TELEGEI

Home

Ерекең ел ардақтысы

Бауыржан Момышұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ерекең ел ардақтысы

Бауыржан Момышұлының шығармалары батырлыққа, өрлікке баулиды. Жазушы шығармашылығының ерекшелігі – ойдан шығарылған оқиға мен жасанды кейіпкерлерден аулақ. Көзбен көрген оқиғаларын бойына сіңірген туындылардың әлеуметтік, қоғамдық сипаты басым. Салт-дәстүрін ұлықтап, соның негізінде түйген ойлары...

ЕРЕКЕҢ ЕЛ АРДАҚТЫСЫ ЕДІ

(әңгіме) Алпысыншы жылдары түскен бір суретке қарап отырып, Ермұхан ағайды есіме алдым. Ол кісімен менен көп жыл бұрын таныс-біліс болған әйгілі Ілияс Есенберлиннің мына бір сөздерін жадымда берік сақтаппын. «Ермұхан Бекмаханов менің қазақ тарихын зерттеп білуіме соншалық әсер етті, өйткені бұл ғалым қазақ елінің XІX ғасыр мен XX ғасыр басындағы экономикасы, әлеуметтік құрылысын зерттегенде, Кенесары қозғалысына байланысты нақтылы материал жетіспейтін және соны толықтыруға Орткомның жәрдемдесуін сұрапты. Сол жұмысты Жұмекең Дінмұхаммед Ахметұлы арқылы маған жүктеді. Соғыс уақыты болса да, Ортком Бекмахановқа барынша болысты. Көбіне әуелі Петропавлда, кейін Омскіде болып жүрдім. Ортком қызметкері неге сонша архивте көп отырады деген сезік болмау үшін, кейбір архив материалдарын қонақ үйіне алдырып оқимын. Отарлау саясаты қалай жүргенін, Орынбордан бастап, бекіністердің не үшін тездетіп салынғанын әбден түсіндік. Негізгі сүйенген ұстанымымыз — ұлттық намыс, Сталиннің орыс халқы туралы және «бізді ата-баба аруағы қолдасын» деген сөзі еді. Біз де өзіміздің тарихи қаһармандарымызды дәріптеуіміз керек болды. Осы принцип кейін Бекмахановты ұлтшыл деп кінәлауда тілге тиек болды... Кенесары қозғалысы туралы жинаған материалды машинкаға бастырып, бір данасын өзім алып отырдым. Екі данасын тікелей бастығым Дінмұхаммед Ахметұлына табыс етемін. Ол кісі Шаяхметовке көрсеткеннен кейін ғана Ермұханға береді. Сөйтіп, келесі іссапарының бағытын Бекмаханов белгілеп, Димекең қолына жазып береді, ол маған тапсырады, міне, сөйтіп жүріп тарихшы болып алдым.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙