Революционердің жазбалары
Петр Кропоткин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
"МӘДЕНИ МҰРА" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ "МӘДЕНИ МҰРА" МЕМЛЕКЕТТІК БAҒДАРЛАМАСЫН ICKE АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҚАСЫ Әшімбаев М., төраға, Досжан А., төрағаның орынбасары, Аска...
XVІІ
Менің ағылшын социалистік қозғалысына қатысуым. - әдеби жұмыс. — жаратылыстың "өзара" көмек заңымен толықтырылған "тіршілік үшін күрес формуласы". - Социалисты идеялардың галамсип таралуы. Мен бұл қозғалысқа белсене қатыстым, және бірнеше жолдастармен бірге, бұрыннан бар үш социалистік газетке ай сайын шығатын анархиялық "Freedom" журналын қостық, ол әлі де шығып келеді. Дәл сол кезде мен, қамалуыма байланысты тоқтап қалған жұмысымды - анархизмді ғылыми талдап әзірлеу жұмысын қайтадан қолға алдым. Жұмысымның сыншыл бөлімін - осы заманғы қоғамға сын бөлімін мен Клэрвода жүрген кезде Элизе Реклю "Paroles d'un Revolte" (Бүлікшілдің сөздері) деген атаумен шығарды. Қазір мен анархиялық-коммунистік қоғамның жасампаздық бөлігін талдап әзірлеуге кірісіп, өзімнің көзқарастарымды біздің париждік La Revolte газетіндегі ("Le Revolte" -"Біздің ұл" соғысқа қарсы насихаты үшін қуғынға түсіп, атауын өзгертуге тиіс болды да, енді қызға айналды) бірнеше мақаламда баяндап бердім. Кейін бұл мақалалар өңделіп, "La Conquete du Paіn" деген атаумен (орысша аударылғанда "Хлеб и воля" - "Астық және еркіндік" деген атаумен 1902 жылы жарияланды - Ред.) Парижде жеке кітап болып шықты. Осынау жұмыстар мені осы заманғы халықтардың шаруашылық өмірінің кейбір қырларын неғұрлым байыпты зерттеуге мәжбүр етті. Англия мен Шотландияның әртүрлі қалаларында лекция оқи жүріп, мен осы сапарларымды жұмысшылармен ұзақ-ұзақ әңгімелесуге де, әртүрлі фабрикалармен, зауыттармен, көмір шахталарымен және үлкен кеме верфьтерімен танысуға арнадым, бұл орайда қолөнер өндірісінің Шеффильд пен Бирмингем секілді орталықтарында ұсақ шеберханаларды да ұмытқаным жоқ. Нақты өмірмен осылайша таныса жүріп, менің көкейімде ылғи да мынадай сұрақтар тұрды: социалистік негізде ұйымдастырылған өндірістер, яғни халықтың барлық мұқтаждарын барынша жақсы қанағаттандыру үшін жұмысшылардың өздері ұйымдастырған өндірістер қандай пошымға ие болуға тиіс. Сол кезге дейін социалистердің көпшілігі өркениятты қоғам жұрттың бәрінің әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қажет мөлшерден әлдеқайда көп өндіреді,және тек өндірілгенді бөлу ғана дұрыс емес дейтін. "Әлеуметтік революция жасалған бойда, - дейтін олар әркімнің оз фабрикасына немесе шеберханасы оралып, бұрынғы жұмысына қайта кірісу ғана қалады. Қоғам қосымша құнға, яғни қазір капиталистің қалтасына түсетін пайдаға өзі ие болады". Мен, керісінше, жеке меншіктің осы заманғы жүйесі тұсында пайда үшін жүргізілетін өндірістің өзі теріс бағыт алғанына, және ол тіпті бүкіл халықтың негізгі қажеттерін де қанағаттандыруға мүлдем жеткіліксіз екендігіне көз жеткіздім. Мұндай төмен өнімділік тұсында "баршаға әл-ауқаттылық" мүмкін емес. Жеке меншік және пайда үшін өндіру бүкіл халықтың қажеттерін, олар қазір халықтың орасан зор бұқарасында қаншама қарапайым болғанымен, шындап қанағаттандыруға тұп-тура бөгет жасайды. Бірде-бір өнім, дейтінмін мен, барлық қажеттерді қанағаттандыратын мөлшерде көп өндірілмейді. Тым жиі тілге тиек болатын "артық өндіріс" тек бұқара тым кедей және өздері өндіретін әрі өздері тым мұқтаж күнделікті қажет заттарды да сатып ала алмайды. Ал барлық сауатты елдерде өнеркәсіптік өндіріс те, ауыл шаруашылық өндірісі де жұрттың бәрінің ризашылығын қамтамасыз ететін мөлшерге дейін оп-оңай ұлғайтыла алады және ұлғайтылуға тиіс. Осынау ойлар мені осы заманғы егіншілік қандай бола алады, сондай - ақ әркімнің ұнамды да өнімді дене және ақыл еңбегімен айналысуына мүмкіндік беру үшін және жалпы өнімділікті күшейту үшін, білім беруді жаңа негізде қалай қайта құру керек деген мәселелерді зерттеуге жетеледі. Мен бұл ойларымды бірқатар мақалаларымда дамыттым да, олар "Nіne-teenth де" жарияланды, артынан "Fіelds, Factorіes and Workshops" деген атаумен жеке кітап болып шықты. Халықтардың экономикалық өмірін зерттеу мені біз үстірт көзге көрінетіндей соншалық бай емеспіз деген байламға алып келді. Әлемдегі ең бай ел - Англия. Бірақ егер ол өзінің егістіктерінен, кеніштерінен, қисапсыз фабрикалары мен зауыттарынан және әлемдік саудадан алатынын қосып жіберіп, оны өз тұрғындарының санына бірдей бөліп жіберсек, бір адамға күніне бір жарым сомнан келеді және қалай етсеңіз де екі сомнан аспайды. Осының өзінен-ақ әлеуметтік революция, ол қай жерде болса да, ең алғашқы күндерден бастап, өндірісті ұлғайтуды өзінің басты міндеті етіп қоюға тиіс екені көрінеді. Азаттықтың алғашқы жылдарында тамақ және тауар атаулыны тұтыну сөзсіз ұлғаяды, өйткені Еуропаның барлық елдерінде әлі күнге дейін халықтың анық үштен бірі ешқашан тойып тамақ ішпейді және киім-кешек пен басқа да барлық нәрселерге мұқтаж. Демек, өздерінде, бір жағынан, ауыл шаруашылығын мықтап дамытып, жетілдіру үшін, екінші жағынан - өздерінде өңдеуші өнеркәсіпті күшейте дамыту үшін барлық халықтар өз күштерін тас-түйін жұмылдыруға тиіс. Капиталдың езгісінен еңбекті азат етудегі прогресс пен табыстың кепілі - осында. Осыдан кейін көп ұзамай мен басқа бір, менің назарымды бұрын аударған маңызды мәселемен айналыса бастадым. Дарвиннің "тіршілік үшін күрес" деген заңын тәпсірлеуде оның ізбасарларының көпшілігі, соның ішінде тіпті Гекели секілді ақылдылары да, қандай қорытындыға келгені мәлім. "Тіршілік үшін күрес" деген осынау сөздермен ақ нәсілді халықтың қара нәсілге немесе күштінің әлсізге зорлығын түгелімен ақтауға тырысып бақты. Клэрвода тұрған кезімнің өзінде-ақ мен жануарлар дүниесіндегі, оның үстіне адамдар дүниесіндегі "өмір үшін күрес" деген ұғымның өзін әбден қайта қарау қажеттігін сезіне бастадым. Осы бағытта кейбір социалистер жасаған әрекеттер мені түк қанағаттандыра алмады; және орыс жаратылыстанушыларының 1880 жылғы съезінде сөйлеген орыс зоологы профессор Кесслердің сөзінен тіршілік үшін күрестің жаңа, тамаша түсінігін тапқанда, мен сол мәселе жөніндегі ой үстінде едім. "Өзара көмек, - дейді ол, - өзара күрес секілді жаратылыстық заң; бірақ түрдің ілгерілеп дамуы үшін біріншісі екіншісінен әлдеқайда маңызды". Өкінішке қарай, Кесслер өзінің сөзінде шамалы ғана фактылармен дәлелдеген (кемел ақыл Северцев оны бірден қабылдап, екі-үш мысалмен қуаттады) осынау ой мен үшін барлық есепті шешудің кілті болды. Мен бүл туралы Клэрводан Элизе Реклюге ұзақ хат жазып, жануарлар өмірінен өзімнің ойымды қуаттайтын материалдар жинай бастадым. Одан артық ынталандырудың қажеті жоқ болатын, сөйтіп мен жұмысымды еселенген жігермен жалғастыра бердім, ол Nіneteenth Сенгу'де" "Жануарлардағы өзара көмек" демек, одан кейін - "жабайыларда, варварларда, орта ғасырлық қалада және осы заманғы қоғамда" деген тақырыппен жарияланып тұрды, содан кейін мен осының бәрін "Mutual Aіd: actor of Evolutіon" ("Өзара көмек эволюция факторы ретінде") деген атаумен кітап етіп шығардым. Өкінішке қарай, жануарлардағы өзара көмек туралы алғашқы екі мақаланы, олар оның көзі тірісінде шықса да, жібергенім жоқ. Мен адамдар арасындағы өзара көмекке арналған екінші бөлімді ұзамай аяқтармын деп үміттеніп едім, бірақ бұл үшін маған бірнеше жыл қажет болды, бұл екі арада Бэтс қайтыс болып кетті. Осынау жұмыста варварлық кезең мен орта ғасырлардағы ерікті қалалардағы мекемелермен танысу үшін мен жасаған ізденістер мен басқа қызықты зерттеулерге, атап айтқанда соңғы үш ғасыр бойындағы мемлекеттің рөлін оның ең жаңа, Еуропада XVІ ғасырдан басталған рөлін зерттеуге жетеледі. Екінші жағынан, өркенияттың әрқилы фазаларындағы өзара көмек мекемелерін зерттеу мені адамзат бойында әділет пен инсаният идеяларының дамуын зерттеуге алып келді. Мен бұл жұмыстарымды екі лекциямда баяндадым. Оның біреуі "Мемлекет және оның тарихтағы рөлі", екіншісі "Әділет және инсаният" деп аталды. Бұл лекцияда мен этиканы, яғни жалпы қоғамдық инсаниятты өзімнің түсінуімді жазып, және осынау соңғы үш жылда (1895-1898 - Ред.) мен сол лекцияда айтылған ойларды неғұрлым толық талдап әзірлеумен айналыстым. Соңғы он жыл ішінде Англияда социализмнің дамуы жаңа сипат алды. Басты назарын социалистік және анархистік жиналыстардың саны мен оларға қатысқан тыңдарман санына аударатындар социалистік насихат азайып барады деген байлам жасауға әзір; ал идеяның табысын парламенттен социализм атынан орын алуға дәмелі кандидаттарға берілген дауыс санымен таразылайтындар социалистік насихат Англияда бүгіп - ертең құрып бітеді деген байлам жасайды. Бірақ социалистік көзқарастардың таралуының тереңдігі мен ауқымы туралы, өздерінің бағдарламаларына социалистер талаптарын азды-көпті енгізетін кандидаттарға берілген дауыстар санына қарап таразылауға болмайды. Бұл әсіресе Англияда дұрыс болмас еді. Іс жүзінде, Фурье, Сен-Симон лсәне Роберт Оуэн талдап жасаған үш социалистік бағыттың Англия мен Шотландияда соңғысы үстем. Сондықтан қозғалыстың күшін митингілердің саны мен дауыс санына қарап емес, социалистік идеялардың жұмысшылар одақтарына, кооператив қоғамдарға және мунициялық социализм дейтінге, сондай-ақ бүкіл елде халықтың ақыл-ойына қалай сіңгеніне қарап таразылайды. Бәлкім, XІІ ғасырдың ортағасырлық халық жиналыстары бар қалаларын дүниеге әкелген революциялық кезеңінен басқа тарихта жұртшылық идеялары соншалық түбегейлі өзгерістерге ұшыраған кезең жоқ. Және қазір де, ғұмырымның алпысыншы жылында, осыдан отыз жыл бұрынғыға қарағанда, мынаған неғұрлым көбірек кәміл сенемін: Еуропаның жағдайы сондай, қолайлы жағдайлардың таза кездейсоқ тоқайласуы революция туғыза алады, ол дон 1848 жылғы революция сияқты барлық елдерге тез таралады, бірақ бұл орайда әлдеқайда неғұрлым терең маңызға ие болады: ол бүкіл дүниеге дұшпан саяси партиялардың арасындағы жай ғана күресті емес, қайта бүкіл қоғамдық құрылыстың коммунизмге қарай жылдам да үзілді-кесілді бет алғанын көрсетеді. Және мен мынаған кәміл сенемін: бүл қозғалыс әртүрлі елдерде қандай сипат алса да, әрбір елде даусыз нәрсеге айналған әлеуметтік өзгерістерді, біз соңғы алты ғасыр бойына қай жерде көргенімізден неғұрлым кеңірек түсіну көрінетін болады. Сонымен бір мезгілде артықшылықты татар тарапынан жасалатын қарсылық, өткен ғасырлардың революцияларын соншалық қантөгісті еткен көзсіз қыңырлық сипатып ала да қоймас. Осынау ұлы нәтиже соңғы отыз жыл ішінде барлық ұлттар мен барлық таптардың мыңдаған күрескерлері жұмсаған күштерге әбден лайық.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру