TELEGEI

Home

Сайын батыр

Сәкен Сейфуллин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сайын батыр

Сәкен Сейфуллин – жаңа кезеңді жырлаған жаңашыл ақын. Ол қазақ әдебиетін тың мазмұнмен байытып, әдеби-мәдени тарихына ерекше із қалдырды. 1914 жылы «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағын жариялайды. Сәкен Сейфуллин өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер ақын ретінде танылды. Оның «Асау тұл...

Бұрынғы елдің барында
Өткен елдің зақында.
Сол елдердің тұсында
Ноғайлы деген халық өтті,

Үш шарбақты кеп өтті,
Ноғайлының үш кенті
Заманында жарлы өтті.
Көп дәулет, мал кетті,

Жарлылықтың зары өтті.
Халық жарлы болған соң,
Әжептәуір жігіттің
Ақ бетінен қан кеттім айт

Жап-жалаңаш болған соң.,
Әйелінен ар кетті.
Үш шарбақты ол кентте,
Кірлі киім кимеген,

Жортақ атқа мінбеген,
Аллаға тілі тимеген,
Түстік жерге жүрмеген,
Бес уақытта ақ намаз

Біреуін қаза қоймаған.
Бір құдайды ойлаған,
Ноғайлының халқына,
Сондай бір бай болған,

Өз алдына cap болған,
Қара басы хан болған,
Байлығы жұртқа заң болған,
Байлығының белгісі

Малы алашқа таң болған,
Байлығының белгісі
Тоқсан қора құлы бар,
Тоқсан тоғай малы бар,

Дүниеқор сол байдың
Дүниеден жалғыз мұңы бар,
Дүниеқор Боз Монай
Өз алдына cap болған,

Алпыс жастан өткенше
Құдай қосқан қосағы
Елу жастан өткенше
Бір перзентке зар болған.

Әлі күнге келеді,
Өкшесі сірі қанамай,
Еміреніп сүймейді,
Жаңа ішті баланы.

Елде тәуіп қоймады
Тәуіптің бәрі жиылып,
Кені сарыдай орнады.
Сүйтсе де перзент болмады.

Бір уақыт болғанда,
Жылқыда жүрген тоқсан күл,
Қымыз ішіп мас болды.
Мастығымен тек тұрмай

Үйдегі баймен қас болды.
Мұнда құлдар кеңесті,
Төбеде тұрып сөйлесті.
Сөйлескенде не десті?

«Қызыл шапан кимедік,
Қырыншыл ат мінбедік,
Ноғайлының керме қас,
Жігіттей дәурен сүрмедік,

Өтерін дүние білмедік,
Мына жүрген Боз Монай,
Бізді ұлыңдай көрмеді,
Бөлініп жатқан малынан,

Бізге қалың бермеді.
Ертеменен бай келсе,
Екі қолын байлалық.
Кірерге көрін жайлайық,

Боз Монайды өлтірсек,
Бір сәтіне келтірсек,
Тоқсан тоғай жылқышы
Тоқсан бөліп алалық.

Бұл сықылды тегін мал,
Қайдардан іздеп табалық?
Қарадай найза сығылды,
Қарсы хабар әлі жоқ,

Артынан іздеп келіп,
Қатарланған халық жоқ.
Құл кеңесіп жатыр деп,
Байға айтқан кісі жоқ,

Онымен байдың ісі жоқ.
Бір замандар болғанда,
Ертеменен бай тұрды,
Арқаннан атын алдыртты,

Алтынды ер, жүген,
Тоқымынан салдыртты.
Қара тонын белсеніп,
Қас патшадай теңселіп,

Боз жорға атта найқалып,
Жылқының шықты алдынан шайқалып,
Қара басы хан болған,
Өз алдына cap болған,

Тоқсан құлдың біреуі,
Бүгіліп сәлем бермеді.
Байдың көзі көрмеді.
Сонда бай бір тұрып бұлқанды,

Мұздай темір құрсанды.
Тоқсан құлдың бәрінің,
Атын атап шақырды,
Ашулы неме Боз Монай

Қырармын деп ақырды.
Шетте жүрген бір құлды
Бай да ұстап алады.
Қолға түскен сол құлды,

Ашумен бай сабады.
Біреуін сабап жатқанда,
Тоқсан құл байды қамады,
Жаңбырдай құрық жауады.

Басына таяқ тиген соң,
Өзінің қолы кірген соң,
Жалғыздығын білген соң,
Боз аттың басын бұрмалап,

Сарайға қашты алдалап.
Ойбай салған даусына
Жер күңіреніп барады.
Үйде тұрған бәйбіше

Құлағы есітіп шалады.
Сарайдан шықса жүгіріп,
Келед екен Боз Монай,
Өз-өзінен бүлініп,

Атынан келіп Боз Монай,
Теріс жағынан құлады.
Жер бауырлап жылады.
Қос аға мен екеуі

Ойбай салған даусына
Үш шарбақты Ноғайдың
Жамағаты жиылды,
Жұрт келсе де тұрмады,

Көтеріп басын алмады,
Сол ойбайдан танбады.
Боз Монай бай жылайды,
Жат етеді құдайды.

Жылағанда Боз Монай:
«Ашамайға мінгізіп
Көш алдына жүргізіп,
Әжептәуір құрбанын,

Алдына алып сүйгізіп,
Алашқа атын білгізіп,
Ұл қызығын көрмедім.
Астына жорға мінгізіп,

Үстіне қамқа кигізіп,
Орынды жерге бергізіп,
Алаштан бекзат келтіріп,
Қыз қызығын көрмедім.

Еркіне түскен дұшпаннан,
Жау қорлығын көрмедім.
Алыстан келген сол жауға
Малым үшін өлмедім.

Құлдан қорлық көргенше,
Күнде бүйтіп өлгенше,
Сүймес пендең мен бе едім?
Құлдан қорлық көргенше

Тезірек өлім бермедің.
Кен сарайға бармады,
Көтеріп басын алмады,
Сол жылаудан танбады.

Жылауменен бай жатты,
Қызарып барып күн батты,
Түніменен бай жатты,
Сарғайып барып тан атты.

Әлімдер азан айтқанда,
Бинамаз ұйықтап жатқанда,
Ақ шалмалы бір адам,
Жетіп келді қасына.

Таянып тұрды басына.
Екі қойны толыпты,
Боз Монайдың сол күнде,
Көзінен аққан жасына.

«Ал, Боз Монай, Боз Монай,
Не тілегін, бар? — депті,

— Тілегің болса ал» — деді.

Сол уақытта Боз Монай
Ұшып тұра келеді.
Көзінен жасын төгеді.
«Дүниеқор бай болдым,

Үр дәулет тұсында
Қара басым хан болдым,
Бір перзентке зар болдым,
Сол перзенттің зарынан,

Жиын тойға кірмедім,
Өтерін дүние білмедім,
Құлдан көрдім қорлықты,
Жалқыдан көрдім зорлықты,

Өз малыма бара алмай,
Белден мамық сала алмай,
Тыныштық ұйқы ала алмай,
Өз жанымды қия алмай,

Өлейін десем өле алмай,
Сол құлдардың қорлығынан,
Өз малымды кере алмай»
Тілегенің ұл болса,

Бар тілегенің ұл болса
Бабай Омар бабасы,
Қабыл болған дұғасы
Тілегенің ұл болса

Бар тілегің сол болса
От жағалай отырып,
Оттың басын толтырып,
Коп аламысың сен?, — деді,

Бірін мыңға балаймын деп,
Бірді аламысың, сен деді,
Қалағаныңды ал деді,
Жер ортасы болғанда,

Пайғамбар жасқа толғанда,
Оттың басын боқ қылып,
Қырға шығар ішінде,
Бір оңдасы жоқ қылып,

Мен не дейін көбіңді?
Бір де болса сол маған,
Бірін мыңға балап бер,
Өмір жасын ұзақ қып,

Берсең маған қалап бер!
Бердім бірді мен деді
Күтіп алсаң сен деді,
Жаста құдай демегін,

Қылған істі жөндеген,
Өзге жұрттың тілегін,,
Бүл сықылды бермеген,
Менің көрген қызығым,

Еш пендесі көрмеген,
Белін шешіп жатпаған,
Еңсемей саумал ішпеген,
Ерте мінген атынан,

Кешке дейін түспеген,
Сансыз дұшпан таппаған,
Бет алғаннан қайтпаған,
Дұшпаннан Алла сақтаған,

Жұрттың сөзін сөйлеген,
Алар жауын көздеген,
Батыр Сайын болсын деп,
Үстіне аруақ қонсын деп,

Көңілін, разы болсын деп,
Ала есегін қақпалап,
Ала қоржын арқалап,
Серт кітабы қойынында,

Жүрген ақтың жолында,
Аса таяқ қолында,
Жан Алланың қоында,
Жөнеле берді бұл адам,

Екі етегін түрді де.
Боз Монай үйге келді жүгіріп,
Жатыр екен бәйбіше,
Етпетінен бүгіліп,

А, бәйбіше түр деді,
Бет - қолыңды жу деді,
Әулиең жарды жүректі,
Құдайың берді тілекті,

Арылтар болғай бейнетті,
Есен болсаң, көрерсің,
Сайын атты перзентті,
А, бәйбіше түр деді,

Қойдан қошқар ал деді,
Құдай жолына сал деді,
А, Боз Монайлы,
Боз Монайлы,

Дәулетті берген бар құдай,
Ертемен кеткен ол қойға,
Жете алмаймын жүрсем де,
Сен алпысқа жеткенде,

Мен елуден өткенде,
Жігіттің күні кеткенде,
Кәрілік қарсы жеткенде,
Енді берсін не құдай,

Бермесе құдай қайтерсің,
Қошқарды аяп не етесің,
Аяғанмен малдарды,
Қай түбіне жетерсің,

ермесе бар деді,
Қасқыр жегенше бір қошқар,
Алып келіп шал деді,
Сонда бәйбіше барады,

Алып келіп шалады,
Жұртын жиып алады,
Жұрт тарқап кеткен соң,
Бір-бірінен сұрайды,

Қашан болар екен? деп,
Екі міскін жылайды,
Бір күндері болғанда,
Елуге келген буаз кемпір,

Қарны шықты қампиып,
Құрсағы шықты шампиып,
Біраз заман өткенде,
Жаңа жылға толғанда,

Уәдесі болғанда,
Бейсенбінің күнінде,
Ұлы жұма түнінде,
Буаз кемпір келіп толғанда,

Ноғайлының үш кентін,
Түгелімен орнатты,
Бет біткенде сұлу жоқ,
Ол сықылды сымбатты.

Таң сарғайып атқанда,
Сайын сынды қасқаның,
Желкесі жерге тақ етті,
Маңдайы күнге жарқ етті,

Дүниеқор Боз Монай,
Екі етегін түрініп,
Өріске таман жүгірді,
Оң қолымды жаярмын,

Мұнан немді аярмын!
Бүгін өліп кетсем де,
Аманатқа даярмын,
Торт түлік саған қылармын,

Ел-жұртымды жиярмын,
Аямай малын қырады,
Ат жетерді жияды.
Жұрт жиылып болған соң,

Табақ тартып болған соң,
Алтын тақта хан отыр,
Қас жақсының ұлы отыр,
Өлгенде көрген перзентім,

Атын жөндеп қойыңыз,
Түсімде көрген аты бар,
Соны тауып қойғаның,
Тоқсан торқа киерсің,

Тоғыз жорға мінерсің,
Хан мен билер отырып,
Ақыл мен ойлап білерсің,
Жорға менен торқаға,

Қоймай жатып таласты,
Қымыз ішіп мас болып,
Билер естен адасты,
Адасқанның белгісі,

Бір-бірінің отырып,
Жағасына жармасты,
Жұдырықтасып жүргенде,
Мұрындары қанасты,

Хан мен билер ұрысты,
Сол заманда аз екен,
Хан мен билер қуанысты,
Сонда келді Боз Монай.

Хан мен билер ұрысып,
Ұрысқаның дұрыс па?
Тәңір өзі бермесе,
Маңдайыңа ырыс па?

Тоқсан торқа кигенім,
Тоғыз жорға мінгенім,
Бұл айтқаным дұрыс па?
Екі күн жатсаң сақтаймын,

Біреуіңді қайт деп айтпаймын,
Бар дәулеттің тұсында,
Қалай тамақ таппаймын,
Екі күн жатты таппады,

Шұбырған кедей қайтпады,
Ондай-мұндай қойған ат,
Бай көңіліне жақпады,
Соған дейін сол жұртты,

Дәулетпенен сақтады,
Сонша адам жиылып,
Сайын атын таппады,
Сол уақытта бір адам,

Жүз отызға келіпті,
Талай мақұл көріпті,
Ноғайлының жұртында,
Одан үлкен адам жоқ,

Өзі жарлы болған соң,
Онымен жұрттың ісі жоқ,
Хан мен билер қасына,
Шал байғұс келді таянып,

Бәрекелді, хан мен би,
Жарасады жатқаның,
Байлығында Боз Монай,
Мыстай табақ тартқаның,

Қамалып жатып хан мен би,
Жаңа туған жас түлек,
Кәнеки атын тапқаның,
Хан мен билер отырып,

Шалға қарап ұрысты,
Таппаған соң хан мен би,
Намысына тырысты,
Он екі қақпа сарайға,

Сені байлап қоймасам,
Шал да аңырып тұрмады,
Мұның атын сұрасаң,
Беліндегі бес қарыс,

Тал бойына жарасқан,
Ерлік еткен алаштан,
Батыр Сайын болмас па?
Үстіне аруақ қонбас па,

Хан мен билер қамалып,
Соны тауып қоймас па?
Хандар қайтты томсарып,
Билер қайтты қомсарып,

Тоғыз жорға жетектеп,
Тоқсан торқа алысып,
Шал жөнелді заң салып,
Тобы тарқап кеткен соң,

Күмістен бесік ойдырды,
Алтыннан түбек қойдырды,
Қара кесте қатты деп,
Бала кесте бөлетті,

Жаңа туған жас бала,
Емшек берсе ембеді,
Етті берсе жемеді,
Анасының кәрісін,

Егіз екі көрмеді,
Боз Монай бай сасады,
Шәріне таман барады,
Үлкеннің құлағына салады,

Кеше туған жас бала,
Емшек берсе ембеді,
Ет берсе жемеді,
Анасының кәрісін,

Егіз екі көрмеді,
Тағдырым жұртым мен деді,
Айласын тапшы сіз деді,
Ноғайлы жұрты кеңесіп,

Сайын сынды мырзаға,
Үш күнде бір бие сойғызды,
Бір жасына келгенде,
Білекті ден би болды,

Екі жасына келгенде,
Елі менен тең болды,
Үш жасына келгенде,
Ерте мінген атынан,

Кешке дейін түспеді,
Шақыртпай атын ішпеді,
Төрт жасына келгенде,
Қарағай найза толғайды,

Жүрсем екен дейді екен,
Бес жасына келгенде,
Кәдір түнін күзетті,
Ноғайлының үш кентін,

Түгелімен күзетті,
Езу тартпай ұл өтті,
Абыройлы қыздай боп етті,
Халқы жақсы болған соң,

Қарып пенен міскіндер,
Сайынның арқасында күн етті
Алты жасқа келгенде,
Атын тандап мінгенде,

Алты қырлы ақ сүңгі,
Он қолына алғанда,
Қындағы алтын ай болат,
Ал беліне салғанда,

Момыннан сондай туғанда,
Алланың артық қылғанда,
Айдында бала туған соң,
Қарабай қорқып қаз болды,

Қиыршық қорқып саз болды,
Сайын келді дегенде,
Тоқсандағы кемпірлер,
Қысылғаннан қыз болды,

Ақпандағы алты ай қыс,
Атқа мінсе жаз болды,
Сайын келді дегенде,
Тоқсандағы шалдардың,

Төсектен басын көтермей,
Төбесі жидіп таз болды,
Бір күндері болғанда,
Тоқсан құл тұрып кеңесті,

Мына жүрген Ер Сайын,
Баяғыда әкесін,
Алдына салып қуғанда,
Көп ұстап тұрғанда,

Әлі күнге білген жоқ,
Бұл да бір күн білгенде,
Құлағына тигенде,
Бәрімізді қырады,

Бұған адам шыдар ма?
Жорға менен жүйрікті,
Түн ішінде алалық,
Сусыз шөлге бас қойып,

Бізде қаша берелік,
Жорға менен жүйрікті,
Сусыз жерге бас қойып,
Құлдар қашып барады,

Ерте келді Ер Сайын,
Қара ала атты ойнатып,
Жылқыдағы құлдың бәрі жоқ,
Қашты деген көңілінде,

Ер Сайынның кімі жоқ,
Құл кеткенін білген соң,
Батыр бала толғанды,
Тоқсан құл саған не қылдым,

Әкеме қылдың зорлықты,
Шешеме қылдың қорлықты,
Соны ішіме алмадым,
Ат терлетіп келсем де,

Етіңе қамшы салмадым,
Өз обалың өзіңе,
Төлен сені ойды ма?
Қардан жаман түспесем,

Азар болса қашқансың,
Сусыз шелдің түзіне,
Келтірсе құдай кезіме,
Болармын деп жүргенмін,

Дұшпаның жалғыз мыңына,
Шу, деп еді қарала ат,
Қырдан асып қылт етті,
Жұлдыздай ағып жылт етті,

Шауып барып барлатып,
Ұлы сәске болғанда,
Аңырып шықты Ер Сайын,
Қара төбе басында,

Тоқсан күл кетіп барады,
Аяғының астында,
Қосылып өлең айтысып,
Сырнай күйін тартысып,

Сол төбенің басында,
Ер Сайын тұрып долданды,
Жалғыздығын ойланды,
Ай, жаратқан жалғыз құдайым,

Өлемін деп қалмаймын,
Бұған не қып шыдаймын,
Тоқсан күлмен тоғассам,
Егер жазатайым іс болса,

Қанатсыз мені қылар ма?
Тоқсан құлдан кері қайтсам,
Құл кетті деп елге айтсам,
Жиын тойға кіре алман,

Бармаса да барайын,
Бармай не қып қалайын,
Қыннан шықпас ақ алмас,
Суырып қыннан алайын,

Көтерсе құдай тілейін,
Екі тісі сақылдап,
Езуден көбік бұрқылдап,
Жау көрмеген жас бала,

Құлға ұмтылды қалшылдап,
Ойын емес шынынан,
Шу, деп еді қара ала ат,
Жұмарланды қарыннан,

Түнеріп бала келген соң,
Енді елерін білген соң,
Құл қорқысып барысты,
Аттан түсіп қалысты,

Жылағанға болмайды,
Әкесінен күшті жас бала,
Құлдарменен ойнайды,
Өзгесін қырып салды да,

Отызын жиып алды да,
Қара төбе басына,
Жаяу айдап барады,
Сол төбенің басында,

Ту сыртынан жарады,
Қармап етін алады,
Қасқаның көңілі тынған соң,
Тоқсан құлды қырған соң,

Сайгүлігін қуалап,
Қонарға шарға келеді,
Құл қырды деп айтпайды,
Бұрынғыдай сол мырза,

Шіреніп үйде жатпайды,
Мал көтінен қалмады,
Жақын жатқан жылқыны,
Айшылыққа айдады,

Айшылыққа барады,
Елдің шиыр шетінде,
Дұшпанның жүрер бетінде,
Қарауылда қалады,

Күні-түні алдыдан,
Жау тілей береді,
Қайда кеткен алаштың,
Найза ұстаған батыры,

Taп менің тұсымда,
Еркек мұнда таусылып,
Қалған ба жұрттың қатыны,
Бір күндері болғанда,

Алысы мен жуықты,
Ат үстінде барлаған,
Дүниенің төрт бұрышын,
Ыңғай жүріп шарлаған,

Қамалды бұзып жылқы алған,
Дұшпанды көрсе бір күнде,
Отыз екі түрленді,
Он жасына келгенде,

Жау атысып үйренген,
Қара қыпшақ Қобыланды,
Ноғайлыдан ер туды,
Ер Сайынға барайын,

Сол батырды қолға алып,
Алыста жатқан қалмаққа,
Бір соғысты салайын,
Мың кісіні қолға алып,

Ер Сайынмен жолықпаққа ойланып,
Қарауылда жүрген Ер Сайын,
Жау екен деп қашпады,
Жалғызбын деп саспады,

Ақ алмасын суырып
Тасқа егеп қайрады,
Найзасының басына,
Алтынды туын байлады,

Қобыландының қасында,
Найзакері қорқады,
Аттың басын тартады,
Қашпасақ та болмас деп,

Тоқта десе тұрар ма?
Аттың басын бұрар ма?
Қашпай адам шыдар ма?
Сонда Қобыланды тұрып айтады,

Жамандар мұнан қашпаңыз,
Өлемін деп саспаңыз,
Өзім жауап беремін,
Ақ боз аттан аңқылдап,

Ер қалпағы солқылдап,
Батыр Сайын сен болсаң,
Ел шетіне кез болсаң,
Лақылдатып қылышын,

Мың кісілік тосыңа,
Бұл дұшпанға Ер Сайын,
Қылышыңды суырсаң,
Кімге қайрат қыларсың,

Жаушылыққа келмеймін,
Сені көруге келермін,
Атадан артық туған ерсің,
Қол тізгінін беремін,

Іздеп шыққан жауым бар,
Қызығын сонда керемін,
Олай болса Қобыланды,
Мына жатқан жылқының,

Кеп ұйқысын бұзбай жүр,
Қонағасын берейін,
Жүретұғын жағыңа,
Мен соңыңнан еремін,

Ерлігін жауда көремін,
Мың кісі алып кетеді,
Қонағасын береді,
Тоқсан асау береді,

Қарын түзей барады,
Әке-шеше жылайды,
Өлгенде көрген жалғызым,
Аттанып кетсе жорыққа,

Қалай барсам қорлыққа,
Таянып келді Боз Монай,
Қобыландының қасына,
Ә, Қобыланды, Қобыланды,

Тентектігін қоймадың,
Жұрт тілінде болмадың,
Бұрынғылар алмаған,
Адам жүрмес бұл жауға,

Жүремін деп ойландың,
Мына жүрген Ер Сайын,
Он жасына жеткен жоқ,
Жеті жастан өткен жоқ,

Үш нарызды берсеңші,
Сайын оған жеткенде,
Қызығын сонда көрсеңші,
Бұл тілегімді берсеңші,

Құдай деген бай едің,
Өз алдыңа жар салдың,
Жарыңа сенің қылмаймын,
Сонда есте салмаймын,

Үш наурызды бергенмін,
Сол үш наурыз өткен соң,
Уәдеге келгенмін,
Соған дейін Ер Сайын,

Жау жарағын сайласын,
Мінер атын байласын!
Біз келерміз сау болсақ,
Уәдеге таймасын,

Мың кісі қолдай қайтады,
Тілегін алып қуанып,
Бай үйінде жатады,
Белден төсек салған соң,

Бай ұйқысы келген соң,
Бәйбіше тұрып толғайды,
Байды еркіне қоймайды,
Толып жатқан малың бар,

Сарайының саны бар,
Осынша кеп малың бар, Бір
Сайыннан тағы да,
Қанша ортақ жаның бар?

Үш-ақ наурыз өткенде,
Жалғызым кетіп жорыққа,
Есен қалған бүл малың,
Үш шарбақты ноғайдың,

Ылайық қыз көрсеңші,
Сөйтіп келінді болсаңшы,
Соныменен Боз Монай,
Боз жорға атқа ер салды,

Үш шарылы ноғайдың,
Қыздарына көз салды,
Ылайық қыз таппады,.
Көрген қыздың бәрі де,

Бай көңіліне жақпады,
Сайынның керген қыздары,
Шықты анда таласып,
Үш шарының қызынан,

Жиылған қыздың көптігі,
Жол тимеді бір көпірге таласып,
Бай көңіліне жақпады,
Сонан бір сұлу таппады,

Мен бармаған жер бар ма,
Естіген жерде Сайынға,
Ылайық тұрған қыз бар ма?
Ноғайлының халқы айтты.

Өзің текті адамға,
Қырда жайлап шат қонған,
Дұшпанына бет болған,
Айттырғанға бермеген,

Мынандай телі келмеген,
Айтқанына ел берсе,
Сені адам ол десе,
Көбекбайдың үйінде,

Беті желге тимеген,
Езу тартып күлмеген,
Бөтен үйге енбеген,
Аю бикеш сұлуды,

Қолаң қара шашы бар,
Қырғауылдай керілген,
Тамағынан ішкен асы көрінген,
Тақалып күнге қараса,

Бетінен күн сәулесі білінген,
Лайық сұлу сұра депті,
Қорықпай жүріп барсаңыз,
Шамаң келіп алсаңыз,

Соған кетті Боз Монай,
Судың бойын көбелеп,
Қартайғанша боз жорға ат,
Өзі мінген жебелеп,

Сарайдың келді қасына,
Шардың келді басына,
Он екі қақпа сарайы,
Көтерілген талайы,

Есігінің қасында,
Қақпасының басында,
Тұрады екен күзетіп,
Екі қара малайы,

Екі тісі кетілген,
Оң танауы шетілген,
Қолда болса өзі,
Тілге шешен жетілген,

Ноғайлы да Боз Мұнай,
Сен де неге зар едің,
Ноғайлы жұрттың басы едің,
Таң сәріден жүресін,

Ашулы болғай кісідей,
Қабағыңды түйесің,
Жолың болсын әй, байым,
Не естіп, не білесің?

Байың есен-саулық па?
Қатты сөйлеп мұндар құл,
Жүрегім жарып даурықпа?
Көбекбай үйде бар болса,

Жетектеп шықсын қызын,
Лайық болса балама,
Енді айттырып бересің,
Айтқаныма бермесе,

Шақырғанға келмесе,
Әлі жаман қайтемін,
Тентек туған Сайынға,
Бара сала айтамын,

Шетің қолы келеді,
Көбікбайдың қасына,
Әй, Кебек түр деді,
Әзірейіл тажал ма?

Мына жаның қалар ма?
Ноғайлының Боз Монайы,
Сарайыңа келіп тұр,
Айттырса бермес адамға,

Келмес едің қасыңа,
Сарайдың бүйтіп басына,
Ер Сайынға сеніп тұр,
Көбік жатып бүркенді,

Мұздай темір құрсанды.
Шауып алса малды көп,
Үйден алса қыз да көп,
Сайындай тентек ұл да көп,

Бүгін келсін сол Сайын,
Ұрысуға даярмын,
Жалғыз қыздың тұсында,
Кімнен жаным алармын,

Адам екен демеңіз,
Еңреп келген Боз Монай,
Үйден сусын бермеңіз,
Боз Мұнай естіп біледі,

Аттың басын бұрады,
Бай бір ашу қылады,
Бүл барғаннан бармасам,
Ат көтіне салмасам,

Боз Мұнай боп жүрмейін,
Боз жорға атқа мінбейін,
Еркегіңді қырмасам,
Жұрт көргендей қылмасам,

Шәріме есен кірмейін,
Боз Мұнай елге қайтады,
Білген хабарын айтады,
Алтын такты хан келді,

Жылып түрлі шәр келді,
Көбік неге қызың бермедің,
Сол сақалды Сайынды,
Нағып күйеу көрмедің,

Бұл қызынды бермесең,
Сайынды күйеу демесең,
Аттанып Сайын келген соң,
Оған елді бүлдіріп,

Сенің қызың құрысын,
Залалын жерге тигізіп,
Бұл қызыңды бермесең,
Сайынды күйеу көрмесең,

Ноғайлыға көшкенім,
Бармасаң да болмасты,
Еркіме Сайын қоймасты,
Бермегенмен бұл қызын,

Қанша маған жолдасты,
Мінейін десе ол құлға,
Ерттеулі тұрған аты жоқ,
Таға жаяу жүргенде,

Сетіктің жүйрік аты жоқ.
Карт түйедей өңкілдеп,
Жалғыз танау желпілдеп,
Табан терісі үгіліп,

Жөнелді Сетік жүгіріп,
К.өз көрген жерден өткенде,
Боз Монай байды шақырды:
Атыңның басын бұра тұр,

Ашуланбай тұра тұр,
Жұрт қауымға енді жоқ,
Өзі жаяу демесең,
Құл шақыра келді ғой,

Қалаған қызын берді ғой,
Шақырса да бармаймын,
Малға берсе сол қызын,
Бір тоқтыға алмаймын,

Сенен малды алмайды,
Саған кісі бермейді,
Тілеген қызды береді,
Асыл болар Аюға,

Деген қызды алмасаң,
Ұлық болар алдыға,
Шақырған Көбік бармасаң.
Құлды артына салады,

Қайта келіп барады,
Жетіп келсе Көбікке,
Келмей тойын қылады.
Төрге көрпе салғызды,

Шақыртып үйде алғызды,
Ашуланбай табысты,
Қалаған қызын алғызды,
Еліне қайтып келгенде,

Ноғайлының үш шәрін,
Сегіз жерге орнатты,
Сайын сынды батырың,
Ер тоқымын ондайды,

Үш шәрді ноғайдан,
Қосшысына отыз кісі жиғызды,
Отыз жігіт қолға алып,
Солай таман түн қатты,

Сайын келді деген соң,
Көрмегендер Сайынды,
Қимылдаған жан келді,
Мұнар басып шан келді,

Көрген жұрттың бәрі де,
Жас баланы таң көрді,
Көрмеген жанның бәрі де,
Көрген жаннан сұрасты,

Көркіне жұрт таласты,
Сайын келді деген соң,
Қыз бен жігіт дуылдасып,
Кеңестерінде шуласып,

Сол сықылды батырға,
Қалған тойы манасып,
Нақ отыз күн ойын болып,
Нақ қырық күн тойы болып,

Уәдесі болған соң,
Жұрт жағасын жаяды,
Әлімберді алғызып,
Ақ некесін қылысты,

Ақ некесін қиғанда,
Ойнап, ойын қанғанда,
Қатты ұйықтап қалғанда,
Таң сарғайып атқанда,

Үйде жүрген ағасы,
Бабай Омар бабасы,
Тұсына жетіп келеді:
Сайын батыр сен болсаң,

Некеңді қиғанда,
Сәтті күні тез болсаң,
Қолыңды жай сен деді„
Берейін саған мен деді,

Ұшып тұра келеді,
Қолын жая береді,
Екі перзент көресің,
Ең үлкені Бөгенбай,

Ен кішісі Күйікбай,
Сол Күйікбай туғанда,
Дұшпаныңа салып бүлікті,
Аруағы соның білікті,

Ала есекке қайқайып,
Жөнеле берді бір адам,
Бай сұлуды ұзатты,
Сарала қудай аңыртып,

Жарылған мұздай күңірентіп,
Тай шұбардай бұралтып,
Тоты құстай таратып,
Қас патшадай шайқалтып,

Қаба биедей шайқалтып.
Тиеріне күн берді,
Ер ерттеуге құл берді,
Бәйшешектей түрленіп,

Ұзатты сұлу жөнелтіп,
Сұлуды алып кеткен соң,
Шәр тамаша көрген соң,
Жана түскен сол сұлу,

Ай күніне мың болды,
Қыздай жүктеп келді дер,
Ноғайлыға кез болды,
Ноғайлының шәрі,

Өсек айтып гуледі,
Бір Алланың бергенін,
Жалғыз Сайын біледі,
Уәдесі болғанда,

Сәтті сұлу толғатты,
Қыз-келіншекті орнатты,
Бет біткенде сұлу жоқ,
Ол сықылды сұлу сымбатты,

Толғатып сұлу ұл тапты,
Өріске таман бай шапты,
Оң қолымды жаярмын,
Мұнан немді аярмын,

Бүгін өліп кетсем де,
Аманатқа қоярмын,
Аямай малым қырайын,
Ноғайлыны жияйын,

Есіркеген құдайым,
Қызыққа неге тояйын,
Тоғай жиып келеді,
Жиылып тұрған ноғайлы,

Мына тұрған перзентім,
Арылып тұр бейнетім,
Бірер аттан үлкенін мініңіз,
Кейін бірер тоннан киіңіз,

Атын жөндеп қойыңыз,
Ат қоюға келгенде,
Ай далада түсе салып,
Жүрегі жүрген жарылып,

Мына туған перзенттің,
Қолында бар дәулетің,
Не қылсаң да жарасар,
Мұның атын сұрасаң,

Ең кішісі — Күйікбай,
Бөгенбай қоя береді,
Бір жасына толғанда,
Сонда келді Қобыланды,

Үш жылдың уәдесі толғанда,
Ел шетіне келген соң,
Сайынға хабар жеткен соң,
Ақ боз атқа ер салды,

Байлаулы тұрған қара атқа,
Қосын тартып алады,
Үш шарбақты ноғайлыдан,
Қырық жігіт тандап алады,

Қобыландыға қосылып,
Аттанып кетіп барады,
Құлан жүрмес жер қалды,
Адам ішпес шел қалды,

Ат мойнынан жал кетті,
Олар сонда ер жоқта,
Ерікпей жортқан келіпті,
Нақ он екі ай болғанда,

Қалмақтың ең шетіне қол жетті,
Аттың ерін алысты,
Түстенісе қалысты,
Қалмақ жақын екен деп,

Батырға хабар салысты,
Жағалбайлы атасы,
Сөзінде болмас қатасы,
Жауын мінеп сөйлескен,

Батыр Қобыланды сұрады,
Бүл жауыңа бармаймын,
Жылқысы жолда тұрса алмаймын,
Жылқы аламын деп бұл жолда,

Қасқа менен жайсаңның,
Обалына қалмаймын,
Тілімді алған мұсылман,
Бәріңе де айтқанмын,

Кәрің тілім алмасаң,
Алпыс кісі қосымен,
Өзім елге қайтамын,
Қобыланды батыр отырып,

Ер Сайынды жақтады,
Сайын сынды батырым,
Бұзылмасын ақылың,
Екпінің күшті қырғаның,

Маңдайы сұлу жарқыным,
Алар болсақ мал да коп,
Туысарға жан да коп,
Лайсандық пен жолменен,

Жұрт аманда бардық та,
Жау тосқалы бар деді,
Кел есенде қайталық,
Боз баладан айырылсақ,

Жұрт айтқалы айталы,
Қой дегенге тұлданды,
Аттанған жайдан қайтпаймын,
Бұл көрген жаудан қорғанып,

Алғанымның қойынында,
Күлкі болып жата алмаймын,
Бұл қамалға келген соң,
Жалғыз да болсам қайта алман,

Айғырдайын алыспай,
Қызыл қанға батыспай,
Сары жағаның кісісі,
Қобыландының мың кісі,

Елге тегі тартады,
Ноғайлының қырық жігіт,
Қалмаққа тегі тартады,
Қалмақ естіп біледі,

Қулығына түйеді, Қобыланды,
Сайын келді деп,
Берік жерге қамал тартады,
Келе жатып қырық жігіт,

Қарайды қақ жарып,
Қалай жүрген батыр деп,
Жолдастары таң қалып,
Ақ төбенің басына,

Шыға келсе ер Сайын,
Қалмақтың көрді сансызын,
Қаласын көріп таң қалды,
Қасындағы қырық жігіт,

Жаннан қорқып сандалды,
Темен қарап жыласты,
«Ә, қырық жігіт, жылама,
Сіздер кейін қалыңыз,

Таза жерге барыңыз,
Есен болса жаныңыз,
Жақсылығым бар болса,
Бүл заманда ұрыспа,

Өзің теңді жау болса,
Маңайыңа жуытпа,
Бұл кеткенімнен келмесем,
Қазам жетсе өлермін,

Егер жазам жетпесе,
Басыма аман күн туса,
Бір уақытта келермін,
Қой, қош аман болыңыз,

Мұсылманның ұлымын,
Бір шіріген жұмыртқамын,
Жөнелді боз атпен аңқылдап,
Айғай салған дауысына,

Қарағай жарылып барады,
Қалмақтың жатқан жеріне,
Екі батыр бар екен,
Бірінің аты — Жоламан,

Бірінің аты — Ыламан,
Ер Сайын мен Қобыланды,
Тоғыз сан басын жоямын,
Бір мезгілде Ер Сайын,

Көрінген жылқы алады,
Құлап кетіп барады,
Жылқыны қуып келгенше,
Ақ төбенің басына,

Қырық жігіттің орнына,
Қуып келсе Ер Сайын,
Қырық жігіттің бірі жоқ,
Тұр деген жерге тұра алмай,

Айтқанын ердің қыла алмай,
Кеткен екен қашысып,
Кейін қарай асысып,
Қалмақ жатыр шуылдап,

Атын жайды суылдап,
Тұсаулы атқа жармасып,
Мәстегіне тармасып,
Қашан қалған шілде де,

Ер тоқымынан адасып,
Келе жатыр ит қалмақ,
Жаман дауысын салысып,
Жердің жүзі қайысып,

Көбедей шапты майысып,
Мәстектің шаңы бұрқылдап,
Қылыштары келеді,
Өкшесіне сыртылдап,

Ақ тебенің басында,
Жалғыз Сайын батыр тұр,
Келгеніменен бұл қалмақ,
Не қылады маған деп,

Мазақ қылып жарқылдап,
Жау арыдан келген соң,
Боз аттың басын бұрмалап,
Тоғысты қасқа алдалап,

Бөлек-бөлек қылып жүр,
Бөлінген қойдай қырып жүр,
Қалмаққа мүшкіл туып жүр,
Ыламан мен Жоламан,

Тау тасалап қашып жүр,
Алады деп жүртымды,
Осы қалмақ сасып жүр,
Ыламан мен Жоламан,

Көрінер күнің бар ма? деп,
Азуын қатты басып жүр,
Кебін қырып болғанда,
Сол сықылды Ер Сайын,

Алланы еске алмады,
Қайратына мас болып,
Бабай Омар бабасына,
Жалбарынып жүрмеді,

Пірі үстіне қонбады,
Баяғы қайрат қалмады,
Оймақ құрам сау жер жоқ,
Туыла бойда қалмады,

Жарадан қасқа жауырда,
Әр жарадан акқан қан,
Су сықылды саулады,
Ерден медеу кеткен соң,

Жығыларға жеткен соң,
Аттың басын бұрмалап,
Жөнелді қасқа Аллалап,
Егесіп тұрған ит қалмақ,

Соңына түсті суылдап,
Тоғыз сан кісі қосады,
Жеткізбей кетті құтылып,
Ертесі кеткен қырық жігіт,

Артынан жетті ұмтылып,
Бара келді қырық жігіт,
Төрге қасқа ерлігің,
Атыңның басын бұралтып,

Қырық жігіт, қашпай тұра тұр,
Тоқпақ жалды тор боз ат,
Тоқтамай келемін,
Қалмақ тоғыз сан мен жалғыз,

Тонау бермей келіппін,
Тезек теріп қалыңыз,
Жарам нешеу санаңыз,
Омыртқада қырық жара,

Қақ жамбаста бір жара,
Жалаң аяқ жүрмеген,
Бісімілләні білмеген,
Салып еді бір қалмақ,

Сырлаған, сары қалың орменен,
Қабырғаның жігінен,
Омыртқаның жігінен,
Қан сарқылып тыйылмас,

Қырық жігіт сізден болмас,
Ноғайлының жұртынан,
Топырақ маған бұйырмас,
«Ә, қырық жігіт, қырық жігіт,

Қарағай түбі қара өлең,
Бәрің жақсы саналым,
Шақпақ шапсам от түспес,
Қарағайдың бұл күнде,

Селбі болған қуынан,
Шықпаған - ақ екенмін,
Жұлдызымның оңынан,
Мен дұшпаннан мерт болдым,

Қара қыпшақ Қобыланды,
Ердің жоғынан,
Мен шыққанда жаз еді,
Алла бізге жар еді,

Жауырынменен сөйлескен,
Қанша қоныс бар еді,
Жан тіле деп нанбадық,
Қайт дегенде бармадық,

Қас әулие сол екен,
Тілін алмай жауладық,
Аттанған жерім сұрасаң,
Жылқы алған бұл жерім,

Бүгінде мұнан шұңқырлау,
Бейнетіңе бұл қалмақ,
Қабар тауып желеді,
Қырық жігіт сен болмасаң,

Жұрт көрерім қиынды,
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?
Күйме бұзып қыз алып,

Қамалды бұзар күн қайда,
Қара арғымақ қатырып,
Қарсыласқан дұшпанға,
Жүрегінен найза батырып,

Мына жатқан қалмаққа,
Ат жүгіртер күн қайда?
«А, қырық жігіт, азамат,
Маған бола өлмеңіз,

Сендер бейнет көрмеңіз,
Менің үшін өлмеңіз,
Қарағайдан табытым,
Бекем болып салыңыз,

Тандап мінген көк атым,
Басыма мықтап байлаңыз,
Шүберек киім кигізбе,
Қанды етіме тигізбе,

Жібекке орап қойыңыз,
Ел шетіне жеткенде,
Әкем шығар елпеңдеп,
Шешем шығар еңкілдеп,

Сайыным қайда дегенде,
Не деп жауап бересіз?
Ел шетіне жау келді,
Кірерге болды дегейсіз,

Қара арғымақ арыды,
Ордада қалды дегейсіз,
Бір күн де болса дұшпанын,
Ақырында бейшара,

Естіген күні суалсын,
Тіптен тандап алғаным,
Ауыл үстінде жоқ еді,
Найзагерден арманым,

Дүниенің көрдім салмағын,
Аюбике сұлуға,
Дұғай сәлем дегейсіз,
Таң сәріден тұрасың,

Беті-қолыңды жуасың,
Қынай белін буасың,
Бүрілген бесбармақ,
Бетіне жара салмасын,

Егіз екі сол сұлу,
Дұшпанның тілін алмасын,
Өзімнен қалған жақсыны,
Жат көрмесін өз көрсін,

Құдай қосқан қосағым,
Дұғай сәлем дегейсіз,
Ақыретті тез көрсін,
Қара қыпшақ Қобыланды,

Батыр ерге сәлем айт,
Мен кеткенде тумаған,
Оқу жасын қылмаған,
Күйікбай мен Бөгенбай,

Айырылып сонан қалмасын,
Енді жауға бармасын,
Әкем өліп қалды деп,
Айырылып сонан қалмасын,

Өздері адам болғанша,
Қара қыпшақ Қобыланды,
Көзінен таса қылмасын,
А, қырық жігіт, азамат,

Ашып кетші бетімді,
Салқын соқсын етімді,
Сіздер бұлай кеткен соң,
Мұсылманнан көре алман,

Қыдырып жүрген жетімді,
Қырық жігіт кетті қарасып,
Қимай кетті жыласып,
Олар елге жетпестен,

Елі хабар білместен,
Аюбике сол сұлу,
Түнде жатып түс көрді,
Түсінде талай іс көрді,

Өз басына күш көрді,
Таң сәріден тұрыпты,
Екі етегін түріпті,
Енесіне келіпті:

«Мен бүгін бір түс кердім.
Жауырыным тола қара шаш,
Жайылыңқы көрінді,
Бедерленген бес тырнақ,

Қанға малынып көрінді,
Шешем берген боқшаны,
Шашылыңқы көрінді,
Жауда жүрген балаңның,

Астындағы ақ боз ат,
Құйрығы келте көрінді,
Қолыңа алған ақ сүңгі,
Ортасынан ай шеше,

Үзіліңкі керінді».
Сонда енесі жориды,
Жауырының толған қара шаш,
Жайылыңқы көрінсе,

Ертеменен қой қыдыр,
Енеңнің сезіне нан, балам,
Ол да саған көрінсін,
Бедерленген бес тырнақ,

Қызыл қанға, ә, балам,
Малыңқы болып көрінсе,
Таңда тал түс болғанда,
Қызылменен боятсаң,

Ол да соған көрінсін,
Жауда жүрген баламның,
Астындағы ақ боз ат,
Құйрығы келте көрінсе,

Жау құйрығын сүзгенде,
Қасындағы жолдасы,
Жау көрмеген жамандар,
Жаннан күдер үзгенде,

Қолына алған ақ сүнгі,
Ортасынан ә, балам,
Үзіліңкі көрінсе,
Жүрген шығар жалғызым,

Қалмақтың белін сындырып,
Келеді екен жалғызым,
Барған ісін тындырып,
Жаманға қуғызып,

Келе жатыр қырық жігіт,
Аяғынан су өтіп,
Маңдайынан күн өтіп,
Қарағай найза сүйретіп,

Жауымен күнелтіп,
Әзер жетті сәріде,
Қырық жігіт келеді деген соң,
Шәрі естіп білген соң,

Алдынан шықты Боз Монай,
Қырық жігіт келдің бе?
Есендік пе? Саулық па?
Азамат түгел аман ба?

Кәрілік мұңдар ұрмаса,
Көзім жасқа толмаса,
Сайын сондай жалғызым,
Көрінбеді көзіме,

Қырық жігіт сонда айтады:
«Бара сала Ер Сайын,
Қалмақтан ойып жылқы алды,
Күнде тиіп қалмаққа,

Сарай менен үйді алды,
Жау шетіне өткенде,
Мұсылманның жерінің,
Шетіне жетіп келеді,

Аттан медеу кеткенде,
Қалмақтар жетті салысып,
Ат бұруға көнбеді,
Жалғыздың әлі келмеді,

Алған жылқы айырылдық,
Ел шетіне жау келді,
Тиерлік бола келеді,
Қара арғымақ арыды,

Жетектей соны келеді,
Ақ кіреуке секілді,
Сия алмай келеді,
Маған десе сол балам,

Тағы талай жол жүрсін,
Есендік. пен сау болса,
Дұшпаннан аман бар болса,
Соны естіп бай кетті,

Сау дегенге қуанып,
Өтірік сөзге жұбанып,
Қайдан білсін Сайынның,
Қалғанын оның суалып,

Үйде сұлу білген соң,
Сұлу шықты жүгіріп,
Қырық жігіт көрді деген соң,
Алдынан келді жүгіріп,

«А, қырық жігіт, азамат,
Неге болып жаурайсың,
Ақ сақалды атамды,
Өтірік айтып алдайсың,

Андағы айтқан сөзіңе,
Егіз екі нанбаймын,
Сайын өлді десең де,
Біріңді ұстап алмаймын,

Сонда қырық жігіт сасады,
Жылап жүріп айтады:
Сайын сынды сол қасқам,
Сан қалмақпенен тоғысты,

Ерікпей қылды соғысты,
Қалмаққа құдай болысты,
Оймаққа құрам сау жері,
Тал бойында қалмады,

Жарадан қасқа жауырды,
Қарағайдан табытын,
Бекем қылып сайлатты,
Қалап мінген боз атты,

Көз алдына байлатты,
Бас көтерер күн болса,
Ерттеп мінермін,
Мінбестей бұған күн болса,

Күніне бір рет көрермін,
Сайын сөйтіп қалған соң,
Оны сұлу білген соң,
Екі бетін алады,

Қара шашын жаяды,
Үйге кетті жұлқынып,
Жын қаққандай құтырып,
Сұрау салды отырып,

Батырды сұлу жоқтайды,
Беліндегі бес қару,
Тал бойыңа жарасқан,
Сендей теңім табылмас,

Жеті алашты қыдырсам да,
Сендей теңім еш болмас,
Алашта мұңдық мен болсам,
Қанышадай күнімде,

Ер қасқамнан адасқан,
Қарағай найза өңгерген,
Өзінің жұртын меңгерген,
Азды көпке теңгерген,

Аттанған жаудан келмеген,
Алты қанат ақ орда,
Қасқам ішіне енбеген,
Мендей мұңдық бар ма екен,

Ойнап-күлер шағымда,
Еркін ойнап күлмеген,
Өзім тірі жүргенде,
Кеудеме еркек мінбеген,

Алмадай болған қызыл бет,
Қиғаш ерініңе сүйгізбен,
Берен төсек, құс жастық,
Маңайынан бойдақ жүргізбен,

Маңдайың құлаш Ер Сайын,
Қылығың еске түскенде,
Жанымды нағып күйгізбен,
Аузым тола қан болса,

Дұшпаныма білгізбен,
Сен кеткелі он бес жыл,
Бөтен үйге бармадым,
Езу тартып күлмедім,

Мен сарғайып жатқандай,
Неден көңілім қалмадың,
Бұл заманда жоқпын деп,
Түсіме неғып кірмедің,

Ерте қылған дауысымды,
Түсте келіп қоярмын,
Кешке қылған дауысымды,
Күн батқанда қоярмын,

Алмадай болған қызыл бет,
Тырнақпенен жоярмын,
Мөлдіреген екі көз,
Жылауменен оярмын,

Ел шетіне жау келсе,
Қара қабан сықылды,
Кімді алдына қоярмын».
Жылап - жылап уанды,

Беті-қолын жуынды,
Күлікбай мен Бөгенбай,
Оқ атысып жүр екен,
Екеуі келді жүгіріп,

Анасы отыр бүгіліп,
Адаса тұрды екеуі,
Бұл жүгенге таласты,
Үйде жатқан әкем де,

Неге кеткен әкесі,
Сонша жерге бастасып,
Жау шетіне тастасып,
Бүл барғаннан бармасам,

Екі бірдей көк ала,
Арғымаққа мінбесем,
Өңшең темір кимесем,
Қобыланды саған қылмасам,

Біткеніңді қырмасам,
Ер Сайыннан тумайын,
Жылқыға кетті жүгіріп,
Тұрмады үйде қыдырып,

Сұлу үйден барады,
Енесінің қасына,
Енесі бейбақ жылайды,
Жат айтады құдайды,

Құдайдың берген жалғызы,
Таласып ескен емшектен,
Құлын-тайдай тебіскен,
Беліндегі бес қаруы тал бойына келіскен,

Атан қалды кеңестен,
Шешен қалды ұрыстан,
Жауға айғайлап кеткенде,
Оң ішіне қонбады,

Төрт мұқылар періштең,
Ай, сорлы болған енем - ай,
Жылағанменен өнбеді - ай,
Дауыстағанменен келмеді - ай,

Сайын сонда баланды,
Маңдайы құлаш ер еді,
Мен тұл үйінде тұра алман,
Күнде дауыс қыла алман,

Жер жүзінде болмаса,
Өзім іздеп табармын,
Жаралы болса бағармын,
Дүниенің төрт бұрышын,

Тексеріп мен кезермін,
Сол сықылды батырды,
Іздемей не ғып тынармын,
Сайын сынды сол батыр,

Отыз екі ерден бата алған,
Бірі де бірі көмбеген,
Шешем берген үйімде,
Аюдың бар ақ терісі,

Жарасына ем бе екен,
Шешем берген үйімде,
Сол дәрісі бар ма екен,
Іздеместей ер ме екен,

Жылқыдағы қос күрең,
Жылқышыдан алдыршы,
Жыламай тоқым салдыршы,
Бұрын түзде жүр ме екен,

Түстік жерге бара алмаған,
Қырға шыға алмаған,
Жөнелді бейбақ жыласын,
Келіп бара қарасып,

Бет алдына жарасып,
Қос күреңнің басымен,
Күні-түні барады,
Жылауменен күнелтіп,

Әр төбенің басына,
Сұлу шығып қарайды,
Көрінер заман болмайды,
Бір күндері болғанда,

Ай менен күнге таласқан,
Қара тебе көрінді,
Сол төбені көргенде,
Сұлудың көңілі бөлінді,

Ай, міскін болған, анам - ай,
Қара тебе қасында,
Ала-құла сауысқан,
Қан көргендей болады,

Баланың қалған жерлері,
Сонау бір жер болады,
Мен тұсынан ол заман,
Неге қарап тұрамын,

Енесі сұлу озбырды,
Күреңше аттың мойнына,
Жердей қылып жүздірді,
Онды-солды қамшылап,

Бұлттай ұшты жамшылап,
Кекілден тері тамшылап,
Сұлу озып келген соң,
Аттан түсе қалады,

Түсе сала жылады,
Бұрылып көрер күні жоқ,
Сөйлей тұғын тілі жоқ,
Тостағандай тола көз,

Төңкере келіп салады,
Сұлу басын қуса қалады,
Көтеріп келіп алады,
Суға арқалап барады,

Қанын жуып алады,
Аюдың келіп ақ дәрі,
Аударып сұлу жағады,
Тез тірілтіп алады,

Су басында екеуі,
Ойнап, ойын қылады,
Келе жатыр кемпір сұм,
Бауырына қашты таянып,

Өлді деген баласы,
Еңіреп келген анасы,
Алдынан шықты алшаңдап,
Өлген жерге тіріліп,

Елден тиген панасы,
Құшақтасып көрісті,
Бетінен сүйіп өбісті,
Қайтасынан жасады,

Алдасы көзін ашады,
Аттың ерін алысты,
Үшеуі ұйықтай қалысты.
Ұйқыда бейбақ білмеді,

Үстіне келіп орнады,
Жолдасы ерге барды деп,
Жаралы Сайын қалды деп,
Қалмақ естіп біледі,

Ыламан мен Жоламан,
Сансыз қалмақ қолға алып,
Сайынды іздеп жүреді,
Жатқан жерін көреді,

Үстіне келіп орнады,
Бірде бірі тұрмады,
Бір мезгілде ер Сайын,
Көтеріп алса басына,

Жеткен екен Жоламан,
Шаншар едің жолыңа,
Сайын тұра сасады,
Е, құдайым, құдайым,

Өлемін деп қалмаймын,
Бұйрық жетпей уайым,
Тарқамаған бола ма,
Жалбарынған құдайым,

Бабай, Омар, бабам - ай,
Жанылдым ба обамай,
Ақыр жаудан болам - ай,
Туғаннан менің қазам - ай,

Алпыстағы анам - ай,
Ол да жауға бара ма?
Құдай қосқан қосағым - ай,
Оны бір дұшпан ала ма?

Ноғайлының жеріне,
Сайын есен бара ма?
Жар бола көр аллам - ай,
Ер-тоқымын арқалап,

Айылын тартып алғанда,
Ауыздығын боз ат шайнады,
Адамдай тұрып сайрады,
Батыр Сайын саспашы,

Коп екен деп қасқасы,
Құдайдың берген қуатын,
Осы жолы басташы,
Қатарланған қамалды,

Қақ жармасаң саған серт,
Оқ жеткізсем саған серт,
Жалаңдайын жыбырлап,
Қыздар дайын сабырлап,

Ақ сауыт сонда сөйлейді,
Батыр Сайын қорықпашы,
Бөтен сөзді айтпашы,
Қатарланған қамалды,

Бұза алмасаң саған серт,
Тоқсан қабақ оқ жетсе,
Оқ өткізсем маған серт,
Сақтасын мықтап құдірет,

Аты менен сөйлесіп,
Ақ сауытпенен күресіп,
Кемпір менен сұлуға,
Артымнан қалмай жүр десіп,

Қамалап тұрған қалмақты,
Қабаңдайын қақ жарып,
Сайын шықты құтылып,
Ыламан мен Жоламан,

Кемпір менен сұлуды,
Ұстай алды ұмытып,
Қалмақтар тұрып кеңесті,
Қаптай құшақ боз аттың,

Қарасын жылқы көрмесе,
Сайынды қолға бермес те,
Алғаны менен анасын,
Құлан шашын қойдық деп,

Ат үстіне салыңыз,
Қамал тарта қалыңыз,
Төбе шашы жұлынса,
Дауысы шығар жарқырап,

Анасына шыдамай,
Сайын шабар бақырар,
Қашпаңыз сонда тырқырап,
Ат үстіне салғанда,

Анасы сондай жылады,
Ұлынан өтіне сұрады,
Маған бола келмеші,
Шырағым, танымды көрмеші,

Мен жанымды не етейін,
Сенің үшін, шырағым,
Құрбандық болып кетейін,
Алғаны онда жылайды,

Ер Сайын атты ерім - ай,
Алланың қосқан теңім - ай,
Сенен ары айшылық
Менің шыққан жерім – ай,

Шыбықтай бойы ұзын деп,
Алмадай беті қызыл деп,
Аялда тебе дұшпанда.
Қызық көрме, Ерсайын!

Біз кетті деп ұрысқанда,
Мен кеткенде аларсын,
Тірі болсаң кегіңді,
Екі ұлыңды қасыңа ал!

Шаппасына болмады
Бір еркіне қоймады.
Алпыс екі періште
Үстіне келіп орнады.

Бос аттың басын бұрмалап,
Ұмтылды қалмаққа таман тұралап,
Арықтың тасқаны
Қалмақтың қалай сасқаны?

Қуа барып Ер Сайын
Қалмақпенен соғысты
Ерікпей қылды соғысты
Он үш күн ұрысып тауысты,

Үстіне келген қалмақтың
Жанды адамын қоймады.
Атын - тонын алады.
Еліне таман айдайды.

Батыр Сайын келгенше
Ел хабарын білгенше,
Бөкенбай мен Күйікбай
Қобыландыға барыпты.

Аттанып еліне келіпті.
Жасанғанға қайтпаған,
Сансыз дұшпан батпаған,
Сол сықылды Қобыланды

Екеуінен қорқыпты.
«Ай, Қобыланды батыр сен болсаң,
Топ бетін көрмеген,
Көрген кісі әкемді

Маңдайы құлаш ер деген.
Қас ерменен тең деген.
Қалған жерден алып кел!
Өлтірген жауын тауып бер!

Үйде жатқан әкемді
Жау жеріне бастадың,
Қандай шөлде тастадың,
Бармасаң да барарсың,

Бармай неғып қаларсың?»
Қобыланды сонда айтады:
«Алдыңа түсіп барайын,
Неге іздемей қалайын,

Қалмаққа бүлік салайын.
Сайынның кегін алайын.
Мың кісіні алады,
Аттанып кетіп барады.

Айшылық жатқан қалмаққа
Барып бір соғыс салады.
Қалмаққа барса ор екен.
Оры терең зор екен.

Күйікбай сонда сөйлейді:
«Ей, Қобыланды, Қобыланды,
Бүйтіп бұған тұрмалық,
Қорыққан кісі секілді,

Тұрып кеңес қылмалық.
Ордан арман өтелік,
Қалмаққа тоғыз тиелік.
Бөгенбай мен Қобыланды,

Күйікбай мен үшеуі
Ордан арман өтеді.
Қалмаққа кіріп кетеді.
Бөгенбай мен Қобыланды

Екі батыр қашады,
Ордан бермен асады.
Қобыландының мінген аты
Ордан өтті кідірмей,

Бөгенбайдың көк ала аты
Артқы аяғы ілінді.
Ер-тоқымын құшақтап
Орға түсіп жүгірді.

Күйікбай шапты қалмаққа,
Көк ала атты борбайлап,
Бауырым деп ойбайлап,
Қалмақтың құрған қамалдың

Бүл жағынан шапқаннан,
Ол жағына бір өтті.
Ар жағынан шапқаннан,
Бер жағына бір өтті.

Батырлары ақырды,
Балуандары шақырды:
«Тұс-тұсына барыңыз,
Бірер арқан алыңыз,

Шабатұғын жағына
Керме ұстай қалыңыз.
Кермелеп ұстап алыңыз.»
Көздеп тұрып Күйікбай

Аласа қылған арқанның
Үстіменен кетеді.
Биік. қылған арқанның
Астыменен кетеді.

Тап сегіз күн болғанда,
Бәрін қырып кетеді.
Ордан бір қан асады,
Дария судай тасады.

Орда жатқан Бөгенбай
Қанмен ағып барады,
Қобыланды сол батыр
Сонда суырып алады.

Қалмақтың елін өрт қылып,
Топырақтай көшіріп,
Барлық малын көшіріп,
Жалғыз сол Күйікбай

Айдап шықты сәріден,
Қалмақтың хан - қарасын қоймай-ақ,
Қызығына тоймай-ақ,
Қасқаның көңілі тынған соң,

Қалмаққа қалағанын қылған соң,
Жылқыны төске салған соң,
Қалмақтан кегін алған соң,
Қол түстеніп жатқанда,

Келе жатыр бір адам,
Туырлықтай туы бар,
Мың кісінің шалы бар,
Артында қанша жаны бар,

Қобыланды батыр айтады:
Күйікбай батыр барыңыз!
Қандай дұшпан болады,
Алды-артын шалыңыз»

Соныменен көңіл-күй,
Тұрымтайдай түйіліп,
Қылармын деп кіжініп,
Қарсы шығып келеді,

Келе жатыр Ер Сайын,
Өлген жерден тіріліп,
Тыйылып жатқан қалмақтың,
Тоғызы бар деп кіжініп,

Күйікбай оны танымай,
Әкесі деп ойламай,
Әкесі күшті жас бала:
«Ет жүректің басы деп,

Өлер жерің осы деп»
Табандап найза салады,
Сайын сондай әкесінің,
Танымады сол бала,

Сайын сонда айтады:
Сайын әкең мен деді,
Көріселік кел деді,
Есенбісің сен деді»,

Аттан түсе қалады,
Суырып найза алады,
Жазалы болды қолым - ай,
Ерлігің қылған құрысын,

Мұнан былай жоламай,
Құрымасын жолым деп,
Жазалы болмас қолым деп,
Әкем мұнан не қылсын,

Неше ердің көрмедім,
Бүл сықылды найзасын,
Көріп жүрмін жасаған,
Бір Алланың пайдасын,

Әкең бұдан өлмейді,
Тек жүрегің қорықпасын,
Бар, Күйікбай, бар деді,
Қобыландыдай атаңнан,

Бар, сүйінші ал деді,
Тастап кеткен Ер Сайын,
Жазылып келді сау деді,
Күйікбай қолға шабады,

Ат аямай барады,
Тіке салып сонымен,
Қобыландыға келеді,
«Болып тұрған бүл жақта,

Қобыланды батыр күніңіз,
Жаралы болып келіпті,
Сайын атты ініңіз,
Озып келдім мен сізге,

Не бересіз, ей, батыр?»
«Қуантқан үшін шүйіншіге,
тартып піскен торсықтай,
Өзі сұлу Тайбурыл,

Рас болса кел деді,
Ал сыйладым мен сізге!»
Сайын сонда келеді,
Келгенін қарап Қобыланды,

Танып, көрісіп біледі,
Атқа мініп келеді,
Көп шүкірді қылады,
Атқа мініп қайтысты,

Шәріне таман тартысты,
Шәріге есен келген соң,
Ноғайлының көп жұртын,
Көрісіп сәлем берген соң,

Боз Монай тұрып той қылды,
Аттанған жауын алысып,
Көңілдері тынысып,
Аман-есен қайтқанға,

Аллаға шүкір коп қылды,
Той тарқап кеткен соң,
Батыр Сайын сөйлейді.
«Енді түзге жүрмелік,

Қолға найза алмалық,
Қалмаққа енді бармалық,
Күйікбай менен Бөгенбай,
Ей, Қобыланды батыр - ай,

Екі ұлыңа бата бер,
Жолыңызды берелік,
Үйіңе барда жата бер!»
Айтқанынша Сайынның,

Қобыланды батыр береді,
Алла ашсын жолыңды,
Ұзын қылсын қолыңды,
Танып жүрген, ей, балам,

Оның менен солыңды,
Сөйтіп бата берген соң,
Қобыланды батыр қайтады,
Еліне барып сол батыр,

Батырлық құрмай жатады,
Екі ұлының тұсында,
Сайын дайын батырдың,
Іргесін дұшпан баспады,

Қолынан дәулет қашпады,
Ел шетіне жау келсе,
Сайын сондай батырдан,
Күйікбайдың ерлігі,

Анағүрлым асады,
Екі ұлының тұсында,
Бәріне де болды тірлігі,
Үш алашқа жайылды,

Екі ұлының ерлігі,
Өлген жерден тірілткен,
Қалмаққа атын жүгірткен,
(Бір құдайдың кендігі,)

Сайын сондай батырдың,
Сонда екен кеңесі,
Адамнан артық денесі...

СОҢЫ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙