Мазмұнға өту
Home

Мұрат Саламатов

Сағындық Оспанұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Мұрат Саламатов

Сағындық Оспанұлы — «Мұрат Саламатов». ДӘН ТҮСКЕН ЖЕР НЕМЕСЕ АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР

/uploads/28592da7-4ff7-5188-8af0-c34c1d13dfe8/cover.png

ДӘН ТҮСКЕН ЖЕР НЕМЕСЕ АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН АҒАЛАР

Астанадағы мұнайшылар мекемесінің бірінде «Мұнайшы» қоғамдық қорының қолдауымен шыққан ардагер мұнайшы Жолдасқали Досмұхамбетов туралы кітап қолымызға тиді. Кітаптың соңғы бетінде «Мұнайшы» мекемесінің телефондары бар екен. Дереу сонда телефон шалып, атқарушы директоры Марабаев Нәсіпқали Әбуғалиұлының ұялы телефонын алдым.

Бұрын түстеп танымайтын адамға телефон шалып, мазалай беруді ыңғайсыз санап, көп ойландым. Бірақ сол мекемедегі әріптестері ол кісінің қарапайым, адамгершілігі мол екенін мақтанышпен айтқаны есімнен шықпай қойды.

Сонымен, 2006 жылы қараша айының аяғы, желтоқсан айының басы болу керек батылым барып, ақыры ұялы телефонмен хабарластым. Алғашқы аман-саулықтан кейін белгілі мұнайшы, қайраткер Мұрат Саламатов жайында кітап жазуға талпынып жүргенімді айтып, «Мұнайшы» қоры жайында түсінік беруді сұрадым. Өзі Ақтауда жүр екен, «екі жұманың шамасында хабарласыңыз» - деді. Әрине, халықпен араласып қызмет еткені сөзінен-ақ сезіліп тұр. Барлық анықтаманы сұрап алды, біріншіден «Мұнайшы» қоры арқылы кітапты шығаруға көмек жасайтынын ескертті. Содан келіскен уақытында телефон шалып, сенімді дауыспен «Мұрат Ғазизұлы жайында деректерді жинай беріңіз, жаңа жылдың (2007) бастапқы айларында «Мұнайшы» қорының жиыны өтеді, сонда бұл мәселе қаралып, оң шешімін табады» деді. 2007 жылдың ақпан айының орта шенінде телефон соғып, кітап «Мұнайшы» қорынан серия болып басылатын болды, келісім-шартқа отыру керек деді. Өзі ол кезде Маңғыстау облысы әкімдігіне қызметке ауысыпты. Осы жан жылытар жақсы хабарды естіген менің қуанышымда шек жоқ. Аяқ астынан не дерімді білмей, алғысымды жаудырып жатырмын. Берген уәдеге берік, имандылығы мен инабаттылығы қоса жымдасқан нағыз азамат екен деген байламға келдім.

Содан сәуір айының басында «Мұнайшы» қоғамдық қорының мекемесіне келіп (Алматы) жауапты үйлестіруші Сәбит Хайырұлы Жадановқа мән-жайды түгел баяндап бердім. Қор басшылары тегіс құптап, келісім-шартқа отырдық. Көпті көрген, салмақты да, абыройлы ардагер адамдар екен.

Бұл мәселенің оңынан шешілуіне Нәсіпқали Әбуғалиұлының ықпалы ерекше болғанын осы ардагер ақсақалдардың аузынан естідім. Ендігі мақсатым сол кісімен жүзбе-жүз жолығып, рахметімді жеткізу еді. Көп ұзамай оның да сәті түсті. Алдын-ала келісіп алған уақытта Ақтауға ұшып барып, жеделдете ардақты ағаның қызмет бөлмесіне жеттім. Нәсіпқали Әбуғалиұлы облыс әкімінің кеңесшісі екен. Өзіммен толық танысып, білісіп алғаннан кейін мұнайшы ауылынан емес екендігімді ескертіп, мұнайшы жайында кітап жазу оңайға соқпайтынын айтты. Тоқ етеріне келгенде кейіпкердің мұнай өндіру саласына сіңірген еңбегін, өндірісті ашуда, пайдалануда қолданған іс-шаралар, ұйымдастырудың үздік үлгілері мен қоғамдық өмірдегі орны, халықпен байланысы ұғымды тілмен жазылу керек деді. Сондай-ақ өзінің Мұратпен бір салада көп жылдар қызмет атқарғанын, Қазақстан мұнай және газ өнеркәсібінің дамуына бірігіп ат салысқандарын айта отырып, мазмұнды естелік жазу үстінде екенін ескертті. Мұраттың еңбек жолын бастаған Маңғыстау төңірегіндегі «мұнай астанасы» деп аталатын Өзен кен орнын, одан «Жетібаймұнай» басқармасының бастығы болып, үлкен із қалдырған жерлерін көзбен көріп, мұнайшылармен сұхбаттасуды талап етті. Әңгіме арасында өзінің Семей аймағына жат емес екенін, менің де Маңғыстау өңірін 1967 жылдан білетінімнен хабардар болды.

Ол мұнайшы азаматтардың баршасын бауырға тартып, алалап бөлмейтін кісілікті келбетін танытты. Осы бір аз уақыт кездесуіміздің өзінде Нәсіпқали ағамыздың ширақ жүрісі, адамға жылы шыраймен қарауы, қарапайымдылығы жанарымда жатталып қалды. Сыртқа менімен бірге шығып, бұл шаруаның оңайлықпен орындала қоймайтынын, жазу ісі біршама уақытты қажет ететінін қайыра ескертіп, шығарып салды. Қоштасар сәтте, қандай қиындық болмасын Мұрат үшін қолдан келер көмегін аямайтынын айтты.

Үш ай өткеннен кейін Нәсіпқали Әбуғалиұлының ауыр науқастан о дүниелік болып кеткенін естіп, аһ ұрып қалдым... Бұл қаза тек Маңғышлақ өңіріне немесе мұнай өндіретін аймаққа ғана емес, мұқым қазақ халқының қайғысына айналды.

Бір көргеннен-ақ бауыр басып қалған ағадан айрылу оңай емес екен. Енді қазір ол кісі жайлы жазылған әр мақаланы құмарта іздеп, құныға оқып жүрмін. Әсіресе «Мұнайшы» қоғамдық қоры шығарған кітаптан мол мағлұмат алдым. Жақсы адамнан көрген шарапатымды інілік парызым ретінде осы кітапқа енгізуді жөн санадым.

Атамыз қазақта «Дән түскен жеріне бітеді» деген қағидалы сөз бар. Осы тіркесті тілімізге тиек ете отырып, белгілі мұнайшы марқұм Мұрат Саламатов туралы әңгіме өрбіткенде, алдымен арғы-бергі тегін айтпай кете алмаймыз. Кіші жүздің ішіндегі Әлімнің Назарынан тарайтын талай ұрпақты өсіп-өнген мәуелі аталардың бірі деуге әбден болады. Ру-руға бөліп, жіліктеп мүшелемей-ақ үлкен ақсақалды алдымен ауызға алғанымыз береке-бірліктің белгісіндей екені анық. Өйткені, соңғы кездері ру, ата шежірелері жиі жарық көріп, әр түрлі алыпқашпа сөз ағайын арасындағы араздыққа апарып жүргенін жасыра алмаспыз. Әрине, ата тарихын, ол кешкен тағдыр-талайын білген жөн. Әйтсе де бүкіл Алашты сиырдың бүйрегіндей бөле қарап, «өзімдікі-өзіме жақын» деген пікір тәуелсіз еліміздің ертеңіне көлеңке түсірмесіне кім кепіл. Сондықтан «Қазақ мұнайының ардақтылары» атты өмірбаян сериясына арнайы осы кітапты әзірлеу барысында алысқа ат айдамай-ақ кейіпкеріміздің төртінші атасынан сөз сабақтағанды жөн көрдік.

Дәл осы тұста «Мұнайшы» қоғамдық қорының игілікті істеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бұған дейінгі шыққан басылымдардың бір парасын шамамыз келгенше парақтап шықтық. Кілең сайдың тасындай Қазақстанның таңдаулы мұнайшыларының өнегелі өмірін паш етіпті. Мұны ел ертеңін ойлаған кемелдіктің белгісі дер едік.

Сонымен Ақтөбенің Шұбарқұдық мекенінде тірлік кешкен Саламаттың әкесі Сәден ақсақал өз заманында айналасына сөзі мен ықпалы өтетін ауқатты адамдардың бірі болған. Біз кейде «байлық қолдың кірі» деп жатамыз. Ал сол қос қол қимылдап, еңбек етпесе, қайдан кір жұғады. Бел жазбай, маңдай терге малшынып жүріп жинаған ырыс қана берекелі. Дәулетің болмаса, әулетіңді алысқа апара алмайсың. Көкейінде сәулесі бар сәуегей қариялар мұны жан жүрегімен сезген. Ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Алаш арысы Жүсіпбек Аймауытов айтады: «Өнер, ғылым қаражатпен табылады. Өнер, ғылым қаражат табады... Жалаңаш кедейге өнер үйрен деу өгізбен жарысып бәйге ал деген сияқты». Сол Сәден ақсақал ұрпағының өнерлі, білімді болуын армандамады деймісіз. «Сәден сұрлар» деп аталатын үйір-үйір жылқыны өзімен бірге ала кетпес еді ғой. Жан асырап, ұрпақ жалғау үшін талшық етті. Кейінгілер игілігін көрсін деді. Саясаттың салдарынан ырыс қонып, байлық біткен адамдардың есімін атамай үрке қарайтын заманда мұндай ауқаттылардың талайы ұмыт болды. Олар жасаған игілікті істер мен ел ішіндегі елеулі еңбектері жасырын жатты. Сол себепті Сәден ақсақалдың өзі түгіл, байлығының жемісін көру ұрпақ маңдайына жазбапты. Кеңес келіп тәркілеу жүргізгенде атадан қалған бар байлығын тартып алды. Орта қазанға салды ма, оң қалтаға салды ма ол жағы беймәлім. Әйтеуір бір күнде тақыр кедей боп шыға келді. Ұлы Саламатқа соншама малдан «Сұр айғыр» ғана бұйрыпты. Есесіне үстем таптың өкілі, байдың тұяғы деп басына әңгір таяқ ойнатты. Бәрін бердім ғой, игіліктің иесі «Сұр айғырыма» соқтықпа деп бір жылдай ел кезіп, қашып жүрген екен. Жастайынан әке жанында малсақ боп өскен жігіттің өкініштен өзегі өртенеді. Өзі өнерлі, сауық-сайранның гүлі болған серілігі бар Саламат дуананың күйін кешеді. Ат жаратып, ит жүгірткен күндер көзден бұл-бұл ұшты. Құсадан жарылардай болып жүрсе де отау құрып, ұрпақ өсіреді. Зайыбы Ұштап екеуінен 12 бала дүниеге келген. Сол кездегі қиын тұрмыс пен ел ішіндегі етек алған індет аурудан көпшілігі көз жұмып, 4 бала ғана қалыпты. Олар: ұлдары Ғазизолла (ел ішіне тараған есімі Ғазиз), Алдияр, қыздары Мәдеш пен Хамзе.

Айғайға сүрен қосып, шаш ал десе бас алатын шолақ белсенділер індете ізіне түсіп жүріп ақыры Саламатты он жылға соттатып тынады. Сондағы тағылған айып — байдың тұяғы, жасырын дәулеті бар, астындағы атын бермеді деген жел сөз еді. Басында Темір өзенінің жоғарғы ағысындағы Ильинка деген жердегі түрмеде ұстайды. Көзін көрген, зейнеткер Шәріп Үркімбаев өз құлағымен естіген әңгімесін төмендегідей баяндайды:

Саламат еті тірі, пысық болды. Тапсырылған шаруаны дөңгелетіп әкететін қасиеті бар еді. Әсіресе жылқы малының жай-күйін түсінен аңғаратын. Соны сезген түрме басшылығы оны арбакеш етіп қойыпты. Жазда арбамен, қыста ат шанамен су, тағы басқа қажетті заттарды тасып жүреді. Жер жағдайына жетік, оның үстіне өз топырағына таяу тұрған соң ептеп елге де қарайласатын көрінеді. Жасырын тыңшылар арқылы мұны біліп қойған түрме әкімшілігі көп ұзамай Саламатты Ресейдің Қиыр шығысындағы бір қалаға жер аударады. Бөтен ел, бөтен жерде қорлықтың неше атасын басынан өткеріпті.

«Өлмегенге - өлі балық кездеседі» деген рас. Сонда Ресейдің бір қолбасшы-билеушісі үлкен мереке өткізуге әзірленеді, салтанатына арнайы ат жарататын адам іздейді. Сұрау сала жүріп қыр қазағы Саламаттың атбегілік өнерін естіп «Конная экскадрилья в тылу» деген мекемеге ат жаратушылыққа жіберіледі. Жасынан жаны құмар бұл кәсіпті Саламат салған жерден меңгеріп кеткен. Бәйгеге қосқан аттары бірінен кейін бірі жүлделі орын алып, қазақ жігітінің мерейін көтеріп тастайды. Тұтқындар арасында беделі де артып, тұрмыс жағдайы түзеле бастайды. Тіпті басшылықтан сыйлыққа оқ-дәрісімен винтовка мылтығын алады. Осыдан-ақ сенімге әбден кіргенін аңғару қиын емес. Бірақ қанша қарыны тойып жүрсе де шалғайдағы елі, бала-шағасы ойынан бір кеткен емес. Ақыры қисынын келтіріп, аман-есен ауылға оралады. Осы әңгімелерін өз аузынан естіген едім дейді Шәріп ақсақал сөзін түйіндеп.

Жан түршігерлік ауыртпашылық арқалап келсе де бір жылға толмай жатып 1942 жылы соғысқа алынады. Сотталғандарды майдан даласына емес, «Еңбек армиясына» жіберетін уақыт қой. Ресейдің Владивосток қаласындамыз деген хабардан басқа дерек болмайды. Не істеп, не қойып жүргендері де белгісіз. Туған-туыстарын өлдіге санайды. Сол кеткеннен оншақты жыл араға салып оралыпты. Бүкіл денсаулығын беріп, құр сүлдері келген Саламат көбіне үй шаруасымен айналысып, сүйікті кәсібі атбегілігі мен аңшылығын тастамайды. Дәл осы тұста құдай қосқан қосағы, өзі шалғайда жүргенде ұрпағын шашыратпай бауырына басқан Ұштап ана жайлы айта кеткен ләзім деп есептейміз. Нағыз қазақы тілмен атасақ, алтын құрсақты ана болды. Аналық мейірімін, жар міндетін адал атқарды. Қонақ күту, қолда барды ұқсату, ағайын арасының бірлігін сақтау сияқты көзге көрінбейтін шаруаны қанымызға сіңген қалпымен үйіріп отыратын. Күйеу бала, балдыз-бажаларға дейін ақылын айтып, жарасымдылық қасиетінен танған жоқ. Алалап бөлмей, бір қолдың саласындай, бір отаудың баласындай көрді.

Үйдің үлкені болған соң әулеттің барлық ауыртпалығы Ғазиздің мойнына түседі. Оқуын жалғастыруға мұршасы келмей, еңбекке ерте араласады. Төрт-ақ кластық білімі болса да көкірек-көзі ашық Ғазиз кездескен қиыншылықтан тартынбай, арланбай орайы келген кәсіпті еркін меңгеріп кете берген. Бұл қасиет сонау аталарынан үзілмей келе жатқан ерекшелік еді. Қандай ортада болмасын адамдармен тез тіл табысып, өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқаратын қабілетінің арқасында отбасын ешкімнен кем қылған жоқ. Бір ықпалды адамның көмегімен әулеттің асыраушысы ретінде «бронь» алып, соғысқа бармай қалады. Есесіне әкесі Саламат пен інісі Алдияр хабар-ошарсыз кеткен. Баяғы әкесіне тағылған айып Ғазизді де айналып өтпейді. Көре алмаушылар өсектің шоғын үрлеп, жұрт қатарлы өмірін күндей бастайды. Аталары бай болған, елді қанаған, халықтың үстінен күн көрген деген қара күйе жағасына жабысады. Қызметте енді-енді өсіп келе жатқанда, аяқтан тартып қадамын ілгері бастырмайды. Осындай өсек-аяңның құрбаны болмау үшін бой тасалап Жамбыл облысындағы Бурылбайтал селосына кетіп қалады. Бастапқыда комсомол қызметінде, одан Рабкоопта бастық, балық қоймасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. Көп ұзамай анасы мен бауыр-қарындастарын қолына көшіріп алған екен.

Міне, байқап отырғанымыздай Саламатовтар әулетінің сан тарау соқпағы тақтайдай тегіс болмаған. Өмірдің бұралаң-бұлтарысымен басқа түскенге көніп, ел қатарлы еңбек етіп, көш түзеген. Адам пешенесіне жазылғаннан асып кетпейтіні де шындық. Біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей төгілген маңдай тердің төлемін көріп жүріп жатты. Осы өңірде Ғазиз Жәния деген қызбен үйленіп, отау құрады. Ұлы Мұрат дүниеге келді. Дүркіретіп той жасады. Саламат қарт пен Ұштап әже өлгендері тіріліп, өшкендері жанғандай күйде еді. Әйтсе де «ер туған жеріне, ез тойған жеріне» деген сөздің астарында ақиқат бар. Атамекен туған өңірі түсіне жиі еніп, кейінгі кездері тіптен маза бермеуге айналды. Ақтөбе облысына қарасты Темір ауданының Қанжар ауылы көзіне мың елестеп, өзіне магниттей тартады да тұрады. Шіркін, Қарағай бұлақтың басына Мұратымды алып бір барып мауқымды бассам-ау деп армандаймын. Осы ойын кешкілік шәй үстінде ептеп зайыбы Жәнияға айтып көріп еді, ол келіспейтін сыңай танытты.

Мен, Ақтөбе топырағына аяғымды баспаймын. Кетсең өзің жүре бер, жолың ашық! - деген көрінеді. Ол да Ғазиздің соңғы уақыттарда іштей толғанып жүргенін сезсе керек. Әсіресе, мұндайда шешелер жағы зерек келеді ғой. Енесі Мұратты Сарыкөл деген жерге алып кетіпті. Баласы үшін райынан қайтар деген ойда болса керек.

Әрі-сәрі толғақты күй кешіп жүргенде інісі Алдияр жаралы болып соғыстан оралады. Ақтөбеде жүрген соған сәлем жолдап, Сарыкөлге тапсырмамен жіберген көрінеді. Алдияр бастапқыда жұмысқа орналасқан болып, Мұратты бауырына тарта жүріп, ақыры алып кеткен екен. Ол кезде 2-3 жастағы бала қолды-аяққа тұрмайтын тынымсыз, тентектеу болыпты. Поезбен келе жатып, Қандыағаш станциясында Мұраттан көз жазып қалғаны тағы бар. Көрген елдің көмегімен әрең тауып алыпты.

Баласының кеткенін естіген соң Ғазиз де көп ұзамай атамекеніне ат басын бұрады. Жары Жәния сол айтқан сөзінен қайтпай қалып қойып, басқа біреуге тұрмысқа шығып кетіпті.

Мұның бәрін тәптіштеп жазып отырғанымыз өмірбаяндық серия болған соң қылдай қиянат жасамай, тарихи шындықты бұзбайық деген ниет еді. Әйтпесе біреуге көлеңке түсіріп, мүсіркеу ойымызда жоқ. Ел ішінен, туыстарынан алған естеліктерді пайдалана отырып, ақиқат ауылынан алыстамауға тырыстық. Бұл күнде көзі тірі ұрпақтары мен ағайындары осы ойымызды құптады. Келісімін алдық. Болған жайдың өңін айналдырып жазу, жауырды жаба тоқығанмен бірдей, әркім өз аталарына шаң жуытпай, тіпті пайғамбар, періште дәрежесіне көтеріп қоятынына оқырмандар күліп жүргенін де ескердік.

Сонымен Ғазиз 1947 жылы Шұбарқұдық станциясына қойма меңгерушісі болып жұмысқа орналасады.

Бірақ көп ұзамай қызметте жіберген кемшіліктері үшін деп 10 жылға бас бостандығынан айрылады. Ол кездің тәртібі қатал. Қолында қазынаның дүниесі бар адамдардың істі болмағаны кем де кем. Сондай желеумен Ғазиз де кете барады. Абырой болғанда ауыр қылмысы жоғы анықталып, 5-6 жылдан соң ақталып шығады. Өзін дәлелдеу үшін сол Шұбарқұдықтағы қоймаға қайта меңгеруші болып бекітіледі.

1960 жылдары Ғазиз отбасымен Сарыкөл деген ауылға қоныс аударады. Мұратты Ғазиздің әке-шешесі қолдарына алып қалады. Ғазиз сауда саласында бухгалтер болып, әйелі Нәтима дүкенші болып жұмыс атқарады. Бір күні Ғазизге қарасты бір қойма (склад) өртенеді, шамасы электр тоғының әсерінен болса керек. Содан тексеру басталады. И. Сталин орнатқан тәртіптің қатаң кездері, бір қоймадан әкелерінің малына сақтап қойған екі қапшық тартылған («отруби») жем тауып алады, нәтижесінде Ғазизді 5 жылға соттап жібереді.

Ғазиз мұнай саласында, саудада, қоймада бухгалтер, сауда меңгерушісі, қойма басшысы қызметтерін көп атқарған.

Адамдар арасындағы күнделікті тіршілік қатынасы ұзындықпен, не салмақпен өлшенбейді ғой. Оның өлшемі туыстық, жолдастық, достық деген биік ұғымдар. Пенденің кісілігі де осы сөздерді қаншалықты ұға білуінде болса керек. Мен сондай адамдарды сирек те болса көріп өстім, - деп еске алады зейнеткер Шәріп Үркімбаев. Солардың бірі Ғазиз Саламатов деген ағамыз болатын. Өте қарапайым, кішіпейіл, ақкөңіл азамат, үлкен-кішінің бәріне сыйлы болатын. Өзінен кішілердің атына «Жан» деген жұрнақты қосып айтатын. Ағайын-тумаларды іздестіріп, басын қосып жүретін. Өзі сан қилы өмір қиыншылығын көре жүріп, ешуақытта туған-туыстарын, ағайындарын ұмытқан емес. Тұрмыстық нәрселер, киім-кешек, азық-түлікті молынан әкеліп тастайтын. Ешуақытта тарылмайтын, қолындағы барын беріп, елмен араласып жүретін, өзі сері адам еді.

1959 жылдың күзінде Шұбарши елді мекеніне келіп, селоға дүкенші болып орналасты. Қашан көшіп келгенше біздің үйде (Шәріптің) жатты. Дүкеннің ақшасын кенеп дорбаға салып, менің шешемнің қолына сақтауға беретін. Шешем қорқады, үйде келімді-кетімді кісі көп, бірақ сол ақшалары үнемі түгел болатын. Ғазекең адал адам болды. Өзі адал басқаның да адалдығына күмәнданбайды. Сенімі де алдамайды.

Ғазекең Шұбаршиге көшіп келгенде екі қызы - үлкені Рая, кішісі Қарлыға және жеңгеміз Нәтима болды. Нәтима жеңгеміз ешкімге жалтағы жоқ, тура айтатын, ақжарқын, қайратты адам болатын. 1973 жылы өмірден ерте өтті.

Рая мен Қарлыға жоғары білім алды. Рая - ұстаз (филолог), Қарлыға - ұстаз (хим. биолог). Екеуі де бауырмал, өз араларында үлкен беделге ие болып өсті. Қазіргі уақытта балаларын өсіріп, оқытып, тиісті тұғырларына қондырып, отбасының қызықтарын көруде. Жолдастары да парасат иелері.

Жалпы Саламатовтар әулеті қарапайым, еңбекқор, адалдықтан аттамайтын кішіпейіл жандар. Саламат ата мен Ұштап әже ағайынның ұйытқысы, отбасының ажары бола жүріп, балалары мен немерелерінің тәрбиесіне бар өмірлерін арнады. Әулеттің жалғасы немерелер мен шөберелер де өз кезегімен ержетіп еңбекке араласуда.

Ғазиздің «менің Раечкам» деп өсірген қызы орыс тілі және әдебиет мамандығынан институт бітіріп, бірер жыл жұмыс істеп, 1976 жылы Сақтап Ахметов деген жоғары білімді инженер жігітке тұрмысқа шықты.

1977 жылы Мұрат әкесі Ғазиз бен қарындасы Қарлығаны Шевченко (Ақтау) қаласына көшіріп әкететін болады. Қарлыға онжылдық мектепті Шевченко қаласының мектебінде бітіреді. Мұрат әкесіне әзілдеп, «ал ақсақал пенсияға шығуыңызға азын-аулақ уақытыңыз қалды, енді менің қарамағымда жұмыс істеп көріңіз» - деген екен. Онда Ғазиз инкассатор болып жұмыс жасады.

Ғазиз табыстан тапқан артық ақшасын жинақ кассасына салып, арасында ұлы Мұраттан алып Гүлмира мен Жанарға салып тұратын (бірі Семейде, екіншісі Ақтөбеде). Ал жинаған ақшасын кейін немерелеріме бөліп берерсің, - деп тапсыратын еді.

Содан өмірдің аумалы-төкпелі уақытымен бірде қызығын, бірде шыжығын көре жүріп Ғазиз 1985 жылы қайтыс болды. Жаңағы жинаған ақшасы кейін өзінің жерлеу рәсіміне жаратылып кететінін қайдан білсін.

Мұрат Саламатовтың өмірінде ерекше орны бар немере ағасы Алдияр жайлы айтпай кетуге болмайды. Манағы Ғазиз туралы жазбада бала Мұратты Алдияр ағасы алып қашқан дедік қой. Қанына тартпағанның қары сынсын дейді мұндайды атамыз қазақ. Жас баланың келешегін болжай білген осы азамат бауырына басып, тәрбиесін берген көрінеді. Өзі өмірінің соңына дейін ұстаз болған адамның ықпалы ерекше екені түсінікті шығар.

Темір ауданының Теміржиде деген жерінде 1925 жылдың 22 қаңтарында туған. Балалық шағы сол Теміржидеде өткен. Ауылы Темір өзенінің жағасында орналасқан, өзеннің арғы жағы қалың құм (Көкжиде құмдары), бергі жағы кең дала.

Кеңқияқ ауылы жақын жерде орналасқан. Асау өзеннен Алдияр бала кезінде балық аулап, суына түсіп, тамашалаған. Өзінің сөзінен «бала кезімде ұзындығы өз бойымдай балықты сүйреп үйге әкелетін едім деп еске алатын... Оқуға баратын жылдары «Коллективизация» жылдарына келген, 7 жастан бастап оқуға барған, Кеңқияқ ауылындағы мектепке жаяулатып көп бала болып кететін едік деп отыратын. Әсіресе қыста қиын болатын, сықырлаған аязда да (30-40°) мектептен қалмай оқуға баруға тырысқан. Бір үйден бірнеше бала болып баратын. Ағалы-інілі олар 7-8 бала болып өскен. Ғазиз, Кәрім, Мәдеш, Алдияр, Қапиза, Хамзе...

1939 жылы Алдиярды (14 жаста) ағасы Ғазиз өзімен бірге Бурылбайтал ауылына (Жамбыл облысы) ертіп кетеді. Мектепті сол жақтан жалғастырады. Бурылбайталда 1939-1943 жылға дейін болады.

1943 жылы 15 мамырда Отан соғысына өз еркімен аттанады. Шу станциясынан эшелонға мініп кетеді. Мінерінде ауылға жеделхат берген (анасына) Қандыағаш станциясынан өтетін уақытын жазып, сол уақытта «мені көріп қал деп» асыға күттім дейді өзі, бірақ эшелон тоқтамай өтті, алыстан байқап қалдым, арбаның қасында анам біреумен тұр екен. Хамзе болу керек. Бар дауысымды салып айқайладым, ол да мені көріп, тек қолын көтерді де қала берді поезд гудогін беріп өте шықты. Сол кеткеннен бір қалада әскери дайындықтан өтіп, көп кідірмей взвод командирінің орынбасары болып Украина майданына соғысқа қатысып кетті. Қатал шайқастардың бірінде 1944 жылдың аяғында бірнеше ауыр жарақат алып, госпитальға түседі. Алдияр Саламатов I, II, Ш-дәрежелі жауынгерлік Даңқ орденімен, 5 медальмен марапатталған. Ол өзінің ұстаздық қызметін 1945 жылдан бастады. Госпитальдан емделіп шығып, жергілікті мектепте оқытушы болған. 1945 жылы ауылға оралып оқытушы болып, ауылдың мектептерінде сабақ берді.

1946-1950 ж. Темір орта мектебінде ұстаз, оқу ісінің меңгерушісі, директор қызметін атқарған.

1951-1954 ж. Қонжар детдомында (мектеп) директоры болған.

1954-1956 ж. Кеңес туы орта мектебінде директор.

1956-1979 ж. Шұбарқұдық №2 мектебінде оқу-тәрбие жұмысы жөнінде директордың орынбасары, 1979 жылдан бастап өмірінің соңына дейін директор болған.

Саламаттан өрбіген төрт баланың кенжесі Хамзе болатын. Ақ шашты анамен көзбе-көз дидарласып, айтқандарын сөзбе-сөз қағаз бетіне түсірген қызылордалық ақын Ниятолла Раманқұловтың жазбасына сүйенгенді жөн көрдік.

Алматыдан туған топырағына ат басын тіреп, бауыр басқан қасиетті шаңырағына кіріп келгенде үлкен ағасы Ғазиздің баласы Мұратты танымай қалды.

Бұлақ басынан шықпайтын кішкентай қағілез бала ерте есейген секілді ме, бойы өсіп, бұйраланған қап-қара шашы қалыңдап, маңдайына төгіліп тұр. Жүзінен сабырлы, ойлы қалып байқалады. Ойыннан гөрі кітапқа үйір. Каникул кезі болса да кітабын қолына алып, өзенге қарай тартып отырады.

Ақын болатын шығарсың, - деп апасы ерекше елжірей бауырына басты. Өзі де кішкентайынан ақын-жазушыларды оқып, жаттап өскен. Бірақ ақын болмады. Ол тек аз ғана адамдарға берілетін табиғаттың сыйы, анығырақ айтсақ айықпас дерт. Оған Хамзе өкінбейтіні анық. Есесіне Алматыдан жоғарғы оқу орнын бітіріп келді. Құдай қаласа, енді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Өзінің бауыры Мұрат оқитын класқа сабақ берсе тіпті жақсы болар еді.

Алдияр көке, Мұратжан, тіл-аузым тасқа, есейіп қалыпты. Сіз мектеп директоры болғасын, ұятқа қалдырмайын деп көп оқитын шығар. Мен оқуға кеткенде балғын жас болатын.

Ой, Хамзе қалқам-ай. «Жамандығын көргенше, жолдасыңды қас деме. Адам болар баланы, толықпаған жас деме» деп кім айтқан еді?

Оны біздің Темір ауданында дүниеге келген халық ақыны Нұрпейіс Байғанин айтқан. Және де ол: «Білім біл оқып қарман да, оқымай қалма арманда. Надандардың көзі - көр, қор болмайды білімді ер», - деген.

Дұрыс-ақ. Институтта жақсы оқығаның білініп тұр. Ал, Мұратжанға келетін болсақ, бауырың қабілеттен кенде емес. Сабағы жақсы. Ән айтады. Халық әніне салатын әдемі дауысын тыңдағың келсе, кешкісін өзенге кеткенде, соңынан білдірмей барып, тыңдап көр.

Қайдам, көке, әр баланың қабілеті әр қилы, бірі ерте, бірі кешірек бүршік жарады. Мәселе оларды дер кезінде танып, жол сілтеуде. Сондықтан қос ұстаз, сіз бен біздің қателесуге қақымыз жоқ. Білесіз бе, жас кездерінде болашақ пролетариат жазушысы Горький мен болашақ ұлы әнші Шаляпин діни семинарияның әншілік бөліміне емтихан тапсырыпты. Сонда емтиханнан қайсысы сүрінбей өтті деп ойлайсыз.

Әрине, Шаляпин.

Жоқ, Шаляпин емтиханнан екі алып, Горький өтіп кетіпті.

Ия, ондай, ондай... қателесулер болады, әрине.

Бірақ уақыт бәрін де өз орнына қояды емес пе. Кейін Горький де, Шаляпин де өмірде өз жолдарын тапты. Бұл тағдырдың берген сәттілігі, бағы. Ал өз жолын таппағандар қаншама.

Алдияр көкесі Алматыда бес жыл оқып, өмір көріп, есейіп келген қарындасына риза көңілмен елжірей қарап, маңдайынан сүйді. Осы бір қырық жыл бұрын болған, көңілде жатталып қалған қимас көрініс Хамзе апаның көз алдында: Алдияр көкесі, бала Мұрат, алаулап батқан күннің қызуын бойына жинап, беймарал мөлдіреп аққан Темір өзені.

Хамзе апаның үйінде отырмыз. Мәкеңнің жездесі Сабырғали сөзге сараң, сабырлы қалпы. Өмір бойы сүйген жарын сандуғаштай сайратып қойып, өзі рахаттанып тыңдап келе жатқан бақытты жанға ұқсайды. Хамзе апамызды тыңдаған сайын, қою шайды көңілдене сораптай түседі. Хамзе апамыз Мұрат бауырының өткен-кеткенін сұрағанда ағынан жарылды.

«Мұрат Алдияр көкеміздің қолында оқыды. Үйдегі жеңгеміз Алма шеше орнына шеше болды. Мен сол Темірде мектеп-интернатта қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беруші едім. Мұраттың оқуға деген ынтасы ерекше болатын. Әнге, суретке құмарлығы өз алдына, мақал-мәтелі бар кітаптарды жинап жүреді. Бір күні сабақтан келген соң қасында Атлаш пен Болат бар, балық аулауға кетті. Үшеуі бір үйдің баласындай жарасып жүретін. Өмірде де бір-бірінен қол үзген жоқ. Бәрі бірге үй-үйге отын тасып, алғысты да бірге алатын, бір нәрсе бүлдірсе, сөгісті де бірге еститін. Мектепте де солай. Сөйтіп үшеуі өзеннен түннің бір уағында келеді. Ертеңіне ұйқысы қанбай, әбден сілесі қатқан «балықшылар» әдебиет сабағынан бір-бір семіз екілікті қанжығаларына байлап, мойындары салбырап қайтты. Соғыстан кейінгі балалардың балалықтан гөрі, сезімталдығы, түсінігі басым еді. Қателіктерін, біз айтпай-ақ, өздері іштей түсінетін. Осы жағдайдан кейін бір таң қалғаным, кластағы оқушыларда бір серпіліс пайда болып «апай өзінің бауырына аямай екі қойып жатқанда, бізге не жорық, байқау керек екен» деп өздерін сақтандырған болу керек. Ия, соғысты көрмесе де, жаңғырығын сезіп өскен балалар осындай болатын. Олардың ұяты мен намысшылдығы қызарақтап, қиналған жүзінен анық көрінетін. Ата-анаға, туысқа, досқа адал болды. Адамның қас-қабағына қарап, көңіл-күйлерін байқап, соған орай іс-қимыл жасайтын. Мұрат та сондай болатын. Кішкентайдан сіңген осындай қасиеттерімен ол тағдырдың тас емшегін жібіткендей еді. Өмір оған даңғыл жолын ұсынбады. Жолына бәрін дайындап қоятын оның шенеунік көкесі болған жоқ.

Апамыз көп мақтанып кетті деме. Үлкейген соң біздер балалыққа қайта оралдық. Сәл нәрсеге балаша қуанамыз, балаша жылаймыз. Тегінде адам өзінің құдай берген табиғатымен бірге туатын секілді. Бір үйдің балаларының мінезі неге әр түрлі келеді?

Мұратқа да табиғат ана жомарттық танытты. Оның бауырмалдығын, алыс-жақын, жаман-жақсы деп бөлмейтін туысқа, жолдас, досқа деген қамқорлығы мен шексіз адалдығын тағдыр тауқыметі де, жоғары лауазымды қызмет те өзгерте алмады. Ол өзінің табиғатымен дүниеге келіп, сол табиғатына кіршік түсірмей өтті.

Қазіргі кезде алысқа да, Астанаға да бармай-ақ өз ортамызда «бас басына би болған өңкей қиқымдарды» көріп жүрміз. Олар дос түгілі, жақын бауырымен барды бөлісе алмайды. Ал, қырқысуға, жұлысуға келгенде шебер, бәрі саясаттану ғылымын анасының жатырында меңгеріп алған.

«Қарғадан қарға туар қарқылдаған,

Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.

Көңілінде мен де адаммын деп жүрген көп,

Пайдасы бір басынан артылмаған.

Хамзе апа сәл бөгеліп ойланып қалды. Шаршаңқырап қалды ма, терең демалып күрсінгендей болды. Осы кезде ақжарма, сырлы әңгіменің әсерімен арқам қызып отырған мен де:

Рас-ау, апа, қамшының сабындай тіршілікте жұлқысамыз, қырқысамыз, бір-біріміздің етегімізден тартып, өсегімізбен тұсаймыз. Құдды бір мәңгі өлмейтін сияқтымыз.

Бәріміз бір атаның баласымыз,

Адамдар бір-біріңе қарасыңыз.

Өмір деген бес күндік кетер өтіп

Атаң барған орынға барасыңыз, - деген екен ақын

бабалардың бірі.

Хамзе апа қалың ойға түскендей әлі үнсіз. Жаңа ғана маған көрсетіп отырған альбомның ішінен үш сурет қатар шықты. Хамзе апаның қабағынан бір жұмбақ қайғының шөкім бұлты қоюлана түскені анық сезілді. Бұл не жұмбақ?

«1999 жыл, - деді Хамзе апа үш суретті қолына алып тұрып, осы жылдың сандық жолында үш тоғыз саны бар - біздің әулеттен мәңгілікке көз жұмғандар үшеу. Олар Мұрат, мынау Ғазизден кейінгі Мәдеш апа, мынау Алдиярдың мезгілсіз қаза болған баласы Замер. Үшеуінің де о дүниелік болған уақытының арасы алыс емес. Біз ырымшыл емеспіз. Бірақ неге екені белгісіз, тоғыз санын Мұрат көңіліне алатын. «Мен тоғыз деген саннан сезіктенемін. Айдың 9, 19, 29 күні жолға шықпаймын» дейтін.

Бұл қандай жұмбақ деп мән беріп сұраған да емеспіз. Өзімен бірге ала кеткен жұмбақ. Үшеуі де 1999 жылы... Мұрат қайтыс болған күннің ертеңіне бауырымның қайғысын көтере алмай Мәдеш апа көз жұмды. Екеуі тетелес өскен еді, араға айлар салып ініміз... машина апаты...

Үш бірдей қаза оңай емес, қарағым. Хамзе апаның қабағындағы қайғының сырын енді түсіндім. Қанша шаршағаны білінсе де, өзіне-өзі іштей күш беріп отыр. Біздер апамыз тынығып демалсын дегендей, Өнермен (Алдиярдың баласы) бірге сыртқа шықтық. Кешкі Ақтөбенің құлақ шымырлатар қысы жылдағыдай емес, күшінен қайтқандай.

Өнер де мұнайшы екен. Мәскеудің И.М. Губкин атындағы мұнай-газ институтын бітірген. Ұрпақтар жалғастығы деген осы болар. Мұрат Алдияр көкесінің қолында тәрбиеленіп өссе, оның баласы Өнер Мұрат ағасының тікелей тәрбиесінде жұмыс істеп, абзал ағаның жүрек жылуын бөліскен екен.

Мұрат көке жұмысқа келгенде қарамағындағыларына ортақ талап қоятын, - дейді ол. Адамды, руға, туысқа бөлмейтін. Мен ол кезде жастаумын. Ептеп еркелеген, босаңсыған кездерім де болды. Ондай кезде ағамыз тәртіпке салып алған соң: «Сен мұнда (Құмкөлге) көңіл көтеру үшін келген жоқсың. Жұмыста туыс болмайды. Барлық еңбек адамымен бірдейсің. Ешқандай туыстық, достық жұмыстың жауапкершілігін ауыстыра алмайды» деп зілмен шегелеп тұрып айтатын.

Бір күні Мұрат көке: (ән салғанды, тыңдағанды жақсы көруші еді) сенің есіміңді Өнер деп бекер қоймаған. «Сыр сұлуы» деген ән бар. Сол әнді жаттап, үйге бір келгеніңде айтып беретін бол, - деді. Көкенің айтқаны заң. Күні-түні үлкен сахнаға шығуға дайындалғандай, жатақханада, жұмыста да ән салып жүруді шығардым. Сөйтіп көкеме бір сәті түскенде домбырамен айтып бердім.

«Жаман емес, - деді» ол, - сен енді бұл әнді отырыстарда айтып жүр. Бәлкім сырдың бір сұлу қызымен дәм-тұзың жарасып қалар. Бұл жер қазақтың әдет-ғұрпы, дәстүрі, тіл байлығы көбірек сақталған жер. Қыздары сол дәстүрін бұзбаған, иман жүзді, сүйкімді келеді.

Аяулы ағаның бір қасиеті, айтса ұйытып, бір сенімге байлап тастап, алған әсеріңнен көпке дейін айыға алмай жүресің. Бұл әңгімеден соң менде өзіме деген бір сенім пайда болып, қыздарға қырындайтынды шығардым. Бәріне жабыса да бермеймін. ішкі есебі бар, қулау біреу болса Саламатовтың інісіне үйленгенге қай қыз қарсы болсын дер еді. Бірақ ақылды қызға жігіттің бастық ағасы емес, өмірлік тірек болар өзі керек емес пе. Әуелі құдай, сосын қамқоршы көкем себеп болды-ау деп ойлаймын. «Қайдасың сыр сұлуы, қайдасың» деп жүріп Дүйсенгүл деген сұлу қызға кездесіп, бір жылдан соң отау құрдық. Өзінің кіндік қаны тамған жері де Сұлутөбе деп аталады. Қазақтың біртуар ұлы Мұстафа Шоқайдың туған жері. Балаларымның нағашысы Мұстафа болса, жаман болмас деп ойлаймын. Бүгіндері ойлап отырсам, көкем қанша жұмысбасты болса да, өзінің балаларымен бірге, әкесімен бір туған аға-апаларының да ұрпақтарын, олардың болашағын ойлап жүрген екен-ау.

Оның рас, - дедім Өнердің сөзін бөліп. - Қазіргі біздің бастық көкелерімізде бәрі жетеді. Жетіспейтіні бауырмалдық, кішіпейілдік. Құдіреттілікті жасайтын да қарапайымдылық болар. Мен мұны студент кезімде алғаш рет ақын Мұхтар Шахановтың қарапайым өзін көріп, қарапайым өлеңін оқығанда түсіндім.

Ойына бірдеңе түскендей Өнер сөзімді бөліп:

Студент демекші, Мұрат көкем Алматыда оқып жүрген кезінде әкемнің соғыс кезінен денесінде келе жатқан снаряд жарықшағы қозғалып, операцияға сол кездегі астанаға әкелген. Әскери госпитальге орналастырған соң оқуын да ұмытып, әкемнің қасынан кетпей қойыпты. Тамағын әкеліп, әңгімесін айтып, домбыра, гитара арқалаған өнерпаз жолдастарын алып келіп, аулада шағын «концерт» қояды екен. Арасында өзі үш күн сайын ауылға, уайымдап жатқан шал мен кемпірге хат жазып көңілін орнықтырыпты. Операция жасалғаннан кейін де күні-түні қасынан кетпей, қолында кітап, дәптері, ұйқысы шала-пұла сол жерден лекциясына кетеді екен. Оның адамға деген елгезектігі мен бауырмалдығы, сезімтал, сергектігі кішкентайынан қалыптасқан.

Өмір өз дегеніне көндіреді. Сонысымен де қымбат, сонысымен де қызық. Адамдық қасиеттеріне кір жуытпай, айналасына қылдай қиянат жасамаған алдыңғы толқынның тынысы осындай. Заманның запыранын жұтқан ағалар өмірі бала Мұраттың да зердесіне жазылып қалған. Солар жетпегенге жетсем, солар көрмеген қызықты ұрпағыма көрсетсем деген алып мақсат үнемі ілгері жетелеп отырған. ізденістері де, іркілістері де бар ғұмыр кезеңінде кейінгі толқын інінің іздері сайрап жатыр. Сол соқпаққа cap желіп түсіп, сана сәулесімен саралай алсақ, аржарқын азаматтың ажары ашыла береді. Енді осыған нар тәуекел делік.

Мұрат Саламатов, тау-кен институтының студенті. Алматы, 1966 ж.

Мұрат Ғазизұлы, «Өзенмұнай» №2 аудандық инженерлік-технологиялық қызметтің бастығы. Жаңаөзен, 1967 ж.

Мұрат Ғазизұлы, «Оңтүстікқазмұнайгаз» ӨБ-нің бірінші бас директоры, 1991 ж.

Ғазизолла (Ғазиз) Саламатұлы

Саламат пен Ұштап баласы, немерелерімен

Солдан оңға қарай: (1-ші қатар) Алма, Ұштап әже, Алдияр. (ІІ-қатар) Жанар Мұратқызы, Замер, Өнер, Гүлбәбәш.

Хамзе, Мәдеш Саламатқыздары. Ақтөбе

Хамзе апасы мен Сабырғали жездесі. Ақтөбе

Саламаттың қарындасы Залипа мен Төлемістің қызы Зияда (94 жаста), - Еділ қызы Сара (70 жаста) Ақтөбе облысы, Саркөл ауылы, 2007 ж.

Мамырбаевтар жанұясы: солдан оңға қарай (1-ші қатар) Асқарбек, Жаңылай, Әбдіраман; (ІІ-қатар) Бахыттыгүл, Арыстан, Ғалия, Мәрзия. Ақтөбе, 1970 ж.

Солдан оңға қарай: Шамшырақ (келін), Сматұлла, Күміс (құда-құдағи), Жаңылтай aпa. Ақтөбе, 2006 ж.

Ғ.Кешубаев-«Самрұқ» АҚ Мұнай газ активтерін басқару директоры.

Б.Қаниев-«Lancaster Group Kazakhstan» АҚ-ның вице-президенті.

ДАРХАН КӨҢІЛІ ДАРАЛАП ТҰРАТЫН

Тұрғанбай ТҰРАХМЕТОВ

Тұрахметов Тұрғанбай - қызылордалық, Мұрат Саламатовтың құдасы. Мәкеңнің Жанар деген қызы Еркін Тұрғанбайұлы атты баласына 22 ақпан 1992 жылы тұрмысқа шыққан. 1993 жылы жанұяға Айжан атты қыз бала келді. Бірақ 1993 жылы желтоқсан айында көлік апатынан Еркін бұл дүниемен қоштасты.

...Мен 1987-1991 ж.ж. облыстық «Қазмедтехника» басқармасында орынбасар болып қызмет атқардым. Жолдасым Рая Сартайқызы Қызылорда Ет комбинатында колбаса цехының шебері болды. Төрт баламыз бар (3 ұл, 1 қыз).

Қызмет бабымен облыстық, қалалық жиындарда естігеніміздей Қызылорда өңірінде үлкен бір мұнай кені ашылып, сол өндірістің жұмысқа кірісіп кеткенінен құлағдар болдық. Бұл өндіріске кадрдың жетіспейтіні, әлеуметтік мәселенің ауыр екендігін, ішінде жүріп, қызмет атқармасақ та, былай сезетінбіз. Осындай алып мұнай кенішінің ашылуына, оның қалыпты жұмыс істеуіне тәжірбиелі басшы «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінен келген Мұрат Саламатов екендігін де естіп, біліп, сырттай кездесіп жүрдік.

Шымкенттің дәрігерлік институтында оқып жүрген үлкен ұлым Еркін 1992 ж. қаңтар айында Раушан Тасманқызы әжесіне (өзін кішкентайынан тәрбиелеген) өзінің үйленіп, отау құрғысы келетінін айтқан. Оны шешеміз бізге ескертті. Біз әлі жассың деп (20 жасқа толмаған), оқуыңды оқы деп ақыл айттық. Оған бала көнбеді. Содан қазақ салтымен болашақ құдамыз Мұрат Саламатовтың алдынан өту керек болды, аяққа жығылып бардық. Бала беру кім-кімге де оңай тимейді, дегенмен біраз кездесуден кейін, үйлендіру тойының уақытын белгіледік. Мәкең Жанар қызын қолдан беріп, той жасады, біз өзіміз жеке ұлымыздың үйлену тойын жасадық. Жанардың әке-шешесімен, туған-туыстарымен, Мәкеңнің жолдастарымен таныстық.

Осы сәттерден маған ыстық болып, жүрегімде сақталып қалғаны, ол кісінің дастарханы ғана емес, пейілі, даладай дархан көңілі, ұқыптылығы, бауырмашылдығы, қайырымдылығы, туған-туыстармен қарым - қатынасының өте бір жоғарғы дәрежеде екендігі еді.

Жылдар жылжып жатты, балалар Шымкент қаласындағы оқуларын жалғастырып, жағдайлары жақсы болды. 1993 жылы Айжан атты немереміз дүниеге келді. Қуанышымызда шек жоқ... Одан сол 1993 жылдың желтоқсан айында Еркін ұлымыз үйге келіп, Шымкентке қайтып бара жатқан кезде, жолда автокөлік апатына ұшырап, сол жерде жан тапсырғанын естіп, өте қатты қайғырдық. Ауыр қайғыға душар болдық. Міне, осы кезде құдамыз Мұрат Ғазизұлы қайғымызға ортақтасып, көңілімізді жұбатып, өзі мұңлы болса да, көп көмек жасады, тоқтау айтты. Осы мезеттерде Мұраттың ағайын-туысқа бауырмал, мейірімі мол, достыққа адал, менмендігі жоқ кең жүректі азамат екендігіне анық көзіміз жетті.

Мұрат Ғазизұлы 1994 жылы қызмет бабымен Алматы қаласына ауысатын болды. Бір күні Жанар мен Айжанды өзімен бірге алып кетуге рұқсат сұрап үйге келді. Әрине, айтары жоқ, біз өте қиналдық... Бірақ рұқсатымызды бердік. Біз балаларымызбен араласып тұрамыз.

1999 жылы маусым айының басында Мұрат құдамыз қайтыс болыпты деген Алматыдан суық хабар естідік. Ауыр қайғы, құдамыздың енді біздің ортамызда жүрмейтіні жанға қатты батты. Алматының «Кеңсайына» жерленді, кісі көп болды. Одан ұлтымыздың рәсімі 40 күндігі, жылы - бәріне қатыстық. 2002 ж. қыркүйек айының басында Қызылорда қаласында Мұрат Ғазизұлын 60 жасқа толған еске алу рәсімі өтті. Оған да қатыстық. Құмкөл кенішінің басында Мәкеңе үлкен мүсін қойылды, Қызылорда қаласында көше аты берілді. Құдамыз Мәкең шыныдай мөлдір, мұнтаздай жинақы, салмақты да сабырлы, мейірбан жан еді. Осы бір қадір-қасиеті оның мағыналы өмірінде талайлардың жадында жатталып қалғаны шүбәсіз.

КІШІПЕЙІЛ ӘРІ ҚАРАПАЙЫМ ЕДІ
Кежек ЫСҚАҚ,
ҚР еңбек сіңірген энергетигі,
ҚР Ұлттық инженерлік академиясының

корреспондент-мүшесі, профессор

Мұрат Ғазизұлы Саламатов белгілі мұнайшы, өмірде кішіпейіл, қарапайым, Құмкөл құсаған мұнай-газ орнын тұңғыш игерген, Қызылорда өнірінің құрметті азаматы, Маңғыстау, Атырау атырабында біраз іс атқарған, қатарластарына қадірлі, достарына беделді азамат еді. Ол Гуля екеуі керемет отбасын құра алған, мен дегенде, Ырысты дегенде ішкен асын жерге қоятын асыл інім, қимас жан еді-ау. Мұрат қарағым, ойда жоқта сенен айырылып, сені арулап жерлеуіңе, саған арнап жылдық ас беру ісін басқаруға қатыстым ғой, амал жоқ. Артыңдағы Әділің, қыздарың Гүлмира мен Жанарларың, Гуля қосағың аман болсын. 2002 жылдың қыркүйегінде мұнайшы қауым бүкіл ел болып өздерінің кәсіптік мерекелеріне орай Қызылорда, Құмкөлде үлкен той жасап, қадірлі азаматын еске алды. Құмкөлдің басында Мұраттың әсем бейнесі қойылды. Қызылорда қаласында үлкен даңғылға Саламатов Мұрат аты берілді. Жақын ағайындарының бәрі шақырылып, сый-сияпат көрсетілді. Бәріміз де ырза болдық. Құмкөлде оның тұрғызылған бейнесіне қарап тұрып, мен де бір-екі ауыз сөз айтып едім;.

Қызылорда. Саламатов даңғылы,

Соны ашуға, міне, халық жиналды.

Ол кім еді... Мұнайшы ғой әйгілі,

Ортамызда өзі жоғы қинайды.

Маңғыстау мен Атыраудан маман болып келгенді,

Туған жері, Ақтөбесі мол тәрбие бергенді.

Күш-қуаты, тәжірибе білімімен ұштасып,

Қасиетті Сыр елінің Құмкөліне енгенді.

Киелі жер қара алтынға мол деген,

Тұжырымды іс жүзінде тексерген.

Ел ырысы көп мұнайды атқызып,

Сыр өңірін зор байлыққа жеткізген.

Болсаңдағы қазір Мұрат жырақта,

Ұмытқан жоқ сені ешкім бұ жақта.

Асыл бейнең тұрғызылды Құмкөлде,

Өз даңғылың сені еске алып тұрат та.

ҮШ ДОС

(Қазақстан Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Атлаш Жұмағалиевтің әңгімесінен)

Тай құлындай тебісіп Болат үшеуміз бірге өстік. Қарағай бұлақ біздің бала кезгі достығымыздың бастауы болатын. Біздің ауылға Алдияр ағасына еріп келген жас Мұратпен кездесуіміз де қызық. Әліге дейін көз алдымда. Әуелі өзен жағасында жалғыз өзі табиғатты қызықтап отырған жас баланы көрдік. Біздің ауылдың баласына ұқсамайды.

Қасына келіп «сен қайсы ауылдансың» дедік. Ұшып түрегеліп Мұратпын деді. Біздің ойымыз қалтасындағы асығы. Көп болса ұтып алу еді.

Асығың көп пе? - Алғашқы сөз, алғашқы таныстық осылай басталған.

Асық ойнамаушы едім, - деді. Таң қалдық.

Егер бірге ойнайық десеңдер, жарайды.

Жаратылысынан жүрегі кең, мейірімді биязы Болат: «Мен асығымнан берейін, бірге ойнайық. Біздің ауылға бірінші келдің бе? - деді».

Ойнап кеп қалдық. Асық ойнамайтын қонақ құрдасымыз қоятын емес. Сақамызға қырғидай тиіп, қалтамызды орталандырып барады. Асығымыз таусылуға жақын. Әлден соң тек дау шығару қалды. Соны ол да сезгендей.

Сендер әділетті ойнауды білесіңдер ме?

Е, неге білмеске, оны неге сұрадың?

Өйткені, әділетсіз ойында төбелес болады. Сендерді мен әлі білмеймін ғой. Онан да басқаша ойнайық. Әр ойында анау қарағайға дейін ұтылған адам арқалап апаратын болсын. Бұл пайдалы ойын. Ұтыс үнемі бір адамда бола бермейді. Бірде сен, бірде мен.

Келістік.

Тағы да ойнап кеп қалдық. Тағы да асық ойнамайтын қонағымыз қоятын емес. Мен сыр бермедім. Оларға қарағанда қомдылау, қайраттылау едім. Аяғаным Болат болды. Ол ақ тер, көк тер болып жыларманға келгенде ойынның ауа райы өзгере бастады. Күшті ойнайтын «қонағымыз» Болатқа келгенде ұтылып қала береді. Сөйтіп анау қарағайға дейін арқалайды...

Ертеңіне бәріміз бұлақ басында бас қостық. Болаттың айтқаны: «Біз бүгіннен бастап, бәріміз дос болайық. Өйткені, кешегі ойында бір-бірімізді ренжітпей, кезекпен ұтылдық. Мұрат менен өтіріктен ұтылды».

Иә, біз өмірде де бір-бірімізді, сол бала кезде кезекпен арқалағандай, шаршаған кезімізде бір-бірімізге рухани сүйеу болдық. Әсіресе, Мұраттың достыққа адалдығы ерекше еді. Бір адамды сыйласа аяғына дейін қалтқысыз сыйлайтын. Бала кезден қасиеті, адамға өмірде кек тұтпады. Оны біз туысқаннан артық жақсы көрдік.

1997 жылы шетелден, емделген бойы, ертеңіне Астанаға ұшып келді. Мен Парламент Мәжілісінің депутаты кезім. Мұрат министрдің орынбасары. Екеуіміздің де кездесуге қолымыз тие бермейтін. Қонақ үйде кездесіп, бас киімін алған сәтте жүрегім тыз етті. Шашы аппақ, сиреп қалған екен. Бұл химия терапиялық ем алған адамда болушы еді. Ештеңе сұрай алмадым. Тек қана көңілін көтеру үшін екеуміздің институтта оқып жүргенде екі қызға ғашық болғанымызды, ортамызда баяғы биязы Болаттың бір жігіттен таяқ жеп келгені, болашақ жарларымыз, оның Гүлекеңмен, менің Сәулемен бір үйдің баласындай жарасып жүргенімізді айта беріппін. Имандай шыным, бірнеше күннен соң инфаркт алып ауруханаға түстім. Несін айта берейін...

ЕСІМІ ЕЛ АУЗЫНДАҒЫ ТҰЛҒА

Болат АСАУОВ

1958-59 жылдары Мұрат екеуміз Ақтөбе облысының Темір ауданында қазақ орта мектебін бітірдік. Соңғы үш жыл интернатта тәрбие алдық, қиын қыстау жылдары үшеуміз, Атлаш Жұмағалиев бар, қара нанды бөліп жеген қанды көйлек достар едік. Әрине, ол кезде алда не тосып тұрғанын, кім пайымдады дейсіз. Қиындықпен өткен балалық, жастық шағымыз осы уақытқа дейін көз алдымда.

Мектеп бітірісімен Мұрат жаңа ашылып жатқан «Кеңқияқ» мұнай кенішіне бұрғышы болып орналасты. Мен, Атырауға барып жұмысқа кірістім.

Өмірді бірге өткізудің екінші кезеңі Алматыдағы студенттік өмірмен жалғасты. Мұрат политехникалық институттың ІІ-ші курс студенті, мен ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетіне түстім.

Мұрат жолдас десе жанын беретін, ашық, тура айтатын азамат.

Адамға тек жақсылық ойлайтын, қиын жерден амалын тауып шығатын қасиеті бар еді. Студенттік шақтың кейінгі бір жылы екеуміз пәтер жалдап тұрдық. Мұраттың тым жақсы ән айтатын қоңыр дауысы болатын, әсіресе, «Қарағым-ай» әнін келістіре орындайтын.

1965 жылы ортамызға Атлаш келіп қосылды, ол да ауыл шаруашылығы институтында білім алды. 1967 жылы Мұрат пен Атлаш шет тілдер институтының екі студент қызына үйленіп, жанұя құрды. Әлі есімде, Мұрат қызмет істеп жүріп, бір жылдан кейін демалыс алып Алматыға келді. Біздерді бір жеті қыдыртып, тойлатты.

Мен 1967 жылы оқу бітірген дипломымды алып, жолдамамен елге Ақтөбеге барып жұмысқа орналастым. 1972, 1975 жылдары Мұраттың ауылына қонақ болдым (Өзенде, Ақтауда болатын). Осы мезгілде Мәкең менің туған інімді қамқорлыққа алып, ағалық қамқорлығын көрсетті. Бірақ інім қайтыс болды. Мәкеңнің білерлігі мол екенінің нышаны, әдейілеп Ақтөбеге келіп көңілін білдіріп кетті.

Уақыт зуылдап өтіп жатты, 1981 жылы Мәкең жолдасымен бізге Қобда ауданына қонаққа келді. Мен ауданда астық қабылдау мекемесінің директорымын, Мәкең болса орталық партия комитетінде қызмет атқарады. Мен де осы сәтті пайдаланып, аудан, облыс басшыларын шақырып, қонақ еттім.

1993 жылы Атлаш екеуміз Мұратқа қолқа салуға Қызылордаға қонаққа бардық. Мәкең баяғы қалпынша, екі сөтке қонақ етіп, жұмысымызды тап-тұйнақтай бітіріп қайтарды. Біз жанар-жағармай сұрап барғанбыз. Бартер деген бар, Атлаш асыл тұқымды ірі қара мал, ал мен комбикорм жіберетін болдым, Мұрат жанар-жағармай босататын болды.

1996 жылы мұғаліміміз Хамзе апайдың жолдасы Сабырғали жездеміздің 70 жасқа толған тойына Мұрат келді, сонда тағы жүздестік.

1997 жылы Алматыда үш дос жиналдық. Атлаш Мәжіліс депутаты болып сайланған. Әуелі менің қызымның үйінде, сосын Атлаштікінде, одан Мұрат екеуміз саяжайына барып, ұзақ әңгімелесіп, дем алыппыз. Соңғы кезігуіміз осы болыпты.

Мұрат мұнан кейін ауырды, шетелде емделді, бірақ дайындалып келген дерт алмай қоймады. 1999 жылы қайтты, міне, одан бері де 9 жыл өтіпті.

Опасыз өмір-ай десеңізші, келесі жылында Атлаш жолдасым жол апатында мерт болды.

Жақсы деген адам Мұраттай-ақ болсын, істеген істері, жасаған жақсылықтары әр уақытта да халықпен бірге.

Жарты ғасырдай өткен уақытты ойға түсіру оңай емес екен. Айтайын деп отырған кейіпкеріміз Мұрат Саламатов ортамызда жоқ, бір сыныпта оқып, оныншы класты бітіріп, жолдама алған жолдастарым Атлаш Жұмағалиев, Аманкелді Еділов те дүниеден озған.

1958-1959 жылдары бір топ оқушы балалар оныншы сыныпта бірге оқыдық. Сол уақыттағы оқушы балалардың қарым-қатынастары басқадай еді. Өте ұйымшыл, үлкеннің алдынан өтпеу, иіліп сәлем беріп, сондай инабатты қалып көрсетуші едік. Ал мұғалімдердің өзі оқушы балаларды ішке тартып, тек оқу озаты болмай, тәртіпті болу, бос уақытты пайдаланып көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу, спортпен айналысу керек екендігін ұғындырып отыратын.

Сондай ұстаздарымыздың бірі, физика пәнінің мұғалімі, әрі сынып жетекшіміз Сералы Қаниев еді. Өзі Алматы қазақ мұғалімдер институтын 1958 жылы бітіріп келген азамат. Біздің сыныпта да «сен тұр, мен атайын» дейтіндер бар болатын. Бәрі де жас мұғалімге табынып, тәртіптерін түзеп, қоғамдық жұмыстарға қатысып, нәтижелі сабақ үлгеріміне көшті.

Мектеп директоры Мағұл Құбашев, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Хамзе Саламатова, физика және математика пәнінің мұғалімдері Құлымжан Нұғманов, Қапия Қаниева тегіс білімді мұғалімдер болды. «Ұстазын ұмытқан ұлы бола алмайды» дегендей ұстаздың алдын көрмей өтетіндер бұл дүниеде жоқ шығар.

Сол кезде жаста болса Сералы ағамыз сабақты еркін, албырт жігермен өткізетін. Жақсы оқитын Мұрат, Атлаш үшеуімізге ерекше көңілмен қарап, уақытын көп бөлетін. Бар-жоғы бізден 3-4 жас үлкен ағамыздың мұнша беріліп сабақ өткізетініне таң қалатынбыз. Содан 10-шыны бітіріп, жан-жаққа кеттік. Осы кезде болашақ мамандығымыздың алдын өмірден көрейік дегендей Мұрат, Аманкелді мұнай өндіру саласына, Атлаш екеуміз ауыл шаруашылығына жұмыс істеуге бел байладық. Екі-үш жылдан соң студент болып, Алматыда табыстық.

Сералы ағамыз біз бітіргеннен бір жылдан кейін Днепропетровскідегі мұғалімдер институтына аспирантураға түсіп, кандидаттық атағын қорғап, Алматыда қыздар мұғалімдер институтына доцент болып орналасады. Міне, біздің ұстаз болашақ ұстаздарды тәрбиелеп, кафедра басқарған, деканатта қызмет атқарған. Сол бір жоғарғы оқу орнында 43 жыл тапжылмай қызмет атқарып, 2007 жылы құрметті демалысқа шықты.

Біз де ұстазымызды ұятқа қалдырмаппыз. Мұрат Саламатов тау-кен институтын бітіріп, біраз мұнай кәсіпорындарын басқарып, облыстық, орталық партия комитеттерінде қызмет атқарды. Мұнай және газ министрінің бірінші орынбасарлығына дейін көтерілді. Атлаш Жұмағалиев екеуміз ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, агроном мамандығы бойынша Ақтөбе облысында совхоз директоры, ауыл шаруашылығы басқармасын басқарып, одан астық өңдеу және сақтау мекемесінің директорлығынан кезекті демалысқа шықтық. Атлаш Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

Мен 2007 жылдың көктемінде Алматыға қызым Гүлсімнің қолына келдім. Гүлсім біздің мұғаліміміз Қаниев Сералының жетекші дәрігері екен, міне, уақыт қалай кезіктіреді. Сералы аға әлі де жасай беріңіз, бала, немерелеріңіздің қызығына тоймай жүре беріңіз.

САЛИҚАЛЫ САЛАМАТОВ

Өтеміс ӘК1МОВ

«Мұнайшы» қоғамдық қоры «Қазақ мұнайының ардақтылары» атты сериямен шығаратын ғұмырнамалық кітаптардың үшінші тобына Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібін өркендетуде қажырлы еңбек еткен жерлесіміз Мұрат Саламатовтың есімін енгізгеніне және ол туралы тарихи көркем шығарманың жарық көретінін естіп, қуанып қалдық.

Ақтөбе топырағында оқыған екі Саламатовтың ұрпағы бар. Ол Саламатов Алдияр - ұстаз, қайраткер, Ұлы Отан соғысының ардагері, екіншісі білгір мұнайшы Мұрат Ғазизұлы еді. Осы өңірден шыққан мұнайшы-инженер, Лениндік сыйлықтың лауреаты Нарен Имашев, Шұбарқұдық кәсіпшілігінің директоры Қанатқали Сариев «Ақтөбемұнай» тресінде еңбек жолдарын бастаса, олардан кейінгі ұрпақтың өкілі Мұрат Ғазизұлы «Жаңаөзен», «Жетібай», «Құмкөл» мұнай бірлестіктерінде бас маман, одан бас директор болып, ата дәстүрді жалғастырды.

1993 жылдың шілде айында ҚР-ның тұңғыш Мұнай-газ министрі Равиль Шырдабаев жанында бір топ республикалық дәрежедегі мұнай өнеркәсібінің басшылары бар Ақтөбеге алғашқы іс сапармен келді. Осы құрамда «Оңтүстікқазмұнай» ӨБ-нің бас директоры Мұрат Саламатов та болды. Одан кейін Мұрат Ғазизұлы «Мұнайгаз» МХК-ның президенті болып ауысты. Бұл мұнай-газ өндіру компанияларын жекешелендіру мәселесінің жедел қарқын ала бастаған шағы болатын-ды. Мұрат Ғазизұлы «Ақтөбемұнай» ӨБ-нің директоры С.П. Зимин басқа қызметке кетуіне байланысты, орнына белгілі мұнайшы Асқарбек Мамырбаевты бастық етіп, ұжымға әкеліп таныстырды. М. Саламатов оның шетелдік компаниялармен істеуге жұмыс тәжірибесінің мол екендігін ерекше атап өтті.

Ақтөбеге келген сайын апа-жездесі Сабырғали-Хамзе, қарындастары Рая-Сақтап, Қарлыға, інілері Өнер, Өсер, күйеу балаларына т.б. туысқандарына барып, хал-жағдайларын біліп жүреді. Дмитриев атындағы кеңшардың директоры, кейін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты болған Атлаш Жұмағалиев, Темір совхозтехникумының директоры Әкімхан Сағиев т.б. тұстас оқыған азаматтар араласып-құраласып жүрді. Қаншама қызмет жағдайы күрделі болғанымен қуанышқа - құтты, қайғыға - қайырлы болсын айтуды елге келгенде естен шығармайтын.

Мұрат «ҚазақОйл» ұлттық компаниясының бірінші тете-президенті қызметінде болғанда да жергілікті кадрларды тәрбиелеп, өсіруге көңіл бөлді. Мұрат Таренов, Серік Қожақов сынды азаматтарды орталық аппаратқа жауапты қызметке іріктеп, орналастырды. 1998 жылы «ҚазақОйл» ҰМК-ның төл өкілі ретінде «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Н.Б. Камаловтың 60 жасқа толу мерейтойына келді. Жанында белгілі мұнайшы «Мұнай» ғылыми-өндірістік бірлестігі АҚ - ның президенті Б. Сағынғалиев бар. Әуелі «Ақтөбемұнайгаз» ӨБ-нің әкімшілік ғимаратында облыс әкімі А.Е. Мусин және Ресей қалаларынан келген қонақтардың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Бірінші құттықтау сөзді М.Ғ.Саламатовқа берді. Ол құттықтаудан кейін, өзінің сөзінде Ақтөбеде мұнай-газ өнеркәсібінің болашағы туралы кеңінен толғап, облыс әкіміне сол істерді жүзеге асыруда ізгілікті тілек айтты.

Сөйтсек, бұл Ақтөбе мұнайшыларымен соңғы кездесуінің бірі екен. Кейін ол тілегін аманат-өсиет екен деп қабылдадық. Кездескен сайын салиқалы әңгімелер айтып, өзіне жұртшылықты тартып алатын қасиеті барлығына тәнті болатынмын.

ЖАНЫ ЖАЙЛАУ, КӨҢІЛІ ДАРИЯ ЕДІ

Бигара ЖАМАНДЫҚОВ

Кешегі әкесі Ғазизді көріп, ағасы Алдиярмен үзеңгілес әр салада қызмет атқарып, біріне бала, біріне іні болған майталман мұнайшы, болашағынан зор үміт күттірген қайраткер, Темір ауданы Шұбарқұдық мұнай өлкесінің түлегі Мұрат Саламатов туралы естелік жазу оңай болмады. Дегенмен өте сәтті бастама бастап, Қазақстанның атақты мұнайшыларына арнап кітап (сериал) шығарып жатқан «Мұнайшы» қоғамдық қорының жетекшілеріне, мүшелеріне үлкен алғысымды білдіремін.

Мұрат Ғазизұлымен қызмет бабында 1974 жылы жолықтым. Мен ол кезде «Эмбанефть» ӨБ Жақсымай база басқармасының бастығы болатынмын. Мұрат жаңа құрылған Маңғышлақ обкомында бірінші хатшысының көмекшісі еді. Хатшыға да мұнай саласының қыр-сырын жақсы білетін маман керек болған сияқты.

Мұрат ұстаздар отбасында тәрбиеленді. Ағасы Алдияр ұстаздың ұстазы болды, көп жылдар мектеп ұжымын басқарды. Артық сөзі жоқ, салмақты, сабырлы, сол уақыттың қадірлі, ардақты азаматы болды. Алма жеңгесі де ұстаз еді. Саламат атасы өмірде көп қиыншылықтарды көргенмен, төзе білді, шыдап бақты, одан кейінгі уақыттар немере тәрбиелеп, шөберелерін өсірді. Саламат ақсақал өмірінің соңына дейін қолында мінетін ат (жылқы) ұстады. Ұштап апа тек Саламатовтар әулетіне ғана ақылшы, қамқоршы аталмай, мұқым Шұбарқұдық, Темір өлкесіне сыйлы болды. Әжеміздің дастарханы жиылмайтын, өзі ақжарқын, қонақ жайлы, көңілі кең еді. Бұл кісілерден үлкен тәрбие, үлгі алып өстік.

Мұрат оқуды жақсы оқыды, жолдастары көп болды, «адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» - деген Абай қағидасын өмірлік бойтұмары етіп ұсынды. «Өмір - жанған шырақ, аққан бұлақ» - дейді ғой халық даналығы. Шынында да осынау өмірге келген адамның теріп алатын несібесі, хал-қадірінше ден қойып атқаратын ісі, артында қалдыратын ізі болады. Абыроймен атқарған ісің өнегелі болса - ғибрат, ізіңді жалғастырар лайықты ұрпағың болса - ұлағат.

Бізге өмірдің ауыр кезеңдері кезікті. 13-15 жастан жұмысқа жегілдік. Өзім қара жұмыспен буын беткітіп, Москваның Мұнай институтына оқуға түсіп, 1950 жылы мұнайлы өлкеге қайта оралып («Эмбанефть» Шұбарқұдық) оператор, бұрғышы, шебер, инженер, бөлім бастығы болып қызметтер атқардым. 1963 жылдан зейнеткерлікке шыққанға (1989) дейін «Эмбанефть» бірлестігінің Құлсары, одан кейін Жақсымай базаларында директор болдым.

Осы кездерде мектепке, ауыл шаруашылығы жұмыстарына демеуші, қамқоршы болып, қолдан келген көмектің бәрін жасадым. Жолдасым Зәмзәгүл екеуміз сегіз бала тәрбиеледік. Ұлдарым мұнай өндірісінде қызмет атқарады. Сүлеймен, Айса мұнай тасымалдау мамандары, Еркін - жоғарғы оқу орнын бітірген, департамент бастығы, Рүстем - мұнай өндіру шебері.

Балалар Мұрат Ғазизұлын таниды, Шұбарқұдыққа келгенде үйге соғып, әңгімесін айтып, бізді бір жетілдіріп кететін. Біз біраз Ақтауға барып тұрдық. Балалар Мұрат ағаларын пір тұтады, өнеге етеді, оның адалдығын, ұстамдылығын, тәрбиелілігін көріп, білімділігіне, мәдениеттілігіне, ұлтжандылығына сүйсініп, тәнті болатын.

Мұрат Ғазизұлының Маңғышлақ, Құмкөл мұнай өңірінде лауазымды қызмет атқарып жүргенін және ондағы жетістіктерін мақтан тұтып өскен ақтөбелік азамат Асқарбек Мамырбаев. Орта білім алғаннан кейін бірден Москва Мұнай және газ институтына оқуға түсіп, оны бітіріп тек бір жерде «Актюбинскнефть» АҚ-да қызмет атқарды. Оператор, бұрғышылықтан бастаған Асқарбек Абдраманұлы кәсіподақ ұйымының төрағасы, бас директордың орынбасары, одан бас директорлыққа дейін көтерілді. Ақтөбе мұнай саласының өркендеуіне, мемлекетіміздің экономикасының өсуіне көп еңбек сіңірді, әлі де сол тұғырынан тайған жоқ. Міне, елге үлгі боларлықтай іс жасап, із қалдырған Мұрат Ғазизұлының 1999 жылы маусым айының басында бұл дүниеден озғанын естігенде, қатты қайғырып, жанарымыз жасқа толды.

Халық арасында: «Көштің байсал тапқаны - көк орайға қонғаны, елдің байсал тапқаны -қолбасшысы болғаны» деген аталы сөз бар. Мұраттың жан дүниесіндегі қазынасы, сарқылмайтын, азығы азаймайтын көшелі мектеп болды.

«Қайран, Мұрат-ай! Ақкөйлек жерлес, туыс едің. Арқа сүйер әрі сырлас едің. Жақын келсек бауырыңа тартатын, алыс кетсек сарғая сағынатын бозмая мінезің бар-ды. Жаныңды жайлауға балайтыным да, көңілді дарияға теңейтінім де содан шығар».

АҚЖАРҚЫН АЗАМАТ
Равилъ ШЫРДАБАЕВ,
экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик

Гурьев (Атырау) облысының Доссор автокөлік жөндейтін зауытының бас инженері қызметін атқарып жүрген кезімде, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы М.А.Исенов мені жаңадан ашылған Жаңаөзен ауданында құрылып жатқан комсомол ұйымының бірінші хатшылығына кандидат етіп жіберген болатын.

1968 жылдың 10 желтоқсанында Жаңаөзен ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы Д.Н. Клиничевтің қабылдауында болып, танысқаннан кейін жуырда өтетін конференция жөнінде әңгіме өткіздік. Ұйымдастыру бюросының мүшелерімен келісіп, мезгілін тағайындап, шақыратын адамдарды, өткізілетін жерді, тағы басқа мәселелерді айқындап алдық.

Ұйымдастыру бюросының мүшелері делегаттар сайланатын комсомол жиналыстарына қатысып келу үшін жан-жаққа жіберілді. Мақсатымыз болашақ аудандық комсомол комитетінің мүшелігіне жарайтын, үздік еңбек етіп, қоғам жұмысына белсенді қатысатын жастарды тауып, делегаттыққа сайлау еді. «Өзенмұнай» басқармасының комсомол комитетінің хатшысы, ұйымдастыру бюросының мүшесі Д.Айтмағамбетов делегаттардың аудандық комсомол комитетінің мүшелігіне бір топ жастармен қатар №2 бөлімшенің (РИТС) бастығы Саламатов Мұрат деген жігітті ұсынды. Дамысқали тізімдегі Мұраттың тұсына келгенде өте жылы сөздер айтып, іскер, ұйымдастырғыш, білікті және батыл, қоғам жұмысына белсенді қатысатын, өз көзқарасынан тая қоймайтын деп мінездеме берді.

Сол жылдың 25 желтоқсанында конференциямызды ойдағыдай өткіздік. Күнделікті жұмыс басталды. Жаңа жылдың басында Маңғыстау өңірінде бұрын болмаған тізеден қар жауып, оның арты 3-4 күннен кейін қатты - 40 градусқа дейін төмендеп, аязға айналды.

Мен мұнайшыларға бекітіліп, «Өзенмұнай» мекемесінің №2 бөлімшесіне келіп, жетекшісі Мұрат Саламатовты іздедім.

Біраздан кейін жөн сілтеумен бір ұңғының басында жұмыс жасап жатқан бес жігіттің қастарына келіп, амандық сұрасқаннан соң, кім екенімді айтып: «Мұрат қайсысың?» - деп сұрадым.

«Мен» - деп, күйеден тек қана көзі жылтырап көрінген орта бойлыдан сәл жоғары, жылы шырайлы жігіт қолын созды да қал-жағдайды түсіндіре бастады: «№2 бөлімшеде (РИТС) 600-ге жуық ұңғы бар екен. Міне, біз төртінші тәулік болды ұйқы көрмедік. Жұмысты еш тоқтатпастан жылыту қондырғыларын қалыпқа келтіру мақсатында шара қабылдай отырып, парафины бар мұнай қатып қалмас үшін күресіп жүрміз», - деді. «Әзірге мұнай табу процестері тоқтаған жоқ. Қалай болғанда да өндірісті тоқтатпаймыз, солай ма, жігіттер?...» - деп әріптестеріне күле қарады. Бәрі де оның сөзін қолдай түсті.

Осылайша, Мұратпен алғашқы танысқаным есімде қалды. Мұрат жастар арасында барлық жағдайда да алдыңғы қатардан көріне білді.

Жұмысты үздік атқарып, қоғам жұмысына белсенді араласатын, достарына адал, сөзіне берік және алған істі аяғына дейін жеткізетін.

Жиналыстарда өте батыл көкейтесті мәселелерді қозғап, сынайтын болса, сескенбей айтатын, құнды ұсыныстарды атап кететін, яғни, сегіз қырлы, бір сырлы азамат еді.

1977-1987 жылдары Гурьев (Атырау) қаласының қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне кандидат ретінде Алматыға жиі-жиі барып тұратынмын. Мұрат Ғазизұлы 1979-1981 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімінің нұсқаушысы жұмысын атқарды.

Сол жылдары жиналыстарда да, демалыста да, тіпті іссапарлармен жүргенде де тұрып жатқан қаламызда кездесіп, қатынасты үзбей жүрдік.

1979 жылы жаңадан сайланған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті өндіріс саласының хатшысы Н.Ә. Назарбаев Гурьев облысына іссапармен келетін болған. Соған байланысты бірнеше күн бұрын алдын ала Мұрат Ғазизұлы келді. Қаладағы орналасқан мұнай өңдейтін, химия және машина жасайтын зауыттарын аралап, жалпы өндіріс саласын мұқият тексеріп, істеліп жатқан жұмыстарды және орын алып отырған проблемаларды сұрыптап, шешу жолдарын кеңесіп, ауқымды және жан-жақты мәліметті Н.Ә. Назарбаевқа дайындады.

Біздің облыс басшыларымен бірге көтерген мәселелердің ең бастысы облыстағы көптеген мұнай-газ алаңдарын игеру, сонымен қатар қаладағы өндірістерді дамыту және жаңарту, барлау, бұрғылау жұмыстарын жетілдіру, сол кездегі сейсмика жұмысының нәтижесінде ашылып жатқан Теңіз, Кенбай, Мартыши сияқты т.б. жерлерге басты назар аудару болатын.

Н.Ә. Назарбаев бастаған Мәскеуден және республикадан келген министрлердің, ғалымдардың, мамандардың қатысуымен үлкен республикалық актив өткізіліп, Қазақстанның батыс облыстарының мұнай-газ өндіру саласына қаржы бөлу және оны дамыту жөнінде әңгіме болды. Егер де бүгінгі дүние жүзіне белгілі Теңіз, Қаршығанақ, Құмкөл, Жаңажол, Өзен, Қаражамбас және т.б. мұнайгаз алаңдары ашылып, қарқынды игеріліп жатса, Саламатов Мұрат Ғазизұлының да қосқан үлесі зор деп толық айтуға болады.

1981 жылы Мұрат «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігі төрағасының орынбасары лауазымына ауысып кеткенге дейін тығыз байланыста болып, Гурьев қаласының өндіріс саласын дамыту үшін тиісті министрліктермен бірталай ықпал жасасқан болатын.

Үшінші рет жұмыс бабында қарым-қатынаста болғанымыз бар. Мен 1994 жылы Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өндірісінің министрі болып тағайындалғанда, алғашқы іссапарымның бірінде Қызылорда облысындағы Құмкөл мұнай алаңын игеріп жатқан «Оңтүстікмұнайгаз» бірлестігіне бардым. Жұмысымен танысып, өндірісін көріп, мамандарымен сөйлесіп, өте жақсы әсер алдым. Кешке жүрер алдында бірлестіктің бас директоры Мұрат Ғазизұлына Алматыдағы «Мұнайгаз» МХК президенті жұмысына ауысуды ұсындым. Себебі, оның басшысы Б.Д. Еламановты өзіме орынбасарлыққа тағайындауды жоспарлаған едім.

Сөйтіп, мұнай саласының білікті маманы, қоғам жұмысында да тәжірибесі мол Мұрат Ғазизұлы жаңа қызметке кірісіп кетті. Мұрат өзінің 35 жыл өмірін мұнай саласын дамытуға арнап, мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына мол үлес қосты.

Қай деңгейде болсын басшылық жұмыс атқарса да қарапайым, ақжарқын, адамға жақсылық тілеп, қандай мәселе болмасын әділ шешуге тырысатын.

Өмірінде және жанұясында болған қиындықтарға мойымай, ұрпақ өсіріп, азаматтық борышын адал атқарып, әулеті мен жолдастарының ұйытқысы, қамқоршысы бола білді.

Өкінішке орай, өмірден ерте кетті. Әлі де халқымызға адал еңбек етіп, ұрпақтарының бақытын көргенде армандары жүзеге асатын еді.

Мұраттың адал да ақжарқын бейнесі біздің есімізде қала бермек. Амал не, табиғаттың заңы «біреу ерте, біреу кеш» дегендей, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

БИІКТЕГІ БІР БЕЙНЕ
Нұрлан БАЛҒЫМБАЕВ
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі

Қазақстанда мұнай тарихының төрінен орып алып, өмірде жарқын іздері қалған, туған еліне қалтқысыз қызметін аямаған дарынды тұлғалар баршылық. Солардың бірі әрі бірегейі, кемелденген шағында мезгілсіз көз жұмған Қазақстан мұнай саласының ардагері Мұрат Ғазизұлы Саламатов. Еңбек жолын елуінші жылдардың аяғында бастап, бүкіл саналы ғұмырын еліміздің осы бір маңызды саласына арнады.

Өмірінде білімге, тумысында мінезге бай адам қашанда өзіне сенімді болады. Жағымпаздық, жалтақтық жат. Батыл шешімдер қабылдай біледі. Мәкеңнің байыпты тұлғасынан осындай ерекше қасиеттер байқалып тұратын. Атырау мен Маңғыстау ол үшін өсу, өрлеу, кәсіби білігін шыңдау жылдары, үлкен шеберлік мектебі болды. Осы жерде жинақтаған мол тәжірибесін ол Сыр бойында жаңадан ашылған «Құмкөл» кенішінде батыл іс-қимылымен жүзеге асырды. іскерлігімен жұмысты шебер ұйымдастырып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Әрине, жетістіктің бір ұшы Мәкеңнің жеке басының ақыл-парасатында, айналасына іскер мамандарды тарту арқылы ортақ мақсатқа жұмылдыруында, қарапайым еңбек адамымен тіл табысып, олардың әлеуметтік жағдайын сезіне білуінде. Жалпы, күнделікті тұрмыста да Мәкеңнің сыпайылығы мен ұстамдылығы азаматтық тұлғасына ажар беріп тұратын.

Маңғыстауда бірге жұмыс істеген күндеріміз есімде. Ол еңбекқор, өзіне талапшыл еді. Басқаларға да сондай талап қойды. Ол әділ басшы, ізденімпаз, адал ниетті адам болды. Басқалардан да сондай әділдік пен адалдықты талап етті.

Мәкеңнің еліне қалдырған ірі еңбегі, өшпес қолтаңбасы Құмкөл кен орны. Сыр бойы мұнайлы өңірге айнала бастады. Жергілікті кадрдан жұмысқа тартып, оқытып, үйрету арқылы тұрақты мұнай мамандары қалыптасты. Нәтижесінде іскер, беделді басшының арқасында Құмкөл кеніші, өзіміздің ұлттық кадрдың көбірек қатысып, араласуымен, қысқа мерзімде игерілді. Кейіннен «Құмкөл» Харрикейнге сатылды дегенді естігенде, Мәкеңнің күйзелісін айтсаңшы.

Кеңестер Одағы кезінде Мәскеудегі Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің белді мамандарының алдында өзінің білімі мен білігінің, дарынды қасиеттерінің арқасында беделі жоғары, сөзі өтімді болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Ол кезде мұнай алыптарының алдында жоспар-мақсаттарды дәлелдеп, ойың мен позицияңды қорғап қалу оңай шаруа емес еді. Мәкең осындай күрделі сындардан сүрінбей өтті. Үлкеннен ұлағат, кішіден ізет деген. Аға басшының орасан мол тәжірибесі мен толағай табысты еңбектерін ескеріп, Қазақстанның Мұнай және газ өнеркәсібін басқарып тұрған кезде, Мәкеңді министрлікке шақырып, өзімнің бірінші орынбасарым етіп тағайындадым.

Бұл қызметті де Мәкең менімен бірге, мен үкімет басына кеткенде де өмірінің аяғына дейін абыроймен атқарды. Халқына адал қызмет еткен тарлан талант Мұрат Ғазизұлы өзінің биігінен төмендеген жоқ. Қасқиған қыран қалпында өзі тұрғызған маңғаз мұнаралары секілді өз биігінде қалды.

АБЗАЛ АДАМ
Баптабек ҚУАНДЫҚОВ
геология-минералогия ғылымдарының докторы

Қазақстан Республикасының өнеркәсібіне еңбегі сіңген қызметкер.

Мұрат Ғазизұлы туралы әңгіме етсек, есіме біздің 1992 жылғы Германияға бірге барған сапарымыз түседі. Бұған дейін мұнай өнеркәсібіне бірталай еңбек сіңірген Мұрекең қазыналы түбек Маңғыстауда өзінің өшпес іздерін қалдырып, еліміздің жаңадан. ашылған мұнайлы аймағы Оңтүстік Торғай бассейніне басшылық етуге, ондағы құрылымдарды өндірістің талабына сай етіп, басқа мұнайлы аудандардағы жіберілген қателіктерді ескере отырып, тыңнан жаңа жол салуға, бұрын бұл өлкеде белгісіз болып келген мұнайшы мамандығына жергілікті жастарды дайындауға жіберілген болатын. Бұл кісінің атқарған ісін, төккен терін Қызылорда өңірі аңыз қылып айтып жүргенін бәріміз білеміз.

Бірде үкімет шешімімен Германияның «ЭрдОйлЭрдгаз» компаниясынан түскен Құмкөл және осы Қызылорда аймағындағы тағы да басқа кен орындарын бірлесіп игеруге арналған ұсынысымен танысуға бір топ мұнай мамандары, үкімет аппаратының ресми мүшелері, Қызылорда облысының басшы қызметкерлері сол елге сапар шеккен болатынбыз. Нағыз жаздың ортасы, ұмытпасам 1992 жылдың шілде айы болатын. Ол кезде Қазақстаннан шет елдерге тікелей ұшатын авиарейстер жоқ. Сондықтан Москва арқылы Дюссельдорф қаласына барып, одан әрі автобуспен жоғарыда аталған компанияның негізгі офисі орналасқан Гельзенкирхен қаласына келдік. Жеті-сегіз күн ішінде компанияның жұмысымен танысып, олардың басқа елдердегі іс-тәжірибелерін біліп, жұмыс базалары мен зерттеу орталықтарын көрдік. Сонымен қатар біздің мұнайшылармен бірігіп істейтін ұсыныстарын талдап, өз ойларымызды ортаға салған болатынбыз. Мен осы барған делегацияның басшысы болғаныммен, мұнай өндірісін ұйымдастырудағы тәжірибесінің молдығы мен инженерлік ұшқыр ойларының тереңдігі үшін көп жағдайда келіссөз тізгінін Мұрекеңнің қолына беріп отырдым. Оның үстіне ол кісі Құмкөлдің айналасында орналасқан мұнай кеніштерінің сырын, ондағы кездескен қиыншылықтарды өте терең білетіндігін көрсетіп, көп жағдайда неміс мамандарын жерге қаратқан болатын. Бұл жылдары Мұрат Ғазизұлы осы бүкіл Торғай, Қызылорда өңіріндегі ең үлкен мұнай, газ кәсіпорнының (Южнефтегаз) бас директоры болатын.

Менің Мұрекеңмен жақын танысқаным, мұнай және газ кен орындарын игерудегі кездесетін қиындықтарды бірге отырып талдап, ой бөліскенім осы іс сапар еді. Ол кісінің тұйықтау мінезі, көп сөйлемейтін қалпы, бірақ саланың мұнай игеру жөніндегі ойларын айтқанда әрқашан тіке айтып тастайтын айрықша ерекшеліктері бар болатын. Біздер бұл жобаны талқылаған кезде көп нәрселерді бірге ақылдасып, әсіресе жергілікті жердің мұң-мұқтаждарын қалай шешу жолдарын ортаға салып, делегация мүшелерінің ойларын білдік.

Кейіннен көп кешікпей осы келіссөздердің арқасында (Қазгермұнай) бірлескен кәсіпорны құрылғаны бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда неміс компаниясы мен оның мамандары бұл мекемеден кеткенімен (ол өздерінің үлестерін үлкен пайдамен басқаға сатып кеткен болатын) бұл кәсіпшілік еліміздегі үлгілі мекемелердің біріне айналып, мұнай өндіруден, жаңа технологиялық әдістерді игеруден өзіндік орнын тауып отырған үздік мекемелердің біріне айналды.

1994 жылы ол Алматыдағы «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының президенті болып жоғарылаған болатын. Енді ол бүкіл республикадағы мұнай өндіру кәсіпшіліктерін басқарып, олардың даму жолдарын анықтап, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қалыптастыруға бар күшін салды. Бір министрлікте жұмыс істегесін талай жиындарда, халықаралық келіссөздерде бірге болып, кездескен қиыншылықтардан шығу жолдарын жиі ақылдасқанбыз. Ал Мұрекең 1995 жылы республикадағы кезекті ел басқару ісіндегі реформадан кейін жаңадан құрылған Мұнай мен газ өнеркәсібі министрлігінде министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалып, барлық өндіріс процестерін бақылау, оны құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жаңа технологияны енгізу, саланы ары қарай дамыту үшін керекті инвестиция көздерін табу, стратегиялық жоспарлар мен жаңа жобалар сияқты көлемді-көлемді бағыттарды басқару ісіне жеңін сыбана кірісті.

Ел экономикасының қиындап, бұрынғы мекеме аралық қарым-қатынастардың үзіліп, жаңа экономикалық қатынастардың халықтың жүрегіне әлі дұрыс жол таппаған мезгілі еді. Мінекей осы жылдары Мұрат Ғазизұлының өндіріс ұйымдастыру қабілетінің жаңа бір қырынан көрініп, барлық мұнайшылардың, өндіріс басшыларының, шетел мұнай компаниялары мамандарының құрметіне бөленген уақыты. Министрліктің басшысы Нұрлан Өтепұлы Балғымбаевпен бірге осы қиын-қыстау кездерде шет елдік инвесторлармен жергілікті мұнай компанияларының арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіру, олардың арасындағы балансты сақтау, мұнай саласындағы жаңа жағдайларды заң жүзінде реттеу, өз еліміздің ерекшелігіне байланысты жаңа заңдар мен өндірістік ережелерді жасау сияқты күрделі жұмыстар тұрды. Оның үстіне дүниежүзілік мұнай бағасының құлдырап құлауы, мұнай тасымалдау мәселелерінің ең бір шиеленіскен кездері күнделікті жұмысқа өз әсерін тигізбей қоймады. Міне, осындай қиын уақытта Мұрекең өз шамасы келгенше қазір еліміздің экономикасының күре тамыры болып есептелетін мұнай саласының әрі қарай дұрыс жолмен дамып, оның маңызының артуына өз үлесін қосқан үлкен жүректі азамат еді.

Кейін, 1997 жылы келесі реформада бұл Мұнай министрлігі жабылып, оның орнына «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы өмірге келді. Мұрат Ғазизұлы осы ұлттық компанияның президентінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ал мен болсам осы жылы күзде ұлттық компанияға президент болып тағайындалдым. Сөйтіп, Мұрекең екеуміз бір мекемеде қазақ мұнайының тағдыры мен болашағын бірге ойлап, бірге шешетін болдық. Талай қиын мәселелерді бірге талқылап, бір-бірімізге ойларымызды ашық айтатын едік. Қаншама қиын сұрақ болмасын, арамызда түсініспеушілік, қиянат, қатты сөзге келу болған емес.

Мұрат Ғазизұлының өткен жолы, бай іс-тәжірибесі, жұмысты ұйымдастыру қабілеті, кішіпейілдігі мен адамгершілігі кім-кімге болса да үлгі боларлықтай.

О ДОБРОМ УЧИТЕЛЕ
Нурлан КАППАРОВ,
Президент АО «Lancaster Group Kazakhstan»
национальной инженерной академии

1998 год... Сложный период в развитии нефтяной промышленности нашей страны. Цена на нефть достигала самой низкой отметки - 9 долларов за баррель, добыча черного золота под угрозой остановки, люди по многу месяцев не получают заработную плату. Именно в это непростое время я возглавил ИНК «Казахойл». Мне было 28 лет, и не было никакого опыта работы в нефтяной отрасли. Один из первых, кто поддержал меня и по-отечески помог разобраться в ситуации, был Мурат Газизович Саламатов. Он тогда был первым вице-президентом НИК «Казахойл». Особенно мне запомнились первые дни работы с этим удивительным человеком и профессионалом своего дела. Когда он оставался после трудового дня и терпеливо вводил меня в курс дела.

Начиная с истории нефтепромышленности и заканчивая сложными процессами добычи черного золота. Меня всегда восхищало его трудолюбие, преданность делу и умение находить нужные слова в определенной ситуации.

Сразу же всплывает в памяти наши поездки с ним по точкам. Люди не получали зарплату, и нужно было находить правильные слова, чтобы сдерживать недовольство рабочих. Мне, совершенно чужому человеку в этой отрасли, порой было очень непросто вести такой диалог с возмущенной толпой. Мурат Газизович всегда был рядом и помогал искать компромисс. Люди его знали, ему доверяли, и его слова были дороже золота. Благодаря ему я тогда сумел зарекомендовать и проявить себя как хороший руководитель. Вместе мы справились со всеми трудностями.

Я часто наблюдал, как он разговаривает с людьми. Всегда с улыбкой, тихим спокойным голосом и никаких пустых обещаний. Это был человек дела. 1999 год... Мы планируем празднование 100-го юбилея с момента добычи первых баррелей нефти в Казахстане. И я понимаю, что по срокам не успеваем. Что делать? Бумаги уже подписаны на самом высоком уровне в правительстве, выпущены буклеты, и машина праздника практически запущена. Но ее надо остановить, чтобы немного сдвинуть сроки. Мы сидим в кабинете и битый час спорим.

Мурат Газизович, вы же понимаете, надо сдвинуть дату празднования, - обращаюсь я к Саламатову. - Иначе не успеем достойно подготовиться. Он смотрит на меня, на бумаги и спокойно говорит: «Согласен. Сроки нереальные. Будем работать...».

Он проделал титанический труд: сумел убедить людей в правительстве в необходимости перенести дату, подготовил всю документацию, решил организационные вопросы... Кипучей энергии Мурата Газизовича мог позавидовать любой молодой специалист, а ему тогда было уже пятьдесят пять. Казалось, для него нет ничего невозможного. При этом он был очень интересный, многогранный человек. При всей целеустремленности - веселый, остроумный собеседник. И еще одно качество отличало его - верность. Верность своей профессии. Верность людям. Никогда никого не подвел. Мурат Газизович умел найти выход из любой ситуации. А их в его продолжительном трудовом пути случалось немало. Специалист, а ему тогда было уже пятьдесят пять. Казалось, для него нет ничего невозможного. При этом он был очень интересный, многогранный человек. При всей целеустремленности - веселый, остроумный собеседник. И еще одно качество отличало его - верность. Верность своей профессии. Верность людям. Никогда никого не подвел. Мурат Газизович умел найти выход из любой ситуации. А их в его продолжительном трудовом пути случалось немало.

Помню, компании предстояло переехать в новую столицу республики Астану. Многие сотрудники восприняли эту идею отрицательно. Люди не хотели ехать в незнакомый город, бросать обжитые места. В этой ситуации на помощь снова пришел Мурат Газизович. Он подолгу беседовал с людьми, объяснял перспективы роста нефтяной отрасли в столице, в общем, находил нужные слова и доводы. В итоге компания переехала на новое место, при этом сохранила основной костяк специалистов. Это был уникальный человек, тонко чувствующий людей и разбирающийся в любой ситуации. Было такое ощущение, что у него в голове был собственный компьютер, который все просчитывал и знал ответы на любые вопросы.

Мы проработали вместе 1,5 года, но ни разу он не дал повода усомниться в своей честности и профессионализме. Он был «гуру» нефте - бизнеса, человек, сделавший много для развития этой отрасли, но при этом никогда не пользовался своей славой. Все, что я сегодня понимаю в нефтяной отрасли, обязан Мурату Газизовичу Саламатову. Мне повезло, что в моей жизни был такой друг и наставник. И хотя сейчас моя работа не связана с нефтью, частенько вспоминаю трудовые будни в «Казахойле». Причем всегда вспоминаю улыбающегося Мурата Газизовича, то, как он умел подбодрить и по-отечески уберечь от ошибок. Он был и остается для меня учителем с большой буквы, который умел делать трудные вещи легкими.

ЖАҢА ӨЗЕНДЕ БАСТАЛҒАН СОҚПАҚ

Бірқалыпты гүрілдеген мотор үні құлағын тесіп барады. Құр кірпігін қамастырғанымен ұйқы шіркін қашып кетеді екен мұндайда. Оның үстіне жерде емес, көкте ұшып келе жатқан соң ойға қайдағы-жайдағы орала береді. Сонау бала кезінен санасына сіңіп қалған әже әңгімесі мен әке өсиеті алма-кезек ауысып, алыс күндерге жетелей жөнелетін сияқты.

Соғыс жылдарында дүниеге келген ұрпақтың маңдайына жазылған қиындықты кеше жүріп, қайсар, намысқой болып буыны бекіді. Дархан қазақ даласының үстіндегісі емес, астындағы қазына байлығы қызықтырып, мұнайшы мамандығын таңдаған еді. Осы кәсіпке қатысты Алматыдағы жоғарғы оқу орынын тәмамдап, Маңғыстаудың Жаңаөзеніне жолдамамен келе жатқан беті.

Көңілде күдік көп. Ашылғанына екі-үш жыл ғана өткен кеніш туралы газет беттерінен оқығаны болмаса, түс тартып көрмеген жері. Әркім әр түрлі пікір айтады. Әрине, мың естігеннен - бір көрген артық. Шешінген судан тайынбас.

Тікұшақ ептеп төмендегендей болды. әр сәт сайын селк-селк етіп, қолқаңды аузыңа әкеледі. Дөңгелек әйнектен төменге үңілді. Айнала көзге түртсе көргісіз. Әр жерден темекінің шоғындай әлсіз сәуле көз ұшына шалынады да, ғайып болады. Шынымен төмендеп келеді екен. Аспанның сансыз жұлдыздары жерге қонғандай шашыраған жарығы айқындала түсіп, жыпыр-жыпыр етеді. Төбеден қараған адамға шағын поселка оттары осылай әсер етеді екен.

Табаны жерге тиісімен денесі дел-сал болып біраз тұрды. Алакөлеңке арасынан өзіне қарай құстай ұшып келе жатқан адам сұлбасы байқалады.

Дос құшақтары айқаса кетті. Арнайы қарсы алуға келген курстасы Жауғашты екен. Сәл-пәл аман-саулықтан соң тіл тиегі ағытылды.

Иә, Мәке, қош келдің біздің Өзенге, байлығы тұнған тереңде, - деп Жауғашты өлеңдете жөнелді.

Құдай айдап жеттім ғой, кісі айдаса келем бе? - деп жалғады Мұрат.

Жә, бір тартарың әлі қалмаған екен. Осы екі жолды екі күн ойлап, қайтер екен деп әдейі айтып едім. Тағы тауып кеттің. Тіліңнің сүйегі жоқ қой, шіркін, - деген Жауғашты досын тағы бір қапсыра құшақтап қойды.

Түн түндігін ысырып, таң қылаң беріп келеді. Шағын қалашықтағы төрт қабатты жаңа үлгідегі тіп-тік үйлердің сұлбасы көріне бастады. Көпшілігі әлі біте қоймаған. Қазмойын крандар иіліп тұр. Құрылыс жұмысы енді-енді қарқын алғанға ұқсайды.

Тікұшақ қонған жерден Жауғаштының үйі шалғайлау көрінді. Жаяулай тартып, жеңіл желіске сала жетті-ау әйтеуір. Жарыққа шыққан соң байқады. Алматыдан алған жаңа шалбарының балағы мен туфлиі сүтке малынғандай ақтаңдақ болып қалыпты. Жасынан ұқыптылыққа үйренген Мұрат алақан қырымен қаққылап жатыр.

Бұл басы ғана, - дейді Жауғашты. Әлі бүйте берсең қолыңның қары талатын болады. Біздің етіміз үйреніп кеткен. Етікпен төрге де оза береміз ыңғайы келсе, - деп кеңкілдей күледі.

Уақыт та біраз болып қалыпты. Суық суға бір шайынып алып, жұмыс жаққа аяңдай берсек қайтеді, - дейді Мұрат досына тағатсызданып.

Біріншіден, біз су жағынан әзірге ұяттымыз. Өзен дегенге көл-дарияға кеннен екен деп қалма. Ауыз су мәселесі қиындап тұр. Уақытпен береді де, тоқтатып тастайды. Соны тосасың. Екіншіден, бүгін бастық жоқ. Облыс орталығына кеткен, әдеттегіше түн ортасында оралар. Meнің ақылым, жақсылап тынық. Ертең сәрсенбінің сәтінде барсаң да кеш қалдың демес, - деп Жауғашты дос көңілін демеп қойды.

Үйде жалғыз сарылып жата алмады. Біраз мызғыған соң сыртқа шықты. Қарға миын қайнатқан қапырық ыстық екен. Аңызақ жел бетті шарпиды. Өзен деген аты ғана, бұрын теңіздің табаны болған сияқты. Топырағы борпылдап жатыр. Қысқа тамырлы тырбақ өсімдіктерден басқа көзге түсіп, көңіл аулатар көгі жоқ өңір тартқан тулақтай. Орталық көшелеріне тас төселіп, қатар-қатар тал егіле бастаған. Олардың да түбі айғыздалып жатыр. Мана Жауғаштының айтқан су мәселесі шынымен қол байлайтыны байқалып тұр.

Жүрек қалауымен келген соң мұның бәрін көңілге алып, ұнжырғасын түсіргісі келмейді. Жаны жақсылыққа қарай үміттене түседі. Анау салынып жатқан зәулім үйлер, тартылып жатқан электр жарығы, егіліп жатқан тал-терек ертең-ақ теңіз табанын танымастай өзгертетін сияқтанады. Әсіресе, тереңінде бұққан мұнай бұлағын теңізге айналдырса, игілік өзі-ақ келетін күн алыс емес. «Москва да бір күнде тұрғызылмаған» деген өзінің сүйікті сөзін іштей қайталайды.

Досы жұмыстан ымырт үйіріле оралды.

Жолың болады екен, - деді бірден киімін шешінбестен Мұратқа қарап. Бастық орталықтан көңілді қайтты. Біраз шаруаның басы қайырылғанға ұқсайды. «Темірді қызғанда соқ» демекші ертең ертерек қимылдауымыз керек. Әйтпесе, бірінші басшылар көп орнында отыра бермейтінін ескертті.

Екеуі де елегізіп, таң алакеуімнен тұрды. Есік алдындағы кеше жинап қойған салқын суға жеңіл-желпі шайынып алған соң, ептеп жаттығулар жасап, бой сергітті. Институт қабырғасында жүргенде лекция әредігіндегі ұстаздың айтқан мына бір сөзі көңіліне орала береді. Көпті көрген ақ шашты ғалым ақсақал; ертең қызметке барғанда алғашқы күннен өздеріңді көрсете біліңдер. Біз берген білімнің практикамен жанаспай жататын тұстары болады. Сондай сәтте тығырықтан шығудың жолын тауып, жазушыларша айтқанда, шығармашылықпен ізденсеңдер, кез келген қиындықты жеңіп шығасыңдар деуші еді.

Басқарма бастығы кабинетінде отыр. Сол алпысыншы жылдардағы жаңа үлгімен құралған сары үстел. Дәл сондай түсті қабырға жиһаздары жұтынып тұр. Жаңа қалаға жаңа дүниелерді жіберген екен ғой деп қояды іштей.

Aт жақты, кең иықты келген азамат үстел үстіндегі қағаздарға үңіліп, кейбір жерлеріне қызыл қарындашпен белгі соғып қояды. Сәлден соң:

Жарайды, - деді дауысын созып. - Оқуға дейін бұрғышы болып еңбек еткен екенсің, жалпы мұнай алу кәсібінен хабарың бар деп есептейін. Теориялық біліміңнің жоғары екендігіне де шүбә келтіре алмаймын. Бірақ... Міне, бар мәселе осы бірақтың астарында жатыр. Жаңа бітіріп келген жастардың басы да, соңы да сен болмассың. Шынымды айтсам, көпшілігі шыдай алмай, үш-төрт айдан кейін өз өтініштерін әкеліп тұрады. Бұл жағына қалай едің, уағдаға беріксің бе?! - деп бастық сұраулы жүзбен қарады.

Өз жүрек қалауыммен келіп отырмын ғой. Бірден сенім беру де қиын. Дегенмен шамам келгенше ел игілігі үшін иненің жасуындай септігім тисе деген ойдамын. Сізді сыртыңыздан оқып жүрмін. Осы Маңғыстау мұнайын алғаш игерушілердің бірі екендігіңізді де жақсы білемін. Жаңаөзенді тақыр топырақтан шағын қалаға айналдырып келе жатқан еңбегіңізді де естідім. Сондықтан алғашқы қадамымды осы жерден бастағым келеді. Алдағыны уақыт көрсете жатар, - деп Мұрат қос жанары оттай жанып, басшы жүзіне қадала қарады.

Ойың орынды, мен де құп көріп отырмын. Сөзің ширақ екен, өзің де болбыр болмассың. Жұмыс бастан асады. Адам күші жетіспейді. Кейде күн, түн дегенді ұмытатын кездер көп. Сондай сәттерде солқылдақтық білдірмесең нағыз сенімді серігіме айналарыңа сөз жоқ.

Ардақты Рахмет аға, қай қиынға салсаңыз да мен әзірмін. Құмдағы ауыл баласымын ғой, көнбістігім бар еді, көрсетуге тырысайын.

Алдымен Өзен мұнайының қысқаша тарихымен таныстырайын. Өйткені, өткенін білмеген, келешекке кең жол аша алмайды. Ендеше тыңда інім...

1964 жылдың алғашқы тоқсанында Өзеннің мұнай қоры мемлекеттік арнайы комиссия тарапынан қабылданып, Өзен мұнай басқармасын тұрғызу, осыған орай Жаңаөзен қаласының қабырғасын көтеру ісі қатар жүргізілді. Облыстық партия комитетінде жүрген жерімнен «жылы орынымды суытып», жайлы креслоны тастап мана өзің айтқандай жүрек қалауыммен осында келдім. Жаңаөзен мұнай өндірістік басқармасының бастығы деген атым ғана болмаса, кәдімгі маңдай терге малшынып, қара жұмыс істеуге тура келді. Көлеңке кабинетте отырғаннан іс өрге баспайды. Тыңға түрен салу қашан да қиынның қиыны.

Алғашқымын дегенге атағы жақсы-ақ, шатағы да бір басыңа жетіп артылады. Байқаған шығарсың, бірте-бірте вагонеткалар мен барақ үйлерді ығыстырып, қабатты зәулім құрылыстар қатар түзей бастады. Бұл әлі жалғаса беретін болады. Өзің сияқты жанып тұрған азаматтар қол ұшын берсе алынбайтын асу жоқ деп ойлаймын.

Мынадай зор сеніміңізге сай болуға тырысамын аға! Сонымен істі қайдан бастайын, - деді Мұрат тағы да тағатсыздана.

Алдымен операторлықты игер, бүгінгі күннен бұйрық берілді деп есепте!

Мұрат өндірістік басқарма бастығы Рахмет Өтесіновтің кабинетінен көңілді шықты. Сарыла тосып отырған Жауғашты да досының жарқын жүзінен қуаныш лебін аңғарғандай болды.

Бұл дүниеде жақсы адамдар бар ғой, - дейді үнсіздікті өзі бұзып.

Жылы қабылдады, зор сенім артып отырғаны байқалады. Тегі менің келетінімді алдын-ала білсе керек, сөзден мүдірер емес.

Сен де айтасың-ау, ол кісінің жазушылығы бар деп естиміз. Қазір қат-қабат мына жұмыстан қолы босамай жүрген көрінеді. Әйтпесе кәдімгі роман, повесть, әңгімелер жазатын қабілеті керемет деп үлкендердің аузынан сан естігенмін, - дейді Жауғашты досының ойын онан әрі сабақтап.

Соны өзім де сезгендеймін. Тілі төгіліп тұр, қазақтың қаймағы бұзылмаған қалпында жүрегіңе қона түседі. Орысшаға да жүйрік пе деп қалдым.

Ол кісі Мәскеудің Губкин атындағы мұнай институтын тамамдаған ғой, сонымен сені қандай қызметке алды, үздіктірмей осы жағының басын ашып берші, - деді досы.

Әзірге операторлықты ұсынды. Ұжым мүшелерімен танысып, өзін де көрсете білсін деген шығар. Бұл жұмысты қомсынып отырған жоқпын. Бірден жауапты орынға қонжия салу мен үшін де оңай емес. Төрге төтесінен шықпай, төменнен жоғары өрмелеген жөн -демократиялық централизм деуші ме еді мұны.

Екі дос әңгімелесіп келе жатып байқамапты, дәл қарсыларына екі иығына екі кісі мінгендей тұлғалы жігіт таяп қалған екен. Жауғашты қос қолын ұсына амандасып жатыр.

Мына жігіт - Мұрат, менің институтта бірге оқыған досым. Бірге жұмыс істейтін боламыз ендігі жерде.

Әлгі еңгезердей дәу күректей алақанын ұсынып, «Клим» деді.

Әуелде мұны Мұрат түсінбей қалды. Жауғашты түзеп жатыр.

Клим деген азан шақырып қойған аты ғой. Бұл өңірде осындай орыс, қазағы араласқан есімдерді әлі талай естисің.

Негізі қазақ, тұлғасына мінезі сай кең қолтық, қолы ашық азамат дегенше болған жоқ...

Кешке біздікіне досыңды ертіп әкел, асықпай әңгімелесейік, - деп бейтаныс жігіт адымдай жүріп кетті.

Түс қайта жаңа жұмыс орнына келген еді. Операторлықты Ақтөбеде бұрғышы болып жүргенде талай атқарған. Сонша таңсық емес. Әйтсе де әр жердің салты әр басқа, жұмыс стилі де бөлек. Іс басында алғашқы танысқан жігіті Борис Шырдабаев болды. Мана біреуі Клим деді, енді Борис деген шықты. Жауғашты сөзінің жаны бар. Борис әлі жас, балапан мұрты енді тебіндеп келеді. Бірақ елгезек көрінді. Айтқанын екі етпейді. Бүгіндікке басқа көп ешкіммен түс танысып, қол алыса қойған жоқ. Сам жамырай Жауғашты келіп Климдікіне қонаққа баратынын ескертті. Ондағы ойы өзі құралпы біраз жігіттермен дастархан басында таныстырмақ.

Қазақ іші болған соң той-томалақ, ойын-сауық жиі өтіп тұрады. Осындай бір отырысқа Мұратты да шақырған екен. Сенбі күні соған дайындық үстінде болды. Әсіресе Рахмет ағасы жаңа келген жігітті қалдырмай, қатарларыңа қосыңдар деп қатты тапсырыпты. Түнеу күні Климнің үйінде танысқан Атырау, Омар, Кемелхандар да болатын сияқты. Бұлар осы өңірге әйгілі байырғы мұнайшылар. Жанаса жүргеннің артығы жоқ.

Той иесі Сәрсен ақсақал Ембіден көшіп келген. Балаларының жұмыс жайымен осында қоныс аударған екен. Заманында түйе арбасымен жүк тасып, мұнай саласында еңбек етсе керек. Оның үстіне Рахмет ағасының жерлесі болған соң дәм татырмақ ниеті шығар деп ойлады.

Есік алдындағы ескі ЗИС-тің қорабына құрбыларымен мінгелі жатқан Мұратты бастық өз машинасына шақырып алды.

Сәрсен ақсақалдың қонысы осыдан қозы көш жер. Әңгімелесіп, жақын таныса отырайық деген оймен бастық жеңіл көліктің артқы орындығына жайғас деген ишара білдірді.

Иә, інім, сонымен жаңа жұмыс қалай, етің үйреніп келе ме, - деп сөз бастады бастық.

Бірден қара үзіп кетпесем де ептеп бой алдыра бастадым. Білім қуып жүріп қарайып қалыппын. Жаңа технологияның тілін табу үшін де тер төгу қажет сияқты.

Оныңды естіп отырмын, - деп шолақ қайырды бастық.

Мұрат сәл ойланып қалды. Бәрінен хабардар болып отырады екен-ау деді іштей.

Сені осындағы жігіттер өнерге жақын, ән шырқайтын әдемі дауысы бар деп шуласып жүр. Бүгінгі қуанышта көрсет қабілетіңді. Мұнайшылардың ішінде мықты азаматтар барын байқасын мына ел. Май мүңкіген киіміне қарап емес, жан дүниелерінің байлығына қарап бағаласын.

Қолдан келгенше тырысармыз аға!

Сәрсен ақсақал немересін сүндетке отырғызып, өзі сексеннің сеңгіріне шығып, екі қуанышты қатар атамақшы көрінеді. Ауқымына бір ауыл сиып кетердей үлкен палатка құрыпты. Аула төріне алты қанат киіз үй тігілген. Күтуші жігіттер мұнайшыларды алдымен сонда бастады.

Сырмақ, текемет төселген киіз үй іші қоңырсалқын екен. Ортада дөңгелек жер үстел тұр. Ошақтан жеткен тайдың еті мұрын жарады. Қос саба шұбат пен қымызды қатар қойыпты. Қазақы оюмен сырлана өрнектелген ағаш тостағандар шүпілдеп тұр. Төрде үш-төрт ақсақал малдас құрып отыр. Ортасындағы қызыл шырайлы, бүйрек бет қария той иесінің нақ өзі екенін анық айғақтап тұр. Шапанын желбегей жамылып, ұзын сақалын салалы саусақтарымен саумалап қояды.

Келіңдер, шырақтарым, төрлетіңдер, - деген Сәрсен ақсақал алдымен Рахмет Өтесіновты өз жанына шақырды. Қалған қариялар да ыңғай танытып, ығыса отырды.

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қарт сәлем береді» дейді атам қазақ. Денсаулығы құрғыр сыр беріп, біраз уақыт өткізіп алдым. «Ештен кеш жақсы» деп өз қатесін өзі түзейтін де қазақ. Сол жолмен бастарыңды қосудың орайы енді келіп отыр. Айыпқа бұйырмаңдар, балаларым.

О, не дегеніңіз ақсақал. Қайта сіздерге біз сәлем беруіміз керек. Тың жерге түрен саламыз деп жүріп атамыздың салтынан да жаңыла бастаған сияқтымыз. Өстіп жүріп орыс боп кетпесек жарады деп, - Рахмет жылы шыраймен жымиды.

Оқасы жоқ, шырақтарым. Құлақтанып отырған шығарсыңдар, қуаныш көптікі ғой. Дегенмен сендерді бөлек күтуді қамдадым. Өзім де мұнайшы емеспін бе. Мына қасымда отырғандар осы елдің игі жақсылары. Өтежан, Нәдір, Керімхандармен көшіп келгелі сырлас, сыйлас болып кеттік. Қуаныш, ренішімізден қалып көрген емеспіз. Ана Өтежанның таң атқанша айтар дастан, жырлары сарқылмайды. Нәдір болса ескі әңгіме, шежіреге жорға. Керімхан екеуміз мұнайшымыз деп мұрнымызды көкке көтеріп, тыңдаймыз да жатамыз. Оның үстіне Ембіде сенің әкең Өтесінмен талай мәрте дәмдес, дастархандас болған едім, қазір қалай, тың ба? - деп Сәрсен ақсақал әңгіме ауанын отбасына қарай ойыстырды.

Сәлден соң алдарына буы бұрқыраған бір астау семіз тайдың еті келді. Сәрсен ақсақал ишара білдіріп бас пен жамбасты Рахметтің алдына тартқызды.

Әкем әлі тірі еді, сіздер тұрғанда басты бас салғаным ұят болар, - деген қонағына Сәрсен ақсақал:

Қазақ жолы қарағым, дәстүрден асып қайда кетеміз, жас болсаң да бас болып жүрсің, теңіздің табаны тақыр далаға ырыс ағызамын деген жанкештілігіңнің өзі ықылас көрсетуге лайық - деген қария алқа қотан отырғандарға, алыңыздар деген мезіретін көрсетіп жатыр.

Астың дәмін тұз келтірсе, дастарханның сәнін сіз бен біз келтіреді дегендей әңгіме ағытып, ән айта отырсаңыздар сіңімді болмақ, - деп Керімхан мұнайшы мұртын сипай Өтежанға қарады.

Осы сәтті толғана тосқандай Өтежан қоңыр домбыраны зар күйіне келтіре бастады. Тиекті бекітіп, құлақ бұрауын келтірген қария қыранша қомданды.

Баяғыда осы Маңғыстау өңірінде Қалнияз деген ақын болған. Ақ патшаға қарсы көтеріліске қатысы бар деп қуғын көріп, ақыры тәжік асып кеткен. Соның айтқаны еді деп көнеден келе жатқан бір толғауды бастай жөнелді:

Дәрежесі артық ханға да,
Сөзбенен сойыл сермедім,
Арасында халқымның
Күнде қызық көргенім,

Жақсыларға серік боп,
Сайран етіп жүргенім,
Тағдырдың ісі, қайтейін,
Туған елден бөлініп,

Басқа жерге келгенім...

Халқымнан кімдер өткен жоқ
Кімдерге зауал жеткен жоқ,
Ағаларым кешегі,
Іздесем бүгін тіптен жоқ,

Есен, Жанақ, Ер Төкен,
Құлыбек, Сары, Қонайым,
Кенжебек, Төлеп, ер Қармыс,
Атақозы, Шабайым,

Көк сауытты ер Досан,
Белгілі Сүгір, Мыңбайым–
Бұлардың бүгін бірі жоқ,
Қара жер жұтқан талайын,

Іні, келін, қарындас,
Қаумалаған ағайын,
Көре алмасам қош болың,
Қалың Алшын, Кіші жүз,

Сегіз арыс Адайым!..

Ұзақ, зарлы сарынмен айтылатын жырды тыңдаушылар қалың қиялға шомып кетті. Әркім өз ойымен әлек.

Ой, Өтежан-ау, бұған дейін біз естімеген мына толғауыңды менің тойыма сақтап жүргенбісің?.. Қатпарың қалың-ау, шіркін сырлас. Сәрсен ақсақал шұбат құйылсын, қымыз ала отырыңдар деп домбырашыны тағы қолқалады.

Мен жезтаңдай әнші емеспін ғой, әйтеуір еске сақтайтын қабілеттің арқасында тарихи дастанды зердеме жазып алған едім. Бүгінде тамақ асырауыма жарап жатыр, - деп Өтежан ақсақал тағы бір дастанды бастап кетті. Қабағын түйіп, кей тұстарында ұша жөнелердей жеңілдеп, мәнеріне келтіре төгеді.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Асқар Кіребайұлының «Биіктік» атты мақаласында («Сыр бойы» газеті 5 қыркүйек, 2002 ж.) Мұраттың бейнесі былайша сомдалады:

Қызылорда облысы еңбегімен ел есінде қалған азаматтарға өте бай. Бірақ, солардың ішінде барша халыққа, хатте, тұтас ел экономикасына білікті ісі, оның нақты нәтижесімен ұланғайыр игілік әкелгендері некен-саяқ. Сол некен-саяқтардың бірі - біз әңгіме еткелі отырған Мұрат Ғазизұлы Саламатов.

Мұрат Саламатов!

Осынау есімді Қызылорда облысының халқы ұмытқан жоқ. Ұмытпайды да. Себебі облыс халқына таңсық «мұнай», «мұнайшы» деген атау мен кәсіпті алғаш Сыр өңіріне жетелеп келген Мұрат Ғазизұлы болатын.

Ол биыл 60 жасқа толып отыр. Бірақ, алпысына өзі жете алған жоқ. 50 мен 60-тың ортасында оның мағыналы өмірі қиылып кетті. Жанашырлары, отбасы, туыстары мен достары аһ ұрды. Ал, оны білетін Қызылорда облысының онымен таныс, бейтаныс халқы сан соғып, өкініш білдіргенін, «әттеген-ай» деп аза тұтқанын көзіміз көрді. Себебі ол азамат әрбір қызылордалық үшін аяулы, әрбір мұнайшы үшін «Мұрекең», «Мұрат аға», «Мұратжан» болатын. Адам-пенденің ықыласын аудару пысықайлық пен жылпостықтың, қулық пен алдамшы айлакерліктің қолынан келе бермейді ғой. Халық ықыласына бөлену үшін ана табиғат талантыңа берген кісілік, орнықты азаматтық, ел мен жерді сүюге жаратылған үлкен жүрек керек. Ол үлкен жүректі, кісілігі мол, қақпай-соқпайдан ада, адал азамат еді. Бұлай пайымдауға оның тындырған ісі, ел жадында қалған зор кісілігі куә.

Журналист ретінде талай адаммен сұхбаттасып жүрсем де мен онымен етене араласа алмаппын. Басты себеп - оның үнемі ат арқасында, қиырдағы Құмкөл кенішінің басында, қала берді таусылып бітпес жиналыс, жиындар, іссапарлардан қолы босамайтындығынан болса керек. Бірақ, ордалы жиындарда сыртынан көріп, орнықты сөзі, іскер де білікті пайымдарына сүйсініп жүретіндіктен де ол туралы сұрастыра, ол туралы көп нәрсеге қаныға жүрдім. Әрине, естігендерім оның азаматтық тұлғасын одан әрі сомдандыра, одан әрі зорайта түсті.

1991-95 жылдар аралығы ел экономикасының ес жия алмай, қаражат жоқ болып, халық қара суға қарағандай қиналып жүрген бір тұсы еді ғой. Осы кезеңде базарда отырғандар: «Ертең Құмкөл айлық алады, құдай қаласа саудамыз жүреді» деп бір-біріне қуана хабарлап жатқандарын еститінбіз. Расында Қызылорда қаласы халқының нәпақысын көтеріп, дастарқанын молайтатын Құмкөл кеніші, оның 5 мыңға жуық жұмысшы-қызметкерлерінің айлық табысы еді. Осы ретте далалық жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылардың айлығына 70 пайыз қосымша қостыру үшін Мәскеуден комиссия шақыртып, «Қызғалдақ өсіп тұрған тамаша жерге 40 пайыз да болады» деген мәскеулікпен айтысып, мақсатын орындап шыққанының өзі бөлек бір әңгіме.

Құмкөлдегі «Оңтүстікмұнайгаз» кенішін ашуды нөлден бастаған Мұрат Саламатов оны 1995 жылы басқа басшыға тапсырғанға дейін 200-ге тарта скважинамен, жылына 3,5 миллион тонна «қара алтын» өндіріп тұрған ырғақты жұмысымен қалдырды. Бас-аяғы бес-алты жылда қиырдағы құба далаға қалашық орнады, кешкілік елсіз даланы самаладай жарқыраған мұнай тұрбаларының «қара орманы» пайда болды. 1990 жылдары экология мәселесімен келген астананың бір маманы құм суырған далада тұрып спутник байланысы арқылы осы мәселеге орай Мәскеумен сөйлескен Саламатовты көріп таң қалғанын естіп едік. Құм арасындағы шетелдік құрастырмалы жатақханалар, ондағы ыстық, суық су ванналарын, скважиналар түбіндегі бір тамшы май ізі жоқ тазалықты, әлгі телефон байланысын көрген маман бар қағазға бір-ақ қол қойып астанасына қайта тартыпты. Бәрі заңды, бәрі техникалық, экологиялық талаптар аясында атқарылып жатқан жұмысты көрген көптеген комиссиялар да Саламатов ісіне, оның қазіргі заманға сай үлкен кеніш жасап жатқан біліктілігіне дән риза болып отырған. Соның арқасында ғана кабинеттік бюрократия, болмашы сылтаулармен аяқтан шалып, үлкен іске кедергі келтіретін тоңмойындардың да жолы кесілген.

Қазір Қызылорда бюджетіне миллиардтап теңге төгіп тұрған кеніштің әкесі - Мұрат Саламатовтың көзі жоқ. Кеніш шетелдіктер қолында. Осы мақаланы жазар алдында тұтас мемлекет үшін маңызды, үлкен объектінің іргетасы қалай қаланғанын есту үшін кеніште қазір некен-саяқ қалған, сол кезде Саламатовпен бірге осы жердің алғашқы қазығын қағысқан мамандарды іздеуіме тура келген. Біреуін таптым да. Ол Мұрат Ғазизұлының үзеңгілес інісі, сонау Ғани жерінде туып-өскен, еңбек жолын Жаңаөзен мұнай кенішінде бастаған, мұнай кеніші техникаларының білікті маманы Үсен Ұлықпаев деген азамат екен. Адаммен жұғысқыш, табиғатында тәлімді тәрбиесі мен сыпайылығы көзге ұрып тұратын Үсен өз еңбектері туралы сараң сөйлегенімен Мұрат Ғазизұлына келгенде желмаядай жөңкіп кетті.

Мұрекең Қазақ политехникалық институтының тау-кен инженері факультетін бітірген еді ғой, - деді ол. Еңбек жолын Маңғыстаудағы Өзен мұнай кенішінде қара жұмыс операторлықтан бастаған. Содан цех бастығына дейін сатылап көтерілген. Көп ұзамай өз қабілетін танытқан жас жігітті «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына бастық етіп тағайындайды. Онда 1980 жылға дейін жұмыс істеп, Маңғыстау обкомында, Қазақстан Орталық партия комитетінде ауыр өндіріс бөлімінде жауапты қызметтер атқарған. 1981 жылы «Маңғыстаумұнайгазға» бас директордың орынбасары болып келіп, 1986 жылы оның бір саласы болып есептелетін «Құмкөлмұнай» күрделі құрылыс бөлімінің бастығына тағайындалды.

1987 жылы осы сала мамандары Қызылордаға көшіп келген соң бір жылдан кейін «Құмкөлмұнайгаз» өндіру басқармасы болып атауын өзгертеді.

Құмкөл кенішін игеру міне, осы арадан, 1987-88 жылдардан бастау алады.

Облисполкомдағылар, - дейді Үсен, біздің мекемені «екі парақ қағазбен келген Саламатов» деп әзілдейтін. Расында қонақ үйде, екі бөлмелі пәтерде тұрып, өзіміз, бастығымыз кезектесіп тамақ істеп ішіп жүрген кезіміз жетім баланың күніндей еді. «Сендер екі-үш жылдан соң кетіп қалатын біреулерсіңдер ғой» деп қарайтын жергілікті мекеме басшылары біздің жұмысымызға тіпті мән бермеді десе де болады. Обалы не керек, Мұрат ағаның табандылығының арқасында көп ұзамай қу далада қала орнаттық. Астанадан келген комиссия мүшелерін балшықты күндері «К-700» тракторына мініп аралататын Мұрат Ғазизұлы шаршауды білмейтін нағыз шобыр торы еді. Қызылордадан жұмысқа алынған адамдар: «Ай далаға үй салып не керегі бар, жертөле қазып-ақ тұра береміз» деп патриоттық танытқан. Мұрат Ғазизұлы бұған үзілді-кесілді қарсы тұрды: «Бұл жер сонау 40-шы, 50-ші жылдары жұмыс істеп, қара майы шылқып жататын Жетібай, Өзен кеніштеріне ұқсамау керек. Қазіргі заманғы жатақханалар, кинозал, телевизорлары бар үздік кеніш болуға тиіс».

Расында 1992 жылдары Құмкөл кеніші «Оңтүстікмұнайгаз» басқармасы аталып, оның бас директоры Мұрат Саламатов болып тұрған кезде кеніш басында шағын қалашық бар еді. Құба дала төрінде қаладағыдай ішкі әжетхана, сумен жылытылатын шетелдік сәнді жатақханасы, асханасы, клубы бар кеніште жұмыс істейтін жұмысшылар өмірі кісі қызығарлықтай болатын. «Пәленше машина алыпты, үй салыпты» деп жатқанда «Құмкөлде» істесең сен де аларсың, сен де үй саларсың» деген жауаптасулар да сол кезде қалыптасты. Осылайша Қызылорда жұртына ырыс, несібе әкелген Құмкөл кенішін әуелі Жезқазған жері болса да Қызылордаға бұйыртқан Еркін Нұржанұлы Әуелбеков, оны ел игілігіне берген Мұрат Ғазизұлы Саламатовтардың есімі қатар аталса, қатар құрметтеліп, әспеттелсе бұл да ел алғысының көрінісі.

Қасиетті Сыр өлкесінің дәулеті тасып, байлығы «қара алтын» арқылы шалқыған сайын оның есімі де асқақтай бермек. Өйткені, Маңғыстау мұнайының алтын тұрбаларын Құмкөлге алғаш жетелеп әкелген сол - Мұрат Саламатов! Мұнайшылардың Сырға беттеген ұлы керуенінің алғашқы керуенбасы да Мұрат Саламатов!

Мұраты биік, азаматтығы зор Мұрат Саламатов миллиардтап қаржы игеріп жүріп өзіне жағдай жасаған жоқ. Дәулет жиып, қарағайдан үй салдырған жоқ. Жұмысшыларымен бірдей көп қабатты үйде қоңыртөбел тұрмыс құрды. Тек ел игілігін ойлап еңбек етті.

Қазір «Құмкөл» кенішіне кештетіп барсаңыз сайын сахараның төсінде жүздеген трубалар самала жарықтарын бір-біріне ұластырып, көк пен жердің арасын жарқыратқан, ғажайып көрінісімен көз тартып тұрады. Бұл - байлық өлкесі, жылына миллиондаған тонна мұнай өндіріп, ел қазынасына миллиардтап доллар құйған қазына кіндігі. Осыдан 10 жылдан сәл-ақ астам уақытта тусырап жатқан ту дала төсін дүрілдетіп келіп, қала салған мұнайшылар армиясының еңбегі.

Түнделетіп кеніштен қалаға аттансаңыз Құмкөлдің мыңдаған тұрбаларының басы газ алауларымен жарқырап, сізді ондаған шақырымға дейін қол бұлғап шығарып салып тұрады. Осынау ғажайып көрініс адамзат ұлықтығына деген ізгі тебіреніс тудырады.

Кұм төбелер төрінде - жарқыраған қалашық, алаулаған сансыз от. Ол өмірі сөнсе де ізгілігі сөнбейтін Мұрат жүрегінің ыстық алауы секілді елестейді.

Мұнайшы Мұрат Саламатовтың Құмкөлдегі еңбегіне түйін түйер тұста, өзі өмірден өткеннен кейін де есімін ұлықтап, ұмытпай жүрген бірнеше қызылордалық азаматтарға алғысты пікірімізді арнағымыз келеді.

Мәселен, қазір облыстық құрылыс басқармасының бастығы Сержан Наметша мырза бұған дейін де облыстық, қалалық деңгейде бірнеше жауапты қызметтер атқарған екен. Мұрат жайлы естелік жинап, Сыр еліне барғанымда жылы қабақ танытып, М. Саламатов туралы әсерлі әңгімелеп берген еді.

Қызмет бабында Мүкеңмен жиі кезігіп тұрдық дейді ол. Қандай дәрежедегі жиын, мәжіліс болсын үлкен портфелін көтеріп жетіп келетін. Келіп қана қоймай, өз саласына байланысты кез келген сауалға нақты дәлелдермен, түсінікті етіп жауап қайтаратын. Алдағыны болжай алатын ұшқыр ойлы, көреген азамат еді. Әсіресе жергілікті мамандарды жұмысқа алып тәрбиелеуде атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Сол үшін де қызылордалықтар Мұраттай нағыз мұнайшы азаматты ұмытпақ емес. Өзінсіз болса да аталып өткен алпыс жастық мерейтойы тұсында қаламыздан М.Саламатовқа көше атын беруде қала әкімшілігі шешім қабылдап, соған қолтаңбамды түсіріп, қолғабыс көрсеткенімді үлкен бақыт санаймын деген еді ағынан ақтарыла.

Сондай-ақ «Кызылординские вести» газетінің бас редакторы Қасым Иманбердиев, облыстық телекомитеттің бастығы Жағыпар Қарабала, «Қоғам» ақпараттық газетінің бас редакторы, ақын Шаһизада Әбдікәрімов сынды азаматтар жылы жүрегімен де, қалам қуатымен де көп көмек көрсетті.

Бақтықожа Ізмұхамбетов
Батыс Қазақстан облысының әкімі
Сейілбек Шаухаманов - Қызылорда облысының бұрынғы әкімі
Нәсіпқали Марабаев Сағын Қырымқұлов-

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның
бас директоры

Мұрат Саламатов, Мақсұт Бурамбаев, Көңілхош Меңдібаев. Жаңаөзен, 1968 ж.

Болат Асауов Андағұл Жетібай
Құмкөл, 2002 ж.Мұрат Ғазизұлының бір топ курстастары
Төремұрат Жармағамбетов-
«BMB MUNAI» бас директорының орынбасары

Атағозы Ботағараев

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас энергетигі Ақтау. 2007 ж.

Сағын Тәжікенов-кәсіпкер Қуандық Нұрғалиев-ардагер

Мұхит Тұмабаев - «Приречный» ЖШС-ның директоры

Алматы, 1996 ж. Солдан оңға қарай: Мұрат Саламатов «Лукойл» Оверсиз Сервис ЛТД компаниясының президенті Вагит Юсупович Алекперов, Нұрлан Балғымбаев, Ингушетия Республикасының президенті Руслан Аушев.

Естеліктер. Мақалалар
О ПЕРВОМ РУКОВОДИТЕЛЕ МЕСТОРОЖДЕНИЯ «КУМКОЛЬМУНАЙ»
Надир Каримович НАДИРОВ, академик

Мои воспоминания о нефти и газе Кумколя основываются на содержании своей книги «Кызыл-Орда - Южный нефтегазового комплекса Казахстана» (Алматы, 1999 г. с. 282).

Первым этапом открытия тайн Приаралья, бассейна реки Сырдарья является эффективная, научно-обоснованная разведка недр и прирост запасов. О важности этого положения свидетельствует долгая, порой противоречивая история открытия первого нефтяного месторождения - Кумколь. В главе «О чем молчала степь» указанной книги я показываю, как не один раз ставили отрицательную точку на нефтегазоностность региона. Но настойчивость ученых института геологических наук имени К.И. Сатпаева привела к открытию Кумкольского месторождения, об освоении которого говорится в главе «Нефтяные фонтаны Кумколя».

Зимой 1984 года бригада бурового мастера Я.Т. Камалатдинова получила фонтан легкой нефти на первой Кумкольской скважине. Так было открыто крупное нефтегазовое месторождение Кумколь, расположенное в южной части Торгайского прогиба, в 230 километрах к юго-западу от города Жезказган и в 200 километрах к северу города Кызылорды.

Благоприятные географические условия, наличие на юго-западе магистральной железной дороги, а на востоке - нефтепровода «Павлодар-Шымкент» способствовали быстрейшему вводу в эксплуатацию месторождения, которое обязано своей жизнью таким людям, как научный руководитель А.А. Абдулин, геолог Г.П. Филипьев, главный научный сотрудник Института геологических наук Б.С. Цирельсон, А.Б. Ли и другие.

Для быстрейшего освоения и развития месторождения приказом министра нефтяной промышленности СССР в начале 1988 года было создано при ПО «Мангышлакнефть» новое нефтегазодобывающее управление «Кумкольнефть» с дислокацией базы в городе Кызылорде.

Первым начальником НГДУ «Кумкольнефть» был назначен М.Г. Саламатов, главным инженером - Ж.Н. Жалгасов и главным геологом - К.Д. Айдарбеков.

История становления Кумколя, - вспоминает ныне покойный М.Г. Саламатов, работавший в то время руководителем НГДУ «Кумкольнефть», - сегодня не перестает привлекать всех, кто, так или иначе, связал с ним свою судьбу. То, что происходило в первые годы его освоения, можно сейчас представить лишь при очень богатом воображении. Не совсем уютная жизнь в вагончиках и юртах, тяжелейшая работа на пронизывающем морозном ветру и пылающем летнем зное, с песком и солью в зубах, но со страстным желанием увидеть своими глазами, никогда не встречающегося в этих краях, нефть - все это накрепко объединяло первопроходцев, команду единомышленников, за плечами которых богатый опыт освоения Атырау и Мангышлака. Именно их труд вместе с мыслью, что они и на этой древней земле делают нужное и полезное для своего народа, сделал сегодня реальностью Кумкольскую нефть. На протяжении всей своей трудовой деятельности я ощущал надежные плечи друзей, помощь и участие своих коллег. Ценю и уважаю, вклад каждого из них, ведь все свои победы я делю поровну на всех тех, кто не боялся сложностей неизведанных дорог, преодолевал их и опять отправлялся в неизвестность. Я безмерно счастлив, что мне выпала огромная честь руководить коллективом первооткрывателей Кумколя и тем самым внести свой вклад в освоение этого уникального месторождения. Лучшие времена своей жизни я провел на этой благословенной земле, и эти годы были для меня еще одним этапом испытания и познания самого себя. Это счастье - свою жизнь отдать служению своему народу, видеть плоды вложенного труда.

Отдавая, дань уважения Саламатову Мурату Газизовичу предлагаю глубже погрузиться в известные ему подробности изучения и освоения края, в подробности его личной жизни, неразрывными узами связанной с бурным временем освоения Кумколя. Он принимал непосредственное участие в планировании, проектировании геологоразведочных работ, контроле выполнения поисков, открытий и разведки каждого месторождения, отвечал за выполнение планов прироста запасов нефти и газа.

Основные работы по подготовке месторождения «Кумколь» осуществлялись в 1988-1989 годах. Для обустройства месторождения по линии Миннефтегазстроя было создано МСУ-3 и для сооружения нефтепровода «Кумколь-Каракаин» МСУ-4 треста «Актюбинскнефтегазстрой». В том же году Жетыбайская экспедиция глубокого бурения в составе НГДУ была преобразована в Кумкольскую экспедицию глубокого эксплутационного бурения (Косжанов Т., Сарыбаев М., Байманов Г.).

В тот период началось строительство двух ниток нефтепровода «Кумколь-Каракин» протяженностью 229 километров, линий электропередачи BJ1-220 киловольт «Джезказган-Кумколь» протяженностью 229 километров и головной подстанции на месторождении (Ботагараев А., Капанов Б., Бексары Жанабай).

Мужество и упорство первопроходцев взяли вверх. В 1989 году, несмотря на великие трудности собственными силами ПМК-4 НГДУ «Кумкольнефть» на месторождении было закончено строительство вахтового поселка на 120 мест, открыты столовая, медицинский пункт, участки промышленной базы (Кожабеков М., Атаниязов С., Удербаева Р., Гизатуллин Ф.)

В течениие 1989-1990 годов Кумкольская буровая экспедиция одновременно с разбуриванием опытного участка месторождения занималась освоением около 60 эксплуатационных скважин.

После открытия фонтана Кумкольской нефти в следующем, 1985 году, был составлен проект пробной эксплуатации месторождения Кумколь, в 1988 году проведено эксплуатационное, разбуривание, а в 1991 году уже был получен первый миллион нефти. Следует отметить, что кумкольская нефть малосернистая (0,3-0,4 %) вязкая, легко застывающая и малопарафинистая (13-15 %). Содержание бензина в ней составляет четвертую часть, вредных газов нет, залегает неглубоко (1100-1300 м).

В успешном промышленном освоении Кумколя большую роль сыграли известные специалисты - нефтяники Оржанов Т., Чимиров Е., Жилгасов Ж., Айдарбеков К., Хасанов Т., Бердыгужин Р., Айдарбаев А., Бергенбаев Е., крупный экономист-финансист Сарбуфин Т.Е. и другие.

Надо с уважением относиться к этим людям и гордиться их именами. Ведь преодолев все тяготы и лишения, связанные с поисками, организацией буровых работ, освоением скважин и добычей углеводородного сырья в суровых климатических условиях, они дали мощный толчок в будущее нефтяной промышленности не только Кызылординской области, но и всей республики.

Следует помнить и то, что начало интенсивного освоения месторождения Кумколь совпало с самостоятельным экономическим и политическим развитием суверенного Казахстана. И, несмотря на ряд объективных трудностей, основной из которых являлся разрыв экономических связей, освоение Южно-Тургайского прогиба, в том числе и Кумколя, состоялось исключительно силами казахстанских специалистов. За предшествующие годы в развитие месторождения Кумколь вложено более 6 миллиардов тенге, которые окупились уже в 1993 году и сегодня приносят устойчивую прибыль: рентабельность производства составила более 65 процентов. В сентябре 1996 года добыта десятимиллионная тонна Кумкольской нефти.

Характеру Мурата Газизовича были присуще настойчивость в достижении поставленной цели, взвешенный и рациональный подход в выборе средств и путей решения задач, оперативность в принятии и исполнении принимаемых решений, высокое чувство ответственности за порученное дело, умение аналитически мыслить и делать правильный выбор из многих вариантов рассматриваемых проблем. При всей своей грамотности, эрудиции, образованности и находясь на высоких постах, он всегда оставался очень открытым, доступным для общения всем. Ему были чужды бюрократизм, чванство и конъюнктура. Трудягой по натуре, он в работе не жалел прежде всего себя. Но и с других спрос у него был строгий. Он ценил людей не по рангам и регалиям, а по их делам, их отношению к работе, к долгу, к жизни вообще. Уравновешенный, спокойный, всегда доброжелательный, он располагал к себе всех, с кем встречался независимо от должности и положения.

Сегодня ясно, что вклад Мурата Газизовича Саламатова в становлении и социально-экономическом развитии нашей республики, даже на примере одного нефтегазового месторождения Кумколь, первым руководителем которого он являлся, трудно оценить. Он сам лично и через своих последователей сделал все, что мог для своего народа. Надеюсь, история воздаст ему по заслугам.

Говорят, тяжело не тем, кто уходит, а тем, кто остается. И сегодня мне, как и всем, знавшим Мурата Газизовича, не хватает этого светлого человека. Его с нами нет, уже прошло около 9-ти лет, как он ушел в вечность, но дело его живет. Он вместе с нами, в благодарных сердцах людей, хранящих его добрый след.

Наша память будет хранить его образ в наших душах, пока мы живем, а история сохранит его имя для потомков.

ТЕРЕҢ ОЙЛЫ, ТЕГЕУРІНДІ АЗАМАТ
Естеліктер. Мақалалар 139
Бақтықожа I3MҰXAМБЕТОВ,
Батыс Қазақстан облысының әкімі

Әлбетте, қатарлас, сырлас көптен білетін адам туралы тосыннан сұрай қалса ойланып, ойыңды бір жүйеге түсіргенше кідіріп барып жауап қайтарар едің. Ол айтарыңның жоқтығынан емес, көп білетіндіктің әсерінен болса керек. Және де жастайыңнан қатар өскен достарың туралы талай хикаят мен мұндалап тұрар еді... Өмір жолында, жұмыс барысында үзеңгілес қызмет істеген адамдар туралы да әп дегеннен сыр айту оңай емес. Неден бастасам екен деп іркіліп қаларың хақ.

Әңгімені әріден бастауымның себебі бар. Дәл қазір мен не бары он бес жыл көлемінде ғана қызметтес болған азамат басшы туралы тұңғиық сырдың өзім түйген әпсанасынан кейінгі ұрпаққа ұлағат болсын деген ниетпен айтқалы отырмын. Өмірден ерте өтіп кетсе де, ол кісі жайлы әңгіме тиегі өз-өзінен ағытылып, бір рахат сезім бойыңды да, ойыңды да еріксіз баурап алар еді. Сол бір кезең жаңа ғана егемендіктің төрінен көтерген ел үшін де, жас мемлекетіміздің керегесін бекітуге білек сыбана кіріскен ерлер үшін де, нағыз сындарлы шақ болатын. Бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан сол бір шуақты бастауда, елім деген біртуар ерлер кебенек ішінен қауыз жарып шығуға тырысты. Солардың бірі де, бірегейі де, үлкен жүректі, аяулы азамат Мұрат Ғазизұлы Саламатов еді.

Сырттай атына қанық болсам да жақынырақ танысудың реті 1994 жылы түсті. Ол кезде Мұрат Ғазизұлы Саламатов Қазақстан Республикасы «Мұнайгаз» мемлекеттік холдинг компаниясының президенті болатын. Тікелей қызмет бабындағы қарым-қатынас орнап, көптеген көкейтесті мәселелерді шешуде үлкен ақыл-кеңес алуға мүмкіндік туды. Мұнай-газ саласындағы еңбек жолын Маңғыстаудың киелі топырағында мұнай өндіру шебері, аудандық инженерлік-технологиялық қызметтің бастығы сатысынан бастаған Мұрат Ғазизұлы, өндірістің қыр-сырын егжей-тегжейлі жете меңгерген, сарабдал зерттеп, сауатты зерделей білетін, ғылыми таразылай да, бесаспап маман ретінде тереңірек талдап баяндай да алатын дәрежедегі тұңғиық ойлы, тегеурінді басшылардың бірі болғаны анық. Егемендік алған сол жылдары жас мемлекетімізде дәл осындай жаңа бағытта тұжырым жасай алатын тұғыры биік, өндіріс басшылары ауадай қажет-ақ еді.

«Қазақтүрікмұнай» бірлескен компаниясы қазақ елінде тәуелсіздікпен бірге келген мекеме болатын. 1992 жылдың аяғында құрылып, 1993 жылдың басында кең байтақ еліміздің ырысын арттыру үшін кен іздестіру ісіне қоян-қолтық араласып кеткенбіз. Әрине, алғашқы қарлығаштың самғауына үлкен үмітпен қарап, жылы-жылы лебіз айтқандар да, күдіктене көз тігіп, қадамыңды қалтарысқа бұрмалап тарататындар да болғаны рас. Өйткені, сол жылдары егемендік алған еліміздің әл-ауқаты күрт қиындап, әлеуметтік мәселелердің де қиуы қашып тұрған кезең еді. «Тиыннан теңге, тамшыдан теңіз» жасау керек болды. Қаржы тапшы. Нарық жан-жақтан қысып тұр. Нағыз «елім» деп туған ерлер үшін сынға түсер сәттің туғаны анық еді. Дәл осы кезеңде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың экономикаға баса назар аударып, сара бағыт ұстанғаны, елімізді тығырықтан шығарар сарабдал шешім қабылдауы, қынаптан суырған қылыштай жарқылдаған жалынды азаматтардың айбарлы құлшыныс жасауына ұйтқы болды. Уақыттың ой мен жаңа көзқарасты қажет етті. Кеңес үкіметінің тарауы сан-саладағы қарым-қатынас, алыс-берістен мүлдем айырып тынды. Бір тудың астында өмір сүрген республикалар бір мезгілде жеке-жеке егемен елге айналды. Әр мемлекет өз бағыттарын ұстанды. Міне, сондай сындарлы шақта Елбасының қолдауымен «Қазақтүрікмұнай» бірлескен компаниясы өмірге келген еді. Бұл Қазақстанда ғана емес, егемендікке қол жеткізген өзге елдердің арасында ең алғаш шаңырақ көтерген шетелдік инвесторлармен бірлескен мұнай мекемесі болатын. Бұрын-соңды болмаған тың сүренің сырын ашуға бағытталған жаңа кәсіпорынға басшылық жасау маған да оңай тиген жоқ. Дәл осы істі қолға алуға кеңес үкіметі кезінде алыс шетелдік мұнай компаниясында бірнеше жыл еңбек етіп, жинақтаған тәжірибем үлкен септігін тигізді ғой деп ойлаймын.

Дегенмен, әлгіндей нарықтың шырмауында тұрған жас мемлекетте жаңаша қадамға бел бууға тәуекел етуге тура келді. Алған бағытымыздың дұрыстығына ешбір күмәніміз болған жоқ. Мақсат - мұнай-газ кен көздерін ашу, оның мөлшерін анықтау, берер өнімінің қаржыға шаққандағы көлемі қандай болмақ? Жұмсалған шығын мен қайтарылымның ара салмағы елге қандай жақсылық әкелмек? Ізденіс... Сұрақтар... Тебіреніс... Құлшыныс... Әйтеуір, бастаған істің жемісін көру үшін арпалыс күн сайын арта түспесе толастаған емес. Ойланып-толғанып жатуға мұрша жоқ, тек алға ұмтылып, Елбасы алдында берген уәделі уақытта, істеліп жатқан қыруар жұмыстың жемісіне жету үшін, күн-түн демей жеті қат жер астынан атқылайтын ырыздықты қолмен ұстайтын сәтті асыға күттік.

Сол бір қиын кезеңде, яғни 1995 жылы қауырт іспен арпалысқан кезде, ара-тұра ақылдасып тұратын абзал аға Мұрат Ғазизұлы Саламатов Қазақстан Мұнай министрінің бірінші орынбасарлығына тағайындалды. Сол жылы мен басқарып отырған «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорынына директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Міне, осы сәттен бастап біз бұрынғыдан да жақынырақ араластық.

Мұрат Ғазизұлының директорлар кеңесін басқарған кезеңі «Қазақтүрікмұнай» бірлескен мекемесінің кәсіпорын болып қалыптасуына үлкен септігін тигізгенін ризашылықпен атап өткен жөн. Жоғарыда айтып кеткендей, мұндай шетелдік әріптестермен бірлескен компания Қазақстанда бұрын-соңды болған жоқ-ты. Мұнай операциясын толық қамтитын мекеменің алдында іздестіру-барлау жұмыстарымен қатар кен орнын тауып, оның қорын есептеу, үйлестіру, кеніштен магистральдық құбырға дейін тұрба тартып, сол жерден мұнай өндіріп, салынған инвестицияны кейін қайтару сияқты үлкен міндеттер тұрды. Мұндай ауқымды істі бізге дейін ешбір кәсіпорын біздің елде атқармаған еді. Көлемді барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан компаниядан жергілікті жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге он жеті миллиондай АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінді. Бұл тоқсаныншы жылдардың басындағы қиын кезеңдерде халықтың әл-ауқатының қарқынды дамуына өте мықты ықпал етті. Осындай қиын сәтте жанымыздан табылып, ақыл-кеңес беріп, тығырықтан шығудың жолын сілтеп, мұрындық болған да біз әңгімелеп отырған жайсаң азамат, білімді басшы Мұрат Ғазизұлы еді.

Мұрат Ғазизұлымен алғаш кездескенде-ақ үлкен ақыл-парасаттың, терең білімнің, ұлағатты ойдың иесі екенін сезінгенім анық. Оған қоса, қойған мәселеге байланысты басшы өзіңмен бірге толғанысып, шешімін іздестіріп отыратын тегеурінді де, байсалды еді. Жұмысты да жігін жазып сұрай алатын қабілеті мен салмақты қалпынан шықпайтын қаталдығы да өн бойынан жарасымдық тауып тұратын. Кез келген мәселені байыбына барып мұқият тыңдай да білетін, сол сұрақты орта жолда қалдырмай шеше де білетін, ақылмен арбайтын, біліммен барлайтын тұғыры биік тұлға болатын.

Өндірістің барлық сатысынан өтіп, өмір мектебінің бар ғибратын бойына жиған облыстық, орталық партия комитеттерінде жауапты қызметтер атқарып, шенеунік шендерінен де ширатыла саяси шыңдалған, сөзімен де, ақыл-парасатымен де өзіне бірден баурап алатын, бауырмал Мұрат Ғазизұлымен жұмыс істеген сәттерім, жақсыдан шарапат алған әсерлі де, айшықты есте қалар кезең еді. Қарамағында қанша мекеме болса да, Мәкеңнің шуақты мейірбандығы бәріне бірдей дарып, жетіп артылып жататын. Ол өте ұқыпты жан еді. Жоғары жауапкершілікті де өзінің азаматтық парасатының биік тұғырынан көрсете білді. Жанындағы әріптестерінің ішкі толқуы мен мазалаған ойларын айтпай-ақ сезінетін қасиетіне қайран қалатынбыз.

Өндіріспен тікелей айналысатын министрдің бірінші орынбасарының сан-салалы мұнай-газ өндіру мекемелерінің барлығына бірдей қамқор болып, жоғын жоқтауы мүмкін бе?! Иә, дәл осындай асыл азаматтың үлкен жүрегінен бәрімізге де орын табылып жататын. Бір ғажабы, кәсіпорын басшылары көтерген мәселелерді есінен әсте шығармайтын. Біз сияқты мекемелер өте көп болғандықтан, кейде бір баяндап кеткен түйткілдің түйінін шешу үшін Мұрат Ғазизұлына қайта кіріп шығудың ретін келтіре алмай-ақ қоятынбыз. Сондай бір қалың ойдың үстінде жүргенде: «Әй, Бақытқожа, осы өткендегі мәселені не істеп жатырсың?» - деп, талай рет өзі бастап, сол шаруаны ақырына дейін шешіп беретін ұқыптылығына тәнті болатынбыз. Бұл тек біздің мекемеге ғана жасалған жақсылық емес, осындай қамқорлық басқа да кәсіпорын басшыларына ортақ жағдай еді. Өйткені, өндірістің барлық саласының жұмыс ырғағын жіті бақылап, нендей көмек керек екендігін сезіп отыратын іскер де, байыпты жетекшінің назарынан қандай да шаруаның тыс қалмайтыны анық байқалатын. Мекеме басшыларын толғандырып жүрген мәселелерді «ұмытып кетті-ау» деп жүргенімізде, Мұрат Ғазизұлының өзі қозғап, өзіңмен бірдей ойланып, шақырып алып реттеп отыратындығы осының айғағы болса керек.

Тағы бір тағылымды қасиеті: ол өз елін айрықша сүйетін азамат еді. Елдің абыройы үшін жан-тәнімен атсалысып, туған топырағының қадыр-қасиетін жоғары ұстай білетін нағыз патриоты еді. Сол бір қиын кезде инвесторларды өз дегеніне көндіріп, «Қазақтүрікмұнай» бірлескен компаниясында жұмыс істейтін қандастарымыздың санын тоқсан пайызға жеткізген еді. Бұл сол уақытта қаржы тапшылығынан оңды-солды қысқартуға ұшыраған өндіріс, оның ішінде мұнай-газ саласындағы маман кадрлардың басын біріктірген үлкен бір мекемеге айналды. Және бір қол жеткізген жетістік, шетелдік кадрлар мен отандық мамандардың еңбек ақысы бір деңгейде бағаланып, сол ұстам әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

1996 жылы «Қазақтүрікмұнай» бірлескен компаниясының бірнеше кен орындарынан алғашқы мұнай өнімдерін сынақтан өткіздік. Ол кезде мұнай қорын жинақтайтын құбырымыз жаңадан салынып жатқан-ды. Бізде мұнай қорын жинақтап тасымалдайтын мүмкіндік жоқ еді. Сондықтан мұнай-газ тасымалдайтын мекмелермен шартқа отыру керек болатын. Оның өзінде де бұл мәселе Ресейдің «Транснефть» компаниясының келісімі бойынша жүзеге асатын. Міне, дәл осы жерде де: «Сен «Транснефтьпен» тікелей келісім жаса. Көмек керек болса мен дайынмын», - деп ағынан жарылған Мұрат Ғазизұлының кесімді сөзі маған кәдімгідей-ақ қанат бітіргенін айтып жеткізу қиын. Былай қарағанда, көлемі шағын шаруа болса да, сол жолы алғашқы табысымызды тасымалдау үшін Ресейдің «Транснефть» компаниясынан ұлықсат алып, бүгінгі атқарылып жатқан үлкен іс осылайша Мәкеңнің ұйтқы болуымен басталған еді. Көп ұзамай мұнай қорын тасымалдайтын желі де іске қосылды. Бірақ сол жолы осы мәселе шешімін таппаған жағдайда, «Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорынының мұнай өнімдерін тасымалдау жұмысы біраз уақытқа кейін шегерілетіні сөзсіз еді. Мұрат Ғазизұлының өндірісті терең түсіне білетіндігі сондай, сол бір қиын шақта мүмкіндік шегін толық пайдалануға тырысты. Бұл өз кезегінде мұнай-газ мекемелерінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне, еліміздің ырысының артуына септігін тигізгені анық. Әрі ұйымдастырушы, әрі маман, һәм білікті басшы күні бүгін өндірістің негізгі салаларында жетекшілік етіп жүрген ондаған азаматтардың биік тұғырдан көрінуіне қамқор бола білді. Дархан жүректі Мұрат Ғазизұлымен қанаттас қызмет атқарып «Қазақтүрікмұнай» бірлескен мекемесінің жұмыстарына басшылық жасаған Ибрагим Мұратов геология-минералогия ғылымдарының докторы, ардагер мұнайшылар Қуаныш Сисенбаев, Сисенғали Өтеғалиев және басқа да тәжірибелі мамандар қазір де алдыңғы сапта қызмет істеп жүр.

Абзал аға, ұлағатты ұстаз, көреген басшы бола білген Мұрат Ғазизұлы Саламатов туралы оның адамгершілігі, кішіпейілділігі, елгезектігі, отансүйгіштігі, еңбегі жайлы ұзақ айтуға болар еді. Ең бастысы, Мәкең егемен еліміздің қалыптасуына, көгілдір байрағымыздың биіктей түсуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған азамат екендігін мойындауымыз керек.

Осындай елін, халқын, ұлтын сүйген, егемен Қазақстанның болашағы үшін бойындағы бар қадыр-қасиетін сарқа жұмсап, өзінің жарқын ісін жалғастырар ізбасарларын дайындап кеткен әзиз ағаның пейіште нұры тасысын демекпін. Әмин!...

ЖАҚСЫ БАСШЫ - ЖАРЫМ ЫРЫС
Сейілбек ШАУХАМАНОВ
Қызылорда облыстық

Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Өмір деген күрес, өмір деген жарыс, өмір деген тартыс, өмір деген сын, өмір деген сынақ.

«Атқа мінгенің - ажалға мінгенің», ат.арқасына мініп, ел аманатын арқалап, халықтың көзі мен көкірегінде жүрген азаматқа қойылар талап пен талғам, таразылау өлшемі, берілер баға, айтылар сын тіптен жоғары.

Қай жағынан келсең де, қандай өлшеммен безбеңдесең де, өзінің қысқа да, қызық та, қиын да өмірінің, заманның, қоғамның барлық сынынан сүрінбей, тізесі бүгілмей, басы иілмей өткен атпал азаматтардың бірі - Мұрат Саламатов еді.

Адам өмірінің үш өлшемі бар:

Бірінші өзінің өмір сүрген жасы.

Екінші өз өмірінде атқарған жұмыстарымен, тындырған істерімен өлшенеді.

Үшінші кезең дүниеден өткеннен кейін елдің, халықтың есінде қалған жылдарымен өлшенеді.

Иә, Мұрат Саламатовтың жемісті, жеңісті, жанқиярлық, жасампаздық ерлік еңбегі, іскерлігі мен ыждағаттылығы, кәсіби біліктілігі мен білгірлігі, жоғары адамгершілігі мен азаматтығы қызылордалықтардың мәңгілік есінде қалды.

Біздің өңір Қазақстанда өнеркәсібі дамымаған, табиғи экологиялық жағдайы ауыр, экономикасы әлжуаз аймақтардың бірі болатын. Мұнай, газ дегенді есіткендері болмаса, ешкім де көрмеген, бұл салада бірде-бір арнаулы орта, жоғарғы білімі бар маман, кәсіби жұмысшы кадры жоқ, техника, база, жол, су, электр қуаты... ештеңе де жоқ, құлазыған қу дала. Міне, осыншама жоқтардан, нөлден бастап бар жасау, бұл өңірге Алла берген байлықтың көзін aшy М.Саламатовтың пешенесіне жазылған екен.

Мұрат Ғазизұлы Қызылордаға «Маңғышлақмұнай» бірлестігі мұнай өндіру басқармасының бастығының орынбасары қызметінен келді. Ол білікті маман, іскер ұйымдастырушы, өндірісте, облыстық, орталық партия комитеттерінде мол тәжірибе жинап, үлкен тәрбие мектептерінен өтіп, ауқымды істерді ұйымдастыруға, жауапты шешімдер қабылдауға дайын пісіп, жетіліп, қалыптасқан салиқалы басшы болып келді. Бірінші күннен бастап жергілікті басшылықпен, елмен, аймақтың атқамінер азаматтарымен тіл табысып, түсінісіп, қоян-қолтық араласып, игілікті, ізгілікті іске қызу кірісіп кетті. Жұмысты бастау үшін Газли аймағынан 40, Маңғыстаудан 30 мұнайшы кадрлар алып келді. Қалғанының барлығын жергілікті кадрлардан жасақтады. Оларды жалықпай күні-түні іздеді, таныды, тапты, оқытты, тәрбиеледі, өсірді. Қызылорда политехникумының жанына арнайы білімі бар мұнайшы кадрларын дайындайтын факультет аштық. Қазір М. Саламатовтың бірнеше жүздеген шәкірттері, кәсіби мұнайшы, ірі өндіріс, сала басшылары болып тәрбиеленіп, ел байлығын еселеп өсіруде. Олар: Оңғарбаев Имамадин, Бергенбаев Есқожа, Үдербаев Мұрат, Тәуекелов Жақсылық, Атаниязов Сүлеймен, Шаменов Серік, Қыстаубаев Қабылбек, Бексары Жанабай.

«Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» деген, Саламатов болса осы азаматтарға сенді, осы азаматтарға сүйеніп үлкен істер атқарды.

Айналдырған үш-төрт жылдың ішінде Саламатов «Құмкөл» кенішін игерудің өндірістік, әлеуметтік, тұрмыстық проблемаларын түгел шешіп шықты.

1990 жылдың 9 мамыр күні Қазақстан өнеркәсібі тарихына алтын әріппен жазылды. Дәл сол Жеңіс күні «Құмкөл» кенішінен тұңғыш рет қара алтын - мұнай атқылады.

Міне, осы күннен бастап Қызылорда мұнайлы, өндірісті өңірге айнала бастады. Сол кезде «Құмкөл» мұнай кенішін игеру тізгіні «Маңғышлақмұнай» бірлестігінде болатын, бізде тек оның басқармасы ғана болды. Осындай алыстағы мақсаты мен мүддесі бөлек басқа облысқа, ондағы бірлестікке деген тәуекелділік көптеген қосымша қиындықтар мен кедергілерге душар етті. Мұндай келеңсіз жағдай тек мұнай саласында ғана емес, темір жол, аяқ киім, тігін фабрикалары, институт, сауда техникумы, жобалау институты т.б. ұжымдар сыртқа бағынышты болды. Мұндай ретсіз бағынушылық, жөнсіз, жосықсыз алыстан басқару олардың өсіп-өркендеуіне айтарлықтай кедергі келтірді, ұжымдардың ынта-ықыласына, еркіндігіне кері әсер етті, тежеу болды. Оларды «филиал» деп атады. «Филиалдар» өгей қыздың күнін кешті. Шаруашылықтың мыңдаған мұқтаждығы ине мен шегеге дейін сырттан шешілгесін не оңсын!..

Қазақстан тәуелсіздік алып, егеменді ел болғасын біздің облыстың барлық «филиалдарын» жойып, оларға тек орталыққа ғана бағынушылық құқығын, экономикалық еркіндік алып бердік. Біз мұндай батыл қадамды ең негізгі, шешуші сала мұнай өнеркәсібінен бастадық.Мен 1990 жылы одақтың мұнай-және газ өнеркәсібі министрі Л.И.Филимоновқа арнайы барып, келесі жылы облыста дербес өндірістік бірлестік құруға келістік. Осы келісімнің аясында 1991 жылдың көкек айында мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Қазақ КСР-нің Қызылорда облысында мұнай өндіруді ұйымдастыру үшін «Оңтүстікмұнайгаз» өндірістік бірлестігі құрылды. Оның бас директоры болып Мұрат Саламатов тағайындалды. Болашақты кеңінен, тереңнен ойластырып, келешек Республиканың Оңтүстік аймағынан шығуы мүмкін мұнай мен газды игеру, ие болу мақсатында бірлестіктің атын осылай қойдық. Осылай Қызылорда да жаңа, жас мұнай өнеркәсібінің негізі қаланды.

Л.И. Филимонов облысқа арнайы келіп, мұнай тетігін өз қолымен ашып, қара алтынды атқылатып, мұнайшылардың дәстүрі бойынша қара маймен бетін шайып, байлықтың көзін ашып, игілікті істің тұсау кесерін жасады. Министр жас, жаңа бірлестіктің, ұжымның жұмысына оның алғашқы нәтижелеріне риза болып, бірлестіктің алдағы уақытта өсіп-өркендеуіне байланысты ауқымды қаржылық, материалдық, техникалық жарақтандыру проблемаларын түбегейлі шешіп кетті. Министрдің сол сапарындағы мырзалығымен бөлінген мол ресурстар бірлестіктің 4-5 жыл мұң-мұқтажсыз, өнімді жұмыс істеуіне жол ашты. Сөйтіп, біз «Маңғышлақмұнай» бірлестігіне деген бес жылғы тәуелсіздіктен біржолата құтылдық. Дербес, жедел өсу жолына түстік.

Мұнай өндіру 1995 жылы бір миллион 700 мың тоннаға жетті. 3 миллион тоннаға жеткенде облыс өзін-өзі қаржыландырып, өзін-өзі қамтамасыз етеді деп есеп жасадық. Әлемнің мұнайлы аймақтарының бәрі өз дәрежесінде жылдам өсіп-өркендеген, оларда, егер жан басына бір тоннадан мұнай өндірілсе, ол аймақтың халқының мұң-мұқтажы болмайды деген қағида бар. Біздің облыста қазір жан басына 20 тоннаға жуық мұнай өндіріледі, ал халықтың мұң-мұқтажы шаш етектен...

Мұрат Саламатовтың елдің есінде қалған азаматтық ерлігі, елжандылығы осы мол байлықты жергілікті халықтың игілігіне бағыттаудан бастау алады. Шындығында бұл байлықтың иесі де, киесі де жергілікті халық қой. М. Саламатовтың іскерлігінің арқасында сол жылдары өндірістік, тұрмыстық база жасалынып, әлеуметтік құрылыстар да көптеп салынды, жеңіл автокөліктер келтіріліп, жұмысшыларға арзан бағамен сатылды, ұжым мүшелерін, облыс халқын өндірістік-тұрмыстық товарлармен, құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтамасыз ете бастады. Көптеген қызылордалықтар үйлі болды, көлікті болды, мүлікті болды. Біз Мұрат екеуміз іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында Израиль, Италия мемлекеттеріне іссапармен бардық.

Израильдің ірі іскер азаматтарымен әріптестік қарым-қатынас орнаттық. Соның нәтижесінде облысқа сүт өңдейтін, одан 10-15 түрлі өнім шығарып, оны ыдыстандыратын, Израильдің өзінде қолданылатын 10 кіші сүт зауытын алып келдік. Құны 5 миллион доллар тұратын, өсімдікті тамшылап суаратын әлемдік озат технологияны Жаңақорған ауданында жүзім өсіруге енгізіп, жүзім шарабын шығара бастадық.

Финляндиядан әлемдік үлгідегі ет зауыты сатып алынды. Облыстағы экономикасы нашар «Қараөзек» қой совхозы мұнайшылардың балансына беріліп, оның өндірістік, әлеуметтік мәселелері оң шешімін таба бастады.

1995 жылдың аяғына таман мұнай өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың жалпы саны бес жарым мыңға жетті. Әрбір аудан орталығында арнайы мұнайшылардың есебінен дүкендер ашып, халықты азық-түлік, тұтыну товарларымен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Қызылордалықтар үшін мұнайдың арқасында шешілген ең ірі, ең өміршең мәселе - ол ТМД мемлекеттерінде теңдесі жоқ облыстық Денсаулық сақтау орталығының салынуы. Бұл ғимарат шын мәнінде халқымыздың игілігіне, бақытына, байлығына айналды. Міне, осыншама жақсылықтарды, жаңалықтарды халық Саламатовтың есімімен байланыстырып, есте сақтауда.

Барлық дәрежедегі басшылар елге, халқына, ұжымға бақ та болып келеді, сор да болып келеді. Саламатов Мұрат елге, халыққа бақ болып келді.

Кейін Мұрат Саламатов министрдің орынбасары қызметіне ауысып кетті, мен Сенатқа кеттім, байлықтың тізгіні шетелдік инвесторлардың қолына берілді.

Өкінішке орай, соңғы он жылдың үстінде осындай жоғарыда аталған жақсы жұмыстар, батыл бастамалар, құтты қадамдар, игілікті істер өзінің жарасымды жалғасын таба алмай қалды. Мұрат Саламатов елдің есінде өзінің іскерлігімен, қарапайымдылығымен, қанағатшылдығымен қалды. Бәрі де елге болсын, жұртқа болсын, азаматтарға болсын деді. Өз басына елден артық ештеңе жасамады, дүние жинамады, жылтырағанға қызықпады.

«Алтын көрсе, періште де жолдан шығады» деген ғой. Мұрат болса, қара алтынның ортасында кешіп жүріп жолдан шықпады, дініне, діліне берік болды, өзінің тектілігін, бекзаттығын көрсетті.

Қазіргі заманда бұл сирек кездесетін жағдай, теңдесі жоқ кұндылық, ең жоғарғы адами, заманауи қасиет. Шіркін-ай, атқа мінген азаматтарымыздың бәрі де осындай болса қандай халық, қандай мемлекет болар едік деп армандайсың.

Міне, Мұрат Саламатовтың тегі, қаны, жаны, тәрбиесі, өмірі, өнегесі, осындай азамат.

АЛАУМЕН АЖАРЛАНҒАН АДАМ
Естеліктер. Мақалалар 149
Оңашбек САПИЕВ
Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының депутаты.

1988 жылы қызмет бабымен Тасбөгет ауданының 1-ші хатшысы болып ауыстым. Үй алып, отбасымды көшіріп әкелгенше қонақ үйге орналастым. Осы жылы «Құмкөл» мұнай кенішінің де жұмысы басталып, оған өндіріс басқармасының бастығы болып «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігінің орынбасары Мұрат Ғазизұлы Саламатов тағайындалды. Қызмет бабымыз әр сала болғанымен, қарым-қатынасымыз, таныстығымыз осыдан басталды.

Мұрат Ғазизұлының жұмысы сан-салалы ауыртпалығымен келді. Кадр жетіспейді, техника жетіспейді, қаржы тапшы, барлық мәселелерін тек өзі шешуге тура келді. Іс сапарымен бармаған жерлері жоқ. Москва, Алматы, Түркменстан, Өзбекстан, Қарақалпақ автономды республикасына - бәрінен сұраныс, Ақтау, Ақтөбе қайтесіз, әйтеуір адам миы шаршайтын ауқымды жұмыстар атқарып жүрді. Кезіккенде пікірлесеміз, қарапайым, әңгімешіл, дипломат қайда жүріп, қайда тұрмасын жұмысын тиянақты шешіп келетін. Сол кездегі обкомның бірінші хатшысы Еркін Нұржанұлы Әуелбеков көп көмек көрсетті, қамқорлық жасады. Осы бір ауыр жұмыстың тезірек шешімін табуына, дамуына Мұрат Ғазизұлының іскерлігі, жұмыс тәжірибесінің молдығы, еңбекқорлығы, ұлтына деген жанашырлығы себеп болды. Оқу бітіріп келген мамандарды қызметке алып, әлеуметтік мәселелерін шешіп, қамқорлық жасады. Мен ауданда, обкомда, облисполкомда қызметте жүргенімде де кезігіп, ақыл-кеңесіміз үзілген жоқ.

Сыр еліне мұнай өнеркәсібінің ашылып, оның жоғарғы дәрежеде жұмыс істеп кетуі үлкен жақсылық әкелді. Аудан басшылары, шаруашылық басшылары Мұрат Ғазизұлымен тікелей байланыста болып, дайын мұнай өнімдерін алып тұрды, арзан бағамен де, төлемақысын төлемегендер де болды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретінде кейінгі уақыттарда шетелде де, өзіміздің бұрынғы одақ кезіндегі мемлекеттерде де іс сапармен жүруге тура келеді. Соның бірі -сыр еліне сапар шегіп, халқымен кезіккенде, «Оңтүстікмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің шаруашылығын, оған басшы болып, осы өңірдің қара домалақ балаларын оқытып, қызмет жасаттырып, алға тартқан басшы Мұрат Ғазизұлы Саламатовқа деген ықыластары ерекше болды.

Мұнай - елдің ырыздығы. Қазақ мұнайының тарихын білу, оны зерделеу уақыт талабы. Еліміз өз тәуелсіздігіне қолы жеткеннен бері өркениетке бет бұрды. Болашаққа деген қадамдары нық, келешек айқындала түсуде. Осы орайда мұнайлы өлкелердің ішінде еліміздің мұнай-газ өндірісіне «Құмкөл» мұнай кенішінің қосып отырған сүбелі үлесі бар.

Қырық жылдан астам өмірін мұнайлы өлкенің өсіп-өркендеуіне арнаған Мұрат Саламатовты қалай дәріптесек те артықтығы жоқ. Әсіресе «Қара алтыннан» қазына құйған мұнайшылардың жүрегінде жатталып қалғаны сөзсіз. Осы аз ғана ғұмырының өзінде бір адам емес, мың адам атқаратын жұмыс жасады. Қазір айта салғанға жеңіл көрінгенмен, сол тұстағы қиямет-қайымды құдай басқа бермесін. Ептеп шет жағасын көзім көрді. Мұрат таңның атысы, күннің батысы аттан түскен жоқ. Абырой-беделді осындай жанкештілігінің арқасында тырнақтап жиды. Басшы екенмін деп ешкімге қылдай қиянат көрсеткен жоқ. Қайта адамзат баласына деген мейіріммен, кішіпейілділікпен халқының жүрегін жаулады. Содан да болар қызылордалықтар Саламатовты айтқанда, асыл сөзбен аспанға бірақ шығарады. Бұл және тұлғалы азаматқа жарасып-ақ тұр. Жер қойнауынан кен ағызған кемел азаматтың бейнесі жылдар өткен сайын асқақтай түсері сөзсіз, ол жаққан алау өшпек емес.

М.САЛАМАТОВ – ПРОФЕССИОНАЛ С БОЛЬШОЙ БУКВЫ
Г.К. КЕШУБАЕВ
АО «Казахстанский холдинг» «Самрук»

директор по управлению нефтегазовыми активами.

Сегодня не модно писать о людях труда, ветеранах, ибо мало кого интересует их огромный, беззаветный труд на благо своей страны. Но без этого нельзя понять историю страны, без этого не воспитать у молодых чувство патриотизма, чувство ответственности за себя и своих близких.

В нефтяной промышленности немало людей, как руководителей, так и рядовых работников, посвятивших всю свою жизнь любимому делу и заботе о благе окружающих его людей. Таких людей украшают не только их личные человеческие качества, но прежде всего их дела. Именно таким мы запомнили Мурата Саламатова - человека, много сделавшего для развития казахстанской нефтяной промышленности.

Я познакомился с Муратом Газизовичем Саламатовым в октябре 1972 года на месторождении Узень. В том году я окончил Казахский политехнический институт и был направлен на работу в нефтегазодобывающее управление «Узеннефть». Специальность моя - «Автоматика и телемеханика», поэтому был зачислен мастером в цех автоматизации производства.

Главными целями автоматизации в тот период (1971-1974) было обеспечить автоматический замер дебитов скважин, и, во-вторых, организовать «безлюдную» работу нефтепромыслов в ночное время. Обе цели были продиктованы необходимостью снизить отрицательное влияние «человеческого фактора».

Залиха Исшановна и была инициатором моей первой встречи с начальником РИТС-2. Это было буквально на первой неделе моей трудовой деятельности. Поводом и темой беседы было неудовлетворительное положение с замерами скважин. Первое, что бросилось в глаза, - это галстук Мурата Газизовича. Поразил и тон Мурата Газизовича. Он спросил, давно ли я работаю на его промысле. Узнав, что я только что со студенческой скамьи, он начал рассказывать о месторождении, о своем нефтепромысле, о текущих задачах и трудностях. Все это он плавно подвел к проблемам с замерами. Именно тогда я понял, что для этого человека важно не просто найти «стрелочника» в проблеме, а помочь этому «стрелочнику» (в данном случае мне) ощутить значимость своей работы, установить рабочий контакт со смежными службами. Видимо, не зря руководство НГДУ «Узеннефть» в качестве полигона широкомасштабного внедрения автоматизации производства выбрало РИТС-2. Такой руководитель, как Саламатов, несмотря на свою молодость (а было ему тогда всего 30 лет), умел работать с людьми, доверять им, хорошо знал производство и успешно управлял им.

Говоря о Мурате Газизовиче, нельзя не упомянуть хотя бы несколько человек из возглавляемого им коллектива. На РИТС-2 работало немало людей, искренне болевших за успех дела, ставших истинными передовиками производства и добившихся высокого уважения людей. Старшим оператором на групповой установке № 55 работал ветеран Айтниязов Анес, избранный потом в Верховный Совет Казахской ССР. На групповой установке № 85 работал самый молодой среди старших операторов Жармагамбетов Туремурат. Его установка отличалась необычайной ухоженностью и порядком. Имея высочайшие показатели в производстве, он успевал заниматься и общественной работой, вплоть до художественной самодеятельности. Он стал первым орденоносцем среди комсомольцев НГДУ «Узеннефть», в 1974 году был избран делегатом XVII съезда ВЛКСМ. Позже он, когда получил диплом инженера, был выдвинут на должность заместителя начальника цеха подземного ремонта скважин, где показал себя как талантливый организатор. Всех их, как и Мурата Газизовича, объединяла преданность делу, честное отношение к людям.

Второй этап встреч с Муратом Газизовичем связан с его работой в производственном объединении «Мангышлакнефть» в должности заместителя генерального директора по быту и кадрам. Основные объекты коммунально-бытового хозяйства и 70 процентов трудовых коллективов «Мангышлакнефти» были тогда в г.Новый Узень, поэтому Саламатов половину времени проводил в этом городе. Тем более что поводов для этого было предостаточно: в городе не хватало пресной воды (не хватает и сейчас), к тому же она была ржавой, плохое качество воды приводило к преждевременному износу котельных агрегатов, те не справлялись с выработкой тепла, к тому же рос жилой фонд города и так далее.

Мурат Газизович был назначен на эту должность в 1981 году после работы в аппарате ЦК Компартии Казахстана, где получил большой организаторский опыт. Я к тому времени работал в городском комитете партии заведующим промышленно-транспортным отделом, а первым секретарем был Бекбосынов Нурлыхан Утеуович. Бекбосынов и Саламатов хорошо знали друг друга. Они относились друг к другу с высоким уважением. Но в работе оба были принципиальны, не прятали острые вопросы из-за нежелания обидеть другого. Наверно, это качество обоих сыграло немаловажную роль в том, что к отопительному сезону 1981-82 годов теплоснабжение в городе стало более или менее сносным.

Третий этап моих встреч с Муратом Газизовичем связан с освоением месторождения Кумколь. В 1987 году Миннефтепром СССР принял решение о вовлечении в разработку месторождений Тургайского прогиба, при этом поручив эту работу производственному объединению «Мангышлакнефть». На практике это означало то, что основные ресурсы: капиталовложения, буровое и другое оборудования будут взяты из фондов «Мангышлакнефти».

Во второй половине 1988 года я посетил месторождение Кумколь, перемены были налицо. Половина вахтового городка была уже возведена и выглядела как картинка из зарубежных журналов. Технология бытового обслуживания была заложена не хуже венгерского поселка на месторождении Тенгиз, хотя строили свои строители по своим проектам. Временный поселок буровиков также выглядел опрятно. Вырос большой временный вагон-городок строителей с собственной электростанцией и баней. Но главным было то, что более десятка скважин были уже обустроены и готовы к эксплуатации. Установка по подготовке нефти, головная станция по закачке нефти в магистральной нефтепроводе и электростанции строились ускоренными темпами.

Четвертый этап моей работы с Муратом Газизовичем начался в 1994 году, когда он был назначен президентом Государственного холдинга «Мунайгаз», а спустя полгода -Первым заместителем Министра нефтяной и газовой промышленности Республики Казахстан. С 1992 года я работал начальником Управления внешнеэкономических связей в Миннефтегазпроме.

Стиль его работы с годами не изменился. Так же собственноручно вел записи в тетради, так же слушал собеседника обстоятельно, внимательно. Но при этом сохранил прежнюю требовательность за порученное дело, умение четко планировать рабочий день. Проявилась и новая для меня черта Мурата Газизовича - стремление к новым знаниям. Как уже было отмечено, я работал в Управлении внешних связей, главной задачей которого была работа с иностранцами, каждого из которых мы рассматривали как потенциального инвестора. Их приходилось выслушивать по целым дням. Наиболее интересные я докладывал руководству Министерства. Реакция Мурата Газизовича была, как правило, заинтересованной. Часто он просил пригласить авторов для более детального представления идеи, на таких презентациях вопросов задавал немного, но в самую суть. Ряд таких идей были воплощены в жизнь.

Особо надо сказать о таком качестве Мурата Газизовича, как патриотизм. В 1995 году я был назначен заместителем Министра по вопросам внешнеэкономической деятельности и новым проектам. В этом качестве я работал с Муратом Газизовичем в совместном Комитете Управления Карачаганакским проектом, Совете Директоров СП «КазТуркМунай», участвовал в различных межведомственных комиссиях по ряду других проектов.

Как специалист и руководитель он понимал необходимость привлечения иностранных инвесторов. Но при этом боролся за каждый доллар казахстанской выгоды. Должен отметить, что такова была позиция Министерства в целом. Возглавлявший Министерство Н.У. Балгимбаев имел опыт работы в США, что давало ему по сравнению с другими членами Правительства лучшее понимание конкретной ситуации. Например, Миннефтепром был против приватизации газотранспортной системы. Время показало, что концессия магистральных газопроводов ничего не дала республике, т.е. подтвердило правоту специалистов. Сегодня право концессии газотранспортной системы выкуплено государственной компанией.

Иностранные специалисты, начавшие работу в Казахстане, быстро оценили уровень знаний Саламатова М.Г. и степень его твердости при отстаивании позиции республики. Соответственно и уважали.

При создании Национальной компании «Казахойл» мы перешли в нее: Мурат Газизович -первым вице-президентом, я - вице-президентом. Тот момент времени характерен тем, что в стране сложилась профессиональная команда нефтяников, которая могла бы стать костяком отрасли. Большой вклад в создание этой команды вместе с ее основателем -Министером Балгимбаевым Н.У. внес и Мурат Газизович. Многие из этой команды сегодня трудятся в различных сферах, но все мы помним этот командный дух и энтузиазм того времени.

Были у меня в этот период встречи с Муратом Газизовичем и в неофициальной обстановке. Он обладал огромным кругозором, много знал из истории Центральной Азии, из казахских легенд и эпоса. Не обходилось и без обсуждения политики. Каждая такая встреча была для меня школой, потому что каждый раз Мурат Газизович демонстрировал особенную грань своего таланта.

К сожалению, четвертый этап стал последним. Уход из жизни Мурата Газизовича был большим ударом для нас, ближайших его последователей. Но то, что он оставил после себя - промышленные объекты и десятки руководителей, выросшие под его крылом -всегда будут живой памятью о нем.

КОРОТКАЯ, НО ЗАПОМИНАЮЩАЯСЯ ВСТРЕЧА
Естеліктер. Мақалалар 155
Берик КАНИЕВ
вице-президент АО «Lancaster Group Kazakhstan»

...Я лечу из Москвы из командировки в эконом-классе. Думаю о делах насущных. Неожиданно появляется Мурат Газизович и удивленно смотрит на меня. После нескольким минут молчания произносит:

Давай договоримся так: чтобы я больше не видел, что ты летишь эконом-классом.

Недоуменно хлопаю ресницами и теряюсь в догадках такого заявления.

Вот если бы ты сейчас сидел в бизнес-классе, то за четыре часа полета столько бы дивидендов накопил на всю жизнь, - продолжает он. - Там летят многие высокопоставленные лица, министры с которыми ты бы мог обсудить массу проблем и заодно решить много вопросов. И, конечно же, обзавелся бы нужными связями. А ты сидишь здесь и упускаешь такой шанс...

Почему я вспомнил этот случай? Просто тот разговор в самолете изменил мое отношение ко многим аспектам жизни. И дело здесь не в том, чтобы показать - вот, мол, я летаю в бизнес классе, значит я другой. Нет, просто Мурат Газизович умел ценить время и людей, с которыми его сводила жизнь. И сумел привить это нужное качество нам - своим подчиненным. С тех пор я часто прибегаю к его советам, которые всегда будут со мной. Да, столько лет прошло, а все как вчера. И уже девять лет, как нет Мурата Газизовича с нами, но его дела и слова все еще приносят дивиденды его ученикам.

Мое первое знакомство с этим удивительным человеком произошло заочно. Мой отец и Мурат Газизович жили в одном поселке в Актюбинской области, и папа преподавал ему физику и математику. Вот такие повороты бывают в жизни. Когда я был мальчишкой, то часто слышал, как отец с восхищением отзывается о незаурядных способностях Мурата Газизовича. Тот уже был одним из ведущих специалистов нефтяной промышленности страны. Я тогда и предположить не мог, что наши жизненные пути пересекутся. Но судьба решила иначе, и в 1998 году я попал работать под начало Мурата Газизовича, который тогда занимал пост первого вице-президента Национальной нефтяной компании «Казахойл». Никогда не забуду свой первый рабочий день и встречу с ним.

Это был человек, опередивший свое время. В нем ярко сочеталось то, что ныне свойственно лишь избранным: талант исследователя, глубокий интерес к естествознанию, лидерские качества и человечность.

Я помню твоего отца, - сказал он мне при первой встрече.

Он был строгий, но прогрессивный преподаватель. Надеюсь, ты унаследовал его целеустремленность.

Должность вице-президента по маркетингу, который отвечал за транспортировку, реализацию нефти и поставку оборудования была очень ответственна, а я был молод и амбициозен. Мурат Газизович понимал это и всегда старался сдерживать мои эмоциональные порывы. Бывали случаи, когда мы жестко спорили с ним.

«Вы наши преемники, - говорил он, - должны понимать, что где-то в Узене, многие люди живут в других условиях»

Оглядываясь назад, понимаю, что он имел в виду. Он действительно болел всей душой за производство. Мы же тогда думали о насущных делах. И Мурат Газизович по-отечески пытался нас уберечь от ненужных ошибок. Ему не нужно было читать нотации подчиненным, хватало одного его взгляда, чтобы понять, что ты не прав или где-то не выложился, как говорят, на все 100 процентов. Когда мы заходили к нему в кабинет, то испытывали определенное волнение. Просто это был руководитель, который словам предпочитал дело. Порой в министерстве было проще отчитаться, чем держать ответ перед ним. Он прошел все ступени карьерного роста от горного инженера до первого руководителя, и производство знал на отлично.

Помню, однажды вызвал меня в кабинет. Он был очень занят, поэтому что-то спросил у меня, не помню что, записал на бумажку и сказал, что я могу идти. Еще несколько дней я ждал, что разговор будет продолжен. Дело в том, что если Мурат Газизович что-то записывал на бумажку, то нужно было готовиться к отчету. Он был очень педантичен в ведении дел, никогда ничего не забывал и всегда был в курсе всего, что происходило на производстве. Такого же отношения к работе требовал и с подчиненных. Он очень мало думал о себе - действительно жил, как это ни высокопарно звучит, интересами своей страны и народа.

Мы проработали с ним только один год, но ощущение что знал я его с десяток лет. Сейчас стараюсь, как он, быть дальновидным и целеустремлённым, хотя может это не всегда получается. И еще всецело отдаваться любимому делу.

Помню ли я Мурата Газизовича?! Да я его никогда и не забывал...

СРЕДА И ВРЕМЯ ФОРМИРУЕТ ЛИЧНОСТЬ...

Естеліктер. Мақалалар 157.

Сагин ТАЖИКЕНОВ, бизнесмен.

Совсем недавно мы были молодыми, полными сил и надежд на будущее. Казалось, молодости нет конца, и никто из нас тогда не думал, что не все из наших друзей дойдут до совместной старости.

Один из тех близких семейных друзей, кого мы рано потеряли - Мурат Саламатов. Трудно мне о нем писать длинные вспоминания.

Во-первых, я не нефтяник и с Муратом совместно не работал, если не считать тот короткий период 1983-1986 годов, когда я возглавлял Мангышлакское монтажно-наладочное управление (ММНУ) «Союз нефтеавтоматики» и был подрядчиком нефтяников по Западу Каз. ССР.

Во-вторых, воспоминания относятся к мемуарной литературе, которую любят определенная читающая публика и они выискивают в этой литературе не только сведения о герое воспоминаний, но и пытаются понять дух того времени. Последная -ответственная задача, не каждому удается дух прошлого времени донести до читателя.

Впервые мы с Муратом близко познакомились в майские праздники 1973 года в доме ныне покойного Шайманова Саттара, который впоследствии был первым главным бухгалтером «Кумкольнефти». Мурат в то время работал помощником первого секретаря, недавно созданного Мангышлакского обкома партии Ашимбаева Т.А. По жизни мы шли параллельно, без служебной конкуренций и карьерной или меркантильной заинтересованности друг в друге. Но каждая встреча с ним, вне его служебного времени, была праздником для меня и, надеюсь для многих его друзей и коллег. Тому была веская причина - не было у Мурата никакой спесивости и чванства. Он одинаково легко общался с рабочими, специалистами и большими руководителями того периода.

Можно в хронологическом порядке рассказать, как мы женили Мурата, как еще в утробе матери выхаживали прогулками у моря сына Мурата - Адели, как мы везли тело умершего отца Мурата в Актюбинск и из-за бурана больше суток просидели в морозном аэропорту г. Оренбурга, как Мурат, возглавив только организованный «ГХКМунайгаз» со всей командой поселились в мое частное здание АО «Сайман» (мой «вклад» в нефтеотрасль -первый «шанырак» в г. Алматы «ГХКМунай-газа») и по-дружески забрал моего водителя и секретаря к себе. Подобных воспоминаний множество, но все это личное и не очень интересно читающей публике. Важно - какой человек был Мурат. Он был Азамат во всем. Любил жизнь во всех ее проявлениях. Прекрасно разбирался в людях, понимал и легко прощал слабости отдельных окружающих его людей. Умел достойно держать себя в любой обстановке.

Известно, среда и время формирует личность. Время второй половины 70-х годов прошлого века на Мангышлаке было удивительным для всех приехавших в это время в благословенный и расцветающий край адайцев. Десятки тысяч рабочих, инженеров, в т.ч. выпускники нашего политеха и других вузов большой тогда страны, с ходу включались в жесткий трудовой ритм края. Приобретали бесценный производственный опыт и трудовую закалку на всю жизнь в нефтяном Узени и Жетыбае, урановом Шевченко. В трудовой обстановке формировались нравственные качества людей поколения Мурата и его друзей нефтяников. Они были трудоголиками с внутренним благородством во взаимоотношениях между собой и незапятнанной честью нефтяника перед народом. Жаль, что до сих пор нет величественного памятника в г.Актау тем, кто в 60-70 годы прошлого века закладывал основы для освоения богатств Мангыстау, являющиеся сегодня одной из главных экономических опор суверенного Казахстана.

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ – МҰРАТ АҒА
Естеліктер. Мақалалар 157
Ізтұрған БАЙМҰХАНОВ

«ҚазГерМұнай» БК ЖШС Бас директоры.

Қызылорда қаласындағы қазіргі мұнайшы Ізтұрған Баймұханов ізет көрсетіп, жылы сөзбен болмыс-тұлғасын даралап танытуға тұрарлық азамат екен. Олай дейтінім, осы өңірге арнайы іс сапармен барғанымда түсіністікпен қабылдап, оң қабақ танытты. «Жақсының жақсылығын айт» деп жатады ғой атам қазақ мұндайда.

Мұнайшы Мұрат Саламатовтың Сыр еліне сіңірген еңбегі туралы естелік іздеп жүргенімді жеткізгенімде, әр пікірімді асқан зейінмен тыңдай отырып, қолдан келер көмегін аямайтынын айтты. Өзі де шешіле әңгімелесіп, істиар мұнайшы туралы көкейіне түйгендерін қағаз бетіне түсіріп беретінін білдірді. Қатты қуанып қалдым. Тұлғасына бүкіл іс-қимылы сай нағыз қазақтың кеңқолтық азаматы екен ғой деген байламға келдім. Атаның емес, адамның баласы болғанын дәл қазіргі еңбегімен дәлелдеп келеді. Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты бола жүріп, жергілікті тұрғындардың сұранысын қанаттандырып отырады екен. Бүкіл қаланы газбен қамтамасыз ететін де осы «ҚазГерМұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Рухани жағынан да демеуші болып, қаламгерлер мен өнер адамдарына өзгеше көзқараспен қарайтын көрінеді. Оған мысал ретінде «Қоғам» атты газеттің қолдаушысы екенін айтсақ та жеткілікті шығар.

Берген сертке болаттай берік Ізекең көп ұзамай-ақ газет бетіне М. Саламатов туралы толғаныстарын жарық еткізді. Төменде сол материалмен таныса аласыздар.

Бір заманда киіктер жосыған құба дала бауырынан жарылып, жеті қат жер астынан қазынасын ақтарып жатса, адамның құдіретіне таң қаласың. Таң қаласың да, бұйрат құмдардың табанына қазық қағып, бұрғы жүгіртіп, қауға салған жандар туралы ойланасың. «Құмкөл» кенішінің тарихын парақтасақ, оның алғашқы бетінде есімін алтын әріппен оймыштап жазған майталман мұнайшы, «қара алтын» кәсіпшілігінің білгірі, ірі өндіріс ұйымдастырушысы Мұрат Ғазизұлы Саламатов тұрар еді.

Біздер, орта буын өкілдері, ол кісімен етене жақындасып, қоян-қолтық еңбек етпесек те, Қазақстан мұнайының ардагерін қашан да құрмет тұтып, қастерлейміз. Мәкең туралы естеліктерді есіміз шыға тыңдап, анық ағаның тәліміне, тәжірибесіне, адамгершілік парасатына тәнті боламыз, «ұқсап бағамыз». Үлкенге қарап бойымызды да, ойымызды да түзейміз. Қазір Қызылорда мұнайын игеруге қатысып жүрген ұлттық мамандарымыздың көпшілігі Мұрат Ғазизұлының тәрбиесін көргендер. Егер облыс бюджетінің жартысынан астамы мұнай компанияларынан түскен салық төлемдерінен кұралатынын ойласақ, Мәкеңнің мәңгілік ісінің қайтарымын көрер едік.

Құдайға шүкір, мұнайдың арқасында Сыр өңірі өркендеп, өрісін кеңге жайып келеді. Жаңа кендер көзі ашылуда. Инвестиция құйылып жатыр. Әлеуметтік саланың әулетін көтеруге барынша көңіл бөлінуде. Соның бір мысалы, мен басқаратын «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорны» ЖШС аймақтың дамуына 3 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп, Қызылорда қаласындағы, Тасбөгет кентіндегі тұрғын үйлердің өжірелерін тазалап, техникалық жағдайын реттеп, көшелерге асфальт төсеп жатырмыз. Рухани мәдени саланы өркендетуге де қомақты қаржы бөлдік. Алдағы уақытта да бұл үрдісімізден жаңылмайтын шығармыз. Себебі, жер байлығы халықтың өзіне бұйыруы тиіс. Атақты мұнайшы Мұрат Ғазизұлы Саламатовтың да арман-мұраты сол болатын. Кейде менің көңілім жақсы істерге бұрылып тұрса, Мәкеңдей ағалардың аманатын орындап жүргендей сезінемін.

Жақында қолыма семейлік қаламгер Мұратбек Оспановтың Мұрат Ғазизұлы туралы жазған «Мұнайшы» дастаны тиді. Бас алмай оқып шықтым. Әдемі дүние екен. Атақты мұнайшының өмірбаяны, еңбек жолы, жан тебіренісі, туған елге деген өлшеусіз махаббаты жыр тілімен барынша өрнектелген. Ол кісінің өнерге деген құштарлығын да осы шығармадан ұқтым. Қанаттандырды, қиялымды тербетті. Ағадай болсам деп тебірендім. Мәкеңнің Сыр өңірінде бірге қызмет істескен үзеңгілес достарына, әріптестеріне, інілеріне деген құрметім бұрынғыдан да ұлғая түсті.

«Жақсының аты өлмейді» деген рас екен. Алаштың ардақтысы Мұрат Ғазизұлы тірі болғанда биыл 65 жасқа толар еді. Пайғамбар жасы... Тазалық, мүбарак жасы... Біз сізді ұмытпаймыз, аяулы Мұрат аға!

ЖАЛЫНДЫ ЖІГІТ

Естеліктер. Мақалалар 159.

Сұлтан СӘЙДӘЗІМОВ.

Маңғыстау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі басқа жұмысқа ауысып, оның орнына мамандығы мұнайшы, жоғары білімді қазақ жігіті керек болды. Облыс басшысы Тұтқабай Әшімбайұлы біраз маман жігіттердің өмірбаянымен танысып, адамгершілігін, іскерлігін таразыға салып, солардың ішінен көмекшілікке Мұрат Саламатовты таңдап алды.

Мен ол кезде обкомның құрылыс бөлімінің меңгерушісі едім. Мұрат жаңа жұмысына кіріскеннен кейін өзімен танысып, жақсы араласып кеттік. Ол менен жасы кіші болғандықтан аға ретінде сыйлап, «Сәке» дейтін.

Бұл жылдары облыс көлемінде көптеген күрделі құрылыстар қарқынды жүріп жатқан болатын. Ақтау мен Жаңаөзен қалалары, аудан орталықтары, мұнай газ кен орындары үлкен кұрылыс алаңына ұқсайтын.

Көптеген мәселелер құрылыс арқылы шешілетін болғандықтан, оған бірінші хатшы ерекше көңіл бөліп, құрылыс объектілеріне жиі шығып тұратын. Мен Төкеңмен объектілерде бірге болып, көтерілген құрылыс мәселелерін өзімнің бақылауыма аламын, ал Мұрат хатшының берген тапсырмаларын тіркеуге алып, сосын оның орындалуы туралы мәліметтер беріп отырады. Сондықтан біздің жұмысымыз тығыз байланысты болып, ол біздің бөлімге жиі келіп, ақпарат алады, сондай-ақ кейбір мәселелер жөнінде ақылдасып тұратын.

Кейін жаз айларында демалыс күндері балаларымен теңіз жағажайындағы үйімізде жиі болып, балаларымыз бір-бірімен танысып, жақын араласып кеттік. Біздің балаларымыз қазір де өзара жиі хабарласып тұрады.

Тұтқабай Әшімбайұлы Ұлы Отан соғысына қатысқан, өмір көрген, өте сауатты, әрі жақсы құрылыс маманы еді. Маңғыстау облысының алғашқы басшысы оның дамуына, жергілікті кадрлардың өсуіне үлкен ықпал етті. Төкең жеті жылдан астам облыста басшылық етіп, оның шаруашылығын жоғарғы деңгейге дейін көтерді. Ол кісі өте мәдениетті, байсалды, жақсы адам еді, елге жағымды болды. Біз ол кезде жас жігіттерміз, Төкеңнен ұстаз ретінде жақсы тәлім-тәрбие алдық.

Мұрат бірінші хатшының көмекшісі ретінде қасында жүріп, көп тәжірибе жинақтады. Ол облыс басшысының тапсыруымен мұнай өндірісінің мәселелерін маман ретінде жан-жақты талдап, дұрыс шешім қабылдауына ықпал етті.

Бірде Мұрат іс бөлмеме асығыс кіріп келді. «Сәке, Жетібай мұнай газ басқармасының бастығы басқа жұмысқа ауысайын деп жатыр, бұл менің қолымнан келетін жұмыс деп ойлаймын. Бұл мәселені тек бірінші хатшы шеше алады, себебі бұл қызмет одақтық министрліктің номенклатурасында, Төкеңе бұл туралы тек сіз ғана айта аласыз» деді. «Бұл тым жауапты қызмет қой, қиын болып жүрмей ме?» деп едім, ол «өзімнің мамандығым ғой, әрі сол басқармада жұмыс жасадым, алып кете аламын» деді.

Мен сол бойда бірінші хатшының тікелей байланыс телефонын көтеріп, кіріп шығуға рұқсат сұрадым. Төкеңе барып жағдайды түсіндіріп, осы жігітті қолдап жіберген дұрыс болар еді дедім.

Ол кісі телефонмен мұнай газ бірлестігінің бас директоры В.И. Тимонинмен сөйлесіп, Жетібайдағы басқармаға «М. Саламатовты ұсыну керек, министрлікпен өзіңіз келісіңіз» деп тапсырма берді.

Қабылдау бөлмесінде Мұрат күтіп тұр екен, болған әңгімені айтып, енді нәтижесін өзің бақылап отырасың дедім. Екі-үш күн өткеннен кейін Мұрат маған қайта келіп, «менің мәселем шешілмейді-ау деймін, өйткені ол жұмысқа бір орыс маманын жіберетін тәрізді» деді. Ол кездері басқарма басшылығында қазақ жігіттері аз болатын.

Мен қайтадан бірінші хатшыға кіріп, өткендегі мәселенің шешілмей жатқанын, басқа адамның ұсынылатын мүмкіндігін айттым. Төкең телефонмен В.И. Тимонинге бұрынғы мәселе туралы қайта айтып, бұл жолы онымен қаттырақ сөйлесті. «Біз сізге бюро мүшесі ретінде обкомның ұсынысын өткізуді тапсырдық, егер мәселе оң шешілмесе, онда мұны бюрода талқылауға тура келеді» деді. В.И. Тимониннің телефонмен айтқан жауабын есітпедім, бірақ Төкең күліп жіберіп, «ну, это другое дело» деді. Маған қарап мәселенің шешілгенін айтты.

Көп ұзамай Мұрат Ғазизұлы басқармаға бастық болып тағайындалды. Осы қызметте біраз жыл абыроймен жұмыс жасап, сосын Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне қызметке жоғарылады.

Мен 1990-1993 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінің бас директорының күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары болдым, 1993 жылы маусым айында мені Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары етіп тағайындады.

Бірлестіктегі қызмет бабымен Қызылордада жиі болып, Құмкөл кен орнының құрылыс мәселелерімен айналыстым. Одақтық министрлік бұл кен орнын игеруді «Маңғыстаумұнайгазға» жүктеген еді. Сол жылдары Мұрат Құмкөл мұнай кен орнын игеру жұмыстарына басшылық етті. Облыстың басшылары мұнай саласындағы тәжірибелерінің жоқтығынан шығар бастапқы кезде Құмкөлдің мәселелеріне көп көңіл бөле қоймады. Сондықтан Мұраттың өтініші бойынша бірлестіктің бас директорымен облыста бірнеше рет болып, басшыларымен кездесіп, оларды Құмкөл кен орны туралы мәліметтермен таныстырып, мұнайшылардың жұмысына көмек пен ықпал ету жөнінде мәселелер көтерілді.

Мұрат Ғазизұлы осы кен орнын игеруге, мұнайшы кадрларын дайындауға басынан аяғына дейін басшылық етті. Оның бұл орайда сіңірген еңбегі зор. Ол Қызылордада мұнай бірлестігін құру жөнінде мәселе көтеріп, біздің тарапымыздан бұл ұсынысты қолдауды сұрады. Сол кездері Маңғыстаудағы бірлестікте жылына 15-16 млн. тонна мұнай өндіріліп, 25 мыңнан астам адам жұмыс жасайтын. Құмкөлдің өнімі бірлестіктің жалпы өнімінің 5 пайызынан аспайтын, ал қаражат шығыны әлдеқайда көп болатын. Сондықтан тиісті органдардан келісім беріліп, Қызылордада жаңа бірлестік құрылды. Мұрат бірлестікке бас директор болып тағайындалып, оған ұзақ жылдар басшылық етті.

Сөйтіп, Қызылорда облысында мұнай өндірісінің құрылуы, қалыптасуы, дамуы, кадрлардың даярлануы Мұрат Ғазизұлы Саламатов есімімен тығыз байланысты.

МҰНАЙ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫ
Естеліктер. Мақалалар 163
Қуандық НҰРҒАЛИЕВ
Бейнеу ауданының «Құрметті азаматы»

Мен Гурьев (Атырау) облысының Қызылқоға аудандық партия комитетінде қызмет жасап жүрген жерімнен 1973 жылғы 26 наурызда шақырумен Шевченко (Ақтау) қаласына келдім. Осы жерде Мұрат екеуміз Маңғышлақ облыстық партия комитетінде қызметтес болып, таныстық. Мұрат менен 2 жас кіші еді. Ол кезде жалындаған жас болсақ та, біршама ақыл тоқтатқан, партия мен ұжымдық тәртіпке дағдыланған мезгіліміз болатын. Сол 1973 жылдың жазында обком бізге жаңадан салынған 7-ші шағын ауданның 18-ші үйінен пәтер берді. Біз бір подъездің төртінші қабатында есіктеріміз қарама-қарсы көрші болдық. Екі үйімізде де Гүлмира атты қызымыз болды, менің Гүлмирам 1 жаста да, Мұраттың Гүлмирасы 5 жаста болатын. Жұбайларымыз да тез тіл табысып, жақын достарға айналдық.

Мұрат өте ақылды, терең ойлы, білімді, парасатты, өте инабатты азамат еді. Сонымен қатар бауырмал, жан-жағына көмек бергісі келіп, кісіге пайда тигізсем деп тұратын қамқоршыл қасиеттерді бойына сіңірген.

1973 жылдың күзінде Мұрат іссапармен Жезқазған қаласына барып, түн ортасынан ауа келіпті. Сағат 3-4-тердің шамасында есік қағып: «Тыныштық, мен саған бір холодильник алып келдім. Кәке, соны ішке кіргізіп алайық» деп бізді оятты. Екі үйге «Орск-3» деген екі мұздатқыш әкеліпті. Ол кезде мұздатқыш, телевизор, мебель дегендердің қолға түспейтіні белгілі ғой. Міне, Мұраттың бізге, досқа деген қамқорлығын шын сезіндік. Тыныштық сақтап қойған бір шампаны бар екен, сонымен төртеуміз «жудық». Бір қызығы бізге кіргізген мұздатқыш бірден істеп кетті де, Мұраттың өз үйіне әкелген мұздатқышы дырылдап жөнді жұмыс жасамай қойды. Ертеңіне маман шақырып, оңдатып барып жүргізді.

Менің анам (мама дейтінбіз) балаларды ойнатып, далада отырғанда: «Мына Мұраттың Гүлмирасын Болатыма келін қылып аламын», - деген еді. Ол кезде ағам Сағынбайдың балалары Қалия, Гүлнәр, Болат, Абат, Самат, Мараттар кішкентай болатын. Сәкең облыстық тұтынушылар одағының төрағасы болып қызмет жасайтын, қасымыздағы 17-ші үйде тұратын еді. Періштелер қолдаған болар, өсе келе Алматыда жоғарғы оқу орнында оқып жүрген, бірі Атыраудан, бірі Семейден келген екі жас танысып, сүйіп қосылып, Болат пен Гүлмира үйленді. Бұл да тағдырдың жақсылығы болар, Сәкең мен Мұрат құдай қосқан құда болды. Әттең екеуі де бұл өмірден ерте озды, көретін қызықтары аз болып, тындырар істері кемшін қалды. Болат пен Гүлмирасынан Гаухар, Ажар, Алдияр деген немерелерін көріп кетті.

1975 жылдан бастап Мұрат екеуіміздің жолымыз екі айырылып, арада біраз уақыт көз жазып қалдық. Мен 1975 жылы Алматы жоғарғы партия мектебіне кеттім де, ол сол жылы «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына бастық болып тағайындалған екен.

1997 жылы Алматы қаласына іссапармен барғанымда Мұрекеңнің үйінде болдым. Бұл отырыста ол мені өзінің жақсы досы, сыйлы құдасы ретінде қабылдап, үлкен түсіністікпен ұзақ әңгімелестік. Бұның алдында Мұрат шетелде емделіп келген екен.

Мұраттың қарапайым тұрмыста ерекше қасиеттері бар еді. Адамды өзіне тарта әңгімелесіп, жайдары мінезбен, күлімсірей қарап, ойын ашық айтып, көңілді отыратын. Жүрегі жомарт, жайсаң азамат болатын. Өмір жолы қысқа болса да тұлғасы биік, еліне еңбек сіңірген, артына өшпес із қалдырған азамат деп танимыз. «Қосшы бола білген, басшы да бола білер» дегендей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Тұтқабай Әшімбайұлына көмекші бола білген азамат еліміздің мұнай саласында бірқатар жай басшылықтан бастап, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-презденті қызметтеріне дейін көтерілуі, әрине, оның іскерлігі, білімділігі, кәсіби шеберлігінің айғағы еді.

Сыр бойындағы Құмкөл кенішін бірінші болып игеру, ондағы алғашқы жұмыстарды ұйымдастырып, кенішті одаққа, одан әрі әлемге әйгілі өндіріс орнына айналдыра алған істері өз алдына бір тарих емес пе?

Жас кезінен партиялық, шаруашылық, өндірістік жұмыстарда ысылып, бай тәжірибе жинақтаған Мұрат аса аңғарымпаз, сергек басшы бола білді. Адалдығы, адамгершілігі, қарапайымдылығымен ерекшеленетін еді.

Саналы өмірін мұнай саласына жұмсап, соңғы сәттеріне дейін ел қамын ойлаумен өткен Мұратты шын мәнінде қоғам қайраткері, Қазақстан мұнай саласының саңлағы, ардагері деп есептейміз.

ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ЕР, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР

Кіші жүздің ең үлкен атасы Әлім (одан 6 бала) - бірі Шекті (Жаманақ) - кенжесі Мәку -Баубек - одан Айт, Бұжыр (Батыр). Бұжырдан - Назар, Шүрен, Жекей, Бәйтөбет - одан Бертіс - Үйсінбай, Дүйсінбай. Дүйсінбайдан Қондыбай, Жолдыбай, Сүттібай. Жолдыбайдан: Өтебай, Құлабай, Сары. Сарыдан қыз Залипа, ұл Сәден. Сәденнен -Саламат. Саламаттан: Ғазизолла (Ғазиз), Мәдеш, Алдияр, Хамзе.

Ғазизолланың (Ғазиз) тұңғышы Мұрат.

Шәріп Үркімбайдың дерегі, зейнеткер, халыққа білім беру ісінің үздігі.

Саламат (1893-1981 ж.ж.) - Ұштап (1890-1983 ж.ж.):

I. Ғазизолла (Ғазиз) (1916-1985 ж.ж.):

Мұрат-одан Гүлмира-Болат Сағынбайұлы: Гауһар, Ажар, Алдияр; Жанар - Еркін Тұрғынбайұлы: Айжан, ... Азамат; Әділ.

Рая-Сақтап Ахметов: 1) Бағдагүл-Нұрлан: Нұрсұлтан, Бағлан, Иманғали, Ержан, Нұржан; 2) Гүлмира - Құттымұрат: Қуаныш, Аружан; 3) Бахтияр - Асылгүл: Бексұлтан. 4) Асылхан.

Қарлыға-Өмірзақ Берсүгіров: Жандос, Ердос, Әсел.

II. Мәдеш Саламатқызы (1920-1999 ж.ж.) - Есіркеп Әлімбетов (1918-1960 ж.ж.): Арен-Жаңылхан, Нұрлан-Айман, Ғайнеш-Жұма, Ғайни-Сәкен, Зайтуна-Шаумен, Жаңылай-Желтай, Кенжебай-Майя.

III. Алдияр (1925-1983 ж.ж.) - Алма Тектіғұлова (1931-1997 ж.ж.):

1) Замер - Дариға: Дулат, Марал, Мөлдір;
2) Өнер-Дүйсенгүл: Балаби, Зәру;
3) Өсер-Ханым: Азамат, Шыңғыс;
4) Нұрила-Айболат: Нұрболат, Айдана;

5) Гүлбабаш-Өтеген: Темірлан, Санжар, Шерхан;

ІҮ. Хамзе Саламатқызы (5. Ү. 1930) - Сабырғали Тілегенов (13.12.1926): Венера-Қасым: Нұрлыбек, Әлібек; Ерік; Айгүл. Сәденнің Залипа қызымен (Саламаттың апайы) күйеу баласы Төлеміс Аяшұлынан тараған ұрпақтар:

1) Зиба-Обайдулла: Қиваш, Рахметолла.

2) Зияда (1914)-Еділ: Сара, Аманкелді-Лида Салмағамбетқызы:

3) Ұлболсын-Аликен: Дариға

4) Жаңылай (1924) - Абдрахман (1908-1981 жж): Арыстан, Асқарбек, Мәрзия, Бақыттыгүл, Ғалия.

5) Жетеш-Зоя: Ермек, Алдаберген, Темірғали, Гүлнар, Задаш, Ардақ.

ӘДІЛ ДЕ БАТЫЛ АДАМ ЕДІ
Сағын ҚЫРЫМҚҰЛОВ
«Маңғыстаумұнайгаз
АҚ Бас директоры

ҚР жер қойнауларының құрметті барлаушысы.

Адам өмірінде әскери қызмет ету мен студенттік кезеңнің алатын орны ерекше ғой. Қиындығы мен қызығы көп осы бір кезеңдерде талай бір тамаша адамдармен кездескенің көңіліңді марқайтып, бүкіл ғұмырыңда ерекше есте сақталатыны бар.

Өткен ғасырдың 60-жылдарында Маңғыстау өлкесінде жаңа мұнай мен газ кен орындарының ашылып, олардың игерілуіне байланысты Алматыдағы Қазақ Политехникалық институтында мұнай кен орындарын барлау және игеру мамандықтарына кадрлар даярлау шұғыл түрде қолға алынды. Бұл салада кадрлар даярлау жұмысына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Орал аймақтарының жастарының тартылуына ерекше мән берілді. Өйткені, мұнай-газ шығатын кен орындары осы аймақтарға шоғырланған ғой.

Сол студенттік жылдардың алғашқы кезеңінде маңғыстаулық жерлестерім Жауғашты Балабатыров, Мақсұт Боранбаев сияқты жігіттер арқылы олармен бірге оқып жүрген Мұрат Саламатовпен алғаш танысып, студенттік кезеңдеріміз сыйластықта өтті десе де болады.

Алғашқы кездескенде-ақ маған Мұраттың балаңдығына қарамастан сөз саптасына, өмірге деген көзқарасына қарағанда түсінігі кең екендігі сезіліп тұрды. Ол жалпы сұсты жігіт болатын, көрген жан онымен шүйіркелесіп кеткенге дейін тұйықтау, тәкәппарлау кісі-ау деп пайымдауы да мүмкін. Ал шындығында, ол ақкөйлек, ақкөңіл, адамгершілігі мол жомарт жанды азамат еді.

Біздер әр курста, әр мамандық саласында оқысақ та жақсы жолдас, пікірлес достар болып кеттік.

Институтты бітіргеннен кейін еңбек жолымызда киелі Маңғыстау біздерді қайта табыстырды. Ол кезде бұл аймақтың атағы тым алысқа кеткені сонша - одақтың түкпір-түкпірінен адамдар осында жұмысқа орналасуға асығатын. Ал мұнайдың оқуын оқыған жастар үшін жолдама көбіне осы өңірге берілетін.

Мұнай өндіру мамандығының ең төменгі сатысы операторлықтан - Қазақ Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасарының деңгейіне дейін көтерілу - қандай оқу бітірсең де кез-келген маманның пешенесіне бұйыра қоймасы анық. Ол үшін ел игілігіне күн демей, түн демей, тер төгіп жұмыс жасауыңа тура келеді. Талай пікірталастарда, тартыстарда өз ойларыңды, ұсыныстарыңды батыл айтып, қарсыластарыңды иландыра білуің керек. Ал біздің досымыз Мұрат осылай батылдығымен, іскерлігімен ерекшелене білді. Ол қай жағдайда да, қай уақытта да өз ойын тіке айтатын, мәймөңкені білмейтін азамат еді. Сол үшін сала мамандары Мұратты ерекше сыйлайтын, одан әділ шешім әрі қорғаныш іздейтін және оны табатын да.

Мұрат Ғазизұлының өмірінің шырқау шыңы - Құмкөл кен орнын тез арада игеруді ұйымдастырып, оны өндірістік пайдалануға беруді қамтамасыз еткені. Бұл үлкен ерлік еді, мұндай іс тек Мұрат сияқты абзал, біртуар азаматтардың қолынан ғана келетін шаруа.

Жалпы Құмкөл мұнай-газ өндіру басқармасы - «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігінің кезінде өз алдына енші берген бір отауы. Оның барлануын, игеріліп, пайдаланылуын Республика өз мойнына алды. Және оны жарақтандыруды «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігіне тапсырды. Мұрат осы бірлестіктің бас директорының орынбасарлығынан Құмкөл мұнай-газ өндіру басқармасы құрылғанда бастық болып кетті де, оның орнына облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасарлығынан мен бас директордың орынбасары болып келдім. Яғни Құмкөл мұнайының халық игілігіне айналуына «Маңғыстаумұнай» өндірістік бірлестігі әкімшілігі тікелей басшылық жасады. Территориялық бағыныста Құмкөл Қызылорда облысына қарайды. Яғни біздің облыстан тыс өндіріс. Сондықтан оны басқарудың өзіндік қиындығы болды. Жаңа кен орнының проблемасы шаш етектен, бастан асады. Өндіріс алаңын, жұмысшы поселкесін салу, жоғары кернеулі электр желісін тарту, әрине, бір адамның қолынан келетін шаруа емес. Бірлестік Одақ, Республикамен бірлесе отырып, Құмкөл өз алдына кәсіпорын болып аяғынан тік тұрып кеткенше қолдан келгеннің бәрін жасады. Мұрат та өз кезегінде бірлестікке салмақ сала бермей, қажет құзырлы органдармен тіл табысып, жұмыс істей білді. Бұл тұрғыда оның Маңғыстау обкомында, өндірістік бірлестікте, Республиканың орталық партия комитетінде жауапты қызметтерде болғаны үлкен рөл атқарды. «Жетібаймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасын басқарғандығы жинаған іс-тәжірибесі Құмкөлді қалыптастыруда жүзеге асты. Мұрат қарауына Маңғыстаудың қатаң табиғатында шыңдалған, кезінде өзімен істес болған кадрларды жинай білумен бірге, Құмкөлдің жергілікті жас мұнайшыларын тәрбиеледі, қалыптастырды. Кейін осы Құмкөл кен орнының негізінде «Южнефтегаз» өндірісті бірлестігі құрылып, іріленген кәсіпорынға Мұрат алғашқы директор болды. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары, «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының бірінші вице-президенті қызметтерін абыройлы атқара жүріп, Маңғыстауға ыстық ықыласпен қарайтын.

Соңғы рет кездескенде сырқаттанып шетелге - Израильге емделуге кетіп бара жатқан-ды. Біз оның сырқатынан айығып, аман-есен көрісуімізге жақсы күндер жазылсын деп тілектес болып, қоштасып қалғанбыз. Бұл абзал жолдасымызбен соңғы рет көрісуіміз екенін білмеппіз.

2002 жылы Құмкөл абзал азаматтың өзі жоқ болса да 60 жылдығын атап өту рәсіміне бір топ жолдастармен барып, ескерткіш тас мүсініне тағзым етіп, ердің елге жасаған еңбегінің ескерілгеніне қуанып қайтқанбыз.

ҚҰМКӨЛДЕГІ ҚОЛТАҢБА

Темірхан САРБӨПИН

Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген экономисі.

Сексенінші жылдардың орта тұсында «Маңғышлақмұнай» ӨБ-інде қосымша жұмыс атқару реті келді. Министрліктің бұйрығымен Қызылорда облысында Құмкөл кеніші ашылып, соны пайдалануға беруге байланысты бізге біраз жұмыс тапсырылды. Бұйрық бойынша Құмкөлге көмектесіп, кадр даярлау, ұңғы қазу, кенішті толық пайдалануға беру жұмыстарына басшылық жасау жүктелді. Сол бұйрық келгеннен кейін бірлестіктің ішінде отырып өзіміз ақылдастық. Бұйрық келіп жатыр, мамандарды қайдан табамыз деген төңіректе әңгіме болды. Содан бірлестік бастығының міндетін атқарушы Саламатов Мұрат Ғазизұлын жіберейік, соны ұсыныңдар деген хабар алдық жоғарыдан. Мұрат Ғазизұлы ол кезде бізде жалпы мәселелер бойынша бірлестік директорының орынбасары еді. Бұрын «Жетібаймұнайда» директор болған. Одан бұрын обкомда бірінші хатшының көмекшісі болды, білімі жоғары, мұнайшы. Жұмысқа қабілеті мол еді, соны ұсынып, оны министрлік мақұлдап, мына жақтан обком да хабарласып, олар да қарсы еместігін білдіріп, сонымен Саламатов Мұрат «Құмкөлмұнай» МГӨБ-не директор болып тағайындалды.

Сонан Қызылордаға бізден екі-үш рет делегация барып келді. Бір делегацияны Жоламанов бастап барды. Соның артынан Бекбосыновтың өзі барып келді. Бір күні сол Саламатов маған былай деді: - «Тәке, бұл жағдай үйлеспей тұр. Қиын болып жатыр. Жұмыс жүрмейді, кісі жоқ. Барлығы тек орнында тұр. Бұлай бола берсе мен бір бір күні мына жерден партиялық жаза алып шығатын шығармын. Бұл үйлеспейтін болды. Бәріне бір шаруа айтсаң «ертең, ертең» дейді. Онымен ешнәрсе бітпейді. Анда барып жалғыз өзім шырылдап бос шапқаныммен іс бітетін емес. Осы маған көмектессейші, Тәке, мен министрлікке де айттым, бастыққа да айттым, обкомға да айттым. Тіпті Қызылорданың обкомына да айттым, осылардың барлығынан ешнәрсе шықпай жатыр. Бір шыныменен қолынан іс келетін, болмаса бастапқы кезеңге істің ыңғайын білетін адам болмаса, бір жағынан экономиссіз де іс бітпейді. Соны білетін адам керек, Тәке, осыны екеулеп қолға алайық». Сонан Бекбосынов та менің Мұратқа көмектескенімді қалады. Сөйтіп, Мұрат Ғазизұлы екеуміз Қызылордаға бардық. Мұрат Қызылордада бір котельныйдың екінші қабатынан екі бөлме алған екен, соны кабинет жасап қойыпты. Мұрат құрылыс жұмысының жүрмей тұрғанын, соны неден бастарға білмей отырғанын ренжи әңгімеледі. Сонан екеуміз отыра қалып жоспар жасадық. Жалақы мәселесін де ықшамдап, оны шештік. Білек сыбанып жұмысқа кірісіп кеттік. Мен екі-үш күннен кейін жоспарларды алып ауылға келдім. Енді қасымдағы жігіттеріммен, жоспарлау бөлімі бар, бухгалтерия бар, екеуімен сөйлесіп, келетін құралдар, материалдық-техникалық жабдықтармен көмек жасайық деп, келістік. Әуелі соларды жібердік. Біраз заттар келіпті, бірқатарын әр жерге шарбаққа үйіп қойыпты. Бірақ әлі мәселелер шешімін таппаған, содан Мұрат Ғазизұлымен ақылдасып, обкомның бірінші хатшысы Әуелбеков Еркінге кіру керек екендігін ұйғардық. Еркін Нұржанұлы кабинетіне бізді жайғастырып, өзі біздің қатарымызға келіп отырды. Біз сол келген жұмысымызды рет-ретімен баяндап бердік.

Біріншіден, жан-жақтан келіп жатқан құрал-саймандарды, өндірістік-техникалық заттарды, мұнда келгенде сақтап қоятын орын жоқ. Бір өндірістік ғимаратты көрдік, ол қала маңындағы «Лазаревск» деген жерден геологтардан қалған база, нысандардың біреуі біткен, біреуі бітпеген, осыны бізге ие болуға көмектессеңіз дедік.

Еркін Нұржанұлы көмектесетіндігін білдірді. Содан ертеңінде трестің бастығына бардық. Олар біздің ұсынған бағаға жаңағы нысандарын сататын болды. Енді мұнай саласын өндіруге екі бригада жасақтау керек болды. Оны Бекбосыновпен келісіп, жіберетін болдық.

Жан-жақтан келген жұмысшыларға жатақхана тауып орналастырдық, кадр мәселесін шешу өте ауыр. Жетібай, Ақтаудан, одан көрші республикадан мұнай саласында қызмет етіп жүрген өзіміздің ұлтымыздың жанашыр азаматтарын шақырдық. Материалдық-техникалық заттарын қабылдау да оңайға түскен жоқ. Теміржолға жақын зат қабылдайтын тұйық бар екен оны сатып алдық. Біраздан кейін жұмысшы жатақханасын Құмкөл кенішінің басынан салуды ұйғардық.

Міне, осындай ауырлықтарын жеңіп, «Құмкөлмұнай» МГӨБ-ның жұмыстары алға жылжи бастады. Бұл Мұрат Ғазизұлының іскерлігінің арқасында, төзімділігі, еңбекқорлығы, білімділігі, ел үшін, халық үшін деп жүрегінің соғуында, үлкенмен де, кішімен де қызмет сатысына қарамай елмен араласа, сөйлесе, ақылдаса білуінде, деп ойлаймын. Әрине, бұл үлкен тарих, ауыр кезең болды.

Біраз уақыт өткесін «Құмкөлмұнай» кенішін пайдалануға бердік, оның ашылуына Одақтан мұнай өнеркәсібінің Министрі қатысты. Содан хабардар едім, «Министр келіп, актіге қол қоюы керек, біз кенішті толық тапсыруымыз керек, Министрлер Кеңесіне, Мұнай өнеркәсібі министрлігіне бағынады ғой» деп, «Құмкөлдің» тапсырылуына қатыстым. Бұл да бір Қазақстанның тарихындағы жарқын бет болып қалды.

Отыз жылдай үлкен мұнай өнеркәсібі басқармасында экономика саласын басқарып, оның ішінде қаншама мұнай кенішінің ашылуына қатысқаныма, оның нәтижесін, жетістіктерін көріп өткеніме өзімді бақытты адаммын деп санаймын. Соның ішінде «Құмкөлмұнай» кенішін ашуда біраз қызмет атқарғаныма өте ризамын. Әрине, қандай жұмыс қаржысыз шешіле қояды. Менің осы салада көп жылдар қызмет атқарып, (оның кейде халық үшін деп өндірісті дамытуға анда-санда қаржы заңын бұзуға да тура келетін) жағдайлары болады. Осыларды қолдаған сол кездегі көреген тәжірибелі азаматтар «Маңғышлақмұнай» ӨБ-нің басшылары еді.

Міне, Мұрат арамызда жоқ, бірақ оны Маңғыстау, Қызылорда халқы ұмытуы тиіс емес. Осы ел үшін білімін, іскерлігін, еңбекқорлығын аяған жоқ, еш уақытта өзіме деп қызмет атқармаған жан. Мұрат, біз сені ұмытпаймыз, жадымызда сақтаймыз, сенің ашық жарқын бейнең әр уақытта біздің көз алдымызда.

ДОС ТУРАЛЫ СӨЗ
Естеліктер. Мақалалар 171
Мақсұт БҰРАМБАЕВ

«Амангелдігаз» ЖШС-нің бас менеджері.

Бірде телефонмен таныс азамат өтініш жасады:

«Мәке, сіз Мұрат Саламатовтың жас кезінен бірге оқып, қызметтес болған досы екеніңізді білеміз, соған шын көңіл ниетпен өткен-кеткенді ойға түсіріп, жақсы бір естелік жазсаңыз». Маған азаматтардың ондай баға бергеніне қатты қуанып қалдым. Мұрат сияқты тұлғаға ең жақсы дос және жолдас болу кім-кімге де үлкен бақыт қой. Сондықтан мұндай сенімнен шығуға тырыстым. Иә, жақсы көретін дос жайында, өмір бойы сыйласып өткен, дастархандас азамат төңірегінде өткен істі еске түсіріп жазу көп қиналтады екен.

Біз политехникалық институтта бірге оқыдық, студенттік өмірде бірге пәтер жалдап тұрдық. Институт бітіріп мамандығымыз бір болғаннан кейін бір салада қызмет атқардық. Тіршілікте араласып тұрдық, талай қызықты уақиғалардың куәсі болдық.

Біздер, сонау 1961 жылы тау-кен институтына түскен кезде, Мұрат өмірдің ащы-тұщысын көрген, екі жылдай мұнай өндірісінде бұрғышы болып істеп келген еді. Сондықтан студент кезінің өзінде курстас жолдастардың арасында деңгейі биік, тіпті оқытушылармен де ара-қатынасы жақсы болды. Оқу озаты, қоғамдық жұмысқа белсенді араласып, 4-5 жыл бойы комсомол комитетінің хатшысы болды. Осы қасиеті өзіне үлкен қолдау әкелді, ертерек басшылық қызметке жоғарылады, лауазымды азаматтармен араласуына да себепші болды.Менің ойымша, жалпы кеңес дәуіріндегі білім беру, тәрбие сатысы, оқу дәрежесі басқа шетелдермен салыстырғанда жоғарғы деңгейде болды. Елдің өз азаматтарының болашақта білікті маман болуы үшін бізді сол жылдары кеңес үкіметінің шешімімен жыл жарымға (яғни алғашқы үш семестр бойынша) өндірісте жұмыс жасай жүріп, кешке оқыдық. Бұл болашақта алдыңғы қатарлы, білікті, кәсіби маман болуға көп көмегі тиді. Тіпті, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін өндірісімізге қызығушылық білдіріп, көптеген шетел мамандары келді. Сол шетелдік мамандармен кездескенде, біздер кәсіби деңгейде көп ілгері екеніміз анықталды. Қай салада болсын, өндіріс өзегін ұстап тұрған шебер (мастер). Сол шеберлеріміз өндірістің қай саласы болса да, тапжылтпай алға алып жүре алады, оған сенімдімін. Мұндай пікірді өзім шет елдің өндірісінде болып, мамандарымен араласқан соң айтып отырмын.

Студент кезімізде құрылыс отрядында жұмыс жасадық. Көкшетау, Ақтөбе, Павлодар облысында қашар салып, табыс тауып, бір киер киімімізді жаңартып отырдық. Осы құрылыс отрядының жетекшісі Мұрат болатын, Ноговицын Федор Григорьвич - партия ұйымының хатшысы болды. Мәкең талапшыл, не нәрсеге қатал болды. Сонда болжайтынбыз, Мәкең болашақта үлкен бастық болады, бірақ бізге көңіл бөлмей кететін шығар деп, үлкен қателесіппіз. Мәкең қызметтің қандай сатысында болмасын бірге оқыған азаматтарды, олардың туыстарын қолдап, жағдайларын жасап отырды.

1966 жылы желтоқсан айында институт бітіріп, мұнай саласында қызмет атқаруға мамандық алып, 1967 жылы қаңтар айында, Кеңес үкіметінің кезінде мұнай және газ жөнінде үлкен болашағы бар «Новая Узень» кен орнына келдік. Кейіннен «Жаңаөзен» МГӨБ-ы деп аталды. «Жаңаөзен» деп аталуы жаңа жерге басты құрылыстар салына бастаған, «Ескі өзен» ауылдары бар. Жатақханада бірнеше адам бір бөлмеде, ауыз су жоқтың қасы, басшылардың отыратын орны «вагончик», жылу шамалы, жұмыс ен далада, адам тасымалы бортты жүк автокөлігі, жұмыс уақытында шек жоқ. Ол кездің мамандары патриот, суыққа тоңып, ыстыққа төзіп, ауырлықты көтеріп, төзімділік, шыдамдылық жасайтын. Еңбектің нәтижесіне мәз болатын.

«Жаңаөзен» кен орнының бастығы Рахмет Өтесінов, ол кезде Қазақстан емес, Одақ көлемінде атағы белгілі танымал мұнайшы, білгір маман, өндіріс ұйымдастырушы. Жол апатына түсіп жарақаттанбаса Рахмет ағадай абзал жандар мұнай өндіру, басқару аппаратында отырса, Қазақстан мұнай кендері мамандарын тәрбиелеуге көп үлес қосатын еді. Өте ақылды, білгір, көреген басшы.

Мұрат өндірісте де өзін көрсете білді. Бір-екі айдан кейін аға оператор, шебер, екі жылда мұнай және газ өндіру промысылының бастығы болып көтерілді. Мұнда да қоғамдық жұмысқа белсене араласып, спорт, көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысты.

1973 жылы Маңғышлақ облысы құрылып, Мәкең обкомға әуелі нұсқаушы, одан бірінші хатшы Т.Әшімбаевқа көмекші болды. Ал біз, бір топ жолдастары Өзен кен орнында еңбек жолын әрі қарай жалғастыра бердік.

Жас маманға-Мәкеңе партия аппаратында қызмет жасау аса ауырға соқпаған болуы керек (бірден меңгеріп кетті ғой), демалыс уақыттарын бізге - Өзенге келіп өткізетін. Мәкең келсе біздер үшін бір үлкен мейрам, 10-15 әріптес достар бар, олардың жұма сайын екеу-үшеуінде болса да екі күн демалыс қалай өткенін білмей қалатынбыз. Бірақ Мәкеңді қайтару көлігі оңайға түспейтін. Сонда жолдастар арасында мынадай қағида болып еді: -Мәке, «бізге келгенің жақсы, бізден қайтқаның қатты», - дейтінбіз. Себебі, Мәкеңнің мұнда келіп қайтқанын ел білмеу керек, сондықтан арнайы жол көлігімен қайтару керек.

Одан бір күні үйге телефон соқты, Жетібай кен орнына бас директор болып тағайындалғанын айтты. Мен құттықтап, енді бұрынғыдай қайтатын көлік жөнінде мәселе болмайды ғой деп, әзілдедім.

Жалпы, Маңғыстау өлкесінде Жетібай мұнай басқармасының орны бөлек еді. Технологтар мен геологтардың айтуы бойынша, мұнайды жер бетіне көтеру, қондырғы жеткізу, дайындау және тасымалдау өте қиын болатын. Бұл кен орнына кез келген маманды басшылыққа ұсынбайтын, ол кезде басшыны обкомның шешімімен, Одақтың Мұнай және газ өндіру министрлігінің коллегиясы қарап бекітетін. Тағы бір ойды бөлетін жай -Жетібай кен орнына негізгі мұнайшылар облыс орталығы Ақтаудан қатынап жұмыс істейтін. Сонда олардың жұмыс уақыты сөткесіне 13-14 сағатқа созылады (06.00-21.00). Кейде қыста жұмысшылардың жұмысқа шықпай қалуы жиі кездесіп тұрады. Себебі деңгейі теңіз бетінен есептегенде 132 метр төмен жатқан Қарағия ойына қар қалың түсіп, қатқақ болса көлік жүре алмайтын. Соның бәрін есептеп, ежегейлеп Мұрат негізгі жұмысшылар мен қызметкерлерді жергілікті тұрғындардан алды. Олардың қызметте өсуіне, тұрмыстық жағдайларының жақсаруына көп көңіл бөлді. Кеңес уақытында мұндай бастама, яғни кәсіби мамандардың орнына, мамандығы шамалы азаматтарды жұмысқа тарту, кейбір өндіріс басшыларына ұнамайтын еді. Сондықтан болар «Ескі Жетібай» кентінің тұрғындары осы уақытқа дейін Мәкеңді зор мақтанышпен еске алады.

Көп ұзамай Мұрат Саламатов Орталық Комитеттің ауыр өнеркәсібі бөліміне нұсқаушы болып ауысты. Мұрат Жетібай мұнай өндіру басқармасынан кеткеннен кейін, басқармадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен қоса негізгі мұнай өндіру көрсеткіші күрт төмендей бастады. Бірнеше басшы ауысқаннан кейін, тағдыр мені де осы басқармаға директор болуды ұйғарыпты.

Мұрат Орталық Комитетте қызмет атқарғанда да абыройлы болды, анда-санда іс сапармен келгенде үкімет жұмысынан басқа, жолдастарының, туыс-туғанның кездейсоқ мәселелерін шешіп, үлкен көмек көрсетіп кететін.

1981 жылдың басында Мұрат "Маңғышлақмұнайгаз" өндірістік бірлестігінің бас директорының кадр және әлеуметтік-тұрмыс жөніндегі орынбасары болып ауысты. Бұл кезең кез келген басшы үшін үлкен сын болатын. Себебі Маңғыстау мұнайшыларының астанасы Өзен қаласының құрылыстары ескіріп, жаңадан әлеуметтік жағдайды көтеруді талап ететін, ауыз су мәселесі де шешімін таппаған. Қаламқас пен Қаражанбас кен орны ашылып жатқан уақыт еді.

Мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыс жағдайын дұрыстау өте ауыр да созылмалы шаруа. Басқарма басшылығы және Мұраттың қадағалауымен жұмысшы, қызметкерлерге Ақтаудан, Өзеннен тұрғын үй көтерілді, мұнайшылардың балалары жазда дем алатын Каспий бойынан лагерь салынды. Ардагер мұнайшыларды демалыс санаторийіне жолдамамен жіберу, оқушы балаларын Кавказ демалыс орындарына жіберу, мұнайшылардың ауыз су мәселелерін шешу т.б. халық мүддесін қорғауда көп жетістіктерге жетті. Кейіннен басқарма басшылары Мұратқа күрделі құрылыс басқармасын да бақылауға алуды тапсырды. Ол уақытта өндіріс бас директоры орынбасарларына үлкен сенім артатын, басқаруда еркіндік беретін. Мұратты 1986 жылы осы ауқымды жұмыстармен бірге жаңа ашылып жатқан «Құмкөлмұнай» (Қызылорда) МТӨБ-ның басшысы етіп тағайындады.

Содан қазіргі Қазақстандағы үлкен мұнай орны Құмкөлді игеру бірінші болып Мұрат Саламатовтың еншісіне тиді.

Қай салада қызмет атқармасын Мұраттың маңдайына ең күрделі, ең шешуі қиын жұмыстарды жазған екен. Жоғарыда аталып өткен ұжымдардың барлық «қара жұмыстарын» атқару тек білімді, еңбекқор, қажымайтын азаматтың ғана қолынан келетін еді.

1994 жылы сәуір айынан «Мұнайгаз» МХК-ның президенті, ал 1995 жылы наурыз айынан ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, наурыз 1997 жылдан «ҚазақОйл» ҰМК-ның бірінші вице-президенті қызметтерін абыройлы атқарды. Мұнда республика көлемінде мұнай және газ мәселелерін шешіп, жақын және алыс шет елдерге іс сапарға жиі шығып келісім-шарт, басқа да мұнай және газға байланысты ауқымды жұмыстарды атқарып жүрді. Ел мүддесі үшін қандай қиындық болмасын басын бәйгеге тігуге әзір еді.

НАҒЫЗ ТӘЛІМГЕР
Естеліктер. Мақалалар 175
Төремұрат ЖАРМАҒАМБЕТОВ

«ВМВ MUNAI», бас директордың орынбасары.

Мұнайлы ауылында туып, сол ортада өскеннен кейін бе мұнай саласында еңбек етуге бала кезімнен құмартқан едім. Орта мектепті бітірісімен еңбек жолын мұнай өндірісінде, оның ішінде жаңа ғана мұнай өндіруді қолға алған «Өзенмұнай» бірлестігінде жай жұмысшыдан бастадым. Оператордың көмекшісі, оператор қызметтерін атқардым. Қысы-жазы дала төсінде жүретін, тауқыметі көп, тек шыдамдылық пен төзімділікті кажет ететін мұнайшы мамандығын таңдауыма себепші болған үлкен ағамыз Рахмет Өтесінов, одан кейінгі сол кездегі жас маман Мұрат Ғазизұлы және Ғалиаусат Кешубаев болды.

«Жақсыға ер, жолың болады, көргендіден сөз тыңда, көңілің толады» дегендей Мұрат Ғазизұлы өзінің маңайына жастарды тарта білді, олармен қай тақырыпта болмасын әңгіме қозғап, ақыл-кеңесін аямайтын. Жастарды білімге тарта білді, мамандыққа ие болу үшін жоғарғы оқу орнынан білім алуды талап етті. Мұрат Ғазизұлы ойын ашық айтып, ұғынықты тілмен жеткізетін. Осылардың өзі ағамыздың шешендік өнерді меңгергенін, сөйлеу мәдениеті жоғары, парасат-пайымының кең екендігін паш ететін. Оны жалғыз мен ғана емес, өзгелер де ынтыға тыңдап, әрқашан дәлелді, қисынды сөздеріндегі терең мағынаға, байсалды тұжырымдарға қаныға түсетінбіз. Осының бәрін ағамызға Алланың берген ерекше дарыны деп түсінемін. Мұрат Ғазизұлының сынай қараған, сыр тарта қадалған көз қарасының өзі бізді әп-сәтте есейтіп, ынталы болу міндетін жүктегендей әсер ететін.

Өндірісте қызмет атқара жүріп, жоғары оқу орнынан сырттай білім алуға тура келді. Осы мекемеде ұңғыларға жер асты және күрделі жөндеу жүргізу цехында шебер, аға инженер қызметтерін атқардым. Өз бетіммен ізденіп, сол кездегі баспасөзден осы салаға арналып жазылған мақалаларды іздеп оқуға тура келді. Сондай мақалалардың бірінде мемлекетіміз мұнай өндіру қарқыны жөнінен одақтас республикалар арасында жоғарғы орынға шыққаны туралы ақпарат басылды. Яғни, 1970 жылы Қазақстанның елімізге 13 миллион тоннадан аса мұнай бергені, соның 10 миллионнан астамын маңғыстаулықтар өндіргені, 1966 ж. Өзеннің «көгілдір отынының» тұсауы кесілгені, содан үш жыл кейін өндірілген газ мөлшерінің 92 млн. 640 мың текше метрге жеткенін қойын кітапшама түртіп алыппын. Сол тұстағы мемлекет басшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстан Компартиясының XIII съезіндегі «Ендігі жерде Маңғыстау одақтың аса маңызды мұнайлы аудандарының қатарында болмақ» деген сөзі бүкіл қандастарымызды, әсіресе мұнайшы мамандығын қалаған қауымды ерекше қанаттандырып жібергендей еді.

Мұрат Ғазизұлы мұнай өндіру саласында біраз тәжірибе жинақтап қалғанымен, сондағы қоғамдық жұмыстарға да бел шешіп, белсене араласады екен. Атап айтқанда, жастардың жиі бас қосып, пікір алысатын комсомол комитеті, көркемөнерпаздар үйірмесі, түрлі спорттық шараларда біте қайнасып, жақындасып кеттік.

Әрине, тәжірибе аспаннан түспейді, жеке адамдардың ақыл-кеңесі мен қамқорлығынан, өзіңнің білім-білігіңнен, талап-талпынысыңнан құралып, жинақтала береді. Осы тұрғыда, өзімнің ең алдымен Мұрат ағамыздан көп тағылым алып, талай нәрсені зердеме тоқығанымды мақтан етемін. «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісінің өзі де есті болады» деп Абай Құнанбаев айтқандай, Мұрат Ғазизұлымен осы бір қысқа уақыт қызметтес болған кезімде білімді инженер, көп оқып-тоқыған, тіпті, сол кезде Абайдың қара сөздерін, өлең шумақтарын жатқа айтып, әңгімеге қисындырып отыратын жан-жақты азамат екендігіне көзім жетті.

1973 жылы Мұрат Ғазизұлы Маңғышлақ облыстық партия комитетіне нұсқаушы, әрі бірінші хатшының көмекшісі болып қызметке ауысты. Уақыт зымырап өтіп жатты, ол кісінің мұнан кейін де үлкен лауазымды қызметтер атқарғанына куәгермін.

1988 жылдан «Маңғышлақмұнай» ӨБ-де, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінде, «Қазақойл» ҰК-де он жылдан астам уақыт бірге мұнай саласында қызмет атқардым. Барлық жерде бірінші басшы болды.

Жалпы адамзат тарихында - әрбір белгілі тұлға өзінің тәрбиелеп өсірген шәкірттерімен, кейінгі ізбасарларымен көркейіп, солар арқылы танылып, көпке әйгілі болатыны белгілі ғой. Бұл тұрғыдан алғанда Мұрат Ғазизұлы бүгінде кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде, қала берді оның сырт аймақтарындағы мұнай өнеркәсібінің әр түрлі салаларында, түрлі дәрежелерде еңбек етіп жүрген талай-талай майталман мамандарды тәрбиелеп шығаруы арқылы артына өшпестей із қалдырған абзал жан. Оның бойындағы адамдық қасиеті мен азаматтық қабілетінің тұтастығы, көп білім, бай тәжірибе, алымды ақыл, терең зерде, бақ пен тақ та өзгерте алмаған қарапайымдылық сынды жеке басындағы ерекшеліктері талайлар үшін үйренетін үлгі, өркенді өнеге болды.

МҰРАТЫ БИІК ЖАН
Атағозы БОТАҒАРАЕВ
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның бас энергетигі

Алматыда политехникалык институттың төменгі курсында оқып жүргенімде Мұрат Саламатов ағамызды тау-кен факультетінің жоғарғы курс студенті ретінде тек сырттай білетінмін. Кейіннен 1971 жылдан бастап «Өзенмұнайгаз» басқармасында жұмыстас болдық. Мен электр цехының, Мұрат 2-ші кәсіпшіліктің бастығы болды. Жұмысқа алғырлығы, жақсы маман екендігі, өзімен қатар өзге цех бастықтарына қарағанда анағұрлым ілгері, өзгеше екендігі оның ұйымдастыруынан, шешімділігінен көрініп тұратын.

Маңғыстау облыс болып құрылғанда облыстық партия комитетіне нұсқаушы болып кетті. Бірінші хатшының көмекшілігінен 1975 жылдың жазында «Жетібаймұнайгаз» басқармасына басшы болып келді. Мен де осында қызмет істейтінмін. Ол кез Жетібайда фонтанмен мұнай беретін скважиналардың саны бұрынғыдай емес, азайып, мұнай өндіруді механикаландыру, электрлендіру әдістеріне көшіру басталып жатқан кезең еді. Және жер қабатының қысымын ұстап тұруға қуаты жететін бірнеше үлкен насос стансаларын, қондырғыларды салу басталған болатын. Сонымен қатар мұнай ұңғыларын қазу саны да жыл сайын әлдеқайда өсе берді. Осындай жұмыстарды жүргізу, ұйымдастыру кез-келген басшының қолынан келе бермейтін. Ауыр да қиын жұмысты бітіріп, одан мұнай өндірудің жоғарыдан қойылған жоспарын орындап, ұжымның мыңдаған жұмысшысының жағдайын жасау, әрине, оңай емес еді.

Сол кезде жасы 30-дан жаңа асқан Мұрат ағамыз осы айтылып отырған қиын да, ауыр жүкті төрт жыл бойы абыроймен алып жүрді.

1970 жылдың басынан Жетібай мұнай өндіру басқармасына жоғарғы оқу орнын бітірген жастар көптеп келе бастады. Міне, солардың барлығын Мұрат жұмысқа алып, тәрбиелеп, қай жағынан болса да жағдай жасап, көптеген жігіттерді мұнайшы-маман, өндіріс басшысы ретінде қалыптастырып шығарды.

Мұраттың ең көрнекті маман ретінде, бойындағы барлық күш-қуатын, ұйымдастыру қабілетін көрсете білген кезі - ол Қызылорда облысындағы жаңадан ашылып жатқан Құмкөл кен орнын игеріп, сонда мұнай өндіру басқармасын, кейін «Югнефтегаз» бірлестігін ұйымдастыруы еді.

Ұйқыда жатқан ен даладағы үлкен кеніштің жобасын жасау және оны жарақтандыру, ұңғыларды қазу, вахта кенішін салу, 3-4 жыл ішінде бітіріп, мұнай өндіру бірлестігіне дейін көтеру өте-өте қиын да, жауапты да жұмыс болатын. Яғни мұнай өндіруді басқару үшін алдымен оның инфрақұрылымдарын: жол, байланыс, электр энергиясын жеткізу қажет. Осы істің басы-қасында энергетик ретінде өзімнің де жүргенімді мақтан ете аламын. Иә, мен Құмкөлді электрлендіру жұмысында Мұратпен бірге кен орнының басы-қасында болдым.

Мысалы, Құмкөлдің мұнайын алу үшін әуелі Жезқазғаннан Құмкөлге дейін, 290 км өте жоғары кернеулі 220 кв екі желі тартып, Құмкөл басында үлкен подстанция 220/110/10 кв салдық.

Мәкең бастаған мұнайшы мамандар бұрын мұнайдың иісі де болмаған, тек ауыл шаруашылығымен ғана айналысқан Қызылорда облысын аз уақыт ішінде елімізге белгілі мұнайлы өлкеге айналдырды. Әрине, оған маңғыстаулық маман мұнайшылардың іс-тәжірибелері көмекке келгені даусыз. Мәкеңнің өзі осы Маңғыстаудың қатал табиғатында шыңдалған-ды. Оның ұстаздары - маңғыстаулықтар, Құмкөлді игеріп, жеке отау етіп шығарған-ды. Мәселен, Мұрат өзі барғаннан кейін кезінде Маңғыстауға жас маман болып келіп, өсіп қалыптасқан Хасанов Төлеген, Бердіғожин Роберт, Жалғасов Жеңіс, Марабаев Ермек, Айбардеков Кенхан, Асқарбеков Нұғыман, Бергенбаев Есқожа тәрізді көптеген азаматтарды Құмкөлге шақырып, бірге игерісті.

1996 жылы Құмкөлдің он жылдығы атап өтілді. Оған Маңғыстаудан Құмкөлді игеруге еңбектері сіңген бір топ азаматтар шақырылды. Ол кез Құмкөлдің шетел инвесторларына сатылуы шешіліп жатқан шақ болатын. Мәкең бізбен емін-жарқын амандасып, өзінің қолымен құрған Құмкөлінің шетелдіктер иелігіне кетіп бара жатқанына ренішін де жасырмаған. Әрине, Құмкөл байлығын ел игілігіне жаратуға қазақ мұнайшыларының өздерінің де күш-қуаты жетіп артылатын. Мұрат Ғазизұлы еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында республика мұнай-газ өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары, «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының бірінші вице-президенті бола жүріп, нарықтық жағдайдағы мұнай-газ өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты.

ӨСКЕН ӨРКЕН
Ерес ЧИМИРОВ
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ инженері

Мен Құмкөл кенішіндегі көптеген ұйымдастыру жұмысын бастағандардың бірімін. Менің жасым сол кезде 41-де, шаршадым, демалу керек дегенді, ойға алмаған кездер... Менің есімде қалғаны: Мұрат Ғазизұлы қайтпас қайсарлығы, жұмыс істеу қабілетінің жоғарылығы, күн-түн демей, кішігірім бірнеше мекемелердің басын қосып, қысқа мерзім ішінде мұнай-газ өндіру басқармасын құруы жергілікті жердің басшыларымен, Алматы, Москва министрліктерімен тіл табысып, жұмысты алға тартуы сол кездегі атпал азаматтардың ғана қолынан келетін, «сен тұр, мен атайын» деген азаматтардың азаматы сыңайтып іс тындырып едік. Біздер жұмысты бір еңбек мектебінен Өзен кен орнынан бастау алып, мол тәжірибе жинақтаған шағымызда үзеңгілес-жұмыстас болдық, оның менен төрт жас үлкендігі бар, өте қарапайым, кез келген уақытта үлкенмен де, кішімен де тіл табысуы, кішіпейілдігі, қолынан келгенше жас мамандарға көмектесуге даяр тұруы, маман кадрларды алдын-ала болжай білетін жан еді.

Мен өзім, Мұрат Ғазизұлы Саламатовты Қазақ мұнайының өркендеп өсуіне бір кісідей тер төккен жігіттердің қатарында деп есептеймін. Ол өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай қайраткер жігіт еді, қарапайым мұнайшы оператордан, министрдің орынбасарлығына дейін өсіп кемелденген шағында, өмірден өтті.

Еңбектес достары, жолдастары оның жарқын бейнесін, салмақтап айтатын сөздерін ешқашан да естен шығармайды.

Біз танитын: жары Гүлбаһрамға, қыздары Гүлмира, Жанарға айтарымыз «бірге тумақ бар да, бірге өлмек жоқ» дейді аталарымыз. Арты қайырлы болсын, артында қалғандарға шүкіршілік етіп, өмірлерің жалғасын таба берсін.

ТАБИҒАТЫНАН ТАЗА ЖАН
Бақытжан ТАҢАТАРОВ
«Қазмұнайгаз» БӨ АҚ кешенді

құрылыс департаментінің директоры.

Мұрат Ғазизұлын қызмет бабымен ертеректен білемін, бірақ қоян-қолтық қызмет жасағанымыз ол кісінің 1981 ж. «Маңғыстаумұнайгаз» ӨБ-нің бас директорының кадр және тұрмыс жөніндегі орынбасары болып келген уақытынан басталды. Мәкең ұйымдастыру қабілеті зор, жоғары мәдениетті, адам тағдырын жауапкершілікпен түсіне білетін азамат еді.

Қызметке келісімен өндіріс бірлестігіндегі 25000-ға тарта мұнайшылар мен қызметкерлерінің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту жайына баса мән берді. Соның нәтижесінде теңіздің бойынан «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің демалыс базасы салынды. Мұрат Ғазизұлының осынау азды-көпті ғұмырында өмірінің темірқазығы етіп ұстанып өткен - мақсаткерлік, талапшылдық, еңбекқорлық, зиялылық, адамгершілік қасиеттері бәрімізге үлгі болғандай еді. Осы демалыс базасымен бірге сол кезде атақты курорт қаласы атанған Пятигорскіде «Өзен» санаторийін салуға мұрындық болды. Жоғарғы жақтың келісімдерін алып, қаржы бөлдіртіп, бізге тек жақсы жұмыс жасауды міндеттейтін. Жұмыс бабында өзінің қарамағындағыларға қатаң талап қоятын, жиі тексеріс жасап, сапасын қадағалауының арқасында қыруар шаруа бітетін.

Мәкең бар бақытын еңбектен тапқан жан. Оның мінезіндегі бір ерекшелік деп тазалығын еске алуға болады. Өзінің табиғат сыйлаған қабілетінің күштілігінен алдына қойған мақсатына жететін. Біз осы қасиетіне тәнті болатынбыз.

Кісілік - кісі таңдамайды. Мәкең кімнің болса да өтінішіне бей-жай қарамайтын. Дұрысына қолдау көрсетіп, әрқашан көмектесіп отыратыны бір ғанибет. Теріс жеріңді дәлелді деректерімен түсіндіріп беретін. Сондай-ақ айтарын, айқын пікірін ешқашан іркіп қалған емес. Оның ойлы сөздері, білімінің тереңдігі тыңдаушыларын тамсандырады. «Тура биде туған жоқ» дегендей, келеңсіздікке бой ұрғандарға кеңшілік жасамайтын.

Мәкең жас мамандарға, әсіресе өзіміздің ұлтымыздың жастарына көп көңіл бөлді. Жұмыс атқарып жүрген істерін жетік, жақсы білуге баулуымен бірге адамдық пен азаматтықтың, арналы жолына салып отыруды өзінің қасиетті парызы санайтын. Тұрмыстық, әлеуметтік жағдайын да көзден таса етпейтін.

Бірде инженер-мұнайшы мамандығы бойынша институтты бітіріп келген Аманжан Әбуғалиев деген азаматқа көмек жасады. Әуелі жастар жатақханасынан кезексіз орын әперді, одан жарты жылдан кейін, олар кішкентайлы болған соң 2 бөлмелі үй әперуге көмектесті. Сол азамат әлі де мұнай саласында қызмет атқарып жүр.

Жұмыс бабымен жан-жақта жүріп жаттық. Мұрат Ғазизұлы 1988 жылы «Құмкөлмұнай» МГӨБ-не бастық болып кетті, бірақ араласымыз үзілген жоқ. Мәкең «Қазмұнайгаз» ҰК-да вице-президент болды, осы кезде тағы да бірлесіп қызмет атқардық. Бұл кездегі қызметім, осы ұлттық компанияда «Астанақұрылыс» ЖТАҚ президенті болатынмын. Өте ауқымды жұмыс, құрылыс мол, қиындығы да бар, бірақ бірлесе, түсіністікпен істеген шаруаның нәтижесін көрдік. Мәкеңнің мінезіне біткен болашақты болжай білетін қасиеті үнемі алға сүйреді. Өмірінің соқпақты жолдарындағы талай сындарлы кездерден сүрінбей өтіп, қолына алған қай істі те абыроймен атқарды.

КЕҢ ПЕЙІЛДІ КЕНЕН АЗАМАТ
Борис ШЫРДАБАЕВ
В MB MUNA1 бас директоры

Жетпісінші жылдың басында орта мектепті бітірген соң «Өзен» өндірістік басқармасында операторлық жұмыс атқардым. Алабұртқан жас кезіміз. Сол кездегі басқарма бастығы Мұрат Ғазизұлы бізге ерекше бір тұлға болып көрінетін. Жұмыста кеткен қателіктерімізді аса сабырлықпен қабылдап, кешіре білетін. Ол кезде оқып-білгенімізді тәжірибеден өткізіп, іс жүзіне асыруға талпынатынбыз. Қатқыл соқпағы қиын жолда қате басатын кездер болмай қоймайтын. Жолбарыс та өзінің жемтігіне бірінші секіргенде жетпей қалып, екінші секіргенде асып түсіп, үшінші секіргенде дәл түседі екен. Біз сол сияқты өз мақсатымызға әлсін-әлсін ұмтылып жүрген кезімізді Мұрат Ғазизұлы әділ бағалай білді. Менің айтайын дегенім, оның кемеңгер ұстаздық қасиеті. Шынымен, жүрегінде жарқын із қалдырған ойлы, парасатты, кейде қатал, кейде инабатты тұлғамен бірге жүріп, қызметтес, әрі шәкірті болу - үлкен бақыттылық. Ол жастарды жақсы көрді. Жастарды өз баласындай көрді, бір айқайлағанын естіген емеспін. Өзі ыстық, суығын көріп келе жатқан мұнай өнеркәсібінің болашағы жастар екенін жүрегімен сезінді. Ол кезде Мәкеңнің өзі де жас болатын, бірақ ерте есейгендігі, байыпты қиялы, мол білімпаздығы оны бірнеше жасқа үлкейтіп тұратын. Жан сарайының жылы шуағын төгетін Мәкеңмен жұмыста да, жұмыстан кейін де әңгімелесу бір ғанибет. Жұмыстағы босаңдық, сылбырлықты байқаса, денеңе біртіндеп ине салғандай, айтарын шым-шымдап өткізіп алады. Бұдан да жұдырықтап ұрғаны дұрыс еді деп сол жерде ақ тер, көк тер боласың. Жиналыстан соң: ай, жігіттер, болмайық екі ел, екі елші, шылымың бар ма әкелші, - дейді аяқ-астынан өлеңдетіп «Мәке, өзіңіз шығардыңыз ба» дейміз біздер жан-жақтан жамырап. «Жоқ», дейді, әй өңкей айдалада мұнай іздегеннен басқаны білмейтіндер. Қол боста неге жақсы өлең іздемейсіңдер. Қаптаған кітаптың ішінен жақсы өлең тауып алу, әрине, оңай емес, мұнай іздегенмен бірдей. Бірақ іздеу керек, табу керек.

Бұл Қадыр деген философ ақынның өлеңі. Кейде дала кезіп, қиялдап өлең жазып кеткім келеді. Мұнайшы болмағанда, тағдыр мені ақын қылушы еді».

Мұрат Ғазизұлы 1973 жылы Маңғышлақ облыстық партия комитетіне ауысқан кезде жетімсіреп қалғанымыз рас. Ол кезде партия айтты, бітті, нұсқау орындалуы тиіс. Сөйтіп небәрі отыздың үстіндегі тәжірибелі маман партия қызметіне кетті. Басқаша ойлауға қақымыз жоқ. Оның ешқандай тірегі болған емес. Бірінші хатшыға өзіне көмекшілікке іскер, мұнайлы өлкенің шаруашылық мәселелерін саралай білетін, жауапкершілікті бір сәт ұмытпайтын мінезге бай Мәкеңдей жас керек болды. Үлкендердің сөзін жерге тастамайтын, алдынан кесе өтпейтін қазақ емеспіз бе. Мұнайшылар дүбірінен таңертеңнен басталатын сар даланың қызу тірлігін қимаса да, келісті.

Әйтеуір кабинетте қамалып қалмасына сенді. Жастың тілегі қабыл болады деуші еді. Рас екен. Екі жылдан соң «Жетібаймұнай» мұнай-газ өндіру басқармасына жетекшілік етті. Осы кезеңде еңбектің қатаң сынынан өткен Мәкең шынымен тәжірибелі маман ретінде біраз есейіп қалған еді. Өндіріс қарқыны күшейіп, жер жарықтықтың иіген төсінен қара алтынның аспан көкке кезек-кезек атылып жатқан кезі. Жанған еңбектің жемісін өз көзіңмен көріп, қолыңмен ұстау қандай ғанибет десеңші. Еңбек ләззаты нағыз осы. Ерен табыстарға қол жеткізілді. Мұндай қайнаған тірліктің ортасында озық ойымен, қажырлы қайратымен ел байлығын молайтып жүрген, әлі қырық жасқа да толмаған Мәкеңді көкірегінің көзі барлар көріп білді, сезініп сүйсінді.

ЖҮРЕГІ ТАЗА, АШЫҚ ЖАРҚЫН АЗАМАТ

Хакім ҒҰБАШЕВ

Мұрат Ғазизұлымен 1975 жылдан «Жетібай» МГӨБ-де қызмет істегеннен таныспын. Қандай да мұнай өндірісі автокөлік және арнайы техникаларды қамтамасыздандырудан басталады. Мен осы саланың меңгерушісі болатынмын. «Жетібай» өндірісінде мұнай өндіру өте күрделі болды, сондықтан Мұрат Ғазизұлы техникалардың уақытында жұмысқа пайдаланылуын қатаң бақылауға алды. Жер көлемі де ауқымды мұнайшыларды сонау Асардан Жетібайға дейін және Өзеннен, Ақтаудан, Жетібайдан мұнай өндіретін жерге автокөлікпен жеткізілетін. Ол кездегі жол ауыртпалығын айтпаса да түсінікті еді. Содан да болар бірінші басшының қырағы байқауында болдық. Мұнайшылардың уақытында жұмыс басына, қайтарда үйлеріне уақтылы жетулерін қатты тапсыратын. Сонысымен де жұмысшы мұнайшылар арасында өте абыройлы, беделді болды. Төрт жылдың өте шыққанын байқамадық, Мұрат Ғазизұлы Орталық Комитетке ауысып кетті. Одан 1981 жылы Мәкең «Маңғышлақмұнай» ӨБ-ның бас директордың орынбасары болып келді. Мәкеңнің қабылдау бөлмесі менің отыратын бөлмеме қарсы болды. Жиі жолығып, тапсырмалар алып, орындап тұрдым. Өте қарапайым, адамды қызмет сатысына бөлмей, алдына келген кісіні дұрыс қабылдап, ақыл-кеңесін айтып, өзіңді бір сергітіп тастайтын. Ол кезде ең ауыр жұмыс Өзен қаласында болды, қызметінің ең көп уақытын сонда өткізетін. Мұрат Ғазизұлы жұмысшы, қызметкерлердің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайларына көп назар аударды. Өндірістің кәсіподақ төрағасымен біріге отырып, мұнайшылардың тұрғын үй, қыс айларындағы жылуы, демалыс кезіндегі дем алатын орындарын, балаларының демалыс уақытында санаторий, жазғы лагерьге жолдамамен орналастыру мәселелерін шешіп отырды.

Басқармада орынбасар бола жүріп, жаңадан ашылып жатқан «Құмкөл» кен орнына бастық болып тағайындалды. Енді жұмысы тіптен көбейді. Бірде жолыққанда, «Хаке, мен Қызылорда қаласына кетіп барамын, мұнай өндіру, игеру үшін арнаулы техникаларыңның жөндісін жіберіп тұр» дейтін.

Құмкөл кенішін ашып игеруге комиссия құрылып «Маңғышлақмұнай» ӨБ-нің бас инженері Жоламанов Кеңес Дүйсенғалиұлының жетекшілігімен барып қайтқан едік. Жұмыстың ұшы-қиырына жете алмайсың, не нәрсені бастау қиын ғой, кадр мәселесі өте ауыр. Мекеме, қойма орындары жоқ, жол нашар, тамақ жеткіліксіз болды. Мұрат Ғазизұлы шыдамдылығы мен іскерлігінің арқасында, елмен араласып жұмыс істеудің нәтижесінде «жоқтан бар жасап», қазіргі атақты мұнай кенін ашып, әрі қарай дамытты.

Мұрат Ғазизұлын кейінгі көргенім «Қазақойл» ҰМҚ-ның тете-президенті болып қызмет атқарғанда, бірақ емделіп жүр екен. «Хаке, мен ұшақпен ұшуға асығып барамын, қайтып келген соң кеңінен отырып әңгімелесеміз» деді. Бұл менің соңғы көргенім болды. Қайран, Мәке, сендей дос, жанашыр азамат маған енді табылмайды дедім де қойдым.

2002 жылы Мұрат Ғазизұлының 60 жасқа толу рәсімін мұнайшылар күнімен Қызылордада атап өтті. Бұл жиынға қатысуға көмектескен Бергенбаев Есқожа мен Сүлеймен Атаниязовқа алғысымды білдіремін. Мұрат Ғазизұлының Құмкөл кенішінде тас мүсіні қойылды, қалада өзінің көше етіп салып кеткен даңғылына Мұрат Саламатов аты берілді. Жиын өте бір ұйымдасқан түрде өтті, жан-жақтан жолдас достары, қызметтес әріптестері, туған туыстары келді, екі-үш күндегі өткен шараларды естен шығара алмаймыз.

Мұрат Ғазизұлымен қызметтес болу, бос уақытта бірге әңгімелесіп уақыт өткізу жаныңа нәр алып, ойыңды кеңейтіп, көңілді сергітіп, бір жасап қалатынбыз.

АҒАНЫҢ ҮЙІ АҚ ЖАЙЛАУ
Естеліктер. Мақалалар 185
Сәрсенғали ҚОЙЛЫБАЕВ

Әкем Байбоз Қойлыбаев 1929 жылы Мәскеуде ішкі істер сауда институтын қызыл дипломмен бітірген бірінші қазақ азаматы. 1935 жылы Сауда министрінің орынбасары болып, КСРО делегациясын басқарып Қытайдың Синцзянь жеріне барған. 1937 жылы Гурьев балық комбинатының директоры болып тұрғанда «халық жауы» атанып, 17 жыл түрмеде отырып, 1954 жылы ақталып келген.

Маңғыстау өңірінде өндіріс ашылып, Ақтау қаласында (ол уақта Гурьев - 20) 1963 ж. аяғында Маңғыстау мұнай өндірісі ашылады. Бұрыннан таныс Гурьев қаласының атқару комитетінде жұмыс жасаған Балғымбаев Өтеп осы мекеменің орынбасары екен.

1964 жылы алғашқылардың бірі болып осы мекемеге шофер болып жұмысқа кірдім. Осы уақытта інім Борамбаев Мақсұт Мұрат Саламатовпен келетін-ді. Мұратпен таныстығым осы уақыттан басталды.

1973 жылы Гурьев облысынан бөлініп, Маңғыстау өзі дербес облыс болуына байланысты Мұрат облыстық партия комитеті бірінші хатшысының көмекшісі жұмысына ауысты. 1975 жылы Жетібай мұнай өндіру басқармасында бастық болды. Жиі-жиі үйге келіп, әкеме сәлемдесіп, дастархандас болып, ақылдасып жүруші еді. Әкем Мұрат менің үшінші балам деп отыратын.

1981 жылы Маңғыстау мұнай газ бірлестігіне бас директорының орынбасары болып жұмысқа келді, мен жеңіл автокөлік жүргізушісі болдым. Қаражанбастағы жұмысшы қалашығын жаңалай іске қосқан Мұрат Ғазизұлы еді. Қаламқас жұмысшылар қалашығын өзіміздің құрастырмалы үйлерден салынып, артынан чехтардың, немістердің (ЗРУП) құрастырмалы үйлерін әкелді. Демалыс күндері отбасыларымен келіп, «Аға үйі - ақ жайлау» деп, емін-еркін әңгімелесіп, теңізге барып демалатынбыз. Ай, сол күндер-ай!

Кавказдың Пятигорск қаласының маңында «Өзен» санаториясы, Ақтау қаласынан 50 шақырым теңіздің жағасында «Мұнайшылар» демалыс орны болды. Кавказдағы «Өзен» санаториясы жазғы демалыста мұнайшы балаларының пионер лагері (3 реттен демалатын) қыста жолдамамен (путевкамен) мұнайшылардың өздері дем алатын (ақысыз) соларды кәсіподақтан Масатов Санатбай барып қадағалап, жетпейтіндеріне көмектесіп жүретін. Мұрат Саламатовтың арқасында қосымша 2 «Икарус» автобусы мен жедел жәрдем машинасы бөлінді. Сондағы тұрғындарға тұрмыстық жағдайдың бәрі жасалды. Қашан барсақ та Жетібайдағы мұнайшылар асханасынан көкөніс, жеміс-жидек үзілмейтін. Сөйтсек, бәрінің жолын алдын-ала білгірлікпен ойластырып қояды екен ғой басшымыз.

1988 жылдың ақпан айында әкем дүние салғанда Қызылордадан әпкем Нұрсұлу, Мұрат-Гуля екеуі келіп қайғымызға ортақтасып, қасымызда болғанын қалай ұмытайын. Қарапайым шофер екен деп шекесінен қарамай маған да үнемі көмек қолын созып жүрді.

Қазақстан Республикасы мұнай газ министрінің орынбасары болып жүргенде, қасында 2 жігіт бар іссапармен Ақтауға келді. «Аға үйі ақ жайлау. Рыкеңнің шайын, дастарханын сағындым» - деп әңгімелесіп, мәз-мейрам болғанбыз.

Мұрат қайтар жылы сәуір айының ішінде Рыстыгүл екеуміз науқастанып жүргесін көңілін сұрай Алматыға бардық.

Мұрат-Гуля біздер келді деп ағайын-тума, жора-жолдастарын шақырып, үлкен дастархан жасап қатты қуанып қалды. Шындап сағынған екен.

Баласы Адик Америкада оқуда көрінеді. Мұнай министрлігі Астана қаласына көшпекші екен. Мұрат та Астанадан үй алып, соған көшпекші болып отыр. Жеке әңгімелескенімізде, Мұрат науқасын уайымдайды, бірақ көп сыр бермейді. Сонда айтқаны: Мамырда Израильға емделуге барам. Аман-сау емделіп келсем демалыс алып Ақтауға барып, арнайы Бекет-Атаға тағзым етем, сосын Ақтаудың теңізіне шомыламын деген еді. Бекет-Атаға бірге бармақшы болып қойғанбыз. Теңізді жақсы көретін. Бекет-Ата Ақтаудан 250 км. Маңғыстаудағы әулиелі, киелі жері.

Бірақ... бірақ.

Мәкең Израильде қайтыс болып, Алматыға әкеліп мәңгілік сапарға аттандырдық қой. Топырағы торқа болсын!

БАУЫР ДЕСЕ - БАУЫРДАЙ БОЛҒАН

Хамзе Саламатова

Заманның біраз ауыртпалығына қарамай, албырт шақ мектепті бітірісімен жоғарғы оқу орнында оқығым келді. Бар сенеріміз Ғазиз ағатайым. Ол кісі Іле станциясында әуелі қойма меңгерушісі одан бас бухгалтер қызметін атқарады. Заң ғылымының кандидаты Күнтілеуов деген кісінің үйінде жүреді екен. Ағам дәрігерінің институтына түс деді, онда бақа-шаяннан қорқам дедім, Заң институтына түс деді, онда тек еркек балалар оқиды екен дедім, ақыры оқымаймын, қайтам дедім. Оған ағатайым жібермей ЖенПИ-де Теміралин деген кісіге жолығып, нәрселерін (қолындағы алтын сағатын шешіп берді ғой деймін) беріп, сонда оқуға түсірді. Филология факультетіне. Менің дұрыс киінгім келеді, ағатайымнан ақша сұраймын, береді, киім-кешек әпереді.

1947 жылы ағатайым Шұбарқұдыққа жұмысқа орналасты, қойма меңгерушісі, ай сайын 30 сом жіберіп тұрды. Есеп-шот қателігімен болар ағатайым 10 жылға сотталды. Артынан іздеп Алдияр екеуміз бардық, 5-6 жылдан кейін рақымшылыққа жатып, босап келді.

Келісімен тағы да Шұбарқұдықта қойма меңгерушісі болып қызмет жасады. Келген соң Нәтимә құдашамызға үйленді. Рая атты 9 жасар қызымен. Ағатайым өте балажан еді. Раяны қатты еркелетіп тәрбиеледі, артынан 1958 жылы Қарлыға атты қыз келді. Ағатайым кең пейілді, әнші, табысқор азамат болды. Нәтимә жеңгеміз де оқыған, айтуға тұрарлықтай жар және ардақты ана болды. Бірақ ертерек өмірден өтті (1974 ж.).

Мәдеш апайым 14 жасында (1934 ж.) тұрмысқа шықты. Нәтимәнің ағасы Есіркеп дегенге, жеті бала көтерді (үш ұл, төрт қыз). Жездеміз ауырып ерте дүниеден озды (1960 ж.), апайымның қолында тұрып едім. Қыздарын, ұлы Нұрланды интернатқа орналастырып, тәрбиелегенмін. 1986 жылы бұл жанұяға ауыр тиген жағдай ұлдары Нұрлан 38 жасында қайтыс болды, қатты уайым болды. Өте бір болашағы зор, тәрбие көрген, жақсы өскен азамат еді.

1957 жылы ақтөбелік Сабырғали Тілекенов деген азаматқа тұрмысқа шықтым. Сакең Тайсойған ауылынан, әскери борышын атқарып келгеннен кейін 1952 жылы Алматы сауда техникумын қызыл дипломмен бітіріп, сынақсыз өтіп, ҚазМУ-де экономика мамандығы бойынша дәріс алады. Жанұя құрысымен Сабырғалидың апайының үйінде тұрдық. «Совнархозда» экономист болып қызметін бастады, одан 1959 жылы «Актюбрентген» заводында өндіріс жоспарлау бөлімінің орынбасары, көп ұзамай бастығы болып, тапжылмай 44 жыл бір орында қызмет атқарды. Қай уақытта да Сәкең салмақты, адамгершілігі мол азамат қалпын сақтады. Сабырғали екеуміз Венера, Ерік, Айгүл балаларымызды тәрбиелеп, Нұрлыбек, Әлібек атты немерелерімізді өсірудеміз. Ағайын-туыстың, жолдас-жораның «басы ауырып, балтыры сыздаған» кездерінде демеу болып, қуаныш-қызықтарынан қалмай, бірге жүруге тырыстық.

Соның біразына тоқталайын:

1965 жылы 20 жылдан астам соғыс зардабын шегіп, өкпедегі мина жарықшақтарын алуға Алдиярға Алматы госпиталінен хабар келді. Операция жасау үшін туыстарының келісімі керек болды. Оған қолхат жазу керек. Қызметтен рұқсат алып маған баруға тура келді. Содан Алматы қайдасың деп жол тарттым. Онда әйтеуір бетке ұстар, студент болса да Мұратжаным бар. Операцияны атақты хирург медицина ғылымының докторы, профессор Б.С.Бабашев жасады. «Алдияр бұл кісіні, маған екінші өмір сыйлаған адам деп атап жүретін». Мен жанында отырдым, Мұрат тамақ тасиды. Рұқсат алған күнім бітіп қалды, ал қайта ғой дейтін ағайым да, дәрігер де жоқ. Содан бір күні қайтуға рұқсат берді. Мұрат сабағын оқи жүріп, Алдиярдың жанынан шықпады. Бір - екі айдан кейін қайта операция жасады. Оған зайыбы Алма мен жездесі Сабырғали барды. Алма емханадан шыққанға дейін болып, үйге алып қайтты. Алдияр әбден жүдеген, олар әке-шешемізбен бірге тұратын. Шешеміз Ұштап Алдиярды ерекше жақсы көретін. Ұштап анамыз 1896 жылы дүниеге келген, шеше қасиетін, жар міндетін адамгершілікпен атқарған ана. Ұштап шешеміз Ғазиздің ұлы Мұратты, Алдиярдың ұлы Өсерғалиды («Ақсауыт» атанған), одан Мұраттың қызы Жанарды өз қолымен өсіріп, ерекше көңіл бөліп қараған.

1966 жылы тамыз айында Мұрат Алматы шет тілдер институтының III курс студенті, Семейдің қызы Гүлбаһрам Оспанқызын келін етіп түсірді. Той-думан, қызық-қуаныш, содан қазақ жолымен Мұраттың ағасы Алдияр жолдасы Алмамен Семей қаласынан 54 шақырым Карповка (Ұзынжал) ауылында тұратын Гүлбаһрамның әке-шешесі Оспан мен Ұқыпжамалдың алдынан өтуге барып қайтты. Оспан кұданың балалары Бектұр (Бекен), Сағындық қарсы алып, шығарып салыпты. Ырза болып келді.

1968 жылы Гүлмира атты, 1970 жылы Жанар атты балалары дүниеге келді. Әуелі «Жаңаөзен» кеншарында, одан кейін Ақтауда тұрып жатты. 1972 жылдан бастап Гүлбаһрам біраз ауырды. Мұрат сол кездегі мықты деген ауруханаларға апарып, көп емдетті. Гүлбаһрамның әкесі Оспан, ағалары Бектұр (Бекен), Сағындық, жездесі Асқар, жеңгесі Кәкима жол қашықтығына қарамай хабарласып, көмектесіп, қатысып тұрды.

1976 жылы Гүлбаһрам Гүлмирамен Семейдегі ағасы Сағындықтың қолына оралды, Жанар Шұбарқұдықта (Актөбе облысы) Ұштап әжесінің қолында қалды. Алдиярдың үлкен ұлы Замер 1999 жылы Мұраттан кейін екі ай мөлшерінде автокөлік апатынан бұл дүниеден қайтты. Шұбарқұдықта Саламатовтар әулетінің түтінін түтетіп отырған жанұяның басы еді. Қазірде зайыбы Дариға сол мекенде бір кішкене ауыл шаруашылығы қожалығына иелік етіп, Дулат, Марал, Мөлдір атты балаларын тәрбиелеп отыр.

Өнер ағасы Мұраттың жолын қуып, мұнай өндіру саласында абыроймен қызмет атқаруда. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бас директорының орынбасары, мұнай өндіру бөлімінің бастығы. Жолдасы Дүйсенгүл колледжде оқытушы, екеуі Балаби, Зәру атты балаларын өсіруде. Ұштап анамыздың еркесі Өсерғали Алдиярұлы атақты құрылысшы (прораб) жеке кәсіппен айналысады. Жұбайы Ханым мықты тірегі, қолдаушысы. Азамат, Шыңғыс есімді ұлдарын заманымызға сай етіп тәрбиелеуде.

Нұрила Айболат атты, Гүлбабаш Өтеген есімді азаматтар да тұрмыста, өздерінің жеке кәсіптері бар, Нұрболат, Айдана және Темірлан, Санжар атты балалары өсіп келеді.

Бірде Мұрат менің ұлым Ерікпен Алматыда кезігіп, үйіне апарып, жақсы сыйлапты. Ұлым риза болып, қуанып келді. Кіші қызым Айгүл жоғарғы оқу орнында оқу үшін қомақты қаражат керек болды. Әкесі Сабырғали Мұратқа телефон шалды. Сөзге келмей керекті ақысын аударыпты. Сабырғали жездесінің 70 жасқа толған мерейтойын өзі келіп өткізіп, қызықтадық.

Осындай жақсылықтарын, адамгершілігін ешқашан ұмытпаймыз. Өмір бір реніш, бір қуанышпен өтіп жатыр. Арамызда Мұрат жоқ. Бірақ қолдан келер ештеңе жоқ, тәубә деп қалған балаларына ұзақ ғұмыр тілейміз.

Мұратжанның үлкен қызы Гүлмира 1988 жылы қыркүйек айында Атырау қаласындағы Сағынбайдың ұлы Болат атты азаматқа тұрмысқа шықты. Содан құда болып, той-томалаққа қатыстық. Сәкеңнің еңбек жолдары тегіс аудандық, облыстық (Гурьев, Маңғышлақ облыстары) тұтынушылар одағының қызметіне арналған екен.

1996 жылы маусым айының басында Сағынбай құданың бұл дүниеден өткенінен хабардар болдық. Әрине, Сәкең құдамыз өмірден ерте озды, құдамыздың тындырар ісі, ойлаған армандары, көретін қызығы көп еді. Осы бір ауыр қайғыға Мұратжан бірінші күннен қатысып, Сәкеңнің балалары, жұбайы Ақжібекті жұбатып, көңіл білдіріп, өзі бас болып, Атырау өңіріндегі мұнай саласындағы лауазымды азаматтарды жұмылдырып, ойда қалатындай үлкен адамгершілікпен қызмет жасады.

2006 жылы маусым айында Атырау қаласында балалары, туыс - туғандарының ұйымдастыруымен Сәкеңнің қайтыс болғанына 10 жыл өтуіне арналған еске алу рәсімі өтті. Ақтөбе қаласынан 10 адам бардық: Рая-Сақтап, Қарлыға, Дариға, Өнер, Балаби атты баласымен, Өсер-Ханым, Өтеген-Саламатов әулетіне қатысты адамдар.

Еске алу жиыны өте бір ұйымдасқан түрде өтті. Сәкеңнің балалары Fалия, Болат бастатқан, құдағиымыз Ақжібектің қостауымен бізді құда-құдағи ретінде сыйласымды қарсы алып, күтті. Ұлы Болаттың үйінде біраз тынығып, ауқаттанып алғаннан кейін, құдамыз Сағынбай Нұрғалиев атына қаладан көше беріліпті, ауласына киіз үй тігіліпті. Үйдің қабырғасына ескерткіш тақта (мемориальная доска) ілінді, Сағынбай Нұрғалиев көшесі деген белгі қағылды. Көше атын беру жиынына, көп халық жиналды, ішінде қала әкімшілігінің басшылары бар. Атырау қаласының мәдениет саласының әншілері, күйшілері, Дина Нүрпейісова атындағы Мәдениет институтының тәлімгерлері мен оқытушылары қатысқан концерт қойылды. Одан Атыраудың бір кең асханасында құран оқылып, ас берілді. Сол дастархан басында да еске алушы Сәкеңнің қызметтес болған жолдастары, туыс-туғандары, құда-құдағилар сөз алып, еске алды. Сәкеңнің өзінің жазып кеткен қолжазбасының негізінде балаларының қолдауымен «Ақыл мен ізет» деп аталып, естелік, әңгіме-эссе кітабы шығыпты. Бәрімізге бір-бір кітап берілді. Жаңағы жиындарда сөйлеген азаматардың естелігінен және «Ақыл мен ізет» кітабынан Сағынбай құдамыздың Атырау өңірінде, 1973 жылы жаңа құрылған Манғышлақ облысында облыстық тұтынушылар одағының төрағасы қызметтерін атқарып, үлкен абыройға бөленгені жайында жақсы мағлұматтарға кенелдік.

Рәсімге Ақтаудан Сәкеңнің інісі Қуандық-Тыныштық, қарындасы Зәуреш-Орал, Атырау төңірегінен қарындасы Бәтимә-Ахметқали, құда - құдағилары, барлық балалары, Бейнеуден туыстары қатысты.

Ақжібек құдағиымыз салиқалы аналарға тиісті үлкен жүректі, асыл сезімді, кең пейілді, жағасы жайлау, жаны жаз ардақты ана екендігін ақ жарқын мінезімен көрсете білді.

Жазмыштан озмыш жоқ, бәрі де Алланың ісі ғой, Сәкең құдамыздың о дүниелік болғанына он жыл өткенімен, құдамыздың есімі өшпейді, неге десеңіз артында ұрпағы бар (2 қыз, 5 ұл), жары Ақжібек, немерелері, өзі сыйласқан дос-жарандары, ағайын-туыстары, ел-жұрты бар. Сәкең құдамыз іштен де, сырттан да көп дос, туыс тапқан, ол кісінің есімі, кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, сөйлеген сөзі - бәрі-бәрі есте сақталатыны хақ.

ОЛ ӘРДАЙЫМ БІРІНШІ БОЛҒЫСЫ КЕЛДІ
Естеліктер. Мақалалар 187
Жеңіс ЖАЛҒАСОВ

Сол кездегі Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Еркін Нұржанұлы Әуелбеков арнайы шақыртқан соң алып-ұшып жетіп бардым. Неге қолқалағалы отырғанын да ішім сезеді. Біраз әңгімелескеннен кейін Маңғыстауда кішігірім алты-жеті мұнай және газ кен орнын өз қолыммен құрғанымды айттым. Ерекең «оны білемін, сол үшін сені қолдап отырмын. Себебі маған ғылым докторы мен кандидат азаматтар келіп жүр, бірақ маған оқымысты емес, өндірісті білетін адам керек. Ал сен осы бас инженерлікті бастайсың және бітірмей кетпейсің» деді. Мен осы жерде отырсам, ешкімнен қорықпа, көмек көрсетемін. Ал өзің бүлдірсең аямаймын! Бұрыннан да қорқақ емес едім, ширығып шыға келдім. Оның біраз пайдасы да тиді.

Мәселе екі жақтап шешуін тапқан соң, Мәкең екеуміз келісім-шарт жасастық. Ұсыныс жасаған өзі: өндірісті сен басқарасың, ал ұйымдастыруды өз қолыма аламын. Менің рұқсатымсыз ешқайда шықпайсың, бүгіннен бастап үйің де, күйің де Құмкөл болады.

Ең қиын жағдайлар 1989-1990 жылдары басталды. Мызғымас Одақпен бірге партия тарқады, осыған байланысты Құмкөл құрылысы тұйыққа тірелді. Біз ол кезде НГДУ «Кумкольнефть» болып ПО «Маңғышлақнефть» басшылығына одан жоғарғы сатысы МНП СССР бағынатынбыз. Мәкеңнің көздегені - біз өз алдымызға бөлінсек, сен өндірісті алып кете аласың ба, - деген ойын ортаға салды. Мен бұл пікірін қолдадым, және ол жұмысты алып кетем деп уәде бердім. Сол уәдемде тұрдым. 1990 жылдың 9 мамыр -Жеңіс күні Құмкөлді жібердік. Үлкен той жасадық. Оған арнап төмендегідей өлең шығардым:

Құмкөлім, менің, Құмкөлім,

Гүл жайнаған, мал жайылған мекенім.

Күн шуағы шөлірткетсе далаңды,

Таң самалы теңестірген екеуін.

Құмкөлім, менің, Құмкөлім,

Қазақтың кен даласы.

Қара алтынды игерген,

Сыр елімен бірігіп,

Атыраудың мұнайшы Жеңіс баласы.

Құмкөлім, менің, Құмкөлім,

Байлығыңа халқың сай,

Құмкөл тұңғыш ұлыңдай...

Құмкөлім менің, Құмкөлім,

Сенің туған күнің 1990 жыл 9 май.

Жүрсеңші есіңе алып, қос Жеңісті ұмытпай.

Ал енді бірлестіктің қалай құрылғаны туралы тек Мәкеңнің өзінен артық білетін адам жоқ, себебі ол кезде ешкім мойнына ешқандай жауапкершілік алмайтын. Ондай жағдайлар болған күнде де айтуға қорқатын. Біздер өз алдымызға 1991 жылы наурыз айында бөліндік. Бұл жұмысқа менің қосқан үлесім аз, тек өндірісті құлатпай ұстап тұрдым. ПО «Южказнефтегаз» деген атақ алдық, енді ол жерге адамдар келе бастады, мамандар мәселесін Мәкең өзі шешетін, солардың ішінде менің екі ағам да бар. Біреуі Хасанов Төлеген өндіріс жөніндегі орынбасары, екіншісі Бердіғожин Роберт геология мен бұрғылау жөніндегі орынбасары.

Құмкөлдің ең қиын шақтарын бірге өткізген екеуміз, 1993 жылдың аяғында екі бөліндік. Мен «Қазгермұнай» мекемесіне бас директор болып тағайындалдым. Сол жылдан бастап тағы да үш жылдай бірге болдық, оның себебі Мәкең «Қазгермұнайдың» Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Тоқ етер сөздің түйіні, Мәкең қайтпас қайсар мінезді болатын. Екінші қасиеті - ол екінші болуды ұнатпайтын, не де болса бірінші болғанды жақсы көретін. Қанша лауазымы үлкен жұмыстарда болса да, өзің шешім қабылдамаған соң көңілің көншімейді дегенін талай естігенмін. Ал Құмкөлдің шегесінен бастап, бүкіл қондырғыларын ұйымдастырған тек қана сол Мәкең. Ол аксиома. Жұмысқа берілген, елім, жерім, халқым үшін деп өткен адам. Құмкөлге анау жетпейді, мынау жетпейді деп, кімнің алдына бармады, бұл жағын Нұрабаев Базарбай жақсы біледі. Мәкеңнің өмірі өте қиын да, қызықты өтті, бірақ арманда кетті, жас кетті. Міне, осы жерге келгенде, мен қатты өкінемін, неге бірге болмадым, неге өз орнымды біреулерге жеп-жеңіл бере салдым, мүмкін мен қасында жүргенде көтерген жүгі аздау болар ма еді, себебі қайда кетсе де орнына мені тастап кетуші еді. Соған қарағанда бір жақсы ойлары болған шығар деп түйемін іштей.

ҚҰМКӨЛ КЕН ОРНЫН ИГЕРУ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ
Кенхан АЙДАРБЕКОВ, геолог
Қазақстан жер қойнауының құрметті барлаушысы

1980 жылдың басынан бастап, Оңтүстік Торғай ойпатында мұнай мен газ кен орындарын іздеу мақсатында сейсмологиялық барлау жұмыстары жүргізілді.

Осы жүргізілген жұмыстардың нәтижесімен, 1984 жылдың басынан Оңтүстік Қазақстан мұнай барлау экспедициясының күшімен мұнай кен орындарын іздестіру жұмыстары қолға алынды. Құмкөл алаңында №1 ұңғыны бұрғылау кезінде 1120 метр тереңдіктен күтпеген жерден мұнай атқылай бастады, сүйтіп алғашқы рет аталмыш мұнай кен орны ашылды.

1988 жылы КСРО Мұнай өндірісі Министрінің бұйрығына сәйкес Қызылорда қаласында алғашқы рет Құмкөл мұнай-газ өндіру басқармасы ашылды. Маңғыстау мұнай өндіру бірлестігінің Бас директоры Нұрлыхан Өтеуұлы Бекбосыновтың бұйрығымен, жоғарыда айтылған басқарманың алғашқы бастығы болып Саламатов Мұрат Ғазизұлы тағайындалды. Осы аталмыш ірі көлемді мұнай қоры бар кен орнын игеруге жергілікті мамандардың жоқтығына байланысты «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінің жанынан бір топ мұнайшы мамандар арнайы жіберілді. Сол алғашқы бас мамандарды еске алатын болсақ, олар Жеңіс Жалғасов - бас инженер, Кенхан Айдарбеков - бас геолог болатын. Жаңадан ашылған аталмыш басқарманың алғашқы бас мамандары Үсен Ұлықбаев - бас механик, Болатбек Қапанов - бас энергетик болып тағайындалды.

Қызылорда қаласында Құмкөл терең бұрғылау экспедициясы құрылып, (бастығы Тарғын Қосшанов, бас геологы Жүсіпбек Қоразов) аталған кен орнында мұнай ұңғыларын бұрғылау жұмыстары да басталып кетті. Бұл аталмыш экспедиция Маңғыстау бұрғылау басқармасының жанынан төрт бұрғылау мұнарасымен (Бу-75) және жетекші мамандардан құралған, он бес күндік вахталы әдіспен істейтін бригадалардан тұратын. Бұрғылау мамандардың бәрі Маңғыстаудан жіберілген еді.

Сонымен 1988-1990 жылдар арасында елсіз мидай далада, ауа-райының ыстық суығына қарамастан, Құмкөл мұнайы үшін күндіз-түні бірдей тынымсыз жұмыстар жүріп жатты. Ол кезде елсіз далада жұмысшыларға арналған вагоннан жасалған асхана мен үш-төрт жатақханадан басқа ештеңе де жоқ, тас жол қатынасы болмағандықтан Қызылорда қаласымен тек қана тікұшақ арқылы қатынаймыз.

Құмкөл кеніші басында мұнай-газ өндіру цехы ашылып, оның алғашқы бастығы болып Жоламан Мәмбетов тағайындалды. Кеніш басында мұнай өндіру нысандарының құрылыс жұмыстары шұғыл түрде басталып кетті.

Үш жылдың аралығында, сондай қиыншылық жағдайларға қарамастан, жоғарыдағы айтылып өткен қолбасшы, мұнайшы мамандардың басшылығымен және де басқа да құрылыс, автокөлік жұмысшы мамандарының ерен еңбектерінің арқасында мұнай өндірісіне қажетті көптеген нысандар дер кезінде салынып, олар іске қосылуға дайын болды. Төрт топты қондырғылар (Гу-1, 2, 3, 4), оларды ұңғылармен қосатын мұнай құбырлары, 35 мұнай ұңғылары жұмысқа қосылуға дайын тұрды. Оларға қысқаша тоқтала кеткім келіп отыр.

Біріншіден, Құмкөл кенішінің басында жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету үшін оларға арнап 600 орындық барлық жағдай жасалған жатақхана, асхана, мед.пункт салынды. Теледидар және телефон жүйелері тартылып, іске қосылды. Жұмысшылар кенті, өндіріс орындары электр қуатымен, су, жылу құбырларымен қамтамасыз етілді.

Екіншіден, өндіріс орындарын қамтамасыз ететін база салынып, автокөлік мекемесі, автокөлік тұрағы іске қосылды. Өндіріс нысандары, мұнай құбырлары, мұнай дайындау және құбырларға қайта айдау цехы дайын болды. Осы айтылып өткен жобалы нысандар күндіз-түні дамылсыз еңбектің арқасында қысқа мерзімнің ішінде әзірленіп, Құмкөл кен орны өндіріске пайдалануға сақадай сай еді. Құмкөл мұнайшылары аталмыш кенішті өндірістік пайдалануға беретін күнді асыға күтумен болды. Көптің асыға күткен қуаныш күні де жақындап қалды.

1990 жылдың мамыр айының 9 жұлдызында Құмкөл кен орны өндірістік игеруге қосылды. Салтанатты жиынды ашу рәсіміне КСРО Мұнай өнеркәсібі министрі Филимонов мырза бастаған және Мәскеуден, Маңғыстаудан келген бір топ басшы, мұнайшы мамандар мен Қызылорда облысының басшылары қызыл лентасы кесіліп, арнаулы салтанатты жиын өтті. Бұл күні кеніш басында үлкен той - думанды мерекеге жалғасты. Бұл тек қана Құмкөл мұнайшыларының қуаныш күні емес, бүкіл Қызылорда облысының тұрғындары үшін тарихи есте қалатын күн болды. Бұл жерде мен бір ерекше айта кететін жағдай, ол осы аталмыш кеніштің игеру жұмыстары өңкей қазақ мамандарының қатысуымен жасалғандығы.

Сонымен 1996 жылдың қыркүйек айында Құмкөл кен орнынан алғашқы 10 млн. тонна қара алтын өндірілді және ол шара арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен салтанатты түрде аталып өтті. Құмкөл кен орнынан өндіріліп жатқан мұнай көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Бұл күндері аталмыш кеніштен жылына бес миллион тонна шамасында мұнай өндіріледі. Жері байдың, елі бай деп қазақ атамыз айтқандай, қасиетті Сыр бойы жерінде қара алтынның көзі ашылып, ол жергілікті халықтың болашақ ырыс байлығына айналып, Қызылорда облысының экономикасының қарқындап өсуіне көп септігін тигізуде.

Құмкөл кен орнының өндіріске пайдалануға берілуіне байланысты көптеген облыс тұрғындары жұмыс орындарымен қамтамасыз етіліп, жергілікті халықтың тұрмыс жағдайлары жақсарып, Қызылорда қаласы көркейіп, гүлдене бастады.

Бүгінгі күні Құмкөл кен орны тек қана Қызылорда облысына ғана емес, бүкіл егеменді Қазақстан елінің игілігі және өндірістік пайдалануға беру жұмыстары кезінде алғашқылардың бірі болып, барлық қайрат-күш жігерімді салып, бүкіл халықтың игілігі үшін еңбек жасағаныма, мен өзімді бақыттымын деп санаймын. Құмкөл мұнайы сарқылмасын, ол кен орны алдағы уақыттарда да еліміздің бақытты болашағы, гүлденіп көркейе беруі үшін жұмыс жасай берсін!

ЖҰЛДЫЗДЫ ЖЫЛДАР

Тарғын ҚОСЖАНОВ

1988 жылы Мұрат Ғазизұлының шақыруымен, анығырақ айтсам, талап етуімен Қызылордаға келдім. Жас кезінен жинақы, кейде көңілді, кейде суыққанды Мұрат Алматыда Политехникалық институтта бірге оқып жүрген кезімізде де біздерге талап қоя білетін және оны орындататын.

Сонымен Мұрат жас кездегі дос көңілімен қарсы алды да, кабинетіне келген соң кәдімгі басшы ретінде маған талап қойды. «Мойныңа қиын міндет артып, маңызды қызмет бергелі жатырмын» деді ол. Іштей ұғындым. Бәрін тыңнан бастайсың дегені. Сөйтіп жаңадан Құмкөл терең бұрғылау-пайдалану экспедициясы құрылып, мен бастығы болып тағайындалдым. Алдына отау тігіп, шаңырақ көтерген үш жүзден астам адам еңбек ететін ұжымның қалыптасып кетуі оңай емес. Алға қойған үлкен міндеттер бар. Оның үстіне айналадағылардың: бас директор басқа жақтан өзінің досын әкелді деген атқа қалмасын деген ой, қайткенде Мұратты жаманатқа қалдырмаймын деген ой ішімді жегідей жеп барады. Сол үшін жұмысты екі есе, үш есе көп істеуім керек. Осындай кезде жүргенде Мұрат жұмысымды жиі бақылайтын. Көзіңе қарап қиналысыңды танитын, сөзіңе қарап, шашылған ойыңды түйіндеп беретін. Мұнан артық қандай қамқорлық керек. Бағыт-бағдар алған біздер дереу іске кірісетінбіз. Сөйтіп алғашында жүргізген тоғыз мың метр проходкалау жұмыстарын аз уақыт ішінде жүз жиырма мың метрге жеткіздік. Бір ерекшелігі Мұрат Ғазизұлының басқару шеберлігі. Мұнай өндірісінің қай тармағы болса, оның білімпаздығы мен сезімталдығы Құмкөлдің барлық бөлімшелерінде, барлық маңызды тетіктерінде ойша бірге жұмыс істеп жүргендей. Мұрат Ғазизұлы бізге мұнай көзін барлау үшін терең бұрғылаумен қоса, мұнайды пайдалану мақсатында үлкен істер атқаруға бағыт-бағдар берді. Сөйтіп, экспедиция әрі мұнай іздестіріп, әрі пайдалануға қызмет ететін болды. Біздің ұжым осы үлкен саланы игерудің технологиясын жан-жақты зерттеп, оны пайдалануға өз үлестерін қосу үшін тиісті комплексті шаралар белгіледі.

Құмкөл мұнайы 1380-1400 метр тереңдіктен алынатынын ескерсек, барлау.жұмыстары да дәл осы деңгей тереңдігінде жүргізіледі. Нәтижесінде көптеген игі істер жүзеге асып, абыройлы табыстарға жеттік.

Мұрат өзінің қарамағындағы басшыларды іс-қимыл еркіндігіне үйретті. Батыл шешім қабылдау, ақыл-оймен жұмыс істеу. Қателесуден қорықпаңдар, ол үлкен жеңіске дайындық, табыстың басы дейтін. Айтуын айтқанмен, біздерді ірі қателіктерге ұрынып қалмасын дегені ме, үнемі қадағалап, бақылап жүрді.

Ол жұмыста іркіліс болдырмау мақсатында болашақтың жұмысын бүгіннен бастау керектігін жиі айтатын. Осы мақсатта өзінің тікелей басшылығымен, қысқа мерзімде кеніштің өзінен арнайы ірі база салдыруға нұсқау берді. Бұл келешекте бүкіл бұрғылау қондырғыларының бөліктерін, басқа да техниканы, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын сонда жүргіземіз деген сөз. Сондай-ақ әр түрлі маркалы техника сол жердің өзінде сақталып пайдаланылады. Көп кешікпей өндірістік-техникалық қызмет көрсету орталығы салынды. Ұқыптап ұстаса, ескі дүние де жарамды болады, ал жаңа дүние ескірмеу үшін, алдын ала жағдай жаса дейтін, білікті басшы. Шынында күтім болмаса темір де тозады. Әр істің қиындығы мен дұрыс шешімін алдын ала біліп, болжап отыру, нәтижесінде істің көзін дөп басу Мұратқа тән қасиет болатын.

Заңғар биікте қанат қақпастан, қалықтап ұшып жүріп, жердегіні дәл көретін, көздегеніне дәл түсетін қыран қасиетін Мұраттың бойынан көрген сайын, осындай азаматпен бірге оқып, бірге жұмыс істеу қандай ғанибет деп, көкірегімді мақтаныш сезімі билейтін.

Жергілікті басшылардың тілін тауып, жұмыс істей білу кез келгеннің қолынан келетін шаруа емес. Мұрат мұнай саласында отыз жылдан астам еңбек етіп, ірі-ірі істерді кемеңгерлікпен шеше білді.

Сондықтан мұнай тарихында ол жұлдызы жарқыраған ірі тұлға болып қалады.

КАДРЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАДЫ

Мұхаммед САРЫБАЕВ

Ашылмаған сыры көп, шешілмеген жұмбағы көп белгісіз Құмкөлдің тағдырын үлкен басшылар сеніммен Мұрат Ғазизұлына тапсырды. Сол кезде ол «Өзенмұнай», «Жетібаймұнай» кеніштерінде жұмыс жасап, тәжірибе жинақтап ысылған, жасы қырықтың үстіндегі мұнайшы-маман болатын.

Оның жоғары кәсібилігі, әріптестеріне сергек көзқарасы, өзінен кейінгі жастарға тәлімгерлігі мен кішіпейілділігі өз алдына бір төбе. Менің айтайын дегенім, оның шет жерде жүрген қазақ бауырларын өзіне тарта білгендігі. Арнайы мұнай саласының мамандарының жетіспеуінен ол Өзбекстанға, Түрікменстанға, Ресейге маман кадр іздеп қайта-қайта барып жүрді. Сол жақтан көшіріп әкелген қазақ жанұяларының санын айта алмасам да, осында қазір «Құмкөлдің» арқасында жағдайларын түзеп, тұрақтап қалған көп жанұялар Мұрат Ғазизұлының аруағына қазір де риза болып тәу ететін болар.

Мен де Мәкеңнің шақыруымен 1991 жылы сонау Түрікменстаннан келдім. Мені бұған дейінгі біраз жылғы тәжірибемді бағалап, бұрғылау кәсіпорынының бастығы етіп тағайындады. «Құмкөл» кенішінің енді ғана күш алып келе жатқан кезі. Сәл ғана шегініс жасайын. Мәкеңмен екеуіміздің тағдырымызда аздаған ұқсастық бар. Мен Түрікменстанның Красноводск қаласында тусам, Мәкең Жамбыл облысының Көктерек ауданында туған. Екеуміз еңбек жолын жұмысшыдан бастаппыз. Бірақ екеуіміздің де атамекеніміз Ақтөбе мен Атырауды жарып ағатын Сағыз бен Жем өзендерінің бойы. Сөйтіп алыста жүрген екі атаның баласы пәленбай жылдан соң мұнайшы деген мамандықтың арқасында Сыр елінде табысып, айрылмас дос болдық. Мәкеңнің бір қасиеті адамды тани білетіндігінде, тіпті ол үшін көп ойланып, уақыт кетірмейтін. Бойыңнан, ісіңнен бір жақсы қасиет тапса, тез шешімге келеді. Сол кезде мен де біраз ысылып қалған мұнайшы болатынмын. Небедтау деген қалада мұнайшылар даярлайтын техникумды бітіріп, сол жердегі мұнайлы өлкеде бұрғылау жұмысынан бастадым. Сегіз жыл бойы бірте-бірте разрядымды үлкейтіп жүріп, Мәскеуде Губкин атындағы Мұнай және газ өнеркәсібі институтын бітіріп алдым. Сол Небедтаудағы бұрғылау жұмысы басқармасында технолог, бас инженер, басқарушы қызметтерін атқардым. Мұны айтып отырған себебім Мәкең кадр таңдағанда көзіңнің әдемілігі мен денеңнің палуандылығына қарамайтындығы. Ең бастысы сен жауапкершілікті сезіне білетін істің адамы болғандығыңда. Мәкең тұрмыста қарапайым, әсіресе балажан еді. Қай үйге барса да сол үйдің балаларының маңдайынан бір иіскемей кетпейді. Біздің үйдің де кішкентайлары Мұрат көкесін әлі іздейді, жиі сұрайды.

НАСТАВНИК
Любовь ГАНСКАЯ
зам. генерального директора
«Торгай Петролеум»

Делиться воспоминаниями, пожалуй, очень тяжкий труд. Особенно, когда вспоминаешь о человеке, которого уже нет рядом с нами, но, который оставил глубокие и неизгладимые впечатления в твоей душе. О человеке, чья высокая оценка твоих человеческих и деловых качеств, чье наставническое и просто человеческое отношение, было и продолжает быть для тебя выше всех других похвал и наград. Но и не вспоминать тоже нельзя. Тем более, когда этим человеком является тот, чей образ может служить ярким примером для подражания не только для молодого поколения, но и для тех, кто сегодня имеет определенный опыт и немалый багаж знаний. Сегодня, когда произносят его имя, многие начинают ассоциировать его с одной из важнейших отраслей нашей экономики -нефтегазовой промышленностью. И, уверена, нет человека, равнодушного к этому имени, кто был с ним знаком. Саламатов Мурат Газизович! Человек, организовавший первую промышленную добычу нефти на нефтегазовом месторождении Кумколь. Благодаря своему отношению к работе, к профессии нефтяника, особенно к людям он стал человеком-легендой.

В то же время все воспоминания о ком-то исходят из твоих личных впечатлений о нем. А это заставляет вспоминать и о своем прошлом. Иначе, понятное дело, невозможно...

В тот день, когда мне посчастливилось познакомиться с Муратом Газизовичем, я, пожалуй, не забуду никогда.

В феврале 1988 года было образовано нефтегазодобывающее управление (НГДУ) «Кумкольнефть» (официально оно было образовано с 1 января этого же года). Новое предприятие нуждалось в квалифицированных кадрах. Знакомые предложили мне принять участие в своеобразном «отборочном конкурсе» на вакантную должность начальника отдела планирования, труда и зарплаты.

Признаться, особого стремления у меня не было. Но отсутствие квартиры и положение матери с маленьким сыном на руках подтолкнули пойти на этот шаг. И вот мне сообщают, что сам Саламатов вызывает меня на собеседование. Захожу в кабинет, он посмотрел на меня и строго спросил:

А вы, по какому вопросу? Я представилась.

Усадив меня, он начал с большим энтузиазмом и даже с каким-то азартом рассказывать обо всех перспективах нового предприятия. Мурат Газизович признался, что внимательно изучил мой личный листок, слышал немало хороших рекомендаций и отзывов обо мне и считает - лучшей кандидатуры на должность начальника отдела нет. Было приятно и то, что Саламатов, описывая радужные перспективы нового дела, практически уговаривал меня принять его предложение. Я согласилась, так как поняла, что с таким руководителем работать можно. И 9 марта 1988 г. началась новая страница в моей трудовой биографии, которая пишется, и по сей день.

Никто не может отрицать огромных заслуг Мурата Газизовича перед Кызылординской областью. Благодаря ему, его стараниям и умению улаживать спорные вопросы, а также благодаря поддержке бывшего секретаря обкома партии Еркина Нуржановича Ауельбекова, офис НГДУ «Кумкольнефть» был открыт в Кызылорде. Хотя наши соседи -джезказганцы - ратовали за открытие офиса именно у них. Данный факт позволил и позволяет поныне обеспечивать Кызылординскую область, как финансовыми вложениями, так и рабочими местами, способствует развитию инфраструктуры области. Это характеризует Саламатова как дальновидного политика и, не побоюсь этого слова, поистине государственного человека.

Много из того, что сейчас является для нас привычным, в те годы, еще только предстояло сделать. Дороги, Кызылорда-Кумколь, которая сегодня ровной гладью, протянулась до месторождения, еще не было. В основном рабочих доставляли на вертолетах и самолетах АН-2, так называемых «кукурузниках». Да и офис представлял собой небольшое старенькое здание с тесными кабинетами и коридорами. В то время «выбить» деньги из министерства нефтяной промышленности СССР сказать, что было трудно это значит, ничего не сказать, но Мурат Газизовичу это удалось и только отсутствие в области необходимых мощностей, помешало освоить их полностью. А после распада Союза, средства пришлось искать снова. Было тяжело, и у Саламатова была возможность тихо отсидеться в это трудное время, но это было не в характере этого человека. Наоборот он использовал весь свой дар убеждения и добивался специальных постановлений правительства молодого государства о месторождении Кумколь, выделении средств из госбюджета на строительство автодороги Қызылорда-Кумколь. Благодаря его усилиям было принято решение, позволяющее оставлять в распоряжении нефтедобывающего предприятия 10 % экспортной выручки, это давало возможность провести модернизацию оборудования и помочь работникам предприятия в период тотального дефицита.

Тут необходимо сказать о том, что месторождение Кумколь развивалось по уникальной схеме. До этого в СССР по такой схеме не развивалось ни одно месторождение. Схема «сначала производственная мощность, а затем уже бытовые условия» присутствовала повсеместно. Мурат Газизович впервые нарушил эту схему, стоило, я могу только догадываться, но руководство нового предприятия сделало ставку на формирование бытовых условий для рабочих. В итоге появился вполне современный вахтовый поселок. Были созданы условия для проживания и питания рабочих. Это красноречиво говорит о том, что Саламатов понимал важность человеческого фактора, постоянно заботился о людях, которые трудились рядом, даже об их настроении, недаром много средств выделялось на озеленение вахтового поселка.

Всем известный медицинский диагностический центр в Кызылорде появился, в частности, благодаря усилиям Саламатова. Именно он, в числе других, содействовал тому, чтобы такой центр был построен у нас. И первые деньги на строительство этого уникального сооружения были вложены из доходов нефтяников.

О разносторонних интересах Саламатова, как человека хозяйственного и рачительного, знающего толк в инновационных технологиях, говорит и то, что он думал не только о нефтяном производстве. В свое время он ездил с бывшим Акимом Кызылординской области Сеилбеком Шаухамановым в Израиль. Там он интересовался системой капельного орошения. Можно с уверенностью сказать, что этот способ полива растений в нашей области впервые стал известен, благодаря разносторонним интересам таких людей, как Мурат Газизович. Это доказывает, что Саламатову были не чужды и другие сферы экономики.

Да, что и говорить, прошли годы, как уже нет рядом с нами нашего дорогого Мурата Газизовича. И, порой, чувствуешь, что хочется вновь поговорить с ним, посоветоваться, поделиться радостью. Хочется сегодня сказать те слова, которые когда-то не были сказаны. И жалость охватывает душу, что не сумела этого сделать вовремя. Хочется сказать:

«Дорогой Наставник! Что скажете своей ученице? Что посоветуете?

Я горжусь, что была Вашей ученицей!»
ЧЕРНОЕ ЗОЛОТО, ЗОЛОТОЕ СЕРДЦЕ
Роберт БЕРДЫГУЖИН
Генеральный директор ЗАО «НК КОР»

С Муратом Саламатовым мы встретились в то славное и теперь уже бесконечно далекое время, когда шло обустройство месторождения Узень. Крепкий, немногословный парень, он странным образом всегда приковывал к себе внимание. Тогда в Алматы, в Казахском политехническом институте только открылся нефтяной факультет. И Мурат был одним из первых его выпускников.

В это время Мангышлак действительно был перекрестком тысячи дорог, как его окрестили журналисты. А по журналу в отделе кадров можно было изучать географию великой страны, Москва и Баку, Ивано-Франковск и Актюбинск, Уфа и Казань присылали сюда своих специалистов. Их, как правило, назначали операторами по добыче. Опыта ребятам, конечно не хватало. Кипели горячие споры, схлестывались амбиции - ведь мы были молоды, а нефтяные школы разные. Но я хорошо помню, как весомо и компетентно высказывался Саламатов, что, как правило, и становилось решающим доводом в спорах. А для меня начинающего геолога, такое общение было бесценным. Я сразу выделил его среди других приезжих. Мы жили дружной семьей. Выпускники вузов получали комнаты там же, где жили и руководители нефтегазодобывающего объединения «Узеньнефть». Вот как ценили тогда молодых инженеров.

В 1969 году меня назначили старшим геологом нефтепромысла. В управлении их было три, и наш называли - «Казахский». Он был укомплектован исключительно специалистами коренной национальности. Трудно сказать, для чего это было сделано. В то время начальником нефтепромысла был Анес Биркутбаев, главным инженером -Жанайдер Кульчанов. Мурат Саламатов к этому времени стал начальником участка. Как старший геолог, я устанавливал режимы работы скважины и отвечал за их выполнение. Никого не хочу обидеть, но Мурат и здесь выделялся ответственностью, профессионализмом. Конечно, каждому участку хотелось вырваться вперед, но Саламатов никогда не «гнал» технику в ущерб безопасности, берег людей. И рабочие его за это уважали. Вскоре наш нефтепромысел преобразовали в районную инженерно-технологическую службу (РИТС). Мурат был назначен начальником, а я его заместителем. Вот тогда жизнь проверила нас на прочность, ведь нефтедобыча - это творчество. И здесь порой возникают ситуации, которые невозможно просчитать заранее. Решения надо принимать быстро, понимая друг друга. Такое понимание у нас было.

В этот год зима выпала суровой, 20-30 градусов ниже нуля, да с ветром. А ведь нефть Узеня содержит парафин. Она застывает даже тогда, когда на улице ноль градусов или небольшой плюс. А что говорить о диком холоде...

Мы с Муратом дневали и ночевали на промысле, сменяя друг друга. Старались не допустить падения добычи. Врезали стояки, прогревали скважины паром. Это была нелегкая мужская работа. Ребята падали с ног от усталости. Но никто не жаловался, не хныкал. Я думаю, что та зима закалила нас и сделала настоящим нефтяниками. Был и другой эпизод нашей жизни. Вдруг резко упала добыча по всему месторождению. Некоторые руководители, в области и повыше, стали искать виновных. Была проведена тотальная проверка. РИТС-2 подверглась самому тщательному контролю по режиму работы скважин. Надо отметить, что это испытание и начальник, и его заместитель выдержали с честью.

Мы с Муратом проработали здесь до 1971 года. Но у первооткрывателей, как правило, судьбы беспокойные. Я уехал в Гурьев. Мурат продолжал работать на Мангышлаке на разных должностях. Но мы иногда встречались и всегда интересовались делами друг друга.

В конце восьмидесятых Мурат работал начальником управления «Кумкольнефть» на территории Кызылординской области. Однажды он позвонил мне и попросил помочь. Требовалось ускорить строительство нефтепровода Кумколь-Аккаин, который должен был соединить месторождение Кумколь с магистральной артерией Павлодар-Чимкент. Я тогда работал заместителем заведующего отделом тяжелой промышленности ЦК Казахстана. И, конечно, сразу взял командировку в Кызылорду. Нужно отметить, что освоение нового нефтяного региона республики Казахстан было делом непростым. По сути, предстояло освоить еще один Мангышлак. И, думаю, вовсе не случайно руководство страны остановило свой выбор на Саламатове, который к этому времени имел за плечами серьезную профессиональную школу, поработал несколько лет в партийных органах и был успешным руководителем различных предприятий. Все это в целом помогло ему создать новый трудовой коллектив, способный решать все те вопросы, которые обычно решают при освоении нового месторождения. И здесь очень важна атмосфера творчества, товарищества, дружелюбия. Я не помню случая, чтобы Мурат сказал кому-либо грубое слово, унизил бы подчиненного или прогнулся перед начальством. Он не умел копить обиды и прощал их. У человека, который посвятил свою жизнь «черному» золоту, было щедрое, поистине золотое сердце. Он всегда старался помочь тем, кто попадал в неприятности. Именно эти черты характера позволили ему в сравнительно короткий срок «запустить» месторождение и выдать первые тонны нефти. Ради справедливости надо отметить, что он опирался на помощь своих бывших коллег по Мангышлаку, и прежде всего на опыт и профессионализм генерального директора объединения «Мангышлак нефть» И. Бекбосынова. Через год при активном участии первого секретаря Кызылординского обкома партии Еркина Ауельбекова и Мурата Саламатова НГДУ «Кумколнефть» было преобразовано в объединение «Южнефтегаз». Его первым генеральным директором был утвержден Мурат Саламатов. Этим было отдано должное его заслугам в освоении нового месторождения и создании первого нефтедобывающего предприятия в Тургайском регионе.

С этого времени наши контакты стали более тесными, так как я тоже оказался причастен к дальнейшему освоению Тургайского региона, став заместителем генерального директора объединения «Южказгеология», которое проводило там геологоразведочные работы. Поиски нефти оказались удачными. Были открыты новые нефтяные месторождения Ачисай, Кызылкия, Нуралы, Аксай, Коныс, Бектас, Майбулак и другие. Мурат всегда интересовался, как идут дела у нас, геологов, особенно когда руководство «Южказгеология» начало вести переговоры с иностранными компаниями о создании совместных предприятий. Первая такая компания «ТуранПетролеум» была создана в 1991 году именно в Кызылординской области. Ей передали три месторождения: Арыскум, Кызылкия и Майбулак. Мурат Саламатов вошел в состав Совета Директоров. Мы тогда вместе прорабатывали много организационных вопросов, выезжал по делам в Германию и Канаду. В это время мы оценили его опыт нефтяника-профессионала. Он так обосновывал наши требования, что иностранным партнерам оставалось только соглашаться.

Вскоре наши отношения вошли в новую фазу. Мурат возглавил государственную Холдинговую Компанию «Мунайгаз», а затем был назначен заместителем министра нефтяной промышленности, а я принял от него объединение «Южнефтегаз». Нужно сказать, что Мурат не забывал свое предприятие и очень внимательно и болезненно относился ко всей информации. Но мы никогда не ругались, после таких сообщений у нас, как правило, был разговор, в котором я обосновывал и пояснил свои действия, Мурат выслушивал мои аргументы, и вопрос всегда был исчерпан, к нему больше не возвращались. Мы оба дорожили нашими отношениями и сумели их сохранить.

Больно, что его уже нет среди нас. Кажется, что мы что-то не договорили, не доспорили. Вот, кажется, он войдет, поздоровается и начнется наш неторопливый разговор по душам. Дружба наша была настоящей, проверенной временем. Мурат рано ушел, но оставил светлый след в наших сердцах. А самый лучший памятник ему - это месторождение Кумколь, работающее и сегодня на благо нашей страны.

Төлеген ХАСАНОВ
«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының
Астанадағы өкілі
ТҰЛ НАРДЫҢ ТҰЯҒЫ

«Тұлпардан тұлпар туады, сұңқардан сұңқар туады» - дейді халық. Тұлпардың текті тұяғы Мұрат Ғазизұлының өмірі кімге болса да өнеге. Ол кісінің іскерлігі мен адамгершілігі жайындағы әріптестердің сұхбаттары бір-бірін қайталап жатса, оған қуану керек.

«Жетібайда» бірге жұмыс істеп жүргенде үлкен іскер басшыдан үйренгеніміз мол еді. Алматыға Орталық Комитетке қызметке ауысар кезде мені осы басқармаға бас инженер етіп тағайындап кетті. Бұл екінің бірінің уысына түсе бермейтін үлкен сенім болатын. Сенімнен сүрінбей шықтым.

Тағдыр маған «Жетібайдан» кейін Мәкеңнің ізінен қалмай, араға жылдар салып, қуып жетіп ал да, жанында жүр дегендей екен. Маңғыстауда (Ақтау), Арқа мен Сыр арасында (Құмкөл), кейіннен Алматы, Астанада өмірінің соңына дейін ажырамас ағалы-інідей бірге болдық.

Бұл тағдырдың маған берген абырой-сыйы шығар деп ойлаймын кейде. Елдің көрген-түйгені мол жақсы-жайсаңдарымен бірге жүру ерте есейіп, өзіңнің де ізбасарларың үшін лайықты үлкендікке ұмтылу деген сөз.

Біздің бағымызға қарай 1981 жылдың басында Мұрат Ғазизұлы «Маңғышлақмұнайгаз» бірлестігіне бас директордың орынбасары болып тағайындалды. Ол кезде Бозашы арасындағы Қаламқас, Қаражанбас кен орындары игеріліп, жұмыс негізінен сол жаққа шоғырланған болатын. Сондықтан Мәкең тәжірибелі маман басшы ретінде көп уақытын сонда өткізіп, ұйымдастыру мәселелерімен айналысты.

Бұл бірлестікте қызметі ауқымды болды. Мәселен кадр бөлімі, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері мен кейін күрделі құрылыс шаруашылықтарын шешу сұрақтары тұрды. Бәрі де күнделікті шешімін тауып, жауап беріп отыратын жұмыстар болатын.

Осылай күндер зымырап өтіп жатты. 1986 жылы Қызылорда облысында Құмкөл мұнай кен орны ашылатын болып, үкімет және бірлестік басшыларының өкімімен Мұрат Ғазизұлы осы мұнай кенішіне бірінші басшы болып баратын болды. Мен де алғашқы ұйымдастыру тобының тізіміне еніп, бірінші кеніштің ашылуына қазық қаққан мамандарының бірі болдым. Ол кезде «Маңғышлақмұнайгаз» өндіріс бірлестігінде орталық инженерлік-технологиялық қызметтің бастығы едім. Менің жұмысым енді Құмкөл кен орнымен тікелей байланысты болды. Әлі есімде бізді бірінші болып Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Е.Әуелбеков мырза қабылдап, облыстағы мекеме басшыларымен таныстырып, ақ батасын берді. Ол кісі Мәкеңе: «Менің орынбасарыммен тікелей қарым-қатынас жасайсың, егер шешілмейтін мәселе болса тіке өзіме шық» деп тұжырымды міндет артты. Соңынан талай рет ол кісі Мәкеңді ертіп Москваға, Алматыға барып Құмкөлдің мәселелерін тиянақты шешуге қамқорлық жасады.

Мұрат Ғазизұлы жас жұмысшыларға, мамандарға үлкен үмітпен қарайтын. Оларға орта және жоғары білім алуға қамқорлық жасап, оқу бірлестігімен қызмет орнын дайындап, уақытында әлеуметтік жағдайларын шешіп отыратын.

«Құмкөл» мұнайы үшін қарбаласқа толы қиын кезеңінде мен бас инженер едім. Өндірісті сен басқарасың, мен жоқта да батыл қимылдай бер, мен Мәскеумен алысуым керек дейтін, одақтың астанасына кезекті іссапармен кетерде.

Ол кезде Мәскеуден қаржы алу, жұмыс жоспарыңды дәлелдеу оңай емес. Сондықтан терең саясаткер, технология тілімен сауатты сөйлей білетін білгір маман, әрі мұнай шенеуніктерінің алдында беделің болуы керек. Осы қасиеттердің бәрі Мәкеңнің бойынан табылды. Ауқымы үлкен ойларды іске асыру үшін қаншама күш-жігер, ынта-ықылас керек десеңізші.

«Құмкөл» мұнайын алуда алғашқылардың бірі болып қатысқанымда, Мәкеңмен кеніштің ауыртпалығын бірге көтеріскенімді есіме алсам, көңілімді бір мақтаныш сезімі билейді. Көп болып көрген бейнет бәрі бір күндегідей болмай зулап өте шықты. Жадымызда жұлдызды жылдардың жаңғырығы қалды. Оңтүстік даласындағы Құмкөл кенішін қысқа мерзімде өз күшімізбен игеру - Қазақстандағы мұнай саласында шетелдіктермен иық тірестіре алатын тәжірибелі мамандар мен басшылары бар екендігін, олардың қатары жылдан жылға өсіп келе жатқандығы көрсетті. Бірақ өкінішке орай сол кездегі үкіметтің мұнай саясатына көзқарасы өзгешелеу болды. Шетелдіктер пайдасына жекешеленіп жатқан мұнай кеніштері, сол жердің ыстық-суығын көрген адамдар үшін жүрекке жүк түсірді. Тек бүгінін ғана ойлайтын кейбір жоғары лауазым иелеріне 1911 жылдан келе жатқан Доссор да, кеше ғана ашылған Құмкөл де бәрібір еді. Дайын асқа келген шетелдіктер тек салық пен айлықты төлеп отырса болды. Міне, осының бәрі ауыр да болса мойындайтын факт. Осы жағдайларды көріп, қолдан келгенше қарсыласып баққан Мәкеңнің жан дүниесіне сызат түсіріп, жүрегі ауырмасына қоймады.

Бірақ Мұрат Ғазизұлының қайсар азаматтарға тән бір қасиеті сары уайымға салынбай, ертеңге сенетін. Өмірде болатын сәтсіздіктердің бәрі жеңіліс емес, уақыт бәрін өз орнына қояды деуші еді. Мұнай саласының көшбасшыларының бірі Нұрлан Балғымбаев үкімет басына келген соң бет-бетімен кеткен қолда бар мұнай бірлестіктерін бір орталыққа жинақтап, жұмыс бағдарын ортақ мақсаттарға біріктірді. Бірлескен шетел компанияларына бақылауды күшейтті. Ал, үкіметтің қазіргі жаңа Премьер-министрінің мұнай өндірудегі ұстанған бағдары ел мүддесіне орай онан әрі жалғасын тапса, Мұрат Ғазизұлы сияқты ардагер мұнайшылардың ерен еңбегі.

ЖҮРЕК ЖЫЛУЫН СЕЗІНДІК

Рая АХМЕТОВА

Мұрат аға кісілікті, адамгершілікті, қанағат пен рақымды, адал еңбекті серік етті. Таңғажайып қарапайымдылық, қырғидай ұшқыр ойлары мен оңтайлы пікірлерін айтқанда көңілі көлдей шалқып, мерейі асқар таудай асқақтап намыс пен азаматтық санаға сәуле түсіріп тұратындай сезілуші еді. Таңғы шықтай тазалығы мен адамгершілік асыл қасиеттерін сақтап, қазақтың бір мықты да сүйікті, қанатты қайсар азаматы болды. Ұлы адамның ұлылығы оның қарапайым адамдармен қарым-қатынасынан байқалады. Алдына келген адамды бала болсын, «сен кімсің, танымаймын ғой...» деп айтып көрген емес. Себебі ешкімнің көңілін жықпауға тырысатын еді. Құмкөлде бас директор болып істеп жүргенде бізге талай жерлес адамдар келіп ризашылығын білдіріп: «Мұрат Ғазизұлы қандай кішіпейіл, қарапайым...», «Жұмысты талап еткенде қатаң және өзі де тыным таппайды...», «сыйлайтындығымыз сонша: ол кісі дәлізбен келе жатқанда қарсы өтіп кете алмаймыз, тік тұрып қарсы аламыз... Жарқын келбеті, адаммен амандасуы, жан-жағына нұр төгіп, жарық сәуле бергендей болатын...».

Бір күні үйге жұмыстан келсем үстел үстінде пальто, спорттық костюмдер және т.б. заттар (ол кезде ондай киімдердің көзі жоқ) жатыр. Сұрасам, үйдегілер Жанар (біздің жерлес қыздарымыз Құмкөлге жас маман болып барған) әкелді - деді. Мұрат ағамның хаты бар ішінде: «Әйел костюмін Алма апаға берерсің, қалғаны сіздерге, көптен бері хабарласпай кеттіңдер ғой...» - деп жазған.

Алматыға барғанымызда: «Осы сендерден осындай адам келіп «менің балам оқудан шығып қалайын деп жатыр, соған көмек берсеңіз, - деп келді». Аты-жөнін айтса, біз ол кісіні білмейтін болып шықтық». Ол кісінің баласы сабаққа дұрыс қатыспаған көрінеді... сонда да көмектестім», - дейді. Мұндай мысалдарды көп келтіруге болады. Өзі бұл дүниеде жоқ болса да Мұрат ағаның жақсылығын ұмытпаған, оның биік тұлға екендігін, халқының біртуар перзенті екенін мойындаған азаматтар көп, тек қана Қазақстанда емес... Биікті биік деу, жүйрікті жүйрік деу адамгершілікке жатады. Адамның адамдығы өз жағдайын ғана күйттегеннен танылмайды, адамдықтың анық танылар тұсы - өзгеге жақсылығы. Жақсының аты еш уақытта өлмейді. Елімізге, халыққа, сіңірген еңбегі әлде де бағаланады деген сенімдеміз!

Мұрат аға өз еңбегімен, табиғат берген қабілеті, өмірге деген құштарлығымен мұратына жеткен, жаны жомарт, көңілі таза, жүрегі кең адам еді. Ешкімге «мен саған көмектестім, адам еттім...» дегендей сөздерді айтып көрген емес. Адамдардан жақсылық іздеп, біреудің жетістігіне қуанып отыратын. Әдемі қоңыр дауыспен ән айтатынын соңғы жылы келгенде естідік: Нұрлан Өнербаев орындайтын ән «Қарағым-ай». Естеріңде қалсын дегендей Тәңірім. Ұнататын әнінің бірі.

Ағамның асыл қасиеттерін айтып тауысу қиын. Жаны сұлу адам сұлулықты сүйеді... Адам таңдамайтын еді. Үлкен-кішіге, бәрі-бәріне құшағын ашып тұратын.

ҚОРҒАНЫМ БОЛҒАН ЖАН АҒА

Қарлыға БЕРСҮГІРОВА, эколог

Шұбарқұдықта 1958 жылы мен дүниеге келдім. Екі жасқа толғанда жанұямыз Сарыкөл деген ауылға қоныс аударады. Мұрат ағамды әжем мен атам қолына алып қалады. Кейіннен әке-шешем талай рет алдарына барып Мұрат ағамды сұрайды, бірақ атамдар бермеген. Мамамыз Нәтима 1955 жылы Москвадағы қоғамдық тамақтандыру техникумын бітірген. Сауда орындарында дүкенші, асхана меңгерушісі болып жұмыс істеді. Біз Рая апайымызбен бірге өстік. Әкем Ғазизолла (Ғазиз) баланы өте жақсы көретін, менің Раечкам деп, Раяны қатты еркелететін, айтқанын орындайтын.

Мен 8-9 сыныпта оқып жүргенімде шешем қатты науқастанып, бүйрек ауруынан Ақтөбе қаласының ауруханасында қайтыс болды.

Мұрат ағамның студент кезінде Нәтима анам 150 сом ақша салыпты, оған ағайым пальто сатып алыпты, осыны ұмытпай үнемі айтып отыратын.

Рая апам 10 сыныпты бітіргеннен кейін әкемнің қарындасы Хамзеден көмек сұрайды. Дүние кезек, бір кезде өзіңді оқытуға көмек жасап едім, енді қызыма жоғарғы оқу орнына түсуіне қол ұшыңды бер, содан Рая апамыз Ақтөбе мұғалімдер институтына филология факультетіне қабылданды. Институтты бітіріп, атақты, абыройлы, білімді ұстаз болды.

Менің балалық қиялымда: Мұрат ағам Гүлбаһрам анамды (жеңгейді) таныстыруға Саркөлге ертіп келгені. Ол кезде Гүлмирка еңбектеп жүрген кезі. Гүлбаһрам анам нәзік жанды, сұлу ару ретінде есімде қалды.

Бір күні ағам, әкем екеумізді Шевченко (Ақтау) қаласына көшіретіндігін айтты. Мен мектепті бітіретін жылдар еді. Гүлбаһрам апам аурыңқырап, Алматы, Москва емханаларында емделіп жүрген кезі. Қолымызға Замер келді. Тұрмыстық жағдайда Мұрат ағама ауыр уақыттар болды. Мен 10 сыныпты бітіріп, бір жыл Шевченкода жұмыс істедім. Келесі жылында Алматы қыздар институтының жаратылыстану факультетіне химия-биология маманы бойынша оқуға түсіп, 1982 жылы бітірдім.

1979 жылы ауыл шаруашылығы маманы Өмірзақ Берсүгіров деген азаматқа тұрмысқа шықтым. Шымкент облысы Балтакөл шаруашылығында қызмет атқардық. Өмірзақ зоотехник, мен мектепте мұғалім, одан 5 жылдай (1984-1989) үлкен мектеп интернатта жетекші болдым.

Бір әулеттің мұң-мұқтажын орындап, сол әулеттің жандарының жарамдысын жаратып, аса бір дара тұлға ретінде бізге алла тағала Мұрат ағамды беріпті. Мені әдейілеп іздеп келгенде, жағдайыма көңілі толмай: «Қақанай балалар өсіп келеді, қалаға ұмтылу керек» дегені есімде. Сол себептен біз Қызылорда қаласына қоныс аудардық. Әкемнің орнына әкемдей болып, менің жанұяма қамқорлығын аямады. істеген істерін ағалық борышым деп санады. Мені мұғалімнің жалақысы аз, мұнай саласында істегенің жөн деп жолға салды. Барлық тума-туысқа қолынан келгенше көмек көрсетті.

Өмірзақ «Құмкөлмұнай» өндірісінің әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде инженер, одан ет комбинатында бас инженер қызметін атқарды. Өмірзақтың мінезі ашық-жарқын, елмен тез тіл табысып, араласып кететін еді. 17 жыл бірге тұрдық, 3 баланы дүниеге әкелдік. Ұзақ науқастан о дүниелік болды. Атам да, 2 енем де жақсы қарапайым адамдар болды, бәрі де қайтыс болды.

Содан үш баламен Ақтөбеге қайтуға тура келді. Мұрат ағам мен Рая апамыз Ақтөбеге көшіп келгенде жан-тәнімен көмек жасады. Мұрат ағам баспана мәселесін шешті, жұмысқа орналастырды. Сақтап жездем мен үшін ағадай болып кетті. Олардың маған істеген көмегін бір парақ қағазға сыйдырып, сездіру мүмкін емес. Балалардың оқуына, бұл өмірге сергек қарауыма Сақтап пен Рая апамның көмегі өте зор болды. Басыма бір кішкентай өмірдің қиыншылығы түскенде, менің Мұрат ағам, Рая апам, Сақтап жездем тіреу болды.

Мұрат ағам маңдайларынан иіскеп, есімдерін қоюға ат салысқан, Жандос, Ердос, Әсел атты балаларым өсті. Ұлдарым мұнай инженерлері, сол салада қызмет атқарады. Әсел жоғарғы оқу орнында оқиды.

ЖАСТЫҒЫМЫЗДЫҢ КУӘСІНДЕЙ

Лида САЛМАҒАМБЕТОВА

Мен, Салмағанбетова Лида, Еділов Аманкелді, Саламатов Мұрат, Жұмағалиев Атлаш, Асауов Болат Ақтөбе облысы, Темір қазақ орта мектебінің жоғарғы сыныбында бірге оқыдық. Ол 1957-1959 жылдар болатын. Мұрат Шұбарқұдық мұнайлы ауылынан, Аманкелді Кеңесту совхозынан еді. Екеуі мектеп-интернатта жатып оқыды. Мұраттың атасы Саламат пен Аманкелдінің нағашы әжесі бірге туған туыстар. Мұрат сабаққа ерекше зейінмен дайындалып келетін, жақсы оқыды. Аманкелді екеуі бір үйдің баласындай болып өскендіктен бе, іштей сабаққа да жарыса дайындалатын сияқты көрінетін. Мұрат өте ақжарқын, көпшіл болатын. Әзіл-қалжыңы қатар жүретін, мен оның еш уақытта үндемей, селқос жүргенін аңғарған емеспін.

Мектеп бітіргеннен кейін Мұрат жоғарғы оқу орнына түсуге Ақтөбе мед.институтына құжаттарын тапсырды, конкурстан өте алмады. Темір ауданының Саркөл поселкасына оралып, мұнай барлау экспедициясына бұрғылау жұмысшысы, бұрғышы болып орналасты. Сол кезде туысы және досы Аманкелдіні бірге істеуге шақырды. Біз Аманкелді екеуміз семья құрғанбыз. 1961 жылдың тамызына дейін екеуі жұмыс істеп, жақсы еңбектері үшін жолдама беріліп, Қазақ политехникалық институтына оқуға түсті. Ол жылдары бірінші курста 4 ай оқып (Алматыда), одан оқуды өндірісте жалғастыратын, Қаратонда болды. Келесі оқу жылында мен де Алматы шет тілдер институтына оқуға түсіп, біз пәтер жалдап, Мұрат жатақханада тұрып оқуымызды жалғастырдық.

II курстың жазғы каникулында Мұраттың жетекшілігімен студенттік құрылыс отрядында Ақмола облысы, Жақсы ауданында болып, малшыларға үй, база құрылысын салдық. Өстіп студенттік шақ өтіп жатты, ол уақытта ауылдан келетін көмек жоқ, жазғы демалыста құрылыста болып, тапқан табысымызға киім-кешек алып, жаңарып қалатынбыз. Уақыт-ай, десеңші...

Мұраттың жас күнінде жабығып жүргенін көрмеуші едім, болса да жүрегінің кеңдігімен ол білдірмеуші еді. Ол сол кездің өзінде алғырлығымен, жігер-қайратының молдығымен, еңбекқорлығымен жиі көзге түсетін, ортамыздан бөлініп тұратын.

1966-1967 жылы жоғарғы оқу орнын бітіріп, мамандық алысымен жолдамамен «Маңғышлақмұнайгаз» ОБ-ке жұмысқа аттандық. Онда Мұрат, Аманкелді тағы біраз бірге оқыған азаматтар «Өзенмұнай» МГӨБ-ке мұнай өндіру саласында қызмет атқаруға жіберілді. Сол кездегі өндіріс басшысы Рахмет Өтесіновтың қабылдауында болып, бәрі бір-бір жұмыс орнын алды. Ол уақыттың жететінінен жетпейтіні көп еді, қазіргі жағдаймен салыстыруға болмайды. Бір бортты машинаға бірнеше буровойдың жұмысшыларын тиеп, жұмыстан қайтқанда, үстері балшық-балшық, көздері ғана жылтырап көрінеді, аяқ киімдері қатып қалған, күшпен тартпасаң шешілмейді. Шаршағаннан өздерінің шешуге шамасы келмей жататын кездері көп. Тамақ тапшы, үйден ала кететін, тамақтанатын жер де болмайтын. Еңбекті осындай қатаң жағдайда бастап, алған білімдерін іс жүзіне асырып келді. Бұл азаматтар өмірде де адал еңбекті бірінші орынға қоя білді. Мұраттың өзінің бойына біткен ерекше бір қасиетімен - білімге құштар, қоғам жұмысына қатысуымен көзге түсіп, мұнай өндіру шеберінен №2 АИТҚ бастығы болды.

Аманкелді біраз жыл қызмет істегеннен кейін, Саркөлге ауылға оралдық. Мұнай саласында қызмет атқарды, үлкен еңбек етті. Бала өсірдік, немере көрдік. Мұраттың жанұясымен араласып тұрдық, қызмет бабымен Мұрат Ақтауға ауысты, онда да үйіне барып тұрдық, ол кезде Ғазиз аға Мұраттың қолында еді.

1991 жылы Мұрат жұбайымен Саркөлде біздің шаңырағымызда қонақта болып, жастық шақтағы әңгімелерінен жандары бір рахаттанып қалғанды.

Мұрат әңгімені өте әсерлі айтушы еді. Өзі риясыз күле отырып ән айтып, дастарханды жайнатып жіберетін. Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін жатқа білетін.

Сол бірін-бірі қимас азаматтар 1993 жылы соңғы рет кездесіпті. Мұрат студенттік өмірін бірге өткізген досы Амангелдіден айрылды. Иә, ол өмірдің бір сыны еді. Артында анасы Зияда, балалары қалды. Соңғы сапарға шығарып салуға, Қызылордадан Мұрат келді, ауылдас, жолдас-кластастары Атлаш, Болат қатысты.

«Сенің кім екеніңді айтайын, досыңның кім екенін көрсет» деген нақыл бар емес пе? Бұл екі азаматтың тағдыры да, еңбек жолдары да ұқсас. Мұрат қандай лауазымды орында болмасын ауылға, елге келгенде соқпай кетпейтін, амандасып шығуды парыз санайтын.

Еңбектері жемісті, абыройлы болған қос туыс, әрі дос Мұрат пен Аманкелді менің көз алдымда.

Иә, бір өкініштісі, Мұрат қазір өткен шақта айтылатын болды.

Біз кезінде қатар жүріп дәмдес, сыйлас болғанымызды абырой санаймын. Өзің болмағанмен ұрпағың бар, сені білетін, сыйлайтын елің бар. Біз сенімен қоштасқымыз келмейді, артыңда халқың, тер төккен жерің, қиын да күрделі салада еңбек еткен ортаң бар.

Ескерте кетуге тура келіп тұр, менің жолдасым Аманкелдінің шешесі Зияда, Саламаттың туған апасы Залипадан туған, сондықтан Мұратпен нағашы-жиенді. Аманкелді екеуміздің Ербол, Ерлан, Анар атты балаларымыз өсіп, орын-орындарына қонды. Шешеміз Зияда қазір 94 жаста, біздің қолымызда.

ОБ ОРГАНИЗАЦИИ САНАТОРИЯ – ПРОФИЛАКТОРИЯ «АРАЛ» ПО «ЮЖНЕФТЕГАЗ»

Арстан МАМЫРБАЕВ,

доктор медицинских наук, профессор

М.Г. Саламатов колоссальное внимание уделял вопросам, касающимся социальной сферы труда и быта нефтяников и их семей. Его идея о строительстве близ Алматы, в живописном урочище (Каскеленский район), детского оздоровительного лагеря «Арал» имела под собой важнейшую социально-экономическую подоплеку, т.к. регион Кызылординской области расположен в зоне экологического бедствия и состояние здоровья, как самих нефтяников, так и их семей было, и, по настоящий день, остается на очень низком уровне. Среди взрослого и детского населения в тот период был очень высокий уровень общей заболеваемости, инфекционной патологии и в частности заболеваемость туберкулезом; практически 60% населения страдает той или иной формой анемии. Основные демографические показатели (смертность, рождаемость, средняя продолжительность жизни) также имели крайне негативную тенденцию. В этих условиях строительство в благоприятнейших курортных условиях детского оздоровительного лагеря «Арал» и на его базе санатория-профилактория было крайне востребованным и необходимым.

После проведенной предварительной работы с местными исполнительными органами по отводу земельного участка, подготовки соответствующей проектно-сметной документации, в 1995 году его идея получила реальное воплощение; началось строительство детского оздоровительного лагеря «Арал». Причем вся инженерная инфраструктура закладываемого оздоровительного центра соответствовала типовым нормам для оздоровительных учреждений подобного типа. Для обеспечения всех жилых помещений, столовой и вспомогательных подразделений холодной и горячей водой было построено отдельное здание котельной и насосной станции. В спальных корпусах были оборудованы комнаты отдыха на 2-4 ребенка. Было выстроено отдельное здание здравпункта. Вся территория лагеря была благоустроена: заасфальтированы пешеходные дорожки, разбиты клумбы и газоны, выставлены беседки и скамейки, различного рода детский аттракционы, а также проведено массивное озеленение территории. От основной трассы шоссе, которая соединяла Алматы с Каскеленом, была проложена и заасфальтирована подъездная дорога. И уже в 1996-97 гг. детский оздоровительный лагерь «Арал» принял более 500 детишек школьного возраста из Кызылорды и районов этой области. Сотрудники лагеря создали детям все необходимые условия для организации полноценного отдыха в летние и зимние каникулярные периоды. Дети были обеспечены пятиразовым питанием, медицинским обслуживанием. Для них систематически организовывались экскурсии в столицу Казахстана, где они впервые в своей жизни знакомились с Алматы.

Постольку поскольку нефтяники и газовики республики в тот период не имели собственного внутриведомственного оздоровительного центра, М.Г. Саламатов высказал идею о строительстве на базе уже функционирующего детского лагеря отдыха «Арал» специализированного санатория-профилактория для нефтяников всей республики. Его идея была такова, чтобы рабочие, инженерно-технический персонал нефтегазодобывающих предприятий республики имели реальную возможность, по льготной цене, получить путевку в будущий оздоровительный центр и поправить свое здоровье, получив при этом все необходимые диагностические и лечебные процедуры.

Выдающийся организатор, способный заглянуть в будущее и болеющий всем сердцем за простого труженика, он смог убедить руководителей других крупнейших нефтегазодобывающих предприятий республики принять коллективные участие в финансировании и строительстве данного объекта. Организационно-правовая форма функционирования оздоровительного центра была осуществлена в форме ОАО, учредителями которого являлись на тот момент все нефтяные объединения Казахстана. Труженики нефтяной отрасли республики прекрасно помнят свой профессиональный праздник, который отмечали в стенах этого оздоровительного центра.

Его энергия, широчайший кругозор, мудрость позволили создать исключительно важный и необходимый в то время социальный объект - детский оздоровительный центр «Арал». И в этом начинании он руководствовался, прежде всего, необходимостью заботы о детях Кызлординской области, а также о рядовом рабочем с нефтепромыслов. И с этой гуманной миссией он успешно справился. Конечно же, не могу не сказать, что в общении это был очень обаятельный, интереснейший человек, для которого уважительное отношение к любому, не зависимо от занимаемой должности, было правилом. Прекрасный руководитель, блестящий организатор, чуткий и внимательный человек - таким он запомнился всему медицинскому персоналу оздоровительного центра «Арал».

КІМ ҰМЫТАР ӨЗІҢДЕЙ ЖАҚСЫ АҒАНЫ
Асқарбек МАМЫРБАЕВ,
Серік ӨТЕПБЕРГЕНОВ

Әкеміз Мамырбаев Абдраман 1908 жылы туған, әке-шешесіз қалған бала, Қазалы балалар үйінде тәрбиеленген. 1928 жылы сол кездегі жастар одағының жетекшісі Ғани Мұратбаевтың қолдауымен Қазан университетіне жолдама алып, заң факультетіне оқуға түседі. Аталмыш оқу орнын бітіргеннен кейін, 1934 жылы Орта Азияда Қызыл Армия қатарында борышын атқарады, Темір ауданында прокурор, Ақтөбе облысында бас прокурордың көмекшісі, Түркістан-Сібір темір жолында прокурор қызметін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысып Калинин, Ковель, Одесса майданында әскери прокурор болған.

1951 жылы заң ғылымының кандидаты атағын алып, Алматы, Петропавл мұғалімдер институтында ректор болады. Одан Ақтөбе қаласына оралып, көп жылдар Ақтөбе адам дәрігерлік институтында кафедра меңгерушісі болып, студенттерге дәріс береді.

Шешем Жаңылай Саламаттың әкесі Сәденнің Залипа атты қызының кішісі. 1924 жылы туған. 1944 жылы қыздар мұғалімдер институтын бітіріп, көп жыл оқушы балалар тәрбиелеп, қазір құрметті зейнеткер, бізбен бірге немере, шөберелерін бағуда.

Үлкеніміз Арыстан Абдрахманұлы академик Т.Шармановтың шәкірті, медицина ғылымының докторы, профессор, жұбайы Тамара Каримова ғылым кандидаты, доцент. Мәрзия атты қарындасым ғылым кандидаты, жолдасы Азимбай Асаров - Ломоносов атындағы университетті бітірген, философия ғылымының докторы, профессор. Қарындастарым Бахыттыгүл Сағынбек есімді, Ғалия Серікқали атты азаматпен тұрмыс құрды, өздерінің жеке шаруашылықтары бар.

Өзім Асқарбек Абдраманұлы Шамшырақ Сматулла қызына үйленіп, екеуміз үш қыз өсірдік. 2 бала тұрмыста, немерелеріміз бар. Атам Сматулла Беркімбаев Москваның Тимирязев атындағы ауылшаруашылығы академиясын бітіріп, Ақтөбе облысының совхоз директоры, аудандық партия, совет аппаратында басшылық қызметтер атқарған. Қазір құрметті зейнеткер. Енем Күміс Ибраева атақты ұстаз, зейнеткер. Жетеш ағамыздың үлкен ұлы Ермек көп жылдар Темір ауданында органда қызмет атқарды, подполковник, жолдасы Дина екеуі 2 қыз, 2 ұл тәрбиелеген. Үлкен қызы Светлана жолдасы Қанат Айтбаев екеуі өнер жолында, белгілі әншілер.

Әрбір адамның өмірінде үлгі тұтатын, арқа сүйейтін азаматтар кездеседі. Осы жолдарды жазып отырған біздің өмірімізде де кездескен асқар таудай биік тұлғалардың бірі - ағамыз Мұрат Ғазизұлы Саламатов болатын.

Ақтөбе облысынан шыққан тұңғыш кәсіпқой мұнайшылардың біріншісі болып есептелетін Мұрат ағамыз туралы Қазақстан Республикасының баспасөзінде көптеген әңгімелер жазылды. Мемлекетіміздің мұнай өнеркәсібін дамытуға сіңірген ұшан-теңіз еңбегін Мәкең басшы болған Қызылорда, Маңғыстау жерлерінің халқы әлі күнге дейін аузынан тастамайды. Бұл әңгімеге арқау болатын Мұрат ағамыздың, Ақтөбе өңіріне келген сапарларында, Алматыда қызмет істегенінде қасында атқосшы болып жүрген інілерінің естеліктері.

Асқарбек інісі былай еске алады:

«1969 жылы мектеп бітіріп, қай оқуға түсу туралы үй ішінде әңгіме көтерілді. Марқұм үлкен нағашым Төлемісов Жетеш: - Әкең Әбдіраманның жолын қусаң - заң қызметкері, ағаң Арыстанның артынан ерсең - дәрігер боласың деді. Ал менің сөзімді тыңдасаң, нағашың Саламатов Мұрат сияқты мұнайшы болғаныңды қалар едім, себебі Ақтөбенің мұнайы сенің нағашы жұртың Темір ауданында өндіріледі.

Нағашымның осы бір ауыз сөзі менің бүкіл өмірімнің бағдарламасы сияқты болды. Москваның Губкин атындағы мұнай-газ институтын бітіріп, жұмысымды Кеңқияқ мұнай өндіру басқармасының операторы қызметінен бастадым. Содан бері осы уақытқа дейін менің мұнайшылық өмірімде алдымдағы үлгі тұтатын ағамыз Мұрат еді.

Мәкең қайда жүрсе де, Ақтөбе өңірінің мұнай өндірісінің ошағы болып табылатын Темір, Қеңқияқ - Жаңажол, Шұбарқұдық мұнай кәсіпшілігінің жаңалықтарынан хабардар болып отыратын. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін бірінші болып келген шетелдік «Эльф-Акитен» мұнай компаниясының Темір ауданының жеріне бұрғы салуына өте қатты қуанды. Ақтөбеде құрылған қазақ-француз біріккен кәсіпорыны - «Темірмұнай» акционерлік қоғамының бас директоры және оның орынбасары қызметіне біздің орналасуымызға ықпал етті. Елге келгенде жұмыстан қолы босаған сәттерде қасына ертіп ата-бабасының жатқан жері - Шұбарқұдық, Кеңқияқ, Темір ауылдарын аралап, көңілі көтеріліп, сергіп қалатын. Алғашқы кездескенде қаталдау көрінгенімен, айтылар әңгіме түйіні бір арнаға тоғысқанда, көңілдің кең сарайы ашылып, жан шуағына жылынып сала беретінбіз. Өзінің балалық шағын есіне алып, балық аулаған, ойнаған жерлерін міндетті түрде аралайтын. Ағамыздың бізге деген жанашырлығы төмендегі жағдайда да байқалды. Француз мұнай компаниясы «Эльф-Акитен» Ақтөбе облысындағы жұмысын аяқтаған кезде - бірімізді (А.Мамырбаев) Ақтөбе мұнай өндірісі бірлестігіне бас директор қызметіне тағайындап, бірімізді (С.Өтепбергенов) өзіне көмекші болуға Алматыға шақырды. Бұл жылдары Мұрат Ғазизұлының тікелей қарамағында жұмыс істеп, нағыз іскер, талапшыл, мемлекеттік қайраткер тұлғасын көрдік.

Сұм ажал ағамызды ортамыздан ерте алып кетті. Бұл әңгімеміз сіздің жоқтығыңызға әлі сенбейтін, іздейтін інілеріңіздің шын көңілінен шыққан толғанысы.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙