,
Олар да өз алдына тіккен уық.
Ат қойған үлкеніне Сейілхан деп,
Атаған екіншісін Жайылхан деп.
Айырылып, Сейілханнан бөлек кетіп,
Жайылхан кеткен екен көшпелі ел боп.
Шежіре бірден-бірге түбін қуған,
Бір өзі Сейілханнан сегіз туған.
Ал бұлар сегіз арыс түрікпен боп,
Шаһар боп жата берді қозғалмастан.
Жайылхан атамыздан Майқы туған,
Жері екен сахарада кіндік жуған.
Майқыдан екі ұл туып өз алдына,
Атанып кеткен екен Өзбек, Сапиян.
Майқыдан Өзбек, Сапиян—екеу туды,
Екі ұлы бөлісіпті жер мен суды.
Бөлініп, Өзбектен Сапиян кетті,
Өзбек сарттан қыз алып, шаһар болды.
Сапияннан белгілі екеу туған,
Аққалпақ, Айырқалпақ деп атаған.
Аққалпақтан он екі ата қырғыз туып,
Ел болып, өз алдына кете барған.
сатыпалдин файзолла қаридің өлең шежіресі
Баласы Айырқалпақ—Қазақ, Созақ,
Созақтан жатыр өсіп қарақалпақ.
Мал айдап, сахараны еркін жайлап,
Көшпелі ел болып кетті, біздің қазақ.
Тексерсек, жолын қуып шежірені,
Қазақтан үш арыс болып бөлінеді.
Ақарыс, Жанарыс пен Бекарыс деп,
Ат қойған үшеуіне көрінеді.
Жүргенде біздің қазақ, желдей ығып,
Көшпелі жолын сақтап, ата ғұрып.
Ен жайлап, Каспий бойын отырғанда,
Кенеттен қозғалыпты, бір жау шығып.
Болмаған жауға қарсы басын құрау,
Шұбырып қаша берген, көзде жылау.
Қазақтың шұбырынды жол үстінде,
Айтылған сол кездегі жыры мынау:
«Тайсойған, Орал, Жайық өскен жерім,
Кір жуып, кіндік-тамыр кескен жерім.
Қазақ боп, ноғайлыдан біз бөлініп,
Жарты құрт татулықпен жескен жерім.
Тайсойған, Ойыл, Қиыл, Индеріміз,
Ен жайлап, мекен қылған жерлеріміз.
Сағыз деген жерлерді көшіп жайлап,
Қуа қайта оралушы еді елдеріміз».
Бытырап кеткен қазақ, әрбір жерге,
Шұбырып кірген барып, әрбір елге.
Сіңісіп Кавказ, Башқұрт, Иран, Алтай,
Өзбек, түрікпен боп, кеткен бірге.
7-83
шежірелік жыр-аңыздар
Әр елге біраз қазақ сіңіп кеткен,
Арада талай ғасыр жылдар өткен.
Қазақтың баласының көпшілігі,
Қаратау деген жерді мекен еткен.
Жер еді біздің қазақ кемелденген,
Ұрпақтан ұрпақ туып, өсіп-өнген.
Қосылып береке, құт қотанына,
Жататын сыймай малы, асып белден.
Жауласқан бір кездері қазақ-қалмақ,
Күш жетсе, бірін-бірі шауып алмақ.
Үш арыстан үш батыр адам жинап,
Болыпты, қазақ елін қорғап қалмақ.
Үш арыстан шығыпты үш жүз батыр,
Қайратты ерлер болыпты мыңға татыр.
Беріліп үш арысқа «үш жүз» есім,
Атанып, содан бері келе жатыр.
Алатау шығыс жағы мекен-жайдан,
Ханы екен жоңғардың Даудан-Сыбдан.
Жеріне ондаған мың жоңғар келіп,
Қазақтың баласына салған ойран.
Болыпты Тобықтыда Әнет бабаң,
Көңілінде ешбір қауіп, болмас алаң.
Бес баласы соғыста садаққа ұшып,
Орнапты, басына кеп ақырзаман.
Қырғынға ұшыратқан қазақ елін,
Шұбыртқан басып алып, су мен жерін.
Жеңіліп сол соғыста «елім-айлап»,
Таратқан біздің қазақ іште шерін.
сатыпалдин файзолла қаридің өлең шежіресі
Үш жүздің ортақ бұл жыр баласына,
Жайылған бүкіл өлке даласына.
Басталар әннің басы «Елім-ай» деп,
Тараған қазақ елі арасына.
«Басынан Қаратаудың көш келеді,
Бір тайлақ көшкен сайын бос келеді.
Айырылған туысқаннан жаман екен,
Мөлтілдеп қара көзге жас келеді.
Қай заман мына заман, азған заман,
Болар ма, баяғыдай тағы да заман.
Атадан ұл, анадан қыз айырылып,
Көл қылып, көздің жасын ағызамын.
Қай заман мына заман, қысқан заман,
Басынан бақыт, дәулет ұшқан заман.
Жолынан шұбырғанда шаң борайды,
Күн суық, қаңтардағы қыстан жаман.
Қайтемін мен нетіп ем, қатты Құдай,
Қара жер қабырғама батты, Құдай.
Табаным жаяу жүріп тесілгенде,
Бермедің тым құрғанда атты, Құдай».
Жаяулап, жер қоныстан ауған жерден,
Аңыз қып, біреу сөзін ала берген.
Жарамай Әнет баба жырын айтып,
Жүре алмай бір төбеде қала берген.
Ол кезде Ұлы жүз ханы Барақ екен,
Оңтүстік пен батысты қылған мекен.
Бытырап, көше қашып бет-бетіне,
Біраз ел Тәшкен жаққа ауған екен.
шежірелік жыр-аңыздар
Тәшкенге қараған ел Садыр, Матай,
Шыққан жоқ өзбектен, содан былай.
Орнығып, сол арада қалып қойған,
Таппасаң, іздестіріп сұрай-сұрай.
Орта жүз солтүстікке қарай кеткен,
Ақтау мен Көкшетауға барып жеткен.
Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман, Керей, Уақ—
Бұлар кеп, Сарыарқаны мекен еткен.
Орта жүз Сарыарқаны кең жайлаған,
Ел болып орныққан соң мал айдаған.
Бұхардан қашып келген Абылайды,
Көтеріп, бір ауыздан хан сайлаған.
Кіші жүз күнбатысқа қарай көшкен,
Белгілі Бөкейлікке барып жеткен.
Тап келген талабына осы елдің
Орал мен Жайықты кеп мекен еткен.
Ханы екен Кіші жүздің Әбілхайыр,
Ақылы, парасаты болған зайыр.
Хат жазған Россия патшасына,
Алсын деп патшасына етіп қайыр.
Хат жазған Петербург қаласына,
Жол түсіп, жаушы жүріп арасына.
Алынған Россия қарамағына
Мың жеті жүз отыз бір жыл шамасында.
Ресей ала берген содан кейін,
Бағынған барлық қазақ одан кейін.
Сарыарқа, Сырдың бойы, Шыршық, Алтай,
Түркістан, Хиуа, Бұхара—шетке дейін.
сатыпалдин файзолла қаридің өлең шежіресі
Кеткенін біздің қазақ үш арыс боп,
Қалдырмай жаза берсем болады көп.
Үш жүзге бөлінгенін айттым бұрын,
Атаған Ақарысты Ұлы жүз деп.
Ұлы жүз—Ақарыстан Дулат,Үйсін,
Қаншама жұрт екенін өзі білсін.
Жалайыр, Албан, Суан, Қаңлы, Қоңырат,
Ал енді таратайын ендігісін.
Ақарыстың бір баласы Сіргелі еді,
Қашаннан айырылмаған іргелері.
Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы—
Осылар Ұлы жүз боп бөлінеді.
Ұлы жүз, Орта жүз бен Кіші жүз боп,
Бөлініп шежіре қалды сөз боп.
Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман, Керей, Уақ
Таралып кетті бұлар Орта жүз боп.
Келтірем ретімен сөзді таза,
Бұл сөзім шежіреде емес қата.
Таратам әрқайсысын жөн-жөнімен,
Туыпты Жанарыстан алты қожа.
Бірінші туған бала—Қарақожа,
Екінші туған Ақтам, Надырқожа.
Одан кейін Смағұл, Момынқожа,
Туыпты алтыншы болып Қасымқожа.
Қарадан Ақжол Арғын туды бала,
Ақсопы дара туып, болған дана.
Ақ, Арық, Қара, Сары туды Мейрам,
Көбейіп, ел боп шыққан неше сала.
шежірелік жыр-аңыздар
Баласы Ақсопының Қанжығалы,
Атаның бұған түскен оң назары.
Арықтан Бәсентиін,Тобықты, Арғын,
Келеді түзеп айтсақ, сөз ажары.
Шығады Тобықтыдан қажы Құнанбай,
Аға сұлтан атанып, болыпты бай.
Соңында айтарлықтай хаты қалған,
Ұлы еді Құнанбайдың—ақын Абай.
Ел болып келе жатқан мақтаулы боп,
Өскен ел басы бірдей мықты ауыл боп,
Бұлар да неше сала ел болып кетті,
Қарадан Қарауыл мен Тоқтауыл боп.
Қарадан Бәсентиін, туған Мейрам,
Іргелі ел болыпты дәулет жиған.
Мейрамның бәйбішесінен төрт ұл туып,
Бәйбіше Арғын баласы деп атаған.
Бәйбішеден Бегендік, ер Шегендік,
Болады Қуандық пен би Сүйіндік.
Орта жүздің баласы бас қосқанда,
Тұрыпты осыларда боп үлкендік.
Сөгіліп іргелері кетпей кеміп,
Жайылып, ел боп кетті өсіп-өніп.
Қуандық, Алтай, Қарпық, Тоқа болып,
Тыналы, Көзған, Қақсал туды келіп.
Мейрамның бір баласы Қаракесек,
Сөз келсе, ел дауына берген есеп.
Осылардан деп жазған шежіреде,
Белгілі—қаз дауысты би Қазыбек.
сатыпалдин файзолла қаридің өлең шежіресі
Мейрамнан Елемес кеп туған жана,
Шежіре жазылған соң болмас шала.
Мейрамның бұл үшінші әйелі екен,
Елеместен туады екі бала.
Бұларды Есенбай, Дәуіт деп атайды,
Дәуіттен туғызады Жақанайды.
Таратып бұл Дәуіттен он екі ата,
Туғызып әкетеді Атығайды.
Жазылған бұл шежіре, емес жайдан,
Жазылып келе жатқан, бірталайдан.
Ақташы, Алпыс, Байытжы деп,
Таратқан осы үшеуін Жақанайдан.
Есенбайдан Шағыр туады Бөлтірікпен,
Бұлар да өсіп-өніп ел боп кеткен.
Әрқайсысы өз алдына тарап жатыр,
Сырлыбай, Сары туып Бөлтіріктен.
Шағырдан Сомжүрек пен ер Аманжол,
Аманжол батыр болып, бастапты қол.
Мұра боп, жауға шапса кейінгіге,
Ұран боп, көп Арғынға қалыпты ол.
Аманжолдан—Әлімбет, Бейімбет, Қуат, Шақшақ,
Жазылмас, шежіреде болмас жаңсақ.
Бұл арасы қатесіз көрінеді,
Жарар еді бұзып алмай, тура барсақ.
Шақшақтан тарайды екен Бақай, Дүзей,
Ақназар, Бекназар мен туған Көшей.
Тоқалдан жалғыз бала Томай туып,
Атанған алты Шақшақ, алты дүлей.
шежірелік жыр-аңыздар
Сомжүректен туады Айдарке кеп,
Айдаркеден—Өтеміс, Ожан, Қадірімбет.
Бұлар да алты ата болып бөлінеді,
Бөдене, Жылқыайдар мен Татан, Інбет.
Бөлтіріктен Сырлыбай, Сары туған,
Шежіре бірден-бірге жолын қуған.
Мұны да білгенімше баяндайын,
Несіне тоқталамын енді бұған.
Сырлыбайдан Қараман, Төлек, Мәмбетәлі,
Бір атадан тарайды мұның бәрі.
Сарыдан Қырықмылтық туады деп,
Сонымен тоқтатайын мұны дағы.
Шаржетіммен туыпты Бекіс батыр,
Бекістен Тоқымбет боп келе жатыр.
Үш бала Тоқымбеттен туады екен,
Құлтума, Құланшы,Тағышы деген ел болып жатыр.
Шағырдың Апайы мен Жолдыбайын,
Бір сөзбен тұжырымдап мен жазайын.
Сүгір, Жиенбет туады Жолдыбайдан,
Аяғын көпке созып, ұзамайын.
Апайдан туды енді төрт бала кеп,
Ақымбет, Бекімбет, Жауғашты боп.
Шымболат кенже бала—бұл да Апайдан,
Жазыпты шежіреде осылай деп.
Ақымбеттен Қаламбай, Өтей, Жолтай,
Бекімбеттен Баубек, Жәдік туды осылай.
Дейді екен бұларды ел төменгі Шекті,
Баубектен жалғыз болып туған Құлқай.
сатыпалдин файзолла қаридің өлең шежіресі
Жанарыстың баласы, екінші үлкен,
Көбейіп, неше тайпа жайған өркен.
Бар еді жиған-терген өз атамнан,
Сара жол бола қоймас, мұнда ілкем.
Қыпшақты Ақтам ұлы Кете бастап,
Артына тарих етіп, нұсқа тастап.
Ақтамнан туғандарын таратайын,
Біркелкі жүйесімен сөзді бастап.
Қыпшақтан туған бала—Сүлімалып,
Дабысы шыққан ердің жерді жарып.
Елін қорғап, жауына қарсы шығып,
Қатардан артық болып, шыққан алып.
Ақкөбік содан соңғы бір атамыз,
Тарихтан көрген сөзді таратамыз.
Неше ру, неше тайпа ел боп кетті,
Ендігі сөздің артын ұзартамыз.
Қыпшақтың бір атасы Ойбас болып,
Ұраны қыпшақтың болғаны анық.
Елін жауға алдырмай қалың қыпшақ,
«Ойбастап» жауға шапқан, ұран салып.
Мұнан соң Мейірман мен Абызсары,
Атаның түскен бұған оң назары.
Бір өзінен төрт бала жедел туған,
Құлан, Қытай, Қара, деген Сары.
Қарадан—Исламсейіт, бай Тоқтарбай,
Болыпты дүние-мүлік, дәулеті сай.
Зар болып бір балаға жүрсе керек,
Тарихта бізге қалған, міне, осылай.
шежірелік жыр-аңыздар
Тоқтарбай көптен жүрген, бала көрмей,
Тілеген, жатып-тұрып ұйқы келмей.
Келгенде сексен жасқа қабыл болып,
Көріпті бір ұл, бір қыз—жүргенде өлмей.
Қуанып Тоқтар ата, қылды тойды,
Қайғысын көңіліндегі бәрін жойды.
Ел-жұртын жиып алып, шашу шашып,
Баланың Қобыланды деп атын қойды.
Туыпты Тоқтарбайдан батыр Қоблан,
Құтылар уақыт жетсе, кім ажалдан.
Жауына күш көрсетіп, болып өткен,
Жан екен бір сәруар, сайыпқыран.
Дәуірлеп, ел-жұртын билеп өткен,
Жауына алдырмаған келген шеттен.
Он екі бір өзінен бала туып,
Кенжесі—Тоқтар деген би болып өткен.
Тоқтардан Бұлтын, Торы, Қарабалық,
Көлденең, Ұзын—бәрі өскен халық.
Баяндап сөздің артын ұзартпаймын,
Әркімнің ендігісі өзіне анық.
Құлан, Қытай, Қыпшақ, деген Сары,
Ойласақ, Арқада емес мұның бәрі.
Біразы Башқұрияға кеткен сіңіп,
Әр елдің арасында басқалары.
Көп елмен бұрыннан даулы Қыпшақ,
Қоймапты бетіндегі жауды Қыпшақ.
Баласы бір Тоқтардың бес таңбалы,
Дейді екен: «тоқсан екі баулы Қыпшақ».
сатыпалдин файзолла қаридің өлең шежіресі
Туысқан Жарбасты мен Құттық, Күшік,
Бұлар да іргелі ел болып кеткен.
Күрлеуіт, Мейрам қыпшақ деп атайды,
Жазылған шежіреде осылай деп.
Жаңбыршы—Қалдан, Болат, Алтыбастан,
Алтынсарин Ыбырай жұрттан асқан.
Еңбегі тарих болып қалды артында,
Қараңғы қазақ баласының көзін ашқан.
Үшінші, Нәдірқожадан туған—Найман,
Бұлар да өсіп-өніп қанат жайған.
Кешегі батыр туған ер Қабанбай,
Шығыпты ұран салып Боранбайдан.
Қаптағай бәйбішеден Қызай Найман,
Көкжарлы, Садыр, Матай, Қаптағайдан.
Туыпты Балталы мен Бағаналы,
Найманның кіші әйелі Наймантайдан.
Таусылмас айта берсем, сөздің түрін,
Ұсақтап кетсем болмас, сөздің құнын.
Түбі бір атадан Қоңырат, Найман,
Осымен тоқтатайын, енді мұны.
Ал енді Смағұлдан Бақты Ошбай-ды,
Айтайын Керей, Уақ болған жайды.
Туады Ошабайдан жалғыз Керей,
Керейден—Абақты мен Ашамайлы.
Бірталай аралықта жылдар кесіп,
Қытайға Абақ, Керей кеткен көшіп.
Олар енді қайтып келіп қосылмады,
Сол жақта рулы ел болып кетті өсіп.
шежірелік жыр-аңыздар
Ашамайлыдан Таңат би жалғыз туған,
Өтіпті дүниеден көрмей ұлдан.
Жүргенде үміт етіп бір баланы,
Жалғыз-ақ, әйелінен бір қыз туған.
Мінекей, сол қызынан Сыбан туған,
Жиенін туысымен бала қылған.
Көзінің тірісінде сол Сыбаннан
Екі бала—Балта, Көшек деген туған.
Ал енді Кіші жүз—Бекарыстан,
Мұны да таратайын көп алыстан.
Ұсақтап, өз алдына көп таратып,
Жазуға күш жетпейді қалдырмастан.
Бекарыстан—Алшын мен Құдияр тентек,
Бұлар да қалған емес, өспей келтек.
Құдиярдан төрт қожа болып туған,
Жазылған шежіренің сөзіне ерсек.
Қыдырқожадан Байлы мен Қаракесек,
Бұлар да өскен халық, болмай есеп.
Қаракесектен белгілі—Әлім, Шөмен,
Сөзімді артық болмас, туды десек.
Әлімнен Төртқара мен туған Шекті,
Ақкигіз бір баласы болған Текті.
Кете мен Жағалбайлы және туып,
Бұларда алты аталы Әлім депті.
Шөмекейден Тоқа, Бозғыл, Аспан,
Бұлардан Қаракесек ажырасқан.
Ішінде Кіші жүздің тентек ел боп,
Дау-жанжал төбелеске араласқан.
сатыпалдин файзолла қаридің өлең шежіресі
Қоңырқожадан туады Байұлы бай,
Байұлынан Қызылқұрт, болады Адай.
Белгілі Алаша, Таз, Тана, Шеркеш,
Машқара, Шектемір мен һәм Бақтыбай.
Осылай он екі ата Бай баласы,
Бұлардың көз жеткісіз айналасы.
Ішінде рулардың Кіші жүзде,
Тең келер, еш адамның жоқ таласы.
Сәдірқожадан туады Жаппас келіп,
Бұлар да жатыр шалқып, өсіп-өніп.
Жаппастың бір өзінен бесеу туып,
«Бес Жаппас» деп атапты есім беріп.
Нәдірқожадан тарапты Жетіру кеп,
Айтайын сұрасаңыз, мұны кім деп.
Жағалбайлы, Рамазан, Тама, Табын,
Керейт пен Төлеу және Атайсеміз.
Нәдірден жеті бала таралады,
Жетіру жеті ата боп саналады.
Арты өсіп, көпшілігі Кіші жүзден,
Осылай Нәдірқожадан таралады.
Тамам
Ұлы жүз аймағында Алатаудың,
Оңтүстіктен ырғалған бақша-баудың.
Жетісу мен Түркістан, Сырдария,
Мекендеген арасын Қаратаудың.
Ұлы жүздің Кейкі би бел баласы,
Жалқы боп туса керек ол шамасы.
Кейкіден Төбей туған төрт ұлы бар,
Осылай шежіренің бастамасы.
Тұқымы өсіп-өнген Төбей екен,
Жалқы боп аталары көбеймеген.
Қойылдыр, Мекірейіл, Майқы, Қоғам,
Төбейден осылайша төрт ұл өнген.
Мекірейіл, Қойылдыр ерте кеткен,
Ауған, түркі жерлерін мекен еткен.
Жерлеген жерлерінің жырын жырлап,
Сол елдердің салтына түсіп кеткен.
Екі ата бұл арада Майқы, Қоғам,
Қоғамнан Сіргелі атты ру қалған.
Қоңырат пен Сіргелі көршілес боп,
Қаратауды жайлаған атам заман.
Қазақ шежіресі
қазақ шежіресі
Майқыдан кеп туады Ойсыл, Үйсін,
Ата-жөнін кейінгі жастар білсін.
Ойсылдан Қаңлы менен Шанышқылы,
Бақтияр сол Үйсіннен жалқы ұлысың.
Бақтиярдан тарайды Абақ, Тарақ,
Жетісу атрабына жатқан тарап.
Жансақалдан Жалайыр он екі ата,
Ақсақалға келейін енді жанап.
Ақсақалдан Байдың ұлы Бәйдібек-ті
Шаруаға Бәйдібек жайлы кепті.
Байұлыдан Шақшам деген ел тарайды,
Бәйдібектің тұқымы тіптен көп-ті.
Бәйбішеден Сарыүйсін таралады,
Аз ел болған, көп емес қаралары.
Шапырашты, Ошақты, Ысты—үшеуі
Зеріп деген әйелдің балалары.
Бәйдібектің тоқалы—Домалақ-ты,
Туған екен Домалақ Жарықшақты.
Ол кісінің аты екен Бибісара,
Ешкім оның шын атын атамапты.
Жарықшақтан Албан мен Дулат, Суан,
Үшеуінің тұқымы талай дуан.
Өсіп-өнген халықта кім болмайды,
Талай-талай зорлықшыл шыққан жуан.
Дулаттан Ботпай, Шымыр, Сиқым, Жаныс,
Жаныстан Жанту, Жантан, Жарылқамыс.
Тәшкеннен бері қарай алып жатыр,
Көбейген соң арасы кеткен алыс.
шежірелік жыр-аңыздар
Әз Төле де Дулатқа ұран болған,
Ақылды екен атағы жерді жарған.
Даналығы Төленің аңыз болып,
Соңғы ұрпақтың аузында аты қалған.
Дейді екен: «Шымыр көп пе, шыбын көп пе»,
Айтады: «Сиқым көп пе, қиқым көп пе?».
Жанысты теңгереді қамыспенен,
Ботпай неге аз болған, батыр көп пе?
Сиқымның жолы үлкен той бастаған,
Ботпай батыр туғаннан қол бастаған.
Қарақойлы, Аққойлы, Қусирақтар,
Сиқымның ұрпақтары тұқым шашқан.
Егіз туған тетелес Ботпай, Шымыр,
Кенже боп үлкен үйді басқан тұғыр.
Құлманбет, Шылманбет, Күнту, Сәмбет—
Бәрі дағы Шымырдан өскен шүбір.
Ботпайдан—Асан, Тайлақ, Ақша, Қожай,
Есенбай мен Жанқойлық жатыр былай.
Бидас, Қоралас, Сиыршы, Додаменен,
Тағы-тағы елі бар талай-талай.
Жаныстың балалары екен қанша,
Уа, жұртым, мұрша бергін ойланғанша.
Көп әйелден өрбіген ұрпақтары—
Жанын қиған ерлер-ақ шын-ақ батыр.
Дәулеткерей, Мұхит пен Құрманғазы,
Бәрін айтып бере алман көптік сонша.
Жанту, Жантан, үлкені Жарылқамыс,
Жамбай, Шәкір, Қалпелер елге таныс.
Қыбырайменен болады жеті ағайын,
Құлақ салып сөзіме тыңдасаңыз.
қазақ шежіресі
Жантудан туған екен Байыс, Жайылмас,
Әулиеата жағында дейді Өтеміс.
Жанту да өскен тұқым болып жатыр,
Бай мен бегі көп болған көрсеткен күш.
Жантудан туған дейді Ерубайды,
Жолы үлкен деп оларды ел сыйлайды.
Бір атадан жалқы екен, тұқымы аз,
Ата-баба айтуы осылай-ды.
Баласы Жарылқамыс—Бейімбет-ті,
«Қасқарау» деп ел оны атап кетті.
Қараулық қып бір тойда, теңдік бермей,
Күш көрсеткен сияқты бұзып сертті.
Бейімбеттен—Елтүзер, Ораз, Бұқар,
Үш ұл туған әкеден сондай қиқар.
Елтүзер үлкені екен үшеуінің
Руы үш Қасқарау жатыр қатар.
Баласы Елтүзердің—Төке, Туыс,
Ел болған екі старшын бір-ақ уыс.
Ораздан—Бөкен менен Солтангелді,
Екі ата біріккенде бір-ақ болыс.
Аз болса да ешкімнен зорлық көрмей,
Қордай мен Аңырақайдан алған қоныс.
Терезесі тең өскен ағайынмен,
Өзінен туғаннан соң нән жолбарыс.
Бергі атамыз Сәти мен Боти екен,
Кебекбай содан туған Тоти екен.
Қазақ пенен қырғызға ақыл айтқан,
Оның сөзін нақыл деп тоқыр екен.
8-83
шежірелік жыр-аңыздар
Бай мен болыс болғанда не қылайын,
Сарыбас атам шын жүйрік ақын екен.
Мен өзім Кебекбайдың туажаты,
Оразға ұран болған қайран көкем.
Бұқардан—Құлболды мен Тілеуімбет,
Ақыл анам айтыпты аз болар деп.
Сырымбет, Баба екеуі алты болыс,
Қасқараудың ішінде мал басы көп.
Құлболды екі старшын ел болыпты,
Бай болмаған ел екен кедейі көп.
Ішінен Құлболдының пысық шыққан
Естуші ек Ыстыбайды шешені деп.
Жүз шамалы ел болған Тілеуімбет
Ел айтады қалыпты тілеусіз деп.
«Аз болсам да терезем тең» дейді екен,
Аз ауылдың адамы—Есмағамбет.
Өтеғұл, Өткен туған Сырымбеттен,
Байы көп, батыры көп дүрілдеткен.
Өтегендей аңызды батыр туған,
Ел қамын жеп деседі, жаһан кезген.
Әділ екен деседі ел аңызы,
Сырымбет, Малдыбай би ертеде өткен.
Ноғайбайдай ақылды кісі болған,
Өз елін орыспенен жақын еткен.
Бабада да көп болған батыр мен бай,
Ел билеген жуандар ығай-сығай.
Жалшы, қоңсы, кедейі онан да көп,
Бай болған жерде болған ба, кедейі жай.
қазақ шежіресі
Кедей сорлы тырбаңдап еңбек еткен,
Байысам деп ол дағы арман еткен.
«Бабаның батасын ал» деген аңыз,
Ойласақ, туса керек сол ниеттен.
Албаннан батырлар шыққан ерек,
Жан сауға, ел қорғаған өңкей серек.
Хангелдіден—қаһарлы Райымбек,
Ұран болған жұртына бір бәйтерек.
Ерлерін аңыз қылған өрдегі Албан:
Дәу Қараш, Малай батыр, Қатпа, Төлек.
Суаннан—Сатай, Бөлек, Аралбайлар,
Қабандай күркіреген талайлар бар.
Тұс-тұстан қас саңлақтар атой салса,
Жау жаны кеудесінде қалай қалар.
Шапырашты шабады «Қарасайлап»,
Жасыл туы желбіреп, бөрілі байрақ.
Шамалған мен Қаскелең батырларын,
Наурызбай бір өзі кеткен жайлап.
Сұраншыдай батырдың туын байлап,
Кейін де шыққан талай небір саңлақ.
Екей, Сыйқым, Есқожа, Асыл, Шыбыл,
Ақындары шығады «Сүйінбайлап».
Төке, Төлеміс, Әжіке, Орынбет, Кеней,
Асылдың бес баласы туған саңлақ.
Ұлы жүзге белгілі Артық батыр,
Төке де туған екен одағайлап.
Келейін енді Ысты мен Ошақтыға
Өмір қусаң, жеткізбес қос аттыға.
Есім, Малай, Таз бенен Құланшы боп,
«Жауатарлап» шабады атқа шапса.
шежірелік жыр-аңыздар
Бөлтірікті білмейтін адам бар ма,
Сөйлесе, жол бермеген тіл-жақтыға.
Қуандық ақын болған заманында
Белгілі ойда жатқан төрт Ыстыға.
Ошақтыдан атақты Майкөт ақын,
Елі шалғай жатқанмен, сөзі жақын.
Ертеде Жетісуға келіп қайтқан,
Танысып көрмек үшін елі-жұртын.
Орта жүздің баласы—Арғын, Найман,
Қыпшақ пенен Қоңырат ұрпақ жайған.
Уақ, Керей алты ата деп атайды,
Мекен алған Арқада сай-саладан.
Қанжығалы Бөгенбай батыр болған,
Қаракерей Қабанбай ел қорғаған.
Қаз дауысты Қазыбек Қаракесек
Заманында еліне ақыл болған.
Орта жүзде ән-күйдің ордасы бар:
Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса,
Балуан Шолақ, Әсеттей той басшылар.
Батырлары Қажымұқан, Амангелді,
Еңбекте де лайық баға берді.
Абай менен Ыбырай, Шоқан ғалым,
Елі үшін еңіреген—данам еді.
Батыстағы бастайын Кіші жүзден,
Арал, Жайық, Каспийде ерте жүзген.
Мекендеп Еділ, Жайық жағаларын,
Орыспенен көрші боп тілін білген.
Елге даңқы тараған Сырым батыр,
Бағынбаған өзгеге қыңыр батыр.
қазақ шежіресі
Исатай мен Махамбет халқы үшін—
Жанын қиған ерлер-ақ, шыны батыр.
Дәулеткерей, Мұхит пен Құрманғазы,
Ән мен күйін естиміз қысы-жазы.
Қазанғап пен Ықылас, Қашағандай,
Айта берсе, таусылмас өнерпазы.
Осындай ел аңызын өлең еткен,
Сексенді алқымдаған Кенен екен.
Ұсынған ел мұрасын ұрпақтарға,
Қордайды бұл ақының мекен еткен.
Жараттың жанның бәрін Жаппар Халық,
Жеткерсең, рахметің көп қазыналық.
Адамға ажал мирас болғаннан соң,
Бара жатыр: біреу—кетіп, біреу—қалып.
Білгенге баяны жоқ бұл дүниенің,
Әркімге-ақ еткен жоқ па би-опалық.
Алланың сүйген досты—Ақ Сәруары
Көркейткен ислам жолын шамдай жарық.
Шаһариар Әбубәкір, Омар, Оспан,
Күш берген Әлі шерге қаншамалық.
Іскендір Зұлқарнайын, Рүстем Дастан,
Сүлеймен сүрген дәурен падишалық.
Жалғанның опасызы ойлағанға:
Дегізген соқтырып сан, оһы дарық.
Өлшеулі өмірің бітіп, таусылса дем,
Болмақшы бір күн набыт, кемең ғарық.
Құрулы жүретұғын жолда тұрған,
Ажал—ау, мысалында, адам—балық.
Артында өзге қалмайды, сөз қалады,
Тыңдарлық болса, нұсқа, тек жаңалық.
Шежіре
шежіре
Алпыстан асқан соң жас айналдырды,
Шырмалтып отбасында шаруашылық.
Құнанбай, Мырқы, Шабдан, Досжан хазірет
Меккеден келген екен бір шежіре алып.
Сарапқа салыстырып қарағанда,
Осыны өзгесінен көрдім анық.
Бастадым Ансариден бермен қарай,
Аңлатып ата жолын ескі тарих.
Атамыз Ансариден туған Мәлік,
Кісі екен тура жолмен еткен талап.
Толығып жасы ортаға жеткен кезде,
Аннасты берген екен, Құдай қалап.
Аннастан Жабал туып, одан—Мағаз,
Кезінде қадірлепті халық бағалап.
Мағаздан ер Сүһайыл туған жалғыз,
Алты ата Ансаридан, көрсең санап.
Құрай, Ақшолпан мен Сүһайылдан,
Ұрпақтап осы арадан өскен тарап.
Туыпты Атар, Татар бәйбішеден,
Бағдарын олардың да, біл шамалап.
Екінші анамыздан Қырым туып,
Батыр боп қол бастапты, күнге жарап.
Атардан Естек, Башқұрт туған егіз,
Татардан Ноғай жалғыз, туған дарақ.
Қурайдан туды Аламан, бәйбішеден,
Тоқалдан туған Тете, Серкеш, Жанап.
Үшінші әйелінен шешен, үңгіш,
Сол жерден ажырапты бермен қарап.
Сейілхан баласы екен Аламанның
шежірелік жыр-аңыздар
Жүретін жалғыз өзін, көпке балап.
Түрікпен сегіз жүйе Сейілханнан,
Жауынгер алған атақ, жұртты қанап.
Жайылхан Ақшолпаннан туған екен,
Данышпан болып артық, ақылы сарап.
Болыпты Жайылханның екі әйелі,
Таңдаулы қалап алған халықты аралап.
Майқы би, Мүйтен туып бәйбішеден,
Көрмеген кемітіп дос, жат табалап.
Майқыдан Түмен дара туған екен,
Секілді көлеңкелі гүжім дарақ.
Туыпты тоқалынан Жайылханның,
Әлеуке, Шақшақпенен іле-шала-ақ.
Түменнен Өзбек пенен Жаһан туып,
Кіргізген шежіреге үлкен санақ.
Түменнен Өзбек, Жаһан екі бала,
Айрықша Жаһан бопты, ақыл-дана.
Тәжіктен бір сұлу қыз алып Өзбек,
Бөлініп өз алдына шыққан дара.
Бұхара, Самарқан мен Тәшкен, Қоқан
Өзбектер еткен мекен қоныстана.
Жаһаннан Келмек пенен Айырқалпақ,
Екеуі бір анадан, туған жана.
Келмектен қырғыз жалғыз туған екен,
Ыңғайлап Алатауды жадына ала.
Қырғыздар екі арысқа бөлінеді,
Атанып бірі—сары, бірі—қара.
Туыпты Қазақ пенен Созақ бірге,
Әкесі Айырқалпақ, бір дейді—ана.
шежіре
Созақтан Толағай мен Сүйір туып,
Мекені атанады деп «Бес қала».
Үргеніш, Төрткөл, Шымбай, Тақтакөпір,
Қонысы Толағайдың тап сол ара.
Толағай әуелде аты болғанменен,
Атанған «қарақалпақ» бара-бара.
Ескеріп, есіткенде білетіндер,
Түзетер кем-кетігін, болса шала.
Тоқтатып осыменен өзгелерін,
Қазақтан бастайын сөз, келсе шама.
Қазақтың алдым қолға өз баласын,
Айтпаққа ажыратып шекарасын.
Айырып аталарын айтып өтем,
Тыңдаушым, көрсе қолай сөз саласын.
Қазақтан Наурыз, Алаш—екеу туған
Наурыздың деп атайды, үлкен жасын.
Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры,
Келер жыл көктемде беріпті асын.
Қазақтың балалары содан бері,
«Наурыз» деп қойыпты атап, жылдың басын.
Кезінде Алаш батыр болған екен,
Ерлікпен жайған жұртқа ауазасын.
Жапырып жеңіп жауын талай жерде
Таңданған көрген халқы тамашасын.
Ұранға аты шығып заманында,
Жаңғыртқан жазираның ен даласын.
Тәшкеннің дариясының жағасында,
Қазақтың қалды дейді қанағасын.
Айырып ата жолын аша алмасаң,
Сөзіңнен сыбағалы құр қаласың.
шежірелік жыр-аңыздар
Аларлық ажыратып болса, шамаң,
Өзіңді үш арыстан тез табасың.
Ақарыс, Жанарыс пен Бекарыс деп,
Алаштан айтад бастап шекарасын.
Ақарыс ең әуелі, бұрын туған,
Үлкен дейді екеуінен жас шамасын.
Жанарыс ортаншысы деп айтады,
Жорықта жаудан алған сыбағасын.
Алаштың Бекарыс би кенжесі екен,
Ауқымға тартқан топтап айналасын.
Бақ қонып, қыдыр дарып әулетіне,
Ұлғайтып өсірген тең мал мен басын.
Үшеуі енші алыспақ бопты бір күн,
Ата жолы әдет солай, не қыласың.
Енші алған Таңбалытау деген жерде,
Көніспей туғызыпты сөз таласын.
«Өздерің оңысып, енші алыңдар» деп,
Әкесі берген екен патихасын.
Енді олар тура тұрсын сол бетінше,
Аяқсыз қалдырмалық сөз жалғасын.
Балаларын шақырды Алаш «мұнда кел» деп,
Мақсаты—болды еншісін өзі бермек.
Иіртіп бір шұңқырға барлық малды,
Айтыпты «бірдей қылып, төртке бөл» деп.
Бөліпті біршілікпен қой, түйені,
Бірінің айтқан сөзін бірі жөндеп.
Жылқыны бөліскенде келіспепті,
Таласып кешке дейін, бекер шөлдеп.
Келіспей келді үшеуі әкесіне,
Қарияның айтқанына, болып көнбек.
шежіре
Алаштың өзі шықты ертеңіне,
Мінді де дайын тұрған, атын ерлеп.
Жүз жылқы айдап салып күншығысқа,
Айтыпты Ақарысқа: «алшы сен» деп.
Шығарып арқа бетке жүз жылқыны,
Беріпті Жанарысқа «егелен» деп.
Кенжесі Бекарысты қасына алып,
Жүз жылқыны беріпті ал деп «сен түгендеп».
Балаларға бөліп жүзден бергеннен соң,
Айтыпты «қалғанына еге мен» деп.
Ас-атау, кемпір-шалдың кәдесі үшін,
Кім айтар, сыбағасы жоқ екен деп.
Қолында қалды кіші баласының,
«Кенжесі—үлкен шаңырақ болған жөн» деп.
—Әрқайсысың беттеріңмен қоныстан,—дейді,
Ырза боп, ренжіспей артық-кем деп.
Батасын беріпті Алаш балларына,
«Көбейіп ұрпақтарың өсіп-өн» деп.
Үш бала өскен ұрпақ Ақарыстан,
Бетіне келе алмаған қарсы дұшпан.
Албан мен Суан, Дулат деп айтады,
Білетін айтушылар әрбір тұстан.
«Бақтияр» босағасы Ұлы жүздің
Іргелі ел өзгесінен, бір туысқан.
Орындап өсиетін атасының,
Мекендеп қоныс алған күншығыстан.
Әзіреті Түркістаннан өрге қарай,
Қашқармен қатар жатқан тұспа-тұстан.
шежірелік жыр-аңыздар
Жаз—салқын, қысы—жылы, жері—көркем,
Ыссыға шөлдеп, халқы тоңбайды қыстан.
Балғын шөп, мөлдір бұлақ, жарастықты,
Бір-бірін сұлу жардай сүйіп-құшқан.
Қарағай, қайың менен арша ағаштар,
Түр беріп, тау бетіне құлпырысқан.
Ұлы жүз атамыздың орталығы—
Бұл кезде болды ордасы Қазақстан.
Суреттеп көргенімді қойса зейін,
Жастарға жаңа талап, берген нұсқам.
Баласы алтау дейді Жанарыстың,
Үлкенін Момынқожа қояды есімін.
Момыннан Ақжол менен Алатау деп,
Айтады білгендері әрбір тұстың.
Ақжолдан Арғын туып, іргелі ел боп,
Атағы Орта жүздің болған өстіп.
Қоңырат Алатаудың баласы екен,
Кем демейді, қатарынан оны да ешкім.
Ақтамыр—екіншісі, одан—Ойбас,
Бір туған баласындай алғыр құстың.
Ойбастан Қыпшақ туып, өсіп-өнген,
Бауыр боп, ол да ішінде бір туыстың.
Сымайыл—үшіншісі деп айтады,
Төртінші—Қосымқожа жалғасы үштің.
Қосымнан Жаубас, одан Керей, Уақ,
Бір туған қаласындай қатар тістің.
Бесінші—Қарақожа одан соңғы,
Кенжесі—Дарақожа дейді атамыздың.
шежіре
Қаптағай Дарақожадан туған екен,
Жайылып, жұртқа даңқы қайрат-күштің.
Атамыз Қаптағайдан Найман туып,
Би бопты, ашқан кілтін мүшкіл істің.
Керейден Орта жүзде Марал шықты,
Әруағы айбатындай жолбарыстың.
Арғыннан қаз дауысты Қазыбек би,
Атақты егесі еді зор дабыстың.
Ерлер көп айта берсек аталықта,
Осымен келді реті доғарыстың.
Бастауға Бекарысты жаңа келдік,
Аталық асулардан өтіп белдік.
Мөңке би туып жалғыз Бекарыстан,
Көп нұсқа кеткен тастап байтақ елдік.
Мөңкеден—Арғымақ пен Алау батыр,
Туыпты ол дұшпанынан алып теңдік.
Ұрпағы Арғымақтың—Нәдірқожа,
Өскен ел, ол да ешкімнен көрмей кемдік.
Керейт пен Қарақатыс, Жауырыншы,
Көрсеткен кереметін жұртқа жөндік.
Одан соң бір баласы Рамадан,
Рулы ел Жетіруда, бір көлемдік.
Кенжесі Арғымақтың Телеу-Мырза
Атаның қара орнында қалған кеңдік.
Нәдірден Тама, Табын, Кердерімен
Ұрпақтап байтақ ел боп, өсіп-өндік.
Алаудан Құдуар тентек атаныпты
Мінезі болып шалкез солай дерлік.
шежірелік жыр-аңыздар
Құдуардан Алшын жалғыз туған екен,
Дәріпті данышпан боп кемеңгерлік.
Алшыннан Сәдір менен Қадырқожа
Бірі—бай, алған атақ, біреуі—ерлік.
Атамыз—Қадырқожа заманында
Дәулетпен бай атанып, еткен серілік.
Сәдірден Қаракесек туып жалғыз,
Белгілі би болыпты, басы—төрлік.
Байсары, Әлім, Шөмен туып одан,
Өскен ел, ұлан-байтақ ескерерлік.
Кете боп атанады Байсарыдан,
Қонысы болғанменен қайбір жерлік.
Алты Әлім, бес Шекті, төрт Төртқара
Бөлінеді әр атаға дәріп етерлік.
Шөменнен Дөйт, Шөмекей туған екен,
Секілді бірі Сүтін, біреуі Өрлік.
Өскен ел—Дөйт ұранды, төрт Шөмекей,
Алшында терезесі тең келерлік.
Атанып Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғұл,
Болмаған бір-бірінен кем көрерлік.
Ер шықты осы елдерден мақтағандай,
Айтуға адам ебін таппағандай.
Әлімнен атақты би, шықты Әйтеке,
Ел арын, ер намысын сатпағандай.
Көтібар, Жанқожа мен Есет батыр
Дабысы жердің жүзін қаптағандай.
Кем емес, Құлбарақтың Сердәлісі,
Айлықты алты басып аттағандай.
шежіре
Шөменнен Қыстаубай мен Бәйтік шыққан,
Қан алмай қасарысса, қайтпағандай.
Шобдарда Алмат, Досек, Жанай батыр,
Ерлер еді, бетіне ешкім қақпағандай.
Алматты тентек кісі деп айтады,
Талайдың үстіне аунап таптағандай.
Қашқымбай, Сарман менен батыр Қалдан
Қорғалап қысылғандар жақтағандай.
Талқамбай, Сарыбай, Сәдір, би Төребай,
Қарсы сөз айтып адам батпағандай.
Жабағы жиырма-отыз жыл болыс, би боп,
Ер еді елдің тұзын ақтағандай.
Бекмырза, Дәуімшар мен Бегім де өтті,
Айнытпай ата жолын сақтағандай.
Қабылан батыр менен Зарқұм, Қара,
Олар да ерлер емес, айтпағандай.
Аттарын әруақты ердің тебіренттім,
Талапкер болса жастар жаттағандай.
Алшында Қадырқожа атанған бай,
Болыпты дәрежелі дәулетке сай.
Деп айтады он екі ата Байдың ұлы
Серкеш пен Алтын, Жаппас, Беріш, Адай.
Алаша, Байбақты, Ысты, Тана, Таздар,
Қызылқұрт, Есентемір, Масқар, Жанай.
Түгелдеп осыменен Бай баласын
Қысқартып түсіндірдім көп ұзатпай.
Есеке—Алашаның әулиесі,
Табылған Тұрғанбайдан сөз жүйесі.
Сырбойлық Алашадан Шайман шықты,
Бергенсін бақ пен дәулет ақ иесі.
шежірелік жыр-аңыздар
Тараған әулетіне үлгі болып,
Олардың қалған нұсқа, өнегесі.
Алтыннан Науша, Қалша, батыр Барақ,
Ерлердің сыртқа мәлім шама-шарқы.
Алтынның болып белді босағасы,
Жалғасып, жеті атаға жеткен арты.
Кішкембай белді кісі батыр өткен,
Жайылған атырапқа шығып даңқы.
Әлібай болыс, Тобжан би атанып,
Артылған абыройы, сыйлап халқы.
Жаппаста жүзге мәлім Мәмбет, Мырқы,
Өткелбай, Аппаз, Қозақ, Қымбат нарқы.
Мұңайтпас, Жүсіпбек пен Басығара
Олардан сескен үш рет сайлап сарты.
Итқара, Жамантайдай жүйрік өтті,
Тік тұрған, тізгін беріп Серкеш жұрты.
Адай да айбатты ел деп айтады,
Секілді, жауатұғын қардың бұлты.
Ысықта Орман өткен—атақты адам,
Елінің егес жерде болған құлпы.
Таздарда Сауытбайдың Тоқтамысы,
Неше жыл болыс болған сыйлап ұлты.
Тәуірін таба алмадым төрт атаның,
Қонысы басқалықтан, болып «мүлті».
Аз емес, Жетірудың жақсы адамы,
Ойға алдым, оларды атап, бастағалы.
Батыр мен билері көп үздік шыққан,
Деместей ешкім, қалай—мақтағаны.
шежіре
Төлеуден Есенгелді, Әймен шықты,
Айырған алжастырмай ақ-қараны.
Аққошқар-Жағалбайлы, Дербісәлі—
Дәреже, дәулетке сай, бақ қарады.
Кердері Әбубәкір көпке мәлім,
Сарқылмас сөздің кені қаптамалы.
Басылған қисса қылып өлеңдері
Жыраудың толып жатыр, жаттағаны.
Рамадан Жиренше мен Алдаркөсе,
Талайдың сөзбен сұлқын басқан неше.
Айрықша үздік шыққан заманында
Ділмарлық ерлер екен, еткен неше.
Хабардар қариялардан сұрай берсін,
Шоңбайдың бұл айтқанын бекер десе.
Тамадан ерте шыққан Есет батыр,
Кісі екен қысылғанда мыңға татыр.
Қалмақ пен қарақалпақты жер аударып,
Салыпты бастарына заманақыр.
Өмірбай, Боранбай мен Борбастардың
Аттары әлі ескірмей бара жатыр.
Сейітін Қоңырбайдың кім білмейді,
Талайдың болып кетті орны тақыр.
Арқада Қаражүсіп қандай еді,
Ұрпақсыз ол да жөнеп кетті пақыр.
Тамамдап Таманы әзір осыменен,
Керейтке Шоңбай жаңа келе жатыр.
Керейттен қожа шықты Қосым атты,
Кісі екен әруағы мол, кәрі қатты.
«Қарадан қалай қожа шығады» деп,
Есіткен елдің бәрі таңырқапты.
9-83
шежірелік жыр-аңыздар
Жан берген жеті өлікке Мүсірәлі,
Көрсетіп көп ішінде кереметті.
Үш жүздің кеңесінде Күлтөбеде,
Пірлікке бір ауыздан халық ұнатты.
Ортадан Әйтеке алып кеткеннен соң
Пір болып Қаракесектің дәмін татты.
Керейттен шыққан пірдің күмәні жоқ,
Нандырған намі қазақ уәлаятты.
Керейтте би боп өткен батыр Манақ,
Қуантай жастай кеткен жауға жарап.
Аманжол, Дәулет, Мәмбет, Бедер,
Қасым мен алты атаға келді тарап.
Жартайдың болды бұлар босағасы,
Секілді бірі—қару, бірі—жарақ.
Бегалы, Тынымбай мен Әбет болыс,
Шаған мен Аламесекті еткен қоныс.
Ел еді жатқан жалпақ жерге сыймай,
Бір шеті—Самырат пен Қарақуыс.
Кішкембай, Сегізбайдай өтті ақсақал,
Қайырлы ерлер еді, елге ырыс.
Дөңмұрын, Қосназар мен Келдібай би,
Солар ед сөз егесі сахып құрыш.
Атсейіс, әруағы мол адам еді,
Қалғаны Қоқыбайдың болмас дұрыс.
Аманбай бай өлмесе, неге өледі,
Өлгенсін жарлыға бай теңеледі.
Сұлтанға осы тұрған апармас па,
Бозай мен Қасаболаттан не көреді.
Қолы оның көкке қарап жатқанында,
Бір шайқы үйге кірген неден еді.
шежіре
Қайтерін біле алмай жұрт тұрған шақта,
Әлгіні айта салып жөнеп еді.
Сол кезде қолы орнына түскен екен,
Құдірет қандай күшті шебер еді.
Кетіпті халық ішінен ғайып болып,
Жай адам болса, қайтып келер еді.
Ғайып ерен, қырық шілтеннің біреуі деп,
Кең ойлы кемеңгерлер межеледі.
Атасын алып барып Түркістанға
Әруағын адал бала елеп еді.
Бозайдан Айқара мен Сасық туды,
Үш ата Амандыққа шөбере еді.
Майлыбай Итқарадан Әбет болыс
Жеті ата Қожахметке келер еді.
Бұл дағы болған аға бес Бексанға,
Ерлерді еттім баян өнегелі.
Мырзабай Арбалыдан ақын шықты,
Әрі емес, күні кеше—жақын шықты.
Әбжәли әулиенің ақыры еді
Тақырда жазылған дем ғапыл шықты.
Табынды әр атаға айыруға,
Өзімше ойластырсам, мақұл шықты.
Үш бала: Ағым, Бозым, Шаңқан туып,
Ішінен небір қазел, батыр шықты.
Ағымнан туған екен алты бала
Үлкені Айдар, Таушан, Теке жана.
Қожантай, Қаракөңке, Дандаменен
Алтауы түгел шығар, аңлап қара.
шежірелік жыр-аңыздар
Таушанның тауып айтар тұқымы жоқ,
Қатардан қалғанменен тап осы ара.
Айдардан Дүзей, Дербіс, Бегалімен
Тоқберлі деп айтады туған дара.
Аралбай, Тоқберліде батыр Қабан,
Тұрғанбай, Досым, Топан сөзге маман.
Қуанбай, Досымбет пен Нүрке, Досжан
Кем болмай, қатарынан өткен адам.
Елеусіз үш атаға келіп еді,
Қалайша Адамбайды айтпай қалам.
Біреу кеш, біреу ерте жөнеп жатыр,
Өлшеулі өмір беріп Ақ Тағалам.
Би Мысық Тартулыда ел ағасы,
Ас тойда бұрын келген сыбағасы.
Текеден Күскен мен Тоқай туған,
Ешкімнің бұл сөзіме жоқ таласы.
Төрт бала туды дейді Күйекеннен:
Бердіғұл, Шал, Сасай мен Қалдау жасы.
Сасайдың бес баласы бірі—Сары,
Текенің тұқымынан болды жары.
Атанша, Ақыл, Төлек, Тоқтамыс деп,
Айтады білетұғын қариялары.
Бұқарбай батыр шықты Атаншадан,
Үш арыс біледі оны, жүздің бәрі.
Барғанда Баһауадинге берген екен,
Ықыласпен қабыл болып қылған зары.
Өлгенше бетіне жан келмей қарсы,
Болды ердің өз еркінде ықтияры.
Балалары Көтібар мен Алданазар
Ем болды ел қысылса, сөзі дәрі.
шежіре
Әулеті атақты ердің сондай болсын,
Кеткен жоқ ешбір жанға намыс-ары.
Аннастан бермен қарай отыз екі,
Атаға келді олардың ұрпақтары.
Сенбесе, санап көрер, білетіндер,
Әрине, білмеске айтып, жоқ дәркары.
Текеде Жүзжасар би, Тұржан ақын,
Ерлердің атамайын қалайша атын.
Жолдыбай, Тоқай, Досбол, би Опабек—
Заманы ұзақ та емес, өткен жақын.
Қараман қатарынан сопы болды,
Кеуліне беріп Егем қанағатын.
Кіребай, Иман менен Илияс өтті,
Асырып әркімдерден салтанатын.
Қатардан қайтып атын қалдырайын,
Белгілі, аты шыққан азаматын.
Мұқаметқали өтті Көтібардың
Өткерді ердің ғапыл дем сағатын.
«Өзгеше,—деген нақыл,—олар бала»
Көзімен көрді халқы күш қайратын.
Мөңкеде Достанбай мен Сарбай болды,
Атағы ел атына дардай болды.
Қалымбет, одан кейін Есжан шығып,
Жарқырап атқан бейне таңдай болды.
Ішінде Тартулының берекелі,
Кемімес, қыдыр қонған бардай болды.
Мөңкенің қыр жайлаған қырық аулынан
Тойынған аш-арығы қандай болды.
Ағымды алты аталық ажыратып,
Бозымға жаңа келген жағдай болды.
шежірелік жыр-аңыздар
Бозымнан екі бала туған тең боп,
Өскен жоқ, біреуінен бірі кем боп.
Асаннан Әжім, Боқай туып бала
Боқайдан Бозжан шыққан, айтқаны ем боп.
Елімбай, жастайынан Әлжан, Дәрмен
Жалғаннан жайып құлаш, кеткен сермеп.
Әжімнен Боқтыбай мен Төлеу шығып,
Өлгенше, мал мен басы өскен өрлеп.
Жанбайды жамандауға жұрт қия ма,
Тұрушы еді, жайып-құлаш «бермен кел» деп.
Бозшадай бүтін туған адам бар ма,
Жиында жұрт басқарып, кетті жөндеп.
Тоқтамай Тоқсиыққа келдім жаңа,
Басқаның басты ерлерін мен түгендеп.
Барлыбай Есембаймен туған бірге,
Бөлейін, қолдан келсе, неше түрге.
Тұқымы Тоқсиықтың өсіп-өніп,
Көптіктен енші алысып, айрылды ірге.
Батыр, би екеуінен тең боп шықты,
Бөлгендей таразыға, тартып кірге.
Бұқар би Андағұлдан бастай шығып,
Жайылып кетті даңқы талай жерге.
Ел арын, ер намысын жібермеген,
Жарасады не деп айтса да ондай ерге.
Күдері, Барақат пен би Елубай,
Әркімнен ақылы артық, кәрі шөңге.
Әулеті азбай келді алты атаға,
Жарасып би тұқымы іргелі елге.
Қалыспай оған жалғас Қасым шықты,
Кіргенше билік айтып басы көрге.
шежіре
Байтоғай Қиықбаймен өтті дейді,
Ешкімнің қақпайына жүрмей жөнге.
Пайдасы басым еді Жүнісқұлдың
Сасқанмен сиыспайтын шалғай жеңге.
Бөлеттен бала батыр Дүйсен шығып,
Ерлігі мәлім болды ой мен өрге.
Сыйлы ауыл, сыбағасы болып артық,
Өлгенше отырумен кетті, төрге.
Ырсымбек, Қарсақбай мен қабат шығып,
Еркінше еге болды, келген мөрге.
Құтым да Қойшымбай мен Пірмағамбет
Сарапта саналмаған, сөзі кемге.
Қойшымбай Түркістанда сиез болып,
Таңдатқан сап-сары ала, таққан шенге.
Тұяқсыз Пірмағамбет жастай кетті,
Кездесіп тағдыр жазған тапшы өмірге.
Құрманнан Құлшық, Бидас үздік шықты,
Бола ма басып озса, пәлен дерге.
Келгенде Есембайға еріктімін
Түйткілдеп тоқталмай-ақ түсіп терге.
Назарын салмай қыдыр құралғанды
Рет жоқ, қисынсыз құр көтерерге.
Баласы Есембайдың бесеу еді,
Бірі—ұзын, бірі—қысқа мешеу еді.
Тоқалдың бес баласы тұра тұрсын,
Үлкені—бәйбішенің Көшей еді.
Көшейден Құланбай мен Сатым шықты,
Ілікбай сөйлер сөзге көсем еді.
Мінер ат, киер киім кем болғансын,
Кедейлік ердің алдын кеселеді.
шежірелік жыр-аңыздар
Екінші—Жақап дейді бір тарауын,
Би шыққан бітіретін елдің дауын.
Бәйтенді батыр болды деп айтады,
Ақ боз ат, көк найзамен жеңген жауын.
Қырғиды—дуалы адам,—дейді халық,
Қасына қара айналып жиған қауым.
Ақжігіт, Бақытбай мен би Шортанбай
Патшадай болған әділ Қысырауын.
Жақыптан небір жақсы шықты жігіт,
Жейтұғын көп ішінде көздің жауын.
Артында Ахметтің қалмады ұрпақ,
Тұйғындай қашқан қиып аяқ бауын.
Сол үшін шежіреге қосып атын,
Қалдырмай қақтым ердің қоңырауын.
Жақыптан сырт дұшпаны сескенеді,
Қаншама көтергенмен омырауын.
Төлейден Қырық туып таралады,
Шежіре ата жолын саралады.
Құнанбай, Дөненбайдай батыр шығып,
Әркімдер көріп күшін шамалады.
Байкел мен Өтепберген оза туып,
Жасқанып жауды есептеп санамады.
Баһадүр басы туған сол ерлердің
Тауысып тағдыр демін қазалады.
«Атадан сондай сендер, кем тудың» деп,
Көп айтып, Бекжан аға мазалады.
Үркімбай, Дуанадан Оңғар, Пірім,
Пірімнің қатарынан сөзі шырын.
Қызмет етті дейді Көшербайға,
Оңғармен жүргенінде келіп қырын.
шежіре
Аяғын әркімдер де аңдап басты,
Көпшілік көргеннен соң ердің түрін.
Кейбіреу үйде отырып еліреді,
Кетірмей жағасының жұққан кірін.
Өмірқұл шаңырақ түйе секілді еді,
Басқасын айтып өттім бұдан бұрын.
Қаражан, Жамантықтан Маман шықты,
Белгілі халық білерлік адам шықты.
Аттарын термешілеп көп айтпадым,
Өз атам болғандықтан Жамантықты.
Алтыншы—Өмірқұлға келіп кезек,
Былайғы бес Есембай тамам шықты.
Өтейден туған екен Өмірқұл бай
Асулы ет қазанында, қайнаулы шай.
Қареке, Қараман мен Құлшық туып,
Сәркені үшеуінен көріпті жай.
Былайғы үш баласы момын болып,
Әркімдер бір билепті олжасындай.
Осыны Өмірқұл бай азар көріп,
Сопының тынышын алған барып қоймай.
Келеден бура, айғыр, қойдан қошқар,
Тірілей тізіп барған бірін соймай.
«Тілегің осы болса,—депті пірі,—
Қыз бердім, көш бастайтын қарқарадай.
Ұл бердім, қол бастайтын Сәрке деген,
Кідірмей қайт,—депті,—енді мазамды алмай».
Ол Сәрке батыр болған халыққа мәлім.
Талайдың таңырқатып төккен қанын.
Қалмақтың, Қоқан менен Қарақалпақ
Күйзелткен қайырлатып суға салын.
шежірелік жыр-аңыздар
Қалмақпен қарсыласып неше жылдай,
Аударып алған екен жер мен малын.
Сопы өзі берген соң кем болсын ба,
Дұшпанға тарттырыпты қайғы-зарын.
Ақайдар, Бекайдармен туып одан
Аузына қаратыпты халықтың бәрін.
Байқадам, Ақайдардан туып Татан,
Ерліктің еркінше алған ықтиярын.
Ақсақал, Байсақал мен Сейіл туып,
Бұлардың біледі үш жүз сырт хабарын.
Бекқұлы Кіші жүзге мәлім болды,
Бұрынғы батырларға тартып сарын.
Бекеңнен Әбіләкім туып еді,
Жас қыршын, жанып тұрып, сөнді жалын.
Ұранға аты шыққан атақты ердің
Аяғын Жанұлымен тамамдадым.
Аннастан отыз екі ата боп тұр,
Шежірені шамалайтын ерге мәлім.
Саркеден сегіз ата жерге келді,
Батырдың білгің келсе, бергі жағын.
Жанкісі, Қарекеден Өтеулі, Ұзақ,
Жетіп тұр, жеті атаға олар да ұзап.
Жанкісі әулие боп кереметті
Көргендер қойыпты ден күмәнсіз-ақ.
Жайнамаз берген екен Қосымқожа
Наза боп, алдына әуел барған жолы-ақ.
Ұзақтан қайқы туып, қандай болды,
Қалған жоқ, кімнен шіркін, дүние шолақ.
шежіре
Артық боп абыройы әркімдерден,
Пәниге келіп қайтты, болып қонақ.
Қайтпайтын Қараболат, қайран ерім,
Жай бергей, жаннатыңнан Зұлжалал Хақ.
Батырдың Бекжан, Нарша орнын басты,
Ұстаған ата жолын белгілі әруақ.
Наршаны кім кемітед қатарынан
Маңызды білімге сай мінез салмақ.
Ескеріп екі адамды айрықша айттым,
Қалдырмай білгенімше әбден талдап.
Мақамбетқали менен Нарша жолдас,
Бір жылғы төл ішінде туған саңлақ.
Жалғанда жан сенерлік опа бар ма,
Аңдулы адам—балық, ажал—қармақ.
Аннастың әкесінен санағанда,
Отыз үш келді атаға осылар нақ.
Жан барда, қызыл тілім, қарыштап қал,
Тапжылтпай тағдыр бір күн алатыны хақ.
Алқымнан аңсызда ажал алған кезде,
Сан соғып дегізбеген кімдерге қап.
Бейне бір адам—жалын, ажал—нөсер,
Сөндіріп сағатында ететін сап.
Халайық, қате жерін айып етпе,
Қисындап құрастырдым әлімше шақ.
Домбыра жастан қолға алып едім,
Көз көрген көп жерлерге мәлім едім.
Қарайтын облысым—Қызылорда,
Жалағаш ауданының Табыны едім.
шежірелік жыр-аңыздар
Есембай тайпасынан, атым—Шоңбай
Жиналған жиын-тойдың сауығы едім.
Бұл жазған шежіренің әнжамына,
Қайқының Бекжанынан қанып едім.
Кейінгі жастар оқып үйренсін деп,
Оралтып өлең сөзге жазып едім.
Жүйрігі Жетірудың кетті небір,
Мен текке, шайырсымақ қалып едім.
Қатарға қосылмасам сөзімменен,
Қайрат кем, бір аяқтан жарым едім.
Жата алмай, жайға қарап, жас жетсе де,
Бәйгіге баса көктеп шауып едім.
Күнбе-күн көркейді елім, гүлдей жайнап,
Күйзелген кемдік көріп, халық едім.
Лениннің бастап салған жұртқа жолы—
Шамындай электрдің жарық едің.
Ерікті ел, байлығы мол—Қазақстан,
Білім мен кеннің көзін тауып едің.
Аттанып, отан қорғау ұраныңмен,
Жан қиып, жауға ерлерім шауып едің.
Ұшырып дұшпаныңның күлін көкке,
Сүйегін сырқыратып шағып едің.
Қорғаған халқын жаудан гөзелдерім,
Ерліктің төске орденін тағып едің.
Жас жайнап, қарт жасарып, халқы өркендеп,
Қайта өскен Қазақстан ауылы едім.
Тілектес жаңа талап достарыма,
Туысқан, түбім бірге—бауыр едім.
шежіре
Артымнан алдым жақын секілденіп,
Жүрер жол ортасынан ауып едім.
Алдымда аға-жеңгем көп кезінде
Именбей еркін сөйлеп, тәуір едім.
Бір үйге бара қалсам, бәрі кіші,
Өткен күн, жеткен жедел дәуір едің.
Ерлерім есіткенде ескерсін деп,
Сөз соңын соза бермей, жауып едім.
Қолыма сөз жазуға қалам алдым,
Ескірген, көне сөзге құлақ салдым.
Біреуден пұлға сатып алғаным жоқ,
Несіне бөгелемін қолда бардың.
Қағазға білгенімді жастайымда,
Артыма сөз ғып оны тастайын да.
Кейінгі ұрпағыма мирас болсын,
Қалды сөз, шежіреден бастайын да.
Жазайық ұрпақ үшін білгенімді,
Шамамша тіршілікте көргенімді.
Осыдан керек болар деген оймен,
Жинақтап аз да болса, тергенімді.
Оқысын, білген адам жазған хаттан,
Екі сөз бірден-бірге келе жатқан.
Жастарға талабы бар ескерілсін,
Ойласа, үлес қалған үлкен қарттан.
Дүниеге келген адам бірі—ілгері, бірі—арттан,
Талапкер жастар болмақ білімі артқан.
Қалсын деп, кейінгіге жазған сөзім—
Бетіне ақ қағаздың қалам тартқан.
Шежіре өлең
шежіре өлең
Жазайын, атам қазақ шежіресін,
Бұл туралы жұрт айтады, сен білесің.
Қатесін білген адам түзей жатар,
Несіне білген сөзден кідіресің.
Атам—Әнес, түріктің ұрпағынан,
Барғаны Мединеге емес жалған.
Малменен Мединеге орныға алмай,
Басра шаһарына көшіп барған.
Батыр боп, Мұқаметтің туын ұстап,
Ғакаша деген атты содан алған.
Пайғамбар дүниеден көшкеннен соң,
Тұра алмай Басраға, кейін барған.
Ұрпақ үшін үш әйел бір өзі алған.
Бұлармен жүріп, таныс болғаным жоқ,
Деп айтады «жүз жасаған».
Еншіні көзі барда бермек болып,
Шақырып қатын-баласын, жиып алған.
Бірдей етіп бөліпті дүние-малды,
Жансыз малды бір есеге бөлген екен,
Кіші әйелге бірыңғай берді малды.
Ғакаша Мәдинеде кедей болған,
Кіші әйел төркініне бір күн барған.
Сүтін ішіп, күн көріп тұрам ба деп,
Екі ешкі апасынан сұрап алған.
Осы ешкіден мал өсіп, айырбастап,
Ғакаша көп ұзамай бай боп қалған.
Осы күні әйелдің төркіндеуі—
Мінекей, мирас болып содан қалған.
Кіші әйелге жанды мал бергендігін,
Атамыз осы арасын көңілге алған.
Кіші әйелдің баласы Қабыл, Жабіл,
шежірелік жыр-аңыздар
Бәйбішенің ұрпағына ұнамаған.
Балалар бұл қорлыққа шыдай алмай,
Туыстап, Түркістанға көшіп барған.
Көп малмен шаһарға кіре алмай,
Ен жайлап, сахараны мекен қылған.
Қабылдан өсіп-өнген дейді қалмақ,
Тау-тасты мекен қылып, онан арман.
Шаһар жоқ ел, ен далада оқу көрмей,
Надан болып өсуіне себеп болған.
Жабілден Ақмар, Мағаз екі ұл туды,
Ақмардан моңғол халқы өсіп-өнді.
Мағаздан Ақшолпан жалғыз туып,
Ақырында бірталай адам болды.
Ақшолпаннан—Аққурай, дейді—Аламан
Бұлардан өткен дәуір, талай заман.
Аламаннан Ноғайлы, көп ел болып,
Хандық дәуір ұстапты талай заман.
Аққурайдан туған бала—Асан, Алаш,
Осы жерге бірталай кірген талас.
Асаннан өскен жанды—Естек дейміз,
Бізбенен бір тұқымдас—дегені рас.
Алаштан туған екен екі бала:
Бірі—Сейілхан, бірі—Жайылхан,—депті жана.
Сейілханнан Түрікпен сегіз арыс,
Жайылханнан Майқы би—жеке дара.
«Түркі тілдің түп атасы—Майқы биден»
Деген сөз тағы бар ғой, бұрын жана.
Майқы биден Супиан, туған Өзбек,
Бұл жерде айта берсек, тіпті сөз көп.
Естектен Өзбек сонда бір қыз алып,
Шаһарда тұрып қапты «бұ да жөн» деп.
шежіре өлең
Өзбек жас та болса, ақыл тапты,
Көңілмен оқу-білім бек ұнатты.
Супиян малыменен әуре болып,
Жүргенін сахарада мақұлдапты.
Супианнан Аққалпақ, Айырқалпақ—екі ұл туған,
Бұлар да атасының жолын қуған.
Аққалпақпен он екі қырғыз өсіп,
Қазақпен соғыс қылған неше думан.
Айырқалпақ баласы—Қазақ, Созақ,
Созақтан өсіп-өнген Қарақалпақ.
Шаһар да жоқ, оқу да жоқ ен далада,
Рахатсыз, қазақ сорлы, тартқан азап.
Қазақтан Ақарыс, Бекарыс әм Жанарыс,
Бұлармен болғаным жоқ бұрын таныс.
Өсіп-өніп бірталай ел болғаннан соң,
Болыпты бір-бірімен шалғай, шалыс.
Ақарыстан—Ұлы жүз деп атайды,
Білмесе, бұрынғылар неге айтады.
Бекарыстан Орта жүз тарап жатыр,
Жанарыстан—Кіші жүз деп айтады.
Алты Алашпыз деген сөз—бос сөз болар,
Ойласақ, осы арасы миға қонар.
Естекті қосып айтқан «алтаумыз» деп,
Естектің бөлінуі—бұрын болар.
Алаштан өскен жанды санап алсақ,
Түрікпен, өзбек, қырғыз, қарақалпақ.
Бесеу болып санаққа қосыламыз,
Ен дала еркін өскен—сорлы қазақ.
Естектің қосылмауына мынау дәлел:
10-83
шежірелік жыр-аңыздар
«Сарт—садағам, өзбек—өз ағам»—
Деген сөзі қазақтың анықталмақ.
Бекарыстан туған бала алтау екен,
Жағасын Каспий теңіз қылған мекен.
Алтауы—үш әйелден,—деп айтады,
Бұрынғылар осылай айтқан екен.
Бәйбішеден Қарақожа, Ақтамқожа,
Екіншіден—Нәдір мен Момынқожа.
Атасы бір болғанмен ана бөлек:
Кіші әйелден Смағұл мен Қасымқожа.
Арғын атасы болады—Қарақожа,
Қыпшақ атасы болады—Ақтамқожа.
Надырқожа баласы—Қармыс, Қоңырат,
Найман атасы,—деп айтыпты,—Момынқожа.
Тарақты,—деп Смағұлдан Ошыбай жеке, дара,
Ошыбайдан Керей туды жалғыз ғана.
Керейден—Абақ пенен Ашамайлы,
Ашамайлыдан—Танаш би жалғыз ғана.
Танаштан Сибан, Балта, Көшебе туған,
Бұлар да атасының жолын қуған.
Тоқалдан Тарыша жалғыз туып,
Бөлініп төрт атаға бұлар тұрған.
Арғыннан алты бала,—деп айтады,
Білмесе, бұрынғылар неге айтады.
Ақсопыдан Қанжығалы—ол бір ата,
Арықсопыдан Тобықты деп айтады.
Қарасопыдан Қарауыл—ол бір ата,
Сарсопыдан Тарақты деп айтады.
шежіре өлең
Баласопыдан Тоқтауыл мен Бектауыл,
Момыннан Мейрамсопы деп айтады.
Мейрамның үш әйелі болған екен,
Көңілі мал мен басқа толған екен.
Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік—
Бұл төртеуі бәйбішеден туған екен.
Елемес—тоқал шеше Айнакөзден,
Өсіп-өніп, Торғай жақты қылды мекен.
Елеместен Өсімбай туған бала,
Өсімбайдан Шағыр батыр болған жана.
Шағыр баласы Аманжол деп айтады,
Аманжолдан Шақшақ батыр—туған дана.
Бұл Шақшақ өз тұсында болған батыр,
Шақшақтан Қошқар туып келе жатыр.
Соғыста Шақшақ батыр «Аманжолдап»,
Ұран боп, сонан бері келе жатыр.
Мейрамның үш әйелінен Болатқожа,
Өсіп-өніп, көп ауыл болды бұ да.
Кім көп болса, сол мықты болған кезде,
Иығын көтерді ғой бұрын бұ да.
Қаракесек—деп атапты мұның атын,
Қалмақ қызы—деп айтады шеше затын.
Өзге Арғыннан өздерін артық атап,
Көтеріп сөз сөйлейді, ата даңқын.
Ұзатып не қылайын, сөзді көпке,
Сөздер көп айта берсе, бұл ретте.
Сүрініп, бір көдеге жығылса да,
«Сақтай гөр» деп, сиынар Қазыбекке.
Артық болып жаралған бір жыныс қой,
шежірелік жыр-аңыздар
Әулие деп мақтасақ Қазыбек деп,
Ойлап тұрсақ, өрескел бір жұмыс қой.
Ақтамқожа баласы—Қыпшақ батыр,
Жаза берсем, бірталай сөз боп жатыр.
Қыпшақтан Ойбас туып аты шықты:
Дұшпанға орнаттым,—деп,—заманақыр.
Ойбастан Сүйін туып, болды мықты,
Дұшпанын ерегескен жерге тықты.
Сүйін батыр «Ойбас» деп ұран салып,
Әркімге Ойбас батыр ұғынықты.
Ақкөбік сол Сүйімнен туған екен,
Атасының бұ да жолын қуған екен.
Ақкөбіктен Мейірмалы деген туып,
Жау қайда, деп байлаған белді бекем.
Мейірмалыдан туыпты Абыз сары,
Абыздан төрт бала туған жана.
Құлан, Қыптай, Сары—бұл үшеуі,
Төртіншінің аты,—дейді,—батыр Қара.
Қарадан туған бала Ісләм деген,
Қамқор болып бұқараның қамын жеген.
Осылай шежіреде жазылыпты,
Ісләмнан туған бала Сейіт деген.
Сейіттен туған бала—бай Тоқтарбай,
Малы көп, көңілі жарым, бала болмай.
Сексен жасқа келгенде бала көріп,
Той қылып, ел жиналды бірі қалмай.
Шақырған соң жиналады адамдар көп,
Ақсарбас айтып, сойған етінен жеп.
шежіре өлең
Жиылған қарт, қария, ақсақалдар,
Баланың атын қойды «Қобыланды» деп.
Қобыландыдан он екі ұл туған екен,
Ту тігіп, ен далада қылған мекен.
Шежіреге осылай жазылыпты
Ырым қылып, кенжесін «Тоқтар» деген.
Қобыланды көп дұшпанды сыйлап өтті,
Күшімен көп елдерді билеп өтті.
Тоқтардан туған бала—бесеу болар,
Аттарын айтып жазсақ. миға қонар.
Торы, Ұзын, Қарабалық, Бұлтың, Көлденең—
Осылай деп жазыпты бұрынғылар.
Мен көппін,—дегенменен,—даулы Қыпшақ,
Ерегессе, қоймаған жауды Қыпшақ.
Баласы бір Тоқтарбайдың бес таңбалы,
Демей ме «тоқсан екі баулы қыпшақ».
Бұл Қыпшақ—ел іргесі деп айтады,
Сары мен Құлан, Қытай өзі бөлек.
Бұларды Қарақыпшақ деп атайды,
Бұл Қыпшақ төрт атаға бөлінеді,
Жазбадан бұлар солай көрінеді.
Сары мен Құлан, Қытай былай қалып,
Баршасы «Қарақыпшақ» делінеді.
Бұдан былай өз атамды жазайын,
Керей, Уақ—екі тайпа ел бірге.
Туған Қасымқожа, Смайылқожа,
Қасымқожа баласы—ер Жаубасар,
Жақсы сөз айта берсең, көңіл ашар.
Ол кезде ұрлық, зорлық, ел тонаушы өнер болып,
Ұл болып туса, мойнына қару асар.
шежірелік жыр-аңыздар
Жаубасар атам—батыр жауда өліпті,
Солай,—деп айтылады,—кім көріпті.
Панасыз жесір қалған жесір анам,
Қорлықпен жылап-сықтап күн көріпті.
Бір соғыста Жаубасарға ажал жетті,
Дүниеден теріп жейтін дәмі бітті.
Панасыз жастай қалған сорлы жетім,
Ерінен қалған екен жүкті.
Атам—Уақ Жаубасардан іште қалған,
Кімге тұрақ болады мына жалған.
Туғанда атам уақ, нашар туып,
Атанып «Уақ ата» содан қалған.
Ошыбай жүреді екен, болып нала,
Қалдым деп Жаубасардан жеке, дара.
«Жеңгем менің жүкті болып қалған»,—
Дейді екен «ұл берсін,—деп,—Хақ Тағала».
Толғатып, анам сорлы қырда тұрған,
Сорлы жетім көз жасымен бетін жуған.
Шуылдап, көп әйелдер отырғанда,
Барылдап, анамыздан бір ұл туған.
Бір әйел жүгіріп келіп, есік ашып,
Ошыбайды қуантпаққа асып-сасып.
«Сүйінші, жеңгең ұл тапты» дегеннен соң,
Ошыбай жүгіреді аттай басып.
Баланы әкеп берді «мінекей» деп,
Ошыбай қолына алды жас иіс деп.
«Уақ болып туған екен» деп,
Әйтеуір қуанады ұл екен деп.
шежіре өлең
Жаубасар атам—батыр жауда өліпті,
Солай,—деп жазылыпты,—кім көріпті.
Панасыз, жесір қалған анам сорлы,
Аздан соң ерленуді жөн көріпті.
«Уақ» деп ат қойылған соныменен,
Басқаның ісі бар ма мұныменен.
Жеңгесін Ошыбайға тигізеді,
Атаның бұрын салған жолыменен.
Уақ өсіп, ержетіп жүре берді,
Үйреніп жас болса да әр өнерді.
«Әкең сенің жауда өлген» деп айтуды,
Шешесі баласына мін көреді.
Өседі күннен-күнге тұлғасы асып,
Жүргенде жерді ойғандай қадам басып.
Бір күні қарт-қария, шал мен кемпір,
Сөйлейді қуанышпен көңілі тасып.
—Мына бала батырдың нағыз өзі,
Оттай лаулап, жанып тұр екі көзі.
Бұрынғының айтқаны келді, міне,
«Орында бар оңалар» деген сөзі.
Жас бала мұны сезіп тұра қалды,
Жүрегіне бір түйсік кіре қалды.
Түнеріп, түсі қашып, үйге келіп,
Мәнісін шешесінен сұрай қалды.
Уақ бұрын әкесін білмейтұғын,
Әкем деп Ошыбайды жүретұғын.
Керей мен Уақты бірдей көріп,
Ошыбай да көңілін бөлмейтұғын.
шежірелік жыр-аңыздар
Анасы айтты: «Кімді алмас мына жалған,
Әкең өлгенде бала едің іште қалған.
Әкең аты, шырағым, ер Жаубасар,—
Төменшік болмасын деп айтпадым бұрын саған».
Уақ өсіп, ержетіп болды мықты,
«Ақбалтыр палуан» деген аты шықты.
«Әкем атын қалайша атаймын» деп
Бір түйін жүрегінде болды күпті.
Бір соғыс қалмақпенен бола қапты,
«Аттан» деп жас жігітке дабыл қақты.
Асынып қару-жарақ жас жігіттер
Жол түзеп, жауға қарай шеру тартты.
Көрінді жау қарасы қомағырақ,
Тайсалып, жас жігіттер тұрды жырақ.
Не болса да, әкем аты аталсын деп,
Ту көтеріп ұмтылды «Жаубасарлап».
Уақ кетті «Жаубасарлап» салып айғай,
Жас жігіттер жөнелді бірі қалмай.
Жастардың қол қайраты асып кетіп,
Ығысты қалмақ сонда шыдай алмай.
Қалмақты бұл соғыста қырып салды,
Олжа қылып ат-тонын қазақ алды.
Баласының ерлік қылған ісіменен
Жаубасар ұран болып сонан қалды.
Уақтан жалғыз туған,—дейді,—Әлімбай,
Мұны мен жазғаным жоқ сөз таба алмай.
Әлімбайдан ер Қамбар жалғыз туған,
Қара қасқа аттан тоқым кетпей, ері алынбай.
шежіре өлең
Қамбардан Ермен, Жусан—екі бала,
Ерменнен ер Көкше, туған жана.
Ер Көкшеден ер Қосай батыр туып,
Қалмаққа дабыл қаққан жеке, дара.
Ер Қосайдан Алшағыр деген батыр,
Алшағырдан Қызылшар, Қылды батыр.
«Қылдының қырық қасқасы» деген мақал
Сөз болып бұрынғыдан келе жатыр.
Қылдыдан—Қарамұрын, Жандалы, Жантелі,
Шөкше, Жантелі,—деп жазыпты
менің атам Жақан.
Сыбанғазы, Тоқтамыс—Жантеліден
Түзетер, білген кісі, болса қатам.
Мен жаздым өлең қылып қолда барды,
Жоғалып бір шежіре ерте қалды.
Ұмыттым, жас кезімде ерте айырылдым,
Еренше, Шұға мен Сарман бар-ды.
Тоқтамыстан Қойғабыс, Байсиық, атам Байыс,
Бұлармен болғанмын жүріп таныс.
Байсиықтан Солақай мен Қалыбай батыр,
Қалмақпен өз тұсында қылған шабыс.
Байыстан менің атам: аты—Жаркел,
Осыдан тарап кеткен бейуақ ел.
Бейуақ—атамыздың аты емес,
Байлығына ат қойған көршілес ел.
Жаркелдің үлкен ұлы Ораз болған,
Сырымнан Есенгелді бірге туған.
Ағасын мал мен жанға ие қылып,
Ту ұстап, өз тұсында бұлар тұрған.
шежірелік жыр-аңыздар
Бұлантай сол Ораздан жалғыз туып,
Қосылып ағасына белін буған.
Есенгелді, Бұлантай аты шығып,
Қалмақты осы жерден солар қуған.
Құдайкөл, Көлбай батыр, Есенгелді,
Қалмақтан тартып алған осы жерді.
Оң қолын Құдайкелдінің оқ үзгенде,
Ту жықпай, сол қолымен жүре берді.
Ерлікпен сол қолымен туды ұстап,
Аталды «Солақай» деп содан бері.
Шайкөзден—Шотқара мен Қосай батыр,
Қол жинап бұлар дағы келе жатыр.
Өрдегі Найман, Терістаңбалы бір ауылдан
Қосылды Бөкембай мен Қара батыр.
Осылар басын қосып біріккен соң,
Түсіпті қалмақтарға заманақыр.
Шолпанқұл, Бекембай мен ер Балқыбек,
Мінеки, арттағыға сөз боп жатыр.
Қалмақты жерден қуған, міне, осылар,
Шындықты жаза берсек, сөз қосылар.
Бұл сөздің шындығына куә болып,
Қалмақтар жұртын тастап қашып кеткен.
Қалмақтан Мөңке деген садақ тартып,
Қарынын Бөкембайдың тіліп өткен.
Бөкенбай кейін қарай қайтып кетті,
Алдына Шолпанқұлдың жүгініпті.
Ішек-қарын оқ тигеннен аман екен,
Жібекпен екі жерден ілік тікті.
Бөзбенен неше қабат орап байлап,
«Бөгелмей, алға қарай ұмтыл» депті.
шежіре өлең
Шығысқа көп қалмақты қуып барған,
Көбейіп қалмақ сонда соғыс салған.
Төлеке—Бұлантайдың үлкен ұлы,
Тұтқын боп, қолға түсіп сонда қалған.
Төрт ұлы Төлекенің жетім қалып,
Әйелі—жас келіншек жесір қалған.
Көккөз, Қарасай, Қазанғап, Қожаберген—
Тұқымы бар елімізде онан өрген.
Бір мың тоғыз жүз екінші жыл,
Қалмақтағы Төлекеден хабар келген.
Әділхан «іздейміз» деп жүрген кезде,
Қажыға барып, Меккеде о дағы өлген.
Төлеке тұтқын болып, болған ғаріп,
Жамағат, өтірік емес, сөзім анық.
Сол жерде қазақтар бар араласқан—
Төлеке үй болыпты қатын алып.
Әйелінен Төлекенің төрт ұл туған,
Өзгертпей атасының жолын қуған.
Мұндағы төрт баласы естен кетпей,
Өзгертпей, төртеуінің атын қойған.
Мың сегіз жүз тоқсан сегізінші жыл,
Сол жерден біреу келген,
Өз әкем сол қазақты көзбен көрген.
Ондағы Төлекенің ұрпағынан,
Әділханға хабарды осы берген:
«Жеріміз бай, еліміз бай, тыныш тұрамыз
Елу үйміз Төлекеден өсіп-өнген».
Солай деп туыстар хатқа жазған,
Әділхан іздемек боп ойына алған.
Түс көріп, қажыға оқыс кетіп,
Сүйегі қажы атайдың сонда қалған.
шежірелік жыр-аңыздар
Өлеңмен жаза берсек, көпке жетер,
Жазбадан көрген сөзім болмас бекер.
Ендігісін қарасөзбен жазып таста,
Шірітпей кәрі миды босқа, бекер.
Бисмилла рахмани рахим
Жарандар, жәрдем тіле жалғыз Ақтан,
Бақ тайса, патша құлар алтын тақтан.
Ісіңе Құдіреттің қарасаңшы,
Жаралған Адам Ата топырақтан.
Жүріпсің бәрің дағы жігітпіз деп,
Атаңның атын білсең, сонда мақтан.
Атамыз Адамнан соң Шеш пайғамбар,
Сауап табар шежіре білген жандар.
Баласы Шеш пайғамбар Әшүш екен,
Ақылды, зерек адам, ісін аңлар.
Атамыз одан бері анық Қайнан,
Надандар ата жөнін білсің қайдан?
Ұғысып өткендерден сабақ алсаң,
Сол болар тіршілікте тапқан пайдаң.
Қайнанның баласы екен Мағұла бұл,
Атаңның атын біліп, жөнін айыр.
Атамыз одан бері Ипарып екен,
Исламға әуел бастан болған қайыл.
Адам әлейһисаламнан бері
қарайғы ұрпақ, руларға дейінгі
шежіре
шежірелік жыр-аңыздар
Ипарыптың Ақнұқ екен ұғылдары,
Ол адамдар Алланың шын құлдары.
Лақап аты Ыдырыс Хақ пайғамбар,
Жетінші атамыздың рухлары.
Хамас Ыдырыстың баласы екен,
Уағында адамның дән нас екен.
Атамыз одан бергі бәрі дапыл,
Бір Алла бұл әркімнің панасы екен.
Ысрапыл атамыздан Ырдан туған,
Қор болмас шариғаттың жолын қуған.
Ырданның баласы екен Мәулім деген,
Атамыз он үшінші келдік бұған.
Мәулімнің баласы екен Мәулім Шаллақ
Жазайын деп ойладым көңіліме ап.
Қиссаның біз сөйлейік сарасынан,
Туылған өсіп-өніп мұнша халық.
Атамыз одан кейін дейді Ғалламақ,
Мұсылман дін жолында Алла демек.
Дәмектің баласы екен әзіреті Нұх,
Аяғы топан суға болмаған ық.
Сол Нұхтан өсіп-өнген осы адамдар
Жамағат, құлақ салып, жақсылап ұқ.
Баласы Нұх пайғамбар Хам менен Сам,
Көп жалған айтқан сөзде болмайды дәм.
Және де бір баласы Япыс деген,
Атамыз он төртінші келдік бұған.
Біліңіз ата-жөнін мына кептен,
Екі ұлы Нұх пайғамбар суға кеткен.
адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ...
Хам менен Сам Нұх пайғамбар тілін алмай,
Екеуіне топанда қаза жеткен.
Япыстан—Яжым, Мажым, және Қаплап,
Мәнжур, Ахтой, Мағұл, Сақлап.
Тырысып бұлар жөнге келмей кеткен,
Кетпелік қызылбасты және тастап.
Хам әулеті бұларды қарасаңыз,
Қара араб патшасы бұлар дағы.
Сам нәсілі тараған бүкіл араб,
Бар мұсылман Сам әулеті білсең қарап.
Күллі мұсылмандар Сам нәсілі—
Пайғамбардан исламды алған қалап.
Бустанда Апыл, Айсан, Әлім болған,
Самарқан күллі әммасына мәлім болған.
Жамағат, қата болса, сөкпеңіздер,
Кітаптан осылайша бізге ұғылған.
Бес бала туған екен әзіреті Самнан
Жазылған шежіре кітабынан.
Арбақша он бесінші аталарым,
Түзеңдер жақсы жандар қаталарын.
Баласы Арбақшаның Сапиан екен,
Сапиан дүр он алтыншы аталарың.
Сапианның баласы екен атты Бақыр,
Жақындар жылдан-жылға заманақыр.
Бақырдың баласы екен Айқат деген
Тәртібі осылайша келе жатыр.
Айқаттың баласы екен Хаснас,
Бисмилламен басталған сөздің басы.
Хаснастан Пашарық туған екен,
Көрінді осылайша сөз қарасы.
шежірелік жыр-аңыздар
Туылған Пашарықтан Игі, Ақтамыр,
Білуге ата-жөнін сөз қатамыз.
Қиямарс, Нақора туған екен
Құдай-а, кешіре гөр көп қатамыз.
Пайғамбар нәсілі нұрдан жаралыпты,
Талас сөз әр кітаптан қаралыпты.
Шежіре жөніменен қуып айтсақ,
Парсы елі Қиямарстан таралыпты.
Бір сөзге біздер келдік ата қуған,
Иманды, шариғаттың жолын қуған.
Атаны бері қарай таратайын,
Нахура атамыздан Тазды туған.
Таздының баласы еді атты Тарақ,
Ол кісі сұлтан болды елі қалап.
Лақап аты кітапта Азар еді,
Жөніменен келе жатыр ата тарап.
Боламыз, ажал келсе, бір күн мазар,
Имандыға періште сауап жазар.
Азардан Ыбырайым мен Аран туған,
«Әл-әнбия» кітабында тарихы бар.
Аранның баласы екен Лұт нәби,
Хақ пайғамбар мүрсал дүр білсең анық.
Ыбырайымнан төрт бала туған екен,
Олар да шарапатты болған бәрі.
Үлкені Ысмағұл мен болған Ысқақ
Пенделер иманы бар хорлар құшпақ.
Мәдин және Мадайық төртеу екен
Айтамын аталардың атын ұстап.
адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ...
Баласы Смағұлдың еді араб,
Шежіре келе жатыр төмен қарап.
Мұхаммед Смағұлдың әулетінен,
Дос болған шын ниетпен Құдай қалап.
Мәдинеде екі ұл туған Ауған, Ноғай,
Ел болып таралыпты бұлар солай.
Ауған, Ноғай екеуі бір туысып,
Қалыпты там жастанып бұлар солай.
Мадайықтың баласы болар Түрік,
Бұхарауи деген ел болар алсаң біліп.
Стамбул мемлекеті, Рим елі,
Тағына пайғамбардың болған мүлік.
Ысқақ еді Ыбырайымның бір баласы,
Жарандар, жаңа келді сөз данасы.
Ысқақтан Жақып, Айса екі ұл туған,
Өскен соң алыс болды екі арасы.
Екі әйел алыпты Жақып нәби,
Ләйқара, Райлә мен білсең аны.
Кіші әйелден туыпты Ямин, Жүсіп,
Сипаты туған айдай, оның сәні.
Ямин, Жүсіп болады кіші анадан
Пайғамбар нышаны бар заты нұрдан.
Әулеті жада деген ел болады,
Шамнан төмен деп айтар іштен келген.
Бәйбішесінен Жақыптың он ұл туған,
Сөйлейік шежіренің атауынан.
Тоғыз ұлының ұрпағы он жеті хан,
Қала салып, бәрі де жастанды там.
11-83
шежірелік жыр-аңыздар
Біріншісі Руссия, екіншісі Албания, үшінші Америка,
төртінші Англия, бесінші Германия, алтыншы Франция,
жетінші Австралия, сегізінші Яков, тоғызыншы Бұлғария,
оныншы Греция, он бірінші Шехославакия баршалары осы
тоғыз ұлынан.
Он баланың біреуі Яхуда еді,
Әзіреті Жүсіптің қамын жеді.
Жақыптың тірлігінде алғыс алып,
Иманында исламның жоқ қой кемі.
Жақуданың баласы еді Талит,
Исламның дінінде болған анық.
Айтқаны шежіреден байқағанда
Тәлиттен екі ұл туған Жағлиб, Жалит.
Жәлиттің баласы екен аты Қайқат
Кітаптан ата-жөнін білсең байқап.
Қайқаттан туылыпты Мәруан ер
Дінінен айтылмаған ешбір тайқып.
Мәруан жақсы кісі дінді қуған,
Әшімпіл пайғамбар бұдан туған.
Жақыптың хазіретті дұғасымен
Әшімпіл жаралған заттық нұрдан.
Пенденің барлық сыры Құдайға асан,
Шағады күнәліні жылан-шаян.
Жалғыз ұлы болыпты Әшімпілдің
Сұрасаң ол баланың аты—Маян.
Иманды құл әр сәтте жаннан озған,
Ағайын ынтымақсыз іштен тозған.
Осылай шежіреден көргенімде,
Таралдық Мәлік деген сахабадан.
адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ...
Мәліктің аты болар сопы Ахтам,
Тілейміз рақымды жалғыз Хақтан.
Медет қыл деп тілейміз пайғамбардан
Баласы сопы Ахтам Әнес екен.
Күнә болар атаны білмей жатсам,
Әнестен туылады Ғакаша кеп,
Лақап атын айтады Зәрмардан деп.
Ту ұстаған кісі екен қайыспайтын,
Сыйынған бір Аллаға тәуекел деп.
Баласы Ғакашаның аты Жапал,
Молладан сабақ алсаң шекер мен бал.
Білген бар шежірені білмеген бар,
Ескеріп білмегенің үйреніп ал.
Жапалдың баласы екен, аты—Мағаз,
Әкеңнің атын білсең, кеудеңе жаз.
Жігіттер, ата-жөнін білген жақсы,
Білмейді ата-жөнін ақылы аз.
Жігітке жаман болар пәле қуған,
Әркімнің затын таны дана туған.
Аттарын шежіреден байқағанда,
Мағаздан жалғыз бала Сейіл туған.
Сейілдің бір баласы Ақшолпан-ды,
Жаратқан Құдай артық мұсылманды.
Баласы Ақшолпанның Қырғыз, Қурай,
Жаратқан осылайша түрлі жанды.
Атамыз енді біздің Қурай атты,
Жоқтан бар ғып алуан жан жаратыпты.
Бірді кәпір, біреуін мұсылман ғып,
Жаратқан Құдірет өзі адамзатты.
шежірелік жыр-аңыздар
Айтамыз бергі атаны Аламан деп,
Жаратқан құдіретті ғаламды көп.
Баласы Аламанның Алаш екен,
Иманға дін мұсылман талас екен.
Сейілхан, Жайылханмен ағайынды,
Алаштың бұл екеуі баласы екен.
Баласы Сейілханның сегіз арыс,
Білмесе ата-жөнін, ол да намыс.
Осылай ата-жөнін таратайын
Түрікпен сегіз арыс кеткен алыс.
Тойда өлең білген адам көп айтады,
Ешнәрсе білмегені нені айтады.
Осылай шежіреден хабар алсаң,
Майқы би Жайылхан ұлы деп айтады.
Өзбек Сапианмен одан бері
Осылай жазған екен шежірені.
Жазайын ата-жөнін білгенімше
Жамағат, сөкпеңіздер енді мені.
Мекені Өзбектің Тәшкен, Әнжан,
Сапианнан бөлініп сонда қалған.
«Біз енді сахараға бармаймыз» деп,
Өзінше қала салып, жастанды там.
Сапиан малын бағып, көшіп жүрген,
Өзенді таудан асып, кешіп жүрген.
Дұғасы пайғамбардың қабыл болып,
Дәулеті бұл қазақтың өсіп жүрген.
Сапианның баласы—Қазақ, Созақ,
Алдында имансыздың жанған тозақ.
адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ...
Намазды оразамен күтпеген жан
Барғанда ақыретке көрер азап.
Созақтың Қарақалпақ баласы екен,
Арқаның жүрген жері даласы екен.
Қуалап қанша айтса да ата-жөнін,
Бәрінің біздің қазақ сарасы екен.
Келе ме екі елуге ердің жасы,
Айтпаймыз өтірік сөз жанның қасы.
Ақарыс, Жанарыс пен Бекарыс деп,
Бар екен бұл қазақтың үш баласы.
Баласы Ақарыстың Үйсін дейді,
Надандар айтқан сөзге түсінбейді.
Алланың әміріне көнбеген жан,
Жеті тозақ отына күйсін дейді.
Үйсіннен ағайынды үшеу туған,
Мұны да осылай деп білсін дейді.
Үйсіннің бір баласы Албан екен,
Опасыз сұм дүние жалған екен.
Суан, Дулат үшеуі бір туысып,
Осылай өсіп-өніп қалған екен.
Баласы Бекарыстың—Алшын, Жаппас,
Азамат бекер жатып дүние таппас.
Білген соң айта бермей тұрайын ба,
Бола ма өлең, шіркін, мал менен бас.
Баласы Жанарыстың Арғын, Найман,
Жарандар істің бәрі бір Құдайдан.
Туысқан Керей, Уақ алтау дейді,
Қыпшақты Қоңыратпен айтпай қойман.
шежірелік жыр-аңыздар
Тірлікте сөз сөйлемей жүре алмаймыз,
Өлген соң қайта айналып келе алмаймыз.
Енді біздің атамыз Найман дейді,
Басқаның жөн-жосығын біле алмаймыз.
Біледі сөздің жөнін ер данасы,
Бұзылса, бытырайды сөз арасы.
Қытайби деп қойыпты атын
Бар екен Найман шалдың бір баласы.
Найманның жалғыз ұлы Қытайби-ді,
Әр сөздің жақсы кісі жөнін түйді.
Қытайби өлді, қатын жесір қалды,
Баласыз кім аяйды жалғыз шалды.
«Найманның жас келінін аламыз» деп,
Арғынның балалары әлек салды.
Қарашы келінінің азыл затын,
Әперген атасына жас бір қатын.
Ол әйелден бір жалғыз бала туып,
Қойыпты Өкіреш деп оның атын.
Баланы тәрбиелеп асырайды,
Айтқаны бұрынғының осылай-ды.
Құдайға аманат деп тапсырады,
Ол бала бәлағатқа жеткен шақта,
Онымен неке қиып қосылады.
Бұл сөзді естігенде Алла деймін,
Келіпті гүлін бұзбай соған дейін.
Жарықтық Өкірешке қосылған соң,
Тауыпты Сүгіршіні содан кейін.
Көкжарлы, Төлегетай, Терістаңбалы,
Туыпты Сүгіршіден соның бәрі.
адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ...
Бура мен Сарыжомарт, Ергенекті,
Бәрінің кенжесі екен Бағаналы.
Қожамбет жалғыз екен бір анадан,
Жарболды жалшы екен жылқы баққан.
Жарболды жар болсын деп жалғызыма,
Шешесі бала қылып, қыз әперген.
Сонымен Сүгіршіден тоғыз туған,
Дау болар, айта берсем, ата қуған.
Атамыз енді біздің Төлегетай,
Төрт бала туған екен енді бұдан.
Тұқымы Төлегетай жаннан асқан,
Айтамыз балаларын бір-бір бастан.
Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай,
Төртеуі ағайынды бір туысқан.
Баласы Қаракерей—Байыс, Байсық,
Байысты көбейтіпті Құдай сөйтіп.
Ахмет Қыржыменен бір туысып,
Жазыпты шежіреге бәрін жиып.
Бәйістің баласы екен Мұрын, Сыбан,
Мұрынның аты шыққан бұрынтынан.
Мұңайтпас, Тумаменен бір туысып,
Байжігіт жиені екен қыздан туған.
Меңлібай, Төбет пенен Қарамолда,
Бір Құдай істің артын өзің оңла.
Шаңқуалы, Жаңбыршымен ағайынды,
Бесеуі Байсиықтан туды сонда.
Болады Ахметтің ақылы кем,
Жақсы мен жаман, сірә, болмайды тең.
шежірелік жыр-аңыздар
Тыңлаңыз, азаматтар, құлақ салып,
Матайдан бергі атаны айтайын мен.
Матайдың бір баласы Аталық-ты,
Қожадан ақ шалмалы бата алыпты.
Қаптағай Кенжеменен бір туысып,
Матайдың үш баласы аталыпты.
Баласы Қаптағайдың Қара, Сары,
Әркімнің жақсы болсын алған жары.
Үшеуі Көлдай, Жұбай бірге туып,
Атасын біле алмаймын одан ары.
Әр сөздің жөнін білер ақылы көп,
Жақсының көңілінде тұрмайды кек.
Күрең, Сұртай, Тұртай—бұл үшеуі,
Кенженің айтады екен баласы деп.
Баласы Күреңтайдың—Қодас,Тілес,
Жігіттер, жатпа қарап ертелі-кеш.
Үшеуі Бақтыменен бірге туған
Бақтының қулық сөзін адам білмес.
Баласы Торытайдың—Шошқа жалғыз,
Өтерін дүниенің болжамаймыз.
Шошқаның әйелінен төртеу екен,
Айтамыз құлақ салып тыңдасаңыз.
Өтебай, Дыбыс пенен Керіс, Тоқас,
Бітеді кейбіреуге мал менен бас.
Сол кезде шешен болып аталыпты,
Баласы Өтебайдың Сарышуаш.
Баласы Аталықтың Жақсыболат,
Ауылынан жақсы ер шықса, ерге қанат.
адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ...
Бір туған ағайынды төртеу екен—
Ақболат, Бекболат пен Құттыболат,
Жақсыболат.
Тағы да бір сөз айтам, құлағың сал,
Ұмытпай бұл сөзімді есіңе ал.
Есболдай пір әулиеден Күшік туған,
Жазыпты шежіреге бұрынғылар.
Баласы Есболдың Сапан, Әйтбек,
Атаңның атын ұқсаң, айтамын көп.
Үшеуі Шоқпарменен бір туысып,
Әруағы сол ерлердің жүргей жебеп.
Күшіктің баласы екен Сатыпалды,
Артында молдалардың қата қалды.
Қонақбай Тәукеменен бірге туған,
Осылай шежіреде аты қалды.
Опасыз мына дүние жалған еді,
Ойлауы әр адамның арманы еді.
Баласын төртеуінің енді жазам,
Бағана ұмытылып қалған еді.
Баласы Құттыболат—Құтым, Шағыр,
Атаңның атын білсең, ол да тәуір.
Аласың ақыретте жақсы орынды,
Алланың қазасына қылсаң сабыр.
Баласы Ақболаттың Еменәлі,
Жарамас сұйық болмай аттың жалы.
Баласы Жақсыболат Қайнар екен,
Таралған Аталықтан мұның бәрі.
Шағырұлы Итемген, Меңіс екен,
Баласы төрт Қызайдың тегіс екен.
шежірелік жыр-аңыздар
Шағыр өліп, Қызайды Қалмұхаммет алған,
Бегімбет бұдан туған дербіс екен.
Құтымның ұрпағы екен Шеруәлі,
Болар ма шапағатшы Сәруары.
Бұрыннан ғақлия есте қалған,
Береді кімге опа мына жалған.
Айт, Құрман, Қалмұхаметті атып өлтіріп,
Қызайдан қарғыс келіп, өспей қалған.
Ал енді, құлағың сал, ағаларым,
Көрінді артық маған бағаларың.
Шағырдың өз баласы Меңіс еді,
Айтамын енді соның балаларын.
Меңістің баласы екен Тілеуберді,
Дүниеден біреу өтіп, біреу келді.
Ойнап-күл тіршілікте, азаматтар,
Опасыз сұм жалғанда кім өлмейді.
Есенқұл, Оразай мен туған Жұбай
Жанғабыл жалғыз туып, жатыр былай.
Біреу бай, біреу жарлы сұм жалғанда,
Жаратқан құдіретті Құдайым-ай.
Жанғабылдан Жолболды туған Тортай,
Жүреді көптігімен жанға болмай.
Есіркеп, Жарылқаппен төртеу екен,
Құдай жаратыпты бәрін сондай.
Жолболдыдан—Қарамық, Қожаназар,
Жақсының делебесі дуда қозар.
Қараша ағайынды Сарұқ, Тоқаш,
Айтылмай Жалаңтөсім ол да қалмас.
адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ...
Омбай, Мал, Пәйіммен сегіз дейді,
Құдайым жаратыпты бәрін сондай.
Торғайдың бір баласы дейді Аманбай,
Тұрады кебір надан сөз таба алмай.
Тоқтар пен Көрпешпенен ағайынды,
Туылған бір анадан бәрі сондай.
Торғайдың бір баласы аты Таймас,
Шотбас, Қосбармақпен айтпай болмас.
Титтей, Әйтес, Аққошқармен тоғыз дейді,
Атаға тіл тигізген ақыры да оңбас.
Азырақ сөзге құлақ саламыз ба,
Жалғаннан өлмей тірі қаламыз ба?
Меңістің бір баласы Тәңірберді
Аяңдап енді соған барамыз ба?
Жаңа бастап айтылды Тәңірберді
Мал-басы өсіп бірдей байи берді.
Туыпты бір өзінен тоғыз бала
Айтайын, тыңдасаңыз, жайын енді.
Құтымбет, Құдайназар, Құттықадам,
Сексенді, Байназармен айттым тәмам.
Тоқсан мен Тамсаболат, Жамбай, Мыңбай,
Туыпты бір анадан бәрі сондай.
Баласы Құдайназар—Есенкелді,
Жақсылық пен жамандықтың бәрін көрді.
Жолымбет, Солтанкелді бір туысып,
Бұларға мал мен бастың бәрін берді.
Білген соң ата-жөнін енді айталық,
Жалынсыз жалған сөзді неге айталық.
шежірелік жыр-аңыздар
Бегімбет Дербіспенен бергі атасы
Ынтамен тыңдасаңыз, енді айталық.
Баласы Бегімбеттің—Дербек, Сейіт,
Жамандар сөзді білмей жүрер кейіп.
Жақсылық, Жарас пенен Тоқай, Аман,
Алтауын таңдауменен айттым теріп.
Дербістің баласы екен Есенберді,
Азырақ сөйлейтұғын Есенкелді.
Жарандар, тіршілікте шарықтай бер,
Опасыз бұл жалғанда кім өлмейді.
Сүйімбай, Сүйіндіктер ар жақта екен,
Ұрпағынан хабарсыз боп тұр ғой есте.
Баласы бәйбішенің—Мәлік Даушы,
Қарашада қар жауып болар қауыс.
Осылай білгенімді жазып қойдым,
Сөзімде аз да болса кеттім ауыс.
Есемберді тоқалынан ер Құттыбай,
Сөйлеуге дайын тұрмын бұдан былай.
Жалғанда күнәсы ауыр пендең едім,
Жәрдем бер, Жаратушы Құдайым-ай!
Пенденің қылған ісі Құдайға аян,
Шағады күнәліні жылан-шаян.
Баласы Құттыбайдың төртеу екен,
Бетіне ақ қағаздың енді жаям.
Айтамын осыларды, көп жамағат,
Бөгенбай, Тастемір мен Сәді, Баян.
Дінбасы төрт мәзім бар Имам Ағзам,
Шығармас бір ирададай боп мынау жаннан.
адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ...
Солардан тәлім алған талибтары
Ғылым бақи әммасы Алладан қаралған.
Олардан басқа жолды тамам десең,
Пенденің қылған ісі болар жалған.
Бірінші, менің атым Қожамбет-ті,
Өз әкем ол—Олжабай өтіп кетті.
Одан арғы атамыз Төбетай-ды,
Біздерге, міне, келіп дәурен жетті.
Төртінші, арғы атам—Өтенбай-ды,
Бесінші, қыдыр қонған Өмірбай-ды.
Алтыншы атам сұрасаң, Көшей екен,
Қонысы бар жетімге болған жайлы.
Жетінші атам, сұрасаң, Айбас-Тоқа,
Шүйке шешем ұстапты алтын оқа.
Жеті атаға жетпей-ақ орыс алып,
Мінеки, салып жатыр жерге соқа.
Сегізінші, арғы атам—Бәйімбет-ті,
Білгенімше сөйлейін төңіректі.
Алты ұл туып, алты мың қара бітті,
Бір Құдай берген екен не керекті.
Ағасы—бір туысқан Құдайберді,
Ешкім осал демейді біздің елді.
Біраз ғана сөйлейін білгенімді,
Жамағат, сөге көрме кемеңгерді.
Жыр-шежіре
жыр-шежіре
Бұл дүние опасы жоқ, жалған екен,
Талайға опа бермей қалған екен.
Екі-екіден туыпты алты бала,
Бәйімбет үш қатынды алған екен.
Үлкені—Уанас пенен Жоламан-ды,
Ол кезде берекелі ел атанды.
Сөйлеген Нұх топаннан бері қарай,
Арғы-бергі көрсетсем бір шамамды.
Екі ұл ортаншыдан: Жетім, Төбет,
Атадан басқа кеңес неге керек.
Біреу аз, біреу көп боп өтіп жатыр,
Құдайға шүкір қылмас—қайғы жемек.
Ең кенжесі—Тоқа мен Айбас еді,
Олар да жанған оттан таймас еді.
Еншіні бөліп жүрген Тобай, Башық,
Бір айтқан жауабынан тоймас еді.
Оныншы, арғы атамыз—Қалқаш батыр,
Арғы жағы Дәуіттен келе жатыр.
Бір Дәуіттен он екі ұл туыпты,
Данышпан болған екен бәрі де ақыр.
Дәуіттің ең үлкені—Сары Атығай,
Қалқаш, Қара дейді екен Қойлы Атығай.
Майлы, Балта, Табасан, Баба, Бағыс, Құсар,
Бөрші, Темеш, Ақ киік, Құлан су—бәрі Атығай.
Он бірінші атамыз Мейрам сопы,
Әркімнің Аллаға аян ішкі құлқы.
Он екінші атамыз Ақжол дейді,
Ол кезде мұндай емес елдің сыйқы.
шежірелік жыр-аңыздар
Он үшінші атамыз Арғын екен,
Ата білу парыз ғой бізге бекем.
Адам ата барыпты Хауа анаға,
Ағалар, сөйлей берсем, әрі кетем.
Ал Ақжолдан бес сопы таралыпты,
Шежіреде осылай қаралыпты.
Қуандық, Сүйіндік пен Қаржас атам,
Үлкені Ақсопыдан жаралыпты.
Мейрам сопы баласы Екішек-ті,
Оған берген Таубасы Ергенекті.
Жиені Қасым қожа Ошыбай мен,
Жаубасардың әкесі—Қасиет-ті.
Сұрасаң, Қарасопы, Бәсентиін,
Сарысопы асты ғой мұнан кейін.
Арықсопы баласы—Қанжығалы
Еншілес жақын екен бізге бейім.
Қожамнан біздің нәсіл келген екен,
Хақ Расул патихасын берген екен.
Ең кенжесі сұрасаң Қарасопыдан
Сегіз ата Қарауыл өрген екен.
Ақжолдың арғы атасы—Арғын, дейді,
Жақсылар өз елінің қамын жейді.
Үш жүзден енші беріп әпергенде
«Қос дөңгелек болсын—бұл таңбаң» дейді.
Орта жүз: Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман,
Дүниенің төрт бұрышына қанат жайған.
Зәузаты, үрім-бұтақ өлеңменен
Шежіре етіп, сөз қылам біраз жайды.
жыр-шежіре
Таралып осы қазақ сонан келген,
Бір-бірлеп келе жатыр сонан бермен.
Арғынның жалғыз ұлы Ақжол туып,
Баласы бес сопының соңына ерген.
Атасы Керей, Уақ—Қасымқожа,
Кереметтей жан екен, басым қожа.
Ошыбай мен Жаубасар мұнан туды,
Қалмақтың сіңірмеді асын Қожа.
Ер Қосай, Ер Көкше де мұнан шықты,
Талайдың қамалын бұзып, туын жықты.
Бір-бірлеп сол тұқымнан үзілместен,
Қара қасқа аттылы Қамбар шықты.
Сол ерлер дүниеден кеткен өтіп,
Атаға жас күнімнен болдым жетік.
Уақыттың бастырығы үзілмей-ақ,
Сары Баян, Сарша елге келді жетіп.
Арғынның арғы атасы—Жанарыс-ты,
Үлкені—Ақарыс, кішісі—Бекарыс-ты.
Тобылғылы түбектен айдағандай,
Ағалар ата-ата боп тарасыпты.
Ақарыстан Ұлы жүз: Үйсін, Дулат,
Үзілмей келе жатыр сонан құлап.
Тәңірім берген кеудемде өнеріммен
Түтінді ұшырайын будақ-будақ.
Жанарыстан Орта жүз өркен жайған,
Туыпты: Арғын, Қыпшақ, Қоңырат, Найман.
Бекарыстан Кіші жүз: Алшын, Жаппас,
Мендей қылып атауды адам таппас.
Сайраған бақ ішінде мен бір бұлбұл,
Саф алтын, сақтағанмен іште жатпас.
12-83
шежірелік жыр-аңыздар
Үш арыс енші алып бөлініпті,
Бұлардан да ынтымақ көрініпті.
«Қонақасы бөлінбес енші болсын»—
Уағда осылайша беріліпті.
Сарыарқа үш арыстың жері еді,
Үлгі сөз үлкендерден беріледі.
Сұрасаң, Керей, Уақ арғы атасы—
Қожаның атасынан бөлінеді.
Үшеуінің атасы—Алаш еді,
Аламан бірге туған ағасы еді.
Қазақ, Созақ туыпты бір анадан,
Алаш бай сол Қазақтың баласы еді.
Созақтан Шүршіт, Жемен, Дүнген туған,
Шаһар салған, көшпелі ел жолын қумай.
Арғы атамыз сұрасаң, Өзбектен
Қазақ, Созақ—екеуі бірге туған.
Өзбекпен еншілес Маңғұл батыр,
Күншығыс Қыпшақ, Қалмақ толып жатыр.
Шүршіт те соларменен бірге туған,
Дінсіз боп кеткен екен, бәрі кәпір.
Бастығы сахабаның Әнес екен,
Тумаған моңғол бұған қарашы екен.
Пайғамбардың қадірлі сахабасы,
Өзбек сонан туған баласы екен.
Құрметтеп жұрттан артық көреді екен,
Сұрасаң, үш жүз қазақ арғы атасы
Әулие бір Қожамнан келеді екен...
Ертеде елдің надан өмірінде
Тарихы көп жылдардың куә бізге.
Ақсақал елді билеп, ру қуып,
Быт-шыт боп берекесіз жүрген кезде.
Шығыпты Арғын, Найман, Керей, Уақ,
Басты ру Орта жүздің бөлігінде.
Арғын көп, Найман аздау кездері екен,
Басы Сыр, аяғы Алтай жүрген кезде.
Қарасам шежіренің бетін ашып,
Өткенге таң қаласың аузыңды ашып.
Түбі бір атадан өссе дағы,
Қас болған бір-біріне қара басып.
Найманның бір руы—Көкжар-Бура,
Естуші, зейін қойып сөзім тыңда.
Ескілік, өркөкірек, надандықтың,
Қараңыз, алмастық сорлығына.
Саржомарттың Сармырза азаматы,
Болыпты екеуі де жамағаты.
Саржомарт әйелінің аты—Торқа,
Сүйегі Шоға қызы, Уақ заты.
Сармырзаның әйелі аты—Күңке
Туған ұл ең алғашқы егіз екен.
Көкжарлы мен Бура
шежірелік жыр-аңыздар
Жиылып, Арғын, Найман басын қосып,
Бақанас, Бақана деп қойған екен.
Келгенде бұл балалар екі-үш жасқа,
Туғанмен бір атадан өмір басқа.
Енші алып Саржомарттан бөлек кетті,
Кеңшілік Аягөзге, Шұбартасқа.
Саржомарт Тарбағатай жүрген жері,
Ар жағы—Жоңғар, Алтай одан бері.
Торқадан төрт ұл туып, төрт найзагер,
Үлкені Баржақсы мен Шайғозы еді.
Байдалы, Жансарымен және туды,
Қайраты бұлардың да артық еді.
Екі қыз бұдан кейін тағы туып,
Бұлардан бірнеше ру, халық ерді.
Осылай бұлар да өсіп тұра тұрсын,
Тыңдаушы кейінгіге мойын бұрсын.
Келгенде жиырма бірге Сармырза өліп,
Екі ұл мен бір жесір Күңке жылай жүрсін.
Саржомарт іні қамын ойлайды екен,
Дал болып өздігінен сарнайды екен.
Торқаның мінезі тік, ашуы қатты,
Күңкемен келістіруді ойлайды екен.
Баруға інісі өлген, жері алыс,
Бармауға жібермейді ұлт-намыс.
Саржомарт ерте ойлайды, кеш ойлайды,
Қоймайды адамшылық жігер, намыс.
Бір күні бейсенбіде ұйықтап жатқан,
Үй-іші шырт ұйқыға әбден батқан.
көкжарлы мен бура
Торқаны жанындағы оятады,
Сондағы ердің сөзі мынау айтқан:
—Ей, Торқа, қалғаның ба қатты ұйықтап,
Жамбастап босатпайсың оң иықтан.
Төрт ұл мен екі қызың сенен туды,
Осымен тоқтау қылып қойсақ, шырақ.
Жанымдай жақсы көрген жарым едің,
Сүйісіп кішкентайдан алып едім.
Қимаймын, сенен шығып кете алмаймын,
Айтылған ар-намыстың лағы едім.
Білесің інім үш жыл бұрын өлген,
Екі ұл мен жесір келін жетім жүрген.
Атым бар асқар таудай, ел қорыған,
Қанеки, менің пайдам оған тиген.
Түсімнен бір шықпайды інім зары,
Бақанас, Бақананы тапсырғаны.
Жалғанда жаным риза болар саған,
Көшіріп бір ауыл боп тұрса бәрі.
—Ерім-ау, мына сөзің маған батты,
Айтқаның жүрегімді жабырқатты.
Көшіріп алып келші туысыңды,
Мекен қып, тұрмаймыз ба осы жақты.
Балалар жатырқасып кетпес үшін,
Мен қидым, Күңке қиса бір сен үшін.
Арамыз бөлектесіп отыралық,
Аз күнгі дүниенің қызығы үшін.
Келісіп төсегінен Жомарт тұрды,
Ерттеп ап Ақтанкердің бетін бұрды.
шежірелік жыр-аңыздар
Араға ара қонып есен-аман,
Аягөз, Шұбартасқа келіп қонды.
Келген соң батыр Күңке ауылына,
Сарманнан қалған тұяқ қауымына.
Білмеймін аз жата ма, көп жата ма,
Көшті ауыл Тарбағатай бауырына.
Тұрағы Сармырзаның өзен екен,
Аталып Бақанас боп кеткен екен.
Басында сол өзеннің бір оба бар,
Сол оба «Сарман өлген» оба екен.
Көшіп кеп, Күңке қонды Шилісайға,
Торқа отыр Маңырақтай тау маңында.
Екі-үш жыл тату-тәтті өмір сүрді,
Мал баққан шаруаның жағдайында.
Күңкенің Торқа келді ауылына,
Сағынып көп жыл болған бауырына.
Құрметтеп малын сойып күтіп жатыр,
Дегенмен келді арамдық Торқа ойына.
Қарасаң, Күңке сұлу бұраң қаққан,
Майда сөз асты-үстіне бірдей жаққан.
Тұрса егер бұл түрменен адам қоймас,
Күңкенің бұл мінезі бұған батқан.
Ақ шәмша, жұқа маңдай, қиылған қас,
Болғанда оймақ ауыз, сүмбілдей шаш.
Қасына келген еркек шығар емес,
Аршын төс, алма мойын, бір түйме бас.
Ойлады сонда Торқа Күңке жайын:
«Болмаса жарар ед деп арты уайым».
Қам қылып сырын ашпай үйге қайтты,
Сөйлейін бұдан былай істің жайын.
көкжарлы мен бура
Үйіне Торқа оралған өңі қашып,
Ішінен бір сұмдыққа қадам басып.
Бақана, Бақанасты көрді артық,
Төртеуін өзінен туса да асып.
Мұны естіп Баржақсы мен Шәйгөз батыр,
Байдалы Жансарымен ойлады ақыл.
Төртеуі үйден шыға ақылдасты
Жоймаққа Бақана мен Бақанасты.
Ол кезде қазақ елі мал бағады,
Өзбектен сауда қылып мата алады.
Бұқардың әкімінің саудагері,
Аулына Саржомарттың кеп жатады.
Қазақтан өзбек жиған жүн мен малды,
Қайтуға күзге қарай дайындалды.
—Екі қап мейіз берсең, екі ұл берем,—
Деп келіп, Шәйгөз батыр саудалады.
—Әкелем екі бала кешке қарай,
Бөгелмей жүрер болсаң бүгін ғана.
Көрсетпей, тез аттанып жүріп кетсең,
Дос болып, тартар едім сыйлық жана.
Келісіп қара сартпен уәде етті,
Аулына Күңке сұлу келіп жетті.
Бақанас, Бақананы алдырады,
—Бері кел, мен ағаң,—деп азғырады.
Азырақ мейіз бенен өрік беріп:
—Аулыма қонақ бол,—деп шақырады.
Жас бала бұл айтқанға алданады,
Жеген соң өрік, мейіз ес қалмады.
Мінгізіп алды-артына екі ұлды,
Көрсетпей, сартқа әкеп тапсырады.
шежірелік жыр-аңыздар
Сарт дағы жолды тосқан дайын екен,
Тұрағы бір Матайдың кемпірі екен.
Зарлатып, жас баланы сартқа беріп,
Жатқанын жетім кемпір көреді екен.
Жөнелді сарт баланы жүгіне артып,
Белгісіз не істері онда апарып.
Екі қап мейіз беріп екі ұл алды,
Зарлатып, қос жетімді зар жылатып.
Бұқарға сарт аттанып бара тұрсын,
Тыңдаушы кейінгіге мойын бұрсын.
Жоғалған екі жетім көлде ойнаған,
Табылмай, іздеген жұрт тұра тұрсын.
Зарланып қалды Күңке жерді сабап,
Өртеніп, маңдай шашын күнде жұлып.
Таба алмай не өлісін, не тірісін,
Сандалып көп іздеуші кетті тарап.
Жоғалып балалар солай көп күн өтті,
Шамамен үш-төрт жылдай мезгіл жетті.
Жалғыз-ақ зар жылаған Күңке зарлы
Өзгелер бұдан басқа ұмытып кетті.
Саржомарт қос жетімді ойлайды екен,
Ойлатпай жоғалған ұл қоймайды екен.
Тау-тастан, аққан судан хабар күтіп,
Ұшқан құс, жортқан аңнан сұрайды екен.
Айтпайды көрген жанның бәрі қата,
Опасыз істегенін туысқанның .
Көңілі Саржомарттың сүрей таза
Ойлар ма қас қылар деп балаларын.
көкжарлы мен бура
Саржомарт заманында болған мықты,
Дұшпанын ерегескен жерге тықты.
Көк найза, болат семсер қарына іліп,
Ақ сауыт, жебе, садақ түгел шықты.
Майданда жауға шапқан жеке батыр,
Сондықтан жеке жайлап келе жатыр.
Жауласқан қазақ-қалмақ соғысында,
Орнатқан дұшпанына заманақыр.
Бұл кезде қырық бесте батыр жасы,
Қапалы жетім үшін мұның басы.
Тау-тасты күңіренткен сұрау салды,
Ақтанкер жалғыз ердің жан жолдасы.
Бір күні батыр келді ауылына,
Қамшы ұрып Ақтанкердің сауырына.
Дем алып тыныштықпен жатты батыр,
Бой ұрмай дүниенің ауырына.
Арқаның қоңыр салқын майда желі,
Толық жаз, сарша тамыз мезгіл еді.
Матайдан қоңсы қонған жалғыз кемпір,
Тал түсте құрт қайнатып отыр еді.
Бар екен Қайыр атты жалғыз ұлы,
Жетімнің кімге жүрген қажет аулы.
Отырған көбік жалап Қайырды кеп,
«Алдың,—деп,—асығымды» Жансар ұрды.
Қоймады қой дегенге тоқтау бермей,
Айтқанын үлкен-кіші адам демей.
Зарлады дауа қылып сорлы кемпір,
Болған соң өлтіретін дамыл бермей.
шежірелік жыр-аңыздар
—Құдай-ау, айналайын құдіретім,
Бұзылды жетім көрсең, сенің ниетің.
Бұқардан келген сартқа ініңді сатып,
Күңкені зарлатып ең, тірі жетім.
Сендердің қылығыңды атаң білмес,
Айтуға сенен қорқып шамам келмес.
Ал айттым, өлтір мейлің, тірілт мейлің,
Бір жаным Қайырымнан артық емес.
Саржомарт Ақтанкерді жетекке алып,
Суармақ бұлақ жаққа алып барып.
Дауысқа шаңқылдаған құлақ салса,
Сөз келді Күңке жетім ауық-ауық.
Батыр да сол дауысқа жақын келді,
Келгенін Саржомарттың кемпір көрді.
Шайгөздің екі ұлды алып келіп,
Сатқанын қара сартқа айтып берді.
—Төрт ұлың сенен туған жұрттан асты,
Жетім-жесір көрінсе, қанын шашты.
Бақана, Бақанасты зарлатқан қу,
Өмірі еш адамды аямас-ты.
Саржомарт Жансарыны шақырады,
Қалдырып бала көңілін ақырмады.
—Шайгөзге айт, түгелімен үйге қайтсын,
Баспаңдар бұдан былай осы маңды.
Батыр да үйге келді өңі қашып,
Ешкімге сыр бермейді қабақ ашып.
Ерттеді Ақтанкерді сайман алып,
Тоқталмай кетті Ақшиге таудан асып.
көкжарлы мен бура
—Уа, келін, біз жүріппіз қара басып,
Жақыннан жау шығыпты жанталасып.
Тоғыз қып Қарабура, Көкжалды алып,
Жүремін Бұқар жаққа, тартса нәсіп.
Бір хабар бүгін білдім, оным анық,
Сатыпты балаларды қара басып.
Апарып Қарабура, Көкжал атты,
Бақана, Бақанасты келем алып.
Мұны естіп Күңке сұлу қалды талып,
Анаға зарлап жүрген бар ма айып.
Жанына жолдас алмай жүріп кетті,
Жол ауыр болса дағы аса қауіп.
Аман-сау екі ай жүріп, келіп жетті,
Жаз өтіп, күз түсерлік мезгіл жетті.
Бұрын көп Ер Көкшемен келген еді,
Дейтұғын: ер Әмірхан хакім ерді.
Ол кезде Бұқар үлкен емес, қала,
Жер ыстық, бау-бақшасы, сай мен сала.
Саудамен шартарапқа аты шыққан,
Белгілі Азиядағы болған қала.
Шаһардың айналасы тастан қорған,
Алдында Ауған, Бұқар соғыс құрған.
Шаһарға ұлықсатпен зорға кірді,
Хакімге білгілікті таныстықпен.
Қарсы алды ер Әмірхан жомарт ерді,
Бұл дағы ақыл тапқыш кемеңгер-ді.
Көп болды көрмегелі бірін-бірі:
—Жүрмісің аман-есен, ерім,—деді.
шежірелік жыр-аңыздар
Көрісіп мауқын басты екі батыр,
Істерін өткен-кеткен айтып жатыр.
Жомарт айтты: «Сағынып келдім сізді,
Көрмекке тамашаңды іске татыр.
Қайтармын біраздан соң мұңымды айтып,
Жоғым бар іздеп келген, сонымды айтып.
Әкелдім Қара бура тарту етіп,
Және де Көкжал тұлпар жабулатып.
Шаһарды аралайын үш ай жатып,
Қыр қонып, тау жайлаған қазақ ғаріп.
Не жақсы, не жаманын түгел көріп,
Қайтармын Алла жазса, мауқым басып».
Әмірхан естіп мұны тасымады,
Шаһарға қазақ қалай бас ұрады.
Армансыз үйде жатып аралауға,
Басшы етіп бектеріне тапсырады.
Алтын мен күмісі көп Жомарт ердің,
Қайласын асырмақшы кемеңгерім.
Бір бек Шәкірт деген болады дос,
Бұқарды бес саусақтай түгел білген.
—Ей, Шәкірт, сенен алтын аяман-ды,
Көрсет сен, бала жиған қазынаны.
Алыстан бала сатып алып келсе,
Оларды қандай жерге тапсырады.
—Даладан келген бала хакім барар,
Белгілеп аты-жөнін жазып алар.
Кімге ұл, кімге құл қып жібергенше,
Сақталып бір орыннан тәрбие алар.
көкжарлы мен бура
Осындай орындар бар әрбір жерде,
Мен сізге көрсетемін көргің келсе.
Ең бастан Бұқарадан көрсетейін,
Жүре бер, бұдан былай соңыма ер де.
Аралап батыр көрді әрбір жерді,
Бір күні бір бақшаға келіп кірді.
Еңселі тастан салған биік үйді,
Аралап бекпен бірге жүре берді.
Бек айтты: «Бұл балалар байлардікі,
Ерекше артық күтім жүргендері».
Келеді артын ала екі бала
Бақана, Бақанасты анық білді.
—Ей, Шәкірт, сөзге құлақ саламысың,
Сөзімнің жалғаны жоқ, нанамысың.
Қарашы, мына екеуі—менің балам,
Кім берді, мұнда әкеліп айтамысың?
—Білмеймін, бұл балалар Қасым ұлы,
Қасым деген шаһарда—байдың бірі.
Саудамен қазақтардан келген алып,
Тапсырып, тәрбиеге берген мұны.
Айтпаңыз, мен айтты деп тірі жанға,
Бар дағы айт болған істі Әмірханға.
Досыңыз әділетті, жақсы адам,
Шындыққа болысатын қисайғанда.
Батыр айтты: «Әмірхан, досым еді,
Келгенім жоқ жоғалтып сізге,—деді,—
Мен таптым жоғалғанымды қалаңыздан,
Қайтарып алып берсең бізге,—деді.
шежірелік жыр-аңыздар
Інімнің екі бірдей баласы еді,
Әкесі өліп, жетім болып қалып еді.
Туысы қастық етіп сатқан екен,
Саудагер бір өзбекке Қасым атты.
Сатқаны екі дағар мейіз екен,
Дәм тартып бұл Бұқарға келген екен.
Жүр екен балалармен тәрбиеде
Дәл бүгін шыққыр көзім көрген екен».
Әмірхан алды тыңдап батыр сөзін:
—Айтпайтын жалған сөзді жансың өзің.
Шәкіртке сол арада берді бұйрық:
—Қасым мен алып келгін екі ұлды.
Бек барып тез жеткізді хакіміне,
Адал іс қарата ма жақынына.
—Шыныңды айт, бұл баланы қайдан алдың,
Тұрғанда шыбын жаның аманында?
Қасым айтты: «Бұларды Құдай берген,
Өзімнен туған бала соңыма ерген.
Қысастық маған, хакім, жасамаңыз,
Куәлік мынау қазы жазып берген».
—Нанбаймын өтірік пен алдағанға,
Қазыны пара беріп жалдағанға.
Өңі, түсі—бұл қазақтан туған бала,
Қисынсыз сөзің бекер зарласаң да.
—Ей, қазақ, байқадың ба сөзің затын,
Айтшы енді өзің қойған бала атын.
Не белгі денесінде бар ма еді,
Бөгелмей осы арада айтшы, жаным.
көкжарлы мен бура
—Бақанас, Бақана еді балам аты,
Аппақ төс, сол төсіндегі тақыр асты.
Белгісі үлкенінің иығында,
Қал,—дейді,—қара бала иықтағы.
Баланы алып келді шешті киім,
Көпшілік хакім алды болған жиын.
Айтылған екі белгі екеуінде,
Бұлтару Қасым ерге болды қиын.
Хакім айтты: «Ей, Қасым, сөзім тыңда,
Жалғанда өтірік айтып, адам жима.
Ұстаған қанша шығын пұлыңды ал да,
Баланы қайтырып бер, әуре болма».
Айтылған бала пұлын хакім берді,
Дос болып, бата беріп, қала берді.
Аман-сау екі ұлды алып елге келіп,
Жұрт жиып, ат шаптырып той ғып еді.
Найманда Қаракерей басым еді,
Ақылы бек Байыстың артық еді.
Апарып Қара бура, Көкжал бөрі—
Әкелген балаларға бата берді.
—Аталсын бұдан былай Бура Найман,
Көкжарлы деп Бақананың атын қойған.
Бақанас содан кейін Бура атанды,
Батамен көп әлеумет қолын жайған.
Көкжарлы Бураменен өскен халық,
Шамасы бір дуандай тұрсақ бағып.
Сатылған тағылықпен сорлы жетім,
Артынан қанша тарап өсті халық.
шежірелік жыр-аңыздар
Көкжарлы Бураменен өскен халық,
Шамасы бір дуандай тұрсақ бағып.
Бұл сөзім бекер емес тарих сөзі,
Байқасақ, таңқаларлық істің өзі.
Торқа қыз ұялғаннан көшіп кетті,
Төрт ұлы Уақ боп жүр осы күні.
Бұқардан батыр қайтып келгеннен соң,
Торқаға берді рұқсат өлмеген соң.
—Көшіп бар, төркініңе тағдыр солай,
Мақшарда кездесерміз өлгеннен соң.
Аманат саған, Торқа, тапсырамын,
Үбірлі-шүбірлі боп көп жасағын.
Кеттім деп төркініме, белгі бұзба,
Уағда осылайша болсын, жаным.
Найманның—қос босаға таңбасы екен,
Құмырсқа—ен құлақтың белгісі екен.
Балалар Уақ болып жүрсе дағы,
Өзгермей белгі солай қалған екен.
Осылай төрт ұлымен Торқа кетті,
Сан ғасыр сонан бері зулап өтті.
Естіген ел аузынан кәрі құлақ,
Белгі етіп шежіресі бізге жетті.
Сөзіме Жоңғар, Алтай сөзі куә,
Мыңшұңқыр, Тарбағатай жері куә.
Аягөз, Арқа, Ертіс өлке бойы,
Көкжарлы, Бура Найман елі куә.
Ертеде ескі өмірді тұрсам қарап,
Қасқырдай өз күшігін жеген талап.
Әлдісі әлсіздерін жүндей түтіп,
Қарасаң, кейінгіге болған мазақ.
көкжарлы мен бура
Өтіпті бұрынғыда Адам ата,
Ғапу ет, бұл сөзімде болса қата.
Дастаны Бура, Көкжарлы біткен жері,
Жамағат, қолың жайып, оқы бата.
13-83
Қаламды еріккенде қолға ұстарсың,
Жалығып бір күн әлі-ақ сен тастарсың.
Хал-қадір білгеніңше баян ойла,
Ғибрат кейінгіге сөз боп қалсын.
Жақсымен сен бір кеще жанаспаған,
Біліміңді салып топқа сынаспаған.
Дәптерге бастан-аяқ таста жазып,
Ойласаң, қалды ғой деп мирас маған.
Жүйрік пе, мыңнан озып қыр аспаған,
Жігітке хал білдіріп, сыр ашпаған.
Ертерек белгілеп қой әрбір жөнді,
Жөн табар қараңғыда адаспаған.
Өзіңді күйлеп, Нұржан, бағып қара,
Бір үкі қырық та, басқа тағып қара.
Жоқ па екен қалған жұрнақ ақырындап,
Бұрышын қапшығының қағып қара.
Әуелі Алла, Адам сопы, Нұх нәби,
Баяндап жад етемін білсем оны.
Неше түрлі қаншама халық болып,
Неше абзал нәрселердің өтті бәрі.
Нұржанның шежіресі
нұржанның шежіресі
Пенденің Хақ жазғанға жөн шамасы,
Келеді тамамдауға кім шамасы.
Қырық тоғыз ата «Қисса әл-әнбие»,
Адам мен Расулының екі арасы.
Хаққа құл, Расулға үмбет әзалдан біз,
Бір пазыл жаратылдық тозаңнан біз.
Болмаса сахарада жүргеніміз,
Арғы зат нәсіліміз—ғажамнанбыз.
Табылар оңай жерден талас деген,
Өтірікті жарамайды рас деген.
Пайғамбар Расулымнан патиха алған,
Нәсіліміз сахабадан Әнес деген.
Әнестен Жабыл туды, онан Мағыз,
Мүсәніп болды халыққа айтып уағыз.
Мағаздан Сәхил, Сәхилден туды Ақшолпан,
Шежіре бірден-бірге қалған қағаз.
Алтыншы атаң Аққурай, туды Аламан,
Мекен-жай отан етті сахарадан.
Онан Алаш, Алаштан екі ұл туып,
Сегіз арыс түрікпен айрылды осы арадан.
Сейілхан Жайылханмен туды Алаштан,
Түсірмес, келтірмесек сөзді алыстан.
Сейілханның сегіз арыс түрікпен болып,
Шаһар боп жата берді қозғалмастан.
Ал енді Жайылханнан Майқы туды,
Біледі өзбек Сапиан неше суды.
Біздің халық Сапианнан Сахара ұлы
Өзбек сарттан қазап шаһар болды.
шежірелік жыр-аңыздар
Айтпаспын түсінбестей сөзімді ұзақ,
Нәсіліміз келе жатыр болып таза-ақ.
Сапианнан Айырқалпақ жалғыз туып,
Мұнан туды екі бала—Қазақ, Созақ.
Созақтан Қарақалпақ бөлінеді,
Осылай шежіреден көрінеді.
Ақарыс, Жанарыс пен Бекарыс деп,
Үш жүз деп бірге есім беріледі.
Ұлы жүз Ақарыстан—Дулат, Үйсін,
Қанша жұрт ендігісін өзі білсін.
Кіші жүз Бекарыстан ең кенжесі,
Бөлініп өз жөнімен бұ да тұрсын.
Айрылды Ұлы жүз бен Кіші жүз боп,
Осылай шежіреден қалды сөз боп.
Арғын, Қыпшақ, Керей, Уақ, Найман, Қоңырат—
Бөлініп кеттік, енді Орта жүз боп.
Келтірдім ретіменен сөзді таза,
Білген—білімінен қалмас қаза.
Орнына таратайын жөн-жөнімен,
Туыпты Жанарыстан алты қожа.
Үлкені Қарақожа, екіншісі—Ақтан,
Қаншама гүлдер өсті бұл дарақтан.
Дәрмомын, Смағұл, Қасымқожа—
Керей мен айрылмаймыз—біз Уақтан.
Дәрмомын қожадан Қоңырат, Найман
Ешкімнен өз жөнімді сұрамаймын.
Смағұл, Қасымқожадан Керей, Уақ,
Бұл сөзде қате бар деп ойламаймын.
нұржанның шежіресі
Қате болып білмесек, көп дүр қатер,
Кез болды көңілден бір сөз қозғатар.
Ахтамұлы Қыпшақтан кеттім бастап,
Әркім өз атасын біле жатар.
Қыпшақтан туған бала Сүлім, Әліп,
Дабысы шықты ердің жерді жарып.
Қырық шауып қысқа күнде қалмақ елін,
Қатардан жолды алмаған кейін қалып.
Ақкөбік—мұнан соңғы бір атамыз,
Шежіреден көргендерді таратамыз.
Неше тайпа, неше ру ел боп кетті,
Ендігі сөздің артын ұзатамыз.
Мұнан туған мүйізді—Абыз Сары,
Патихалы ер болған, Алла жары.
Құлаң қытай Қара, Сары сопы туып,
Түсіпті шілтендердің оң назары.
Қарадан Есім, Сейіт, туды Қобылан
Жалғыз жүріп, кек алды сансыз қолдан.
Сәруары сайыпқыран ер боп өтті,
Құтылар уақыт жетсе, кім ажалдан.
Бұл Қобыланды дұшпандарын іліп өткен,
Тірлігінде әрбір жөнді біліп өткен.
Бір өзінен он екі бала туып,
Тоқтар деген баласы ер боп өткен.
Бұлтың торы—көлденең, ұзын балық,
Өсіп-өніп келеді содан халық.
Олжалаған ұл еншіліктері ел боп кетті,
Осы жерден былайғысы әркімге анық.
шежірелік жыр-аңыздар
Кім көппін дегендермен даулы Қыпшақ,
Қоймаған бетіндегі жауды Қыпшақ.
Бір Тоқтардың баласы—бес таңбалы,
Демей ме: «тоқсан екі баулы Қыпшақ».
Жігітке ата білген парыз деген,
Мойныңда жүрмесін қарыз деген.
Мекке мүкарамма, Шам жұртында,
Бір шаһар әмма қыпшақ қарыз деген.
Жаңалық, сөз қоспаймын арасына,
Ығтиһад әркім қылар ағасына.
Қал-қадір білгенімше баян әйлап,
Арғынның жаңа келдім баласына.
Қарадан Ақжол, Арғыннан жеті бала,
Кәміл боп, әрқайсы да болған дана.
Ақарық, Сары, Қара, Момын, Иман, Мейрам—
Көбейіп ел боп кеткен, неше сала.
Баласы Ақсопының Қанжығалы,
Арғынға түскен шілтен оң назары.
Арықтан—Бәсентиін, Сарыдан—Тобықты, Арғын,
Келеді тізіп айтсақ, сөз ажары.
Балық та келе жатқан мақтаулы боп,
Бақ кетпей, мал-бас, әслі мықты ауыл боп.
Осы жерден неше тайпа ел боп кетті,
Қарадан—Қарауыл, Момыннан—Тоқтауыл боп.
Иманнан—Тарақты еді алтын атаң,
Сөйлесем, емес едім сөзге татаң.
Кенжесі Мейрам еді үлкен орын,
Осылай бөлінеді—бұл екі ортаң.
нұржанның шежіресі
Бақ, дәулет басы өскен әрбір талай,
Артықша сәулет берген, Жаппар Құдай.
Мейрамның төрт баласы—төрт рулы ел,
Кетеді бәйбіше боп мұнан былай.
Бикендік, Жикендікке жаңа келдік,
Қуандық, Мырза, төртінші—би Сүйіндік.
Үш жүздің баласы боп бас қосқанда:
Байлық, бақыт—осыларда һәм үлкендік.
Бос жүрмей білген жақсы ата-текті,
Дос көңіл, нар көтерер артқан жүкті.
Мейрамның кіші қатыны Айнакөзден:
Осы жердегі қалың Арғын, екі Шекті.
Баяндап бергі жерін әркім білер,
Елінде болса, қария белгілікті.
Найман, Қоңырат, Керей, Уақ қалдыменен
Жазарлық бір сөз еді, бір керек-ті.
Мұны да сұрап-біліп, ескерермін,
Денсаулық, Алла берсе, тіршілікті.
Бісмілла, сиынамын ағзубилла,
Нәбиім—Расул Кәрім Хабибулла.
Қолыма қалам алып, сөз бастайын,
Зұлжалал рақым әйлап, өзің оңда.
Сиынып, сөз жазамын қалам алып,
Біз жүрген надан құлмыз әлі адасып.
Көз көрген шариғатты ұстамаймыз,
Күнәға кіріптармыз қара басып.
Сиынып, сөз жазамын қалам басып,
Дүниеге хош емеспін, көңілім жасып.
Амалдан еш дүзулік таба алмадық,
Расул Кәрім шапағатын, қылсын нәсіп.
Бастасам, сөз кетеді тым алысқа,
Ойыма кіре берді, әрбір қисса.
Ерініп, мен жазуға айнып тұрмын,
Атаны қозғайын деп әрбір нұсқа.
Ибраһим Жәлел Алла—нақ атамыз,
Бір Алла ғапу етсін, көп қатамыз.
Ұғылы Ибраһимнің Ысқақ нәби—
Күнәға білмей айтсаң, біз батамыз.
Өлең шежіре
өлең шежіре
Шешесі Ысқақ нәби Сара анамыз,
Анамыз сол Сарадан тараламыз.
Баласы Ысқақ нәби Жақып саушы,
Нәсілі болып, солардан тараламыз.
Смағұл Ысқақпенен бір туысқан,
Анасы екі басқа, Құдай қосқан.
Шешесі Смағұлдың—Ажар анам,
Сөйлеймін білгенімше, келсе шамам.
Баласы Жақып нәби—Яқуда ер,
Пендеге жәрдем болсын, ол мәдеткер.
Баласы Яқуданың Ғажам екен,
Солардан бізді өндіген Пәруардигар.
Атасы сол Ғажамның екен—Сарық,
Сарықтан Өзбегің туды барып.
Өзбек ұлы Суфиан сонан туған,
Сөйлеген біраз қисса мен бір ғаріп.
Баласы Суфианның туған Орай,
Орайдан Қырым туған, жаздым солай.
Қырымнан Араб туды деп айтады,
Сөйлесем, сөзім кетер борай-борай.
Араптан туған екен—ұлы Армұз,
Армұз ұғылы Анес дүр, сөзге тармыз.
Анестен ұғылы Қарт туыпты,
Жазуға орны келсе, сөзге бармыз.
Қарт ұлы, онан келіп Сиғлабан туған,
Баласы Сиғлабанның Зарир екен.
Бір қисса сөз жазамын ата қуған,
Баласы сол Зарирдің екен—Сараш.
Сараштан Орда туған—ол бір ата
Атадан ата қуалап, салды жарыс.
шежірелік жыр-аңыздар
Баласы Ордаш ұлы—ол Табылды,
Бұл жерде бір тоқтау бар, сөз жаңылды:
Туыпты Табылдыдан—атаң Қазақ,
Бастай бер, біліп айтсаң, сөз табылды.
Қазаққа жоғарыда жиырма ата,
Шежіреде жазылған жоқ-ты қата.
Баласы Қазақ байдың көз жеткісіз,
Қыдырдан оңдап тиген бұған бата.
Дәл тауып Қазақ жайын айту қиын,
Оңай ма таратуға қылып жиын.
Қазақтың әулетіне көз жеткісіз,
Жігіттер, ата қуған—қаһар ойын.
Ол шеті бұл шетімен—қазақ қайда,
Жіберген Алла Тағала талай жайға.
Жөніне келтірейік ойлап қарап,
Сөз жөні келе жатыр осындайда.
Бұл сөзді таратуға үлкен қиыр,
Данышпан ақын табар, қызса бүйір.
Әрине, келіп тұрған сөз бар шығар,
Байқастап, ойға салып, мимен үйір.
Сөйтсе де, сөзді ойланып айтысайық,
Әр адам бекер сөзге қатыспайық.
Егерде бір жердегі халық болса,
Қазағың көп жұрт екен падишалық.
Сахарада қазақ халқы бір шашылған,
Шын айтса, көңілдегі кір басылған.
Аузына барлық жұрттың біз қарадық,
Сөз келіп жиырма атаға тоқтап еді.
өлең шежіре
Ақыным, енді сөйле, сен көсіліп,
Қазақтан туған екен үш ұл бала.
Сөйлейін жөн-жөнімен қылып дана:
Біреуі—Озған, бірі—Озақ, бірі—Созақ,
Үшбу дүр есімдерін, айтса шала.
Қазақтың кіші ұлының аты—Созақ,
Кетіпті Асан қайғымен алысқа ұзап.
Созақтан әулет бар деп сөйлемейді,
Қазақтың үлкен ұлы аты—Озған,
Жел сөзді сөйлей берсек, қаулап қозған.
Мұның да әулет жайын сөйлемейді,
Әулеті Құдай білсін, қайда тозған.
Қазақтың ортаншы ұлы Озақ,—аты,
Озақ десе, Озақ дүр адам заты.
Үш жүздің нақ атасы—осы кісі,
Аз емес, Алла берген кереметі.
Озақтан туған екен Ұлы Алаш—
Үш перзент бұл Алаштан ұл туыпты.
Ақылмен бөтен көрмей сөзге аралас,
Алаштан үлкен ұлы ол—Ақарыс.
Алланың бұйрығымен болады өріс,
Қара Келімбет туыпты Ақарыстан.
«Ұлы жүз» деп атайды шежіреде,
Жігіттер, орны келген сөзге сүйсін,
Өтірік айтса, жазғанның жүзі күйсін.
Бекарыс—кіші ұлы екен Алаш байдың,
Жалған деп бұл сөзге ешкім таласпаймын.
Сарыдан туған екен Ақкелімбет,
Ақыным, аталарды бірге тербет.
Туыпты Ақкелімбеттен ұлы—Алшын,
«Кіші жүз» деп атайды, тоқтай қалсын.
шежірелік жыр-аңыздар
Ұлы жүз, Кіші жүзді тоқтаталық,
Ақыным, Орта жүзге көзің салшы.
Жанарыс—Алаш байдың ортаншы ұлы,
Туыпты Жанарыстан сол Төлембек,
Бәрі де көп мұсылман, Құдай құлы.
Төлембектен туыпты ұлы Көсен,
Орнын тауып сөйлейді, тілге шешен.
Көсен ұлы туыпты аты—Көшен,
Алыпты Сары, Мұнай—екі қатын.
Зор қылған үлкен қатын алапатын,
Ат қойды: Ақсопы, Ақжол перизатын.
Жеткізген соншалыққа шарапатын,
Және де екі ұл тапты кіші қатын.
Мұның да баяндалық есім, атын:
Қоянбай, Жарғақ туған—екі перзент.
Ақжолдан перзент болып Арғын туған,
Қамқамен алтын қамар белін буған.
Көз жетпейді ұрқына бұл ғазиздің,
Біз сөйлеп отырмыз ғой, ата қуған.
Туыпты Ақсопыдан—атам Найман,
Келеміз атаны айтып әлдеқайдан.
Бұларға бәрін айтсаң, көз жетпейді,
Әулеті барлық жерге құшақ жайған.
Баласы үлкен қатын—Арғын, Найман,
Мен мақтап, осыларды жұртқа жайған.
Ұшығы Арғын, Найман қайда жатыр,
Ұлытау Сарыарқаға құшақ жайған.
Атасы Керей туған Қоянбайдан,
Немере Арғын, Найман, Керей, Уақ.
Атаны таратамыз тисе пайдам,
Уақтың атасының аты—Жарғақ.
өлең шежіре
Жеткізген Қыдыр Алла өзі жар боп,
Орта жүз Арғын, Найман, Уақ, Керей.
Атаны айтып келеміз әлдеқайдан,
Боламын қалам алсам сөзге дайын,
Үш жүзді нұсқаладым айтып жайын.
Ұлы жүз, Кіші жүзге тоқталалық,
Ұлы жүз толық,—дейді,—Үйсін ағаң,
Жоқ болса, шежіреде қайдан табам.
Кіші жүз Алтын ұлы Қыпшақ—дейді,
Бар болса шежіреде қылсам тамам.
Мекені Кіші жүздің—Сырдария,
Көрнеу сөз айтылған, бұл жария.
Үш жүздің нарқы қайда жүз болдылар,
Ойласам, не деген көп—дәл осылар.
Үш жүзден қай жұрт артық болар еді,
Кент салып, бірге тұрса, бас қосылар.
Үш жүздің баласының барлық саны—
Болар еді бір мемлекет болса, заңы.
Сабылып, дүниеден тозған жұртпыз,
Аяғы қалай болар мына жалған?
Біз қазақ өсіп, өндік әр атадан,
Бар шығар қайталаған, сөз қайтадан.
«Жомарт» деп қазақ халқын көп айтады,
Дұғасы қабыл болсын, көп батадан.
Найман шал басқа әуелден тарық екен,
Өзі кәрі, можаған, ғарып екен.
Өзінің жалғыз ұлы Тоқпан,—аты,
Жазылған шежіреде анық екен.
Кәрі адам тоқсандағы, өзі бекзат,
Болыпты жалғызы өліп, дүния жат.
шежірелік жыр-аңыздар
Жасында жиырма екі Тоқпан—ұлы,
Дүниядан опат болған уақыт жетіп.
Ақсұлу он сегізде жесір қалған,
Кәрі атаң жалғызы өліп, жаман талған.
Ақсұлуды келіпті Арғын ұлы аламыз деп,
Іс пе екен, тағдыр ма екен, Құдай салған.
Сол күнде Найман атаң кәрі кісі,
Ақсұлуды жетелеген ақылды ісі.
Тұяқсыз асыл атам кете ме деп,
От болып жанса керек іші-тысы.
Ақсұлу көп ойлады әртүрлі ойды,
Қайғының ішіндегі бәрін тыйды.
Жол беріп, Арғын ұлын қайтарады,
Тәуекел, қата басып, байлап қойды.
Қызы екен төркіні Дулат бидің,
Қуатын атасының қайдан білген.
«Ұрықсыз қайран атам кете ме» деп,
Сол жолда шүберекке жанын түйген.
Жолына бір шыбындай жанын қиған,
Үйсінге сонда барды Дәулетбекке.
—Мен түстім жесір қалып мұндай кепке,
Атама ықыласыңмен қызыңды бер,
Бір тұлға болар ма екен біздің үйге.
—Ақсұлу, қымбат еді сенің басың,
Қиын емес, Алла қаласа, жарылқасын.
Дәулетбек Ақсұлудың тілін алып,
Қызенейді берген екен—қарындасын.
Үміт қып, Қызенейді алып берді,
Ақсұлу алшаңдаған бұраң белді.
өлең шежіре
Қызеней екіқабат болған кезде,
Найманға уақыт жетіп ажал келді.
Уақыт жетіп, Найман атаң дүния салды,
Ақсұлу таза арулап шығарып салды.
Ақсұлу тәуекелмен жүрген адам,
Таратты науқанына дүние малды.
Қызеней босанады күні толып,
Ұл тапты, бір Алладан нұсқау келіп.
Ақсұлу жерге сыймай қуанады,
Ақсұлу ел шақырып, той қылады,
«Ат қойсам, Белгібай» деп ой қылады.
Белгі боп кәрі орынға тұрар ма екен,
Қарамай мал бетіне сойғызады.
Ат қойып «Белгібай» деп асырады,
Шын сөзді кейбір адам жасырады.
Қайным деп Белгібайға өзі тиіп,
«Тәубе» деп бір Құдайға бас ұрады.
Қызеней ерге шығар кезі келді,
Найманның өлсе дағы орны толды.
Тигізді Елатаға Қызенейді,
Елата алғаннан соң Қызенейді,
Ұл тауып, ауыл-аймақ сайрандады.
Серікбай, Қоңырат туған—Елатадан
Қызеней бәріне ана боп жүреді,
Ақсұлу асырады Белгібайды.
Белгібай жігіт болып ер жетеді,
Ақсұлу Белгібайды тербетеді.
Адамда өткен өмір жыл құсындай,
Белгібай жігіт болып ер жетеді.
шежірелік жыр-аңыздар
Ақсұлу Белгібайға тимек болды,
Азырақ күн дәурен сүрмек болды.
Ақсұлу Белгібайға тиген күні,
«Шүйінші» деп ат қойды инабатты.
Ақсұлу мақсатына жеткеннен соң,
Халайық таңдай қағып, таңырқапты.
Ақсұлу отыз-қырық жасқа келді,
Белгібайға қыз айттырмақ ойға келді,
Белгібай мырза екі бірдей балдыз алды.
Сөйлейді шежіреде осылай деп,
Мағұлым емес, қанша берді—қалың малды.
Айтқаны орындалмай қалған емес,
Тоқсұлу, Қаракөзбен—екі қыз ғой.
Туады Қаракөзден бір ұл бала,
«Шүкірші» деп ат қойды туа сала.
Туыпты Шүкіршіден ол—Өтеген,
Өндірген ғайып қылып Хақ Тағала.
Найман шал арты жақсы болады қарт,
Шежіреде өтірік болса, обалын тарт.
Баласы Шүкіршінің Өтегеннен,
Туыпты содан келіп Сары Жомарт.
Туыпты Тоқсұлудан бір ұл бала,
Төлеген деп ат қойды туа сала.
Балталы, Бағаналы—Өтегеннен,
Айырып, біз жазайық өлеңменен.
Туады Шүкіршіден Төлегетай,
Баласы Төлегетай туған Қытай.
Бар екен ол Қытайдың үш қатыны,
Үлкенінен туыпты Қаракерей, Матай.
өлең шежіре
Ортаншы ұл табады о да қатын,
Мұның да баяндайын, айтып затын.
Баласы ол қатынның жалғыз бопты,
Туған соң «Садыр» қойған мұның атын.
Кіші қатын тағы да ұл табады,
Кем ақыл білмей айтсам, сөз қылады.
«Төртуыл» деп қойыпты мұның атын,
Қазалы, сонда Қытай дүния салды.
Атасы—Төлегетай тірі қалды—
Өтетін дүния ғой барша жаннан.
Зырылдап келе жатыр, сұмырай жалған,
Баласы Елатаның Серікбай ғой.
Ержетіп қатын алды және де ол,
Туыпты Серікбайдан—бір Төлеген.
Төлегеннен туады—екі ұл бала,
Айтайын жөніменен, қылып дана.
Келбұға, Кетбұға деп атын қойды,
Таралды Найман ұлы сала-сала.
Жетіліп Найман өсіп, әбден толды,
Қазынасы Тәңірімнің сондай мол-ды.
Есеп қылсаң, жоғарғы аталарды:
Найманның тоғыз таңбалы ұлы болды.
Келбұға, Кетбұғадан—Терістаңбалы
Шежіреден айырған соның бәрі.
Мұнан соңғы атаны білесіздер,
Осылай жазуыма жетті қалам, халім.
Ақсұлу—«әулие келін» деп айтып жатыр,
«Пәниде не жазса да, Құдай қылар.
Алладан көп тілеген шарапатты,
Құдайдан шын көңілмен тілек қылған,
14-83
шежірелік жыр-аңыздар
Тілегін пақырлардың қабыл қылған.
Тілегі жарлылардың мақұл еткен»
Деген сөз: «адам сабыры—рахман».
Аллаға бәрі мағлұм қанша жанның
Сабыр қылсаң, жеткізбек Алла өзі.
Ақсұлу сабыр еткен әуел баста,
Жесір боп, он сегізде қалып жатса.
Ақыры сабырлықтың осы емес пе,
Өзі әйел нәсіп болған жалғыз басқа.
Найманға қыз алып берген, оймен жорып,
Атасының ұрқынан үміт қылып.
Барлығы—қылған ісі оңға басып,
Алласы Ақсұлуды оң бастаған,
Асығып іс жасауға еш баспаған.
Найманнан ел таратып дүрілдеткен,
Зиялы мұндай іске қалай жеткен,
Адам ғой кеудесіне иман біткен.
Пендесін оң жолына Тәңір бастар.
Ойына Ақсұлудың ақылы аяр.
«Дуалы пиғыл абзал» деген сөз бар,
Қайран болған пиғылды бұзып тынар.
Болды ғой Ақсұлудан үлкен пайда,
Ақылы толған екен тұла бойға.
Себепші осы Ақсұлу болмай қалса,
Тұяқсыз кетер еді Найман сонда.
Жігіттер, әйел-дана Ақсұлуды есіңе сал,
Егер де шамаң келсе, ұқтырып қал.
Шүкірші жалғыз ұлы Ақсұлудың,
Әулеті болған жоқ па, сонша адамдар.
өлең шежіре
Баласы Шүкіршінің Төлегетай,
Туады—Төлегетай,—одан Қытай.
Төртуыл, Садыр, Матай—Қытай ұлы,
Бір туған: Қаракерей және Матай.
Ақсұлу—осылардың ұлы анасы,
Елімнің абзал туған бұл данасы.
Ақсұлудан жалғыз туған Шүкірші,
Бар Найман осы ұрықтан қанат жайған.
Қаракерей бір бұтағы,
Төңіректі қарашы, бәрін жиып.
Көбейткен соншалықты Тәңірім сүйіп,
Атаны ұға алмасаң, шежіре бақ,
Сөйледі неше атаны тіл мен жақ.
Ақсұлудың өз ұрпағы осылайша:
Шүкірші туған екен Қаракөзден.
Кең ақыл, жаңылмайық айтқан сөзден.
Баласы Шүкіршінің Өтегеннен,
Саржомарт туған екен, нұрлы жүзбен.
Тоқсұлу тілегінен туған бала,
Айтайын білгенімше, қылмай шала.
Бағаналы, Балталы—Төлегеннен,
Баласы үш қатынның Белгібайдан,
Атасын сөйлеп тұрмыз бірталайдан.
Бәрі де Өкіреш Найман аталады,
Жазылған шежірелерде сөз солайша,
Табылар айта берсе, сөз қиядан.
Ақсұлу, Тоқсұлу мен Қаракөздің
Әулеті туып ұшқан бір ұядан.
Найманның Жомарт ұлы Сары мырза,
Басына сонша дәулет айналыпты.
шежірелік жыр-аңыздар
Тәңір ісі, жомарт қылған нұсқап,
Саржомарт адам екен шарапатты.
Аспайды ешбір адам өз туысынан,
Кісі екен рақымы мол, нұр сипатты.
Өсіпті мал мен сауда оңға басып,
Әуелгі аты—Сары екен туғандағы.
Дәулеті алға дамып, кеткен қаулап,
Аспайды ешбір адам өз туысында.
Халқына хан ұлы боп айналыпты,
Сондықтан Жомарт аты кеткен тарап.
Кемедей теңіздегі қалқып жүріп,
Іздеп жүріп, екі інісін сарттардан алған таңдап.
Сармырза асып тұрды, дәулет керіп,
Осыдан Көкжарлы Бура шығар келіп.
Білмеймін өтірік-шынын шежіренің
Бірталай шежіреден жаздым теріп.
Бір баласы Саржомарттың Жылытауда,
Құдайға құлшылық қыл денің сауда.
Асылбай, Сібе, Арғын Қызылсуда,
Жетілген Саржомарттан дұға тиіп,
Бәрінен Саржомарттың өз әулеті аз,
Өз бабам—қанат жайған Асылбай.
Ұлдары өсер елдің алға басқан,
Кент соққан Қалба тауын тасындай-ды.
Азырақ Сармырзаны баяндадым,
Несіне талмай, желмей аялдайын.
Бірталай ата жазған мен толқыдым,
Осымен қал, дариға, аялдаймын.
Атыңнан айналайын, Хақ Тағалам,
Ғаламға он сегіз мың жетер панаң.
Жіберіп жоқтан бар қып, пенде жасап,
Жаралған топырақтан—атам Адам.
Солардан бері қарай шежіре боп,
Көз жетпес өткеніне қанша заман.
Адамзат топырақтан тебіреніп,
Жаралған өз тәнінен Хауа анам.
Топырақтан жаралыпты Адам бұрын,
Бейнесін топырақтан қылған порым.
Әуелі Адам пайғамбар болса-дағы
Алдымен жаратыпты Расул нұрын.
Пайғамбар жүз жиырма төрт мың тамам,
Расулдың өзін қылған ең ақырын.
Ат қойған «хабибім» деп, досты қылып,
Жаратқан Расул үшін барша құлын.
«Ұрығы—біз Адамның» деп айтады,
Бытыраған төңіректің төрт бұрышын.
Бұрын да сан әулие өткен сабаз,
Үзбеген шежірені жазған қағаз.
Қаракерей Мұрын Ақшайықтың
өлең шежіресі
шежірелік жыр-аңыздар
Рухы осылайша таралмақшы,
Әртүрлі шежіреден білсең, сұрай.
Мағаздан Смағұлды туғызады,
Туады,—деп айтады,—одан Қурай.
Қурайдан Аламанды туады деп,
Бір жазған шежіреден көрдім, солай.
Уақиға әр тарапқа кеткен шығар,
Кетеді түзу бастап бері қарай.
Найманнан арғы жағы жиырма ата,
Жігіттер, ойластырып көрсең, солай.
Ақшолпан Аламанның баласы екен,
Солардан қалған болдық тарай-тарай.
Жарылға туады екен Ақшолпаннан,
Сұрасаң, шежірелерді оқығаннан.
Бұрынғы өсіп келген ата-бабаң,
Кем емес дәрежесі мың-мың саннан.
Осыны бір адам жоқ көзі көрген,
Шежіре барша жанға үлгі берген.
Атамыз Жайылханнан Майқы туып,
Жамағат, жерің осы өсіп-өнген.
Біреуге білгеніңді айтқан жақсы,
Ер жігіт, дәм айдаса, жаһан кезген.
Шежіре әртарапқа кеткен сөз боп,
Айтуы рас болса үлкендердің.
Жігіттер, Майқы биден туады Өзбек,
Дүние бірден келіп, бірден кеткен.
Білмейміз алдымызда не бар, не жоқ,
Пенде жоқ ақырына көзі жеткен.
Туады бір енеден деген сөз бар:
Екеуі—Қазақ, Созақ Өзбектен.
қаракерей мұрын ақшайықтың өлең шежіресі
Баласы Өзбектің—Қазақ, Созақ,
Харам ғой мұсылманға жеті тозақ.
Созақтан Ауар, Сәрсен—екі бала,
Жігіттер, Ауарынан нәсіл жоқ-ақ.
Сәрсеннен шежіреде Ноғай туып,
Атандық сол себептен Ноғай-Қазақ.
Бұзылып, жылдан-жылға заман тозған,
Термелеп шежірені әркім жазған.
Атамыз Қазақбайдан туады Озған,
Озғанның Ұзақ және баласы екен.
Дүние тірі жанға тамаша екен,
Жамағат құлақ салып тыңдасаңыз,
Ұзақтың нәсілінен Алаш екен.
Білгеніңді айтса жақсы, келсе кезі,
Алаштан үш Арыс боп тарайды екен,
Халықтың үш жүз дейтін мысал сөзі.
Ұлы жүз Үйсін туды Ақарыстан,
Жігіттер, үлкендерден естісеңіз.
Келімбет атаң туды Бекарыстан,
Туады Келімбеттен атаң Көсем.
Бұрынғы адамзаттан бері қарай
Ұрқынан Найманының ұлы атасы.
Көсемнен туады екен Сарманай,
Келеді арғы жағы бірталайдан,
Орыны имандының кең сарайдан.
Біреуі—Арғын, біреуі—өз атамыз.
Ақсопы, Ақжол туды Сарманайдан.
Тоқалдан Қоянбай, Жарғақ туып,
Кетіпті нәсіл қалмай Қоянбайдан.
Ақжолдан Қарақожа—екі бала,
Туады Ақсопыдан атам—Найман.
шежірелік жыр-аңыздар
Найманның жалғыз ұлы Туаш атты,
Жасында Туаш мырза дүние салды.
Найман шалдың тоқсаннан асқан кезі,
Бала жоқ, келіні Әлпіш жесір қапты.
Пендеде не шара бар, Тәңір қылса,
Кім қалар тағдырынан әмір қылса.
Данышпан—өзі ақылды, текті адам,
Келіні қайғырады, жатса-тұрса.
Жасы бар тоқсан үште Найман өзі,
Көрмейді ешнәрсені екі көзі.
Баладан енді бабаң күдер үзді,
Тарайды деп ойламаған одан бізді.
Ішінен Әлпіш сұлу ой ойлады,
«Атама алып берсем» деп бір жас қызды.
Үйсіннің билерімен ақылдасып.
Бір қызды алып берді сұлу жүзді.
Тоқтының сүтін бөлек іркіт қылып,
Неше күн атасына құрт ішкізді.
«Атамның бел қуаты келді ме?» деп,
Күн тұра атасына қыз құшқызды.
Сол жерде шариғатқа бабаң келіп,
Өзі өліп, Қызенейден ұл туғызды.
Баланың атын қойды Белгібай деп,
«Бір Құдай тілегімді берді ғой» деп.
Баланы Әлпіш өзі асырады,
«Атамнан жалғыз қалған белгі ғой» деп.
Найманның Белгібайы ер жетіпті,
Баланы қайным деп Әлпіш күтті.
Бала әбден бәлиғатқа жеткеннен соң,
Өзіне Әлпіш анаң неке оқытты.
қаракерей мұрын ақшайықтың өлең шежіресі
Белгібай қыз айттырып, алды қатын,
Иманға жақсы ұрғашы болар жақын.
Әлпіштің көңіліне салған Құдай,
Осылай жоғалтпасқа Найман артын.
Атамыз Белгібайдан бір ұл туып,
Жігіттер «Сүгірші» деп қойған атын.
Екінші тағы да алды, қыз айттырып,
Еш адам жатқан емес сөзін бұзып.
Болыпты жас күнінде үш некаһлы,
Артында бала туса, болмай ма ұрық.
Тоқсұлу екіншісі—өз шешеміз:
Арт жағы қалың болды ұшан-теңіз.
Туады Тоқсұлудан Төлегетай,
Туады—деп және айтады,—одан Қытай.
Қытайдың төрт баласы деп айтады:
Төртуыл, Қаракерей, Садыр, Матай.
Жасында Қытай мырза дүние салып,
Білмейді балалары атын атай.
Жас бала үлкен әке қолында қап,
Атанған сол себептен Төлегетай.
Төрт ұлы Төлегетай түс көріпті,
Төртеуі әрбір түрлі іс көріпті.
Алдына атасының келіп тұрып,
Төртеуі атасына түс жорытты.
Үлкені Садыр айтты: «Боз ат міндім,
Жау-жарақ қаруымды қолыма ілдім.
Осылай, ата, менің көрген түсім,
Жекелеп топтан шығып жүр екенмін».
шежірелік жыр-аңыздар
—Түсіңде жүрсең, балам, боз ат мініп,
Жау-жарақ, қаруыңды беліңе іліп.
Бірталай өсіп-өніп ел боларсың,
Арт жағын болады екен жаугершілік.
Матай айтты: «Ту ұстап, тұлпар міндім,
Түсімде қалың көшті бастап жүрмін.
Осылай, ата, менің көрген түсім,
Өзенге, үлкен алқап ел қондырдым».
—Қарағым, мен кәрімін, сен баласың,
Сен дағы толып жатқан ел боларсың.
Ел табаны ауғандай заман болса,
Қоныстың ең тәуірін сен табарсың.
Төртуыл: «Бақтым,—деді,—бір қысырақ,
Жануар кете берді, тым бытырап.
Осылар, ата, менің көрген түсім,
Қайырып баға алмадым, басын құрап».
—Түсіңде бақсаң, жаным, қысырақты,
Мекенің болмайды екен бір тұрақты.
Ел болып, бір-ақ жерде тұра алмайсың,
Арт жағың болады екен бытыраңқы.
Айтады Қаракерей көрген түсін:
—Жүк артып қара нарға түнде көштім.
Алдымнан қалың тоғай кез боп қалып,
Жол тауып шыға алмадым, соған түстім.
—Тоғайға жол таба алмай қонып қалсаң,
Қарағым, көп болады мал мен басың.
Ұрқың талша көктеп өседі екен,
Ұйтқысы төрт баланың сен боласың.
қаракерей мұрын ақшайықтың өлең шежіресі
Бай болған Қаракерей салтанатты,
Бар еді жалғыз ұлы Байторы атты.
«Балаға ата сыншы» деген осы,
Бірталай бір өзінен жан тарапты.
Қамысқа қой суарып барған екен,
Бабамыз бір жас бала тауып апты.
Болмасын қос торының өзгелігі,
Ерторы болсын дейді мұның аты.
Жігіттер, осындайлық сөз тараттым,
Құдайым, өзің кешір, болса қатем.
Ерторыдан Қызылым деген бала туып,
Байторыдан туады Мейрам атам.
Атамыз Мейрамнан туады Байыс,
Байысың туады екен Қызылымнан.
Жігіттер, Қызылымнан бір ұл туып,
Атанып «Сегіз-Найман» болған ұран.
Атамыз Сарымұрза Байыс ұлы,
Аз ғана әңгіме қылып, жаздым мұны.
Сарымұрзадан Жолымбет бабам екен,
Құдайдың қыдыр дарып, тиген нұры.
Жолымбет—бабам атын, есімін айттым,
Атамыз Жолымбеттен жеті ұл туып,
Бәрінен Қаракерей болған өсім.
Жала ғып бір жиында танып алған,
Ақ Найман деп атайды ең кенжесін.
Баласы Жолымбеттің Қыдыражы,
Жаратқан соның бәрін, Тәңірім қазы.
Атасы Мырзаш, Тәуке—бір Әжіғұл,
Қалмұрат—жетеуінің болған азы.
Қарымсақ, бірі—Қоныс, бірі—Тәңірқол,
шежірелік жыр-аңыздар
Қоныстап Тоқтағұл бай жалғыз туды.
Соларға қыдыр дарып төккен нұрын,
Құдайым Тоқтағұлға берген нұрын,
Бар екен төрт қатыннан тоғыз ұлы.
Төрт түлік малыменен—бәрі толық,
Құдайдың солар екен, сүйген құлы.
Ұранхай—менің туып, өскен жерім,
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім.
Орта жүз Найман елдің бел баласы,
Саржомарт ұрпағынан менің елім.
Қожамбет—Саржомарттың бір баласы,
Бекберді, Қожамбет қой жоқ таласы.
Тарайды Қожамбеттен Қабыл-Доғал,
Ұранхай, Тарғын өзен, аңғар басы.
Өтіпті Қабыл-Доғал тату болып,
Тарғын мен Ұранхайға қоныс қонып.
Қысқаша өз атама тура тарттым,
Тым толық болмаса да, шетін шалып.
Аз өскен—сол Қабылдан біздің ауыл,
Бес бала сол ауылдан, туған бауыр.
Болғанда: төртеуі ұл, біреуі қыз,
Осылай естуімше, өткен дәуір.
Әлібек, Жәнібек пен Қойкелді, Айна
Қонысы Көктау түбі—Ұранхайда.
Әлібек, Жәнібектен бірталай үй,
Аз өскен—сол Қабылдан Қойгелді, Айна.
Қабыл Қамзаның
өлең шежіресі
шежірелік жыр-аңыздар
Қабылдан екі-үш ауыл болып еді,
Ауылдар жеке-жеке қонып еді.
Жақсы ауыл «бауырмал» атақ алып,
Ауылға құт-береке қонып еді.
Қазір де аз ғана үй—содан қалған,
Тұрмысқа билетеді мына жалған.
Быт-шыт қып, отыз екі—атақты жыл,
Азайтып, ауылыма таңба салған.
Әлібек—алтыншы атам, өзімменен,
Атаны таныстырам, сөзімменен.
Моласы Бозанбайдың батысында,
Мен көрдім, алдыңғы жылы, көзімменен.
Туыпты Тоқпал-Байбол Әлібектен,
Ол күнде зорлық еткен, әлі жеткен.
Қызылсу Қарадоңғал жаз жайлайтын,
Әр жерге көшіп қонған, малы көптен.
Тоқпалдан Өтеген мен Кеңгірбайым,
Білемін жаста та болсам, ата жайын.
Байеке (Баяубаймен) Өтегеннен,
Кенекеңнен (Кеңгірбай) Қорлыбай мен
Сырлыбайым.
Қоныстың бір саласы—Қызылқайың,
Ешкімнің рас сөзге жоқ таласы.
Өктембай, Ақтамбай, Сақыпбаймен,
Ерғали, Ораз—мен көрген Байекенің бес баласы.
Бояубай сөзге шешен адам екен,
Турашыл, сөзден қайтпас бабам екен.
Бірақ та қолы қысқа адам болып,
Адамға жоқшылық та жаман екен.
қабыл қамзаның өлең шежіресі
Үш ұл мен екі қызын көзім көрді,
Қазірде шеткері жүр, көрмей елді.
Рахметтен Қайдар қалды Бурнашевта,
Лұқпан мен ер Құсайын—туған елде.
Құсекең ағаменен құрдас екен,
Ішінде туысқанның сырлас екен.
Ақ көңіл, жарқылдаған тура жүріп,
Мойынын жамандыққа бұрмас екен.
Туыпты бес ұл, бір қыз Қорлыбайдан,
Қазірде еш ұрпақ жоқ Сырлыбайдан.
Бижұма, Байжұма мен Ыбырайым,
Туысқан Омархан мен Қорлыбайдан.
Қорлыбайдың төрт баласын көзім көрді,
Білемін жас та болсам әрбір елді.
Төрт үй болып, жан-жақты өсіп еді,
Бижұма бір ауылға бас боп келді.
Қазірде Түскеңнен /Түсіп/ содан қалған,
Өкініш, өткен іске болады арман.
Естимін бригадир деп колхозымда,
Басқасы—өскен жерде дүние салған.
Айтылды өлеңменен бірталай көп,
Өлеңмен сөз сөйлесем, көңілге сеп.
Тентектеу жас кезінде болғаннан соң,
Балалар атап кеткен «тентек аға» деп.
Менің де туысым сол қазір қалған,
Көнесің не салса да, мына жалған.
Байғали, Уәлимен—екі інім бар,
Тұсында Отан соғысы әскерге алған.
шежірелік жыр-аңыздар
Байбол деген атамыз бай болыпты,
Әлібектің көп жері жай болыпты.
Атақты Керітөбел аты болып,
Мінгені анау-мынау жай болыпты.
Байболдан үшінші атам—Қуаш туған,
Мінезі бек салмақты, жуан туған.
Өтіпті жүзге келіп, қызық көріп,
Бай болып заманында, билік құрған.
Байболдың екінші ұлы—ер Өскенбай,
Қуаштай болмаса да, ол малға бай.
Қазақтың қара тілді шешені екен,
Тура айтпай, көншімейтін көңілі жай.
Изаби, Жиеншемен Өскенбайдан,
Сөз қылдым, ата-жөнін әлдеқайдан.
Жікеннен ұрпағы жоқ артта қалған,
Үш қыз бен бір ұл қалды Құдаспайдан.
Қуаныштан Теміржан мен туған Болат,
Ұрпақ жоқ кенжесінен аты—Жомарт.
Нұрғали, Нұрсұлтан мен Теміржаннан:
Қадес бар Нұрғалидан, ұрпақ сол-ақ.
Болат деген атамды көрдім өзім,
Ол өткенде он жасар менің кезім.
Мал баққан, момын шаруа адам екен,
Тыңдаушы едім неше түрлі ертек сөзін.
Берғали—менің әкем Бекенұлы,
Құдайдың көп тұрмайды сүйген құлы.
Атаны, қатын-бала бәрін тастап,
Өтіпті мың тоғыз жүз он сегіз—жылқы жылы.
Ойланып, cөз жазайын біразырақ,
Ау, халқым, көңіл қойып, салсаң құлақ.
Келтірсе, қиял—сөздің ой, жобасын,
Міндетті әр лебізге тіл менен жақ.
Пенде жоқ басын кемге қойып жүрген,
Әркімнің бар көңілі өзіне шақ.
Жақпаса, күліп сырттан ат қояды,
Пұт сөзден табылса мін, жалғыз қадақ.
Сондықтан мазмұнына түгел қара,
Күмістей тартылады сынға келсе бірақ.
Нұртуған Жақайым да өтті шайыр,
Секілді аққан дария, түпсіз бұлақ.
Ондаймен озат, жүйрік болмағанмен,
Сөзімді салып тұрмын, көпке сынақ.
Заманның бұлбұлы бар тұрған сайрап,
Миуадан пісіп тұрған, алған жарнақ.
Жыршы, ақын халық ішінде көбейген соң,
Сондықтан жүріп едім, салқын тартып бірақ.
Келгенсін жас жер ортаға шамаласып,
Үлгілі кейінгіге сөз қалдырмақ.
Айтайын өткендердің әңгімесін,
Тыңдаушы, құмарсынған, таныс құлақ.
Мен бастап, Кіші жүзден жырлайын жыр,
Кіші жүз шежіресі
15-83
шежірелік жыр-аңыздар
Бұл сөзді қайдан таптың, деме бірақ.
Әйтеке, Сарынта, Жылқайдарды жыр етейін,
Рухы риза болсын, өткен әруақ.
Айтайын Кіші жүздің батырларын,
Өзімше білгенімді қалдырмай-ақ.
Адам көп өздерінше батырсынған,
Қолына «шоқпарым» деп алған таяқ.
Адамның ішінде бар—бәрі батыр,
Болмай ма, ер жігітке жау да сынақ.
Және де шежіреде айтылады,
Жүремін ата жөнін кімнен сұрап.
Білгендер сұрай қойсаң, етеді мазақ,
Даңдайсып, бірдеңені білгендей-ақ,
Білетін өзінен басқа жан жоқтай-ақ.
Бұл сөзім болсын нұсқа кейінгіге,
Жинадым сөз желісін жасымнан нақ,
Жүрмей-ақ құрға босқа салдыр-салақ.
Шайыр көп ел ішінде жүрген босқа,
Сөздері жарияға жайылмай-ақ.
Бұл сөзді, оқығандар, жадыңа ал,
Түйсіксіз болма, жастар, ақпа құлақ.
Жазушы атым—Қарман Сұлтанұлы,
Бұл сөзді жазған кім деп болса, сұрақ.
Сөзімнің енді мынау—бастамасы,
Шайырдан кейінге қалар сөз нұсқасы.
Айтылар айтушының сонда кеулі,
Тыңдаушы халықтың болса ықыласы.
Өткенді еске салып, тауып айтса,
Шайырдың халқына тиер көп пайдасы.
кіші жүз шежіресі
Қияннан қисындырсаң сөз саласын,
Кеміс емес айтушының сөз бағасы.
Көнеден сөз білетін болса қартың,
Тұрғандай төр алдында шарайнасы.
Жазайын өлең мен жыр, етіп ермек,
Қолыма қалам алып, жазып хатқа,
Не керек қарап жату, бекер босқа.
Айтайын Кіші жүздің әңгімесін,
Кейінгі жастарыма болсын нұсқа.
Мен бастап, Кіші жүзден айтайын сөз,
Тарқатып көңілден шер, айтылсын жыр.
Жазыңдар күміс жырды толқындатып,
Бар шығар, ел ішінде білетіндер.
Бас бағып, жарда жатқан жарғанатша,
Біреулер білсе дағы үндемей жүр.
Білмейтін арты күлген бөктергіге,
Табынып, тау екен деп тақымдап жүр.
Бәзбірі түсінбей-ақ босқа күлер,
Жақсыдан шықпас лебіз, іші білді.
Осындай мағынасын айтып сөздің,
Халыққа ашып көңіл, айтсын сырды.
Шығармай ішкі сырын сақтағанмен,
Бір күні ажал келсе, алады жер.
Жолдастар, не дегенмен тыңда сөзді,
Үйреніп арғы, негіз атаңды біл.
Білгендер ішке түйін сақтамайды,
Адамдар бар жарқын жүзді, ашық көңіл.
шежірелік жыр-аңыздар
Өлмесе, ата-бабаң қайда кетті,
Басыңнан өтед дәуір, оны да біл.
Арғы атаң Жанарыстан—туған Алау
Білгенімді Кіші жүзден, айтайын бұл.
Ал, көңілім, сөйле тілім, қиялға кел,
Талпынып, талаптанды біздің кеуіл.
Батыр Алау
Халайық, енді айтатын, сөзім мынау:
Кей адам ата-тегін білмей жүріп.
Мысалы жерден жарып шыққандай-ақ,
Туыпты Алау батыр әл-Алшын, Арғымақ.
Мінеки, сол Алаудан шыққан тарап.
Айтайын сонан бергі ел арасын,
Білмейтін халық ішінде болмай қимақ.
Баласы Кіші жүздің—батыр Алау,
Ту ұстап, тау түбінде мұқатқан жау.
Қатарлас ел ішінде болса шатақ,
Алдынан жібермеген өткеріп дау.
Ол күнде өзбек, тәжік, моңғол, қалмақ—
Бәрі де бізге дұшпан, шықса қаяу.
Сескеніп, қорыққанынан дұшпандары,
Үстінен баса-көктеп өтпесін жау.
Олжалап, қалмақ елін шауып жалғыз,
Айдапты адамдарын топтап жаяу.
Баласы Жанарыстың—Алау батыр,
Кенжесі үш арыстың болғаннан соң,
Атанып «Кіші жүз» деп келе жатыр,
Шығыпты Кіші жүзден Алау батыр.
кіші жүз шежіресі
Халық болып сонан тарап келе жатыр,
Туыпты Алау батыр—Алшын, Арғымақ,
Ақ орда, жүрген жерге құрған шатыр.
Жетіру Арғымақтан Жағалбайлы
Сарыарқа—кең даланы жайлап жатыр.
Туыпты Арғымақтан Төлеу мырза,
Сабырлы, салтанатты, халық риза.
Құралып жеті ру ел болыпты,
Нанбасаң, қариялардан сұрап қара.
Айтайын Жетірудан талдап тағы,
Халайық, құлақ салып естісең сол.
Туса да Арғымақтан жалғыз Төлеу,
Жетіру—жеті сала ел болды бұл.
Кемеңгер—тәуір адам екен, ақылы мол,
Естіп Жетірудан білгенім осы,
Көп әңгіме естімедім, жазуға мол.
Ұмтылып көңіл, шіркін, талпынғанмен,
Жетпейді алыс жерге, ұсынса қол.
Жетіру мыналар: 1. Төлеу. 2. Жағалбайлы. 3. Рамадан.
4.Табын. 5. Тама. 6. Кердері. 7. Керейт.
Табыннан Сәрке батыр батыр шыққан. Сәркеден Бекайдар,
Бекайдардан Байқадам, Байқадамнан Сейіл, Сейілден Бекқұ
лы, Бекқұлыдан Жанұлы туады. Тамадан Есет батыр шыққан.
Айтайын, енді әңгіме Алшыннан деп,
Ол кісі әрі батыр, әрі ақылды,
Кісі екен кеңпейілді, Құдай берген.
Тасқындай даладағы құралысып,
Бәрі де Алшын ерге деп келіскен,
Паналап қарауында жүре берген.
шежірелік жыр-аңыздар
Жайлауы—Ботақараның сары даласы,
Келмеген қарсысына жан баласы.
Қорғаған қарауындағы елді аман,
Адамның солар екен—ер данасы.
Туыпты сол Алшыннан Қыдуар тентек,
Ағайын-туысының тынышын алып.
Қолына шоқпар ұстап, алған келтек,
Қарадай қарауындағы айырылды деп,
Сол күнде халық шулап, қылған өсек.
Құдабайдан Байұлы мен Табын, Кесек
Айырып шекарасын айту керек.
Байұлының шын аты—Қыдырқожа,
Байұлы он екі ата өніп-өсіп,
Киев пен Астраханды жайлап жатыр.
Батылдық, ақылымен халық қорғап,
Шығыпты Байбақтыдан Сырым батыр.
Үлгілі халқына нақыл айтқан сөзі,
Белгілі халық аузында келе жатыр.
Тарайды Байұлынан Адай, Баршық,
Жүреді өзі тентек, қыңыр жүріс.
Және де іске кетуі Текебай тентек,
Қосылса адамменен басы келіс.
«Танысаң—Адайыңмын, танымасаң—
Құдайыңмын» дейді екен, сөзі шалыс.
Туыпты Байұлынан жеті бала,
Аттарын мен айтайын, оқып қара:
Шын аты Байұлының—Қыдырқожа,
Туыпты бәйбішеден—бұл үш бала.
1. Қыдырcиық. 2. Бақтыcиық. 3. Сұлтанcиық. Екінші әйе
лінен Жаппас туады. Үшінші әйелінен Алшын туады. Барша-
бике деген қызынан Адай туады. Жетішынтақ деген жаудан
кіші жүз шежіресі
әкелген әйелден Беріш туады. Қыдырсиықтан Айcиық туады.
Бақтыcиықтан Серкеш туады. Сұлтансиықтан Байбақты, Тана,
Қызылқұрт, Масқар, Алаша—бес бала туады. Осылармен он екі
ата Бай баласы болып атанып жүр.
Осымен Бай баласын баяндадым,
Айтуға білгенімше аянбадым.
Енді мен Қаракесекті баяндаймын,
Туыпты Қаракесектен Әлім, Шөмен
Мінеки, тыңдасаңдар соған келдім.
Қаракесектің шын аты—Қадырқожа,
Енді мен Қаракесекті баяндайын,
Білгенше қолдан келсе аянбайын.
Өлең-жыр—ата кәсіп—еткен ермек,
Суырылған жүйрік емеспін сөзге дайын.
Туыпты Қаракесектен Әлім, Шөмен,
Байсары бір баласын айырмайын.
Тыңдасаң құлақ салып, жамағаттар,
Үйінен жүкті келіп туған екен,
Атамыз осы араға еткен күмән.
Болса да өз қалыңдығы, сенгіштік аз
Деген бар білмегеннің іші тынар.
Болмаған екеуінде сүйіспендік,
Өзінің әні сондай қылығынан.
Әйелі ауру болып, қаза тапты,
Байсары баласы екен сонан қалған.
Жоқ жұртқа өзі жарлы адам екен,
Бұрынғы қайынатасына тағы барған.
Үйінде екінші қызы тағы бар-ды,
Қызының қылығынан ұялғаннан
Атамыз жақсы адам екен көңілі пейіл,
Сондықтан бермеймін деп айта алмаған.
шежірелік жыр-аңыздар
Қаракесектің екінші алған әйелінен Әлім мен Шөмен туған.
Қағазсұлудан Кете туады.
Не дегенмен Байсары
Қаракесектің баласы.
Әне, сондай өсек бар,
Халықтың айтқан жаласы.
Бір жолменен қарасаң,
Әлмен Шұғаның ағасы.
Бозаншар мен Майлыбай—
Байсарының баласы.
Бозаншадан Адамқожа,
Адамқожадан тарады сары екі бала
Халықтың жоқ таласы.
Ұжымды әрекетте екен сол
Екі елдің саласы.
Майлыбайдан бала жоқ,
Жойылмасын деп атағы
Ұранға қалған шамасы.
«Майлыбай» деп ұран айт,
Үш Кетенің баласы.
Дем бітсе деген бар ғой ажал алмас,
Байсары содан кейін өлді дейді.
Жаратқан бұйрығынан адам қалмас.
Әйелін Әлім алып некелетті,
Деген бар «аға өлсе, жеңге мирас».
Әлімнен туған екен Тегінболат,
Айтып жүр «Ақкете» деп халық арасы:
Әлімбет, Айдар деген екі баласы.
кіші жүз шежіресі
Әлім өлген соң, Кетебикені Шөмен алған. Шөменнан Тү
менқожа туған. Тайқожа жас болып, шешесінің соңынан еріп,
Шөменнің соңынан кетеді. Сондықтан Шөмекейге қосылып,
саналып жүр. Байсарының тұқымы ұжымды әрекетте дейді.
Әлімнің баласы Тайқожаны «Ақкете» дейді. Шөменның баласы
Түменқожаны «Қаракете» дейді. Барлығы «үш таңбалы Кете»
болып саналады. Майлыбай—батыр адам. Жауға шапқанда
«Майлыбай» деп шабады екен. Бозанша Майлыбай баласыз кетті
деп, атағы жойылмасын деп Кете халқына ұран етіп қалдырған.
Майлыбайдың жаудан алып келген екі баласы болған, Сәмен,
Сәтбай деген. Одан Асан, Жанбақты деген екі бала туған. Одан
Қарабазар, Киікші деген екі бала туған. Құлыс Асанға еншілес
болған бала екен. Осылардың бәрі кете халқына қосылады.
Кете деген атақтың қалмай жүрген себебі—анамыздың аты
Кетебике екен. Үш таңбалы Кете содан туған екен.
Құлы екен Майлыбайдың Сәмен, Сәтбай,
Күнгіге жейтін тары—ауыр батпан.
Күнгіге отын, түйе, томар үйіп—
Сол екен Майлыбайдың отын жаққан.
Жейді екен бір өзі қойдың етін,
Ат алып жүре алмайтын ауырлықтан.
Кісі екен жібермейтін жауға малын,
Өлгенше Майлыбайдың малын баққан.
Сәтбайдан туған Жанбақты
Өзі ауыр салмақты.
Жаныңа қатты батады деп,
Сала қойса қармақты.
Мойнын жұлып алад деп,
Кездесе қойса, қалмақты.
Заманында бұлар да,
Кете халқын қорғапты.
шежірелік жыр-аңыздар
Үш таңбалы Кетенің
Халқы болып орнапты.
Асанына еншілес бала—Кете Құлыс,
Бірыңғайлы жүреді екен, өзі бұрыс.
Өзі тентек кісі екен, іздегені—кіл керіс.
Атады екен насыбай,
Шақшасы—нақыштаған алтын, күміс.
Отырмайды дейді-ау болмаса, үйде тыныш,
Алыпты Кете халқынан бұ да қоныс.
Шөмен туралы
Кетені осы арадан доғарайын,
Ал енді Шөменнен шығарайын.
Білгенше айтар сөзге жалықпайын,
Бергендей әдейі айтар елдің жайын.
Туыпты Шөменнен екі бала—
Шөмекей, Өтей-ді,
Білмесем айтып оны не қылайын,
Қатарлас, қоныстас ел—бұл ағайын.
Бір баласы Ойыт екен,
Онан тұқым жоқ екен.
Қалдырып оны ұранға,
Атағы оның өшпесе екен,
Өшпейтін жағын ескерген.
Шөмекейдің Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек—төрт баласы бол
ған. Тоқадан Бескем, Қармыс, Есқара үш бала туады. Аспаннан
Боқай, Төбет, Нияз—үш бала туған. Бозғылдан Сары, Торыбай,
Келдібай, Қайқы, Қаратамыр—бес бала туады. Торы атамыздан
Сарықасқа, Сарықасқадан Жәрменбет, Жәрменбеттен Қуан,
Қуаннан Жүрген, Жүргеннен Дәгдір, Дәгдірден Торы, Торыдан
Тамырбек, Өтебай, Өтебайдан Жарымбет.
кіші жүз шежіресі
Айтып болдым Шөменді,
Айтайын енді Әлімді,
Алты Әлім халыққа мәлім-ді.
Баяндайын елімді,
Білдірейін жөнімді.
Бір хикаят жазып шығуға,
Байлап тұрмын белімді.
Алты Әлімді анықтап,
Шығарайын шерімді.
Кім білсін менің жайымды,
Арқам қозып, желіксем,
Жел сөзім екен дайын-ды.
Халықтан асқан ақылды,
Әрі артық батырды,
Айтайын енді елімді.
Әйтелі, Сартай, Жылқыайдар,
Үш жүзге де мәлім-ді.
Арқасында солардың,
Баспаған дұшпан жерімді,
Жау алмаған елімді.
Сол ерлердің атынан
Тыңдасын халық сөзімді.
Ауызба-ауыз сөйлесіп,
Көргендей болып көзімді.
Арқасы қозып, шыдамас,
Жігіт болса, сөзімді.
Ұранына қызбас Адай жоқ,
Болса да қанша төзімді.
Қалам алып көсіліп,
Айтайын ерлер—соныңды.
шежірелік жыр-аңыздар
Естігенім халықтан,
Көрмесем де көзіңді.
Әлімнен Балтық туады. Одан Жаманақ, Тар, Амансақ,
Ұланақ, Айнық, Темірболат, Құлтелі, Сасық. Жаманақтан
Шыңғыс, Өріс, Баубек—үш бала туады. Шыңғыстан Жақайым
туады. Шыңғыс жастайын өліп, одан Жақайым жас қалады.
Өріс пен Баубек Жақайымды ағасының орнына аға тұтады.
Соның бәрі—аға баласы болып аталып кетеді. Жақайымнан
Ағыс, Көгіс, Ақбура, Шалбура—төрт бала туады. Назарша Жа
қайымнан елшілес болған бала дейді. Біреулер Жақайымның
екінші әйелінен болған бала деп таласып жүр. Жақайымның
Көгісіне келіп, елшілес болған бала, бұл да Жақайымның бала-
сы болып саналып жүр. Ағыстан Құлмамбет туады. Құлмамбет
тен Жарық, Көгеніш, Қарабас—үш бала туады. Көгістен
Бәйімбет, Келімбет, Тұрмағамбет—үш бала туады. Бәйімбеттен
Андақұл, Бадық, Ақтеке, Жәдік—төрт бала туады. Андақұл
дан Сары, Бұқынға, Боқан, Надыр—төрт бала туады. Бадықтан
Құрмансейіт, Сәйгіге, Дүйсебике—үш бала туады. Ақтекеден
Құлмамбет, Құлмамбеттен Ақайдар, Андар, Паслок, Постар—
төрт бала туады. Айдынбеттен Тентек, Бори, Тәңірберді—үш
бала туады. Тәңірбердіден Елісбек, Өтеп, Күңке—үш бала туа-
ды. Андайдан Меркелді, Елдай, Ақынтай, Қызтуған—төрт бала
туады. Паслок, Постайдан тұқым жоқ. Түсімбайдан Мәлін,
Қарттан, Күшімбет—үш бала туады. Мәліннен Бодақ туады.
Қартайдан Быламық туады. Күшімбеттен Қарабатыр, Наурыз,
Ораз, Шыбынтай—төрт бала туады. Қарабатырдан Байшаған,
Байшағаннан Нұралы, Нұралыдан Өтініш, Өтініштен Жыл
қаман батыр туады. Ақбурадан туады. Асанның бәйбішесінен
Иттай, Шағыр, Есет, Шаруз, Басы бес бала туады. Бартағрам,
Сағым, қазақ бәйбішесі Асанға еншілес болған бала, екінші
әйелінен Шатырқұл, Қосқұлақ—екі бала туады. Шатырқұлдан
Ағыс, Құсқұлақтан Алтынбай, Мергей, Байжан—үш бала туа-
ды. Байжаннан Балтабай, Малтабар, Малтабардан Бесен, Бе-
сеннен Сабатыр, Мысадан, Майтөкеш, Тоқырадан Берешқұл,
кіші жүз шежіресі
Берешқұлдан Қиық, Игілік, Балталы, Жаманша, Келіс—бес
бала туады. Қиықтан Мыртта туады. Мырттадан Ақбай, Тоқ
пай, Мәден—үш бала туады. Игіліктен Құтпай, Татпай, Қойлы
бай, Бөлек—төрт бала туады. Құтпайдан Мыңбай, Мыңбайдан
Толыбай, Толыбайдан Көтбай, Көтбайдан Жарбол ақын туады.
Балталыдан Майлыбай, Өтеп, Мырзәлі—үш бала туады. Жа-
маншадан Итемен, Бадам—екі бала туады. Келсітен Қожас,
Шаңырақ, Март—үш бала туады. Қожастан Бапы, Сырлы-
бай, Байнар, Текке, Жамансары—бес бала туады. Шаңырақ аз
өспей қалады. Марттан Сүгір, Хәмет—екі бала туады. Сүгірден
Маңысбай, Тарыдан Байғұл, Төңіш туады. Байдан Ақша, Шал-
ман, Жалаңаш, Бәйбек, Жолды, Маймақ—алты бала туады.
Сырлыбайдан Жылқайдар, Жылқайдардан Бәйіш, Бәйіштен
Байсалбай, Байсалбайдан Әрмеңкеғұл, Әрмеңкеғұлдан Сейіт,
Орыстан Есенәлі, Айдар—екі бала туады. Есенәліден Кішкене
мен Палуан туады. Кішкененің бірінші әйелі Қоңырдан Жел-
не, Жолшора, Асан, Үсен—төрт бала туады. Екінші әйелі
Құлбикеден Құрманай, Құттық—екі бала туады. Женнейден
Алдабарлы, Әлмембет, Қожагелді—үш бала туады. Жолшора-
дан Құдияр, Сары—екі бала туады.
Асаннан Сырлыбай, Құдайберді, Өтеп, Молдасан туады.
Сырлыбайдан Матынғұл, Қожаберді, Дәулетбай, Мәметек,
Қожаберген, Баймырза—бес бала туады. Мәттіғұлдан Нұрғай,
Тоғыс, Қалыбай, Баққай, Құрымбай, Көбек—алты бала туады.
Дәулетбайдан Қарамырза, Баспек, Есімбек, Абыз, Қожағұл—
бес бала туады. Құдайбергеннен Сүйірқас туады. Өтептен
Болдасан, Қожамбай туады. Құрманайдан Түлкешек, Бабақ,
Қожет, Жоламан, Сәрік—бес бала туады. Құттықтан Майдан,
Қайдауыл, Өмақ, Кенжеғұл, Алдияр—бес бала туады. Май-
даннан Құлжақан, Құлжақаннан Киікбай, Киікбайдан Өтеген,
Нұрымбет, Нұрымбеттен Жаңақожа, Жаңақожадан Итжемес,
Итжеместен Айтуған, Айтуғаннан Айдай, Бектен, Алтын-
бай, Күлік, Ардана, Тасырар—төрт бала туады. Алтынбайдан
Түйтте, Түйттеден Андағұл, Сары—екі бала туады. Андағұлдан
Көнсадақ, Көнсадақтың шын аты Ершотай екен. Көннен садақ
шежірелік жыр-аңыздар
істеп Көнсадақ атанып кеткен екен. «Көнсадақты тартысқанда,
Көкшолақты шапқанда көр» деген мақал содан қалыптасқан
екен. Сарыдан Андабай, Жаманша—екі бала туады. Андабай-
дан Балтікен, Байбек, Қара, Жәнібек—төрт бала туады. Жа-
маншадан Батый, Байымбет, Сасық, Сырымбет—төрт бала туа
ды. Күліктен Жамангөз, Берше екі бала туады. Жамангөзден
Жанкесай, Жанкесайдан Танба, Қатпа, Қатпадан Бектай, Беке-
тай, Сыдық, Бершеден. Татыранның бірінші әйелінен Ақтатыр,
екінші әйелінен Есен, Анатыр туады. Ақтатырдан Жақсылық,
Шоң—екі бала туады. Таятырдан Оразбай, Түмен—екі бала
туады. Екінші әйелінен Өтебай, Сатай—екі бала туады. Үшінші
әйелінен Құдабай, Тұңаша—екі бала туады. Барлығы алты
бала болады. Өтебайдан Тәпек би туады. Арданадан Ішей,
Балтық—екі бала туады. Ішейден Есенқұл, Манды, Әлімбет,
Балтықтан Беркіт, Дәулет. Мәңку—Жақайымның тауып
алып асыраған баласы. Мәңкуге әйел алып береді Зеріп де-
ген. Одан Бөлек туады. Бөлектен Айт, Бұжыр—екі бала туа-
ды. Айттан Тілеу, Қабақ—екі бала туады. Бұжырдан Назар,
Шөре—екі бала туады. Тілеуқабақтан Көтбай, Арыстан—екі
бала туады. Мәңку өлген соң, Зеріпті Ұрыс сұрап алады. Ұрыс
алған Зеріптен Есенәлі туады. Баубектен Көкбөр, Темір, Бап-
ты, Жаңғылшы—үш бала туады. Көкбөрден ештеме жоқ,
Жаңғылшыдан ештеме жоқ. Темірбақтыдан Алагөз, Меңсейіт,
Балапан, Сейіт—төрт бала туады. Сейіт қыздан туған бала
дейді және Балапаннан Бестайлақ, Қанай, Аралбай, Таңбай—
төрт бала туады. Бестайлақтан Шарабас, Батыр, ал Аралбай-
дан Көтенбай, Қостай, Батыршына, Арбашақтан Оразгелді,
Оразжан, Шүкір, Қарашы—төрт бала туады. Оразгелдіден До-
бал, Добалдан Қараған, Қарағаннан Талшеккен туады. Ораз-
дан Бақшақ, Кенжеш—екі бала туады. Кенжештің бірінші
әйелінен Ұлықбай, Айдарәлі, Құлбатыр—үш бала туады.
Екінші әйелінен Қашан, Тұғыр туады. Кенжесінің бесінші ба-
ласы Сексен деп атап жүр. Жаншүкірден Сабатай, Сабатайдан
Милық, Милықтан Қасым, Тұрым, Қойлыбай—үш бала туа-
ды. Қасымнан Қаракісі, Мәзи, Баспай, Ұлжай, Байұзақ—бес
кіші жүз шежіресі
бала туады. Тұрымнан Ырыскелді, Айт, Қожас—үш бала туа-
ды. Қойлыбайдан Шаудыр туады. Тараштан Апақ, Тоқсан—екі
бала туады. Апақтан Күзкен, Құлшас, Құлағай, Шынтас—төрт
бала туады. Шынтас «Ақкиіз» атанып жүр. Тоқпаннан Тоғас,
Шобан, Жоламан, Сейітқұл—төрт бала туады. Сейітқұлдан
Байбек, Қанысбек, Шал, Бекпенбет, Жалаңқара, Бүкеніш,
Дүйсен, Дүйсеннен Мантай балалары туады. Олансақтан тұқым
жоқ. Қайыншықтан Сарбас туады. Сарбастан Бақтыберлі, Те-
кеболаттан Түсірған, Шігір—екі бала туады. Бақтыбердіден
Абыл батыр, Шығай, Күлтелі, Сасықтан Есіл, Тобыл—екі бала
туады. Есілден Үңғұт, Жолай—екі бала туады. Үңғұттан Естек,
Таяныш, Жанақ—үш бала туады. Жолайдан Есенгелді туады.
Тобылдан Тепей туады. Олар бұл жақта жоқ. Алтыншы Әлімнің
кей атасы «Қаракесек» аталыпты.
Сейітқұл өз еліне хан болыпты,
Ықпалы жүріп, басына бақ қоныпты.
Кәріп пен жетімдерге қарасатын,
Хан болған заманында әділетті.
Аздырып-тоздырмастан халқын бақты,
Әділет, саясатпен халыққа жақты.
Баласы Сейітқұлдың Сегіз дейді,
Сегіз бай, сырбаз, семіз дейді.
Байбекті ақылы бай адам дейді,
Ол дағы елдің азбас қамын жейді,
Арамза ел болды, малын жейді.
Бір баласы Сейітқұлдың Байбек деген.
Дұшпанға адам дейді әрекетпен,
Халқы «хан баласы» деп құрметтеген.
Халқына қайыр болып мейірмандай,
Әрдайым халқының қамын жеген.
Өтіпті халқы тыныш, елі бейбіт,
Басынып сырттан келіп, жау тимеген.
шежірелік жыр-аңыздар
Туыпты сол Байбектен Әйтеке би,
Шығады артық адам, асыл тектен.
Бақ-дәулет, мал, перзенттің бәріне сай,
Әйтеке бәрінен басып өткен.
Сымбатты, келісімі келген адам екен,
Атадан артық туған, ақылға кең.
Тайынбай сөйлейтұғын топты жарып,
Кісі екен өзі айтқыш, тілге шешен.
Үшқайнар—ағып тұрған бұлағы анау,
Жайлайтын Әйтекенің мекені екен.
Жағалай саясына бие байлап,
Халық жиып, сары қымыз ішеді екен.
Халықтың ел қорыған жақсылары
Үйіне Әйтекенің түседі екен.
Жаз жайлап, қыс Қызылға көшеді екен,
Астына мінген жорға Ақтанкері.
Лайық ат би мінуге жүрісі жайлы,
Шайқалып су төгілмейд ары-бері.
Алдынан ұшқан құсты кесе басады,
Тарқайды үстіне мінген адам шері.
Тебінгі былғарыдан көксауырлап,
Күмістен ұста соққан алтын ері.
Барады дейд айшылық жерге бір аптада,
Жұламлап сауырынан аққан тері.
Көрмеге қойған нақыштап,
Белінде алтын кемері,
Ұстаның соққан өнері.
Ат-сайман түзеп алып Әйтекенің
Үш жүздің жиылысына жүрген жері.
кіші жүз шежіресі
Күлтөбеге жиылу
Үш жүздің Күлтөбеге жиылды елі,
Халықтың жиылды өңшең би мен бегі.
Үш жүз келіседі хан сайлауға,
Халықтың жиылғандағы бұл тілегі.
Бір жеті сол араға жиылды халық,
Жерлерін тозаңдатып ат тұяғы,
Белгілі болатын жер—ердің бағы.
Үш жүзге би сайлауға құрды кеңес,
«Жақсы адам болғай-ды» деп халық тілектес.
Үш жүзден үш адамды ұсыныпты,
Халқы бір ауыздан, болмай егес.
Қойыпты Ұлы жүзге Төле биді,
О дағы адам екен халыққа сыйлы.
Бақ-дәулет, сый-дәреже бәріне сай,
Би екен ықпалы артық, өте күйлі,
Би болған жарқын жүзбен халқына жайлы.
Сайлапты Орта жүзге Қазыбекті,
О дағы адам екен асыл текті.
Кемеңгер адам екен, өзі сөзгер,
Сөйлесе, ерітетін жиылған көпті,
Алдынан тарқататын даулаған топты.
Би қойды Кіші жүзге Әйтекені,
Адамның нағыз жүйрік ақбөкені.
Кіші жүз қуанысып дуылдасты,
Сыртынан осы екен деп халық тілегі.
Аға боп Кіші жүзден алды билік,
Қатарынан адам екен көп білігі.
16-83
шежірелік жыр-аңыздар
Өзінше Кіші жүз болып, ортаға алып,
Сап түзеп, салтанатпен гүлдендірді.
Бақыт қонып, басына шам-шырағы,
Жанып тұрды, қабыл боп, ел тілегі.
Бақ қонып бастарына үшеуінің,
Үшеуі үш алаштан билік алып.
Тояттап аң алатын қыран құстай,
Отырды Күлтөбеге шығып барып.
Ойласып, кетуге еліне мынаны алып,
«Белгілеп хан сайласақ, қайтеді» деп.
Отырды бір-біріне ақыл салып,
Сөйледі Әйтеке би ақыл айтып.
—Ертерек тарайық,—деп,—елге қайтып.
Халықтың тынышы кетті, жарты ай жатып,
Сіздерге кеңес салам, қамыңды айтып.
Би қойған ел еңбегін ақтаймыз қайтып,
Төре жүр хан болам деп мұртын шауып.
Өзінің қара басының қамын ойлап,
Төрені хан қойғанмен оңдырмайды.
Кетеді ел бұзылып, халық тарап,
«Ақсүйек, таза тұқымбыз» деп.
Төре жүр көтеріліп кеуіл, халық айдап,
«Жиында жол біздікі» деп, халықты алдап.
Ел болып қатар қонған жер, үйі де жоқ,
Хан қойып отырамыз ба, соған қарап?
Өз халқым біршілікте тұрса түгел,
Төресіз де ел боламыз, халық қорғап.
Айбатты ерлері бар бұл қазақтың,
Дұшпанға оғын атқан, туын ұстап.
кіші жүз шежіресі
Халық қорғайды адуынды, артық ұландар,
Өзінше халық бола алмайды, басын құрап.
Төреге күніміз түспейді, жәрдем сұрап,
Әр елде соныменен жүр ғой тарап.
Маңдайын терлетпейді еңбек етіп талап,
Қожа жүр пір болам деп «а, Құдайлап».
Қожадан пір қояйық Ақ сүйіп,
Белгілеп берейікші ақ ту байлап.
Қожалар пір болам деп жүр таласып,
Үшеуі бейіс болып тұр ақылы асып.
Сопы аз кереметін көрсететін,
Аузынан оты шығып, жалын шашып.
Сапырлап аққу болып көкке ұшты,
Жер бетін буалдыр ғып тұмандатып.
Сонан соң сопы Әзіні бір қояды,
Халқы «а, Құдайлап» қойын сояды.
Жиналған адамдар етке тойды,
Таласып «мен болам» деген көп еді қожа,
Бұл жолы сопы Әзі алды абыройды.
Кеңесіп, ақылдасып үш би барып:
—Қай жүзге орнайсың,—деп талап қойды.
Сопы Әзі
—Рақым ет, бізге салсаң, балам, деді,
Болмаңдар, жоқтан сөзге алаң, деді.
Әділдік қожекеңнің айтқан сөзі
Қайсысыңа барам, Алла білер, деді.
Торы атты алдыға айдап жібер, деді,
Атым еріп кеткеніңе барам,—деді.
шежірелік жыр-аңыздар
Айтқандай торы атты айдап жібереді,
«Қайсымыздың атымызға еріп келед» деп,
Үш бидің өздері де алаңдады,
Атына Әйтекенің еріп келді,
Апыр-ай, Кіші жүзге Құдай берді.
—Атағым Кіші жүзде болғанменен,
Айына бір айналып келем,—деді.
Деді де уағдалы күнін айтып,
Үш жүз де қолын жайып, дұға берді.
Үш би отыр еді басын құрап,
Бір жігіт жетіп келді, ақыл сұрап.
Төле би тоқтамастан берді жауап:
—Малдың жақсы болмағы—бағуынан,
Оттың жақсы жанбағы—жағуынан.
Қазыбек:
—Жігіт жақсы болмағы—малды тапса,
Әйелдің жақсы болмағы—ерге жақса.
Жұмаққа тоқтаусыз барады әйел—
Кідірмей жалғасынан алты ұл тапса.
Әйтеке:
—Биікке шықсаң, көзіңді ашады,
Нәпсіңді тыйсаң, иманың тасады.
Көп ұйықтасаң, қара басады,
Кәсіпсіз болсаң, қарның ашады.
Атың жаман болса, көп ішінде,
Басыңа ақырет жетеді.
Балаң жаман болса, қасиетің кетеді,
Әйелің жаман болса, иманың кетеді,—
кіші жүз шежіресі
Деп тоғыз ауыз үгіт айтқан екен. Сонда үш жүз «айыр тілді
Әйтеке» деп атақ берген екен.
Үшеуі осыны айтып мінді атына,
Өсиет айтқан сөзі халқына нұсқа.
Қара деп ұлықсат жамиғатқа:
—Тыныштық Алла берсе абыройлы,
Түспеңдер,—дейді,—жаман әдет, бөтен салтқа.
Қызметке бөліну осы біткеннен соң,
Сонан соң билер қайтты елге тарап.
Шаттанып, келе жатыр елге қарап,
Ойға алған орындалып, таудай талап.
Әйтеке елге келіп, жатпайды қарап,
Тіккізді он екі отау қонақжайға,
Пейіл болып отырғансын халық сұрап.
Тігілген отаулары жұмыртқадай ақ,
Іші күміс, күлдіреуіші алтын шаңырақ.
Жайылған төр алдында палас, кілем,
Төселген төрге жайып, киіз аппақ.
Уық бау шын жібектен тізген маржан,
Қуырдаққа неше-түрлі нақыш табақ.
Бәрі сай үй-ішінің құралдары:
Тәрелке, шыны күміс, алтын табақ.
Қызметкерлер үй-ішінде жүгіріп жүр,
Көтеріп бірі—құман, бірі—табақ,
Келсе де қанша қонақ шытпай қабақ.
Сабада сапырулы сары қымыз,
Әр үйге қойған екен бие байлап.
Мырзалық мұнан адам өте ме екен,
Қонаққа сояды екен тай мен тайлақ.
шежірелік жыр-аңыздар
Лайықты ерге лайық осындай іс-ақ,
Халық билеп, ықпал жүріп қонған соң бақ.
Баласы Кіші жүздің Алшын, Арғымақ,
Жылына кетеді екен болып қонақ.
Бұ жағын осыменен қоя тұрып,
Айтайын бір әңгіме Орта жүзден.
Отырған шекаралас қалмақпенен,
Қашаннан өшіккен жау о да бізбен.
Ұстасып келе жатқан ел ежелгі ізбен,
Жылына малын қуып барымталап,
Орта жүздің тынышын алып, ел бүлдірген.
Олармен қарсыласып, үндемеген,
«Еліміз аман болсын» деген ойменен.
Қазыбек елін жиып, салды кеңес,
Олармен табан тіреп, етпеді егес:
—Қалмақ көп ұрысқанмен, шама келмес.
Жерден ауып ағайын деп барғанменен,
Ұлы жүз Кіші жүзге қоныс бермес,
Олармен ренжісіп жөні келмес.
Бас бағып, жерден ауып көшейік,—дейді,—
Біз барып Бұқар қаласын паналайық.
Мұсылман, бізбен бірге діні діндес,
Шамалап арыз айтып, шағынайық,
Күрессін мұнда талай көп халайық.
Тұр еді жиылған көп, сасып халық,
Біле алмай не айтарын бұған тауып,
Бір адам жетіп келді топты жарып.
Сондағы ол адамның айтқан сөзі,
Қасына Қазыбектің жетіп барып.
Сөйледі қарт Оймауыт:
—Біздер жүрген уақытта
кіші жүз шежіресі
Асынып қылыш, ақ балдақ,
Киіп едік көк сауыт,
Бүлінген жоқ ед ел набыт.
Жасымыз асып, қартайып,
Тайыпты бастан бақ ауып.
Кешегі өткен Қараман мен Қобыланды,
Қалмақтың шауып елдерін,
Таңдап алып сұлуын,
Келетін еді олжалап.
Сырттан дұшпан келмейтін,
Орта жүзге бет алып.
Бұрын-соңды көрген жоқ,
Бұл арадан ел ауып.
Сол ерлер ойға түскенде,
Кетеді кеуіл толғанып.
Қалмақтан қорқып елінен,
Етіп тұрсың сен қауіп.
Жасым асып, жамбастап
Жатыр едім жантайып.
Ел көшеді дегенге,
Келіп тұрмын қалқайып.
Айтайын ақыл мен саған,
Келіп тұрмын ой тауып.
Қандай пайда табасың,
Көшемін деп жер ауып.
Не абырой аласың сартқа барып,
Алады малдан зекет, бастан өсім
Және тынышыңды алады салық салып.
Үйретіп қырық парыз, тіліңді бұзады,
шежірелік жыр-аңыздар
Білмесең, қырық шыбық дүре салып.
Қаздырып арық, канал жерлеріңнен,
Салады қыз, жігітті парлап алып.
Кең өріс мал жаятын жері де жоқ,
Болады малың менен елің арық,
Көресің сол өзбектен неден жарық.
Хабар бер Ұлы жүз бен Кіші жүзге
Бәріміз бір атадан тудық анық,—
Тыңдап тұр мұның сөзін жиылған халық.
Қарасаң келбетті келген бір қарт адам,
Бір жүз жиырмадай жас жасаған.
Қабаттап ақ орамалмен жағын таңған,
Сөйлеп тұр жаңағы қарт ел қамынан.
—Хабар бер Ұлы жүз бен Кіші жүзге,
Батыр көп Кіші жүзде арға шапқан.
Тайсалып қозғалмаңдар бұл орыннан,
Жиналып екі арыс ел келе қойса,
Қалмақты қуып шығар шекарадан.
Мұны айтып сөз доғарды осы арадан,
Халық жоқ қарт сөзіне босамаған,
Жиналған көп қарттың сөзін мақұлдаған.
Сонан соң Ұлы жүзге берді хабар,
Шығарды елден таңдап екі адам.
Тұрарлық ел ішіне елші болар,
Біреуі Мәмбет сыншы жібергені,
Қасында Қырғауылдай шайыры бар.
«Жетіде елге айналып келіңдер» деп,
Мінгізді елден таңдап екі тұлпар.
«Жер қашық, енді қалай жетеміз» деп,
Екпіндеп келе жатыр қос нар сұңқар.
кіші жүз шежіресі
Кідірмей жол үстінде көп күн жүрді,
Үш күнде Ұлы жүзге жетті бұлар.
Ас болып жатыр екен ұлы жиын,
Хатпенен Төле биге берді хабар.
Барды да екеуі де атын қосты,
Бұлар да адам екен бір атқұмар.
Ат озып, алды бәйге екеуі де,
Жігіттің сондай болар, жолы болар.
Таңырқап жұрттың бәрі қарап тұрды,
Қай уақытта бәйге атына әркім құмар.
Парымен озып келді екі тұлпар,
Айтайын Төле биден енді хабар.
—Жиналған көпшілікке білдірейін,
Ағайын жәбір көрсе, нағып шыдар.
Тарқамай айтайын деп бұл халыққа,
Ас тарқап кеткеннен соң халық тарар,
Қайтадан басын қосу қиын болар.
«Орта жүзге қалмақ шауыпты» деп,
Халыққа түсіндіріп айтты тегіс:
—Жәрдем сұрап жіберіпті бізге елші,—
Жиналған көпшілікке салды кеңес.
Халықпыз көптен бері жатқан тыныш,
Соған біз аттанайық қалмай тегіс.
Батырдың бәрі жүрсін бірі қалмай,
Қалмақтың елін шауып, алсын үлес.
Дұшпанға жібереміз бе ар мен намыс,
Ел еді қалмақпенен олар шектес,
Ағайын халықпыз ғой бір тілектес.
Және де Кіші жүзге хабар берем,
Қасына екеуінің адам қосып.
шежірелік жыр-аңыздар
Келгенше Кіші жүзден бізге хабар,
Тұрамыз уәдеде күнін тосып.
Халқы бұл кеңесті мақұл деді,
Айтқан соң Төле бидің өзі біліп.
Қосады жегір менен шайырларын,
Астына елден таңдап ат мінгізіп.
Келеді үш күн жүріп Кіші жүзге,
Түн қатып, күндіз-түні тынбай жүріп.
Қызға кездесу
Аулына Әйтекенің жетті келіп,
Астында тұлпар атпен екпіндетіп,
Өлеңмен Әйтекенің үйін сұрады,
Өнермен өрге жүзген өршеленіп.
Екеуі де адам екен тілге жетік,
Үйіне Әйтекенің тұрған келіп.
Қасына тиіп тұр еді сабылып,
Алыстан ат терлетіп іздеп келіп.
—Келе жатқан екі жүзден жолаушымыз,
Ауылы Әйтекенің осы болса,
Түсетін біздің барып қайсы үйіміз,
Асығыс ат үстінде сұрап тұрмыз.
Қыздан жауап
Шықты да үйден бір қыз берді жауап,
Тұр еді есік алдында шашын тарап.
Келе жатқан жолаушыға сырттан қарап,
Ат үстінен өлең айтқанына тұр таңырқап,
Қызғындап қыздан болды енді жауап.
кіші жүз шежіресі
Оларға былай болды айтылған сөз:
—Жолаушы екі жүзден келген болсаң,
Қонақжай он екі отау тігулі тұр,
Алдыңда қатар-қатар көргендей көз.
Жел сөзге желіккендей шамаңыз бар,
Қолайсыз есерлерден айтылған сөз,
Сыпайы болмай ма екен сынық мінез.
Келдің де ат үстінен салдың айғай,
Адамдай дым көрмеген, сіз, келеңсіз.
Алыстан ат терлетіп іздеп келсең,
Шақырып төрешіні қайымдаймыз,
Сізбенен айтысуға тайынбаймыз.
Әшейін екі жүзден іздеп келсең,
Берілер сұлу сөзбен сыбағаңыз.
Жолаушы, атыңнан түс, тынығып ал,
Шамалы осы арадан доғарамыз.
Шын жүйрік айдағанға желікпейді,
Қалғанын ертеңгісін қолға аламыз,
Дұшпанға ар жібермеген ауылымыз.
Сонан кейін Мәмбет сыншы жолдастарына кейіп: «Сендер
осы елге айтысқа келіп пе едіңдер? Бір жұмысты жөндей алмай
жүріп, өлең айтып не керек еді?»—деді. Бұлар да айтысайын
деп тұрған жоқ еді. Шама көргісі келіп еді. Қыздың жүйрік
екенін білді де қойды. Сонан кейін қызға өлең айтқан жауабы:
—Жел сөзге ашуланба, қарындасым,
Қатарынан артық туған, асыл затым.
Келеміз елден шығып елшілікке,
Қырғауыл шайыр, сұрасаң, менің атым.
Жақсыдан жарқын жүзді бала екенсің,
Шеге шайыр—Ұлы жүзден, бір жолдасым.
шежірелік жыр-аңыздар
Баласың көңіл алаңға аңғарымды,
Және бар Мәмбет сыншы—кемеңгерім.
Екі жүздің елшілікке арналған,
Әйтекеде бар жұмысым.
Қыздың жауабы:
—Кідіріп бұл арада, тұрма қарап,
Үйі осы—Әйтекенің тұрсаң сұрап.
Қонақжай он екі отау тігулі тұр,
Сыртында ат байлауға тартылған желі,
Түсесің соған барып, атың байлап.
Жайлайды жайыңды істеп шайыменен,
Тың тұрған қызметкерлер қонақ жайлап.
Сыпайыға сыйымыз жұмыс істеп,
Тұрмаңыз бұл арада көп айғайлап.
Кетіп ед ас берудің кеңесіне,
Келеді ертең түсте сонан тарап,
Жайланып жатасыздар, соған қарап.
Қыздың сымбаты
Үйінде Әйтекенің бір қыз бар еді,
Сол кезде жас шамасы он бес жаста.
Бұралған жаңа өспірім талшыбықтай,
Бар сөзі ағып жатқан дария Нілдей.
Білмеймін қайдан келер сағасынан,
Сәулесі Стамбұлдың панарындай,
Самсаның жарық қылар даласындай.
Сынапты Мәмбет сыншы соны пайымдап,
Байқаған қыздың артық шамасында-ай.
Аршын төс, алма мойын, қоян жондай,
Қиғаш қас, қызыл ерін, жазық маңдай.
кіші жүз шежіресі
Қарасаң сырты сұлу, келіс келген,
Жарқырайды екі көзі жанған шамдай.
Ләйлідей лебіз ашса, сүйсінерлік,
Тілінің шырын, тәтті балы бардай.
Зейінді, ақылды, зерек бала екен,
Қомданып ұшатұғын қаршығадай.
Сәтімен туа бермес адам мұндай,
Кездескен екі шайыр тап сол қызға-ай.
Қырғауылдың Әйтекеге кездесуі
Айтқандай ертең түсте биің келді,
Жайланған қонақжайлы үйін көрді.
Көргенсін Әйтекені бұл үшеуі,
Түрегеп, қол қусырып сәлем берді.
—Біз келген екі жүзден елші едік,
Айтайын енді жайды сізге,—деді.
Қырғауылдың толғауы
—Құлағың сал, би аға, біздің кепке,
Елшіміз—Орта жүзден шықтық шетке.
Әуелі келіп едік Ұлы жүзге,
Төле би адам қосып жіберді сізге.
Жұмысым елден шыққан мынау еді,
Елімнің тапсырмасы бар елден елге.
Жақсылар тілектес қой біршілікке,
Тыным бермед қалмақ шауып елімізге.
Отырмыз жәрдем сұрап келіп сізге,
Бәріміз бір атадан тудық бірге.
Жылма-жыл қалмақ шапты елімізге,
Емес пе, қазақ деген арың бірге.
шежірелік жыр-аңыздар
Шапты деп қазақты қалмақ,
Сырт дұшпан күлмей ме екен бәрімізге.
Кеңесіп көшпек болдық өзбек елге,
Дағдарып, қалып сасып тұрғанында,
Кез болдық бір үлкен қарт кемеңгерге.
Сөйледі жақын келіп Қазыбекке:
—Жер ауып өзбек халқына көшеміз,—деп,—
Қыласың кімге назды, кімге өкпе,
Айтқанмен сөзің өтпейді қалмақ итке.
Аталас екі жүзге хабар берсең,
Қалмақты қуып шығар, айдап шетке.
Туысқан ағайынға шыдамайды,
Шабады намысты ер ар мен кекке.
Осылай ақыл берді айтып көпке,
Отырған халық ықылас билерімен
Шыдасын нағып енді айтқан кепке.
Жолдасым қасымдағы Мәмбет сыншы,
Қосылған Ұлы жүзден ақын Шеге,
Сөйлеуге келді кезек енді сізге.
Және айтамын, биеке,
Тыңда менің сөзімді.
Бүлдірді қалмақ елімді,
Талқандады тауымды,
Небір асқар белімді,
Лайлады көлімді.
Желкеден қиды желімді,
Сындырды сөйтіп елімді.
Халық егесі, би аға,
Айтып тұрмын шынымды.
кіші жүз шежіресі
Бұл азарға шыда, аға,
Қазыбек сізге жіберді,
Арнап сізге хат берді,
Тапсырайын хатымды.
Халық егесі билерге
Айтқан сөзім батымды.
Қырғауыл шайыр мен болам—
Білдірейін атымды,
Бүлдірді қалмақ халқымды.
Құлақ салсаң, би аға,
Және айтатын сөзім бар:
Ол қалмақтың елінде
Қоңтайшы деген ханы бар.
Адамның әлі келмейтін,
Қорен деген зоры бар,
Саранақ деген қала бар.
Қыш пенен шойын, қорғасын,
Айнала құйған қорған бар.
Жылма-жыл шауып елімді,
Олжалауға болды құмар.
Тынышын алды халқымның,
Барымталап, мал қуар.
Жүрегі шайылып, қорқып,
Әйел, бала жылайды зар.
Діні сасық ит қалмақ,
Қылмайды мейірім, қанқұмар,
Үш алаш болып бас қосып,
Күн болар ма аттанар.
Қалмақтан барып кек алсақ,
Тарқар еді бір құмар.
шежірелік жыр-аңыздар
Бұрын хабар бере алмай,
Өзімізде кінә бар.
Қария қарт болмағанда
Бұл ақылды кім табар.
Кіші жүзде ер болса,
Өзіне қойса жауға шабар.
Қайратты туған ер жігіт
Қалмақтан барып кек алар.
Аузыңнан лайық шыққанша,
Болып тұрмыз ынтық-зар.
Көмек сұрап келіп тұрмыз,
Бізге қандай жәрдем бар?
Қазыбек жұмсап жіберді,
Деген сөзі «айтып бар».
Шегеден
Азырақ сөз сөйледі ақын Шеге,
Теңіздей толқын сөзді төге-төге.
—Екі елші келіп еді біздің елге,
Мәнісін Қырғауыл айтып түсіндірген,
Төле би қосып жіберді мені сізге.
«Қамданып аттанатын бола қойса,
Уәделі күнін айтсын» деді бізге.
Асылы, білімдіге түсінікті,
Көп айтып неге керек, сөзді көпке.
«Ұлы жүз баратын болса, дайындала берсін» деп Шегені
бұрын қайтарайын деп, Әйтекенің берген жауабы:
—Шеге шайыр, құлақ сал,
Біздің айтқан жауапқа.
кіші жүз шежіресі
Аттанбасақ бола ма,
Ағайын шапқан қалмаққа.
Шыдаймыз неғып, қарағым,
«Қазақ» деген ұранға.
Қалмақ қазақты шапты деп,
Қалмаймыз ба атаққа?
Қашаннан қалмақ бізбен жау,
Алмай ата кектерін,
Кім шыдайды намысқа.
Орта жүз жатса, шабылып,
Созбаймын сөзді алысқа.
Төле биге сәлем айт,
Аттанамыз ағұста.
Дайындалсын Ұлы жүз,
Баратын болса, соғысқа,
Жата берсін қорықса.
Кіші жүз түгел аттанып,
Кете берем қарамай.
Ел шабылып бөлінсе,
Ерлер де болмас шыдаған.
Жақайымда Жылқайдар—
«Менмен» деген ер, сұлтан,
Ерлердің нағыз қыраны.
Қысылған жерде қай ағам,
Болатын ерің қорғаны.
Он екі ата Бай ұлы,
Хат жазамын Сырымға-ай.
Сырым айтса ол елге,
Кетпейді жұмыс қырынға-ай,
17-83
шежірелік жыр-аңыздар
Ол елдерде ерлер көп,
Жүрмейтін қарап, ұрынбай.
Және хабар беремін,
Жағалбайда Жетіру—
Тама менен Табынға.
Ол елде де батыр көп,
Қарсы келген дұшпанға,
Шарпу тиген жалындай.
Сәрке екен батыры,
Үш алашқа мәлім еді,
Қазыбек сасып жүргенде,
Отырамын мен қалай?!
Ел билеген ер жігіт,
Болмай ма елдің қорғаны-ай!
Осыны айтып болып Әйтекенің Қырғауылға берген жауабы:
—Отырмын деме түсініп,
Айтқан сөздің ырқынан.
Шабылып жатса, ағайын,
Болмай ма ұят тартынған.
Қатты қауіп болыпты,
Қорқып қалмақ халқынан.
Арға шаппай бола ма,
Қалмақтың қорқып даңқынан.
Кіші жүз деген байтақ ел,
Өніп-өсіп шалқыған.
Кеткен малды қайтарып,
Кек алатын батыр көп,
Қалмақтың қуып артынан.
кіші жүз шежіресі
Шабылған елді қорғауға,
Біз барамыз артынан,
Қалмай адам халқымнан.
Біздің елде батыр көп,
Көз салатын Қырымнан.
Қарымы қайтпай ерлердің,
Сұңқардай кеулі талпынған.
Көшемін деп, жер ауып,
Не жақсылық күткен сартынан.
Ертемен естігенде хабарды,
Күйзеліп халқың шарқ ұрған.
Жаңа келіп тұрсыңдар,
Қарттың айтқан ақылынан.
Көп жасаған адам екен,
Өткерген жұмыс басынан.
Арғы атамыз белгілі—
Құдуар тентек бұрыннан.
Жау көрмесе, жабылып,
Қараға шауып, ұрынған,
Дұшпанын жеңіп қашырған.
Қалмақтың талай ерлерін,
Қуып жерден асырған.
Біздің елде батыр көп,
Біртіндеп жауды қашырған.
Хабар берем алдымен,
Тама менен Табынға.
Ол елде де батыр көп,
Ойлаған елдің қамын да.
Жау дегенде желігіп,
Шабатұғын артынан,
шежірелік жыр-аңыздар
Табында Сәрке батыр бар
Дабылы шыққан халыққа,
Үш алашқа мәлім-ді.
Айбаты бар дұшпанға,
Тамада Есет батыр бар,
Жасөспірім жас бала,
Ақсұңқар құстай түлеп тұр.
Салады көз қияғын,
Егерде жау кездессе,
Тұрады қарсы жауына,
Жанына хабар береді.
Он екі ата Бай ұлы,
Байбақтыда Сырым да—
Бақ орнаған ер еді.
Бақыт қонған басына,
Әрі батыр, әрі би,
Айбаты бар ұстанған,
Қайтпайтын жаудан ер еді.
Қалмақтың шауып ерлерін,
Шығарад шаңын аспанға,
Бұрынғы өткен батырмен
Айтайын саған осындай.
Кетеде өткен Майлыбай—
Жалғыз шауып қалмаққа,
Сәбен, Сәтбай деген,
Әкелген екі баланы-ай!
Ешкімнен жәрдем сұрамай,
Сол ерлерден тұқым жоқ,
Атағы қалған ұранға-ай.
Батыр бар Әлте солардан,
Жауға шапса кәрленіп,
Тарқататын құмарын.
кіші жүз шежіресі
Сәбен, Сәтбайдың баласы—
Асан менен Жанбақты,
Өзі ауыр салмақты.
Жалғыз барып тайынбай,
Қалмаққа салған бармақты.
Қалмақты топтап айдаған,
Шақырмай-ақ жан-жақты.
Қорықтыңдар ма білмеймін,
Күреңдер күшті қалмақты.
Арғы атамыз—Кіші жүз,
Ерлерім өткен қайратты.
Бір батыр өткен Қарасақал Шіңгір деген,
«Кәнеки, жау қайда?» деп міңгірлеген.
Астына мінген аты құлагерден,
Қуалап Алтай соққан таулы желден.
Іркіліп, жаудан қорқып, кідірмеген,
Сақтаған, өзінің елін жаудан аман,
Сырт дұшпан келіп, елін бүлдірмеген.
Бұл өткендегі ерлер еді, енді қазіргі жауға аттанған ерлерді
айтайын.
Әлім менен Шөмендегі,
Аттанып ерлер қайратты.
Аттарын атап айтайын,
Тыңдаңдар салып құлақты.
Аттанып барса ерлерім,
Айдап шығар қалмақты.
Бозғұлдан батыр туған Жарымбет-ті,
Келе жатқан шежіреде асыл тегі.
Дұшпаннан алатын ер кетсе кегі,
Белгілі батыр еді еліндегі.
шежірелік жыр-аңыздар
Кісі екен айбаты бар өркөкірек
Жарасқан қару-жарақ беліндегі,
Жауға аттансын ер бір белгілі.
Тоқайдан шыққан Арғынбай,
Батыр екен Тарғындай.
Жалғыз жауға шабатын,
Жан-жағына қарамай!
О да батыр кісі екен,
Шыдамайтын арынға-ай!
Жау хабарын естісе,
Отырады ол қалай?
Көнектен шыққан ұраннан,
Қайтпайтұғын ер еді,
Майыспайтын болаттай!
Жауды көрсе желігіп,
Қиратқан қамыс, құрақтай!
Бар еді Қара Есен, батыр Ақбай,
Тайынбай жалғыз өзі жауға шапқан.
Сескеніп, қорқып жаудан бұлтармаған,
Ер еді ықпалы артық бұлт орнаған.
Батыр ед жау дегенде тартынбаған,
Белінде алмас қылыш жарқылдаған.
Батыр бар Қарасақал Дабыл деген,
Батыр ед дұшпанға ар жібермеген.
Естісе, жау хабарын жата алмайтын,
О да ер жау дегенде қарсы жүрген.
Ойлайтын халық қамын адам еді,
Ер еді Қарасақал елі сенген.
Баубекте батыр Шарабалық,
Жау хабарын естісе,
кіші жүз шежіресі
Қатардан қалып тұра алмас.
Қолында атар мылтығы,
Кездескен жау шыдамас,
Қайтпайтын жаудан ер еді.
Белінде бар ақ алмас,
Сілтегенде жан қалмас,
Алдында дұшпан тұра алмас,
Астында бар бедеу ат—
Қашқан жауды құтқармас.
Жау дегенде желігіп,
Ауылда қалып, жүре алмас.
Батыр бар Айдарбектің Көнсадағы,
Қаруы—көннен садақ қолындағы.
Тартқанда көн садақты ат үстінен,
Жаулары қарсы тұрмайды алдындағы.
Кетеді атқан оғы тастан өтіп,
Қашады дұшпандары алдындағы.
Далаға кетпейді екен атқан оғы,
Үйренген өнер екен жасындағы.
Ер екен қайтпайтұғын жаудан беті,
Ар-намыс, ойлағаны—елдің қамы.
Батыры Айдарбектің Жәніке Сары,
Кетпеген дұшпанына кеткен ары.
Сескеніп қорғалаған дұшпандары,
Асынған қару-жарақ, алмас қылыш,
Алдына жан шыдамайды келсе кәрі,
Тыңдайды айтқан сөзін халықтың бәрі.
Бір батыры Айдарбектің деген Тайлақ,
«Жау» десе, қарсы шығады, салып ойнақ.
Үстіне киген көк сауыт,
Асынған алмас қылыш, ақ балдақ.
шежірелік жыр-аңыздар
Қолында найза, көк сүңгі,
Атына асығыстан мінген жайдақ.
Тағы бар Есенәлі, Ақсары Абылай,
Шауыпты түрікпенге ол екеуі,
Көк мойын, алып келіп наз бедеуді.
Халқына жайылып тұр кеп Абылай,
Естісе, жау хабарын жатады қалай?
Балуанда Шүкіман,
Көзін ойып дұшпанның,
Қаршығадай шоқыған.
Астында жүйрік аты бар,
Қуалап киік ұстаған,
Ақиректің шыңынан.
Құттықта бар Киікбай,
Батыр еді киелі-ай!
Жалғыз жауға шабатын,
Жан-жағына қарамай.
Елмен желігеді екен,
Егескен жерден,
Қайтпайтұғын қадалмай.
Шыдамайтын арынына,
Ойлайтын халық қамын-ай!
Бұл хабарды білген соң,
Шығады жауға тайынбай,
Батыр еді Тарғындай.
Жанына барып қайтты Тілеуқабақ,
Ерлері айтып болмайтын адам санап.
Біреуге—жүрген өзін мыңға балап,
Жауына қарсы жүрген, соған қарап.
кіші жүз шежіресі
Ішінде ерлері бар түйген қабақ,
Оларда басқаратын Арыстан, Көтібар.
Жауына ту көтеріп, атқан садақ,
Астына мінген жүйрік жыланкөз ат.
Ат екен қалың жалды, қабан құлақ,
Кең танау, кебеже құрсақ, жалпақ тұяқ.
Жыраның өңіріндей біткен саңлақ.
Ат екен жайдай атқан, нағыз тұлпар,
Қашқан жау құтыла алмайды, кетіп жырақ.
Атақты Жақайымда Сартай бар еді,
Мінгені Сартай ердің Шалқасқа ат.
Мысалдай Шораның Шұбарындай,
Белгілі тап өзіне кездескен ат.
Бойында қару-жарақ ерге лайық,
Үстінде сауыты бар жеті қабат,
Асынған алмас қылыш, өңшең болат.
Тағы бар Жақайымның Жылқайдары,
Көк сауыт үстіне киген жеті қабат.
Асынған қару-жарақ өңшең болат,
Атқанда іркілмейді, қолда садақ,
Өтеді тастан жарып қабат-қабат.
Және бар Жақайымда батыр Мыңбай,
Түнеріп жауатұғын қара бұлттай.
Дұшпанға жалғыз жүріп салған айғай,
Өштескен жауларынан кек алады-ай,
Естісе жау хабарын жатады қалай?
Бір батыр Жақайымда Сүгір деген,
Қорғалап, жау дегенде кідірмеген.
Ер еді дұшпанынан мүдірмеген,
шежірелік жыр-аңыздар
Батыр ед жау кездессе, көрем деген,
Ойы жоқ жаудан қорқып өлем деген.
Бар еді Жақайымның Қойқожасы,
Кем емес қатарынан қара басы.
Дұшпанға кегі кетсе келеді ар-намысы,
Астына мінген жүйрік Салторысы.
Естісе жау хабарын жата алмайды,
Қолында басты кесер ақ алмасы,
Тайынбай шығады о да жауға қарсы.
Айтып болдым елдегі,
Атағы шыққан ерлерден.
Жақайым Қорымға ас беруге
Жиналады соған елімен.
Халқыменен кеңесіп,
Айтамын сонда мен саған,
Баратұғын уәделі күнімді.
Осындай қиын жерлерде,
Ер Тайыр атын шығарды,
Би намыстан ұялады.
Қазыбек сасып жүргенде,
Қалай қарап жатады?
Халық қорғаған заман еді,
Дұшпанына қылмаспын құрмет.
Қазақты қалмақ шапты деп,
Күлмей ме сырттан бөтен, жат—
Өзбек, ноғай, қара сарт.
Кіші жүз боп қалмаққа,
Аттанамыз мініп ат.
Әйтеке осыны айтып мінді атқа,
Кім таласады Алла берген ықпал баққа?
кіші жүз шежіресі
Астына мінген жорға Ақтанкері,
Лайық, міне, осындай асыл затқа.
Ырғалып ат үстінде келе жатыр,
Отырған патшалардай алтын таққа.
Күтіп отырған жетіп келді көп халыққа,
Әр елден адам бар еді аталықта.
Керім би кешігіп, келмеген соң,
Бәйге атты жатыр еді шығармаққа.
Әйтеке көпке келіп мынаны айтты,
Дегендей: «Бәйге аттарды жібер айдап,
Көріп келдім,—деді,—қонақжайлап».
Екі елші екі жүзден келген екен,
Себеппен біздің елдер жүзден айдап.
Орта жүзді қалмақ шауып жатыр екен,
Келіпті Кіші жүзден көмек сұрап.
Ағайынға қалмақ шапқан болса,
Біз қалай отырамыз тыныш қарап,
Бұл сөзге не дейсіңдер, жиылған көп?
Бәрің де қосылыпсың басты құрап,
Отырған ерлер де бар халық қорғап.
Аттанып қалмақ қазаққа,
Жау болатын себебі—
Тамадан шығып еді Шора
Теңізден шығып тап болған,
Атына мінген Шұбар ат.
Атадан батыр ұл туса,
Тап болады тұлпар жаланған.
Жалғыз шауып қалмаққа,
Тарқаған еді құмардан.
шежірелік жыр-аңыздар
Еділ, Жайық жайлаған,
Тама екен ел одан.
Көп емес онша шамалы,
Жетіру екен бір одан.
Ел болған соң ішінде
Бір ақсақал бар еді,
Халила деген қарт екен.
Ел билеген адаммен,
Қыпшақтан шығып Қобыланды,
Қияттан шығып Қараман,
Қалмақтың шауып елдерін,
Жылқысын қуып айдаған.
Өлтіріп талай ерлерін,
Әйел-баласы жылаған.
Таңдап алып сұлуын,
Халқын топтап айдаған.
Солардың салған ылаңы,
Жау тастап кетті артына.
Олар Орта жүзде ер еді,
Зәбірі тиіп халқына
Атадан артық ұл туса,
Атаның кегін іздейтін,
Бұрыннан қалған салт одан.
Қашаннан бізбен жау болған,
Қалмақ деген халық одан.
Орта жүзді қорғауға,
Аттанайық соған да.
Барамыз деді Кіші жүз,
Бидің сөзін тастамай.
—Жүре берейік өзіміз,
кіші жүз шежіресі
Ешкімге де қарамай,—деп,
Біреулер көп ішінен салды айғай.
—Өзіміз сол қалмаққа барамыз, деп,
Олжалап халқын шауып аламыз, деп,
Не керек Ұлы жүзді көмекке алып,
Кіші жүз сол қалыптық боламыз, деп,
Қорықпай өзіміз-ақ барамыз,—деп,
Жылқайдар батырларға айтты ақыл,
Әйтеке бұл айтқанын көрді мақұл.
—Батырлар, айғайламай ақылға кел,
Орта жүз о да өзіңдей бізбен тең ел.
Ер шығар ел ішінен болған соң ел,
Құр кеуіл неге керек көтеріп жел,
Жел сөз үшін ендігісін Сартайға бер.
Сөйлейді сонан кейін батыр Сартай,
Көпшілікке халық жайын айтып жағдай.
—Орта жүзге қалмақ шауып жатқан болса,
Үш жүз боп аттанайық соған қарай.
Шабынған ағайынға тез барайық,
Сүрікті қысқа айтамын көпке созбай.
Сүмбіле, салқын түсе аттанайық,
Батырлар, бәрің жүресің бірің қалмай.
Жүрсеңдер, қалмақ елі жолы қашық,
Бір-бір ат запас болсын, қосарыңа ал.
Алайық ерте барып жаудан кекті,
Қалмақтың азарына кім шыдайды.
Бәйгеге бөліп қойған мың жылқы бар,
Бір жолға халық тарасын бәйге алмай.
Шабылған ағайынға берілсін жылқы,
Бөлінбей осы арадан қалсын құрдай.
шежірелік жыр-аңыздар
Бұрынғы Әйтекенің айтуындай,
Келіп тұр сөз бір реті орайын-ай.
Бұл сөзді би ағасы мақұл деді
Отыр ед көп ішінде Нұрбай, Мыңбай.
Қатыран, Тәбеке би қапталындай,
Осылай ел жақсысы отырғанда,
«Бәйге ат келді» деген шықты айғай.
Және айтты батыр Сартай:
—Елшілер елге барып жатсын, деді-ай,
Тынығып аттарын да бақсын, деді-ай.
Жылуға берілген мың жылқыны,
Ат келіп, халық жөніне тарағансын,
Еліне соны айдап қайтсын,—деді-ай.
Табады мұнан артық қандай пайда,
Ат озып Ұлы жүзден алды бәйге.
Бұл сөзге Мәмбет сыншы болды риза,
Бұл сапар екеуінің жолы болған,
Осыны айтып жұрттың бәрі үйден шыққан.
Топ болып жұрттың бәрі үйден шықса,
Озған ат келіп жатыр дізбек-дізбек.
Қосылған Қаракесектен өңшең жүйрік,
Қалған ат көрінбейді түйдек-түйдек.
Әкелген ат жоқ екен сырттан бөлек,
Ат санап, неғылайын етіп ермек.
Аты озған адамдарды көтермелеп,
Мақтаныш құр осындай неге керек?
Аты озған Аңаз аға мәз болып жүр,
Бәзбіреу бәйге ала алмай оқшайып жүр.
Бәзбіреу қалмақтан олжа аламыз [деп]
мақтанып жүр,
Алдында ненің барын Алла білер.
кіші жүз шежіресі
Әйтеке сонан кейін халықты таратты,
Елшілер мың жылқы айдап елге қайтты.
Еліне естігеннің бәрі де айтты,
Орта жүз болды үлкен қуанышта.
Есітіп екі жүздің келе жатқанын,
Білді да, дайындалып күтіп жатты.
Қалмақтан көрген зорлық қатты батты,
Бөлініп оншама көп шарпылмапты.
Кіші жүз аттанбаққа етті талап,
Халық жатыр дайындалып, атын жинап.
Ерлер жүр ел ішінен қару сайлап,
Ат мініп ел ішінен, елден таңдап.
Аттанды Қаракесек батыр Ақбай,
Тайынбай жалғыз өзі жауға шапқан.
Батыр екен жау дегенде тартынбаған,
Мінгені ақ танау ат—өзі жүйрік,
Алдынан қашқан жауды құтқармаған,
Қуалап киік пенен құлан соққан.
Ізінен Ақбай ердің қалмаймыз деп,
Еріпті Есіл, Тобыл бәрі қалмастан,
Келе жатыр жәрдем сұрап Жаббар Хақтан.
Аттанды Қарасақал Абыл батыр,
Адамы үш Қарасақалдың еріп түгел.
Жауына қарсы жүріп келе жатыр,
Ерлері ел ішінде екпіндеп жүр,
Асынып қару-жарақ келе жатыр.
Баубектен аттанды Шарабас,
Жау дегенде жалтақтап,
Жан-жағына қарамас.
Баубектің үш баласы,
Ізіне ерді аралас.
шежірелік жыр-аңыздар
Жамандар жауға жарамас,
Ер болса, елден қала алмас.
Аттанды қырда жатқан Тілеуқабақ,
Ішінде ерлері бар түйген қабақ.
Туыстан Назар, Шүрен бірге жүрді,
Бұлар да қатарынан қалыспай-ақ.
Батыр бар қайтпайтұғын қасқыр жүрек,
Жау десе, қарсы жүрген соған қарап.
Оларды басқаратын Арыстан, Көтібар,
Жауына ту көтеріп атқан садақ.
Айдарбектен аттанды Көнсадақ,
Қаруы қолындағы көн садақ.
Атқанда көн садақты іркілмейді,
Жауына тигізеді түсіріп дақ.
Өтеді атқан оғы қара тастан,
Белінде алмас қылыш, алтын балдақ.
Үстінде сауыты бар жеті қабат,
Ақ иық секілденіп бір мұзбалақ.
Ішінде жасы жеткен—қарты сол-ақ,
Мінген аты—Көкшолақ.
Қаз мойынды, кең құрсақ,
От орындай жалпақ тұяқ.
Жабыдан шыққан жүйрік дейд,
Тең келмейтін арғымақ.
Аттанды Айдарбектен Жәңгісары,
Ер екен кетпеген дұшпанына кек пен ары.
Еріпті төрт айда бес түгел бәрі,
Қатыран, Тәбеке би қасындағы,
Басқарып ел билеген жолдастары.
кіші жүз шежіресі
Аттанды Айдарбектен батыр Тайлақ,
Үстіне киіп көк сауыт,
Асынған алмас қылыш, қару-жарақ,
Мінген аты—ақауыз ат.
Құлан шеке, қиық құлақ,
Қаз мойынды, жалпақ тұяқ,
Жетсін жауға құтқармай-ақ.
Аттанды Есенәліден Ақсары Абылай,
Батыр еді елден шыққан Абылай.
Алатын жаудан арынды-ай,
Еріпті Төртқараның батырлары,
Қасында талай талант, балуандары,
Басқарып келе жатыр би Нұрбай.
Балуаннан аттанды Мыңбай
Астында жүйрік аты бар.
Қару найза, қылыштан,
Одан да алып қасына,
Есеналыға барып қосылған.
Құттықтан аттанды Киікбай,
Батыр екен киелі.
Таудан тауып әкеліп
Астына мінген құланды-ай.
От орындай тұяғы,
Шекеге біткен құлағы-ай.
Қуалап, қамап ұстаған
Далада жүрген құланды-ай.
Теңізден шығып тап болған
Ер Шораның Шұбары-ай.
Әне сондай қарасаң,
Ерлердің ісін сұрасаң,
Бес қаруы бойында
18-83
шежірелік жыр-аңыздар
Үстінде сауыт құралған.
Қасында жүр екі ер екінген,
Жалғыз жауға шабатын,
Жан-жағына қараман.
Құрманнан Құттық еріпті,
Батырмын деген адамдар,
Олжа алуға қалып па!
Аттанды Жақайымнан батыр Сартай,
Мінгені астындағы Шалқасқа ат,
Тап болған ер Шораның Шұбарындай.
Бойында сауыт-сайман, қару-жарақ,
Кіретін жауға қарсы Тарғындай,
Бойында бұлтарыс жоқ онда былай.
Аттанды Жақайымның Жылқайдары,
Белгілі батыр еді еліндегі.
Ақ сауыт жеті қабат үстіндегі,
Жарқылдап қару-жарақ беліндегі.
Астына мінген аты Ақайдар ат,
Ат екен құлан шеке, қиық құлақ.
Қаз табан от орнындай жалпақ тұяқ,
Мылтықтың сүмбесіндей жұмыр белі,
Астына кісі өткендей біткен саңлақ.
Ұстайды киік, құлан қуаласа,
Құтылып кеткені жоқ, қашып жырақ.
Адам түгіл, аң да қашып құтыла алмайды,
Қолына алғанды атып садақ,
Жауына тигізеді түсіріп дақ.
Аттанды Жақайымнан батыр Мыңбай,
Күркіреп келе жатыр жауған бұлттай.
Ер екен түсі суық, қалың қабақ,
Алдынан тұра алмайтын жауы шыдап.
кіші жүз шежіресі
Және бар бір батыры Сүгір деген,
Жау десе, көптен қалып кідірмеген.
Аты жүйрік, астында бар Қызылжирен
Ұстаған құлан қуып құрықпенен.
Аттанды Жақайымның Торықожасы,
Ер екен егескенде ел арасы.
Тайсалмай жүретұғын жауға қарсы,
Батырдың бір белгілі жолбарысы.
Астына мінген жүйрік Салторысы,
Жылқының нағыз құмай жүйрігі осы.
Алады Жақайымнан адам таңдап,
Ойына деген болар осыны қалап.
Адамнан көп жиылған не бітеді,
Бір таспен мың кесекті уатады,
Ер болса жауға қарсы оқ атады.
Аттанды Шүмекейден ер Арғынбай,
Тоқпанның іздерінен қалмай бәрі.
Қосылды Шүмекейдің рулары
Көнектің қалмай ерді адамы сайлы.
Келіпті мұнан бұрын Бай баласы,
Халықтың жоқ қой оған еш таласы.
Қашық еді, жері алыс шекарасы,
Бұ дағы Кіші жүздің бір баласы.
Басқарып келген екен батыр Сырым,
Хатынан Әйтекенің хабар алып.
Келіпті батыр Сырым жұрттан бұрын
Ойлайтын адам екен елдің арын,
Байұлының ертіпті батырларын.
Бай менен Қаракесек қосып басын,
Ойлайсып Әйтекеге болайық деп қонақ.
шежірелік жыр-аңыздар
«Қашаннан қара орын—орнаған бақ»,—
Деді де Әйтекеге болды қонақ.
Аттанды Шүмекейдің Жармамбеті,
Белгілі батыр еді еліндегі.
Жауынан тайынбайтын ер белгілі,
Бес жүз қол бірі қалмай түгел ертіп.
Шүмекейден аттанды
Мәлім менен Елемес.
Жау дегенде желігіп,
Қатардан қалар ер емес.
Төселген төр алдында аппақ киіз,
Түйелеп келіп жатыр өрік-мейіз.
Әр үйде саба толы сары қымыз,
Мың қойды және сойды етті семіз,
Аппақ май ағып жатыр, болып теңіз.
Шат болып ерлер жатыр, палау шайнап,
Биің жүр судай тасып, гүл-гүл жайнап.
Қонағы бұл порымнен болды жайлап,
Бір ойдан биің отыр жанын ойлап,
«Тілекті қабыл ет» деп Хаққа жылап.
Би ағаң қарсы алып құрметпенен,
Оларды мың үй тігіп етті қонақ.
Тұр екен алды-алдына дайындалып,
Жиналған болды әу демде халық қонақ.
Тік тұрып төрт қара қыз қызмет етті,
Көтеріп бірі құман, бірі табақ,
Жүгіріп күндіз-түні шытпай қабақ.
Мырзалық мұнан адам өте ме екен,
Қонаққа сояды екен тай мен тайлақ.
кіші жүз шежіресі
Аспазшы аралап жүгіріп жүр,
Сең салып, балалардай салып ойнақ.
Шақырып сусын, азық алдырады,
Қол жайып Кіші жүзге бер деп бата.
Баратқан талаптарын оң болсын деп,
Қол жайып Кіші жүзге етті дұға.
«Сыйынып бәрің Қожа Жаратқанға,
Жар бол,—деп,—Жаппар Алла баратқанға.
Тимейді өзі барып жатқан жанға,
Баратыр көрген зәбір арқасында.
Діні сасық қалмақтың табасына қалдырма,
Отырмын сыйынып, қолда» деп,—
Көкте періште бір Хаққа.
Сопы Әзі айтты сыйынып:
«Бол,—деді,—бұл үш жүздің шылауында.
Кетпе,—деп,—әр уақытта жолдан тайып,
Барам,—деп,—екі жүзге етіп талап».
Лезде кетті қожа көзден тайып,
Сопы Әзі осыны айтып болды ғайып.
Арттырып азық-түлік бір мың нарға,
Байлардан көмек сұрап алған екен,
Сүрленген өңшең ылғи жал мен жая,
Ішінде тағы да бар қазы-қарта.
Мың нарды жүз адамға жетелетті,
Іс қылды, осылайша таңырқатты.
Ісіне мына еткен болып риза,
Кіші жүз Әйтекеге берді баға,
Осы ағай сақи екен деп Атымтайға.
Жиналған Байұлы мен Қаракесек
Тарады Әйтекенің отбасынан.
шежірелік жыр-аңыздар
Келе жатқан бұл қашаннан қара орын,
Тараған талай халық ордасынан,
Кетпеген бақ-дәулеті отбасынан.
Ауылынан Әйтекенің шықты тарап,
Қалмаққа барамыз деп етіп талап.
Келеді өңшең ерлер екпіндетіп,
Оларға біткен жедел таудай талап.
Астында Сартай ердің Шалқасқа ат,
Келатыр қол шетінде ол да айғайлап.
Баратын Төртқараның адамдары,
Бұлар жүр Әйтекені жанамалап.
Келе жатыр қол шетінде өзі бөлек,
Отырған патшалардай халық сұрап.
Әр елдің билері бар қапталында,
Айтылған тапсырмасын жүр орындап.
Келеді бір қапталда Байдың ұлы,
Басқарып келе жатыр батырсынып.
Сескеніп, жаудан қорқып, тайынбайды,
Ішінде ерлері бар не бір күжім,
Асығып келе жатыр жолмен тұжым.
—Асықпа,—деп айтады,—батырларым,
«Сабырлық—сары алтын» нақыл барын.
Жол жүріп бірқаншама жақындады,
Көп ішінде Сартай атам асқар таудай,
Қасында Жылқайдар мен батыр Мыңбай.
Сүгір батыр келе жатыр бұлардан қалмай,
Торықожа қол шетінде салып айғай.
Осылай жол үстінде келатқанда,
Кездесті Кіші жүздің Арғымағы.
Хатынан Әйтекенің хабарланып,
кіші жүз шежіресі
Сүрікті күннен қалмай жеткен шағы.
Жетіру, Жағалбайлы, Тама, Табын,
Бәрі бір Кіші жүздің ынтымағы.
Басқарып келген екен батыр Сәрке,
Ер екен қайтпайтұғын жем мен желге.
Жүре беріп Жетіруға айтқан сөзі,
Атақты батыр екен белгілі елге.
—Байлағын алмас қылыш, буып белге,
Таласады кім осындай туымды ерге.
Бастырмай дұшпандарын өз жеріне,
Асырып қуған ер еді шығып белге
Атағы шыққан ер ед Кіші жүзге.
Және бар бір батыры намі—Есет,
Жау десе соған қарай жел де еседі.
Жауымен таймай тұрып кескілеседі,
Ер екен айбаты бар әруақты,
О дағы қатарынан кем емес еді.
Кездесті жол үстінде басын қосып,
Қалмаққа жетіп барды желдей есіп.
Кеңесіп Қаңтартауға салды қосын,
Ұлы жүз Орта жүзбен келген екен,
Күніне уағдалы нағып қалсын.
Үш алаш үш жағынан қосын алып,
Қалмақтың талқандардай тау мен тасын.
Аң аулап тау арасында жүргендерін
Жібермей елдеріне кесті басын.
Үш жүзден үш жүз адам қарауыл қойды,
«Өткізбе, бағып тұр» деп шекарасын.
Бас қосып бұл үш жүздің келген жері,
Көтеріп бұл қазақтың аңазасын.
шежірелік жыр-аңыздар
Тынығып осы арада үш күн жатты,
Он күндей құлан менен киік атты.
Қалмақтың шетке шыққан малын қуып,
Әкеліп барымталап, сойып жатты.
Келгенін қазақтардың хабарланып,
Қалмақ та елін жиып дайындалды.
«Барлық қазақ бірі қалмай келіпті» деп,
Бір жағын қашыруға дайындайды,
Қазақпен ұрысуға тайынбайды.
Майданға табылғанын алып барды,
Сап тартып қарама-қарсы тұрып қалды.
Үш алаш үш жағынан туын тігіп,
Бұлар да дайындалып жетіп барды.
Соғысып қалмақтан кек алуға бәрі
Сап түзеп қарама-қарсы тұрып алды.
«Ал, қазақ, батыр болсаң, жеке шық» деп,
Бір қалмақ шыға салып, айғай салды.
Мінеки, болды енді ердің сыны,
Іркіліп тұрып қалды ердің көбі.
Кідіріп жан-жағына қарамады,
Кідірмеңдер, жүр деп Сартай батыр,
Барам деп қайымдалған батыр Сырым.
Кетіпті Сартай бірақ мұнан бұрын,
Айғайлап көп ішінен кеселепті,
Естіп тұра алмайтын қалмақ сөзін.
Тасқындап, кеуілі өсіп жүрген қалмақ
Балаған асқар тауға ол да өзін.
Батыры ол қалмақтың Ерен деген,
Ойы жоқ бір адамнан өлем деген.
О да ер өз қайратын көрем деген,
кіші жүз шежіресі
Ер екен сол қалмақтың елі сенген,
Дұшпанына ар-намыс жібермеген.
Екеуі келе найза салысады,
Үстінде жеті қабат сауыты бар.
Найзасы ұңғысынан майысады,
Және де ат үстінен қылыштасты.
Қылыш тасқа тигендей қайырылады,
Тағы да ат үстінен алысады.
Үш алаш үш жағынан тілеу тілеп,
«Иә, Алла, жіберме,—деп,—дұшпанға арды».
Ер екен әруақты батыр Сартай,
Күш жиып қаһарланып ақырады.
Жақындап белбеуінен ұстап алып,
Көтеріп жас баладай алдына алды.
Салмағы Сартай ердің үш жүз келі,
Майысып жүре алмайды аттың белі.
Мысалы ер Шораның Шұбарындай,
Тап болған Шалқасқа ат—бұл тұлпары.
Өңгеріп қалмақты ерден әкететін,
Сүйретіп тойға берген көкпардай.
Ер еді ол қалмақтың бір белгілі,
Алып келіп батырды,
Батыр Сартай сөйледі-ай:
—Шығып едім майданға,
Әкелген олжам мынау-ай!
Тілектес сырттан қазағым,
Қолдай көр деп әруағың.
Абырой беріп Құдайым,
Ісімізді оңдадың.
шежірелік жыр-аңыздар
Әкелген мына қалмақты,
Тастаңдар,—деді,—байлап-ай,
Ас бер,—деді,—жайлап-ай.
Осыны айтып ер Сартай,
Жүре берді ұрысқа-ай.
Риза болып ер Көкше,
Жұртыңа барады-ай.
Батырды атқа өңгеріп,
Алып кеткенсін,
Шошынып қалмақтың
Танып есінен қалғандай,
Шақырып әскер бастығына тапсырды-ай.
Қақтырып қайта-қайта барабанын:
—Жабыл,—деп ұран салды—бірің қалмай.
Үш алаш үш жағынан ат қояды,
Көп қазақ аз қалмаққа жабылардай.
Әне кетті қазақ-қалмақ араласып,
Түнімен болды соғыс енді тыныш алмай,
Аспанға шығып жатыр жердің шаңы-ай.
Қалмаққа түсіп бұлан-талан жатыр бұлар талай.
Сарғайып бір уақытта таң атады-ай,
Жарқырап таң атқан соң күн шығады-ай.
Сәскеде шықты дауыс «Алаштаған»,
Жылқайдар Сартайменен құлаштаған.
Қасқырдай қойға тиген топ-топ қылып,
Қалмақты қуып, шаншып шабақтаған.
Не керек, ақыр бір қапталда батыр Мыңбай
Бұ да жүр жауған бұлттай күрілдеген.
Қалмақтар қорқып-сасып дірілдеген,
Сай-сала, жыра-шатқал жерге кірген,
Қалмақты өлтіріп жүр қолға түскен.
кіші жүз шежіресі
Артында және келеді Сүгір деген,
Қалмақты шауып-шаншып жүр не деген.
Аты жүйрік қашқандарды жібермеген,
Ұрысып жүр Жақайымның Торықожасы,
Астында мінген жүйрік Салторысы.
Қалмаққа жалғыз барам деген осы—
Алдынан сау кеткен жоқ келген кісі,
Көрінді халқына анық бұның күші.
Кіші жүзде батыр Ақбай ту ұстаған,
Қорқып, жаудан сасып ығыспаған,
Қасына келсе қалмақ қылыштаған,
Сонда да ұстаған ту жығылмаған.
Қозғалмай бір орында ұстап туды,
О да ер өз міндетін орындаған.
Ұрысып жүр Қарасақал Әбіл батыр,
Қалмаққа салып жүрген заманақыр.
Қолында қырлы найза—үш қырлы,
Шабақтап қалмақтарды қуалап жүр.
Батырдың тепкісіне шыдай алмай,
Домалап талайлары құлап жатыр.
Жығылған белдерінен басып жатыр,
Қалмақтар топ-топ болып қашып жатыр,
Шұбырып таудан ары асып жатыр.
Қалмаққа тиді Шарабас,
Қойға тиген бөрідей.
Қуып барад аралас,
Астында бар жүйрік ат—
Қашқандарды құтқармас.
Қолында бар ақ алмас,
Сілтегенде жан қалмас,
шежірелік жыр-аңыздар
Домалап жатыр кескен бас.
Ұрысып жүр Көнсадақ,
Көн садақты тартқанда,
Қашып жүр қалмақ қорғалап.
Жібермей қуып, қамап жүр,
Қашқандарды қуалап.
Өлгені жатыр домалап,
Астында бар көкшолақ
Шауып жүр оны сабалап.
Ұрысып келе жатыр Жәңкесары,
Қалмақты топтап айдап жатыр ары.
Келе алмай қарсысына дұшпандары,
Қалмақтың жығылып жатыр талайлары.
Көрінеді өлмесе де көбі жаралы,
Жаяулап қашып баратыр адамдары.
Ұрысқа кірген екен батыр Тайлақ,
Қалмақты қуалап жүр салып ойнақ.
Асынған қылышы, ақ балдақ,
Қалмақтар қашып бара жатыр тырақайлап.
Кейбіреу жүгіріп жүр жер бауырлап,
Басының аман қалар қамын ойлап.
Жүр екен бір жағында Ақсары Абылай
Қалмақтар қашып баратыр бірі қалмай.
Қуалап асырып жүр таудан ары-ай,
«Қатын ер қашқан жауға» деген осы-ай.
Ұрысып жүр Шықбай ,
Ат жүйрік қашқандарын құтқармаған.
Қолында қылыш, найза жалтылдаған,
Қалмақтар қорқып-сасып қалтылдаған,
Кейбіреу өтіп найза жараланған.
кіші жүз шежіресі
Қалыпты дәл орнында, ол—Киікбай,
Қадалған жерден қан алмай,
Қайтпайтұғын ер еді-ай.
Жылқайдар Сартайменен мұны көрді-ай,
Екеуі басын қосып шауып барды-ай.
Ұрысты жігерленіп жеделдетті-ай,
Үш батыр басын қосып сол арада-ай.
Қиратып көп қалмақты желдей есті-ай,
Тұрғызбай талайының басын кесті-ай,
Қуалап қалмақтарды биікке шықса-ай.
Жүр екен араласып Тілеуқабақ,
Баратыр қалмақтарды топтап айдап,
Мысалы қойға тиген қасқырдайын.
Батыр Арыстан және Көнсадақ,
Қалмақты жан-жақтан қуалап атар.
Бетіне оқ тиген соң түсіп дақ
Қойып еді Төртқараның төрт батырын.
Тұрсын деп Әйтекені қарауылдап,
Тұрыпты Әйтекені бұлар қорғап.
Әйтекеге амандықты тілеп отыр,
«Иә, Алла, жар бола көр» деп Хаққа жылап.
Шүмекейден ұрысып жүрген Жәнібек-ті,
Қарқындап қайтпай келед жаудан беті.
Еркін ер ерегесіп екпіндетті,
Қалмақтың талайының басын кесті.
Шүмекейде Арғынбай,
Батыр екен Тарғындай.
Қалмақты қуалап шауып жүр,
Жапырып көк шалғындай.
шежірелік жыр-аңыздар
Шүмекейде Ұбаттай,
Көзін салад қияға-ай.
Қалмақты қайырып қуып жүр,
Жібермей шетке далаға-ай.
Қуып жүріп сабады-ай,
Жеткеннің басын шабады-ай.
Аңаз менен Елемес,
Олар да бұдан кем емес.
Қалмаққа салды төбелес,
Егескен жерде ерлігі,
Дұшпанына кегін жібермес.
Көреді бір қапталда Байдың ұлын,
Қалмаққа салып жүрген қызыл қырғын.
Бар екен ортасында батыр Сырым,
Қалмақты қуалап жүр бұлың-бұлың.
Ұрысып жүр Кіші жүздің Арғымағы,
Бар еді оларда да ер саңлағы.
Екпіндеп шауып жүрген ерлері бар,
Жерлерді тозаңдатты ат тұяғы.
Қалмақты қуып шаншып, тозаңдатты,
Аспанға шығып жатыр жер шаңдағы,
Қалмақты қашырыпты ол маңдағы.
Айғайлап келе жатыр батыр Сәрке,
Құтқармай қалмақтарды алдындағы.
Оқ тиіп жаралы болды сол арада,
Сонда да жау қолында қалдырмады,
Жар болып Кіші жүздің әруағы,
Келе жатып жол үстінде қаза тапты.
Ерлер шын, әне, сондай болды-дағы,
Жаман деп кім айтады бұлар-дағы.
кіші жүз шежіресі
Қалмақпен ұрысып жүр Тама Есет,
Тайсалмай талайлардың басын кеседі.
Қиратып көп қалмақты желдей еседі,
Кездескен ерлермен кескілеседі.
Асырып бір бөлігін қуып кетеді,
Аман-сау өзі қайтып елге жетеді.
Бір хабар Орта жүзден, Ұлы жүзден,
Олар да бір тайпасын қуып кеткен.
Кегі бар ел есебі ол өшіккен,
Шын ерлер бар екпіндеген,
Өлтіріп, талайының басын кескен.
Қалмақты бөліп-бөліп қуалап кеткен,
Өшіккен дұшпанынан кегін алып,
Қалмақтың осыменен ісі біткен.
Басылды зауал ауа енді соғыс,
Істеген істерінде болмай кеміс.
Ерлердің қайтып келді бәрі тегіс,
Мінеки, қазақта болды жеңіс.
Ерлердің көрінеді бәрі де аман,
Қазақтан өлген адам бар, жараланған.
Сонымен ұрыс бітіп, тамамдалған,
Қалмақтан кеткен қазақ кегін алған.
Төле би Қазыбекпен қосып басын,
Екеуі Әйтекеге келіп тұрып,
Айтады біріне-бірі армандарын.
Қалмақтың елін шауып кек алғансын,
Бітіріп ойына алған жұмыстарын.
Тынығып бір азғантай демалғансын,
Ерлермен ел жақсысы ізіне ерген.
Сартай «Мен Қорен қалмақты көрем» деген.
Таудай боп жатыр қалмақ кісенделген,
шежірелік жыр-аңыздар
Ер еді барлық қалмақ елі сенген.
Қалмақты қамалап тұр ылғи қазақ.
Қасқыр бет қалмақ екен, қалың қабақ,
Алты қойдың терісінен киген тымақ.
Батырға қолға түскен бар ма сынақ,
Қояндай бұғып жатыр, түскен тұзақ.
Таңырқап ел, бейнесіне қарап тұрып:
«Жар болған Сартай ерге Құдай, әруақ».
Көрсетті ер қайратын көп халыққа,
Күшіне ердің еткен кеуілі пісіп,
Үш жүз боп Сартайға берді баға.
Білген соң әділділік, даналығын,
Билік беріп үш жүзге етті аға,
Бақ қонып, би болды ағалыққа.
Қалмақтан келген олжа, мал-мүлікті,
Үш жүзге бөліп береді сыбаға.
Ер Сартай айтты: «Билікті бұл араға,
Бөлінбейді келген олжа ешбір жанға,
Иншалла абыройсыз емес халық,
Шүкірлік етпейміз бе берген баққа.
«Ер олжасы тапқан жерде қалады» деген,
Берілсін бүлінген ел—Орта жүзге.
Қалмақты қазақ шапты деген атақ,
Болмай ма, сол олжа да сіз бен бізге?
Олжаға жаудан келген көзің сүзбе,
Бұл қалмақ жау болмайд деп күдер үзбе.
Қыз алсаң құтты болсын өзіңізге,
Қайырлы келін болсын елімізге,
Келмейік мұнан артық бөтен сөзге.
кіші жүз шежіресі
Жау жеңген қуанышты кеуілменен,
Қайтайық енді тарап елімізге».
—Ерлер мен ел жақсысы мақұл, деді,
Айтқаны би ағаңның ақыл, деді.
Қоренді қолға түскен өлтір, деді,
Бітеді елдің кегі сонда, деді.
Болмаса Қазыбекке құлдыққа бер,
Құл жұмсап елдің кегін алсын,—деді.
Сартай сонда сөйлейді:
—Құлдыққа бергенменен, бұл көнбейді,
Босанып өз еліне кете қойса,
Қайта шауып, бұл елге күн бермейді,
Қалмақ ер ашуланса, әлің келмейді.
Сартай би айтқан еді көпке ақыл:
—Ерді ер қолға түскен өлтірмейді,
Келе атқан бұрынғыдан қалған нақыл.
Ер мен ер кездескенде өлу керек,
Дем бітіп, сол арада болса қапыл.
Жұмсаймын бұл қалмақты өз еліне,
Тапсырам екі ауыз сөз көрсе, мақұл.
Босатып бұл қалмақты жіберемін,
Тапсырма бір-екі ауыз сөз беремін.
Қазаққа енді қайтып тимеймін деген,
Қонтайшы ханнан алып келсін сөз берігін.
Келмесе ертең түсте уәдеге,
Қалмақты өзім барып бір көремін,
Осымен бұл қалмақты жіберемін.
Осыны айтып ер Сартай,
Еліне Қорен батырды жібереді.
19-83
шежірелік жыр-аңыздар
Таймайтын уәдеде о да ер еді,
Босанып Қорен батыр еліне келеді,
Іркілмей ханына келіп сәлем береді.
Айтады ол қазақтардан көргендерін:
—Ассалаумағалейкум,
Отырсыз ба аман, ханым-ай!
Мен байлауда жатқанда,
Келмеді ешкім жаныма-ай.
Кете бердің сен қашып,
Алды-артыңа қарамай.
Мені қазақ босатып,
Аман келдім еліме-ай.
Байқап тұрсам шамаңды
Бүлінген, ханым, еліңе-ай.
Тау тасалап қашыпты,
Елдегі батыр, ерің-ай.
Қуып қазақ малыңды,
Шаңдатыпты жеріңді-ай.
Және таңдап алыпты,
Елдегі сұлу қызыңды-ай.
Шабылып халық, елдерің,
Ұшырапсың шығынға-ай,
Тыңда, ханым, құлақ сал,
Айтайын енді өзімді-ай.
Мықтап ұстап белімнен,
Көтеріп алды атымнан,
Көрмеді артық қатыннан.
Алып барып өңгеріп,
Аяқ-қолымды байлаған,
Екі көзім жайнаған,
Дұшпаныңды мен ем қайырған.
кіші жүз шежіресі
Жан келмеді артымнан,
Көрмедім пайда халқымнан.
Ұрысуға жауыңмен,
Жоқ еді жерім тартынған.
Көрген жоқпын батырды,
Қайраты менен артылған.
Мен мұндай ерді көрмеп ем,
Қаһарынан нан пісіп,
Кетіп ед жау алдынан.
Нағыз туған ер екен,
Қайтпайтұғын Тарғыннан.
Кереметті ер екен,
Барлық қазақ бас иіп,
Қамалап қазақ келгенсін,
«Жеке шық» деп ақырдым,
«Бірің кел» деп шақырдым.
Шыға келді бір қазақ,
Соныменен алыстым,
Ырғалып найза салыстым.
Қылыштастым, серместім,
Найза қалды қайырылып,
Үстіне киген көк сауыт,
Қылыш қалды майырылып.
Жағаласып алыстым,
Амалды енді тауыстым.
Сол уақытта ол қазақ,
Қаһарланып ақырды,
Әруақтарын шақырды.
Жас баладай көрмеді,
Мен секілді батырды.
шежірелік жыр-аңыздар
Айтқаным осы тыңдасаң,
Қайтпаймын енді антымнан.
Осыны айтып болған соң хан ойланып: «бұл екеуі қазаққа
қосылып, елге қайта шауып, Саранақ секілді қаланы бүлдірер»
деп қауіп етіп, «қазақ осыменен кететін болса, бір-бірімізге енде
қайтып тимеске шарт жасайық. Қағаз берейік» десті. «Қазаққа
енді қайтып тимейміз» деп хат жазып, шарт жасап, қонтайжы
хан қолын қойып, мөрін басып Қорен батырдан беріп жібереді.
Сол қағазды әкеліп Сартай батырға тапсырып, Сартайменен та-
туласып, еліне қайтады. Сартайдың мынадай ісін көрген соң үш
жүз Сартайдың ақылы мен ерлігіне риза болып, «Ер Аннас» де-
ген атақ береді. Үш жүздің атынан «үш жүздің би ағасы» деген
Сартайдың мөрі болған.
Сонан кейін ер Сартай,
Аттанып жауға жүрмеген.
Халық егесі би болып,
Үш жүздің сөзін сөйлеген.
Бітіріп дауды елдегі,
Хандарға теңдік бермеген.
Арын арлаған қазақтың
Батыл да батыр би екен.
Қатарындағы халықтан
Қарсыға дұшпан келмеген.
Ықпал бағы таймастай,
Бір жүз жиырма бес жасқа келген.
Алғыспен дәрежелі өмір сүрген,
Атамыз осылардан үлгі көрген.
Ер Сартай осыменен аяқталды,
Үш жүзге аға болып атақ алды.
Үш жүзден қайратымен ақылдасып,
Басына баянды боп бақыт қонды.
кіші жүз шежіресі
Ерте өткен уақытта,
Осындай заман өтеді-ай.
Сонан бері бұл үш жүз,
Өркендеп, шалқып өседі-ай.
Өніп-өсіп халық боп,
Жөніне тарап кетеді-ай.
Аға болып үш жүзге,
Сартай бата береді-ай.
Ендігі сөз, мінеки,
Жылқайдарға келеді-ай.
Сартайдың әкесі Байжан Бұландының бойында Тарақ деген
кең қолтық жер бар екен Арал теңізінің жағасында. Сол жерде
Адамтас деген тас әлі бар. Сол жер Байжан атындағы жайлау
екен. Сол кезде Сартай он төрт-он бес жас шамасындағы бала
екен. Әкесінің жылқысын бағып жүреді екен. Сол жылқыны
бағып жүргенде бір шалқасқа тұлпар келіп, бір биесіне шауып
кетеді. Сол биеден шалқасқа ат туады. Байжан атамыз Сартайға
«сен адам боласың» дейді екен. «Ары болсаң, бір жүз елу жас
жасайсың» дейді екен. Сартай адам болып ат мініп, қатарға кел-
ген соң бір төрелікті түзу айтпай, сонан жиырма бес жас кеміген
дейді. Сонда да бір жүз жиырма бес жас жасаған адам екен.
Кейін Сартайдың Шалқасқа атына серік Көкбас деген атаны
болған. Ел арасына сол атанменен жүреді екен. Сартай өте ірі
адам болған. Ат алып жүре алмайды. Шет елге жауға шапқанда
Шалқасқа атқа мінеді екен. Қаракөл деген көлдің басында Сар-
тай деген қорым бар. Ол Сартайдың сүйегін жуған жер. Сартай
өлерде «менің сүйегімді Көкбас атанға артып жібер» дейді. Ол
атан Қосымқожаның қор жағына барып тоқтайды. Сартайды
сол жерге қояды. Сартайдың сүйегі Қосымқожада, Қызылдың
шөлінде.
Қолыма қалам алып жаздым хатқа,
Жаздым мен Кіші жүздің батырларын.
шежірелік жыр-аңыздар
Атағы жойылмасын қалып артқа,
Халық қорғап заманында өтті бұлар,
Жайылсын жария болып, сөз халыққа.
Бұл сөзге талаптандым етіп еңбек,
Атағын ерлеріңнің шығармаққа.
Фердоуси, Рүстемді,
Отыз жыл жазып қалдырған,
Дүние жүзіне сөзін халыққа.
Біліп ол оның еткен еңбегіне,
Түсінде көріпті мініп пыраққа.
«Алты жүз жыл жер астында қалып едім,
Қалдырдың атағымды,—деді,—артқа.
Тірі болсаң, еңбегімді ақтар едім,
Риза бол тоғыз берген гауһар тасқа.
Сілтеді тоғыз гауһар жатқан жерден,
Бұйырса сізге нәсіп ықыласқа,—
Деді,—деймін болды мініп атқа,
Ерлердің бәрі сондай заманында,
Сүйенген өткен ерлер әруаққа.
Бұл сөзді бір жыл жазып, еттім еңбек,
Менің де бұл еңбегім кетпес босқа.
Бұл сөзім білімдіге түсінікті,
Адам деп түсінбейтін ақыл қысқа.
Жазып ал жақсы сөзін жастарымның,
Жақсыдан кем болмайсың, алсаң нұсқа.
Қолыма қалам алып қараладым,
Сұрасаң атым—Қарман Сұлтанұлы,
Жасымнан ой мен қырды араладым.
Қолымнан келгенінше құрмет етіп,
Етегін жақсылардың жағаладым.
кіші жүз шежіресі
Деген бар «ел қыдырған болар сыншы»,
Айырып жақсы-жаман шамаладым.
Әуелден өлең-жырға үйір болдым,
Сөз жинап, сөз қадірін бағаладым.
Белгілі Нұртуғандай болып жүйрік,
Шайырдың қатарына саналмадым.
Тотыдай бойын толғап таранғанмен,
Сөздерін алпыс шақта таба алмадым.
Сондықтан Кіші жүзді жыр етуге,
Көңілдің көрме туын сабаладым.
Әйтеке, Сартай, Жылқайдар жыр етейін—
Кеуіліме осы болды қалағаным.
Жинақтап көптен бері сөз желісін,
Кәрия үлкендерден сұрағаным.
Артына Жылқайдардың және қостым,
Тіліне жәрдем бергей бабаларым.
Бұл сөзді естігенде таласарсың,
Ішінен аларсың бір жарағанын.
Баспаға бұл сөзімді берсем деймін,
Білмеймін не айтарын сыншылардың.
Еңбекті бағаласа тыңдағандар,
Сөзімнің пайдаға асып, жарағаны.
Пісмілла сөзді бастайын,
Ағайын, тума, халқымсың,
Лағыл, жауһар, алтынсың.
Сөйле десең, халқым-ай,
Көп жамағат алдында
Сайрап тілім шалқысын.
Тамаша беріп еліме
Кеулім нұрдай балқысын.
Қадірлесе басымды,
Өлеңменен қарсы алдым,
Көпшіліктің жалпысын.
Мен жалғыз болсам, халқым көп,
Қалай басым жалқысың.
Білмесең елдің қадірін,
Бұхараның сартысың.
Шаршама сөзге жалығып,
Халықтың бұлбұл қартысың.
Сөйлейін білген жырымнан,
Қалдырмай айтып сырымнан.
Жыршының ұзақ сөйлеуі
Келе жатқан бұрыннан.
Өлең шежіре
өлең шежіре
Халқым сөйле дегенде
Шабысты бұзып бұрылман.
Тыңдаушы күтіп тұрғанда,
Қалдырмайын жолынан.
Қалдырмай сөйлеп кетейін,
Келтірсе Тәңірім оңынан.
Бастайын сөзді тарихтан,
Бұрынғы өткен халықтан.
Кімдермен кімнің туысы,
Кімменен кімнің жуысы,
Сөз болсын үлгі танытқан.
Дүние қалып келеді
Неше мықты алыптан,
Неше әулие өтті ғой
Кең дүние жарықтан.
Опасыз дүние қалып жүр
Талай ғасыр қарыптан.
Біреулерге кең дүние,
Біреулерге тар дүние,
Біреудің жолын тарылтқан.
Талайды мас қып шалқытып,
Кейбіреуді дүние налытқан.
Дүниеден өтті күрмеліп
Талай көкжал, арыстан.
Дүние қалды сый бермей,
Нешелер аш пен арықтан.
Опасын көрмеді жалғанның
Талай асыл, данышпан.
Нешелер жүйрік өтпеді
Бәйгі алған озып алыстан.
Осыменен, әлеумет,
шежірелік жыр-аңыздар
Біреу ерте, біреу кеш
Дүниеден өтті, жарысқан.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Отыз үш мың сахаба—
Олар да түскен қапаға.
Жиналған толы халайық,
Мұнымды жалған демеңдер,
Әулие Адам ақыры—
Алланың досты Мұхаммед.
Жер менен көкті жаратты,
Өз пазылымен Құдірет.
Дініміз—ислам, мұсылман,
Мұхамедке біз—үмбет.
Мұхаммедтің тұсында,
Талай оқиға іс өткен.
Руы ғажам Ғайбардан
Мәлік деген кісі өткен.
Қайырден екен бабасы,
Басында араб қызы екен
Мәліктің туған анасы.
Сол кісіден туыпты
Атамыз Әнес сахаба—
Мәліктің жалғыз баласы.
Қайшы келген сол кезде,
Қайырден екен исламның
Екеуінің арасы.
Пайғамбарға сенбеді
Қауымы күшті көп халық,
Діннің болған таласы.
Алладан келген бұйрықпен
Жүргізді дінін Мұхаммед,
Айрылып ақ пен қарасы.
өлең шежіре
Әзіреті Кәлам Шәріптің
Оқылды отыз парасы.
Исламның туын көтеріп,
Шам болып жанды күндіз-түн
Мединенің қаласы.
Түсінгің, халқым, бұл жерде,
Айтылсын сөздің сарасы.
Кәпірден қашып атамыз,
Мединеге келіпті.
Кұдіретінен Алланың
Дін исламға кіріпті.
Расулының алдында
Қызмет етіп жүріпті.
Қызметімен жағынып,
Сахаба Әнес болыпты,
Кеулі нұрға толыпты.
Жиналған халық, ағайын,
Сөйле деп бердің ерікті.
Шежіреде осылай,
Кімдер мұны көзімен көріпті.
Тоғыз тайпа байтақ ел,
Атамыз Әнес сахаба
Сол адамнан бастап өріпті.
Осы жерден айтылад
Атамыз Әнес болғаны.
Атаға тартып ұл туып,
Анестен Жабал туғаны.
Би болып, Жабал бай болды,
Ордасын қалап құрмады.
Билігі әділ, кең мінез
Жабалды халық сыйлады.
шежірелік жыр-аңыздар
Қанша әйел алса да,
Жабалдан жалғыз ұл туды,
Оның атын Мағаз қойғаны.
Мәлік, Әнес тақ туып,
Үш атаға келгенше,
Кіндіктен жалғыз болғаны.
Тыңдаймын десең, халайық,
Сол жерден бастап қозғалық.
Атанды елге ер Мағаз,
Мырзалық пен байлыққа
Мағаздан адам озбаған.
Ел аралап, жер кезді,
Қосарлап мінді жорғаны.
Меккеден мешіт орнатып,
Жинады имам, молданы.
Жай орнатып қонаққа
Сыйлады би мен мырзаны.
Мырзалық, байлық тең жүріп,
Асыл туған Мағаздың
Үш әйел екен алғаны.
Естек, Ноғай болыпты
Бәйбішеден туғаны.
Естек, Башқұр, Уфалық,
Олар да ислам жолын құрғаны.
Еділдің жоғарғы өрінде
Салынған Қазан қалашық.
Он екі санды ноғайлық,
Жеті санды мамайлық,
Әнестен өрбіп тараған
Екі тайпа бұл халық.
Екінші алған әйелден
Қырымның туған татары.
өлең шежіре
Бәйбешесі асырап,
Естек пенен Ноғайдың
Солардың болған қатары.
Өскеннен соң елге хан болып,
Дұшпанға өтті заһары.
Қара теңіз жағасы—
Қырымнан орнаған шаһары.
Үшінші тайпа саналған
Қырымның осы татары.
Арғы атаң Әнес болғанмен,
Мағаздан туып тараған.
Алты бала туыпты
Үшінші алған әйелден.
Біріндеп айтып берейін,
Тыңдаңыз сөзді құралған:
Құрай, Құрбан, Ақшолпан,
Шешен, Шеркаш, Дағыстан,
Жалықпай тыңда, халайық,
Отырмын сөйлеп алыстан.
Тоғыз ұл туып Мағаздан,
Тоғыз тайпа ел болып,
Келеді қалмай тарихтан.
Шежіре жалған болмаса,
Осылай сөзім танытқан.
Білгенімді сөйлейін,
Озған жүйрік емеспін
Ауыздықпенен алысқан.
Шүкіршілік пенен тәубам бар,
Кем болмай жүрсем қатардан.
Естек, Татар, Ноғайлы—
Үшеуі екі анадан.
шежірелік жыр-аңыздар
Құрай, Құрбан, Ақшолпан,
Шешен, Шеркеш, Дағыстан
Бір қарыннан жаралған.
Үш ананың туғаны
Тоғыз ұл болып саналған.
Тоғыз тайпа ел болып,
Тоғыз түрлі тіл болып,
Дүниеге таралған.
Енді Ақшолпаннан туыпты
Жалғыз болып Аламан.
Өзі жалғыз болса да,
Өркені өсіп жайылып,
Дүниені ораған.
Аламаннан туыпты
Алаш, Наурыз атамыз.
Заманында биі болып,
Халық басын құраған.
Алаштан ұрпақ өрбіген,
Наурыздан бала болмаған.
Жалбарынып күндіз-түн,
Тілеген бала Алладан.
Жер аралап, ел кезіп,
Әулие қоймай жылаған.
Қанша еңбек етсе де,
Атамыз Наурыз қартайып,
Баласыз қарт Наурыз
Әлсіреп, меңдеп жүреді.
Қайғысы менен науқасы
Күннен күнге үдеді.
Шақырып Алаш інісін,
Өсиет айтып сөйледі.
өлең шежіре
Алаштан тілек тіледі,
Түсініңіз бұл жерде,
Баласыз Наурыз атаның,
Алашқа айтқан сөз еді:
—Қарағым Алаш, бір туып,
Еркіндеп сүрдік дүниені.
Сенен ұрпақ таралып,
Дүниенің жүзін аралап.
«Алаш» деген даңқ болып,
Халқыңмен атың жүр еді.
Сен кетсең, Алаш, дүниеден,
Ұрпағың жасап өреді.
Мен кетсем, Алаш, дүниеден,
Ақ жуып, халқым арулап,
Атымды қоса көмеді.
Сенен басқа қарам жоқ,
Артымда қалған балам жоқ,
Қайғымды кімдер шегеді.
Мен өсиет тастап артыма,
Өзіңнен қалған жалпыға,
Қарағым, Алаш, туысым,
Мен өлген айдың ішінде
Бірнеше қазан ас жылына,
Тарқат менің атыма
Садақа «Наурыз көжені».
Алаш-Наурыз даңқ болып,
Менің атағым сонда жүреді.
Осыны айтып қарт Наурыз,
Қайтып келмес сапарға,
Дүниеден өтіп жөнелді.
Алаштан қалған ұрпақтың
«Наурыз көже» асатын
Ағасы Наурыз Алаштың,
шежірелік жыр-аңыздар
Өсиет қылған сөз еді.
Бір қазан ас садақа,
Жеті түрлі дән қосып,
Атандырып «Наурыздық»
Әр жылы халқым береді.
Сол себепті даңқ болып,
Алаш-Наурыз ат болып,
Әлі қалмай келеді.
Сөйлейін енді Алаштан,
Халқыма сөз жарасқан.
Алаштан өрбіп үш арыс,
Дүниеге тарасқан.
Анық біліп сөйлесем,
Дүниеден өтті неше жан.
Талай патша, талай хан,
Алаштың екеу баласы—
Жайылхан мен Сейілхан.
Сейілханнан туылған
Сегіз арыс Түрікпен:
Теке, Жәуміт екеуі,
Жемірейлі, Шаудыр төртеуі,
Қарадашлы, Қаратай,
Көклен, Сарық—сегізі
Сейілханның баласы-ай,
Бұған кімнің таласы-ай.
Мен келемін атаң Алашқа,
Алаштан туған Жайылхан.
Жайылханнан туыпты:
Мүтен менен Майқы би.
Ақылды Майқы би болды,
Халық аузына қараған.
Қадірлі болды Майқы би,
Халыққа білім таратқан.
өлең шежіре
Сейілхан мен Жайылхан
Туып еді Алаштан.
Сейілханнан Түрікпен,
Бір Алаш болып тарасқан.
Жайылханның баласы—
Майқы мен Мүтен бір туған.
Сөйлейін сөзді саяқтан,
Тыңда ата тегіңді
Адамның кеулін оятқан.
Мүтеннің елі аз болып,
Түлек деген қалаға
Қонысын соған орнатқан.
Майқы, Мүтен бір туды,
Бұл—екінші Алаш келе жатқан.
Майқы бидің баласы:
Түмен, Өзбек—қарындас.
Орнық берсе, Құдайым,
Бағың келді аралас.
Талдап айтып бергенде,
Шежіреден сөз қалмас.
Өзбек, Түмен ұрпағы
Келеді өсіп аралас.
Өзбектен туып өрбіген,
Санасаң, үлкен бір Алаш.
Жетесі жаман жасық-ты
Әбубәкір атамыз—
Шежіре деп сөз қылмас.
Тыңдасаң ақыл-ойменен,
Тілі басқа халықты,
Шежіре қылар қандас.
Түмен-Өзбек түбі бір—
20-83
шежірелік жыр-аңыздар
Түбі атасы Майқы би,
Туысқан бізбен қандас.
Енді Майқының үлкен баласы—
Түменнен тыңдап қарашы.
Білдірейін, білмесең,
Түменнен туған кім десең,
Айырқалпақ, Келемек,
Айтайын неге, білмесем.
Әнестен тарап өрбіген
Арғы ата—негізің.
Қанаттас болған халқыңа
Болмасын қарсы жұлдызың.
Тыңдасаң ата тегіңді,
Көтерілер кеулің
Құшқандай болып хор қызбен.
Енді Келемектен тараған,
Қара мен Сары—екі арыс.
Алатаудағы қырғызың
Алаштың бұл да баласы.
Жылына берер «Наурызын»,
Бізбенен қырғыз бір туған
Қандас туған бауырым.
Алаштан өрбіп ел болып,
Таралып жатыр жан-жаққа.
Домбыраның сөйлеуі
Он екі перне бармақта.
Қызыл тіл, сөйле жалықпа,
Сиынып ата әруаққа.
Шалқитын мұндай күн қайда,
Мезгіл, сүрек бітіріп,
Ілінсең бір күн қармаққа.
өлең шежіре
Пазылыңмен сақта, Құдайым,
Келтірмей дұшпан-шарбаққа.
Айырқалпақ атамыз—
Шаруа екен сол уақта.
Сахара кезіп, ат мініп,
Ашылған кеулі мал бақса.
Мырзалық, байлық тең жүріп,
Дабылы кеткен жан-жаққа.
Төрт [түлік] мал иесі,
Есепсіз болған түйесі.
Өрісі болған құрғақта,
Қонысын тапқан атамыз,
Өзен, судың жағасы,
Көкорай шалғын саласы.
Жаңбырлы су, бұлақ,
Қарағай, қалың ну орман—
Қыс кезіндегі панасы,
Семірген малы сырғақта.
Қайырлы қазан, кең пейіл,
Салынған төсек қонаққа.
Қамқорлы туған жан екен,
Қондырған көрші оң жаққа.
Сол кісіден туып Қазақ пен Созақ та.
Тыңдаушы, күтіп тұрсаңыз,
Сөйле, тілім, ұзатпа!
Жалықпай сөйлеп берейін
Түсінген асыл шыраққа.
Енді Созақтың екеу баласы-ай—
Сойыр мен Толағай,
Сөйлейін енді сонан-ай.
Олардан өнген ұрпақтың
шежірелік жыр-аңыздар
Түркістан екен тұрағы-ай.
Күндіз-түн жанды талмастан,
Құл Қожа Ахмет Яссауи—
Әулиенің шырағы-ай.
Мұсылман қолын жеткерген
Әулие еді қырағы-ай.
Ибраш деген жас бала,
Бар еді жалғыз ұланы-ай.
Киіміне қызығып,
Өлтірген Сойыр баланы-ай.
Сойырдан тұқым қалмады,
Дөңбек деген кеселден
Қырылып бәрі жайрады-ай.
Дүниеге қызығып,
Таппады Сойыр пайданы-ай.
Енді Созақтың үлкен баласы
Толағайдан туылған—
Сақат менен Қоңырат.
Қаналас мынау бауырға
Айтпай кетсең тағы ұят.
Қарақалпақ екі арыс
Туысқан бізбен зүриат.
Қалпақ бізбен ағайын—
Қазақ, Созақ бір туған
«Наурыз» көжесін қайнатып,
Кенже Алашқа қосылад.
Айырқалпақ өлген соң,
Қазақ пенен Созаққа
Енші берді анасы.
Бөлектеп басқа үй тігіп,
Айрылды енді анасы.
өлең шежіре
Сол күндері күз еді,
Су келеге мұз еді.
Үлкен үйге шақырды
Келіні мен баласын.
—Төрт түлік мал, қазына
Қайсысын қалап аласың?
Қалауыңды ал, шырағым,
Ішімнен шыққан баламсың.
Сонда ойласты Созақ қатынға:
—Қатын, маған жақында,
Ойласып, енді екеуміз—
Тұрайық енді мақұлда.
Төрт түлік малдың ішінде
Қалағаның түйе ме,
Немесе жылқы, бие ме?
Қонақ келсе, қонатын,
Қой-ешкі алып соятын,
Жылына екі туатын
Жандықты кеулің сүйе ме?
Жаз болса, айдап салатын,
Қыс болса, қолда бағатын,
Бес сиыр саусаң, күзелеп
Сары май, қаймақ алатын.
Тарлан өгіз, боз бұқа
Жер жыртып, егін салатын,
Осы ма, иә, үлесің,
Ұнай ма, қатын, кеңесім?!
Төрт түлік мал ішінде
Мөңіреп жүрген қара мал,
Қатыным, мұны қалай көресің?
шежірелік жыр-аңыздар
Қалпақтың қатыны сөйледі:
—Не қыласың түйені,
Көшіп-қонып жүресің.
Тұрақтамай бір жерде,
Таулы қоныс кезесің,
Түйеге арта алмаймын жүгіңді.
Керегі жоқ жылқының,
Ұстай алмаймын құлынын.
Күндіз-түні күзетіп,
Жылына екі өретін,
Бейнетімді үдетіп.
Жаз болса құрттап мешелін,
Өзімді-өзім жүдетіп,
Баға алмаймын қойыңды.
Айдап салсам келетін,
Өзімен-өзі жүретін,
Төрт түлік малдың ішінен
Жақсы көремін сиырды.
Несін аяйды ата-ана
Ішінен шыққан балаға.
Төрт түлік малдың ішінен
Созаққа сиырды берді қалаған.
Қақпады қолын анасы,
Дүниесін берді сұраған.
Атаң Қазаққа берді түйені,
Азынаған айғыр, биені.
Он екі сала Сарыарқа—
Атасының мекені.
Сахара кезіп жүреді,
Жылына екі балалап,
Қорадан қой балалап,
Қорадан қойы өреді.
өлең шежіре
Көңілі ойлы би қазақ
Жаралған асыл сүйегі.
Камшат бөрік, қамқа тон,
Тігулі алтын, қазына,
Қымбаттан киім киеді.
Ертеден шапса, кешке озған,
Ылдидан шапса, төске озған,
Қара жүнді, қара азбан—
Арғымақ сайлап мінеді.
Шаруашылық кәсібі,
Сән-салтанат түрменен,
Жаз болса, көгал кезеді.
Бастан пітір, садақа,
Зекетін малдың береді.
Жаз болса, қымыз—сусыны,
Қыс болса, жая-жал шайнап,
Қазы мен қарта—жегені.
Жарлы мен жалғызға
Жүреді тиіп көмегі.
Қайырлы қазан, сырлы аяқ,
Шұбатқа толы зерені,
Мырзалықпенен байлығы—
Жылдан жылға үдеді.
Ат байланып, күндіз-түн
Ордаға қонақ түнеді.
Бос болмас орда қонаққа.
Пақыр менен міскінге
Садақа, қайыр таратқан.
Келеді адам жыл сайын
Патша менен манаптан.
шежірелік жыр-аңыздар
Күш құйылған ордаға
Жиналды адам жан-жақтан.
Ел жиылып қазаққа,
Қосылды келіп ұзақтан.
Қазына алып, қажы барып,
Меккеден мешіт орнатқан.
Атамыз Әнес шайқының
Қабіріне зияраттап,
Қағбаға барып, он қайтқан
Патша алып халықтан,
Неше пақыр ғаріптен,
Неше әулие шайқыдан.
Қалдырмай сыйлап әруақты,
Қайырлы қазақ ер болды,
Құдай артық жаратқан.
Атасына тартқан ер болып,
Үш бала туды Қазақтан.
Біреуі оның—Ақарыс,
Той болған үлкен ат жарыс.
Екінші бала—Жанарыс
Халық жиып, той қылып,
Мал семізін сойдырып,
Күрескен палуан арпалыс.
Үшінші бала—Бекарыс
Сыйлады жат пен бейтаныс.
Қазақтан туған үш бала—
Өңкей көкжал, жолбарыс.
Қысқартып айтып кетейін
Ақынға әлі жол алыс.
Қазақтың үлкен баласы
Ақарыстан туады,
өлең шежіре
Алты бала анадан.
Аттарын айтып берейін,
Санаңыз мұны, тыңдаған.
Дулат, Үйсін, Сыйқымды—
Мұның туған ұлдары
Қаршыға құстай сілкінді.
Жаныс, Шымыр, Ботпайлар
Түскеннен жерге бұлқынды.
Бұлардан өрбіп тараған
Ұлы жүз дейді жұртымды.
Екінші ұлы Қазақтың
Жанарысқа келейін.
Талдап айтып Қазақтың,
Төресін ашып берейін.
Жиналған толы азамат,
Көтерілсін мерейің.
Өзім Қазақ болған соң,
Тегімді неге білмеймін.
Жанарыстан төрт бала
Тыңдасаңыз, азамат,
Қырындама, бер қара.
Бірінші туды Мырзасы—
Жақсылардың жолдасы.
Екінші туды Шорасы—
Атанып елге би Шора,
Әкесінің қонды мұрасы.
Үшіншісі—Қарасы,
«Қара батыр» атанды,
Бұ да Жанарыстың баласы.
Төртіншісі—Сарысы,
Бір-бірінен кем емес,
шежірелік жыр-аңыздар
Төрт атаның туысы.
Бұлардан өнген халықты
«Орта жүз» деп атаған.
Қазақтың ділмәр кәрісі
«Орта жүз» деп атанған.
Арғын, Жаппас екеуі
Туылған екен Мырзадан.
Бағаналы, Найман—екеуі
Тараған туып Шорадан.
Қоңырат пен Қыпшақтар
Өрбіген, олар Қарадан.
Көшек, Байсын, Кенжалы,
Теңбілменен төрт арыс,
Төртеуі бір анадан.
Сарыдан туып тараған,
Жанарыстың ұрпағы—
Орта жүзге қараған.
Сөйлесем ата тегіңді
Кеуліңе жараған.
Енді Қазақтың кенже баласы
Бекарысқа келейін.
Талдап шешіп, біртіндеп,
Төресін ашып берейін.
Жиналған толы, халайық,
Көтерілсін мерейің!
Өзім қазақ болғансын,
Тегімді неге білмейін.
Тыңдаймын десең, азамат,
Атамыз Бекарыстан сөйлейін.
өлең шежіре
Атамыз Бекарыстан
Арғымақ, Алау бір туған.
Бұлардан өрбіп тараған,
«Кіші жүз» дейді жұртыңды.
Кіші жүздің ішінен,
Неше арыстан ұл туды,
Неше әулие пір туды.
Сүйегі болат жаралған,
Неше көкжал ер туды.
Жасанған жауын жапырып,
Алаштап ұран шақырып,
Не қасарма ер өтті,
Дұшпанға салып қиқуды.
Билер өтті кемеңгер,
Сөйлетпей білген құлқыңды.
Қарттарым өтті көп көрген
Ойменен танып нарқыңды.
Кенжесі қазақ халқының
Бұзбадың әдет-ғұрпыңды.
Түсінейік бұл жерде:
Бекарыстың баласы—
Арғымақ пен Алаудан кім туды?
Арғымақтан туылды:
Сабыр мен Нәбір—екеуі.
Алаудан туған Алшын би
Немере екен үшеуі.
Бұлардан өнген халықтың,
Айрылып болмас есебі.
Жәрдем бер қызыл тіліме,
Әуелі Алла, екінші—
шежірелік жыр-аңыздар
Атамыз өткен кешегі.
Шын кеуілмен тілесең,
Әулие жәрдем етеді.
Күншығысы—Түркістан,
Күнбатысы—Астрахан,
Екі ортаны жайлаған
Кіші жүздің баласы.
Арқа жағы Жармола
Құбылаға қарай кетеді.
Қыс болса, қыстап қыстауды,
Жаз болса, шығар жайлауға,
Ерсілі-қарсылы көшеді.
Ұлдар киіп алтайы,
Қыздарым киіп қырмызы,
Алтындай жайнап өседі.
Сарыарқаны жайлаған,
Шыңғыртып құлын байлаған.
Ұлдар мініп арғымақ,
Көш алдында ойнаған,
Бір салтанат осы еді.
Түсінгін, елім, бұл жерде:
Арғымақтың баласы—
Сабыр менен Нәбірден
Кім туып, кім өседі.
Сабырдан туған екі ұл,
Жалықпай сөйле, қызыл тіл!
Шежіреде осындай,
Сенбесең, халқым, өзің біл.
Екі бала Сабырдан—
Тама менен Табының.
өлең шежіре
Атаның жолын меңгеріп,
Би болды және білімді.
Бұлардан өнген ұрпақтан
Батырлар шықты туымды.
Неше әруақты ер шығып,
Арадан дұшпан қуылды.
Кіші жүздің ерлері,
Егескен жауы келгенде,
Жықпадың қолдан туыңды.
Нәбірден туды үш бала—
Кердері, Жекей, Тілеулі
Қайырлы болды халыққа.
Болмады мұқтаж біреуі,
Бұлардан өнген ұрпақтан
Батыр шықты елеулі.
Айқасқан жауды жеңгенше
Білмеді, сірә, жүдеуді.
Кіші жүздің ішінен,
Қанды көз талай ер де өтті,
Өкшесі жауға тіреулі.
Ақ сауыты жарқылдап,
Асынып алмас беліне
Құлақты дөйір білеулі.
Халыққа қамқор ер өтті,
Дұшпанға оғы кезеулі,
Байлар өтті мал баққан
Қазына жиып тіреулі.
Мырза өтті не жайсаң
Ақшасы жолда күреулі.
шежірелік жыр-аңыздар
Неше әулие, пір өтті
Қысылған жерде медеулі.
Алшын туды Алаудан
Тарихта аты жол алған.
Қанаттас қазақ ел болып,
Алшыннан ұрпақ таралған.
Құр айтылған жыр емес,
Шежіреден қаралған.
Алшыннан туған Күдуар
Бір басын мыңға балаған.
Қаналас өскен бауыр жоқ,
Жалғыз туды анадан.
Күдуар батыр атанды
Кіші жүзге қараған.
Алты аталы Әлім, Жетіру,
Он екі ата Байұлы—
Кіші жүзге қараған.
Күдуардан үш бала,
Туылған екен анадан,
Шежіреден қаралған.
Садырқожа, Қыдырқожа, Нұрқожа—
Үш бала туды бұлардан.
Білгенімді сөйлейін,
Шежіреден қаралған.
Жарандар, Сәдірқожадан
Қаракесек туыпты.
Атаға тартып ұл туып,
Атаның жолын қуыпты.
өлең шежіре
Сол Қаракесек атаңнан—
Әли мен Шөмен туыпты.
Алты бала Әлімнен,
Аттарын айтып берейін,
Кеуліңе болсын орнықты,
Жаманақ, Машақ, Сарыбас,
Байсара мен Ақманақ,
Томалақ деген болыпты.
Заманында олар да
Қатарынан озыпты.
Алты арыс Әлімнің,
Осы жерден шығыпты
Томалақ деген баласы.
Туғанмен анадан
Аты шықпай қалыпты.
Жоқ десе де болғандай,
Бұған кімдер нанғандай.
Жаманақтан үш бала
Біреуі оның—Жақайым
Өріс, Баубек туыпты.
Жаманақтың соңғы алған
Әйелінен және де
Алты бала туыпты.
Жиеней мен Жолшора,
Асан, Үсен, Құрбанай,
Құттық болса керек-ті.
Бұлардан өнген тұқымға
Қариясы халықтың
Шекті басқан Шекті деп,
Қатарынан көп-ті деп,
«Шекті» атақ беріпті.
шежірелік жыр-аңыздар
Өрістен туған кім десең,
Білдірейін білмесең,
Есеналы, Айдарбек—
Екі бала болғаны.
Есеналыдан үш бала—
Кішкене мен Палуан,
Бөлек болып туыпты.
Екі бала Бөлектен—
Айт пен Бұжыр болыпты.
Айттан туған үш бала:
Қабақ пен Шоң, Тілеуің—
Бұлардан да туыпты.
Нағыз бенен Шүренің—
Осылармен аталас,
Болса керек Жекейің.
Қабақтан туған бес бала:
Төлеш пенен Ханкелді,
Жанкелді, Бек, Аралбай.
Шоңнан Шағыр туылып,
Қосылады екен оларға-ай.
Жалтума мен Құлтума—
Туылған екен Тілеуден.
Жалтумадан бес бала—
Алдаберді, Алтынбек,
Тәңірберген, Қазыбай,
Тәжетер екен тағыда-ай.
Айтушы сөзі шын болса,
Шежіре сөзі осылай.
Төлештен де екі ұл:
Ақмырза мен Бақтыбай.
өлең шежіре
Ақмырзадан Наурызбай,
Бақтыбайдан алты ұл
Туған екен тағыда-ай.
Аттарын айтып берейін,
Отырған тыңдап, халқыма-ай.
Асан, Құдас, Жәдігер,
Есалы мен Қараша—
Бақтыбайдың тұқымы,
Болады екен осылай.
Тағы айтып сөйлейін,
Хангелдінің баласын,
Туылған екен төрт бала:
Пұсырман мен Жолдыбай,
Шіңгір менен Қалдыбай.
Көргенімді сөйледім,
Не қылайын қосып-ай!
Жолдыбайдан туыпты:
Өтен менен Баяуың.
Қайық мінсең, су кешіп,
Қолдан түспес таяуың.
Той десе, қубас домалап,
Барасың атты-жаяуың.
Пұсырманнан бес бала:
Қалыбек пен Қарабас,
Өмір, Сексен, ол—Жарас,
Бір-бірімен қаналас.
Қарабастан тағы да
Алты бала болыпты,
Өркендеп өсіп, көбейіп,
Атаның жолын қуыпты.
21-83
шежірелік жыр-аңыздар
Заманында ер болып,
Өздері жатқан шер болып,
Не десе де болыпты.
Мәмбетәлі, Жапақ, Тінәлі,
Үмбеталы, Досалы,
Және бірі—Жанәлі.
Жапақ деген атаңыз
Екі әйел алыпты.
Әйелінен әуелгі Башен туыпты,
Екінші алған әйелден—
Кежір мен Төлек болыпты.
Башеннен де төрт бала:
Қайіп ер мен Жандәулет,
Ақпан менен Тоқпан болыпты.
Өсіп-өніп өркендеп
Дүниеге бұлар келіпті.
Тоқпан деген атаңыз
Екі әйел алған-ай,
Есенәлі, Есенжол—
Бәйбішеден туыпты.
Үркімбай мен Жарқымбай—
Соңғы әйелден болыпты.
Есенжолдан тағы да
Жеті бала болғаны.
Жантөре, Сәрсен, Батырхан,
Тілеуберген, Әділхан,
Хан мен тағы—Төрехан.
Ханнан туған Лұқпан,
Сәмбет пенен Байбосын,
Батыр Ханнан туыпты.
өлең шежіре
Жантөренің баласы
Ысқақ болса керек-ті.
Сағынай деген бір бала,
Төреханнан Дөреген,
Мықан менен Ығылман,
Наурызбай, Жәмек—төртеуі
Туылған екен Сәрсеннен.
Нығмет деген бір бала
Болған екен Мұқаннан.
Башырбай мен Әлібай
Ығылманнан туылған.
Қиятбай мен Қалыбай,
Мұратбай үшеуі
Наурызбайдан туылған.
Ноғайбай мен Серікбай—
Жәмектің екеу баласы-ай.
Айдарбектен туылған
Ардана мен Татран
Алшынбай, Күлік тағы да-ай.
Аманқұл мен Жаманқұл,
Раманқұл үшеуі—
Үркімбайдың баласы-ай.
Аманқұлдан туылған
Әжібай мен Қарлыбай,
Осылай екен шамасы-ай.
Раманқұл атаңнан
Туылған екен Нұржаубай,
Жәкені мен Наурызбек.
Шежіреден қарасам,
Белгілі болды ата-тек.
Наурызбек жырау баласы
Жырлатып жүр халықта,
шежірелік жыр-аңыздар
Халайықтың арасы.
Баубектен туған үш бала
Темірбақты, Көкбөрі,
Жанқылыш болып саналған.
Жанқылыштан бес бала
Қожай мен Сушы, Сыбаншы,
Есенгелді, Ырсымбет
Бесеуі бір анадан.
Бес бала Темірбақтыдан туған екен,
Мыңсейіт, Талапан мен Алакөз-ді.
Малгелді, Арғынбайы болады екен.
Ұрпағы Темірбақты осылайша
Өркендеп, өніп-өсіп барады екен.
Бастайын сөзді басынан,
Өлеңге құмар болып ем,
Әуеліде жасымнан.
Табылар өлең, ойлансам,
Кеуілдің шаттық хошынан.
Ата-тектен сөз қозғап,
Нағашы жұртым—Адайдың
Ата-тегін терейін.
Қатесі болса кешірің,
Білгенімше, нағашым,
Шежірені терейін.
Бөтен емес шығар бұл сөзім,
Тегіңді өлеңменен танытқан.
Медеткер бол деп тілеймін
Жасаған Жаппар Алладан.
Адайдың екеу баласы-ай—
Келімберді, Құдайке.
Енді Келімберді атаңнан—
Мұғал, Тобыш, Балықшы
Ақпан, Құнанарыс, Жеменей.
Туылған екен алтауы
Келімберді атаңнан.
Атаға тартып ұл туып,
Қалмай келед қатардан.
Адай шежіресі
шежірелік жыр-аңыздар
Әруақты пірлер және де
Әруақты батыр көп шықты,
Жауын көрсе, жасанған.
Батырлар да көп шықты
Бөрік ал десе, бас алған.
Ақындар да көп өтті
Ертелі-кеш сайраған.
Мырза, сақи көп еді
Пақыр, міскін жақтаған.
Қайырлы байлар көп өтті,
Үй тіктіріп оңаша,
Қонақ күтіп, жатпаған.
Сыпайы мырза тағы өтті
Лебізі жұмсақ мақтадан.
Ұлама, ишан көп өтті,
Мешіт салып, ортаға—
Шариғат жолын сайраған.
Қайырлы Адай нағашым,
Айшылық алыс жолдарға,
Сапарға шығып жол жүрсе,
Азық-түлік алмаған.
Қонақ келсе үйіне—
Көбең қозы соймаған.
Сапырулы сары қымыз,
Сабасын, сірә, жимаған.
Адай халқы үлгілі—
Зереңін орта құймаған.
Азаматы жақсы еді
Ішіне алтын сақтаған.
Көргенімді айтайын,
Асырып, аса мақтаман.
Ақпан деген атаңнан
Қаракүшік жалғыз-ды.
Қаракүшік баласы
Құты деген болады-ай.
адай шежіресі
Өтемей мен Төлемей
Құтыдан бұлар туады-ай.
Таңатар менен Шуақбай
Төлемейден болады-ай.
Құнанарыс атаңнан
Кімдер өсіп-өнеді?
Әлдеке, Жартыс, Жиенқұл,
Жүнді, Қайтпа, Қаспақбай,
Қайыпназар, Меспенен
Туған екен сегізі—
Құнанарыс атаңнан.
Әруақты Шабай, Аманжол—
Ер ауылы Адайдың Қожаннан.
Балықшыдан туылған
Қошан менен Есберді,
Жүйрікпенен үшеуі.
Жұмай, Мәмбет екеуі—
Туылған екен Қожаннан.
Иіннен Қармыс ер шыққан,
Әли мен Бәйімбет,
Жаулы, Шоғы—төртеуі
Туылған екен Мұғалдан.
Ескелді, Жары, Қосқұлақ
Туған екен Жаулыдан.
Жаналы мен Төленді
Наурызекпен үшеуі—
Қосқұлақтан туылған.
Бәйлепес, Бекет—екеуі
Жаналыдан туыпты.
Әруақ қонып Бекетке
Заманында өзінің
Айтқаны аумай келіпті.
Кереметін Бекеттің
Заманындағы адамдар
Көзіменен көріпті.
шежірелік жыр-аңыздар
Хиуа, Бұхар қалада,
Медресе, мектепте
Бірнеше жыл оқыған,
Қабыл болып тәубасы,
Ғылымы жақсы қоныпты.
Бітірген соң мектебін
«Қолымдағы асаны
Аларсың,—деп,—біреуің»,
Ұстазы кеңес беріпті.
Бітірген соң мектебін
«Қолымдағы асаны
Жерінен түскен алың,—деп,—
Білерсіңдер өздерің
Қандай екен халық»—деп.
Әуелетіп аспанға
Лақтырып жіберген,
Жүгіріп шығып далаға.
«Қайда кетті аса» деп,
Асаны іздеп таба алмай,
Алақ-жұлақ етісіп,
Сонда қайран қалыпты.
Лақтырған пірдің асасы
Құдіретімен Алланың
Ұғланды деген таудың басына,
Қайнаған қалың көктасқа
Қадалып аса шаншылды.
Әулие Бекет қозғалмай,
Айрылып сонда қалады-ай.
Ұстазы мұны біледі,
Патихасын береді.
—Қолыңды жай, ер Бекет,
Асаның барған жерінен
Болсын,—деп,—сенің тұрағың,—
Пірі сонда Бекеттің
адай шежіресі
Патихасын беріпті.
—Асаны, Бекет, аларсың,
Асаның тұрған жерінен
Мешітіңді саларсың.
Рұқсат алып пірінен
Тұрыпты Бекет орнынан.
Оқыған жері—Хиуа
Мың шақырым жер еді.
Ұғланды деген тауымыз
Қазақстан жерінде,
Ұғланды тауында.
Мал баққан шаруа жылқышы
Қадалып тұрған көктасқа,
Темірден соққан көк аса,
Алайын деп асаны
Олай-бұлай тартады.
Шылбырын байлап атының
Тақымға салып көріпті.
Ала алмай тұрған асаны
«Бар шығар,—деп,—иесі»
Жылқышы сонда Қорықты.
Сонда дағы жылқышы
«Кім болар мұның есі» деп,
Қарауылдап жүріпті.
Төбеден түскен адамдай
Көп ұзамай арадан
Атаңыз Бекет келіпті.
«Бисміллә» деп қолына
Асаны Бекет алады-ай.
Көрді мұны жылқышы
Тамаша, қайран қалады-ай.
Асаның тұрған жерінен,
Ұғланды таудың басынан
шежірелік жыр-аңыздар
Тастан ойып мешітті
Атамыз Бекет салады-ай.
Мешітін салып, орнатып,
Адай менен Табынның
Оқытқан талай баласын.
Кереметті пір болып,
Тарыққан талай адамды
Атамыз Бекет қолдаған.
Кәміл пір болып жалпыға,
Әруағы торлады-ай!
Ұран болып халқына,
«Пірдің соңы—Адай Бекет» деп,
Атағы елге қалады-ай.
Атанияз, Доснияз,
Бәйтелімен үшеуі
Бекет атаңнан туыпты.
Белгілі болып халыққа,
Атаның жолын қуыпты.
Қыдырбай мен Шырақбай—
Төлендіден болыпты.
Есекей, Жолай—екеуі
Шоғы атаңнан туыпты.
Қырықмылтық атанған
Осы Шоғы болыпты.
Махаббаты халыққа
«Қырықмылтық» атанған
Әлі күнге келіпті.
Жолмамбет, Бодан—екеуі
Атаңнан Жолай болыпты.
Тілеген мен Төлеген,
Орамал, Шекей, Жарылғап—
Жолмамбеттен туылған.
Көтеке, Сарша, Кенжебай—
Боданнан бұлар болғаны-ай.
адай шежіресі
Жылқайдар, Түйеке, Едіге,
Қайырбас, Қаржау—бесеуі
Кенжебайдың баласы-ай.
Жалмамбеттің және де,
Әйелінен соңғы алған,
Жеті бала болыпты,
Шежіреде осылай,
Кімде-кім көзімен көріпті.
Жайықтан Ораз, Бегей болған екен,
Әлмамбет осы Ораздан болған екен.
Табынай, Зорбай, Шоңай, Бәубек, Қожа—
Алмамбет атаңнан туған екен.
Есенқұл, Есембетпен бұл—екеуі
Баубектен де бұл екеуі болған екен.
Бегіден жалғыз бала болған екен,
Атағын «Қадірқұл» деп қойған екен.
Ұзамай Бегей жаудан өліп-қалып,
Әйелін оның Шегем алған екен.
Туыпты Шегемнен жалғыз бала
Атын «Жаубасар» деп қойған екен.
Сапақ, Саяқ, Тәкімек,
Тікенекпен—төртеуі
Есекейден болыпты.
Аман, Түгел, Көкетік,
Есен менен Қарабас—
Жарақаптан туылған.
Айкөшек пен Ханкөшек,
Нұрбауыл мен Бөгежан,
Бекбердімен бесеуі
Қарабастан болыпты.
Майлы, Жайлы, Жамбасар—
Атаңнан Есен туыпты.
Жамбасардың баласы—
Тұрлығұл болса керек-ті.
шежірелік жыр-аңыздар
Қарашым—Жетірудың Тамасы екен,
Асылы, Нұрқожаның баласы екен.
Себеппен елден жырақ бөлек кетіп,
Адайда Келімбердіге барады екен.
Сонан соң өз еліне қосыла алмай,
Сіңісіп, Адайларда қалады екен.
«Кім болам енді мен» деп бір күндері,
Кеңесін Келімбердіге салады екен.
Сөз айтқан Келімберді сонда былай:
—Қарашым, құлағың сал, сөзге мұндай.
Шығарсың бізге келген сен бір дәулет,
Берейін саған кеңес, шырағым-ай.
Мұғалім қара нар ғой талмайтұғын,
Ереді жүгі жолда қалмайтұғын.
Ашықса бір мінезі тағы бар еді,
Өзінің қатесін жалмайтұғын.
Берейін саған ақыл, Қарашым-ай,
Қосылдың елге ел боп жарасып-ай.
Тобышым қойдан жуас адам еді,
Жүре берер, болып қоңсы баласындай.
Кеңесім осы менің берген саған,
Басқамен не қыласың таласып-ай.
Тобыштың екі баласы—Жайық, Шегем
Қосылып, үшеу болды Қарашпенен.
Сіңісіп, араласып кеткеннен соң,
Болыпты тумасындай, болмас бөтен.
Қосылып солайынша Қараш бала,
Мұндағы Адаймын деп жүре берген.
Тарихтың дәлелдеуі осылайша,
Түсінед бұған адам есін білген.
адай шежіресі
Атадан Адай, Табын кем тумаған,
Ата мен бала, сірә, тең тумаған.
Ақылды адамзаттың бір белгісі—
Ерегесіп кісіменен сөз қумаған.
Тарихтың қалған сөздер осылайша,
Біле алмас түспей ізге, сөз қумаған.
Адайдан ер Қосай мен Бекет шықты
Халқына кейіндегі үлгі болған.
Табыннан Барақ пенен Асау,
Шықты бұлар да заманында.
Құдайкенің баласы:
Тазіке, Қосай болады-ай.
Байбол, Тіней, Бәпимен,
Сүйіндік, Бегіт, Өтеулі—
Қосайдан бұлар болады-ай.
Өтебай мен Сәдігей,
Қабағаймен үшеуі,
Тазікеден болады-ай.
Есембет пен Есенгүл,
Жұлдыз бен Мәмбетқұл—
Байболдан бұлар туады-ай.
Еміл, Есек, Оразақ,
Қоңыр, Нұрбай бесеуі—
Есенқұлдан болады-ай.
Тоқпанбет пен Тоқтамыс,
Арыстан мен Балтабай,
Елқонды, Бекет, Шалбарың—
Мәмбетқұлдан туады-ай.
Жұлдыздан Қадыр болады-ай,
Тоқтабай мен Қилыбай—
Қадірден бұлар туады-ай.
Енді Нұрқожадай атаңнан
Жеті бала туылған.
Неше алуан ер шықты
шежірелік жыр-аңыздар
Көтеріп белін буынған.
Шежіре сөз осындай
Келе жатқан бұрыннан.
Аттарын айтып берейін,
Тыңдаушы болса, ұғынған.
Кердері екен—біреуі,
Әбубәкір бұлбұл осыдан.
Қызыл тілге келгенде,
Өтпеген ешкім тұсынан.
Дүние қалып келеді
Не жақсының басынан.
Ой табылар саналы
Кеуілдің шаттық хошынан.
Сөйлер сөзге келгенде
Алдына жан салмаған.
Ұстасқан жері меңдеген,
Бетіне ешкім келмеген.
Мына ноғай елінде,
Ділпараштың баласы
Қазақай деген ақынмен
Айтысқан екен екеуі.
Өзінше білгіш болғанмен,
Ширегіне келе алмай,
Келмеген дұрыс есебі.
Талай ақын келсе де,
Жеңіліп қайтқан нешеуі.
Алты аталы Әлімде,
Назар, Шүрен елінен
Қожа Ахмет молдаңыз—
Әбубәкір молдаға
Жеті жұмбақ жолдаған,
Тоқтамай шешіп жеңген-ді.
Нұрқожаның балдарын
Тегіс айтып берейін.
Отырған тыңдап, азамат,
адай шежіресі
Көтерілсін мерейің.
Айтайын, тағы басқасын,
Сөздің тауып жақсысын.
Тоқтау бар ма жырауға
Келісін сөздің ашқансын.
Басыла ма шын жүйрік
Еті қызып, шапқан соң.
Өздерің «сөйле» деген соң,
Жыршың неге тоқтасын.
Нұрқожаның баласын
Жырауың түгел айтып тастасын.
Рамазан, Тілеу, Кердері,
Керейт, Жабалғайлы, Тамамен,
Табын екен біреуі.
Өніп-өсіп өркендеп,
Жеті рулы ел болып,
Жетіру халқы ел болып.
Тыңдаушылар, құлақ сал,
Білгенімді сөйлейін.
Осы Табын халқынан,
Атақты жүйрік емеспін
Озып жүрген жалпыдан.
Айтайын сөзді Табыннан,
Мен бір жүйрік шабылған,
Тыңдаушылар бар шығар,
Жыраудың сөзін сағынған.
Туылған екен үш бала
Атамыз біздің Табыннан.
Аттарын айтып кетейін:
Ағым, Тоғым, Бозымай,
Айтайын сөзді созып-ай.
Жалықпай тыңда, халайық,
Жыраудың айтқан сөзін-ай.
Айтайын ата-тегіңді,
Көтерілсін кеулің-ай.
Бірінші, Табын Ағымнан—
шежірелік жыр-аңыздар
Алты бала туылған.
Біртіндеп айтып берейін,
Шежіре сөзі осылай.
Көргенімді айтайын,
Не қылайын қосып-ай.
Айдар, Данда, Таушан-ай,
Қара Мөңке, Текемен,
Және біреуі Қожантай.
Айтайын білген жерімнен,
Шежіре сөзі осылай.
Қысқартып айтып кетейін,
Бұлар бәрі бірігіп,
«Тартулы Табын» атанған,
Таңбасы «көсеу» білсеңіз—
Осыменен тұрсын-ай.
Екінші, Табын Тоғымнан—
Жаманкерей бай туған.
Тыңдасаңыз, әлеумет,
Жалықпайын айтудан.
Бәйбішеден туғаны,
Екі бала болғаны:
Амандәулет, Ақдәулет,
Келейін қалмай соңынан.
Екінші алған әйелден—
Жылқышы бала туылған.
Сәдірбек пен Дауылтай—
Ақдәулеттен туылған.
Туылған екен бес бала
Амандәулет атаңнан,
Өніп-өсіп өркендеп,
Келеді қалмай қатардан.
Абыз бенен Жиенбет,
Қожамберді, Бүргемен,
Әшебек болып атанған.
Екі бала тағы да
адай шежіресі
Жылқышыдан туылған.
Байғазы мен Сәтік деп,
Аттары жақсы қойылған.
Байғазыдан төрт бала:
Ебес пенен Сармантақ,
Кедейқұл менен Малғара.
Сәтіктен де төрт бала—
Маясар, Қаспақ, Екібай,
Төртіншісі Жаулыбай—
«Сегіз арыс» осылар.
Бұларға келіп бірігіп,
Туатай да қосылған.
Таңбасы «тарақ» білсеңіз,
Бұлар Тарақты Табын атанған.
Тағы сөзді бастайын,
Үшінші бала Бозымнан.
Шежіреден табылған,
Сөзімді тыңдап, қарашы,
Бұларға кімнің таласы-ай.
Тыңдаушы дұрыс болмаса,
Кетеді сөздің мазасы-ай.
Туылған екен үш бала
Бозым деген атаңнан:
Асан менен Тоқсық, Қайыр қожа.
Тыңда, халқым, сөзімді,
Мақтамаймын өзімді.
Шежіреде сөздер көп,
Айтылып жатыр нешеуі.
Бір Алла өзі білмесе,
Дүниеге келген адамның
Білінбес анық есебі.
Көзімен көрген ешкім жоқ,
Халықтың білгір көсемі.
Бастайын сөзді Асаннан,
22-83
шежірелік жыр-аңыздар
Белгілі елім қашаннан.
Неше шайқы, пір өтті,
Не арыстан ер өтті,
Қиқу салған дұшпанға
Ерлер өтті жасанған.
Батырлар да көп өтті
Жауын көрсе қасарған.
Асан—біздің атамыз,
Екі әйел алыпты.
Бірінші алған әйелден
Екі бала болыпты:
Әжімбет пен Аталық,
Жолымбет тағы болыпты.
Күскентайдан тағы да
Екі бала болған-ай,
Кеуліңе болсын орнықты.
Елкелді мен Қожасейіт
Атын жақсы қойыпты.
Қожасейіттен туылған,
Нүрке менен Төлей-ді
Өніп-өсіп атадан,
Тұқым жайып көбейді.
Есіткендер сөзімді
Менікін бөтен демейді.
Нүрке деген атаңнан
Төрт бала тағы дөрейді.
Аты Сартай, Сазан-ды,
Сазан палау етем деп,
Жабылып талап қазанды.
Ендігі қалған екеуі—
Тәуше менен Көкше еді.
Енді Төлейден туған Бөлек-ті,
Бөлектен туған үш бала:
Өтей, Мерген, Жанқара.
адай шежіресі
Осылардың ішінен
Ер Барақтың жолдасы
Бармақ батыр шықты деректі.
Елгелдіден туылған
Асан менен Сөкей-ді,
Бұтақ жайып көбейді.
Енді Кішкентайдан туылған
Әлібай мен Толыбай,
Бұтақтатып бұларды
Айтайын, халқым, тағыда-ай.
Толыбайдан туыпты Мұрат пенен
Өтеміс, Сағырменен үшеуі,
Айтылған сөз осылай,
Жазылған екен есебі.
Бұларды жазған кім десең,
Өкімұлы Тәждәулет—
Өтіп кеткен кешегі.
Мұрат деген атамыз
Үш некелі болыпты.
Бірінші алған әйелден:
Ақбай менен Сарыбай.
Ақбайдан туған кім десең,
Алшынбай менен Жиенбай—
Екі бала болыпты.
Екінші алған әйелден
Тоқамерген туыпты.
Тоқамерген баласы:
Мүсіреп пенен Боқан-ды.
Үшінші алған әйелден:
Үйсінбай менен Қамбар-ай,
Шежіре сөзі осылай,
Құлағың сал, шалдар-ай,
Үйренем деген балдар-ай.
Ескертіп, айтып кетейін,
Айтылмай қалған кім бар-ай?!
шежірелік жыр-аңыздар
Боқаннан Тоқа туыпты,
Тоқадан туған Мыңжасар.
Мыңжасардан үш бала—
Баспай менен Қарашбай,
Қасбай тағы туыпты.
Баспайдан туған кім десең,
Білдірейін, білмесең,
Құлымбет пен Жолымбет.
Білмесең ата-тегіңді,
Осы арадан танып өт.
Қараш бай деген атаңыз
Екі әйел алыпты.
Әуелгі алған әйелден:
Құлтай, Жолай, Қошнияз,
Екінші алған әйелден:
Қадірқожа, Нұрқожа.
Барлығын қосып айтқанда
Бес баласы болыпты.
Өркендеп өсіп, көбейіп,
Қысқартып айтып келгенде,
Бір қауым халық болыпты.
Өтеміс деген кім десең,
Нанбайсың ғой, әлеумет,
Дәлелін айтып бермесем.
Отырады екен сырт беріп,
Жан қарамай адамға.
Өйтіп айтқан жақпайды,
Қанша айтқанмен жаманға.
Болмаса да теріс мінезі—
Сол себепті атанып,
Өтеміс аты қойылып,
«Желке» болып келеді.
Желкеден туған Көлбай-ды,
Сөйлер сөзім ыңғайлы.
Есіткендер сөзімді
адай шежіресі
Аяқасты қылмайды.
Қолбайдың екі баласы-ай,
Ырысымбет пен Төлес-ті.
Екі жақсы бас қосса,
Ойласып істер кеңесті.
Екі жаман бас қосса,
Салады екен төбелесті.
Ырысымбеттен туылған
Қойлыбай, Теке, Мамағың
Өніп-өсіп өркендеп,
Оңғарған Алла талабын.
Бір Алласы жар болып,
Құтты қылған қадамын.
Осы Желке халқынан
Ұлама, ишан көп шыққан.
Қадірлі болған халқына,
Қадірлі ерлер көп болған.
Бір туса да атадан
Ақыл, ой тең болмаған.
Жаман болса жақының
Дұшпанға қолдан ар кетер,
Сенімен бірге болмаған.
Сағыр деген бұл адам
Желкенің бұл да інісі.
Себеппенен айрылып,
Қоңырға барып қосылып,
Бөлектенген жүрісі.
Шежіреде осылай
Әңгіменің дұрысы.
Білсеңіздер айтыңдар,
Бола қойса егерде
Әңгімемнің бұрысы.
Төрт жалпақ тіл болғанда,
Бір бөлімі осы екен
Әңгіменің желісі.
шежірелік жыр-аңыздар
Тағы да айтып өтейін,
Әлібайдың балдарын.
Талапты болсаң, азамат,
Сөз жүйесін аңғарғын.
Әлімбет пенен Келімбет—
Бәйбішеден туыпты.
Екінші мынау әйелден
Тоқымбет бала болыпты.
Әлімбеттей атаңыз
Екі әйел алғаны,
Бақытты болып балдары.
Бірінші бәйбішеден
Олжасы, Сөкей-ді.
Екінші әйелден
Айтқұл, Дәулет болыпты.
Тұқымынан бұлардың
Бесарық деген бір бала
Дүниеге келіпті.
Сексен деген атамыз
Сұлтан деген баласын
Хиуа деген қалаға
Медресеге беріпті.
Бірнеше жыл оқыған
Бақытты болған жан екен,
Ғылымы жақсы қоныпты.
Зердесінен қайнар ашылып,
Білімге бай болыпты.
Жақсы көріп ұстазы:
—Ұстайсың,—депті,—ғылым нұсқаны.
Қожияз деген кісі екен:
—Бақытты бол, балам, деп,
Рұқсат бердім саған, деп,
Еліңе аман бар, деді,
Мешітіңді сал,—деді.
адай шежіресі
Көлденең таудың үстіне,
Ащыбұлақ жерінен,
Сұлтан ақын сонан соң,
Мешіт салынып болған соң,
Адай менен Табынның
Оқытқан екен баласын.
Халық үшін туған кісі екен,
Көрген адам нанасың.
Баласын елдің оқытып,
Білім берген талайға,
Шығарды шәкірт данасын.
Жолым ақын, Бексұлтан—
Қосайдар қарттың баласы.
Сағын ақын және де
Нұрбаулы, Әбу Танаумен—
Оқыған екен Адайдан.
Дін шариғат жолымен
Айырған ақ пен қарасын.
Не қыламын бұрмалап,
Сөйлейін сөздің сарасын.
Ажал құрық салған күн
Бәрің қалмай, барасың.
Талай кезіп жырладым,
Мен халқымның арасын.
Алуан-алуан жүйріктің
Көрдім байқап шамасын.
Сұлтан ақынға оқыған—
Жантай ұлы ақын, от ақын.
Азайып жүргенге ұқсайды
Бірге оқыған қатарың.
Дәулетбай, Абыт екеуі—
Демесіннің баласы.
Иманғали—үшеуі,
Дүниеге келген адамның
шежірелік жыр-аңыздар
Біліне ме есебі.
Сөзім пұлға жарасса,
Ер жігітті кемітпес
Дұшпанның сыртта өсегі.
Төрт жалпақ тіл болғанда,
Бес арық оқшы болғанда,
Екеуі бір жалпақ тіл саналған,
Бұған бар ма таласың.
Ал енді Келімбет атамыз,
Екі әйел алғанда,
Бірінші алған әйелден
Құлман мен Қошқар болады.
Қошқардың екеу баласы-ай—
Мәмбет пенен Бораншы.
Атамыз Құлман және де
Екі әйел алған-ай.
Бірінші алған әйелден
Жантеке менен Малай-ды.
Екінші алған әйелден
Сөкей менен Жаңбыршы,
Жауар атам болыпты.
Өнген-өскен өркендеп
Құлман атам балдары.
Заманында өзінің
Билерім өтті кемеңгер,
Бетіне ешкім келмеген,
Ұстасқан жерін меңдеген,
Екі талай болғанда
Дұшпанға теңдік бермеген.
Малайдағы атам Төлеміс—
Ердәулет батыр жиені.
Жауар атамнан Тәждәулет—
Құлашын кеңінен сермеген,
Намысын қолдан бермеген.
адай шежіресі
Сол адамдар тұсында
Елдің аузы бір болған.
Айта берсем, азамат,
Ата-текті танытқан,
Кіммен кімнің туысы
Шежіре өлең жыр болған.
Төрт жалпақ тіл болғанда,
Біздер—оның Құлманы,
Басына бақыт қонғаны.
Қызмет етсе халқына,
Ақынның болмас арманы.
Сөкейден Бигел туған-ай,
Бигел—біздің бабамыз,
Екі әйел алған-ай.
Үлкенінен туылған:
Бесімбай, Шақа, Құланбай.
Екінші алған әйелден:
Орман менен Арқабай,
Мен—Бигелдің Шақасы,
Қабыл болған батасы.
Ордабай мен Орынбай,
Ең кенжесі—Марашық.
Ордабайдан туылған:
Алакөз қажы, Тауданбай,
Ауыл болған аудандай.
Ордабай атам кенжесі
Боранбай «Бояу мырза» атанған.
Боранбай ұлы Қылыш-ты.
Мен Қылыш ұлы Қартбай-ды,
Халыққа сөзін сатпайды.
Аямай білгенімді ағайыннан,
Баяндап сөз желісін ыңғайынан.
Мәнісін «Сауран асу» айтып өттім,
Білдіріп» сол бір заман жағдайынан.
Қазағым енді маған өкпе қылмас,
Аталмай біз қалдық деп сондайынан.
Білсеңіз, ерді де айттым, биді де айттым,
Қалдырмай сөз реті қандайынан.
Айыпқа енді мені бұйырмассың,
Бастасам, бір азырақ өз жайымнан.
Кіш жүз үш алаштың бірі болып,
Байұлы, сегіз арыс Адайымнан.
Баласы Байқожаның атам Елтай,
Туылған Адай едік анамыздан.
Анадан айға жетпей жетім қалдық,
Тас түссе, көрмек деген талайынан.
Баласын көрмей кетті Елтай бабам,
Асығыс ажал келіп Құдайынан.
Моншақты, Таз-Адайды бір емізіп,
Сипапты жас сәбиді маңдайынан.
Таласып Тазбен бірге емшек еміп,
«Таз-Адай» атаныпты сондайынан.
Болғанда сегіз ауыл, сегіз арыс,
Құдайке Келімберді баласы екен.
Немере сегіз бірдей арасында
Адайлар жайында
адайлар жайында
Ер Қосай ұлағатты ағасы екен.
Көшкенде елін Қосай бастайды екен,
Айтқанын інілері қостайды екен.
«Тәйт» десе тентектері сөзін сыйлап,
Құрығын қолындағы тастайды екен.
Ер Қосай ақыл айтты Құнанөріс, Ақпанына,
Тобыш пен Мұңалды алып қапталына.
Үлкен үй—Мұңалдағы үлкен келін,
Сапырып сары қымыз Мақпалына.
Тәзіке, Шыбынтай мен Әлниязы,
Ол кезде бәрі де ортақ тапқанына.
Мұңалдың кіші әйелі Тоқбикесі,
Бұрынғы шалдар айтқан әңгіме екен,
Болса да азын-аулақ бар қатесі.
Тоқбике құрмет қылып ел ағасын,
Толтырып табақ толы сыбағасын,
Жас сәби Бәйімбет пен Шоғы, Жаулы,
Әдейі ертіп келіп үш баласын,
Иіліп тізе бүгіп, қолын жайып,
Қосайдың алған екен ақ батасын.
Батасы шалдың берген қабыл болып,
Үш бала өсіп-өніп ауыл болып.
Байқасаң, пір де өзінде, би де өзінде—
Бәйімбет, Шоғы мен Жаулы болып.
Қашаннан қара шаңырақ—Мұңал аулы
Бәйімбет, Әли менен Адайына.
Көп жанның құштарлықпен көңілі ауды,
Ер Жанақ, Сармыс пенен Амантұр-ды,
Қайтарған Досан батыр талай жауды.
Бәйімбет, Жары, Мәтжан, Тілегені
Бәсеке бітірді ғой талай дауды.
шежірелік жыр-аңыздар
Өзгеріп, ауысса да заман талай,
Әдетті ұмытқан жоқ біздің Адай.
Үлкен үй, қара шаңырақ Мұңал болып,
Келеді аға орнында әлі Қосай.
Ер Қосай әруақты атаңыздан,
Ер Бекет жарылқаушы батаңыздан.
Жар болып, Жаппар Алла шапағаты,
Жақсылар шығып еді-ау ортаңыздан.
Ту ұстап, Әмір Темір атқа мініп,
Шыққанда Атағазы жұртымыздан.
Аңдысқан ағайынның қыры сынып,
Көз салмай кетіп еді-ау сыртымыздан.
Сейілхан «сегіз арыс» Маңғыстауда,
Сескеніп жерін берді даңқымыздан.
Айтқанда ерлерімді бұрын өткен,
Ерлігі аңыз болып бізге жеткен.
Ішінде алты Қосай, Есек, Мерген—
Бойына ерлік қасиет туа біткен.
Алысып айдалада ту тайлақпен,
Жабысып жезтырнаққа жүрек еткен.
Арыстан айбатындай Атағазы,
Бауыздап, Құттық Сейіт қанын төккен.
Інісі Иман, Намаз шаршы топта
Арқалап атан, нарды бәсеке еткен.
Ер Шабай әруақты батырыңыз
Айқасып, ол бәрімен жаулық еткен.
Есембет—мерген шалың Маңғыстауда,
Айтысып әйелдермен дерек еткен.
Өзі жоқ, соңғыларға аты қалды,
Баянсыз жалған еді, дүние неткен?!
Жас балдар, шыдасаңыз, тыныш отыр,
Бұл өзі кітап емес, ашып оқыр.
адайлар жайында
Айтайын аты шыққан ерлеріңді,
Әңгіме сол бағыттан толып отыр.
Қалмақтан Мерует сұлу—қыз әкеліп,
Оралды олжалаған Қармыс батыр.
Шыдамай, сексен жаста жауға шауып,
Шейіт боп Қыземшекте Қармыс жатыр.
Дұшпанға ар жібермей қуа тиіп,
Қармыстың кегін алған Төлеп батыр.
Болса да, Балуанияз жауда жазым,
Адайдан құтылған жоқ Бөрі батыр.
Айқайы ата жауын сескендірген,
Бір төбе Сертін—қара нарым жатыр.
Маңғыстау—үш түбектің саласында,
Батырлар айқас қылған орын жатыр.
Бұл күнде газ-мұнайлы Маңғыстауым,
Төрт түлік өріс толы, малым жатыр.
Ауысып, талай заман өзгерсе де,
Саураннан сырт айналған жолым жатыр.
Көк Аса Бақырғаннан түскен жері,
Ұғланды Үшбасында шалым жатыр.
Абдулла, Алдиярмен Қайырша—Бекен,
Хазірет, ахун, ишан толып жатыр.
Жар болып, ата-баба әруағы—
Тілегі біздің елдің болып жатыр.
Рухы ырза болсын, өлі әруақ—
Айтылмай талай шалдар қалып жатыр.
Баласы Қадырқұлдың Қозыбағым,
Қалмаққа қарсы шауып болды жазым.
Тастамай ағасының ақ денесін,
Өңгеріп, алып шыққан—ер Жанағым.
Дұшпанын даңқыменен сескендірген,
Жылқыайдар, Рақ, Төкен, Құл Барағым.
Қарсылас, қастасына зәрін төгіп,
шежірелік жыр-аңыздар
Сейітті байлап алған ер Лабағым.
Белгілі Балуанияз, Тұрмағамбет,
Көтібар, Амантұрды, Қожалағым.
Тартынбай Шорбазардың ортасында,
Ханды атқан Бердәулет пен Жоламаным.
Сөз қылсам, толып жатыр батырларым,
Бәрі де бөтен емес жақындарым.
Ерлерді жауға мақтап шаптырыпты,
Қалнияз Шалбардағы ақындарың.
Құдайке, Келімберді, Құралдарың
Ту ұстап, Асар сопы тұрады екен,
Шақырып, қалың Адай жақындарын.
Халқының көктасына қолы жетіп,
Меккеде қалған екен со шалдарың.
Дүниеден солай өткен бабаларың—
Осыны білемісің, о, балдарым?!
Жиылып, құрал болған көп Адайым,
Әлі де өткендерге ой салайын.
Елімде батыр да көп, ақын да көп—
Осындай жиналғанда еске алайын.
Үркіткен дабылымен қас дұшпанын,
Қарақой, Қаракүшік, Қонысбайым.
Ту ұстап, Өмір, Темір жүрген кезде,
Қырсықсыз қылған екен ат маңдайын.
Патшаға бағынбаған Досан батыр,
Басында Сардартөбе тұр Мыңбайым.
Бердібек, Сарғозы мен Есен, Сүгір,
Қалайша, біле тұра сөз қылмайын.
Күресіп бәйге алмаған жерім бар ма,
Барында Әли, Балта, Түрікменбайым
Ақ киік көздеп атқан құралайын.
Еске алып, шейіт кеткен ерлерімді,
Көңілдің қайғы мұңын шығарайын.
Билікте Байымбет пен Қалдыбайым
адайлар жайында
Орынды тауып айтқан сөз ыңғайын.
Белгілі Сейтімбет пен Қылыш, Құдас,
Нұрберген, Айладыр мен Медетбайым.
Әтембек, Сәтей, Сағын, жарты Мәтжан,
Тілеген, Батанияз, Айдарбайым.
Және де Досжан, Шолақ Құлшекенмен,
Қаржаубай, Қалмағамбет, Орынбайым.
Солардың осы күнде орнын басқан
Халқымның мақтанышы—қарт Ыбырайым.
Көңілінде адамдығы, ақындығы—
Білмес пе көп халайық оның жайын.
Және де Маңғыстауда Шоңай, Алшын,
Шежіре айтып өтті сол жағдайын.
Бірақ та көп пайымдап біле алмадым,
Төменгі ел кешірерсің оны, ағайын.
Елімде шешен де көп, билер де көп,
Дегендей бәрін айтып не қылайын.
Кешегі Тобанияз, Сыдықты,
Білесің, айтпасам да оны, Адайым.
Орман, Жалау менен Дауыл, Бекен,
Ұмытпай Әтекеңді еске алайын.
Атақты Абыл күйші, Есірменен
Және де Зәкария, Өскенбайым.
Есіме Есманбет сөзі түссе,
Дариядай толқын ұрған тасқындаймын.
Кенже, Қабақ пен Шалбар, Достан,
Айтылмай кімің қалды енді, Адайым?!
Байлықта Мұқат, Тілен, Оңайбайым,
Саназар, Омар, Мәтек, Қойлыбайым.
Бурабек, Сауытбек пен Матай, Шанақ,
Шам, Талпақ, Әли, Тауан, Өткелбайым.
Халық үшін кәдеге асса, бір белгі боп,
Дәріптеп, несін оның сөз қылайын.
Айтулы Абыл, Нұрым, Өгізбайым,
Қалнияз, Қалым менен Егізбайым.
Солардың толғау сөзі еске түссе,
шежірелік жыр-аңыздар
Тұлпардай дуды көрген тұра алмаймын.
Кенже, Ақпан, Қашаған мен Қарасайым
Және де Қартан, Қожай, Әмірбайым.
Әйгілі Мұрын жырау, Мағзам, Сәтей,
Сәттіғұл, Шамғұн, Сүгір, Ұзақбайым.
Артында ұмытылмас жыры қалды—
Жас балдар жырлап бәрін қызықтайтын.
Мұсаның «Едіге» мен «Қобыландысы»,
Жұрт тыңдап, ұзақ таңда жалықпайтын.
Жар болсын, ата-баба әруағы,
Көңіліме сөз оралды шарықтайтын.
Қалнияз, Қашаған ғой, менің бабам!
Алшында айтқыш еді-ау қорықпайтын.
Жиналған, аға-жеңге, оңды-солды,
Түсініп, тыңдасаңдар сөздің тұлын.
Білдіріп ата даңқын соңғыларға,
Жалғасам одан әрі жырдың соңын.
Қасында Жантөренің сырлас болған,
Тәзіке, Жұмағанбет, Жұмағұлым.
Және де Қожатілеу, Нұрмұқаным,
Кем емес қатарынан, осы шалым.
Бұрынғы батырлардың жалғасы еді,
Дұшпанын көрсе қияр алмас еді.
Айбынды Қара, Жалғас, Аманжаным,
Айтулы Бармақ пенен Түбірғұлым.
Кезінде кем болған жоқ, білсеңіздер,
Белгілі Бармағамбет, Қарауылым.
Бойында қайраты да, айбаты да,
Қатепті Дүйсен еді-ау қара нарым!
Қос арыс Қызыл менен Бейсенғали
Жарасады айтуыма қолда барым.
Ортамда орны жатыр, өздері жоқ—
Пәниден бақи көшкен ағаларым.
Еске алып торқалы той-жиындарда,
Азырақ көңілімнен сөз арнадым.
адайлар жайында
Аралас Әлім, Табын ағайындар,
Түбің бір, туысқаным талайың бар.
Үш Алшын, игі қазақ бөтен емес,
Бәріне ортақ еді өткен шалдар.
Аңыз боп аты қалды, өздері жоқ—
О дүние сапарына кеткен шалдар.
Аға өлсе, іні болып мұрагері,
Олардың орнын басқан соңғы балдар.
Балдарым, үйреніңдер, жыр тыңдаңдар,
Ардақтап ата жолын ұмытпаңдар.
Бәрі де бұрынғы өткен бабаларың,
Айтылып осы тұста сөз болғандар.
Әуелі үш қазақтан бастағанмын,
Айтты деп өз атасын сөз қылмаңдар.
Сіздерде өзбек, қырғыз және түрікмен,
Бауырлас қарақалпақ туысқандар.
Тілегім жасай берің, жайнай берің,
Астында Ленин туы табысқандар.
Әлі де талай түрлі заман болар,
Жетісіп жас ұрпақтар адам болар.
Ұлы Отан шекарасын жауға бермес
Ағасы Бауыржандай батыр болар.
Жырлаған партия ісін, Ленин жолын
Атасы қарт Жамбылдай ақын болар.
Партия бастаушысы қызу еңбек,
Кең дала шабытпенен жырға толар.
Жырға қос, өз еліңді, өз жеріңді,
Қызықты шаттық толы өміріңді.
Шүкірлік ақын да көп, жыршы да көп,
Жырлаған ұлы жеңіс дәуіріңді.
Бүгінде Жақсылығың есен болса,
Жоқтатпас Сәттіғұл мен Сүгіріңді.
Кенже, Ақпан, Қашаған мен Нұрым болып,
Тарқатар талай жиын-дүбіріңді.
Байұлы Шеркешімде Жасжаным бар,
23-83
шежірелік жыр-аңыздар
Жырымен шаттандырған көңіліңді.
Жас бала Таған шықты Тәзікеден,
Атқарар, халқым, сенің сеніміңді!
Қаумалап, сөз тыңдаған, аға-іні,
Болса да ішінара сөздің міні.
Көбісі, көне әңгіме бағдарынан,
Шамадан шалғай кетсем, сөкпе мені.
Өмірзақ—мұны жазған, білмесеңдер,
Осымен аяқталсын сөзім енді.
Мен өзім ақын да емен, жыршы да емен,
Әңгіме өлең қылдым естігеннен.
Шалдарды аз да болса атап өттім,
Ағайын, ырза болың осыменен.
Ау, жиылып келген, жастарым-ау,
Құлақ салып тыңдасаң,
Біз қазақ деген ел едік.
Қариясынан бата алған,
Асыл туған қарт едім,
Өсіп-өнген қатардан.
Үйсін, Арғын, Алшын боп,
Ессіз боп, ісқой атанған,
Әзіреттің ойына
Ағын су бойына.
«Қазақ» деген ана ауыл,
Қытайменен жау болып,
Көтеріліп, көшкен іргесін,
Жинаған ноқта, сіргесін.
Қыранға салып көшіпті-ау,
Қытай деген залымның
Жау екенін білгенсін.
Жауларының төбесі
Төмен қарай ығысып,
Келіп жеткен секілді
Алатауға жылысып.
Үйсін, Дулат—Ұлы жүз
Алатаудың төсіне,
Ағын судың шетіне,
Қаптата барып салған жер.
Бізде бөліс болған дер,
Қайролланың туыс шежіресі
шежірелік жыр-аңыздар
Өздері қалап алған жер.
Арғын болсаң Орта жүз,
Орта жүз де қыр болып,
Бізге қоныс болар деп,
Өздері қалап қалған жер.
Сырдан бері кең қоныс
Арқаның кең даласын,
Еділ, Жайық, Жем, Сағыз,
Елек, Қобда жанасып
Қалмақтың қуып бастырып,
Мекен етіп қалыпты-ау,
Кіші жүздің баласы.
Шежіреден қарасам,
Осылай екен-ау шамасы.
Әуелі, сұра, тілім, медет Ақтан,
Неше жан медет тілеп, жәрдем тапқан.
Қарасам, шежіреге көзім салып,
Халық еткен бұ ғаламды барлық жоқтан.
Неше жыл Адам ата сурет болып,
Бейіштің есігіне бейнет тартқан.
Иесі бұл жалғанның Пәруардигар,
Жаратты азаматты топырақтан.
Кәнеки, сөйле тілім, ікаяттан
Тыңдаушы айтушыға құмартқан.
Адамзат жалғандағы бөлім-бөлім,
Көбейген әрбір түрлі мемлекеттен.
Үстінде жеті ықылымның талай патша,
Жүргізіп, әмірімен тақ орнатқан.
Жазуы бір Алланың түрлі-түрлі,
Қарасаң, бөлек-бөлек—дін мазһабтан.
Одан соң өз өмірін баян қылып,
Сөйлесін білімпазың ғибраттан.
Ау, тілім, өнеріңді ашып сөйле,
Кейінгі жасқа қалсын нақыл сөзің,
Алтындай ел сүйсініп жерден тапқан.
қайролланың туыс шежіресі
Бір күні ажал келіп, сапарлансаң,
Тілей гөр «сақтай гөр» деп тозақ оттан.
Өнермен өз жұртына аты шыққан,
Көтеріп өз жұртымның дабылды ерін
Сөйлесін, білімпазың ішкі азаптан.
Ау, көңілім, сен бір сандық алтындатқан,
Кім білед қандай алтын затың шыққан.
Ойласаң, тілің сүйер сөз табылар,
Нақыл сөз—осы кеңес дабыл қаққан.
Тыңдаушы құмартып отырғанда,
Айтушы, неге керек, сөзін сатқан.
Кәнеки, сөйле тілім, судай тасып,
Аяма, өнеріңді азаматтан.
Мен жүйрік, тілге шешен ақынымын
Алқалы жиын, дауда жорғалатқан.
Үлкенге шын қызмет зияпаттан
Әлеумет, бұл сөзімді қабыл алсаң,
Бұйырғын жұмысыңды, тілді тартпан!
Сөйледік бисмилла деп әуел бастан,
Асыл-дүр, дүрі жауһар, бөтен тастан.
Он сегіз мың әлемнің пайдасы үшін,
Жаратқан ең әуелі жер мен аспан.
Дүниеден талай кісі өтіп жатыр,
Расулының құрметіне жұмлә ғалам,
Жаралған ғарсы-гүрсі, лауқы-қалам!
Жұмақтан дүниеге келіп енген,
Атасы бұл халықтың сопы Адам.
Пайғамбар, жүз жиырма төрт мың сахабалар,
Айтуға бірталай сөз—бәрін тамам,
Сахаба отыз үш мың, он екі имам.
Олардың мал-мүлікпен талабы жоқ,
Уақытша Омар патша дүние жиған.
Алаңсыз, дүниеге көңлін бұрмай,
Он екі жар өтіпті күтіп иман.
шежірелік жыр-аңыздар
Құдайға «тәуекел» деп белді буған,
Мен жүйрік ақыныңмын сөзді қуған.
Нұхтың Япыс деген баласынан
Әнес, Қытай, Түрік, Моңғол содан туған.
Түріктің Силан деген туған жері,
Қан тамып, кіндік кесіп, кірін жуған.
Мұхаммед халифаның заманында
Ұрысып түрік халқы үш жыл жүрген.
Жеңіліп түрік халқы халифадан,
Бағынып, мұсылман боп дінге кірген.
Араптан Әнес келіп, имам болып,
Түрікке ислам дінін—сол үйреткен.
Түріктен үш бала:
Ең үлкені—Ұрым-ды,
Ортаншысы—Қырым-ды.
Жазып кеткен секілді,
Мүсәнаптан бұрынғы.
Ең кішісі—Алаулы,
Байқасаңыз, әлеумет,
Біз—Алаудан тараулы.
Алаудың екі ұлы: Алаш, Наурыз,
Алаштың Мағаз деген бір баласы,
Қазақтың содан туған—Алты Алашы.
Қалдырмай жоғарыдан айта келсек,
Табылар білгендерге сөз шамасы.
Айырып Алты Алашты көрсетейік,
Ақылды сұрай қалса ел данасы.
Алты Алаш бірі—Түрікмен, бірі—Өзбек,
Үшінші Қазақ, Естек, Қырғыз, Қалпақ,
Осымен алты болады жатқан жалпақ.
Сөйлейін, білгенімше бергі жағын,
Халыққа мына сөзім болса ортақ:
Милатты жетпіс екі халайық бар,
Айтуға баршасын да емен шорқақ.
қайролланың туыс шежіресі
Бәрінен қазақ халқы өскен бөлек,
Алмаған ешбір жұрттан бөтен көмек.
Падиша Абат, Алмұрт заманында,
Жүріпті Хорезмге бажын төлеп.
Бір туған қырғыз, қалпақ қазақпенен,
Атадан енші алған соң азат деген.
Жұртында Хорезмнің халқым қалды,
Жер қазып, егін егіп азаппенен.
Нанамын ту арыдан келген тілге,
Жетеді кімнің көзі озған күнге.
Жүріпті қазақ халқы ең әуелі
Хиуалы Әлібимен қосып ірге.
Жүріпті Хорезмнің қарауында,
Аралас қонбаса да көшіп бірге.
Олардан пайда таппай қосылғаннан,
Әлібидің тұхметінен қысылғаннан.
Отырмай Әлібимен көшіп шыққан,
Әр түрлі істерінен шошынғаннан.
Түркістан қарауына келіп қонған,
Өкшесін көшіп қазақ ысырғаннан.
Түркістан көп қазақтың алған жері,
Үркіп Әлібиден барған жері.
Сол күнде ақсақ Темір патша болып,
Қазаққа келіп ойран салған жері.
Екі жау екі жақтан қамағасын,
Айналып, әуел Сауранның болған жері.
Сол күнде ұрыс болған шаң айналып,
Әр жұртқа араласқан дәм айдалып.
Қазақтың содан бері өскен жері
Сахара мал айдалып, бала сүйіп.
шежірелік жыр-аңыздар
Ұрысып патшаменен он жыл көшіп,
Келіпті Түркістанға тағы айналып.
Сол күнде ел бар екен «Алаң» деген,
Адалды қосып жеген арамменен.
Қалмақтың Мұғы деген бір атасы
Көшірді Алаш жұртын амалменен.
Алаш да есітемін батыр деген,
Бір жер бар Жем басында Шыған деген.
Жандырған Ноғай халқы қайрат шамын,
Ойлаған батырлары бастың қамын.
Еділдің екі жағынан қоныс алып,
Отырды ортасынан сайлап ханын.
Ол жерді Ноғай көшіп, алған Қалмақ,
Отырды оған кезеп, жағын сайлап.
Ноғайлы—Қыпшақ Қобылан, Орақ, Мамай,
Қалмақтың ортасынан салған шаңдақ.
Қазтуған, Асан Қайғы, Абат, Ноғай
Бас болып, сапар еткен өңкей саңлақ.
Ол жерден Ноғай көшті ауаланып,
Кеткен жоқ еш адамнан жараланып.
Бұқардан көше-көше арман кеткен,
Қаңбақтай жер айналып, домаланып.
Жеріне Елібайдың көшіп барып,
Мекендеп отырыпты орын алып.
Сол күнде Ноғайлыда үш хан екен,
Шеркубті* Қазтуғанмен дұшпан екен.
Қалмаңыз Шеркубті кім, кетелік деп,
Бастарын жиып алып қосқан екен.
Ол жерден Татар халқы көшпей қалып,
Бастарын басқа жұртқа қосқан екен.
∗ Шеркуб—Черков болуы керек
қайролланың туыс шежіресі
Жиылып келген, жастарым,
Құлақ салып тыңдасаң,
Қазақ деген ел едік
Қариясынан бата алған,
Артық туған халық едік,
Өсіп-өнген қатардан.
Үйсін, Арғын, Алшын боп,
«Үш жүз» болып атанған,
Әзіреттің ойына,
Ағын судың бойына.
Қазақ деген аз ауыл
Қытайменен жау болып,
Көтеріліп, көшкен іргесін,
Жинаған ноқта, сіргесін.
Қарауыл салып көшіпті,
Қытай деген залымның
Жау екенін білгенсін.
Жауларымен соғысып,
Төмен қарай ағысып,
Келіп, кеткен секілді,
Алатауға жылысып,
Үйсін, Дулат—Ұлы жүз
Алатаудың бетіне,
Ағын судың шетіне,
Қаптата малын салған жер.
Бізге қоныс болар деп,
Өздері қалап қалған жер.
Сырдан бері кең қоныс,
Арқаның кең даласы,
Еділ, Жайық, Жем, Сағыз,
Елек, Қобда саласынан—
Қалмақты қуып, бастырып,
Мекен етіп қалыпты
Кіші жүздің баласы.
шежірелік жыр-аңыздар
Шежіреден қарасам,
Осылай екен, шамасы.
Әуелі осы жұрттан Ноғай кетті,
Баласы дін мұсылман Ноғай кетті.
Қазтуған қарғабойлы Асан Қайғы,
Тесіктен бұлар өтіп, солай кетті.
Жер қарап желмаямен он екі жыл,
Асан би жердің бәрін танып кетті.
Артынан қазақ халқы кетем депті,
Соңынан Асан бидің жетем депті.
Айтса да, кетемін деп, кете алмай,
Саласын Сарыарқаның мекен етті.
Қазақтың Сарыарқаға келгеніне
Бес жүзден астамырақ жылдар өтті.
Айналып Алатаудан Адай келген,
Маңғыстау, Үштүбекті мекен еткен.
Адайдың Алатаудан шыққанына
Үш жүзден астамырақ жылың өткен.
Ел келді балдарына өкпе қылып,
Баласы Тәжікенің Нарынға өткен.
Қарасам шежіреге көзім салып,
Мәмбетбай ол заманда жазып кеткен.
Қазақтың бір баласы—Алау жеке,
Ер болып, тұлпар мінген құлан шеке.
«Құдуар» деген одан туған жалғыз бала
Зор тентек атаныпты, болып ерке.
Баласы Құдуардың Алшын деген,
Бай болып, заманында тұлпар мінген.
Өнерпаз домбырашы, ақын болып,
Сол күнде сайқылықпен дәурен сүрген.
қайролланың туыс шежіресі
Алшын деген атаңның
Туған жерін айтайын:
Мәдина мен Мекке екеуінің арасы,
«Салқын су» деген бұлақта
Төрт жүз үйге толғанша,
Отырған екен шамасы.
Мұсылманның ұлынан
Кәпірді жақын көрдің деп,
Бір шапқанда үш шауып,
Көшіргенге ұқсайды,
Халипа шаһар данасы.
Сол көшкеннен кідірмей,
Қырық жыл көшіп тынбастан,
Келіп қонған жерлері
Ноғайлыға қосылып,
Қалмақтың салған обасы.
Алты Алашқа мағлұм,
Үш жүз болып атанып,
Ноғайлыдан айрылып,
Енші алысқан жері еді
Қорғантөбе қаласы.
Ең үлкені—Ақарыс,
Ортаншысы—Жанарыс,
Ең кішісі—Бекарыс,
Осы болады, халайық,
Алшынның үш баласы.
Шежіреге қарасам,
Моңғол қызы Мәриям
Алшынның туған анасы.
Алшын деген атаңыз
Өзі ақын, шер болған.
Алашұбар ту байлап,
Атағы шығып ер болған.
Қыдырдан туған он екі ұл—
Байұлы болып ел болған.
шежірелік жыр-аңыздар
Нәдірдің жеті баласы—
Жетіру болып кең қонған.
Садырқожа баласы—
Қаракесек жеке еді.
Бұлардан саны кем болып,
Немереден демесең,
Тұқымы өсіп тең болған.
Кіші жүз болып көбейіп,
Атанып тұр—ел мұнан.
Сөйлесем, сөзім жақсы қиылысқан,
Табылар білімпаздар жиылысқан.
Баласы үш қазақтың басын қосып,
Бұл күнде атанып тұр—Қазақстан.
«Қалайша жүз дегеннің мәнісі көп»,
Бұл сөзге ақындарым көп таласқан.
Ақарыс, Жанарысты былай қойып,
Азырақ сөз бастайық, Бекарыстан.
Үлкені Бекарыстың—Сәдірқожа,
Жетісіп немеремен көп болыпты.
Бұлардың ең кішісі—Қыдырқожа
Бай болған төрт түлікке жеткілікті.
Қыдырдың балдарының саны он екі,
Кішісі он екінің Сұлтансиық,
Қалыпты үлкен үйде түпкілікті.
Біреуі он екінің—Есентемір,
Қыз алып Байұлыға қосылыпты.
Аттарын теріп айтып, не қылайын,
Беріштен аты шыққан ер шығыпты.
Сөйлесем тілім сүйер, еркім епті,
Сәдірдің бір баласы Қаракесек,
Айтайын осы арадан біраз кепті.
Қаракесек баласы—Байсары, Әлім, Шөмен-ді,
Осы әлеумет біледі Қаракесек дегенді.
қайролланың туыс шежіресі
Байсары—үлкен баласы, бір анадан жеке еді,
Әлім мен Шөмен анасы—екеуінің бір еді.
Байсарыдан туған Кете еді,
Кетенің екі баласы—Бозанша мен Майлыбай,
Кетеңнің өскен жері еді.
Қаракесек баласы Байсарыдан өрбіген,
Тойқожадан Дүреген.
Үш таңбалы Майлыбай,
Кете атанған ел едік.
Жетіру, Әлім, Байұлы—
Үшеуіне де тең едік.
Қонысым жақын болған соң
Он екі ата Байұлы
Бізбен он үш деп едік.
Нағашым Беріш, Бәйсейіт
Адайменен бөле едік.
Ар жағым бөле болған соң,
Қонысым жақын қонған соң,
Жақыным Адай деп едік.
Есет пен Есен Алтайға
Ажыбай атам бас болып,
Қалмақпенен қас болып,
Ойыл, Қиыл,Жем, Сағыз,
Елек пенен Қобдадан
Қалмақты қуып, бастырып,
Сол қонысты алған соң
Мекен етіп келеміз.
Көк орайлы, көк шалғын,
Өзен-судың саласын.
Сөйледім осылай деп сөз шамасын,
Қазақтың айтып жүрмін үш баласын.
Жоғары шеті—Бұқар, бұл жағы—Еділ,
Мекендеп отырыпты су саласын.
шежірелік жыр-аңыздар
Дәулетін ерлігімен мақтасам да,
Қайтейін қарғадай-ақ аузы аласын.
Таңбалы қазақ халқы сексен екі,
Қырғыз бар күн шығыста қазақ шеті.
Шаһары дін Хорезм, Хиуаның
Пір тұтқан әулие бар жетпіс жеті.
Керемет көшпегей деп қауіп айтамын,
Жүйткітіп қарағалы дұшпан беті.
Бұқарада Әзіреті Баһауаддин
Бар дейді сол шәріптің кереметі.
Әзіреті Түркістан
Атаңның өскен жері екен,
Қозғала көшкен бір істен.
Жау жағадан алған соң
Олар қандай арыстан,
Әрмән де бермен үркектеп.
Сол заманда атанған,
Еңіреп жүрген ер екен.
Жау бар десе, қуанған,
Жау жоқ десе, суалған.
Үйді көрмей жау жақта,
Найзаның сабы қуарған.
Қиын-қыстау іс болып,
Сарыарқадай төс көріп,
Әзіреті Түркістаннан
Ел бастап келген көп кісі,
Бәрі бірдей мәрт кісі,
Сол кісінің біреуі
Ар жақта өткен Саңқыбай.
Саңқыбайдың жүр ме едің,
Әлі естімей даңқын-ай.
Қарақұстай Қалқыбай.
Мен сөйлейін, құрбылар,
Ақ теңіздей шалқып-ай.
қайролланың туыс шежіресі
Бойым отыр балқымай,
Даусым отыр аңқымай,
Мерекеге келген соң,
Мен салайын талқыға-ай.
Сол батырдың біреуі—
Кетеден шыққан Әжібай
Әлі күнге келеді,
Әруағы қажымай.
Қажымаған себебі—
Біздің сөздің орнағы-ай,
Майлыбайдың қазығы-ай.
Мұны тыңда, әлеумет,
Бар ма сөздің жазығы-ай.
Кесіп таста тілімді
Сөзімнің шықса жазымы-ай.
Сол батырдың біреуі—
Тама Есет, Бөкенбай,
Асау, Барақ, Бұқарбай
Жауды көрсе ақырған,
Азуын көпке теңеген,
Аламанға дем берген.
Асан ердің ақтығы,
Төлей батыр тағы бар.
Исатай батыр өлгенде
Көзінен төгіп жас алған.
Тайсойғаннан өткенде
Көзінен төгіп жас алған.
Тайсойғаннан өткенде
Қуып жетіп соңынан,
Құлын-тай, жылқы айырып,
Ақсақалдан бата алған.
Сүйкімді болып халқыма,
Ерлігі шығып атанған,
Алаша, Сатай тағы бар.
Шежіреден алып сөйлесем,
шежірелік жыр-аңыздар
Керегің бізден табылар.
Байбақтыдан Әділбай,
Байұлыдан Шағыр-ай,
Беріштен шыққан Ағатай,
Таздан шыққан ер Бақай,
Адайдан шыққан ер Шабай,
Атын атап бер десең,
Осылар екен көшкен ел.
Арқаның саласына
Түйенің қомын шешкен жер.
Мырза мен жайсаңдар
Манаурай басып жүрген жер.
Сапырулы қымыз, салқын үй,
Сәске түсте тұрған жер.
Ұрандап, бедеу ат мініп,
Той, мереке қылған жер.
Бәйшешектей шоқ болып,
Ұлы жиын көп болып,
Қыз-келіншек күлген жер.
Шаруалар мал бағып,
Саяға шығып тұрған жер.
Қарасай, Қази, Қанды Орақ
Қабырғадан қан кешіп,
Толарсақтан саз кешіп,
Қалмаққа ойран салған жер.
Асан Қайғы, Мырза Абат
Қазасынан өлген жер.
Байтақ атын қалдырып,
Шора шұбап өткен жер.
24-83
Томға енген мәтіндерге түсініктеме
Түрік тайпалары және қазақ үйсіндер
Жыршы шежіреде адамзаттың тарихын Адам атадан бастап
түгел қамтып, қазақтың үш жүзге бөлінетін құрылымына дейін
таратып жырлаған. Асан ата шежіресіне сүйене отырып ежелгі
тайпа, ру, жер атауларын көптеп пайдаланған. Соның ішінде
Ұлы жүз руларына кең шолу жасаған. Шежіре аңыздың тағы бір
ерекшелігі—жырлаушының тарихи деректер мен оқиғалардан
жан-жақты хабардар болуы. Өйткені мұнда тек қазақ рулары ту-
ралы ғана емес, өзге де халықтардың шығу төркіні жан-жақты
сөз болады. Сондай-ақ жыршының грек (мәтінде иунан), қытай
ғалымдары мен М.Қашқаридың еңбектерімен таныс болғанын:
«Жайларды бұл айтылған дәлелдейді
Шежіре Қашқаридың намасында»
деген жолдардан айқын аңғаруға болады.
Шежіренің «Түрік тұқымдары және қазақ үйсіндер» ата-
латын қарасөзбен жазылған нұсқасын Есенғараев Батылхан
1980 жылы қорға тапсырған [ӘӨИ:Қ.869.12-дәп.].
Томға ұсынылып отырған жыр-аңызды ақын Төлтай
Меңлібайұлы ел аузынан жазып алып, 1960 жылы ӘӨИ-дің
қолжазба қорына өткізген [Қ.1076.1-дәп.]. Жыршысы белгісіз.
Осы буманың 5-дәптерінде мәтіннің кирилл әрпімен жазыл
ған көшірмесі сақтаулы. Аталған бумадағы екі мәтінді салыс
тыру нәтижесінде байқағанымыз: жырдың бастапқы кіріспесі
шежірелік жыр-аңыздар
(22 өлең жолы) түсіп қалған, оның орнына көшіруші өз жаны
нан төмендегідей 14 өлең жолын қосқан.
Аспаннан жауын құйып бет қаратпай,
Көл болып көтерілді таудан асып.
Тауларды кесек мысал домалатып,
Қиратты кездескенін қаһар шашып.
Су тездеп жоғарылап кете барды,
Бір адам құтылмады одан қашып.
Қырылды адам, хайуан суға кетіп,
Бір ауыз сөз қата алмай жақындасып.
Апаттан үш баламен Нұх қалды,
Бар елден қалғандай-ақ жол адасып.
Қалыпты неше хайуан және аңдар,
Себеппен бұл кемеге ұшырасып.
Бұларды екінші ата адамзатқа,
Деседі сол кісіге еткен нәсіп.
Жырда араб-парсы сөздерімен қатар, орыс сөздері де кезде
седі: паходы креставай, порма т.б.
Томға ұсынылған мәтін бұрын-соңды жарияланбаған, түп
нұсқа негізінде [ӘӨИ:Қ.1076.1-дәп.] дайындалды.
Қазақ шежіресі (қысқаша)
Аталуында көрсетілгендей, жырда қазақ шежіресіне қыс
қаша шолу жасалған. Жыршы қазақ халқын арабтардан, Ан-
нас сахабадан таратудың бұрыс екенін, оның себебін айта ке
ліп, арғы тегіміз түрік, Алаша ханның үш баласынан тараған
ұрпақ екенімізді дәлелдеуге тырысады. Сонымен қатар «Ақта
бан-шұбырынды» оқиғасы, Ресейге бодан болу сияқты тарихи
оқиғаларды да қамтыған.
Дәптердің мұқабасында «Оспанов Әлмағамбеттің шығар
малары. Ақтөбе облысы, Торғай ауданының азаматы Әлмағам
бет Оспанұлы мен Нұрхан Ахметбекұлының өлеңдерінің кө
шірмелері. Жинаушы—Мұқанұлы Смағұл» [ОҒК:Қ.569.] деген
жазу бар. 1932 жылы латын әрпінде жазылған қолжазба әбден
ғылыми қосымшалар
ескірген. Мәтінді көшіру барысында біраз қателіктерге жол
берілген. Бірнеше өлең жолдары мен шумақтары түсіп қалған.
Жырда араб-парсы сөздері көптеп кездеседі және жер-су атау-
лары түпнұсқадан өзгеріссіз берілді. Мысалы: Әзиа, Керманиа,
Әрмене, Әприқа, Әміриқа.
Ұсынылып отырған жыр-шежіренің бір нұсқасы «Шежіре
жайынан қысқаша мағлұмат» деп аталады [ӘӨИ:Қ.1129.181-
дәп.]. Бұл нұсқаны 1989 жылы Ә.Оспановтың баласы Сұлташ
Оспановтың аузынан жазып алған—Еркін Құлпейісов. Аталған
нұсқа аяқталмаған.
Мәтін қозжазбадан [ОҒК:Қ.569.] өзгертусіз дайындалып,
алғаш рет жарияланып отыр.
Қазақ шежіресі
Шежіре-аңызда қазақ халқының тарихы, оның ХV ғасырға
дейінгі тұрмыс-тіршілігі, моңғол, қалмақ, өзбек халықтары
ның ұлт болып қалыптасу тарихы жырланады. Мәтінде жеке
бір жүзді, не руды ғана таратпай, тек қазақ халқының ұлт бо-
лып қалыптасқанға дейінгі кезеңі сөз болады.
Шежірені жырлаушы Төлепұлы Жақсылық Қарақалпақ
станның Қоңырат ауданында дүниеге келген. Жастайынан
қисса-дастандарды, жырларды өздігінен үйреніп, ел арасында
нақышына келтіріп орындаған. Қойын кітапшаға араб әрпімен
жазылған мәтінді қорға 1946 жылы Ж.Аралбаев тапсырған.
Томға мәтін қолжазба негізінде [ОҒК:Қ.560] алғаш рет да
йындалып отыр.
Қазақ шежіресінен өлеңмен жазылған қысқаша
мазмұндама
Шежіре-аңызда жыршы қазақтың түріктен тарағанын
дәлелдеуге тырысады. «Әнес сахабаның ұрпағымыз» деген
пікірге қарсы тұжырымдар келтіріп, оның себебін өзінше
дәлелдейді. 1876 жылы Орта жүзден Құнанбай, Кіші жүзден
шежірелік жыр-аңыздар
Мырқы, Жаппас қазіреттер қажыға барған сапарларында
жаздырып әкелген шежіренің қазақты арабтан тарады деген
пікірге итермелегенін, арғы тегіміз—түрік, дініміз—ислам
деген қорытындыға келеді. Түріктен Алашты, Алаш ханнан
үш жүзді таратады. Сонымен қатар Әбілқайыр, Абылай хан
тұсында қазақ халқының Ресейге бодан болғандығы туралы та-
рихи деректерге де тоқталып өтеді.
Араб әрпінде жазылған қолжазбаны қорға өткізген—Қор
жынұлы Қанен. Томға мәтін түпнұсқа бойынша [ӘӨИ:Қ.884]
дайындалды. Алғаш рет жарияланып отыр.
Үш жүздің шежіресі
Жыр-шежіренің басты айырмашылығы—жырдың толғау
мен, үгіт-насихат айтумен басталуы және жеке бір ру тарихы-
на тоқталмай, үш жүзді түгел қамтуы. Жыршы әр жүзді жеке-
жеке ру-тайпаларға бөле отырып, көркем жырлаған.
Шежірені жырлаушы—ауыз әдебиеті үлгілерін жинау-
шы, ақын Байбатыров Мұқаш. Кирилл әрпіндегі мәтін оқушы
дәптеріне көк сиямен жазылғандықтан, кейбір сөздері өше
бастаған.
Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан [ӘӨИ:Қ.356.2-
дәп.] еш өзгертусіз дайындалды. Алғаш рет жарияланып отыр.
Сатыпалдин Файзолла қаридың өлең-шежіресі
Жыр-аңызда дүниежүзі халықтарының түп төркіні Нұх
пайғамбардың үш ұлынан таратады. Аннас сахабаның тегі
түрік екенін, Мәдина қаласына көшіп барғанын, сол Аннастың
үшінші әйелінен Азия халықтарының өсіп-өнгенін айтады.
Алаштан үш жүзді өрбіте келіп, осы үш жүздің руларына жеке-
жеке тоқталады.
Шежіре-аңызды жырлаушы Сатыпалдин Файзолла—ел
есінде 1931-1932 жылдардағы аштықта құрбан болғандардың
әр жерде шашылып жатқан сүйектерін ең алғаш жинатып,
ғылыми қосымшалар
жерлеуді ұйымдастырушы, қыр қазақтарын шағын өнеркәсіп
ке үйретуші ретінде сақталып қалған тарихи тұлға. Соны-
мен қатар «Тоқымбет—Гүлайым» дастаны мен өзі шығарған
өлеңдері, жинаған ауыз әдебиеті үлгілері қолжазба қорында
сақтаулы. Қолжазбаны жазып алған—бұрынғы Торғай облы
сы, Амангелді ауданы, А.Иманов атындағы совхоздың тұрғыны
Әмірхамзин Ғазиз. Қорға 1983 жылы түскен.
Мәтін алғаш рет 2001 жылы «Қазақ» газетінде «Адам ата
шежіресі» деген атпен жарияланған. Томға ұсынылып отырған
мәтін қолжазбадан [ӘӨИ:Қ.1113.13-дәп.] еш түзетусіз дайын-
далды.
Қазақ шежіресі
Жыр Ұлы жүз руларына арналған. Оның атақты адамдары,
батырлары мен билері туралы айтылып, Орта жүз бен Кіші жүз
туралы қысқаша шолу жасалған.
Ақын Кенен Әзірбаев жырға айналдырған бұл шежірені жа-
зушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы 1964 жылы Рахымалы Байжа-
расов пен Серкебаев деген шежірешілердің қолжазбаларынан
көшіріп алған. Шежірені жинап, қорға тапсырушы—Қ.Сатта-
ров. Мәтін 1995 жылы «Қазақ батырлары» газетінде «Байрақ
боп өткен бабалар» деген атпен және 1994 жылы «Атамұра»
баспасынан жарық көрген «Қазақ шежіресі» атты кітапта
жарияланған.
Томға мәтін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти
тутының Қолжазба қорындағы түпнұсқа бойынша [Қ.920/90]
дайындалды.
Шежіре
Қазақтың арғы атасын арабтан таратқан бұл жырда Аннас
сахабаны Ансари деп атайды. Басқа шежірелерден тағы бір
ерекшелігі—Қазақтың Наурыз, Алаш деген екі ұлы болады
да, Наурыз ұрпақсыз дүниеден өтеді. Сондықтан Наурыздың
қайтқан күніне арнап жыл сайын көктемде ас беріліп, жыл ба-
шежірелік жыр-аңыздар
сын «наурыз» деп атаған деген қызық деректер келтіреді. Алаш
үш баласы Ақарыс, Жанарыс, Бекарысқа енші бөлгенде талас
болғанын, сол себепті Алаш үш баласына жүз-жүз жылқыдан
бөліп беріп, «өсіп-өніңдер» деп батасын береді. Жыршы «жүз»
деген атаудың түп төркіні осы бөлістен шыққан деген тоқтамға
келеді. Сонымен қатар үш жүздің руларына жеке-жеке шолу
жасалады.
Қарасөзбен жазылған шежірені жырға айналдырған—
Шоңбай Жұбанұлы. Ақынның берген мәліметтері бойынша
шежіренің негізгі нұсқасын 1876 жылы қажыға барғандар
(Құнанбай, Мырқы, Шабдан, Досжан қазіреттер) Меккеден
әкелген. Қайқыұлы Бекжан деген кісі қарасөзбен жазылған
шежірені Шоңбайға тапсырып, өлеңмен жырлауын өтінген.
Жыр-шежіре 1945 жылдан бастап елге тарай бастайды. Оны
1945 жылы Қызылорда облысында болған ақындар айтысына
қатысқан Қармақшы ауданының ақыны Молдахмет Дабылұлы
Шоңбайдың өз аузынан жазып алған. Қолжазбаны 1964 жы
лы белгілі ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Ә.Қайнарбаев
қорға тапсырған [ӘӨИ.Қ.917/7.1-дәп.]. Осы шежіренің тағы бір
нұсқасы ӘӨИ-дің Қолжазба қорында [Қ.781.14-дәп.] сақтаулы.
Жинап, қорға тапсырушы—Абыт Нүркенов. Қолжазба араб
әрпінде жазылған.
Аталған мәтін Х.Мадановтың құрастыруымен 1993 жылы
«Атамұра» баспасынан жарық көрген «Кіші жүз шежіресі» атты
кітапта жарияланған. Айта кетерлік тағы бір жайт—осы жыр-
шежіренің бас жағында берілген қысқаша түсінікке сүйенсек,
жырды құрастырушыға қызылордалық Мәди Кереев деген аза-
мат тапсырған. Бірақ жинаушы қайдан, қашан, қай жерде, кім
жырлағаны туралы мәлімет бермеген.
Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан [ӘӨИ.Қ.917/
7.1-дәп.] өзгертусіз дайындалды.
Шежіре-өлең
Жырда қазақтың түп атасын Әнес сахабадан өрбіте оты-
рып, жыршы өзінің атасы Орта жүз, оның ішінде Уақ руының
ғылыми қосымшалар
ұрпақтарын таратады. Арғы атасы Жаубасардың қалмақтармен
болған соғыстардағы ерліктерін дәріптейді. Мәтіннің соңында
жырға енбей қалған руларды қарасөзбен атап өтеді. Оның себебі
туралы былай дейді:
Өлеңмен жаза берсек көпке жетер,
Жазбадан көрген сөзім болмас бекер.
Ендігісін қарасөзбен жазып таста,
Шірітпей кәрі миды босқа бекер.
Шежірені халық мұраларын жинаушы Қарамендин Сейіт
қали Семей облысы, Бесқарағай ауданы, бұрынғы Семеновка
совхозының тұрғыны, 93 жастағы қарт Заһидолла Қауменұлы
нан жазып алған. 1991 жылы осы қолжазбаны көшіріп жазып
алған—белгілі жазушы-ғалым Ақселеу Сейдімбеков. Мәтіннің
араб әрпінен кирилл әрпіне түсірілген осы көшірмесі қолжазба
қорында сақтаулы [ӘӨИ.Қ.1213].
Мәтін А.Сейдімбековтың жеке мұрағатынан дайындалды.
Алғаш рет жарияланып отыр.
Адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ,
руларға дейінгі шежіре
Жырда Адам атадан бастап кейінгі руларға дейінгі шежіре
жырланады. Басқа шежірелерден айырмашылығы—адам, кісі
есімдері мен ру атауларында біраз өзгешеліктер бар.
Бұл шежіре қолжазба қорына соңғы уақытта қосылған
шежіре десек те болады. Шежірені жырлаушы Орынбекұлы
Бектұрсын 1941 жылы Қытай Халық Республикасында Күнес
облысы, Қарабура ауданы, Қызылтал ауылында дүниеге кел
ген. Атасы Жолбарыс Самарқан қаласында діни мектепте
оқыған. Және «Қиямет», «Кербаланың шөлі», «Салсал» т.б.
дастандарды жатқа айтқан. Қазірде Қытай Халық Республика
сында тұрады.
шежірелік жыр-аңыздар
Осы кісінің Қазақстанға келген сапарында, атап айтқанда
2011 жылдың көктемінде жырды, жыршының өз аузынан
тыңдап, жазып алу мүмкіндігі туды. Жыршы О.Бектұрсынұлы
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қол
жазба бөлімінде болып, шежірені өз аузымен жырлап берді.
Қазірде жырлаушының өз қолтаңбасымен араб әрпімен
жазылған жыр қорда сақтаулы [ӘӨИ:Қ.1213].
Жыр-шежіре
Жырдың басқа шежірелерден ерекшелігі—мұнда қалып
тасқан қағида бойынша Адам атадан бастап, өз атасына дейін
емес, керісінше, өз атасынан бастап Әнес сахабаға дейінгі
ата-бабаларды жырлайды. Соның ішінде Орта жүз руларына
кеңінен тоқталған.
Жинаушылардың берген мәліметі бойынша, бұл жыр-
шежіре Ақан серінің серіктерінің әрі мирасқорларының бірі
және Ақан серінің өзімен де айтысқа түскен, белгілі дүлдүл
ақын Қожамбеттің қолжазбасы арқылы жеткен. Солтүстік
Қазақстан облысының Сергеев ауданында тұратын ақсақал
Әупіжан Әубәкіровтың айтуынша, Қожамбеттікі деген төрт
дәптерден тұратын шежіре-жырдың қолжазбасы 1931 жылы
зым-зия жоғалған. Ал мына мәтін аталған ауданда тұратын
Өмірбай Ыбыраевтың жамағайын туыстарының бірі Азнабай
Әбілмәжіновтің аузынан жазылып алынған шежіренің тек бір
бөлігі ғана сияқты.
Белгілі халық ақыны Ілияс Манкин 1949 жылы «Қожамбет
тің шежіресі» атты осы шежіренің бір нұсқасын жазып алып,
ОҒК-нің қолжазба қорына тапсырған [ОҒК:Қ.1115.15-дәп.].
Жырдың осы нұсқасы кейін «Көкшетау» облыстық газетінде
жарияланған («Көкшетау»,1991. 16 ақпан).
Томға ұсынылып отырған мәтін ӘӨИ қолжазба қорында
сақтаулы қолжазбадан [ӘӨИ:Қ.1125.168-дәп.] өзгертусіз да
йындалды.
ғылыми қосымшалар
Көкжарлы мен Бура
Жырда Найман руынан тарайтын Көкжарлы және Бура
руларының аталу тарихы сөз болады. Бақана мен Бақанастың
күндестіктің салдарынан өзбектерге сатылып, ағайыны Сар
жомарттың көмегімен еліне оралып, ұрпақтары өсіп-өнеді.
Бұқар қаласының хәкіміне көкжал ат пен қара бураны тарту
етіп, екі баланы азат еткені үшін азан шақырып қойған есімде
рі Көкжарлы мен Бура деп атанып кеткен.
Жыр 1991 жылы «Дидар» газетінде жарияланған. Мәтін
қолжазба қорында сақтаулы қолжазбадан [ӘӨИ:Қ.1126.149-
дәп.] өзгертусіз дайындалды.
Нұржанның шежіресі
«Нұржанның шежіресі»—қазақ шежірелерінің ішінде ал
ғаш баспа бетін көрген жыр-шежіре. Мәтін 1903 жылы Қазанда
Кәрімовтер баспасында жарық көрген Hұржан Наушабай
ұлының «Манзұмат қазақия» атты кітабында жарияланған.
С.Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» атты еңбегінде Н.Науша
байұлының қазақ шежіресін өлеңмен жазғанын, оны сол үшін
Ыбырай Алтынсарин жақсы көріп, ілестіріп жүргенін айтады.
Жырда әдеттегідей Адам атадан бастап тізбектеп келіп, Орта
жүз руларына ауысады.
Айрылды Ұлы жүз бен Кіші жүз боп,
Осылай шежіреден қалды сөз боп.
Арғын, Қыпшақ, Керей, Уақ, Найман, Қоңырат
Бөлініп кеттік енді Орта жүз боп.
Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан [ӘӨИ.Қ.403.]
өзгертусіз дайындалды.
шежірелік жыр-аңыздар
Өлең-шежіре
Туындының басқа шежірелерден айырмашылығы бар. Мы-
салы: Қазақтың үш баласының есімдері Озған, Озақ, Созақ.
Озған мен Созақтан мәлімет жоқ дей отырып, ортаншы баласы
Озақтан Алашты таратады. Осы Алаштан үш жүз Ақарыс, Жа-
нарыс, Бекарыс өрбиді. Одан әрі аңызға сүйене отырып, Орта
жүз Найман руының шығу тарихын баяндайды.
Бұл өлеңмен жазылған шежіренің жырлаушысы белгісіз.
Жинаушылардың берген мәліметі бойынша Досымбет, Бек
берді ақындардан жазып алған. Мәтін 1937 жылы Асылбай
ұлының қолжазбасынан көшірілген. «ХІХ ғасырдың басында
жазылған өлең-шежіре» деген атпен 1998 жылы жарық көрген
З.Қожанов құрастырған «Найман шежіресі» атты кітапта жа
рияланған. Мәтін аталған кітаптан дайындалды.
Қаракерей Мұрын Ақшайықтың өлең-шежіресі
Жырда басқа шежірелер сияқты, Адам атадан бастап адам-
зат тарихын тізбектей келіп, Орта жүз, оның ішінде Найман руы
туралы кеңінен айтылады. Мұнда Қазақтан Озған, одан Ұзақ,
Ұзақтан Алаш өрбіген деген тұжырым жасалады. Алаштан үш
жүздің аталары тарайды. Жыршы осылай қазақтың түп атасын
санамалай келіп Найман руының шығу тарихына айырықша
мән береді. Жырда Найман руының өсіп-өнуіне үлес қосқан
данышпан ана, Найман шалдың келінінің есімі—Әлпіш (Өзге
шежірелерде Ақсұлу деп аталған). Және де Төлегетайдың төрт
ұлының (Садыр, Матай, Төртуыл, Қаракерей) көрген түстерін
жоруы аталған рулардың кейінгі тұрмыс-тіршілігін бейнелей
ді. Жырдың соңғы бөлігі сақталмаған.
Мәтін 1998 жылы жарық көрген, З.Қожанов құрастырған
«Найман шежіресі» атты кітаптан дайындалды.
ғылыми қосымшалар
Қабыл Қамзаның өлең шежіресі
Бұл туынды—Ұранхай бойын жайлаған Сарыжомарт руы
ның Қабыл атасынан тараған Берғалиев Қамза деген азаматтың
жырлаған шежіресі. Қ.Берғалиев екінші дүниежүзілік соғыста
ерлікпен қаза тапқан. Аталған мәтінді 1941—42 жылдары май-
даннан хат түрінде жазған.
Жыршы басқа жыр-шежірелердегідей Адам атадан баста-
май, туындыға тек өз руын ғана арқау етеді. Оның себебін бы-
лайша түсіндіреді:
Қысқаша өз атама тура тартам,
Тым толық болмаса да шетін шалып.
Шығарманың кейінгі дәуірде жазылғаны байқалып тұр.
Мәтін 1998 жылы жарық көрген, З.Қожанов құрастырған
«Найман шежіресі» атты кітап бойынша дайындалды.
Кіші жүз шежіресі
Шежіре тікелей Кіші жүз руларына арналған. Кіші жүздің
арғы атасы Жанарыстан бастап, бергі ұсақ руларға дейін тара-
тады. Жыр арасында ру атауларын қарасөзбен тізбектеп те та-
рататын тұстары бар. Сонымен қатар жыршы тарихи деректер-
ге сүйене отырып, үш жүздің басы қосылып хан, би сайлаған
оқиғаларды да сөз етеді. Шығармада ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы
тарихи кезеңдер көркем суреттеліп, қазақтың Төле, Қазыбек,
Әйтеке төбе билерінің халық алдындағы беделі мен көрегендік
әрекеттері жан-жақты жырланады. Әйтеке бидің әділдігі мен
шешендігі, данышпандығы айырықша дәріптеледі. Кейбір
оқиғалар бөлімдерге бөлінген. Ру атауларының әр түрлі, жаң
сақ аталатын тұстары да жиі ұшырасады.
Мәтін қалың оқушы дәптеріне араб әрпімен жазылған
қолжазбадан [ОҒК:Қ.1118] өзгертусіз дайындалды. Алғаш рет
жарияланып отыр.
шежірелік жыр-аңыздар «Өлең-шежіре», «Адай шежіресі» «Өлең-шежіре» атты жырда Әнес сахабадан бастап, қазақтың шығу тегін айта келіп, Кіші жүз руларына кеңінен тоқталады. Аталған шежіренің бірнеше нұсқасы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтау лы: Шежіре-өлең. ӘӨИ.Қ:1089. 4-дәп. Өлең-шежіре. ӘӨИ. Қ:1063. 4-дәп. Шежіре. ӘӨИ.Қ:920/62. Қорға 1992 жылы түскен. Жи наушы—Зухра Ахтаева. Көшіріп жазған—Бибігүл Исанова. Өлең-шежіре. ӘӨИ. Қ:920/32. Жинағандар: Қ.Саттаров, Қ.Құлпыбаева. Ал «Адай шежіресінде» Адай руының қонақжайлылығы, кеңпейілділігі айтылады. Жыршы Адай руынан шыққан беделді адамдарды айта келіп, Бекет атаның қасиеттеріне арнайы тоқталады. Шежірелерді жырлаған атақты Жақсылық жыраудың шәкірті—Қылышев Қартбай. Ол 1930 жылы Қара қалпақ АССР-і, Қоңырат ауданы, Тасбөгет аулында дүниеге келген. Ал мәтіндерді Құлпыбаев Ерғожаның орындауынан 1978 жылғы Әмудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілері мен этнографиялық материалдарын жинау экспедициясы кезінде жазып алған—Қ.Саттаров пен Қ.Құлпыбаева. Мәтіндер қолжазбадан [ӘӨИ.Қ:920/32] еш түзетусіз дайындалды. Алғаш рет жарияланып отыр. Адайлар жайында Жырдың атауы айтып тұрғандай, жырда Кіші жүз, оның ішінде Адай руының тарихы туралы айтылады. Шежірені жинап, қорға тапсырған—белгілі ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, профессор Қ.Саттаров. Ол мәтінді 1982 жылғы Әмудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілері мен этнографиялық материалдарын жинау экспедициясы кезінде Өмірзақ Қалбаевтан жазып алған.
ғылыми қосымшалар Өмірзақ жырау Әмудария құйылысындағы Шөменай ауданына қарасты Шөменай ауылында дүниеге келген. Батырлық, ғашықтық жырлар мен аңыз, ертегілерді жастайынын жаттап өскен. «Алаңқай батыр», «Ер Қосай» дастандарын өзінше жырлаған. Өзі де ақындыққа бой алдырып, жыр-термелер мен өлеңдер жазған. Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазбадан [ӘӨИ:Қ.920/ 68.] өзгертусіз дайындалды. Алғаш рет жарияланып отыр. Қайролланың туыс шежіресі Жырдың мазмұнында басқа шежірелерден өзгешеліктер бар: Әнес сахабаның Қырым, Ұрым, Алаулы деген үш баласы болады. Кіші баласы Алаулыдан Алаш, Наурыз деген екі ұл өрбіген, қазақ соның Алашынан тараған деген тұжырым жасалады. Жыршы Алаштың Мағаз деген баласынан алты алашты тарата келіп, Кіші жүз руларына арнайы тоқталады. Мәтін белгілі ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, ғалым Қ.Саттаровтың Әмудария құйылысындағы қазақ фольклорын жинау экспедициясы материалдарынан алынды. Шежірені жырға айналдырушы Иманғалиев Қайролла—Қарақалпақстан өңіріне танымал жыршы, ақын. Жыр түрінде жазылған бұл шежіре қолжазбадан [ӘӨИ:Қ.920/62] дайындалып, алғаш рет жарияланып отыр. Салтақова Ж.
Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Абылай, Әбілмансұр (1711-1781)—аса көрнекті мемле-
кет қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақ халқының ханы.
Азан шақырып қойған аты—Әбілмансұр. Сабалақ—Төле бидің
қойған есімі. Жауға «Абылайлап» шапқандықтан Абылай
атанған. Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан-
нан тарайды. 1771 жылы Түркістан қаласында хан болып сай-
ланады. Ел тұтастығы үшін аянбай күрес жүргізіп, сыртқы
басқыншыларға қарсы табанды түрде тойтарыс беріп отыра-
ды. Шет елдермен (Ресей, Жоңғария, Қытай) дипломатиялық
қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өмір жолы ат үстінде
жорықтарда өткізіп, Арыс жағасында қайтыс болады. Сүйегі
Түркістан қаласындағы атақты Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің
ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерлен-
ген.
Адам ата—діни аңыздар бойынша, Алла Тағала топырақ
тан жасаған алғашқы адам. Балшық-мүсін ұзақ жылдар жансыз
тұрады. Ақырында Алла Тағала оған жан кіргізеді. Сонан соң
Адамның қабырғасынан Хауаны жасайды. Алғашында екеуі
періштелер қатарында болып, олардың арасында «беделді»,
«құрметті» орынды иемденеді. Періштелер Алланың жарлығы
бойынша Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс
атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тартады. Сол үшін
Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібереді.
Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш
алудың жолын іздейді. Ақырында Ібіліс шайтанның сөзіне
ғылыми қосымшалар иланған олар алдауға түсіп, тыйым салынған жемісті жейді. Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, Көк тен Жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды. Әбубәкір—Расул Алланың «төрт сахаба» аты берілген сенімді серік, жолдастарының бірі. Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. Өзі халифатты басқарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) түскен Құран аяттарының жинағын құрастырды. Әбілқайыр хан (1693-1748)—қазақ ханы, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны—Өсектің ұрпағы, Қажы сұлтанның ұлы. Тарихи жырларда әз-Тәукенің баласы деп көрсетілген. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, Кіші жүздің ханы болған. Қазақ-қалмақ қарым-қатынасы шиеленісіп кет кендіктен, ол Сібір губернаторы М.П.Гагаринге хат жазып, Ресей империясынан көмек сұраған. 1726 жылғы Ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланады. Қазақ хандары мен сұлтандары арасында алауыз дық артып, сыртқы жаулардың қаупі артқан кезде Әбілқайыр орыс билеушілеріне арқа сүйеуді ойлап, 1731 жылы қазан айында Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант береді. 1748 жылы Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр ханды Орта жүздің сұлтаны Барақ өлтіреді. Сүйегі Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында жерленген. Әлібекұлы Төле би (1663-1756)—қазіргі Жамбыл облысы ның жерінде, Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлауы деген жерде дүниеге келген. Ұзақ өмір сүріп, 1756 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданына қарасты Ақбұрхан-Орда деген жерде қайтыс болған. Сүйегі Тәшкен қаласындағы Жүніс ханның қабырының қасына жерленген. Дулат ішіндегі Жаныс. Жаныс—Жайылмас—Қожамбер ді—Құдайберді—Әлібек. Орта жүздің биі Қазыбек Келдібекұлы 25-83
шежірелік жыр-аңыздар
мен Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлы үшеуі Әз-Тәуке хан
ның басты кеңесшісі болып, қазақ халқының заңы ретінде «Же
ті жарғының» дүниеге келуіне атсалысады. Тәукеге Түркістан
қаласын орталық етіп, үш жүзді бір жерден басқаруға, сөйтіп,
бір тұтас қазақ хандығын нығайтуға көмектеседі.
Байбекұлы Әйтеке би (1644-1700)—қазақтың атақты
үш биінің бірі. Кіші жүз әлім тайпасының төртқара руынан
шыққан. Тәуке хан құрған «Хан кеңесіне» Кіші жүз жұртының
атынан мүше болып сайланған. «Жеті жарғының» өмірге
келуіне айрықша еңбек сіңірді. Халық биді «айыр тілді Әйте
ке» деп те атаған.
Домалақ ана, Нұрила (1378-1456)—қазақ халқының әу
лие аналарының бірі. Ұлы жүздегі көптеген ру-тайпалардың
түпкі анасы. Түркістандық Мақтым Ағзам қожаның немересі,
әкесінің аты—Әли Сылан, анасының есімі—Нұрбике. Наға
ша атасы Уәйіс хан Моғолстанның ханы болған. Атасы Мақ
тым Ағзамның қолында тәрбиеленген Нұрила 19 жасында
Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Өзінің ақылдылығы мен
парасаттылығы арқасында елге сыйлы болған. Түрікпен Қара
Хайдар даналығына тәнті болып «Диһнат мама» деп атаған.
Парсыша «Әулие ана» деген мағына беретін бұл сөз бертін келе
«Домалақ анаға» айналған. Десе де, «Домалақ ана» атының
шығуы туралы басқа да аңыз-нұсқалар бар. Балабөген өзенінің
жағасында намаз оқып тұрып қайтыс болғандықтан, сол жерге
жерленеді.
Жәнібек хан (туған, өлген жылдары белгісіз)—қазақ
хандығының негізін салушылардың бірі, Барақ ханның бала
сы. ХV ғасырда өмір сүрген. Керей ханмен бірге Өзбек ұлысы
нан Моғолстанға қоныс аударған. Екеуінің соңынан ерген ха
лық қазақтар аталған (көне түркі тілінде «қазақ» сөзі «азат,
ерікті, тәуелсіз» мағынасын берген. Қазіргі башқұрт, ноғай,
құмық тілдерінде «қазақ» әлі де сол мағынада қолданылады)
кейін бүкіл хандыққа телінеді.
ғылыми қосымшалар
Жошы (1187-1227)—Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Ал-
тын Орданың негізін салушы, қазақ хандарының арғы атасы.
Жошы жас кезінен аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге
түсіп, Шыңғыс хан әскерінің жорықтарына белсене арала-
сты. Шыңғыс хан Керей, Найман, Меркіт т.б. тайпаларды бір
орталыққа біріктіргеннен кейін (1206), Жошы әкесінің тап
сырмасы бойынша жеке жасағымен 1207-1212 жылдар Оңтүстік
Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды қоныстанған көптеген
тайпаларды бағындырды. 1218 жылы көктемде Жошы жасағы
Шыңғыс ханға бағынғысы келмеген меркіттердің бір тобын
өкшелей қуа отырып, Ырғыз өзені бойында Хорезмшаһтың
60 мыңдық әскерімен бетпе-бет кездеседі. Ержүректігі мен
айласының арқасында Хорезм әскерін жеңеді. 1220-1222 жыл-
дары Сырдария бойындағы Отырар, Сығанақ, Үзкент, Бар-
шынкент, Жанкент т.б. қалаларды қоршауға алып, Хорезм
мемлекетін толығымен жаулап алады.
Келдібекұлы Қазыбек би (1667-1764)—қазақ халқының
бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі,
мемлекет қайраткері. Орта жүздегі Арғын тайпасының қараке
сек тармағынан. Тәуке хан «Жеті жарғыны» шығарарда Төле
би, Әйтеке билермен бірге ханға ақыл-кеңесші болды. Жасы
ұлғайып, көз жұмған бидің сүйегі 1710-11 жылдары Жоңғар
хандығына үш рет елшілікке барған Қожа Ахмет Иасауи
кесенесіне қойылды. Халық арасына «Қаз дауысты Қазыбек»
есімі кең тараған.
Қарашаұлы Бәйдібек (туған-қайтыс болған жылдары бел
гісіз, шамамен ХІІІ-ХІV ғасырларда өмір сүрген)—қазақтың елі
мен жерінің тұтастығын қалыптастыру жолындағы аты аңызға
айналған тұлға. Көне шежірелер бойынша, Ұлы жүздің Үйсін
бірлестігіне кіретін Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсін, Шапыраш-
ты, Ысты, Ошақты ру-тайпаларының түп атасы. Жетісуды,
Арыс өзенінің алабын, Тәшкен мен Қаратау өлкелерін жайла
ған елді басқарған.
шежірелік жыр-аңыздар
Қожа Ахмет Иасауи—Ахмет бин Ибраһим бин Әли—атақты
сопы, түркілік суфизмнің негізін салушы, философ, ақын.
Шамамен 1093 жылы Түркістан шаһарының маңындағы Сай-
рам (Исфиджаб) қаласында туылып, ХІІ ғасырдың аяқ кезінде
қайтыс болған. Оның есімі Түркістанның «Кіші Мекке» деп ата-
луына тікелей қатысты. Қожа Ахмет Иасауидің мол мұрасынан
бізге жеткен негізгі шығармасы—«Диуани хикмет».
Қызай—шежіре-аңыздарда әйелдің аты делінеді. Қызай—
Үйсін
елінің
қызы
(есімі—Күнбүбі,
кейбір
нұсқаларда
Қарлығаш дейді). Бәйдібек байдың ұлы Ілебайдың қызы екен.
Ілебай соғыста қаза тауып, Қызайды атасы Бәйдібек бауыры-
на салып өсіреді. Күнбүбі асқан зерек әрі көрікті болғандықтан
«қыз-ай», «қызай» аталып кетеді. Қызайды Матайдың ұрпағы
Шағырай алады. Осы Шағырайдан тараған ұрпақ өсіп-өніп,
рулы ел болып, ананың атымен «Қызай елі» атанады.
Мұса—Құран кейіпкері, пайғамбар. Інжіл бойынша Моисей.
Алла Тағаладан кітап жіберілген төрт пайғамбардың бірі. Бала
кезінде Мұса (ә.с.) мен оның туыстарын перғауын (перғауын—
Мысыр патшасының атағы, титулы) жендеттері қудалайды.
Мұса (ә.с.) анасының арқасында өлімнен аман қалып (шешесі
оны бесікке салып өзенге ағызып жібереді), оны перғауынның
әйелі бағып тәрбиелейді.
Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, ислам дінінің негізін са-
лушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге
келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге кел-
местен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул
Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы
Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің
тәрбиесінде болған.
Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым
жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдын-
ғылыми қосымшалар
да рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында
Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—Исламды уағыздай
бастайды.
Мұхаммед (с.а.с.) Ислам дінін жария еткенде арабтардың ба-
сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам дініне қарсылық
білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы
Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәди
на қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам жыл санауы
ның басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни
«қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Аб-
дулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.
Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран
Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх пай
ғамбар мен оның әулеттеріне арналған.
Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су
оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін
топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен
алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адам-
дар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі ке-
меге мінгізеді. Осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман
қалып, өмір қайта жалғасады.
Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауы
мына басшылық жасаған екінші әділетті халиф, исламның
алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар хазірет
Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан
әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде таратуға
көп күш жұмсады.
Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін
күшейту мақсатында өзінің халиф лауазымына «Әмір әл-
муминин» дәрежесін қосты. 638 жылы хазірет Омардың саха-
шежірелік жыр-аңыздар
балары Иерусалимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен
храмының орнына намаз оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде
үмийа халифы Әбд әл-Мәлік хазірет Омар намаз оқыған жерге
«Куббат ас-сахара» деп аталатын күмбез тұрғызды.
Оспан—араб-мұсылман тарихындағы үшінші «әділетті
халиф». Ол—Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған ал
ғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген
үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі
Пайғамбардың қызы Рұқияға, ол қайтыс болған соң, Расулдың
екінші қызы—Үммү-л-Гүлсімге үйленді. Сол себепті мұсыл
мандар Оспанға Зу-н-Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген
құрметті атақ берген.
Рүстем Дастан—ежелгі Иран аңыздарының әйгілі ба-
тыры, «Шаһ-нама» эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс
халықтарында қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалағын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса-
лим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір
күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей
қаза болыпты. Сонда Дәуіт (ә.с.) еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен (ә.с.) мұсылман елдерінің
ертегі дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-
жануар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Шыңғыс хан, Тэмуджин, Тэмужин, Темучин (1155/62—
1227)—қазіргі ҚХР, Гансу өлкесіндегі Ся елді мекенінде
туылған. Шыңғыс хан империясының (1206 жылдан бастап)
негізін салушы ұлы хан, қолбасшы, саясаткер. Шыңғыс хан
ғылыми қосымшалар
Азия мен Шығыс Еуропа халықтарына қарсы жаулап алушы
лық жорықтар ұйымдастырды. Оның арғы тегін Шығыстық
мұсылман және түркі шежірешілері оғыздың қият руынан,
ал қытай мен моңғол тарихшылары Ди-Шивэй тегінен тара-
тады.
Ақырет, ахирет /а/—ақырет күні. Мұсылмандардың
ұғымы бойынша, бұл күні қияметтің болуы, Алладан өзгенің
жоқ екендігі, өлгеннен кейін сұрақтың қойылатындығы анық
сезіледі. Пенделер тірі кезінде істеген күнәларына жауап бере
тін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса, Алланың жақсылығын
сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние деген
ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы.
Аллаһу ағлам /а/—Аллаға аян
Архип /о/—мұрағат
Асы, ғасы /а/—күнәһар, шариғатқа қайшы істер жасаған
кісі
Аһл /а/—ел, халық, жұрт
Әгар /ж/—егер
Әдіпсін—өнерлі, белгілі бір кәсіпті меңгерген.
Әйла /т/—жасау, істеу
Әл-әнбие /а/—пайғамбарлар [нәби сөзінің көпше түрі]
Әлхамдулла, әлхамдулилла /а/—Даңқтың бәрі Аллаға! Бұл
сөз тіркесі «Аллаға шүкір» деген мағынада да қолданылады
Әмма, һәмма, әммеше /а/—және, тағы да; әрі; бірақ; бәрі,
барлығы
Әнжам /п/—ат саймандары (ер-тоқым)
Әсіл /а/—түбі, тамыры, түп негізі
Әулад /а/—[уәләд сөзінің көпше түрі]—ұрпақ; балалар; әулет
Әфсүн /а/—арбау, дуа, сиқыр
Бағзы /а/—кейбіреулері, кейбірі
Бақи /а/—мәңгі
сөздік
ғылыми қосымшалар
Бәлағат /а/—бәлиғатқа толу, ер жету
Бәлант, балант /п/—жоғары
Бәһана /п/—сылтау, себеп
Бәйіт /а/—қос тармақты өлең шумағы
Биабан /п/—құлазыған шөл дала, жапан түз
Бина /а/—құрылыс, ғимарат
Бисмилла /а/—Алланың атымен
Бустан /п/—бақ, бау-бақша
Білән, бірлән, бірлә, илән /т/—мен, бірге
Гозел /п/—әдемі, сұлу
Гөриан /п/—жылау, өксу
Ғажам /а/—парсылар; арабтардан басқа халық.
Ғақлия /а/—дүние, өмір, адамгершілік, жақсы мен жаман
т.б. хақындағы ой-толғам, ұлағатты сөз.
Ғапыл /а/—қапы қалу, білмеу, байқамау, сезбеу; надан,
қараңғы; аңқаулық
Ғарық /а/—бату; суға кету; суда жүзу
Дарақ—ағаш
Дәркар, дәркер /п/—керек, керекті.
Жамағат /а/—қауым
Жаппар /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің
бірі
Зәузаты—үрім-бұтағы, ұрпағы
Зүриат /а/—үрім-бұтақ, ұрпақ, әулет
Зұлжалал /а/—жоғары мәртебелі; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі
Ибарат /а/—үлгі, өнеге, ғибрат
Иншалла /а/—Алла қаласа
Ирада /а/—ниет, ықылас, ықтияр; шешім.
Кәлла /п/—бас
Қабағат /а/—өте, тым, тіпті, аса, орасан.
Қайіл болды /а/—сөйлеу, айту; мойындау, баға беру; қайран
қалу.
Құрсант /п/—шат-шадыман, қуанышты
Кәззап /а/—өтірікші, алаяқ
шежірелік жыр-аңыздар
Кәлима таухид («Ла илаһа илла Алла») /а/—«Алладан
басқа Құдай жоқ» сөзін айту
Кәмар /а/—оюланған, асыл таспен әшекейленген белбеу
Кәтта—үлкен
Лағин /а/—малғұн, лағынет; Алла Тағаланың рақымынан
мақұрым болған
Лахыт /а/—қабір; зират
Мазһаб /а/—жүру жолы; діни мектеп; ағым
Мәжуси /а/—отқа табынушы; сиқыршы; шоқынушы,
кәпір
Муафиқ /а/—келісілген; сәйкес, сай
Мұрсал /а/—Алла Тағаланың пенделерді тура жолға қою
үшін жерге жіберген пайғамбары
Мүддәға /а/—тілек; ой; мақсат, арман; мүдде
Мүрит /а/—тыңдаушы, ізін қуушы. Суфилердің шәкірт
терін мүрит дейді
Мүсәніп /а/—лайықты, жарасымды.
Набыт болу /п/—жойылу, қырылу, жоқ болу
Нама /п/—хат
Намі /п/—1. ат, есім; 2. даңқ, атақ, мәшһүрлік
Нәби /а/—пайғамбар
Нәмарт /п/—тексіз, нашар
Некаһ қылу, некаһлау /а/—үйлену, неке қию; үйлендіру
Нисбат /а/—қатынас, байланыс
Пазыл /а/—артық, артықшылық
Пакті /о/—дәлел; айғақ
Панар /о/—шам, шам-шырақ
Патиха /а/—бата, тілек; бата беру
Паходы креставай /о/—крест жорығы
Паһим /а/—ақыл-ой, зейін
Пәруар /п/—жаратушы, жасаған, Құдай
Порма, порым /о/—түр, түрі; қалып
Рада /а/—жағымсыз
Расул /а/—елші
Самоед—жер бетінен жойылып кеткен (ненец, энец, нгана-
сан, селкуп т.б.) ұсақ ұлттардың жалпылама атауы.
ғылыми қосымшалар
Сәна, сәнат /а/—жыл (уақыт өлшемі)
Сәруар /п/—басшы, басқарушы; қожа, ие.
Сүрік, сүрек /т/—заман, дәуір
Тауарих /а/—тарих [көпше түрі]
Тәпсір /а/—1) түсіндірме; 2) Құранға түсінік беріп, оның
мағыналарын ашу мақсатында жазылған кітаптар
Тәржіма /а/—аударма
Тіріклік /т/—тіршілік, өмір сүру
Тұхмет /а/—күдік; күмән; сезік; шүбә; айып
Ұғыл—ұл
Халас /а/—құтылу, арылу, құтқарылу
Халық /а/—жаратушы
Хамле /а/—аяғы ауыр; жүкті болу
Һәмма /п/—бәрі, барлық
Шамсу-қамар /а/—ай мен күндей
Шариқ /а/—түсіндіру, мағынасын ашу
Шаһадат кәлима а/—куәлік сөз; Алла Тағала мен оның
елшісі Мұхаммедке сенім, иман білдіретін шарт
Шаһариар—[шаһар /п/—төрт, яр /т/—жар, серік]—
Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі: Әбубәкір, Омар, Оспан,
Әли. Кейде төрт жар деп те аталады. Бұлар араб халифатын
билеген төрт әділетті халифтер болып, тарихта «ал-Хулафа ар-
Рашидун» деген атпен белгілі.
Ізһар /а/—таныту, көрсету; нық, ашық; ауыспалы мағы
нада: қайтыс болу
Жер-су атаулары
Азия—жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып,
Еуразия құрлығын құрайды. Еуропамен арадағы шартты ше-
карасы Орал тауының шығыс етегі, Жем өзені, Каспий теңізі,
Кума-Маныч ойысы, Азов теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы,
Мәрмәр теңізі арқылы өтеді.
Алатау—басы Хантәңірінен басталып, Тәшкен қаласының
маңына барып аяқталатын үстіңгі жағын мәңгілік мұздықтар
мен қар басып жататын алып таулар тізбегі. Олар Жоңғар Ала-
тауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы т.б. деп аталып, Алма-
ты, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Қырғызстан
Республикасының аумақтарын басып өтеді.
Алматы—Республикалық мәртебесі бар ең ірі қала. Қазақ
станның оңтүстік шығысында Іле Алатауының солтүстік
баурайында орналасқан. 1927 жылдан 1997 жылға дейін
Қазақстанның астанасы болды. Алматыда 1 млн.-нан астам
тұрғын бар.
Алтай—терістік жағы Ресей, шығысы—Қытай, оңтүстігі
Қазақстанмен шектесетін тау атауы. Ғалымдар көне түрік-алтай
тілдеріндегі мағынасы «бір-бірімен жалғасқан тау тізбектері,
қырат жоталар, тау сілемдері» деген үғымдарды аңғартатынын
дәлелдейді.
ғылыми қосымшалар
Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл
Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақтанды
білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік
Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарих-
шы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи» атты
еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен
шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді
бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.
Асы—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты
ауылдық әкімшілік округ орталығы, өзен атауы және Іле
Алатауының шығыс сілеміндегі теңіз деңгейінен 2380-2410 м
биіктіктегі жайлау.
Әмудария—Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі. Көне атауы—
Жейхун.
Бағдат—1921 жылдан бері Ирак мемлекетінің астанасы
болып табылатын көне қала. Ол Тигр өзенінің екі жағалауын
бойлай салынған. Қаланы 762 жылы Халифа Мансұр салды-
рып, «Мадинат ас-Салам» («Бейбітшілік қаласы») деп атаған.
Бағдат—орта ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің
орталығы болған қалалардың бірі.
Басра—Ирактың оңтүстігіндегі қала.
Бетпақ шөлі, Бетпақдала—Қазақстанның орталық бөлі
гіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір. Қара
ғанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағында
орналасқан. Батысында Сарысу өзенің төменгі ағысымен, шы
ғысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен,
солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Батыстан шығысқа
қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа
созылған. Ауданы 75 мың км. шамасында. Оңтүстік батыс
бөлігі жазық, солтүстік шығыс бөлігі қыратты. Палеозой эрасы
ның тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр,
шежірелік жыр-аңыздар
бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құм
тас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері—Жамбыл тауы
(974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының
жалғасы. Сай-жыралармен тілімденген Батпақдала жазығын
да сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кезде
седі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға
айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім
өзендер бар.
Бұхара—б.з.д І ғасырда іргетасы қаланған, Зарафшан
өзенінің төменгі құйылысында орналасқан көне қала. Қазір
Бұқара Өзбекстан Республикасындағы осы аттас облыстың
орталығы.
Волга (Еділ, ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил)—
Еуропадағы ең үлкен өзен. Ол өзінің бастауын Валдай қыраты
нан алып, Каспий теңізіне құяды. Ұзындығы—1330 ш/ш. Вол-
гага 200-ге жуық ірілі-ұсақты өзендер қосылады.
Исфаһан, Асфаһан—Иранның орталық бөлігіндегі қала.
Зайенфруд өзенінің жағасында, Исфаһан ауданының әкімшілік
орталығы.
Иунан—Грекия мемлекеті, гректер. Оны арабтар осылай
атаған.
Дәшті [дешті /п/—дала]—мәтінде «Дәшті Қыпшақ»—
көшпенділердің жері, мекені деген мағынада алынған.
Есіл—өзен. Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қарағанды,
Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ресейдің Түмен, Омбы
облыстарының жерімен ағып өтеді.
Жетісу—еліміздегі ең ірі өлкелердің бірі. Жері сулы,
нулы Жетісу туралы ғалымдар түрлі пікірде болып келгені
белгілі. Кей деректерде Жетісу құрамына Іле, Қаратал, Ақсу,
ғылыми қосымшалар
Бүйен, Лепсі, Басқан, Сарқант өзендері жатқызылса, танымал
зерттеуші Ә. Тұрлыбаев Бүйен, Басқан, Сарқант өзендерінің ор-
нына Аякөзді, Талас пен Шуды кіргізеді. Жетісудың аумағында
1867 жылы Семиреченская облысы құрылып, ол 1922 жылы
Жетісу облысы, 1924 жылы Жетісу губерниясы болып аталып,
1932 Алматы облысы бөлініп шықты.
Кавказ—батысында Қара теңіз бен Азов теңізіне, шығысын
да Каспий теңізіне дейін, солтүстігінде Кума-Маныч ойпаңы
мен, оңтүстігінде Алдыңғы Азия таулы қыраттарымен шекте
сетін Ресей, Грузия, Әзірбайжан және Армения мемлекеттері
жерінде орналасқан.
Көкшетау—Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыра
тының солтүстік-шығыс бөлігінде, Шортанды ауданында оқ
шау орналасқан жақпартасты, орманды-көлді таулар жүйесі.
Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап
тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан
құралған, ал ең биік шыңында вулкан орналасқан. Жер бе
тіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала
осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер
сілкінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжуж бен мәжүж де-
ген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр күн сайын та-
уды егеу сияқты тілдерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы
қалпына қайта келеді, сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға
алмайды. Шығыс халықтарында Қап тауларымен байланысты
көптеген аңыздар бар.
Мекке—мұсылмандардың Хижаздағы басты қасиетті қа
ласы. Мұхаммед пайғамбар осы қалада туып, өмір сүреді және
өзінің уағызын айта бастайды. Мұхаммед Меккедегі Исламға
дейінгі пұтқа табынушылардың ғибадатханасы болып кел-
ген Қағбаны Исламның ең қастерлісі деп жариялап, оған бар
лық мұсылмандардың қажылыққа баруын өсиет етті. Қағба
Меккедегі Масжид Харам деп аталатын бас мешітте орналас
шежірелік жыр-аңыздар
қан. Жыл сайын Меккеге қажылыққа әлемнің әр түпкірінен
мыңдаған адам келеді.
Мұқадыс—қазіргі Израил мемлекетінің астанасы Иеруса
лимдегі мұсылмандардың қасиетті орындарының бірі. Бұл
мешітті «Әл-Ақса» немесе «Бәйтул Мұқаддас» деп те атай-
ды. Құран Кәрімдегі «Миғраж» сүресінде және басқа да діни
аңыздарда Мұхаммед (с.а.с) пайғамбардың «Көкке көтерілу»
(Алла Тағаламен дидарласу, яки оның хұзырында болу) сапары
осынау мешіттен бастау алады.
Мекке мүкарамма—мұсылмандардың қасиетті қаласы.
Онда бас мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Ис
ламның негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге
келген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі
жаңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла).
Мұсылмандардың Меккені 630 жылы жаулап алуы оның діни
орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана
қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып
тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады.
Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы
Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша
атауы.
Нұра—Қарағанды және Ақмола облыстары жерімен ағатын
өзен. Ұзындығы—978 км. Нұра Қарқаралы тауының батыс
сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне құяды.
Сағасында Қорғалжын мемлекеттік қорығы орналасқан.
Ніл—Африканың ірі өзені. Арабтар Нілді «құдайдың сыйы»
деп атап, негізінен осы өзенді жағалай қоныстанған.
Орал—қала, Батыс Қазақстан облысының орталығы. Қала
Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсын
да орналасқан.
ғылыми қосымшалар
Жайық—Каспий алабындағы өзен. Оңтүстік Орал тауы
және Каспий ойпаты, Ресей Федерациясының Башқұртстан
Республикасы, Челябі, Орынбор және Қазақстанның Батыс
Қазақстан, Атырау облыстарының жерінен ағып, Атырау
қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды. Жайық өзені бойымен
Еуропа мен Азияның шартты шекарасы өтеді.
Рим, Рұм—шығыс халықтары орта ғасырларда Визан-
тияны осылай атаған. Көптеген шығыс халықтарының әдеби-
фольклорлық туындыларында Рұм өте алыс, ғажайып өлкенің
бейнесін елестеткен.
Сарыарқа, Арқа—Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін
алып жатқан аймақ. Солтүстікте Қазақ жазығынан басталып,
оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралықта
орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі. Шығыстағы
шекарасы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс шетінен Тарба
ғатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқырының шетін
ала Қалба жотасына дейін жетеді.
Семей—Ертіс өзенінің жағасында орналасқан қала. Ірге
сі ХVІ ғасырда қаланған қаланың алғашқы атауы—Доржын
кент.
Сырдария—Орта Азиядағы ірі өзендердің бірі. Нарын мен
Қарадария өзендерінің Ферғана қазаншұңқырындағы қосыл
ған жерінен Сырдария аталынып, Арал теңізіне құяды.
Түркістан—Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан
ауданының орталығы. Сырдарияның оң аңғарында орналас
қан. 2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы тойланды. Араб
тардың географиялық жазбаларына қарағанда ІV-Х ғасырларда
бұл қаланың орнында Шауғар (арабша Шауағар) мекені болған,
бірақ бұдан із қалмаған. ХІІ-ХІV ғасырларда Түркістан «Ясы»
деп аталған. Қожа Ахмет Иасауи ғимараты салынғаннан кейін
түркілердің діни орталығына айналды
26-83
шежірелік жыр-аңыздар
Торғай—ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы бекініс.
Ресей патшалық үкіметі тарапынан ХІХ ғасырдың 40-жылда-
ры феодалдық-монархиялық қозғалыспен күрес барысында
қазақ даласының ең түкпірінен бекініс пунктін салуға шешім
қабылданды. Торғай облысының құрылуына байланысты
1868 жылы Торғай қала атанды.
Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі ұсақ шо
қылы, аласа таулы массив.
Үндістан—Азияның оңтүстік шығысында орналасқан мем-
лекет. Астанасы—Дели қаласы.
Үргеніш—Орта Азияда орналасқан көне қала, қазір Өз
бекстандағы Хорезм облысының орталығы. Біздің дәуірімізге
дейінгі І ғасырдағы жазбаларда оның атауы «Юеянь» деп
берілген.
Хорасан—Иранның солтүстік шығысындағы провинция,
шығысында Ауғанстанмен шектеседі.
Хорезм—Орта Азиядағы ерте дәуірлердегі мемлекет. Қазір
Өзбекстан Республикасы құрамындағы аймақ. Хорезм тура-
лы алғашқы жазбаша мағлұмат «Авестада» кездеседі. Хорезм
Орта Азиядағы егіншілік мәдениеті жоғары дамыған ежелгі
аймақтардың бірі.
Хиуа—Өзбекстан Республикасындағы қала. Әмудария өзе
нінің сол жағалауына орналасқан. Тарихы Хорезм мәдениеті
мен тығыз байланысты. Зерттеушілердің болжауынша, Хиуа
ның негізі б.з.б. V ғасырда қаланған. ІX-X ғасырларда Хорезм
мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді. Шыңғыс хан
мен Әмір Темір заманында қиратылып, талауға түсті. Хиуаның
қайта гүлденген кезеңі XVІ ғасырға сәйкес келеді.
ғылыми қосымшалар
Шам—Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ретінде «ша
риф» сөзі қосылып, көбінесе «Шам шариф» делінеді. «Ша
риф»—арабша құрметті, қадірлі, ұлы мәртебелі деген мағы
наны береді. Кейде Дамаск [Димишк] қаласының атауы ретінде
қолданылады.
Шу—Қырғызстан мен Қазақстан жеріндегі өзен. Теріскей
Алатау мен Қырғыз Алатауынан бастау алатын Жуанарық жә
не Қошқар өзендерінің қосылған жерінен бастап Шу аталады.
Ірілі-ұсақты 80 саласы бар, ірілері: (Қазақстанда): Қорағаты,
Мерке, Қарабалта, Ақсу т.б. Теріскей Алатау мен Қырғыз жо-
тасын кесіп өте бере Шу Жоғарғы Ортотоқой және Төменгі
Ортотоқой шатқалдарын қалыптастырған. Соңғысының тұсына
Ортотоқой бөгені салынған.
Іле—Қазақстан (Алматы облысы) мен Қытай жеріндегі
өзен. Шығыс Тянь-Шаньнан басталып, Балқаш көліне құяды.
Албан—шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Албан
атауы көне жазба тарихи деректерден белгілі. V-VІ ғасырларда
Албандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында
чубань тайпасы аталып, Дулу одағында болған. Қазақ шежіре
сі бойынша, Бәйдібектің Домалақ ана (Нұрила) есімді кіші
әйелінен туған Жарықшақтың тұңғыш ұлынан тараған тайпа.
Атамекені—оңтүстік-шығыс Жетісу. Кейбір ұрпақтары Қа
зығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендейді.
Ұраны—Бақтияр, тайпалық ұраны—Райымбек, Бәйдібек, таң
басы—дөңгелек.
Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлыдағы басты рулардың
бірі. Қыдырғожа әулетінен тарайтын Байұлыда Есентемір,
Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше бір топ құрайды. Ел
аузында «Есентемір, Адайсың, Берішіңмен қалайсың» деген
сөз де бар. Адай руы Байұлы ішінде халқының саны жағынан да
алдыңғы орындардың бірін алады. ХІХ ғасырдың орта шенін
дегі есеп бойынша, Адайлар қырық мың түтін болған. Осы Адай
лар негізінен үлкен екі атадан—Құдайке мен Келімбердіден та-
райды.
Алшын—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігі, Кіші
жүздегі Байұлы, Жетіру, Әлімұлы сияқты тайпалардың ортақ
атауы. Ежелгі мекені—Алтай. Х ғасырда Алтай бойынан ойысып,
Арал және Каспий теңізі маңындағы ежелгі тайпалармен арала
сып кеткен. Бір бөлігі қыпшақтармен бірге батысқа қарай жо
ру атаулары
ғылыми қосымшалар
рыққа шығып, Мысырға дейін барған. Алшындар Х-ХІІ ғасыр
ларда Қырымда болған. ХІІ-ХІV ғасырларда Алшынның кейбір
рулары Ноғай ордасының нығаюы үшін белсене күрескен. Кіші
жүз шежірешілері Алшын атын қазақтың алғашқы биі Майқы
есімімен де байланыстырады. Алшын ұрпақтары башқұрт, татар
және кіндік Азия халықтарының құрамында да бар.
Арғын—қазақ халқын құраған негізгі тайпалардың бірі.
Шежіре бойынша, Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі
қонысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен
Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның
ежелден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қы
тай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерт
теушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ
шежіресінде Арғындар бәйбіше Арғын, тоқал Арғын болып
екіге бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып,
Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қақсал),
Қаракесек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті
момын» аталып Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл,
Атығай, Сарыжетім, Шақшақ болып жіктеледі.Арғын тайпа
сының ұраны—Ақжол, таңбасы—көзтаңба (оо).
Атығай—қазақ халқының құрамындағы ру, шежіре бойын
ша, Орта жүздегі Арғын тайпасынынан таратылады. Жеті
Момынның бірі. Он екі ата Атығай (Дәуіт), Атығай-Қарауыл
деп те аталады. Шежірелерге қарағанда Атығайдан Құдайбер
ді, Бәйімбет, Баба, Моныс, Бабасын, Бағыс, Ақкиік, Құлансу,
Қойлы, Есеншаңырақ, Майлыбалта, Жауғаш аталары тарайды.
Әлім, Әлімұлы—Қаракесек деп те аталады. Әлімұлының
алты тармағы болғанына орай, ел ішінде «Алты Әлім» деп
те атайды. Шежіре бойынша Әлімұлына Жаманақ (Шекті),
Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қараке
сек), Тегінболат (Қарасақал), Тойқожаны (Ақкете) жатады. Әлім
тайпасынан Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке биден бастап Алты
Алашқа белгілі Есет, Көтібар, Құлбарақ, Жанғожа, Ақтан, Ал-
шежірелік жыр-аңыздар
тай, Арал батырлар, қарасақал Ерімбет ақын, Нұртуған жырау,
Жетес шешен, Әжібай, Сопақ, Мырзағұл т.б. билер шыққан.
Бәсентин—қазақ шежіресі бойынша, Орта жүздегі Арғын
тайпасының «жеті момын» тармағынан таралады. Ақмайдан,
Бекмайдан, Тоқмайдан, Ақтілес, Күшік, Қарабұжыр, Апай,
Бөрі, Сырым аталарына бөлінеді. Ұраны—Барлыбай, таңбасы—
ойық, тілік.
Дулат—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпалары
ның бірі. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат—ұлы жүз құрамына
кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов жазып алған Ди-
ханбай батыр шежіресі бойынша, Үйсін Бәйдібектің кіші әйелі
Домалақ енеден (Нұрила) туған Жарықшақтан Албан, Суан,
Дулат тарайды. Дулат өз ішінде Сиқым, Жаныс, Ботбай, Шы-
мыр болып бөлінеді.
Жағалбайлы—қазақ халқының құрамындағы тайпа. Ше
жіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы Жетіру тайпалар
бірлестігінен таратылады. Жағалбайлы Лез, Мырза рулары-
на бөлінеді. Тарихи мәліметтер Жағалбайлының көне түркі
тайпаларының бірі екендігін көрсетеді. Ерте орта ғасырларда
Жағалбайлылар Сырдария-Арал аймағында сыртқы күштер
тарапынан талқандалып, жан-жаққа бытырап кеткен. Қазіргі
қазақ халқының құрамына енген Жағалбайлы алғашында (ІІІ-
XІІІ ғ.бас.) оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестіктері құрамында
болып, содан кейін ноғай ұлысына кірді.
Жайылмыс—Дулаттың Жаныс руынан тарайтын ата.
Жаныстан—Жанту,
одан—Жайылмыс,
Ақберді,
Өтеміс,
Құжақ, Қожамберді, Құдайберді.
Жалайыр—Ұлы жүздің құрамына кіретін рулардың бірі.
Диханбай батыр шежіресі бойынша (Н.Аристов жазып алған),
Үйсіннен Ақсақал, Жансақал, Жансақалдан Жалайыр тарай-
ды. Басқа бір шежірелерде Майқы биден тарайтын Жансақал
ғылыми қосымшалар
мен Жалайырды бір адам деп көрсеткен. Жалайырдың шын
аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын
айырып, содан Жалайыр атанған. Жалайырдан Сырманақ,
Шуманақ, Бірманақ боп үшке бөлінеді. Рулық белгісі—тарақ
таңба.
Жетіру—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігінің бі
рі. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. Тарихшылар
Жетірудың арғы тегін ежелгі түркі тайпалары (Төлеу, Рама-
дан, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы) бірлестігі
мен байланыстырады. Қазақ руларының тарихына қатысты
зерттеулерде Жетіру Тәуке хан кезінде осы атпен топтасқан
қауымдастық деп түсіндіріледі.
Қаракесек—шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпа
сының «бес мейрам» аталатын рулар бірлестігіне кіреді.
Халық арасындағы кей шежіреде Болатқожаны даралап «төрт
қаракесек» (Болатқожа, Қамбар, Жалықбас, Шұбыртпалы),
басқаларында «үш қаракесек» (Шұбыртпалы кірмейді) деседі.
Арғыннан—Болатқожа; Болатқожадан—Қаракесек; одан—
Майқы, Бошан, Тапас болып жіктеледі. Қаракесектің рулық
ұраны мен таңбасы бүкіл Арғын тайпасымен бірдей болғаны
мен, Арғын ішінде Болатқожаның шешесі Қарқабат атын ұран
еткен.
Қарауыл—Арғынның Момын деген бәйбішесінен Ақсопы,
Қарасопы, Сарысопы; Қарасопыдан—Бәсентиін, Қарауыл; Қа
рауылдан—Түнғатар, Қадды, Бошпан болып тарайды.
Қуандық—Арғын атадан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік,
Шегендік; Бегендіктен—Қозған, Тәңірберді, Сырық деген ба-
лалар өрбиді.
Қыпшақ—қазақ халқының қалыптасуына ерекше үлес
қосқан, тарихи деректерде көне замандардан-ақ белгілі тайпа.
Бір дәуірлерде оның атақ-даңқы тек қандас түрік жұрттарының
шежірелік жыр-аңыздар
арасында ғана аспандап қоймай, Еуропа мен араб елдеріне де
әйгілі болып, қыпшақ атауы бүкіл түрік тектес елдерді аясында
қамтитын кең мағынада да қолданылды.
Қазақ құрамына енген Қыпшақтар шежіре бойынша негізі
нен Қарақыпшақтың ірі-ірі бес атасынан (Ұзын, Бұлтың, Көл
денең, Қарабалық, Торы) бөлінеді. Алайда бір шежірелерде
онымен қатар, Мүйізді-Сарыабыздан Қытайқыпшақ, Құлан
қыпшақ, Сарықыпшақ та таралады. Дегенмен олар туралы де-
ректер кездеспейді.
Матай—Орта жүз құрамына кіретін ру. Матай руынан екі
ата аталық, Қаптағай аталары; Садыр руы бар.
Найман—көптеген зерттеушілердің пікірінше, «найман»
атауы моңғолша «сегіз» деген сөзді білдіреді. Қазақ халқының
шежіре деректері бойынша, найман орта жүздегі аса ірі
тайпалардың бірі. Найманнан Терістамғалы (Елата), Сарыжо-
март (Ергенекті Найман), Телегетай, Сүгірші сияқты үлкен ру-
лар тарайды. Найманның ортақ таңбасы—бақан (Ү), ұраны—
Қаптағай.
Суан—Жарықшақтың ортаншы баласынан өрбіген тайпа.
Суаннан Байтүгел, Тоқарыстан, Бағыс.
Сүйіндік—Арғынның Мейрам деген баласынан тарайды.
Сүйіндік өз ішінде Қаржас, Орманшы, Құлболды, Жанболды,
Мәжік секілді аталарға бөлінеді.
Табын—Жетіру тайпалық бірлестігінің құрамындағы үл
кен ру. М.Тынышбаев зерттеуінде Табын, Жаманкерей, Бозым,
Бегім, Қайырқожа деген төрт атаға бөлінеді. Енді бір шежіреде
Табыннан Шөмішті, Тарақты, Көсеулі тарайды.
Таз—Кіші жүздің 12 ата Байұлы тайпасынан тарайды.
Байұлының үшінші әйелінен—Беріш, Таз, Есентемір. Таз-
дан Абдал, Келдібай, Жастабан, Шарғы, Ақсерке, Жантай,
ғылыми қосымшалар
Жақабай, Құнбас, Асан, Сырлыбай, Байтемір, Жолым, Жиен
деген аталықтар бөлінеді.
Төртуыл—Найманнан—Төлегетай; Төлегетайдан Қараке
рей, Мұрын, Төртуыл, Матай, Аталық, Кенже, Садыр болып
жіктеліп кетеді.
Уақ—Орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре деректе
рінде Уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше батыр мен
оның ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған. Уақтың шығу
тегі туралы пікірлер де әртүрлі. Тарихшылар Ә.Марғұлан
мен Н.Мыңжани ІХ-ХІІІ ғасырларда моңғол үстіртін мекен-
деген онгуттарды Уақ деп есептеген. Ш.Құдайбердіұлы мен
А.Левшин оларды қазақ хандығына ХІV-ХVІІ ғасырларда ғана
қосылды деп санаған. Ал Ш.Уәлиханов Ер Көкше, Ер Қосай
батырлар арқылы Уақтар Алтын Орда ыдыраған кезден бастап
көріне бастады дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойын-
ша Уақ Керей тайпасымен туыстас. Уақтың алғашқы атамекені
Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның батысы
болса керек. Қазақ жеріне жоңғарлардың баса-көктеп еніп,
алға жылжуының салдарынан Уақтар өзінің ата-мекенінен
ығысып, солтүстікте Тобыл және Үй өзендеріне, Батыста Торғай
өлкесіне, ал оңтүстікте Арал теңізінің жағалаулары мен Сыр
бойына дейін жетті. Ұраны—Жаубасар, Бармақ, таңбасы—П <
(босаға, ашамай).
Үйсін—Ақарыстан (жоғарыда аталған шежірелер бойынша)
Жұмабай, Ұзынсақал Ыбырайым; осылардың бірінен Кейкі би;
Кейкіден—Майқы би; одан—Бақтияр; Бақтиярдан Үйсін, Ой-
сыл. Үйсін өз ішінде Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ) болып
жіктеледі.
Шекті—қазақ халқының құрамындағы ірі тайпалардың
бірі. Шежіре деректері бойынша, Кіші жүз Әлімұлы бірлестігіне
кіреді. Шектінің 12 түрлі таңбасы бар. Зерттеушілердің пайым-
дауынша, бұл шекті құрамына Ұлы жүз, Орта жүз руларының
шежірелік жыр-аңыздар
кейбір аталары қосылғандығын байқатады. ХІХ ғасырдың аяғы
мен XX ғасырдың басында шектіге кіретін рулар Орал, Торғай
облыстарын, Сырдария облысының Қазалы, Перовск уездерін,
Арал теңізінің батысынан Хиуа хандығына дейінгі аралықты
мекендеп, мал және егін шаруашылығымен айналысқан.
Томға енген фольклорлық үлгілерді
жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар
туралы мәліметтер
Әзірбаев Кенен (1884-1976) — Жамбыл облысы, Қордай
ауданы, Отар станциясының маңында, Мәтібұлақ деген жерде
туып-өскен. Халық ақыны, әнші-композитор, Қазақстанның
еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық ақыны.
Жетісу өңіріндегі сал-серілік дәстүрдің, айтыскерлік өнердің
көрнекті өкілі. Ән-жырды әуелі ата-анасынан үйренген Кенен
11 жасынан домбыра тартып, өз жанынан өлең, ән шығарады.
К.Әзірбаев халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын есінде
мол сақтаған, оның айтуынан жазып алынған фольклорлық
мұралар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ның қолжазбалар қорында сақтаулы.
Байбатыров Мұқаш—1899 жылы Талдықорған облысы,
Ақсу ауданында дүниеге келген. Кеңес үкіметінің алғашқы
жылдарынан бастап, ауылда әр түрлі қызметке араласты.
1930 жылдары тұтынушылар одағында жұмыс істеген. 1943,
1961, 1969 жылдары өткен республикалық ақындар айты-
сына қатысқан. Өлеңдері бірнеше жинақтарда жарияланған.
Ауыз әдебиеті нұсқаларын, тұрмыс-салт жырларын, толғау-
термелерді көп жинап, қолжазба қорына өткізген.
Жұбанұлы Шоңбай—Қызылорда облысы, Жалағаш ауда-
нында туып-өскен. Шоңбай ақын жырлаған қазақ шежіресінің
негізгі нұсқасын 1876 жылы қажыға барғандар (Құнанбай,
Мырқы, Шабдан, Досжан қазіреттер) Меккеден әкелген деген
шежірелік жыр-аңыздар
мәлімет бар. Қарасөзбен жазылған шежірені Қайқыұлы Бекжан
деген кісі Шоңбайға тапсырып, өлеңмен жырлауын өтінген.
Иманғалиев Қайролла—1907 жылы бұрынғы Ақтөбе об-
лысы, Ойыл ауданы, Саралжын аулында дүниеге келген. Әкесі
молда болған. Ескіше сауат ашқан, латынша сауатты, кирилл
әрпінде 2 сынып оқыған. Есепші, инспектор болып қызмет
атқарған. Жыр айтуды жастайынан үйренген. «Қырымның
қырық батыры» топтамасынан бірнеше жырларды жатқа
айтқан. Өз жанынан терме, жыр шығарады.
Қайнарбаев Әлқуат (1898-1979)—Қызылорда облысы, Қар
мақшы ауданының тұрғыны. Ұзақ жылдар бойы партия, кеңес
қызметінде істеген. 1930 жылдардан бастап қазақ ауыз әдебие
тін жинап, қағазға түсірген. Фольклор жанашыры ретінде жүз
мың жолдан аса әдебиет мұраларын, Сыр бойы ақындары мен
жырауларының шығармаларын ОҒК мен ӘӨИ-дың Қолжазба
қорларына өткізген белгілі жинаушы.
Қалбаев Өмірзақ (1926 жылы туылған)—Әмудария құйы
лысындағы Шөменай ауданына қарасты Шөменай ауылын-
да дүниеге келген. Жастайынан хат танып, орта білім алған.
Батырлық, ғашықтық жырлар мен аңыз, ертегілерді жастайы-
нын жаттап өскен. «Алаңқай батыр», «Ер Қосай» дастандарын
жырлаған. Өзінің жыр-термелері мен өлеңдері бар.
Қандеков Есдәулет (1887-1971)—Алматы облысы, Жам-
был ауданы, Ақтерек колхозында туған. Он бес жасынан әке-
шешесінен жетім қалып, патша заманындағы ауыр тұрмыс
тың тақсіретін тартады. 1916 жылы Есдәулет өзінің жерлесі
Әли Нұрғожаев бастаған халық көтерілісіне қатысқаны үшін
20 жылға жер аударады. Бұл жазадан Қазан төңкерісі құт
қарады. 1934 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының
мүшесі, халық ақыны.
ғылыми қосымшалар
Қауменұлы Заһидолла (Зайкен) (шамамен 1898 жылы
туылған)—Семей облысы, Бесқарағай ауданы, бұрынғы Семе-
новка совхозының тұрғыны.
Қылышев Қартбай—1930 жылы Қарақалпақ АССР-і, Қо
ңырат ауданы, Тасбөгет аулында туылған. Жастайынан қолына
домбыра алып, ән-өлең айтып, он жасында елге таныла бас
тайды. Қылышев Қартбай өз жанынан ән-өлең, терме, толғау
шығарумен бірге халық арасында бұрыннан келе жатқан
дастандар мен қиссалардың біразын жатқа білген. Атақты
Жақсылық жыраудың шәкірті.
Манкин Ілияс (1880-1954)—Қарағанды облысы, Нұра ау-
даны, Ботақара деген ауылда дүниеге келген. 12 жасынан өлең
шығарған. Әкесі де ірі ақын, шешен кісі болған. Молдадан оқып
сауатын ашқан соң, ескі қисса-хикаяттарды көп оқып, жаттай-
ды. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.
Наушабаев Нұржан—бұрынғы Қостанай облысы, Семи
озер ауданында дүниеге келген. 60 жасында қайтыс болған.
Жастайынан мұсылманша сауат ашқан. Қазан қаласында
жеке жинақтары жарық көрген: «Манзумат қазақия» (1903),
«Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы» (1903),
«Алаш» (1910).
Орынбекұлы Бектұрсын—1941 жылы Қытай Халық Рес
публикасында Күнес облысы, Қарабура ауданы, Қызылтал ау-
ылында дүниеге келген. Атасы Жолбарыс Самарқан қаласында
діни мектепте оқыған. Және «Қиямет», «Кербаланың шөлі»,
«Салсал» т.б. дастандарды жатқа айтқан. Қазірде Қытай Халық
Республикасында тұрады.
Саттаров Қыдырәлі—филология ғылымдарының докто
ры, фольклортанушы. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан Рес
публикасы, Ташкент өңіріне ұйымдастырылған бірнеше фольк
лорлық-этнографиялық экспедицияларды басқарып, көптеген
шежірелік жыр-аңыздар
ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған.
Сатыпалдин Файзолла (1883-1959)—бұрынғы Торғай об-
лысы, Торғай уезінің, Бетпаққара аулында дүниеге келген.
Жеті жасында діни сауат ашып, 1899 жылы Бұхарадағы Қожа
Аһрар медресесін аяқтап, Құран қари (Құран Кәрімді жатқа
айтушы) атанады. 1928 жылы халықты шариғат жолымен жү
руге шақырғаны үшін аймақтық сот 14 жылға бас бостандығы
нан айыруға үкім кеседі. Ол 14 жылдық жазасын қара жұмыс
пен 6 жылда өтеп шығады. Өмірінің көп бөлігі қуғын-сүргінмен
өтеді.
Сатыпалдин Файзолла—ел есінде 1931-32 жылдардағы
аштықта құрбан болғандардың әр жерде шашылып жатқан
сүйектерін ең алғаш жинатып, жерлеуді ұйымдастырушы, қыр
қазақтарын шағын өнеркәсіпке үйретуші ретінде сақталып
қалған тарихи тұлға.
Сейдімбеков Ақселеу Сланұлы (1942-2009) — Қарағанды
облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында дүниеге келген.
Жазушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы. Әл-
Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің
журналистика
факультетін
бітірген.
1968-75
жылдары
«Жас алаш» газетінде әдеби қызметкер, 1975-1976 жыл-
дары «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы,
1976-1983 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім
меңгерушісі, 1983-1987 жылдары «Зерде» журналының бас ре-
дакторы, 1987-1997 жылдары ҚР ҰҒА жанындағы М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институтында лаборант, аға
ғылыми қызметкер, қолжазба бөлімінің меңгерушісі қыз
меттерін атқарған.
Сұлтанұлы Қарман—1904 жылы Қызылорда облысы,
Амангелді ауылында дүниеге келген. Ауыз әдебиеті мұраларын
жинаушы. Қарапайым еңбек адамы.
ғылыми қосымшалар
Төлепұлы Жақсылық (1905-1961)—бұрынғы Қарақалпақ
АССР-і, Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ескіше сауат
ашқан. Ел аузында жүрген жырларды үйреніп жырлаған жы-
рау және әнші. Жиенбай, Жұмағали жырауларды ұстаз тұтып,
өнеге алған. «Қарасай-Қази», «Дариға қыздың Әзірет Әлімен
күресі», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек» т.б. жырларды
нақышына келтіріп жырлаған.
Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Қ—Қазан қаласы
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб
о—орыс
п—парсы
т—түркі
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде
жарық көрген кітаптар
1. Түрік тайпалары мен қазақ үйсіндер. ӘӨИ:Қ.1076.1-дәп.
Жырлаушысы—Меңлібайұлы Төлтай. 2. Шежіре.
ӘӨИ.Қ.917/7.1-дәп.
Жырлаған—Жұбанұлы
Шоңбай.
3. Жыр-шежіре. ӘӨИ:Қ.1125.168-дәп. 4. Үш жүздің шежіресі. ӘӨИ:Қ.356. 2-дәп. Жырлаған—
Байбатыров М. 5. Көкжарлы мен Бура. ӘӨИ:Қ.1126.146-дәп. 6. Қазақ шежіресі (қысқаша). ОҒК.Қ.569. 7. Өлең-шежіре.
ӘӨИ.Қ:920/32.
Жыршысы—Қылышев
Қартбай.
8. Адай шежіресі. ӘӨИ.Қ:920/32. Жыршысы—Қылышев
Қартбай. 9. Кенен Әзірбаев жырлаған қазақ шежіресі. ӘӨИ: Қ.920/90 10. Нұржанның шежіресі. ӘӨИ.Қ.403. 11. Қазақ
шежіресі.
ОҒК:Қ.560.
Жыршысы—Төлепов
Жақсылық.
12. Кіші жүз шежіресі. ОҒК:Қ.1118. 13. Сатыпалдин
Файзолла
қаридың
өлең-шежіресі
ӘӨИ:Қ.1113. 13-дәп.
14. Шежіре-өлең. ӘӨИ:Қ.592. 15. Қайролланың туыс шежіресі. ӘӨИ:Қ.920/62. 16. Наушабай H. Манзұмат қазақия.—Қазан: Кәримовтар,
1903.
27-83
шежірелік жыр-аңыздар
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер
1. Ақын-жыраулар.—Алматы: Ғылым, 1979. 2. Әбілғазы. Түрік шежіресі.—Алматы: Ана тілі, 1992. 3. Бейсінбіұлы Ж. Қазақ шежіресі.—Алматы, 1994. 4. Ерімбетов М. Қоңырат.—Алматы, 1993. 5. Ешмұхамбетов С. Суан. Шежіре.—Алматы, 1993. 6. Маданов Х. Кіші жүздің шежіресі. Алматы, 1994. 7. Меңдалыұлы А. Адай шежіресі.—Алматы, 2002. 8. Мұқамедсыдықов Ә. Уақ ұрпағының шежіресі: Алакөл
және Үйгентас өңірінің уақтары.—Алматы: ҚазҒЗУ, 2003. 9. Көпейұлы М.Ж. Шығармалары. Т.9.—Павлодар, 2006. 10. Қазақ шежіресі.—Алматы, 1994. 11. Қайдар Ә. Қаңлы: Тарихи шежіре.—Алматы, 2004. 12. Суан шежіре.—Алматы, 1993. 13. Тарақты А. Балталы, Бағаналы ел аман бол (Шежіре).
—Алматы, 1993.
14. Толыбеков С. Қазақ шежіресі.—Алматы, 1992. 15. Түлкібайұлы К. Шежіре.—Алматы, 2004. 16. Үсенбаев Т. Алшын шежіресі (Адам Атадан өзіме
шейін).—Қызылорда: Тұмар, 2003. 17. Қасқабасов С.А. Жаназық. Таңдамалы.—Астана: Аудар-
ма, 2002. 18. Арабско-русский словарь. Составитель Х.К. Баранов. —
Москва, 1968. 19. Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 20. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы
лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова. —
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
21. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 22. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған
І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 23. Персидско-русский словарь /Под ред. Ю.А. Рубинчика.
І-ІІ т.—Москва, 1970.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова продол-
жает работу над изданием стотомной серии книг «Бабалар сөзі»
в рамках Стратегического национального проекта «Мәдени
мұра».
Предыдущие, вышедшие из печати, 80 томов серии были
посвящены публикации многочисленных жанров казахского
фольклора, выдающихся в художественном отношении образ-
цов и таких крупных по объему текстов, как эпосы, историчес
кие сказания, дастаны, а также множества малых жанров—пе-
сен, загадок, пословиц и поговорок. До настоящего времени из
печати вышли десять томов «Романических сказаний», семь то-
мов «Религиозных сказаний», одиннадцать томов «Лирических
сказаний», один том «Генеалогических сказаний», одиннад-
цать томов «Исторических песен», двадцать томов «Героическо-
го эпоса», сборник загадок—один том, пять томов «Пословиц и
поговорок», двухтомник «Народные песни», однотомник «Дет-
ского фольклора», пятитомник «Сказок»; двенадцать томов се-
рии составляет фольклорное наследие казахов Китая, опубли-
кован однотомник «Казахские мифы»; вышел из печати один
том книги «Фольклор казахов Монголии» и опубликован одно-
томник «Топонимические легенды».
Предлагаемый вниманию читателей 81-й том посвящен од-
ному из древнейших жанров казахской народной литературы –
«Родословным сказаниям и преданиям», дошедшим до нашего
времени в своем первозданном виде и сохранившим свои исклю-
чительные художественные черты и особенности.
шежірелік жыр-аңыздар Известно, что общая генеалогия (родословие) казахов складывалась из системы родословий отдельных казахских родов и их подразделений, а также торе, кожа и туленгутов, вырастая в итоге в общее родословное древо всего народа. По своим внутрижанровым признакам они подразделяются на следующие: родословие-сказание, повествовательное родо словие и родословие-таблица (родословное древо). Поскольку родословия играли большую роль в системе управления Казахским ханством, то ханы обязаны были собирать и письменно фиксировать все без исключения родословия своих подданных. На основе судебной системы (институт биев в обычном праве казахов), посредством привлечения правителей родов, родо словия имели большое значение как действенный инструмент государственного управления, они также использовались при решении различных вопросов формирования войска с участием казахских батыров; также при решении вопросов налогообложения, расплаты за преступления и земельных спорах, семейно-брачных отношениях. «Одно из таких родословий сохранилось в свое время у Жангир хана. В ХVІІІ-ХІХ вв. родословия использовались в культурных связях—они служили своеобразными дипломатичес кими документами во время пребывания казахских ханов в Китае. В пекинском дворцовом архиве хранится книга «Казахское родословие», написанная на маньчжурском языке*». Родословные предания, дошедшие до нашего времени—это по сути многовековая изустная историография казахского народа, передававшаяся из поколения в поколение и повествующая о путях развития казахского народа как целостной нации. Первоначально они создавались в виде родословных таблиц (древа) каждого рода-племени, затем они дополнялись различными преданиями и рассказами, передававшимися от дедов к детям, служа связующим звеном между поколениями. Позднее, услышанные от аксакалов того или иного рода, родословия и предания стали излюбленной темой для разработки народными сказителями и таким образом широко распростра- * Мыңжани Н. Қазақ шежірелері.—Күйтің: Іле халық баспасы, 1990.—6-б.
ғылыми қосымшалар
нились в народе. Большинство из них складывалось не по мо-
тивам какого-то определенного сюжета, а создавалось сказите-
лями на основе дошедших из глубины веков родословий. В них
часто встречаются художественно воспетые образы предков,
повествуется об их жизнедеятельности, роли, которую они за-
нимали в обществе, личных качествах, или же об их подвигах,
совершенных во благо народа.
В настоящий том вошли следующие произведения казахских
сказителей: «Тюркские племена и казахские уйсуни» (Толтая
Менлибаева), «Казахское родословие (краткое)» (Алмагамбета
Оспанова), «Казахское родословие» (Жаксылыка Тулепова),
«Краткое содержание Казахского родословия, написанного в
стихах» (сказитель неизвестен), «Родословие трех жузов» (Му-
каша Байбатырова), «Стихотворное родословие» (Файзоллы
Сатыпалдина), «Казахское родословие» (Кенена Азербаева),
«Родословие» (Шонбая Жубанова), «Стихотворное родословие»
(Захидуллы Кауменова), «Родословие, начинающееся от проро-
ка Адама до родоплеменных времен» (Бектурсына Орынбекова),
«Родословие-сказание» (Азнабая Абилмажинова), «Көкжарлы-
Бура»
(неизвестный
сказитель),
«Родословие
Нуржана»
(Hуржана Наушабаева), «Родословие в стихах» (акынов Досым-
бета и Бекберды), «Стихотворное родословие каракерея Мурына
Акшайыкова», «Стихотворное родословие Кабыла Хамзина»,
«Родословие Младшего жуза» (неизвестный сказитель), «Сти-
хотворное родословие», «Родословие Адайцев» (Картбая Кылы-
шева), «Об Адаях» (Умирзака Калбаева), «Родословие родствен-
ников Кайроллы» (Кайроллы Имангалиева).
Как было сказано выше, в процессе текстологического изу
чения выяснилось, что произведения (родословия и родословные
предания), вошедшие в данный том, исполнялись казахскими
сказителями и по мотивам известных преданий, передавав
шихся из уст в уста и записанных в письменной форме.
К примеру, в произведениях Ш.Жубанова, К.Коржынова
и других неизвестных акынов говорится о том, что родословие
исполняется ими на основе текста, специально записанного в
70-е годы ХІХ в. паломниками Кунанбаем и Мыркы, совершив-
шежірелік жыр-аңыздар
шими благочестивый хадж в Мекку («Записано со слов святого
Шайхислама Сейитзады»).
Большинство других сказителей сообщают в своих сказа
ниях-родословиях о том, что сведения они почерпнули из родо
словий и преданий предыдущих времен, записаны со слов по-
чтенных стариков и биев.
Так, например, акын Шонбай говорит:
«… этому родословию научился я благодаря Кайкыну Бек-
жанову. Переложил его на стихи, чтобы молодое поколение,
изучив, знало его».
Другой известный сказитель Нуржан Наушабаев сообщает:
«Разделились на Старший и Младший жузы, и так сохранилось
родословие»; записавшие со слов Кенена Азербаева сообщают:
«Из народных преданий стихи написавший был почтенный Ке-
нен, разменявший девятый десяток лет».
Таким образом, этот жанр, дошедший до нас из глубины ве-
ков, передававшийся от отцов к детям как завещание потомкам,
можно с полным основанием отнести к фольклорному наследию
народа и считать объектом научного изучения.
Согласно принципам данного многотомного издания, кни-
га имеет научный аппарат, состоящий из комментариев и при-
ложения; строфы пронумерованы. Приложение состоит из:
сведений о собирателях и публикаторах текстов, сведений об
изданиях, научных комментариев к текстам, словаря, указа-
теля географических названий, комментариев к историческим
лицам, встречающихся в текстах, и религиозным названиям,
списка использованной литературы и резюме на русском и анг
лийском языках.
Объем книги—27,0 п.л.
Summary Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O. Auezov con tіnues actіvіtіes on publіshіng a hundred volume serіes of books «Babalar sozі» wіthіn the Strategіc Natіonal Project «Madenі Mura». Prevіous 80 volumes of the serіes were devoted to the publіcatіon of numerous genres of Kazakh folklore, whіch have remarkable artіstіc features and such large volume texts as epіcs, hіstorіcal tales, dastans, as well as many smaller genres – songs, rіddles, proverbs and sayіngs. So far, ten volumes of «Romantіc tales», seven volumes of «Relіgіous legends», eleven volumes of «Lyrіcal Legends», one volume of «Genealogіcal storіes», eleven volumes of «Hіstorіcal Songs», twenty volumes of «Heroіc epіc», collectіon of rіddles – one volume, fіve volumes of «Proverbs», two volumes of «Folk Songs», one volume of «Chіldren's Folklore», fіve-volume edіtіon of «Tales», twelve volumes of a serіes of folklore herіtage of the Kazakhs lіvіng іn Chіna, one volume of «Kazakh myths», one volume of the book «Folklore of the Kazakhs of Mongolіa» and one volume «Toponymіc legend» were publіshed. We offer our readers the 81st volume whіch іs dedіcated to one of the oldest genres of Kazakh folklore lіterature «Genealogіcal tales and legends» whіch exіst nowadays іn іts orіgіnal form, and conserve the exceptіonal artіstіc features and characterіstіcs. Іt іs known that general genealogy of Kazakh people consіsts of genealogy systems of some Kazakh clans and theіr subdіvіsіons, as well as the tore, kozha and tulengut people, whіch grow eventually to the general famіly tree of the entіre natіon.
шежірелік жыр-аңыздар Іn terms of іnternal genre features they are dіvіded іnto the followіng: genealogy-story, narratіve genealogy and genealogytable (genealogy tree). Sіnce genealogy played a major role іn the management system of the Kazakh Khanate, the Khans were requіred to collect and record іn wrіtіng every sіngle genealogy of hіs subjects. On the basіs of judіcіal system (Іnstіtute of bіys іn common Kazakh law), by іnvolvіng heads of the clans, genealogіes were of great іmportance as an effectіve іnstrument of publіc admіnіstratіon, and they have also been used to solve varіous іssues related to the formatіon of the troops of the Kazakh warrіors; also matters of taxatіon, retrіbutіon for the crіmes and land dіsputes, famіly and marіtal relatіons. «One of these genealogіes has been preserved durіng Zhangіr Khan perіod. Іn the XVІІІ-XІX centurіes the genealogіes were used іn cultural tіes – they served as a sort of dіplomatіc documents durіng the stay of Kazakh khans іn Chіna. Beіjіng palace archіve contaіns the book «Kazakh genealogy» wrіtten іn Manchu language». Genealogy legends that have survіved іn nowadays—are essentіal centurіes-old oral hіstorіography of Kazakh people, that was passed from one generatіon to another, and tells about the development of Kazakh people as a coherent natіon. Orіgіnally they were created іn the form of genealogіcal tables (tree) of each clan, trіbe, and then they were complemented by a varіety of legends and storіes whіch were transferred from grandparents to chіldren, servіng as a brіdge between generatіons. Later, the genealogіes and legends told by elders of a partіcular clan, have become a favorіte subject for the folk storytellers and were wіdely spread among people. Most of them were based not on a partіcular subject, but were created by the storytellers on the basіs of the ancіent genealogіes survіved durіng centurіes. They often іnclude artіstіcally glorіfіed іmages of ancestors, tell about theіr lіfe storіes, the role they play іn the socіety, personal qualіtіes or theіr deeds, commіtted for the benefіt of the people. Thіs volume іncludes the followіng works of Kazakh narrators: «Turkіc trіbes and Kazakh Uysuns» (Toltay Menlіbaev), «Kazakh
ғылыми қосымшалар genealogy (brіef)» (Almagambet Ospanov), «Kazakh genealogy» (Zhaksylyk Tulepov), «Summary of Kazakh genealogy, wrіtten іn verse» (the narrator іs unknown), «Genealogy of three Juzs»(Mukash Baybatyrov), «Poetіc genealogy» (Fayzolla Satypaldіn), «Kazakh genealogy» (Kenen Azerbaev), «Genealogy» (Shonbay Zhubanov), «Poetіc genealogy» (Zahіdulla Kaumenov), «Genealogy, startіng from the prophet Adam to the trіbal era» (Bektursyn Orynbekov), «Genealogy-Tale» (Aznabay Abіlmazhіnov), «Kokzharly-Bura» (unknown narrator), «Genealogy of Nurzhan» (Nurzhan Nausha baev), «Genealogy іn verse» (akyns Dosymbet and Bekberdy), «Poetіc genealogy of Karakerey Muryn Akshaіykov», «Poetіc genealogy of Kabyl Khamzіn», «Genealogy of Junіor Juz» (un known narrator), «Poetіc genealogy», «Genealogy of Aday clan» (Kartbay Kylyshev), «About Aday clan» (Umіrzak Kalbaev), «Genealogy of Kaіrolla’s relatіves» (Kaіrolla Іmangalіyev). As mentіoned above, іn the process of textual study іt was revealed that the works (genealogy and genealogіcal legends) іncluded іn thіs volume, were performed by Kazakh narrators and based on the well-known legends, transmіtted orally and recorded іn wrіtіng. For example, іn the works by S.Zhubanov, K.Korzhynov and other unknown akіns, іt іs saіd that the genealogy of them іs performed on the basіs of the text, specіfіcally wrіtten іn the 70s of the XІX century by pіlgrіms Kunanbay and Myrky who have done a pіous hajj to Mecca («Recorded from the words of St. Shaіkhіslam Seyіtzady). Most of other narrators tell іn theіr storіes-genealogіes that they have got the іnformatіon from the genealogіes and legends of prevіous tіmes, wrіtten from the words of respected elders and bіys. For example, akіn Shonbay says: «… І have learned thіs genealogy thanks to Kaіkyn Bekzhanov. І put іt to poetry so, that the younger generatіon knew about іt and studіed іt». Another well-known storyteller Nurzhan Naushabaev says: «Genealogy survіved beіng dіvіded іnto Senіor and Junіor Juzs»;
шежірелік жыр-аңыздар recorded words of Kenen Azerbaev: «Honored Kenen who іs almost nіnety years old, wrote verses based on folklore legends». Thus, thіs genre whіch has reached nowadays from the depths of the centurіes, and was transmіtted from fathers to theіr chіldren as a testament to the descendants, can be reasonably attrіbuted to the folklore herіtage of the people and consіdered the object of scіentіfіc study. Accordіng to the prіncіples of thіs multі-volume edіtіon, the book has a scіentіfіc supplement consіstіng of comments and annex; stanzas are numbered. The annex іncludes: іnformatіon on collectors and publіshers of the texts, іnformatіon about the edіtіons, scіentіfіc comments on the texts, dіctіonary, іndex of geographіc names, comments to hіstorіcal fіgures found іn the texts and relіgіous names, lіst of references and summarіes іn Russіan and Englіsh languages. The book volume—27,0 рр.
МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан.........................................................5 МӘТІНДЕР Түрік тайпалары және қазақ үйсіндері.............................. 11 Қазақ шежіресі (қысқаша) .............................................. 34 Қазақ шежіресі............................................................... 44 Қазақ шежіресінен өлеңмен жазылған қысқаша мазмұндама...................................................... 54 Үш жүздің шежіресі........................................................ 62 Сатыпалдин Файзолла қаридің өлең шежіресі.................... 92 Қазақ шежіресі ............................................................ 110 Шежіре....................................................................... 118 Шежіре өлең................................................................ 142 Адам әлейһисаламнан бері қарайғы ұрпақ, руларға дейінгі шежіре.................................................. 157 Жыр-шежіре................................................................ 174 Көкжарлы мен Бура...................................................... 179 Нұржанның шежіресі.................................................... 194 Өлең шежіре................................................................ 200 Қаракерей Мұрын Ақшайықтың өлең шежіресі................ 213 Қабыл Қамзаның өлең шежіресі..................................... 221 Кіші жүз шежіресі........................................................ 225 Өлең шежіре................................................................ 296 Адай шежіресі.............................................................. 325 Адайлар жайында......................................................... 346 Қайролланың туыс шежіресі.......................................... 355
шежірелік жыр-аңыздар ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтіндерге түсініктеме................................ 371 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер............... 384 Сөздік......................................................................... 392 Жер-су атаулары.......................................................... 396 Ру атаулары................................................................. 404 Томға енген фольклорлық үлгілерді жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәліметтер................... 411 Шартты қысқартулар.................................................... 416 Пайдаланылған әдебиеттер............................................ 417 Резюме........................................................................ 419 Summary...................................................................... 423
Научное издание
БАБАЛАР СӨЗІ
81 том
родословные сказания и предания
(на казахском языке)
Утверждено к печати Ученым советом
Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова
Министерства образования и науки Республики Казахстан
Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова
Редакторы: Ұ.С. Тілегенова
Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек
Компьютерге терген: Ж. Салтақова
Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева
Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы
ИБ № 2601
Теруге 17.02.12 жіберілді. Басуға 03.04.12 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №83. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру