TELEGEI

Home

Баллада. Толғаулар

Сәкен Сейфуллин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Баллада. Толғаулар

Қазақ поэзиясының мазмұнына шығармашылық төңкеріс жасаған С.Сейфуллиннің бұл кітабы толғаулары мен поэмаларынан тұрады. Кейде поэмаға бергісіз «Ақсақ киік» сияқты жан тебірентерлік балладасы, бірқатар өлеңдері беріліп отыр.

1-КІТАП

КӨҢІЛ

Тұлпар мініп жүйткіп,
Құйындай ұшып ұйтқып,
Бір жерде көңілім тұрмайды.
Мұратын іздеп,

«Дүниені кез», — деп
Басқаға мойын бұрмайды.

- Іздейсің не? — деп сұрадым,

«Көп, — дейді, — тілек, мұратым»...
Тауларды кезген,
Қонудан безген,
Түлкі іздеп қашқан бұрандай.

Шарыққа шыққан,
Желменен ыққан,
Шырқайды көңілім қырандай.
Аспандап серпіп қалқисың,

Көңілім-ау, босқа шалқисың!
Күйттеніп жарап,
Қырымға қарап,
Еш аңға қыран тоймайды.

«Мұратқа жетсем,
Теп-тегіс етсем» —
Көңілім тілеп қоймайды.
Алысқа түлеп қарайсың,

Мұратқа жетсең жарайсың!
Бабына келген,
Лепіріп желген
Жүйріктей жүйткіп шабуға.

Ұшады көңіл,
Ұшпадан жеңіл,
Мұратын іздеп табуға.
Еліктей жүйткіп еліктің;

Көңілім-ау, босқа желіктің!
Елестеп көзге,
Еш келмес сөзге,
Лыпылдап көңілім сағымдай.

Бой бермей тасып,
Кемерден асып,
Жайқалған жазғы ағындай.
Келсейші, көңілім, ақылға,

Лепіру босқа мақұл ма?
Теңіздей толқып,
Шайқалып бұлқып,
Өмірі тыныштық етпейді.

Тұңғиық терең,
Өлшеусіз ерен;
Шетіне көз жетпейді.
Жоқты іздеп, көңілім, жоқтайсың,

Тыншығып қашан тоқтайсың?!
* * *
Жел, құйын, ағын, бәйге көк,
Ұшқыр құс, құмай, атқан оқ —

Бәрі де жүйрік өзінше,
Көңілден бірақ жүйрік жоқ.
1915 жыл, 6 маусым. (Асау тұлпар)

АСЫҒЫП ТЕЗ АТТАНДЫҚ

(Бостандықты қарсы алу)
Басып жатты тәтті ұйқы
Сарыарқаның даласын.
Құл ғып жатты қара түн

Қалың қазақ баласын.
Таң таяуын сездік те
Ояндық біз қыбырлап.
Тіршілік қылдық оянып,

Түннен қорқып сыбырлап.
Еріктің таңы келерін
Зұлматты жеңіп хақтың біз,
Қуаныстық сезініп,

Өтерін құлдық шақтың біз.
Таңды қарсы алмаққа,
Тұлпарларды таптық біз.
Айдарына қызыл шоқ

Үкілеп сүзіп тақтық біз.
Қызыл шашақ — оқа ұстап,
Жібек жабу жаптық біз.
Күміс ермен ерлесіп

Жаратып, байлап бақтық біз.
Күншығысты қаптаған
Бір зеңгір тау бар еді.
Сол зеңгірге баратын

Жол қатерлі, тар еді.
Тәуекел қылып аттанып,
Атқа қамшы бастық біз.
Неше қатер жерлерден

Аман-есен астық біз.
Зеңгір тауға кеп жетіп,
Биігіне өрледік.
Тұлпарларды орғытып,

Көкке құлаш сермедік.
Шың басына кеп шықтық,
Көк аспанмен тілдескен.
Биіктікке таласып,

Бұлттармен күндескен.
Күтіп таңды атырдық,
Күншығысқа қарасып.
Шапақ шығып төменнен,

Жайылды көкке бері асып.
Жер мен көкке нұр шашып,
Көрінді таң жалтырап:
Шаттық тасып лүпілдеп

Соқты жүрек қалтырап.
Кешікпей-ақ қызыл күн
Шыға келді жарқырап,
Тұлпарлар да шаттанып

Тұра алмады арқырап.
Түнерген зұлмат аспанда
Бұлтты қуды рахман күн.
Сарыарқаға қарасақ,

Мұнартқан әлі түн.
Күнге жайып құшақты,
Шақырып бері шаттандық.
Қуантуға ел-жұртты

Асығып тез аттандық.
1917 жыл, 9 наурыз. (Асау тұлпар)

ҚАШҚЫННЫҢ АУЫЛЫ

Қараңғы түн.
Түн суық.
Ызғырық жел дауылы.
Таудың іші түнерген,

Қашқынның жалғыз ауылы.
Қашқынның аулы үш-ақ үй
Бұққан таудың ішіне.
Жаудың беті, ел шеті,

Сенген ерлік күшіне.
Бір-ақ үйде от жылт-жылт...
Ауыл жым-жырт шоқтай боп.
Белдеуде тұр бір-бір ат,

Жараған қатып оқтай боп.
Үйде сапы, карабин,
Белдеуде найза шашақты.
Мен де қашқын. —

Дос таптым
Қалың елден қашақты.
Қара түнді жамылып
Ысқырады суық жел.

Түнереді елсіз тау,
Айнала бетпақ сусыз шел.
Еркектің көбі қайтқан жоқ
Жолдан, кешу, жорықтан.

Елден безген ер үшін
Ауыл емес қорыққан.
От жаққан үй...қараша үй,
Отырдым оттың басында.

Әйел қотан күзеткен
Отырды жалғыз қасымда.
Дамылсыз шығып қарайды
Төңіректі, қораны,

Тыңдап, бұғып, ақырын
Байқайды әрбір қараны.
Отқа жаққан отыны, —
Тырбиған тікен баялыш.

Көзіңнің шырынын алсайшы,
«Жантайып» дейді, аяныш.

- Уу! Жеңгетай, ұйықтармын,

Түн ұзақ қой, түн ұзақ.
Түн қараңғы, жау қалың,
Мызғырмын ертең күндіз-ақ.
Елдің шеті жау беті, ішіндеміз елсіз тау.

Күзет болсын жеңгетай.
Өткен-кеткен көп қой жау.
Қантарулы ақ бесті ат
Үй артында белдеуде.

Тықыршиды,—байғұсты
Керек еді жемдеуге.
Сенделіп, өксіп қиналды,
Басқан жоқ шығар терін де.

Шідерлеп, байлап, қантарып,
Алмап едім ерін де.
Өзім де қатты жаурадым,
Тонымнан суық жел өтті.

Атым қатты сабылды,
Тоқымнан ащы тер өтті.

- Е-е-е, шырағым, бәрі де

Ұмытылар, түк етпес.
Ер жігіттің басына
Нелер келіп, не кетпес!
Ат басына күн туса,

Ауыздықпен су ішер.
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер.
Сергелдең де, сейіл де, —

Сейіл деген бұрынғы.
Кемітпес сені, шырағым.
Білген адам сырыңды.
Тары жесе атына

Беріп қазір көрейін.
Өзің-дағы ішсейші, істеп көже берейін.

- Рас қой жеңгей, ештеңе

Қылмаймын уайым өз басым.
Атымды жемдеп жауып бер —
Атым ғой серік жолдасым.
Өзім енді ас ішпеймін,

Жүрекке ас бүгін батпайды.
Келмек еді бір хабар...
Неғып таң әлі атпайды?..

- Қандай хабар шырағым,

Келмек еді қай жақтан?
Большой бектер келетін,
Хабар ма әлде ар жақтан?

- Қандай хабар болса да.

Таң атқан соң аларсың.
Тауға шығып таңертең
Қарауылдап қарарсың.
Басылмай тұр түннің де

Қара дауыл бораны.
Отырам мен күзетіп
Таң атқанша қораны.

- Шаршадың ғой, шырағым,

Тынықсайшы қисайып.
Текеметті астына
Салайыншы мен жайып.

— Рақмет, жеңгей... білмеймін

Бүгін менде ұйқы жоқ,
Алып-ұшып көңілім
Үлпілдейді - жүрек топ...
Ысқырады, түн, дауыл.

Түн қараңғы.
Түн ұзақ.
Күзет болсын қарап қой,
Мызғырмыз ертең күндіз-ақ.

Қашқынның аулы үш-ақ үй
Бұққан таудың ішіне.
Жаудын беті. — ел шеті,
Сенген ерлік — күшіне.

Бір-ақ үйде от жылт-жылт...
Аулым жым-жырт, шоқтай боп,
Белдеуде түр бір-бір ат
Жараған қатып, оқтай боп.

Үйде сапы, карабин,
Белдеуде найза шашақты.
Мен де қашқын. —
Дос таптым —

Қалың елден қашақты.
Еркектің көбі қайтқан жоқ
Жолдан кешу, жорықтан.
Елден безген ер үшін,

Ауыл емес қорыққан.
1919 жыл, қараша. Шел. (Асау тұлпар)

ҚЫЗЫЛ ЕРЛЕР

Патшалар, байлар, мырзалар,
Көп жыл бізді билеген.
Шіреніп жатып ақ үйде
Табанымен илеген.

Кешегі өткен күндерде,
Ауыр қара түндерде,
Қараша үйде жылаған,
Шала-жансар сұлаған, — біз едік.

Мырзаларға, байларға
Сәжде қылып құл болған,
Жүректің оты, рух сөніп,
Жігері сонда құм болған, — біз едік.

Арылған батыр ерліктен,
Өжеттік, қайрат, өрліктен.
Жарлының біз ұлы едік.
Мырзаларға құл еді,

Бірақ біз бұрын құлдыққа
Шыдамайтын ер едік.
«Тіршілік көркі — мәнісі
Екпін, ерлік» дер едік.

Оттан, оқтан тайсалмау
Көкіректен иман серт болып
Иілмеуші ек дұшпанға
Болаттай құрыш морт болып,

Балғын білек — қарулы,
Асауменен алысқан,
Ат үстінде ойнасып
Жел қаңбақпен жарысқан — біз едік.

Ентелеп алға екпіндеп
Жауға қарсы шабысқан,
Қамал құрып майданда,
Атысып жаумен қарысқан — біз едік.

Тірідей бермей қамалды
Қамалда жатып қарысқан
Ар, намыс, ерлік серт болып
Көкірекке найза салысқан, — біз едік.

Сөнген ерлік қайтадан
Тұтанды көзде жайнаған
Ашындырды аюдай, -
Кек пенен қан қайнаған.

Бостандық үшін ант қылып,
Күресуге тұрдық біз.
Республика советін
Ұран салып құрдық біз.

Әмірші совет тапсырған
Қызыл туды қолға алдық.
Пулеметке, маузерге
Қатарлап тізіп оқ салдық.

Біліңдер, арам мырзалар,
Бұқпаспыз, енді жатпаспыз.
Баяғыдай сендерді
Қорғап енді оқ атпаспыз.

Мырзалардың, байлардың
Біз батыры емеспіз.
Жауыздар үшін қан төгіп,
«Дінім», «ұлтым» демеспіз.

Бейнетке піскен жан-тәні, -
Біз нашардың солдаты.
Қызыл ту мен пулемет
Бізге берген мандаты.

Жауымыз обыр — капитал,
Дәлдеп ат, жолдас, қыран — ат,
Рақым жоқ, жолдас, даяр тұт
Зеңбірек, маузер, гранат.

Дүниенің барлық жарлысы
Бауырымыз, біздің жұртымыз.
Олардың бақыты, үкімі –
Дініміз, біздің ұлтымыз.

Жұмыскер, балғын білекті,
Балтырлы, қызыл желекті
Келіншектің төсінен
Уыз емген баламыз.

Бейнетпен піскен темірдей,
Тыншықпас жауын жемірмей,
Капиталдың қорғанын
Талқан қылып аламыз.

Езілген қалың, жарлы тап,
Шық жасаққа, — ұран сап!
Жауларың — байлар, ал қолға
Зеңбірек, маузер, гранат!

1921 жыл, 26 наурыз. Омбы.
(Асау тұлпар)

АСПАНДА

(Аэропланда)
(Асылбекұлы Ғабдоллаға арнадым)
Астан-кестен гулеген,
Сықырлап дауыл улеген,

Жер дүниені толқытқан,
Талай тақты төңкеріп,
Иелерін қорқытқан
Дауыл күні ұштық біз.

Пансынып үйде семірген,
Тізелерін кемірген.
Талай мырза қорғалап,
Жасырынып жыланша,

Жүргенінде жорғалап
Жарыққа қарай ұштық біз.
Дауылмен ойнап шырқадық,
Жарыққа шығып аспанда.

Қызыл күнге қол создық
Бұлттардан арман асқанда.
Дауылмен бірге дауылдап
Аэроплан зырлады.

Ерегесіп желменен
Бізбен бірге жырлады.
Кенесары, Абылай
Аса алмаған Алатау.

Мон-бұлан, Тянь-Шань, Гималай,
Көлбеген Орал, Қаратау.
Эльбурс, Қазбек ызғарлы –
Кавказда бектер бойы асқан.

Тәкаппар Альпі ызбарлы –
Қабақтарын қар басқан.
Қара жерден бойы асқан
Биіктер құрттай құлдырлап.

Бәрі қалды күлкі боп.
Жерде бұғып бұлдырлап.
Аэроплан сықырлап,
Көк болат темір қанатты,

Таудан ұшқан қырандай
Қызықтырып қаратты.
Талай ұшқан ақ иық
Төменде қалды мазақ боп,

Бейбітте ұшқыр байғұстар
Дауылда не етсін азап боп?
Құйқылжып мотор дауылмен
Нажағай ойнап зырлады.

Ән қосып сарнап бізбенен
Екпіндей бірге жырлады.
Аударылып, құйқылжып
Аспанда жүріп ән салдық..

Дауыл күні көкке ұшып,
Аспанға барып жан салдық.
Біздін екпін ерлікті
Айтып мотор күйледі.

Сансыз сәуле аспанда
Шаттанып бізбен биледі.
Аспан-көкті жаңғыртып,
Жарқылдатып оқ аттық.

Қалтыратып дұшпанды,
Бұқтырып көзін жоғалттық.
Жарқылдап, шырқап жоғары
Долдана жырлап ұштық біз.

Жерді, көкті, ғарышты,
Құлаштап еркін құштық біз.
Жерді, көкті, ғарышты
Қапсырып құшып сүйдік біз.

Көктегі сансыз сәулені
Қара жерге идік біз.
Дауылда ұшып жарқылдап
Ән мен күйді жараттық.

Күркіретіп аспанды
Жаңадан ұран тараттық.
1921 жыл, 14 мамыр. Омбы, вокзал. (Асау тұлпар)

БІЗДІҢ ҰЛAH

(Еңбекші табының шын қорғаушысы Әбілхайыр Досұлына арнадым)
Жан елемес қотыр тайлақ
Бұзау баққан, мініп жайдақ
Қара бала.

Атанып ед «Сұмырай, пері».
Шоқпыт-шоқпыт киімдері.
Пара-пара.
Қап-қара ғып күн қарыған,

Аяқ-қолы құс, жарылған,
Жалаң аяқ.
Ауыл үйдің итін қуып,
Жексұрын боп у да шу ғып

Алып таяқ.
Дамыл алмай үйден безген,
Жар жағалап, қырды кезген «Түртіншек».
Бай айтқан соң «сұмырай жұрын»

Жұрттың көбі деп «жексұрын»
Көрген жек.
Әкесі оның күндіз-түні,
Ауыр бейнет көрген күні —

Жылқы баққан.
Сорлы анасы тезек теріп.
Барлық күшін байға беріп,
Отын жаққан.

Босағада иттей қорлық,
Неше түрлі арсыз зорлық
Көрді ол.
Байдың қылған қорлықтарын

Жіпке тізіп, жинап бәрін
Терді ол.
Көргендері кемдік боп,
Бар арманы теңдік боп,

Жүрегі тас болды.
Қан қатып жүрегі,
Кек сақтады тілегіне,
Байларға қас болды.

Бір күн жаяу қала келді,
«Кек алу, кек!»...
Болып енді Арманы.
Күндіз-түні ол оқыды,

Көріп-тыңдап ол тоқыды,
Талмады.
Күндер өтті, ол ер жетті,
Бостандық күн келіп жетті –

Қызыл күн.
Жарлы табы ерік алып.
Жер күңірентіп ұран соғып —
Шықты үн.

Қара бала құстай түлеп,
Жеткеннен соң мұндай тілек
Шаттанды.
Дәл өзіндей «қаралармен»,

Кеше «жұрын балалармен»
Аттанды.
Қатар тізіп оғын сайлап.
Наган, мылтық белге байлап.

Асынды.
Ол оқ атты жалпы байға.
Ол оқ атты бай — құдайға,
Тасынды.

Ол күресті қу ұлтшылмен,
Ол күресті отаршылмен,
Тіресті.
Ол күресті тақ құмармен,

Көттекі, сұм бақ құмармен
Күресті.
Жалпы сұмдар бұған дұшпан,
У шашады әрбір тұстан

Өңшең қу.
Байшыл, ұлтшыл, алдаушылар
Жоқ қылмақшы жалмаушылар
Беріп у.

Ылғи сұмға қарсы тұрған,
Батты оларға бетке ұрған
Ызғары.
Күндіз-түні тынбай істе,

Қара фуфайка, бешпент үсте
Былғары.
Сөз сөйлейді судай тасып,
Төсін керіп, алшақ басып

«Құдайша».
Солай өсіп біздің батыр,
Аттап басып келе жатыр
Солайша.

Міне! Осындай біздің ұлан,
Мейлі аяқтан шақсын жылан.
Сұм жылан!
Алшақ басып ол «құдайша»,

Бармақ алға ол солайша –
Ер ұлан.
Орынбор, 1923 жыл, 1 мамыр. (Домбыра)

АВТОМОБИЛЬ

(Революцияға әм кедей баласына арнадым)
Ойыншықпен жазғам жоқ ешбір өлең,
Жеңіл қарап жүрмесің, қылмай елең.
Қараңғы мен жарықты өлең қылдым —

Махаббат пен қасірет түбі терең.

І

Сарыарқа сорлы сары бел
Үйрене ме өнерге?
Сорлы, кедей, надан ел
Қатарға жылдам енер ме?

Автомобиль далаға
Қаттырақ шығар шуыңды!
Өнерге шақыр — қалаға
Кейінгі жас буынды.

Үйренсін саған жанасып
Кедей ұлы қырдағы.
Мінсін саған таласып,
Жүрмей аңша боп тағы.

Оят қырды жаңғыртып,
Надандықтан сескендір,
Өнерге қойма таң қылтып,
Зеңгіген елді сестендір!

ІІ

Автомобиль қаладан
Шығып елге жөнелді.
Дүбір салып далаға,
Көрсетуге өнерді.

Қаладан шығып ақырын
Алыс елге бет алды.
Жазыққа шығып ақырып,
Молайтып күшін от алды.

Жолға түсіп өрледі,
Автомобиль зарлады.
Ерегісіп жол бермей,
Қарысып жел де сарнады.

Бірте-бірте екпіндеп,
Жүгіреді зырылдай,
Қара жолды тепкілеп,
Құтырады қырылдай.

Аласұрып ентігіп,
Көкірегі сырылдап,
Желге қарсы желпініп,
Қасқаяды дырылдап.

Автомобиль гуілдеп,
Тербетіп, ырғап шайқады.
Тұншықтырып уілдеп,
Жел сабалап шайқайды.

Қара дауыл - шіркін жел,
Бетке қарсы ұрасын.
Машинаны іркіп, жел,
Неге қарсы тұрасың?..

Қанша қарсы тұрсаң да,
Машина заулап еседі,
Сабалап бетке ұрсаң да,
Оқтай жарып кеседі.

Күнге қарсы жарқырап,
Автомобиль ұйтқи бер!
Бәйге атындай арқырап,
Желді жарып, жүйтки бер

Көз ұшында ноқаттай
Көрінген қара бұлдырап,
Лезде, көзді тоқтатпай
Қалады артта құлдырап.

Шақырымның тоқсанын
Сағатында алады,
Бұта-шөптің жоқ саны,
Айналып артта қалады.

Төңіректі жаңғыртып,
Жіберіп тартып екпінді.
Қара жолмен аңқытып,
Ел шетіне кеп кірді.

Автомобиль жолменен
Күңірентіп келеді,
Араласты елменен, іздегені ел еді.
Шиқылдап жолмен келеді

Жүргіншінің арбасы.
Қыбырлап кейде желеді –
Өгізінің халі осы.
Арба да сынық қаңсыған,

Жүргінші зеңгіп сұлайды.
Дөңгелек сорлы сыңсыған,
Қиралаңдап жылайды.
Зеңгіген кедей сұлауды

Қояр күнің бар ма екен?
Дөңгелек сорлы жылауды
Қояр күнің бар ма екен?
Автомобиль ақырып,

Жүргіншіге келеді.
Сорлы өгіздер ақырын,
Бұрылып бүлк-бүлк желеді.

ІІІ

Жол бойы бықып жатқан мал,
Отырған қалың елдікі.
Шіркін, мал-әй, әттең мал!
Ұры мен бөрі, желдікі...

Қақ жарып қалың елменен
Малды аралап келеді.
Біресе жүйткіп желменен,
Біресе соғып желеді.

Мал ішіне кіргенде,
Екпінін сәл іркеді.
Машинаны көргенде,
Мал жануар үркеді.

Топты сиыр пысылдап,
Шөп иіскеген жалаңдап,
Үркіп шіркін борсылдап,
Қойқаңдайды алаңдап.

Қойшыға болмай қайырған,
Құйрықтары салаңдап,
Қой бейшара жайылған,
Дүркірей үрікті далаңдап.

Автомобиль елменен
Малды аралап зырқырап,
Келе жатыр жолменен,
Артта шаңы бұрқырап.

Бір топ жылқы жолдағы,
Одағайлап шұрқырап,
Солға қарай о дағы
Жөнеді үркіп тырқырап.

Бір жас құлын қалтаңдап,
Дүрмекпенен жөнеді.
Ене байғұс талтаңдап,
Балапаның демеді.

Қалтаңдаған жас құлын –
Қырдың сәби еркесі,
Жас уызға мас құлын,
Нені біліп үркесін?..

Балапаным құлыншақ,
Қаздаңдайсың жортасың,
Жібек жалды тұлымшақ,
Неге бізден қорқасың?

Құлыншағым балапан,
Сендерді талай баққанмын.
Тұлымшақты балақан,
Жүніңді сипап қаққанмын.

ІV

Автомобиль жолменен
Гулеп жүріп келеді;
Араласты елменен, іздегені ел еді.
Екпін басып іріккен соң,

Ауылға кіре тыр-тырлап.
Шошып аты үріккен соң,
Шаужайлап қағып тыпырлап.
Ауылдағы қазақтың,

Кейбірі атын «құр-құр!» лап.
Кейбіреуі келеді:
«Қайдан келді, құрғыр» лап.
«Аптамайды» көрген соң,

Жүгірісіп шуласты.
Гүрілдей жетіп келген соң,
Таңырқап, қорқып дуласты.
Күнге күйген шаңырқап,

Кейбірі жолдан қашады.
Кейбіреулер таңырқап,
Аңқайып аузын ашады.
Кейбір тентек балалар

Арттан топырақ шашады.
Жүгіріп иттер абалап,
Айнала арсылдасады.
Қыз-келіншек ұйлығып,

Желектері желеңдеп,
Ауылда бар мал құйрығын
Тікейтіп шошып елеңдеп.
Қатын-қалаш шулайды

«Шайтан арба! Ойпырым-ай!»
Белдеудегі ат тулайды:
«Тақ-тақ шіркін! һай-һай-һай!»
Адам да, мал да елдегі

«Аптамайдан» шошиды.
Шабақтарша селдегі
Ұйлығып, таң боп жосиды.
Кейбір жастар таңданды,

Түсіп келіп «аптамай»
Бір мырзашқа «паңданды»:
«Ай былай тұр, қаптамай!»
Тезек терген бір бала,

Қабын қойып, етектеп,
Қорқып «шайтан арбадан»,
Ауылға қашты дедектеп.
Қапқа салған тезекті,

Тастап қашып далақтап.
Төгіп-шашып етекті,
Қарады артқа алақтап.
Қорықпа, бері кел, інішек,

Машинадан шошыма.
Үйрен, інім жеткіншек,
Таян, қорықпа, қасына.
Сен асаусың, сен надан,

Сен тағысың, еркесің.
Автомобиль – арбадан
Неге, жаным, үркесің?
* * *

Сарыарқа сорлы сары бел,
Үйренер ме өнерге?
Сорлы, кедей, надан ел
Қатарға жылдам енер ме?

Автомобиль, далаға
Қаттырақ шығар шуыңды,
Өнерге шақыр — қалаға
Кейінгі жас буынды.

Оят қырды жаңғыртып,
Надандықтан сескендір.
Өнерге қойма таң қылтып,
Зеңгіген елді сескендір!

Үйренсін саған жанасып,
Кедей ұлы қырдағы.
Мінсін саған таласып,
Жүрмей аңша боп тағы.

1923 жыл, 14 қазан. Орал, Теке. (Дамбыра)

АҚСАҚ КИІК

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ — шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар.

Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел-жайлау, өзен яки көл болмайды.
Бұтасы қу баялыш, қара жусан,
Көгала бетегелі бел болмайды.

Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік,
Сайланып қыс ішінде талай көштік.
Азамат, ат пен айғыр, атан ғана
Шыдыр деп қоста отырып, талай дестік.

Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп-өнген,
Жалғыз-ақ құлан, киік шөлге көнген.
Қазақтың малдарындай қыбырласып,
Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген.

Жалғыз-ақ ел жылына көшіп өтер,
Асығып қар суымен «несіп өтер».
Қаптасып, көшкен елмен дамыл алмай,
Мергендер аң ауласып кәсіп етер.

Мергендер дамыл алмай киікті атқан,
Ауылды қан сасытып топырлатқан.
Киікті ойлай ма екен таусылар деп,
Азайып бірте-бірте келе жатқан!..

Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық,
Сол шөпті қорек қылған байғұс киік.
Таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара,
Тигендей емес адам көзі қиып.

Киікті қазақ және дейді бөкен,
Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.
Бөкенді атып мерген өлтіргенде,
Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім.

Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген,
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.

Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңнан баяғыда өреді екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кез келеді анда-санда саяқ некен.

Кей қазақ әдет қылған киік атып,
Мүйізін пайда қылып, шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым.
Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.

Бетпақта келе жатты ақсақ киік,
Сандалып қаңғырақтап басын иіп.
Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,
Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.

Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентігеді шыбын жаны.
Боялып ақ денесі қызыл қанға,
Келеді әлі кетіп жығылғалы.

Қиырсыз, Бетпақ дала... қураған шөл...
Жалғыз-ақ сырғаңдайды қоңылтақ жел.
Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай...
Ел қайда? Ел алыста — шулаған ел!

Сандалып келе жатты ақсақ киік,
Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...
Ақ бөкен сахараның бота көзі,
Атты екен қандай мерген көзі қиып?

Келеді қаңғырақтап жалғыз өзі,
Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі.
Шағады шыбын жанның қиналғанын
Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.

Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,
Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.
Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,
Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!..

Бота көз сахарада қына терген,
Кім екен жапан түзде сені көрген?
Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегіне атқан мерген!

1924 жыл. (Домбыра)

КҮЗДІ КҮНІ ДАЛАДА

Сарнайды бүгін жел неге,
Жапырақтар сыңсып тулайды
Күңіреніп бүгін көл неге,
Соқтығып мұнша тулайды?

Күлмеймін бүгін мен неге,
Түнерген қабақ ызбарлы?
Домбыра күйі пернеде,
Дәл бүгін неге тым зарлы?

Түнеріп қабақ күнімен,
Түйіліп нені ойлайды!
Домбыра зарлы үнімен
Нені айтып бүгін қоймайды?

Домбыра, кәне, жырлай гөр,
Түнерген қабақ ашылсын!
Он саусақ билеп зырлай гөр,
Көкіректің лебі басылсын!

Қарашы, міне, айнала,
Сүр кетіп жерден сарғайды.
Қоңылтақ, сырдан айдала,
Жалаңдап жел де сарнайды!

Қуарған дала сұры жоқ,
Көркінен сұлу айрылды.
Әдемі түрдің бірі жоқ,
Сарғайып міне қайғырды.

Кестелі жасыл киімді
Қызықты кезім кетті-ау деп,
Мамыр мен шіркін маусымды,
Ойлайды, «әттең өтті-ау!»деп.

Қайнатып қанды жас қылған,
Ойлайды өткен өмірді.
Балқытып тәнді мас қылған,
Ысытқан суық темірді.

Сумаңдап сырдан суық жел,
Даланы жалап кезеді,
Жоннан жонға қуып жел,
Домалап қаңбақ безеді.

Күн сайын ағаш селдіреп,
Көк бұйра шашы сұйылды,
Сарғайып жапырақ желбіреп,
Судырап жерге құйылды.

Қазақтың күзгі даласы,
Оң жоқ, түс жоқ сұлайды,
Сорлының қойшы баласы,
Жырлайды шырқап, жылайды.

Қойшы жүр қойын қаптатып,
Боздағы шығып бүрісіп.
Шолағын түріп оттатып,
Киімі шоқпыт құрысып.

Жоқшылықты жыр қылып,
Далада қойшы зарлайды.
Кімге айтса да сыр қылып,
Байына жылап бармайды.

Аш қойшыға нан керек,
Боздағы шыққан бетінен,
Тоңса да қойшы жан керек,
Қалмайды қойдың көтінен.

Қазақтың күзгі даласы,
Өң жоқ, түс жоқ сұлайды.
Ауылға тағы қарашы!
Кім тоңып қазір жылайды?

Сорлы әйел тоңып зар қағып,
Жүгіреді әне, қарашы!
Үстінде шоқпыт жарғағы,
Дірдектеп ерген баласы.

Қыдырып қыр мен өзекті, іздейді отын табуға,
Арқалап терген тезекті,
Апармақ байға жағуға.
Ісініп, тоңып көгерген,

Жан ұшырған анасы.
Дірдектеп сорлы неге ерген,
Жалаң бұт анау баласы?
Ермей қайтсын, аш бала,

Ауылда оған пана жоқ.
Лыпасы жоқ баспана,
Жағуға отын және жоқ.
Жып-жылы байдың ордасы,

От жанып, маздап жайнайды.
Кілкиді байдың мордасы,
Шымырлап қазан қайнайды.
Бай-екен үйде ызбарлы,

Кілкиді майы бетінен.
Бағады қойын бір жарлы,
Дәметпей оның етінен.
Ордада пысынап бай отыр,

Астында кілем, көрпесі...
Бәйбіше байдың қасында,
Қимылдауға ерінед.
Қар қара жаулық басында,

«Әй, от жақ!» деп керілед.
Жаз келсе де жарлыға,
Жадырарлық кеңдік жоқ.
Күн туса да зарлыға,

Ауылда әлі теңдік жоқ.
Өзіңді кедей тең көріп,
Кемдікті неге жоймайсың?!
Тұрмысты өзің меңгеріп,

Бүйтуді неге қоймайсың!
Малын топтап баққызып,
Байекем үйде жатпасын!
Ордаға отты жаққызып,

Рахатқа ылғи батпасын.
Бұйырған дәмді тата тұр,
Тағдырың айқын жазылған.
Көрің де бар жататын,

Сегіз жыл бұрын қазылған.
1925 жыл, қазан. (Экспресс)

СЫР САНДЫҚ

(Досқа жазған хаттан)
Досыңмын деп aт береді,
Жем іздеген жаныма.
Жем таусылса жалт береді,

Сенерлік дос, санама.
Нағыз достар, бір-ақ, қалып.
Шыңдап берік сүйіскен.
Бір-біріне сыр ақтарып,

Сыр түйінін түйіскен.
Әр адамның ішкі сыры,
Берік қойма сақталаған.
Сол қойманың бір түкпірін,

Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түкпірді, іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды,
Сырлас жанын шақырып.

Тыныс керек кейде жанға,
Кейде жанға ән керек.
Күй шертуге анда-санда,
Сырласарлық жан керек.

Ішкі сырды мысал етіп,
Біраз ғана жырлайын,
Суреттеуге тауға кетіп,
Суретті ептеп сырлайын.

Сарыарқаның бір тауы бар –
Бір тауы бар сымбатты.

— Сол таудан сен сыр тауып ал,

Сыр тауып ал, қымбаттым.
Нуда бір шың тіп-тік сұңғақ.
Тіп-тік сұңғақ бір биік.
Шын суретті бейне жұмбақ,

Тұрғандай көп сыр жиып.
Шыңды айналған құзды шаттар,
Құзды шаттар аққан су,
Сылдырайды мұз бұлақтар,

Мұз бұлақтар у да шу.
Сөзім мысал, достым, тыңда.
Тыңда, достым, ойлап ал.
Түрлі сыр бар, сол бір шыңда,

Сол бір шыңда қойма бар.
Қойма шыңның нақ басында,
Нақ басында қақпасы.
Алтын жазу қақ басында,

Қақпаның тас тақтасы.
Сол қоймада қымбат жасау,
Қымбат жасау сақталған.
Текшелеген сымдап жасап,

Сымдап жасап қақталған.
Бір сандық бар емес түрде,
Емес түрде көрнекті.
Бір түкпірде беті перде,

Беті перде өрнекті.
Бір сандық бар, ол сандықта,
Ол сандықта бір сандық.
Сырдың кілті қол сандықта.

Қол сандықта сыр сандық.
Сұлу жанды сұлу сүйген,
Сұлу сүйген сыршылым.
Жібек талдап түйін түйген,

Түйін түйген түршілім.
Сыр сандықты ашып қара,
Ашып қара сырласым.
Сым пернені басып қара,

Басып қара жырласын!
Сұлу сымда перне әуені,
Перне әуені жыр айтар.
Көңіл ашар тербеу әні,

Тербеу әні сыр айтар.
Шыққанбыз дос, шыңға талай,
Талай сырды ойланып,
Ақтарарлық алтын сарай

Алтын сарай қойманы.
1926 жыл, 26 ақпан. (Экспресс)

АҚ ТӨБЕТ ПЕН ОТАРБА

(Биыл жаздыгүні кетіп бара жатып Қызылжар — Көкшетау темір жолының жұмысындағы кемшілікті «Еңбекші қазақ» газетіне жазған едім. Сол сөзді дәлел қылған болып, Мұстафа Шоқаев деген қашқын ақтардың «Дни» деген газетіне совет үкіметінің саясатын жамандап, біраз сөз жазыпты. Бұл өлең Шоқаевтың сөзінен бұрын жазылған еді. Енді осы өлеңді Шоқаев мырзаға тартамын.)

Алысқа созылған жол еді,
Жол бойы сыңсыған ел еді.
Қызыл күн сәскеден нұр шашып,
Қарсыдан жай ескен жел еді.

Отарба жолменен келеді,
Кейде орғып, кейде сау желеді.
Қара айғыр, қара алып, жүйткиді,

— Жануар күшіне сенеді.

Көк құрыш табанның темірі.
От шашад болатты жеміріп.
Қара айғыр сырылдап орғиды,
Қаршылдап ауыздық кеміріп.

Шелектей танаудан бу парлап,
Қара көк, жалбыр жал дударлап.
Түйдектеп, екпінмен шұбалтып,
Жер жайпап соғады жұмарлап.

Жыландай сумаңдап, иреңдеп,
Қара айғыр тұқырад, сүйреңдеп.
Қыбырлап қырық аяқ дөңгелек,
Көш жерден дүрсілдеп дем келед.

Жол кеткен созылып, жарқырап,
Қара айғыр заулайды арқырап.
Құлашын бір жайып, бір іркед,
Болдырып шаршау жоқ қарқындап.

Сан елді аралап келеді,
Кейде орғып, кейде сау желеді.
Екпінің іркеді тұқырып,
Жануар күшіне сенеді.

Жол бойы тізілген қалың ел,
Бірдей боп сыңсиды малымен.
Поезға бір ақ ит қосылды,
Ауылдың өткенде жанымен.

Қатқан аш, түспеген түбіті,
Көрмеген көңін бір жібітіп.
Ақ төбет жүгіред жанасып,
Шіркіннің не екен үміті?

Озбақ па поезбен таласып,
Құлашын тыраштап санасып?
Немесе түйір нан сұрай ма?
Жүгіріп поезға жанасып?

Ақ төбет жүгіріп қалмайды,
Поездан көздерін алмайды.
Телміріп жағалай поезға
Жалайды тілменен таңдайды.

Ақ итті ешбіреу көрмеді,
Көрсе де ештеңе бермеді.
Аздан соң машинист есіктен
Май қолмен бірдеме сермеді.

Майлы қол қап-қара — күйелі
Түрпідей - алақан сүйелі.
Есіктен түйір нан лақтырды,
Ақ итке ауызбен қақтырды...

Кешегі дүрдиген ақ төбет,
Қотанда үретін сақ төбет.
Бұл күнде бұралып аштықтан,
Түспеген ұйпалақ ақ төбет.

Сен кеше саяда жаттың ғой!
Арсылдап талайға шаптың ғой.
Машинист тәрізді кір басқан
Талайды жұлмалап қаптың ғой.

Қу тамақ көп болса, семіред,
Жоқ болса — қақ сүйек кеміред.
Кешегі жүретін жауына
Жанасып жүгіріп телміред.

Қотанда жүрдің-ау тайтаңдап,
Құйрықты көтеріп, қайқаңдап.
Поездан қиқым ас сұрайсың,
Жейтұғын нан менен май таңдап.

Қара айғыр ентелеп сырғиды,
Ақ төбет ышқынып ырғиды.
Лақтырған түйірді қағып ап,
Тоқтамай жүгіріп қылғиды.

Отарба жүйткиді, желеді,
Ақ төбет жүгіріп ереді.
Төбетпен поезды топшылап,
Бір қиял ойыма келеді.

Мысал ғой бұл сөздің жүйесі,
Айтайын шешуін тиесі.
Ақ төбет — кешегі ескілік,
Жалғанның билеуші иесі.

Өзгеріс - екпінді отарба, -
Төбетке жылы сөз қатар ма?
Аш төбет ышқынып жүгіред,
Онымен келер ме қатарға!

1926 жыл.
(Тұрмыс толқынында)

ОТАРБАНЫҢ ЖҰМСАҚ ВАГОНЫНДА

Советстан — біздің стан, Совстан.
Экспресс, аума түзу шабыстан.
Гуле жүріп,
Үні құрып

Қалсын ұлып,
Ескі жалған, қалмай әлі жабысқан...
(«Экспрестен»)

ЕСКЕРТУ

Хат білген қазақ құлақ түрмес пе екен,
Бұл сөзді құлағына ілмес пе екен?
Айтайын отарбадан бір әңгіме,
Мәнісін сендер құрлы білмес пе екен?

* * *
Отарба бұралақтап келе жатты...
Кейде жай жортақтайды кейде қатты.
Бір кезде бір бекетке келіп тоқтап,

Сол жерде отарбаға билет сатты.
Кеш еді... Электр шам жаңған кезі.
Мінуге отарбаға ел барған кезі.
Таласып, халық сендей соқтығысып,

Билетті қолы жеткен алған кезі.
Бір жігіт қара сақал, шолақ аяқ,
Екі жақ қолтығында балдақ-таяқ.
Билетті ақша жинап ала алмады,

Біреуге не береді біреу аяп...
Руссия екі жар боп ұрысқанда,
Екі тап бірін-бірі қырысқанда,
Бұл жігіт сонда қызыл әскерде еді,

Ақтармен майдандасып ұрысқанда.
Сол шақта талай «ділмар» ыққан еді.
Талай «ер» жанын қорғап бұққан еді.
Сол сынды майданда бұл қанын төгіп,

Айрылып бір аяқтан шыққан еді...
Отарба жүйткиді, желеді,
Ақ төбет жүгіріп ереді.
Төбетпен поезды топшылап,

Бір қиял ойыма келеді.
Мысал ғой бұл сөздің жүйесі,
Айтайын шешуін тиесі.
Ақ төбет — кешегі ескілік,

Жалғанның билеуші иесі.
Өзгеріс - екпінді отарба, -
Төбетке жылы сөз қатар ма?
Аш төбет ышқынып жүгіред,

Онымен келер ме қатарға!
1926 жыл.
(Тұрмыс толқынында)

ЛАШЫН ӘҢГІМЕСІ

(Түс)
Ой жіберіп қарасаң
Менің осы түсіме.
Лашынның ісі ұқсайды,

Адамзаттың ісі не.
Жете жори білгенге
Бұл түсімнің мәні бар.
Жүрек тербеп қозғайтын

Сырлы қасірет әні бар.
Ұйықтап жатып түсімде
Сарыарқа сары бел көрдім.
Белден белге жағалап

Бір үлкен шалқар көл көрдім.
Сол үлкен көл шалқыған
Түпсіз терең су екен.
Тағы жыртқыш құсы көп,

Тәртібі жоқ шу екен.
Ортасында шалқардың
Бар екен үлкен аралы.
Сол аралға кеп қонды

Бір лашын құс жаралы.
Бұл лашын құс жер, көкті
Серік іздеп кезіпті.
Бөтен текті құстарды

Қыла алмай серік безіпті.
Көп болғанмен дүниеде
Лашындай талай асыл құс.
Іздегені лашынның

Өзімен текті лашын құс.
Көрді лашын бір ұя,
Шыңдағы жақпар қияда.
Көзі түсті бір құсқа,

Жақпардағы ұяда.
Қадалды лашын сол құсқа
Екі көзін айырмай.
Қалды қатып қадалып,

Артына мойын қайырмай.
Ұядағы жалғыз құс
Лашынның екен баласы.
Әлі ұшпаған жас екен

Қасында жоқ анасы.
Балапан құс ұяда
Қанатын сылап тарайды.
Мөлдіреп о да қадалып,

Тектесіне қарайды.
Мөлдіресіп әуелі
Лашынға лашын көз салды.
Құстың нәзік тілімен,

Үлкен лашын сөз салды.
Көкке сермеп құлашты
Аралдан алып кетпекке,
Серік қылып тектесін

Мұратына жетпекке.
Бала құс әбден таныды
Анасының төтесін.
Жүрегі сезді лүпілдеп,

Тектесі тастап кетпесін.
Екі лашын сонымен
Сол ұяда түйісті.
Сұлу сынды сыпайы,

Айқасып тәтті сүйісті.
Тектесінің жүрегін,
Бала лашын өрт қылды.
Айрылмасқа тірідей,

Үлкен лашын серт қылды.
Шаңқылдап даусын кернеді,
Аралға келген бұл лашын.
Тектесін ертіп кетуге

Лашын құс жайды құлашын.
Лашын құстың даусынан
Көлдегі құстар шошынды.
Аралдағы түрлі құс

Біріне-бірі қосылды.
Аралдың құсы шуылдап,
Ұяның келді қасына.
Үймеледі у-шу боп.

Қос лашынның басына.
Қос лашынды қоршады
Шулаған құстар қамалап,
Тиіп қашып жабылды,

Қанатпен қағып сабалап.
Қарға менен бөктергі,
Шағала, қызғыш, қарақұс,
Неше түрлі тағы көп,

Белгілі түссіз ала құс.
Лашынды былғап батпақпен
Балапанды шошытпақ

- Жібермеуге аралдан

Лепірген көңілін жасытпақ.
Лашынға қастық қылмаған
Құстың саны тіптен аз;
Бір-екі ғана қаршыға

Аққу мен бірер қоңыр қаз.
Лашын ұшты, сымпылдап,
Шалғысы жасыл жарқылдап,
Жас лашынға «жүр» деді

Шыңды айналып шаңқылдап.
Бала лашын ұшуға,
Оңтайлады қанатын.
Тектесінен сүйіскен,

Болмады тіпті қалатын.
Шулаған жыртқыш жабылып,
Балапанды жылатты.
Ұшуға қанат жазғанда,

Топшыға қағып құлатты.
Қанатын қағып қамалап,
Ұшуға ерік бермеді.
Анасыз жетіп жас байғұс,

Ешбір жәрдем көрмеді.
Қамалады қалың құс,
Қастығы жоқ лашынды.
Тиіп-қашып шуласып,

Жалғыз ерді басынды.
Қайта айналып лашын құс,
Ашуын жиып айқаспақ,
Екіншіде тиіскен,

Қанша жаумен шайқаспақ?
Шарықтап кетті алысқа,
Күштерін әбден жимаққа,
Екіншіде жауласса,

Топшысын жаудың қимаққа.
Лашын байғұс күйініп,
Зор уайым қылады.
Ұяда қалған жетімді,

Ап кетпегей құладын.
Бір құладын ап кетсе,
Қайта айналып келгенше
Жауларымен шайқаспақ,

Топшысы қарап өлгенше.
Лашынның жаны күйініп,
Жүрегі өрт боп жанады.
Уайым ғып тектесін,

Көзінен жасы тамады.
Лашын сермеп құлашын,
Бұлттан асып зарлады.
Күйік кернеп көкірегін,

Көзінен жасы парлады.
Өңім десем түс екен,
Есікті біреу қағыпты.
Ояна кетіп қарасам.

Жастыққа жасым ағыпты.
Тұра салып жолдастан.
Түс жоруын сұраппын.
Домбырамды ап жабырқап,

Құлағын күйге бұраппын.
Бұл түсімнің жоруын,
Әбіке сенен сұрадым.
Шын жүрекпен тілейік,

Екі жардың мұратын.
Бір жыртқышқа бөбекті,
Тағы құстар бермес пе?
Жетім лашын еріксіз,

Құладынға ермес пе?
Бала лашын бұл істі,
Тағдырдан ғана көрмес пе?
Құладынға алданып,

Жастықпен байғұс көнбес пе?
Қамалап жалғыз жетімді,
Құрбандық қып шал мас па?
Бір жыртқышты баулысып,

Жас лашынға салмас па?
Арам жыртқыш қодандап,
Балапанды алмас па?
Бала лашын сонымен.

Бір қор құс боп қалмас па?
1929 жыл.
(Тұрмыс толқынында)

МАЙ КҮЙІ

І

Жер жаһан жұмыскер табы
Бүгін тасид
Радиомен тілегім,
Бұлтылдайды

Бұлшық етім - білегім.
Бүгін күймен,
Гүріс-гүріс бимен,
Соққан сүймен.

Гүрсіліндей
Ойнақтайды жүрегім.
Бүгін солқ-солқ
Дүбірлейді дүние.

Бүгін көкке
Жұмыскер тап үні ие.
Құралды асып,
Тұрған басып,

Ұрандасып,
Күшін сынайд
Дүниеге шын ие.
Бүгін мыңның ұраны,

Саңқылдайды
Мың миллион түр әні;
Құрыш шыңдап,
Лек-лек мыңдап,

Жұбын сымдап,
Бүгін жарқ-жұрқ
Жұмыскер тап құралы.
Жұмыскер тап

Бүгін жалау бұлғасад.
Өзі соққан
Көк алмасты қынға асад...
Оқ ат байға!

Серт қылмайда!
Жолдан тайма!
Қаһарлы үндер
Көкте ың-шың ұлғасад.

Жұмыскер тап
Бүгін ұран салысад.
Бір-бірінен
Шартты сәлем алысад.

Тілек біреу,
Білек біреу,
Жүрек біреу,

- Мың тілді ну

«Бауырмыз» деп табысад.
Зығырданы
Жаудың қайнап күйісед.
Мың тілді еңбек

Сәлемдесіп сүйісед.
Сан үн мың-мың,
Шат боп ың-жың,
Аспанда ың-шың

Айқыш-ұйқыш
Жер түйісед.
Жер үстінде
Мың-мың жалау жайқасад.

Зор майданға
Күш дайындап байқасад.
Жалшы тап - тірік,
Сом білек — ірік,

Жер үсті бірік!
Айқыш-ұйқыш
Радио — үндер айқасад.
Жұмыскер тап

Бүгін күшін білейді,
Қарын сұмға
Көк найзаны тірейді...
Нық бас, сарт-сұрт!

Жұп бас, жалт-жұлт!
От шаш, жарқ-жұрқ.
Сап-сап миллион
Адымын нық шірейді.

Сансыз тілдің
Құшақтары қабысад.
Жер түптерден,
Шаттық сәлем қағысад.

Шаттық шашып,
Мұхит асып,
Құшақтасып,
Радиомен

Көкте үндері табысад.
Сіңірлі қол
Бүгін құрал шыңдайды.
Арыстандай,

Бүгін сол мың-мыңда айдын.
Бір жерде бас,
Бір жерде пәс,
Бір жерде тас,

Жер түптерден
Бірін-бірі тыңдайды.
Еңбекші әлем
Бүгін толқын мұхиттай.

Теңіз туын,
Дауыл, шуын,

- Белді буын,

Қос тізені,
Көтер басты бұқитпай.
Мың мың лек,
Марш бас!

Жігіңді ашпа.
Бас штаб бастап,
Мүлт қадам баспас!..
Екпінің, - дауыл.

Қарынбай жауың
Қалтырап тауы,
Құласын жауыз!..
Ескі әлем солқ-солқ!

Сом балға, соқ-соқ!
Бас штаб
Тап бірлігін
Жар қылады іс табы.

Бүйте алмаған
Адамзаттың һеш табы.
Биік тұран,
Радио — ұран,

Жар сап ұран,
Бүгін қызу
Коминтерн —
Штаб шашад жарлығын,

Қозғамаққа
Жер табының барлығын.
Жаса теңдік!
Еркін кеңдік.

Болма жемдік
Сұм қарының
Құртпақ құлдық тарлығын.
Штаб қызу -

Ұстаның іс үйіндей,
Екпін мен рух, -
Көріктің гу күйіндей.
Құрыш шыңдап

Ұштап, сымдап,
Соққан жымдап,
Жігер қимыл
Бұт балғаның биіндей.

Штаб құж-құж, -
Құмырысқаның илеуі.
Жалынды сөз, —
Бу машина күйлеуі.

Гүрс - гүрс ұрған,
Өлшеп құрған,
Қайнап тұрған,
Сарт - сұрт жүріс, -

Мың балғаның билеуі.
Жұмыскер тап,
Ұйымдастың күш таптың,
Штабына

Алмас жарақ ұштаттың,
Сымдай тігін!..
Тыңдап ұғын!
Шашқан бүгін

Радиомен
Әмір жарын штабтың.
Жер тобында,
Қарын әкім жерлерде,

Қарынбайдың
Зынданындағы ерлерге,
Штаб сәлем
Шашты кәлем,

Еңбекші әлем
Октябрін,
Шуын күткен жерлерге.
Еңбекші әлем

Құлдық заңын
Қиратуға алдымда!
Миллион-мыңды, Қытай.
Үнді, күшейт үнді -

Чанхай қаны
Еңбекші әлем жадында!

3

СССР жұмыскер табы
Жұмыскер тап,
Қаттырақ соқ балғаны! Талқан болсын
Қарынның сұм жалғаны!

Арам қудың
Зәлім – удың
Тез құласын,
Октябрьден қалғаны!

Гулет көрік,
Қызсын қорық, қайнасын!
Қорық пеште
Өрт боп көмір жайнасын!

Тұрмысты онда,
Соғып сомда,
Қорық пешке
Өрт қып жақсақ кемірді,

Құйып, илеп,
Үйсек сайман, темірді,
Қызса завод, —
Апталау ат,

Тасыр сауыт,
Қызықтырақ,
Көркейтеміз өмірді!..
Тегершіктер

Шапшаңырақ зырласа,
Біздің тұрмыс, -
Жаңа құрлыс,
Жайнар қырмыз,

- Екпіндірек

Машина күй жырласа.
Мың шет түкпір
Жақсын жанған шырақты.
Далаларды

Талқандасын трактор,
Отарба, апта,
Радио аттап,
Гулеп қаптап,

Аэроплан –
Ұмыттырсын жырақты.

4

Қызыл әскер
Күңіренеді
Еңбекші әлем, жас-кәрі,
Лек-лек болып

Біленеді жастары,
Жауды, жатты,
Аңдып қатты,
Еңбек тапты,

Қорғамаққа
Ант етеді әскері.
Қызыл әскер, -
Қызыл қосын нудағы,

Матростар
Кемедегі - судағы,
Жас, арыстан, іштен, тыстан,
Пыссын дұшпан, —

Қызыл жұлдыз
Маңдайында тудағы!
Қызыл қосын,
Жаңа тұрмыс түзеткен,

Жұмыскер тап
Өз отанын күзеткен,
Сол аяқ,
Жұп бас!

Құж табан,
Нық бас!
Адымда,
Сып бас!

Қатарды нықтас,
Мылтықты иыққа ас,
Еңбекші ер бүкбас!
Майданға тік бас!

Майданда бұғып,
Тек қулар шықпас.
Қатарды нықтас!
Ешбір жау жықпас!

5

Пионерлер
Марш пионер,
Марш жас ұлан, ауылға!
Мәдениет

Майданында дауылда.
Дүңк-дүңк, - дабыл.
Лек-лек ағыл! Іске жабыл!
Тез дайындал,

Жеңіл істен ауырға.
Еңбек таптың
Сендер де бір қосыны.
Әрбір істе

Ұмытпа әсте осыны! Сансыз қырлы,
Бір-ақ сырлы,
Еңбек жырлы, -
Көтер иыққа мылтық, балға, мосыны!

Надандықтың
Тамырына шапқыла. Маскүнемді,
Хулиганды атқыла! Сондай шолжау, -
Тағы мол жау.

Бит те зор жау, —
Не жамылып
Бұқса-дағы тапқыла.
Надандықты

Трактормен айғызда,
Салт-санаға
Сасық иісін жайғызба!
Марш, лек, алға.

Жас күш, талма!
Нық тұт, балға.
Тістес, күрес,
Табаныңды тайғызба!

Құлаш ұрып
Ескіліктің ордасын,
Қират бұзып
Шырмау, шірік мордасын!

Жаңалықты қада мықты,
Кепке де ұқтыр, -
Надандықтың
Ұшыр көкке қордасын

Тас түлек, алға!
Жас білек!
Талма!
Нық сілте балға!

От ұшсын маңға,
Дүңкілдет дабыл
Дұшпанды қаға ұр!

6

Кедей шаруалар
Кедей шаруа,
Жұмыла кір ұйымға!
Бірлік еңбек

Бәрін жеңбек,
Егін еңбек,
Күш береке –
Ұйымдасқан жиында!

Өнер, ғылым
Шаруаны сүйресін,
Тракторды
Еңбекші аттай билесін,

Атша мініп,
Түгел біліп,
Машинаның
Әрбір тетік түймесін.

7

Қарыш мен үбірлері
Жер тобы шат —
Сүйсінеді, дүбірлейд.
Қарын ыза -

Сөгінеді күбірлейд.
Салып жанды, істеп «қамды»,
Қу сары үрпек
Арам қанды,

Балалары шүбірлейді.
Бүгін тырс-тырс
Қарынбайдың талағы.
Топ танысад

Гіл сары үрпек қарағы.
Аз өмірін
Қылмақ «шырын» - ішкені ірің, -
Айырылмауға

Арам тамақ тұрмыстан,
Оқ жонады
Тырнақты ылғи тырмысқан, ішіп арақ,
Құшып қарақ,

Жүрмек қарап,
Жаза тартпай
Сансыз қанды қылмысқа.
Қарын сұмның

Солқылдайды сарайы,
Тырсияды
Борсаңдайды торайы.
Арам борсық,

Жарыл борсып,
Сасық қорсық.

— Өмір сорған

Қанның қайтпақ орайы.
Өргеш, паш, Алаш,
Шілем, пош, Палаш,

- Жалдаған

Бәрін капитал қарын,
Көр толқын шуды,
Ал теңіз туды!..
Гіл арам ауыз,

Қалтыра жауыз!
(Социалистан)

ҰЛЫ МАЙДАНДАҒЫ ЖҰМЫСКЕР ТАБЫНА

Еске түсер
Ұлы күндер,
Май күні,
Жұмыскер тап,

Бірлікке ант қып, сай күні,

— Жолдас — досым,

Ардақ қосым,
Есте болсын, —
Қол ұстасып
Бірге болдық қай күні?..

Тырнақты сұм
Алқымыннан алғанда,
Қанды шеңгел
Сірескенде жағаңда,

Алтын ұлдар,
Жалқын мұңдар,
Өңкей сұмдар.
Дәл арқаңа

Алтын қанжар салғанда!
Дәл сол кезде
Қолтығыңа кіргемін,
Сұмды соғып,

Езгілесіп бүргемін,
Етті далдап,
Бетті қандап,
Аман «жанды ап»,

Сендерменен
Бірге алысып жүргемін.
Сол майданда
Қанға бірге батқамыз,

Шайнап жауды,
Шайналып та жатқамыз.
Дүзікті алтын,
Сары жалқын,

Жұмсақ алқым,
Ол кезде ойда
Жуан дорба жоқ еді,
Ол кезде ойда

Диван, жорға жоқ еді,
Ойда ол кезде,
Тіккен көзде:
Қарынды езбек —

Не ілмек жіп,
Не қорғасын оқ еді.
Мен тұрмағам іштен пәле түйсіне,
Әуелі кеп

Пышақтап ап, «исіне»
Келмегем мен,
Әкім боп сен,
«Жайып сап жем»

Жұртқа берген
Тәтті асыңның иісіне.
Қызыл тудың
Сабын бірге сүйгемін,

Жалын отқа
Бірге пісіп күйгемін,
Сертті күнде,
Қанды түнде,

Жау ішінде
Қызыл туға
Жанды бірге түйгемін.
Сендерменен

Түсіп шыққам бір «көрге»,
Аш, жалаңаш
Жатысқанбыз кір жерде,
Көп жау талап,

Шұрқ-шұрқ жара ап,
Дал-дал қанап,
Сақтаулы әлі
Сондағы алған мандатам.

Майдан штаб,
Берген сонда қандатып,
Тұмар қылып.
Мойныма іліп,

Жүрмін тынық,

— Октябрьдің

Сондағы жас солдаты.
Ол күн мәңгі
Тарихтан еш өшпейді.
Тарихтың ол

Зор бетінен көшпейді,
Жаулар қашты...
Сұмдар састы...
Бояп басты,

Сол күнгі істі
Сұмдар бізге кешпейді.
Қалай кешсін
Бізге сұмның ұлдары,

Ордалары
Талқандалған тұлдары, —
Қанжар қайрап, іштен байлап,
Судай сайрап, қу қарынның

Гіл сұғанақ мұңдары?..
Сұм тобының
Бізде мәңгі кегі бар,
Сұм қулардың

Кек сақтайтын тегі бар, —
Жолдас-досым,
Нулы қосым,
Есте болсын, —

Күліп, кекеп,
Аңдыған сұм ысқырса.
Арам қарын
Мұрныменен пысқырса, —

Шімірікпеймін,
«Тым үрікпеймін»,
Үн ірікпеймін, —
Аяқ шалып,

Кір таяқ та қыстырса.
Енді жаудың
Сөзбен атам ордасын,
Көздеп атам

Жылмиған сұм мордасын,
Кейде бір мүлт,
Кейде бір мүрт,
Кейде үстірт

Кету мүмкін
Қызған шіркін қорғасын...
Қате бассам.
Сен түзейсің, —

Ем көрем.
Сезіміңді
Дамығыш ну кең көрем...
Қулар үрсе,

«Көкке мінсе,
Үріп күлсе,
Сұр күшіктің
Үргенімен тең көрем.

Қан майданда
Қолтығыңа кіргемін,
Жанды ортаға
Салып білек түргемін,

Зор сертті істе
Қанжар тістеп,
Жарақты қындап,
Жаңғыртып шыңдап,

Ұстамақ білек,
Дайындап білеп.
Бар күшін,
Жігер, дұспанға тігер...

Мың-мың лек,
Марш бас.
Қай дұспан қашпас!
1929 жыл. ( Социалистан)

МАУЗЕР

(Октябрьдің 12 жылдығына)
Ұлы Октябрь күнінің
Он екінші тойында,
Паш етейін бір істі

Көптен жүрген ойымда:
Ұлы сынды кез еді
Тап пенен тап алысқан,
Тек майданға жүгініп

Жүрекке найза салысқан.
Басын тігіп тап үшін,
Майданда ерлер табысқан.
Бала-шаға, кемпір-шал

Үйде қылыш жанысқан.
Тұтқасы үшін тұрмыстың
Алмасты қанға малысқан,
Қиырсыз ұшан туған жер

Аққан қанға қанысқан,
Сұғанақ күшік қулар тек
Үйінде бұғып қалысқан...
Міне, сонда қалың жау

Қамалады айнала.
Ың-жың болып қайысты
Қалың орман айдала.
Қызыл күнді басқандай

Қара сұр бұлт ұшпалы,
Қамап найза төндірді
Еңбекші тап дұшпаны.
Бір жолдасым жығылды

Түс ауғанда, бесінде...
Қан-қан болған суреті
Әлі тірі есімде.
Әлсіреген қажырлы ер

Жау оғының көбінен,
Қан түкіріп жығылды
Тиген соң оқ дөбінен.
Басын сүйеп отырдым,

Тұла бойда кек қайнап.
Жүректі өртеп қанды кек
Жау жасаған шепке айдап.
Тастамады қолынан,

Қан аққан ер маузерін,
«Босамаңдар» — деді де
Қанын сүртті аузының.
Айтқайсың жолдас жарыма,

Жас бала қалды қолында.
Көз қырын салар ерлер кеп
Еңбекші тап жолында.
Бесіктегі жас ұлым.

Ер жетсе өсіп балдырған.
Мына кекті маузерім
Соған мұрам қалдырған.
Октябрьдің күнінде

Туғандығын ақтасын,
Мына кекті маузерді
Дұшпанға арнап сақтасын.
Ерте түсті қолымнан

Жауды құрытпай маузерім,
Бүгін бізге тас атқан,
Кірмесін ішке жау жылым.
Кейінгі жас тірінің

Жылда бір сал есіне»...
Деп үзілді азамат
Басын қойып төсіме.
Он екіде сол ердің

Ұлы қазір пионер.

— Әкем дейді советті,

Әкесіндей сүйенер.
Октябрьдің ескіше
Дәл жиырма бесіне,
Әкесінің сәлемін

Жылда салам есіне...
Деп жүрмесін жас ұлан
«Жылда айтады несіне?»
Тапсыруын әкеңнің

Тағы салам есіңе!..
Ұлы Октябрь дұспаны іш пен сырттан аңдысып,
Оңтайлы кез күтеді,
Оғын іштен шаңдысып.

Ішкі-сыртқы көп залым
Тісін қайрап бағады.
Оңтайлы кез келсе егер
Сұр абжылан шағады.

Октябрьдің ұланы,
Тез дайындал майданға
Іште, сыртта жау қалың,
Бейбіт өспе жайды аңғар!

Борыш саған күзету
Еңбекші тап қотаның.
Жаудан қорғау жарақпен
Бостандықтың отанын.

Октябрьдің жауы көп, іште, сыртта қоршаған.
Көкейіне жатталсын
Осы ап-айқын сыр саған.
Қоршаған жау отанды

Қан тұмсығын сұқпасын,
Ішкі дұшпан аңдыған
Ептеп пышақ тықпасын.
Дұшпан таптың кеңеске

Пасық жанды сұмдары.
Арам, аяр абжылан, —
Қиын құйрық, жымдары.
Октябрьді қаралап

Талай сұмдар шабысқан.
Итше жортып, ұлысып
Бір-бірімен табысқан.
Дал-дал қылып талауға,

Бізді талай қабысқан.
Сонда оларды еңбекші ел
Қу тұмсыққа қағысқан.
Біздің сонда тегеурін

Оларға тым «жағысқан»
Біздің шеңгел сіңірлі
Кеңірдекке жабысқан.
Кеңірдегі езілген

Сұғанақ сұр күшіктер,
«Күшім» — десең қабады,
Тұмсыққа ұрсаң бүшіктер.
Сыртқы жау да кезенед,

Қатерлірек іштегі,
Өмірінше залымның
Даяр жүрмек іш кегі.
Күтіп сақта, жас ұлан!

Әкең берген маузерін!
Біз тым жақсы білеміз ішкі, сыртқы жау сырын!..
1929 жыл. (Социалистан)

БИЫЛҒЫ МАЙ

Бүгінгі дүние

І

Бүгін дүние, —
Жалынды, отты.
Бүгінгі ұран, —
Ашулы өтті.

Еңбекші әлем
Мың-мың лекті,
Күшін бүгін байқасад.
Бүгін еңбек

Билеп күшін,
Қаһар түйіп,
Жігер пішін,
Жалпы ортақшыл,

Теңдік үшін
Капиталмен айқасад.
Бүгін ұран, —
Ашулы өтті:

Еңбекші әлем —
Қайнар кекті.
Көк зеңбірек,
Қорған шепті

Капиталмен шайқасад.
Еңбек таптың,
Дүниедегі
Көк күңірентіп,

Ашы кегі,
Капиталдың
Қанды шебі,
Бүгін қалш-қалш солқылдайд.

Билеп шуы,
Ұшан мұхит
Қызыл туы
Лек-лек сап боп толқындайд.

Әуеде үні. —
Жарқ-жұрқ отты,
Күңірентеді
Жер мен көкті,

Бұзып, жолда,
Барлық шекті.
Бір-біріне сәлемді.
Жер түптерден

Ұрандасып,
Бір тілекті
Ұран шашып,
Жиып күшін

Лек-лек басып,
Солқылдатад әлемді.
Бүгін еңбек
Бірлік күні,

Күш сомдайтын
Майдан сыны.
Еңбек таптың
Қаһарлы үні

Бүгін көкте қайнайды.
Еңбекші үні, —
Өртті-жалын,
Орап түгел

Жиһан шарын,
Бір-бірінің
Біліп қалың,
Мың түрлі тіл сайрайды.

Сертті күнге,
Тігіп басты,
Нақ шабуға
Обыр насты,

Жарқылдатып
Ақ алмасты,
Қылшылдатып қайрайды.
Сертті күнге

Күшін жиып,
Еңбекші әлем
Сертін түйіп,
Көк қорғасын

Оғын қиып —
Капиталға сайлайды.
Қалтыраған
Бүгін қарын,

Еңбек тапқа
Бүтін бәрін,
Қарсы қойып
Малайларын, —

Қан ішкіштер шабысад.
Еңбек табы
Сансыз жердің,
Шегін аттап

Сансыз елдің,
Екпініндей
Соққан желдің,
Көкте үндері табысад.

Қан ішкішке
Қайрап тісін,
Көк найзаның
Безеп ұшын.

Құрыш оқты
Тізіп жанға,
Қансорғышты
Жықпақ қанға,

Еңбек ұлы
Серт майданға
Белін тастай қынасад.
Табын жоя

Қарынбайдың,
Совет елі
Биыл майды
Шаттықпенен

Қарсылайды
Бес қырқаның белінде.
Еркін еңбек
Бүгін Майды

Төсін керіп
Мейрамдайды,—
Қан қызыл ту
Қанат жайды

Советтің өз елінде.
Күш негізі
Жігерлі ұйым,
Істеп таудай

Істі қиын.
Совет елі
Құрыш иін —
Алға адымдап басады.

Шаруаны Сүйреп өрге,
Жүгін артып
Зор өнерге,
Түсіп шаттық

Еңбекші әлем,
Нетті сізге?!
Түсіңдер тез
Біздің ізге?

Қозғал түгел
Қосыл бізге! —
Әлемге ұран шашады!

ІІ

Совет елінде
Бүгін мейрам,
Совет елі,—
Жалпы еңбекші

Отан жері,
Төңкерістің
Қорған белі —
Лек-лек қызыл ұланды.

Партия бас,
Қызыл батыр —
Жаңа өмірді
Қалап жатыр, ірге бітті,

Құрмақ шатыр —
Орындап зор планды.

ІІІ

Әмірші штаб коминтерн
Жол басшысы —
Әмірші штаб —
Коминтерн, —

Мың-мың тұстан
Шашады үнді ұранды.
Еңбекші әлем
Елдің барлық —

Көрген ылғи
Аштық, зарлық
Тез қозғал деп,
Шашып жарлық, —

Солқылдатад Тұранды.
Дүниедегі
Еңбекші тап
Жол басшысы

Әмірші штаб,
Ұран шашад,
Оқтай ұштап, —
«Алға атта!» — деп бұйырад.

Еңбекші тап,
Тез бол дайын!
Құрт жиһанның
Қарынбайын!

Сап майдан қып
Мейрам Майын!»
Бұйрық шашып шиырад.
Құрсаң темір,

Лек-лек атта!
Дәл ат жауға, —
Бір мүлт атпа!
Капиталды

Құлат, тапта!
Еңбекші әлем, алға бас!
Тез қимылда,
Жауды жаула!

Көтер көпті
Жалын, лаула! —
Бол социал таңға бас!
Жер мен көкке

Толсын дүсір.
Құлдық шепке
Мықтап күш ұр.
Талқан қылып

Құл қып ұшыр
Капиталды қанға мас!
Шық майданға, —
Бірін қалма!

Соқ обырға
Құрыш балға!
Социализмге
Адымда — алға!

Көтер басты бұқитпай!
Капиталдың
Темір қалқан
Құрған шебін

Қират — талқан!
«Ұшсын — обыр»,
Күл боп ұшсын, —
Тула қаһар мұхиттай!

Ал жиһанды,
Лек-лек атта!
Ұлы Октябрь
Күнін жатта!

Мың-мың қызыл
Туды қаптап
Көтер көкке тұқитпай!
Жарқ-жұрқ сілте

Оң мен солға!
Октябрьдің
Нық тұт қолға
Алмас қылыш-найзасын.

Өшсін обыр,
Еңбек қанау!
Сұм капитал,
Құлдық, талау!

Жұмысшы тап
Қызыл жалау
Төңкерісі жасасын!..
1931 жыл. ( Социлистан)

ҚАЗАҚСТАН ОН БІР ЖАСҚА ТОЛҒАНДА

Кеше
Қазақстан социалдық
Республика болғалы, —
Октябрьдің төрті күні,

Он бір жасқа толғаны.
Он бір жылда Қазақстан
Үдеп алға басуда,
Көз жіберу керек артқа

Әрбір шыққан асуда.
Он бірінші белде тұрып,
Артты шолып алайық.
Қазақстан аймағына

Айнала көз салайық.
Қазақстан бұрын ел ме ед?
Бағынған тек құл еді!..
Еңбекшісі итше құл боп

Тек байлары ірі еді.
Қанау, қорлау, сан жауыздық.
Бәрі бірдей толы еді.
Еңбекші елдің қанын сорған

Сұм, зәлімдер мол еді.
Қазақстан бұрын ел ме ед?
Мазақ еді, қор еді.
«Ақ патшасы» — қара пәле, —

Зұлмат басы сол еді...
Қазақстан айналасы,
Берік қамау ор еді.
Қара пәле сұм құрсауы

Құтқармастай тор еді...
Қазақстан бұрын бетпақ,
Қайғы басқан шел еді,
Жақын деген көлденеңі

Айлық ауыр жол еді.
Қазақ елін билеуші еді
Патшаның сұм құлдары,
Еңбекші елді қан жылатқан

Сұм патшаның мұңдары...
Адамшылық, ар-ұждансыз,
Арам құлқын құндары.
Оларменен әмпейлескен,

Қазақтың өз сұмдары...
Сұм патшаның әкімдері,
Елді итке балаған.
Еңбекші елді тонап, тұлдап,

Қан жылатқан, қанаған.
Бай, би, молда әкімдердің
Қан табағын жалаған,
Өңкей ұры әмпейлесіп,

Еңбекші елді талаған...
Бүгін
Міне бүгін алыс артқа
Биіктен көз қарайды.

Бастан кешкен сан қорлықты.
Жүйрік оймен санайды.
Еңбекші тап жапа шегіп,
Көрген заман талайды.

Ол заманды «албастылы»
Қара түнге балайды.
Сол пәледен құтқарылып,
Көк найзаның ұшымен,

Қазақстан қатар ел болды
Ұлы Октябрь күшімен...
Қазақстан социалдық
Республика болғалы,

Міне бүгін дәл он бір жыл
Он бір жасқа толғаны.
Қазақстан жаңа ел болды,
Он бір жылдың ішінде,

Енді билік, енді бақыт
Еңбектің өз күшінде.
Еңбекші тап өз күшімен,
Өз бақытын күзетед.

Ұйымды еңбек социалды,
Жаңа тұрмыс түзетед.
Айлық жолды күндік қылып,
Темірден жол тартады,

Түйе менен өгіз жүгін
Машинаға артады.
Бетпақ шелден, асқар таудан
Ұшқыр құсша асады.

Өнер, білім жемістерін
Сан түкпірге шашады.
Тынбай у деп сан түкпірден,
Өнер үйін салады.

Еңбекші елі жұмылысып
Жаппай білім алады...
Тынбай үдеп сан түкпірден
Білімге ошақ ашады,

Қазақстан 11 жылда
Жаңа тұрмыс жасады.
Міне, бүгін алыс артқа
Биіктен көз қарайды.

Бұлшық етті, күшті білек,
Жаңа тұрмыс қалайды.
Кеңірдегі езілген
Сұғанақ сұр күшіктер,

«Күшім», — десең қабады,
Тұмсыққа ұрсаң бүшіктер.
Сыртқы жау да кезең ед,
Қатерлірек іштегі,

Өмірінше залымның
Даяр жүрмек іш кегі.
Күтіп сақта, жас ұлан!
Әкең берген маузерін!

Біз тым жақсы білеміз ішкі, сыртқы жау сырын!..
1931 жыл.(Социалистан)

АҚҚУ ҚҰС КҮЙІ

Аян деген ақынның біраз өлеңдері «Ақ, сұлуға» арналып жазылған махаббат жырлары. Өзінің сүйген сұлуын аққу құсқа теңейді. Мынандай өлең жырлары бар:

І жыр
Ей, сәулем, сен, — аққу құс, көлден ұшқан,
Сұқтанған сәулетіне дос пен дұшпан.
Айдында тұнжыраған мен тұңғиық,

Аққудың тоймай күнде төсін құшқан.
Ақ сұлу, — сен, — көлдегі аққу сынды.
Ақ күміс, сыңқылдаған сұлу үнді.
Әлемге бірдей қызыл нұрын шапқан,

Қош алған ертелі-кеш алтын күнді...
Аққу құс тұңғиыққа жауһар шашып,
Сыңқылдап, құшақ жайып төсін ашып,
Аймалап тұңғиықтың ақ шашағын,

Ойнайды, ақ төсіне иіскеп басып.
Аққу құс ақ шашағын иіскеп, жұлып,
Ойнатад тұңғиықты жатқан тұнып;
Тұңғиық, ақ сұлудың төсін құшып,

Сүйеді шөп-шөп етіп, сылқ-сылқ күліп.
ІІ Жыр
Айдын көлде аққу жүзед,
Ақ сәулесі шаңқиып.

Сұлу үнмен саңқылдайды,
Көлді сүзіп маңқиып.
Көлді күміс суын сызып,
Аппақ төсін кереді.

Су бетінен ақ шашақты
Әлдекімге тереді.
Көлдің мөлдір айнасынан
Өзін сұлу көреді.

Бұрынғы өткен шайыр көрсе,
«Ақ періште» дер еді...
Тұнжырайды тұңғиық,
Терең шіркін өмір тілейді.

Буып ашу мың қиық
Күрсінеді, уһлейді.
ІІІ жыр
Сәулетті аққу сыңқ-сыңқ жырлап

Тұңғиықта жүзеді.
Тұңғиықтың төсінде ойнап,
Ақ шашағын үзеді.
Ақ сұлуға тұңғиық кең,

Керіп құшақ ашады
Аққу үзіп ақ шашағын,
Иіскеп, түтін шашады.
Тұңғиықтың төсіне аққу

Аппақ төсін төсейді.
Аппақ сүйрік білегімен
Су күмісін көсейді.
Тұңғиық мас, ессіз құмар

Ақ сұлудың көркіне,
Төсін мәңгі құшар еді,
Аққу тисе еркіне.
Сұлу үнді ақ мамықты

Аққу лайық тереңге,
Көрінген құс жүзе ала ма
Тұңғиықтай еренге?
Шіркін ерен, сонша құмар

Ақ сұлудың үнінен.
Іш құмары тарқамас ед,
Мың сүйіссе де күніне...
Аққу кетсе қамысқа еніп,

Мұз қабағын түйеді.
Жүрек бауыры мұздай болып,
Тағы өртеніп күйеді.
Толқын кернеп дөңбекшиді,

Ашу кебін киеді.
Долыланған арыстанша
Айналаға тиеді...
Сонда ақ сұлу шыға келсе,

Жүзіп, әсем сыланып,
Ашулы ерен сұлық тынады,
Дөңбекшіген бұланып,
Сонда аққудың лебі тиіп,

Күліп терең иеді.
Ақ сұлудың мамық төсін
Шөп-шөп етіп сүйеді...
ІV жыр

Қасірет күймен тебіренеді,
Күйіп-жанып жан жүрек.
Бірде удай, бірде балдай,
Махаббат гүл үлбірек.

Бірде удай бұл махаббат,
Бірде жұпар мас қылад.
Бірде жанды бақытты қып,
Бірде көзді жас қылад...

Ақ мамығым, ақ үлдірім,
Неге мұнша сүйдірдің?
Неге маған кез болдың сен,
Неге ынтық қып күйдірдің?..

1932 жыл.

АЯН МЕН АЙЛАҚ ХИКАЯСЫНАН

І

Құшақ жайған қиялды жан
Көктегі алтын сәулеге.
Аққу сынды сұлу іздеп
Түскен қасірет, әуреге...

Бұл әурені «Кім» десеңіз,
Жоқ іздеген бұл бір жан.
Бұл «бір ақын» — бірде ақ болат,
Бірде жібек үлбір жан.

Кез келгенді көпшілікше
Бұл тәкаппар сүймейтін.
Көңілі шын сүймегенге
Менмен басты имейтін...

Көкте жұлдыз, жерде құндыз
Бұл әуренің сүйері.
Аққу сынды ақ періште
Сүйіп басты иері.

Бір моншақты жерден тауып,
«Осы, — деді, — жұлдызым».
«Міне, — деді, — іздегенім,
Осы — деді құндызым».

Амал нешік, қиялшыл жан
Жұрттың сөзін алмады.
«Мұның жұлдыз емес», — деген
Сөзге құлақ салмады.

«Мұнымен тек ойна да ғой», —
Дегендерге қоймады:
Аққу құс деп құшты әлгіні,
Қиялшыл жан тоймады.

Әлгі құс та әуре ақынға,
Жан-тәнімен берілді.
Құшақ жайып еркеледі,
Манаурады, керілді.

«Бұл кім?» — десең, бұл — бір әйел,
Болмай жүрген байы нақ.
Әуре ақынның оны сүйіп,
Қойған аты «Айлақ»...

Құшқан сайын «жаным сен» деп,
Ақынды бұл сендірді.
Қиялшылды диуана ғып,
Бір мұнарға ендірді.

Тәтті өмірді қосты екеуі
Жазғы орманның сәніне.
Мас махаббат маужырады,
Бұлбұлдың шатты әніне.

Неше түрлі сыр айтысты.
Жаздың жібек түніне.
Бақытты үнді, сыбыр қосты
Судың сылдыр үніне.

Сүйтіп қызықты айлар өтті,
Жылжып тәтті жыл өтті.
Бір күні бұл екеуіне
«Қасақы сұм тіл өтті».

Бір күндерде Айлақтың
Суық сөзі білінді.
Әуре жанның жүрегі енді
Уланды да тілінді.

Сүйтіп енді бұл оқиға
Міні осындай сөз болды.
Әуре басқа іздеп алған
Ауыр күйік кез келді...

Сүйгенінен бір күн ақын
Мұздай суық сөз алды.
Маңдайына мұз тигендей
Отқа толды көз алды.

«Бақытсыз жан» «алтын сәуле»
«Ғашығынан» айырылды.
Астам тілек «қос қанаты»
Морт үзілді, қайырылды.

Барлық тілек, бар махаббат
Жүрекке кеп тығылды.
Қолынан хат түсіп жерге,
Сылқ етті ақын, жығылды...

Ақ мамығым, аққуым деп,
Сүймеуші ме ем, қалқашым!
Ақ үлдірім, жәнікейім деп,
Құшпаушы ма ем, қалқашым!..»

Жүрек шіркін бекер сонша
Ойран болып туладың,
Көңіл шіркін ұрынбасқа
Текке ұрынып уладың!

Шіркін жүрек болмап едің
Достың айтқан сөзіне.
Тек бір құсты аққу деген
Өз обалын өзіңе.

Қиялшыл жан, неге салдың
Текке әуреге басыңды?
Кірсіз сұлу таба алмадың,
Мейлің, ағыз жасыңды.

Ақын шіркін, сен диуана,
Не көрінген көзіне?
Боз моншақты жұлдыз деген
Өз обалың өзіңе!..

ІІ

«...Шын махаббат іздеу сұм дерт,
Жар жүректің жарасы.
Қиын қасірет табылуы
Дерттің біту шарасы...»

...Бұл дүниеде шын махаббат іздеудей дерт бар ма екен?
Сол дертті тез бітіруге
Дәрмен іздеу ар ма екен?
Ондай дертті жазатын жан

Жер түбінде болса да,
Аян соны іздеп еді,
Жолы — «жауға» жолса да.
Соған барып жалынар ед,

Мазақ қылып күлсе де.
Жазам десе шыдар еді,
Көкірек бауырын тілсе де.
Дер еді Аян:

«Тез сөндірсең,
Жүректегі өртімді.
Не бол десең, сол болайын —
Тек ұмыттыр дертімді!..

«Келемін» деп келмей кеттің
Өзің сүйген Аянды...
Талай сертті ыстық сөзің
Болмады ма баянды...

ІІІ

Сүйгенімді таңдатса
«Тілегіңді ал дүниеден» деп,
Бір-ақ қана сүйгеніңді
Береміз деп аңдатса.

Көк «ұжмағын» талақ қылып,
Бір-ақ тілек қылар ем.
Еш нәрсеге мойын бұрмай,
«Аққуымды» алар ем.

1932-жыл, 19 маусым. Лагерь.

ІV

«А...

30/ VІ — 32 жыл. Лагерь.
І .Хат жаздым қалам алып, жаным, саған,
Хат жазбақ парыз болды енді маған.
Парыздан құтылуға жаза салғаным жоқ,

Жазамын сағынғаннан, амалым жоқ.
ІІ. Ақ көлмектің соқтым алмен
Мен сені тең көрмеймін ешбір жанға.
ІІІ. Жарасқан күміс білезік білегіме,

Қашан мен жетемін ойлаған тілегіме.
Жазған Айлақ.

V

«Не қылдым, есті осынша алдырғандай?
Өкінтіп ақырында налдырғандай?
«Жұлдызың іздеп жүрген нақ осы» деп
Тұрақсыз ұшқынға көз салдырғандай?

Не кегің бар жолдан мені тайдырғаның?
Мені арзан ұшқынға қол жайдырғаның?.
Алдантып былғанышқа былғандырып,
Шындықпен иман нұрын шайдырғаның?..

АЙНАЗАР МЕН АЙСҰЛУ ХИКАЯСЫНАН

«М. К.-ге»
Сансыз юлдыз аспан көкте
Нұрлары ойнап ялтыри,
Янған отлы өз юлдызын

Юрек ізлеп қалтри.
Көк мұхитта от юлдызлар
Ялт — юлт билеп ойнилар.
Түрлі матүр отлар шаша,

Ойнаудан һиш тоймилар.
Мүмкин алар янған гәуһәр,
Мүмкин көкнің нұрлары.
Сақ-сақ күліп иырлар айтұр,

Интілми тик иырлары.
Иырақ дүр, бит, алар бізге,
Тиқ ялтыри нұрлары.
Аларны біз юлдыз дейміз,

Мағлұм түгіл сырлары...
Юлдыз санап мин киләмін,
Урманлардан ұзамын.
Алтын юлдыз гәуһәр отлы,

Сина қолым созамын!..
Сині ойласам көкірегімнен
Иырлар шыға үзіліп.
Алтын юлдыз, сиңә көзім

Талми карим сүзіліп!..

ІІ

Аспанда сансыз қалың жұлдыз бардай,
Жалтылдап нұр шашады сиқыр сырдай.
Сан сәуле көк теңізін алтындайды,
Құлпырып нұрлары ойнап қалтылдайды.

Ән қосып түрлі гауһар от боп күліп,
Би билеп көкте қалқып жалтылдайды.
Ойнаған сан сәуленің сиқыр сыры,
Жалтылдап қызықтырад сұлу жыры.

Гауһардай алтын жұлдыз көп болса да,
Тек қана қызықтырмақ жалғыз бірі...

ІІІ

...Көктегі сан сәулені санадым мен,
Әрқайсын сыпатына баладым мен.
От шашқан маңдайыма гауһарсың деп,
Біреуін таңдап көктен қаладым мен.

Сол жұлдыз көкке өрлесе, қуанамын,
Кейісем, жадырап жан, уанамын.
Кейде егер бетін оның тозаң шалса,
Күрсініп қапаланам, диуанамын.

Ол жарық жанса, көңілім тасынады.
Шаттанып қас-қабағым ашылады.
Ішінен сансыз жұлдыз бір сол ғана
Көзіме оттан ыстық басылады...

АЯН ҚАЛЖЫҢЫ

...һәркімнің қымбат көрген құндызы бар,
һәркімнің өліп өшкен «хор қызы» бар.
һәркімнің маңдайына ылайықты
Кез болған көп ішінен «жұлдызы» бар...

Ұялам өліп-өшіп «сүйгеніне».
Орынсыз менмен басты игеніңе.
Көк темір, жаңа құрылыс заманында.
Күшінді текке шашып күйгеніне...

Құрады жұмыскер тап жаңа дәуір,
Күйретед мың-мың батпан болса да ауыр.
Сүюің іске кесел боп жүрмесін.
Демеймін: «Тас жүрек бол, мұзды бауыр!..

ЖАЙ ӘНШЕЙІН

(Аянға)

І

Ұят-ау...
Кәне енді, біздің күлкі ойқастасын,
Бұлғаңдап оңды-солды бой тастасын.
Алдыңа көкпар әкеп тастағандай,

«Достарға» әзіл жұмбақ ой тастасын.
Жұмбақты біреу шешер, біреу шешпес,
Әзілді біреу кешер, біреу кешпес.
Айтқан сөз, істеген іс ұмытылса,

Қағазға жазылған сөз өмірі өшпес.
Емес қой, көңіл шіркін дауам шойын:
Қалжынға бұрылсын да кейде мойын.
Аянды бастық қылып үйірімен

Айтайын кей достарға әзіл-ойын.
Қызық қой кей мінезің, ақын Аян.
Оныңды етпесем де жұртқа баян.
Түсінсе әзіліме «сырластарың»,

Демесін: «әзілі — ұлы, тілі — шаян!..»
Белгілі кімдерді сен «сүйгендігің»,
Кімдерге менмен басты игендігің.
Көз жұмып сүйгеніңді көкке апарып.

Бар көркем сипатты оған үйгендігің.
Бүйтуін, досым, тіпті емес ерлік!
Жабыны тұлпар десең соқыр-көрлік.
Дер едім: уақасы жоқ, сүйгеннен соң,

Сүйгенің болса екен-ау, жұлдыз дерлік!..
Білген жұрт «құндызыңды» — пыс дейді ғой,
Алтын деп жүргеніңді мыс дейді ғой.
«Жұлдыз» деп, «аққу құс» деп жүргеніңді —

Әншейін жай бір ғана құс дейді ғой.
Ұялам ондай құсты сүйгеніңе,
Орынсыз менмен басты игеніңе.
Көк темір, жаңа құрылыс заманыңда

Кеміске өз-өзіңнен «күйгеніңе».

ІІ

Саған не болды?
Әуресің бір күспенен екі жаздай,
Әлі де алаң қылар онысы аздай.
Алдыңа, шіркін достар, сөз тастайын.

Үндемей бас шайқаған әзіл наздай.
Дер біреу: «Ақынның өзі әні қайда?»
Жер-көкті суреттеген сәні қайда?..
Әңгіме ертегі қып айтарлықтай,

Жыр қылған ғашықтықтың жаны қайда?..
Ақынның ішкі сезім сыры қайда?
Сырының сегіз тілді қыры қайда?
Тұрмыстың ащы-тұщы құбылысын

Жалынды күй ғып шерткен жыры қайда?..
«істі әркім тап көзімен сынайды...» ғой,
Әркімге әр түрлі зат ұнайды ғой.
Ұнаған затына әркім қолын созып,

«Маған тек соны бер...» — деп сұрайды ғой.
Мысалы: біреуге ұнайд терең білім,
Біреуге ұнайды тек менің тілім.
Біреуге жылтыраған сырт ұнайды,

Ондайға ақымақ сөздің бәрі ғылым.
Әр жәндік өз жеміне тойына шақ.
Әркімге сөз ұнайды өзіне шақ.
Дегендей: «әркім ылайық өз сорына»,

Әр пенде тон киеді бойына шақ...
Білер ғой ақылды адам сөз бағасын,
Көп жұрттан қандай затты сүюмен-ақ
Білер ғой алтын менен жез бағасын.

Әркім-ақ сездірмек қой өз бағасын.
Мұныңды кей достарың байқады ғой,
«Ол ма?..» деп жұрттың көңілі қайтады ғой.
«Жұлдыз!» деп жүргеніңді жұрт білсе егер,

«Бағасы сол екен!..» — деп айтады ғой.

ІІІ

Кейін жазамыз ғой
Кейде ақын жыр жазады досына арнап,
Немесе жан жолдасы — қосына арнап.
Үнімді дос пен дұшпан бірдей тыңдар

Демейін: «Айттым саған осыны арнап!..»
Кейде ақын арнайды жыр дұшпанына,
Кейде арнайды «өліп-өшіп құшқанына».
Біресе «ақ жұлдыз» боп маңдайына,

Біресе «аққу құс» боп ұшқанына...
«Ардақты әркімнің бір құндызы» бар,
Әркімнің «өліп-өшкен хор қызы» бар.
Әркімнің маңдайына ылайықты

Кез болған көп ішінен «жұлдызы бар».
Арнармыз басқа жырды «аққу құсқа»,
Жыр көп қой жатқан толып шықпай тысқа.
Жүректің түрлі күйін жыр ғып шертсем,

Адамның сан сырынан болар нұсқа.

ІV

Масқара ғой
Күлкі көп кей достардың мінезінде:
Ерлік те, ездік те бар бір өзінде.
Сөздерім тек ишарат, әзіл-наз ғой,

Жақпаса, достым, Аян, кінә өзіңде!
Әр нәрсе лайық баға — күн алар ғой,
Әрбір іс көп алдында сыналар ғой.
Дегенге «мұның қалай?..» себеп қылып

Дәлелдеп айтар сөзің мыналар ғой:
«...Құбылған тұрмыс шіркін әлі шұбар,
Жалындай жүрек кейде гүлге құмар.
Кейде егер махаббатқа көңіл бөлсем,

Іс келсе, алданам ба білек сыбар?
Махаббат дауам тәтті бал бере ме?
Кейде егер махаббатқа көңіл бөлсем,
Жүректің зарлы лебі улатқанда

Мойының іс істеуге жар бере ме?
Мұңайса, көңіл кейде жасымай ма?
Тынбай ма кейде атқан бір насыбайға?
Кейде бір аққу құстың еркелеген

Үні не күш-қуатын тасымай ма?
Сол кезде қолына алсаң қиын істі,
Жапырып көрсетесің қайрат күшті.
Жұмысты бітпей жатқан бітіресің

Болаттай айқастырып алмас тісті.
Құбылған шіркін көңіл бейне сағым,
Сағымда болмайды ғой ешбір бағым.
Көңілдің әуенімен күй шертемін,

Сол менің қос қанатты арғымағым...»

V

Ал оған менің айтарым
Сөз жоқ қой, құмар затың жұлдыз болса,
Мейлі ғой, сондай жұлдыз мың, жүз болса.
Іші лас, мағынасыз тұлып болмай,

Дұрыс қой, шынында оның құндыз болса.
Бойыңа дұрыс емес шақтағаның,
Жөн болар текке адасып лақпағаның.
Жай бір құс жалпылдаған болмаса екен

«Ақ гүл» деп, «аққу құс» деп мақтағаның!
Жүрекке: «мұз боп қат!..» деу сыймайды ғой,
Сүюді саған ешкім тыймайды ғой.
«Аққу деп жай бір құсты біліпті Аян!..»

Дегенге сені әншейін қимайды ғой!
Қызықты, кереметті біздің дәуір,
Кең ұйым, кең құрылыста кешегі ауыл.
Былығу ондай затпен ұят тіпті,

Күштірек құрылысқа кірген тәуір!
Кей сөзім — әзіл-наз ғой, жәй әншейін!..
Үндемей әзіл-назды мен не дейін?..
Өз досың Әбдірахман айтқанындай.

Қош әзір!.. Сөйлесерміз тағы кейін!..
Маусым. 1932 жыл. («Біздің тұрмыс»)

АДАМ

Еңбекші адам, сен тек бізде бағалы,
Сен, тек бізде құрыш болат тағалы,
Бізде ғана сен, адам, шын бақытты,
Қызықты өмір жасай білген ағалы.

Бізден басқа сенің отан елің жоқ,
Бізден басқа сенің қорған белің жоқ
Бізде ғана сен ардақты ұлансың,
Бізден басқа сенің туған жерің жоқ.

Айтсын бәрі — достың да әм қастың да,
Айтсын бәрі — кәрінің де, жастың да,

— СССР-дай еңбек ерін көтерген

Қандай ел бар бұл аспанның астында?
Біз білмейтін бұл дүниеде ел бар ма?
Біз білмейтін күн астында жер бар ма?
Еткен қызмет еңбекші елге дәл біздей,

Бағалаған күллі әлемде ер бар ма?
Біз білмейтін бұл дүниеде ел де жоқ

- Біз білмейтін ай астында жер де жоқ.

«Сіздегідей бізде де ардақты еңбекші»,

— Деп айта алар ешбір елде пенде жоқ.

Өйткені олар ерікті емес, қамауда,
Жалмауыздар оларды езіп қанауда.
Еңбекші ерді жұмыскер ат, өгіздей
Екі аяқты малға ғана санауда.

Бізден басқа еңбекшінің елі жоқ,
Бізден басқа отаны жоқ, жері жоқ.
Еңбекшінің ұлы бар ма басқа елде,
Көкірегінде кек пен ыза-шері жоқ.

Бай-фашистер оларды езіп билеген,
Езуші тап еңбек ерін сүймеген.
Еңбекшіні олар қайтіп ардақтар,
Өздері өлік өлер күйін күйлеген.

Олар қайтіп адамдықты ақтасын?..
Олар қайтіп әділдікті сақтасын?..
Шіріген қан, қанға құмар жауыздар,
Қайтіп олар таза еңбекті мақтасын?

Жазылмайтын кеселге олар улаған,
«Өлмейміз!» — деп, жанталасып тулаған.
Еңбекшіні қайтіп олар бағалайд, —
Қанға құмар, есірік жын шулаған.

Не бағалар, ылғи қанды ауыздар?..
Елді олар, тек боз тоқтыша бауыздар.
Еңбекшіні неге ардақтап көтерсін, —
Қаны қара, жаны қара жауыздар!..

Еңбек ерін қанап олар зорлаулы.
Адамдықты ластап, былғап қорлаулы.
Олар қайтіп ерді ілгері көтерсін —
Алдында қазылған көр орлаулы.

Олар делбеп қанды қанжар жастаған.
Ар-ынсапты жерге басып ластаған.
Өшетін тап жанталасып, дүниені
Аласұрып былғамайма лас табан!..

Бізде ғана еңбек құрмет бағалы,
Еңбек ері еркін болат тағалы.
Елді бастап Ленин туын ұстаған,
Еңбек ұлы ер данышпан ағалы.

Совет елі ескіліктен аттаған,
Талқан қылып қанау шебін қаптаған,
Адамшылық қасиетін құтқарды,
Лac аяқты сұмдар ластап таптаған.

Ленин туы — нышан-құрмет, қасиет,
Шындық, шаттық, әділдікке өсиет.
Еңбекші әлем қасиетті ту нұрына
Қолын созып рухтанады, бас иед.

Жан бітіп, бұл дүние-дүние болғалы,
Күн менен жер бірін-бірі шолғалы,
Болып па екен совет елі сықылды ел,
Бұл дүниеге сансыз халық толғалы?..

Айтсын, кәне, көпті білген қария!
Етсін сөзін дүниеге жария!
Түптеп қозғап шежіресін толғасын
Шұбыртып жер бейне ұзақ дария!

Шежірені түптеп шыңырау қазсын да,
Тарихты алып барлық бетін ашсын да,
Ең қызықты алтын бетін көрсетсін,
Таңдап тапқан бетін әкеп жазсын да!

Тарихтың ең қызықты алтын ғасыры,
Мақтаса да бұрынғыны асырып,
Біздің елге теңей алмас еш елді,
Айтса дағы ертегідей тасырып.

Бізден бұрын өткен ғасыр неше мың,
Айтар тарих, жаңылмай көп есебін,
Еш дәуірдің, ешбір елдің болмаған
Лениндей ер данышпан көсемі!

Ленин туы партияның қолында,
Нұсқап кеткен ұлы көсем жолында!
Нұрлы жолда ел, бақытты өмір табуда,
Қасиетті биік тудың соңында!

Ел соңында алыпша алға басуда,
Өндірісі өркендеуде, тасуда.
Адамзатқа өмір жасап үлгілі,
Социалшыл алтын дәуірге асуда.

Сол туға еріп ел бақытын құрады.
Сол туға еру еңбекші әлем мұраты.
Ол ту — Ленин — дүниеге шырақ боп
Күндей көкте мәңгі жасап тұрады.

Сол себепті шындықты растаған,
Ескілікті қайтпас артқа тастаған.
Еңбек ері құрметтілік себебі:
Данышпан ер совет нуын бастаған.

Бізде тұрмыс, қызық қилы тармақты.
Еңбек ері бізде құрыш бармақты.
Жаңа тұрмыс, ел көсемі Партия,

— Сол себепті еңбек бізде ардақты!

Қанаушылық ескі жалған өлуде,
Түпсіз терең тұйыққа кеп төнуде,
Алды тұйық, көгі күңгірт, қараңғы,
Өмір күні күңгірт күтіп сөнуде.

Ленин туы көкке құлаш кереді.
Дүниеге нұр жарық сәуле береді.
Жол көрсеткен жалғыз жарық болған соң,
Ақырында сол туға әлем ереді.

Өшетін тап күйіп аузын жалмайды,
Еңбекші әлем көзін бізден алмайды.
Тұңғиыққа қанау табын құлатып,
Қызыл туға түгел ермей қалмайды.

Ел бақытты — дана көсем ағасы,
Мұндай елдің болат қорған жағасы.
Ел көсемі биік дана болған соң
Таза еңбектің көтерілген бағасы!

Қызықты елде ер білегі тала ма?
Шат еңбекте шалдығып дем ала ма?
Еңбек ері құрметтеген көсемнің
Жалпы еңбекші соңына ермей қала ма.

Бақытты адам — елі көсем даналы,
Бақытты адам елі Ленин саналы.
Еңбек ері бақытты адам, шын адам,

— Социалшыл қызықты Отан — аналы.

Істер бізде социалды жарыста,
Тамашалар жасап алға барыста,
Іс өнімі капиталшыл елдердің
Біздің артта қалды кәзір алыста.

Біздің еңбек өнімі үздік озуда.
Тасқын судай, бөгеттерді бұзуда,
Өндірістің барлығында қыздырып
Стаханов қозғалысы қызуда.

Рас, болды бір кездерде қиын күн.
Батты ауырлық, ол күндерде шықпай үн.
Алдауыш сұм «белсенділер» аулақта
Не қылмады шапқыласып күндіз-түн!

Не қылмады сілтеушілер асыра,
Былғанышты пасық сұмдар тасыра.
Жоспар санын өтірікпен өсіріп,
Орталықтан шындықты ылғи жасыра?..

Өлкедегі ескі басшы сезбеді.
Алдауыш қу, белсендіні езбеді,
Істі анықтап тексеруге, білуге
Қалың елдің түкпірлерін кезбеді.

Іс оңалды орталыққа үн жеткен соң,
Ескі басшы істен аулақ кеткен соң.
Партияның шындап соққан шәкірті
Мирзоян кеп түзу бастық еткен соң.

Партияның берік шебер шәкірті
Қайрат беріп елді ілгері шақырды.
Еңбекші ну үніне оның рухтанып
Дабыл күйін ұрандатып шат ұрды.

Рухты күшпен соңына оның ерді ну,
Іс жемісін аз уақытта-ақ көрді ну.
Қазақстан басшысы енді сенімді,
Төсінде оның қасиетті — Ленин ордені!

Енді шаттық шарықтасын, шалқысын!
Енді қанат —талай қайрат қалқысын!
Енді білек бұлшық еті бұлтылдап,
Көңіл күйі күліп күнше балқысын!

Соқ дабылды! Қақ даңғылды, думандат!
Бас сырнайды, сырғанатып сумаңдат!
Сыздырт қобыз, сызылт сырлы сыбызғы!
Керім керней кернесін күй думаңдап!

Шерт шеберлеу доп дүрсілдет дутарды!
Соқ, сыңқылдат! Сылдыр қақтыр сыйтарды!
Күйленсін күй, гүлденсін күй, күлсін күн.
Көтер көкке гулет күйлі гитарды!

Жаудыр жерге, жалтыр жауһар жаңбырды!
Жарқ-жұрқ жермен жан-жақ жайнап жаңғырды,
Гүрсілдет күй! Солқылдат, соқ қаттырақ,
Даңғыраны, домбыраны, тәмбірді!

18 ақпан, 1936 жыл. Социалистан

ҚЫРҒЫЗ АЛАТАУЫНДА

1

Алатау — айбатты әсем сұлу тұлға,
Шомылған күміс су мен гәуһар нұрға,
Аққан су күміс төстен төмен құлап,
Сумаңдап ән қосады жылға-жылға.

Алтын күн зеңгір аспан көктем шарық
Төккенде Алатауға нұрлы жарық,
Тілдесіп аспанменен сәулеттенед
Қарлы шың шомып алтын нұрға қарық.

Қарлы шың көкте алтынмен жарқырайды,
Құз-құздан сулар құлап сарқырайды,
Қияда ай мүйізді құлжа аңырып,
Шатта аю, етекте айғыр арқырайды.

Өскелең өсімдігі өсер бойшаң,
Ілезде діңгек өсед шыбық қойсаң,
Ел айтад: «Ағаш арба шығады», — деп,
Жеріне кездей кегей тығып қойсаң.

Ал алма, өндір өрік, шүйгін шие, —
Толықсып бал шылқыған жемісі ойсан,
Иісі хош, дәмі тәтті жемісі не
Құмарын арта беред қанша тойсаң.

Нұр төккен жылтыратып күні жарқын,
Жайнайды сәулесі ойнап жанған алтын.
Күні де, түні де асқан кереметті,
Бірдей мол рахат, рахман, самал салқын.

Батқанда қызыл шапақ, алтын күні,
Керемет тағы да әсем сұлу түні,
Сиқырлы домбыраның сансыз сымы
Сыңқылдап жаңғырық қандай мың түрлі үні.

Көгінде сансыз сәуле жұлдыз жымы —
Қызықты мың құлпырған жалт-жұлт ымы.
Сызылтып жер мен көкке күй шерткендей,
Дыңылдап алтын саздың күміс сымы.

Майда жел басын шарпып шоқ теректің
Жапырағын судыратат көк теректің,
Мыңқылдап үрген үні тау жаңғыртад
Отарда сақ байтөбет — көк серектің.

Жібектей гауһар нұры алтын айдын,
Сылдырап суы ағады терең сайдың, —
Сұлу үн жер мен көкті тербетеді,
Күйіндей сыңқылдаған Дайрабайдың.

Тау күйі қозғап жанды тербетеді,
Серпілтіп шыңға құлаш серметеді.
Шырқатып алтын шыңға өрмелетіп,
Шарқ ұрып ұшқыр ойды өрлетеді.

Қиялды жерді оратып қалқытады,
Ойнатып көңіл күйін шалқытады.
Шерткендей сырлы күйін қомызшы Атай,
Әсерлеп жан жүйесін балқытады.

ІІ

Алатау, Алтай,— аспан шырғасында,
Ала қар ала жаздай шың басында.
Алтынды ақ қалпақты асқар алып
Алапат асқан айдың тұлғасында.

Қойын-қоныш, етек-жеңі елге мекен,
Дәулет те, сәулет те мол бір басында.
Істе де, тыныста да ән шырқайды
Отырған қырғыз аулы жылғасында...

Мінекей, колхоз ауыл — шат тұрмысты
Сезілед әсем әнді ырғасын да.
Қалың мал мамырласып күнестейді
Жылғада, етектегі қыр басында.

Әнекей, малды іріктеп жайып салып,
Бақылап малшылар да тұр қасында.
Олармен колхоз малын күзетісіп
Ақылды байтөбеттер жүр қасында.

Көз тояды Алатаудың дәулетіне,
Сүйсініп кереметті сәулетіне.
Мекен боп жәндік пенен өсімдіктің
Лық толған неше түрлі «әулетіне».

Несіне ақын сырын жасырады?
Несіне жан сүймеске ол бас ұрады?..
Мінеки сүйген елін құрметпен ол, —
Көтеріп төбесіне асырады!

Жаңарған қырғыз аулы шат тұрмысты,
Шаттанып көңіл соған тасынады.
Ардақты анасындай көрген елді
Жыр қылмай қайтып мауқың басылады

Советті ел! Маған бәрін бауырлассың!
Бәрің де бір мақсұтты қауымдассың.
Барсам да қай жеріңе, — сағынғандай
Қуанып құшақ жайған ауылдассың!

Сияқты туған аулым, туған жерім,
Құшақтап аунап өскен, тамған терім.
Бұл ауыл, мына жерде туғанымдай, —
Тамаша таң боларлық ғажап керім!..

Кетіріп кесапатгы ескі датты,
Дос қылған бір-бірімен талай «жатты»,
Ленин мен Партияның тәрбиесі
Көркейткен туысқандық махаббатты.

Мінеки, еркек, әйел, бала-шаға, —
Топтанған емес бұлар «тамашаға»,
Міне, апа-қарындастар, әні інішектер, —
Сияқты мынасы іні, анасы аға!

Жарқын жүз қуанышты түгел шаттық,
Тамаша!.. һіш кімде жоқ ескі жаттық!
Шын достық туысқандық қасиетті, —
Мінеки, сұлу мінез адамзаттық!

Сүйкімді бәрінің де жүзі жарқын,
Жоқтығы қандай бақыт ескі салқын!
Кім сүймес ұлындай боп, қай ұлт болсын,
Сияқты мейірімді ана совет халқын!

Мінеки, совет елі, — туған анам!
Өсірген тәрбиелеп ұлы данам!
Махаббат жылы жүзбен құшақ жайып,
Тұрғандай күтіп ұлын,— «кел, деп, балам!»

Қымбатты, қасиетті елім — анам,
Қуанып, сүйсінемін, масаттанам.
Көркейген, сәулеттенген нұрлы елімнің,
Бақытты өміріне шексіз нанам!..

Қуанып үлкен-кіші дардақтасып,
Қарсы алып, қасиеттеп ардақтасып,
Боз үйге кілем төсеп, ішін безеп,
Мінеки, «қош келдің!» — дейді есік ашып,

Емес бұл ұлықтарға жағынғандай,
Немесе, мақтан үшін ағылғандай.
Бәрі де туысқанша толғанады,
Талайдан күтіп сені сағынғандай.

Безенген кілем кесте үйдің іші,
Дөңгелек дастарқанда үлкен-кіші.
Төгілген ақ нан, мейіз, май менен ет,

— Жайылып ақ дастарқан кеткен үші.

Жиналған колхоздың бар аягөзі, —
Ыстық күн тауға мінген сая кезі,
Күйіңдей күміс сымды алтын қомыз, —
Қырғыздың сұлу тілді, күйлі сөзі.

Жомарттық, әділ, ерлік, —
Жамандар бойында жоқ бір мінезі!
Еріксіз сүйдіреді құрметтетіп,
Ұлы елдің қасиетті сыр-мінезі...

Әр ұлттың ескі кесел — «керіншегі»
Жойылған бір-бірінен жеріншегі.
Бәрі де үйірлісед жылы жүзбен, —
Жойылған қыныр, топас, «еріншегі»,

Туысқан бұлар маған шын бауырлас,
Кішіге аға, үлкеннің мен де інішегі...
Мінеки, сыйлап кесе ұсынады,
Шырайлы сұлу қырғыз келіншегі...

Боз үйдің іші әдемі колхоз мүлкі,
Сыпайы сыңқылдайды әсем күлкі,
Күміс қасық, сырлы аяқ сылдырлатып
Шай құйған қарындасым — алтай түлкі...

Қарындас шыбықтай өндір кезі,
Қап-қара гауһәр нұрлы мөлдір көзі,
Бір қырғыз сыбырлайды қасында ойнап:
«...Шалдыр шай, құлдыр құйып, өлдір өзі..

Колхоздың өзі аруы, өзі іскері,
Мастері қызылшаның қырмызы өзі.
Советті бақытты елдің жастары ірік,
Сымбатты, сұлу-сыпа сыр-мінезі!..

Көркейткен, әрине, оны еркін еңбек,
Шат тұрмыс сұлулаған нұрмен өңдеп;
Жайнатып гүлдендірген совет күні,
Әйелді шат өмірге түгел теңдеп...

Айтпаймын алдыма әкеп бал салғанын,
Айтпаймын алдыма айдап мал салғанын,
Өлшеусіз құрметпенен жадыма алам
Ер елдің шын ұлындай қарсы алғанын!..

Сөз емес, алдыма әкеп бал салғаны,
Сөз емес, алдыма айдап мал салғаны, —
Өлшеусіз қасиетті жаңа сипат,
Ер елдің шын ұлындай қарсы алғаны!..

Қараша, 1936 жыл, «Кенеш» колхозы, Қант ауданы, Қырғызстан. (Социалистан)

ҰЙЫМ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ШАРТ-ЖАЛШЫЛАР ҚОРҒАНЫ

(Әңгіме-жыр)

ТОЛҒАУ

Ал, домбыра, қағайын,
Кернеген күй құйылсын.
Жалшы әлеумет айнала
Тыңдауға бір жиылсын.

Домбыраға қосылып,
Көкіректі кернейін.
Емін-еркін жараудай
Бүгіліп құлаш сермейін.

Жалшы халін айтайын
Күйге қосып сыр қылып.
Еңбек шарт пен Сәрсеннің
Хал-жайын өлең-жыр қылып.

Арылмас еді азаптан
Жалшы байғұс өмірі,
Қорғаушы ұйым болмаса,
Жүрмесе совет өмірі.

Толғанып шертіп қағайын,
Домбыра шіркін, жырлап бақ.
Әр пернеден күй шықсын,
Саусақ шіркін, зырлап бақ.

БҮЙЕНБАЙ АУЛЫНА

Ал, шабарсың, шабарсың.
Тебінгің көк темірден.
Атын жарау жер тарпып
Ауыздығын кемірген.

Қобландыланып белсеніп,
Ойқастайсың жалаңдай.
Көк найзаң бар қолыңда
Үшкір темір қаламдай.

Осы арадан жөнелсең,
Алдында талай сала бар.
Одан ассаң сыдыртып,
Қиырсыз бір кең дала бар.

Көсілтіп құлаш шаба бер,
Талай жерден өтерсің.
Шаба-шаба бір кезде
Бір үлкен ойға жетерсің.

Бір қалың ел көрінер
Сол ойдың арғы шетінде,
Бір ауыл бар оқшаулау
Тура барған бетінде.

Әуелі елдің кез болар
Бергі ойдағы түйесі.
Түйешіден сұрарсың:
«Түйенің кім деп иесі?»

Түйеші айтар ел жөнін:
«Мен түйеші, ием бай.
Аулы анау оқшаулау,
Жамансорда Бүйенбай».

БҮЙЕНБАЙ МЕН БӘЙБІШЕСІ ЖӘНЕ

ОЛАРДЫҢ ЖАЛШЫСЫ СӘРСЕН

Жамансордағы ауылда
Өзгеден малды Бүйекең.
Аулында бірде болып ем,
Сімерлеу бір бай үй екен.

Бүйекеңнің пішінін
Біраз жанап өтейін.
Бес-алты ауыз жырменен
Сипап айтып кетейін.

Ай, Бүйекең, Бүйекең,
Төрт түлік малға ие екен:
Қой мен сиыр, түйе екен,
Ат пен айғыр, бие екен.

Бүйекең шіркін, Бүйекең,
Көп мүлікке ие екен.
Бәйбішесі де өзіндей,
Қақырынған би екен.

Бүйекең шіркін бай екен.
Жуан қарны май екен.
Төрт түлік малға сай екен,
Байдың көңілі жай екен.

Байлар жұмыс қыла ма,
Малай жалдап алады.
Күндіз-түні малайды
Жұмысқа жегіп салады.

Аямауға малайды
Бүйекең бетер өзгеден.
Бүйекеңе жалданып
Сорына Сәрсен кез келген.

Тыныс беріп бір мезгіл,
Адамша ас жегізбей.
Киім беріп қырық жамау,
Айдап жуас өгіздей.

Кімде бет бар Бүйекеңнің
Ойқы беті-жүзіндей?
Жаңбыр күнгі сиырдың
Сазға басқан ізіндей.

Танауында сүйел бар,
Түйенің бейне кенесі.
Іркіт құйған күбідей іркілдеген денесі.
Желкесі семіз, шайырлы.

Басынан бөлек торсиып.
Торайдың тойған месіндей
Қойқаңдайды қорсиып.
Тойған торай дөңкиіп,

Ырсылдап дем талтаңдап,
Қотанында жүреді.
Күжілдеп шіркін шалқандап.
Бүйенбай тұрад бақырып,

Малайын боқтап шақырып.
Малай жылдам келмесе,
Кіжінеді ақырып.
Малай Сәрсен дедектеп,

Жүгіреді қалтаңдап.
Сасып, қорқып байынан,
Бұйрығын істеп жалтаңдап.
Бай талтаңдап жүреді,

Үйіне келіп кіреді.
Төрге келіп отырып,
Желпініп қарнын түреді.
Қарқ-қарқ етіп күледі,

Бай шіркін күле біледі.
Уа, дәурен-ай, дәурен-ай,
Бай шіркін дәурен сүреді!
Май қарынын түргенде,

Қарқ-қарқ етіп күлгенде,
Селкілдейді денесі
Көк сабадай іркілдеп.
Іркіт толған сабадай,

Көк тегене-табадай
Бар денесі күледі,
Қарны селк-селк бүлкілдеп.
Бай қатыны үйінде

Отырады қақырып.
Шарадағы қымызды
Құлаштап құйып сапырып.
Білезігі жарқырап,

Қабағын сәндеп кереді.
Жай қимылдап манаурап,
Байға қымыз береді.
Бай кесені тұтады,

Қымызды кере жұтады.
Әупілдекше кекіріп,
Ақырын тысқа зекіріп.
Тағы қарқ-қарқ күледі,

Бай шіркін күле біледі.
Уа, дәурен-ай, дәурен-ай,
Бай шіркін дәурен сүреді!
Сәрсен байғұс жас жігіт,

Жуас, момын адам ед.
Дұзаққа оңай түсетін
Оқымаған надан ед.
Жалшылардың ұйымын

Білмеуші еді не екенін.
Үкіметі советтің
Өзінікі екенін.
Надан жалшы қашанда

Көне берген байына.
Жалдау шартын қағазға
Жазып қоймай айына.
Сәрсен жүрді байында

Бұрынғы хал бойынша.
Сөзге көніп қағазсыз,
Байдың болып ойынша.
Байекең айтса билікті,

Жалшы бір сөз қатты ма
Бай бетіне келуге
Бұрын жалшы батты ма?
Сәрсен байғұс кешікпей,

Тынымсыз көп жұмыстан
Тұралады титықтап,
Бейнетті ауыр тұрмыстан.
Сықты терің лезде-ақ

Тілсіз айуан өгіздей.
Айдайд сорлы Сәрсенді,
«Демалайын» дегізбей.
Бүйекеңде қарау жоқ,

Шіміркеу жоқ бетінде.
Ұят пен ар әуелден
Қыстырулы көтінде.
Бәйбіше, бай Сәрсеннің

Соңынан бағып жүреді.
Кішкене ғана бөгелсе,
Екеуі бірдей үреді.
Күрекке яки айырға

Сүйеніп құрттай тұрса да;
«Не деген жалқау итсің» деп,
Боқтап, зекіп ұрсады:
«Ас ішіп, аяқ босат деп

Жалдамадық сені біз.
Жалдана гөр бізге деп,
Алдамадық сені біз
Істе істесең жұмысты,

Жөніңді тап болмаса.
Бізге малай табылад,
Сенің көңілің толмаса!..»
Сәрсен байғұс жалпаңдап,

Жүгіреді томпаңдап.
Үсті-басы қырық жамау,
Далбаңдайды қомпаңдап,
Ауыр істе шөмеңдеп,

Тәлтіректеп қайысып,
Үндемейді сынса да
Қабырғасы майысып.
* * *

Ай, домбыра, домбыра!
Сарна және санғыра.
Он саусағым болдырма,
Домбыраны он бұра.

Домбыра, шіркін домбыра
Қаққан сайын қызасын.
Сәрсен халін жырласаң,
Көңілімді бұзасың.

Бәйбіше, байдың зекуі
Жүректі бізбен сызасың.
Қаттырақ жырла, домбыра,
Сәрсеннің көрген ызасын!

Бүйекеңнің үйінде
Ай, жұмыс көп, жұмыс көп!
Мейрам түгіл Сәрсенге
Жұмада бір тыныс жоқ!

«Жалданған күн біткен соң.
Тынығарсың бір-ақ» — деп.
Бәйбіше, бай Сәрсенді,
Кекетеді «шырақ» деп

«Байға дұшпан бүгінде
Бұзықтар жүр қылқылдап.
Солармен әмпей боласың,
Жұмыссыз жүрсең сылқылдап.

Атаң сенің кім еді,
Төре ме еді ақ сүйек?
Жарлы емес пе ед өзіңдей —
Кемірген қақ сүйек!..»

Бәйбіше, бай Сәрсенді
Сөйдеп ылғи қорлады.
Үстелден батып ас ішпей,
Сорлады Сәрсен, сорлады.

Айтайын Сәрсен киімін
Әлеуметке сұраған:
Жұртта қалған шомытты
Жинастырып құраған.

Шоқпыт жырым жамауды
Көктестіріп үйдірген.
Сөйтіп неше «киім» қып,
Сәрсенге бәрін кидірген.

Көнтек ауыз шәркеден
Башайлары қылтылдап,
Битке жем боп ышқыры,
Жалаңаш қарын жылтылдап.

Жырым-жырым киімі,
Ұзын сөздің қысқасы.
Түлеген қотыр тайлақтай
Сорлы Сәрсен нұсқасы.

Қолға түскен пендедей
Сәрсен байғұс пішіні,
Кешке от жағып отырад
Шоқпыттанып, қышынып.

Шоқпыт киім ішінде
Арық дене битке жем.
Қызарып көзі іріңдеп,
Есіктегі итке тең.

Жұмыстан әбден титықтап,
Сарайда түнде жатады.
Жерге төсеп шомытын,
Бүк түсіп ұйықтап қатады.

Үстінен суық жел соғып,
Астынан сызды жер батып,
Жалшы сорлы бір күні
Ауыра қалса тер қатып,

Бәйбіше, бай ақырып,
Сәрсенге кеп жабылад.«
Ауырғыш болсаң сен мұндай,
Жалдаушы жалшы табылад».

Сатылған шұнақ құлдай боп,
Жүрді Сәрсен күле алмай,
Болмаған соң ұйымда
Жалшының заңын біле алмай.

Сәрсен жұмыс қылады
Салпылдап лажсыз ерінбей.
Бай бұйрығы бойынша,
Ұйымға бір кеп көрінбей.

Сәрсеннің халі айнала
Берер еді қиынға.
Сорлының халі бір күні
Мәлім болды ұйымға.

Тапсырды ұйым Айтжанға
Анығына қануға.
Рас болса қылығы,
Байды қолға алуға.

Айтжан жүрді бір жұма,
Сәрсен мен байды бақылап.
Біліп болды жетіде
Емес еді ақымақ.

ҰЙЫМДАҒЫ ӘРБІР АЗАМАТ - ЖАЛШЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ

Домбыра шіркін, домбыра,
Сарнай түс әлі, сарнай түс!
Кулак құрышын қандыра,
Жүрек отын жандыра!

Әй, домбыра, домбыра!
Жайыла көрме болдыра.
Сарнап бақ, әлі сарнап бақ,
Сарнап бақ миға қондыра!

Толғағымен сарынның
Алдымен өзім ертейін.
Құлақ салған жиынды
Өзіммен бірге ертейін.

Домбыраның ырғағы —
Сарынның бүлкіл бұлғағы.
Тыңдаған жұртты ерітсін.
Он саусақ биле зыр қағып.

Жиналған көп әлеумет,
Тыңдасаң көпті шертейін.
Әңгімені дестелеп,
Түйдегімен кертейін:

Сорлы Сәрсен әуелі
Байға қалай ұтылды?
Құлқынына, қарарсыз,
Байдың қалай жұтылды?

Ақырында байекең
Өзі қалай тұтылды?
Сәрсен сорлы өлшеусіз
Бейнеттен қалай құтылды?

* * *
Шақырып Айтжан Сәрсенді
Алып кетті аяңдап.
Отырғызып қасына,

Сөз сөйледі баяңдап:
«Жолдас, тыңда, сөзіме
Құлағыңды салшы сен.
Сен кімсің өзің, білемісің?

Сен азамат, жалшы сен.
Үкіметі советтің
Жалшыны байға жегізбейд
Шолжаңдатып байларға:

«Билік менде» дегізбейд.
Байдікі емес үкімет,
Жұмыскердікі жалшы мен,
Өзіңдікі үкімет —

Кедейдікі малшы мен.
Өзіңдей көп жалшылар
Бірлесіп бәрі ұйым қып,
Бұл күнде байға жегізбейд,

Шарт қағаз жасап тиым қып.
Жалшы ұйымы жалшының
Қамқоры және қорғаны.
Ұйымға кірген жалшының

Пайдасы түгел болғаны.
Көзі ашылып, жөн біліп, ісінің онда оңғаны.
Ұйымға жалшы кірмесе,
Байдың тағы сорғаны.

* * *
Ақылды пысық жігіттер
Әлдеқашан ұйымда.
Байға ақысын жегізбей,

Жүред барып жиынға.
Мүшелері ұйымның
Түспейд қасқыр ауызға.
Алдатпайды есекше

Бүйенбайдай жауызға.
Жалшы ұйымы байларға
Мүшелерін алдатпайд.
Еңбек шартын қағазға

Жасатпай байға жалдатпайд.
Жалшыға қандай пайдалы?
Еңбек шарттың күші не?
Тыңда, біраз айтайын

Миыңның кірсін ішіне.

ЕҢБЕК ШАРТ - ЖАЛДАУШЫҒА АУЫЗДЫҚ

Ауызша ғана сөз байлап,
Жалшыны бай жалдайды.
Жалдаған соң ақыны
Кемітіп бай алдайды.

Жалшыны текке жалдамақ —
Байдың құлқын білемін.
«Ақы» деп беред қотыр лақ,
Қырық жамау киім сілемін.

Жалдануға байменен
Келісіп егер саспасаң,
Ұйыммен, сен, байменен
Қол қойып шартты жасассаң,

Бай ақынды жей алмайд,
Алдауға амал уажы жоқ
Еңбек шарттағы ақыны
Төлемеске лажы жоқ.

Жұмысына сондықтан
Жалшы жалдап алады
Бұларға ұйым жалақы
Кемірек қып салады.

Жалақының мөлшері,
Шарт қағазда жазулы.
Бай оны түгел төлейді,
Болса да теріс азулы.

Шарт қағазға жазылад,
Байдың берер киімі.
Қырық жамау емес сімілтір,
Жыртық емес иіні.

Беретіні қандай ас,
Қай мезгілде береді —
Осының бірін қалдырмай,
Шартқа жазып тереді.

Шарт қағазға жазған соң,
Орындайды жалдаушы.
Бақылаушы ұйым бар,
Байекең болса алдаушы.

Айтқандай қып ақыны
Мезгілінде бермесе,
«Мұның қалай?» дегенде,
Байекең қолын сермесе,

Көже берсе қатықсыз,
Күйген қаспақ жиегі,
Ет жегенде, иттей қып,
Берсе саған сүйегін,

Тоқты берсе ақыға
Бір өлімтік көк жұрын,
Киім берсе қырық жамау
Биттің қабы, жексұрын,

Ұйым келіп алқымнан
Арсыз байды алады.
Лажы құрып байекең,
Бермегін қолға салады.

Демалмақ болсаң бір сағат,
Қарайды бай жаратпай.
Жанды қоймай айдайды
Алды-артына қаратпай.

Шарт қағазда жазылад:
«Пәлен сағат жұмыста»,
Одан өзге уақытың
Өз еркінде, тыныста.

Жұманың бір күнінде
Жалшының істен қолы бос.
Оқу үйге, клубқа
Барам десе жолы бос.

Совет мейрамдары бар
Бұған тағы қосылар.
Жалшы онда да бос болад —
Заңда айтылған осылар.

Жұмыстан бос уақыттың
Билігі енді өзінде.
Жұмсауға байдың әлі жоқ,
Бос отырған кезінде.

Бос уақытта ықтияр
Жиылысқа барсаң да.
Оқу үйге немесе
Барып сабақ алсаң да.

Бұл күнде жалшы құл емес
Жалдаушы зекіп боқтайтын.
Жалшыларда ұйым бар
Ақысын, арын жоқтайтын.

Не керек болса жалшыға
Еңбек шарттан қалмайды.
Әр сөзді тіркеп қаз-қатар,
Бөлек-бөлек талдайды.

Жалшы ауырып қалса да,
Ауыруды бағуға,
Байекең міндет болады
Дәрі-дәрмек табуға.

Еңбек шарттан, жұмыскер,
Бар пайдаңды табасың.
Одан және аласың
Әр ісіңнің бағасын.

Жұмысына сондықтан
Жалшы жалдап алады.
Бұларға ұйым жалақы
Кемірек қып салады.

Жалақының мөлшері.
Шарт қағазда жазулы.
Бай оны түгел төлейді,
Болса да теріс азулы.

Шарт қағазға жазылад,
Байдың берер киімі.
Қырық жамау емес сімілтір,
Жыртык емес иіні.

Беретіні қандай ас,
Қай мезгілде береді —
Осының бірін қалдырмай,
Шартқа жазып тереді.

Шарт қағазға жазған соң,
Орындайды жалдаушы.
Бақылаушы ұйым бар,
Байекең болса алдаушы.

Айтқандай қып ақыны
Мезгілінде бермесе,
«Мұның қалай?» дегенде,
Байекең қолын сермесе,

Көже берсе қатықсыз,
Күйген қаспақ жиегі,
Ет жегенде, иттей қып,
Берсе саған сүйегін,

Тоқты берсе ақыға
Бір өлімтік көк жұрын,
Киім берсе қырық жамау
Биттің қабы, жексұрын,

Ұйым келіп алқымнан
Арсыз байды алады.
Лажы құрып байекең,
Бермегін қолға салады.

Демалмақ болсаң бір сағат,
Қарайды бай жаратпай.
Жанды қоймай айдайды
Алды-артына қаратпай.

Шарт қағазда жазылад:
«Пәлен сағат жұмыста»,
Одан өзге уақытың
Өз еркінде, тыныста.

Жұманың бір күнінде
Жалшының істен қолы бос.
Оқу үйге, клубқа
Барам десе жолы бос.

Совет мейрамдары бар
Бұған тағы қосылар.
Жалшы онда да бос болад —
Заңда айтылған осылар.

Жұмыстан бос уақыттың
Билігі енді өзінде.
Жұмсауға байдың әлі жоқ,
Бос отырған кезінде.

Бос уақытта ықтияр
Жиылысқа барсаң да.
Оқу үйге немесе
Барып сабақ алсаң да.

Бұл күнде жалшы құл емес
Жалдаушы зекіп боқтайтын.
Жалшыларда ұйым бар
Ақысын, арын жоқтайтын.

Не керек болса жалшыға
Еңбек шарттан қалмайды.
Әр сөзді тіркеп қаз-қатар,
Бөлек-бөлек талдайды.

Жалшы ауырып қалса да,
Ауыруды бағуға,
Байекең міндет болады
Дәрі-дәрмек табуға.

Еңбек шарттан, жұмыскер,
Бар пайдаңды табасың.
Одан және аласың
Әр ісіңнің бағасын.

ЕҢБЕК ШАРТ ШАРУАҒА ДА ЖАЙЛЫ

Жалдаушы бай егерде
Болса обыр, қарарсыз.
Еңбек шарты жалғыз-ақ
Соған ғана жарамсыз.

Обыр байға жақпайды
Теңдік пенен таразы.
Еңбек шартқа жалғыз-ақ
Солар ғана наразы.

Момын болса жалдаушы,
Еңбек шарт оған жағады.
Шарт қағаздың пайдасын
Есептеп шотқа қағады.

Еңбек шартпен алады
Бақташыны, малшыны,
Күзетшіні, пішенші,
Үйде істейтін жалшыны.

Еңбек шартты жасасу
Екі жаққа тиімді.
Екі жақтың пайдасы
Көзделеді сыйымды.

Жалдаушы тек жалшының
Ақыларын жемесін.
«Тыныс алмай мезгілсіз
Салпақтай бер» демесін.

Қыса берсе жалшыны
Жұмысқа көңіл салар ма?
Баққан байдың малына
Оң көзімен қарар ма?

Ойлар ма байға жақсылық,
Бай тізесі батқан соң.
Жаулығы өсе бермей ме,
Байдың зәрін татқан соң.

«Байдың малын аяма», —
Деп жүрмей ме, «құл болсын».
«Нем кетед», — деп қимылдап:
«Құл болмаса бұл болсын»

Жақсы болса жалдаушы,
Жалшы ұятты сақтайды.
Жақсы істейді жұмысын,
Жалақысын ақтайды.

Жалдаушының шаруасын
Ықтияттап жүргізед.
Шаруаға екі есе
Пайданы артық, кіргізед.

Еңбек шарттың пайдасы
Екі жаққа тиімді.
Жалқаулықты қылдырмайд
Өзі дағы ұйымның.

Шаруаны қорғайды
Үкіметтің өзі де.
«Ісің болсын жемісті!» —
Деген бар ғой сөзі де.

Мезгілсіз тастап жұмысты,
Жалшы жүрсе сылқылдап,
Ауыл-үйді қыдырып,
Күлегеш жалқау, жырқылдақ.

Ұйықтай берсе ерте-кеш
Арамтамақ мырзадай.
Жөнді жұмыс істемей,
Тұрмысына ырзадай.

Жалшы ұйымы мұны да
Әбден байқап көреді.
Оңбайтын жалқау кетсін деп,
Еңбек шарт ерік береді.

Ұяты бар жалшыны
Күні бітпей кім кет дер?
Еңбек шартты бұзбауға
Екі жақта міндеткер.

Жалшы менен жалдаушы
Жаман болса арасы,
Бір-бірінің ісіне
Болып егер наразы,

Күрек ала жүгіріп,
Бастарын қан қып жарыспай,
Жалшы қомға барады,
Жалшы комитеті.

Боқтасып текке қарыспай.
Екеуі онда бітпесе
Исполкомға барады.
Комиссия тексеріп,

Екеуін қолға алады.
Жалшы менен жалдаушы
Бітіседі жарасып.
Жанжалдасып үйінде

Отырмайды таласып.
Жанжалдың жиі болуы
Жалшыны қысып езгеннен.
Ұятсыз, озбыр алдаушы

Абиыр-ардан безгеннен.
Демалғызып кішкене,
Адамша тамақ жегізбей.
Айдаған соң тынымсыз

Мұрнын тескен өгіздей.
Кешке дейін ертеден
Жалшыны малша айдайды.
Құлағынан кетірмей

Жұмсаған зекіп айғайды:
«Айда, Сәрсен, егінді!
Малалап әбден жайлап кел!
Жүгір, Сәрсен, бұзауға,

Жамыратпай айдап кел!
Бар, су әкел бұлақтан,
Отынға бар, отырма!
Жерошақ қазып, от жағып.

Қара май жақ қотырға!
Кешке, Сәрсен, мал күзет!
Желім жапсыр шүмекке!
Тербет ана баланы,

Құл сап әкел түбекке!
Кәне, Сәрсен, қазанның
Қақпағын алып қарай сал!
Қаспағын қырып тазалап,

Жұғыны болса жалай сал!
Жалғыз жалшы шыдар ма,
Міне, осынша жұмысқа?!
Мезгілді уақыт күніне

Бермеген соң тынысқа.
Жан-жануар шықпай ма
Біраз уақыт тынысқа?
Жүгірген аң, ұшқан құс,

Кішкене құрт-құмырсқа?
Еңбек шартқа жазылад,
Не жұмысқа алғаны.
Кімге керек, жалшы мен

Жалдаушы сотқа барғаны.
Жалшыны «кет» деп қумайды,
Тиісті ақы төлемей.
Законге байды тартады,

Қалмайды ұйым елемей.
Еңбек шартты егерде
Бұза қалса жалдаушы,
Сөзсіз сотқа сүйрелед

Озбыр, жауыз, алдаушы.
Халық соты — біздің сот,
Еңбекшіні қорғайды.
Еңбек шартты қолға алып,

Таразы қылып толғайды.
Біздің сот әділ тексеріп,
Дау түйінін шешеді.
Шарт бойынша тиісті

Ақыны өлшеп кеседі.
Байекеңнің мойнына
Ақыны кесіп салады.
Жалшы жігіт табанда

Ақысын санап алады.
Еңбек шартты бай бұзса,
Көреді өзі жазығын.
Біл, жұмыскер, еңбек шарт,

Сенің темір қазығың.
Кейде азғырып жалшыны
Дейді бай: «қара, ұйымды.
Еңбек шарт үшін соғады

Сенен бес-он тиынды!»
Бұл — қу байдың жалғаны,
Бұл — бір шапқан түйіні.
Еңбек шартты жасасқан

Шықпайды жалшы тиыны.
Ай, Сәрсенжан, Сәрсенжан,
Болма жалқау, туысқан!
Жалшы кәсіп ұйымы

Бір мақсұтты қуысқан.
Бұл зор ұйым, күші зор,
Мақсұты мен ісі зор.
«Жер үстінде жалшы адам

Болмасын, дейді, байға қор».
Енді өзіңнің қолыңда
Сол ұйымның қуаты.
Құлдық пенен кемдікті

Шық быт-шыт қып уатып.
Ұйым — үлкен қорғаның
Күзеткен сенің пайдаңды.
Жалшының халін оңдауға

Ашқан үлкен майданды.
Еңбек шартты жасауды
Шығарды ұйым сол үшін.
Озбыр байды ноқталап,

Жалшыға сара жол үшін.
Ұйымның тегіс пайдасын
Бәріміз жалпы көреміз.
Жалпы істерге жұмсауға,

Мүшелік үлес береміз.
Ұйымға түскен ақшалар
Мынандай іске жұмсалад:
Жасалған шарт арқылы

Бай «тоқтамен» тұмсалад.
Ұйым ылғи көздейді
Әр мүше тоқ болуын.
Үсті-басы бүтін боп,

Білімі тез толуын.
Жалшылар мен жалдаушы
Еңбек шарты қолында.
Оған уәкіл жұмсайды,

«Жүр ме екен деп орындап».
Жалшылар бар жерлерді
Аралап көріп қайтсын деп,
Уәкілдер жұмсап тұрады

Баяндама айтсын деп.
Мұқтажына, жалшының.
Жәрдем қазына ашады.
Жалшылар тегіс оқуға

Кітапшалар басады.
Жалшылар білім алсын деп,
Надандық тез қалсын деп,
Арасына көп қылып

Кітап, газет шашады.
Міне, осындай істерге
Мүшелік ақша кетеді.
Жалшының қолы теңдікке

Ұйымменен жетеді.
БАЙЛАР БИЛЕГЕН ТЫС ЕЛДЕРДЕ ЖАЛШЫ ҰЙЫМЫНАН ҚОРҚАДЫ
Тыс елдердің билігі
Байларының қолында.

Жалшы халық олардың
Темір шеңгел торында.
Байлар заңын қорғайды
Өтірікпен ажарлай.

Жалшылардың ұйымын
Көреді олар ажалдай.
Жалшы табын құлданып
Обырлықпен, зорлықпен,

Жалшы таптың көргені
Панасыздық қорлықпен.
Өрмекшідей жемдерін
Дұзағына шаңдыған.

Жалшы ұйымы сонда да
Оларға ажал аңдыған,
Тыс елдерде үкімет
Байларының қолында.

Тапырлайды жалшы тап
Құрған шырмау торында.
Жалшы ұйымын өсірмей,
Өкшесімен езеді.

Жалшы ұйымын байлары
Ажалдайын сезеді
Бай билеген елдерде
Жалшы халық дұзақта.

Жанды жанмен асырап,
Ауыр бейнет-азапта.
Рақымсыз ауыр тұрмысы
Күздің қара түніндей.

Біздің ұйым жалшының
Сәулелі қызыл күніндей.
Теңдік күні тумаған
Жерлерде де күн туар.

Жұмыскер, кедей:
«Әкімді Бізде!» — деген үн туар.
Қызыл күнді жібермей
Дүниеге жайып қанатын,

Өйтіп мәңгі тұра алмас
Қара пәле, қара түн.
Жалшы табы күштірек
Ұрандасып жиылар.

Қара пәле қанаты
Жалшы оғымен қиылар.
Темір торды қиратып,
Арыстандай ақырып,

Жалшы табы майданға
Шығар ұран шақырып.
Ышқынып үзіп шынжырын,
Арыстандай ашынып,

Бүгіліп атқыр күрілдеп,
Дұшпанына басынған.
Ресейдің, жалшы таптың ісінен дүние үлгі алар.
Таж бен тақыт домалап,

Ескі етіктей тұл қалар.
Дүниені былғаған,
Жауыздықпен шырмаған,
Озбырлықты заң қылып,

Әділдікті ұрлаған
Бай мен патша жығылар,
Іннен-інге тығылар.
Жалшы табын езгені

Мұрынынан сығылар.
Ұлы Октябрь ісінен
Дүние тегіс үлгі алар.
Бай мен патша орнында

Жер болып қана құл қалар.
Біліп қой, Сәрсен, осылай
Оңалады тұрмысың.
Еңбек шартпен егерде

Тыйсаң байдың қылмысын.
Әлі талай қиындық
Кездесер де жолыңда.
Қиыншылық жеңілер —

Шырағың бар қолыңда.
Жалшылардың ұйымы
Жолбасшы, шам-шырағы.
Білінбейді бұл халде

Жолдың алыс-жырағы.
Тіршілікте біраз күн
Қиындықта өтерміз.
Тегіс жайлы тұрмысқа

Талмай әлі-ақ жетерміз.
Еңбек шартты жасасып іс қылуға жерінбе.
Оқу үйрен, жұмыс қыл,
Ерінбе, Сәрсен, ерінбе!

ЕҢБЕК ШАРТ ОБЫР БАЙДЫ ТОЙТАРАДЫ

Бұл әңгіме Сәрсеннің
Көкейіне құйылды.
Жасып бұққан қайраты
Талпынып енді жиылды.

Жас барыстай оянған
Сәрсен енді сілкінді.
Көрер ме еді біленген
Дәл сол кезде шіркінді!

«Мен үндемей шыдадым,
Бейнеттің көріп қиынын.
Бұқпаймын енді қорғаушы
Болған соң жалшы ұйымым.

Қазір, міне, алдына
Бүйенбайдың барамын.
Табан жерде еңбек шарт
Жасасып былай аламын...»

Сәрсен келіп сөйледі
Бүйенбайдың алдында.
Бай аңқиып отырды
Аузын ашып қалды да.

Бүйенбай байғұс шамданды,
Торайша тұрып қорсылдап.
Үрген бүйен қарынша,
Жарылып кеуіп торсылдап.

Бүйекең тіпті баспады
Еңбек шартты жасауға.
Айтжан менен Сәрсекен
Бұғалық салды асауға.

Бүйекең біраз осқырып,
Бұғалықты сүйретті.
Тулаған семіз асауды
Айтжан, Сәрсен үйретті.

Біраз тулап қорсылдап,
Жеңіліп болды есектей.
Айтжанның айтқан сөздерін,
Қабылдады есептей:

«Бұл күнде енді жалшылар
Арқаланды ұйымды.
Еңбек шартқа қол қоям,
Өзіме болар тиімді.

Ақыны көп алғанмен,
Көңілденіп жайлары,
Ынтасымен іс қылса,
Шаруаға пайдалы.

Бәрібір енді бұл күнде
Көнбеуге әл келмейді.
Көріне көзге бұл күнде
Нашарды ешкім жемейді.

Өкіметі советтің
Жалшы менен кедейді
Қолтығына ап қорғайды,
Мені сорлы демейді...»

Кемігенге сөйтсе де ішінен бірер боқтады.
Лаж жоқ қайтсін ақыры
Шарт жасауға тоқтады.
Шарт қағазды жасасып,

Қол қойысты екі жақ.
Айтжан да оған қол қойды
Қалғаны сөйтіп бекіп-ақ!
Ай, Бүйекең, Бүйекең,

Бұрынғы бір күй екен!
Бүйекең шіркін би еді,
Ызадан іші күйеді.
Ай, дәурен-ай, дәурен-ай,

Келер ме едің айналып!
Ноқталанып Бүйекең,
Қалғаны-ау енді байланып.
Жылағанмен бұрынғы

Дәурен қайта келмейді.
Жалшы табы билікті
Қолынан енді бермейді.
Әкімдігін бұрынғы

Бүйекең енді көрмейді.
Сағынып, көксеп, паң шіркін,
Еңірейді енді, еңірейді:
«Әлди-әлди, ақ бөпем!

Әлди, томпақ лақ бөпем!
Тыныштанып жат бөпем!
Тәтті ұйқыға бат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін!
Көкала иттің құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Жылама, бөпем, жылама,

Атқа мініп шабамын.
Келмеске кеткен әкеңді,
Қайдан іздеп табайын!»
* * *

Домбыра шіркін, құйқылжып,
Екпіндеп шығар күйіңді!
Күлдіріп ойнат тыңдаушы
Жалшы әлеумет жиынды.

Күйің нәзік сымында,
Дыңылда ойнап, дыңылда!
Күйлерін күлсін сыңқылдап,
Ойнасын билеп былқылдап!

Ішегің менен пернеңде
Талай күйлі сырың бар.
Шертілмеген әлі де
Талай-талай жырың бар.

Ұстаның тартқан сымындай,
Түлкінің жортқан жымыңдай,
Жазғы жібек секеңдей,
Ескектей бер, ескектей!

Домбыраның күйлері,
Еріткен ырғақ билері,
Түлкідей жортқан бұлаңдап,
Бәйгі атындай сылаңдап.

Аққу құстың тағы да,
Көлдегі ойын-сәніндей,
Сыңқылдап күліп билесіп,
Қосылып айтқан әніндей.

Домбыра шіркін, құйқылжып,
Екпіндеп шығар күйіңді
Көңілдендір тыңдаушы
Жалшы әлеумет жиынды...

Домбыра шіркін, айтайын
Көңіл көтер күлкіңді:
Сәрсен жүрген ауылдың
Жалшылары сілкінді.

Содан кейін бар жалшы
Сәрсендердің елдесі.
Еңбек шартын жасасты,
Байларменен белдесіп.

Үлгі қылды бәрі де,
Жазған Сәрсен малайды.
Уа, жазғаның, жазғаның,
Оятты сөйтіп талайды!

Ұйымға тегіс жазылып,
Жалшылар енді сестенді.
Озбыр байлар аяқты
Байқап басып сескенді.

Жалшылардың ұйымы
Талмай іске кірісті.
Кешегі сылбыр жігіттер
Екпіндірек жүрісті.

Бос уақытта жұмыстан
Жиналып тегіс оқып,
Оқу, білім, өнерді
Төпеп енді тоқыды.

Жалдағы әйелдерді де
Кіргізді тегіс ұйымға.
Сөзге түскен жалшыға
Ұйымға кіру қиын ба!

ЖАЛШЫ ӘЙЕЛДІҢ ХАЛІ

Есікте жүрген жалшы әйел
Бейнеттің зарын тартады.
Бай жұмысын өлшеусіз
Үстіне сорлы артады.

Еркектен де бейнетті
Жүз есе ауыр көреді.
Өмірдің барлық қуатын
Байға босқа береді.

Үсті-басы сатпақ боп,
Мал сауады майысып,
Жүк артып, үй тігеді,
Қабырғасы қайысып.

Шай қайнатып, от жағып,
Су тасиды шелектеп,
Байға тамақ дайындап,
Нан илейді електеп.

Киіз басу, арқан-жіп
Міндетіндей жазулы.
Қорқытады діңгірлеп,
Бәйбішесі азулы.

Байдың кірін жуады,
Өзінің үсті сатпақ боп,
Байдың асын пісіред,
Ұмсынбай одан татпақ боп.

Өз қолымен істеген
Бай асына батпайды.
Аш бұралып жүрсе де,
Арам астай татпайды.

Еркектен де жалшы әйел
Қорлықты көп көреді.
Әуе айналған шілдеде
Жаяу тезек тереді.

Қара сирақ баласы
Соңынан жылап ереді.
Титықтап тезек арқалап
Бала мен әйел келеді.

Тезек іздеп қыдырып,
Ой мен қырды кезеді.
Үсті-басы қырық жамау,
Жапанға сорлы безеді.

Самайынан тер ағып,
Күнге пісіп күйеді.
Жерошақтың басына
Тезегін тасып үйеді.

Тезегін төгіп отырад
Жерошақтың басында,
Қыңқылдайды айналып
Қатпа бала қасында.

Қабағы қатып, тұтығып,
Еріндері кезерген.
Жалшы әйелді жан дер ме
Бай қатыны безерген!

Бай қатыны көлеңдеп,
Тұрады шығып керіліп.
Жалшы әйелге: «Сусында!»
Деп айтуға ерініп.

Жалшы әйелдің шаштары
Пілтеленіп көрінед.
Қарап тұрып манаурап
Бай қатыны жерінед.

Лашығына сорлы әйел
Келеді де құлайды.
Қатпа бала қыңқылдап
Тамақ сұрап жылайды...

Саба тігіп тағы да
Қалдырмай жұрнақ құрайды,
Бай ішсін деп cap қымыз
Сабаны ыстап сылайды.

Қатпа бала қасында,
«Сусын бер» деп сұрайды.
Анасының бетіне
Бала қарап жылайды...

Жоқтық пенен кемдікке
Лажы жоқ шыдайды.
Тарығады сорлы әйел
Айтады кәрі құдайды,

Жалшы әйел енді ұйымда,
Ұйым ғана қорғайды.
Жауыздықты байекең
Енді қылса, сорлайды!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙