TELEGEI

Home

Түйреуіш

Нұрлыбек Жұбатқан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Түйреуіш

Түйреуіш. Нұрлыбек Жұбатқан

ОБЛЫСТАН КЕЛГЕН ХАТ

Аудандық әкімшілікке облыс орталығынан телефакспен шұғыл хат келді. Хатта бадырайтып «өсіреміз» деп жазылған екен. Факстың бояуы бітіп қалса керек, қалған жері көрінбей қалыпты. Облыста отырғандарға «хатты қайта жіберіңдер» деп айтуға ешкімнің батылы бармады. Батырлар жоқ қой қазір. Тек ылғи өңшең орындаушылар ғана... «Өсіреміз» деген хатты хатшы қыз аудан әкімі Талтаңбайдың алдына лақтырып тастады. Шұғыл хатқа байланысты шұғыл отырыс шақырылды. Жиылғандар «өсіреміз» деген сөзді әр нәрсеге жорыды. Аудан әкімі өзін облысқа өсіретін шығар деп, үлкен терең ойға кетті. ¥ялы телефонын алып қатыны Бөксегүлге телефон соқты.

- Әй, Бөксегүл, бұл мен ғой, облыстан «өсіреміз» деген хат келіпті.

- Ойбай, кімді, қайда өсіреді екен?- деді әйелі аптығып. - Жәй сөйле, мен жиналыста отырмын. Соны өзім де білмей

отырмын, сенің көріпкел подружкаларың бар еді ғой, солардан сұрашы, бұл хат кімді өсіреді екен?

- Жарайды...

Әкім хатты құшақтап, жүрегіне басты. Пұшық мұрнымен қайта-қайта иіскеді. Тіпті шетін тістеп шайнап та көрді. Менен басқа біреу өсіп кете ме деген ой жылтыр шекесін шымырлатты. Ал, әкімнің орынбасары Қоңқыш аудан әкімінің тағына Облыстан факс қайта келді, «жарық пен жылудың бағасын өсіреміз» деген екен» дей беріп еді, әкім орындыққа сылқ ете қалды. Бас есепші ішегін тартты, әкім орынбасарының беті жыбырлады.

ТАЛ ТҮСТЕ ТАЯҚ ЖЕДІМ

Таза ауа жұтайын деп, саябаққа келген едім, қасыма бір ақ жаулықты әжей келіп отырды. Сәлден кейін әлгі әжей маған бетіме бір қарады да, сұрақтарды үсті-үстіне жаудырды дейсің.

- Балам, осы бізде зиялы қауым бар ма?

- Әрине, бар.

- Шырағым, сен олай қателеспе! Өзің супер суайт екенсің. Қазір зиялы қауым жоқ, зиянды қауым бар,— деді әжей ашуланып. Қабағы қатулы, жан-дүниесі де ашулы. Аяқ астынан ауыр сөз естіген мен аң-таңмын.

- Қазақтың мейрімділігі мен жомарттығы қайда?

- Қайдан білейін, әркімдікі өзінде шығар, әже, -дедім. - Жас түгілі қазір үлкендер де жарытып кітап оқымайды. Әдемі қартайып, алдыңғы буынға ақыл айтып, жол көрсету деген сендерде жоқ, болған емес.

- Әже, түсінбедім, мұның бәрін неге маған айтып отырсыз?- деп едім, ол кісі бірден үлкен айқайға басты. Қолындағы сүйеніш таяғын тамағыма тақап:

- Саған айтпағанда кімге айтамын, оңбаған, албасты,- деді де, ала сөмкесіне қолын салып жіберіп, ішінен «Абай жолы» кітабын суырып алды да, басымнан қойып қалды. Басым айналып отыра кеттім. Есімді жисам сол жерде әлі отырмын. Орнымнан тұрып, үсті-басымды қағып жатыр едім, жаныма бір қария кісі келді.

- Шырағым, амансың ба?

- Иә, аман қалдым, қатты соққыдан басым ауырып кетті,-дедім.

- Басың түсіп қалсын,- деді қария ашу шақырып.

- Ата, сіздерге бүгін не болған?

- Көшедегі жазулардың сиқын қара, не жазып қойғансың-дар? Оқуға адам ұялады. Қазақшаларың қайда? Не қарап жүрсің?

- Ата, мен ештеңе жазғаным жоқ...

- Сөйлеме, жиналыс болса сол баяғы әдеттеріңше орысша сөлейсіңдер.

Ана аузыңдағы салақтаған қызыл тіліңді кесіп алайын ба?- деді де, қойнынан пышақ емес, «Қазақ тілін үйренейік» деген кітапты алып, көк желкемнен салып қалды. Талып қалдым. Екі сағаттай есімнен айырылып жаттым. Еңбектеп талдың түбіне барып, сүйеніп тұрдым. Миым айналып барады.

- Әй, не істеп тұрсың? - деген дауыс шаңқ ете қалды - Жәй, талға сүйеніп таза ауа жұтып тұрмын. - Таза ауа дейді, бізде таза ауа бар ма екен өзі? - Неге жоқ, бар ғой, тек, ұрмашы, - дедім жалынып. - Ұятсыз екенсің өзің...

- Ия, ия сондаймын, - дедім қорыққанымнан.

- Таза ауа болса, киік, мал қырыла ма? - деп әлгі келіншек маған көзін алартып. Тісін ақситып шайнап тастауға бар.

- Оны неге, маған айтасыз? Бар, экологтарға айтыңыз. Мен жәй қарапайым адаммын...

- Ешқандай әділдік жоқ, заң жоқ, менің шемішкі сататын байғұс байымды жазықсыз қамап тастады. Бізде адам құқығы сақ-талмайды. Ал, бюджеттің қаражатын жұтып жатқан жалмауыздар бостандықта жүр... Тиісті мекемелер қайда қарап отыр?

Келіншектің сөздері ауырлай бастады. Өзі қайыстай қара қатын екен. Бұл ұрса оңдырмайтын шығар деп, басымды қолыммен жауып отыра кеттім. Сол-ақ екен, қақ маңдайдан тарс ұрды. Құлап түстім. Соққы қатты болды. Шалқамнан көк аспанға қарап ойланып жатырмын. «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын, сен жоқсың ішінде, қайдасың арайлым»- деп әндетіп қоямын. Арашалап жатқан ешкім жоқ. Тал түсте таяқ жедім. Кімнен? Не үшін?... Түсінбедім. Ұрған заты ауыр болды. Жан-жағыма үңілсем, бір үлкен көк кітап жатыр. Алып қарасам «Заң» деген кітап екен. Бір жағынан кітапты болып қалдым. Саябақтағы орындыққа отырып, таяқ жеген кітаптарымды ақтарып қарап отыр едім. Бір ақ сәлдеге оранған молда келді. - Ассалаумағалейкум!- деп орнымнан ұшып тұрдым - Уағалейкумассалам, көшеде сауат ашып отырсың ба? - Тынығып отырмын, молдеке.

- Тынығып дейсің, сенікі тал түсте не тынығу?

Молданың әнгімесі де бұзыла бастады. Тағы не бүлдіріп қойдым екен? Бірақ, менің не жазығым бар? Жүрттың бәрі неге мені сабайды? Басқа ұратын адамдары жоқ па? Әлде, тек маған ғана күштері жете ме? Дегенмен молданың иманы бар, ол адам ұрмайды деп өзімді жұбатып қоямын.

- Жастар қайда кетіп барады?- деп сұрақты маған төтесінен қойды ол.

- Ешқайда... - дедім сасқанымнан. Басқа не айтарымды білмедім.

- Сұмырай, қайда кетіп бара жатқанын білмейсің бе? Дәстүрлі дінді ұмытып, кез-келген жаққа кетіп барады. Ата-салтымыздан олар жеркенетін болды.

- Ойбай, менің жазығым не? - деп айқайлап жібердім. - Айқайлама, жап аузыңды, - деп молда төбемнен бір кітаппен төніп қалды. Молда өзі не оқушы еді? Егер сол кітаппен мені ұрса, ол жаман ғой.

Не де болса қашып құтылайын деп, бар күшімді салып үйге қарай жүгірдім. Артыма қарауға мұршам жоқ. Жұдырықтан гөрі кітаптан таяқ жеген жаман екен. Кәдімгідей ұятың, намысың ауырады. Қашқанда аяғым жерге тимеді. Бір кезде үйге кіре бергенде бірдеңе зуылдап келіп арқамнан тиді. Жерге жалп ете қалдым. Жалма- жан ұрған кітабына қарап «уф» дедім, мен ойлап қашқан кітап емес, «Қазақтың салт- дэстүрлері» деген үлкен қызыл кітап екен. Жаурыным ауырып орнымнан әзер тұрдым. Үйге төрт аяқтап кіріп босағаға құлай кеттім. Шаршап көзім ілініп кетті. Қанша уақыт жатқаным белгісіз, біреу құлағымнан тартып, мұрнымды жыбырлатады. Көзімнің қиығымен қарасам, ыржалаңдап бес жасар жүгірмегім тұр.

- Көке, көке тұршы, - деп қояды қолымнан тартып. Көкесінің қандай қалде жатқанын қайдан білсін?

- Ау, айналайын, көкең көшеден таяқ жеп келіп тынығып жатыр, -дедім.

- Көке, осы теледидардан неге ылғи басқа елдің ертегілерін береді? Бізде ертегі жоқ па?

• Бар ғой, «Ертөстік», «Күн астындағы Күнікей қыз» дей беріп едім, бетімнен «Қазақ ертегілері» деген жалпақ кітаппен бір соқты. Жылап жібердім.

Осы жұрт неге мені ұра береді?.

АҒАЙЫНДАР, АУЫРМАҢЫЗДАРШЫ...

Түнімен дөңбекшіп ұйқым қашып, қатты ауырдым. Шын айтамын. Таң атпай аудандық аурухананың есігін қақтым. - Амансың ба, айналайын, маған дәрігер керек еді. - Қандай дәрігер керек?

- Кәдімгі ақ халатты, абзал жан.

- Профессор, медицина ғылымының докторы, әлде доцент пе? - Профессор,- дедім. Әйтеуір, құлағыма осы сөз жақын сияқты. - Бесінші кабинетке барасыз, бірақ профессордың қабылдауы 15 мың теңге,- деді. Шошып кеттім, шын айтамын. - Арзаны қайсысы?

- Ең арзаны жәй дәрігер, 5 мың теңге тұрады, - деді медбике қыз қайқаңдап.

- Жарайды, сол жәй дәрігерге жолдама беріңіз, - дедім. Бес мың теңгемді төлеп дәрігердің кабинетіне кірдім. - Қай жеріңіздің ауырғанын айтпай тұрып, саусақтан, башайдан, тілден, желкеден, көк тамырдан қан алдырыңыз, одан кейін ұлы дәрет, кіші дәрет, түкірік, қақырық, қасыңды, шашыңды, көздегі былшықты, мұрындағы қылшықты, бәрін лабораторияға тапсырып, анализдерінің анықтамаларын алып келесіз, барыңыз,- деді дәрігер сөзге келместен. Шын айтамын.

- Мен қатты ауырып тұрмын ғой,- дедім міңгірлеп.

Мазаны алмаңыз, есікті жабыңыз,- деп ақырып жіберді дәрігерім. Содан не керек, аурухананың ішін кезіп кеттім. Әр бір анализдерің 3-4 мың теңгеден кем емес екен. Қан алған сайын қалтам жұқарып барады. Шын айтамын. Кейін дәрі- дәрмекке қаражатты қайдан аламын деген ой басымды мүжіді. Түс ауа анализдерімді құшақтап, әлгі дәрігердің есігін қақтым. Дәрігер қағаздарды аударып, төңкеріп қарады да:

- Енді маған, тез арада өкпеңді, бауырыңды, өтіңді, ішек-қарныңды, талағыңды, бөтекеңді узи-ге түсіріп кел,- деп қуып шықты. Шын айтамын. Содан кабинет жағалап бәріне түсіп шықтым. Әр қайсысы 3 мың тенге тұрады. Аурухана емес, Түркістанның базарында жүргендей тоналып қалдым. Қалтамда дәрі түгілі, үйге қайтатын бір тиыным қалмады, шын айтамын. Мұнда мен сияқты сенделіп жүргендер көп екен. Қатты аяп кеттім. Бір бұрышқа барып жылап-жылап алдым. Баяғыда әжем «жыласаң жазыласың» дейтін. Шын айтамын...

Жұмыс уақыты бітуге таяп қалғанда әйтеуір, дәрігердің кабинетіне үлгердім-ау...

- Так!- деп маған бір қарады, анализдерге бір қарады. Ұзақ ойланды.

- Қай жерім аурады екен?- дедім мен шыдай алмай. - Немене, қай жеріңнің ауыратынын мен қайдан білемін?- деп

дәрігер шап ете қалды.

- Кешіріңіз, мана сырқатымды сұрамастан шығарып жібергесін айтып жатқаным ғой,- дедім.

- Анализдерің жақсы, ешқандай қауіп көріп тұрғаным жоқ, сонымен қай жерің аурады?

- Ұмытып қалдым.

- Жындысың ба?

- Жоқ, үйден шыққанда сау едім,- дедім. Шын айтамын. - Мен саған қай жерің мазалайды деп тұрмын,- деп дәрігер

бетіме бажырайды.

- Шынымды айтсам, дәрігер мырза, қазір еш жерім ауырмайды. Жазылып кеткен сияқтымын. Анализдерді тапсырып жүргенде ауырған жерім есімнен шығып кетіпті.

- Жарайды, ауырмаңыз, барыңыз...

- Дәрігер мырза, ең болмаса бір дәрі, сосын анықтама жазып берсеңізшы, үйге барғанда әйеліме не айтамын? Қалтамда көк тиыным қалған жоқ. Ол сенбейді. «Ақшаның бәрін араққа құрттың»-деп, тірідей қуырып жейді. Шын айтамын,- дедім.

- Так, сен ауруыңды ұмытып қалсаң, онда «склероз» шығарсың?

- Ол қандай ауру?

- Ұмытшақтық.

- Мүмкін.

- Олай болса, мына дәріні бір ай ішіңіз, сосын қайтып келіңіз,-деді дәрігер.

- Неге?

- Ауруың есіңе түссе, емдейміз, емханаға жатқызамыз. - Ол тегін бе?

- Кім айтты саған тегін деп? Сосын мына дәріні аурухананың қақ алдында тұрған «Жаным» деген дәріханадан алыңыз, басқа жерден алмаңыз, жарай ма?

- Неге?

- Бұл жерде арзан, сізге көмек болсын деп жатырмын. - А-а-а, жарайды, рахмет, - деп кабинетінен шығып кеттім.

Естуімше, бүл дәріханада оның әйелі жасайды екен. Ауырғанымды шынымен де ұмытып қалғаныма қатты қуандым. Бірақ, ағайындар сіздер ауырмаңыздаршы, шын айтамын...

КЕШІРІҢІЗ, БАЙҚАМАЙ ҚАЛДЫМ

Екі МАИ қызметкері көшенің қақ төрінде талтайып тұр. Қолдарында ала таяқтары бар. Үкімет әлі тартып алмаған кез. Қарны шелектей капитан қасындағы серігі сержантты кәнігі кәсібіне үйретіп жатыр.

- Сержант бала, өзің былай жаман емес сияқтысың, мынау біздің нан табатын жеріміз, - деді капитан қарнын сипалап.

- Нанды біреу көшеге шашып кете ме?

- Сен түсінбей тұрсың, ертеректе біздің бабаларымыз тап осы арада қамшымен басқа елдің саудагерлерін тоқтатып, керуеннен керек-жарағын алып отырған ғой. Кейін қамшы мына қолыңдағы ала таяққа айналды.

- Сонда мен ата-бабаларыма ұқсағанмын ба?- деді сержант бірдеңе ұққандай басын изеп. Бұл жас жігіт бүгін алғаш рет жұмысқа шығып тұр. Бұзылмаған періште десе де болады. Аузы аңқайып, жан-жағына жалақтап қояды.

- Бұйырса ұқсайсың, мына ағаш неге өсіп тұр, білесің ба?-деп сұрақ қойды капитан.

- Әрине, білемін, жазда көлеңке болады, - деді сержант. - Атаңның басы көлеңке, ол біздер жүргізушілерден

жасырынып тұру үшін өсіп түр. Талдың түбі ең қолайлы жер, ұқтың ба? - Ұқтым. Капитан ізбасарынан тал түсте сынақ ала бастады. - Айтпақшы, тақпағыңды жаттадың ба?

- Қандай жаттау?

- Ой, шатасып жатырмын, айыппұлдың көлемін жаттадың ба? - Жатқа білемін. Жүргізуші жылдамдықты асырса, он бес мың теңге, фарды жақпаса он екі мың теңге, көлікті рұхсатсыз жерге қойса жиырма бес мың тенге, жүргізуші ішімдік ішіп алса «джекпот» болады,

- деді сержант мәз болып. Капитан көзін алартып: - Қайдағы «джекпот»? Не сандалақтап тұрсың? - Жолдас капитан, егер арақ ішкен адамды қолға түсірсек, көп

ақша
болады деген сөз ғой.

Бұл сөз капитанның құлағына жағып кетті. Сержант дұрыс айтып тұр. Енді ол ең маңызды шаруаны тапсырды.

- Енді мұқият тыңда, қолыңдағы ала таяқты кез-келген жерге тастауға болмайды. Киесі ұрады. Мұны жоғары көтерер кезде ойланып-толғанып барып жасау керек. Кім көрінгенге шошаңдата берме, ұқтың ба?

- Ұқтым, жолдас капитан, - деді де, сержант ала таяғын аңдамай жоғары көтеріп қалды. Сол-ақ екен, бір зуылдап келе жатқан қара машина қақ алдарына тоқтай қалды. Ішінен қара көзілдірік киген бір жігіт түсті. Өзі шалқайып қалыпты. Талтаң- талтаң етіп әрең жүреді. Тегін адам емес екенін әккі капитан бірден білді.

- Ақымақ, таяқты неге көтересің?- деп сержантты бүйірінен нұқып қалды.

- Кешіріңіз, байқамай көтеріп қалдым.

Қара машинадан түскен жігіт капитанға келіп төнді. - Мені неге тоқтаттыңдар?

- Ойбай, менің түк қатысым жоқ,- деп капитан тұра қашты. Алды- артына қарамай талдың арасына кіріп ғайып болды.

- Маған ала таяқ көтерген сен бе?- деді сержантқа қарап. - Кешіріңіз, ала таяқты байқамай көтеріп қалдым. - Кімді жолынан қалдырып тұрғаныңды білесің бе? - деді жігіт

ақырып.

- Қасымдағы капитанымның қашып кетуіне қарағанда крутой біреу шығарсыз? Депутат немесе әкім...

- Сен Министрдің машинасына таяқ көтердің, ал мен оның жүргізушісімін.

- Ааа, кешірерсіз,- деді сержант. Жағдайдың жаман екенін енді ұқты.

- Құжаттарың қайда?

Министрдің жүргізушісі жол полициясын тергеуге алды. Тәжірибесі жоқ сержант сұрағанын көрсетіп жатыр.

- Қазір, мынау ішкі істер басқармасы берген куәлік. Мынау төл құжатым. Ал, мынау көшеде тұруға рұхсат етілген іссапар қағазы. - Ішіп алған емессің ба?

- Жоқ, ішкем жоқ.Үрейін бе?

- Қазір оны анықтаймыз... Әлеу, жедел жәрдем бе? Мында облыстың бас дәрігерін және психотерапевті жіберіңіз,- деп, телефомен сөйлесті.

- Бақаймай қалдым, енді былай келіссек қалай болады?- деп сержант Министрдің шоферіне жалынып тұр.

- Бұрын бала күніңде ауырған жоқсың ба?

- Қызылшамен ауырдым...

-Телефон соғатын жерлерің бар ма?

- Бар, бастығыма соғып жіберейін,- деп, телефон шалады. - Әлеу, жолдас генерал-майор мырза, сізге сержант Сирақбаев телефон соғып түр.

- Иә тыңдап тұрмын...

- Мен көшеде байқамай таяғымды көтеріп қалып едім, министрдің машинасы тоқтай қалды.

Не дейсің? Оңбаған, менің бала-шағамның обалына қалдың ғой. Мен онда отставкіге кеттім,- деп телефонды тастай салды. Сержант қайтадан теріп көріп еді, Генерал-майордың телефоны сөніп түр.

- Енді қайда соғасың?- деді әлгі жүргізуші шіреніп

- Қазір, тоқтай тұрыңыз, жүргізуші мырза! Заңгерге соғамын. Әлеу, заңгер мырза, бұл ішкі істер басқармасы жол полициясы сержанты Сирақбаев. Мен көшеде байқамай таяғымды көтеріп қалып едім, министрдің машинасы тоқтай қалды. Енді не істесем екен?

- Жұмыстан кетесің!

- Басқа амалы жоқ па?- деді сержант басын таяғымен қасып. - Онда атылып өлесің.

- Неге?- деп шошып кетті.

- Не болды? Осылай тұра береміз бе?- деп министрдің шофері күшке міне бастады.

- Жоқ, отырайық...

- Сен не қисаңдап тұрсың? Ішіп алғансың ғой.

- Кім ішкен?-деп полиция шошып кетті. Сол-ақ екен, жедел жәрдем де келе қалды.

- Кімді тексеру керек?- деп бір жуан білекті дәрігер мұртын сипады.

- Мені емес, мына сержантты қараңыз.

- Қалайша?- деді дәрігер түкке түсінбей.

- Мына мен деп, дөкейдің шофері дәрігердің құлағына сыбырлап еді.

«Ойбай!» деп дәрігер ішегін тартты да, сержантқа келіп трубканы үргізді.

- Мен ішімдік ішкем жоқ, денім сау...

- Сонымен не болды?- деп, әлгі министрдің көлік жүргізушісі қояр емес.

- Менің көп жылдық дәрігерлік тәжірибеме қарағанда, бұл сержант ауырады екен...

- Қайдағы ауру? Байқамай таяғымды көтеріп қалдым. Кешіріңіз.

- Немен аурады?- деді әлгі жігіт.

- Жүйкесі ауырады...

- Қайдағы жүйке, менің денім сау...

МАИ қызметкері өзінің ауру емес екендігін айтып ақталып жатыр. Оны тыңдап жатқан кім бар? Екі ақ халат киген еңгезердей жігіт сержантты көтеріп алып көлікке салды. Қазір ол облыстық жүйке аурулары емханасында жатыр...

ҚАРЫЗДАН ҚАШҚАН ҚАЙРАҚБАЙ

Қазір құдайға шүкір, қарызсыз адам жоқ. Рас-өтірігін қайдам, жүрттың бәрі банкке бір кісідей бережақ дейді ғой? Ауыл ауданға қарыз. Аудан облысқа, облыс республикаға қарыз. Ал, республика шет елге шаш етектен қарыз екен. Әйтеуір бітпейтін қарыз. Біздің ауылда Қайрақбай деген кісі бар. Өзгенің затын алса сіңіріп кетеді. Қанына сіңген жаман әдет. Өткен жылы банктен несие алып, енді ауданға төбесін көрсетпей ауылда бой тасалап жүр. Адамнан қашсаң да банктен құтыла алмайсың ғой...

- Қайырлы таң, біз сізді таба алмай жүр едік. Қайрақбай Бермегенов деген сіз бе?

- Иә, мен, жайшылық па?

- Мен аудандық банктен келіп тұрмын. Банкіден бес жүз мың теңге несие алып па едіңіз?

Қайрақбай селк кете қалды. Әйелі Оқтаугүлге "үйге жан адам кіргізбе" деп талай рет ескерткен еді. Оқтаугүл болса отын іздеп, тезек теруге қыр асыпты. Есік ашық қалыпты.

- Банк несие берді. Бірақ, ол ақшаға қатын алдым,- деді ол. - Не алсаң да шаруамыз жоқ, енді сол несиеңізді уақытында

график бойынша қайтармайсыз ба?- деп банктен келген сары қыз шап ете қалды.

- Қайтару керек пе еді? Айттым ғой, қатын алдым, үйлендім. Осылай бойдақ жүре берем бе? Әкемнен қалған қыруар мұра жоқ. Жасым болса қырыққа келді.

- Қызық адам екенсіз. Олай болса, үйіңді кепілдікке аламыз. - Қарындас, қайдағы үй? Мен үйі бар адамға ұқсаймын ба?-

деді Қайрақбай.

- Ендеше, жеріңді аламыз,- деп әлгі қыз қояр емес. Талайды жер соқтырып жүрген Қайрақбайдың қалың беті бүлк етер емес.

- Менде жер қайдан болсын? Жерді қолы жеткендер алады,-деп тарқылдап күліп жіберді. Қарай гөр, біреуге қарыз болса да, жердің жақсысын қолы жеткендердің жекешелендіріп алғанын қайдан біледі-ай. Осы Қайрақбайдың білмейтіні жоқ. Кімнің қалай байып, кімнің қызметте қалай өскенін де біледі. Тіпті, қаладағы жемқорлардың да тізімін жатқа айтатын көрінеді. Банктен келген сары қыз қадалған жерінен қан алғысы келіп тұр. Ол да айтқанынан қайтар емес.

- Олай болса, алған әйеліңізді кепілдікке аламыз. Ауданға апарып жабамыз.

- Алыңыз, бірақ, алты ай болды қатын төсек-орынын арқалап төркініне кетіп қалды.

- Ту, сізге дауа жоқ екен. Он күн уақыт береміз, банкіден алған қарызыңызды қайтарасыз. Қайтармайды екенсіз, басқаша сөйлесеміз,- деп ауданнан келген қыз бақырып кетті. Айқайды естіп көршісі Өңешбай келді. Оның да Қайрақбайдан

алажағы бар.

- Әй, Қайрақбай алған қарызыңды қашан қайтарасың? - Өй, береміз ғой, енді сен қалып едің...

- Сенің беремін дегеніңе бес жыл болды, енді қашан бересің? - Өмеке, мен саған бермеймін дедім бе?

- Жоқ, берем дедің...

- Онда неменеге келесің? Қай күні жағдайым түзеледі, сол күні қарызыңды қайтарамын.

- Құдай-ау, сенің жағдайың қашан түзеледі?

- Оны Үкімет біледі. Сен күнде-күнде келіп қарызыңды сұрай берсең, менің жағдайым қалай түзеледі?-деп қарап тұр.

Мұндай адамдар жоғары жаққа да керек көрінеді. Нағыз талант қой. Рас айтамын. Ұзынқұлақтың айтуынша Қайрақбайды облысқа бір мекемеге жүмысқа шақырған деседі. Ауылдан алты қадам шықпаған Қайрақбай келіспеген көрінеді. Қайрекең ол жаққа неге керек болды екен, а? Ит біліп па?...

- Өңешбай, маған қанша қарыз беріп едің?- деді түк болмағандай есінеп.

- Қарызыңды ұмыта бастадың ба? Үш жүз мың теңге... - Айтпақшы, үш жүз мың теңгенің жартысын қарызды

қайтарғанда жеңіл болсын деп құдама бердім,- деп Қайрақбай қойып қалды. Өңешбай шошып кетті.

- Құдасы несі? Қарызды саған берген жоқпын ба?- деді Өмекең өкініп.

- Қарызды қайтарғанда жеңіл болсын дедім.

- Мен сенің құдаңды танымаймын ғой, не айтып тұрсың? - Танымасаң танысасың. Ол өте керемет адам. Күйлі тұрады. - Қайрақбай, қарызды саған бердім. Алған ақшаңды қайтар. - Мен саған бермеймін дедім бе?

- Жоқ, берем дедің... Ең болмаса «точно» беретін күніңді айтшы...

- Айта алмаймын. Бәлен күні беремін деп өтірікші болатын жәйім жоқ. Менікі бір-ақ сөз, «беремін» десем беремін.

- Қашан? Айтпақшы, сені автокөлік сатып алды деп естідім. - Автокөлікте мүлдем шаруаң болмасын, оны өз ақшама

алдым.

- Қайрақбай, астыңа ұялмай машина мінгенше, менің қарызымды қайырмайсың ба?

- Сенің қарызың бар екен деп, мен сонда қара жаяу жүруім керек пе? Өңешбай, сен тағы менің ашуыма тиіп тұрсың, ендеше қайтармаймын.

- Ойбай, кешір, байқамай қалдым, қайтарам деп айтшы... - Қайтармаймын.

- Қашан қайтарсаң да өзің біл, тек беремін деп айтшы, берем деші.

Өңешбай шошып кетті. Қайрақбай ең болмаса «берем» десе көңілі орнына түсетін сияқты.

- Жақсы, келістік, беремін.

- Қырық жылдан кейін.

- Ойбай, тым ұзақ қой...

Көзі аларып құлап қала жаздады. Саусақтарын санай бастады. Өйткені, Өңешбай биыл елу жасқа келді. Тоқсанға келгенше қарызы қолына тимейтін болды. Ал, тоқсанға жетпесе ше? Қарызын сотпен өндірейін десе, Қайрақбайдың «қарыз алдым» деген қолхаты жоқ.

- Өмеке, қарызыңды мен қайтара алмасам болашақта қырық жылдан кейін немерелерім, шөберелерім қайтарады,- деп Қайрақбай шіреніп тұр.

- Ее, сонда бұл ақшаны мен көре алмайды екенмін ғой. Жарайды, ұрпақтарым алатын болды. Оған да шүкір, көндік.

- Айттым ғой, берем десем, беремін,- деді де, Қайрақбай үйіне зып етіп кіріп кетті.

Әттең, кедейшілік...

ЖАБЫСУ

- Сәлеметсіз бе? Бұл жедел жәрдем көрсету орталығы ма? - Сәлеметсіз, иә, иә... Біреу ауырып қалды ма? - Ауырғанда былай, жабысып қалды...

- Түсінбедім, жабысып қалды дегеніңіз қалай? Кім жабысып қалды?

- Сіз тезірек келіңіз, сонда түсінесіз... Мекен-жайымыз: Талтаңбай даңғылы, Талтаңбай қиылысының бұрышы 155-ші үй, Талтаңбай атындағы жергілікті әкимат, 3-қабат, 329-ші кабинет.

- Немене, бәрі Талтаңбай деп аталады.

- Енді сол бұрын Талтаңбай деген мықты болған ғой, сол сізге керек пе?

- Жарайды, науқастың аты кім?

- Салпаңбай...

- Тегі?

- Қалқанбай.

- Жарайды күтіңіз, - деді жедел жәрдемнің жәрдемшісі. Сәлден соң гуілдеп дәрігерлер де жетті. Қабылдау бөлмесіндегі қыз қақшаңдап тұр.

- Қайда жүрсіздер, біздің бастық мана жабысып қалды. - Кімге жабысып қалды?- деді дәрігер.

- Ешкімге жабысқан жоқ, отырған орындығына жабысып қалды.

- Түсінсем бұйырмасын,- деп дәрігер кабинетке кірді. Үлкен кең бөлме. Қақ ортасында дөңкиіп мекеменің директоры отыр.

- Сіз бе жабысып қалған?

- Тұра алмаймын, көріп отырсыз ғой, креслоға құйрығыммен жабысып қалдым.

- Дұрыс, түсіндім, сіз қашаннан бері осы орындықта отырсыз? - Он бес жыл болып қалды.

- Мм, ұзақ отырған екенсіз, әрине жабысып қаласыз. - Бұйырғаны болар, сіз олай демеңіз.

- Жас күніңізде бір жерге жабысып көрдіңіз бе?

- Түсінбедім, сондай қалай?

- Мысалға аяғыңыз, қолыңыз...

- Жоқ. Тек бала күнімде қыста тіліммен далада тұрған темір қақпаны жалаймын деп, жабысып әрең алғанмын.

- М, дұрыс. Сізде бұл ауру бала күніңізден басталған екен. - Қандай ауру?

- Жабысқақ деген дерт.

Директор аузы аңқайып қалды. Мұндай науқастың атын бірінші рет естіп түр.

- Енді сіз қандай көмек бересіз?

- Қазір сізді емханаға орындығыңызбен бірге алып кетеміз. Операция жасаймыз.

- Қалай?

- Кәдімгідей кесеміз.

- Тоқтаңыз, кескені несі?

- Солай, сіз дәрігерге олай қарсы сұрақтар қоя бермеңіз. Сіздің науқасыңыз белгілі. Креслода ұзақ отырғансыз. Ешқайда бармайсыз. Кабинетіңізден шықпайсыз. Сондықтан осындай жағдайға тап болдыңыз.

- Дәрігер мырза, қайдағы ауруды айтып тұрсыз?

- Немене, енді көрер көзге науқас екеніңізді мойындағыңыз келмей ме?

Білем, қазір бізде бастық көп. Олар өте ұзақ отырады. Отырған жеріне қалай жабысып қалғандарын білмейді. Тіпті, жалпиған құйрықтарының жартысынан айырылып қалған білмейді.

- Сіз қателеспеңіз олай.

- Дәрігер қателеспейді.

- Мен ауру емеспін.

- Білемін, директорсыз. Бірақ құйрығыңыз орындыққа жабысып қалған. Өйткені, сіз бұл мекемеде ұзақ отыра бергенсіз...

- Тоқтатыңыз сандырақтамай. Мен таңертең жұмысқа келе жатқанда бәтеңкемнің табаны түсіп қалып, дүкеннен «супер клей», яғни желім сатып алдым. Оны байқамай артқы қалтама салған екенмін. Содан жүмысқа келіп орындығыма отырып қалғанда ол жарылып, креслоға жабысып қалдым. Ұқтың ба?

- Аа, кешіріңіз солай ма? Ендеше, неге жедел жәрдем шақырттыңыз?

- Енді не істеуім керек?

- Сіз шалбарыңызды шешіңіз де, басқасын киіңіз

- Болды ма?

- Болды...

- Рахмет!

ӘКІМ АЙТЫП ЖАТЫР

Менің бір көршім бар сұраншақ, «апам айтады, берсін дейді» деп біздің үйден сұрамайтыны жоқ. Оның апасының айтқаны орынды, бермесең тағы болмайды. Қалай бермейсің, көрші ғой. Қазірде көршіден артық туыс жоқ. Жақында ауданға жаңа әкім келді. Отыз жыл орнында отырып қалған Талтаңбай әкім ақыры кетті. Кетерінде креслосымен жылап қоштасты.

Бір күні үйге әлгі көрші үйдің қызы жүгіріп келді.

- Әкім айтады, бүй дейді, бір кесе қант берсін дейді,- деп қарап түр.

- Ойбай-ау, апаң айтады емес пе? Әкімің не айтып тұрған?-дедім таңырқап.

- Жоқ, қазір ауданның бәрі солай дейді,- деп дік-дік етіп қояр емес.

Әйелім, әншейінде «жоқ» дейтін еді, әкім айтып жатыр дегесін, бір кесе емес, бес кесе қантты бірден бере салды. Үйдің арғы бетінде Қамысгүл деген кәсіпкер әйелдің екі жоғары оқу бітірген тәмпіш қызы бар еді. Оны да құдалар «әкім айтып жатыр» деп, алып кетіпті. Қамысгүл оқымысты қызын былтыр Астанадан бір байдың баласы құда түсіп келгенде бермеп еді. Қазір жақсы болды, «әкім айтып жатыр» деп, ала бересің, бере бересің... Көшеде келе жатыр едім, алдымнан мекемеде бірге жасайтын Піштубай қарсы шықты.

- Бес мың теңге бар ма?

- Қарызға ма?

- Жоқ...

- Енді?

- Естелікке.

- Қалжыңдамаңыз - дедім.

- Сол, бес мың теңге беріңіз, әкім айтып жатыр,- деді. Қалай бермейсің? Әмиянымнан суырып бердім.

Әсемханның тоғыз жасар баласы шешесімен ерегісіп, сөзге келер емес:

- Бүгін мектепке бармаймын.

- Барасың, кеше де қалып қойдың,- дейді анасы.

- Жоқ, бармаймын, әкім айтып жатыр,- деп қояды ол да аузы бұртиып.

Үлкендерден үйренген ғой. «Әкім айтып жатыр» деген бүл ауданға хит болды. Бірін-бірі осы сөзбен алдап жүр.

Кешкілік шәй ішіп отырсам, құрдасым келіп тұр.

- Бірдеңе десем ренжімейсің ба?

- Иә, айта бер.

- Әйеліңді бере тұршы.

- Сен басыңды бағанаға соғып алдың ба?

- Жоқ.

- Онда не айтып тұрсың?

- Әкім айтып жатыр.

- Әй, сендер немене, әкім айтып жатыр деп, енді біреудің жеке әйеліне қол сұқтыңдар ма? Шық үйден,- деп желкелеп қуып шықтым.

Уф, шаршап кеттім. «Әкім айтып жатыр» деп мына жұрт бір-бірінің басын қатырды. Түнімен жынданып жата алмадым. Таңертең әйелім оятады.

- Не болды?

- Курортқа барайын деп едім.

- Иә, кім айтты?

- Әкім айтты.

- Әкім айта береді, бармайсың,- дедім.

Мынау сұмдық қой, «әкім айтып жатыр» деп біреудің сыртынан сөйлейді. Тап осылай деп аудан әкімінің айтуы мүмкін емес. Өтірік. Ешқашан айтпайды. Әлде, бұл ауданның тұрғындарына бірдеңе болған ба? Қазір ауданға жаңа әкім келгелі «әкім айтып жатыр» деп бірін-бірі әкіммен қорқытатын болыпты. Әсіресе төменгі қызметтегі адамдарға қиын болды. Жоғарыдан осылай сөйлейді. Ал, тыңдамай гөр... Маған да бір ой келе қалды. Қарызбек деген құрдасым бар еді. Былтыр отыз мың теңгемді алып, бермей жүр еді, соған телефон соқтым.

- Қарызбек, амансың ба?

- Кім бұл?

- Мен ғой, Шүлдірбек. Айтпақшы қарызымды қашан бересің? Тез берсін деп жатыр, - дедім.

- Берем ғой. Кім айтып жатыр?

- Әкім айтып жатыр.

- Қашан? Қазір жеткіземін, - деп сол бойда үйге ақшамды әкеліп берді.

Бір жағынан бұл әдіс жақсы екен. Болашақта біраз шаруаларымды тындыратын болдым. Қарызым қайтарылып қуанып тұр едім. Ұялы телефоным шыр етті. Жүрегім дір етті.

- Әлеу, Шүлдірбек Шідербекұлы, бұл сен бе?

- Ия, ия тыңдап тұрмын.

- Бұл басқармадан ғой, әкім айтып жатыр...

БАС

Осыдан бес жыл бұрын Жазушылар одағына мүшелікке өтуге құжат тапсырған едім. Соны білейін деп Алматы қаласына бардым. Ойпырмай, қазір жазғыштар көп қой, менің кезегім бес жүз адамнан кейін барып келеді екен. Содан одақтағы көкелерім «келесіде қабылдауға әрекет жасап, тырысып көрерміз» дегесін, Ақтөбеге қарай қайта тарттым. Ауылдан Алматыға шыққанда рахат қой, жегенің қазы-қарта, жал-жая, ішкенің шұбат. Былқылдап бабыңда барасың. Енді Алматыдан қайтарда жолға тамақ пісіріп беретін жеңгем жоқ. Ол жақта туысқандарым да тұрмайды. Дүкеннен екі жұмыртқа мен бір тоқаш алып пойызға отырдым. Еркекке ол азық бола ма? Таңертең Түркістан қаласына келіп тоқтадық. Сыртқа шықтым. Араның ұясы сияқты құжынаған адамдар. Палау, мәнті, кәртошкі, не керектің бәрі бар. Бірақ, менің асқазаным «ет, ет» деп ұлып түр. Бір кезде бір келіншек арқамнан түртті.

- Ағай, бас аласыз ба?

- Кімнің басын? - деп шошып кеттім.

- Ойбай, неменеге қорқып кеттіңіз?

- Мен бас алатын жендет емеспін, - дедім.

- Ту, ағай, не қуып тұрсыз?

- Бас дегесін...

- Адамның басы емес, қойдың басы! - деді келіншек. - Түркістанда ет комбинаты бар ма?

- Жоқ, оны неге сұрадыңыз?

- Енді бір емес, бірнеше басты пісіріп алыпсыз...

- Аа, жоға, садақаға сойылған қойлардың басы ғой,- деп қояды өзі. Қасы қиылған өзбек тілдес, әдемі келіншек қойдың басын әп-сәтте қолтығыма қыстырып жіберіп, теңгемді шытырлатып санап алды. Басты құшақтап вагонға кірдім. Қасымда жолаушылап бір орыс әжей және ерлі-зайыпты екеу бар. Өздері қазақ болғанымен, қазақшылығы шамалы. Қалада өскен ба, сондай. Шөп-шаламды шайнап, соғып отыр. Ауылдан шыққан жігітпіз ғой, қолыма пышақ алып «бисмиллә» деп, бастың көзін ойып алдым да, шайнамай жұтып жібердім.

- Ойбай, ужас! - деп әлгі қазақ әйелдің бөксесі бүлк ете қалды.

- Боже мой, сохрани меня! - деп орыс әжей шоқына бастады. - Қорықпаңыздар, бұл үйтілген қойдың басы,- дедім де, бір

құлағын түбінен кесіп алып, қасымдағы әйелге бердім. - Ағама құлақ болып жүріңіз, - дедім.

- Мұныңыз не? Бұл нағыз - жабайылық, - деп еркегі дауыс көтерді.

- Шошымаңыздар, немене бас мүжіп көрмедіңіздер ме? - Біз қазақ болғанмен ет жемейміз, вегетариантбыз,- деді

әйел шаңқылдап.

- Мне страшно, - деп орыс әжей үһілеп отыр. Көзәйнегінің астымен ұрланып қарап қояды. Содан екінші көзін тағы да пышақпен опырып ойып алдым да:

- Жеңгейге көз болып жүріңіз,- деп еркегіне беріп едім, - Тоқтатыңыз, это- оскорбление,- деп әйелі айқайлап жіберді. - Полиция, маньяк. Спасите, меня,- деп бақырды орыс

кемпір. Әйел мен еркек орындарынан ұшып тұрып, жүгіріп вагон кезіп кетті. Ал, мен болсам түк болмағандай, бастың құйқасын пышақпен сыпырып қылғытып жатырмын. Әжей бір бұрышта сескеніп басын шайқап отыр. Мені шынымен бір «адамжегіш» деп ойлап тұр. Қойдың тілін кесіп алып, қолына ұстатып едім. Қария қорқып орнына қисая кетті. Бір кезде қасына полиция қызметкерін ертіп әлгі екеуі жетіп келді.

- Міне, мынау маньяк,- дейді мені саусағымен көрсетіп. Мен сол кезде қойдың миын шағып жеп отыр едім. - Кошмар, дикарий,- деп әлгі әйел екі бетін шымшып қояр

емес. Бас ұстаған адамды бірінші рет көргендей көзі ұясынан шығып кетіпті.

- Жолдас азамат, құжаттарыңызды көрсетіңіз,- деді полиция бірден іске кірісіп.

- Жәй ма?

- Не жеп отырсыз?

- Бас.

- Кімнің басы?

- Қойдың басы.

- Атаңның басы!

- Атамның басын мүжіп не көрініпті?

- Жоқ, атаңның басы, бұл қойдың басы емес деп тұрмын. - Енді ненің басы деп тұрсыз?

- Ешкінің...

- Ешкінің басында мүйіз болады,- деп мен дәлелдеп жатырмын.

- Басты қайдан алдыңыз?

- Түркістаннан сатып алдым.

- Жолдас азамат, пойызда қойдың басын жеуге болмайды. - Кім айтты?

- Тәртіп солай, басты қонаққа барғанда үйде жеу керек. - Пойызда бас жеуге болмайды деген заң бар ма?- дедім. - Бар, керек болса тауып береміз. Қысқасы, қойдың басын

мүжуге болмайды,- деп полиция қызметкері сенімді айтып тұр. Қазір заң күнде өзгереді ғой. Сендім. Ашуланып кеттім. «Немене, сонда халқына жаны ашымайтын басшылардың басын мүжі деп тұрсың ба?» деп қоямын ішімнен үндемей. Өзімше жынданып тұрған түрім ғой. Жұрттың бәрін аузымды жыбырлатпай іштей боқтаймын. Бірақ, ашуым тез басылып қалады. Айтпақшы, баяғыда ауылда сабақ білмейтін баласын шешесі «ұстап алсам, басыңды мүжимін» деп тырқыратып қуатын еді ғой. Сол есіме түсіп кетті. Содан басты жырлап, салғыласып тұрғанда пойыз Қызылорда қаласына келіп тоқтады.

- Жүріңіз, түсіңіз вагоннан,- деп полиция қызметкері қолымнан тартты.

- Қайда барамын?

- Бөлімшеге барасыз.

- Сонда бас мүжігенім үшін барам ба?

- Сіз көпшілік жерде жиіркенішті қылық жасадыңыз,- деп қояды. Жеңнен тартса еріп жүре беретін халықпыз ғой. Ұсынысына келістім.

- Олай болса жарайды, - деп басты ұстап жерге түстім. Қолымдағы қу басты көріп, халық аң-таң. Вагонның қасында аузы апандай бір келіншек сауда жасап, тақылдап тұр екен. Қойдың таңдайын жұлып алып, келіншектің алақанына ұрдым.

- Әнші немесе сөзге шешен болыңыз, - дедім.

- Рахмет ағай,- деп таңдайды аузына тығып жіберді. - Егер Ақтөбеге қайтқыңыз келсе басты дереу қоқыс салатын

жерге тастаңыз, сосын жолыңыз болсын,- деді полиция қызметкері. - Жоқ, қойдың басын ондай жерге лақтыруға болмайды,- деп вокзалдың қасындағы сауда жасап тұрған дүңгіршектің төбесіне лақтырып жібердім.

- Мұныңыз не?- деді полиция.

- Бас -қазақтың қасиетті тағамы. Малдың басын қадірлеу керек,- дедім.

Ол күліп басын шайқады. Мен пойызға мініп Ақтөбеге тарттым. ӘЖЕМНІҢ КӨЖЕСІ 1991 жыл. Кеңес өкіметі жалп етіп жардан құлағаннан кейін, әсіресе ауылдың қазақтары ұмыт болған ырым-жырымдарын еске ала бастаған кез. Қыстан әрең шыққан адамдар күннің шуағын, тағамның құнарлысын іздейді. Қабырғасы қайысқан қасқа сиырлар тілдерін жалаңдатып көк шөпті аңсайды. Көршінің ұрғашы иті мен біздің төбет қырдың төбесінде қыдырып жүр. Қорадағы қоразда қоқиланып тауықтарды тырқыратып қуа береді. Маза бермейді. Былтыр күзде екі әйнектің арасында шалқасынан өліп жатқан қара шыбындарға жан бітіп ызыңдап, қанатымен терезені соғып жатыр. Өйткені, Ұлыстың үлы күні Наурыз есік қағып тұр. Біздің үй наурызкөже дайындайды. Әжем қара қазанын арқалап үйге кірді. Атам отын әкеліп ошаққа от тұтатты. Суға малынған аяқ киімдер мен ұлтарақтар ошақ жанында тізіліп тұр. Менің бәтеңкемнің табаны ашылып, тілі салақтап кетіпті. Әйтеуір, бүгін Наурыз меркесінде мерекелі дастархан жайылатын болды. Шешем бүрсеңдеп қамыр ашытып жүр. Бауырсақсыз той бола ма? Теледидарды қостым. Быжылдап түк көрсетпейді. Түнде жел тұрып еді, антеннасы басқа жаққа бұралып кетіпті.

Радиоқабылдағыштың тетігін бұрадым.

- Сөйлеп тұрған Алматы. Құрметті қазақ елі! Келе жатқан Наурыз мерекесі құт-береке әкелсін! Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауында «Наурыз - көктем» әні...

Терезеден күн сәулесі сығалайды. Төргі бөлменің төбесінен шелекке тырс-тырс етіп тамшы ағып тұр. Бұл біздің үйге көктемнің келген белгісі... Қара қазан бұрқырап қайнап жатыр. Жеті түрлі тағам қосылған сүр еттің иісі сыртқа шығып, көршілеріме иіс тиді. Басы айналған олар біртіндеп біздің үйге қалай кіргендерін білмей төрде жайғасып отыр.

- Биыл қыс қатты болды, - дейді, көршім Нәнбет.

- Қазақстан егеменді елдің еншісін алды деп жатыр, енді жағдайымыз жақсаратын шығар, - деп көршімнің көршісі шалқасынан жатыр.

Түс болып қалды. Атам қорадағы малға шөп салуға түрегелді. Ошақтың басына барып бүкшеңдеп бірдеңесін іздеп таба алмады.

- Әй, мына жерде тұрған менің ұлтарағым қайда?

- Мен қайдан білейін, - деп әжем қасықпен көженің дәмін көріп жатыр.

- Осы үйге бірдеңе қойсаң зым-зия жоқ болып кетеді,-деп атам етігінің бір ұлтарағын ақыры таба алмады. Сыртқа шықты. Сәлден кейін, қуанып жүгіріп келді.

- Немене, ұлтарағыңды қорадан тауып алдың ба?- деді әжем. - Жоқ, қара қой егіз тауыпты. Наурыз күні жақсы ырым. Ырысымыз екі еселенеді, - деді атам. Бұл кезде әжемнің көжесі дайын

болды. Бәріміз жайғасып дастархан басына отырдық. Алдымен құдайы қонақтарымызға құйып берді. - Ой, әжемнің наурызкөжесі қандай тәтті, тағы құйшы, - деді көршім. Ол тау кесемен үрлеп ішіп тояр емес. Үйге сау етіп тағы біреулер кірді. Әкемнің құрдастары екен.

- Ассалаумағалейкумдер! Наурыз мерекелеріңізбен! Әкемнің достары біздің үйден анау-мынау ішіп дәнігіп

алғандар ғой. Мейрам сайын үйден шықпайды. Карта ойнады. Дастархан басына жантая кетті.

- Не деген дәмді, мұндай көжені қалай дайындайды?-деп сұрап жатыр

- Құпия! - деп қояды әжем күлімдеп. Қара қазан ортайды. Түбі қоюланып қалды. Қысқасы, әжемнің көжесі азайып барады. Қонақтар көжеге тыңқиып тойып кетті. Енді өзіміз қалдық. Әжем қазанның түбін ожаумен былғап-былғап атама құйып берді.

- Ойбай, көтек мынау не? - деді атам шошып кетті.

- Көже емес пе?

- Балық қосқансың ба? - деді атам.

- Қайдағы балық? - деп әжем аң-таң. Ыдысында бірдеңе былқылдап жатыр. Бәріміз үңілдік. О, тоба, пештің үстіне жайып қойған атамның ұлтарағы қазанның ішіне түсіп кеткен екен.

- Бәсе, бір киіздің дәмі шығады, - дейді әжем. Үйдегілер қыран - топан күлді.

- Ұлтарақтың дәмі қалай екен? - деп атам күліп жатыр. - Оны экемнің құрдастарынан сұраңыздар, - дедім мен.

Сүйтіп, бір жылдары ұлтарақ қосылан тұңғыш наурызкөже біздің үйде қайнаған еді.

ДЕПУТАТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

- Түс деймін!

- Түспеймін!

- Мен саған түс дедім ғой...

- Қойшы, түскім келмейді.

- Түс...

Көрші үйден түн ортасында тап осылай қатты дауысшықты. Түсесің! - дейді көрші әйел айқайлап. Ұйқым ашылып, төсектен басымды көтердім. Дөңбекшіп жатқан әйелім де оянып кетті. Бажырайып бетіме қарады. Мен теріс қарадым. Таң атты. Сыртқа шықсам аулада түндегі оқыс дауыс қайта естілді.

- Түс дедім ғой саған...

- Түспеймін, - дейді көрші еркек. Құдай-ау, бұлар түнімен қайда мініп, қайдан түсе алмай жатыр десем, бетім-ай, көрші әйел алқаш еркегіне «сайлауға түс» дейді, күйеуі «түспеймін» дейді. Ал, біздің қатын түнде оны басқаша түсініпті. Бәсе, маған бет-аузы жыбырлап қарауы жаман еді.

- Жұрттың еркектері тым-жақсы халқы үшін сайлауға түсіп жатыр, сенің олардан қай жерің кем? - дейді әйелі Маңқагүл.

Көрші еркек:

- Мен сайлауға қалай түсемін, депутат болу үшін әнші, не спортшы болу керек, - деп ол айтқанынан қайтпайды. Тап осы көріністі біздің үйдегі әйел естімесе деп тілеп едім. Қайдағы, есінеп қасымда тұр екен.

- Сайлау... - дейді. Көзі аларып кетті. Бүл туралы мұның құлағына әлі жетпеген болатын. Алдыңғы сайлауда маған «неге түспедің?» деп, миымды жаңғақша шағып жеген еді.

- Ойбай-ау, мен неге білмей қалғанмын, жүр үйге! - деп мені дырылдатып ішке кіргізді. Лекция басталды.

- Көрдің бе, көршінің алқаш байы сайлауға түскелі жатыр. - Түсе берсін, маған сайлау не керек?

- Сүмелек-ау, неге керек емес, сахнада би билеп, ән салып жүрген әншілерден қай жерің кем? Естуімше, қазірде алқаш, жемқор, маньяктар да сайлауға түсуге болады екен. Ешкімге шек қойылмайды деп жатыр.

- Соқ өтірікті. Қайдағыны айтпашы, мен ондай емеспін. - Мейлі, әншейінде үйде отырып сайрайсың, оданда

мәжіліске барып мәселе көтер. Көрші Маңқагүлдің жаман байынан он есе артықсың. Шофер не, адам емес пе?

- Сайлауға түсу үшін, саясатты, заңды білу керек, ол жер халықтың, елдің тағдырын шешетін орын ғой.

- Шешіледі, шешілмейтін түйін жоқ, шешеміз, - деп әйелім қояр емес.

- Депутат болғым келмейді, - дедім.

- Басымды қатырма, сайлауға түс.

- Түспеймін...

- Түс!

- Түспеймін...

- Түсесің...

Үш күн бойы осылай айтыстық. Ақыры көндім. Сайлауға түсуге бел будым. Әйелім қолыма былай деп бадырайтып бағдарлама жасап берді. «Құрметті арыстандай ағаларым, бұқадай балдыздарым,

жолбарыстай жиендерім, нардай нағашыларым, түлкідей таныс-тамыр, туыстарым! Міне, өзіме емес, әйеліме сеніп, әрине сіздерге де сеніп, депутаттықтан дәмеленіп өз кандидатурамды ұсынып отырмын»...

Біріншіден:

Күйеуге шыға алмай жүрген қыздарға бизнесмен, ақшасы көп еркек тауып беремін. Екі әйел аламын деп есірген еркектерді елден қуып шығамын. Оларға қар құшақтатып, мұз сүйдіремін...

Екіншіден:

Мәдениет-өнер қызметкерлеріне, ақын-жазушыларға ай сайын ақысыз алғысымды ауызша, жазбаша аямаймын. Қанша сұраса да үйіп-төгіп беремін...

Үшіншіден:

Жағымпаз болмайтын, пара алмайтын, бөспейтін, жемейтін, ішпейтін, шекпейтін, тартпайтын, ұрламайтын, қызғанбайтын адамдардан мекеме басшыларын тағайындауға ат салысамын...

Төртіншіден:

Жұмыссыз жүрген еркектердің қолына бір-бір сапты күрек, кетпен, айыр, балта, балға тауып беремін. Ал, әйелдерге оқтау, ұршық, қазан, бесік, келісап, ине-жіп ұстатамын...

Бесіншіден:

Депутаттардың кезектесіп қайта-қайта сайлануларына шектеу қоямын. Өз басым қайта сайланбаймын деп қорадағы тоқал ешкімнің ақ сүтімен ант етемін...

Алтыншыдан:

Күн сайын көшеде жаяу жүріп халықтың тыныс-тірішілігін бақылаймын. Ұйымдасқан қылмыскерлерді ұстап алып ұялтамын.

Жетіншіден:

Үйлену, қыз ұзату, сүндет тойлар бұдан былай ақысыз өтеді. Асабалар мен әншілер тойларыңа тегін қызмет көрсететін болады... Басым ботқадай пісіп, жүрегім жылып, ішім бір қапшық жақсылыққа толып халқыма адал қызмет еткім келеді. Әзірге әйелімнің айтқандары осы. Егер осы сайлауда депутат болсам, рас айтамын әйтеуір, бір көмегім тиеді.

Маған дауыс беріңіздерші...

ВИРУС

Жаз. Түнгі ашық аспан. Жымың қаққан жүлдыздар. Далада сэкінің үстінде шалқамнан жатырмын. Жүмыс жоқ. Рахат. Бір кезде аспаннан төменге қарай бір комета жерге қарай зуылдап келеді. Тарс етіп төбеде жарылды. Ауданның жарығы өшіп қалды. Тура фантастикалық кинодағыдай болды. Ойланып жатып ұйықтап кетіппін. Таңертең көшеде біреу айқайлап өлең айтып жүр, оянып кеттім.

- Кімде үй жоқ үй беремін, халайық, кімнің баспанасы жоқ, тез менің кабинетіме келіңдер! - дейді. Жүгіріп қақпадан шықтым. Жүзі таныс, сүйтсем аудандық түрғын үймен қамту бөлімінің бастығы Қошан екен.

- Ассалаумағалейкум, аға!

- Уағалейкумассалам, айналайын, үй керек пе?

- Үй, әрине. Бірақ мен кезекке тұрмаған едім.

- Кезектің түкке керегі жоқ, маған кабинетіме кел, жүр, - деп қолымнан шап беріп жетектеп жұмыс орнына апарды да, тартпасынан бір бума кілттің ішінен екі бөлмелі пәтердің кілтін ұстата салды. Мынау өңім бе, түсім бе? Содан сыртқа шыға беріп едім, ауданның әкімі Талтаңбай алдымнан ербең етіп шыға келді.

- О, қалайсың бауырым?-деп әкім кең қүшағын жайды. - Жақсы шүкірмін, - дедім күбірлеп. Былтыр қабылдауына

барғанымда көзінің қиығын да салмап еді. Тап қазір мені құшақтап, бетімнен сүйіп алғысы келіп тұр. Түсі жылы. Жүзі жарқын.

- Саған жұмыс керек пе?

- Неге? А, қалайша?

- Қызметің бар ма?

- Қайдан болсын, аяқты аспанға көтеріп үйде алаңсыз жатқаныма алты ай болды. Сіз мені біреумен шатастырып тұрған жоқсыз ба?

- Жоқ, - деді де, әкім кабинетіне апарды. Мен аң-таңмын. Бұларға бірдеңе болған ба? Жынды дейін десем, түрлері әп- әсем. Беттері шырайлы.

- Саған өзі қандай қызмет ұнайды? - деді арқамнан қағып. Шынымды айтсам, арқам жыбырлап қышып кетті. Не айтарымды білмедім.

- Әйтеуір, жан бағатын жұмыс болса болды ғой, - дедім. - Жарайды, таңертең келерсің. Бір үлкен мекемеге басшы

боласың.

- Сізге не дерімді білмей тұрмын...

- Ештеңе де керек емес, қызметпен бірге әйелімнің атындағы мейрамханамды да саған беремін, әкімдер халықты алдамайды,- деді. Екі көзім бадырайып, аузым ашылып мыштай боп қалдым.

- Рахмет! - деп, кабинетінен қуанып шықтым. Аяқ астынан пәтерлі, жұмысты болдым. Мейрамхана туралы үш ұйықтасам да түсіме кірмейтін еді. Енді қуанышым ішіме сыймай барады. Көшеде адам толып жүр. Бәрі бір-бірін құшақтап, ілтипат көрсетіп мәз. Қалалық емхананың бас дәрігері Топан халыққа қымбат дәрілерін тегін үлестіріп жатыр. Бір кезде біреу арқамнан қақты. Аудандағы атақты бизнесмен Тоңбай екен.

- Осы саған ақша керек пе?

- Несиеге ме?

- Жоқ.

- Қанша пайызға?

- Жоқ, тегін.

- Тегіні қалай?

- Менде ақша пішен, теңге керек пе, доллар керек пе, өзің таңда!

- Ааа, рас айтасыз ба?

- Әрине, көңілің қанша қалап тұр?

- Өзіңіз біліңіз.

- Жарайды, мә ала ғой, - деп бір бума көк қағазды қойныма тығып жіберді. Тұла-бойым шым ете қалды. Шыныменде бұл қалай? Адамдар қуып кетті ме?

- Қаражат керек болса келіп тұр, - деді Тоңбай. Бір күнде басыма бақ конды. Жан-жағыма қарасам, басқа халық та жүмыс пен қаражатқа қарық болып жатыр. Үйге жақындап қалып едім, алдымнан бес әйелі бар банк директоры Сәлімбай шыға келді. Көзі адал, бетінен нұр тамып тұр.

- О, айналайын амансың ба? Қайда асығып барасың? - Үйге.

- Саған бір әйелімді берсем бола ма?

- Ойбай аға, рахмет, үйдегі бір қатынға ие болсам сол да жетеді ғой.

- Артық болмайды.

- Жоқ, аға рахмет, - деп, әрең қашып құтылдым. Көшенің арғы бетінде жеті баласы бар Жоңышгүл жеңгем мэз. Оған бір бай коттеджін сыйлапты. Қара жаяу жүрген етікші Қоңқыш астына джип мініп шалқайып кетіп барады.

Сонымен бір күнде ауданның тұрғындары байып, жағдай- лары елу жылға түзеліп кетті. Айтпақшы, қыста қар сұрасаң жоқ дейтін дүкенші көршім, үйге бір қап ұн мен бір қап құм шекер әкеліп тастапты. Әліме қарамай мен де біреуге бірдеңе бергім келіп барады. Әншейінде, «үйде түк жоқ» әйелім соғымнан қалған сүр етті асып, көшеде таратып жүр. Сүйтсем, мұның бәрі түнде аспанда жарылған кометаның әсері екен. Комета айдың арғы бетінен жұқпалы вирус әкеліпті. Әйтеуір, «Эбола», «Зомби» секілді қауіпті емес. Аузыңнан ақ көбік ағып, көзің қызармайды. Адамды ақ көңіл, ақ жарқын ететін вирус. Бұл дертті жұқтырған адам ешкімнің жұмысына араласып, аяғынан шалмайды. Кызғаныш, тойымсыздық, көре алмаушылық қасиеттер адам ағзасынан бірден жойылады екен. Әзірге ешқандай емі жоқ көрінеді. Болмағаны да дұрыс. Дем арасында бұл дерт барлық қазақ жеріне тарап кетіпті. Вирус әсіресе, жоғарыда шалқайып отырған мекеме басшылары мен шіріген байларға тезірек жұқса екен деп қара халық құдайдан тілеп отыр...

ТҮГЕЛБАЙДЫҢ ТҮКІРІГІ

Ырғызда нағашым тұрады. Шешемнің жан дегендегі жалғыз інісі. Әкімшілікте қызмет істейді. Түнде үйге телефон соғыпты. Ақтөбеде тұратын біреудің түкірігін сұраған. Түк түсінсем бұйырмасын... Шешем де шошып отыр. «Жалғыз інім ақылынан алжасып кеткен бе?» деп таң атқанша дөңбекшіп шықты.

Таң алдында біреу есік қағып тұр. Аштым. Нағашым Алпысбай екен.

- Ассалаумағалейкум! Қош келдіңіз, үйге кіріңіз.

- Тыссс... Уағалейкумассалам, ақ жиен. Үйге кіретіндей уақытым жоқ. Көлігің жүріп тұр ма?-деді аузын қолымен басып. Кешегі телефон арқылы айтқан әңгімесі де біртүрлі еді. Күдіктене бастадым. Сау адам түкірік сұрамайды ғой.

- Нағашы, тым асығыс екенсіз. Ең болмаса жалғыз апаңызбен амандаспайсыз ба? - дедім күліп. Үйде кәрі жездесі де бар, менің әкемді айтамын.

- Ойбай, асығыспын. Кейін,-деген нағашым мені қолымнан сүйреп сыртқа шығарды.

“Ешкімге айтпаймын”- деп, уәде берші?-деді нағашым қиылып. - Аманшылық па?

- Уәде бересің бе?

- Жарайды. Бірақ, ауыз жабатын бірдеңе бола ма?- дедім қалжыңдап.

Түріне қарасам, әбіржіп кеткен. Таң атқанша түнгі клубта жүрген бойжеткен сияқты. Тегін жүрмегені көзінен-ақ көрініп тұр. Бұрын үйге жарқылдап келетін.

- Үйтілген семіз қой,-деді нағашым құлағыма сыбырлап. Келістім.Бүгін жексенбі. Үйдегілер әлі төсектен тұра қоймаған еді. Ақырын ауланың қақпасын ашып, нағашым екеуміз

зытып отырдық.

Машинада келе жатып, бірдеңе бүлдіріп алды ма екен?- деп ойлап қоямын. Аудандағы майлы шелпек бір мекеменің бастығы еді. Біреуден пара аламын деп басы пәлеге қалған шығар?-деген ой шақшадай басымды мазалап жатыр. Бір көшеден өткен соң, нағашым тіл қатты:

- Сені танымайтын адам жоқ. Атың жер жарады,-деп бастады әнгімесін нағашым. -Еее,-дедім ішімнен, айтқаным келді. Сот пен прокуратурада танысың бар ма?- деп сұрайын деп тұр ғой, мынауың...

- Ақтөбеде Түгелбай деген емшіні танисың ба?-деді сыбырлап. Селк ете қалдым. Жаңағы ойларым жан-жаққа қашып кетті.

- Немене, бір жерің ауырып қалды ма?-деп көліктің тежегішін бастым.

Байғұс нағашым жаман ауруға тап болған ғой. Бәсе, үйге кірмеуі жаман еді. Жалғыз апасының көңілін түсіргісі келмеген екен. Менің нағашым азамат қой, - деп қатты аядым. Көзімнен домалап жерге бір тамшы жас ағып түсті.

- Ауру емеспін. Денім сау, - деді ол. Қуанып кеттім. Жаман ойларымды дереу шашыратып жібердім. Көліктің жылдамдығын қайта үдеттім.

- Денің сау болса, емші не керек?- дедім жұлып алғандай. - Ойбай, біздің ауданға жаңа әкім келді. Ол қолынан іс

келмейтін жалқауларды тырқыратып қуып жатыр. - Сіз жұмысқа жақсы едіңіз ғой,-дедім көңілін жұбатып. - Жақсысы жақсымын ғой. Дегенмен бір амалын жасауым

керек.

- Ол қандай амал?

- Ақтөбеде Түгелбай деген емші бар екен, сол кісінің түкірігі себеп болады дейді. Әкім ауысқалы қызметтегі ірілі-уақты бастықтардың бәрі соны іздеп кетті.

- Қалайша?

- Түгелбайға түкіртіп алсаң, жұмыс орның сақталады екен,-деді нағашым жымиып.

Түгелбай туралы естігенім бар еді. Таныстарыма телефон шалып, мекен-жайын әрең тауып алдым. Сүйтсек, мұнда кезек күткендер көп екен. Соңы болып біз тіркелдік. Алдымызда жүзден аса адам бар. Мені көріп, кейбіреулер танып та жатыр.

- Мынау әлгі әртіс бала ғой, театрдың директоры,-деді көзілдірік киген бір көлемді апай. Түрі таныс. Көп кеңсенің бірінен көрдім осы кісіні...

- Бұл бейшара да Түгелбайға түкіртейін деп келген шығар? Жақында мәдениет саласында ауыс-түйіс болып еді ғой,-деп кезекте тұрғандар шулап кетті.

- Жұлдыз болсаң жұлдыз шығарсың. Бірақ кезексіз аяқ баспайсың, - деп бір дәу қара кісі жұдырығын түйді. Кескінін шырамытып тұрмын. Ееее, енді таныдым. Облыста он бес жыл бойы бір үлкен мекемені басқарып отырған кісі. Маған қарап бедірейіп тұр.

- Кешіріңіздер, мен кірмеймін. Мына қасымдағы нағашым қаралады,-дедім.

Сол-ақ екен емшінің бөлмесінен бір адам аһылап-үһілеп шықты. Оның да жүзі таныс. Бірақ беті түкірік-түкірік. Әкімиятта істейтін адам, әйтеуір. Түгелбай емші дем салғанда бірінші басшының бетіне, қалғандарының артына түкіреді екен. Жан-жағыма анықтап көз жүгіртіп едім, мұнда кезек күтіп тұрғандардың арасында қарапайым адам жоқ. Өңкей мекеме басшылары мен ауданнан келген шенеуніктер. Біреулері жұмыс орнынан қысқарып қалмауы үшін, қайта-қайта түкіртіп жатыр. Алыс ауданнан келген бір қызметкердің бетіне түкірігі таусылған Түкең қақырып жіберіпті. Бірақ ол қызметкер мәз. Орынтағы сақталса болды.

- Бұлардың бәріне бірдеңе болған, - дейді Түгелбайдың үйіндегі жеңгей танауын көтеріп. Өзі қарға аунаған түлкідей құлпырып кетіпті. Байының табысы екі еселенген сияқты. Келушілердің саны әлі де азаяр емес. Үйдің кіреберісінде «Зейнеткер басшылар кезексіз қабылданады» деген жазу іліп қойыпты.

Бір кезде менің нағашымның кезегі де жетті-ау... Есікке қарай ұмтыла бергені сол еді, іштен емшінің көмекші қызы шығып:

- Кешіріңіздер, ағайдың түкірігі таусылып қалды. Бүгін қабылдамайды, - деді. Кезекте тұрғандар улап-шулап жылап қоя берді.

- Құдай-ай, зейнетке шығуыма бір жыл қалып еді. Жаңа әкім орнымнан қозғамаса екен деп келіп едім. Енді қайттім?-деп бір әйел дауыс етті. Лауазымды мекемеден келген бес қатын жер тепкілеп жылап жатыр. Бір ауданның әкімі осы арада түнеп жатып, табақтай бетіне бес күн бойы түкіртіпті.

- Түгелбайдың түкірігін құртқан осы,- деп барлығы жабыла кетті. Беті табақтай әкім тұра қашты. Қарсы алдымнан бір мектептің директоры шыға келді. Оның да бетінің сау жері жоқ. Аямай түкіртіпті. Қуанышында шек жоқ. Түгелбайдың түкірігіне сенімі мол. Ал менің нағашым болса, түкіріктің таусылып қалғанын естіп, үйдің бұрышында еңкілдеп жылап отыр.

- Жыламаңыз, жүріңіз. Түгелбайдың түкірігі жиналғасын өзім ыдысқа түкіртіп, Ырғызға беріп жіберемін, -деп әзер көндірдім.

Нағашым ауылына кетті. Бір аптадан соң, уәдем бойынша түкірікті жеткізіп бердім. Аудан әкімі қорытынды жиналыста менің нағашымның жұмысына жақсы баға беріп, өз орнында қалдырыпты. Ол қуанғаннан маған семіз қойын сойып, беріп жіберіпті. Бірақ... Шынымды айтсам, ол түкірік Түгелбайдікі емес, менің түкірігім еді. Сонда мен де тегін адам болмадым-ау...

САТИРАМЕН СЫРЛАСУ

Осы ақындар жазған өлеңімен сырласады деп естиміз. Муза дей ме, әйтеуір бірдеңесі бар. Емшілер де ата-бабасының рухымен тілдеседі. Маған бір ой келді. Сатирамен оңаша сыр шертіп, ішімдегі жан дүниемді ақтарып, шынайы сезіммен сөйлесуге бел будым. Демалыс күні кеш бата есіктің алдына шығып аспанға қарап айқайладым.

- Оо, Сатира қайдасың? Сатира деймін, жауап берші. Мен бұл өмірде сенсіз өзіңді жалғыз сезінемін. Бірдеңе жазар болсам біреулер жатып алып ренжиді. Не істеймін? Сатира, маған көмек берші. Мен жетіммін. Жалғызбын...

Сатира, мені естіп тұрсың ба? Сәлден кейін дыбыс естілді. - Не болып қалды?

- Сатирамысың?

- Иә...

- О, Тәңірім саған мың алғыс! Сенімен үйдің артында сырласамын деп ойладым ба? Сатира, шынымды айтсам мен саған студент кезімнен бері ғашықпын.

- Рас айтып тұрсың ба?

- Әрине, саған деген ыстық сезімім әлі күнге дейін суыған емес. Бұрқырап қайнап тұр. Осы уақытқа дейін сенімен тілдесем деп ойламадым. Өйткені, сенбедім. Не деген құдірет? Мен саған енді сенемін - Сатира!

- Мына айтқандарың қызық болды-ау.

- Сізге қызық болса, маған сізбен тілдесу арман ғой. Тап қазір төбем көкке сәл жетпей тұр. Әттең, сенің қасыңа барып, сатираны бұрқыратып жазсам ғой.

- Не жазам дейсіз?

- Сатира, сен туралы жаза бергім келеді. Бірақ, жазған сайын басшыларым ренжіп, жақтырмай қалады,

- Жындысың ба? Неменге жазасың? Ұят еме пе?

- Қалай жазбаймын? Сатира, мен саған өлердей ғашықпын. Түсінші, бір күн қолыма қалам алмасам ауырып, мына дүниеге сыймай кетемін.

- Біреу-міреу естіп қалмасын

- Естігені жақсы, әйтпесе мына жұрт маған сенбейді. Шіркін-ай, тап осы кездесуімізді бүкіл әлем білсе ғой. Дәрежем өсер еді. Хит боламын.

- Не айтып кеттіңіз? Ыңғайсыз ғой.

- О,Сатира саған деген махаббатым одан сайын ашылып, балқып барамын, - дей беріп едім. Басымнан біреу темір шелекпен бір қойды. Екі көзім жарқ етті. Дем арасында Сатираға деген сезімдерімді жоғалтып алдым. Әйелім екен.

- Қайыршы, не айтып тұрсың?

- Шаруаң болмасын, мен Сатирамен тілдесіп жатырмын. Сен оны үркітіп жібердің ғой.

- Қайдағы Сатира? Сен манадан бері көршінің әйелі Қатирамен әңгімені бөсіп тұрсың ғой.

- Қатира...

- Иә.

- Қой, мүмкін емес, ол - Сатира.

- Атаңның басы Сатира, - деп түйенің жарты етіндей әйелім желкемнен қысып алып үйге қарай лақтырды.

- Міне, саған Сатира! - деп басымнан тағы бір рет шелекпен сарт еткізді.

- Ее, Сатира, сені жазсам үкіметтен, оңаша тілдессем қатынымнан таяқ жеймін...

АУЫЗ

Бір ауылда тұратын Көмекбай деген құрдасым «Ауылдағы- ның ауызы сасық» дегенді түсінбей, ауызын күндіз-түні жуа беріпті. Соны естіп күлгенім бар. Енді кеше Майлыбек деген құрдасым келді. Қабағы түсіп, әбіржіп кетіпті. Өзінің де пошымы пәлендей келісіп түрған жоқ еді. Бүгін тіпті жаман-ақ. Қазақта: «ауызы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін» деген бар еді ғой, қазір «ауызы қисық болса да бастықтың баласы сөйлесін» дейтін болды. Майлыбек қайда барса да, оған сөз бермейді екен. Оған біреулер астарлап сөйлеп, «сенің ауызың қисық емес»-депті. Майлыбек оны қайдан білсін? Енді ол қайтеді туғанда ауызы шүртік болса, аузы шүртиіп жүргені сол. Өткенде, жиналыста тым-тәуір бірдеңе айтқысы келген ғой, бір қайқаңдаған хатшы қыз келіп:

- Ағай, сіз сөйлемейсіз, ауызыңыз қисық емес-десе керек. - Айналайын, ауызым қисық болмаса оған кім кінәлі?-деп,

Майлыбегім шап ете қалыпты. Ол мақалды тікелей қабылдаған болуы керек.

- Я ничего не знаешь? - деген әлгі қыз. Майлыбек түк түсінбеген.

Менде түк түсінбедім. Жақында Құрболат деген құрдасым, өзінің халық қалаулысы болуға лайық екенін іштей сезіп, сайлануға ұсыныс түсіріпті. Оның да құжаттарын қабылдамай қойыпты. Өйткені, ауызы қисық емес... Тағы бір Түктібек деген қол-аяғы жүн-жүн қап- қара, өгіздей құрдасым бар. Бейшара биыл қалаға көшіп келіпті. Жүмыс сұрап қаншама есікті қақса да, аузының қисық еместігінің кесірінен еш жерге қабылданбапты. Амалы құрыған Түктібек аузын қисайту үшін, көшедегі бұзақыға барып жалыныпты.

- Амансың ба, бауырым?

- Иә, аман болғасын жүрміз, - депті әлгі тентек.

- Бір шаруа бер еді.

- Айтыңыз.

- Менің ауызымды қисайтып бересің ба?

- Қуасың ба не?

- Жоқ шын айтамын.

- Сосын сотқа бергің келіп тұр ма?

- Өліп кетсем де сотқа бермеймін, өтінемін ауызымды қисайтып беріңізші. Керек десең ақша беремін - деп, Түктібек тізерлеп отыра кетіпті.

Әлгі көшедегі сотқар аң-таң. Біреу тал түсте таяқ жеу үшін қолына ақша ұсынып тұрса, қалай таң қалмасқа...

- Қанша бересіз? - деді бұзақы

- Бес мың тенге, жете ме?

- Жетеді, онда менімен жүріңіз-деп, үйдің бұрышына барып, Түктібекті ауызынан жұдырықпен салып-салып жібереді. Туғалы адам баласынан таяқ жемеген, амалы құрыған Түктібектің ауызы қара қан болады. Екі тісі сол жерде түсіп қалады. Бірақ ауызы қисаймапты. Сол баяғы қалпы. Бейшара құрдасым да мақалдың төркініне түсінбеген ғой. Тектен текке таяқ жеп алды. Бірақ, түсінбесе өзінің обалы жоқ. Менде қиналып жүрмін. Ауызым өзіме ұнамайды...

БІЗ ҚАШАН ТОНАЛАМЫЗ?

Бес қабатты зәулім үй. Терезеден күн сәулесі тұп -тура төсекте аунап жатқан ауданның алдыңғы қатарындағы кәсіпкер Бекертуғанның сүйіп қосылған әйелі Қамысгүлдің май бөксесіне түсіп тұр. Қамысгүл Антальяда теңіз жағасында қыздырынып жатқандай шалқасынан жатыр. Жаман түс көрді ме, әйтеуір бүгін шошып оянды.

- Зоя, Зоя... деп айқайлады...

Бұл бес қабатты, отыз екі бөлмелі үйде тек өзі, күйеуі және үй күтушісі Зоя тұрады. Жалғыз ұлы бар еді. Оны шет елге оқуға жіберді. Ата-енесін қаланың ауасы лас деп, ауылға апарып тастады. Кейбір бөлмесіне адамның аяқ баспағанына бес жыл болды. Үйді елес жайлағандай кейде қорқыныш туғызады. Бекертуған таң атпай офисіне кеткен болатын.

- Ас үйде шәй дайын тұр, жүріңіз, - деді Зоя.

Екеуі шәй ішіп отыр. Үнсіздік. Қамысгүл қара икраны майға араластырып қою қара шәйді жұтып отыр. Қолына абайсызда байқамай газетті ұстап алды. Бадырақ әдемі көздері амалсыздан газеттің бетіндегі мақалаға түсті. «Кеше бір үй тоналды. Алтын-күміс бұйымдары қолды болды». «Темір жолдың арғы бетінде тіс салушы дәрігердің үйіне ұры түсті». «Екі зейнеткерді тонап кетіпті»... Қамысгүлдің қабағы түйіліп кетті. Дереу теледидарды қосты. «Қайырлы таң, құрметті көрермендер, бүгін түнде қаламызда көптеген үйлерге ұры түсті. Аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметіне жүгінсек, ауданда ұрлық жасау күрт өсіпті. Қазіргі таңда жүзге жуық үйге ұры түсті. Оның қатарында аудан әкімі мен прокурордың үйі де бар»... Мына сөзді естіген Қамысгүл қызғаныштан жынданып кете жаздады. Ұялы телефонын алып Бекертуғанға қоңырау соқты.

- Сен қайдасың, үйге тез келші...

- Жәй ма? Бір жерің ауырып қалды ма?

- Бол тез жет...

- Бекертуған шошып кетті. Қамысгүлдің кейде ұстап қалатын талмасы бар еді. Машинамен үлгере алмайтынын сезіп, ол ұшаққа мініп жылдам ұшып келді.

- Қалайсың, жаным, не болып қалды?

- Біз қашан тоналамыз?- деді де, Қамысгүлдің тілі күрмеліп талып қалды. Үстіне бір шелек мұздай су құйып әрең есін жыйдырды. - Түсінсем бұйырмасын, не айтып тұрсың?- деп сасқалақтады

Бекертуған.

- Жұрттың үйіне ұры түсіп, тымжақсы тоналып жатыр. Бізді ұрылар қашан тонайды? - деп бақырып жіберді... Бекертуған бір түрлі болды.

- Не мелшиіп тұрсың? Мына біздер, күнде-күнде тоналып жатқандардан қай жеріміз кем? Бізде ақша жоқ па? Доллар жоқ па? Алтын жоқ па?

- Шүкір, бар ғой бәрі....

- Ендеше неге тонамайды?....

Қамысгүл бәсекеден іші күйіп барады. Ертең бір отырмақта тоналғандардың қатындары мақтанып, «біздің үйден анау ұрланды, мынау жоғалды» дегенде, Қамысгүл намыстан, кедейліктен өліп кетеді ғой. Әйелінің бір ауыз сөзін жерге тастамайтын Бекертуған облыстағы Қылмыскерлер Одағының төрағасы Баскесер Қалтақағаровқа дереу телефон шалды.

- Әлеу, Басеке, амансыз ба?

- Иә, иә бұл кім екен?

- Ааа, бұл осы қаладағы ауқатты бай адамдардың қатарында жүрген ініңіз Бекертуған ғой.

- Жақсы тыңдап тұрмын.

- Бір кішкене шаруа бар еді, біздің үйге де бір ұры-қара жіберсеңіз.

- Ммм, енді оған кезекке тұрмасаң қазір өзің білесің байлар көп. Күн сайын көбейіп жатыр. Біз тонап үлгере алмай жатырмыз... Мекен-жайыңызды, жиған-тергендеріңізді біздің одаққа жазып жіберіңіз. Өтінішіңіз он күн ішінде қаралады.

- Жарайды, рахмет көп, көп...

Өтініш жазылды. Арада он күн өтті. Ақыры Бекертуғанның үйіне ұрылар түсті. Су жаңа «мерседес» автокөлігі қолды болды. Сейфте тұрған қымбат бриланттар да ұрланды. Қысқасы қылмыскерлер одағы тақырға отырғызып кетті. Бекертуған жүрегі ұстап ауруханаға түсті. Ал, әйелі Қамысгүл болса риза, ұрланған заттарын айтуға асығып, ішіне сыймай жарылып барады...

Түсімде тоңқайып жатырмын Жердің жалға берілуіне моратория жарияланған күні көршілерім кеш бата сау етіп үйге жетіп келді.

- Ал көрші, құтты болсын, жумаймыз ба?

- Нені?

- Жерді.

- Менде жер бар ма?

- Ту, өзің не деп қуып тұрсың? Жер - жалға берілмейтін болды.

- Ааа, әй, сендер де жүз грамм ішуге сылтау тапқышсыңдар,-деп бір бөтелкені ортаға қойдым. Біздің қатын сол жақсы жаңалықты теледидардан жаңа естіп мәз болып отыр еді. Мыналарды көріп қабағы тырысып қалды.

- Немене, жаңалық болса осында келіп жуасыңдар ма?-деді де, жатын бөлмесіне барып жатып қалды. Ол жер туралы әнгіме қозғалғаннан бері жүйкесі жыбырлап жүрген еді.

Содан көршілерім түн ортасына дейін қуаныштарын тілек айтып жуды. Бір-бірін құшақтап беттерінен сүйді. «Қазақтың жері үшін алып қояйық, алып қояйық» деп ақыры бес бөтелкені тауысты. Олар кеткесін мен шала мас күйімде төсекке жете алмай ас бөлмеде, отырған жерімде құладым. Көзім бірден ілініп, терең ұйқыға кеттім. Түс көріп жатырмын. Түсімде менің денемді Биттер жалға алыпты. Иә, кәдімгі Биттер. Бастың қара Биті шақшадай басымды жалға ала сала, қап-қара қалың шашымды ұстарамен сыпырып тастап, шылым жасайтын шөп егіпті. Балтырдағы сары Биттер мұрныма мұнай өндіретін қондырғы орнатып бұрғылап жатыр. Қан соратын Биттің туыстары көп қой, жақын тумасы Қандала қарнымды жалға алып, сыра ашытатын зауыт салыпты. Ал, Бүрге құйрық жақтан тыңайтқыш өндіретін химиялық өнеркәсіп ашып қойыпты. Тойымсыз Маса қанымды арнайы түтікшемен сорып, бөшкелерге құйып жатыр. Табанымды Тарақандар жалға алыпты. Көзіме көк шыбындар үймелепті. Әйтеуір, денімнің сау жері жоқ. Құрт - құмырсқа, шыбын-шіркей қаптап кеткен. Ал, мен болсам қол- аяғым байлаулы адамдай қозғалар емеспін. Төбемнен біреу қара таспен басып тұрғандай қимылдауға шамам жоқ, тоңқайып жатырмын. Бір кезде Биттің баласы Сірке аузымды ашып қойып, қызыл тілімді қысқышпен суырайын деп жатыр. Ойбайлауға шама келмей, бар күшімді салып орнымнан ұшып тұрып, суға қарай жүгірдім. Қырдың басынан секіріп өзенге қойып кеттім. Құлаштап жүзіп жүрмін. Анда-санда үйрек құсап, судың түбіне сүңгіп кетемін. Денемдегі барлық қан сорғыштар суға тұншығып жан-жаққа тырқырай қашып, рахаттанып қалдым. Бір кезде біреу шапалақпен салып жіберді. Шошып ояндым. Сүйтсем, өзенге секірдім деп, төсекте жатқан әйелімнің үстіне қарғып мініп, сүңгідім деп, көрпесіне кіріп кетіппін.

- Қайыршы, осы сен ішімдік ішіп алсаң ұйқысұрайсың. Зәремді алдың ғой, - деп, бажылдап жатыр. Өзенде қатты малтығаным сонша, әйелімнің іш көйлегіне оранып қалыппын.

- Қатын, түс көрдім.

- Қойшы, сенің түсің таусылмайды екен, өткенде

Барсакелместің базарында сауда жасап жүрмін дедің, одан кейін түсіме қойдың қара құмалағы кірді дедің. Енді тағы не болды?

- Түсімде тоңқайып жатырмын. Менің дене-мүшемді жәндіктер жалға алыпты.

- Онда жетіскен екенсің. Сен ішіп алсаң жатысың сол ғой. Мен егер сол сенің түсіңде болсам құйрығыңнан жақсылып бір тебер едім, - деді, де төсектен итеріп жіберді.

- Жоқ, жақсы түс көрдім,-дедім де, қайтадан қор ете қалдым... МЕН «ОППОЗИЦИОНЕР» ЕМЕСПІН

Досымның туған күні еді, ащы судан сілтеп қойыппын. Ондай сіз ойлағандай мас емеспін. Бірақ, ішімде құйын пайда болды. Әңгімені оңды-солды сілтедік. Отырыстың басы әдемі басталып еді, аяғы қалай аяқталғаны есімде жоқ. Әйтеуір, үйге аман-есен оралған екенмін. Таңертең жұмысқа келдім. Бастығым кабинетіне шақырып алды.

- Түнде қайда болдың?

- Досымның туған күні болып еді.

- Ымм, сен не болып кеттің ба?

- Не болып?

- Айта алмай тұрмын.

- Маскүнем...

- Жоқ, - деді бастығым аузы шүртиіп. Өзінің де ішімдікті сілтейтін әдеті бар.

- Түсінбедім, басеке енді не айтып тұрсыз?

- Ооо...

- Оңбаған.

- Олай емес, ооо...

- Орыс.

- Жоқ. Ооопп...

- Оппицант, - дедім сөзінің ыңғайына қарай.

- Официант емес, ооо...

- Окорачка.

- Ол емес, оопп...

- Опасный.

- Ой, қайдағыны айтып тұрсың?

- Басеке, сөзіңіз қазақша ма, орысша ма?

- Оооппозиционер, - деп әрең айтты.

- Бұл не милиционер деген сияқты ма?

- Жоқ, одан да жаман.

- Сонда не?

- Кеше сен досыңның үйінде отырып, менің көршім мемлекеттік қызметте жасайды. Бірақ, үш қабатты үйде түрады. Астында «Джип» көлігі, ауласында жекеменшік дүкені бар депсің ғой.

- Есімде жоқ.

- Сосын, басшы болу менің де қолымнан келеді. Олар анасынан бастық болып туған жоқ депсің.

- Иә, деппін, ішкен адам не демейді. Саққұлақтар мен желаяқтар жеткізіп тастады ма?

- Оооппозиционер - деген жаман ауру емделу керек, - деді бастығым бадырақ көзін алартып.

Шошып кеттім, мұндай сөзді бірінші естуім. «Оппозиционердің» не екенін де ұғып тұрғаным жоқ. Әйтеуір, аз-маз жұрттан естігенім бар. Олар шындықты бетке айтады - деп. Бірақ, адал болу әр адамның міндеті емес пе? Түк түсінсем бұйырмасын. Өткенде бір шындықты жазатын бір адамды да «сен осындай адамсың» - деп, басшысы бетін тіліпті.

- Басеке, енді не істеуім керек?

- Тап қазір мен бас дәрігерге телефон соғамын, барып ем аласың, - деді. Содан басым салбырап, көңіл-күйім түсіп ауруханаға қарай тарттым. Жолда келе жатып ойланып келемін «Қап, әттең-ай, мұндай ауруға қайдан тап болдым? Экология шығар» деймін. Бас дәрігердің кабинетіне бас салып кірдім.

- Ассалаумағалейкум! - деп алдына жүгіріп бардым. - Так, слушай, сені тексереміз.

- Қай жерімді?

- Басыңды, ішкі-құрылысыңды түгелдей аппаратқа саламыз. - Сонда менің қай жерім ауырады?

- Жаңа бастығың телефон шалды. «Оппозиционер» деді. - Ол қандай дерт?

- Ол жаман ауру. Аузыңа келгенді айтып жүресің. Дер кезінде ем алмасаң жынды болып кетесің, - деген сөз.

- Қойыңыз, мен ішкенде батыр болып кетемін ғой. Былай аузым ашылмайды.

- Дегенмен ем аласың, - деп қолыма бір бума қағаз беріп шығарып жіберді.

Содан не керек, бір ай бойы «жағың қарыссын» деген дәрі іштім. Жазылып кеттім. Қазір тілім байланып сақау болып жүрмін.

ОСЫ ЖҰРТ НЕ БОП БАРАДЫ?

Бүгін жексенбі. Әйелім бала-шағасымен төркін асып кетті. Қашып кеткен жоқ, балаларым нағашыларын ұмытып қалмасын деп, төбе көрсетуге жібердім. Жалғыз жатсам да ұйқым қанбады. Таң атпай шырылдаған есіктің қоңырауынан жынданып ояндым. Осы жұрт неге маза бермейді?...

- Кім бұл?

- Ағай, мен ғой, Торсық.

- Айналайын, Торсық емес, борсық болсаңда, ертелеп біздің үйді неге мазалап тұрсың?

- Ағай, папам танкі сатып алып еді ғой, соны келіп көріп кетсін дейді.

- Танкі, кіммен соғысайын деп жатсыңдар? Қарағым, папаңа сәлем айт, самолет сатып алса да, баратын уақытым жоқ. Бар тайып тұр...

Айқайлап қуып жібердім. Төсегіме құлай кеттім. Есікті біреу тепкілеп жатыр. Осы жұрт жынды ма?...

- Кім бұл? Қоңырауды баспайсың ба?

- Кешіріңіз, қоңырау жасамайтын шығар дедім. Мен ғой, Қопаштың баласы Нөкенай...

- Иә, неменеге келдің?

- Папам суда жүзетін үлкен корабль сатып алып еді ғой, соған келсін дейді, көрімдігін берсін дейді.

- Папаңның есі дұрыс па? Бұл ауданда теңіз түгілі, аяқпен кешетін шалшық су жоқ. Корабльді қайтеді?

- Ағай, келесіз бе, келмейсіз бе? Келмесеңіз тізімнен сызып тастаймын.

- Бармаймын, бар әкеңе сәлем айт... Жұрт сияқты үйде ешкім жоқта, бір тынығып алайын десең міне, көретін күнің осы. Корабль деген қымбат емес па? Оны қалай сатып алған? Осы жұрт қалай байып кетеді?...

Біреу терезені тырсылдатып тұр. Жапқышты ашып қалсам көршінің баласы екен. Терезенің форточкасынан айқайладым.

- Есік тұрғанда, терезені неге қағасың?

- Ағай, бәрі-бір емес пе?

- Иә, жәй жүрсің бе?

- Қатты жүрсем терезеңіз сынып кетер еді.

- Қылжақтамай шаруаңды айт - дедім ашуланып.

- Папам Ташкенттен үй салатын қырық өзбек сатып алды, соған той жасап жатыр. Тойға келсін дейді.

- Өзбек сатып алғаны қалай, бұл адам саудасы ғой. Бұл-қылмыс.

- Сіз тойға келесіз бе, келмейсіз ба?

- Келмеймін.

- Неге?

- Шаруаң болмасын, табаныңды жалтырат...

- Қызғанып тұрсыз ба? Ішіңіз тар екен?-деді де әлгі жүгірмек терезеге былш еткізіп бір түкірді де тайып тұрды. Мына баланың қорлығы өтіп кетті. Бұлар қонаққа шақырғанымен қоймай, адамның жүйкесін тоздырып кетеді.

Осы жұрт не істеп пысық болады?...

Ойланып жатырмын, бұрын қазақ келін түсіргенде, құда келгенде қонаққа шақыратын еді. Қазір не болса соған шақыратын болған ба? Тағы біреу есікті соққылап жатыр.

- Соншама ұрғылап не болды?

- Енді тал түсте есікті жауып алып не істеп жатсыз?-дейді маған.

- Жексенбі күні демалып жатырмын. Онда сенің не шаруаң бар?

- Ағай, біздің папа деген, аудан әкімін, аудандық ішкі істер бөлімін, жер комитетін, қаржы басқарамсын сатып алды ғой.

- Қалай?

- Мен қайдан білейін?

- Көкем-ау, олар зат емес қой сатып алатын?

- Білмеймін, сатып алды.

- Мәдениет үйінің директорын неге сатып алмадыңдар? - Папам айтады, олар мәдениетті қайыршылар ғой-дейді. - Папаңа айт, министрді сатып алса да бара алмаймын,

ұқтың ба?

- Ағай, көре алмайсыз ба не?

- Иә, көре алмаймын - дедім жынданып.

- Қазақ сол ғой, «бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды» - дейді әлгі бала. Өзінің жасына жетпей мақалшылын қара.

Осы жұрт бәрін қалай сатып алады?...

Осыдан кейін ұйқы бола ма? Есікті ашып тастадым да, беті-қолымды шайып теледидарды қостым. Тым жақсы жарнама қарап отыр едім, біреу кіріп келді.

- Ассалаумағалейкум аға.

- Уағалейкумассалам, бұл қай бала?

- Мен ғой, Жанталаптың баласы Қанталап.

- Иә, папаң қонаққа шақырып жатыр ма?

- Папам ақша жеп, былтыр шет елге қашып кеткен - А, жолы болсын, жәй жүрсің ба?

- Мамам айтады, біздер ауданды түгел сатып алып едік қой, соған құжаттарын алып келсін дейді.

- Ауданды халқымен сатып алса, мен де сатылып кеттім ба? - Иә, солай шығар, оны мамамнан сұраңыз. - Айналайын, қайда шақырып жатыр?

- Үйге

- Жақсы міндетті түрде барамын, рахмет.

Бұған бармасам болмайды. Ауданды қалай сатып алған? Біз бір машина сатып алуға қаражат таппай отырмыз. Қыруар қаржыны қайдан алады?

Осы жұрт қалай жейді?...

СОВРЕМЕННЫЙ СЫРҚАТ

Қалада су жаңа аурухана ашылды. Әкім емхананың лентасын қиған бойда палатаға адам симай кетті. Қапон деген ақын құрдасым бар еді, ол да осында керуетке таңылыпты. Досымды іздеп ауруханаға бардым. Сүйтсем, Қапон жан сақтау бөлімінде жатыр. Сырқаты қатты. Дереу бас дәрігеріне жолықтым.

- Кешірерсіз, Қапон деген досымның жағдайын білсем бола ма? - дедім.

- Бесінші палатада жатқан жігіт қой. Жағдайы ауыр, - деп күрсінді дэрігер.

- Диагнозы қандай?

- Іштарлық.

- Ол қандай ауру? - деп таң қалдым.

- Современный сырқат, - деді дәрігер. Бірінші рет “іштарлық” деген сырқат бар екенін естіп тамырым шымырлап кетті.

- Дәрігер мырза, сонда аурудың белгілері қандай? - Іштарлықпен кез келген адам ауыра береді. Әзірге емі жоқ.

Олар біреудің жетістіктерін көрсе, қан қысымдары көтеріліп есінен танып қалады. Құлағандары қайтып тұрмайды. Құламайтындары адамға көп кедергі келтіреді. Іштарлықпен көбіне еркектер сырқаттанады. Әйелдер бала көтеретін болған соң іштері кең, көп ауырмайды. Қарны үлкен семіз еркектер бұл дертке аз шалдығады. Ал, қутыңдаған ап-арық еркектер көп ауырады, - деді дәрігер. Құрдасымның неге ауырғаны енді есіме түсті. Кеше “Тәуелсіздікке 25 жыл” атты төс белгісімен марапатталып едім. Соны естіп осы ауруға шалдыққан екен ғой. Бәсе, мен бір жетістікке жеткен сайын бір құрдасымнан айырыламын. Сырт айналып кетеді. Дәрігердің рұхсатын алып дереу жан сақтау бөліміне кірдім. Қапон ес-түссіз системада жатыр. Оң жақ құлағына барып “Қапон”- деп үш рет қатты айқаладым. Ол көзін ашты. Үн жоқ. Үкілеп жатыр. Қапон, мен медаль алғаным жоқ, саған ойнап айтып едім, - дедім. Байғұстың көзінен жас парлап кетті. Терең тыныстап төсектен атып тұрды. Мүны сыртымыздан байқап тұрған медбике жүгіріп келді.

- Ағай, өлім аузында жатқан адамды қалай тұрғыздыңыз? Гипноз жасайсыз ба не? - деп, сұрақтың астына алды.

- Жоқ, менде іштарлықтың дәрісі бар, - дедім. Содан бас дәрігер жұмысқа шақырып әрең құтылдым. Іштарлықпен ауратындар әсіресе мерекелік марапатаулардан кейін, жедел жәрдеммен көп түседі екен. Кешегі құттықтаулардан соң, мыңға жуық адам қатты ауырып жатыр дейді. Ал, мен құрдасымды бір ажалдан алып қалдым.

СҮНДЕТ

Жаңа оқу жылы. Оқушылар бір-бірін көріп мәз. Біреулері шет ел асып демалып келсе, енді біреулері қалада тынығыпты. Әйтеуір, екі елі ауыздарына тыным жоқ. Қоңырау соғылып оқушылар ішке кірді. Классқа қолында журналы бар мұғалім Текебай келді. Былтырғыдай емес, биыл оңалыпты. Қозы қарыны кампайып кетіпті. Көзімен оқушыларға бір қарады да сабақты бастап кетті.

- Так... Бұл қай класс еді?

- Жетінші «Ә» классы - деді бір оқушы.

- Қалай жазғы каникулда жақсы демалдыңдар ма? Ешкім үндемеді. Ұшып жүрген қара шыбынның ызыңы естіледі.

- Ау, неменеге үнсіз қалдыңдар? Тілдеріңді үйлеріңе ұмытып кеттіңдер ме? - деді Текебай.

Оқушылар тып-тыныш. Өйткені, Текебай ашуланса аямайды. Мінезі жаман-ақ. Қолына іліккенді бетіңе лақтырады.

- Ойпырмай, тура парламенттің депутаттары секілді үндерің жоқ. Қой, мен бұларды журнал бойынша түгендеп жіберейін, Абдуллин бар, Бүркітов бар ма? Бар, жарайсың, ешқашан сабақтан қалмайды. Тайжанова бар ма? Бар екен. Қиқымбаева, неменеге аузың бұртиып отыр? Тауықбаева бар ма? Бар. Қоразбаев, Қоразбаев жоқ па не? Бұл - Қоразбаев сабаққа келуді қойды. Бір айға жоқ деп белгі қойып қояйын. Жылқыбаев, Жылқыбаев та жоқ па?...

Текебайдың сөзін есікті қаққан дыбыс бөліп жіберді. - Ағай, кешігіп қалдым, ұрыспайсыз ба?

- Сен кімсің?

- Жылқыбаев, осы сен, сабаққа не болса соны киіп келуді қашан қоясың?

- Ағай, сіз қызық адам екенсіз.

- Кім айтады мені қызық деп мен бұзықпын, - деп қолындағы журналды лақтыруға ыңғайлана бастады.

- Ту, ағай мені сүндеттеп тастады.

- Не істеп тастады? - дейді.

- Сүндетке отырғызды. Піштіріп тастады. Немене ағай, қазақ емессіз бе?

- Ойбай, көтек не дейді? - деп Текебай журналымен бетін басты.

- Сүндет...

- Імм... Сүндет, енді бұл, мұсылманға -міндет. Бірақ, Жылқыбаев, сен жетінші класта оқисың, осы уақытқа дейін не бітіріп жүрсің?

- Ой, атам жылда мені сүндетке отырғызамын деп, молда шақырады

Жылда саған, молданың пышағы өтпей жүр ме?

- Жоқ, мен қорқып қашып кетемін.

- Биыл неге қашып кетпедің?

- Биыл деген атам, «Кока-колаға» ұйықтататын дәрі қосып қойыпты, мен бейшара пырылдап үйықтап қалыппын...

- Сосын...

- Сосын, ұйқыдан тұрсам «Пышт» жоқ, - деп күлді оқушы. - Қалай, сүндетке тұрған жақсы ма екен? - деп Текебай түк

білмегендей сұрап жатыр.

- Ағай, сүндетке тұрмайды, отырады...

- Аа, мен қайдан білейін?

- Мә, ағай, сіз деген не, сүндетке отырмағансыз ба? - Тек-ей, қай-қайдағыны айтып, отырамыз. Болды енді, не

болса соны айтпа, - деп, мұғалім қызарып кетті. Текебайдың әкесі кеңес дәуірінде нағыз коммунист болған адам. «Ойпырмай, папасы айтып қойды ма екен ааа..., әлде мамасы айтып қойды ма екен?» деген ойға шомып кетті. Ауылда ұрлық жатпайды. Текебайдың сүндетке отырмағанын оқушы да біліп тұр.

- Ағай, сүндетке отырған рахат екен, - деп Жылқыбаев қояр емес.

- Неменесі рахат?

- Ағалар, апалар, әжелер көп-ақ ақша береді, мен сол ақшалардың бәрін көпшіктің астына жинап жатырмын. Кеше санап қалсам тоқсан екі мың теңге болыпты...

- Тоқсан екі мың теңге, өзі сүндет дегенің шыныменде рахат қой, осылармен көк ми болып жүргенде айына менің алатыным отыз бес мың теңге... Ойланатын нәрсе екен

Сол ақшалардың бәрін мамам деген, суға, газге, светке, квартплатаға төлеп, қарыздарынан құтылып жатыр. Папам кредитін төледі.

- Япырай-ә, өзі молдалардан сұрау керек екен, сүндетке жылына бір-ақ рет отыра ма, әлде жылда- жылда отыра ма екен?

- Ағай, сіз жындысыз ба не, жылда-жылда қалай отырады? Ол деген жылда-жылда кесіп отыратын арам шөп емес қой... Ағай, атам айтады сүндетке отырмаған адамның саусақтары қысқа, қолдары арам болады дейді... Мүғалім жалма-жан қолына қарайды

- Ағай, сіз не, шыныменде сүндетке отырмағансыз ба не? - Оны қайдан білдің?

- Қолыңызға қарап, тұрсыз ғой...

- Жоқ, жәй әншейін қарап жатырмын... Осы Жылқыбаев адамды шошытпай орныңа отыршы.

- Отыра алмаймын, ауырады...

- Онда үйіңе қайта бер, мен бес деген баға қойып қояйын... - Ағай, үйге қайтпастан бұрын, мана атам айтып еді, қазақтың

ырымы ғой, ағайыңнан байғазы сұра деді

- Қой, Жылқыбаев, байғазыны үйіңе барып беремін, мен сабақ өткізуім керек..

- Ой, ағай беріңізші... Жұрттың бәрі беріп жатыр ғой... - Қаншадан беріп жатыр?

- ЮОО, 2000 теңге...

- Мә, қоймадың ғой, (200 теңге береді).

- Ой, алмаймын.

- Көп пе не?

- 200 теңгеге қазір тышқан құйрығын көрсетпейді ғой... - Мә, 500 теңге, здашың жоқ па? (1000 теңге беріп жатып). - Сіз қызықсыз, байғазыдан здач қайтармайды ғой, әкеліңіз...

Ағай, мына көйлектің ұшын ұстай тұрыңызшы... /ақшаны сөмкесіне салады.

- Ойыбай, өмірімде ұстамаған нәрсені ұстадым ғой...Бар енді үйіңе қайт, мұсылмандық парызыңды орындадың.

- Ағай, атам айтты байғазы берген адамға көрсет деді. - Неменені көрсет деді?

- Мынаны?

- Қой-ей, шошып кетерміз. Көрсетпей-ақ қой...

- Көрсетемін.

- Қой, деймін көрсетпей-ақ қой, үйге барғасын өзім көремін... - Ендеше, бір-екі-үш, кәнекей, оқушылар, көздеріңді

жұмыңдар... Кәне, көрсет...

- Көрсетпеймін...

- Неге?

- Қыздар тесіліп қарап отыр.

- Әй, қарамаңдар, жақсы, олай болса оқушылар, қазір қоңырауға шыға беріңдер, мен мынаның шаруасын бітіріп келейін, -деп мұғалім кластан шығып кетті.

БҰЗЫЛҒАН ҚҰЛЫП

Оңтүстіктің ордасы, шырайлы да шұрайлы жасыл қала — Шымкент. Қазір мен үшін емірене отырып еске алатын естелікке толы бір мың тоғыз жүз тоқсан екінші жыл. Уақыттың құдіретіне кімнің шамасы келер дейсің?! Сол жылдар бүгінде сағымға айналып барады. Өткеніме көз жүгірткенде езуіме күлкі үйіріле кететін бір оқиға есіме жиі түсіп жүр. Аңқау да албырт студент кезім. Мәдениет институтының екінші курсында оқып жүргенде топтағы бір досыммен тойға еріп бардым. Ол кезде мен үшін бұл үлкен мақтаныш. Ол — асаба, мен — көмекшісі. Даладай дархан қазағым барын салып той қонақтарын күтіп жүр. Біз болсақ жанымызды салып тойды думандатып жатырмыз. Мен ән айтамын. Ән айтқан сайын қошемет мақтау естимін. Қызып алған халық тағы да қолқа салады. Мен тағы да ән айтамын. Ішіне жүз грамм барған ағаларым арқамнан қағып, кейбіреулері құшақтап кетіп жатыр. Қойшы, әйтеуір сөйтіп тойдың ортасы болды. Бірінші отырыстан тұрып қонақтар билеуге шығып жатыр. Тойдың қыза түскен шағында жас шамасы отыздың үстіндегі әдеміше келген, көздері ерекше қара, орташа бойлы жас келіншек қасыма келді. Бірнәрсе айтқысы келгенін байқап тұрмын.

- Студентсің бе? - деді сыпайы, нәзік дауыспен күлімдей. - Иә, театр факультетінде оқимын,- дедім. Ол жақын маңдағы

үйінен бір зат алып келуге өтініш жасады. Үлкендер жұмсаса қарсы сөз айта алмайтын тәрбием бар, оның үстіне қиылып сұрап тұрғаннан кейін бе екен жоқ дей алмадым. Жас келіншек менен әр нәрсені бір сұрап әңгімеге айналдырып келеді. Өзінің мінезі жайсаң, ашық адам екенін аңғардым. Екеуміз аяңдай басып жеті қабатты үйге келдік. Пәтерге кіріп затты алып шыға бергеніміз сол еді, есіктің іштен жабылып, құлыпталып қалғанын көрдік. Жас келіншек есігінің бұлай жабылып қалғаны осымен екінші рет екенін, жолдасына жасау керек деп айтып тыңдата алмағанын айтып ақталып жатыр. Содан екі сағат әурелеп аша алмадық. Үйдегі ашуға жарайды-ау деген барлық затпен байқап көрдік. Түк шықпаған соң сыртта тықыр естілсе болды, айқайлап көмекке шақырдық. Ол кезде ұялы телефон да жоқ. Үйдің телефоны да жасамайды екен. Терезеден шығайын десем жетінші қабатта тұрмыз. Күздің қара суығы. Екеуіміз бір-бірімізге қарап қоямыз. Жас келіншек менен қысылып, ұят болдысын қайталап айтып пәтер ішін шарлап жүр. Оның ойы тойдағылар іздеп қалды-ау болса, менің ойым тойдан күйеуі келсе не ойлайды емес, студент болғасын ба, қарын тойдыру. Төрт сағат бойы ән айтып, көмекші болу оңай дейсіз бе?! Ішегім шұрылдап барады. Ас үй жаққа қарап қоямын. Осы қылығымды қазір ойлап күлкім келеді. Қазіргі студенттермен сол кездегі өзімді салыстырып қоямын.

Ол заманның студенттері басқа еді ғой...

Әлгі келіншек қысылып барады. Біресе есікке қарайды, біресе маған қарайды. Тойдың аяқталатын уақыты таяп қалды. Үйге біреу келсе екен деп ішімнен тілеп отырмын. Бірақ, тойдан үйге ешкім қайтпады. Біреу әдейілеп сыртымыздан қамап қойғандай болды. Дәл кинодағыдай.

- Қап ұят болды ау, сені досың іздеп жатқан шығар,- дейді келіншек.

- Әрине, енді не істейміз? - деймін мен.

- Білмеймін, - деп күрсінді ол.

Амалы таусылған келіншек ас үйге барып астың қамын жасады. Менің арманым орындалып, екеуміз кешкі асымызды ішіп ұйқыға жаттық. Бөтен біреудің үйінде жатсынып ұйықтай алар емеспін. Күндізгі шаршағаным бар, бір кезде ұйықтап кетіппін. Таң атты. Күннің көзі күлімдеп, көзімнен қытықтап ұйқым- нан еріксіз ояндым. Сабақ болса жөніне қалды. Көз алдыма қатал апайымыздың келбеті еріксіз келіп, мазасыздана бастадым. Мен болсам біреудің үйінде қамалып отырмын. Жас келіншектің дайындаған таңғы асына тәбетім болмады. Уақыт құрғыр да тоқтап қалғандай. Ішім пысқан мен келіншекпен әңгіме айта бастадым.

- Сіздің шыныменде күйеуіңіз бар ма?- деп сұрадым мен үйдегі тыныштықты меңзеп.

- Әрине бар, біздің үйленгенімізге 10 жыл болды, бірақ баламыз әлі жоқ,- деді келіншек көзі мөлдіреп. Аяп кеттім. Сұрақ қойғаныма өкініп, қызарып кеттім. Аузыма түскені:

- Бұйырса болады, мұңаймаңыз,- дедім төмен қарап. - Айтқаның келсін!- деп жас келіншек басын изеді. Шынымен

де отбасы құрғаннан кейін өмірге сәби келмесе, жұрт әйел адамды кінәлайды ғой. Іштей түсіндім, бірақ одан әрі сөз айта алмадым. Терезеден көзімді алмай, күннің қалай батқанын бақылып мен отырмын. Кеш болды, әлі жан адам жоқ. Қырсық қылғандай, әлгі келіншек тыныш отырмай, ас үйде бірдеңе жасап жүріп судың кранын байқамай жұлып алыпты. Үйдің ішін су алып барады. Жарты сағат алысып, суды әрең тоқтаттық. Үсті-басым малмандай су болды. Енді жетпегені осы еді деймін ішімнен. Шешініп кептіруге тура келді. Осы кезде есікті біреу қақты. Қуанышымда шек болмады. Келген осы үйдің қожайыны екен. Шошып кеттім. Мен іш киіммен тұрмын. Талай адамдар әйелін қызғанып өлтіріп жатыр. Басыма не бір жаман ойлар енді келді. Келіншек есіктің іштен ашылмай қалғанын айтып, айқайлап жатыр. Мен болсам қорқып, қалтырып тұрмын. Ойша не болатынын елестетіп те үлгердім. Күйеуі сырттан адамдар шақырып, есікті ашты. Қорықтым ба, элде ұялдым ба, мен төргі бөлмені ішінен жауып ашпай қойдым. Балалық қой... Енді олар айқайлап есікті ұрып жатыр. Ақыры не керек, есікті ашып, көзімді жұмып, бетіме тиетін дәу жұдырықты күтіп тұр ем, олай болмады. Қайта ол кісі неге екенін білмеймін, күлімдеп басымнан сипады. Мүмкін, келіншегін қатты сыйлайтын, оған сенетін адам болып шықты. Бейтаныс адамды іштей жақсы көріп кеттім. Үшеуміз кешкі асымызды азан-қазан болып іштік. Үйдің қожайыны да жақсы адам екен. Сөйтсек, ол да тойда ішімдікті сілтеп жүріп, досының үйіне барып, ұйықтап қалыпты. Кешегі тойдың қызығын айтып ұзақ отырып қалыппыз, оның үстіне киімдерім кеуіп болмай тағы сол үйге қонып қалдым. Таңертең тұрып сабаққа бардым. Мені көргеннің бәрі адам көрмегендей бетіме бажырайып қарайды да: «Сені жоғалып кетті деп еді. Қайдан келдің?» - деп сұрақтың астына алуда. Сөйтсем, қасымдағы жігіттер екі күн бойы мені іздеп таба алмай, құқық қорғау бөліміне арыз дайындап қойған екен. Осы оқиға есіме түскен сайын кино етіп те түсіргім келеді. Негізі, менің әр күнім кино сияқты...

МАҚТАҒАН МАЛ ТАБАДЫ

Күн сайын әйеліммен ұрысып қаламын. Үйден берекет қашты. Интернеттен осыған сауал іздедім. Сүйтсем, әйелді мақтау керек екен. Мен сорлы оны білмеппін. Түс мезгілінде күндегі әуенін бастайын деп, домбырасын келтіріп жатыр еді:

- Жанымдағы жалғызым, армандаған аяулым, - дедім. - Ааа, мына сөз сенің аузыңнан шықты ма? - деп әйелім көзі

адырайып тоқтап қалды.

- Енді не, менің аузымнан тек былапыт сөздер ғана шығады деп жүрсің ба?

- Таң қалып тұрғаным, - деді әйелім.

- Сенің нәзік қолдарыңмен жасалған бүгінгі түскі ас қандай керемет. Дәмі тілімді салақтатып жіберді. Кешкі асқа не пісіресің жаным?

- Иә, рас айтып тұрсың ба? Саған бүгін бірдеңе болған жоқ па? - деп, әйелім аң-таң.

- Шынымды айтып тұрмын, жаным. Өзіңді көрмесем отыра алмайтын күйге душар болдым...

Негізі қолдары нәзік емес, сиырды сауғанда төрт емшегін жұлып ала жаздайды. Білегінің жуандығынан көрші ауылдың қатындары сескеніп қашып жүреді. Әйелімді жамандап отыр деп ойламаңыздар.

- Ботадай көздерің жанып, үйдің-ішін жарқыратып жіберді ғой, жүзіңнен жүзімнің шырыны тамып тұр-деп, едім бөшкедей әйелім диванның үстіне барып сылқ етіп шалқасынан құлады. Ее, мынау жақсы әдіс екен... Әйелімнің ұрысы су сепкендей сап тиылды. Еркелеткенді кім жек көрсін?...

Ерігіп көшеге шықтым. Дүкеннің алдында қайыр сұрап айқайлап алқаш отыр екен, оны да мақтай жөнелдім.

- Күс-күс жарық қолдарың батырдың білегіндей жуан екен, құрметтім?

Маскүнем көгеріп кеткен екі қолына алма-кезек қарады. - Шын ба? - деді, ісік көздері жыпылық қағып. Өзі ықылық

атып тұр.

- Иә, әрине, - дедім.

- Кезінде спортпен айналысқанмын, - деп мақтанды ол. - Иісің қандай керемет, сендей адам жер бетінде жоқ қой- деп

едім, ыржалаңдап мәз болды. Ішкіштер де мақтағанды сүйеді екен. Өзі қайыр сұрап отырса да, екі жүз тенгесін менің алақаныма бір ұрды. Көшенің бір бұрышында ала таяғын асынып май қызметкері тұр. Аяңдап қасына бардым.

- Ассалаумағалейкум, сендер болмасаңдар біздің күніміз не болмақ?

- Жәй ма?

- Осындай қара суықта адамның өмірі үшін, жол тәртібін қадағалап тұрсыздар.

- Енді, жұмысымыз ғой.

- Қандай адал жансыңдар, сендердің еңбектерің елеусіз, -деп едім, әлгі май қызметкері көтеріп тұрған ала таяғын төмен түсірді. Енді бір сөз айтсам құлайын деп тұр.

- Біз кімге керекпіз? - деді май қызметкері міңгірлеп. - Сендер халыққа, бізге керексіңдер, сіз сондай парасатты

адамсыз. Бауырмал екеніңіз көзіңізден көрініп тұр. Ел үшін туғансыз... - Рахмет, - деп май қызметкері танауы шелектей болды. - Өлгенше қолыңыздан ала таяғыңыз түспесін, бай

болыңыз...

- Ой, бәрекелді, тоқтай тұрыңыз, - деп төс қалтасына қолын салып жіберіп, қып-қызыл бес мың теңгені қалтама сүңгітіп жіберді. Әзірге жаман емес. Базарға қарай бет алдым. «Қымбат» сауда үйінен атақты бизнесмен кезінде сотқар атанған Бекертуған құрдасым шықты. Ол өмірінде ешкімнен жылы сөз естіп көрмепті. Мектеп қабырғасында жүргенде мүғалімнен жегені таяқ, естігені қарғыс еді.

- Амансың ба, құрдасым?

- Шүкір, шүкір, түкір-түкір, - деді Бекертуған.

- Естідің бе?

- Нені?

- Кеше сені теледидардан мақтады.

- Не деп?

Қазақ елінің экономикасына елеулі үлес қосып жатыр- дейді. Сен сияқты азаматтар көп болса, дағдарыстан құтыламыз, - деп айтты. Құрдасым көзі аларып мәз болды.

- Шын айтып тұрсың ба? - деді ол қуанып.

- Әрине, сендей құрдастар қазақ ұлты үшін дефицит қой- деп едім. Туғалы мақтау естімеген құрдасым сол жерде бұтына жіберіп қойғандай мелшиіп қатып қалды. Бетіме ала көзімен қадалып тұр. Менің сөздерім ұнамай қалған болар деп, кетуге ыңғайлана бастадым.

- Тоқта!-деді маған. Дауысы қатты шықты. Мектепте жүргенде талай рет жұдырықтасып едік. Келсең кел дедім ішімнен.

- Мына астымдағы автокөлігімнің кілті саған-деп, кілтін қолыма ұстатты.

- Бәке, мұның не? - дедім. Мүмкін қалжыңдап тұрған шығар. - Мендей сорлы тентекті мақтайтын да адамдар бар екен бұл

өмірде-деп, өкіріп жылап жіберді.

Ойбай-ау, мақтаудың құдіреті қандай десеңші, мұны мұрнымның иісі бұрын неге сезбеген? Кеше қара жаяу жүрген адам, бүгін астымда қымбат көлік. Мен бақыттымын. Бақыттың буымен аудандық әкімшілікке бардым. Есіктегі күзетшіден бастап, еден сыпырушы әкесін тантып мақтадым-ау кеп. Олар барлық есіктерді айқара ашып тастады. Бір қарасам аудан әкімінің есігі де жартылай ашық тұр. Зып етіп кіріп бардым. -Ассалаумағалейкум, алтыннан ардақты, күмістен салмақты, басеке, - деп қолымды бердім. Ол сәлемімді аузының ұшымен жыбырлап әрең алды. Жақтырмай тұрғаны көзінен көрініп тұр. Бірден үйренген әдісіме көштім.

- Сіз жүрген жолмен жүргім келеді,

Сіз ішкен суды ішкім келеді, - деп әндете бастадым. - Ее, дұрыс, - деді әкім.

- Сіз отырған орынға қызыққым келмейді,

Сіз мінген көлікті мінгім келмейді, - дедім тағы. Өлеңдерімнің ұйқасы жоқ болса да, аудан басшысына ұнап барады.

- Дұрыс, дұрыс, - деді.

- Сіз салған ізбен жүргім келеді.

Болыңыз осы ауданның тірегі...

- Керемет! - деп, әкім бетімнен шолп еткізіп сүйіп алды. Қолымды қысып, құшағына тартты. Қайта-қайта арқамнан қақты. Сүйтіп, қуанып қайттым.

Ертеңіне үйге әкімшіліктен телефон соқты. Мені жақсы қызметке және мемлекеттік сыйлыққа ұсыныпты. Енді бұйырса облысқа барып, түгелдей мақтап қайтайын деп, жиналып отырмын...

МҰРТЫҢДЫ ҰРАЙЫН...

Менің бір мұртты көршім бар. Ішімдік ішіп алса маған тиіседі. Бастығым құсап мыжып мазамды алады. Күш көрсетеді.Тіпті мұртты көршімнен мың қадам жерден үйді айналып қашып жүретін болдым. Баяғыда ауылда тұрғанда совхоз директорының қабаған иті болып еді. Қарғысынан босатып жіберсе, мені іздеп жүріп тауып алады. Тым жақсы қой қораның артында қызбен сөйлесіп тұрғанда талап тастайды. Шалбардан балақ қалмады. Сол иттен қорлық көріп ақыры қалаға көшіп кеттім. Айтпақшы, ұмытпасам, иттің емес, сол директордың ербиген қою қара мұрты болды. Өткенде түнде көшеде келе жатсам, екі бұзақы жағамнан ала кетті. Тамағымнан қылғындырып кеңірдегімді үзетін түрі бар. Жалынып ақша беріп, әрең құтылдым. Екеуінің де мұрты бар. Бір тойда ұрттап алған мұрты бар ақын аузына келгенін айтып сөгіп тастады. Мұрт өсірген ақындардан да қашып жүремін. Ал, кеше мұрты бар полиция көшеде тоқтатып еді. Шошып кеттім. Қысық көзім бадырайып кетті. Шыны керек, соңғы кездері мұрты бар адам көрсем қорқатын болдым. Бірақ, мұрттылардың бәрі мен ойлағандай емес қой. Мұрт өсірген жақсы адамдар көп қой. Неге екен? Әлде мұртқа фобия ма?... Қорқынышымды мен тұратын аудандағы дәрігерге айтайын десем, оның да мұрты бар. Бір түрлі сескенемін. Енді не істеймін? -деп басым салбырап үйге келдім. Үйде қабаған бір ғана әйелім бар. Тісі өтпейді. Протез. Ол да мені шаршатты. Бірақ, мұрты жоқ. Аяқ астынан бірдеңе тапқыш-ақ. Былтыр «сақал қойған мода, бесіктен белі шықпаған жастар қауқиған ешкі сақал қойып жатқанда сенің жүрісің мынау...»- деп бетімді тілді. Енді бүгін былай дейді:

- Бейшара-ау, осы сен неге мұрт қоймайсың?

- Қатын, сені жын қаққан ба? Мен көсемін.

- Ұстарамен қырсаң шығады.

- Пышақпен қырсам да шықпайды. Мұртты қайтемін, маған жараспайды.

- Ойбай-ау, қазір мұрт өсіру мода ғой. Жан-жағыңа қарадың ба? Қазір жұрттың бәрі мұрт қояды. «Мұрттыларды сыйлаңдар, мұрттыларда иман бар» деген мақалды естідің ба?

- Жоқ. Мен басқа мақал естідім.

- Қандай?

- «Мұртты - талай адамды құртты», - дедім.

- Соқ өтірікті, ондай мақал болмайды.

- Мен мұрттан да, мұрттылардан да қорқамын, - деп едім, әйелім баж ете қалды.

Өйткені, қайны атамның мұрты бар еді.

- Есуас, мұрт өсірмесең төбеңді оямын,- деп айқайға басты. - Айттым ғой, маған мұрт шықпайды.

Шықпаса мә, мына мұртты жапсырып ал, - деп сахнада әртістер қолданатын жасанды мұртты алдыма тастай салды. Мұртты көріп, жын көргендей тұра қаштым.

Қашып бара жатып: • Әй, қатын, сені де, мына мұртыңды да ұрайын,- деп сөгіп кеттім. Бірақ, ұзаққа қаша алмадым. Көк желкемнен ұшып келіп ас үйдегі оқтау тиді. Қазір мен мұрт өсірудің жеңіл жолдарын іздестіріп жатырмын.

ИТПЕН ИТ БОЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ

Ит жылы итпен ит болмайын деп, бір иттің тілін тапқым келді. Иә, мен сондай бір түрлі адаммын. Бұл ойымды жасырмай әйеліме түгелдей баяндадым.

- Дұрыс, қашаңғы иттерге таланып, жем болып жүресің?- деді ол.

- Көршінің итімен дос болсам қайтеді?-дедім. Әйелім ұрыса кетті.

- Жындысың ба, көршінің итінен не пайда? Ол онсызда саған тұмсығын көтермейді.

- Қоңқыштың төбеті ше?

- Ой, есуас зоотехниктің иті қабаған емес, одан несіне қорқасың?

- Бердібайдың иті?

- Ол қаңғыбас ит.

- Сайлыбектің үйінде құмай тазы бар.

- Жоқ. Аудан Әкімінің итімен дос боласың-деді әйелім жекіріп. Ойбай, оның иті адам жейді. Өткенде Биғаштың баласын талап тастады. Жарасқанның әйелінің юбкасын жыртты. Сәрсенбайдың шалбарының балағын жұлды. Малтонның құйрығынан тістеді. Көршісі

Бөкесегүлдің үстіне мініп алды. Сондай жаман, көргенсіз ит. - Мейлі, есесіне әкімнің иті - деп, әйелім әңгіменің нүктесін қойды. Қарап жүрмей қара басыма пәле тілеп алдым. Таңертең ерте тұрып әкімнің ауласынан сығаладым. Арыстандай ит тілі салақтап, көзі жалақтап кілемнің үстінде жатыр екен. Бір кесек етті лақтырып жібердім. Ит етті бір исікеді де абалап шарбаққа ұмтылды. Тұра қаштым. Жерде жатқан жұдырықтай етке пысқырып та қараған жоқ. Ентігіп үйге келдім. Әйелім ұрысып жатыр.

- Қолыңнан түк келмейді. Жұрттың байы адамның тілін табады. Сен итті де алдай алмайсың-деп, намысыма әбден тиді. Содан соғымнан қалған жылқының бір құлаш қазысынан кесіп алып тағы бардым. Ит шарбақтың тесігінен маған көзін алартып тұр. Қарғысы үзілсе шайнамай жұтатын сияқты. Сүрленген майлы қазыны алдына тастадым. Қазыны екі шайнап бір жұтты. Үрген жоқ. Бірақ, ырылдап тұрып алды. Дос болғысы келмейді. Басым салбырап аулама келдім. Үйге кірсем әйелім ұрысады. Ойланып отырмын. «Ее, сонда иттің де тілін табу оңай емес екен-ау. Біреулер, қасқырдың тілін тауып дос болып жүр. Ит-адамның досы дегені қайда?

Мен сонда кімнен кеммін? Мұрным пұшық па? Әлде, көзім қысық па? Шіркін, әкімнің қабаған итімен дос болсам ғой, жақсы емес па? Сонда көресіңдер, көшедегі қаңғып жүрген бұралқы иттердің бәрі менен қорқатын болады. Өліп кетсемде ол иттің тілін табамын.Табуым керек» деп, өзіме серт бердім. Қорада бақырауық қоспақ ешкім бар еді. Ешкімді жетектеп көшеге шықтым.

- Тума, Наурыз мерекесінде қайда бара жатырсың?-деді көршім Тұқи.

- Ешкімді қыдыртып жүрмін-дедім. Менің бұл әрекетімді әйелімнен басқа ешкім білмеу керек қой. Білсе, алдымды орап кетеді. Ондайлар көп. Аяңдап әкімнің ауласына келдім. Аузы апандай ит ағашқа асылып тұр. Шарбақтың есігін ашып ешкіні кіргізіп жібердім. Байғұстың бақырған даусы жүрегімді ауыртты. Көзімнен жас тамып кетті. Енді қайтейін, маған сол иттің тілін табуым керек.

Қазір, әкімнің иті маған үрмейді. Мені көрсе аузынан сілекейі шұбырып, соңымнан қалмайды. Анда-санда біздің иттің қасына қонып кетеді. Ауыл жұрты аң-таң. Қысқасы, аудан әкімінің итімен дос болдым. Соңғы кездері әкімнің де көзқарасы маған дұрыстала бастаған сияқты... КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ Аудандық мәдениет бөлімінің басшысы, мәдениет үйінің директорын кабинетіне шақырып алып сөкті. Шөміштен қысты. - Ауданда неге ерекше мәдени сайыстар мен жарыстар

өткізбейсіңдер?

- Жақында атыс болды, ааа кешіріңіз айтыс болды? - Айтыс баяғыда қайтыс болды. Бұл жаңалық емес, бұрын-

соңды болмаған шаралар ойлаңдар-деп қатты ұрысты. Басы салбыраған директор кабинетіне келіп, көркемдік жетекшіні шақырып алды. Жеті атасынан түгендеп боқтады.

- Мен сені жұмысқа не үшін алдым? Қолыңнан түк келмейді. Кабинетіңде отырып бір қағаз ұстағаныңды көрмедім. Үнемі сыртта көлеңкеде шылым шегіп, өсек айтып отырасың.

Олай демеңіз, дәлелің бар ма? Ел қатарлы жұмыс жасап жүрміз -деп, көркемдік жетекші директордың айтқанына көнер емес. Қызметін атқаруға мүлдем қабілеті жоқ. Бірақ, өзін мақтауға шебер-ақ.

- Болды, жап аузыңды, саған соңғы мүмкіндік беремін, жақын арада бұрын-соңды болмаған жаңаша сайыстар өткізуіміз керек-деп, ашу шақырған директор столды сабалады. Көркемдік жетекші басын қасып шығып кетті. Түнімен қатты ойланды. Толғанды. Ертеңіне жаңаша жобамен директордың есігін қақты.

- Басеке, керемет сайыс ойлап таптым, «Жалағыштар жарысын» өткізсек қайтеді?

- Ол не пәле?- деп, әуелі директор шошып кетті.

- Аты айтып тұрғандай сайысқа қатысатындар бірінші балмұздақ жалаудан жарысады, екінші бал жалайды. Үшінші шешуші кезең, ол кезде не жалайтыны әзірге қүпия болады. Оны уақытында көресіз. Сурприз...

- Ойбай-ау, мынау керемет қой, мұндай сайыс еш жерде өтпеген болар?

- Қазақстанда бірінші рет басеке, маған сеніңіз-деп, көркемдік жетекші жерден жеті қоян тапқандай кеудесін керіп тұр.

Сонымен, сайыс өткізудің жоспары құрылып, қызу жұмыс басталып кетті. Қазылар алқасы да анықталды. Алқа төрағасы болып ауданға белгілі азамат Қопаш Қотаров тағайындалды. Әншейінде мәдени-іс шараға жоламайтын жұрт осы жолы қызығушылық танытты. Сайысқа мыңдаған адам қатысуға ұсыныс түсірді. Оның ішінен он жалағыш іріктеліп алынды. Бүгін кешке көркемдік жеткекші ойлап тапқан жаңа жарыстың шешуші кезеңі болады. Сахнада тілдері салақтап қатысушылар тұр. Мәдениет үйі халыққа лық толды. Бірінші кезең басталды. Жарысқа қатысушылар балмұздақты жарыса жалап жатыр. Тілі ұзын бір қатысушы әйел екі жалағанда балмұздақты жоқ қылды. Залдағылар тамсанып отыр. Бір кішкене бала балмұздақ жалағысы келіп жылап тұр. Ал, енді екінші кезеңге кезек келді. Сахнаға он кесе араның балы қойылды. Ойпырмай, көзді ашып жұмғанша жалағыштар балды жоқ қылды. Әзірге бәрі де мықты. Тілдері жалаңдап тұр. Бірақ, халықтың да, қазылар алқасының да күтіп отырғаны үшінші құпия кезең.

Ойлары: «бұл жолы не жалайды екен?»...

Сахнаға сайыстың үшінші кезеңін хабарлауға бойы сорайып мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі шықты.

- Құрметті сайысқа қатысушылар, екі кезеңде де сайыскерлер жалаудан алдарына жан салмады. Дайындықтары өте керемет. Тілдері жақсы жұмыс жасайды екен. Ендігі үшінші шешуші кезең ол -туфли жалау...

Зал ду ете қалды. Мәдениет үйінің директоры төбесінен тоқ ұрғандай селк етті. Беті қабығын аршыған алмадай қарайып кетті. Ол сайыстан мұндай жаңалық күтпеген еді. Сахна төріне он шақты туфлилер қойылды. Оның ішінде шаң басқан аудан әкімінің туфлиі және табаны тозған аудандық сот пен жер бөлімі басшысының туфлилері бар. Ұйымдастырушының ұсынысымен облыстың мекеме басшыларының да туфлилері қойылыпты. Ең бастысы министрліктен арнайы әкелінген бір қара туфли сахна төрінде қақиып тұр. Жүргізуші: «соңғы кезеңді бастаймыз» дегенше болған жоқ, қазылар алқасының төрағасы, елге белгілі, Қопаш Қотаров министрдің қара туфлиін ала қашты. Сол-ақ екен, қазылардың бір мүшесі аудан әкімінің туфлиін қағып үлгерді. Енді біреуі облыстан әкелінген туфлиге жабысты. Сайысқа қатысушылар жалауға туфли таба алмай төбелес басталды. Халық сахнаға жүгірді. Аудандық соттың туфлиін залда отырған бір көрермен іліп әкетті. Қысқасы, туфли жала- ғыштар көбейіп кетті. Жарыс аяғына дейін өтпей қалды. Сайысқа қатысушылар бұл туралы тиісті жерге шағым түсірді. Мәдениет үйінің директоры көркемдік жетекшіні тағы шақырып алды:

- Әй, сен көркемдік жетекші емес, көргенсіз жетекші екенсің-деді.

- Неге олай дейсіз?

- Туфлиден басқа жалайтын ештеңе таба алмадың ба? Бүйткен сайысың құрсын, кет жоғал...

- Басеке, басы жақсы басталып еді, бұлай боларын кім білген? - деп, ол баяғы әдетінше өзіне шаң жуытпай тұр. Директор ертеңін ойлап қобалжып отыр.

Әлде, біздің қоғамда осындай жалағыштар көп пе?... МАНСАПҚОР МАСКҮНЕМ
(Үлкендерге арналған ертегі)

Баяғыда бір аңқау басшы болыпты. Ол жаңа қызметке келе сала жүмысшыларына былай деп жар салыпты:

- Кімде-кім маған адал қызмет етсе, соған атақ әперемін-депті. Бүл жарлық сол мекемені паналаған, пәни дүниеден баз кешкен, өмір бойы диванда ұйқыда жатқан бір Маскүнемнің құлағына да жетіпті. Бір күні Маскүнем мекеме басшысының кабинетінің есігін қағады.

- Кіріңіз, - дейді басшы.

- Қызметіңіз құтты болсын, мен бір бейшара адам едім. Мұнда диванда ұйықтап жатқаныма тура 25 жыл болыпты.

- Мәссаған, қандай ұзақ ұйқы? Аюдан да озып кетіпсіз. Енді сол ұйқының 25 жылдығын атап өтейін деп пе едің? - дейді аңқау бастық күліп.

- Жоқ. Маған абырой-атақ керек болып тұр. Жалпы менің қолымнан бәрі келеді, -дейді Маскүнем.

- Абырой айтумен келмейді. Ол үшін адал еңбек ет. Жаңалық аш. Жұртты өзгешелігіңмен таңдайын қақтыру керек.

- Басеке, маған бір жақсы қызмет берсеңіз, мен сізге кеудемнен жаным шыққанша дұрыс жұмыс жасаймын. Бар өмірім қалғып-мүлгумен өтті. Өкініп отырмын. Көмегеңізді беріңіз. Жамандық көрмейсіз, - деп жерге тізерлеп отыра кетіп жалынады.

- Қызмет дейсің бе? Ол үшін бізге тәжірибелі, көзі ашық маман керек қой.

- Оған қиналмаңыз, мен ұйқыда жатсам да көкірегім ояу, бәрін естіп-біліп жаттым, - деді Маскүнем.

Аңқау басшы байғұсты аяп кетеді. Өзі ілмиген ап-арық. Қабырғасы майысып әрең тұр. Бет-аузы салақ қатынның қыртыс-қыртыс көйлегі сияқты. Көз жанары өңіп кетіпті. Нұр жоқ. Саусақтары солып қалған ба, сондай... Әйтеуір, түрі адам аяғандай-ақ. Ішкіштерде рең болушы ма еді? Тірі өлік десе де болады. Сөз айтқан сайын аузынан түкірігі борап тұр. Сүйтіп, Маскүнем жаңа басшының басын айналдырып, ебін тауып дегеніне жетеді. Қолына билік тиген ол қарамағындағы жұмысшылардың басқан ізін аңдып, қырғидай тиеді. Мекемедегі қаңқу сөздерді іліп алып, өтірік-шыны аралас жоғары жаққа үнемі жеткізіп отырады. Біреуді біреуге айдап салып, өзі мәз болып жүреді. Қысқасы, адамдарды адастырып өтірік арзан бедел жинайды. Маскүнемнің мына әркетінен басшы шошына бастайды. Тіптен басынған маскүнем бір күні кабинетіне келіп, оның орнын сұрайды. Ренжімесеңіз, сіздің қызметіңізді мен атқарайыншы, - дейді - Ал, мен не істеймін? - деп сасқалақтайды байғұс басшы. - Сіз менің орныма, яғни диванға жатып алаңсыз ұйықтай беріңіз. Бәрін өзім қатырамын. Маған билік керек болып тұр. - Қойыңыз, не айтып тұрсыз? Мен ұйқышыл емеспін, шығыңыз кабинетімнен, - деп шыдамы таусылған басшы қатты ақырып жібереді. Сол-ақ екен, Маскүнемнің жыны қозып шыға келеді. Баяғыдай мүсәпір емес, көкірегі кәдімгідей өсіпті.

- Мен саған әзірге ескертіп тұрмын, менің қолымда бұлтартпайтын нақты деректер бар. Сені жоқ қылып жіберуге құдыретім жетеді, - деп басшыға қоқаңдайды.

- Түсінбедім, ол қандай деректер? - дейді бастық.

- Оны кейін көре жатармыз, хош сау болыңыз, - деп Маскүнем есікті тарс жабады. Сүйтсе, Маскүнем директордың кабинетінен іс қағаздарын білдірмей ұрлап жүреді екен. Басшы туралы жалған деректер жинайды.

Апта сайын домалақ арыздарын домалатып басқарма басшысына апарып тастайды. Басшының басы қатады. Сүйтіп, Маскүнем қаскүнемге айналады. «Бұл пәлеге қайдан жолықтым. Аулақ жүргенде тыныш жүретін едім. Ай, аңқау басым-ай» деп кабинетінде мүңайып отырғанда терезенің алдына шиқылдап бір Торғай қонады. Құсқа тіл бітеді.

- Қалыңыз қалай?

- Онша емес...

- Мен сізге қарыздармын, баяғыда бала күніңізде мені аш мысықтың апандай аузынан аман алып қалдыңыз. Сол жақсылығыңызды ешқашан ұмытпаймын.

- Жақсылықты ұмытпағаның дұрыс, - деді басшы. - Түріңіз әбіржіп кетіпті, қандай көмек керек?-дейді Торғай. Рахмет Торғайым, мен мекемеде жүрген бір қаңғыбас Маскүнемге қызмет беремін деп басым қатты. Оған жақсылық

жасаймын деп, жамандыққа тап болдым. Адамның жасымен ақылы өлшенбейді екен...

- Уайымдамаңыз, ол ештеңе де жасай алмайды. Ол алаяқ Маскүнемді елдің бәрі біледі. Мен сізге бір қауырсынымды беремін, ол келген кезде сіріңкемен тұтатып, «Ей, Маскүнем, жұртқа кесіріңді тигізбей, бар диваныңа барып ұйықта» деп үш рет қатты айқайлаңыз» - дейді Торғай.

- Жарайды, - деп басшы қауырсынды алып қалады. Келесі күні айқайлап, аузынан көбігі шашырап, аласұрып әккі Маскүнем келеді.

- Мен сені құртамын, түбіңе жетемін, - дей бергенде басшы әлгі қауырсынды тұтатып, Торғайдың айтқанын жасайды. Сол- ақ екен ол бір орнында шыр көбелек айналып, баяғы мекеменің қоймасында жатқан тозығы жеткен ескі диванның үстіне барып құлайды. Сол құлағаннан қорылдап бұрынғы тәтті ұйқысына кетеді. Маскүнемнен опық жеген басшы қойманың есігін сыртынан шегелеп тастайды. Маскүнем анда-санда оянып, қыңсылап қайтадан аузынан суы ағып үйқысына кетеді екен. Бірақ, соңғы кездері мүлдем дыбысы шықпай қалыпты. Сүйтіп, аңқау басшы қызметте аман-есен мұратына жетіпті...

СІЗ ІШІМДІК ІШЕСІЗ БЕ?

Менің көп жылдар бойы арақты су ішкендей сіміретін құрдасым ішкіштер туралы мынандай ғылыми зерттеулер жүргізіпті: Арақ ішу ол да -өнер. Ішкіштер екі топқа бөлінеді. Әуесқой маскүнем және кәсіпқой маскүнем. Кәсіпқой маскүнемдер бауырымен жорғалаушылар қатарына жатады. Ал, әуесқой маскүнемдер аша тұяқтылар қатарына кіреді. Екеуінің айырмасы жер мен көктей.

КӘСІПҚОЙ МАСКҮНЕМ:

Кәсіпқой ішкіштердің қалтасында «закускасы» үнемі дайын жүреді. Мысалы: қатқан құрт, тары, конфет тағы басқалар. Олар ешқашан «закусканы» жемейді. Тек, иіскейді. Иттен де иісшіл. Аузы ашылған арақ бөтелкесінің қай жерде тұрғанын алты шақырым жерден сезеді. Шөлмектегі ащы суды түбіне дейін қотарып салады. Бірақ, бөткелкенің түбіне ырым болсын деп, жұғын қалдырады. Кәсіпқой маскүнемдер мас болғанда орын талғамайды. Кез-келген жерге тіпті шалшыққа да құлай кетеді. Қанша тойып арақ ішсе де, ән айтпайды. Ішіп жегендері білін- бейді. Арақты қағып салып кете береді. Бастары ауырмайды. Олар бір апта, кейде айлап жатып ішеді. Қанша мас болса да сырын айтпайды.

ӘУЕСҚОЙ МАСКҮНЕМ:

Әуесқой ішкіштер олар арақтан бұрын жалмаңдап «закусканы» жеп тауысады. Көп сөйлейді. Стақанға құйылған арақты орта белінен сәл асырып қоя салады. Әрі қарай тамақты күйсеп жей береді. Әуесқой маскүнемдер мас болса жататын таза жер іздеп мазаңды алады. Олардың ұйқысы да келіп болмайды, қанып та болмайды. Ауыздарына арақ тисе, арқасы ұстап өлең айтып басыңды қатырады. Айтпақшы, қаңғыбас иттер сияқты топталып жүріп ішеді. Жүрген жерлері де у-шу, елдің берекетін қашырады. Түнімен ішіп, таңертең басы ауырып арақ іздеп кетеді. Әуесқойлар сыр сақтай алмайды. Елдің көзінше жайып салады. Олар кәсіпқойлардың ішкенін көре алмайды. Сыртынан үнемі әңгімелеп, келемеждеп өсектеп жүреді. Бірақ, бетпе-бет келгенде беті күліп, құйрығы бүлғаң ете қалады. Өйткені, кәсіпқойдың аты кәсіпқой. Жеңіп кетеді. Ең дұрысы «тең-теңімен, тезек қабымен» дегендей, кәсіпқой ішкіштер кәсіпқоймен, әуесқой ішкіштер әуесқоймен ішіп, қыдырғандары дұрыс».

Менің құрдасым осылай деп отыр.

САПАРДАН СОҢ...

Ойламаған жерден Алматыға ұшақпен ұшатын болдым. Әрине қыдырып емес, театр мен кино өнерінің жарық жұлдызы, халық әртісі Асанәлі Әшімов сексен жасқа толып жатыр екен. Уақыт тығыз, пойызбен үлгере алмайтын болғасын билетті амалсыздан ұшаққа алдым. Бізде бәрі аяқ астынан осылай шешіледі. Ертең ұшамын. Қас қарая үйге келіп асығыс жолға дайындалып жүрмін. Теледидар қарап отырған шешем:

- Бір жаққа барайын деп жатырмысың?

- Иә, Алматыға жүремін.

- Жәй ма?

- Асанәлі Әшімовтің торқалы тойына барамын.

- Пойызбен ба?

- Жоқ, ұшақпен, - дедім. Осы кезде ойыншықпен ойнап отырған төрт жасар жүгірмегім Әли әңгімеге араласа кетті.

- Папа, ұшақпен ұшпашы, құлайды,- деп қарап тұр. Өзім ырымшыл едім, шошып кеттім. Періште аузына салған

шығар деген жаман ой шақша басыма сап ете қалды. Жүгірмегімнің сөзі жүрегіме тікен болып қадалып қалды. Түнімен төсекте дөңбекшіп жата алмадым. Тіпті, көзім ілінбейді, Алматыға бару сапарым сары уайым болды. Бастығым алдын-ала ескерткенде пойызбен-ақ баратын едім деп, басқармадағы құрдасыма тісімді қайрап едім, тілімді тістеп алдым. Ай, өзіме де обал жоқ. Бармай қалсам елден ұят. Баламның бір ауыз сөзі бірдеңені ескерткендей жынды болдым. Осы жүрген жерім комедия... Таңертең басым салбырап айропортқа келдім. Ұшаққа көңілсіз міндім. Сәлден кейін аспанға көтерілдік. Көк аспан. Шексіз әлем. Аппақ бұлттар кіршіксіз ақ мақталар сияқты көрінді. Маржандай жаңбырдың мөлдір тамшылары осы бұлттардан тамады емес пе? Шіркін, қандай тазалық? Жердің беті ондай емес. Кедір-бүдыр. Лас... Айтпақшы, Ұшақтың жұмсақ креслосына құйрығым тиіп, биікке көтерілген сайын қызметке жаңа тұрған басшылар сияқты, көкірегіме нан пісіп, жан-жағыма пысқырып та қарамай қылтиып қалдым. Әлде көкке көтерілгендердің көкірегі өсе ме?... Қолымды ербеңдетіп қасымда отырған жолаушыларға тиіскім келіп кетті. Білмеймін, бойыма бір белгісіз жел бітті. Өйткені, мен аспандамын ғой. Ұшақтың терезесінен төмен қарадым. Жыным аузыма толды. Жоғарыда тұрып жердегі біреулердің төбесінен «былш» еткізіп түкіргім келіп кетті. Өзімді бәрінен биік санай бастадым. Әлде осы жаман әдетті жиналыста отырғанда бір басшылардан жұқтырып алдым ба екен?... Бірақ, «сынықтан басқаның бәрі жұғады» демей ме? Ауа қабатының әсерінен болар, ұшақтың қанаты дір-дір етті. Есімді жидым. Түнімен уайымнан ұйқы көрмей қалғып кеткен екенмін. Жаңағы көргендерім елес екен. Бәсе, ондайым жоқ еді. Енді, желі шыққан допқа айналдым. Ұшақ дірілдеген сайын, баламның сөзі есіме түсіп, түкірігімді жұтып, бұтымды қыса бердім. Ал, жолаушылар болса алаңсыз маужырап қалғып отыр. Олар не ойлап отырғанымды қайдан білсін? Мен байғүс қол сағатыма қараумен болдым. Уф, әйтеуір не керек Алматы да көрінді. Аман-есен жерге қондық. Қуанғаннан концерт көріп отырғандай қол соғып жібердім. Жолаушылар да ұшақтың жерге жұмсақ бауырлағаны үшін қолдарын аямай соғып жатыр. Асанәлі Әшімов ағамыздың мерейтойы керемет өтті. Қазақстанның барлық өңірінен топ-топ болып делегациялар келіпті. Арасында облыс әкімінің орынбасарлары, мәдениет басқармаларының басшылары да бар. Өнер жұлдыздары орын бермейді. Толып жүр. Ақтөбе жұртының сәлемін жеткізіп, сый-сияпатымды тапсырып, ертеңіне пойызға отырдым. Купеде екі адам. Қасымдағы жолаушы келіншек Қызылорда қаласында тұрады екен. Соңына ерткен үш жасар қызы бар.

Өзі пысық. Шүлдірлеп орыс тілінде анық сөйлейді. Қазақша жақ ашпайды.

- Қызыңыз орысша балабақшаға бара ма? - деп сұрадым. - Жоқ, үйде...

- Өздеріңіз үйде орыс тілінде сөйлейсіздер ме?

- Жоқ, мен де, күйеуім де орысша білмейміз. Қызылорда қаласында қазақ мектебін бітірдік, - деді әлгі келіншек.

- Балаңызға орысша сөйлеуді кім үйретті? - дедім таң қалып. - Теледидар үйретті. Күндіз-түні орыс тіліндегі

мультфильмдерді қарайды. Қазақ тілінде мультфильмдер аз ғой,- деп күрсінді ол. Рас. Қазақстанда орыс тілінде балаларға арналған шет ел арналары өте көп. Олар үзіліссіз жұмыс жасайды. Есін жаңа біліп келе жатқан қазақ сәбилерін теледидар да теріс тәрбиелеп, тілін шайнатып тұр... Пойыздың ішінде тоқсаныншы жылдардағыдай сауда қыза бастапты. Түркістанның базары сияқты. Ол аз дегендей, билетсіз мінетін жолаушылар да жағаласып жүр. Бір сатушы алдыма он шақты кітапты тастай салды. Түрі таныс сияқты. Бетін маған көрсетпей алып қаша береді. Өзі мылқау болып тұр. Білдірмей әдейі бір кітабын көпшіктің астына тыға салдым. Сол-ақ екен, әлгі мылқау жігіт дем арасында сөйлеп кетті. Ескі танысым болып шықты. Өмірдің қиындығынан осындай жағдайға түстім дейді. Арал қаласына жақындағанда вагонның ішін тазалауға қолына сыпыртқы алып бір әйел шықты. Бет-аузын орамалмен орап алыпты. Мені танып қалды. Бірақ, өзінің кім екені туралы жақ ашпады. 1997-ші жылдары менімен бірге қызмет жасағанын ғана айтты. Түрін көрсетпегесін есіме түсіре алмадым. Ол да таршылықтан вагон тазалауға шығыпты. Иә, қай кезеңнің де өз тұрмыс түйіткілдері бар ғой. Сүйтіп, үш күндік іс-сапарым осылай

МИКРОБ

Қазір «микроб» десе, бәрі шошиды. Біздің әйел дүниенің бәрін «микроб» деп, далаға шығудан қалды. Жұмыстан келгенде үйдегі жүгірмектерді рахаттанып сүйеуден де қалдық.

Әйелім:

- Ойбай, баланы сүйме микробың жұғады,- деп баж ете қалады. Сол «микроб» демекші, бірде бір әжеміз үйде немересін бетінен сүйіп жатса, келіні жүгіріп келіпті:

- Әже, сүймеңіз, микробыңыз жұғады, - депті.

Сонда әжесі:

- Әй, келін, бұл бала менің миробымнан шыққан микроб,-деген екен. Әжей өте дұрыс айтқан екен.

Сол «микробтар» баяғыда болмаған ау деймін, өйткені мына үлкен кісілер біледі, жеңгелеріміз тамақ ішуге дастархан басына жиналғанда, қасықты тілімен бір жалап, етегіне сүртіп-сүртіп, «мә, тамақ іш» деп бере салады. Одан микроб жұқпайды. Бұрын, совет үкіметі кезінде сағыз деген ауылдық жерлерде мүлдем сатылған жоқ. Тапшы болды. Түсіңде ғана шайнап, шайнаңдап жатасың. Сол кезде сағызды тек дүкенші әйел немесе совхоз директорының баласы ғана мектепке шайнап келеді. Барлық оқушылар соның шайнаңдаған аузына қызығып қарап отырады. Әлгі дүкеншінің қызынан жалынып жүріп әрең дегенде бір түнге әлгі сағызды шайнауға сұрап аласың... Үйге келіп ол сағызды рахаттанып інілеріңнен тығылып отырып шайнайсың, ертеңіне мектепке әкелуге ұмытып кетсең болды, мектепке дүкенші апай қызын ертіп, жүгіріп келеді де, сені алдына салып үйіңе келеді:

- Әй, осы үйде менің қызымның сағызы бар, қайтарыңдар,-деп айқайға басады. Содан жүгіріп барып, жапсырып қойған столдың астын қарасаң әлгі сағыз жоқ, сүйтсем, үйдегі екі оқитын жүгірмек көшеге шайнап кетіпті. Оны іздеп әрең дегенде сағызды тауып қайтарып бересің. Сол дүкенші апайдың қызының сағызын бүкіл ауылдың балалары кезек-кезек шайнап шығады. Бірақ, ешкімге «микроб» жұқпайды. Ешкім жұқпалы аурумен ауырмайды.

Ол уақытта бір-бірінен жеркену деген атымен болған жоқ. Қазіргі адамдарға түсінбеймін, қасындағы отырған адамнан мұрнын басып жеркеніп отырады. Мына көпшілік біледі. Әжелеріміз жаңа туған балаға печениені аузымен езіп-езіп береді. Тіпті олар «бутербродты» ауызбен жасайды. Әжеміз бірінші етті аузына салады, езілгенше шайнайды, одан кейін нанды салады, оны да шайнайды да, сосын:

- Әй, құлыным, аузыңды аш, мә же,- деп баланың аузына салып жібереді. Нағыз диеталық тағам, баланың асқазанына жеңіл. Бірақ, одан балаға «микроб» жұқпайды. Баяғыда бір әжеміз үйге келген қонақтарына шелектен айран кұйып беріп жатыпты:

- Ішіңдер айналайын құлдықтарым, қою айран, майлы айран,-деп жатса, айран құятын ожау қасығы шелектің түбіне бірдеңеге тіреліп қалады.

- Құдай-ау, бұл немене? - деп әжеміз шелекке қолын салып жіберсе, бір зат ілініпті. Айран ішіп отырғандар аң-таң дейді. Содан әжеміз, әлгі шелектің түбінен тауып алған затты тілімен жалап-жалап былай депті.

- Әй, іше беріңдер, ештеңе етпейді, бұл Сайлыбекжанның ұлтарағы ғой,- депті. Мына қазіргі адамдар қолымен ет жеуге қорқады. «Ойбай, ішімізге микроб кетіп қалады» дейді. Бұрындары аталарымыз ауылда той болып, ет жеп болғаннан кейін, «әй, бала бері кел, аузыңды аш» деп, қолымен етін, майын, нанын, жуасын, сіңірін салып «хот дог» жасап, аузыңа асатып жіберетін, соны біздер үйге дейін шайнап барамыз. Бірақ, мироб жүқпайды.

Сол микроб демекші, менің бір құрдасым іссапармен бір ауылдық жерге барады. Ол өзі қалада туып, қалада өскен жігіт қой. Машинамен алты сағат жүріп, шөлдеп, қарны ашып, әлгі ауылға әрең жетеді. Бір ауылдың шет жақтағы үйіне қонақ болып түседі. Сол үйдегі жеңгеміз, аяғы-аяғына тимей шәй жасап жүгіріп жүр дейді. Далада қой сойылып жатыр. Содан дастархан жайылып, шәй әзір болып, кұрдасым төрге отырады. Содан, құм шекер салатын ас қасық іздей бастайды. Оны аңғарған жеңгеміз «Ойбай, шапқылап жүріп ас қасықты қоюды ұтытып кетіппін» деп, қасындағы баласының жарма жеп отырғы ас қасығын жұлып алып, аузымен жалап-жалап, етегіне сүртіп:

- Мә, ала қойыңыз,- депті. Шөлдеп келген құрдасымның шөлі бірден қана қойыпты. Содан өзін-өзі жұбатып, «шәй ішпесем, қуырдақ жермін» деген оймен далаға шығады. Далада ошақта отта қазан қызып жатыр. Бір кезде жаңағы жеңгеміз үйден жүгіріп шығады да, әлгі қазанға келіп, «тфу, тфу» деп аузының үшымен қазанға түкіреді. Қызған қазан «быж» еткенде, жеңгеміз, «ойбай, етті әкеліңдер қазан қызды» деген екен. Оны көрген құрдасым қуырдақтан да қағылады.

Сосын әбден қарны ашып, «қой, ең болмаса етті жермін» деп өзіне өзі келіп үйге кіреді. Ет дайын болғанда, әлгі бала сияқты қалбаңдап жүгіріп жүрген жеңгеміз, қолына құман- леген алып жүгіріп келеді. Құрдасым қолын жуып болып дастархан басына отырады. Пысық жеңгеміз болса, әлгі қол жуған легенді төгіп, мұздай сумен шайып-шайып ет салып, дастархан басына алып келіпті. Құрдасым ақыры сол ауылдан аш қайтыпты.

ӨЗ КҮНДЕРІҢДІ ӨЗДЕРІҢ КӨРІҢДЕР...

Менің сүйікті әкімім Талтаңбай жұрт қатарлы бір қабатты үйде тұратын еді. Көршісі Бәтима күнде-күнде келіп маза бермеді:

- Ауылға газды қашан тартасыңдар? Малдың соңынан қапшық ала жүгіріп, қай заманға дейін қи жағамыз. Қымбат несиені алып-алып, осылай банктерге малай болып жүре береміз бе? Жеріміз бай болса да кедейміз...

Бәтима кезінде клубта әнші болған. Мына сөздерін жоқтаудың нақышына келтіріп сайрағанда адамның жүрегі ауырып, денесі түршігеді. Күнде таңертеңнен бастап кеш батқанға дейін зарлайды. Талтаңбайдың әбден мазасы кетті. Дереу бір қабатты үйінің үстіне екінші қабатты тұрғызды. Бірақ бәрібір тыным болмады. Ентігіп есікті Қиқарбай қақты:

- Талтеке, балам қызыл дипломмен жоғары оқуды аяқтады. Бір жұмыстың реті болса...

- Жұмыс жоқ... Қайдан болсын? - деп Талтекем есікті тарс жапты. Қаны қайнады. Шыдамы таусылып үшінші қабатты тұрғызды. Шамалы жерден биіктеді, бірақ есіктің қоңырауы тағы шыр етті.

- Айналайын, қайда жоғарылап барасың? Азық-түлік екі есе қымбаттады. Бензиннің бағасы ұшып түр,- деді Боранбай қарт қақалып. Ар жағынан ентігіп ауылдың мектеп директоры Қауғабай келді:

- Айналайын Талтаңбай, бір шара жасамасаң болмайды. Оқушылар мектепке емес, мешітке барып оқимыз дейді. Салт-дәстүріміз жойылып барады. Жастар өзге үлттың діни секталарына кіріп жатыр. Мына қарқынмен жүре берсек, қазақ деген ұлт құрып, ата-бабамыздың найзасының ұшымен қорғап қалған атамекені алыпсатарлар мен келімсектердің қолдарында кеткелі тұр...

- Оған менің не қатысым бар? Барыңдар, мазамды алмаңдар,- деп Талтаңбай креслосына жалп етті. Есікке күнде маза жоқ. Үйдің қабаты да биіктеп барады. Бүгін он бірінші қабатқа көшті. Бұрынғыдай емес, биік. Халықтан жоғары. Аспанда құстар ұшып жүр. Тыныштық. Көзі төмен қарай түсіп кетіп еді. Өрмелеп Қоңқыш келе жатыр.

- Әй, Қоңқыш саған не керек?- деді әкім қарлығып.

- Басеке, қайда кетіп барасың биіктеп, бізден неге қашасың? - Онда сенің шаруаң болмасын!- деді Талтаңбай танауын

таңқитып.

- Тәке, өткен жылы маған пәтер жағы шешіледі деп едіңіз, сол не болды?

- Не болсын, пәтер жоқ... Пәтер керек болса балшықтан тұрғызып алыңдар, нан керек болса егін егіңдер. өз күндеріңді өздерің көріңдер. Менің құлағыма тыныштық беріңдер,- деп, Талтекем көктіктен аузы көпіріп талып қалды. Қасындағы көмекшілері үйдің қабатын одан әрі жоғарылату керек, сонда ғана тыныштық орнайды деп ұсыныс айтты.

Қанша биіктесе де халық оған маза беретін емес, құлағынан ызың кетпеді. Тағы да он қабатқа жоғарылады. Жиырма бірінші қабатта Талтекең теңселіп түр. Жерге қараса жүрегі айниды. Бұлттың арасынан басын қылтитып жан-жағына қарайды. Гүрілдеген қатты дауыс шықты. Шошып кетті. Бүл аспанда ұшып бара жатқан ұшақ еді. Талтекеңнің қазір төменге түспегеніне төрт жыл болды. Құлағы тыныш. Өзін Қүдайға бір табан жақындағандай сезінеді. Әйтеуір мәз. Бірақ, жердің ауасы басқа ғой. Ол кәдімгідей аяғымен жер басып жүрген шақтарын сағынды. Бір кезде хатшы оған төменде айқай-шу төбелес болып жатыр, олар жоғарыға өрмелейміз деп шешім қабылдапты деп еді. Талтаңбай дір ете қалды. Қасындағы нөкерлері де қалтырады. Тірсектерінің дірілі қатты болды. Үйдің қабырғалары сөгіле бастады. Тағы да бес қабат тұрғызып, жоғарылағысы келіп еді. Өкінішке орай олай болмады. Үйдің ірге тасы соншама биік қабаттың салмағын көтере алмады, опырылып жерге қүлады. Талтаңбай командасымен құлаған үйіндінің астына көміліп қалды. Ол үшін мәңгі тыныштық орнады.

«Биіктеу бар жерде, құлау бар» деген міне осы.

ТАС МҮСІНДЕР НЕГЕ ТІРІЛДІ?

Жұмыстан шаршап келіп диванға құлай кеткен бойым. Әйелім қалбалақтап жүгіріп келді:

- Отағасы, балаң өзіңе ұқсапты.

- Немене бұрын көршіге ұқсайтын ба еді?

- Қойшы, қайдағыны соқпай

- Онда неге айтып тұрсың?

- Мына қолымдағы дәптерді қара, қазақ тілі сабағынан «Ескерткіштер ереуілі» деген шығарма жазыпты. Қаламының қарқыны жаман емес.

- Бері әкелші! - дедім де, көз жүгірттім. Ұйқым шайдай ашылды...

...Ақтөбеде адам сенгісіз оқиға болды. Аспанда тік ұшақтар ұшып жүр. Жерде полиция қызметкерлері биттей өріп кеткен. Жүздері жылы емес, қабақтары қатайып, дубинкалары қақайып түр. Әбілқайыр хан даңғылының бойындағы облыстық соттың үйіне қарама-қарсы орнатылған ақын Нүрпейіс Байғаниннің ескерткіші тал түсте жоғалып кетіпті. Иә, ұрланбаған, кәдімгідей жан бітіп тұра қашыпты. Оны көрген-білгендер бар екен.

- Мен Нүрпейіс атамыздың домбырасын арқалап, басын бір шайқап кетіп бара жатқанын өз көзіммен көрдім, - дейді бір еркек шошып. Тып-тыныш отырған әкімшілік қызметкерлері де аяқ астынан әбігерге түсті.

Бір кезде тағы бір шұғыл хабар келді. Т.Ахтанов көшесіндегі № 2-ші қалалық аурухананың бұрышында орналасқан халық жазушылары Тахауи Ахтанов пен Қуандық Шаңғытбаевтың ескерткіштері де орындарынан тұра зытыпты. Аурухананың қасында тұрған бір адам мұны көріп жүрегі ұстап талып қалыпты. Бұл не сұмдық? Тасқа қалай жан біткен? Енді мына қызықты қара, қалалық әкімшілікке қарама-қарсы тұрған Әйтеке би бабамыз да орнында жоқ болып шықты. Ақтөбедегі тарихи ескерткіштер тіріліп, тұрақты жерлерінен қашып жатыр. Қолындағы қола найзасымен Тілеу Айтұлы батырдың таң атпай көшеде атпен шауып бара жатқанын да біреулер байқап қалыпты. Облыс әкімшілігінің алдындағы Әбілқайыр ханның өзі жоқ та, астындағы тұлпары тұр. Мына көрініс адам баласының зәресін алды. Тура ертегідей ескерткіштерге жан біткен. Полиция қызметкерлері оларды іздеп әлекке түсті. Әзірге түк нәтиже жоқ. Содан түс ауа Ақтөбедегі барлық ескерткіштердің орталық стадионның алдына жиналып тұрғанын естіпті. Тек, неге екені белгісіз, Левон Исаевич Мирзоянның ескерткіші келмепті. Ол бір өткен ісіне қатты ұялып тұр дейді. Барлық құқық қорғау бөлімшелері дем арасында улап-шулап оларды сыртынан қоршап алды. Мінбеде ақын Нүрпейіс Байғанин сөз сөйлеп тұр.

- Менің айтайын дегенім, құрметті қазақтың бір туар тұлғалары, мен домбырамды құшақтап облыстық сот ғимаратының алдында не бітіріп тұрмын? Сотталғандарға жоқтау айтып отырмын ба? Неге мен қаладағы өз есімім берілген Н. Байғанин атындағы балалар кітапханасының алдында шалқайып тұрмаймын?

- Өте дұрыс, қолдаймын, тамаша! - деп біреу шіңк-шіңк етті. Бұл облыстық филармония ғимаратының артында жасырынып тұрған қызылдың көсемі Ленин екен. Ол да мұнда келіпті.

- Менің атымда театр бар екен, рахмет, бірақ біз бір жақта, театр бір жақта тұр. Інім Қуандық Шаңғытбаев екеуіміз аурухананың есігін күзетіп отырғандаймыз,- деді Тахауи Ахтановтың мүсіні мұңайып.

- Дұрыс айтасыз, Таха! - деді Қуакең. — Отыра-отыра жалықтық. Біздер мұнда тұрғаннан гөрі, ең болмаса театрға кім келіп, кім кетіп жатқанын қарап тұрғанымыз жақсы еді.

- Қазақ театрын салу керек қой, - деді Нүрпейіс Байғанин домбырасын жоғары көтеріп.

- Браво, «кино мен театр — халықтікі!», мен бұрын осылай айтып кеткенмін,- деп Ленин ата безілдеп қояр емес. Бірақ, ешкім оған көңіл аударып жатқан жоқ. Кремльде алқалық мәжілісте тұрғандай өзімен-өзі алақанын ұрып мәз.

- Ленин мырза, басыңыздағы бөрікіңіз қайда?- деп сұрады бір ескерткіш.

- Оқасы жоқ, бөркімді Сталин мырзаға беріп едім, оны неге сұрадыңыз?

- Басыңызға торғай сарып-сарып кетіпті.

- Аа, кешіріңіздер,-деп ол басын сүртті.

Келесі сөзді Әйтеке би бабамыз алды.

- Қазірде кім өз орнында тұр дейсің? Мен де Ыбырай Алтынсаринның көшесін күзетіп тұрмын ба? Менің атымдағы көше тіпті басқа жақта жатыр.

Осыны ойлайтын біреу бар ма?

- Жоқ,- деді бір мүсін

- Түсінбей қалдым, не дейсіз?- деді Ленин құлағын елеңдетіп. - Ту, Владимир Ильич, сен сөзді бөле бердің ғой, Әйтеке, дұрыс айтасыз, бүгінде біз түгілі адамдар да өз орындарында отырған

жоқ,- деп қабақ шытты Әбілқайыр хан.

Еее! - деп күрсінді Мөңке би бабамыз. — Ақыр заман болғанда ішкенің сары су болады деп едім. Айтқаным келді. Мен тұратын жерде түнімен жастар сол сары суды сіміріп ішіп, бөтелкесін айналама лақтырып кетеді.

- Айтпақшы, қазір жер мәселесі көтеріліп жатыр, жер шаруаларға берілсін!- деп Ленин атамыз тағы шіңк ете қалды.

- Тоқтай тұр, жер мәселесін шешетін сен емес,-дей бергенде Тілеу батырды полиция найзасынан түртті.

- Сен кімсің?

- Полициямын.

- Бұл кім тағы? - деді батырдың мүсіні таңданып.

- Тәке, бұл осы заманның нөкерлері ғой,- деді Бөкенбай батырдың мүсіні.

- Ммм, нөкер балам, маған бірдеңе айтасың ба?

- Жоқ, сіздер не істеп тұрсыздар? - деді полиция қызметкері. - Көріп түрған жоқсың ба? Мұнда ескерткіштердің жиналысы

болып жатыр.

- Рұхсат қағаздарың бар ма? Бұл жерге үш адамнан артық жиналуға болмайды. Кетіңіздер.

- Әй, балам-ай, осы жерді найзамен қорғаған біздер ғой,- деп қолындағы найзасын полицияға ұстатты. Ол батырдың найзасын көтере алмай, бұты қисайып теңселіп кетті.

- Ойбай-ау, осы заманның ұрпақтары найза көтере алмай ма? - деп мырс етті Тілеу батыр. Тарихи тұлғалардың тас мүсіндері ду күлді.

- Сендер дұрыс айттыңдар, бірақ Қазақ елінің болашағы алда екенін алыстан көріп тұрмын. Ақтөбе қаласы, бұйырса 3-4 жылда көркейіп әсем, әдемі қалалардың біріне айналады,- деді үш жүз жылды алдын ала болжаған Мөңке би баба.

- Әумин! - деп барлық ескерткіштер шулап кетті...

Міне, балам шығармасын осылай аяқтапты. Қатты ұнады. Ұлымның мына шимайына кәдімгідей мәз болдым.

МАҒАН НЕГЕ ТИІСЕ БЕРЕДІ?

Соңғы кездері әйелім маған тиісіп жүр. Таң атпай таңдайы тақылдайды.

- Осы жұрттан неге үйренбейсің? Болмаса өзім үйретемін, -дейді.

- Қатын-ау, кімнен не үйренемін? - деймін кеңірдегім қылғынып. Бесіктегі бала емеспін ғой...

- Білмеймін үйрен...

- Нені?

- Жұрттың байлары керемет әкіммен дос, бірге қыдырады. - Қыдыра берсін.

- Жұрттың байлары шет елде тынығады.

- Тыныға берсін.

- Сен сияқтылар баяғыда екі қабат коттедж тұрғызып алды. - Тұрғыза берсін

- Сүмелек, сенің қолыңнан түк келмейді үйрен, үйретемін -деп, оқтаумен тұра қуды.

Әрең қашып құтылдым. Жұмысқа келдім. Бастығымда әйел адам. Кабинетіне шақырып алды.

- Осы сен неге үйренбейсің?

- Үйленбейсің, кімге?

- Жоқ, үйренбейсің?

- Не үйренуім керек?

- Білмеймін, бір нәрсе үйрен, болмаса үйретемін, - деп, ол да көзін алартты. Бұларға не болған? Қазір өңкей үйреткіштер көбейіп кетті. Мен не, цирктегі аңмын ба?...

Әлде мен осы уақытқа дейін маңызды бірдеңені үйрене алмай жүр ме екенмін? Өзім «ымды» түсінбейтін бейшарамын. Әйелімнің де, бастығымның да айтуы дұрыс шығар. Бірақ, олар ашып айтпайды, қашып айтады. Әкімшіліктен шыға берісте таныс келіншек кездесіп қалды. - Үйреніп жатырсыңдар ма?

- Түсінбедім не үйрену керек?

- Жақсы үйренерсің-деді. ”Осы уақытқа дейін не

үйренгенбіз?” дедім көмейдегі тіліммен міңгірлеп. Қалта телефоным “зың-зың” етті. Біреу:”Аюға намаз үйреткен таяқ.Үйрен”- деп, қысқаша хат жазып жіберіпті. Әрине, үйренген жақсы ғой. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген бар емес па? Білмеймін әйтеуір, соңғы кездері “Үйреніңдер, үйретеміз” деген сөздер құлағымның айналасынан өлімтікке үймелеген көк шыбындар сияқты ызыңдап кетпей қойды. Сонда, кімнен не үйренеміз? Құдай-ау, бізден неге үйренбейді?-деймін бір жеріме қарамай...

ОПЕРАЦИЯ «Т»

Театр. Көреремендер залы. Ұжымдық жиналыс өтіп жатыр. - Көрермені жоқ театр көгермейді, - деп ұжым директоры столды жұдырықпен тарс ұрды. Қызметкерлері селк ете қалды. Расында да көрермен залының отырғыштары құйрық иіскемегелі көп болды.

- Бізге қалай болғанда да театрға көрермен тартуымыз керек, оның ішінде «зиянды қауымды», ааа кешірерсіздер «зиялы қауымды» келтіруіміз керек, - деді директор ерні жыбырлап. Режиссер тұрып айтты:

- Ол үшін кімде - кім қойылымдарға үнемі келетін болса, оған бір келі шай, екі келі картоп, жуа үлестірейік. Бас есепшінің аузы ашылып, көзі ұясынан шығып кетті.

- Бұл базар емес, екіншіден қарсымын...

- Ммм, кешіріңіздер, мүмкін бір билетке бес адам кіреді десек ше?- деді көркемдік жетекші аузын керіп есінеп. Оның ұйқысы ылғи қанбай жүреді. Барлығы жақтырмай бажырайып бетіне қарады.

- Театрға қөрермен тарту үшін спектакльдерге ең алдымен Әкім бастап келу керек, - деп қойып қалды біреу. Кімнің аузынан шыққанын ешкім аңғармай да қалды.

- Өте орынды, өте дұрыс, бірақ... Әкімді қалай келтіреміз?-деді бір жасы келген актриса көзіне жас алып... Бұл ұсыныс барлығына ұнап қалды.

- Әкім келсе театрға абырой ғой, - деп бес-алты

қызметкерлер қосылап еңіреп жылап қоя берді.

- Әкімнің төбесін көрмегелі қай заман? - деді тағы біреулері күңкілдеп.

Енді Әкімді кабинетіне кіріп, театрға шақыратын жүректі адам табыла қоймады. Мысықтың мойнына қоңырау байлайтын тышқан таппағандай болды. Бір кезде біреу:

- Мен білемін қалай шақыру керек екенін, - деді.

Бұл қырық жылдан бері театрда қызмет етіп келе жатқан билет тексеретін Тамара апай еді.

- Иә, қалай? - деп директор орнынан өре түрегелді. - Ол былай, әкімшіліктің ғимаратында еден жуатын Қатира

деген әйел бар.

- Еден жуатын әйелді неге маған айтып тұрсыз?

- Орталық базарда бір Рита деген цыған қатын бар, сол адамдарды дуамен қосады, дуамен айырады.

- Сіз не айтып тұрсыз, цығанның айырып - қосқаны маған не керек? Маған Әкімді театрға қалай келтіреміз, соны айт...

- Кешіріңіз, сіз менің сөзімді толық тыңдап алыңыз. Сол цыған әйел суға үшкіріп оқиды. Сол суды акиматтың Әкім жүретін жеріне шашып кетсе болды. Әкім түгілі барлық әкімшіліктің қызметкерлері театрдың тұрақты көрерменіне айналады.

- Мынауың қызық екен, ал еден жуатын әлгі Қатира апайдың не қатысы бар? - деді директор таңырқап.

- Қатира жаңағы цыған үшкірген суды әкімшіліктің айналасына шашады...

Жиналыс бір шешімге келген сияқты. «Театрға көреремен келтіру» операциясы қызу жұмысқа кірісіп кетті. Директор елеңдеп зиялы көреремендерді күтіп жүр. Әзірге ешқандай хабар жоқ. Цыған әйел өз жұмысын аяқтапты. Еден жуатын Қатира суды бір емес, бірнеше рет шашыпты. Бір күні директордың қабылдау бөліміндегі телефон шыр ете қалды

- Әлеу, бұл театр ма?

- Иә, театр.

- Бұл әкімшіліктен, сіздерде бүгін қандай қойылым болады? - «Шолпан - Айман» деген күшті спектакль болады, -деді

театр қызметкері.

- «Айман-Шолпан» болар...

- А... иә, солай шығар...

- Бүгін қойылымдарыңызға Әкім барады, директорыңызға ескертіңіз, - деді де телефон тұтқасын қоя салды. Бұл хабарды естігенде театр директоры талып қалды. Қорыққаннан емес, қуанғаннан. Есін жиып дереу ақпарат құралдарын шақыртып, бүгінгі қойылымға Әкім келетінін хабарлап жіберді. Сол-ақ екен, кассадан көгеріп өтпей жатқан билеттер зуылдай бастады. Дем арасында театрдың кассасы кезекке айналды.

- Маған 10 билет беріңіз, -деп облыстық білім басқармасынан келген маман бажырайды.

- Кезекке тұрыңдар, менің кезегім келді, 25 билет беріңіз,- деп бір топ кәсіпкерлер теңгелерін шытырлатып жатыр. Бас- аяғы 1 сағатта барлық мекемелер билетті талап кетті. Билет жетпегендер бір-бірімен төбелесіп қалды. Ішкі істер басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасының басшылары театрдың артына жекпе -жекке шықты. Қысқасы бүгін аншлаг...

Директор мәз. Кешке бұйырса Әкімді өзі күтіп алады. Қайта-қайта сағатына қарайды. Уақыт тұрып қалған сияқты. Кабинетінде өзімен өзі амандасып дайындалып жүр. Спектакльдің басталуына жарты сағат қалғанда сыртта қатты айқай-шудың дыбысы естілді. Терезеден басын шығарып қарап еді. Мәссаған, кассаның алдында 300-ге жуық адамдар билет іздеп жүр. Көбісі ауданның басшылары мен нөкерлері екен. Бұл хабар оларға да жетіпті. Театр қызметкерлерінің қолдарында құшақ-құшақ гүлдер. Бір апамыз шашу шашуға дайын тұр. Зал лық толы. Сахнаға қойылым режиссері Тағзым ақсақал шықты.

- Ал құрметті көреремендер, Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап әзірлеген «Айман-Шолпан» қойылымына қош келіпсіздер. Сіздерден рұхсат болса, біз бастаймыз...

- Рұхсат жоқ, - деді залдан біреу. Жұрт елең ете қалды. - Неге рұхсат жоқ?

- Әкім кешігіп жатыр...

Зал шулап кетті. Кейбіреулер күтеміз деді, біреулері бастаңдар деді. Енді біреулері жұмысы көп қой, халықтың қамын ойлайды десе, басқалары қазақтың өнеріне бас имейді де, қайдағы бір қаңғып келген шет елдің опера-балеттеріне барғыш, - деп жатыр... Тілін тістеп үнсіз отырғандар да көп. Олар бюджеттік мекеменің басшылары. Әкімге айтылған сөздерді жақтырмай отыр.

- Шырақтарым-ау, бастасаңдаршы! - деді бір қария. - Жоқ, бастамайсыңдар! - деп аппарат жетекшісі бақырып

жіберді.

- Бастаңдар, бастаңдар деп көпшілік көрермен қояр емес. Театр директоры мен бас есепші қорсылдап жылап тұр. Әкім келмей қалса билеттер кассаға кейін қайтады. Жұрт келіншек

күткентей Әкімді күтіп отыр. Бір сағат уақыт өтті. Хабар жоқ. Бір кезде сырттан бір жүгірмек ентіге жүгіріп келді. «Әкім келе жатыр, алақай әкім келе жатыр». Көрермендер ұшып тұрып шапалақ ұрып жатыр. Қойылым басталып кетті. Әкімнің көзі сахнада. Көрермендердің көзі Әкімде. Орынбасарлары оның бетіне жалтақ-жалтақ қарап қояды. Мәдениет басқармасының бастығы Әкімді алыстан айнамен бақылап тұр. Ол күлсе күледі. Қас-қабағын аңдып отыр. Өйткені, қойылым ұнамай қалса ше?... Барлығының жандары мұрындарының ұшына келіпті. Әйтеуір, қойылым өз дәрежесінде өтті. Көрермен қайта-қайта қол соғып жатыр. Әкім орнынан тұрып қол соқты. Мұндай хошеметті түсінде көрмеген әртістер мәз. Бірақ, қуаныш ұзаққа бармады. Әкімнің отырған орындығына біреу сағыз жапсырып кетіпті. Су жаңа шалбар бүлінді... Полиция шақырылды. Олар шайналған сағызды экспертизаға жіберді. Барлық театр қызметкерлерінің аузынан сілекейлері алынып арнайы зертханаға жіберілді. Ешқандай нәтиже жоқ. Театрда сағыз шайнаған адам ақыры табылмады. Облыс әкімнің орынбасары мәдениет басшысына қатты-қатты айтып ұялтты. Мәдениет басқармасының бастығы театр басшысын аямай сөкті. Театр директоры бірінші орынбасарын ішінен тепті. Орынбасары шаруашылық бөлімі бастығының бетін тілді. Шаруашылық бөлімінің бастығы еден сыпыратын әйелді жұмыстан шығаруға ұсыныс түсірді. Міне, аяғы осылай бітті...

ТҮСТЕ КӨРГЕН ТҮС

Бүгін әкімшілік ғимаратында ерекше жиналыс болды. Мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлерге ұйқышыл, маубас болмауға және жаман түстер көруден бас тарту керек екені айтылды. Әсіресе, түс көргіш мәдениет басшысына қатаң ескерту жасалды. Жаман түстер көрмеу үшін сергектікті күшейтетін дәрілер ішуге кеңес берілді. Үнемі жақсы түстер көруге шақырды. Тіпті, әкім «Жақсы түс - жарым ырыс» деп мақалды да өзгертіп жіберді. Сонымен бірге ұйқы дәрісін жұмыс кезінде емес, кешке ішу керек деп ақырғы рет ескертілді. Соңғы кездері неге екені белгісіз, бәрімізде жиналыс кезінде қалғып кетуді әдетке айналдырып алдық. Бір күні түс мезгілінде кезекті жиылыста көзім ілініп кетіпті.Түс көріп жатырмын. Масқара, түсімде өзімді өзім жек көріп кетіппін. Айнадан көрсем боқтап жіберемін. Жынданған жоқпын, денім сау. Бірақ, өзімді ұнатпай жүрмін. Біреу мені бетімнен шапалақпен тартып жіберсе екен деймін.

Көшеде кетіп бара жатқан бір жігітті тоқтаттым.

- Айналайын, амансың ба?

- Жоқ, Аман емес, Жөкетаймын.

- Кім болсаң да бір өтініш бар еді, мені сабайсың ба? - дедім. Әлгі жігіт шошып кетті. Көзін алартып:

Ағатай, қуасыз ба не? Мен сізді не үшін сабаймын? - Өзіме жыным келеді, ең болмаса бір тепші, - дедім. - Басыңыз ауырады екен, ағай, - деді де, Жөкетай жүгіріп кетті. Жан-жағыма қарасам, ербеңдеген бір кісі келе жатыр. - Ассалаумағалейкум, ағасы, мені сабайсыз ба? - Айналайын сен не деп тұрсың? Мен не, көшеде адам

сабайтын бұзақыға ұқсаймын ба?

- Жоқ, ұқсамайсыз.

- Мен қалалық білім басқармасы бастығының орынбаса-рымын. Мұғалімнің адам сабағанын қайдан көрдің?

- Интернеттен көрдім.

- Не айтып тұрсың?

- Аға, кешіріңіз жарайды, айып етпеңіз.

Ол кісі маған қабағын түйді. Негізі бір сөз айтсам шынымен де сабайын деп тұр. Бірақ, бұл кісіден таяқ жегім келмей кетті. Томпаңдап біреу асығыс келе жатыр.

- Жолыңыз болсын.

- Рахмет.

- Мені сабайсың ба?

- Түсінбедім...

- Мені бір ұршы деймін...

Әлгі жігіт шошып кетті. Алды-артына қарамай тұра қашты. Қолында папкасы бар бір мұртты адам көрінді.

- Кешіріңіз, бір өтінішім бар еді, - дедім.

- Оқасы жоқ, айта беріңіз, - деді әлгі адам.

- Мені сабайсыз ба?

- Сіз де кешіріңіз, менің қолымнан адам сабау келмейді, мен сіз түгілі үйдегі әйеліме қол көтеріп көрген адам емеспін. Мен өте мәдениетті жанмын, - деді.

Сөйтсем, ол әкімнің орынбасары екен. Бұл кісі мені көрсе, мұрты қисайып қалады.

- Онда кім адам сабайды екен, айтып жібермейсіз ба? - Полиция бөліміне барыңыз.

- Олар адам сабай ма?

- Айта алмаймын.

- Қойыңыз, олар адам ұрмайды, қайта қорғайды,- дедім. - Онда өзіңіз біліңіз, - деді ол. Ойланып қалдым, не болса да

барып көрейін дедім.

- Сәлеметсіз бе?

- Тыңдап тұрмын, сізге кім керек?

- Сіздерде адам ұра ма?

- Түсінбедім, не деп тұрсыз?

- Менің өз-өзіме жыным келеді.

- Сонда не дегің келіп тұр, жолдас азамат,- деп полиция бөлімі басшысының даусы қатты шығып кетті. Енді бірдеңе десем ұратын сияқты. Бірақ, ойланып қалдым. Томардай жұдырығымен қақ маңдайдан бір қойса нем қалады. Үндемей тайып тұрдым. Әкімшілік үйіне келдім. Тура әкімнің кабинетіне бас салып кіріп бардым.

- Ассалаумағалейкум!

- Әликумассалам!

- Сізде бір тығыз шаруам бар еді.

- Қысылмаңыз, айта беріңіз! - деді әкім.

- Сіз мені жұдырық емес, шапалақпен бетімнен салып жібересіз бе?

- Ойбай, айналайын не айтып отырсың? Әкім адам ұра ма? Мен сен ойлағандай бұзық, дөрекі, әртістермен саунаға түсетін әкім емеспін. Жаман әдеттерден аулақпын. Мен танымайтын адамды ұрмаймын. Сені білмеймін. Сондықтан, кешіріңіз, жолыңыз болсын!

Аа, жарайды, айып етпеңіз, -деп шығып кеттім. Кешке дейін көшеде жүрдім бір адам баласы тиіспеді. Әркім өз шаруасымен жүр. Қас қарая үйге келдім де айнаның қақ алдына барып, өзімді жеті атамнан бастап боқтай жөнелдім.

Бір кезде айнадағы бейнеме тіл бітті:

- Ей, бетің табақтай болған неме? - деді

- Ау, не болды? - деп жауап бердім. Шошып кеттім. Айнадағы сурет өзім.

- Бақандай жиырма жыл театрға өміріңді арнағанда басыңа мүйіз шықты ма?

- Жоқ.

- Жұртты күлдіргеннен омыруыңа орден тақты ма? - Қандай орден?

- Ақымақсың?

- Неге? - дедім өзіме-өзім.

- Былтыр Астана қаласында Ақтөбенің мәдениет күндері аталып өтті. Қолына қалам ұстағандардың кітап көрмесі болды?

- Иә, ол жерде менің кітаптарыма орын жетпей қалды ғой, келесіде міндетті түрде қоямыз, - деді. Озіңнен өзің қорыққан жаман екен.

- Ынжықсың, неменеге ылғи сені ұмыта береді. Мәдениетте отырғандар да өңшең склероз ауруын жүқтырып алғандар. Осыдан алты-жеті жыл бұрын Ақтөбе облысы қаламгерлерінің «Жәдігер» атты топтамалары шықты. Кітаптың ішінде бір шығармаң жоқ. Марқұм жазушы-сатирик Сейіт Кенжеахметов ағамыз күліп кетті.

- Иә, мен де қатты күлдім.

- Кімге?

- Өзіме күлдім.

- Ақтөбе қаласын айтпағанда, Шалқар ауданының бірінші энциклопедиясы шыққанда да саған бір парақ қағаз жетпей қалыпты.

- Сол бір парақ ақ қағазды апарып беріп едім, кеш қалыппын. - Осылай сүмірейіп жүре берсең әлі талай нәрседен құр

қаласың.

- Келесіде ескереді ғой, - дедім міңгірлеп.

- Оған дейін ескіріп қалсаң ше?

- Көрерміз...

- Айтпақшы, өзің құраған «ЕКІ ЕЗУ» сатира театрың қайда? - Бар ғой.

- Театрды жауып, елді күлкісінен айырған кімдер? - Күлмейтін, қытығы жоқ адамдар.

- Биыл «ЕКІ ЕЗУ» театрына 20 жыл, өзің ел ағасы 50-ге толады екенсің ғой. Құтты болсын!

- Рахмет!

Айнадағы өз сұлбам маған ұрысып, әкемді танытты. Намыстанып кетіп, өзімді қақ маңдайдан бір қойдым. Жұдырықпен бүйірімнен бір соқтым. Шашымнан ұстап алып жарға ұрдым. Көзім жарқ ете қалды. Басым айналып жерге құладым. Есімді жисам үйдегілер қоршап отыр.

- Ойбай, сені кім ұрып кетті. Бұл қоғам іріп-шіріп кетсе де ештеңе жазба дедім ғой, - деп шешем айқайлап жатыр.

- Ешкім ұрған жоқ, өзімді өзім сабадым.

- Көтек, жындағансың ба?

- Солай шығар. Айнадағы бейнеммен сөйлескенімді ешкім білген жоқ. Ал, мен болсам өзімді өзім сотқа беруге бел буып жатырмын.

Бір кезде біреу түртті. Сүйтсем, жиналыс аяқталып, адамдар орындарынан тұрып жатыр.

ТЕАТРҒА ӘКІМ КІРІП КЕТТІ...

Бізге жаңа әкім келді. Жаңа әкімнен жаңалық күту халықтың арманы ғой шіркін! Жаңа басшы келгелі мемлекеттік орындарда тыным жоқ. Қайдан тыныштық болсын? Әр бастық өз қара басының қамын ойлап сандарын соғып жүр. Жұрттың бәрі «жаңа әкім ескертусіз, нөкерлерсіз кіріп келеді» деген соң, облыстық мәдениет басқармасының да мазасы қашты. Олардың мазасы қашса мәдениет мекемелеріне тыным жоқ. Облыстық театрдың жаңа маусымының ашылуына облыс әкімі келіп қалуы мүмкін деген сыбыс тарағалы театрдың төрт есігіне тәулік бойы қарауыл қойылды. Әрине, ол кісі келсе жақсы ырым ғой. Содан не керек, театр әкімшілігінің күн ұзақ күткен аса қадірлі қонағы келмеді. Кешкілік театр жаңа қойылымын әкімсіз бастап жіберді. Залда жарық өшті, шымылдық енді ашыла бергенде қою қараңғыда екі кісі ербең етіп кіріп келді де, алдыңғы орындарға жайғасты. Сол – ақ екен билет тексеруші бір келіншек: -Ойбай, ойбай, театрға әкім кіріп кетті,-деп, ойбайлап жүгіріп келді. Қаралы хабар әкелгендей қабағы түсіп кеткен. Театрдың ішінде жүрген бірең – сараң мұны естіп, қараңғы жерге зып берді. Мұндай хабарды тосыннан естіген театр директоры шошып, есеңгіреп қалды. Ғимаратта жүргендер сендей соғысты. Өйткені, бұл театрға ешқашан әкім аяғын баспапты. Билет тексеруші құбыжық көргендей есін жияр емес. Тірі әкімді көрмеген байғұс талып жатыр. -Жағың қарыссын, адамның жүрегін жара жаздадың ғой,- деді театрдың бас әкімшісі Мүгілсін. Ол да тірі әкім көрмеген бейшара ғой.

- Шырағым, неге шошисың? Ол да адам баласы ғой, - деді бір аға әртіс.

- Мен осы уақытқа дейін спектакльге әкімнің келгенін көрген емеспін, - дейді әлгі келіншек ентігіп. Шыныменде көзі шарасынан шығып кеткен. Бетіне мұздай су бүркігеннен соң қалпына келе бастады. Бұл хабарды естіген еден сыпырушылар театрға адам жегіш маньяк кіріп кеткендей сыпыртқы мен шелектерін тастай сала қашыпты.

- Көрмесең міне көрдің, бұл біз үшін үлкен қуаныш,-деп жатыр театрдағы үлкендер қауымы.

Бүл әңгіме қас-қағымда сахнадағы әртістердің құлағына да жетті. Әкім көрмеген жас әртістер сөздерінен шатасыпты. Театр басшысы әлі есін жинай алмай әбіржіп тұр. Оның ойы әкімді сырттан дұрыс күтіп ала алмады. Сол үшін ертең басқарма басшысыан сөз естиді. Күткен күзетшілері қырағысыз болып шықты. Өзінің басын өзі ұрып отыр.

- Театрға келген облыс басшысымен қалай болғанда да тілдесіп қалуымыз керек, - деп бір ақ шашты, көпті көрген актриса апай ұсыныс тастады.

Театр қызметкелерін әкімнен үрікпеуге, қорықпауға шақырды. Олар қойылым біткенше шағын дастархан әзірлеп үлгерді. Ойлары өнердің қара шаңырағында отырып, театрдың шешілмей жүрген үлкен мәселелерін айтып қалу ғой. Тарихи қойылым керемет өтті. Халық жылы ықыласпен қабылдады. Залда жарық жанған кезде театр директорының жүрегі орнына түсті. Облыс әкімі деп күтіп отырғандары қаладағы белгілі ұстаз, профессор Жартай Жаржанов болып шықты. Қасында Желдібай Бермағамбетов деген атақты зейнеткер бар. Сүйтіп, театр ұжымы бір дүрлікті.

СІЗ СУРЕТКЕ СЕНЕСІЗ БЕ?

Осыдан біраз бұрын, шамамен 2009 жылы, Ақтөбе қаласының қақ төріне қазақ театры салынады деген елді елен еткізетін елеулі оқиға болды. Мұны жергілікті газет – журналдар жарысып жазды. Әсіресе, бір ғимаратта тығылып отырған қазақ пен орыс туруппалары үшін тіпті керемет жаңалық десе болады. Қуанғаннан олар бөріктерін аспанға лақтырды. Әншейінде, көрермен залына таласып қалатын әртістер, енді бір бірін қимайтындарын айтып құшақтасты. Көзеріне жас алды. Дауыс етіп жылағандарда болды. Жақсы жаңалықты сол кездегі облыс әкімі мен мәдениет министірі жақсылап майын тамызып жеткізді. Сахнаға болашақта салынатын театрдың суретінде іліп қойды. Содан бері жеті қыс пен жеті жаз өтіпті. Хабар жоқ. Әлгі жаңа театрдың үлгісі Т. Ахтанова театрында әлі тұр. Қазір ұжым сол суретке қарап өздерін үлкен театр ғимаратында жүргендей сезінеді. Рас айтамын. Қандай керемет, десеңізші... Мұндай ерекше тәжірибе тек алғаш рет Ақтөбе қаласында жасалып отыр. Қалай дейсіздер ғой? Суретке қарай берсең жаңа театрда жүргендей сенім пайда болады. Ғимараттың тарлығыда сезілмей қалады. Бұл өте тиімді екен. Қаржы үнемделеді. Бір күні әкімшіліктен бір мас маман, ааа, кешірерсіздер бас маман келіп, сол ілулі тұрған суретті көріп шошып кетіпті. «Ойбай, кошмар, театрларың керемет үлкен екен, бұған «Екі езу» сатира театрын қосу керек» деп ұсыныс айтыпты. Әкімшілік мұны бір ауыздан мақұлдап, «Екі езу» де басқарманың жедел бұйрығымен осында келіп қосылды. Қазір үш труппа болды. Суретке қараймызда жүре береміз. Бірақ, сол театрдың суретіде пәле болды. Өйткенде Астанадан бір бөжей, кешірерсіздер, дөкей келіп әлгі театрдағы суретке қарап, «Ужас, масқара, мынандай үлкен ғимаратқа үш труппа аздық етеді. Ақтөбеде тағы театрлар болса қоссақ қалай болады?»- депті. Жақсы ұсыныс. Құтты болсын!.. Айтпақшы, пәтер сұрап әкімшіліктің табалдырығын тоздырып жүргендердің де шаруасы онтайлы шешілетін болды. Жақында тұрғын – үй басқармасы бес бөлмелі, бес қабатты үйлердің суреттерін театрға іліп кетті. Үйсіз жүргендер үйлі болғандай сезіне қалды. Әйтеуір, әртістер пәтердің кілті қолдарына тигендей суретке қарап қуанып жүр. Баяғыда Қызылдың көсемдері Ленин мен Сталиннің фотоларын үйдің төріне іліп қойып, қасымызда жүргендей мақтан тұтатын едік. Әжелеріміз бізге, «Комунизім орнайды, бәрі тегін болады» деуші еді. Біз суретке қатты сенетінбіз. Сол қазірде рас болып шықты. Суреттерге қатты сенеміз. Бұл шынымен таптырмайтын ақыл мен айла болды. Бүгін қаржы басқармасынан келгендер қабырғаға теңгелердің суреттерін сайратып іліп кетіпті. Қызметкерлердің көңілдері бір күнде байып шыға келді. Жалақысы мардымсыз әртістер қазір күнде – күнде түрмеге қамалып жатқан миллионерлердей мәз. Олар үкіметтен еңбек ақымызды көбейтіңдер деп талап етпейтін болады. Енді, көшеге азық – түліктін суреттерін іліп қойса халық тоқ жүреді. Қап, бекер айттым...

БҮГІН БАҚЫТТАН БАСЫМ АЙНАЛДЫ

Үйде жатып ішім пысты. «Қайыршы, жұмысың жоқ, ақша таппайсың»- деп әйелім күнде оқтаумен төмпештейді. Қашаңғы қатыннан таяқ жей беремін. Қаладағы ен байдың үйіне кіріп бардым. Күзетшілері желкемнен автомат кезеп тұр.

- Ей, оңбаған сен кімсің, қайда бара жатырсың? Шаңыраққа қара...

- Кешіріңіз, текке ата көрмеңіздер, мені ұруға қақыларың бар, өйткені мен рұхсатсыз байдың үйіне кіріп кеттім. Шынымды айтсам, күнде оқтаудан таяқ жеп жалығып кеттім. Мені басымнан доллармен болмаса қымбат заттармен ұрыңыздаршы, өтінемін, - деп жалындым.

- Мынау ақылды жігіт қой...

- Неге? - дедім таңырқап.

- Қазір таяқ жеген адам ұтады. Бір соққы үш жүз мың теңге тұрады. Сені көк-ала торғайдай етіп сабасақ, әрбір көгерген жерің үшін сот моральдік қүн төлетеді. Шамасы, басыңда құтылмайтын несие бар-ау, - деп күлді бір күзетші.

- Олай емес, мен ондай алаяқ адам емеспін. Ешқандай арыз жазбаймын, - деп ақталдым.

Менің тізерлеп жылап отырғанымды көріп үйдің иесі аяп кетті. Өзі ақ көңіл, абзал жан екен. Көзінен жасы сорғалап тұр. Байлардың бәрі сараң емес қой.

- Ау, сендер не қарап тұрсыңдар? Адамға жандарың ашымайды екен. Бұл да адам баласы ғой. Айтқанын орындаңдар, -деді.

Сол-ақ екен, байдың баласы бір бума доллармен басымнан бір ұрды. Ооо, қандай «кайф», рахаттанып жерге құладым. Үйдің иесі құны бес жүз мың тұратын туфлимен қақ маңдайдан тепкенде жаным кіріп қалды. Бастың анда-санда көтерілетін қан қысымы бар еді. Солқылдап ауырғанда жаныңды шығарады. Сол сап тиылды. Одан кейін әйелі бриллиант таққан саусақтарымен «осы сен сияқты кедейлерден қашан құтыламыз?» деп, қайта-қайта бетімнен шапалақпен ұрды. Бір айдан бері тісімнің қақсап жүргені бірден басылды. Үстімнен бір қапшық алтынды тастап жіберді. Жаншылып барып әрең тұрдым. Белімнің де шаншуы бар еді, ем болды. Тіпті, денемнің ауырғанын сезбедім. Немересі қолындағы бір миллион тенгенің ұялы телефонымен көк желкемнен қойып қалды.

- Алло, бұл кім? Таныдың ба? Жұлдыз ба едің? - деп тағы жерге құладым.

Әрі қарай ештеңе есімде жоқ, тәтті ұйқыға кетіппін. Әйтеуір, бір қарасам байдың ауласынан тәнтіректеп шығып бара жатыр екенмін. Көлік жүргізушісі шет елдің қымбат көлігімен құйрығымнан бір түйді. Аспанға ұшып барып жерге баспен қадалдым. Өлген жоқпын. Арманым орындалды. Таяқты аямай жеп алдым. Қатты соққылардан миым шыр айналып тұр. Өкініш жоқ. Сырқаттарымнан сауықтым. Байдың үйінен таяқ жеп бақытты болдым. «Байлықтан басың айналады» деген осы екен-ау...

БАЙҚА, БАСЫП АЛАДЫ

- Әке, теледидардан жынды концерт болып жатыр, - деп үйдегі жүгірмегім алдымнан жүгіріп шықты.

- Жынды концерт деген немене? - дедім ұлыма таң қалып. - Жынды деген сөзге түсібей тұрсыз ба? Күшті концерт деген

ғой...

- Еее...

Қазір жастар «тойды жынды өтті», «тойды асаба жынды басқарады» дейді екен.
Бұл қалай? Болмаса, «пәленше деген әртіс сахнада жынды ойнайды» дейді.

Масқара, қазақтың «керемет», «тамаша», «өте жақсы» сөздері қайда? Ол әдемі сөз тіркестерін мына «жынды» сияқты ауыр сөздер үстінен басып алыпты. Қазірде «тамаша әртіс» десе мыңқ етпейміз-ай, «жынды әртіс келе жатыр» деп айтсақ керемет әсер береді. Орнымыздан ұшып тұрамыз. «Сахнада ҚР еңбегі сіңген жынды әртіс» деп, хабарласақ, көрермендер қол соғып мәз болады. Айтпақшы, халық арасында «өлтіріп ойнайды» деген сөз бар. «Ойбай, әне бір әртіс рольді өлтіріп ойнайды» дейді. Сонда қалай болғаны, әртіс көрерменді өлтіріп сосын ойнай ма?... Демалыс күні көлігіммен көшеде келе жатыр едім, бір бойжеткен қыз қол көтерді. Тоқтай қалдым.

- Ағай, вокзал жаққа қарай барсыз ба?

- Иә, барамын.

- Онда мені сол вокзалдың қасына лақтырып кетіңізші, -дейді.

- Қарындасым, отырыңыз. Сосын сізді лақтырып кететін зат емессіз ғой, жеткізіп тастаймын, - дедім. Міне, көрдіңіздер ғой.

Өткенде көшеде жас жігіттермен әңгіме айттым. Біреуі тұрып: - Массаған, братан Мейрамбек Беспаев ше? - Иә, не болды оған?

- Мәкең домбыраны жейді екен, - дейді.

Шошып кеттім, сонда Мейрамбек домбырамен өлең айтуды қойып, енді домбыра жеуге шыққан екен деп ойладым. Сөйтсем ол домбыраны жақсы тартады деген сөзі екен. Сонда «жақсы» деген әдемі сөзімізді тағы «жейді» деген сөз басып алды. Адам тамақты жейді. Ал, домбыраны тартады не болмаса жақсы шертеді емес пе?.. Спортта немесе сөз айтыста біреуді біреу жеңіп кетсе, «жыртып жібердім, айырдым ғой» деп мақтанады. Демек, сөз жыртыла ма әлде айырыла ма? Менімше мата, жаға жыртылады. Жақ айырылады. Тағыда «жеңіс», «ұтыс» деген сөздерді «жыртам», «айырам» сөздері үстінен басып алып тұр. Бүгінде, байқамасаң басып алудың заманы ғой.

Өткенде ауылға барсам бір бала айтады:

- Аға, сіз картопсыз, - дейді.

- Неге? - дедім шошып.

- Сахнаға шыққанда картопты жарасыз.

- Мен картопқа ұқсаймын ба? Картопты жаратын ол ағаш емес қой, картопты пышақпен қабығын аршымай ма?-десем, әлгі бала ыржалақтап күледі.

Сонда, «айтқыш», «әпенде» деген сөздерді, қайдағы бір он қайнаса сорпасы қосылмайтын «картоп» сөзі үстіне мініп алды. Қазір жақсы сөздерді жаман сөздер басып алып жатыр. Бірақ, жаман адамдар да жақсы адамдардың үстінде отыр ғой... Мықтылар әлсіздерді үстінен езеді. Жаншиды. Жалпы сақтық керек.

ҚАЙДА БАРЫП КҮН КӨРЕМІН?

Мен өте қорқақпын. Рас айтамын. Әлде, қоян жылы туғандар сондай ма? Бірақ, менің жылым басқа ғой. Ол әншейін сөз шығар. Үйге келсем әкем қорқытады. Әрине, басыма мылтық кеземейді. - Әй бала, мемлекеттің қаражатына қол салма, аулақ жүр, жемқорлық -жақсы ат емес,- деп жұмыр жұдырығын күнде түйеді. - Құдай сақтасын, - деймін.

- Адам баласына өтірік айтсаң желкеңді қиямын,- деп, шешем қолын жыбырлатып отыр. Бұларға не болған? Қайда барып күн көремін?...

- Өсек айтып, біреудің сыртынан жаман сөз айтсаң, тіліңді түбінен жұлып аламын,- дейді нағашым. Ол қасапшы. Қандай қорқынышты.

Көшеде полиция қызметкері алдымнан шықты. Әкемнің туған інісі ғой.
Шап беріп қолымнан ұстап алды.

- Ұрлық жасасаң түрмеде шірітемін, - деді.

- Аға-ау, мен Ұрлық жасайтын адамға Ұқсаймын ба? - дедім. Туыстарым да күн бермейді. Қайда кетсем екен? Жұмысқа келсем онда да батырлар көп. Кеше біреуі келіп: - Сені соттатып жіберемін,- дейді қолын көзіме шошайтып.

Зәремді алды. Озінің ұсқыны «страшно»... Енді қайтемін? Әлде әкесі сотта жасай ма? Қазір бәрін күтуге болады. Соңғы кезде мені қорқытқыштар көбейіп кетті.Телефоным шыр ете қалды. Үрейленіп отырғанда селк ете қалдым.

Бұл кім екен?

- Әлеу!- дедім сыпайы кейіппен.

- Оңбаған, сені театрыңмен құртып жіберемін,- дейді. Таныс дауыс, атын айтуға қатты қорқамын. Қаламызға белгілі ақын. Мені ақындар да қорқытады. Кабинетіме тағы біреуі аузынан көбігі ағып, жынын шашып, жетіп келді. Інген біткенді қайытып, буыршын іздеген бура сияқты. Түнде қотан қораға қонып шыққандай түрі жаман-ақ. Күнде кабинетімнен шықпайды.

Біз талай директордың қалпағын қайырғанбыз,- деп столдың үстін сабалап, түкірігін шашып кетті. Қалпақ кимейтін басшы болғасын қуанып отырмын. Қазір түкіріктен де қорқамын, микроб көп... «Батырлар ел арасынан шығады» дегенге енді көзім жетті. Бізде батыр көп қой. Бірақ, батырлар осындай бола ма? Бүгінде қолына найза емес, қалам ұстаған жазғыштар көп. Журналистер емес, атың өшкір арызқойларды айтамын. Иә, солар. Осы бойы біреуі келіп тұр.

- Үстіңнен жақсылап тұрып арыз жазамын,- дейді. Жақсы арыз бола ма?

Түк түсінбедім. Не айтып кетті, өзі?
Шыныменде қайда барып күн көремін?...

СІЗ КІМНЕН ҚОРҚАСЫЗ?

Осы менің құдам қызық адам. Ілеуде біреу ғана десем де болады. Жақында соғым сойыпты. Семіз етін мақтағанда араныңды ашады. Құдағайым қуырдақты қуырып, көршілерін шақырыпты. Бұл енді ауылдың қалыптасқан үрдісі ғой. Кімнің соғымы арық, кімдікі семіз — сол дастархан басында өзекті әңгімеге айналады. Мұндайда қатындар арасында қақтығыс шығып, арты төбелеске ұласып жатады. Соғым кезінде қасапшы Қоңқыштың беделі аяқ астынан он есе артады. Ол керек десең, берген сәлеміңді алмауға құқысы бар. Айтқаныңды құлағына ілмейді тіпті. Өйткені, ауылда мал бауыздар еркек жоқ. Содан майлы қуырдаққа тойып алған құдамның аузы майланып сүртетін бірдеңе іздейді. Қолына республикалық бір газет ілігеді. Ортасынан қақ айырып аузын сүртіп, дастарханның бір шетіне лақтырып жібереді.

Сол-ақ екен құдағайымның баж еткен ащы дауысы шықты. - Ойбай, құрыдық.

- Не болды? Өңешіңе сүйек кетіп қалғандай бақырдың ғой,-деді құдам.

- Сен қолыңды немен сүрткеніңді білесің ба?- деді құдағайым қылғынып.

- Газетпен, газет майды күшті кетіреді.

- Сен сүрткен газетте министрдің суреті тұр ғой,- деді де құдағайым талып қалды. Қорыққаннан қорылдап тілін шайнап жатыр. Сөзге келер емес. Жедел жәрдем де жетті. Қүдағайымның үрейленгені сонша, ақыры сөзге келмеді. Көзі бөденедей бақырайып қалған. Ауданда бір жақсы халық емшісі бар еді. Сол кісіні шақыртты.

Емші:

- Иә, бұл кісі қатты қорыққан екен. Енді оған былай жасау керек. Үш мезгіл құлағына: «Министр — ол да ет пен сүйектен жаралған адам. Ол құбыжық емес. Халықтың қамын ойлайды, сондықтан қорықпаңыз»- деп, жүз рет айту керек. Бір аптада беті бермен қарайды деді.

Емшінің айтқаны келді. Құдағайым тілге келді:

- Ойбай, ол да біз сияқты адам ба? Мен оны қайдан білейін, жаналғыш шығар деп, қатты қорқып кеттім ғой...

- Әй, сен де бір көлеңкеңнен қорыққан бірдеңесің,- деп құдам ашуланып қалды.

Сонымен бұл оқиға бүкіл ауданға тарап кетті.

Бір күні ауданға облыс әкімі келді. Халықты жинап клубтың ауласында жиын өткізді. Оған менің құдам мен құдағайым да барыпты. Облыс басшысы ауданның кемшіліктері мен жетістіктері туралы әңгімені қыздыра түседі. Өмірінде облыс әкімін көрмеген аудан тұрғындары эстрада жүлдызы Қайрат Нұртас келгендей үймелеп жатыр. Құдам мен құдағайым әкімді жақыннан көргісі келіп, жағаласып жүріп дегендеріне жетеді. Әкім қамшы салым жерде тұр. Екеуі де мәз. Сол-ақ екен, аудандық әкімшілікте жасайтын бір бұйра шашты сары жігіт құдаларыма қарап тұрып:

- Әй, сіздер не істеп тұрсыздар? - дейді.

- Әкімді тамашалап тұрмыз.

- Әкім не, сіздерге әртіс пе?

- Жоқ.

- Онда тайып тұрыңдар.

- Айналайын, сонда не дегің келіп тұр?- деп құдам ашуланып қалады.

Әлгі жігіт қысық көзімен сүзеген бұқадай бір сүзіп өтіп: - Сіздер әкімнің көлеңкесін басып тұрсыздар ғой, - деді ақырып. Құдам мен құдағайым шошып кетті. Шынымен де әкімнің көлеңкесін аяқтарымен таптап тұр екен. Қорқыныш оты жарқ етті. Төбелерінен үйдей үрей төнді.

- Ойбай, құрыдық,- деп құдағайым шалқасынан түсті. Әншейінде батыр болып жүретін құдам бұл жолы әлсіздік танытты. Тізерлеп отыра кетті.

Енді қазір екеуі бірдей еліріп төсек тартып жатыр. Өткендегі халық емшісін тағы шақыртыпты. Емі сол баяғыдай. Ақ қағазға бадырайтып ішірткі жазып кетіпті: «Әкім — ол құдай емес, кәдімгі адам. Екі көзі, екі аяғы бар. Одан қорықпау керек. Ол — халқына қызмет етуі тиіс. Әкімнен қорыққан адам, қатынынан қорыққан адаммен бірдей. Ем болсын» депті. Осы ішірткіні таза суға езіп он күн бір қасықтан ішу керек екендігі ескертіліпті. Содан не керек, емшінің емінен кейін құда мен құдағайым есін жиыпты. Бұдан әрі бұл оқиға өрбіген жоқ. Бүл туралы ұмытып кеттік. Бір күні бір құрдасым маған: «кез-келген адамды батыр қылып жіберетін жаңа дәрі шығыпты» демесі бар ма? Ойыма аудандағы қорқа беретін құда мен құдағайым сап ете қалды. Жүгіріп әлгі дәріханаға бардым.

- Сәлеметсіз бе? Сіздерде адамның қорқынышын басып, батыр ететін дәрі бар деп естіп едім.

- Иә, бар қандай дозасы керек?

- Әйтеуір, қорықпай жүрсе болды...

- Оның түр-түрі бар, қымбатшылықтан қорықпайтын, қиындықтан қорықпайтын, бюрократтардан қорықпайтын, тағы басқалардан... -деп әлгі қыз дәріні мақтай жөнелді.

- Жарайды, бере беріңіз,- дедім де сатып алдым. Демалыста ауданға тартып отырдым. Құда-құдағайыма барып дәрілерді тарту еттім. Олар қорықпайтын дәріге қарық болып қалды. Бір апта өтер-өтпестен үйге құдашам телефон соқты:

- Сәлеметсіз бе? Сіздің дәрілеріңізді ішкеннен кейін, құда-құдағайың ешкімге көнбей, ауданның бәрін қырып жатыр,- деді де телефонды тастап жіберді. Оқыс хабар ойымды опырып жіберді. Мәселенің анық-қанығын білу үшін ауданға тартып отырдым. Келсем, олар үйде жоқ екен. Аудандық әкімшілікке кетіпті. Барсам ғимараттың ауласында ауданға жаңадан келген аудан әкімінің орынбасарын қәдам бұрышқа тақап қойыпты.

- Сен халыққа, қарамағыңдағыларға аузыңа келгенді айтып лепіре берме, ұқтың ба? - дейді ақырып. Не деген жүректілік? Не деген батырлық?

- Ұқтым,- дейді орынбасар жүнін жұлған тырнадай болып. Әрине, жаны барға жан керек.

- Бұдан бұлай кабинетіңде жалпиып отырып алып, ақыл айтқанша ауылды арала! - деп қайта-қайта төніп қояды. Жуан жұдырығы түйіліп тұр.

Жұмысқа жаңадан келген орынбасар бас изеумен тұр. Естуімше ол ауданның орынбасарлығына отыра сала ешкімге көзі түспейтін көрсоқыр болып қалыпты. Әлі келетіндерді бір шыбықпен айдағысы келді- ау деймін. Құдам соны біліп қалған болса керек. Тістеп алардай тістеніп тұр.

- Құдеке, сізге не болған? - деп едім сабырлық танытып. - Білмеймін не болғанын, сенің дәрілеріңнен кейін ешкімнен

қорықпайтын, шындықты бетке айтатын болдым, - деді жұдырығын жоғары көтеріп. Шамасы бұлар дәрінің дозасын көбейтіп жібергенге ұқсайды. Құдамды жетекке көндіріп сыртқа алып шықтым. Енді бұлай жасауға болмайтынын айтып түсіндірдім. Дәрінің күші қайтты ма, қайдам басылып қалыпты.

- Құдағайым қайда? - дедім.

- Ол таң атпай аудандық оқу бөліміне кеткен еді,- деді құдам құлағын қасып. Содан құдамды ертіп сол жаққа барсам, мекеменің артында шаң көтеріліп жатыр екен. Сүйтсем, құдағайым аудандық оқу бөлімінің әйелімен жекпе-жекке шығып жатыр. Яғни, ережесіз қатындар төбелесі десе де болады. Қорқақ құдағайыма таусылмайтын жел бітіпті. Оқу бөлімінің семіз әйелін допша домалатып жүр. Жалынып жүріп әрең дегенде ажыратып алдым.

Не деген дәрінің құдіреті?...
Әйтеуір бәрі тынышталды. Арты жақсы болды.

Бірақ, соңғы кездері мен де біреулерден бір түрлі сескене бастадым. Мүмкін, әлгі дәрілерден аздап ішіп алсам ба екен?...

ТАБЫЛДЫ АҚЫНМЕН ҚАЙТА ТАБЫСУ

- Жап есікті! Тездетіп жиналыңдар! Қаштық!- деп кенеттен естілген Гүлсімнің жан дауысы алаңсыз отырған біздің тұла бойымызды шымырлатып жіберді.

Айнала нұрға бөленіп, ерекше сұлуланып, жер ана ұйқысынан енді оянған көрікті бойжеткендей құлпырып, жас нәрестедей жаңарып, жан дүниеме сөзбен айтып жеткізе алмайтын тылсым сезім сыйлап таң атып келеді. Табиғат ананың саф ауасын рахаттана жұтып, дүниеге енді келген адамдай айналама таңырқай қарап, тамсанып, қиялыма ерік беріп мен келемін. Дұрысы, біз келе жатырмыз.Он бес орындық темір тұлпармен қара жолды қақ жарып, меңіреу тыныштықты бұзып жүйткіп келеміз. Жүргізуші жылдамдықты үдетіп қояды, үдеткен сайын қиялым да шарқ ұрып құстай ұшады. Құстай ұшып келе жатқанымды қайтейін, жанымдағылар ұшпақ түгілі қасқырдан қашқан қояндай үрпиісіп қалыпты.Көлік ішіндегілердің түрлері өрт сөндіргендей үрейлі. Лезде ойымды жиып алдым. Көліктегілердің барлығы да әріптестерім, театр әртістері. Түндегі оқиғаны есіме алдым. Езуіме күлкі келді. Сырттан қараған адамға шынымен күлкілі едік.Оқиғаның мән-жайы былай болды. Ақтөбенің өрімдей жастары мен өнерді сүйем деген талантты өнерпаздарынан құралған «Екі езу» сатира театры ат басын Атырау облысының Мұқыр елді мекеніне тіреген болатын. Қазақстанның қай қаласын қалай мақтасаң да артық емес-ау, сірә?! Олай дейтінім, гастрольдік іссапармен неше түрлі қалаларды көріп жүргендіктен, туған жерімнің кеңдігіне, халқымның дархандығына талай рет мақтанышпен көзім жеткен. Сондай керемет те көркем қалалардың бірі Атырауға жолымыз түскеніне іштей қуаныштымын. Сәті түссе, аузым толып айта жүретін аяулы азаматтың бірі, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовпен жүздесу ойымда еді. Алқапты Атыраудың қай жеріне барсақ та, қонақжай қазағым қашанда құшақ жайып қарсы алады. Жомарт халқым тағы да жомарттығын көрсетіп барынша сыйлап жатыр. Осындайда төбем көкке жетіп, ерекше күй кешемін. Онерімізді халық бағалап, қолдап жатса біз бақытты емей кім бақытты?! Жоспарымыздағы кешкі концертіміз ойдағыдай өтті. Көңіліміз тоқ. Қалыптасқан дәстүр бойынша, іссапарға келушілердің саны көп болғандықтан ауыл әкімі бізді екіге бөліп жайғастырды. Мәдениет үйі директорының шаңырағына театрдың белді әртістері, бас администратор, режиссер және мен келіп түссек, келесі үйге Гүлекең бастаған көлік жүргізуші, билет тексеруші, сахна машинисті секілді театр қызметкерлері барды. Гүлекең деп отырғаным, актриса - Гүлсім Қаратаева. Біздің топта домбырамен ән салатын Хайдар Отеғалиев деген қарт әншіміз бар. Директордың жайған кең дастарханынан дәм татып, қою шәйді тартып отырмыз. Хайдекең домбырасының құлағын бұрап отыр. Домбыраның құлағын бұраған сайын әрқайсымыздың назарымыз әдемі әуенге бұрылып, ерекше бетбұрыс күтудеміз. Біздің ойымызды оқып қойғандай:

- Ағай, бір ән салып беріңізші,- деп, үй иесінің әйелі қолқа салды. Өнерді түсінетін, халық алдында жүрген азаматтың келіншегі болғандықтан ба екен, ән десе ерекше көңілі ауатынын байқап отырмын. Осы сөзді күтіп отырғандай Хайдекең де:

- Жарайды, айналайын,- деп домбырасын шертіп-шертіп жіберді.

- Хайдеке, Мұхиттің әндерінен шырқап жібермейсіз бе?- деді театр әртісі Бекбол.

- Орындағанда түбін түсіремін,- деп Хайдекең әнді бастап жіберді.

Шәйдің қызуы ма, әлде басқаның қызуы ма білмеймін, Хайдекең тоқтар емес. Көмекейінің тығыны ашылып кеткен. Даланың кеңдігіндей паң дауысымен үйдегілердің барлығын баурап алды. Барлығымыз Хайдекеңнің аузына қарап қалғанбыз.

- Бір ағашта екі алма, мен де алмайын, сен де алма!-дегенде, дастархан басындағылардың арқасы қозып кетті. Ән дегенде жан бар ма?! Хайдекеңе риза болып отырмыз. Бірақ, неге екені қайдам, Хайдекең осы әннің соңғы шумағын былай қайырды:

- Екі ағашта бір алма, мен де алмайын, сен де алма,- деді. Хайдекеңнің әрбір сөзін міз бақпай аңдып отыратын Берік әннің ортасынан бір-ақ кесті.

- Хайдеке, екі ағашта қалайша бір алма болады? Мүмкін жарты алмадан болатын шығар,- деді. Әнді ұйып тыңдап отырғандар ду күлді. Үйдің иесі ерекше толқып отырса керек. Маған қарап:

- Нұреке, біздің Атыраудың тумасы ақын Табылдыны танитын боларсың- деді сұраулы жүзбен.

- Әрине, әрине. Табылды Досымовты танымайтын қазақ бар ма? Оның әндері де, өлеңдері де, өзі де менің жансерігім, қуанғанда қуанышым, мұңайғанда жұбанышым. Ондай азаматтарды танымау, әнін тыңдамау ұят қой!- дедім құлағыма жылы есім естілгенге қуанып. Менің жауабыма риза болған үй иесі:

- Бәрекелді, Нұреке! Өз өңіріңнің азаматтарын өзіңдей сыйлап жатса бұдан асқан құрмет бар ма?!-деді арқамнан қағып.

Кеш әсерлі, әдемі өтіп жатты. Түнеріп түн де келді. Уақыт түнгі екіге таяп қалды. Күндізгі шаршағанымыз енді біліне бастады. Төсек салынды. Барлығымыз ұйқының қалың құшағына кіріп кеттік. Ал, Гүлекең бастаған театрдың екінші жартысы бұл кезде не

істеп жатыр екен?...

Оларда үй иесінің дайындаған дәмді тағамдарынан тойып жеп, тынығуға кіріскен. Бұл топта ылғи үндемейтіндер. Гүлсім сыртқа шығып келіп, күлімсіреген күйі сүйінші сұрағандай:

- Ертең күн ашық болады, аспанда жұлдыздар жымыңдап тұр.

Жолымыз да болатын шығар. Гастрольге шыққанымызға бір апта болыпты,- деді. Арасында мәдени жорыққа бірінші рет шыққан қыз-жігіттер бар. Ерекше бір нәрсе күткен олардың қабақтары түсіңкі. Ұзақ жол мен үздіксіз дайындыққа, шала ұйқыға үйренбегендер ғой. Кеудемізді ауылға деген сағыныш кернеген біз үшін қаланың шаң-тозаңын жұтқаннан ауылдың май шандағы артық екенін олар қайдан білсін? Қонақтарға төсек салынды. Бастары жастыққа тиген бойда бәрі шырт ұйқыға кетті. Гүлсім аппақ жастықты құшақтап түс көріп жатқан секілді, түсініксіз бірнәрселер айтып жатыр. Көлік жүргізуші Жомарт шаршағаны сонша, қорылға көшті. Тек үйдің адамдары сыртта қыбырлап бірдеңе істеп жүр. Сәлден соң олар да тынышталды. Ауылға тыныштық орнады. Арасында шәуілдеген иттердің дауысы естіледі. Бірақ, бұл тыныштық ұзаққа созылған жоқ. Үйдің тыныштығын мына айқай бұзды:

- Әй, кім бар үйде? Тірі жан бар ма? Шығыңдар бері! Бейтаныс ер адамның даусын келесі бөлмеде жатқан жасы сексенді алқымдаған әже ғана таныды. Түсім бе, өңім бе

дегендей көзін біраз ашып жатты да, жан-жағына қарап атып тұрды. - Мәтөн, мынау Мәтөннің даусы ғой,- деді ана жүрек бір қуанышты сезгендей. Мәтөн деген осы үйдің тұңғышы, шаңырақ иесі. Екі иығына екі кісі мінердей, еңгезердей қара жігіт. Бір өзі бір бұқаны оңай көтерердей күші бар. Түрмеге шатылып кеткеніне бақандай он жыл болыпты. Содан оралған беті екен. Сол Мәтөн төргі бөлмеге төніп келеді. Өзі түрмеден бостандыққа шыққасын араққа сылқиып тойып алыпты. Орнында қисаңдап әзер тұр. Жан-жағына алақтап қарап қояды. Ақырғанда үйдің қабырғалары дірілдегендей болады. Көп адамды көріп таңырқап:

- Мынау кімдер? Менің үйімде неғып жатыр - деп енді тұрып келе жатқан келіншегіне айқайлады. Мәтөннің келгеніне не қуанарын, не қуанбасын білмей аңтарылып қалған келіншегі қонақтардан ұялып:

- Мәтөн, тыныш, айқайлама! Сені ертең кешке келеді деп еді ғой. Аман келдің бе? Бұлар театрдың әртістері, Ақтөбе қаласынан келді.

- Еее, әртістер дейсің бе? Дұрыс, дұрыс. Менің түрмеде әртіс көрмегеніме көп болды. Кәне, тұрыңдар! - деп шетте жатқан бір қонақтың көрпесін күректей қолдарымен жұлып алып, келесі бөлмеге лақтырып жіберді. Бұл сахна машинисі Аманай еді. Екі қолын бұтына қысып, аузынан суы ағып, рахаттанып ұйықтап жатқан жерінен шошып оянды.

Гүлсім де айқай-шудан басын көтерді. Барлық қонақтар «бірдеңе болды ма?» дегендей ұйқыларынан амалсыз тұрып жатыр. - Қатын, вечер жасаймыз. Дастарханды жай. Бүгін біздің үйде той! -деп, Мәтөн бұйрық берді. Оның айтқанын тыңдамауға болмайды екен. Өзі сондай мінезі қатаң, түрі адам сескенетіндей қорқынышты-ақ. Жұмыр жұдырығы жалпиып кетіпті. Төбеңді оятын шоқпар сияқты. Әзірге Мәтөннің үйінде түнгі мерекелік дастархан жайыла бергенше, мен өзім жатқан келесі үйге орала тұрайын... Біз сол директордың үйінде қаз-қатар тізіліп жатырмыз. Хайдар ағайдың түнде ұйқысырап айран іздейтін әдеті бар. Әсіресе, жаңа ай туғанда төсегіне жатпайды. Гастрольде жүргенде түнеп жатқан үйінің сарайына дейін кезіп кетеді. Сол әдетінше түн ортасында төсегінен тұрып, төргі бөлмеден енді шыға бергенде, босағада жатқан мысықты аяғымен басып кетпесі бар ма? Жаны ышқынған мысық баж ете қалды. Шошып кеткен Хайдекең шалқасынан құлады. Құлап бара жатып есіктің жапқышына жабысты. Салдыр-гүлдір дыбыстан үйдің иелері, сонан соң біздер ояндық. Жарықты жағып қалғанда басына жапқыш орап ортада шоқиып Хайдекең отыр.

- Ойбай, көтек... - деп үйдің иелері қорқып кетті. Бәріміз де аң-таңбыз. Сол кезде Хайдекең еш саспастан:

- Айналайын, үйде айран бар ма? Шөлдеп отырмын,- деп қойып қалды.

Хайдекең осылай айран сұрап отыра берсін...

Мәтөннің түрмеден оралу дастарханы дайын болыпты... Түннің қақ ортасы. Дастарханның басында театр қызметкерлері қалғып-мүлгіп отыр. Төрдің шетіне кішкене шағын сахна әзірленіпті. Шамасы, Мәтөн концерт көргісі келіп тұр. Күректей қолдарымен тарс-тарс еткізіп, қайта-қайта шапалақ ұрады. Екі езуі екі құлағында. - Ал, менің құрметті қонақтарым, хош келіпсіздер! - деп бастады ол алғы сөзін. Мәтөннің бір сұмдықты бастағалы тұрғанын сезген келіншегі:

- Ту, Мәтөн, саған қанша рет айттым? Бұлар әртістер емес, нағыз әртістер директордың үйінде жатыр.

Келіншегінің сөзіне құлақ асып жатқан Мәтөн жоқ. Бұрынғысынан бетер қаһарына мініп алды.

- Кәне, кім ән айтады?

Үнсіздік. Қонақтарынан мұндай күтпеген ол ашуға көшті. Қолына дастархан үстіндегі пышақты алып бар күшімен столдың үстіне қадады. Сол-ақ екен, дастархан басында әннің әуені естілді.

- Түн жамылып ке-ле-міз, айсыз ашық аспааан,- деп Гүлсім бастап еді, қалғандары ыңылдап қосыла жөнелді. Мәтөн арыстанша ақырып, жұдырығын түйген сайын жаңа бір ән айтылады. Сүйтіп, әннің қызығына түсіп отырғанда Мәтөннің бұған дейін ішкені бар, қалғып кетті. Қонақтар орындарынан тұрып, аяқтарының ұшымен ақырындап сыртқа шықты да, келесі көшедегі директордың үйіне қарай жүгірді. Келе сала жалма-жан есік-терезені қақты.

Бұл кезде біздер манағы Хайдекеңнің оқиғасынан кейін көзіміз енді ілініп бара жатқан еді. Тарсылдаған дауыстан қайта ояндық.

- Тұрыңдар, тез кетейік, түрмеден бір адам босап келіпті. Өзі сондай қорқынышты. Әрең құтылдық,- деп Гүлсім жылармандай болып тұр.

- Мәтөн ба?- деді мәдениет үйінің директоры Гүлсім айтқан адамды бірден танып. Дауысы дірілдеп, екі көзі бақырайып шарасынан шығайын деп тұр.

- Ол болса қайтеді? - деп Хайдекең сасатын түрі жоқ. - Ойбай, Мәтөн осында келсе бәрімізді қырады. Аман тұрғандарыңда барлығың жиналып, тезірек қашып кетіңдер!- деп дырдай директор үрейі ұшып біздің заттарды жинаса бастады. Содан не керек, түн ортасында үйқылы-ояу көлігімізге отырдық. Әбден әбігерге түстік. Мәдениет үйінің директоры мен әйелі бізді қақпадан шығарып салып, келесі көшеге түскенше артымыздан сыпырғышпен басқан іздерімізді сыпырып өшіріп жатты.

Ауыл Мәтөннан қатты қорқады екен. Негізі мұндай батырлар әрбір ауылда болады. Міне, әңгімемнің басында айтқан қасқырдан қашқан қояндай үрпиісіп ауылдан қашып келе жатқан басты себебіміз осы еді. Бұл кезде күн бозарып таң да атты. Ауыл көрінбей артта қалды. Жаудан қашқандай жүректеріміз орнына келді. Ендігі бағытымыз — Қызылқоға ауданы, Миялы селосы. Көлігіміз жүйткіп келеді. Күн шайдай ашық. Біздің көрген қорлығымыздан хабары жоқ ол жымыңдап күліп қояды. Алыстан мұнай бұрғылап жатқан мұнаралар байқалады. Бір кезде биікте ұшып жүрген бір топ қарлығаш төмен қарай құлдилай жөнелді. Бұл ауа-райының жақсы белгісі емес. Айтқандай, ашық аспанымызға лезде қара бұлт үйіріле бастады. Ал,Миялы селосына жол әлі ұзақ. Біраз уақыттан соң көлігіміздің төбесі тырсылдай бастады. Жаңбыр сіркіреп тұр. Атыраудың саз балшығы бір жабысса құтылу қиын.

Жаңбыр үдегенше Қызылқоға ауданының жылтыр құмына жету керек. Өкінішке орай, жете алмадық. Нөсер жауын басталып та кетті. Саз балшық иленіп, көліктің дөңгелегін айналдырмай тастады. Жолдың қақ ортасында тұрып қалдық. Енді жаңбырдың басылып, жердің дегдігенін күтуіміз керек. Таңертең оразамызды ашпай шыққасын ба, қарнымыз ашып барады.

Әртістер тіске басатын бірдеңе іздеп жатыр.

- Шіркін, майлы қуырдақ болса ғой,- деді Бекбол қарнын сипап. Ол шөлге шыдаса да, аштыққа төзе алмайды.

- Қазаннан жаңа піскен ыстық бауырсаққа май жағып жесе ше? - деп Құралбек бәріміздің тәбетімізді ашты. Барлығымыз осылай армандап жатып ұйықтап кетіппіз. Бір кезде гүрілдеген трактордың даусынан оянып кеттік. Жаңбыр басылыпты. Жер кепкен. Кеш түсіп қалыпты. Жүргізуші көлікті гүр еткізіп, Миялыға тартты. Алыстан ауылдың жарығы жылтыңдай бастады. Ұзаққа бармай жатып, көлігіміз екі-үш рет іркілді де, моторы өшті.

Жанармайы таусылып қалыпты. Қырсық қылғанда жол бойы қасқырлар жайлы талай-талай әңгіменің басын қайырып тастадық. Түз тағысының адамдарға шапқаны туралы қорқынышты оқиғаларды жарыса әңгімелеп келген едік. Енді ауылға жанармайға баратын жүректі адам ортамыздан табылмай тұр. Бәрі Мұқырдағы Мәтөннен қорқып қалған сияқты.

Бара жатқан ауылға дейін он бес шақырымдай бар. Жаяу баруға тура келді. Кім барады?! Айдала. Төңіректе жан жоқ. Әр жерде ойдым-ойдым су жатыр. Жаңбырдан кейін күн де салқын. Ең қорқыныштысы, ана қырдың астында тісі ақсиған қасқыр бізді тосып тұрғандай елестейді. Құтырынған қасқырдың бейнесі көз алдымыздан кетер емес. Қиялдағы қасқыр шындыққа айналып барады. Жаяу барып жанармай әкелуге ешкімнің батылы бармай тұр. Үнсіз қалдық. Бір сағаттай уақыт өткен соң ортамыздан бір әртісіміз «мен барамын» деп қол көтерді. «Арамыздан бір батыл шықты-ау», - деп қуандық. Сол жерде бәріміз жабылып жүріп, оны көліктегі заттармен қаруландырдық. Аяғына сахналық етік, екі қолын қасқыр тістегенде тісі батпасын деп, үстіміздегі киім-кешекпен орадық. Бір қолына күрек, бір қолына лом, беліне пышақ байлап, қалтасын темір-терсекпен толтырып, көліктен түсірдік. Әбігермен жүріп атқа мінген кісінің келіп қалғанын байқамаппыз. Ол: «Сендер ауылға концерт қоюға келе жатырсыңдар ма? Әлде жұртты қорқытпақсыңдар ма?»,- дейді күліп. Сөйтсек, «қасқыр тосып тұр» деген қыр астында ауылдың қой, сиырлары жайылып жүр. Біз көрмеппіз.

«Қорыққанға қос көрінеді» деген осы екен ғой деп, бәріміз мәз болдық. Сонымен, ауылдан жанармай әкеліп Миялы селосына түнде жеттік. Концерт ертең кешке болады... Миялы мәдениет үйі. Сахнада кешкілік болатын концерттің дайындығы жүріп жатыр. Бір кезде театрдың ұйымдастырушысы, әрі әртісі Құралбек ентігіп жүгіріп келді. Өз түкірігіне өзі шашалып сөйлей алмай тұр. Өңі бозарып кеткен. Біреу алқымынан қысып жіберген сияқты. - Нұрлыбек аға, сізді сыртта біреу шақырып тұр,- деді. - Кім? - деймін мен Құралбектің кескінінен қорқып. - Бір адам, - дейді ол одан бетер мені үрейлендіріп. - Немене, соншама қорқып, ол не мас па? Құралбектің ауылдық жерде ішімдік ішетіндердің қолына түсіп қалып әзер құтылған күндері болды. Оның үстіне кешегі Мәтөн бар. «Мас адамнан қорқып тұр ма?» деп ішімнен ойлап қоямын. - Жоқ, мас емес.

- Енді кім?

- Финполиция.

- Ол не дейді сонда?

- Театрдың директоры қайда? Шақырып кел,-деді маған. Құралбек театрдың қаражатын жеп қойған адамдай көзі аларып тұр.

- Қандай шаруамен келіп тұр екен, сұрап кел,- деп қайта жібердім.

Кейде басшылардың концертке шақыру билеті керек болған кезде, осындай көрсететін қырлары бар. Солардың біреуі шығар деп шамаладым.

Бірақ, Құралбек көп айналмады. Қайтып келді.

- Сізді шақырып жатыр. Келмесеңіз концертті болдырмаймын дейді.

Әне, енді олар сүйтеді. Амал жоқ, сыртқа шықтым. Мәдениет үйінің қақ алдында мемлекеттік номер таққан «УА3» машинасы желге қарап түр. Көліктің қасына жақындап едім, ішінде көзіне қара көзілдірік, ақ көйлек, қызыл галстук таққан біреу шіреніп отыр.

- Отыр машинаға,- деді қатқыл дауыспен. «Ее, не бүлдіріп қойдық екен?» деген ой келді.

- Амансыз ба? Неге шақырдыңыз? - дедім.

- Шақырмасам келмейсің бе?

- Түсінбедім?

- Қазір түсінесің. Сатылып жатқан билеттердің сериясы дұрыс емес! - деді дауысын одан бетер көтеріп.

- Оны кім айтты? - деп шап ете қалдым.

- Сен жігіт көп сөйлейді екенсің! Кешке концерт болмайды, қазір акт жасаймыз,- деп ақырып жіберді. Атынан ат үркетін лауазымды адам келіп тұрғасын мұндайда түк айта алмай, кінәлі адам секілді үнсіз қалады екенсің.

Егер салғыласып тұрып алсам, шынымен, кесірі тиер деген оймен тыныш отырдым. Оның үстіне барлық билет өтіп тұр.

- Енді не істеуім керек?- дедім сыпайы түрде.

- Жиырма мың теңге айыппұл төлейсің,- деді көзін көшеден алмай.

Қуанып кеттім. Жалма-жан төс қалтамнан әмиянымды алып, қып-қызыл бес мыңдықтарды шытырлатып санадым да, алдыңғы орындыққа қойдым. Сол кезде ғана әлгі адам маған бұрылып қарады.

- Мені танып тұрсың ба?

- Жоқ, бірақ біреуге қатты ұқсайсыз.

- Кімге?

- Жан алғыш Әзірейілге,- дедім қалжыңдап. Ол күліп жіберді де, көзілдірігін шешті.

Сөйтсем, сазгер-ақын Табылды Досымов екен. Алданға- нымды білдім. Жайсаң адам еді. Жарқылдап күлгені әлі күнге дейін көз алдымда тұр. Екеуміз машинада біраз әңгімелестік. Көңілімнің түкпірінде шер боп қатқан талай мұз жібіді. Ренішім мен күйінішім, сүйінішім мен қайғымды айттым. Атырауға келгелі ойымда жүрген кездесу еді. Шын көңіліммен қуанып қалдым. 2000 жылы Табылды ағамыздың үйінде дастарханнан дәм татып, өзі рухани жағын басқарып отырған Индер ауданында концерт берген едік. Содан бері бақандай он жыл уақыт өтіпті. Уақытқа кімнің шамасы жетер дейсің?! Алып ақындар да, заңғар жазушылар да, бәрі де уақыттың дегеніне бағынып келді емес пе?! Сол кездесуде Тәкең мені күзге таман гастрольдік сапармен ауданға келуімді өтінген еді. Қу күйбең тірлік желкелеп жүргенде өне бойымды шымырлатып қайғылы хабар келді. Тауым шағылып, өзенім тартылғандай күй кештім. Өкінішке орай, жоспарлаған сапарымыз болмады. Қазақтың тұңғыш бард, сазгер-ақыны Табылды Досымов сол жылы сұрықсыз күздің суық қазанында барлығымыздың жүрегімізге ыстық сағыныш қалдырып өмірден өткен еді.Табылды ақынның өзі айтқандай:

Оянбай қалам, бұл - шындық, ұрыспа, қарғам,
Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары.
Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,

Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі,- деп жырлаған ағам шынымен де оянбай қалды...

АДАЛ АСХАНА

Мен, тоғыз жасар балам және жетпісті алқымдаған шешем үшеуіміз Маңғыстау облысына сапарға шықтық. Жолымыз болды. Баратын жерімізге аман-есен жеттік.

Балам:

- Әке, қарным ашты, - деп ауызы бұртиып қалды. Аптап ыстықта тамаққа да тәбет жоқ. Неше күннен бері мұздай қара суды көшеде қотарып ішіп жүрміз. Содан жүрек жалғайтын жер іздедік. Қарсы алдымызда іздеген асханамыз тұр. Төбесіне «Халал» деп, бадырайтып жазып қойыпты.

Ішіне кірген бойда жүгірмегім сұрап жатыр.

- Әке, халал деген не?

- Балам, ол адал, өте таза деген мағынаны білдіреді. Орындыққа жайғасқан бойда бір қыз жетіп келді. - Ас болсын, не ішесіздер?

- Қызым, қандай тамағың бар?- деп шешем де сөзге араласты.

- Апа, бізде бәрі бар. Барлық тағамдар халал,- деп әлгі қыз зуылдап тұр.

Біз таңдаған тағамдар алдымызға әкелінді. Қызарып піскен хош иісті самсаны көргенде кәдімгідей тамаққа тәбетіміз оянды. Балам айтпағанда, кәдімгідей ашығып қалыппыз. Адал асты енді жей бергенде бес қара шыбын, екі көк шыбын ызыңдап жетіп келді. Әлгі шыбындар өз үйлерінде жүргендей дастархандағы тағамдардың үстіне жайғасып қонып алды. Бұл жерде бәрі халал, таза деп айтып, ұлыма өтірікші болдым-ау, деймін ішімнен. Шешем бет орамалымен қайта-қайта ұшырды. Әрі-берден соң ашуланған шыбындар тағы он шақты туыстарын ертіп әкеліп, тамақ ішкізбеді. Сосын әлгі қызды шақырдым.

- Тағы бірдеңе жейсіздер ме? - деді ол.

- Айналайын, бізге мына шыбындар маза бермей жатыр,-дедім.

- Шыбындарың да халал ма? - деп шешем қойып қалды. Қасымызда анадай жерде тамақ ішіп отырған екі адам күліп жіберді.

Даяшы қыз қызарып кетті.

ҚАЙДА Ж¥МЫС ЖАСАЙСЫЗ?

Жақында салық комитетіне бардым. Мемлекеттік кәсіпорында жасайтын қызметкерлер міндетті түрде тапқан табыстары мен мүліктері туралы декларация тапсыру керек екен. Оны элекртонды түрде компютердің көмегімен толтырады. Бір жас қыздан көмек сұрадым.

- Қарындас, мына қағазды қалай толтырады?

- Мұның ешқандай қиындығы жоқ, міне, бәрі көрсетіліп тұр, -деп компьютерге үңілді.

- Ағай, үйіңіз бар ма?

- Жоқ.

- Жеріңіз бар ма?

- Жоқ.

- Бизнесіңіз бар ма?

- Жоқ.

- Көлігіңіз бар ма?

- Жоқ.

- Банкте жинаған ақшаңыз бар ма?

- Жоқ, қайдан болсын? - дедім.

- Ағай, сізде түк жоқ қой, - деп күліп жіберді.

- Қарындас, күлмеңіз. Мемлекеттік мекемеден жалақы алатындар осындай болады, - дедім.

Әлгі қыз аузын ашып отырып қалды...

АҚЫНДАР АДАМ АЛДАМАЙДЫ

1997 жыл. Қараша айы. Сол жылы күн ерте суытты. Облыстық «Ақтөбе» газетіне жұмысқа қабылданғаныма бір жылдай уақыт болып қалды. Менің студенттік кезеңнен кейінгі екінші жоқшылық кезім. Еңбекақыңды ақшалай емес, азық- түлікпен есептеседі. Оған да тәуба ғой. Қарның тоқ жүреді. Бір күні қыс етігім жыртылып қалды. Базарда азық-түлікке кім етік береді? Бас редактор Идош Асқаровқа барып жағдайымды айтып, аяғымдағы етігімді көрсеттім. Ол кісі мені аяп кетті.

- Айналайын, журналиске жыртық етік жараспайды,- деп күлді. Бас есепшіге «Нұрлыбекке бес мың теңге беріңіз» деп қағаз жазып берді. Содан қуанышым қойныма сыймай базарға тарттым. Ол кезде бес мыңға ең қымбат былғары етікті шекесінен шертіп жүріп сатып аласың ғой. Жылтыраған қара етік көзіме түсті. Размері келіп тұр. Сатып алдым. Жұмысқа келіп әріптестерімнен байғазы сұрап жүрмін. Ішке келіп аяғыма киіп едім, башайымның басын қысатын сияқты. Бір размерге тар екені жаңа білінді. Енді базарға қайта бару керек болды. Уақыт жоқ. Газетке шұғыл жаңалықтар жазып жатырмын. Тап осы мезетте редакцияға бір жігіт кіріп келді.

- Ассалаумағалайкум, журналист ағайындар! - деп қолын кеудесіне қойып, жерге тізерлеп отыра кетті. Қандай кішпейіл қазақы адам. Басында бөрік. Үстінде қалың шапан. Өзін Алтай деп таныстырған жігіт шет елден көшіп келіпті. Сол жылдары елге қайта оралғандарға ерекше ықыласпен қараушы едік қой. Таныса келгенде Алтай айтыскер ақын болып шықты.

- Мына су жаңа етік кімдікі?- деп ақынның көзі бірден етікке түсті.

- Менің етігім, жаңа базардан сатып алып едім, тарлау болып тұр,-дедім.

- Маған киіп көруге бола ма?- деді.

- Киіңіз.

Ол аяғындағы көп жүрілген ескі етігін әп -сәтте шешіп, жаңа етікті киіп алып арлы-берлі жүрді. Алтайдың етігі су тиіп жалпайып кеткен. Сол жақ сыңарының тұмысығы мүжілген. Тақасы жарылып тұр.

- Аяғыма шап-шақ екен. Етік қанша тұрады?

- Бес мың теңге.

- Мен үшін түк емес. Қазір үйге жүгіріп барып ақшаңды әкеліп берейін. Сен басқасын сатып аларсың,- деп кабинеттен жылдам шығып кетті. Орақ тілімен орып сөйлегесін аузым ашы- лып отырып қалдым. Сенгіш адам солай болады. Және редакцияда ақын ағаларыммен қызметте болғасын ба, «ақын өтірік айтпайды» деп қатты сендім. Содан кеш батты, әлгі жігіт жоқ. Жаман етігіне қарап, «иең қашан келеді?» деймін. Алтай жоқ.

Бір күн өтті. Бір апта, бір ай өтті. Айтыскер ақыннан хабар болмады. Сол кеткеннен мол кетті. Ақыры сол жылы жыртық етікпен амалдап шықтым. Көне етік кабинетте екі жыл жатты. Кейін ол жігітті үш жылдан соң базардан көріп қалдым.

- Алтеке, амансың ба? - деп едім. Тұра қашты. Бірақ, мен оны қуғам жоқ. Етік туралы есімнен шығып кеткен еді. Биыл сол етіктен айырылғаныма жиырма жыл толады.

Әйтеуір қыс түссе есіме етігім түседі...

АҢҚАУ АДАМ ТЕЗ АЛДАНАДЫ

Жұрт 1-ші сәуір Алдардың туған күні дейді. Көңіл көтергіштер осылай өздері мереке жасап алған сияқты. Жалпы күлкі күні болған жақсы ғой. Бір күн болса да халық күлкінің көжесін ішеді. Бұл күні көбісі бір-бірін алдауға құмар-ақ. Кезінде өзімді мәдениет басқармасы қатырып тұрып алдап еді. 2009 жылы бірінші сәуірде жұмысқа басқармадан факс келді. Хатта бажырайтып тұрып: «ЕКІ Е3У» сатира театры Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрына труппа болып қосылсын, мекеменің есеп-шоттары жабылып, мөрлері тапсырылсын деп ресми түрде жазыпты. Қаным басыма шауып, мәдениет басқармасынан бір шықтым. Қабылдау бөлмесіндегі қызға көзімнің қиығын да салмай бірден басшыға кіріп бардым.

- Мынауыңыз не?

- Не болды, что такой?

- Театрды жабатын болсаңыз ең болмаса алдымен ауызша сөйлесіп ескертпейсіз бе? - дедім.

- Нұрлыбек, пожалуйста, ашуланбаңыз.

- Енді қуануым керек пе?

- Жоғарыдағылар солай шешті, - деді басшы көзілдірігінен көзін қылтитып.

- Бұлай әуерге салатын болсаңыздар, өздерімен-өздері нан тауып жүрген жеке театрды неменеге мемлекеттің қарауына шақырдыңыздар? Қиыншылық кезде халықтың көңілін көтеруге қажет болдық. Енді күлкі керек болмай қалды ма?- деп тоқтамастан айтып жатырмын.

Ол бетіме қарап күлді.

- Ой, Нұрлыбек, бүгін қандай күн?

- Бірінші сәуір,- дедім де мен де күлдім. Бірақ, ойыннан ойымда дақ қалып қойды.

Әттең, мынаның арты жақсы емес сияқты сезілді. Театр әртістері де ойланып қалды.

Қазақ «Жақсы сөз — жарым ырыс» дейді. Ақыры бұл алдау шындыққа айналды. 2013-шы жылы, «ЕКІ Е3У» сатира театрын жетектеп апарып заңның күшімен қосты. Ахтанов театры үш труппаға көбейді. Сүйтіп, емін-еркін жүрген күлкінің отауына бұғау салынды. Бірақ, «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса». Көнеміз ғой...

БҰЛ БЫЛТЫРҒЫ АЛДАУ ҒОЙ...

(Былтыр мен де осылай біреуді алдап едім. Бірақ, менің алдауым жаман жағына қарай емес. Өнерге жанашырлық тұрғыда жасадым)

- Әлеу, бұл Асекең ба?

- Иә, иә, Нұреке, аманбысың?

- Шүкір, не жаңалықтар бар?

- Бізде не жаңалық болсын, жоғарғы жақтан келген қағаздарға көміліп отырған, - деді ол шаршаңқырап.

- Аа, сондай бір қағаз бізге де министрліктен келіп тұр,-дедім.

- Ол қандай қағаз? - деді құрдасым.

- Жыл бойы театрға қойылым көруге келген басшылардың тізімін сұрап жатыр.

- Министрліктен дейсің бе? Оны қайтеді екен?

- Театрға келмейтін басшыларды қара тізімге іліктіріп, сайттар мен газеттерге жариялайды екен. Сосын оларды «қазақ өнерінің жаулары»,-деп жұмыстан шеттетеді екен дедім.

Ол бірден шошып кетті.

- Ойбай, Нұреке, тізімде мен бармын ба?

- Қара тізімде ме?

- Жоқ, театрға барған адамдардың ішінде...

- Асеке, қайдан болсын? Сен бірде-бір қойылымға келіп көрген жоқсың ғой,- дедім күліп.

- Аа, солай екен ғой, - деді де телефонның тұтқасын қоя салды. Бірақ, іле-шала қайтадан маған телефон соқты.

- Нұреке, бірдеңе қылып мені тізімге қоса салшы, келесіде міндетті түрде барамын, - деп жалынып тұр.

- Қандай спектакльді тамашалады деп жазайын? - Өзің білші, өтінемін...

- Жарайды, - дедім.

Құрдасымды қатырдым деп тұрсам, сәлден кейін әкімшіліктен тағы біреу телефон шалды.

- Нұреке, бұл мен ғой, театрға бармағандардың тізімін жасап жатыр дей ме?

- Иә, иә,- дедім. Күлкіден өзім жарылып тұрмын. Бұл әңгіме әкімшілікте отырғандарға тез тарап кетсе керек.

- Мені де қоса салшы, бір көмегім тиер,- деп қояды қиылып. - Жақсы, ойланайын, - деймін мен. Содан не керек, бір

сағаттың ішінде бірнеше адам телефон соқты. Күлкі күнін пайдаланып театрға жарнама жасадым.

Ай, адамдар-ай...

БІРЕУ ҚАШАДЫ, БІРЕУ ҚУАДЫ...

Менің түрлі-түрлі танысым бар. Керек болса танысыңдар. Мекен-жайын беремін. Бейшара-ай, біріншісі қуады. Қуғанда былай ғой, жыртылып атақтың соңында салпақтап жүгіргеніне қырық жыл болды. Жетейін десе, жете алмай жүр. Қара жаяу қуды. Болмады. Табаны тозды. Тіпті жүйрік мәшинамен де қуып жете алмады. Атақ пен абыройды қуған жаман екен. Байғұсқа қиын болды. Азып-тозып, әбден әбіржіп кетті. Бар ойлағаны осы. Барып тұрған саңылаусыз. Әлде миғұла ма? Енді атақты қалай қуып жетудің амалын таппай, қолын жайып жұрттан көмек сұрайды. Ал екінші танысым сол атақтан қашып, ұстатпайды. Қаншама абырой мен атақтар, медальдар, ордендер соңында шұбырып жүр. Ол зыр жүгіріп қашады. Біреулер осыларға қол жеткізе алмай кәріп болып жүрсе, бұл атақты көрсе бетін басады. Ақымақ деуге аузым бармайды. Атақ пен абыройдан қашпайтындар көп қой. Мереке сайын омырауы орденге толып ыржиып жүретіндерді айтамын. Енді бір танысым шындық көрсе зәресі ұшып беті ауған жаққа безеді. Шындықтан ұшынған сияқты. Қазір өтіріктің қыр соңынан қуып жүргендер қаншама? Біреу қуады, біреу қашады. Ай, адамдар-ай...

ҚАЙЫРШЫЛАР

Бүгінде базарға барсаң қолын жайып, қайыр сұрап жүрген қайыршылар көп. Әйтеуір, ұлты басқа. Оған да шүкір.

- Садақа беріңіз, садақа беріңіз,- деп бала-шағасымен шұбырып жүреді.

Сол қайыр сұраушылар Ақтөбе қаласынан тіске басар ештеңе таппағасын Шалқар ауданындағы Жылтыр деген ауылға барса керек. Бұл ауыл менің туған жерім. Осы жерде өстім. Өркендедім. Жылтыр селосында Бөркінбай деген жездем тұрады. Өте айтқыш. Тілінің туа біткен қотыры бар. Жалпы, біздің шалқарлықтар тілімен шымшығыш қой... Ойламаған жерден ойып алады.

Жаңағы қайыршылар үй-үйді аралап жүріп, Бөркінбайдың шаңырағына да жетіпті.
Үйге кіріп келіп:

- Садақа беріңіз, садақа беріңіз, - деп қолдарын жаяды. Сонда ауылда жұмыс жоқ, әбден шаршап жүнжіп жүрген жездем айтыпты:

- Әй, айналайындар, қазір өзіміз де сол көшеге қайыр сұрауға шығайық деп отырмыз, - деген екен...

ЖЕҢГЕМНІҢ ЖАУАБЫ

Ауылда Тойдық деген жеңгем бар еді. Өзі сондай ақкөңіл, үй жағалап шәй ішіп, өсек айтып жүреді. Ешкімге зияны тимейді. Ол кезде ұялы телефон, интернет атымен жоқ. Бірақ, жеңгемнің қандай қасиеті бар екені қайдам, әлемдегі барлық жаңалықтарды сайратып отырады. Және айтқаны тура келеді. Бір күні таңертең жеңгеміз көрші үйге кіріп келеді. Көршілері дастархан басында шәй ішіп отырады. Тойдық жеңгем әдетінше соңғы жаңалықтарды үсті-үстіне төгіп жібереді. Бірақ, олар оған көңіл бөлмейді. Жақтырмаған сыңай білдіріп, көңіл аудармай, таңғы шәйді сіміріп отыра береді. Содан ол жарты сағат әңгіме айтады. Ешкім ештеңе демейді.

Сонда жеңгем айтқан екен:

- Құдай-ау, мен не істеп отырмын, шәй ішетін адам құсап?-деген екен...

ҰҚСАСТЫҚ

Асханада түскі ас ішу үшін кезекте тұр едім. Бір жас бала тамақ ішкісі келіп жаутаңдап тағамдарға қарай берді.

- Сен бала, шық, ақшаң болмаса тамақ бермейміз,- деп сатушы ұрысып жатыр. Қазақтың қара баласы екен, аяп кеттім. Дәмді тағамдарға аузының сілекейі шұбырып тұр. Астың иісіне басы айналып, кеткісі келмейді.

- Ақшаң жоқ па?- деп сұрадым.

- Иә, екі күн болды тамақ ішпедім.

- Неше оқисың?

- Жетінші сыныпта оқимын.

- Ата-анаң бар ма?

- Бар, бірақ үйде ақша жоқ, - деді.

- Айналайын, қалаған тамағыңды ал, өзім төлеймін,- деп едім, әлгі бала қуанып кетті. Содан кезекке тұрып тамақты толтырып алып жатыр.

- Әй, бала, бәрін тауыса алмайсың, асқазаныңа сыймайды,-деп әлгі сатушы әйел жақтырмай түр.

- Ала берсін, қолын қақпаңыз,- дедім. Бала көзі қызығып тамақты, тәттіні толтырып алды. Анадай жерге барып асығыс жеп жатыр. Бір өзіне екі-үш адамның асын алыпы. Тауыса алмады. Әр тағамның дәмін татып көрді.

Өзі тойса да көзі тоймайды. Бала ғой...

Самсаны бір тістеп қалтасына тықты. Қалғандарын орап сөмкесіне салды. Көйлегін бүлдірді. Бірақ, ақылы бар екен. Менің қасыма келіп:

- Аға, рахмет. Тойып кеттім,- деп кекіріп жіберді. Артық алған тамақтарын төгіп-шашып асханадан шығып бара жатты.

Бұл көріністен маған бір ой туындады. Біздің жемқорлық жайлаған қоғамдағы мемлекет күресіп жатқан басшылар арасындағы тойымсыздық осы бір жасөспірімнің әрекетіне ұқсайтын секілді. Бірақ, бұл қарны ашқан бала ғой. Ал, басшылар ше?...

БАЛА БОЛУ

Шалқар ауданының бір ауылында арақты қымыз ішкендей сіміретін бір ағамыз болыпты. Жасы елуді алқымдаса да жаман әдетін қоя алмапты. Дәрігерлер отбасына ішкіш әкені тек үйге қамап қою туралы кеңес беріпті. Жеңгеміз күнде таңертең жұмысқа кетер кезде балаларын мектепке жіберіп, отағасын сыртынан бекітіп кетеді екен. Бір күні асығып жүріп есік жабылмай қалыпты. Оны үйдегі қожайын қайдан білсін? Күндегі әдетінше ошақтың алдына барып темекісін тартып, баланың гаршогіне дәрет сындырып отырады. Бір кезде есік тарс етіп үйге көрші бала кіріп келеді. Мына отырысты көріп бала сасқалақтап:

- Апам айтады, бір кесе қант берсін, -дейді.

Сонда ағамыз түк мүдірместен:

- Үйде мамам жоқ, жұмысқа кетті,- деген екен бала құсап тілін шәйнап.

БІЗ БАЙМЫЗ БА?

Бүгін демалыс күнімді пайдаланып шаштаразға бардым. Бұған дейін үйде інім қиып беретін еді. Қырсық қылғанда қайшысы өтпей қалды.

- Сіз де осындай жерге келіп шаш қидырасыз ба?- деді бір келіншек қолындағы қайшысын қайшылап. Шашын сарыға бояп алыпты. Бірақ қас-қабағы қап-қара. Әйтеуір, пошымы бір түрлі.

- Енді қайда барамын? - дедім.

- Крутой жерге бармайсыз ба? - деп күліп жіберді. Мұндай сөзді алғаш емес, бұрын да құлағым естіп жүр. Өткенде орталық базарға барғанымда бір сатушы ұрысып тастады.

- Осы сізге не жетпейді? Базарда не істеп жүрсіз? - деп сұрақты дүрс еткізді.

Не айтарымды білмей сасып қалдым. «Мен бір атақты жұлдыз емеспін ғой» деймін ішімнен. Бірақ, халық танып тұр.

- Бізге базарға келуге болмай ма?

- Сендер қымбат сауда үйлеріне бармайсыздар ма? - деді сатушы.

- Ол жерде бізге тегін үлестіре ме- дедім әзілдеп. Ол әуелі күліп жіберді.

- Сізде ақша болмаса кімде болады? - деп қатты күрсінді. Үйге келіп айнаның алдында «осы мен кімге ұқсаймын?»-деп өзіме- өзім таң қалып түрмын. Ұзақ қарадым. Шешем:

- Айналайын, ербиіп айнаның алдына не істеп тұрсың? - Апа, осы, мен баймын ба?

- Сені жын қаққан ба?

- Көшеде жұрттың бәрі мені бай деп ойлайды.

- Ойласа ойлай берсін, арам ой емес,- деді шешем жымиып. Іші жақсы көріп тұр-ау, шамасы. Байлықты кім жек көрсін?

Бір күні қаражат керек болып ломбардқа бардым. Қолымда шешемнің алтын жүзігі, уақытша сұрап алдым. Кезек күтіп отыр едім. Бір әжей танып қалып, сол арада әңгіме көтерді. Шырағым, біз зейнеткерлер дәрі-дәрмекке, азық-түлікке ақша жеткізе алмағасын сырға-сақинамызды салып отырмыз. Егер сендердің бастарыңа мынандай қиындық туса, ее, онда мына заманнан түңілейін дедім,- деді әжей ренжіп. Мен не айтарымды білмедім. Мұнда алтын бұйымдары мен қымбат заттарын теңгеге айырбастауға келіп тұрғандар көп. Әсіресе, зейнет жасына келгендер мен жас отбасылар. Арасында студенттер де бар.

Бір адам бетіме қадалып тұрып:

- Сен үш театрға директор болып отырған жоқсың ба? - Иә, онда тұрған не бар?

- Мм, түсінікті,- деді ол бірдеңені ұққандай кейіп танытып. Бірақ, бір директордың жалақысын алатынымды бұлар қайдан білсін?

Жалпы халық өнер адамдарын бай деп ойлайды екен. әрине, бизнесті домалатып жүрген қалталы әншілер көп қой.

Тағы біреу көшеде мені ұстап алып:

- Осы сен неге депутат болмайсың? - дейді. Ол менің қолымда тұрғандай.

Шынымен осы жұрт мені бай деп ойлайды ма екен? БӨРКІМБАЙДЫҢ БОЛЖАМЫ 1995 жыл. Қыс. Шалқар ауданы. Бұл жылдары ауылдың шөпке тышар қызметкерлері мен жұмысшылары автогараждың алдында отырушы еді. Отырмағанда қайтеді, барлық техника жекенің қолына кетті. Еркектерге әйтеуір, түске дейін уақыт өткізу керек. Құр босқа отырмайды. Ауылдың басты жаңалықтары осы жерден басталып тарайды. Сол баяғы Бөркімбай жездем гараждың алдында ауыл әкімінің көлігін жөндеп жатады. Бір кезде бір ит келіп жаңа жауған ұлпа қардың үстіне жатып алып аунайды. Мұны көріп ырымшыл ауыл ақсақалы Жақсылық қатты күрсінеді.

- Ее, ертең бұрқасын боран болайын деп тұр,- дейді. - Жәке, уайымдамаңыз, ондай боран болмайды,- деп

Бөркімбай ақсақалды жұбатады.

- Неге?

- Аунап жатқан мынауың құп-құйттай қанден күшік ғой. Үлкен ит болса бір сәрі, көп болса түске дейін азын-аулақ жел тұрар,- депті жездем.

БОС ОРЫН

Ауылда мәдениет үйі директорының орны босады. Бос орынға таласушылар көп болды. Ауыл әкімі Талтаңбай Салпаңбаев сахнада жиналыс жасады.

- Менің балам директор болуға лайық,- деп сөзін бастады көп жылдан бері кітапхана директоры болған Биғаш апай.

- Ойыбай, сенің балаң домбыра да тарта алмайды. О, несі-ай, - деп бұрқ ете қалды Майжан. Ол мектеп директорының әйелі. Бұл қызметті көздеп жүргелі көп болды.

- Доғарыңдар, бұл орынға менің ұлым келгені дұрыс. Ол өзі өнерлі, сахнада ән айтады, би билейді,- деді бас маман Қыртық.

- Сіздер неменеге дау шығарып отырсыңдар? Бұл қызметке біз конкурс жариялаймыз,- деді әкім.

- Ауылға конкурспен ешкім жұмысқа келмейді. Өзіміз сайлаймыз,- деп зейнеткер Мыртық заңды белшесінен басты.

- Екі дипломы бар менің балам үйде отыр. Қолынан бәрі келеді,- деп жылады мәдениет үйінің еден сыпырушысы Мәлика. Мәликаға Әзима, Қалима қосылып үш дауыста дауыс етті.

Бұл таластың аяғы төбелеске айналатынын сезген әккі әкім айлаға көшті.

- Құрметті ауылдастар, мен сіздерге бір жұмбақ жасырамын, егер кім тапса, соның баласы мәдениет үйіне директор болады,- деді.

- Өте дұрыс шешім,- деді бас маман Қыртық мұрты жыбырлап.

- Қазақтың ұртын рахаттандыратын тағам?

Мәдениет үйіне тыныштық орнады. Жұмбақты дәл тапқан адам бос орынды иеленеді. Әкім шытырман жұмбағымен талай қызметті таныс-тамырларына әперіп жүр. Анкау халық білмейді.

- Мен таптым, ол сағыз,-деді біреу.

- Сағыз тағам емес, қазақтың ұртын рахаттандыратын тағам суға піскен вермешель,- деп қойып қалды Қоңқыш.

- Мүмкін пияз шығар,- деді арақтан аузы құрғамайтын Майлыбек.

- Дұрыс емес,- деді әкім. Әкімде шешілмейтін жұмбақтар көп. - Сарымсақ болар,- деді тағы бір кісі.

Сонымен жұмбақ шешілмеді. Әкім қуанып отыр. Әйелінің інісіне қызмет дайын тұр.

- Құрт,- деп дауыстады бір кемпір

- Кімді құртайық?- деді бас маман Қыртық.

- Қазақтың ұртын рахаттандыратын тағам ол - құрт деймін. Жұмбақ шешілді. Әкімнің бет-аузы жыбырлап кетті. Бірақ, шешуін тапқан әжейдің баласы жоқ. Талас қайта басталды.

Әзірге орын бос тұр...

ҚАЗІРГІ ЫРЫМДАР

- Егер қарсы алдыңыздан мектеп директоры кесіп өтіп кетсе, онда балаңыз биыл мектепті беске бітіреді. Оқуға түседі.

- Егер, алдыңыздан полиция кесіп өтсе, онда бір қиындыққа тап боласыз. Амалын іздеу керек.

- Тал түсте көшеде алдыңыздан әкім жүгіріп кесіп өтсе, қорықпаңыз, қызметіңіз жоғарылайды.

- Ал, алдыңыздан жазатайым министр кесіп өтсе, онда қуаныңыз, жолыңыз болады. Барлық қиындықтан, дағдарыстан, кредиттен құтыласыз.

- Егер алдыңыздан маскүнем кесіп өтсе, онда сол жерде жеті рет айналыңыз, әйтпесе алқаш болып кетесіз.

- Алдыңыздан банкир кесіп өтсе, қаражатқа қарық болып, бай-мұратыңызға жетесіз. Ауқатты боласыз.

- Ал, егер алдыңызды шашы дүрдиген, юбкасы қысқа, аузында сағыз, кіндігі ашық бойжеткен кесіп өтсе, онда отбасыңызда береке болмайды. Сондықтан, қалай болғанда да сол бойжеткеннің алдын сіз кесіп өтіңіз. Сонда жақсы болады. Ел тыныш, ұрпағымыз ұлағатты болады.

- Егер сізді қақ алдыңыздан ақ халатты дәрігер кесіп өтетін болса, қорықпаңыз, ауырмайсыз. Бірақ, бір жеріңізге шиқан шығады.

- Егер көшеде бір топ қариялар мен ақ жаулықты әжелер алдыңызда кетіп бара жатса, қуаныңыз, ұзақ жасайсыз, өміріңіз қуанышты, салиқалы болады.

АҢҒА ҰҚСАЙТЫН АДАМДАР

«Адамның мінезі аңға ұқсайды» деп айтып жатамыз. Көбісі өзіміз білетін ит, мысық, қасқыр, арыстан, тағы басқалары. Кейбіреулері өздерін туылған жыл атауларына ұқсатады. Мысалы: мешін, тауық, тышқан, қоян т.б. Мен мына бір хайуан мен адамның арасынан ұқсастық таптым. Африкада гиена деген жыртқыш бар. Ол өте сақ. Оның басқа аңдардан ерекшелігі өзінің жемтігін алдын-ала арбайды екен. Яғни, жаралы аң құсап, жайылып жүрген жабайы сиыр, зебраның қасына келеді. Солардың соңына еріп жүреді. Оның ептілігі сонша, өзін қауіпті екенін сездірмей жүреді. Содан әбден көзі үйренген жемтіктері одан жаманшылық күтпейді. Алаңсыз жайылып жүре береді. Сүйтіп, гиена енді қулыққа көшеді. Ештеңеден қаперсіз жерде ұйықтап жатқан бұзауына немесе анасына бас салады. Гиена жемтігін өлтірмей тірілей жұлып жейді. Қоғамда осындай адамдар бар сияқты.

Қысқасы, сақ болыңдар!...

ЕРКЕКТЕР

Негізі еркек деген сөз «ерке» деген ұғымнан тұрады. Олар жер бетінде жаралғаннан бері ерке жандар. Еркекті еркелетсе есі кетеді. Бірақ, бізді еркелетіп жатқан кім бар? Мен бүгін еркектердің мәселесін көтеруге келдім. Өйткені, дүние жүзінде еркектер қауымы азайып бара жатыр. Рас. Қане, әйелдер қауымы қол соғыңыздаршы, енді шапалақты еркектер соқсын. Міне, көрдіңіздер ғой, залдың 70 пайызы әйелдер, еркектер аз-ақ. Біз азбыз. Еркек байғұстардың жағдайын ойлап жатқан ешкім жоқ. Ойламайды да... Заңның бәрі әйелдер жағында. Әйел мен еркек ажыраса қалса оған үй де жоқ, бала да жоқ, қуып шығады. Ойбай-ау, мына өмірдегі әдемі теңеу сөздер де әйелдердің еншісінде ғой. Әйелдерге, аяулым, жаным, еркетайым, деп айтады. Ал, еркектерге қайыршы, сүмек, алқаш, топас, албасты дейді. Әйелдердің аттары да керемет, Жұлдызай, Сәулемай, Күнімай, Гүлімай—қандай әдемі аттар. Ал біздің аттарымызды қарашы, Боранбай, Қыраубай, Қаржаубай, Тасқынбай, Қашқынбай деп солай жалғасып кете береді. Кейде адамдарға жан-жануарлардың аттарын қойып жатады ғой, мысалы, әйелдерге Марал, Елік, Құралай, Ботакөз... Ал, еркектерге ше? Қасқырбай, Жылқыбай, Малдыбай, Түйебай дейді. Бізде әйелдерге арналған газет- журналдар да бар, «Жұлдыз», «Қазақстан әйелдері», әй, неге «Қазақстан еркектері» деген журнал жоқ. Біз кімнен кембіз? Баяғыда бір әйелдің күйеуі көпірден өте алмай суға батып кетіпті. Сонда әйелі былай деп жоқтапты: - Жаңбыр жауар себелеп, Гүлге қонар көбелек, Жұрттың байы батпайды, Неге батасың сүмелек... Мынаған қараңдаршы, әлгі әйел суға батып өліп жатқан еркегіне сүмелек деп тұр. Өліп жатқан еркекке де дұрыс сөз айтпайды. 10 бала тапқан әйелге «Батыр ана» атағын береді. Сонда еркектер ай қарап жүр ма, әлде әйелдер сол он баланы күлге аунап тапты ма? Ау, еркектердің де қатысы бар ғой, 50х50. Бізге «Батыр еркек» деген атақ беру керек. Сіздер, еркектердің аты жазылған конфет, шоколад көрдіңіздер ме? Біздің қазақтың еркектерінің аты да шықпайды. Мысалы, Сәрсенбей, Оразалы деген орыс немесе ағылшын көрдіңіздер ме? Әрине көрген жоқсыңдар, көрмейсіңдер де... Ал, Иван, Александр, Сергей деген қазақтар бар... Жалпы еркектер бауырымен жорғалаушы аңдар сияқты жер бетінде жойылып бара жатыр. Сондықтан оларды қызыл кітапқа енгізу керек. Мына, қара өлең мен әндер де әйелдерге арналған, «Әдемі- ау», «Сұлуым», Айсұлу, Күнсұлу, Жансұлу әйтеуір көп-ақ. Еркектерге арналған түк ән жоқ. Мен бүгін еркектерге арналған ән айтамын. Әннің аты «Он алты еркек»... /Он алты қыз әніне пародия/.

1.Астыма мініп алып тракторды,
Барлық қыз мені көріп жылап тұрды.
Мерседес неге керек осы бізге,
Шет елдің көлігінен жигули жынды...

Қайырмасы:
Бекбол-ай, Ербол-ай, Сәкен-ай, Бекен-ай,
Төкен-ай, Көпен-ай, Нұрлыбек,
Құралбек, Мәдияр, Қаржаубай...

Өсіп кеткен Өсербай,
Көшіп кеткен Көшербай,
Бөсіп жүрген Бөсербай,
Қайқаңдаған Қойлыбай,

Қыз таңдаған Майлыбай,
Қайда жүрсің ей, Сәрсенбай....
2.Еркектер көбейіңдер, азаймаңдар.
Еркектер отбасында қожайындар.

Бұл өмір өтіп кетер қас қағымда,
Би билеп, ән салыңдар, тойлатыңдар...
Қайырмасы:
Бекбол-ай, Ербол-ай, Сәкен-ай, Бекен-ай,

Төкен-ай, Көпен-ай, Нұрлыбек,
Құралбек, Мәдияр, Қаржаубай...
Өсіп кеткен Өсербай,
Көшіп кеткен Көшербай,

Бөсіп жүрген Бөсербай,
Қайқаңдаған Қойлыбай,
Қыз таңдаған Майлыбай,
Қайда жүрсің ей, Сәрсенбай....

ӘЙЕЛ КІМ?

Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Әйел кім?» атты еркектердің арасында сұрақ-жауап сағаты өтті. Бас қосуды мәдениет үйінің басшысы Малтон басқарды. Ұйымдастырушы аудандық мәдениет бөлімі.

- Жігіттер, осы әйел деген не?

Директордың мына сұрағы аудан әкімінің орынбасары Қоңқышқа бірден ұнамай қалды.

- Малтон мырза, әйел деген не дейтін ол зат емес қой? - Аа, кешірерсіз әйел деген кім?

Залда отырған еркектер күбір-күбір сыбырласып кетті. Әркім өз әйелдері туралы айту керек. Мектеп директоры Мыртық ылғи әйелінен сөз естіп жүреді. Ол былай деді:

- Өз басым әйелдер туралы ештеңе айта алмаймын, ал мысалы еркек- дегеніміз төсек көрпе сияқты, әйелдер тоңса жамылады, ыстықтаса бір теуіп лақтырып тастайды.

Әйелі туралы ашық айта алмаған Мыртықтың жауабы көпшілікке ұнамай қалды. Қол көтеріп орындықтан мәдениет үйінің режиссері Тағзым тұрды.

- Мыртеке, сен не айтып тұрсың, бүгін әйелдердің мерекесі, еркектерді айтпай қоя тұр, әйелдер туралы айтуымыз керек. Әйел деген театр сияқты, бірде комедия, бірде трагедия тамашалайсыз.

- Дұрыс айтасыз, мен келісемін. Әйел - кино да сияқты, бірде мелодрама, бірде боевик, бірде ужас,- деді тракторшы Орналы.

Орекеңді ішкен күні әйелі бақырашпен ауылды айналдыра қуатынын ел біледі. Мұның сөзіне аудан әкімінің көлік жүргізушісі араласты.

- Әйел деген көшедегі аңқып жүрген маршрутный автобустар сияқты, айқайлап қол көтеріп тоқтатпасаң ешқашан тоқтамайды, - деді. - Ал, еркек деген ерме сиякты, кім көрінген әйелдің соңынан еріп жүре береді, жүре береді... Дегенмен де ат айналып қазығын табады, еркек айналып төсегін табады, - деді мектеп директоры

Мыртық.

- Ту, еркектер туралы айтпа дедік қой, - деп әкімнің орынбасары дауыс көтерді. Мыртық әйелі туралы айта алмай тұр. Айтса шаңырағында Ұлы Отан соғысы басталады. Аудандық полиция бөлімінің басшысы Аққұлақ Саққұлақов былай деді:

- Әйел деген МАИ қызметкері сияқты, оның ала таяғы нан илейтін жуан оқтау. Еркек үйде от басының ережесін бұзса, бір айлық айыппұл төлейді немесе еркектік правосынан бір жола айырылады.

Залда отырғандар ысқырып қол шапалақтап жіберді. Аудандық спорт бөлімінің басшысы Тыртық өз әйелі туралы былай айтты.

- Әйел - шахмат ойыны да сияқты, жүрістен шатасып кетсең бірден саған мат қояды.

Бұл жауаптардың бәрі аудан әкімі Қылшықбайға тіпті ұнап отырған жоқ. Мұны сезген аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Арзангүл Қалқанбаева үрейленіп, екі бұты терлеп отыр. Өйткені, аудан әкімі мәдени шаралар дұрыс өтпесе, ылғи оның төбесін ояды. Тап қазір Арзангүлдің көзі жыпылықтап кетті. Әкімнен қайта-қайта ауыр сөз есту оңай деймісің? Жоспар бойынша еркектер өз әйелдері туралы жақсы сөздер айту керек еді. Олар дем арасында өзгеріп «демократияшыл» болып шыға келді.

Бір еркек:

- Әйел- жылан сияқты, - дей беріп еді, аудан әкімі «тоқтаңыз» -деп, айқайлап жіберді. Ешкім үндемей қалды. Арзангүл Қалқанбаева мәдениет үйінен тұра қашты. Әкімнің орынбасары аудандық газеттің редакторы Қыртыққа қарады. Қыртық қып-қызыл болып өтірік ұялып тұр. Көптен бері ойын ашық айта алмай ауырып жүр. Әкім жақсы сөзді редактор мырзадан күтіп отыр.

- Әйел-өмір. Әйел- адамның өмірін жалғастыратын нәзік жандар. Әйел- фабрика, зауыт. Тек, шикізаттар таусылмасын!- деді редактор.

Бұл теңеу әкімге ұнап қалды. Жымиып қол соқты. Ауданда абзал жандарға арналған мерекелік шара осылай өтті.

ЖАБАЙЫ ЖАРНАМА

- Өз ісіне адал, ақылды, пара алмайтын, мәдениетті басшытуып беретін келіншек іздеймін (Олжабек Арманбаев, Ақтөбе қаласы)

- Қашып кеткен аса қауіпті қылмыскерімді іздеп жүрмін. Егер қайтып келсе кешірім беремін (Полиция капитаны Мырқымбай Түйбебаев, Орал қаласы).

- Мемлекеттік мекемеде жасайтын сүмек күйеуімді мұнай- газ бен сауда саласында жасайтын бай еркекке айырбастаймын. (Бөксегүл Тойғанова, Атырау қаласы).

- Біздің ауданға ақша жемейтін, екі сөйлемейтін қайырымды басшы керек. Аты-жөнімді жазуға қорқамын (Шалқар қаласы).

- Тез арада үш тілде үретін қабаған ит іздеймін (Айтқышбек Сотқарұлы, Алматы қаласы, Шелек ауданы).

6.Бюджеттің қаражатын қымқыратын айлакер жемқор болса срочно мына телефонға хабарлассын. 99-99-99-99 (Атымды жеке сөйлескенде айтамын).

7.Абырой, атақ сатамын. Бірақ, қымбат... (Орталық базарға келіңіз). 8.Мекемені бүлдіретін, отқа май құятын арызқой адамдар керек. Жағымпаздық қасиеттері болса тіпті жақсы болар еді (Ақтөбе қаласы). 9.Отансүйгіштік пен ұлтшылдық қасиеттерді арттыратын жаңа дәрілер сатамын. Дәрінің сақталу мерзімі бір апта. Тезірек хабарласыңыздар (8-807-111-99-33-00). 10.Ақылы аз адамдары ақылы оқуға қабылдаймыз. Ақшасы болса болды (Мекен-жайымыз туралы мәліметті газет бетінен оқи аласыздар).

ЖАҒЫМПАЗДЫҢ ЖАРҒЫСЫ

Бұл жарғы қоғамда жағымпаз болғысы келетін кез-келген азаматтар мен азаматшаларға арналады. Және олардың құқығын заңды түрде қорғайды.

1-бап. Жағымпаздың мақсаты: 1.Әрбір адамның жедел түрде жоғарлауы мен басшылық қызметке өрмелеуінің нақтылай функцияларын жүзеге асырады. 2.Облыс, аудан, ауылдық жерлерде жағымпаздық іс- әркеттердің қалыптасуын, осы жарғыға сай үйлестіреді. З.Жағымпаз адам мекемеде ішкі және сыртқы тұрақтылықтың сақталуын, алым- берім мен экономикалық дамудың негізгі жолдарын жасайды.

2-бап. Міндеттері мен құқы:
1.Жалпы және жекелей жағымпаздардың ережесін бекітеді

2.Қоғамдағы жемқор, парақорлармен тұрақты жұмыс жүргізу реформаларын іске асырады.

3.Өтірікшілер мен суайттарды тағайындайды және оларды орындарынан түсіреді. 4.Кез-келген лауазым иесінің кабинетіне, үйіне, етек-жеңіне және тағы да басқа жерлеріне кіріп шығуына шек қойылмайды.

3-бап. Өкілеттілігі: • Ай сайын жемқорлар мен парақорлардың есебін тыңдайды. • Республикалық, облыстық, аудандық бюджеттердің

қымқырылуын ойластырады.
• Жағымпаздылық туралы шешімдер мен бұйрықтар шығарады.
• Халықаралық және республикалық дәрежедегі ұрылармен байланысты нығайтады.
4-бап. Жағымпаздылықтың белгілері:

• Біреуді біреуге айдап салу, азғыру және екі жүзділік. • Ортаға өсек айтып, адамды жамандау арқылы саяси

ұпайлар жинау
• Көзі ойнақшып, құйрығын түлкіше бұлғаңдату
5-бап. Жағымпаз болу

• Кез-келген жасы 40-тан асқан екі сөйлейтін, намысы жоқ, ұятсыз адам жағымпаз бола алады.

• Жағымпаздар өмір-бойы өз қолдаушыларының қарамағында бола алады.
• Олар қандайда бір жағыну әрекеттерін тосқауылсыз жасауға қақы бар.
• Осы жарғы жер бетіндегі барлық жағымпаздарға тең, бірдей қолданылады.

САСҚАНЫМНАН САҚАУ БОЛДЫМ

Ойбай, мына мен жаман ауруға тап болдым. Бірақ, шошымаңыздар, қолдарыңыздан келсе көмек беріңіздер. Жасыма жетпей осы дерт денеме жабысты. Айтпасам болмайды. «Ауруын жасырған өледі» дейді, мүмкін емі табылар... Иә, шынымен де сырқаттың да түрі көп екен-ау. Жұрт секілді белің ауырғанда қойдың майын жағып, басың сыздап, табаның мұздап, ішегің шұрылдағанда бір уыс дәріні ішіп жіберіп, құлан таза айығып кеткен қандай тамаша! Менің сырқатымның диагнозы белгісіз. Емханаға барсаң, дәрігерлер алыстан таяқ лақтырып, шошып қарамайды. Жанға шипа боларлық дәрі-дәрмектері де жоқ. Ауру жаман. Дертімнің алдын алу жолдары әлі зерттелмепті. Жұқпалы ма, жұқпалы емес пе, жұмбақ? Әсіресе, сайлау кезінде жаман қозады. Жынданып кетуге қалдым. Несіне жасырамын, жындыханаға да бір барып қайттым. Бірақ, ол жерде ылғи сау адамдар жатыр. Иә, кәдімгі бет-жүзі таныстар. Яғни, бір-бір мекеменің тұтқасын ұстаған азаматтар. Мен түкке түсінбей қашып шықтым. Есім дұрыс, біреудің тұмсығын бүзғаным жоқ. Біреулер айтады, бұл ауруға қоғамда жүйкесі тозғандар, өмірден әділет, шындық іздегендер шалдығады дейді. Қайдам, егер рас болса, елдің бәрі ауруын жасырып жүрген болар, ә?.. Тіпті кімнен, қалай жұқтырып алғанымды білмей басым қатты. Құдай-ай, қаралатын емші болса... Өткенде әріптесім Берген Кәмен жаман ауруға шалдықты. Оның екі көзі қит етсе қыз-келіншектерге емес, айналадағы кемшіліктер мен алым -берімді көріп қоя беретін болды. Бұл қасиеті көпшілік адамдарға ұнамады. Екі көзі басына пәле болды. Шұқып алайын десе, көз керек қой. Қайда қаралса да ем қонбады. Ақыры өзін-өзі соқыр қылды.

Бірақ, көзі көреді. Көрсе де көрмегендей жүре береді. Тапқан емі сол. Ал, мен оған көп күлдім. Обалым жоқ, енді басыма келді. Көзімнің көргені былай тұрсын, екі құлақтың естімейтіні, қызыл тілдің сандырақтап сайрамайтыны жоқ. Кеше құлағым қалада бір дөкейдің мемлекет қаражатына бес қабат сарай салдырып жатқанын естіді. Сол-ақ екен, тілім сумаң етіп, аты-жөнін, өмірбаянын айтып үлгерді. «Тыныш, адамды жасына жетпей сақау қылғың келе ме? Одан да әңгіме керек болсе өсек айт, құрдастарыммен қалжыңда» десем, тілім көнбейді. Әлгілерді айтқаным жөн дейді. Құлақ пен тіл қосылып, көз оларға куә болып, маза бермейді. Көр де тұр, бұлар менің түбіме жеткісі келіп жүр. Құдай-ау, екі құлағым неге әсем әуендерді естіп, тілім тәтті мен ащыны жалап, екі көзім табиғатты тамашалап, тым-тырыс артын қысып, жөніне жүрмейді. Дұрыс па? Әй, қазір кім ішіп-жемейді. Олардың да аузы бар. Шетелде оқитын ұл-қыздары, тума- туысы және бар. Жейтін адам жесін, алатын адам алсын, несі бар... Міне, екі құлақ тағы бірдеңелерді қабылдап жатыр. Сүйір тілім былай дейді: «Қылмыс көп. Жастар бұзылды. Бай мен Кедей көбейді. Ауру-сырқат тағы бар. Әйелдер бала табуды азайтты. Зорлық-зомбылық, тән сату бар»... Тіліме қой деймін, қай-қайдағыны тізе бермей, біреу-міреу естіп қалар. Болашақта кадрлық ауыс-түйістердің көкесі енді болады дей ме, басымды қатырды. Қоятын емес, енді қайттім. Масқара, құлағым және бір хабарды шалды.

- Қала басшылығына бір крутой бизнесмен келеді. Бұрын бес рет сотталған, - дейді.

- Келсе қайтемін, - деймін.

- Ол тек алу мен сатуды біледі, - деп тілім қышып тұр. - Сенің не жұмысың бар, наныңды же де, жөніңе жүре бер.

Қарашы, жұрттың тілдері тып-тыныш қой, жұтып қойған секілді, жат десем, «жатпаймын» деп, тілім шап ете қалды. Көпшіліктің алдында суырылып әлгі бизнесменнің аты-жөнін айтқысы келіп еді, тілімді тісіммен қатты тістеп қалдым. Қырш ете қалды. Тістей-тістей бір күні сақау болатын шығармын. Ел арасында емші болса, көмектесіңдерші...

ЖОМАРТТЫҢ ЖАУАБЫ

Бүгін мектепте жаңа жыл мерекесін тойлауға байланысты ата-аналар жиналысы өтеді. Мектеп директоры Бәтима бұлтың-бұлтың етіп, класқа кірді. Екі беті алмадай қызарып тұр. Бір түрлі қысылған түрі ғой. Бірақ, жиналыс біткен соң бозарып кетеді. Жиылған қауымды көзінің астымен бір сүзіп өтті де жиналысты бастап жіберді,

- Құрметті ата-аналар, келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Бүгінгі жиналыста жаңа жыл мерекесіне кімнің баласы қандай кейіпкердің киімін киетіні туралы әңгіме болады, - деді ол. Ата-аналар күбір-күбір шулап кетті. Мектеп директорының бұл ұсынысы бір түрлі естілді.

- Шырағым, кімнің не киетінін әркім өзі шешпей ме? Бәрі болып енді сол қалды ма?

- Жоқ, олай демеңіз, әже,- деп Балжан әжейдің сөзін директордың орынбасары Безеугүл бірден белінен кесті.

- Сіздердің естеріңізде болса, былтыр жаңа жылға бір оқушы террористің киімін киіп келіп елді шошытты. Сол үшін ауыл әкімі жұмыстан қуылып кетті. Сондықтан, бұл мәселені өзіміз шешеміз, - деп директор туралап айтты.

- Біз былай деп тізім жасадық, Сәрсенбайдың баласы Айбат Шрек болады, - деді мектеп директорының орынбасары Безеугүл.

- Ол не пәле?- деп Айбаттың шешесі Биғаным өре түрегелді. - Шрек деген былайша айтқанда есек қой,- деді директордың

орынбасары.

- Өзің есек, менің балам қасқыр болады.

- Қасқыр Биғаштың баласы Арман болады, - деп Безеугүл орнынан безілдеп ұшып тұрды.

- Жоқ, менің балам есек болмайды, - деп Биғаным айқайға басты.

Биғаным байына бағынбайтын әйел. Жыны ұстаса жиналысыңды быт-шыт етеді.

- Тыныш, тыныш, құрметті ата-аналар, сабыр сақтаңыздар. Шректі әлем біледі. Ол ақылды, жақсы есек,- деді директор.

- Есектің жақсысын көргенім жоқ, менің балам ендеше Ертөстік болады,- деді Биғаным. Бұл ұсыныс басшылыққа ұнамай қалды.

- Келесі кезекте мектептің озат оқушысы Мұрат Терминатор болады.

Мұраттың әжесі шошып кетті.

- Қарағым, Тірменатыр деген не?

- Ол робот қой, темір адам.

- Әй, олай деп менің басымды қатырмаңдар, менің балам ешкімнен кем емес, ол Тірменатыр болмайды, Алпамыс батыр болады. Көпшілік ата-аналар әжейдің сөзін қолдап жатыр. Бір атай тұрып айтты:

- Айналайындар, сендер шет елдің кейіпкерлеріне еліктегенше өзіміздің ертегілердің кейіпкерлерін неге көрсетпейсіңдер? Мысалы: Алдар-Көсе, Саққұлақ, Таусоғар, Желаяқ, көп қой айта берсең...

- Ата, сіз біздің жұмысымызға кедергі келтірмеңіз, өзіміз білеміз, - деп директордың орынбасары Безеугүл бедірейіп қалды. Жиналыс әрі қарай жалғасты.

- Үшінші кластың оқушысы, Балтабайдың баласы Жомарт Аватар болсын деп шештік,- деді мектеп директоры Бәтима. Аватардың не екенін ата-аналар тіпті ұқпай қалды. Бетін шымшып бір-біріне қарады.

- Аты бір түрлі екен, құбыжық шығар,- деп жатыр біреулері. - Апай, мен Жаңа жылға Аватар емес, ұлттық киіммен келемін,- деді Жомарт.

- Сонда ұлттық киіммен кім боласың?

- Қазақ боламын...

Мұғалімдер үнсіз қалды. Оқушының бұл жауабы бүгінгі жиналысқа қорытынды жасағандай болды.

ҚАБАҒАН ИТ

«Ит - иесіне ұқсайды»- дейді. Рас қой. Бала күнімде үйімнің сол жағында тұратын көршім ішімдікке өте құмар болды. Араққа сылқиып тойып алып, әйелін күнде жерге домалатып сабайтын еді. Әйелі де таяқты жеп алып, беті-аузы добардай ісіп шаруасын жасап жүре береді. Ешқандай реніш болмайды. Ол заманда ажырасу деген ұғым жоқ. Сол үйдің иті аузы салпиған қабаған болды. Күндіз адам талайды. Көрінгеннің балағына жабысады. Түнде құйрығын қысып, ұры итке айналады. Әркімнің ауласын тіміскілеп жүреді... Үйімнің артында Нәнбет деген көршім болды. Өте тамаша жандар. Ешкіммен араласпайды. Өздерімен өздері өмір сүреді. Иті де сондай. Ауласына біреу келсе «Аф» деп, бір рет үреді де жата береді. Салмақты ит. Айтпақшы, қарама-қарсы көршіміз өте қызық адамдар. Ертелі-кеш бала-шағасымен тыным таппай жұмыс жасайды. Әйтеуір, ауласында бірдеңе жасап жатады. Иті де мазасыз күнді- түні шәуілдеп, «Осы үйден басқа баратын жерлерің жоқ па?» дегендей, үйдің жанынан өткендерге ерсілі-қарсы үреді де жүреді. Жалпы, иттер иесіне ұқсайды екен. Ал, оң жағымдағы көршім - мұғалім. Үйінен ұрыс-керіс естіген емеспін. Балалары тәртіпті. Ауласынан артық ауыз былапыт сөз естімейсіз. Кеңес заманында осындай отбасылардың үйінің бұрышына «Бұл үйде үлгілі семья тұрады» деп, жарқыратып іліп қоятын еді. Өзге үйдің қожайындары қызығып қарап өтеді. Ал, сол үлгілі үйдің иті «иттің төресі» десем, артық айтпаймын. Үретін жерін біледі. Ішкен ит аяғына сарымайды. Біреуге иттігін істеп, иесінің атына лағнет сөз айтқызған емес. Адам қаппайды. Қандай керемет ит. Қазір, сол мұғалімнің итіне татымайтын арамызда адамдар бар ғой. Адам ит. Өкінішті...

ҚАЛЖЫҢ ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Кеше біреулер «әзіл қалай туады?» деп, сұрақ қойды. Мен айттым, әзіл тумайды. Оның еркек, ұрғашысы жоқ, ол өмірден өзінен өзі пайда болады, - дедім қалжыңдап. Шыныменде әзіл- қалжыңның шығатын көзі- ауыл. Әріректе болған бір оқиғаны баян етейін. Менің әкем ауылда атақты киномеханик болды. Совет заманында ауыл жастары тек киноға барады. Бірақ, ауылда қазіргідей емес, кино тапшы. Атаулы мереке күндері әкем екеуіміз Ақтөбеге барып кинопрокат мекемесіне бір семіз қой ұсынып, қазіргіше айтқанда пара беріп, үнді фильмін алып келеміз. Клубтың алдындағы тақтайшаға үнді фильмінің афишасы ілінгеннен кейін-ақ, менің мектептегі беделім күрт өсе бастайды. Мұғалімдер алдыңғы қатардан билет алу үшін маған ылғи сабақтан бес қойып береді. О, тоба жемқорлық бізде бұрыннан бар екен-ау... Мектепте әншейінде көз қырын салмай жүрген жоғары кластың қыздары мені көрсе күліп, жымиып кешке келсең шығамын дегендей майысып тұратын. Сол кезде жоғары кластың қыздарымен жүру мода болды ғой. Қазіргілер кішкентай қыздарға жүгіреді. Үнді киносының арқасында абыройым совхоз директорының баласынан да асып кетіп жүрді. Ал киноның қызығы біткесін, менің де беделім тусылады. Ол үшін тағы әкем екеуіміз бір қойды жетектеп Ақтөбеге баруымыз керек... Айтайын дегенім, біздің ауылға қарайтын бір ферманың клубында Бәтима деген тұрмысқа шықпаған апай киномеханик болып жасайтын еді. Ол біз сияқты Ақтөбеден кино тасымайды. Поштамен келген бір киноны бір ай бойы айналдырып қоя береді. Бір күні ауылына «Қасқырдың апаны» деген кино көрсетілімге жіберіліпті. Бәтима апай бір апта қояды да, сонан соң киноның атын өзгертіп, «Арланның апаны» деп тағы көрсетеді. Бір жұма өткеннен кейін апамыз оны тағы өзгертіп, «Бөлтіріктің апаны» деп клубтың алдына жазып қояды. Бір киноны мың қайтара көріп, әбден мезі болған ауылдың тентектері әлгі афишадағы жазуды өшіріп, «Бәтиманың апаны» деп жазып кеткен екен... Міне, ауылдан осындай әзілдер

шығады.

БІЗДІ КІМ АЛДАМАДЫ?

Бірінші сәуір күні адамдар бір-бірін алдауды әдетке айналдырып алды. Сол күні аңқау адамдар тез алданады. Өзімді біреулер талай қан қақсатты. Ырғызда тұратын нағашымды алдасам қалай болар екен? Былтыр емші Түгелбайдың түкірігі деп, өз түкірігімді беріп жіберіп едім, енді не айтсам да маған сенбейтін шығар. Алдыңғы жылы әкиматта отыратын құрдасымды қатырып алдадым. «Театрдағы қара тізімдер» деп, театрдың босағасын аттамаған әкімшілік қызметкерлердің зәресін алдым. «Бүгін кімді қатырсам екен?» деп үйдегілерден ақыл сұрадым. - Біздің апайды алдап берші, - дейді мектептегі балам. Оған

не айтарымды білмедім.

- Халықты алдай салсам қайтеді? - дедім.

- Шырағым, бізді кім алдамай жатыр? Онсызда әр нәрсеге сеніп қалатын халықты алдап нең бар? Сенсіз де бізді жерге отырғызып кеткендер көп қой,- деп шешем ашуға булықты. Аузындағы мүжілген екі тісін қышырлатып қайрап қояды. Кәдімгідей ренжіп қалды.

- Коммунизм болады деп Ленин алдады. Сталинге сеніп едік, ол тіпті қатырды. Хрущев, Брежнев, Горбачев... бізді кім алдамады? Енді сен жетпей жүр едің? - деп әкем орнынан түрегелді. Маған таяғымен келіп төніп тұр.

- Кешіріңіздер, күлкі күні болғасын әзілдеп айтып жатырғаным ғой, - деп ақталдым.

- Мықты болсаң анау әкімдер мен министрлерді неге алдамайсың? - деп шешем ақырды.

- Оларды Алдар көсе тіріліп келсе де алдай алмайды,- деп, әкем күрсініп пештің түбіне жайғасты. Қарап жүрмей әке- шешемнен сөз естідім.

Бұларға не болған?...

ОҢТАЙЛАНДЫРУ

Қазір заман таршылығы ма, қаражат тапшылығы ма, әйтеуір оңтайландыру деген пәле шықты. Яғни, қысқартудың мәдениетті түрі. Бір мекемені бір мекемеге біріктіре салады. Банк пен банк қосылып жатыр. Театрмен театр қосылып жатыр. Сол қосындылардан не пайда болады екен? Егер, еркек пен әйел қосылса, оны өздеріңіз жақсы білесіздер, ұрпақ пайда болады.

Театр мен театр қосылса труппа болады
Әнші мен әнші қосылса группа пайда болады
Ал, егер еркекпен еркектердің басы қосыла қалса, төбелес пайда болады.
Әйел мен әйел қосыла қалса өсек пайда болады.

Бастық пен бизнесмен қосылса жемқор пайда болады. Қазақ пен Өзбек қосылса сарай, котедж пайда болады. Ақ пен қара қосылса алапес пайда болады. Помидор мен Қиярды қоссаң салат пайда болады. Есек пен Жылқы қосылса қашыр пайда болады. Жылан мен Кесіртке қосылса Крокодил пайда болады. Крокодил мен Түйе қосылса Динозавр пайда болады. Машина мен машина қосылса лимузин пайда болады. Телефон мен Интернет косылса Вайфай болады. Бәйбіше мен Тоқал қосылса айқай болады. Асфальтқа топырақ қосылса шоқалақ пайда болады. Алақан мен алақан қосылса шапалақ пайда болады.

КӨШЕДЕГІ КӨҢІЛСІЗ АДАМДАР

Мені кабинетінен шықпайды деп кім айтты? Бүгін көшеге шықтым. Қасымда оққағарым немесе көмекшім жоқ. Жалғыз жүргеннен осы жұрт неге қорқады? Әсіресе анау айта беретіндер ғой. Өздеріңіз біліп отырсыздар, иә соларды айтамын. Бір жерге баратын болса айналасына полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілерін шулатып, шұбыртып жүреді. Қазір аспазшы мен шаштараз да еретін болыпты. Маған десе неге қастарына құда-жекжатын, тума-туыстарын қосып алмайды... Айтпақшы, мен көшеге шыққан екенмін ғой. Содан күннің көзіне бойымды қыздырайын деп орталық саябақтағы орындыққа жайғастым. Мұнда күнге жылынып отырғандар көп екен. Сымға қонған торғайдай тізіліп қалыпты.

- Амансыз ба? Бүгін күн шуақты екен, - дедім бір кісіге қарап. - Ерігіп отырғаным жоқ, басымдағы бес кредиттен қалай

құтыларымды білмей ойланып отырмын.

- Кешіріңіз...

Қабағы қатулы екен. Қарсы сұрақ қоймадым. Екінші отырған адамды сөзге тарттым.

- Биыл көктем кеш шығатын сияқты. Күн жылымай тұр. Көше су.

- Көше су емес, лас. Жолдың бәрі шұрық-тесік. Оны жамап жатыр. Менің шұлығым да тесік. Жамауға келмейді. Жыртыла береді.

- Ымм...

Бұл адам да ашулы отыр. Орнымнан тұрып басқа орындыққа барып отырдым.

- Апа, сәлем бердік.

- Бақытты бол.

- Ауа-райы тамаша екен.

- Ее, шырағым, қайдан білейін, өзімнің көңіл- күйім онша емес. Жалғыз ұлымнан айырылып қасқиып қалдым. Қазір қылмыс ашылмайды. Кісі өлтірушілер көп.

- Қиын болған екен.

Басқа ештеңе айта алмадым. Апамыздың көзінен жас парлап кетті. Анадай жерде өзім қатарлы жігіт отыр екен, соның қасына келдім.

- Отырыс оңды болсын!

- Рахмет. Бұл жерде күнде отырамын.

- Неге?

- Жұмыстан қуып жіберді. Жұмыс беруші соңыма шам алып түсті. Қазір әділдік жоқ қой. Басшылар құтырған заман болды.

- Заң орындарына шағым айтпадың ба?

- Одан пайда болмай тұр. Бастығымның таныстары әкімшілікте отыр, - деді

- Аа...

Бүгін саябақтан көңілді адам кездестіре алмадым. Бәрінің қабақтары қатулы екен. Әлде, менің сорыма осындай адамдар кезікті ме?

ҚАРА КҮЙЕ

(Мысал) Ошақ үстіндегі қара қазанда сиырдың сүті бабымен пісіп жатыр. Майлы сүттен дәмесі бар сары мысық пештің түбінде мияулап шоқиып отыр.

Сүт:

- Сүттен артық не бар? Барлық тағамдар менен жасалады,-деп қуанышын жария етті.

Мысық:

- Мияу, айран, қаймақ, құрт, ірімшік бәрі сенен жасалады. Айтпақшы, уызды айтсайшы, мияу...

Сүт:

- Бір өзімінен осыншама тағам әзірленеді екен,- деп сүт таңданып қояды.

Сүттің мына сөзін қазанның қара күйесі естіп, оған да тіл бітті. Иә, кәдімгі қара күйе.

Күйе:

- Ойпырмай, Сүтеке, біз де қазір сұранысқа иеміз. Күйе деген атымыздан ел үркеді.

- Мияу, қара күйе кімге керек? - деді мысық.

- Керек болғанда қандай, біз дефицит бола бастадық. Қазір қоғамда ақ адамға қара күйе жағу мода болып тұр.

Бұл әңгімеге оттың үстінде тұрған Қазан қосылды. - Мен болмасам күйе қайдан пайда болады? - деп Қазан қайнай бастады.

- Күйе менен шығады, - деді От қызуын күшейтіп.

Сүйтіп бұлар сөзге таласап жатқанда қазандағы сүт тасып жерге төгілді. Мысық тегін сүтке ұмтыла бергенде қара Күйе бұрқ ете қалды. Сары мысық қара мысыққа айналды. Тап осы сәтте күйген сүттің иісін сезіп үй иесі жүгіріп келді.

- Оңбаған арам мысық, сен қазандағы сүтті төгіп тастадың,- деп таяқтың астына алып үйден қуып шықты. Жазығы жоқ мысық жазаланды.

- Міне, менің қоғамдағы қызметім осы, - деп мақтанды қара Күйе. БҰЛ КІМНІҢ ҚҰЛАҒЫ?

Күнделікті кабинетімде жұмыс жасап отырмын. Есіктің сыртынан бірдеңе қытырлайды. Тышқанның кеміргеніне ұқсамайды. Ерекше дыбыс. Түстен кейін әлгі дыбыс тағы естілді. Құлағым неше түрлі дыбыстарды таниды және айыра да біледі. Бұл соңғы кездері пайда болды. Не де болса көрейін -деп есікті ашып қалдым. Көзіме ештеңе көрінбеді. Қайтадан жұмысыма кірісіп кеттім. Әлгі дыбыс ізінше тағы естілді. Жүгіріп барып есікті аштым. Адамның қарасы көрінбейді. Сүйтсем есіктің тұтқасында бір құлақ жабысып тұр. Шап беріп ұстап алдым.

- Кімнің құлағысың? Не тыңдап тұрсың?-дедім ақырып. Құлақ мыжырайып қалды. Иә, кәдімгі адамның құлағы екен. Бірақ, есектің құлағына ұқсай ма бір түрлі. Тесілмеген. Соған қарағанда ер адамның құлағы деп топшыладым. Қалқан құлақ. Мекемде құлағы қалқиған кімдер бар? Кабинетіме келіп ұзақ ойландым. Құлақты аямай бұрадым, «ей, ақпа құлақ» деп, жеті атасынан бермен қарай боқтадым. Қызарып кетті. Қайнап тұрған ыстық суға салып алғым келді. Бірақ, құлақ пісіп қалып иесі шұнақ болып қалар деп қатты аядым. Байғұс құлақты біраз қинадым. Сосын инемен тесіп «мә, құлағыңа алтын сырға» деп, сырға тақтым. Сүйттім де құлақты қалтама салып алдым. Уақытша тілімді жұтып қойдым. Үйге келдім. Үн жоқ. Үйдегілер «ойбай, бір жерің ауырып қалды ма?» дейді. Мен тек басымды шайқаймын.

- Шырағым, саған не болды? Күнде үйде аузың жабылмайтын еді, - деп шешем алдыма келді. Жақ ашпадым.

- Әй, жаман ұл сені біреу ренжітті ме?- деп әкем шықты. Құлақтың иесі табылғанша дыбыс шығармауға бекіндім.

Таңертең жұмысқа келе сала ұжымдағы адамдардың құлақтарына қараумен болдым. Бәрінің екі құлақтары орнында тұр. Содан түс ауа таныс қызметкерім ғимаратта бір құлағын шүберекпен байлап алып кезіп жүр.

- Құлағыңыз үсіп қалды ма?

- Жоқ.

- Салқын тиіп, бұлақ ағып жүрген жоқ па?

- Жоқ.

- Әлде біреу тістеп алды ма?

- Жоқ, - деймін.

- Аа, құлақ жоқ дейсің ба?

- Иә, - деді ол беті қызарып.

- Жарайды, мә құлағыңды мен тауып алдым, ал енді жоғалтып алма, - дедім.

Ол сырға таққан құлақты көріп одан бетер қызарып ұялып қалды. ПАТРИОТ

- Мен өз Отанымды мәңгі сүйемін.Табиғатын жақсы көремін. Қасық қаным қалғанша қорғаймын. Елім үшін жанымды беремін...

- Басыңда баспана бар ма?

- Жоқ.

- Жерің бар ма?

- Жоқ.

- Бизнесің бар ма?

- Қайдан болсын?

- Жұмысың ше?

- Жоқ.

- Отбасың?

- Жеті балам және бес кредитім бар.

- Болашағың қандай?

- Білмеймін.

- Ұлтың кім?

- Мен - Қазақпын!...

МӘДЕНИЕТТІ АДАМ ЕҢБЕК ТӘРТІБІН БҰЗБАЙДЫ Осыдан он бес жыл бұрын мәдениет басқармасы мекеме директорларының жұмысқа келу мен кету уақытын қадағалаумен болды. Бұл бір жағынан еңбек заңын орындау тәртібі болса, бір жағынан қалыпты қызметін атқарып жүргендер үшін ыңғайсыз көрінді. Әр адам өз міндетін біледі. Бала емес қой. Содан мен таңертең 9-00-да емес, ертемен сегіз болмай барамын. Өйткені, әке-шешем ерте тұрып шәй ішеді.

Жұмысқа келемін де тура басқарма бастығына телефон шаламын.

- Сәлеметсіз бе? Мен жұмысқа келіп отырмын.

- Ой, амансың Нұрлыбек, а чо рано?

- «Ерте тұрған адамның бір ісі артық» - деймін.

- Молодес...

Кешкісін күнде үйге кеш қайтамын. Бұл менің бұрыннан хронический ауруым. Жұмыстан кейін театр бос, емін-еркін шығармашылық жұмыспен отырасың. Жалпы өнер адамының жұмысын уақытпен өлшеу мүмкін емес. Олар сенбі, жексенбі күндері де жұмыста күндіз-түні жүре береді. Содан жұмыстан үйге он-он бір шамаларында келіп басқарма бастығына тағы телефон шалдым.

- Кеш жарық!

- Ой, какой кеш, уже түн болды ғой.

- Мен театрдан жаңа шықтым, - деймін. Ұйқылы-ояу жатқан бастығым:

- Жарайды, дұрыс, - деп керіледі. Сүйтіп, осылай телефон арқылы бір апта хабарлап отырдым. Телефоны сөніп тұрса қысқаша хабарлама жазып жіберемін. Ақыры аяғында бір күні өзі жеке шақырып алды.

- Ладно, мен саған сенемін, сен өз жұмысыңды білесің, тек пожалуйста, енді таң атпай не болмаса түнде телефон соқпашы, - деп жалынды. Содан кейін құлағым тыныш болды. Ешкім артымнан осы күнге дейін аңдымайтын болды. Бірақ, қазір сол қайтадан басталған сияқты...

МАЗАСЫЗ БАСТЫҚ

Шалқар ауданы, Тоғыз совхозында Қадыр Нұрмағанбетов деген айтқыш шопан болыпты. Ол кісі «ЕКІ ЕЗУ» сатира театрындағы әйгілі Берік Нұрмағанбетовтың туған әкесі. Берік дарынды актер. Жадыраған жаз айынының бір күнінде Қадыр ағамыз, совхоз директоры және көлік жүргізушісі үшеуі қазақтың кең даласында жайлауға қарай жүйткіп келе жатқанда, көліктің дөңгелегі жарылып қалады. Шофер жігіт жалма-жан дөңгелекті ағытуға кіріседі. Қанша әуреленсе де дөңгелекті алу қиынға соғады. Ақырында қатты күшпен бұрап қалғанда, дөңгелекті ағытатын кілт ортасынан морт сынады. Мұны көрген совхоз директоры айқайға басады:

- Қандай олақ адамсың, соншама күшке салып әкеңнің құны қалды ма? Жап-жас болып алып түк икемің жоқ, - деп шофер жігітті сөзбен жеп қояды.

Сасқалақтаған жігіт басқа кілт тауып енді бұрай бергенде: - Әкел, өзім бұраймын, міне қара, - деп бұрап қалғанда кілт

тағы қақ бөлінеді. Совхоз директоры сынған кілтті алып жан- жағына қарайды.
Сол кезде мұны көріп тұрған Қадыр ағамыз:

- Басеке, ештеңе етпейді, мұнда сізге ұрысатын адам жоқ, -деген екен...

МЕН ОСЫ КІММІН?

Үйде алаңсыз төбеге қарап, мұрнымды шұқып отыр едім: - Сендей қорқақ адамды көрсем көзім шықсын, - деп әйелім төбеден түскендей қойып қалды. Мұндайы жоқ еді, таң қалдым. - Басыңды бағанаға соғып алдың ба? Мұның не? - дедім. - Қорқақ екенің өтірік емес, жұрттың байлары қос-қостан банктен несие алып қоңданып, байып жатыр. Сенің отырысың мынау қара жүнді қарға құсап, саған тұрмысқа бекер шықтым, оданда орысқа тигенім жақсы еді, - деп көктіктен жылап жіберді. Көзінің жасы тырс-тырс етіп еденге тамшылады.

- Жоқ, олай демеңіз. Менің қорқақ екеніме бұл нақты дәлел емес, - деп есікті тарс жауып сыртқа шықтым. Намыстан ішім өртеніп, тамағым кеуіп барады. Тіпті, борбайым терлеп кетті. Аулада шешем тауыққа жем сеуіп жүр екен, содан сұрадым:

- Апа, мен осы кіммін?

- Қорқақсың, - деп апам бетіме айтып салды. Желкем тоқ ұрғандай зың ете қалды. Бұл сөзді не үшін маған айтады?

- Неге? - дедім басым кетіп.

- Кеше алақандай жеріңе көршінің аузы салпиған қабаған иті кіріп кеткенде міз бақпай үйде теледидардан футбол қарап отырдың, сол итті қақ маңдайдан таяқпен ұрып қусаң қайтеді?

- Ой, апа-ау, ит деген жеті қазынаның бірі ғой.

- Бүгін аулаңа кірсе, ертең ол ит үйіңе кіріп төрдегі бала-шағаңды талап тастаса қайтесің?

- Апа, енді футболдың нағыз шешуші кезеңіне келгенде қалай барамын?

- Әй, төбеңе біреу түкіріп кетсе де қозғалмайтын біреусің, -деп апам теріс айналды. Бүларға не болған? Шынымен мен қорқақпын ба? Аула сыртында отырған әкеме бардым.

- Әке, мен қорқақпын ба?

- Әрине, қорқақсың. Сендей айтар ойы жоқ сүмек адамды көрсем көзім шықсын. Өз көлеңкеңнен өзің қорыққан бірдеңесің ғой, әйтеуір...

- Сонда елдің бәрі батыр ма?

- Сен өзіңе жауап бер. Бір баладан кейін келін де тумай қалды. Баланы қалай асыраймын деп қорқасың ба?

- Жоқ.

- Кеше үйдің бұрышына құтырған өгіз сүйкеніп тұрғанда, сен мәз болып қарап тұрсың. Әрең тұрған жаман үйдің шаңырағы ортасына түссе қайтесің?

- Ту, әке, қазір жер көп қой, үйді басқа жерден тұрғызамыз. - Иә, аларсың атауыңды, су жүрек, - деп әкем ашуланып

қалды. Немене, бұлар бір-бірімен ақылдасып алған ба? Содан жүйкем қозып көшеге шықтым. Жұрттың бәрі маған «әй, қорқақ, не істеп жүрсің?» дегендей көрінді. Ауылдағы жалғыз дүкеннің алдында Мәток деген ақсақал сақалын санап отыр. Таң атқаннан кеш батқанға дейін осы араны күзетеді. Өйткені, ол бұрын совет заманында атақты дүкенші болған еді.

- Ассалаумағалейкум, ата!

- Молда бол айналайын, амансың ба?

- Шүкір, шүкір, сізден бірдеңе сұрасам бола ма?

- Не сұрайын деп тұрғаныңды білемін, сен қорқақсың, - деп төбемнен дүрс еткізді.

- Сіздің бұл айтқаныңызға келіспеймін.

- Бар, бар, саған баяғының жау жүрек батыр жігіттері болу қайда? - деді.

Үлкен кісіге не айтасың, үндемей зыттым. Бұларға не жаздым?.. Япыр-ай, шынымен мен, қорқақпын ба?

МЕНІ САСТЫРҒАН СҰРАҚТАР

Демалыс күні бес жасар ұлымды ертіп Ақтөбеде көшеге шықтым. Әр нәрсені білуге құмар балақай сұрақтарды үсті-үстіне

жаудырып келеді.

- Әке, мына жолдар неге тесіліп қалған?

- Балам, бұл енді үлкендерің шаруасы, жақында жөнге келтіреді.

- А, жарайды, - деді де, көшедегі ойылып қалған терең шұңқырды секіріп өтіп:

- Әке, мынау театр ма?

- Жоқ, айналайын бұл облыстық прокуратура ғой. - Қандай тамаша, неге театр емес? Теледидарда театрлар

осындай әдемі болады емес пе?
Жүрші әке, ішіне кіріп көрейікші.

- Жоқ, болмайды бұл театр емес, айттым ғой прокуратура деп.

- Прокуратура деген не?

- Мұнда заң бүзушылықты қатаң қадағалайды.

- Ақтөбеде жаңа театр неге жоқ? - деп, төтесінен қойып қалды

- Бұйырса болатын шығар, ол үшін миллиондаған қаражат керек, - дедім.

- Қаражат деген не?

- Ол көп ақша, бұл да үлкендердің шаруасы.

Ұлым үндемей қалды. Жаяулатып келеміз. Бір кезде ол тоқтай қалды.

- Әке, мынау мәдениет сарайы ма?

- Жоқ, мейрамхана ғой.

Керемет үлкен екен. Оның ішінде не болады?

- Той болады, балам.

- Ақтөбеде неге мейрамхана көп?

- Балам бұл да енді үлкендердің шараусы, - дедім. Әйтпесе, тоқтамайды.

- Ымм... - деп, мұрнын шұқыды.

Өзі бар ғой не бір сұрақтарды тауып қояды. Аузы бұртиып қалды. Бірдеңені түсінгендей болды. Көшеде әлі жүріп келеміз.

- Әке, мына әдемі үлкен ғимарат мұражай ма?

- Қайдағы мұражай? Бұл қылмыс жасағандарды жауапқа тартатын мекеме.

- Қылмыс... - деді де, тағы үнсіз қалды. Көзі жәудіреп тұр. Осы жолы көпке дейін сөйлемей тынышталып қалды. Бір кезде сұрақты тағы қойды.

- Әке, ал мынау кітапхана ма?

- Бұл облыстық соттың ғимараты.

- Мұнда не болады?

- Мұнда бұзық болған адамдарды жауапқа тартады. - Немене, бізде бұзақы көп пе?

- Енді солай шығар, - дедім. Не айтарымды білмедім. Баламның сұрағынан өзім қысыла бастадым.

- Әке, бұл да үлкендердің шаруасы ма?

- Иә, иә, балам...

Аялдамаға келіп автобусқа міндік. Ұлым көліктің терезесінен айналаға зер салып қарап келе жатыр. Тағы бір зәулім ғимаратты көріп қалды да, мені түртті:

- Әке, мүмкін мынау театр шығар?

- Жоқ балам, бұл алпауыт мұнай өндіретін шет елдік компанияның ғимараты ғой. Егер, олар мұнайды өндіріп облыстың бюджетін қаражатпен толтырса қаламызда театр да, мұражай да, мәдениет сарайы да салынады, - десем, жүгірмегім ертелі жаяу жүргеннен шаршап қалғып кетіпті. Қойған сұрақтарына риза болып басынан иіскедім...

МЕРГЕН

Ақтөбе қаласы. 1997 жыл. Мен диплом алған жылы күзде әке-шешем тұңғыш ұлына үміт артып, Ақтөбеге көшіп келді. Қиын кез. Әркім өз қара басының қамы үшін сенделіп жүр. Мен «Ақтөбе» газетіне енді жұмысқа орналастым. Редакцияның күйсіз кезі еді. Жұртпен бірге қиыншылықтың зардабын тартып жүрміз. Шешем бізге көмек болсын деп, көшеде азын- аулақ сауда жасайды. Аты - Шәмен. Сол жылдары адамдар күнкөріс үшін әр жерге отыра салып, ұсақ-түйек сатушы еді ғой. Әйтеуір, қазір шүкіршілік. Бір күні шешем көшеде күнделікті кәсібін қыздырып отырса, бір көзілдірік киген жас жігіт қарама-қарсы келіп, таяқ тастам жерде отырып алады. Оның отырысы күдік туғызады. Сол-ақ екен, әлгі жігіт жүгіріп келіп шешемнің қолындағы ақша салған әмиянын ала қашады. Шешем артынан тұра қуады. Ол кезде зейнеткерлікке жаңа шыққан уақыты. Күш-қайраты бар. Ауылда күніне бес сиыр, екі түйе сауып, қой-ешкінің артынан жүгірген шешем жәй отырып қалсын ба?

- Ұстаңдар ұрыны! - деп айқайлап жүгіреді. Бір кісі ұрыны қуады. Бірақ, аяғы шалынып кетіп құлап түседі. Ұры жігіт алқынып, адымдап барады. Менің шешем де томпаңдап соңынан қалар емес, аяғы-аяғына жұқпай артынан қалмай келеді. Саудадан түскен тиын-тебенін біреуге қалай береді?

Үйде шиеттей балалары күтіп отыр. Содан баукеспенің жеткізбей кететініне көзі жетеді. Ұры жігітті көшенің қиылысын- да көлік күтіп тұр екен.

Не істеу керек?...

Айтпақшы, шешемнің мергендігі бар. Олай дейтінім, ауылда жүргенде қыста қорадағы қойға құтырған қасқыр шабады. Сол кезде шешем ойланбастан жерде қадаулы тұрған айырды көздеп қасқырға лақтырады. Айыр қақ маңдайдан қадалады. Қасқыр қансырап жатқанда үйден әкем мылтық алып шығып жайратып салады. Шешем көп ойланбастан сол баяғы әдісіне көшті. Жерде жатқан кесек тасты ала сала ұрыны көздеп лақтырып жібереді. Тас зуылдап барып, ұрының қақ шекесіне тиеді. Ол жерге ұшып түседі. Жерден екінші тасты ала бергенде көліктегі сыбайластары тұра қашады. Бұл кезде оларды көшедегі айқайды естіген адамдар қоршап алады. Ізінше полиция да келе қалады. Сүйтіп, шешем ұрыны өзі қолға түсіріп, әмиянын қайтарып алады. МӘДЕНИЕТ МЕРЕКЕСІНЕН КЕЙІН БІР ТҮРЛІ БОЛДЫМ... Ақтөбе қаласы. Орталық саябақ. Мәдениет пен өнер қызметкерлері күніне орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәдениет саласына тер төгіп жүргендерді марапаттайды. Жақсы жаңалық. Халық жиналып жатыр.

Мәдениет қызметкерлерінің бәрі мәз болып жүр. Мен де қуанып тұрмын. Өйткені, Тахауи Ахтанов театрының да қызметкерлері құрметтен құр қалмайды екен. Дұрыс қой, облыстың қандай бір іс-шаралары мен айтулы мерекелері болсын, мәдениет пен өнер мекемелері аяусыз қызмет жасайды. Филармония музыкалық аспаптарын, театр найза мен қалқанын, кітапхана кітаптарын, музей мұрағаттарын, «Алақай» театры қуыршақтарын арқалап шауып жүреді. Олардың бүгінгі алатын құрметтеріне сахнаның сыртында шынымен риза болып тұр едім. Бір-екі әйел қасыма келді.

- Ой, сәлеметсіз бе Нұреке, мерекеңіз құтты болсын. Біз сізді манадан бері іздеп таба алмай жүр едік, - деді.

- Сәлеметсіздер ме? Рахмет, не үшін?

- Сізге облыстық денсаулық басқармасының атынан арнайы құттықтап, сый-сияпат тапсыруға келдік.

- Мынау күтпеген қуаныш болды ғой. Сонда

сыйлықтарыңызды осы сахнаның артында немесе талдың түбінде бересіздер ме? - деп күлдім.

- Жоқ, сіз сияқты танымал өнер адамына жұрт алып жатқандай қызыл кілемнің үстінде тапсырамыз,- деді.

- Олай болса мен марапаттау тізімінде жоқпын, кештің бас ұйымдастырушысы Жеңіс Қалқабековке барып жолығып айтыңыздар, -дедім.

- Біздің бастыққа медаль берейін деп тұрсыңдар ма?- деп қасымда түрған театр әртісі Берік Нұрмағамбетов қалжыңдады.

- Медаль емес, ақшалай конвертіміз бар. Нұреке, сіз ешқайда кетіп қалмаңыз,- деді. Ойпырмай, шынымен де қызық болды. Мен мұнда марапат алуға келмегенім рас. Бұл қалай болғаны?- деп ойланып тұрмын.

Адамда ой көп қой. Жақсысы бар, жаманы бар.

Бір ойым айтты: «Неге сенбей тұрсың? Сен бір емес, бір жылда үш республикалық театр фестивалдарын жоғары деңгейде өткізіп, Ақтөбенің атын айға шығардың емес пе?». Екінші ойым былай деді: «Т. Ахтанов театры былтыр террористерге қарсы «Есігімді қаққан кім?» атты драмалық шығарма қойып, қаншама адасып жүрген ағайындарға ой салған жоқ па?». Үшінші ойым айтты: «Неменеге қысылып тұрсың? Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жемқорлармен күрес бағдарламасына орай «Командос» атты сатиралық шығарма жазып, оны сахнада өзің режиссер болып қойдың. Сол үшін саған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі» алғыс айтты». Төртінші ой: «Сен алмағанда бұл сыйлықты кім алады? Биыл театр облыстағы мәдениет пен өнер мекемелері арасында оза шауып, ақылы және сапалы қызмет жасаудан бірінші орын алды. Оны ел біледі. Міне, сол үшін алып жатсың». Бесінші ойым: «Ешқандай саспа, кеше ғана өзің құрған «ЕКІ ЕЗУ» сатира театры Астана қаласында өткен Халықаралық әзіл- сықақ фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Бұл да сенің еңбегіннің жемісі». Алтыншы ойым былай деді: «Сендер алмағанда кімдер алады? Мереке сайын жүгіріп жүресіңдер, барлық салаға көмектеріңді ешқандай аяған емессіңдер, беріп жатыр екен ал!». Жетінші ойым бәріне былай деді: «Әй, жамырамай тоқтай тұрыңдар! Мұны біліп жатқан, бағалап жатқан кім бар дейсің». Осы кезде басымды қатты шайқап, ойларымды жан-жаққа шашыратып жібердім. Бәрібір ойлар кетпей қойды. Қасыма әріптесім, кітапхана директоры, ақын Гүлжайнар Қалдина келді.

- Нұрлыбек аға, сахнаның артында не істеп тұрсыз? Жүріңіз, отырып концерт тамашалайық, - деді.

- Маған денсаулық басқармасынан келген мамандар осы арадан кетпеңіз, беретін ақшалай сыйлығымыз бар дейді. Кетіп қалсам ұят болар. Менсінбеген адам құсап...

- Оо, керемет қой, құтты болсын, аға, - деп, Гүлжайнар алдын – ала құттықтап кетті. Марапаттау кезеңіде басталды. Облыс әкімі, қала әкімі, мәдениет басқармасы мен облыстық кәсіподақтың құттықтауларында жоқ екенімді жақсы білемін. Бір кезде жүргізуші ортаға шығып:

-Облыстық мекеме басшыларын, мәдениет саласының қызметкерлерін құттықтауға сахна төріне шақырамын, - деді. Жүрегім елең ете қалды. Аты – жөнімді қашан айтар екен деп құлағым елеңдеп, сахнаның артында сығалап тұрмын. Ешкім шақырмады. Ее, онда кеш соңында арнайы беретін болар деп үмітімді үзбедім. Енді дырдай денсаулық басқармасы өкілі келіп дәмелендіріп кетсе, қалай сенбейсің? Ақыры күте – күте концерт те бітуге таяды. Бір әріптесім келіп: -Нұреке, манадан бері сахнаның сыртында не істеп тұрсыз? Үйге қайтпайсыз ба? – деді.

-Иә, қазір қайтамын ғой, бір затымды жоғалтып алдым,-деп құтылдым. Қырсық қылғанда мана осы қуанышымды телефон арқылы үйдегі сексенге келіп қалған әкеммен бөлісіп едім. Ол кісі ауылда клубта өмір бойы киномеханик болды. «Жаңафильм» мен Мәскеуден шығатын «Киномеханик» журналына жиі шығатын еді. Кеңес үкіметінің кезінде алған «Мәдениет саласының үздігі» деген төсбелгісі де бар. Шындығын айтқанда, сол жерде төрт сағат түрегеліп тұрдым. Кеш бітер кезде ұйымдастырушы Жеңіс Қалқабековке барып жолықтым. -Жәке, мана маған денсаулық басқармасынан екі адам келіп сахнада сый – сияпат тапсырамыз, ешқайда кетпеңіз,-деп еді, сол не болды? -Ой, я не знаю, по моему олар сені перепутили,-деп қарап тұр. Сол арада өзімнен өзім қатты ыңғайсызданып қалдым. Мәселе сыйлықта емес, күтемін деп уәде бердім. Бір хабарын айту керек қой. Мені шатастырып алатындай Ақтөбе қаласында театр көп па еді? Мен бір танымайтын адам да емеспін ғой. Онер салсында жиырма жыл еңбек етіп жүрмін. Бұл жерге сыйлық сұрап та келгенім жоқ. Көңіл көтеріп, әріптестерімнің қуанышын бөлісуге келдім. Өзімді мәдениет мерекесінде қор болғандай сезіндім. Бала емеспін, үлкен мекеменің басшысын осылай ойыншық етіп алдай салуға бола ма? Бұлары несі? Бұл не, мереке ме, әлде мазақ па? Қатты ренжідім. Әлде, сатирик деп қалжыңдады ма екен? Бірақ, бірінші сәуір емес қой. Мәдениет пен өнер күні. Елбасымыз бекіткен төл мерекеміз. Түнде үйге көңілсіз оралдым. Таңертең ұйқыдан тұрсам әкем айтады:

- Балам, кешегі алған сый-сияпатың қайда?

- Тұңғыш Президент саябағында ұрлатып алдым, - дедім. - Ой, сен де қолыңа бергеннен айрылып қалып, полицияға

айттың ба? - деп ұрысып жатыр.

Сүйтіп, мәдениет мерекесі өткеннен соң бір түрлі болдым. Әлі бір түрлі болып жүрмін...

МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ

Ауылда Малтон деген құрдасым бар. Дырдай мәдениет үйінің директоры. Жеңгелері еркелетіп «Мәдениет министрі» дейді. Мәдениеттің сайыпқыраны десе де болады. Кейде өзінің соқпасы ұстап қалады. Былай жақсы адам. Ауылдың өнерін көтеремін деп, әбден сілікпесі шықты. Жөп-жөнді дүниелер жазады. Бірақ, аңқаудың аңқауы. Дарқылдап жүгіре береді. Бір күні облыстық мәдениет басқармасының басшысы телефон соғыпты. Малтон мәз. Екі езуі екі жаққа жайылып кетті.

- Әлеу, Малтон Алғабасарұлы ма?

- Иә дәл өзі. Мәдениет үйінің директоры сізді мұқият тыңдап тұр.

-Шет елден скрипка тартатын бір әртістер келіп еді, соны ауылыңа қабылдай салсаң қалай болады?

- Әрине, сіз айтсаңыз ол солай болады.

- Өте дұрыс, рухани жаңғыру аясында ауыл тұрғындары өзге ұлттардың өнерін тамашалау керек, - деді мәдениет басшысы.

- Кешіріңіз, қанша адам?

- Екі адам. Біреуі қыз, біреуі еркек.

- Екеуі де скрипкада ойнайды ма?

- Жоқ. Еркегі билет жыртады.

- Жарайды, афишасын, билеттерін беріп жіберіңіздер - деп, Малтон келісімін берді. Қуанышын баяғы ауыл әкімі Талтаңбай Салпаңбевпен бөлісті. Әкім деген аты болмаса, туған жездесі ғой. Үлкен апасы Балбиді алып отыр.

- Ауылға шет елден әртістер келетін болды, - деді Малтон жездесіне шалқайып.

- Жарайсың, сені биыл жоғары атаққа ұсынамын, - деп әкім Малтонның арқасынан қақты. Бұл -Талтаңбай Салпаңбаев соңғы кездері шаруашылықты қойып, шығармашылықты жақсы көріп жүр. Үнемі ауылдағы топырақтың астында көміліп жатқан таланттарды қолдап, қорғап жүреді. Әйтеуір, клубқа әртіс келсе шапан кигізіп, жақсы тілегін арнайды. Тек, жазда жайылымның шөбі өртеніп, қыста мектептің жылуы қатып қалғаны болмаса жақсы әкім.

- Жарайды, екі адам болса өзім үйге қонақ етемін, - деді Талтаңбай.

Ауылға көптен бері әнші атаулының аяғы баспағалы көп болды. Былтыр театр әртістері келіп, спектальдің бірінші бөлімін қойып, екінші бөлімін «келесі жылы келіп қоямыз» - деп, уәде беріп кетіпті. Әлі хабар жоқ. Тұрғындар қатты елеңдеп жүр. Ал, Малтон құрдасым мәз. Өйткені, мәдениет үйіне концерт келсе, оның беделі бес есе өседі. Жұмысы көрініп қалады. Содан екі күннен кейін ауылға әлгі скрипкашы қыздың афишасы жеткізіледі. Ауыл әкімі Талтаңбай Салпаңбаев аң-таң. Афишадан қаптаған әртістердің есімдерін көріп шошып кетті. Дереу мәдениет үйінің директорын кабинетіне шақырды.

- Малтон, маған екі адам деп едің, афишада он адам тұр ғой. Мен мұның бәрін үйіме қабылдай алмаймын. Үйдегі апаңда соңғы кездері қонақ жақтырмайтын болды.

- Қалай он адам? Кеше облыс екеу деп айтты, - деді Малтон мұрнын тартып.

- Мінекей, қара, афишада Бетховен, Бах, Моцарт, Вагнер, Чайковский, Верди деп жазылып тұр және бір Страус деген құстары

- Страус емес, Штраус шығар.

- Кім болса да мен мына қаптаған әртістерге дастархан жая алмаймын. Жартысын сен үйіңе ал, - деді әкім түрі бозарып.

- Жездеке, сіз не айтып тұрсыз? Бұл кісілер келмейді. - Неге келмейді, афишада есімдері тұр ғой. - Олар баяғыда өліп қалған адамдар ғой, - деп Малтон

тарқылдап күлді.

- Оны қайдан білесің?

- Мен білмесем ауылда «Мәдениет министрі» болам ба? Бұлар сол скрипкашы қыздың орындайтын шығармаларының

авторлары ғой, - деді ол одан сайын сықылықтап... - Ой, әтәңе нәлет, осы әртістерің бар болсын, - деп Талтаңбай жерге бір түкірді де кабинетінен шығып кетті. МӘНІ КЕТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ Орманда Құстар мәдениет үйі бой көтерді. Мәдениет үйінің директоры болып Ата қаз бекіді. Жүрісі баяу қаз маймаңдап мәдениетті алға сүйреуге тырысып бақты. Өнер мекемесіндегі үйірмелер тоз-тоз болып тарап кетті. Бірақ, Қаз қартайғанша орнын бермеді. Одан кейін, Тырна келді. Көп отырмады. Жоғары жаққа ұшып кетті. Тырнадан кейін басқа орманнан қоныс аударып келген Сауысқан мәдениет үйіне аяқ астынан директор болып отырып алды. Бастапқыда барлық құстар қарсы шығып еді. Құс атасы Бүркіт дауды басып тастады.

- Сендер, босқа айқай-шу шығармаңдар, Сауысқанның бойында өнері бар, - деді. Сонымен Сауысқан басшылыққа келе сала шынымен де талантын көрсете бастады. Яғни, құстар мәдениет үйінің қаржысын талан-таражға салды. Сауысқан мәдениетті тауысып жоғарылап кетті. Оның орнын Бөдене басты. Көзі бадырайып кабинетінде отырып алмады. Мәдениет үйіндегі үйірмелерді бір-біріне қосып жіберді. Уақыт өзгеріп ол да кетті.

Бөдененің орнын орманда ән салып жүрген Бұлбұл басты. Бұлбұл тоғыз ай, тоғыз күн отырды. Ойбай, декретке емес, жұмыс бабымен басқа жердің ну орманына кетті. Ақыры осы орынға кішігірім тоғайдан ауысып Қараторғай келді. Қандай әдемі құс. Құстың төресі ғой. Көкте ұшып сайрағанда дауысы керемет қой. Бозторғайдан кем түспейді. Қараторғай басшылыққа келгенде мәдениет үйінде жұмыс жасайтын барлық құстар қатты қуанды. Бірақ, бәрі бекер болды. Қараторғай қызметке келе сала өзгеріп, «Қара қарғаның» ісін жасады. Мәдениет үйіндегі үйірме жетекшілерін тұмсығымен шұқып маза бермеді. Қырғиды жұмыстан қуып шықты. Торғайдың төбесін тесті. Аққуды қызметінен алып тастады. Қараторғайдың бұл әрекетіне құс атаулы аң-таң болды. Шындықты шырылдап жүріп айтатын Шымшық та қасқиып отыр. Аузын ашса Қараторғой қайшымен қанатыңды қиямын деп, қорқытып қояды. Байғұс Шымшық өз еркімен басқа орманға кетуге бел байлап жүр. Әзірге Құстар мәдениет үйінің жағдайы осы. Мүмкін, құс патшасы Бүркіт бір күні бірдеңе айтар...

МІНЕЗ

Қалада бір ерекше орталық ашылыпты. Яғни, адамның мінезін-құлқын анықтап, жазып береді екен. Қазір кімде оңған мінез бар дейсің?

Сөз көтермейді, қаны бетіне шабады. Жұмыр жұдырығын ала жүгіреді. Жаңалық естісек кезекке тұра қалатын санаға сіңген әдетіміз ғой. Орталыққа барсам адам едәуір жиналып қалыпты. Ауылда тұратын Көлқамыс дейтін жеңгем бар еді, ол да еңгерзедей болып кезек күтіп тұр. Оның мінезін орталыққа келмей-ақ мен айтып бере аламын. Ағамыздың шашын ағартқан осы кісі. Таңертеңнен үй жағалап шәй ішіп, өсек айтқаннан басқа шаруасы жоқ. Үйіне түнеп шығуға ғана келеді.

- Келесі кім? - деді орталықта жасайтын жас қыз.

- Мен, - деп, Көлқамыс жеңгем алдына жетіп барды. Әлгі қыз бір затты басына кигізді де, тетікті басып қалды. Жеңгем селк ете қалды. Компьютерден қағаз басылып шыға бастады.

- Сіздің мінезіңіз «ешкі мінезді» екен деп теріліп шықты. Жеңгем қызарып кетті. Ол ойлаған болу керек «батыр мінезді» деп. Қабағы түсіп, ерні салбырап кетті. Қағазды бір бүктеді де, орталықтан тайып тұрды.

Келесі болып ауданның бетке ұстар ақыны келді. Бұл енді өлеңді жазғанда қатырады. «Елім, Отаным, Жерім» - дейді. Әйтеуір, жазғандары газет бетінен түспейді.

- Аты -жөніңіз кім аға? - деді жаңағы қыз.

- Айтқышбек Жазғышбеков

- Кәсібіңіз?

- Ақынмын...

- Жарайды, мынаны басыңызға киіңіз де, қозғалмаңыз. Компьютер көпке дейін үнсіз қалды. Ақындардың мінезін анықтау қиын-ау деймін, озық техника да ұзақ ойланды. Ақыры қағазды басып шығара бастады.

- Сіздің мінезіңіз «қорқақ қоян» деп қойып қалды.

Арқалы ақынымыз шошып кетті.

- Бұл қалай? Дұрыс емес, менің мінезімді батыр, арыстан жүрек деп жазу керек. Мен халқым үшін туған жанмын, - деп орталықтың ішін у-шу қылды.

- Әй, шырағым, - деді бір қария сен неге соншама шатақ шығарып тұрсың?

- Енді, әжей бұл әділдік емес қой.

- Әділдікті техникадан емес, биліктен сұра, - деді. Орталық үнсіз қалды.

- Менің намысым бар, - деп, Айтқышбек те қояр емес. - Немене, бізде намыс жоқ - деп кім айтты? Сенен бұрын бұл

орталыққа бірінші мен келгем, маған «түлкі мінезсің» деп, жазып берді. Бұл - техника. Кімге өкпелейсің?... Айтқышбек бірдеңе түсінген болу керек, мінез туралы анықтамасын алып шығып кетті. Бір кезде ербеңдеп аудан әкімі Талтаңбай да келе қалды.

Ол кезекке де қараған жоқ.

- Сәлеметсіз бе қарындас, асығыс едім, менің мінезім туралы анықтама бере қойыңызшы, - деп әкім сызыла қалды.

- Аты-жөніңіз кім болады? - деді әлгі қыз. Аудан әкімінің беті шымырлап кетті. Қаршадай қыз ел ағасын танымай тұр. Бұдан өткен қорлық бар ма?

- Талтаңбай Салпаңбаев деген аудан әкімі мен боламын, -деп қаттырақ қойып қалды.

- Жақсы, хош келіпсіз, қазір шамалы күтіңіз. Компьютер көп күттірмеді.

Зыр еткізіп анықтаманы шығарып берді

- Сіздің мінезіңіз «комбайын» сияқты депті-техника. Талтаңбай ойланып қалды. Түкке түсінбей қалды. Қағазды көзілдірігімен қайта-қайта қарады.

- Сонда қалай? Комбайын, мен тірі жан емеспін ба, қызық екен, - деді таңырқап. Ол ештеңе деместен артына қарамай зытып кетті. Бір әйел сол арада комбайынның шешуін айтты.

- Комбайын дегені, ауданның бар қаражатын, мал-мүлкін жұта береді, жұта береді дегені ғой-деді. Кейбірулер оның сөзін дұрыс десе, кейбіреулер жоққа шығарып жатыр. Кезек маған келді. Бірінші айып болмаса өзім туралы айтайыншы. Мен бір мекемеде директормын. Мекеменің басым бөлігі жасы келген зейнеткерлер. Оларды жұмыстан шығару керек деп бұйрық шығарамын. Ертеңіне жоғарыдан біреулер қоңырау шалады да.

Бұйрығым өзгеріп, құйрығым қызарып кетеді. Мекемеге бірдеңе сатып алайын десем, жалтақ-жалтақ етіп әркімнен сұрай беремін. Қызметкерлерімнің еңбек ақыларына үстеме ақы қосамын деймін де, кейін орындай алмай қаламын. Өтірік уәдені жиналыс сайын үйіп төгемін. Қазақша білсем де, орысша ойланамын. Үйде бәрі толып тұрса да кедейлене беремін. Ай сайын әр банктен кредит алғанды қатты ұнатамын. Ағайын- туыс, жора-жолдастың бәріне қарызбын. Сонымен не керек, басыма әлгі қорапты кигізді. Компьютер ызыңдап тұр. Менің жүрегім қобалжып кетті. Бір кезде қағаз да басылып шықты. Қағазға тостағандай етіп, сенің мінезің «Қазақстан сияқты» депті. Мен қуанып кеттім. Бұл керемет қой. Мен өз елімді шын сүйемін. Патриотпын - деп, айқайлап жібердім. Бір ақ сақалды қария басын шайқады.

- Шырағым, сен түк түсінбедің, ойлан, - деді.

Мен сол қағазды ұстап әлі ойланып жүрмін...

ӨКІНІШ

- Әке, әке деймін...

- Ау, балам не болды? Бүгін қабағың түсіп кетіпті ғой, мұның не?

- Көрші үйдегі құрдасым Асқар айтады, «сендер кедейсіңдер» - дейді, рас па?

Әкесі баласынан мұндай сұрақ күтпеген еді. Не айтарын білмей қалды.

- Иә, рас...

Осы сәтте ұлы жылап жіберді.

- Ұлым-ау, сені жігіт болды деп, қуанып жүрсем...

- Мен әлі жігіт емеспін.

- Неге?

- Былтыр достарым Ербол, Қанатты ата-анасы сүндетке отырғызды.

Ал, мен қашан мұсылман боламын? Құрдастарым «кәпірсің» деп, мазақтап жүр, - деп еңіреп жіберді. Екі көзінен жас сорғалап тоқтар емес.

- Қой, құр босқа жасыңды төкпе, келесі жылы міндетті түрде сүндетке отырасың, келістік пе?

Баласы келіскен сыңай білдіріп, мұрнын ішіне тартты. Бірақ, жылағанын баса алмай отыр.

- Сосын менің атымды неге Артур қойдыңдар?

- Онда тұрған не бар?

- Мектепте барлық бала маған «әрі тұр» деп, мазақтайды. Әке, менің атымды Артур емес, Арман деп өзгертіңізші, өтінемін, - деп өксіп тұр. Жасы сегізге келсе де аузы томпайып, әкесіне өкінішін айтып жатыр. Бұрын мұндайы жоқ еді. Әлде есейгені ме?

- Әке, біздің көршіміз Шалқарбектің апасы ылғи жұма күні аруақтарға бағыштап жеті шелпек пісіріп таратады.

-Тарата берсін, оны пісіруге мамаңның қолы тимей жүрген шығар. Бірақ, біздің үйден бауырсақтың иісі шықпайтыны рас, - деп әкесі басын қасыды.

- Шалқарбек айтады, жеті шелпекті үй-үйге таратқанда, «қабыл болсын» деп айту керек дейді. Ал, сенің мамаң «спасибо» дейді, деп қоймайды.

Әкесі мына сөздерден кейін терең ойға батып, қатты күрсінді. Баласы отбасындағы бар шындықты айтып тұр.

САСЫҚ КҮЗЕН НЕГЕ САСЫДЫ?

(мысал) Сасық күзен мен Құмырсқа орманда кездесіп қалды. - Осы сені қанша көрсем де арқаңа бірдеңені іліп алып тасып жүресің, неге? - деп сұрақты төтесінен Құмырсқаға қойды. - Сәке, ерігіп жүргенім жоқ болашақтың қамы ғой, қазір баяғы

заман емес. Еңбек етпесең артта қалып қоясың.

- Ойбай, сонда немене, мені осы уақытқа дейін түк бітірмеді деп отырсыз ба?-деп Сасық күзен жағадан ала кетті. Жалқаулықтан денесінің майы бұлтың-бұлтың етеді.

- Ту, сізге мен олай дегенім жоқ, - деді Құмырсқа

- Мен кезінде жүгіріп жүріп ін де қаздым. Бір емес бес ін. Қырманнан арқалап қап-қап дән де тасыдым. Ауыр-ауыр бөренелердің түбін кемірдім. Құлаттым. Құлаш-құлаш шөпті жинадым. Менің еңбегімді кім бағалап жатыр? - деп бұлқынады.

- Мысалы мен, өзім үшін еңбек еттім. Өткен өміріме өкінбеймін. Жүрісім жәй болса да, ісім жылдам, - деп Құмырсқа сабырлы күйде жауап берді.

- Сонда мені жайбасар, кербез дегіңіз келіп тұр ма? Мен де тастан тасқа секірдім. Секіріп жүріп қаншама рет жығылдым. Жүгірдім. Бәрібір ешкім елер емес, - деп өзінен-өзі жынданып, көктіктен айналасын сасытып жіберді.

- Ой, Сәке, «Өткен өмір- өшкен көмір» демекші, өтіп кеткен істі ешқашан міндет етпе, еңбек ешқашан ескерусіз қалмайды, - деп Құмырсқа мұрнын басты. Сүйтіп жүріп Сасық күзен бәрінен құр қалды.

СІЗ ОРНЫҢЫЗДА ОТЫРСЫЗ БА?

Тым-тәуір Тахауи Ахтанов театрында директор болып жүр едім. Бір күні аяқ астынан әкем қасына шақырып алды.

- Осы сен, өз орныңда отырмысың? - деп төбеден түскендей қойып қалды.

- Әрине, біреудің орны не керек? Өз кабинетім, өз

орындығым бар, - дедім.

- Балам, сөздің төркінін түсінбедің-ау. Өз орның дегенде, осы атқарып отырған қызметің саған лайықты ма?

- Жаман емес, қолымнан келгенше тырысып келемін. - Сен халқыңды күлкіден айырдың, - деп теріс айналды. Мен

ойланып қалдым. Мұнысы несі? Түнімен төсекте дөңбекшіп жата алмадым. Әкемнің сөзінің жаны бар сияқты. Баяғыда 1997 жылдары облыстық «Ақтөбе» газетінде журналист қызметін атқарып жүргенде осы сөзді айтып, мен «ЕКІ ЕЗУ» сатира театрын құрып, редакциядан кетіп қалып едім. Енді бұл сөзді екінші қайтара естіп тұрмын. Бес жылға уақыт сатира театрын тастап, драма театрға басшы болғаным рас. Мына сөзден кейін бір ай ұйқым қашты. Ақыры, өз орнында отырған облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа «ЕКІ ЕЗУ» сатира театрын қайта құруды сұрап хат жаздым. Өтінішім орындалды. Үйреншікті қызметіме қайтып келдім. Әкеме рахмет!

Ол арқамнан қақты.

- Міне, дұрыс жасадың, әркім өз шамасына қару керек. Қолыңнан келмейтін жүкті арқалама, халыққа зияның тиеді, - деді. Жалпы, үлкендер дұрыс айтады. Мына өмірден өз орныңды таба алмасаң ылғи елдің күлкісіне қалатының рас.

Ол түгілі үйдің ішіндегі тұрмыстық заттар өз орында тұрмаса қалай болады?
Мысалы, әжетхананың ішінде азық-түлік толы мұздатқыш тұрса ше?

Сол мұздатқыш өз қызметін атқара алмай ыстық ауа үрсе, онда тағам шіриді. Болмаса ас үйге тамшылатып кір жайып қойыңыз. Немесе, аяқ-киіміңізді төрге апарып шешіп тастаңыз. Шанышқымен сорпа іше аласыз ба?

Тіпті, сахнада әртістер өз рольдерін алмастырып алса өнер өледі ғой. Ал, қоғамда басқарма басшылары, әкімдер өз орындарын таппаса ше? Онда халық өледі. Рас. Қазіргі таңда жұмыстың ілгері баспауы, шешілмейтін ұзаққа созылған дау-дамайлар мен жасампаздықты айтпағанда, жазылмайтын жараға айналған жемқорлықтың өзі де қызметте адасқан мамандардан өрбімейді ме? Бұл менің өз ойым.

Иә, қалай болғанда да, қазір кім өз орнында отыр дейсің... СОҒЫМ Биыл қыс суық болатын сыңайлы. Торғайлардың шырылы қатты. Жаңбыр аралас жауған алғашқы ұлпа қар түскен жеріне желімдей жабысып жатыр. Қарға малынған ағаштар сәл еңкейсе морт сынатын түрі бар. Желтоқсан айының қаһары енді сезіле бастады. Бықсып жанған тезектің түтіні моржалардан ирелеңдеп қыстың бұлтын қоюландырып жатқандай. Суық жел де азынап бет каратар емес. Тек Аманжолдың иті Ақтөс құйрығын бұлғаңдатып зыр жүгіріп ойнақтап жүр. Өйткені, қыс келсе иесінің соғым соятынын ол жақсы біледі. Бұл Ақтөс үшін нағыз қарын тойдыратын кезең.

Қар түскеннен бері қыңсылап жүр.

Ауылда соғым сою науқаны басталып кетті. Майлы қуырдақтың иісі адамның мұрнын жарады. Соғымның кезінде күйленетін қасапшы Жақсылық қазір қолға түспейді. Қыстың ортасына дейін мал сойып мұртын майлайды. Бүгін Мұратбайдың үйінде пышақ қайралып жатыр. - Әке, соғым соямыз ба?- деді Аманжол.

- Иә, балам.

- Ммм...

- Сен, бүгін мектепке бармайсың ба?

- Бүгін бармай-ақ қояйыншы.

- Жоқ балам бару керек, сен келгенше қуырдақ та дайын болады.

- Соғымға не соямыз? - деді баласы.

- Сиыр соямыз, - деп әкесі баласының басынан сипады. Аманжол дастарханнан бір бауырсақты аузына қыстырды да мектепке қарай жүгіріп кетті. Баласы үйден шыққан бойда пештің түбінде нан илеп отырған шешесі әкесіне сөз қатты:

- Құдай-ау, сиырың не айтып тұрған? Оны сойсақ аузымыз кеуіп, ақсыз қаламыз ғой. Балаларды ішіп отырған айранынан айырамыз ба? Саумал сиыр арық, әрі сорпасы татымайды, - деді.

- Енді не соймақсың?

- Жылқы.

- Қайдағы жылқы?

- Қорадағы тұлпар ше?

- Не айтып тұрсың? Ол Аманжолдың құлын кезінен бірге өскен серігі ғой...

- Биыл соймасаң жылқы малын байлап ұстай алмайсың, ертең қашып кетсе қасқырға жем болады, - деп, Аманжолдың шешесі қояр емес.

- Тұлпарды сойсақ, баламның бетіне қалай қараймын, - деді әкесі ойланып.

Сол-ақ екен пышақтарын жалаңдатып үйге, Жақсылық кірді. - Ассалаумағалейкум, Мұратбай аға.

- Уағалейкумассалам, амансың ба?

- Сояр соғымдарың сүйкімі болсын, - деді Жақсылық. Қасында екі жігіт бар.

Қарулы жігіттер тайды жерге алып ұрды. Ештеңеден хабары жоқ Аманжолдың тұлпары алаңсыз жатыр. Мөлдір көздері жылт-жылт етеді. Басын көтеріп біреуді іздегендей болады. Қасында шоқиып Ақтөс отыр. Оның ойы басқа. Күнде аулада ұшып жүретін кептерлер де шатырдың үстінде қаннен - қаперсіз қанатын қақпайды. Олар күнде тұлпардың шашып жеген жемін теріп жейтін еді. Мына көрініске көгершіндер де аң-таң. Қасапшының алмастай өткір пышағы жылмаң ете қалды. Қардың беті қанға боялды. Кептерлер пыр етіп аспанға көтерілді. Ақтөс шәукілдеп үріп-үріп жіберді. Сыныпта мектептің терезесінен айналаға көз жүгіртіп ойланып отырған Аманжол да бірдеңе сезгендей селк ете қалды... Бүгін ол мектепке бармайды. Жеті жасар Аманжолдың көңіл-күйі жоқ. Дастархан басына аяғын аттап баспады. Асқа тәбеті тартпайды. Басын көтермей төсегінде домалап жатыр. Ауру емес. Дені сау. Тымырайып жатып алатын реті бар. Кеше әкесі оның ең сүйікті, үйреншікті тұлпарын амалсыздан соғымға сойып тастаған еді. Екеуі егіз баладай бір-біріне еркелейтін. Жазда Аманжолды қой бағып жүргенде, қабаған аш иттерден аман алып қашқан да осы тұлпары болатын. Құлын кезінде жетім қалып, өзі қолымен сүт беріп асырады. Ойнақтаған тұлпары бүгін жоқ. Аманжол қуырдақтан татып алмады. Етін жеуге жүрегі дауаламады.

Шешесі:

- Құлынтайым, кішкентайым, тұра ғой енді. Кел, қуырдақтан ауыз тиші.

Кеше де ыстықтай кезінде жеген жоқсың. Босқа өкпелеп не қыласың?
Малдың аты - мал. Оны адамдарға мінсе көлігі, жесе азығы етіп жаратқан.

- Жемеймін, - деді Аманжол

Еңіреп жылап жіберді. Ызаға булығып жастығын ұрғылап қояды. - Сен жемесең де бәрібір даланың қасқырлары, не болмаса ұрылар жеп кетер еді. Өзің білесің, малдан тұяқ та қалмады. Әкеңді көндірген мен еді. Әкесі баласының алдында өзін кінәлідей сезінді. - Аманжол балам, қыс болса қатты. Көже-қатық жоқ. Соғымсыз отырған қай қазақты көрдің? Құр босқа ашуланып, бекерге жасыңды төкпе, - деді әкесі.

- Әке, маған тұлпарымды соғымға соймаймын деп уәде бергенсіз.

- Ер жігіт қандай қиындыққа да төзімді, ұстамды болуы шарт. Келесі жылы базардан құлын сатып әперемін, - деді.

Әкесінің бұл сөзі Аманжолға ұнап қалды. Ол жылқы малын қатты жақсы көреді. Өзі де жылқы жылы дүниеге келген. Өкпелеп жатқан ұлының қасына анасы келді.

- Одан да маған құдыққтан су әкеліп бере қойшы, шәй қояйын, - деп, шешесі маңдайынан сипап, арқасынан қақты. Елгезек ұлы орнынан атып тұрып, сөзге келместен темір шанасын сүйретіп құдық басына қарай бет алды.

Ішінен «жемеймін дегесін, жемеймін, ет жемесем аштан өлемін бе?» деп, өзіне-өзі серт беріп қояды. Бауыр басқан тұлпары есінен кетер емес.

ТЕҢГЕДЕН БАС ТАРТҚАН БАЛА

Бүгін ұлттық теңгеміздің айналымға шыққан күні. Шытырлаған қып-қызыл ақшаны кім жек көрсін? Теңге туралы өлең шумақтарын шығардым. Тіпті, «Теңгелер тіл қатты» деген әзіл де жаздым. Бұрындары мерекеде әке-шешеме жұмыстан алғытөлем (аванс) жаздырып алып, сыйлайтын кездерім де болды. Қазір ақша ауыспайды. Ымырт үйіріле үйге келдім. Мақтап жүреді екенмін, дәл шәй дастарханының үстіне түстім.

- Теңгеміздің төл мерекесі құтты болсын! - дедім дауыстап. Үйдегілер қуанып мәз болып жатыр. Тек, үшінші сыныпта оқитын ұлым Ерсін үнсіз отыр. Әншейінде, сабақтан жақсы баға алған сайын менен елу теңге алатын еді. Кейін екі жүз теңге болып кетті. Дағдарысқа байланысты болар. Қасына жақын барып:

- Бүгін қандай баға әкелдің? - дедім басынан сипап. - Бес алдым, бірақ теңге керек емес, - деді жұлып алғандай.

Шынымен де түк түсінбей қалдым. Ақшаны жек көретін бала бола ма? - Неге керек емес, мектепте үзілісте самса алып жейсің. - Жоқ, жемеймін, - деді бұлтиып. Кәдімгідей ренжіп тұр. - Ерсінжан, мұның не? - дедім.

- Соңғы кездері маған теңге ұнамай қалды.

Ее, теңгеміздің құнсызданып бара жатқанын бала да біледі екен дедім ішімнен.

- Қалай ұнамайды?

- Өйткені, теледидардан ылғи теңге ұстағаны үшін ағаларды түрмеге жауып жатады, - деп жыламсырады. Не айтарымды білмей дал болдым.

- Олар теңге ұстағаны үшін емес, пара алғандары үшін жауапқа тартылып жатыр ғой, - деп түсіндірдім. Бірақ, бала байғұс пара дегенді қайдан білсін?

- Папа, сенде көп ақша бар ма? - деді Ерсін көзін сүртіп. - Айналайын, ай сайын алатын адал еңбек ақым бар. Бірақ,

сен теледидардан көргендей көп емес, - дедім.

- Ммм, - деді бірдеңе түсінгендей мұрнын шұқып.

Баламның бұл әрекеті қатты ойландырып тастады. ТУДЫ КІМ ТІКТІ? Жазғы демалыс. Жүрегім бірдеңе сезгендей түнімен ұйқым тыныш болмады. Ояна беремін. Таң атпай қалта телефоным шыр ете қалды.

- Нұреке, амансың ба? Театрдың төбесіндегі тудың тігісі сөгіліп кетіпті, тез арада қалпына келтіру керек, - деп басқармадан бір жігіт телефон соқты. Шошып кеттім. Бұған дейін де сол тудың сөгіле беретіні маған мәлім.

Қобда ауданынына тойға келіп едім, таксимен зымырап Ақтөбеге жеттім.
Үйінен шаруашылық жөніндегі орынбасарымды шақырып алдым. - Туды кім тікті?

- Қайда, Рейхстагқа ма? Әрине, Ұлы Отан соғысының батыры Рахымжан Қошқарбаев тікті. Мен оны тарих кітабынан оқыдым.

- Жоқ, ол емес, театрдың төбесіндегі желбіреп тұрған туды кім тікті?

- Аа, ол туды театрдың қызметкері Майлыбай Адамболов тікті.

- Сен тағы түсінбедің, осы туды кім тігеді? - деймін. - Неге?

- Туды ілгенімізге бір ай уақыт болған жоқ, айналасы іріп сөгіле береді.

- Ымм, білмедім, арнаулы дүкеннен сатып аламыз, - деді орынбасарым міңгірлеп. Театрдың төбесіндегі туды ауыстыру да оңай шаруа емес.

Арнайы төбеге шығатын баспалдағы жоқ. Шатырға өрмелеп бір құдайға сеніп шығады. Ол да ту туралы айтсаң қабағы түсіп кетеді. Шынымен де осы туларды кім тігеді екен? Баяғыда кеңес үкіметінің қызыл жалаулары қанша жыл төбеде желбіреп тұрса да күнге күйіп ағарғаны болмаса, жыртылмайтын еді. Рас-өтірігі қайдам, туды темір қосылған арнайы матамен тігеді деп естіп жүрдік. Ал, қазіргі біздің тулар ұзаққа бармайды.

Қайда жүрсек те туымыз жыртылып қалмады ма?- деп қорқып отырамыз. Ұят қой. Мемлекеттік туымыздың ауа-райына төтеп беріп, берік болғаны жақсы емес па? Жел тұрса, сөгіле беретіні намысқа тиеді. Осы туды тіккендерді елсіз далаға апарып, жақсылап «тіктіріп алу» керек шығар. Әйтпесе, жалауымыз неге жыртыла береді?...

ТЫҢШЫ

Аты айтып тұрғандай, бұлардың құлақтары ылғи түрік жүреді. Соғыс кезінде тыңшылық үлкен роль атқарады. Жалпы «шпион» деп те атайды.

Ойбай, тфа-тфа, соғыстың бетін әрмен қылсын. Елім тыныш болсын!... Тыңшылар кез-келген мемлекетте болады. Олар сол елдің қауіпсіздігі үшін ауадай қажет. Дұрыс шығар... Ал, жеке тыңшылар ше? Иә, өзімен өзі тың-тыңдап, ауадан әңгіме теріп ыржалаңдап жүретіндерді айтамын. Бірақ, ондайлар қазір көп қой. Мұндай тыңшылар кейбір мекеме басшыларына қажет-ақ. Жіпсіз байланыс. Тыңшыны керек етпейтіндер де бар. Сол тыңшылар бар ғой, мекемеде есік сыртын торып жүреді. Рас. Қос құлақтарын қалқайтып сөз тыңдайды. Екі есіктің ар жағындағы дыбысты кедергісіз қабылдайды. Есту қабілеттері өте мықты. Жүрген іздері де білінбейді. Не деген талант? Міне, бұлар «мекеме тыңшылары» деп аталады. Бұлар жұмыста жүнін жұлған торғайдай, мойыны ырғайдай қылтиып жүреді. Қатырып жұмыс та жасамайды. Құрғақ сөзді майлы сөзге айналдырып елге таратады. Міне, шаруалары осы. Олар өздерін қанша тыңшы екенін білдірмеуге тырысса да, байғұстардың құлақтары жыбырлап, есік көрсе мойындары бұрыла береді. Күн ұзаққа сыбыс естімесе құлағының іші қышиды. Ал, енді әңгіме көбейсе көңілдері көтеріледі. Қысқасы, қоректері өсек пен қаңқу сөз. Солай...

УӘДЕ

Қымбатты мекеме басшылары мен оның қосшылары! Сіздерге арзан бағамен құрғақ және майлы уәделер сатамын. Бұл сөздерді кез-келген қарапайым халыққа кеңінен қолдануға

болады. Қажет болған жағдайда, төлемнің басқа жолдарымен де келісемін.

- Айлық өседі, доллар түседі. Жанармай арзандайды. - Жұмыс болады, алдыңғы аптада бір соқшы. - Келесі жылы міндетті түрде үй беремін, өтірік айтсам өліп

кетейін.

- Жағдай түзеледі, ешқандай уайымдамаңыз. Шын айтамын. - Азық-түлік қымбаттамайды, оған жол бермейміз. Сеніңіз... - Болашақта несие бес пайызбен беріледі. Әзірше сәл

шыдаңызшы.

- Түбінде бәрі жақсы, чики-чики болады...

ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ

Жазғы сарай. Таңғы астың дастарханы жайылып тұр. Шешем ызыңдап қайнаған шоқ самаурынды көтеріп ішке әкелді. Радиоқабылдағыштан Мақпал Жүнісова «Қазақтың ерке қызымын» деп таң атпай ән салып жатыр. Ән біткен бойда радио желісі соңғы жаңалықтар туралы сайрай бастады.

- Қайырлы таң, қазақ елі!

- дан бастап барлық қазақстандықтар өздерінің жинаған дүние-мүліктері мен қаражаттары туралы декларация тапсыратын болады...

- Мұндай қағаздарды мемлекеттік қызметкерлер тапсырушы еді ғой. Халықта не байлық бар?- деп сексенді алқымдаған әкем шәй ішіп отырған кесесін столға қоя салды.

- Әй отағасы, неменеге ашуланып отырсың? Қайта осылай кімнің үйінде не бар екенін үкімет білсін. Мүмкін дүние-мүлкі, ақшасы жоқ адамдарға көмек беретін шығар, - деді шешем.

- Сен кемпір, алжып кеткенбісің? Оны кім айтты? Баяғыда совет дәуірінде мал санағын жүргізіп, қорадағы тауыққа дейін тізімге ілініп жататын. Байлар байыған сайын кедейдің тиынын санайды. Бұл жақсы емес, - деп әкем күрсінді.

- Ее, үкімет өзі біледі ғой. Радиодан айтса рас шығар. Мен теледидарға сенбеймін,- дейді шешем.

- Білмеймін, қорқамын.

- Шал-ау, неден қорқасың? Бізде не байлық бар? Сен де алжыған шығарсың...

Таңғы жаңалықтардан кейін радиодан жас әнші Нұрболат Абдуллин «Сен қорқақсың» әнін шырқай жөнелді.

ҚҰМАЛАҚ

Кабинетіме бір құмалақ кіріп келді. Кәдімгі қойдың қара құмалағы. - Амансыз ба бәсеке - деп тіл бітті. Шошып кеттім. Құмалақ та

сөйлейді екен.

- Саған не керек?

- Ештеңе керек емес, тек мені кабинетіңізге столдың үстіне қойып қойыңызшы, - деді жалынып.

- «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» деген бар, - дедім. - А, ол басқа құмалақ, мен таза құмалақпын, - деп домалап

алдыма келді. Майға піскен шемішкідей жылтырап тұр. Көңілін қимадым, столдың үстінен орын бердім. Арада бірталай күндер өтті. Бір күні бір қызметкерім келіп «кабинетіңізден жаман иіс шығады» -дейді. Бірден ойыма құмалақ сап ете қалды. Қарасам, орнында жоқ екен. Содан қарамаған жерім жоқ, таба алмадым. Түстен кейін әкімшілікке жиналысқа бардым. Жиналыс жүргізіп отырған басқарма бастығы мұрнын басты. Ол кісінің жаман иіске аллергиясы бар еді.

- Құрметті әріптестер, осымен жиналыс бітті, - деп қысқа қайырды. Директорлар бәріміз бір-бірімізге күдікпен қарадық. Иіс жақын маңнан аңқып тұр. Сүйтсем әлгі қара құмалақ менің құйрығыма жабысып алыпты. Жүгіріп әжетханаға бардым.

- Түс! - дедім құмалаққа айқайлап.

- Неге?

- Сен жаман иіс шықпайды дегенің қайда?

- Сіз де қызықсыз, құмалақтан жаман иіс шықпағанда хош иіс шығу керек пе? - деп менімен ұрыса кетті.

- Менің құйрығыма қашан жабысып алдың?

- Біраз уақыт болды, - деді құмалақ шіреніп. Құмалағым бұрынғыдай емес, өзгеріп кетіпті. Бәсе, соңғы кездері неге сасып кеттім десем, мынау екен менің ауа-райымды бүлдіріп жүрген...

- Е, менің ізімді бағып жүр екенсің ғой, - деп құмалақты шап беріп ұстап алып, әжетхананың ішіне салып ағызып жібердім. Құмалақ өз орнын тапты. Ал мен болсам қолымнан құмалақтың жаман иісін кетіре алмай біраз әуреге түстім. Жерге жатып алып қолымды еденге үйкелей бастадым. Бір кезде “ағай” деген қатты дауыс шықты. Масқара, шошып кеттім. Сүйтсем түсім екен. Кабинетте отырып қалғып кетіппін. Хатшы қыздың оқыс дауысынан оянып кеттім.

- Құмалақ қайда? - дедім сасқанымнан.

- Ағай, қайдағы құмалақ? - деді қыз таңданып. Есімді жиып жерден ұшып тұрып қолымды иіскедім.

- А, тоғызқұмалақ ойнау білесің бе дегенім ғой, - деп сөзді бұрып жібердім. Хатшы қыз аң-таң болып шығып кетті. Түске де кірмейтін пәле жоқ екен. Бұл құмалақ не болды екен? Әйтеуір құтылдым. Түсімді жорып беріңіздерші...

БАЗАРДАҒЫ БОС ОРЫН

Соңғы кезде түсіме басшылар жиі кіретін болды. Шошып оянамын.
Емшіге барып едім. «Бұл- дефицит түс»-деп жақсыға жорып отыр.

Өңімде өңменімнен отты көздерін алартып жүргендерден түсімде құтыла алмадым. Менің жұмыр басыма кіріп алып білгендерін жасайды. Көрген түсімнен құтылайын деп түнде басымды жерге де соқтым. Түк нәтиже жоқ. Маған айтқандарын істетіп әлек. Осыдан он жыл бұрынғы «Барсакелместің базарындағы» көрген түстерім қайта оралды. Ол кезде базарда атақ пен абырой сататындар жайлап алған еді. Сол базардан шындық таба алмай, ұйқыдан өкініп, өкіріп оянып едім. Бүгін көк көпшікке басым тиген бойда ұйқыға кеттім. Түсімде шеті көрінбейтін сол баяғы базарда жүр екенмін. Төбесінде «Бос орындар» деп жазылған дүңгіршекке жақындадым. Бір көзі бадырайған қара келіншек алдымнан шықты.Сатушы екен. Жүзі таныс. Бірақ, мені танығысы келмей теріс қарап тұр. Сәлден кейін жуан мойны әрең бұрылды.

- Сәлеметсіз бе? Қандай кеңес керек?

- Бұл жерде не сатылады? - дедім.

- Бос орындар.

- Қалай сонда? - деп, таң қалып жатырмын.

- Қызметтен кеткен және кетуге дайын тұрған адамдардың креслолары сатылады, - деді ол басын қайқаңдатып.

- Ойпырмай, әкімнің креслосы бар ма? - дедім бір жеріме қарамай. Ол мырс етіп күліп жіберді.

- Сіз әкім болатын адамға ұқсамайсыз ғой.

- Енді кімге ұқсаймын?

- Білмеймін, басшы болатын адам мұндай болмайды, - деді ішек-сілесі қатып

- Жарайды, бос орындар бар ма?

- Аудан мен ауыл әкімдері бар, келесі аптада мекеме басшылары да табылып қалады. Қазір қызметтен кетіп жатқандар көп.

- Мм, маған келетін қандай жұмыс бар?

- Мамандығыңыз қандай?

- Мәдениет институтының театр бөлімін бітірдім. - Фуу...

- Сізге не болды?

- Өнер адамдарын көрсем жыным келеді, - деді сатушы. - Олай демеңіз, ұят болады. Қандай орын бар? - Жақында театр директорының орны босайын деп тұр. - Ол қанша түрады?

- Тегін.

- Неге?

- Сол; - деп әлгі келіншек дік ете қалды. Екі көзі аларып ұясынан шыға жаздады. Қасымызда қарт кісі тұр еді. Ол былай деді:

- Ой балам-ай, мәдениет ошақтарының бейнеті көп. Шығармашылық адамдарын бағалап жатқан кім бар? Мұндай еңбегі еленбейтін орындар босқа беріледі, - деді мұңайып. Ұйқыдан оянып кеттім. Япыр-ай, осы менің түсіме кірмейтін пәле жоқ...

ҚҰРДАСТАР

Шалқардың Жылтыр ауылының құмында құлындай тебісіп өскен құрдастарым Ақтөбеге қоныстана бастады. Өткенде түгендесек көпшілігі көпшігін арқалап көшіп келіпті. Бос жүрген ешкім жоқ. Тым-тәуір шаруа тындырып тастағандары жетерлік. Соның бірі - Сәуле Төреханова. Бизнестің түр-түрін жасайды. 1990 жылдары әр үйдің төрінде Сәуленің әкелген кілемдері төселіп жатты. Сәуле құрастырып шығарған екі адамдық дивандардан талай ұрпақ өмірге келді. Көздің жауын алатын жиһаздар жасады. Қазір қалада тұрғын үй құрылысын да қолына алды. Жақында шығыс тағамдарын әзірлейтін «Төрлет» мейрамханасын ашты. Аты қандай керемет. Төрлеткің келіп тұрады. Жалпы, біздің кластың қыз-жігіттері ұйымшыл ғой. Содан құрдасым Ақжол маған телефон соқты.

- Нұреке, амансың ба? Қаладасың ба?

- Иә, иә...

- Сәуле мейрамхана ашты.

- Құтты болсын!

- Тағамдары арзан екен. Қалтаңа мың теңге салып шықсаң тойып шығасың дейді. Барып саудасын жүргізіп кетейік, - деді.

- Барайық, барлығына хабар бер, - дедім. Келісілген күні қаладағы құрдастарым сұлу келіншектері мен күйеулерін ертіп «Төрлет» мейрамханасына келді. Әдемі ғимараттың іші көзіңді қызықтырады. Тағамның иісі тіпті, бас айналдырады.

Мен бұдан әрі шыдай алмаймын, тезірек тамақ ішейік, - деп Меңдігүл отырып алды. Өзінің бала күнінен әдеті. Аштыққа шыдамайды. Класта аздап ұрттайтындар бар. Бірақ, бұл мейрамхана халал. Шараптар мүлдем сатылмайды. Олар сыртқа шығып кеткен сайын Ақжол ашуланады. Алып шыққан мың тенгелерін ащы суға құртып жіберсе өзі төлейді. Шақырған сол. Біз ас мәзіріне көз жүгіртіп әкелген ақшамыздың мөлшеріне қарап тапсырыс беріп жатырмыз. Осы кезде жарқырап Сәуле кіріп келді.

- О, құрдастар, амансыңдар ма? Хош келдіңдер. Қане, қандай тамақ ішесіңдер? Бәрі кібіртіктеп төмен қарап міңгірлеп, саусақтарын санап отыр.

- Маған бір самса, екі стақан компот, - деді Дихан. Келіншегі Балзия шап ете қалды.

- Мен не жеймін?

- Кешіріңіз, екі самса.

Төлепқали не ішерін білмей әлі ойланып отыр.

- Жарайды, тағамның тәттісін мен таңдап берейін, - деп, Сәуле аспазшыны шақыртып тапсырма берді. Ұйғыр, қытай, өзбектің ұлттық тағамдарын дайындап әкелуін сұрады. Жарты сағаттың ішінде дастархан жайнай бастады. Бірақ, біздің құрдастардың бастары салбырап барады. Армангүл қолына калькулятор алып есептеп, басын шайқап отыр. Айшылық құрдасым «түк апитетім жоқ, қазір келем» деп қайтып оралмады. Манар мен Жасболат мұны естіп келмей қалды. Исі бұрқырап палау келді. Оңтүстіктен келін болып түсткен Жәмила тәрелкесін палауға толтырып алып, жеңсік асын жеп жатыр. Естумізше аспазшылар арнайы Ташкент қаласынан оқып келіпті. Нағыз палау осы жерде екен.

- Аздап же, аштан келдің бе? - деп жолдасы Төлепқали ескерту жасады. Ақжол да жұбайының тағамның түр- түрінен ауыз тиіп отырғанына көзін алартты. Сәуле де қояр емес. Тамақты үсті-үстіне әкелді. Әкелген сайын құрдастардың көңілдері түседі. Олар бұлай тамақтанамыз деп келген жоқ. Ақжол айтқандай мың теңгеге тоямыз деп келді. Дастархан үстінде қасық-шанышқы қоятын орын жоқ. Тойда отырғандай толып кетті.

- Балзия, адам басына мың теңгеден емес, бес мыңнан асып кетті, - деп күйеуі Дихан құлағына сыбырлады. Шайнаңдап отырған келіншегі шашалып қалды. Кешігіп келген Берік түк татпастан сіресіп отыр. Мен қарап жатқаным жоқ. Тыңқиып тойып алдым. Сәуле тортпен шәй әкелді. Одан кейін қауын- қарбыз турады. Артық тағамдарды салып алыңдар деп пакет таратты.

- Жоқ, мен ештеңе алмаймын, - деп Балқия бас тартты. Содан не керек, ішіп-жеп болғаннан кейін, есеп-шотын сұраттық. Ақжолдың бет-аузы жыбырлап қоя берді. Төлепқали терлеп кетті. Адам басына мың теңге емес, бес мыңнан асып кетіпті.

Бәріміз басымызды қасып, әмияндағы тықпаларымызды шығарып ақ тер, көк тер болып есептеп жатқанда Сәуле күліп жіберді. Құрдастар, ештеңе төлемейсіңдер. Бұл менің сендерге жайған ақ дастарханым, - деді. Меңдігүл қуанғаннан көзінен жас шығып кетті. Тегін дегенді естіп, «сендер жүре беріңдер, біз асықпай ас ішіп алайық» деп Ақжол мен Ұрқия дастарханға қайта жайғасып алды. Манадан түк татпай отырған Беріктің де ауызы шайнаңдай бастады. Ешкімнің дастархан басынан кеткісі келмей қалды. Бірақ, қалтадағы барымызды «байғазы» деп, ырымдап тастап кеттік. Сүйтіп, құрдастарымның бір сасқаны бар.

МЕН «ТАМАШАҒА» ҚАЛАЙ БАРДЫМ?

Иә, шыныменде қалай бардым? Көпшілік: «Осы сен, сатираға қалай келдің? Кім ертіп әкелді? Сенің жоғарыда жетектеп жүрген көкең бар шығар...» деп көрінген жерде талай бетіме айтты. Солай ойлап жүрген басшылар да бар. Менің ешқандай сіздерден басқа көкелерім жоқ. Сіздердің ыстық шапалақтарыңыз бізді өсіреді, төбемізді көкке көтереді. Ең бастысы, өнерде өріс алуыма үлкен үлес қосқан, қазақ әзілдің қара шаңырағы атанған «Тамаша» ойын-сауық отауына қалай бардым? Қалай таныстым?... 1996 жыл. Өте ауыр жыл. Ешкім еш нәрсеге жауап бермейтін жыл. Біреу мұрныңды кесіп алса да сұрауы жоқ. Пұшық болып жүре бересің. Әркім өз бетінше өмір сүрген кез. Шынымды айтсам, мәдениет басқармасында жалақы алмайтын белгісіз қызметте жұмыс жасадым. Маған айлық емес, алаңсыз отыратын орын керек болды. Өйткені, талантым ашылып, әзіл-сықақ пен сценарийлерді боратып жазым жүрген кезім. Жасым жиырма сегізде еді. Бір күні тамыз айында Ақтөбеге «Тамаша» ойын-сауық отауы келіп жатыр дегенді естідім. Содан Ақтөбе қонақ үйіне «Тамашаның» тарланы, марқұм Құдайберген Сұлтанбаевты іздеп бардым. Қолымда жүзге жуық сценарий бар. Яғни, бір пакет. Құдекең бір қарады да, «Столдың үстіне қоя сал, ертең соғарсың» деді. Халық әртісімен бірінші кездесуіміз өте қысқа болды. Одан кейін алты ай бойы еш хабарсыз қалды. Мен ол кезде «Ақтөбе» облыстық газетіне жұмысқа тұрып кеттім. Содан, жаңа жыл қарсаңында мәдениет басқармасына барсам айтады, «Саған «Тамаша» ойын-сауық отауынан телефон соқты. Тез Алматы қаласына жетсін дейді» деп, телефон номерін берді. Ол кезде «Тамашаның» түкірігі жерге түспей, дүрілдеп тұрған кезі. Үйдегілерге келіп айтсам сенбейді, «Қой, «Тамаша» сені не қылсын? Біреулер сені алдап шақырып отыр» дейді. Менің шешем өте аңқау, әрі сақ адам. Ол кісі бірден: «Ойбай, Алматыда адам жейтіндер бар, сені өлтіруге әдейі шақырып отыр» деп адамды шошытты. Мен айтам: «Апа-ау, сойып жейтін мал емеспін ғой». Ол кезде және арықпын. Үйдегілер үш күнге дейін Алматыға баруыма қарсы болды. Бірақ, ақыры баратын болдым. Қырсық қылғанда ол кезде таршылық уақыт еді. Үстіме киетін костюм- шалбар, қолыма ұстайтын жөні түзу портфель табылмады. Тума-туыс жабылып, «Сен, «Тамашаға» концертке бара жатырсың» деп, бір ақ костюм әперді. Жолға шығарып салып жатып теміржол вокзалында әкем айтты: «Еркек таксиске жолама, тонап кетеді», - деді. Шешем айтты: «Таксидың алдыңғы орындығына отырма, артына отыр, алдына отырсаң қарақшылар қылғындырады» деді. Інім айтты: «Көке, біреулер тиіссе, алды-артыңа қарамай қаш» деді. Алматы емес, Шалқар қаласына бара жатқандай зәремді алды. Пойыз Ақтөбеден қозғалып кетті. Вагонның үшінші қабатында, жүк қоятын жерде жатырмын. Адам отыратын орындар саудагерлердің заттарына толып түр. Купелер дүкен сияқты. Ішінде түкті кілемдер, азық-түліктер. Тамбурда аяқ бастатын жер жоқ. Картоп, пияз, сәбіздер қап-қабымен жолаушылап бара жатыр. Маскүнемдер мен ұрылар тағы бар. Аяқ киімімді басыма жастап жоғарыда екі тәулік жаттым. Таңертең пойыздың жолсерігі: «Алматыға келдік» дегенде, орнымнан ұшып тұрып, сөмкемді алып вагоннан түсіп қалдым. Қарсы алдымнан ҚР халық әртісі, Мәжіліс депутаты Құдайберген Сұлтанбаев күтіп алса, мақтаныш қой. Шіркін, «Нұреке, жақсы жеттің бе?» деп амандасып жатқанымызды ауылдағы құрдастарым көрсе ғой, іштері өртенер еді деймін... Арманым далаға су болып ағып кетті. Күтіп алған ешкім жоқ. Бір түрлі болдым. Сүйретіліп вокзалдың алдына бардым. Жан адам маған көзін салмайды. Содан, такси тоқтатайын десем, көлік жүргізушілер ылғи еркектер, әйел адамның қарасы көрінбейді. Күн қысқа. Түс ауып барады. Ақтөбеде -35 градус аяз, Алматыда+10 градус жылы. Үйден бір қойды үйітіп беріп жіберіп еді, күн шуаққа ет еріп, жерге қан тамшылап түр. Бір кезде шашын түйген бір таксист келді. Жалма-жан машинаның артқы есігін ашып заттарымды лақтырып жіберіп:

- Апай, мені мына адреске апарып тастаңызшы десем, «Қайдағы апай?» - деп гүрілдейді. Сүйтсем, шашын түйген дәу еркек екен. Шешемнің айтқаны есіме түсіп, зып етіп көліктен қайта түсіп қалдым.

Енді отырмын жер шұқып, ойланып. Әзер дегенде бір орыстың жалбыр шашты семіз әйелі кездесті. Көлігіне секіріп мініп алдым. «Перед!» дедім, «Куда?» деді әлгі әйел. «Туда» деп, мекен-жайды айттым. Жарты сағат жүріп мені «Сайрам» мөлтек ауданы, 50 үй, 20 пәтерге жеткізді. «Тамашаның» президенті Лұқпан Есенов ағамыздың үйіне асығып барамын. Пәтердің қоңырауын бастым. Тезірек ашса екен деймін. Қойдың еті еріп барады. Вокзалдан түскелі басқан ізіме қан тамшылап келе жатыр. Есікті бір таяққа сүйенген қария ашты.

- Ассалаумағалейкум ата, мен Ақтөбе қаласынан келдім, «Тамаша» ойын-сауық отауы шақырып еді.

- Шырағым, мен ешкімді күтіп отырғаным жоқ, - деді ол тастай қылып.

- Ақтөбеден келдім деймін, ата. Лұқпан аға бар ма? - Сен бала, шатастың, қатты шатасып тұрсың. Мұнда жаман

кемпірім екеуімізден басқа ешкім тұрмайды.

- Сонда олар қайда тұрады?

- Мен қайдан білейін, - деді.

Есікті тарс жапты. Ал, керек болса енді не істеймін? Кеш болса батып қалды. Құлағыма әке-шешемнің: «Сені Алматыға алдап шақырған шығар» деген сөздері келе берді. Сыртқа шықтым. Сөмкедегі қойдың еті де басыма пәле болды. Ақ шалбарымның екі балағы қанға боялды. Еттің иісіне подъездің айналасында жүрген қаңғыбас иттер үріп, аш мысықтар мияулап мазамды алды. «Кет» десең кетпейді. Мысығы талдың үстінде, иттері анадай жерде маған қарап шоқиып отыр. Қой, не де болса алдандым ғой, аман тұрғанда етімді жаңағы үйге арзан бағасына сатып кетейін деген ойға келдім. Бір түнге пәтер жалдауға да қаражат керек қой. Арқаланып этажға қайта көтерілдім. Есіктің қоңырауын қайта бастым.

- Ата, үйтілген қой алмайсыз ба? Арзан бағасына беремін. Алыңызшы...

Әлгі қария бір түрлі күдікті көзбен қарады. Әрине, ыңғайсыз уақытта танымайтын үйге келіп тұрғасын солай ғой.

- Шырағым, сен өзі кімсің? Біресе «Тамаша», Лұқпан Есенов дейсің, біресе, ет сатамын дейсің. Мүмкін, адам тонап жүрген қарақшы шығарсың, тоқтай тұр қазір полиция шақырамын. Кемпір, телефонды әкел, - деп айқайлады. Шошып кетіп тұра қаштым. Ентігіп сыртқа шықтым. Мені күтіп отырған ит- мысықтар шулай жөнелді. Бір қанден сөмкемді тістеп шәуілдеп қояр емес. Жыным келіп тұмсықтан бір тептім. Қаңқылдап алып тайды. Етті бір жерге тастап кетуге тағы қимаймын. Үсті- басым бүлінді. Балақтағы қанды көріп, біреулер шынымен де қылмыскер деп ойлауы мүмкін ғой. Алматыда мені ешкім танымайды.

Содан далада қараңғылау жерге барып, талдың түбінде отырып ойландым. Қолымдағы блокнотты ашып, таныс- тамыр іздедім. Ешкім жоқ. Манағы мекен-жайға көзім қайта түсті. Анықтап қарасам «Сайрам» емес, «Самал» деп түр. Жүрегімде үміт оты жарқ ете қалды. О, тоба, асығып жүріп әдрісті қате айтыппын. Аялдамада тұрған бір таксиге жүгіріп бардым. Кім отырса да мейлі, мініп алдым. Ол зу еткізіп айтқан жеріме әкеліп тастады. Енді бір түрлі қуанып келе жатырмын. Бесінші қабатқа көтеріліп, №20 пәтердің есігін қақтым. Үн жоқ. Тым-тырыс. Он бес минут тұрдым. Ее, мені «Тамаша» шынымен де шақырмаған екен деген ойға сендім. Басым салбырап этаждан түсіп келе жатыр едім. Алдымнан орыстың бір маржасы шықты. Қолында арқалаған сөмкесі бар.

- Здраствуйте! - дедім.

- Добрый вечер!

- Я из города Актөбе.

- Ну, что...

- Можно у вас позвонит?

- Можно.

Ойым «Тамаша» театрының офисіне телефон соғу еді. Қайтадан сол бесінші қабатқа келдік. Мен қаққан есікті жаңағы орыс әйел кілтпен ашып жатыр. Бұл үйде қазақтар емес. Орыстар тұрады екен ғой дедім ішімнен. Екеуміз ішке кірдік. Ол менің үстіме қарап:

- Раздевайся, - деді.

- Зачем? - дедім.

- Надо! - деді зекіріп.

Ойланып қалдым. Мүмкін, әлгі шешем айтқан «адам жегіштер» осылар шығар, мен солардың қолына өзім келіп түсіп тұр екенмін деген ой тұла-бойымды зың-зың еткізді. Күдіктене бастадым. Сол мезетте есіктің қоңырауы шыр-шыр ете қалды. Жүрегім зыр-зыр етті. Сырттан төрт еңгезердей адам кіріп келе жатыр.

- Ойбай, көмектесіңдер, люди, помогите!- деген сөздер аузымнан қалай шыққанын білмеймін. Кіріп келе жатқан жігіттерді итеріп сыртқа қаштым. Қойдың еті қалып қойды. Бірінші қабатқа қалай түскенім есімде жоқ. Аналар қуып келе жатыр. Мен қашып барамын.

- Әй, жігіт, тоқта! - деді біреуі айқайлап.

Екіншісі:

- Сен Ақтөбеден келген Нұрлыбексің бе?

- Иә.

- Біз сені іздеп жүрміз. «Тамашаның» адамдарымыз. - Тамашаның адамдарына ұқсамайсыздар ғой, - дедім. Менің

санамда Құдайберген,Тоқсын, Мейірман, Уәйістер тұр. Олар «Тамашада» жұмыс жасайды. Мына кісілер таныс емес. Тіпті, Лұқпан Есеновті тірілей көрген адам емеспін. Әлгі қуғыншылар маған қарай бір қадам аттаса мен, он қадам артқа қашамын. Содан біреуі сөмкесін ашып, ішінен «Тамаша» ойын-сауық отауының афишаларын шығарып алыстан көрсетті. Тәуекелге бел буып тоқтадым. Шынымен «Тамашаның» жігіттері екен. Біреуі жүргізуші, біреуі администратор, енді біреуі директор. Лұқпан ағай үйде қалыпты. Үрей әлі басылмай тұр. Қорқасоқтап, әлгі үйге кірдім. Алғаш рет «Тамашаның» президентімен төс құшақтасып амандастым. Ағамның әйелі орыс болып шықты. Оны мен қайдан білейін? Валя жеңгей де бірден ашып ештеңе айтпады. Менің келетінімді естімеген болар. Олар мені Алматының екінші вокзалынан күткен екен. Мен жыбырлап бірінші вокзалдан түсіп қалыппын ғой. Екі вокзал бар екені есім-нен шығып кетіпті. Өйткені, мектеп бітіргелі екінші рет баруым еді. 1996 жылғы «Тамашаның» жаңа жылдық жаңа бағдарламасында менің бес шығармам - «Операция», «О дүниемен сөйлесу», «Арықтау тәсілі», «Мисс-96», «Жұмыртқадан шыққан бала» орындалды. Сөйтіп, «Тамаша» ойын-сауық отауына алғаш рет осылай барған едім.

САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР

БАЙҚАМАЙ ҚАЛДЫМ...

Қатысатындар: 1. Май қызметкері - сержант, 2. Май қызметкері -капитан 3. Министрдің шофері, 4. Дәрігер

/Сахнаға екі гай қызметкері шығады/ Капитан: - Сержант бала, бермен қара, мынау біздің нан табатын жеріміз. Бұл кәсіп бізге атадан мұраға қалған... Кезінде біздің аталарымыз осы арада қамшымен тұрып, керуендерді тоқтатқан...

Сержант: - Неге керуен?

Капитан: - Ол кезде машина болмаған, сондықтан да аттылы адамды, түйемен келе жатқан керуенді, саудагерлерді тоқтатқан... Кейін қамшы мына ала таяққа айналған. Сержант: - Ааа, мен сонда ата-бабаларыма ұқсағанмын ба? Капитан: - Сен енді- енді ұқсап келесің, ана тал неге өсіп тұр,

білесің бе?
Сержант: - Білемін, жазда көлеңке болады.
Капитан: - Атаңның басы көлеңке, ол сен жасырынып тұру үшін өскен...
Сержант: -Ааа, енді түсіндім.

Капитан: - Айтпақшы, айыппұлдың көлемін жаттадың ба? Сержант: - Әрине...
Капитан: - Ремен тақпаса қанша?
Сержант: - 9 мың теңге.
Капитан: - Фар жақпаса.

Сержант: - 15 мың теңге.
Капитан: - Балаларға арналған коляска болмаса ше? Сержант: - 17 мың теңге.
Капитан: - Ал, егер жүргізуші арақ ішіп алса...
Сержант: - Джек пот...

Капитан: - Қайдағы джек пот?
Сержант: - Ақша көп болады дегенім ғой...
Капитан: - Дұрыс, сосын, сенің мына ала таяғың киелі. Сержант: - Қалайша?

Капитан: - Мұны кез-келген жерге тастауға, ретсіз жоғары көтеруге болмайды. Ойланып, мұқият қарап барып тоқтату керек. Сержант: - Қызық екен... /деп таяғын көтеріп қалады. Шиық деп бір машина тоқтайды/ Капитан: - Сержант, сенің денің сау ма, неге тоқтаттың? Сержант: - Байқамай көтеріп қалдым.

Капитан: - Ойбай, мен кеттім, мені көрген жоқсың... /деп тұра қашады/
/Машинадан көзінде қара көзілдірік, шіренген шофер шығады/
Шофер: - Жай тоқтаттың ба?

Сержант: - Ала таяғымды байқамай көтеріп қалдым. Шофер: -Кімді тоқтатқаныңды білесің ба? Сержант: - Қасымдағы капитанымның қашып кетуіне қарағанда крутой біреу шығарсыз... Депутат немесе Әкім....

Шофер: - Сен, Министрдің машинасын тоқтаттың, ал мен оның шоферімін.
Сержант: - Ааа, кешірерсіз.
Шофер: - Құжаттарың қайда?

Сержант: - Қазір... Мынау ішкі істер бөлімі берген удостоверение. Мынау төл құжатым. Мынау көшеде тұруға рұхсат етілген іс сапар қағазы... /Барлық құжаттарын көрсетеді/

Шофер: - Ішіп алған емессің ба?
Сержант: - Жоқ, ішкем жоқ. Үрейін ба?

Шофер: - Қазір оны анықтаймыз... Әлеу, жедел жәрдем бе? Мында облыстың бас дәрігерін, психотерапевті жіберіңіз. /телефонмен жедел жәрдем шақырады/ Сержант: - Байқамай тоқтаттым, енді келісейік те былай. Шофер: - Бұрын бала күніңде ауырған жоқсың ба? Сержант: - Қызылшамен ауырдым...

Шофер: - Телефон соғатын жерлерің бар ма?

Сержант: - Бар, бастығыма соғып жіберейін /телефон соғады/ - Әлеу, жолдас генерал-майор мырза, сізге сержант Сирақбаев

телефон соғып тұр.
Генерал: - Иә тыңдап тұрмын...

Сержант: - Мен байқамай көшеде таяғымды көтеріп қалып едім, министрдің машинасы тоқтап қалды.. Генераль: - Не дейсің? Оңбаған, менің бала-шағамның обалына қалдың. Мен онда отставкіге кеттім. Тың -тык-тык... /телефонды тастап жібереді/

Шофер: - Енді қайда соғасың?

Сержант: - Қазір, тоқтай тұрыңыз, жүргізуші мырза... Заңгерге соғамын. Әлеу, заңгер мырза, бұл ішкі істер басқармасы жол полиция сержанты Сирақбав. Мен көшеде байқамай таяғымды көтеріп қалып едім, министрдің машинасы тоқтай қалды. Енді не істесем екен?

Заңгер: - Жұмыстан кетесің.
Сержант: - Басқа амалы жоқ па?
Заңгер: - Онда атылып өлесің.
Сержант: - Неее? /шошып кетеді/

Шофер: - Не болды? Осылай тұра береміз бе?
Сержант: - Жоқ, отырайық...

Шофер: - Сен не қисаңдап тұрсың? /Жедел жәрдем келеді/ Дәрігер: - Кім ішкен? Сен бе?... /Шоферге келеді/ Шофер: - Мен емес, мына сержантты қараңыз. Дәрігер: - Қалайша?

Шофер: - Мен деген... құлағына сыбырлайды/ Дәрігер: - Мама... /шошып кетеді.Сержантқа келіп трубканы үргізеді. Жүрек соғысын тыңдайды/

Сержант: - Мен ішкем жоқ, денім сау...
Шофер: - Сонымен не болды?

Дәрігер: - Менің көп жылдық дәрігерлік тәжірибеме қарағанда бұл сержант аурады екен.

Сержант: - Қайдағы ауру, мен байқамай таяғымды көтеріп қалдым.
Шофер: - Немен аурады?
Дәрігер: - Псих...

Сержант - Қайдағы псих, менің денім сау... Әже... /Екі ақ халат киген адам сержантты алып кетеді/

Шофер: - «Қолыңдағы шоқпарды көтере алмасаң беліңе байлама» деген осы...

ЕНЕ МЕН КЕЛІН

Қатысатындар: 1.Ене. 2.Келін. 3. Баласы. 4. Көрші келін /Сахнаға енесі мен келіні шығады/

Келін: - Әже, сәлем бердік!

Ене: - Көп жаса, ұл тап, ұлдан кейін қыз тап. Сосын, сен осы менің немеремді рұхсатсыз неге сүйесің? Келін: - Әже, онда тұрған не бар, енемнің немересі балдай тәтті, сүйе бергім келеді, сүйе бергім... Ене: - Әй, ана, шүртиген ерніңе үтік басып алайын ба? Келін: - Сол шүртиген ернімнен балаңыз күнде сүйеді. Ене: - Менің меншікті немеремнен аулақ жүр. Қазір балам келсе

сабатып аламын.

Келін: - Әже, неменеге қабағыңыздан қар жауып тұр? Ене: - Енді қар емес, бұршақ жауады.

/Осы кезде бір көршініц келіні жүгіріп өтеді/
Көрші: - Сәлем бердік, әже /сәлем етеді/

Ене: - Көп жаса, әне, қарашы жұрттың келіндері пысық. Бұл көршінің келіні, аты - Бердігүл. Табаны жерге тимейді, таңертеңнен кешке дейін шапқылайды да жүреді. Сиырды сауады. Тарыны түйеді. Айранды ұйытады. Япырмай, келін болып түскеніне 3-ақ жыл болды, 7 баланы туып тастады.

Келін: - 3 жылда қалай 7 бала туады?

Ене: - Онда тұрған не бар, туғысы келсе туады. Ал, сен 5 жылда бір баланы әзер таптың...

Келін: - Енді вообще бала тумаймын...

Ене: - Не болып қалды? Бала тусаң фигураң бұзыла ма? Келін:- Кеше, үйді жиыстырып жүріп балаңыздың чемоданынан

бір қыздың суретін тауып алдым.
Ене: - Байыңның чемоданын неге қарайсың?

Келін: - Қарамай ше, балаңыздың басқа сұлуда ойы бар екен... Ене: - Ол қандай қыз? Қәне, суретті бере тұршы көрейін /Келіні

береді/

- Ойбай, мына шүйкебас кім?

Келін: - Оны балаңыз біледі. Так что, мен бүгін кетемін... /Тағы көрші келін жүгіріп өтеді. Қолында айыр. Түйреп алған

төрт сирақ/
Көрші: - Сәлем бердік, әже...

Ене: - Бақытты бол айналайын, неменеге шауып жүрсің? Көрші: - Ойбай, әже, Сәрсенбайдың қорасы өртеніп жатыр, соған

бара жатырмын.

Ене: - Құдай-ау, өрт болып жатқан жерде саған не бар, өртеніп өлесің ғой, ана қолыңдағы айырың не? Көрші: - Ой, әже, бәрібір қора босқа өртеніп жатқан жоқ па, соған мына қойдың сирақтарын үйітіп алайын деп едім. /жүгіріп кетеді/ Ене: - Осы жұрттың келіндері қалай пысық болады -ай? Келін: - Так что, әже мен бүгін төркініме кетемін. Балаңыз сол өзіңіз айтқан шүйкебасымен тұра берсін... /Осы кезде баласы келеді/ Баласы: - Бұл не айқай шу? Ене: - Әй, жүгірмек қатының төркініне кетем деп, жатыр. Тез менің көзімше саба, таяқтың астына жық. Келін: - Ойбай, қорқып кеттім ғой, балаңыздың ашуы қатты, күнде мені күндіз жастықпен, түнде нәскимен сабайды.

Баласы: - Ту, әже не болды?

Ене: - Не болсын, әйелің сенің чемоданыңнан бір урод қыздың суретін тауып алыпты. Ең болмағанда бір әдемі, сұлу қыздың суретін салмайсың ба? Келін: - Мені сүйем, күйем деп, жүріп тапқаның мынау ма? Баласы: - Сендер не деп тұрсыңдар, түсінсем бұйырмасын.

Қайдағы қыз, қайдағы сурет?
Ене: - Міне, мына қыз. /Суретті көрсетеді/
Баласы: - Манадан бері дауласып жатқандарың осы қыз ба? /күліп/
Келін: - Суретті көріп мәз болдың ғой...

Ене: - Балам-ау, қай-қайдағы ажарсыз біреудің суретін қалтаңа неге салып жүрсің? Баласы: - Әже, бұл деген сіздің қыз күніңіздегі суретіңіз. Ене: - Ойыбай, көтек, не дейді құдай? Оны неменеге салып

жүрсің?

Келін : - Ужас, әжем жас күнінде осындай болған ба? Баласы: - Кеше өзіңіз айтқан жоқсың ба, балам, қалаға барғанда шалым екеуіміздің жас күніміздегі суретті фотосалонға апарып үлкейтіп әкел деп... Соған салып қойып едім. Ене: - Бере тұршы суретті, әй, былай алыстан қарағанда әдемі, сұлу көрінеді. Ана, шаршап соқамен жер жыртып жүргенде түскен суретім ғой... Баласы: - Әже, біздер үшін сіз қазір де сұлусыз. Бұл дүниеде

сізден асқан сұлу, тамаша жан жоқ Келін: - Әже, кешіріңізші мені...Менен бір білместік болды. Ене: - Ештеңе етпейді, құлындарым, менің де марқұм шалымды да талай қызғанған кездерім болды /тарқылдап күледі/ • Әй, келінжан, самаурынға шәйіңді қой, балам, сен құдықтан екі шелек су әкеле ғой... /Баласы мен келіні кетеді/ • Ой дүние-ай, ой жастар-ай, осы біздер жас келген сайын, өкпешіл, қызғаншақ боламыз. Келіндеріміз, балаларымыз, немерелеріміз аман болсын!..

ӘСКЕРДЕН ОРАЛУ

Қатысатындар: 1. Шал. 2. Әскерден оралған баласы -Малбағаров.
(Сахнаға бір шал шығады).

Шал: - Қолыма телеграмма алып, мәз болып тұрғаным. Әскерден балам келе жатыр. Жалғыз ұлдан басқа ешкімім жоқ. Кемпір болса, мені тастап о дүниеге тайып тұрды. Есіктен біреу дабырлап кіріп келе жатыр, біздің бала шығар. /Әскерден баласы Малбағаров келеді/. Баласы:- Аташка, мен сені много-много сағындым. Я, без тебя постоянно скучала...

Шал: - Әй, амансың ба, құлыным?

Баласы: - Құлын емес, тұлпар деңіз... Я уже большая мужчина... Шал: - Құрғыр, тіліңе не болған, не айтып тұрсың?... Баласы:- Ауылдан армияға қазақша пошел, орысша пришел... Шал: - Орысшаңды қой, маған қазақша айт... Көтек, ана көзіңе не

болған?...
Баласы:- Таңба, қал..., қал...
Шал: - Шырағым, сені туғанда шешең қалсыз, таңбасыз туды, мынауың не?
Баласы: - Армияда солдаттарға осындай қал салып береді... Шал: - Неге?

Баласы: - Басқа ротаның солдаттарымен алмасып кетпеуі үшін салады. Кетіп қалса, мына көзіме салады. Ата, сюда внимание не обращайте, это не важно... Шал: - Ал, балам, әскерде не көрдің, қандай жаңалықтарың бар? Баласы: - Жаңалық көп, мен ана қыста орманда әскери полигонда танкімен катаит етіп жүргенде, соляркасы бітіп қалып, масқара қызық болды. Шал: - Астапыралла, оның несі қызық, қыста далада қалдыңдар ма? Қасыңда кім болды? Баласы: - Қасымда Әлександір деген бір сары жігіт пен Катя деген бір медсестра қыз болды...

Шал: - Я, содан...

Баласы: - Сосын, мен айттым, қой, осылай отыра берсек, аязда қатып өлеміз, жақын маңда ауыл болса, солярка сұрап әкелейін дедім... Шал: - Ақымақ, саған не бар, қыста қатып өлсең қайтесің? Баласы: - Қатып өлсем, алдыңызда осылай тұрмаймын ғой, сосын Катяны қасыма ертіп алып, Әлександірді танкінің ішіне тастап, далаға шықтым. Бір қолымда канистр, бір қолымда Катя. Күн боран...

Шал: - Содан...

Баласы: - Айналаға қарасам анадай жерде, бір ауылдың светі жанып тұр екен, солай қарай жүгірдім... Бір кезде артыма қарасам соңымнан бес қасқыр ұялмай-қызармай, тілдері салақтап қуып келе жатыр...

Шал: - Ойбай, сені қасқыр жеп қойған жоқ па?

Баласы: - Ту, ата, не беспокойса, мені қасқыр жеп қойса, қасыңызда осылай әңгіме айтып ырбиып тұрамын ба? Мен, өзі, бармын ба?...

Шал: - Барсың, содан...

Баласы: - Сосын, ана бес қасқырға «кет-кет, жақындама, ұятсыз, біреудің мәпелеп, аялап өсірген баласын ұялмай қалай жейсіңдер?» деп, қатты-қатты айқайлап -сөгіп намысына тиіп, «мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп едім, адамнан гөрі қасқырдың ұяты бар екен, үш қасқыр ұялып, қалып қойды да, екі ұяттан безген албасты қасқырлар тұра қуды.

Шал: - Содан..

Баласы: - Жалма-жан жүгіріп келе жатып, етігімнің ішіндегі шұлғауды жұлып алып тұтатып кеп қалып едім, лап ете қалды...

Шал: - Балам-ау, шұлғау қалай лап ете қалады?

Баласы:- Білмеймін, сосын ана екі қасқыр сразу тоқтай қалды... Бір қолымда канистр, бір қолымда алаулап жанған шұлғау, қасқырлардан қашып келемін... Шал: - Ау, бір қолыңда канистр, бір қолыңда жанған шұлғау, сонда Катя қайда, оны ана қалып қойған үш қасқыр жеп қойған шығар... Баласы: - Масқара, ата, айтпақшы, есіме салғаның қандай жақсы болды, шынымен де Катяны шұлғау тұтатқан жерде ұмытып кетіппін, сосын, жалма-жан қайтадан қолынан жетектеп алып, ауылға қарай

жүгірдік, екі қасқыр қайтадан
қуды-
Шал: - Балам, сенің шұлғауың бинзинге малынған ба? Неге бітіп қалмайды?
Баласы: - Бітіп қалса, екінші шұлғауым бар емес пе? Соны тұтаттым....

Шал: - Ауылға қашан жетесін, екінші шұлғауың жанып кетсе, шаруаң бітті ғой... Баласы: - Қазір, жетемін ғой, ту ата, асықпашы... Катя екеуіміз шамалы дем алып алдық... Шал: - Дем алғаны несі, тұрыңдар, күн аяз қатып өлесіңдер ғой, айналаңды аш қасқырлар қамап тұрғанда сендердікі не демалыс? Қазір ауылда да қасқыр көп, даланың қасқыры, қаланың қасқыры... Баласы: - Ата, не қуып кеттің бе, тұрдық, сосын қайтадан ауылға қарай жүгірдік... Шал: - Сенің ауылың қандай ауыл жеткізбейтін, мына түрлеріңмен қасқырға жем боласыңдар ғой... Баласы: - Ата, енді, ашуланбаңыз ауылға кірдім, шеттегі үйдің есігін аштым, қасқыр да жетті, есікті жаптым, қасқырдың тұмсығын есік қысып қалды... Қасқырдың мұрны қанап, қансырап тұра қашты... Шал: - Ту, оңбаған, қасқырды ұрып алмайсың ба, қасқырдың терісі деген 5000 теңге тұрады. Баласы: - Қайдағы қасқыр, ата, мен саған қызық айтайын ба? Шал: - Ол не қызық? Баласы: - Бұл менің армияда туалетте рахаттанып ұйықтап жатқанда көрген түсім ғой... Шал: - Ой, бар болғыр, жүгірмек, манадан бері менің басымды неге қатырып тұрсың? Армияда шума болған екенсің ғой, смирно... Қораға қарай шагом марш... /Әкесі мен баласы ән салып, әскери жүріспен сахнадан кетіп қалады/.

ӘРТІС БАЛА, ӘКІМ ҚАЙДА?

(Театр әртісі сахнаға концертті бастауға шығады) Әртіс: - Құрметті халайық, құрметті өнер сүйер қауым! Сіздерден

рұхсат болса, біз концертімізді бастасақ дейміз.
(Залдан бір шал орнынан тұрып айқайлайды)
Шал: - Атаңның басы бастайсың. Рұхсат жоқ...
Әртіс: - Аа, ақсақал не болып қалды?

Шал: - Әй, әкім қайда? Концертке неге әкім келмейді? Әртіс: - Ата, біз әкімге арнайы шақыру беріп жібердік. Шал: - Шақыру неге бересіңдер, 500 теңгеге билет сатып алатын ақшасы жоқ па? Біз билет сатып алып келіп отырмыз. Ал, ол тегін шақырса да келмейді. Шақыруды оған бергенше неге

маған бермейсіңдер?

Әртіс: - Ата, енді әкім деген күні-түні халықтың қамын ойлайды. Әкім сіздер сияқты концерт көруге уақыты жоқ. Енді сол қалып

еді.

Шал: - Қалай уақыты жоқ? Күнде-күнде қатынын жетектеп ресторан, тойға барғанда уақыт табады. Халықпен бірге концертке келуге уақыт таппайды екен е... Әртіс: - Ата, біздің әкім тойға бармайды. Ал, егер бара қалғанда халықтың қамын ойлап жүр ғой. Ол қазы-қартаны, жал-жаяны жеп отырып, сіздердің амандықтарыңыз үшін, болашақтарыңыз үшін тост көтереді. Би билейді, ән тыңдайды...

Шал: - Соқ өтірікті. Әнді тыңдайтын болса неге мына концертке келмейді? Әртіс: - Әкім концерт емес, халық жүрген жерде жүреді. Шал:- Әртіс бала, сен не айтып тұрсың? Сахнадан бері түсші, сонда не залда отырған мына жұрт халық емес пе? Әртіс: - Ата, әкімдердің жұмысы көп, Астанаға ұшады, Алматы мен Қытайға ұшады... Сіздердің қамдарыңыз үшін өмірін қатерге тігіп, самолетпен ерсілі-қарсылы аспанда ұшып жүр. Айтпақшы, әкім күні кеше Астанадан ұшып келіпті.

Шал: - Оттапсың, ол Астанадан емес, қатыны екеуі Ямайкадан ұшып келді.
Әртіс: - Ямайка дейді, мүмкін, Ямайкаға шұғыл жиналысқа барған шығар.
Шал: - Ол жақта қандай жиналыс?

Әртіс: - Шет елдің мәдениетін қазақ еліне алып келген болар. Шал: - Қайдағы мәдениет? Қазақтың өнеріне жаны ашитын болса, қазақша концертке неге келмейді? Шет елдің мәдениеті дейсің, сол Ямайкадан ұшып келген әкімің айтады: «шет елде қыздар тыр жалаңаш жүреді екен, күнге қыздырынады, құмға аунайды» деп, жиналыста кеше ұялмай айтып отыр. Сонда, шет елден алып келген мәдениеті осы ма? Әртіс: - Ау, ата, енді концертімізді бастайық. Сіз көп мылжыңдап кеттіңіз. Әкім келмесе келмей-ақ қойсын. Орныңызға отырыңыз.

Шал: - Жоқ. Әкім келмей концертті бастамайсыңдар, айттым, бітті. Күтіңдер. Әртіс: - Ата, концерт көргіңіз келмесе шығып кетіңізші. Шал: - Шырағым, неге шығамын? Менің заңды билетім бар. Әртіс: - Мынау қызық болды-ау, біздің кассир қайда екен? Мына кісінің ақшасын қайтарып берсін де, сыртқа шығарып жіберсін. Шал: - Мә... (қолын шығарады) Тапқан екенсіңдер ақымақты, атаңның қу шекесі шығарасыңдар... Әй әртіс бала, сахнадан бері түсші. Тіліңді түбінен суырып алайын. Әртіс: - Ауылдың учаскелік полицейі бар ма? (Учасковый келеді) Полиция: - Ақсақал, аман-сау тұрғанда тайып тұрыңыз. Шал: - Әй, мына бала қайтеді. Мен елге еңбегі сіңген зейнеткер адаммын. Ертең жоғарыға жазамын. Заңның алдында бәріміз бірдейміз, сот алдында жауап бересіңдер. Мен бәрібір қазақша концерттерге әкімдердің қатысуын талап етемін (Шалды полицей қолынан жетектеп алып кетеді)

БОС ОРЫН ЖОҚ

Қатысатындар: 1.Бастық 2.Орынбасар З.Шал 4.Кемпір (Сахнаға мекеме басшысы мен орынбасары шығады) Бастық: - Осы біздің мекемеде не жаңалық бар? Орынбасар: - Жаңалық болғанда әкімшіліктен жастарды жұмысқа

орналастыру керек деп қағаз келіп тұр.
Бастық: - Міне, өте дұрыс, қандай керемет, мен басшылықты қолдаймын.

Жастарды біздер қолдамағанда кімдер қолдайды? Қаншама жастар жұмыссыз жүр. Бізде бос орын бар ма?

Орынбасар: - Бос орын жоқ.

Бастық: - Ойбай-ау, қалай жоқ, сен не деп тұрсың? Жастар -біздің келешек - болашағымыз.

Орынбасар: - Иә, дұрыс айтасыз, Басеке!
Бастық: - Әкел штат кестесін.

Орынбасар: - Міне (Орынбасар папкасынан қағаз береді). Бастық: - Кадр бөліміне жас маман алсақ қайтеді? Орынбасар: - Басеке, ала алмайсыз. Бастық: - Неге ала алмаймын, алынбайтын қамал жоқ. Орынбасар: - Ол орында сіздің апаңыздың қызы - жиеніңіз

Балбике отыр (сыбырлап).

Бастық: - Балбике, а ол сонда отыр ма еді? Жарайды, отырса отыра берсін. Олай болса анау бөлім меңгеруші етіп алайық.

Орынбасар: - Оған да ала алмайсыз?
Бастық: - Неге?

Орынбасар: - Ол орында туған нағашыңыз Телпекбай отыр. Бастық: - Ммм, отыра берсін, бізде штат көп, айтпақшы кассир

болсын.
Орынбасар: - Бола алмайды.
Бастық: - Кім отыр?
Орынбасар: - Туған ағаңыздың байдан қайтып келген қызы Бердігүл отыр.

Бастық: - Бас есепші?
Орынбасар: - Балдызыңыз.
Бастық: - Экономист?
Орынбасар: - Құдашаңыз.

Бастық: - Жүргізуші?
Орынбасар: - Ініңіз.
Бастық: - Механик?
Орынбасар: - Балаңыз.

Бастық: - Осы сен өзің кім боласың маған?
Орынбасар: - Бажаңыз.

Бастық: - Айтпақшы, анау қойма меңгерушілері кімдер? Орынбасар: - Ол жерде сіздің құда-құдағайыңыз отыр.

Бастық: - Қалай құда-құдағай еді?

Орынбасар: - Сіздің үлкен балаңыздың әйелінің ата-енесі, Бөрікбай мен Өрікгүл. Бастық: - Не дейді, олар әлі бар ма? Ойбай-ау, ол келін баяғыда кетіп қалды. Олар ажырасып кетті. Сен не қарап жүрсің? Орынбасар: -Кешіріңіз, басеке естімеппін. Бастық: - Шақыр оларды қазір. Орындарын босатсын. Орынбасар: - Құп болады, қазір шақырамын. Бастық: - Ойпырмай, не деген масқара, жастар жұмыссыз, мыналар орын бермейді. Бұл деген барып тұрған жемқорлық.

(Сахнаға Шал мен Кемпір шығады)
Орынбасар: - Құда-құдағайыңыз келіп түр.
Бастық: - Құрметті Құда-құдағай, сіздер қашаннан бері жасайсыңдар?
Құда: - Құда, елу жылдан асты.

Құдағай: - Иә, екеуіміз бірге кірдік.
Бастық: - Жастарыңыз нешеде?
Құдағай: - Құда, сізге не болған?
Құда: - Мен сексеннің бесеуіне, құдағайыңыз жетпістің төртеуіне келді.

Бастық: - Ұзақ жасапсыздар.
Құдағай: - Құдайдың берген жасы ғой.
Бастық: - Жас емес, жұмысты айтамын.

Құда: - Бұйырғанын жасай береміз ғой. Құдағайыңыз өлсек сүйегіміз осы мекемеден шықсын деп жүр ғой.

Бастық: - Олай болмайды, бүгіннен бастап жұмыстан босайсыздар. Құдағай: - Ау, құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық деген. Жастар бүгін қосылады, ертең ажырасады.

Құда: - Біздің қартайған ештеңеміз жоқ.

Құдағай: - Біз әлі жаспыз. Керек десең шпагатқа әлі отырамын. Құда: - Әй, кемпір, шошаңдама, бұтың айрылып кетер. Құдағай: - Қойшы-ей, бұл не көрмеген бұт? Бастық: - Жоқ, болмайды. Орынды босатыңдар. Құда: - Ау, құда, зейнетақы жетпейді, енді бір он жыл отырсақ өзіміз де кетеміз. Қартайып тұрған еш жеріміз жоқ. Сап- саумыз. Құдағай: - Жиырма жыл десең аузың қисайып кете ме? (шалына

зекіп)
Бастық: - Айттым бітті, боссыңдар.

Құдағай: - Құда, жайлап сөйле, олай болса, құдалықта берген 5000 доллар мен қатыныңа кигізген норковый шубаны қайтар. Құда: - Туған күніңде - алпыс беске толғанда астыңа мінгізген мерседес көлігімізді қайтар. Құдағай: - Немереңді сүндетке отырғызғанда қолыңа бриллант жүзік тағып едік, соны қайтар. Құда: - Қызың тұрмысқа шыққанда шашуға бір миллион теңге апарғанбыз, соны да қайтарасың. Құдағай: - Айтпақшы, ұмытып бара жатырмын, кіші балаң институт бітіріп келгенде құдай - ау, не беріп едім. Әй, шал не беріп едік?

Құда: - Қай бергеніміз есімізде дейсің...
Құдағай: - Білмеймін, әйтеуір, соны қайтар...

Бастық: - Жарайды, енді шуламаңыздар, мен жәй әншейін сіздерді сынап көріп едім.

Құда: - Құда, немене бізге әлі сенбейсің бе?

Бастық: - Сенемін ғой әрине, бара беріңіздер, қызметтері- ңізді жасай беріңіздер. Орынбасар: - Сізге айттым ғой, бізде бос орын жоқ. Бастық: - Солай екен ғой, онда әкімшіліке жақсылап хат жаз. Мекемеде жас мамандарға бос орын жоқ. Бірақ, міндетті түрде қарастырамыз деп үлкен әріппен жазып жібер. Орынбасар: - Оған қам жемеңіз, жазуды қатырамыз ғой (екеуі сахнадан кетеді).

БАЛА ЖАСАУ

Қатысатындар: 1.Шал пен Кемпір 2. Дәрігер
(Сахнада дәрігер отырады. Столда компъютер. Бірдеңе жазып отыр)

Шал: - Айналайын, қызым, бала жасайтын мекеме осы ма? Дәрігер: - Саламатсыздар ма?

Кемпір: - Бақытты бол, шырағым!

Дәрігер: - Сіздерге бала керек пе? Негізі мұнда жас отбасылар келеді. Кемпір: - Ойыбай, біз не адам емеспіз бе? Шал: - Қызым, сен дұрыс түсін, жалғыз ұл келінді алып Астанаға немерелерімен тайып тұрды. Бізге бала емес, немере керек. Кемпір: - Иә, шал дұрыс айтады. Дәрігер: - Жарайды, мұнда бала жасау ақылы, қымбат тұрады. Шал: - Мейлі, кемпір екеуіміздң пенсиямызды қосқанда бір бала шығатын шығар.

Кемпір: - Сонда қанша тұрады?

Дәрігер: - Сіздер өздеріңіз таңдайсыздар, мысалы ұл керек пе әлде қыз керек пе?

Кемпір: - Қыз керек.
Шал: - Ұл керек (екеуі таласады).
Дәрігер: - Сіздер ұрыспаңыздар, қыз қымбат тұрады. Ең арзаны ұл жасау.
Кемпір: - Жарайды, ұл болса ұл болсын.

Дәрігер: - Болашақ немерелеріңізді түсі қандай болсын? Кемпір: - Түсі мен сияқты болсын.

Шал: - Кемпір, саған ұқсаса қап-қара болады, маған ұқсасын - ақ болсын.
Кемпір: - Мен қара емеспін, шоколадныймын...
Дәрігер: - Жарайды, баланың көзі қандай болсын? Шал: - Көк болсын.
Кемпір: - Көгі несі, қара болсын.

Дәрігер: - Көк көз қымбат тұрады.

Шал: - Нағыз қазақтың көзі көк болған, онда бір көзі көк, бір көзі қара болсын. Кемпір: - Тек, екі түрлі иттің көзі құсап, шоколадный көз болсын менікі сияқты

Шал: - Сенікі тек шоколадный екен, қызым, сонда барлық мүшесі ақылы ма?
Дәрігер: - Әрине, құлақ елу мың.
Кемпір: - Елу мың. Бір басқа бір құлақ жетеді.

Шал: - Тек-ей, жалғыз құлақты шұнақ бола ма? Екі құлақ болсын, елден ұят қой...

Дәрігер: - Аяқ-қол жүз мыңнан, башай мен саусақтар он бес мыңнан.
Кемпір: - Сол башайдың не керегі бар?

Шал: - Әй, кемпір, сонда немереміз тобан аяқ бола ма? Башайсыз қалай жүреді?

Кемпір: - Енді ақшамыз жетпейді ғой.
Шал: - Көп болса кредит алармыз.
Дәрігер: - Тілі қандай болсын?
Кемпір: - Ұзын болсын.

Дәрігер: - Жоқ, қазақша ма, орысша ма?

Шал: - Кемпір, үш тілді болсын, қазір сондай заң шығып жатыр. Дәрігер: - Жарайды, үш тілді.

Шал: - Айтпақшы несі бар ма?
Дәрігер: - Не ол?
Шал: - Енді ер бала болсын дедік қой.
Дәрігер: - Иә, ер бала.

Шал: - Сол несін айтамын...
Кемпір: - Мына шал не деп басымызды қатырып тұр? Шал: - Енді несі ше?
Дәрігер: - Несі?

Шал: - Ой, енді ер бала болғасын. Шүмегі? (қолымен көрсетіп) Кемпір: - Ойбай, шал дұрыс айтады, ол қанша тұрады? Дәрігер: - Ол бесплатно, скидка...

Шал: - Бәсе, сүйтіп арзандатып қой...
Дәрігер: - Айтпақшы, бала неше жаста болсын?
Шал: - Айналайын, көптен бері немеренің иісін сағындым, құндақта болсын.

Кемпір: - Тек-ей, мына шал алжыған ба? Оны кім емізеді? Біздікі баяғыда суалып қалған. Одан да 5-6 жас болсын. Шал: - Әй, кемпір, қазір бала бағу оңай емес, мектепте оқыту да қиын. Одан кейін жоғарғы оқуға түсіру керек. Бірден дипломы бар бір 25-тегі жігіт болса.

Дәрігер: - Болады. Жиырма бестегі жігіт дайын болды. Қазір шығады.

КІР МАШИНА

Шал: - Құдай-ай, балаға қараған күнің құрсын. Келін қыдырып кетті, кемпірдің бұл дүниеден өткеніне 10 жыл болды. Көйлегім болса кір. Мына кір жуғыш машинаны сатып алғандарына үш ай болды. Әлі пайдалана алмай жүрмін. Қосып кірімді жуып алайын /қосады/.

Машина: - Саламатсыз ба, ата.
Шал:- Амансың айналайын, бұл кім?
Машина: - Бұл мен, кір жуатын машина.
Шал: - Ойбай, көтек, темір сөйлей ме?

Машина: - Бұл сөйлейтін кір жуғыш машина. Қытайдан шығады. Ақтөбеде жиналады. Шымкентте сатылады. Шал: - Ойпырмай, жүре берсең көре бересің деген осы екен - ау. Машина: - Ал, ата не жуасыз?

Шал: - Мына көйлек-көншегімді жуып берсең.
Машина: - Жарайды, салыңыз.

Шал: - Мынау қызық екен /деп, кірлерін сала бергенде/ Машина: - Ту, ата алдымен машинаны токқа қосыңыз. Шал: - Ойбай-ай, солай екен ғой. /деп киімдерін салады. Машина

лақтырып тастайды/.
Машина: - Ата, сіз немене көйлегіңіз бен носкиіңізді бірге жуасыз ба?

Шал: - Айналайын, байқамай кетіп қалған шығар /деп қайта салады. Лақтырып тастайды/ Машина: - Ата, көйлегіңіздің қалтасын қарамайсыз ба? Қалтасында 2000 теңге жүр ғой. Шал: - Ой, ұмытшақ басым-ай, /деп ақшаны алып, қайта салады. Машина тағы лақтырып тастайды/ Машина: - Екінші қалтасын неге қарамайсыз? Құжаттарыңыз бар. Шал: - Айналайын рахмет, сен бәрін біледі екенсің /деп қайта

салады/
Машина: - Ойыбу, ата кірлеп кетіпсіз ғой.

Шал: - Енді жуып беретін адам жоқ, кірлемегенде қайтемін. Машина: - Ее, осы қазақтың келіндері-ай, ата-енесін бақпай не

істейді екен а?
Шал: - Шырағым, сен өзің жақсы зат екенсің.

Машина: - Жарайды, ата, мен кір жуайын /деп әндетіп жуа бастайды. Шал музыкаға билейді/

Шал: - Кірлерімді жуып болдың ба?

Машина: - Иә... /Шал кір машинаны ашып қарайды/ Шал: - Ойбай-ау, мында көйлек жоқ қой, жұтып қойдың ба? Машина: - Иә, ата жұтып қойдым. Шал: - Ойбай-ау, өзі ауыстыратын жалғыз көйлек, мұның не? Машина: - Ата, сіздер бұл машинаны несиеге алғансыңдар. Шал: - Мен емес, келін-балдар ғой алған. Машина: - 3 айдан бері банкке кредитін төлемеген, сондықтан да сіздің көйлегіңізді кепілдікке алып жұтып қойдым. Шал: - Айналайын, олай болмайды, қайтар көйлегімді. Машина: - Несиені қашан төлейсіздер, сонда аласыз. Шал: - Ой, атаң нәлет!

Машина: - Олай қатты сөкпеңіз, сотқа беремін.
Шал: - Керек десең, қирата саламын.
Машина: - Ол қолыңыздан келмейді.

Шал: - Келеді! /деп машинаны төбесінен бір қойып, машинаның артынан көйлегін суырып алады/.

Машина: - Ата, бұл үшін жауан бересіз.

Шал: - Алдыңнан бермесең артыңнан аламыз. Ешкімнің алдында жауап бермеймін... /деп ашуланып кетіп қалады/

КӨРШІ ХИЯМЕТІ -2

Еркек: - Бердігүлмен отасқаныма отыз жыл болды, түк өзгеріс жоқ. Осы қалпымызда әлі жүрміз. Қайта баяғы сұрамшақ көршілер бізден озды. /Бердігүл жүгіріп өтеді/.

Әй, Бердігүл, үйді шаңдатнай бері келші, не шауып жүрсің шанқылып? Бердігүл: - Жәй ма, жәй шақырдың ба, аманшылық па? Еркек: - Шаңдатпай ақырындап жүруге болмай ма? Бердігүл: - Енді, характерім сондай емес па, энергичная... Еркек: - Ойбай, орысша сөйлеп қояды /осы кезде көрші қыз

келеді/.
Қыз: - Сәлем бердік, аға, сәлем бердік, апа!
Бердігүл: - Бақытты бол, айналайын!
Еркек: - Иә, анаң не берсін дейді?

Қыз: - Ештеңе берсін демейді, біз қазір бай тұрамыз, білесіз ба? Еркек: - Онда неменеге келдің?

Бердігүл: - Иә, бұлар күшті тұрады, байып аяғынан тұрды, анаң не дейді? Қыз: - Анам айтады, үйге қымбат «итальянский спальный» алдық, соны ағам екеуіңіз келіп көрсін, байғазысын берсін дейді Бердігүл: - Ааа... құтты болсын, қашан алдыңдар? Сықырламай ма екен, жүр, көрем ғой, көрімдігін берем ғой... /тұра жүгіреді/.

Еркек: - Әй, тоқта, қайда ұшып барасың?
Бердігүл: - Спальныйге...
Еркек: - Кімнің?
Бердігүл: - Көршінің?..

Еркек: - Көршінің спальныйы не керек, қайт, қайт деймін... Бердігүл: - Не, көрейік те, онда тұрған не бар? Қырық жыл жыл бойы сықыр-сықыр, шиық-шиық еткен советский темір кроваттан басқа ештеңе көргенім жоқ. Барып жатып көрейік те...

Еркек: - Көрмейсің... /Қыз тағы келеді/.
Қыз: - Сәлем бердік апа, сәлем бердік аға, анам айтады бұй дейді.
Еркек: - Көрмейміз.
Қыз: - Көре алмайсыздар ма не?

Еркек: - Иә, көре алмаймыз.
Қыз: - Көздеріңіз жоқ па, не?
Бердігүл: - Қой, қөре аламыз ғой.
Қыз: - Көздерің көре ме?

Бердігүл: - Иә, менің көзім плюс екі, ағаңдікі минус алты... Үйдің артындағы көрші Сайлыбектің көзі минус үш, әйелінің көзі

плюс бір...

Еркек: - Әй, тоқташы, сенің жұрттың көзінде не жұмысың бар, не осы ауылдың окулисті сен бе не? Қыз: - Ту, мен айтайын да, анам айтады, анам үйге американский сөйлейтін дәу ит сатып әкелді, соны келіп көрсін дейді. Бердігүл: - Мә.. қандай ит? Үлкен ба, еркек на? Үстіндегі жүндері үрпиген ба? /тұра жүгіреді/

Еркек: - Әй саған ол ит еркек не, ұрғашы ма не керек, тоқта деймін. Бердігүл: - Көріп қайтайын да... Өмірі ештеңе көрген емеспін. Еркек: - Ит көргің келсе көшеде қаңғы иттер толып жүрген жоқ па?

Бердігүл: - Олар сөйлемейді.
Еркек: - Не иттермен сөйлесе алмай жүр ма едің?
Бердігұл: - Бірдеңе сұрайын деп едім.
Еркек: - Ойбай, иттен не сұрайын деп едің?

Бердігүл: - Осы иттер артқы аяқтарын неге көтереді екен, соны білейін ден? Еркек: - Ол не керек саған? Міне, мені осы сенің кез келген жерге шанқылай беретінің шаршатты. Мына көрші де шаршатты, баяғыда ананы мынаны сұрап маза бермейтін еді, енді шіріген бай, қыйт етсе ана қызы келіп анам айтады көрсін деп маза бермейді /қыз тағы келеді/

Қыз: - Сәлем бердік апа, сәлем бердік, аға!
Бердігүл: - Бақытты бол өркешің өссін!
Еркек: - Не өссін дейді?

Бердігүл: - Ааа өркеш емес, өркенің өссін, анаң не көрсін дейді? Қыз: - Анам айтады, біз 300 мыңға шаңсорғыш алдық, бәрін

сорады.
Бердігүл: - Қатты сора ма?
Қыз: - Иә, өзі сорады, өзі жуады, өзі кептіреді.

Еркек: - Айналайын, ондай соратын шаңсорғыш біздің үйде де бар, кет, көрмеймін.

Қыз:- Көре алмайсыз да біздің қымбат шаңсорғыш алғанымызды...
Бердігүл: - Біздікі қазір дұрыс сормайды. Қымбат шаңсорғышың құм сора ма?
Қыз: - Керек десең құмды тасымен сорады...

Бердігүл: - Мә, көргім келіп кетті. Көріп қайтайыншы... Еркек: - Бердігүл деймін қайт... Қайт деймін... Құдай -ай, шаршадым, өмірім осы Бердігүлмен алысып-ақ өтті. Жұрттың әйелдері ешқайда тұра шаппайды.

Бердігүл: - Енді түк қызық көрмейміз. /Қыз келеді/ Қыз: - Сәлем бердік, апа... Сәлем берік аға... Анам дәу танк сатып алып еді ғой... Еркек: - Танкі не соғысайын деп жатырсыңдар ма? Бердігүл: - Өткенде самолет сатып алып едіңдер ғой... Қыз: - Самолетті сатып жіберді. Аспанда ұшқанда оны ешкім

көрмейді дейді, мамам... /қыз кетеді/
Бердігүл: - Тірі танк өмірі көргенім жоқ.

Еркек: - Танкі саған не керек, қайт көрмейсің...Танкінің астында қалғыр басылып... Бердігүл: - О, тағдыр неткен қатал едің? Азан шақырып қойған Бердігүл деген атыма кір келтірмей бәрін аямай бердім. Ешкімнің қолын қаққаным жоқ. Береген қол алаған келеді дейді. Құдай маған қашан береді. 40 жылдан бері тозып кеткен дачада тұрамыз. Жұрттың әйелдері құлағында бриллант, қолдарында алтын, ал менің жүрісім болса мынау...Жұрттың әйелдері шет ел асып жер көреді. Мен үй мен қорадан басқа ештеңе көрмедім...

Еркек: - Мынаған не болған... /қыз келеді/ Қыз: - Сәлем бердік апа, сәлем бердік аға... Анам айтады, ағам бүгін сүндетке отырды...

Бердігүл: - Мә, әлі сүндетке отырған жоқ па не? Отырған сияқты еді ғой... Еркек: - Не, сен оны қайдан білесің? Әй, қыз, шық үйден, біз ештеңе көрмейміз.

Қыз: - Осы қазақ қызық көре алмайды. Жоқ болса бере алмайды... /кетеді/
Бердігүл: - Көріп қайтайыншы...
Еркек: - Ойбай-ай, көрмейсің...
Бердігүл: - Көрем, көрімдігін берем... /деп қашады. Еркегі тұра қуады./

ҚҰДАМЕН ҚҰДАҒИ

(Сықақшы Марат Сақатовтың желісімен жазылған) Қатысатындар: І.Қанапи. Р.Құдағи. З.Көрші келін /Сахнаға Қанапи

мен Құдағи шығады/ Қанапи: - Құдағи, сені үйді айналып таба алмай жүрсем мында тұр екенсің ғой. Соңғы кездері менен қашатын болғансың ба? Құдағи: - Жақындамашы, жыным қозып, ішім өртеніп тұр. Қанапи: - Немене, ішің өртене беретіндей, Алматының базарлары ма еді? Есікті іштен іліп алып жыныңды басайын ба? Құдағи : - Есіктің замогы жоқ... Қанапи: - «Әзиз Несиннің дамбалымның бауы жоқ!» дегеніндей болды-ау! Қалайша жоқ, мен кеше ауыстырдым ғой.

Құдағи: - Саған жыным келіп, есіктің замогын тағы бұзып тастадым. Қанапи: - Құдағи, есің ауысқан ба? Қат етсе замокты бұзасың. Үйге ұры - қара кіріп, тонап кетсе қайтесің? Құдағи: - Неңді тонайды? Бұл үйде іліп алатын не бар? Сондықтан есіктің маңдайшасына: «Бұл үйде тас та жоқ!» деп жазып қою керек. Тіпті, менің артымнан келген дүние- мүлік те тозып бітті. Қанапи: - Сенің артыңнан келген көрпе-төсек жыртылып, ыдыс-аяғың сынып бітті. Японскиий шаңсорғышың да сормайды. Түкіреді. Турецкий диваның үстіне адам отырса пружинасы шошаң етіп шыға келіп, зәреңді ұшырады. Біліп қой, сараң емеспін, той жасаймын деп, ақша жинап жүрмін Құдағи: - Қандай той? Сенің тойың да, той жасайтын ойың да

бітпейді екен.

Қанапи: - Екеуіміздің қосылғанымызға биыл 20 жыл толады. Астана қаласына да биыл 20 жыл толады. Астана салынғанда сенімен қосылғанымды ұмытып қалдың ба?

Құдағи: - Қойшы, маған ештеңе керек емес.

Қанапи: - Саған керек болмаса ағайын-туысқа керек. Құдағи: - Сенімен 20 жыл бекер тұрғанмын. Маған қосылғанда

кір жуатын автомат коробка кір машина әперем деп едің. Әлі алдап жүрсің. Қанапи : - Құдағи, автомат коробка керек емес, механика жақсы. Құдағи: - Ол қандай? Қанапи: - Темір тазикке су құясың, үстіне көйлек-дамбалды саласың. Кір сабынды ұсақтап турайсың, сосын үстіне ыстық су құясың. Одан кейін тазикті далаға күннің көзіне апарып қоясың. Кір езіліп, суы ұшып, өзі кеуіп кетеді. Құдағи: - Бүйткен кір машинасы құрсын, алып бермей-ақ қой. Екі қолым аман болсын. Рахмет... Мен кетем бұл үйден... (ашуланып) Қанапи: - Таң атпай сені жын қақты ма? Әлде түлен түртті ме? Шайтанмен шәй іштің бе?

Құдағи: - Осы сен үйдегі немеремді рұхсатсыз неге сүйе бересің? Қанапи: - Онда тұрған не бар, баламның баласы балдай тәтті, сүйе бергім келеді, сүйе бергім... (Құдағиға жақындайды) Құдағи: - Әй, ана, шүртиген ерніңе ыстық үтік басып алайын ба? Қанапи: - Құдағи, сол шүртиген ернімнен 20 жыл сүйіп келдің ғой. Құдағи: - Менің меншікті немеремнен аулақ жүр. Микробың

жұғады.
Қанапи: - Біле білсең, сол немерең менің микробымнан шыққан микроб.
Құдағи: - Саған дауа жоқ.
Қанапи: - Ауа жоқ болса, жүр сыртқа шығайық.

Құдағи: - Иә, қойшы... Ана ауладағы қарды күреп таста деп едім. Оны да жасамадың. Елдің бәрі суға кетіп жатыр. Түнде су толып, суға кетіп қалсақ қайтеміз? Қанапи: - Мен саған баяғыда айтпадым емес пе? Мен морфлотта болдым-деп. Сені судан өзім құтқарып аламын. Құдағи: - Қайдағы морфлот. Сен Ташкентте служит еттің емес пе? Пехота дейма, бірдеңе де... Қанапи: - Морская пехота. Сырдаринский морской флот. Құдағи: - Сенің қырық өтірігің шаршатты. Қойшы, бар. Кетем.

Жыным келіп тұр.
Қанапи: - Неменеге қабағыңнан қар жауып тұр?
Құдағи: - Енді қар емес, бұршақ жауады.
(Осы кезде бір көршінің келіні келеді)

Көрші: - Сәлем бердік, ана, сәлем бердік, аға (сәлем етеді) Құдағи: - Көп жаса!

Келін: - Ана, балта бар ма?
Құдағи: - Оны қайтесің?
Келін: - Отын шабамын.

Құдағи: - Балта, есіктің артында тұр, ала ғой... (Келін кетеді) Қанапи: - Ой, жұрттың келіндері пысық. Табаны жерге тимейді, таңертеңнен кешке дейін шапқылайды да жүреді. Сиырды сауады. Тарыны түйеді. Айранды ұйытады. Қандай пысық? Құдағи: - Оның несі пысық? Түнде атасы дәретханаға тұрса, төсегін жинап тастайтын көрінеді.

Қанапи: - За то үйі жинаулы тұрады.

Құдағи: - Түнгі үште төсегің жинаулы тұрса қайтер едің? Қанапи: - Япырмай, келін болып түскеніне 3-ақ жыл болды, 7

баланы туып тастады.
Құдағи: - 3 жылда қалай, 7 баланы қалай туады?

Қанапи: - Онда тұрған не бар, туғысы келсе туады. Ал, сенің қызың екі баланы әрең тапты. Келін: - Қалай туады сенің балаң, Ринат үйде тұрмайды. 15 күн вахтада, 15 күн тойда жүреді. Енді вообще бала тумайды

Қанапи: - Бала туса фигурасы бұзыла ма?

Құдағи: - Кетші әрі, аузымды қыздырмай, кеше үйді жиыстырып жүріп, төс қалтаңнан бір келіншектің суретін тауып алдым. Қанапи: - Обалың жоқ, біреудің қалтасын неге қарайсың? Құдағи: - Сен біреу емес, күйеусің ғой. Алданып қалыппын, сенің

басқа сұлуда ойың бар екен (жыламсырап)
Қанапи: - Құдағи, олай деп айтпа. Мен сенен басқаны жақсы көрмеймін.

Құдағи: - Жақсы көргенің осы ма? Қандай кескіні жаман келіншек. Урод. Түрі айтып тұр қандай адам екенін. Көзі жаман-ақ. (Фотоны қарап, көрсетеді) Қанапи: - Ол қандай келіншек? Қәне, суретті бере тұршы, көрейін /Құдағи береді/ Қанапи: - Ойбай, мына шүйкебас кім? (Тарқылдап күледі) Құдағи: - Неменеге мәз боласың? Саған осы уақытқа дейін сеніп

жүрсем.

Қанапи: - Қоя ғой, осы суретке бола манадан бері қабағыңнан қар жауып тұр ма? Құдағи: - Так что, мен бүгін кетемін... Ақша бер, кетемін. Қанапи: - Ақшаны қайтесің? Құдағи: - Артымнан бармай қойсаң, таксимен келмеймін бе? Қанапи: - Ее, солай де, автобуспен-ақ келе берсеңші. Құдағи: - Менің кеткенімді қалап тұрсың ба? Жіберші! Қанапи: - Ұстап та тұрған жоқпын ғой.

Құдағи: - Жәй, ырымын жасап тұрмын да...

Қанапи: - Құдағи, әзілдеп жатқаным ғой, кетпеңіз. Құдағи: - Кетем дегесін, кетем. Баяғыда ажырасуым керек еді.

(Жыламсырап) Қанапи: - Құдағи, сен босқа ашулана берме, ауырып қаласың. Құдағи : - Енді мәз болуым керек па? Қанапи: - Бұл сурет деген (тағы тарқылдап күледі) Құдағи: - Немене мені мазақ қылып тұрсың ба? Ұсталып қалғаныңды тез мойында. Бұл кім өзі? Құр босқа далаға кеткен 20 жылдық төсегім-ай... Қанапи: - Құдағи, бұл фото сенің қыз күніңдегі сурет ғой. Құдағи: - Не дейді, өтірік айтасың. Мүмкін емес. Қанапи: - Рас айтамын, өткенде 20 жылдық мерей тойымызға екеуіміздің жас күніміздегі фотоны үлкейтіп алайын деп сенің суретіңді архивтен алдым. Құдағи: - Ойбай, көтек не дейді, шынымен мынау мен бе? Қанапи: - Құдағи, жас күніңді ұмытып қалғансың ба? Құдағи: - Былай жаман емес қой, көзі бадырайған, қиғаш қасты,

алма бет, шие ерін... (фотоға қарап) Қанапи : - Жаңа ғана түрі жаман екен, урод деп жатыр едің ғой... Құдағи: - Ее, енді мен қайдан білейін, басқа біреу деп ойладым

ғой. Өзім былай жас күнімде красавица болыппын ғой (тарқылдап күледі) Қанапи: - Құдағи, сен мен үшін әлі де красавицасың ғой... (деп құдағиды құшақтайды)

Құдағи: - Қойшы, адамды ұялта бермей...

Қанапи: - Жүр, Құдағи, бір партия ыстық-ыстық шәй ішейік! ҚАРАҢҒЫДАҒЫ БҰЙРЫҚ

/Бір жігіт түнделетіп қыздың үйіне келеді/
Жігіт: - Баяғыда біреу, «мен қызға барсам ай жарық болады» деген екен.

Жасым 40-қа келді, әлі бір гүлім ашылған жоқ. Үйленген жоқпын. 40-қа келгенде қызға барған бір түрлі екен. 30-да орда бұзады дейді, мен ештеңе бұза алмадым. 40-та қамал алады дейді, түк ала алмайтын сияқтымын. Мен қызбен танысып, енді шаңырақ құра бергенде жігіті бар болып шығады. Өткенде біреумен танысып мәз болсам, оның үш баласы бар екен. Кеше бір қызбен таныссам, ол екі сағаттан кейін менен темекі сұрайды. Қой деп қашып кеттім. Қойдан да жуас ауылдың қызын қайдан тапсам екен ааа. Мына мен келіп тұрған қызбен кеше базарда танысып едім. Қолымдағы гүлді вечный огонның алдынан ұрлап кеттім. Жеті қараңғы түннің ортасында қызға келген бір түрлі екен. Қорқып та тұрмын. Нартәуекел... /Ысқырады/ Жәмилаш... /Осы кезде қараңғы жақтан қатты дауыс естіледі/ Дауыс: - Ей, оңбаған иттің күшігі, стоять...Стоять деймін... Жігіт: - Ойбай, қыздың әкесі үйінде екен ғой, енді қайттым. /

қатып қалады/
Дауыс: - Осы тұрған жеріңде қыңсылатып атып тастайын ба? Арамтамақ...

Жігіт: - Ааа, атпаңыз..Басымда бес кредит бар, банктың обалына каласыз.ғой. Мен жәй, түн ішінде ішім пысып қыдырып жүр едім.../қорқынып қыңсылап сөйлейді/ Дауыс: - Ей, қыңсылама, қыңсылама деймін. Лыпылдауын қарашы, мен вахтада жұмыста жүргенде, тапқан табысымды ішіп-жеп, әбден жаман үйренген екенсің ғой. Мен саған әкеңді танытып, көзіңе көк шыбын үймелетейін, шірік... Жігіт: - Қашан? Қашан ішіп жедім, қойыңызшы мен сіздің қызыңызға әлі барған жоқпын. Құдай-ай, не деп тұрмын. Мен көшеде қыдырып жүрмін... /қыңсылап/

Дауыс: - Қыңсылама, маған тік қара. Жалтақта. Жалтақта деймін...
Құйрығыңды жерге басып шоқиып отыр.

Жігіт: - Құдай-ай, қалай отырам... Былай ма? /ит құсап жерге шоқиып отырады/ Дауыс: - Во, молодец... Мен саған қыңсылама дедім ғой, қыңсылама... Енді маған құлағыңды қимылдат... Жігіт: - Құлағымды қалай қимылдатамын... /құлағын қозғалтады/ Дауыс: - Во, молодес, түнімен қаңғырып, көрінгенге барып әбден жаман үйренгенсің... Енді маған төрт аяқпен тұрып, құйрығыңды қимылдат, қимылдат... Әйтпесе, оңбаған атып тастаймын Жігіт: - А... ааа, ия, қазір қимылдатамын... Өзіме де обал жоқ... /қимылдатады/ Дауыс: - Өткенде келгенде қолым тимеді, әйтпесе жаныңды шығаратын едім. Қәне, төрт аяқтап тұрып аспанға қарап ұлы... Жігіт: - Ия, ия, ұлимын... /ит құсап аспанға қарап ұлиды/ Дауыс: - Мен вахтадан келгенде осылай ұлып қарсы аласың.Ұлы,

ұлы...иттің баласы...

Жігіт: - Құдай-ай, неге келдім екен, одан да бойдақ жүре бергенім жақсы еді. Дауыс: - Міне, енді жөнге келіп қалдың. Соңғы жаттығу - төрт аяқтап тұрып, құйрығыңды бұлғаңдатып тіліңді салақтат... Мөлимей, еркелеп істе, салақтат тіліңді... Жігіт: - Енді тілімнің бары осы ғой... /тілін салақтатып ит құсап ырсылдайды/

Дауыс: - Так енді аспанға қарап үр...Үр деймін.
Жігіт: - аф,аф, аффф /қанден ит құсап үреді/

Дауыс: - О, жарайсың енді анау жерде жатқан сүйекті иіскеп тістеп алып кел...

Жігіт: - Қандай сүйек, ойбай ол...

Дауыс: - Бар, бар алып кел деймин... /Жігіт жүгіріп барып сүйек тістеп шығады/ О, енді жүр, көшеге қыдырып қайтайық. Бүгінге осы да жетеді. Егер айтқан бұйрықтарымды орындайтын болсаң, осылай майлы сүйекке тойдырамын... /деп бір кісі итін жетектеп сахнаға шығады/ Жігіт: - Ааааа, сссааалааааууууууууууу... /аузындағы сүйекпен сөйлей алмайды. Ит жігіттің аузындағы сүйекке жабысады/

Кісі: - Ау, сен кімсің?
Жігіт: - Итпін.
Кісі: - Қараңғы түнде не істеп отырсың?
Жігіт: - Жәй, әншейін сүйек мүжіп отырмын...

Кісі: - Ұйқысырап жүрсің ба?
Жігіт: - Жоқ, жалғызсырап жүрмін...

Кісі: - Мынау менің Ақтөс деген итім, мен вахтаға жұмысқа кеткенде қазақша бұйрық бергенді ұмытып қалады. Бірақ бәрін түсінеді. Мына кейбір адамдар өзінің қазақ тілінде білмейді емес не? Ал, Ақтөс біледі. Қәне, Ақтөс ұлы...

Жігіт: - Ауууу /деп ұлиды. Ит болып ырылдап тісін ақситып айбат шегеді/ Кісі: - Ақтөс па, сен ба ұлып жатқан. Шамасы сенің крышаң кеткен-ау деймін. Итті қанша үйретсең де адам болмайды, бірақ. адамның итке айналуы қапелімде деген рас екен, қой аулақ, мына «адам ит» бетімді тырнап, балағымнан қауып алмай тұрғанда тайып тұрайық, Ақтөс, түс алға, кеттік... Жігіт: - Манадан бері, ақымақ болып неменеге ит болдым... Өз обалым өзіме, аман тұрғанда үйге қайтайын... Ауу-ауу... Ойбай ұлығаным несі...

Бүгін тағы да жолым болмады /кетеді/.

МАГИЯ

/Сахнаға екі әртіс шығады/ Құралбек: - Мұхит, фокусты мен де жасай аламын. Мұхит: - Қой, Құралбек, қайдағыны айтпашы.Құралбек: - Рас айтамын, мысалы мен сенің үстіңдегі көйлекті

шешіп аламын.

Мұхит: - Қой деймін, ол сенің қолыңнан келмейді. Құралбек: - Келеді, міне мына орындыққа отыр. /Мұхит отырады, Құралбек Мұхиттың көйлегінің жеңін ағытады да костюмнің ішінен суырып алады/

Мұхит: - Сен осыны сыйқыр деп тұрсың ба? Мен де сыйқыр жасай аламын...
Құралбек: - Қой ей, сенің қолыңнан келмейді.
Мұхит: - Көзіңді жұм да, халыққа қарап тұршы.

Құралбек: - Не істейін деп жатсың, сенен қорқып тұрмын. Мұхит: - Қорықпа, қазір қара... /Екіорамал алып Құралбек- тің екі жақ шалбарының қалтасына салады да, қайтадан алып қалғанда Құралбектің дамбалын суырып алады/.

Құралбек: - Кет ей, мынау жынды ма?

Мұхит: - Көрдің ғой, қандай мықты екенімді. Немене қатты қорыққансың ба, трусиің ылғалданып қалыпты ғой.

Құралбек:- Кетші, не істедің? Жұрттың алдында ұятқа қалдырдың ғой.
Мұхит: - Айттым ғой мен кез-келген затты осылай суырып аламын.

Құралбек: - Сенің қолыңнан тек сыйқыр жасау келсе, менің қолымнан магия келеді.

Мұхит: - Ол не магия?
Құралбек: - Черный магия, гипноз...

Мұхит: - Қойшы, сенбеймін... /Осы кезде сахнаға қолына портфелъ ұстаған бір бастық кісі шығады. Қасында әйелі бар/ Құралбек: - Мына кісі жақында бастық болды. Қасында әйелі бар. Қазір осыған гипноз жасаймын. Бастық: - О, ауылдың жігіттері, не істеп тұрсыңдар? Мұхит: - Ассалаумағалейкум, аға, жұмысыңыз құтты болсын. Бастық: - Аумин.

Мұхит: - Саламатсыз ба, жеңгей?

Әйел: - Саламатпыз, жолдан былай тұрыңдар, біз асығыспыз... Мұхит: - Қалай аға, жұмысыңыз жақсы жүріп жатыр ма? Бастық: - Бала, қазіргі заманда ештеңе айтуға болмайды... /Осы кезде Құралбек қолымен магиялық қозғалыстар жасайды/ Мұхит: - Болмайды екен ғой, дұрыс... Бастық: - Болады, осы орынға Астанада отырған танысымды салып 50 мың доллар төлеп шаққа отырдым. Әйелімді мектеп директоры қылдым. Бір інімді білім басқармасына, бір інімді денсаулық басқармасына қойдым... /Осы кезде Құралбек қолын түсіре қояды/.

Мұхит: - Туысыңның бәрін жинапсыз ғой...
Әйелі: - Ақымақ, сен не деп оттап тұрсың? Секреттің бәрін елге айтып...

Бастық: - Не, не айтып тұрсың? Мен не айтып тұрмын. Мен не істеп тұрмын, кет былай жолымнан... /Құралбек тағы қолын көтеріп магиялық қимыл жасайды/ Әйелі: - Масқара, масқара, елге күлкі болдық қой... Бастық: - Айтпақшы, құдамды... /Құралбек қолын түсіре қояды/ Мұхит: - Не құда?

Әйелі: - Жаңа құда ма, көне құда ма?
Бастық: - Қайдағы құда, ауырасың ба не? /Құралбек қолын көтере қояды/.
Мұхит: - Не деген магия...

Бастық: - Құдамды салық комитетіне бастық қылдым... Әйел: - Оңбаған, менің інімді ал дегенде вакансия жоқ деп едің?

Ойбай, біз не айттып кеттік, қой кетейік бұл арадан. Халық біліп қалды...
Бастық: - Мен бірдеңе деп жатырмын ба? /Құралбек тағы жасайды/
Офиске бір фигурный жап-жас қызды секретарша етіп алсам ғой...

Әйелі: - Не сен жынданғансың ба? Қайдағы фигурный қыз? /деп күйеуін ұра бастайды/

Бастық: - Менің тіліме не болған, не айттым мен? /қаша жөнеледі/
Құралбек: - Қалай енді сендің бе?

Мұхит: - Сенгенде қандай, мынау сыйқырдан да күшті ғой, ана қарашы Құралбек, ауылдағы ақын ағай келе жатыр... /Қолында кітап, ақын келеді/ Ақын: - Амансыңдар, жақында жаңа кітабым шықты, мына бір өлеңімді тыңдаңдаршы...

Мұхит: - Ал, оқыңыз...

Ақын: - Елім менің, жерім менің, халқым менің, қазақстаным менің, гүлденген... Отаным менің, ошағым менің, орманым менің, түрленген...

/Оған Құралбек магия жасайды/
Мұхит: - Не деген халқың үшін туған ақынсыз...

Ақын: - Еріккеннен жазып жүрмісің дейсің бе? Үкімет бір атақ берсе, үй берсе, мол ақша берсе осы кітап жазғанды қойып шіркін, бизнеспен айналысып астыма джип мініп алып... /Құралбек қолын түсіреді/ Джип, қайдағы джип, астыма ақ боз атты мініп алып, елімнің болашағы үшін шабар едім көк шаң қылып... Құралбек: - Мұхит, көрдің ғой менің құдіретімді, адамдардың не ойлап жүргенін табан алдында сайратамын... Ақын: - Әй, жастар, менің кітабымды оқыңдар... Елім менің, жерім менің, халқым менің гүлденген... /деп кетіп қалады/ Мұхит: - Құралбек, нағыз сыйқыршылар біз емес, ол ана жоғарыда отырғандар ғой...

Құралбек: - Қалайша?

Мұхит: - Жоспар бар, ақша жоқ, ақша бар - жоспар жоқ. Нағыз сыйқыршылар ол әлемді жайлаған жемқорлар... Құралбек: - Дұрыс, мен олай болса магиямен сахнаға келесі адамды шақырайын...

ҚҰБЫЛУ

Қатысушылар: І.Шапанай, 2. Қоныс, З.Әкім, 4.Салтош (Наурыз. Қоныс пен Шапанай аудан әкімін қонақ етуге

дайындалып жатыр) Қоныс: - Шыныменде біздің үйге әкім қонаққа келе ме? Шапанай: - Келгенде қандай? Олар да адам баласы, қыдырады,

көңіл көтереді.
Қоныс: - Қойшы, шынымен біз сияқты адам ба?

Шапанай: - Енді құбыжық деп пе едің? /ыңылдап әндетіп жүр/ Қоныс: - Шапанай, дастарханға қымбат арақты қоюды ұмытып

кетпейік
Шапанай: - Оны қонақ келгенде әкелеміз.
Қоныс: - Біздің үйге әкім келгені ол зор бедел ма?

Шапанай: - Әрине, әкім кімнің үйіне бас сұғып шәй ішіп жүр еді? Қоныс: - Дұрыс айтасың, жаным... /қоңырау шырылдайды/ Шапанай: - Келді, жүр қарсы алайық, музыканы қос... /музыка

қосылады/
Қоныс: - Хош келдіңіз, әкім мырза.
Шапанай: - Саламатсыздар ма? /деп әкімнің әйелінің бетінен сүйеді
Қоныс: - Құтты қонақсыздар, төрге шығыңыздар.

Шапанай: - Өз үйлеріңіздей көріңіздер, дәмнен алып отырыңыздар.
Қоныс: - Қара икра, үйтілген қой, ысталаған балық сіздер үшін дайындалды.
Әкім: - Рахмет.

Салтош: - Керемет, қандай қонақжай жансыздар! Қоныс: - Біз сондай кез-келген қонақты, а жоқ, сіздер сияқты құрметті қонақтарды сыйлауға шаршамаймыз /телефон шырылдайды/ Шапанай: - Алло, иә тыңдап тұрмын, аа Макурамысың, біздің үйде бүгін үлкен қонақ отыр, жоқ ей, мектеп директорын қайтемін, ауданның әкімі Мыңбай отыр әйелі Салтошпен... Не, қашан? /көзі аларып/

Қоныс: - Шапанай, саған не болды?
Салтош: - Бір жерің ауырып қалды ма?

Шапанай: - Кона, бері келші... /Қоныс қасына барады/ Қоныс: - Не болды бетің өзгеріп кетті ғой...

Шапанай: - Әкім орнынан түсіп қалыпты.
Қоныс: - Нее? Кім айтты? /деп шошып кетеді/

Шапанай: - Осы бойы подрушкам Макура айтты. Ойбай, аналар қымбат икраны соғып жатыр... Тездетіп құтылу керек олардан. Қоныс: - Құрметті қонақтар, бүгін мейрамхана жабық. Шапанай: - Иә, санитарный день.

Әкім: - Біз үйде отырмыз ғой.
Салтош: - Қайдағы мейрамхана?

Шапанай: - Кешіріңіздер, бүгін қонақ қабылдай алмаймыз. Қоныс: - Тығыз шаруа болып тұр, ертең немесе бірсүгіні

келесіздер.
Әкім: - Бұл не мазақ на?
Салтош: - Түсінбедік.
Шапанай: - Кейін түсінесіздер.

Әкім: - Жарайды, жүр Салтош, үйге қайтайық...

Қоныс: - Жолдарыңыз болсын... /Әкім мен Салтош кетеді/ Шапанай: - Бұның орнынан түсіп қалғаны қандай жақсы болды! Қоныс: - Бұл әкім емес, нағыз залым, мекемеге барлық

туыстарын жиын алды.
Шапанай: - Дастарханымызды опырып жеп барады... /телефон шырылдайды/
Қоныс: - Ашқарақтар...

Шапанай: - Алло, иә бұл сенбісің Макура, олар асығыс екен. нан ауыз тиді де кетіп қалды.

Қоныс: - Қуып жібердік демейсің бе?

Шапанай: - Нее, облысқа әкім болатын болыпты... Қоныс: - Кім облысқа әкім болады екен?

Шапанай: - Ойбай, Кона, құрыдық.
Қоныс: - Не болды сонша айқайлап?
Шапанай: - Жүгір ұста оларды, облысқа әкім болайын деп жатыр дейді.
Қоныс: - Мама, не дейді?... /деп жүгіріп кетеді/

Шапанай: - Масқара, не бүлдіріп қойдық, облыс әкімін тырқыратып үйден қуып шығыппыз. Ұста, ұста... Қоныс: - Сіздер кешіріңіздер, біз қалжыңдап едік. Сюрприз ғой. Қазақ халқы қалжыңпаз болған, әзілің жарасса әкіммен де ойна деген... Шапанай: - Ойпырмай, бір ауыз әзілді көтермей тайып тұрғандарыңызға жол болсын. Салтош бүгін әдемі-ақ болып

Қоныс: - Прическасы күшті /деп Салтоштың шашын қозғап қояды/. Шапанай: - Дастархан басына отырмас бұрын бір билеп жіберейікші /музыка жіберіліп би билейді/ Қоныс: - Дамский вальс, мужщины приглашает мужщину /деп әкімді биге шақырады/. Шапанай: - Кона, қумашы, сөндір музыканы, қонақтары- мыздың қарындары ашып қалған болар.

Қоныс: - Әрине, ас әзір, жүріңіздер дастархан басына /телефон шырылдайды/ Мына коньяк Франциядан әкелінген, өте қымбат тұрады. Шапанай: - Алло, а сенбісің, ойбай тал түсте облыс әкімінен

айырылып қала жаздадық қой. Немене, Ақтөбе емес, Семейге әкім бола ма?
Қоныс: - Не болды тағы?

Шапанай: - Бізге әкім болмайды екен, Семейге баратын болыпты. Қоныс: - Семей қайда, біреу қайда? Бізге түк пайдасы жоқ оның. Шапанай: - Енді не істейміз?

Қоныс: - Қуыпшығамыз.

Шапанай: - Құрметті қонақтар, «күлкі көңіл көтереді», «әр әзілде бір шындық» демекші, бүгінгі кешіміз бітуге әзір.

Салтош: - Қалайша?
Әкім: - Ет жемейміз бе?
Қоныс: - Сізге ет асты деп кім айтты?

Шапанай: - «Уақыт та таяп қалды, қонақтық аяқталды». Салтош: - Шапанай, бұл тағы қазақы қалжың ба? Әкім: - Күшті ойнайсыздар, бұрын актер болдыңыздар ма? Қоныс: - Жоқ, вахтер болдық, әзіл емес, шындық. Шапанай: - Иә, иә бара беріңіздер.

Әкім: - Жарайды, енді қайтып келмеспін.

Салтош: - Бұл не деген сұмдық, кошмар... /Екеуі кетеді/ Қоныс: - Мына қарашы, Алматының апортын бір тістен кетіпті. Шапанай: - Коньякты шкафқа салып қой, келесі әкімді

шақырғанда қоямыз.

Қоныс:- Ауладағы итті босатып жібердім /Телефон шырылдайды/ Шапанай: - Алло, иә иә, Шапанай тыңдап тұрмын, саған рахмет, әйтпесе, бостан-босқа шығындалып қала жаздадым. Мың доллардың коньягін ішіп қоя жаздады... Нее, министр... /Шошып кетеді/

Қоныс: - Тағы не болып қалды?

Шапанай: - Әкім министр болатын болыпты, жаңа хабар естідім. Біздің ауладан шығып бара жатыр екен, Макура үйіне алып кетіпті. Қазір біздің сол үйде, терлеп-тепшіп әйелі Салтош екеуі қою шәйді тартып отыр дейді.

Қоныс: - Құрыдық... Мен барып алып келейін...
Шапанай: - Жүгір, тез, тез...

ОРАЛМАН

Қатысатындар: І.Германиядан келген-Альберт, 2. Жылқыбай /Жылқыбай осыдан 2 жыл бұрын Германияға көшіп кеткен ауылдасы неміс Алъбертті аэропорттан күтіп тұр/ Жылқыбай: - Осы самолет дегенге мініп көрген емеспін, Германиядан бұрынғы ауылдас көршім неміс - Альберт келе жатыр еді, соны күтіп алам деп шығып едім... Анау сол ғой.

Альберт: - Жылқыбай, Жорааа, қалың қалай?
Жылқыбай: - Альбертпісің, түк өзгермепсің ғой.

Альберт: - Мені 2 жыл бойы Германия да өзгерте алмады. Жылқыбай: - Қазақ тілін де ұмытпапсың ғой.

Альберт: - Неге ұмытамын, қазақтармен өстім, Қазақстанда тудым...
Жылқыбай: - Қалай, Германия жақсы ма?

Альберт: - Әрине, жақсы ғой бірақ мен ақыры үйренісе алмадым. Көптеген қиындықтарға тап болдым. Екі жылда көрмегенім жоқ Жылқыбай: - Қандай? Үйге жеткенше айтып берсей... Альберт: - Қыста соғым соям деп, көршілерімнен басым пәлеге

қалды.

Жылқыбай: - Соғым, сен не Германияға барып соғым сойдың ба? Альберт: - Енді не, қыста аштан өлем бе? Бір немістен әрең

дегенде, жылқы сатып алдым... Соям десем сатпайды, мінем деп сатып алдым. Содан үйдің алдына әкеліп, төрт аяғын байлап, бауыздап қалып едім... Көршілерім улап-шулап полиция шақырды. Мені бір аптаға полиция бөліміне қамап тастады.

Жылқыбай: - Содан...
Альберт: - Содан ауруханадан психотераневт келді. Әзер дегенде құтылдым.

Жылқыбай: - Иә, немістер соғымды қайдан білсін. Альберт: - Содан үйге келіп, еттерді тұздап, қазы айналдырып, шеке шақырып, әруақтарға құран оқытып жібердім. Жылқыбай: - Қатырыпсың Альберт, олар шекені қайдан білсін...

/күліп/ Альберт: - Бір күні бір ағайынымның үйлену тойына бардым. Ол жақтың тойы өзгешелеу екен. Тойдың ортасында бір туысқанымның баласы ән айтты. Мен риза болып қолына ақша ұстатып едім. Тойдағылар тынышталып қалды. Туысқаным келіп, не бізді қайыршы көресің ба, мә ақшаң өзіңе деп лақтырып жіберді...

Жылқыбай: - Ол жақта ән айтқан әншілерге ақша бермейтін болды ғой. Содан... Альберт: - Содан жеңгең тойға шашу апарған екен, көйлек-көншек, орамал-жаулық , 5 метр шыт, екі метр кремплин матаны пакетке салып, тойдың иесіне берген екен, оны да бетімізге лақтырып жіберді. Ол жақта ондай апармайды екен. Доллар апарады екен. Жылқыбай: - Сен Германияға барып неміс емес, қазақ болыпсың

ғой... /күліп/ Альберт: - Айтпақшы, тағы бір қызық болды. Бір күні үйге полиция сап етіп жетіп келді. Түсінбей қалдым. Сүйтсем көршілерім тағы арыз жазып жіберіпті. Менің итім аулада байлаулы тұр еді ғой. Оларда жануарлар құқығын қорғайтын полиция бар екен. Маған айыппұл салды.

Жылқыбай: - Не үшін?

Альберт: - Итімді бір ай бойы байлап қойғаным үшін. Ол жақта итті бір күннен артық байлап қоюға болмайды екен.

Жылқыбай: - Ал, бізде ит түгілі адамның құқығын дұрыс қорғамайды... Альберт: - Айтпақшы, құрбан-айт мерекесінде қой әкеліп құрбандық шалдым. Барлық көрші-көлем, дос-жарандарымды, туыстарымды шақырдым. Содан үйдегі жеңгеңе қойдың етін астырып, басын үйітіп, тісін қағып, табаққа салып столдың басына әкелдім. Бәрі тілін тістеген қойдың басын көріп, бір түрлі болып шошып кетті.

Жылқыбай: - Сен елдің бәрін шошытыпсың ғой.

Альберт: - Содан басты алдым да, құлағын қара пышақпен кесіп алып, досымның баласына беріп едім, бала баж ете қалды. Көзін ойып, көз қырыңды салып жүр деп, көршіме беріп едім, ол талып қалды. Қойдың миын пышықпен ойып алып едім. Қонақтарым дастархан басынан ұшып тұрып тұра қашты. Мені жынданған деп ойлады.

Жылқыбай: - Қонақтарға тамақ жегізбепсің ғой...

Альберт: - Ол ол ма, сол қонақ шақырар алдында сонда тұратын жиенімнің баласының тілі шықпай жүр еді. Сол әлгі сойылған қойдың кеңірдегімен тілі шықсын деп қылғындырып едім. Жиен анам шошып кетті. «Өлтіре көрме» деп бақырып жылап жіберді. Мені маньяк деп ойлап қалды. Жылқыбай: - Енді олар қазақтың ырымын қайдан білсін. Альберт: - Сосын, бір інімнің баласы аурып тұр екен, қарасам тіл-көз өткен сияқты, баланы шешіндіріп алдым да, далада байлаулы тұрған итімнің орнына үш рет аунатып, үйге әкеліп аузына түкірдім, тфа-тфа деп... Содан кейін туыстарым менімен қатынаспайтын болды. Сосын, Қазақстанға қайтып келдім. Қазақтарды сағындым.. Жылқыбай: - Біз де сені сағындық, жүр, биылғы соғымнан қалған сыбағаңды асып берейін... Альберт: - Қазы-қарта, жал-жая... /деп екеуі қуанып кетеді/ /М.Мағауинің әңгімесі бойынша сахнаға лайықтап жазған

Н.Жұбатқан/

ҚЫЗБЕН ТАНЫСУ

/Сахнаға ауданнан байдың баласына қалыңдық іздеп келген кісі мен ауылдың адамы шығады/ Кісі: - Барлық елді мекенді араладық, байдың баласына қыз тандадық. Бүгін енді сіздердің ауылдарыңызға келіп тұрмыз.

Адам: - Хош келдіңіз, біздің ауылдан сіздің балаға жақсы қыз табылады. Кісі: - Оны көреміз, бірақ байдың баласына ешкім ұнамайды. Бір жыл болды, бармаған жер қалмады. Енді осы ауылдан табылып қалады деген үміт бар /Байдың баласы шығады/.

Жігіт: - Мен келдім, қыз қайда?

Кісі: - Қазір керемет қыз шығады, пысық... /Бір қыз шығады/ Жігіт: - Мощный, мынауский қыз ба?

Кісі: - Иә, иә...
Адам: - Қызды шақыра берейін бе?
Кісі: - Шақыр!
Адам: - Қазір шақырымын / жүгіріп кетеді. Қыз шығады/ Жігіт: -Атың кім?

Гүлжапырақ: - Гүлжапыраққыз.
Жігіт: - Атың тым ұзақ қой.
Гүлжапырақ: - Ұзақ болса гүл дегенді алып тастап жаныраққыз дерсіз.
Жігіт: - Майл - руың қандай?

Қыз: - Руым ба, жақайым...

Жігіт: - Қойшы, мынау тормоз қыз ғой, ұнамайды. Кісі: - Қарындас, сізді ұнамайды дейді, бара беріңіз. Гүлжапырақ:

- Өзің тормоз /кетеді/

Кісі: - Келесі кім бар?
Сая: - Саламатсыз ба?
Жігіт: - Амансыз, атыңыз кім?
Сая: - Сая.

Жігіт: - Атың өте тым қысқа ғой.
Сая: - Керек болса, ұзартып аласыз ғой, Саягүл, Саяжан, Саябике деп...
Жігіт: - Қарындас, үйіңде интернет бар ма?
Сая: - Интернет па интернат па? /қыз күледі/

Жігіт: - Неге күлесің? Ой, мына қыз да маған ұнамай қалды... Кісі: - Туу, шаршадық сіз де бара беріңіз, келесі, келесі /бір адам

шығады/
Адам: - Қыз бітті...
Кісі: - Ауылда басқа қыз жоқ па не?
Адам: - Жоқ, бәрі тұрмысқа ерте шығып кеткен жұмыс болмағасын.

Кісі: - Ертең ұят қой, бұл - үлкен жоғарыда отырған дөкейдің баласы, қалыңдық іздеп арнайы осы ауылға келіп отыр. Осы ауылдан бір қыз табылса жақсы болар еді.

Адам: - Енді қыз жоқ болса, кімді тауып беремін?
Кісі: - Онда өзің қыз боласың?
Адам: - Қой ей, жындысың ба?

Кісі: - Бәрібір бұған ешкім ұнамайды, ертең қанша қыз таңдағаны туралы мен ауданға отчет беремін, ұқтың ба, бар, бар...

Жігіт: - Сендер не сыбырласып жатсыңдар, ауылдарыңда түк қыз жоқ па не? Кісі: - Ойбай бар, бар, жолда, үлгере алмай жатыр. Жігіт: - Ырғызға бардым - қыздары келтек, Шалқарға бардым таба алмадым, қыздары тентек, Байғанинге бардым - қыздары жалтақ, Ойылға бардым қыздары - талтақ. Түк қыз жоқ. Немене осы ауылда қыз құрып қалған ба? Кісі: - Қазір келетін қыз Қазақстан емес, шет елдерде Мисс атанған сұлу қыз. Королева красоты...

Жігіт: - Шын ба, қашан келеді?

Кісі: - Міне, өзі де келді... /Қыздың киімін киіп манағы ауылдың адамы келеді/

Жігіт: - Ооо, қарындас атың кім?
Адам: - Гүля...
Жігіт: - Атың қандай керемет.
Кісі: - Керемет қыз, айттым ғой.

Адам: - Болды ма, кете берейін бе?
Жігіт: - Қайда кетесіз?
Адам: - Үйіме да, анам іздеп қалады.
Жігіт: - Сіз маған ұнап қалдыңыз.

Кісі: - Молодес, осы ауылдан әйтеуір бір қыз ұнады-ау, мен кетейін, жастар өздері қалсын. Адам: - Әй, қайда бара жатырсың? Мынауыңның көзі бір түрлі ғой, адамға атылайын деп тұр.

Кісі: - Шыда, шамалы сөйлесе тұр. Мен басқа қыз тапқанша... /Кетеді/ Жігіт: - Не болды, қайда қашып барасың, сен маған ұнап қалдың, мен сені алам.

Адам: - Тек ей, жындысың ба? Мені алуға болмайды. Жігіт: - Неге?
Адам: - Болмайды, жігітім бар...

Жігіт: - Жоқ, қарындас, барлық қазақ жерін аралап ешкімді ұнатпап едім. Мен сізді бір көргеннен құлай сүйдім. Қазір папама хабарлап жіберейін. /Ұялы телефонын алады/ Папа, мен күшті қазақы қыз тантым. Машинамен жеңгелерімді шақыра бер осында, не қыз ба, көнеді, уже маған сынып тұр ғой...

Адам: - Мына бейшара не дейді?
Жігіт: - Қарындас, ерніңнен бір сүйейінші...
Адам: - Кетей, онда біттік осы арада жарылыс болады... Жігіт: - Қандай?

Адам: - Ток соғады, короткый замыкание болады. Айтпақшы... /құлағына бірдеңе деп сыбырлайды/

Жігіт: - Не, түк түсінбедім?
Адам: - Мені қалай сүйесің, аузым сасық.
Жігіт: - Менің де аузым сасық.

Адам:. - Мынау қоятын емес қой, мен түнде ұйықтап жатқанда ауызымнан су ағады... Жігіт: - Ештеңе етпейді, менің де аузымнан су ағады... Амудария мен Сырдария боламыз. Адам: - Онда түнде суға батып өлеміз. Көл болады. Жігіт: - Сол көлдің үстінде қос аққудай мәңгі жүзіп жүрсек қой. Адам: - Дәмесін қара, көлге екеуіміз жүзсек дейді. Бірден суға

батып кетеміз онда.

Жігіт: - Папамдар келгенше ана бір таса жерге барайықшы. Адам: - Онда неге барамыз, осы ара жақсы ғой. Жігіт: - Бір құшақтайыншы құмарланып тұрып... Адам: - Ту, қой деймін, мынауың шынымен адамды зорлап

тастайтын түрі бар ғой.

Жігіт: - Жүріңізші қарындас, қорықпаңыз қаттыға бармаймын. Адам: - Қоймадың ғой, жігітім, жүрсең жүрші... /екеуі кетеді/ Папасы: - Балам қайда, Такош, әй Такош... / Манағы кісі шығады/ Кісі: - Жастар ана жақта ақылдасып келісіп жатыр... /Осы кезде

бақырып Такош шығады/
Папасы: - Ау, қыз қайда?
Тжош: - Қыыыыыз аааааандаааа /сақау болып қалады/ Бөөөөжейй...
Папасы: - Қандай бөжей...

Жігіт: - Бөжей... /деп қаша жөнеледі, папасы тұра қуады/ Кісі: - Уф, құтылдым ба әйтеуір, енді қыз түгілі қатынға да

жоламайтын болған шығар...

ӨСІРУ

/Қатысатындар театр әртістері/ Бекбол: - Құралбек, басқармадан жедел хат, факс келіп тұр. Құралбек: - Аманшылық па?

Бекбол: - Өсіреміз деп жатыр.
Құралбек: - Рас па, өнер адамдарының жалақысы өсетін болды ма? /таңданып/

Бекбол: - Қайдағы жалақыны айтып тұрсың? Біздің театрдан бір адамды өсіру керек... Құралбек: - Менің бойым ұзын, әлде сенің бойыңды өсіреміз бе, екі аяқ пен екі қолыңнан тартып па?... Бекбол: - Сен не қуып тұрсың? Театрдан бір адамды басқармаға маман етіп өсіреміз дейді.

Құралбек: - Не рас па? /ішегін тартып/
Бекбол: - Әрине рас, кімді ұсынсақ екен а...?
Құралбек: - Мен ше?... /жымиып/

Бекбол: - Жындысың ба, сенің қолыңнан ол келмейді. Құралбек: - Неге келмейді, келеді... Бекбол: - Келмейді, сенің мен сияқты денең, қарның жоқ. Құралбек: - Не, жұрттың бәрі сен сияқты мес қарын болу керек не?

Құралбек: - Енді кімді өсіреміз?

Бекбол: - О, Берік Нұрмағанбетовті ұсынайық, көп жылдан бері театрда қызмет жасайды. Құралбек: - Берік.., қап -қара қылып оны қалай ұсынамыз? Ол әуелі әйелін басқарып алсын. Оның қолынан келмейді. /Берік шығады/

Берік: - Жігіттер, қалайсыңдар, не жаңалық?

Құралбек: - Театрдан бір адамды өсіру керек болып жатыр. Берік: - Өшіру, о, кімді құртамыз? Құралбек: - Өшіру емес өсіру, басшылыққа ұсынамыз... Берік: - Аааа, бастық болуға ма?

Бекбол: - Соған кімді ұсынатынымызды білмей басымыз қатып жатыр
Берік: - Ұсынатын адам бар гой...
Құралбек: - Кім?
Берік: - Мысалы, мен.

Бекбол: - Сен... Бәке, сенің қолыңнан ол келмейді. Берік: - Неге келмейді? Бірдеңе болса келмейді депшыға

келесіңдер.

Құралбек: - Одан да жастарды көтерейік, өсірейік, бізде жас бар, жаста бас бар дегендей...

Бекбол: - Кім бар?
Құралбек: - Мұхит бар, Алтынгүл бар.
Берік: - Мұхиттің географиясы, Алтынгүлдың биографиясы келмейді...
Бекбол: - Қаржаубай ше?

Құралбек: - Ол болса бәрімізді қырады, мінезі жаман. Берік: - Енді кім қалды? Құралбек: - Біздің басекеңді жіберейік, Нұрлыбек Жұбатқанды. Бекбол: - Қой, қой, жоқ, ойбай болмайды, атай көрмеңдер. Құралбек: - Неге болмайды?

Бекбол: - Өзімізге керек, сценарий жазады, автор ғой, айтпа, жүре берсін...
Берік: - Иә, иә... дұрыс айтасың, негізі біздің мекемеде ұсынатын адам жоқ.
Құралбек: - Оооо, менде бір идея бар...
Берік: - Қандай?

Құралбек: - Көшедегі көрінгенді театрдың атынан ұсынайық. Берік: - Идея! /деп қатты айқайлап жібереді/ Құралбек: - Жайлап айтсай, адамның зәресін ұшырып жібердің

ғой...

Бекбол: - О, міне, дұрыс, театрдың атынан ұсынамыз. Ертең бізге көмегі тиеді. Берік: - Ойбай-ау, енді соны тезірек мында алып келсей... /Залдан бір адамды алып келеді/

Құралбек: - Келіңіз, келіңіз...

Берік: - Болашақ бас маманнан айналайын, құтты болсын! Адам: - Не құтты болсын?

Қүралбек: - Сізге өтініш - біздің театрдың атынан басқармаға барасың ба?
Адам: - Неге?
Бекбол: - Басқармада бір орын бос.

Берік: - Түк қиыны жоқ, барасың да отыра қаласың томп етіп. Адам: - Қой, мен қалай барамын, қалай мекеме басқарамын? Құралбек: - Ешқандай қиыны жоқ, барасың да 9-дан 6-ға дейін

отырасың.

Бекбол: - Біздің крышамыз болып отырсаң болды. Ойбай- ау, Құралбек, мына түрімен қалай жібереміз, үстіне костюм- галстук әкел тез... /Құралбек әкеледі/ Берік: - Айналайын, өзіңе галстук жараса қалады екен. Бекбол: - Міне, сізге жолдама, қазір басқармаға барасыз. Құралбек: - Жолыңыз болсын, бізді ұмытпа... /музыкамен адам

кетеді/
Бекбол: - Осы қуаныштың құрметіне ән салайық, би билеп /әзіл ән айтылады/.

РЕВИЗОР

(Қырғыз әзілінің желісімен жазылған)
Қатысатындар: І. Бастық, 2. Орынбасар, 3. Әртіс, 4. Әкімші
5.Ревизорлар
(Сахнаға Бастық пен Орынбасары шығады)

Бастық: - Бүгін бізге мекемені тексеруге ревизор келеді. Орынбасар: - Келе берсін, бізге кім келмей жатыр? Бастық: - Өткендегі финуправлениеден келген сары қызды не

істедің?
Орынбасар: - Сары қыз байға тимеген кәрі қыз екен. Байға шығарып жібердім.
Бастық: - Жарайсың, саған сенемін.

Орынбасар: - Маған сенсеңіз, қор болмайсыз (Есік қағылады). Бастық: - Бар, қара, мүмкін ревизорлар шығар (Орынбасары

қарайды).

Орынбасар: - Басеке, түрлері бір түрлі адамдар келіп тұр. Бастық: - Онда олар солар ғой. Жүр қарсы алайық (Екі адам

кіреді).
Орын: - Армысыңдар!

Бастық: - Ассалаумағалейкум, хош келдіңіздер! Әртіс: - Амансыздар, бізді жақсы көңілмен қарсы алып

жатырсыздар
Әкімші: - Рахмет сіздерге!
Бастық: - Біз сіздерді асыға күтіп жүр едік. Азғантай сыйлығымыз бар.
Шапан. (Орынбасары жүгіріп алып келіп кигізеді) Орын: - Баеке, конверт бар.

Бастық: - Иә, орамал тон болмайды, жол болады деген бар. Мынау астарыңа жылқы мінгізіп жатырмыз. Орын: - Басеке, біреуі жылқы, біреуі сиыр ғой, қашар... Бастық: - Тыныш, нең бар айтып. Әртіс: - Рахмет, біздер мына алыстан келіп қалдық. Бастық: - Білемін, сіздерді Астанадан келеді деп естідім. Әртіс: - Астанадан емес, Шымкенттен.

Бастық: - Ааа, ештеңе етпейді, қайдан келсеңіздер де, хош келдіңіздер. Әртіс: - Біздер сол халықтың рухын, духын көтеру мақсатында рухани азық беру үшін келіп қалдық.

Орын: - Түсінбедім...

Әртіс: - Біз мана халықтың көңіл-күйін көтеру мақсатында келдік. Орын: - Басеке, мыналар ревизорларға ұқсамайды. Бастық: - Не дейсіңдер?

Әртіс: - Біздер деймін халықтың рухын-духын...
Бастыц: - Не?

Әртіс: - Не ғой, сен айтшы (деп қасындағы жігітке айтады) Әкімші: - Былай ғой, біздер Шымкент қаласынан осында концерт қоюға келіп едік, соған 300 билет өткізіп бересіз бе? Бастық: - Билет. Сендер әртіссіңдер ме? (тарқылдап күледі)

Шық, шық... (екеуі шығып кетеді) Орын: - Әй, тоқтаңдар, шапанды тастап кетіңдер. Бастық: - Әртістерміз деп бірден айтпай ма? Адамның басын қатырып. Керек едіңдер маған сендер, жалаң-аяқ әртістер... Орын: - Басеке, бүлдірдіңіз, неге қуып жібердіңіз? Бастық: - Оларды қайтемін? Орын: - Ертең сіздің әкеңіздің туған күні - 70 жасқа толады. Сол кезде бұлар керек қой. Тегін той басқарады.

Бастық: - Ойбай, солай екен ғой, бар шақыр!
Орын: - Әртістер (Екеуі келеді)
Бастық: - Сендер не, шық десе шығып кете бересіңдер ме? Күлдіресіңдер ме?
Әкімші: - Мынау қатты күлдіреді.

Бастық: - Сен ше?
Әкімші: - Мен администратормын, көшеге билет жансырып, билет таратамын.

Орын: - Онда Басекеңе бір күлдіргі әңгіме айтып беріңдерші. Әртіс: - Бір балапанды көшеде КамАЗ басып кетеді. Шофер балапанды алып бір шалға барып, мынау сіздің балапаныңыз емес пе деп сұрайды. Сонда әлгі шал менің мұндай жалпақ балапаным жоқ деген екен.

Орын: - КамАЗ кімді басып кетті? Шалды ма?
Бастық: - Не деп тұр мыналар?
Орын: - Шалды КамАЗ басып кетті дей ме?
Бастқц: - Ауылда КамАЗ бар ма еді?

Әртіс: - Жоқ, сіздер түсінбедіңіздер. Бір балапанды көшеде КамАЗ басып кетеді. Шофер балапанды алып бір шалға барып, мынау сіздің балапаныңыз емес пе деп сұрайды. Сонда әлгі шал менің мұндай жалпақ балапаным жоқ деген екен.

Бастық: - Түсінсем бұйырмасын.
Әкімші: - Бұл анекдот қой.

Орын: - Басеке, анекдот дейді (Басшылар тарқылдап күледі) Бастық: - Айтпақшы, той басқару үшін сендерге не керек? Әртіс:- Микрофон, аппаратуралар керек (Бастықтың

телефоны шырылдайды)
Бастық: - Әлеу, иә немене той болмайды ма не? Жарайды, өздерің біліңдер.
Әртіс: - Сосын тағы не керек?
Бастық: - Не керек?

Әртіс: - Бір радиомикрофон.

Бастық: - Шық, Шық... (екеуі тағы шығып кетеді) Орынбасар: -Басеке, тағы неге қудың?

Бастық: - Той болмайтын болды.

Орынбасары: - Той болмаса болмасын, ертең ревизорлар келгенде керек қой бұлар.

Бастық: - Не үшін керек?

Орынбасар: - Бұл әртістердің қыздары болады. Ревизорлар- дың көңілін аулап өлең айттырамыз.

Бастық: - Дұрыс айттың, шақыр.

Орынбасар: - Әртістер, қайтыңдар (Екеуі тағы келеді). Бастық: -Сендер кешіріңдер шық дегенге, айтпақшы, қанша адам келдіңдер?

Әртіс: - Тоғыз адам.
Бастық: - Неше қыз, неше еркек?
Әртіс: - Бәрі де еркек.
Бастық: - Шыыы...

Орынбасар: - Шық деп айтпай, тоқтай тұрыңыз. Өзім сұраймын. Сіздер тоғыз адам келдіңдер ме?

Әртіс: - Иә.
Орынбасар: - Енді соның екеуі қыз шығар.
Әртіс: - Жоқ.

Орынбасар: - Ең болмағанда билет жыртатын бір қыз бар шығар. Әкімші: - Билетті өзім жыртамын.

Бастық: - Шық... (екеуі тағы шығады).
Орынбасар: - Иә, барыңдаршы.

Бастық: - Қыздары жоқ ол қалай әртістер, қыз деген керек қой маған, а саған...

Орынбасар: - Қой, маған керек емес.

Бастық: - Ревизорға, а-а, халыққа керек. Қой, мен кеттім. Орынбасар: - Қыздары жоқ, қалай өнер көрсетеді? Қызық, ылғи

еркек не істеп жүр?
(Осы кезде екі қыз кіреді).

- Оо, қыздар, басеке, қыздар келді (айқалап жүгіріп бастықты ертіп әкеледі).

Бастық: - Жаңа қыздар жоқ деп жатыр еді ғой.
Орынбасар: - Олар әдейі қызғанып айтпаған ғой.
Бастық: - Қәне, кім ән айтады? Кім би билейді?
Қыздар: - Біз ән айтпаймыз.

Орынбасар: - Ән айтпайтын өнер адамы бола ма? Бастық: - Былай ғой, бізге Астанадан тексеруге ревизорлар келе жатыр. Олардың көңілін аулау үшін ән айтып, би билеу керек. Орынбасар: - Иә, сол үшін қыздар керек.

Қыздар: - Біз қыздар емеспіз.
Бастық: - Ойбай-ау, сол керек қой...
Қыздар: - Біз ревизорлармыз.
Бастық: -Ааааа....

Орынбасар: - Еркектер келеді деп еді ғой...

Бастық: - Ойбай, хош келдіңіздер, төрге шығыңыздар! Орынбасар: - Еее, біткен жеріміз осы болды...

ТҮНГІ СҰХБАТ

Қатысатындар: І.Жүргізуші қыз. 2. Шипашбек -ұры /Телестудия. Тікелей хабар/ Жүргізуші: - Кайырлы кеш, құрметті көздері тостағандай болып, ұйқысы қашқан көрермендер, сіздерді әдеттегідей «Түнгі сұхбат» атты тікелей хабарымызды көруге шақырамыз... Бүгінгі хабарымызға басты қонағымыз республикамызға белгілі, әйгілі баукеспе ұры - Шипашбек Қалтақағаров мырза қатысып отыр. Хош келдіңіз, Шипашбек мырза... Шипашбек: -Қайырлы түн, құрметті көрермендер... Жүргізуші: - Шипашбек мырза, «Сабақты ине сәтімен» деп, өзіңізбен де сұхбат алудың сәті түсіп отыр. Көптен бері көрінбей кеттіңіз, қалыңыз қалай? Шипашбек: - Енді, біз күндіз көп көріне бермейміз, қызметіміз солай, түнде жүреміз, қалымыз бірде жақсы, бірде жаман... Жүргізуші: - Сіз, дарынды елге еңбегі сіңген баукеспе ұрысыз, сіздің жасаған ұрлықтарыңызды барлық ел айтып жүр. Ұрлық жасауды қай кезіңізден бастадыңыз? Шипашбек: - Бала кезімнен бастадым. Бұл кәсіпті маған қоғам үйретті. «Өз күніңді өзің көр» деген қиын жылдары осы кәсіпті қолға алдым. Адамға бір процент талант береді, қалған тоқсан тоғыз проценті еңбекпен келеді ғой, құдайға шүкір ешкімнен қалмай жұрт қатарлы ұрлық жасап күн көріп жатырмыз. Жүргізуші: - Шипашбек мырза, сіз осы ұрлық саласында 25 жылдай қызмет еттіңіз, сізде неге атақ жоқ? Шипашбек: - Негізі мен атаққұмар емеспін, атақты бізге халық береді. «Ұрлық бар жерде, тірлік бар» дейді, шүкірміз..

Жүргізуші: - Шипашбек мырза, ұрлықпен гастролге шығып тұрасыз ба?
Шипашбек: - Әрине, онсыз болмайды ғой...

Жүргізуші: - Сол кезде есіңізде қалған бір қызық оқиға бар ма? Шипашбек: - Қызық оқиға дейсіз бе? Иә, бірде Ақтау қаласына ұрлық жасауға гастролге барғанмын. Халық деген базарда көп. Аншлаг. Адамдар танып, рахмет айтып суретке түсіп, қолтаңба алып жатыр. Күнде қонақтық. Үй тонау. Содан бір күні кешке бір үйді тонауға бардым. Үйдің бәрін сыпырып, екі дорбамды толтырып жан-жағыма қарасам, қабырғадағы ілулі тұрған суретке көзім түсіп кетті. Бір түрлі таныс сияқты. Сүйтсем, тонап жатқан пәтер Ақтауда тұратын туысқанымның үйі екен. Содан күліп мәз болып жатырмын.

Жүргізуші: - Содан сол үйді тонамай кеттіңіз бе?

Шипашбек: - Тонадым, біз олай туыс деп халықты бөлмейміз, бәрін бірдей көреміз... Жүргізуші: - Кешірерсіз, бұл тікелей хабар болғандықтан сізге бір көрермен сұрақ қойып жатыр екен, алло, айта беріңіз.. Телефон: -Алеу, мен Атырау облысынан хабарласып тұрмын, сіз шәкірт дайындайсыз ба, менің балам кішкентайынан мектепте ұрлық жасайды. Соны қарамағыңызға тәрбиелеуге аласыз ба? Шипашбек: - Мен негізі шәкірт дайындау туралы әлі ойланбаппын. Негізі ел арасында икемді жастар көп, бұйырса уақыт көрсетеді. Жүргізуші: - Шипашбек мырза, сіздің мына кәсібіңізді көре алмайтындар бар ма? Шипашбек: - Әрине, бар. Қазір өте көпп. Мысалы мені ішкі істер басқармасы, яғни полиция, сот, прокуратура көре алмайды. Күндейді. Жүндейді. Шам алып соңыма түседі. Бізде демократия жоқ. Ұрлық жасауға мүмкіндік бермейді. Соңғы кездері финполиция деген тіпті маза бермейтін болды.

Жүргізуші: - Тағы қандай қиындықтар бар?

Шипашбек: - Мына камера деген де пәле болды. Көріп қояды. Негізі бұрын ұрлық жасау оңай еді. Ауылдағы жеңгелеріміз үйдің есігін сыммен бұрап кететін, болмаса кілтін есіктің алдындағы шелектің астына қойып кететін. Қазір темір есік деген шықты. Міне, осының бәрі бізге қиын.

Жүргізуші: - Кешірерсіз, тағы телефон шалған көрермен бар екен. Алло.. Телефон: - Әлеу, қайырлы түн, мен Қызылорда облысы Жалағаш ауданынан телефон соғып тұрмын. Мына Шипашбек інімізді көріп қуанып отырмын. Біздің ауылда тойынған, шіренген байлар көп. Сол бізге қарай келетін ойы бар ма екен... Шипашбек: - Рахмет, енді қазір маған жан-жақтан шақыру- лар өте көп түсіп жатыр. Бұйырса жазға таман барамын... Жүргізуші: - Сізді халық танып телефон соғып жатыр, сізде неге бейнеклип жоқ? Шипашбек: - Негізі бейнеклип түсіру жоспарда бар, бәрі сол қаражатқа келіп тіреледі.

Жүргізуші: - Осы салаға келгеніңізге өкінесіз бе?

Шипашбек: - Неге өкінуім керек? Қоғамда ұрлық жасап жүрген жалғыз мен емес. Жұрттың бәрі жасайды. Қолынан түк ұрлық жасау келмейтіндер де базарға шығып ұрлық жасап жүр. Мемелекет қаражатын ұрлап жүрген жемқор ағаларымыз да бар. Сондықтан да өкінбеймін. Жүргізуші: - Болашақта қандай жоспарларыңыз бар? Шипашбек: - Өте орынды сұрақ, болашақта Алматы не Астана қаласына кетсем деймін. Ол жақта ауқатты адамдар көп. Жүргізуші: - Қайырымдылық шаралар жасайсың ба? Шипашбек: - Әрине, онсыз болмайды. Мереке күндері байларды

тонап, кедей адамдарға таратып береміз...
Жүргізуші: - Сауап дейсіз ғой...
Шипашбек: - Иә, тап солай...

Жүргізуші: - Жарайды, рахмет, біздің студиямызға сұхбат беруге жиі-жиі келіп тұрыңыз Шипашбек: - Шақырсаңыз келеміз... /Шипашбек кетіп қалады/. Жүргізуші: - Құрметті көрермендер, осымен «Түнгі сұхбат» атты хабарымыз аяқталды. Ойбай, менің ұялы телефоным қайда? Шипашбек, Шипашбек... /деп қуып кетеді/.

СЦЕНАРИЙ

/Сахнаға екі жігіт шығады/
Құралбек: - Муха, басекең сценарий жаз деп тапсырма берді, не қыламыз?

Мұхит: - Басекең айтса амал жоқ, жазамыз, қандай тақырыпқа? Құралбек: - Махаббат туралы жаз дейді. Мұхит: - О, махаббат - өте керемет тақырып қой, қазір жастардың бәрі Әулие Валентин күні деп қуып кетті. Өзіміздің Қыз Жібек, Айман-Шолнан, Еңілік- Кебек, Қозы Көрнеш - Баян сұлудың махаббаттарын білмейді... Құралбек: - Дұрыс айтасың, олай болса сценарийді бастайық. Мұхит: - Махаббат күніне байланысты бірінші ауылдың әкімі

сөйлесін... /Сахнаға басшы шығады/.

Басшы: - Құрметті ауылдың жастары, махаббатпен ойнамаңдар, біз өзге шет елдің ғашықтарына еліктемей өзіміздің ғашықтарымызға құрмет көрсетейік... Бізге түріктің, үндінің махаббаты емес, қазақтың махаббаты керек... Сондықтан да жастар... Құралбек: - Болды, көп сөз керек емес.../дегенде әкім тоқтап тұрып қалады/ сосын Әрі қарай осы арада қазақтың махаббатының символына айналған музыкамен Қыз Жібек шықсын.

Мұхит: - Сенің қиялыңдағы Қыз Жібек қандай?

Құралбек: - Менің талғамым мықты ғой, мен ойлап тұрған Қыз Жібек кинодағы Жібектен де сұлу, нәзік керемет красава... Сахнада Қыз Жібек... /Әкім сахнада қалып қояды. Шет елдің әуенімен би билеп Қыз Жібек шығады/. Мұхит: - Құреке, тоқтай тұршы, сен ойыңдағы Қыз Жібек «Гәкку» әнімен шықты ма?

Құралбек: - Жоқ, современный әнмен.

Мұхит: - Қуасың ба, «Гәккумен» шықсын... /Қыз Жібек жұлқынып кетіп қалады да, «Гәкку» әнімен қайтадан билеп шығады/. Құралбек: - О енді, көп кешікпей ғашығы Төлеген шығады. /Төлеген мас, қисаңдап шығады/.

Төлеген: - Жібек, ой жаным менің...
Жібек: - Не, құрышы ары аузың арақ сасымай...

Мұхит: - Құреке, айтпақшы Төлегенді қалай шығардың? Сенің ойыңдағы Төлеген денесі быдым-быдым айналған, батыр тұлғалы шығар? Құралбек: - Жоқ, өзім сияқты фигурный. Түнімен вечерде ішіп мас болған деп ойлап тұрмын.

Мұхит: - Вечерің не, масың не?
Құралбек-. - Енді қазіргі заманғы Төлеген ғой.
Мұхит: - Қой жындысың ба? Өзгерт, сол баяғы замандағы Төлегенді ойла...

Құралбек: - Баяғы заманды қанша ойласам да осы заманға ойым кетіп қала береді. Одан да Қыз Жібек пен Төлеген бірге шықсын /ҚызЖібек бұлданып, ашуланып кетеді де, екеуі бірге қайта билеп шығады/. Мұхит: - Енді сенің Қыз Жібек пен Төлегенің билеп жүре бере ме? Одан сценарий бола ма? Құралбек: - Жоқ, екеуі бір-біріне махаббат көзбен қарайды. /Жібек пен Төлеген бір-біріне қарайды/.

Жібек: - Не қарайсың тесіліп?
Төлеген: - Любовь моя...

Мұхит: - Екеуі солай бір-біріне қарап тұра бере ме? Құралбек: - Жоқ, сүйіседі... /Екеуі сүйісуге ұмтыла бергенде/ Мұхит: - Қой сүйіспей-ақ қойсын... /Жібек пен Төлеген тұрып қалады/ Тал түсте сүйісіп тұрған ұят қой, одан жастарға қандай тәрбие болады? Құралбек: - Әлде сүйісе берсін бе екен?... /Екеуі тағы ұмтылады/ Жарайды, сүйіспей-ақ қойсын /Қайтадан тоқтайды/ Айтпақшы, Муха, Қыз Жібек киносының аяғында Жайық өзеніне батып кетеді, мен де Жайыққа батырамын...

Мұхит: - Онда батыр...

Құралбек: - Толқыған, тулаған Жайық өзені... Қыз Жібек пен Төлеген Жайыққа батайын деп дайындалып тұр.

Мұхит: - Ау, кинода Төлеген суға батпайды ғой, Бекежен садақпен атпай ма?
Құралбек: - Мен батырамын. Екеуі де батсын. Менің сценариім сондай.
/Екеуі батуға дайындалады. «Титаник» филъмініц музыкасы жіберіледі/
Жібек: - Терең емес пе екен? /Түкіріп көреді/

Төлеген: - Ееее, су салқын ғой.../Ол да түкіреді/
Құралбек: - Сценарий бойынша осы арада жайлап суға бата береді.
Әкім: - Ойбай, мен неге суға батамын? Менің Қыз Жібекке не қатысым бар?
Махаббат туралы сөз сөйлеуге келіп алып енді суға батып өлем бе?

/Кейіпкерлер суға бата бастайды. Осы арада «Терминатор» филъмінің музыкасы қойылады. Бастық бас бармағын шошайтып Шварцнегер құсап батып бара жатады/ Мұхит: - Құралбек, сценарийді аянышты қылмай, қуанышты етіп бітірейік. Қыз Жібек пен Төлегенді суға батырғанда не ұтамыз?

Төлеген: - Иә, десейші-ау...

Құралбек: - Олай болса, осы арада Қыз Жібек пен Төлегенді құтқаруға Бекежан келсін. Мұхит: - Өте дұрыс таптың, міне керемет сценарий, ұшқыр ой. /Сахнаға Бекежан келеді. Үстінде «МЧС Казахстана» деп

жазылған киім бар/ Бекежан: - Жібек, Жібек...Жүзу білмейтін болсаң суға неге түсесің? Мә... қағып ал... /деп судан құтқару құралын лақтырады/

Төлеген: - Маған ше?

Бекежан: - Ой, боқмұрын, сен де қалмайды екенсің жабысып, мә... /деп оған да береді. Жібек пен Төлеген атып шығып тайып тұрады/ Әкім: - Әй, Бекежан, тоқта, сонда мені кім құтқарады? Бекежан: -Тірі қалғандар бар ма? /Қолына фонарик жағып алып қарайды. Әкім ысқырықпен ысқырады/ Әкім: - Помогите, тону, люди добрые, помогите, тону... Бекежан: -Ой, иттің баласы, орыстың сөзін үйренгенше, жүзіп үйренбейсің бе? Тфу... /деп кетіп қалады/

Құралбек: - Сценарий қалай ұнады ма?

Мұхит: - Бір түрлі келіспей тұрған сияқты, айтпақшы басынан бастап бір шолып өтейікші... /Екеуі сценарийді аударыстырып қарайды/.

Құралбек: - Мұхит, манағы сөз сөйлеген сенің қиялыңдағы әкім қайда? Мұхит: - Мә, ол сценарийден әлі сызылмаған ба? Құралбек: - Сызылмаған, байғұсты суға батырып жібердік, әкіміңді сөз сөйлеп болғаннан кейін сахнадан шығарып жібер... Мұхит: - Әкім сөз сөйлеп болғаннан кейін үйіне қайтады. /деп сценарийді өзгертеді. Әкім судан атып шығады/ Әкім: - Бәсе, манадан бері сүйтпейсіңдер ме? Адамды суға тұншықтырып, мен бір ерігіп жүр дейсіңдер ме? /деп ашуланып кетеді/ Мұхит: - Құралбек, қой біздің қолымыздан сценарий жазу

келмейді екен Құралбек: - Дұрыс айтасың, одан да сценарий жазуды авторларға, сатириктерге берейік... /Екеуі кетеді/

ҰЯТ БАР МА?

Қатысатындар: І.Дәрігер, 2.Әйел, З.Ойранбек, 4.Еден сыпырушы - Шәнаш.
Дәрігер:- Кіріңіз, не деген айқай-шу? /Күйеуін жетектеп әйел келеді/
Әйел: - Ойбай, ағай, көмектесіңіз.
Ойранбек: - Көмек керек...

Дәрігер: - Не болып қалды?
Әйел: - Бұл - жаман адам.
Дәрігер: - Кім, мен бе?
Әйел: - Жоқ, күйеуімді айтамын.

Дәрігер: - Бәсе, шошып кеттім ғой?

Әйел: - Бұл күйеуім Ойранбекпен отау қүрғаныма 35 жыл болды. Бұрын ақ көңіл, адал жан еді. Қалай бастық болды. Бір күнде ауырып қалды.

Дәрігер: - Немен ауырды?
Әйел: - Жейді.
Дәрігер: - Не жейді, адам жей ма?
Әйел: - Жоқ ей, мекемені жейді.

Ойранбек: - Дәрігер, мырза көмектеспесеңіз күнде-күнде жей беремін, жей беремін, мына түріммен түрмеден бір шығамын ғой... /жылап/ Дәрігер: - Қазір, компьютермен тексерейін. /Ойранбекті қарайды/ Әйел: - Не болған екен бұған?

Дәрігер: - Мәссаған... /таң қалып/
Әйел: - Не болды екен?
Дәрігер: - Ұятсыз.
Әйел: - Кім, мен бе?

Дәрігер: - Жоқ, күйеуің.
Ойранбек: - Қалай?
Дәрігер: - Күйеуің ұятын жоғалтып алыпты.
Әйел: - Не дейді...

Ойранбек: - Ұятым-ай, ұятым-ай... /деп зарлайды/ Әйел: - Енді бір көмек берсеңізші. Дәрігер: - Ұятқа қарсы әлі вакцина табылмай жатыр ... Әйел: - Енді дәрігерсіз ғой, бір амалын тансаңызшы. Дәрігер: - Қазір жан-жаққа телефон соғып көрейін... Әлеу, бұл дәріхана ма, сіздерде ер адамның ұяты бар ма? Иә, иә... Аааа... жақсы. Қазақстанда ұят бітіп қалыпты. Ұятсыздар көбейіп кетіпті.

Ойранбек: - Енді қайттім, ұятым-ай... /зарлап/ Дәрігер: - Біреуден уақытша ұятын сұрап алуға болады. Әйел: - Мына заманда кім ұятын бере қояр дейсің... Ойранбек: - Кімде ұят бар? Ағайындар-ай, бере тұрыңдаршы... Әйел: - Иә, иә, кімде ұят бар? Менің күйеуіме бере тұрыңдаршы /деп айқайлайды. Еден сыпырып жүрген әйел елең ете қалады/ Еден сыпырушы: - Ойпырмай, қазір ылғи ұятын жоғалтқан

науқастар көбейіп кетті. Құдай аясын оларды...
Әйел: - Өтінем, сіз ұятыңызды менің күйеуіме бере тұрасыз ба, уақытша.
Еден сыпырушы: - Тек-ей, не деп тұрсыз? Ойбай, ұят өзіме керек қой.

Дәрігер: - Жақын арада шет елден ұяттар келеді «импортный», соны беремін сізге. Бұл кісі бастық, қарамағында адамдар бар. Ұятсыз қалай жүреді? Түсініңіз... Әйел: - Өзіңізде ұят көп сияқты басқаларға қарағанда. Еден сыпырушы: - Құдайға шүкір, менде ұят деген жетеді. Ойранбек: - Өтінем, бере тұрыңызшы... /жылап/ Еден сыпырушы: - Жарайды, тек уақытша беремін, кейін өзіме

қайтып беріңіз.
Әйел: - Әрине, қайтып береміз...

Дәрігер: - Ендеше, мында жүріңіз, мына шприцпен ұятыңызды сорып алып мына кісіге егемін... /деп әйелдің желке тұсынан ұятын шприцпен сорып алып, еркекке егеді/ Әйел: - Қалай, немене қатып қалдың? /деп күйеуіне қарайды/ Ойранбек: - Мәссаған, мен не істеп тұрмын, шаруа деген басымнан асып жатыр. Халықтың жағдайын ойлауым керек. Маған дүние - мүлік емес, халық керек. Құдай жаным, осы отырған халықты жақсы көремін. Ұялмай осы адамдардың ақшасын қалай жеп жүрмін... /бірден әйел мінезге айналып кетеді/

Әйел: - Не деп тұрсың?
Ойранбек: - Жәй, әншейін...

Әйел: - Мынаның мінезі, дауысы не боп кетті? Қатын құсап... Дәрігер: - Бұл қазір уақытша, процесс қой бұл, екі-үш күннен

кейін бәрі қалпына келеді.

Ойранбек: - Дәрігер мырза, рахмет, мен жұмысыма барайын, ұятың болған қандай рахат... Елдің бетіне тура қарай аласың. Әйел: - Дәрігер мырза, саған мың алғыс.../деп екеуі кетеді/ Еден сыпырушы: - Әй, сука...

Дәрігер: - Кім, мен бе?
Еден сыпырушы: - Енді мен бе?
Дәрігер: - Сіз олай айқайламаңыз, елден ұят қой

Еден сыпырушы: - Менде ұят жоқ, маған бәрібір... Осы ақ халатты киіп алып ертеден кешке дейін не бітіресіз?

Дәрігер: - Адам емдеймін.

Еден сыпырушы: - Қойшы, жүріңіз, саунаға барып жұрт құсап демалайықшы, ааа...

Дәрігер: - Қойыңыз ұят болады.

Еден сыпырушы: - Қойшы, ұят емес, жүріңіз...Ағай, ұятың болмаған қандай күшті еее... Жүріңіз деймін... /Қолынан тартады. Дәрігер қашады/

ҚАЙСАР ҚОЯН ЖӘНЕ ОНЫҢ ДОСТАРЫ

/Балаларға арналған ертегі/
Қатысатындар: 1.Қоян, 2.Қасқыр, 3. Барыс, 4.Сиыр, 5.Тышқан, б.Айболит

/Орман іші. Сахнаға ән салып, секіріп Тышқан шығады/ Тышқан: - Таза ауада дем алып,

Секіремін биікке.
Жүгіргенде оталып,
Жеткізбеймін киікке...
Шынықсаң шымыр боласың,

Күш-қайратқа толасың.
Намысын қорғап еліңнің,
Олимпиадаға барасың.
Төсектен ерте тұрыңдар,

Қақпаға допты ұрыңдар.
Жалқау бала атанбай,
Спортқа мойын бұрыңдар...
Тышқан: - Саламатсыңдар балалар...

Балалар: - Саламатсыз ба?

Тышқан: - Денсаулықтарың жақсы ма? Дені саудың - жаны сау дейді. Егер сендер мен сияқты спортпен айналыссаңдар күшті, қайратты боласыңдар... Сендер спортпен айналысасың- дар ма?...

Балалар: - Иә...

Тышқан: - Олай болса қазір бәріміз бірге дене шынықтыру қимылдарын жасаймыз. Кәнекей, қолды алға созамыз, жоғары көтереміз, қайтадан түсіреміз, бір-екі, бір-екі... Ооо, жарайсыңдар. Енді өкпені шынықтырамыз, бірінші терең тыныс аламыз, уффф, енді шығарамыз, фууу, дем аламыз, шығарамыз, дем аламыз, шығарамыз, дем аламыз, қайтадан шығарамыз. Жарайсыңдар, рахмет, балалар. Қазір енді езуімізді шынықтырамыз, яғни бәріміз бірге күлеміз... /күлкі жіберіледі/ Тамаша, көп-көп рахмет, мен сияқты спортпен шұғылдансаңдар, ешқашандай ауырмайсыңдар... /Осы кезде ысқырықтың дауысы естіледі/ Ой, ысқырық, мені біреу шақырып жатыр, жарайды балалар мен кеттім... /Тышқан жүгіріп кетіп қалады/

/Қасқырдық ұлыған дауысы естіледі. Сахнаға өлең айтып Қасқыр шығады/

- Мен қасқырмын орманда,

Жемтік іздеп жортамын.
Аңшы келіп қалғанда,
Зәрем кетіп қорқамын.
Қ-сы

Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Ұстап алсам жеп қоям.
Майлы сүйек етіңе- ей..
Сылқия кеп бір тоям...

Қоян көрдім ақ түсті,
Семіз өзі нақ күшті.
Етті көріп қып-қызыл Көзден бұл-бұл кеп ұшты...
Қ-сы

Қасқыр: - Ет жемегеніме тура бір ай болды. Асқазаным ұлып тұр... /ұлиды/ Мен жаңа ғана семіз ақ қоян көрдім. Қоян болғанда қандай? Балалар, сендер көрген жоқсыңдар ма? Сол қоянды көрсем, қылғытып бір-ақ жұтар едім... Қоянның еті қандай тәтті... Сендер Қоянның қуырдағын жеп көрдіңдер ме? /Барыс келеді/

Барыс: - Амансың ба, Қасқыр мырза...
Қасқыр: - О, Барыс, қайдан келесің?
Барыс: - Сайдан келемін, Қасеке...
Қасқыр: - Жәй жүрсің бе?

Барыс: - Барыс жәй жүруші ме еді, қатты жүрмін. Өзің ше? Қасқыр: - Мен бе, мен жұмбақ жаттап жүрмін, саған бір жұмбақ

жасырсам таба аласың ба?
Барыс: - Ал, айтып көр...

Қасқыр: - «Орманда оның тұрағы, салпиған екі құлағы». Барыс: - Ол ма, ол әрине, есек...

Қасқыр: - Қайдағы есек, дұрыс емес... Ойлан...

Барыс: - «Орманда оның тұрағы, салпиған екі құлағы» Ыммм, не болды екен а... Жабайы ешкі... Қасқыр: - Өзің ешкі... Балалар кәне, кім біледі? Ол не?... Балалар: - Қоян /деп айқайлайды/ Қасқыр: - Дұрыс айтасыңдар, ол - қоян. Қояным менің, қайдасың? Барыс: - Аааа, қоян ба?... Қасқыр: - Айтпақшы, Бәке, қарның ашып тұрған жоқ па? Барыс: - Әрине, қарным ашты... Қасқыр: - Олай болса қоян демекші, осы арада бір семіз қоян секірін жүр, ұстап алсақ екеумізге жетеді... Ой, бір шылқыған майлы етке тоямыз... ауууууууу /ұлиды/ Барыс: - Қоян дейсің бе, ол сенің бір асаған апандай аузыңнан ауыспайды ғой. Ал мен, семіз ала сиыр көрдім. Сол қоянның сиыр екеуі бірге қыдырып жүр... Қасқыр: - Семіз сиыр... о-о-о, оны да Қоянмен бірге қосып ұстап алу керек... Бүгін жолымыз болды, қызыл етке қарық болатын болдық. Барыс: - Ендеше, Қасқыр мырза, уақытты көп созбайық, жүр қоян мен сиырды тауып алайық... /Екеуі кетеді/ / Музыкамен ән салып Қоян мен Сиыр келеді/

Сиыр: - Сиыр деген атым бар,
Айран, қаймақ затым бар.
Тойып алып сүтіме,
Пеш түбіне жатыңдар...

Қоян: - Қоян деген атым бар,
Қуанышқа батыңдар.
Қасқыр жүрсе далада Тарс еткізіп атыңдар...
Қоян мен Сиыр: - Бала, бала балақан,

Сары тұмсық балапан.
Қол соғыңдар кәнекей,
Ауырмайды алақан...
/ Төралы мен Төреғалидің салған әнімен/ /Екеуі қол ұстасып айналып билейді/

Қоян: - Сиыр ана...
Сиыр: - Ау, ақ Қоян, не дейсің?
Қоян: - Сен қандай бақыттысың?
Сиыр: - Неге?

Қоян: - Адамдармен бірге тұрасың, ал мен болсам далада қашып жүрем. Сиыр: - Ия, адамдар өте керемет қой. Әсіресе, адамдардың мына залда отырған әп - әдемі ұлдары мен қыздары бар. Олар қандай сүйкімді, тәртіпті... Мен адамдарға сүт беремін. Менің сүтімнен айран, құрт, ірімшік, май жасайды. Айран, сүт, ішкен балалардың денсаулығы мықты болады, өздері сондай тәтті болады... Қоян: - Айран, оны қалай жасайды, ашыған сүтке су қоса ма? Сиыр: - Жоға, оны шалап деп атайды. Шыжыған шілдеде мұздай шалап ішсең шөлің қанады. Ал, айран майлы, қою болады. Қоян: - Шөлдегенде кола ішпей ме? Сиыр: - Кола мен шаланты салыстыруға болмайды. Айран ішін, құрт жеген бала сабағын беске оқиды...

Қоян: - Айтпақшы, адамдар құртты қалай жейді. Не, олар торғай ма?
Сиыр: - Қоян, сен қандай құртты айтып тұрсың?
Қоян: - Кәдімгі жыбырлаған ақ құрттарды айтамын... Денем түршігіп кетті.
Сиыр: - Жоқ, сен түсінбедің, ол ондай құрт емес.

Қоян: - Ал енді қандай?
Сиыр: - Құртты менің сүтімнен жасайды.
Қоян: - Қалай?

Сиыр: - Ақ жаулықты аналар менің сүтімді шелекке дыз- дыз-дыз деп сауады... /шелекке аққан сүттің дауысы керек/

Қоян: - Содан құрт шыға ма?
Сиыр: - Жоқ, одан кейін сүтті ашытып, ұйыған сүтті қалтаға құйып сүзеді.
Қоян: - Сосын, құртты алып жей береміз бе?
Сиыр: - Ту, ақ Қоян-ау, неменеге асығасың, құрт әлі дайын болған жоқ

Қоян: - Қашан дайын болады құрт, жегім келіп аузымның суы құрып бара жатыр. Сиыр: - Енді аз ғана шыдай түр. Әлгі қалтаға сүзген сүзбені қазанға салып қайнатамыз, саламыз, сосын тағы қалтаға салып сүзіп қоямыз.

Қоян: - Туу, қашан дайын болады?

Сиыр: - Енді қалтаға құйған сүзбені табаққа құйып, тұз салып, қолмен сығып- сығып сарайдың төбесіне жайып қояды.

Қоян: - Енді дайып болды ма?

Сиыр: - Иә, дайын, ал да жей бер.../күледі/ Айтпақшы, құрт деген сөздің шешуін білесің бе?

Қоян: - Жоқ, ол қалай?
Сиыр: - Құрт деген - қазақтың ұртын рахаттандыратын тағам, ұқтың ба?

Қоян: - Шіркін.., адам баласымен дос болсам ғой, арманым жоқ. Сиыр: - Оның қиындығы жоқ, мен сені кешке ауылға бірге алып

кетемін.
Қоян: - Ауыл, ол қандай болады?

Сиыр: - Ауыл көркі тамаша... Ауылда керемет адамдар тұрады. Олар қазақтың салт-дәстүрін, ата жолын сақтайды.

Қоян: - Салт-дәстүр деген не?

Сиыр: - Жер бетіндегі әрбір ұлттың өз салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері болады. Мысалы, қазақ деген ұлттың өз дәстүрі бар. Бала өмірге келсе, шілдехана жасап, бесікке салады, тұсауын кеседі, жасы беске толғанда ер баланы сүндетке отырғызады. Атқа мінгізеді, той жасайды.

Қоян: - Қандай керемет? Ауылда кімдер тұрады?

Сиыр: - Ауылда кимешек киген ақ жаулықты әжелер, басына қазақтың оюымен өрнектелген тақия мен шапан киген аталар тұрады. Олар ақкөңіл, қайрымды, өнегелі болады. Ауыл деген мынандай болады... /Ауыл туралы бір-екі шумақ ән айтады Ж.Жексеннің орындауындағы «Ауылым» әні/

Қоян: - Мен барсам, маған тиіспей ме?
Сиыр: - Әрине, тиіспейді....

Қоян: - Сиыр ана, менің жүрегім дүк-дүк етіп бір нәрсе сезіп тұр. Сиыр: - Не сезіп тұр, Қоянжан?

Қоян: - Қасқырдың иісі шығады, қасқыр...

Сиыр: - Қасқыр, ойбай, ойбай, ол бізді жеп қояды, үйде кішкентай емізулі бұзауым бар еді, енді қайтемін. Бұзауым жетім қалатын болды ғой /жылайды/

Қоян: - Ту, Сиыр ана, саған не болды? Қасқыр келсе, бірінші мені жейді. Сиыр: - Қасқыр түгілі қабаған иттен де қатты қорқамын. Қоян: - Неге қорқасыз? Сіз маған қарағанда ірісіз және

басыңызда қарағайдай екі мүйізіңіз бар...
Сиыр: - Болса қайтемін...
Қоян: - Біз жауға оңайлықпен берілмеуіміз керек.
Сиыр: - Қалайша? Сонда не істейміз?

Қоян: - Қасқыр келген кезде мен қашамын...
Сиыр: - Не, сонда өзің қашып, мені жаудың қолына беріп кетпексің бе?

Қоян: - Жоқ, сіз дұрыс түсінбедіңіз, мен Қасқырдан қашып алдаймын. Ал, сіз жасырынып тұрасыз да ана мүйізіңізбен артынан келіп қатты сүзесіз, жарай ма? Сиыр: - Бір түрлі қорқып тұрмын... Сен неге өзің сүзбейсің? Қоян: - Менде мүйіз бар ма, бұл құлақ қой...

Сиыр: - Ажалымның жеткен жері осы шығар...

Қоян: - Қорықпа деймін әне, олар қырдың астында келе жатыр, мәссаған жалғыз емес, қасында Барыс бар... /Алысқа көзін тігіп/

Сиыр: - Барыс, ойбай, онда біттік, құрыдық, мен екеуін қалай сүземін? Қоян: - Айқайламай, тоқтай тұршы... Ойланып алайын, айтпақшы, менің осында бокстен әлем чемнионы Тышқан деген досым бар.

Сиыр: - Тышқан... Дем арасында Боксер Тышқаныңды қайдан табасың? Қоян: - Мен қазір мына ысқырықпен қатты ысқырсам, ол жеті қабат жердің астында жатса да жетіп келеді... /Ысқырықпен ысқырады... Зуылдап қолында боксердің қолбағы, Тышқан келеді/ Тышқан: - Қоян досым, не болып қалды? Тағы да бұзық біреулер тиісіп жатыр ма? /Секіріп жан-жағына қолын сермеп/

Қоян: - Досым, бұзық болғанда былай, бізді осында Қасқыр іздеп жүр...
Сиыр: - Қасында Барыс бар...

Тышқан: - Қорықпаңдар, қорыққанға қос көрінеді дейді. Не де болса нар тәуекел... Қоян: - Былай жасаймыз, Қасқыр мен Барыс келгенде мен қашамын, Қасқыр мені қуады. Барыс сиырды қуады. Тышқан сен, Барысты ұрып құлатысың. Ал, Сиыр ана, сен Қасқырды сүзіп құлатасың. Келістік па? Тышқан: - Базар жоқ... Барыстың быт-шытын шығарамын... Сиыр: - Е, аруақтар, қолдай гөр... Қасқырдың сүзіп қабырғасын

сындырамын...

Қоян: - Олар келді, дайындалайық. Сиыр ана, сіз ана жерге жасырынып тұрыңыз... /Музыка... Қасқыр мен Барыс келеді /

Қасқыр: - Ах, бәлем, мұнда тұр екенсіңдер ғой...
Барыс: - Әлгі қасыңдағы семіз сиыр қайда?

/Қасқыр Қоянды қуады. Барыс Сиырды қуады. Қоян жерге жығылады. Қасқыр бас сала бергенде Сиыр жүгіріп келіп Қасқырды сүзеді. Қасқыр тоңқалаң асып Сиырдан қашады. Тышқан Барыстық алдынан шығып бокстей бастайды. Қатты ұрғанда нокдаундқа құлайды. Қасқыр айналып келе бергенде оны да иектен ұрып нокдаунға құлатады... Қасқыр мен Барыс жерде талып қозғалмай жатады/ Сиыр: - О, күшті болды. Тышқан, саған көп-көп рахмет, сен болмағанда біздің бұларға күшіміз жетпес еді... Тышқан: - Өткенде екі Аюдың қонжығын ұрып құлатқанмын. Қоян: - Сиыр ана, көрдіңіз ғой менің достарым қандай? Балалар, қолдарың бос кезде спортпен айналысу керек. Бірақ, біреудің мұрнын бұзу үшін емес әрине... Жаулардан қорғану үшін. Тышқан: - Қоян досым өте дұрыс айтады. Балалар, сендер де үйде жүргенде компьютердің алдында көп отырмай, далаға шығып таза ауа жұтып, доп теуіп, секіріп дене шынықтырумен айналысыңдар. Сиыр: - Біз бір ажалдан қалдық... Енді бұларды не істейміз?... Тышқан: - Орман полицейін шақырып қаматып тастайық.. Қоян: - Жоқ, тоқтай тұрыңдар... Біз ең алдымен орман дәрігері

Айболитті шақырайық..

Сиыр: - Қоянжан, саған не болған, жауға адам көмек бере ме? Қоян: - «Таспен ұрғанды аспен ұр» деген мақал бар... Мүмкін бұлар бір қателік жасаған болар ааа... /Қасқыр мен Барыс жерде ыңырсып жатады/. Тышқан: - Мен дәрігер Айболиттің үйін жақсы білемін, қазір шақырып келемін /Тышқан кетеді/ . Қоян: - Сендерге соққы қатты тиді ме? Бірінші бастаған өздерің, біз қорғандық. Сиыр: - Қорғанбағанда ше, қорада бұзауым жетім қалатын еді... Тұрыңдар енді жерге жата бермей... Қасқыр: - Белім, белім -ай, белім сынып қалған -ау деймін, қозғалар емеспін. Барыс: - Басым айналып кетті... Мен қайда жатырмын... /Осы арада жедел жәрдемнің дауысы естіліп, дәрігер Айболит келеді/ Айболит: - Қане, кім ауырып қалған, сен бе? /деп сахнадан түсіп залда отырған балаларға барады. Бір баланың ішін тыңдайды. Ит үреді/ Айболит: - Масқара, ішіңе ит кіріп кеткен бе? /Екінші баланың ішін тыңдайды. Оныц ішінен мысық мияулайды/

Айболит: - Сенің ішіңде мысық не істеп жүр, тышқан аулап жүр ме?
Қоян: - Дәрігер ағай, науқастар міне жатыр.
Айболит: - А, анда ма? /сахнаға шығады/ Қазір жүректерін тыңдайын.
Қасқыр: - Аааа, мама...

/Жүректері түк-түк деп қатты соғып жатады. Қасқырдың ішін тыңдап көргенде қасқыр жел шығарып кояды/. Айболит: - Фууу, мыналар қатты қорыққан ғой, мен қазір укол салып жіберейін /деп үлкен щприцты алып шанша бергенде қасқыр шошып кетеді/. Қасқыр: - Ойбай, ойбай, құтқарыңдар, құтқарыңдар /деп залда отырған балалардың қасына тығылады/ Сиыр: - Дауысының жаман ащысын-ай, не деген қорқақ едің? Айболит: - Онда мын Барысты шаншайын /деп ұмтыла

бергенде ол да қашады/ Барыс: - Ай, құрыдым, кешіріңіздер, мен енді бұзақы болмаймын /деп балаларға барып тығылады. Тышқан келеді/

Тышқан: - Ау, батырларға не болған? Балалардың арасына тығылып... Қоян: - Достар, біз оларды ортаға шақырып уәдесін алайық... Сиыр: - Мен Қасқырға сенбеймін, ол қайтадан бас салуы мүмкін... Айболит: - Қоян дұрыс айтады, «сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ» деген сөз бар. Бір жолға кешірім берейік, солай ма, балалар? Тышқан: - Дәрігер мырза дұрыс айтады, кешірім берейік... Қоян: - Қасқыр, Барыс, бері келіңдер, ортаға шығыңдар... Қасқыр: - Қооорқаамын...

Барыс: - Менде бір түрлі қорқып тұрмын...

Қасқыр: - Дәрігер мырза инесімен шаншып алмай ма? Айболит: - Инеден неге қорқасыңдар, бұдан мына балалар да қорықпайды солай ма? Мен сендерді «Дос» деген дәрімен шаншамын Барыс: - «Дос» деген қандай дәрі тұмауға қарсы ма? Қасқыр: - Мүмкін, салқын тиін жөтелгенге шығар, бірақ менің

денсаулығым жақсы керек емес.

Айболит: - Жоқ, бұл ешқандай ауруға емес, бұл «Дос» деген дәріні қабылдасаң, дұшпандарың азайып достарың көбейеді. Мейрімді, ақылды боласың... Сиыр: - Тышқан мырза, олай болса сен тағы мына Қасқыр мен Барысқа бір-екі удар беріп жібер...

Тышқан: - Жарайды...

Қасқыр: - Ойбай жоо... жоқ, удар керек емес /деп екеуі Айболиттің қасына келеді. Айболит екеуін шаншады/

Барыс: - Ай, қандай ашщы?
Қасқыр: - Ооо, шым ете қалды
Қоян: - Қалай әсер етіп жатыр ма?
Айболит: - Дәрі бірден әсер береді

Қасқыр: - Достар, менің жүрегім елжіреп бауырым былбырып барады. Бәріңді жақсы көремін. Ақ Қояным сені сондай жақсы көріп қалдым

Сиыр: - Мені ше?
Барыс: - Сені мен жақсы көріп қалдым

Сиыр: - Қой ей, мынаны қара менің ауылда өз досым қара бұқам бар... /тарқылдап күледі/ Тышқан: - Қандай керемет дәрі, Дәрігер ағай, мына дәріңмен біздің орманда тұратын ала мысықты шаншуға бола ма?

Айболит: - Әрине болады.

Қасқыр: - Мен балаларды барып құшақтайыншы, оларды қатты жақсы көріп тұрмын. Бұрын қандай қатал, тентек болғанмын. Енді ұялып тұрмын... Барыс: - Мен, мен мүғалімдер мен тәрбиеші апайларды жақсы көріп қалдым барып менде құшақтайыншы.../музыка жіберіліп, Қасқыр мен Барыс залға түсіп балаларды құшақтайды/ Сиыр: - Әй, Қасқыр, сен бекерге ұялғанша, одан да Барыс екеуің Қоянға арнап ән салып беріңдер.

Тышқан: - О өте табылған ақыл.

Қасқыр: - Жарайды, Барыс жүр ән айтайық /деп сахнаға шығады/ Қоян: - Ал, бастаңдар тыңдайық...

Қасқыр: - Біздің қояндар, қояндар, қояндар...
Алматының қояны айбат екен,

Астананың қояны қайратты екен Атыраудың қояны аңқау болса, Ақтаудың қояны батыр екен

Барыс: - Біздің қояндар, қояндар, қояндар...

Ақтөбенің қояны ақылды екен Қызылорданың қояны қайсар екен, Шымкенттің қояны шымыр болса,

Оралдың қояны әдемі екен...

Қасқыр мен Барыс: - Біздің, қояндар, қояндар, қояндар... Павлодардың қояны пысық екен, Семейдің қояны семіз екен Қостанайдың қояны қайтпас болса, Тараздың қояны тапқыр екен... /Ерболат Құдайбергеновтың «Біздің жігіттер» әнінің ізімен/ Айболит: - Достар, балалар, мінекей көрдіңіздер ғой, Қасқыр мен Барыс енді тентек болмайтын болды. Сендер де өз ата-аналарыңды, бауырларыңды, достарыңды Қазақстан атты байтақ Отандарыңды мәңгі бақи жақсы көріп, сүйіп өтіңдер... Олай болса, бүгінгі қуанышқа арнап ән айтып би билеңдер... /«Қара жорға» әні қосылып барлық қуыршақтар «Қара жорға» биін билейді/

КӨЖЕКТІҢ КӨЖЕСІ

(Наурыз мерекесіне арналған ертегі)
Қатысатындар: 1. Көжек, 2.Жылқы, 3.Қарға, 4.Наурызгүл
5.Кемпир, 6. Қыдыр Ата

/Оқиға көктем мезгілінде жайлауда өтеді. Шағын аула. Сахнада үлкен қара қазан тұрады. Көктемнің әдемі дыбыстары. Құстардың дауыстары естіліп тұрады. Секеңдеп қоянның көжегі шығады. Қолында кішкене шелек бар/ Көжек: - Алақай, алақай, көктем келді. Қандай тамаша. Күн жылынды, алақай... Ооо балалар, саламатсыздар ма? Сендерге көктем мезгілі ұнай ма?.. /мәз болып секіріп жүріп тоқтап қалады. Салпақ құлағымен дыбыстарды тыңдайды/...Ой, мынау қандай құстың дауысы... /Көкектің дауысы шығады./ Дұрыс айтасыздар, бұл Көкек деген құстың дауысы, ал мынау ше? /Тоқылдақтың дауысы естіледі/ Иә, иә... бұл Тоқылдақ... Ал, мынау ше? /Қаз-үйректің қаңқылдаған дауысы шығады/ Әрине, үйрек-қаз... Тамаша сіздер бәрін біледі екенсіздер.. Олай болса, балалар сендер менің мына шелегімнің ішінде не бар екенін білесіңдер ме?... Жоқ су емес... Сүт те емес. Әрине білмейсіздер. Мұның ішінде бір керемет зат бар. Оны мен алғаш кездескен аң-құстардан сұрайын, жарай ма?... /Қарқылдаған дауыс шығады/

Балалар, мынау қандай құстың дауысы, аааа...
Әрине, қара Қарғаның дауысы... /Қарқылдап сахнаға Қарға шығады/

Қарға: - Қарқ, қарқ, менің атымды айқайлап шақырып жатқан кімдер? Мына Күн де жылып барады. Тіске басар өлексе де таппадым.

Көжек: - Саламатсың ба, сұлу қарға...

Қарға: - Қарқ, қарқ, маған сұлусың деген адамды 300 жыл өмір сүрсем де бірінші рет естіп тұрмын. Көжекпісің?

Көжек: - Иә, салпаң құлақ көжекпін,
Жалқауларды сөз еттім.
Жақсылармен дос болам,
Кішкене болсам да өжетпін...

Қарға: - Ақынсың ғой, ааа... Мына біздерге, қарғаларға ешкім өлең жазбапты. Бір шумақ шығарып берсең қалай болады, қарқ, қарқ...

Көжек: - Жарайды, сол ойланып алайын...
Қарға: - Ойлан, Көжек ойлан. Бізге ой бермеген, ұзақ жас берген...
Көжек: - Қарға, қарға, қарғалар,
Өлексе көрсе жорғалар.

Кеземін деп орманды Қызықтардан құр қалар...
Қарға: - Керемееетт, қарқ, қарқ...Рахмет Көжек...

Көжек: - Оқасы жоқ, айтпақшы Қарға ханым, менің мына шелегімде не бар екенін айтып берші?

Қарға: - Оған ойлану керек пе?
Көжек: - Әрине, ойлау керек.

Қарға: - Менде ми жоқ қой, қарқ, қарқ... Жер шұқығаннан басқа түк ойламаймыз...

Көжек: - Жақсылап бір ойланып көрші...
Қарға: - Ыммм, сенің шелегіңде өлексе бар.
Көжек: - Жоқ, таппадың. Қайдағы өлексе... /күліп/
Қарға: - Ммм, шіріген тауықтың еті бар шығар.

Көжек: - Қойшы, тіпті олай емес. Денемді түршіктіріп жібердің ғой. /Тітіркеніп/

Қарға: - Олай болса мен таба алмадым...

Көжек: - Ендеше, мұны басқа аңдардан сұрайық, жарай ма? Қарға: - Маған бәрібір... /Сол кезде Жылқыныц кісінеген дауысы

шығады/ Көжек: - Ал, Сұлу Қарға, шелегімде не бар екенін білмедің. Ендеше мынау ненің дауысы? Қарға: - Бұл ма бұл - есектің дауысы ма деп тұрмын. Көжек: - Солай ма балалар? Әрине, олай емес. Дұрыс

айтасыңдар, бұл - Жылқының дауысы. /«Қара жорға» әнімен билеп, шапқылап жылқы келеді/ Жылқы: - Ау, Көжек, Қара қарға, не істеп тұрсыңдар? Қарға: - Мен Қара қарға емеспін, Сұлу қарғамын Жылқы: - Оны кім айтты?

Қарға: - Қоянның көжегі айтты.

Жылқы: - Жарайды, онда Сұлу қарға мен Сүйкімді Көжек. Сендермен жолыққаныма қуаныштымын. Қарға: - Жердің шаңын бұрқыратып қайдан келесіз? Жылқы: - Көрші ауылдан келемін. Бір жақсы жаңалық бар дейді

бүгін.

Қарға: - Біз білмейтін ол қандай жаңалық... қарқ, қарқ... Көжек: - Жылқы мырза, сіз менің шелегімде не бар екенін білесіз бе? Жылқы: - Ойланып көрейін, арпа немесе бидай бар шығар. Көжек: - Таппадыңыз...

Жылқы: - Мүмкін сұлы шығар...
Көжек: - Тағы да таппадыңыз.

Қарға: - Өзі сенің шелегіңде мүмкін түк жоқ шығар, э... қарқ... Көжек: - Әрине бар, бірақ айтпаймын.

Жылқы: - Өкінішке орай мен білмедім. Одан да Көжегім, жауабын айта қойшы.
Қарға: - Иә, иә айтшы, қарқ, қарқ...

Көжек: -Жарайды, менің шелегімде аязды қыстан алып қалған бір шелек қар бар. Мен оны әдейі қыста шелекке салып алып қойдым.

Қарға: - Қар... Қар...

Көжек: - Иә, мінекей қараңыздар... /деп шелектің қақпағын ашып қалса қар еріп су болып кеткен/

Жылқы: - Сенің қарың қайда, бұл бір шелек су ғой.
Қарға: - Сен бізді алдап соқтың... Өтірікші.

Көжек: - Рас айтам, мен мұны қыста салып қойғам. Сендерге өтірікші болдым... Қар еріп кетіпті... /деп жыламсырап/ Жылқы: - Көжек, сен босқа жылама, көктемде әрине қар еріп кетеді. Ол түгілі анау асқар таулардың басындағы қар еріп жатыр. Қарға: - Көктемде жылауға болмайды, жаман ырым... Көжек: - Неге болмайды? /Көжек таңданып/

Қарға: - Қар қатты еріп кетіп суға кетесің.
Жылқы: - Оны кім айтты?

Қарға: - Қарқ, қарқ, мен айттым... /Осы кезде музыка ойнап бу шығып, будың арасынан Қыдыр Ата шығады/

Көжек: - Саламатсыз ба, сіз кімсіз?
Қыдыр Ата: - Мен бе, мен Қыдыр Атамын.

Қарға: - Аяз Ата дегенді естігем, Қыдыр Ата дегенді бірінші рет естуім, қарқ.. Қыдыр Ата: - Мен сендерге дәулет, ырыс, береке, жылу әкелемін. Сенің шелегіңдегі қар менің жылылығымнан еріп кетті. Жылқы: - Қыдыр Ата, олай болса, қош келдіңіз. Төрлетіңіз... Көжек: - Қарым еріп кетіп, өтірікші бола жаздадым. Жылқы: - Көжек, жасыңды сүрт, жылама. Айтпақшы, менде бір

дән бар.
Қарға: - Ооо, әкелші бері қылғытып жіберейін, қарным ашып тұр еді.
Көжек: - Бұл ненің тұқымы?

Жылқы: - Соны өзім де білмей тұрмын, мана шауып келе жатқанда жолдан тауып алдым. Бұл дәнді қанекей жерге егіп көрейік.

Қарға: - Жерді мен қазайын...
Көжек: - Мына тұрған бөшкенің ішіне егейік, ішінде қара топырақ бар екен.
Жылқы: - Жарайды, сенің айтқаның болсын... / Дәнді бөшкенің ішіне салады/
Қарға: - Енді бұған су құю керек, суды кім әкеледі?

Жылқы: - Көжекжан, сенде бір шелек су бар емес пе? Көжек: - Иә, әрине бар... /апарып суды құяды/ Жылқы: - Көрдің бе, сенің бір шелек суың пайдаға асты. Қардың

суы өте таза, тұщы болады.

Қарға: - Шыныменде пайдаға асты, тіпті қатып кетті, қарқ, қарқ.. Қыдыр Ата: - Мен дәнге жылу берейін... /Қолымен жылу береді/ /Осы кезде музыка ойнап гүл өсе бастайды/ Көжек: - Мәссаған, біздің еккен дәніміз өсіп келе жатыр. /қуанып/ Қарға: - Қарқ, қарқ, көтек бұл қалай? Жылқы: - Керемет, бұл деген ғажап қой. Қыдыр Ата, сіздің құдыретіңізге бас иеміз...

Көжек: - Мынау гүл ғой өсіп шыққан.
Қарға: - Гүл емес жусан деп пе едің? Меніңше, бұл Райхан гүлі сияқты.

Жылқы: - Қайдағы Райхан гүлі, оған мүлдем ұқсамайды. Көжек: - Жауқазын емес пе?

Қарға: - Жоқ, бұл қалай еді анау өзі, иә, иә Африкада өсетін пальма ғой... Жылқы: - Қарға ханым, не айтып кеттің, қайдағы Африка? Көжек: - Қызғалдақ, мүмкін сарығалдақ шығар. Қарға: - Ей, қойшы- ей, қайдағы қызғалдақ, оған әлі ерте, ол мамыр айында өседі, қарқ, қарқ... /Гүл өсіп шыққан бойда ерекше би билейді. Болмаса бір топ гүлдер бірге өсіп шығып би билеуге болады/.

Гүл: - Саламатсыздар ма? /Гүлге тіл бітеді/ Қарға: - Менің өзі есім ауысқаннан сау ма, сөйлейтін гүлді бірінші рет көріп тұрмын. Жылқы: - Оған неге таңданасың, Сұлу қарғам, сөйлейтін Қарға мен Көжекті, Жылқыны, мына мені көріп отырған балалар да біздерге таң қалмай қарап отыр ғой... Көжек: - Жаңа өмірге қош келдіңіз. Сізді біз осы бойы егіп, су кұйып шығардық.

Гүл: - Сіздерге көп рахмет.

Қарға: - Менің түк қатысым жоқ, дәнді тапқан Жылқы, суды құйған Көжек, иә бірақ мен жерді тұмсығыммен шұқып қазған екем ғой... Сенің тез өсіп шығуыңа себепші бірден бір себепші болған Қыдыр Ата. Гүл: - Өмірге жаңа келгеніме қуанып тұрмын. Тіршілік деген қандай ғажап. Күннің нұры, самал жел... Таза ауа. Қуанышымда шек жоқ...

Жылқы: - Айып болмаса біз сені қандай гүл екеніңді ажырата алмай отырмыз.
Көжек: - Атыңызды білмегенімізге айып етпеңіз, ерекше әдемі гүл екенсіз

Қарға: - Айтпақшы, бүгін әжемнің әжесінің туған күні еді, соған сені апарып берсем қалай болады екен ааа, қарқ, қарқ..

Гүл: - Менің атым - Наурызгүл.
Жылқы: - Наурызгүл - қандай керемет...

Қыдыр Ата: - Наурызгүл - бұл көктемнің алғашқы белгісі. Бұл гүлдің жақсы қасиеті бар. Молшылық әкеледі. Қыдыр Ата бір жерде тұрмайды. Ел аралайды. Бата береді. Мен бір айналып соғамын... /деп ғайып болады/

Гүл: - Сіздер кім боласыздар?
Қарға: - Қарқ, біз сенің әке-шешеңіз боламыз...
Көжек: - Мен Көжекпін.
Жылқы: - Мен Жылқымын.

Қарға: - Ал, мен Сұлу Қарғамын, қарқ...
Гүл: - Өте тамаша, ал, сіздер бүгін қандай күн екенін білесіздер ме?
Көжек: - Иә, білеміз, бүгін жексенбі болу керек.
Қарға: - Жоқ, бүгін сенбі сияқты.

Жылқы: - Жұма шығар.
Көжек: - Әлде дүйсенбі ме?

Гүл: - Жоқ, тіпті олай емес, бүгін Ұлыстың Ұлы күні, Наурыз күні. Мен тек Наурыз күні ғана өсіп шығамын. Сондықтан да менің атым -Наурызгүл.

Көжек: - Наурыз деймісің, айтпақшы ол менің есімнен шығып кетіпті ғой.
Қарға: - Қарқ, қарқ, Наурыз құтты болсын, қарқ...

Жылқы: - Менің манағы айтқан жақсы жаңалығым осы болды ғой. Айтпақшы, Наурызда наурыз көже пісіретін сияқты еді. Көжек: - Наурызгүлдің құрметіне Наурыз көже пісіремін... Гүл: - Оны қалай пісіреді? Көжек: - Мында дәу қазанда тұр екен. Мұны кім әкелді? Қарға: - Бұл мына үйдің қазаны. Мана таң атпай бір кемпір жүрген

осы арада.
Жылқы: - Менің адамзаттан естуімше наурыз көжені 7 түрлі тағамнан жасайды.
Көжек: - Оны қайдан білесіз?

Жылқы: - Сендерге қарағанда менің оларға бір табан жақындығым бар. Адамдарға қызмет етемін. Олар бізді ең алғаш қолға үйретті. Көжек: - Шіркін, мен де адамдарға қызмет еткім келеді. Қарға: - Ал, мен ешкімге қызмет еткім келмейді. Өзіммен өзім

жүргенім артық. Қарқ...

Гүл: - Достар, Наурыз көже қалай жасалады, кім біледі? Қарға: - Қарқ, мен білемін қалай жасайтынын, бірінші шіріген ет,

екінші шіріген жұмыртқа, үшінші шіріген...
Жылқы: - Ту, Сұлу Қарға, тіпті олай емес, қайдағы шіріген жұмыртқа.
Көжек: - Меніңше, қырыққабат, сәбіз, қызылша, жасыл шөптер, сосын...

Жылқы:- Сендер өздерің жейтін тағамдарды айтып кеттіңдер ғой. Гүл: - Сонымен Наурыз көжені кім пісіретін болды? Кемпір: - Мен пісіремін... /Ақжаулықты бір әже шығады/ Көжек: - Саламатсыз ба?

Кемпір: - Амансыңдар ма, қарақтарым?

Қарға: - Нағыз көже жасайтын аспазшы келді, қарқ, қарқ... Жылқы: - Адамзат деген міне, осы... Бұлар жер бетіндегі ең

ақылды жандар.

Кемпір: - Иә, қарақтарым, біздің үйдің ауласына жиналып қалыпсыңдар ғой. Бүгінгі үлкен мерекені бірге тойлайтын болдық па? Гүл: - Әрине, әжей, Наурыз мерекесіне қош келдіңіз. Кемпір: - Ал, естіп жатырмын, Көжек көже қайнатам дей ме? Көжек: - Иә, әжей, бірақ оны қалай жасайтынын білмей әлек

болып жатырмыз.
Кемпір: - Наурыз көжені мұсылман халқы жеті түрлі тағамнан қайнатады.
Сүт, ет, су, тұз, тары, құрт және жеміс қосады.
Көжек: - Сәбіз қосуға бола ма?

Кемпір: - Көжектің көжесіне әрине қосамыз. Олай болса, біз Көжек екеуіміз Наурыз көже пісіреміз, қалғандарың отын әкеліңдер... / Жылқы, Қарға, Наурызгүл отын әкелуге кетеді/ /«Наурыз» туралы әннің ырғағымен Кемпір мен Көжек билеп жүріп көже дайындайды. Қазаннан бу шығады бұрқырап/ Көжек: - Әжей, осы жеті түрлі тағамды не үшін қосады, ааа? Кемпір: - Сүтті ақ мол болсын деп, етті еліміз тоқ болсын деп, суды мөлдірдей таза болсын деп, тұзды дәмді болсын деп, тарыны егіс көп болсын деп, құртты дастарханымыз берекелі, жемісті от басымыз мерекелі болсын деп қосамыз... Көжек: - Қандай тамаша ... /Осы кезде үшеуі келеді/ Қарға: - Керемет мынандай ғажап иісті ешқашан көрмеппін.

Қандай рахат.
Жылқы: - Әжей, көже дайын болып қалды ма?
Кемпір: - Сендер жабылып бір ән айтып берсеңдер, көже де дайын болады.
Гүл: - Мен айтайыншы әнді... /Наурызгүл «Көктем» туралы ән айтады/

Көжек: - Мінекей, көжеміз де дап-дайын болды.

Кемпір: - Кәнекей, мен сендерге көжеден құйып берейін... / Кемпір кесемен көже құйып береді/

Қарға: - Мынау тіл үйіретін дәмді ғой, сонда бұрын мен не жеп жүргем?
Жылқы: - Енді өлексе емес қой бұл, Сұлу қарғам... Шыныменде қандай дәмді.
Гүл: - Рахмет, әжей керемет пісіріпсіз.
Кемпір: - Жоқ, мұны пісірген мен емес- Көжек, бұл Көжектің көжесі...

Көжек: - Рахмет әжей... /Көжек қуанып қалады/
/Осы кезде аяқ астынан қатты ысқырып аязды жел тұрады/
Жылқы: - Мына жел қатты екен, әрі суық.
Қарға: - Қыс қайта келді ме?

Гүл: - Тоңып кеттім.

Кемпір: - Қарақтарым, бұл қыстың соңғы қаһары. Наурызгүлды үсіріп алмайық. Егер гүлді аман алып қалсақ, биылғы жыл берекелі, мерекелі жыл болады. /Барлығы бірігіп, жүгіріп Гүлді желден аман алып қалады/ Кемпір: - Ал, енді сендер биыл қандай жыл екенін білесіздер ме? Қарға: - Білеміз әрине, 2014 жыл.

Кемпір: - Жоға, жылды айтамын, жаңа жылымыз... Көжек: -Қасқыр жылы.
Гүл: - Ондай жыл бола ма?
Кемпір: - Әрине, болмайды.
Көжек: - Енді қандай жыл?

Кемпір: - Биыл Жылқы жылы.
Жылқы: - Не дейді?

Қарға: - Сенің жылың дейді? Сен бізге Жаңа жыл болдың! Кемпір: - Иә, Жаңа жылсың. Қарға: - Жаңа жылда Аяз Ата сыйлық беруші еді, бізге сыйлықтарыңды дайында, қарққ... /тарқылдап/

Көжек: - Дұрыс айтасыз.
Гүл: - Жаңа жыл жанымызда жүр екен, қандай тамаша. /Қыдыр Ата келеді/
Көжек: - Қыдыр Ата келді...
Кемпір: - Саламатсыз ба, Қыдыр Ата... Наурыз мерекесіне қош келдіңіз.

Қыдыр Ата: - О, жарайсыңдар, Наурыз көжені қайнатып қойған екенсіңдер... /Көжеден ауыз тиеді/ Кемпір: - Ал, балалар, қолдарыңды жайыңдар, Қырықтың бірі Қыдыр Атамыздан бата, тілек сұрайық. Мен шашу әкелейін... /кемпір шашу алып келеді/ Қыдыр Ата: - Армысыздар, бармысыздар, балаларым, Мен бүгін біраз жерді араладым,

Өздеріңе жеткенше арып-аршып Кездескен қиындыққа қарамадым...
Өңірін барлық жердің басып келдім, Қуанып өздеріңе тасып келдім.
Аула малға толсын,
Үй-іші жанға толсын,

Оқу білім үйреніп,
Бүлдіршіндер адам болсын,
Үлкендерді сыйлайтын,
Кішілерді қимайтын,

Ақыл, ес санаң болсын.
Болмай соғыс, ұрыс,
Бейбітшілік заман болсын.
Май - қаймақ, айран - шұбат,

Дастарханда мол болсын,
Жылқы жылы баршаңызға,

Берекелі, мерекелі жыл болсын... Әумин... Барлығы: - Әумин... /музыка бәрі билеп кетеді/ Кемпір: - Шашу, шашу, жылымыз ырысты болсын, шашу... /Залда отырғандарға шашу шашады/

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК

/1-5 сынып оқушыларына арналған/ Қатысатындар: 1.Аяз ата, 2.Ақша қар, 3.Қоян, 4. Қасқыр, 5. Дәрігер- Айболит, 6.Барыс, 7.Клоун

/Залдыц іші жаңа-жылға безендірілген.
Музыка ойнап,ән айтып жүгіріп Клоун шығады/

Клоун: - Амансыңдар ма, балалар, Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер! Балалар, айтпақшы биыл қандай жыл?

Балалар: - Қоян жылы...
Клоун: - Жарайсыңдар... Көңіл - күйлерің қалай?
Балалар: - Жақсы...
Клоун: - Жаңа Жылды қарсы алуға дайынсыңдар ма? Балалар: - Дайынбыз...

Клоун: - Олай болса, мен Жаңа Жыл келгенше сендермен бір қызық ойын ойнасам қалай қарайсыздар, келістік қой, ендеше ойынды бастаймыз... /Бір ойын ойнайды/ Ойын біткен бойда музыка жіберіліп, би билеп биылғы келетін Жаңа жыл Қоян шығады...

Қоян: - Саламатсыңдар ма, балалар?
Балалар: - Саламатсыз ба?
Қоян: - Сабақтарың қалай?
Балалар: - Жақсы.

Қоян: - Мен мұнда тура 12 жылдан кейін, қайта айналып келіп тұрмын... Клоун: - Ал, балалар Жаңа Жылға бір жақсылап: «Жаңа Жыл бізге құт-береке әкелсін» деп айқайлап қол соғайық, қәне бірге...

Балалар: - Жаңа жыл бізге құт-береке әкелсін...
/айқайлайды/

Қоян: - Рахмет балалар, қанекей қол ұстасып, шыршаны айналып ән айтайық... /Бары қосылып Жаңа жыл туралы ән айтады/ Клоун: - Жаңа Жыл, Жаңа жыл, сіздің құрметіңізге бір ойын ойнайықшы... /Клоун тағы да бір қызықты ойын ойнайды. Ойын біткен соң, қасқырдыц ұлыған дауысы шығып, өлең айтып Қасқыр келеді. Қоян қорқып Шыршаның артына тығылып, қалады.../

Қасқыр: - Амансыңдар ма, балалар, саламатсыздар ма, ұстаздар?
Балалар: - Саламатсызба?
Қасқыр: - Мені танисыңдар ма, мен кіммін?
Балалар: - Қасқырсыз...

Қасқыр: - О, жарайсыңдар, мен сендермен бірге Жаңа жыл мерекесін тойлауға келдім... Айтпақшы, Қоян қайда? Жаңа осы жаққа кетті деп естіп едім.

Клоун: - Қасқыр мырза, мұнда Қоян келген жоқ.
Қасқыр: - Мен өз көзіммен көрдім, Қоян осы жерге келді, солай ма балалар?

Клоун: - Балалар, айтыңдаршы, Қоян бұл жерге келген жоқ қой? Балалар: - Иә, солай, келген жоқ... Қасқыр: - Жоқ, олай сендер мені алдай алмайсыңдар, мен Қоянның иісін сезіп тұрмын - деп, іздеп шыршаның қасынан көріп

қалып, - Қап, бәлем, тоқтай тұр - деп тұра қуады.
Клоун: - Қоян қаш, қаш... /Қоян қашады, Қасқыр шыршаны айналып қуады./

Қасқыр: - Тоқтай тұр, бәлем, бәрі-бір қашып құтыла алмайсың? Ей, Сайқымазақ маған Қоянды тауып бер?

/Клоун ебін тауып, Қасқырға білдірмей Қоянды қаптың ішіне жасырып тастайды/ Клоун: - Қасқыр мырза, Қоян сіздің даусыңызды естіп қорқып, ана жаққа қашып кетті? /деп, басқа жаққа сілтейді/ Қасқыр: - Не дейді? Қайда қашты, анда ма, қап, бәлем ұстап алсам аямаймын - деп, сол жаққа қарай тұра шабады

Клоун: - Ту, балалар Қасқыр кетті ма?
Балалар: - Иә, кетіп қалды

Клоун: - Олай болса, Жаңа жылды қапшықтың ішінен шығарып алайық - деп, қаптың аузын ашса, Қоян қорқып қозғалмай жатады. • Қоянжан, қорықпа, Қасқыр кетіп қалды қәне, орныңнан тұра қойшы, ааа... /Қоян қозғалмай жата береді/ • Қәне, балалар, бірге, «Қоянжан тұра қойшы» деп айқайлайық, қәне бір екі, үш... /Бәрі бірге айқайлайды, бірақ қоян тұрмайды/. • Қой, бұлай көп жата беруге болмайды, Дәрігер шақыру керек, солай ма балалар?

Балалар: - Иә, шақыру керек...

Клоун: - Қазір, қазір Дәрігер-Айболитті шақырамын, балалар жедел жәрдемнің телефоны қандай еді, 02 ма?

Балалар: - Жоқ, 03 деп айқайлайды
Клоун: - Ааа, иә, иә, 03 екен ғой деп, - соткасымен телефон соғады.

- Алло, жедел жәрдем бе? Дәрігер - Айболитті бола ма? Алло, мұнда біздің Жаңа жылымыз Қоян қатты ауырып қалды тез жетіңіз...

/Скорыйдың дауысы естіліп Дәрігер-Айболит келеді/ Айболит: -Саламатсыңда ма, балалар? Қәне, балалар кім ауырып қалған сен бе? Қазір укол беремін /деп бір-екі баланың өкпесін тыңдайды, тамағын қарайды/

Клоун: -Жоқ, Дәрігер мырза, Қоян ауырып қалды Айболит: - Ой, мен соңғы кезде ұмытшақпын, склерозбен ауырамын... Қоян қайда? /деп жерде қозғалмай жатқан Қоянды келіп тыңдайды/

Клоун: - Не болған екен, Дәрігер мырза?

Айболит: - Қоянның жүрегі қатты соғып тұр... /Дук-дук- дук деп жүректің қағысы естіледі/ Балалар, Қоянды қатты қорқытқан кім а?

Балалар: - Қасқыр...
Айболит: - Ол қайдан жүр?
Клоун: - Жаңа осында Қоянды іздеп келіп кетті

Айболит: - Иә, қыста боран күні ит пен қасқыр құтырады -дейді... Қазір Қоянға дәрі берейін деп, /аскорбинка алып береді. Қоян орнынан тұрады/ Қоян: - Ту, зәрем ұшты ғой, Қасқыр кетті ма, Айболит мырза сізге көп-көп рахмет... Клоун және балалар сендерге де рахмет менің өмірімді сақтап қалдыңдар... Айболит: - Айтпақшы, балалар, мен сендерге тұмауға қарсы дәрі беремін, /деп, балаларға бір-бірден аскорбинка тарата бастайды/ Жарайды, балалар мен кетейін, ауруханада жатқан науқастарыма барайын... /Музыка ойнап Доктор-Айболит кетеді/ Клоун: - Ал, балалар, Жаңа жылымыз Қоянға кім қандай өнер көрсетеді? Жақсы өнер көрсеткен балаға жақсы сыйлығымыз бар Қоян: - Иә, иә, дұрыс айтады, қәне, кімнің қандай өнері бар? /Балалар бір-бірлеп келіп өнерін көрсете бастайды.Балалар өнерлерін көрсетіп болғаннан кейін, сылдырлаған қоңыраудыц дыбысы естіледі/ Клоун: - Балалар, естіп тұрсыңдар ма, Аяз Ата мен Ақша Қардың ат шанасының дауысы естіліп жатыр, қанекей, бәріміз Аяз Ата, Ақша Қар деп айқайлайық... /Музыка ойнап, Аяз Ата, Ақша Қар және ескі Барыс жылы келеді/ Қоян: - Аяз Ата және Ақша Қар қош келіпсіздер? Мен сіздерден ертерек келіп Қалдым... Мұнда балалар өте жақсы, өнерлі, тәртіпті оқушылар екен...

Аяз Ата: - Армысыңдар, ардақты апайлар, бармысыңдар балғын балалар!
Ақша Қар: - Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Барыс: - Жаңа жылды тойлауға келген азаматтар мен азаматшалар, Қоян жылы мерекелі, берекелі жыл болсын...

Аяз Ата: - Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан.
Өздеріңе оралдым,

Бар сыйлығым- жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап,,
Келіп тұр-ау, демалғым...
Ақша Қар: - Аяз Ата, ән салмастан бұрын, мына шыршаны жағып алайық

- Жасыл шырша жарқыра,

Күн көзіндей жадыра,
Әсем бойың көрікті,
Жауқазындай жалтыра,
Жасыл шырша жарқыра...

/Осы кезде шырша жанып, музыка жіберіліп барлығы шыршаны айналып Жаңа жыл туралы ән айтады. Ән біткен бойда тағы Қасқырдың ұлыған дауысы естіледі/ Қоян: - Аяз Ата, Аяз Ата, Қасқыр тағы қайтып келе жатыр, құтқарыңдар, құтқарыңдар ол мені ұстап алса қылғытып жеп қояды... Аяз Ата: - Тоқтай тұр мен оны тоқтатамын, менің мына қолымдағы аса таяғым сыйқырлы, мұз қылып қатырып тастайды... Қасқыр: - Қоян қайда, Қоян қайда, табыңдар Қоянды? /Қоянды көре сала бас салып қуады. «Ну, погоди!» музыкасымен Қоян қашып Аяз Атаға тығылады/ Аяз Ата: - Әй, арам Қасқыр тас бол, мұз болып қатып қал... /деп таяғымен салып қалады. Қасқыр орнында сілейіп қатып қалады/

Клоун: - Массаған, денесі мұздай қатып қалыпты. /Қасқыр дірілдеп, тоңады/ Ақша Қар: - Аяз Ата, бір жолға Қасқырды кешірейік, Қасқыр, Қасқыр сен енді Қоянға тиіспейсің ғой... / Қасқыр басын изейді/ Аяз Ата, тиіспеймін деп жатыр, қайтадан жібітіңізші...

Аяз Ата: - Ыммм, балалар Қасқырды жібітейін бе? Балалар: - Иә, иә... Аяз Ата: - Жарайды, Енді Қоянға тиісуші болма, ол - Жаңа Жыл, биыл Қоянның жылы аулақ жүр... /деп таяғымен қайтадан

салып қалады. Қасқыр қозғалып жыбырлайды/ Қасқыр: - Аяз Ата, Қоян, балалар, мені кешіріңдер, мен ақымақ болып сендердің мерекелеріңді бүлдіре жаздадым... Аяз Ата, сол үшін сендерге «Қара жорға» биін билеп беруге бола ма? Аяз Ата: - О... өте керемет би қәне балалар, Қасқырға қол соғыңдар /«Қара жорға» әні жіберіліп, Қасқыр билейді./ Ақша Қар: - Қасқыр қандай талантты өте тамаша биледі, мінекей Аяз Атаның арнайы сыйлығын тарту етеміз...

Қасқыр: - Рахмет, Ақша Қар...

Клоун: - Айтпақшы, Аяз Ата, балалар сізге өз өнерлерін көрсеткісі Аяз Ата: - Әрине, біз қуана-қуана тамашалаймыз, солай ғой

Ақша Қар?
Ақша Қар: - Иә, солай, жақсы өнер көрсеткендерге Аяз Атаның сыйлығы бар.

Клоун: - Қәне, кімнің қандай өнері бар? /Балалар өнер көрсетеді//Одан кейін, тағы бір ойын ойнайды/

Аяз Ата: - Ал, балалар, біз бәріміз бірге ескі жыл Барысты шығарып салайық.
Ақша Қар: - Аяз Ата, Барысқа бір ауыз сөз берейік

Барыс: - Ия, жолдастар, былтырғы Барыс жылы Қазақ еліне табыс жылы болды. Астанада Хан шатыры ашылды. Қазақ елі Европалық Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Қазақстан Конститутциясының 15 жылдығын жоғары дәрежеде атап өттік. Ақтөбеде түңғыш Қазақстан Президенті атындағы саябақ ашылды. Ақын Нұрпейіс Байғаниннің 150 жылдығын өткіздік. Облысымыздың мақтанышы «Ақтөбе» футбол командасы еліміздің 4 дүркін чемпионы атанды. «Екі Езу» театры Республикалық «Айтқыштар Ақтөбеде» атты әзіл-сықақ сайысын ұйымдастырып, барлық қазақстандық айтқыштардың Ақтөбеде басын қосты. Сондықтан да маған өкпелерің жоқ шығар... Келесі кездескенше аман-есен сау болыңыздар! /Музыка Барыс қол бұлғап кетеді/ Клоун: - Барыс жылы сау болыңыз, қане балалар қоштасамыз... Ал, олай болса балалар баршаңызды Жана жылдық кейіпкерлермен ортаға биге шақырамын... 10-15 минут би билеп фотоға түседі/ Аяз-Ата: - Ал, балалар менің уақытым бітті келесі жерде сендер сияқты Жаңа Жыл мерекесін тойлаушылар күтіп отыр. қош сау болыңдар

Ақша Қар: - Сау болыңдар!
Қоян: - Келесі жылы кездескенше... /Музыка/

Клоун: - Сау болыңдар, олай болса, ал балалар менің де шаруам бітті. қош... /музыка ойнап клоунда кетеді/.

ЖАҢА ЖЫЛ КЕШІ

/6-11 сынып оқушыларына арналған/
/Сахнаға екі жүргізуші шығады. Бастарында санта клаустың бас киімі бар/
1: - Ал, құтты болсын, қолды әкел...

2: - Сен мені құттықтама, мына жиналған қауымды құттықта! 1: - Жоқ, мен сені Жаңа жыл емес, Қазақстан кризистен құтылды

деп жатыр, құтты болсын...
2: - Аа, бірге болсын!

1: - Олай болса, алда келе жатқан Қоян жылы құтты болсын... 2: - Осы біреулер Барыс жылы табыс жылы деді, Сиыр жылы ақ

мол болсын деп тіледі...
1: - Иә, дұрыс, Жылқы жылы жылқыдай қайратты болсын деп тіледік.
2: - Сонда Қоян жылы қоян сияқты қорқақ болайық деп тілейміз бе? /музыка/

1: - Жоқ ааа, Қоян жылы қазақтар батыр, басқалары қорқақ болсын деп тілейік... /музыка/

2: - Айтпақшы, бес саусақ бірдей емес деп бекер айтпаған. 1: - Рас айтқан.
2: - Дүниеде адамдар да бір біріне ұқсамайды.

1: - Әрине ұқсамайды. Бірақ, менің жүретін қызыммен жолдас баламның жүретін қызы бір-бірінен аумайды. Кейде ауыстырып аламыз шатасып...

2: - Кетей, ол қалай?
1: - Егіздер ғой... /музыка/
2: - Мына Жаңа жылда келетін Аяз ата да бір-біріне ұқсамайтын көрінеді.
1: - Әрине, әр елдің Аяз атасы әр түрлі болады.

2: - Ендеше соны көрсетейік. Бірінші қазақтардың Аяз атасы: - Әй, балалар сыйлық алыңдар тегін берем, бесплатно... мә алыңдар, әй, алыңдар- деп тегін таратады /музыка/ 1: - Біздің қазақтар ақ көңіл халық қой... Өзбектің Аяз атасы: • Сыйлық алыңдар бололар біттасы 200 теңгеден, көп

алсаңдар түсіріп берем... /музыка/
2: - Сығандардың Аяз атасы:

• Садақаға сыйлық беріңдерші, бақытты боласың, садақа беріңдерші, деп қолын жайып қайыр сұрайды... /музыка/

1: - Ал енді, Ауғанстанның Аяз атасы:
-Ақша қар, бронжелетті кидің бе?
2: - Ия, Аяз ата, кидім.
1: - Газовый пистолет, автомат, грантаметті алдың ба? 2: - Алдым, ата.

1: - Онда жүр, базар тонаймыз, сыйлық аламыз... /музыка/ 2: - Сонымен келе жатқан Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. 1: - Еліміздің шаңырағы мықты болсын... 2: - Олай болса, Аяза ата мен Ақша қарды және Жаңа жыл Қоянды тағыда басқа кейіпкерлерімізді ортаға шақырамыз. /музыка/

КОМАНДОС

(сатиралық мега миниатюра) Қатысатындар: 1. Амандос (ерке, жылауық басшы), 2. Кемпір (жас шамасы 70-те), 3. Хатшы қыз (Гүлбақыраш) 4. Мамыргүл (тазалықшы еден жуатын әйел), 5. Финпол (жігіт) 6. Қайрақбай (шал, жасы 70-те), 7. Қарашаш (әнші қыз), • Болғанбай (жасы 60-та, кадр бөлімінің меңгерушісі), • 4-жігіт (кемпірдің көмекшілері)

БІРІНШІ БӨЛІМ

/Шымылдық жабық тұр. Музыка жіберіліп, бір шал шығады. Біреуді іздеп жүр/ Шал: - Осында ма? Мен бір керемет жанды іздегеніме қаншама жыл болды. Әлі таба алмадым. Бірақ, қалай болғанда да табамын. Үмітімді үзбеймін ғой. Біреуден сұрасам, осында кетті дейді. Мұнда келсем жоқ. Қайда барарымды білмеймін. Мында бар, анда бар, ортаға бар дейді. Таба алмай жүрмін ғой. Бірақ, не болғанда да табам. Сіздер көрген жоқсыздар ма? АС Бірақ сіздер танымайсыздар ғой. Мына жақтан іздеп көрейін. Қазір табам. (Шымылдық ашылады. Мектеп директорының кабинеті. Ортада кішігірім кресло теріс қарап тұр. Музыка жіберіліп, сахнаға үш-төрт жігіт портфелмен билеп шығады. Би біткен соң, кресло бері қарап бұрылады. Ұялы телефонмен сөйлесіп кемпір ортаға шығады) Кемпір: - Иә. Жақсы. Бұл да әңгіме болып па? Қай ауданға барам дейді? Соны маған анықтап бер. Қалғанын өзім қатырамын.../тарқылдап күледі/ Ақысын төлесе, отыруға қақысы бар. Ол жағынан қам жемеңіз, өзім тікелей қадағалап отырамын. Жақсы сау болып тұр.

(Сахна сыртынан «әжеме айтамын» деп, жылаған адамның дауысы естіледі)

- Ой, тұқымың жайылғыр, мынау менің балам Амандостың дауысы ғой, жеті құрсақ көтердім, алтауы алты мекеменің тұтқасын айырылмай ұстап отыр, ал менің осы балам сұмдық ерке, үйдің сүт кенжесі жетінші ұл, бірақ, осы ауданда бақандай директор. Дырдай мектеп директоры. Амандосыма жылама, жылама деп, қашанғы айтсам да, миына қонбайды, құрғыр тағы не болып қалды екен?

/Сахнаға еңіреп жылап баласы келеді. Қолында дәу сұр портфелъ./
Амандос: - Апа, апа-ау.

Кемпір: - Не болды жылап, емшек сұрап тұрсың ба? Жұмыста жүргенде жылама дегенім қайда? Сен ауданда бақандай бір мектептің директорысың. Мына мұғалімдерден, оқушылардан, айналадан ұялмайсың ба? Амандос: - Апа, мен директормын ба? (жыламсырап) Кемпір: - Енді кімсің? Саған біреу директор емессің деді ма? Амандос: - Апа, Балтабай деген шал айтады, «осы сені кім директор қылған? Қолыңнан түк келмейді, шалқасынан жатқан шіріген бөренесің» дейді... /тағы жылайды / Кемпір: - Көтек, Балтабай дейді, ойпырмай ол алдымен өзіне қарап алсын, екі баласы бірдей алқаш, жұмыс таба алмай сенделіп қаңғып жүрген жоқ па?

Амандос: - Қоңқыштың шешесі бар емес пе? Сол айтады. Кемпір: - Ол не дейді?
Амандос: - Тоң майға піскен шикі бауырсақсың, - дейді /еңіреп жылайды/

Кемпір: - Ол әдірам қалсын ей, ол пұшық кемпірге не жоқ? Бет-аузы умаж-умаж болған екі жүз теңге құсап, ааа...

Амандос: - Ана Мұрындық деген әйел айтады Кемпір:- Ойыбай, Базарбайдың нанға жарымай жүрген жаман қара қатыны ма? Иә, ол не дейді? Амандос: - Баяғыда әкең де жылауық еді, сынықтан басқаның бәрі жұғады деген рас екен-ау, жылауық-жылауық деп мазақтайды. /Одан сайын жылайды/ Кемпір: - Оттапты, өзіне қарап алсын, косу мен бөлуді, косинус нен синусты біліп алсын...Сен шамалы 5-6 ай осы жерде мектепте директор болып отыра тұр. Сосын жоғарыға звандап өзім өсіремін. Жоғарылау үшін стаж керек, ұқтың ба? Амандос: - Қойшы апа, директор болмаймын мен /өкіріп жер тепкілеп жылайды. Әжейдің соткасы шырылдайды// Кемпір: - Әй, тоқтай тұршы, звандап жатыр, Әлеу, иә, иә... Әй, не қылған адамсыңдар бір миллионды Атырауға, екі миллионды Астанаға, бес миллионды маған әкеліп тастаңдар... Кубаль дейді, ол қайдан шыққан мықты. Атпаңдар, алып тастаңдар... Желкесін қиыңдар. Амандос: - Ана... Сөйлесе бермеші... Сөйлесе бересің сен. Кемпір: - (Амандосты креслоңға қарай әкеледі) Ал, портфелді. Отыр. (креслоға отырғызады) Мында маңызды шаруалар шешіп жатқанда басты қатырдың-ау, еркелеп. Сенің қатарларың ел билеп, жоғары қызметте жүр. Амандос: - Қойшы апа, мен директор болмаймын... /жерге портфелін лақтырып тастайды. Портфелдің ішінен музыка естіледі/ Кемпір: - Көтек, бұл ненің дауысы? Сөндір мынаны, сөндір. Мен саған бұл ойыншықты таста деген жоқпын ба?! Содан кейін, мен саған бұл портфелді жерге лақтырма дегенім қайда? Бұл ата- бабаңнан келе жатқан киелі портфель. Жүр, мында жүр (мінбеден түсіреді). Кабинетіңде отыра бермей, мектептің ішін арала. Мұғалімдердің жұмысын қадағалап қой. Маған тығыз шаруалар шығып тұр, қазір келемін. Астанадан адамдар келіп жатыр.

Амандос: - Қойшы апа, кетпеші...
Кемпір: - Не болды?
Амандос: - Қорқам...
Кемпір: - Неден қорқасың? Балам-ау, енді маған арқала деп тұрсың ба?

Амандос: - Арқалашы.
Кемпір: - Балам-ау, мен сені отыз жыл арқаладым емес пе а? Отыз жыл..
Амандос: - Тағы бір жыл арқалашы.

Кемпір: - Болды, кабинетіңе біреу кіріп келсе ұят емес па? Босқа еркелеме, жұмыстағы қағаздарыңды ертеңге реттеп қой...Түсіндің ба? Мен осы мектептің ішінде жүремін. Айтпақшы, біздің әулеттің ұраны қалай еді?

Амандос: - Талтаңбаевтар, алға...

Кемпір: - Дұрыс, Ал-ға! Ал-ға... (Апасы кетеді. Амандос төс қалтасынан қонжықты алып әңгімелеседі). Амандос: - Қонжығым, апама ренжіп қалған жоқсың ба? Апама ренжіме. Ол түсінбейді бәрібір. Мені директор қылып қойды. Сен директор боласың ба? Мынау саған жарасады екен. Сен директор болсайшы. Рас айтамын. Шыныңды айтшы қонжығым, осы мен директорға ұқсаймын ба? Неге мені анам бастық қылуға құмар, ал менің жәй ғана өнер адамы, әнші болғым келеді. Есіңде ме, маған сені кішкентай кезімде әкем сыйлады. Мен ол уақытта кішкентай ерке болатынмын. Әкемнің туған күнінде сені құшақтап тұрып өлең айттым. Сол күндер, менің әлі есімде. /Әке туралы ән айтады/ Керемет ән ғой. Тамаша ән емес па, айтшы, сондықтан да мен сені қасымнан тастамай бірге алып жүремін. Өйткені, сен маған өте қымбат сыйлықсың. Қонжығым... /деп жатқанда манағы шал келеді/

Шал: - Амансың ба, қарағым?
Амандос: - Ассаламағалейкум, ата!
Шал: - Кіммен сөйлесіп жатсың?

Амандос: - Жәй, әншейін. Өзіммен өзім, мұнда жәй жүрсіз бе? Шал: - Мен бір керемет жанды іздеп жүр едім. Амандос: - Кімді?

Шал: - Мен бір керемет жанды іздеп жүр едім.

Амандос: - Ол адамды неге менің кабинетімнен іздейсіз? Шал: - Жаңа біреу осы мектепке кетті деп еді. Көрмедің бе? Амандос: - Жоқ, көрмедім. Шал: - Ол бір керемет жан еді ғой. Қаншама жерден іздедім. Амандос: - Басқа жерден іздеңіз. Шал: - Ааа, жарайды, айналайын (алдыға қарай беттейді). Амандос: - Қайда барасыз? Ол жақ буфет. Жол жоқ. Мына

жақпен шығасыз.

Шал: - Айтпақшы, інім-ай. Келіп жатса, көріп жатсаң айтшы. Мені іздеп жүр деші. Жарай ма? Қаншама жыл болды. Ұмытпай айт. Сені іздеп жүр де /шал кетеді/ Амандос: - Айтам, айтам. (орнынан атып тұрып) Кімге айтам? Әу, кімге айтам? / осы кезде бір жігіт келеді/

Амандос: - Мынау не сендерге кіріп-шығып жүре беретін? Қарамайсыз ба?
Финпол: - Саламатсыз ба?

Амандос: - Саламатсыз ба! Иә? Біреуді іздеп жүрсіз бе? Финпол: - Иә. Сізді іздеп жүрмін. (жан-жағына қарап) Мектеп

директоры болып жұмыс жасайсыз ғой.
Амандос: - Апам біледі...

Финпол: - Жақында мектеп күрделі жөндеуден өтті ме? Амандос: - Апам біледі деймін.

Финпол: - Қалай апаң біледі?

Амандос: - Солай, апам біледі... Апааа... Апа /айқайлайды/ Финпол: - Әй, сіз неменеге айқайлап жатсыз? Маған апаң емес, мектеп директоры сен керексің. Мен қаржы полициясынан келіп тұрмын, осы мектептің қаражатын түгендеуге жіберді. /Торсық шошып кетеді/ Амандос: - Апа, апа, апааа /деп апасын бақырып телефонмен шақырады//Торсықтыц дауысын естіп апасы қайтып келеді/ Кемпір: - Құдай-ай, тағы не болып қалды? Мен саған жылама дедім ғой, сен үйде маған бала болғанмен сыртта дырдай директорсың.

Амандос: - Мені тексеруге адамдар келіп жатыр.

Кемпір: - Тексеруге... так... тұра тұр. Шырағым, сен кімсің? Тапа тал түсте менің баламды өлтірдің ғой. Әлде мекеме тонайтын қарақшысың ба? Қәнекей, бұл жерден тез тайып тұр. Әйтпесе осы арада аяғыңды аспаннан келтіремін. Финпол: - Өй, апа. Қайдағы қарақшыны айтып тұрсыз? Мен қаржы басқармасынан келіп тұрмын. Талтаңбаев Амандос деген сіздің балаңыз ба? Кемпір: - Шырағым, қайдан келсең де, айдан келсең де маған бәрібір, тапа тал түсте менің баламды жерге ұрып құлаттың ғой.

Финпол: - Қойыңыз апа, мен әлі оған тиіскен жоқпын. Мен енді тексеремін. Кемпір: - Немене?! Сен бізді тексеруге келмеген шығарсың. Сен анау, жоғалған қаражатты таппайсың ба? Амандос: - (еркелей ұрсып) -Таппайсың ба соны?! Финпол: - Сол қаражатты табу үшін мен сіздің балаңызды тексеру

керекпін.

Амандос: (апасын айналып қашып) - Апа... апа... мені тексерем деп жатыр /жылайды/ Кемпір: - Қазір, тыныш. Мен телефон соғып жіберейін... /қалтасынан телефон алады/ - Әлеу, әлөө... балам, амансың ба? Қалай шаруа жүріп жатыр ма? Мында біреу финполициядан келдім дей ма, басымызды қатырып тұр, трубканы берейін ба? Жақсы, иә. Әй, мә сөйлес... Финпол: - Иә, сәлеметсіз бе? Ааа, ассалаумағалейкум. Тыңдап тұрмын, Иә, иә, аха. иә... иәә... иә... иәәә... иәәәә, иәәәә аха. /Иә, иә, деп бір әуенмен әндетіп билеп кетін қалады. Үш жігіт те бірге билейді/ Кемпір мен Амандос бірге: (келеке етіп): - иә... иәә... иә... иәәә... иәәәә, иәәәә аха. Кемпір: - Балам-ау, бұндайлардың талайын әнші қылғанбыз... Былай дауысы жақсы екен. Құлаққа жағымды. Әуені де тамаша екен, иә? Амандос: - Дауысы онша емес, жаман-ақ. Аудандық мәдениет үйінде ән бір керемет әнші қыз бар... Ана, мен мектеп директоры болмай-ақ қояйыншы, ааа...

Кемпір: - Құлыным-ау, сонда кім болғың келеді?

Амандос: - Аудандағы «Жылтыр» мәдениет үйінің директоры Кемпір: - Сен не айтып тұрсың? Басыңа салқын тиген жоқ па? Есі дұрыс адам мәдениет үйіне директор бола ма? Не қаражаты жоқ, не атақ-абыройы жоқ. Көзіңнен қан ағып, «аналааан» жер тенкілен

жылағанның көкесі сонда болады.
Амандос:- Ана, мәдениет үйіне директор болсам жыламаймын, уәде беремін...
Кемпір: - Сені түлен түртті ма? Ол орынға неменеге қызығып тұрсың?
Амандос: - Мәдениет үйінде Қарашаш деген керемет әнші қыз жұмыс жасайды.

Кемпір: - Ол не қылған қыз? Қарашаш емес, тінті Қызылшаш болса да, мен саған қызды текті жерден әперемін. Қыл кеңірдек әнші қыздың маған түкке керегі жоқ... Керегі жоқ... Керегі жоқ! (шығып кетеді) Амандос: - Түкке түсінбейді анам. Қарашаш деген ақылды, әдемі. Оның даусы бақтағы бұлбұлдай сайрайды. Жүрегіңді елжіретіп жібереді. Қарашаш... /ауладан ән айтқан қыздың естіледі//Қарашаш ән айтып келеді. 4 жігіт бірге билейді/ Кемпір: - Тоқтат. Немене сендер сахнаны қойып, енді мектенке келіп ән айтатын болғансыңдар ма? Қарашаш: - Сәлем бердік, апа... Жоқ, бүгін ауа-райы сондай керемет тамаша болып тұр. Ән салғың келеді. Кемпір: - Құдайдың күні күнде керемет, сонда не ән айта бересіңдер ма? Әлде сендерде басқа жұмыс жоқ па? Амандос: - Туу, ана қойшы, ұрыспаңызшы. Қарашаштың даусы керемет қой. Сондай керемет, Қарашаш сенің даусың.

Қарашаш: - Рахмет Амандос.
Кемпір: - (Қарашаштың қолынан ұстап тұрган Амандосқа) Шық мына жаққа. Бол!

Қарашаш: - Апа, жақында Астанаға ән байқауына барамын. Соған осы «Ақ шағала» әнін апарсам деймін. Кемпір: - Шырағым, Астанаға барып не айтсаң да шаруам жоқ. Сен менің баламды қайдан танисың? Қарашаш: - Біз Амандос екеуміз 5 сынынқа дейін бірге оқыдық. Ән айтуға вокалға бірге қатысып жүрдік. Хорда ән айттық. Кейін Амандос гимназияға ауысып кетті. Амандос та керемет ән айтатын. Солай емес пе?

Амандос: - Иә, дәл солай.

Кемпір: -Хорда ән айттың ба? Жетіскен екенсің. Хорда ән салып қор болдым десейші, қор болдым... /Қарашаш пен Амандос екеуі қосылып ән салады/. Кемпір: - Тоқтатыңдар, миымды ашытып жібердіңдер ғой. Қарашаш: - Ана, Амандос әнді өте керемет айтады, иә? Кемпір: - Сонда сен қыз, не дегің келін тұр? /қызга ожырая қарап/ Қарашаш: - Біздің мәдениет үйінің директоры Балзия апай

әдетінше тағы декретке кетті.

Кемпір: - Сол қатын хронический екі қабат ау деймін. Жылда-жылда тумаса іші ауырады. Мейлі, туса туа берсін.

Қарашаш: - Директордың орны бос.

Амандос: - Иә, ана, мен сонда директор болайыншы...Кемпір: - Ааа, түсінікті болды. «Мектептің директоры болмаймын, болмаймын» деп жылауың жаман еді. Директор- дың орны бос деп, мына қыз айтқан екен ғой саған. Болмайсың! Отыр! (Қарашашқа) Бері кел. Айналайын, менің балам мына сенің теңің емес. Өйткені, ол барып тұрған жылауық... Әй не істеп тұрсың жыламай,жыласай...

Амандос: - Неге жылаймын? Не айтып тұрсыз? Қашан жыладым мен...Ұят емес па? Кемпір: - Жыламаймын деуін қара... Осы күнге дейін емшек еметініңді мына жұрт білмей ма? Сен қыз, білесің бе? /Қызды кетіру үшін ұлының еркелігін жайып салады/ Қарашаш: - (сасқалақтап) Білемін. Ааа апа, Амандостың ерке екенін білемін. Бірақ, ол сіздің қасыңызда ғана ерке. Ал, менің қасымда ол серке... /күледі/ Кемпір: - Жоқ, тоқтатыңдар. Бұл саған концерт қоятын мәдениет үйі емес. Бұл- мектеп директоры менің баламның кабинеті. Қане, шық, тайып тұрыңыз бұл жерден...

Қарашаш: - Сау болыңыз, апа. / Қыз кетеді/ Амандос: - Қарашаш, Қарашаш... (жылайды) Бәрін құрттың ғой, өзі келіп тұр еді... Кемпір: - Айналайын Торсықжан, адамға бірінші қызмет керек, қыз деген табылады. Ең сұлу қызға өзім орамал саламын. /тарқылдап күледі/

Амандос: - Жоқ, әже, Қарашашқа ешкім жетпейді /Мұңайып қалады/ Кемпір: - Сен не, Қарашаш, Қарашаш деп есің ауысып кеткен бе? Мектебіңде жап-жас мүғалімдер де толып жүр. Соларды байқап көр. Амандос: - Қарашаш келсе, жігіт сиякты сезінем өзімді. Ал, сіздің қасыңызда тұрсам бала сияқтымын (жылайды) Толып кетті...

Кемпір: - Не толып кетті?
Амандос: - Көзіме жас толып кетті.

Кемпір: - Шіркін, әке-шеше қасыңда болса, өмір бойы еркелейсің, менің аналық міндетім сені жоғарылату. Биікке өрмелету. Салмақты майлы креслоға отырғызу. Ал, сен болсаң қайдағы бір мәдениет үйіндегі әнші қызды айтасың. Осы мен сен үшін отқа түсіп, сен үшін жүйкемді жұқартып, айналаммен алысып- жұлысып жүрген жоқпын ба? Әкең болса ерте кетті. Сендерді жеткіземін деп, шашым ағарды... /жылайды/. Амандос: - Жыламашы ана, сіз жыласаңыз мен де жылағым келеді... /Екеуі қосылып жылайды. Осы кезде мектептіқ қоңырауы шырылдайды/. Кемпір: - Болды, тоқтат жылауыңды. Мен сені ертең басқа жерге, яғни, «Балқаймақ» май зауытына бас директор қыламын...

/Музыка жіберіледі. Шымылдық жабылады.
Бірінші бөлім бітеді. /

ЕКІНШІ БӨЛІМ

(Шымылдыц жабық. Авансценаға манағы шал шығады. Қолында үлкен фотосурет бар) Шал: - Іздемеген жерім қалмады... Міне, менің іздеп жүрген адамым (суретін көрсетеді). Көрген жоқсыздар ма? /деп залға түседі/Айналайын, мына кісіні көрмедің ба? Қайдан тапсам екен мен сені?! Бірақ, мен сені қалай болғанда да табамын. Сіз танымайсыз ба? /деп залдағы көрермендерден сұрайды да, залдың есігінен шығып кетеді/. (Сахна ашылады. Директордың кабинетінің іші. Кресло бұрынғыдан үлкен. Қаптаған жұмыс телефондары. Телефондар әр түрлі. Қызыл, жасыл. Формалары үлкен-кіші. Үлкен телефоннан дауыс жуан шығады. Кішкентай телефоннан дауыс жіңішке шығады. Үш-төрт жігіт билеп шығады.) Кемпір: - Міне, сенің жап-жаңа жұмысың. Көрдің бе? Бүгіннен бастан «Балқаймақ» май зауытының бас директоры болып тағайындалдың. Кәне, маңдайды әкел (маңдайынан сүйеді). Сенің қарамағыңда жүзге жуық жұмысшылар бар. Енді бір секіртсем аудан әкімінің орынбасары боласың, кейін әрі қарай жолың ашылады.

Амандос: - Жүздеген?

Кемпір: - Мынау үлкен мекеме ғой. Мыңдаған адам бар. Балам, жүре ғой, креслоңа отыр. Амандос: - Ана, мына кресло мектептің креслосынан биік қой... /Кресло биік, отыра алмайды/. Кемпір: - Секір, көтер аяғыңды... /деп Торсықты көтеріп демеп отырғызады. Торсық теріс қарап отырып алады./ Әй, балам. Қалай қарап отырып алдың? Түс, былай қара. Амандос: - Мынаған міне алмамын ғой. Ұста. Ана, мынау деген қоспақ түйенің үстінде отырған сияқты. Керемет жұп- жұмсақ екен.

Кемпір: - Бұдан да үлкен тақтар болады, бұйырса оған да отырасың. Амандос: - Ана, менің қарным әлі де өсе ме не? /еркелеп/. Кемпір: - Ол кезде доп-домалақ шар болып кетеді ғой. Амандос: - (қарнын көрсетіп) Былай өсе ме не? /мәз болып тұрғанда қолынан портфелі түсіп кетеді. /Қайтадан ойыншық аюдың музыкасы шығады/ Кемпір: - Өшір, өшір. Әкел маған, өртеп жіберейін. Мынаған не болған-ай, эС Неге түсіресің мына киелі портфелді? Ұста! Жоқ қыл! Бүгіннен бастан жоқ қыл! (ашуы тарқап) Балам, біздің ұранымыз қалай еді?

Амандос: - Талтаңбаевтар, алға...
Кемпір: - Олай болса, алға... /кемпір кетеді/.

Амандос: - Анам ақыры дегеніне жетті-ау. Бақ пен тақ қатар жүреді деген рас екен-ау. Осындай үлкен мекемеге директор болдым. Мәдениет үйіне директор болып керегі жоқ. /телефондарды көріп/ Мәссаған. Мынау, не деген қаптаған телефон? • Әлө, Амандос Талтаңбаев қой, иә. Ааа, шама келсе береміз ғой. Ақша? Ой, ақша сұрай беретіндерің не, құрсын. Давай, жақсы. Менде жиналыс болып жатыр. Оңай емес. Жақсы.

• Досыма телефон соғып жіберейінші.

Әлеу, Қапан бүл мен ғой, Амандос. Қалайсың? Торсығың не сенің-ей! Мен Амандос Талтаңбаев. Қой, мектеп директорың не? Мен қазір «Балқаймақ» май зауытына бас директор болдым... Иә, иә, әрине анам. Әй, анама айтпа сен. Шаруаң болса маған келесің ғой. Мен ғой директор. Мен шешемін ғой. Иә, жұмыста? Давай-давай. Хабарлассайшы. Ана жақта кісілер келіп жатыр. Жақсы. /трубканы қояды/ Рахат екен ғой.... Үйге қайтқым келмейді, кабинетімде отыра бергім келеді. Бәрі анамның арқасы ғой. Анама рахмет... (Кенет апасының даусы жаңғырып естіледі.) «Әй, балам. Жұмысыңды бастамас бұрын айналаңа өз командаңды жинап алуың керек». Амандос: - Мен өз командамды жинауым керек. Жұмысты содан бастаймын. /осы кезде еден жуушы әйел аяғын түртеді/

Тамыргүл: - Жолдан былай тұр.
Амандос: - Есікті қағып кірмейсіңдер ма? Бар!
Тамыргүл: - Өзім білемін.

Амандос: - Қалай өзің білесің? Сен кімсің соншама? Тамыргүл: - Кім екенімді көрмей тұрсың ба? Амандос: - Қалай-қалай сөйлейді өзі? Сіздерде мәдениет деген бар ма? Мәдениет сақтау керек. Тамыргүл: - Мәдениет сақтау үшін мына қалпақты шешіп қояды. /шешіп қолына береді/. Былай тұр! Амандос: - Білесіз ба? Мен директормын. Мен дирек- тормын! Тамыргүл: - Сен сияқты директорлардың талайының қалпағын

қайырып жібергенбіз.
Амандос: - Не айтып тұрсыз? Шығыңыз!
Тамыргүл: -Шығам.
Амандос: - Шық!

Тамыргүл: -Шығам.
Амандос: - Шық дедім ғой!
Тамыргүл: - Жұмысым бітсін! Былай тұр!
Амандос: - Шық дедім ғой сізге!

Тамыргүл: - Сен кімсің маған?! /келеке етіп/ Біреулер келер, біреулер кетер..

Амандос: - Доғарыңыз, шығыңыз!
Тамыргүл: - Бәрі де бекер, бәрі де бекер...

Амандос: - Немене бәле, ішіп алған ба? Бассыздық қой мынау! Офицант! Тфу! А, хатшы! Хатшы қыз! Хатшы: - Сәлеметсіз ба, ағай, орныңыз құтты болсын... Амандос: - Хатшы деген қыз бала болатын сияқты еді, сен не

еркекпісің?
Хатшы: - Ағай, не, қызға ұқсамаймын ба?
Амандос: - Ұқсамайсың...

Хатшы: - Қызға ұқсасам сөз айтайын деп пе едіңіз? Сізді бойдақ деп естідік. Ағай.

Амандос: - Қарамаңыз, қарамаңыз маған.
Хатшы: - Жарайды, ағай. Ренжіп қалдыңыз ба? Менің есімім -Гүлбақыраш.

Амандос: - Гүл бақыраш. Гүлді алып тастап, Бақыраш десем ше? Сол жарасады саған. Хатшы: - Өзіңізге қалай ыңғайлы солай атай беріңіз, ағай. Амандос: - Маған қарама олай. Так, былай болсын, маған штат

кестесін беріңіз.
Хатшы: - Бір минут /апарып береді/.
Амандос: - Офицантқа ұқсайды екен.

Хатшы: - Кешке офицант, күндіз хатшы дегендей. Ағай. Амандос: - Олай қарамаңыз дедім ғой. Барыңыз! Штат кестесі.

Айтпақшы, сендерде әнші дейтін штат жоқ па?

Хатшы: - Әнші... /таңданып/ «Балқаймақ» май зауытына әнші не керек ағай? Бұл клуб емес.

Амандос: - Мерекелерде керек болмай ма?
Хатшы: - Мейрамдарда мен айтамын әнді, міне былай... /ән айтады/

Амандос: - Доғарыңыз, даусың қандай жаман. Қарашаштың даусына жетпейді бәрібір.

Хатшы: - Қарашаш? Ол кім ағай?

Амандос: - Аудандық мәдениет үйіндегі әнші қыз ғой. Хатшы: - Біз де осы мекеменің бетке ұстар әншісі мен бишісіміз.

(тағы айтады).

Амандос: - Болды. Доғар, доғарыңыз. Қарама маған. Гүлбақыраш, мен мына кадр өзгерту мәселесін жоғарыдан бастайын ба, төменнен бастайын ба? Хатшы: - Төменнен бастайсыз ба, жоғарыдан бастайсыз ба, өзіңіз біліңіз, ағай. Амандос: - Так, мынау не деген қаптаған бөлім меңгеру- шілері, цехтың бастықтары, өзі сендерде қарапайым жұмысшы бар ма?

Хатшы: - Бізде бір адамға бір бастық, ағай.

Амандос: - Бұл не деген масқара, жауапсыздық. Бүгіннен бастан бәрін өзгертемін. Хатшы: - Сүйтіңізші ағай, бірақ, әй қайдам... /Торсық штат кестесін әрі-бері аударып қарайды/ Амандос: - Неге жасамаймын? Жасаймын. Сосын ана, еден сыныратын келіншектің аты-жөні кім?

Хатшы: - Тамыргүл Тазалықова...

Амандос: - Ендеше, қазірден бастап бұйрық әзірле, Тамыргүл Тазалықова жұмыстан босатылсын. Міне /хатшы қыз қағазды алуға барады/. Амандос: - Барыңыз, бұйрықты орындаңыз... /хатшы қыз кетеді/ Так, еден сыныруға кімді алсам екен? О! Қарашашты алам! Шынымен де Қарашашқа айтып көрсем. Бірақ, сонда ол еден жуып жүріп ән айта ма? Қой, ренжіп қалар Не айтып тұрмын мен. Қарашаш. Мен сені сағындым... /Қарашатыц айтқан әні естіледі. Торсық әнге еріп креслосын құшақтап билейді Билеп жүргенде кадр бөлімінің меңгерушісі Болғанбай аға келеді/. Болғанбай: - Браво, браво! Өте әдемі билейді екенсіз. Амандос: - Рахмет, сіз кім боласыз? Болғанбай: - Мен осы мекемеде қырық жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Болғанбай деген ағаң боламын. Амандос: - Болғанбай? Болғанбай десе болған адам екенсіз. Қырық жыл дейсіз бе? Ұзақ отырған екенсіз. Болғанбай: - Біздегілер солай ұзақ отырады. Сізді шақырды дегесін әдейі келдім.

Амандос: - Иә, иә, шақырдым.

Болғанбай: - Әлгі еден жуатын сары келіншек Тамыргүл Тазалықованы жұмыстан босату туралы бұйрық шығар дегенсіз бе...?

Амандос: - Иә, шығар дедім.
Болғанбай: - Әй сол болмайды-ау деймін.
Амандос: - Қалай болмайды?
Болғанбай: - Анау, айтып жүр ғой...

Амандос: - Кім? Кім айтты?

Болғанбай: - Іштегі барлық қызметкерлер айтып жатыр. Амандос: - Болғанбай аға, кешіріңіз мұнда директор мен... Менің еденімді кім сыпырады, кім жуады, оны өзім білемін.. Болғанбай: - Шешімді қабылдайтын өзіңіз. Бұйрық шығар десеңіз

шығарамыз.
Амандос: - Барыңыз.
Болғанбай: - Кімнің орнына барайын...
Амандос: - Жұмыс орныңызға барыңыз.

Болғанбай: - Ашулана бермеңіз. Ауырып қаласыз /кетеді/. Амандос: - Мыналары қызық қой. Сонда мен кіммін. Мен білдей қолымда мөрім бар дырдай директормын. Бұйрығыңыз артықтау деп қояды. Керек десең өзін шығарып жібермін. /кабинеттегі телефон шыр ете қалады / О, жұмыс басталды!

- Әлеу, әлө.

Телефон: - Әлө, бұл акиматтан. Бұл қай бала?
Амандос: - Амандос Талтаңбаев қой...

Телефон: - Маған кім болсаң да бәрібір, мекемеңде еден сыпыратын Тамыргүл Тазалықовадан аулақ жүр. Ұқтың ба? Ұқтың ба деймін? Аулақ жүр, аулақ! /телефон үзіліп кетеді/. Амандос: - Мен өз командамды жинамаймын ба... /қоңырау тағы шыр ете қалады/. Телефон: - Әлеу, бұл қаржы басқармасынан Бәкең ғой. Саған не болған еден сыпыратын сары келіншекті неге қозғайсың? Әлде қаржыдан қағылғың келіп тұр ма?

Амандос: - Жо, жоқ, мен өз айналама өз командамды жинағалы оймен... Телефон: - Алло, мұқият тыңдап ал. Бұл саған Астанадан хабарласып тұр. Немене еден жуатын Тамыргүл Тазалықова сенің егініңе түсті ме?

Амандос: - Жоқ...
Телефон: - Жеріңді өртеді ме?
Амандос: - Жоқ...
Телефон: - Әлде, еденіңді жумады ма?

Амандос: - Жоқ.

Телефон: - Неге үндемейсің, тіліңді жұтып қойдың ба? /телефон тыцц-тыцц//Торсық қорқа бастайды. Жан-жағына қарайды. Телефон тағы шыр етеді/.

Амандос: - Алло...

Телефон: - Інім, сізге не болған? Мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібастан хабарласып тұр едім ғой. Өлээ, неменеге Тамыргүл апайды жұмыстан шығарып жібергенсіз. Ұят емес пе? Қайтадан алыңызшы. Жарай ма? Ағааай? Алыңызшы. Амандос: - Жарайды енді... Уф, қайта мына Шымкенттен телефон шалған былай жұмсақ, мәдениетті екен /телефон шырылдайды/. Телефон: - Саламалейкум бауырым, Шалқардан хабарласып тұр едім ғой. Не болды ана Тамыргүл апаны жұмыстан шығарып жіберді дей ме? Не болды қатайып? Саған сенем, шеше.

Амандос: - Бақырашгүл... Бақырашгүл! /хатшы қызды шақырады/
Хатшы: - Не болды ағай? Бақырашгүлді де шақырайын ба? Амандос: - Ол кім?
Хатшы: - Экономист.
Амандос: - Экономист керек емес, Бақырашгүл, сен керексің маған.

Хатшы: - Мен Гүлбақырашнын, ал Бақырашгүл менің сіңілім. Амандос: - Маған жаңағы жұмыстан босаған Тамыргүл

Тазалықова туралы не білесің, айтып берші.
Хатшы: - Тамыргүл Тазалықова туралы сізге ертегі айтып берейін бе, ағай?

Амандос: - Қалжыңдамаңыз. Мен шын айтып тұрмын... Хатшы: - Ол туралы менен гөрі Болғанбай ағай жақсы біледі. Амандос: - Болғанбай деген кім?

Хатшы: - Менің нағашым.

Амандос: - А, болған адам ғой. Иә, иә. Шақыр оны тез... /Хатшы қыз шақырып келеді/.

Хатшы: - Құп болады. /телефон шыр етеді. Хатшы алмақшы болады/. Амандос: /шошып кетеді/ - Тимеңіз. Өзім аламын. Барыңыз. /жан-жақтан барлық телефондар шырылдап маза бермейді. Амандос қаша бастайды. Тығылып қалады/ Болғанбай: - Басеке, басекее. /жан-жағына қарайды. Амандостың орнына жайлап отыра береді./ Амандос: - Келдіңіз бе? /Амандос шошып кетеді/. Болғанбай: - Мынау қайдан келді? Амандос: - Тамыргүл Тазалықова туралы не білесіз? Болғанбай: - Тамыргүл Тазалықова? Ой, менде Тамыргүл Тазалықова туралы деректер өте көн. Оның жақсы қасиеттері туралы айтайын ба, әлде жаман қасиеттері туралы айтайын ба?

Амандос: - Жақсы қасиеттері туралы айтыңыз.
Болғанбай: - Ммм, қысқаша түрде айтайын ба, әлде ұзағырақ айтайын ба?
Амандос: - Қысқартпн айтсаңызшы.

Болғанбай: - Орысша айтайын ба, әлде қазақша айтайын ба? Амандос: - Қазақша айтыңыз.

Болғанбай: - Жазбаша түрде айтайын ба, әлде ауызша түрде айтайын ба?
Амандос: - Ойбай-ай, мейлі қандай түрде болса да айта беріңізші...

Болғанбай: - Ендеше тыңдаңыз, /айтып отырып, жайлап Амандостың орнына жайғасады/ Тамыргүл Тазалықованың нағашы ағасы Астанада Министрдің орынбасары, нағашы апасы Алматының «Алатау» базарының бастығы, ал бір ағасы облыстық білім басқармасының бастығы, бір ағасы денсаулық басқармасының бастығы, ал енді бір ағасы обл. СЭС-тің бастығы, айтпақшы, ұмытып барады екенмін, жиендері бар. Жиендері жынды... /дей бергенде Торсық жерге тізерлеп отыра кетеді/ Шалқардан. Қабырғаңды қайыстырады. Рэкет. Құдашалары... құдашалары.

Амандос: - Болды. Тоқтаңыз.
Болғанбай: - Құдашаларын айтайын да..
Амандос: - Жоқ, айтпаңыз.
Болғанбай: - Айтпа десең айтпай-ақ қоямыз. Айт десеңіз айтамыз.

Амандос: - Айтпа деймін. Қажеті жоқ.
Болғанбай: - Құдашаларын айтуым керек еді.

Амандос: - Мынаның бәрін шын айтып тұрсыз ба? Болғанбай: - Біз жалған ақпараттар жинамаймыз.

/ыңғайсызданып/ Аа, келіңіз, отырыңыз.

Амандос: /орнына барғанша еңбектеп барады/. - Министрдің орынбасары... Білім басқармасы... денсаулық басқармасы... жиендері. Тамыргүл Тазалықова өсіп тұрған алып бәйтеректің тамыры екен ғой, иә?! Оның тамырына балта шапқан мына мен қандай ақымақпын, ұятсызбын, көрген- сізбін, топаспын /өз басын өзі ұрып сабалайды/. Хатшы: - /келеке етіп күліп/ Сондай екеніңізді келген кезде біліп едім. /Оған Болғанбай қосылып күледі./

Амандос: - Осы сен де бір тегін емес сияқтысың, сенің командаң қандай?
Хатшы: - Менің командам шет елде... Ағай.

Амандос: - Сенің де тамырың тереңге жайылған ба? Хатшы: - Терең болғанда қандай, осы арадан тура жердің арғы беті Африкадан шығып тұр, жартысы Америкада. Болғанбай: - Бұл хатшы қыз туралы да деректер көп. Бұл қыздың

командасы шет елде...

Амандос: - Африка, әуелі өзімізді қарық қылып алайық, сен онда былай жаса, ана еден сыпыратын келіншекті маған тез шақыршы.

Хатшы: - Құп болады. /жүгіріп кетеді/ Амандос: - Болғанбай аға, сіздің командаңыз қандай? Болғанбай: - Менің командам ба? Мен совет үкіметі құлағаннан

бері келе жатқан аралас-құралас құрама командасынан боламын, шырағым.
Амандос: - Құрама команда... Барыңыз.
Болғанбай: - Қайда барайын?
Амандос: - /шыдамы жетпей/ Орныңызға.

Болғанбай: - Ааа. Айғайламаңыз... Ашулана бермеңіз... Ауырып қаласыз.
/Тамыргүл келеді. Болғанбай кетеді/
Тамыргүл: - Ағай? Сәлеметсіз бе?
Амандос: - Аа, иә-иә. Бас киімді шешу керек. Мәдениет сақтау керек қой.

Тамыргүл: - Ағай, еденді сыпыра берейін бе?

Амандос: - Жоқ, керек емес, өзім сыпырамын. Маған беріңіз. Тамыргүл: - Мәссаған, дырдай директор еден сыпыра ма не? Амандос: - Неге сыпырмайды? Сыпырамыз. Беріңіз... /есін жиып/

А, Тамыргүл, оңаша әңгіме бар еді сізбен.
Тамыргүл: - Менімен бе? Оңаша?
Амандос: - Сен өзі не бітірдің?
Тамыргүл: - Бүгіндікке еден сыпырғаннан басқа дым бітірген жоқпын.

Амандос: - Жооқ, олай емес. Қандай оқу бітірдің? Қандай дипломың бар? Тамыргүл: - Оқу? Мен бе? Қайдан болсын. 8-ші класты шаққа деп өзім бітірейін деп жатқанда күйеуге алып қашып кетті. Иә. Содан қалдық қой. Амандос: - Дипломыңыз жоқ, оқымаған, білімсіз, ойбай-ау, сіздей сауатсыз адамдар бізге керек қой. Қайда жүрсіз? Таптырмайтын мамансыз ғой. Тамыргүл Тазалықова. Сіз бүгіннен бастап менің бірінші орынбасарым боласыз... Тамыргүл: - Орынбасар... Орын-басар. Сонда қалай сіз өлгенде орныңызды мен басамын ба?

Амандос: - Жоқ, олай емес, өлгені несі? Сіз менен кейінгі бастықсыз... Тамыргүл: - Ойбай ағай, еденді кім сыпырады? Мен бір күн болмасам кабинеттер азып кетеді.

/2ренжіп қалады/
Тамыргүл: - Өзім сыпырам.
Амандос: - Беріңіз. Сізге болмайды.

Тамыргүл: - Нан тауып жүрген... /екеуі таласып, билеп кетеді/. Екеуін қосып істеуге болмай ма? Амандос: - Олай болмайды... Сіз мекемеде менен кейінгі бастық боласыз, бұйрық шығарасыз.

Тамыргүл: - Ойбай, құйрық шығарғаны қалай?

Амандос: - Не айтып тұрсың? Бұйрық шығарасыз. Мекемеде үлкен мәселелер шешесіз. Тамыргүл: - Иә шешемін, шешуді тіпті қатырам ғой, сосын ағай, керек десеңіз бәрін сыпырын тастаймын... Амандос: - Жаңа айттым ғой, сізге еден сыпыруға болмайды деп. Сіздің орныңыз жоғарыда. Жүріңіз. Тамыргүл: /таң қалып/ - Анау ма? Ыңғайсыз ғой. Бұрын шығып көрмегесін. Аа, сыпырғышымды не істеймін?

Амандос: - Отқа өртеп жіберіңіз.

Тамыргүл: - Өзіммен бірге алып жүрейін. Қолым босағанда, ішім пысқанда сыпыра саламын ғой. Үйреншікті..

Амандос: - Жүріңіз, орныңызға отырыңыз.

Тамыргүл: - Гүлбақыраш... Жоғарылап бара жатырмын. Амандос: - Осы жерде сіз баяғыда отыруыңыз керек еді. Сіздің

орныңыз ғой.

Тамыргүл: - Рахат. Бәрі көрінеді екен ғой. Сізді төбеңізден көріп тұрмын /сыпыртқысын алып/ мына жерді былай сыпыруға болады. Рахмет ағай.

Амандос. - Енді маған қауіп жоқ. Ох, Гүлбақыраш, /айқайлап шақырады/.
Хатшы: - Не болды ағай, даусыңыз қатты шығып кетті, жаныңызда отырмын.

Амандос: - Мені тыңда Гүлбақыраш. Бұйрық. Нөмірі бесінші бұйрық. Бүгіннен бастап Тамыргүл Тазалықова осы мекеменің басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын... Хатшы: - Ағай, одан да мені, орынбасар қылып мені алмайсыз ба? Сізге айттым ғой, менің командам шет елде деп... /ренжиді/ Амандос: - Көп сөзді доғарыңыз, бұйрықты орындаңыз... Амандос: - Бұл бұйрығым енді дұрыс болды... Енді маған сырттан келетін жау жоқ... /тағы телефон шыр ете қалады/ Телефон: - Алло, Амандос. Добрый день! Я вас много слышал. Вас беспокойть Россий из министерству сельскую хозяйство... Амандос: - Ааа Ресей... Телефон: - У меня не большая просьба к вам. У вас работает Гулбакыраш. Немогли бы, вы ее в течение трех-четерых дней новысить но должности. Благодарю вас заранее. До связи! /тыцц-тыцц/.

Амандос: - Там уже Тамыргул сидит. Дұрыс айттым ба өзі? /қоңырау соғылады/
Телефон: - Хелоу, май неейм из Джон, Айм президент оф Америка.
Амандос: - Америка?
Телефон: - Ес. Гүлбакыраш... Гүлбакыраш. Щу беком ту презинт... ок?

Амандос: - Ок. Ок. Гүлбақыраш? Сәлеметсіз бе? А, мана көрдім ғой. Мен байқамаппын. Сен өзі тегін адам емес екенсің. Командаң шет елде...

Хатшы: - Айттым ғой сізге.

Амандос: - Иә, айттың. Басым жасамайды сол /басын ұрады/. Сіз бүгіннен бастан менің екінші орынбасарым боласыз. Жүріңіз. Хатшы: - Қарама маған. Қарама. Қарама дедім ғой. Амандос: - Енді Қытайдан хабарласпай тұрғанда анама хабарласын жіберейінші... /анасына телефон шалады/. - Ало, ана. Мен ғой Амандос. Ана, мені алып кетші мына жерден.../жылайды/. Жұмыс жасатпайды екен мыналар. Жаман. Иә, тез келіңізші иә. Алып кетші. Тез кел. Иә.

Қарашаш: - Амандос, кіруге бола ма?
Амандос: /шошып кетеді/. - Ана.
Амандос: - Кімді іздеп жүрсіз? Тамыргүл ма?

Қарашаш: - Амандос, саған не болған, сенің есің ауысқан ба? Түріңде өзгеріп кеткен. Мен Қарашашпын ғой. Қарашаш... Амандос: - Қарашаш... Қарашаш... Кешірші, сені танымай қалдым. Сен мұнда неғып жүрсің? Қарашаш: - Мен сені осы жерге директор болды деп теледидардан көрдім. Жағдайыңды сұрайын деп келдім. Амандос, сосын бар ғой, мен Астанадағы ән байқауынан бірінші орынды жеңіп алдым. Амандос: - 1-ші орын! /екеуі құшақтасады. Амандостың папкасы түсіп кетіп, ішінен музыка ойнайды. Алып сөндіреді де, Қарашашқа береді/. - Бұл өте қымбат сыйлық қой. Мұны маған кішкентай кезімде әкем сыйлады. Соны саған берем ба деп жүргенмін.

Қарашаш: - Рахмет. Сондай керемет әдемі сыйлық. Амандос: - Ұнады ма? Қарашаш: - Рахмет, саған Амандос. Ұнады /Манағы шал келеді/ Шал: - Сені іздеп таба алмадым-ау...

Қарашаш: - Сәлеметсіз бе?
Амандос: - Сіз тағы келдіңіз ба?

Шал: - Әй сен, өткенде мектеп директоры болып отыр едің. Енді бүгін мында директорсың ба? Жүрмейтін жерің жоқ екен сенің.

Амандос: - Кімді іздеп жүрсіз?

Шал: - Мен бір керемет жанды іздеп таба алмай жүрмін. Амандос: - Тамыргүл Тазалықованы іздеп жүрген шығарсыз? Тамыргүл: - Саламатсыз ба?

Шал: - Бұл емес.
Амандос: - Гүлбақыраш шығар.
Хатшы: - Саламатсыз ба?!
Шал: - Бұл да емес.

Шал: - Бір керемет жанды. Бала күнімізде бірге оқыдық. Кейін ол тұрмысқа шықты. Балалы болды. Күйеуі қайтыс болды деп естігем. /Ентігіп кемпір келеді/

Кемпір: - Балам? Не болды бұл жерге де жұмыс жасағың келмей тұр ма?
Қарашаш: - Сәлеметсіз бе, апа.
Кемпір: - Амансың ба? Мына қыз қайдан жүр?

Қарашаш: - Амандосты осында директор болғанын естіп, арнайы құттықтай келдім. /күліп/

Амандос: - Сосын ана, Қарашаш деген бас жүлдені жеңіп алды. Шал: - Бақыт...
Кемпір: - Сен кімсің? /шошып кетеді/.
Шал: - Мен ғой, Қайрақбаймын ғой.

Кемпір: - Қайрақбай... /үндемей ойланып қалады/ Сен әлі тірімісің? / Екеуі құшақтасады/

Шал: - Тірімін ғой.
Кемпір: - Сен баяғыда менің соңымнан қалмаушы едің ғой. Бала-шағаң аман ба?

Шал: - Қайдағы бала-шаға? Мен әлі үйленген де жоқпын. Амандос: - Ана, сен де қарап жүрмеген екенсіз ғой. Кемпір: - Қойшы, ей, қайдағыны айтып, екеуіміз көрші болдық, бір мектепте оқыдық. Бұл сенің әкеңнің кластасы. Әкеңнің көзін көрген адам... /жыламсырап/ Амандос: - Ана, сонда бұл кісі біздің командадан ба? Командос. Амандос. Не болып кетті ана өзі? Мен Командоспын ба әлде Амандоспын ба? Ана, мені мәдениет үйіне директор қылыңызшы. /Кемпір тоқта отырған Болғанбайға қарайды/.

Болғанбай: - Болсын, болсын.
Кемпір: - Болсаң болшы.
(Музыка жіберіліп, кейіпкерлер билей жөнеледі.
Амандос портфелі мен шляпасын қоя салып, әжесіне дирижер бола қалады).

ОЙДЫ ОЙ ҚОЗҒАЙДЫ

ӘР НӘРСЕНІҢ ӨЗ БҰРАУЫ БАР...

Музыкант сахнаға шығар кезде қолындағы музыкалық аспабының бұрауын келтіреді. Әйтпесе, өзі бір жақта, әуені бір жақта қалады. Аспаптың нәрнесін қатты бұрамайды. Үзіліп кетеді. Басшы да сол сияқты. Ол да дирижер. Қарамағындағы қызметкерлер — әр түрлі аспаптар. Олардың да бұрауын дәл келтірсе, жұмысы жамырамай, айқай-шусыз жақсы жүреді.

ТАЛАНТСЫЗ АДАМ ТУМАЙДЫ

«Әр адам дүниеге келгенде оның бойында бір ерекше қасиеттің, болмаса таланттың дәнегі бірге қалыптасады. Ол дән өсіп жетілу үшін оған жеміс ағашын өсіргендей бап қажет. Яғни, отбасында саналы тәрбие, қамқорлық немесе тағы басқалар. Кейбір адамдарда сол дәнек көктеп өседі. Жеміс береді. Елге әйгілі болып аты шығады. Кейбіреулерінде шыққан ортасына байланысты көктемей, іште қалып кетеді». “ӨСЕКШІ МЕН ӨТІРІКШІЛЕР ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ БАР, ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ ҰЛАҒАТТЫ АДАМДАРДЫҢ ӨСКЕНІН ҚАЛАМАЙДЫ”.

“АЙДЫҢ АРҒЫ БЕТІ СИЯҚТЫ, АДАМНЫҢ ДА КӨРІНБЕЙТІН ЖАҚТАРЫ БОЛАДЫ”.
«Менің сыртым — сатира, ішім — лирика».
«Сатирадан сұлулық, әзілден әдемілік іздеме».
«Мен театрды жақсы көремін және жек көремін».

«Қоғам — сатира жасайтын фабрика». «Әншінің бағы тірі дауыстағы әлемдік сайыстарда жанады. Бағаланады. Кәсіпқой актерлердің еңбегі киелі сахнада өлшенеді. Ал, әуесқойлық деңгейде өтетін көпшілік іс-шаралармен театрдың шығармашылық жұмысын салыстыру немесе баға беру үлкен қателік. Мұндай қадамға театр әлемінен хабары жоқ адамдар барады». «Мені қызмет аясынан қуса да, өнер әлемінен ешкім қуа алмайды. Өйткені, өмірім өнермен байланысты». «Қалтаңда миллион теңге немесе одан да көп болса, басыңда сол қаражаттың мөлшеріндей ми болғаны дұрыс. Әйтпесе, сені ақша билеп кетеді». «Өмірде өзіне де, өзгеге де риза емес адамдар болады. Олар біреудің жетістігі мен қуанышын ешқашан бөлісе алмайды. Өйткені,ол адамдар өз ортасында өзінің неге сыйсыз, абыройсыз, болмаса беделсіз екенін мүлдем білмейді. Сезбейді. Тіпті, бұл сұрақты өзіне тура қоя да алмайды. Мұндай адамдар қайта тумаса ештеңе көмектесе алмайды». «Аузыңнан жүйесі жоқ артық әңгімелер айтылған сайын, жүретін жолың мен тынысың тарыла береді». «Сатқындар мен екіжүзділер жайлаған ел ешқашан мәңгілік мемлекет бола алмайды». «Егер менің айналамда көре алмаушылар көбейе бастаса, бұл жақсы жетістіктерге жеткенімнің белгісі». «Өнер әлемінде талантты да, талантсыз да жүреді. Ең сорақысы өнерді талантсыз адам басқарса — өнер тұншығып өледі». «Көн жылдар бойы әуесқой көркемөнерпаздар ұйымдарымен жұмыс жасаған адам кәсіпқой өнер ұжымдарын басқарса жөн етеді».

«Өнерді сүйген өлмейді». «Дүниеде өзге біреудің аузымен немесе қолымен артыңнан шұқын, шоқ көсейтіндер көп. Түбінде солар сол отқа өздері түседі».

«Өмір сүру — қауіпті ойын. Алдыңнан біреу тұзақ құрады. Ор қазады. От жағады. Жолың кейде ашық, кейде жабық. Өмір өткелдерінен аман-есен өту әр адам үшін — ерлік. Өте алмасаң қорлық. Кейде тұщы дегенің ащы, ақ дегенің қара, су дегенің у болып шығады. Дос деп жүргенің жылан болып шағады. Бірақ, кімде-кім бпл қиындықтарды айналын өтпей, шешімін тауып жеңіп өтсе, ол адамның алдынан бақыт пен абырой күтіп алады». «Түсінбеймін, біреулер айдаһармын деп аузынан от шашады. Біреулер баймын деп басынады. Енді біреулер күштімін деп күшенеді. Әйтеуір, қазір қарапайым адамдар азайып барады». «Құмды електен өткізсе ішінде грамға жетпейтін алтынның түйіршіктері болады. Еңбекқор адамдар соны күні-түні сумен шайқап алтын жинайды. Табысқа кенеледі. Шындық та алтын сияқты. Өмірден шындықты теру өте қиын. Тек, әділдікті іздеген адам ғана түбінде шындыққа жетеді». «Сын көтермейтін адам болаттай морт сынады. Ал, сынық нәрсе іске аспайды. Еш жерге жарамсыз». «Адам баласы өзінен де мықты күштілердің бар екенін үнемі есіне алып жүрсе, сабасына түседі. Сабасына түссе сабырлы болады. Сабырлы кісі әрқашан сыйлы». «Егер көршінің баласы сенің отбасың туралы айтып жүрсе, онда сол үйдің иелері сенің отбасың туралы әңгіме қозғайды екен». «ҚАЗІР КІМ ӨЗ ОРНЫНДА ОТЫР ДЕЙСІҢ? ЖҰМЫСТЫҢ АЛҒА БАСПАУЫНЫҢ БАСТЫ СЕБЕБІ ДЕ СОЛ. ЕГЕР, ӘР КІМ ӨЗ ОРНЫН БІЛІП ҚЫЗМЕТІН АТҚАРСА, ҚОҒАМ ДА, АДАМ ДА ҚАСІРЕТ ШЕКПЕС ЕДІ. ҚЫЗМЕТТЕ ЖОЛ ТАБА АЛМАҒАН АДАМ ЕЛСІЗ ДАЛАДА АДАСЫП ЖҮРГЕНМЕН БІРДЕЙ ЕКЕН».

«Мал бағушыларды жалпы, малшы дейміз. Бірақ, қойшы түйеші бола алмайды».
«Көрермен — көрінгеннің ермегі емес».

«Дербес ел болғаннан кейін әр ұлттың өзіне тән тілі, дәстүрі, ұлттық киімі мен талғамдары болады. Сол арқылы біз әлемде бір-бірімізді ажырата аламыз. Жер шарының адамдары бәрі бірдей болуы мүмкін емес. Қысқасы, дін мен салт-дәстүрді шатастырып алмағанымыз жөн сияқты».

«Бұрын аяқтан шалып құлату бар еді. Енді аяқтан пышақтайтындар бар». «Қазақ пен домбыра — егіз ұғым. Нағыз қазақ домбыра деп бекер айтылмаса керек». «Бір адам адасса қиын емес, жол сілтейтін екінші адам табылады. Ал, халық адасса қауіп». «Япырай, айналасына мүлдем көзі түспейтін адамдар болады. Түк көрмей қалады. Бірақ, басшыларды алыстан танып, сүрініп-қағынып тұра жүгіреді». «Танымал тұлғалардың есімі қазақтың жүрегінде тасқа қашалып жазылып қалды. Оны өшіру мүмкін емес. Ал, аттары бормен жазылған білгіштер ертең-ақ сүртіліп қалады». «Концертке билет сатылады. Пойыз бен ұшаққа да табылады. Бірақ, балалық шаққа билет жоқ екен».

«Мемлекеттік қызмет ешкімнің меншігі немесе әкесінен қалған мұра емес».
«Адамның бет-пердесі ортаға ақша түскенде қандай екені айқындала бастайды».
«Бетсіздердің бетіне түкірігімді де қимаймын».

«Басшы болуды бәрі армандайды. Өзін-өзі басқара алмайтындар да бұл қызметке үйір-ақ. Он екі мүшесіне ие бола алмаған адамннан ел мақтаған адал басшы шықпайды». «Қызметке жаңа келген басшылар екі түрлі команда жинайды. Бірі жұмысты ілгері жүргізу үшін іскерлер, жауапты мамандар іздейді. Бұл- нағыз жұмыскер, адал адам. Екінші түрі тума-туыс, таныс-тамырлары мен жақындарын қасына тартады. Бұл-нағыз туысқаншыл, бауырмал адам».

ШЫМШЫМА ШУМАҚТАР

Ит иттігін істейді
Қанша бақсаң да,
Бір күні аяғыңнан тістейді.
Қатын да қатындығын істейді

Мойныңа бір мінсе,
Өмір бойы түспейді.
Залым басшы —
Зұлымдығын жасайды,

Ебін тауып бір күні
Бюджетті жеп асайды.
Арсыз басшы —
Билікті көздейді,

Айналасын мүйіздеп,
Туысына қызмет іздейді.
Адал адам өшпейді —
Бірақ, қызметте өспейді.

Жаман адам өшеді —
Бірақ, өшкенше өседі.

ӨЗГЕ ЕМЕС,

ӨЗІМ АЙТАМ ӨЗ ЖАЙЫМДЫ..

МЕН ТУРАЛЫ ҒОЙ

Жұбатқан Нұрлыбек Хайроллаұлы Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония ұжымында «Екі езу» сатира театрының көркемдік жетекшісі, ҚР-ның Мәдениет қайраткері. 2013-2017 жыл-дары облыстық Тахауи Ахтанов театрын басқарды. Жұбатқан Нұрлыбек 1968 жылы 17 қарашада Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Жылтыр селосында өмірге келді. 1986 жылы орта мектепті бітіріп, 1990- 1995 жылдары Әль - Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Мәдени, ағарту жұмыстарын ұйымдастыру» факультетінің «театр ұжымының жетекшісі» бөлімін оқып тәмәмдағаннан кейін, Ақтөбе қаласындағы облыстық филармония мен бір мезгілде, Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің театр бөлімінде 2 жыл дәріс беріп, еңбек жолын бастады. 1996 жылы Облыстық мәдениет басқармасы жанындағы «Мәдениет қызметкерлері шығармашылық одағының» орынбасары болып қызмет атқарды. 1997-1999 жылдары облыстық «Ақтөбе» газетіне меншікті тілші болып қызмет жасайды. Газет қабырғасында қызмет атқарып жүріп, ол халық көкейіндегі өзекті де өткір мәселелер жөнінде және елдің мәдени-рухани өміріндегі болып жатқан оқиғаларды үнемі газет бетіне жариялап отырды. Ол сонымен бірге газет ішінен көптеген айдарлар ашты, мысалыға «Күміс микрофон», «Қалжың қаншық», «Сиқырлы дүние», «Тұрмыс түйткілдері» және т.б. Нұрлыбек өзінің жаңашыл әрі ізденімпаздығының арқасында, осы салада қызмет атқара жүріп «Екі езу» күлкі клубын ұйымдастырды, сонымен бірге «Екі езу» әдеби - сын сықақ газетін шығарды. Жергілікті телеарналардан «Екі езу» әзіл сықақ бағдарламаларын жасады. Оған дәлел облыстық «Қазақстан - Ақтөбе» телеарнасында 2 жылға жуық уақыт «Екі езу» әзіл - сықақ тележурналын түсіріп, халыққа көрсетті. Театрдың жетістіктері туралы жазған оның әңгімелері мен әзілдері облыстық басылымдарда және республикалық «Жас алаш», «Қазақстан әйелдері», «Казахстанская правда» газеттерінде жарық көрді. Нұрлыбек қозғаған көкейкесті мәселелер өткір әрі халықтың ойынан дөп шығып жатты. 1996 жылдан бастан реснпбликаға танымал «Тамаша», «Күлкі керуені», «Терісқақпай» театрларымен шығармашылық байланыс орнатты. Ол - көптеген әзіл - сықақ интермедияларының авторы. «Тамаша» ойын - сауық отауында оның жазған «Операция», «Арықтау тәсілі», «Мисс-96», «Ажырасу», «Әжелер сайысы» және т.б. интермедиялары орындалып, республикалық телеарналарда көрсетіліп жүр. Қазақ эстрадасының тарландары Қ.Сұлтанбай, Л.Кәденова, марқұм Т.Құлыбеков Н.Жұбатқан жасаған күлкілі кейіпкерлерді сахналады. 2000 жылы жігерлі жұмыстарының нәтижесінде «Ақтөбе» газетінің 75 - жылдық мерейтойына орай оған қала әкімі арнайы алғыс хат табыс етті. • жылдан бастан облыстық деңгейдегі «Екі езу» мәдениетті қолдаушы қоғамдық қорының төрағасы болды. • жылы Нұрлыбек өзі ұйымдастырған күлкі клубы үлкен театрға айналып облыс әкімінің шешімімен мемлекет қарамағына көшеді. Қазірдің өзінде «Екі езу» эстрадалық миниатюра театры Қазақстан Республикасы мемлекеті қарамағындағы жалғыз әзіл -сықақ театры. 2001-2013 жылдар аралығында «Екі езу» эстрадалық миниатюра театрының директоры, әрі авторы болды. • жылы Алматы қаласында өткен І-республикалық әзіл- сықақ конкурсында ІІ-ші жүлделі орынды жеңіп алды және осы жылы Астана қаласында өткен Ү-Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде оның театры «ГРАН-ПРИ» (бас жүлде) жеңіп алды. 2002 жылы Н.Жұбатқанға облыс әкімінің шешімімен ұлттық мәдениетті дамытуға, театр өнерін ерекше көтеруге қосқан үлесі үшін «Жыл адамы» атағы берілді. 2002 жылдан бері Нұрлыбектің бастамасымен жыл сайын әзіл-сықақшы таланттарды іздеп, оларды жарыққа шығару мақсатында «Айтқыштар Ақтөбеде» атты облыстық әзіл-сықақ сайысы өткізіліп тұрады. Осы сайыстың жеңімпаздары таланттарын шыңдау үшін талай республикалық деңгейдегі ірі сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Міне, осылардың жолын ашуға, өнер жолына келуге Нұрлыбектің сіңірген еңбегі мен жасаған жұмысы орасан зор. • жылдан республикалық «Ара» сатиралық журналының Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі болып тағайындалды. • жылдан бастан оның ықпалымен, ізденімпаз еңбегінің нәтижесінде жергілікті әнші, ақын, сазгерлермен шығармашылық қатынас орнату мақсатында жылына екі рет дәстүрлі түрде «ЖЫЛ ӘУЕНІ» атты ән шеруі байқауы өткізіліп тұрды. Нұрлыбек Қазақстан Республикасы Мәдениет, Ақпарат және Қоғамдық келісім Министрлігінің «Ауыл мәдениетінің дамуына айрықша қосқан еңбегі үшін» «Құрмет Грамотасымен» марапатталды. Автор ретінде өзі шығарған 100-ге жуық әндері мен 100-ге жуық жазған интермедиялары бар. Әнді өзі орындайды. Сахнада өзі жазған күлкілі кейіпкерлерін сомдайды. Нұрлыбектің қажырлы еңбегінің арқасында театр үлкен сахна болып табылатын Алматы қаласындағы республика Сарайында және Астана қаласындағы Конгресс - Холл сарайларында бірнеше рет жеке шығармашылық концертін қойды.

2004 жылдан бері Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі. 2006 жылы қазан айында Астана қаласындағы Конгресс- Холл сарайына да үлкен шығармашылық концерт қойды. 2006 жылы жарық көрген «Қазақстанда кімдер тұрады?» атты энциклопедиялық жинақта Нұрлыбектің шығармашылық өмірбаяны мен сіңірген еңбегі туралы жазылды. 2008 жылы ол өзінің «Ауылдағы айтқыштар» атты жинағын жарыққа шығарды. Ол жинаққа интермедиялар мен монологтар, әзілдер мен өлеңдер жиынтығы енгізілген. 2007 жылы «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЛЖЫҢ ӘНДЕРІ-АЙ» атты әзіл әндерге арналған жобаның авторы. 2010 жылдан бастан Нұрлыбектің бастамасымен театр сатиралық теле журналдарды түсіруді қолға алып, оны түсіріп, монтаждап, телеарналар арқылы халыққа кең көлемде көрсетіп келеді. 2010 жылдан бері Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының

мүшесі. 2011 жылы Алматы қаласынан «Қатираның құрт зауыты» атты екінші сатиралық кітабы жарық көрді. ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында ұлттық мәдениет пен театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «ҚР Мәдениет қайраткері» атағын алды. Сол жылы «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалін омырауына тақты. 2012 жылы облыстың мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін “Облыс әкімінің сыйлығына” ие болды. Нұрлыбек Жұбатқанның бастауымен «Екі езу» әзіл-сықақ театры 2012-2013 жылдары Алматы қаласында «Хабар» арнасының ұйымдастыруымен өткен «ДУ-ДУМАН» әзіл- сықақ театрларының сайысы арасында «Үздік музыкалық нөмір» және «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды.

2013 жылы «Қазақстан» ұлттық телеарнасының ұйымдастыруымен өткен «Жұлдызды сәт» тележобасында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ІІ орын алды. 2013 жылдың 23-29 қыркүйек күндері аралығында халық жазушысы Т.Ахтановтың 90 жылдығына орай өткен ХХІ-ші республикалық Қазақстан драма театрлары фестивалінің ашылу және жабылу салтанатына, ішкі дайындық жұмыстарына зор үлесін қосты. Ақтөбе облыстық «Екі езу» эстрадалық миниатюра театрының құрылғанына 15 жыл толу мерекесіне орай 2013 жылдың 27-ші қараша күні Студенттер сарайында «Екі езуге - 15 жыл» атты жап-жаңа концерттік бағдарламасын Ақтөбенің өнер сүйер көрермендеріне ұсынды. 2015 жылы Бурабайда өткен әзіл-сықақ фестивалінің құрметті қонағы болды. 2013 жылдың сәуірінен бастан Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды. «Тапқыр тышқан», «Қайсар қоян» атты балаларға арналған ертегілері республикалық театрлардың сахналарында жүріп жатыр. 2015 жылы 17 қарашада алғаш рет «КОМАНДОС» атты сатиралық мегаминиатюра жазып, сахнаға шығарды. Көптеген әндердің авторы. «Махаббат бағы», «Ауылым, достарым», «Түнгі думан», «Сағындырған сағыныш», «Қимастық», «Ақ шағала», «Сен», «Той тойла», «Кім сұлу», «Аппақ еркем», Жұмбақ әлем», «Қазақ қызы», «Қазағым-елім» т.б. әндері бар. 2015 жылы Мәскеу қаласынан басылып шыққан «Халықаралық ең үздік адамдар» энциклопедиясына есімі жазылды. Облыс әкімі сыйлығының иегері. 2017 жылы омырауына ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық төсбелгісі тағылды. 2018 жылы ҚР Мәдениет және Спорт министрінің «Құрмет грамотасы» берілді. ЖАЛҒАСЫН ТАПҚАН ЖӘНЕ ТАППАҒАН ЖОБАЛАРЫМ 1996 жыл. Көктем айы.”Қожанасыр шоу”. Бұл ең алғашқы Ақтөбеге келгенде жасаған жобам еді. Бұл бағдарламаға Шалқардан талантты Бауыржан Ордин інімді пойызбен әкеліп қатыстырып, қайтадан апарып тастайтын едім. Ол кезде ол мектепте оқиды. Не деген өнерге берілгендік. Сол Бауыржан қазір Алматыда өнер ортасын бастап жүр. 1998 жылы наурыз айында “ЕКІ ЕЗУ” күлкі клубын құрдым. Бұл ғұмыры ұзақ жобамның бірі. Негізі барлық жобаларымды көктем айында бастаймын. Ырым ғой, дән секілді өсіп, халыққа өнім берсін деймін. Жобадан Кенжебек Шайқақов, Есет Сәдуақасов, Азамат Бекбергенов ұшып шықты. Бәрі Алматының үлкен сахналарында өнер көрсетеді. Бүгінде театрда ҚР Мәдениет саласының үздігі Берік Нұмағамбетов, Бекбол Тәтебаев, Құралбек Құрманғалиев, Гүлзат Ермағамбетова секілді дарынды әртістер қызмет етеді. 1999-2000 жылдары «ЕКІ ЕЗУ» сатира газетін айына бір рет шығарып тұрдым. Тиражы 3000 данамен таралды. Ол кезде мен облыстық «АҚТӨБЕ» газетінде тілші болдым. (1997-2000). Қазір сол газетте 2017 жылдан бері «КҮЛКІ БАЗАРЫ» атты айына сатиралық бет шығарып тұрамын. Оған еліміздің белгілі сықақшы-жазушылардың шығармалары және өзім жазған сатиралар шығып тұрады. “Айтқыштар - Ақтөбеде” республикалық әзіл-сықақ байқауы. Тұсауы 2002 жылы кесіліп, екі жылда бір рет Ақтөбе қаласында үздіксіз өткізіліп келеді. Соңғы рет 2014 жылы өтті. Бұл жобаның ең алғашқы жеңімпазы тағы сол Бауыржан Ордин. Қазақ өнеріне зор үлес қосып жүрген “Өнер қырандары” театры да осы байқауда “Бас жүлде”-ні қанжығаларына байлады. Талай талантты жастардың тұсауын кесті. Қазақ қаламгерлері Сейіт Кенжеахметов, Көпен Әмірбек, Мұхтар Шерім, Қайнар Олжай, Төрежан Мәндібай ағаларымыз байқауға төрешілік етті. • жылы жергілікті әнші-сазгерлердің мәртебесін көтеру мақсатында “Ән сарайы” жобасы өтті. Бұл байқауда Шалқар қаласы, Байқадам ауылынан келген жас әнші Асхат Тарғынов қатысып, жүлделі орынға ие болды. Қазір Асхат та қазақ эстардасында өзіндік ойып алған орны бар. 2009 жылдың көктем айында дүркіреп “Қазақтың қалжың әндері-ай” атты жобам дүниеге келді. Ұмытылып бара жатқан қазақтың өнерпаздар көрермендерді таң қалдырды. Бұл жобаға атақты әнші Сәкен Қалымов төраға болды. • жылы облыс басшылығы театрға бейнекамера сатып әперді. “Ақтөбефильм” жобасын құрып, жүзге жуық қысқа метражды әзілдерді тоқтаусыз түсірдік. Қазір бейнекамера істен шығып, жоба уақытша тоқтап тұр. Осы жоба аясында дыбыс жазу студиясы құрылды. • жылы театр жанынан “Ақтөбетей” балаларға арналған қуыршақтар отауын құрдық. Ең алғашқы ертегі қойылымдарым “Тапқыр Тышқан” мен “Қайсар” Қоян” әлі репертуардан түскен емес. Қазір жаңа ертегі әзірлеп жатырмыз. • жылы “Күлкі сыйлаңдар әйелге” атты жоба жасалып, әлі күнге дейін әйелдер мерекесінде қойылып келеді. 2014 жылы «КОМАНДОС» атты сатиралық комедия жазып, ол Т.Ахтанов сахнасында қойылды. Мына жоба енді өзіндік ерекшелігімен ерекшеленеді. Т.Ахтанов театрында директор болып тұрғанда өмірге келді. Жобаның аты “БАЛАУСА”. Бұл 2016 жылы жастар мен студенттердің арасында республикалық деңгейде екі рет өткізілді. Қазір жоба жабылып қалмады. Ахтанов театрының ұжымы әрі қарай жалғастырып, жақында үшінші рет өткізілгелі отыр. 2016 жылы облыстық телеарна “Телетеатр” жобасын жасап, театр репертуарындағы спектаклдерді таспаға түсіріп, көгілдір экраннан беріп жатыр. Қазір, “ҚҰТТЫ БОЛСЫН!”, “БІЗ БІЛМЕЙТІН ТАЛАНАТТАР” атты жобалар дүниеге келді. Жалғасын табады деген ойдамыз. Жалпы өнер адамы жоспарсыз, жобасыз өспейді. Осы ғой, айтайын дегенім...

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,
ҚР Мәдениет қайраткері.

МЕН ӨТКІЗГЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШТЕР

• 1997 жылы Ақтөбеде «ТАМАША» ойын-сауық отауының 20 жылдық мерей тойын өткіздік. • «ЕКІ ЕЗУ» сатира театрының 5,10,15 жылдығын өткіздім. Бұйырса биыл 20 жылдығын және өзімнің «ЖҰБАТҚАННЫҢ ӘН МЕН ӘЗІЛІ» атты шығармашылық кешімді әзірлеп жатырмын. (50 жас)

• «Тамашаның тарланы» Бақыт Айтованың 60 жасын атап өттік. (2014)
• Сықақшы-жазушы Төрежан Мәндібайдың 80 жылдығы (2017)

• Сықақшы-жазушы Мұхтар Шерімнің «Күлейікші, Мұхтар» атты шығармашылық кеші. (2018 жылы, 1 сәуірде)

«ЕКІ ЕЗУ» САТИРА ТЕАТРЫ

«Екі езу» эстрадалық миниатюра театры 1998 жылы 22 наурызда облыстық «Ақтөбе» газетінің жанынан күлкі клубы ретінде құрылды. Газет тілшісі - Нұрлыбек Жұбатқанның бастауымен театр құрамына қаладағы талантты жастар тартылды. Театр репертуарына Н. Жұбатқанның жазған әзіл- сықақ қойылымдары орындалды. Бастапқы мүшелері: «Тамашаның» тарланы Бақыт Айтова, Нұрдәулет Ақжігітов, Берік Нұрмағанбетов, Талғат Тілеулесов, Гүлсім Қаратаева, әнші Есет Сәдуақасов болды. Жас ұжымның негізгі мақсаты - қазақтың әзіл-қалжыңын халыққа кеңінен насихаттау және ауылдық жерлерге мәдени қызмет көрсету еді. «Екі езу» Ақтөбе облысының мәдени өміріне елеулі еңбек сіңіріп, халыққа, республика көлеміне кеңінен таныла бастағанын ескеріп, 2001 жылы 2 сәуірде облыс әкімінің шешімімен /А.Мусин/ театр мемлекеттің құзырына өтті. Сол жылдары театрға Кенжебек Шайқақов, Жібек Қанафиева, Ерлік Шайқақов, Ерлан Саудабаев, Күлән Ідрісова және жас әнші Азамат Бекбергенов келді. Фархат Қалиев деген талантты әнші де театр сахнасынан қанаттанды. Театр Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Тараз, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында гостролдік сапарларда болып қайтты. Үш рет Астанада Елбасымыз қатысқан мемлекеттік- мерекелік концерттерге қатысты. Алматы қаласындағы «Гүлдер» ансамбліне және «Тамаша», «Күлкі керуені», «Көпен келе жатыр», «Құдайберген - театр» атты «әзіл-сықақ театрларына шақыру алды. «Екі езу» театры 2001 жылы тұңғыш рет республикалық көлемде Алматы қаласында ұйымдастырылған әзіл-сықақ сайысында жүлделі орынды иеленсе, сол жылы Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде «Бас Жүлдені» жеңіп алды. 2012-14 жылдары «Хабар» арнасы ұйымдастырған «ДУ-ДУМАН» телевизиялық шоуға қатысты. 2013 жылы Ұлтық Арнаның ұйымыдастыруымен өткен «ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ» сайысында жеңіске жетті. Театрдың директоры, әрі авторы Нұрлыбек Жұбатқанға 2003 жылдың «Жыл адамы» атағы берілді. ҚР Мәдениет қайраткері, Ақтөбе облысында театр саласына қосқан елеулі еңбектері үшін Мәдениет министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Ол - Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Республикалық сатиралық «Ара» журналының Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі болып қызмет атқарды. Оның жазған шығармалары республикалық сахналарда орындалып жүр. Театрдың қазіргі шығармашылық құрамы: Құралбек Құрманғалиев, Берік Нұрмағанбетов, Бекбол Тәтебаев, Гүлзат Ермағанбетова, Таңшолпан Зейнуллина, Әмірхан Қоңыратбаев, Берік Төлегенов, Ерлік Шайқақов, Қазихан Балдайыров және әнші Ерлан Құлжаев.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙