TELEGEI

Home

Қыстың ұзақ таңы атты

Оралбек Жүнісұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қыстың ұзақ таңы атты

Оралбек Жүнісұлы - «Қыстың ұзақ таңы атты» шығармасы.

АҚСОРАҢ АСҚАРЫМ, АҚТОҒАЙ-АЛТЫН БЕСІГІМ

Бала күнгі сурет көз алдымда. Туған табиғат, туған дала келбетін айтамын да. Біздің ауыл жылдың қай мезгілінде болмасын көрер көзді тартып тұрады. Мамыр айының өзінде Ақсораң-ның басында қар жатады. Сол қар мәңгілік неге жатпайды екен деп ойлайтынмын. Ал, күзде қараша айының алғашқы суығы түсісімен Ақсораңның ұшар басы ала қабыршақтанады. Тауға қарай бергім келеді. Сөйтемін де, биік таудың етегінде туып, өскенімді мақтан етемін. Олжас көкем айтқандай даламды да ала сатпаймын. Жаз шыға мектеп оқушыларының демалысы басталады. Ұлым Арғын ауылға қажетті киім-кешек, дүниелерін дайындап, жолға жиналады. Тоқтамайды. «Ауылға кетемін, тауларды, орман-тоғайды, даланы, туыстарды сағындым» дейді. Ағасы Бейбіттің маза-сын алады; «Машинаңды дайында, елге апар», — деп. Бала жүрегінде туған ауылға деген іңкәрлік, сағыныш құсы сайрап тұр-ау шамасы. Мен Ақсораңды арқа тұтып, алтын бесік Ақтоғайымда тербеліп жүремін. О, шіркін киелі топырақ! Жазира дала, сенің топырағың-ды басып алты алашқа, алысқа кеткен атағына лайық болсақ кәне-ки. Ақтоғайды үнемі ғажап рух әлдилейді. Мәдениеттің, өнердің қазақы болмыстың рухы. Барлық кие, қадір-қасиет Ақтоғайдың әр жерінде аялайды. Жол түсіп ауылға бет алғанда Тоқырауынның мөлдір суына бетімізді жуамыз, рахаттанамыз. Мәңгілік күш-қуат алатындай сезінемін. Мойында ағайын, Ақтоғайдың кіндік қаны тамған әр перезенті алтын бесікте тербеліп, жер шарын айналып барады. Ырысың арылмасын, думанды, базарлы, мазмұнды ғұмырың тарқамасын,

Ардақты Елім!
Ақсораң арқа сүйер, асқарым, Ақтоғай-алтын бесігім!

ЕЛБАСЫНЫҢ МЫСТЫ ӨҢІРГЕ САПАРЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің қысқа мерзімді еңбек демалысынан кейінгі жұмыс сапарын Қарағанды, Павлодар облыстарын аралаудан бастады. Бұл екі облыс — еліміздегі ең ірі өнеркәсіпті, кенді аймақтарға жатады. Қазіргі таңда өндірісті дамыту арқылы ғана экономиканы көтеруге қол жеткізуге болатынын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Сондықтан өндіріс Елбасының ұдайы назарында. 1 тамыз күні таңертеңгілікте Елбасы Н.Ә. Назарбаев Балқаш қаласына ұшып келді. Әуежайдан бірден құрылысы қызу жүріп жатқан мырыш зауытының бас корпусына ат басын тіреді. Мырыш зауытының келешегі кемел болмақ түрі бар. Жылына 100 мың тонна мырыш береді, сонымен қоса темір, мыс, басқа да өнімдер шығарады. Өндірістегі технология бүтіндей жаңа, осы заманғы. Мұндай технология дүние жүзінде тек Канадада ғана бар екен. Демек, Балқаш мырыш зауыты әлемдік деңгейдегі екінші жаңа өндіріс орны болып табылады. Жалпы құрылыс құны 70 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр. «Қазақмыс» корпорациясының президенті В.Ким, Балқаш кен-металлургия комбинатының басқа-рушысы В.Малышев, химия-металлургия зауытының директоры С.Садықов Елбасын мырыш зауытының қазіргі жобадағы үлгісімен таныстырып, болашақтағы экономикалық-технологиялық керсеткіштерін егжей-тегжейлі баяндады. Құрылыс 2001 жылдың аяғында аяқталуға тиіс. Ал, 2002 жыддың соңында алғашқы өнім шығарылады. Құрылыс басталғалы 1660,5 мың АҚШ доллары игерілді- Ал, осы ірі құрылысқа инвестицияны «Қазақмыс» корпорациясы бөліп отыр.Мырыш зауытының тағы бір ерекшелігі мынада болмақ. Экологиялық таза, сыртқа ешқандай газ, ауаға зиянды заттар жіберілмейді. Құрал-жабдықтардың барлығы Канададан алынады. Келешектегі мырыш зауытының ішінде 1000 адам жұмыс жасайтын болады. Қазіргі негізгі құрылысты комбинаттың арнаулы құрылыс басқармасы жүргізуде. Мұнымен бірге Жезқазғаннан келген құрылысшылар да өз қолтаңбаларын қалдыруда. Зауытты шикізатпен «Қазақмыс» корпорациясы қамтамасыз етеді.

Елбасы мұндағы жұмысшылармен тілдесті:

— Бәрің де осы қалада тұрасыңдар ма?

-Иә.

—Өте жақсы.

Өз қолдарыңмен тұрғызындар, зейнеті болады. Үй-іштеріңе сәлем айтыңдар, амаңдық болсын! Жақсы ниет жанға азық. Елбасы еліміздегі әржанұяның есен-саулығын тілейді. Ал, елі Елбасына арқа сүйейді. Жақсы күндерге халқымен бірге тезірек жететініне нық сенеді.

— Таяуда ғана он күндей Канада елінде іссапармен болып қайт тық. Мақсатымыз канадалықтардың мырыш қорытудағы технологиясымен жете танысу болды. Сонда барған мамандар жақсы әсерде қайтты. Үйренетін шаруа көп. Енді аз уақыттан кейін біздің мамандар Канадаға өндірісте оқып, үйрену үшін барады. Олар-дың өндірістік көрсеткіштері жоғары, тазалау, сүзгілеуде мін жоқ. Енді бүгінгі өндірісте жұмыс жасап тұрған технологиясын одан әрі жаңартуға бетбұрыс жасап жатыр. Әрине, бір айда барлық өндірістік сала, жүйемен танысып, аз да болса үйреніп шығу мүмкін емес. Уақыт керек, сондықтан канадалықтармен байланысымыз алдағы кезеңде де нығая түседі. Аппаратшылар, шеберлер, техника мамандары бірінші кезекте оқуға мұхиттың арғы жағына жіберіледі.

Мырыш бізге орасан пайда әкелуге тиіс. Әрі оның әлемдік деңгейдегі бағасы мысқа қарағанда тұрақты болып тұр. 1 тонна мырыштың бағасы 1200 АҚШ доллары, — дейді Серік Барлықұлы Садықов. ...Елбасы мырыш зауытынан кейін іле Балқаш кен-металлургия комбинатының мыс балқыту цехына келді. Өндіріс басқарушысы В.Малышев бүгінгі таңдағы комбинаттың жағдайын Н.Ә.Назарба-евқа баяндады.

— Біздің алдымызда үлкен міндет тұр, — деді Н.Назарбаев. Газ да азаяды. Мына Балқаш көлінің жағалауын демалыс аймағына айналдырсақ, ешкім Ыстықкөлге бармайтын болады. Алматы — Астана жолын салып жатырмыз. Алла сәтін салса, осы Балқаштан Алматыға, Астанаға 3,5 сағатта түсесіздер. Темір жолда тез жүретін поезды игеріп жатырмыз.

Жанар-жағар май қымбаттаса, ол да нарық заңы. Дүние жүзінде мұнай бағасы қымбаттап барады. Бейімделу керек. Ал жеңілдіктерге келсек, оның бәрі заңда көрсетілген. Тіпті соғыс ардагерлерінің өзіне сол тиесілі жеңілдікті ақшалай жасап отыр-мыз. Бұрынғы заманды көксеудің қажеті шамалы, ол оралмайды. Ал, сау болыңдар, — деп Елбасы емен-жарқын әңгімеден кейін комбинат қақпасынан шықты. Н.Назарбаев түрік ағайындар салып жатқан жолды көрді. Ми-нистр С.Бүркітбаевқа қатаң ескерту жасады. Жолдың сапасын бақылауға нақты тапсырма берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Балқаштағы жұмыс сапары кезінде онымен бірге үкімет басшысының орынбасары Д.Ахметов, президент әкімшілігі аппаратының жетекшісі С.Қал-мырзаев, облыс әкімі К.Мұхамеджанов, қала әкімі Қ.Ахметов, бас-қа да ресми адамдар еріп жүрді. Елбасының жұмыс сапары сол күні түс ауа Қаныштың көзіндей болған Жезқазған қаласында жалғасты.

2000 жыл.

Касымхан АХМЕТОВ:

«ТӘУЕЛСІЗДІК-ӘР ҰЛТТЫҢ ТАҒДЫРЫ»

(Балқаш қаласының әкімі Қасымхан Қаскенұлы Ахметовпен сұхбат)

— Сіз бен біз тәуелсіздігіміздің он жылдығына санаулы сағаттар қалғанда жүздесіп отырмыз. Осы уақытты азамат ретінде, әм ел басқару тізгінін қолға ұстаған әкім ретінде көктей шолып өтсеңіз қайтеді?

— Шындығында бодандықтан бостандыққа шыққанымызға, яғни, тәуелсіздікке қолжеткізгенімізге он жыл толып отыр. Былай алып қарасақ, көп уақыт емес. Бірақ қаншама қыруар істер тындырылды. Халқымыз, тіпті, қысқа мерзім ішінде жанқиярлықпен жұмыс жасады десем артық бола қоймас. Осыдан он жыл бұрынғы оқиғалар көз алдымызда. Қандай қиын кезең еді. Экономика, саясат саласындағы реформаларды бірден жүзеге асырып, игеріп әкету оңай болған жоқ. Алдымызда мемлекет құрудың тың соқ-пағы тұрды. Бұрын — соңды жүріп көрмеген жолға түрен салу жеңіл болып па? Жеңіске жетер жолдың ауыр салмағы, бұралаң, бұлтарысы көп болатыны белгілі. Мұндайда пікірталас, қарама-қайшы көзқарастар туындап жатады. Әйтседе, мүдде біреу,мақсат ортақ. Жоғары Кеңестің депутаты болып жүргенде мұндай әрекеттермен бетпе-бет келгеніміз бар. Әріптестерімнің ерік-жігері,ой-арманы, туған еліміздің іргесінің бекуіне зор құлшыныс танытқаны, күндіз-түні көз ілмей жұмыс жасағаны әлі есімде. Қиын да,қызықты күндер еді. Одақ кезіндегі экономикалық байланыстар түгелдей үзілді. Алып ел тарады. Барлық құрылымдарды қайыра жасақтауға тура келді. Бұл жерде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрегенді саясатын, салиқалы басқаруы, нағыз көшбасшы бола білгенін баса айтқым келеді. Қай саладағы реформалар өздігінен өмірге келіп, оп-оңай жүзеге аса салған жоқ. Жекешелендірудегі үрдістердің де олқы соққан тұстары болды. Әрекет еткендер ғана қателікке ұрынуы мүмкін. Алайда, оны өздері түзей алады. Біз де сөйттік. Әлеуметтік жағдайды біркелкі етіп, тұтастай ілгері әке-туде қаншама маңдай тер төгілді. Оңай болған жоқ. Бірақ, көрген қиындық, көрген түстей болады деген рас па деп қаламын. Алда жаңа жоспар, бұдан да әрі жаңа болашақ күтіп тұр. Бірнеше жыл-дың мұғдарынды аяғынан тұрғызатын шаруалар көкіректе сайрап, жоспары жасалынып, өз кезегін күтуде. Алға басу, даму мақсаты деген сірә, осы болар.

Ел іргесі тыныш болып, ақжарма көңілде жүргенге не жетсін. Апта басынан бергі халықтың мерекелік көңіл күйін айтсаңызшы. Теледидардан көріп отырмыз. Жұлдызды аптаның алғашқы күнінен-ақ Астана арқаның арқаға батар аязын өлең қылмай, тотыдай сыланып қоя берді. Қаншама нысандар ашылды. Көріп, көңілің марқаяды. Толып жатқан мәдени-шаралар жан дүниеңді ризашылық сезімге бөлейді. Облысымызда да тәуелсіздікке тар-ту, базарлық жетеді. Иә, тәуелсіздікке барар жол оңай болған жоқ Алла, осы жолда ақжолтай зейнетін, баяндылығын берсін!

— Айтқаныңыз келсін! Балқаштықтар да ұлы мерекеге құр ала-қан келіп отырған жоқ шығар?

— Иә, республика жұртшылығы бастан кешкен жәйтты балқаштықтар да өткерді. Әсіресе, 1996 жылы Балқаш кен-металлургия комбинатының тоқтаудың сәл-ақ алдында қалғанын ойға түсірсек, үрейлі сияқты.

Қаладағы тіршілік тірегі-осы өндіріс орны ғой. Ол тоқтаса 100 мыңға тарта халықтың тағдыры не болмақ? Осындайда тығырық-тан шығар жолды Елбасы тапты. Нұрекеңнің тікелей араласуы ықпалымен комбинатты оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы қанатының астына алды. Бұл — 1997 жылдың күзге салымы еді. Өзім де осы жылдың жазында Балқашқа әкім болып келдім, елара шақта қаланы басқаруды қолға алдым. Халық жатсынған жоқ. Бұл мысты өңір өзіме де бөтен емес еді. Дереу, жоспар құрып, жігіттермен кеңесе қоян-қолтық араласып, іске кірісіп кеттік. Бұл күнде комбинат тұрақты жұмыс жасап тұр. Оның тұрақты жұмыс істеуі, мол өнім беруі басқа да кәсіпорындардың іске қосы-луына әсерін тигізді. Бүгіңде қала мен комбинат арасында өте тиімді байланыс жүйе қалыптасып, ортақ игілік жолында айтарлықтай іс тындырылып келеді. Айта кету керек, жергілікті бюджет кірісінің 56 пайызын осы комбинат береді. Бұл дегеніңіз- қомақты түсім.

— Осы орайда жаңа жұмыс орындарының ашылу барысына тоқ-тала кетсеңіз?

— Жаңа жұмыс орнын ашу, жұмыссыздықты жоюдың алғы шарты болып табылады. Қала халқы Шатыркөл кенішінен көп үміт күтеді. Кеніш Жамбыл облысының аумағында болғанымен онда еңбек ететіндер — негізінен балқаштықтар. Бір-екі жылдың ішінде Мырыш зауытының қүрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Сол кезеңде мың адамға жұмыс орны ашылатын болады. Жабылып қалған Қоңырат кенішіне жан бітті. Комбинатты шикізатпен қамтама-сыз ететін осы кеніш болатын. Енді осы кеніште қайыра дәуірлеу басталмақшы. Жылына 8-10 млн. тонна руда алынады деп күтілуде. Саяқ кенішінен шахта салынды. Енді бұдан былай руда өндіру жер асты жұмыстары арқылы жүргізілетін болады. Қазіргі бет алысы жаман емес. Түсті металдар ұқсату зауыты мыңға тарта адамға жұмыс тауып беріп отыр. Сөйтіп, өз өнімдерімен әлемдік сауда додасына белсене кірісті. «Балқашсүт», «Балқашнан» АҚ-ның жұмысы облыс мақтанышына айналды. Балқашсүт, республикаға танымал болды. Оның өндірген сүт тағамдары халықаралық жүлделерге ие болып үлгерді. Балқашты — кәсіпкерлер қаласы деп орынды айтады. Олар да жұмыссыздықты азайтуға өз үлестерін қосып келеді. Қаланың келбетті, сәулетті, әрі дәулетті болуына іскерлердің өнегелі жұмыстары мұрындық болып отыр. Ол өз алдына бір әңгіме.

— Балқашты экологиясы төменгі аймаққа жатқызып жүр ғой?

— Ол рас енді. Парламентте Балқаш көлі туралы-заң қабылда-нар күн де алыс емес. Түнеу күні депутаттар, ғалым, экологтар біздің қаладан жақсы пікірде кетті ғой. «Қазақмыс» корпорациясы газды залалсыздандыру үшін 5 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлген болатын. Үш жыл ішінде 4 млн. теңгеге жуық қаржы игерілді. Комбинаттағы төменгі газ жүретін түтіктер түгелдей ауыстырылып бітуге жақын қалды. Алдағы жылдың қаңтарынан бастап ауыр газ, металдар жүретін құбырларды ауыстыру құры-лысы басталады. Дау жоқ, газды залалсыздандыру сәтті аяқта-лады. Оған ешқандай күмән болмауға тиіс. Тек қолға алған істі аяқтауға уақыт, қала тұрғындарына — аз-кем шыдам керек.

—Әңгімені әлеуметтік салаға қарай ойыстырсақ?

—Әйтейік. Ауыл-селодағы өзгерістерді өздеріңіз білесіздер. Қалаға қоныс аударушылар әлі де тиылар емес. Соңғы төрт-бес жылдың көлемінде 2500 бос турған пәтер қалаға жақын аудандардан көшіп келген ағайындарға берілді. Соған орай жаңадан бір мектеп аштық. Былтыр қалада бір қазақ мектебі ашылса, осы күзде 350 орындық мектеп-интернат үйі өз жұмысын бастады. қаламызда қарттар, балалар үйінің ашылуы экономикамыздың тұрақтауының жемісі болса керек. Қаржыны ең көп қажет ететін медицина саласы. 5 жыл ішінде дәрігерлік қызмет көрсетуді бір жерге шоғырландырып, сапалы жұмыс жасауына қол жеткіздік. Зейнеткерлер зейнетақысын дер уақытында алып отыр. Мемлекеттік мекемелердің айлық табысын алуда кедергі жоқ. Қаланы көріктендіру, жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жыл өткен сайын дұрыс жолға қойылып келеді. Жарықтандыру, көгалдандыру, безендіруіміз көңілге қонады. Астанадағы Отан қорғаушылар монументін тұрғызуға балқаштықтар қолтаңбасын қалдырды. Облыс орталығындағы орталық мешіт, этнопарк құрылысына ат салыстық. Қала ортасында тәуелсіздік алаңы бой көтерді. Ол жұртшылықтың тынығып, сейіл құратын орнына айналды.

Күні кеше көптен күткен «Менің Қазақстаным» үгіт поезын қарсы алып, шығарып салдық. Қонақжай, меймандос қала халқына арнайы үгіт поезының мүшелері дән риза болды. Ұлт мақтанышы, қазақ бұлбұлы Бибігүл Төлегенова апайдың ыстық лебізі, ақ батасының өзі неге тұрады. Қазақстанның халық артисі М.Хамзин атындағы сарайда тегін концерт берді. Мысшыларды ән мен күйге сусындатты.

—Баспасөзге жазылуға келгенде балқаштықтарды «орысшаланып» кеткен деуші едік?

— Сөзіңіздің түп-төркінін түсіндім. Облыстық «Орталық Қазақ-стан»: газетіне жазылу ұйымшылдықпен одан әрі жүргізілуде. Ұлт екенімізді бүкіл табиғи болмысымызды сақтайтын терең тамыр-қазақы рух. Ал, сол рухтың көшбасшысы мемлекеттіктілдегі, яғни, қазақ тіліндегі басылымдар болып табылады. Балқаштықтар да өз ұлтын сүйеді. Егемендік, тірегі - қазақ тілі екенін бір кісідей түсінеді. Олай болса балқаштықтар бұдан былай орысшадан ойысып, қазақшамен қауыша беретін болады. Сөз орайы келгенде айта кетейін. Тәуелсіздік жолындағы күрестің биік шыңы-әйгілі желтоқсан кетерілісі ғой. Ақ қар, кек мұзда алаулаған жас жүректі боздақтардың рухына мың тағызым. Тәуелсіздік - әр ұлттың тағды-ры. Оны саф алтындай сақтай білу-әрбір қазақстандықтардың асыл парызы. Қастерлі, қасиетті ұлы мереке құтты болсын, ағайын

2001 жыл.

«ӘКЕМ ӘЛИХАНДЫ КӨП ІЗДЕДІ»

— Балабаршын Смаханұлы Балқаш қаласында тұрады. Бабалардан қалған бекзет болмыс бұл ағамыздың бойын-да да бар.

— «Әкем туған ағасы Әлиханды көп іздеді. Ауылдан то-пырақ бұйырмады-ау» - деп сағынатын, — дейді Бәкең.

Балабаршын ағамыз өзі білетін және әкесі Смахан төре-ден естігендерін аз-кем әңгімеге арқау еткен еді. Тақырып өзегі әрине, алаштың ардақты ұлы Әлихан БӨКЕЙХАНОВ.

Енді бір сәт Балабаршын Смаханұлының айтқандарына назар аударайық.

—      Смахан төре Әлихан Бөкейханның туған інісі, үзеңгілес серігі өмірінің ақырына дейін ағасы Әлиханның жазықсыз жапа шеккенін айтып, есіне түсіріп отырушы еді.

Мемлекеттік думаға сайланар алдында патша үкіметі Әлекеңді 1906 жылдың 8-ші қаңтарында Павлодар түрмесіне жабады да, содан төрт ай бойы түрмеде заңсыз-сотсыз отырып шығады. Түрмеден шығысымен сайлау мәселесімен дереу Семейге келеді. Семейде жүрген кезінде, мынадай бір қызық оқиға болады. Оны бір әңгіме үстінде Әлихан Тұрағұл Құнанбайұлына айтып берген көрінеді. Тұраштан жазып алған Смахан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Оқиғаның желісі мынау: (Смаханның жазба дәптерінен ешбір өзгеріссіз беріліп отыр): «...Бір күні Қарқаралы уезінің бастығы Кинцпен кездесіп қалғанда, Кинц кекетіп, «патшаны құлатамын деп шаршаған боларсыз, енді демалып жүрген шығарсыз?» — деп әжуәлап сөйлегенде Әлекең: Қазақ халқының бір мақалы бар «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне», дейді. Менің Сізге берер жауабым осы, — деген екен. Сонда Кинцтің әйелі күйеуіне:

—      Саған керегі де осы еді. Әлихан Нұрмұхамедович өзінің туған жері үшін зардап шеккенін түсінбегенсің, — деп күйеуін одан әрі сөйлетпей жүріп кетіпті. Кинц поляк болатын, оның әйелі білімді де есті адам болса керек. Өз еліне патша үкіметінің әңгір таяқ ойнатып отырған кезде, қазақ жерінде патша үкіметінің қолшоқпа-ры болып жүрген поляк тойған жерде жүрген иттің өзі дегенді Кинцтің әйелі түсіне қойған көрінеді.

Ақыры кездескен көп қиындықтармен тосқауылдарға қарамастан 1906 жылдың 15 маусымында Әлихан Ресейдің І Мемлекеттік Думасына Семей қазақтары атынан бір ауыздан депутат болып сайланады да Дума жұмыстарына қатысу үшін жүріп кетеді. Ол Петерборға келгенде 1906 жылдың 9 шілдесінде І Мемлекеттік Думаны патша үкіметі таратып үлгерді. Думаның күшпен таратылуына келіспеген көптеген депутаттар (оның ішінде Ә.Бөкейхан да бар) Финляндиядағы Выборг қаласына жасырын түрде жиналып, патшаға наразылық білдірген мәлімдеме жолдайды. «Выборг шақыруы» деген атпен белгілі болған бұл тарихи мәлімдемеге 200 делегат қол қойған... Смахан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның даңқы жер жарған ағасы — Әлиханның өмірбаяны мен қызметі жайындағы түртіп түсіріп жүрген жазба дәптерінің бірінде, (Бас-аяғы 6 дәптер...) терең мағыналы «өткен-кеткенді мәртебе тұту — білімдіні жабайылықтан айырып тұратын қасиет осы» — деген бір сөз келтіріліпті. Орыстың ұлы классигі А.С.Пушкиннің бұл сөзін Ә.Н.Бөкейхан сөз арасында жиі есіне алып отырады екен. Бұл сөздің мағынасы қайраткер ғалымның бүкіл саналы өмірінің мазмұнына мақсатына, керек десеңіз ұранына айналғандығы айқын аңғарылады. Мұны ең алдымен оның туған халқының өткен-кеткен тарихын, мәдениетін терең зерттеп жазып қалдырған ғылыми мұрасынан байқаймыз. Мұны сондай-ақ, кең Сахара халқының рухани азығы болған ауыз әдебиеті туындыларына қызығып іздестіріп жинап зерттеп жазып қалдырған фольклорлық еңбектерінен көреміз. Ол 19 жасында-ақ «Қазақ халқының өз поэзиясы бар!» — деп мақтана жазған еді.

— Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады ол. Сондықтан да, ол Абайдың қалдырған мұрасын жинақтап халқына тезірек таны-туға, таратуға асықты. Абайдың есімі мен шығармашылығын орыс қауымына алғаш рет паш еткен де Әлихан болатын.

1906 жылдың 9-шы қаңтарында жазықсыздан-жазықсыз тұтқындап, Павлодар түрмесіне жатқан кезде, Әлиханның портфелінен Абай Құнанбайұлы өлеңдері мен қара сөздерінің қол-жазбасы табылған. Абақтыға жабылған кейін, келесі күнгі жазған арызында ол өлең қолжазбаларының құны 5000 сом болатынды-ғын және оны сақтауға шаралар жасалынуын өтінген... Абайдың поэзиясын «как это покажут его стихи, представлял недюжинную силу и составляет гордость казахского народа. Еще небыло казахского поэта, так возвысившего духовное творчество народа, как Абай. Чудные его стихи, посвященные четырем вре-менам года (весна, лето, осень и зима), сделали бы честь знаме-нитым поэтом Европы», — деп алғаш рет жоғары бағалаған Әлихан еді. Абайдың дүние салуына 1 жыл толуы қарсаңында оның өмірі мен шығармашылық жолын суреттеп жазған «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» атты мүнаһиб — мақаласы арада 90 жылдан астам уақыт өтсе де өзінің ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Бұл мақала 1905-1907 жылдар аралығында үш басылымнан жарық көрген. Әлихан Бөкейхан сонымен қатар Абайдың өлеңдері мен нақыл сөздерін жинақтауға ат салысады. Жоғарыда аталған мүнаһиб мақаласының оңында айтылғандай, ол Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің түңғыш жинағын өңдеп, жинақтың 1909 жылы Ресей астанасы Санкт-Петербургдан басылып шығуына қол ұшын берген. Абайдың ақын шәкірттері, балалары — Ақылбай, Тұрағұлдар, інілері — Шәкәрім, Кәкітайлар, досы — Көкбай ақын Әлихан Бөкей ханды ерекше қадірлеп, құрметтеген. 1913 жылы Орынборда шыға бастаған «Қазақ» газетін үзбей алдырып оқып тұрған. Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың өздерін де оларды жазған еңбектерін де жақсы білген. Осы үш қайраткердің де түрмеге қамалып, ауыр азап шеккендері, үнемі қуғын сүргін көріп жүргендері Абай шәкірттерінің қабырғасын қайыстырып терең тебіренткен. Көкбай ақын өз заманында Әлихан Бөкейханды қазақтың алғашқы оқымысты, камқор азаматы деп білген.

Сарыарқадай жер қайда, Ағыбайдай ер қайда!

«КЕНЕНІҢ ЖАУҒА ШАПҚАН ХАС БАТЫРЫ»

(Балқаш қаласында Кенесары ханның бас сардары Ақжолтай Ағыбай батырдың туғанына 200 жылдық мерейтойы кең көлемде мерекелік жағдайда атап өтілді. Кашан да тойдың болғанынан боладысы қызық. Қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы біртуар күрескер, ақ патшаның айбынды балтасына басын тігіп, қарсы тұрған Кенесары ханның сенімді серігі Ағыбай батырдың туғанына 200 жылдық мерейтойын атап өту мәселесі дәл осыдан екі жыл бұрын көтерілген-тін. Әртүрлі пайымдаулар айтылды. Әртүрлі ұсыныстар түсті. Қалай болған күнде де батыр тойын атап өту, тарихқа жазу күн тәртібінен түскен жоқ. Сан жорықтарда Ағыбайдың жолы болған деседі. Ол кіріскен ұрыс міндетті түрде Кенесары сарбаздарының мерейін көтеріп отырған. Ешкімнен тайсалмаған, жүрек жұтқан батырды қатар жүрген жолдастары, бәлкім, Кенесарының өзі ме екен, кім білсін, әйтеуір Ақжолтай деп атап кеткен екен. Кейбір деректерге қара-ғанда Ағыбай бабамыз ұрыста жауына қаһарлы, қатал болғаны-мен жан дүниесі мейірімге, қайырымдылыққа, адамгершілікке толы екен дейді. Хан жорығы-халықтың жорығы, бостандықтың жорығы. Бір сүйем жерімізді басқаның табанының астына таптатпауға әрекет еткен қарсылық жолы. Ағыбай батыр тұлпар-әрі тұяғының ізі солтүстік Балқаш өңірінде де жатыр. Әйгілі Тасарал елді мекеніндегі Ағыбай батыр аралын қайда қоясыз. Омырауы жел ескен қанатты серігі-ақбозымен көлді есіп өтіп, сол аралға Ағыбай бабамыз тыныстаған дейді. Содан бері Ағыбай аралы аталып кетіпті. Ал, тарихи деректерге сүйенсек, Ақтоғай өңіріндегі атақты Тоқырауын өзенінің бойыңда егін суарған Ағыбай тоғанының сілемі бар. Балқаштың солтүстік өңірінің халқы Ақжолтай Ағыбай батыр жайлы осылай деп сыр шертеді, аңыздар айтады. Жә, сәл шегініс жасайық. Үстіміздегі жылдың шіліңгір шілдесі мен сарша тамызы Ағыбай батыр тойына дайындықтың шешуші кезеңі болды десек артық айтқандық емес. «Сырт көз сыншы», дейді. Келген қонақтардың назары қала мәдениетіне, оның таза-лығына түсетіні сөзсіз. Бұл ретте Балқаш кен металлургия комбинатының бас директоры Махмұт Әліпбергенов бастаған жігіттер айрықша еңбек етті. Комбинат қаланың басты-басты көшелерін жөндеуді, ғимараттарды ретке келтіруді, жолды жаңартуды өз мойындарына алды. Әсіресе «Тәуелсіздік» алаңын салтанатқа келтіруде зор ізденістерін байқатты. Балқаш қаласының әкімшілігі, басқа да толып жатқан мекеме, кәсіпорындардың өздеріне тапсырылған міндеттерді мүлтіксіз атқарғанын сөз басында айта кету орынды болар. Той ортақ, той-халықтың тойы.Егеменелді жарқын болашаққа сабақтастыратын, бейбіт өмірді баянды ететін бүгінгі жас ұрпақтың тойы. Әр жас буынға Ағыбай рухын сеуіп, сол арқылы Отаншылдық сезімді оята алсақ, .қанеки. Иә, дәл бүгін өскелең ұрпаққа Кенесары мен Ағыбай батырдың әршіл рухы, туған жерге, елге деген махаббаты, халқына деген аяулы сезімі аса қажет-ақ. Осы етіп кеткен баһадүр батырларымыздың өнегелі істері арқылы бүгінгі ұрпақтың сана-сезімін асқақтатып, жаңа істерге, тың белестерге өрлей алатын боламыз.Рухты біз сырттан алмаймыз, немесе бетен елдің баты-ры мен ақындарына, мәдениет қайраткерлеріне табыну арқылы алмаймыз. Өз қанымыз, өз жанымыз, өз бабамыз Кенесары, Ағыбай, Наурызбайлар арқыла ғана, солардың аруағы арқылағана асқақтай аламыз. Айта кету керек, үлкен той басталар алдында Балқаш қаласы-ның мәдени ошақтарында, оқу орындарында Ағыбай батырдың өмірі, ерлігі жайлы басқосулар еткізіліп, тың деректер жинала басталды. Көнекөз қариялар, көзі ашық, жаңа білімге сусындаған жас мамандар Ағыбайдың туып өскен жері үш жүздің басын қосқан қасиетті Ұлытау өңірі еқенін естігенде, кіндік қаны тамған топырағы да киелі екен-ау десті. Ұзақ жылдар бойғы зерттеулер, көз майын тауысқан ізденістер Кенесары мен Ағыбай батыр жай-лы соңғы деректерді халқының алдына тартты. Мұның бәрін бүгін естіп, оқып жатырмыз. Ағыбай батырға арнайы құрылған қордың еңбегі елеулі болғанын еске алған жен. Батырдың ұрпақтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды дегендей ұйымшылдық та-нытты. Ал мәдениет қызметкерлері, БАК-ы батыр жайлы үнемі мақала, хабарлар ұйымдастырып, халықтың зердесіне жеткізумен болды. Әрине, насихатсыз, үгітсіз ештеңені өндіре алмайтынымыз белгілі. Сондықтан, мәдениет майданының жауынгерлері Балқаш аймағында, облыс келемінде әжептеуір іс тыңдырды. Несін айта-сыз, мұның өзі халықтың Ағыбай батырға деген сүйіспеншілігін одан әрмен арттырып жіберді. Сонымен жұртшылықтың көптен күткен күні де келіп жетті. — «Ал қонақтар келді, той басталды»,—деген шат-шадыман қуаныш жұртшылық арасына тарап жатты. 4 қыркүйектің таңы тым арай-ланып атқандай әсер етті. Әдетте, қарт Балқаштың жағасына күрең күз кештетіп келеді. Бірақ таңғы ызғарынан бір арылмай-ды. Өйткені күн көтерілгенше көл жақтан леки соққан самал біразға дейін ауаны салқындатып тұрады. Бұл жолы да солай болды.Тотыдай таранған Балқаш...Теміржол бекеті...Қонақтардың алғашқы легін қарсы алу рәсімі. Жұпар шашқан гүл шоқтарымен ұлттық киім үлгісіндегі балқаштық қыздар қырмызыдай құлпырады. Халық көп жиналған, теміржол бекетіне сыймай кетті. Мұның да жөні бар. Келген қонақтар анау-мынау емес, айтыс ақындары еді. Ал қазақ халқы қашан да ақындарына төрінен орын беріп, құрметте-і енғой. Мерекелік көңіл, күй, сәнсалтанат жиналғандардың көңілін шалқытады. Теміржол бекеті басында жергілікті айтыскер ақын Мерғазы Алшынбекұлы жырдан шашу шашты:

Ассалаумағалейкум, сәлем бердім,
Дәстүрімен қазақы киелі елдің.
Ағыбай батыр тойына хош келіпсіз.
Шапағаты тиеді сіздерге Ердің,

Жастық жалын жарқырап жырласыншы,
Шаттық үн шартарапты шарласын-шы.
Думанында Ақжолтай Ағыбайдың,
Шұбыртып ақын өлең толғасыншы.

Бұдан кейін Балқаш қаласының әкімі Қасымхан Ахметов келген қонақтарға өз лебізін жеткізді.

—Құрметті қонақтар! Айтыс өнерінің ақтаңкерлері, сіздер Бал-қаш топырағына хош келдіңіздер! Солтүстік Балқаш өңірі тек жер қазынасының байлығымен ғана емес, өнерлі ұл-қыздарымен де атағы алысқа кеткен қасиетті өңір. Нарменбет, Шашубай, Күләш, Мағауия Хамзиндердің құтты қонысы, кіндік қаны осы топырақта тамған. Сіздердің барлықтарыңыз айтыс өнерін әрге сүйреп жүрсіздер. Бұл дегеніміз — қазақтың рухын сүйреді деген сөз. Біз жетістігіміз, кемшілігімізді,. «әттеген-айымызды» осы ақындар айтысын теледидар, сахнадан тамашалай отырып, байқаймыз. Қателігімізді түзеуге ұмтыламыз. Бұлшындық, ақиқат. Тілдесүйек жоқ-дейді ғой. Ақындардың өткір пікіріне ешкім қарсы дау айта алмайды. Өйткені олар халықтыңсөзін сөйлейді. Бәлкім «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» — деген аталы сөз осыдан қалса қорек.Ағыбай батыр өлерінің алдында «мені 5 ұрпағым аунатып түсіреді» деген екен. Осы тойды, 5 ұрпағы жасап жатыр, сіздер мен біздер.

Тағы да хош келдіңіздер! Каланың көрікті деген жерлерін аралайсыздар, танысасыздар. Осы арада шашасына шаң жұқтырмаған айтыскер ақын Баянғали Әлімжановтан бір-екі ауыз лебізін айтуды өтінген едік. Ақкөңіл азамат ойын ірікпеді.

—Журналист ағайындарға рахмет. Мәртебемізді биіктетіп жа-тады, өзім де журналистпін. Шындықты айтайын. Мен 195 рет айтысқа шығып, еліміздің түкпір-түкпірін араладым. Бірақ, теміржол бекеті басында мынандай алқызыл гүл, музыка, шат-көңілмен қарсы алғанды бірінші рет көріп тұрмын.

—      Балқашқа бұрын ат басын тіреп пе едіңіз?

—Жо-жоқ. Алғаш рет келуім. Балқаш Шәшакеңнің, Нарманбеттің отаны. Сондықтан өнерді аса қадірлеп, бағалайды деп есептеймін.

Сол күні қонақтардың алғашқы легі қаланың оқу орындарында мұражайда болып, халықтың тыныс-тіршілігімен таныса түсті. Ал келесі күні түстен кейін мысшылардың Қазақстанның халық артисі М.Хамзин, атындағы мәдениет сарайында айтыс ақындары жұптасып, өнер додасын бастап кетті. Балқаштықтар ән-ерді сүйеді өздерінің орталарынан да өнердің, мәдениеттің нарқасқалары шығып, атойлап жатады. Айтыс ақындарының өнеріне баға беретінқазылар алқасын М.Әуезов әдебиет және өнер институтының директоры, профессор Сейіт Қасқабасов басқарды. Ал,айтысжанашырыМ.Мақатаеватындағы сыйлықты иегері,жерлесіміз Жүрсін Ерман асқан бір шабытты күйде айтыстың басталуын жария етті. Айтыстың бірінші күні іңір түсе аяқталды. Иә, Балқаш қаласы Ағыбай батыр тойы күндері ерекше құлпы-рып, шат-шадыман қуаныш құшағында тұрды. Қаланың кіре берісіндегі үлкен жолдың қасқа маңдайына Ағыбай батыр Қоңыр-байұлының үлкен бейнесі ілінген. Одан әрі қызылды-жасылды көше сәні басталып жүре береді. «Тәуелсіздік» алаңына қазақтың ба-сын қосқан үш биі-Төле би, Қазыбек би, Әлтеке бидің үлкен суреттері салынып, ілінген. Бейне бір, бүгінгі ұрпақтарын қауіп-қатерден, алауыздықтан сақтандырып тұрғандай әсер етеді. «Тәуелсіздік» алаңындағы сахна өз қонақтарын асыға күтуде. Жағалай тігілген ақшаңқан киіз үйлер әр жерден әкелінген. Бұл ретте қаладағы өнеркәсіп орындарының Ақтоғай ауданы басшы-ларының ынтымағын айта кеткен дұрыс болар. Олар да баба ару-ағына тағзым етіп, киіз үй тігіп, дастархан жайып, балқаштық ағай-ындарға қолұшын берді. Мұндай құрметті Приозерск қаласының,әкімшілігі де көрсетті.

—      Ағыбай бабаның тойынан сырт қала алмаймыз ғой. Дастарханымызды жайып, бабаға арнап, құран оқыттық. Киіз үй тіктік. Тойға үлесімізді қосып жатырмыз—дейді Саршыған қонысының әкімі Исахан Наурызбаев.

...Кешкі Балқаш тіптен нұрлана түсті. «Тәуелсіздік» алаңында қала жұртшылығының сейілі.серуені басталды. Жергілікті өнерпаз-дар концерт қойды. Жастардың ойын-сауық бағдарламасы түннің бір уақытына дейін жалғасты. Бағдарлама бойынша облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрының артистері Абылай, Кенесары, Ағыбай заманы-нан көріністер көрсетуі керек. Жұртшылық мұны да асыға күткен болатын. Қаланың басты көшелерінде ұлттық батырлардың бейнесін сомдайтын, сарбаздарын көз алдыңа әкелетін үлкен шеру басталды. Рас-ау, бұрынғы бабаларымыз дәл осылай киінген, дәл осылай асқақ рухты болған-ау деп ойлайсыз. Үлкен шеру «Тәуелсіздік» алаңын басып өтіп, биік саханаға көтерілді. Бір кезде Абылай заманындағы қалмақтармен болған соғысты, Кенесары мен Ағыбай батырдың ақ патша солдаттарымен сайысы көрініс беріп, қоя берді. Радиодан атыс-шабыс, еңіреген зарлы үн, кісінеген құлынның, жылаған баланың дауысы азан-қазан естіліп жатты. Ел үшін, жер үшін соғыс, дала майданы... Бәрі-бәрі саханадан көрініс тауып жатты. Республикалық мемлекеттік сыйлығының лауреаты Кеңес Жұмабеков бастаған артистердің шеберліктері шын мәнінде балқаштықтарды тәнті етті. 6 қыркүйек, ақындар айтысының соңғы күні. Қазылар алқасы-ның ұйғарымен бас жүлде көкшетаулық Баянғали Әлімжановқа бұйырды. Сөйтіп ол, Ақжолтай бабасының тойынан ақ жорға— «Жигули» машинасын мініп қайтты. Бірінші орындарды Айнұр Тұрсынбаева мен Аманжол Әлтаев бөлісті. Екінші орынға Ақтоғай-лық жас талант Мақсат Аханов шықты. Үшінші орынды Оразалы Досбосынов пен Ермек Жұматаев бөлісті. Ал, ақтоғайлық және бір талант Бағдат Мүбарәкұлы «Көрермен көзайымы» сыйлығына ие болды. Балқаш қаласының әкімі Қасымхан Ахметов келген қонақтар-дың барлығына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Қазылар ал-қасының мүшелеріне, ақын-жазушылардың иығына шапан жапты.

— Айтыстың бас демеушісі «Алматы-Кұрылыс» холдинг компа-ниясының жетекшісі, республикалық «Жарылғап» қорының президенті Аманкелді Ермегияев жиналған халыққа былай деп өз жүрек жарды лебізін жеткізді.

—      Жұмыс бабымен кеше ғана Ақтаудан Алматыға ұшып келдім. Міне, шаршасақ та дем алмай, жүрегімді ұстап сіздердің ортала-рыңызға келдім. Бірлік бар жерде тірлік бар. Қаһарлы оқ патша екі адамға кешірім жасаған. Біреуі Шәміл шешен, екіншісі Ағыбай батыр. Ақжолтай Ағыбай бабамыздың аруағы баршамызды қол-дап қорғап жатсын. Кейбіреулер айтады, бұл Аманкелді ақшасын сыйдыра алмай жүр ма деп. Олай емес, өнерді мәдениетті біз бол-масақ, кім қолдайды. Қалтасы қалың кәсіпкерлер осы Балқашта да жетерлік, оларға да үлгі-өнеге болсын. Мәдениетті, өнерді, халықты қолдау керек. Мен осы өңірдің перзентімін. Арқада тудым, Алтайда өсіп, өндім. Мағауия Хамзин ағамызбен жақсы сыйластым, қарым-қатынаста болдық. Сол жақсы ағамыздың атын-дағы Мәдениет сарайында тұрғаныма, табалдырығын аттағаныма шын бақытты сезініп тұрмын. Шындығын айтайын, ата-бабам-ның жері Ақшатау, Қарабұлақ елді мекені «Өзім Жарылғап батырдың алтыншы ұрпағымын. Қан тартады. Осында отырған ақ жау-лықты аналар, ақсақалдар, іні-қарындастар түтіндеріңіз әмсе түзу шықсын, сау-саламат болып тұрыңыздар».

Жиналған жұрт қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровты ду қол шапалақпен саханаға алып шықты. Қала әкімі Қ.Ахметов Тоқтарға бұрынғы батыр бабаларымыздың қалқанын, шашақты найзасын сыйға тартты. Тоқаң да іркілген жоқ.

—      Бұл сыйлықтарыңызға рахмет. Мен осы сыйлықты халықтың атынан адал досым, Шығыс Қазақстаңда туса да, Қарағандыда ат жалын тартып, азамат болған, бүгінде облысты басқарып отырған Камалтин Ескендірүлы Мұхамеджановқа тапсыруға рұхсат етіңіздер деді.

Ғарышкер сөзін сабақтады.

—      Менің кіндік қаным осы жерде тамған. Еліміз аман болсын, Ағыбай батырдың тойы баянды болсын. Әмсе жақсы тойда, ыстық ықыласта кездесуге жазсын!

Облыстық маслихаттың атшысы Қасымбек Медиев өз ойын былай деп жеткізді.

—      Осы Ағыбай батыр тойын өткізерде біз көп әңгімелестік. Сонда мынандай ой келді. Оны облыс әкімі К.Мұхамеджанов іле қол-дап әкетті, неге біз Ағыбай батыр тойын көмірлі Қарағанды қала-сында бастап, оны Балқаш қаласында жалғастырмасқа. Балқаш үлкен шаңырақ. Мысы Лондон биржасында сапалылығымен тіркелген. Ойып тұрып орын алған. Міне, орталарыңызда тұрмыз. Мына залдан кешегі бірге қызмет жасаған замандастарымды көріп отырмын. Жасы 90-нан асқан Зікірия Көпбаев ақсақалды көріп отырмын. Балқаштың маңайы ауыл шаруашылығы саласына жатады. Келесі жылы оны ел болып өркендетуге кірісеміз. Ақындар айтысынан бұл мәселе де сырт қалған жоқ. Сондай-ақ «тас түскен жеріне ауыр» деген, Балқаш кен металлургия комбинатының директоры Махмұт Қасланұлы Әліпбергеновке, қала әкімі Қасымхан Қаскенұлы Ахметовке, айтыстың бас демеушісі болған бауырым Аманкелді Ермегияевқа шын жүректен облыс әкімі атынан, облыстық мәслихаттың атынан алғысымды айтамын.

«Келген қонақ табаққа емес, қабаққа қарайды» деген. Балқаштықтардың қонақжай көңіліне, ыстық ілтипатына ие болған Ақжолтай Ағыбай батырдың тойына келген меймандар кешкісін Шет ауданына қарай бет алды. Түрік ағайындар салған қасқа жол халықты Ағыбай батыр рухымен сабақтастырып, Шет ауданында болатын ұлттық ойындарға қарай асықтырды. Батыр тойы 7 қыркүйек күні ертелете сабақты инедей Шет ауда-нынының орталығы Ақсу-Аюлыда жалғасты.

2002 жыл.

КОНАҚТАРДЫҢ ЛЕБІЗІ

Серік ҚҰСАНБАЕВ айтыскер ақын:

—      Балқашта бұрын болған едік. Дегенмен бұл жолы қаланы асықпай араладық. Көлдің үстіне шығарды. Қалаға кіре берістегі көше Ағыбай батырдың атымен аталады екен. Басшылар бір мек-тепке батыр есімін береміз дегенді де айтып қалды. Балқаштың халқы өнерді сүйеді екен, риза болдық.

Абаш КӘКЕНОВ айтыскер ақын:

—      Облыс әкімі Камалтин Мұхамеджанов Ағыбай батырға ескерткіш белгі қоятын митингіде тебірене сөйледі. Балқаш пен Өскемен тағдырлас, біз бұл қаланы орыстанып кеткен деп ойлаушы едік. Сөйтсек, нағыз қазақы пейіл-ықылас осы жерде екенғой.

Артистердің киімін «нұр-әсем» ұлттық мәдени орталығы тігіпті. Қандай жарасымды.

Айнур ТҰРСЫНБАЕВА айтыскер ақын:

—      Мен Балқаштан Күләштің сіңлілерін көргендей болып қайт-тым. Ақтоғай ауданының атақты «Тоқырауын толқыны» ансамблі өнерінің өзі неге тұрады. Семейдің қызымын, Жамбылға келін бо-лып түстім. Балқаш маған қатты ұнады. Көкпен

ӘМІРБЕКОВ — сықақшы:

— Балқаштықтардың айтысқа, өнерге деген ықыласы ерекше болды. Тіпті ауыздарына сөз салып беріп отырды десек асыра айтқандық емес. Көңіл күйлері көтеріңкі. Қонақжай қаладан қимас-тықпен аттанып барамыз. Қасымхан Ахметов, Махмұт Қасланұлы Әліпбергенов сияқты басшылары бар. Іскер, аққөңіл жігіт екені көрініп тұр.

Сағынбай МҰҚАТАЙҰЛЫ:

«ӘКЕМ МЕНІ ҚАЙЫРЫМДЫ БОЛУҒА ҮЙРЕТТІ»

Сағынбай Мұқатайұлы Медеубаев Приозерск қаласының әкімі, жақсының тұяғы. Әке-асқар тау. Бір жолыққа-нымызда Өткен кезеңді еске алып, әкесі жайлы сыр шерткені бар еді.

—Шежіре бойынша біздің ең үлкен бабаларымыз ағайынды Жарылғап, Жарылқаған. Жарылқағаннан ұрпақ жоқ. Жарылғаптан біз тараймыз. Ата мекеніміз қазіргі «Красная поляна» Тінетей деген жер. Қыстауымыз әлі күнге дейін тұр. Жарылғап бабамыз қайтыс болғаннан кейін Сағаның тұсынан бейіт көтерді. Аумақты, сәулетті болса керек, ол кейіннен Байтам деп атап кеткен жұртшылық. Сайран әкімшілігі де Байтамның атында. Байтам атында байыту фаб-рикасы, шинзауыты болған. Үлкен әкеміз Жұмабек, одан Хасен туады. Хасеннен Омар, Сүлеймен, Біләлтарайды. Медеубайдан Мұқатай, Серікбайдан Мұқан ағай туады. Елкен атты ағамыз Ортауда тұрады. Омар 1909 жылы туған, көпжасады, 1993 жылы қайтыс болды. Бәйбішесі бар, Приозерск қаласында тұрады.

— Ұлы нағашымыз Қаракесек Қояныштытағай. Атап өтері-наға-шымыз Есбай ауқатты болған деседі. Осы Есбайдың асына 1500 жылқы сойылған. Оған Ағыбай батыр қатысқан, үш жүздің адам-дары шақырылған. Өзбекстан, Қырғызстаннан қонақтар келген. Үлкен ас ретінде тарихқа жазылған.

Ол кісінің Күнбөпе деген қызы болған. Сол Күнбөпе атақты Араб батырмен Көкшетауға қашып кеткен ғой, оны сол жақта сұрша-қыз деп атаған деседі. Әйгілі «Сұршақыз» әні Араб батырдікі де-ген жорамал бар. Ол өзі сонымен қоса әнші, ақын, сері болған.

— Хасеннен тараған ұрпақ жайлы айтсақ. Омар әкеміз қарапайым өмір сүрген. Сүлеймен өжет болған екен. Орыстар баяу-баяу қоныстанып, өрісін кеңейтіп жүргенде Сүлекең жер үшін талай шайқасып, ата-баба аруағына деген өзінің сүйіспеншілігін өзгертпепті. Шындығында туған жерің алтын бесік. Ал, оны бәз біреулер алаңсыз әкесі тастап кеткен мұрадай темденіп жатса неге намыс отын үрлемеске. Ол кісі 1959 жылы, мен 1 сыныпқа барған кезде қайтыс болды, әлі есімде, ұл бала қалған жоқ соңында. Бір қызы болған. Бір жорыққа шыққанда жасырып бейітке тастап кеткен екен әлгі қызды. Сонда қорықпай 3 күн түнепті. Ол қыз да қайтыс болыпты. Бәйбішесі Ырысалды-Хантаудікі, солжақтағы атақты бір бидің немересі екен.

— Біләлден — Сағынтай деген ұл болды. Ол қазіргі заманның қарақшылар қолынан қаза тапты. Гуля-Приозерскіде. Басқа қыз-дары Маржанкөлде тұрады. Бәйбішесі Қанипа қызық кісі болатын, аңқау. 1932-33 ашаршылық жылдары өзіне, бала-шағасына тиесілі азық-түлікті ала алмай 2-3 күн жүрген ғой, себебі атасының атын атауға ар-ұяты жібермеген. Тамақ үлестірушілер фамилиясын сұрайды, ол кісі айтпайды. Содан бір үлкен кісі кездесіп «Әруақ кешіреді, жөніңді айт, аштан өлесіңдер ме енді» — дейді ғой. Содан кейін үлкен атасының атын айтқан екен.

Бұл әулет жөнінде жазушы К.Жүністегінің кітабында деректер келтірілген.

—  Біздің әкей екі үйленген. Үлкен шешеміз Жәмилә, өзі құда түсіп, ұлын үйлендіреді. Үлкен атамыз жақтырмаса да алланың жазуымен жағдай осылай болады. Ол шешемізден 2 бала бар, Қозыкен, Жақан атты. Шешеміз Қаракесек руынан болса керек. Ақылбек деген кісінің ұрпақтары. Өздері кең тараған әулет, ел бас-қарып отырғандары да баршылық. Президент әкімшілігі аппарат басшысы С.Қалмырзаев сол шешей ұрпағы жағынан күйеу бала-лары болып келеді.

— Қозыкен ағамыз құрылысшы болып еңбек етті, абыройлы болды. Жақан марқұм КГБ-да бір бөлімді басқарды, полковник. Екі жыл болды Теміртау қаласында. Жақан ағамыздың атында дәстүрлі волейбол жарысы өтіп келеді. Жақан екеуі шебер волей-болшы болған ғой. Ағамызды облыс әкімі Камалтин Мұхамеджа-нов та біледі екен. Ол кісі бұл жарысты бұдан былай облыстың деңгейінде өткеруге ұйытқы болмақ ойы бар. Бүкіл әулет болып Кәмекеңе рахметімізді айтамыз. Алла, ниетін қабыл етсін.

— Енді өз нағашы жұртыма келейін. Шешеміз Кәукіш-Тоқа елінен. Ата-мекендері Жеңіс елді мекенінің маңайы, Бозкөл, Дәрия, сұлу Мәдине ауылдары.

—Әкейдің досы Кәменді бәріміз жақсы көрдік. Бала күнінен бірге өскен, түйедей құрдас еді. Биыл қыста қайтыс болды. Елде қыстаулары тұр. Әлсен деген кісінің баласы еді. Сонау ертеде Қарағандыда саудамен айналысқан, алғашқы кәсіпкер десе де болады осы өңірдегі. Амангелді Құнанбаев есімді ақсақал болды, соғысқа қатысқан. Өзі 17 әйел алған, оның ішінде әр ұлттың өкілдері бар, еврей, латыш қызына дейін алған. Шет ауданының алғашқы бас иманы болды. Қазір ол қызметті немересіне берді.

— Мен Шет ауданын басқарып жүргенде қызық оқиға болды. Сол әкеміз жасы 60-қа келген кемпірге ғашық болады. Маған қай-та-қайта айтады, «жеткіз, тауып бер сол кемпірді» — деп. Содан қойшы жолықтырдық-ау. Бір кезде кемпір «жасыңыз нешеде» де-генде байқамай шындығын айтып қалған «жасым 75-те» деп. Ана кісі әңгімені көпке созбады. Еліңе қайта бер деген сыңай танытты. Өзі аңшы, сауықшыл жан болатын.

— Әкеміз Мұқатай Ортауда 1981 жылы 18 қаңтарда қайтыс болғанына 20 жыл, туғанына 90 жыл толды. Әкей Ортауда бұрын да қызмет істеген. Негізгі Спасск маңында тұрдық, ол жерді әскерилер алып, жаттығу жасай бастады, содан ел үдіре көшті. Әкеміз ферма басқарушысы болды, сол жерде зейнетке шықты.

— Мен ол кезде райкомда ұйымдастыру бөлімнің меңгерушісі едім, Ақадыр ауданында. Үлкенім Дәурен Мүқатаев ата-ананың қолында, мен Дәуренді олардың көзінше сүймедім, немерелерін көрді.

— 1941 жылы басқарма кезі. Ел аралап келе жатса, бейіт ішінен түтін шығады. Бұрылады: сөйтсе түр-түстері бүзылған, азған, шаршаған адамдар екен. Соғыстан қашып жүргендер екен, іле әкейді ортаға алады. Біреу пышақ жұмсауға әрекеттеніп жатады. Соңда әлгілердің ішінен әкемді танитын біреу шығып жан таласа, қорғап қалуға ұмтылады. Аналарды әкейге жібермейді.

«Бұл кісі осыдан сәл-ақ бұрын маған осындай-осындай қайы-рым етіп еді, жақсылық жасаған, танып тұрмын. Бізді сатпайды, айтпайды, сеніңдер» — деп әкемді құтқарып қалады. Сол өңірдің адамдары ғой.

—      Әкей айтып отыратын «Қолыңнан келгенше адамдарға жақ-сылық жаса, қайырымды бол, көмектес, одан зиян шекпейсің, мейлі, ол адам сені түсінбей қетсе де, басқадан, құдайдан қайта-ды. Мені бейіт ішіндегі қашқандардан ана кісіге жасаған жақсы-лығым аман алып қалды. Әйтпесе өлтіріп тастайды» — деп.

—      Шет ауданындағы «Нұраталдыда бір ағамыз Ботай Байбақов болды. Малшы еді, қарапайым, Данқ орденінің толық иегері, Қызыл Ту орденін алған, соғыста жүріп. Жөні түзу үйі де болған жоқ. Үй салып бергіздім. Машина да алған жоқ. Басқа біреу болса, «батырмын» деп апшымызды қуырар еді. Қарапайым қоңыр күйінде өмір сүрді.

—Үлкенім Дәурен Балқаштағы қаржы полициясында қызмет жасайды. Ілия студент, одан Марат есімді немерем бар. Айнұр Алматыда оқуда, Лаура 11 сыныпты бітіріп отыр.

—      Әкеме өмір бойы қарыздармын. Ол мені дұрыс жолға салып, түзу бағдар берді деп ойлаймын. Қайырымды, мейірімді, адам-дарға құрметпен қарауды үйретті. Осы тәрбие, өнеге, ақыл кеңесі әрдайым мені тығырықтан, көлденең келген кедергілерден алып шығып келеді. Адамдарға жақын тұрамын.

Бәлкім, «әке көрген оқ жонар», деген осы болар, жатқан жерің жарық болсын, жан әке!

2001 жыл.

СІЗДЕРДІ САҒЫНАМЫН, АҒАЛАР

Қасиетті Ақтоғай Топырағы өңірінде небір тамаша ұл-қыздар дүниеге келіп, халықтың қалаулысы болып, жүрегінде сақталып қалды. Сондай қадірлі ұлдардың бірі — Әбдірахман Қаукенов. Ол 1908 жылы Ақтоғай ауданында туған. Әкеден жастай қалған Әбдірахманның жігерлі, қайсар, алдына қойған мақсатына жет-пей тынбайтындығы ерте есейтті. Анасының тәрбиесінде болып, енді ананың ақ сүтін ақтауға ұмтылады. Түн ұйқысын төрт бөлген асыл ана, сенен қадірлі балаға, сенен жақын кім бар екен, бұл дүниеде. Жоқшылық дәмі, ержетіп азамат болса да таңдайынан кете қойған жоқ. Бәлкім, сондықтан болар, Әбдірахман аса мейірімді, қамқор мінезімен ел ортасында еркін жүрді. 1926-1927 жылдары ауылдағы бастауыш мектепті бітіріп, 1929 жылы ауылдық кеңесте хатшы болып істейді. Алғашқы бетте-ақ өзінің іскерлігі жағынан көзге түсіп, тиянақты болады. Ол кезде сауатты, қабілетті жастардың бар болмысын ашып көрсетуге мүмкіндігі бола бермейді. Жалын жігер құм болды ғой. Оны енді айтып жүрміз. Өмір алға жылжи берді. Әбдірахман 1932 жылдары Қоңырат аудандық партия комитетінде іс басқарушы болып істейді. Берілген тапсырманы мүлтіксіз орындау — азаматтық қасиет. Бұл қасиет Әбдірахманның бойынан үнемі табылды. Партия оны сенімді сарбазы ретінде таныды. Сондықтан әр учаскеде белсенді іс-қимыл танытып, ел игілігін еселеу жолында мандай терін сарп етті. 30-шы жылдардағы колхоз шаруашылығын ұйымдастыруда, саяси тәрбие жумыстарын жүргізуде игілікті іс тындырды. 1933 жылдары Ә.Кәкенов Қоңырат аудандық халық соты болып тағайындалады. Ал, 1935 жылы Қарқаралы аудандық халық соты қызметіне тұрып, бұл жұмысты абыройлы атқарады. Мемлекеттік, азаматтық меншікті сақтауда бар ниетімен беріле жұмыс істейді. Бұдан кейін Қарағанды облыстық сотына ауыстырылады. 1937 жылы Балқаш қаласына келіп, жауапты қызметтер атқарады. Соғыс... Денеңді түршіктірер суық сөз. Әбдірахмен соғыс бас-талғанда қолына қару алып, майданға аттанады. 1944 жылы Ива-нов қаласындағы саяси соғыс учаскесін бітіріп, офицер шенін апа-ды. Майдан даласында партия ұйымдастырушысы болады. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталған соң бейбіт өмірге белсене араласады. Орден, медальдармен марапатталады. Қарқаралы облыстық сотта қызмет атқарып, 1948 жылы Бал-қаш қаласына жіберіледі. Сөйтіп, қаладағы 3-ші учаскелік халық сотының судьясы болып, қызмет істейді. Өндірістен қол үзбей жүріп арнайы заң оқуын бітіреді. Ол 1960 жылдардың ортасына дейін Балқаш қаласында сот болып, өзінің туған елінің алдындағы борышын адал өтеді. Халқына еңбегі сіңген азаматтың есімін есте қалдыру үшін әзірше ештеңе жасалынған жоқ. Жоғарыдағы қысқаша жүріп өткен өмір жолын баяндадық. Ғұмыры үлкен бір әңгіме, дастанға арқау боларлық өнеге. Ол келешектің ісі. Олай болса, қаладағы сот үйіне ескерткіш белгі қойып, немесе атына көше берілсе оңды болар еді. Балқашта 30 жылдай қызмет етіп, оның 20 жылын сот орнында өткізуі асқан қажырлылық деп ұққан жөн.

Аяулы аға жайында айтпағымыз осы еді.

Табиғи болмысы, сөзі, әні күйі де бойына жарасқан Қабылбек Рамазанов ағамды бір қалада тұрсақ та жүздесуге ынтызар бо-лып тұрамын. Ешкімді кемсіткім келмейді. Бірақ, мен үшін Қабыл-бек ағамыздың орны тым бөлек. Ынтазар болсам да, сәлем бере іздеп баруым да сирек. Салиқалы бас қосу болса, топтың ішінен іздейтінім бар. Көзіме ыстық көрінеді-ау. Әне, тұр нарқасқам. Маңғаз. Кейінгі кезде көз жанары ептеп сыр бере бастады.

— Ассалаумағалейкум аға!

— Әлейкүміссалам! Орашпысың?

Мені өмірде журналист, ақын ағам Үмітай Жармағанбетов, заңгер досым Өмірсерік Қожабаев, журналист, — қадірлестерім Амантай Есмағанбетов, Марат Құнарбековтар Ораш дейтін. Сосын 70-тен асқан осы Қабылбек ағам еркелетеді. Қабылбек ағамыздың адамгершілік қасиеті көпке мәлім. «Басқаға болсын» — дейтін аяулы жан. Ол кісінің өткен-кеткенді қағазға түсірудегі ізденісі, молырақ білетіндігі ғажап-ақ. Әңгімесі де жетеді. Дастан, өлеңдері қаншама, әттең басын қосып, шығарса жас ұрпақ үшін керемет қазына болары аян. Балқаштың, өзінің туып өскен Ақтоғай, Тоқырауын бойы, ондағы ертедегі өмір тынысы жайлы жазғандары әжептеуір жазушының жүгін көтеріп тұр. Әкесі алаш көсемі Әлиханның атқосшысы болған. Жасы жүзден аса қайтыс болды. Мен ойлаймын. Қабылбек ағамыз әу баста қалам өнерін қуғанда, ендігі мәртебесі биік жазушы болып отырар еді. Әйтпесе, талантты сахна саңлағы болар еді. Өнерге өлер-дей ғашық. Ақтоғай-Жезқазған, Балқаштағы газеттерде көп әңгіме, новеллалары шықты. Бәрін жұртшылық жылы қабылдады. Іздеп жүріп оқыды. «Ер қодыға» дастаны батырлар жырының үлгісімен жазылған. Ойлы, қиюы келісті, тартымды. Жеңгеміз біраз жыл болды, бақилық. Балаларының ортасында ақыл кеңесін беріп, шаттығы шалқыған шаңырақта жүріп жатыр. Көп жылғы жинап жүріп жазғанын топтастырып, кітап етіп басты-руға дайындап қойды. Әзірше, «рухани байлық қой, халықтың қажетіне жаратайық», деген ешкім көрінбейді.

— Қал қалай Ораш, — дейді Қабылбек ағам.

— Шүкір, бір қалыпты аға, деймін.

— Аман жүр. Сені тәңірге тапсырдым, — дейді ағам. Жүрекке жылы не деген жақсы сөз, жақсы тілеу еді.

— Бар болыңыз, жаны жайдары, жүрегі кең жақса аға!

— Ақтоғайдың есеп-қисабын бір кісідей білетін маманның бірі Мәкәрім Нұржігітұлы. Бүгінде жасы 80-ді алқымдап қалған Мәкәрім ақсақал ауданның түкпір-түпкірінде абыройлы еңбек етіп, жүрген, қаншама жастарды тәрбиелеп шығарды. Бәрі де есеп-қисаптың жаңылмас мамандары болып шықты. Ол кезде домалақ тастары сарт-сұрт соғылатын есепшот сәнге айналған. Қазір ғой

түймелі есепшотқа көшкенбіз. Есеп қызметкерлері кеңседе көк түтінді бұрқыратып түннің бір уақытына дейін отыратын. Есепшоттың тастары сарт-сұрт... Мәкең ақсақал есеп саласында табан аудармай 50 жылға жуық қызмет етті. Бала кезінде жер жыртты, шөп шапты, орақ орды.

—      Бір қиын кезең еді ғой. Біздің балалық шағымыз сол зұлмат-пен қатар келді. Үлкендер майданда, әйел-аналар еңбек даласын-да, біз де соның ішіндеміз. Соғысқа арнаймыз бар еңбегімізді. Ал, енді мына тәуелсіздікті ақ құстай аялап ұстау керек. Жастар-дың бойына Отансүйгіштік қасиетті сіңіре білулерің керек, — деп, еді Мәкең ақсақал сөз арасында.

1924 жылы Желтау тауының Сардоңғал жерінде туған Мәкең еңбек жолын 1940 жылы бастайды. Сол жылы Ақтұмсық колхозын-да есепшілікке орналасады. Бұдан былай бүкіл саналы ғұмыры есеп-қисапқа арналды. 1950 жылдан 1960 жылға дейін Ақтоғай аудандық қаржы бөлімін басқарады. Мемлекеттік кірістің, салық-тың және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайыңдайтын орындарға жетекшілік етеді. Ал, 1972 жылдан 1986 жылғадейін зейнеткерлікке шыққанша «Қаратал» совхозында бас бухгалтер болып қызмет атқарады. Толып жатқан мемлекеттік марапаттары бар. Ақтоғай ауданының құрметті азаматы. Өнегелі ісін өзі тәрбиелеген шәкірттері жалғастырып келеді. — Біз Мәкеңнің шекпенінен шықтық қой, — дейді белгілі экономист Амантай Қалымбергенұлы.

—      Ғұмырлы болыңыз жақсы аға!

«Қаратал» совхозында техниканы ұршықша иіріп, бес аспап ма-ман болған жандардың бірі — Райымхан Қарашолақов ағамыз еді. Ол алғашқы МТС құрылысына белсене араласып, шаруашылық-тың өркендеуіне қолтаңбасын қалдырды. Соғыстың сойқанынан қаусап тұрған ауылды, шаруашылықты көтеру оңай болған жоқ. Бұрын техникаға онша көз үйрете қоймаған жұртшылыққа тасба-қаша жорғалаған жылан бауыр тракторларды көру соңдай таңсық болатын. Сол техниканың тұтқасын ұстап, өзінен кейінгілерді баулыған осы Райымхан аға еді. Өмірінің соңына дейін халқына адал қызмет етті, егіс, тракторшылар бригадасына жетекшілік жасады. Қажымайтын, қолға алған ісін тиянақтағанша бел шешіп отырмайтын. Кішкене қорапша келген радио қабылдағышын жанынан тастамайды. Дәнеш ән айтқанда дамылдай қалады.

—      Шіркін Дәнештің салған әндері-ай дейді.

Сөйтсе өз көкірегі де іштей ән салып тұрады екен ғой. Дауы-сын сыртқа анда-санда ғана шығаратын, асыл аға! Бір күні «тауға жылқыға барамыз» — деді маған. Мен оқушымын, Рахаңның үйінде жатып оқимын. Көгілдір көктем. Шіркін, біздің ауылдың табиғаты-ай. Жылдың қай мезгілінде болмасын тамаша ғой. Ақсораңның иығына бұйра бұлттар асылып, баяу қозғалады. Мен ұзақ қарадым бұлттарға.

—      Көктем бұлтсыз болмайды, қарағым, — деді Рахаң. Жылқы ішіндегі көк биесі құлындапты. Ағам қатты қуанып, сұлу

мүсінді құлынды ұзақ сипады.

— Бұл Теңліктің қөлыны ғой, — дейді ағам шаттана.

— Көктің жұпар иісі мұрнымызға келеді. Таудан кеңілді қайттық. Ауылға барған сайын Райымхан ағаның үйіне бас сұғамын.

Теңлік інім, Жанат келінім құрақ ұшып қарсы алады, сары қымызды сапырады.
Көк биенің тұқымы әлі бар екен, тәуба!

Жас кезімізде екі аяқты мотоциклімен ауыл-ауылдың үстімен дала кезіп аралап жүрген ағаны жиі көруші едік. Өмір заңы ғой. Біз де есейдік. Ат жалын тартып, азамат болып дегендей. Кейіннен сол ағамен қоян-қолтық араласып, рухани інісі болып кеттік. Ол — Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, әйгілі суретші, енер жанашыры, академик Әлкей Марғұланның дос інісі Аманқұл Мұса-тайұлы. Аман ағаңмен Ақтоғайда «Арқа енбеккері» газетінде қыз-мет істегенде етене сырласа түстім. Құшағы кең, сездің әділін айтады. «Ағадан ақыл, ініден ізет» дегендей алдын кесе өткен жоқпыз. Кезінде ұстазым, тамаша журналист Смағұл Ибраев, «Әл Фарабиді біздің академияға жібер» деген тартымды мақала жаз-ған тын. Редакциядағы жас журналистер жапа-тармағай оқып шықтық. «Ой, керемет, біздің Аман ағаң, күнде көріп жүрген Аманқұл Мұсатайұлы Әлкей Марғұланмен дос екен ғой. Ғажап, сөйтсек, Аман ағаң Фарабидің суретін салыпты. Іле кемеңгер Әле-кең майлы бояуды академияға сұратқан ғой. Мақала осы мәселе төңірегінде. Аманағаң шежіре, шешіліп сөйлеп кетсе біразға, дейін көсіледі. Ол керемет жанкүйер, футбол десе ішкен асын жерге қояды. Ақто-ғайда Гриша деген етікші армян жігіт болды. Екеуі бәстесіп, «Қай-рат» «Арарат» футбол командалары арасындағы ойынды көру үшін Алматыға тартып кеткен ғой. Шарт белгілі, кімнің командасы жеңілсе, айыбын мейрамхана арқылы жуады. «Қайрат» жеңіп суретші Аман ағаң етікші Гришаның біраз апшысын қуырса керек.

—      Бірде, — дейді Аман ағаң, — Әлкең Қарқаралы жағында Ақши деген жерде қыстақ барын айтты. Онда суретті таңбалы тас, ескі самауырын бар екен. Соны тауып мұражайға жібер, — деп — тап-сырма берді. Аяулы ағаның аманатын екі еткем жоқ. Орындадым. Өзім Ақтоғай өңіріндегі жәдігерлерді жинастырып мұражай аш-тым. Бәрі Ақтоғайдың байлық қазынасы болып есептеледі.

Тағы бірде Әлекең, — әй Аманқұл сен, Қаракесек бабамыздың суретін салсаңшы. Бейнесін Шоқан Уалихановты салғаныңдай еркіндіріп сал, жарай ма? — деді. Бабамызды асыл ағаның тіршілігінде сала алмадым. 1996 жылы бәйбішем ауырып, Жезқазған қаласындағы ауруханаға түсті. Сол қалада жүргенімде түсіме Әлкей Марғұлан аға кірді.

—      Аманқұл жаныңа Қаракесек бабаң келіп тұр, — Әлекең. Алакөл-еңкелеу, сонда да анық көрдім, бейнені. Түсімді сол жердегі қызметте жүрген талантты бауырым Қайырбек Сәдуақа-совқа айттым. Есімде жоқ, елде әйтеуір бір сайлау науқаны жүріп жатқан болатын. Көп кешікпей түсіме кірген бейне Болатқожа-Қарақесекті майлы бояумен салып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жібердік. Елбасынан Қаракесектің суретін алдым. Мұражайымда тұр, — деген ризашылық хаты келді.

Бұл күнде Балқаш қаласындағы тарихи өлкетану мұражайында Аман ағаның жүзден аса жұмысы қойылған. Халық жылы қабылдады. Қала әкімі Қасымхан Ахметовке риза. Жағдай жасады, пәтер бергізді. Сөйтіп, Аман аға көкше теңіздің жағасынан бірақ шықты. Сонда да арқа даласын аңсап тұрады. Әлсін-әлсін Ақтоғайға тартып кетеді. Бауыр басқан даласын сағынады да!

Әсте, туған жердің сағынышына ештеңе жетпейді ғой...

Мен де туған ауылдың тау даласын, өзен-суын, тау тасын, орман-тоғайын құстар үнін сағынып жүремін. Сағыныш деген жақ-сы ғой. Сағынбайтын да жүректер бола ма екен? Ай, — қайдам. Кіндік қаның тамған жерді сағынбау мүмкін емес шығар?! 1976 жылдың жайдары жазы. Жазғы еңбек науқаны қызып тұрған шақ. Аудандық газеттің редакциясына Тұрсынбек ағамыз келді. Бала кезімнен білемін. Жақын жездеміз. Ақкөңіл, бауырмал, шындықты бетке айтады. Мұндайда біреуге жағасың, біреуге жақпайсың. Азаматтығы биік, өзім дегенге өзегін үзіп береді.

—      Қуаныш бөлімшесіндегі қой қырқу пункітінде бір топ жастар еңбек етіп жатыр. Күзде комсомол-жастар бригадасын құрмақ ойлары бар. Соларға қолдау көрсету керек-деп редакторға кіріп шықты.

Басшымыз Қасжан Ақеділов жомарт жанды жайсаң еді. Шіркін сондай адамдар көп болса ғой. Іссапарға мені жіберді. Ол кезде тілшілердің жолға жиі шығатын кезі. Тұрсекең «Урал» мотоциклімен келіпті. Редакцияның алдында тұр.

—      Кім барса да ала кетейін деп келдім. Маңдайыма балдызым сен бұйырдың — ғой деп әзілге басады.

Дала жолымен зулап келеміз. Ұзаған соң дөңестеу жерге тоқ-тады. Кеудесін кере дем алды. Ыстық жаз, таулы дала. Анау жер-де «Қаракең айрығы» тұр.

—      Оралбек, біз көп уақыт сырт жерде болдық. Әкем елді са-ғындым деген соң 60-шыжылдардың ортасында көшіпкелдік- Әй, туған жерге ештеңе жетпейді екен. Ән-жыр, сағыныштан туады. Баз-базда қолыма қалам аламын. Мына далада жусан иіскеп, жер басып жүргенге не жетсін, — деп «Уралға» қайыра от алдырды.

Жүйткіген «Урал» үстіндегі көзім көрген дала келбеті әлі де жанымда. Тұрсыкең ағайды да ойға аламын. Репортаж газетке шықты. Ішінде «Қыз келсе ауылыңа, қызық келер» деген тақырып-ша бар-тұғын.

—      Мынауың рас, ауылға думан келді, жазғаныңа рахмет деп-маған, редакторға, жігіттерге ризашылығын білдіріп кетті. Газеттің штаттан тыс бөлім меңгерушісі әр тақырыпта мақалалар жазады. Сүйсіне оқимыз.

Содан бері қаншама жылдар өтті. Тұрсынбек ағамыз бүкіл Қара-кесек, Сарым руының шежіресін жинастырып жарыққа шығарды. Ара-арасында татымды-татымды дерек, әңгіме естеліктері бар. Баға жетпес қазына-соңғы ұрпаққа ауадай қажет, танымды дүние. Бабалардың шежіресін білмеген ұрпақтан қандай тектілік күтесің. Тұрсекең осыны ұқты. Еліне жазып берді, бауырларым ұғып ал, — деді.Кейінгі үлкен шежірені Аманкелді Смағұлов інісімен бірлесіп жазды. Ол ағамыз Шеттегі ағайындардың басын қосты. Екеуі тізе қоса қимылдады. Халықтан алғыс алды. «Алғыс алған—арымас» деген ғой. Тұрсыкең Мәкен екеуі балаларымен бақытын тапқан жан. Өрісі кең пейілдері даладай дархан. Биыл ауылда жусан қалың шығыпты. Тұрсыкең ағамыз құмары қанғанша жусан иіскеп, таудың таза ауасын жұтып жүрген шығар. Осыған тәубе, дейік! Киіз үйдің ішінен асқақ ән естіледі. Қоңыр кешті жазғы жайлау. Шілдехана тойы. Жан-жақтан жиналғандар дөңгелек столда жағалай жайғасқан. Үлкендер жағы әншіге ризашылығын білдіреді. Желпіндіріп қояды. «Пау, шіркін! Шырқа, өркенің өссін, — дейді қосақталған дауыстар. Біржанның «Адасқағы», Естайдың «Қор-ланы» тындаушыларды елжіретіп, әншінің терең иірімді даусы балқытып, баурап барады. Асқақ үнді әнші халық әндерін бірінен соң бірін шырқады.

— Әнші Оралтай келіпті. Ән салып отырған сол көрінеді, — деп үйге сыймағандар есік жабуынан сығалайды.

Әңгімеге арқау етіп отырғанымыз керемет әнші Оралтай Сүлейменов. Ақтоғайдың біртуар азаматы. Киелі топырақ Оралтайды ұшырды. Ол болса өнерімен қадірлі, Ақтоғайының атын алысқа әкетті. Өзі заң қызметкері, өнерді жанына мәңгілік серік еткен. Кезінде Ақтоғайдың халық театрында тамаша бейнелерді сомдады. Саханадағы ойыны бөлек. Ешкімге ұқсамайды. Талантты ақын інісі С.Ақсұңқарұлы «Асқақ әннің перісі» деп ағасына арнап ғажап эссе жазды. Тағдыр кейде қатал да, өмірлік жары Саягүл жеңгемізді осыдан екі жарым жыл бұрын жер қойнына берді. Үлкені Жанар да кетті бақиға. Парасаттылықпен көтерді, мойымады. Өзі беріп, өзі алған алла ісіне болаттай берік болды. Қызы Сәуле облыстық сотта үлкен қызметте. Немересі Әлішерді аялайды. Тағы бір немересі Әйгерім келешегінен мол үміт күттіретін музыкант. Астанадағы Айман Мұсаходжаеваның академиясында оқиды. ...Арқа сүйер Ақтоғайын сағынды. Орекең қолы боста «Волга-сына» отырып, елді бетке алады. Нұрға толы, әнге толы дархан жүрек қалайша туған жеріне іңкәр болмасын! Қасиетті Ақтоғайдың Қарасуынан қазақтың екі талантты ұлы қанаттанып ұшты. Бірі ақын-журналист Абзал Бөкен, екіншісі суретші Қырым Қасенқанұлы Алтынбеков. Ақындық алланың берген несібесі, ол екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейді. Абзалдың терең ойға құрылған өлеңдері жыр сүйер қауымды алғашқы бетте-ақ, бей-жай қалдыра алмады. Абзал-талант, мұны ірі әдеби орта, ауызы дуалы сыншылар мойындады. Мойындады да, оқырмандарға Абзал жайлы жылы пікірлерін ашық жеткізді. Бүгінде Алматы қаласында тұратын ақын сегіз жыр жинағының иесі. Иесі болғанда қандай. Қазақтың қай төрінде бол-масын ойып тұрып ортасынан орын алатын қадірлі, ел құрметтер азаматы. Өнерін бұлдап, тілемсектеніп көрген жоқ. Қайта қолын-да болса елге бергісі келіп тұрады. Соңғы «Шың мен шыңырау» таңдамалы жинағын өнер, мәдениет отау дарына, өзі оқыған мектептеріне тегін таратты. Ақын шабыт құшағында. Жұп-жұмыр жылы жырыңыз оқырман жүрегіне жете берсін, Абзал ақын! Қырым Қасенқанұлы Алматы өнер училищесін кезіндегі Бүкілодақтық Ғылыми зерттеу институтын қалпына келтіру маман-дығы бойынша бітірген. Санк-Петербургте эрмитажда жұмыс істеді. Петербор және Екатерин сарайын қалпына келтіруе қатыс-ты. «Қаз музей» реставрация ғылыми зерттеу институтында жұмыс істеді. Оның қолтаңбасы Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінде жарқы-рап тұр. Қырым ескі дүниелерді қалпына келтіруде, сақтап қалуда айтарлықтай еңбек сіңіріп келеді.

— Барел қорғанындағы қабірлерді ашар алдында сонда жер-ленген аруақтардан кешірім сұрадым. Әрине, мазасын алғаным үшін. «Мен мұнда тонаушы, не қорлаушы ретінде келгенім жоқ. Мен сенің шөбере-шөпшегіңе сенім, тілхат, ақпарат таратуға келдім, — дейді, — Қырым өз жұмысы жайында — Барелден тапқанымыз бүкіл еліміздің өткендегі тарихи ескерткіші іспеттес.

Қырым Президент сарайында, ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде тұрған алтын адамның реконструкциясының авторы. Ұлы түрік қағанатының штандартын жасады. Оны бабалары — Бөкейхановтардың әулетіне арнады. Қырым бүгін де Алматы қаласында тұрады. Шығармашылық шабытты шағында. Әйгілі Нарманбет ақынның мазары Қарасуда, осы ауылдың маңында тұр. Екі талантқа да арқалы ақынның аруағы жар болсын демекпіз.

СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ ӘНІ

Алтынбеков Қасенхан 1919 жылы туған. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген соң, Алматыдағы пед-техникумға оқуға түседі. 1941 жылы соғысқа аттанып, 5 жыл бойы жаумен айқасып, жеңіс күнін Прага қаласында қарсы алады. Жеңістен соң шығыстағы жапон-монғол соғысына қатысып 1947 жылы елге оралады. Бірнеше орден, медальдар, алғыстар алады. Елге аман-есен оралған Қасенхан 53 жыл ағарту сала-сында қызмет етті. 30 жыл мектеп директоры болады. Бо-лашақ ұрпақ тәрбиелей отырып, білім беруде елеулі істер атқарады. 2 қыз, 4 ұл тәрбиелеп өсіреді. Мәңгілік ештеңе жоқ. Қасенхан Алтынбеков 1992 жылы 14 қыркүйек күні дүниеден қайтты. Қазақы биязы мінез, бекзат болмыс Қасенхан Алтынбеков ағамыздың бойына жарасымды болатын. Бірде соғыста болған шағын көріністі әңгімелеп берген-тін. Оның өзі академик Сақтаған Бәйішевтің хатынан туындаған-тын.

— Мен, — деп бастады әңгімесін Қасенхан аға — 1941 жылы Ал-матыда жасақталған 100 атқыштар бригадасы құрамында болып, Москва қаласына жақын Молодой Тут ауданында алғашқы рет со-ғысқа қатыстым. Өліспей беріспейтін уақытта біздің бөліміміз неміс әскерлерінің шабуылдын тойтарып көп шақырым кері шегіндіріп, Молодой Тут аудан орталығын босатты. Осы соғыста штаб байланысшысы болып батальонмен екі арадағы үзіліп қал-ған телефон сымын қалпына келтіруге бара жатып, үшеуіміз телефон сымын жалғадық. Осы жолы штаб бұйрықтарын тыңдап отыр-ған 5 неміс байланысшыларының үшеуін өлтіріп, екеуін тірідей қолға түсірдік. Қыс кезі еді, олардың тоңып, сәйлеуге шамасы кел-мей қалыпты.

Бұдан кейінгі ірі шайқас Великие Луки қаласы түбінде болды. Бригада командирі ауыр жараланғандықтан команданы өз қолына алған бригада соғыс комиссары, қазіргі академик Сақтаған Бәйішев. «Лениншіл жас» газетінің 5 сәуір 1974 жылғы № 68 санындағы «Жастарға, майдандастарға бұрынғы жауынгердің хаты» деген мақаласында мен туралы былай депті... «мұнда кейбір рет-терде ұрыс, бетпе-бет, жекпе-жек шайқасуға дейін барды. Сондай өліспей беріспейтіндей айқастың бірінде штаб байланысшы-сы Қ.Алтынбеков менің көз алдымда бірнеше немістермен бейне бір арыстандай алысып, бір неміс офицерін етпетінен түсіріп, бүкіл қару-жарағын, планшетін, әскери картасын тартып алып, табыс еткені менің әлі есімде...» деген еді. Иә, содан бері де көп уақыт болды. Мен С. Бәйішевтіңтірі екенін кейінде ғана біліп, хабарластым. Ол кісі мені ұмытпағанын айтып І.ІX. 1974 жылғы хатында былай дейді. (хаттан үзінді). ...«Сізді, сіздің совет адамына лайық ерлігіңізді Великие Луки түбіндегі қанды соғыс кезінен бастап білетінмін. Әсіресе штаб алдындағы төбеде болған шайқастағы Сіздің батылдығыңыз «Отан үшін» деп айқай салғанымда алдымен көтеріліп, өзіңе қарсы келе жатқан неміс офицерін қалпақтай ұшырып, қолындағы қару жа-рақтарын, автоматын, планшетін маған бергеніңіз әлі есімде».

Бұл бір ғана кішкене соғыс эпизоды еді.

Егер сол жерде, сол төбенің басында өзіңіз сияқты штаб төңірегіндегі істейтін жігіттер ерлік көрсетпесе, шабуылға шық-қан неміс жаяу әскерлерінің бетін қайтармаса, біздің штабтың қалы өте қиын болатын еді. Бүкіл шатабтың қирап, қолға түсіп қалуы ғажап емес еді. Сол төбе үстіндегі немістермен қолма-қол айқасу шындығын-да біздің құрамның сол күнгі түндегі тағдырын шешті. Сондықтан да бұл шайқас ешуақытта есімнен шығуға тиіс емес. Сол шайқас-тан соң Сізді талай рет сұрап, іздестірдім. Бұл жайында капитан Молдашевқа, рота командиріне әлденеше тапсырма бергенім бар. Бірақ, ол кезде онымнан ештеңе шықпады. Сіз жараланып басқа жерге, бөлімдерге ауысып кетіпсіз. Ол кезде немістердің шабуылды үсті-үстіне боратып жатқан болатын. Көрдіңіздер ме, ол жайында Сізде алған орден бар ма деп сұрарсыздар. Ешнәрсе де алғаным жоқ. Сұрапыл соғыста орден, атақ иә, тірі қалу деген ешкімнің ойына кіріп те шықпайтын да, және ұсынып жатуға штабтағылардың мүмкіндігі болмады ғой деймін. Сол соғыстан кейін мені іздегенін Бәйішев бүгін де өзі айтқан соң біліп отырмын. Ол кезде мен жараланып кеткендіктен қайдан білейін, бірақ, көп іздегені тегін емес қой. Батыста 7 танк корпусы құрамында болып, 9 май, 1945 жылы Прага қаласында аяқтап, шығыста Забайкалье фронтында жапон-дарды талқандауға қатысып, Порт-Артур қаласында соғысты та-мамдадым. Мазасыз қанша күн, қанша түн өтті. Қанша жерді жаяу шарладым, онда есеп жоқ.Осылай бола тұрса да Жеңіспен аман-есен туған елге, жерге оралғанымды шын бақыттылық санаймын. Екі рет «За отвагу» медалімен наградталдым. Бейбіт еңбекте де абыройсыз емеспін. «Халық ағарту қызметкерінің озаты» значогын, Қазақстан Орталық Комитетінің Мақтау грамотасымен марапатталдым. Мен болған 100 атқыштар бригадасында Ертай Ерназаровтың баласы Мырзади Ерназарович болды. Ол осы соғыста қаза тапты. 1943 ж. 5.1. Совет Одағының батыры М.Мәметова да болды. Бірақ, ол кезде сүйікті қарындастың Совет Одағының батыры болатынын кім біліпті. Бригада құрамы көп қой, көбінесе мен штабтан әрбір батальон, рота дивизияларға жиі барып тұруыма тура келетіндіктен білетінмін. Көп уақыт бұрын «Арқа еңбеккері» газетінде менің «Төбе үстіндегі айқас» деген мақалам да жарық көрген болатын.

— Енді қарғыс атқан соғысты кейінгі жастар көрмесе екен деймін деп — әңгімесін аяқтады.

Ардақты ағаның ұрпақтарын көрген сайын осы кездесу есіме түседі. Соғыстың соңғы әніндей болып естіледі.

АЛШЫКЕҢ МЕН ШАЙЗА

Ақтоғай өңірінде аты шулы азаматтар көп. Бәрі де туған хал-қымен қоян-қолтық араласып, судай сіңіп, тастай батты. Жақсы істерімен және өнегелі, үлгілі, тәрбиелі мінезімен елінің есінде қал-ды. Солардың бірі-Алшынбек Кенжебекұлы. Алшыкеңнің маман-дығы, оқытушы әрі құрлысшы. Ең алғашқы еңбек жолын Семей облысының Қайнар елді мекенінде бастаған. Сол ауылда мектеп директоры болған. 1973 жылы қайнарлықтар Алшыкеңді осы мектептің 50 жылдығына байланысты алғашқы директордың бірі ретінде салтанатты мерекеге шақырған. Алшыкең 1960 жылы Ұлы октябрь колхозының қазіргі Шабанбай би ауылы басқарма төрағасы болды. Менің туған ағам Мағұз сол кісінің орынбасары. Бала болсақ та есте қалды. Шекесінде сұп-сұлу киіктің бейнесі қасқайып түрған көк «Волга» ауылға жиі келетін. Маңғаз аға сол «Волгадан» түсіп жатады, күтуші ел үйме-жүйме сәлем беруге асығатын. Одан кейін ауыл шаруашылығының әр саласында абыройлы еңбек етті. Зейнетке шыққанша «Ақтоғай» совхозында құрылыс инженері болды. Ақтоғайдағы әдемі-әдемі қүрылыстарда Алшыкеңнің қолтаңбасы жарқырап тұр. Алшыкең табиғатынан ақын, домбырашы, әнші еді. Тағы бала кезіміз, мектепте оқимыз, шопандар тойы. «Қаратал» совхозы атынан Алшыкең айтысады. Есімізде қалды, сол айтыстағы көріністер. Көрші совхоздың ақыны да азулы сияқты болып көрінеді. Бәрібір біздің ауылдың ақыны әлді секілді. Өткір-өткір сөздерді естіген сайын жұртшылық қол соғады. Біздің ауылда «Бесбатыр» деген атақты су қоймасы бар. Көктемде, жазда аққулар қонады. Кейде адамдар үркітсе де ұзақ жүреді, шағын көлді мекен етіп. Тоғызбай егістік алқабы бар. Сонау шеті Қарқа-ралы тауларымен шектеседі. Бесбатыр, Қызыладыр, Тоғызбайым, Сыйғызған совхозыңның егінжайын — деп төкпелейді Ал-шыкең. Ол кезде ақын айтыстың сөзін жазады. Даусы жақсы әншілігі барлар әуелете айтады. Алшыкең Ақтоғай төңірегіне белгілі Зияда Елеубеков, Қасымхан Қаленов, Амантай Тойшыке-новтермен сөз сайысына түскен. Ақындар, озаттарды, еңбекті дәріптейді. Мерғазы Алшыкеңнің ортаншы ұлдарының бірі. Өнерді жанына серік еткен, ақындығы бар, сайысқа түсіп жүр.

— Жақсы әке балаға қырық жыл азық. Қай жерге барсам да «Алшыкеңнің ұлы екенсің ғой»—деп құрмет көрсетіп жатады. Әкем Ақтоғайда «Ақ ерке» әнін әкеп насихаттатаған. Домыбыраны қоңыр бұрап, әнді баяулата салатын. Айтысқа түскендегі қолжаз-балары бар, арнау өлеңдері бар. Домбыра шертісі Манарбек ағайға ұқсайды, күйді шебер орындайды. Атақты күйші Аққыз апай, Мағауия Хамзин, Әшімбек күйшілер үйде сан рет болды. Сол асыл ағалардың өнерін бір кісідей насихаттады. Балқашқа кел-генде Мағауия ақсақал маңдайымнан иіскеп, — қайран Алшыкең жігіттің марқасқасы еді — ғой деген-тін. Бойымды мақтаныш сезімі биледі сонда. Әкей той-думаннан көркі саятшылықты жақсы көретін. Қонақжай еді.

— Қонақ басынбай тұрғанда үй иесі 1—2 стопканы «қызыл қай-қаңнан» асырып жіберу керек деп әзілдейтін. Шахматты ойнауды ұнататын. Сол кездегі кеңседе шахмат ойнау дәстүр екен. Әкей жастарды баулып, бірнешеуін үйретіп шығарыпты. Қазір «Сарытерек» ауылында жыл сайын мамыр айында әкейдің атына шах-мат жарысы өткізіледі. Аудан, ауыл басшыларына рахмет. Алла, сәтін салса 2004 жылы әкейдің 90 жылдығын атап өту ойда бар дейді Мерғазы.

Алшыкең екі рет бас құраған. Алғашқы жолдасы Бикен ертерек қайтыс болыпты. Ол кісіден үш бала көріпті. Жомарт, Сағаты кейінгі жылдары дүние салды. Ләззаты өз алдына балалы-шаға-лы. Кейінгі зайыбы Шайза, яғни, Мерғазылардың анасы. Шайза атақты Спан палуанның Биғайша деген қызынан туады, көшкін еліне жиен.

—Алланың жазуымен Алшыкеңе жар болдым. Үш баланың үстіне еріккеннен келді дейсіңдер ме? Ағаларыңның әніне, өнеріне ғашық болдым. Оның үстіне аз тараған қамбарды көбейтейін - деген ғой деп әзілдейді Шайза шешей.

Сөйтіп, Алшыкең 15 баланың әкесі, Шайза апайдан 12 бала көрді. Тіл көзден сақтасын, бәрі де өз алдарына отау тігіп, түтін түтетіп отыр.

— Шайза анамыз үш рет дүниеге егіз сәби әкелген. Мұны ба-сында аса жария еткен жоқпыз. Қазақтың ырымы ғой. Алғашқы егіздер Ерғазы-Серғазы —1966 жылы туған. 1968 жылы жалқы қыз Сайлаукүл дүниеге келеді. 1970 жылы бір қыз бір ұл, яғни, Жібек-Тілек туады. Ал 1973 жылы егіз қыз Күлзия-Нұрзияны көреді — дейді полиция қызметкері болып істейтін Беғазы. Анамыз ауылда, өзі 1936 жылы туған. Тілді, шешен, әнші, қазақи емшілік қасиеті бар.

Алшыкең мен Шайзаның балаларының бәрі жан-жақта тату-тәтті ұйымшылдық, сыйластықпен өмір сүріп жатыр. Балалары-ның бәрі өнерлі, алайда соңына шыңдап түскен ешкім жоқ. Мерғазы ғана айтыскер ақын, тамаша салиқалы асаба. Асабалықтың да өнер екенін ескерсек, Мерғазы халқының ортасында еркелеп жүр. Абыройлы, қадірлі. Дәулет, Қарлығаш, Талғаттары да Алшыкеңнің атына кір келтірмей нық келеді. Өнерлі, ұлтжанды Алшыкеңнен он екі бала көріп, оның ішінде үш рет егіз сәби әкелген алтын құсақты ана Шайза апай жайында айтпағымыз қысқаша осы еді. Әр баланың шыр етіп дүниеге келген бетте маңдайына жазған несібесі болады ғой.

Барлық игілікті істеріңе алла жар болсын, Алшыкеңнің ұрпақтары!

БАС ДӘРІГЕРДІҢ КЕМЕЛ ШАҒЫ

Адамды бір кергеннен жан дүниесін байқап, ішкі сырына үні-ле білу қиын процесс. Дегенмен, аузын ашса көмекейі көрінетін жандар болады. Өткең жылдың, көгілдір көктемі еді. Бүкіл иісі қазақ алпыс жылдан кейін ортамызға оралған Наурыз мейрамын еткізуге дай-ындалып жатқан-тын. Қасиетті, киелі ата-баба мұрасын жас ұрпақ түгілі қазіргі орта буынға жаңғыртып көрсетудің езіндік қиыншылықтары да кездесті. Ұмыт бола бастаған салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты қаз-қалпында көрсету оңайға түспеді. Сондай сәттің бірін-де «қалалық тазалық сауықтыру мекемесінде Наурыз өткізіледі», — деген хабарға елең ете қалғанбыз. ... Бәрі де ойдағыдай өтті. Көктем шуағы көңілді көтере түскен. Наурыз мейрамында көп қызықты көріп, кеңілге түйдік. Оны ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіріп жатырмыз. Мекеме бастығы, яғни бас дәрігер Елжетті Құсайынұлы Мұхамедияровты сонда алғаш рет жолықтырдық. Аңқылдаған аққөңіл, үлкенге де, кішіге де мейіріммен қарайтын жігіт ағасы сырын бүкпесіз жеткізуде. Әлгіде «аузын ашса, көмекейі көрінеді», деген ұлағатты сөз осыдан кейін есімізге түсе кетті.

—      Қуанышымыз көл-көсір, қазақ атамыз не деген ғұлама. Әр дәстүрдің өн бойы тұнып тұрған үлгі, өнеге ғой. Тіліміз, дініміз — біздің, рухани байлығымыз. Енді көз жазып қалмасақ жарар еді. Зиялы азаматтардың алдында ұланғайыр міндеттер тұр. Жас ұрпақ соларға қарап бой түзейді, — деген еді ол.

Сол Елжекең жуырда Қазақ ССР-інің Құрмет Грамотасымен марапатталды. Бұл-сыйлық емес. Отыз жылға жуық денсаулық сақтау саласында үздіксіз қызмет еткен маман еңбегінің лайық-ты бағаланғаны деп ұққанбыз. Осындай ой жетегімен жолығуға асықтық.

—  Елжеке, заман ағысы өзгеріп жатыр ғой. Алайда адамның бүкіл болмысын, көзқарасын сақтап қалатын күш оның азамат-тық келбеті емес пе? Сіздің де еңбегіңіз коллектив арқылы ажа-рын аша түсті. Олай болса, коллектив өмірімен сабақтастыра отырып, әңгімені өрбітсек. Кешегіні, бүгінгіні салыстырсақ несі айып.

— Мұның да дұрыс. Біздің мекеме негізінен «аурудың алдын ал», — дегендей сақтандыру бағытында жұмыс жасайды. Ең бас-ты байлығымыз-адамдардың денсаулығы. Оның ішінде жұқпалы ауруды болдырмау негізгі міндет.

Бұрын осы отырған үйіміз шап-шағын болатын. Жұмыс жасауға қолайсыз, тар. Бір күні жігіттермен ақылдаса келе өз күшімізбен кеңейтуге, қабырғасын көтеруге ұйғардық. Әрине, құрылыс материалдарын табу, шаруаны үйлестіру табандылықты қажет етті. Шүкір, қазір жаман емес, еңселі. Жеке-жеке бөлмелер бар. Әр қызметкердің толық мүмкіндігімен жұмыс жасауына жағдай туғы-зылды. Көптеген бөлімдер ашылды. Лабораторияда кез келген анализдер алынады. Ауаны, шуды, магнит өрісін өзіміз анықтай береміз. Бұрын баклаборатория қала шетінде болатын. Қазір бір орынға шоғырландырылды. Өткен уақыт адам ғұмырын саралайтын, не бітірдің, туған еліңе не бердің дейтін әділ төреші ғой. Отыз жыл осы мамандық бой-ынша қызмет жасап келемін. Өзің айтқандай заман ағысы өзгеріп жатыр. Қазір жаңа приборлар, аппараттар алынған. Осы өңірдегі радиацияны тексереміз, оның нормасын анықтаймыз. Адамдар-дың денсаулығына зиянды заттар баршылық. Тіпті құрылыс ма-териалдарында кездеседі. Қалалық Советі атқару комитеті жергілікті бюджет қорынан 17 мың сомға электронды-есептеу машинасын сатып әперді. Мұнымен барлық анализді анықтай ала-мыз. Алдын-ала қанша дәрежеде ауру шығатындығын болжаймыз. Соның көбісі дәл келіп жатады. Несін жасырайық, осыдан жиырма жыл бұрын қызылша, көкжөтел, сал аурулары кездесетін. Одан арылдық, іш сүзегі азай-ды. Бізде аухат бөлімі бар. Бөлім тікелей 260 орынды бақылауға алған. Балалар тағамдарының сапасын тексереміз. Әр науқанның өз ерекшелігі бар. Кейінгі кезде оқу орында-рын, балабақшаны қысқа дайындау мүлде әлсіреп кетті. Күрделі және ағымдағы жөндеу сапасыз жүргізіледі. Осы қыстың ішінде бірнеше балабақшаны жабуға тура келді. Ақшалай айып салына-ды, тиісті басшылық тәртіпке шақырады. Дегенмен, әрбір меке-ме жетекшісі, қоғамдық ұйымдар халық қызметшісі екенін естен шығармауы керек қой. Кейде денсаулығы нашар, дәрігерлік байқаудан өтпеген адамды жұмысқа алып жатады. Бұған да қарсылық көрсетуге тура келеді. Біз жұқпалы аурудың анализін анықтағаннан кейін сол адамды өз транспортымызбен ауруханаға жеткіземіз. Бүгінде экологиялық апат адам денсаулығын төмендетті. Тексерудің нәтижесінде ауадағы шаңтозаң газ, тұрмыстағы жағдай, тамақ, оның үстіне қоршаған ортаның ластануы ауру тарататындығы анықталған. Мына іргедегі бірлестіктің, мұржасынан күкіртқышқыл газы көптеп жіберілуде, азайтуға мүмкіндік болмай отыр. Мұржалардың сүзгіші ескірген, кейбіреулері жанып кеткен. Жоспарды орындау керек, ол мемлекеттік талап. Алайда, адам ғұмырын құрметтеу керек шығар. Көлдің жағдайы да онша болмай тұр. Салдыр-салақтықтың салдарынан пайдаланылған су канализациялары жарылып жатыр. Одан аққан су көлге құйылады. Мұның бәрше шын қожайындық жанашырлық сезіммен қараған дұрыс болар еді. Шындығын айтсам, қоршаған ортаны сақтау, оны ластаушылармен күрес жүйелі емес.

—Мекемедегі кадр мәселін тоқталсаңыз? Бізде көп жылдар бойы еңбек сіңірген дәрігерлер баршылық. Оларға әрдайым ілтипатпен қараймыз. Жастар да өсіп келеді. Алтынбеков, Сивун, Сәтбекова, Терлікбаев, Иванов, Жомартова сияқты мамандарымыз өз ісіне мығым, қадірлі.

Бас дәрігермен сұхбатымыз осымен тәмамдалған. Ұйымшыл коллективтің табысы іскер басшыға байланысты екені белгілі. Ал Елжетті Құсайынұлы Мұхамедияров Қарағанды медициналық ин-ститутын бітіргеннен бері үнемі халықтың арасында жүр. Еңбек жолын 1961 жылы Ақтоғай ауданында бастады. Онда 1973 жылға дейін аудандық тазалық сауықтыру мекемесінің бас дәрігері болып қызмет жасады. Сол жылдан бері осы орында коллективімен коян-қолтық араласып, абыройлы еңбек етіп келеді. Осында алдыңғы қатарлы тәжірибені насихаттау мектебі жұмыс жасайды. Өткен жылдың қыркүйек айында жұқпалы аурулармен күрес жөнінде республикалық кеңес осы мекеменің базасында өткізілді. Коллектив 1989 жылы облысаралық жарыста бірінші орынды жеңіп алып, Құрмет тақтасына жазылды. Ал 1981 жылы республи-калық ауыспалы Қызыл туды иемденді. Әрине, коллективтің осындай табысқа жетуі ондағы әрбір маманның жүрегіне мақтаныш сезімдерін ұялататыны сөзсіз. Елжетті Құсайынұлы Мұхамедияров жоғары категориялы дәрігер, ССРО Денсаулық сақтау саласының үздігі, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Медицина қызметкерлері облыс-тық кәсіподақтар одағының мүшесі. Осыңдайда өткен қоңыр күздегі бір оқиға еске оралып отыр. Металургттердің мәдениет сарайына жиналғандардың мақсаты қалалық «Қазақ тілі» қоғамын құру болатын. Мінбеге Е. Мұхаме-дияров көтерілді.

— Қайта құруға рахмет, өшкеніміз жанды. Қазақпыз деп кеуде соғып жүргенде тілімізден айырылып қала жаздаппыз ғой. Ал тіл дегеніміз бір ұлттың бүкіл тарихы, шежіресі емес пе? Тілін жоғалтқан ел қалай күн көреді? Әдет-ғұрпымыз тіл арқылы дами-ды емес пе. Елдің іргесі сөгілмесін, оның бірлігін, татулығын сақ-тайтын менімше, тек тіл ғана. Ал қазақ тілінің қоғамдағы ролін жоғарлатпасақ от басындағы әңгіменің қажеті жоқ. Мекемедегі жиналыс, хабарландыру, телеграммалар, басқа да толып жатқан шаралар қазақ тілінде өтпесе, жазылмаса ойға алған шаруаның бәрі жүзеге асады деп есептемеңіздер. Мемлекеттік мәртебе алған қазақ тілі орыс тілімен қатар тұрсын. Тіл туралы Заң осыны талап етіп отыр. Ісімізге сәт,— деген-тін.

Елуден асып, алпыстың асқарына нық қадаммен келе жатқан азамат, әм бас дәрігерге кемел шағыңыз құтты болсын, шаңқай түсіңізді бұлт шалмасын деген игі тілегімізді білдірдік.

ТУҒАН ЖЕРГЕ ІҢКӘРЛІК

Амантай Қалымбергенұлы Балқаш қаласындағы эконо-мика құқық колледжінің директоры. Өз бастамасымен осы оқу орнын ашып, бүгінде білікті мамандар даярлап шығуда, оқытуда өзіндік дәстүрі қалыптаса бастаған ұжымға айналды.

— Қысқаша өмір жолыңызға шолу жасай отырып, әңгімені өрбітсек.

— Біздікі де ел қатарлы ғой. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын агроном-экономист мамандығы бойын-ша бітіріп шықтым. Еңбек жолымды сол кездегі Ақтоғай ауданы-ның «Айыртас» совхозында экономист болып бастадым. 1973 жыл-дың аяғында жаңадан ашылған Приозерный ауданы ауыл шаруашылығы басқармасына жоспарлау экономика бөлімінің бастығы болып келдім. Көп кешікпей партияның ХХІІ съезі атындағы совхозға директорлыққа жіберілдім. Жезқазған облысы агроөндірістік кешені төрағасының экономика жөніндегі орынбасары болдым.

Тағдыр деген қызық қой. Кейбіреулер қызметке орналасқан жас маман кезінде қиқар мінезді адамдарға тап болғанын айтып отырады. Менің бағыма адамгершілігі жоғары, тәжірибесі бай іскер адамдар кездесті. Олар: Мәкәрім Нұржігітов, Насыр Болбақов, Жаңабек Қойлыбаев, Ғалым Ыбраев, Алдаш Қасымбеков, Әдіғай Мәкенбаев, Үметбай Сүлейменовтер. Алматыдағы тәуелсіз «Центр аудит Қазақстан» компаниясының директоры, атақты ғалым, экономика ғылымының докторы Владимир Константинович Радостовецтің қарамағында маман бо-лып істедім. Ол да өз алдына бір мектеп. Марқұм 40-тан аса оқулық жазған болатын. Қазақстан есеп-қисабының атасы, негізін қалаған ғалым болатын. Кейінгі жылдары Балқаш қаласы қаржы бақылау бөлімінің бас-тығы болған жылдары, енеркәсіпті орындардың, ұжымдардың тынысы, оның есеп-қисабымен айналысуға тура келді. Балқаш кен металлургия комбинаты, «Балқашқұрылыс», «Балқашгеология», «Балқашнан», «Балқашбалық» сияқты осы маңдағы ірі ендіріс салаларымен жете таныса түстім. Білгеннің артығы жоқ қой. Елімізде экономикалық реформа басталды. Меншікті мемле-кет иелігінен алу, шауашылықтарды жекешелендіру жүргізілді. Совхоздар таратылды.ауылдың ажары кете бастады. Жастар қалаға тартты. Ата жұртта зейнеткерлер, шал-шақандар қалды. Жекешелендіру кезіндегі берекесіздік, сауатсыздық жағдайға алып келді. Бұл уақыт жұрт нарық дегенге, реформа дегенге үрей-мен қарайтын кез болатын. Қолдан жасалған сайда саны, құмда ізі жоқ фермерлер көбейді. -Банк арқылы жұмыс істеу, несие алуда ауылдағы ағайындарды әуре-сарсаңға салатын осы тұс емес пе?

— Дұрыс айтасыз. Орталық-қыстақ — аудан-банк... Міне, осы жолда талайы шашылды. Малды аяусыз айырбасқа салды. Банкідегі шенеуліктер оларды маңына жолатпады. Кепілге қоятын ештеңелері жоқ. Үлеске алған мүліктің біреуі өз атында, біреуі ба-ласының атында. Еш жерде тіркелмеген бірдеңелер. Жерге актісі болуы шарт, ол да жоқ. Несие аспанда, шаруа жерде, үміттен көрі үрейі көп аласапыран басталды.

Дәл осы кезеңде көп жылғы жиған-тергенді кәдеге жаратып, бір оқу орнын ашу ойға оралды. Басында консультациялық пункт ашқым келді. Қарағандыдағы экономика-құқық колледжіне бас сұқтым. Директоры Сансызбай Шалабаев мырза екен. Пікірлестік, сәлден соң телефон тұтқасын алып ар жағындағы біреумен сөйлесті. Сөйтті де маған-консультациялық пункт олқылау, одан да ірілеуін ашу керек, деді. Келістік. Сөйтіп Қазақстан Ресей гу-манитарлық университетінің ректоры Зейнолла Молдахметовтың алдынан бір-ақ шықтық. Бұрын қайда істегенімді, немен шұғылдан-ғанымды ректор мырза егжей-тегжейлі сұрады.

—      Қолыңнан келе ме, — деп төтесінен бір-ақ қойды академик ағамыз.

— Келеді, — дедім.

— Бар айтқаны, — адал істеу керек — болды.

Сөйтіп, экономика құқық колледжінің Балқаш филиалын ұйымдастыру басталды. Бұл 1999 жылдың шілде айының басы бола-тын. Қолда дап-дайын ештеңе жоқ. Есесіне жолдас, таныстар бар. Көмектесіп жіберді. Парта тақта, стол, орындық, оқулықтар іздеу... Тынымсыз тіршілік басталды. Сол жылы 1 қазанда сабақты бастадық. Бастапқыда екі мамандық бойынша-экономист, бух-галтер дайындадық. Кейіннен заңгерлікті қостық. Бірден сапта-сып кете қоймады. Мұндайда бәсекелестер де қарап жатпайды ғой. Прокуратура, салық инспекциясы бізді көбірек зерттеді. Ал-ғашқыда 64 бала бітірді. Бәрі де мамандықтары бойынша жұмыс-қа орналасты. Енді жан-жақты маркетингтік зерттеулер басталды. Оқу білім рыногына бейімделдік. Көп ұзамай 2001 жылдың мамыр айында өз алдымызға Балқаш экономика құқық колледжі болып заңды тұлға мәртебесін алдық. ҚР білім және ғылым Министрлігінің лицензиясы берілді. Аймақтық проблемаларды байқастап, қосым-ша мамандықтар ашуға бет бұрдық. Бұл күнде балық инспекто-ры, фермер, менеджер дайындаймыз. Осы төңірекке аса қажетті мамандықтар. Сол жылы 250 бала қабылдадық. 2002 жылы 98 студент болашақ маман болып, қолдарына диплом алды. 6 студент қызыл дипломмен бітірді. Колледж қазақ ұлттық аграрлық Университетімен, Талғар агро-бизнес және менеджмент колледжімен, Алматыдағы тәуелсіз Центраудит-Қазақстан аудиторлық компаниясымен, Қазақ Балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтымен байланыс жасайды. Оқу бағдарламалары мемлекеттік стандартқа сай жасалған. Кол-леджде тәжірибелі ұстаздар дәріс береді. Бай кітапхана қоры қыз-мет жасайды. Студенттер ағылшын тілін оқып, компьютер меңгереді. Болашақ мамандар жыл сайын қаладағы заң орында-рында, істеп тұрған кәсіпорындарда теориялық білімін практика-мен ұштастырады. Күндізгі бөлімге түсіп оқитындар міндетті әске-ри қызметке шақырылмайды. Студенттерге асхана, дәрігерлік пункт, жатахқана қызмет көрсетеді. Студенттердің бос уақытын өткізу де назардан тыс қалмаған. Әдеби кештер, диспуттар, дөңгелек столдар, ғылыми сайыстар жиі өтеді. Колледжде 30 адамнан тұратын көркем өнер ұжымы бар, оған Қ.Қожамбаев бас-шылық етеді. Қала оқу орындарының арасында өткен «Наурыз-2002» байқауында ұжым бірінші орын алды. Қазір ауыл шаруашылығына арнайы бағдарламалар жасалып, оны қалпына келтіру, мал мен егін өсіру қолға алынбақ. Бұл орта арнаулы кәсіби білімі бар маман менеджерлердің ғана қолынан келеді. Колледжді бітірген мамандар есеп-қисапты, қаржыны тиімді пайдалануды, бизнес жоспарды жасау, несие алу, кепілдеме қоюды, салық, бухгалтерлік есеп, жермен жұмыс жасауды меңгереді. Енді ауылға керегі де осыларды меңгерген мамандар. Өз келешегін ауылмен байланыстырам деушілерге есігіміз ашық. Оқу ақысын аударуға, бөліп төлеуге рұхсат етіледі. Қызметкерлер Т.Балғынбаева, А.Қалымбергенов, А.Ноғаева, Ә.Өзбекова, А. Ақбаева, С. Мұхамедиевалар жемісті еңбек етіп келеді. Елге, ауылға бет бұрыс жасалды. Ауылдың тіршілігіне нәр беріп, жандандыру өз қолымызда. Әркімнің жүрегінде туған жерге деген іңкәрлік болса ауылға қол ұшын беруі керек. Қазақтың түп-тамыры ауылда.

—Әңгімеңізге көп рахмет!

АУЫЛҒА КЕРЕГІ-БІЛІКТІ МАМАН

Көп жыл шаруашылық басқарған Амантай Қалымбергенұлы үнемі уақыт ағымына, жаңалыққа, тың бастамаға үн қосып отырады. Маман ретінде айтары да көп. Мына әңгімені 2001 жылы жазып алған едік.

—      Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру науқаны аяқталғалы да жеті-сегіз жылдың жүзі болды. Біреу жіліктің май-лы басын ұстап, бәз біреулер ештеңесіз қалғаны да рас. Үлеске тиген азын-аулақ малдың түбіне айырбас (бартер) жетті. Алып К-700 бен комбайндардың біразы саудаға түсіп, оңтүстік пен солтүстік облыстарға өтіп кетті.

Басында ұжым деп айдар тағып, артынша шаруа қожалығына айналып, қыруар дүниені басып қалған пысық ағайындар да та-былды. Басқа лажы болмаған соң ұжым дүкендерінің удай бағасына зейнеткерлер де жылдам үйренді. Тепсе темір үзетін аза-маттар үлкендердің зейнетақысына қарап қалғаны да жасырын емес. «Оңтайландырудың» арқасында мектеп, «реформалар» арқа-сында аурухана, «қысқартудың» арқасында мәдени объектілер жабылып, ауыл одан сайын жүдегенін көпшілік біледі. Біраз ағай-ын қалаға қоныс аударды. Дегенмен, «көш жүре түзелер» деген-дей екі қолға жұмыс та табылып жатыр. Құдайға шүкір, егемен ел 10-ға толды. Макроэкономика тұрақтап, ілгерілеушілік те байқа-ла бастады. Шетелдік инвестициялар көбейіп, Қазақстан астығы мен мұнайын шетелдерге саудалауды игерді. Үкімет райынан қай-тып, ауылға бетін бұрды. Бәрін сырттан сатып-ақ аламын деушілер азайды. Бұл сәл шегініс қана. Ештен кеш жақсы дегендей, Парламентіміз елге, жерге, ауылға қатысы бар заңдар пакетін қабылдады. Бастылары:

—      Шаруа қожалығы туралы.

— Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы.

—      Қаржы лизингісі туралы.

—      Ауылшаруашылығы серіктестіктері және олардың қауымда-стығы (одақтастығы) туралы.

— Жер туралы.

— Астық туралы. т.б.

Елбасының шағын бизнесті, кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы-нан ауыл азаматтары хабардар. Мұнымен қоса облыс бюджетінде кәсіпкерлікті қолдауға дамытуға арзан несие бар екенін ауыл әкімдері біледі. Тек оны жарату үшін есептеулермен негіздеп, биз-нес жоспар жасап, қорғау керек. Әрине оған жоғарыдағы шенеуніктерді иландыру шаруа емес. Бір сөзбен айтқанда ауылға белді буып, жеңді түріп дегендей уақыт келді. Бірігіп жер өңдейтін серіктестіктер (МТС) астық өсірудің алғы шарты. Әрісін айтпай-ақ күні кеше Шұбартау, Айыртас, Қоңырат, Еңбек, Қызыларай кеңшарларында астық орғандар әлі ауылда. Өспейді, шықпайды деуге негіз жоқ. Шегірткеге де зауал табыл-ды. Оның үстіне биылғыдай қары мол жылы, қарманған құр қал-мас. Енді атакәсіп малың мен егініңді кәсіпке айналдыратын кез. Малды өсіру мен астық егу заңға жазылған соң, оны жүргізудің механизмі мен қаржысы бар екеніне сену керек. Тақауда ғана қабылданған Қазақстан Республикасы «астық туралы» заңының 10-шы бабы, Астық өндіру мен сатыларды мемлекеттік қолдау деп аталады. Астық өсірем деушілерге тұқым, жағар май, лизинг, зиянкестерден қорғау технологиясы, мемлекетке сату, т.б. жәйттер нақты көрсетілген. Тауар өндірушілердің басын біріктіретін ауылша-руашылығындағы серіктестіктер және олардың қауымдастығы да заң күшін алды. Көктемде егін саларда, күзде жинарда жанар-жағар май бағасын реттеуді де үкімет өз мойнына алуы, шаруа қожалықтарынан астықты сатып алу да ретке келіп қадцы. Енді жоғарыдағы заңдарды құқтық негізде істету үшін білікті мамандар керек. Қазір жұрт жоғары білімге құмар. Оның нарқына, келешегіне де ден қойып жатқаны шамалы. Не көп коммерциялық жоғары оқу орындары көп.Ертең оны бітіргендер жұмыс таба ала ма, бұл да ойланатын жәй. Дегенмен осындай аласапыран уақытта көрпесіне қарай, қаражатына орай кәсіптік білім дүрыс. Талапкер уақыты-нан ұтып, қалаған мамандығын тез игереді. Қалтасы жұқа ата-анаға да тиімді. Бүгінгі танда ауылды ажарландыру үшін керегі кәсіптік білім. Колледждерге мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындау мақса-тында жаңа бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелер жасалып жатыр. Мүның бәрі мемлекеттік стандартқа сай іске аспақ. Қарағанды экономика және заң колледжінің Балқаш филиалын биыл 69 студент бітіріп мемлекеттік үлгідегі диплом алады. Әкімдер қолдап тілек білдірушілер табылып жатса биылғы оқу жылында фермер шаруашылығы факультетін, ауыл кәсіпкері қысқа курсын ашу ойда бар. Бұл жерде мектеп, ата-ана, халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығы, жергілікті әкімдер ынталы болса проблема түбегейлі шешілмек. Кәсіптік білім кәдеге асар уақыт та жетті. Шағын бизнестің іргетасы жоғарыдан емес, төменнен басталмақ. Ауылшаруашылығы департаментінің функциясын түбірінен өзгерту керек. Кәсіпкерге шағын бизнесте жақын серіктес осы департаменттің мамандары. Елбасы айтқандай әкімдер халыққа жақындауы керек. Ол аулына келіп сәлем беріп кету ғана емес. Бүгінгі таңда оның шәйі-жұмыссыздық, еті-кедейлік, әңгіме түйіні-осыдан құтқару. Ісін осы-ған бағыттаған әкімге ауыл кез-келген уақытта қолдайды. Ауылдың бейнесін өзгертіп, қиындықтан құтқаратын жобалар да жоқ емес. Тек олар ауданның индикативті және стратегиялық жоспарынан лайықты орын алуы керек. Оның жан-жақты маркетингтік зерттеуден, әлі де болса сараптаудан өткізген артық емес. Біздің топшылауымызша Ақтоғай-Тоқырауын-Балқаш өңірінде экономикалық мағынасы бар, бизнес жобаларға мыналар жатады: Ақпарат маркетинг жүйесі қызметін ашу. Машина-технологиялық станцалар құру. Суармалы 360 га жерге күнбағыс өсіріп, сұйық май өндіру. Томат сықпасын өндіру. Дәнді дақылдар өсіру. Емдеу-туризм, демалыс орындарын ашу. Тұрмыстық қажет мекемелерін ашу. Қымыз өндіру Жел двигательдерін қою. Сүт өнімдерін шығару. Ұн тартатын диірмен қою. Көкөніс өндіру және консервілеу. Апматы-Астана жолында кемпингтер салу. Автосервиз көрсететін шағын станцалар ашу. Бизнес-инкубатор ұйымдастыру. Құс еті мен жұмыртқа өндіру. Мал азығын дайындау. Шаруашылық серіктестіктерін құру. Ауыл кәсіпкері қысқа курсын ашу. Әрине өздігінен осы істер аса береді деген пікір жоқ. Бірақ әр жобаның ең бастысы рыногі бар екені айдан анық. Уақытты озды-рып, жағдайды әрі қарай қиындатпай, кәсіпкерлер серік-тестіктерінің, олардың қауымдастығын құрса артық болмас еді. Ауданда есепте 500-ден аса қожалықтар бар. Бұл үлкен күш. Іс тетігі білікті мамандарға тіреледі. Банкімен, қаржы полициясымен, жер комитетімен, жылжымайтын мүлікті тіркеу агенттігімен, са-лық инспекциясымен, азық-түлік корпорациясымен, бизнес инку-батормен, сақтандыру фирмасымен сөйлесе алатын мамандар-дың күні туды. Құқтық мемлекет орнатып-жатқан елде заңгерлердің орны бөлек. Астанада өткен аграрлық кеңесте Елбасы қазіргі жағдайға байланысты адамдарды оқытудың бірінші атауы да тегін емес. Әңгіме басындағы келеңсіз жайлардың біразы сауатты, заңды білетін ма-мандардың тапшылығынан болғаны ақиқат. Мұнда әкімдердің де үлесі бар. Сөз түйіні ауылдың қазіргі жағдайын кәсіптік білімі бар маман менеджерлер мен сауатты заңгерлер ғана өзгерте алады. Оларды мемлекеттік стандартқа сай дайындау біздің міндетіміз. Билік басындағы ағайындардың қолдауынсыз бұл жұмыс кенжелей бермек.

АҚСОРАҢНАН ҰШҚАН МҰЗБАЛАҚ

Жандос Қожахметұлы Смағұлов Ақтоғайдан ұшқан талантты ғалымдардың бірі. Оның туып өскен жері арқадағы ең биік тау Қызыларай. Сол таудың ең биік шыңын Ақсо-раң дейді. «Тау баласы тауға қарап өседі» —деген. Білімге, өнер, әдебиетте құштарлығы да таудай болды. Біз ғылым докторына бірнеше сауал қойған едік.

— Жәке өмірдерекке көз жүгіртсек айып бола қоймас?

— Жоға, — Мен 1956 жылы 16 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы «Қаратал» совхозында туылдым. 1973 жылы орта мектепті бітірген соң Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1979 жылы бітіріп шықтым.

1980-1982 жылдар аралығында Ақтоғай ауданындағы Қазбек Нұржанов атындағы орта мектепте бір жыл мұғалім,«Жәмші» сегізжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып жұмыс жасадым. 1983 жылдан бастап ҚарМУ-дың қазақ әдебиеті кафедрасына жұмысқа ауыстым. 1983-86 жылдары аға оқытушы, 1987-1990 жыдцары — әл-Фараби атындағы Қаз МУда аспирантурада оқып, 1993 жылы «Қазақтың әдеби мұрасын игеру мәселелері 1920-30 жж.» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғадым. 1995-97 жылдары қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, факультет деканының оқу ісі жөніндегі о'рынбасары болдым. 1997-1999жылдарда Қаз-Му да доктарантурада оқып 2001 жылы «Қазақ әдебиеттану ғылымының туу және қалыптасу жылдары» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғадым. Қазіргі таңда 4 монография оқу құралдары, 50-ден астам ғылыми мақала жарияладым. 1999 жылдан филология факультеті журна-листика кафедрасының меңгерушісімін.

—Ғылым жолындағы тақырыбыңыз не жайында?

Докторлық диссертация тақырыбының негізгі зерттеу нысанасы — қазақтың ұлттық ғылыми зерттеушілік ой-пікірдің әдеби мұра-мызды тексеру барысында қалай туып, қалыптасқанын саралау. Сол арқылы қазақтың ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихын зерделеу. Бұл дегеніміз қазақ әдебиеті тарихы әдебиеті теория-сы және сыны, ұлттық әдебиеттану ғылымы саласы ретінде қалай туып, қалыптасқанын ғылыми тұрғыда зерттеу. Бізде профессор ТКәкішев «Қазақ әдебиеті сыны тарихын» ғана зерттеді. Тұтас-тай алғанда ұлттық әдебиеттану ғылымы тарихының жан-жақты тексерілуіндегі алғашқы қадам десе де болады ғой. Тіл әр ұлттың жаны ғой. Ана тіліміз жайлы көзқарасыңыз? Мемлекеттік тіл мәселесі өте күрделі, әрі жан-жақты ойланып толғануды нақты мысалдар арқылы дәлелдеуді қажет ететін өзекті де, жаңашылдық сипаты айқын проблема. Мемлекеттік тілдің деңгейі көтеріліп келе жатыр дегенімізбен, әлі деболса қол жеткізе алмай жатқан жағдайларымыз бар екені жасырын емес. "Ауруынжасырған өледі» деген бар. Осыған байланысты өз көзқа-қарасымызды ғана білдірсем: а) Республика бойынша бүкіл іс-қағаздарын тек қазақша жүргізуді қолға алу керек. Бұрын іс-қағаздарын орысшадан қазақ-шаға аударып келсек, енді керісінше болуы керек. ә) Бүкілжиналыс, мәжіліс атаулы қазақша жүргізілу керек. Син-хронды аударма керек деп талап етуі орыс тілділердің заңды бо-лып көрінуі мүмкін. Бірақ, біз кезінде сол аударманы талап еткен жоқпыз ғой. Егер қазақша сөйлеп, жазуын талап еткенде орыс тілділер жеке адам қүқығына зиян келеді десе.кеше біз қазақтар-дың да қүқығы аяққа тапталды деп есептелуі керек. б) Мемлекеттік тіл қазақ журналистикасына тікелей қатысты. Қазақ баспасөздерін көбейту мәселесі жоғарғы деңгейде үкімет тарапынан қолға алынса, қүба-қүп. Қазақ баспасөзі ғана емес, басқа да БАҚ-рында ұлттық тілдің көркемдік деңгейі сын көтермейді. Шолақ сөйлемдер, түсініксіз тіркестер, мағанасыз шешенсу, секілді кемшіліктер орыналуда. Бүл, әрине, маман журналист кадрларын дайындауда назарда ұсталуға тиісті шаралар.

— Жастардың бүгінгі әдебиет, өнерге деген қүлшынысын қай тұрғыдан бағалар едіңіз?

— Бүгінгі таңдағы жастардың өнерге, әдебиетке деген ұмтылысы бұрынғы жылдарға қарағанда төмендеп кетті. Теледидар мен видеокасетадағы көркемдік деңгей төмен сериалдар мен кино-лар рухани азық алуға ұмтылғандардың ермегіне айналды. Соның әсерінен классикалық әдебиет мұраларына ынта азайды. Арзан-қол детективтер кітап дүкендерін жаулап алды. Арзанқол деген-де бағасы емес көркемдік деңгейі сын көтермейтін дүниелер. Сол себептен де жас ұрпақтың сыншылдық, эстетикалық көзқарасы өте төмендеп кетті. Нағыз өнер туындысынан уақыт өткізуге ар-налған шығарма, кино туындыларына бейімделіп бара жатыр. Достоевский айтқандай «Әлемді сұлулық қана сақтап қалады» («Красота спасет мир»). Ендеше сол сұлулық ізгілік, инабаттылық, бар-лық жақсылық атаулыға тәрбиелейтін көркем әдебиет екенін ешқашан үмытпауға тиістіміз.

—      Салиқалы әңгімеңізге көп рахмет.

Қуат БЕКМАҒАНБЕТОВ:

«ӘР АДАМ АУҚАТТЫ БОЛСА-ІРГЕМІЗ БЕКИ ТҮСЕДІ!»

Қуат Әбікешулы Бекмағанбетов 1958 жылы Ақтоғай ауда-нына қарасты Орта Дересін ауылында туған. Қарағанды Жоғарғы милиция мектебін бітірген. Ішкі істер саласында 1979 жылдан бері істейді. Қатардағы қызметкерден Балқаш ішкі істер бөлімінің экономикалық қылмысқа қарсы бөлімінің бастығына дейінгі жолдан өтті. 1995 жылдың мамыр айынан Балқаш аймағы бойынша салық полициясының бастығы, салық полициясының подполковнигі.

Балалы-шағалы, жолдасы Тілеу — экономист.

—«Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деген. Мына қым-қуат заманның бағыт-бағдары әркімді толғандырады. Кейде түн ұйқымызды төрт бөліп, ойға берілсек, бұлдыр дүние көз алдыңа елестейді. Еңбек ақы уақытында берілмейді, зейнеткерлер тарығып жүр, жұмыссыздық өсіп барады. Сіздің де жан дүниеңізді осы мәселелер мазалайтын болар. Ажарлы көңілмен пікір алыс-қанның айыбы жоқ қой?

—Заман ағымын кінәлауға болмайды. Жаңадан ірге тасын қалап жатқан мемлекеттің бірден төрт құбыласы сай болып шыға келмейді ғой. Өмір қағидасы солай. Алдымызда ұзақ-сонаржол жатыр. Қалыптасу, танысу, іргені бүтіндеу. Экономика, әлеуметтік аяғынан қаз тұрып кету үшін бірталай ізденіс керек. Қиыншылықпен атқарылатын шаруалар шаш етектен.

Дегенмен, біржақты сары уайымға салына берудің реті келе қояр ма екен. Өтпелі кезеңнің кедергісі орнына келмей, орайы қашып тұрған тұстары баршылық. Жасыруға болмайды. Меніңше, бәрінен қымбат тәуелсіздік. Бұл түсінген жанға аузыңнан дәмі кетпейтін тәтті сөз. Оны бағалап, қастерлеп, баянды ете білуде мақсат еткен елдің болашағы, келешегі іргелі, жарқын көк жиегі шұғылалы болуға тиіс. Менің жүрегім —осылай деп соғады. Ажарлы көңілмен әңгімеге шақырып отырсыз ғой. Таза көңіл пейілмен айтар пікірім осы. Жекешелендіруді қолдаймын. Әрине, оның мүж кеткен тұстары бар. Тауар, өнім шығару ақсап жатыр. Өз мүмкіндігіміз, күш-қуатымыз жетпеген соң шетелдік қожайындар келіп, көптеген ірі өндіріс орындарын басқаруға алып жатыр. Олар да есебін біледі, өздерінің де қалтасын, пайдасын естен шығармайды. Әйтпесе, мұнда ат ізін салып несі бар. Солай дегенмен түбі шын қожайын өзіміз боламыз.Нарық — базар саудасы емес. Ол — қуатты өндіріс айталасуы, бәсекесі. Біздің еліміз осы тұрғыдан, яғни, әлемдік нарық тұғырынан көрініп, өзінің орнын ойып алатынына кәміл сенемін. Әр азамат оны түзеудің, тезірек ауқатты ақ жарылқап аманға жетудің жолына белін бекем буып шықса, иншалла,өркениеттің арасынан жолымыз күжірейіп шыға келетіні даусыз!

Әлі-ақ мандайымыз жарқырар!

—      Жақсы, қазақтың бір туар ұлы Оралхан Бөкей былай дейді: «Адамдардың жан-дүниесі қатпар-қатпар... үңіле біл, түсіне біл». Әңгімені әріден бастауымыздың сыры да осын-да жатыр. Ал, енді негізгі тақырыпқа көшейік. Салық полициясының қыр-сырын ашып берсеңіз.

—Алдындағы жүрек тебіренісінен кейін күнделікті жұмыс-жайына көшуде оңай емес екен. Дегенмен, бүгінгі салық полициясы-ның атқарар шаруасы ауқымды. Ең бастысы бюджеттік қаржыны толтыру. Неге айлық, зейнетақы дер кезінде берілмейді? Себеп — жергілікті бюджеттің жетімсіздігінен салық полициясы халыққа қызмет етеді, салық төлеуден бас тартқан немесе табысын жасырып қалғандармен сәлеміміз жараспайды.

Салық жөнінде ұқпай жатқанымыз жетерлік. Әлі де болса салық жайында үгіт-насихат мардымсыз жүргізілуде. Шетелде са-лық төлемеу намыс көрінеді. Бізде сол бұрынғы сана, одан арыла алмай жүрміз. Өзімізді енді-енді тереңдей зерттеп, мән-жайға қаныға бастаған сияқтымыз. Түбі бүкіл өндірістің тамырына қан жүгіртіп, іске қосылғанда халықтың жағдайы да түзелер, салық төленіп, мемлекет қазынысының бүйірі қампайса жұртшылықтың ауызы аққа тиеді. Сол күн кешікпей жетсе деп тілейік. Мынаған назар аударайық: біздің қандастарымыз саудаға тез икемделіп кетті. Заман ағысына ілесті деген әне сол. Есеп-қисап-ты да тізерлей отыра отыра сап, шемішкеше шағып тастайды. Қазір кәсіпкерлік ірі бизнес әлемінде мықты-мықты қандастары-мыз жүр. Қаншама жастар шетелде оқып, нарық әліппесімен су-сындайды. Соларға арқа сүйер тірегіміз. Ал, олар болса салық төлеудің бірінші кезекте тұратыны салық төлемі — халықты асыраудың қайнар көзі екенін санаға сілкініс әкеліп, жария ететін болады. Салықтан сырт айналғандарды тергейміз, жауапқа тартамыз, қылмыстың алдын алу, ашу күнделікті ісіміздің арқауы десем қателеспеймін.

— Жыл басынан бері атқарған жұмыстарыңызға тоқталсаңыз? Не тындырылды, нендей міндеттер күтіп тұр?

— Жоғарыда айттым ғой, бюджеттің толығуы салық қызметкерлерінің жан-жақты тындырымды атқарған шаруасына байланысты. Жаңа жылдан бері қарай қала бюджетіне 164 млн. теңге түсірдік. Салық төлемегендердің дүние-мүлкін тұтқындап аукцион арқылы саудаға салдық. Түскен қаржы бюджетке кетеді. Осының нәтижесінде зейнетақы қорына 57 млн. теңге түсірдік. Салық төлеуден бас тартып, жасырған фактілер анықталып, соның өзінен 15 млн. теңге мемлекет қазынасына құйылды.

Биыл біздің салық полициясы тарапынан 6 іс қозғалды.Қазіргі таңда адамдар неше түрлі айла шараға барады ғой. Мәселен, қолдан арақ жасап сатуды алайық. Бұл өзі республика көлемінде кең өріс алып кетті. Әзірше, оны тоқтата алатын күш жоқ, дәрменсіз күйде қалдық. Сол қолдан жасалған арақтан қаншама адам уланып, ауруханаға түсіп жатыр, бақилық болғандар да жетерлік. Көрдіңіз бе,біреу табыс табады, сатып алушы зиян шегеді. Арақ ішпе деп кімге тосқауыл қоя аласың. Атамыздан қал-ған астай құрметтеп, Қадыр ақын айтқандай дастарханға ас ата-сы — наннан бұрын орын беріп жатамыз. Меніңше қазақ өтпелі ке-зең, нарық қыспағына төзіп, төтеп берер-ау. Ал, арақ деген әзәзіл қазақтың адамзат болып қалыптасуына, сақталып қалуына бірден бір қазылға терең ор. Ол орға түскен соң «шайтан суға»малтығып, қайыра қатарға қосылуың екі-талай. Боздақ, қыршын жастары-мыздың түбіне жетіп жатқан осы—арақ. Жә, сұрағыңызға көшейік.арақ дегеннен шығып отыр ғой. Қалада 4 жерде жасырын арақ-шарап цехын ашқандар қолға түсті. Салық полициясы қызметкерлерінің ізденісі өз нәтижесін берді. Дереу шара қолданылды, іс қозғалды. Қасақана мемлекетке зиян келтірген екі факті анықталды. Заңдылықты бұзғаны үшін 193 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Осыларға салынған айып 1 млн. теңгені құрап, ол бюджетке түсірілді. Жаңа жылдан бері 34 адам салық инспекциясына есеп бермей, сырғақтап қашып жүрген ғой. Олар да әкімшілік жауапқа тартылды. Балқаш тоғыз жолдың торабы. Күндіз-түні қозғалыста. Бұл ретте салық инспекциясы қызметкерлері жол полициясымен бірге, тізе қоса отырып, бірталай қылмыстың бетін ашып келеді. Үстіміздегі жылдың тамыз айының бас кезінде Қырғыстаннан Ресейге кетіп бара жатқан үш КамАЗ машинасы тоқтатылды. Тексере келгенде 12млн. теңгенің акцизі жоқ шетел арағы шықты. Алып келе жатқан құжаттарының жалған екені анықталды. Қылмыс жасағандар жауапқа тартылды. Аймақтық болған соң әжептәуір территорияны қамтитын шығарсыздар? Әлбетте, Балқашпен қоса, Приозерск қаласын, Ақтоғай ауданын қамтамасыз ету бізге қызмет жасайды. Бәрі де істе ысылған жігіттер. Арнайы іссапарға жиі шығамыз. Негізгі қылмысты жасатып барып іздегеннен көрі алдын алу парыз ғой.

—Әкімшіліктегі азаматтармөн, кәсіпкерлермен жиі кездесесіздер ғой. Бүгінгі уақытқа деген көз қарасы қалай?

—Ұлтжанды азаматтар баршылық қой. Қалыптасып отырған жағдайға қатты алаңдайды.Айымыз оңынан туып, заман тезірек түзелсе екен дейді. Қолдарынан келгенше игілікті бір істі тындыр-ғысы келеді. Рас, кәсіпкер, бизнес әлемінің өкілдерімен жиі кездесеміз. «Еліміз аяғынан тік тұрып, гүлденсе» ғой дейді олар да. Ал, енді кейбір қандастарымызға өкпеліміз. Әйелдерін сауда жасауға шығарып, өздеріарақішіп, карта ойнайды. Намыстанбайды. Әр адам адал еңбек етіп кәсіп жасап.алға ұмтылса, тұрмысы жақсарады. Әр жанұя ауқатты болса, мемлекеттің де іргесі беки түседі. Қазір Елбасы шағын және орта бизнесті дамытуға мұрын-дық болып отыр. Бірақ сонда да әрекет жасаған азаматтардың тауы шағылмаса екен. Өйткені, несие алу қиянат-қайым деп естіп жүрміз. Нағыз іскер, елге телегей пайда әкелетіндерге несие кедергісіз берілсе...үлкен, нақты жоспары бар кәсіпкерлерді бірінші кезекте қолдау көрсетіп, жіберейік. Олардың қатары көбейе түссе... Жұмыссыздық сәлде болса азая түсер еді.

Сөз басында Егемендік.Тәуелсіздік жайында айттық. Ата-ба-баның мол мұрасын сары алтындай сақтап, қастерлеу.әрлендіру, құрмет көрсету әр қазақтың арман-ойы болуы керек. Қызмет өз алдына ұлтжандылық—ертеңгі жарқын болашағымыз. Тіл—алтын қазына салт-дәстүр-мықты діңгегің. Әр қазақтың жүрегінде осын-дай намыс байрағы атой салып тұрса, ұтпасақ, ұтылмас едік. Бо-дандықтан бостандыққа шығып, еркін ойлаудың азаттығын алған тәуелсіздік тым қымбат қой.

—Әңгімеңізге көп рахмет. Халық құрметінде, өмірде аллажар болсын!

1997жыл.

«БОЛАШАҚТЫҢ» КӨКЖИЕП

Қуанышбек Жүнісбекұлы қашан көрсеңіз де ақжарқын, көңілі асып-тасып тұрады. Тіпті бірінші рет жолықтырғандарға омырау-лап жүретін өркеуделі жан болып танылу да мүмкін. Шаттанып күлуі де өзгеше. Маңайын жаңғыртып жібереді сосын, ойыңдағы-сын бүкпесіз жеткізеді. Ашуы тез қайтады, мұнысы «жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше» деген қазақы қағидаға дөп келеді. Осы ойымызды өзіне ашық айттық. Өзім емен-жарқын ашық сөйлескенді ұнатамын. Адамдарға катты сенем, көбісі орта жолда тастап кетеді ғой. Сосын, өкінесің, көп уақытыңды сені түсінбей кеткен жанға аямай жұмсағаныңа қиналасың. Басында жап-жақсы қарым қатынас орнатып, арты-нан шикілігін байқатып алады. Дегенмен өз ұраным, пікірім бар. Қолымнан келгенше адамдарға жақсылық жасауға жақын тұрамын.Әкем Жүнісбек айтатын: Балам, шамаң келгенше кездескен адамның, жақыныңның көңілін қалдырмай қол ұшын беріп үйрен. Ол кісіден қайтпаса да, құдайдан қайтады, — деп.

Әке тәрбиесі солай болды, ешкімге кек сақтап көргенжоқпын.

Біздің әңгімеге тартып отырғанымыз «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қуанышбек Жүнісбекұлы Әділбеков. Балуан тұлғалы жігіт ағасы шындығында анау-мынау-ыңнаныға қоймайтын сияқты. Ал сөйлесе келсең жаны жұмсақ азамат екенін ұға қою да қиын емес. Ақкөңіл, аузын ашса көмейі корініп тұрады. Қуанышбектің қазіргі ұжымы бұрынғы қалалық жүк тасымал-дау кәсіпорны негізінде құрылған. Нарықтың алғашқы қыспағында тоқырап қалды. Өзі директор, ұжымның күн көрісі қиындап кетті.Тоқсаныншы жылдың басы оңай болған жоқ қой, ауыртпалық. Осындай да жігіттің жігіті ғана тығырықтан алып шыға алады екен. Қол қусырып қарап отыра алмадық. Бұрынғы 500-ге тарта автомашинасы бар кәсіпорын тұралай бастады. Жұмыс жоқ ма-мапдар кетіп жатты. Неде болса ұжымды бір адам қалғанша ұстауға бекем кірістім. Қаладағы көптеген кәсіпорын өндірістер жабылып жатты. Автобазаға күзетті күшейттім. Тіпті сол күзетшілердің еңбекақысын қарыз алып төлеген кездерім болды деп, еске алады Қуанышбек, артта қалған ауыр күндер жайлы. Қуанышбек 1994-1995 жылдар аралығында өз күшімен шағын ұжым құрыпжүк машиналарынажұмыс іздеді, іс мүмкіндігіншета-былып жатты. Алғашқыда 20 адамнан құрылған серіктестікте бүгігде 160 адам тұрақты жұмыс жасайды. 60-қа тарта тарта жүк таситын машина бар.Автобаза негізінде құрылған серіктестік бүтіндей өз меншіктері. Алғашқыда бұрынғы ұжымның 3 млн. теңге қарызын төледі. Біртін-біртін тіршілігі жандана бастаған Қүанышбек бастаған қыз-жігіттер нарыққа бейімделіп, енді сырттан ешқандай көмек болмайтынын әркім өз күнін өздері көру керектігін түсінді. Осы ауқымды шаруаның басында Қуанышбектің өзі тұрды. Бүгінде тозығы жеткен ғимараттарды жөндеп, өз ал-дына үлкен ұжым болуға бетбұрыс жасаған. Жүк тасымалдаумен қоса, енді, құрысшылар бригадасы құрылып, іскекіріскен. Шатыр-көлден алғашқы кен рудаларын тасыған осы Қуанышбектің жігіттері.

— Бізге жұмысшылар жан-жақтан келеді. Алғашқыда Жамбыл облысынан келіп, 80 адам жұмыс жасады. Олар қайда жатады, қалай тамақтанады? Осыны ескере келіп, жатақхана аштық, ас-хана жұмыс істейді. Онда үш мезгіл тамақ әзірленеді, дәмі тіл үйіреді. Үш мезгілгі тамақтың құны небәрі 70 теңге, бір түстік 35 теңге, қалған шығынын өзіміз көтереміз. Жергілікті адамдар бол-са үйіне бармай асханадан тамақтанады, — дейді Қуанышбек сөз арасында.

—Алғашқыда көптеген фирмалармен бірігіп жұмыс жасады. Жан-жақтан тапсырыс түседі. Солардың көбісінің жұмыстарын жа-сатып алып, тиісті қаржысын Қуанышбектерге төлемей отырғанын қалай түсінуге болады. Қазір жол салып жатқан шет елдік фирма-ларға бірнеше машинасы жалға берілген, кен металлургия комби-натымен жаңадан келісім-шартқа отырды. Әйтеуір тынымсыз, жұмыс табу керек. Мына шаруа-жол жөндеу техникаларын сатып алып, жол қатынасын жақсартуға үлес ойда бар. Техника болған соң бұзылмай тұрмайды.Бұлар болса барды ұқсатып, ескіні жамап-жасқап құрастырады. Жаңа құрал-жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, жанармайды Бішкектен, Ресейдің Омбы қаласынан өзіміздегі зауыттардантікелей өздері алады. Мұның жеңілдіктері әрине бар. Шашу шықпайды, әрі арзанғатүседі. Жөндеушілер цехында 12 слесарь жұмыс жасайды. Бұзылған техникаларды аяқ қолын жерге тигізбей қайыра сапқа қояды. Қаладағы оқу орын-дарынын көптеген студенттері серіктестікте еңбек тәжірибесінен өтеді. Болашақ мамандықтын иелері келешекте осы ұжымға жұмысқа түрғысы келетіндіктерін жасырмайды. Үлкендердің жасы 60-тан асты. Уақыт ағымына орай ұрпақтар алмасуы да осылай жүзеге асады.

Ұжым жетекшісі Қуанышбек 1974 жылдан осы автобазаның «өз адамы» табаны күректей 28 жыл болыпты-ау. Қатардағы жүргізуші, слесардан бас директорлыққа дейін көтерілді. Өндірістен қол үзбей жүріп жоғары оқу орнын бітірді.

—Бас бухгалтер, экономист болмадым, бұлардан басқа ат-қармаған жұмысым жоқ. 1983жылы бас инженер, 1990жылдан ди-рокторлық қызметке тағайындалдым. Бәрі де ұжымның өз қалауымен. Рахмет!

—Қуке, осы ұзақ жолда алдыңғы толқын ағалар, кәсіпке баулыған жақсы жайсандар болған шығар?

—О, несін айтасыз. Сағынышты сағым жылдар ғой, сол кезең. Жап-жаспыз. Ешқандай қиыншылықтан тайсалмайсың. Жалынды жігіттер тапсырманы тиянақты орындағанша бел шешіп отырмайсың. Мен көп ағаларға қарыздармын. Атап айтсам, Кәрімхан Тохметов, Молдабай Нұрмағанбетов, Қуанышбек Мәлібеков, А.Рассадник, Руситранц Иванов, А.Нечаевтардан көп үйрендік. Олар кісімен қалай жұмыс жасау керектігін айтатын, техникаға деген жанашырлыққа баулыды. Басшылықта болған Ж.Әбуғалиев, О. Сәрсембаев ағалардың, ақыл-кеңесі қазірге дейін көкейімде. Облысты басқарған Хамза Бижанұлы қандай бекзат болмысты жан еді. Егін науқанында облыстың түкпір-түкпірінде жүрдік қой. Біздің автобаза араласпайтын шаруашылық болмайтын. Хамзакең сонда жүреді. Үйдегі бала-шағаға дейін сұрап жаныңды жадыратып жіберетін. Біреулер ұстаз деген басшы болуы шарт деп ойлауы мүмкін. Ал, мен үшін қарапайым жүргізуші бола жүріп еңбекке, өмірге баулыған жоғарыдағы атын атаған ағалардан артық ұстаз-дар жоқ, — деп бір қойды Қуанышбек сөз арасында.

Қашан да арқа тұтар ағаң болса асқар тауың. Қуанышбек іні, туған-туыстары үшін қашан да қамқоршы. Ал, туған інісі Болат болса заман ағымына қарай кәсіпкерлікке тез бейімделіп, бүгінде ағасы Қуанышбектің сенімді серігі, жақсы басталған істің жалғас-тырушы.Басында Болат «Ақбұлақ» шағын мемлекеттік кәсіпорнынажетекшілік етті. Қазір бәрі бірігіп, ортақ мүдде үшін еңбек етуде. Басында қарыз жайында сөз қозғадық қой. Дерекке жүгінейік. Алматыдағы бір фирма 5 млн. «Қазалтын» мекемесі 4 млн. тағы бір өндіріс оны 10 млн осы «Болашақ» серіктестігіне қарыз. Бір қызығы осы атқарған жұмысы үшін Қуанышбектер салық, еңбеқақы төлеген қағаз да бар, ал, есепшотқа түспеген. Ай сайын тиісті орындарға есеп береді, атқарған жұмыс көлеміне салық төлемесең онда заңға томпақ келеді. Қайшылық деген осы болар сірә. Қуанышбектер серіктестік құрғанда несие алды. Онсыз шаруа-шылық құрылмайтын болды, іс орнынан қозғалмайды. Батыл шешім өз нәтижесін берді. Құм, қиыршық тас беретін карьердің 20 жылға лицензиясы бар. Қажетті кәсіпорын, өндіріске өздері тасып береді. Мәселе, құмнан ақша жасау емес. Техникаға жұмыс тауып беру керек. Жүргені бар, тұрғаны бар бәрібір салық төлейсің. Ол үшін әрине қажет көзін іздестіру керек. Жүргізушілердің апды Астанаға бет алған жол құрылысында еңбек етіп жатты. Айлықтарын уақытында алады. Бір машинаға екі жүргізуші ұстайды. Вахталық әдіс, 15 күн істеп, осынша мерзім демалады. Кейбіреулер істі тәп-тәуір бастайды да аяғына жеткізбейді. Қалта қамын ойлайды. Қуанышбектің серіктестіктен алашақ 10 млн тенге девиденті бар. Оны өз пайдасына жаратқан жоқ, мекемеге, ұжым ортасына тастады. Қалтасына басса серіктестіктің тағды-ры не боларын кім білсін. Қазір осындағы ұжымның әр мүшесі оны өзінің екінші үйіндей сезінеді. Орташа табыс 25 мыңнан кем емес, көңіл күйлері көтеріңкі. Бұл жерде еңбек тәртібі қатаң сақталады. Онсыз тағы болмайды.

—Өмірлік қағидаңыз қандай? Нені ұнатасыз?—деген сұрақ қойған едік әңгіме ортасында Қуанышбекке.

— Жұмыс барысында келіспей қалу болып жатады. Бірақ кек-тенбеу керек. Кек ұстаған адам басшы жетекші бола алмайды. Көріп жүрміз кейбір замандастырымыз папка ұстап, машина алып, жанын күйттеп кетеді, шаруасы қыр аса алмай жарым жолда қала-ды. Ал, бізде үнемі ізденіс.көмекшілерім адал. Рахмет! Ертең не істеу керек соны бас қатырып ойлай беру керек. Бұл да творче-ство! Жұмысшылардың, қарамағындағылардың жағдайын біл, жанын ұқ, мұң-мұқтажы болса дереу көмектес. Халық ұмытпайды, мұндайды, соныңа жақсылықпен жауап береді күні ертең. Біз қалада транспортпен атқарылатын шаруашылықтың бәрін ат-қарамыз. Қай жерге машина керек, қол күші керек, тартынбай-мыз. Есесіне мекемеге табыс түседі, бала шағаны асыраймыз. Мұны ұжымның әр мүшесі жете түсінген. Серіктестіктің бір бұрауы, шегесіне дейін менікі емес, сіздердікі деп айтып отырамын. Басшы ұжымымен басшы, жеке дара қайда барады.

— Қуанышбек Жүнісбекұлының ұжымға сіңірген еңбегі өлшеусіз. Оның азаматтығы, іскерлігі болмаса бүгінгідей қалге жетпес едік, таза еңбегімен өскен жігіт. Біз ертеден осы автобазада бір-бірімізді білеміз. Өзі адамға өте сенгіш, дейді серіктестік қызметкері Бақыт Әбілдинова.

Ұжымды ұйымдастырып, жоғын тауып беріп, өрге сүйреп келе жатқан Қуанышбек Жүнісбекұлы 1953 жылы Талдықорған облысының Сарқанд ауданында дүниеге келген. 1967 жылы әкесі Жүнісбек туған жерім, әке баба тамыры деп Саяққа көшіп келіпті. әкесі де жүргізуші болған. Таудай «Белазды» ұршықша үйірген. Анасы Дәметкен осы кеніште дүкенде сатушы болды. Өздері бес ағайынды. Үлкені өзі, Болат, Серік інілері, Қайша, Гүлнар атты қарындастары өмірден өз орындарын тапқан: Ал, анасы Дәметкеннің қолында дәстүр бойынша кенжесі Серік бар. Қуанышбектің үлкені Руслан- заңгер, немере сүйіп отыр, Нұрлан, Розалар да тәлімді тәрбиелі. Өмірлік жары Тоты-үй ша-руашылығында Қукеңнің ас суын дайындап, немере әлдилеп отыр-ған жайы бар.

—Ұжымыма арқа сүйеймін. Мен дәп қазір өзіммен қоян-қолтық араласып жүрген А.Нұрмағанбетов, Б.Құлатаев, К.Дүйсенбиев, Ж.Оспанов, Б.Солтанғазиев, А.Ә.Махтыбеков кеңседегі есеп қисапты үйлестіріп отырған А.Нарымбекова, Б. Әбелдинова, М.Тиыштыбекова, Ғ.Балқыбекова сияқты әріптестеріме шын ниетіммен алғыс айтуға тиіспін. Солар ғой бағыт бағдар, ой ниетімді түсініп, ортақ шаруаны тындырып келе жатқан, — дейді Қуанышбек.

Қанатын кеңге жайып келе жатқан «Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұжым табысқа толы көкжиегін көздейді. Өз шаруаларын дөңгелете бастаған кәсіпкерлердің шығар биігі әлі алда. Олармен жылы қоштастық, аққөңіл Қуанышбек кеңсе алдына дейін шығарып салды. — Сағынышпен азаматтарға тән іңкәр, құрметпен жолыққанша, жол үстінде кездессек, бір-бірімізді қайдан көрдік деп өте шықпайық, деп бүкіл денесімен селкілдей шаттана күлді.

2002 жыл.

ІЗДЕНІС ТҮБІ-ИГІЛІК

Адам баласы бір игілікті шаруаны қолға алғысы келсе мың рет өлшеп, бір рет пішеді. Алдын ала істің жоспары жасалады. Келе-шекте оның берер пайдасы қандай болмақ. Ұжымға өзіне қоғамға тиімді ме? Ал, қазіргі заман үрдісіне сай кәсіпкерлікпен шұғылдануға бетбұрыс жасағандар тіпті есепке жүйрік болу керек. Атам қазақ айтқандай, «есептей білмегеннің есесі кетеді» деген. Мұның қазақ кәсіпкерлеріне де тікелей қатысы бар. Ал бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған Балқаш қаласындағы «Назым» тіс емдеу емханасы.

— Басында жүрексінгеніміз рас, — дейді «Назым» тіс емдеу емханасының жетекшісі, кәсіпкер Дүйсенкүл Кенжебеққызы Өтепо-ва. Тіс емдеуге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу керек. Тәу-екел деп бастап жіберсек ұтылып қалмаймыз ба? Көп ойландық, бас қатырып есепке де жүгіндік. Жолдасым Кензада көп сөзді ұнатпайды, тоқетерін бір-ақ айтты, «бастаймыз» деді. Мұндайда қолұшын беретін, сені түсінетін ағайынның бары жақсы ғой. Өзіміздің Ақтоғай ауданының Жәмшы ауылында Ғазиз есімді еркөңіл, бауырмал ағамыз тұрады.Ол кісі де дәрігер, ұзақ жыл-дар еліне мамандығымен еңбек сіңіріп жүр. Бізді бірден қолдады, Қаржыдан қысылғанымызды біліп, — тартынбандар, қаржы табы-лады, көмектесемін, — деді. Айтқанында тұрды. Сол жаны жақсы ағаның сүйеуімен осы бүгінгі «Назым» емханасы ашылды. Қаржы қолда боған соң қажетті құрал жабдықтарды сатып ала бастадық. Өздігінен ештеңе келмейді, бәрін де аяғыңмен жүріп іздейсің.

Иә.не нәрсені бастау қиын. Дүйсенкүл Кенжебекқызы сол алғашқы жылдары қол ұшын берген адамдарды бүгінде құрметпен еске алады, жылы лебіздер айтады. «Сүт» Ақ-ның төрайымы В.С.Логвиненко, БКМК директоры болған Д.Байқуатов, «Балқаш-тамақ» шағын кәсіпорнының ұжымы жап-жақсы қолдау көрсетіпті. Арнайы келісім-шартқа отырып, кәсіпорындарда жылжымалы тіс емдеу орнын ашуға мұрындық болған. Ерлі зайыпты Кензада-Дүйсенкүлдің жеке меншік емханасы 1997 жылы ашылған болатын. Уақыт төреші, жұртшылық куә. Бүгінде«Назым»тіс емдеу ем-ханасы қанатын кеңге жайып, тіс емдеу, салуда озық технология-ны енгізуге батыл кірісіп жатқан жайы бар. Қазір «Назымның» үш нүктесі бар. Қаланың тұрғындарына, алыстан, ауылдан келетіндерге қолайлы жерде орналасқан, іздеп сабылмайды.

—Елбасының жарлығымен үстіміздегі жыл денсаулық жылы деп жарияланды ғой. Біз де осы жылға орай тағы бір игі істі қолға алуды ойластырдық. Кензада екеуміз ақылдаса келе жаңадан еңселі тіс емдеу орталығын ашуға ұйғардық. Жан-жаққа жүгіріп, шаруашылықты ұйымдастырып жүргізетін Кензадағой. Мен қағаз-құжат жағына иемін. Орталықтағы «Назым» тіс емдеу емханасының алдында шамалы жер бар еді өзімізге тиесілі. Дереу құжаттарды дай-ындап, құрылыстың сметасын жасап несие алуға кірістік, — дейді, — сөз арасында Дүйсенкүл Кенжебекқызы.

Бүгінде қаланың дәл ортасында екі қабатты жаңа заман үлгісіне сай емхана бой көтерді. Құрылыс қызу жүріп жатыр екен.

— Мұнда дәрігерлік талапқа сай бар мүмкіндікті іске қосатын боламыз. Құрылыс жұмысы аяқталған соң өздеріңіз де куә боларсыздар. Жыл аяғына дейін бітіруді көздеп отырмыз. Сәуір айын-да бастағанбыз. Қарқын жаман емес дейді істің-басы қасында жүрген Кензада Мағұрыпбеков.

— Қаржы көзі молырақ болмаса анау-мынауға салына қоятын құрылыс емес қой, дейміз біз.

— Әрине, бәрі де қаржыға байланысты. Онсыз қимылдай ал-маймыз. Құрылысқа жететіндей етіп қомақты несие алдық. Қала-дағы белгілі тәжірибелі құрылыс ұжымы салып жатыр. Солармен келісім-шартқа отырдық. Материалдарды қала ішінен аламыз. Әрине, ешкім тегін ұстата қоймайды — дейді — Кенекең.

Иә, сәтін салса «Назым» тіс емдеу емханасы бүгінгісіне қоса тағы да қосымша жұмыс орнын ашады, мамандарды тартады, құрамын толықтырады. Жұмыссыздарға жұмыс тауып беру Елбасының басты саясатының бірі болып отыр. Бүгінде 20 шақты ма-мандар еңбек етсе, жаңа емхана іке қосылғанда 40 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік туады. Мұнда тісті фосфор, керамикадан салу қолға алынады. Тіс құю цехы ашылады. Керамикадан жасал-ған тіс әдемі жарқырап тұрады, сапасы да анағұрлым жоғары. БКМК-ның бас директоры М.Әліпбергенов бұларға жақсы ұсыныс жасап отыр.

—Керамика өндіретін цех ашып берсек, онымен жұмыс жасауға келісесіңдер ме, — дейді бас директор.

—      Әрине.мұндай қамқорлық болып жатса, оған тек алғыс айту-ымыз керек, — дейді назымдықтар.

Бәрін де уақыт көрсетер. Мұнда қазір 8 жоғары білімді дәрігер, 8 медбике, 3 техник, басқа да қызметкерлер еңбек етеді. Қалада бірден бір жаңа талапқа сай жабдықталған тіс емханасы осы. Әри-не, қызмет керсету арқылы. Бәріне де белгіленген кесте бойынша төленеді. Өз күштерімен ілгерілеп келеді. Жалпы ұжым несие алу арқылы өзін өзі дамытып отыр. Кепілдікке қожайындар үйін, ма-шиналарын қояды.

— Несиенің үстеме пайызы өте көп. Елбасы шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуге қатты кеңіл бөліп отыр ғой. Берілетін несиелердің үстеме өтеуін азайтса жақсы-ақ болар еді дейді, — Дүйсенкүл Кенжебекқызы.

— Емхана жеке меншік. Алайда, барлық қажетімізді ашып отыған соң рахметімізді айтып, ризашылығымызды білдіреміз. Айлығымызды уақытында аламыз. Қуаныш, ренішімізге көмектеседі, мұң мұқтажымызды ашады. Тіпті осындағы мамандардың біреуі несие алса да сырт қалмайды. Қол ұшын береді. Дәрі-дәрмек, қажетті құрал-жабдық, ақылы қызметтен түскен қаржыға сатылып алынады. Біз тұрғындарға сапалы да мәдениетті қызмет көрсетуге әрқашан дайынбыз, — дейді бізбен әңгімелескенде тіс дәрігерлері Ғазиза мен Гүлнара...

Осындағы Ғ.Қарасова, Г.Серебряникова, Г. Түсіпбаева, С. Ақбайұлы, Г.Манарбаева, Ә.Елубаева, Н. Мақышевалар жемісті еңбек етуде. Ұжым тірегі -мамандар. Олардың емделуге келген жандарды жайдары жүзімен қарсы алып, жылы қабақпен шыға-рып салуының өзі шипалы еммен пара-пар. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Кензада мен Дүйсенкүл Алматы қала-сындағы медициналық институтты бітірген. 1981 жылы Алматыдағы тіс емдеу емханасының бірінде мамандықтары бойынша жұмыс жасады. Екеуі де тіс дәрігері. Сол жылдың жазында Балқаш қала-сына көшіп келеді. Үлкендері Нұрымбек Балқаш кен металлургия техникумын, Жезқазғандағы Ө.Байқоныров атындағы университетті бітірген. Қазір «Назымның» есеп-қисап жағын бас-қарып жүр. Екінші ұлдары Ержан Қарағанды медициналық акаде-мияда оқиды. Ата-ана жолын қуған, болашақ тіс дәрігері. Гүлназ мектепте оқиды.

—Осыдан үш жыл бұрын 1987 жылы туған қызымыз Назым аяқ астынан ауырып қайтыс болды. Есте қалдыру үшін емханаға соның есімін бердік. Аруағы жар болып жатсын, құлынымның—дейді Дүйсенкүл.

Өмірдің, тағдырдың ол да бір жазуы болар.

Еліне тындырымды қызметімен жағып келе жатқан ұйымшыл ұжым алдағы уақытта да берекелі, өнімді ісімен таныла беретін болады. Бүгінгі «Назымның» қарышты қадамы сол ойымызды дәлелдей түсетін сияқты.

2002 жыл.

ҚОЛЫНАН КЕЛГЕН ҚОЙ БАҒАДЫ

Ол жоғары білімді маман. Ауылға келісімен мамандығы бойын-ша қызметке кірісіп, совхоздың бас экономисі орындығында мы-ғым отырған. Студенттік кездегі алған білімді енді іс тәжірибемен ұштастырып, туған елге шама шарқы келгенше пайда әкелуге ұмтылды. Күнделікті есеп-қисап, шоттың ерсілі-қарсылы сарт-сұрт соғылған тастары жалықтырып жіберетін кездері де болады. Сол кезде «үнемдеу» деген ұран көтерілген. Сапа деген және бар. Ал бас экономист үшін үнемдеу деген цифларды кесіп тастаумен шектелмейді. Шындығын айтқанда, әрі жұмысшы, сауыншы, шо-пан маман үнемі үшін күресу керек. Әсіресе, уақытты үнемдеп, мол өнімге қол жеткізуді айтсаңызшы. Бірде совхоздың бас инженерімен қатты сөзге келіп қалғаны бар-тұғын. Механизатор-лар сонау күндік жерден тракторды совхоз орталығына қуып келеді.

— Мыналарыңыз қып-қызыл шығын ғой. Жандарыңыз ашымай ма?

— Не деп тұрсың, шаруашылықтың көл-көсір байлығы такияңа тар келіп тұр ма? Алдыңдағы есебіңді ғана біл, — дейді жасы үлкен бас инженер.

Бағдат қынжылды, жөн айтады, бас қосуда экономика
жөніндегі пікірімді қолдайды деген жігіт ағасының сиқы мынау.

Біздің әңгімеге арқау етіп отырған жігітіміздің аты-жөні Бағ-дат Жақсыбеков. Бұл күнде қазіргі Қусақ елді мекенінде тұрады. Заман ағысына орай алдына мал салып, жеке қыстау ұстап отыр.

— Өзіңіз білесіз, — дейді Бағдат сөз арасында, — 1991 жылы ауыл шаруашылығында жерді жалға беру, малды жеке меншікке сату жөніндегі Елбасының жарлығы шықты. Бас экономист қызметімді өз еркіммен беріп, шаруа қожалығын құруға бел бу-дым. Өйткені қай жағы тиімді, қалай жұмыс жасасаң мол өнім алуға болатындығы көкірегімде сайрап тұр. Оны біреуге ұсыныс ретінде айтсақ, жүре тыңдайды, тіпті келеке еткендер кездесті. Олай бол-са көңілімдегі шаруаларды өзім неге жүзеге асырмасқа деген ой келді.

— Не нәрсені, бастау қиын ғой, ол кезде ұзақ мерзімге несие берілуші еді ғой. Қаржы мәселесін айтып отырмыз?

— Әрине, «көз қорқақ, қол батыр» деп осындайда айтса керек. Алғашқы бетте жүрексінгенім рас, оны неге жасырайын. Сөйтіп, 1991 жылдың желтоқсан айында «Шұбартау» сохозында «Бастау» атты шаруа қожалығы дүниеге келді. Мемлекеттен 370 мың сом несие алып, совхоздан 730 бас қой, бір МТЗ-50 тракторын сатып алдым. Шаруа қожалығына сырттан адам алған жоқпыз. Ағайынды З жігіт бірігіп жұмыс жасадық. Әрине, шаруашылықты әрі қарай өркендету оңай болған жоқ. Әсіресе, 1992-1995 жылдары азық-түлік, жанар-жағар май тапшылығы есеңгіретіп жіберді. Әлгі қол-да бар малды есепсіз азық-түлікке, жанар-жағар майға айырбастап жіберетініміз осы тұс. Бұл орайда біз өз тарапымыздан тех-никамен атқарылатын жұмыстарды түгелдей қолмен жүзеге асырдық. Күні бүгінге дейін шабындықтағы шөпті ат тырмамен жинаймыз, көпенеге саламыз, қолмен тиеп, маялаймыз.

—      Техниканы сирек пайдаланады екенсіздер ғой?

—      Әлбетте, атқаратын шаруаның бейнеті ауыр болса да, төзімділік керек. Сонда зейнеті де қоса келеді. Біз техниканың жұмысын қол еңбегіне айырбастадық... Күш-көлікті пайдаландық. Соның нәтижесінде көп нәрсені үнемдедік. Жөн-жосықсыз малды баспа-бас кемітпей, сақтап қалдық. Өтпелі кезеңнен осылай өттік.

Иә, шаруа қожалығының төрағасы айтқан мына әңгіме әжептәуір ой тастады. Көптеген шопандар малды Оңтүстіктен келген ағайындарға кұр текке беріп жіберді. Сол заман еді-ау, 3 бөтелке шөлмекке 1 қойды айырбастағанбыз. Сол шопандардың көбісінің қыстауы қазір қаңырап бос қалды. Ондай шопандар бір-екеу болса, бір сәрі, ондап саналады ғой. Қайран, отар-отар қой, табын-табын жылқы, ірі қара. Қадіріңді еңсесі түскен ауыл енді түсініп жатқан болар. «Бастау» шаруа қожалығында қазір 1100 қой, 50 ірі қара, 20 жылқы бар. Жылдар бойы тәжірибе жинақтап, оң-солды танудың мәні зор. Бағдат және қожалықтың мүшелері жыл он екі ай ішінде тынымсыз. Жыл сайын Балқаш кен металлургия комбинатына қой етін өткізуді дәстүрге айналдырған. Марқа кемінде 18-20 кило ет береді, өз төлі есебінен өсіру, семірту, бағып-күту оңай емес. Бағдаттар қозыны екі ай көлемінде түске дейін енесімен бірге ба-ғады.

Мұның себебін сұрағанымызда қожалықтың мүшесі Таңат былай деп жауап берген:

—      Ала таңнан енесімен бірге жайылған қозы шаршайды, шөлдейді. Жайылуға шамасы келмейді, шаң жұтады. Түрлі ауруға шалдығады, жүдейді. Қозыны енесінен бөлек бағудың сыры осы.

Бұл екі арада сөзге Бағдат араласты:

Біз отарды сұрыптап отыруға баса назар аударамыз. Көзге көрінетін тәуір малды етке соя берсек, несі қалады. Өйте берсек тұқымы өте ұсақтап кетеді. Біз алғашқы екі-үш жылда қойдың ұсақ-тарын, яғни, ІІ-ІІІ кластыларын сойысқа жібердік. Жыл сайын ез отарымыздан туған қозыдан қошқар қоюды дағдыға айналдыр-дық. Негізі «Өсер малға өріс кең» деп атам қазақ дәл тауып айт-қан ғой. Жаз айында отарды 10-12 сағат жайылымда ұстамаса, семіруші ме еді. Қойдың етін елдің бәрі жақсы көреді, бірақ ешкімнің оны аса мойындап, шұғылданып, баққысы келмейді. Мен жоғары білімді экономиспін, қой бағуды мойындадым. Тіпті бабаларымыздың ата кәсібі осы емес пе? Одан неге қашқақтаймыз?! Шаруа қожалығы төрағасының сөзінде үлкен мән жатыр. «Қолы-нан келген ғана қой бағады» деген осы болар, сірә. Ұжым мүшесі Таңат Жақсыбековтың атқарар шаруасы ауқымды. Ол ауылдағы, өрістегі жұмыстарды үйлестіріп отырады. Қажет болған кезде тракторға отырады, машинасын да жүргізіп кетеді, өзі жұмыскер. Алтын қолды ауыл азаматы. Ағайындардың ауыз бірлігі, бір-бірін түсінісуі, сыйласа білуі осындай игілікті істі тындыра беруге жете-леп келеді. Таңаттың зайыбы Данагүл де Жақсыбековтер босаға-сына аяғы құтты келін боп келді. Жақсы істің ұйытқысы. Балаларының ақыл-кеңес беретін, жөн сілтеп отыратын әкелері — Шүкіржан Жақсыбеков. Шүкенді біз де білуші едік. Қызмет ба-бында талай рет алдында болдық. Өзінің айтуына қарағанда, жас күнінде қиындықты көп көрген, жетім өскен. Өзінің зеректігі, қажыр-қайратымен еңбек етіп, білім алып, кезінде ауылдың ар-дақты, атқа мінген ағаларының бірі болды. Ферма зоотехнигі, шаруашылықтың бас зоотехнигі, партком хатшысы, ең соңында «Шұбартау» совхозында 10 жылдай директорлық қызмет атқар-ды. Бүгінде дербес зейнеткер.

—      Әкеміздің айтқанын бұлжытпай орындаймыз. Жас күнімізден бәрі дайын, бәрі бар. Оның қайдан келіп жатқанынан да бейха-бар болдық. Уақыт, заман талабы өз дегенін істейді. Әкем бізге мал бағуды, шөп шабуды үйретті, Жоғарыда айтқандықтай тех-никамен атқарылатын жұмысты қолмен істеу қожалыққа шыққан күннен басталды. «Жас кезімде мен де қолмен істедім, соңы зейнетті болады» — дейді. Өзі қоса жүреді. Кейбір құрдастарым айтады. Әкелерің пәленбай жыл директор болды. Техникаларың қайда, көрген рахаттарың осы ма дейді. Ұқсата білмесең, техни-ка да болмайды ғой. Гәп, еңбек етуде. Сонда ғана тамақ тоқ, көйлек көк, киімің бүтін. Осы қожалық әулетіміздегі 21 адамды асырап отыр, — дейді қожалық төрағасы Бағдат.

—      Елбасы ауылға назар аударылатынын айтқанда қуанбаған жан некен-саяқ болған шығар ел ішінде?

—      Әрине, — дейді Бағдат біздің сұрағымызға орай, — қатты қуанып жатырмыз. Ауылды көтеру керек. Дән иісі сіңген далада қазақы рух атойлап тұру керек қой. Ол үшін ауылға қажетті жағ-дайдың бәрі жасалу керек.

Мынаны есте ұстаған жөн болар. Ауылшаруашылығын көтеру мақсатында мал сатылуға несие беріле басталды деп естиміз. Яғни, шаруашылық құрамын деген адам 350 мың теңге несиеге 100 қозы сатып алады екен. Үш жылдан соң 140 қозы етіп қайта-руы керек. Әрине, бұл тиімді. Меніңше, несиені жеке меншігінде 150-200 бас қойы бар адамға берген жөн бе деймін. Өйткені жа-лаң 100 қозыны сатып алады, оның жемсуы бар. Өзін-өзі ақтай қояр ма екен. Екіншіден, 3500 теңгеге кім сатады, сатушы қандай қозысын береді. Таңдап, ұрғашы қозыны алайын десе, кесікті бағаға келісе ме? Саудаласып көрейін десе, мал басы шектеулі. Сатып алушының қолында ақша жоқ. Тек аударма арқылы есеп-шотқа түсіреді екен. Бұл мал сатушыға да күдік келтіреді, бүгін-ертен есеп-шотыңа ақша түседі дегенге сене қояр ма? Сондық-тан бұл мәселені және бір пысықтап алған дұрыс болар, — дейді шаруа қожалығының төрағасы Бағдат Жақсыбеков. Расында, жауапсыз, өз ісіне селсоқ қарайтын шопандарға бір отарды басы бүтін беріп, оның ақыры су аяғы құрдымға кетті. Олай болса несиеге қозы сатып, мәселесіне де қатаң түрде қараған дұрыс болар. Несие өспесе, 100 қозы, 140 болып қайтарылмаса, тағы да кімді ағаш атқа мінгіземіз. «Келісіп пішкен тон келте бол-мас» деген. «Бастау» шаруа қожалығы мүшелері жаз жайлауда отыр. Ал-дарына қойған мақсат бар, міндет айқын. Жайылымдық шұрай-лы, мөлдір су сарқырап ағып жатыр.

Демек, биыл олар үшін тағы бір ырысты, берекелі жаз болары сөзсіз.
2002 жыл.

Қ. Әрінов:

«ЕЛІН СҮЙГЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК»

Қ.Әрінов Қазақ түсті металлургия бірлестігіне қарасты Балқаш арендалық мамандандырылған құрылыс жөндеу басқармасының бастығы болып қызмет жасайды. Жуырда біздің тілшіміз басқарма бастығымен сухбаттасқан еді. Ел болып егемендік алып жатқан кезде коллектив жетекшісінің лебізін тыңдау, көзқарасын білу жан дүниесін, іскерлік қабілетін аша түсері сөзсіз.

—      Ең әуелі сіздердің кәсіпорындарыңыз қандай жұмыспен шұғылданады, осы туралы айта кетсеңіз?

—      Біздің кәсіпорын негізінен күрделі жөндеу, жабдықтау

мәселелерімен шұғылданады. Ақшатау кен байыту комбинаты, Ақжалдағы бірлестік және басқа кеніштерді қаз тұрғызудағы еңбектерімізді айта кету ләзім. Бүгінде «Балқашмыс» өндірістік бірлестігінде көптеген адамдарымыз жұмыс жасауда. Мыс балқы-татын цехтарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізудеміз. Жалпы қаладағы құрастыру жұмыстарын біздің кәсіпорын атқа-рады. Сондай-ақ, Теміртау, Қарағанды қалаларында да жұмыс-шыларымыздың қол таңбасы бар.

— Қуандық Аманжолұлы, жумысшы туралы айтып отырсыз ғой, оларды әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында нендей ізденістер жасап жатырсыздар?

—Бүгінгідей қымбатшылық заманында әлеуметтік қорғау аса қажет болып отырғандығын жақсы түсінеміз. Оның ішінде азық-түлік қиындыққа тіреп тұр.Осыған орай жұмысшы асханасында тамақтандыруды бар мүмкіндігімізше арзанға түсіруді ойластыр-дық. Мәселен, бір талон 80 тиын тұрады. Сондай-ақ, өзіміздің қордан арнайы ақша бөлдік. Еңбекақыдан тамақтың ақшасын ұстап қалмауды ұйғардық, керісінше кәсіпорын тарапынан қосым-ша ақша бөлуді ретке келтірдік. Көп балалы семьяға әр басына 100 сомнан ақша бөлдік.Ал жиырма жыл осы кәсіпорында істеп, зейнет демалысына шықса, 1000 сом ақша береміз. Өмірде кез-дейсоқ жағдайлар болып жатады. Мұндайда ауыртпашылығын көтеру, бөлісу коллективен әрбір мүшесінің азаматтық борышы. Әрине, қайғылы жағдай өзімен кетсін, дегенмен бола қалса, отбасына 5 мың сом көмекке беріп отырамыз. Демалысқа шыққан немесе емделуге кететін, енбек тәртібі дұрыс жандарға төлем ретінде бір айлық еңбекақысы көлемінде жәрдем беріледі. Бізде еңбек ардагерлері көптен саналады, жуырда олардың бірнешеуін құрметті демалысқа шығарып салдық. Бүгінде дем алып жатқан ардагермен уақыт тауып кездесіп, жастармен жүздестіріп, пікірін тыңдауды ұмытпаймыз. А. Хабарова, А. Бардачев, Еромина, Шахов сияқты ардагерлеріміз ақыл кеңесін айтады, қиыншылықты бірге белісуді, еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыруға үндейді.

Әркімнің жеке қожайындылығы тұрмысты жақсартары сөзсіз. Осыған орай, жеке меншік бау-бақша салам деушілерге көмек көрсетеміз. Қазірде саяжайға орын бөліп, тіпті қажетті материал-дарды ақшасына тауып беруге ниет білдіріп отырмыз. Әйелдердің өмірдегі, еңбектегі орны бөлек қой. Кәсіпорында 170-ке тарта қыз келіншек жұмыс істейді. Оларға деген ықыласымызды, құрметімізді қашанда бірінші кезекке қоямыз. «Ардақ-тасақ, ардақтайық ананы, қыз келіншектерді» деген қағида бар емес пе?! Демалыс орындарына жолдама беру, металлург күндері сый көрсету, сенбі, жексенбі күндері серуенге барып қайту жергілікті кәсіподақ комитетімен бірлесе ұйымдастырылады. Қап-шағай демалыс орнына барушылар кебейді. Осы демалыс орны тікелей өз министрлігімізге қарайды, жол ашық. Әлеуметтік қорғау дегеннен шығады, тұрғын үй проблемасы біртін-біртін шешіліп келеді. 1992 жылы «Мобиль» сериялы 80 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Егерде осы үйді пайдалануға берсек, бізде тұрғын үй мәселесі толықтай шешілетін болады.

— Қуандық Аманжолұлы, қазір әрбір кәсіпорын шаруашылық есеп жағдайында жұмыс жасап жатыр. Бұл жөніндегі пікіріңізді тыңдасақ.

— Сұрағыңыз орынды, жыл басынан бері кәсіпорында 720 мың сомның жұмысы жасалды. Ал жыл ішінде 10 миллион сомның жұмысын атқаруымыз қажет. Ал жоспарлы табыс 2 миллион сомға жету керек. Егерде табыс түсіп жатса, төлем ақша ретінде жұмыс-шыларымыздың да жағдайын жақсартамыз. Жоғарыда айттым ғой, әлеуметтік қорғауға бөлініп, жатқан ақшаның бәрі осы та-быстан келеді. Бізде көптеген цех бар. Оның әрқайсысы адам күшімен толықтай қамтамасыз етілген. Кәсіпорындағы 900 адам-ның көңіл күйі көтеріңкі, өзімізді өзіміз қаржыландырып, қалтамызды қалыңдатсақ, еңбекке деген құлшыныс бұрынғыдан да арта түседі. Тамыз айында кәсіпорынның 25 жылдығын тойламақпыз. Осы мезгіл ішінде іргелі-іргелі істерді тындырғанымызды ай-тып жаңа межелер белгілеп, сарапқа салатын боламыз. Сырт жердегі түсті металлургиярға қарасты кәсіпорындармен қарым-қатынастарымыз бар екенін айттық қой. Ресей, Орал, өзіміздің Павлодар қаласымен тікелей байланыстамыз. Нарықтық эконо-микаға көшкеннен бері өз қолымыз өз ауызымызға жетті десем, артық айтқандық емес. Бұрын қосымша табысымыз Алматыдағы бірлестікке құйылатын, қазір олай емес. «Даму тізгіні дербестікте» деген шындық. Не нәрсені болсын езіміз шешеміз, ез мүмкіндігімізбен екшейміз. Арендалық әдіске де кешіп, оның тиімділігін көріп жатырмыз.

Бұрын көз алдымызға ғана елестейтін компьютерлер біздің кәсіпорынға жете бастады. Америкадан алынған екі электронды машинаны есеп-қисап қызметкерлеріне бөлдік. Алдағы уақытта барлық кеңсені компьютерге көшіру ойымыз да бар. Әрине, мұндай жағдайда адамдардың қысқаратыны сөзсіз. Компьютерлік жүйе жұмысты жеңілдетеді. Дегенмен, қысқарған адамдарға жұмыс тауып беру, орналастыру ойда жүр. Оның үстіне Теміртау қаласынан бізге қарайтын арнайы участок ашыңдар деген нұсқау бар. Мұндай сәтте өз кадрларымызды жіберіп, қысқарған адам-дарды алмастыру, кәсіптеріне қарай реттеу жүргізіледі. Сөз орайы келгенде айта кеткен жөн, кәсіпорын жылды пайдамен аяқтайды. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы да жақсарды. Осының бәрі оңайшылыққа түсіп жатқан жоқ. Жөндеу жүмысына қажетті материалдарды іздеу, сұрау салу әжептәуір уақытты алады. Солай бола тұрғанымен бәрі де өз мүддеміз үшін ғой: Ештеңеден тарылмасақ, сол мақсатта жұмыс жасасақ, көсегеміз көгере түседі.

— Бүгінгідей ұлттық серпіліс, егемендік жағдайда ауызбірлік туралы не айтар едіңіз?

— Қазақта мынандай мақал бар «Елін сүйгеннің еңсесі биік» деген. Еліңді, жеріңді, ата-баба мұрасын қастерлеп, сүйе білсең, алтын бесігің аялайды, мәпелейді. Соңдықтан туған халқыңа тамшыдай болса да пайда келтіріп, жұртшылықтың арасында қоян-қолтық жүргенге не жетсін. Мен ешқашан таңертеңгілік мезгілде кеңсеге бірінші соқпаймын, жол-жөнекей адамдардың ортасына барып, амандасып, жағдайларымен танысамын. Олар да бүкпесіз әңгімеге көшеді. Шынын айтайын, осыдан-ақ еңсем көтеріліп, келесі жұмыс күнге тың жігермен кірісемін. Олай болса халқымның амандығын, ауыз-бірлігін қалаймын.

1990 жыл.

КИЕЛІ ТОПЫРАҚТЫҢ ӨНЕРЛІ ҚОНАҚТАРЫ

Серәлі Қожамқұлов атындағы республика Ленин комсо-молы сыйлығының лауреаты, Жезқазған облыстық қазақ музыкалық драма театры таяу күндерде Балқаш қаласын-да өнер сапарын бастайын деп отыр. Өзінің жиырма жыл-дық тарихы бар театрдың алған асуы, шығармашылық өсуі әрқашан көрермендердің көңілінен шығып келеді. Жомарт Жақыпұлы Әбілтаев осы театрдың директоры, оның әкесі Жақып Әбілтаев қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі. Әке жолын жалғастырған Жомарт Жақыпұлы 1978 жылы Мәскеудегі Щепкин атындағы жоғары театр училищесін бітірген. Біз Жомарт Жақыпұлымен өнер сапа-рында жолығып, сұхбаттасқан едік. Жаке, қандай бір өнер отауының тарихы, өсу жолдары болады. Демек, театрдың негізі қай уақытта қаланды..?

— Әрине, өнер жолы қиын жол. Оның үстіне қазақтың ұлттық өнерін шығармашылық биікке көтеріп, халық арасына насихаттау, өшкенімізді қайта жалғастыру оңай емес. Ал жоқтан бар жасай отырып, жаңадан театр ашу бұл да өз алдына бір әңгіме. Деген-мен, аз да болса тоқталып өтейін.

Біз астанамыз Алматыны өнердің, мәдениеттің, әдебиеттің ор-дасы дейміз ғой. Осы сөзде шындық бар. Астана дегеніміздің өзі үлкен қайраткерлермен бірге талантты, талапты жастардың ба-сын қосатын оқу орындарына да толы ғой. Мәскеудегі Щепкин атындағы жоғарғы театр училищесін бітірген он жеті жас қыз-жігіттер Арқалық қаласына келеді. Бәрінің де жолдамасы бар. Тек уақытты өткізбей білімді тәжірибемен ұштастырып, сахнаға шығуы керек. Міне, осыдан кейін қиындығы, қызығы мол өнер керуенінің үздіксіз сапары басталады. Осы жастардың құрамы-мен Торғай облыстық қазақ музыкалы драма театры құрылды. Кейін театрға қазақтың біртуар ұлы, сахнаның негізін қалаған Серәлі Қожамқұловтың есімі берілді.. Уақыт дегеніңіз шапшаң. 1972 жылдың желтоқсанында жас ар-тистер Арқалық көрермендеріне Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шол-пан» спектаклін ұсынды. Театр жолы осылай басталды. 1978 жылы тағы да он жеті адам Шепкин атындағы училищені бітіріп келді. Театр талантты жастармен толықтырылды. Мен де осы құрамда келіп едім. Бүгінде жүзден астам спектакль қойып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген театр үнемі шығар-машылық өсу, іздену үстінде. Өзіміздің сүйікті спектакльдеріміз «Қаракөз», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», репертуарымыздан тұрақ-ты орын алған, Гогольдің «Ревизоры», Н. Островскийдің «Әлін білмеген әлек», Еврипидтің «Медеясы», Эрвеның «Түлкі бикеші», Р.Сейсенбаевтың «Түнгі диалогі», Д. Исабековтің «Әпкесі», Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы» театр артистерін біраз шыңдап, сахнадағы талап-талғамың, шеберліктерін толықтырды. Осы орайда мына бір әңгіме ойға оралып отыр. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы тарихта қалатындығы белгілі. Санамызда сілкініс пайда болып, балаң демократияны дамытып, әкімшілікке қарсы тұру, азаттыққа қол созу қазақ жастарының зердесімен ашылған еді. Алайда, алғашқыда «ұлтшыл», деп айып тағып, жас жігіттерді, қыздарды қатаң айыптап, жанымызға, арымызға, тіпті ұлттық намысымызға жара салды емес пе? Қазақ рушыл болса да ұлтшыл емес еді ғой. Жарайды, сөйтіп, тура желтоқсан айында Ғабит Мүсіреповтың «Қыз-Жібек» спектакілін жоспарлап қойғанбыз. Осыдан кейін-ақ, бізге де тықыр таянды. Қазақ спектаклі облыс-тық басшыларға ұнамады. Сөйтіп, жер-жерге ілінген жарнамаларды алғызып тастады. Әсіресе обкомның идеология бөлімінің меңгерушісі қатты шүйілді. Өнерді саясатқа құрбан еткен солақай заманның салқынынан әлі де арылған жоқпыз. Сонда «Қыз-Жібекті» қою артистерге әжептәуір салмақ түсірді, жүйкесін жұқартты. Өйткені Алматыда «қазақ ұлтшыл» деп соққылап жат-са шаш ал десе бас алатын жергілікті басшылар олардан қалысар ма? Дегенмен әділдік жеңеді, өнерді ешкім суыта, өшіре алмай-ды. Біз Қыз-Жібектің алғашқы нұсқасын көрермендерге ұсындық.

— Сөз реті келгенде алғашқы нұсқасын неге таңдады-ңыздар? Оның нендей айырмашылығы бар еді?

— Сұрағыңыз орынды. Театрдың бас режиссері Жанат Хаджи-ев алғашқы толқын—1972 жылы келгендердің бірі еді. Бүгінде өзінің таланты арқылы өзі құрысқан театрды өнер шыңына асқақтатып келеді. Ол сонымен қатар Алматыдағы театр институтын бітірген. Ә. Мәмбетовтың курсында 1979 жылы режиссерлік мамандығын алып шығады. Сонда жасөспірімдер театрында сыннан өтеді. Қабілетті, талап қойғыш режиссердің «Тастама, отты Прометей» спектаклі репертуарымыздың жарық жұлдызы десе болғандай.

Бәрекелді, сәл шегініс жасайын. Сұрақтан ауытқып барады екенмін ғой. Жоғарыда айттым емес пе? Алғашқы нұсқаның бұрынғыдан айырмашылығы жер мен көктей десе де болады. Әрине, Қыз-Жібек, Төлеген сол күйінде. Олар бір-бірін сүйетін ғашық жандар. Ал біздің көріністеріміз тіпті басқаша. Халық санасында Қыз-Жібек үлде мен бүлдеге оранған байдың қызы, киімі де, салтанаты да бәрі де жарасады. Сұлулығы да ерекше. Басқалардан асып-төгіліп жатады, ешкім оған тең келмейді. Ал біз нағыз өмірдің өзінен Қыз-Жібекті көрсеткіміз келді. Ер-теде жақсы мата жылтыраған дүние, қайдан көп болсын, біздіңше, бас режиссеріміздің ойлауынша Қыз-Жібек көптің бірі. Сонша сұлу да емес, Төлегенді оған ынтызар еткен әкесінің байлығы ма, ол да емес. Қыз-Жібекті — Қыз-Жібек, Төлегенді Төлеген еткен екеуінің арасындағы махаббат. Ертедегі қазақ ауылы, қазақ даласы, жұпыны киінген қыз жігіттер, оның ішінде бір-біріне қолы жете алмай жүрген ғашықтар, міне, осының бәрі негізгі арқауға алынды. «Жібектің салтанаты қайда, шалқыған байлықты неге көрсетпедіңдер?» деп облыс басшылары тағы да ішкі өнерімізге қол сұға бастады. Түсіндіргіміз келеді, дәлелдеуге ұмтылдық. Алайда «айттым, бітті, орында», дейтін бұйрықшыл кезең еңсемізді көтертпей тастады. Сонда да алғашқы нұсқадан айы-рылған жоқпыз. Ғашықтардың символы, сыйластықтың қадыр қасиетіне айналған Қыз-Жібегіміз кейінгі ұрпақтың санасына, зердесіне сол күйінде жетсе екен, іні-қарындастарымыз осылай ұқса екен деген ниетіміз кейінде өз жемісін берді. Айтпақшы, біз қойған Қыз-Жібекте Бекежан Қарақшы, екі жастың ортасына түскен қара ниетті жан ретінде көрсетілмейді. Өйткені, ол да адам ғой. Оның да біреуді сүюге, ғашық болуына құқы бар. Жүректегі сезім, сүйе білу Төлегенге де, Бекежанға да қатысты. Ғашықтар жырының бүкіл құрылымы, желісі осыған байланысты ғой. Сөйтіп, 1987 жылы Алматыда шығармашылық есеп беруге тура келді. Біз облыс басшылары жақтыртпаған Қыз-Жібекті Алматыда қойдық. Өте жақсы деген баға алдық. Нағыз қазақы спектакль деп небір өнер қайраткерлері рахметін жаудырды. 1989 жылы Фрунзе қаласында Қазақстан және Орта Азия өнер коллективтерінің байқауы өткізілді. Қазақстаннан біздің коллектив қатысты. Осында бірден үш жүлдені иемдендік, музыкалық көркемдеу, тартымды рольге берілетін, сонымен қатар әйелдер бейнесін жасайтын жүлде біздің қанжығамызда кетті. 1985 жылы Грузиядағы Бүкілодақтық фестивальға қатысып, бұдан да жүлдемен оралдық.

—Әңгімеміз Қыз-Жібекпен басталып, театрдың өнер та-бысына ойысып барады. Сондықтан негізін қалаған артис-тер жөнінде айта кетсеңіз?

—Осы 20 жылдың ішінде біздің театрдан бес адам «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі» деген құрметті атақты иемденді. Ша-һарбану Есенғұлова, Досжан Жанботаев, Рашида Хаджиева, Асылболат Исмағұлов, Сағызбай Қарабалиндердің өнердегі соқ-пағы кейінгі жастарға тәлім-тәрбие. 1979 жылы «Құрыш қалай шы-нықты» спектаклі үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы лауреаты атандық.

Қай өнер коллективі болмасын келешегі мол жастармен толықтырылып отырылады ғой. Бұл жағы сіздерде қалай жүзеге асып келеді? Мұныңыз рас, жастарға арқа сүйейміз. Олар театрдың тая-нышы, біздегі Зибагүл Кәрина, Айман Аймағанбетова, Нұрай Та-набаев, Қалыбек Жұмашев сияқты жастар театрдың болашағын алға апарушылар деп есептейміз. Талантты жастар көп. Енді Балқаш сапарын да айтып берсеңіз? - Қолға алған шаруаны жүзеге асыру оңай емес. Облысымыз-дағы Жезқазғаннан кейінгі мыс алыбы Балқашқа осыдан үш жыл, бұрын келмекші болғанбыз. Әр түрлі жағдайлар кедергі болды. «Ештен кеш жақсы», деген ғой. Міне, мысты өңірге келіп қалдық. Қыркүйектің 14-і күні өнер сапарын бастап, қазанның З-інде аяқта-сақ деген ойымыз бар. Бұл сапарда театрдың 65 мүшесі түгелдей қатысады. Спек-такль қоюдың барлық күш-мүмкіндігі қолға алынды. Жанр алуан-дығын де еске алдық. Трагедия, комедия, драма бар, қойылым-ның тақырыптары да әртүрлі. Негізінен жеті спектакльді жұртшылық назарларына ұсынбақпыз. Оның ішінде О.Боранбаевтың «Дымың ішінде болсын», Ш.Айтматовтың «Бетпе-бет», Т.Нұрмағанбе-товтың «Әкем тірілген түн» спектакльдері бар. Әрине, өнер сүйер қазақ бар жерде Балқаштағы сапарымыздың сәтті, ойдағыдай өтетініне сенімдіміз. Өнердің дамуы, жаңа сатыға көтерілуі тек халықпен байланысты. Халық қолдап, демеп отырса өнер д жаңғыра береді демекпін. Жәке, соңғы сұрақ, театрдың келесі жылы 20 жылдық мөрейтойы екен. Халық аман болсын, көрермен бар болсын, тойларыңыз тойға ұласа берсін демекпіз. Ашығын ай-тыңызшы, өнер адамы болу қиын ба? Тілегіңізге рахмет. Елдің амандығын тілейміз, жүрген жерімізде тілеулес адамдар тауып жатамыз. Қимастықпен қош-тасым жатамыз. Міне.бұл өнерге деген құрметтен туындаса керек. Өзім туралы қойған сұрағыңызға жауап бере кетейін. Өнерді шын сүйген адам тек қиыншылық арқылы, тер төгу арқылы халқы-на жақсы өнер ұсына алады. Бір рольді дайындау үшін таңды көзбен атқызып, ұйқысыз түндерді өткізуге тура келеді. Бірнеше рольдерді ойнап, сахнаға шығарғанда осындай жәйттерді бастан кештік ғой. Көрермен сахнадан ләззат алып, қуанышқа бөленуі керек. Тақырыбына қарай тәрбиелік, адамгершілік мәнін ұғып, ру-хани игілікке пайдаланып жатса, қателікті түзетіп, жақсылықты басқаға насихаттасақ, оның түпкі нәтижесі болса актер үшін сахна бақыты деген осы. Ал бұл қиын ба? Әрине, оңай емес. Менің жолдасым Асылзада Ахметқалиева да осында актриса. Жанұядағы тіршілік, тұрмыс өз алдына, бір-біріміздің енердегі септігіміз, көмегіміз көрермендерге жақсы роль сыйласақ екен деген ниеттен туындап жатады. Ұлымыз Темірхан 10-класста оқиды, өзім де әке жолын қуып, әкеден өнер дарып, артист болдым. Сірә, Темірхан да солай болар-ау деп ойлаймын. Өзі де сездіретін сияқты.

—Әңгімеңізге көп рахмет. Сіздер Күләш, Манарбек, Ша-шубай, Мағауия туған киелі топыраққа келіп отырсыздар. Сірә, өнердегі қолдау, түсінушілік өз жемісін береді деп ойлаймыз?

—Айтқаныңыз келсін, сіздерге де рахмет.

1991 жыл.

БАЛА ҚЫРАН

Тоқырауынның мөлдір суына шомылып, мамық топырағын ба-сып өскен Қайратқа сонау балалық шағы тым ыстық, сағынышты болып көрінеді. Көгілдір көктемде Тоқырауынның арнасына сый-май сарқырайтыны бар. Дәл сол кезде құс қанаты түсіп, сең жүре бастайды. Одан әрі ауыл үстін құстар әні тербейтін. Балалық шақ-ты бәріміз де сағынамыз. Қайрат Қарағанды қаласындағы № 3 спорт мектебіне қабылданғанда ауылды қатты сағынды. Бұл 1986 жыл болатын. Бөтен орта, таныс балалар жоққа тән. Алайда Қайрат көпшіл, осы мінезі жаңа достарды табуына сеп болды. Өзі де адамдарға жақын тұрады. 1990 жылы осы оқу ор-нын бітіріп, сол жылы олимпиадашылар резервін даярлайтын училишеге түсті. Еркін күреспен біржола шұғылданып, батыл, ептілікті үйренді. Сонымен қатар мінез тұрақтылығына да әсер етеді екен. Бұлшық еттері жұдырықтай ойнаған аға буын балуандардың қимылдары ширақ, жылдамдықтарына көз ілеспейді. Қайрат со-лардың соңынан ерді. Ақыры нәтижелі болды. Түрлі жарыстарға қатысты. Қарсыласын шақ келтірмеді. 1991 жылы Қазақстан Республикасы бойынша спорт шеберлігіне кандидаттық нормасын орындады. Ал, 1992 жылы осы училишенің еркін күреске баулитын мамандығы бойынша бітіріп шығады. Өмірдің жолы сан тарау. Қайрат біржолы спортпен шұғылданып, жастарды тәрбиелеп, жанына серік етем деп ойлаған-тын. Бірақ өмір соқпағы, уақыт өз дегеніне бағындырады ғой. 1993 жылы заңгер-құқықтану мамандығы бойынша бітіреді. Жоғары білімді маман. Алдында қоғамға беріле қызмет ету, адам құқығын қорғау міндеті тұрды. Сол жылы облыстық ішкі істер басқармасының тергеу бөліміне қызметке жіберілді. Жігерлі жастың жұмысқа деген ынтасын бас-шылар бірден байқап, оның әрбір табысты қадамын қадағалап отырды. Тергеу амалдарын барынша мұқият, ықтиятты жүргізуден жалықпады. Кейде жәбірленушінің сөзіне ерекше ден қойып, бол-ған оқиғаның ізін суытпай ашуға мүмкіндік туады. Сөз астарында көп сыр жатады ғой. Оны тек бағдарлап, ой қорытып отыратын зерде керек. Қайраттың бойынан осы қасиеттер табылатын. Спорт мектебіндегі үздіксіз төккен тер жаттығулардың да пайдасы тиіп жүрді. Полиция қызметінде сергектік аса қажет. 1998 жылы ыстық нүктенің бірі болып табылатын ұрлық, қарақшылық пен күресетін бөлімге тергеушілікке жіберілді. Бұл жұмыста зор жауапкершілік жүктейді. Мұнда да іскерлігімен танылды. Енді басшылық Қайратты сол жылдың жазында аса ауыр қылмыс-ты тергейтін бөлімнің тергеуші қызметін ұсынады. Ал, 2001 жылы ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімі бастығының орынбасары қызметіне жоғарылатылады. Бұл күнде Қайрат Нұрманұлы Төкешов Балқаш қаласы ішкі істер полициясы бастығының орынбасары, тергеу бөлімі бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді. Балқаш-өндірісті қала. Тоғыз жолдың торабы. Мұндай жерде қылмыс болмай тұрмайды. Сондықтан Қайрат басқаратын бөлімнің жігіттері қашан да қырағы күзетте. Жедел қимылға дай-ын. Жұмыс бабындағы көрсеткіштері де ойдағыдай. Осындағы тәжірибелі тергеушілердің де ақыл-кеңесімен санасып отырады. Қарапайым отбасынан шыққан Қайраттың жарқын болашағы әлі алда. Тіл көзден аман бол, бауырым! Өз еңбегімен көтеріліп, адалдықты ұран тұтқан жас жігіт. Зайыбы Меруерт екеуі кішкене Жанеркені тәрбиелеп, өсіріп отыр. Мектеп табылдырығын аттады, қадамы құтты болсын! Қайрат Нұрманұлы көз алдымызға бала қыранды елестетеді. Ұшар қанатың талмасын, Ақтоғайлық жас қыран!

2002 жыл

ҚОС ЖҮРЕКТІҢ ДҮРСІЛІ

ТИЕК

Сарыала күздің сол бір күні әлі есімде. Қызғылт сарғыш түсті жапырақтар ағаш бұтағынан қалықтап қана жерге баяу түсіп жа-тыр. Бейне бір шашу шашқандай. Үп еткен жел тұрса-ақ болды саудыраған жапырақтар құйындай үйіріліп, үстімізге қонақтап қалған. Бастарына орамалды шарт буып, қолдарына ақ шелек ұстаған сауыншылардың іс жүзіндегі қимылдары да көз алдымнан кетер емес. Қайта арамызда әлдебір қимастық тұрғандай. Жаныма жайлы әсер етеді. Қызыл орамал... Неліктен жүрегіме жақын болып қалды екен. «Балқаш» совхозына жолым түсетін болғандықтан ба, қатты қуанған едім. Мұның да сыры бар. Сыртынан аттарына қанық болып қалған ауданымыздың балды бармақ сүт сауудың шеберлері Несіпбала Қалиева, Марфуға Шойбасовалар осы шаруашылықта еңбек етеді. Екеуінің ауданымыздың таңдаулы сауыншысы екенін де жақсы білемін. Осындай азды-көпті еңбегімен елге қадірлі жан-дармен кездесудің орайы келгеніне қалайша қуанбайын. «Балқаш» совхозынан оралғаныма біраз болса да бастарына қызыл орамал байлап, ақ халат киген сауыншылардың нұрлы ди-дарлары қаз қалпында көз алдымда тұр.Олардың ортасына және бір баруға үмітімнің бар екенін тағы да жасыра алмаймын. Совхоз кеңсесінде отырғанымда сауыншылардың өткен күнгі көрсеткіштері жазылған мәлімет қағазы қолыма іліккен еді. Онда былай деп жазылған. Озат сауыншы Нескен Қалиева күндік нор-масын асыра орындап әр сиырдан күніне 8—9 литр сүт сауып отыр. Ол өткен жеті айда 40340 литр сүт сауып тамаша табысқа қол жеткізді. Сол сияқты озат сауыншы Марфуға Шойбасованың да қажырлы еңбегі атап көрсетілді. Цифрлық көрсеткіштер. Бұл айтуға оңай болғанымен орындау-ының қандай қиын шаруа екені әркімге белгілі. Мәселен қос сау-ыншының жыл емес жеті-сегіз айдың ішінде 40340 литр сүт саууы ғажап көрсеткіш. Ал, жылына әр сиырдан 2250 лит сүт саууды міндеттеріне алған. Әрине, бұған жан-жақты шеберліктің, төзімділіктің аса қажет екені өзінен өзі аян.

Сонымен...

Сүт бұлағы...

Сүт сауудың балды бармақ шебері Несіпбала Қалиевамен кездесудің де сәті түсті. Ол еңбек жолын 1957 жылдан бастаған. Жастайынан шаруашылыққа көзі қанық болып өскен Несіпбала көлденең келген қиыншылықтарға мойынған жоқ. Қайта ширыға түсіп, қай салада жұмыс жасаса да оны тиянақты ақтауға күш-жігерін барынша жұмсайтын. Несіпбала еңбекті еншім деп ұққан ауданымыздағы қадірлі адамдардың бірінен саналады. Әрине, еңбекке деген сүйіспеншілік болса мәртебең де биіктеп мерейің де өсе түседі. Сөз жоқ, Н.Қалиева еңбекпен көркейіп, еңбектен бақытын тапқан аяулы жан. Сапа және тиімділік бесжылдығының үшінші жылының шуақты еңбек жылына айналдыруды мақсат тұтқан Несібала социалистік жарыстың алдыңғы легінен көрініп, жүздің жүйрігі атанды. Осы-нау жұмсақ мінезді адамның өз коллективіне сыйлы болуы қадірлі еңбегінің арқасы шығар. Сиыр саууды өзінің төл кәсібіне айнал-дырған ол бірнеше жастарды тәрбиелеп шығарды.Мәселен, «Ар-мандастар» атты сауыншылар бригадасының мүшелері М.Ахме-това, Қ.Жарқынбаевалар Несіпбала апайдың шәкірттері десек мұның өзі оның бойындағы тамаша ізденістерді дәлелдейді. Ұстаз шәкіртімен қадірлі. Қазір бригада мүшелерінің қайсы болмасын күндік нормаларын асыра орындап жарыс жалауын желбірете түсуде. Бұған олардың ұстаздары да дән риза. Біздің ол кісімен әңгімеміз алғашқы бетте-ақ жарасып кеткен еді. Сұрағымызға нық-нық жауап беріп, толғана сөйлейді. Жасампаз өміріміздің сәулетті тұрмысына қарап көңіліміз теңіздей шалқиды. Қуанышты оқиғаларымыз да қаншама. Сапа және тиімділік бесжылдығы болып өмірге енген оныншы белесіміздің маған сыйлаған еңбек берекесі де аз болған жоқ. Ауданымыздың таңдаулы сауыншысы атанып, совхозымыздың экономикасы мен мәдениетінің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосып жүргенімді мақтанышқа балаймын. Ал, СССР Конституци-ясының біржылдық мерекесіне лайықты еңбек тарауларын әзірлеп, жоспарымды 125 процентке орындадым. Қазір қарамағымда 25 сиыр бар. Осылардың әрқайсынан жыл аяғына дейін 2250 литр сүт сауып мемлекетке өткізу басты міндетім болмақ. Сол сияқты бұл еңбегімді Ұлы Октябрь Социалистік революциясының 61 жылдық мерекесіне сыйламақпын. Сүт бұлағын селдету тоқшылық дастар-ханының сәні, берекесі ғой, — дейді Несіпбала өз әңгімесінде. Иә, Несіпбала сонымен қатар үлгілі семьяның ұйтқысы, үш бала тәрбиелеп отырған ана. Үлкені Света 4 класта, Мәдияры 1 класта оқып жүр. Данияры 6 жаста. Аяулы апаның құшағында гүлдей құлпырып өсіп келеді. Жолдасы С.Әбеуов совхозда жылқышы болып еңбек етеді. Бірлігі жарасқан семьяда берекелі табыс, жақсы тұрмыс та баршылық. Ендеше біз сөз еткен Н.Қалиеваның өмір асуына өрлеуі бұдан да биік бола берсін деген игі тілек тілге оралады.

Арманның ақ шуағы Марфуға Шойбасова«Балқаш» совхозындағы ғана емес, ауда-нымыздағы айдарлы есімдердің бірі. Сүт бұлағын ағызған Несіпбала мен Марфуғаны қай жағынан болсын бөле жара қарауға болмайды. Екеуі де еңбек озаты, жарыс жеңімпазы.

— Мен 1959 жылдан сауыншы болып еңбек етіп келемін.

Әр жылдың өз ерекшелігі бар десек, 1974 жылы Құрмет белгісі орденін омырауыма қадап, мәртебем бұрынғыдан өсе түсті. Ауданымыздың таңдаулы сауыншысы атандым. Сүтті сапалы сауып одан алынатын өнімді молайту сауыншы-лар қауымының абзал борышы десек артық айтқандық емес. Бұл үшін әрине жан-жақты тәжірибе, творчестволық ізденіс қажет. Ендігі ойым жылды зор табыспен аяқтап, оныншы бесжылдықтың үшінші жалын ризашылықпен шығарып салу—дейді Марфуға Шойбасова өз ойын бүкпесіз ақтарып. М.Шойбасова сонымен қатар № 1 ферманың цехтық партия ұйымының секретары. Коммунистердің басын қосып, мол табыс-қа жетудің төте жолын үнемі айтып пікірлесіп отырады. Қазір оның ұйымында коммунистредің авангардтық ролі бұрынғыдан да арта түсті. Біз қоштасарда: «Сүт аппақ арман ғой. Ол байлықтың, молшы-лықтың ақ шуағы» — деген еді. Марфуға. Осы сөз жүрегімізде жатталып қалды... Тағы да қыр басында желбіреген қызыл орамал... Сарыала күздің сол бір майда күні де әлі есімде. Жапырақ ұшып, ағаш бұтақ-тары жалаңаштана бастаған. Ал, олар туралы мынау шағын дүние сәтті жолдың, тиімді әңгіменің соңғысы емес, бір ғана нүктесі. «Сүт бұлағы» — деп Н.Қалиева бастаса.М.Шойбасова «ақ бұлағы ар-манның, сүт бұлағы» деп тебірене түйіндейді. Мейірімді жүректен шыққан қандай мазмұнды сезімді әркімніңойына келе бермейтін не деген терең, мәнді сөз еді...

Тыңдаңызшы қос жүректің дүрсілін...
1978 жыл.

ПАНАСЫЗДАРДЫҢ ПАНАСЫ

Балқаш қаласында арқа өңірінен алғаш кен тапқан атақты геолог ғалым, академик Михаил Петрович Русаков атындағы 2 мектеп интернат бар.40 жылдан аса тарихы бар мектеп ұжымын-да бұл күнде 50 шақты ұстаз, тәрбиешілер еңбек етеді. Мұңда үш жылдан бері «Мектеп денсаулық» бағдарламасы бойынша оқу тәрбие жұмысы жүргізіледі. Мектеп интернат директоры кезіндегі КСРО Қазақ ССР-і оқу ағарту ісінің үздігі, ағарту саласы маман-дарының ұстазы Бәдиша Махатова. Бала бағбаны панасыз балаларды паналатқан ұйымшыл ұжым ұйтқысы. Қазақстан Респуб-ликасы тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойы жылында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің «Құрмет белгісі» грамотасы-мен «Рухани адамгершілік тәрбие беру» белгісі марапатына ие болды. 200-ге тарта оқушы тәрбиеленіп жатқан мектеп-интернатта рухани адамгершілік тәрбие беру, Жан тану бағдарламасын терең оқыту басты нысана етіп алынған. Біз мектеп директоры Бәдиша Махатқызын әңгімеге тарттық.

—      Ең әуелі өзіңіздің еңбек жолыңызға үңілсек, артық болмас? —Осы өңірдің тумасымын ғой. Мына қаланың әр бұрышы, әр бұтасы көз алдымда. Қала қазір әжептеуір өсті, сәулетті ғимарат-тар бой көтерді. Уақыт өте келе бәрін де өзгертеді екен. Шап-шағын жатаған үйлері бар қоныс қазір өндірісті үлкен қалаға ай-налды. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтты 1958 жылы бітірдім. Осы қазіргі №2 Абай атындағы лицейде орыс тілінен сабақ бердім. Негізгі мамандығым қазақ мектептерінде орыс тілінен сабақ беруге жатады. Осында оқу ісінің меңгерушісі болдым. Біраз тәжірибе жинақтадым, балалардың тілін тереңде-туде, жан-жақты білім беруде алдыңғы толқын ұстаздардың үлгі-өнегесін алдық. 1973 жылы осы қазіргі М. П.Русаков атындағы мектепке директор етіп жіберді. Ол кезде айтқан тапсырманы орындау жұмсаған жерге сөзге келмей бару заңмен бірдей болатын. Жоғарғы орындарға тәжірибемнің аздығын айтып қипалақ-тап едім, жұмсаған жерге бару керек бітті - деді.

-Сонда директорлық қызметіңіздің өзіне 30 жыл толыпты ғой. -      Ия, зулаған уақыт. Бәрі де күні кешегідей еді. Балқаштағы №2 мектеп интернатта менің алдымда бес-алты директор ауысып-ты. Бастық жиі ауыса берген соң береке бола ма? Ұжымда ұйым-шылдық жоқ, тәртіп осалдаған. Өзі таза орыс тілді мектеп, ба-сында қиналдым. Мектептің оқу базасы көңіл көншітпейді. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Мұнда тәртібі нашар, тәрбиесі осалдаған балалар да аз болмайтын. Мектеп тоғыз жылдық, сабақ жалпы білім беретін пәндер бойынша жүреді. Бұрынғы қазақ мектебіндегі ерекшелік мұнда бөлек қалыптасқан. Негізгі мақсат - жұқпалы өкпе-құрт ауруына шалдықкандарды алма кезек сауықтыру, оқыту. Кейін келе- келе мектеп екі тілділікке ауысты. Қазақ балалары көптеп келе бастады. Орыс тілді балалардың көбісі басқа мектепке ауысты. Яғни, аралас мектепке айналдық. Санаторий мектеп-интернаты ретінде бағыт ұстандық, Оқушылардың денсаулығын бақылау, сараптау, басқаға жұқтырмау. Сол кездегі қалалық оқу бөлімінің меңгерушісі В.П.Мошковская көп ізденді, көп нәрсені бірлесіп ақылдасып шешіп отырдық. Осындай дәрежедегі мектептерге бардық, тәжірибе алмастық. Ақпарат алмасу оқу әдістемесін үйрену, ой бөлісу ашық әңгіме арқылы жүргізілді. Тұрмысы ауыр, әлеуметтік жетімсіз отбасылары бар ғой. Сондай балаларды да тарттық.

—      Ондай балалар жыл сайын көбейіп отырды ма?

Әрине, тұрмыстық ауыртпалық оңай емес қой. Бізде 70-ке тарта оқушы ата-анасыз, панасыздар болып келеді. Қабылдаймыз, -да-лаға тастайсың ба? Сабақтың өтуі, дайындалу бәрі-бәрі белгіленген кесте бойынша жүреді. Ал денсаулық жағына келетін болсақ дәрігерлер оқу жылының басында, содан соң оқу жылының аяғында балаларды арнайы тексерістен өткізеді. Ауырғандардың диагнозын қояды, жазыл-ғандарын анықтайды, тірі жетімдер осы мектепті толықтай бітіріп шығады. Оларға ерекше қамқорлық жасайды. Дегенмен, ата-ананың аялы алақанындай қайдан болсын. Нақтылай айтсам осы бүгін 30 жетім, 60 тастанды бала оқып тәрбиеленуде.

- Жалпы мектеп интернат қанша орынға арналған?

-      Биылғы оқу жылында 200 бала білім алуда. Негізінде одан көп 400 дей оқушыға арналған. Мектеп бюджет арқылы қаржыландырылады. Мектептің мақтан тұтар шәкірттері аз емес. Бізден бітірген талантты әнші Жәнібек Мұқашев Астанада өнер академиясында оқиды. Оның бауырлары Данияр мен Самал да талантты оқушылар. Түлектеріміз Асқар Оспанов, В. Ермакова т.б көп шәкірттер Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Мектепте балалар өмірімен қызу араласып жүрген маман ұстаздарды орайы келген-де айта кеткім келеді. Қанша тәжірибелі басшы ұстаз, болсаң да ұжымсыз ештеңе жасай алмайсың. Директордың оқу тәрибе ісі жөніндегі орынбасарлары Күмістай Жанұзақова, Қарлығаш Ра-хымберлина, Қорлан Нөкербекова, ұстаздар Серік Әбдірахманов, Т. Ульянова, Қ. Иманбекова, Ж. Балжігітова, Ү. Сағындықова, К. Аятбекова, С. Балмағанбетова, басқа дәрігерлер, техникалық қызметкерлер бала жүрегінің кілтін тауып қарым-қатынас жасайтын бағбандар десем қателеспеймін. Жазғы еңбек және демалыс лагерінде де оқу тәрбие саласының меңгерушілері бел шешпей қызмет атқарады. Өйткені 80-нен аса балаларымыз жазғы кани-кулда баратын жері жоқтығынан мектептің арнайы лагерінде дем алады.

—      Әрқашан сұхбат бергенде демеушілерге алғысыңызды жау-дырып жататын едіңіз. Олар көбейді ме?

Шәкірттер көп болғандықтан бюджеттің бөлген қаржысы аз-дық етеді. Мұндайда демеушілер іздейсің. Жетім балаларды же-беп, қамқорлық қолын созатын қаладағы "Балқашнан", "Бал-қашсүт," АҚ-ры "Мұнайинвест","Зере". Балқаш кен металлур-гия комбинаты киім-кешек, дәрі, оқу құралдары жағынан қара-сып әрқашан демеушілік жасап отырады. Осылардан басқа өз бетімен жетімдерге көмек қолын созайын-ау деген кәсіпкерлер көп емес. Кейде ойлаймын осыларға міндетті түрде сұрау салып балаларға көмектесуін өтіну қажет пе деп. Сол демеушілердің арқасында ұстаздар, тәрбиешілер, дәрігерлер, техникалық қыз-меткерлер қауымы жас ұрпақ тәрбиелеуде нәтижелі табысқа қол жеткізіп келеміз. -Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру қалай? Қанша деген-мен аралас мектеп қой. -Сұрағың орынды. Мына қызықты айта кетейін. Өзге ұлттың ба-лаларына кішкентай кезінен қазақ тілін үйретсе қазақшаға судай болып шығады. Бізде әдет-ғұрып, салт-дәстүр әнұранды мүдірмей айтатын басқа ұлттың балалары бар. Отансүйгіштік рухта тәрби-елеуде біраз жұмыстар атқарылуда. Оқушылар «Наурыз» мейра-мын асыға күтеді. Ораза тұтып, мешітке баратын оқушылар саны жылма-жыл артып келеді. Алладан мейірім, шапағат күтеді. Мешіттің жанында медресе бар. Сонда араб тілін үйреніп жүрген оқушылардың ынтасы зор. Адалдыққа, тазалыққа біреудің ала жібін аттамауға бейімделеді, ниететеді. Рухани тазалыққа ұмты-лады. Имандылық әліппесін бой тұмардай сақтауға ұмтылады.

— Мектепті бітіргендердің бұдан былайғы тағдыры қалай бола-ды?

—      Бізде тұңғыш рет 11 сынып ашылып, 25 оқушы биыл мектеп бітіретін болады. Олар қалауы бойынша оқу орындарына, колледж-дерге оқуға түседі. Тіпті оқу орындарына түссе де, бізді паналап, тұрмысын жалғастыра береді. Өздерінің тұрған үйлері сияқты болып кеткен ғой. Тәртіп, бақылау қатаң сақталады. Оқушылар қоғамдық жұмысқа, спортқа дене тәрбиесіне белсенділікпен қатысады. Өнерге баулу, эстетикалық тәрбие беру, өзін-өзі тану, Жан

тәрбиесі бізде іркес-тіркес жүреді. Адамгершіліктің құнын біліп 1 сыныптан бастап қолға алынады. Сара Алпысқызының рухани адамгершілік жайлы «Өзіңді өзің таны» бағдарламасын басшы-лыққа алып жүзеге асырамыз. Ы. Алтынсарин атындағы білім жетілдіру институтымен тығыз шығармашылық байланыстамыз. Облыста, республикада ұстаздардың еңбегі лайықты бағаланып жүр. Білім беру сапасында жүлделі орындарға бірнеше мәрте ие болдық. Методикалық әдебиетті кеңінен пайдаланамыз. Балалар мен ұстаздар арасында еркін қарым-қатынасты игеруге бет бұрдық. Мәселен, оқушы да жеке тұлға. Ол да ұстаз алдында қысылмай ойын ашық айтуы керек. Сонда ол есейе келе пікірі қалыптасқан, өз көзқарасы бар азамат болып шықпасына кім кепіл.

—Жұртшылық сізді панасыздардың панасы - дейді.

— Енді ол жоғарыдағы айтқан шаруаларға байланысты болса керек. Жалпы адамға мейірім жетпей жатады. Ал, ата-анасыз қал-ғандарға екі есе мейірім, жан шуағы керек. Бәріміздің де ет жүрегіміз бар, жетімдерге елжіреп тұрмасақ жәутең көздер дала кезіп кетпей ме? Онда қоғамның да сәні салтанаты келісе қоя ма? Біздің ұжым шапағат нұрымен осындай балаларға білім, тәлім-тәрбие беріп келеді.

—Әңгімеңізге көп рахмет. Қиын да ардақты қызметіңізге алда да үлкен жеміс тілейміз.

2002 жыл.

ӘНГЕ АЙНАЛҒАН АҚТОҒАЙ

АҚТОҒАЙ - АЛТЫН БЕСІГІМ

Өлеңін жазған — Абзал Бөкен.
Сазын туындатқан — Дәртай Сәдуақасов.

Ақтоғай мекендеген Арқа белін.
Аяулы құтты қоныс дархан елім,
Ән күйден маңайына маржан шашқан
Арқаның мойынындағы алқа ма едің?

Қайырмасы

Бұл-бұл боп сайрай бер, Ақтоғайым.
Гүл-гүл боп жайнай бер, Ақтоғайым
Тілегің боп талпынып мен,
Жүрегің боп шаттанайын

Жайнай бер, жайнай бер Ақтоғайым,
Жарқырап жұлдыздай бақ, талайың
Атыңды айтып мақтанайын,
Алтын бесік—Ақтоғайым!

Ақтоғай шалқып жатқан
ырыс далам,
Еңбекшіл елі қолға ту \ұстаған
Сәнімен

Күләштардың сәулеттеніп,
Әнімен
Манарбектің тыныстаған.
Даладай дастарханы кең болады,

Қырандай қияндарға қомданады.
Сауықшыл сері мінез.сертке берік,—

Ақтоғай, міне, осындай ел болады!

Қайырмасы

ТОҚЫРАУЫН ВАЛЬСІ

Әні Е.Хасенғалиевтікі. Сезі Б.Тәжібаевтікі

Арқа белде Ақтоғай,
Атырабы ән екен.
Жасыл алқап жайлауы,
Сарыарқаның сәні екен,

Толқып аққан өзені
Тоқырауын даңқы бар.
Төскейінде мал баққан,
Еңбек сүйгіш халқы бар

Қайырмасы

Айдынында аққулар,
Ән шалқытып ұшады.
Бұл өңірде шат-думан,
Жаның ләззат құшады.

Тоқырауын таң сүйген,
Аты көпке әйгілі
Ұл қыздары ән күйден,
Жеңіп алған бәйгені

Кезгеніңде даласын,
Құмардан бір шығасың
Азаматы жанына
Адалдықты ұғасың

Қайырмасы

АҚТОҒАЙ ҰЛЫЛАР МЕКЕНІ

әні мен сөзі Қуандық Сәденовтікі

Ақтоғай—алтын аймақ шұғылалы,
Тербеген атырабын сұлу әні.
Биікте жарқыраған жұлдыздардай,
Нұр шашып тұр әлемге ұлылары.

Қайырмасы

Бәйгеге әнін қосқан тұлпарымен,
Дауысын бар әлемге шырқады кең.
Ерлікті арман еткен бабалары,
Өнерлі мың жасайды ұрпағымен.

Көгінде — ән қалықтап, жүзген Ай, Күн,
Төсінде—Тоқырауын—күлген айдын.
Батырлық, биліктері жанған өлке,
Жалаңтөс, Қараменде, Жидебайдың.

Халқына сүйетұғын дала таңын,
Жайлауы жайған құшақ, алақанын,
Киелі баталарын алған өлке,
Сана би, Шабанбай мен Саботаның

Ойлаған болашақ пен халық қамын,
Әйгілі алты алашқа алыптарың.
Әлихан, Жақып пенен Әлімхан бар,
Ақтоғай, қандай мықты арыстарың.

Жезкөмей Әсет, Күләш, Манарбегің,
Үніне дала ұйып алар демін.
Осындай ұлыларды ардақтаған,
Ақтоғай, бас иеді саған елің.

АҚТОҒАЙҒА АРНАУ

Өлеңін жазған Жарас Әзімбаев.
Әнін жазған: Қадыр Баймурзин.

Сағым боп сайын дала, құба белі,
Шет жүрсем сағындырып тұрар еді,
Түлетіп кең даланы ат ойнатқан,
Бабамның мен болайын Мұрагері

Қайырмасы
А-а-ай, ауылым!
Е-е-ей, туған жер!
Арманым, еңселі,

Жанымның бөлшегі,
Ақтоғай жырлаймын мен сені
Арқаның бойында,
Ат қосқан ойынға,

Ақтоғай, ән шашу тойына!
Мұнартып көз ұшында қалықтаған,
Тау көрсем жүрек, шіркін,
қамықпаған.

Ақтоғай қасиетіңнен айналайын,
Жатырсың елге ырыс боп
Шалықтаған

Қайырмасы

Қашан да жырақ жүрсем елді аңсағам,
Көрінер маған шексіз өлшем бағаң
Ақтоғай деп мен сені көрсетер ем,
Арманың қайда сенің десе маған,

Қайырмасы

ШАЛҒАЙДАҒЫ АҚТОҒАЙ

Сөзі мен әнін жазған Бағдат Мүбаракұлы

Туып өскен бабалар,
Ұрпағың мәңгі бағалар.
Қасиетті мекенім,
Басып өткен даналар.

Қайырмасы
Шалғайдағы Ақтоғай,
Бөктердегі Ақтоғай
Сағындым ғой мен сені,

Көптен бері Ақтоғай
Қасиетім Ақтоғай,
Бас иетін Ақтоғай.
Аңсадым ғой мен сені.

Айналайын, айналайын Ақтоғай!

Қайырмасы

Әнге қосып өзіңді,
Отырамын туған жер.
Байқасың ба киелі, Т
опырағың думанды ел,

Сені ойласам сөзімнен,
Бал тамады ауылым,
Алыс кеттім өзіңнен,
Арқадағы ауылым.

АЛТЫН АЙМАҚТЫҢ АДАМДАРЫ

ЖҮРЕГІҢНІҢ ЖЫЛУЫН БЕР, АДАМДАР!

Командировка.... Оның да берері, қуанышқа бөлер сәттері көп. Егерде, жолға шығамын-ау дегеннен-ақ қайда барарыңды көз ал-дыңа елестетсең ойың тоғыз саққа жүгіреді. Ең бастысы қызу еңбектің ортасында болып, көңіл шалқытар істерді көрсем екен деп тілейсің. Біз даладағы сан тарау жолдардың бірімен келеміз. Алдымыз-да мың бұралаңдап, көз жеткізбейтін жолдар тізбегі. Жолдар, жол-дар... Адам мен адамды кездестіріп, арман мен арманды жалғас-тыратын да осы жолдар.

—      Мен Сізге бір әңгіме айтайын, мүмкін қажетіңізге жарап қалар, — деді совхоздың бас экономисі Сағынтай Аяғанов.

«Қажетіңізге жарап қалар» — деп оның сөз саптауына қараған-да терең әңгіме бастарын біле қойдым.

— Айтыңыз, жол қысқарсын.

— Жоқ інішек. Бұл жай айтылып қалатын әңгіме емес. Сол жігіт Сіздің бір мақалаңызға арқау болады. Нағыз еңбек адамы. Есімі Қайыр, фамилиясы Игенов. Менің құрдасым. Қазір 39-да. Екі сөзінің бірін «Жүрегіңнің жылуын бер» — деп аяқтайды. Оның жүрегінде мынау нұрлы өмірге деген мәңгі суымас жылу бар.

Бұл әңгіме осыдан екі ай бұрын болған еді. Онда жадыраған жаз айы еді. Қазір қоңыр күз де есік қақты. Бірақ жүрегімнің түкпірінен сол бір еңбек адамының жарқын бейнесі кете қойған жоқ тұғын. Неде болса жазуға отырмас бұрын «Жамшы» совхозы-на телефон соқтым да осы әңгімеге себепкер болған экономист С.Аяғановпен тілдестім.

—      Е, е, Қайырды айтасың ба? Жүр ғой, шабысынан бір танар емес. Қазір мал азығын дайындау науқанында, өзің көргендей сол баяғы қалпы. «Жүрегінің жылуын» беріп жүр. Үйіндегі бала-шаға-сы мен жолдасы Күмәшті да ұмытып кетіпті. Ерте кетіп кеш келетін көрінеді. Кім білсін, былай шыға бойдақ болып кетпесе. Осы сөзімді Күмәшқа айтсам езу тартып күледі де қояды. Ол да өзіндей. Қой аузынан шөп алмайтынның дәл өзі. Екеуін бір қос-қан құдайым-ай десеңізші. Біреулер бала-шаға асырау үшін еңбек етеді ғой. Әй, анау қауғабас құрдасым ондай ойдан ада шығар...

Шіркін, жүрек түкпірінен сұраулаған құрдастар-ай дедім мен онымен сөйлесіп болған соң. Бір-бірлеріңе жүректерің де көңілдерің де адал екен ғой. Сіз осы сәтте өзіңіздің «ЮМЗ-6» тракторыңызда отырып, маң-дай теріңізді мүйізденген күректей алақаныңызбен сүртіп тастап шабындықта шығарсыз. Кенет шөп шабатын агрегатыңыз әлсіреп барып тұрып қалды. Ал трактор жүріп келеді. Артқы шалғының жұмыс істемей келе жатқанын білген жоқсыз. Екі көзіңіз трактор бауырындағы қос шалғыда. Соңынан байқадыңыз, артыңызға қарасаңыз шауып келе жатқан жеріңіз жұлма-жұлма. Трактордың тежегішін іске қосып кілт тоқтадыңыз. Кәсіптенгендіктен бе, қолыңызға 24-ші кілтті ұстай түстіңіз. Тез таптыңыз, шөп қиятын жапырақ майысып, қазауызға қыстырылыпты. Дереу шалғыны айыр-бастау керек болды. Күн көзіне шағылысқан өткір шалғыны «КДП-ның» үстінен алып, шалғысы істен шыққан полотноға салып жат-тыңыз. Осының бәріне небары 6-7 минут жұмсадыңыз. Жалқау-лау біреу болса бір сағат уақыт алып тұрар ма еді, кім білсін. Сіз көп ұзамай жұлма-жұлма болған жердің шөбін қайыра шауып кетіп бара жаттыңыз. Есіңізде болар өзіңіздің сары «ЮМЗ-ның» ішінде отырып, әңгемелескеніміз. Бұрын сіз мені, мен сізді көрген жоқпын. Өзіңізбен әңгімелесер алдында бөлімше меңгерушісі Қ.Алдабер-генов сіз туралы қысқаша баяндады.

— Қажымайды. Еңбек үшін жаратылған адам дерсің. Анау ас-тындағы «ЮМЗ-ды» совхоз алғаш құрылған жылы алған еді, әлі су жаңа. Бір жері мұқалған жоқ. Техниканы аялы алақанымен ұстай-ды. Адамгершілігі, азаматтығы қандай. Оның осындай коллективтің ыстық ықыласына бөленуі биік адамгершілігінде ме деп ойлаймын.

Мені Сіз одан сайын тарта түстіңіз өзіңізге. Соны білдіңіз бе? Ұстай-ұстай жылтыр болған «ЮМЗ-ның» рулін онды-солды еппен бұрай отырып, әңгіме айттыңыз. Шынымды айтсам Сіздің жүрегіңіздің жылуына мен де жылынып, әңгімеңізге ұйып бара жатқан едім сонда.

—Өмірдің жолы мың бұралаңдаған бұлтарысы мен қалтарысы көп қой, деп бастады әңгімесін Қайыр. — Кейде өткенге көз жіберсең таңғажайып түс секілді. Бәрі де кеше ғана болып өткен сияқты. Сынапша сырғып тоқтаусыз өтіп жатқан өмір-ай. Есейгенімізді, қартаңтартып бара жатқанымызды кейінгі жастарды көріп білеміз. Санап отырсам трактор руліне отырғаныма 21 жыл болыпты. Сол кездегі мен алғаш трактор руліне отырғандағы жас балалар қазір өзіммен қоса еңбек етіп жүр. Жылдар да бір-біріне ұқсамайды, өзіндік өрнектері бар. Бір жазушы жазыпты ғой, «Жылдар бір-біріне ұқсаса ол мәнсіз болады», деп. Өте дұрыс! Жыл түгілі бір күніңнің өзі ертеңгі күніңнен биік тұрады. Осының бәрі уақыттың қоғамдық өмірдің жаңарып алға басып келе жатқанды-ғынан ғой.

Мысалы, менің жас кезімде мынандай техника жоқ болатын, деді ол, «ЮМЗ-ды» нұсқап. Алғашқы шыққан тракторлар мұндай күрделі және жұмыс істеуге қолайлы емес еді. Ал қазір техника-ның түр-түрімен шығып жатқан кезі. Ана ғұрлым күрделі, бойы тол-ған жаңалық. Осындай жаңа техниканы меңгеру үшін асқан қабылеттілік керек. Ең бастысы өмірге деген, өз ісіңе деген жүрегіңде жылу болсын.Кәсібіңді сүйе біл. Сонда бәрін де оңай меңгересің. Қажыма, талма. Ал кейбір жастарымыз рульге оты-рып, трактор жүргізгенге мәз...

—Қайыр-аға, трактор руліне алғаш отырғанда өзіңізді қалай сезініп едіңіз, дедім мен оның жанарына тіке қарап.

—Жоғарыда айттым ғой. Осыдан 2 жыл бұрын. Қоңыр күз еді. Айтпақшы, сол жылы күз ерте түсіп, кара суықты, әрі ақжауынды болып келді. Бір топ ауыл балалары арқамызға түйіншегімізді са-лып алып, тракторшылық курсқа барамыз деп тартып отырдық.

Келісімен оқуға кірістік. Күнделікті өткен сабақты зейін қоя тыңдап, білгенімді сабақ беретін мұғалімге жеткізуге асықтым. Ақыры алты ай өте шығып, тракторшылар даярлайтын курсты да аяқта-дық. Сонда менімен бірге совхозымыздың экономисі Сағынтай да оқыған болатын. Ол ұзын тұра жалқау еді (Құрдасым ғой). Кейіннен оқуды тастап кетіп қалған-тын... Ауылға келісімен тәжірибелі механизаторларға көмекші болып істедім. Кейіннен ол кездегі дала алыбы атанған «ДТ-54» тракто-рына отырдым. Шынжыр табаны жер солқылдатып жүргенде со-ның ішінде өзім отырғанда қайда жұмсаса да баруға әзір болатынмын. Және тапсырылған істі дер уақытында атқарып істеп тас-тамасам көңілім жай таппайтын. Сол мінезге қалыптасып кеттім.Қазір міне қарбалас науқан — мал азығын дайындауда жүрміз ғой. Енді осы саяси-шаруашылық үлкен науқанды жұмыс тез аяқталса екен деп тілейсің. Ертерек бітірсек бізге де жақсы. Қыс қамына кірісеміз. Бөлімше де абыройлы. Осы сәтте трактордың есігіне қолы әрең жетіп ашқан қыз бала: — Папа, қымыз ішсін деп мамам шақырып жатыр, деді.

— Мынау, Шынар деген балам. Ең үлкенім Ардақ сегізінші клас-ты бітірді. Одан кейінгі Қымбатым өзіммен бірге шөп шабуда жүр, деді ол трактордан түсіп жатып.

— Ал үйге жүр...

Сіз бәлки айналаны қою қараңғылық басқан соң шабыңдықтан үйге қайтып келе жатқан шығарсыз. Содан соң Күмәш жеңгейдің дайындаған кешкі асын іше салып қалың ұйқыға кеттіңіз бе. Күні бойғы мыйтың жүріс, аптап ыстық сізді шаршатты ғой. Немесе, семьяңыздың ортасын жайдары күлкіге бөлеп мейірімді жүрек жы-луыңызбен 4 жасар Шынарыңызды маңдайынан иіскеп келешекті ойлап отырған шығарсыз. Әлде сызат беріп көтеріліп келе жатқан ару таңды бетке алып шабындыққа аттандыңыз ба?

Менің ойыма құрдасыңыздың әңгімесі түсті.

—      Ол даңғайыр механизатор. «ЮМЗ-6» тракторына 4 шалғы тіркеп күніне 40-50 гектар жердің шөбін шабады. Тракторының маңдайшасындағы желбіреген қызыл жалауша оның қажырлы еңбегін тасқа басқандай айқындап тұр емес пе. Бала кезінен тым ширақ еді. Ақыры биікке көтеріліп, қарапайым еңбек адамы бол-ды. Азаматтығында, адамдарды сыйлауында да ерекше кішіпейілдік бар. Жолдасы Күмәш та еңбекшіл жан. Қазір пішеншілерге аспазшы. Қаншама жұмысшыларға тамақ дайындай-ды. Үйіндегі бала-шағасы да көп. Сонда да қабағын шытпайды. Жайрандап жүре бергені, сөйтіп, бәріне де үлгереді. Мен оларды мақтан етіп, басқаларды үлгі алуға шақырамын, — дейді Сағынтай.

Иә, Қайыр Игенов совхоздың емес бүкіл ауданның таңдаулы механизаторы. Тоғызыншы бесжылдықты табыспен аяқтап, онын-шы бесжылдықтың алғашқы жылын толымды іспен бастады. ... Машина әйнегінен сыртқа көз тастадым. Шабындық бейнебір теңіздей толқып ырғала түседі. Қаз-қатар тізілген тракторлардың біреуінде Қайырдың отырғанын сезіп құрдасының да, өзінің де әңгімесі ойыма орала берді.Бетімізді сипай өткен қыр төсінің ерке самалы кек балаусаның тамаша иісін мұрнымызға әкеліп көңілімізді желпіндіріп тастағандай. Ойға берілдім.Жан-жағымызға пайымдап қарай білсек басқа-ларды жүрек жылуымен жылытатын мейірімді адамдар көп қой. Соның бірі қатардағы механизатор жамшылық Қайыр Игенов. Менің де тілегім бар ендеше. Бойыңдағы қуатынды, жүрегіңдегі жылуыңды Отанға бер адамдар!

«КЕҢ ЖАЙЛАУ» - БҮГІН ШЫРҚАР ӘННІҢ АТЫ

Немесе аға шопан З.Көпбаев ауылындағы салтанаттан репортаж.

Иә, дала құлпырып жатыр. Бәрі әсем, гүл әсем, жер де әсем. Көктегі құстары да көктемнің мәңгілік тұрмайтынын, уақыт көшіне ілесіп жөнеле беретінін білгендей сағыныш пен қимастық әнін шыр-қап тұр. ... Машина зулап келеді. Жай келе жатқан жоқ. Адам мен адамды табыстырып, риза еткен еңбеккер жандардың алақанын ұстатуға асықтырып келеді. Кеудемізде қуаныш. Құшағымыз толы гүл. Дала-ның жұпар иісі-ай. Қыздың қолынан себілген әтірдей аңқиды-ау.

АДАМ МӘРТЕБЕСІ ЕҢБЕКПЕН

Аға шопан Зікірия Көпбаев өз есімін еліне еңбекпен әйгілеген саңлақтардың бірі. Осыдан бірнеше жыл бұрын қойды өз төлі есебінен өсіруде озық шығып еді. Содан күні бүгінге дейін көш тізгінін қолына ұстап келеді. ¥стағанда мықтап ұстады. Өзіне-өзі сенімді болды. Еңбектің ыстығына күйіп, суығына тоңған ол қан-дай қиыншылықты болмасын жеңіп шығып жұрт алдындағы уәдесін іс жүзінде толықтай орындаған. Саңлақтар демекші, «Жамшы» совхозының № 4 бөлімше коллективі талай-талай еңбек майталмандарының қанатын қатай-тып, томағасын сыпырған шаруашылық . Аға шопандар Ш.Нұрха-нов, А.Рахымберлин, С.Үсеновтер бүгінде Зікеңнің ізбасарлары. Қуаныш. Оның да жыл құсындай сағындырып келетін де кездері болады. Ал, қуаныш болғанда қандай — еңбек қуанышы. Еңбек ләззатының қуанышы. Ақжүректер бірге соғып, ыстық тілектер мұндай жағдайларда тіптен тоғысып, арна алып кетеді екен. Сол қуаныш таяуда жүзден жүйрік жүлдегер шопан Зікірия Көпбаевтың ауылында болды. Дүйім аудан жұртшылығының қуанышы емес пе? Жаңғырып жатты. Табиғат та, тау да қайталап еңбек мәртебесінің жеңісін әр жүрекке жеткізіп жатты... Бойында жалыны бар әр адам сөз жоқ құрмет биігіне көтеріледі. Өйткені оның еңбегі де жалындап тұрды. Иә жұлдыздай жарқырап өзіне теңелушілердің қатарын да көбейтеді. Құрмет те, ізет те сонда. Адам мәртебесі еңбекпен деген осы болар сірә. Еңбексіз тіршілік тамыры бүлкілдеп солқылдата соғылып жатпайды ғой.

ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАС ПЕН ИГІ ТІЛЕКТЕР

Көк торғынға малынған табиғат жібектей толқып тұр. Түрлі-түсті гүлдер, қызғалдақ ауылдың маңын көмкеріп-ақ тастағанба қалай. Баяу ғана тербеліп, жерге басын тигізгендей болады. Құмарта қаратып, көз жауын алады. Шіркін, кеудеңе гүл еккен нұр көктем-ай. Өмірдің жасампаз уақыт пен жаңаратынын әр жүрекке жеткізіп тұрсың ғой. Сеңкібай жайлауы көктем күнінің аясында ерекше жайнап тұр. Жайнасында өмір көктемінің жайлауы. Ұзыннан-ұзақ созылған машиналар легі Қара жолдың ақбуда шаңын аспанға көтерген сол машиналар легі сағат сайын көбейіп келеді. Бәрі де шопан семьясының қуанышына ортақтасып, аудан бойынша биылға қой төлдету науқанында алғашқы жүздіктер туын көтеруші З.Көпбаевтың зор еңбек жетістіктерінің құрметіне жиналуда. Шындығында жан сүйсінерлік еңбек табысы ғой бұл. Сәлемәтсіздер ме? Еңбек рахатты болсын, биыл да жүздіктер көшін бастап, тұлпардай суырылып алға шықтыңыз. Осы жеңісіңіз қашанда сабақты инедей жалғаса берсін—дейді бөлімшенің озат шопаны Шәкәрім Нұрханов «Москвич» машинасынан түсіп жатып.

—Табыс селін тасытқан бөлімшеміздің маңдай тұтар қадірменді азаматы совхоз намысын арқалап тұрғандай емес пе? Бізге де жұғысты болсын, береке бірлікте деген астарлы сөз шындықты дәлелдеп тұр. Тойыңыз тойға ұлассын Зіке — дейді, аға шопан-Сексен Үсенов.

Біз, тойға келген әр адамдардан мұндай жылы сөзді көпке дейін естумен болдық. Ыстық ықылас, игі тілектер жүректің шыңырау төрінен шығып жатыр. Айқасқан құшақтар, арманы бір, мақсаты бір еңбек адамдарының қуанышы. Қол алысқан адамдардың алақанынан ыстық ықыласты сезімдерді айтпай-ақ, түсініп тұрмыз. Жанымыз риза сіздерге.

ЖЕЛБІРЕ ЕҢБЕК ЖАЛАУЫ

Еңбек туын көтеру салтанаты басталды. Бір сәт осы салтанатты, адамдардың көтеріңкі көңіл күйінен шыққан жылы лебіздерді табиғат та тыңдағысы келгендей. Жиналысты совхоз партия комитетінің секретары З.Аманбаев кіріспе сөзбен ашты.

—Ауданымыздағы еңбек қарлығаштарының бірі Зікірия Көпбаев тағы да мол берекелі табысымен көпшілікті шаттық бесігінде әлдилеуде. Еңбектің қадір қасиетін жанымен ұққан бұл бригада коллективі қабылдаған социалистік міндеттемелерін абыроймен орындап, КПСС XXV съезінің шешімдері өмір жүзіне асыру үшін құлшына еңбек етуде.

Бәріміз де білеміз. Сонау өткен күзде бригада коллективі үсте-ме социалистік міндеттеме қабылдап, және сол міндеттемені шын-дыққа айналдырамыз деп сендірген еді. Міне, сол сенім ақталды. Бригада даңқты мереке — Ұлы октябрь социалистік революциясы-ның 60 жылдық құрметінде еңбек вахтасында тұрып, қарамақта-рындағы 673 саулықтың 471-і қоздап, 673 қозы алыңды. Бұл — әр 100 саулықтан, 100 қозы алынды деген сөз. Табыстан-табысқа, қиядан-қияға талмай қанат қаққан бригада мүшелерінің енді аз күннен соң социалистік міндеттемелерін орындап, әр 100 саулықтан, 130 қозы алатынына кәміл сенімдіміз. Өйткені, қазіргі еңбектегі аяқ алыстары, бригаданың ұйымшылдығы бізге осыны айқын дәлелдеп тұр. Бұдан соң бөлімше меңгерушісі Қ.Ниқанбеков былай деді. — Жетекші саламыз қой шаруашылығы болғандықтан түлікті өз төлі есебінен төлежітіп өргізу басты міндетіміз. Бөлімше коллективі өткен жылы да, әр 100 саулықтан, 102 қозы алып, жүздіктер тойына жап-жақсы еңбек табыстарымен барған-тын. Ал, биылғы науқанда жүздіктердің алғашқы туын аудан бойынша біздің бөлімшеде көтеріп, оның дәнекері 3. Көпбаев болып отыр. Біз бригада мүшелерінің Ұлы Октябрь социалистік революция-сының құрметіндегі еңбек вахтасының жалауын желбіретіп, серт, берген уәде үддесінен шығатынына сөз жоқ, иланамыз.

Аға шопан З.Көпбаев.

—Мен еңбектің құдіреттілігіне табынамын. Бәрімізді де осы жерге шақырып, мерекеге зор табыспен баратынымызға бригада мүшелері атынан сенім білдіремін, — деді ол.

Жайлау төсіндегі салтанатты жиналысқа Қазақстан КП аудан-дық комитетінің бірінші секретары Ж.Шайдаров жолдас қатысып, бригада коллективін еңбек жетістіктерімен құттықтады. Шопан отарында Ту көтеріліп, сақманшыларға грамоталар, ақшалай сый- лықтар берілді. Жайлау төсіндегі желбіреген еңбек жалауына бригада мүшелерімен, сақманшыларды да қосқан үлесі ұшан теңіз. Дұрыс қой. Еңбек табысы бәріне ортақ емес пе?      „ Адамдардың көңілі көктемдей, шаттықтан тасып жатқандай. Кенет күй сандықтан ән төгілді, — «Кеңжайлау». Осы сырлы әуен-ге тойға келушілер де қосылып, еңбек әнін жалғастырып жатқан-дай болды. Ән әуені түн жарымға дейін жайлау аспанында қалық-тады. «Кең жайлау» — бүгін шырқар әннің аты. Бәріңіз де қосылып, бірге айтыңыздар осы әнді.

1977 ж.

ЫРЫСТЫ ЖАЗДЫҢ ЫРҒАҚТАРЫ

Көктемнің көкөзек шағы жылдағыға қарағанда қусақ даласы-на кешеуілдетіп келді. Көпті көрген шежірелі дала сонда да маң-ғаз жатып бауырын ішіне бүккен жоқ. «Бар байлығым — адамдар сендерге» дегендей құшағын ашып, көктен сорғалаған күн сәулесін емірене бойына сіңіре берген. Жергілікті тұрғындар өңірін ерек-ше мақтан тұтып қадірлейді. Қайдам, мұның да өзіндік сыры бар шығар. Негізінен қасиетті ата-мекеніне әр адам бауыр бағып, оны мерей тұтпай ма. Ендеше жомарт жүректі адамдар қателеспесе керек. Аспанды тілгілеп, жарқ-жұрқ ойнаған найзағайдан соң көктемнің нөсерлі жауыны бірнеше күн жер бетін аямай сабала-ды. Тағы да қимас өңірдің тұрғындары «Береке жауды аспаннан» деп кеудесін тосты. Ақыры не керек, мал шаруашылығы және азды көпті егіншілікпен айналысатын совхоз еңбекшілері кезек күттірмей атқаратын науқанға бір кісідей жұмыла аттанды. Әркімнің аузын-да бір-ақ сөз. Жемшөп, тағы да жемшөп. Оның мол қоры жасал-май ешкімде тыныш табар емес. Табиғаттың бар барлығын игеруде оны қоғам игілігіне айналдыруда құдіретті қолдар қаншама, арналы жұмыстар атқарып жатыр. Сарыала таңнан қою іңірге дейін тынымсыз маусымның барабанын қаққан дала төскейіндегі нұрлы дидарлар сөз жоқ, кездесе кетсеңіз жаныңызға бір табан жақын бола кетеді. Егер де мал азығын дайындап жатқан пішенші механизатор-лардың ауылына жолыңыз түссе көзге ыстық көрінетін алуан істер ынтықтырмай қоймайды. Адам жолы тым ұзақ, ұзақ жолдың қиын-шылығы да қызығы да жеткілікті. Әсіресе төрт айға жуық жалпақ шабындық беткейінде еңбек етіп жатқан пішенші нарқасқа жігіттердің алақан табының ыстығы бойыңызға шымыр-шымыр та-райды. Қусақ даласының Бесшоқы өңірі ежелден шабындыққа бай өлке. Бесшоқы дегеніміз таудың аты. Жеке-жеке қыз емшек тау-лар бес жерден бой көрсетіп тұр. Табиғат жаратылысының ғажай-ып сұлулықтары да бұл жерге аямай жиналыпты. Сарман даласы-ның солтүсік жағындағы жапанда ұзынынан-ұзақ созылып, Қара-шоқы тауы жатыр. Осы екі аралықта совхоздың егін жайы және бар. Мінезі бір тоға келген № 3 ферманың трактор бригадасының бригадирі Сейтқали Төлеповпен пішеншілер ауылында кездестік. Кішкене төбешік таулардың етегіне орналасқан шағын ауыл, еңбекшіл адамдармен базарлы. Біздің алғашқы бетте байқаға-нымыз осы болды. Тарау-тарау дала жолдары мейірімді жандар-мен осылай жүздестірді.

— Сіздер өте жақсы уақытта келдіңіздер. Механизатор жігіттер күн салқын болған соң біраз айналымдарды (загонды) шауып тас-тамақ ойлары бар. Істіңанық қанығына сүйсініп, көз жеткізгілеріңіз келсе, шабындықты аралап шықсақ — деді бригадир Сейтқали. Сөйтті де қызыл отауға кіріп шығып, өткен күнгі шөп дайындау мәліметін қолына іле кетті.

Бұрын із түспеген жерді машина мен трактор доңғалағы тап-тап, теп-тегіс жолға айналдырыпты. «УАЗ» жеңіл машинасы жал-пақ шабындықтың ортасын қақ жара іркес-іркес келе жатқан аг-регаттарды бетке алған. Жайдары жаздың күні де өтіп барады. Сонау көгілдір көктемгі көк шалғынды өлкені кездестіру бұл күндегі қиынның қиыны. Бар маңай сарғыш түске боялған. Жолжөнекей науқан барысын тілге тиек еттік. Аралап кележат-қан пішенші — механизаторлар бригадасы сонау май айының орта шенінен бастап шабындыққа шалғы салған. Айтпақшы шалғы салған дейміз-ау. Бұлардың «жұпталған жорыққа» дайындықтары да ерекше болды. Шөп шабатын агрегаттар тырма, пресс, бәрі-бәрі ерте көктем де сақадай сай сапта тұрған. Бірінші де қосалқы бөлшектердің жетіспеуінен жұмыста тоқырау болғаны анық. Бірақ техника мамандары «жетіспеушіліктен» сытылып шықты. Міне сүйсінер іске сүйініш деген осы болса керек-тін.

— Машинаны солға бұр. Тырмашы жігітке сәлем бере кетпейсіздер ме? — деп Сейтқали шофер жігітке жол сілтеді.

— Бәрекелді, мақсатымыз жігіттермен жүздесу емес пе, — деп бізде бригадирдің сөзін құптай түстік.

— Нұраш Исатаев фермамыздың маңдай алды механизаторы. Бір өзі 15—18 шалғынның шапқан шөбін жинап үлгеруде — дейді Сейтқали — ақ буда шаңы аспанға көтеріп, жал-жал дестелерді көгендей тізген тырмашыға қызыға қарап.

Сарт-сұрт етіп жүріп бара жатқан жиі-жиі тырма тістерінің ас-тында жаңа ғана шабылған шөп допша домалайды. Көп ұзамай тартылған сымдай дестеге түседі.

—      Биылғы шөптің шығымына көзтойып, көңіл тояттайды. Ендігі міндет табиғат ырзығын мезгілінде жинап алуда жатыр. Мен тыр-машымын. Шөп жинауды әр кез дәстүрде айналдырғанмын. Осы науқанда қарамағыма 14 метрлік тырма алып, шабушылардың со-ңынан түстім. Шабушы жігіттердің соны серпіні де керемет. Жа-лығар емес — деп тырмашы Нұраш Исатаев қолына кілтті алды да босап қалған тырма тістерін бекіте бастады. Сөйтіп трактор ка-бинасына отырда да берілісті іске қосты. Ақбуда шаң тағы да аспанға көтерілді...

Біз оның жолын бөгеп жұмысына кедергі болмайық деген ой-мен әрі кеттік. Дала сұлулығына әдемі еңбек ырғағы қосылса та-биғатта балқып кетеді ме дейсіз. Әйтеуір қозғалысқа түскен дала, шалқар дала. Машинадан жерге түсіп топыраққа табаның тисе оныңда ыстығы бойың тарайды. Тегі адаммен табиғаттың егіздігі кімге де болсын айдан-анық қой. Мұның бәлендей таңсығы да жоқ. Жүрекпен ұғатын сырды алтын қолды жігіттерден тағы естідік. Тағы да етене жақындастыратын тартымды әңгімелер. Шөпті баудай түсіріп, ширақ жүріп бара жатқан агрегаттағы шалғы жүзі шөп арасынан күнге шағылысып, жалт-жұлт етеді. Қол көтердік. Т-40 тракторының доңғалағыәп — сәтте-ақ жер тістеген. Бетін күн сүйген жас жігіттің күректей алақанына біздің де алақанымыз сүңгіп кетсін. Бұл шабушы Қабдолла Есенқұлов. Ол мүйізденген алақанымен мандай терін сүртіп тастады. —Берекелі жаздың берері көп болсын жас жігіт?

—      Шын ниетті сөзді құптамасқа тағы болмайды ғой, айтқанда-рыңыз келсін. Табыс бәрімізге де ортақ. Міне қоңыр күз де есік қағуға жақын. Шөптің қүнарлығын жоймай баз — басына жеткізіп алуда тасушы жігіттеріміз де ерен еңбектің үлгісін көрсетуде. Ал шабушы біздер болсақ қиыншылықтың бетін қайырған сияқтымыз. Ала жаздайғы еңбегіміз де зая кеткен жоқ. Оның үстіне көктемгі жауыннан кейін шабындықтар тез бой көтерді. Бір ферманың малына жететін пішенді дайындағанымызды мақтанышпен айта ала-мыз. Мен КДП-6 шөп шабатын агрегатымен науқанға қатысып келемін. Бұл агрегатта 3 шалғы бар. Әр шалғымен күніне 10 гек-тар жердің шөбін шабу керек. Ал 3 шалғыға 30 гектар шабындық жүктеледі. Жасыратыны жоқ, барлық әріптестерім бір күндік нормасын 40—45 гектарға дейін асыра орындайды. Қоңыр күздің қара суығы мен жаңбырына қалдырмай шабындықтағы пішенді түгелдей қыстауларға жеткізсек нұр үстіне нұр — дейді жас механиза-тор Қабдолла Есенкқұлов.

Қабдолланың тебірене айтқан сөздері шын қамқор адам екенін, өз ісіне берілгендігін дәлелдеді. Механизаторлар қауымының ішінде Мұқтархан Ерденбековтің де есімі ерекше аталып жүр. Түс ауа қызу еңбекке қайта кіріскен жігіттердің бір екеуіне кездесуіміздің сәті түсті. Соның бірі осы Мұқтархан.

—      Мал азығын дайындау науқанына байланысты біздің совхоздың пішенші механизаторлары бүкіл аудан еңбекшілеріне арнап үндеу көтерген болатын. Сол үндеуде былай делінген. «Жемшөп даярлау мен тасудың арасындағы алшақтыққа жол бермей оты-рып дайындалған пішенді 1979 жылдың бірінші октябріне дейін қыстақ басына тасып алуды қамтамасыз етеміз». Ендеше өзіміз көтерген үңдеудің үдесінен шығу үлкен абыройға бастайды—дейді Мұқтархан өзінің әңгімесінде.

№ 3 ферманың шабындығында еңбек етіп жүрген жігіттердің қайсысы болмасын жалын атып тұрған жігерлі еңбеккерлер. Шөп тайлаушы Қуаныш Зейнелов. Тырмашы Бекен Үлкенбаев, сырғы-шы Болат Төлепбергеновтер науқан бойы өзара социалистік жа-рыстың алдыңғы қатарында келеді. Дала алыбы атанған К-700 тракторымен пішен тасу өнімді еңбекке жол бастары сөзсіз. Қыс-тақ басына пішен тасып жүрген К-700 тракторын жүргізуші Мұздыбек Сәменовпен әңгімеміз тез саптасып кетті. —Шабындықтан баз — басына күніне екі рет қатысамыз. Әр қатынасқанда 20 тоннаға жуық пішен жеткіземіз. Шөп тиеушілер Ы.Хасенов, Ж. Рақымжанов, С.Баймурзиндерді нағыз құрыш қол-ды жігіттер — деп атауға болады — дейді Мұздыбек.

Иә, айтар әңгіменің, көре берер істің де шегі болсайшы.

— 3 ферманың пішенші механизаторлары биылғы мал азығын дайындау науқанында ғажайып еңбектің өрісін танытты. Пішеншілер қосына келген соң ферма басқарушысы Алдаш Кәдірберлинмен кездестік. Ферма басқарушысы алдындағы мәліметтерге жіті қарап, сұрағымызға нық-нық жауап берді.

«Шұбартау» совхозындағы іргелі фермалардың бірі осы Алдаш басқаратын шаруашылық. Мұнда биыл 15700 бас қой қысқа түседі. Осынша бас малға жоспар бойынша 4700 тонна мал азығын дай-ындау ферма еңбекшілерінің түбегейлі борышы. Қазіргі таңға дейін 3740 тонна мал азығы дайындалды. Ішкі мүмкіндіктер мен резервтерді толықтай пайдаланған пішеншілер екпінді кезеңде ай-тарлықтай жұмыс жасап, берекелі істерге негіз қалады. Сөйтіп, бірнеше рет апталық тапсырмаларды асыра орындап, мерейлері биіктен көрінді. Науқан аяқталып қалса да мұндағы қарқынды еңбек әлі толас-таған жоқ. Он бес механизатор темір тұлпарларын тізгіндеп, ша-бындық төсін еңбек дүбіріне бөлеуде. Сол сияқты Балқаш қала-сынан көмекке келген жігіттердің де еңбегі жанып тұр. Қазір ша-бындықта 30 шалғы жүр, 2 тырма, 1 пресс, тасудағы бір К-700 тракторы, бір МАЗ автомашинасы ауқымды еңбек табысына қол жеткізуде. Бұл күндері 1220 тонна пішен баз — басына жеткізілген. Фер-мадағы 16 қыстақтың 7-не қоянжон мая салынды. Ынтықбай, Ор-тасарман, «Екпін» қой өсіруші комсомол жастар бригадаларының қыстақтарыңда өзіміз әңгіме еткен пішенші жігіттердің қол таң-басы айшықты мезеттей жарқырап тұр. Ферма пішеншілері енді мал азығын дайындаудың екпінді кезеңі ұзартылғанына байланыс-ты тапсырмадағы пішенді орындамақ ойлары бар. Олардың бұл межеден көрінері де сөзсіз. Пішеншілер ауылындағы Қызыл отау бейне бір ұйымдастыру штабы сияқты. Күн сайын механизаторлар жұмыс нормасының қалай орындалғанын осы жерден біліп, соны тапсырмалар алып жатады. Қызыл отау үйі қазіргі талапқа сай жабдықталған. Кітапханашы Ж.Есімханова жан-жақты ізденісімен бар киімін шешіп ілгішке іле салып, есікті салмақтай ашып директордың кабинетіне кірді. Директор сірә тығыз жұмыспен шұғылданып отырған болу керек, кабинетке кімнің кіргенін де аңғармай кал-ды. Қолында қалам, әлденені бас көтермей жазып отыр. Сәлден соң Кәрібек сәлемәтсыз ба? деп тыныштықты бұзып жібергенде ол басын көтеріп сәл ғана жымиды. Қол алысып амандасты. Кәрібек шеткері тұрған орыңдыққа жайғасып жатыр еді директор: —Бұның не? Мына орындыққа отыр, деп қарсы алдыңдағы орын-дықты нұсқады. Ол алдындағы қағаздарды реттеп, мандайына түскен қою шашын артына қарай қайырып, әңгіменің желісін ез қолына алды.

—Кәрібек, не үшін шақырғанымды білмейтін де шығарсың? Біз сені совхоздағы қоғамға жаны ашитын саналы азаматтардың бірі деп танимыз. Өз ісіңе мығым, маман екеніңді де білеміз. Жуырда болып өткен парткомның мәжілісінде өзіне үлкен сенім артып бас-шылық етуге ұсындық. Өзіңе белгілі, біздегі «Шұғыла», «Тасқын» қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының мүшелері еңбек семестрін аяқтап, жоғарғы оқу орнына аттанды. Еңді солардың орны толықтырылып, биылғы мектеп бітіруші жастардан қайтадан бригада құрылмақ. Осы жас шопандарға ұстаз-жетекші болуды қалай қарайсың?

Директордың аузынан мынандай сөзді Кәрібек ешқашанда күтпеп еді.

—Сіздің мынауыңызды түсінбедім. Білесізғой, мен туғалы мал бағып көрген жоқпын. Көзімді ашқалы көргенім техника емес пе еді.(Ол су маманы болатын).

— Ештеңе етпейді. Өзіңде ынта-жігер болса бәріне де төселіп жетесің. Мәселе еңбектің ыстық-суығына көндікпеген жастардың тілінтауып, солардың көңілінен шықсаң болғаны. Жастармен еңбек ету қандай ғанибет.

Кәрібек ә деген бетте директорға келісім бере қойған жоқ. Ол ертеңгі күнді ойлады. Қоғамдық малды қабылдап алған соң оны бағу қалай болар екен? Сенімнен шыға аламын ба, жоқ па? Міне, осындай ойлар арнаға тоғысып оны мазалай берді. Толқиды. Онысы да дұрыс. Сенімнен шығу соның арқасында биікке көтерілу өмір мұраты. Ол намысшыл болатын. Онысы да дұрыс. Кім өз намысын біреуге қолдан бере қояды? Бұл да жақсы қасиет. Сонымен Кәрібектің ойланып, директорға ұстаз жетекші болуға келісіп шығып келе жатқан беті. Ойы гараждағы өзінің мініп жүрген су таситын машинасымен бөлімшедегі өз үйіне тартпақ. Күз айының ызғарлы суық желі өтімді-ақ. Әдетте, бұл жақтың ерекшелігі август, сентябрь айы туысымен жер беті бір түрлі сары бояумен бояп тастағандай болып жатады. Ұшы қиыры жоқ, сары дала көзге осындай болып көрінеді. Ал дауыл соқса ақ буда шаң биікке көтеріліп, аспандағы ақ шуда бұлттармен қосылып жатады. Кәрібек жан-жағына қарамай тіке гаражға келіп машинасына от алдырып бөлімшедегі үйіне тартты. Рульде отырып еңсесін бас-қан ауыр ойдан арылар емес. Алдағы бұрын-соңды араласып кермеген жаңа еңбек, әріптесінің алғашқы күндерін ойлау оның жан дүниесін осындай жайға душар етті. Көп сұрақ, сан тарау ойлар осылай мазалайды. Есік алдына машина гүр етіп тоқтағанда Кәрібектің алдынан 3 жасар Нұртайы жүгіріп шықты. Бағанағы ойы бұлттай ыдырап, көңілі жадырап қоя берді. Қолындағы кілтін Нұртайына ұстата көтеріп алды. «Папа, машинаға мінгізші, жүргізші» деп еркелеп бетіне тигізеді, шашынан сипайды. Жанындай жақсы көретін Нұртайдың осы қылығы Кәрібектің жұмыстан шаршап келгендігін бәрін де ұмыттырып жіберетін. Жолдасы Тілеужанға болған істі көтеріңкі көңілмен айтты. Ол да қарсы болмады. Екеуінің әңгімесін тыңдап отырған Нұртай: папа, енді бізде қой көп бола ма? деді.

—Иә, көп болады, қошақандармен ойнайсың, дейді ол. Нұртай қолын шапалақтап күле береді. Мәз. Оған қарап Тілеужан мен Кәрібек те күліп қуанып жатты.

Сол күні Кәрібектің үйіңде кішігірім той болды. Жолдас-жораларының оны құттықтап келуі сағат сайын көбейе түсті.

Бұл өткен жылдың қоңыр күзі болатын.

ІЗДЕНІС ТҮБІ ИГІЛІК

Бригада отар қабылдамай тұрып Кәрібек тәжірибесі мол шо-пандармен кездесіп, ақыл-кеңес алуды жөн көрді. Осындай ой-мен «Жалын» бригадасының ұстаз-жетекші Қабдыраш Тұяқбаев-қа келді. — Қазақ атамыз қолынан келген қой бағады деп орынды айтқан. Ешкім де туа білмейді. Жоғарыдағы мақал мынандай жағ-дайдан шыққан ба деймін. Жалықпай іздену ғана еңбекте шынық-тырады. Демек осындай жолдан өткен адам ғана қой бағады. Қозыны көп алам десең — қойдың жазғы жайлауда семіртіліп, қысқы қонды түсуін қатты қадағала. Күйлі мал күйектен де жақсы өтеді. Қыстан күйлі шыққан саулық көктемде қозысын тез аяқтан-дырып әкетеді. Ал әлсіз саулық қозы түскен соң қозы түгілі денесін көтеруге шамасы келмейді. Өрісті тиімді пайдалану керек. Күн ашық күндері қойды, ауылдан шалғай жатқан жайылымға шығар. Қораның қиын мезгілінде ойып отырсаң қойдың түрлі ауруларға шалдығуына жол бермейді. Және бір айтарым, қой қораның аса ыссы болғанының қажеті жоқ. Бұл қойды қотыр, қышыма аурула-рына шалдықтырады. Міне Қабдыраштың осы бір қысқа, әрі тұжырымды айтылған сөздері оның жүрегінен берік орын алды. Кәрібек сол күннен бас-тап ізденді.бел шешіп отыра алмады.

ТЫРНАЛАР ҚАЙТҚАНДА

Сентябрь айының уылжып атқан арайлы таңы бұлардың жүрегіне қимастық сезімін тудырып мектептегі кездерін-естеріне түсірді. Мектепке келген бетте бүкіл класс болып жаз бойғы көрген қызықтарын ортаға салып, әңгімелесіп жататын. Олардың әңгімесін тек күміс қоңыраудың үні ғана бұзатын. Шіркін зымыра-ған уақыт. Есейіп ержеткеніңді де аңғартпай тастайды ау. Уақыт демекші, оның өзі өмір емес пе. Ол тіршілік қуаты. Ендеше оны тоқтатуға ешкімнің хақысы жоқ. Тоқтата да алмайды. Олар же-теу. Жетеуі де өзара пікірлесіп, «Шұғылаға» мүше болып келуге бекінгентін. Солай істеді де. Алғашқы күні екі отарды комсорг Есенбай Мұстафин мен бри-гада мүшесі Әмірхан Маубасов шығарды. Сөйтіп жапан дала ұйқы-сынан оянып, еңбек әуеніне алғашқы күні осылай бөленді. Жастар екінші тыңдағы еңбек бораздасын осылай бастады. Сонау көз ұшында бұлттар мен жарысып бір топ тырналар тізбегі кетіп барады. Әмірхан мен Есентай:-мына тырналар бұрын-нан осы арадан ұшады ма екен деп бір-бірінен сұрайды. Бұрын да осы арадан ұшып жүрсе көктемде де осы мекеніне келетін шығар. Көктемде де екеуі бірігіп осы тырналар тізбегін қарсы алатын шығар. Тіпті бүкіл бригада мүшелері болып қарсы алар. Осы сәтте тыраулаған тырналардың тағы бір топ тізбегі үстерінен қанаттарын асыға қағып өтіп бара жатты. Екеуі де оларға қарап тұрып: - сөзсіз көктемде де осы араға келетін болады, деді қосарлана.

БРИГАДАДА БОЛҒАНДА

Біз «Шұғыла» қой өсіруші комсомол-жастар бригадасына кел-генде батыстағы ақ торғын бұлттарды қызыл түске бояп күн де батып бара жатқан еді. Көз сүріндірер белесі жоқ жазықтан өрістегі отардың қайтып келе жатқанын да жолшыбай көрдік. Біреу емес, үш отар. Күн ұясына енуіне шақ қалса да жалыңды жастар күні бойы қызу еңбекті суытпаған екен. Қой қораның қиын ойып сыртқа шығарып жатыр. Ұстаз жетекші Кәрібек Ешмағанбетов ауылдағы жастарды өзі басқарып қи ойғызып, тағы басқадай жұмыстармен шұғылданып жатқандығын амандықтан соң айтты. Біз де келген мақсатымызды айтып Ленин бөлмесіне барып әңгімелесуді жөн көрдік. Міне, ол— таза, ұқыпты жиналған, бар жиһаздар өз ретімен қойылған. Телевизор, үлкен радиоқабылда-ғыш, көсеміміз В.И.Лениннің үлкен портреті кіре берістен-ақ көзге түседі. Қабырғада еңбек озаттарының плакаттары, социалистік міндеттемелер ілінген. Әсіресе «Біздің Шұғылада» атты фотостеңд өзінің тартымды жасалғанымен қызықтырды. Онда бригада өмірі туралы сан алуан материалды кездестіре аласыз, суреттері ілінген — Қазір мал қыстату науқанын ойдағыдай өткізіп жатырмыз. Қарамағымызда 1974 қой бар. Оның ішінде 700-і саулық, деп бас-тады ұстаз-жетекші әңгімесін. Қабылдаған социалистік міндеттемеміз саулық басы 100 қозы ерту. Жастардың еңбектегі аяқ алысы мақтан тұтарлықтай. Жем-шөп жеткілікті, су көзі мол. Біздің әңгімемізді сырттағы жұмысты тәмамдап келген жастар бұзып жіберді. Жүздерінен күні бойы өрісте жүргендерін, қол-дай жұмыс істегендерін аңғару қиын. Гүл-гүл жайнайды. Жастар-дың бәрімен әңгімелесіп, көңілімізге бірталай жағдайларды түйіп алдық. Бригада мүшелері Серікбаев, М.Дәрібаева, Б.Күнарбеков, М.Тойшыбековтер қажырлы еңбегімен көзге түсіп жүр. Сов-хоздың мал мамаңдары, мектеп мұғалімдері бригадаға келіп әр тақырыпта сабақ өткізуді дәстүрлеріне айналдырған. Жастардың жұмыстан бос уақыттарын көңілді өткізуге бар жағдай жасалған. Дегенмен музыкалық аспаптардың, спорт жабдықтарының, ме-даптечканың жоқтығын, автодүкеннің орталыққа келіп, мұңда соқпай кетегіндігін олар ренішпен айтты. Аспан төріндегі сан мыңдаған жұлдыздар өзінің нұрлы шұғыла-сын шопандар қалашығының үстіне шашырата төгіп тұр. Біз машинаға мініп жатқанда Кәрібек — бүгін аспанда жұлдыздар көп екен, жымыңдауын қарашы алыстан, деп құмарта қарады. Біз де қарадық... Жұлдыздар... Осы сәт жүрегімізде ақ жүректі адамдарға тән қимастық туа қалды. Жолымыз түсіп асқақ рух, ақ көңілмен тағы да кездессек деп ойлаймыз. Жұлдыздар нұр шұғыласын жер-ананың үстіндегі мейірманды ақ көңіл жандарға тіптен төге түскендей.

Иә, шұғылалы жұлдыздар сөнбейді.
1976 ж.

"АРҚА" - АУЫЛ АЖАРЫ БОЛСЫН ДЕГЕН ҮМІТ АРТАМЫЗ

Тыныштық (Есен) Орынбеков - 1945 жылы туған, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Жиырма бес жылдан астам уақыттан бері баспасөз саласында жұмыс жасап келеді. Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі. Оқырман қауым біздің өңірімізде "Арқа" журналының шығатындығынан хабардар болатын. Осыған орай редакциямызға журналдың мақсаты, мүддесі, қашан, қалай тарайтындығы жайында білгісі келгендер телефон шалып,айтып беруді өтінген еді. Біздің тілшіміз "Арқа" журналының бас редакторы Т.Орынбековке жолығып, осы мәселе төңірегінде сухбаттасқан еді.

Еске журнал ашуға нендей мақсат жетеледі? Бастама
көтерген де өзіңіз едіңіз ғой?

— Біздің халқымызда еліңді сүйсең - тарихын біл деген мақал бар. Сондықтан тарихқа үңіліп, ата-дәстүрімізді, салт-мұрамыз-ды, мәдениетімізді жете тануымыз қажет. Ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрпымызды кейінгі ұрпаққа мирас ету бүгінгі біздердің, яғни аға буын өкілдерінің төл міндеті. Сіз әлгінде "Арқа" журналын ашуға нендей мақсат жетеледі деп сауал қойдыңыз. Орынды сұрақ. Оқырман қауым мені баспасөз бетінде шығып жүрген мақала, очерк, суреттемелер арқылы біледі. Мектепте оқып жүрген кезде-ақ халқымыздың тарихына, туған жер қойнауының сырларына үңілуге құмар болдым. Жоғары оқу орнында білім алып жүргенімде де кітапханаларды көбірек шолуға тура келді. Сол кез-де шаң басқан бума-бума, өзі араб әрпімен жазылған шығарма-лар қызықтырды. Ақтоғай, Ақадыр, Шет, Приозер аудандарымен бірге Балқаш өңіріндегі зерделі, қадірлі, қасиетті адамдардың өмірі туралы жазылған мағлұматтар бар екеніне көзім жетті. Қиял деген жүйрік қой, негізі қиялдың өзі армандай білуден туындаса керек. Шіркін, сол адамдардың шығармаларын қалың жұртқа та-ныстырар күн туса деп ойлаушы едім. Былтыр Шет ауданында ақын Жәкен Байтуовтың туғанына 100 жыл толу салтанаты болды Осы мерекеге арнап ақынның "Бөрі батыр", "Саржан-Бодық" поэмасын, әрі оның өмірбаянын жазып, жинағын шығардым. Биыл сол ауданның "Шет" совхозында туған, жазықсыздан жазықсыз халық жауы атанған Қасым Сырымбетұлының өлеңдер жинағы осы

— Балқаш баспаханасынан шықты. Айта берсе жарыққа шықпай жатқан шығармалар көп. Ал шындығына қелгенде қазіргі жергілікті таланттар мен талаптылардың өзін былай қойғанда ертедегі ақындарымыздың мұраларын бастырып шығаруға Алматы төрінен мүмкіндік бола бермейді ғой. Оның үстіне тапшылық баспаны датығырыққа тіреп отыр.

— Сөз кезегі келгенде айта кетейін, алғаш осы өңірді жариялы-лықтың алтын күрек желі есе бастағанда біз де қозғалдық. Жер-су аттары өзінің бұрынғы тарихи есімдерін қайтарып алса, сон-дай-ақ басқа да толып жатқан міндеттердің бар екенін сезіндік. Сөйтіп мынандай ой келді. Озерный поселкесі неге Шашубай аты-мен аталмайды, ақынның кіндік қаны тамған топырағы поселкенің шығыс жағында тұр. Несін жасырайын, менің бұл пікіріме көпте-ген адамдар қарсы болды. Оны өзерту үшін жоғарғы жақ келіспес, өзіңе қауіп төнбесін деген пікірлер де айтылды. Сол кез-де Приозер ауданы партия комитетінің, атқару Қеңесінің органы болып келген "Ленин жолы" газеті редакторының орынбасары едім. Редакция алқасына ойымды жеткіздім. Қарт коммунист, бір кезде "Балқаш жұмысшысы" газетінде істеген Ж.Бозшин, соғыс және еңбек ардагері Т. Нарымбеков ақсақалдарға жолықтым. Олар да бұл ұсынысты қолдайтындықтарын білдіріп, мақала жаз-ды. Содаң соң поселке тұрғыңдарының жиынын өткізу жөнінде де ұсыныс болды. Бұл да орындалды. Поселкеге Шашубай есімін беру ақынның туғанына 125 жыл толу мерекесімен тұспа-тұс келді Көптеген қағаздар толтырылды. Поселкенің атын өзгерту респуб-лика Жоғарғы парламетінде шешілетін болғандықтан бір жылдан аса уақыт күтуге тура келді.

— Қараңызшы, бір кезде шағын кабинетте отырып, екі-үш бас-тық шешкен. Озерный деген сөзді өзгерту үшін бүкіл жұртшылық болып ат салысты. Ескерткіші орнатылды.Осы күні жас кәрісі бар Шәшекеңнең ауылына барамыз, немесе Шәшекең ауылынан келе жатырмыз деп мақтанышпен айтады.

— Былтыр Нарманбет ақынның 130 жылдығын тойладық. Сол ақиық ақын жайында әкем Жинақбай марқұм көп білуші еді. Жа-дында сақталған өлең шумақтарын алғаш рет "Ленин жолы" газетіне бердім. СОКП XXІІ съезді атындағы совхозға Нарекең атын берсе деп ой тастадым. "Ел құлағы елу", деген ғой, көпшіліктен қолдау тапты. Ақынның шөбересі, ақтоғайлық журна-лист Қасым Орынбетов, (негізінде Орманбетов болуы керек) бас-қа да туыстары рахметін айтып жатты.

Арамызда әр қилы адамдар жүреді, пікірлерін де тыңдайсың. Әңгіме ұзақтау болып кетті-ау деймін, дегенмен мына бір болған жайды айта кеткім келіп отыр. 1985 жылы Балқаш калалық партия комитетінің бірінші хатшысы Үсен Жетеновтың қабылдауына бардық. Хатшы қыз не шаруамен келгенімізді сұрады. Біз жасырмай айттық. Ондағы ойымыз қалаға қазақ газетінің керектігі еді. Хат-шы қыз - ол кісінің сіздермен ұзақ отыратын уақыты жоқ, кейін келесіздер, - деді. Біз алған бетіміздін қайтпадық, кіріп шықтық. Қала халқының негізгі бөлігін жергілікті ұлт өкілдері құрайды ғой, қазақ тілінде шығатын газет керек дедік. Сонда хатшының жауа-бы мынау болды. - Қала халқы орысша оқиды, іс қағазы орыс тілінде жүргізіледі. Сол қазақ тіліндегі газеттің қажеті бола қоймас - деп, шығарып салды. Ақыры аудандық, қалалық газет болып "Балқаш өңірі" жа-рық көре бастады. Бұған да шүкір, енді міне "Арқа" журналы шы-ғайын деп отыр. Ал күнделікті қара басының қамын ойлайтын қандас азаматтарымыз қызмет бабына келгенде тайғанақтай береді. Осы жағынан арылсақ ауыз бірлігіміз нығая түсер еді. Міне, сөзімді түйіндеп айтқанда осыдан кейін журнал ашсақ деген ынта қалыптаса бастады. Бұл өзі тәжірибеде бар жұмыс. Қарқаралы, Целиноградта облысаралық, ауданаралық журналдар шыға бастады. Республикамыздың басқа түпкірінде де бар көрінеді. Журналдың құрылтайшысы Ақтоғай, Ақадыр, Шет, Приозер және Балқаш қаласының Кеңестері болып табылады. Журналдық есеп айыру шоты ашылды. Әзірше мекен жайымыз "Балқаш өңірі" газетінің бір бөлмесінде. "Кемедегінің жаны бір" деген, жеке орын табылғанша осында отыра тұратын шығармыз. - Журналдың таралуы қалай болмақ? Қазіргідей кезеңде қар-жы жағынан тапшылық көрмейсіздер ме? Кімге арқа сүйейсіз? - Журнал тоқсанына бір рет мың данамен шығады. Оны тарату жергілікті байланыс бөлімшелері арқылы емес, аудан, совхоз, елді мекендерге жергілікті құрылтайшылар арқылы таратамыз. Жур-налдың бір нөмірінің бағасы - 10 сом. "Қазіргідей қымбатшылық кезінде журналдың қажеті не" - деген сұрақтар да қойылды. Егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болып жатқанда "қаржы жоқ" деп қарап отыруға болмайды. Рухани жан дүниеміз жұтамау керек. Ұмыт бола бастаған көне тарихымыз, мұрамыз журнал арқылы көтерілер деп ойлаймын. Жоғарыда айттым, журнадды қаржылан-дыруға төрт аудан және қала көмектесіп отыр. Негізінен арқа сүйеріміз қалың оқырман қауым болса керек. Еліне, жеріне деген жанашырлық, оның тарихын білуге деген құмарлылық оқырман-дар ойын қозғаса біздің мақсатымыздың орындалғаны деп білемін. Негізінен газеттің болсын, журналдың болсын тағдыры қалың оқырманның қолында. Қаржы табылып, жан-жағы толысып, шы-ғып тұрған журналдың оқырманы болмаса дүниенің жұты осы. - Аудандармен байланыс қандай жолмен жүзеге асырылады? Жергілікті жерде журналдың өкілі бола ма? - Әрине, аудандарда журналдың бір-бір өкілі болады. Былай-ша айтқанда меншікті тілшіміз бар. Журналға мақалаларды, деректі әңгімелерді, очерк, суреттемелерді, жер-жердегі тарихи оқиғаларды, ашаршылық, қуғын-сүргін кезіндегі жағдайларды жа-зып, ұйымдастырып журнал редакциясына жолдап тұрады. Қазірдің өзінде, қызметкерлеріміз жұмысқа кірісті. Оның ішінде қаламы жүйрік журналистер, жазушылар бар. Қысқасы алға қой-ған мақсат жеткілікті. Енді оны жүзеге асырып, журналдың тұрақ-ты шығып тұруына бүкіл халық болып үлес қоссақ нұр үстіне нұр болар еді. Биыл Сәкеннің, Ағыбайдың, қазіргі жерлес ақын-жазу-шыларымыздың мерей тойлары өтеді. Осының бәріне журнал ат салысады. Қазіргі замандастарымыз жайында да көлемді мақа-ла, очерктер беріледі. Суреттермен безендіріліп шығарылады. "Арқа" - әдеби-көркем, тарихи публицистикалық журнал. Ту-ған өлкеміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетін білемін деген көңілі ояу оқырман біздің шын жанашырымыз болмақ. Журнал Балқаш баспаханасында басылады. Қазақ баспасөзінің тағы бір шағын ша-ңырағы отау көтеріп, көлден ұшқан аққудай Арқаға қарай жол тартар күндері де аз емес. Мамыр айына алғашқы саны шығады деп күтілуде. Сапарың оң болсын, ғұмырыңды ұзағынан сүйіндірсін деймен. Қалғанын уақыт көрсетер. -      Әңгімеңізге көп рахмет. "Арқа"журналы оқырманының сүйікті, сенімді жан серігі болуына "Балқаш өңірі" газетінің ұжымы шын тілектестігін білдіреді.

АҚ ЖҮРЕКТІ АДАМДАР

Сол жігіттің қолында жиырма төртінші кілт болған еді. Күн ыс-тық, желпінетін самал жел де соқпады-ау. Маңдайынан аққан ащы тер көзіне тамып, ашытып барады. Сонда да сол қайсар жігіт уақытты текке өткізіп алмайын деп көзінің ашығанын да елеген жоқ. Қырсыққанда ұршықтың бұрайтын қырыжойылып кетіпті. Бұл енді жуыр манда алына қояр ма екен. Ол ұршықтың келесі басын екінші кілтпен ұстап тұрып, қыры кеткен басын дамылсыз өзі білетін айла-тәсілін қолданып бұрай берді. Мен сонда қапсағай денелі жігітке ұзақ қарап едім. Дүниенің бар бұрышына алтын нұрын аямай төккен лағыл таңның сәулесі Қоңырбайдың дидарын аймалағанына 30 жылдай бо-лыпты. Тоқтаусыз өтіп жатқан алтын уақыт мұны да біраз жерге апарып, қат-қабат тіршіліктің тылсым сырына қанық қылыпты-ау. Биылғы көктемнің кеш келгеніне Қоңырбайдың да көңілі тола қойған жоқ. Әлсін-әлсін себелеген сәуірдің ақ жауыны болмаса мамырда жауын несиеге де тамбаған. Осының бәрі Қоңырбайды көп мазалады. Өткен жылы да қуаңшылық болып шөптің шығымы тым аласа болған еді. Ал, биыл да солай болып кетпесіне кім кепіл Қоңырбайдың бір сенгені бала күнінен етене жақын білетін Тукө-де даласы. Өзінің еңбектес әріптестері аман болса қоғамдық малға деген жемшөп дайындалады ғой. Тек шөп болғай. Расында Қоңырбайдың тілегеніндей Тукөденің жалпақ даласында жылтыр басты көде июньнің басында-ақ қаулап өсті. Көп жылдан бергі әріптес досы Сейсен Құлжамбеков те еңбекшіл азамат-ау. Адамның жан сезімін тәтті күйге бөлейтін мазасыз ойлар Қоңырбай мен Сейсеннің пікірін бір жерден шығар-ған. Сол пікірдің, жүрек түкпірінен шыққан ізгі ниеттің арақашық-тығы 30 метрдей кетіп бара жатқан екі трактордың ішінде айтыл-ғанына кім илана қояр екен.

— Сейсен-ау, Сейсен, — деді Қоңырбай «ЮМЗ»-ның газын бо-сатыңқырап—биыл біздер үшін құт болайын деп тұр екен. Мына көде көк балаусадан кем емес қой. Толықсып піскенін қарашы өзінің. Сейсен де агрегатын тоқтатып, трактор кабинасынан басын шығара Қоңырбайдың сөзін мұқият тыңдады.

—Дұрыс, дұрыс Қоңырбай, бәрін де естідім, — деді анау дауыстап, тек шабу керек, ұқтың ба?

Қоңырбай «ЮМЗ»-ның газын басып-басып жібергенде қою қара түтін трактордың алдындағы жіңішке мұржадан будақ-будақ атыл-ды. Ол алдымен агрегатты іске қосып еді, бәрі де сағатша сар-тылдап бірқалыпты жұмыс істеп түр. Жүріске салғанда сары «ЮМЗ»орнынан леки қозғалып, алғашқы айналымды бастап бара жатты. Бұл алғашқы айналымды Қоңырбай аумақты етіп алды. Сәл ғана жымиып Сейсенге қарап басын изеді. Мұнысы сенің айтқаныңды анық естідім, түсіндім деген белгісі еді.

Бұл Тукөде алқабына түскен, алғашқы шалғының шалымы бо-латын. Кей адамдардың бойынан табыла бермейтін асыл қасиеттерді жол жүріп, еңбек адамдарының ортасында болғанда ғана білесің. Олармен тілдескенде мардымды ештеңе айтпайтыны да белгілі. Енді не істеу керек дейсіз ғой. Жоқ. Кейде олай да болмайды. Адамның жанын адамша түсінсең кашанда мәртебеннің биік бол-ғаны ғой. Мен кейінгі сапарда осыны ұқтым. Бөлімшедегі трактор бригадирінің міндетін атқарушы Кәкімаш Жұмабеков айтқан әңгіме менің ойымды сансаққа жүгіртті. Ол да қарапайым механизатор.

— Газеттен тілшілер келгенде қуанып қаламыз. Жетістік болса оны, жаманшылық болса және жасырмай жазады ғой. Бұл бір. Ал сіз жігіттердің нағыз ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жатқан уақытында келдіңіз...

Ұзын бойлы кең жауырынды жігіт Кәкімаш айтқан әңгіме күні бүгінге дейін жадымда. Ол шабындықта жүрген шабушылар, жи-наушылар мен тырмашылар, ұйысқан көдені баз басына тасып жүрген шөп тиеушілер туралы да айтты. Және, сол адамдармен өзім де кездесіп, пікірлестім.Қайдан білейін, жалпақ далаға орна-ласқан көшпелі вагонеткалы пішеншілер ауылы қазір де көз ал-дымнан кетпейді. Сондағы ақжүректі, еңбекшіл адамдармен тағы да кездескім келеді де тұрады.

—Бұл күндері, — деді, Кәкімаш 1661 тонна пішен дайындап,

оның 580 тоннасын баз басына тасыдық. Қазір 6 қыстаққа мая тұрғызылды. Ал, жоспар бойынша 4110 тонна мал азығын дайындауымыз керек. Тасы өрге домалаған жігіттердің арқасында бөлімше совхоз бойынша пішен дайындаудан көш бастап келеді. Бірегей ұйымшылдық бар жерде табыс та мол болатыны айдан анық қой. Жал-жал қырқарларды сүліктей сорып, шөпті шошаққа сала-тын агрегатты тоқтатқым келді. Ондағы ойым сол агрегатты бас-қарып бара жатқан жігітпен тілдесу еді. Бірақ қол көтеруге баты-лым жетпеді де жанымдағы серігім трактор бригадирінен өтінгем. Мен қысылыңқырап қалдым. Бригадир — Каңтаев Боранқұл деген жігітіміз осы. Еңбектес достары Бораш деп атайды-деді ол.

— Иә, қалыңыз қалай Бораш-деймін мен. Ол кішігірім төбешіктей үйілген шошаққа қарады да — қал осы ғой, әйтеуір науқанды қысқа мерзімде, шөптің құнарлығы жойылмай тұрғанда аяқтасақ. Сөйтіп, оны мезгілінде баз басына тасып алсақ деген ниеттеміз. Сол ниетті, мақсатымызды әрине өзіміз орындаймыз. Сол үшін бір кісідей күресудеміз, — деді Боранқұл.

Мен не дейін. Осы аз ғана сөзден көп мағынаны түсіндім. Оның ақ жүрегінің дүрсілін өзі айтқандай ақ ниетпен ұғу керегін сездім. Тегінде еңбек адамы ғажап-ау осы. Солар маған сондай қол жетпейтін биік тұлға болып тұратындығы несі екен. Мәселен, ме-ханизатор Жарылқаған Тілеубеуков 12 жылдан бері механизатор болып еңбек етіп келеді. Ал қазір бір өзі 8 платформалы маши-наға шөп тиегішпен шөп тиеп жүргеніне қайтып жаныңыз риза болмасын. Сол машиналардың әрқайсысы кем дегенде 3,5 тоннадан шөп әкетеді. Ал, Жарылқаған болса күніне 50-55 тонна шөп тиейді екен. Міне, еңбекті қадірлеген нар жігіттің өнегесі деп осыны айтуға болады ғой. Мен әңгімеге арқау еткен № 2 бөлімшенің пішенші-механиза-торлары науқан басынан қарқынды еңбек етіп, шөп шабудың озық технологиялық әдістерін тиімді пайдалануда. Мәселен платфор-малы машинаға шөп тиегішпен шөп тиеу шөп шабатын агрегат-тың артына тырма тіркеу сол механизаторлардың еңбектен тап-қан, күнделікті өмірден үйренген тәжірибелері. Олар шабу, жинау, тасу жұмыстарын жедеғабыл жүргізуде. Алшақтық жоқ. Дайындалған пішенді баз басына тасуда шоферлар М.Дәкәрімов, Ж.Әбілханов, Т. Әмірбеков, шөп шабудағы механи-заторлар М.Жахметов, С. Тәжібаев, Қ.Аманбаев, С.Құлжанбеков, 30 шалғының шапқан шөбін жалғыз өзі жинап үлгеріп жүрген тыр-машы А.Жұмақановтарды қалай мақтаса да тұрарлық.

Мен шөп тасушы шофер Манарбек Дәкәрімовпен кездескенімде:

—Еңбек жемісінің қорытылар шағы күзде жақын ғой. Сол кезде кім артта, кім алда белгілі болады. Ал, қазіргі қарқынымыз үлгілі коллектив болуымызға баспалдақ іспетті болып тұр. Қысқасы осы коллективпен қоңыр күзде бір кездессеңіз. Сонда шапағын жер бетіне молынан төккен Ұлы Октябрь социалистік революциясының 60 жылдық мерекесін бірігіп тойлаймыз, деген еді.

Ләйім, Манарбек айтқандай сонау қоңыр күзде осы бөлімшеге тағы да жолым түссе екен деп тілеймін қазір. Пішеншілер қосында болғанымызда жақсы істердің куәсі болғанымызды айта кеткім келеді. Онда әртүрлі бұрыштар ұйымдас-тырылған. Пішеншілердің жүмыстан тысқары уақытын көңілді өткізуіне риза болдық. Олар шахмат, дойбы ойнап, радио тың-дайды. Спортпен шұғылданады. Ал, Қызыл отау алдындағы көрсеткіш тақта басқа да плакаттар сізді өзіне қызықтыра тартып тұрады. Бүл істе бөлімше кітапханашысы Әлия Сақыпжанованың да айтарлықтай еңбегі бар. Арада апта өтті. Мен де сапарымды аяқтап, аудан орталығына қайттым. Сонда шабындықтың шетіне іліккенімізде бір жігітті көріп едім.Қолындағы 24-ші кілтпен ұршықтың басын бұрай берді. Ұршықтың бұрайтын қыры жойылып кеткен екен, келесі басы ай-нала берді. Өн бойынан сорғалаған терді де елеген жоқ сол жігіт. Сөйтсем бұл озат механизатор-Қоңырбай Аманбаев екен. Трак-торында қызыл жалауша. Қандай күдіретті күш екен. Жалпақ даладағы пішеншілер қосы, ондағы еңбекшіл, кең пейілді ақ жүректі адамдар «келсеңші» де-гендей, қазір де менің көңілімді өздеріне тартады да тұрады.

1976 ж

ӨРКЕНДІ ТҮЛІКТІ ӨРГЕ ТАРТҚАН ӨРЕНДЕР

«Арай». Жаныңды елең еткізіп, балауса гүл сезіміңді дір еткізетін қандай әдемі ат десеңізші. Арай деп нені айтушы едік. Шығыстан көтерілген күн сәулесі түн пердесін серпіп жер бетін нұрлы шуаққа бөлеген кезді, таң алдындағы ақзер әлемді арай деп атамаушы ма еді. Арай. Таң сұлулығының, табиғат жараты-лысының әдемілік күшінің символы емес пе? Арайлап атқан таң-дай өздерінің жаны да арайлы, пейілі де арайлы жастар осы бір атты өздеріне лайықтап қалай тауып қойды десеңізші. Бұл үлкен талғампаздықпен асқақ арманмен, зерек сезіммен тауып қойыл-ған есім. Өткен күздің қараша айы. Алтын ұя мектебімен қоштасып өмірге жолдама алған мектеп оқушылары екі топқа бөлініп «Жұлдыз», «Арай» атты қой өсіруші комсомол-жастар бригадасын құрды. Бәрі де тәтті еді-ау сол бір кез... Біз бүгін «Арай» қой өсіруші комсомол-жастар бригадасы ту-ралы аз да болса сыр шертпекпіз. Бұл шағын суреттеме «Арай» бригадасының бір күнгі еңбек тынысынан алынып отыр. Ал олардың әрбір күнін тізе берсеңіз сарқылмайтын романтика. Жазы-лып бітпейтін жыр жолдары.

ОТАР ӨРІСКЕ БЕТ АЛДЫ

Жер бетін алтын арай шұғылаға бөлей ару таң—тағы бір еңбек таңы атып келеді. Таң алдында жауып өткен жаңбырдың тамшылары жусан мен шөптің бағында әлі тұр мөлдіреп. Өйткені жаң-бырдан кейін ауа тынық болып үп еткен жел де соқпаған-тын. Көптен бері нөсер жаңбырды аңсап жатқан кербез дала таң нұрына малынып, түрлене түскен. Таң хабаршысындай боз торғай қой шарбақтың үстінде шықылықтап тұр. Саф ауалы «Арай» бригадасы бұл күндері еңбек таңының арайы болып, мол табыспен көл-көсір берекеге айналып ауданымыздың мақтанышына айналып отыр. Олар сегіз. Бригаданың ұстазы Серікбай Дүйсенбеков, ком-соргы Зәбен Қалиева, мүшелері Бақыт Құлымжанова, Жанат Бижігітова, Ләззат Әбенова, Нұрқыстан Қаражанов, Бәтай Дүйсенбекова, Шашубай Үшбаев, Қарлыға Төлеубаева. Өмір жолын, еңбек жолын осы бір қиын іс —шопандықтан бастаған балғын жастар алғашқы жылы мал қыстату, көктемгі төл алу науқанында сыннан сүрінбей өтіп, мал басын аман сақтай отырып, әр 100 саулықтан 110-нан қозы алып, қабылдаған социалистік міндеттемесін асыра орындады. Бұл күндері жастар үш отар қойды жасыл жайлауда бағып, семіртуде. Мақсаттары келер қысқа түсетін мал отарын қазірден бастап семіз-күйлі етіп қысқа дайындау . Сол үшін олар отарды таң сәріден өріске өргізіп, күн ыси бастағанда суарып жусата-ды. Ұстаз бригадир С. Дүйсенбеков сегіз қырлы, бір сырлы сали-қалы жігіт ағасы. Жастардың туған әкесіндей қамқоршысы, әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда ақпейілді, жаны жомарт азамат. Бригада мүшелерінің жұмыстан бос уақытта көңілді дем алып тынығуына бар жағдай жасалған. Жататын орындары таза. Кино қойылып, газет-журналдар мезгілінде жеткізіліп тұрған. Кеш бол-са «АБ-1» электр моторы нұр сәулесін төңірекке шашырата құйып тұрады. Бір сөзбен айтқанда жасыл жайлау, таза ауа олардың өмір ден, еңбектен алатын ләззаты іспетті. Ақылы қойды мыңғыртып өсірген дарқан даланың каһармандары жазира, төсіндегі жасам-паз еңбектің нұрланған өмірдің шоқ жұлдызы сияқты таң алдын-дағы дала көрінісі көңіліңді масайратып, еркін тыныс алған сайын көкірегіңді аша түседі. Таң самалы бетіңді аймалап, бойыңды ширатады. Пештің мұржасынан көтерілген көк түтін көлбеңдей аспан кеңістігінде сіңіп жоғалып жатыр, жоғалып жатыр. Аспазшы Л.Әбенова таң білінер-білінбестен тұрып бүгінгі өріске баратын шопан құрбыларының таңертеңгілік асын дайындап жүр. Осы кезде жастардың бәрі де тұрып бойларын кере дем алып ұйқыларын ашып, салқын суға жуынып желпінуде. Міне олар асханаға келді. Өз ісінің шебері болып алған Ләззәттың істеген дәмін олар сүйсініп ішеді. Бас-аяғы жарты сағаттың ішінде тамақ танып та үлгерді. Уақыт аз. Өйткені отарды таңертеңгілік салқында ауылдан алыс жерге айдап апарып жаю керек. Таңғы даланың тыныштығын дүр еткен мотор даусы бөлді. Скважинадан шыққан мөлдір су астауға құйылып ілезде толды. Енді үш отарды кезекпен кезек шығарып суару керек. Ең бірінші 3.Қалиеваның отары астаудағы мөлдір суға қанып алып өріске беттеді. Қалған екі отар да осылай суға қанып алып, ауылдан шыға бытырай жайылып барады.Отар соңында жеңіл киініп ат құлағында ойнаған шымыр денелі балғын жастар.

ҚЫРДАҒЫ ӘН

Аспан төрінде шөкімдей бұлт жоқ. Адыр-адыр тау жоталары-ның беткейі, ойпат жерінің бәрі де бытырай жайылған мал отары. Көгілдір теңіздің толқынындай болып жер бетінде сағымдар жүзе бастаған. Таң сәріден түскі бірге дейін шопан уақыты өрісте өтеді. Бұл күндері олар уақыттың қалай тез өтіп кеткенін аңғармай қалады. Қой бағудың қыры мен сырын үйреніп тәжірибе жинақтап та қал-ған. Тіпті кейбіреулері бригада құрғанға дейін атқа отырып көрме-генғой. Ал бұл күндері ер азаматтардай ат құлағында ойнап, жел-мен жарысып жүрген шопан-жастар. Айналадағы сұлулық пен кер даланың керімсал самалы, олардың жан сұлулығымен ұштасып жатады. Адамның алтын қолының берері көп қой шіркін. Өткен қоңыр күзде өздері сән-салтанатпен қабылдап алған отары бұл күндері екі отарға айналған. Гүл көктем жаңа тіршілік құшағына енгенде отар ішіндегі қозылар кішкене ғана қошақандар еді. Енді міне, мар-қайып енесінің соңында ойнақтап жүр. Алыстан ән естіледі. Жан тәніңді баурап алып жүрегіңді шы-мырлап бойлайтын асқақ ән. Осы әнмен жасыл жайлау төсі де нұрлана түскендей. Ат үстінде отардың ана шеті мен мына шетіне көз жіберіп, шопанның шырқай салған әніне табиғат, тіршілік атау-лы да бас иіп тыңдап тұрғандай. Аты арқаға аңыз болған табиғаты көз жауын алып қызықтыратын жүрегіне сұлулық көрінісін беретін Бегазының ақ қайыңдары мен қарағайлары ән әуеніне еріп билеп кетердей болып тұр.

Жайқалған жастық шақтың жапырағы,
Отаным тыңға екінші шақырады.
Ұл қызын еңбек етіп білім алған.
Құрметтейді туған жердің атырабы.

Бұл ән Зәбен Қалиева, Қарлыға Төлеубаева, Нұрқыстан Қара-жановтың ен жайлау төсін де құйқылжыта салған әні. Бұл әнді, үшеуі үш жерде жүріп айтса да көкіректен шыққан ән ауаға көтерілгенде біріге түседі. Бұл да шындық, өйткені үшеуінің де қол созған арманы, алға қойған мақсаты біреу-ақ. Көтеріңкі көңілден, үш жүректен шыққан ән, кең далада арманның ақ кептеріндей қанат қағып шырқау биікке ұшып барады...

ҚАСҚЫР СОҚҚАН ТҮН

Ақтымық түн. Көгілдір аспанның тұңғиық шыңырау төрінде түн меруеттері—жұлдыздар жымың-жымың етеді. Дарқан дала тыныш-тық құшағына әлсін-әлсін беріліп мызғып алғандай. Күні бойғы аптап ыстықпен көзге көгілдір сағым боп бұлдырап көрінетін Бе-газы тауы дәл қазір айқын көрініп тұр. Бейне бір ауылдың дәл төбесінен төніп тұрған алыпқа ұқсап, түнгі тыныштықты кірпігін қақпай күзетіп тұрған сақшыдай. Анда-санда түнгі ауаның тыныш-тығын қақ жарып, үзік-үзік созылып айқайлаған, күзетте жүрген шопан дауысы естіледі. Бегазының жақпар-жақпар шың құздары адамның айқайлаған дауысын қайталап жалғастырып жатады. Шарбақтағы қойлар бырт-бырт күйіс қайтарып, пысқырып қояды. Тау ішінен құстар-дың сайраған дауысы естіліп, таудан ескен самал жел жанға жай-лы-ақ. Бүгінгі қой күзетінде жүрген Бақыт пен Бәтай. Екеуі де қырағы. Кірпіктерін қаққысы келмейді. Ең алғаш күзетке шыққанда қай-сысы болмасын қалғып кетіп жүретін. Қаншама қалғымайын десе де, өзін-өзі сергек ұстаса да кірпікке ұялаған түнгі ұйқы өз құша-ғына алғанын аңғармай қалатын. Қазір бәрі де ұйқыға үйреніп ал-ған. Тіпті өздерінің қой күзетуге келер кезектерін асыға күтетінді шығарды. Екеу-екеуден қой күзетіп қою іңірден ағарып таң атқанға дейін ұйықтамайды. Сыбдыр еткен дыбыс болса құлақтарын түре қойып, түңғиыққа көз жүгіртіп айналаны шолады.

Бір айдан астам уақыт болды, күндіз өрісте, түнде шарбақтағы отарға жыртқыш тап-тап беріп мазалай беретінді шығарды. Тіпті олар қасқырға «Арайдың жиені» деп ат та қойып алған. Сонда да қырағы жастар оған «жиендігін» жасатқызбай, ауыл маңын торып жүрген қасқырға тісін басып жүрген еді. Осыдан біраз күн бұрын өрістегі отарды бір тық сырып жастарды абыржытып тастаған-тын. -Бәтай, кешегі құрған қақпанды ұстаз-ағай барып көрді ме екен? Кешеден бері тыныш қой. Таңертең ұмытпай айтайықшы. Қақпанға түсіп өлсе жақсы болар еді. Бізге малдың аманы жақсы, — деді Бақыт.

—Қайдам, расында кешеден бері дүрліктірмей тұр ғой. Мүмкін қақпанға түскен шығар. Әйтпесе осы уақытқа дейін бір хабарын беретін кезі болды ғой. Дегенмен сақ отырайық. «Жиеніміз» жал-ғыз бұтаны паналап келіп ісін бітіріп кетер. Жыртқыштың аты жырт-қыш емес пе-деп Бәтай қалың ши жаққа көз тастады.

Түн ортасы ауғалы қашан. Көк жүзіндегі айда батысқа қарай ойысып барады. Іңір түскенде батыстан көрінген үркер қазір дәл төбеде тұр. Манағыдай емес қазір аспан кеңістігін сұр бұлттар тұмшалап алған. Кенет иттер шабалап үріп, тау жаққа қарап арс-арс етеді. Екі қыз демдерін іштеріне тартып шарбақты айналып жүр. Көз жетер жер көрінбейді. Дала қою түннің құшағында.

—Бақыт ананы қара. Ши түбінде бірдеңе жылтырап жатыр. Қас-қырдың көзі. Осы сөзді айтты да Бәтай үй жаққа жүгіре жөнелді. Ойы ұйықтап жатқан құрбыларын ояту. Әйтпесе жыртқыштың отар ішіне кіріп алып, ойран салуы ықтимал.

Бірнеше күннен бері қасқырдың қойды торуылға алуы жастар-дың түнгі ұйқысын қашырды.Үйдегі Нұрқыстан мен Шашубай да бұл кезде ұйқылы-ояу, сыртқа қулақ салып жатыр еді. Олардың ойында ештеңе жоқ. Кенеттен мылтық дауысы гүрс ете түсті. Көк жалын болып ұшқан оқ шидің түбін бұрқ еткізгендей болды. Серікбай ағаның атқан оғы текке кетпей қасқырдың өкпе-тұсы-нан тиген екен. Байқаса жыртқыштың аяғында қақпан, аяғының кесілуіне аз қалыпты. Құр сіңіріне ғана ілініп тұр. Сөйтіп бір ай бойы отарға да, жастарға да маза бермеген көкжал осылай қараңғы түнде Бақыт пен Бәтайдың қырағылығы-нан қолға түсті.

1976 ж.

ӨМІРДІҢ ЖОЛЫ САН ТАРАУ

Қасиетті туған жердің топырағын басып, ауасын жұтқаннан артық бақыт жоқ болар, сірә. Шыр етіп жарық дүниеге келген соң көк күмбезінен сорғалай төгілген күн сәулесі сенің балғын дидарыңды аймалаған. Содан анаңның ақ сүтіне тойып алып, тал бесікте тербетілдің. Ал, Отан атты алтын бесік әлі де сенің анаң-ның аялы алақанындай әлдилеп келеді. Сен осындай қамқоршы анаңа не бердің, не бермекшісің. Қайтардың ба өтеуін. Тіпті «О, туған жер сенің бір кірпішің болып қалансам»—деп армандадың ғой. Көкірегің кейде бір тәтті қиялға тойғанда мына әлемге сый-май кетесің ау. Сол нендей қиял еді. Кім де болсын өмірден өз орнын тапқанын бәрінен жоғары қояды, сол үшін алға ұмтылады. Ал, кейбіреулердің асыл ғұмырға үстірт қарап, қалай болса, солай сезім жетегіне еріп, жүре беретініне қайран қаласың. Соның бәрі алғашқы тәрбиеге байланысты болса, бір жағы жеке адамның түсінігінде, саналылығында жатыр емес пе? Мен қолыма қалам алып, қой өсіруші замандас-тарым жайлы жазбақшы болғанымда бойымды осындай ұшқыр сезім оттары шарпып өткен еді. Ат үстіндегі балаң жігіттің ойын тобылғы түбінен пыр етіп ұшқан бұлдырық бөліп жіберді. Төңіректің бәрі көк сағымға малынып бұлдырап көрінеді. Көзге ілінер-ілінбес зат та соңдай биік. Амантай отардың алдына көз жіберді де тағы да ой жетегіне берілді. Жайылған отар бағанағыдай емес жүрістері кібіртіктеп барады. Басын жайылымдыққа анда-санда бір салып, шоқтала түскен. Бір мезгілде отардың алды тапжылмай қалды. Амантай күрең төбелін тебініп қалып қолындағы сылдырмақты отардың ортасы-на құлаштай лақтырды. Сол-ақ, екен шоқтай боп үйездеген отар жан-жаққа дүркірей жөнелді. Қолындағы құрықшаны сығымдай ұстаған шопан жігіт сылдырмақтың жанына кілт тоқтап, сәл еңкейе оны іліп алды. Сөйтті де енді-енді қосыла берген отарға сылдырмақты және лақтырды. Жарықтық күреңтөбел де ауыздығын екі-үш рет қырш-қырш шайнап пысқырып жіберді. Отар алға жылжы-ды. Шақырайған күн өсімдік түгілі құм мен тасты да қуырып бара-ды. Шіркін, нөсер төгер ме еді. Пісіп-жетілген шөпті қарашы, басы сарғая бастағанын. Әй, қуаңшылық-ай. Кейінгі жылдары тамшы да тамбай істеп тұр ғой. Сағым арасынан бұлдырап биік қарайған көрінді. Мұны - Аман-тай еңбектес достарының бірі екеніне сөзсіз сенді. Ауылға қарай созылып жататын ақ тақырдың маңы көделі алқап. Отардың алды осыған іліккен. Бұл кезде бағанағы көрінген аттылы да дөң астынан сылаң етіп шыға келді. Амантайдың қатты айғайлағысы келіп еді. Бірақ дауысы онша шықпады. —Ә—діл—мұ-рат... Сол жақтағы биік шоқы жаңғырығып оның дауысын мазақта-ғандай аудармай бернеше қайталады.

—      Амантай, —деді Әділмұрат. Бүгін күн керемет ыстық болып тұр ғой. Сені шөлдеп қалған болар деп суық-су әкелдім. Ол аты-нан түсіп қанжығаға байлаған құтыны шеше бастады.

—Әй, қауғабасым-ай. Өзің білесің бірдеңені. Ал, таңертең өзіммен қоса ала шыққан құтыдағы су жылып кетіпті. Таңдай жібітуге де келмеді.

Амантай құтының қақпағын ашып, біразға дейін сімірді білем.

—      Ау, сабазым өзің тіптен шөлден өліп қалыпсың ғой. Мынан-дай шөлдегеніңді білгенде екі-үш құты су ала келетін едім. Аман-тай осы сәтте ғана құтыны аузынан алды. Мандайынан тер бұрқ ете түскен. Сөйтті де—адам қалпына жаңа келдім ғой—деп Әділмұратқа қарады.

...Амантай отардың екінші шетінде жүрген Әділмұратқа дауы-стады.

— Әділмұрат-ау, Әділмұрат. Отар шөлдеп келеді. Ауылға дейін 4-5 шақырым бар. Жете алса жақсы болар еді. Енді саспай бірсыдырғы айдап отырайық. Асығыстау жүрсек қой малы шөлге шыдамсыз, жатып қалуы мүмкін.

— Дұрыс айтасың Амантай! Асықпай айдайық, — деді Әділмұрат.

Бұлар сәске түстің кезінде отарды ауылға жеткізді. Ауылда қалған достары да астауды суға толтырып қойған екен. Шөлдеп келген отар жапырлай бас қойды. Скважинаның жүрегі бір қалыпты соғып жер астындағы суды әлсін-әлсін астауға құяды. Біраздан соң шөлі қанған отар үйреншікті жазыққа үйездей бастады. Ал,

бригада мүшелері түскі үзіліске кетті...

Ең алғашқы айларда бригада құрамыз деп жүрген жастардың ұйқылары да келмеген-ді. Жүректері дүрсілдеп, көңілдері толқи берді. Соңда балаң жігіттер көбінесе қыздарды қолға алатын.

—      Япырмау, біздерді қойшы. Ал, мына қыз жолдастар қалай қой бағады. Тіпті, атқа мінуді біледі деймісің осылар. Әй, басқа бейнет болады ғой осы қыздар деп әзілқой жігіттер оларды қағыта беретін.

Басқаларға қарағанда өткірлеу Ақмарал көп ортасынан суы-рылып шығып:

—Әй, жігіттер, немене сендер, қыздар, қыздар деп қақылдап қалдыңдар! Кезінде көреміз. Ал, бізбен болғыларың келмейді екен оны тағы айтыңдар. Жеке өзіміз бригада құрып, еңбек дастанын жазатын боламыз. Жарысқа да түсеміз.

Ақмаралдың осы сөзінен кейін ол «серілер» жым болатын. Бірақ ол кезде бәрі алабұртқан сезім толғаныстары ғой. Бұл күндері олар бір үйдің баласындай. Бірі үшін бірі жанын салып, қандай қиын-шылық болсын бетін қайырып тастайды. Бригада аты «Дархан». Ондағы жастардың жаңдары осы бригада атына сай, дархан көңілді, еңбекшіл. Коллектив ұйымшыл болса, табыс сонда келеді. Бригада өткен жылғы қоңыр күзде құрылған болатын. Содан бері жылға жуық уақыт болды. Қабыр-ғалары қатпаған балғын жастар еңбек семестрінің алғашқы жы-лында ұйымшылдық көрсетіп, бойындағы адамгершілік қасиеттерімен көпке танылды. Қыс қаһарынан қоғамдық малды аман алып шығу үшін бар қажыр-қайратын аямай жұмсады. Қазір олардың қарамағында 700 саулық, 600 бас еттік тоқты бар. Олар әр тоқтыны 35 килограмм салмақта мемлекетке етке өткізбек. Сөйтіп, алдымыздағы мереке Ұлы Октябрьдің 60 жылдығына берекелі еңбек тартуларымен бармақ. СССР Конституциясының Негізгі Заңын бригада мүшелері өз араларында қызу талқылап, жаңа еңбек өрлеуіне жігерлендірді. «Дархан» қой өсіруші бригадасының құрамы 6 адамнан тұра-ды. 19 жасар қыз —жігіттер Амантай Әбіжанов, Ақмарал Жарма-ғанбетова, Әділмұрат Ыбыраев, Айжан Қуатбековалар, бригада-ның ұстаз-жетекшісі совхоздың озат шопаны Мәнтай Тілеуқұлов. Мәнтайдың жолдасы Орын Айтжанова да бригаданың беделді мүшесі. Отарды өріске бригада мүшелері кезекпен шығарып, қалған-дары ауылдағы жұмысты реттейді. Жүрмелі вагонетка—олардың өз үйлеріндей. Жатақханаға кірсеңіз таң атқаннан күн батқанға дейін қой соңында жүретін шопандарға (ертедегі) мүлде ұқсат-пайсыз. Мәдени-тұрмыстық жағдайлары көңілдегідей. Әдеби кітаптармен қоса онжылдық көлеміндегі және жоғары оқу орнына түсуге арналған оқулықтарды көптеп кездестіресіз. Олар уақыт тауып спортпен шұғылданады. Өз ауылдарының аспанын әнге бөлеп, ән шырқайды. Күмбірлете күй тартады. Айта берсек олар жазиралы далада жүргенде көкіректері жырға толғандай ақын болғысы келеді. Жастар, өмір туралы толғана сөйлеп, толғана ой айтады. Белгілі ақындарымыздың бірі марқұм М.Мақатаевтың мына бір жыр жол-дарын олар да жатқа біледі екен.

Ал, қанеки,
Санап көр, сағынышым! Сарқылмастан тұрғанда сана-күшің,
Не жақсылық көрсетті адам саған.
Не жақсылық жасадым, адам үшін?

Мынандай өлеңді екінің-бірі кітап ақтарып оқымайтыны айдын-анық. Туған халқы үшін қалтқысыз қызмет етуді армандаған шо-пан жастардың еңбегі мен ойы осылайша өсіп, есейіп келеді. Мен жастардың бірегей ұйымшылдықтарына ризамын. Тапсыр-маңды екі етпей тиянақты атқарады. Түнгі күзет, күндізгі аптап, олар үшін түкке тұрғысыз. Кейбіреулер түнімен күзетте болып, таңға жақын отарды өріске шығарып кетеді. Ал, мынау отырған жайлауымыз Тастықұдық жайылымға бай, шұрайлы жер—дейді ұстаз-жетекші Мәнтай Тілеуқұлов өз сөзінде.

Даланың бетін күн сүйген ерке қыздарыда наздана сөйлейді.

—Біз қыздардан Ақмарал екеуіміз. Көңіл-күйіміз жақсы. Көктемде қабылдаған қошақандар қазір марқайды. Оларды бөлек жаюдамыз.

— Қалай, шопандықты өздерің жүрек қалауларыңмен ұнатқан шығарсыңдар. Жоқ әлде...

—Жо, жоқ, олай емес мүлдем. Біз нағыз құрыш қайратты ком-сомолдармыз ғой. Әнеу күні Ақмарал құрбым бір кітаптан мынан-дай сөзді оқыпты. «Өмірдің жолы сан тарау, соның өз қажетіне, қалағанына таңдап түсетін бол». Шындығымызды айтсақ сан та-раулы өмір жолына түсуге сүрлеу салдық,—дейді Айжан Қуатбе-кова қарақат көзі мөлдіреп.

Адамды мазалай беретін тынышсыз толқыңдар сезімі кімді де болмасын иландырады-ау. Керімсал даланың қарлығашы — шопан жастардың өр түлғасын тым биіктен көрсететін осындай ойлы сөздері мен қажырлы еңбектері ғой. Мен сөз еткен замандастарым бұлтарысы көп өмір жолын жас та болса жүрек қалауымен таңдай білген екен. Ал, өмірдің жолы сан тарау екеніне ешкім де дау айта алмас.

1977ж.

КҮН БАТЫП БАРАДЫ

Міне, біз бүгін тағы да жол үстінде келеміз. Сан тарау жолдар. Оңға да, солға да бұрылып кетіп жатыр. Сонау көк кеңістікке сіңе ме? Оның ақырына көз жетпейтін секілді. Тек бәрін де дала ұғып, дала түсінетін сияқты. Даламен сырлас дала қаһармандарын әдет-те шопандар қауымы дейміз. Ал, солармен кездесіп, жүзбе-жүз сұхбаттассаңыз жүрегіңіз қандай қанағаттанарлық рахат сезімін табар еді.

Ферма зоотехнигі Әділ Дүйсенбаев айтады: -      Мал маманы болған соң үнемі ат үстінде жүресің, шопандар ауылын жиі-жиі аралайсың. Кейде жалғыз келе жатқанда терең ойдың құшағында тербеліп, қиялға берілесің-ау. Туған жеріңнің әрбір бұтасы, тау-тасы жүрегіңе ыстық болып көрінетіндігі несі екен. Қойнау-қойнауы мыңғырған малға қазынаға толы қазақтың шырайлы өлкесі-ай. Шопандар айтады. Әрине кәрі қүлақ шопан-дардан естіген әңгімем ғой бұл. Мынау Ешкіөлмес, Ойран, Құттым-бет тауларының баурайы май айының өзінде-ақ құлпырып, шалғыны аттың омырауын қағады деседі. Ал, Еспе езені июль айының аяғына дейін арнасынан бір түспей арандап ағып жатады екен. Мүмкін шындық, мүмкін етірік. Қайдан білейін. Өз басым осы өңірде мал мамырлай жатып тойынатын жайылымдықты сирек кездестіріп жүрмін. Бірақ оның есесіне тұрмысымыз, еміріміз гүлденді емес пе? Мал маманы өз ойын толықтай жеткізбегенімен табиғатқа жа-нашырлық сезімін білдірді. Мен үнсіз тыңдап отырғам.

- Тарт алға!
- Қайда?
- Дүнгенбай ауылына.
Шофер жігіт машинаны ауырлау бұрып, жол айрығына лезде түсті.

- Мына жол қайда апарады? - Бұл Ақсай қыстағындағы жас шопан Әмір Әубәкіровтың ауылына баратын қысқа жол. - Дүнгенбай Муқаев біртоға мінезді жігіт ағасы. Ешкімге қатты сөз айтып, көңіл қайтару дегенді білмейді ғой. Тұла бойы тұнып тұрған қарапайымдылық. Бәлки сондығынан ба, өз ісіне ықтиятты. Жауапкершілікті жақсы сезінеді, - деп зоотехник Әділ шопан ауылына таяғанда осындай қысқаша ғана Дүнгенбай жайлы лебіз білдірді. низатор болған, шоферлік мамандығында меңгерген. Күзден бері совхоз басшыларына бірнеше келіп, өтінішін білдіріп ақыры шопандыққа аттанды. Міне, мынау Ақсай қыстағын Әмірдің ауылы деп айтамыз деген ойымызда бар ма еді. Өйткені ол бір кісідей техника тілін білетін білікті маман еді, ісінің шебері еді. Әмірмен әңгімеміз ұзаққа созылған жоқ. Қара торы өңін күн сүйіп, білегін еңбек шынықтырған. -      Шопандық деген мамандықтың шолпаны ғой. Ағалар эстафетасын жалғастыру мақсатында мектеп бітіруші комсомолец-жастарымыз екінші тың қой шаруашылығына көптеп келе бастады. Менде осындай ойдың ағысымен шопан болып келдім. Ешқандай әбестігі жоқ қой деп ойлаймын, - деп Әмір төмен қарады. Әмірдің қарамағында 1025 бас тоқты бар екен. Отары күйлі шығын жоқ. Әмірдің өз алдына отар салып, қиын істі алып кетуіне КПСС мүшесі, аға шопан Каһарман Жәпенов көп-көп жөн сілтеді. Ақыл- кеңесін берді. Шопан ауылынан түс ауа аттанып кеттік. Жол-жөнекей ферма зоотехнигі Әділ Дүйсенбаевпен әңгіме тиегін ағытқанымыздағы білгеніміз мынау болды. № 3 фермада жалпы мал басы 9339, оның ішінде 6276 бас саулық. Ферма шопандарының алдарына қойған айқын мақсаты мал қыстатуды үлгілі еткізіп, ферма бойынша әр жүз саулықтан 100 қозы алу. Озат шопандар, ферма мақтаныш-тары М. Мұқаев, Р. Әлібаев, А. Қапеновтер жарыс көшін бастап келеді. Аға шопан К.Жәпеновтың ауылында болғанымызда автодүкеннің, жүрмелі киноқондырғының, еңбек ақының мезгілімен жетіп, тарамайтындығын ренішпен айтты. ...Машина өрге өрмелей көтеріліп, ойлаңға түсті. Сол-ақ екен алдымыздан шопан ауылы көрінді.

- Ақылбай Қапеновтың ауылы, мынау, - деді Әділ.
- Бәрекелді, Ақылбайыңыз машинаны ұршықша иірген шофер емес пе еді?

- Естіген жоқ екенсіз ғой. Ол күзден бері 638 бас ерекше күтім қажет ететін қойларды өзі бағып-баптауда. Яғни, ЛСП-ның меңгерушісі, осы Ақылбай десек қателеспеген болар едік, - деп Әділ шофер жігіттің мая жаққа бұрылуына нұсқау берді.

Міне, Ақылбайдың дәл өзі. Машина үйінің жанында тұр. Қол алысып амандастық. -      Бізде дәрі-дәрмек, жемшөп жеткілікті. Емделген ауру малдарды отарына қайтарамыз. Оның орнына тағы ауру мал аламыз. Дегенмен бір айтарым саулық болсын мейлі қандай отардан болсын ауру малдардың келуі көбейіп барады. Мамандардың жүйелі жұмыс жүргізуі ендігі арада бәсендемеуге тиіс, - деді Ақылбай. Шындығында емдеуге әкелген ауру малдардың түзеліп, қайта отарға жіберілуі қуанышты жағдай. Ақылбайдың қарамағындағы ерекше күтімдегі қойдан бір де бір бас шығын болмапты. Көрсеңіз көңіл тояды. Міне ЛСП деп осыны айт. Барлық жағдай жасалған. Айыртас тауының шығыс жақ беткейіне келеңке түсіп, сай-жыраларға көз жетпейді. Күн болса кекжиекке иегін артып батып барады. Біз келесі шопан ауылына бет алдық. Ұста көрігінен суы-рылған темірдей нарттай қып-қызыл күн - қызыл шапақ Жер-ана тіршілігін қимағандай. Артымызға қарап коңыр жүзді еңбек адам-дарының бейнесін қайта-қайта көз алдымызға әкеле бердік.

1979 ж

"МЕРЕЙІҢ БИІК БОЛСЫН, ҚҰЛЫНЫМ!"

Сол жылы көктем ерте шығып еді. Жер беті көк кілем жайған-дай кегілдір. Қырларда өскен қызғалдақтарды көктемнің саумал желі түбінен қозғап ырғап қана тербетеді. Көктем келгенде әдеттегідей Тоқырауын езенінің жағасы масатыдай құлпырып бар өңірге сән беретін. Сарқырап аққан арналы өзеннің мөлдір суы Бақымаштың көңіліндей аппақ мөлдір күйде Ашулы өзен ақ көбігін аспандата атып әбтігін баса алмай ағып жатыр. Арман ағысы сияқ-ты. Шіркін, туған жердің табиғаты-ай. Саған қарап сүйсінуден көңіл шіркін әсте тынар ма. Оның үстіне Бақымаштың туып өскен, бала-лық шақтың бал күндерін өткізген кездері осы қасиетті Тоқырауын өзенінің жағасы. Ол туған ауылынан ешқайда кеткісі келмейді. Адам, еңбектің де, өмірдің де бар бақытын осы киелі мекенінен тапқысы келеді ғой. Әрбір тасы, өзен сайы көзіне ыстық, жүрегіне жақын болып көрінеді де тұрады. Әлі есінде. Мектеп бітіру кешінен кейін анасына еркелей келіп мойнына асылды. Ана жүрегі де баласының пәк көңілін жылы қабылдап маңдайынан иіскеді.

- Мектеп бітірдің, бұл азамат болғанның белгісі. Енді оқуың керек. Қатарыңнан қалма. Құдайға шүкір, сені оқытатын қаражат бар ғой.

Анасының мына сөзі ойлаған ойындай болып шықпады. Бақы-маш өзінің ауылда қалып еңбек ететінін анасына айтуға бата алмай жүретін. Неде болса шешіп алайын деп шешіле сөйледі. - Апа-ау мен ешқайда бармаймын. Бір үйге сізді жалғыз тастап қайда бармақпый,. Бар бақыт еңбекте дейді ғой еңбек етемін. Бала аузы-нан мұндай сөз шығады деп анасы ешқашан күтпеп еді. Ойы жо-ғарғы оқу орнына аттандыру болатын.

- Құлыным-ау сенің бұл ойың бола қоя ма? Өзіңнің түрің мы-нау, бармақтай жоқсың. Трактор руліне шамаң келе ме? Бойың да аласа, трактор ішінен әрең көрінесің ғой. Райыңнан қайт. Бірақ, жас кезінен қайсарлау болып өскен балаң жігіт айтқан сөзінен қайтпады. - Өзің біл, лайықты іс бітіріп, еңбек етсең жарасып кетерсің деп анасы да бала ойын құптады. Сол кезде Бақымаш-тың совхоздың ортан қолдай майталман механизаторы болатын-нын ешкім де ойламады. Адам тағдырын алдын-ала болжап айту қиын ғой. Бұл өмір қағидасы.

Адам мақсат еткен мақсатын шыңдай келсе алмай қоя ма? Мектеп бітіргеннен кейін сәл ғана демалып, Бақымаш еңбекке араласып, әр салада жұмыс істеп жүре берді. Науқанды жұмыстар-дың бірінен қалыспады. Мал азығын дайындау кезеңінде қолына айыр ұстап, білекті жігіттермен тізе қоса машинаға шөп тиеді. Сонда қатар істеп жүрген жігіттер Бақымаштың ширақтығына таң қалып. - Сен өзің он жыл бойы білім алу емес, сонымен қатар еңбектің де оқуын оқығансың-ау деп әзілдейтін. Ол саспай ғана жауап беретін. Еңбек пен оқу егіз емес пе дейтін. Жаз өтіп аттай желіп қоңыр күз де жетті. Жер беті сарғышта-нып, табиғат та сүреңсіз көрініске көшкен. Науқанды жұмыстар аяқталып, шопандар қыс қыстауына көшкен кез. Кешегі қарбалас шақ, еңбектің қызу кезеңі жайдары жаз да артта қалды. Бақы-маш бір күні өз тілегін совхоздың бас инженері С.Нұркеевке білдіріп механизатор курсына жіберуді өтінді. Инженер де, жас жігіттің бұл тілегін құптап аудандық "Казсельхозтехника" бірлестігіндегі механизатор курсына жолдама берді. Талапты жас механизатор курсын ойдағыдай аяқтап, ауылға оралды. Бақымаштың оқуын бітіріп келгеніне риза болған инже-нер де - мына баладан өз басым үлкен үміт күтемін. Өйткені, өзі тіленіп кетіп еді механизатор курсына, ал өзің сүйіп істеген ма-мандық сөз жоқ берекелі істің бастауы ғой деп топшылағантын ол. Совхоз басшылары өзара келісе отырып Бақымашқа жаңа "ЮМЗ-6" тракторын берді. Бір кезде армандаған трактор руліне қолы жетіп, еңбекке араласа бастады. Еңбекке бейім, үлкенге кішіпейіл жан Бақымаш тапсырылған жұмысты тиянақты орындап, басшылар сенімінен шыға бастады. Техниканы да күтіп ұстап, тоқ-таусыз жүргізе отырып, күндік нормасын үнемі асыра орындап отырды. Көп ұзамай Бақымаш Нұрғалиев совхоздың озат механизаторы деген құрметті атаққа ие болды. Ұмытпасам осыдан біраз бұрын, Мен Бақымашпен ойда жоқта кездесіп, таныстым. Аудандық мәдениет үйінде халық лық толы, ығы-жығы. Механизаторлар слеті болып жатқан кез. Ауданымыздың майталман темір тұлпар иелері осында жиналған. Бақымаш екеуміз ауданның орталық көшесімен жүріп келеміз. Адамның ақ көңіліндей ақша қар да жапалақтап жауып тұр. Бейне бір ақ қанатты көбелек іспеттес, қалықтап қана жерге баяу түсіп жатыр. Қыстың алғашқы қары еді. Ол маған жерден бір уыс қарды алып, алғашқы қарыңмен деп күліп тұрып шашып жіберді. Көңілің қандай дарқан болса, сезімің де осы қардай аппақ-ау деп ойладым. Ол ақтарыла сөйлеп әңгіме бастап кетті. Осыдан бір жыл бұрын. Ол кезде көп тәжірибе жинақтап қалған кезім. Сондықтан ба мені қыс күндері басшылар шалғайда жат-қан малшы ауылдарына жиі-жиі жібереді. Таңертең бөлімше меңгерушісі келіп, - Бақымаш, Дастар тауының баурайындағы шопан ауылына жем апару керек. Күн ашық болып тұр ғой. Жол қырсығынан сақтаса кешке дейін қайтып ораларсың - деді. Трактор жетегіне жемді сықита тиеп алып жолға шықтым. Көңілімде ештеңе жоқ. Трактордың бар жылдамдығын пайдаланып жүріп келемін. Мақсатым шопан ауылына тез жету. Орта жолға келген-де Батыстан қыстың түсі суық сұр бұлты көтеріліп, қар да жауып, қатты жел де соғып боран болды да кетті. Ал керек болса. Таяқ тастам жер болмаса одан әрі ештеңе көрінбейді. Жол мен қарлы жерді айырып болмайсың. Ақтүтек боран уақыт өткен сайын өрше-лене соғады-ай келіп. Кенет трактор жолдан шығып кептелді де қалды. Боран да көз аштырмай соғып тұр. Күректі алып доңға-лақтың астын тазаласам да бұл ісімнен ештеңе шықпады. Боран қайта басып тастайды. Бір кезде тракторым сөніп қалды. Күн қат-ты аяз да болатын. Шамасы жанар-жағар май қатқаңдықтан қатыс-пай қалды-ау деп ойладым. Айтқанымдай солай болып шықты. Май жүретін түтік қатып қалыпты. Не керек жалғыз өзім боранмен арпалыса жүріп от жағып түтікті қыздырдым. Сәлден соң тракторға от алдырып, қайта отырып әрлі-берлі қозғап көрдім. Тырп етер емес. Оның үстіне жетекте 4 тонна жүк бар. Қойшы бір кезде боран да басылып күн ашылды-ау. Тракторды әрең дегенде жолға түсіріп алып жүріп кеттім. Содан келесі күні кешке қарай бөлімше орталығына оралдым. Бөлімше меңгерушісі "жарайсың" деп ар-қамнан қақты. Басқа ештеңе айтқан жоқ. "Еңбек түбі - зейнет" де-ген ғой. Сол көрген қиыншылық бүгін де көңілден ұмыт,- дейді ол. Менің көзім оның кеудесіндегі "Коммунистік еңбектің екпіндісі" деген значокқа түсті. Значок Бақымаштың еңбек жолындағы та-быстың бастауы болып көрінді. Жас жігіттің Отанына бергенінен беретіні көп. Ол небары 21 жаста. Туған халқының ырзығы үшін табиғаттың дүлей күштері мен жекпе-жек шығып жеңіп жүресің ғой. Өйткені сенің бойыңда жастыққа тән жалын, еңбекке деген құлшы-ныс бар. Еңбек деген адам мәртебесін биікке көтереді. Ал еңбек-тен бақытын тапқандар нағыз азамат. Азамат деген ардақты ат, Бақымаш. Жалғыз ұлы үйде болмай шаруашылықпен жүргенде Марияш ананың көңілі жай таппайды. - Не болып жүр екен. Қыстың көзі қыраулы. Боран болып далада қалып қояр ма екен - деген шексіз аналық махаббатымен алаң болып отырады. Ананың көңілі бала-да деген осы да. Ойлайтыны да, бар қызығы да жалғыз ұлы осы Бақымаш. Еңбек биігіне көтеріліп, абырой-атаққа ие болғанына да мәз. Асыл ана, балаға бұл әлемде сенен кім жақын? Арқа сүйері де, асқар тауы да сенсің ғой. Есік алдына сары кабиналы "ЮМЗ-6" тракторы ентелей келіп тоқтай қалды. Бақымаш есіктен кіре қуанышын жасыра алмай, қара көздері ұшқын атып, анасын құшақтай алды. - Апа, аудан орталығында озат механизаторлар слеті болатын көрінеді. Соған баратын болдым. Дайындалу керек...

- Айналдым сенен жалғыз тірегім. Қайда жүрсең де тірі болып мерейің биік болсын құлыным, - деп ақ тілеуімен Марияш ана аяз сорған ұлының екі бетінен алма-кезек сүйіп жатты.

1975 ж.

КЕҢ ДАЛА

Самал желдің ырғағымен қызғалдақ тербеліп, шағала көгінде шаңқылдап ұшып жүретін қасиетті туған жердің даласы. Сенің төсіңде жер идіріп. Отан байлығын тасытқан ақ жүректі, алтын қолды адамдарымен тілдесіп, олардың ортасында болу қандай ғанибет. Бәрі де өмір нәрі болып отырған, сенің арқаң-ау кең да-лам. Ойыма "Кең дала" әні оралады. Мен кездескен еңбек адамдары осы әнді шырқайды екен. Сөйтеді де осы әннен сарқылмайтын қызу қуат алады. Ол не қуат. Таусылмайтын жасампаз өмірдің сарқылмайтын құдыретті еңбек қуаты.

Жандым мен, жалын құштым, ән көкседім,
Бұл күнде бойымдағы барды екшедім.
Жүремін аспанында құс боп ұшып,
Тұрамын журегіңде ән боп сенің.

Жүрекке жақын, жүрекке жылы аңсатқан сол бір ән командировкадан оралғаныма көп уақыт болса да құлағымнан кетпей-ақ қойған-тын. Лажым жоқ, әнмен қоса көз алдыма елестеген, еңбек адамдарының жарқын бейнесі, жан сүйсінер қимылы қолыма еріксіз қалам алдырды. О, кең дала, кең далада еңбек еткен ақ пейілді адамдар. Ақ пейілді...

ТАҢ КЕЛЕДІ АРАЙЛАП...

Түн түңлігін түре бастап, көктегі жұлдыздар сирегенде, пішеншілер ауылы әлі тыныштық құшағында еді. Таң алдында сіркіреп өткен жаңбыр суы жерге сіңіп барады. Мөлдір тамшылар шөп басында қыз моншақтай болып тұрып қалыпты. Тау жақтан лекіте соққан ерке самал далаға шықсаң-ақ, денеңді арудың ала-қанындай аймалай бастайды. Бөлімшенің трактор бригадасының бригадирі Сұлтан Баймағанбетов төсекте мазасызданып жата алмады. Сағат бестің кезінде көзін ашты. Содан көз ілген жоқ. Қиялы қияны кезеді. Ой-ына неше түрлі оралады. Айтпақшы өткен аптада бұлар үлкен қуанышқа кенеліп еді-ау. Ұжымы мен бірлігі жарасқан пішенші жігіттер апталық тапсырмадағы 672 тонна мал азығын дайындап, ауыспалы Қызыл жалаушаны жеңіп алғантын. Сөйтіп, жаңа бір еңбек құлшынысын байқатқан-тын. Енді Сұлтанның ойындағы келесі аптаның тапсырмасы еді. Несі бар жігіттер жігер танытып, қарқынды еңбек етсе бұл жолы да апталық тапсырманы орындауға болады ғой, дейді ішінен. Осы сәтте Сұлтанның ойын қыр жақтан шыққан қайрақ моторының үні бұзып жіберді. Е. Роман да тұрған екен ғой. Ұйқысын тез ашатын жігіттердің бірі осы, деді Сұлтан. Қайрақшы болғанымен ауылдағы коменданттай. Таңертең пішеншілерді ояту, жұмысқа аттандыру осының мойнында деп Сұлтан төсектен тұрды. Сағат тілі таңғы 5-30-ды көрсетіп тұр. Сұлтан жағалай әр қосқа бас сұғып пішеншілерді оятып жүр. Кейбіреулері өздері тұрып кетіпті. Пештің мұржасынан көлбеңдей көтерілген көк түтін таңғы ауаға сіңіп барады. Аспазшы Наташа Павловна ширақ қимылдап, тәбетіңді ашар асты асханаға жасай бастады. Жуынып, бойла-рын жазған жігіттер асханаға орналасып таңертеңгілік асты ішуге кірісті. Кеп уақыт өтпей-ақ, таңғы 6 сағат 30 минут болғанда пішеншілер ауылы трактор гүрілі мен тіршілік құшағына енді. Бар аймақты дүр сілкіндірген трактор үні бүгін де қызу еңбек болаты-нын аңғартқандай. Пішеншілер шабындыққа аттанды. Шығыстан таң келеді арайлап, таң келеді. Бұл таң-тағы бір берекелі еңбек таңы болмақ.

ШАБЫНДЫҚ БАСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР

Бектауатаның бергі беткейі шексіз жатқан кең алқап. Біз осы өңірдегі шабындыққа келе жатырмыз. Жер апшысын қуырған "УАЗ" жеңіл машинасы қояндай лып-лып етіп, әні-міне дегенше 5 шалғы тіркеген "МТЗ-50" тракторының жанына алып келді. -      Мынау жыл сайын Балқаш қаласынан көмекке келіп қолғабыс беретін Владимир Кожевников деген жігіт - деп таныстырды бізге осы бөлімшенің меңгерушісі Қали Ниқанбеков - еңбекшіл жігіт. Істеген ісі сапалы, техника тілін жетік біледі. Өз әріптестерінің алды. Бес шалғымен күніне 50-55 гектар жердің шөбін шабады. Қияқ мұртты орыс жігітімен қол алысып амандастық. Күректей алақанын трактор рулы қажаған сияқты. Бірақ, ол еңбек рахаты ғой. Көзі күлімдеп тұр, жүзінен шаршамағандықты бірден аңғарасыз. -      Совхоздағы қоғамдық малға жемшөп дайындау науқанына қатысып еңбек етуді дәстүрге айналдырдым. Өткен жылы да осы бөлімшеге келдім. Бірақ, онда шөп шығымы биылғыдай құнарлы емес еді. Ал, табиғи шөптің биылғы шығымы бөлімшедегі малға да мол азық болмақ. Біз де сол үшін күресіп жатырмыз, - деп Владимир өз ойын бүкпесіз ақтарып салды. Жігіт сөзінде үлкен азаматтықтың, жауапкершіліктің мөлдір сезімі сезіліп тұр. Бізбен жылы қоштасқан ол, шөп шабатын агрегаттарды жеңіл байқаудан өткізіп алып жүріп кетті. Ұйысқан боз көде мен көгілдір жусан шалғы жүзінің астында жапырылып барады Жеңіл машина бізді тағы да алға қарай алып ұшты. Шабындығы кең, сондай әдемі көріністі жер екен Бектауата баурайы. Машина ішінен сыртқа көз тастасаң-ақ жал-жал қырқалар мен текше-текше тайланған бауларға көзіңіз түседі. Қызығасың, алтын қолды жігітттердің ерен еңбектеріне сүйсінесің. -      Тапсырма бойынша 5100 тонна мал азығын дайындау биылғы науқандағы міндетіміз. Қазір соның 2049 тоннасы дайындалды. Негізінде шабылған шөп іле қырқарға түсіп соңынан тайланып оты-рылса сапалылығын жоймайды. Малға да жұғымды. Бірақ, шөп таситын техниканың жоқтығынан дайындалған пішенді баз басы-на тасу жұмысы шабан болып тұр, - деді бөлімше меңгерушісі Қ. Ниқанбеков. Кабинада отырған совхоздың бас экономисі С. Аяғанов та әңгімешіл жігіт екен. Ол бізді совхоз орталығынан пішеншілерді аралатуға жол бастап алып шыққан еді. -      Совхозымыздағы пішен дайындаудағы алдыңғы қатарлы бөлімшенің бірі осы. Жалпы шаруашылығы да жақсы. Көктемгі төл алу науқанында бөлімше бойынша әр 100 саулықтан 102-ден қозы алып еңбек биігінен көрінді. Осының бәрі қысқаша айтқанда бөлімшенің ұйымшыл, еңбекшіл коллектив екенін көрсетеді. Таяу-да шымкенттіктер мен нұраталдылықтардың мал азығының берік қорын жасаудағы бағалы бастамасына қызу үн қосып, мал азығы-ның бір жарым жылдық қорын жасауға Үндеу көтерді, - деді эко-номист. ...Машина шөп байлайтын агрегаттың жанына екпіндей келіп тоқтады. «МТЗ-5» тракторынан ширақ түскен балаң жігіт агрегат-тың әлденесін бұрап, мықтап, бекітіп жатыр. Таныса келе білдік. Бұл Қарпық Ысқақов деген жігіт екен.

—Іске сәт, еңбек рахатты болсын.

—Айтқандарыңыз келсін.

—Күніне неше бау тайлайсыз.

—Агрегат тоқтаусыз жүріп тұрса күніне 1000 баудан кем түспейді Қазірдің өзіңде 900-ге тарта бау тайладым. Күн батқанға дейін қай-да 1000 бауды жайма-жай түсіруге болады-деп Қарпық сағатына қарады. Қарпықтың еңбегіне шын ниетпен риза болдық. Онымен қоштасып, қол алысып, пішеншілер ауылына қарай бет алдық.

Осы сәтте шабындықта ән қалықтап қоя берді. Бәлкім бұл Қарпық салған ән болар. Немесе, оның әріптестерінің біреуі шығар. Шарықтаған кең далада еңбек әні. Ол ән басылмақ емес.

ПІШЕНШІЛЕР АУЫЛЫНДА

Пішеншілер ауылы сонадайдан көзге жылы көрінеді. Желбіреген Қызыл ту, "Мал азығының берік қорын жасайық» деген ұрандар жүрекке жылылық ұялатады. Біз дала қосындағы пішеншілердің мәдени-тұрмыстық қызмет жағдайымен таныстық. Міне, қызыл отау бұрышы. Рет-ретімен жи-налған кітаптар, газет-журналдар ұқыпты қолдан шыққан. Апта сайын нормасын орындаған механизатордың қүрметіне ту көтеріліп отырылады. Өз ара социалистік жарыс кең өріс алған. «АБ-1» электр моторы тұрақты моншамен қамтамасыз етілген. Жұмыстан тыс уақытта пішеншілер көңілдерін көтеріп шахмат, дойбы, волейбол ойнайды. Бірақ, оларға кино көрсету әлі де жолға қойылмай тұрған көрінеді. Науқан басталғаннан бері бірақ рет кино қойылған. Жүрмелі автодүкен де бұл ауылға сирек соғады. Осыны алдағы уақытта совхоздағы тиісті қоғамдық ұйымдар ескерер деп ойлаймыз. Шабындықта 15 трактор жүріп, 20 адам еңбек етуде. Механи-затор О.Ыбыраев, В.Савчук, Ғ.Машин, В.Масюк, В.Санко, Илья-лар күндік нормасын асыра орындап, үлгілі еңбегімен көзге түсу-де. Шөп тасушы«К-700»тракторындағы С. Науырызбаевтың, оған шөп тиеуші Е. Мұқатов, Телмағабетовтердің де еңбегі ерен. Түйіндей айтсақ бөлімше пішеншілерінің қазіргі қарқынды қимы-лы сүйсінтпей қоймайды. Жақсы іс жалғаса берсін. Төскейінде жер идіріп, ырыс қазанын тасытқан ақ жүректі, алтын қолды адамдары бар қасиетті Имектің кең даласы. Біз саған алғашқы келуіміз еді. Шабындықта еңбек әнін шалқытқан адам-дарыңа да сан кездесетіндей болып аттандық. Алдағы уақытта да берекелі еңбек, шат көңілмен қарсы алыңыздар біздерді.

О, адамдар, еңбекшіл!
1976ж.

ҚАРЛЫҒАШТАР КӨКТЕМДЕ КЕЛЕДІ...

(Концерт залынан) Көктем келген екен. Көз алдыма қызғалдақтан інжу-маржан жамылған қыр белестері елестейді. Гүлге оранған сайын далалар көк сағымға малынып қиялымды алға қарай жетелей түседі. Гүлдер самал желмен ырғала тербеліп далаға жұпар исін шашып тұр. Сахнада отырып осындай қиял жетегіне еріп кетіппін. Кенет менің ойымды қызғылт түсті шымылдықтың ар жағынан шыққан гитараның ащы үні мен баянның сазды әуені, ұрмалы аспаптардың көтеріңкі үні бөліп жіберді. Гитараның сым шектері бебеу қағып, тағы басқа музыка аспаптарының бірлесіп шыққан үні зал ішін кернеп әкетті. Келушілер көп, әлі келіп жатыр. Байқаймын, менің жанымда бір орын бос тұр.Әзірге ешкімнің келе қоятын түрі жоқ қой деп ойлап та қоямын. Міне, тағы да қиял жетегіне еріп музыка әуенімен қалықтап бара жатқанымда жанымдағы бос орынға аққұба келген әдемі қыз жайғасып жатыр екен. Жүзі алаулап, бетінің ұшы қып-қызыл, қара көздері, мөлдіреп тұр. Сірә, сол тұнық қара көзде ашылмай қалған сыр бар-ау. Менің де сезімімді дір еткізіп, жанымды қайдағы бір еріктен тыс сыйқырлы күш би-леп алды. Залдың ішінде көрермендер тынышсызданып, концерттің басталуын асыға күтуде. Әр жерден жиі-жиі қол соғылуда. Мен үнсізбін. Жанымдағы қыз да мен сияқты қиял жетегіне ердіма деймін. Көзі сахнадағы белгісіз бір нүктеде. Міне, асыға күткен минут та жетті-ау. Шымылдық ортасынан қақ жарылып сахнаның екі шетіне қарай жылжи бастады. Эстраданың сазды әуендері өзіңді бірден баурап алып, тәтті қиялдың жетегімен бойыңды билеп әкетеді. Конферансье қыз өзінің табиғат берген ашық дауысымен әлде бір кестелі, мәнерлі сөздерді айтып, қай облыстан келгендерін, ансамбльдің өнер жолымен таныстыруда. Сымбаттысын-ай өзінің. Сахнада жазиралы кең даланың ақмаралындай баппен ғана қимылдайды. Жоқ, қайдағы ақмарал, қателесіппін ғой ақ тамақ Қарлығаш сияқты. Бағанадан қиялдап отырғаным осы екен-ау. Біздің ауылға гүл-көктемсіз өнердің қарлығаштары кел-ген екен. Өйткені ансамбль аты «Қарлығаш». Ал Қарлығаш құс еркесі. Эстраданың сыңғырлаған сазды әуені құлақтан кіріп жаныңды ләззатты сезімге бөлейді. Ұрмалы аспаптардың дауысы бір тын-байды. Соғылып жатыр дамылсыз. Көрермендер әлгі қыздың сахнаға әншіні шақыруын күтуде. Әнқұмар қауым ән мен күйдің мөлдір бұлағына бас қойып сусыны қанса екен. Содан соң әр номерді орындаған әншіге дуылдата қол соқсақ. Бейбітшілік әнің, туыс-қандық, достық әнін, махаббат әнін тыңдай берсек... Байқаймын жанымдағы аққұба қыздың жүзі манағыдай емес, тіптен нұрлана түсіпті. Конферансье қыз сахнаға әншілерді кезекпен шақыра бастады. Міне, ансамбльдің жас әншісі Шәмшия Ис-мағұлова. Залдың әр жерінен соғылған шапалақтар. Өйткені бұләнді сан рет тыңдап жүрміз ғой осы сахнада, кәдімгі өзіміздің «То-қырауын толқыны» ансамблі жас сан мәрте көрермендер алдынаалып шықты. Бәлки, осы сәтте орындаушыларының әсем дауысықұлақтарына жетіп, қимылдарын көз алдына елестеткен шығар.Шіркін, эстраданың құдыретті, сыйқырлы әуені-ай. Оның үстінемынажас қыздың өнері еріксіз таңдай қақтырмай қоймайды. Өзімәнші емеспін. Осы әншілер сахнаға шыққанда өздерін ұмытып,көрерменнің жүрегінде қонақтап жүреді-ау деймін. Ол орындаған«Келші айым» әні күні бүгінге дейін көрермендердің жүрегіндеқұлағынан кетпейтін шығар. Махаббат әні, қыздың жігітке назда-нып айтқан әні. Осы сәтте өнердің жас толқыны Шәмшия өзініңболашағынан үміт күттіретін әнші екенін көрермендерге ұқтырып-ақ кетті. Ол композитор Молдабековтың «Махаббат мұңы» әніншебер орындады. Міне, сахнада өнер көрсетуге ерлі-зайыпты Аля және Владимир Пузиковтар шықты. Екеуі жұптасып көрсеткен акробатикалық этюдтер көрермендерді еріксіз таңдай қақтырып, сүйсінтті. Сол сияқты ансамбльдің жас әншілері Нұргүл Зарлыханова Е.Хасанғалиевтің «Ауылым», Ш.Қалдаяқовтың «Бәрінен де сен сұлу», «Маралдым» әндерін орындады. Ақын Зейнолла Шүкіровтың лирикалық «Ана» деген өлеңін оқығанда жан-жүрегіңіз, көзалды-ңызға ақ жаулықты әжелер, түнұйқысын төрт бөліп сәбиін тербетіп отырған аналар елестейді. Ансамбльдің белді әншілерінің бірі Ханида-Ханум Рахымедова туысқан өзбектің, азербайжанның бірнеше халық әндерін шебер орындады. Әсіресе өзбектің халық әні «Наманганның алмасы» әні өте сәтті шықты. Бойында табиғат берген таланты бар жас әнші Сайлау Бердіходжаев өзі шығарған«Ерлік дастаны» әнін бүкіл көрермендер зор ықыласпен тыңдады. Ол бұл әннің сөзін де әнің де Ұлы Жеңістің 30 жылдығына байланысты өзі шығарған екен. Ансамбльдің әншісі Асқар Тұрғынбеков халықтың күлдіргі әні «Бұжық-тұжық», қырғыз әні «Қызыл өрік», армияннің күлдіргі әні «Бай-бай» әндерін шебер орындады. Концерт аяқталуға санаулы минуттар қалды. Бүкіл ансамбльдің әншілері хормен айтқан «Жасасын біздің партия», «Ауылың сенің іргелі» әндері еріксіз жүрегіңе қимастық сезім ұялатады. Елдің бәрі орнынан тұра бастады. Жанымдағы қыз— ағай Қарлығаш десе Қарлығаш екен. Бәлки көктемде де келетін шығар—деді бетіме күле қарап. Бұрын көрме-ген қыз, сірә басқа жақтан келген-ау деймін. Мен оның сұрағына жауап бердім:—Бұлар өнердің қарлығаштары, ұшып барар жерлері тым алыс, биіктері өнердің қиясында, мүмкін көктемде де жыл құстарымен бірге келіп тағы да ән құмар қауымды сусындатар деймін.

Ол да менің сөзімді қоштады:

—Бұл Қарлығаштар көктемде келеді дейді жымиып.

1976 ж.

«ӨНЕРПАЗ ҰРПАҚТЫҢ ӘУЛЕТІМІЗ!»

Ақтоғай. Көңілдері көктемдей күлімдеп, еңбекпен қоса ән маржанынан шашу шашқан өнерпаз халық дарқан халық мекендеген өңір бұл. Күләштай талант туып өскен қасиетті мекен бұл. Халықтың құрметіне бөленіп артына өшпестей өнердің мұрасын қалдырған асқақ үнді Манарбектің, домбыраның қос шегінен аққу қана-тының сусылындай сұлу саз төгілткен Әшімтайдың мекені ғой бұл. Тоқырауын. Арқадағы суы мөлдір, жағасында жасыл құрақ жайқалған, бойында мыңғыртып мал өсірген құтты өзен. Қасиетті елді мекен. Құстары көкте қанқылдап, жазира даласы еңбекпен көркей-ген осы құтты өзеннің аты да, даңқы да уақыт тынысымен үндесіп тағы бір алысқа самғады. «Ат тұяғын тай басар» деген халықта мәнді де мазмұнды мақал бар. Жоғарыда айтып кеткендей өнерпаз таланттардың ізбасарлары атағын бүгінде республикаға кеңінен жайып бүкіл жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген. Осыдан аз ғана жылдар бұрын өнердің шаңырағын көтеріп, уығын қадаған аудандық халық театры мен «Тоқырауын толқыны» ән-би ансамблінің самалдай жарқыраған жарқын өнері, жасыра-тыны жоқ, дәл қазіргі уақытта облыс, республикамыздың мақта нышына айналып беделді де белді коллектив болып отыр. Коллективті осындай биікке көтеруде оның ыстығына күйіп, суы-ғына тоңған біраз мүшелерінің лебізін тыңдасақ өмірге, өнерге деген сағыныш іңкәрін, уыз дәмді арманды сезесіз.

Қарлығаш Малыбаева-театр актері, республикалық байқаудың лауреаты.

—Көкторғынға малынып көктемдегі қызғалдақтай құлпырып тұратын Ақтоғай жері қашаннан шалқыған әннің, күмбірлеген күміс күйдің мекені. Осындай жерде туып, кіндік кесіп ер жеткен соң

бұрынғы өнер тарлаңдарының таланты бізге де жұғысты болған ба деймін. Турасын айтсам Ақтоғай өнерпаздарының 1970 жыл-дан бастап атағы өнер аспанында қалықтайды. Әрқашан талмай талпынып, іркілмей ізденіп, өнерге бой ұрған коллективтің жұлдызы биіктен жанып 1971 жылы халық театры атағын алды. Сондағы театр артистерінің қуанышын, шаттық сезімдерін сөзбен айтып жеткізу қиын еді. Актер болу үлкен жауапкершілік жүктеп, образдарға бар жан-тәніңмен беріле ойнауды қажет етеді.Ш.Айтматовтың «Арманым-Әселім» спектакліндегі Әсел, Ш.Құсайыновтың «Алдар-Көсе спектакліңдегі Қарашаш образын жасағанда осындай сезім тол-ғаныстарына берілдім. Ал, өнер жолы ұзақ жол. Осы жолдан сүрінбей өту әрбір актердің қасиетті борышы. Өзім бұл күндері «Найзағай» спектакліндегі Келбет ролін сахнаға шығарып жүрмін. Мақсатым Целиноград қаласыңдағы халық театрларының Бүкілодақтық байқауында аталмыш образды көрермендерге өз тұрғысында жеткізу. Соңда ғана мен театр абыройына өз үлесімді қосарым хақ. Аманолла Шәйбеков — театр актері. Республикалық байқаудың лауреаты, театрдың суретшісі. Коллектив ұйымшыл болса өнер аспанының аясы да кең. Облыстық және республикалық байқауларға қатысып жүргенде коллективіміздің мерейі қашан да биікте тұрушы еді. Соңда өнер көкжиегінің алыс еместігін жүрегіміз сезетін. Міне сол ойымыз жүзеге асып халық театрларын Бүкілодақтық байқауына жолда-ма аддық. Актер болу бала күнгі арманым еді. Соған әлі де болса қолым жетпей жүрген сияқты. Өйткені өнер көкжиегі қашан да шетсіз, шексіз. М.Әуезовтың «Еңлік Кебек» спектакліндегі Абыз ролін сах-наға шығарғанымда үлкен толқу үстінде болдым. Дегенмен спектакльдегі әр түрлі рольдерде ойнау актерге өнерін шыңдай түсуге үлкен жол ашады екен. Осы сапарда алдыңғы қатардан көрініп жүлдемен оралуымызға негіз қалап жатырмыз. Артистеріміз де дайындыққа бірегей ұйымшылдықпен қатысып, жақсы қырынан көрінуде. Аудан намы-сын, халық намысын арқалап барамыз ғой. Үміт жібі үзілмес де-ген ойдамыз.

Амангелді Дәулетияров — актер, республикалық байқаудың екі дүркін лауреаты.

—Әлі есімде, 1957 жылы аудан орталығындағы көркемөнерпаз-дар уйірмесіе қатысып, тұңғыш рет спектакльде ойнағаным. Со-дан 6epі 19-ғa жуык спектакльде ойнап актерлік өнерді өміріммен еншілес еттім.

Уақытпен жарысып өнердің 6epік жолына түскен театр коллективі 1971 жылы үлкен куанышқа кенеліп, халык театры де-ген кұрметті атақты жеңіп алды. Өз әріптестерім, республикалык, байкаудың, лауреаттары М.Тәжібаев, К.Қожамбаев, Т.Ахметова, Ш, Алпысбаевтардың те-атрдын осындай енер биігіне көтерілуінее қосқан елеулі улестерін атап айткым келеді. Үнемі ізденуі, репертуарды заман тынысына сай жанарту твор-честволык өсудің түпкі негіз. Қaзіp «Найзағай»спектаклін қайыра дайындап, халык театрларынын, Бүкілодақтық байқауына апармақшымыз. Бізге деген сенім зор. Ал халык сенімен шығу тіпті киын. Бірақ, қиыншылыкты жеңіпкұрмет биігіне көтерілуге коллективің толык кабылеті бар. Бұл сапар 6із үшін өнер сапары. Ендеше абырой-мен оралатынымызға, театрдын барлык артистері де сенімді.

Мәрия Ғайнуллина — театрдын жас артисі.

—Жүрегімді тынышсыз толкын билеп, үнемі кобалжу үстінде жургендердің 6іpімін. Және үлкен өнер отауына алғаш рет келіп әртүрлі ойдын кұшағында журмін. Өйткені маған жүктеліп отыр-ған міндет «Найзағай» спектакліндегі Наталья ролін сахнаға шы-ғару. Білмеймін,талғамы өскен көрермендердің жүрек калауынан шыға аламын ба? Әйтеуір бар күш-жігерімді, ізденісімді осыған жұмсаудамын. Ал, Целиноград сапары мен үшін де үлкен 6іp сын болмак. Сол сынактан сүрінбей өтуге бекем бел байлап режиссер Тұңғышбай ағайдың әp6іp акыл-кеңесін бұлжытпай орындау-дамын.

Сөз соңында айтарым, аудандык халык театры коллективіне келуім өз өміріме үлкен бетбұрыс жасағандай.

Зәмзәгул Шортанбаева — ІV класс окушысы, театрдын ең жас мүшecі.

—Үлкен коллективтің ортасында болып, сахнаға шығу мен ушін 6іp бакыт. Кейде спектакльді койып кұрбыларымның ортасына келгенде колымды ұстап жібермей кұттыктай береді. Сол сәтте көзіме жас та келіп біртүрл1 босап кетуші едім. Әрине, мұның 6әpі қуаныштан ғой.

Жуырда біз творчестволық сапармен Семей облысы Шұбартау ауданында болып қайттық. Келгеннен кейін бейтаныс мектеп оқушыларынан хат алдым. Хаттың қысқаша мазмұны мынаңдай еді. Сәлематсың ба, сіңіліміз Зәмзәгүл! Халың қалай. Қазір сен біздіңжақтан қайтқаннан кейін оқуыңды оқып жүрген шығарсың. Зәмзәгүл! Біз сенің сахна төрінде халық жүрегіне өз өнеріңмен жол таба білгеніңе риза болдық. Жас болсаң да талабыңа сүйсіндік. Осыңдай сүйіспеншілікпен, разы көңілмен осы хатты жазып отырмыз. Талабыңа нұр жаусын!

Әлі де достық сапармен, өнер сапарымен келуіңе тілектеспіз».
Сәлеммен: Майра, Бақтыгүл, Маржангүл деп білерсің»
15 октябрь, 1976 жыл.

Мінө, Целиноград қаласында өнер көрсетіп, осындай жаңа достар табармын деген ниеттемін. Ең бастысы театр коллективі осы

жолы да жүлделі орынға шықса екен деп тілеймін.

Талант әулетін туғызған туған жер де, оны аялап, мәпелеп өсірген халқы да бақытты ғой. Өнерді қастерлеп, жан серігіне айналдырған Ақтоғайдың ақиық өнерпаз ұл-қыздарының өнер орбитасында тағы бір сыналар алдындағы жүрек дүрсілі осындай.

Сонымен жолдарың болсын, ақтоғайдың топ жарған таланттары!
1976 ж.

Көгілдір көктем келісімен қыздың бұрымындай мың бұрала то-лықсып ағатын ерке Токырауын өзенінің жағасы ежелден қойлы ауыл. Іркес-тіркес қанаттаса отырған елді мекендердің арасы да онша қашық емес. Бір ауылдан екінші ауылдың түтіні ап-айқын көрініп тұрады. Қазір бұл өңірде қыс. Қыс демекші биылғы «кәрі құданың» қабағы жылдағыға қарағанда ерекше, қатулы болып келді. Қыты-мыр құрғақ аяз құс қанатын қарып, адамдардың да дегбірін алғы-сы келгендей. Бірақ өздерінің қайрат-жігерін қарсы қойған адамдар қар түсісімен іске бекем кірісіп кеткен еді. Біздің де совхоз шаруашылығын аралап, қазіргі таңдағы аса жауапты сын мал қыстатуды өткеріп жатқан ферма еңбекшілерімен тілдесудің сәті түсті. Ертелете ферма кеңсесіне келе жатып Құрмаш кешегі әңгімесін есіне алды. Мал мамандары жиналып, бас қосқанда олардың кейбіреулері ашық пікірге көшкентін. Дәл осыдан біраз күн бұрын ферма еңбекшілерінің жалпы жиналысы болып, шопандар, бақташылар өздеріне жекелеген социалистік міндеттеме қабылдады. Тек олар емес, жұмысшылар, механизаторлар да алдағы жылы қандай жұмыстар атқаратыны жөнінде сөйледі. Бәрінің ойы арнаға тоғысқан. Жыл басында қабылдаған міндеттемені орындап шығу парыз.

— Бұл өз алдына ғой, — деп ойлады Құрмаш, — өтіп бара жат-қан жылды қалай аяқтап отырмыз. Бір сәт көз жүгіртіп өтті осы-ған. Кеңсеге әлі ешкім келе қоймаған екен. От жағушы өз жұмы-сын бағана бітіріп кеткен сияқты. Жылы леп бет шарпиды. Сырт-тағы аяздан бойы мұздап қалып еді, киімін ілген соң жылылық бойын ала бастаған.

Алдындағы қағаздарға үңіле түскен. Ферма бухгалтерлеріне мал өнімдерін өндіру мен мал басының өсуі жөнінде ақпар жасап беруін өтінген болатын. Міне, бәрі де дайын. Он бірінші бесжылдықтың төртінші жылында ферма бойынша 233тонна ет халық дастарханына жөнелту керек болса, оның орындалысы 265 тонна болып, жоспар 115 процентке жетіп отыр. Өзі де солай ойлағанеді, бәрі де көз алдыңдағой. Тек нақтылы цифрды білсе болғаны. Жүн тапсырудың көрсеткіші де көңілдегідей.Мемлекетке таза талшықты 17 тонна жүн еткізген. Көктемнің қауырт шағында бүкіл жүрт қой төлдетуге бірегей жұмылды.Жер түсіп кетпей тұрғаңда, күн көзі жылт етісімен саулықотарынбағатын шопандар қырға көшірілді. Сақманшылар мезгіліндежеткізілді. Сонымен зор ұйымшылдықпен бұл науқан өтті. Санақ кезінде еңбек зая кетпеді, әр шопан, әр сақманшы туған қозының шығынсыз отарға қосылуына аянбай күш жұмсады. Игілікті шаруаның қызығын көру қандай ғанибет, қандай қуаныш. Бәлкім үлкен табысқа қол жеткенде тасы өрге домалады деген осы болар. Фер-ма бойынша қозы алудың жоспары артығымен орындалды. Әр 100 саулыққа шаққанда 90 қозыдан айналды. Алынған артық төлден артық өнім болатыны белгілі ғой. Мал басының өсуі де көңілге нұр құяды. Құрмаш өз ойымен отырған. Кеңсе алдына сары кабиналы ЮМЗ-6 тракторы ентелей келе тоқтады. Соңында тіркемесі бар. Бұл фермада жүрген механизатор Совет Мусин екен. Көптеген ме-ханизаторларды көмекшілікке жіберген, ал, бір тракторды қыс бойы қажетті жұмыстар атқаруға келіскен. Ол өз ісін тиянақты атқаратын жігіт ағасы осы Советке жүктелген. Тапсырылған шаруа-ны мүлтіксіз атқарып келеді, техникасы үнемі бабыңда.

— Сәлем бердік, Құреке.

— Ә, Сәке, хал-жағдайың жақсы ма?

—  Е, орынша ғой, — дейді Құрмаш.

— Мына құрғақ аяз қақап тұр, тракторды әзер от алдырдым, кеше зоотехник «Склад» қыстағындағы шопан Шұғай Шәймерде-новке жем апарып кел деп еді, қоймадан соны тиеу керек.

— Дұрыс. Мал күнделікті жемнен бір күн қарап қалса, төмендеп қалуы мүмкін. Тезірек жеткізіңіз. Айтпақшы, мына тұрған сол ауылдың газет-журналы еді, ал, екіншісі арғы ауылдікі, қолыңызғаіле салыңыз, — деп ферма меңгерушісі Советке ұқыпты буылған газет-журналдарды ұстатып жатты.

...Алдында тұрған қара телефон безілдеп берсін.

— Тыңдап тұрмын, сәлематсыз ба?

— Мен ғой, Жәкен (совхоздың бас зоотехнигі Әйнеков).

—      Кеше совхоз дирекциясымен келісіп, мынандай шара жасадық, бір отарға берілетін мал азығының жетілік нормасын жасадық. Соны біліп алыңыз да мал мамандары арқылы шопандарға сеткізіп, кітапшасына жазу қажет. Оны күнделікті бақылау аға шопанға, ферманың орта буын мал мамандарына міндеттелуі керек.

—Құп болады, Жәке, мен оңда өздеріңізге соға кетемін, — деп ферма басқарушы телефон трубкасын орнына қойды.

Енді бірде оның машинасы алыс қыстауларды бетке алған, басқарушы көңілді. Өйткені қатал қыспен қақтығысып, білекке білек үйістіріп, еңбек етіп жатқан адамдардың құлшынысы да айтарықтай еді. Оның көңілі осыған тасиды. Жол бойы білікті басқарушы Құрмаш Ахметов ферма коллективінің қазіргі тынысы туралы айтып келеді. Айналамыз бірде жазық, бірде төбелі. Машина доңғалағымен тапталған қасат ар жол үстін теп-тегіс етіп тастаған.

—Түнеу күні қар аралас жаңбыр жауып, біраз үрейімізді алды. Қараша айының соңғы он күндігі ішінде әбігерге түстік. Абырой болғанда соңынан қатты аяз болған жоқ, әйтсе де қыстың аты қыс емес пе? Дегенмен, жайылымдыққа малдың шығуыда оңай болған жоқ. Арнайы техникаларды сақадай сай әзірлеп, әр қыстауларға қиыншылық туа қалса, көмекке баруға тапсырма бердік.

Қиыншылық дейміз-ау, бірақ оның бетін аулақ қылсын, — деп ферма басқарушысы шофер жігітке машинаны Рахым қыстауына қарай бұруға нұсқау берді.

—      Мұнда Ілияс Мұсатаев деген шопанымыз отыр, — деді Құрмаш, — қой баққанына жиырма екі жылдың жүзі болыпты. КПСС мүшесі, еңбекшіл жан, мақтауға тұрарлық.

Шопан ауылының қам-қарекетіде өзгеше-ау. Ауыл маңы мұнтаздай таза, еңбек адамдарына әр маусымның қызығы таусылған ба? Буы бурқыраған жылы қорадан шыққан отар суаттың үстімен басын бір салып, өріске беттейді. Бұл кезде қыстың ұзақ таңы жаңа көтеріліп келеді. Сиыр сілекейіндей пеш мұржасынан шұбатыла көтерілген түтін көк аспанға баяу сіңіп, жоғалып жата-ды. Ал боранды күндерде көрініс тіпті ғажап. Мұндайда табиғат пен адамның арпалысы жиі болады. Ауылға ат басын тірегенде осындай ойда едік. Шопан өрісте. Міне, шопан кітапшасын қарап отырмыз. Оңда былай деп жазылған шопанның міндеттемесі бар. «Мен Мұсатаев Ілияс, қарамағымдағы 718 саулықтың әр жүзінен 105-тен қозы алып, әр қойдан 3 килограммнан жүн қырқамын. Әр қозыны етке тапсырғанда 32 килограмға жеткізіп, мал басын 100 процент аман сақтаймын. Жемшөпті үнемдей отырып еліміздің Азық-түліқ программасына сүбелі үлес қосамын, сөйтіп, көршілес № 2 ферманың аға шопаны Ө. Артықбаевты социалистік жарысқа шақырамын». Шопан кітапшасында мұнан басқа соңдай-ақ күнделікті жұмыс графигі бар. Бізге ұнағаны әсіресе жем-шепті үнемдеу туралы зоотехникалық шаралар болды. Бұл да көңілге қонымды. Өріске бет алдық. Аға шопан ауа-райының ашықтығын пайдаланып.отарды біраз ұзатып әкетіпті.

— Қазір шопандар күн ашықта шалғадағы жайылымдыққа отарды жаюды қалыпты дәстүрге айналдырған. Бұрынғы жылдары еріншек шопандар тынық күндердің өзінде ауыл маңын тақырлап, қыс күндері отарды бір уақыт ауыл маңына шығаруға жер таппай-тын. Қалыптасты әйтеуір. Ілекең де сол әдіспен кеткен ғой, — деп басқарушы үнсіздікті бұзды.

— Бағар көбейсін!

—Айтқандарыңыз келсін.

Ілекең сөзге онша жүйрік те емес, бірақ айтар ойын нығарлай жеткізеді. Еңбек адамымен кездескен соң, жағдай сұрайтын әдетімізге басып, науқанды тілге тиек еттік.

— Жұмысқа мығым болсаң, алаңсыз жүресің. Көріп тұрсыздар, басқаны қайдам, отарым қысқа жаман түскен жоқ, жағдай бар-шылық. Жұмыс істеген соң, абыройлы болған дұрыс қой. Алды-мыздағы отарға біз жауаптымыз, соңдықтан барлығын мойынмен көтеріп, ел ырысына үлес қосу борышымыз ғой, — дейді аға шо-пан қалың шидің арасына қарай ойысып бара жатқан отарға көз тігіп.

— Көктемде соғыңыздар. Қой төлдету науқанында қыс бойғы еңбектің жемісі байқалады, соңда көрінеді, — деп шопан сөзін са-бақтады. — Айтпақшы, ұмытып бара жатырмын екен ғой, кино, кон-церт дегенді аулымызға жиі жіберіп тұрсын, соңы тиісті орындар-ға құлаққағыс жасай салыңыздаршы.

— Айтайық, еңбек рахатты болсын, — деп бетін аяз сорған Ілекеңмен жылы қоштасып, әрі кеттік.

Қай шопан ауылына барсаңыз да, қысылып отырған ешкім жоқ, — дейді ферма басқарушысы, мал қыстату бір сыдырғы өтіп жатыр.

Бәрі де белгілі ғой, ләйім солай болсын.

—      Оңда қойды қыста төлдету шебері Алдаберген Мырзабеков-тен кейінгі Оралхан Жақыпбаевтың ауылына соғайық, бұрын да болдыңыздар ғой.

...Оңда көктем еді. Ақпан айының орта шенінде қойды ерте көктемде төлдетуге кіріскен Оралханның ауылына жолымыз март айының 20-сына қарай түскен еді. Шопан төлді жылы да, жарық қораның ішінде қабылдап жатқан. Сақманшыларда күндіз-түні тыным жоқ, ерте көктемде төл қабылдаудың өз қиыншылығы жетерлік. Бірақ зейнетін айтсаңызшы. Мамандар мен шопандар-дың аузынан естіп, өзіміз де көріп жүрміз. Ерте туған қозыны күз емес, жаз айының ортасында етке өткізіп, қырқымға сала беруге болады, суыққа төзімді. Кездесу барысында шопан міндеттемесін іс жүзінде орындап шығатынына өте сенімді еді. Азамат мақсатына жетті, қарамағын-дағы 662 саулықтың әр жүзінен 120-дан қозы алып, ерен еңбектің үлгісін танытты. Міне, Иса қыстауы. Қойды ерте төлдетуде сертіне берік жас шопанның ауылы осы.

—Күйек алу науқанын үлгілі өткердік, — дейді аға шопан О.Жа-қыпбаев, — бұрынғы таныстығымызды байқатып. Төл үйлері был-

тырғы, көп кешікпей жеңіл-желпі жөндеуден өткізу керек. Ішті саулықтарды қосымша жем, минералды азықтармен қамтамасыз етудеміз, совхоз орталығындағы жем-шөп цехының өнімін уақыт таянғанда бір-екі рет жеткізіп берсе, тіпті жақсы болар еді. Жал-пы саулықтардың қоңы бірқалыпты. Бүгінде шопанның қарамағында 700 саулық бар, ол әр жүз сау-лықтан 115-тен қозы алуға социалистік міндеттеме қабылдапты.

— Сіз өткен науқанда әр жүз саулықтан 120 қозы, биыл 115. Осы екі аралықты түсінбей тұрмыз,— дедік сөзімізді астарлай.

—Уақыт көрсетеді ғой, еңбек адамына арық айтып, семіз шық-қан жарасады, ал менің«арық сөзім» 115-тен болып тұр ғой, — деп ол күле жауап береді.

Біз шопан сөзіне ризашылықпен бас изеп, мақұлдай бердік. Оралхан әр қозыны 42 килограмм салмақта етке өткізуге уәде беріпті. Жол таусылған ба, бұдан басқа да бірнеше шопандар ауылына соқтық. Аға шопандар Ғ.Жұмағұлов, Н.Нәсібаевтағы басқалараса жауапты сын мал қыстату науқанын үлгілі өткеруде. Биылғы жылы ферма бойынша 11170 бас қой қар басып отыр. Оның 6220 басы саулық. Осынша бас қоғамдық мал он бір қыс-тауға орналасқан. Мұны бағып күтуде, қыстан шығынсыз шағыру-да он жеті шопан жұмыс жасап жатыр. Үш жерде сиыр табыны бар. Ферманың пішенші-механизаторлары ауа райының құрғақ-шылығына қарамастан пішен дайындауда ұйымшылдық танытты. Мал азығын әзірлеуде болған шофер-механизаторларды бүгінде шопан бақташылардың ауылынан кездестіресіз. Ж.Өмірбаев, Т. Бурчаков, М.Жантурсынов аудандық Советтің депутаты К.Мейірханов, Ж.Ағыбаевтар жұртшылық жаппай жұмылған нау-қанның бел ортасында жүр. Сондай-ақ бақташы Б.Машин көмекшілермен қоса әр ірі қараны қыстан шығынсыз шығаруға қажырлықпен жұмыс жасауда. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген. Фермадағы елу-ден астам адамдар он бірінші бесжылдықты тұтастай нәтижелі аяқтауға нақтылы бетбұрыс жасаған. Коммунистер қашанда алғы шекте. Мұнда цехтық бастауыш партия ұйымының есебінде тұра-тын он бес коммунистің төртеуі шопан. Қалғандары түрлі салада жүріп, үлкен іске өз үлестерін қосуда. Ферма бойынша бесжылдықтың төрт жылы ішінде жоспар бой-ынша 30336 қозы алу керек болса, бұлар 31707 қозы алды. Демек, жоспардан 1371 қозы артық өсіріліп отыр. Халық дастарқа-нына семіз ет жөнелтіп еліміздің Азық-түлік программасына коллектив бекем ат салысты. Төрт жыл ішінде жоспар бойынша 897 тонна ет сату керек болса, ол 906 тоннаға орындалып, 83 тонна ет жоспардан артық алынды. Иә, осындай ірі табысқа қолжеткен коллектив қазіргі мал қыстату барысындағы тізе қоса қимылдаған шабыттары олардың әлі де алар асуының биік екенін дәлелдейді. Фермада науқанға байланысты екі жерде уақытша партия, комсомол топтары, екі жерде халықтық бақылау постылары құрылған. Жетекшілері тәжірибелі, үлгілі еңбек адамдары. Шопандар, бақташылар өзара социалистік жарысқа түсіп, міндеттемелерін орындап шығу жолында қолдан келген барлық мүмкіндіктерді, резервертерді жаңа жылда да тиімді пайдаланбақ. Қой төлдету науқанында әр жүз саулықтан 93 қозы, сонымен бірге мал өнімдерінін басқа да түрлерін мол өндіріп, үндеулерге іспен жауап бермек. Біздің мақсатымыз — он бірінші бесжылдықтың соңғы асуын нәтижелі аяқтау, — дейді цехтық бастауыш партия ұйымының сек-ретары Қ.Ахметов. Көз көрсе, көңіл тояттанады. Жан сүйсінерлік істері бар осы-нау еңбек адамдары шынында да қыс қаһарынан қаймықпай та-маша жұмыстарды тындыру да, әлі де тындыра бермек. Даланың жолы сан тарау. Алдымызда тағы да жомарт жүректі жандармен ыстық кездесулер күтіп тұр. Міне, малды ауылда қатал қыстың тағы бір ұзақ таңы ақзер ай-маққа алтын нұрын шаша күлімдеп атты.

1985 ж.

ЖОМАРТ ЖҮРЕКТЕР

Жауын келеді жауын...
Құт дарыған өлкеге келгеннен бері жігіттерді алаңдатқан бір жай бар еді.

Әлтайдың жүрегі кейінгі кездерде секемшіл болып алды. Аспанды бұлт торласа-ақ ол мазасызданып, түнімен дөңбекшіп шы-ғады. Пішеншілер бригадасы Ақдала алқабына коныстанғаннан бері жауын да жауын. Көктемнің боз жаңбыры көз аштырмай жер төсін аяусыз сабалайды-ай келіп. Әлі бойлай өспеген балапан кәде жауыннан кейін бастары салбырап, жантая берген. Бір жақсысы жел соқса, тез құрғап кетеді, түбі кебеді. Осыны күтіп отырған жігіттер шабыңдыққа қарай үдере жөнелгенде көңілдері су сеп-кендей басылып қалады. Бүгін де солай болды. Шығыстан таң нұрлы шұғыласын шашырата атты. Ертелете шабындық басына келген жігіттер шөп шаба-тын агрегатты байқаудан өткізген соң іске кірісті. Алғашқы айналым... Баудай түскен балауса көде байлық берекесі іспеттес. Осы-дан біраз күн бурын тыныш жатқан алқап трактор гүрілімен шалғы сырылынан оянып, еңбек дабылы қағылған болатын. Ұршықтар-дың ерсілі-қарсылы қозғалыстары да арта түсіп, қаз қатар тізілген тракторлар бірте-бірте тізбектеліп, бірінің артынан бірі пішеншілер қосынан алыстай берген еді. Кенет күтпеген жерден жел тұрды да аспанды қорғасын түстес сұрғылт бұлт қымтап алды. Жауын... Бұл тағы да жұмысқа кедергі болады. Көп уакыттан бері мал азы-ғын дайындау науқанына қатысып жүрген жігіттер желдің жұмыс өнімділігіне бөгет болатынын біледі. Өйткені қатты жел шөпті жан-тайтып, шалғы жүзіне іліктірмейді. Жазық та, шексіз Ақдала балауса көк көде теңіздей толқып, көрген көзді өзіне қызықтырып тартады. Әсіресе, шалғы жүзінен кейінгі жапырылып түскендегі иісін айтсаңызшы. Жігіттер тоқтау-сыз жүріп келеді. Бұлт көтеріліп келеді. Бір кезде жауынның алғаш-қы тамшылары трактор әйнегіне ирек-ирек жол салып, төмен қарай құлады.

—Мөлдіреуін-ай, — деді ішінен Виктор. — Елді де, жерді де көгертетін өзіңсің ғой. Бірақ ендігі арада жауынның да қажеті шамалы-ау. Күн қызу керек. Шөп сонда шығады.

Жігіт ағасының ақ жаңбырдай ақ тілеуі шын сүйіспеншілікпен жүректерінен шыққан еді. Әрине, бұл сөзді Виктор кімге де бол-сын жасырмай айтып, мақтанышпен жеткізеді. Совхоз шаруашылығына араласқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Бәріне де қанық болмаса да қазақ тұрмысының мән-жайын біршама біледі. Виктор ойын жүйелеп болғанша, ақжауын құйды да кетті. Аңда-саңда сонау көз ұшы жетпейтін жиектен аспаңды тіліп, найзағай жарқ-жұрқ етеді. Артына қарап еді, әріптестері де шалғыларын көтеріп алып, қатарласа жүріп келеді екен. Дереу тежегішті ба-сып, тракторды кілт тоқтатты.

—      Марат, мына көктің түбі тесіліп кеткен бе? Қоныстанғанымыз-ға екі жеті болмай-ақ тапжылтпай қойды ғой, — деп Виктор трак-тордан секіріп түскен Маратқа дауысын көтере сөйледі.

—      Ақдала берекелі алқап. Осыдан екі-үш жыл бұрын мал азығының басым көпшілігін аталмыш өңірден дайындап алған бола-тынбыз. Тек жауынның жиі болып тұрғаны. Әйтпесе, мына көде қаулай өсіп, күн қызғаннан соң жайқалар еді, — деп, Марат қолына кілтті алды. Сөйтті де трактордың бауырына кірді. Сорғалаған су жаңа ЮМЗ-нің үстінен құлай құйылып, Маратқа төгілді. Мұны елеген ол жоқ. Ширақ жүріп КДП-ны ағытқан соң тракторды алға шығарды. Виктор қайрауға апаратын жүзі қайтқан шалғыларды алып, трактордың артына салды. Виктордың агрегаты шабын-дыққа қалды да, екеуі Мараттың тракторымен ауылға қарай бет алды. Шабындықтағы басқа жігіттер де жұмысты доғарыпты.

Жаңбыр содан 4 сағат толассыз жауып, жер бетін телегей теңіз етіп жіберген. Көшпелі вагонетқаға жайғасқан пішенші жігіттер саңылаудан сығалап, жауынның басылуын күтті. Бригадир Әлтай Кәдірбеков мінезі біртоға, салмақты сөйлейтін жігіт ағасы. Ол жігіттерге мынадай жауынды сирек көргенін ай-тып, бүгін шабындыққа шықпайтындығын ескертті. Жауыннан кейінгі дала көрінісі қандай әдемі десеңізші. Кешкісін жаңбыр сап басылып, кемпірқосақ көрінді. Тамақтанған жігіттер демалуға кіріскен. Әйтсе де, ұйықтамай жатқан бір жан бар. Ол — бригадир. Бұлттың төңіректі айналғанын білді. Көзі ілініп кеткені сол еді тағы оянды. Таң атып келе жатыр екен... Тағы да күн күркіреді. Артынша көкті тіліп, найзағай ойнады. Қайрақшы Рақман шалғы қайрауға сыртқа шыққан болатын. Қат-ты желдің адуынды екпіні тым алыстан жаңбыр лебін білдірді. Жеделдете қосқа кірді. Ояу жатқан жігіттердің біреуі:

— Күннің райы қандай екен? — деді.

Рақман көп сөзге келген жоқ. Әлденеге өкінгендей үн-түнсіз барып, орнына жайғасты. —Бүгін де қырсық болды ғой.

Бұл Ақдаладағы бір жарым тәулікке
созылған ақ жауын еді.

БРИГАДИР АЙТҚАН СЫР

Совхоз директорының кабинетіне шаруашылықтың барлық басшылары жиналды. Әңгіме тақырыбы біреу Ақдала алқабына баратын пішеншілер бригадасын ұйымдастырып, оларға жетекші болатын адамды көп болып, пікірлесе шешу. Кеше директор Әлтай-ды таңертең өзіне келуін өтінген болатын. Міне, жиынның ішінде Әлтай да отыр. Шөп шабатын агрегаттар бәрі де дайын. Көп ұзамай аттандыру керек.

Көңілі толқыған Әлтай біртерең әңгіменің боларын сезген еді. Ақыры ол Акдаладағы пішеншілер бригадасының бригадирі болып бекітілді. Совхоз басшылары оған үлкен сенім артты. Ал сенімді ақтау нағыз азаматтықтың белгісі. Шаруашылықта қоян-қолтық араласа еңбек етіп жүрген Әлтай техникаға бесаспап маман. Алдына отар салып, қойды өз төлі есебінен өсіруде де мерейі биіктен көрінді. Енді бригадир. Акдалаға келгеннен бері Әлтай жұмысты жаңаша ұйымдасты-рудын әдістерін іздеді. Шөп шабуды комплексті түрде жүргізу осы науқанға байланысты шешілмей келе жатқан келесі мәселелердің бірі. Дегенмен, ол үшін көп күш қажет. Ендігі ойы жігіттерді бірегей іске жұмылдырып, жұмыс өнімділігін барынша арттыру. Әр шал-ғының күндік нормасын орындауға қол жеткізу. Табыс соңда ғана келеді.

Ол жігіттердің басын жинап, өзінің көкейіндегі сырды ағытты.

—Біз сонау алыстан қоғамдық малға жем-шөп қоры дайындау үшін келдік. Әрине, мол пішен әзірлеп, ауылға мол олжамен оралсақ, бізге де абырой. Сондықтан әрқайсымыз өзімізге жуктел-ген міндетті тиянақты атқарып, сапалы жұмыс жасайық. Ұйымшыл-дық болса, табыс болады. Осыны ұмытпаған жөн.

Әлтайдың сөзін зейін қоя тыңдаған соң тәжірибелі механизатор Көбет Зулқарнаев былай деді:

— Әлтай дурыс айтып отыр. Өзіміз шағын ғана коллективпіз. Бірақ алдымызда атқаратын жұмыстар көп-ақ. Мәселен, 2500 тонна пішен дайындауымыз керек. Бұл былай алып қарасақ, бір фер-маның қыстан шығатын шөбі. Шабылған шөпті іле дестеге салып, алшақтық болдырмай, тайлап отырсақ пішен қүнарлығын жоймайды. Ақдаланың табиғатын білеміз ғой. Күн тастөбеден шақырай-ып, тынысыңды тарылтатын аптап ыстық апшыңды қуырып жібереді. Мұндайда трактор ішінде отырып, ыстыққа шыдау қиынның қиыны. Солай жігіттер. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген. Берекелі еңбек етейік.

Бригадир қашан да болсын механизаторлардың командирі. Ол бәріне де жауапты. Қарқынды жұмыстың басы-қасында жүреді. Осыны Әлтай жете ұқты. Шабындықтағы 15 шалғының тоқтаусыз жүруіне бар жағдай жасалған. Қосалқы бөлшектер жеткілікті. Ауа райының бөгеті болмаса болды. Әлтай ертеңгі күнді ойлады. Қаһарлы қыстағы шопандар ауылын көз алдына елестетті. Қоянжон маялардың жігіттердің ал-тын қолымен салынып, қаншама күш-қайрат жұмсалғанын сезді. Қорадағы шөп —қолдағы шөп. Тайланған шөпті күн ұзақ жатқыз-бай баз басына жеткізсе. Міне, істің ақыр-тақыры осымен өлшенеді ғой.

Бригадирдің толғаулы ойы сан саққа жүгірген.

ШАЛҒЫ СЫРЫЛЫ

Таңертеңгілік мезгіл. Пештің мұржасынан көтерілген көк түтін таңғы ауаға сіңіп, іле жоғалуда. Аспазшы Галина Николаевна пішенші жігіттердің таңертеңгілік тамақтарын әзірлеуде. Төңірек құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Белгісіз бір жақтан торғайдың шықылықтағаны естіледі. Қашан да буы бұрқырыған ыстық тамақ Галинаның колынан сондай дәмді болып піседі. Рахман салмақтай басып, қайрақ моторының жанына келді. Жанар-жағар май құйған соң моторды іске қосып, шалғы қайрауға отырды. Күн көкжиектен әлі көтерілген жоқ. Салқын ауа, жанға жайлы леп ерте тұрған адамдардың бойын сергітіп, жаңа істерге құлшындырған сияқты. Әлтай Рахманмен сәл ғана тілдесіп, бүгінгі жұмыстың мән-жайы туралы пікірлесті.

—      Кешегі шабылған айналымды түс ауа қолың тиген соң өлшеп қайтшы. Жігіттер біраз өңдіріп тастады-ау деймін. Байқа, есеп-қисаптан жанылысып қалмайық, — деп Әлтай Рахманға ескерткен сыңай байқатты. Рахман болса, өз міндетін әрі қарай жалғастырды.

Таңғы сағат алты. Суық суға жуынып, ұйқыларын ашқан жігіттер саф ауаны күміс күлкілермен дірілтетіп, стол басына жайғасты. Әзілқой Зет Жумашкин:

—      Осы Галинаның тамағын шабындықта жүріп сағынатынды шығардым. Мынаны қараңдаршы, тілді үйіріп барады. Негізі сізді сонау үлкен қалалардағы ресторандарға аспазшы етіп жіберу керек, - деді.

Мұндайда Галина да есесін жібермейді:

—      Сенің мақтауыңнан басым айналатын уақыт жеткен сияқты. Бірақ айналар емес. Не дайындасам да, соны ішіп жұмысқа кете берсеңші.

Күн көтеріле бере нар қасқа жігіттер шабындыққа аттанды. Гүр-гүр еткен трактор дауысы алтын аймақты дүр сілкіндіріп, тіршілік таңын әкелгендей. Біраздан кейін 15 шалғы тұтастай жүріп, еңбек симфониясын қағып әкетті. Бесаспап механизаторлар Виктор Скоблев, Көбет Зулқарнаев, Марат Дүйсенбековтер күндік нормаларын асыра орындап, жарыстың алдыңғы легінде келеді. Ал, тырмашы 3. Жумашкин шабу мен жинаудың арасыңда алшақтық болдырмауды өз міндетіне алған. Тайланған алғашқы тонналары совхоз территориясына жеткізілуде. Бұл да нәтижелі жетістіктердің бірі болмақ. Пішеншілерге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жақсы жолға қойылған. Қызыл отау бар. Ол пішеншілердің жұмыстан тыс уақыттарын өткізетін орындарының бірі. Көрсеткіш тақтада әр механизатордың бір күндік жұмыс қорытындысы жазылып отырылады. Әлтай аспанға көз жіберді. Қанаттарын баяу қаққан қос тырна тыраулап шабындық үстінен өтіп барады. «Жерсініп келді ғой, шошытпау керек оларды» деп іштей күбірледі. Бұл күндері жаңбыр саябырлады. Тағы да көтерілген бұлт үрей туғызып, артынша түтілген жүндей ыдырап кетті. Қырдың самалы балапан көдені түбінен қозғалтып, ырғалтады. Шабындықтағы еңбек әуені шалқи түскен. Қазір құт дарыған алтын аймақты нар қасқа жігіттер өздерінің қимас мекеніне айналдырған. Шалғы сы-рылы. Бұл құдыретті еңбек тынысы, еңбек ырғағы іспеттес. Ақда-ла — бақ дала, ырыс мекен. Оңда қоғамдық малға жемшөп қорын мол дайындауға болады. Мұны арқа ауылынан барған жайсан жігіттер жақсы біледі. Бәсе, жүректері жомарт, далаға тартқан дархан ұлдар осындай болса керек-тін. Іске сәт болсын.

Ал, мейірімді жомарт жүректі адамдардан бар жақсылықты күтуге болады.
1979 ж

КҮН ДИДАРЛЫ АДАМДАР

Дала. Құшағы кең қасиетті елді мекен. Осы екі ұғымның бұл сапарда жүрегімізге соншалықты ұялап қалғанын сөзбен айтып жеткізуде қиын-ау. Қайда жолымыз түссе, сол жерде берекелі қолы ырыс тасытып жүрген нұрлы дидарлы адамдарды көреміз. Тағы да жол. Дала жолын айқы-ұйқыш тілгілеп оңға да солға да тарап, сонау көкжиекпен шектесетін ақжолтай сапарға толы, мың бұралаңдаған жолдар тізбегі. Сол жолдардың бір тарауы шабын-дық беткейінде қажырлы еңбек етіп жатқан нарқасқа жігіттердің ауылына бастап алып келеді. Сарман өңірінің шығыс жағында Бесшоқы тауы көк сағымға малынып мұнартып көрінеді. Талма түсте жолға шыққан біздерді биік тау қойнауына жеткенше асықтырған аптаған ыстық, аңызақ жел... Бірақ бұл құрыштай шыныққан, алақандары мүйізденген жігіттерді мойыта алара ма екен. Жоқ, әсте олай емес. Еңбектен жаратылған адамдардан жасықтықты көру ойыңызға да кіріп шық-пасын. Жан-жағымызға қызықтап қарап отырмыз. Жер-Ана көгілдір көктемдегі келбетті көрінісінен айырыла бастапты. Шөп, жусан, тағы басқа өсімдіктер селдір селеуленіп сарғыш түрге ен-ген. Қоңыр күздің хабаршысындай кейінгі кезде аспанды қорға-сын түстес сұр бұлт тұмшалап, жаңбыр себелеп өтеді. Осыны бай-қаған пішенші-механизаторлар шабындықтағы еңбек бәсекесін онан сайын арттыра түскенге ұқсайды. Қарбалас шақ, мал қыста-ту науқаны да иек астында тұр. Енді біраз күннен соң қырдағы жиын-теріңді аяқтаған еңбекшіл қауым бірыңғай қаһарлы қысты қарсы алуға әзірленбекші. Алыстан қаз-қатар тізілген тракторлар көрінді. Міне, бұл 2-ші ферманың пішенші-механизаторлары. Механизаторлар демекші биылғы жылы Шұбартау совхозының пішеншілері қолда бар мүмкіндіктерді тиянақты турде пайдалана отырып, жап-жақсы еңбек өнімділігіне қол жеткізіп келеді. Тасы Өрге домалаған ұйым-шыл коллектив жоспардағы 14 мың тонна пішенді түгелдей орын-дап, абырой биігінен көріне білді. Қазір олар тапсырмадағы мал азығын орындауға бірегей бетбұрыс жасаған. Бағалы бастама өресін тауып, шын жүректен қолданса, еңбек мәртебесі де қол-дан кетпек емес. Осы орайда шұбартаулық пішенші-механизатор-лар барлық аудан еңбекшілеріне арнап мал азығынынң берік қорын жасауға үндеу көтерген болатын. Үндеу әрбір бригадаларда жаң-жақты талқыланып, қанатты бастамаға айналды. Біздің мақсаты-мыз шабындықтағы жігіттердің Үңдеудің үдесінен шығу үшін қан-дай жұмыстарды атқарып жатқандығын көру. Мұның алдыңда 3-ші ферманың пішенші-механизаторлары арасында болып, көңіл көкжиегін тасытатын серпінді іске куә болғанбыз. Шалқар дала сары белден сарғайып таң атқаннан кейін еңбек әуеніне бөленген. Боз торғай шырылы таң алдындағы тыныштық-ты бұзып, алтын аймаққа тіршілік келгендей әдемі ырғаққа сала-ды. Бұл мұздай суға жуынып, ұйқыларын ашып, бойларын сергіткен жігіттер таңертеңгілік асқа отырады. Ал, қыржақта қайрақшы күн нұрына шағылысқан шалғыларды қайрап, міндетін тынымсыз ат-қара береді. Ауыл тірлігі қызық қой. Соның ішінде пішеншілер ауылының да қам-қарекеті ала бөтен. Күні бойы пішеншілер ауылы тып-тыныш болып тұрады. Тектүскі үзілісте дабұр-дұбыр дауыстар күшейеді. Бүлар түскі тамақ ішуге келген жігіттер. Әне, шабындықты бетке алып, әр түрлі маркалы тракторлар жүйткіп бара-ды. Тағы да трактор бауырындағы агрегаттардың ерсілі-қарсылы қозғалысқа түсіп, шөпті баудай түсіріп, игілікке айналдыра бер-мек. Қоңыр іңірде шабындықтан оралған жігіттер кешкі астарын іше сала демалуға кіріседі. Сәлден соң түн қараңғылығын ақ жа-рып, аспан меруерттері де, жұлдыздары көріне бастайды. Түс ауған шақ. Тас төбеден шақырайған өткір күннің сәулесі жер-ана бетіне сорғалай төгіліп тұр. Көптен бері жауынды аңса-ған дала бір сәт шөліркеп жатқанға ұқсайды. Жылы жел, тас қай-натар ыстық. Дегенмен де шабындық алабы еңбек фестивалін ой-натып әкеткен еді. Шет жақтағы механизатормен әңгімелесу үшін таяй түстік. Трактор маңдайшасында желбіреген қызыл жалауша тілдесуге келе жатқан еңбек адамының озат екенін ап-айқын түсіндірген. Трактор бауырындағы үш шалғы сыр-сыр етіп, сарғыштана бастаған шөпті іле жапырып жатыр. Біз амалсыздан қол көтеріп, оны тоқтатуға мәжбүр болдық. Өне бойы дүр сілкіген көк трактор тыныстайлайын дегендей, сағатша тықылдап тұр.

—      Сәлем бердік, ел игілігін тасытушы жігіттер!

—Береке, бірлік бәрімізге де ортақ қой. Айтқандарыңыз келсін, — деп, күлімдейді жігіт ағасы.

Бұл ауданымызға белгілі жүлдегер механизатор Серік Қалиев еді. Серікпен бұрын да таныс болатынбыз. Әйтсе де, қызу жұмыс үстінде кездесіп, сыр алысу қандай ғанибет десеңізші. Алтын қол-ды жігіт қойған сұрағымызға нығарлай жауап қайтарып, байып-пен сөйлейді.

— Таңертең тоғыз шалғы мынау өздеріңіз көріп тұрған шабындыққа түскен болатын. Алғашқы айналымды ауқымды етіп алған едік. Аяқталуға да жақын қалды. Негізінен агрегаттар тоқтаусыз жүріп тұрса, жер шақ келтірмейді ғой. Бірақ техниканың аты тех-ника. Қайткенде де бір жерін жұлып шығады.

— Табиғаттың биылғы жомарттығына ризалықтарың да мол шығар, Серік?

— Әлбетте, Шабындыққа шалғы салған күндерде көңілімізде күдік те болған еді. Шөп шығымы сұйық болса, қырсықтың көлде-нең келгені емес пе? Көктемдегі нөсерлі жауын өз несібесін сый-лап та кетті. Одан кейін күн қызып, өткен жылы шөп шықпаған

— аңғарларда жайқалған шабындықтан көрінбей кетті. Түсімі де жаман емес. Бар мұратымыз табиғаттың осы жомарттығын сы-рапсыз жинап алып, баз басына жеткізіп алу керек болып тұр. Күз де келді. Қарасуық пен жаңбыр да сағындырмай жетуге тиіс. Ендеше, октябрь айының біріне дейін шабындықтағы шөпті баз ба-сына жеткізіп алуға бір кісідей күш салуға да ойымыз бар. Бұл сөзді сіздерге тасушы жігіттер дәлірек айтып жеткізер, — деді Серік.

— Адам мәртебесі еңбекпен. Серік Қалиевте мір тұлпар тізгіндеп, трактор руліне отырғаннан бері осы Шұбартау совхозында табан аудармай еңбек етіп келеді. Социалистік жарыстың бірнеше дүркін жеңімпазы. Кейінгі толқын інілеріне де өмірде жинаған еңбек тәжірибесін үйретіп, шәкірттер тәрбиелеп шығарған. Қазір Серіктен үлгі алған жастар коллективтің мақтанышына айналып, үлкен беделге ие болған. Мәселен, Зекен Сырлыбаев, Мейірбек Жұманов сияқты механизатор жігіттер әрқашан Серікті ұстаз ретінде қадір тұтады. Ала жаздай Серік Қалиев үш шалғымен күндік нормасын 145-150 процентке дейін асыра орындап, бірнеше рет апталық тапсырманың көш бастаушысы болды. Қасымыздан ұзап кеткен Серіктің агрегатына сүйсіне қарадық. Ол трактор ка-бинасынан басын шығарып, жанарын қайда болсын қырағы тігеді. Бірде трактордың алдына қараса, енді бірде үш шалғыны кезек-кезек шолады. Агрегаттардың бірқалыпты қозғалыстары алыстап кетсе де құлағымызға талып-талып жетеді...

— Жал-жал дестелерге көз сүрінеді. Оның аржағында сіріңке қорабындай текше баулар бытырап жатыр. Міне, Серік сияқты жігіттердің бірімен кездесіп тұрмыз. Тілеуғабыл Серіков биылғы мал азығын дайындау науқанында ерекше көзге түсіп, мәртебесі биіктен көрінген.

— Екпінді кезеңде біздің жігіттер тегеурінді жұмыс жасап, көздеген межеден шыға білді. Қайсысы болмасын күндік нормаларын асыра орындап, техникаларын да тоқтаусыз жүргізді. Өзім бол-сам, КДП-6 агрегатымен шөп шауып жүрмін. Шабындықтың берекелі екенін жігіттердің қайсысына кездессеңіз де тамсана айтадығой. Менің пікірім қалған уақытта бар ұйымдастыру жұмыс-тарын пішен тасуға жұмсаса. Себебі, күн көзінде ұзақ жатқан соң шөптің де құнарлылығы жойылып кетеді, — деп Тілеуғабыл трак-торына қарай өрмеледі. Мұржасынан будақ-будақ түтін атқыла-ған ЮМЗ-6 тракторы айналым бойынша баяу жылжи берді. Еңбекшіл жігіт ағасына ықыласты жағдайда қол бұлғап қала бердік.

Шабындықты аралап, қайтар жолға түскенде 2-ші бригаданың бригадирі Қағазбай Сүлейменовке жолықтық. Әңгіме барысында біз одан ферма бойынша науқан барысын сұрадық.

—Жоспарда 3800 тонна пішен әзірлеу міндеттемеге алынған. Қазіргі таңға дейін 2200 тонна пішен әзірленіп, оның 1690 тонна-сы қыстау басына жеткізілген. Шабындықта 12 шалғы жүр. Тәжірибелі механизаторларлымыз өздеріне көрсетілген асқақ сенімді адамгершілікпен атқарып, алғыстан алқа таққан.

—      Ферманың негізгі шаруашылығы бірыңғай қой өсіру шығар? Осынша бас мал 12 қыстаққа орналастырмақшы. Сонымен бірге 805 бас сиыр бар. Бір фермаға жетерлік жұмыстар толып жатыр. Күздің жауыншашынына қалдырмай, баз басына пішен тасуды жеделдетуге жаңадан ұйымдастыру шараларын жасадық. Қос тіркемемен К-700 тракторлары шөп тасуға жабдықталып, шыға-рылды. Сондықтан пішен тасу да бұдан былайғы уақытта жедеқа-был жүргізілмекші, — деді трактор бригадасының бригадирі Қағаз-бай Сүлейменов.

Іңір түскен. Алдымыздан қос тіркемесімен шөп әкеле жатқан ЗИЛ-130 машинасын көрдік. Шамасы, соңғы рейсі болу керек. Сықыйта тиелген шөп теп-текше. Ұқыпты қолдан шыққаны көрініп тұр.

—      Мыналарың бүгінгі нешінші рейстерің, — деп сұраймыз. сұрағымызға машина жүргізуші Мағауия Жұманов жауап береді.

—      Бұл төртінші рет қатынасуымыз. Жаздан бері сегізінші қыс-таққа мая салып жатырмыз. Шөп тиеушілер Б.Лехастув, Е.Жұмановтер бұл іске әбден төселген, — деді Мағауия.

Иә, береке бірлігі жарасқан Шұбартау совхозының 2-ші фер-масында қайнаған қызу еңбек кең өріс алған. Пішенші-механиза-торларды тың іске шақыратын мәдени-тұрмыстық қызмет те жүйелі жүргізіліп келеді. Жасыратыны жоқ, үркердей ғана коллективтің қоғамдық малды берік жем-шөп қорымен қамтама-сыз ететіндігіне риясыз сеніп ақжолтай сапарға толы жолмен қайтып барамыз. Ақжүректі адамдар... Дидарын күн сүйген нар қасқа жігіттер.... Бәрі-бәрі жүрегімізге жақын болып, қайта оралыңдар дегендей қимастықпен артымызда қалып барады. Алтын аймақ-ты қою қараңғылық басқан. Біраздан жұлдыздар көрінеді. Пішеншілер ауылының түнгі қам-қаракеті тағы да басталады... Нұрлы дидарлар... Агрегаттарын күн көкжиекке иегін артып батқанда ғана трактор бауырынан ағытқан механизаторлардың нұрлы дидарлары батар күннің алқызыл шапағына шомылып, жа-дырай түскен. Жол үстіңде келе жатқан біздердің көңілімізге ақын өлеңі оралады: Апталап, айлап, таңдайын мейлі тас бауыр шөлдер құрғатсын, Қызығын таппай, тоқтамайды екен мәңгілік тіпті күн батсын. Туған жер төсін аңсаумен өткен ару-ана, бауыр дүние, Сен маған осынау ақ жүрегіңменен қымбатсың!

1979 ж.

ҮРКЕР АУЫП БАРАДЫ

Күнделікті тіршілік қарекетінің қым-қиғаш сәттеріне балған жастар әуелгіде үйрене алмағанын өздері де жасырмайды. Дала сырын ұғып, аға кәсіпті үйреншікті іске айналдыруда көп-көп қиын-шылық кездесті. Дегенмен, қиыншылық. Ізденіспен келген еңбек зейнеті, мәртебелі, жолмен биіктерге жетелейтінін анық ұққан болатын. Кеудеге сыймай бүлк-бүлк соққан жас жүректер құрыш-тай бірігіп, туған дала құшағына етене еніп, қой шаруашылығын-дағы романтикаға толы күндерді уақыт ағынымен өткізе берді. Әйтсе де, жыл жарымнан астам мезгіл алға қарай жылжыса да алғашқы отар қабылдаған кез ойлана кетсе қимастық сезім тудырады. Бұл — өмір заңы. Кімге де болсын тұңғыш бастаудың жүректің шыңырау түкпіренен орын теуіп, әлсін-әлсін еске түскен сайын көңіл шіркінді бір аунатып өтері сөзсіз. Табиғи құбылыс. Бұған ешкім де дау айта алмайды. Жаздың жайдары таңында отарды өріске шығарып, жайлау самалын көкірек толтыра жұтқанның өзі жан ләззатының кестелі пердесі іспеттес. Қолтаңба. Осы сөздің байыбына зер салмасақ ұға да бермейтініміз шындық. Мәселен, құрылысшылар өздері тұрғызған сәулетті үйлерде қолтаңбасының бар екенін үнемі сезе бермейді. Тіпті есіне салғанда ғана мойындайды. Қайсысын жанында сақтай берсін-ау. Ал, заман құрылысында мәңгілік қолтаң-ба қалдырған қандай бақыт. Қолтаңба демекші, қой өсіруші комсомол-жастар бригадасындағы комсомолецтер де жастық қол-таңбасын іздесеңіз мал басын өсірудегі, оның өнімін молайтудағы табыс көрсеткіштерінен табасыз. Сонымен, біз бүгін Шұбартау совхозындағы Екпін комсомол-жастар қой өсіруші бригадасының азды-көпті жетістіктері, туған ауылдағы алау жастықпен атқарылып жатқан қолтаңба белгілері жайында әңгімелекпіз. Кешкі тамақтарын ішкен соң жастар үйреншікті орындарына жиналды. Жайлаудың леки соққан ерке самалы түрулі турған есіктен ойнақтай кіріп, төрге дейін аралап кетті. Жастық-ай десеңізші! Осы сөзді бригаданың ұстаз-жетекшісі Зейнолла жиі айтады. Мүмкін бригада мүшелерінің ерен істеріне қажырлы, қай-ратты қимылдарына сүйсінгендіктен айтатын шығар. Шаршау дегенді қаперлеріне де алмайды. Зейнолла ойлайтын: «Жігер де-ген қай жақтан шыға береді екен?» деп. Қыздардың түнгі ауаны дірілдеткен мөлдір күлкілері киіз үйден шығып, тым алысқа жетеді. Отар жақты шолуға кеткен Қасымхан мен Марат бұлардың күлкілерін естіген соң біріне-бірі қарасты.

— Мыналар бүгін ерекше көңілді ғой. Күлкілері тауды жаңғыр-тып жатыр, — деп Марат Қасымханға иегімен Ленин бөлмесін нұсқады. Сөйтті де екеуі иық тірестіре ішке енді.

— Ұлдар-ау, қойды біраз күзете турсаңдар нелерің кетеді? Жоқ әлде көздеріңе ұйқы тығылып мазаларыңды алды ма?

Бұл Алмагүлдің сөзі. Марат та есесін жіберген жоқ.

—      Қайдан білейік. Көтеріңкі күлкілеріңді естіген соң тамаша қызықтан құр қалдық па деп тезірек жеткеніміз ғой.

—Е, оңда қателескен екенсіңдер. Біз өзімізше. Түнгі күзетке қайсымыз баратынымызды шеше алмай, соған дауласып жатыр-мыз, — деді Гүлзада.

Ақыры түнгі күзетке Бақыткүл мен Тілеутай кетті. Қалғандары орындарына тарап, демалуға кірісті. Бырт-бырт күйіс қайырған отарлар пысылдап, тобырымен шар-бақ ішінде қозғалып қояды. Аспанда бұлт жоқ. Тып-тынық. Түн суреттері де ғажап-ақ. Мұндайда күзеттегілерден ұйқы қашады. Біріншіде көпке дейін төселе алмай қойған-тын. Қазір күзет десе-ақ бойлары сергіп, ұйқылары сергіп сала береді.

—      Айт-ей, айт, айт...

Қатты дауыстан кейін иттер шабаланып біраз жерге дейін ба-рып келеді. Малдың қас жауы — қасқыр малды ауылға сирек соға-тын болды. Бұлар жайлауға көшіп келгенде бірнеше күн отарға маза бермей қойған-тын.

—      Ертең күн ыстық болатын түрі бар ғой деймін. Аспанда жұлдыздар соңдай жиі екен. Байқайсың ба, Тілеутай?

Кім білсін, биылғы жаз ыстықпен өтіп барады емес пе? Көктем-нен кейін жауыңды көргеніміз жоқ, — екіншісі. — Әйтсе де жауын мен ызғырық желге толы күз де келді ғой. Ендігі арада малға сақ болмасақ, болмайды. Қоңдылығын да төмендетіп алуымыз мүмкін. Әңгіме осымен аяқталған. Күзетте мардымды ештеңе айтыл-майтыны белгілі. Бар ынталары малдың амандығына ауған. Жырт-қыштың аты жыртқыш. Шидің түбін паналап келіп «шаруасын» бітіріп кетуі де мүмкін. Жаздың қамшы сабындай қысқа таңы сағат үштен кейін сызат бере бастайды. Шығыс жақ аппақ нұрға бөленеді де, іле қызғылт сәуле көк-жиектен шашырайды. Бүгін де солай болды. Күн шыға күзеттен қайтқан Бақыткүл мен Тілеутай үйге ұйықтауға жатты. Жастар өмірінің түнгі еңбек тынысы әрқашан осылай өтеді. ...Жастармен әңгімеміз жылы ниетте саптасып кеткен болатын. Түскі үзіліс кезі болатын. Бригада мүшелерінің төрт көзі — ұстаз-жетекші Зейнолла, бригада комсоргы Сәуле Әшірбековадан бастап түгелдей жиналған. Сонда алғашқы еңбек семестрінің қызығы мен қиыншылығы жайында сұрағанымызда Сәуле өткен қыстағы мына бір оқиғаны шағын түрде айтып берген еді.

Тыңдап отырмыз.

—Қай кезде екені есімде жоқ... Шамасы январь айының аяғы, февраль айының басы болуы керек. Көптен бері күн райы ашық болып тұрған. Соңдықтан отарды алысқа шығаруды мақсат тұттық. Атқа мінген мен және Несіпжан. Айнала аппақ. Көз тоқтатар қара ноқат болсашы. Кенет аспан бұлтпен тұрды. Қысқасы ақтүтек бо-ран басталсын келіп, өзіміз де осылай боларын сезгенбіз. Отар-ды шашау жібермей иіріп, бағытын ауылға түзедік. Ысқыра соқ-қан долы жел көбелек қарды құйындай үйіріп, аспан мен жер тұта-сып кетсін. Енді не істеу керек. Отарды алға жылжыта берсең, жол көрінбейді. Оның үстіне қой малы қай бір ырқыңа көне қойсын.

Азан-қазан маңырап, есімізді шығарып жіберді. Табиғат пен адамның жекпе-жегі ойламаған жерден басталады екен. Атымыз әндемді. Қойды шоқтай ғып иіріп, айналып жүре бердік. Таудың арасы болса ризасың ғой, жап-жазық. Бұрын мұндай қатерді көрген жоқпыз. Ақ түтекте от жүрегі алаулап, қоғамдық мал үшін жанын пида еткен еңбек боздағы Сейткүл апамыздың айтулы ерлігі де елес беріп өтті. Бойға күш жиналғандай болды. Айламыз біреу боран қаншаға созылсын, отардан көз жазып қалмау, айғайға басып иіре береміз. Суық боран ысылдайды-ай келіп. Шамасы кел-се, өңештен өткізіп, жұтып жіберетін сияқты. Астымыздағы жану-арлар қанаттанып кетті. Бұрқыраған тер артынша ақ қырау бо-лып, желімдей жабысып қатып жатыр. Жүрістері ширап, шиыршық атып кетті. Ақыры не керек, боран екі жарым сағатқа созылды. Тапжылмаған отар сыртқы ортадан сескенді білем, тығыздана топ-тасып қозғалған жоқ. Күн ашылған бетте алды-артымызға қара-май ауылға зыттық. Мал аман, бас та аман.

—      Жігер болса, табиғат күші адамға бас иеді. Еңбекке араласқанда Несіпжан екеуміздің бастан кешкен қысқаша оқиғамыз осылай болған, — деп Сәуле сөзінің соңын қайырды.

Иә, жүздері жанған жастардың сүйсінтерлік істері баршылық. «Ұстаз шәкіртімен қадірлі» дегендей, совхоздың таңдаулы шопан-дарының бірі Зейнолла Жағыпберлин көптен бері жастар жетекшісі, кішіге аға болып жүр. Сондықтан да болар Зейнолла үлкенге де ізет. Әкесі Жағыпберлі Есенқұлов бұрын Шұбартау өңіріндегі қадірлі адамдардың бірі болған. Алдына отар салып, бірнеше жыл мал басын өсіруде жап жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрді. Еңбек сүйіспеншілігі шығар, Зейнолланың әкесі Жағыпберлі ақсақал Ленин орденін омырауына қадаған. Ал, Зей-нолланың өзі болса, 1965 жылға дейін механизатор болды. 1966 жылдың күзінен әкенің ақ таяғын қолына алып, мал шарауашылығын өркендетуге қомақты үлес қосып келеді. «Әке көрген оқ жонар» деген рас. Зейнолла да малсақ болып өсті. Төл қабылдау, күйек алу науқандарында бір басына жетерлік тәжірибелері көп. Енді бір сәт Зейнолланы тыңдасақ, былай деп сыр ағытар еді:

—      Қанаты қатайып, бұғанасы бекімеген жастардың осындай қиын еңбек баспалдағынан өтуі өте құптарлық мәселе. Екінші тың деп орынды сипат алған қой шаруашылығын өркендету тікелей комсомлецтердің қолында. Өйткені олар ізбасарлар ғой. Мен бригададағы жастарды бөле-жара атамаймын, бәрі де еңбекшіл, жа-лын атып тұр. Былтыр тобымызбен отар қабылдап алдық. Содан бері біршама уақыт өтті емес пе? Бригада мүшелері қой бағудың небір қилы-қилы әдістерін үйреніп, тәжірибе жинақтап қалды. Олардың төл қабылдау кезіндегі асқан ұйымшылдығын айтып жеткізудің өзі қиын-ау. Осылардың еңбегі, осылардың табысы. Еңбекке араласқан бірінші жылдың тауқыметіне қарамай, қарамағымыздағы 729 саулықтың әр жүзінен 90 қозы алып, жоспарымызды абыроймен орындадық.

— Малды жазда бағудың, семіртудің зор маңызы бар екенін көріп жүрміз. Мұны жастарда жақсы түсінеді. Таңертең ертелете өріске шығарып, күн қыза жусатады. Содан кешкі салқынды пай-даланып жаяды. Әдетке айналған осы әдістің мал қондылығын арттыруда маңызы бар.Алдымызда тағы бір науқан күтіп тұр. Ол — күйек алу. Бұған дайындық жаз айынан басталатынын әркім біледі ғой. Себебі қоңды қой куйекке жақсы түсіп, көктемдегі еңбек жемісі де берекелі болуға тиіс. Қазір отарымыздың қоңы жаман емес. Екі-үш қоздаған саулықтар да бар. Ендігі міңдетіміз қабылдаған социалистік міндеттемемізді орындау болып табы-лады, — деп ұстаз жетекші Зейнолла Жағыпберлин отырған жас-тарды көзімен шолып өтті. Олар да ұстаз-жетекшінің сөзін мақұл-дағандай үнсіз бас изесті.

«Екпін» қой өсіруші комсомол жастар бригадасының қарамағын-да 2100 қой бар. Осынша бас мал үш бөлек бағылады. Қозы енесінен әлдеқашан бөлінген. Зоотехникалық-малдәрігерлік ережелерге сәйкес қойды бағып күтуде жастар қолдан келген мүмкіндіктерін өзі жасайды.Бригадада 8 мүше бар. Олар: Алмагүл Шалқарбаева, Тілеутай Қасқарауова, Несіпжан Құтжанова, Гүлзада Сапарғалиева, Қасымхан Қажыкәрімов, Бақытгүл Дүкенбаева, Ма-рат Қасымбеков және бригаданың комсоргі Сәуле Әшірбекова. Қой қырқу науқанында жастар үш отарды өздері қырқыннан өткізіп, мемлекетке сапалы жүн тапсырды. Бұл да қуанарлық жай. Зейнолланың жолдасы көмекші шопан Қамар Жағыпберлина осы-нау жастардың ең сүйкімді, қадірлі адамдарының біріне айнал-ған. Ақыл кеңес беріп, жөн көрсетіп отыру Қамар үшін үлкен парыз сияқты. Бәрі жақсы болғанымен әттеген-айлар да кездеседі. Бригадада кино көрсетілмейді. Электр жарығы жоқ. Сонымен бірге музыкалық аспаптардың жеткілікті түрде берілгені жөн сияқты. «Шұбартау» орта мектебіндегі мұғалімдердің әр пәндерден консультация өткізіп тұруын естен шығармаған дұрыс. Көкөзек жайлауы еңбекпен көркейіп, шалқып жатқан жастар ауылы. Бұл жерде алау жастық отын жағып, дала төскейінде еңбек парақтарының бір-бір дастанын жазып жатыр. Дархандық даладан дарыған балғын ұландардың екі жылдық еңбек семестрін сәтті аяқтап, тасқа басылғандай айқын қолтаңба қалдыратындығына риясыз сенесің... Күні бойғы аптаған ыстық қайтты. Кешкі салқынмен отарды жайған жас өрім қыздар мен жігіттер ауылға оралды. Содан кейін күндізгі еңбек тынысы түңде де ізін суытпай жалғасты. Түнгі ауаны қақжарып, жас шопандар ауылынан күзетте жүрген бригада мүшелерінің шырқай салған әні де естіліп қояды. Қыр төсінде салқындықтың лебі бар. Коңыр күз ғой... Сұлу таңның күлімдей атар сәулесіндей ауылдың қақ төбесінде тұрған үркер көкбарқыт аспанның батысына қарай ойысып барады...

1979 ж.

САҒЫНЫШ ҒҰМЫР

Өмірге ынтазар жүрек оның мазасын алғалы қашан. Түндер мен күндер... Жарқын болашақ алыстан қол бұлғап, арман-әнін шырқай салғысы келгені бірнеше жылдар өтіп, мынау қырға әлденеше көгілдір көктем оралды. Әлденені аңсаған балаң жігіт. Туған еліне аянбай-ақ еңбек сіңіргісі келеді. Сонда неден бастау керек. "Асықпа" деді өзіне өзі. Аяқ астынан ойлағаның орындала берсе, уақыттың да қызығы қалмас еді-ау. Арзан өмір ұзаққа апармайды. Табан ақы, мандай тер моншақ-моншақ болып жүзіңнен төгілмесе, одан не пайда. Адам қиналу керек. Бір мамандықты жете меңгеру үшін қиналып, ізденбесең зейнеті бола қояр ма екен. Бала күнінде үлкен жігіттердің трактор жүргізгенін жиі көруші еді. Ағалары да техника жағын айналдырған. Өнебойы селкілдеп, берілістерді қозғасаң-ақ болды зытып тұрған әр түрлі тракторлар мұны да қызықтырған. Трактор жүргізу бір басқа да, қоғам үшін адал еңбек ету бір басқа. Нені армандасаң, сол сағыныш болып жүрегіңе ұялайды. Сағынбаған жүрек - тұрлаусыз. Сүйіспеншілік болмаса, әр нәрсенің басын бір шалып, гүлден-гүлге қонған көбелек болып өтер ме едің, сағынышсыз адамдар. Үздіксіз жетелеген сезім құштарлықпен қанаттанды. Ол туған даласын да жанындай сүйіп өсті. Сондықтан ешқайда барғысы келмеді. Біліпті-ау өзі. Еңбегімен кең далаға керімсал самалымен кербез күйге бөлеп, бір дастан жазатынына сеніпті-ау. Сенім де-ген - бұла күш. Айшықты қолтаңба, өмірдегі ізі кір жуып, кіндік кескен жерінде қалуы қандай бақыт. "Бақыт кілті - еңбекте" деген сөзді анасы жиі айтып отыратын. Бұл көкейінде мықтап қалыпты. Оның жалқаулықпен жаны қас. Ондайлармен бірігіп жұмыс жасау тіпті қиын. Бірақ, өнеге көрсетіп, соңынан ерте білу және бар. Жас жігіт өз болашағын осылай ой өрнегімен кестелеп еді. Сол жылдың қатал қысы есінде мықтап қалыпты. Ақ түтек бо-ран жұтынып, әлі келсе сүлікше сорып жіберердей жалаңдайды. Аспан мен жер тұтасып, түк көрінбей кеткен. Трактор бригадасы-ның бригадирі Сейтімқан Тұрғанбаев бірден кесіп айтқан. Деген-мен, айтарын айтса да ойланып қалды. Бағана күрелген жолды қар басып қалуы әбден мүмкін ғой. Арты ашыла ма деп байқастап еді, өршелене түскен сияқты. Жанына біреуді қосып жіберер еді, ыңғайлы адам жоқ.

-      Жансерік, қалай боранның ашылуын тосамыз ба? Бірақ... -      Бірағыңызды түсініп тұрмын, - деді Жансерік, - 2-ші фермадағы Қарағаш қыстауында жем таусылды деп шулағанына үш күн болды ғой. Қаладан жем әкелісімен қыстаққа жеткізу керек деген тапсырма сіз екеуімізге де ортақ.

-      Сонда тартып кеткіңіз келіп тұр ма? - Әрине, боранның ашылуын күтсек, онсыз да шөбі таусылған отардың жай-күйі не болды десеңізші. - Онда өзің біл. Дәнекерлегіш лампаны бензинге толтыр. Ыдыс болса, артығын құйып ал, онсыз болмайды, - деп бригадир Жансерікті жолға шығарып салды. Совхоз орталығынан 40 шақырымға жуық қыстауға Жансерік тартып кетсін. Ауылдан шыққанда күрелген жол бірте-бірте ауыр-лай берді. Бала күнгі тәтті қиял осылай алғаш рет жүзеге асты. МТЗ-50-дің руліне отырғанына 8 ай толық болған жоқтын. Бригадир мен әріптестері бір сынаса, табиғат жарықтық "Бала қандай екен" дегендей қыспаққа ала бастауы мынау. Күрделі жөндеуден өткізілген трактор жаз бойы шөп шабуға қатыстырылды. Сонда да сыр бермей тоқтаусыз жүрген еді. Темір тұлпарын да тәуекелге бел байлап күртік қарға салсын-ай келіп. Кабина ішінен айналаны болжау мүмкін емес. Сырттағы боранның ұйытқи соққаны қарға адым жерді байқатпайды. Тіпті трак-тор гүрілін қатты жердің ызылы естіртпейді. Тіркемедегі төрт тонна жемді аман-есен жеткізу шарт. Егер жеткізе алмай орта жолда қалып қойса, намыстың көкесі сонда ғой. Өрге таянғанда артқы доңғалақтар бір-екі рет айналды да трактор алға жылжымай қойды.

- Әттең, - деді Жансерік, - алды қосылатын трактор болса, бұйым көрмес еді 4 тонна жемді. Күрелген жол мен тың жер бірдей. Айырып болмайсың. Бетімен бірдей етіп басып тастапты.

Бағана ауылдан шығарда ұзын сым арқанды тіркеме үстіне тас-тай салып еді. Сонысы дұрыс болыпты. Тіркемені ағытты да өз басымен жол салды, әрлі-берді қарды бұзып жұмсартты. Боран болса, ұйытқып тұр. Биік қайқаңға шығу оңай болып па? Оның үстіне таулы жердің бораны қандай десеңізші. Тура төбеден жапалақ қарды төпеп тұрғандай әсер етеді. Тракторды қайқаңның басына шығарып, етекте қалған тіркемені біраз жұлқып-жұлқып шығара асуға таяныпты. Енді тракторға тіркемесе болмайды. Ой-дан төмен қуып кетуі немесе сүрлеуден шығып, тіркеме аудары-луы мүмкін. Әлді салып жұлқи қозғалды. Ышқына тартқан трактор доңғалағы кезек-кезек айналып, қоңыз жүріске салып қыбырлайды. Алға жылжиды, көңілге медет. Бұл қайқаңнан басқа бөгет болуы мүмкін емес. Әйтсе де жолға сенім бар ма?

Бір кезде трактор қайқаң басына шықты-ау.

Ымырт жабылған. Шопан ауылының жарығы көрінген. Күннің райы ашылды. Міне, қызық. Ауылға таянғандағы өзек бір бастыр-май қойсын. Көктемде өткел бермейтін өзек қыста да "мінез" көрсетіп тұр. Ауыл болса, анау қол созым жерде. Әлгі "бір жол бар жақын да болса алыс" деген осы екен-ау деп бір түйді де, жалпақ күректі алып, жол аршуға кірісті. 40-50 метрдей жерді тері бұрқырай жүріп аршыды. ...Шопан да риза. Талайды көрген қарт адам Жансерікке риза болып алғысын жаудырып жатыр.

...Алғыс... Адам мәртебесін көтеретін тым тәтті сөзің-ау.
Алғыс алған арымайды-ау осы.

Тапсырма орындалды. Бұл Жансеріктің өмір жолының, еңбек жолының өзін мәңгілік ләззатқа бөлейтін тапсырмасы іспеттес еді. Сол жылдың қысындағы жол сапары бүгінде үзілмей жалғасып келеді. Сол сапарды өзінің туып-өскен жері "Шұбартау" совхозы-нан бастаған еді.Қусақ даласы қандай кеңболса, мұның жаныда сондай дархан. Орта мектепті тәмамдап, механизатор куәлігін Ақтоғайға қарасты "Сельхозтехника" бірлестігінен алды. Жаздың қоңыржай кеші. Балаусаның мұрныңды жарар аңқыған жұпар иісі-ай десеңізші. Рахат-ау өзі. Пішенші-механизаторлар айналымынан соң айналымды бітіріп, көк шалғынды баудай түсіріп кетіп бара жатыр. Бұл Абай атындағы совхоздың 1-ші фермасы пішенші- механизаторларының шабындығы еді. - Сіз коммунист механизатор сұрап едіңіз ғой, - деді жанымызда тұрған совхоз партия комитетінің секретары А. Қадірберлин, -Ал Жансерік Ахметов маңдай алды механизатор, ісімен үлгілі коммунист. - Бәрекелді, ол дала алыбы К-700-де істеуші еді ғой, -дейміз таныстығымызға басып. - Солайы солай, осы фермада механизатор жетіспеген соң шөп шабуға шығардық. Не керек, бір өзі-ақ өндіріп келеді. Тоқтау жоқ. Техника тілін бес саусағындай біледі. Күніне 30 гектар жердің ша-бындығын үш шалғымен ойсыратып тастайды, - деп партком сек-ретары Жансеріктің жетістігін айтып жатыр. Ол Абай атындағы шаруашылық құрылғаннан бері осында еңбек етіп келеді. Өзінің қолқанатына айналған К-700 тракторына сәл "демалыс" беріп "Беларуспен" шабындықта жүр. -      Науқан аяқталуға жақын. Межеден көрініп, ферманың малын жем шөппен толықтай қамтамасыз етеміз. Жоспар бойынша 4500 тонна мал азығын дайындауымыз қажет. Жігіттердің еңбегі ерен. Шабындықты сапалы шабудамыз. Жинау, тайлау, тасудың ара-сында алшақтық жоқ, - деген еді сол кезде Жансерік. Бүгінде Жансеріктің жанындағы озаттар әр қыстауды қоянжон маямен қамтамасыз еткен. Шаршау, шалдығу оған жат. Еңбекті еншім деп ұққан азамат алдыңғы лекте. Бүкіл коллектив құрметтісі Жансерікті қазір 35 жаста, толған айдай толықсып келетін жігіттік шақ қой бұл. Өткен жылы 2000 эталон гектар жердің жұмысын жасап, 70 сомның жанар-жағар майын үнемдеді. - Алда оны күтіп шаруашылық жұмыстары тұр. Енді сүдігер жыртуға шығады. Ол жерде келер жылы масағы баданадай дәнге толған ел ырысы егінжай жайқалады. Қаншама тонна халық шару-ашылығы жүктерін тасиды, әйтеуір тынымсыз. - Механизатор болған 15 жылдың ішінде жол ауыртпалығы көп көрдім, қызығы да баршылық. Бұл менің өмір жолым ғой. Ол күрес. Техникаға жанашырлықпен қарамасаң тағы болмайды. Ол - сенің асыраушың. Өзіңе қиял бесігінде тербелгенімді айтып едім ғой, сол күндерді бүгін сағынып, ойға берілемін. Маған белгісіз. Әйтеуір атқарған жұмыстарым туралы мақтау сөздер естіп жатамын. Құрмет деген осы шығар. Алдыма үлкен мақсат қойдым, сонау жасөспірім кезде. Әрине, жақсы механизатор емес, моншақтаған мөп-мөлдір, ақ адал еңбегіммен еліме пайда берсем деп толған-дым. Кім білсін, ол арман бір орындалар, - дейді Жансерік. Арманының орындалғанын байқамайды ол. Азамат туған жеріме бергенімнен берерім көп деп сыр ағытады. Не деген әділдік. Күн сайын жұмыстан жүзі күнге тотығып оралады. Семьясы-ның ортасына асығады. Үйде оны совхоздың тігін цехында істейтін жан жары Майра, гүлдей құлпырған 5 баласы күтіп отыр. Алдынан кішкене Эльмирасы жүгіре шығып мойнына асылғанда күні бойы шаршағанын ұмытып, бір серпіліп кетеді. Кәдімгі әкенің балаға деген махаббаты ғой.

- Папа, мен сені сағынып қалдым, - деп, Эльмирасы жібермей жатқаны. - Бұл қызым күн сайын сағынады, - деп, Жансерік айнымайтын қалпымен жұмсақ жымияды. Бақытын еңбектен тапқан аяулы жанға шын сүйсінесің, бала күнгі сағыныш-арман бүгінде Советтік өмірге шаттығы шалқыған семья, тамаша еңбеккер, серпінді білікті механизатор жігітті әкелетінін кім білген.

Айналдым сенен, сағыныш ғұмыр.
1986 ж.

БІЗ ЖҮРЕТІН ЖОЛ ҰЗАҚ, ЗАМАНДАС

Сонау қоңыр күзде шопандар қауымы бас қосқан бір жиында бәрі ағынан жарылды. Дәл сол кезде жылды қорытындылап, жаңа міндеттер белгілеу женінде де мәселе қаралып жатқантын. Шаруашылық жаңадан құрылды. Кейбір кем-кетігіміз болса кешірімді болар деп ойлаған шопандар. Әрине, ферма басқарушысы мен мамандар да бұл пікірден аулақ емес. Бірақ көкейде бір түйткілдің бары айқын еді. Күздің қысқа алмазар шағында табиғат қиқар мінез танытты. Өнменіңнен етер суық жел тұрып алды. Сонан соң қар аралас жа-уын-шашынның арты құрғақ аязға ұласты. Жер тоңы ерте қататын болды. Мал өріске шықпай қалды. Яғни, шаруагер жаңдар айта-тындай мал қолға ерте қарады. Жоғарыда айтқан ағынан жарылды деген сөзіміз осыдан шығып отыр. Бәрі де биылғы қыс оңайға түспейді. Отардың қоңды-лығын төмеңдетпей, жем-шөпті үнемдей отырудың арқасында ғана қысқы науқаннан қысылмай шығуға болатындығын айтып жатыр. Шындығында солай ғой. Ұйымшылдық бар жерде табыс ешқайда кетпейді. Тіпті бір фермада, бір коллективте еңбек етсең де көрші шопанның шөбі таусылып қалғанда еңбекшіл шопан қатты қиналады. Мұның сыры бар. Қыста жүдеген отарды қыс айында көте-ру мүмкін болмады. Оның жағдайын жыл он екі ай бойы ойластырса ғана ұтарың көп. Мал мамандары бүкіл күшті соған бағыттайды. Қыстай үнемдеп, өз отарыңнан жырымдап келген шөпті көрші шопанға жиырма тоннадайын бер деп қинайтынын қайтерсің. Содан жүдеген отардан елім-жітімге жол беріледі. Коллективті артқа тартады. Бір отарда шығын болып жатса, фермадағы басқа шопандар қанша жайлы болса да атаққа кір келері шындық. Біз әңгімеге арқау етейін деп отырған 1 ферманың шопандары осы жағын мықтап ойлаған еді. Бір-біріне таптап айтты. Өздері мақтан тұтып, қозы алуда, мемлекетке ет, жүн тапсыруда ферма чемпионы Тілеуқабыл Кенжебековтың сөзіне бәрі де тына қалып, құлақ қойған. Тілеуқабыл қырықтың ортасына мол келген жігіт ағасы. Әр жылдары алып жүрген қозысы бір отарды кеңінен құрай-ды. Еңбекке деген сүйіспеншілігінде шек жоқ Қойды жайып бағу-дың сырын бес саусағындай біледі.Осы білетіндігі ғой, оның тасы бес жылдықтың әр белесі сайын өрге домалап жүргені. Табиғаты-нан біртоға Тілеуқабыл табысына ешқашан масаттанып, асып-та-сып көрген емес. Мақтау сөз естіп, кейбіреулер қосқолдап алақа-нын қысып жатқанда жұмсақ жымиып, бір иығын қисайтып қойып жүре береді. Сол Тілекең күздегі жиында өз көрсеткіші туралы мақсаты жөнінде мардым сөз айпаған. Тек коллективтің тонның ішкі бауындай, бір кісідей қоғам дәулетін молайту үшін еңбек етуге шақырды. Өзінің жүрек қалауы осы екенін бүкпесіз жеткізді.

- Сөз бен істің арасында алшақтық болмау керек, жолдастар. Екеуі бір-бірімен ажырамастай қабысып жатуы керек. Сонда ғана жұмыс алға басып, мол өнімге қол жеткіземіз. Мәселе мынада. Ойымызды жиыннан соң, яғни, отарға оралғаннан кейін іле жүзеге асыруымыз керек. Қазір бәріміздің алдымызда нақты нысана бо-луы шарт. "Қыстың көзі қыраулы". Қазір ашық, ауа райы түс ауа күрт өзгерді. Бораны, аязы қоса жүреді. Өйткені, бұл сыры белгілі "кәрі құда" қыс қой. Оған қайратымызды қарсы қоймасақ, қыс-паққа алып жіберетіні белгілі. Онымен қоса қораның қиын өз күшімізбен, реті келсе жақын отырған шопандар бірлесе ойып отырудың артықшылығы жоқ. Кейде қораның қиы өсіп кетеді. Сырттан көмек күтіп, алақан жайып отырғанымыз қашан көмек келеді деп. Уақыт өте береді. Өскен қидың әсіресе ішті саулықтарға кері әсер ететінін және естен шығармағанымыз жөн болар. Саулықтар іші өскенде бір мезгіл жем беріп, жылы сумен суарып отырса несі айып. Мамандар жемнен таршылық жасамас деп ойлаймын. Кәне, бірігіп жұмыс жасап, абырой биігінен көрінейікші. Ал, өзім бол-сам қарамағымдағы 700 саулықтың әр жүзінен 110-нан қозы алып, әр қойдан 3 килограмнан жүн қырқып, әр қозыны енесінен айыр-ғанда 35 килограмға жеткіземін, - деп Тлеуқабыл мінбеден түсіп кетсін.

-Оу, бәрекелді, сөз деп осыны айт! - Бұл Тілекең жылма-жыл жүрген сан қырлы пікірінің бірі ғой. Білері көп. Өмір, еңбек тәжірибесі жетерлік. - Расында жаңа совхоз жаңа биікке көтерілуі керек қой. Қашанғы жас коллектив деп өзімізді өзіміз сыртқа қарай қағыта береміз. Ферманың шағын клубында өткен жиында әр жерден осындай Тілеуқабылды қолдаған сөздер естіліп жатты. Сонда жиналыс ұзаққа созылған-тын. Тілеуқабыл коммунист ретінде де толғамды пікір айтады. Сау-лық отарын бағатын Ө. Мұқышев, тоқты отарын бағатын Ғ. Талта-каев, Бидайық қыстағындағы Н. Жақсыкелдин, М. Бейсекеевтер ауылында уақытша құрылған партия тобының жетекшісі Тілеуқабыл Кенжебеков. Жауапкершілік жүгі ауыр. Өзі бас болып, басқаларды жақсы ісімен соңынан ерте білу керек. Кеші ерте түсіп, таңы ұзаққа созылатын қаһарлы қыс бастал-ғанда Абай атындағы совхоздың 1 фермасының шопандары үлкен бас қосудан кейін ауылдарына зор міндеттер арқалай қайтқан-тын.

Бұл - қоңыр күздің "кәрі құда" қысқа ұласатын шағында өткен бас қосу еді. Бұл - жауын-шашынды жылауық күздің соңғы айы еді. Қыстың қаһарлы болатынын хабардар етті сол жылауық күз. Мұны шопандар ерте сезіпті. Бұл - ферма еңбекшілерінің қайратына қайрат қосып, көлде-нең келген қиыншылықты жеңіп шығуға бірегей ұмтылған шешуші кезең еді. Жер беті сарғайып, өсімдік әлемі қураған. Табиғаттың күзгі көрінісі де суретшінің шебер қолынан шыққан әдемі полотнодай-ау. Осы күзде ғой қырдағы қарбалас жиын-терін қызу басталады. Қоғамдық мал басын қыстан шығынсыз, әрі қонды алып шығу жем-шөптің молдығына байланысты. Бір тал шөпті шашусыз баз басына түсіру қажет. Жаз бойы шабындық төскейінде еңбек симфониясын ойнат-қан пішенші-механизаторлар техниканы тоқтаусыз жүргізіп, белгіленген мөлшердегі жем-шөпті дайындауға барлық мүмкіндікті тиімді пайдаланып, бекем кірісті. Ферма территориясында шөп шығымы біркелкі. Оның үстіне 800 гектарға жуық көпжылдық шөптің түсімі де жаман емес. Уақытты оздырмай шауып алу ке-рек. Фермадағы озат механизаторлар үлкен іске бір кісідей үлес қосу мақсатында әрбір шабындықтың сапалы шабылуына ынта қойды. Таң атқаннан қою іңірге дейін шабындық алқабы трактор гүрілінен бір босамады. Ауа райының қолайлы сәтін қалт жібермеу темір түлпар иелерінің бойларына ертеден сіңген. Шабу, тайлау-дың арасында алшақтық болмады. Механизаторлар Ә. Садырбаев, К. Жабасбаев, 3. Сырлыбаев, С. Нұрбаев, Т. Нарымбековтер үнемі күндік нормасын асыра орын-дап отырды. Әрине, шөп дайындауда бәрі де бірдей жұмыс жаса-ды. Бөліп жарары жоқ. МТЗ-82 тракторын жүргізуші А.Алтынбе-ков апталық жарыстардың қорытындысы бойынша бірнеше рет жеңімпаз атанды. Міне, ұжымды еңбек еш кетпеді. Олар 3 мың тоннадан астам пішен дайындап, фермадағы қоғамдық малдың қыстан қысылмай шығуына жағдай жасады. Коллективтік шаруа деп осыны айтуға болар. Пішен дайындауға қатысқан механизаторлардың бір тобы мал қыстатудың бел ортасында жүр. Мәселен, механизатор Ә. Садырбаев аға шопан К. Мұқышев та, механизатор К. Жабасбаев аға шопан М. Бейсекеев те, 3. Сырлыбаев аға шопан Тілеуқабыл Кенжебеков те көмекшілік міндетті атқаруда. Кейбіреулері қыстауларға жем-тұз, қажетті жүктер жеткізіп жүр. Айтжан Алтынбе-ков қыстай осындай жұмысты атқарып келеді. Оның жұрттан алған алғысы бір төбе. Көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы машиналарын, тракторларды дайындауды қалған механизаторлар атқаруда. Мал жайылымындығын аршуға да арнайы трак-тор бөлінген. Ақтүтек боран көз аштырмады. Екі-үш күннен бері соққан боран ауыл арасын бекітіп тастаған. Ферма басқарушысы Жомарт Смаханов ертелете жолға шығып, К-700 тракторының жүргізушісіне тапсырма беріп, қыстаудың арасына жол аршуға жіберді. Кейбір тоқты отарларына қосымша жем жеткізу керек. Шопандардың қал-жағдайын көру тағы да ойда бар. Осындай жол қатынасы бар кезде аталмыш фермаға біздің де ат басын тіреудің сәті түскен. Ферма басқарушысы Жомарт отыз-дағы қылшылдаған жас жігіт. Арнайы мал мамандығы бар. Оның әкесі Құстай Смаханов көп жылдар бойы мал шаруашылығының сан саласында болған.ферма басқарушысынан құрметті демалысқа шықты. Әйтсе де қатардан қалған жоқ. "Әке көрген оқ жонар" деген ғой. Жомарт шаруашылыққа көзі қанық болып қалғанын бірден аңғартты. -      Мал қыстату науқанына дайындықты жазда бастадық. Оның куәсі жем шөпті жеткілікті дайындап алу. Қазір фермада 14800 бас қой бар. Оның 9400 басы саулық. Жалпы 18 отар қысқа күйлі түсті. Үш төрт жерде тоқты отары қыстатылған. Шопандар арасында ауызша саяси-үгіт жұмыстарын жүргізудің пайдасы тиді. Ферма-дағы цехтық партия ұйымының секретары К. Ахметшин қашан да шопандармен қоян-қолтық араласып, жұмыс жасайды. Мамандар емдеу-профилактикалық жұмысты мардымды жүргізеді, - деп, Жомарт біздің сұрағымызға жауап берді. Сөйтті де жол бастады. Аты көктем болғанымен қыс райынан қайтпаған шақ. Ұзыннан ұзақ созылып жатқан өзектің бойын қудалай орналасқан шопан-дар ауылы қашанда қарбалас. Қалай болған күнде де қоғамдық мал басын шығынсыз алып шығып, ертеңгі ел дәулетін молайтуға нық баспалдақ жасау. Бақылшы қыстағында аға шопан Өмірбек Мұқышев 720 бас саулықты қоралатып отыр. Отарынан ажары таймаған. -      Биылғы қыс қатты келді ғой. Салған бетте-ақ қыспаққа алып жіберді. Отар қолға ерте қарады. Жемшөп жеткілікті, суат көзі бар. Бағалы бастамаларға қосыла отырып, төл тегініне дайындалып жа-тырмыз. Міндеттемем әр 100 саулықтан 100 қозы алу. Сол үшін күресудемін, - дейді аға шопан Ө. Мұқышев. Ал, оның інісі Күмісбек Мұқышев Қойбағар қыстауында 750 саулықты бағып күтуде. КПСС мүшесі. Оның жерлестері үлкен сенім көрсетіп, селолық советтің депутаттығына сайлапты. Үлгілі шопан әр 100 саулықтан 101-ден қозы алуға серт беріпті. Депутат демекші 1 ферманы депутаттар ауылы десе де бол-ғандай. Аудандық советтің депутаты Панарбек Мұқанов үстіміздегі жылы бірінші қоздайтын 710 тұсақтың әр жүзінен 100 қозы алуға социалистік міндеттеме қабылдап, оны іс жүзінде орындап шығу үшін соны серпінмен еңбек етуде. Ал, тоқты отарын бағатын жас шопан Әділ Байжігітовтің жолдасы Светлана Әшірбекова қатарынан екінші рет облыстық Советтің депутаттығына сайланды. Жас семья, жас шаңырақ. Бірақ олардың еңбекке деген құлшыныстары басқаны ынтықтыр-май қоймайды. Светлана екі жыл қой өсіруші комсомол-жастар бригадасының мүшесі болған. Демек,жолдасының алдына отар салуы, қой бағу оған таңсық емес. Береке көзі осы қой шаруашы-лығында екенін жақсы біледі.

Біз депутатты сөзге тарттық: - Осы фермадағы бірер шопандар болмаса көбісі замандас. Олардың қолтаңбасы күні ертең-ақ жарқырап тұратындығына айқын сенемін. Жас шаруашылықтың экономикасы, мәдениетінің артуы осы жастардың еншісінде болып отыр.

- Аманат жүгін арқаланған соң үлгі көрсету бірінші борыш қой сізге. - Дұрыс, қазір мал қыстату науқанын аяқтап қалдық. Қарама-ғымызда 900 бас тоқты бар. Оны семіртіп, жоғары қоңдылықпен етке тапсырамыз. Өздеріңіз көріп түрғандай күйі жаман емес, депутат өз өнегесімен, ісімен басқаларға мысал болуы керектігін түсінемін, - дейді Светлана Әшірбекова. Иә, фермадағы басқа да шопандар мал қыстату науқанын та-бысты аяқтап келеді. Шөбін ерте тауысып, тықыр таянып отырған отарды кездестірмейсіз. Аға шопандар Тиішбек Кенжебеков, А. Дүйсенбаев, Е. Бекежановтар жарыс кешенінің легінде келеді. Фермадағы 17 коммунист қашан да алғы шепте. Шопандар бір-бірімен социалистік жарысқа түсіп, шығыс Қазақстан облысы мал-шыларының Үндеуіне іспен жауап беруге ұйғарған. Март айының алғашқы он күндігі ішінде фермада жиналыс болып, онда мал қыстаудың барысы, төл алуға дайындық жөнінде әңгіме болған.Тіпті саулық отарларына баратын сақманшылар тізімі жасалып, қай шопан науқанды қай жерде өткізетіні белгіленді. Ферма бойынша әр жүз саулықтан 95-тен қозы алу, ет, жүн өнімдерін молайту міндеті тұр. Мәдени тұрмыстық қызмет көрсету саласы жақсы жолға қойылған. Сатушы Р. Айтжанова, кітапханашы Б. Нарымбековалар үнемі шопандар ортасында. Отарды түр-түсіне қарай сұрыптап, іріктеуде фермадағы мал мамандары жақсы жұмыс жасаған. Зоотехникалық- малдәрігерлік ережелерге сай емдеу, профилактикалық шаралар тұрақты жүргізіледі. Әр шопанның жеке кітапшасы бар. Онда бекітілген мал басы, міндеттемесі, жарыстас шопандар, тағы басқа міндеттер жазылған. "Кеңесіп пішкен тон келте болмас" деген. Қашан да ферма адамдары бас қосуда жетістікті айтып, кемшілікті ашып көрсетуді, соны жою үшін қандай шаралар жасау керектігін, оны ортаға салуды дәстүрге айналдырған. Ендеше онбірінші бесжылдықтың қорытындылаушы жылында ұйымшылдығы жарасып келе жатқан коллективті биіктен көретіндігімізге риясыз сендік. Ауыз толтырып айтатын табыстар бола қоймаса да, адамдардың көңіл-күйі көтеріңкі. Олар мол табысқа жету үшін дәл қазір тегеурінді жұмыс жасап жатыр. Несі бар. Бәрі де осылай басталады ғой. Ферма басқарушысы Ж. Смаханов айтады: - Коллектив жас, адамдардың көбісінің орта жасы отыздар шамасында. Светлана айтқандай замандастар ауылы. Туған елімізге бергенімізден беретініміз көп. Оған уақыттың өзі төреші болар. Осы Жомарт менің де замандасым екен. Ол ферма басқарушысы. Бұрын сын көп айтылатын ферманың ісі қазір алға басып-ты. Әлі де көптеген ұйымдастыру жұмысы атқарылмақ. Бұған шексіз қуандық. Жақсы істер атқарыла берсін. Біздер соның куәсі бола берейік. Серт беріп, оны сеніммен ұштастырғанға не жетсін. Өйткені сіздер жүретін өмір жолы, еңбек жолы тым ұзақ, за-мандастар ауылының азаматтары!

1985 ж

ҚЫСТАУДАҒЫ ҚАТАЛ ҚЫС

Суыра соққан ызғырық жел кеше жауған көбік қарды енді бір сәтте құйындай үйіріп, жылға-жылғаға қуалап, үргілеп жатыр. Көптен бері көрінбеген «кәрі құда» қыстың ежелгі әдеті жаңа бас-талғандай.

— Несін айтасыз, ақ қар, көк мұзбен арпалысып, малшылары-мыз өздерінің көмекшілерімен қысқы науқанды өткеріп жатыр. Сонау мұз үстінен қамыс тасып жатқан адамдарымыздың да еңбегі қыруар. Шығыс Қазақстан облысынан шөп жеткізудеміз. Көкшетаудан сабан әкелуде. Егер де өз территориямызда жайқалған шабындық болмаса да, шалғыға ілігер шөп болса, жанталаса жинап алар едік-ау. Кейінгі жылдардағы қуаңшылықтың сыйы осы,— деп совхоз директоры Б.Жексенбин алдындағы мәліметтерге үңілді.

—      Жоқ, жоқ деп қол қусыра аламыз ба? Қиыншылықтан шығар жолды іздестіру керек болды, — дейді сөзге араласқан совхоз партия комитетінің секретары К.Нөкербеков, — Қалай болғанда қоғамдық малды қыстан шығынсыз жүдетпей алып шығу керек. Барлық күш-мүмкіндік осыған жұмылдырылған. Ұйымдастыру жұмысының барлық бағыты осыған негізделген.

Кеңседе әдеттегідей абыр-сабыр жоқ. Елдің бәрі жұмыста. Бос жүрген адамды көрмейсің. Жауапты сын мал қыстату ғой.Жан да жан өз орнында еңбек етіп жатыр.

—      Неге екені белгісіз, директор әңгімені сабақтай түсіп, бензиннен тапшылық көріп отырмыз. Үш күн болды қамыс тасудағы 60 адам бос отырды. Әлгінде ғана хабар алдық. Әзер дегенде бір машина бензин бөлініпті. Бұл екі ортада қаншама уақыттан ұтылдық. 20 машинаға бөлінген бензин де көңіл толтырмайды, жеткіліксіз. Тиісті орындар шаруашылыққа бензин бөлуді ретке келтірер мезгіл жеткен жоқ па екен осы?

Әр науқан басталар алдында совхоз дирекциясы мен партия комитетінің біріккен мәжілісі болады. Шаруашылықтағы 4 ферма-ның төрт көзі түгел жиналды. Бас мамандарға жүктелер міндет ауыр. Ауыр міндеттің жүйелі атқарылса, абыройы тағы бар. Бас қосу ұзаққа созылғанты. Кеңесіп пішкен тон келте болмас деген. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні — мал қыстату.

— Фермалардағы күйі төмендеген отарларға жемшөп цехынан өңделген мал азығын жөнелтіп, оның жұмысын екі сменаға көшіру керек, — деді 2-ші ферманың басқарушысы Қ.Рысқұлов.

— Бұл өте дүрыс пікір. Жемшөп цехы тиімді жұмыс жасамаса болмайды. Мал азығын үнемдеуге, сонымен қатар қоңы төменде-ген отарларға оның көмегі көп, — деген дауыстар әр жерден шы-ғып жатты.

Әрбір фермаға совхоз партия комитетінің мүшелері бөлінді. Нендей кемшіліктер бар, не жетіспейді, қай жерге шұғыл көмек беру керек. Осыны олар орталыққа жеткізіп отыру керек. Ферма-дағы коммунистер бас болып.кемшілікке төзбеуге бекінді. Ешкім де қысыл таяң шақта сырт қалуға тиіс емес. Әр қыстау шопан көмекшілерімен толықтау қамтамасыз етілуі қажетті азық-түлік, киім-кешек, отын-су... бәрі-бәрі мүмкіндігінше болуы шарт. Ферма басқарушыларының дәптерлері жазуға толған. Онда әртүрлі тапсырма, шаралар жазылғын. Ертең қыстау-қыстауды аралап, жағдайды малшыларға жеткізу керек. Сонымен науқан басталып, қыс карекеті шаруашылықтағы 40-тан астам қыстауға да жеткентін. Бүгінде ауданымыздағы іргелі шаруашылық КПСС XXІІ съезді атындағы совхозда 46 мың қой қысқа түсірілген. Мұның 30 мыңы саулық, сонымен қатар-ірі қара, жылқы бар. 3-ші ферманың зоотехнигі Айдарға ферма тағдыры қолына тапсырылғанда қатты толқыған еді. Жұмысқа кірісуге де жүрексінген-тін. Сыншылары да көп, оның ішінде қыс қыспағы ерекше. Біраз қиқалақтап көріп еді. Одан ештеңе шықпайтынын сезді. Оның үстіне совхоз басшылары ферманы қабылдап ал деп тықыл-дап қояды күн сайын. Шаруашылықтағы қат-қабат жұмыстар толып жатыр.

— Жоқ олай емес. Сен менің шәкіртімсің, төзе біл. Соңында бәріне төселесің.

Міне, осы жас ферма басқарушысы Айдар Жортаровпен кешегі телефон арқылы келісім бойынша ферма кеңсесінде жолықтық. Әлі 30-ға толмаған жас маман совхозда бензин мәселесі қиын болып тұрғандығы, шаруашылықты трактормен аралайтындығы-мызды айтып жатыр.

Бұл дұрыс. Ең сенімді көлік осы, — дейді жанымыздағы жол серіктер. Жайылымдықты аршып, отарды сағат таңертеңгі 10-да өріске шығаруды кейбір шопандарымыз әдекте айналдырды. Ал, мына ұзыннан ұзаққа созылған өзек бойы қалың ши, бұған техника сал-ған жоқпыз.

-Себебі?

—Себебі, қар аршитын агрегат шидің басыңдағы дәнін түсіріп кетеді.

Ал, малға керегі дәні ғой. Сояу-сояу сабағының керегі не? Дұрыс дегендей, бас изедік. Трактор рулінде Айдардың өзі. Айдау жолға түскен соң ЮМЗ-ның газын баса түседі. Қызылту қыстауы. Мұнда аға шопан Бөкен Әшірбеков саулық отарын бағып күтуде. Түс әулеті болмаса да, отарын ауылдан біраз ұзатып әкеткенге ұқсайды. Аршылған жолмен ауылдан шұбырып отар сонау қырға қарай көтеріледі де, осы арада бытырай жайы-лады. Қайтарда сол ізбен кері құлайды. Мектеп қыстағындағы аға шопан Есбосын Ешенов қой бағуда тәжірибесі жүдә көп еңбеккер жан. Шопан өрісте. Үйдегі шопан қосағымен шаруашылық жайында әңгіме өрбіттік.

—      Бұл жақтың қысы айыртасқа қарағанда шыбынсыз жаз десе де болады. Біздер бұрын «Айыртаста» едік. Осында көшіп келгенімізге көп болған жоқ, бірінші жыл. Оның қысы қаһарлы ғой. Көз аштырмайтын ақтүтек бірнеше тәулік бойы соғады. Бұл жер олай емес, малымыз күйлі, — дей келіп, — айтпақшы, Айдар қара-ғым, мына мотор су сормай тұр. Не істейсіңдер, — деп сұрағын тұспалдап қойып жатыр.

ЮМЗ-ның жүрісі жүрек аттың сары желісіндей ширақ. Бірнеше қыстауларды іңір түскенге дейін аралап қайттық. Адамдардың көңіл күйі көтеріңкі. Фермада 9814 бас қой бар. Осынша бас мал 16 қыстауға орналастырылған. Сиыршы Б.Машин, шопан Ш.Шәймерденов, Ж.Нәсібаев, С.Айманов, тағы басқалар осы кезеңде сыр бермей, ұжымды жұмыс жасауда.Бастауыш ұйымның есебінде тұратын 14 коммунист жақсы істің басы-қасында жүр. Мұндағы 50-ге тарта жұмысшы бел шешіп, ел байлығын еселеуде. Жол жүрсе өнеді деген. Ертеңіне біз шаруашылықтың 4-ші фер-масында болдық.Ферма зоотехнигі Р.Тәтибеков қыс барысын әңгімелейді. Тоқырауын өзенінің қалың шиі қыста да, жазда да қоғамдық малға пана ғой. Іркес-тіркес жатқан шопандарымыз қалың шиге отарды бір мезгіл жайып алады. Жалпы науқан бір сыдырғы өтіп жатыр. Осында 10300 қойды бағуға не қажеттің бәрі жасалған. Соны-мен қатар 980 бас жылқы бар. Аға шопандар С.Әлімбаев, А.Сәр-сембеков, Б. Мұқашовтар игілікті жұмыстар атқаруда.

—      Қазір ішті саулықтарға ерекше күтім жасап жатырмыз. Қора-ның қиы ойылған. Жем, тұз, минералдық азықтар жеткілікті, — дейді шопан К.Ешмағанбетов.

Ал, көп жылдар бойы қой шаруашылығында еңбек жасаған П.Рахымберлина өз таяғын қызы Күнбала Мұқажановаға тапсырыпты. Ол аудандық советтің депутаты. Шопан таяғын қолына алған күннен бастап, өз өміріндегі еңбек дастанын жазуға кіріскенМал бордақылаудағы игілікті істер назар аудармай қоймайды. Совхоздағы 12 отарға өңделген мал азығы жеткізіледі. Жемшөп цехы екі сменамен таңғы сағат 5-тен кешкі сағат 8-ге дейін толас-сыз жұмыс жасап, тәулігіне 15 тонна өнім береді. Арнайы график жасалған. Қай отарға қай сағатта жөнелтілетіні, қанша тонна екендігі, жауапты адамдар белгіленіп жазылған. Жұмыс қатаң тәртіппен жүргізіледі. Шаруашықтағы екі фермада болып, жақсы істерге сүйсіндік. Адамдар мен қыстаулар егіз ұғым іспеттес. Өйткені, жомарт жүректі жандар қатал қыспен белдесіп, өз мекендері— қыстауда еңбек күйін әулете шертіп жатыр. Олардың алдағы міндеттемелері жөнінде арнайы сөз қозғаған жоқпыз. Оны сарапқа салар мезгіл де келер. Қар қалың түсіпті, қуаңшылық болмағай деген ой да көкейде кетті. Иә.малды ауылдың қаракеті де өзгеше. Қызығы да, қиыншы-лығы да жеткілікті. Шыңылтар аяз. Енді бірде ақтүтек боран. Бәрі-бәрі үйреншікті құбылыс. Енді бірде күн ашық болып, көк жүзін тілгілеп түн меруерттері жұлдыздар ағады.

1986 ж.

ТОРАҢҒЫ БҮРШІК ЖАРҒАНДА

І.Кермарал көктем келдің бе?

Көл жағалай қоныстанған ел өздерін қашан да мақтаныш тұтады. Ежелгі қарт Балқаш әдетінен бір танбайды. Ежелгі деп айтқа-нымызбен ол Мәңгі жас. Уақыт өткен сайын үндесіп, жасарып жат-қан сияқты. Табыс селі тасқындап, құт болып құйылады. Әр бес-жылдықтың өз берері бар десек, халықтың өскелең талабына сай Балқаш көлі де әдетіне басып, байлық берекесін адам игілігінен аяп көрген емес. Иір-иір тораңғы тоғайы көгілдір көктем келген сайын бүршік атып, жапырақ жаяды. Көл мұзы түскен соң, баяу қалқыған үй ор-нындай үлкен сең қатты жел тұрса бір-біріне тарс-гүрс соғылып, шытынап, жарылып жатады. Көшпелі құм жаз бойы сырғиды. Шөлейтті аймақтың жаз ортасы ауысымен табиғаты күрт өзгереді. Ақзер аймақ енді бірде сарғыш тартады. Ал, біздер көктемнің тамаша торғын күнінде көл жағасына орналасқан «Балқаш» совхозы сауыншылары арасында болып, он екінші бесжылдықтың алғашқы тоқсанында атқарылған жұмыстар-мен танысқан едік. Бұл шаруашылықтың 1-ші фермасы. Оны Тәшен Саданова басқарады.

— Биыл кермарал көктем кеш келді ғой, — деп, Тәшен өзімен қатарласа келе жатқан Шолпан Әбдіқаеваға қарады.

— Шындығында бұл уақытта қар ерте кетіп, қара торғайлар қонақтай бастаушы еді. Көлдің мұзы да жайлап еритін болар, — деді Шолпан. Сөйтті де әңгімесін жалғай түсті.

—      Айтпақшы, жайлауға көшу мәселесі қалай болып жатыр?

—Совхоз директорымен ақылдастым,— деді Тәшен.— Ертең мына қыр жақтағы мал қоныстанатын мекенді шолып қайтамын. Моторлы құдықты қалпына келтірісімен, бойдақ малды көшіре беру керек қой деп ойлаймын. Азық-түлікті, қажетті құрал жаб-дықтарды реттей бермесе болмайды.

—Оныңыз дұрыс, — деді Шолпан. —Енді жер құрғады. Күн қызы-сымен көк те қаулай түседі. Бойдақ малды қорада ұстаудың қажеті жоқ.

Тәшен мен Шолпан сиыр сауатын орыннан біраз ұзап кеткен-тін.Кешкі сауыннан қайтқан сауыншылардың мөлдір күлкісі айна-ланы жаңғыртып тұрғандай әсер етеді. Шолпан Әбдіқаева ауданымыздағы таңдаулы сауыншылардың бірі. Онбірінші бесжылдықта жақсы көрсеткішке жеткен оны бүкіл ауыл құрметтейді, еңбектегі тәжірибесі жүдә көп. Шолпан мен ша-руа барысында әңгімелесудің өзі бір ғанибет. Басқарушы Тәшен Саданова онымен сыр тиегін ағытуының мәнісі осында жатыр. Қандай да болмасын отырыстарда Шолпан еңбек өнімділігіне жету туралы ашық пікірге көшеді. Кейбір артқа тартушыларды қатты сынайды. Оларды қатарға қосылуға шақырады. Айтары көп, ұсынысы мол. Бірде былай болған. Бір сауыншы үнемі сылтау айтып, қисыны жоқ нәрсенің басын бір шалды. Сүт сауудың жоспарын орында-майды, сауын сиыры жүдеу. Бұған шыдайтын Шолпан ба? Және бригадалық мердігерлік әдіске көшкеннен бері бір кісідей жұмыс жасауы қажет. Бәрінің табысы ортақ қазанға құйылады. Ал, жо-ғары көрсеткішке қол созым тұрғанда кедергі келтіріп, оның арт-қа тартуы шын ашу-ызасын туғызады.

—      Сен еңбекті, өз коллективіңді сыйламайсың. Біздің сауын сиырымыз сенікінен артық па? Неге баптамайсың? Тілді сөйлеуге берді екен деп, сайрай беруге бола ма? Жұмыс жаса, жем бар. шөп жеткілікті. Су өзі келіп тұр. Тағы не сұрайсың? Қора жылы, сүтті аппаратпен сауасың.

Міндеттемесін орындай алмаған сауыншы 3 бригада мүшелерінің алдында қатты қысылды. Сонда барып «Бәрін түсіндім» дегендей басын сәл-пәл көтерді. Коллективтің талқысы деген осы болар. Шолпан осылай деп жер-жебіріне жеткен соң басқалары үндеген жоқ.

Кешкі сауыннан қайтып келе жатқанда, сырт жақтарынан біреу:

—      Шолпан апай, — деп дауыстады.

Қараса, жас сауыншы, «Шағала» комсомол-жастар бригадасының бригадирі және комсоргі Жағалтай Абжанова екен.

—      Шолпан апай, жаңа дұрыс сөйледіңіз.Бұрын біз де жасы үлкен болған соң үндемей жүруші едік. Бірақ тым артық айтқан жоқсыз ба, адам көңілі тым нәзік қой.

—Жағалтай-ау, ол біздің жанымызды, таң атқаннан күн батқанға дейінгі тынымсыз жұмысымызды сыйламайды. Коллективтің аты-на кір келтіретін адамға біздің арамызда орын жоқ, біліп қойсын. Түсінбесе, солай, ащы да болса, шындығын айту керек.Шындық-ты бүркемелемей, бетке айту осы болады.

Жағалтай үнсіз басын изеген.
Біреуі еңбек жүйрігі болса, екіншісі, оның алдағы уақыттағы ізбасары.

Кермарал көктем өз күшіне енген. Сәуірдің нұрлы сәулесі Шолпан мен Жағалтайдың күнге тотыққан жүзін аймалап, сипап өтіп жатқандай.

2.САУЫНШЫЛАР САЙЫСЫ

Осы І-ші фермада 2611 ірі қара бар. Мал қыстату науқанын үлгілі өткізген бұлар сәтімен жалғасқан еңбек ырғағын бәсеңдетпеуге ұйғарған. 3 бригадаға бөлінген 18 сауыншы сүт бұлағын селдетіп, социалистік жарысты кеңінен өрістетіп келеді. Ферма зоотехнигі Нұрділдә Шегіров алдындағы қағаздарды іріктеп, мәліметтерге қарап отыр.

—Сүт өндіруді молайту жолында көп шаруа тыңдыруға тура келеді. Қыс айында жемшөп цехы үзіліссіз жұмыс жасап, мал азы-ғын өндеп бердік. Не керек, жұғымды қорек болды, — дейді зоо-техник.

—Тоқсаңдық жоспардың орындалысы қапай?—деп сұраймыз біз жоспар бойынша үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында 140 тонна сүт өндіру керек болса, 141 тоннаға орындадық. —Озаттар көшін кім бастап келеді?

—Шолпанның қарамағында 30 сиыр бар, күніне әр сиырдан 7-8 литр сүт өндіріп, тоқсандық мәреге жетті. Одан кейін П.Сыздықова жақсы қырынан танылды. Жыл ішінде әр сиырдан 1700 литр сүт сауу керек болса, осы биіктен бірнеше сауыншылардың көрінуіне мүмкіндік бар. Әйтсе де артын бағамыз ғой. Жыл аяғына дейін жас сауыншылар да озаттар қатарын толтырады ғой деп ойлаймыз.

Зоотехник айтқандай жастар демекші «Шағала» атты комсомол-жастардың сауыншылар бригадасы ұзақ үзілістен кейін қай-ыра еңбек әуенің жалғастыра түсті. Бригаданың құрамында 5 сауыншы бар. Қарамақтарына ірі қара бекітіліп берілген.Ұстаз жетекшісі З.Жаңабергенова. Бригададағы Р.Арынова, Б.Жантуғанова тағы басқалар тәжірибелі сауыншылардан тәлім алып, сүт өндірудің қыр-сырын үйренуде.

—«Шағаланың» қанаты қатайды ғой. Жұмысқа кіріскендеріне біраз болды емес пе? — деп сұраймыз жастардың бригадир комсоргі Ж.Абжановадан.

—Әрине, — дейді комсорг бригада мүшелері бұрын да бұл жұмыспен айналысқан. Бірақ олар бұған дейін әр бригадада бөлек-бөлек болған еді. Совхоз партия комитетінің ұйымдастыруымен тарап кеткен бригада қайта құрылды. Алғашқы қадам жаман емес сияқты. Ферма коллективінің ауқымды табысына жалын жүрек жастар да үлес қосты. Дегенмен, бригада құрамын одан әрі толық-тырса, қатарын көбейтсе, ісіміз тіптен жандана берер еді.

Иә, І-ші бригаданың ұйымшыл коллективі он екінші бесжылдық-та қадамдарын сәтті бастады. Өндірілген сүт сапалы күйінде Бал-қаш қаласындағы сүт заводына жөнелтіледі. Жемшөп цехының меңгерушісі Қ.Әріпбеков, бақташы С.Бөкетаев, сауыншылар М.Шойбасова, Н.Алтынбековалар басқаларға ұйытқы болуда.

—Не жетіспеді, өнімді еңбекке бөгет болатын кемшілік бар ма? - деген сұрағымызға совхоздың бас мал дәрігері Т.Хасенов бы-лай дейді:

—Жайлаулардағы құдықтар сын көтермейтін жағдайда. Былтырғы құдықтың трубалары бітеліп қалған, кейбір жерлерден жа-ңадан құдық қазуға тура келеді. Өткен жазда моторлы құдықтың жөнді жұмыс жасамауының салдарынан бірнеше табынды маши-намен суардық. Жайылым бар, су жоқ. Осыған «Газводоснабже-ние», «ПМК-27» мекемесінің көмегі қажет-ақ.

Шындығында жаздың аптаған ыстығында судан сусап отыру келіспейді. Қолдан келетін шаруаны тиісті мекемелер уақытты создырмай жасағандары жөн. Сүтті мол өндіруде суат көзінің келісті болуы бірден-бір резерв. Азық-түлік Программасында, КПСС XXVІІ съездінің шешімдерінде атап көрсетілгендей РАПО-ның салалық мекемелері тез арада ат салысуы, жаңды көмегі қажет болып отырғандығы өзінен-өзі түсінікті.Фермада жаңа ту-ған бұзаулар зоотехникалық, малдәрігерлік ережелерге сай ба-ғып күтілуде. Орны таза, қора жарық. Малшылар үйі... Бұл сауыншылардың, бақташылардың бір күнгі еңбек қорытындысын сарапқа салатын, еңбек және саяси тақы-рыптағы әңгіме өткізетін орын. Мұнда пресс-бюллетень шығарылады. Озат сауыншыларды еңбек жеңісімен құтықтау ілінген. Құрмет тақтасы бар. «Сауыншы бұрышы», «Бақташы бұрышы» көз тартады. Он күндік тапсырманың қорытындысы мезгілінде шығарылады. Бір мезгіл сауыншылар, бақташылар, басқа да жұмысшылар асханадан тамақтанады. Ленин бөлмесінде әңгіме өткізіледі. Фермада 18 коммунисті біріктіріп отырған цехтық бастауыш партия ұйымы бар. Кәсіподақ, комсомол, тағы басқа қоғамдық ұйымдар науқан барысында іске нағыз жанашырлық танытып келеді. Депутаттар мен халықтық бақылау топтары алға басқан жақсы іске қуанады. Ал, кемшілік көрсе, төзбейді. Оны қалыпқа келтіргенше тыным алмайды. Міне, қоғамдық ұйымдардың белсенділігі осындай. Ендеше, табыс арнасының кеңейе берері де сөзсіз.

— Коммунистер алғы шепте. Олар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарады. Басқаларды өнегелі істерімен соңдарынан ерте біледі, — дейді цехтық бастауыш партия ұйымының секретары З.Жаңабергенова бізбен әңгімесінде.

Он екінші бесжылдықтың берекелі көктемі. Табиғаттың түкті кілемдей құлпырып, жадырай бастаған шағы. Балбыраған, сұлулыққа тіл бітірген, адам мен табиғатты үндестірген, ынтықтырған нұр көктем. Арудай сыланып, кермаралдай керіліп сен келген сайын мойнымыздағы міндетіміз де салмақтанып, арта түседі. Еңбек күйі шалқыған ауылдан көтеріңкі көңіл күймен аттандық. Сонда ақ халат киген сауыншы қыздардың біреуі:

—Тораңғы бүршік жарыпты, — деп құбысына наздана айтып тұрды. Олар үшін Тораңғының жапырақ жаюы еңбектің де, көктемнің де айынма символы іспеттес.

Рас, қайтар жолда байқасақ, Тораңғының сидаң бұтақтары жұмсарып, суланып, бүршік жайып келеді екен.

1986 ж.

ЗАМАНДАС

Төрткүл табиғаттың тәулік бойына қаһарына мініп тұрар мұндай құбылысын кім көрген. Демін ішіне тартып, күшене-күшене соғатын долы боран сол күні ағы да жер мен көктің арасын тұтастырып жіберген. Бұл ауылға алғашқы рет жолы түскен адамның екі иығын төмен тартып, еңсесін көтере алмауы да шындық. Боран да боран. Шіркін-ау, жазы қандай? Қысы «туф» деген түкірігің де жерге түспей қатып, үстіңдегі киіміңе мұз болып, қабыршақтана жабысатынын қайтерсің. Қалай болса да механизатор болуды, содан соң аласапыран уақытта жол үстінде жүретінің немесе қиын тапсырманы мойныңа алып, алыс сапарға аттануды балаң жігіт әуелде бойына алмаған сияқты. Бар айыбы... Иә, бар айыбы механизаторлық алты айлық курсты ойдағадай үздік бітіргені. Туған ауылына оралды. Оның алдында совет Армиясы қатарында болып, азаматтық борышын өтеп қайтты. Бар білгені сонау жас кезінде шынжыр табанды, ДТ-54 тракторының белуардан келетін қалың қардың үстінде шаңғы-дай зырлағаны. Онын рычагын екі қолымен алма-кезек тартқан қай-ыстай қара торы жігіттің бейнесі де. Қимылы да көз алдында қалып қойыпты. Бәлки соңдықтан болар, «тракторды бір зымыратсам-ау» деген сезім оң бүйрегіне кіріп алған. Бәлки соңдықтан болар, сол аз ғана сүйіспеншілік, құмартушылық оны бесаспап механи-затор етіп, өз замандастарының алдына бір-ақ шығарды. Бірақ ол ДТ-75 тракторының рычагын ұстаған жоқ. Керісінше, бұрын түсінеде кіріп қөрмеген К-701 тракторының руліне отырды. Мұнан басқа айтар өмір жолындағы өзгешелік жоқтың қасы. Ал, жасы ше? Жиырма бестің иығына көтеріліп, қазір жалын атып, яғни, тепсе темір үзетін шағы. Жиырма бес... Алаулаған жігіт жасы ғой ол. Яғни, жиырма бестегілер Серікбол сенің заманда-сың, сенің құрдасың. Ол туралы аз кем әңгіме қозғайтын, оның еңбектегі қарапайым бейнесін шама-шарқынша жеткізетін жиыр-ма бестегі замандасы. Сонымен... Қыстың ұзақ таңы сарғайып атқанда Серікбол әдеттегідей далаға шығып таң аруы шолпанның батысқа қарай ойысып бара жатқанын елден бұрын көретін, кейде көрмейтін... Ол бүгін Шолпанды көре алмады.Ұйытқи соққан боран аспан түгілі тас лақтырым жердегі еңгезердей К-701 тракторын көрсет-пей, қарасын жапқан. Айыртас өңірінің қатулы қысына жаңы әбден үйреніп кеткені соншалық. Аққұйрық боран, сақылдаған аяз бұған түкке тұрғы-сыз. Анасы айтқан: — Құлыным-ау, сен жолға шыққанда қатты алаңдап отырамын. Ылғи да боранды күндері үйден кетесің. Сен жолға дайындалғанда боран соғатын әдеті бар емес пе? Трактор, трактор деп өлетін болдың ғой. Бұған да сенуге болмайды. Жапан далада бұзылып қалса, не бетіңді айтасың. Аздап дамылдап алып жүрсеңші. Дала алыбы атанған К-701 тракторын ұршықша иіргеніне де көп болған жоқ. Оның үйдей үлкен «құбыжық» екенін көргенде анасы қарсы болған.

—      Құлыным-ау, мына немені шынтақтай басыңмен жүргізем деп отырсың-ау. Өзін совхозға, осы ауылға қалай айдап келдің, — де-генде Серікбол анасына мардымды ешнәрсе айта алған жоқ. Алаң-дама, апа, әлі-ақ меңгеріп кетемін ғой, — деп айтқысы келіп еді, ісімен қөрсетуді жөн көрді.

Ол талай-талай боранды күндері жол үстінде жүріп, тонна-тон-на жүктерді алыстағы елді мекеңдерге жеткізді. Содан соң қажетін ашқан шопан-бақташылардан да алғыс арқалап қайтып жүрді. Мүмкін сол ақ алғыстар шығар. Кейінгі кезде замандастары Серікболды «жолы болғыш жігіт» деп атап қеткен. Бірақ Серікболың бойындағы қажыр-қайраты, еңбекке деген құлшыны-сы тым биікте еді.Ол үнемі алысқа қарап, әріден ойлап, толғанып та жүреді.

Бірде былай болды.

Балқаш қаласынан қос тіркемеге жемді сықита тиеп алып, совхоздың Ащықұдық қыстағынан өте бергенде боран басталсын.

—      Ұзақ жолдан шаршап қеле жатқаңда боранда жүру тіпті қиынға түседі ғой, — дейді Серікбол. Ұзынынан ұзақ созылған қос телешке сақ болмасаң, тракторды оңға да, солға да лақтырып оты ішінде 4885 эталон гектар жердің жұмысын жасау керек еді. Еңбек көрсеткішін де, еңбек өрлеуін де арттыра отырып, 5690 эталон гектар жердің жұмысын жасапты. Сөйтіп, 281 сомның жанар-жа-ғар майын үнемдепті. Бұл цифрлық қөрсеткішер Серікболдың бір басына үлкен абырой екені даусыз.«Коммунистік еңбектің екпіндісі» деген құрметті атақты 1978 жылы жарыс қорытындысын-да жеңіп алды. 1971 жылдан механизатор.

1954 жылы жарық дүниеге келіп, тал бесікте тербетілген Серікбол қазір жиырма бесте. ...Сыртта боран үдеп тұр. Серікбол екеуміз К-701 тракторы-ның ішінде әңгімелесіп отырмыз. Ол ұстай-ұстай жылтыр болған рульді ерсілі-қарсылы баппен бұрып, әңгіме айтады. Мен тыңдай-мын. Сонда Серікболдың мынау өмірге деген көзқарасынан әдемі де сұлу сырларды ұққан едім.

—Мен ешкімнен де артық тасып жатқаным жоқ қой. Азын-аулақ еңбегімді совхоз басшылары мерей тұтып, мақтауларға іліктіріп жатады. Соңда біртүрлі өзім ұяламын, — деп Серікбол өзінің мақ-тау сүймейтінін тағы да айтып салды.

Боран арасынан бір адам әрең-әрең жүріп, бізге қарай таяп келеді. — Менің апам ғой, — деді Серікбол.

—      Серікбол-ау, қашан жүруші едің. Ыстықтай тамағыңды ішіп алсаңшы, — деп анасы есікті ашып түсіп келе жатқан Серікболға тіл қатты. Боран үлкен кісінің аузынан шыққан сөзді іле қуып кетіп жатыр.

Серікболдың анасы дастарқан басында ұлы туралы сыр тартқанымда мен риза болатындай әңгіме айтқан жоқ. Бар болғаны мынау ғана:

—      Баламның ең кенжесі осы Серікбол ғой. Үлкендерім өз алдына отау тігіп, семья құрған. Серікболдан үлкен Коля деген ұлым, ол да осы совхозда механизатор болып жұмыс жасайды. Кенже ұлымның еңбектегі жетістіктерін жер-көкке түсірмей мақтап, бас-шылар да маған жеткізіп жатады, — деп анасы Серікболға қара-ды. Ол болса, төмен қарап, ұялған сыңай байқатты.

Аз ғана уақыт ішінде Серікбол екеуіміз бір-бірімізді соңдай тез түсінісіп, етене жақындасып қеттік. Әңгіме арасында:—Үйдің кенжесі екенсің. Анаң сенен келін күтіп жүр ғой, — дедім.

—Бойдақтық өмірдің қызығын да көріп жүргенім шамалы, замандас. Жұмыс та жұмыс. Мен кейде қол қусырып, ауырдың үсті,жеңілдің астымен жүрген құрбыларымды қөргеңде қатты налимын. Туған еліңнің кәдесі үшін тамшыдай болса да үлес қосқаныңа не жетсін. Мен осы қағиданы ойыма берік сақтаймын.

Осы Серікбол Қантаев сенің де, менің де замандасым, жиырма бестегілер. Онымен кездесіп, ұзақ әңгімелескен ақпанның ақ-түтек боранды күндері де қазір де есімнен кетпейді. Кезекті рейстен келіп, демалып, дамылдайын дегені сол еді, совхоз басшы-лары аяқ астынан шақырып алып, қыстақтардың арасына жол аршуын өтінді. Жайсаң жігіт бұған да қарсы болмады. Жан серігі болған К-701 тракторына құс тұмсық қалақты тіркеп, алыс фермаларды бағытына алған. Оған деген жергілікті тұрғындардың ақ алғысы бір төбе. Біз әңгімелесіп отырғанымызда бір қарт кісі келіп, Серікболмен амандасқан соң, тіл қатты:

—      Өркенің өссін, бір азамат сендей-ақ болсын, қайда жүрсең де жолың болсын, қарағым, — деді ол.

Жас жігітке деген бұл да бір кезекті сапар алдындағы айтулы жол ақысы іспеттес. Ол туралы аз-кем әңгіме қозғап, оның еңбектегі қарапайым бейнесін шама-шарқынша жеткізген жиырма бестегі замандасы мына Мен.

1979 ж.

ҚАРАҚАТ КӨЗІ МӨЛДІРЕП...

Кездесу аяқ астынан болды. Оңтүстікке құстар қайтып, қоңыр күз есік қаққанда І-ші ферманың елді мекенін аралап шаруа ба-рысымен танысқан едік. Қолымызда фотоаппарат бар. Ондағы ой-ымыз еңбек озаттарын реті келсе, суретке түсіре отырып, әңгімелесу. Ферма басқарушысы Т.Бегімбаевпен тілдескенімізде былай деген еді:

—      Озаттар көп, аудандық партия комитеті тексеру комиссиясының мүшесі Сайраш Кокулеева әрбір науқанға белсене арала-сады. Суретке түсіруге әбден болады.

Сәті солай түсті. Аудандық партия комитетінің мүшесі... Ол үлкен жиындарға қатысып, өз пікірін ортаға салады. Мал шаруа-шылығын өркеңдету жөніндегі проблемаларды тыңдап, өз ауылы-мен салыстырады. Жас коммунистің жүрегіңде жалпы оты бар. Оны біз алғашқы әңгімеден анық байқаған едік. Бірінші сыр. — Мектеп бітіргеннен ойымыз сан-саққа жүгірген-тін. Кластастарым жоғары оқу орындарына аттанып жатса, мен бірден әкеме көмекші шопан болуға тілек білдірдім. Әкем Каколов Тәліпбай совхозда бірнеше жылдан бері шопан болып еңбек етіп келеді. Жасы болса, келіп қалған. Осындайда қолдан келгенше көмек жасап, мал өнімдерін молайтуға, қозы алуға жоғары көрсеткіштерге жетуге ат салыссам ба деп ойладым. Бұл ойым жүзеге асып келеді. Малға көзім қанық болып өсті ғой. Сонда да бекем кірісу оңай емес екен. Қаһарлы қыс, көктемнің жауын шашынында жел өтінде жүресің. Мұндайда төзімділік керек. Бұл 1983 жыл еді. Мен сол жылдың қоңыр күзінде күзетке ба-рып, іске кірістім. Жайлау өңі сарғыш тартып, күз реңі күшіне ен-ген. Отардың күйіс қайырғаны, әсіресе түнгі күзет қызық. Көзге түрткісіз қараңғыда қорқынышты. Бірақ үрейді батылдық жеңеді екен. Шөп басына шық тұнады, қырау тұрады. Иә, онда да дәл осындай қанаттарын баяу қағып, оңтүстікке құстар қайтып жатқантын. Екінші сыр. — Он екінші бесжылдықтың беташар жылының қысы тым қаһарлы болмаса да,біраз қыспаққа алды ғой деймін. Тау беткейіне орналасқан қыстауға қатал қыс келісімен бізден де маза кетті. Шөп тапшылығы және бар. Әкем айтады: шама келгенше шалғайдағы жайылымдықты пайдаланайық деп. Күн ашықта анау-мынауға қарамай, отарды шалғайға алып кетеміз. Сонда да алаңдайтын едік. Аяқ астынан боран болса, жеткізіп кө р. Ептеп қар ұшқындаса, аландаушылық туады. Ал, жел тұрса, боран соқты дей бер. Бір қызығы, әкем ауа райын алдын ала болжай біледі. Таң қаламын. Айтқаны аумай келеді. Бірде былай болған. Күрең атты алдыңғы екі аяғынан тұсап, ауыл маңына жібергенмін. Қолда бұдан басқа екі ат бар. Оны жібермейміз. Күрең ат әлді еді. Омырауымен қар бұзады десем, артық айтқан-дық емес. Буы бұрқыраған жылы қорадан шыққан отар өріске шығысымен әкем айғайға бассын. Таңертеңгілік шай басында ештеңе айтқан жоқ.

— Балам, — деді, — күрең атты бекер жібергенсің. Ауа райы бұзылатын түрі бар. Отарды ауылдан ұзата қоймаспыз. Дегенмен, сол ат керек. Барып алып келе ғой.

Үйдің жанындағы дөңге шығып едім, күрең ат көзге көрінбеді. Әрі қарай іздеуге еріндім. Қайтып келдім.Әкемнің мінезі қайсар. Айтқанынан қайтпайтын. Дереу шарбақ ішінде тұрған торыны ерттеп алып, жоқ іздеуге шықтым. Жануар ұзап кеткен екен. ...Өрісте жүрміз. Кенет ауа райы бұзылсын. Алдымен құс қанатындай жапалақтап қар жауды. Уақыт өткен сайын жиілей берді. Соңында жел көтерілді. Отардың алдыңғы жағында жүрген әкем шауып келді де, менің астымдағы күрең атты ауыстырып алсын. Бірақ ауыз сөз айтты: — Осылай боларын білгем. Отарды дереу үйіріп ауылға беттедік. Уақыт өткен сайын боран үдеп барады. Жарықтық күрең аттың мықтылығын осындай-да көрдік. Көзім жетті. Менің астымдағы торы екі айналған соң кібіртіктеп басты. Ал, күрең болса, ауыздығымен алысып, әзірше сыр берер түрі жоқ. Көп кешікпей отарды шығынсыз ауыл маңына әкелдік. Мен де үндеген жоқпын. Ол кісінің қандай құпиясы бар екеніне-тағы да таң қалдым. Күні бүгінге дейін сұраған жоқпын. Тек ауа райы жөнінде жыл он екі ай ішінде қандай болжам айтса да иланатын болдым. Кім білсін, үнемі ат үстінде жүру, табиғатпен сырласу шопандарды да осындай сырына қанықтырған шығар. Үшінші сыр. — Қой төлдетуде бригада болып жаппай кірістік. Көмекке келген сақманшылардың әр қозыны аман сақтап, шығын-сыз отарға қосуға деген ниеті бізді де риза етті. Әуелі фермада ашық партия жиналысы болды. Ондағы күн тәртібіндегі мәселе төл төгініне дайындықтың барысы. Содан кейін совхоздың сақман-шылар слеті өтті. Тілегіміз бір жерден шығып жатты. Он екінші бесжылдықтың беташар жылында кем дегенде әр жүз саулықтан 100 қозы алу. Сол мақсатта жұмыс жасадық. Біздер әр жүз саулықтан 84-тен қозы алдық. Мемлекеттік жоспарға, социалистік міндеттемеге жете алмадық. Алайда, бұған қарап табыс тоқырап қалған жоқ. Әр қозыны 33 килограмм сал-мақта етке тапсырсақ, жүн қырықтыруда берекеге бетбұрыс жасадық. Мал шаруашылығында науқандық жұмыс таусылған ба? Фермадағы шопандардың тұрғын үйлерін, мал қораларын жөндеуге ат салысамыз. Совхоз партия комитетінің секретары М.Сәрсенбеков қоғамдық жұмыстардың кінаратсыз атқарылуына қатаң бақылау жасайды. Мен фермада үгітшімін ғой. Аудандық партия комитетінің мүшесі Қосымша ақы жөнді есептелмейді. Бұған да қатысты мәселені тура қоямыз. Бір қыстаудың қиы дер кезінде ойылмаса, оған да жаны-мыз ауырады. Ал, КПСС XXVІІ съезінің шұғыл бетбұрым кезеңі бізден, коммунистерден ыждахаттылықты, коллективке ұйытқы болуды талап етіп отыр. Қазір отарымыз қоңды. 700 саулық бар. Күйек алу науқанын ойдағыдай өткеруге не қажеттің бәрін жасаймыз.

Қарақат көзі мөлдіреген жас коммунист қыздың арман-мұра-ты тым биікте екен.
1986 ж

АДАМДАР МЕН ҚЫСТАУЛАР

Еспенің арғы жағы, бергі жағы Кең даланың келбетті көрінісі бұл күндері осы өңірде кездеспейді деп кім айтсын. Әр маусымның өзіндік ерекшелігі, сән-салтанаты бар екенін еске алсақ, еріксіз ой тоқтатуға тура келеді. Жер-ананың түкті кілемдей құлпырып, көз жауын алатын шағы көгілдір көктемде, яғни мамыр айының басында қарға қызғалдақ-тар қаптайды. Қыраттар дүрия пешпет жамылып, тынысыңды рахаттаңдыратын торғын сезімдерді іздейсің. Биыл да біз жүріп өткен шежірелі өлкеде әдемі өмір басталып, ауыл адамдарының қажырлы еңбегімен ұштасып, берекелі табыспен аяқталуда. Одан соң жайдары жаздың да шуақты күндері қасиетті топыраққа бар қызуын аямай төккен еді. Бүкіл шабындық алқабы қыр самалымен жайқалып, «ырысыңмен адамдар» дегендей көңіл тояттандырып, алғашқы бетте-ақ сендіріп тастаған болатын. Таулы аймақтың табиғаты ерекше әсем. Жаз бойы жарқ-жұрқ ойнаған найзағай... Жер бетін аямай сабалаған ақжауын... Осы көріністің жұмысқа да кедергісі аз болған жоқ. Адам мен табиғаттың арпаласы осылай басталды. Адамдар осылай жеңді. Сайып келгенде, мұны бәрі жергілікті тұрғындар үшін үйреншікті құбылыс. Совхоз орталығының шығыс жағында Еспе атты өзен бар. Осы өзен найзадай шаншылған Ойран тауының батыс бөлігін айнала өтіп, етектегі Құттымбет өңірін орай бөктерлей ағады. Өзеннің жағасы жайлау, шөбі шүйгін, суы тіршілік нәрі іспеттес. Бұл өзеннің маңайы думанды елді мекен. Еңбекпен өсіп, өркендеген іргелі шаруашылық. Көгілдір көктемде арнасынан аса ағып, ақ көбігін аспанға ататын өзеннің арғы жағы, бергі жағы қаптаған қойлы ауыл. Аталмыш совхоздың 1-ші фермасы міне осы өзеннің бойы қуалай отырып, қоныс тепкен. Табиғаты да бөлектеу. Қыс ызғары ерте сезіледі. Әйтсе де, қараша айы жылы болып өтті. Шаруажай қауым қыс қамына күні бұрын кірісіп, етек-жеңін кеңінен жинап алды. Ферма басқарушысы Алдаш Қасымбеков табаны күректей 22 жыл шаруашылыққа қоян-қолтық араласып, қызмет жасап келеді. Балуан денелі, толықша келген кең жауырынды жігіт ағасы сөзге сараң болғанымен әр ойын нығарлай айтып, оны адамға байыппен жеткізуге тырысады. 12 қыстақтан тұратын ферма территориясының сай-саласы, бұта-талы көз алдында. Жайылым ба, шабындық па, суат көзі ме,оны да жырдай жаттап алған. Сұрай кетсеңіз тебірене, сүрінбей дәлелдеп береді. Совхоз басшылар Алдашты «Іскер басқарушы» деп кімге де болсын көлденең тартып, мақтана айтады. Бұл лебіздің де түп-төркіні мәнділігімен шыңдыққа ұштасып жатыр-ау. Жоғарыда айтқан пікірімізді әрірек нығарлай түсейікші. А.Қасымбеков 13 жыл ферма басқарушысы болса, соның жеті жылын осы І-ші фермада өткізіп келе жатыр. Шопандар мен еңбекшілердің мінез-сырын бес саусағындай біледі. Ал, біздің әңгімені ферма басқарушысынан бастауымыздың бір тетігі осында жатыр. Өйткені беделді, білікті басшы болса шаруашылықтың тасы да өрге домалап, табысы да арта түспек. Жерде қырбақ қар жатыр. Біз жолға шығар алдында боз тұман төмен қарай төніп келіп, іле көк аспанға сіңіп кетсін. Солтүстіктен жел соғып, жабағы бұлттарды ырқына көндіре айдай жөнелген. Артынша күн көзі жылт етсін. Демін ішіне тартқан дарқан дала тыныштық құшағында ма деп қаласыз. Жоқ мүлде олай емес. Дала тынышталып жатқан жоқ? Қырда шопан жүр. Текке жүрген жоқ. Алдында отары. Отар болғанда қандай! Дала төскейінде адамдар жүр. Сондықтан ол мәңгілік тіршілік пен қарбалас уақыт ағынымен түлеп жаңара береді.

Тағы бір дәлел.

Тау қойнауындағы немесе жазық даладағы, әйтпесе аңғардағы қыстауларға жолыңыз түссе, ақжүректі, нұрлы дидарлы адамдар-мен кездесесіз. Олардың қолын ұстап, амандасқан соң ыстық алақандардың мейірімді табы бойыңызға шымыр-шымыр тарайды. Шопандар мекеніне бастап баратын сан тарау жолдардың біреуімен жүріп келеміз. Адам мен адамды кездестіріп, қилы-қилы қызықты тағдырлармен шүйіркелестіретін дала жолдары бейне бір өмір жолы сияқты. Сондықтан да алыстан көрінген Аққора атты алтын аймақ бауырына жеткенше асықтырған. Машина зулап келеді. Әлі толықтай қармен көмкерілмеген құба жондардың жотасы көрініп, әр жерден қылаң береді.

—Бұл күндері шаруашылығымызда күйек алу науқаны басталып та кеткен. Мына келе жатқан қыстаудың аты Аққора. Жер атына байланысты қойылған. Осыдан әрі толып жатқан қыстаулар. Жол қатынасы да жаман. Сондықтан бәрін де аралап шығуға толықтай мүмкіншілік бар, — дейді жанымызда отырған ферма басқарушысы Алдаш Қасымбеков.

Жол ойпаңға түсті. Биік таудың етегінен ағараңдап ауыл көрінді.

—      Машинаны қой ұрықтандыратын пунктке қарай бұр.Төлеухан соңда шығар, — дейді Алдаш шофер жігітке.

Алдымыздан ұзын бойлы жігіт шықты. Ферма басқарушысы бұл кісіні Төлеухан деп таныстырды. Яғни, ферманың зоотехнигі, ол аталмыш қыстақта техник-ұрықтандырушы болып үлкен іске өз үлесін қосып жүр екен.

—      Науқанды таяуда ғана бастадық. 770 саулықтың дені ұрық-тандырылды. Ендігі мақсатымыз оныншы декабрьге дейін науқ-анды сапалы аяқтап, кейбір қайыра күйлеген саулықтарды қош-қардың алдынан өткізбекшіміз, —дейді зоотехник.

Аға шопан Сапарбек Мақсұтов көп жылдан бері қой бағумен шұғылданады. Жұмысына берік еңбекшіл шопанның биылғы межесі де қомақты. Қарамағындағы әрбір 100 саулықтан 100 қозы алуға социалистік міндеттеме қабылдаған.

— Көштен қалу ер азаматқа сын. Сондықтан үстеме социалистік міндеттеме қабылдауға бекем бел буып отырмын. Ол үшін күйек алуды ықтиятты түрде өткізген жөн. Бүған қазірдің өзінде де негіз қаланып жатыр, — деп аға шопан Сапарбек Мақсұтов Төлеуханға қарады.

— Сапарбек-ау, маған неменеге қарайсың?Отарың қонды, қыс-тауыңда 300 тонна жемшөп бар. Су көз жеткілікті. Сенің қандай қатал қыс келсе де қысыларың жоқ, — деп Телеухан да аға шопанды сөз астарымен әзілдей қағып тастады.

Пункт үйіне кірдік. Қосымша азықпен қамтамасыз етілген қош-қар мен саулықтар қолайлы жерге орналасқан. Қалыпты темпера-тура сақталып тұр. Қабырғаға қой ұрықтандырудың арнайы графиктері жазылып ілінген. Қай бөлмеге кірсеңіз де мұнтаздай таза, ұқыпты қолдан шыққаны көрініп тұр.

—Бүгін қанша қой ұрықтан өтті?

—      Таңертең отыз саулықты алып қалған едік. Түгелдей шағылысқа түсті. Жүмыс аяқталған соң қошқарларды суарып, жемдеп ерекше күтімге аламыз. Мал дәрігерлік-зоотехникалық ережелерге сай міндетімізді атқарып жатырмыз. Еңбек абыройы бәрімізге ор-тақ қой, — деді зоотехник Төлеухан.

Аққора қыстағындағы Сапарбек Мақсұтовтың ауылында аз ғана аялдап, келесі қыстауға қарай бет алдық. Жер апшысын қуырған ГАЗ-53 автомашинасы әні-міне дегенше жазық даладағы шопан ауылының төбесін көрсеткен. Айтпақшы, Әбеке, бүкіл ауданымыздың мақтан тұтатын даңғайыр шопаны осы сіздің ауылда деп естіп едік қой.

—      Іздеп келе жатқан адамдарыңыздың кім екенін де түсіндік. Ертай Есжанов қой. Ойларыңның дәл үстінен түстім ғой деймін, — деп ферма басқарушысы жымия күлді. — Алдымыздағы ұзыннан-ұзақ созылып жатқан жарқабақты көрдіңіздер ғой. Ол Еспе өзені. Соның бергі жақ қабағында Жақыпбек деген қыстақ бар.Көрініп тұрған қыстау сол Ертайдың ауылы. Қазір-ақ жетеміз, күн әлі ерте. Шамасы, шопан да өрісте шығар. Сондықтан жан-жағымызға қарай отырайық. Отар көрінсе, ол Ертай деп ұға беріңіздер.

Айтқандай-ақ, сол жағымыздағы биіктеу төбеден қаптай жайылып, түсіп келе жатқан отарды көрдік. Атқа ұшатын қырандай қомдана отырған жігіт ағасының Ертай екенін бірден таныдық. Ол аттан ширақ түсіп, басындағы түлкі тымағын шешіп ала сілкіп-сілкіп жіберді.

—      Жолдарыңыз болсын, сау-сәлематсыздар ма? Өз аулымыздың машинасы екен десем, бөтен адамдар да бар ғой, —деп Ер-тай өзінің ақжарқын кейпін танытып жатыр.

Сөзге басқарушы араласты:

— Ауданнан өкілдер мен тілшілер келсе, ауызға алынатын осы Ертай. Қадірлі жанның тілеулестері де өте көп. Несі бар, еңбекшіл жаңды ел таниды.

— Хал жағдайыңыз қалай, Ер аға?

— Жаман емес. Биылғы қоңыр күз жайдары жаздай болып тұр ғой. Мұның өзі шопан еңбегінің жемісіне негіз қалар шақ. Күйек алу науқанының мәнді өтуіне жағдай туғызып тұр. Өткен жылы осы уақытта жер бетін ақ қар, көк мұз жапты емес пе? Соған қараған-да сыннан өткен шопандар үшін бұдан артық табиғаттың берері жоқ деп ойлаймын. Ал, енді қалған әңгімені ауылға барып жалғастырайық. Мен отарды тезірек шоғырландырып, ауылға беттетейін, — деді Ертай.

Даладағы әңгімеміз осымен тәмамдалған. Соңда да Ертай айтқан мазмұнды сөздің жүрегімізге терең бойлап бара жатқанын айқын сезінген едік.

—      Күйек алу науқанын өз қолыммен өткізіп жатқан жайым бар. Негізінен шопанның басы-қасында тұрып, саулықтарды ерікті ша-ғылыстан өткізгеннің де пайдасы бар. Мұны жылдағы тәжірибеден де көріп жүрміз. Ал, міндеттемеге келетін болсақ, 700 саулықтың әр жүзінен жүз қозы алуға міндеттеме алдым. Арық айтып, семіз шықсам тіптен жақсы, — дейді аға шопан Е.Есжанов.

Ертайдың жолдасы Күлзе жеңгей де шопанның сенімді серігі, әм қосағы. Ауылда қалған малдарды күтімге алып, мезгілінде су-арып, шөп салу соның мойында. Азаматтың ажарлы бейнесі ауылдан ұзасақ та көз алдымыздан кетпей қойды. Неге қайдам. Жа-зық даладағы қыстауға жолымыз тағы да түссе екен деп тілей бердік. ...Еспенің арғы жағасына өттік. Қабырғаши қыстағындағы аға шопан Мұқаш Досжанов ауылында да болғанымызда осындай көрікті істердің куәсі болдық. Мұқаш бұрнағы жылдары ферма басқарушысы болып жұмыс жасаған. Мал маманы... Күйек алу науқанын өзі өткеріп жатыр.

—      Төл алуда тамаша табысқа жетудің баспалдағы күзден бас-талады. Қазір 690 саулықтың тең жартысы күйектен өтті, — дейді аға шопан М.Досжанов.

Мың бұралаңдап, кез ұшы жетпейтін сан тарау жолдар. Бұрын көрмеген жандары жаз, көңілдері көктем еңбек адамдары. Олар-дың ел байлығын еселей тасытып жатқан қажырлы еңбектері де ынтықтырмай қойсың ба? Аға шопандар Нәби Смайлов, Гәйт Мәметалиев, Жұмағазы Багисов, Жолдыбай Кенжебаев сияқты жайсаң азаматтардың ауылыңда болғанымызда қимастықпен аттандық. Іргелі ферманың еңбекшілері КПСС XXІІ съезі атындағы совхоздың 2-ші ферма коллективінің мал қыстатуды үлгілі өткізу жөніндегі үндеуіне іспен жауап беру үшін тыңғылықты жұмыстар атқарып жатыр. Ферма басқарушысы Алдаш Қасымбеков шаруашылық жайында бір сұрағанымызда былай деген еді.

Қысқа10200 бас қой түсіп отыр. Оның ішінде 5955-і саулық.

Сол сияқты біздерге жылқышылар бригадасы да қарайды. Ферма бойынша 5100 тонна мал азығы дайындалды. Жазғы науқанға 27 шалғы, 12 механизатор қатысты. Бұл деген үлкен өндіргіш күш. мемлекетке 228 центнер жүн, 1710 центнер ет өткізіп, яғни жоспар артық орындалды. Әйткенмен, ферма еңбекшілерінің алдында әлі де болса қыруар міндеттер тұр. Ол міндет «Сапа және тиімділік бесжылдығының төртінші жылын разы көңілмен шығарып салып, мал қыстату науқанын үлгілі өткізуде. Сөйтіп ферма бойынша әр жүз саулықтан жүз қозы алу үшін күресуде. Иә, ферма меңгерушісінің сөзінде үлкен құштарлық,еңбек бәсекесіне деген алға ұмтылушылық жатыр. Білікті басшының айт-қан ойы күні ертең-ақ шындыққа айналатынына сөзсіз сендік. Фермадағы 20 коммунистің бас болып атқарып жатқан ұйымшыл еңбектері, міне, қысқаша айтқанда осындай. Еспе өзені келер көктемде де арнасынан аса, ақ көбігін аспанға атып ағады. Шағын да болсын жергілікті тұрғындарға Еспе қадірлі, Еспеберекелі. Оның жағасындағы адамдар да масайрап, ырысты даланы өз қолдарымен, қарапайым еңбектерімен гүлдендіріп жатыр. Бұл жерде алып заводтар, терең шахтылар жоқ. Оның орнына ақ шаңқай үйлерден тұрғызылған кішігірім шопандар қалашығын көресіз. Бұл жерде қол таңбалары әр қыстауларда айшықты мезеттей-жарқырап тұрған алып жүректі адамдар бар.

Басынан Ойран таудың бұлт көшеді Совхоз партия комитетінің секретары Кәкеше Нөкербековпен мал қыстатудың барысы жайында әңгімелескенімізде бірталай игілікті істерді айтқан еді.

— Өткен жылы 2-ші ферманың коллективі коммунистік еңбектің екпіндісі «деген құрметті атақты жеңіп алу үшін көтеріңкі социалистік міндеттеме қабылдаған болатын. Ферма еңбекшілерінің жалпы жиналысында бұл мәселе егжей-тегжейлі талқыланып, басқалардан қолдау тапты. Әйткенмен коллективтің төл алу науқаныңдағы көрсеткіші көңілдегідей болмады. Енді олар жіберілген кемшіліктің орнын толтыру үшін тың жігермен өзара социалистік жарысты қыздыра түскен. Көзбен көріп, аталмыш ферманың жағдайымен танысуыңызға болады, — деді партия комитетінің секретары.

Қысқа әңгіме көңілге көп ой әкелді. Шындығында құрметті атақты жеңіп алу жолындағы ферма еңбекшілерінің қазіргі таң-дағы хал-күйі қандай екен деген сұрақ бізді де мазалай берді. Сонымен жолға шықтық. Жан-жағы жап-жазық келетін Ойран таудың жақпар-жақпар шың құздары тынысталайын дегендей бір сәтке мызғып кеткен сияқты. Тәкаппар таудың етегі қойлы ауыл. Қыста пана, жазда сая болатын өңірге осы 2-ші ферманың териториясы қоныс теп-кен. Ал, орталығы шап-шағын ауыл, Әмірсана деп аталады.Жоға-ры кернеулі электр жүйесі тартылған. Кеш болса, ауыл үстін нұрға бөлеп тұрады. Осыған қарағанда ертеректегі шопандар тұрмысын бүгінгі сәулетті, сәнді күнмен салыстыруға болмайтынын еске ала-сың. Ферма басқарушысы Үмбетбай Сүлейменовпен осында кездестік. Амандықтан соң келген мақсатымызды айттық та, бөгелмей машинаға отырдық. Үмбетбай айтады: — Биыл аспаннан құт жауған жыл болды. Табиғи шөп қай шабындыққа барсаңыз да жайқалды. Түсімі де өнімді. Осыны қатты ескерген механизаторлар қауымы ерте көктемде жер кепкеннен кейін шабындыққа шалғы салды. Дарқан дала төсінде күні-түні еңбек дабылы тынбай қағылып, ерен істердің мақтау жетпес куәсі болды. Соның нәтижесінде ферма бойынша 4 мың тоннадан астам мал азығы дайындалды. Және ол шабын-дықта ұзақ жатпай, сапалы күйінде баз басына жеткізілді. Құтымбет қыстағындағы аға шопан Қабен Мұқажановтың ауылына келдік. Қабен қой шаруашылығын өркендетуге қолдан келген үлесін қосып келе жатқан шопан. Төл алуда жап-жақсы көрсеткішке жетіп, озаттар қатарынан есімі аталды. Қазір оның қарамағында 771 бас саулық бар екен. Жем шөбі жеткілікті.

— Октябрь айында қыстаққа көшіп келдік.Содан бері қыс қамы-на кірісіп, күйек алу науқанын өткеріп жатырмыз. Шопан қазір өрісте.

— Биылғы межелеріңіз қалай? — деп сұраймыз біз шопан көмекшісі Жаңылтай Мұқажанованың сөзін бөліп.

— Қыс қаһарына дес бермей, мал басын шығынсыз сақтай отырып, қарамағымыздағы әр жүз саулықтан жүз қозы алуға социалистік міндеттеме қабылдадық. Сонымен қатар әр қойдан 3,6 килограмнан жүн қырқуға, қозыны енесінен айырғанда 35 килограмм салмаққа жеткізуге уәде бердік. Отардың қоңдылығы жа-ман емес, — деді шопан көмекшісі. Тау қойнауына орналасқан қыстауларда болғанымызда бірнеше адамдармен кездестіік. Олар-дың жүрек дүрсілін тыңдасаңыз, еңбекке деген сүйіспеншіліктің терең қойнауын анық сезінесіз. Ферма табысын тасқындатып жа-тқан тек қана шопандар қауымы ма? Жоқ, алтын қолды механиза-торларды да құрметтеп,айта кету де орынды.

Жол үстінде озат механизатор Дауылбай Айтқазинмен кездестік. Астындағы су жаңа тракторы сағатша сыртылдап тұр.

—Жаздай тырмада істеді, шөп жинады.Бұл күндері қыстақтарға жем, тұз, тағы басқа заттарды жеткізуде.

Шындығында трактор тіркемесіңде сықия тиелген жем бар екен. Оны Дауылбай кешке дейін таратуға міндеттеніпті.

— Сен осы бетте аға шопан Есбосын Ешеновтың ауылына тарт. Кеше соққанымызда жем таусылыңқырап қалды деп еді. Алдымен содан баста, — деп ферма басқарушысы Ү. Сүлейменов механизаторға жөн сілтеді.

Жол жотадан асты. Бағытымыз келесі шопандар ауылы. Енді кездескен шопандарымыздың өз пікірін тыңдап көрейікші: Аға шопан Шұғайтбек Есімбеков.Қыстауы — Өгізтау. Мақсаты — сапа және тиімділік бесжылдығының соңғы жылын еңбектегі то-лайым табыстармен аяқтау. Қазақстандық 50 миллион қой — оның еңбек девизі. КПСС орталық Комитетінің өткен жылы июль Пленумында мал шаруашылығын өркендетудің нақтылы толғаулы пікірлері айтылды. Осыған орай мен де жігеріме жігер қосып, мал басын аман сақтаудың шараларын жасаудамын. Адам еңбегімен абыройлы. Құрмет пен атақ жақсы еңбек етсең ғана келеді. Біз мұны жақсы түсінеміз. Оның үстіне фермамыз былтыр ғана «Коммунистік еңбектің екпіндісі» атты құрметті атақ-ты жеңіп алу жолында бастама көтерген еді. Әрине, бастама бар жерде қуатты құлшыныс бар.Бірақ жұрт алдында бүкіл ферма еңбеккерлері болып, кінәлі екендігімізді жасыра алмаймыз. Төл алудағы нәтижеміз онша болмады. Оны бәріміз де мойындаймыз. Әйткенмен ұйымшылдықпен жұмыс жасай отырып, ет өндіруде, жүн қырқуда төл алудағы көрсеткішімізді жаңарта түспек ойымыз бар. Өзім туралы бірер сөз. Өгізтау қыстауы ежелден шұрайлы өңір. Жайылымдықта жеткілікті. Су көзі де мол. Қазір қарамағымда 350 бас бойдақ қой бар. Қораның қиы ойылған. Төк мал күтіміне қат-ты көңіл бөліп.күнделікті еңбек тынысын жүйелі беру қажет. Бұл менің мал қыстатуды ойдағыдай өткеру жөнінде бастама көтерген КПСС XXІІ съезі атындағы совхоздың 2-ші ферма коллективінің Үндеуіне іспен жауап бергенім болып табылады, — дейді аға шопан Шұғайтбек Есімбеков. Аға шопан Михаил Кабанов айтады: — Мал шаруашылығымен шұғылданатын «Айыртас» совхозында бірнеше жылдан бері шо-пан болып еңбек етіп келемін. Жылдағы табысым да айтарлық-тай.Қоғамдық малды өз төлі есебінен өсіру, одан алынатын өнімді молайту әрбір шопанның міндеті. Олай болса.менің алдымда да қыруар еңбек асулары күтіп тұр. Қарамағымда 1100 бас тоқты бар. Шүкіршілік, ферма пішенші-механизаторлар жемшөп дайындау-дағы қажырлы еңбегін реті келгенде айта кету орынды. Жемшөп жеткілікті. Оны ұқыпты пайдалана білсе, қыстан қысылмай шығуға мүмкіншілік мол.

Аға шопан Есбосын Ешенов айтады:

— Алдыма отар салып, шопан болғаныма аттай 12 жыл болыпты. Шопан еңбегінің қызығы да, қиыншылығы да баршылық. Та-биғаттың төрт мезгілінде ол ұзақ күнге ат үстінде жүріп, қой бағады. Нағыз ерлік дерсің. Мұндай іс әркімнің қолынан келе бермейді десем, артық айтқандық болмас. Халықта мақал бар ғой. «Қолынан келген ғана қой бағады». Күйлі саулық төлді жақсы береді деген шопандар арасында қағидатараған. Өте дұрыс. Отарым күйлі. Соған қарап 760 саулықтың әр жүзінен 102-ден қозы алуға социалистік міндеттеме қабылдадым. Үстіміздегі жыл әрбір еңбек адамына, әрбір коллективке соны міндеттеп жүктеп отыр. Бүған мен де қосыламын. Жарыс көшінің аддында бүкіл ферма коллективі болып озып шықсақ, бұдан басқа абырой атақтың да керегі жоқ.

Дәметкен Мағауова — бақташы:— Кейде совхоз экономикасы мен мәдениеті хақыңда ойлансаң, өзіңнің не атқарып жатқанды-ғыңды есіне алады екенсің. Қазір қарамағымда 100 бас сиыр бар. Оның 40 басы аналық. Жазда осынша бас сиырмен бірге 345 бас қомқарды қоса бағып, семірттім. Қыстауымыз Ешкіөлмес. Жер жағдайы өзімізге жақсы таныс. Ферма коллективінің мәртебелі бо-луына тамшыдай болса да үлес қоссам, еңбегімнің еш кептегені деп білемін. С.Сәтмағанбетов, ферманың озат механизаторы: Механизатор — шаруашылықта басты тұлға деп орынды айтылып жүр ғой. Былай алып қарасам, қай жұмыс болмасын механизатордың тікелей қоян-қолтық араласуымен болады екен. Қыс келді. Мұндай-да барлық механизатор тракторын доғарып қоймайды. Кейбіреулері шопандарға көмекшілікке барса, қалғандары қолдай жұмыс атқарады. Әйтеуір тынымсызбыз. Оның бер жағында қысқы техника жөндеу күтіп тұр. Жалпы тонның ішкі бауындай жұмыла еңбек етсек алынбас қамал жоқ қой деп ойлаймын. Міне, ферма коллективінің бірнеше адамдарының лебізін тыңдасақ, осылай сыр ағытады. Дарқан дала, дамылсыз еңбек, өзіндік бұлжымас тіршілігі, өзіндік қарекеті бар. Енді ауданымыздың майталман шопандарының бірі Тұрған Нәдірбековтің әңгімесін тыңдайық. Ол октябрь Революциясы орденінің кавалері.

—      Мені төл алу науқаныңда алғашқы мәреге жеткен аудан қарлығашы деп атап жүр. Несі бар, орынды сөз. Қыста мал шығыныңа жол бермей, қоңдылығын төмендетпей әр жүз саулықтан 103-тен қозы алдым. 1976 жылдан осы Ойран қыстағын мекендеудемін. Биыл тұсақ бағып отырмын. Бірінші рет төл бермекші. Соңдықтан ферма басшылары үлкен сенім артып тұсақ бағуымды өтінген еді. Қарсы болмадым.

—      Сонда міңдеттемеңіз қанша?

—      Жаңа ғана айттым ғой. Тұсақ болғандықтан, әр жүзіне жүз қозы алуға міндеттеме қабылдадым.

Тұрғанның әңгімесі жан тербетпей қоймайды. Ауыл мақтанышы жайында айтар әңгімеміз бір төбе. Ферма зоотехнигі Баймұқан Алтынбеков екеуіміз жол-жөнекей машина ішінде әңгімелесіп келеміз. Баймұқан айтады: — Қысқа 9340 бас қой түсіп отыр. Оның ішінде 4900 басы саулық. Ферма коллективінің міндеттемелері де анағұрлым жоғары. Яғни біздер әр жүз саулықтан жүз қозы алуға социалистік міндеттеме қабылдаған болатынбыз. Күйек алу науқанын да бірсыдырғы өткізіп келеміз. Аға шопандар М.Қазыбеков, Қ.Нығыманов, Ә. Қапасовтар өзара социалистік жарыстың алдыңғы легінде жұр. Бір сөзбен айтқанда алдымыздағы жыл ферма коллективі биік белестен көрінбек. Жомшөп мол. Шопан алдындағы отарлар қоңды. Өз жұмысымыз малдәрігерлік-зоотехникалық ережелерге сай жүргізіледі, дейді форма зоотехнигі Баймұқан Алтынбеков. Түс ауған шақ,. Желтоқсан айының әдемі жұмсақ шуағы жанға жайлы тиіп, табиғат биязылығына еріксіз бас иесің. Қайтар жолға түстік. Көңілде көп сауал... Өзіміз кездескен адамдардың толғаулы-толғаулы пікірлері... Қимас бейнелер... Бір кезде жел тұрды. Содан соң күздің жеңіл бұлттары аспан кеңістігін шарлап кетті. Баймұқан айтады:

— Таудың басын бұлт шалды, байқадыңыз ба? Ауа дымқыл тартып, тұман түсуі мүмкін.

Мен де қарадым. Жабағы бұлттар көсіле жатқан Ойран тауының төбесін сүйкей өтіп, керуен-керуенімен жөңкіле көшіп барады.

1979 ж.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙