TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 62 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 62 том

«Бабалар сөзі» сериясының 62-томына «Жанқожа батырдың» Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің әр кезеңінде көрсеткен азаматтық, ерлік істерін көркем бейнелейтін алты жыр нұсқасы ұсынылған. Жинаққа енген шығармалардың мазмұны терең, тілі шұрайлы әрі жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеудегі мәні зор.

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.

Аяған Б. Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.

Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.

Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.

Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.

Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.

Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.

УДК 398

ББК 82.3 (5 Қаз)

Б 12

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У.,

Күзембаева С.A., Қосан С.Қ., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:

С. Қасқабасов, С.Қорабай, С. Қосан (жауапты редактор)

Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
Н. Елесбай (жауапты шығарушы), С. Қосан, А. Оралбек

Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: Фолиант, 2010. Т. 62: Тарихи жырлар.—376 бет. ІSBN 978-601-292-013-0 «Бабалар сөзі» сериясының 62-томына «Жанқожа батырдың» Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің әр кезеңінде көрсеткен азаматтық, ерлік істерін көркем бейнелейтін алты жыр нұсқасы ұсынылған. Жинаққа енген шығармалардың мазмұны терең, тілі шұрайлы әрі жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеудегі мәні зор.

УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз)

ІSBN 978-601-292-013-0 (т. 62)
© Әдебиет және өнер институты, 2010

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010
00(05)—09

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жария­
ланып отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық

ғылы­ми басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған алпыс бір томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы
болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек

айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы,
діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір
томы, тарихи жырлардың тоғыз томы, батырлар жырының
жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы

әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұлардың он томы Қытайдағы
қазақ фольк­лорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының
қымбат
қазынасы­—фольклор

жинақтарының
жоғары
деңгейде безендірілген жаңа басылымын оқырман қауым
үлкен қуанышпен қарсы алды. Қазақ эпосының көркем

үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 62-том тарихи
жырларға арналды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жанқожа Нұрмұхаммедұлы қазақ халқы үшін аса
қадірлі де қастерлі есімдердің бірі. Әрі батыр, әрі би болған
Жанқожа батырдың ерлік істері жайында әрісі орыс, берісі
қазақ тарихшыларының ғылыми еңбектерінде соңғы бір

ғасыр­дан аса мезгілде аз айтылып, жазылып жүрген жоқ.
Сонау XVІІІ  ға­сырдың соңғы жылдарында өткен қазақ,
қарақалпақ қақтығыстары тұсында, бар-жоғы он жеті
жасында Хиуаның белгілі батырын жекпе-жекте өлтірген

Жанқожа содан кейінгі 70 жыл ғұмырында Қоқан, Хиуа,
Ресей басқыншыларымен сан рет сұрапыл шайқастар өткізді.
Жанқожа батыр сол ұрыс­тар­дың барлығына да қолбасшы
әрі басты ұйымдастырушы ре­тінде қатысып, теңдессіз

ерлік, көзсіз батырлық көрсеткен бола­тын. Жанына ерген
жауынгерлеріне сонысымен үлгі болды, қай­мана халқына
қайрат, «елім» деген ерге ерік-жігер берді.
Белгілі қоғам қайраткері М.Тынышбаевтың: «Жанқожа

Үш жүздің ең атақты батыр-билерінің бірінен саналады.
Ол қазақ тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде орысты да,
хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, тіпті хандардың
өзін де мойындаған жоқ» деген мінездемесі де жоғарыдағы

пікірімізді айғақтай түседі.
Жанқожаның шыққан тегі айтулы батырлар мен белгілі
билердің әулеті. Арғы атасы Киікбай да, түп нағашысы Тама
Есет тархан да, өз әкесі Нұрмұхаммед те—сонау жоңғар

шапқыншылығынан бастап қазақ халқы басынан өткен
небір сұрапыл шайқастарға қатысып, жұртымызға ерлігімен
де, билігімен де еңбегі сіңген ерен тұлғалар.
Жанқожа батырдың аталары мен өзі және үзеңгілес,

жорықтас кісілер жайындағы деректі құжаттар, айғақтар
мен хаттар, басқа да мәліметтер Ресей мұрағаттарында көп
ұшырасады.

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

Жанқожа батыр 1841 жылдың шамасында Кенесары ханмен
тізе қосып, атақты Созақ қамалын Қоқан бектерінің бода­
нынан азат етуге тікелей атсалысты. 1842, 1843, 1845 жыл­
дары Хиуа әскеріне үш дүркін тойтарыс беріп, қамалдарын

қи­ратты, Әйімбет, Бабажан бастаған көптеген белгілі бек,
батыр­ларын өлтіріп, елдің мыңдаған малы мен қолды болған
жесір­лерін, мүліктерін қайтарып берді.
Жанқожа батыр жайында 10-нан аса тарихи жыр-дастандар

шығарылып, ел арасына кең тараған. Солардың арасында
Мұсабай, Нұрмағамбет, Лұқпан, Жөкей, Қарман, Нұрсұлтан,
Ізжан, Орнықбай сынды ақын-жыраулардың туындыларын
ерекше атаймыз. Мәселен, Мұсабай жырау нұсқасын Қазалы

бекінісінде қызмет атқарған орыс офицері И.В.Аничков оның
өз аузынан жазып алып, жариялады. 1894 жылы осы зерттеу­
ші­нің «Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы» атты
тарихи очеркі жарық көргені мәлім. Жанқожа жайындағы

тарихи жырды Н.Г.Веселовскийден бері қарай С.Сейфуллин,
Т.Шонан­ұлы,
С.Мұқанов,
Ә.Қоңыратбаев,

Е.Тұрсынов,
С.Қасқабасов,
Б.Шалабаев,
Н.Төреқұлов,

С.Садырбаев,
Ж.Тілепов, Б.Жүсіпов т.б. ғалым-әдебиетшілер зерттеді.
«Бабалар сөзі» сериясының бұл кезекті томына Жанқожа
батырдың алғашқы ерлігінен ақырғы демі біткенге дейінгі

тұтас ғұмырын бейнелейтін алты жыр нұсқасы еніп отыр.
Жыр мәтіндерінен кейін батырдың туған немересі Қобылан
Күрегеновтің Жанқожаның бел баласы Жолшы батырдан
1929  жылы жазып алынған «Жанқожа батырдың тарихы»

атты қолжазба ықшамдалып ұсынылды. Аса бағалы
қолжазба 1945  жылы Қазалы қаласында қағазға түсіріліп,
кейіннен Қазақстан ҰҒА ОҒК сирек қорына өткізілген.
Бұл ретте материал қара сөзбен берілсе де, кейінгі тарих,

фольклор зерттеу­шілері үшін құндылығы ескерілді.

Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа
енген
тарихи
жырлардың

мәтіндеріне
жазылған
түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар
туралы

түсініктер,
жер-су
атауларына
сипаттамалар,

шығармаларды жинаушылар мен жырлаушылар туралы
мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, басылым
туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша түйін
қамтылған.

Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың
сирек қорында сақталған түпнұсқа негізінде дайындалды.
Томның көлемі—23,5 б.т.

Әуелі сөз бастаймын бір Құдайдан,
Кешіргей Құдайды айтсам әр күнәйдан.
Кешегі Жанқожаның заманында
Сүйеніп, ауқат кешті жарлы байдан.

Ініден аға менен артық туған
Жанқожа, ойлап тұрсақ, шықты қайдан.
Десең де мынау Майдан, әкесі бір,
Қақ жарып шыға келді Киікбайдан.

Итжемес, Жанмырзамен судай толқып,
Жүгіртіп ит-құс салды тұрымтайдан.
«Ауызын Жанқожаның алайын» деп,
Қара сарт алып келді шекер-шайдан.

Бұл қазақ сарт келгенін кек етпеді,
Бір сөзін айтқан сарттың екі етпеді.
Қаласын ортасына салып алып,
Бабажан бұ қазақты зекеттеді.

Мінгені Жанқожаның қарала ат-ты,
Естісе мылтық дауысын қарсы шапты.
«Жазықсыз Ақмырзаны өлтірдің»,—деп,
Көп қырды қайқы кірпік қара сартты.

Баласын Майқарадай ұстап алып,
Артына Төлек батыр мінгестіріп,
«Сәлем де Кенесары ханыма!»—деп,
Алашты алты жүйе аралатты.

Жанқожа батырдың
толғауы
(Мұсабай жырау нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Егінші егін егед шекпенменен,
Тұқымнан алдырмайды сепкенменен.
Дәуірі Жанқожаның келгеннен соң,
Егінші қала бұзды кетпенменен.

Қазаққа сарт та қылды үлкендікті,
Көрмедік Жәкең барда еш кемдікті.
Қаласын Бабажанның бұзып алып,
Қазаққа алып берді бір теңдікті.

Жанқожа топтан торай шалдырмаған,
Көңілін мұсылманның қалдырмаған.
Құтылдық қара сарттан деп жүргенде,
Арқадан келді орыс былдырлаған.

Сары орыс Орынбордан аңдап келді,
Түйесін жетірудың жалдап келді,
Аузын Төке қудың қандап келді.
«Аузын Жанқожаның алайық»,—деп,

Ақшаны арба толған қамдап келді.
Қамыстың торғай қонар жел басына,
«Ау, орыс, өлем десең, кел қасыма!»
(Әліден, әзіреттен ұят-ты деп),

Қызбады арба толған тілләсына.
Айтамын, айт дегеннен әуел-айым,
Тарқайды ішкі дертім
Жанқожаны айтқан сайын.

Бұл орыс алымменен алады деп,
Орыстың алмай кетті сөлкебайын.
Жанқожа көп сөйлесті қазағына,
Орыстың ермей кетті мазағына.

Кешегі Райымды салдырғанда,
«Ішіне көп орыстың басшы бол» деп,
Бекмырза ұстап берді бажағына.

жанқожа  батырдың  толғауы
Бұл орыс мұсылманға ор қаздырған,
Ол орын тар қаздырмай, кең қаздырған.
Егінін ала-жаздай ектірмеген,

Сөйтті де бұқараны көп жазғырған.
Арқадан келді орыс Райым деп,
Алдынан Жәкең шықты қырайын деп.
Бұл орыс Бекмырзаға шашты ойын,

Қазақтың жинап алып теке-қойын.
Алдырды бозбалаға отын-суын,
Отынын алып, орын қаздырған соң,
Жау болмай не қылғанда тұрайын деп.

Жанқожа қалдырмады Сыр қонысты,
Ұлына бұл қазақтың көп болысты.
«Бұл орыс бізіңменен жау болар» деп,
Қайықтан ұстап алды екі орысты.

Жанқожа жау боларда жасын алды,
Баласын мұсылманның қасына алды.
«Бұл орыс бізіңменен жау болар» деп,
Ап келіп екі орыстың басын алды.

Жанқожа бір Құдайды пана қылған,
Баласын мұсылманның аға қылған.
Иван Иванович деген орысты ұстап алып,
Жанқожа көңілі кетіп бала қылған.

Болғанда қазақ—киік, орыс—тазы,
Орыстың мұсылманға түсті назы.
Кетіпті Әзірет Әлі бізден бұрын қылыш ұрып,
Өлген—шейіт, өлтірген болар ғазы.

«Жігіттер, орыспенен ұрыс, деді,
Қазаққа келсе шамаң, болыс,—деді.
Кетіпті Әзірет Әлі бізден бұрын қылыш ұрып,
Орыспен жау болғаның дұрыс»,—деді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жанқожа Қазалыны қамалаған,
Орыстың азы-көбін шамалаған.
Табаны Жанқожаның тайғаннан соң,
Жәкеңді жаман қазақ табалаған.

Жанқожа Қазалыда ту ұстаған,
Бастары мұсылманның қуыстаған.
Әлиден, әзіреттен ұят-ты деп,
Жанқожа өлгенінше дін ұстаған.

Қазалы ат жүгіртті қаласына,
Салдырды орыс жүгін шанасына.
Кешегі Қазалыны қамағанда
Мылтыққа Көк шұнақ ат жығылған соң,

Салдаттың жаяу қалды арасында.
Көп қазақ қорыққаннан қашып шықты,
Қаракесек Арынғазы, Мәмбетәлі екеуі
Жетектеп жаудан жаяу алып шықты.

Жанқожаның сөзі:

—Орыспен жау болып ем көпке сеніп,

Жүрейін бұл орыстың зорлығына неғып көніп!
Баласы әлім, шөмен басын қосып,
Орыстың қолтығына кетті еніп.
Баласы Жауқашардың батыр Таңат

Деген соң жаудан өлді, болды шейіт.
Итжемес ақсақалдық қыла көрсін,
Жанмырза Дерімбаймен тірі болса,
Біреуі құйрық, біреуі болар қанат.

Арқада қалды інім Есет деген,
Ерназар кетіп еді, қос жайсаң, Бекет деген.
Соры бар маңдайында, байғұс қазақ,
Көресің әлі қағаз пешеттеген.

жанқожа  батырдың  толғауы
Қоймайды мен өлген соң мына орыс,
Көрерсің, ондық қойып, есептеген.
Намысты өзім өлмей бере қалман,

Орыстың мылтығына көне қалман.
Табаным, Сыр, Қуаңнан көтерілді,
Қараойды енді барып көре қалман.
Лашын, сұңқар едім қу алғандай,

Таппадым елде батыр ту алғандай.
Орыстың қысымынан астым Бұхар,
Бәрін де жер-жиһанның су алғандай.
Алдымда қай туған бар қуанғандай?

Бұхарда Үргеніш пен жер бар ма екен,
Жылаған қатын-бала жұбанғандай?
Жанқожа асты Бұхар шығайын деп,
Бұхарды Үргеніш пен ағайын деп.

Өрістің үш руын қосып алып,
Бір жылша Батырханды бағайын деп.
Қаратау, әдіра қалғыр, оттай жанды!
Қауғасын тартқан адам естен танды.

Бір жылша Батырханды бағып еді,
Батырхан Жанқожаға оянбады.
Қимады тандырдағы піскен нанды,
Үргеніш бізге көмек бермек түгіл,

Жеңе алмай жатыр екен Сейіт ханды.
Мінгені Жанқожаның қарала ат-ты,
Есітсе мылтық дауысын, қарсы шапты.
«Ағасы үш мұсылман болмады» деп,

Келді де Шөлқызылда басын бақты.
Айрылды Аманқожа ерлігінен,
Көңілдің қаза болар керлігінен.
Жәкеңді Жетіруға өлтірткен соң,

Айрылды әлім, шөмен бірлігінен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қамысы Сырбойлықтың буын-буын,
Кім айтар ішпедім деп Сырдың суын.
Жанқожа шыққан жалғыз батыр еді,
Бұл қазақ жықты ортадан алтын туын.

Аттанды Елікей хан жұртын жиып,
Ауыр қол жүре алмайды жолға сиып.
«Бар болса Елікей хан, жау болмас» деп,
Тұр екен таң алдында намазға ұйып.

Жанқожа жұрттан асқан батыр еді,
Өлтірді оны неғып көзі қиып?!
Көлмембет жау келді деп ат ұстады,
Еліне мұсылманның сөз қатпады.

«Бар болса Елікей хан, тигізбес» деп,
Бізіңмен ел шығар деп атыспады.
Бастайтын әр жолға да құдірет-ті,
Қулары бұл қазақтың түпке жетті.

«Бар болса Елікей хан, жау болмас» деп,
Жанқожа ұрыспастан қапы кетті.
Тентекке қой демесе, не қылмайды,
Қулары бұл қазақтың шағылмайды.

Есіл ер қапияда кетті қолдан,
Енді батыр қазаққа Жанқожадай табылмайды!

Құр тарқатып болмайды
Әлеуметтің құрмауын.
Шын данышпан бітірер
Шиелескен ел дауын.

Ағалар аңсап келгенде,
Құрбы құрсап келгенде
Шешейін сөздің құрсауын.
Айта алмай кетсем осыдан,

Әңгіме болар артымнан
Көрдің бе деп бұлдауын.
Атақты жүйрік емеспін
Тапқандай сөздің паңдауын.

Ертек пенен терменің
Сендерге бердім таңдауын.
Өлімнен ешкім құтылмас,
Ажалдың көрмей арбауын.

Көтібар, Есет, ер Бекет
Ойлаған елдің азбауын.
Исатай менен Махамбет
Қылыш ұрып кәуірге,

Жеткерген ерлік шыңлауын.
Олардан кейін бір батыр
Заманның көрген алғауын.
Сырдариядан су ішпей,

Құдықтың қазған шыңырауын.
Бұқардан ақ ұн алдырып,
Жемеген бидай ұндауын.
Аз да болса маңызды,

Ел ішінде аңызды—
Жанқожа батыр
(Лұқпан Кенжеұлы нұсқасы)
2-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жанқожа батыр атамыз
Құттықтан шыққан тәрізді,
Сұрастырсам саңлауын.
Бұлт ашылып, ай туар,

Ағысын тастап, су тұнар.
Мен сөйлесем, әлеумет,
Ер Жәкеңнің толғауын.
Күздің күні көрерсің

Суық күздің дауылын.
Бедеу ат жақын тартады
Алыс жердің бауырын.
Тықы батыр құрапты

Қарақалпақтың қауымын.
Сырдарияның ойынан
Жердің алып тәуірін,
Көрсетті кемдік қазаққа.

Баса тоқып жауырын,
Ектіріп, тиыш қоймады
Арпа, бидай, қауынын.
Бір түнде шауып кетіпті

Дәрменқұл бидің әкесі—
Жылқыайдардың ауылын.
Өзін тағы өлтіріп,
Жараның салды ауырын.

Атақты ерлер арланып,
Шаншуға құмар әуірін.
Қазақтың басы құралмай,
Өткерді жаздың сәуірін.

Әлім, Шөмен еліне
Хан болып еді Қылышбай.
Беласар батыр, ер Дабыл,
Тоқым тыққан Қыстаубай,

Бекбауыл, Бажақ, Жұмабай—
Мұны да алды, тастамай.
Жеті жүздей әскермен
Жауға аттанды жылыстай.

Ердің көңлі тынар ма,
Ауыр қол бастап, ұрыспай?!
Есерленген тентектер—

жанқожа  батыр
Бас білмеген асаудай.
Қолбасы болып Бекбауыл,
Басқалары таласпай.

Қаласына Тықының
Таң ата барды адаспай.
Қорғаннан өтіп кіре алмай,
Дағдарды ерлер сын аспай.

Тықының қолы тығылды,
Білдіріп сыртқа сыр ашпай.
Бір мезгілдер болғанда,
Қамалап қазақ тұрғанда,

Жекелеп шықты ер Тықы,
Кететіндей арманда.
Қарсылап ешкім шыға алмай,
Қазақтың қолы талғанда,

Жабылау тайы астында,
Өзі он жеті жасында,
Арғы атасы—Киікбай,
Нұрмамбетұлы Жанқожа

Шыға шапты майданға.
«Әлдеқандай болад» деп,
Халқы күмән қылғанда,
«Қайт» дегенге қайрылмай,

Ұмтылды батыр арланға.
Айқасып қалған кезінде,
Айбалтамен ұрғанда
Жалаңдаған Тықының

Тұрмады жаны бұ маңда.
Ақбоз аттың саурынан
Аунады Тықы ақ шаңға.
Атын алып шығарды,

Басын шалып құрбанға.
Қамалға қайта ат қойды,
Артынан әскер лап қойды.
Тастаған қозға тоқтамай,

Қалаға салды атойды.
Дарбазаны талқан қып,
Бір қасқыр қуды мың қойды.
Ұрттап ішіп, қан төгіп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Арандары бір тойды.
Жас та болса, Жанқожа,
Атадан артық бір сой-ды.
Қоралап айдап малдарын,

Толтырды батыр Қараойды.
Екі жесір тағы алып,
Жанқожа жазды бір бойды.
Шауып, шаншып ұрыста,

Дұшманның басын көп жойды.
«Өзім жазым болам» деп,
Кей жамандар екі ойлы.
Алаңғасар кей батыр,

Ұрыстан қорқақ үрейлі.
Жаңадария өзені
Суы ағып жатқан сала екен.
Қорғанның іші бекінген

Екі бөлек қала екен.
Ауыздағы қалаға
Құжынаған қазына-мал екен.
Төр жағында, түкпірде

Хан сарайы бар екен.
Төрт аяқты малдары
Жылқы мен қызыл нар екен.
Аман қалған қылыштан

Кәрі-құртаң шал екен.
Ауыр олжа көп алды
Бұзау, баспақ, танамен.
Батырлар қайтып бет алды,

Тапқандай жерден жетікен
Қалың қол қайтып келатыр
Керуен жол, ашық даламен.
Ер Дабыл елден сұрапты:

—Тықыны өлтіріп, жол салған,

Қамалды бұзып, олжа алған.
Жас бала қайда қалды екен?
Ол заманда халқына
Хан Қылышбай қорғаны

Түсуі қиын қолына—

жанқожа  батыр
Ер жігіттің арманы.
Қарақалпақпен ұрысып,
Тайдырған жерден табанын

Дабыл батыр тұрғаны.
Сол арада Дабылдың
Садақ пен бөркі қалғаны.
Бөркі қалса, көркі жоқ,

Жағы қалса, жаны жоқ,
Ағаны қырсық шалғаны.
«Жаудан айырып алуға
Кейін қалдым, батыр»,—деп,

Ер Дабылдың алдына
Жанқожа батыр барғаны.
Сонда Дабыл сөйледі:

—Ұмыттым мынау таңбаны,

Жаудан айырып мүлкімді,
Абыройды алғаны.
Алаштың басқа ерлері
Тықыға қарсы бармады.

Сол Тықыны өлтіріп,
Ортаға салды олжаны.
Осы бала ер жетсе,
Ұрыстың болар палуаны.

Алғыс айтып балаға,
Ер Дабыл берді батасын.
Үлкендер қылар кешірім,
Кішінің көрсе қатасын.

Халықтың ханы алжасса,
Кім жазады шатасын.
Жаудан алған олжаның
Түйесі мен ботасын

Үлестіріп, бай қылды
Хан Қылышбай өзінің
Күйеуі мен атасын.
Өкпелеп бұған Жанқожа,

Кетірді ханның сапасын.
Қалың қолдың ішінде
Ханды шауып балтамен,
Шығарды іштен қапасын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Жанқожа ханды шапты» деп,
Хабарландырды атасын.
Өтеген мен Нұрымбет
Ашуланып қызған соң,

«Шаламыз,—деп,—жолыңа»,
Алып келді баласын.
Қылышбай жылап: «Қой,—дейді.—
Балаға азар бермеңдер,

Өле кетсем осыдан,
Дұшманға қылыш сермеңдер.
Жанқожа тірі тұрғанда,
Басқаның тіліне ермеңдер.

Қор қылмайды ешкімге,
Дегеніне көнсеңдер.
Анталап тұрған дұшман көп,
Алауыз болып жүрмеңдер.

Мен кешемін қанымды,
Қадірімді білсеңдер.
Жанқожаны қолдаған
Жеті ғайып ерендер.

Өзімнен болды білместік,
Бетіне келіп жүрмеңдер.
Маған ұрған балтасын,
Жауға қарсы тигендер».

Осыдан кейін Жанқожа
Нағыз ер болды «келсең, кел».
Жанқожа батыр ер болды,
Ел ішінде бір болды.

Аңдып жүрген дұшманның
Жүрегіне шер болды.
Ығысқан қазақ елаты
Паналап ерді көп қонды.

Патшалық құрған іргелі
Үргеніш, Қоқан ел болды.
Елші келіп хандардан,
Қатынасы мол болды.

Атағы шығып аспанға,
Күннен-күнге зор болды.

жанқожа  батыр
Тыныштық болып бір заман,
Таныды батыр оң-солды.
Екі адам басы қосылса,

Жанқожа батыр сөз болды.
Жас ортадан асқанда,
Ірі жаулар кез болды.
Сол сияқты ерлердің

Ақырында, жігіттер,
Өз елаты не қылды?
Өзбек ханның тұсында
Атамыз қазақ дін баққан.

Алтын орда хандары
Жердің жүзін шаңдатқан.
Олардан кейін бұл қазақ
Патшалығын жоғалтқан.

Ноғайлы тозып кеткен соң,
Хиуалық сарттар ел билеп,
Сырдың бойын шулатқан.
Ақмырзаны өлтіріп,

Бабажан сарт суға атқан.
Бұл хабарды есітіп,
Кіші жүз болып ар тұтқан.

Жанқожа сынды батырдың
Аулында жатқан кезі еді.
Шаһар толған мал-бақта,
Ақмырзаның өлгенін

Батырға барып айтуға
Жеке батыр жол тартқан.
Асығыс жүріп, тез жетіп,
Жанқожадай батырға

Былайша деп сөз қатқан:
«Алты Алаштың ұлына
Пана болған ер едің,
Өрлеген бақыт, талаптан.

Қысымшылық қылып тұр
Бабажан сарттың әлегі:
Салық салып, мал жинап,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қазақты жиды жан-жақтан.
Бабажанның тырнағы
Сырдағы елге тым батты.
Күннен-күнге дәуірлеп,

Озбырлық қылды Тәңір атқан.
Бұл күнде сізбен ісі жоқ,
Өзіне болды бір батпан.
Әлібек, Нұртай батырды

Қаразымнен алдырып,
Бағып жатыр сіз үшін
Қайратын сынап ант атқан.
Бес шектінің баласы

Жаратып, сайлап, бағып тұр
Үй басына бір аттан.
Бәрі де сізді күтіп тұр,
Бір шақырып ұранды

Құтылуға сол сарттан».
Жанқожаның көк аты
Кетпеген, сірә, белдеуден.
Ерегісіп келгенде,

Жауы бар ма жеңбеген?!
Айбаты суық арсыландай,
Көрген дұшман қалмайды
Жанынан күдер үзбеген.

Осы келген Жеке батыр
Ер еді бір еңіреген.
Ақмырзаның өлгенін
Естірте алмай батырға,

Айтуға тілі жүрмеген.
Айтпаса да, батырдың
Ісі бар ма сезбеген.
Сағынып көрген батырлар

Атқызды таңды көзбенен.
Ертеңіне аттанып,
Сырға қарай жол тартты,
Бет алып құла түзбенен.

Астындағы аттарын
Екі мезгіл жемдеген.

жанқожа  батыр
Жарауы түскен жануар
Еттері қызып желдеген.
Иә жортып, иә желіп,

Қызған сайын өрлеген.
Жанқожаның жайлауы
Көкдомбақ деген жер еді.
Астындағы Көк ешкі

Бүкең-бүкең желеді.
Екпіндетіп батырлар,
Жуықтап Сырға келеді.
Сол заманда белгілі

Ақирек, Ақбай көлі еді.
Әйімбет, Нұртай екі бек
Отыз сартқа бас болып,
Ел зекеттеп жүреді.

«Жанқожа келед» дегенмен
Аттанып бұлар тұр еді:
Батыр Әйімбеттің Жанқожа батырға қарсы шыққандағы
өзінің ерлік көрсеткені:

Осы жүрген Әйімбет
Масатыдай құлпырған
Қаразым жұртын тындырған.
Көк найзадан қолы өткір,

Найзағайдан оғы өткір.
Сілтеуіне келгенде,
Желден жылдам қолы бар.
Астына мінген арғымақ—

Ала аяқ торы жануар.
Жүреріне келгенде,
Жолын Құдай қалаған,
Бір өзін мыңға балаған

Түрікпеннен шыққан ер еді.
Ерлігінің белгісі—
Суырылып шығып сол топтан,
Жәкеңе қарсы жөнеді.

Астында бедеу ойнақтап,
Түлкідей көзі жайнақтап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ат үстінде ойнайды,
Екі жаққа бой тастап.
Аспанға балта лақтырып,
Ат бауырынан оралып,

Алады қағып, қайта ұстап.
Балтаны қойып, найзамен
Ойнайды тағы ойқастап.
Баурында жатып бедеудің,

Сілтейді найза қиғаштап.
Бір кездері Әйімбет
Қылышын алды, шалқақтап.
Оңды-солды сілтейді,

Ат жанында қапталдап.
Осы түрлі сыңайтпен
Көрсетті өнер алшақтап.
Ар жағынан Жанқожа

Төбеге шықты жылыстап.
Жау қарасын көргенде
Жолдасын қойды кейінге:
«Тұра тұр,—деп,—тұрақтап».

Бұрынғы жүрген қалпымен
Көкешкі аты балпақтап,
Асып-сасып не қылсын,
Жоққа қорқып, қалтақтап.

Әйімбет сонда ұмтылды
Күн секілді күркіреп.
Қабақтан аққан қара тер
Жаңбырдай жерге сіркіреп.

Басқа сөзге келмей-ақ,
Сілтеді қылыш тітіреп.
Екі батыр сол жерде
Келе қалды жекпе-жек.

Балтасымен қылышын
Қағып тастап Жанқожа,
Жетіп барды «келші» деп.
Жағасынан ұстап ап,

Төмен қарай тартқанда,
Әйімбет батыр құлады
Екі қолмен жер тіреп.

жанқожа  батыр
Домалап түсіп атынан,
Кездігін қойды тамаққа.
Жанқожа батыр «уһ» деп,

Уыстап қанын бір ұрттап,
Орнына түсті көкірек.
«Тие берсін, Ақмырза,
Қаныңа қан алдым!» деп,

Жылады батыр еңіреп.
Жеке батыр келіпті
«Не болды,—деп,—бұларға?»
Кегін алмай дұшманнан

Ердің көңлі тынар ма?
Жеміт үшін бөктергі
Бүкті бүрген бүркіттей
Жанқожа батыр сонарда

Қорқыратып қан ішіп,
Әйімбеттің үстінде
Отыр екен құмарда.
Нұртай шықты артынан,

Гулетіп кеулін шамалға.
Жақындап жуық келгенде,
Жанқожа мінді қиялға.
Шолақ қара қылышпен

Бірді сілтеп қалғанда,
Бұ да бір кетті ажалға.
Екі басшы кеткен соң,
Қалған бәрі құралма—

Екі ақ сұңқар кез болды
Жайсында жатқан құланға.
Бас кесіліп, ат босап,
Дұшмандар түсті табанға.

Ат-тондарын олжалап,
Ел адамы кенелді
Қызыл жон олжа шұбалма.
Жауды қырып жай тауып,

Жеке батыр, Жанқожа
Бастарын қосып дем алды,
Аттарын қойып ыраңға.
Осы арадан Жанқожа

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кейін қайтты еліне.
Сәлем айтты Сырдағы
Ақтан атты еріне.
«Қыстың күні болғанша,

Дария суы тоңғанша,
Жинай берсін адамын
Келгенінше ебіне.
Қырдың елі қайтқансын,

Бабажан сартты қазақтың
Жолатпаспын шеніне.
Оған дейін шыдасын
Сарттардан көрген кегіне».

Жеке батыр түсінді
Мына сөздің тегіне.
Ақтанға барып айтуға
Жол тартты бұ да жөніне.

Бекбауыл, Бажақ, Ер Ақтан
Жолдасы еді батырдың
Қолдаушы болған көбіне.
Солардың ісін айтайын,

Бұл сөздің жетіп шегіне.
Ақмырзаның ары үшін
Не қылар екен, көр енді.
Көп, әлеумет, құлақ сал

Жорғаңыздың кебіне.
Қызыл тілдің үлгісі—
Жиырма тоғыз харіп-ті.
Ол харіпті шығарған

Араб деген халық-ты.
Күншығыстан нұр шығып,
Бізге түскен жарықты.
Қайыптың ұлы Жанғазы

Хан болыпты дәріпті.
Сырдарияны жағалай
Көп қаланы салыпты.
Өкім қылып осы елге,

Бабажан деген бір сарттың
Қолына берді жарлықты.
Біздің Алаш баласы

жанқожа  батыр
Бабажан сартқа қанықты.
Бабажанның қорлығы
Қазақтарды налытты.

Налытқан емей немене,
Алмады қошқар, саулықты.
Үй басына салыпты
Қозыдан жорға салықты.

Меңсіз қара қозыдан,
Елде жақсы жар болса,
Елде жақсы мал болса,
Бабажан соны алыпты.

Бастан кетіп ықтияр,
Тамам қазақ тарықты.
Қазақтың тәуір әйелі
Бетіне күйе жағыпты.

Қырда жатқан Жәкеңнің
Келуіне шыдамай,
Ақтан батыр жанықты,
Ерлігін сөйтіп ағытты.

Егіншілерді жинап ап,
Дариядан өтіп барыпты.
Ерлер мінген бедеуге
Дәрия деген арық-ты.

Қара әруағы Ақтанның
Қара түнек бұлт болып,
Қара боран дауыл боп,
Айқай-сүрен салыпты,

Өлімге сартты жарытты.
Төбелеске келгенде,
Сарттың күні кәріп-ті.
Дарияға атып өлгенін,

Тойындырды балықты.
Майқара деген баласын
Мінгестіріп Бабажан,
Ордан атын қарғытты.

Орға құлап тұлпары,
Аяқтан ажал шалыпты.
Қарғығанда бедеуі,
Сыпырылып Бабажан

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ор ішінде қалыпты.
Майқараны бекітіп,
Бір үйге қамап салыпты.
Бабажанды байлап ап,

Қуып сабап, арытты.
Ізіндегі көп адам
Қуа-қуа шалықты.
Бір жерлергі келгенде

Бабажан шаршап қамықты.
Сол арада бір тентек
Жидеден алды қазықты.
Құлаш жарым қу жиде

Құйрығына қағыпты.
Табан тіреп тепкенде,
Тар алқымға жеткенде,
«Қизың-қизың» деп жатып,

Өзі-ақ өліп қалыпты.
Ыңыранып бейшара,
Жан кеудеден шығыпты.
Жанғазы ханды өлтіртпей

Төремұрат жырау бағыпты.
Осы жүрген Жанғазы,
Бір ер еді кәдікті.
Бабажан өліп қалған соң,

Ертеңіне жиналып,
Жанғазы ханды қозғасын.
Былайша деп Жанғазы,
Көл қылады көз жасын:

—Алған жерім жоқ еді

Мұсылманның олжасын.
Пенде болып отырмын,
Басымнан бақыт озғасын.
Қырда жатқан Жанқожа—

Көпті көрген сырласым.
Әрдайымда да жүруші ем
Жәкеңнің алып ыңғасын.
Бөрі де жауға бермейді

Ізіне ерген жолдасын.
Мен Жәкеңе барғанша

жанқожа  батыр
Обалыма қалмасын.
Тым болмаса, батырдың
Өтейін көріп бір басын.

Әр не қылса, ықтияр,
Өз қолына барғасын.
Өліп кеткен Бабажан
Жаңылып еді тобасын.

Қылмысы жетіп басына,
Тайдырып алды сырғасын.
Пәтуа қылды көп адам:
«Батырдың өзі берсін,—деп,

Жанғазы ханның қолқасын».
Балаларын шұбыртты,
Түйеге артып қазынасын.
Ханның көркі не болар

Бұқараға жазғасын.
Жанғазының жанға өлшер
Қара тұлпар жорғасын
Төремұрат жырау мініпті,

Асырып жұрттан пормасын.
Жанғазы қырға жол тартты
Батырдың іздеп ордасын.
Қара жорға тұлпарды

Салдырып кетіп баратса,
Тұр екен күтіп жол басын.
«Мінгестіре кет»,—депті,
Байқағасын тұрмасын.

Күтіп тұрған ханыңа,
Айтпай кетті «армасын»
Арып-ашып қырдағы
Жанқожаға барғасын,

Демеді батыр еш нәрсе,
Болар ісі болғасын.
Тілеп алды Жанғазы
«Шыбын жан» деген сауғасын.

Кім кемітер пәндені,
Басына бақыт қонғасын.
«Хан баласы Майқарабек
Өлмей-ақ, тірі көрсін,—деп

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Төлектің ертіп ізіне,—
Төреге белгі болсын» деп,
Кене ханға жіберді,
Тигізбей жерге жамбасын.

Сыр бойында ер Ақтан
Сарттарға таңба салғасын,
Халықты жинап, сөз айтты,
Олжалап айдап болғасын.

«Жасымның білдім жеткенін,
Көзді мұнар шалғасын.
Өзі қырда жатуға
Батырдың аты қалмасын.

Әйімбет, Нұртай батырдың
Қырда басын алғасын.
Артымызда сол сүйеу,
Бата алып тұрғасын.

Сартты шапқан атағы
Жанқожаға қалсын» деп,
Істеді Ақтан батасын.
Қанша баптап қосса да,

Шабады жүйрік пардасын.
Қызыл тіл деген—сары май,
Сөз—еріген қорғасын.
Бұл сөз тұрсын бір жерде,

Бұдан бұлай, беклерім
Тағы бір толғау қозғалсын.
Қайыптың ұлы Жанғазы
Өз жанын өзі құтқарып,

Халайықты, томсарып.
Жинап алды даладан
Жазған сартты бұлтарып.
Бұрынғы сәннің бірі жоқ,

Итшілеген бір кәріп.
Алты Асанның баласы
Хан көтерген, қол алып.
Кек алуға кірісті,

Жау болғандарға шамданып.
Билер жиды алдына,

жанқожа  батыр
Елатына жар салып.
Талайды дарға тарттырды,
Бабажанға арланып.

Ел азамат ерлері
Бағынбады қорланып.
Бейқуат болып отырмай,
Сақ болды сарттар қорғанып.

Қырдан батыр қайтқан соң,
Аттанды батыр қомданып
Қалған сартты қырмаққа.
Жанғазыдан құтылып,

Тиыш болып тұрмаққа.
Бес жүздей адам ертіп,
Жанқожа мінді көк атқа.
Шыққаны жалғыз бұл емес,

Жол шеккен талай жыраққа.
Бес-он сартқа бас болып,
Жанғазы болды лақпа.
Қайыпалды ханның уәзірі

Раманқұл би еді
Киіз туырлықты қазаққа.
Ақылгөй қылып аулына
Бұны да қойған сол шақта.

Раманқұл бимен қатынап,
Іс қылыпты батыр сол шақта.
Бірден барып қамалап,
Қашырмады жан-жаққа.

Ішті-тысты былғасып,
Оп-оңай елді шаппай-ақ,
Бабажанға келгенде
Мұны да салды азапқа.

Хиуалық сарттан тынышайып,
Алғыс айтты қазақтар
Жанқожадай шыраққа.
Қазақтың асылзадасы

Үш Алаштың банасы
Кенесары, Наурызбай—
Төре тұқым тазасы.
Еңсегей бойлы Ер Есім,

3-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Абылай Мәнсүр бабасы.
Өз атасы—Қасымның
Қоқаннан болған қазасы.
Ойда—Қоқан, қырда—орыс,

Қазақтың кетті мазасы.
Еркімен көшіп жүруге
Таршылық болған сияқты
Екі жаудың арасы.

Жайлауы болды біраз күн
Арқаның кеңіс даласы.
Қасым ханның асына
Жанқожа барған, шамасы.

Қоқаннан кегін ала алмай,
Тұр екен құрып шаласы,
Ішінің бітпей жарасы.
Жанқожа батыр барған соң,

Жүректің тасты қанасы.
Батыр мен төре бас қосып,
Созаққа болды барасы.
Жалықпай, әркім, тыңлайды,

Табылса сөздің сарасы.
Оншама толық демеймін,
Болса керек шарасы.
Еліне келіп Жанқожа,

Адамын жинап бекінді,
Бармағанға жекірді.
Аттары ойнап, секірді,
Мырзалар қояр кекілді.

Батырлардың арманы—
Созақтан алмақ жетімді.
Аттанатын хабары
Әр тарапқа жетілді.

Басты-басты батырға
«Жүріңдер» деп өтінді.
Елеуреген жігіттер
Екпіндесіп жұтынды,

Бір күндері болғанда,
Елдерінен құтылды.
Бірнеше күн жол жүріп,

жанқожа  батыр
Хан Кененің қолына
Кеседен соққан секілді
Қалың қолды көрген сын,

Хан Кене тасып есірді.
Жол тартып бұлар жосылды,
Тап Созаққа келгенде,
Екі мың әскер қосылды.

Бөлек-бөлек қаласын
Жөнекей шауып, көшірді.
Қаптаған қазақ қолынан
Сарттардың жолы кесілді.

Жуықтап келіп Созаққа,
Түсірді төре қосынды.
Қол қарасы аз емес,
Ханның көңлін өсірді.

Дем алыс қылып сол жерде,
Тыныш жатып, көсілді.
Бір күндері болғанда,
Қорғанды бұзып, жол салды.

Қожа, төре осында
Ордан аттап өте алмай,
Қожалар тегіс шошынды.
Жарлық қылып хан Кене,

Тал жібектей есілді.
Екінші кезек төрелер,
Елді бастар кемеңгер
Ақ киініп, ат мініп,

Барабан қағып жөнелер.
Бастығы Ержан төре еді,
Ізіне еріп өңгелер,
Қалаға қарай жөн тартты:

«Көрсетем,—деп,—бір өнер».
Қамалға жақын барғанда,
Сарттардың атқан оғымен
Талайы болды қара жер.

Сирақты қара мылтықпен
Оқ жаудырып сарттар тұр
Дегендей болып: «Келе бер».
Ат қоя алмай қамалға,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Төрелер болды арам тер.
Бұлардан кейін аттанып,
Ұлы жүз бен Орта жүз
Кезекке шықты оқталып.

Қамалға жуық бара алмай,
Оққа қарсы тұра алмай,
Кіре алмай қайтты қамалға.
Аттанса да мақтанып,

Олардың қайтқан жерінен
Бұлар да қайтты, тоқтамай.
Бесінші күні хан Кене
Жанқожаны шақыртты:

«Тұрмысың,—деп,—сақтанып?
Атқа құмар батырлар
Бос сабылып қайтып тұр,
Өлгені топырақ жастанып.

Ендігі кезек—сенікі,
Кіші жүздің ішінде
Сен қалдың жалғыз сақтанып.
Қолың жеңіл ер едің,

Енді, батыр, өзің бар,
Ертеңге шейін тақталып!».
Хан жарлығы тиген соң,
Жанқожа шапты шаттанып.

Төремұрат жырауға
Жанқожа айтты: «Тұрғайсың,
Келісті сөзді төпелеп,
Қызыл тілмен шалғайсың.

Бір ақыл бар істейтін,
Жан жиналып, алмайсың.
Биік қара нар мініп,
Омыраулай қалғайсың.

Бес шектінің ішінен
Он жігіт таңдап алғайсың.
Ерлерді мақтап, қыздырып,
Қызулы күйге салғайсың.

Өлең айтып қол бастап,
Қамал жаққа барғайсың.
Егер мұны қылмасаң,

жанқожа  батыр
Биік қылып ту ұстап,
Өзің кейін қалғайсың.
Желбіреген туменен

Күннің көзі байланып,
Бұл қалаға қамалып,
Сарттар жатыр сайланып.
Кіші жүздің адамы

Жанқожаны құрмалап,
Ат қоюға айланып.
Оны батыр қылмайды,
«Асықпа» деп ойланып.

Не қыларын біле алмай,
Тыным таппай Жанқожа,
Қаланы көрді айналып.
Он жігіт алды іріктеп,

Жалаң қылыш байланып.
Ызылдаған жаяулар
Батырға еріп жөнелді,
Мақтауға балқып, найқалып.

Нарға мініп, күй тартып,
Төремұрат сөйлейді
Былайша деп толғанып:

—Арғы атамыз—Кіші жүз,

Баласы еді бес шекті.
Жанқожадай ер шығып,
Беріпті Құдай тілекті.
Үш Алаштың ішінде

Сендерден артық кім текті?
Сарт пенен қалмақ зарынан
Әзіреттен ауып ел кетті.
Жалпақ ауа кезінде

«Ақтабан» деген жұт өтті.
Қыл белбеулі, қырық жігіт,
Әсіресе ішінде
Қыр мұрынды бір жігіт

Басқасынан келбетті.
Елді жауға шалдырмай,
Кеседен жауға алдырмай,
Сырға қарай шұбыртты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қашаннан халық боп отырған
Қара қалмақты үдертті.
Жер мен суға ие қып,
Бізді мұндай көлбетті.

Қайырлы болып бұл қоныс,
Біздердей тұқым дөретті.
Атаның арын арлайтын,
Мінеки, ерлер, күн жетті.

Атаға ұсап ұл туса,
Жүрген жері жендет-ті.
Дүниені оймен ораған,
Хан болып халқын сұраған.

Шын ашуы келгенде,
Жауға қардай бораған.
Салтанатың кем емес
Нәріктің ұлы Шорадан.

Айғыр даус Таттыбай
Дұшманды еттей тураған.
Онан туған Мырзалы
Қайратың асқан тумадан.

Қыл белбеулі қырық ердің
Біреуі мынау—Киікбай
Бекбауыл, Бажақ сол ерден
Асылдан түскен қиықтай.

Анық батыр ат қояр,
Дұшманды көрсе, ұйлықпай.
Арқаңа сүйеу—Жанқожа
Қара мойыл, сырықтай.

Кене хан қалды кейін де,
Дұшманнан кеулі тынықпай.
Аққа сыйын, Беласар,
Беліңе садақ жарасар.

Екіталай жер болса,
Ердің көңілін ер ашар.
Ұмтылыңдар қалаға,
Сендерден қалса, хан ашар.

Дарбазасы ашылса,
Кейінгі әскер, қол басар.
Ежелден абырой, үлгі алған,

жанқожа  батыр
Қамалды бұзып жол салған,
Қанды көз туған жақсылар,
Екпініңнен жау қашар.

Шал Төртқара, Таттыбай
Қожа, төре бұзбады,
Ақырында хан Кене
Жанқожаны қозғады.

Батырды жұртқа мат қылмай,
Абырой алып берсеңдер,
Сендерден ешкім озбады.
«Жанқожа» десе, бұл күнде,

Қай мұсылман қызбады.
Бақкүндес болған төрелер
Жол берді, кетіп ызғары.
Екі жүзді семсердің

Балдағы қолда қалғанша.
Ат басындай сом жүрек
От болып, қаулап жанғанша.
Мөлдіреген екі көз,

Жұмылып қанға, толғанша.
Тыным алып ас ішпей,
Ат баурынан қан кешпей,
Ел бетін көрмес күн бүгін.

Көбеңсіген батырлар,
Бала да болса, атадай.
Батырдың сәні болмайды,
Өз елатын қорғамай.

Жігіттің болмас ажары
Санды сапырып былғамай.
Ажалы жеткен адамдар
Үйде жатса да, өледі,

Көзінің жасы құрғамай.
Көпжасар, Бажақ, Айдарқұл,
Сатыбалды, Жұмабай,
Аталарың әруақты—

Құттық пенен Құрманай.
Құланбике, Қоңырдың,
Кереметі белгілі—
Жарқырап мысал туған ай

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шағырай, Сәдір, ер Дабыл.
Тоқым тыққан Қыстаубай,
Іс көрсетер күн бүгін,
Құр атаққа мәз болмай!

Ұлы жүз бенен Орта жүз,
Қожа, төре бұзбады.
Ақырында хан Кене
Жанқожаны қозғады.

Батырды жұртқа мат қылмай,
Абырой алып көрсеңдер,
Сендерден ешкім озбады.
«Жанқожа» десе бұл күнде

Қай мұсылман қызбады.
Бақ күндес болған төрелер,
Жол берді, кетіп ызғары.
Екі жүзді семсердің

Балдағы қолда қалғанша.
Ат басындай сом жүрек
От болып қаулап жанғанша.
Мөлдіреген екі көз

Жұмылып, қанға толғанша,
Бас кесіліп, ат босып,
Ел бетін көрмес күн бүгін.
Көбең өскен батырлар,

Ерте жатып, кеш тұрар
Елде қалған қатындар.
Қатуланса нағыз ер,
Бұлтты күндей түнеріп,

Қарт бурадай сақылдар.
Бәрі де сізге тілектес
Ғұлама ишан, ақындар.
Жан аямай, сілтесіп,

Кеселеп жауды атыңдар.
Созақты алсақ осыдан,
Дұшманың дос боп жақындар.
Келе жатып жолда жөнекей,

Жиырма бір қала біз шаптық.
Үлкенін тұтып қылышқа,

жанқожа  батыр
Жастарын қойдай шулаттық.
Бүгін тату, ертең қас,
Сарттардан шықпас тұрақтық.

Созақты алсақ осыдан,
Қоқанның туын құлаттық.
Сүйекті туған ерлерге
Табылмас мұндай ғазаттық.

Қазақ үшін қан төккен
Өздеріңдей ерлерге
Батагөй біздей тасаттық!
Төремұрат соны айтып,

Қала берді ту ұстап.
Жаяу шыққан он батыр
Жалаң қылыш қолға алып,
Арқалары құрыстап,

Қалаға жетті жылыстап.
Сол арада іркіліп,
Бастарын қосты дұрыстап.
Есі шықты ерлердің,

Шапса да, білмес қылыштап.
Созақтың халқы мол екен,
Айнала қазған ор екен.
Он төрт қатар арбаны

Сыртынан оның қоршалап,
Қамал қылып тұр екен.
Биік қорған басында
Мергендері тұр екен.

Дарбазаны күзеткен
Қоз тастайтын қол екен.
Мергеннің атқыш бастығы
Жеке батыр деген дер екен.

Аты қазақ ұлында
Ұзақтан тиер мылтық жоқ,
Айнып қалар құлқы жоқ.
Оққа қарсы ататын

Қарбой садақ, саржа оқ.
Жанқожаның нөкері
Садақ атқан өнері,
Оққа қарсы шабушы ед,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бетінің қайтпай бедері.
Садағын алды қолына
Сатыбалды, Майрам дегені.
Қоқан арба астында

Кідіріп жатып кезеді.
Сатыбалдының саржасы
Жеке батыр мергеннің
Бүйірін қанға бөгеді.

Сирақты мылтық саймандап
Жаңа құрып жатқанда,
Сол садақтан өледі.
Он жігіттің ішінде

Жанқожа батыр пішінді,
Екпіндеген бойымен
Қалаға жеткен сықылды.
Дарбазаның алдында

Жанқожа батыр күрсінді,
Қатуланып, ұмтылды,
Аш қасқырдай бұлқынды.
Артындағы көп әскер

Көріп тұрды бұрқылды.
Бұрап үзіп тастады
Дарбазадағы құлпыңды.
Қарсы тұтып қалқанын,

Шоқ тигізбей жұлқынды.
Тығылған екен қалаға
Жан-жақтан қашқан іркінді.
Қорғаннан ішке кірген соң,

Қиямет қылды бір күнді.
Қолындағы ақ семсер
Оңды-солды сілкінді.
«Әкә-жандап» қашқан сарт

Тыйғызбады күлкіңді.
Екілесіп келгенде,
Қоқанның сарты ұтылды,
Батырдың кеуілі бір тынды.

Қалаған жерден қан алды,
Әзірейілдей жан алды.
Артындағы көп әскер

жанқожа  батыр
Көшеге кіріп таралды.
Алдыңғы кеткен батырлар
Шырмауықтай оралды.

Қарқындап барып, қашырмай,
Ханның басын тағы алды.
Кенесары, Наурызбай
Бір көшені бұ да алды.

Әлім, Шөмен ерлері
Бет-бетімен жол салды.
Бағанағы қалың қол
Ордаға барып қамалды.

Қылыштан қалған Бұқара
Тіледі ханнан аманды.
Хан сарайын олжалап,
Төрт түліктен мал алды,

Көз көрмеген олжа алды.
Жалғыз атты жарлылар
Алтын алып, пұлданды.
Жеті жүз түйе қазына алып,

Көштің басын қыз тартып,
Қайтып елге бет алды.
Небір сұлу жесірлер
Түйені тартып ырғалды.

Елде қалған жамандар
Көп олжадан құр қалды.
Опасы жоқ сұм дүние,
Көшпелі болған заманда

Сол ерлерден бұл күнде,
Ойлашы, беклер, кім қалды?
Ұзамай-ақ арасы
Орыс келіп арқадан,

Біріне-бірі жамалды.
Тыңдаушы адам табылса,
Тағы бір толғау қозғалды.
Мына бір заман түрінен,

Баянсыз жалған сүрінен
Небір-небір ер өткен.
Өткен ердің белгісі

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Залымдарды еңіреткен.
Қиядан шыққан қиқуға
Бірнешеулер шыдамай,
Маң даланы күңіренткен.

Сол күндері Құдайым
Түркістанның даласын
Қалмақтарға билеткен,
Қамырдай қылып илеткен.

Ар жағынан Жайықтың
Шүлдірлеген ел өткен.
Орыс деген көп халық
Ізіне арба сүйреткен.

Қазақтан қырғызды айырып,
Ағыба сөзді үйреткен.
Кенесары, Наурызбай
Алатауды күңіренткен.

Басты-басты батырлар
Өзді-өзімен қас болып,
Үш Алаштан күш кеткен.
Қазақтың қорқақ кезі еді,

Жаңа шыққан сүгіреттен—
Нұрмамбет ұлы Жанқожа
Күркіреген белі өткен.
Қаһарлы қара найзамен

Кәуірді талай түйреткен.
Орыстар соққан қамалға
Баруға батыр мейіл еткен.
Мекалайға салдырмай,

Тиіп-қашып орысты
Бір қалаға індеткен.
Бірен-саран шыққанын
Малдарын талап олжа еткен.

Жанқожаның қорлығы
Орыстарға күнде өткен.
Райым деген түбектен
Тамам қазақ жиналып,

Қарсы келді бір беттен.
Команда беріп полковник,
Жанқожаны көздеткен.

жанқожа  батыр
Бес жүз солдат атқанда,
Түспеген жара тұщы еттен.
Қалың қол қаптап келгенде,

Қарсы жауып қабағын,
Жанқожа батыр түнерткен.
Жалаң қылыш қолға алып,
Балдағынан қан төккен.

Он жеті адам өлтіріп,
Орыстарды үркіткен.
Көк ешкі атқа оқ тиіп,
Батырың ыза көп шеккен.

Жаяу қалып Жанқожа,
Ортаға орыс қамады,
Сонда да қолға ала алмай.
Орыстар қайтып бір кеткен

Пәтуа қылып қаладан,
Барған соң елші жөнелткен.
Тарту беріп жіберді
Неше түрлі мүліктен.

Бір мінезі батырдың
Қолына нәрсе алмайды
Кәуір, қалмақ, жүйіттен.
Ағайын ермей ізіне,

Орыстан батыр үріккен
Ақбеткей деген бір тауда.
Жалғыз жатып зеріккен.
Болмашыны өкпе етіп,

Жау болып табын бір шеттен.
Байқаусыз жатқан батырды,
Жетіру барып, еңкейткен.
Үстіне дұшман келгенде,

Асықпай батыр отырды:
«Ел шығар,—деп,—еріккен».
«Тостағандап шақырған,
Ұранның даусын есіткен.

«Мұсылманның ұлына
Еш жазығым жоқ еді,
Япырмай,—деді,—неліктен
Алдырғаны дұшманға?!»

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мінер атын батырдың
Ұрлап алып табындар,
Айырған екен көліктен.
Өз әулеті қарсы боп,

Сындырды бұтақ теректен.
Кәнеки, одан не тапты,
Зары кетпес жүректен?!
Романовтың тұсында

Жанқожаның суретін
Аттырушы еді Мекалай,
Белгіні қойып Үстірттен.
Сол сияқты ерлерім

Бір кеткен соң, қайтпады
Тарламат атты түнеткен.
Бейорын жұмсап қайратын,
Пайда бар ма жүрмектен?!

Сыпайы сөздің белгісі,
Өткерген ұндай електен.
Сүйекке сіңген сыр мінез,
Сынғанша қалмас шөлмектен.

Көркеймейді еткен іс,
Үлгі алмаса өрнектен.
Көктей өткен темір жол,
Ақмешіт, Арыс, Жөлектен

Бір ашық жер қалған жоқ
Қаразым, Төрткүл, Хоженттен.
Екі басты бүркітке
Жұмыла жұртты түнеткен.

Мың шүкірлік қыларсың,
Құтылған соң сол дерттен.
Тақысы жоқ таза сөз,
Тыңдаған сайын шөлдеткен.

Қалам алған бес саусақ,
Сен де құтыл міндеттен.
Молла Ұлықман Кенжеев
Ерініп қалған жері жоқ,

Қиялдап жазған ермектен.

Ер Жәкеңді жырлайын
Қағаз, қалам қолға алып.
Білгенімше жазайын,
Біраз ғана ойланып.

Кеуілден қиял табылар,
Сөйлесе тілім, қозғалып.
Әруақты ер еді,
Артында жүрген сөз қалып.

Жақсы, жаман болса да,
Тыңдаңдар халық, аңғарып.
Онша жүйрік емеспін
Байрақтан озған бәйгі алып.

Ау, халқым, құлақ салып тыңдасаңдар,
Айтайын ер Жәкеңнің әңгімесін.
Кеулім қиялданып, желденгенсін,
Кеуліме жаратқаным жел бергенсін.

Жырладым кіші жүздің батырларын,
Айтылмай ер Жанқожа неге қалсын!
Белгілі кіші жүзге батыр Жәкең,
Кім айтпасын аты шыққан әулиесін.

Тыңдайды кім де болса мұның сөзін,
Келтіріп, тауып айтса сөз иесін.
Жазайын халық аузында қалған сөзді,
Жыр болып, халық арасына жариялансын.

Баяндап мен айтайын арғы тегін,
Жәкеңнің шыққан жерін халық білсін.
Баласы алты Әлімнің Жаманақты-ай
Шек басқан бұл таңына Шекті депті-ай.

Жанқожа батыр туралы
(Қарман Сұлтанұлы нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Белгілі нағашысы Есет Тама-ай,
Бер жағы Есеналы, Кішкенеден.
Құттықтың Майданынан ер Киікбай,
Баласы Киікбайдың Өтеген, Нұрымбет,

Туады Нұрымбеттен ер Жанқожа-ай.
Мен өзім Жанқожаны көргенім жоқ,
Бұл сөздер бұрынғыдан қалған дерек.
Туыпты Киікбайдан Өтеген, Нұрымбет,

Келе жатқан шынжыр атай бұл асыл тек.
Туыпты Нұрымбеттен Ер Жанқожа,
Дұшпанға жібермеген ар менен кек.
Атадан туғаннан-ақ артық туды,

Әлсіздің қамын ойлап жүретін тек.
Көнбеген зорлық пенен зомбылыққа,
Әлсіздің жатса біреу ақысын жеп.
Солардың арын арлап, еткен көмек,

Сонан соң қарсы болды бай менен бек.
Орынсыз ел арасындағы іске көнбей,
Жүріпті елден аулақ өзі бөлек.
«Кетеді,—деп,—еңбекшінің маңдай тері»,

Нан орнына құмаршақты еткен қорек.
Ішпеген самаурыннан құйдырып шай,
Осылай мәниғасын айту керек.
Ішкені—өз малынан айран, шұбат,

Құдірет ер Жәкеңе берген қуат.
Белгілі арғы атасы—ер Киікбай,
Жанқожа әне сондай ерден туат.
Жемеген кісі ақысын етіп зорлық,

Ақ кеуіл, адал туған шын асылзат.
Нұрымбеттен Ақмырза, Жауғашар, Жанқожа, Бек—төрт
бала туған. Ақмырза ақылды, батыл, жақсы адам болған.
Жанқожа батыр болған, жасынан-ақ елдегі зорлықшылдарға

қарсы болған. Жанқожа әйел алғансын, мал шаруашылығына
Қызылды жайлап көшіп кетеді. Сонан кейін Бұқар хандығы­нан
Бабажан деген батыр сарт келіп, Жанкентке қала салып, қа­мал

жанқожа  батыр  туралы
соқтырады. Сөйтіп, біздің елге хандық жүргізіп, үстемдік етеді.
Ендігі сөз осыдан айтылады:
Құлақ сал бұл сөзіме, ал азамат,

Сұңқардай ұшатұғын қанат қомдап.
Шайырдан сөз шығады буат-буат,
Топасқа түсінбейтін айтсаң да, ұят.
Жақсыға түсінікті сөзім қымбат,

Жақсыны жарияласаң, көңілің шат.
Тегін сөзді тексермей тыңда, халық,
Сөзімді жүргенім жоқ сатып-пұлдап.
Жанкентке қала салды Бабажан сарт,

«Хан болдым,—деп,—қазаққа, бітті мақсат».
«Елімді айтқаныңа көндірем»,—деп,
Раманқұл беріпті Бабажанға ант.
Сөзіне оның айтқан кеулі бітіп,

Астына жіберіпті мінгізіп ат.
Жалынып Бабажанға, жалбақшы боп,
Түзепті сонан кейін сән-салтанат.
Басшы етіп өз алдына қала салып,

«Хан болдың,—деп,—еліңе», беріпті атақ.
Еріп ол Бабажанға, болған жалпақ,
Олжалап біздің елді, пайдаланып,
Елінен шығын салып, салық алмақ.

Қала салды Бабажан,
Нан пісірді тандырдан.
Елді жауға алдырған аузының аласы.
Сатылып Бабажанға Раманқұл,

Халыққа тиіп шарпуы,
Зекет алды малынан,
Үсір алған басынан.
Қырқылмаған қозы жеп,

Өзінің елін қанаған.
Қойнына қыз салыпты
Бабажан кеуліне жараған.
Раманқұл сұмырай

Өзінің елін талаған.
Раманқұл байыпты
4-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Халықтан алған салықтан.
Бабажанның еріп соңына,
Айрылыпты халықтан.
Елді басып аяққа,

Асты сөйтіп қанадан.
Кетер дейсің қай жаққа?
Тасыпты сөйтіп шарадан.
Күж мойынды Бабажанның

Халық аузына қараған.
Бұл азарға шыдай ма
Алаштың ұлы аламан.
Мынандай зорлық көргесін,

Ақмырза қатты қайғырған.
Жанқожаның ағасы
Ақмырза ойды ойлаған.
Зәбірі тиді туғанның,

Ойламасқа болмаған.
Ақтанға келіп Ақмырза,
Бабажанды жырлаған.

—Отырсың қалай сен, Ақтан,

Бабажан биледі еліңді.
Дұшпан шығып арадан,
Шыдай алмай мен келдім,
Халыққа еткен азардан.

Батыр едің арыстан,
Дұшпаныңмен алысқан.
Азар көрдік бұл Бабажаннан,
Батыр батыр бола ма,

Осындайда шығармай,
Үйде жатып бас баққан.
Жылқыайдар, Сартай, Киікбай
Үш жүз болып аттанып,

Кек алып еді қалмақтан.
Сарт пенен қалмақ тең емес,
Көп шыққан батыр олардан.
Біз солардан қалған тұқымбыз,

Отырамыз ба қорқып Бабажаннан?!
Сартқа беріп ерікті

жанқожа  батыр  туралы
Айрылдық қой халықтан.
Тұлпар өлед шабыстан,
Ер өледі намыстан.

«Билеймін,—деп,—еліңді»,
Келіп жүр ғой алыстан.
Ала қанат сауысқан
Құйысқанға жабысқан.

Шолжаңдады қара сарт
Бұл қазақты басынған.
Ашуым келіп арланып,
Айтып тұр ағаң ашынған.

Жақын жерде болмады
Жанқожа мен Жылқыаман.
Жақында отыр Нұршада,
Не шығады Бақадан?!

Ашуы келіп арланса,
Тал бақан алып шықпай ма
Дариядағы ашадан?!
«Жанқожаның жоқтығы» дейд,

Есітсем қатын-баладан.
Жақында отыр Толыбай
Бізден хабар алмады-ай,
Назарын бізге салмады-ай.

Көптен бері көрмедім
Жақайымның жебесін,
Дұшпанның сөккен көбесін.
Қарасақал Шағырай

Жақын жерде болмады-ай.
Бізге өкпесі жоқ еді,
Раманқұлдың кесірі-ай.
Есеналы, Айдарбекте

Жанқожадан басқа ер барма-ай?!
Бұл Шектінің ішінде,
Басы бүтін, аузы бір
Жақайымдай ел қайда-ай!

Айт, Бұжыр бізге қосылмайд,
Бастан бөлек ел еді-ай.
Мәкуды тауып алып асырад,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жақайым әруақты ер еді-ай!
Жақайымның қолында Мәку
Қазасы жетіп өледі-ай,
Әйелі жесір қалады-ай.

Сұрағасын Зеріпті,
Беріп еді Өріске-ай.
Айтайын қуып деректі-ай,
Бастан болар бөлекті-ай.

Ақсұңқар құстай шүйліккен
Оларда батыр көп еді-ай.
Елдің солар тәуірі,
Шектінің солар сауыры.

Құладыннан қайбыртып
Отырғанымыз бұл қалай?
Қара қарға шалықтап,
Жер мен көкті шырқады-ай.

Қамын ойлап халықтың,
Айттым сөзді бірталай,
Хабар тисе, ерлерім
Келер еді қалыспай.

Іздеп тұрмын және мен
Жақайымның Ырасын.
Ақсұңқар құстай шүйлігіп,
Құлашын жауға жаятын.

Егескен жерден қасарып,
Айтқаны соның болатын.
Алдыменен соны алды,
Ердің ері сол еді,

Тайынбай жауға баратын.
Әуеден ұшқан ақсұңқар
Қанатыменен қонатын.
Ел қорғайтын ерлердің

Қайраты жұртқа болатын.
Қайратты туған ер жігіт
Кегін жаудан алатын.
Көре алмадым және мен

Жақайымның Аралын.
Есітпеді ме Бабажанның хабарын?

жанқожа  батыр  туралы
Есіте қойса хабарын,
Батырдың бірі сол еді
Тайынбай жауға баратын,

Дұшпаннан кегін алатын.
Осыны айтып Ақмырза,
Кеулінің білдірді шамасын.
Батыр Ақтан сонда сөйледі:

—Отырамын мен нағып,

Келіп тұрсың, би аға,
Маған айтып шағынып.
Раманқұлдай қу шығып,
Сартқа жүр ғой жағынып.

Нағып шыдап отырам,
Халық жатса шабылып.
Елге тиді зәбірі,
Өзіңнен бәле табылып.

Ұрысқанмен бір өзім,
Бұза алмаспын қамалын.
Жүр едім мен де ойланып,
Бұл хабарды есітіп.

Мен де тұрмын қамданып,
Батырларға хабар берейін,
Ат пенен адам шаптырып.
Жылқыаман мен Жанқожаны

Қайдан да алам таптырып.
Оларға хабар тигенсін,
Ерлер келер шабынып.
«Хан болам» деп Бабажан

Жүрген шығар аблығып.
Хан бола алмайд бұл елге,
Батырлар келсе аттанып.
Қамалын бұзып бұл сарттың,

Өлтіреміз жабылып.
Өз қылғаны өзіне—
Артына қазық қағылып,
Раманқұл да өледі,

Өзіне бәле табылып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осыны айтып ер Ақтан,
Батырларға хабар береді.
Осылай деген бір ызың
Раманқұлға келеді.

Ақмырзадан болғанын
Енді өзі сезеді.
Ақмырзаны өлтіруге
Жаман ойы бұзылды.

Жақтырмай оны жүретін,
«Бермедің,—деп,—сартқа қызыңды».
Жанына мақұл көрмеді
Оның айтқан сөзін де.

Сарт кетсе бағы таяды,
Ол өзіне белгілі.
Осыны айтып, ол сұмырай
Бабажанға шағынды.

«Өлтірейік Ақмырзаны,
Адам бер»,—деп жалынды.
Сартқа сатқан намысын
Көрдің бе мұндай залымды?!

Адам алып ол сарттан,
Ақмырзаны аңдыды.
Оңашада ұстап өлтіріп,
Білмесін деп еш адам,

Дарияға салып ағызды.
Адам еді ақылды,
Халық үшін кетті ақыры.
Қарсы шыққан екі адамды

Дарға асып өлтірді.
Раманқұлдың жолдасы
Бекарыстан деген кісі еді.
Бабажан сартқа сатылып,

Халыққа зәбір істеді.
Жанқожа аттанып келгенше,
Бекарыстан қашып кетеді.
Өз туғанын өлтіріп,

Суытты сөйтіп жүректі.
Өз мақсатын орындап,
Қабыл болды тілегі.

жанқожа  батыр  туралы
Ақмырзасы өлгенсін,
Орнына түсті жүрегі.
Шектіні түгел билемей.

Толықпай жүрген кеуілі.
Құрманай менен Құттықтан
Он бес адам алып қасына,
Тілеу—Қабаққа жүреді.

Қонысына жер алып,
Қарауына ел алып,
Билемек тағы ол елді.
Батыры сенген Шалабай

Ізіне бірге ереді.
Осыменен жол жүріп,
Тілеу, Қабаққа келеді.
Келіп тұрып бұл елге,

Раманқұл сөйледі:

—Тілеу менен Қабаққа,

Сырдың бойын жайлаған
Хан болды Бабажан қазаққа.
Хандығынан адам шығарып,
Жіберді хабар жан-жаққа.

Біздің қазақ баласын
Қарауына алмаққа.
Сіздің елге мен келдім
Сіздерден жауап алмаққа.

Айтып болдым сөзімді,
Өздерің біл бірақ та.
Қарсы болып Ақмырза,
Жақында оны өлтірді,

Таппады пайда ол жақта.
Жылқыаман, Жанқожа онда жоқ,
Білмейім жүргенін қай жақта.
Жауабын тез бер, қайтамын,

Мен келіп едім бұл жаққа.
Тілеу—Қабақтының батыры Әзберген, Қарақұл: «Біз Айт—
Бұжырдан: Назар, Шүрен, Тілеу, Қабақ деген төрт арыс ел едік.
Біз ол шектіден бөлек шектіміз. Бұл сарттың алдына түсіп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

бажақ болып кеулі біздің елді билемек. Ақмырзаны өлтіргенін
айтып, бізді қорқытып отыр. Біз мұны өлтіріп жіберейік»,—деп
ойласып, Әзберген, Қарақұлдың берген жауабы:

—Біз жақтырмай отырмыз

Айтқан сөзіңнің сыңайын.
Қаңғыған сартты хан қойып,
Нағып отыр ағайын?!
Ақмырзаны өлтірсе,

Жанқожа берер сазайын.
Жақынға қарсы болатын
Жаман туған ағайын.
Ақмырзаны өлтіріп,

Сүйінші сұрап келдің бе?!
Ауылыңа жібермей,
Басыңды сенің қағайын.
Өйтіп әкім болғанша,

Орысқа барып жалданып,
Шошқаның бақпай торайын,
Арыңды сатқан арсызсың!
Өз қолымнан өлтіріп,

Теріңді сенің жаяйын,—деп,
Қарақұл тұрып ақырды.
Осыны айтып болғансын,
Әзберген мен Қарақұл

Ауылдан жіберді шығарып.
«Өлтіреміз» дегесін,
Келатыр қашып, қамалып.
Қарсыласар батыр жоқ,

Қайғырды қатты жабығып.
Әуелде ойламай, ақыры
Ісі түсті басына тарығып.
Қарсы шабар ері жоқ,

Шыққан екен нағылып.
Бабажан қалып қашықта,
Онан да қалды айрылып.
Артынан қуып жетіпті

Әзберген, Қарақұл қос батыр,
Келген екен басқарып.

жанқожа  батыр  туралы
Ақмырзаны өлтіргенсін,
Бабажан сартқа сатылып,
Ашуланып, арланып,

Қылыш, найза қолға алып,
Қарауыл алып, қамданып,
Терең сайға қамады.
Отыз адам қайтарып,

Раманқұл бастығы
Он екі адамын өлтіріп,
«Қол садақасы» деп жіберген
Екі адамын елге қайтарып.

«Хангелді мен Қосет»,—дейд,—
Аман келген қуанып.
Жолдасын жауға қырғызып,
Жүректерін су алып.

Он екі адам өлгесін,
Шалабай қашып кетіпті
Бас амандап құтылып.
Раманқұл өледі,

Іздегенге зор табылып.
Қосет пенен Хангелді
Шалабайға жетіпті
Отырған жерде дем алып.

Хангелді келіп сөйледі,
Шалабайға толғанып:

—Ау, Шалабай, Шалабай!

Шығып едік ауылдан
Он бес адам аттанып.
Тілеу менен Қабаққа
Барамыз деп қозғалып.

Аламыз деп орамға
Раманқұл қу шықты,
Сарт сөзіне иланып.
Еріп едік сол қуға,

Қырлы найза қолға алып.
Он екі адамыңды өлтіріп,
Қашып шықтық сандалып.
Сен ауылда жүргенде,

Батырсынып жүр едің,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Барымта алып, олжа алып.
Батырлығың қай жақта,
Жолдасың қалды қырылып.
Елге қалай барасың,

Қара басың көрініп?
Елде қалған батырлар
Күлмей ме саған жерініп.
Хан болам дегенге қазаққа

Раманқұл сұмырай
Ақмырзаны өлтірді,
Бабажан сартқа сатылып.
Соның ердің соңына

Әруаққа шатылып.
Ақмырзаның естісе өлгенін,
Бабажанды өлтірген шығар Жанқожа
Артына қазақ қақтырып.

Өлгені жақсы бұл жақта,
Раманқұлды да өлтіред
Қылышпенен шаптырып.
Атанып қол садақасы,

Бізде қайттық қаңғырып.
Қарсы болып халыққа,
Тіршілігі құрысын,
Бүйтіп жүрген жан болып.

Шалабай батыр, қарыштап,
Ұрысып неге өлмедің,
Сол арада қан болып?!
Күлкі болып халыққа,

Жүргенің құрысын жан болып.
Осыны айтып болды да,
Елге қайтты үшеуі.
Жолдасын жауға қалдырған—

Беті қара күйелі.
«Қол садақасы» атанып,
Қарғысына ұшырады
Әруақтың киелі.

Келгенменен Шалабай,
Бола алмайд адам сүбелі.
Садақаға айтылған

жанқожа  батыр  туралы
Қосет пенен Хангелді
Бір жылдан кейін өледі,
Осымен тұрсын бұл жері.

Шалабай еліне келіп, көрген-білгенін, адамдарының өлгенін
айтады. Бұлар бұл жақта бұлай бола берсін, Ақтан батыр
Ақмырзаның айтуы бойынша батырларды шақыртуға адам
жібереді. Ақмырзаның өлгенін айтады. Бұл хабарды есітіп, ба­

тырлар түгел аттанып, Бабажан сартқа келеді.

Ақмырзаның өлгенін
Естігенсін Жанқожа,
Жата алмады тоқталып.
Жайлап отырған жерінен—

Құландының бойынан
Жанқожа шықты аттанып.
Көкешкі аты астында,
Көк сауыты үстінде,

Қару-жарақ байланып.
Жалғыз ағасы өлгенсін,
Келатыр жауға сайланып.
Арада қонып жетіпті,

Несіне жүрсін айналып!
Шығып еді ауылдан,
Құдайыға тай шалып.
Әруаққа сыйынып,

Жаратқанды ойға алып.
Бабажан жайын есітіп
Ақтан жіберген адамнан,
Жақайымнан аттанды Жылқыаман—

Ақшолақ мылтық асынған,
Біріндеп жауды қашырған,
Ауанның бойын жайлаған.
О да қуып жетіпті,

Шыңның шығып астынан.
Аттанып шықты Дәкіден
Жақайымның Аралы,
Барғасын жаудың хабары.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жақайымнан аттанды ер Жәнес,
О да ешкімнен кем емес,
Отырған жері жер Жәнес,
Қатардан қалса, ер емес.

Жақайымның Расы—
Алыстан келді аттанып,
Батырдың нағыз сарасы.
Ер Сартайдың жұраты

Кеулінің жоқ аласы.
«Рас айтса,—деген бар,—
Сөзінің рас, расы».
Нұршадан шығып барыпты

Жақайымның Бақасы—
Қолында найза, балтасы.
Жақайымда—Толыбай,
Бұ да келді қалыспай.

Алыстан келді Шағырай—
Қарасақалдың батыры-ай.
Төртқарадан келді Тілеулі,
Жанқожамен бір тілегі.

Қару-жарақ асынған,
Айнымайтын ер жүрегі.
Төртқарадан келді Байқазақ,
Қай батырдан кем қазақ?!

Қылыш-найза асынып,
Астына мініп арғымақ.
Төртқарадан келді Жәнібек,
Жау дегенде, жатпас тек.

Дұшпанын жеңіп, алған кек
Жанқожаға келіп қосылды,
Бұларда келіп бір бөлек.
Алты Әлімнің баласы,

Бәрінікі бір тілек.
Батырлар жүр қамданып:

жанқожа  батыр  туралы
«Қолыма түссе, кәнеки,
Бабажанды көрем»,—деп.
Жиналып ерлер жатыр-ай,

Қамалды келіп қамады-ай.
Айналып жүр жағалап,
Ешбір тесік таба алмай.
Жиналып өңшең ерлер басын қосып,

Қамалды айнала шапты, алдын тосып.
Таппады батыр тесік, ешбір есік,
Батырлар екпіндеп жүр желдей есіп.
Ерлердің қамағанын анық біліп,

Отырды Бабажанның есі кетіп.
Түнімен сол қамалды қамап жатты,
Сонда да тесік тауып, кіре алмапты.
Сарғайып бір уақытта таң атыпты,

Батырлар бір азғантай дем алыпты,
Бұза алмай бұл қамалды қамалыпты.
Келіпті, таң атқансын, Ақтан, Шортай,
Бұлар да дайындалған, қарап жатпай.

Қолында балта-кетпен қайың сапты-ай,
Батырлар келгеніне қуанады-ай,
Көтеріп «Жанқожалап» ту алады-ай.
Қазандай үстеріне бұлт ойнаған,

«Ақтанның бұлты келді» деп,
Жанқожа сырттан көріп айғайлаған.
Қамалға бәрі бірдей ұмтылып ед,
Сонда да ешбір қаһар қыла алмаған.

Не бітеді найза менен құр қылыштан,
Бақаны көрді қамалды балталаған.
Балта жоқ қолдарында, анталаған,
Балта іздеп бәрі бірдей шапқылаған,

Жоқ балта, іздегенмен, табылмаған.
Күтініп келген екен Ақтан, Шортай,
Бұлар да дайындалған, қарап жатпай.
Қамалды бұ да барып балталаған,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сонан соң «Жанқожа!» деп ұрандаған,
Буалдыр жердің бетін тұман басқан.
Бұл дауысты естіп,
Қалың кедей қаптаған.

Қайдан қару табылсын?!
Балта мен кетпен саптаған.
Батырларға қосылып,
Кедей-жалшы жабылып,

Қамалды бұзып, қаптаған.
Бұл қамалды бұзғанда,
Жаяу озды аттыдан.
Бәрінен бұрын ашыпты,

Бақа барып тесікті.
Біреулер бағып қалыпты,
Тауып алып есікті.
Бабажанның құлағы

Ат дүбірін есітті.
Қара бедеуді қайымдап,
«Қашайын дағы» десіпті.
Өзі әйдік сарт екен

Сыймайтұғын есікке.
Тоғыз қабат торқа киіп,
Беліне байлап баласын,
Тастаған жауға анасын.

Бедеу атпен қашып кеулі—
Көрсетпей кетпек қарасын.
Ер Жанқожа келгесін,
Әлі келмейтін білген шамасын.

Қорғанның сырты ор екен,
Өзі жалпақ зор екен.
«Кетемін,—деп,—құтылып»,
Атын ордан қарғытты.

Артқы аяғы ілініп,
Жығылып орда жатыпты.
Үстінен шығып ер Иса,
Ордан тартып алыпты.

Тоғыз қабат торқадан

жанқожа  батыр  туралы
Саусағы өтіп кетіпті.
Артына қазық қағыпты,
«Өз қылғаның өзіңе» деп,

Қолға түскен Бабажанды
Жанқожаға алып барыпты.
Бабажанды көргесін,
Ақырыпты Жанқожа:

«Қазаққа көп,—деп,—жазықты,
Артына қақ,—депті,—қазықты».
Бүлдіріп әйел, халықты,
Болып еді жазықты.

Жәкең бұлай дегесін,
Артына қазық қағыпты.
«Өз қылғаның өзіңе» деп,
Басын кесіп алыпты.

Жазасын тартты сонымен
Бүлдірген сартың халықты.
Құр қорғаны болмаса,
Ішінде әскер жоқ екен,

Босқа тұрған қала екен.
Әкімдікке мәз болған
Ақылы жоқ сарт екен.
Өзі әйдік болғасын,

Өзімнен ірі жоқ деген,
Өзіне сенген ер екен.
Көп батырлар барғасын,
Оған әлі келмеген.

Ол қорғанның ішінде
Азғантай әскер бар екен,
Оларды ұстап алыпты.
Оларға азар бермеген,

«Жазығы жоқ,—деп,—халықты».
Бабажан мен Раманқұлдың
Елден алған олжасын—
Мал менен мүлік дүниесін

Кедейлер бөліп алыпты.
Шәрдегі шамалы адамын,
Әйел менен баласын

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қайтарып аман еліне,
Шығарып оны салыпты.
Есекпенен жаяулап
Еліне аман барыпты.

Еліне аман барғасын,
Ханына хабар салыпты.
«Бабажан өлді» дегесін,
Хан да есінен таныпты.

«Жанқожа батыр шықты» деп,
Құлағы әбден қанықты.
Бұл хабарды естігеннен кейін Бұқар ханы: «Біздің
Жанқожаға қарсы баратын батырымыз жоқ,—деп, түрікпен

ханынан жәрдем сұрап:—Оған қарсы баратын батырыңыз бар
ма?»,—деп, адам жібереді. «Қазақтан Жанқожа деген батыр
шығып, біздің қазаққа хан боп тұрған Бабажан деген баты­
рымызды өлтіріпті» деп хабарлайды. Бұл хабарды естігеннен

кейін түрікпен ханы елінде аты шыққан Айымбет деген бір ба­
тырын жібереді.
Түрікпен ханы шығарып
Айымбет деген батырды

Жіберіпті елінен.
О да айтулы ер екен,
«Жанқожаны өлтірем» деп,
Серттесіп шыққан елімен.

Сонымен, әнеки,
Айымбет шыққан елінен—
Хиуа, Ашхабат деген жерінен.
Үстінде бар көк сауыт,

Белінде бар бес қару,
Көк мойын бедеу атпенен.
Қалың қабақ, айбатты,
Түсі суық кісі екен.

Екі-үш күндей жол жүріп,
Майданның келіп ауылына,
Жанқожаны тапса екен.
Жақсыны күндеп ағайын,

Ғұмыры өтеді гәппенен.

жанқожа  батыр  туралы
Бекбауыл түсіп алдына,
«Жанқожаны табам» деп,
Мініп шықты атпенен.

Жолдас болып түрікпенге,
Бәйге атындай жемдеген.
«Жанқожаны өлтірем» дегенге
Қырда жүрген Жәкеңе

Айымбет батырды әкелген.
Бұрыннан қалған салт екен
Бірін-бірі күндеген.
Ер Жәкең таза адам дейд,

Жазықсызға тимеген,
Зорлықшылға көнбеген.
Сол күні түнде іңірде
Жәкеңнің көзі ілінген.

Әруағы хабарлап,
Келе жатқаны бұлардың
Жанқожаға білінген.
Артық туған ер еді,

Іздеп келген дұшпанға
Тіріде теңдік бермеген.
Ерте тұрып ер Жәкең,
Көкешкі атына мінеді,

Көк сауытын киеді,
Беліне қару іледі.
Келатқан түрікпеннің
Алдынан шығып жөнеді.

Көкешкі атты құтыртып,
Келе жатыр сыпыртып.
Ұлы сәске болғанда
Бұларға жетіп келеді.

Жеткен жері сол күнде
Жақсықылыштың белі еді.
Жақсықылыштың басында,
Ақшоқының қасында

Жанқожа келіп кездесті
Айымбеттей батырға.
Еріп келді Бекбауыл
Басшы болып қасына.

5-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Туысқандық бақталас,
Раманқұлдың тартып салтына.
Екі батыр айбатты
Келді жуық жақынға.

Түрікпеннің екі иығында
Оттай жанып келе жатқан
Шамшырақты көреді.
Шамшырақты көргесін,

Ер Жанқожа ақырды,
Әруағын шақырды.
Түрікпен де кем емес,
Әруақты батыр-ды.

Екі жолбарыс көк тарлан—
Ер Жәкеңнің әруағы
Иығына барып асылды,
Шамшырағы басылды.

Сол уақытта ер Жәкең
Жетіп барып қасына,
Арыстандай алысты.
Жолбарыстай жұлысты,

Қылышпенен шабысты,
Ырғап найза салысты.
«Бермейміз,—деп,—намысты»,
Ат үстінен аударып,

Найзасын ырғап ендірді.
Түрікпенді ер Жәкең
Атынан жерге түсірді.
Үстіне мініп отырып,

Өкпеден қанжар салыпты.
Іздеп келген түрікпен
Сол жерде өліп қалыпты.
Көмусіз қалды далада

Астамшылық кеулімен,
Іздеусіз кетті аяғы.
Сонан кейін ер Жәкең
Бекбауылды ұстады.

Кеудесіне мініп отырып,
Алқымына пышақ тақады.

жанқожа  батыр  туралы
Бірге туған жақыны,
Өлтіруге қимады,
Ата-бабасын сыйлады.

Ер Жәкең әруақты ер екен,
Өлтіруге Бекбауыл—
Түрікпенді әкелген,
Өлтірмей оны жіберді.

Бекбауыл Өтекеңнің баласы екен,
Өзінің дәл немере ағасы екен.
Қысылған жерде ер Жәкең
Халқына қорған ер екен.

Менің де бұл жазғаным
Халық аузындағы сөз еді,
Енді айтылад Кенеден.
Сөз сөйлейін Кенеден.

«Арқар ұранды төре» деп,
Есітеміз көнеден.
Арғы атасы—Абылай,
Бергі атасы—ер Қасым,

Туған сондай төреден.
Уәли ханмен басы бірлеспед,
Келе жатқан әдет ежелден.
Туысқан бірін-бірі күндеген,

Шарпуы тиіп халыққа,
Сыйыспай елге, көшіпті
Көкшетау деген жерінен,
Орта жүздің елінен.

Әскері бар бес жүздей,
Ол елді де бүлдірген.
Кіші жүзге қашыпты,
Зеңбірегін тиеп түйемен.

Әскерінің бастығы—
Ағыбай мен Бұғыбай,
Шәкір, Жәуке,Төлебай.
Жүрмеген түзу жолменен

Табыннан шыққан Бұқарбай—
Ел бүлдіріп жолшыбай,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Барымталап мал жеген.
Келе жатып жолшыбай,
Үйлеспеген елменен.
Кіші жүзден Бұқарбай

Қашып барып қосылған
Бұзықтық сондай іспенен.
Соныменен келіпті
Тілеу менен Қабаққа.

Ойындағы мақсаты—
Бұл елге хан болмаққа.
Тілеу менен Қабақтан,
Назар менен Шүреннен

Алпыс батыр аттанып,
Қондырмапты Қабаққа.
Сыйламапты төрені,
Ас құйып беріп табаққа.

«Көкшетау елін бүлдіріп,
Жер ауып келдің бұл жаққа.
Кем туған жоқпыз атадан,
Көне алмай зорлыққа,

Шыдамаймыз қорлыққа.
Өз еліңе орнықпай,
Хан болмақсың қай жаққа,—
Деп ақырыпты Қарақұл,—

Ұрысам десең, дайынбыз.
Ендігісін өзің біл,
Жолың ашық, ер төре,
Хан қоймайды біздің ел».

Тілеу менен Қабақтан
Тағы көшті, орнықпай.
Батыры көп, іргелі ел
Көнбеді бұлар зорлыққа-ай.

Ауанның бойын жайлаған
Сонан кейін Наурызбай,
«Көрейін,—деп,—мұны да»,
Жылқыаманға келіпті-ай.

Отыр еді Жылқыаман

жанқожа  батыр  туралы
Қосшысы бар қасында,
Шоқының шығып басына-ай.
Келіп тұрып Наурызбай,

Қарап тұрып түріне:

—Қазақ қыла береді

Екен,—деп,—дәріпті-ай,—
Жүре берді тоқтамай,
Батырға кеулі толықпай.
«Қанды шелек төренің

Қарқыны қайтып кетсін»,—деп,
Тебетейін атып түсірді,
Етіне оқ дарытпай,
Шақырым жерге барғандай.

Жүре берді ер төре,
Қайрылып артына қарамай.
Қоныс алып жерінен,
Отыра алмай кетті бұған да.

Сонан кейін хан Кене
Қазалыға келіпті.
Басығара, Көбек биге,
Шобан, Тілеулі батырға

Паналап келіп қоныпты.
Төртқараның елінен,
Қарашеңгелдей жерінен
Қоныс алып орнықты.

Алты Әлімді аралап,
Бәрін тегіс көріпті,
Жанқожадан қорғалап,
Бүлдіре алмаған халықты.

Сонан кейін хан Кененің
Кілем жайған Бопайы
Қоныс болды тұрақты.
Жер ортасы, шегі де

Әлім менен шөменге
Түгел көзін салыпты.
Жанқожамен дос болмақ—
Хан Кененің кеуілі.

Әлім менен шөменде
Жанқожадай батыр жоқ,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ол өзіне белгілі.
Жанқожамен құда болмаққа
Іздеді адам үлгілі.
Басығара, Көбекті,

Шобан Тілеулі батырды
Шақырып алып хан Кене,
Кеулін айтып білдірді.
Жанқожаға батып бара алмай,

«Ойласайық» деп кідірді.
Төртқараның елінің
Адамда солар білгірі.
Әйтекенің тұқымы—

Шынжыр атай асыл тек,
Келе жатқан із белгілі.
«Кене ханның тапсырмасын
Орындайық»—деді,—ойдағы.

Біз барып тауып алайық
Бұл Шектінің ішінде
Адамды тәуір елдегі.
Бекбауылға барғанмен,

Жанқожа оған көнбейді.
Айымбетке еріп Бекбауыл,
Жанқожаны іздеді.
Сол кеуліне зіл,—деді.—

Жанқожа тәуір көретін
Жақайымның Расын.
Сөзіне айтқан тұратын:
«Рас айтса, рас»—деп,

Айтқанын соның қылатын.
Жолдас еді Толыбай,
Басы еді Батырай.
Жанқожа алдына барғанда,

Сол сөйлейді қорықпай».
Осылай деп кеңесіп,
Басығара, Көбек би,
Шобан, Тілеулі батыр

Келген екен Расқа.
Толыбайды алдырып,
Жанқожаға бармаққа.

жанқожа  батыр  туралы
Болғанша бұл жұмыс,
Шашпады хабар жан-жаққа.
Басын қосып бесеуі,

Келіп отыр Жәкеңе
Төремен құда қылмаққа.
Сөз бастады Толыбай
Жанқожадан жауап алмаққа:

—Жіберіпті хан Кене

Тілеулі батыр, Басықара, Көбекті
Сізбенен құда болмаққа.
Ерлігіңе қызығып,
Сіздерден қыз алмаққа.

Біз соған келіп отырмыз,
Мұны қалай көресің?
Хан да емес, төре емес,
Қараға да қыз бересің.

Келе алмай өзі төренің,
Басығара, Көбек би,
Тілеулі батыр келгенсін,
Көп айтатын сөзім жоқ,

Батыр інім, бұған не дейсің?
Жәкеңнің жауабы:

—Өзімнен туған қызым жоқ

Төреге менің беретін.
Хан менен төрені
Әркім тәуір көретін.
«Төре» десе бұл қазақ

Соған болды беретін.
Әзір тұрған қызым жоқ,
Көрерміз, келсе, ретін.
Сұрастырып қарайын

Қыз кімде бар беретін?
Айып емес келгенің.
Құдалыққа, сірә да,
Халықтың тәуірі жүретін.

Толыбай сонда сөйлейді:

—Еріп келдік біз дағы,

Басықара, Көбек би,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тілеулі батыр келгесін.
Кене ханның көрген қызы бар,
Соны соған бересің.
Басығара, Көбек би, Тілеулі батыр

Төренің алса билігін,
Біз айтқанға көнесің.
Білдір қалың малдың жобасын,
«Ақмырзаның сұлу қызы бар дейд,

Соны хан Кенеге қосасың.
Рас пенен Толыбай ағаң келгенсін,
Біз айтқанға көнесің.
«Мақұл» деген сөз болса,

Көреміз сосын төресін.
Біз де еріп келіп едік,
Ел жақсысы келгенсін.
Енді, батыр, не дейсің?

Сонда Жәкең сөйледі:

—Хан Кене жұмсап жіберген

Тілеулі батыр мен Басықара, Көбекті.
Өзі батып келе алмай,
Жұмсапты адам білікті.
О да өзі келе алмай,

Сендерді бетке тұтыпты.
Аяққа баспайын халықты.
Раманқұл сұмырай
Ақмырзаны өлтіріп,

Сонан бір қыз қалыпты.
Асыл туған асылға
Төре көзін салыпты.
Бермей қалсам бұл қызды,

Бүлдірер шіркін халықты.
Қорықпаймын Кенеңнен,
Халық аузына қарапты.
«Төреге қызын бермеймін деп,

Сонан болды жаласы» деп,
Халық қылар насақты.
Сен екеуің келгенсін,
Айтқаныңды қылайын.

Ақаңнан қалған қыз еді,

жанқожа  батыр  туралы
Көрер ме екен жарықты?!
Бір ойменен сұрады,
Тыныш қылайын халықты.

Қарап тұрып бұл төре,
Өзі-өзінен жалықты.
Бұлар бұзық төре еді,
Жүрмейтін қарап жайына,

Көрерміз мұның ақырын.
«Берем» десең, беріңдер,
Айтып сөздің мақұлын.
Жәкең: «Мақұл» дегенсін,

Төреге шапты қуанып.
Наурызбай нағыз ер еді,
Шабатын жауға ту алып,
Алмасын қанға суарып.

«Кене ханға қыз береді» дегенге
Наурызбай кетті шаттанып.
Жүрейін деп тұр еді
Созаққа қарай аттанып.

Басығара, Көбек би,
Тілеулі батырға
Шүйіншіге жіберді
Астына жорға мінгізіп,

Үстіне шапан кигізіп,
Беліне кемер буғызып.
Қуанып төре істеді,
Алдырып қой сойғызып.

Ойнатып жатыр әскерін,
Ет пен майға тойғызып.
«Дос болдық,—деп,—Жанқожамен»,
Қауқылдап жатыр дуылдап,

Жиналған ылғи кіл бұзық.
«Басығара, Көбек би, Тілеулі батырға
Бергенім,—деді»,—билікті,
Беріп-алған жалғанда

Дүниеде сол қызық іс.
Айдап бер жылқы үйірлеп,
Біртіндеп басын санамай.
Түйе де бер қосақтап,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір туған нағыз нар данғай.
Қосылмасын сиыр мал,
Сиырдан мал болама-ай!
Қой саналмайд қараға-ай.

Көп ұзатпай, алайық,
Жәкең келсе шамаға-ай.
Сұрағанын бере бер,
Дүние-малға қарамай.

Кеулі бітер Уәлидің,
Рас пенен Толыбай
Жүрген болса арада-ай.
Кіріскен екен бұл жерге

Әлімнің тәуір адамы-ай.
Жанқожаға біз жүрміз
Өзіміз батып бара алмай.
Айбатынан қорқып,

Адам салдық араға-ай.
Әлім менен шөменде
Жанқожадай ер барма-ай.
Оңғар, Алла, жұмысты,

Қайырлы болсын қадам-ай!
Жетіден қалмай барыңдар,
Көп алмай-ақ адамды-ай.
Ойласыңдар Кенеге,

Оң болсын Кене талабы-ай.
Іріктеп таңдап алыңдар
Баратұғын адамды-ай.
Құдалықтан қалмасын

Табыннан шыққан Бұқарбай.
О да айтулы ер еді,
Кіші жүздің адамы-ай.
Жақтырмай қалар ер Жәкең

Көп жиналып барғанда-ай.
Толыбай менен Расқа
Ат пен шапан ала бар.
Құда тартар кәде екен,

Алтын кемер беріңдер
Аттандырған адамға-ай.
Іс болмасын кемістік,

жанқожа  батыр  туралы
Сөз шықпасын қияу-ай.
Тіршілікте дүние-мал
Жалғаншының бояуы-ай.

Арыстандай ақырса ер Жәкең,
Тартылар таудың таланы-ай.
Қаһарланып шамданса,
Жәкеңнің болмас аяуы-ай.

Айтып болдым сөзімді,
Ауылда өзім қалам-ай».
Осы сөзді айтып болғансын,
Бұқарбайды алып қасына-ай,

Жүрмек болды хан Кене-ай.
Күйеу болып келе жатыр
Жанқожаның ауылына-ай.
Жүріп тұр әзір талабы

Алланың берген бағына-ай.
Басығара, Көбек би, Тілеулі батыр—
Қасына ерген адамы-ай.
Алып баратын адамы—

Рас пенен Толыбай.
Жанқожаның аулына
Қонаға бармақ болады-ай.
Ат пенен адам жіберіп,

Жәкеңнен ұлықсат сұрады-ай.
«Келе берсін, келсе»—деп,
Жәкеңнен жауап болады-ай.
Ұлықсат Жәкең бергесін,

Аулына келіп қонады-ай.
Сұлу екен апамыз,
Сұлуды көріп хан Кене,
Әбден есінен танады-ай.

Жүгіріп жүр айналып
Жаңа өспірім жас баладай.
Хан Кенені ер Жәкең
Етеді күйеу кәделі-ай.

Қонағасы берді де,
Қарындасын беріп жіберді,
Мінгізіп ат жорғаны,
Той істемей торқалы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Деді халық: «Бұл қалай?»
Берсе де қыз ер Жәкең,
Алды-артын ойлады-ай.
Қыз алғансын хан Кене,

Орындалды мақсат ойдағы-ай.
Аулына келіп хан Кене,
Тойын істеп, тойлады-ай.
Қасына ерген қарашы

Көкпарды тартып ойнады-ай.
Алтын табақ аттырып,
Мергендерді жинады-ай.
Өзі атып түсірді,

Мерген екен Наурызбай.
Күрестіріп палуан,
Адамдарын қинады-ай.
Жақайым Қызыбас деген палуан

Бәрін жығып қоймады-ай.
Кілем жауып үстіне,
Бәйгесіне нар алды-ай.
Ат шаптырмад тойына

Ілгері сауық ете алмай,
Осымен тойы тарады-ай.
Бұл жұмысы біткенсін,
Аттанды төре Созаққа.

Әскері бар өзінің,
Бермеді хабар жан-жаққа.
Ойындағы мақсаты:
Шауып келсе Созақты,

Бұл елге хан болмаққа.
Бабажанды өлтірді Жанқожа:
«Бердің,—деп,—зәбір қазаққа».
Ойында бар мұның да,

Жанқожадан қалыспай,
Өзбектен олжа алмаққа.
Осы ойменен хан Кене,
Аттанып кетті Созаққа.

Аттанып барып хан Кене,
Қамады Созақ қаласын.

жанқожа  батыр  туралы
Бұза алмады қамалын,
Айнала шауып даласын,
Таба алмады амалын.

Саз балшықпен аралас
Мыс пен шойын, қорғасын.
Терең етіп қазылған
Қамалдың сырты ор екен,

Оры жалпақ зор екен,
Таба алмады тесігін,
Аша алмады есігін.
Есігінің аузында

Бір батыры бар екен,
Жаман көрді кескінін.
Өзі атақты батыр дейд,
Аштырмапты есігін.

Қамалып, қамалды бұза алмай,
Тесік тауып кіре алмай,
Кененің қайтты қарғыны-ай.
Наурызбай жүр қарғындап,

Ешбір амал таба алмай.
Бір жеті жатты қамалып,
Бос қайтуға арланып.
Зеңбірек қалып ауылда,

Келе жатыр зарланып.
Елге қайтты қайтадан,
Үсті кірлеп, аты азып.
Аулына келіп жайғасып,

Біраз жатты дем алып,
«Не істейміз» деп ойланып.
Сонан кейін хан Кене
Жанқожаға хабар береді,

Ат пенен адам шаптырып.
Жәкеңе Кене сөйледі,
Үйіне шақырып алдырып.
Қойын сойып құрметтеп,

Дастарқан жайып, ас беріп.
Дастарқаннан тағам татпады:

—Зорлықтан алған малың,—деп,—

Біреудің маңдай терін сыпырып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сонан кейін Кене сөйледі,
От басында отырып:

—Барып едік Созаққа,

Бұза алмадық қамалын.
Кіре алмадық қалаға,
Таба алмадық амалын.
Саз бен шойын аралас,

Атсаң, оғың өтпейді,
Көріп едік шамасын.
Есігін қорып отырған
Бір батыры бар екен,

Көрсең, шошып кетесің,
Көргенде оның қарасын.
Сырты терең ор екен,
Атың қарғып өте алмайд,

Ортасында қаласың.
Қайтып келдік сонымен,
Бұза алмай Созақ қаласын.
Айтып болдым сөзімді.

Аттанып соған баруға
Ер Жәке, қалай көресің,
Енді бұған не дейсің?
Сонда Жәкең сөйледі,

Айтып сөздің жүйесін:

—Сендер текке бардыңдар,

Тентек [мінез] төресің,
Өзіңді зор көресің.
Астамшылық кеуілмен
Ақыры біреуден өлесің.

Тек жүрмейсің жайыңа,
Барған жеріңді бүлдіресің.
Шарпуың тиіп халыққа,
Жалындай қаулап жанасың.

Хабар бермей жан-жаққа,
«Өзім алып Созақты,
Атағым шықсын» дегенсің.
«Барам» десең, барайық,

Сенің сағың сынып келгенсін.

жанқожа  батыр  туралы
Бұзып кірсек қалаға,
Билігіңді бізге бересің.
Уәде берді ер Жәкең

Аттанбаққа Созаққа.
Кіші жүздегі батырға
Хабарлады жан-жаққа.
Қолына түскен батырмен

Сол Созаққа бармаққа.
Кенеге күшін көрсетіп,
Өзбектен кегін алмаққа.
Азары өткен өзбектің

Көрсеткен бұрын қазаққа.
Және де бар ойында
Өткен кегін алмаққа.
Хабарымен Жәкеңнің

Жылқыаман келді аттанып
Ауанның бойын жайлаған,
Ақ шолақ мылтық асынған.
Ақшолақты атқанда,

Түтіні түтінге қосылған,
Біріндеп жауды қашырған.
Атқыш, мерген кісі екен,
Үйренген өнер жасынан.

Астымен барып түтіннің,
Жауының туын құлатқан.
Табан тіреп оқ атқан,
Сөйтіп, жауын қашырған.

Оқшантайға оқ салып,
Айласын сөйтіп асырған.
Қастасқан жерден қан алып,
Дұшпанын жеңіп олжа алған.

Жау хабарын естісе,
Жоқ еді жаны тартынған.
Намысты ердің бірі еді,
Қалмайтұғын қатардан.

Ере келді Толыбай
Қарабұлақтың басынан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сауыты бар үстінде
Қару-жарақ асынған.
Рас шығып аттанды
Райымның басынан.

Атағы шыққан ер еді,
Біртіндеп жауды қашырған.
Жәнес батыр қосылды,
Даңның шығып астынан.

Қызыл жирен ат астында,
Қуалап киік ұстаған,
Сарыойдың қуып шыңынан.
Бақа батыр барыпты,

Нұршаның шығып қасынан.
Астында жүйрік аты бар,
Қылыш, найза асынған,
Арал батыр қосылды

Даңның шығып басынан.
Астында жүйрік аты бар
Қуалап киік ұстаған
Термембестің шыңынан.

Жақайымның ерлері
Жанқожаға барып қосылған.
Ақтан, Шортай аттанды
Дарияның бойынан,

Арықбалықтың қасынан.
Ақтанау ат астында,
Алмас қылыш асынған.
Әруақты ер екен

Бұлт кетпеген басынан.
Баубектен аттанды Өтеқұл,
Қару-жарақ асынып,
Астына бедеу мініп жүр.

Жау хабарын естіп,
Ор бойынан келді бұл.
Қарасақал Шағырай—
Бұ да келді қалыспай.

Қарасақалдың батыры ед,
Шыдамайтын намысқа-ай.

жанқожа  батыр  туралы
Төртқарадан аттанды Тілеулі,
Батыр еді белгілі—
Жау дегенде қайтпайтын,

Айнымайтын жүрегі.
Астына бедеу ат мініп,
Алмас қылыш асынып,
Жанқожаға ереді.

Төртқарадан келді Байқазақ,
Қай батырдан кем қазақ?
Түрікпені наз бедеу—
Астына мініп арғымақ.

Қылыш-найза асынған,
Алмас қылыш, ақ балдақ.
Қызылбастың ханының
Қызын алған ақтамақ.

Сол сұлудан айрылып,
Жүрегінде қалған дақ.
Төртқарадан аттанды Жәнібек,
Батыр екен әруақты,

Артық туған асыл тек,
Дұшпанын жеңіп, алған кек.
Шөмекейдің Сауқымы,
О да аттанып жүреді.

Табыннан шығып Байқадам,
Бұ да аттанып келеді.
Ер Жәкеңді басшы етіп,
Өңшең батыр бас болып,

«Жүретін болса, жүрсін» деп,
Хан Кенеге хабар береді.
Осыны айтып Кіші жүз,
Созаққа қарай жөнеді.

Бұл хабарды естіп,
Жинап алып әскерін,
Асығып отырған хан Кене
«Жүрейік» деп жосылды.

Кіші жүздің батырларына
Жолда барып қосылды.
Созақты барып ала алмай,
6-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қайысқаны әлі есінде.
Бәрі келіп бас қосты
Зауал ауа бесінде.
Аттанғаны солардың

Сүмбіленің ішінде.
Бастап келе жатыр хан Кене,
Көрген жолы бұрынғы,
Ұмытпаған есінде.

Уайым болып келе жатыр
Кіші жүздің батыры
Жанқожаға ергелі.
«Созақты бұрын кім бұзса,

Соныкі,—деп,—абырой».
Батырларына тапсырды,
Шақырып алып белгілі.
Батырсынып ешкім көрген жоқ

Бұл төренің Кіші жүзге келгелі.
Күндіз-түні кідірмей,
Келе жатыр жол жүріп.
Бір тоғайға келгенде

Ат жүрмеді кідіріп.
Қанша ұрса да сауырға,
Баспайды аяқ елеріп.
«Не болды?»—деп Наурызбай,

Қараса көзін жіберіп,
Бір жолбарыс көк тарлан
Жатыр екен жүрелеп,
«Шабайын» деп қамданып.

Аттан түсіп Наурызбай,
Жүре берді жолбарысқа,
Алмас қылыш қолға алып.
Ұмтылды тарлан шамданып,

Атқан оқтай шалт екен,
Қылышпен тастайды қақ жарып.
«Ер екен,—деп,—Наурызбай»,
Мақтады халық топталып.

Ақауыз атпен Наурызбай
Келе жатыр қолды басқарып.
Бірнеше күн жол жүріп,

жанқожа  батыр  туралы
Созаққа келіп жақындап,
Келіп қонды қамалып.
«Бұзамыз,—деп,—қамалды»,

Ерлер жатыр дайындалып.
Ақауыз атпен Наурызбай
Жүреді қолды айналып.
Түніменен ұйықтамай,

Беліне қару байланып,
Күн шыққасын, қараса,
Жанқожа жоқ ішінде,
Халық қалды жиналып.

Кеткенін ешкім білмеді,
Батырлар тұр таң қалып.
Кінә қойды хан Кене,
Жанқожаны «қашты» деп.

Бұл сөзіне Кененің
Батырлар жүр арланып.
Жылқыаман батыр ақырды,
«Жанқожа қашты» дегенсін,

Ашуланып шамданып.
Ақшолақты қолға алып,
Онан артық сөз айтса,
Атуға тұр ойланып.

Сөз айтты Кенеге толғанып:

—Бұза алмай қайттың Созақты,

Өзің барып аттанып.
Бұза алмай Созақ қорғанын,
Бір жеті жаттың қамалып.
Атың арып, ашығып,

Қайтып бардың сандалып.
«Шауып алам,—деп,—Созақты»,
Кетіп едің жалманып.
Ала алмаған соң Созақты,

Жанқожаға шағындың,
Үйіңе шақырып алдырып.
«Аттанайық,—дедің,—Созаққа»,
Жағдайыңды айтып жалынып.

Сен үшін келді Жанқожа,
Барғасын сағыңды сындырып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Қорғанды жалғыз бұзсам» деп,
Жүретін өзі ойланып.
Кеткен шығар Созаққа
Бір жағынан айналып.

Көрмей қалған Наурызбай,
Жүрсе да қолды айналып.
Қақпасын ашып қорғанның,
Алып келді батырың,

Пенде етіп көндіріп.
Алдыңа келіп сөз сөйлер,
Қол қусырып отырып.
Ұяларсың сол уақта,

Екі бетің қызарып.
Жанқожа жаудан қаша ма,
Әруағы жүр нұрланып!
Бұл Созақты Жанқожа

Жалғыз өзі алады,
Қайтасың тағы қамалып.
Кеше өзің келгенде,
Ер болсаң, неге алмадың,

Қайратыңды шығарып?!
Жылқыаман айтып болғансын,
Халық тұр ед жиналып.
Осыменен тұрғанда,

Жиылған көп алданып.
Бұлар сөйтіп тұрғанда,
Созақтан шығып екі адам,
Келе жатыр шапқылап.

«Кім екен,—деп,—келе жатқан?»
Бұлар тұрды таңырқап.
«Жекеге шыққан ер ме? деп,
Қару-жарақ қолға алып,

Батырлар жүр қамданып.
«Келе жатқан бізге елші» деп,
Және де тұр ойланып.
Келгесін жақын, қараса,

Көкешкі атпен қақпалап,
Айдап келе жатыр ер Жәкең
Созақтың қарауыл батырын,

жанқожа  батыр  туралы
Алмас қылыш қолға алып.
Хан Кенеге тапсырды:
«Келем,—деп,—саған олжа алып».

Әкелгенсін батырды ер Жәкең,
Кіші жүздің ерлері
Айқайлап жүр қуанып.
«Жанқожа қашты» дегенге,

Жүр еді соған ықтанып.
«Біздікі,—деп,—абырой»,
Кіші жүздің батырлары
Атына мінді, ту алып.

Ер Жәкеңнен сөйлейін,
Тыңдасын, халық, аңғарып.
Жүре берсін Наурызбай
Қалың қолды айналып.

Кеткен екен ер Жәкең
Бір жағынан тайсалып.
«Жалғыз барып,—ер Жәкең,—
Созақтың кентін бұзсам» деп,

Жүретін өзі ойланып.
Әруаққа сыйынып,
Кеткен екен ер Жәкең,
Жаратқан Хақты ойға алып.

Таң алдында жетіп барып,
Іздеді тесік айналып.
Іздеп жүріп тесікті,
Тауыпты келіп есікті.

Қақпаның аузы ашық тұр,
Пырылды Жәкең есітті.
Барып айғай салыпты:

—Орныңнан тұр,—деп,—жуықтап,

Не бітіріп жатырсың,
Есікті бақпай ұйықтап?!
Ұйықтап жатқанда өлтірсем,
Қоярсың кінә: «ұрлық» деп,

Бұл еткенің «зорлық» деп.
Аңсызда келіп көрсеттің
Маған енді қорлық деп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Манаурамай, ұйқыңды аш,
Батыр болсаң атыңа мін,
Қолыңа алып алмас қылыш, ақ балдақ.
Мен—қазақпын, Жанқожа,

Жолдасым жоқ қасымда,
Келіп тұрмын жалғыз-ақ.
Сен—жарда жатқан жапалақ,
Мен—тауда жүрген мұзбалақ.

Ілейін деп келіп тұрмын,
Жүрем бе сенен қорғалап!
Ұрысам десең, атыңа мін,
Қаруыңды алып қамданып.

Басыңды кесіп аламын,
Қаның ағар сорғалап.
Ұрыспасаң, алдыма түс,
Көп тұрмаймын мен қарап.

Атантай батыр сөйледі:

—Сен—бір емессің, отызсың.

Алмас қылыш қолыңда,
Кигенің ылғи көк темір,
Төніп тұрсың қамалап.
Мен басымды бағып жатырмын,

Көтере алмай, қорғалап.
Ұрысуға шама жоқ,
«Жүр» десең, алдыңа түсейін,
Атыма мініп жорғалап.

Алдына батыр түскесін,
Айдап келді ер Жәкең
Хан Кенеге қуалап.
Өзі әйдік сарт екен,

Жүре алмайтын ат алып.
Созақтың елін сол екен
Жүретін билеп, басқарып.
Алдына түсіп Жәкеңнің,

Келіп тұр енді айдалып.
Хан Кененің алдына
Батыр келіп отырды,
Қол қусырып, жүгініп.

Хан Кене жауап сұрады:

жанқожа  батыр  туралы

—Сен кімсің?—деп ақырып,

Қасына жақын шақырып.
Мәнісін айт жұмыстың,
Еріп жүрсің нағылып?
Атантай батыр сөйледі:

—Мен—Созақтың батыры

Қақпаның аузын бағатын.
Сыртынан іздеп жау келсе,
Қалаға оны кіргізбей,
Мен едім басын алатын.

Жау жоқ еді жақында
Бізге қарсы шабатын,
Білемін елдің шамасын.
Хан Кене келіп аттанып,

Қорғанды ол бұза алмай,
Бір жеті жатты қамалып.
Амалын о да таба алмай,
Қорғанды жүрді айналып.

О да қайтып кетіп ед,
Үсті кірлеп, аты азып.
Кіре алмай есіктен,
Сығалап мені көріп ед,

Наурызбай келіп тесіктен.
Өзіңізге белгілі
Бұл әңгіме естіген.
Созақтың халқын қорғаған

Батыры мен болатын.
Әрі батыр, әрі хан
Өзім ед халық сұрайтын.
Жау хабарын естісем,

Әдетім еді бұрынғы
Қақпа аузында тұратын.
Қалаға оны кіргізбей,
Қарсы келген жау болса,

Қылышпен басын қағатын.
Бұза алмайды еш адам
Бұл қаланың қорғанын.
Саз бен шойын аралас,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тастан қатты болатын.
Есіктен келсе өзіме,
Қандай батыр болса да,
Мен едім басын алатын.

Сырттан келген жауларым
Бұза алмай қорған қамалын,
Ашығып кейін қайтатын.
Алдыңа келіп тұрғаным,

Сөзім көп әлі де айтатын.
Бүгінгі таң алдында
Бір адам келді қасыма,
Жатыр едім ұйықтап.

«Тұр» деп айғай салып тұр,
Менің келіп басыма.
Түрегеліп қарасам,
Отыз адам тұр қасында.

Көк сауыты үстінде,
Алмас қылыш белінде,
Түсі суық айбатты,
«Қиямын,—деп,—желкеңді»,

Төніп тұр менің басыма.
Қақпаның аузын ашыпты,
Мені қара басыпты.
Әруағым қашыпты,

Үрейім жаман ұшыпты,
Басыма тұман түсіпті.
«Атыңа мін! Жүр!—деді.—
Алдыма менің түс!» деді.

Алдына мұның түскенім,
Бері қарай жүргенім:
«Әзіреті ер Әли
Келді ме екен?» деп едім.

Кім екенін білмедім,
Осы—менің көргенім.
Хан Кене сонда сөйледі:

—Бұл қазақтың батыры

Ер Жанқожа болатын.
Қарсы келген дұшпанды
Табанына салатын.

жанқожа  батыр  туралы
Айтқанына көндіріп,
Пенде етіп алатын.
Ер болсаң да ерікті,

Көргендей көзге көрікті,
Айтқанын соның қыласың.
Алдына барып, бас иіп,
Қол қусырып тұрасың,

Еркіңді соған бересің.
Порымыңа қарасам,
Өзің таудай немесің.
Ол ертіп келген қасына

Кене хан, Наурызбай төресін.
Айтқанына көнбесең,
Ажалыңнан бұрын өлесің.
Енді не айтад ер Жәкең,

Өз аузынан білесің.
Жәкеңнің сонда айтқаны:

—Ау, батырым, бері кел,

Күшің менен кем емес,
Құдай, әруаққа сене бер.
Хан Кенемен сөйлессең,
Аулыңа жүре бер.

Бүгін кешке барамыз,
Қақпаңның аузын аша бер.
Кешке мейман боламыз,
Тамағыңды аса бер.

Әуелі жаулағаның—біздің ел,
Жау бола ма екен мұсылман,
Дін ислам, құбылаң бір.
Бабажан сартың хан болып,

Бүлдіргені—біздің ел.
Төрт шәріңнің бірі—Бұқара,
Дінді бұзған—сіздің ел.
Көп кідіріп қалдың ба?

Ұлықсат бердім, жүре бер,
Ендігісін өзің біл.
Бұл бұл жақта жүргенде,
Ол қаланың адамы

Қақпаның көрді ашығын,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Іздеді «жоқ» деп бастығын.
Шулап халқы жүргенде,
Батырдың көрді келгенін,
Өлмей тірі жүргенін.

Халқына келіп бұл батыр,
Айтады енді көргенін:

—Аттанып қазақ келді,—деп,

Жанқожаның айтты ерлігін,
Қазақтың айтты бірлігін:

—Түнде келіп Жанқожа,

Басыма айғай салыпты.
Ұйықтап қалған еріңді—
Мені оятып алыпты.
Оған қару ете алмадым,

Бетім жоқ көретін халықты.
Көзіме бәле көрінді,
Әруағы басыпты.
Мен секілді еріңді

Қорқытып жаман, састырды.
Мені айдап алдына,
Ханына апарып тапсырды.
Бұ заманда көрмедім

Ол секілді батырды.
Апарғанмен ханына,
Маған азар бермеді.
«Кене ханмен сөйлесіп,

Өзіме қайтып кел»,—деді.
Өзіне қайтып келгесін,
Мені елге жіберді.
«Қақпаның аузын аш,—деді.—

Халқыңменен кеңесіп,
Тамағыңды ас,—деді.
Кешке мейман боламыз.
Халқыңа хабар шаш,—деді.

Еліңменен егеспе,
Мауқыңды бас»,—деді.
Осы—менің көргенім.
Батыр болып, ел қорғап,

Созақ еді ермегім.

жанқожа  батыр  туралы
Осы күнге дейін Созақты
Мен де жауға бермедім.
Бұған әлім келмеді,

Не дейсіңдер, ау, халқым?!
Сонда бір сарт сөйледі:

—Мейман етіп, қалай көнеміз

Жау болып келген қазаққа?
Шәрге кіріп алғасын,
Қалдырмай ма азапқа?
Қорғанды бұзып кіре алмай,

Неше жау қайтқан Созақтан.
Қақпаның аузын бекітіп,
Жатсақ қайтеді бұ жақта?
Кіре алмаса қорғанға,

Қарны ашып, аты азып,
Қайтпас па екен қазақ та?
Атантай батыр сөйледі:

—Бұл қақпаңды аша алмай,

Кейін қайтатын
Наурызбай менен Кене емес.
Жанқожа батыр бұл болса,
Бұған ешкім тең емес.

Керек болса амандық,
Егескенің жөн емес.
Бабажанның артына
Қазық қағып өлтірді,

О да менен кем емес.
Оған қарсы баратын
Батырың болса, сонда егес.
Айтып болдым сөзімді,

Қайта барар мен емес.
Өз айтқанын істемей,
Бос қайтатын ер емес.
Айтқанына көнбесең,

Талқандайды шәріңді,
Айдап кетед малыңды.
Тартып алад дүниеңді
Басып алады жеріңді,

Бүлдірет сөйтіп еліңді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жылатады әйел-балаңды,
Шулатад халқыңды.
Бұл заманда көрмедім
Жанқожадай батырды.

Айтқанын қылсаң, тимейді,
Мұсылманға зәбір беруді
Көңілі оның сүймейді.
Наурызбай менен Кененің

Аяйтұғын түрі жоқ,
Оған ерік бермейді,
Шариғаттан да біледі.
Алдыңды тосып әр жерден,

Ителгі құстай іледі.
«Жауладың,—деп,—мұсылман»,
Және де бізге күледі.
Бабажан еткен азарын,

Оны да бізден көреді.
Айтып болдым сөзімді,
Өздерің енді біл,—дейді.
Көп ішінен қарт адам

Тағы шығып сөйледі:

—Батырдың айтқаны жөн,—деді,

Рас болса Жанқожаның келгені,
Оған әлің келмейді.
Түрікпеннің Айымбет батырын өлтірген
Ол әруақты ер,—деді.

Айтқанына көне бер,
Сұрағанын бере бер.
Айтқанына көнбесең,
Елді шауып, бүлдірер.

Аман болса елдерің,
Орнына келіп теңелер.
Бүгін кешке мейман ет,
Ертең түсте ұлықсат бер.

Мейман болған асылзат
Елге тимейді, кемеңгер.
Уағда қылсаң ерменен,
Екі сөйлемейді ер деген.

Шақырушы адам жібер,

жанқожа  батыр  туралы
Қол қусырып, үрметпен,
Қызметіңді ете бер.
Сонан кейін бұл батыр

Шаптырып оған жіберді
Шақырушы адамын.
Дайындап жатыр тамағын,
Асып шашпа палауын,

Дүмшелеп қойып көк шайын.
Халқы жүр қайғырып:
«Болад,—деп,—қалай ыңғайын?»
Жүгіріп жүр бұл халық:

«Табамыз,—деп,—қонақ жағдайын».
Бес жүз адам аттанып,
Болуға қонақ келатыр
Асынған қару кіл батыр.

Әскері бар үш жүздей,
Наурызбай, Кене ханы бар,
Шабуға шәрді ынтызар.
Кіші жүздің адамы

Екі жүздей тағы бар.
Ұрыспай-ақ бағындырды,
Жанқожадай ері бар.
Ықпалы артық ер екен,

Басына қонған бағы бар.
Қарсы алып Созақ халқы, етті қонақ,
Көшеге қатар-қатар жағып шырақ.
Қонақ боп жатыр ерлер, палау шайнап,

Аттарын жоңышқаға қойды айдап.
Наурызбай Ақауыз атпен аралап жүр
Сойқастап шәрдің ішін гүл-гүл жайнап.
Ерлері Кіші жүздің тыныш отыр,

Болашақ келер істің алдын ойлап.
Қонағын пұл, бөзіменен болды жайлап,
Айтқандай, зауал ауа ұлықсат етті,
«Сарайды ашып қоямын,

Ал,—деді,—дүниені өзің таңдап.
Мал ұстамайды біздің халық, белгілі сізге,
Жылқы жоқ беретұғын үйірлеп айдап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ал, батыр, ендігісін өзіңіз біл,
Халық отыр: «Не айтады?»—деп, сізге қарап.
Жәкеңнің сонда айтқаны:

—Дүние-малыңды алмайым,

Өз малым да жетеді.
Мұсылманды олжалап,
Ақыретте адам не етеді!
Алым ойлаған адамдар

Кісі еңбегін жеп кетеді!
«Келмейін-ақ» деп едім,
Елді біздің олжалаған
Азар-арың өтеді.

Кенеге салсаң, мінеки,
«Аламын,—деп,—кегімді»,
Еліңді шауып кетеді.
Ол әдетті етпей-ақ,

Түзу жүрсек не етеді.
Әділ болсаң Аллаңа,
Қыл көпірден адам өтеді.
Олжа алмай-ақ еліңнен,

Жанқожа елге қайтады.
Енді айтатын сөз-мынау:
Мұнан былай, мұсылман,
Жау болмай, тату жүрейік.

Түсі басқа жау келсе,
Бәріміз түгел бас қосып,
Соны жаулап көрейік.
Осы айтылған сөзіме

Татушылық-бірлікпен
Екі жақ уәде берейік.
Айтып болдым сөзімді,
Ұлықсат берсін сіздің ел,

Елге қайтып жөнейік.
«Мақұл» деп бас изеді өзбек-сарты
Есітіп ер Жәкеңнің мына сөзін,
Қуанып айғайлады Созақ халқы.

Жайылған ер Жәкеңнің сыртқа даңқы,
Орындап ойдағысын Жәкең отыр,
Ерлері Кіші жүздің судай шалқы.

жанқожа  батыр  туралы
Жылатпай Созақ халқын, алды алғыс,
Жігітке пайда бермейд, алсаң қарғыс,
Бұл істі жақтырмады Кене байғұс.

«Келіп, босқа қайттық» деп,
Хан Кене іштен қайғырды.
Ел шауып, олжа алуға
Жанқожадан айбынды.

Уәдені бұза алмай,
Жараған бурадай шабынды,
Аблығып жүрек, қабынды.
Созақты шауып ала алмай,

Кіші жүзге хан бола алмай,
Іштен Кене күйінді,
Ішке түйді түйінді.
Өңшең бұзық жиылды,

«Жанқожадан шекті ашуға
Табайық,—деді,—қиюды».
Бөтен қисын таба алмай,
Өзі барып тие алмай,

«Істедің,—деп,—қарлықты»,
Батбадай сұлудың
Оң бұрымын қиыпты.
Жазықсыз жауып жаланы,

Батбадай асыл сұлуға
Сөйтіп зәбір беріпті.
Кіші жүзден жікті ашуға
Кене жұмыс бастапты.

Жанқожамен араз болу үшін апамыз Батба сұлуды жазықсыз
«Жәллаптарлық істедің» деп зәбірлеп, оң бұрымын кесіп ала­
ды. Апамыз сонан кейін, төрелердің жылқысын бағып жүрген
Малайтаз деген бір тілі жүйрік жігіт бар екен, сонан жасы­

рын «Жанқожаға хабар айт» деп жібереді. Апамыздың хабар
айтқаны:
Батба сұлу сөйледі:

—Ау, Малайтаз, Малайтаз!

Жылқысын бақтың төренің,
Маңдайыңа біткен малың аз.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Үй көрмейсің күні-түн,
Далада жүріп қысы-жаз.
Көгілдір көктем көгеріп,
Екеумізге болмайд жаз.

Тарығып тұр бұл күнде
Саятта жүрген қоңыр қаз.
Тапсырамын бір жұмыс,
Мал баққанға болма мәз.

Жігіт болсаң орындар,
Төреден алған малың аз,
Айтайын саған бұл істі:
Бұрымымды кесті жазықсыз,

Хан Кененің ақылы аз.
Адам салып араға,
Алып еді болып зар.
Дүние-мал берді аямай,

«Өзіне тең» деп, сүйіп жар.
Арамыз суып бұл күнде,
Жүрекке түсті суық мұз.
Әйелдің жоқ теңдігі,

Кемдікке көнген халықпыз.
Кім шанышса соныкі,
Суда жүрген балықпыз.
Әйел болып жаралғалы

Қандай теңдік алыппыз?!
Жанқожаға батып тие алмай,
Кіші жүзге хан бола алмай,
Бұзықтық іске кірісті.

Жанқожадан жікті ашуға
Бастады Кене жұмысты.
Жазығым жоқ, мен ақпын,
Жәкең арын арласын,

Жібермесін намысты.
Жәкеңе жібер тез хабар,
Ақтығымды анықтап,
Кенеден алсын айыпты.

Бұрымым бітер орнына,
Ақтың ісі ғайыпты.
Бұл күнде ойы бұзылып,

жанқожа  батыр  туралы
Уәдеден тайыпты.
Осыны айтып болғасын,
Жеткізуге хабарды

Малайтаз Жанқожаға барыпты.

—Ассалаумағалайкүм!

Хабарға келдім, ер Жәке.
Ерлігіңе қызығып,
Қарындасыңды алған хан Кене
Кеулі суып бұл күнде,

Істеді жұмыс ол Кене.
Жазықсыз жауып жаланы,
Бұрымын кесіп Батбаның,
Зәбірледі хан Кене.

«Айт,—дегесін,—хабарды»
Келіп едім мен сізге.
Көп тұрмаймын кідіріп,
Біле қойса хан Кене,

Өлтіреді мені де.
Хабарын айтып Малайтаз,
Қайтып кетті жөніне,
Жылқысын баққан жеріне.

Кеулі бітіп, қанықты
Малайтаздың сөзіне.
Ашуланып, арланды
«Зәбір берді» дегенге.

Бұл хабарды естіп,
Аттанбақ болды Кенеге,
Қанды шелек төреге,
Зәбірленген Батбаны

Көрейін,—деп,—өзі де.
Асығып Жәкең, күйінді
Көрінгенше Батба көзіне.
«Біз аулына барғанша,

Ақ болса біт,—деп,—бұрымы»,
Жанқожа Хақтан сұрапты.
Жәкең ауылына барғанша,
Бұрымы бітіп бұрынғыдай

Орнында тұр тұрақты.
Қоя тұрып бұл жағын,
7-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Батба сұлудан сөйлейін.
Көп көрген Кене өзін-ай:
Сұлу екен апамыз
Келімі келген порымды-ай,

Бұралған жаңа өспірім тал шыбықтай,
Ақ құба, бидай өңді, қызыл шырай,
Қиғаш қас, қызыл ерін, жазық маңдай,
Аршын төс, алма мойын, сүмбіл шашты-ай.

Өкшеге оралады қос бұрымы-ай
Жарқырайд отыз тісі меруерт тастай,
Мамырлап басады аяқ қоңыр қаздай.
Жақсының жамалына жан тояр ма,

Татиды айтқан сөзі шекер-балдай!
Көрінед ішкен асы тамағынан
Бұрынғы өтіп кеткен Күләндамдай.
Сыртынан болып ғашық Кене ханың

Алыпты аямай беріп дүние-малды-ай.
Істеді опасыздық бұл сұлуға,
Ісінің бастан-аяқ бәрі осындай,
Азарға кім шыдайды, әне сондай?!

Қарындасы ер Жәкең,
«Зәбірленді» дегесін,
Жаладан аман болғасын,
Көк сауытын киеді,

Үстіне қару іледі.
Ашуланып ер Жәкең,
Көкешкі атқа мінеді.
Жылқыаман мен Расқа

Тездетіп хабар береді.
Толыбай мен Арал батыр келеді-ай,
Жүніс пенен Басығара—
Бұлар да ізіне ереді-ай.

Қарасақал Шағырай
Бұ да бірге жүреді-ай.
Қаракесек Ақтан батыр,
Басығара, Көбек би

Хабарланып келеді-ай.
Төртқарадан Байқазақ,

жанқожа  батыр  туралы
Тілеулі батыр ереді-ай.
Әлімнің түгел батыры
Бәрі жиылып келгесін,

Болған істі біледі-ай.
Есітіп сөздің мәнісін,
Жәкеңе еріп бұлар да
Хан Кенеге аттанып келеді-ай.

Ерлер жиналып барғансын,
Хан Кененің дүрсілдеді жүрегі-ай.
Жанқожа келді аттанып
Хан Кененің аулына-ай,

Қарындасының кегін алуға-ай.
Қарындасы жылап жүр,
Жазықсыз іске налып-ай.
Бұрымы бітті орнына,

Алла ашып бағын-ай.
Әлімнің батыр ерлері
Түгел ерген қасына-ай.
Ауылын қамап айнала,

Төбенің тұр басында-ай.
Аулына келіп төніп тұр,
Қашық емес жақында-ай.
Ашуланып, кәрленіп,

Келіп еді ашуын баса алмай.
Әруағы торлап Жәкеңнің,
Төбесінде бұлт ойнады-ай.
Бұларды көзі көргесін,

Үйден шықты хан Кене:
«Болды,—деп,—енді бұл қалай?»
Көзін салып төңірекке,
Жан-жағына қарады-ай.

Жинап алып әскерін,
Ұрысуды ойлады-ай.
Жәкеңнің бұлтын көргесін,
Хан Кене қорқып сасады-ай,

Желіккен кеулін басады-ай.
Шақырып алып адамын,
Ойласып, кеңес салады-ай.
Қасына келді жиналып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ағыбай менен Бұғыбай,
Шәкір, Жәуке, Төлебай,
Табынан шыққан Бұқарбай—
Әскерінің бастығы-ай.

Жақын келіп отырды
Хан Кененің қасына-ай.
Хан Кене сонда сөйледі-ай:

—Аттанып келді Жанқожа,

Қарындасының естіп хабарын,
Азарға еткен шыдамай.
Қызын алдық Ақмырзаның,
Адам салып араға-ай.

Мал-дүние бердік оған да,
Азды-көпке қарамай.
Қиянат еттік оған да,
Бұрымын кесіп, аямай.

Біз зұлымдық істедік
Сондай асыл сұлуға-ай.
Ар-намысын алуға
Аттанып келді Жанқожа.

Ауылды тұр қамап-ай.
Қасына түгел еріпті
Әлімнің батыр адамы-ай.
Ұрысып күшің жетпейді,

Төбесінде бұлт ойнады-ай.
Қандай амал табасың,
Жиналған көп, жаран-ай?!
Бәрі түгел арланған

Кіші жүздің адамы-ай.
Наурызбай сонда сөйледі:

—Ұлықсат бер маған-ай?

Ұрысамын бұлармен,
Көптігіне қарамай,
Бақ сынайды таланды-ай.
Бұл әруақты ер дейсің.

Кем бе еді ата-бабам-ай!
Өз әкеміз—Ер Қасым,
Арғы атамыз—Абылай,
Жайылған халыққа дабылы-ай.

жанқожа  батыр  туралы
Жанқожадан қорқып,
Отырамын мен қалай?!
Тағы Кене сөйледі-ай:

—Әруағың тең,—деді-ай.

Аққа Құдай жақ,—деді-ай.
Бұл сапарда үндеме,
Ісіміз біздің жала еді-ай.
Шатаспай, аман кетуге

Амалын мұның тап,—деді-ай.
Айып беріп, ағалап,
Үстіне шапан жап,—деді-ай,
Айыбын мұның тарт,—деді-ай.

Кене хан айтып болғансын,
Бопай қыз тағы сөйледі-ай:

—Кене айтқаны жөн,—деді,

Алты әлімде Жанқожа
Әруақты ер еді.
Сұрағасын қарындасын,
Өзіңді сыйлап бергені.

«Ақ сүйек, асыл төре» деп,
Өзіне тең көргені.
Жазықсыз жауып жаланы,
Қиянаттадың Жәкеңді.

Ер шыдамайд намысына,
Айып емес келгені.
«Артықпын» деп мақтанба,
Хандығын Әлім бермеді.

Аттанып өзің Созаққа,
Оған күшің келмеді.
Қайта бардың Созаққа,
Айтқаныңа Жәкең ергені.

Жалғыз барып батырың,
Бұл ерлігі емес пе
Алдыңа айдап келгені.
Ұрыспай ашып қақпасын,

Ішіне шәрдің кіргені.
«Шабамын,—дедің,—Созақты»,
Саған еркін бермеді,
Дақтанып кеулің, кірледі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ұрысуға Кіші жүзбен
Бұған әлің келмеді.
Қисын тауып, тие алмай,
Бұрымын кестің жеңгейдің,

Осының да жөн бе еді?!
Айып емес Жәкеңнің
Аттанып саған келгені.
Кілем төсе жолына

Тұрған жерге жеткенше,
Атпенен бері жүрмейді.
Мойныңа алып кінәні,
Айыбын оның бер,—деді.

Созаққа күшің жетпеді,
Жәкең өзбекпенен тең бе еді?
Жанқожа арын алмай кетпейді,
Айтып болдым мен,—деді,—

Ендігісін өзің біл,—деді.
Бопай қыздан мына сөзді естігенсін, Наурызбайдың кеулі
басылып, Жанқожа тұрған жерге дейін кілем төсеп, Әлімнің
батырларын аттан түсіріп, қонақ етіп сыйлап, Жанқожаға үш

тоғыз айып береді. Сол жер сонан бері қарай «Кілем жайған Бо­
пай» атанып жүр.
Үйге кіріп барғансын,
Ер Жанқожа ақырды.

Хан Кенедей ханыңның
Қос телпегін жапырды.

—Негізің сенің-таз қалмақ,

Көрмедім төреге лайық ісіңді.
Өтіріктен кінәлап,
Батбаға бердің зәбірді.
Зорлығыңа көнетін

Адам қайдан табылды?
Ай, Кене хан, Кене хан!
Негізің сенің-таз қалмақ,
Нәсілің болған арамнан.

Бұзық болдың, сен Кене
Туғаннан-ақ анаңнан,

жанқожа  батыр  туралы
Халықты қасыңнан қашырған.
«Шаптырмадың,—деп,—Созақты»,
Кеулің соған қарайған.

Ішің күйіп, ұрындың,
Олжа ала алмай біздің маңайдан.
Бұрымын кестің Батбаның,
Кінә қойып жаладан.

Айыбын қой мойнына,
Адам болса Батбаның
Бетіне тура қараған.
Сен бұрымын кескенде,

Мен аяғын кесейін,
Кінә болса тағылған.
Адам едің бастан-ақ
Қараға шауып ұрынған.

Қоя алмасаң кінәсін,
Айыбын бер қызымның,
Түрегеліп орныңнан.

—«Құлдық»,—деді хан Кене,

Түрегеліп орнынан.
Мойнына алып кінәсін:

—Бізден,—деп,—айып,—жалынған.

Бұрымы бітіп Батбаның,
Айыбынан тазарған.
Береміз айып үш тоғыз,
Тұрма,—деп,—Жәке орныңнан,—

Деп Кене [хан] жалынған.
Сонан кейін Кене ханның,
Мінеки, айып бергені:
Бірінші тоғыз бергені—

Тоғыз құлынды бие еді.
Екінші тоғыз бергені—
Тоғыз боталы нар еді.
Үшінші тоғыз бергені—

Тоғыз жағалы тон еді.
Кемер белбеу қасында
Алтыннан құйған өнерлі.
Үш тоғызды хан Кене

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өз қолынан бергені.
Айып алып болғасын,
Кіші жүздің ерлері
Қайтып елге жөнелді.

Қарындасын алып қайтты Жанқожа,
Кенеге тастап кетпеді.
«Қолынан айып бергесін,
Тастап кетеді әйелімді» деп,

Хан Кене болған дәмелі.
Жеңгесін алып кеткесін,
Дұшпандығын білдіріп,
Әскеріменен Наурызбай

Алдынан кесіп өтеді.
Алдынан кесіп өткенсін,
Ақшолақты қолға алып,
Атайын деп ед Жылқыаман,

Жанқожа ұлықсат етпеді.

—Айып алдың қорқытып,

Наурызбай соны кектеді.
Тыныштық керек халыққа,
Елден жақсы кеткені.
Бұлар қорықпайтын төре еді,

Адам өліп арадан,
Жау болармыз, қандасып,
Соның не бізге керегі?—деп,
Ер Жәкең батырларын басады.

Сонан кейін хан Кене
Тұрағы болмай бұл елге,
Қаша көшіп желеді.
Кіші жүзбен ұрысуға

Шамасы оған келмеді.
Албырт кеулі асқақтап,
Наурызбай менен хан Кене
Қырғызбен ұрысып өледі.

Ол елде ненің болғанын
Қырғыздың елі біледі.
Табыннан шыққан Бұқарбай
Аман қайтып келеді.

Осыменен аяқтадық

жанқожа  батыр  туралы
Хан Кене, Науан төрені.
Қара кеуілді қаңғырып,
Тәкәппар, тентек тентіреп,

Осылай өмірі өтеді.

*** Патшаның адамын Орынбордан 1844 жылы Байлы Бисен деген адам бастап алып келеді. «Ол келген уақытта Алтынбай Бекмырза осы араға хан еді» дейді. Патшаның адамы Бек­ мырзамен келісіп, Райымның басына қамал соғады. Сонан кейін Бейсен, Жармола, Қостанай, Райым араларына хатхабар тасушы адам болып жүреді. Ол күнде хат-хабар тасу­ шылар ылаумен жүреді. Ылау дегеннің мәнісі: фаэтон арбаға төрт ат жегеді парлап. Жол ауыр болғаны үшін солай жүреді. Бір күні Жармола—Қостанайға келе жатып Жанқожаның аулының үстінен шығады. Осы Жақсықылыштың үстінде Жанқожа төбесінің қасында отырғанда, үйіне шай ішуге келеді. Келгесін: «Сен кімсің?» деп жөн сұрады. «Байлы Би­ сен деген мен», дейді. Жәкең: «Иә, патшаның адамының алдына түсіп, бажақ бо­ лып, біздің елге алып келіп жүрген Бисен деген сен бе едің?»— деді. «Иә, біз болармыз»,—деді. Олар бір адам болып жүрмейді. Төрт адам, я алты адам бо­ лып жүреді. Қарулары да болады. Жәкең: «Ішетін шайларыңды алып кел. Қайнатып көрейік»,—дейді. Бір қадақ шайды алып келеді. Ол шайды қазанға салып қайнаттырып, суытып, иттеріне құяды. Иттері тілін бір салып алып, шайын ішпеді. Жанқожа: «Ит ішпеген шайды сендер қалай ішесіңдер?— деп,—менің ішетін тағамымды ішіп көрсеңдер, қалай болар екен?»—деп сұрады. Бисен бастығы: «Ішейік»,—деді. Құмаршақтың ұны мен түйенің шұбатын алдырып береді. Олар ішіп-жеп тойып алады. Сонан кейін Жанқожа: «Қалай қарап жүресіңдер»,—деп сұрады. Олар: «Жармола, Қостанайға қарап жүреміз»,— деді. Жанқожа: «Сендерге олай қарап жүруге ұлықсат жоқ.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мен патшаға қарсы адаммын. Олай қарап жүремін десеңдер,
өлтіремін,—деді.—Осы арадан кейін Райымға қайтасың­
дар»,—деді.
Олар қорыққанынан: «Кейін қайтамыз»,—деді.

—Кейін қайтсаңдар, Бекмырзаға сәлем айт. Патшаның ада­

мынан бас тартып, аулақ жүрсін,—деді. Олар қайтып келіп,
Бекмырзаға Жанқожаның сәлемін айтады. Сонан кейін Бек­
мырза патшаның адамынан ажырасып, өзінің Алтынбайына,
Ақирек астына көшіп барады. Бисен де жұмысынан шығып,

Бекмырзаға еріп барады. Сонан бері Бисен тұқымы Алтынбай
ішіне сіңіп, Алтынбай болып саналып жүр. Бисеннен—Айтжан,
Айтжаннан Нұрсұлтан, Нұрсұлтаннан—Бақыт, төрт ата жеке
келіп тұр. Енді мұнан кейін Райымның басынан Қаракесек

Шәкір деген адам Қазалыға көшіреді. Сол жерге қоныс са­
лып орнығады. Сосын кедей шаруа, диқаншылардың жерін
нөмірлеп, өлшеп ала бастаған. Кедей шаруа, диқаншылар жерін
алғасын, наразы болып, Жанқожаға барып: «Жерімізді тартып

алды» деп жылаған.
Халықтың шағымы бойынша Жанқожа батыр патшаға
қарсы ұрысады кедей-шаруалар үшін. «Патшаның адамы Ко­
рабеткин деген гүбірнатір»,—дейді.

Жөнеліп Кене кеткесін,
Патша орамға алыпты.
Жерін өлшеп қазақтың,
Нөмірлеп қазық қағыпты.

Сырдарияның жағасы—
Қазалыдан қоныс алыпты.
Би менен сайлап болысты,
Кедейге салық салыпты.

Таба алмаса кедейлер,
Болған көрінед жазықты.
Кедей-жалшы жиналып,
Жанқожаға барыпты.

—«Патша әділ болад» деп,

Алдаған екен халықты.
Салық салып кедейге,

—Көрмедік,—деді,—жарықты,

Бермесек, болдық айыпты.

жанқожа  батыр  туралы
Би менен бек, болыстар
Оңайдан пайданы тауыпты.
Бай менен бек, манапқа

Салмайды,—деді,—шығынды.
Олар—күйлі адамдар,
Би менен болыстың аузына
Тығады екен тығынды.

Бабажан сарттан құтылып,
Жаңа көріп едік тынымды.
Әділ патша дегенің
Кедейге келіп ұрынды.

Ізімізге салып тұр,
Би мен болыс зұлымды.
Осылай деп кедейлер,
Жанқожаға шағынды.

Сонда Жәкең сөйледі:

—Олай болса, берме,—деді,—шығынды,

Сұрап келген болысын
Ұстап бер маған зұлымды.
Көрсетейін көрімді,—деп,
Жанқожа сөзін сөйледі.

Сонан кейін кедейлер
Енді салық бермеді.
Сұрай келген болысқа,
Көтеріліп кеулі, желденді.

Жанқожадан болғанын
Кеулі сезіп білді енді.
«Жанқожа батыр қарсы шықты»,—деп,
Патшаға хабар береді.

Хабарланып патшасы,
Жанқожаға әскер жіберді.
Жау хабарын естіп,
Қайнады Жәкең жүрегі.

Көкешкі атқа мінеді,
Көк сауытын киеді,
Қылыш-найза іледі,
Құдай, әруаққа сыйынып,

Көп әскерге ер Жәкең

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жалғыз өзі тиеді.
Әскерлердің жиналып
Атқан оғы өтпейді.
Көкешкі атпен екпіндеп,

Әскерді қуып өктеді.
Патшаның әскерін
Найзамен қоңынан түйреді.
Батыр еді киелі,

Жанқожаға оқ өтпеді.
Үш күн [үш] түн ұрысты
Алаайғыр менен Сортүбек,
Сонда ұрысқан жер еді.

Жанқожа жалғыз болса да,
Әскердің күші келмеді,
Патшаға теңдік бермеді.
Ер Жанқожа ақырып,

Көкірегін кернеді.
Ол патшаның әскері
Қазалыға тығылып, қашып,
Арбадан қамал соғады.

Қылышпенен кескілеп,
Арбасын отқа жағады.
Қамалын бұзып кіргесін,
Әскерін қуып кескілеп,

Ортаға айғай салады.
Бұл ұрыста ер Жәкең
Қамалдан аман шығады.
Далаға шығып ер Жәкең,

Тынығып демін алады.
«Ұрысамын патшамен»,—деп
Елге хабар береді.
Хабарымен Жәкеңнің

Жиылып жалшы-кедейлер,
Жанқожаға жақтасты,
Және ұрысты бастапты.
Айымбет деген бір адам

Халық туын ұстапты.
Әруақты ерлер қызғындап,
Кіріп кетіп ортаға,

жанқожа  батыр  туралы
Әскерге салды бүлікті.
Толыбайдың Көтібары,
Жақайымның Мысасы

Ортасында жүріпті.
Әскерлердің қоңынан
Найзаменен түйрепті.
Ер Жанқожа ақырып,

Бөлек-бөлек қуыпты.
Ол патшаның әскерін
Қылышпен шауып қырыпты.
Бұлар сөйтіп жүргенде,

Патша емес пе оқыған,
Білімі бар өнерлі,
Елге елші жіберіпті.
Ол патшаға сатылып,

Патшадан алтын алыпты.
Туын ұстаған Айымбет
Туды жығып: «Жау, қаш» деп, қашыпты.
Туды жығып, қашқасын,

Халық қорқып сасыпты.
Бері шыққасын, қараса,
Көп әскердің ішінде
Жанқожа жалғыз қалыпты.

Көтібарды «жассың» деп,
Оны кейін қалдырып,
Мыса менен Арынғазы
Екеуі қайтып барыпты.

Осындай қиын жерлерде
Ер шығарад қайратты.
Ер Сартайдың тұқымы
Келе жатқан дегдар жұрат-ты.

Астына мінген аттары
Жүйрік екен екпінді,
Жанқожаға тез келді.
Ұрысып жүр бір өзі,

Жәкеңді көзі көреді.
Әскерді жүр қуалап,
Қойға тиген бөрідей
Екі көзі қызарып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Найзамен жүр шабақтап.
Ештеңені көзі көрмейді,
Қолындағы қылышын
Оңды-солды сермеді,

Әскерге теңдік бермеді.
Оқ тимеді өзіне,
Әруағы жүр қолдап.
Әскердің бәрі қашып жүр

Дарияны жағалап.
Оны қуып Жәкең жүр,
Көкешкі атты сабалап.
Арынғазы мен Мысаға

Жеткізбеді Көкешкі ат.
Шаққа ұстады құрмалап,
Алып шықты Жәкеңді,
Оңашаға бұрмалап.

Жәкеңе Мыса сөйледі,
Ақыл айтып, ағалап:

—Көпке әлің жетпейді,

Жалғыздың ісі бітпейді.
Туды жығып қашыпты
Айымбет деген ит,—деді.
Бұл патшалық халық қой,

Әскері мұның көп еді.
Еділге салып қонысты,
Жайықты алды жағалап.
Жемге салып қонысты,

Орды алды өрмелеп.
Алып болды қазақты,
Біртіндеп келіп термелеп.
Бірлігі жоқ қазақтың,

Ұрысады біріндеп.
Халықты жауға алдырад,
Өзін-өзі ел күндеп.
Исатай мен Махамбет—

О да ұсталып айдалып,
Патшадан көрді тепкіні.
Оны да істеген ағайын,
Өз-өзінен өкінді.

жанқожа  батыр  туралы
Ерназар, Бекет ұрысып,
О да ұсталып, айдалып,
Көк арбаның жүрді көтінде.

Өріс алып, кеңейіп,
Бұл күнде патша бекінді.
Біршілікте тұрғанда,
Созақтың бұздың кентін де.

Бұл барлық жерді алып, торлады,
Енді ыңғайы болмады.
Біз едік қалған шетінде,
Қайтайық елге, Ер Жәке,

Бұл жұмысқа өкінбе.
Көтібардың баласы—
Есет пенен Дәрібай
Ұрысып еді он жылдай,

Жеріне қоныс салдырмай.
О да ештеңе бітірмед,
Шектінің о да батыры-ай.
Ақырында ол патша

Қоныс алып орнықты-ай.
Ыдырап жүр бұл қазақ,
Бірлесіп басы қосылмай.
Бас қосып еді үш Алаш

Кешегі Төле би, Қазыбек
Әйтеке, Сартай тұсында-ай.
Біршілік кетті қазақтан,
Бұл күнде заман осындай.

Қайтайық, Жәке, осылай.
Мысаның айтқан сөзіне
Түсінді Жәкең бағалап.

—Айтып тұрсың, Мысажан,

Алды-артын шамалап.
«Қайтпайын-ақ» деп едім,
Өлгенімше патшадан,
«Жүрер,—деп,—дұшпан табалап».

Алып болса қазақты,
Олай болса, қайтайық,
Дарияны жағалап.
Үлгі көрген адамдар

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жақсыны жүред паналап.
Үлгісіз елдің белгісі—
Жасқаншақ болады жақсысы,
Өзі-өзінен қорғалап.

Айымбетті тауып өлтірсек,
Мойнынан қанын ағызып.
Халық күңкіл сөз қылар,
Сыртыңнан кінә тағылып.

Ағайынмен қалай жау боламыз,
Өз-өзіміз нағылып?
Айымбет патшаға сатылып,
Халық қалды-ау бағынып.

Мен бұлардан кетермін,
Патшаның көріп қорлығын,
Отырармын нағылып!
Осыны айтып болғасын,

Жанқожа айтты кіжініп,
Жауға алдырды ағайын деп,
Өз-өзінен күйініп.
Арынғазы, ер Мұса

Көп әскердің ішінен
Алып қайтты Жәкеңді,
Әруаққа сыйынып.
Елге қайтты Ер Жәкең,

Қарқыны қайтып, басылып.
Елге Жәкең келгенсін,
Халық келді жиылып.
Ағытып сауыт түймесін,

Тұрып еді сілкініп.
Бесатардың оқтары
Төгіліп қалды үйіліп.
«Бағынды,—деп,—патшаға»,

Ағайынға өкпелеп,
Ішінен жүрді күйініп.
Қоя тұрып бұл жағын,
Айымбеттен сөйлейін,

Кім екенін білдіріп.
Дәулетияр руы,
Айымбет—елінің биі еді.

жанқожа  батыр  туралы
Айымбеттен Құтпамбет,
Құтпамбеттен хан Сұлтан,
Керек болса дерегі.

Қоңырдан туған төрт бала
Шықпаған батыр ел еді.
Қоңыр менен Құланбике—
Кішкененің әйелі—

Құланбикенің баласы—
Құрманай менен Құттықтан
Туған Жанқожадай ер еді.
Артық болсаң, күндейтін

Халықтың, сірә, салты еді.
«Көнбеймін,—деп,—патшаға»,
Ағайынға өкпелеп, Жәкеңнің
Қызылға көшкен жері еді.

Он-он бестей қарашы
Майданнан тағы ереді.
Қызылға барып қонғансын,
Ұрлық болды қорегі.

«Жанқожалап» ұрандап,
Жайылып жатқан далада
Малды қуып келеді.
Мұны біліп, Жанқожа:

«Қой» деп еді, қоймады,
Арамзалар тоймады.
«Істегенің ұрлық,—деп.
Еткендерің зорлық»,—деп,

Теріс бата береді.
Жанқожадан жасырынып,
Он адам аттанды жорыққа.
Жәкең қалады жалаға,

Айтқанын қылмай тағы да.
Ұшыр айты уақытта
Малын қуды табынның
Жайылып жатқан далада.

Бұқарбай, Байқадамның малы екен
Жан келмейтін маңына.
Байқадам қуды артынан,
Малын жауға жібермей,

8-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Барды айырып алуға.
Назбедеу ат астында,
Көп ұзатпай оларды,
Жетіп барды қасына.

Еменге ойып саптаған
Қырлы найза қолында.
Тоғызын аттан түсірді,
Найза салып қоңына.

Сол уақытта Байқадам
Елу-алпыс жасында,
Қайраты бар басында.
Арғы атасы—ер Серке

Аттанған жалғыз қалмаққа.
Өз әкесі—Бекарыстан
Әруақ қонған басына.
Атадан бала туғасын,

Тартпасын ба салтына!
Жұмабай қашып баратыр,
Жалғыз нарды қуалап,
Қарамай-ақ артына.

О да қашып бара жатыр
Өзінің бет алдына.
Қашқанын көріп Байқадам,
Артынан қуып барыпты.

Байқадам жақын барғанда,
Жар тасалап қалыпты.
Бар екен қолда мылтығы,
Байқадамды көздеп атыпты.

«Ажал—қақпан» деген сол,
Дағдырсыз қаза тауыпты.
Байқадамды атқан бұл майдан
Жалғыз нарды қуалап,

Келе жатыр аулына
Тапқандай алтын даладан.
Аттан түсіріп тоғыз адамын,
Жолдасын жауға қалдырған.

Байқадамды атып өлтірді,
Малын қуып даладан.
Жалғыз нарды қуалап,

жанқожа  батыр  туралы
Намаздігер уақытта
Аулынан құлаған.
Болған істі білдіріп,

Жанқожаға жылаған.
Бұл хабарды есітіп,
Әйел-бала шулаған.
«Туғаннан қалдым жалаға» деп,

Ер Жанқожа налыған.
Малын қуып біреудің,
Жүректерің қабынған.
Тоғызың қалса далада,

Іздегенге зор табылған.
Атаңның құнын алыпсың,
Ажалым болар табыннан.
Ұрынасыңдар орынсыз,

Бәлеге бәле табылар.
Байқадамды жазықсыз өлтірсең,
Аулың да,—деді,—шабылар.
Аттанып табын, шөмекей,

Аулыңды шауып, мал қуар.
Айтқандай адам іс болар,
Қашанғы Алла жар болар?
Жанқожаңды өлтірсе,

Алты әлімнің басы даң болар»,—
Деп, Жанқожа жатты үйінде.
Келейік енді Байқадамға:
Найзамен тоғызын түсірді,

Кем емес екен Байқадам да.
Арғы атасы—ер Серке
Іс қылған жауға көріне.
Өз әкесі—Бекарыстан,

Қарасаң ата-тегіне.
Жалғыз шауып жауына,
Қапылыста кетті өлімге.
Зәбір көрген ер Жәкең

Ағайын-туған, жақыннан.
Тиіп айтқан жерім жоқ,
Біреудің түртіп шабынан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өтірік айтқан жерім жоқ,
Өзімнің қосып жанымнан.
Құланбикенің баласы,
Ашуланып, арланба,

Әңгіменің желісі
Өз қартыңнан алынған.
«Шындық сөз—шын хатым» деп,
Айтқан нақыл бұрыннан.

Ер Сейіл шықты: «Барам»,—деп,
Әкесінің кегіне.
Табындар да жиналды
Жанқожаға баруға,

Аттанып Әлім еліне.
Сейіл барып ойласты
Бұқарбай, Қарын еріне.
Бұқарбай батыр сөйледі,

Ақыл айтып көбіне:

—Азғантай ауыл табынбыз,

Күшіміз келмейді Әлімге
Жағдай айтып, жалынып,
Барайық,—деді,—Шөменге
Іргелі халық, көп елге.

Біз қоныстаспыз бұлармен,
Отырмыз Шөмен жерінде
Мен үлкейіп, шал болдым,
Шыға алмаймын жауға көріне.

Осыны айтып Бұқарбай,
Шөменнің барды еліне.
Жағдай айтып білдірді
Би мен батыр, бегіне.

Болған істі білдіріп,
Бұқарбай батыр толғаған,
Өткен істен қозғаған:

—Он адам шыққан аттанып

Жанқожаның аулынан.
Жайылып жатқан ауылдың
Малын қуған даладан.
Жалғыз барып Байқадам,

Тоғыз адамын өлтіріп,

жанқожа  батыр  туралы
Малын жаудан айырған.
Жалғыз нарды қуалап
Қаша берген бір адам.

Байқадам қуған артынан,
Жар тасалап, жасырынып,
Байқадамды атып өлтірген,
Айрылдық сөйтіп бауырдан.

Байқадамның кегін алуға
Аттанайық деп едік,
Аз болды адам табыннан.
Күшіміз келмейд әлімге,

Көмек сұрап келдім деп,
Бұқарбай ағаң шағынған:

—Табын мен шөмен қосылып,

Кек алайық әлімнен.
Бізсіз де өзің жау болып,
Келе жатқан елсің бұрыннан.
Тыншыңды алып Көтібар,

Еліңді шауып ұрынған.
«Көтібарды өлтір» деп,
Пара беріп Шөмекей,
Жылқышыға жалынған.

Көтібар өлді сонымен
Жылқысын баққан құлынан.
Арыстанды Шөмекей өлтірді.
Алты әлім соған аттанып,

Шөмекейің қырылған.
Көтібардың алты ұлы
Қыран құстай ұрынған.
Тыншың кетіп әлімнен,

Үш кетеге тығылған.
Шөмен мен кете қосылып,
Тілектес елсің бұрыннан.
«Алдырдың,—деп,—патшаға»,

Көшіп келіп Жанқожа,
Ағайынға өкпелеп,
Қызылда оңаша отырған.
Жанқожаны өлтіріп,

Кек алайық осыдан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кек бітпейді халықтан,
Айрылсын әлім батырдан.
Не келер дейсің қалған халықтан.
Сонда кегіміз бітеді,

Бұл сөзіме не дейсің,
Жиналған халық, отырған?!
Байқадам үшін Жанқожаны өлтірсек,
Кем емес басы басынан,—

Деп, Бұқарбай сөзін доғарған.
Ол Шөменнің елінен
Сауқым батыр сөйледі,
Көтеріп кеуіл, желденіп:

—Аттанайық әлімге,

Табын мен шөмен қосылып.
Айтқаның дұрыс, Бұқарбай,
Әлім, шөмен жау болып,
Арамыз жүр ғой ашылып.

Жанқожаны өлтірсек,
Көтерілген әлімнің
Қалар ед кеулі басылып.
Патшадан абырой аламыз,

Жанқожаны өлтірсек.
Қарсылық етіп патшаға,
Көшіп ед аулын қашырып.
Патшаның қырды әскерін,

Дариядан асырып.
Патшаға қарсы ұрысып,
Кетіп еді кеулін қалдырып.
Өлтіруге Жанқожаны

Түсіре алмайд қолына,
Неше қайта ұрысып.
Осыны айтып ер Сауқым:

—Жүрейік,—деді,—жосылып.

Алайық адам таңдаулы,
Қару-жарақ байланып,
Көп жүрмейік айналып.
Хабарланса көп әлім,

Қалар,—деді,—қамданып.

жанқожа  батыр  туралы
Сонан кейін кеңесіп,
Табын мен Шөмен бас қосып,
Жанқожаға аттанды.

Байқадамның баласы—
Ер Сейіл оны басқарды.
Түніменен жол жүріп,
Таң сарғайып біліне

Аулына келеді.
Арқандаулы Көкешкі ат
Оны көзі көреді.
«Жолымыз болды жолдан» деп,

Атты шешіп алады.
«Талапты Алла оңғарды» деп,
«Тостағандап» ұрандап,
Жанқожаны қамады.

Жау қолында ат қалып,
Талайы енді болмады.
Сауытын киіп үстіне,
Қылыш алып қолына,

Жаяу ұрыс салады.
Зауал ауа, бесінде
Жалығып батыр, шаршады.
Құбылаға қарап, бет алып,

Шарт жүгініп отырды.
Шаршағанын білгесін,
Табын мен шөмен құтырды.
Жанқожаға батып бара алмай,

Айнала қамап тұрыпты.
Салынбай қалған сауыттың
Өндіршектегі түймесін—
Соны Сауқым көріпті.

Көздеп атып сол жерден,
Жанқожа сонан өліпті.
Дәл жетпіс бес жасында
Жанқожаны өлтіріп,

Ол шөменнің Сауқымы,
Жаласы сонан болыпты.
Аулын шауып, малын қуып,
Табын менен шөменің

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Еліне қайтып кетіпті.
Жанқожаның өлген хабары
Алты әлімге жетіпті.
Қасына ерген қарашы

Жәкеңнің көнбей сөзіне,
Барымталап мал қуад,
Басын байлап өлімге.
Тоғызын түсірді Байқадам

Найзаменен шанышып,
Жібермей аман еліне.
Өз малын жесе, қайтеді,
Отырып тыныш үйінде!

Байқадамды өлтірді жазықсыз,
Малын алып көріне.
Өкінбеймін бұларға,
Жанқожа кетті кегіне.

Кіл жаманның кесірі
Бүлік салып кетті еліне.
Жанқожаны Сауқым өлтіріп,
Патшаға берген хабарын.

Патша сыйлық беріпті
Өлтіруге Жанқожаны
Таппай жүрген амалын.
Жалғыз шауып Жанқожа,

Патшаның бұзған қамалын.
Ер қорықпайд өлімнен.
Сауқым батырды өлтіріп,
Байқазақ берген сазайын.

Жанқожа кегін алуға,
Қорыққанынан патшадан,
Аттана алмай қалды алты әлім.
Патшаға қарсы адам ед—

Белгілі елге ол мәлім.
Кегін алды Жанқожаның,
Басын байлап өлімге,
Байқазақ—батыр қыраным.

Осыменен, мінеки,
Өлтіруге Сауқымды

жанқожа  батыр  туралы
Аттанып кетті Байқазақ,
Әлімнің айтып ұранын.
«Кек бітпейді халықтан»,—деп,

Төртқарадан аттанды Байқазақ.
Түрікпені назбедеу
Астына мініп арғымақ,
Қашқан жауды құтқармай,

Қаша қойса, құтылмақ.
Асынған қару бойына,
Найза, қылыш, ақ балдақ.
Ойындағы мақсаты—

Сауқым батырды өлтіріп,
Қан орнына қан алмақ.
Жанқожаны өлтіріп,
Алты әлімге салған дақ.

Ойына мұның жел бітті,
Сауқым батырмен айқасып,
Өзін-өзі сынамақ.
Он бес адам алып қасына,

Жылқысын қуды Сауқымның.
«Айыртаулап» ұрандап,
Сауқым қуды артынан,
Қара құстай қалбаңдап.

Аты жүйрік оның да,
Жетіп барды жалбаңдап.
Кедергі қылды Байқазақ,
«Жетсін» деп оған қарайлап.

Қасында қалды Садақбай,
О да өзі ой ойлап:
«Өлтірмес,—деп,—Сауқымды,
Жалына қойса, жағдайлап».

Таныс екен бұрында,
Ауылында жүрген «ағайлап».
Қасына жақын келгеннен,
Басына сауға сұрады,

Жағдайын айтып, ойбайлап.
Осыны айтып тұрғанда,
Садақбай салып найзаны,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Түсірді аттан құлатып.
Үстіне мінді Байқазақ,
Ер Сауқымды жылатып.
Сауқым сонда сөйледі:

—Астыңа басып отырсың,

Өлтіруге ниеттеніп.
Ойыңа алып жүр ме едің,
Жанқожа үшін кектеніп?
Төрт шөмен жетім қалады,

Мені өлтірсең, шерленіп.
Жанқожа кегін алуға
Жүр екенсің желденіп,
Ол—шектінің батыры.

Көтібар, Мыса қайда жүр,
Кегін алмай, шерленіп?!
Байқазақ сонда сөйледі:

—Іс қылмадың басында

Әуелден өзің ойланып,
Әлім, шөмен бір тудық.
Табынның арын арладың,
Шағым сөзге иланып.

Жетім қалды алты әлім,
Жанқожа үшін толғанып.
Шөменіңе аттанды,
Алты әлім түгел қозғалып.

Қорыққанынан патшадан
Қалып еді тоқталып.
Айырасың әлімді,
Өлімге келдің тақалып.

Жазықсыз елге тигеннен
Бола ма екен кек алып?
«Мен аулыңда жүргенде,
Әлімнің Жанқожасын өлтірдім» деп,

Сөз айттың талай мақтанып.
Соның бәрі ойымда
Жүретін еді дақ қалып.
Сен Жанқожадан артықпысың?—деп,

Қанжармен жіберді бір тартып.

жанқожа  батыр  туралы
Ер Сауқымды Байқазақ
Жанқожа үшін өлтіріп,
Қайтты елге кек алып.

Ол шөменнің Сауқымы
Өлтіргесін Жанқожаны,
Патшаға хабар береді.
Өлтіргесін дұшпанын,

Патша тәуір көреді.
Белгілі болып адамы,
Дандайсып елде жүр еді.
Патшаға сенген еріңді

Жанқожа үшін өлтіріп,
Байқазақ алған кегімді.
Байқазақтың бұл рет
Қабыл болды тілегі.

Өлтіргесін Сауқымды,
Шөмекейдің болысы
Патшаға хабар береді.
Хабарымен бұлардың

Патшадан адам келеді.
«Өлтірдің,—деп,—Сауқымды»,
Байқазақты ұстады.
Екі қолын байлады,

Патшаның солдаты
Алдына салып айдады.
Орынборға апарып,
Түрмесіне қамады,

Тексеріп жауап алады.
Қорықпайтын өлімнен
Артық туған ер еді,
Тайсалмай жауап береді.

Байқазақтың айтқан дерегі:
«Жанқожа артық ер еді,
Бұл замандағы ұл еді,
Алты әлімнің терегі.

Сол үшін Сауқымды өлтірдім,
Болса да саған керегі.
«Өлтірдім,—деп,—Жанқожаңды»,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бетіме айтып, мұқатып,
Табалап мені жүр еді.
Мақтанған өтті азары,
Дағдыры бітіп өлгенше,

Ажалы сонан, себебі:
Табынға сатылып өлтірді,
Емес ед оған жазалы.
Айтқанымнан қайтпаймын,

Келсе де Хақтың ажалы.
Тайынбай шынын айтқасын,
Әкімнің түсті назары.
Ерлігіне қызығып,

Босатып мұны жіберді,
Бермеді қорлық-азарды.
Елге келіп Байқазақ,
Өмір сүріп, тазарды.

Жанқожа кегін алғасын,
Әлімде батыр Байқазақ
Арға шейіт ер жігіт—
Қыран құстай мұзбалақ.

Мақтанғанмен қаншама,
Сұңқар болмайд жапалақ.
Айырсаң алтын-күмісті өлшеп гірге,
Тұрса да бақыр арзан басып салмақ.

Көрінед дегдарлының бір белгісі.
Қынындай ақ сүңгінің алтын балдақ,
Жатпайды қап түбінде кескір алмас,
Бек ауыз, қымбат мылтық күміс құндақ,

Тындасаң, осы айтылған асылдардан
Ұл туар бір адамнан осындай-ақ.
Шын жүйрік бәйгі алады қымсынбай-ақ,
Ер ісін айтып мен де, жасырмай-ақ.

Жырладым халық сөзін желі тартып,
Жазуға күні-түні жалықпай-ақ.
Жазушы—Сұлтан ұлы, атым—Қарман,
«Кім,—деген,—сөз егесі?» болса сұрақ.

жанқожа  батыр  туралы
Жанқожа осыменен аяқталды-ай,
Заманның ол күндегі бәрі сондай.
Осындай өтті заман неше қилы-ай,

Басылып жаугершілік, қанаушылық,
Бұл күнде заманымыз болды жайлы-ай.
Мызғымас халқымыз бір тілекте,
Айнымас бірлескен ел бір бағытта-ай.

Сөз жаздым біраз ойланып,
Ағызып кеуіл бұлақтан.
Онша жүйрік емеспін
Бәйгі алған байрақтан.

Жақайымда Нұртуған
Ұзан жүйрік, шабылған.
Арғы атасы—Еспембет,
Тіл өнерін ағызған.

Үзілмей келген із екен,
Сөз тапқан жүйрік қияннан.
Болмағанмен олардай,
Қалмай жүрміз біз дағы

«Аллалай» айтқан ұраннан.
Екі кітап жазып шығардым,
Өзім тауып ойымнан.
Бұрыннан қалған желі бар

Қара сөзбен айтылған.
Жылқыайдар, Сартай ер екен
Қалмаққа шауып кек алған.
Әйтеке әділ би екен

Теңдік алған дұшпаннан.
Сырым батыр байбақты
Дұшпанға атын ойнатқан.
Серке батыр табында

Қалмақты шауып шулатқан.
Жанқожаны жырладым
Патшаға қарсы оқ атқан—
Әлсіздерді жұбатқан,

Жауыздарды жылатқан.
Оқығандар, жадыңа ал,
Жақсылардың сөздері

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кетпесін ағып құлақтан.
Бұл сөзімді, мінеки,
Халқым тыңдап ұнатқан.
Еңбек еттім ерлерге,

Көремін тағы бағымнан.
Жақайымның Бердіңқұлы
Шыққан сөз Қарман шайырдан.
Берсем деймін баспаға,

Өткізіп сын-сынақтан.

Бұлбұл тілім бұлаң қағып жорғалап,
Шығар жарыққа, бүкпе өнерің қорғалап.
Оят ойдың көз еді бұлағын,
Тамылжысын таңдайдан сөз сорғалап.

Жүйрік қиял жүйткіп, орғып құлдырап,
Аспанға асып, бұлтқа мініп бұлдырап.
Жерді кезіп, көкті шолып шарықтай,
Сергі көңілім, жатпа тұнып тұнжырап.

Қанат қағып қаршығадай қалықтап,
Төңіректей дүние жүзін шарықтап.
Тарихтағы өткен-кеткенді ескере
Алды-артыңа салшы көзіңді анықтап.

Бұл жалғанға кімдер келіп кетпеген,
Неше толып, нелер болып өтпеген.
Дертіңе шипа әкім Лұхпан, Аплотон
Тапса дағы, ажалға айла етпеген.

Өлім рас өзекті жан құтылмас,
Мәңгі өмірге дүниені ешкім тұтынбас.
Өткен өмір, кеткен жандар шын болса,
Ұшар дәурен, кімнен артық біздің бас.

Олай болса қаламыңды қолға ал сен,
Толғанып ой, ішкі шерім қозғалсын.
Хат жүзінде қалдырып кет бір нұсқа,
Жойылмастай соңғыларға сөз қалсын.

Жанқожа батыр мен
Бабажан сарт
(Жөкей Шаңғытбайұлы нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Халық таниды озған жүйрік ақынды,
Ақындар бар сөзі балдан татымды.
Болмасаң да Жиреншедей шын шешен,
Таныт көпке, атап Жөке атыңды.

Етсең жолдас, еңбек тұзы татымды,
Ер жүрегі дұшманына батымды.
Ерлігімен елін жаудан қорғаған
Баяндашы Жанқожадай батырды.

Жанқожадай батырдың
Арғы атасы Әлім-ді.
Бергі атасы Шекті.
Ел басынан ертеде

Нелер ауыр іс өтті.
Кішкененің майданы,
Алпыс екі айлалы,
Аймағына пайдалы.

Кешегі Кене ханның тұсында
Жанқожа атты кісі өтті.
Заманында Жанқожа ер
Қадірлі болған халқына.

Таңырқатып талайды,
Жер жарылған даңқына.
Дұшманын қойдай үркітіп,
Тау сілкінген зарпына.

Жақынды, жатты айырмай,
Бірдей болған жалпыға.
Елін жауға бермеген,
Биікке қолын сермеген.

Қайраты симай қанаға
Әруағы өрлеген.
Талай дұшман торлаған,
Аламын деп зорлаған.

Қайратыменен сонда да
Жетім лағын алдырмай,
Жан-жағын жаудан қорғаған.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Әділдікті жақтаған,
Халқын қорғап сақтаған.
Белгілі дұшман болмаса,

Бекерге қылыш шаппаған.
Тар жерде талай ерлік қып,
Халқының тұзын ақтаған.
Алысқандарды ақсатқан,

Қасарғандарды қақсатқан.
Тентекті тиып телінің,
Теріс мінезін тастатқан.
Егескендер еңіреген,

Болмаған жауы жеңбеген.
Хан, төремен қарсы боп,
Айдауына көнбеген.
Хандар түгел қарсы боп,

Патшалық күш те жеңбеген.
Ауызына арам салмаған,
Жат пікір ойға алмаған.
Халық жауы қарысып,

Қартайғанша ешқандай
Қажымаған, талмаған.
Жанқожа қандай ер болды.
Ел қорғаны шер болды.

Асқар таудай айбынды.
Асусыз асқар бел болды.
Сол уақытта қоқаннан
Бабажан атты ер шықты,

Қайтпаған беті бір мықты.
Қайратына мас болып,
Әдет қылған ұрлықты.
Малын-мүлкін талап ап,

Талайға қылған зорлықты.
Ұрлық қылып, жол тосып,
Кісі өлтіріп, бас кесіп,
9-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Талайға берген қорлықты.
Екі-үш жүздей кісі ертіп,
Бір берік құзға орнықты.
Тұрақтай алмай онда да,

Шегініп шетке жылжыпты.
Хандардың түспей қолына,
Асырды қулық, сұмдықты.
Соңғы кезде сол қулар

Байланыс жасап хандармен,
Үдетед ұрлық, зорлықты.
Қоқанның бергі шетінен,
Сақараның байтақ бетінен

Жаңкент деген шаһәр алып,
Баспашылар, бандылар,
Бас қосып сонда жиылыпты.
Әбден бекіп алған соң,

Халқынан шыққан қасқырдай,
Көрінгенге килікті.
Әрі палуан, әрі бек,
Қадірлеп топ, силап көп.

Баспашыларды басқарып,
Бабажан алды билікті.
Бабажан қолды басқарды,
Баулыды өңшең мастарды.

Шекесінен қараған,
Мініс жорыққа жараған
Таңдап тауып мінгізді
Жылмиған небір жүйрікті.

Көрінгенге көз салып,
Бедеу атқа ер салып,
Көп найзаны қолға алып,
Ұрлық қылып ел торып,

Төңіректеп жер шолып,
Еңіретіп ел шауып,
Еңбексіз оңай мал тауып,
Шулатып қатын-баласын,

Қалдырмай жеке танасын,
Талайдың талап мал-мүлкін,
Ыңырсытты, ізғытты.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Бір күні Бабажан жарандарына «Арқада қазақ деген халық
бар көрінеді. Өнерге олақ, малға бай, оқымаған, надан, діні
шала, ауыздары ала халық көрінеді. Соған баралық, шамасын

байқап қаралық, малынан зекет алалық, ептеп жөнге салалық,
мата апарып саталық, дәм-тұзын таталық, аз затпен көп пұл
шығарып, қарық олжаға баталық, айналдырып қаралық,
айтқанға көнбесе, тас-талқан қып шабалық» деп жатқан

сияқты.
Бабажанның қазақ халқын суреттеп, сонда жарандарына
айтқаны:
Сақара байтақ далада,

Сарқырап аққан салада
Жүздеп, мыңдап мал жиған,
Шаруасын етіп шалжиған.
Қыс Қызылды қыстаған,

Жаз Арқаны жайлаған.
Жері байтақ, елі бай,
Малы құрттай қайнаған.
Қоралап қойды айдаған,

Желілеп нарды байлаған.
Дүмбірлеген ақ үйлер
Жасаумен іші жайнаған,
Көргеннің іші қайнаған.

Иен даланы жасырып,
Есепсіз жылқы қаптаған.
Аптада, айда бір көріп,
Ізіне түсіп бақпаған.

Жылқыны түзден жимаған,
Өріске малы симаған.
Құдайы қонақ кез келсе,
Құрметтеген сыйлаған.

Қонақ келсе қой сойған,
Бал сапырып, май құйған.
Бір кісіге еткен қызметке
Ел бөгеліп, жұрт тойған.

Жазы-қысы бір жүріп,
Жарлысы байға ілескен.
Қой, түйесін бес-оннан

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Үй басына үлескен.
Құлпырған құмайт, кең жазық,
Мақпалдай малдың өрісі.
Қамысты нулы қалыңда

Жолбарыс, аю, бөрісі.
Қымбат-ты қызыл алтайы
Тымағы түлкі терісі.
Өзенде балық, көлде құс,

Қырда қызықты егісі.
Шатырлатып байлаған
Тай шаптырым «желісі»,
Шетінен жомарт меймандос,

Берекелі ел іші.
Өзенді, көлді, жылғалы,
Кеппеген шық сөл ылғалы.
Таулы-тасты, шың-құзды,

Құланды, киік, құлжалы.
Көк орайлары жайраған,
Бөденесі сайраған.
Арқар, Марал, ақ киік

Асыр сап шыңында ойнаған.
Бағлан мырза байлары
Сары қымызды сапырып,
Сары қазыны шайнаған.

Терісаққанның бойында,
Алғырдың құба жонында.
Өнерге олақ, малға бай,
Төрт түлігі бірдей сай.

Ішкені қымыз, бал шарап,
Жегені семіз, ет пен май.
Әрі шәруа һәм момын,
Алдануы өте оңай,

Қазақ деген осындай.
Есті шаруа ел бар деп,
Арналары арқырап,
Айнадай беті жарқырап,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Тұс-тұсынан тоғылып,
Сай-саласы сарқырап,
Ел жиегін жайлаған.

Шегірткедей шексіз мал,
Өрістеп өзен бойлаған.
Шыңқыл қағып жыл құсы,
Шалпылдап шабағы ойнаған.

Көк құрағы жайқалған,
Күмістей суы шайқалған.
Қамыс пен қоғасы ырғалған,
Қу мен қазы ыңнған.

Көлемі жазық аймақ-ты,
Нелер шалқар көл бар деп.
Боз жусаны бүрленген,
Бетеге, бозы түрленген.

Балаусасы балбырап,
Тобылғысы гүлденген.
Он екі түрлі жоңышқа
Ақ сары, қызыл түрге енген.

Бұйрат-бұйрат бел бар деп,
Алыстан даңқын есітіп,
Асық боп соған ынтықты.
Мата апарып сатсам деп,

Қазақтың дәмін татсам деп.
Аз затпен көп пұл шығарып,
Қарық олжаға батсам деп,
Ойлады осы сұмдықты.

Осыны ойлап Бабажан,
Жинап алды жаранын.
Өзі тыю оңай ма,
Ашылған нәпсі аранын!

Көпшілікке сынатты,
Қалай деп бұл қарарым.
Мақұл десті көпшілік,
Қайырлы болсын талабың!

Көпшілік мақұл көрген соң,
Шығарды сайлап қырық жігіт.
Шақырып алып алдына,
Тапсырды қызмет, айтты үгіт.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жұмысымды тапсырған
Келтірер-ау деп орынға,
Келешегінен қып үміт.
Бабажан сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:
Ей, азамат ерлерім,
Айбынды арсылан, шерлерім!
Тапсырамын сіздерге,

Аралап көріп келуге
Арқаның байтақ жерлерін.
Сақараның сары белдерін,
Күркіреп аққан өзен мен

Көркем шалқар көлдерін.
Барсаңыз, байтақ сол жонда
Қазақ деген халық бар,
Білгенің бастап алып бар.

Бос барып жөні келмейді,
Баруда да парық бар.
Бұқардың бояқ, бөзі мен
Өрік-мейіз жаңғақты,

Қырық атанға артыңыз,
Қырға қарап тартыңыз.
Қазақтың барып еліне,
Аралап жүріп сатыңыз.

Асықпай әбден таныс боп,
Бірер айдай жатыңыз.
Сонан кейін қайта кеп,
Жер жағдайын, ел сырын

Көрген-білген айтыңыз.
Қол қусырып қырық жігіт,
Алдияр тақсыр құп деді.
Бөз бен бояқ, жеміске

Қырық атанды жүктеді.
Артып алып қырық жігіт,
Маңдайын қырға тіктеді.
Керуен көшіп жөнеді,

Ұзын жолға енеді.
Ерте көшіп, кеш қонып,
Көп жерлерді көреді.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Бірнеше биік белгілі,
Таңырқап талай төбені,
Не бір ұзақ жолды өтті,

Нелер жазық белді өтті,
Неше асу жерді өтті,
Неше жайқын көлді өтті,
Талай адыр шыңды өтті,

Талай шағыл құмды өтті,
Талай өзен суды өтті,
Талай қалың нуды өтті,
Асқар алып тауды өтті,

Қалың тоғай қауды өтті,
Үңірейген үңгір құзды өтті,
Жылмиған құла түзді өтті,
Құла тұз майдан шөлді өтті,

Жерленген тұрғын елді өтті,
Ай жарым жүріп арада,
Жер шегіне кеп жетті.
Керуен көшіп келеді,

Жерді, суды көреді.
Айдан апта асқанда,
Ел қарасына енеді.
Елді аралап саудагер,

Аз затын көпке береді.
Бес қары бөзді бойдаққа
Он қары бөз бен бояқты,
Құр тай семіз тайлаққа

Елтірі мен сеңсеңді,
Өрік-мейіз жаңғаққа
Алмастырып береді.
Бұл хабарды естіп,

Жиналып халық келеді.
Тоннан өзге көрмеген,
Шекпеннен басқа кимеген,
Аңқау қазақ алданып,

Аламыз деп қолданып,
Бұқардың бір бөз бен бояғын
Әлдеқандай көреді.
Үргеніш пен Бұқардан

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ізденіп барып алатын,
Бес-алты ай әуре болатын,
Ауылға мата келді деп,
Қуанып Құдай берді деп,

Жымыңдасып күледі.
Қымбатсынбай қызғындап,
Сұрағанын береді.
Дегені болып сарттардың,

Еркіндеп елді емеді.
Екі айдай елді аралап,
Көрмегенін көреді.
Айтқаны сарттың болады,

Алды малға толады,
Сатып пұлдап бар затын,
Кейін қарап бет алып,
Кентіне бармақ болады.

Аяңдай жүріп, ай көшіп,
Жаңкентке де жақындап,
Бір күні келіп қалады.
Алдынан шығып Бабажан,

Қарсы алды қырық жігітті.
Мадақтады, мақтады,
Палуаным деп ұмытты.
Көзі тойды көрген соң

Қыруар мал мен мүлікті.
Жарайсың деп, бектерім,
Ыриза боп қарық-қарық күліпті.
Көз түсіп, көңіл тойғандай,

Тізбектеген түйе мен
Жылқыға, қойға айдаған.
Өрелеген киіз бен
Елтірі, сеңсең тайлаған.

Дүниеге көзі тойған соң,
Төрелер, бектер бас қосып,
Бір мәжіліс еткелі,
Бағлан сойып балқытып,

Гайып құрып қолды серпкелі,
Осылай бір ой ойлаған.
Осыны ойлап Бабажан,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Таңдады қойды аралап.
Құнан қой, семіз ісектерді
Сойғызды ұстап саралап.

Палауды Майлап басқызып,
Дұрыстап етті асқызып,
Тартқызды табақ шаралап.
Арақ пен құйып бозасын,

Алың—әка—иұралап.
Көкшайын демдеп қашқарға,
Көк кесе көпті жағалап.
Қорқорны тартып аһ-үһ—деп,

Аузынан түтін додалап.
Кейбіреулері елітіп,
Құлап та жатыр домалап.
Әшулла айтып, ән шырқап,

Би билеп, қошық сабалап,
Ішті—жеді гайып құрды,
Аузына түскен гапты ұрды.
Тауса алмай бәрін салалап,

Мас болып құлап жатады,
Ұлы ұйқыға батады.
Ұзын түн жатып төсекте,
Ертеңгі таң атады.

Таң атқансын оянып,
Түні бойын бүлінген,
Шақ тұрды түске таянып.
Бабажан батыр бұдан соң,

Талпынды ойы тағы да.
Көтере алмай шіркін-ай,
Мас болып баста бағына.
Барғысы келіп енді өзі,

Керуеннің кешегі
Барып-келген жағына,
Сайлап-сайлап жүз жігіт,
Алады ертіп жанына.

Жүз түйені жүктеді,
Бояқ пен бөзге тағы да.
Өзі апарып сатқалы,
Қазақтың дәмін татқалы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шәриғат айтып жазылмай,
Елді ептеп тартқалы.
Өтірік айтып, молда боп,
Аңқау елдің арамза

Қатырып басын жатқалы.
Зекет алып малынан,
Пітір алып басынан,
Қарық олжаға батқалы.

Айтқанға егер көнбесе,
Тас-талқан қып шапқалы.
Әбізелдеп бір-бір бедеуді,
Атқа мініп жабыла,

Керекті сайман-құралды,
Әптиек пен Құранды
Ап жүрді салып қабына.
Қырға қарап бет алып,

Түсті керуен жолына.
Несібесі әзір өрлеп тұр,
Жұлдызы шығып оңына.
Жортса, жолы болып жүр,

Аңшыдай соққан соныға.
Қырға қарап қырындасып,
Керуен көшіп тартып келед.
Өрік, мейіз, бөз, баяқты,

Тайлап-тайлап артып келед.
Ауыр артып, жаяу тартып,
Бір қалыппен қолқып келед.
Небір-небір шағылдардан

Маймаңдап малтып келед,
Адырларды асып келед,
Тауды құзды басып келед.
Барған сарттар бажақ болып,

Көрген жермен көшіп келед,
Өзен соқса, өрлеп келед,
Көлдер соқса, көлбеп келед.
Кей жерлерде кере тартып,

Су таба алмай шөлдеп келед.
Құмдар соқса қоңырымен,
Тоғай соқса, өңірімен,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Жарға соқса, жағаласып,
Тартып жердің жеңілімен,
Сылқылдаған бұлақтарды,

Судырлаған құрақтарды.
Құмға біткен құмаршақ пен
Ызыңдаған қияқтарды.
Итсигекті шұбарлады,

Сексеуілді томарларды,
Ойдым-ойдым тепсеңдер мен
Қыдыра жал қыраңдарды.
Қамыс шыққан қалыңдар мен

Қоға шыққан қопаларды,
Түзге шыққан, түзген жыңғыл,
Үй орнындай бұталарды.
Талай шошақ шоқылар мен

Биік-биік жоталарды.
Тарбаңдаған тарғыл шұбар
Тастағандай бақаларды.
Талайларын көріп келед,

Жерден жуа теріп келед.
Құмнан қоян, шыңнан түлкі,
Қойдан бетер өріп келед.
Талай жерден өтті керуен,

Ұзақ сапар шекті керуен.
Ай жарымда әрең келіп,
Жер шегіне жетті керуен.
Ел қарасын көргеннен соң,

Ерулелік депті керуен.
Ал Бабажан ашты мәжіліс,
Тапсырады түрлі жұмыс.
Үйретіп сан үгіттерін.

Әр түрлі үгіт айта келіп,
Қырық кісіні алды бөліп.
Құран кітап қоржынға сап,
Мұтанылар молда болып,

Алпыс кісі керуенші боп,
Қалың елге кетеді еніп.
Ете берді саудаларын,
Пұлын алып, затын беріп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Баянды, байтақ елді,
Үріп ішіп, шайқап төгіп.
Сүліктей сорып момын елді,
Қарны шықты қанға бөгіп.

Сұрағанын берісіпті ел,
Не тілесе, соған көніп.
Саудагерлер батты олжаға,
Жұлдызды оңып жолды болып.

Сатса қымбат, алса арзан,
Мұралдады еркін еміп.
Ендігі сөз қырық молдадан,
Көрелікші кейін келіп.

Бағанағы қырық молда,
Бұлар бөлек шығып жолға,
Балтырына сәлде салып,
Кітап құран алып қолға.

Ішінде бұл қырық кісінің
Бар-ды батыр Бабажан да.
Түрлі өсиет берді сөйлеп,
Бағыттарын қойып жолға.

Қырық кісіні төртке бөлед,
Қалың елге бұлар енед.
Сол бөлінген қалыбыменен
Бір ауылға жетіп келед.

Мұны көріп азаматтар,
Қарсы шығып сәлем беред.
Жолаушы ма, жорықшы ма,
Түсі суық, жүрісі бөлек.

Керуен деуге жүгі жоқ қой,
Қоржыннан өзге түгі жоқ қой.
Қандай жандар, қайдан келед,
Мінгендері арғымақ ат,

Шекесінен қараған.
Бәйгі атындай күйттеп, күйлеп,
Жал-құйрығын тараған.
Кигендері көк мелде өңкей,

Басына сәлде ораған.
Көзін жұмып көлгірсіп,
Тұнжырап төмен қараған.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Қоржындары қомпиысқан,
Жаурындары томпиысқан,
Бұлар нендей аламан,

Деп таңырқап азаматтар,
Соқтыра алмай тұр шамадан.
Таңырқағанын көрген соң,
«Миманбыз»,—деді Бабажан.

«Мейман болсаң, түсіңіз»—деп,
Құрметтеп алдын ораған.
Мейман болып жатты бұлар,
Бұйырғанын татты бұлар,

Бағлан сойып алдарына,
Табақтап ет тартты бұлар.
Қымыз құйып шарасымен,
Құрметтеді бақты бұлар.

Қымыз ішіп, қызара бөртіп,
Терлеп су боп ақты бұлар.
Маңыз атып майлы етке,
Тойып түнде жатты бұлар.

Көкжиектен көтеріліп,
Сарғайып Сәуле атты таң.
Шырылдап ұшып бозторғай,
Күй-күйлеп, көкте шырқады ән.

Шаңқыл қағып жыл құсы,
Тоғайға кірді шаттық сән.
Өріске қарап өрекшіп,
Мал қозғалды қотаннан.

Оянысып үлкендер,
Шаруасына қылды қам.
Төсектен тұрып мырзалар,
Аяғын басты маң-маң.

Түндік ашып әйелдер,
От тамызған, мал сауған.
Әлдилесіп кемпір-шал,
Балларды жылап оянған.

Алатаңмен аралас
Бектер де тұрып дәрет ап,
Айқайлады айтты азан.
Ауыл адамы оянып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Таңырқады, қалды аң-таң.
Шақырады,—деп,—бұл кімді?
Қарай қалды халық бұған.
Өлең де емес, жыр да емес,

Құлқын сәріден қылқыңдап,
Бұл не ырым, бұл не заң?!
Әркімдер десіп бұл несі,
Намазды тұрды көріп таң.

Ораза-намаз дегенді
Естігені болмаса,
Көрмеген бұл ел бұрыннан,
Мұсылманбыз,—деп жүрсе де.

Ішінен тәуір көрсе де,
Бос жүруші еді бұл елдер,
Зекет, ораза, намаздан.
Намаздан кейін ал бектер

Кеңеске бетін бұрады.
Ауыл адамын жинап ап,
Әңгіме-дүкен құрады.
Қырық парызды бұл топта,

«Кім біледі?»—деп сұрады.
Қапелімде кім білсін,
Халық бөгеліп тұрады.
Жауап берер жан жоғын,

Әбден сезді сынады.
Бектер сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Мұсылман десек бұл елді,

Ауыздары ала екен,
Жері байтақ дала екен.
Қырық парызды білмеген,
Дін әмірін ешқандай

Құлағына ілмеген,
Діні жарты шала екен.
Не ораза, не намаз
Оқып және көрмеген,

Үсір, зекет бермеген,
Жинағаны арам мал екен.
Ашылмаған бұл жөнде,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Мәселе үлкен бар екен.
Бағытын жөнге салмасақ,
Малынан зекет алмасақ,

Пиғылы елдің тар екен.
Дін исламның әмірі—
Мұсылманға қырық парыз
Өтемесе, ол қарыз.

Ораза, намаз, зекет, қаж,
Жағдай айтып ол үшін,
Тыңдалмайды еш арыз.
Иман, намаз, оразаны,

Үйрететін молда бар,
[Кітап құран ол да бар].
Зекеттейміз әуелі,
Мәселе үлкен мал да бар.

Айтқанға халық көнесің,
Иманға кәміл сенесің.
Ханның әмірін тәрік етпей,
Малыңнан зекет бересің.

Егер зекет бермесең,
Малыңнан зекет бермесең,
Кәпір болып өлесің.
Таңда мақшар күнінде

Тәңірге есеп бересің.
Жыландары арсылдап,
Шаяндары қарсылдап,
Жалыны ұшып жарқылдап,

Сулар қайнап сарқылдап,
Алдыңда тосып тозақ тұр.
Адам ұлы көрмеген
Небір ауыр азап тұр.

Асықпасаң, көресің,
От күйдіріп тәніңді,
Заһар улап жаныңды,
Ауыр азап шегесің.

Айтқанға көніп дін тұтсаң,
Дәл бейішке енесің.
Пырақты таңдап мінесің,
Қамқаны қалап киесің,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Салтанат құрып сайрандап,
Үр қыздарын сүйесің.
Осылай деп ұйытып,
Сөзге шебер құрғырлар

Жүйткітті сөздің жүйесін.
Осы сөзді айтты да,
Бұйрық қылды Бабажан:
Жұрт жиналып келсін, деп,

Халыққа жарлық таратып.
Малынан зекет берсін,—деп,
Ханның әмірін тәрік етпей,
Бұйрығыма көнсін,—деп.

Төрт түлігін есептеп,
Мал басына бөлсін!—деп.
Қырық қойға бір бойдақ,
Бес түйеге бір бойдақ,

Жиырма бас қой төлесін.
Біреуде болса жүз мойнақ,
Көрінгенге күйлегіш,
Кісі сөзін сөйлегіш,

Кез келгенге итаршы,
Құны—орамал бір шаршы.
Бөрік ал десе, бас алған,
Болмашыға қасарған,

Еліктіріп небір дорақты,
Болатқа салып болатты,
Көлденең сөзге ермелі,
Ақылы келте шолақты

Бауырына тартты ыңғайлап.
Маңызсыздарды мазақ қып,
Алдына салып бажақ қып.
Елден зекет жинауға,

Көнбегендерді қинауға,
Қорқақтарды бірнеше
Шығарып қойды сарт сайлап.
Желіп жүріп жағалай,

Елден зекет жинады.
Халықтан түскен түсімді
Қорына сарттың құйғалы.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Жинала келе көбейіп,
Қой қораға симады.
Көбейген сайын құнығып,

Сұм нәпсісін тимады.
Онымен қоймай тағы да,
Қой соңында келе атқан
Жорға тоқтыны ұста деп,

Қисынсыз кейде қинады.
Оған да көнді ел ғарып,
Наразы болып сонда да,
Айта алмады бір қарып.

Қосымша көбейді,
«Құшақ зекет» дегенді
Тағы үстіне шығарып,
Құлқыншыл құрдым сарттардың

Араны күн-күн ашылып,
Алды малға толады,
Тілегені болады.
Толғанының белгісі,

Жүзден артып, мың тартып,
Күндегісін күнде артып,
Ауыл боп аулақ қонады.
Азан айтып әндетіп,

Отау тігіп сәндетіп,
Ертеңді—кеш шуласып,
Ерігіп зең салады.
Елді аралап сауда еткен

Саудагерлерін кешегі,
Оны да қосып алады.
Бойы үйреніп алған соң,
Елмен таныс болған соң,

Арқыраған айғыр сарт
Қыздарға да әуес болады.
Қызды көрсе, қызаңдап,
Жанады да күйеді.

Шақырып алып, алдына
Өрік, мейізді үйеді.
Онымен қоймай тағы да,
Етек-жеңін зерлеген

10-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шайкөйлек, жібек, орамал
Алдыңа салып алың дейд.
Садағасы кетейін,
Қайсысын кеуілің сүйеді.

Жағалай жүріп шетінен,
Бір сүйгіз деп бетіңнен,
Қаралай тұрып қалшылдап,
Исініп босап иеді.

Дүниесі құрғыр тұщы ғой,
Алсаң ал деп анасы,
Көйлекті көңілі сүйеді.
Бір жолы алмай кетсе де,

Екінші де алып киеді.
Қыздарменен жанасып,
Бектердің де қолына
Қалағаны тиеді.

Мұны біліп жігіттер,
Іштері оттай күйеді.
Ыза болып қыздарға,
Сырқырайды сүйегі.

Намыстанып арланып,
Жиналады боз бала,
Жиналған соң кеңесіп,
Ақылдасад аз ғана.

Бектердің ісін кектеніп,
Негізінен сектеніп,
Жалындаған жас жүрек
Қобалжиды қозғала.

Бұзылды ғой деп ел ниеті,
Сарттардың жаман келбеті.
Азары мұның өтті-ау деп,
Шыбжық боп қызды қызғана.

Зекетің деп малды алып,
Пітірің деп пұлды алып,
Онымен қоймай тағы да,
Қойнына қыз салып,

Көрмегенді көрдік-ау,
Сақалды қолдан бердік-ау.
Бұл қылығын қоймаса,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Малға қосып бір күні,
Кететін шығар қызды ала.
Бүйте берсе, елді алар,

Елді алған соң не қалар.
Қызды қойып бір күні,
Қатынымызға қол салар.
Іш қорқатын ісі бар,

Сұрғылт суық түсі бар.
Атқа мініп ап десіп,
Ел де шабар күші бар.
Бұл азарды көргенше,

Мал-дүниені елентіп,
Қызды қоса бергенше,
Бір тіршілік етелік.
Азған-тозған, адасқан

Бұл елде тұрып нетелік.
Ең болмаса бас қам қып,
Қашып, көшіп кетелік.
Молда емес бұлар алдаушы,

Халықты сорып қармаушы.
Абройын төгіп әр жерде,
Елді, жұртты қорлаушы.
Адастырып ақ жолдан,

Қыз-қатынын зорлаушы,
Десті дағы жігіттер,
Ойланды көше қашуға.
Түйе қамдап, түнде үркіп,

Алабелден асуға.
Бөліне көшті ел жарлы,
Азы көпке қосыла.
Ел жапсары төгіліп,

Жылқысын айдап қашыра.
Ақ киіктей жөңкіліп,
Жөнелді үркіп асыға.
Екі-үш бөлек ел қалды,

Қарайлап бектер қасында.
Ертеңінде сарттар да,
Ел ақуалын естіді.
Ел құлағы елу ғой,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Хабарланбай қойсын ба!
Естіген соң Бабажан,
Өзі батыр шабаған,
Шамырқанды, шамданды,

Арсылдап иттей қабаған.
Айқай салды сарттарға,
Атқа мін деп аламан.
Бірің қалмай атлан,—деп,

Қашқанның үстін қаплаң деп,
Діннен қашқан кәпір деп,
Қарсы боп бара жатыр деп.
Екінші болсын есінде,

Бармақларыңды батыр деп.
Бастарын кесіп бедбахның,
Малын талау мақұл деп.
Ашу қысып арсылдап,

Азу тісі қаршылдап,
Арғымақтары арқырап,
Тау суындай сарқырап,
[Өз-өзінен булығып],

Даусы жаман барқырап,
Сарттар шапты сартылдап,
Белінде қылыш жарқылдап,
Қайтпаған беті немелер

Қаны бұзылып қарқындап,
Көшкен елдің соңынан
Көтеріле қуып кетеді.
Ұмтылған жау қойсын ба,

Ұзатпай қуып жетеді.
Жеткен жерде еңселеп,
Елді әбігер етеді,
Бірін қоймай табады,

Кез келгенін сабады.
Қарсы келген кісіні
Қылышпенен шабады.
Елді шауып, бар малды

Айдап жөнге салады.
Малға қоса мүлкімен,
Қыздарын да алады.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Жылқысын алды дулатып,
Қатыны мен баласын
Ызғытып қойдай шулатып.

Қой, түйесін қоймай ап,
Босағасын қуратып.
Қарсы келген қазақты
Найзаменен түйреді.

Талайын тайдай тулатып,
Малын қоймай алады,
Мүлкін қоймай талады.
Ыңырсытып бар малды,

Айдап жөнге салады.
Дүние малдан айрылып,
Ел шабылып қалады.
Қой, түйені қаралап,

Келген жөнді жобалап,
Дуылдатып жылқыны,
Жайнатып жасау мүлкіні,
Ыңырсытып малды айдап,

Арғымағын шаужайлап,
Бабажан кетіп барады.
Сол бетімен кідірмей,
Жаңкентке келіп қалады.

Ел шауып қырдан қайтқан соң,
Олжа, малға қарық қылып,
Бір жылдай елді байтқан соң,
Бабажандай батырдың

Даңқы кетті жер жарып.
Ат шаптырып, той қылды,
Қосақтап қойды шығарып.
Еңбекпен тапқан мал емес,

Тоны тозып, аты арып.
Аясынба олжаны,
Жортса, жолы болып жүр,
Жұлдызды бектер оңалып.

Малдан-мүліктен айрылып,
Жаншіліп қалған ел ғарып.
Бірқатар ел қалды аман,
Жау жолынан бұлтарып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Дәндеп жүрген немелер
Қырды қырып, ойды алып.
Еркелесе, ел шауып,
Еңбексіз оңай мал тауып.

Қайта ойласып бұзықтар,
Және шықты келер жыл,
Сырдың бойын оралып.
Бармаған бұрын соны елге,

Барғысы келіп соны алып.
Шектілерге келді де,
Жатып алды қамалып.
Зекеттің түрі көбейді,

Үсті-үстіне жамалып.
Халықты қанап салық сап,
Сүліктей сорды қадалып.
Аңқау елді арамза

Басынып сарттың бектері.
Сыртты айналып сырды алып,
Бұзылды күн-күн ниеттері.
Дәнігіп оңай олжаға,

Әурелеп елді шеткері.
Жылмиып елге жыл-жыл кеп,
Зекеттеу болды гептері.
Үйрене келе үйір боп,

Абыройын елдің төккелі.
Қойныма қыз сал дегенді,
Шығарады төрелер
Шымырламай-ақ беттері.

Әуелде үрке қашса да,
Көрген сайын көндігіп,
Үйренед елдің еттері.
Жағалай елді зекеттеп,

Жаз-қысы жайлап кетпеді.
Бұл ауылдарды кім десең,
Алты аталы кішкене,
Сыр бойындағы шекті еді.

Жанқожа батыр сол күнде
Ағайынға боп өкпелі,
Ермеген соң соңына ел,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Жүргісі келді шеткері.
Төртқарада Еділбай,
Он екі ұлды Қосыке

Жанқожаның қайны еді.
Азаматты айбатты,
Аты, тоны сайлы еді.
Қоқанның ісін кектеніп,

Негізінен сектеніп,
Қылуасын елдің жек көріп,
Қайтсем деп батыр ойлы еді.
Жанқожаның ағасы

Ақмырза атты ер еді.
Дұшманы аңдай үріккен
Азулы көкжал бөрі еді.
Елді алып қоқан жатса да,

Қынадай қырып зекеттеп,
Басқаға тісі батса да,
Ақмырзадай батырдың
Маңына кім келеді.

Хан да болса қайыспайд,
Өзіне-өзі сенеді.
Алпыстан асып сол күнде,
Қайраты қайтып бұрынғы,

Үлкейіп келген кезі еді.
Бір күні келіп Жанқожа,
Ақаңа сәлем береді.
Ағасымен ойласып,

Ойға алғанын тереді.
Жанқожа сонда бүй деді:

—Қалай болды-ау, Ақа,

Елді кеп Қоқан жайлады.
Мал басынан ерік кетіп,
Елдің соры қайнады.
Құлқы бұзық құрдым сарт,

Құлқыны мұның тоймады.
Елді, жұртты басынып,
Қыз-қатынын қоймады.
Бармағын қоқан батырды,

Әр жерде бір дау әурелеп,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Халықтың басын қатырды.
Қыз-қатынын меңгеріп,
Елді ез қып басынды.
Үміт еткен мырзаның

Тамаққа көбі сатылды.
Елден үздім күдерді,
Шықпады жігіт жігерлі.
Ел соңыма ермеді,

Көпшілік көмек бермеді.
Елдігімізден ұят деп,
Ешкім намыс көрмеді.
Қалай болды-ау, Ақа,

Сізге бұл салған кеңесім,
Қандай ақыл бересің?
Байқаған да боларсың,
Құлқыншыл мынау сарттардың

Ниетінің түзу емесін.
Бұл елден көңілім қалған соң,
Көшкім келед қайныма,
Мұнымды қалай көресің?

Ақмырза сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Иә, Жанқожа, сұр берен,

Бұл ойыңды жөн дер ем.
Арқасы қызбас айқайға,
Естіместей ел керең.
Алпыстан жасым асқанда

Ақмырза қашты дегенді
Атағыма ар көрем.
Не де болса тәуекел,
Қартайғанда қаңғалап,

Қайда барып, қайда өлем.
Талабыңды қайырман,
Барғың келсе, бар төрем!
Ақмырза бұлай деген соң,

Көшуге белді байлады.
Іргесі бүтін үлтанды ел,
Төртқараға қырдағы
Барайын деп ойлады.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Атан қомдап, ат ерлеп,
Аспаптарын сайлады.
Көшіп келіп қайнына,

Қосыкедей шонжармен
Қосылып бірге жайлады.
Жата берсін Жаңқожа,
Жалғыз ауыл көшіп кеп,

Іс қала ма білінбей,
Ел құлағы естімек.
Жанқожа кетті деген соң,
Қалған елге кәр қылып,

Бабажан болды өшікбек.
Бар ма деп тума жақыны,
Тергеді сұрап ежіктеп.
Ағасы деп Ақмырза,

Айтып салды бір жаман.
Ақымақты адам демеңіз,
Ауызында сөзі тұрмаған.
Естіген соң Бабажан,

Ниетке мінді тым жаман.
Ақмырзаны айдап әкел деп,
Елді қысып қырлаған.
Ел қысылды зәрінен,

Ханның күшті кәрінен.
Өлтірді-ау деп батырды,
Қалмады зәре бәрінен.
Бабажан тағы ақырды,

Мая нардай бақырды.
Тез жинал деп әмір қып,
Уәзірлерді шақырды.
Бұйрық берді тығыздап,

Айдап кел деп алдыма,
Ақмырзадай батырды.
Өлтіремін деп суға атып,
Жанқожамен бір туған,

Діні бұзық кәпірді.
Сайланып шығып алты уәзір,
Жарлығын ханның алады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сауыт-сайман асынып,
Ат басын жолға салады.
Ұлы сәске болғанда
Ақмырзадай батырдың

Ауылын келе қамады.
Қыр көрсетіп ауылға,
Кез келгенді сабады.
«Ақмырза қайда, шықсын!»—деп,

Тықсыртып лаң салады.
Көлеңкеде Ақмырза
Жатыр еді саялап.
Даусын естіп бұлардың,

Ұйқыдан батыр оянад.
«Айқайлаған бұл кім?»—деп,
Уәзірлердің алдынан
Ақаң да шықты аяңдап.

Оны көріп уәзірлер,
Әбжыландай ысқырды.
Бәдбақны ұша—тұтың деп,1
Жан-жағын қамап тықсырды.

Аламын деп басыңды,
Қылыш суырып қышқырды.
Ортаға алып омыраулап,
Өкшесін атқа бастырды.

Ашуы келіп Ақаңның,
Таяқпен атын басқа ұрды.
Қамағандай қалың ит
Жалғыз көкжал қасқырды.

Ақ таяқпен айқасып,
Күш сынасып байқасып,
Сайланған алты аттыны
Жалғыз жаяу састырды.

Таяққа жағып үшеуін,
Атын алды аударып,
Қызыл қанға бояды,
Көз шығарып, бас жарып.

Танығасын сыңайын,
Қалағаны қашты тайсалып.
1 Өзбекше—Бетбақты ұста деген мағынада.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Ханға барды қашқандар,
Таяқ жеп шалдан сасқандар.
Қоңынан бөрі тартқандай,

Ай мүйізді қошқарлар.
Сүйкенем деп батырға,
Әкәсін сөйтіп таныпты2
Құйрығын жылан басқандар.

Бабажан мұны көргесін,
Не болған депті бұларға:

—Қан сорғалап басыңнан,

Бала емессің жыларға!
Аттанып барған алты уәзір
Алпыстағы бір шалды
Алдына салып пенде қып,

Айдап келмес болар ма?!
Әлдерің келмей бір шалға,
Таяқ жеп қайттық дегенге
Жанды кісі нанар ма?!

Хандық құрып кәр қылды,
Қырық жігіт атқа мінің—деп,
Ақмырзаны ұстап байлап ап,
Баданын парша қылың деп.

Қолын байлап артына,
Сақалын талдап жұлың деп.
Жаяу айдап бәдбақның,
Табан етін тілің деп.

Ала алмай келсең осыдан,
Бәріңді де қырамын,
Бұл айтқанды білің деп.
Атқа мінді уәзір қырық,

Қылыштарын байланып.
Ауылына келіп Ақаңның,
Қамап алды айланып.
Қамағанын көрген соң,

Жата алмады Ақаң жайланып.
Қарсы шықты бұларға,
Көк найзаны қолға алып.
2 Әкәсін—(өз) ағасын деген мағынаны білдіреді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Оны көріп уәзірлер,
Ортаға алды ұйлығып,
Жан-жағынан батырдың
Киіп кетті килігіп.

Айқайын салып Ақмырза,
Найзаны көкке сермеді,
Ашу қысты кернеді.
Арпалысып жауменен,

Алқынып батыр терледі.
Еркін жаяу болған соң,
Көпке күші келмеді.
Жаяу да болса қарт бабаң,

Намысты оңай бермеді.
Елден көмек көре алмай,
Шегірткедей шектіден,
Ешкім жәрдем бере алмай,

Жалғыздық түсіп еңіреді.
Көк найзаны көлбетіп,
Оңды-солды сермеді.
Талайлары қансырап,

Болыңқырады өлгені.
Қырық жерден қылыш тиіп,
Жарақаттан меңдеді.
Ақыры жеңді көпшілік,

Қолға түсті көнді енді.
Ұстап алып батырдың,
Артына қолын байлады.
Барамыз деп ханға алып,

Еңселеп жаяу айдады.
Қорлығын көріп сарттардың,
Есіне түсіп Жанқожа,
Бармағын кесе шайнады.

Алмап едім тіліңді,
Әй, Жанқожа баурым.
Сен едің үлкен сүйеніш,
Қажымас қалың саурың.

Жалғыздық түсіп басыма,
Ұшты ғой бүгін дәурім.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Алпыстан жасым асқанда,
Арқалатса амал не,
Бейнеттің Тәңірі ауырын.

Қайдасың жаным, Жанқожа?
Жалғыз ағаң Ақмырза
Айдауда барад баурың.
Жау жағадан алғанда

Жан көрінбей көзіме,
Қолға түстім қорғалап.
Сақалым қанға боялды,
Бетімнен қаным сорғалап.

Екі иінімнен дем алып,
Ентігіп жаяу күйді ішім,
Сыртыма қолым байланып,
Сарттардың жедім түйгісін.

Жалғыз ағаң Ақмырза
Жау қолында барады,
Жанқожа көрмей жүрмісің?!
Алдына салып жендеттер,

Бабажанның алдына
Алып барды айдасып,
Артына қолын байласып.
Кез келгені шабақтап,

Найзаларын қандасып.
Оны көріп төрелер,
Алдынан шықты аңдасып.
«Бәдбақның басын кесің» деп,

Шауқылдасып, шуласып.
Мойнына тас байлап,
Атпақ болды дәрияға.
Әрі-бері ойласып,

Қол-аяғын буды да,
Арқан тақты мойнына,
Тас толтырып қойнына,
Апарып суға атады.

Тастың басып салмағы,
Шымырлап суға батады.
Сүрікті күні толған соң,
Әмірі ақтың болған соң,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Баурына басып көк иірім,
Көлбепте батыр жатады,
Тұздығын өлім татады.
Көрген адам түңіліп,

Көкірегі көптің мұздады.
Ақмырзаның арына
Намыс қып ешкім қызбады.
Аштырмастай жанға ауыз,

Айдаһардай жалмауыз.
Өтіп қалған ызғары,
Жұрт түңілді жер шұқып.
Боламыз деп осындай,

Бектер сезсе біз тағы.
Үні шықпай жалғыздың,
Ақмырза кетті арманда.
Болар ма еді осындай,

Жанқожа елде болғанда.
Жанашырсыз жалғыздың
Келгені түссін жалғанға.
Қайдасың,—деп,—Жанқожа?

Айқайлады үш рет.
Тас байлап суға салғанда,
Жанқожалап Ақмырза
Жылай да жылай кетеді.

Таланға түскен іс болса,
Тақтирге не лаж етеді.
Айлар асып бірнеше,
Арада көп күн өтеді.

Ақмырзаны өлтіріп,
Істі орынға келтіріп,
Мудәсі сарттың бітеді.
Үкімін елге жүргізіп,

Қазаққа хандық етеді.
Шығарып түрлі зекетті,
Елді жүндей түтеді.
«Құшақ зекет» дегенді,

Көбірек бектер қолданып,
Оңай олжа етеді.
Салық салып мойнына,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Қыз салғызып қойнына,
Елден де маза кетеді.
Күндерден күн өткенде,

Ақмырза өлді деген сөз
Жанқожадай батырдың
Құлағына да жетеді.
Жанқожа батыр мұны естіп,

Қазандай іші қайнады,
Түлкідей көз жайнады,
Қайтемін деп ойлады,
Ой түбіне бойлады.

Ел шабылып, мал кетіп,
Ер сүрініп, ар кетіп,
Қоқан алып ел шетін,
Топан алып жер бетін,

Ықтиярсыз мал басы
Сарттардың болып олжасы,
Жұрт жүдеді деген соң,
Бабажаннан ажырды

Алайын деп ойлады,
Ой түбіне байлады.
Ызаланып, кектеніп,
Кәрленіп қаны қайнады.

«Төбесінде төрт бүркіт»,
Шиыршық атып ойнады.
Шамырқанды, шамданды,
Қаруланды, қамданды.

Әруағын батырдың
Көрген адам таң қалды.
Ақмоншаққа ер салды,
Ақ найзаны қолға алды.

Бірер жүздей қол алды
Жанқожа батыр қолбасы,
Өңкей көкжал жолдасы.
Шашақты найза ту алып,

Бір жеңнен қол шығарып,
Атқа мініп ауыр қол,
Жаңкентке қарап қозғалды.
Жер қайысқан қалың қол,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тәуекел етіп жүрді жол.
Әруақтарға сиынып,
Шер арсылан деп жар бол,
Бастады қолды Жанқожа ер.

Көпті көрген кемеңгер,
Дін мұсылман тарықса,
Демей гөр деп Әлішер,
Тәуекелге бел байлап,

Талпыныңыз, жігіттер,
Ер басына қой айтып,
Садақаны сауда бер.
Жауға жәбір кетті ғой,

Жүр, жігіттер, жүре гөр!
Қалың қол қаптай жортқанда
Солқылдады қара жер.
Бірнеше асу жерді асып,

Өткізді бастан көп күндер.
Неше жазық белді өтті,
Нелер асу шөлді өтті,
Зеңгір алып тауды өтті,

Қалың тоғай қауды өтті,
Үңгірейген үңгір құзды өтті,
Жылмиған құла түзді өтті,
Көк ирім өзен, суды өтті,

Қамысты қалың нуды өтті,
Көшпелі шағыл құмды өтті,
Ақ ирек борбас шыңды өтті,
Еркекті құмайт жерді өтті,

Қоғалы қара көлді өтті,
Бөлек-бөлек елді өтті,
Қиғаш-қиғаш жолды өтті,
Жылға-жылға сайды өтті,

Ылди-ылди ойды өтті,
Батпақты балқаш миды өтті,
Қияқты сортап шиды өтті,
Қона түссе қол жүріп,

Айға жуық жол жүріп,
Жаңкентке жақын кеп жетті.
Қол түнеді жуық кеп,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Жауды артынан қуып кеп.
Жетелік деп асығып,
Жедел жүріп суыт кеп.

Ер Жәкең енді жатпады,
Ішсе тамақ батпады.
Айғайының ары үшін,
Қарындастың қамы үшін,

Әсіресе бір туған
Ақмырзаның қаны үшін
Қайғырып, дамыл таппады.
Жылдай болып күзгі түн,

Сарғайып таң атпады.
Алып ұшып жүрегі
Жаңкентті барып шапқалы.
Түнеген қолды тұрғызып,

Таңмен бірге аттанды.
«Аллалап» ұран шақырып,
Қалың қол қаптай шапқалы.
Жанқожаның «қызылжел»

Қаланың үстін қаптады.
Оны көріп Бабажан,
Мергенді жолға төккізді
Жанқожаны атқалы.

Соққан желдің күшімен
Білтелі мылтық өтпеді.
Әруақтар жар болып,
Батырды Құдай сақтады.

Алдырмастай берік болып,
Қаланың соққан қамалы.
Күн ілгері күтініп
Қоқанның құрған амалы.

Еркіндеп ішке ене алмай,
Қаптай шапқан қалың қол
Қамалға соғып, тоқтады.
Айналасы шаһардың

Терең ғып қазан ор екен,
Ордың беті тор екен.
Іш жағы биік дуал,
Бекінісі тым зор екен.

2-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Түйелеп томар үйгізген,
Шетіне шырпы тигізген,
Ордың сырты жанған от,
Айласы қылған мол екен.

Кіріп те шығар ауызы
Жалғыз аяқ жол екен.
Ауызға төккен ауыр күш,
Сансыған сары қол екен.

Ал бұл қолды сұрасаң,
Бабажан бек бастаған
Райым ханның әскері,
Атақты сарбаз сол екен.

Амалына қамалы
Сай болғасын сарттардың,
Мұнан бұрын еш жерде,
Алдырып көрген жоқ екен.

Мылтықтарын оқтасып,
Найзаларын шоқтасып,
Аттанысып қазақ келер деп,
Күтініп күтіп тұр екен.

Қаптаған қолды көрген соң,
Кіргізбеске қамалға,
Партылдатып оқ атты.
Жарқылдатып от жақты.

Айлалармен осындай,
Қамалға қолды кіргізбей,
Тоқайратты, тоқтатты.
Келген беттен кідірмей,

Оққа минут мүдірмей,
Қамалдан атын қарғытып,
Жанқожа келе килікті.
Қиядан ұшқан қырандай,

Қалыңға қарай шүйлікті.
Бабажан оны көрген соң,
«Бәдбақңны ұша тұтың»,—деп
Әскерге берді бұйрықты.

Ұста деп бұйрық берген соң,
Ортаға ап әскер ұйлықты.
Онан сайын өршігіп,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Түнеріп батыр түйлікті.
Қимылы болды өзгеше,
Найзасы тасқа енгендей,

Шын кәріне кез келсе,
Түйгіліп неше төнсе де,
Жалғыз Жәкең болмаса,
Кіре алмады ішке өзгесі.

Арпалысып жауменен,
Батырды ашу кернеді.
Нар кескенді суырып,
Оңды-солды сермеді.

Сермеген жері серпіліп,
Қарсысына ешкім келмеді.
Өлермендік қып сонда да,
Қамалын қоқан бермеді.

Ақ көбік атып аузынан,
Тер тамшылап баурынан,
Ақмоншақ ат терледі.
Жаңбырдай төгіп жауған оқ

Көк түтіннен көрінбей,
Жан-жағы кетті тұман боп.
Тарықты батыр тар жерде,
Қиындық түсті басына,

Қайтып аман қамалдан
Шықпаған сыртқа күмән боп.
Талайды шапты қуалап,
Бас кесілді жұмалап.

Талай бассыз кеуделер,
Жүгіріп кетіп барады,
Екі қолын сабалап.
Онан сайын өршікті,

Ортаға алды қамалап.
Қамағандарды қарсы алды,
Аш бөрідей аралап.
Сарттар қашты салақтап,

Екі көзі алақтап.
Жайқады батыр жау ішін,
Аш қасқырдай жалақтап.
Талайларын түсірді,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Найзаменен шабақтап.
Үтірі келген жерлерде,
Екіден, үштен қабаттап.
Күн батқанша ұрысты,

Шыққысы келіп адақтап.
Қайтып шықты күн бата,
Бүркіттей қанға тояттап.
Қайтып шықса қалған қол,

Тұр екен ішке кіре алмай.
Қат-қабат қалың әскерден
Аяқ алып жүре алмай.
Іштегі жалғыз батырдың

Не болғанын біле алмай,
Білуге шара қыла алмай.
Қамалды неше айналды,
Төзіп, шыдап тұра алмай.

Аман шықса қамалдан,
Батырдың бетін нағылып,
Көреміз деп ұялмай.
Зығырданы қайнады,

Еркін шауып қалаға
Тұс-тұсынан ене алмай.
Батыр да шықты бір кезде,
Ордалы киікті иірген

Қанды балақ қырандай.
Жанқожа іште жүргенде,
Жабырқап қолы тұр еді.
Жарық етіп сыртқа шыққанда

Жарыла жазды жүрегі.
Масайрасып мәз болды,
Босағандай боп тұр еді,
Жер менен көктің тірегі.

Алды-арты қолдың бас қосып,
Сол күні түзге түнеді.
Таңертең тұрып тағы да,
Жабыла атқа мінеді.

Аброй бер деп бұл жолда,
Алладан мәдет тіледі.
Бұзғысы келіп қамалды,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Түйлігіп неше төнеді.
Жуытар емес маңына,
Жанған от қашан сөнеді.

Ордың сырты айнала от,
Жалына көкке лапылдап.
Кіргізбек түгіл қалаға,
Жүргізбейді жақындап.

Ауызға төккен ауыр қол,
Асынғаны көк темір.
Найза мен қылыш шақырлап,
Тосып жатқан топ мерген,

Оқ жаудырад патырлап.
Түйлікті ерлер неше рет,
Самсаған қолға сатырлап.
Өткізбеді сонда да,

Өлермен сарттар жапырлап.
Жан-жағы қысаң жалғыз жол,
Кіре алмады ішке қол.
Ұмтылғанмен қарқындап,

Неше рет тиді Жанқожа,
Көк сауыты жарқылдап.
Қылышын қия сермейді,
Садағы белде сартылдап.

Қамалы берік болған соң,
Сонда дағы дұшманды
Ала алмады алқымдап.
Сол қалпымен қалың қол

Жеті күн жатты жеңе алмай.
Қазандай іш қайнады,
Еркіндеп ішке ене алмай.
Бұл қалпыменен тұрғанда,

Күмән болды батырға,
Жаңкентті алар-алмасы,
Күшіне қолдың сене алмай.
Оттан да көрді қорлықты,

Тез күнде жанып сөне алмай.
Жеті күн жатып ұрысты,
Күндіз де, түн де дем алмай.
Жүрерінде Жанқожа

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тілеулі мен Ақтанға,
Жүрсін деп хабар айтса да,
Қалып еді шыға алмай.
Келетін кезі болып ед,

Кешікті нешік келе алмай.
Шынымен-ақ қоқаннан
Кетемін бе кек алмай.
Бабажандай жауыздың

Жазасын қолдан бере алмай.
Қоқандарменен айқасып,
Күш сынасып байқасып,
Жата берсін Жанқожа ер,

Жолға—маман, ойға—кен,
Көпті көрген кемеңгер.
Бұл хабарды естіп,
Атқа мінед әркімдер,

Намыстанып арланып.
Төртқара, шөмен қырдағы ел,
Тілеулі батыр бас болып,
Қосылды талай талапкер.

Үш-төрт жүздей қол болды,
Жинала келе жігіттер.
Қосылды және бұған кеп
Қаракесек Ақтан ер.

Бұл да екі-үш жүз қолменен,
Өңкей батыр жауынгер
Ұрандасып тұс-тұстан,
Ұлғасты өңкей берендер.

Тілеулідей батырдың
Арғы атасы төртқара,
Бергі атасы тоқпан-ды.
Заманында тілеулі ер,

Халқын қойдай баққан-ды.
Ағайынның ары үшін,
Жасанған мың сан жауларға
Жасқанбай жалғыз шапқан-ды.

Халыққа сүйеу қамқоршы,
Дұшпанға құрған қақпан-ды.
Қарайған дұшпан қауып етіп,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Маңынан жүрмей сақтанды.
Қадірлесі, бастасы
Қаракесек Ақтан-ды.

Белгілі ердің бірі еді
Атағы шыққан мақтаулы.
Қайратыменен әр жерде
Халқының тұзын ақтаулы.

Тар жерде талай көмек қып,
Талайдың отын жаққан-ды.
Естімей қапты батырлар,
Ел шеті шалғай болған соң,

Қоқан кеп елді шапқанды.
Хабарланып кейіннен,
Бас қосып ерлер аттанды.
Бес-алты жүздей қол болып,

Төңірегіне топтанды.
Жаңкентке қарай бет алып,
Қалың қол гулей қаптады.
Ұлы Сырдың бойымен

Төтелеп, тура тартты енді.
Көрсете гөр деп көзіме,
Бабажандай сартты енді.
Ызаланып кектеніп,

Сауыт-сайман бөктеріп,
Жалындай өршіп жайнасып,
Қанжарын жанып қайрасып,
Айбалтасын таптады.

Көк найзасын үкілеп,
Күн садақты баптады.
Батырлар шықты сапарға,
Жаңқожамен қосылып,

Жаңкенті барып шапқалы.
Қаптай салып келеді,
Жазылмай түйдек топтары.
Тілеулі сонда сөйледі

Жанына ап батыр Ақтанды.

—Әруақты ер едің,

Атағың шыққан мақтаулы.
Бұл сапар бізге жазбасын,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жаңкентті алмай қайтқанды.
Көргенім шайтан болмаса,
Шулатып айдап шығармыз,
Шәһарінен Жаңкенттің

Қоқандық қара сарттарды.
Шапқалы Жаңкент шаһәрін,
Қоқанға тігіп қаһарын,
Жанқожа барып жатқан-ды.

Бекінісі тым берік еді,
Еркіндеп ішке ене алмай,
Қамалдың зарын тартқан-ды.
Жүр, жігіттер, жетелік,

Жәкеңе жәрдем етелік.
Азамат деп ат берген
Халықтың хақын өтелік.
Айғайынның ары үшін,

Әруағын ердің көтеріп.
Осы сөзді айтты да,
Бастады қолды Тілеулі ер,
Бас қосып Ақтан ерменен.

Туысы бөлек батырлар
Дұшманға елін бермеген.
Отанын қойдай күзетіп,
Жауына қылыш сермеген.

Атағы шығып аймаққа,
Әруағы өрлеген.
Жаңкентке төте тартты қол
Белгілі асу жерменен.

Халық қорғаны батырлар
Аттанып ауыр қолменен.
Қоқты қуыс қойнаулы,
Қобы қоңыр жолменен.

Кейде тебіз кең алқап,
Кейде бетбақ шөлменен.
Кейде өзен көк иірім,
Жалаңаш жалтыр көлменен.

Кейде ой-тау, ой-шұңқыр,
Кейде жота жонменен.
Кейде жапан құба түз,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Кейде тұрғын елменен.
Кейде тегіс маң дала,
Кейде асқар белменен.

Кейде татыр, кейде адыр,
Кейде шағыл құмменен.
Кейде қопа қоғалы,
Қамысты қалың нуменен.

Алапты жерге жайылған,
Кейде жайқын суменен.
Кейде көрікті көл сәні,
Қаңқылдап қазы қуменен.

Батырлар бастап келеді,
Жарқылдап жасыл туменен.
Ақ киіктей жөңкіліп,
Қол келеді дүркіреп.

Қол алдында қос батыр
Жауатын күндей күркіреп.
Ат саурынан аққан тер,
Жаңбырдай жерге сіркіреп.

Кейде жортып бұлаңдап,
Кейде аяңдап бүлкілдеп.
Асулардан аттасып,
Ат көлігін баптасып.

Күн ілгері күтініп,
Жау жарағын тақтасып.
Құдай қосса осы жол
Қайтармыз деп абыройлы,

Халықтың тұзын ақтасып.
Сол қалпымен кідірмей,
Жаңкентке кеп қалды,
Қалың қол гуледі қаптасып.

Қоқаннан кекті алуға
Жанқожамен жақтасып.
Қосылып қолға қол,
Шеңбері шығып әскер мол.

Батырлар аман қауышып,
Оңалды сапар, болды жол.
Ұрандасып ұлғасып,
Көрінді көзге көрнекті,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көңілдесіп гүлесіп,
Күңірентті жер көкті.
Сол уақта аспаннан
Қаптап шығып қара бұлт,

Құяды нөсер шүмектеп,
Дауылдатып дал-дұл ғып,
Сөндірді отты шелектеп.
От сөніп орға тығылды,

Көмгендей бейне күректеп,
Тілеулідей батырдың
Төбесінде бұлты бар
Әруақ қонған иектеп.

Оны көріп сыртынан,
Қоқанның бір сыншысы,
Ханға хабар айтыпты:

—Бізді алатын дұшманның,

Бұлты шығып келед,—деп.
Ол келсе, ордаң ойран боп,
Елі-жұртың бөлед деп.
Астыңдағы алтын тақ,

Тартып алып мінед деп.
Қойныңдағы ханымың
Суырып алып, сүйед деп.
Бабажан батыр мұны естіп,

Қорқыныш кірді ойына.
Салбырап кетті иығы,
Су кеткендей мойнына.
Көзі түсіп сыртынан

Қазақтың қалың қолына.
Қарғып өтіп батыр қалайда,
Қашқысы келед қамалдан.
Түк бітпесін білген соң,

Алдына құрған амалдан
Қорқыныш кірді Қоқанға,
Қазақтың қолы көбейіп,
Үсті-үстіне жамалған.

Керегі жоқ деп кел енді,
Бекер мұнда қамалған.
Осы оймен Бабажан

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Атқа мінді азаннан.
Майқарадай баласын
Мінгестіріп және алған.

Қашайын деп ханға айтпай,
Қарғытты атын қамалдан.
Қарғығанда бедеудің
Алдынғы аяғы жер басып,

Артқы аяғы ор басып,
Орға тайып жығылды.
Жығылған соң не қылды?
Сасқалақтап Бабажан,

Дуалға қашып тығылды.
Оны көріп Жанқожа ер,
Шаужайынан шап беріп,
Апшысын бектің қуырды.

Кесейін деп басыңды,
Нар кескенді суырды.
Сол уақта адам аз,
Жаңқожадай туымды.

Қолға түсіп осылай,
Артына қолы буылды.
Үміт үзіп тірліктен,
Жанынан батыр түңілді.

Майқараны өлтірмей,
Қойға салды құл қылды.
Сыншының сөзін манағы,
Өтірік емес шын қылды.

Бабажандай айуанның
Артына қолын байлады.
Алдына салып пенде қып,
Еңселеп жаяу айдады.

Тілеуі менен Ақтанға
Апарайын деп ойлады.
«Мінеки, батыр, тарту» деп,
Тілеулідей батырдың

Шылбырына байлады.
Ақмырзаға еткені
Сонда түсіп есіне,
Бармағын кесе шайнады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Дүние кезек тегермеш,
Ажырын алмай жібермес.
Алдына келіп айнымай,
Пенде боп көзі жайнады.

Бабажанды айдап әкелген
Жанқожаны көрген соң,
Тілеулі көпке сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Бәрекелді, ер деді,

Міне, арсылан шер, деді.
Тар жерде қылған қайратын,
Көпшілік көзбен көр, деді.
Қолға түскен жауыздың,

Сазайын толық бер, деді.
Ағашқа іліп аяғын,
Алшитып бұтын кер, деді.
Қазық қағып көтіне,

Тірідей азап бер, деді.
Естіген, білген әркімдер,
Рахымет бұған дер, деді.
Күнасы асып Бабажан,

Көпке болған жазықты.
Сазайын жауыз тартсын деп,
Аяғын іліп ағашқа,
Көтіне қақты қазықты.

Тілін тартпас сонда да,
«Қизиң-қизиң, қизиң», деп.
Улы тілін шағыпты.
Бабажанды өлтіріп,

Ажырын қазақ алыпты.
Бұдан кейін көпшілік,
Қалаға шапты Аллалап,
Қамалды бұзды балталап.

Тұс-тұсынан килікті,
Ортаға алып алқалап.
Кез келген жерін кетпендеп,
Дуалдар құлайт шалқалап.

Қамалын солай құлатты,

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Қалмады сыртта бір атты.
Ордасын бұзып, ойран қып,
Ойбайлатты, жылатты.

Аш арсыландай құтырды,
Тас-талқанын шығарып,
Жүрген жерін жыпырды.
Батырдың қанды қылышы

Ұстарадай сыпырды.
Ерлердің жауға қимылы
Қорада жатқан қойларға
Аш бөрі шапқан сықылды.

Домалантып бас кесті,
Толарсақтан қан кешті.
Алмадай басы үзіліп,
Тар кеудеден жан кешті.

Талайлар шала сойылды,
Талайдың төбесі ойылды.
Топалаң тиген қойдай боп,
Топырлап көбі жойылды.

Жаралы жандар көп жатты,
Біз де өлді ғой деп жатты,
Өлген адам одан көп,
Жер тезектей боп жатты,

Көшенің бойы көк тұман.
Көтеріліп көкке шаң,
Қалдырғандай халықты таң,
Батырлар жауға салды ойран.

Шалғындай жауды жапырып,
Жанқожа шапты қыр жақтан
Ақ аюдай ақырып.
Тілеулі тиді бір жақтан,

Жолбарыстай жұтынып.
Аш арсыландай құтырып
Бір бүйірден ер Ақтан.
Өңкей көкжал берілер,

Орасан қырғын соғыс қып,
Аңызды судай қызыл қан.
Батырлардың қимылы

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көпке төтеп бергендей,
Әркімдер таң көргендей.
Егескен жауын еңселеп,
Еңірете жеңгендей.

Дұшманы малдай бағынып,
Айдауына көнгендей.
Бөріктіріп қоқанды,
Бөлектеп қойдай бөлгендей.

Ызғарынан ерлердің
Құмырсқадай құзғын сарт
Үрейі ұшып өлгендей.
Ақырғанда лебізмен

Қаулаған өртте сөнгендей.
Шүйліксе сұсы дұшманға,
Жарқылдап жай бұлты төнгендей.
Ордасын ойран етіпті,

Аш бөрі қойға тигендей.
Бұл шетіне кіреді,
Ол шетінен шығады.
Езіп жаншып еңселеп,

Талайды жерге тығады.
Екпініне төзе алмай,
Қоқанның құзғын сарбазы
Сырылып қойдай ығады.

Қара бастың қамы үшін,
Талайлар қашып бұғады.
Ордасын бұзып ойран қып,
Туын тұлдап жығады.

Жүрген жерін жойқын қып,
Көргендері таңырқатты.
Қиялмай қиқу орнатып,
Қамалдың ішін қандапты.

Көгала шаң қып көшесін,
Шаһардың ішін шаңдатты.
Айғайлап сүрен салғанда,
Күңірентті жан-жақты.

Байлап алды бенде қып,
Қоқанның жауыз ханы мен
Қырық нөкер жандатты.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Ағызып судай қызыл қан,
Соғыс болды салмақты.
Жаңкентті бұйым десін бе?

Ерегіссе бұл қазақ,
Қонысынан қуған ел
Қоқан түгел қалмақты
Елді, жұртты басынған,

Бүгіннен ертеңді асырған,
Қазақты нандай илеген,
Қыз, қатынын билеген,
Менменсінген бектердің,

Есінен мәңгі қалмастай,
Басын жерден алмастай,
Батырды ерлер бармақты.
Қамалын жаудың қиратып,

Қоқанды алып қол жатты.
Жер тезектей жыбырлап,
Өліктері ол жатты.
Бұл жорыққа барғандар

Шаһарын шауып Жаңкенттің,
Шашетектен олжа апты.
Ханның талап қазынасыл,
Алтын, күміс, пұлды апты.

Қазине мүлкін қалдырмай,
Ызғытып айдап малды апты.
Малдан, мүліктен айырылып,
Қаңырап қала ол қапты.

Қарсысына олардың
Ешкім бара алмапты.
Ақсирақ болып ырсиып,
Үрерге иті қалмапты.

Олжаға қанша батқанмен,
Опасы жоқ сұм дүние-ай,
Ол да іштеме болмапты.
Батырлар шығып демалды,

Талқандап қанды майданды.
Көндірді күшпен пенде ғып,
Екі аяқты бір басты
Адамнан шыққан айуанды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шәриғат жолын бұрмалап,
Тұралықтан тайғанды.
Еңбексіз оңай мал тауып,
Кісі ақысымен байығанды.

Қаһармандар қарыштап,
Жауын жеңіп жаныштап,
Ыңырсытып малды айдап,
Дүниесін артып тай-тайлап,

Көшуге қайта ойланды.
Айдап барып ауылға,
Өзді-өзіне әркімнің
Таратсақ деп бар малды.

Қалдырмай шауып қаланы,
Ажырын қазақ алады.
Табағын тартып алдына,
Қазына мүлкін талады.

Тігерге тұяқ қалдырмай,
Ызғытып малын алады,
Айдап бір жөнге салады.
Жауға түскен жесірлер

Көзінде жас, есінде ел,
Бір жағынан бөлініп,
Бұлар да келіп қалады.
Бауырларды іздеп барған соң,

Айырып жаудан алған соң,
Солғын тартқан жүздері
Қуанып, гүл-гүл жанады.
Жаудан жесірді айырып,

Кеткен кекті қайрып,
Ерлердің жолы болады.
Бірнеше күн жол жүріп,
Арада неше қонады.

Аттанып барып Арқадан,
Жанқожа, Ақтан, Тілеулі
Жаңкенттің шәрін шапты деп,
Бабажанды өлтіріп,

Дұшманнан кекті апты деп,
Кейінгі қалған кешегі ел,
Бұлар да хабарланады.

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Малды, мүлікті, жесірді
Қалдырмай алып келед деп.
Алып келіп батырлар,

Үлестіріп беред деп.
Алғыс айтып халық күтіп,
Зор қуаныш қылады.
Ыңырсытып малды айдап,

Дүниесін артып тай-тайлап.
Жылағандар жұбанып,
Қол шапалақтап қуанып,
Жесірлер де күліп-ойнап,

Батыр Жәкен бас болып,
Оннан-бестен қос болып,
Көп ұзамай бір күні
Қол да келіп қалады.

Қуанып Құдай берді деп,
Ел үшін туған ерлері деп,
Халық күтіп қарсы алады.
Тар жерде таудай қайрат қып,

Батырлар күнге жарапты.
Ерлігімен істеген,
Халықты аузына қаратты.
Айдап келіп ауылға,

Әркімнің малын өзіне
Үлестірді, таратты.
Жер көгеріп қуарған,
Көл толығып су алған,

Мал-мүлкі келіп, мәз болып,
Жабыққандары қуанған.
Жаншылған елді көтеріп,
Алғыс алып қолда қарық.

Малы келіп мәз болып,
Көкірегі өсіп, ел де қарық.
Өрісіне мал толып,
Жиегіне ел толып,

Көркейіп өзен, көл де қарық.
Бас көтерген ішінде
Бабажаны өлген соң,
Қуып барып батырлар

12-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сазайын оның бергенсін.
Сонан кейін қазаққа,
Келе алған жоқ қара сарт,
Жанқожа, Ақтан, Тілеулі

Халық алғысын алған ер.
Күштілерменен күресіп,
Нашарға көзін салған ер.
Тарыққанда қол беріп,

Халыққа бақыт болған ер.
Тау суындай тасқан ер,
Талайдың көзін ашқан ер.
Қарсы келген дұшманды

Албастыдай басқан ер.
Әділдікті тұтқан ер,
Жасқанып жауы бұққан ер.
Талай мен-мен дегенді

Айдаһардай жұтқан ер.
Халық бағына туған ер,
Дұшманын қойдай қуған ер.
Жүздеген дұшман жолықса,

Бір шылбырға буған ер.
Ағын судай аққан ер,
Халқын малдай баққан ер.
Қуарғанды көгертіп,

Талайдың отын жаққан ер.
Қасарған жерден қан алып,
Дәу перідей қаққан ер.
Ақыл айласы асқан ер,

Қайратты судай тасқан ер.
Жасанған мың сан жауларды,
Жалғыз атпен тосқан ер.
Халықтың қамын жеген ер,

Ақылға, ойға кемеңгер.
Кімдерді баспас бауырына

жанқожа  батыр  мен  бабажан  сарт
Соларды жұтқан қаражер.
Жай отындай жайнаушы ет,
Қаруы сыймай қайнаушы ет.

Қарсы келген қабанды
Қамшыменен айдаушы ет.
Тереңнен пікір ойлаушы ет,
Жемқорлары кез келсе,

Желкесінен шайнаушы ет.
Хан төремен қас болып,
Қанжарын жанып қайраушы ет.
Адалдықты сақтаушы ет,

Момындарды жақтаушы ет.
Отанын қойдай күзетіп,
Жаз, қысы дамыл таппаушы ет.
Нашардың жоғын жоқтаушы ет,

Орынды сөзге тоқтаушы ет.
Қарсы келген дұшманын
Аш бөрідей аттаушы ет.
Қаншама еңбек етсе де,

Солардан өткен сұм заман,
Кімдерден өтпей тоқтаушы ет,
Көрмесем де көзіммен,
Қариялардың сөзінен

Жинақтадым, жыр қылдым,
Тыңдаушыға сыр қылдым,
Оқушым мәнін ұқсын деп.
Еңбек еттім ерінбей,

Қалмасын деп көрінбей.
Ертеде өткен ер сарбаз,
Ерлерім жарыққа шықсын деп.
Бұл ертекті жырлаушың,

Ажарлап бояп сырлаушың—
Ырғыздың жорға Жөкейі.
Көзге қораш болса да,
Қисынды сөздің дөкейі.

Қосылып жүрген әр жерде
Тұяғы құрыш тұйғын көк!

Ертерек хан заманында қарақалпақ елінде Хиуа деген
халық бопты, Хиуа қаласы (шаһары) ханство мемлекет бопты.
Сол Хиуа қаласын басқарушы Ережеп хан деген бопты. Мем­
лекет басшысы Ережеп хан арақ- шарапқа мас боп отырып,

мемлекеттің буына семіріп, тасып отырған хан, атақты әскер
басы Бабажанға бұйрық бергенде: «Әркім билеп, ессіз жатқан
қазақты бағындырып, ортасына хан боп, орам құрып, отын ой­
ран, төрін талқан етіп, азапқа салып, жас қызын алып, дүние

малын, мүлкін алып, еріксіз бағындырып, тепкіге салып,
ашына ет»,—деген Ережеп ханның сөзімен Бабажан 2000-дай
әскерімен қазақ халқына аттанады (қару-жарақ, құрал-сайман,
ат-тұрманымен, шатыр тігіп).

Шаһарда тақта отырған Ережеп хан,
Келе ме ханға қарсы адам бір жан.
Жұмсап еді Ережеп хан бір баласын
Атқанда бозамық боп сәулелі таң.

Баласы Ережептің Ержан төре
Жүгіріп үйден шықты таңды көре.
Келеді Бабажанға Ержан бала,
Тез басып, жеделдетіп, қатты жүре.

Шарбақтың аузын ашып ішке кірді,
Жай жүріп, лебін басып, сүртті терді.
Жайымен ішкі үйге кіріп келіп,
Отырған Бабажанға сәлем беріп:

Жанқожа батыр
(Белгісіз нұсқа)

жанқожа  батыр

—Аликүмассалаума, аға батыр,

Ержанды сізге жұмсап ханың жатыр.
Мен келдім әдейі сізді шақырушы,
Жүр жылдам далаға шық, енді, батыр,
Бабажан, әкем айтты: «Тез келсін!»—деп,

Менен, кеп, бір-екі ауыз сөз білсін, деп.
Шақыртып жатыр еді мені жұмсап,
Еріп кеп, уәделі сөз берсін,—деп.
Ұйқыдан Бабажан да жаңа тұрды,

Сөзіне ханның айтқан мойын бұрды.
Киініп көйлек-дамбал, шалбар-бешбет,
Баласын ертіп алып ханға жүрді.
Ертіп Бабажанды үйге кірді,

Келгенін Бабажанның хан да көрді.
Түрегеп амандасып болғаннан соң,
Төсек сап Бабажанға орын берді.
Сойдақ тіс, ісік қабақ, бермен маңдай,

Күші көп, кескіні жоқ Бәкең қандай!
Отырды шөккен нардай төрге келіп,
Құйылған саз балшықтан тұтас жандай.
Отырып тамақ ішті дастарханнан,

Бірі-бірі қадірленді басқа жаннан.
Мұнай хан, меңгеруші Апан батыр,
Сондықтан біреу артық жиын мыңнан.
Кірісті сөз айтуға аузын ашып,

Көңілі екеуінің судай тасып.
Сөйлесті оңашада хан мен батыр,
Оғаш сөз артық кеткен сырды басып.

Әңгіме
Бабажан, сені шақыртқан мен. Еркін жатқан малы көп,
дүние-мүлкі көп, не керегің табылады. Алтын күміспен сол

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

дүние мүлікті кен байлықты билеп бес-алты жыл хан боп, Орам
құрып, қазақ халқын бағындырып қайтарсың, жерін билеп
халқын сорып, мал-мүлкін алып қайтып келерсің. Мұнымды
қалай көресің? Қайратты туған Қабыланым, сөз, жауабыңды

бер. Сонда Бабажан: «Тақсыр ол айтқаныңыз бөтен емес.
Ойластық, бар десеңіз барайын бірақ барғанда .......... елге
жалғыз бару ұят. Елі жоқ, халқы жоқ адамдай боп. Жалғыз бар­
сам, бармаймын. Сіз маған 2000 әскер, құрал-сайман бер. «Құр

атаққа бата жүрмейді» дегендей құрал болмаса, құр қолмен
жұмыс бітпейді. Құрал болмаса, жүретін жолымды сілте, күні
ертеңнен бастап жүремін»,—деп уәдені ертеңгі байлады. Сол
күні хан қарауына жар шақырып, күні-түні бір сөткенің ішінде

екі мың адам жинап, Бабажанның ертеңіне жанына қосып,
қару-жарақ, құрал-сайманын дайындап, әскерді тақтының
алдына әкеліп, Бабажанға беріп, хан Бабажанмен, Бабажан
халқымен жері, үй-ішімен амандасып, қоштасуға тақтының

алдында дарбазаның қасына атпен келіп, аттың үстінде бір-екі
ауыз айтқан Бабажанның толғауы:
Бабажан екі мыңдай әскер алып,
Бос атқа құрал-сайман шатыр салып,

Қаруы әскерлердің шиті мылтық,
Бабажан найза менен қылыш тағып,
Бабажан сонда келді көтеріп ту,
Бабажан ханға келді көтеріп ту.

Ойнатты Бабажанды құмартып бу,
Әдейі қоштасуға ханға келіп.
Ағады Бабажаннан өлеңнен су:

—Мен келдім әскерімен қоштасуға,

Алғыс бер ықыласпен бақытты болуыма.
Жәрдем бол қысылғанда, түбір пірім,
Бәте ет мұғадасыз болуыма.
Мен тұрмын жүрейін деп бөтен елге,

Тұрыңыз жәрдемші боп мендей белге.
Сау барып, аман қайтып қауышқаймыз,
Жолдаспен сау келгейміз көрген елге.

жанқожа  батыр
Мен келдім әдейі сізге бата алуға,
Алдыма жақсылықпен жол салуға.
Ақ сапар, адал ниет талап қылып,

Алдыңнан алғыс алып мен қалуға.
Қолымен, жауыменен қоштасқаны,
Сыр айтып еліменен мұңдасқаны.
Шын кеуіл, жақсы сөзді батыр айтып,

Жерімен, еліменен қоштасқаны.
Ережептің Бабажанға: «Жүр»,—дегені,
Үкім қып қазақ елді көр дегені.
«Жүрем» деп мойнына алып әскерімен,

Халқына Бабажанның сөйлегені:

—Сүйген жер, сүйгізген жар, сен де, аман бол,

Жасыл шөп, қою орман ну да, аман бол!
Жүрумәр көшеңді бір аралап,
Сәулетті, салтанатты қала, аман бол!
Қыс болса, қоян атып, тазы салып,

Жүретін биік төбе, тау да, аман бол!
Жаз болса, шомылатын мейірің қанып,
Бұлақтан сылдырап аққан су, аман бол!
Ыстықта салқыныңа саялайтын,

Көгерген қою орман ну да, аман бол!
Күз болса, буың қатып орылатын,
Жайқалған малдың азық шөп те, аман бол!
Бауыры сүт, жүні киім, мінсең көлік,

Бес түлік қаптаған мал, сен де, аман бол!
Шілде де күн батыстан шалқып соққан,
Салқын леп, тынық ауа, сен де, аман бол!
Түн желсіз, ашық аспан, маржан жұлдыз,

Жарқырап басын иген ай да, аман бол!
Таң атса, жасыл-қызыл түрге оранып,
Нұр төккен жер жүзіне күн де, аман бол!
Болғанда түс мезгілі сағымданып,

Нұрланып бұлдырлаған тау да, аман бол!
Жалтылдап ай сәулесі шағылысқан,
Тынық су, бұйра толқын көл де, аман бол!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сол көлде еркін жүзіп, сайран еткен
Ақбалық, бекіре, жайын, сен де, аман бол!
Өсірген шаң тигізбей жігіт қылып,
Өскен жер, халық ортасы, ел де, аман бол!

Қыс болса, қарға оранып, тоң болатын,
Жаз болса, кілемдей боп түрге оранып,
Өзгерткен қоңыр түсін жер де, аман бол!
Сүйісіп, сөз айтысып, сыр шешіскен

Өмірлік жар болатын дос та, аман бол!
Бір жүріп жастайымнан, бірге ойнаған
Аға, іні, қатар- құрбы, жас та, аман бол!
Шаһарға, тақта отырып үкім еткен

Елімен зады патша хан да, аман бол!
Төрт бөліп түн ұйқысын, емшек берген,
Өсірген алақанда ана, аман бол!
Мейірленіп қақ төсінен ақ сүт берген

Бала еткен, бауырға басып әже, аман бол!
Келгенде екі-үш жасқа арқалаған,
Ойнатып, әлдилеген апа, аман бол!
Келгенде төрт-бес жасқа ізіне ертіп,

Алдағы Сүйенетін аға, аман бол!
Жүретін өмір тілеп, жатса-тұрса,
Сүйенген асқар белім—әке, аман бол!
Келгенде көше аралап, алдан шығып,

Қарындас, еркелейтін, іні, аман бол!
Әкемнің туысқаны—аға-жеңге,
Сүйетін көтермелеп жеңге, аман бол!
Біз кеттік бөтен елге араңыздан,

Аман-сау қауышқаймыз. Сау бол, сау бол!
Болған соң амандасып барлығымен,
Жүруге дайындалды әскерімен.
Мінеді тегіс бәрі аттарына,

Бабажан қол алысты ханыменен.
Ережеп хан, жылап тұрып, жайды қолын:

—Құдайым саған ашқай сапар жолын,

Қайтарсың аман барып, сапарлы боп,
Шырағым, Алла берсе, жолдың оңын.

жанқожа  батыр
Қол жайып Ережеп хан бата етті,
Көзден жас мөлдір-мөлдір ағып кетті.
Әдейі балалармен қоштасуға

Қарасты сол шаһарға халық келді:

—Батырым, бөтен елге баратырсың,

Құдайым ажал оқтан қалас қылсын!
Сау барып, аман қайтып, қауышқаймыз,
Жүсіптей өміріңді ұзақ қылсын!
Шырағым, ажал оғы балдан тәтті,

Бекем бол өз-өзіңе өте қатты.
Сау болса, қор қылмайды бір өзіңді,
Сондықтан жақсы күткіз бедеу атты.
Тілейміз осы халық өміріңді,

Сау барып, қазақ елде жүруіңді.
Тез барып, халық билеп, орам құрап,
Шалқытып шаттық өмір сүруіңді.
Ел билеп, махаббат пен дәурен сүріп,

Тұрмысты рақатты көруіңді.
Қазаққа тиген жерден бетін, бұрмай,
Шетінен қойдай қылып түруіңді.
Талабың бұрын-соңды ашылмаған,

Ел шулап, көкірегің басылмаған.
Алдыңнан не тап болад, біз білмейміз,
Бұрын да жау өзіңді састырмаған.
Бекем бол өз-өзіңе, албан батыр,

Алдыңда нелер қыспақ елдер жатыр.
Сол елді жігерменен, қайратпенен
Барлығын табанға сап, езіп қатыр.
Батырым, жолыққанша аман-сау бол,

Байқадам әскербасы, сен де, аман бол!
Көргейміз бәріңізді келгеніңде,
Әскері Бабажанның, қош-аман бол!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Салпы ерін, ұзын мойын, дере сирақ,
Ту қайың, отарындай қайшы құлақ.
Үстіне мініп алса, жерді тарпып,
Жүретін жер аударып, бөкен қабақ,

Тастасаң жазым қылып Бабажанды,
Қалады бір өзіңе өкпем хандық.
Бабажан, сен жүретін жолың—мынау,
Қожалы, Шымбай үсті—алап сонау.

Беттерсің оң жағыңды дария қып,
Қараөзек ауданымен жолың сонау.
Ал, батыр, ірікпейін сені жолдан.
Аттандырт Бабажанды патша қолдан:

«Әй, батыр, көп іркілмей, шық шарбақтан.
Кешікпе, көп сөйлесіп, ұзақ жолдан».
Батыр да енді іркілмей, атын бұрды,
Көп халық дарбазадан қарап тұрды.

Бұрысып ат мойнын ұзақ жолға,
Бабажан әскерімен сапар жүрді.
Шаңдатып, тозаңдатып жүріп кетті,
Шабыспен бір өзенге келіп жетті.

Қонуға ыңғайланып тегіс тоқтап,
Жайлады жемін беріп бедеу атты.
Ымырт болды, шатыр құрып жатты әскерлер,
Жөн тартып сапар шеккен қайраткерлер.

Ұйықтап түні бойы жатты тегіс,
Ойнақшып оттамады Дереаяқкер.
Күн шықпай ертелетіп әскер жүрді,
Жылтылдап қызыл иек күн көрінді.

Ой түсіп, жердің жүзі сағымданып,
Тау-тасты, орман-нуды тегіс көрді.
Көздеді бір-бірімен келе жатып,
Мергені ішіндегі бөрікті атып.

жанқожа  батыр
Ойнайды ат үстінен аударыспақ,
Бозбала қарық олжаға тегіс батып.
Баласы Бабажанның—жас Байқадам,

Белінен Бабажанның туған адам.
Әскерге каманды боп, бұйрық беріп,
Байқадам алда отырад бір-екі қадам.
Шаңдатып, тозаңдатып жүріп келед,

Аттары бірде аяңдап, бірде желед.
Шалттап жолға түсіп кідірместен,
Үстімен Қожалының Шымбай келед.
Сыдырып шаң шығарып өте шықты,

Жылысып көлеңкедей бұлар ықты.
Қорқытып айбатымен Бабажан да,
Жиналған қала адамын жерге тықты.
Шымбайдың қапталымен әскер жүрді,

Қаланың барлық жаны мұны көрді.
Әскерді артқа салып елу қадам,
Бабажан ойқастатып алда жүрді.
Асынған мылтық, найза, саржа, қылыш,

Бекініп келе жатқан құрал, құрыш.
Әдейі қазақ халқын талқандауға
Бабажан іздегені кілең ұрыс.
Күтініп келе жатқан көп адамнан,

Қорқады ойқастаған Бабажаннан.
Шошыды қала халқы үрпиісіп
Найза алып, ту көтерген көп адамнан.
Кер бесті кекіл қағып жүрді көсем,

Бүлкілдеп майда жоны, сыдыртты әсем.
Үстінде Бабажанды қозғалдырмай,
Боз бедеу ырғалақтап жүрді әсем.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кер бесті дікіліктеп жүрді қатты,
Жиналған қала халқы мақтады атты.
Жүргені кер бестінің жерді тарпып,
Ере алмай, көп әскерге қатты батты.

Кер бесті талар емес, қатты жүрді,
Қарасын ұзағанша халық көрді.
Беті ашық, шалғай жатқан ұзақ жол-ды,
Шалт жүріп жақындатып жерді түрді.

Жүргені кер бестінің жігер берді,
Шоқытып кейінгі әскер ізіне ерді.
Аттары қара су боп терге шомып,
Сауырдан тамшылатып ағызды тер.

Шоқытып бір белеске шауып шықты,
Жарқырап жылжып аққан суды көрді.
«Өзеннің жағасына қонайық» деп,
Сыдырып көлеңкемен бірге ықты.

Түседі аттарынан, суға келіп,
Көк майса көк шалғынға түсті еніп.
Жібермей байлап атты қаңтарады,
«Дем алып, терін үксін,—деп,—дене сергіп».

Ас ішіп жайласады демін алып,
Аттарға бір сыпыра кісен салып.
Көк майса болған шөпке жіберді атты,
Босатып ноқта-жүген, ерін алып.

Шымбайға кідірместен шығып кетті,
Дария мөлдір суға келіп жетті.
Жайқалған балбыраған жасыл шөпке
Кісендеп, жайылсын деп, жіберді атты.

Кеш болды. Бесеу-алтау құрды шатыр,
Жиылып шатырында бұлар жатыр.
Бабажан баласымен бөлек жатты,
Оңаша бір бетке құрды Бәкең шатыр.

Жайылды Дереаяқкер майса көкке,

жанқожа  батыр
Жүріске болдырмайды тесік өкпе.
Күндізгі жүрген жүрісі кер бестінің
Тұрғанда ертеңгісін, жақты көпке.

Бабажан бұл арадан ерте жүрді,
Өтуге дариядан атын бұрды.
«Өткіз,—деп қайықшыға,—дариядан»,
Айқайлап әмір етіп, төмен тұрды.

Жүгіріп қайықшы келеді епелектеп,
Қорыққан бойымен тәнтіректеп.
«Шырағым, мініңіздер қайыққа»,—деп,
Өткізді Бабажанды дікілектеп.

Бөлініп дариядан өтті тегіс,
Жүретін жолы жатыр алып күңіс.
Жарқырап күннің нұры шашылмаған,
Бұлт жоқ, аспан ашық, тегіс көгіс.

Өтіп ап дариядан, түсті жолға,
Бабажан туын алды оң жағына.
Қамшылайды кер бестіні жан ауыртпай,
Аймалап, жан ауыртпай, жонға-жонға.

Жорытып шаң шығарып келе жатыр,
Саруан жолы тегіс алып татыр.
Ойқастап кер бестіні бүлкілдетіп,
Қаңбақты жолда жатқан түйрейд батыр.

Бүлкілдеп, тозаңдатып жүріп келеді.
Күн ыссы, бірде аяңдап, бір желеді.
Шаң басып, сауыстанып қарын-қолтық,
Сыбас боп шап арасы, сауыр терлейді.

Мерзімді бір көшімге жүріп келді,
Жан-жақтан шоғырланған көрді елді.
Жақындап сол ауылға қалды келіп,
Әр жерден бөлек-бөлек талды көрді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жанынан бұл ауылдың тоқтады өтіп,
Тоқтады бір шақырым қашық кетіп.
Түседі аттарынан дем алуға,
Суы бар, жері жақсы елге жетіп.

Әскерлер бесеу-алтау тікті шатыр,
Ауылға бір баланы жіберді батыр.
Жүгіртіп үлкен үйге кіріп келсе,
Қожасы—ақ сақал шал төрде отыр.

—Алейкүмассалаума, үлкен аға,

Жіберді батыр жұмсап бізді сізге.
Ертерек тамақ керек, ет те керек,
Мал сойып, құрметіңді ет қонақ бізге.
Шабуға қазақ елін баратырмыз,

Бермесең тамағыңды, таратамыз.
Мүлкін шауып алып аулыңның,
Адамын басы байлы құл қыламыз.
Хабаршы келген балаң сөзі—осы,

Батырдың тігулі тұр, әне, қосы.
Қонаққа, тіке тұрып, құрметің қыл,
Ақсақал, сізге айтатын сөзім—осы.
Екі көзін бадырайтып сөйледі шал:

—Тәтті,—дейді,—ажал оғы шекерден, бал.

Қорқытып, ас ішетін қандай адам?
Сөзіме ерегіссең, осы жерде тал.
Шырағым, қорқытқанға тамағым жоқ,
Қорқатын мен шал емес, көңілім тоқ.

Ұялмай осы сөзді айтып келген,
Қарағым, жас баласың, жолыңа шоқ.
Жіберген сен баланы қандай Құдай?!
Онымен дос болмаймын өмір ұдай.

Мен қорқып мал соймаймын жаман сартқа,
Көріңді көрсетейін, келсін мұнда-ай.

жанқожа  батыр
Тілігірам арадағы керек емес,
Сөзімен ол батыр тамақ жемес.
«Күшпенен малын сойсын» дегеніне

Мал сойып, құрмет қылып, ретім келмес.
Шық үйден, жоғалт көзің, атаңа нәлет!
Күш қылсаң, шақыртамын, әскер келед.
Аяғын үзеңгіге тірегеннің

Тұз сеуіп терісіне, етін тілед.
Дегенде: «Мен күштімін» көрген біз де,
Жазасын екі қылып берген біз де.
Кісіге, құрмет қылып, жағдай айтқан,

Ізіне ақыл айтып ерген біз де.
Доққыға шыдамайтын жаман шалмын,
Сүйенген осы халық үлкен жалмын.
Күш қылмай ойласатын кісі болса,

Еритін қорғасын боп мен бір балмын.
Ал, бала, қоста жатқан батыр келсін,
Жайланып, қонақ болып, асын жесін.
Мал сойып, үйде оңаша мен тұрайын,

Ізінде бастас адам, атқосшы ерсін.
Бұрылып келген бала үйден шықты,
Қалқып көлеңкесі қосқа ықты.
Тықсырып төрде отырған ақсақал шал

Бұл келген жас баланың жанын сықты.
Естіп ауыр сөзді бала кетті,
Қорыққан Әбіл бала қосқа жетті.

—Бабажан, сөгіп сізді шақырады,

Үй тігіп, дайындады, асты етті.
Ашушаң, мінезі қатты бір шал екен,
Қолы құрыш, аузы отты, тентек екен.
«Қорқытып жеп көрген жоқ ешкім малды»,—

Деп айтты, ер жүректі батыр екен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мен де айттым сыпайылап сөзді ептеп,
Айтуға мені жіберд халық көптеп.
Сөзіме менің айтқан құлақ қоймай,
Ұруға дайындалды мені ептеп.

Жаңада, ашуланып, жіберді өзі.
Нар желке, бүркіт саусақ, шұбар көзді,
Білмеді не болғанын, күйіп кетіп,
Бойда жоқ, ашу жеңді, ақыл-есті.

«Жұмсаған маған сені қандай дорақ?
Сөз білмей, ойламайды миға олақ.
Шабуға бара жатқан қазақ елін,
Болмаса, күш айтпасын ондай дорақ.

Және де айта бар,—дед,—батырыңа,
Шөбі жоқ мал жайылған татырына.
Тепсеңдеп күш қылмасын шабдан елге,
Жол болсын шалға сызған батырыңа».

Жауап ап батыр шалдан, қосқа келдім,
Дауысынан қорыққанда, тек өлмедім.
Құтылып айқайынан, таяғынан,
Қуанып, қаным-тасып қосқа келдім.

Басымның аманында құтылдым ба?
Қолынан қақпас шалдың сытылдым ба,
Шықпастай тозақы боп кеттім бе, деп,
Ойлап ем жалмауызға тұтылдым ба?

Құтылдым қақпас шалдан есен-аман.
Батырым, саған айтам, шалдан сақ бол,
Кісі емес «анау-мынау» дей салатын.
Ойнайтын адам емес, батырым, ол.

Өлгенше сүйегіме таңба салды,
Қолымен сөз қашырып, кегін алды.
Ашудан қайта түсіп, иі жұмсап,
Шақырып атқосшың мен сені қалды.

жанқожа  батыр
Айтқанда мына сөзді Әбіл бала,
Сөйледі Бабажанға ұпай сала.
Сөз аспай, артық кеткен көкірек-ті,

Мойнына алды кемістікті, батыр, қара.

—Әбілда, ондай сөзді кек қылмаңыз,

Сөзді айтып арадағы еп қылмаңыз.
Үй тігіп, малын сойып, қол қусырса,
«Сөкті»,—деп есіңе алып, кек тұтпаңыз.
Ол сөксе, бізді сөкті ашуланып,

Сөзіме менің айтқан қатуланып.
Есі бар үлкен аға райға кеп,
Шақырды, міне, бізді татуланып,
Көп сөйлеп, ашуланып, сені ұрды,

Ойланып түп негізге, кеңес құрды.
Бұл істің түбін ойлап, екшеп артын,
Шақырып, үй даярлап шалың тұрды.
Малын жеп, қонақ болып, біз қайталық,

Сапарды бара жатқан шалға айтайық.
Бай шалдан ақыл сұрап, қосқа келіп,
Жүруге дайындалып біз жатайық.
Сөзіне ашуланып, шалға шапсақ,

Үстіне қалың қолды жауып салсақ,
Өлтіріп, елін шауып, малын алып,
Жылатып, болар ма еді, малын алсақ.
Шапқанмен, біз болмаймыз ақылды адам,

Шабуға бәріңіз де баспа қадам.
Егерде айтқанымды қылмасаңыз,
Сендердің ажалыңды өзім табам.
Ал, балалар, ана жаққа жүріңіздер,

Құрметін шалдың еткен көріңіздер.
Жігіттер, қоста жатып дем алыңыз,
Ізіме шамалы адам еріңіздер.
13-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шатырдан отыз адам шалға жүрді,
Ізіне Бабажанның Әбілда ерді.
Шатырдан үйге жүріп беттегенін
Жанында үйдің тұрып шал да көрді.

Аяңдап отыз адам шалға келді,
Қол алысып тегіс сәлем берді.
Төсек сап жалғыз тіккен ақ отауға,
Ертіп ақсақал шал үйге кірді.

Төсекті үйде жатып белден салған,
Ілулі қалы кілемдер жанда тұрған.
Тиелген үйдің іші толған мүлік,
Мына шал бұл мүлікті қайдан алған.

Мүлкіне адам қарап таңырқарлық,
Кедейлер көп қарады жаман-жарлық.
Алуға сол мүлікті шаруалардың
Рақат жоқ, тегіс емес, дүние тарлық.

Отырған ақсақал шал—атақты бай,
Төрт жағы төрт құбыла, көңілі жай.
Көңілде дәнеме жоқ, мұғадарсыз,
Адамды сатып алад ……. сай.

Мал жатыр қаптай тегіс, сыймай жерге,
Бес түлік түгел біткен мынау ерге.
Түс болды, саудыруға малдар келді,
Ауылды тозаңдатып, сыймай жерге.

Жайылды дастарқан да, қайнады шай,
Сөз бастады көпшілікке ақсақал бай.
Бастығы—әскербасы Бабажанға
Айтады ақсақал шал сөзді былай:

Әңгіме
«Сөз біліктіден, қайрат күштіден» деген қазақта мақал бар.
«Ер доғалақ келед, шешен сөзшең келеді» деген. Сол сияқты
сен де доғалақ шығарсың. Жіберген балаңа айтқан сөзіне ашу­

жанқожа  батыр
ым келіп, күйіп кеттім. Бірақ артынан ақылға түсіп: «Бір
білместік болған шығар» деп, баладан «Келсін» деп хабар
жібердім. Енді ағаңның қызметін, еңбегін, берген асын жеп,

жатып, қонып қайтарсыздар. Сіздердің дабылыңызды есітіп
едім: «Қазақ халқына аттанып екі мыңдай әскерімен Бабажан
шықты» дегенді. Ол талаптарың қайырлы болсын, сапарларың
оң болсын!»

Осы жерде он шақты күн жатып, демаламыз» десеңіз де,
болмаса, «Қайтарда соғамыз» десеңдер де, жолда отырған атаң
даяр, шырағым.
Енді кейін сөйлесерміз деп, қалған сөзін бүгін қалған шалда

бітірді... Неше түрлі сиын көріп, Бабажан шалдан бір-екі ауыз
насихат сұрады.

—Тақсыр, мен қазақ халқына бара жатырмын,—деді.

—Барғанда, бірден шауып алып, мал-мүлкін олжалап қайтайын

ба? Жоқ 5-6 жыл хан болып, орам құрып тұрайын ба? Сізге
мұным ойластық,—дейді.
Шал сонда:

—Жоқ, шырағым, әлгі өзіңнің соңғы айтқаның, «5-6 жыл

хан болып, орам құрып тұрайын ба?» дегенің дұрыс. Еліңде
хандық құрып, 5-6 жыл тұр. «От ала келген әйелдің отыз ауыз
сөзі бар» деген ол елде бір тайпа ел, соның ішінде батыр да,
күшті де, ақылды да, білікті де бар шығар, сенің бірден шау­

ып алам дегеніңе бола қоймас. Асығыстық қылма. Қолыңа
оңайлықпен түспес, шырағым. Аңысын аңдап, сырын біліп,
сынын түйіп шап—деп, Бабажанды шатырына шығарып сал­
ды. (Енді өлеңмен айтамыз).

Тағы да бұл арадан кетті жүріп,
Атқанда жарық беріп, таңды көріп.
Бұрынғы келе жатқан бағытымен
Жүреді сарнап жатқан жолға түсіп.

Түс болып, жер қызғанша жақсы жүрді,
Қысқартты жылдам жүріп ұзақ жолды.
Қарасын көрген адам зәресі ұшып,
Қорқады келе жатқан мынау қолдан.

Жүреді үш-төрт жеті ұзақ жолда,
Көтерген Бабажанның туы қолда.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бет алып жүріп кеткен қазақ елге,
Батырдың туған елі қалды онда.
Жол ұзақ, шалғай жатқан жері қашық,
Жетуге қазақ елге батыр ғашық.

Жете алмай келе жатыр жер шалғайдан,
Сай-сала, бетпақ жатқан жері ұзақ.
Бабажан нелер қысаң жонды кезді,
Аттанып қазақ жұртқа елден безді.

Сары дала, шөлейт пенен Қызыл құмға
Қысылмай, жолын тауып, батыр төзді.
Өркеш тау, биік төбе жанамаймен,
Сол таудың тегістегі ойыменен,

Әскерлер бірнеше күн жүріп келед
Су жүріп таудың аққан сайыменен.
Жүріспен шығып кетті маң далаға,
Қайтуы қиын болды ел, қалаға.

Жүруге жарамады күні-түні,
Әңгіме түседі аттарынан бір салаға.
Жарамай қалған аттарын тынықтырып, күйлендіріп,
оңалдырып, сергітіп, дем алдырып, тыңайтып, өздері де

қунап жатып-тұрып: «Енді жақын жерге қалай да шыдайық,
жақындадық» деп, баяғы жолдарына түсіп, қиын-қыспақ жол­
дармен жүріп кетті. (Шұбырма желді өлеңмен айтамыз).
Белдер-белдер, белдер бар,

Жеткізбейтін алабы
Айдын шалқар көлдер бар.
Бірі—өркеш, бірі—ой
Жағалай біткен таулар бар.

Тақыр алап, сары бел,
Жағалай жатқан жазық бар.
Ойдын-ойдын тал шыққан,
Сирек біткен нуы бар.

Жусан шыққан жалбырап,

жанқожа  батыр
Аласа биік төбе бар.
Гулей соққан жел үйіріп,
Жапырағы жайқалған,

Үпелек басы жайқалған,
Қалыңтық біткен қамыс бар.
Суы шыққан бетіне,
Батпақ жатқан соры бар.

Ығарда жатқан кең дала,
Ысқырып соққан долы жел.
Жүріп келед жағалап,
«Жақындап қалдық қазаққа»,—

Деп айтады, шамалап.
Сол ұзақ жолға шыдамай,
Аттарын алды тағалап.
Сынықтырып аттарын,

Байқап қарап арттарын,
Тағы жүрді сабалап.
Бұлдыр сағым бұлдырап,
Жеткізбейді құлдырап.

Алдан шыққан долы жел
Атқа соғып абалап.
Көрінген төбе қалады,
Сыдырып артқа салады.

Тепсініп қойып, жебелеп,
Тер шығады бауырдан,
Тамшылайды сауырдан,
Жерге ағып себелеп.

Аласа жердің қабағын,
Биік таудың бауырын
Жүрді әскер көбелеп.
Бабажанның бедеуі

Кер маралдай ойнайды,
Қанша жүрсе, жолды алып,
Жүрген жолға тоймайды.
Еріп отырды әскері,

Қашық жолды қоймайды.
Жарамай қалған аттарын
Дем алдырып жайлайды.
Тауысып күшін кер бесті,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жүрмей, жатып қалмайды.
Қарақалпақ қазақ пен
Арасына Дераяқ
Қанша жүрсе, болмайды.

Ірің алып көзіне,
Ренжу алып өзіне,
Өңін жығып бұзбайды.
Қанша шапса әскерлер,

Тозаңы шығып аспанға,
Беті ашық жатқан жалпақ жер
Көнеріп, сірә, тозбайды.
Қатты басып кер бесті,

Әскерден қашық озбайды.
Бір қалыппен жүрісін
Ілгері салып қозбайды.
Мал-ақ екен жануар,

«Шаршадым» деп тұрмайды.
Үстіне адамы сай болып,
Түзеп салса жолына,
Шегініп басын бұрмайды.

Кемімейді жүрістен,
Қайта асып түспесе,
Сауырға батыр ұрмайды.
Будақтатып жүріспен,

Ұзақ жолды түріспен,
Сары даланы көріспен,
Жолда жүрген аңдардың
Зәресі кетіп бүріскен.

Сыдыра желіп, жорытып,
Қызық тұрмас көріспен.
Ойқастаған бедеуге
Жорыта шауып желіскен,

«Шабамыз,—деген,—қазақты»
Батырлар уәдені беріскен.
Жолда жидек-жемісті
Дорба-дорба теріскен

Келіп қалды қазаққа.
Аспай-аспай таулардан,
Аласа - биік жондардан,

жанқожа  батыр
Құлазыған шөлдерден,
Қан сасыған көлдерден,
Батпақты сай сорлардан

Құтылып батыр жөн тартты.
Ақыл-есі күніге
Үдетіп миға жол ашты.
Келгендігін қазаққа

Бабажан біліп, бұл тасты.
Ұмтылғанын білген соң,
Қарыштап бедеу жол басты.
«Шүу, жануар, кер бесті».

Ізінде әскер қаптаған
Шоқытып шауып ерісті,
«Жақындап қалдық қазаққа,
Түсіреміз тозаққа»—деп

Бір-бірімен керісті.
Арыған атқа қарамай,
Шаршаған жабы жарамай,
Жүруге әскер серттесіп,

Уәдені берісті.
Қызып жүрді кер бесті,
Желіндеген сиырдай,
Алшаң-алшаң басады.

Омыраудан тер ағып,
Құлындай ойнап, тасады.
Бұттан тері тамшылап,
Көбігін сыртқа шашады.

Қойны, жазық, сары белге
Ор қояндай қашады.
Жабыла шауып көп қолдар,
Аласа дөңнен асады.

Ойпаң, тегіс, сай-салам
Жер қойнын ашады.
Үзеңгісі жалтылдап,
Қылыштары жарқылдап,

Аттанып батыр шабады.
Іздеп келген қазағын
Түсірмекке тозағын,
Көрсетпекке қызығын,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Алдына салып иіріп,
Айдамаққа қосағын,
Бәрін тегіс бір жерге
Жинамаққа ағашын,

Сырдария жағасын,
Дарияның бойында
Қазақты батыр табады.
Жағалай қонған ауылдар

Түсті батыр көзіне.
Кеп отырған әлеумет,
Құлақ сал менің сөзіме.
Қызыл тілмен сауда қып,

Жая салған бөзіме.
Сонда батыр бұрқанып,
Тері шығып, бұрсанып,
Темірдей дені құрсанып,

Екі көзі сұрланып,
Ұшатын құстай қомданып,
Сонда батыр сөйледі.
Сөйлегенде бүй деді:

—Ау, қосшылар, қосшылар!

Бірге жүрген досшылар,
Келдік, міне, біз елге.
Асқар Алатауындай
Ұлы белес бір белге.

Ала алмасақ қазақты,
Шаба алмаса кер бесті,
Тұрып қалып Дераяқ,
Жауға мені тастаса,

Көзім көрер бұл бесті.
Ере алмасаң ізіме,
Көрінбесең көзіме,
Қысылғанда қол беріп,

Болмасаңдар жәрдемші,
Мына тұрған өзіме,
Кейін қайтсам еліме,
Іздеп келген қазақты

Сала алмасам тезіме,
Хиуа халқы жабылып,

жанқожа  батыр
Өлімтік көрген қарғадай
Сілейтеді мазаққа.
Дем алып бүгін осы жерде,

Тынығып әбден жатайық,
Тынық күймен тура асып,
Жабыла келіп атайық.
Қазақ халқын олжалап,

Көп олжаға батайық.
Жемей жүрген асынан
Ауыз тиіп татайық.
Кейінгі елге жүргенде,

Сапарлы болып қайтайық.
Белден батып олжаға,
Әбірей алып қайтайық.
Соныменен тоқтады,

Өзеннің келіп қасына.
Кешқұрым шығып қарады,
«Қаптаған елді көрем» деп,
Төбенің биік басына.

Төбеден түсіп Бабажан,
Қостың келді жанына.
Саржасын қайрап көк тасқа,
Тасты көздеп атады.

Еніп кетпей көк тасқа,
Басбармақтай батады.
Аттарын жайлап қалың қол,
Дем алып тегіс жатады.

Аунап, кеулі дүрсілдеп,
Бір қасық нәр татпады.
Бабажанның бестісі
Бірнеше күн жол жүріп,

Ішін тартып қатады.
Бір жеті апта дем алып,
Басын жинап құралып,
Қару-жарақ, қылышты

Ақ алмасқа суарып,
Қынабынан мол алып,
Саржа оғын тізбектеп,
Қорамсаққа мол салып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қаптай жатқан ауылға
Қалың әскер бет қойды.
Тозаңдатып шаң қылды,
Аласа жатқан сай, ойды.

Келіп қалды қасына,
Жетіп келді басына.
Ойқастатып Бабажан
Айқай салды ауылға.

Күшеніп шыққан дауысы
Ұқсады қара дауылға.
Араласып ауылға
Екі мың қолмен килігіп,

Малын баққан шаруаға
Түсетін құстай шүйлігіп,
Малын алды өрістен.
Қызын алды бесіктен,

Қолың шашын өріскен.
Жауды қуды есіктен,
Бала қашты тесіктен.
Ойран салды қыйқастап,

Екі мың қолмен сойқастап,
Бедеу атпен ойқастап.
Айқайлайды әскерге:
«Қу,—дейді,—қазір мына елді.

Қуатын, міне, күш келді.
Көшесің қазір бұл жерден»,—деп
Самсаған атты қол жүрді.
Бабажаннан қорыққан

Қатын-бала, кәрі-жас
Үріккен қойдай иірілді,
Буыны кетіп денеден
Ажар кетіп бетінен,

Төбе шәші үрлиді.
Қояр емес Бабажан,
Терін серпіп маңдайдан,
Көтеріліп серпіді.

Қарсыға шығар ешкім жоқ,
Емін-еркін желпінді.
Сол заманда бір адам

жанқожа  батыр
Шықты алдынан келбетті.
Көп адамның ішінен
Туған нағыз ер бетті.

Қарсы шығып көп қолға,
Халықтың көңлін тербетті.
Топқа кіріп тартынбай,
Баладай кеулін сергітті.

Батыр екен жүректі,
Майданға еніп бұл кетті.
Әскер басы Долансақ,
Бабажанға бұл жетті.

Жақындап келіп анадай,
Толғаған сөз мынандай:

—Әй, Бабажан, Бабажан!

Құлақ сал менің сөзіме,
Қара, батыр, өзіме.
Артымда жатқан аулым,
Қатын-бала, бауырым

Қорқып тегіс шулады.
Барлық дене дірілдеп,
Төгілген қанды көргенде
У ішкендей улады.

Оққа ұшып ерлерім,
Қанды жас көзден сулады.
Қаруы жоқ қолында,
Бейарман кетіп тулады.

Ау, Бабажан, Бабажан!
Нең бар еді халқымда?!
Тайлап мүлік алсаң да,
Өрісте жатқан жылқымды,

Алдыңа айдап салсаң да,
Шыдай алмай ісіңе,
Жолықпадың кісіңе,
Сөзімді ал есіңе.

Ойқастатып тиістің
Малын баққан шаруаға.
Қыз-қатынын қатын ғып,
Басын салдың саудаға.

Қанша қырып салсаң да,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Нәтижа одан шыға ма?!
Тең кісіңмен алысып,
Дәлдеп найза салысып,
Белден ұстап шалысып,

Аттары жатып қалысып,
Жеңісе алмай, талысып,
Жеңіліп қалса, амал жоқ.
Сүйегімді сүйтіп шапсаң да,

Айдаһардай қапсаң да,
Ажалын қолдан тапсаң да,
Арман жоқ сонда, батырым.
Тыңшы салып ауылға,

Жақсы-жаман білмедің.
Белді байлап содан соң,
Жаушы болып келмедің.
Бейқапыл жатқан халықты,

Бүлдірдің келіп ауылды,
Талап алып малдарын,
Өлтірдің қырып жандарын,
Елім сүйтіп тарықты.

Қазір менің ерім жоқ,
Сүйенетін белім жоқ.
Өлтіре бер, Бабажан,
Іздейді мені көңіл жоқ.

Сыйлығыңды екі қып,
Жаудырады ажал оқ.
Кезессең егер, Бабажан,
Сенсің тезек, жапа боқ.

Білгеніңді істеп қал,
Ол келгенше елді соқ.
Ау, Бабажан, Бабажан!
Ортасынан халықтың

Келіп тұрмын мен саған.
Халықтың мұңын айтуға,
Жауабыңды алып қайтуға,
Айтарыңды айтып сен маған.

Бабажан сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

—Сен келіпсің ортадан,

жанқожа  батыр
Асыл туған ерім-ай.
Жалғыз шапқан көп қолға,
Жүректі туған бөрім-ай.

Сөз шеберлеп айтатын
Әңгіменің түбірі-ай.
Елдің қамын ойлаған
Халықтың басшы төресі-ай,

Батырсынып сөз айтқан
Арыстан кеуде бөріге.
Шамаламай о, іші-ай,
Мақтанасың құр бекер,

Таланды, мынау, жерің-ай.
Мал мен жерді қорғайтын
Қайда қалды ерің-ай?!
Қорыққаннан қысылып,

Сөз айтып қазір ысылып,
Ақты су боп терің-ай.
Көрсетермін көрімді,
Омыртқа, белің арқаң-ай,

Тілімдейін етіңді.
Көрсетейін көзің-ай
Дақ түсірген денеңе
Түсірермін өзі леді

Талқандармын жеріңді.
Тегіс айдап малыңды,
Қуартармын халқыңды.
Өлтірермін тепкілеп,

Сақалын жұлып, шалыңды,
Қыз, келіншек балаңды.
Гүлін алып суалтып,
Қиратармын аулыңды.

«Батырсынып» деп келдің,
Алайын сенің жаныңды.
Тамақтата бауыздап,
Жұтайын қызыл қаныңды.

Содан кейін долданып
Келсін сенің ерлерің.
Көрсін мендей мындакер,
Батыр туған бөрілерің.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қадырлы батыр сен болсаң,
Іздесін, қалқам, мырзаларың.
Сыбағасын екі қып,
Тартайын, арақ, сыйларын.

Батыр туған жігіттің
Тапсын өзі жайларын.
Қылышын сөйтіп суырып,
Даманасын қуырып,

Доғалақ туған Бабажан
Өлтіреді келген Бекжанды.
Шыбын жанын шығарып,
Бауыздап қойдай шалған соң,

Қызыл қан судай жосылды-ай.
Қаруы жоқ халқының,
Дәрмені жоқ өзінің,
Ойдан-қырға дөңбекшіп,

Қол-аяғын көсілді-ай.
Халықтың қамын ойлаған,
Өлімін ойлап білмеген
Ортадан барған Бекжанды

Қылышын алып қынаптан,
Бауыздап қойдай шалған соң,
Малын баққан шаруадан
Кегін сөйтіп алған соң,

Өлтіргенде Бекжанды,
Ұялмай-ақ тұрған соң,
Қатын-қалаш, балаға
Атының басын бұрады-ай.

Сол уақыт болғанда,
Күн батуға жақындап,
Зауал ауып барады-ай.
Екі мың атты әскері

Теп-тегіс аман тұр екен,
Бұрылып артқа қараса-ай.
Халықтың есті шалына,
Қолындағы барына,

Төтелеп келіп Бабажан,
Әңгіме бітім құрады-ай.
Жасап болып бітімін,

жанқожа  батыр
Өлтіріп болып жетімін,
Қырып болып жігітін,
Бауыздап болып батырын,

Айдап салып қатынын,
Қолымен жеңіп Бабажан,
Жыйыстырып тұрмаққа
Ортаға болды Қожахан,

Уәдені байласып,
Шатырға әскер тарады-ай.
Атының басын қаңтарып,
Тұр көпшілік дағдарып.

Қолынан келер дәрмен жоқ,
Халық тұр қорқып, сандалып.
Адам өліп, мал кетіп,
Қалды есік қандалып.

Бабажан тағы сөйледі,
Жиылған халыққа долданып,
Құрмай жатып хандығын,
Үкімін тез қолданып:

—Ау, көпшілік, көпшілік,

Сұратқан сіздердің мыңыңды,
Құлақ салып тыңдай.
«Кейінде жатыр батырым»,
Дегеніңе қыңбайын.

Келетін болса, тез келсін,
Ерлеріңе қарайын.
Үрейленбей жата бер,
Шатыр жаққа барайын.

Асқақтатқан ерлерің
Келсін, халқым, көрейін.
Тыныштықты сұраған
Мұддығаңды берейін.

Тоқталып тегіс тұрмаңдар,
Үйлеріңе тараңдар,
Қос жағыма жүрейін.
Бабажан күші мен қайратын, екі мың әскер мен қаһарланған

айбатын мал жайып отырған елге жұмсап, адамын өлтіріп, елді
талап, қарсы шыққан жігітін өлтіріп, малды талап, халықты

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

күйзелтіп бара жатқаннан кейін бітім сұрай келген Бекжан­
ды, ұшқан құсты тілімен арбап түсіретін ер жүректі батырды,
қойдай шалып өлтіреді. «Жүректі ердің қайратты жігіттері
(іздеушісі) бар шығар, болмаса, арыстан кеуде батырлары

бар шығар. Сол келсін. Соныменен өлсем де, болмаса, жеңсем
де, ұрысармын. Әзір қалған халықтың берекетін алмайын.
Бірақ орталарыңа орам құрып, хан болатындығымды айтып,
түсіндірейін» деп, халыққа кеп: «Орталарыңа орам құрып, хан

болам. Мақұл десең, орамдыққа көнесің. Жоқ десең, ұрысып
жеңесің»—деп, халыққа келіп айтып еді, бай-молда, болыс, би
ұлықсат етіп, келісімге келіп, соғысты тоқтатып, Бабажан ша­
тырына, халық үйіне тарады. Енді өлеңменен айтамыз (ағайын-

ай, ағайын, жырымды төгіп жағайын).
Бабажан отыр қаһар қып,
Биледі малшы, шаруаны.
Хиуадан көп қол кеп,

Жиыстырып халықты.
Қысылып тегіс тарықты,
Малдарынан айрылып,
Халық тегіс зарықты.

Етегін жиып бауырға,
Түгесілсе тамағы,
Шабарман шабад ауылға,
Орын тепті бекініп.

Әкім қылып халыққа,
Тақтыда отырад жекіріп.
Алаңға шығып салқынмен,
Ойнайды тегіс секіріп.

Қала салды Бабажан,
Қыштан қалап шаһарды.
Отырды хан үкім қып,
Елге төгіп қаһарды.

Бабажан отыр хан болып,
Қорған соқты айнала.
Қорғанының сыртынан
Орды соқты тағы да.

Орының ені үш метр,
Қорған биік, төрт метр.

жанқожа  батыр
Дарбазалы есіктен
Кіре алмайды еш адам,
Жосыла жатқан сай жатыр.

Ертелі-кеш ашады
Дарбазаны бұл батыр.
Төңіректе тай болса,
Аты шауып бәйге алса,

«Ентікпемді бер» дейді.
«Ентікпеге не алсам?» деп,
Қорыққан халық сөйледі.
«Ентікпеге атың бер,

Болмаса, жақсы қызың бер.
О да болмай бара жатса,
Шайлап қалған тоқтың бер.
Үшеуін де қимасаң,

Дүние-мүлкің, кілем бер»,
Деп әскерлер тұрады.
Алып болып аларын,
Бітірер болып бүйымын,

Атының басын бұрады.
Елден алып мүлікті,
Өнерлеп үйін құрады.
Бермесіне амал жоқ,

Халықтың тынышын алады.
Маңдайға шыққан шиқандай
Басқа пәле болады.
Ханның қылған азарын

Халық тегіс көреді.
Саудагер, болыс, би, молда
Ханға қолын береді.
Хан не десе, соны істеп,

Ізіне тегіс ереді.
«Үшір, пітір, зекет» деп.
Қосылып хан да сұрады,
Дінін сатып бай-молда,

Асын бұдан сұрады.
Оннан біреу, жүзден он
Хан да алып тұрады.
Ханға қарсы шықпайтын

14-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ессіз жатқан ел еді.
Түр-түрге бөлген халықтың
Тайпасы Сырдың—кіші жүз,
Майдан деген руы.

Арқа бетін сұрасаң,
Сор алап тегіс, қатқылдау.
Күн шығыс бетін сұрасаң,
Түрлі өсімдік, сары алап.

Еркін шыққан құмсауыт,
Көгерген тал, жасыл шөп,
Сылдырап аққан суы бар.
Ата қоныс—Ақирек,

Билейтін баласы—Ала айғыр
Бес түлік малға қолайлы.
Қыры қатқыл, ойы су,
Көкорай шалғын жасыл шөп

Әм адамға қолайлы.
Жазы егіс, қысы балық,
Жұпар иісті ауасы
Айналаға аңқыған.

Жанға жайлы суы бар,
Ақирек деген көлі бар.
Қазанқойған, Көккөз, Қараүңгір—
Атақты биік таулары.

Алабы сабат жайлауға,
Қоңыр салқын жер еді.
Сол ызаға шыдамай,
Ақмырза шықты майданға,

Нағыз туған ер еді.
Күндіз шапса, түсте озған,
Түсте шапса кеште озған,
Шаршамайтын кер еді.

Арыстандай айбатты,
Қайратты, күшті, жел еді.
Ақмырзадай батыр мен
Құттықтан шықты Раманқұл.

Бабажанға аттанып,
Қатуланып қаттанып,
Екеуі шығып бет қойды,

жанқожа  батыр
Сыйынып ата-аруаққа.
Құдай жолы қой сойды,
Ашу кернеп, күш қонды.

Ызасына шыдамай,
Қару-жарақ асынып,
Жаратып атты мінеді.
Халықтың жауы дұшпанға,

Бабажанға жүреді.
Бабажанның ісіне,
Арамдыққа көнбеген
Еті тірі ер жігіт,

«Қарсы шықты Ақмырза»
Деген шындық хабарлар
Бабажанға келеді,
Хан да мұны біледі.

«Келсе, келсін Ақмырза,
Істегенін көрерміз»,—
Деп Бабажан тұрады.
Өзіне-өзі сеніп,

Әскерге мойын бұрады.
Қалың қолды иіріп,
Қамалда тегіс тұрады.
«Қару-жарақ мол ма?»—деп,

Әскерінен сұрады.
Барлы-жоқты қарудан
Шамалы жарақ құрады.
Күйікқала, Тақтыға

Күн жарымдай жол жүріп,
Ақмырза тарлан келеді.
Келісімен қаланы,
Жағымпаз болған ұлықты

Тықсырып тегіс түреді.

—Ханға неге қосылдың,

Қосылып неге ел сордың?—
Деп халықтың жемқор басшысын
Бүркіттей түсіп бүреді.
Осылай енді Ақмырза

Бай-болысты тексеріп,
Елден сұрап жүреді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Халықтың сұрап азабын,
Тақтысын ханның көреді.
Шыдай алмай ісіне,
Ханға қарсы ат қойды.

Жаратқан бедеу тұлпармен
Ақмырза жетіп барады-ай.
Ханның келіп қасына
Толғаған сөзі мынадай:

—Ау, Бабажан, Бабажан!

Бұл не халқым шулаған?
Күш қылып, қолға ту алған,
Қазаққа қара күн туып,
Кемпір мен шалы шулаған.

Би-болыс өңкей жағынып,
Пәре алып сенен қағынып,
Ар-ұятын ұрлаған.
Еріксіз күшпен малды алып,

Мұның не жұртты қорлаған.
Халықтың тегіс үні өшіп,
Айымды бұлт торлаған.
Уыздай жас қызымды

Еріксіз басып зорлаған.
Жалбарынып, жақындап,
Бұзылды, міне, «оңды» адам.
Жау жағадан алғанда,

Ит етектен жармасқан.
Не десең, соны істейді,
Не бітірмек кіл надан?
Айдарлымды айдадың,

Тұлымдымды байладың.
Епті пысық күн көрді,
Момындарды қоймадың.
«Түк білмейтін қазақты

Сорайық» деп ойладың.
Тоғыз қырлы найза алып,
Бас көтерген кісіге
Найзаңды дөптеп толғандың.

Оныңа да көнбеген
Ер жүректі Бекжанға

жанқожа  батыр
Тоғыз қырлы найзаңды
Саламын деп қолға алдың.
Сол секілді нарымды,

Өлтіріп, міне, дем алдың.
Оныменен қоймадың,
«Ентікпемді тез бер деп,
Жетектеп қойды тез бер деп

Көкірекке шер салдың.
Тоқтыменен тұра алмай,
Өмір сүріп жүре алмай,
Жас қызымды және алдың.

Қызымды алып болған соң,
Көкірегің толған соң,
Жібердің тағы баланы,
«Мүлік ал» деп үйде сен қалдың.

Бұл қорлығың не қорлық,
Маған берген не зорлық?!
Халыққа қара күн туып,
Қара бұлт құрсау-ды.

Қыдыра жалды, қыл құйрық,
Ортекедей ойнаған,
Ақмаралдай жайнаған,
Терінен бұрын бұрсанды.

Шошынып елім қорықты,
Асаудай тулап, зорықты.
Көзінің жасы сорғалап,
Кемпір мен шалым торықты.

Құрман айт күні қыдырып,
Нәсілсіз балаң ту алды.
Жонын күн шалмаған
Ерді үстіне салмаған

Бедеуіме ер салды.
Бермей кетіп иесіне,
Тұлпарымды бұл алды.
Сұлаусыз алып затымды

Қызыл май қылып атымды,
Қорлады тағы малымды.
Ау, Бабажан, Бабажан!
Жаушы болып халқыма,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ниетің қазақ келіпсің.
Сансыз әскер соңыңда,
Хиуадан шығыпсың.
Мойның түсіп, алысқа,

Ұзақ жорық шегіпсің.
Қазақты билеп хан болып,
Орам құрып жүріпсің.
Надан жатқан еліме

Азарды талай беріпсің.
Халқыма қара күн туып,
Екі жарым жыл хан болып,
Сараман дәуір сүріпсің.

Халықты қысып, қатты ұстап,
Соруға мойын бұрыпсың.
Надан жатқан халқыма
Білек пен күшті тең жұмсап,

Надан жатқан халқыма
Дүние малға молықтың.
«Ентікпемді тез бер» деп,
Шыға шауып қосыңнан,

Барымталап, зорықтың.
Мен келгенде, ақкөйсіп,
Дем алып тегіс торықтың.
Айбынбай таққа келген соң,

Суыққа тоңған танадай
Бүрісіп, міне, қорықтың.
Қорықпасаң, шық былай,
Іс айналды қиынға,

Шаршы топты жиынға-ай
Мен келіп тұрған жалғызбын.
Арда туған Бабажан,
Қорықпа, доңыз, қайрат қыл,

Әскеріңе сыйын да-ай!
Атаңа нәлет Бабажан,
Айтылған саған сөз солай,
Талқандармын тақтыңды!

Күнді ұзатып көп жүрме,
Не болса да, тез бол-ай!».

жанқожа  батыр
Уа, ағалар, ағалар,
Жасы кіші інілер,
Термі сөзге түспестен,

Ақмырза сынды батырды
Түсіндіріп кетейін.
Түсіндіріп не етейін,
Сүрмеде жүрген жорғадай.

Көз алдыңда ырғақтап,
Ағалар, қызмет етейін.
Сұрасаң атын, Ақмырза—
Аты шулы ардагер

Жанқожаның ағасы.
Отырықшы қонысы—
Ақиректің жағасы.
Әкесі—кедей, өзі—ер,

Нұрымбеттің баласы.
Халықтың қамын ойлаған
Ер жүректің панасы.
Жауға қамал, елге дос

Сырындағы қаласы.
Негізі кедей, ер жүрек,
Түп атасы, сағасы,
Мінсіз көркем атындай,

Елге асыл бағасы.
Дұшпаннан елін қорғайтын
Халықтың қамқор анасы.
Бұл батыр болмай, кім болсын?

Бір жасынан жүгірген,
Дұшпанына түкірген,
Рүстемдей алып ер,
Асыл туған ардагер,

Жанқожаның баласы.
Ханның Ақмырзаға берген жауабы:
Ақмырзаның сөзінен
Хан да тұрып қалады-ай.

Беттесуге әл келмей,
Үйге төсек салады-ай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шақырмаққа Ақмырзаны
Арақ-шалап алады-ай.
Ақмырзаны шақыртып,
Сөйледі ханың далада-ай:

—Ау, Ақмырза, Ақмырза!

Атадан ер боп сен туған.
Халықтың кегін алуға
Аттанып, бөрім, сен қуған,
Ниетің маған келіпсің,

Маңдайыңды тер жуған.
Жауласпаққа менімен,
Кіжініп қатты, бел буған.
Менен кекті алмаққа,

Басыңды байлап байраққа,
Қатуланып сен шыққан.
Айбатыңменен қорқытып,
Кейін қарап жау ыққан.

Ашыққанда қол берген,
Дұшпаныңа күш қылып,
Саржаның оғын сен керген.
Қол жетпейтін жемістен,

Ер боп туған Ақмырза,
Ісіңе сенің халық риза,
Мәуені сайрап сен терген.
Арадағы жел сөзге

Мұның не, төрем, сен ерген?!
Халқының өшін алуға,
Табанға езіп салуға,
Бірге амалдап қалуға,

Аттанып ханға сен жүрген.
Наз бедеуді жаратып,
Жал құйрығын таратып,
Бедеу атты сен мінген.

Арындаған тұлпардың,
Басып өтер сұңқардың
Құйрығын батыр сен түйген.
Орамдыққа ерім сен келген,

Айбатыңа шыдамай,
Мен сорлымын, тарланым,

жанқожа  батыр
Алдыңнан шығып сөйлеген.
Тақтыға келіп тайынбай,
Арыстан келді шұбар көз,

Ханыңды, міне, сен көрген.
Тыңдап менің сөзімді,
Қаңтарып атты сен тұрған.
Тоқтау беріп сөзіме,

Мойныңды, ерім, сен бұрған.
Ашуыңды хан сұрап,
Мәжілісті хан құрған.
Татуласып менімен,

Дәм татып шық үйімнен.
Қастық қылсам егерде,
Тұз татайын қолыңнан.
Қаныңды жүктеп болған соң,

Көрмейім бе көрімді
Жан алушы Құдайдан.
Қауіптенбе, батырым,
Дәм татасың ордадан.

Тапсыр мені Құдайға,
Дос боламын ұдайға.
Шыға алмаспын батадан,
Ойыңа сірә келмесін:

«Өлемін,—деп,—қатадан»
Құдай куә, тұз куә,
Қонаққа досың шақырған,
Дос болайық тірілей,

Атыңнан түс керілмей,
Ашуыңа берілмей.
Шыққан сөз осы досыңнан,
Дәм татасың қосымнан.

Үйге келіп мен—ханың,
Төрем, сенен сұраған.
Бір еріні көк тіреп, бір еріні жер тіреп, жауатын күндей
құрсанып, қабағы түсіп, көзі шапыраштанып, ішін кек кернеп,

қалың қолға қарсы шауып, ақырған даусын миынан өткізіп
сөйлеп, жиыра бастаған соң, айбатынан қорықсын, күшінен
қорықсын, қорықса да, сыйласады. Алдынан шығып: «Ер, бір

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

кезегіңді бер»,—деп хан шыққан соң, ашуын басып: «Бұ да
азаматтық қой. Мұның еткен еңбегін, істеген қызметін сыйлаған
сыйын көрейін, «Ерде екілік жоқ»,—деген.

—Мұнанда түспей қалғаным ерлік болмас. Мұнда да екілік

болмас. Аттан түспей қасарысып қалғаным ұят болар,—деп,
аттан түсті. «Қастық қылса, тұз бен батаға салайын. Болмаса,
қайрат-күшіме салайын, Тәуекел Аллаға»,—деп, қару-жарағын
асынып ханменен бірге ордаға кірді. «Батыр аңқау, ер гөдек»

дегенді еске алайық.
Отырғызып төріне,
Алып келді тамақты.
Дастарқан жайып, құрмет қып,

Берді құйып шарапты.
Қастық қылған Бабажан
Ерлік қылған Ақмырза
Түскендігі үйіне

Көңіліңе ұнапты.
Әпуайы адамдар
Үй -үйіне тарапты.
Тағы алып келді үш мес қып

Кілең өңкей арақты.
Көтере ішіп Ақмырза
Құйып берген арағын
Хан көңіліне ұнапты.

Батыр туған, жүректес,
Раманқұл тілектес
Кез өкшеге қарапты.
Тауыса ішіп арағын

Сол секілді Ақмырза
Хан кеуліне жарапты.
Шын туған арыстан,
Ханға қарсы қарысқан,

Орамдыққа таласып,
Ту алып қолға шабысқан,
Өктем-өктем барысқан.
Үйде отырып Раманқұл,

Өмірін бұ да тілепті.
Тілектес халық сөзімен

жанқожа  батыр
Бір баланы жұмсады
Үйде отырған Раманқұл:

—Жүгіртіп шапшаң тезімен.

Батырды барып біл депті.
Жүгіре басып жас бала
Тыңшы болып келіпті.
Төрде отырып қызарған,

Мас болып дене сазарған
Ақмырзаны көріпті.
Қайта шығып бұл үйден,
Сұратушы халыққа

Есіктен келіп жауабын
Былай деп бала беріпті:

—Көп отырған әлеулет,

Тексере отыр сөзімді.
Қырмызы тілмен сауда қып,
Жая салған бөзімді.
Шуласқан қатын болмаса,

Жаңа талап жас ақын
Қыспаңыздар жыршыңды.
Сұратқан тегіс ағалар,
Жасы кіші інілер,

Бізден барған Ақмырза
Ақжорғаның үстінде
Шайқалып мас болыпты.
Өлімге беттеп ер жігіт

Ұзақ жорық шегіпті.
Басына түсіп ғаріптік,
Атадан туған ардагер
Ақмырза сүйтіп жеріпті.

Халық үшін туған ерлерің
Қолдан күшін беріпті.
Қызыл түлкі алданыш,
Араққа батыр еріпті.

Еркі жоқ өз басында,
Айдаса қайда жүріпті.
Қолдан күшін тауыспай,
Жарқылдаған қылышты

Дұшпанға сілтеп шабыспай,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қоңыраулы сапты найзаны
Көк желектен тұрғызып,
Жауына дөптеп салыспай,
Ауыздығын шайнаған,

Байраққа басын байлаған
Аттары жатып қалыспай,
Емін-еркін алыспай,
Қуаты жоқ бойында,

Дәнеңе жоқ ойында,
У ішкендей ылбырап,
Шыжыған майдай былбырап,
Ақмырза ерім болыпты.

Сансыз әскер қамалап,
Соятын малдай анталап,
Қол-аяғын байлапты.
Қапыда түсіп тозаққа,

Екі көзі жайнапты.
Су боп, көзге көрінбей,
Зығыры іштей қайнапты.
Жыйылған адам үстінде

Томпылдатып сабапты.
Екі көзді телміртіп,
Оңаша үйге қамапты.
Алып шығып далаға,

Арбаға салып таңыпты.
Еш нәрсе жоқ астында,
Қу ағашқа байлапты.
Тасты байлап мойнына,

Жүз адам соның қасында,
Арбаны біреу айдапты.
Бетін бұрып есікке,
Өзенге алып жүріпті.

Баптап беріп батырды,
Хан үйінде қалыпты.
Қамқоршысы елімнің,
Қорғаушысы жерімнің

Ақмырза сынды бөрімді
Арақ белден мас қылып,
Сөйтіп кегін алыпты.

жанқожа  батыр
Ардагер туған ер алып
Есінен сүйтіп таныпты.
Қу ағашқа таңылып,

Шарбақтан Ақаң шығыпты.
Күшінен қолдан айрылып,
Тау қаңбақтай домалап,
Көлеңкедей ығыпты.

Буынын алып батырдың,
Шараппен хан мас қылып,
Ақмырзаны жерге жығыпты.
Алдап-арбап түсіріп,

Бөрімді жерге тығыпты.
Қатты таңып ағашқа,
Кеудеден жанын сығыпты».
Термелеп айтып аз сөзді,

Тағы да бала сөйледі-ай:

—Ақ сұңқардан айрылып,

Үйде неге тұрсыздар?
Келмесе де еш нәрсе,
Қаруы жоқ құр қолдан
Далаға шығып көріңдер.

Үйде отырған азамат,
Бет-бетіңе тараңдар.
Ретін тауып, жігіттер,
Сұңқарды барып алыңдар.

Босатып жаудан батырды,
Абырой алып қалыңдар.
Ортаға түсіп бел буып,
Жігерді ерге салыңдар.

Тұйғын бүркіт жез саусақ,
Бөріге қолды беріңдер.
Көп отырмаңдар тоқталып,
Далаға шық, жүріңдер.

Лажы болмай баратса,
Айқайды келіп салыңдар.
Қолдан келсе, алыңдар,
Байлауда тұрған бөріге

Күндердің күні болғанда,
Жетер болар батырға.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кеуліңізді білдіріп
Қаларсыз да сорлыға.
Тақа болмай баратса,
Торға түскен бүркітті

Далаға шығып көріңдер.
Үйде отырған көпшілік
Естіп сөзді баладан,
Далаға тегіс шығады.

Қу ағашқа таңылған,
Қиямет іске жамылған
Шешіп алып Ақаңды,
Батырды суға салады.

Мойнында тас бар байлаулы,
Өзенге батыр батады.
Батырып барады қара тас,
Тіренетін жері жоқ.

Алқынып суды жұтады,
Батырып барад қара тас.
Жандәрмен қып бұлқынып,
Суға батып кетеді.

Қамқор қылған аулы
Қоштасуға жарамай,
Үйінен шықпай қалады.
Көзіне батыр жас алып,

Жалғыздық басқа жетеді.
Соғыса алмай жауымен,
Бейарам батыр кетеді.
Қолдан келер дәрмен жоқ,

Елі тегіс көреді.
Екі мың қолға бата алмай,
Іркіліп халық тұрады.
Бабажанды өлтіріп,

Батырдың кегін алмаққа
Мәжілісті құрады.
Даусым бұзылып барады,
Қоя тұрсам қайтеді.

Ойластық мұным ағалар,
Бұлбұлың сізден сұрайды.

жанқожа  батыр
Әңгіме
Ақмырза әдейі ұрысқа келіп, бірақ қайратын қолдан ажалын
жолдан ойлап өлгеннен кейін, Бабажан амалмен өлтіргеннен

кейін қарусыз халық екі мың әскері мен Бабажанға қарсы
шыға алмай, Ақмырзадан көрер көзге айрылды. Көңілшек
шалдар бар тапқаны осы деп, екі көзіне сыйынып, терге шо­
мып, мұзды балақ бүркітінен айырылып, батырдың туған елі,

жүрген жері, үй-ішіне хабар айтуға адам сайлап, белгісіз түнде
бала жібереді.
Ау ағайын әңгіме айтып жағайын,
Өлеңнен моншақ тағайын,

Наз бедеудей шабайын.
Елден шықты жас бала,
Мінген көлік—аты ала.
Үш жыл ұдайы бекініп,

Өнерлеп салған бұл қала.
Түнде шығып, жол шекті,
Жүрген жолы сай-сала.
Жүріп келеді түнімен,

Жеткізбейді сары дала.
Ақмырза ердің өлгенін
Ажалын қолдан бергенін
Естіртіп еліне,

Көрсетпек өзін жүргенін.
Жолға қонып бір сөтке,
Ауылды күндіз көреді.
Білдірмек елге ниеті,

Шалттап бала жүреді
Әңгімесін айтуға.
Кейін қарап қайтуға
Сөзін ептеп түйеді.

Келе жатып жолда, ойланып,
Айтатын сөзін біледі.
Ауылдың көріп қарасын,
Атын сабап, желеді.

Сыдыра шауып шоқытып,
Жақындап елге келеді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сұрап алған ауылды
Шамалап бала біледі.
Көп ауылдың шетінде,
Оқшау тұрған бетінде

Үлкен үй тұр тігулі,
Есігі іштен ілулі.
Ниеті сол үй баланың,
Тікелеп үйге келеді.

Малы жатыр алапта,
Мезгіл сонда түс еді.
Жағалай қонған сабатқа,
Қоралай тіккен үй еді.

Күз айлары—сүмбіле
Борпылдақ, шаңдақ жер еді.
Бір шетімен ауылдың
Жайымен бала жүреді.

Нақ сол кезде бір әйел
Есікті ашты сызыла.
Қолымен байлап жаулығын,
Тысқа шықты сызыла.

Ат маңдайын тіреген
Шалттап бала жүгірген.
Баланы көрді жас әйел,
Көрісімен үйге кіреді.

Есіктен әйел қысыла,
Әйел кіре сөйледі,
Отыз тіс пен қос жағын
Сөзбенен әйел күйледі:

«Бір бала үйге келеатыр»
Мінген аты терлеген,
Өңін бұзып, шаң басқан,
Түстенбеген ертеден,

Бұл үйге кім келеді,
Қара су боп төтеден?
Мен білмеймін екен-ай,
Жамандық хабар бола ма,

Сұңқарың жақтан қатеден?!
«Ә» дегенше болмай-ақ,
Үйдің келіп қасына,

жанқожа  батыр
Атынан түсіп, байлай сап,
Келеді есік алдына.
Құйрығын қойып отырды,

Есіктің келіп басына.
Белбеуін шешті белінен,
Екі жеңін сыбана,
Есіктен қарап сығалап,

Тұрды бала далада.
Етек-жеңін түрініп,
Сөйледі бала ашына:

—Ассалаумағалейкум,

Төрде отырған, ағалар!
Жақсы мен жаманды тең көрген
Ақылдың түбі—сағалар.
Күн көргіші кем-кетік

Өзенді суды жағалар,
Ал, тыңдай, қал, көпшілік,
Ақылды сөзді бағалар.
Сөз мәнісін білмейтін

Жаман бір сөзді табалар.
Төрде отырған жамағат,
Ақ сұңқар қолдан ұшырдық,
Айға қолын серметіп,

Тынық ауа құштырдық.
Жастайынан үйретіп,
Үкілеп атты мінгіздік.
Айтты-ай күні қызыққа

Көкпар тартып көргіздік.
Жігіт болды, шаң тимей,
Сараман дәуір сүргіздік.
Бес қаруын дайындап,

Оқ атқызып жүргіздік.
Балапан құстай мәпелеп,
Жақсы тамақ бергіздік.
Үй қызындай үкілеп,

Жібек торға кіргіздік.
Сол мақсатты орындап,
Он бес жасқа келгенде,
Аққу құстай таранды.

15-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Он сегіз жасқа келгенде,
Ортаға түсіп, буынып,
Билік айтып сөйледі.
Көз алартқан дұшпанды

Көк найзамен түйреді.
Жиырма жасқа келгенде,
Елдің қамын ойлады.
Айыр масақ асынып,

Егеулі найза қолға алды.
Қарсылық қылған дұшпанның
Езуін жыртып, кек алды.
Айқайлап тұр жанына,

Белінен өтіп, жол салды.
Қалың қолды қақ жарып,
Топтан озып, жүлде алды.
Жанына шауып, толғанып,

Қалақ найза қолға алып,
«Батыр» деген ат алды.
Жиырма бес жасқа келгенде,
Мұзды балақ бүркіттей

Жауынан халқын күзетті.
Микалай иттің тілімен
Шөмекей, әлім жау болып,
Небір қырғын соғыста

Топтан торай шалдырмай,
Батыр да күшін үдетті.
Отыз жасқа келгенде,
Құла бедеу астында,

Қырлы найза қолында,
Өзі халықтың жолында,
Өштескен жаудың соңында,
Жақсылықтан мақтайды,

Көпшіліктің аузында.
Отыз бес жасқа келгенде,
Күннен-күнге өзгеріп,
Амалын ерім түрлетті.

Көксегені—еркіндік,
Дұшпаның кеулін күйзелтті.
Айбатымен шошынтып,

жанқожа  батыр
Жауының кеулін ренжітті.
Не пайда, бірақ ағалар?
Қолына түсіп жауының,

Жүректен ерім түйретті».
Осылай деп сөйледі,
Көтеріп мойнын жоғары,
Тағы да бала толғады:

—Қолдан ұшып жез қанат,

Шырмалып торға түсіпті.
Жез саусақ бүркіт бүре алмай,
Дұшпаннан кегін ала алмай,
Ат сауырына сала алмай,

Жау қолында кетіпті.
Жау қолында қор болып,
Ажалы солай бітіпті.
Қарасы өшіп, дабыл жоқ,

Жез қанат қолдан кетіпті.
Қиядан ұшқан мұзбалақ
Қанаты талып, ұша алмай,
Дұшпанына түсе алмай,

Су бетіне қоныпты.
Су көтермей ауырлап
Құлаш ұрып, алқынып,
Су түбіне батыпты.

Шүйліккен аңын ала алмай,
Табанға езіп сала алмай,
Тілін тістеп қатыпты.
Діңдей болып алыбым

Су түбінде жатыпты.
«Ажалын жолдан берем» деп,
Әурелеп Құдай атыпты.
Қаршыға құстың жатқанын,

Әурелеп Құдай атқанын
Осы балаң көріпті.
Хабарын алып балаң
Осы ауылға келіпті.

Жайын айтып батырдың,
Жауабын бала беріпті.
Ұлықсат етсең, әлеумет,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қара сөзбен сөйлейін.
«Сөйлеттің неге?» демейін
Желіккен жүрек, өкпені
Тынықтырып, суытып,

Біразырақ күйлейін.
Басылғанша жүрегім,
Қара сөзбен сөйлейін.
Ентіккен кісі: «Ентікпемді бер, оған қосып жүнтікпемді

бер» дегендей келген бала: «Нақ ентікпемді бере ғой» дегендей-
ақ ентіктіре жөнелді. Үйде отырған адамның бір жартысы бұл
баланың не дегенін, не айтқанын білмей, дағдарып қалды. Жол
да келе жатып, нені көргенін, ненің жүргенін, болмаса, елінде

кімнің өлгенін білмеді. Жапсарда жатқан орта бойлы, дембел­
ше, жаурыны жалпақ, басы шәугімдей, омырауы талпақ, азу
тісі күректей, табаны есіктей, мойнының еті бесіктей, кебеже
сүйегі қалақтай, мұз балақ, шұбар төс, нар желке, жарқын жүз,

сұсты кеуде, мұрынды, бидай өңді, қаршыға қас, мұртының
ұзындығы-құлағына оралады, доғалақ көз, жасы 25-30 шама­
сында, ақ құбаша сары жігіт жапсардан басын көтере салып,
былай деп, әңгімені қашырта бастады. Тыңдап отыр, ағалар.

«Ау, ағайын, ағайын!
Әңгіме айтып жағайын.
Шыдамай кеуіл баратыр,
Солқылдап кеуіл бұл жатыр.

Екеуіне мен не қылайын?
Бір күрсініп, дем алып,
Мұңымды айтып шағайын.
Асқа шапқан бедеудей

Көз алдыңда ырғақтап,
Бауырымды жазып шабайын.
Осы балаң не дейді,
Жауабын мұның табайын.

Жанды қиып осы жерде,
Жауымды қазір сабайын.
Таба алмасам лажды,
Көнегіңді қия ма?!

Осы отырған жамиғат,

жанқожа  батыр
Жан-жағымды қарайын.
Қиядан шауып белеске,
Сара жолды салайын.

Тізбектеліп сол жолға
Жел буынсыз жел сөзді
Ұшы-қиыры жоқ алайын.
Жиналған толы әлеумет,

Ортаңызға анықтап
Мәжілісті құрайын.
Содан соң барып баладан
Нәтижесін сұрайын.

Жалғыз ағам Ақаңның
Уақиғасын сіздерге
Айтпай неге қалайын.
Есіттірмей сіздерге,

Торсаңдап қалай жылайын!
Хабар келген баладан,
Өлген екен Ақмырза
Бабажан салған жаладан.

Сіздерге соны айтайын:
Ал, тыңдай қал, көпшілік,
Болған екен бір сұмдық
Көлге біткен құраққа,

Алты қарыс азулы
Ақмырза сынды шұнаққа.
Ызыңдайды бір сұмдық,
Тыңдасаңыз, құлаққа.

Осы бала не сөйлейдіэ:
«Жалғыз ағам—Ақмырза
Жау қолында өліпті
Нұрымбеттің баласы—

Екі тарлан бөрінің
Келген екен ажал ақ
Ақмырза сынды шыраққа.
Топтан озып жүлде алған

Шын бедеу ат-тұлпарға,
Елдің қамын ойлаған
Ақмырза сынды боздаққа.
Бұрқылдап шаңы бір шыққан,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Түстік жерден түлкі алған
Ақмырза сынды құмайға.
Ойласам, миым дал боп тұр,
Өстіп жүрген өмір құр,

Кетеді қашып жан-жаққа.
Төтелеп енді келейін,
Түсіндіріп халыққа.
Басым аман болғанмен,

Мен де түстім сынаққа.
Құдайдан қатер болыпты,
Ақмырза сынды лаққа.
Қапыда ажал келіпті,

Бөрі саусақ тұяққа.
Топтан озып бәйге алған
Қазан ат бедеу тұлпарға.
Қиядан көзі көретін

Мұз балақ бүркіт, сұңқарға.
Дұшпаны құрық салыпты
Елдің белі батырға.
Бауырымды қалай өлтірді,

Ханың сенің батыл ма?
Ақаңды алдап өлтірген
Қайратты туған батыр ма!
Ердің қанын жүктеген

Ханың нағыз әділ ме?
Жекеге шығып өлтірмей,
Ажалын қолдан келтірмей.
Екі жүз иттік бола ма.

Бейарам кетті бауырым,
Іс орынға келе ме!
Орамдыққа таласқан,
Найзасын жұлдыз жаласқан,

Ісіне өмір таласқан
Жанқожа сынды батырды
Ақымақ ханың біле ме?!
Ақырып өзім барғанда,

Басына әлек салғанда,
Ақаңның кегін алғанда,
Мен секілді бөріні

жанқожа  батыр
Бейасыл ханың көре ме?!
Алшаңдап басып, аяғын,
Жақсылап ішіп тамағын,

Беліне ұстап таяғын,
Арда ханың жүре ме?!
Дәнеме жоқ кеулінде,
Танымайтын елінде,

Келешегін білмеген,
Жетесіне түймеген
Тексіз ханың осы жерде
Сараман дәуір сүре ме?!

Бауырым өлді қалайша?
Он бес жасар жас бала,
Жауап берші сөзіме.
Жаз шықса егер осыдан,

Аман шықсам қосымнан,
Нәсілсіз ханды көрермін,
Тірі жүрсем жалғанда,
Сыбағасын берермін.

Арам өлген доңыздай
Мылжалап басын тебермін.
Қу қазықтай төпелеп,
Жерге басын қағармын.

Жоныңа сенің, арамза,
Қара тұзді егермін.
Тарақ қара балтамен
Қу шекеңді шабармын.

Топалаң келген тоқтыдай
Бауыздап малдай шалармын.
Сегіз тарлан бөрілер,
Сегіз мыңдай әскер боп,

Жан-жағынан қамармын.
Дүрсілдетіп жаныңды,
Әзірейілдей алармын.
Көкпар қылған терідей

Ат саурына салармын.
Судай аққан қаныңа
Семсерімді малармын.
Дәмін татып қаныңның,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Су орнына ішермін.
Көрсетермін көрімді,
Орамдықтан ашықтап,
Босатармын елімді.

Ханды қуып тақтыдан,
Оңашалап алармын
Қырмызы қызыл жерімді.
Айқайлап шауып қамалға,

Ағызармын теріңді.
Ішкізбеспін суымды,
Сорғызбаспын елімді,
Билетпеспін жерімді,

Алдыртпаспын белімді.
Тыңдап отыр, көпшілік,
Орындармын сөзімді.
Ағайын-тума, ағалар,

Жасы кіші інілер,
Осалдыққа бел байлап,
Суламаңдар көзіңді.
Тыңдап жатқан жарандар,

Азырақ жырды тастайын,
Қара әңгіме бастайын,
Қоя тұрып өлеңді.
Кемпір-шал, әйел, бала-шаға жылайын деп еді, жаңағы

өлеңді айтқан бұйра бет, қара торы жігіт: «Қойыңдар!» деп,
тоқтатып тастады.—«Жыламаңыздар! Көңіліңізді босатып,
жүректеріңді елжіретпеңіздер! Жылау дегенді, ренжу дегенді
менің көзіме көрсетпеңіздер. Ауыл-аймақтың барқырап маза­

сын алып, берекетін қашырмаңыз,—деді де,—Шыдам керек,
жігер керек, қайрат керек, төзім керек»,—деп халыққа айт­
ты да, өзі қабағын түйіп, жерді қолымен шұқып, салмақпен
күрсініп, терең ойға түсіп, шетіне шыға алмай, түнеріп оты­

рып, сіресіп қатты да қалды. Істің түбін тосып, артын ек­
шеп, ой түбіне жетіп, қайта бұрсанып, баланы қасына алып,
қалай өлгенін, қалай қолға түскенін сұрай бастады. Баланы
бір жеті сақтап, салы сарпай, аттан-жүйрік, қалы кілем сый­

лап, еліне қайтарады. Жанындағы ауыл-аймақ Ақмырзаның
өлгенін, шын ажалдың келгенін тегіс білді. Сол мезгіл қара

жанқожа  батыр
суық сүмбіле айларының басталған кезі еді. Жаушылыққа
аттануға қолайсыз, қыс жақындап қалғандықтан: «Қыс өтсін,
жаз шықсын, қар суымен аттанармын,—деп,—қыс ауыл­

да болайын.—«Сабыр түбі—сары алтын, асықпаған жетер
мұратқа, асыққан қалар ұятқа» дегендей»,—деп, қыстай ау­
лында болам деп, тұра берді.
Қыс бойы шаруашылық жұмысын істеп, қысты өткізіп, кегі

кеткен дұшпанға аттанбаққа белді байлап, қаруын сайлап, Көк
ешкіні (атын) жайлап, жаз жарқырап, жер бетіне жалбыраған
көк шөп еркін шыққанда, апрель айларының ішінде Бабажанға
бет қоймаққа жеті жолдасымен дайындалды. Құттықтан та­

лапкер батырдың біреуі—Ақтан да 50 жігітімен Бабажанға
дайындалып, март айының 20-сі деген түні ауылдан шығып,
жаушылыққа бет қойды.

Есітті халық тегіс қорқынышты,
Үйіне кеуіл айтып қол келісті.
Халық көп кемпір-шалға кеуіл айтты,
Ізіне үлкен адам бала ерісті.

Шақырып елін жинап, жамиғатты,
Үйіне келген адам асын татты.
Ақмырза өлгендігін білдірмекке
Еліне хабар айтып, жар шақыртты.

«Жанқожа шақыртады» дегеннен соң,
Ақсақал алыс жерден келіп жатты.
Әр жерден адам келіп жиылғасын,
Басылып халық аяғы, тыйылғасын.

Үй тігіп, тегіс бәрін мейман қылды,
Ақмырза қыршын жаны қиылғасын.
Өлгенін білдірмекке Ақмырзаның,
Халықтың бұған құрбан мал мен жаны.

Үйіне Жанқожаның келген адам
Бес жүзге жақындады адам саны.
Әкесі екі ердің—шал Нұрымбет,
Қайғыға ортақ болды ел мен жұрт.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мүсәпір, момын шаруа ашуы жоқ,
Қайғыға белден батты шал Нұрымбет.
Баласы Нұрымбеттің ер Ақмырза,
Құбаша, ақ жұмыртқа, құс қуындай.

Күніге екі өзгеріп, гүл жайнайды
Әдемі қара судың құндызындай.
Жез қанат, тарақ құйрық, үкілі бас,
Өзі еді өр тепсеңнің шынарындай.

Қып-қызыл екі беттен қан тамып тұр
Бақшаның жазғы тұрғы алмасындай.
Қыр мұрынды, жарқын жүзді, бозамық бет,
Беті үкінің жаңа туған баласындай.

Денелі, қыпша белді, мықты, мығым,
Жігіттің сүмбіл саусақ саласындай.
Кірпік пен қиғаш қасы жатық біткен
Өзеннің қара қошқыл құрағындай.

Мұзбалақ қыран бүркіт, бөрі тұмсық,
Тұмсығы Арқаның аң алатын бөрісіндей.
Жез қанат, керік құйрық, балақ тұйғын,
Орманның қаршыға құс қыранындай.

Шұбар көз, сұсты маңдай, жалпақ жота,
Сары дала, Ақжартаудың қасқырындай.
Нар жілік, бота тірсек, емен желке,
Үргеніш қарақалпақ бедеуіндей.

Денесін ашу кернеп, долданғанда,
Жауатын күннің шұбар бұлтындай.
Ақырып жауға шапқан ащы даусы
Атылған найзағайдың дауысындай.

Шапыраш жанып тұрған екі көзі,
Байыған күннің күңгіріт қызылындай,
Денесі төрт бұрышты төртбақ келген,
Жойқын күш қайтпайтұғын Рүстемдей,

Айбатты қас дұшпаны сасатұғын,
Қара күш адамзаттың алыбындай.
Сол ерің, ай, ағалар, жау қолынан
Жататын мамық төсек жай тауыпты-ай.

жанқожа  батыр
Бейарман жау қолынан өлгеннен соң,
Ағалар, Ақмырза ерің аһ ұрыпты-ай.
Жамиғат, күш білек ер кетіпті-ай,

Салт жүріп, жер түбіне ол жетіпті-ай.
Ажалын жолдан тауып, күліп-ойнап,
Кешегі Ақмырзаның әлі бітті-ай.
Әйелі Нұрымбеттің—сұлу Қызай,

Қызайдан екі бөрі туған мынау,
Ақмырза—сол Қызайдың үлкен ұлы-ай.
Екінші—әлпештеген мен кенжесі,
Шешемнің көп емізген Жанқожасы-ай.

Қазақтың мақалы ғой «Ат—арыстан, нұр сейттен»,
Сондықтан сүйген атым осы егесі-ай.
Енді мен сол дұшпанға аттанамын,
Жазғытұрғы қар суымен бет қоямын.

Жолықпай жүрген шығар кісісіне,
Шаһарын шауып алып, құл қыламын,
Жанқожа сөз бастады көпшілікке,
Қайғырып келген халық, елшілікке:

—Ойласып мәні-жайын айтайын деп,

Шақыртып әдейі алған Ақмырза еді.
Осы елдің паналайтын ері еді
Халыққа, қысылғанда, қамал болған.
Асқар тау, сүйенетін белі еді.

Өскен ел-халық ортасы сіздерменен
Жайлаған ата-қоныс жері еді.
Ақмырза бұл қоныстан айрылыпты,
Жез қанат торға түсіп қайрылыпты.

Қар суы, бет қоямын, малға жайлы,
Ізіме ертемін ерді сайлы.
Тілектес өзімменен, жасы бірге,
Жолдасым өмір бойы басыбайлы

Жолмырза, Жақай батыр көзге мерген,
Бауырын саржа жақтың оқпен керген.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Құрдасым жасы бірге, жылым жылдас,
Бірге ойнап, бірге жүріп, сырды түйген.
Қазақбай, Садақбайлар—найзагерлер,
Шалт түйреп түсіретін қайраткерлер.

Найзамен он он бесті түсіретін
Қайратты, Шойын желке найзагерлер.
Итжемес, Жақып сері—қылышшылар,
Шалғыдай алдын орып, қуушылар.

Ортаны жазып, бұзып, серілтетін,
Бет-қолын қанға бояп, жуушылар.
Күлімбет—ту ұстаушы батагөйші.
Тілектес өміріме аққудайшы.

Ортаға туды жықпай жүретұғын
Айбатты пірлі туды көтеруші.
Мінекей, осы сегіз аттанамыз,
Жүрместен он күн бұрын бапталамыз.

Тамырын көктей жұлған көк шөптей қып,
Шілдедей жазғытұрғы қуартамыз.
Бездірген анасынан жас баладай
Сарғайтып Бабажанды суалтамыз.

Мезгілсіз күз айлары болып қалды-ай,
Қолайсыз жағымсыз күн туып қалды-ай.
Жүруге белді байлап март айында,
Алдына адал ниет, жолды салды—ай.

Еліне түгел айтты жүретінін,
Дұшпанды көзіменен көретінін.
Халықты орам қылған Бабажанға
Сыйлықты екі қылып беретінін.

Ағасы Ақмырзадан айрылып қап,
Білдірді көпшілікке өлгендігін.
Жиылған адам тарады,
Әрқайсысы бетімен,

жанқожа  батыр
Үй-үйіне барады.
Алғыс айтып ақсақал,
Батырға бата береді.

Халықтың қамын ойлаған
Жанқожадай ер еді.
Күзді күнгі Сүмбіле—
Салқын суық ай еді.

Жаздай жайлап қалың ел,
Ақ шаңдақ қылған жер еді.
Қыс болды. Батыр тұрған өз елінде,
Жайлады бедеу атты өз жерінде.

«Жүрем» деп, хабарлайды жеті ерді,
Жүруге бел байлады март айында.
Белгісі—жаздың жайлы сәурік күні,
Жарық күн, маржан жұлдыз, ашық түні.

Жіберген жеті батыр хатын алып,
Қайтарған Жанқожаға келді үні.
Жаз келді, тоқсан шықты, қыс та өтті,
Байлаған Жанқожаның күні жетті.

Жан-жақтан жолдастары бастап келіп,
Жүруге дайындалып, қимыл етті.
Жан-жақтан тегіс келді жолдастары,
Сөз айтып, сыр шешіскен мұңдастары,

Елінде бірге ойнаған, бірге жүрген,
Жылы жолдас, басы бірге құрдастары.
Қонақ боп Жанқожаға үш күн болды,
Қонаққа жақсы тағам сыйын берді.

Жылқыдан Жанқожа алып Көк ешкіні,
Суарып екі мезгіл жемін берді.
Аттарын бұл сегізі жайландырды,
Күніне екі тарап түрлендірді.

Жүрмек боп ала кеуім ұзақ жолға,
Сол үшін құрал-сайман сайландырды.
Бозторғай шырылдаған, таң білінген,
Таң атып, жан-жақтағы ел көрінген.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шығуға күннің көзі таяп қалды,
Аспанды қызыл-жасыл от бүркеген.
«Аллалап» бетін қойды көп дұшпанға,
Жазықсыз ерді өлтірген хан құшпанға.

Таң ата ала кеуім, күн шықпастан,
Сегізі бетін қойды Бабажанға.
Ақ сапар бетін қойды сегіз сері,
Дұғада болып тұрды туған елі.

Жалтылдап қылыш-найза ерге ілулі,
Аттанған Бабажанға ердің ері.
Сол күні Ақтан батыр бұ да аттанған,
Ізіне елу жігіт әскер алған.

Ниеті—Бабажанды шауып алмақ,
Атына жүген-құрық еркін салған,
Талапқа шықты бұ да ертелетіп,
Сол түні жата алмады жеделдетіп.

Талапкер, қайратты, ер жігіттерді
Ізіне ертеді елеңдетіп.
Құттықтан батыр туған Ақтан еді,
Ауызға іліп айтар мақтан еді.

Мың топтан шалдырмайтын пірлі батыр,
Анадан дана туған саңлақ еді.
Келбеті мана көнек, жарқын кеуде,
Жігітте мақтап айтар бағлан еді.

«Ер мұрынды, ат ерінді» деген сөз бар,
Сарыарқа сары даланың таңдағы еді.
Бір бөлек бұ да жүрді әскерімен,
Сары ала туын көтерді достарымен.

Қарасын Жанқожаның көрді бұлар,
Жарқырап емін-еркін күн шыққан соң.
Көк ешкі секіреді құлақ тігіп,
Ала аяқ бұ да тұрмайд көптен ығып.

жанқожа  батыр
Ақтанды алып ұшты Ала аяқ та,
Егесті Көк ешкіні жерге жығып.
Жанқожа құйысқандады Көкешкіні,

Ақтан да асырмалад Алааяқты.
Ниеті екеуінің «ер аумайды» деп,
Бісентеп әбден жатқан мінер атты.
Алааяқ, көкті екеуі,

Құлынынан бақтырған.
Сылап-сипап жасынан,
«Теңіміз» деп басынан,
Балапан құстай қақтырған.

Бауырын жазып жасынан,
Тайында тойға шаптырған.
Марал менен киікті,
Түлкі менен қасқырды

Құнанында алдырған.
Бестісінде, мінеки,
Екі ерге екеуі
Мінуіне жарайтын,

Белді азбан ат болып,
Үстіне ерді салдырған.
Жиылып тегіс, жүреді,
Екі батыр бір-бірін

Жол үстінде көреді.
Жол бойында кездесіп,
Кішісі сәлем береді.
Бабажанға аттанып,

Қатуланып, қаттанып,
Жол үстінде барады.
Жолда жидек-жемістен
«Ниет болсын осы» деп,

Аузына үзіп салады.
Ора шайнап аттары,
Майса көктен шалады.
Желдей ескен аттармен

Күйікқала, Тақтыға
Жақындап бұлар қалады.
Қаны тасып бетіне,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қуат еніп етіне,
Жанқожа, Ақтан екеуі
Баладай ойнап, тасады.
Сегіз сері ойнақшып,

Елу жігіт Ақтанда,
Жеті сері, Жанқожа
Ор қояндай қашады.
Күле шауып, жорытып,

Жер қойнын ашады.
Талма-талтүс болғанда,
Маржандайын тізіліп,
Сылдырап аққан өзенге

Желдей есіп келеді.
Жағалай қонған ауылдар
Жайлаған тегіс ел еді.
Дариядан өтісіп,

Бабажанға келеді.
Ауылдан сегіз сері шығып еді-ай,
Ақтанда бір белімен жүріп еді-ай.
Қалай да талқандауға Бабажанды

Бір-біріне уәдені беріп еді-ай.
Ойлаған елдің қамын ер боп туып,
Жанқожа нағыз туған батыр еді-ай.
Өткен күз жау қолынан бір ағасы

Ақмырза Бабажаннан өліп еді-ай.
Өлгенін Бабажаннан Ақмырзаның
Бір бала есіттіре келіп еді-ай.
Алды қыс болғаннан соң, ат қинамай,

Жанқожа қыс ауылда болып еді-ай.
Жаз шығып, жер аяғы босанған соң,
Сегіз ер Бабажанға бет қояды-ай.
Ақтан да елу жігіт жігерленіп,

Алуға Бабажанды серт қылады-ай.
Ағасы—Ақмырза да, Жанқожа да—
Қазақтың сүйенетін қамқоршысы-ай.
Жанқожа алып күшті, болат білек,

Ақылды, қайраты мол, білекті еді-ай.
Тілегі—бойындағы еркінділік,
Сондықтан халық сыйлап еріп еді-ай,

жанқожа  батыр
Ақтан да артық туған анасынан,
Бұл ер де Жанқожаға серік еді-ай.
Елінен елу жігіт таңдап алып,

Ақтан да Бабажанға жүріп еді-ай.
Қайратты талапкерлер өзі тілеп,
Ізіне өз еркімен еріп еді-ай.
Жүрместен Бабажанға он күн бұрын,

Жақсылап бағып еді бедеу атты-ай.
Бет қойып жауласпаққа Бабажанмен,
Дария маржан суға келіп еді-ай.
Сегізі дариядан өтіп алып,

Шынарын Бабажанның көріп еді-ай.
Жанқожа Күйікқала шаһарына
Ақтаннан бұрынырақ келіп еді-ай.
Келгенде бұл маңайға Жанқожа ер,

Уақыт талма-талтүс мезгілі еді-ай.
Көрген соң Күйікқала хан тақтысын,
Жанқожа кеулін басып шыдамады-ай.
Айқайлап қасындағы жолдасына,

Долданды аң күштісі арыстандай.
Қасқырдай үні шықпайды долданғанда,
Булығып екі жағы қарысқандай.
Сегіз ер ала мойнақ атыменен

Әскерге жыбырлаған бет қойды-ай.
Көкешкі «ап» дегеннен топтан шығып,
Секіріп, елу қадам созылады-ай.
Тастаған тозаңынан қаз адасып,

Тұяқтан Ніл дария қазылады-ай.
Құлағы ешкі мүйіз болғаннан соң,
Халықтың сүйіп қойған Көкешкісі-ай.
Елімнің қамқоршысы Жанқожаға

Қызыл тіл ырғақталып жосылады-ай.
Әскерін шаһарына жиыстырып,
Дайындап тұрған екен Бабажан да-ай.
Бастары қылтың-қылтың көрінеді,

Шамасы өте жиын екі мыңдай.
Күтініп, дайындалып тұрған екен,
Ертерек білгеннен соң хабарында-ай.
Сол жердегі ауыл-аймақ тегіс білді

16-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жәкеңнің бір ойранды саларында-ай.
Сегізі келе жатыр бір бетті алып,
Бірақта даруаза аузы бекітулі-ай.
Есікке келе салып, аттан түсіп,

Даруазаны «ойболатпен» балталады-ай.
Лезде «алтын балдақ» қиып түсті,
Даруаза топса сынып ашылады-ай.
Шулаған, даурыққан айқай, дауыс,

Есікке барлығы да тура шапты-ай.
Батыр да атқа мініп, арпалысып,
Ішіне Көк ешкімен араласты-ай.
Сегіз ер екі мыңға қайтпай кіріп,

Айқай-шу ала шаңдақ даруаза ауызы-ай.
Бір беттен елу жігіт Ақтан менен,
Ақтан да көп, жауменен қарсыласты-ай.
Батырлар емін-еркін топқа кіріп,

Жауменен талқандасып арпалысты-ай.
Ақтан мен елу жігіт сегіз батыр
Майданда бәрі тегіс қосылады -ай.
Іркілмей жауға шапқан Жанқожаның

Кескіні мынадай ед сыр-сипаты-ай.
Ұшатын қанат тарап, көкке өрлеп,
Қожасы құстың патша-аққуындай.
Кең кеуде, бөрі қабақ, жолбарыс бет,

Кескіні ертегінің алыбындай.
Ұзыны еніменен теңдес келген,
Жұмырлау жолбарыстың жотасындай.
Шығыңқы құлақ жағы, жуан мойын,

Айбатты жан көзіне арыстандай.
Алдынан не кез келсе, қайтпайтұғын
Шұбар көз айға шапқан қабыландай.
Қабағы төмен түскен, ұзын мұртты,

Жауатын күннің қара бұлытындай.
Мұзбалақ қыран бүркіт, қаршыға құс,
Аңшының аң аулайтын сұңқарындай.
Денесі еніменен төртбақ келген,

Ұқсатад көрген адам Эльбрусқа-ай.
Адастырмас қараңғыда мақлұқатты,

жанқожа  батыр
Екі көзі жарқырап тұр жаққан шамдай.
Қап-қара қиғаш қасы тамылжып тұр,
Жайқалған көлдің майса құрағындай.

Болат қол, көркем, сұлу шұғыла күн,
Қайтпайтын, тасқа шапса, зұлпықардай,
Тұлғасы үкісіндей сары даланың,
Құлпырған жанат ішік, қырмызыдай.

Екі көзі—Алматының электрі,
Секілді Есекқырған жұлдызындай.
Он екі мүшесінде бір міні жоқ,
Тұрпаты Сырдың сұлу құндызындай.

Басына біткен шашы қара бұйра,
Аққудың қауыс мамық қанатындай.
Көзіне жоңышқадай біткен қасы,
Жас буын көлдің жасыл көк шөбіндей.

Кірпігі қарағайдай жарға біткен,
Құс алғыш қаршығаның қанатындай.
Маңдайы жарты қарыс жарқырап тұр
Түндегі жаңа туған жарық айдай.

Кеуделі, алып күшті жан сасатын,
Иесі судың қожа Сүлеймендей.
Атадан ер боп туған ел қамқоры,
Батырдың осылай ед сырт бедені -ай.

Жәкеңнің шыпырлаған соғыстарын
Халыққа былай айтып сөйлейін-ай.
Батырды аз теңедім әл келгенше,
Ағалар, барым осы сөкпеңіздер.

Енді мен басқа сөзге тез көшемін,
Бұл ұзақ терме сөзді қоямын -ай.
Өлеңді қоя тастап, жел сөз айтып,
Жамиғат, мен азырақ тынайын-ай.

Шаһар халқы хабарланып, даруазаның іші сыңсыған қол,
шошайған мылтық, күтінген адам. Сол қолға қарсы бұзылған
есіктен жол салып, Жанқожа өз алдына жеті серігіне: «Аттан»
деп бұйрық берді.

Шарбаққа кірді айқайлап,
Әскерге бүлік салып-ай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Белінен алды алмасты,
«Осы—деп,—оңай» ойлайды -ай.
Қойға тиген бөрідей
Әскерге салды ойранды-ай.

Дұшпандар өлді қылыштан,
Қызыл ала қан болды-ай.
Шарбақтың алды шаңдалып,
Жаруан үлкен жол болды-ай.

Жолын ашып ысырып,
Жидырды Жәкең көп қолды-ай.
Бірақ та адам көпшілік,
Даруазаға мал толды-ай.

Ақтан да келді бір беттен,
Қамысқа тиген өрттей
Бүлікті салды келіп-ай.
Сегіз тарлан бір бетте,

Айқайлап, жауды жиырып,
Ішке өтіп барады-ай.
Ішке өтіп болған соң,
Әрқайсысы «Аллалап»,

Бет-бетіне тарады-ай.
Әбірей керек басына,
Алды-артына барады-ай.
Шаһардың ішін шаң қылып,

Қамалдың ішін қан қылып,
Екі мың әскер қамады-ай.
Жеті сері жолдасы,
Елу жігіт, Ақтан ер

Жеме-жемге келгенде,
Желкесінен қиғызды-ай.
Көп әскердің ішінен
Батыр туған Жанқожа

Ата жауы кектескен
Бабажанның баласы—
Байқадамды қарады-ай.
Күнгей бетті шеткейлеп,

Итжемеспен алысып
Байқадам бала жүреді-ай.
Іздегенін алдынан

жанқожа  батыр
Қас дұшпанын тапқан соң,
Төтелеп соған жүреді-ай.
Байқадамға бұрылды,

Көп әскерге қарамай,
Көп қолға қарап, не қылсын?
Батырдың кегі осында -ай!
Желдей ескен бедеумен

Жетіп бір келді қасына-ай.
О да туған ер екен,
Қашпады, сірә, тайсалмай.
Өлім кіріп есіне,

Түршігіп дене сескенді-ай.
Жүр еді батыр тістеніп,
Бір жылдан бері таба алмай.
Бөрідей басы шайнайтын,

Жүр еді көзге көрінбей.
Көріне қойса көзіне,
Қояр ма еді Жанқожа
Баласымен екеуін

Бабажанды жерлемей!
Көк ешкі тұрды байлауда,
Көсіле шауып, терлемей.
Қарсыласып келісіп,

Бір-біріне толғанды
Қоңыраулы сапты найзадай.
Отырғызды Жанқожа,
Қақ жүректің басынан,

Емен сапты сүңгіні-ай,
Ат үстінен аударып,
Құлатты батыр баланы-ай.
Кегі кетпей дұшпанға,

Батырдың асты айласы ай.
Жамбыл пірі жар болып,
Жәрдем берді Алласы-ай.
Бабажан көріп тұр еді,

Тақтысының қасында-ай.
Мұнараның басында-ай,
Байқадам аттан ұшқасын,
Тақтыға жүрді түсіп ай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Баласының өлгеніне,
Көзі менен көріп-ай.
Атына мінді асығыс,
Болмас деп өмір сүріп-ай,

Бас амандап сауғалап,
Бір бетпен қашты Бабажан,
Туралап ерге келе алмай.
Шаһарының ішінде,

Өмір сүріп жүре алмай,
Бас амандап бүржектеп,
Істің артын көре алмай.
Ендігі мақсат Жакеңнің

Ақмырзаны өлтірген,
Бабажан арам ит еді-ай.
Ұрысып жатыр бетімен,
Бірақта кеулі сонда еді-ай.

Екі мың әскер қаптады-ай,
Араға науды салдырмай.
Батыр төзім береді,
Оқтарға шыдап Жаңбырдай,

Қарулы әскер оқ атып,
Көптік қылып баратты-ай,
Елу жігіт Ақтан мен
Жеті сері Жанқожа

Түс ауғанша соғысып,
Азда болса талдырды-ай,
Нақ сол кезде Жанқожа
Төтелеп шапты тақтыға-ай.

Бабажанды туралап
«Кетем,—деп,—артқа қалдырмай»,
Кегі жүрген дұшпанда
Қамалға шапты қайта алмай.

Қасында жүрген Байқазақ,
Арманда қалды жолдасы,
«Барма» деп ерге айта алмай.
Ақмырза түсіп есіне,

Көзін мұнар шалады.
Көп-азы жаудың байқалмай,
Ағаға қайтіп шыдасын?!

жанқожа  батыр
Бірге туған, ұялас
Жұмыртқа үшін құс та өлед
Ұяда жатқан шайқалмай.

Қарт бурадай қасарып,
Тайсалмастан, жасқанып,
Қалыңға кірді тайсалмай.
Қалың топқа кірген соң,

Жұмсады батыр найзаны,
Найзадан көрді пайданы-ай.
Ұсынғанын түсіріп,
Қан болды қызыл майдан-ай.

Ашу нағыз келгенде,
Қайнаған қалың әскерді
Бір кісіге санады-ай.
Шетте жүрген шегініп

Бабажанды табады-ай.
Сол уақыт болғанда,
Зауал ауып баратқан,
Кіші бесін шама еді-ай.

Ортада жүрген батырды,
Жан-жағынан айқайлап,
Сансыз әскер қамады-ай.
Оң келгенін оң сілтеп,

Сол келгенін сол сілтеп,
Найзамен батыр түйреді-ай.
Тәңірі артық жаратқан
Жанқожа ердің әруағы

Бабажанды басады-ай.
Көзіне таудай көрініп,
Беттесуге жарамай,
Бабажан сорлы қашады-ай,

Алды-артына қарамай.
Бабажанның соңына
Қуып батыр түседі-ай.
Қарсы келген жығылып,

Біріндеп мылтық атады-ай.
Әне-міне дегенше,
Көпшіліктен құтылып,
Шеткерірек шығады-ай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шеткей бетте жүргендер,
Бұл екеуін көргендер
Қызығына батады-ай.
Жолы ашылмай жүр екен,

Кеңістікке шыққасын,
Көсіліп бедеу шабады-ай.
Желдей ескен бедеуге
Батыр да қамшы ұрады-ай.

Көп ұзатпай Көк ешкі,
Ізінен қуып жетеді-ай.
Көк сүңгіні суырып,
Көк желкеден түйреді-ай.

Қайнап іште қысылды,
Таба алмай батыр жүреді-ай.
Найзаны шаншып желкеден,
Бабажанды құлатты-ай.

Аударып аттан түсіріп,
Жерге салып сұлатты-ай.
Құлағын кесіп құнтитып,
Кекілсіз аттай шұнайтты-ай.

Танауын тіліп, тымпитып,
Қолын кесіп қылтитты- ай.
Санын кесіп сымпитып,
Аузын кесіп жымпитты-ай.

Белін теуіп омырып,
Тірідей жанын шығарып,
Көзінен жасын сулатты-ай.
Өлімші қылып жүрместей

Тепкілеп басқа тастады-ай.
«Тілеуің сенің осы еді» деп,
Тегіс жерден көтеріп,
Ойлы-қырлы тастарды

Жауырынға жастады-ай.
Бабажанды кескілеп,
Қалыңға қарап бет қойды-ай.
Ортаға келіп килігіп,

Қалың әскер ұйлығып,
Жанқожадан түңілді-ай.
Жеті сері бір бөлек,

жанқожа  батыр
Қойға тиген бөрідей
Жалғыз салды қимылды-ай.
Бабажанды өлтіріп,

Қалың бір топқа қайта кеп,
Емін-еркін енеді-ай.
«Өлтірмесек болмас» деп,
Батырға жалғыз жұмылды-ай.

Қатарға келген жігіттер
Толарсақтан шаншылып,
Жерге томп-томп жығылды-ай.
Дүмді тиген найзадан

Қабырғасы сығылды-ай.
Аударылып атынан,
Қара жерге жығылды-ай.
Қарсыласқан дұшпанды

Кейін қарай ысырды-ай,
Ақтан да нағыз ер екен,
Алдынан шашау шығармай,
Дұшпанды бұ да тықсырды-ай.

Жауатын күндей күркіреп,
Айдаһардай ысқырды-ай.
Дұшпанын қырды, өзі аман,
Дәудің ісі сықылды-ай.

Өлгенінше құтылып,
Қамалда әскер қаптады-ай,
Қаптаса да, батпады-ай.
Санап атқан сарасы

Қос қабаттап өлтіріп,
Жанқожа сынды батырдың
Оғы да жерге батпады-ай.
Адамын көздеп ұшырып,

Байлағанын түсіріп,
Бүгежектеп жүріп атпады-ай.
Жаярмын деп қайтпасаң,
Өлсін-өлсін айқайлап,

Өткізді мидан дауысты-ай.
Санай алған алпысақ,
Атыла—ата таусылды-ай,
Оқ біткенін білген соң,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қаптай шауып қалың қол
Батырға келіп қауышты-ай,
Жиырма қылыш қолға алып,
Кекті жаумен алысты-ай.

Аш қасқырдай алақтап,
Аш адамдай жалақтап,
Талайдың кесіп бастарын,
Сусынға батыр қан ішті.

Мен мықтымын дегендер,
Осы ұрыста ашылды-ай.
Батырдың ұрған қылышы
Небір сұлу жігіттің

Желкесінен жабысты-ай.
Астындағы көк ешкі
Ор қояндай секіріп,
Керегедей қабысты-ай.

Ақтан сері батырмен,
Жеті сері Жанқожа,
Орталыққа жалақтап,
Көп ішінде табысты-ай.

Әдепкіден сіресіп
Топалаң тиген тоқтыдай,
Өліп те әскер азайды-ай.
Елу жігіт Ақтанмен,

Жеті сері Жанқожа,
Бірін-бірі табысып,
Орталыққа жиылды-ай.
Зәресі ұшып дұшпанның,

Үріккен қойдай иріліп,
Етек-жеңі жыйылды-ай.
Үш күн ұдай соғысып,
Екі мың атты әскерден

Жазалы он төрт қашады-ай.
Адамын көздеп ұшырып,
Одан өзге дұшпандар
Шалғын шөптей орылды-ай,

Тамырынан жұлынды-ай,
Жан серіппестен қырылды-ай.
Дарбазасы бұзылған,

жанқожа  батыр
Қамалы тегіс қираған,
Діңдей-діңдей адамдар
Оққа ұшып жығылған.

Жаны шықпай жатқандар
Қыш кесекті паналап,
Сай-салаға тығылған.
Талайы жатыр ыңырсып,

Аузынан қан кетіп,
Қабырғасы соғылған.
Қазылған «оры» көміліп,
Тақтысы ханның түрілген.

Малын баққан шаруаны
Орам қылған Бабажан
Ажалын тауып сүрінген.
Кеуде жағы жалаңаш,

Топырақ құмға бораған
Бөксе жағы көмілген.
Жолы болып қазақтың,
Дұшпанынан құтылып,

Қуанып бала жүгірген.
Талқандап тегіс майданды,
Ұрысатын жаны жоқ,
Өлгенінің саны жоқ.

Ауылға қайтпақ ойында,
Кейін қарап шегінген.
Олжадан түскен малдарын
Жарлы-жақыбай сорлыға

Қолынан санап бергізген.
Екі күндей шектескен жауы, кектескен қасы Бабажанмен
ұрысып, отын ойран, төрін талқан қып, үрерге итін, сығарға
битін қоймай ата жауы Бабажанды қолға түсіріп, кескілескен

қан майданды, қойдай шалып өлтірді. Онымен қоймай одан
туған баласын—Байқадамды, қасқырдың бөлтірігі ит болмас
дегендей, оны да өлтіреді. Қаласын талқандап, күлін суыр­
ды. Екі-үш күн сол маңайда болып, елу жігітімен Ақтан да,

жеті жолдасымен Жанқожа да демін алып, түскен олжаны аш
арыққа, жалаңаш жетімге бөліп беріп туған елі жүрген жеріне
қайтты.

Ұстаз
Көнеден қалар нұсқа кеуіл бөлген,
Әр адам ойын айтар өзі білген.
Дүниядан не жақсылар өтіп жатыр,

Өлгесін пенде бар ма қайта келген?
Әлімнің алты жүйе бір саласы—
Үш ру қалың Шекті өсіп-өнген.
Белгілеп, бері айтқанда Кішкенеден

Батырлық, бақ өткен жоқ Жанқожа ерден.
Күнінде Кіші жүздің туын ұстап,
Қаһарлы халық дұшпаны жауын жеңген.
Солардың әңгімесін арман етіп,

Ағаның абыройлы ізіне ергем.
Баласы Бекбауылдың Құлбарақ би,
Әм және Бижан бидің көзін көрген.
Қалғанын көнелерден қайта сұрап,

Салмақтап сары алтындай сөзін терген.
Алаштың азап көрген заманы деп,
Жетектеп желі тартқан сонан бермен.
Бегімбай Қосай ұлы—қарт шежіре,

Жеткеріп осы сөзді маған берген.
Ақтабан шұбырынды
Ерте заманда қазақтың жері Жиделібайсын, Арыс, Талас,
Қоңырат, Құр-Келес, Су-Келес, Жетісу, Сайрам, Сығанақ, Таш­

кент, Түркістан еді. Тәуке ханның бағы қайтты. Қалмақтан
Жанқожа батыр
(Орнықбай Сұлтанов нұсқасы)

жанқожа  батыр
Қоңтажы деген хан шығып, қазақты шауып, қатын, қызын күң
етіп, ер-азаматты құл етіп, малдарын айдап алып және «дініме
кір» деп, қазақтың мазасын алды. Сонда не деді?

Шайырлық қайдан табылсын,
Халқына сөзін тыңдатқан.
Сүрелі жолдан сөз шықса,
Жүрекке жылу орнатқан.

Белгілі жырау емеспін,
Алқалы топта ән салып,
Жұрт жиналып жырлатқан.
Солай да болса сөйлейін,

Сөз таба алмай сүрініп,
Неге керек құр жатқан.
Қаһарын тігіп қандатқан,
Тыным көрмей түн қатқан,

Тұлпарын мініп, ту алып,
Жол-жөнекей шаңдатқан.
Қоңтажы деген хан шықты
Тоғыз санды торғауыт.

Руы сыбан қалмақтан.
Қазақты шауып олжалап,
Қатын мен қызын шулатқан.
Елшісін салып ермекке,

«Дініме көн» деп, қазақтың
Мазасын алды бір жақтан.
Өрістен айдап малды алды,
Жағдайсыз десе, жанды алды.

Егесіз малға ие боп,
Өз малындай малданды.
Онан соң бастан дінді алды,
Дін үйреткен тілді алды.

Дүние-мүлік жинаған,
Сандықтан қарап пұлды алды.
Әлпештеп баққан ару мен
Әлдилеп сүйген ұлды алды.

Ел бүлініп есепсіз,
Көрген түстей күмілжіп,
Көлеңке болып жол қалды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сонан соң қазақ тұра алмай,
Неше заман жайлаған,
Жерінен ауып қозғалды.
Ел көшкесін мал қалды,

Арықтап сөлі құрыған.
Көшке ере алмай ит қалды
Күшігін қимай ұлыған.
Бүлінген мүлік бұл қалды,

Айырылған әбден орнынан.
Амалсыз көшіп жөнелді,
Түнделетіп малды айдап
Жиделінің құмынан.

Жолға үйренген жануар
Мазасын алды түйенің
Тарта-тарта мұрнынан.
Ел базары бола ма,

Атамекен қонысы
Қозғалғасын орнынан.
Бұқараға қарай өрледі,
Жерінен ауған қазақтың

Не келеді енді қолынан!
Ол уақытта Бұқардың
Омархан екен патшасы.
Салтына қарай сән берген

Миуа, жеміс бақшасы.
Сыртына қорған салынып,
Төрт бөлініп қойылған
Он екі жерде қақпасы.

Үстіне күмбез орнатып,
Дарбазалы есіктің
Күмістен екен тұтқасы.
Үш қайтара ор қазып,

Әр қақпаға тірелген,
Қазылған ордың нақ басы.
Бұған да қалмақ аттанып,
Неше рет келіп бұза алмай,

Қайтып еді талай ат басы.

жанқожа  батыр

—Мына келген қазақта

Ораза менен намаз жоқ.
Кітаптан жазып, оқуға
Қалам менен қағаз жоқ.
Мұсылманда діні бар,

Кәлимада тілі бар,
Білмегенге ләж жоқ.
Еркегінде сүндет жоқ,
Бастарында міндет жоқ.

Ой жіберіп қарасаң,
Мұнан да бөтен індет жоқ.
Бір Құдайға құл болған
Мұхамбеттің ізінде

Бұл сияқты үмбет жоқ.
Осыны көріп өзбектер
Малдарын алды «зекет» деп,
«Бермесең тиышың кетет» деп.

Қолына түссе, сабады,
«Мұсылман болсаң нетед» деп.
Еркегі мен әйелін
Мешітке қарай сүйреді,

Дін үйрен деп жетектеп.
Әдемі сөйлеп әуелін,
Тереңнен тапты дәлелін.
Тыңдаған құлақ тынғандай

Келтірген сөздің мәнерін.
Пайдасын құйып ояға,
Тигізбек болды зәлелін.
«Дін білмейтін қазақты

Отырғыз,—деді,—сүндетке,
Еркегі түгіл, әйелін».
Осыны көріп қазақтар,
Бұқардан қашты бүлініп.

Күдер үзіп өзбектің,
Әр ісінен түңіліп.
Тоқтамады еш жерге
Жаяу-жалпы шұбырып.

Айдаған малдың шаңдағы,
Ығына шықсаң, көрінбейд,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ақ борандай суырып.
Далада қалды біртіндеп,
Арығы менен ақсағы
Көшке ере алмай жығылып.

Ысылдаған ыссы құм
Тартып келед табаннан.
Жан баспаған қия жол
Жатқан екен заманнан.

Арыстан бергі тегістік
Онан да өтіп кідірмей,
Көз жетпейтін алаңнан.
Жүрген сайын жол ұзап,

Жер шамасы жаңарған.
Қаптай көшкен қалың ел
Ыңырсыған малды айдап,
Ілгері, кейін шұбалған.

Талма түстің кезінде
Су іздеді сандалып
Сағым менен мұнардан.
Қонған жерде далаға

Малдарын айдап шыға алмай,
Көш көлігі қамалған.
Қаратаудан өткесін,
Қарақұмға кез болды

Жота-жота ағарған.
Орға кетті бір жағы,
Қалың құмды аралап.
Жоғары қарай өрледі,

Жер шамасын жобалап.
Түрікмен болды бір жағы,
Астрахан менен Маңғыстау—
Каспийдің бойын жағалап.

Сылтау қылып әншейін
Нақақтан шапты жалалап.
Қарап жүрмей қарақалпақ
Сықақ қылып сыртынан,

Олар да күлді табалап.

жанқожа  батыр
Қайта көшті қазақтар
Бар қарасын жұтатып,
Астрахан мен Жайықты

Жайлап еді ұнатып.
Құдықсыз жерден су ішіп,
Құтылып еді бейнеттен,
Өзенге малын құлатып.

Ұзаққа бармай онысы,
Қайта көшті Ташкенге
Көш-көлігін шұбатып.
Өлген жерде мал қалды,

Шыққан жерде жан қалды.
Бөлек-бөлек бөлініп,
Оннан-бестен ел қалды.
Көшке ере алмай көлбеңдеп,

Еркек пен әйел тең қалды.
Арман-бермен шұбырып,
Аш-жалаңаш көп халық
Қоныс таппай қозғалды.

Он адамға бір түйе
Төртеу ара мінгескен.
Алма-кезек мінуге
Бастарын қоса бірлескен.

Қалың қазақ ел көшті
Көбелектей гулескен.
Жаяу-жалпы шұбырып,
Дәл он бес ай дегенде

Ташкенге жетті тынбастан.
Ортаменен көшкені
Жетісуға бөлінген.
Бір қапталы Алатау

Көз жетпестей көрінген.
Сайрам менен Сығанақ
Ілгері барып кейінге
Оған да халық шегінген.

Ертіске қарай барғаны
Қытай менен Қалмақтың
Құлдығына жегілген.
Ойға барған қазақтар

17-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Хиуа менен Қоқанға
Бағын болып берілген.
Отыра алмай онда да,
Түрікпен шауып тынымсыз

Кінәсіз қаны төгілген.
Қайда барса түрткілеп,
Көшіп жүрген қазаққа
Дұшпан болып көрінген.

Ташкенге қорған салғасын,
Бекініп әбден алғасын,
Иелік етті өзбектер.
Ерік өзінде қалғасын.

Көшіп жүрген қазақты
Қайта келсе, кіргізбей,
Қуалады мал басын.
Құмына аққан Келестің

Шамалы күндей жерленіп,
Жайлап еді-ау арнасын.
Онан да қуып өзбектер,
Сүйекке басты таңбасын.

—Әне, бұл қорлыққа шыдамай, Үш жүздің баласы басын

қосып, Түркістанның сыртындағы Күлтөбеге жиналып, кеңес
құрады. Ұлы жүзден Үйсін Төле би, Орта жүзден Қаз дауысты
Қазыбек би, Кіші жүзден Төртқара Әйтеке би шығып, «хансыз
халық бола алмайды» деп, Тәуке ханның баласы Әбілқайырды

тауып, Ұлы жүз ақ түйе сойып, орта жүз боз бие сойып, Кіші
жүз ақ киізге салып хан көтерді. Топырақ үйіп тақ құрып, тақ
үстіне кілем жауып, Әбілқайырды мінгізіп хан сайлады. Сонда
да тыныштық тауып отыра алмай, үш жүз үш жаққа көшпекші

болады.
Үлкен еді Ұлы жүзде үйсін Төле,
Ағаға іні келеді сәлем бере.
Қазы би Орта жүзден озған жүйрік

Табатын жол жүйесін жүре-жүре.
Үшінші Кіші жүзден Әйтеке би
Кеңестің кемеңгері еді шыққан ере.
«Қалай да халық ісін оңғарам» деп,

жанқожа  батыр
Жиналды басын қосып Күлтөбеге.
Өзбектер Ташкенді алды қорған салып,
Қазақтар қайта келді Орға барып,

Босқындап он жыл ұдай шұбырумен,
Ташкенге әрең жетті ашып-арып.
Қалмақ пен мұнда Қоқан дұшпан болып,
Көретін күн болмады жаудан жарық.

Жиналып үш алаштың жақсылары,
Кеңесті Күлтөбеде ойға қалып.
Қаңбақтай, қайда барса, тұрағы жоқ,
«Көшпелі, не болад,—деп,—хансыз халық».

Тәукенің бел баласы Әбілқайыр
Хандыққа сол ілінді бағы жанып.
Төрені қалың халық қаумалады,
Хандыққа қарсы тұрып дауламады.

Қашанғы халқы жетіп нығайғанша,
Заманның сенімі жоқ аунамалы.
Қытайдан қалмақ пенен тиышы кетіп,
Қозғалып және халқы қаңғалады.

Ойласып сол арада басын қосып,
Баласы үш алаштың енші алады.
Ұлы жүз қала берді тұрағында,
Қытай мен өзбек жатыр—бұяғында,

Бір жағы Қашқария, қалмақ болып,
Дұшпанын сырттан баққан сияғы да.
«Баласы үш алаштың, біреу бол» деп,
Халықтың хабар болды құлағына.

Сол кезде қазақтан да ерлер шығып,
Қайраулы қылыш тұрды қынабында.
Орта жүз тәуір көрді Сарыарқаны
Жайлауға жақсы жер деп, бала қамы.

Көкорай хош иісті, қоңырсалқын
Жаныңа жай берердей дала таңы.
Аялы Алтай тауы бір қапталы
Көкшетау, Семей менен кең алқабы.

Төреден Сәмекені қолына ұстап,
Қалмастан соған ерді малы-жаны.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кіші жүз Ор, Жайыққа қайта көшті,
Халықтың бұл сапарда мерейі өсті.
Көш басын Байұлына жетектетіп,
Сонан соң қалғандары бірге ілесті.

Кердері, керейт пенен тама, табын
Ығысты Кіші жүздің халқы қалың.
Адай менен жағалбайлы о да жүрді,
Жігіті қарауылдап көштің маңын.

Түгелдей Рамадан, Төлеу болып,
Ойлады бірлікпенен елдің қамын.
Ең соңы қаракесек көшіп еді,
Бір жағы жетектеумен айдап малын.

Байұлы көшін тартты Орға қарай
Жетіру етек алды тарай-тарай.
Адайға Маңғыстаудан орын тиіп,
Қоңсысы көз алартты әлдеқалай.

Соғысып бір-екі рет шама көріп,
«Түрікпен, тек жүр,—деді,—бұдан былай»
Ираннан құрал алып соғысса да,
Ерлікте басым шықты одан адай.

Ойылдың орта шені тама, табын,
Оған да қоныс болды осы маңай.
Кердері, керейт пенен Орға жетіп,
Қоңсылас қона жетті о да солай.

Ең соңы Рамадан, Төлеу болып
Жайыққа жақындады алдын орай.
Бір бөлек қаракесек көшіп еді,
Кідіріп ең соңында шыдай-шыдай.

Көшінің қаракесек тартты басын,
Түгелдеп кетерінде кәрі-жасын.
Байсары бір атадан әлім, шөмен
Үш ата деп айтады бел баласын.

Кетерде кете, шөмен бірге қалды,
Мекендеп Боқан таудың айналасын.
Бір шеті Ырғыз бенен құмға кетті,
Анықтап білмесем де ол арасын.

Баласын алты әлімнің бөлек-бөлек,
Біртіндеп айтқым келед сөз расын.
Әлімдер көшерінде би сайлады,

жанқожа  батыр
Бір жерге пәтуа қып сөз байлады.
«Қария көпті көрген кісі еді» деп,
Шектіден Ашабайды ыңғайлады.

Ендігі жұмыстарын би атқарып,
Батырды түгел жиды маңындағы.
Халықтың қалмай келді өңшең нары,
Іс жүрді, іркілмеді онан әрі.

Байланып қисық қылыш, көне қанжар,
Әркімнің жау-жарақтан қолда бары.
Құттықтан Киікбайға ту ұстатып,
Қасына қабат ерді Жәңке, Сары.

Әуелі жүз елудей адам болып,
Онан соң арта берді адам саны.
Осылай әлім көшті жасақтанып,
Ту ұстап, тұлпар мініп масаттанып.

Ашабай жолдасымен қоныс іздеп,
Қырық кісі бірге жүрді қосақтанып.
Киікбай көп алдында қол бастаған,
Жол жүріп бір бағытта адаспаған.

Керуен қонған жерді қарауылдап,
Халыққа онан бөтен сыр ашпаған.
Жылқының жеңіл мінез ұрыншағы
Ұмтылып, көптің алдын ойқастаған.

Жол жүріп неше күндей арып-ашып,
Қайырып малы-жанын қорғаштаған.
Жеткеріп Сыр бойына қосын тігіп,
Батырлар сонан кейін толастаған.

Бөлінді екі жерге қалың шекті,
Баласы Айт, Бұжырдың Орға кетті.
Төрт ата—тілеу, қабақ, назар, шүрен
Бұлар да ілгерілеп орын тепті.

Сол күнде ер Көтібар жігіт екен,
Жер сұрап қоңсысының сөзін күтті.
Дос болып көп халықтың ойын алды,
Жайықтың жау келетін жолын алды.

Біріне Жекей дейтін қызды қосып,
Белгілеп бес Шектіден орын алды.
Бір шеті Ақтөбе мен Шалқар болып,
Сонымен қалған Шекті тыным алды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР Шектілер көшіп келсе, Түркістаннан Тебіренбеске дейін қарақалпақ жайлайды екен. Қарақалпақ халқын екі хандық билейді екен. Түркістаннан Қармақшыға дейін Аламесек де­ ген хан, ал Қармақшыдан Тебіренбеске дейін Қатағар деген хан билейді екен. Шектілер сол Қатағар ханға жақындай қонды. Қазақ келгесін Қатағар «жеріме келдің, жер ақым, су ақым, бітір, зекет төле» деп адам жұмсады. Оған шектілер көнбей, жіберген елші адамын сабап, өзінің мініп келген атына кесе таңып, аулына айдап апарып салды. Бұған Қатағар қатты ашуланып, қазақты шаппақшы болды. Бұл кезде қазақ та басаяғын жиып, «өліспей, беріспейік» деп, Ашабайды хан сайлап, Киікбайға ту ұстатып, Жәңке, Мойнақ, Шықыман сияқты бес жүздей таңдаулы адам бөліп Қарақалпаққа қарсы шықты. Бірігіп еді халайық, Ақиректі ел жайлап. Батия қылды шектілер Ашабайды хан сайлап. Құлжаман ұлы Киікбай Терең ойлы кісі екен Қысылмайтын қайғы ойлап. Қабағы қардай жабылып, Бет-алдына қарасаң, Сөйлетпейді тіл байлап. Бойына қару асынып, Оң жағына ерінің Шоқпарын ілген ыңғайлап. Төбеге шықты көрініп Тұлпарын мініп астына, Желбіретіп ту байлап. Батыр Жәңке, Шықыман Ұмыт қалған адамдай Ортаға кірді айқайлап: —Келсең кел,—деп,—қаралпақ!3 Ашуға мінген батырлар Кідірмей жүрді қарайлап. Бес жүздей кісі қол болып, 3 қаралпақ—қарақалпақ сөзінің жергілікті жердегі қысқартылып айтылған түрі.

жанқожа  батыр
Алдынан шықты бұлар да
Тәуекелге бел байлап.
Сол уақытта қаралпақ

Олар да келді шамаға.
Жақындап келіп тоқтады
Дауыс жетіп араға.
Әскерменен кідіріп,

Көзін салды ілгері
Шоғырланған қараға.
Көзін салса Қатағар,
Самсап жүрген сары қол

Асылған екен Нұраға.
Қалың қолды көргесін,
Ойға қалды кідіріп.
Ойламасқа бола ма?

Қаралпақ, қазақ екі жақ
Майдан құрды түзетіп,
Елсіз аулақ далада.
Қазақты көріп Қатағар

Ашуға мініп демікті.
Бабымен мінген тұлпардың
Басына берді ерікті.
Жел кеуледі шалғайын,

«Ал!» дегенде асығып,
Белін де бумай келіпті.
Қозының жүні шөгерме,
Ұмтылып шапқан уақытта

Тозаң басты бөрікті.
Қазақ та шапты бер жақтан,
Қаралпақ шапты ар жақтан.
Айқай салып ұрандап,

Көлеңке болып көрінбей,
Күн тұтылды шаңдатқан.
Атой салып араласты
Қаралпақ, қазақ екі жақ,

Қылыш ұрды жан-жақтан.
Балта менен қылыш қағысса,
Қылыш сынды балдақтан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қаруы түссе қолынан,
Күш кеткені бармақтан.
Құлағы кетсе, басы аман,
Айрылғаны сымбаттан.

Толық мезгіл соғысып,
Адам менен аты өліп,
Ен даланы қандатқан.
Жаралы болған кейбіреу

«Ойбай!» салып өкірді.
Бас пенен кеуде әр жерде
Балықтай тулап секірді.
Қайсар мінез қас батыр

Жанынан жұрдай болғанша,
Үн шығармай бекінді.
Толық мезгіл соғысып,
Ілгері қарай ұмтылды,

Қылыш ұрды тынбастан,
Ат тізгінін алмастан.
Қарақалпақ, қазақ екі жақ
Айқай салып ұрандап,

Бір-біреуге жалғасқан.
Соғыстың қорқып түрінен
Әскерімен Қатағар
Қаша ұрыс қылды қалмастан.

Қарақалпақ көшіп, қазақтар
Арасын ашты араласқан.
Қатағар Хиуаға бетін бұрды,
«Қап-қап» деп опынумен санын ұрды.

Қазақпен қатар қонып жау болғасын,
Орнығып отырмасын енді білді.
Шыққаннан Сыр бойынан тыным алмай,
Асығыс ат үстінде жеті жүрді.

Халқына қаралпақтың ие болып,
Шалықтап неше жылдай дәуір сүрді.
Сонда да Хорезмге барғанында,
Хиуаның қақпасынан әзер кірді.

Қатағар хан алдына басын иді,
Тағына тәжім етіп қолын сүйді.

жанқожа  батыр
Қазақпен жау болғанын әңгімелеп,
Істеген өз ісіне өзі күйді.
«Қоныс бер, хандығыңа бағындым» деп,

Сонымен қысқашалап сөзін түйді.
Хиуа хан Қатағармен шарт жасады,
Ханға хан құшақтасып сыр ашады.

—Жеріме көтеріліп көшіп келсең,

Ел болып, елің сонда құрасады.
Беретін бітір, зекет салығың бар,
Хандыққа халық билеген жарасады,
Қорғайтын әрі жаудан міндетім,—деп

Артына қолын қойып мөр басады.
Мұнымен қазақ тынбады,
Тыңшысын салып тыңдады.
Ұрысын жұмсап мал алып,

Қайтадан батты тырнағы.
Малы кетсе құрысын,
Мал адамның құрбаны.
Мал орнына жан кетсе,

Адамды Құдай ұрғаны.
Солқылдаған келіншек,
Суға барған қыздардың
Сұлуын таңдап ұрлады.

Бірге барса күйеуі,
Әлі келсе таяқтап,
Оны да елең қылмады.
Істеген ісі қазақтың

Бара-бара аяғы
Шариғатқа симады.
Қорыққаннан қалтырап,
Қазақты көрсе қысылып,

Қалмады тіпті иманы.
Көш-көлігін даярлап,
Хорезмге кетуге
Алды мен артын жинады.

Ығысты қарақалпақтың көші шұбап,
Халқына Хиуаның хандығы ұнап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әмудің орын алып жағасынан
Орнығып өмір бойы етті тұрақ.
Белгілі бек болғасын Хиуаға
Шымбайды Тақта менен алды сұрап.

Сонда да араздығы естен кетпей,
Жаулықты жалғай берді қолдан құрап.
Қарақалпақ көшіп барған соң көп ұзамай-ақ Қатағар дүние
салды. Бірақ артында қалған мұрагер бегі Уәйіс-Ниязға қалған

кегін тапсырды. Уәйіс-Нияз біраз жылдан кейін Хиуа ханнан
көмек алып, түрікмені, өзбегі, қарақалпағы аралас үш мыңдай
әскермен Сырға аттанды. Бұл кезде Киікбай да, Жәңке де ажа­
лынан өлген болатын. Балсарының да екіден-үштен балалары

бар болатын. Киікбайдан жеті бала—Ералы, Нұрымбет, Жаман,
Сары, Бөртай, Өтеген, Махамбет. Өтеген би болды, бөтендері
шаруа болды. Бір күні ойда-жоқта елді жау шапты.
Жайлаған Сырдың бойын қалың шекті

Жер ауып Жиделіден мында кепті.
Малы бар өз алдына шаруа күйі,
Жарлысы балық аулап, егін екті.
Іргелі жер иесі қарақалпақ

Оның да тентегінен тиышы кетті.
Қаншама Хорезмде халқы жатыр
Жеткерген неше түрлі мәліметті.
Қалың ел Сыр бойында мың жарым үй,

Биі бар ел билеген әділетті.
Сол күнде Уәйіс-Нияз бегі шығып,
Көрінді әркімдерден қабілетті.
Аттанып үш мың қолмен Хорезмнен,

Бір түнде Сырдариядан келіп өтті.
Шектінің елін шауып, малын талап,
Өлтіріп төрт жүз ердің қанын төкті.
Бүлдіріп үй мүлкі мен жерін өртеп,

Бірнеше есебі жоқ малын жепті.
Шектінің елін шапты туын қадап,
Сайлады сұлу қызды елден қарап.
Жайқалған жауқазындай кейбіреуі

Оянған от жүрегі, жаңа талап.

жанқожа  батыр
Толқыған туған айдай құмырсқа бел,
Майда тіл, мамық етті, түлкі тамақ.
Көргенде көз ұялар ажарынан,

Сүйкімді сұлуды алды алма сабақ.
Түгелдеп қайбіреуін айта берем,
Көрген көз, ескермесе, серлі құлақ.
Артына қарай-қарай жылауменен

«Хош-хош» деп қолын бұлғап кетті-ау шырақ.
Ауылда бас көтерер қалмады еркек,
Табылды қарақалпақтан талай тентек.
Қалдырып кемпір-шалды баспанасыз,

От қойды қорасы мен үйін өртеп.
Түйеге қолға түскен жүгін артып,
Қайтадан Хорезмге тартты тіркеп.
Жағдайы осы болды Сырға қонған,

Бұл сапар бола алмады елге қорған.
Қапыда қас дұшпанның қолы тиіп,
Танадай тұрғызбады басын ұрған.
Ақ жүзді абыройлы аға-ініден

Халық үшін талай ерлер болды құрбан.
Жер ауып Жиделіден келгенінде
Дұшпанға душар болды даяр тұрған.
Халықта жау талаған не сән болсын,

Жүйріктен күш кетеді жер талғаған.
Егінін еккенімен өнімі жоқ,
Әйтеуір күнелтіп жүр халық зордан.
Үш жылдай осылайша мезгіл өтті,

Кемдікті кім тілейді келсе қолдан.
Сонда шектінің қалғандарын жиып: «Елді жау шапты,
есеңгіреп қалдық. Әлі де болса бас құрасып, халық болайық»,—
деп, әрі жұртына қайрат беріп, сол күндегі ел ағасы Құттық

Қылышбайға Өтеген бидің айтқаны. Сонда Өтеген:

—Ел қондырдың, Қылышбай,

Ақиректің маңына.
Жайылым бөтен болған жоқ
Өріске шыққан малыңа.
Ықпалы жүрсе пенденің,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Айналар ісі оңына.
Басынан бағы тайғанда,
Жақыны түсер соңына.
Хиуа келді бұйақтан

Елшісін салып сұранып,
Қолыңда тұрған бағыңа.
Қарақалпақ жаулап бір кетті,
Жараны салып жаныңа.

Амалың бар істейтін
Мезгілменен кездескен
Бұл заманның заңына.
Қажымай, ерім, қайрат қыл,

Халқыңның бола қамына.
Қапысын тапса қалайда,
Кір келіп тұр ағаңа.
Қашсаң да ажал құтқармас,

Жазылған болса бағыңа.
Қайғырып халық бос жүрді,
Сарғайып күздің таңына.
Ту ұстаған әр хан да

Шыдап жүр қалай арына?
Неге ізденіп бармайды
Олжа болған малы мен
Кісіде кеткен жанына.

Өкпелеп жүр ме болмаса,
Жан күйдіріп жау алған
Дұшпанға кеткен жарына.
Ағайын қалай ала ма,

Өздерін өзі олжалап,
Бірігіп жүрген жауына.
Қой бұныңды, халайық,
Бірлікке кіріс жұмыла.

Туыңды тік те, тұлпар мін,
Найзаңды алып қолыңа.
Халық ағасы, Қылышбай,
Өз басыңды қорыма.

Абырой менен ар ойла,
Адамдық түссе ойыңа.
Халқыңды жи да, хабар айт

жанқожа  батыр
Алты әлімнің ұлына.
Кез келген жауға жем болып,
Жолда отырып құрыма.

Сен, негізі батыр халықсың,
Жеткен жоқ ешкім сырыңа.
Еліңді жи да, ер сайла,
Бес қаруды буын да.

Біреуің қалмай атқа мін,
Даярлап сауыт, дулыға.
Көк найзаңды өңгеріп,
Ақ семсерді суыр да.

Қалай да болса тыйым сал,
Самарқанның сарты мен
Хиуаның келген қуына.
Ақылыңа ақыл қос,

Халық ағасы Қылышбай,
Құлақты салсаң мұныма.
Сонда Қылышбай ойға қалып сөйледі:

—Ойлағанда осылай

Ел бола ма бұнымен.
Кеуілдің кірі ашылар
Адамның ішкі сырымен.
Ердің құны бітпейді

Төрт түлік малдың құнымен.
Қандасқан жауға қан кетсе,
Құрығаны шынымен.
Қаралпақ жаулап бір кетті

Қарындасты күң етіп,
Ағаны қорлап іні мен.
Өзбек пенен түрікпен,
Жау болып тұр түбімен.

Дос болмадық немесе,
Хорезмдік елдердің
Іргелес жатқан бірімен.
Халықты тиыш қоймады

Өзінің қарай күнімен.
Егінін таптап бір кетті
Дүние-мүлік, үйімен.
Осыларды ойланып

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жата алмады Қылышбай,
Аударылып түнімен.
Ерте тұрып орнынан,
«Көрейін,—деді,—ойласып

Халық ағасы биімен»
Осыған ойын бекітіп,
Ат жіберді жан-жаққа
Өтеген бидің тілімен.

Әне, сонда әлімнің билері жиналып: «Әлі де болса қалғанға
берекет. Хан сайлайық»,—деді. «Онда кімді сайлаймыз?»—
деп халық өре түрегелді. Абдулла деген төре Темірден көшіп
келген болатын. Халық жиналып: «Төре хан тұқымы ғой. Осы­

ны сайлайық»,—деп Абдулланы хан сайлады. Абдулла хан
болғасын, Өтеген уәзір болды. Серке екінші уәзір болды. Бұл кез­
де Нұрымбет балалары тегіс бар. Ақмырза 22-23 жастар шама­
сында, Жанқожа 12-13-тер шамасында. Жауғашар, Бек, Шөже

жас. Бір күні хан той жасады. Тойда хан балаларға ет асатты.
Басқа балаларға қолымен асатты. Жанқожаға табағымен берді.
Сонда Жанқожа: «Табақты қатынға береді. Мен қатынмын
ба?»—деп ханды табақпен ұрды. Сонда хан: «Мен ханмын ба?

Хаммын ба?»—депті қасындағы Өтегенге. «Сен Нұрымбет ба­
лаларын түгелдей өлтірсең, хансың, болмаса, хамсың»,—деді
Өтеген. Сондағы ойы: «Ақмырза, сенен болды, болмаса бала
қайдан білсін» деп өкпелеп айтқан сөзі еді.

Нұрымбет балаларын өлтіріп хан бола алмайтынына көзі
жеткен Абдулла бір түнде Темірге қайта көшті. Халық қайта
хансыз қалды.
Жылқайдар

Қонысын салған Жылқайдар
Жаршағылдың құмына.
Бай ауылын жайлады
Мешіннің келер жылына.

Қартайған ердің шағы екен
Өмірдің түскен сынына.
Шаруа болып кәсібі
Жер сонылап мал жайған

жанқожа  батыр
Сар даланың тыңына.
Көз жетпейді жылқысы
Ол шеті мен бұл шеті

Жайылса жердің жонына.
Отырып бөлек хандардан
Алдан мен Достан ер жеткен
Тапсырып екі ұлына.

Ол уақытта жалшы көп,
Ел қыдырып мал баққан.
Талып іздеп талайлар
Келеді екен жан-жақтан.

Жансызын салып, жай басып,
Ұры да келеді қалмақтан.
Тынымсыз жүрген бір заман
Аш бөрідей анталап,

Жемтік іздеп, түн қатқан.
Екі-үш жыл бұрын осыдан
Нұртай деген қаралпақ
Келіп еді бір жақтан.

Түсі тәуір кісі екен,
Жалшы да болса жағымды,
Халқына сөзін тыңдатқан.
Тәуір көріп Жылқайдар

Қос басына қойып ед
«Шаруам еді,—деп,—ұнатқан».
Нұртай болды жылқышы,
Құрығын алып қолына.

Түн түнемей күзетіп,
Жылқыны жайып соныға.
Зейіні артық, ойы алғыр,
Өз малындай игеріп,

Іздеу салады жоғына.
Риза болды әркімдер
Жорғасы менен жүйрігі
Жылқыға қойған сынына.

Жалшы да болса жасқанып,
Жалғыз жүрген қаралпақ,
Көнбейді жанның ығына.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сонысын байқап батыр да:
«Жағдайың қалай, шырақ?»—деп
Тек келіп кетеді жылына.
Жылқышы Нұртай енді жылқы баққан,

Мойнына жалшы болып белгі таққан.
Өргізіп өз қолына малын жайып,
Үйірге ие болды түзде жатқан.
Бір күні бөкенқабақ бір арғымақ,

Жылқыға пайда болды ойда жоқтан.
Бір жеті үйір болып бірге жүріп,
Сонан соң өз бетіне жөнін тапқан.
Көрген іс—көмулі зат қала берді,

Сырының себебі не перде жапқан?
Толғасын тоғыз айдың шамасында,
Сол бие құлын туды арғымақтан.
Құлан жал, қоян сауыр, бөкенқабақ,

Сыртынан әр мүшесін сыншы ұнатқан.
Сол құлын тай болғанша Нұртай күтті,
Бұның да ойына алған күні бітті.
Үш жылдай жалшы болып мал баққасын,

Бейнеттің неше түрлі уын жұтты.
«Ақыма ат берсе де, тай алам» деп,
Ішінен болып жүрді шын үмітті.
Бір күні Нұртай келді жауап сұрап:

—Сөзіме, батыр аға, сал,—деп,—құлақ.

Сүйегім Хорезмдік қаралпақ еді,
Бұл жерден он бес күндік жерім жырақ.
Қайтайын өз еліме, улықсат бер,
Үш жылдай жылқы бақтым, зорға шыдап.

Есітіп осы сөзін жылқышының,
Батыр да «мақұл» деді кеуліне ұнап.

—Жылқыдан сол ақыға тай міне ғой,

Ұлықсат бір Алладан,—деді,—шырақ.
Қуанып Нұртай сонда түрегелді,
Оның да о бастағы тілегі еді.
Жылқыдан жалғыз тайды ұстап алып,

«Кел, кәне, ел қайда?» деп жүре берді.
Сонымен жолаушылап жолға түсіп,

жанқожа  батыр
Жақындап Хорезмге келе берді.
Ат қойды «Аққылшық» деп тай күнінде,
Он жуып, жүз сипады әр күнінде.

Төгілген төбесіне үкі тағып,
Жалының маржан өрді әрбіріне.
Жібектен желбіретіп ноқта жасап,
Сай қылды сұлулығын бір-біріне.

Ажарлап ат әбзелін болғаннан соң,
Сыншының бір көрсетті білгіріне.
Сыншы айтты: «Сенің атың малдан басқа,
Шаппай-ақ бәйге алады той мен аста.

Тұлпардың тұяқтыда біреуі осы,
Қуған аң, жеткермейтін ұшқан құсқа.
Бағыңа, байғұс бала, түскен шығар,
Сау болсаң, атың шығар алты алашқа.

Жүйріктің жүлде алатын шамасы осы,
Тайталас талабы озар екі-үш жаста.
Сыртынан сұлу көріп сипай бермей,
Онан да бәйгеңді ал тойға қос та».

Нұртай енді қуанып,
Кеуілі бітті атына.
Жылқайдардың жүйрігін
Түсірді қолға қапыда.

Ешкімге жөнін айтқан жоқ,
«Жылқы бағып жалданып,
Алып ем,—деп,—ақыма».
Бейнесі бөлек жануар

Бағасын айтып, пәлен деп,
Пұл жетпейді нарқына.
Қоян сауыр, құлан жал,
Көргенде көзің тойғандай

Қарап тұрсаң сыртына,
Сүйегі сұлу сүмбідей,
Тап осындай жүйрік жоқ
Сол күндегі жылқыда.

Неше жүйрік қосса да,
Ас пенен тойда әрқашан
Жылқы ермейді артына.
18-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Нұртайдың бар,—деп,—жүйрігі»,
Атағы түгел жайылды
Хорезмнің халқына.
Сонымен Нұртай малданып,

Желіге бие байлады,
Атағын түгел таныды
Хорезмнің аймағы.
Келіп, кетер күншіл дос,

Жақын, жекжат көбейіп,
Іздеп келді қайдағы.
Ықпалы жүріп бір заман
Құрмет етіп қонақты,

Қол қусырып сыйлады.
Алқалы топта әрқашан
Қолына тиді кідірмей
Ас пенен тойдың байрағы.

Осындай бақты Нұртайға
Күндеушілер көбейіп,
Билердің соры қайнады.
Әне, Нұртайдың бұл бағын күндеуші билер аттың қайдан

келгенін сұрап, ізін шығарды. Сонан соң Жылқайдарға ха­
бар айтты: «Осындай асыл тұқымды малыңды біреуге беріп,
саған не болды?»—деді. Соған алданған Жылқайдар бір тойда
адам жұмсап, атты ұстап алды. Ат келгесін Нұртай да келді.

Оған Жылқайдар: «Тұяққа—тұяқ,»—деп басқа бір ат мінгізді
де, Аққылшық атты алып қалды. Осыған ыза болған Нұртай
Жаңадариядағы Тықы батырға барып, көрген қорлығын айт­
ты. Тықы: «Мақұл, өлтіремін де, атыңды алып беремін, бірақ

ханға хабар салып алайын»,—деді. Ол кезде қарақалпақтың би
мен бегі Хиуада, хан қасында болатын еді. Бұл хабарды есітіп,
хан қуанып қалды. «Елінде екі адам бар. Біреуі—Нұрбай,
екіншісі—Жылқайдар. Екеуін де өлтіріп келсін»,—деп хабар

айтты.
Оған себеп: Сыр бойында бір мың бес жүз үйдей жарлы-
жатақ көше алмай қалған қарақалпақ болатын. Олар жергілікті
Әнетей бидің қарауында. Әнетей Киікбаймен құда болып, бір

қызын Өтегенге әперген. Сөйтіп, құдандалы жекжат болып кет­

жанқожа  батыр
кен халықты хан жауластырмаса, ел көшпейтін болды. Осы ха­
барды алысымен Тықы сайлы отыз адаммен аттанбақшы болды.
Бұл сөзді естіп қарақалпақтың биі Нияз деген кісі: «Жалғыз

атқа бола жауласып қайтеміз. Ат болса, сұрап алайық, бір
алжасқан шығар. Арада шағындырушы аз ба»,—деп, ара түсті.
Оған Тықы ашуланып, ара түскен жолдасы мен Ниязды өлтіріп,
өзі мешін жылы баһар айында Жаршағылдағы бай ауылын­дағы

Жылқайдарға аттанды.

Тықы батыр жол шекті,
Жау іздеген талабы.
Өз теңінде ер дейтін
Хорезмнің алабы.

Таңдап алған талайдан
Қасында отыз адамы.
Жол үстінде келатыр
Жауатын бұлттай түнеріп,

Тұнжыраған қабағы.
Бұқары қылыш белінде
Құс кездігін қосақтап,
Қорамсақта садағы.

Астында қара арғымақ
Сүмбідей қатқан жануар
Қамыстай екі құлағы,
Арқаға қарай аттанды

Артында қалып біртіндеп,
Баһардың жылы шуағы.
Нұртай мен Тықы келатыр
Қасында нөкөр еріткен.

Елінен шықты асығып
Отыздан арта жігітпен.
«Бәрекелді, батыр» деп,
Жалғыз атқа жауығып,

Ханның өзі біріккен.
Араздық салып араға
«Қайтып ал,—деп,—атыңды,»
Басында солар іріткен.

Жазықсыз байғұс жау болып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қандасуға келатыр
Хиуа салған бүліктен.
Арқасы ханға сүйеніп,
Хан досымыз тұрғанда

«Кім тиеді?» деген үмітпен.
Жылқайдар жаңада өткен жетпіс үштен,
Сонда да қажыған жоқ қайрат-күштен.
Түйілген сұр бүркіттей соққан дене,

Дұшпанға қарсы келген мерейі үстем.
Екі ұлы—Алдан, Достан бәйбішеден
Батырдың тұлғасымен өлшеп-пішкен.
Жаңабай он бес пенен он алтыда

Жас бала көкірегі желдей ескен.
Байшоқы Мәннен туған құндақтаулы
Сонда да ата-анасы тәуір дескен.
Бойжеткен онан бөтен екі қыз бар,

Алманың сабағындай жаңа піскен.
Халықтың әр жұмысы әрбір түрлі
Бейнетпен бай да болса күнін кешкен.
Жел тынық, ай қараңғы, қырдың түні

Қазақша баһар айы, мешін жылы.
Ұйқыдан жан-жануар түгелімен
Қозғалып ешбір жанның шықпайды үні.
Беймезгіл үйді келіп қамап алды,

Қандаспай тынар емес жаудың түрі.
Өлтіріп Жылқайдардың басын кесіп,
Баяғы атын алмақ сөздің шыны.
Әуелі Тықы кірді үйге бастап,

Жолдасын отыз кісі сыртқа тастап.
Қармалап қараңғыда төрге ұмтылды,
Ашумен құс кездігін қолына ұстап.
Қанжарлап Жылқайдарды төсегінде

Өлтіріп өз жайына кетті тастап.
Алданды Достан менен төрден тапты,
Біртіндеп олардың да басын шапты.

жанқожа  батыр
Жаңабай қараңғыда қашып шықты,
Әркімнің өз басына жаны тәтті.
Шешесі Байшоқыны алып келіп,

Төңкеріп тайқазанмен үстін жапты.
Жас бала есін білмей жасырғанда,
Қорылдап құндағымен ұйықтап жатты.
Онан соң екі қызды олжалады,

Байғұстың көзден жасы сорғалады.
Өлгесін әкесі мен екі ағасы,
Қайғысы ішіндегі қозғалады.
Қолына қанжар алып үлкен қызы,

Ұмтылып қараңғыда қармалады.
Адамға қолы жетпей атқа тиіп,
Біреуі ат-матымен домалады.
Жиналып қарақшылар қаумаласып,

«Батыр» деп қызды көріп таң қалады.
Бұны да сол арада байлап алды,
Аялдап көп кідірсе, жол қалады.
Пірімжар қатар қонған ауылдасы,

Кәрі шал сексеннен де өткен жасы.
Садағын қолына алып үйден шықты,
Тықыны атайын деп, жаудың басы.
Бір биік жалаң құмды паналады,

Тасалап жауға қарай жағалады.
Шіреніп оғын салып атқанында,
Тықының тақымына қадалады.
Тырс етіп атқан оғы жерге түсіп,

Атын да өлтіруге жарамады.
Қызды алып олжасымен Тықы кетті,
Бұл кім деп Пірімжарға қарамады.
... Бет алды Нұрбай қонған Көкдомбаққа

Малы бар бай қолында қай уақытта.
Дәулетті жанды, жақты адам екен
Ел билеп, ие болған сансыз баққа.
Кәсібі шаруа қуып, мал жаяды,

Сан қилы көшіп-қонып атырапқа.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір бүйір жолаушыға жолы шалғай
Көп жүріп, күш түсетін мінген атқа.
Бұл сапар Тықы кетті қайырыла алмай,
«Және бір соғармын,—деп,—ойда жоқта».

Сонымен отыз кісі жолға түсті,
Екі қыз жүйрік ат пен қолға түсті.
Ойсызда Жылқайдарды шауып алып,
Өзінше орындады бір жұмысты.

Масайрап, мақтанысып келе жатыр
Сөз айтып әрбір түрлі жолдың үсті.
Кідірмей Жаршағылдан шыққан бойы
Үйінен бір демалып ас-су ішті.

Кел, кеулім, қайта кіріс талабыңа,
Аттаған нұр құйылсын қадамыңа.
Шындықтың шырқын бұзбай тура сөйле,
Алданбай жалаң сөздің мадағына.

Ойланып, ақылыңмен көзіңді сал,
Өлшеумен екі өмірдің адамына.
Қиссасын Жанқожаның жазып шықсаң,
Еңбектің ие болғаның адалына.

Халқы үшін қылыш ұрған батыр еді,
Дұшпанның түспеймін деп табанына.
Қоқанға Хиуа менен қарсы тұрып,
Ерлігін ел таныған заманында.

Батырдың жазғанымда бұл саласын,
Ойланып сұрап жүрдім ара-арасын.
Баяндап балалығын жазғаным жоқ,
Айтсам да атасы мен іні-ағасын.

Ерлігін еңбегімнен оқырсыңдар,
Жыр болып халық аузынан тарағасын.
Қорқақты қуа берсең батыр болад,
Әр іске ер болады шыдағасын.

Қайғыдан қан төгуге риза болған,
Қазақтың ұл мен қызы жылағасын.
Солардың көз жасына көлеңке іздеп,
Халық үшін құрбан қылды қара басын.

Ерліктің ең іргесі ақыл болад,

жанқожа  батыр
Ел қылып көптің басын құрағасын.
Үстінде он жетінің жауға шықты,
Ерітіп ел-жұрты мен тумаласын.

Қаны үшін Жылқайдардың аттанып еді,
Халайық, тыңдасаңдар бұл арасын.
Бір күні «Жаршағыл бақауылдағы Жылқайдарды Тықы
өлтіріп кетті» дегенді есітіп, Әбжалдың ұлы Сәйеке көкжорға

атпен алты әлім, төрт шөменге хабар айтты. Алты жүзге тарта
әскер жиып, Құттық Қылышбайды хан сайлап, мешін жылы
сәуір айында Жаңадариядағы Тықыға аттанды.
Аттаныс

Аттанды алты жүз қол Ақиректен,
Ту ұстап хан да жүрді қалың көппен.
Ішінде Ақтан батыр, Бекарыстан,
Жаңадан келгендер бар төңіректен.

Ақмырза, Жанқожамен өзі алдына,
Бір төбе бұ да аттанды Нұрымбеттен.
Елемес, Арынғазы, Бәйдік батыр
Ерітіп төрт шөменді дүбірлеткен.

Төртқара Тілеулі мен Жақи шықты
Қарайлап көптен бері жолын күткен.
Ер Дабыл, Аманқожа жұртқа мәлім,
Бұлар да сонда бар-ды сапар шеккен.

Құралдан қолға түскен қылыш, қанжар,
Айбалта таты басқан, дүзі кеткен.
Садақ пен қырлы мылтық жалғыз-жарым,
Оған да айтулы ерлер қолы жеткен.

Аттанып қалың қосын елден шықты,
Дұшпанға «тәуекел» деп ызасы өткен.
...Қоңыр күз, сарғылт тартқан жердің шөбі,
Жел соқса бетке тиер күздің лебі.

Сәуірдің суығымен қоңырланып
Көрінген сұрғылт бұлттай Сырдың көлі.
Шаруа малын айдап, шөбін жиып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қыстауға қайта оралған елдің көбі.
Жайлауы қаралпақтың Сыр—Қуаң-ды
Белгілі Хиуада хан мен бегі.
Аттанып қалың қосын келе жатыр,

Ойында Жылқайдардың қанды кегі.
Батырлар бөлек жүрді ту көтеріп,
Алты әлім, төрт шөмекей түгел еріп.
Сап құрып сонда батыр қару ұстап,

Арғымақ мінгендері тақым керіп.
Түтіндеп ат тозаңы қара бұлттай
Будақтап ауық-ауық жерге төніп.
Аңырмай ат үстінде күн де батты,

Түн жүріп, тыным алмай таң да атты.
Құдыққа Ажар деген ат суарып,
Демалып сол арада бір күн жатты.
Қайтадан келесі күні қосын түзеп,

Бағыттап жолсызбенен тура тартты.
Ерінбей ертелі-кеш суыт жүріп,
Төрт күнде ер Тықының елін тапты.
Тақта мен Қызылқұмның арасында,

Бөлінген Сырдың тарау саласында.
Жайлауы ер Тықының жазы-қысы
Белгілі Жаңадарияның жағасында.
Қаласы қаралпақтың қатар-қатар,

Арасы көшқонарлық шамасында.
Жаңақала Шауек пенен суға жақын,
Құмқала құбыла беткей даласында.
Қаланың айналасы биік қорған,

Ат-көлік өте алмайды қазған ордан.
Толтырып су жіберіп ор ішіне
Тек қана дарбазаның жолы болған.
Жасыл жон жаз айында миуа шашып,

Баһарда бау мен бақша іші толған.
Шығыста батыспенен қос мұнара,
Ерте-кеш жау қарайды екі жолдан.

жанқожа  батыр
Қаралпақ батыр болды қазақ десе,
Бермеді айттан айттық, тойдан мүше.
Балықшы балық аулап, егін ексе,

Оған да қаралпақтар тұрды кесе.
«Биеміз іш тастайды» деп кейіді,
Қазақтың аты ар жақта кісінесе.
«Атыңды аңдап неге бақпайсың?» деп,

Сабады қазақтарды әлденеше.
...Қаралпақ көп жайлады Сырдың суын,
Бойына қуат көрді ханның буын.
Шектіні он бес жылда екі шапты,

Ақбайға, Ақирек пен қадап туын.
Қол бастап Уәйіс-Нияз бір талады,
Ішкізіп төрт жүз ерге ажал уын.
Екінші ер Тықыны және салды,

Көрдің бе амалы көп ханның қуын.
Сәуірдің салқын тартқан қоңыр күзі,
Жел соқса бетке тиер қыстың сызы.
Өткесін он бесінен ай толығып,

Ашылып ажар берген нұрлы жүзі.
Ертемен ақшағылға қырау түсіп,
Жосылған жол сияқты аңның ізі.
Ағарып күн шығыстан сәуле кіріп,

Алысты болжағандай әркім өзі.
Тірелді қалың әскер бір алапқа,
Қаз-қатар жүздігімен тұрып сапқа.
Жайғасып аттан түсіп болғанынша,

Толығып сәске болды сол уақта.
Тынығып, тамақ ішіп, демін алып,
Тұсау мен шідер салды мінген атқа.
Қарауыл айналаға адам қойып,

Барлауға баршы кетті екі жаққа.
Бұл кеткен екі адамның біреуі көп ұзамай-ақ екі адам
тұтқынмен қайта оралды. Бұл Жанқожа болатын. Жабайы
жиде теруге дариядан өтіп отырған адамдар еді. Батыр балтамен

бір-бір ұрып, байлап алған. Қылышбай тұтқындардан: «Хиуа

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

қайда, қашық па, Тықының қанша әскері бар?»—деп сұрады.
Соны біліп, ертеңіне соғыс жариялады. Айналасынан әскер
жиып, Тықы да майданға шықты. Сөйтіп, өзі жекеде тұрды.
Бұдан қазақтан Тоқа Елемес шықты. Елемес Тықыға найза са­

лайын деп ұмтылғанда қылышпен қағып жіберіп еді, найзаның
басы кесіліп, Елеместің қолында таяғы қалды. Енді Тықы
шабам деп ұмтылғанда, Елемес әскерге қарай қаша жөнелді.
Қазақтан қайтып батыр шықпай қалды.

Қалың қазақ қамалай,
Қатар тұрды жағалай.
Бастары түсіп бәрінің
Біреуі тіке қарамай.

Жалғыз барған Елемес
Найзасын кесіп оның да,
Қуалап салды баладай.
Сүйекке таңба іс болды,

Бір кісіге бір кісі
Беттесуге жарамай.
Үндемеді еш адам,
«Мен барам» деп айтуға

Жүректері дауамай.
Қалың да қазақ қамалып,
Жекеде тұрған Тықыдан
Қорықты ма екен бұл қалай?

Қылышын алып қолына,
«Жекеге шық!» деп ер Тықы
Айқайлап жүр анадай.
«Майданға шық» деп ақырып,

Едәуір жүрді осымен.
Бедені бөлек көрінеді
Шошынғандай түсінен.
Ту ұстаған туымды ер

Тайынар емес кісіден.
«Келіңдер!»деп айқайлап,
Адамның арын келтірді
Осы істеген ісімен.

Сол уақытта бір адам

жанқожа  батыр
Майданға қарай ұмтылды
Көп қазақтың ішінен.
Көптен шықты көрініп,

Жанқожа мінген көкбесті.
Тұяқты тұлпар мал болса,
Онан жүйрік өтпес-ті.
Қанатты құста қаршыға,

Артынан ұшса жетпес-ті.
Есік пен төрдей қалғанда
Жанқожа мен ер Тықы
Қарама-қарсы беттесті.

Сол уақытта ер Жәкең
Көк найзасын қолға алды,
Шаншайын деп оңдалды.
Қанға құмар Тықының

Кеудеден салып найзасын,
Еріксіз аттан аударды.
Атынан құлап ер Тықы,
Амалсыз жатыр көсіліп.

Жанарынан от шашып,
Қарап жатыр тесіліп.
Жылқайдардай батырды
Ұйқыда келіп өлтірді,

Қанды қолға түсіріп.
Екі бірдей баласын
Қосақтап қойып шалғанда,
Кетпеп пе еді есіліп.

Ол сапарда Тықының
Ойында өлім болған жоқ,
Қанаға симай ісініп.
Сол істеген жұмысы

Алдына келді ұзамай,
Өзінің басы кесіліп.
Мәңгі бақи көз жұмды,
Жан сүйерлік жалғаннан

Жасыл да жанын ұшырып.
Майданда тұрды Жанқожа
Сақа ерлердің салтымен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Кім келед?!» деп тұрып ед,
Жан келмеді артынан.
Жалғыз екен ер Тықы
Қаралпақтың халқынан.

Жай жүргенде жаужүрек,
Арпа батыр көп еді
Алғыр құстай талпынған.
Бетпе-бетке келгенде

«Мен барам» деп айта алмай,
Қараумен болды сыртынан.
Қапыда бұл да қорықты
Жекеде тұрған жас батыр

Ер Жәкеңнің бұлтынан.
Қылышбай туын алды қолындағы,
Ерлерге иек қақты оңындағы.
Оңғарып өз атынан басын түзеп,

Қынаптан қылыш алды суырмалы.
Сол кезде қалың қазақ ұран салып,
Ата айтып «әруақ» деп дуылдады.
Әр жерде айбалта мен шоқпар ұрып,

Қырлыға білте басты шұбырмалы.
Ет қызып, екі жақтан майдан болып,
Қанды өлік бара-бара қалыңдады.
Көп халық айқай салып араласты

Қаңбақтай жел аударған құйындағы.
«Күн бата қайтыңдар» деп дабылдады,
Белгісіз бір-біреуді не қылғаны.
Болғасын ханнан жарлық, биден тоқтау,

Қайталап енді қылыш шабылмады.
Көбісі қылыш тиіп жараланып,
Көз жұмды мәңгі-бақи бауырлары.
Жасқанбай жеңгендері қуат көріп,

Жараның білінбеді ауырғаны.
Айырылып екі жақ та демін алды,
Теңіздей толқып, тынып дауылдағы.
Кеш демін алып, ертеңіне келсе, қаралпақ қашып кетіпті.

Қылышбай көп олжа алып, елге қайтты. Батыр Қылышбай­

жанқожа  батыр дың істеген ісін жақтырмаса да, үндемеді. Өйткені ол «Жыл­ қайдардың қаны үшін, қазақтың ары үшін» деп аттанған-ды. Олай емес, дәл қазір олжа үшін аттанғандай болды. Оның үстіне біреу: «Батыр жаудан алған екі түйемді Қылышбай тар­ тып алды,»—деп шағым білдірді. Батыр Қылышбайға келіп: «Мынаның түйесін бер»,—деді. Қылышбай бермеді. Сол жер­ де Қылышбайды балтаның желкесімен бір ұрып, әлгі адамның түйесін әперді. Елге келгесін болған оқиғаны әкесі есітті. Нұрымбет пен Қылышбай екеуі жасты-тұғын. «Әкеңе қолың тиді»,—деп Жанқожаны әкесі мойнына арқан тағып алып барды. Сонда Қылышбай: «Босат, баланың мысын қайырмай. Кінә өзімнен. Бала да болса, бізден ақылы артық. Ерді баулап ер қылады. Елдің басын құрап, ел қылатын осы болады. Онан да налымай, балаға батамызды берейік»,—деп, екі шал бата­ сын берді. Бірақ Қылышбай сол науқастан бас көтермей жыл жатып, дүние салды. Бұл батырдың бірінші жау алғаны. Сонан бастап «Нұрымбеттің шолақ найзалы баласы» аталып кетті.

Раманқұл
Кішкене алтау: Жиеней, Жолшара, Құрманай, Құттық, Асан,
Үсен. Ал Құттық бесеу: Әлдияр, Қайдауыл, Майдан, Кенжеғұл,
Домақ. Кенжеғұлдың Таттыбай деген аталығы Қосбармақтан—

Раманқұл, Сырлыбай бірге туады.
Майдан төртеу: Әлімбет, Құлжаман, Қожамұрат, Түгелек.
Қожамұрат Жұмағұлдан тоғыз бала: Балта, Жұрын, Қылышбай,
Күйеубай, Теңізбай, Нашар, Жөке, Әлдияр, Барақ. Барақтан

алты бала: Байшора, Мыңбай, Сансызбай, Қошқар, Боранбай,
Шал. Құлжаманның Киікбайынан жеті бала: Ералы, Жаман,
Нұрымбет, Сары, Шөже, Бөртай, Өтеген. Нұрымбеттен төрт
бала: Ақмырза, Жанқожа, Жауқашар, Бек.

Бір жылы Сырлыбай Шөженің ас пенен тойдың алдын
бермейтін Бәйгікөк деген атының майын сұрап мінеді. О баста
бір жеті деп кеткен Сырлыбай атты алты айдай мінгесін бір күні
Шөже атын сұрап барады. Оған Сырлыбай жөнді жауап айтпай,

«ат орнына ат ал, саған ат болса болмай ма», деп Раманқұлға
арқа сүйеп мысқылдап қалады. Осыған ыза болған Шөже неме­
ре інісі Боранбайға барып, атымды алып бер дейді. Боранбай:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Жарайды, олай болса атыңды алып берейін»,—дейді. Қару-
жарағымен барып, Сырлыбайдың есігінің алдында тұрып:

—Сырлыбай, далаға шығып кет,—деп айқайлайды. Шыға

қалса, Боранбай тұр.

—Неге келдің, менен ат алам деп келдің бе?—деп кейістік

танытады.

—Алам деп келдім,—дейді Боранбай. Сол жерде Сырлы­

байды найзамен өлтіріп, желіде тұрған Бәйгікөкті алып кете
береді.
Майдан Кенжеғұлдан адам өлтірді. Арада құн дауы бастал­
ды. Кенжеғұлдан құн сұрап би Раманқұл шықты. Майдан­

нан батыр Жанқожа шықты. Раманқұл құн сұрап, Жанқожа
құн бермекші болды. Раманқұл бір Сырлыбайға төрт құн
сұрады. Жанқожа: «Ол болмас. Елде ондай дәстүр жоқ. Әрі
біреудің ақадал малын алты ай мініп, өз атын өзіне бермей,

жақсылығына жамандық істеген Сырлыбай кінәлі. Бір құн ал
да бітіс,—дейді. Оған Раманқұл қайлы болмай биге барады.
Би асан Бекарыстан еді. Оқиғаны бастан-аяқ сұрап, түсінген
Бекарыстан: «Жара неше жерде?»—деп сұрайды. Жара бір

жерде. «Олай болса, бір құн ал да бітіс. Бір найзадан төрт
адам өлмеген болар»,—дейді би. Оған Раманқұл қайлы бол­
май, ақыры дау он жылға созылады. Ағайын арасы жау бо­
лып, Майдан мен Кенжеғұл қандасуға барады. Бұны есіткен

сырт ағайын бұларды араздас­тырмай, бітістірмекші бола­
ды. Бір күні Бекарыстан Боранбайды шақырып алып, айла
қолданбаса Раманқұлдың бітіспейтінін айтады. Сонан кейін
Боранбай үйіне барып, жау- жарағын асынып, баяғы Сырлы­

байды өлтірген пормасында Раманқұлдың есігінің алдына ба­
рып, ат үстінде үзеңгісін шіреніп тұрып: «Раманқұл, далаға
шығып кет»,—дейді. Шыға келсе, Боранбай тұр. «Бір құнға
бітіспесең, сені де өлтіріп, содан соң төрт құн төлеуіме бола­

ды» деп тұрған сияқты, Ат үстінде Боранбай: «Бітісесің бе?»—
деді. Раманқұл: «Бітісем»,—деді.
Майдан құн төлеп, Кенжеғұл құн алып, ағайын арасы та­
туласып кетеді. Бірақ Раманқұлдың шешесі: «Сырлыбайдың

қанына қан алмасаң, ақ сүтіме риза емеспін»,—деп жылай
берді. Соған алданған Раманқұл 1825 жылы жылдар шама­
сында он бестей биді ертіп Хиуаға аттанды. Асан Сүтемгенұлы
Айбосын, Абланның ұлы Тәуір, Асан Жақайым Данабай, Таты­

жанқожа  батыр
ран Өтебайұлы Тәбекен, Жаппас Өтетілеу, Асаннан Жанділдә,
Байділдә және сол сияқты билер еді. Ол кезде хан Мәдірейім
еді. Раманқұл өзінің келген жұмысын айтып, көшпелі

халыққа мешіт салдырып, әрі бітір-зекет жинатып, халықты
отырықшылыққа, тәртіпке шақыратын хан керек екенін айт­
ты. Хиуа ханы Раманқұлдың ол ойын орынды деп тауып, Сыр
бойына датқалыққа Бабажанды дайындады.

Сонымен Бабажанды әкеліп, көне Жанкенттен он үш
шақырым жерде қала салып, Бабажанды отырғызды. Қамалда
мыңға жуық Хиуа мылтығымен жарақтанған қарулы әскер
шоғырланды. Өзі жиеней Мәйтінің Сүресіне қала салып, мен

екінші бекпін деп отырды. Бірақ олай да отыра бермей, үнемі
Бабажанды Жанқожаға қайрап салумен айналысты. Біреу
пітір-зекет төлемей қашып кетсе де, кім ханға қарсылық
көрсетсе де, жаласын Жанқожаға жаба берді. Бүгін Бабажан­

мен жау болса, ертең Хиуа ханымен жау болады деген ойға
келіп, елге де бүлік сала берді. Бара-бара бойын Бабажанға
үйретіп, алып, «Нұрымбет балаларын құрт. Болмаса, олар сені
құртады»,—дегенді айтты. Сонда Бабажан: «Олай болса, менің

қандай адам болса да ішін білетін төрт сыншым бар. Солармен
Жанқожаға барып қайт»,—деді. Сонымен Раманқұл төрт сарт
пен қазақтан Ералыұлы Көлбайды ертіп атқа мінді. Ол уақытта
батыр Жыңғылдықақты жайлайтын еді.

Раманқұл аттанды
Хиуаның сартымен.
Есебін тауып жау болды
Өзінің туған халқымен.

Батаны бұзды бастағы
«Ақ сүтім» деп жылаған
Анасының антымен.
Жанқожаны жамандап,

«Жақсыны өзім табам» деп,
Араз болды жалпымен.
Жамандық түбі жан қию,
Ақырын ойлап әр істің,

Санаспады артымен.
Жау тұтынды жақынын,
Араздық жеңді ақылын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өлтірмек болды өзінше
Ту ұстаған туымды ер,
Ел қорғаны батырын.
Кек алуға көрініп,

Өзінің күші жетпейді,
Таппаса істің ғапылын.
Жол үстінде келатыр
Неше алуан сөзбенен.

Құшағын жайып дос болды
Мұсылмандық ізбенен.
Басшы болды өзбекке,
Нұрымбеттің балдарын

Көрсетем деп көзбенен.
Ақмырзаны жамандап,
Араздық салып араға
Көбірек айтты өзгеден.

Екі күн жүрді кідірмей,
Сағым қуған сар дала
Құла мидай дүзбенен.
Үшінші күні болғанда,

Жыңғылдықақты жайлаған
Жанқожаның аулының
Үстінен шықты іздеген.
Жайлауы Жыңғылдықақ ауыл қонған,

Кең беткей жалпақ нұра малға толған.
Сәскеде сағым қуған бес-алты атты
Келатыр жолаушылар алыс жолдан.
Сәйгүлік астарына жүйрік мініп,

Алдында Раманқұл басшы болған.
Желіге жақын келіп, аттан түсіп,
Анадай амандасты алып қолдан.
Болғасын жөн сұрасып үйге кірді,

Ешкімге сездірмейді ішкі сырды.
Жүгіріп төр алдына төсек салып,
Қадірлеп би келді деп қызмет қылды.
Қалмастан үлкен-кіші жүгірісіп,

жанқожа  батыр
Саулықпен сәлемдесті қатар-құрбы.
Отырып өлгендерге кеуіл айтып,
Ағайын бір желпініп әрең тынды.

Анайы би келгесін ел ағасы
Қонаққа кім бермейді қонақасы.
Алдырып қысырақтың тайын сойды,
Бар еді деп би мен бектің сыбағасы.

Әкесі Ақмырзаның былтыр өліп,
Марқұмға болып еді жыл шамасы.
«Әдейі кеуіл айта келді ғой» деп,
Білетін қалмай келді ауылдасы.

Жайғасып қонақ алды үлкен үйді,
Үрметтеп неше түрлі тартты сыйды.
Адамға екеуара табақ қойып,
Сапырып сабасынан қымыз құйды.

Жүгіріп үлкен-кіші қызмет қылып,
Сыйлады ойдағыдай уәзір-биді.
Елшілер ел жайынан әңгіме етті,
Қамтыды «қазағым» деп қалың көпті.

Деген бар «Хан—бұйрығы, қожа—үкімі»
Патшалы ел табады әділетті.
Іргесі Бабажанның Хиуада
Тағына талай жандар тәжім етті.

Беруге бастан—пітір, малдан—зекет
Әзелде ақ Пайғамбар ләзім етті.
Осылай өлшеуменен орын тауып,
Қалдырмай Раманқұл айтып өтті.

Ақмырза сонда тұрып сөз бастады,
Пікірі екеуінің ұнаспады:

—Қазақты қайда барса зар жылатып,

Дұшпаным өзбек болған о бастағы.
Бегіне бағынбаймын бөтен елдің
Халықты қан жылатып неше бөлдің.
Халық үшін хан керек деп өтіл айтып,

Мен саған қай уақытта хабар бердім?
Бойынан өз өлкеңнің орын таппай,
19-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР Хан болсаң, қаңғалақтап неге келдің?! Қайталап осы сөзді ашуланып, Дауысы қатты шықты Ақмырза ердің. Сонда Раманқұл: «Батыр, өткен-кеткенді кешір. Енді тату болайық»,— деп Ақмырзаның ашуын қайырып қалыбына сал­ ды. Ел қыдырған сыншылар Арнайы келіп нені ұқты. Сыйлаймын деп батыр жүр Ханнан келген ұлықты. Раманқұл ішінде Ақылдасып барлығы Далаға шығып жолықты. Үйде отырып айтуға Арыстандай батырдың Айбатынан қорықты. Қасқыр жүрек, қанды көз Ер екені анық-ты. Қармағы мол Хиуа Алдаумен қолға түсірмек Ала алмайтын алыпты. «Жанқожа мен Ақмырза Екеуі егіз тең тұрса, Ерітер,—дейді,—халықты. Төлемейді әм және Пітір мен зекет беретін Ханнан келген салықты. Жасақтанып жау болып, Жақын жерден Жанкентке Көрсетпейді жарықты. Амалын тапсаң алдай бер, Екіталай іс болса, Ерлер екен қауіпті» Кеше түсті елшілер Келе атқанда нұрадан, Үйінен шығып Жанқожа,

жанқожа  батыр
«Кім екен?» деп қараған.
Суыт жүрген жолаушы
Астарында жүйрік ат

Сүмбідей қатып жараған.
«Алдына түсіп келатқан
Раманқұл шығар» деп,
Танып еді қиядан.

«Майдан менен Кенжеғұл
Бір-бірімен жау болып,
Қан өтіп еді арадан.
Он жыл ұдай дау болып,

Әлім менен шөменге
Хабары түгел тараған.
Бекарыстан би шығып,
Айламенен арасын

Бітіріп еді жаңадан.
Бұ да айтулы би еді
Май тамызып тілімен,
Көптің басын құраған.

Өлшеуменен ой тауып,
Бір көрсе де сынаған.
Жақсылықтан жамандық
Жақыны еді-ау ұнаған.

Іреу салып ішіне
Үйде отырып анасы
«Ақ сүтім» деп жылаған.
Соған еріп сормаңдай,

Батаны бұзып бастағы,
Қол көтерді дұғадан.
Он бес адам аттанып,
Хиуаға барып өзінше

«Хан керек» деп сұраған.
Бабажанды әкеліп,
Жауласа алмай, орынсыз
Іс істеп жүр жаладан»

Осыларды ойланып,
Көз жіберіп батыр да,
Тұрып еді манадан.
«Үйге кірсе егерде,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Іріткі салып ішіңе,
Бос кетпейді бұл арам.
Бұл бір жүрген аждаһа,
Есебін тауып, Жауқашар,

Қайыр,—деді,—даладан».
Бұны есітіп елшілер,
Көп айналып, кідірді.
Айтпаса да бұлардың

Дұшпандығы білінді.
Қорқыныш кіріп ойына,
Кетейін деп абыржып,
Киімдерін киінді.

Раманқұл сол кезде:

—Кідір,—деді,—қарағым,

Саспай тұрып, сабыр ет,
Бірге болсын талабың.
Бұл Құттықтың баласы
Өзіммен бірдей жайлаған

Ақиректің алабын.
Есітіп шықтым ауылдан
Нұрекеңдей марқұмның
Қаза болған хабарын.

Қол жаюға орнына,
Ұлықсат сұрап батырдан
Ықтиярын алармын.
Сендердің дәтің шыдаса,

Есебін тауып, қалайда
Ол үйге де барармын
Далаға шықты би аға,
Шекпенін кимей жамылып.

Жүзі де жарқын көрінеді,
Тумалыққа салынып.

—Нұрекеңдей марқұмның

Қол жаюға орнына,
Барғызбайды деп неғылып?
Арып-ашып келіп ем,
Екі күн ұдай ыссыда,

жанқожа  батыр
Ат тұяғы жарылып.
Туысқан едік о баста,
Араздық кірген араға

Өкпелескен жаңылып.
Түбіміз бірге болғасын,
Ұмытып едік бәрін де,
Өкпенің дағы жазылып.

Атасы бірге ағайын,
Қиналып келдім, қарағым,
Қайғысына қамығып.
Ұлықсат етсін батырға айт,

Сөйлесейін өзімен
Ауызба-ауыз жолығып.

—Олай болса, батияға рұқсат,—деді. Батырдан рұқсат

болған соң, елшілер үйге кірді. Бұлардың берген сәлемін салқын
алып отыра берді. Билер асығыс көңіл айтып, үйден шығып
кетті. Елшілер далаға шыққасын: «Ақмырза аңқау батыр екен.
Алдаса, қолға түсер. Ал мынау Жанқожа қайратына ақылы сай

батыр екен, алдырмас,»— деді. Сонда Раманқұл:

—Ер емес пе едің, Ақмырза,

Ақсұңқар құстай түлеген.
Жаманның ісін істемес
Болмашыны мінеген.
Қара да болса хан едің,

Туысың артық төреден.
Халық билеген хандардан,
Мырза атанған паңдардан
Кем емес еді керегең.

Әруағыңа қарасам,
Ақсақ Темір, Шыңғыстай
Әулием едің көреген.
Артық туған ер едің,

Жаңғыз да болсаң жасқанбай,
Дұшпанға табан тіреген.
Лайық па еді басыңа
Тауда туған тарландай

Тасқа барып түнеген.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кәнеки, ерім, сөйлеші,
Өзіңнің туған халқыңа
Өкпелеп жүрсің бұл неден?
Есебін тапсаң, елге қайт,

Менің сенен, шырағым,
Тілегім осы тілеген
Сонда Ақмырза:

—Жау десең де, ағайын,

Бидің тілін алайын.
Үлкен әкем—Киікбай
Көп шектіні көшіріп,
Қондырып еді толайым.

Өзімнің әкем—Нұрымбет
Жайлап еді жерленіп,
Ақиректің маңайын.
Көйлек киіп, кір жуып,

Кіндік қаным тамған жер,
Оған қалай шыдайын.
Үш атадан мекенім—
Сарт пісіріп жесе де,

Жеріме көшіп барайын.
Ақмырза
Сонан соң билер жүріп кетті. Ақмырза Жанқожаға: «Адам­
ды қайда болса да, Құдай сақтайды. Елге көшем»,—деп елге

көшті. Жанқожа қайын жұрты құламан төртқарамен Қырға
қоныстанды.
Ақмырза көп ұзамай келді Сырға,
Қорқыныш ойлата ма туған ұлға.

Өзінің қонысына қосын тігіп,
Бармастай болды қайтып енді Қырға.
Ішіне ағайынның келгеннен соң,
Кеуілі батқандай-ақ болып нұрға.

Дұрыстап әкесінің асын берді,
Шамасы жеткенінде жарты жылға.
Бұл кезде Бабажан да тыңшы салып,
Сыртынан бақылауман болды сында.

жанқожа  батыр
Кідіріп бір азғантай осы арадан
Тыңдаушы, қалған жағын қайта тыңда.
Бір күні батыр төрге көзін салды,

Ілулі қырлы тұр еді қолына алды.
Қараса құндағынан қақ бөлінген
Отырып «ойпырым-ай» деп ойға қалды.
«Оңдалса, теміршіге оңдатайын

Тиімді мылтық еді жолы қанды».
Сол бойы кідірместен атқа мінді,
Ойға алып ілестірмей тірі жанды.
Алты адам сай бойынан шыға келді,

Жағалап келе жатқанда биік жалды.
Мойнына арқан тастап бұғалықтап,
Өзінің биесіне кесе таңды.
«Мінеки, айыптыңды әкелдік»,—деп,

Жендеттер хан алдына алып келді.

Алдынан шығып Бабажан,
Амандасып көрісті.
Риза болды жендетке
«Жөндедің,—деп,—бұл істі».

Алқынып тұрды батыр да
Салт келе жатқан биеге
Байлаған соң жол үсті.
Ағайын деп аңдамай,

Қолға түсті қапыда
Жайлаймын деп қонысты.
Раманқұл тумасы
Сартқа беріп сенімін,

Тапқан екен әдісті.
Амалына түсініп,
Қанаға симай ісініп,
Сыр бермеске тырысты,

Сонда Бабажан:
Ақмырзаға Бабажан
Өтілін айтты өтініп:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Артық туған ер болсаң,

Сөзіңнен шықпас екілік.
Дос болайық екеуміз
Арада жүрген азғантай
Араздықты кетіріп.

Дос болам деген нешеулер
Жарамай кетті теңіме,
Сөзінен шығып өтірік.
Тағымды берем тәжім мен

Ойлаған ойға жеткерсең,
Тапсырған істі бітіріп.
Ол айтқаным болмаса,
Мезгілі кеткен кезінде

Қиналарсың өкініп.
Мақсатыңа жетерсің,
Болатын істі болдырмай,
Алдынан алсаң күтініп.

Осыған ойың бұрылса,
Дос боласың менімен,
Жанқожаны өлтіріп.
Өз алдыңа бек сайлап,

Алтындаған тағымды
Үйіңе берем келтіріп.
Оған да кеулің сенбесе,
Өзімменен бір бол,

Бірге жатып, бірге тұрып.
Дұшпаның кетіп сол кезде,
Досың келер ұмтылып.
Сен артық туған ер болсаң,

Таққа мініп, тәж киіп,
Отырмайсың ба құлпырып.
Сонда Ақмырза:

—Бәрекелді, Бабажан,

Ойламасты ойлаған.
Мазамды алып мазақтап,
Сөзіңді қойшы ойнаған.
Бағасыздың белгісі

Бір айтқанын екі айтып,
Ежірейіп қоймаған.

жанқожа  батыр
Қаралпақ еді Айдос би,
Атағы шығып маңына,
Хорезм түгел сыйлаған.

Ықпалы жүрген кезінде
Ақылды еді болмаған.
Айтқаны болып халыққа,
Басына бақыт орнаған.

Мыржық дейтін інісі
Батыр екен барынша,
Қаралпақты қорғаған.
Қауіптеніп Хиуа хан,

Айдоспенен дос болды
Уағдасыз оңбаған.
Далаға шықса хат жазып,
Махаббат сәлем жолдаған.

Екіталай іс болса,
Айдостың ісін қолдаған.
Іріткі салып ішіне
«Өз ініңді өлтір» деп,

Әлденеше қинаған.
Соған еріп Айдос би,
Мыржықты қолдан өлтіріп,
Іс істеп еді симаған.

Он жыл ұдай айтсаң да,
Ол сияқты жұмысты
Ете алмайсың сен маған!
Құлағың салып тыңдай бер,

Осы айтқаным анық па?
Ісінгенмен іркіліп,
Бір түсірсең қалыпқа.
Сен тағыңды бермей-ақ,

Арыстаным сау жүрсе,
Өзім де ханмын халыққа.
Егеудей болат ер болсаң,
Екі қолымды босатып,

Бір шығарғын жарыққа.
Егер мені өлтірсең,
Саған мінер тақ қайда,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Басқа қонар бақ қайда?!
Аман жүрсе Жанқожа,
Бұл араны таппай ма?!
Әлім менен шөмекей

Ізіне түгел ерітіп,
Шаһарыңды шаппай ма?!
Алтындаған тағыңды,
Тәж кидірген бағыңды

Апарып отқа жақпай ма?!
Арыстандай ашумен
Аузыңа құмды толтырып,
Артыңа қазық қақпай ма?!

Қазір шалқып тұрсаң да,
Тап сол арада білерсің
Қазақ қайда, сарт қайда!
Жағалай жатқан жеті ру,

Алшынның ұлы үш ру
Кіші жүзге жатпай ма?!
Басын қосса барлығы,
Хиуаңменен қосақтап,

Айдаһардай жұтпай ма?!
Болат буып белсеніп,
Бетпе-бетке келгенде,
Тұқымыңды құртпай ма?!

Қазір өліп кетсем де,
Тап сол арада Ақмырза
Тас төбеңе шықпай ма?!
Қылыш тартып қынаптан,

Шетіңнен келіп тимедім.
Жалғыз шауып қамалға,
Жеке де неге өлмедім.
Астымда атым тұрғанда,

Болдыратын ер ме едім.
Құрбан болсам ел үшін,
«Әттегене» дер ме едім.
Алдаумен өткен, өзбегім,

Ойда жоқта опынтып,
Бүйтеріңді білмедім.
Осылай деп Ақмырза,

жанқожа  батыр
Ашуланып бұлқынды,
Бір ұмтылды, бір тұрды.
Қолындағы бұғауды

Үземін деп ұмтылды.
Саусақтары қарайып,
Арқан кесіп әр жерден,
Қар терісі жыртылды.

Үш алаштың ұлында
Ақмырзадай ер болып,
Атасынан кім туды?!
Қастасқан жаумен қасарып,

Кеудеден жаны кеткенше,
Ойлаған жоқ қорқуды.

—Тап бүгін өліп кетсем де

Жалынып жағдай айтпаймын,
Бір сөзімнен қайтпаймын.
Қанды балақ қырандай,
Қиғанша шалықтаймын.

Көзіңе шұқып сөз айтып,
Білгенімді анықтаймын.
Өлтірмек түгіл, сен мені,
Үшке бөліп салсаң да,

Өліміңнен қорықпаймын.
Екі қолым босанса,
Адыра қалғыр қырлыны
Саған арнап оқтаймын.

Өлгенімше өжеттеп,
Өз кегімді жоқтаймын.
Тағыңды теуіп тәжің мен
Басыңды кеспей, Бабажан,

Хан ордаңнан шықпаймын.
Ажалым жетсе, өлемін,
Ақ ісіне көнемін.
Бейнетім болса бастағы

Қасіретін шегемін.
Артық айтсаң егерде,
Хан атаңды сөгемін.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қанға құмар хан болсаң,
Қаныңды мен де төгемін.
Өліп кетсем осыдан,
Іздеп келер артымнан,

Жанқожа болса керегің.
Қаттау киіп үстіне,
Қаһарланып келгенде,
Кесілмес пе екен терегің.

Өлтірем десең отырма
Батыр болсаң, жаман сарт,
Тап сол уақта көрермін.
Өз басымды ойласам,

Не бітірдім, неге өлдім.
Қапыда келіп, тек өлдім.
Дос тұтынып, дұшпанды,
Қайғыменен құрсауда

Қасіретін жеп өлдім.
Алдымда тұр Бабажан
Тап атамның ұлындай.
Мен төменде жатырмын

Байлаудағы құлындай.
Сауытым қалды ілулі,
Ең болмаса буылмай.
Қылышым қалды қынапта,

Қынабынан суырылмай.
Тұлпарым қалды желіде
Ағыны қатты алысқан
Тасыған таудың суындай.

Киікбайдың ақ туы
Көтерусіз бұл қалды
Иран Шахтың туындай.
Кеудеде жаным барында,

Неге ұстаттым бұларға,
Жалғыз басым жұлынбай.
Кіреуке көзд: ақ сауыт
Неге үстіме кимедім.

Ер қаруы—бес қару
Бойыма неге ілмедім.

жанқожа  батыр
Тұлпарымды алдырып,
Топ ішінде мінбедім.
Жаусыраған жауыма

Жалғыз келіп тимедім.
Қолыма түссе, мауыздап,
Өлігін неге үймедім.
Түнерген бұлт мен бе едім,

Теңесер сартым сен бе едің?!
Қарсы келіп қан төгіп,
Қан майданның ішінде,
Қайратымды көрмедің.

Толықсытып ту байлап,
«Киікбайлап» айқайлап,
Топ ішіне кірмедім.
Сонда Бабажан Раманқұлға барып: «Мынау қайтпай, күш

айтып жатыр»,—деп ақыл берді. Раманқұл: «Онда өлтіріп
жібер»,—деді. Екі жендет батырды дарияға алып келді. Сонда
батыр:

—Көп сәлем қайта-қайта Жанқожаға,

Кектіден кек алмаса, ер бола ма?
Теңіздей терең ойлы данышпаным,
Теңселіп тегін іске қозғала ма.
Жауқашар жалғыз өскен інілерім,

Ағаңды сарт өлтірді айдалада.
Артымда арыстаным аман қалса,
Өлсем де ризамын бір Аллаға.
Алты әлім, арғы түбім қалың шекті,

Түгелдей сен білмейтін сыр қала ма.
Ер Дабыл, елге мәлім Ақтан батыр,
Сау болсаң, бір келерсің бұл араға.
Бәріңе соңғы сөзбен сәлем айтам,

Ескеріп құлақ салсаң бұл намаға.
Қауіпті бас дұшпаның Раманқұл,
Тілдесіп Бабажанмен ашылды сыр.
«Қазақта хас дұшпаның Жанқожа» деп,

Жасырмай Сыр бойына жариялап жүр.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қорыққаннан қазақтар мен Жанқожадан
Қорғанын бір мың әскер күзетіп тұр.
Айласы би мен бектің мені ұстады
Айламен сені ұстаудың тұзағы бұл»

Сырдың суы сол күнде
Ағып жатыр жосылып.
Іс қылған жоқ Ақмырза,
Жанынан қорқып шошынып.

Екі жендет апарып,
Байлауда жатқан батырды
Тастады суға ысырып.
Асауға мінген адамдай

Ағын сумен араласып,
Бірге кетті қосылып.
Көп кідірмей көз жазып,
Бірте-бірте азайды

Қайнаған демі басылып.
Бабажан
Жанкенттің ханы Бабажан,
Жарлығын жайды жаңадан.

Тыңдаған құлақ тынғандай
Жылаған қатын-баладан.
Күңіренбей ешкім қалған жоқ
Ата менен анадан.

Мазасын алды халықтың,
Хан салығы қара ғой
Күніне сұлу сұраған.
Алмадай піскен арулар

Абыройдан айрылып,
Қайғырып қатты жылаған.
Сұлуды сүйді саралап,
Әжетіне жараған.

Раманқұл хан болып,
Хан қасында нән болып,
Жақсының бірі санаған.
Араздық салып араға,

жанқожа  батыр
Арттырып өкпе жамаған.
Ер айрылды бағадан,
Іні айрылды ағадан,

Нақақтан күйіп кейбіреу,
Босқа кетті жаладан.
Көздері толған жас болды,
Қолдары кетпей жағадан.

Мұсылман солай ете ме,
Ислам дінге қараған.
Шариғат қайда бастағы
Хан келгенде халыққа,

Насихатпенен тараған.
Осыған қазақ шыдамай,
Ырғызға қашып бір жағы,
Қарақұмға құлаған.

Жалмырза
Кімде-кім қыз бермесе тартты дарға
Еті еріп намыстанған ұят-арға.
Басына қап кигізіп, қолын байлап,

Теңдейді екеу-екеу биік нарға.
Жабырқап жастың жаны жылауменен,
Бөленді ертелі-кеш қайғы-зарға.
Қыз беріп қырық бес күн ханға апарып,

Кез қылған Раманқұл мұндай халға.
Данабай, Айдарбектен Тәбекен бар,
Байділлә басшы болған түсіп алға.
Адамды жүзге тарта тұтқынға алды,

Көрген жоқ қазақ ондай ауыр халді.
Кешкісін тақымына таяқ байлап,
Қосақтап екі қолын қоса таңды.
Үстіне ақ киізден үзік жауып,

Қарауыл жолатпайды тірі жанды.
Босатып ертеңгісін қол-аяғын,
Қорғанның жұмысына айдап салды.
Бір күні ай қараңғы еді бұлт басқан,

Түнеріп төмен түскен сұрғылт аспан.
Байлауда жүзден аса адам жатыр,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ішінде кәрі-жасы араласқан.
Тұтқындар өз алдына ебін тауып,
«Бұл істі қайтеміз?» деп ақылдасқан.
Баласы Ақмырзаның қолға түсіп,

Оны да алып барып көпке қосқан.
«Қаш,—деді Жалмырзаға,—босатайық,
Ханменен қас едіңдер әуел бастан.
Егерде таңға қалсаң, өлтіреді,

Көбірек басқадан да саған дұшпан»
Соны айтып қолын шешіп қоя берді,
Ыңғайлы ебін тауып бір бұрыштан.
Төрт жендет тұра сала о да қуды

Баланы ұстаймын деп тұра қашқан.
Жас бала жалаңаяқ ұстатсын ба,
Қалтылдап қорыққаннан құстай ұшқан.
Кідірмей келіп суға құлай кетті,

«Өлмесем, шығармын» деп осы тұстан.
Алқынып арғы бетке азар шықты,
Оралып аяғына көйлек-ыстан.
Ажалдан бұл сапарда тірі қалды,

Бақылап айналасын біріп алды.
Жапырып көк сораңды төсек қылып,
Жайғасып жатып ұйықтап тыным алды.
Оянып көзін ашса, сәске мезгіл,

Бақылап әрі-бері көзін салды.
Бір әйел жақын жерде шөп шауып жүр,
Еркектен көре алмады тірі жанды.
Әйелге сәлем беріп жөнін айтты,

Дұшпанның аңдып жүрген көбін айтты.
Ол әйел Жалмырзаға таныс болып,
Қайғырып әкесіне көңіл айтты.
Үйіне алып келіп қонақ қылып,

Ыңғайлы мезгілі менен күнін айтты.
Сол үйден бір тәуір атты сұрап мініп,
Баруға Жанқожаға Қырға қайтты.
Жолаушылап Жалмырза

Жаңғыз шықты елінен.
Шамасы ғой деп келеді,

жанқожа  батыр
Біреудің айтқан тілімен.
Жол жүргесін сын бар ма,
Кейде жортады аяңдап,

Мінген аттың күйімен.
Су ішуге кідіріп.
Жерінің сырын білмейді,
Шаршаса да шынымен.

Келесі күні бесінде
Ойда жоқта жолықты
Жолаушының бірімен.
Жаңғыз жүрген жас бала,

Ішіндегі ызғары
Білініп тұр түрінен.
Ұры ғой деп айтуға
Қарусыз адам қан төгіп,

Не бітіреді қолымен.
Сәлемдесіп болғасын,
Тамақ ішіп, сөйлесіп,
Бірге болды түнімен.

Ертеңіне хош айтты
Батырдың сұрап ауылын
Өзінің кетті жөнімен.
Екі күн жүрді кідірмей,

Келе жатқан жолымен,
Тура тартты кідірмей,
Ақтөбенің құмымен.
Арып-ашып әйтеуір,

Жанқожаның ауылна
Аман жетті сонымен.
Би өтті Әйтекедей Төртқарадан,
Неше ру одан бері ел тараған.

Сапақтың Бәймен менен заманы бір
Көңілсіз күн өткен жоқ екі арадан.
Ол күнде Тілеулі мен Жақып батыр
Оларды халық бар ма сыйламаған.

Батырдың бірге жүрген жолдастары
«Жәке» деп, жанына еріп қаумалаған.
20-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көшкенде жазы-қысы бірге болып,
Жері жоқ Қарақұмда жайламаған.
Сапақ баланы үйіне апарып, «сен осында бола тұр» деп
батырға өзі кірді. Сонда Сапақ:

—Әләйкүм-ассалау ма, арыстаным,

Халқы үшін құрбан қылады батыр жанын.
Дүнияны топан суы қаптағасын,
Ойланып ертелі-кеш қайғым қалың.
Ақирек, арғы шеті Сырдың бойын

Қалдырмай қоса өртепті жанған жалын.
Кеш жатып, ерте тұрған диқан халқың,
Оны да бірге алыпты аққан ағын.
Ту ұстап, тұлпар мінер күнің туды,

Жүйріктің жүлде алатын тауып бабын.
Ақ алмас алтын балдақ қанға малып,
Оның да қоса ұстарсың қанды сабын.
Ел іші еркін жүріп-тұра алмады,

Бір көшір ханның тағын, бидің бағын.
Көп айтып батыр саған келсін депті,
Қайғырып артыңдағы қалың Әлім
Сонда батыр:

—Ақирек, Сырдың бойы—біздің мекен,

Бауырлас бауырым еді туған көкем.
Су алып, кеуіліңді қайғы басса,
Ақмырза онда біздің өлген екен.
Жағалай Сырдың бойы жалын дейсің,

Ел-халық онан басқа аман ба екен?
Ту алып, тұлпар мінер не болыпты,
Ол жерде жау жоқ еді ханнан бөтен.
Қарғын су қаптаса да қорықпаймын,

Сау болса сансыз халқым онан да өтем.
Бұл жерде енді шыдап тұра алмаймын,
Кел, енді, ұлықсат бер, елге кетем.
Жеті жыл бірге болған жұртым едің,

Халайық, кешіріңдер болса қатем

жанқожа  батыр
Осыны батыр айтқанда,
Ел жиылды тынбастан.
Қалың ағайын, қарындас

Қадірін біліп сыйласқан,
Заманы бірге сырластан,
Көріспей ешкім қалған жоқ,
Бірге жүрген жолдастан.

Жеті жыл бірге болғасын,
Тумасындай татаусыз
Ағайын еді араласқан.
Батырдың көшін шығарып,

Үлкені менен кішісі
Хош айтысты қалмастан.
Төртқарадан Тілеулі,
Жолдас ертіп ер Жақып,

Бірге жүрді қалмастан.
Соныменен Жанқожа
Көшін тартты еліне.
Үш атадан мекені—

Өзінің туған жеріне.
Жол үстінде келеді,
Түн түнемей, тынымсыз
Үдере көшіп күніге.

Еру болды екі күн
Жылқайдардай батырдың
Бейітінің түбіне.
Сол арадан шыққасын,

Қосын тікті әкеліп,
Қылыштың биік беліне.
Батырды келген есітіп,
Ел жиналды ағыла.

Халқы үшін туған ер еді,
Шыдамас деп арына.
Қорлық көріп ханынан,
Сексен үйдей қожалық,

Қоңсы болды жанына.
Бұны есітіп Бабажан,
Ашуға мінді тағы да.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қыз сұратып қозы мен,
Әлек салды аңырмай
Ақиректің маңына.
Қайран болды қазағым

Хиуа менен Жанкенттің
Мұсылмандық заңына.
Бұны есітіп Жанқожа,
Кенеге қарай аттанды—

Орта жүздің ханына.
Хан Кене
Көкшенің жері сұлу, күні салқын,
Тасының бірі күміс, бірі алтын.

Көкорай жазы-қысы көгал тартып,
Көкшенің сұлулаған сыртқы дәрпін.
Жайлауға жер шырайын тәуір көріп,
Қызығып құмарланған оған да әркім.

Қалмақпен қан төгісіп әлденеше,
Қондырған Абылай хан қазақ халқын.
Жайлаған сонан бері Қасым төре,
Болғасын хан тұқымы халқына еге.

Жау болып сәл нәрседен еліменен
Өзді-өзі арыз болды әлденеге.
Егесіп екі жағы қоймаған соң,
Ордаға орыс кірді оған және.

Аяғы Есенгелді, Саржан өліп,
Орнына хан болып еді енді Кене.
Бір күні Кіші жүзден ат сабылтып,
Ортаға батыр келді сәлем бере.

Хан болып Кенесары Қасымұлы
Арнайы іздеп келді батыр мұны.
Болғанда ол Орта жүз, бұл Кіші жүз
Сияқты біреуі—аға, біреуі—іні.

Өзінің арнайы келген жайын айтып:

—Жанкентке аттанам,—деді,—осы жылы.

Мың өзбек—Бабажанды жау демеймін,
Іргесі Хиуада тұр арғы түбі.

жанқожа  батыр
Кіші жүз қайткенменен аз болады,
Бірігіп түрікпен, өзбек шыққан күні.
Аталы хан баласы, батыр едің,

Көмек бер осы жауға сөздің шыны.
Кене хан бұны есітіп: «Бәлем,—деді,
Мағынасы бұл сөзіңнің терең,—деді.
Есепсіз елге сондай азар берсе,

Қаны бір қазағыма ерем,—деді.
Ол жақтан Хиуа қаптап шыға қойса,
Тәуекел онысын да көрем,—деді.
Өз басы Орта жүздің жетпей қалса,

Көмекке Ұлы жүзді берем»,—деді.
Отырса хан тағында, би бағында,
Мықтының момын кетеді тырнағында.
Ол кезде оған халық кінәлі емес,

Заманның заңға сәйкес салмағында.
Болғанмен біреу олай, біреу былай,
Сонда да әділ төре ел жағында.
Қарындасы айдай сұлу Фатиманы

Абылайдың айта барды әруағына.
Кенеге келген істің жөнін айтты,
Оны да ойға салып, бір мұңайтты.
Көрініп ханның көңілі халқы жаққа,

«Ел үшін еремін» деп шынын айтты.
Бұл сапар Кене ханға риза боп,
Жанқожа жолдасымен елге қайтты.
Келатыр жол үстінде санды батыр,

Жау жоқ деп жар астында болма ғапыл.
Байқасаң «бөрік астынан бөрі шығады»,
Бұрынғы қариялардан қалған ақыл.
Жақындап ел шетінен келгенінде,

Екі адам бір түйемен келе жатыр.
Бұрылып анадайдан басын иіп,
Батырға сәлем берді әлгі пақыр:

—Әләйкум ассалау ма, батыр ағай,

Саламат-сау барсың ба, жағдай қалай?

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Алдымнан іздегенде қарсы шығып,
Тілекке бір жеткерді-ау, Жаббар Құдай.
Жеті жыл ел шетінде жүргеніңде
Өзіңді іздеп еді халық талай.

Бұл күнде Раманқұл би болғасын,
Бұрынғы туысқандық қалды былай.
«Қадірлі хан көретін қыз керек» деп
Сұлуды жинап жатыр алдын орай.

Сол кезек кешегі күні маған келіп,
Қызымды алып қаштым бермен қарай.
Халқымның осы күні кетті күні
Егіліп ертелі-кеш жылай-жылай.

Төлеген—өзім атым, әкем—Орман,
Жабырқап жаудан қашқан мынау пормам.
Тап бүгін ауылымда әскер жатыр,
Зекеттеп мал жинаған оңды-солдан.

Көп айтып кеуіл бұзып не қылайын,
Әруақты батыр едің бақыт қонған.
Айтулы арыстаным, аман болсаң,
Халқыңа боласың да өзің қорған.

Соны айтып, әлгі кісі жүре берді,
Айналып қалмайын деп енді жолдан.
Әйімбет
Бір батыр келген екен Хиуадан,

Жаһанда болған емес ондай адам.
Кең кеуде келбетіне жарасыпты,
Теректен тең тұлғалы белі жуан.
Шот маңдай, құс қабақты, қырма сақал,

Қанды көз, имек мұрын бейне қыран.
Ашуы аш бөрінің мінезіндей,
Егессе сау қалмайды ешкім онан.
Үстінде сауыты бар дулығалы,

Жекеге оныменен кім шығады?!
Мінгені астындағы қара арғымақ,
Наз едеу нағыз жүйрік жылқыдағы.
Аттанып елу жігіт шығып еді

жанқожа  батыр
Әйімбет—Хиуаның шамшырағы.
Қазақтан қасына ерген Раманқұл
Бек болып бірге отырды он-онбір жыл.

Өз елін өзбек пенен сартқа сатып,
Қалғасын халық білдірді іштегі кір.
Құн дауы, Жанқожамен баққа талас—
Бастағы ашылмаған азалы сыр.

Ерітіп Әйімбетті мал зекеттеп,
Ауылда жатыр еді көрсетіп қыр.
Қарауыл сыртта тұрып айқай салған:

—Асығыс,—деп айтады,—батыр, аттан,

Түн қатып, түсі қашқан жау келеді,
Шамасы біраз жерді тозаңдатқан.
Байыстың бір баласы Мырза батыр,
Ер Дабыл дұшпанына қылыш тартқан.

Оң жақта оқшауырақ Қабан ұлы
Сол шығар Қаракесек батыр Ақтан.
Төртқара Тілеулі мен Жақып батыр
Ежелгі ерлер еді халық ұнатқан.

Түнерген түнгі бұлттай түсі суық,
Жанқожа ең алдында келе жатқан.
Ақ туы төбесіне төңкеріліп,
Жақындап таяп қалды арқа жақтан.

Сол кезде Әйімбет те атқа мінді,
Қалдырмай бар қаруын бойына ілді.
Бөлініп өз тобынан жеке шығып,
Жасқанбай Жанқожаға тура жүрді.

Тілеулі: «маған бер» деп жол сұрады,

—Қазаға қарсы келген ер тұрады.

Жасы үлкен бірге жүрген ағаң едім,
Шырағым, жол менікі, сол турасы.
Саржаның бір оғына тапсырамын,
Құласын түрікпеннің шамшырағы.

Жау болды Хиуаның хан мен бегі,
Қашаннан қанға құмар ата-тегі.
Бірігіп түрікпен, өзбек басын қосып,
Ендігі қазақта екен қанды кегі.

Арнайы арып-ашып Хиуадан

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Анықтап іздеп келді, батыр, мені.
Тәуекел, бұл сапарға мен барайын,
Қам-қайғы бір тарқасын кеуілдегі.
Осыны айтып Жанқожа,

Қанаға симай ісінді.
Қылышын алып қолына,
Ілгері қарай ұмтылды.
Қарсы ұмтылды Әйімбет,

Батыр болсаң белдесіп,
Көремін деп күшіңді.
Қарсыласып қаққанда,
Әйімбеттей батырдың

Қылышын қолдан ұшырды.
Қайта айналып келгенде,
Өгіздей етіп өкіртіп
Аударып аттан түсірді.

Қырық жігіт сол уақытта қаптап шықты,
Ер Дабыл, батыр Мырза қылыш тартты.
Беласар, Айдарқұл мен Аманқожа
Олар да ерлер еді әруақты.

Аянбай екі жақ та соғыс қылып,
Дем алмай хиуалықтар мылтық атты.
Аяғы соғысының көпке бармай,
Жеңіліп жаудың жағы қанға батты.

Ол жақтан Раманқұл тұтқын байлап,
Бұл сапар батыр және жеңіс тапты.
Сонда батыр: «Көзіме көрсетпей Раманқұлды өлтір»,—деп,
екі жігітті жұмсады. Жігіттер өлтірейін деп барса, Раманқұл:

«Батырды көзіме бір көрсетіп өлтір»,—деп жалынады. Екі
жігіт батырға Раманқұлды алып келеді. Сонда батыр: «Өлтір
дегенім қайда, неге өлтірмедіңдер?»—деп ақырады. Сонда
Раманқұл: «Батыр, бір ауыз сөзім бар»,—дейді. Онда батыр:

«Айт сөзіңді»,—дейді. «Әйімбет «шүу» деп ортадан шыққанда
екі иығында екі шам жанып шықты. «Әйімбет, шырағым, басқа
батырдай көрме. Онда Әзірейлінің түгі бар да, Әзірет Әлінің күші
бар. Аңдамасаң жазым қылар», дегенімде екі иығындағы шамы

жанқожа  батыр
сөніп еді. Егер сол бойында келгеніңде иә сен, иә ол алар еді.
Оны Құдай білер еді»,—деді,—Жаным үшін сартқа күндікші
болғаным рас. Маған Құдай сендей батырлық бақ берген жоқ,

Бірақ менің саған да пайдам тиген шығар. Өлтірем десең, өлтіре
бер»,—деді Раманқұл. Сонда батыр: «Босат залымды. «Әкелме»
дегенім осы еді ғой»,—деді. Сонымен қылыштан Раманқұл бо­
санып кетті.

Жанкент
Хан болып, халық билеген Кенесары,
Қараған Орта жүздің түгел бәрі.
Батырға бастағы айтқан уағда бар—

Кідірсе күмән болады онан әрі.
Келгенде наурыз айы қатар күтіп,
Отырған Жанқожаның батырлары.
Бір күні Сойдақ деген қожа келді

—Мынау,—деп,—осы күнгі ханның халі:

Сары орыс қорған салып Қызылжарға,
Шамасы жақындады жарты жолға.
Ол жағын Шыңғыс төре өзі бастап,
Едәуір сөз болып тұр ұзын ырға.

Қол жиып Кенесары аттанам деп,
Бұл күнде ханның өзі үлкен сында.
Баяндап әңгімесін бастан-аяқ
Кененің хабаршысы келді мында

Басталды көп ұзамай күзгі суық,
Ерлердің аттанатын күні туып.
Қалдырмай маңайына хабар айтып,
Батыр да әскер жиды мыңға жуық.

Әр жерден сауыт-сайман, ат жаратып,
Соғысқа әзірленді белін буып.
Аттанбақшы Жанқожа
Жауға деген талаппен.

Ізіне ерген шамалы
Мыңға тарта қазақпен.
Алмас қылыш қаруы,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кезеген найза, садақ пен.
Қаттау киді шөже көз
Дулығалы болат пен.
Жақын жерден жау болып,

Хиуа менен қазақтың
Арасынан қан өткен.
Халықтың кеулін шығарды
Шариғатқа симайтын,

Не жағымсыз әдетпен
Қорған салып қамданып,
Құралданған көп әскер
Сырға әкеліп түнеткен.

Қарап жүрген қазақтың
Қатыны мен баласын
Қайғыменен жүдеткен.
Бір ісінен бірі асып,

Дінсіздікке ұласып,
Күннен-күнге үдеткен.
Қара қозы қалжасы,
Ер көрмеген қыз сұрап,

Қырық бес күндей күн өткен.
Қанша сабыр етсе де,
Осы істеген істері
Өтіп кетті сүйектен.

«Аттанам»,—деп Жанқожа
Хабар берді жалпыға.
Әлім менен шөменнің
Жағалай жатқан халқына.

Тәуекелге бел байлап,
Тұлпар мініп, ту алып,
Қалмай ерді артына.
Мыңға тарта қол болып,

Атының басын қаратты
Хиуаның сартына.
Сонда батыр жол тартты,
Жолаушылап қол артты.

Жаратып мінген жүйріктер
Қолтығынан тер шығып,
Жүрген сайын құмартты.

жанқожа  батыр
Басын изеп тебініп,
Қайшылады құлақты.
Қолға ұстаған дізгіні

Қаңтарулы сияқты.
Сол бетімен кідірмей
Әлсейіттің келіп аузына,
Өтуге қойды талапты.

Қосөткөл, Әлсейіт пен Арықбалық,
Жайлаған екі жағын қалың халық.
Жанқожа сол араға тура бастап,
Түсірді әскерлерін алып барып.

Төрт-бестен керегеге мес байлатып,
Апарып дарияға жатыр салып.
Адамды соған салып, атын жалдап,
Өткерді ыспа қылып арқан тағып.

Аттанып сол арада Ақтан шықты,
Батырдың келгенінен хабарланып.
Сырдария толып аққан қанасынан,
Ағын су жол бергендей арасынан.

Кептіріп ер-тоқымын, атын ерттеп,
Әлсейіттің қайта аттанды жағасынан.
Түнерді түнек болып күздің желі,
Қозғалды қаһарменен Сырдың елі.

Көз тұтар кеуіліне ашу орнап,
Ерлердің у сияқты алған демі.
Сұрланып сабыр бұлты бетіне ойнап,
Келатыр ханда болып қанды кегі.

Қыз сұрап қырық бес күн ел бүлдірген
«Қолыма бір тисе» деп Жанкент бегі.
Мыңға мың санап алған сарбазы бар
Жанқожа—қол бастаған ердің ері.

Батырлар атқа мінді «туған ел» деп,
Ылдидан Сырға шықты жоғары өрлеп.
Бұрыннан келе жатқан ата салты—
Кезегі көнген іске әркім көнбек.

Ар жағы алты әлімнің—қаракесек

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бұл жерде әңгіме көп айтсақ жөндеп.
Атаның бұрынғы өткен салтыменен
Ақтан ер туды алды: «Маған бер»,—деп.

—Садаға менің жаным туған елден,

Барымды неге аяйын қолдан келген.
Әскердің ең алдында мен жүрейін,
Халық үшін оққа тұрсын менің кеудем.
Өлсем де осы сапар өкінбеймін,

Тұманды бір арылтсам елге төнген.
Қамалға көптен бұрын жете қойсам
Ойымды істер едім өзім білген.
Ту алып, тұлпар мініп әлім—шөмен,

Ұрандап ұмтылғанда қалма менен.
Белсеніп болат буған, батырларым,
Дұшпанға тоқтамасын тартқан жебең.
Ойласаң ой жіберіп, о да сендей

Қалайша батыр болады дұшпан сенен?
Сонымен батырлар
Екі күн қонды далаға.
Адам жұмсап аңырмай,

Хабаршы салды араға.
Үшінші күні болғанда
«Шабамын» деді ер Ақтан
Бабажан тұрған қалаға.

Қарны тоймас қара жер
Топырақсыз тола ма.
Әзелде солай жазылса,
Қорыққанменен бола ма?!

«Жалаңаш бар да жауға шап»,
Ажалдан бұрын ала ма.
Қалай да болса қорған бол
Қатын менен балаға.

Ұмтыл,—деді,—ілгері
Бұрынғы өткен әруақ
Сыйынып ата-бабаға
Осыны айтып ер Ақтан

Қаһарланып ақырды.

жанқожа  батыр
Ашумен симай қанаға.

—Ұмтыл,—деді,—қамалға.

Көнбе,—деді,—амалға.
Ертелі-кеш бір өлім
Жақсы менен жаманға.
Жаннан қорқып жасқанып,

Жан-жағыңа қаранба.
Жасқанбасаң жан ортақ,
Екі аяқты, бір басты
Жаратылған адамға.

Халық бүлінді хан үшін,
Хан бүлінсін жан үшін,
Аласұрған заманда.
Садағына садақ тарт,

Қылышына қылыш тарт,
Өлемін деп ойлама,
Өлігіңді қамалға арт!
Кескілес те кесіп ал,

Сен қазақ та, олар—сарт.
Осыны айтып айқайлап,
Қылышын алды қолына
Қаракесек Ақтан қарт:

«Мен қамалға шапқанда
Сендер де қарап жатпаңдар.
«Жанқожалап!» ұрандап,
Шегірткедей қаптаңдар.

Қабаттап қазған орынан,
Бір-біріңнің соңыңнан
Арықтай қып аттаңдар.
Биік қорған қамалын

Бізге істеген амалын
Құм тесектей таптаңдар.
Қанша қырғын болса да,
Артық туған, ерлерім,

Сабырыңды сақтаңдар.
Бұрынғы өткен бабаңның,
Атаң менен анаңның
Адал сүтін ақтаңдар.

Қорғамаңдар басыңды,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тілемеңдер жасыңды.
Сол уақытта айқайлап,
Дауысқа дауыс қосылды.
«Жанқожалап!» ұрандап,

Көбелектей көп қазақ
Қамалға барып асылды.
Бірін-бірі итеріп,
Қолы жетсе асырды.

Айқай салып өзбектер
Зеңбірекке от қойып,
Қорғасын от боп шашылды.
Дүркін-дүркін оқ атып,

Неше толқын дауылдай
Көтеріліп басылды.
Садақтан ұшқан жебесі
Себелеп тұр жауындай.

Ажалы жеткен талайлар
Қаза болды ауырмай.
«Ұмтыл,—деді,—ұрандап,
Қарлы боран дауылдай!».

Алдына түсті Айдарқұл,
Аманқожа, Сәдірбай,
Жақып пенен Тілеулі,
Барақтың ұлы Боранбай.

Дабыл менен Қыстаубай
Айқай салып ұрандап,
Қарсы ұмтылды тайынбай.
Қол бастаған Жанқожа

Әруағына қарасаң,
Каптың қара тауындай.
Қорғандағы көп әскер
Мылтық атты қайталап.

Қақпаға жетті ер Ақтан
Екі көзі қанталап.
Еш адамға қарамай,
Дарбазалы есіктің

Құлыбын бұзды балталап.

жанқожа  батыр
Сол уақытта өзбектер
Ауызға келді бәрі де
Бірін-бірі қалқалап.

Қылыш пенен қанжардан
Қиян-кескі қырқысып,
Талайы түсті шалқалап.
Батырлар ішке кіргесін

Екеу-екеу алысты,
Жағаласып қалысты.
Қанжарменен қармасып,
Семсерменен сермесіп,

Бірін-бірі шанышты.
Өзбектерді өкіртіп,
Әр қуыста жанышты.
Қанды кезең басталып,

Қасқыр жүрек ерлерім
Дұшпанынан қан ішті.
«Ой, бауырымдап» өкіріп,
Адам менен ат ұшты.

Сол арада жеті сарт
Беласарды қамады.
Ер айласын табады.
Бір қолында қанжары,

Бір қолында қылышы
Екі жақтан шабады.
Өзбек—жетеу, бұл—жалғыз
Амалын тапқан жерінде

Алып тастап барады.
Ер сайысын көргесін,
Қамалап келген өзбектер
Алды-алдына тарады.

Бұл сапарда Беласар
Жағаласып жауменен,
Қандасауға жарады.
«Ерге лайық есім» деп,

Батыр деген атақты
Сол арада алады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір бүйірден Боранбай
Найзаменен шаншады,
Қолына түссе жаншады.
«Әкажан»,—деп өзбектер

Алды-алдына қашады.
Қорқып кетіп бір өзбек,
Айқайлауға әлі жоқ
Текке аузын ашады.

Соғыс болды сол күні
Бесінге дейін алдырмай.
Қорғанды түгел қиратты
Сау тамтығын қалдырмай.

Өзі ұстады Жанқожа
Бабажандай батырды
Жау екен деп айбынбай.
Бөрідей қысып баласын,

Қосақтап қойып байлады,
«Бірге жат»,—деп,—айырмай.
Қолға түскен адамын
Біреуін қоймай жинатты

Көз алдынан тайдырмай.
Батырлар Жаңа кентті алды шауып,
Дұшпанның шөбін бұзды ебін тауып.
Соғысты соңғы мезгіл аяқтады

Бесіннің баратқанда мезгілі ауып.
Әкеліп Бабажанды көпке салды.
Халық өзі шығарсын деп қара жауып.
Батыр Бабажанды халыққа салып: «Қара қозы мен күніне

ер көрмеген қыз деп халық бүліндіргені рас па?»—деп үш
айқайлады. Халық: «Рас»,—деп үш айқайлады. «Онда артына
қазық қағып өлтірілсін»,—деді батыр.
«Рас»,—деді халайық

Шағаладай шуылдап.
Қорқып жатыр Бабажан
Тұла бойы зуылдап.
Артына қазық тигенде

жанқожа  батыр
Реңі түгел бұзылды,
Беті-аузы жыбырлап.
Айналасын тырнады,

Шыдай алмай ырылдап.
Демі бітіп байғұстың,
Бірте-бірте басылды
Кеңірдегі қырылдап.

Кеудеден жаны кеткенше
«Қизың»,—деумен қайталап,
Айтып жатты сыбырлап.
Жанкентті шауып алғасын,

Шәрге ойран салғасын,
Тағынан ханын тайдырып,
Бабажандай бәңгінің
Олжалады мал—басын.

Халық жиылып «қалайша»
Бөлінеді деп ойлады,
Жаудан алған олжасы.
Сыртынан қарап әркімдер

Ханнан алған қара аттың
Ұнатқан екен пормасын.
«Тура биде туған жоқ»
Қанша қатты болса да,

Кім жек көреді тумасын?
Жаудан түскен бас олжа
Бекбауылға беріпті
Ханның қара жорғасын.

Танабек, Қаракесек батыр Ақтан
Ер еді дұшпанына қылыш тартқан.
Сай келіп әр жұмыспен ақыл-ойы,
Батырдың батырлығын халық ұнатқан.

Жиналып Қаракесек түгел келіп,
Сондағы жауабы еді мынау айтқан:

—Ұранды «Жанқожалап» ұрандадың,

Атаның ақ жолында тұра алмадың.
Ар менен әруақты сартқа сатып,
21-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Құр ойдың құрмауынан шыға алмадың.
Жау жеңіп, қамал бұзған біздер едік,
Ойласаң орынды істі біле алмадың.
Бас олжа осы сапар бізге лайық

Ер болсаң сыбағаңды неге алмадың?
Ақтан ер сөзін айтты көпке қарап:

—Орынсыз неге керек ондай талап?

Он жылдай хиуалықтар талағанда,
Ойлап еді қай мұсылман обал-сауап.
Жеті жыл батыр сыртта жүргенінде
Дұшпанға беріп едің қайсың жауап?

Ер болсаң сол уақытта қайда қалдың,
Ақылсыз бос болмасаң мисыз қауақ.
Малданған адам бар ма олжаны алып,
Ойласаң от емес пе тұрған жанып.

Жанкентті бүгін жаулап алғанменен
Тап ертең бас көтереді хиуалық.
Абырой Жанқожаның аты шықса,
Бұл жерге өзбек қайтып келмесі анық.

Баланың қатын менен қамын ойла
Онан да тиыш болғай барша халық.
Соны айтып Ақтан батыр жүре берді,
Өздерің ойлаңдар, деп көпке салып.

Баласын Бабажанның қолға ұстады,
Жабырқап жау да болса зорға ұстады.
«Балада тоғыз жасар не кінә бар?
Болмаса атасы мен туыстары.

Өзбекке он жыл ұдай азық болды
Қазақтың жазиралы гүлстаны».
Соны айтып босатты да қоя берді,

—Еліңе бара ғой,—деп,—алыстағы.

Құл еді Аппаз деген көрген кемдік,
Қашаннан құл тұқымы ханға жемтік.
Және де үш-төрт құлды босаттырды:

—Бірінші бергенім,—деп,—құлға теңдік.

Тірлікте не көрмеген байғұс адам,
Құлдықпен өтіп еді ата-бабаң.

жанқожа  батыр
Хиуаның тепкісінде жылай-жылай,
Өмірің өтіп еді неше заман.
Азаттық құл басыңа беріп тұрмын,

Бара ғой,—деді батыр,—байғұс балам.
Босанып сол арада құлдар кетті,
Өзгесі ойламады ескі кекті.
Ой түсіп жол үстінде бармаймын деп,

Аппаз құл сыр бойына қайтып кепті.
Құттықтың біреуіне бала болып,
Ойға алған мұратына ол да жетті.
Қыз алып Қайым деген бала сүйіп,

Қарттықтың кәдесімен өмірі өтті.
Батырдың бұл төртінші жау алғаны,
Осылай орындалды бір арманы.
Дұшпаннан өзі тиген кегін алып,

Ұстаған уысынан шығармады.
Оқ атып, заманында қылыш тартып,
Халқы үшін ертелі-кеш дем алмады.
Қаншама хиуалықтар кіжінсе де,

Қазаққа енді қайтып келе алмады.
Қыздаршыққан
Өткен жоқ өлең жазып, сөзім сыннан,
Шықпайды қиналсам да терме тыңнан.

Сол үшін хиқаяға тура көшіп,
Бір сабақ өлең жаздым Баршақумнан.
Қос шоқы құм ішінде мұнарланып,
Келатыр сарғаюмен неше жылдан.

Жанына жақындасаң сырын айтып,
Екеуі бас иеді қайғы-мұңнан.
Біреуі сол биіктің—Қыздаршыққан,
Сөзімді неге сөксін сырын ұққан.

Бір жылы қалың әскер қаруланып,
Жау келді жасағымен Қоқан жақтан.
Олжалап жолдағы елдің бөрін тонап,
Қазақты көп бүлдірді малын баққан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сол бойы қоқандықтар ел талады,
Жаулықпен ортасына ту қадады.
Жақсы ат пен сұлу қызын тартып алып,
Ешкімнің обалына қарамады.

Қыз біткен аяғында елден қашып,
Бір бүйір Баршақұмды паналады.
Діні бір шын мұсылман патша болса,
Жылатып жас сұлуды неге алады?

Бөлініп бірнешеуі құмға қашты,
Сау жүрсек, сақтайық деп жаңғыз басты.
Ақ маңдай, ақық ерін, сөзі қымбат,
Сүмбіл шаш, сұлу дене, қиғаш қасты.

Мөлдіреп қарақаттай қара көздер
Қайғымен қара құмға араласты.
Желбіреп жібек шашы, жалаң аяқ,
Жүгіріп бірден-бірге белден асты.

Жалынды Жаратқанға жасын төгіп,
Қайғымен қабырғаның етін сөгіп.
Шұбырып құм ішінде жылай-жылай,
Қорықты ақ жүзінен нұры сөніп.

Жабырқап жас өмірі ертелі-кеш
Өксиді алған демін бөліп-бөліп.
Әгарде қапияда қолға түссе,
Адамды алдағаны тағдыр жеңіп.

Табынып бір Тәңірге етті нала,
Қосылды қайғысына барлық дала.
Жүгіріп әрі-бері орын іздеп,
Қарады құм ішінен басқа пана.

Сол кезде құланиек күн қызарып,
Сарғайып құлазыды сай мен сала.
Көбейіп көлеңке де перде жауып,
Қараңғы қоюланды бара-бара.

Қоймады қоқандықтар із қарады,
Қамашау қалың бытқыл құм торабы.
Кенеттен көктің жүзі тұман болып,
Жел соғып, қара түнек құм борады.

Жүрер жол, басқан іздің бәрі бірдей,
Белгісіз онан әрі не болары.

жанқожа  батыр
Жүгіріп құм ішінде ұзай-ұзай,
Қыздардың қашықтады аралары.
Бұл сапар қалың құмға бара алмады,

Кіжініп құмнан өшін ала алмады.
Қарауыл шың басына адам қойып,
Қыздарды енді сыртқа шығармады.
Ақыры адам менен аты шөлдеп,

Құр бекер құмға күйді табандары.
Қаншама жанын салып іздесе де,
Қыздарды енді қайтып таба алмады.
Қалың қол ілгерілеп шеру тартты,

Түйеге олжалаған жүгін артты.
Жағалап Қарақұмның ортасымен
Жүретін керуеннің жолын тапты.
Шектінің төртқара мен елін талап,

Ырғызда шөмекейді қоса шапты.
Есепсіз ен олжамен малын айдап,
Сол жерде қоқандықтар кейін қайтты.
Жау айдап көп сұлуды құмға тыққан,

Жан үшін жар жағалап сайға бұққан.
Қос шоқы құм ішінде мұнарланып,
Адамға бас иеді сырын ұққан.
Жау қарап бұл биікке қыздар шығып,

Сондықтан аттанып еді Қыздаршыққан.
Созақ
Жеті жыл батыр жүрді Жайық жақта,
Жақыннан жау шығады қай уақытта.

Алдымен Раманқұл өз тумасы
Би болған сол заманда мініп атқа.
Әкеліп Бабажанды Сыр бойына,
Хан сайлап, ие қылған алтын таққа.

Бұл күнде «Жанқожаны қашырды» деп,
Таратып лақап жайды әр тарапқа.
Есітіп бұл хабарды риза болып,
Қуанып қалып еді Созақ датқа.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жанкентте ел ішінде жау құралды,
Хан менен халық билеген биге ұнамды.
Бір жақтан қоқандықтар ауыл шауып,
Қазаққа сала берді көп лаңды.

Бұл хабар бірте-бірте қырға жетіп,
Жер-жерден әрбір түрлі сөз шығарды.
Бұл сөзге батыр өзі намыстанып,
Орынсыз жүргеніне өте ұялды.

Итжемес алты жасқа келгенінде,
Ер Жәкең туған елге қайта оралды.
Келгесін талқандады Жанкент бегін,
Құлдықтан бір босатты елдің көбін.

Батырын түрікпеннің жеке өлтіріп,
Халықтың қайырып алды қанды кегін.
Сонан соң екі-үш жылдай артын күтіп,
Сақтанып шешпей жүрді бұған белін.

Жолына Хиуаның адам қойып,
Әр жерде әскер тұрды бөлім-бөлім.
Дұшпанын қарсы келген бір қайырып,
Жанқожа әзірінше алды демін.

Созаққа сонан кейін аттанам деп,
Халыққа маңайындағы айтты жөнін.
«Аттанам» деп Жанқожа
Алмасын буды беліне.

Арғы атасы Киікбай
Қарасаң асыл тегіне.
Топтан озған тұлпардай
Ат байлаған желіге,

Құс қондырған күнінде
Ағын судың көліне.
Заманында онымен
Қарсыласып қан төгіп,

Жау келген жоқ шеніне.
Хабар айтты қалдырмай,
Сейіл менен Байқадам,
Неше айтулы еріне.

жанқожа  батыр
Арынғазы, Қыстаубай—
Шөмекейдің батыры,
Егіз туған бөріге.

Нағашысы таманың
«Келсін» деді көбіне.
Қарақұл мен Әзберген,
Атағы шыққан батырлар—

Ақжайықтың еліне,
Ырғыз бенен Ақтөбе,
Қарақұмның шөліне.
Аттанбақшы Жанқожа

Атасы бірге қазақтың
Қоқанда кеткен кегіне.
«Қорған салды әкеліп,
Мына тұрған Ақмешіт—

Кіші жүздің жеріне.
Үйсін менен Дулаттың
Ор қазып тұр төріне.
Айналасын олжалап,

Өзі келіп ұрынды
Тек жүре алмай жөніне.
Соның үшін кектімін
Созақтың суайт бегіне.

Шамам келсе осыдан,
Тигізбеймін біріне.
Ары кетсе ар болар,
Аға менен ініге.

«Бітір менен зекет»,—деп,
Мал алып тұр күніге.
Хиуа менен Қоқанның
Ол қорлығын көрмеспін

Өзімнің көзім тіріде.
Сайлап алған сарбазбен
Кіші жүздің апарып,
Ту тігермін төріне.

Осылай деп Жанқожа
Хабар берді қалдырмай
Кіші жүздің еліне.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осыны батыр айтқанда,
Ел қалмады дабылдан.
Әскер келді аңырмай
Тама менен табыннан.

Жайық пенен Жем бойы
Ішкі ордаға бағынған.
Хан жарлығы көбейіп,
Орынсыз салық салынған,

Сұраусыз зекет алынған.
Сол себепті көп халық
Терең судай теңселіп,
Екі айырылып жарылған.

Күншығыста бір жағы—
Ырғыз бенен Қарақұм
Қоқандық сартқа шабылған.
Өзбек пенен түрікпен

Амалын тапса олжалап,
Аш бөрідей жабылған.
Қайда барса Кіші жүз
Аранға түскен киіктей

Ақылынан жаңылған.
Осыларды ойланып,
Бас көтерер батырлар
Уайымменен ауырған.

Келіп отыр көп әскер
Ертелі-кеш тыным жоқ,
Аққан судай ағылған.
Қонып отыр жағалай

Көз жетпейтін алапқа.
Жыңқылдаған адамның
Дауысы келді құлаққа.
Атағы шыққан батырлар

Әскерменен бір болып,
Шатырын тікті қабаққа.
Орынсыз келіп, ел шауып,
Ерігіп жүрген қоқандық

Тырнағы тиді қазаққа.
Қан орнына қан іздеп,

жанқожа  батыр
Соның үшін батырлар
Аттанбақшы Созаққа.
Қаруын қайрап, ат сайлап,

Екі мыңдай қол болып,
Белдерін буды талапқа.
Жыңқылдаған көп әскер
Алып жатыр Нұраны.

Сырт қараған адамға
Бұлдырайды тұманы.
Адамы менен атына
Құдығымен су берген

Қара жердің бұлағы.
Әрбір-әрбір ері бар
Арыстандай ақиық,
Жау дегенде сыралы.

Айшық туы желбіреп,
Көп жиылған халықтың
Жанқожа батыр ұраны.
Соныменен батырлар

Елден шықты бөлініп.
Бөлінген бұлттай көрініп.
Қылыш пенен қанжарды
Екеуін қабат тең іліп.

Болат сауыт, дулыға,
Көбе бұзар көк сүңгі
Салса кетер емініп.
Қорамсақта садағы,

Кіші жүздің қазағы
Көрмеген жаудан жеңіліп.
Астындағы аттары
Қозғалғанда жосылып,

Келе жатыр ерігіп.
Қысы-жазы байлауда
Сусын ішіп, сұлы жеп
Сұлуланған семіріп.

Қатар тұрса қазмойын
Әсем басқан аяғын
Сулығын шайнап кеміріп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Төбеге шықса тоқтамай
Ылдиға түсер төгіліп.
Алты күн ұдай жүргенде
Сағым қуған сар дала

Ұзай берді керіліп.
Жетінші түні болғанда
Созақтың көрді қарасын,
Іздеген жаудың шамасын.

Жақындап барып тоқтады,
Қанша екен деп бақылап,
Қала мен таудың арасын.
Шатырын тігіп жағалай

Қонып отыр көп әскер
Бір биіктің жағасын.
Айтқанындай Жанқожа
Алып келді бұл жерге

Кіші жүздің баласын.
Үш ата Кенесары Абылайдан
Төренің әркім біледі тегі қайдан.
Өз басы Абылайдың Тәшкенде өліп,

Кейінгі балалары бір мұңайған.
Сонан соң Қасым төре туын ұстап,
Қараған қоластына арғын, найман.
Соғысып Бұхарменен екі-үш рет

Төренің сонан былай бағы тайған.
Шақырып алдауменен ұстағанда
Қайтпаған өлгенінше хан райдан.
Сол үшін Бұхар бегі басын кесіп,

Қазаққа кейіндегі зәрін жайған.
Ойланып осыларды Кенесары,
Кектеніп шыға алмады қалың ойдан.
Хан болып отырғасын алтын таққа,

Ел билеп ие болды сансыз баққа.
Қырықтың қырқасына жасы жетіп,
Кеуілі бөлінгендей әруаққа.
Атадан аға болар бала қалса,

Қан үшін қан іздейді ол уақта.

жанқожа  батыр
Созаққа күз айында аттанам деп,
Таратып хабар берді әр тарапқа.
Батырды екі мыңдай сайлап алып,

Шығып еді Кене хан да мініп атқа.
Ұлы жүз үйсін менен шапырашты,
Дулат та хабар берді байұзаққа.
Дулаттан байұзақтың ата-тегі,

Ежелгі есінде екен ескі кегі.
Ор қазып, ортасына қорған салып,
Бүлдірген айналасын Бұхар бегі.
Келгенін Кене ханның есіткенде,

Ай туып, ашылғандай болды көгі.
Ұлы жүз үйсін менен шапырашты
Дулаттың қаптай келді қалың елі.
Кенеге көк дөненді сыйға беріп,

Бірлікпен оңғарылды соққан желі.
Жөнделіп Кене ханның әрбір ісі,
Көбейді бұрынғыдан әскер күші.
Ұлы жүз Орта жүзбен басын қосып,

Қамалды бұзбақ болды ендігі ісі.
Зеңбірек оқпен атар мылтығы жоқ,
Қаруы—қылыш, найза, садақ ұшы.
Сонда да «Абылайлап» айқай салып,

Қамалға қаптап шапты үш мың кісі.
Қозғалып қамалдағы қалың өзбек
Садақпен сығаласып тартты көздеп.
Бірнеше зеңбірекке білте басып,

Шашылды қорғасын оқ тізбек-тізбек.
Қырлыны қатар қойып қақпа сайын
Жобалап атып отыр көпке мегзеп.
Ат құлап, әлденеше адам өліп,

Қазақтар таба алмады ханын іздеп.
Қамалды бұза алмады үш күн қамап,
Бұл сапар сәтсіз болды өткен талап.
Бұқарбай, батыр Жәуке, ер Ағыбай

Жүретін әрқайсысын жүзге балап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Наурызбай өз інісі, арғын Төле
Қашаннан аты шыққан қандыбалақ.
Қаншама «Абылайлап» ұмтылса да,
Келтірген пайдасы жоқ жаңғыз қадақ.

Сол үшін Кенесары тастады да,
Майданнан қайта шықты кейін қарап.
«Кезекті Кіші жүзге бергенім»,—деп
Екі жүз демін алды тарап-тарап.

Бұл уақта Жаңқожа
Жатыр еді шатырда.
Ел қорғаны ерлердің
Жай жатуы мақұл ма?

Ой жіберіп, ойланып,
«Бұл қалай,—деп,—апырмай?»
Өлшеумен болды ақылға.
Ерігіп жүрген қоқандық

Ел шапқанын қоймайды,
Мына тұрған қалпында.
Жау қолында Ақмешіт
О да жатыр артымда.

Қорғаны бар салдырған
Ұлы жүз бенен Кіші жүз
Екі жүздің халқында.
Аттанбадым олжа үшін

Күміс пенен алтынға.
Ойлап тұрсам өшім көп,
Бұл Қоқанның сартында.
Істеген ісі сиымсыз

Сірә да ауызым бармайды,
Мұсылман деп айтуға.
Осыларды ойланып
Жатқанында Жанқожа

Хабар келді батырға
Ұлы жүздегі ағадан,
Орта жүздегі данадан.
Үш алаштың баласы

Бір атадан тараған.
Хан баласы хан Кене

жанқожа  батыр
Аузына халық қараған.
Қалай да болса хан болып,
Қаһарын төгіп дұшпанға,

Қазақтың басын құраған.
Екі жүзді тоғарып,
Кезегін беріп батырдың
Аттануын сұраған.

Қысқаша баян етейін
Арнайы келген елшісі
Қайтпақшы болды даладан.
Сонда батыр елшіні

Шақырып алды жанына.
Атағы шыққан батырлар
Олар да келді маңына.
Бара қойсаң сәлем де,

Екі жүзді билеген
Кенесары ханыңа.
Аман болсам, осыдан
Аттанармын асықпай

Сәрсенбінің таңына.
Бұза алмаса Кіші жүз,
Хан баласы қалмасын,
Дайын болсын тағы да.

Есен болса ерлерім,
Ертең ерте аттанам
Үш алаштың арына.
... Сәрсенбі күн таң атты,

Батырлар қылды талапты.
Ыңырсыған көп әскер
Алып жатыр алапты.
Ұйқысынан оянып,

Аттарын ерттеп, киініп,
Жеделдеп жүрген сияқты.
Болат сауыт, дулыға,
Алмас қылыш, найза мен

Қолына алып садақты.
Қатарға келіп бәрі де,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кекті болған жауына
Атының басын қаратты.
Таң ағарып атқанда
Ат тозаңы тұмандап,

Жүйріктері шығандап,
Кіші жүз түгел аттанды
«Жанқожалап» ұрандап.
Алдындағы қамалың

Айнала қазған оры бар,
Бес мыңнан артық қолы бар.
Алты жерде қақпасы,
Әр қақпаның аузында

Ат арбаның жолы бар.
Қырлы мылтық білтелі,
«Зеңбірек» деп айтатын
Қорғасынды оғы бар.

Қанша қиын болса да,
Аянбаған батырға
Атқанменен не қылар?
Қаланың үсті сол күні

Көрінбейді тұманнан.
Қарапайым бұлдырап,
Жердің бетін бу алған.
Жау келгенін білгесін,

Атайын деп олар да
Зеңбірегін шығарған.
Табанға келіп қалғанда,
Білтілі мылтық оқ алмай,

Шыға алмады құмардан.
Боларын біліп бір істің,
Қорғандағы көп әскер
Қапаланып мұңайған.

Созақтың сартын күңірентіп,
Құлақты жарып баратыр
«Жанқожа!» деген ұраннан.
Қақпаға қарай батырлар

Тіке ұмтылды жолымен.

жанқожа  батыр
Жақын келіп қалғасын
Ата алмады оғымен.
Түйдек-түйдек түйіліп,

Ауызға жетті шоғымен.
Балта салып Жанқожа,
Бір қапталын қақпаның
Жұлып алды қолымен.

Тар қақпаға таласып,
Өзбек пен қазақ екі жақ
Соғыс болды сонымен.
Тар қақпаның алдында

Жанқожа салды ұрысты.
Жаратқанға сиынып,
«Оңда,—деді,—бұл істі».
Арыстандай ашумен

Айбаттанып ақырып,
Сілтеді өткір қылышты.
Қарбыздай бастар домалап,
Кеудесінен көп ұшты.

Қалың әскер қамалып,
Өлген сайын өшігіп,
Ілгері-кейін ығысты.
Ат тозаңы бұрқырап,

Алқынып жүрген батырға
Алдырмады тынысты.
Ақ сауытын шаң басты,
Екі көзін қан басты.

Ашуменен аянбай,
Белдесіп жауға араласты.
Талайдың басы кесіліп,
Кеудесінен жан қашты.

Қазақ пенен өзбектің
Сыңқылдаған дауысы
Бір-біріне жалғасты.
Ашуы нағыз келгенде,

Онды-солды сермеді
Қолындағы алмасты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалқан тұтып қалбаңдап,
Қорғамады бір басты.
Қалай қарай барса да,
Ыңырсыған көп қолдың

Ортасынан жол ашты.
Жанқожа мінген Көкешкі
Қарамады белесті.
Қатар келіп таласып,

Талай жүйрік егесті.
Еті қызып ешіріп,
Шапқан сайын шешіліп,
Ат ажары теңесті.

Артындағы көп әскер
«Жаңқожалап!» ұрандап,
Тек шаңдаққа ілесті.
Сол соғыстың ішінде

Қаракесек ер Ақтан—
Ерлігін халық ұнатқан.
Қарсы келген дұшпанның
Талайын шауып құлатқан.

Қарақұл менен Әзберген—
Қырдағы тілеуқабақтан.
Қарасақал ер Дабыл
Елді өзіне қаратқан.

Жақып батыр, Тілеулі
Кезенген жауға кез болып,
Саржаны қардай боратқан.
Арынғазы, Қыстаубай

Ерлігінің саны жоқ
Аңыз қылып ел айтқан.
Есіл батыр Байқадам—
Сүйегі асыл болаттан.

Боранбай менен Жалмырза
«Жанқожалап!» ұрандап,
Олар да тиді бір жақтан.
Қарсы келген дұшпанды

Жел айдаған бұлттай
Алды-алдына таратқан.

жанқожа  батыр
Ықтиярсыз тер кетті
«Дулыға» деп айтатын
Темір торлы тымақтан.

Жаралы жандар көбейіп,
Өкірген де бақырған
Береке кетті құлақтан.
Талайдың басы кесіліп,

Ат тұяғы батқандай
Әр шұңқырға қан аққан.
Құмырсқадай көп әскер
Өлген сайын өрледі,

Шамаға, сірә, келмеді.
Күн батқанша ұрысып,
Кідіріп дамыл көрмеді.
Қайнаған бұлттай құжынап,

Қылышын тартып келгенде
Жол таба алмай кернеді.
Ат шаршады шалығып,
Ер шаршады жалығып.

Күндіз-түні тыным жоқ,
Шаршамасын неғылып?
Қанжарынан қан кетті,
Қайта-қайта алынып.

Қылышынан дүз кетті,
Қылышқа қылыш шабылып.
Қолындағы көк сүңгі
Бұрынғыдай көрінбейт

Тынымсыз қанға малынып.
Сауытынан сән кетті—
Найза менен саржадан
Жүн түткендей жарылып,

Жау жағынан айтайын.
Олардан да ес кетті,
Ақылынан жаңылып.
Кешке қарай екі жақ

Демалысқа бөлінді
Соғыстың кілті жабылып.
22-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Күн кешкіріп батқасын,
Ел орнына жатқасын,
Қайта шапты Созақтың
Құлап қалған қақпасын.

Ханы мен биі бірігіп,
«Қашайық деп—ойлады
Шамалап тыныс тапқасын».
Қайрылып қылыш тарқасын,

Керіліп садақ атқасын,
Сірә да маза бола ма?
Қамалға қарсы шапқасын.
Сірә сәнің бола ма?

Сыртыңнан дұшпан баққасын.
Қоқанды құртпай қоя ма?
Қазақтан шыққан үш алаш
Қосынды түгел жапқасын.

«Осы келген қазақ па,
Немесе жанған дозақ па?
Жаратқан өзі сақтасын»,
Осылай деп өзбектер,

Таң алдында қашырды
Халық билеген датқасын.
Келесі күннің таңымен,
Будақтап ұшқан шаңымен,

Өлімі шығып есінен,
Жұмысы болмай жанымен.
Кіші жүз кірді ұрысқа
Қабат-қабат сауыттың

Қабаттап қатқан қанымен.
Қылыш пенен айбалта
Қолындағы барымен.
Кеуделерін кек қысып,

Атақты ерлер көп түсіп,
Шын арланды арымен.
Сол уақыттары болғанда
Хабар тиді төреге:

«Арнайы арнап бармаса,
Орынсыз батыр келе ме

жанқожа  батыр
Мәмбеттің ұлы Байұзақ
Өзінен артық көрмесе,
Хандығыңа көне ме?

Табыннан шыққан Бұқарбай
Ерлігінің шегі жоқ
Қадірін ханы біле ме?»
Екі жүздің баласы:

—Сен баста,—деп,—батырым,

Билігін беріп Кенеге.
Толықсыған ту байлап,
«Абылайлап!» айқайлап,
Олар да шықты төбеге.

Жау қарасын көргесін,
Тұра алмады кідіріп.
Алмас қылыш, көк найза,
Жеңсіз берен киініп,

Орта жүз бенен Ұлы жүз
Бір адамдай көрінді
Тұйғын құстай түйіліп.
Кенесары ат қойды

«Абылайлап!» айқайлап,
Өткен пірге сиынып.
Ә, дегенше болған жоқ,
Тау суындай тасыған

Келе жатыр құйылып.
Қынаптан тартқан кылышы
Найзағайдай көрінді
Көтергенде үйіріп.

Сол уақытта Созақтың
Бұзылып еді қорғаны,
Көміліп еді орлары.
Жан аямай ұрысып,

Кескілескен кез еді
Атағы шыққан зорлары.
Адамы құлап, аты өліп,
Алдырмай жатқан кез еді

Хан отырған орданы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кененің көріп әскерін
Қорғанды тастап ығысып,
Шығайын деп ойлады.
Айдалаға шыққасын

Жалаң қылыш жарқылдап,
Найзағайдай ойнады.
Шыдамады өзбектер
Сиырма қылыш шапқанмен

Іске аспады білтелі
Жалғыз-жарым атқанмен.
Садақтың оғы не қылсын,
Сапасы жоқ тартқанмен.

Қайрат қылды қалыспай,
Амалы қанша қорыққанмен.
Жүйрігі шаршап болдырды,
Түрікпени наз бедеу

Жер сонылап ортқанмен.
Тіресіп соғыс болған жоқ
Қылыштасып, қырқысып,
Бетпе-бетке шыққанмен.

Ажалы жеткен адамдар
Ажалдан аман болған жоқ
Жау сауғалап бұққанмен.
Жеке-жеке батырлар

Жекелеп кетіп барады.
Қойға тиген бөрідей
Алды-артына тарады.
Қолындағы көк сүңгі

Қарсы келсе салады.
Қайрат қылып қарысып,
Ұрыс қылған адамның
Талайы аттан құлады.

Үш алаштың баласы
Басын қосып келгенде,
Бірге болды ұраны.
Ерік алдына қаратпай,

жанқожа  батыр
Қоқаннан келген сарттарды
Қоқаңдатып қуады.
Созақты осылайша алды шауып,

Қас батыр ойлана ма қатер-қауіп.
Ер Жәкең Кене ханға ат жіберді,
Бір қоржын хан сарайдан алтын тауып.
Екінші қолға түскен оқ-зеңбірек

Қалдырған хан басынан ықпалы ауып.
«Олжаны осы түскен бөліссін»,—деп
Кенеге хабар айтты адам барып.
Атасы Абылайдың Әбілпайыз,

Белгілі Иран Шахтан туған нағыз.
Қасымнан Кенесары—төртінші ата,
Бұрынғы тарихтан келе жатқан із.
Бас олжа қолға түскен ханға мирас,

Бар болса алтын ақша, хас сұлу қыз.
Қазақты хан билеген заманында
Тараған осылай деп сыртқа лабыз.
Кідірмей шақырғасын Кене келді,

Аттанып алаш ұлы жауын жеңді.
«Аталы хан баласы хан едің»,—деп,
Құралды қолға түскен соған берді.
Үш жүздің атын айтып, үш орынға

Алтынды алып келіп, үшке бөлді.
Кене хан сол уақытта ойға кетті,
Бәрінен алтын қымбат, тым қажетті.
Сұрайтын ерден—сауға, ханнан—сарқыт,

Ойлады қазақшылық бір әдетті.
«Қарадан хан боп туған батыр едің,
Еріткен ел дегенде қалың көпті.
Хандыққа халық билеген қаржы болсын,

Алтынды сауғаға бер, батыр»,—депті.

—Ал,—деді,—алтын болса сұрағаның,

Ерлігің—елдің басын құрағаның.
Үш жүздің осы арада басын қосып,
Дұшпанды қойдай қырып қуаладың.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Туысқан—түбі бірге атам қазақ,
Жоқ екен бөтендігі іні-ағаның.
Сыртыңнан саулығыңа тілектеспіз,
Ойласаң Кіші жүз де өз адамың.

Соны айтып жолдасымен батыр қайтты,
Тұманнан бір арылтып дала таңын.
Ер Жәкең елге қайтты жауын жеңіп,
Баласы үш алаштың түгел көріп.

Аттанып Кенесары бірге шығып,
Себеппен абыройға болды шерік.
Алты әлім, төрт шөмекей, тама, табын
Батырдың «ал!» дегенде ізіне еріп.

Қоқанды ауыл шапқан бір қайырып,
Жанқожа демін алды елге келіп.
Басталды жаңа жолмен сөздің басы
Төгіліп төмен қарай жыр жалғасы.

Қарт іздеп, халық аралап біраз жүрдім
Термелеп майда сөздің ар-арасын.
Деп айтады біреу—жақсы, біреу—жаман,
Шындықтың шешім болар уағдасы.

Балымбет Майдан екен Киікбайдан
Батырдың төрт-бес ата тумаласы,
Оның да айтқандарын түгел тыңдап,
Кеуілдің кеңге түсті рауасы.

Қалғанын қағыстырып қайта жаздым
Әркімнің әлденеше құрамасы.
Асанда Бегімбайдың сөзін алдым,
Белгілі қарт шежіре, ел ағасы.

Казақтың қарабайыр тіліне бай,
Сөйлесе, табылғандай сөз шамасы.
Екі шал ертелі-кеш қасына алып,
Көрсеткен мынау болды жол-жобасы.

Сынаушы сыртта, халқым, кешіріңдер,
Сөзімнің бола қалса ұнамасы.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Томға енген мәтіндерге түсініктеме
Жанқожа батыр
Көзі тірісінде-ақ әруақты ер, әділетті, турашыл би, қаймана
қазақтың қамқоршысы, ел-жұртының асқар таудай панасы—

қас батыр әрі әулие атанған Жанқожа Нұрмұхаммедұлы тура­
лы халық ақындары мен жыршы-жыраулар шығарып тарат­
қан тарихи жыр-дастандардың саны 10-нан асады. Көпшілігі
авторлық нұсқада көрініс тапса да, олардың бәрі де бір

тақырыпты, бір ғана тарихи тұлға—Жанқожа батырдың өмірі
мен оның аңызға айналған ерлік істерін дәстүрлі эпикалық
стильді сақтай отырып, халықтық сарында жырлайтынын
көреміз. Батыр жайындағы аңыз—әпсаналар мен тарихи

дереккөздердің бір арнада тоғысуы, бас кейіпкер жайында­
ғы оқиғалардың бірізділігі, сюжет ұқсастығы мен ортақ
мотивтердің молдығы бұл шығармаларды халық әдебиетіне—
фольклорлық туындыларға қосуымыздың басты себебі. Бір

қарағанда-ақ, Жанқожа батыр туралы тарихи жырлардың
мазмұны жазба әдебиеттен гөрі ауыз әдебиетіне, әсіресе
халықтың қарапайым тілінде туындайтын фольклорлық мұ­
раларға жақындығын аңғарамыз. Әрине, тарихи жырлардың

табиғаты әлі де зерттей түсуді қажетсінетіні жасырын емес. Бұл
орайда осы тақырыпты арнайы зерттеген ф.ғ.д. Б.Рахымның
мына пікірлері назар аударарлық: «Кенесары—Наурызбай»,
«Исатай-Махамбет», «Ерназар-Бекет», «Жанқожа батыр» т.б.

және 1916 жылғы оқиғаларға қатысты жырлардың бірінің ав­
торы белгілі болса, енді бір нұсқаларының айтушысы белгісіз
екендігі кездеседі. Фольклорға тән белгілермен өлшейтін
болсақ, онда бұл дәуірдегі эпикалық дүниелерді коллективтің

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

шығармашылығына жатқызу қиын. Солай десек те, зерттеуші
ғалымдардың, ауыз әдебиеті мұралары құрамында қарауы
кездейсоқ емес. Бізге дейінгі зерттеулер шешімі солай
көрініс тапқан. Бұндағы басты ерекшелік эпостың жасалу

заңдылығында жатыр. XІX ғасырдағы эпоста фольклорға тән
синкреттілік, эпосқа тән көп нұсқалық бірден көзге түседі.
Авторы белгілі нұсқа біреу ғана емес, қайта бірнеше автор­
лар болып, біріндегі сюжеттің екіншісінде қайталанатыны

бар. Сөйтіп, фольклор мен әдебиеттің арасындағы байланы­
сты барынша айғақтайды. Эпикалық дәстүрдің жалғастығын
көрсетеді»1.
Жалпы, «Жанқожа батыр» жайындағы тарихи жырлар­

дың сюжеттік құрамын талдай қарағанда, оларда академик
С.Қасқабасов еңбектерінде атап көрсеткен эпостық тұтас­
танудың барлық түрі түгелге жуық қамтылған деп білеміз2.
Мысалы, батырдың ата-тек шежіресінің баяндалуы (шежіре­

лік тұтастану), бала кезінен қартайып, қаза тапқанға дейінгі
өмірі түгелдей суреттелуі (өмірбаяндық тұтастану), Жанқожа­
ның әр кезеңде жүргізген күрес—жорықтарының бір ғана эпо­
ста жинақталып сомдалуы (сюжеттік тұтастану) т.т. осыған

айғақ.
«Жанқожа батыр» эпосының тарихи жыр нұсқаларында
бас кейіпкердің өмірінде орын алған мынадай оқиғалар қам­
тылған: 1) Жанқожаның 17 жасында қарақалпақтың Тықы

деген батырын өлтіруі. 2) Бабажан сарттың қаласын бұзып,
өзін өлтіруі және түрікпен сардары Әйімбет (Аймұхаммед) ба­
тырды жекпе-жекте өлтіруі; 3) орыс басқыншыларына қарсы
жорығы; 4) Кенесары ханның әскерімен бірлесіп, Созақ, Сау­

ран, Қосқорған секілді Қоқан қамалдарын алуы; 5) Жанқожа
батырдың ағайын алалығынан кісі қолынан қапыда қаза та­
буы.
Даңқты батыр жайындағы эпостарда оны өзге замандаста­

рынан ерекшелейтін бірнеше кісілік қасиеттері атап айтылған.
Ең алдымен, Жанқожа жастайынан өте әділ, тура мінезді,
ешкімнен қаймықпайтын жаужүрек әрі бұқара халықтың
сенімді тірегі, туған елі мен жерінің қорғаны болған кісі.

1 Рахым Б. Тарихи эпос табиғаты. – Қарағанды, 1999, 58-б.
2 Қасқабасов С. Жаназық. – Алматы, 2000.

ғылыми  қосымшалар Екіншіден, Жанқожаның досқа да жауға да бірдей адал, серт­ ке беріктігі назар аудартады. Мысалы, батыр арпа, бидай ұндарының өнімін жемеген, яғни бұларда диханшының хақы мен тері бар деп есептеген. Оның «Арықты жерге ант жүрмейді» дейтін нақылы осыдан шыққан. Сондай-ақ батыр ерліктің ежелгі салтын ұстанған—мылтық асынбай, тек қылыш, айбал­ та, қысқа сапты найза қолданған. Себебі мылтықпен атсам, не болмаса ұзын найзамен түйресем, дұшпаным «қапыда кеттім» дер дейді екен. Осы қасиетімен «Шолақ найзалы Жанқожа» атанған. Үшіншіден, батыр аса діндар болса керек. Қасында— Керейт қожа, Үш жүзге пір сайланған атақты Әбдіжәлел әзіздің ұрпағы Сәйеке Қосымұлын пір етіп ұстаған. Оның орыс отар­ шылдарына дінсіз кәуір ретінде қарап, іштей өте жек көргені де жасырын емес. Жанқожа батыр жасы 80-нен асып, 90-ды алқымдаған шақта туған жерінің талауға түсіп, туған елінің то­ нау мен зорлық-зомбылыққа ұшырағанын көріп, олардың жан төзгісіз мұң-зарын естігенде шыдап отыра алмай, 1856 жылдың желтоқсанында амалсыз атқа мінді. Көп ұзамай қаңтар туды. Жер дүниені тұман басқан, қара суық, алатақыр жылан жылғы жұт еді бұл... Көпшілігі найза, балта, кетпен—күрек, айырмен қару­ ланған, біраз егіншілер өгізге мінген, кейбіреулері жаяу үш мыңдай көтерілісшілердің алдында қара арғымақ үстіне қаршығадай қадала отырған Жанқожа батырдың қолындағы шашағы желбіреген, ақ жолақты алып туды көргенде мұздай қаруланған, зеңбіректі орыс полкі абыржып қалды. Осынау азаттық күресінің қайталанбас суреті, елім деп еңіреген ерлер рухы жайындағы халық аузында сақталған аңыз әңгімелер, ақын-жыраулар шығарған тарихи жырлар мен кезінде И.В.Аничков, Л.Мейер, Н.Маев, А.И.Макшеевтер жазып, жариялаған тарихи очерктердің көп жағдайда бірін-бірі дәл­медәл қайталауы таң қаларлық нәрсе. Мұсабай жырау нұсқасы. Кеңес үкіметіне дейінгі дәуірде, одан бергі кезеңде де ауыз әдебиеті мен фольклорда біраз зерттеліп, сөз болған батыр туралы бірден-бір тарихи жыр мәтіні осы нұсқа екені белгілі. Жырды алғаш жазып алу­ шы XІX ғасырдың соңғы жылдарында Қазалы қаласындағы орыс әскери бекінісінің штабында қызмет атқарған офицер И.В.Аничков өзінің Жанқожа батырдың өмірі мен ерліктерін

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР баяндаған тарихи очеркінде мынадай мәлімет келтірген: «Мен ол деректерді екі жерден жинадым. Оның біріншісі, қазір Қазалы қаласы деп аталатын № 1 форттың коменданттық басқармасының архиві ... Екінші бір көз—кейде қиял-ғажайып ертегі сықылды көрінгенімен аса қызықты, батырдың өмірі жайында ел арасында ауызша тарап жүрген аңыз әңгімелер еді. Мен мұның көбін Жанқожаның сарбазы болған, оны­ мен бірге Созаққа дейін бірге барған, 1847 жылғы тамыз айының 21-і күні Жаңақала үшін болған шайқасқа қатысқан, 1850  жылы Қоқан қамалы Қосқорғанды (қазіргі № 2 форт) басып алу кезінде орыс әскерлерінің сапында болған қазақ қолының санатына кірген, кейіннен Жанқожа көтерілісіне қатысамын деп, сол бүлікті басу кезінде жараланған, баяғы бір ат арқасында жүрген шағының белгісі ретінде ақ найзасын қара үйдің іргесіне шаншып қойып, бүгіндері Жаңаарықтағы өз аулында тіршілік кешіп жатқан қарт батыр Байжанұлы Ізтілеудің аузынан естідім. Енді бір әңгімені Жанқожаның інісі Бектің баласы Жұмабайдың қолында отырған батырдың бір әйелінен жазып алдым. Ең көбін батыр туралы әңгімеаңызды төкпей-шашпай сақтай білген, оның ең жақын туы­ сы боп келетін, барлық айтушылардың әртүрлі нұсқаларын түгелге жуық жинаған, Майдан аталығынан тараған атақты Мұсабай жыраудан есіттім»3 ... «Мұсабай жыраудың толғауы» деп аталатын бұл жыр алғаш И.В.Аничковтың ұсынуымен Петербургте Н.Веселовский бас­ тырған жинақта және сол жылы Қазан университетінің хабар­ ларында жарияланғаны мәлім4. Мұнан соң аталған тарихи жыр 1926 жылы «Жаңа мектеп» журналының № 5 санында аздаған қысқартумен жарық көрді. Басты себебі, Мұсабай жырында орыс басқыншыларын қатты айыптаумен бірге мұнда әрі Орта Азия мұсылмандарының ға­ за­уат тақырыбындағы жыр-қиссаларында ерекше дәріптелетін Араб-Ислам халифатының ІV әділетті билеушісі, Мұхаммед 3 Аничков И.В. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедов. Қазан, 1894, 8-бет. 4 Известия общества археологии, истории и этнографши при император­ ском казанском университете. Т. XІІ. Вып. З.Казань, 1894; Веселовский Н.Киргизский рассказ о русских завоеваниях в Туркестанском крае. Текст, перевод и приложения. С.Петербург, 1894. С.71-82, 117-124.

ғылыми  қосымшалар пайғамбардың /ғ.с/ күйеу баласы—әзіреті Әлидің есімі бірнеше рет аталған-ды. Жыр—толғаудағы: «Қамыстың торғай қонар жел басына, // Ау, орыс, өлем десең, кел қасыма!» деп келетін біраз тармақтар да Кеңестің шовинистік әрі коммунистік сая­ сатына еш үйлеспеді. Осыдан барып, Жанқожа батыр тура­ лы әдепкі эпос ұзақ уақыт жарияланбай назардан тыс қала берді. Т.Шойынбаевтан өзге қазақ тарихшылары да Сыр бойы егіншілерінің азаттық күресінің көсемі Жанқожа батыр қозғалысын реакцияшыл, феодал, билердің жетекшілігімен өтті деп бағалады. Қазақ әдебиеті мен фольклортануда батыр жайындағы жыр­ лар тек өткен ғасырдың 60-жылдарынан кейін ғана зерттеле бастады. Атап айтсақ, Б.Шалабаевтың5, содан соң Е.Тұрсы­ нов, С.Қасқабасовтардың зерттеулерінде6 «Жанқожа батыр жайындағы тарихи жырлар алғаш рет ғылыми нысанға айнал­ ды. Алғашқы ғалым жырды әдеби тұрғыдан қарастырса, соңғы екі ғалым Мұсабай нұсқасын аралық жанрға жатқыза келе, мұнда тарихи жыр мен дәстүрлі эпостың және тұрмыс-салт өлеңдерінің де белгілері сақталғанын айтқан. Көрнекті фольклортанушы С.Қасқабасовтың: «Оқиға болып жатқан кезде, немесе соның артынша туған тарихи өлеңдер бірте-бірте, араға біраз уақыт салып барып шоғырланып, белгілі бір циклге топталып, жырға айнала бастайды. Оны жырға айналдырушылар—сол оқиғаның ішінде болған, немесе оны жақсы білетін өте қабілетті ақын-жыршылар»7,—деген ғылыми тұжырымдарының Жанқожа батыр жөніндегі тари­ хи жырларға, оның ішінде Мұсабай жыраудың вариантына да қатысты айтудың қисыны бар. Жанқожа батыр туралы тарихи жырлардың біразының сюжеттік ерекшелігін Н.Төреқұловтың зерттеуінен табуға болады. Мұнда ол Мұсабаймен қатар, Лұқпан Кенже ұлы, Жөкей Шаңғытбаев және жыршысы белгісіз тағы бір нұсқаны 5 Шалабаев Б. Жанқожа батыр жайындағы жырлар //Қазақ әдебиеті тарихы. 1 Т. 1-кітап. 1960, 603-609 б.б. 6 Тұрсынов Е. Қасқабасов С. Историческая песня XІX в. В кн: История казах­ ской лит-ры. Т 1. А-Ата, 1968. С. 304-314. 7 Қасқабасов С. Тарихи жырлардың зерттелуі мен жанрлық сипаты. // Қазақ тарихи жырларының мәселелері. Алматы: Ғылым, 1979, 13-б.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР талдап, бұл шығармалардың әлі де зерттеле түсу қажеттігін жазған8. Ал белгілі әдебиет тарихшысы Ж.Тілеповтің еңбектерін­ де «Жанқожа батырдың толғауы» да арнайы сөз болған. Зерт­ теу­ші Мұсабай жырлаған нұсқаның сюжеттік үш арқауына назар аудара отырып, олардың тарихи сипатына тереңдей тал­ дау жасаған. Атап айтқанда, Жанқожаның Хиуа хандығына қарсы соғысы, Ресей басқыншыларымен арадағы шайқас және батырдың қапыда қаза болуы сынды оқиғаларды ғалым егжейтегжейлі, салыстыра зерттей отырып, Мұсабайдың жыраулық деңгейін жоғары бағалайды9. Сондай-ақ Ж.Тілепов Мұсабай нұсқасының екі бірдей ерекшелігін атап көрсеткен. Зерттеушінің пікірінше, Мұсабай «әдеби мұрасы өткен ақырында-ақ орыс және қазақ тілдерін­ де алғаш жарияланған автор ретінде назар аудартатын кісі». Екіншіден, Мұсабай жырында Иван Иванович атты орыс кейіпкердің болуын ғалым «революцияға дейінгі жыраулық поэзияның алғашқы да соңғы орыс кейіпкері» деп санай оты­ рып, аталған кейіпкердің шынында өмірде болғандығын тари­ хи деректермен дәйектейді10. «Жанқожа батырдың толғауы» атты тарихи жыр жө­нін­ де кезіндегі С.Мұқановтың әдеби очеркінде11 және Т.Қо­ ңыратбаевтың зерттеулерінде де бағалы ой-пікірлер бар. Жырдың Қазан қаласында жарияланған тұңғыш басы­ лымынан өзге бірнеше нұсқалары БҒМ ОҒК Сирек қорында сақталған12. Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні аталған қордағы қолжазба материалдарын түпнұсқа басылыммен салыстыра отырып әзірленді. С. Қосан 8 Төреқұлов Н. Жанқожа батыр. // Қазақ тарихи жырларының мәселелері. Алматы: Ғылым 1979, 238 б. 9 Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. – Алматы: Ғылым 2001, 159-172 б.б. 10 Сонда, 172-бет. 11 Мұқанов С. Қазақтың XVІІ – XІX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очер­ ктер. А., 2002, 108-115 б.б. 12 Жанқожа батырдың толғауы // ОҒК. Ш. 1320, 4, 5 дәп.,

ғылыми  қосымшалар
Лұқпан Кенжеұлы нұсқасы. Едәуір көлемді жырдың
бұл нұсқасын 1946 жылы жыршының немере інісі Қаражан
Рүстемов жазып алып, Алматыдағы Тіл-әдебиет институтының

қолжазба қорына өткізген. Жинаушының айтуына қарағанда
Л.Кенжеұлы 1898 жылы Қазалы ауданына қарасты Амангелді
ауылында туған. Арабша-орысша сауаты мол болған. 20 жа­
сынан бастап, қаладағы халық сотының хатшысы болып

қызмет атқара жүріп, елдегі қарт кісілерден Жанқожа батыр
жайындағы аңыз-әңгімелерді жинап, үлкен қисса, жыр жазуды
мақсат еткен. Алайда небәрі 32 жасында өмірден өткен Лұқпан
бұл арманын толық бітіре алмаса да, соңына ардақты батырдың

бірнеше ерлік істерін баяндайтын бас-аяғы бүтін, тілі өрнекті,
кейінгі ұрпаққа өнегелі жыр нұсқасын қалдырған.
Лұқпан нұсқасында Жанқожа батырдың қарақалпақ Тықы,
Хиуа бегі Бабажан сарт, түрікпен Әйімбет батырларды жеңіп,

Жаңкент, Қазалы төңірегін жаудан тазартумен бірге Сырдың
ортаңғы бөлігіндегі Созақ, Қосқорған, Сайрам қамалдарын
қиратып, жергілікті қазақтарды Қоқан езгісінен құтқарған
жанкешті жорықтары өте әсерлі жырланған. Мұнда жыршы

әсіресе Жанқожаның түрікпен Әйімбет батырмен жекпе-жегіне
және батырдың Кенесары ханмен бірлесіп Созақ бекінісін алу
кезіндегі ерлік істеріне ерекше тоқталып, соғыс суретін барын­
ша қызықты әрі шебер тілмен асқақ эпикалық екпінде сомдаған.

Осындағы батырдың жорық күйін орындайтын ұраншысы
Төремұрат жыраудың бейнесі өте сәтті шыққан. Оның бекініске
шабуылдың алдында Шекті батырларын жігерлендірген ұран-
жыры көптеген әдебиет, фольклор зерттеушілерінің назарын

аударғанын білеміз:
... Екі жүзді семсердің
Балдағы қолда қалғанша,
Ат басындай сұм жүрек

От болып қаулап жанғанша,
Мөлдіреген екі көз
Жұмылып қанға толғанша.
Тыным алып, ас ішпей,

Ат баурынан қан кешпей,
Бас кесіліп, ат босап,
Ел бетін көрмес күн бүгін!—

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР деп толғаған жырау Кіші жүз батырларының есімдеріне мақ­ тау айтып, жеңіс жолына жалынды тілек, батасын беріп аттан­ дырады. ОҒК сирек қорында Лұқпан Кенжеұлы нұсқасының бірнеше көшірмелері сақталған. Олардың араб және қазіргі қазақ харпінде жазылған біреуін ел аузынан жазып алып тапсырушы—Нағымбек Қарабатыров болса, екіншісін Жан­ қожаның шөбересі Күрегеннің ұлы Қобылан өткізген. Осы ара­ да батыр мен оның үзеңгілес батырлары жайындағы тарихи жырларды жүйелеп, үнемі ізденумен келе жатқан Молдахмет Қаназдың азаматтық еңбегін ерекше атаймыз. Жазушының Жанқожа жөнінде көптеген халық туындыларын жазып алып, жариялауы да сауабы көп, салмақты іс. Лұқпан нұсқасы туралы Н.Төреқұловтың Б.Серікбайұлы, Б.Жүсіпов т.б. еңбектерінде ішінара тың пікір айтылған. Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні ОҒК Сирек қорында сақталған түпнұсқадан (Ш. 1320, 1-2 дәп.) еш өзгертусіз әзірленді. С. Қосан Қарман Сұлтанұлы нұсқасы. Жанқожа батыр туралы тарихи жырлардың арасында өзіндік орны бар шығарма. Эпостың қолжазбасы ОҒК сирек қорына 1973 жылы маусым­ да жыршының өз қолымен жазылып, тапсырылғаны туралы мәлімет бар. Кіріспеде Қарман Сұлтанұлы өзінің шыққан тегі мен туған жері жөнінде өмірдерек берген. Онда жыршының тегі—Әлім—жақайым, оның ішінде бердіңқұл тайпасынан екенін, 1907 жылы дүниеге келгенін жазған. Жыршының туған жері Арал ауданы, Аманөткел ауылы. Көп жылдар Арал кеңшарының № 3 фермасында шопан болып, қой баққан. Қарман да өзге халық таланттары секілді Жанқожа батырдың рухын құрметтеп, «өз халқыма бағыштап осы кітапты жазып едім» дейді. Оның «Жырладым халық сөзін желі тартып» деген жыр жолдарынан шайырдың өзінен бұрынғы ақын-жыраулардың ізімен, Жанқожа батыр туралы тарихи жыр-өлеңдер мен аңыз әңгімелерді қайта жаңғыртып, жаңа бір жыр нұсқасын құрағанын аңғару қиын емес. Әлбетте, бұл ара­ да әрбір жыршы ақынның эпикалық желісі, тақырыбы, сюжеті ортақ, мезгілдік, мекендік кеңістігі бір шығармаға қосқан

ғылыми  қосымшалар
өзіндік үлестері жоқ емес. Десек те, Сыр өңірінің атағы алысқа
жеткен даңқты батырын дәріптеген жыраулар көп болған және
олардың сюжет-мотивтері мен образдық жүйелері бір-біріне

көшіп, қайталана беретіні де жасырын емес. Қалай болғанда да
бұл құбылыс фольклордағы көпварианттылықтың басты белгісі
екендігі анық.
Қарман Сұлтанұлы жырлаған нұсқа үш тарауға бөлінген.

Алғашқы тарауда Жанқожаның ата тек шежіресі, Бабажан­
мен соғысы, Жанкент бекінісін қиратуы баяндалса, екінші та­
рауда батырдың Кенесары ханмен достық-құдалық қатынасы,
олардың бірлесіп Қоқан қамалын алуы және екеуінің аразда­

суы, Кененің Жанқожаға айып төлеуі сөз болады. Соңғы тарау
батырдың қапыда өлуі және Байқазақ батырдың жаудан кек
қайтару оқиғалары жыр өзегіне айналған.
Көлемі 3000 жолдай жырдың қолжазбасы ОҒК Сирек

қорындағы Жанқожа батыр туралы тарихи жырлардың
жинағымен бір бумада (Ш. 1320, 6-дәп.) сақталған. Томға ұсы­
нылып отырған жыр мәтіні аталған жинақтағы түпнұсқасы
бойынша, араб харпінен қазіргі қазақ жазуына көшіріліп,

аздаған редакциямен берілді. Атап айтқанда, жыр соңындағы
Жанқожа батырға қатыссыз—Ленин, партия, октябрь секілді
кеңестік идеологияны дәріптейтін жолдар мен ағайын (ру)
сыйластығына сай келмейтін бірлі-жарым сөздер қысқартыл­

ды. Жыр бұрын жарияланбаған.
С. Қосан

Жөкей Шаңғытбайұлы нұсқасы. Жырдың қолжазбасы
1946  жылғы Қостанай экспедициясы кезінде табылған. Мәтін­
ді 1942  жылы 14 маусымда Ақтөбе қаласында халық ақыны
Жөкейдің өзі араб әрпімен қағазға түсірген. Көлемі—44 бет.

Жөкей жырлаған нұсқада Жанқожа батыр Бабажанға—
Хиуа бегі салдырған Жанкент бекінісін талқандап, Сыр бойы
егіншілерін шектен шыққан озбырлықтан құтқарып, елді
бостандыққа шығарады.

Жөкей нұсқасы дәстүрлі эпикалық сарында жырланса
да, ақынның көзі ашықтығы, кәсіби дарыны мен тәжірибесі
шығармаға өзіндік ерекшелік дарытқан. Сондай-ақ Сыр өңірі,
Қазалы, Арал ақындарына қарағанда, онда Ырғыз—Ақтөбе

23-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР төңірегіндегі қазақтардың жергілікті сөз саптау мәнері, жеке­ леген диалект айырмашылығы аңғарылады. Сирек те болса, ау­ мастыру (алмастыру), құлдану (қолдану), сектену (секемдену) тәрізді осы өңірге тән ауызекі сөйлеу стилі де кездесіп қалады. Жөкей жырлаған нұсқаның үзінділері фольклортанушы С.Садырбаевтың оқулық—хрестоматиясында жарық көргені белгілі. Сондай-ақ эпостың жанрлық, поэтикалық жақтары Б.Рахымның (2004) және Н.Төреқұловтың (1979) зерттеулерінде біраз қамтылған. Жөкей Шаңғытбайұлы жырлаған «Жанқожа батыр мен Ба­ бажан сарт» тарихи эпосының қолжазбасы ОҒК Сирек қорында (Ш. 658) сақтаулы. Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні аталған түпнұсқа бойынша еш өзгертусіз әзірленді. С. Қосан Белгісіз нұсқа. 2350 жолдан асатын, қара өлең мен 7-8 буын­ ды жыр үлгісінде құрылған бұл туындының қолжазбасы ОҒК Сирек қорында (Ш. 82 дәп.) сақтаулы. Жыршысы белгісіз. Жи­ наушысы Жанқожа батырдың шөбересі—Қобылан Күрегенұлы 1945 жылы Қазалы қаласында, латын әрпінде қағазға түскен. Жырдың сюжеті жоғарыда айтылған Жөкей Шаңғытбай­ ұлы нұсқасына ұқсайды. Мұнда да жыршы Жанқожа батыр­ дың Бабажан сартпен соғысып, бекті баласымен бірге өлтіріп, елдің және жау қолынан өлген ағасы Ақмырзаның кегін алуы­ мен аяқталады. Қолжазба әркімдердің қолында жүргендіктен қате көші­ рілген тұстары, негізгі мәтіннің бұрмаланған, ұмытылып, яки біреулердің қайта жазған, түзеткен, қосқан тұстары жоқ емес. Дегенмен жырдың сюжеті бүтін, бас аяғы жинақы, тілі тартым­ ды. Жырдағы назар аударатын бір эпизод—ол Бабажан бастаған сарттардың Ақмырзаға арақ беріп, мас қылып өлтіруі. Бұл көне фольклор сарыны «Алпамыс батыр» жырында да ұшырайды. Томға ұсынылып отырған осы жыр нұсқасының мәтіні латын әрпінен қазіргі әліпбиге түсіріліп, түпнұсқа негізінде әзірленді. Аталған жыр бұрын жарияланбаған. С. Қосан

ғылыми  қосымшалар Орнықбай Сұлтанов нұсқасы. 3384 тармақтан тұратын бұл шығарма 1971 жылы қағазға түскен. Қазалылық Орнықбай Сұлтанов Жанқожа батырдың ұлт-азаттық күресі жолындағы ерліктерін аса көркем суреттейтін осы жыр нұсқасын шығару барысында көп тер төккен. Ақынның өмірбаяны мен жырдың тарихы туралы арнайы мақала жазып, осы шығарманың жазылуына себепкер болған жазушы М.Қаназдың айтуына қарағанда Орнықбай бұдан бұрын өлең жазбаған. Өзі жастайы­ нан аурушаң, зейнеттегі кісі болған. Жазушы оған: ..... Бұрын өлең жазып, машықтанып атыңыз шықпаған, батыр жайын да көп зерттемеген екенсіз. Аяқ астынан бұндай нартәуекелге қалай бардыңыз? Мұның өзі ауыр шаруа ғой»,—дегенде, ол: «Батыр түсіме кіріп, қолыма кітап ұстатып кетті. Содан бері бірыңғай осы істің ізінде жүрмін. Қолымнан келгенін жаза­ мын» деген екен. Көп ұзамай Орнықбай ойға алған жұмысын бітіріп, жырдың қолжазбасын жазушыға әкеліп тапсырған. Шындығында, өмірінде өлең жазбаған кісіге Жанқожа батырдың рухы де­ меу болды, Алланың құдіреті көмектесті деуге болар, бірақ Орнықбайдың өзі көп ізденген және көп жерді аралап батыр жайында сөз білетін адамдардың біразымен әңгімелескен. Бізге белгілісі, ақынға сол төңіректегі көне тарихты терең білетін ел ақсақалы Бегімбай Қосаев ақылшы ұстаз ретінде жөн-жоба сілтеген. Орнықбай батыр туралы деректерді Жанқожаның туысы боп келетін Балымбет Көптілеуовтен де алып отырған. Сөйтіп, он үш тараудан тұратын ұзақ жырды қысқа мерзімде жазып, Жанқожаның орыс әскерімен соғысқаны мен шейіт болған тұстарын бітіруге өмірі жетпей, 1972 жылы 40 жасында дүниеден озған13. Соған қарамастан, бұл нұсқа Жанқожа батыр жайлы әзірге қолда бар тарихи жыр-дастандардың арасындағы ең бір көр­кемі болып танылады. Жырдың ұзын сұлбасы мынадай 13 та­рау­ дан тұрады: «Ұстаз», «Ақтабан-шұбырынды», «Жылқайдар», «Аттаныс», «Раманқұл», «Ақмырза», «Бабажан», «Жалмыр­ за», «Хан Кене», «Әйімбет», «Жанкент», «Қыздаршыққан», «Созақ». 13 Қаназ М. Шаң астында жатқан қыруар қазына ... «Ел қорғаны ер Жәкең». – Алматы: «Денсаулық», 2006. – 202-203 б.б.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осындағы тың сюжеттің бірі «Қыздаршыққан» болса ке­
рек. Бұл оқиға басқа нұсқалардан көрініс таппаған. Орнықбай
жырының тағы бір ерекшелігі ақынның әсірелеуге әуестенбей,
тарихи оқиғалардың ізінен көп адаспай, белгілі батыр—

билердің еңбегі мен ерлігін дөп басып айта білуі.
Әуелі, ұстазына жыр арнағанда:
Алаштың азап көрген заманы деп,
Жетектеп желі тартқан сонан бермен.

Бегімбай Қосайұлы—қарт шежіре,
Жеткеріп осы сөзді маған берген,—деуі
де нанымды. Ақын көне дәстүрді берік ұстанған. «Ақтабан-
шұбырынды» тарауында сонау жоңғар шапқыншылығынан сөз

қозғайды, елдің тарихындағы есте қалар елеулі оқиғалар мен
ержүрек қолбасы, хан, би, батырлардың рухын әспеттей жырға
қосады.
Орнықбай жырлаған «Жанқожа батыр» жырының мәтіні

2006 жылы жарық көрген «Ел қорғаны—ер Жәкең» (Құраст.
М.Қаназ, С.Қалу.) атты кітаптан алынып, 2007  жылы жа­
рияланған «Жанқожа батыр» (Құраст. Б.Жүсіпов) жина­ғымен
салыстыра әзірленді.

С. Қосан

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Ақтан—Ақтан Ақайұлы (шамамен 1770, Қызылорда об­
лысы, Қазалы ауданы, Арықбұлақ ауылы, Түлкіқашқан

қонысы—1854 ж. Ақтөбе облысы.) Халық батыры. Руы—
Қаракесек. Жанқожа батырдың үзеңгілес серігі. Оның
Қоқан, Хиуа бекіністеріне жасаған жорықтарына қатысқан.
1842  жылы Қазан айында Хиуа хандығының Сыр бойы

қазақтарынан ұшыр, зекет жинауға қойған найб-бегі. Баба­
жан сарттың көне Жаңкент шаһарының Маңындағы бекінісі
Бесқаланы аларда ерлік көрсеткен.
Арғын—қазақ халқын құраған көне тайпалардың бірі.

Шежіре бойынша, Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі
қонысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен
Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның
ежелден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі,

Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс
зерттеушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ
шежіресінде арғындар бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге
бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып, қуандық,

сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал), қаракесек деген
аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті момын» аталып
қанжығалы, тобықты, бәсентиін, қарауыл, атығай, сарыжетім,
шақшақ болып жіктеледі.

Әлішер (Әли)—Османнан кейін билік басына келген төр­
тінші «әділетті халиф». Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың
немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу бала­
сы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли орасан, алып

күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын
болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның «зұлпықар»,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«қамқам», «самсам» деген үш қылышы болғаны айтылады.
Әсіресе Әли «зұлпықарын» сілтегенде бірнеше жүз кәпірді
шауып түсіреді. Әлидің есімі көптеген шығыс қиссаларында,
оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет

Әли сол қиссалардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр,
халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке
ұстар қаһарманы ретінде көрінеді.
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс­

лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер
тіркесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз
әдебиеті үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пы­
рақ аттың нышанына айналған.

Әлім, Шөмен — Кіші Жүз Алшын бірлестігінің басты руы.
Әлім—лақап аты. Шын есімі—Қаракесек. Әлім рулары Орал,
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Өзбекстан
мен Қарақалпақ т.б. өңірлерінде тіршілік етуде. Бұл жерде

Сыр, Қуаң, Жаңадария бойындағы Әлім, Шөмен аталған.
Есет — Есет Көтібарұлы (1807, Жем өзенінің бойы—1888,
Шалқар маңы)—батыр, Ресей империясының отаршылдық са­
ясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы. 1838 жылы

Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына
шабуыл жасады. 1847-1878 жж. Жаңқожа батырмен бірге
Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1841-1858 жж.
Есет Арал теңізінің батыс жағалауын, үлкен және кіші Борсық

құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек,
Ойыл, Қиыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ре­
сей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске
басшылық жасады. XІX ғ. 40-50 ж.ж. Есет бастаған ұлт-азаттық

көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-әрекеттермен сипатталды.
Жанқожа (1774 ж. қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ау­
даны. Арық бұлақ—1860 ж. Қызылқұм) —батыр, Сыр бойы
қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ре­

сей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшы­
сы. 17 жасында кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының
жергілікті тұрғындары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа
бекінісіне жасаған жорығында елеусіз болып барған Жанқожа

қарақалпақтың Тықы батырын жекпе-жекте өлтіріп батыр ата­
нады. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы—Үш жүзге даңқы жайылған
әрі есімі Шекті руларына ұран болған ең соңғы батыр. Ол

ғылыми  қосымшалар
әділдігімен, халыққа жанашырлығымен және тақуалығымен
ерекше қасиетке ие болған.
Кіші жүз—Қазақстанның батыс аймағын мекендеген ру­

лар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құра­
мына енеді. Шежіре бойынша, Кіші жүз рулық бірлестіктері
әлім­ұлы, байұлы, жетіру тайпаларынан құралады. Қазақ
халқы қалыптасқаннан көп бұрын олардың көпшілігі Батыс

Қазақ­стан өңірінде құрылған Ноғайлы хандығының одақтасы
болды. Оның құрылуына ішкі себептермен қоса, сыртқы
дұшпаннан қорғану мақсаты да әсер еткен. Ноғай Ордасы­
нан бөлінген қазақ тайпаларының, яғни Алшын одағының

негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланыс­
ты Кіші жүз қазақтары ел арасында «Кіші жүз—Алшын»
атанған. Оның құрамына—12 ата байұлы (адай, алшын, жап­
пас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық,

қызылқұрт, шеркеш), жетіру (табын, тама, кердері, керейт,
жағалбайлы, телеу, рамадан), 6  ата әлімұлы (қаракесек,
қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) тайпалары енеді.
Орыс — Шектінің бір аталығы. Бұл Қызыл шөліне Жан­

қожамен тек өз жақынынан басқа алыс ағайындары да, басқа
Әлім рулары да ауғанын көрсетеді. (Үш орыс—Айт, Бұжыр,
Кішкене Шекті болса керек, өйткені осы үшеуі орысқа жатады.
Кейде Өріс деп те атала береді).

Сейіт хан—түрікпен ханы болса керек. Үргеніш түрікпен­
мен соғысып әлсіреген кезде, батыр 800 жігітті жәрдемге
беріпті.
Таңат — Жауқашар баласы, Жауқашар—Жанқожа батыр­

мен бір туысқан кісі.
Шекті—қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре
деректері бойынша, Кіші жүз Әлім ұлы бірлестігіне кіреді.
Әлімнен алты ата тарайды. Соның үлкені әрі ең өсіп-өнген ру

осы Шекті. Лақаб аты—Жаманақ. Кейбір шежірелерде «Бес
Шекті» аталғанымен, Шектінің шежіреге түскен балалары
төртеу: Шыңғыс, Өріс, Баубек, Бөлек.

Сөздік

Апшы — 1. матаның отыруы, қысқаруы. 2. шыдамы тау­
сылды, төзбеді. 3. абыржу, абдырау.
Атылан /т/ — «аттан» деген мағына береді
Әптиек /п/ — әліпби мен әбжаттан кейінгі діни оқу,

Құранның жетіден бір бөлегі. Діни медреседе өтілетін міндетті
пәндердің бірі.
Бадан /а/ —дене, тұр-тұлға, бой.
Бажақ /о/ — (вожатый, вожак) — жетекші жол бастаушы,

көсем
Бәдбақ /п/ — бетбақ, көргенсіз, көкбет.
Бейарам — шарасыз, амалсыз
Дере /ж.с./ — 1. мал суаратын науаның астынан қойылған

төрт қазық. 2. ат байлайтын діңгек, мама ағаш. 3. өзеннің
аңғары, арнасы. 4. мұз үстіне жиналған су.
Доғалақ — қалай болса солай, домбалдай салған
Доққы /ж.с/ — Дікілдеп күш көрсету, қоқаңдау, доқ

көрсету
Дүмше — 1. білімсіз шала сауатты. 2. ақ құман
Елтірі — зат. 1. Сойылған не өлген қозы-лақтың терісі.

2. Елтіріден істелген бөрік.

Зекет /а/ — кәмелетке толған әрбір адам басына салынатын
діни салық
Зұлпықар — /ар/—діни наным бойынша, жұмақтан келген,
киелі екі жүзді қылыш. Оны атақты әзіреті Әлі ұстаған-мыс.

Кіл /ж.с./ — үнемі, ылғи, әрқашан
Көдек /п/ — жас өспірім бала сәби, сенгіш, аңғал
Қапылаң /өз/ — қапта, қапқа сал
Қор-қор — темекі салып тартатын құрал

ғылыми  қосымшалар
Мая нар — жалғыз өркешті, асыл тұқымды түйенің түрі
Мәдет /а/ — көмек, жәрдем
Мұғадарсыз /ж.с/ — мақсатсыз болжамсыз, әрі-сәрі

Мүдәсі /а/ — мүде, мүдәға. Мақсат, тілек
Мүддыға /а/ — мүдде, арман, мақсат, тілек, ой
Намаз /а/ — Мұсылмандардың Аллаға бағыштап күніне бес
рет дұға оқып, өтейтін құлшылығы. Исламның бес парызының

бірі.
Нау /к.с/ — даукес, жалақор
Пітір /а/—Ораза айында жан басына алынатын діни салық
Сараман /ж.с/ — Адырайып анық көрінетін; Ерекше көзге

түсетін.
Саржа /к.с./ — Сүйекпен әшекейленген әдемі садақ, жақ.
Сарт — 1. саудагер, бақалшы. 2. Ұйғыр, өзбек, тәжік секілді
саудамен айналысатын қала жұрты.

Сеңсең /қ/ — марқайған қозының қырқылмаған, өскелең
жүндес терісінен жасалған бас киім, бөрік.
Сүрікті /а/ — уақыт мезгіл деген мағына береді.
Тақыт — ою-өрнектеліп, безендірілген, арқасы және

жақтауы бар қазіргі диван тектес мүлік тақ
Татыр — тақыр, шөл дала
Тегермеш /ж.к/ — дөңгелек, шар, кезек
Тіллә — алтын ақша

Үрмет /а/—құрмет, қадір
Үшір (ұшыр) /к.с/ — бұрын билеушілер мен дінбасыларына
егіншілердің өнімінен төлейтін салығы.
Шалттап /ж.с./ — тездетіп, жылдамдатып, шапшаң

Шапыраш — көзі қисық, қыли
Шариғат /а/ — Қасиетті Құранға негізделген мұсылмандық
ережелер жинағы
Шыбыжық /ж.с./ — шыжбыңдау, тынышсыз болу

Жер-су атаулары
Бұхара—Өзбекстан Республикасындағы қала. Бұхара облы­
сының орталығы. Қызылқұм шөлінің оңтүстік шетінде, Зарав­
шан өзені аңғарының батысында орналасқан. Көне дәуірлерде

(VІІІ—XІX ғ.ғ.) Орта Азиядағы ірі сауда және мәдениет
орталығы болған. Бұхарада әлемдік ғылым мен мәдениетке
үлкен үлес қосқан Әбу Әли Ибн Сина, Бұхари, Рудаки секілді
оқымыстылар өмір сүрген.

Жаңкент (Жаңақала)—Хиуа хандығының Қазақ даласын
өз ықпалын нығайту мақсатымен XІX ғ. салған бекінісі. Сыр­
дария өзенінің сол жақ жағалауында, Райым бекінісіне (Қазір­
гі Қазалы) жақын жерде орналасқан. 1842 жылы қиратыл­

ған. (Бабажан қорғанының) орнын 1845 жылы Хиуалықтар
қайтадан қалпына келтіріп, сол жылдан Жаңақала деп атал­
ған. 1847 жылы Ресей өкіметі Райым бекінісін салғаннан кейін,
Хиуалықтар бұл қорғанын тастап кеткен.

Жалтыр көл—Сырдария алабындағы көл. Қызылорда
облысының Қазалы ауданы жерінде орналасқан, ауданы—
13.3  км. Жағасы жайпақ, аласа жыралар мен тілімделген.
Жаңадария—Сырдария өзеннің құрғап қалған ескі ар­

насы. Сырдарияның Қызылорда қаласы тұсындағы сол жақ
жағалауынан басталып оңтүстік батысқа қарай Қарақалпақстан
жеріне жетеді. Ұзындығы—680 км, жоғары және төмен ар­
наларының ені 50 м, орта тұсы тармақталып 200-400 м-ге

жетеді. Бұл тұста құм қайырлар мен аралдар кездеседі және
суы өте сиректеліп келген.
Күйікқала—көне қала орны. Жаңадария мен Қуаңдария
өзендерінің аралығында, Жаңкент қаласынан 18-20 км жерде

ғылыми  қосымшалар
орналасқан. Күйікқала археологиялық ескерткіштер қата­ры­на
жатады.
Қазалы —Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы қала

(1867 жылдан). Аудан орталығы—Әйтеке би кентінен оң­түс­
тікке қарай 12 км жерде, Сырдарияның оң жақ жағалауы­на
орналасқан. Кейбір деректер бойынша, елді мекен аты «Қаза»
деп аталатын балық аулау жабдығынан шыққан болса, басқа

деректерде мұнда әділ қазылығымен аты шыққан халыққа
жаққан бір адамға байланысты «Қазы» атанып кейін «Қазалы»
болып өзгерген дейді.
Қараөзек — 1. Сырдария алабындағы өзен. Сырдария Жал­

ағаш, Қармақшы аудандары жерімен ағады. Сырдарияның
тармағы. 2. ауыл. Қызылорда қаласынан солтүстік батысқа
қарай 26 км жерде Сырдарияның оң жақ жағасында.
Қаратау — аталған жырда Нұрата тауын айтып тұр. Нұрата

Өзбекстанның Бұқара өлкесіндегі тау жоталары. Онда бірқатар
қазақ билері мен батырларының бейіті мен мазары бар.
Қоқан — Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін және Ақсақ
Темір үстемдігінен соң бұрынғы бір орталыққа шоғырланған

өзбек елі бірнеше хандықтарға бөлініп кетеді. Олардың басты­
лары деп: Хиуа, Қоқан, Бұқар хандықтарын атауға болады.
Қоқан хандығы XІX ғ. ерекше күшейе бастайды, маңайын­
дағы елдердің мазасын алып шапқыншылыққа ұшыратады.

XІX ғ. екінші жартысына қарай қазақ жерінің оңтүстік
өңірлері (Қазіргі Оңтүстік Қазақстанның Жамбыл, Алматы
және Қызылорда облысының бір бөлегі) Қоқан ханды­ғына
бағынышты болады. Қоқан билеушілері қазақтардан түрлі

салық және зекет жинап отырған.
Қожалы (Қожакент) — Жаңақорған ауданындағы ауыл, ау­
дан орталығы—Жаңақорған кентінен оңтүстікке қарай 33 км
жерде—Сырдарияның сол жақ аңғарына орналасқан.

Қызылшөл, Қызыл (Қызылқұм) — Амудария мен Сырдария­
ның аралығындағы құмды алқап. Солтүстік батысы Арал
теңізіне. Оңтүстік шығысы Заравшан аңғары мен Нұратауға
ұласады. Жанқожа Қызылда өлген. Арал теңізінен Дәуқараға

қарай жүргенде адам оңай бара алмайтын жерге Жанқожаның
сүйегі жасырын қойылған. Кейіннен, батыр ұрпақтары мен
жерлестері Жанқожаға арнап мазар салып, Қазалыда ескерт­
кіш-кешенін тұрғызды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Орынбор — қала, Ресейдің Орынбор облысының орталығы.
1920-25 жылдары Қазақ АКСР-ның астанасы болған. Жайық
өзенінің оң жағасына орналасқан. Негізі 1735 ж. 19 (30) сәуірде
қаланған. Қала алғашында Ор өзенінің атына байланысты

аталған. Орынбор патша үкіметіне Орта Азияны отарлауды іске
асыруға арналған қамал әрі Башқұрстан, Қазақстан, Орта Азия
халықтарымен сауда-саттықты өркендету үшін қажет болды.
Райым бекінісі — 1. Әскери бекініс. 1847 ж. Сырдарияның

Арал теңізіне құяр сағасына жақын жердегі Райым шатқалына
патшалық Ресей салдырған. 2. Арал ауданындағы ауыл өзімен
аттас ауылдық округтің құрамында.
Сарыарқа, Арқа — Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін

алып жатқан аймақ. Солтүстікте Қазақ жазығынан басталып
оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралықта
орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі. Шығыс­
тағы шекарасы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс шетінен

Тарбағатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқырының
шетін ала Қалба жотасына дейін жетеді.
Сырдария — Қазақстандағы Сырдария өзенінің аты жөнінде
көптеген пікірлер, зерттеулер бар. Өзен аты тарихи дәуірлерде

бірнеше рет өзгертілген.
Б.з.д. ғасырда өмір сүрген Александр Македонскийдің
кезінде бұл өзен Яксарт деп аталған. Грек географы Страбон­
ның еңбегінде де ол Яксарт аталатынын көрсетеді. Зерттеуші­

лер­дің айтуынша, Плиний б.д-дің ІІІ ғасырында Сырдариянын
сақтардың Силис деп атағанын хабарлайды. Ал VІІІ ғ. түркі жа­
зуларында Йенһу угуз аталаған. Ерте, орта ғасырдағы араб, пар­
сы жазбаларында Сырдария өзені Сейхун деген атпен белгілі.

А.  Левшин бұл өзеннің Сыр түрінде айтылуы Монғолдың Ку­
лаку деген ханының 1283 жылы парсыларға шабуылы кезінен
бері қарай кездесетінін айтады.
Өзен атауларындағы Сыр өзенінің этимологиясы жайлы

әртүрлі болжам бар. Олардың бірінде Сыр түркі тіліндегі «Соры»
сөзі делінсе, екіншісінде ол Өзбек, Тәжік тілдеріндегі Сир об—
«мол су» деген сөз, ескі сақ, соғды тілдерінде Сыр—«жақсы»,
«өте», «көп» деген ұғым беретіні айтылады.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
И.В.Аничков — ғалым, фольклор жинаушы, ­1888 жылы

Петебург Университетінің шығыстану факультетін бітірген.
1894-1899 жылдары Қазалы, Әулиеата, Ташкент уездеріндегі
сот орындарында қызмет атқарған. Оның этнографиялық және
археологиялық еңбектерінің маңызы қазір де зор.

Мұсабай жырау — ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты жы­
рау. Кіші жүз Байұлының Шекті руынан тараған Май­
дан тармағынан шыққан. «Жанқожа батыр» туралы халық
аңыздарын жинап алғаш жырға айналдырған Мұсабай жырау

«Қыз Жібек», «Көрұғлы», «Қобыланды» сияқты эпикалық
жырларды да айтқан. Қаракөл деген жерде туған. Ол туралы
Н.  Веселовскийдің «Киргизский рассказ о русских завоева­
ниях в Туркестанском крае» (Спб., 1894, с.82) деген еңбегінде

жазылған.
Қарман Сұлтанұлы (1904—?)—ауыз әдебиеті мұраларын
жинаушы. Туған жері Қызылорда облысы, Амангелді ауы­
лы. Руы Алты Әлімнің ішінде Шекті-Жақайым-Бердіңқұл.

Қарапайым еңбек адамы. Көп жылдар бойы Жанқожа батыр ту­
ралы деректерді жинаумен айналысқан.
Қаражан Рүстемов (1904 —? ) — ауыз әдебиетін жинаушы.
Қазіргі Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан. Қаражанның

әкесі Рүстем Лұқманның бірге туған інісі. Лұқман ақынның
нұсқасын ҚР БҒМ ОҒК Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорына
өткізген осы Қаражан деген туысы.
Лұхман Кенжеев (1898—1930)—ауыз әдебиеті мұраларын

жинаушы. Туған жері Қызылорда облысы, Қазалы ауда­
ны, Амангелді ауылы. Кенжеев бес жасында осы Қазалы
ауданындағы қазақтың бұрынғы араб тілдері оқуын он үш

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

жасына дейін оқыған. Он үш жасынан жиырма жасына дейін
осы Қазалыдағы орыс-қазақ мектебінде оқыған. Ұзақ жыл
жергілікті халық сотында хатшы болып істеген. Қызметін істей
жүріп, халық арасындағы қарт ақсақалдардан «Жанқожаның»

толық жинағын сұрап, қисса қылып жазған. Бірақ толығымен
жазып бітіруге үлгірмеген.
Орнықбай Сұлтанов—ауыз әдебиеті мұраларын жинау­
шы. 1932 жылы 30-наурызда Қарақалпақстанның Мойнақ де­

ген жерінде дүниеге келген. Өскен жері Сыр бойының Қазалы
топырағы. Орнықбай Арал портында күзетші, қайықшы болған.
1972 жылы осы жерде дүниеден өтті. «Жанқожа батыр» тарихи
жыры ақыннан қалған жалғыз жәдігер.

Шаңғытбаев Жөкей (1909-1970)— белгілі халық ақыны,
ауыз әдебиетін жинаушы. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданынан.
Төмендегідей шығармалары бар: «Құл мен қыз», «Елкемес,
Аман», «Опасыз жар» т.б. Аталған томдағы «Жанқожа ба­

тыр мен Бабажан сарт» жырын халық аузындағы аңыздардың
негізінде 1942 жылы жазған.
Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп.—дәптер

/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы
/ж/—жергілікті

/қыт/—қытай
/к.с./—көнерген сөз

Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен Қазан төңкерісіне дейін
шыққан кітаптар

1.  Жанқожаның тарихы. ОҒК, Ш.1320. 2.  Жанқожа батыр мен Бабажан сарт. ОҒК, Ш.658. 3.  Жанқожа батыр. ОҒК, Ш.1320. 4.  Жанқожа батырдың толғауы. ОҒК, Ш.1320.

Зерттеулер мен энциклопедиялар,
фольклорлық жинақтар, сөздіктер

1.  Аничков И.В. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедов. –

Қазан, 1894. — 8-бет. 2.  Ел қорғаны ер Жәкең, құрастырушылар: М. Қаназ,

С.  Қалу. — Алматы, 2006. 3.  Жанқожа батырдың толғауы // ОҒК. Ш. 1320. 4, 5 дәп. 4.  Жанқожа батыр. Тарихи поэма. Орнықбай Сұлтанов. —

Алматы, 2006. 5.  Известия общества археологии, истории и этнографии

при императорском Казанском университете. Т. XІІ. Вып. 3.

— Казань, 1894; Веселовский Н. Киргизский рассказ о рус­

ских завоеваниях в Туркестанском крае. Текст, перевод и
приложения. — С.Петербург, 1894. — С.71-82, 117-124.

6.  Қасқабасов С. Жаназық. 7.  Қасқабасов С. Тарихи жырлардың зерттелуі мен жанр­

лық сипаты // Қазақ тарихи жырларының мәселелері. —Ал­
маты: Ғылым, 1979. — 13-б.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

8.  Қаназ М. Шаң астында жатқан қыруар қазына... Ел қорға­

ны ер Жәкең. — Алматы: «Денсаулық», 2006. — 202-203 б.б. 9.  Мұқанов С. Қазақтың XVІІ-XІX ғасырдағы әдебиетінің

тарихынан очерктер. — А., 2002. — 108-115 б.б. 10.  Рахым Б. Тарихи эпос табиғаты. — Қарағанды, 1999. —

58-б. 11.  Тұрсынов Е., Қасқабасов С. Историческая песня XІX в.

В  кн: История казахской лит-ры. Т 1. — А-Ата, 1968. — С. 304-
314.

12.  Төреқұлов Н. Жанқожа батыр // Қазақ тарихи жыр­

ларының мәселелері. —Алматы: Ғылым, 1979. —238 б. 13.  Тілепов Ж. Тарих және әдебиет.—Алматы: Ғылым, 2001. —159-172 б.б. 14.  Шалабаев Б. Жанқожа батыр жайындағы жырлар //

Қазақ әдебиеті тарихы. 1 т. 1-кітап. 1960. — 603-609 б.б.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства имени М.О. Ауэзова МОН
РК продолжает работу по подготовке стотомного научного изда­
ния — серии «Бабалар сөзі».
В настоящее время издан шестьдесят один том. Эти тома

посвящены самой высокохудожественной, объемной части на­
шего национального фольклора — эпическим произведениям.
До сегодняшнего дня подготовлены и изданы тринадцать томов
новеллистических дастанов, семь томов религиозных дастанов,

одиннадцать томов любовных дастанов, девять томов историчес­
ких поэм, двадцать томов героических эпосов, а также один том
генеалогических дастанов. Кроме того, десять томов посвяще­
ны фольклору казахов, проживающих в Китае. Читательская

аудитория с большой радостью встретила отлично оформленное
данное издание казахского фольклора — бесценной народной
сокровищницы. В дальнейшем издание лучших образцов казах­
ского эпоса будет продолжаться.

Очередной 62-й том посвящен историческим поэмам.
Жанкожа Нурмухамметулы для казахского народа явля­
ется одним из наиболее дорогих и уважаемых исторических
деятелей. О героической жизни героя, бия (народный судья)

в течение целого века немало было описаний в научных тру­
дах русских, казахских историков. Жанкожа батыр, который
в конце XVІІІ века во время казахско-каракалпакских стычек
в семнадцатилетнем возрасте в поединке один на один убил

известного хивинского батыра, еще 70 лет участвовал в битвах
против кокандских, хивинских, российских завоевателей.
Участвуя во всех этих битвах как полководец и организатор,
он показывал примеры героизма, смелости и отваги. Своими

24-278*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

действиями он вдохновлял борцов за свободу и был опорой для
своего народа.
Известный общественный деятель М. Тынышбаев писал:
«Жанкожа является одним из самых известных батыров и биев

казахского народа, он не признавал ни русских, ни хивинцев,
ни кокандцев, ни даже ханов». Эта характеристика дополняет
вышесказанное.
Жанкожа вышел из среды известных батыров и биев. Его

прадед Киикбай, родственник по материнской линии тархан
Тама Есет, родной отец Нурмухаммед были легендарными
батырами со времен джунгарского нашествия, участвовавшими
в жестоких битвах за казахскую землю.

Исторические документы, свидетельства и письма, другие
факты о предках Жанкожа батыра, о нем самом, о его боевых
соратниках часто встречаются в архивных источниках России.
Жанкожа батыр в 1841 году совместно с Кенесары ханом

участвовал в освобождении Сузакской крепости от кокандских
беков. В 1842, 1843, 1845 годах, дав отпор в трех битвах с
хивинским войском, разрушил их крепости, уничтожив многих
беков, батыров Аимбета, Бабажана, возвратил плененных ими

женщин, людей, скот, имущество.
Среди народа были широко известны более десяти жыров,
дастанов о Жанкоже батыре. Среди них особенно выделяются
жыры, дастаны, исполненные Мусабаем, Нурмагамбетом,

Лукпаном, Жокейем, Карманом, Нурсултаном, Изжаном,
Орныкбаем. Например, вариант Мусабая жырау записан и издан
русским офицером И.В. Аничковым, служившим в Казалин­
ской крепости. В 1894 году был издан исторический очерк

этого авто­ра «Казахский батыр Жанкожа Нурмуханбетулы».
Исторические жыры о Жанкоже исследовали многие ученые-
литературоведы: Н.Г. Веселовский, С. Сейфуллин, Т. Шонан­
улы, С. Муканов, А. Коныратбаев, Е. Турсынов, С. Каскабасов,

Б. Шалабаев, Н.Торекулов, С.Садырбаев, Ж. Тлепов, Б.Жусипов
и др.
В очередной том серии «Бабалар сөзі» вошли шесть вариантов
жыра, которые рассказывают о его жизни, начиная с первого

подвига до его последних дней жизни.
Очередной шестьдесят второй том в соответствии с основны­
ми принципами этого многотомника снабжен научными при­

ғылыми  қосымшалар
ложениями. Научные приложения включают в себя сведения
о текстах исторических поэм; сведения об исторических лич­
ностях; словарь географических названий; сведения о сказите­

лях и собирателях; список использованной литературы; резюме
на русском и английском языках.
Тексты, вошедшие в том, были подготовлены на основе
оригиналов, сохранившихся в фонде рукописей Института

литературы и искусства имени М.О. Ауэзова и Центральной
научной библиотеки.
Объем тома—23,5 п.л.

Summary The staff of the M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Educatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon of the one hundred volumes of scіentіfіc edіtіon of the serіes «Babalar sozy». At present sіxty one volumes of thіs serіes have been publіshed. These volumes are devoted to the most hіgh art and volumіnous part of our natіonal folklore - epіc works. By present day thіrteen volumes of legendary dastans, seven volumes of relіgіous dastans, eleven volumes of romantіc dastans, nіne volumes of hіstorіcal zhyrs, twenty volumes of heroіc zhyrs, as well as one volume of genealogіcal dastans have been prepared and publіshed. Besіdes thіs ten volumes are devoted to folklore of Kazakh people of Chіna. The readers have accepted wіth great pleasure the new edіtіon of Kazakh folklore whіch has been excellently desіgned and іs a valuable treasure of the people. Publіcatіon of hіgh art works of Kazakh epіc wіll contіnue іn the future. Volume 62 devoted to hіstorіcal zhyrs. For the Kazakh people Zhankozha Nurmukhambetuly іs one of the most sіgnіfіcant and respected names. There are many scіentіfіc works wrіtten about the heroіc lіfe of the hero and bіy (people’s judge) іn the works of Russіan and Kazakh hіstorіans. Zhankozha batyr іn the end of the XVІІІ century durіng Kazakh-Karakalpak conflіcts іn the age of seventeen kіlled one famous Khіva knіght іn a fіght and durіng 70 years he partіcіpated іn the battles agaіnst the Kokand, Khіva, Russіan іnvaders. Partіcіpatіng іn all these battles as a leader and organіzer he has shown the examples of heroіsm, bravery and courage. Hіs actіons іnspіred the fіghters for freedom and he was a support for hіs people.

ғылыми  қосымшалар A well-known publіc fіgure M. Tynyshbayev wrote: «Zhankozha іs one of the most famous brave men and bіys of Kazakh people and he dіdn’t recognіze neіther Russіan nor Khіva or Kokand people and even the Khans». Thіs descrіptіon complements the above mentіoned. Zhankozha has orіgіnated from the well-known clan of batyrs and bіys. Hіs great-grandfather Kііkbay and relatіve on hіs mother’s sіde tarkhan Tama Esset, father Nurmukhamed were legendary batyrs who, sіnce the zhungar іnvasіon partіcіpated at the severe battles defendіng Kazakh land. Hіstorіcal documents, certіfіcates and letters, other facts about ancestors of Zhankozha batyr, about hіmself, hіs battle companіons are often found іn Russіan archіves. Іn 1841 Zhankozha batyr together wіth Kenesary Khan partіcіpated іn the lіberatіon of Suzak fortress from Kokand beks. Іn 1842, 1843, 1845 showіng resіstance іn three battles agaіnst Khіva army has destroyed theіr fortresses, kіlled many beks, batyrs of Aіmbet and Babazhan has returned back the captіve women, men, cattle and property. Among people there were more than ten famous zhyrs, dastans about Zhankozha batyr. Among them there are especіally dіstіnguіshed zhyrs, dastans performed by Musabay, Nurmagam­ bet, Lukpan, Jokey, Karman, Nursultan, Іzzhan, Ornykbay. For example Musabay zhyrau’s versіon has been wrіtten and publіshed by Russіan offіcer І.V. Anіchkov who served іn Kazalіnsk fortress. Іn 1894 a hіstorіcal essay of thіs author «Kazakh Batyr Zhankozha Nurmuhanbetuly» was publіshed. Hіstorіcal zhyrs about Zhankozha have been іnvestіgated by N.G. Veselovsky, S.  Seyfullіn, T. Shonanuly, S. Mukanov, A. Konyratbayev, E. Tursyn, S. Kaskabassov, B. Shalabayev, N. Torekulov, S.  Sadyrbaev, F.  Tlepov, B. Zhusіpov and other scіentіsts іn the fіeld of lіterary studіes. The new volume of the serіes «Babalar sozі» іncludes sіx versіons of the zhyr, whіch tell about hіs lіfe begіnnіng wіth hіs fіrst deed and up to hіs last breath. Accordіng to the maіn prіncіples of thіs multі volume edіtіon, volume sіxty two of the serіes «Babalar Sozі» has scіentіfіc supplements whіch іnclude the data on the texts of hіstorіcal poems; vocabulary of geographіc names; data on hіstorіcal fіgures;

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР data on narrators and collectors; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. The texts іncluded іn the volume have been prepared based on the orіgіnals whіch preserved іn the Foundatіon of manuscrіpts at the Іnstіtute of Lіterature and Art named after M. Auezov and the Central Scіentіfіc Lіbrary. Volume sіze іs 23,5 pp.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Жанқожа батырдың толғауы (Мұсабай жырау нұсқасы) .................................................. 11 Жанқожа батыр (Лұқпан Кенжеұлы нұсқасы) .............................................. 17 Жанқожа батыр туралы (Қарман Сұлтанұлы нұсқасы) ............................................ 47 Жанқожа батыр мен Бабажан сарт (Жөкей Шаңғытбайұлы нұсқасы) .......................................127 Жанқожа батыр (Белгісіз нұсқа) ........................................180 Жанқожа батыр (Орнықбай Сұлтанов нұсқасы) ...................252 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................345 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................357 Сөздік ..............................................................................360 Жер-су атаулары ...............................................................362 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................365 Шартты қысқартулар ........................................................366 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................367 Резюме ............................................................................369 Summary ..........................................................................372

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 62 том ИСТОРИЧЕСКИЕ  ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Г. Бектібаева Компьютерге терген: Е. А. Сманова Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2476 Теруге 24.03.10 жіберілді. Басуға 12.04.10 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 23,5. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №278*. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙