TELEGEI

Home

Дауылпаз баба Қожаберген жырау

Абай Тасболатов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Дауылпаз баба Қожаберген жырау

Дауылпаз жырау, қаһарман қолбасшы, көрнекті қайраткер, ділмар шешен Қожаберген Толыбайұлының өміріне, қоғамдық қызметі мен шығармашылығына арналған бұл еңбекке Қожаберген жырау туралы тарихи-танымдық мақалалар, батыр бабамыздың туғанына 350 жыл толуына орай Алматыда, Астанада өткен ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары және ақындардың арнау өлеңдері мен жыр-дастандары енгізілген. Кітап әдебиетші, тарихшы

ДАУЫЛПАЗ БАБА

ҚОЖАБЕРГЕН

ЖЫРАУ

Тарихи-танымдық жинақ
А с т а н а – 2 0 1 4

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: АБАЙ ТАСБОЛАТОВ, ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: Бекет Тұрғараев, Бүркітбай Аяған, Диқан Қамзабекұлы, Зиябек Қабылдинов, Өмірзақ Озғанбаев, Сабыр Қасымов, Ерік Сұлтанов, Серік Қирабаев, Уәлихан Қалижан, Ханкелді Әбжанов, Талғат Мұсаев Қ 56 Дауылпаз баба Қожаберген жырау. Тарихи-танымдық жинақ / Құраст. Абай Тасболатов, Жарасбай Сүлейменов. – Астана: Фолиант, 2014. – 376 б. ІSBN 978-601-292-926-3 Дауылпаз жырау, қаһарман қолбасшы, көрнекті қайраткер, ділмар шешен Қожаберген Толыбайұлының өміріне, қоғамдық қызметі мен шығармашылығына арналған бұл еңбекке Қожаберген жырау туралы тарихи-танымдық мақалалар, батыр бабамыздың туғанына 350 жыл толуына орай Алматыда, Астанада өткен ғылымипрактикалық конференциялардың материалдары және ақындардың арнау өлеңдері мен жыр-дастандары енгізілген. Кітап әдебиетші, тарихшы ғалымдар мен мамандарға, студенттерге және осы тақырыпқа қызығушылық білдіретін көпшілік оқырман қауымға арналған. © Тасболатов А., Сүлейменов Ж., құраст., 2014 © «Фолиант» баспасы, 2014 ІSBN 978-601-292-926-3 УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Қ 56

Қожаберген жырау – 350 АЛҒЫ СӨЗ Е геменді ел болуымыздың барысында қазақ тарихы үшін де күншуақты, ақжарылқап заман туды. Өткен-кеткенімізді, барымыз бен жоғымызды түгендеп қана қоймай, қилықилы себептермен ғасырлар бойы ұмыт болған көр­нек­ ті қайраткерлеріміз бен батырларымызды, ақын-жырау­ ларымызды жарыққа шығарып, рухани тірілтіп, туған халқымен қайта қауыштырдық. Мұндай игілікті іс, қа­ дам-қарекеттердің шарапаты жалынды жырау, батыр қолбасшы Қожаберген Толыбайұлына да тиді. Кейінгі он-он бес жылдың көлемінде Қожаберген жырауды елге таны­ ту, мұраларын жинақтау, есімін есте қалдыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Бұған дейін жұртшылық оны «Елім-ай!» әні мен дастанының авто­ ры деп біліп келсе, ендігі жерде ел басына күн туғанда қолына найза ұстап, жауға шапқан батыр, қол бастаған қаһарман сардар, өз заманының заңғар қайраткері ретінде кең көлемде танып білді. «Жақсының аты өлмейді» демекші, еліне ерен еңбегі сіңген, даңқты бабамыз Қожаберген жырау Толыбайұлы тарихи тұлға ретінде руханиятымыздан өзінің лайықты орнын алды. Басына айшықты да ай­ бынды кесене тұрғызылды. Есімі көшелер мен алаңдарға, мектептерге берілді. Айтулы ғалымдар мен мамандардың, білікті тарихшылар мен әдебиетшілердің басын қосқан алқалы жиындар мен ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі қожабергентану тақырыбына жете мән беріп, 2012 жылдың желтоқсанында арнайы қаулы қабылдады. Соған сәйкес 2013 жылы Қожаберген Толыбайұлының туғанына 350 жыл толу ме­ рейтойы еліміз көлемінде лайықты деңгейде тойланды. Алматы мен Астанада

Қожаберген жырау – 350 көпшілікке танымал тарихшы, әдебиетші ғалымдардың, белгілі қоғам, мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен үлкен басқосу – ғылыми-практикалық конферен­ циялар ұйымдастырылды. Мұның соңы Солтүстік Қазақстан – Қызылжар өңіріндегі түрлі мәдени іс-шараларға (ат бәйгесі, ақындар мүшәйрасы, концерттік бағдарлама, т.б.) ұласты. Осынау елдік, мемлекеттік маңызы бар, өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор іс-шараны өткізуге кеңінен қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасы­ ның Үкіметіне, Білім және ғылым министрлігіне, Мәдениет және ақпарат министрлігіне, сондай-ақ, ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысқан Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына, Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне ай­ тар алғысымыз шексіз. «Киіз кімдікі болса, білек соныкі» демекші, бұл істердің басы-қасында ұйыт­қы болып, сөз жоқ, біздің «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық-қайырымдылық қоры жүрді. Бұл мақсатта қордың мүшелері мен қызметкерлері айтарлықтай істер тындырғанын айтып өту парыз. Алайда, Қожаберген сынды тарихи тұлғаны ұлықтау ісі мұнымен шектеліп қалмайды, әлі де жалғасын таба береді деген ойдамыз. Сондай үкілі үміт, ізгі мақсатпен, қожабергентану бағытында жасаған іс­ теріміздің, атқарған жұмыстарымыздың, ұйымдастырып, өткізген іс-шара­ла­ рымызды бір қорытындылап, қолға тиген материалдарды жинақтап кітап етіп шығарып, көпшілік қауымның назарына ұсынғанды жөн көріп отырмыз. Бекет ТҰРҒАРАЕВ, «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор

БІРІНШІ БӨЛІМ

Қожаберген –
ұлт ерлігінің символы

Қожаберген жырау – 350 ТАРИХТАН ТАБЫЛҒАН ТҰЛҒА Ерік СҰЛТАНОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Т әуелсіздіктің арқасында рухани жарыққа шығып, хал­ қымен қайта қауышқан тарихи тұлғалардың бірі – Қо­ жаберген жырау. Ақиқатын айту керек, кешегі кеңес өкіметінің тұсында біз оны «Ақтабан шұбырынды, Ал­ қакөл сұлама» заманынан жеткен әйгілі «Елім-ай» әні­ нің авторы ретінде ғана там-тұмдап біліп келдік. Өйт­кені, ресми билік пен таптық саясат мұндай ұлттық тұлғалар мен қайраткерлердің танымал болуына аса мүдделі және құлықты болмады. Тек, еліміз егемендік алып, дербес мемлекет болған тұста ғана парасаты биік, отаншыл азаматтардың белсенді қадам-қарекеттері мен білікті тарихшы және әдебиетші ғалымдардың тынымсыз ізденіс пен зерттеулерінің нәтижесінде Қо­ жаберген сынды даңқты бабаларымызды жан-жақты танып біле бастадық. Сонау ХVІІ ғасырда өмір сүрген Қожаберген Толыбайұлының бірдіекілі «Елім-ай» сияқты ән мен дастан ғана емес, «Күлдірмамай», «Қойлыбай көрген», «Қарасары Болат керей», «Соқыр абыз», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр», т.б. ондаған құнды әдеби шығарма қалдырған ақын-жырау әрі ел басына күн туған сәтте қолына найза ұстап жауға шапқан ержүрек батыр, қол бастаған әскери қолбасшы, сондай-ақ тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білген ділмар шешен болғаны белгілі болды. Осынау жаңа тарихи кезеңде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Та­ рих толқынында» деген еңбегінде «Өз тарихыңның түп-тамырын танып-білу, ата-бабаларыңның ауқымды іс-әрекетін мақтаныш ету, өктем дәуірдің әр түрлі кесапат-кемшіліктерінен арылу, кәзіргі заманға лайық сананы қалыптастыру,

Қожаберген жырау – 350 ұлттық бірігуге қуатты серпін береді» деп айтқаны көңілге жылылық ұялатып, жарқын істерге жетеледі. Осындай ізгі мұрат, жасампаз ұмтылыс-әрекеттердің ықпалымен 2000 жыл­ дың 19-21 желтоқсан күндері ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдас­ тыруымен, көрнекті тарихшы ғалым, академик Манаш Қозыбаевтың ұйытқы болуымен біздің Қызылжар өңірінде, Петропавл қаласында «Қожаберген жы­ рау Толыбайсыншыұлының Отан тарихы мен қазақ поэзиясында алатын ор­ны» деген тақырыпта тұңғыш рет республикалық ғылыми-теориялық конферен­ ция өткізілді. Конференцияның жұмысына белгілі ғалымдар мен мамандар, та­ нымал тарихшылар мен әдебиетшілер қатысып, мазмұнды да құнды баяндама­ лар жасады, Қожаберген жырауды әр қырынан ашып көрсетті. Мұның өзі сол кезеңде мемлекетіміз айрықша мән берген «Мәдени мұра» бағдарламасы аясын­ да атқарылған игілікті іс-шаралардың бірі болатын. Осы секілді 2010 жылы маусымда Қызылжарда өткен халықаралық конфе­ ренцияда қоғам және мемлекет қайраткері, әйгілі академик заңгер Салық Зи­ мановтың «Қожаберген – біздің тарихымыздағы тұтас құбылыс, бүкіл ғұмырын қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ұлы тұлға» деп айтқаны көпшіліктің есінен әлі шыға қойған жоқ. «Жақсының жақсылығын айт» демекші, соңғы он-он бес жылдың кө­ лемінде республикаға танымал заңгер, заң ғылымдарының докторы, профес­ сор Б. Тұрғараевтың жетекшілігіндегі «Жеті Жарғы» және Қожаберген жы­ рау» халықаралық қоғамдық-қайырымдылық қорының белсене жұмыс істеп, Қожаберген жыраудың әдеби мұраларын жинақтап, қайта басып шығару, есімін есте қалдыру бағытында үлкен іс-шараларды атқарғанын айтып өту па­ рыз. Ол үшін шынайы алғыс сезімімізді білдіреміз. Осы қордың бастамасымен Қожаберген жыраудың басына айшықты күмбез орнатылып, ас берілгенін, Жам­ был ауданының орталығы Пресновка ауылындағы қазақ мектебінің алдында­ ғы алаң Қожаберген атымен аталып, ескерткіш бюсті орнатылғанын, мектепте мұражайы ашылғанынан жұртшылық жақсы біледі. Осы сияқты Петропавл қаласындағы №6 қазақ орта мектебі де ұлы жыраудың есімімен аталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсанда қабыл­ данған арнайы қаулысына сәйкес биылғы 2013 жылы Қожаберген жырау Толыбайұлының 350 жылдық мерейтойы республика көлемінде кеңінен атап өтілді. Үкімет қаулысына орай «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» халық­аралық қоғамдық-қайырымдылық қорының, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты және М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бастамасымен алдымен Алматыда, кейіннен Астанада Қожабер­ ген бабамыздың 350 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибе­

Қожаберген жырау – 350 лік конференциялар өткізілді. Аталған ғылыми жиын мен басқосулардың бары­ сында Қожаберген жыраудың өмірі мен қызметіне, сондай-ақ ол өмір сүрген тарихи кезеңге қатысты құнды-құнды деректер мен мәліметтер айтылды. Олар­ дың қай-қайсысының да біздің тарихымыз бен әдебиетіміз, жалпы ғылымымыз бен руханиятымыз үшін маңызы зор болмақ. Мұның арты біздің әкімшілік­ тің белсене араласуымен Солтүстік Қазақстан облысында түрлі тағылымдық, мәдени іс-шаралармен жалғасын тапты. Ақын-жырау, қаһарман қолбасшы, өз заманының көрнекті мемлекет қай­ раткері Қожаберген Толыбайұлының біздің Қызылжар өңірінде дүниеге келіп, өмір сүргені, күллі қазақтың мүддесіне қызмет еткені біз үшін үлкен мақта­ ныш әрі бұл үлкен жауапкершілік пен зор міндеттер жүктейді. Қазақта «Атаңа не көрсетсең, алдынан сол шығады» даналық сөз бар. Сол айтқандай, біз өткен тарихымызды естен шығармай, ата-бабамызға қандай құрмет көрсетсек, кейінгі жастар да соны қайталайтын болады. Сондықтан да Қожаберген жырау сияқты кемеңгер тұлғалардың елге сіңірген еңбегі, халыққа жасаған қызметі әрқашан елеп, ескеріліп, ұмыт қалмай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отыруы тиіс. Оқырман қауымның назарына ұсынылып отырған осы кітап та осындай ізгі мақсаттағы амал-әрекеттердің бірі болып іспеттес.

Қожаберген жырау – 350 ДАУЫЛПАЗ БАБА – ҚОЖАБЕРГЕН Манаш ҚОЗЫБАЕВ, академик Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Сөздің ең ұлысы, ең сипатты­сы тарих», – деген еді. Әлем тарихы екіге бөленеді: бірі – адамдар тарихы; екіншісі – табиғат тарихы. Атақты тарихшы Плутархтың өзінің «Жизнеописания» деген еңбегінде: «Біз тарих емес, өмірбаян жазамыз» деуі осыдан. Тәуелсіздік заманасында ғасырлар бойы бодан болып, мүсәпір болған ба­ сымыз еркіндік алды. Ата тарихына үңілді, ана тіліне сүйінді, өзінің мәңгүрт болған болмысына күйінді. Біз он жыл бойы ата тарихын саралап, тарих қой­ науын аралап, ұлыларымызды даралап жатырмыз. Осы тұста бірнеше қағиданы ұстанғанымыз дұрыс сияқты. Біріншіден, біздің аруағына сыйынатын, мұрасына жылынатын бабамыз – ұлттық тұлға болуы керек: ауыл-аймақ, ру, тайпа төңірегінен аспаған, буыр­ қанып жау аптығын баспаған, ұлтына деген сүйіспеншілігінен туындаған мұра­ сын шашу етіп шашпаған ата-бабаларымыздың ұйқысын бұзбағанымыз абзал. Екіншіден, ата-баба аруағы ойыншық емес. Ұлылар бір ауылдың, облыстың, тайпаның еншісі емес. Егер біз Қаракерей Қабанбайды тек найман болып, Қанжығалы Бөгенбайды тек арғын болып, Қожаберген жырауды тек керей бо­ лып, Баян батырды тек уақ болып, Қарасай батырды тек шапырашты болып той­ласақ, бұл – ұлттың өскені емес, өшкенінің белгісі. Үшіншіден, аруаққа табыну науқан емес. Ұлылар, олардың мұрасы тәрбие ісінде үздіксіз араласуы үшін оларға деген көңіл-пейіл, ықылас та үздіксіз, үзіліс­ сіз болуы керек. Пендешілікті қойып, әділдігін айтсақ, ата тарихын таразылауда қол жеткен табысымыз аз емес. Соңғы он жылда Абылай хан қазақ тарихының есігінен төріне шықты. Алаштану туы көтерілді. Көкірегі басылып келген абайта­

Қожаберген жырау – 350 ну тұлғаланып әлемдік аренаға шықты. Әуезовтану, сәтбаевтану қалыптасты. Бұқар баба сайын даланың данасы ретінде танылды. Дала өркениетінің тари­ хын әлемдік тарихтың құрамды бөлігіне айналдырып таныту басталды. Бүгін біз күн тәртібіне қожабергентануды қойып отырмыз. Осы тұста тарихқа түсер сауал бар: «Қожаберген кім, оның Отан тарихындағы орны қандай? Тұтас бір қожабергентану саласын қалыптастырудың негізі бар ма, құлашымызды бекерге сермеп жатқан жоқпыз ба?» Ендеше осы сауалдарға жауап іздеп көрейік, ағайын! Қожаберген – батыр, баһадүр, көрнекті мемлекет қайраткері, дауылпаз жырау, замана дүлдүлі, оның өмір жолы қазақ тарихымен сабақтас. Тарихи әдебиетте басы ашылмай келе жатқан бір проблема: «Қазақ-қалмақ соғыс­та­ рының қанша уақытқа созылуы». «Жоңғар хандығының қазақ жеріне жой­қын шапқыншылығы 1710-1711 жылдарда басталды», – дейді зерттеушілердің бірі. «Воспользовавшись таким сложным международным положением и подстре­ каемые недоброжелательными соседями, джунгары калмыки осуществляли постоянные набеги и на казахские земли в 1599-1750 гг. Течение 150 лет», – дейді тарихшының екіншісі. Бұл арада мен ол тарихшыларды жазғырудан аулақпын. Бірі қазақ-қалмақ қарама-қарсылығының ең күшейген тұсын айт­ са, екіншісі – қазақ-қалмақ соғыстарының жүйелі, үзіліссіз кезеңін меңзейді. Бірақ бұл пайымдаулармен мәселе бітпейді. Екі ұлы империяның қыспағында қалған екі жауынгер түркі тектес халықтар аспан астында бір-бірімен жер үшін, жайылым үшін, «өмірлік кеңістік» үшін, Орталық Азия даласы үшін ойраттар- ­дың Моғолстан аймағына алғашқы жаугершілігі ХVІ ғасырдың аяғынан бас­ талады. Ойраттар – Моңғол империясы Үгедей ұлысы моңғолдардың батыс бұтағы. «ХV ғ. 30 жылдары жоңғарлар Ыстықкөл төңірегіне жетті, – деп жаза­ ды Мырза Хайдар Дулати, – ал Есен тайпа кезінде 1452 ж. Шу өзенінің жағасы­на жетті, 1457 ж. Ортаңғы Сырдария алқабын тонады». «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Ұлы жүз және орта жүздің бір бөлігі Жоңғарияның суверендігін мойындады. Қазақ-қалмақ соғыстары ХІV ғ. бас­ талып, 1771 жылға дейін созылды. Үздік-создық, бірде шабысып, бірде алы­ сып, түркі тектес екі халық үш жүз алпыс-жетпіс жыл шамасы өзара қырқысты. Қожаберген бабаның жеті атасы – осы төрт ғасырға жуық қазақ-қалмақ соғыстарын өз бастарынан өткізген қаһармандар. Шоқан Уәлиханов өзінің «Абылай» атты еңбегінде: «В предании киргизов Абылай носит какой-то поэтический ореол, век Абылая у них являются веком киргизского рыцарства», – деп жазады.

Қожаберген жырау – 350 Кейбір әдебиетшілер Шоқанның «век рыцарства» дегенін «ерлік пен серілік заманы» деп аударыпты. «Елім-ай» дастанында: Бұл заман болды елге қиын заман, Шіріткен тамам елдің миын заман. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, Қағынды қазақ үшін биыл заман, – деп бағалап еді. Ендеше сонау ХVІІІ ғ. қазақ сахарасында еуропалық серілік­ тің ауылы алыс болса керек. Шоқанның «рыцарства» деген ұғымына жауапты Ахмет Байтұрсыновтан табамыз. «Ошақ басы, үй-ішінің қамы сияқты өмірдің ұсақ мақсат жағымен азаматтары есептеспей ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін, көп үшін құрбан қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз». Қобыланды батыр жырын талдай отырып Ахаң ата-анадан, жардан, туысқаннан да «батырға қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі» деуі осыдан. Ендеше Абылай хан заманында рыцарлық адами болмысты Отан болмы­ сына бағындыру, ерлік пен іріліктің, бірлік пен тірліктің көрінісі деп ұғынған жөн. Осындай парасатты рыцарлықты Қожабергеннен көреміз. «Жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен отыз үш мың сахаба да дүниеден өткен. Солардан Қожаберген артық емес» деуі соның дәлелі. Не болмаса: Қолбасшы батыр болмасам, Көбелі сауыт кимейін. Ту ұстайтын болмасам, Арабы ақбоз мінбейін. Талапты жігіт болмасам, Ұрандап жауға тимейін. Қару-жарақ соқпасам, Зергер болып жүрмейін. Майданда жауды жеңбесем, Қызық дәурен сүрмейін. Дулығамның төбесі, Буылмаса маржанмен, Басыма оны кимейін. Парасатты рыцарлық, ұлтқа өмірін арнаған серілік-ерлік осы болса керек. Ендеше бір ғасыр өмір сүрген бабамыз осы батырлықтың шыңы болған

Қожаберген жырау – 350 ХVІІІ ғ. тарихи құбылыстың басы-қасында тұр. Батырлықтың парасатты ры­ царлыққа ұласуы, жаңғыруы Қожаберген баба есімімен де тығыз байланысты. Қорытып айтсам: Шоқанның «век киргизского рыцарства» деген замана­ сы – Қожаберген баба заманасы. Осы тұста тағы да бір жаңсақ пікір туралы айтуға тура келеді. Тарихи әдебиетте «по историческим данным, общее количество батыров их всех трех жу­ зов, активно борющихся за свободу и независимость казахского народа, перева­ ливает за 300» деген тезис кездеседі. Мұндай сәуегейлікпен келісуге болмайды. Қазақ үш ғасырға созылған қазақ-қалмақ шапқыншылығы кезінде құрығанда 10 ұрпақ ауысты. Әр ұрпақ батырларын өсірді, тарих сахнасына шығарды. Ендеше қазақ халқы үш ғасырда толассыз батырлар бастап, халық қостап, өз бостандығын үстем етті. Батырлар саны ендеше легион, оны саусақпен санап шығу мүмкін емес. Алайда, Қожаберген бабамыз көп батырлардың бірі ғана емес. Ол – 16881710 жылдары 22-23 жылдары бойында қазақ, ноғай, қарақалпақ халық­ тары­ның біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек, ордабасы, Ор­ талық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер! «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Қожаберген – ұлы жеңісті шыңдаған стратег. Атақты «Елім-ай» дастанында: «Шабуылы жау қалмақтың күшті екен» деп, Кетпеңдер жаудан қорқып тарап бәрің», – деп бірлікке шақырса, «Кеудеңде шыбын жаның болса егер, Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын», – деп намысқа шақырады. «Қожа, молда, ишандар артын қысып, Қоржынға салып қойсын шариатын», – деп Отан қорғауды дін жолынан жоғары қояды. «Мекенің болсын тау мен орман, тоғай, Ол жерден жау алуы емес оңай», «...Сайла орын, жер үй салып, жапан түзден», – деп партизандық күрес жолын көрсетеді.

Қожаберген жырау – 350 «Қазыбек, Ер Жәнібек, Алдабек би – Үшеуі тозған елді біріктірер», – деп оларға үміт артады. «Шәкіртім қайда екен Бұқар жыршы, Сөзіне оның, халқым, құлақ түрші», – деп оның даналығына сенеді. Қыздарым, келіндерім, топ құрыңдар, Ерлерше киініңдер, сап тұрыңдар. Ұрыста өл, мазақ болма, берілмеңдер, Қалмақты селебемен шапқа ұрыңдар, – деп ұрыс әдісін үйретеді. Бөгенбай, Ерсары, Асқан, Жабай, Көшек, Ақпанбет, Жайнақ сияқты ба­ тырларды «халқын жинап», «Жинаңдар құрастырып қалың қолды», – деп кеңес береді. «Сүйей жүр әлсіздерді әлі барың», «...Тізе қос, етек жиып, ес барында», – деп, елді бірлік-тірлікке шақырады. «Бастап өт, Сарыарқаға қалған елді», – деп Бұқара, Үргеніш жағында ашыққан, босқан елді жинауға жол сілтейді. Ең соңында: «Бастасын тозған елді көсемдерім, Ақылшы болсын сөзге шешендерім. Хан сұлтан, төрелерді ел санамай, Тізе қос, күшті жинап есендерің», – деп үндейді жырау. Халқының 40 пайызынан айырылған қайран қазаққа дәл Қожабергендей бағдарлама жасаған ел данасы сол кезде кемде-кем. Қожаберген баба тек жеңіс бағдарламасын жасап қоймады, «болды ғой аяқ асты Отанымыз» деп, «Ер емес жаудың туын құлатпаған» деп, Ұлы Отан соғысын жариялады. Қазақ халқы бабамыздың бұл ерлігін ешқашан ұмытуға тиіс емес.

Қожаберген жырау – 350 Ендеше, Қожаберген – батырлардың батыры, қолбасшы, Әз Тәукедей да­ наның оң қолы, қиын замандағы ел қорғаны. Қожаберген – тек баһадүр, қол­ басшы, сайыпқыран ғана емес, ол өз заманасының ұлы мемлекет қайраткері. Орыстың зерттеушісі Л.А. Словохотов «Народный суд обычного права киргиз» деген еңбегінде: «Золотой век, о котором воспоминают киргизы, есть царство­ вание хана Тауке... умный, энергичный Тауке... должен стать в летописях кир­ гизских наряду с Солоном и Ликургом по своей законодательной деятельности. Справедливость и правосудие могущественного хана остановили брани родов. В степи водворилась редкая тишина. Народ отдыхал от кровавых дней былых». Бұл арада зерттеуші атақты «Жеті Жарғыны» айтып отыр. «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» сияқты тарихи конституциялық пәрмені бар құжаттардың орнына Тәуке хан тұсында «Жеті Жарғы» келгені мәлім. Академик С. Юшков ол туралы былай деп көрсеткенді: «Вопрос о том, что означает» «Жеті Жарғы» окончательно не решен казахстан­ скими историками и филологами. По мнению одних исследователей, это слово означает «Семь истин», другие толкуют его: «Объявление Семи», т.е. семи су­ дей. Нам кажется, что последнее истолкование является более приемлемым». Бұл күні «Жеті Жарғыны» жазуға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биден басқа, қырғыздан Қоқым (енді біреулер оны Қараша би дейді) қарақалпақтан Сасық би, құрамадан Мұхамед би қатысқаны туралы деректер кездеседі. М.Е. Есләмғалиұлы өзінің «Әйтеке би» деген шежіренамасында «Жеті Жарғыны», тек Тәуке және оның алты биі – Сасық, Мұхамед, Қоқым, Төле, Қазыбек, Әйтеке ғана жазған. Сондықтан Жарғы осылай аталған екен десе, сөзсіз ұшқары пікірге жүгінгендік болып шығары анық. Жарғыны жазысуға сол кезде көздері тірі Әнет баба, Едіге, Соқыр Абыз, Құдайназар, Болпыш, Жылгелді сияқты қазақ даласының түкпір-түкпірінен атақты билер мен ұлыс басшылары қатысқаны даусыз», – деп жазады. Автордың ой-өрісі дұрыс бағытта өрбиді. Алайда, «Жеті Жарғыны» Тәуке хан жазған жоқ, ол үкім шығарып жаздырды. Сол жазған жеті бидің бірі Қожаберген би екенін айту тарихи әділдік болар еді. Қожаберген Әз Тәукенің тапсырмасымен «Жеті Жарғыны» ақ былғарға жа­ зып, ханға табыс еткені туралы жазушы Н. Әбуталиев жанама деректер тауып отыр. Онда ақ былғарыға түсіріп: Мұқияттан хаттадым, Әз Тәукеге қызмет қып, Жаздым «Жеті Жарғыны».

Қожаберген жырау – 350 Салыстырып талдадым Бергі менен арғыны, – деген өлең сөздері келтірілген. Төле би, Әйтеке, Қазыбек билер тобына «жол көрсеткен ұстаз едім» деп, жыраудың өзі жазып кетуі осының айғағы. Көтеш ақын Райұлы «Жиен жырау» дастанында: Ақылдасып үш бимен «Жеті Жарғыны» жазған ер «Кім» десеңіз ол бекті Қожаберген кемеңгер, – деп жазуы біздің пікірімізді растай түседі. Кейбір арнайы тексеруді керек ететін деректерге қарағанда «Жеті Жарғының» жалғыз данасы Ыстамбұлдың Сүлеймен атындағы Канони кітапханасында сақтаулы көрінеді. Әз Тәуке өліп, қазақ елін Шыңғыс әулетінен тараған қалың төрелер тобы ыдырата бастаған тұста елдің көсем билері, атақты батырлары ел тағдырын ой­ лап толғанды. «Елім-ай» дастанында Қожаберген ол туралы былай дейді: Төреден Әйтеке би безін деді, Келді ғой көсем сайлар кезің деді. Қазақты батыр көсем басқармаса, Быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді. Хан, сұлтан, төре күні өткен деді, Олардан ақыл-айла кеткен деді. Қазағым өзіңді-өзің тұтас ел қып, Басқарар енді уақыт жеткен деді. ...Ақылды болсын батыр көсем деді, Басқарса қазақ болар есен деді. Бұл сөзді би мен бектер ұға алмады, Бас қосып, дұрыс кеңес құра алмады. Үш жүздің шонжарлары төре жақ боп, Ортадан батыр көсем шыға алмады. «Ақтабан шұбырындыға» ұрынған сәтте Қожаберген баба Әйтеке бидің көріпкелдігін қолдап:

Қожаберген жырау – 350 Төрелерге сенім жоқ, ел ермесін, Қазағым хан тұқымын дос көрмесін. Хан сұлтан, төре, қожа, өңкей құзғын, Оларға енді тізгін жұрт бермесін, – деп елге өз шешімін жеткізді. Қара қазақтан шыққан батырлардың төре әулетіне деген бұл оппозициясы Абылай хан келген тұста ғана басылды. Бірақ, ол біржола сөнген жоқ-ты. Қожаберген жыраудың жорықтас інісі балта керей Тұрсынбай батыр (17131819) Ресейге қарағысы келген Әбілхайыр ханға, Орта Азиялық хандарға жалтақтаған Сәмеке мен Әбілмәмбет хандарға да, Ресей мен Қытай ортасын­ да жалтарып, тәуелсіз ел дәрежесіне ұмтылған Абылай ханға да қарсы болғаны белгілі. Тұрсынбай батыр қазақ, башқұрт, ноғай, қарақалпақты бір мемлекет етіп, көсем, әр халықтан әмір сайлап, жеке тәуелсіз мемлекет құруды қалады. 1758 жылы Тұрсынбай Абылай ханды тастап, Арқаға кетті. Қазақ мемлекеттігінің болашағын ойлау Қожаберген бастаған қайраткер дәрежесіндегі ат төбеліндей билер мен батырлардың ісі еді. Қожаберген Үргеніш медресесін бітірген, өз заманасының білімді адамы болған, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген («Тіліне араб, парсы едім жетік», – дейді Қожекең). Сондықтан да Әз Тәукехан Қожаберген баһадүрді елшілік миссиясын жүргізуде де пайдаланған. Ол туралы деректер «Елім-ай» дастанында да кездеседі. Ендеше, Қожаберген – дипломат, замана саясаткері. «Елім-ай» дастанында­ ғы саяси ахуалға берген бағасы XX ғасырдың аяғы мен XXІ ғасырдың ба­ сын­да тұрған біздерді де қайран қалдырады. Ендеше, Қожаберген жырау – батыр, қолбасшы, ел тағдырын ойлаған ре­ форматор, стратег-мемлекет қайраткері. Қожаберген бабамыз осымен қатар атақты ақын жырау еді. Ол тек қана бір «Елім-айда» ғана бір ғасырдың сырын, мұңын ашты. Ол – тек жырау ғана емес, заманының ұлы шежірешісі. Ол тура­ лы Қожаберген: «Халқымның хал жағдайын өлең етіп, Жырладым апат күннің шежіресін», – деп жазды. Қазақ хандығының алғашқы тарихын Мырза Мұхаммед Қайдар Ду­ латидің жазғаны белгілі. Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер жинағы», Әбілғазының «Түрік шежіресі», Ш. Уәлихановтың «Абылай хан» очеркі, М. Ты­ 2-254

Қожаберген жырау – 350 нышпаевтың шежіресі, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Ду­ латовтың әлем ұлылары туралы «Қазақ» газетінде жариялаған очерктері, Абайдың «Ескендір», Мағжанның «Батыр Баян» поэмалары осы дәстүрдің жалғасы. Шәкәрімнің «Еңлік – Кебегін», Ә. Бөкейханов «Тарихи хроника» деп атаған. Ал оның жазған шежіресіне байланысты ұлы ақынды «Қазақтың Ка­рамзині» депті. Осы тұрғыдан алғанда Қожаберген бабамыздың «Елімай» дастанының орны ерекше. Оны тек «дастан» деу аз сияқты. Оның ар­ насы кең – ұлттың болу-болмауы, Отан тағдыры. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлттың сан ғасырлық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін ба­ ғалап, жүздеген мемлекет, әскери, саяси қайраткерлерін жеке-жеке даралап дүбірлеген оқиғалар болған жерді аралап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай» – шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттық сергелдеңге ду­ шар болғандығы мұңы, болашаққа құлаш сілтеп, қайсар намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының шаншыла атқан қайнар жыры да сыры. «Елім-ай» – ұлтымыздың Илиада мен Одиссеясындай эпикалық өміршең тра­ гедиясы. Дауылпаз Қожаберген – дүлдүл тарихшы. Біріншіден, тек «Елім-ай» дас­ танында ғана бүкіл дәуірді суреттейді. Жоңғар империясының дәуірлеп, кү­ шею себептерін ашады. Екіншіден, жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенін көрсетеді. Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып, жоңғарларға кіші зеңбірек жасауды үйретіп, құтыртып, екі түркі тілді халықтарды өзара қырып салуына мүмкіндік жасағанын ғажайып суреттейді. Үшіншіден, түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұқардың қазақ еліне деген қастандық саясатын өзбек пен тәжіктің жаттығын әшкерелейді. Төртіншіден, Әз Тәукеден кейінгі қазақ хандығында болған текетірес, бақталас берекесіздіктің бетпердесін ашады. Бесіншіден, «Ақтабан шұбырынды» қалай болды, халық қалай, неге тоз­ ды деген сауалдарға жауап береді. «Қырылу Алакөлден басталып тұр», – деп Алқакөл емес, Алакөл екендігін еске алады. Ең соңында Отан соғысы қалай өтіп жатыр, Қара ноғайдың қазақпен үздіксіз бір болуын, Қарақалпақ бектерінің жалтақтығын, Әбілқайырдың дәл 1723 жылы дер кезінде көмекке келе алмағандығын, халық қарсылығының өрістеп, Сарысу бойында жау бетін қайтарғанын айтады. Автор өз өмір жолынан хабар береді. 61 жасының 45 жыл ғұмыры жорықта өткенін, «Жасымнан қол бастаған болдым сардар» деп өзінің ел ағасы ретінде болашаққа көз салады. Шығарма кешенді, диалектикалық салыстырмалы талдауға негізделген. «Елім-ай» – әдеби тұрғыдан алғанда да теңдесі жоқ туынды. Онда тек ха­ лық мұңы ғана емес, оның сыры, рухы бар. Автор егіліп те, төгіліп те жыр­

Қожаберген жырау – 350 лайды, бірде тарихи тереңдікке бойласа, бірде бүгінгіге қайғырып, болашақты ойлай­ды, философиялық пайымдармен орағыта толғайды. Ендеше, Қожаберген бабамызды қол бастаған батырдан өтіп, ғасырлар қойнауына мұра етіп алып келе жатқан асылымыздың авторын «Дауылпаз жы­ рау» деп атау орынды. Әлемдік тарихта қолына қалам алып, оны семсер қылышпен қатар ұстаған тұлғалар бірен-саран-ақ. Олар: атақты Байрон, Шандор Петефи. Ал, дауыл­ паз Қожаберген өз соңына Ақтамберді, Үмбетай, Тәттіқара сияқты тарлан жы­ раулар көшін бастады. Махамбет пен Сегіз сері дауылпаз бабасы Қожаберген дәстүрін одан әрі жалғады. Дауылпаз Қожаберген жырау – ұлы ұстаз. Ол 1710 жылы 27 жасар Қан­ жығалы Бөгенбайдай шәкіртін бүкіл қазақ қосының сардабегіне ұсынды. Ұлы Қорқыт ата, Асан атадан кейінгі Көмекей әулие атанған Бұқар ата – оның сүйікті шәкірті. Ол болса, ұлы Абылай ханның ақылгөй данасы болды. ХVІІІ ғасырда қазақ елінің тәуелсіздігін қорғап қалған батырлар Қожабергеннің, оның шәкірті Бөгенбайдың, Бұқар мен Бөгенбайдың шәкірті Абылай ханның мектебінен өт­ кені хақ. Атақты Абылай хан Қожаберген бабадан бата алуды мәртебе тұтты. Ұстаз болса, дауылпаз Қожабергендей болсын! Қожаберген бабамыз – сегіз қырлы, бір сырлы замана дүлдүлі. Зерттеуші Шаймұрат Смағұлов өзінің «Атақты «Елім-айдың» авторы» деген мақаласын­ да: «Қожаберген өз тұсында суырыпсалма ақын-әнші, күйші, әскербасы болу­ мен қатар белгілі емші, сынақшы, от ауызды орақ тілді шешен, қолөнерші (он саусағынан өнер тамған шебер), құралайды көзге атқан мерген, түйе балуан, аңшы, құсбегі, атбегі, құмалақшы, шабандоз, сынықшы, ауа райын болжаушы (сәуегей), ірі қобызшы, жетігенші адам болыпты», – деп көрсетеді. XX ғасырда ұлы Ә. Бөкейханов «Қара қыпшақ Қобыланды» деген сын мақаласында «Тарихтық сарын екіге бөлінеді: бір бөлек тарихтың пайдалан­ ғаны соғыс істері. Біздің қазақ білетін тарих осы. «Тарихтың екінші түрлісінің (мұны орыс тілінде история культуры дейді) пайдаланғаны –жұрттың болмыссалты, рухани мәдениетінің дәрежесі. Бұлардың бәрі сол жұрттың сол замандағы тіккен үйінен, киген киімінең ұстаған... сөздерінен білінеді. Анық тарих – осы екіншісі». Қожаберген бабамыздан қалған рухани мұра шексіз. Қазақ халқының ХVІІІ-ХХ ғасырда ел ұраны болған «Елім-ай» әні, «Күлдірмамай», «Қойлыбай көреген», «Қарасары Балта керей», «Соқыр абыз», «Баба тіл» сияқты дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыржас», «Дүние», «Жігіттік» т.б. толғаулары, «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Шоңғал, шоңғал, шоңғал тас»,

Қожаберген жырау – 350 «Сылаң Сыр», «Балқан, Балқан тау», «Қазақ пен ноғайдың қоштасуы» сияқты өлеңдері, «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» сияқты күйлері өз зерттеушілерін сарғайып күтуде. Жеті бөлімнен, 3683 шумақтан 14732 жолдан тұратын «Елім-ай» дастаны теңдесі жоқ ұлы ту­ ынды өз алдына бір төбе. Мұнымен Қожаберген баба мұрасы шектелмейді. Бұл тек қана әзірге бел­ гілілері ғана. Қожабергентану менің түсінігімде ауқымды. Өте алысқа бармай-ақ Көшебе керейдің Жауынгер – Асылболат – Байбол Алдаспан, Шілікті, Жаңбыршы батыр, Қара Ораз, Таузар, Дәулен батыр, Толыбай би –Қожаберген жырау­ ды алсақ, сол жеті атаның ғажайып тарихы бір көшке жүк боларлық. Осы ұлы әулеттен тараған өзі батыр, өзі сал Дастем, Шақшақ би, Жанақ ақын, Жанкісі жырау, Салқара, Бахрам, Сегіз серілердің әрқайсысы алып тұлғалар. Қожекең­ нің бабасы Таузар ордабасы болған. Ал атасы Дәулен өзі ақын, өзі композитор, өзі шежіреші (тұңғыш керей шежіресін жазып қалдырған). Самарқанд шаһарын, Самарқанд уәлаятын билеген, реформатор, ордабасы Сейітқұлұлы Жалаңтөс баһадүрдің апасына үйленген, Жалаңтөспен үзеңгілес батыр. Қожаберген сынды бекзаттың әкесі Толыбай сыншы (1603-1680) – өз тұсында қазақ хандығындағы аса ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Ел ішінде Толыбай сыншы айтты деген нақыл, қанатты сөздер де жиі кездеседі. Адамды да, атты, құсты, итті және басқа жануарларды, гауһар, меруерт тастарды, қару-жарақтарды сынап білгені үшін Толыбайға «сыншы» деген қа­ дірменді атақты қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, қырғыз халықтары берген екен. Қорытып айтсақ, бұл қасиетті әулет қазақтың рухани мәдениетінде үлкен із қалдырған. Қожабергентану – ендеше қазақ мәдениетінің ұлы жырау туған, өскен, мәңгілік ордасы Гүлтөбе сияқты құнарлы, шұрайлы бөлігі, халық мұрасы. Қазақ мәдениетінің ірі қайраткерлері Ы. Алтынсарин, Сегіз сері, М.Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ш. Бөкеев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, І. Омаров, М. Жолдыбаевтарды, т.б. қызықтыр­ған Қожаберген мұрасын игеру – замана талабы. Солтүстік Қазақстандағы еңселі білім ордасы – университет ғалымдары, есімі шартарапқа танымал ғалым Т. Кәкішев, белгілі тарихшы А. Күзембайұлы, жазушы Н. Әбутәліпов белгілі ауыз әдебиетін зерттеуші Қ. Биғожин, Ғылым академиясының ғалымдары болып қожабергентану ісіне жегілуі абзал. Әсіресе, оның еңбектеріне текстологиялық талдау жүргізу, абзал бабаның мұрасын уақыт қоқысынан тазарту міндеті тұр. Екі боқмұрын баланың 2-3 минуттық танау­ бұзар төбелесіне не күресіне бәйге тіккен жандар қожабергентану жолында,

Қожаберген жырау – 350 нәтижеге жеткен ғалымдарға қол ұшын береді ғой деп сенемін. Қожаберген баба атында жыл сайын сыйлық, студенттерге арнайы стипендиялар белгіленсе, спорт жарыстары өткізілсе қандай ғанибет?! Қожабергеннің мұрасын кезінде Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясына кіргізгені белгілі. Оның «Елім-ай» әні жеке күй табақ болып шығуы, оның есімі тәуелсіз заманда оқулықтарға енуі – дау тудырмайтын басы ашық мәселелер. Ал, ұлы дауылпаз жыраудың есімі тарихқа хатталуы, ғылыми өмірбаяны жазылуы менмұндалап-ақ тұр. Солтүстік Қазақстан, жасыратыны жоқ, суық желдің өтінде, ұлы империя­ ның бетінде тұр. Қожаберген баба – қазақ мемлекеттігінің жаршысы да жоқшы­ сы. Сондықтан, Тәуке хан заманасынан бері қазақ хандарының, билерінің, сұлтандарының, әскери басшыларының, батырларының ордасы болған Гүл­ төбе – Маманай елі Қожаберген ауданы аталып, еңселі ескерткіш орнату ең ал­ дымен әділеттік үшін керек, одан қалды тәуелсіздік заманасында шекара жігін айырып, бір қолына қылышың бір қолында қаламы бар бабаның Солтүстік көрші елге көз тігіп, айбын болып тұруы символика үшін де керек-ақ. Бұл аудан атының Жакең, аруақты Жакең үшін керегі де жоқ. Жакең 1937 жылы Мирзоян қаласын өзгертіп «Жамбыл» деп аталғанын естігенде селт етіп, бірден: «Атыңнан айналайын Әулиеата, Атыңды тартып алды деп болма қапа!» – деген екен. Сол сияқты, бұл өлкенің Қожаберген баба елі екенін білген болса: «Атыңнан айналайын Қожаберген, Мен дағы ұрпағыңмын соңына ерген. Жолыңды кескектемей дана баба, Жамбылмын өз еліңді қайтып берген», – деп айтар көрегендігіне мен өз басым имандай сенемін. Әдебиетте Көшебе керей Қожаберген жырау 1683-1786 жылдары, 16631762 жылдары өмір сүрді деген қарама-қарсы деректер кездеседі. «Елім-ай» дастанында «Ақтабан шұбырынды» жылы 61-де едім дейді жырау. Ендеше оның туған жылы 1663 ж. Жанақ Төлеұлы (1743-1821 жж.). «Көз жұмды жүзден аса есіл сабаз / Оған да жолдас болмайды дүние жалған» дегенін еске алсақ, қазір да­уылпаз баба 337 жаста. 350 жылдық мерейтойы 2012 жылы. Баба өмір жолы­ның басқа да белгісіз жұмбақтары баршылық. Осы жұмбақтардың бірі: «Қожаберген жырау маңында ұзақ жылдар бойы неге меңіреу зона орнады, есімі неге аталмай келді» деген сауалға тіреледі. Се­

Қожаберген жырау – 350 беп екеу: Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы, оның «Елім-айы» – империяға қарсы туынды. Онда ол орыс империясы қалмақтарға қару сатты, қолдады деп айыптайды. Ал оның ізбасар мұрагері Сегіз сері – ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, орыс отаршылары баба Қожабергеннің қонысына Прес­ нов селосын орнатты, атамекенін қара шекпенділер жайлап, қазақтар горь­ кая линияны қазақ мемлекеттігінің тірегі болған өлкені баса-көктеп салды. Отаршылық, одан қалды кешегі Совет заманасында Сәбит те, Ғабит те бұл тақырыпқа белсеніп кірісе алмағаны осыдан болса керек. Екіншісі – «Елім-ай» қазақ хандарының төре тұқымынан сайлануына қарсы. Ал төрелер әулеті қазақ қоғамына еңдеп, бойлап араласып, құраласып кеткен-ді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев өзінің «Месіндегі бір шағын мақаласын / Он төрт тоймас бар» деп атапты. «Жер жұтуға тоймайды, Көз қарауға тоймайды. Өмір жасауға тоймайды, Бай малға тоймайды. Ғалым ғылымға тоймайды... Бала нанға тоймайды, Тірі іске тоймайды». Ие, өлмейтін жан жоқ. Абай баба айтқан «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы / Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дегендей, қазақ халқының үш ғасырлық жүрекжарды жыры «Елім-айдың» авторы Қожаберген жырау өз халқымен мәңгі бірге жасайды. Қожаберген есімі Әз Тәуке хан, Абылай хан, Әбілхайыр хан, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би сияқты ұлтымыздың ұлыларының қатарында Отан тари­ хында хатталады. 2000 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҚОЖАБЕРГЕН – ҰЛТ ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ Салық ЗИМАНОВ, академик («Солтүстік Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрестің тарихы» деп аталатын халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзінен) Тәуелсіз ел болғаннан бергі уақытта ұлттық сана-сезімді жаңғыртуға, бұрынғы өткен асылдарымызды ардақтап, ұлыларымызды ұлықтауға мән бере бастадық. Осыдан 300-350 жыл бұрын өмір сүрген, сол заманда керемет ерліктерімен халық құрметіне бөленген қасиетті Солтүстік Қазақстан өңірінің тумасы Қожаберген есімінің қайта жаңғырып, еліне сіңірген еңбегінің әділ бағаланып жатқаны да қуанарлық құ­былыс. Қожабергеннің ұлы тұлға болғанын, бүкіл қазақ халқына ортақ екенін баса айтқым келеді. Ол халқының бостандығы мен бірлігі, елінің тәуелсіздігі үшін аянбай күресті. Кезінде ол туралы Ермұхан Бекмаханов, Манаш Қозыбаев сияқты атақты тарихшы-ғалымдарымыз, Бұқар жырау, Бауыржан Момышұлы сынды көптеген ақын-жазушыларымыз жазды. Сіздер де Бекет Тұрғараевтың басшылығымен қайырымдылық қорын құрып, оның есімін халқына қайтаруға, ерлігі мен өрлігіне әділ бағасын беруге талпынып жа­ тыр екенсіздер. Бұл өте дұрыс. Оның еліне сіңірген еңбегі осындай құрметке лайық. Оның өмірі мен шығармаларын іздестіруге арналған ғылыми зерттеулердің тұрақты сипат алға­ны жөн. Қытай мен Ресейдің, басқа да елдердің мұрағаттарында Қожа­бергенді мемлекет және саяси қайраткер ретінде сипаттайтын материалдар аз емес. Тек оларда оның есімі бір жерде Хочи Береген, енді бір жерде Ходжа Мер­ гень деп қате жазылған. Басқаларды былай қойғанда, Қазақстанның өзінде оны білмейтіндер аз емес. Болашақ ұрпақ үшін осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек.

Қожаберген жырау – 350 Қожабергеннің басты қасиеттерінің бірі – ол ұзақ уақыт қазақ халқының қалмақтарға қарсы соғысын ұйымдастырушы басшылардың бірі, қазақ хал­ қы мемлекеттігінің негізі мен дамуының стратегиясын белгілеген екі ұлы хан – Әз Тәуке мен Абылайдың оң қолы болды. Оның жалынды жырлары ұлтты ұйыстырып, басқыншыларға қарсы жұмылған жұдырықтай күресуге шақырды. Ол өз заманының өте білімді адамы ретінде көрші мемлекеттердің стратегия­ сы мен тактикасын дұрыс түсініп, шағын халықтарды бір-біріне айдап салуға бағытталған зымияндық саясатын батыл әшкерелеп отырды. Ол қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына басшылық жасап қана қойған жоқ, өзін шебер дипломат ретінде танытты, бірқатар мемлекеттерде Қазақ хандығының елшісі міндетін атқарды. Дауылпаз жырау «Елім-ай» дастанын жазды, «Жеті Жарғыны» дайындауға атсалысты. Бір сөзбен айтқанда, бір ғасырға жуық өмір сүрген Қожаберген Толыбайұлы туған халқының мүддесін қорғауға бағытталған көптеген даңқты істерге ұйытқы болды.Осындай қызметті ғана шынайы ерлік деп бағалаймыз. Біз оның теориялық мұралары мен нақты қызметін жан-жақты зерт­ тегеннен кейін оның саяси қызметіне мемлекеттік деңгейде баға беруге тиіспіз. Қожаберген, сөз жоқ, қазақ елі тарихындағы тұтас бір құбылыс. Ол – қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресін басқарған ірі де жарқын тұлғалардың бірі. Ол – ұлт ерлігінің символы. Сондықтан да біз оның есімін халыққа қайтару, оның ерлігіне лайықты баға беру арқылы бүгінгі және келешек ұрпақты халқымыздың ұлы патриотының рухында тәрбиелейтін бола­ мыз. Осындай адамдардың өмірімен халықтың тағдыры қалыптасады, елдің қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. 2010 ж.

Қожаберген жырау – 350 «ЕЛІМ-АЙ» ДЕП ӨТКЕН ЕР БАБА Тұрсынбек КӘКІШЕВ, профессор Тәуелсіздік еліміздің өткен тарихын біліп алуға, зерттеуге, қуаныш-шат­ тық­ты көзге елестететін тойлар өткізуге мүм­кіндік берді. Совет заманында қазақ деген атауды ептеп елжірей айтсаң «ұлтшылсың» деп тап беріп таңба ба­ сатын, жәбір-жапа көрсететін қисынсыздық түгелдей болмағанымен, саябырси бастағанының өзі тарихымызды білуге, елдігіміз­дің ерекшелігін тануға, сөйтіп, ұлттық намысымызды оятуға мүмкіндік берге­ніне қуанып жүрміз. Ұзағынан болғай! ІV ғасырға жуық, яғни 360 жыл құлдық психологияда, көрінгеннің табанында езіліп, аузына қарап күн көруге, қабағына қарап сөйлеуге дағдыланып қалғаны­ мыз азаттық дәуірде сезілмейді, елпілдеп тұратынымыз қазір байқалмайды деп ешкім айта қоймас. Әйтеуір, келгеніне ширек ғасыр болған азаттық еңсемізді кө­теруде. Осылай ата-бабамыздың, өнерпаздарымыз бен батырларымыздың, хан мен қаралардың дүниеге келген жылын, күнін, жасаған жақсылықтары мен ерліктерін түгендеп жатқан жайымыз бар. Өткен бабаларымызды құрметтеу кезінде әрқайсысының елге сіңірген ең­ бектері мен артында қалған мұраларының салмағы мен ғибраты міндетті түрде есепке алынуы шарт. Әйтпесе, тарихи оқиғаның қою-сұйығы, ауыр-жеңілдігі, парасаттылығы мен парықсыздығы араласып кетуі ғажап емес. Осы тұрғыдан келгенде өкімет тарапынан мән беріліп тізімге түскендердің республикалық деңгейде аталатын тұлғалар жайлы арнайы шешім жасағанның ешбір артықтығы, сөкеттігі жоқ. Атақты тарихшы, академик М. Қозыбаев «Біз соңғы он жыл шамасында, әсіресе, тәуелсіздік алған жылдары ата тарихымызға үңілу үстіндеміз. Оның басты себебі – Ресей империясы тұсында тарихымызды от­ аршылдар жазды, советтік заманда қызыл империяның мүддесіне негізделіп жасалды» (Манаш Қозыбаев. Тұлғалар тұғыры. – 2009, 244-б.) деген сүбелі

Қожаберген жырау – 350 ойды айтқан еді. Манаш большевиктік идеологияның тоқпағын біраз соқса да, өз халқына жаны ашығандықтың белгісін сездірген кезде талай сөгіс естіп, сөзге қалуды басқалардан көп көріп, марксшіл тарихшылардың ішінен шындықтан қорықпай, шын ой-пікірін айтқан, соған жету үшін өмір тауқыметін талай тарт­ қан, сөйтіп ұлттық таным, намыс деңгейіне алғаш жеткендердің бірі болған, ірі азамат еді. «Елім-айды» естімегендер, қазақтың соңғы шоқына бастаған, тілін ұмыта бастағандары болмаса, төрт ғасырдай зарлана айтылатын халықтық гимнді біл­ мейтіндер аз болар. Оның авторы кім дегенге қателескендер де, білмейтін­дер де, тіпті қысыр есеппен пікір айтатындар да, ол фольклорлық бейне ғой дейтін­дер де кездесіп жатады. Мен өзім тарихи деректерсіз сөйлеуді, пікір толғауды білмейтін пенде болған соң, бұрынғының үстіне көп құжаттарды қарастырдым. Әсіресе, қазақ тарихшыларының пікірінен Манаш Қозыбаевтың ізденістеріне қол қояты­ нымды жасырмай айтатын болсам, ҚазССР Ғылым академиясының Тарих, археология, этнография институтының директоры болып тұрған шақта тарихқа, оның ішінде қазаққа жаны ашитын зиялыларын, профессорлар мен академик­ терін «Қожаберген жырау Толыбайсыншыұлының Отан тарихы мен қазақ по­ эзиясында алатын орны» деген тақырыпта республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізу үшін сонау солтүстік өлкеге алып баруы, ойлантуы әншейінгі рушылдықтың белгісі емес, қожабергентану ілімін қалыптастырудың нақты қадамы болған еді. Мен өзім бұл үдеріске тоқсаныншы жылдары араласып, профессор А. Кү­ зембаев басқаратын заң институтының қолдауымен Қожабергеннің, Сегіз серінің өлең-жырларын жинап бастыруға аспирантым М. Дастанбаеваны жіберіп, біраз қозғау салғанмын. Және Сегіз сері жөнінде кандидаттық диссертация жазған марқұм, дарынды қаламгер Төлеш Сүлейменовтің кітап шығаруына демесін жасағанмын. Сол кезден басталған ізденіс бүгінгі Ш. Уәлиханов атындағы Та­ рих және этнография институты 2013 жылғы наурыз айында Алматыда өткізген үлкен ғылыми конференцияға жалғасты. Алда әлі талай белгіленген шаралар бар. Яғни биылғы жыл Қожаберген жылы болмақ. Мені айрықша қуантқаны: үкіметтің мәдени-тарихи құбылыстарға мән беріп, халықтық гимн авторының 350 жылдығын айрықша атап өту жөнінде шешім жасағандығы. Мұны ел­дігіміздің, ұлттық танымымыздың тамыр жая бастауының алғашқы нышаны деп қабылдаған жөн. Оған дәлел қандай? Төрт ғасыр бойына жылап-сықтап келген қазақтың «Елім-айды» білмейтіні жоқ. Әрине, совет кезінде интернационализм ұранын айғайлап айтып, ұлы державалық шовинизмге айналдырса, орыс тілі арқылы со­ вет халқын жасамақ болған пиғылдың алдыңғы қатарын­да болдық қой. Азаттық

Қожаберген жырау – 350 келгенде теңдікті сезіне бастауымыз есімізді жиюға мүмкіндік беріп отырғанын ұлттық намысымыздың оянуына пайдаланайық. Заман әрқашан бірқалыпта тұр­ майтындығын енді түсінбесек, онда елдікпен қош айтысар сәттер алда да аз болмас. Осыншама кіріспе жазатын Қожаберген кім еді, одан қалған мұраның бүкіл қазақ үшін қандай қасиеттері бар еді деген мәселеге қысқаша болса да жауап беруге ұмтылғанымыз жөн болар. Ең алдымен кәрісі бар, жасамысы бар бүкіл қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айы­рылған жа­ман екен, Мөлтілдеп екі көзден жас келеді» дегенді қазақтың зарлап айтпаған­дары кем. «Ұжмақ» орнаған совет заманын­ да зорлықпен тілден айы­рылғандардың арасынан «Елім-айды» естімегендерді іздеп табу қиын емес. Халықтық мұңға, ұлттық гимнге айналған шығарманы, шығарма емес-ау, бір ұлттың таным-түсінігінде, есінде жүретін «Елім-айдың» дұрыс бағаланбауы, оны шығарған дарынның тарихтан ойып тұрып орын алмауына не себеп болды дегенге Қозыбаевтың пікірін келтірейік: «бірінші – Қожаберген баба орыс им­ периясына ашық қарсы, оның «Елім-айы» империяға қарсы туынды, екінші – қазақ хандарының төре тұқымынан сайлануына қарсы» дегеніне өз танымымыз тұрғысынан қосарымыз, үшінші, жалпы қазақтың демей-ақ қояйын, ел сөзін айтатын билікке ие төре-қаралардың, басшылардың, зиялылардың саясатшыл­- дығы еді деп түсінген орынды болар. Елдің рухани сусыны, аттанар өрісі болған «Елім-ай» әнінің, жырының, дастанының иесі Қожабергеннің тарих қалтары­ сында қалып қойғанын мойындасақ, онда рухани жағынан шығындалғанымыз өте мол және ірі болғанын көреміз, өкінішіміз өксітпей қоймайды. Бүкіл халықтық гимннің қасиетіне дер кезінде жетпеуіміз біздің бүкіл мә­ дениетіміздің орынсыз датталуына әкеп соқты. «Жазуы болмаған елде қандай мәдениет, әдебиет болмақ?» деген еуроцентристік көзқарас біздің қазақ хан­ ды­ғы – тұрақты мемлекеттігіміз батыс елдерінен әлдеқайда бұрын салтанат құрғанын айта алмай, соңғы төрт ғасыр бойына бөтеннің қасы мен қабағына қа­ рап, емеурінін бағумен өткізгеніміз ең өкінішті дәуір демеске шараң жоқ. Осы өкініштің жалғасына да кездесіп отырмыз. «Халық сөзі» газетінің 2013 жылы 12, 19 сәуірде шыққан екі санында (23,24) «Қолдан қаһарман жасаудың халыққа пайдасы қанша немесе Социал Жұмабаев фантастикамен ай­ налысса көп жетістікке жетер ме еді?» деп мақала оңға бұрылған қадамға тағы да күдік келтіріп, дау-дамайға шақырып жатыр. Мақала авторы профессор

Қожаберген жырау – 350 Жамбыл Артықбаевтың осы уақытқа дейін шығарған еңбектеріне, әсіресе қазақ тіліндегі дүниелерді оқып, қажетті кезінде пайдаланып жүретініне ішім жылып жүруші еді. Соңғы кезде ғана ашылған дарбазаның есігін шатастырып алғаны қайта өкінтіп отырғанын жасыра алмаймын. Қазақта не көп, аттастар көп. Бір Жәнібекті атасаң ханы да, қарасы да, ба­ тыры да қосақталып шыға келеді. Ал тарихта қалған Қожабергендер де аз емес. Жамбылдың өз сөзімен айтсақ, «менің білетінім «Дауылпаз баба – Қожаберген жырау» өмір сүрген жүз жылдықта (1663-1763 жылдар) тарихи құжаттар мен елдің аузындағы әңгімеге мысал болған бір ғана Қожаберген белгілі. Ол – он екі ата абақ керейдің ішінде шұбарайғырдан шыққан Қожаберген батыр. Басқа да Қожабергендер болған шығар, бірақ елдің есінде қалғаны тарихи құжат бетіне іліккені сол. Оның өзінде 1765-1757 жылдардағы қазақ-қытай соғыстарының арқасында» депті. Екінші: «Қазақ тарихында қанжығалыға ұран болған Толыбай сыншыдан басқа Толыбай сыншы жоқ» («Халық сөзі» №23.12.04.2013) деп түйіндейді. Қазақстанда Сарыарқаның солтүстігін ашамайлы керей елі жайлайтынын, басқаларды былай қойғанда, классиктеріміз Сәбит пен Ғабит сол рудан өрбитінін білмейтіндерге не айтарымды білмеймін. Әсіресе, Толыбай сыншының әйгілі Жалаңтөс баһадүрдің апасы Жамалдан 20 ұл, кенжесі Қожабергенді көргені белгілі. Яғни Толыбай сыншы, оның ұлы, қазақтың ерен энциклопедиялық тұлғасы Қожаберген абақ керейдің шұбарайғырынан емес, Солтүстік Қазақстан облысын мекендеген ашамайлы керейдің Көшебесінен туғандығы тарихшыны шатастырған. Сіздер мені жаңа ғана оянған екен деп қалмаңыздар. Еленбей жатқандардың бәрін біліп, үн қосып отыруға ешкім де міндетті емес. Алайда, елдіктің шыл­ бырын ұстап, ірі азаматтық танытқан ұлы дарынның даңқын елемеу, шығып жатқан мұрасына дұрыстап назар аудармау, әрине, кешіре қояр жай күнә емес. Тіпті қазақ елінің осыншама ұлан-байтақ жерге ие болып, өзінің ұлттығын сақтау жолында Қожабергеннің ұлы қолбасылық қызметін атқарғанына жеңіл-желпі қарауға болмайды. Қазақ халқының оның ұландарының адамзат тарихында ірі де мәнді істерді тындыра білгендігі дерексіз емес қой. Әз Тәуке хан тұсында жазылған, атақты би Төле, Қазыбек, Әйтекелермен ақылдаса отырып, «Жеті Жарғыны» дүниеге әкелген кемелділігін, бес жыл бойына елшілікпен айналысқанын былай қойған­ да (1688 жылдан 1710 жылға дейін), 23 жыл бойына қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен қолына сардар болып, өз еркімен қолбасылықты қалың қауымның алдында Түркістан қаласында Қанжығалы Бөгенбай батырға

Қожаберген жырау – 350 тапсырғанын қалай ұмытармыз. Мемлекеттік істі ұзақ жылдар атқардым дей салу қиын болмағанмен, Әз Тәуке ханның қарсылығына қарамай болашағы зор батырға сардарлықты ел көзінше табыс етуі әшейінгі пенденің қолынан келе бермейтін ерлік қой. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Ер Жәнібек пен Тұрсынбай батырларға ақылшы болу, үлгі көрсету аз абырой болмаса керек. Қазақ елін орысқа да, қытайға да жем қылмай, тәуелсіздігін сақтай білген Абылайдың батырлары әңгімеге араласып жатқан соң 1879 жылы шыққан кітапқа дұрыстап мән берілмегенін айта кетейін. Бұл – әрі ақындықтың, әрі ақылдылықтың, әрі көрегендік пен мәрттіктің куәсі болуға жарайтын дерек. Ыбырай Алтынсарин өзінің «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясында» Абылай ханға арнаған тарауда «Қожаберген жырауға Абылай: «Мені мақтап жыр айт­ шы», – дейді. Қожаберген айтты: – Абылай, сені мен көргенде тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің. Әбілмәмбет ағаңа қызметші болған ұл едің. Үйсін Төле билердің түйесін баққан құл едің. Сен жиырмаға келгенде ақ сұңқардай түледің. Алыстан тоят тіледің. Ақтан болды қүніңіз, арсы мен күрсіге тайтала­ сты үніңіз. Енді сіздің бұл күнде, бір көшеге сыймайды, азаткерде құлыңыз» (Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин. «Қазақ хрестоматиясы». – Алматы: Білім, 2003. – 13-б.). Осы идеяны жырға айналдырған Бұқар жырау, оның кейіпкері Абылай бү­ кіл қазақ халқына күні бүгінге дейін қазақ елінің ұлылары, данышпандары ретінде өмір сүріп келе жатқанын ескерсек, онда Бұқардың өзі Қожабергеннің шәкірті болғандығы, «Қожаберген ұстазым» деп мақтанатыны тек өнерпаз­дық тұрғыдан ғана емес, тарихи тұрғыдан да құнды ғой. Олай болса, адалдық тұрғыдан да, адамгершілік келбеттен де жалғыз төңірегін ғана емес, бүкіл елін ұйыта білген данышпандығының еленбеуіне таң қалмасқа болмас. Қожаберген қол бастаған сар­ дар ғана емес, сөзге құдірет бітіре алған ақын, үнге жан салған сазгер, айтқанына елді сендірген дастаншыл жырау болғандығын естен шығаруға болмайды. Қожаберген қайраткерлігін жіліктей бастасақ, «Елім-айды» шығарған саз­ герлігі алдымен әуен ұйқастылығына, сөз үйлесімдігіне негізделгені айдан анық. Олай болса, азаматтық келбетін айқындай түскен батырлығы, батылдығы, сар­дарлығы, мәмілегерлік қайраткерлігі ұйқасты сөзбен көмкерілгені, әсіресе, «Елім-ай», «Баба тіл» дастандары, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», «Жақсылық пен жамандық жайында хикая», «Ата тек», «Әулие Қойлыбай» сияқты дастандарының, қисса-толғауларының, «Абылай ханға айтқан ақылы» қара сөзбен болса да ұйқасқа негізделуінің өзі оны кемеңгер ақылдылықтың ғана емес, ақындықтың биігінен көрсетері сөзсіз.

Қожаберген жырау – 350 Сөз өнері арқылы сыртқа шығып, елдің таным-біліміне арқау болған Қожабергеннің тарихшылығын айрықша атау керек. Өкінішке қарай, еуро­ центристік теорияға әбден берілгендіктен фольклорлық туындыларды көркем сөздің екінші сорты, еріккеннің әшейінгі ермегі деп түсінудің қырсығы оның ел-жұртқа жеткізіп жатқан дерек шындықтарына мән бергізбегені өкініш­ ті. Осы өкінішіміздің кейбір мезеттерін атақты ғалым Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» деген тамаша еңбегінде еленгенінің өзі қуанышты. Ал мұрағаттық өзектерге әбден иманын беріп қойған орыс тілді тарихшылары­ мыз қазақтың жыр-дастандары мен қиссаларын, аңыздарын оқи алмағандары өкінішті. Олардың мән-мағынасын білмегендері елді өз тарихынан мақұрым қалдыруға дейін апарғанын енді қысылмай айтуымыз керек. Тәуелсіздіктің арқасында «Мәдени мұраны» ақтаруға қолымыздың жеткеніне қуанайық. Мен мұны Қожабергеннен, оның жасампаз ұрпақтарынан қалған, соңғы уақытқа дейін еленбей келген том-том әдеби көркем шығармаларды ежіктей оқудың нәтижесі арқылы айтып отырмын. Ұлы аңдампаздығымен, ақындығы­ мен қатар Қожаберген жырау өз заманының ғана емес, өзіне дейінгі дәуірлердің шежіресін дәйектеп жасаған ұлы ғұлама тарихшы екенін енді бағаламасақ, онда біздердің зиялы елміз дегеніміз шындықтан шалғай жатқан жалғандық, қыпқызыл өтірік болып шығады. Бұл мәтінді ойды ежіктеп таратпай-ақ тек сүбелі де мәнді тарихи оқиғалар­ ды Қожабергеннің қалай жеткізгеніне, айтқанына назар аударайық. «Баба тіл» деген дастанда тарихшы Әбілғазы Баһадүр (1603-1663) өзінің «Түрік шежіресі» еңбегінде қазақты атамай, Үш жүз деген атаудың сырын ашпай кеткенін сынап, «Айналайын, Үш жүзім, Әбілғазыға налыма, шежіресі бар елімнің, қоймаспыз жатқа жалына» деп алады да, «Шыңғыс ханнан көп бұрын, қазақ пен үш жүз бір атау» деп ой түйгенін естен шығармайық. Жойқын Жоңғар шабуылына дейінгі дәуірді «Өткен кезең» дастанында тарата, тіпті ежіктей баяндап, бүкіл Сібірді жайлаған елдерді, әсіресе татарлардың әр тайпасына дейін таратып, қазіргі ай­ тылып, жазылып келгендердің шындықтан алыс екенін көзге елестетеді. «Жа­ сымда жасап сан жорық, Байкөлден аса мен бардым. Ордабасы боп жүріп, көп ел мен жерді таныдым» дегенін дастанның әр тарауынан ғана емес, тіпті әрбір шумағынан аңғарып, тарих тереңіне сүңги бересің. Қалмақтардың ата-бабасына дейін таратып шығады. Ол аз болса: Ойғырдың анасы – Қытай, атасы – Түрік, Соқтығып Қытаймен көрші тұрды жиенсініп. Қарақалпақ ағайынға шетінен Жұртымызға салды бүлік.

Қожаберген жырау – 350 Дүнгеннің апасы – Қытай, атасы – Араб. Жатпады олар-дағы текке қарап, Ұрынып Найман, Қоңырат, Жалайырға Мазасын кетірді елдің шабуылдап, – деген сияқты шумаққа бүкіл Байкал, Сібір өңірін ғана емес, әр ру, тайпаның те­ гін де, көшіп қонуын да дәлелді баяндайды. Осы тұрғыдан келгенде біздің қазақ тілін білмейтін қандас тарихшыларымыз ауыз әдебиетінің үлгілеріне айрықша зейін салып, халық тарихын бөтендердің айтқанымен емес, өздерінің танымымен ғасырлар қойнауындағы шындықты бүгінгі ұрпаққа жеткізуі керек. Міне, Қожаберген жыраудың ғұлама тарихшылығын тек осыдан ғана танып қоймай, бүкіл ауыз әдебиеті үлгісіне тарихи-мәдени тұрғыдан қарау қажеттігі өзінен өзі көкейге оралады. Қожабергеннің өнерпаздығын әнші, күйші, болды, айтқыш шешен, емші-балгер, тілші, полиглот болды деп тарата бергенше қазақ халқына белгілі болған өнерпаздардың біразына ұстаз болғандығын айтып, өткен тарихтың қыр-сырын дұрыс аңғарту арқылы ғұлама ұстаздың деңгейіне көтерілгенін көреміз. Батыр-бағландар, әрине Қожаберген сардардың ығына жығылып, көз қиығына қарағанын былай қойып, әр шығарманың мән-мағынасына шырақ қойып қарайтын болсақ, сөз зергерлігінің өзін қазақтың ұлы ақыны С. Торайғыровтың ойымен түйіндейік. Толыбайсыншының баласы Қожаберген Тарихынан оғыз-түрік хабар берген. Үмбетей, Бұқар жырау, Тәтіқара – Үшеуі Қожабергеннен үлгі көрген, – дегенін немесе Қожаберген бабамыздың үлгісі дарыған қазақтың сөз өнерін 20 том көлемінде жинап, бүгінгі ұрпаққа жеткізіп кеткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының: Қолбасы, ақын-жырау һәм елші, би, Шығарды «Елім-айдай» тамаша күй. «Елім-ай» әні мен жырындағы Шығарған Қожаберген бабаңды сүй, – дегенін ұмытпау керек. Тарата берсек бабамызға айтылар сөз де жетеді, ой-пікір де аз болмас. Кеш­ теу болса да осы игі іске мұрындық болған тарихшы Манаш Қозыбаевты есте

Қожаберген жырау – 350 тұтып, Қызылжар – Петропавл қаласындағы халықаралық «Жеті Жарғы» һәм Қожаберген жырау» қоғамдық қорының атқарып жатқан істерін айрықша атау шарт. Қазір Қазақстанда қорлар көп. Олар бірді-екілі елеулі шараларды өткізіп, ата-бабаларының ру, ата, ауыл болып, мүшелді тойын өткізумен келе жатыр. Тігілген үйдің, сойылған малдың, тартылған табақтың аз-көптігіне қарай күйінетіндер де, күндейтіндер де аз емес. Ал мына өзінің заңды да тарихи атын қайтып ала алмай отырған Қызылжар қаласындағы қорды Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, профессор Бе­ кет Тұрғараевтың ұйымдастырғанына жалғыз Қожабергеннің ғана емес, солтүстік өңір өнерпаздарының мұраларын жалықпай, жасы келіп қалғанына қарамай, қажымай жинап, баспаға өткізіп, кітап етіп шығарып жүрген Социал Жұмабаевтың еңбекшілдігін, азаматтылығын айрықша айтуымыз керек. Тарихымыздағы ерен энциклопедиялық тұлғаның артына қалдырып кет­ кен мұрасы енді-енді ғана қолға алынып жатқандықтан көрген-білгенімді, архив-мұрағаттан тапқанымды жайып салуға дайынмын. Өзіңді-өзің қадірлеп құрметтемесең, басқа біреу сенің жоғыңды жоқтамайтынын, әсіресе, бүгінгі жас­ тар мықтап ұғып алғаны дұрыс. «Егемен Қазақстан» газеті, 25 мамыр 2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ Шаймұрат СМАҒҰЛОВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор, облыстық «Қожаберген жырау» қорының төрағасы Қазақ халқының ғасыр жасаған ақындары мен ел-жұртына қорған болған ардагер ұлдарының бірі – Қожаберген Толыбайұлы екендігі көпшілікке мәлім. Қожаберген – тек ақын, ел қорғаған әскербасы, батыр ғана болып қоймай, ол үлкен әнші, ірі күйші, он саусағынан бал тамған жан-жақты қолөнерші әрі өз заманындағы аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бірі болған аб­ зал жан. Сонымен қатар Қожаберген мен оның мұрагерлері: Дәстем сал, Жанкісі, Салғара, Жанақ, Бахрам, Сегіз сері, Сейітжан, Құшан сері, Мұстафа, Мұсайын, Мейрам сал, Әмірхан сері, Сапарғали, Есім сері сияқты өнерпаздар ұзақ уақыт бойы ескерусіз, назардан тыс қалды. Оған осы есімдері аталған әнші-ақын, күйші, композиторлардың туып-өскен өлкесі – Солтүстік Қазақстан облысында 1936 жылдың жазынан кейін бірде-бір рет тарихи және әдеби экспедициялар­ дың бармағандығы негізгі себеп болған. Қожаберген жыраудың да, оның мұрагерлерінің де бар айыбы – өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректердің және шығармаларының жиналмай, зерт­ телмей қалғандығы, жоқтаушы азаматтардың болмағандығы. Қожаберген ақын мен оның мұрагерлерінің бірі – Сегіз сері композитордың өмірі мен қоғамдық қызметі, шығармалары соңғы он алты, он жеті жылдың ішінде ғана зерттеле бас­ тады. Қожаберген Толыбайұлының шығармашылығы әуелде қазақ халқының XІX ғасырда өмір сүрген алғашқы педагог-жазушысы, ағартушы-демократы Ыбырай Алтынсарин құрастырып, 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хресто­ 3-254

Қожаберген жырау – 350 матиясы» жинағынан және оның өзі қайтыс болғаннан кейін жеті жылдан соң, яғни 1896 жылы Қазан шаһарында баспадан жарық көрген. «Мәктубат» де­ ген кітабынан орын алып, ол жинақтарда әнші-ақынның бірнеше өлеңдерінен үзінділер берілген. Ыбырай Алтынсариннен кейін XX ғасырдың басында Қожабергеннің өзі туып-өскен Қызылжар (Петропавл) аймағының ақындары: Нүрке сері Тоқтабайұлы (1877-1915 жж.), Біржан Берденұлы (1889-1921 жж.), Сейіткерей Мағазұлы (1889-1917 жж.) және әрі әнші, әрі балуан Жүніс Бекмұхаммедұлы молда (1891-1921 жж.) Қожабергеннің өмірі мен қоғамдық қызметі, батырлығы туралы деректерді, оның өлең-жырларын, әндерінің сөздерін, жұмбақтарын, шешендік сөздерін жазып алып, жинау-зерттеу жұмысына араласқанмен, ол абзал жандардың өмірі қысқа болып, басталған іс аяқталмай қалған. Со­ дан кейін XX ғасырдың 30 жылдарында Қожаберген сынды батыр ақынның өмірі және қоғамдық қызметі жайындағы деректерді, оның ізбасарлары тура­ лы мәліметтерді әрі олардың шығармаларын жинап-зерттеумен қазақ совет әдебиетінің іргетасын қалаушылар С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, кейін М. Жолдыбаев, Т. Берденов, Ә. Ілиясов сынды белгілі әдебиетшілер шұғылданған екен. Қожабергеннің өлең-жырлары, әсіресе «Елім-ай» тарихи дастанының бірінші бөлімі түгелге жуық, екінші бөлімінің бас жағы, «Баба тіл» тарихи қис­ сасы, «Ғасыр жас», «Жастық» атты толғаулары туған республикамыздың әр өлкелерінде тұратын қариялар мен құймақұлақ ақсақалдардың үйлеріндегі абдыралардың түбінде қолжазба күйінде сақталып және осы аталмыш суы­ рыпсалма әнші-ақынның бұлардан басқа «Күлдірмамай», «Ата тек», «Қы­ зылжар», «Қарасары», «Балта керей Соқыр абыз», «Қойлыбай көреген», «Төрт жігіт» сияқты жырларының үзінділері, «Дүние», «Ақ сауыт», «Жігіттік» деген өлең­дері ел есінен ұмытылмай, әншілер арқылы біздің кезеңге келіп жет­ кен. Ел ішінде Көшебе керей Қожаберген жырау деген атпен көпшілікке есімі әйгілі болған бұл отаншыл ақынның басқа да өлең-жырларының жұрнақтары, баталары ұшырасып қалады. Қожаберген 1663 қоян жылы наурыз айының басында (өзі қалдырған жылнама-шежіре бойынша) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы «Благовещенка» совхозына қарасты Гүлтөбе (XІX ғасырдың екінші жартысынан, яғни 1855 жылдан бастап Маманай атанған) орманды, көлді әсем қоныста өз кезінде қазақ, ноғай, қарақалпақ, татар халықтарының бірік­кен әскерін көп жыл бойы басқарып ерлікпен даңқы шыққан, Ордаба­ сы – Баһадүр атанған от ауызды, орақ тілді шешен, ел бастаған көсем То­

Қожаберген жырау – 350 лыбай Дәуленұлы (1603-1680 жж.) отбасында дүниеге келіп, сол өзі туған мекенде 1763 жылы – қой жылы қазан айының аяғында (Қожабергеннің өз мұрагерлерінің бірі – Жанкісі ақын Көшекұлының кейінгі ұрпаққа қалдырған деректері бойынша) жүз жастан жүз бірге қараған кезінде қартайып барып қайтыс болған екен. Ақынның сүйегі сол маңдағы өз әкесінің есімімен аталатын Толыбай сыншы қорымына жерленген. Қожабергеннің туған жерінде шоқ-шоқ боп қалампыр иісті алқызыл гүлдер өскен. Соған байланысты ұзындығы да, көлденеңі де отыз бес шақырымдай бо­ латын орманды, көлді, ойлы, қырлы көк шалғынды алқап Толыбай сыншының Гүлтөбесі деп аталып кеткен екен. Неге екені белгісіз, қалампыр иісті алқызыл гүл шоқтары сол жердің ойпаңына қарағанда, дөңестерінде көбірек өскен екен. Соған байланысты Гүлтөбе деп аталған деседі. 1928 жылдан бастап, сол жер­ лерге қалампыр иісті алқызыл гүл шоқтары өспей, құрып кеткен. Ол гүлдерді орыстар макрушка деп атаған. Маманай, Сексен ауылдарының адамдарының рұқсаты бойынша оларға орыстар қой не жабағы беріп барып, гүл тереді екен. Қазақтың ескі сөзімен айтқанда, Қожаберген Толыбайұлының елі – орта жүз, көшебе керей. Оған Қожабергеннің 1723 жылғы күздегі қазақ халқына келген үлкен апатты өлеңмен суреттеп шығарған «Елім-ай» тарихи қиссасының бірінші бөлімінің аяқ жағында келетін мына шумақ дәлел бола алады. Ішінде ашамайлы керей көшебемін, Соғысқа он жетімнен төселгенмін. Жекпе-жек қалмақтармен шыққан шақта Желкесін қидым талай ерсінгеннің. Сондай-ақ, Толыбайсыншыұлы жыраудың орта жүз көшебе керей елінен шыққандығына Қызылжар өңірінің ірі ақыны Қылыш Тұрлыбайұлының (18571923 жж.) 1913 жылы Омбы қаласында шығарып айтқан өлеңдерінің бірі – «Үлкен тойда» атты шығармасының ішіндегі мына шумақ та айғақ болады: Көшебе Қожаберген жұрттан асқан, Шығарған «Елім-айдай» үлкен дастан. Ғаскерін қазақ, ноғай бастағанда Қалтырап айбарынан қалмақ сасқан. Қылыш ақынның «Үлкен тойда» деген өлеңі Маманай ауылының жігіттеріне, соның ішінде Қожаберген жыраудың жетінші ұрпағы әнші-балуан Шаймерден Боранбайұлының өнерпаздығын суреттеуге арналған.

Қожаберген жырау – 350 Белгілі әнші-ақын, композитор үкілі ЬІбырай Сандыбайұлының (1858-1930 жж.) «Балуан шәкіртіме» деген өлеңінің ішіндегі мына төмендегі шумақ та Қожаберген ақынның көшебе керейден шыққандығына дәлел бола алады. Қазаққа жау болғанда қалмақ масыл, Түсірген дұшпандарға үлкен жасыл. Үш жүздің елін-жерін қорғап өткен, Көшебе Қожаберген бабасы асыл. Үкілі Ыбырай ақын да өзінің «Балуан шәкіртіме» деген өлеңін Қожаберген ордабасының жетінші ұрпағы Шаймерден Боранбай қажыұлы әнші-балуанға арнаған екен. Қожабергенннің өз анасы Ақбілек – Сарыарқаның орталығындағы Баяна­ уыл аймағын мекен еткен орта жүз бес мейрам арғынның Сүйіндік әулетінен шыққан атақты батыр, аузы дуалы би Айдабол Құлболдыұлының үлкен қызы екен. Ақбілек шеше өнері асқан сынықшы, тоқымашы, тігінші болыпты. Көзінің тірісінде Қожаберген қалың мұсылман түрік қауымына көшебе керей Қожаберген жырау, керей Қожаберген – ордабасы, орта жүз Қожаберген баһадүр, сынықшы Қожаберген, ерші Қожаберген, әнші Қожаберген, атбегі Қожаберген, ашамай­ лы керей Қожаберген ақын, Қожаберген ұста, балташы Қожаберген, аңшы Қожаберген, Көшебе Қожаберген сардар, үйші Қожаберген, керей Қожаберген мерген, арбашы Қожаберген, имам Қожаберген, Қожаберген құсбегі, Ашамай­ лы Қожаберген балуан, Қожаберген күйші, Көшебе Қожаберген шешен, өрнекші Қожаберген, емші Қожаберген, етікші Қожаберген, керей Қожаберген өрімші, бояушы Қожаберген, оюшы Қожаберген, қобызшы Қо­жаберген, Қожаберген жауырыншы, сәуегей Қожаберген, Қожаберген Толыбай сыншыұлы деген есімдермен әйгілі болған. Ол туралы жырлар мен аңыз-әңгімелерде осындай де­ ректер бар. Солтүстік Сарыарқада, оңтүстік-батыс Сібірді мекен еткен орта жүз қазақтары, Батыс Сібірді мекендейтін татар жұрты, Челябі башқұрттары ара­ сында Қожаберген өрімі, Қожаберген етігі, Қожаберген арбасы деген ұғымдар кең тараған екен. Қожаберген күйшінің ағалары да ел, әскер басқарған, жұртына қорған, беделді адамдар болыпты. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының басшысы болып жүрген кезімізде осы Қожаберген жырау атамыздың есімін ел есінде қалдыру, елге та­ ныту үшін біраз іс-шараларды атқардық. Бұрын «Толыбай» аталған Богдановка селосына байырғы аты қайтарылды. Жырау жерленген Толыбай қорымын (зи­

Қожаберген жырау – 350 ратын) тауып күтімге алдық. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамы арқылы жыраудың шежіресін анықтап, ел аузындағы өлеңдерін жинастырдық. Жыраудың туғанына 330 жыл толуына орай зиратына ескерткіш орнатып, ас бердік. Ауданның мектептерінде, кітапханаларында Қожаберген Толыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кештер өткізілді. Бұның бәрі – аудан тарапынан ғана істелген іс-шаралар. Есімі үш жүз қазаққа тегіс таралған, кезінде бүтіндей бір ұлттың гимініне айналған «Елім-ай» жырының авторы, артында орасан зор әдеби мұра қалдырған Қожаберген жырау туралы атқарылар іс-шараларды аудан, облыс деңгейінде ғана емес, республикалық дөрежеде жүргізген жөн. Жыраудың 340 жылдық мерейтойын республикалық көлемде атап өтілгенін қалар едік. Оған дейін Астана, Қызылжар қалаларында жырауға ескерткіш орнатылып, көшелерге, қаламыздағы әскери училищеге, туған ауданына аты берілсе, игілікті іс болар еді. Жыраудың шығармашылығы да толық зерттеуді қажет етеді. Қолда бар шығармалары көпшілікке жетпей жатыр. Жырау шығармаларын мектеп бағдарламаларына енгізу ісі де алдағы уақытта кезегін күтіп тұрған істің бірі болу керек. 2001 ж.

Қожаберген жырау – 350 «ЕЛІМ-АЙ» ДАСТАНЫ – ЕЛДІК МҮДДЕНІҢ ҚАЙНАР БҰЛАҒЫ Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор Жоңғар шапқыншылығы және «Ақтабан шұбырынды» алмағайып заманда қазақ ұлттық идеясының бағыт бағдары айқындалып, отаншылдық, бірлік идея­ сы өзекті ойларға арқау болды. Бұл ел бірлігіне сын болған заман еді. Қожаберген жырау елдің ауыр халін тек дұшпандардан көрмей, қазақ ұлтын да сынға алады, алауыздық қысылтаң кезде елді бірліктен айырып, әлсіз еткендігін көрсетеді. Өз бастарын сақтау үшін кейбір төрелер қалмақпен құда болып аман қалған, елді сатып, қыз алысып, қыз беріскен. Ел басқарған азамат, қоғамшыл болар, паң болмас деп, жырау Сәмеке, Болат, Барақтың әлсіздіктерін, Әбілмәмбет пен Сәмекеңнің бір хандықты төртке бөліп, халқының берекесін алғандығын, Әбілқайырдың дер кезінде жауға соққы бере алмағанын сынайды. Бірыңғай мадақтауды идеологияға айналдырған біздің қоғамда ұлтішілік сын біз үшін тағылымы мол. Жырау үш жүз қазақ ұлтының екінші атауы дейді: Қазақ деген атауға Ілескен үш жүз есімі. Бір жұрттың екі аты боп, Тағдыры ерте шешілді. Қазақтың ту ұстап, қол бастайтын ұлдары, дінін, тілін сақтаған, дұшпаны­ ның табасына қалмаған, тірлікте бір-біріне жәрдем берген халық. Жырау азаттық­тың қамы үшін қажымай, сескенбей, ілгері ұмтылып, жау мен теңдесіп

Қожаберген жырау – 350 дұшпанның туын жығуға шақырып, намыс отын тұтатады. Төре, төлеңгіт, қожа да қазақтың ұлы, би мен бек болып бөлінбей, жұртын қорғауға, бірін-бірі демеу­ ге, тобын жазбай іргелі ел болуға шақырады. «Ассалаумағалейкум, халқымызға, деп басталып, «сардарларым, жұрт үшін ерлік еткен дегдарларым», «сарбаздарым, болашақ көпке тұтқа маңғаздарым», «қариялар, ақылға қиын істе дариялар, шораларым, билеген әр аймақты данала­ рым», «өзегің қайғы өртеген, дертің қалың, есен бе, мырзаларым, ішің жалын, жастардың басын қосып, елді қорға, өзім де қалсын десе дүние-малым, бимен ылғи тегін», – дейді жырау. Елім-ай концепциясы – бірлікке деген арманы мен мұраты, ол бүгінгі күнге, біздерге бабамыздың аманаты. Елбасының «Қазақстан-2050» атты жолдауында қазақ мемлекеті мәселе­ сі орынды қойылған. Тарихи атамекені бар, сол жерде тұрып жатқан елді әлі ұлттық мемлекет деуге болмайды, қазақ халқын да толық ұлт болып ұйысты деуге болмас. Біз тіліміздің, мәдениетіміздің, дәстүріміздің толық иесі емеспіз. Қазақтың саны мен сапасының арасында алшақтық біраз. Оған тарихи себеп­тер де бар. Ресей империясында тұңғыш халық санағы 1897 жылы жүргізілген, Түркістан өлкесін есептемегенде, қазақтар 71,9%, орыстар 10,15%-ды құраған, басқа да диаспоралар бар. Одан әрі 1959 жылға дейін қазақтардың үлесі өз елінде азая берді: 1920 жылы 58,5%, 1939 жылы 37,8%, 1959 жылы 30%, 1970 жылы бастап қазақтардың үлес салмағы аз да болса өсе бастап, 32,6% құрайды, 1979 жылы 36,8%, 1989 жылы 40,1% болды. Екі жылдан кейін халықтың 60%-ға жуығы басқа ұлт өкілдері болғанмен тәуелсіздік алдық. 1999 жылы қазақтар 53,4%, 2009 жылы 63,7% болды. 2013 жылдың басында Н.Ә. Назарбаев қазақтардың елде 65% құрайтынын ресми түрде хабарлады. Орыс, украиндықтар, басқалармен бірге елімізге орыс тілі, орыс мәдениеті, орыс мектебі, дәстүрі келді, келіп қойған жоқ, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, дәс­ түрі ығыстырылды. Себебі сан жағынан басым ұлт өкілдері қазақтарды өзіне тартып, сіңіре бастады, ал өздері қазаққа бейімделмеді. Қазақстан орыстанды, ел өзгерді, басқа орыс тілді елге айналды. Қазақстан халықтар достығының лабораториясы деп айтылды, шындығында орыстанудың лабораториясы бол­ ды. Қазақ интеллегенциясының бірқатары бұл жағдайға іштей қарсы болды. Ал қоныс аударушылар қазақ мәселесіне пысқырып та қарамады, тіпті қазақ мәселесі бар екенін, қазақ ұлтының мұң-мұқтажын елемеді. Қазақтарды адам ретінде, маман ретінде сыйлағанмен, ұлт өкілі ретінде қабылдамады. Олар ақша

Қожаберген жырау – 350 табуға, пәтер алуға келгендер еді. Қоныс аударушылардың саны көбейіп, олар 40-50-60%, тіпті 70%-ға дейін өскенде, олар қазақтарға емес, қазақтардың оларға икемделуіне тура келді. Бүгін қоныс аударушылардың Ресейге көптеп баруына байланысты, орыс ғалымдары азиатизация үрдісі күш алып келеді дей­ ді. Қазақстанда русификация үрдісі күш алып қойған жоқ, өмір сүрудің салтына, заңдылыққа айналды. Осылай орыстану дерті батпандап кірді. Атадан балаға, баладан немереге ұлтсыздану, тілін, мәдениетін жатырқау кең етек алды. Бүгін тек орыстар, украиндықтар емес, қазақтар арасында ана тілін сыйламайтын, демек білмейтін, менсінбейтін сана сіңген. 2009 жылғы санақ бойынша жағдай жақсы сияқты, қазақтардың 98,3%-ы ауызекі сөзді түсінеді, 95,4%-ы еркін қазақша оқиды, 63,2%-ы еркін жазады. Бұл деректер сенімсіздік туғызады, өмірде олар дәлелденбей отыр. Көптеген ата-аналар, әсіресе жастар, тілі шықпаған балаларына дейін өздері шала білетін қазақ тілін балалары да біледі деп жазған. Бұл жерде ұлттық психологиялық фактордың да ықпалы бар. Қазақ тілін білмесем, орыс деп жазады деп те сақтанған, бірқатары намысқа барып, қазақ тілін білмейтіндер көп демесін деп біледі деп жаздырған. Ұлттық сезім – ең бір терең сезім, өз тілін білмесе де, өзін тегіне қарай ұлтқа жатқызу кең тараған үрдіс. Ұлт құндылықтарына қарай шартты түрде қазақтарды үш топқа жатқызу­ ға болар. Бір топтың психологиялық бағыт-бағдары ұлттық мәдени, тіл, тарихи санаға негізделген, олар ұлттық құндылықтарға артықшылық береді. Екіншілер, өз бойына екі, не оданда көп мәдениетті сіңіруге тырысатындар. Үшіншілер, ана тілінен орыс тілін артық білетіндер, сондықтан бөтен тілге, мәдениетке артықшылық беретіндер. Сонымен қатар, қай тілді де, мәдениетті меңгермеген маргиналдар да бар, олар ұлт мәселесі төңірегінде ойланбайды. Бірақ барлығына ортақ – «мен қа­ зақпын» деген сана. Қазақ сөзін сөйлейтіндер қазақи рухы мықты бірінші топ­ тағылар. Олар әзірге көп емес, екіншілер біршама баршылық, үшіншілер көп. Ұлт тұтастығы туралы аз болғанда біз рулық, тайпалық психологияны айна­ лып өте аламыз. Бір демограф 1999 жылғы Президент сайлауы алдында ұлы жүз қазақтары­ ның 25%-ы, кіші жүз – 31%, орта жүз 44%-ды құрайды. Сайлау тағдырын орта жүз шешеді дегендей ой тастаған. Тарихшылар қазақта 112-ден 159 дейін ру тайпалар бар деп жүр. «Ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі», – деп Н. Назарбаев орынды бұл мәселеге назар аударды. Социологиялық зерттеулер рулық-тайпалық қатынастардың мынадай көріністеріне көңіл ауда­ рады. Сауалға жауап бергендер айтуынша, мемлекет басқару саласында, әсіресе,

Қожаберген жырау – 350 аймақтарда, облыстарда рушылдық көріністері байқалады, жемқорлыққа жең ұшынан жалғасып ықпал етеді; материалдық, қаржылық ресурстарды пайдала­ нуда да көрінеді, заңдардың орындалуына тосқауылда да көрініс алады. Болашақта да ол ықпал жалғасады. Не істеуіміз керек? 1. Рушыл, тайпалық, жүзшіл психологияның жағымсыз ықпалын БАҚ ашып көрсету қажет, бұл – эгоцентризмнің бір түрі; 2. Тарихты бір рудың, тайпаның, жүздің тұрғысына емес, тұтас қазақ хал­ қының мүддесі түрғысынан зерттеу; 3. Нарықтық экономикада бәсекелестік күшеймей, монополизмді еңсермей, ру, жүз, тайпаға бөліну жойылмады. Әлсіз кәсіпкер монополист ағайынан қолдау іздейді; 4. Өңірлердің (батыс, оңтүстік, орталық) дамуында айырмашылықтарды еңсеру, себебі өңірлік бөлісте жүздік сипатта бар; 5. Ауылдарды қолдау, жұмыссыздықты азайту, екі қолға бір күрек таба алмаған қаладағы рулас ағайынын паналайды; 6. Көп партиялық жүйені дамыту, қоғамды саяси-әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі топтастыру, саяси мәдениет тәрбиелеу; 7. Орта тап қалыптастыру, табысы бар, үйі бар қазақ руласынан қолдау іздемейді; 8. Қазақ халқының бірлігі, тұтастығын қалыптастыру, рулық, тайпалық жүздік патриотизмнен жоғары қазақ патриотизмін тәрбиелеу. Басқа тілге ауысқан, басқа дінге өткен, әр түрлі партияға, руға, жүзге бөлінген, бірақ тегі бір, қаны бір қазақтардың басын, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, мұсылман діні негізінде бірігу қажеттігі туып отыр. Қазақтың бірлігі біздің мақсатымыз – сонымен бірге сол мақсатқа жету үшін құралы. Басқа шаруалар осыдан туады. Қазақтың бір-бірін қолдауы ұлтшылдық емес, тамыр таныстық қазаққа пайда беретін болса қолдау керек, одан қазақ ұтылмайды. Біздің ұлтшылдығы­ мыз – патриотизм, қазақтың мәртебесін өсіру. Өзін сыйламаған басқаны да құрметтей алмайды, басқа сөздің барлығы ақиқатты бұрмалау, алдау. Өз қанына жақындарды тарту, биологиялық та, адами да орта жасау бізге де тиімді. Ұлттық мамандар дайындау – қасиетті іс. «Кадры решают все» деп тегін айтылмаған. Кадрлар – біздің ертеңіміз. Әрбір жоғары оқу орны – ұлттық кадр­лар дайындайтын ұстахана. Басқалардың қолынан келген іс қазақтардың да қолынан келеді. Басқалардың білгенін біз де біле аламыз. Бізді кемсіткен­ мен, бүгін біз өзіміздің бағамызды білуіміз керек. Мәселе – кадрлар сабақтастығында. Қай заманда да аға ұрпақ тарихи сах­ надан кеткенде, олардың орнына дайындығы мықты, тәрбие жағынан шынық­ қан орта келеді. Сондықтан бүгін басқару саласындағы азаматтарды іріктеу,

Қожаберген жырау – 350 дайындау, зерек жігіттерді қолдау қажет. Бүгін жастар әлі жетілген жоқ деп жоғары биліктен шеттетуге дұрыс болмас, жетілгмеген тұстарын өмірдің өзі пісіп жетілдіреді. Заман қатыгез, жалпақ шешейлікті көтермейді. Ал елімізде орыс тіліндегі ақпарат құралының саны қазақ тілдегі таралымнан 3-4 есе артық. Мемлекет­ тік тапсырыс пен бойынша жұмыс жасайтын 94 газет, журналдың 70-і орыс тілді. Олар шетелдік ақпараттың құралдарының ықпалында, шет елдегі аранда­ тушы топтардың айдауымен жұмыс жасауда. Осылай өзімізге қарсы күштерді өзі­міз асырап, қолтығына су бүркіп отырмыз. Әр ұлт өз бақытын өз қолымен жасайды. Сондықтан қазақтың ертеңін қа­зақ қана ойлауы керек. Басқаға біз керекбіз бе? Барлық ақшалы, жоғары еңбекақы төленетін жұмыстар қазақтарға тиесілі болу керек. Айналып келгенде бұл ұлттық табыс, қаржыларды күндемейік. Бірақ табыс адал еңбекпен, термен келетін болсын. Қазақтың идеологиясы, өмірге көзқарасы да өзгеру қажет. Қазір «асқан байлық не керек, ден сау болса болғаны-ай» деп әндету нарық заманына үйлес­ пейді. Байлық, қаржы – денсаулықтың көзі, ақшалы адам сүйген асын ішеді, қалаған жерінде демалады, таңдаған жеріне барып емделеді. Сондай-ақ ден­ саулықтың өзі де байлық, дені сау адам ғана табыс табады, несиесін төлейді. Сондай-ақ «бай болып, ауру болғанша, деніміз сау, кедей болғанымыз жақсы» дегенді де қолдауға болмас. Дәулетті де және денімізде сау ұлт болуымыз керек. Жеңіс әр уақытта бірден қолға тие бермейді, күте білу, төзімділік таныту – біздің парыз. Біз – бірден үлкен олжаға, жеңіске жете алмаймыз, мысық­ табандықтан, ақырын басып алға ұмтылайық, әрбір ілгері қадам – ол да жеңіс. Әр құнды кітап, кино, сұлу ғимарат, спорттағы қазақтардың жеңісі – ұлттың мақтанышы. Қазақ мәселесін жиі көтеріп, әсіресе басқа ұлт өкілдеріне қазақтың отар­ лау саясатынан көрген қорлығы, қуғын-сүргінге ұшырағандығын, азапты көп шек­кендігін, кемсітушілікке ұшырағандығын, бүгін соның орнын толтыруға тыры­сатынын айтуымыз дұрыс. Диаспоралардың тағдыры тарихи отандары­ на шешіліп жатқандығын да еске салған жөн. Қазақтар әлі де ауылдық жерде даладағы әжетханаға баратынын, көмір жағып күн көріп отырғанын айту керек. Қазақтардың жағдайы туралы ақпаратты молынан беруіміз жөн. Ақпарат – ең басты құндылықтың бірі. Қаржы, ақпарат және кадрлар – басты байлық, біздің ырысымыз. Сонымен бірге еліміздегі диаспоралардың іс-әрекетінен, ниеті мен істерінен қазақ хабардар болып отыруға тиісті. Ақпа­ рат құралдары, үгіт-насихат, баспасөз, радио, теледидар, кино – барлығы да қа­зақтың қолында болып, қазақ ұлтына қызмет жасауға тиісті. Әр мәселенің

Қожаберген жырау – 350 тө­ңірегінде қазаққа пайдалы қоғамдық пікір туғызу керек. Еврейлер айтады: «Из любого пустяка можно сделать проблему, а из любой проблемы-пус­ тяк». Қазаққа пайда бермейтін мәселені түкке тұрғысыз етіп, әрбір ұсақ-түйек мәселеден қазаққа пайда беретін үлкен проблемаға айналдыру керек. Әрбір істе қазақтар лидер болуға тиісті, қолдан келгенше бірінші болуға ты­ рысу тиісті. Тарихымызды білу – парыз. Тарихын білмеген халық жетім бала сияқты: талай халықтар мақұрым болып тарихынан, дәстүрінен, тілінен айырылды. Со­ нымен бірге еліміздегі диаспораларды қазақ тарихын білуге, бірте-бірте оларды өз тілімізге, өз ортамызға сіңіруге еңбек еткен жөн. Олар түбінде не еліне орала­ ды, не сіңісіп кетеді. Диаспора өкілдерін билікке тарту дұрыс, бірақ олар көнгіш, басқарылуға икемді болуға тиісті. Оларды қазақтың сойылын соғатын маман­ дар ету, шовинистерге қарсы қою – бізге міндет. Бұл – әлемдік тәжірибе. Оны біздің оралмандар жақсы біледі. Қазақстанда әлеуметтік қақтығыстар азайып, шиеленістер бәсеңсіп, тұрмыс жақсарған сайын қазақтар арасында тоғышарлық психология, ұлттық селқос­ тық, немкеттілік белең алса, сонымен бірге кейбір орыс ағайындардың арасында кеңес заманынан қанға сіңген ұлттық амбиция, менмендік те күш ала бастай­ ды. Оларға қазақ мәселесі уақытша науқандық мәселе болып көрінеді. Бүгін біз советтік үрдіске оралғандаймыз. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық моделін, үлгісін таптық деп, мәселені үзілді-кесілді шешілгендей сайраймыз. Осы жағдайда екінші үрдісте, қорғаныш үрдісі де күшейді, патриоттық ұлттық топтар арасында нигилизмге, шовинизмге, тоғышарлыққа қарсылық туып, ұлттық энергия шоғырланып, күш жинайды. Ұлттық қатынастарды энергияның сақталу заңы осылай көрініс алатын сияқты. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік мерекесіне дейін шыршалар қойылмады, тіпті христиандық жаңа жыл аталмады. Нарықтық экономикаға көшкен тұста біз өмірдің қай саласы туралы сөз қозғағанда, оның қаржы тапшылығына тірелетінін айтудан жалықпаймыз. Де­ сек те мемлекетте рухани бір арқаудың, тіректің жоқтығында сезінеміз. Өмір­ дің барлық қырын валюта нарығындағы доллардың, болмаса еуроның құнымен өлшеуге болмайтындығын, қоғам бағыт сілтейтін құндылықтарға сүйенгенде ғана қалыпты өмір сүре алатынын түсіне бастадық. Оның өзі ауыр індеттен сауыға бастауымыздың нышаны. Ұлттық идеяға, бірлікке қажеттілік туды. Ол идеяның бастауы билік кабинеттерінде емес, рухани мұрамызда жатыр. Тек өткен шақпен ғана байланыстыруға болмайтын, бүгінгі күнмен үндесіп жатырған шығарма­ ның бірі, ұлттық идеяның қайнар бұлағы – Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны.

Қожаберген жырау – 350 ДАҢҚТЫ БАБА ҚОЖАБЕРГЕН Абай ТАСБОЛАТОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өз заманында кең-байтақ жерімізді, бытырай қонған елімізді қызғыштай қорғаған, халқының бостандығы, болашақ ұрпақтың бақыты жолында қасық қаны қалғанша күрескен қазақтың хас батырлары жылдар, ғасырлар өтсе де ұмытылмайды. Еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен бері олардың тарихтағы орнын айқындау, өнегелі істерін ұрпаққа үлгі ету, лайықты құрмет көрсету бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Соның бір мысалы жақында Үкімет үстіміздегі жылы Қожаберген Толыбайұлының туғанына 350 жыл то­ луын атап өту туралы қаулы қабылдады. Расы сол, тарих қойнауында қалған баяғының батырларының, би-ше­ шендерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерді ғылыми тұрғыдан негіздеу, жүйелеу жеңіл жүріп жатқан жоқ. Сірә, ол ұзақ жылдар бойы қазаққа ерлікті де, білімдарлықты да, шешендікті де, бір сөзбен айтқанда, көп игіліктерді қимаған саясаттың ықпалы болса керек. Қожаберген бабамыздың аты да көп уақыт қалың елге белгісіз болып келді. XVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі болған Бұқар жыраудың Қожабергенге арналған «Ғаділ ер» деген толғауындағы: Көшебе керей ағасы, Толыбай сыншы баласы. Қол бастаған Қожекең, Үш жүздің болды-ау данасы, –

Қожаберген жырау – 350 деген немесе «Ұстазыма» деген толғауындағы «Бата алған Бұқармын Қожа­ берген асылдан» деген сөздерді, Қожабергеннің өзі «Елім-ай» дастанында Бұқар жырауға: Шәкіртім сүйіндікте Бұқар жыршы, Ол Бұқар – өзі ақын, өзі сыншы. Ол дағы қарап жатпас аттан салар, Сөзіне оның, халқым, құлақ түрші! – дегенін көзге ілмей келдік. Десек те, зерттеушілердің Қожаберген бабамыздың ғибратты ғұмырына қы­ зығушылығы ешқашан да бәсеңсіген емес. Қожабергеннің өмірі мен еңбегі қазақ халқының алғашқы ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсаринді де қызықтыр­ ған. Ыбырай Алтынсарин Қожабергеннің атын 1879 жылы Орынбор баспа­ сынан жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» және Қазан қаласында басылып шыққан «Мәктубат» деген кітабына енгізеді. Қожаберген мұрасына С. Сей­ фуллин, І. Жансүгіров, С. Көбеев, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, І. Омаров сынды асыл ұлдарының да ден қойғаны тарихтан белгілі. Бұларға дейін Қожаберген Толыбайұлы туралы Дәстем сал Қарабасұлы (1677-1752), Жанкісі жырау Көшекұлы (1734-1817), Жанақ Төлекұлы (17431821), Баһрам Шақшақұлы (1779-1826), Көрпеш, Сегіз сері Баһрамұлдары, Шәңгерей Бөкеев (1847-1920), Мәшһүр Жүсіп Көпеев жазған. 1983 жылы Алматыдағы «Ғылым» баспасынан «Ерте дәуірдегі қазақ әде­биеті» деген еңбек жарық көрді. Осы кітапта Қожаберген жырауға да орын берілген. Міне, содан бері Қожаберген Толыбайұлы туралы бірнеше кітап, жүзден астам зерттеу мақала жарық көрді. 2000 жылдың 19-20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғы­ лым академиясының ұйымдастыруымен «Қожаберген Толыбайсыншыұлының ел тарихындағы орны мен рөлі» деген тақырыпта Қызылжар қаласында өткен ғылыми-теориялық конференцияда негізгі баяндама жасаған академик, мар­құм М.Қ. Қозыбаев Қожаберген мұрасын зерттеу, бүгінгі ұрпаққа жеткізу замана талабы екенін баса айтқан. «Қожаберген бабамыз көп батырлардың бірі ғана емес. Ол – 1688-1710 жылдары 22-23 жыл бойында қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек, ордабасы, Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер! «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Қожаберген ұлы жеңісті шыңдаған стратег», – деген еді сонда атақты академик ағамыз.

Қожаберген жырау – 350 Тарихтан бізге жеткен деректер бойынша, Қожаберген Толыбайұлы 1663 жылы наурыз айының басында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жам­ был ауданындағы Благовещенка селосының маңайындағы Гүлтөбе деген жерде, батырлар мекенінде дүниеге келген. Олай дейтініміз, орта жүздің керей руы­ нан тарайтын Толыбай сыншы да, ХVІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген Дәулен де (Толыбайдың әкесі), арғы атасы Көшебе де батыр болған. Қожабергеннің: Арғы атам ту ұстаған ер Көшебе, Қай батыр тең келіпті Көшебеге, – немесе: Ол соғыс Есімханның тұсында өткен, Қалмақты Дәулен атам қырған шеттен, – деуі содан. Осындай ел қорғаны болған асылдардың тұяғы Толыбайдың аты болашақты болжай білетін көрегендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, шешендігі­ мен, ел іргесі сөгілсе, қылышын қынабынан суырар ерлігімен де шыққан. Ол Гүлтөбеде көп жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерін басқарып ел тыныштығын қорғаған, ордабасы – баһадүр атанған. Ел ішінде әлі күнге дейін Толыбай сыншыға телінетін нақыл, қанатты сөздер аз емес. Ал, Қожабергенге келсек, ол – ақын-жырау, әнші-күйші, сазгер ғана емес, ел тағдыры таразы басына тартылған қан-майдан жорықтарда қалың қолды бастаған батыр, «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» сияқты тарихи конституциялық пәрмені бар «Жеті Жарғыны» жазған жеті бидің бірі. Балуан, мерген, сыншы, саятшы, он саусағынан өнер тамған шебер, емші, са­уатты адам болған. Жүз жасаған Қожаберген өмірінің алпыс жылын елінің тәуелсіз­дігі үшін күресіп, ат үстінде өткізген. Бұл жөнінде көзі тірісінде ұлт намысы атанған әйгілі заңгер Салық Зиманов Қызылжар қаласында өткен халықаралық конференцияда былай деген болатын: «Қожаберген – біздің тарихымыздағы тұтас құбылыс, бүкіл ғұмырын қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ұлы тұлға». Атақты ғалым бұл сөздерді тектен-тек айта салған жоқ. Ол Қожаберген Толыбайұлы, оның «Жеті Жарғыны» жазуға қатысқаны туралы өзінің толық шығармалар жинағында да жазған болатын.

Қожаберген жырау – 350 Белгілі Көтеш ақын Райұлы да өзінің «Жиен жырау» дастанында: Ақылдасып үш бимен «Жеті Жарғыны» жазған ер. Кім десеңіз ол бекті, Қожаберген кемеңгер, – деп жазады. Қожаберген жасында Үргеніш, Бұхара, Самарқанд медреселерінде оқып, мол білім алады. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгереді. Осындай білімінің арқасында 1683-1688 жылдары Әз Тәуке ханның елшілік қызметінде 5 жыл басшылық етіпті. Оның: Тіліне араб-парсы болдым жетік, Оны да қолданбадым өнер етіп. Көрші елге елшілікке ылғи барып, Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп, – деген жолдар осыны ұқтырады. 1688-1710 жылдары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен қолы­ на әскербасы болып қалмақ шапқыншылығына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда талай рет ірі жеңістерге жетіп, ордабасы атағын алған үлкен баһадүр, әскери қайраткер. Оның 23 жыл әскер басқарғаны өзінің «Үш би» атты өлеңінде былай деп көрсетілген: Басқарып үш жүз қолын 23 жыл, Орнымды Бөгенбайға бердім биыл. Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды, Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын. Ендеше, М.Қ. Қозыбаевтың жоғарыда біз сөз еткен конференцияда: «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Қожаберген – ұлы жеңісті шыңдаған стратег. Қожаберген батырлардың батыры, қолбасшы, Әз Тәукедей дананың оң қолы, қиын замандағы ел қорғаны», – деп жариялауы өте орынды. Атақты тарих­ шы «Дауылпаз баба – Қожаберген» деген еңбегінде Қожаберген жыраудың Әз Тәукенің тапсырмасымен «Жеті Жарғыны» ақ былғарыға жазып, ханға табыс еткені туралы деректер де келтіреді.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жыраудың ұрпаққа қалдырған әдеби мұрасы өте мол. Олардың бәрін жинап, сақтаған – Сегіз Сері. Атақты Сегіз сері «Елім-ай» жырын шығарған Қожаберген жырау екендігін былайша айтып кеткен: Қожаберген бабамыз – Әріде өткен данамыз. «Елім-айдай» қиссасын Әнмен шырқап саламыз. Тұлпар мініп ту алған. Қожаберген бабамның «Елім-ай» жырын жаттағам. «Ата тектей» дастанын Жадыма мықты сақтағам. «Елім-ай» әнін бабамның Бала кезден шырқадым. Ол жыраудың «Күлдірмамай», «Қойлыбай көрген», «Қарасары Болат ке­ рей», «Соқыр абыз», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр», т.б. төлтума шығармаларын жинап, өзінен кейінгі ұрпаққа аманат еткен. Осы дастандарының бәрінде де ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырып, қазақ халқының бірігіп, іргелі ел болуын ар­ мандап, соны жырға қосады. Бұл жағынан алғанда, Қожаберген бабаның жыр еткен тақырыбының саяси жағынан өте маңызды екенін көреміз. Қожаберген шығармаларының ең шоқтықтысы, сөз жоқ, «Елім-ай» дастаны. Жеті бөлім­ нен, 3683 шумақтан, 14732 жолдан тұратын «Елім-ай» дастанында жырау 1723 жылдың апатын, халықтың қайғы-қасіретін, күйзелісін ашына жазады. «Елім-ай» – ел өміріндегі тұтас бір кезеңді қамтитын тарихи шығарма. Автор бұл еңбегінде Жоңғар империясының дәуірлеп, күшею себептерін, Әз Тәукеден кейінгі қазақ хандығында болған текетірес, бақталас, алауыздықтың бетперде­сін ашады. «Елім-ай» дастанындағы: Әз Тәуке болса-дағы достыққа ынтық, Сатпады көрші екі жұрт бізге мылтық. Жоңғарлар қорғасын оқ жаудырғанда Найза ұстап, садақ тартып қарсы шықтық, –

Қожаберген жырау – 350 деген жолдардың да астарында көп ой жатқаны анық. Бұл арада әңгіме жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенінде болып отыр. Дастанда Түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұқардың қазақ еліне деген қастандығы, өзбек пен тә­ жіктің жалтақтығы әшкереленеді. Осы тұрғыдан алғанда, М.Қ. Қозыбаевтың тілімен айтсақ, «Оны тек «дастан» деу аз сияқты. Оның арнасы кең: ұлттың бо­ лу-болмауы, Отан тағдыры. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлттың сан ғасырлық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген мемлекет, әскери, сая­ си қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар болған жерді аралап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай – шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттық сергелдеңге душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш сілтеп, қайсар намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының шаншыла атқан қайнар жыры да сыры. «Елім-ай» – ұлтымыздың Илиада мен Одиссеясындай эпикалық өміршең трагедиясы». Халқымыздың аяулы ұлдарының бірі, батыр-қаламгер Бауыржан Момыш­ ұлы «Елім-ай» дастаны жайлы: «Керей Қожаберген жыраудай бұрын-соңды өмір сүрген қазақ ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, ше­ карасын айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан! Жас бала кезімде оны әншілердің аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?» – деп жазған екен. Ірі ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың пікірі де осыған үндес. Ол өз ойын: «Көшебе керей Қожаберген ақын То­ лыбайсыншыұлының «Елім-ай» дастаны – тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол «Елім-ай» ерлік қиссасының бірінші бөлімі – 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден бір та­ рихи құжат», – деп тұжырымдапты. Осы мазмұндас бағаны кезінде академик Әлкей Марғұлан, академик Ақай Нүсіпбеков, тарих ғылымының докторы, про­ фессор Бек Сүлейменов те шегелеп айтқан екен. Жырау 1710 жылғы жазда өзінің көп жылдарға созылған ауыр соғыстар­ ға үздіксіз қатысып шаршағанын мойындап, Әз Тәуке ханнан өзін ордабасы қызметінен босатуды өтініп, орнына шәкірті жас Бөгенбай батыр Ақшаұлын ұсынады. Әз Тәуке хан арнайы құрылтай өткізіп Бөгенбайды ордабасы етіп сай­ латады, сол жиында Қожаберген Бөгенбайға ақ батасын береді. Бұл жайында Бұқар жырау былай дейді: Қожаберген ғаділ ер, Қадірін білген қалың ел. Бөгенбайдай батырға Билігін берген ардагер. 4-254

Қожаберген жырау – 350 Қожекеме Бөгенбай Шәкірт болған жан еді. Сайлатқан оны ұстазым Қарадан шыққан хан еді. Жоғарыда Қожабергеннің өмірі мен шығармашылық қызметіне XІX ғасыр­ да өмір сүрген ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин алғашқылардың бірі болып ден қойғанын айттық. Филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын­ бек Кәкішевтің айтуынша, одан сәл бұрын, 1875 жылы «Записки Оренбург­ ского отдела Императорского русского географического общества» атты кітапта (253-бетінде) «Қаратаудың басынан көш келеді» әнұранының алғашқы нұсқасы 16 жол көлемінде беріліпті. Сонымен бірге Түрсекең «Қазақ әдебиетінің қыс­ қаша тарихы» атты еңбектің бірінші томында «Қожаберген жырау (1663-1763)» атты арнайы тарау жарияланып, қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет «Елімай» әнінің авторы жайлы бірқыдыру мәліметтер берілгенін де айтады. Алайда, кейін ұзақ жылдар бойы Қожаберген есімі аталмай келді. Акаде­ мик Манаш Қозыбаев екі себебін атайды. «Бірінші – Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы, оның «Елім-айы» империяға қарсы туынды. Онда ол орыс империясы қалмақтарға қару сатты, қолдады деп айыптайды... Екіншісі – «Елім-айы» қазақ хандарының төре тұқымынан сайлануына қарсы. Ал, төрелер әулеті қазақ қоғамына ендеп, бойлап араласып, құраласып кеткен-ді». Қожаберген Толыбайұлы – шын мәнінде бар қазаққа ортақ тұлға. Сондық­ тан да оның өмірі мен шығармашылығы жайлы солтүстікқазақстандықтар ғана емес, еліміздің барлық аймағында тұратын зерттеушілер жазуда. Соның нәтижесінде Қожаберген батыр халқына қайта оралды. Оның ерлігі, даналығы туралы көптеген еңбектер жарық көрді. Осындай игі істерге белгілі заңгер Бе­ кет Тұрғараев басқаратын «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қоғамдыққайырымдылық қорының ұйытқы болып келе жатқанын айту жөн. Аталмыш қордың қолдауымен жыраудың туған жеріндегі қорымында жерлестері оған арнап күмбез орнатып, ас берді. Жамбыл ауданының орталығы Пресновка селосындағы қазақ мектебінің алдындағы алаңға есімі беріліп бюсті орнатылды, мектепте мұражайы ашылды. Петропавл қаласындағы №6 қазақ орта мек­ тебі жырау есімімен аталады. Иә, айта берсек, қолға алынып жүзеге асырылып жатқан игі істер аз емес. Бірақ, кезегін күтіп тұрған шаруалар да бастан ашып жатыр. Осы жайында жақында мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Н. Ахметов­ ке депутаттық сауал жолдадым.

Қожаберген жырау – 350 Онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1678 қаулысына сәйкес үс­ тіміздегі жылы 350 жылдығы аталып өтілетін Қожаберген Толыбайұлының мерейтойына дайындық барысында әлі шешімін таппаған кейбір мәселелер­ ге тоқталып, атап айтқанда, балалар мен жастарды әскери-патриоттық рух­ та тәрбиелеу жөнінде еліміздің театрларында тарихи деректерге сүйене оты­ рып, Дауылпаз баба – Қожаберген Толыбайсыншыұлы туралы сахналық қо­йылымдарға бәйге ұйымдастырылып, үздік шыққан сценарийлер бойынша спектакльдер қоюға; тарихи деректерге сүйене отырып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңіндегі «Елім-ай» жыры мен Қожаберген бабамыз тура­ лы қазақ және орыс тілдерінде бір сағаттық деректі фильм түсіруге және оны еліміздің басты телеарналарынан көрсетуге; «Елім менің» патриоттық әндер конкурсы аясында халық ақынының өмірі мен ерлігіне арналған әндер конкурсын ұйымдастыруға; «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Благовещенка елді мекеніне қарасты «Бүркітқон­ ған» деген орманның маңында орналасқан Қожаберген жыраудың кесенесін мем­- лекет қамқорлығына алып қайта тіркеуден өткізіп, кесенеге күрделі рестав­ рациялық жөндеу жұмыстарын жүргізуге; министрлік Астана қаласы әкім­ дігімен бірлесе отырып орталық бір көшеге Қожаберген жыраудың есімін бе­ руді ұйымдастыруды қолға алу және құжаттарын дайындауға; республикалық ақындар, жыраулар байқауын ұйымдастыруға; жасөспірімдерді руханиадамгершілік пен отанды сүюге тәрбиелеу мақсатында ұлттың рухын қиын ке­зеңде де көтере білген тарихи тұлға Қожаберген жырау өміріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыруға; барлық республикалық, облыстық кітапханаларда дауылпаз баба – Қожаберген Толы­ байсыншыұлының туғанына 350 жылдығына арналған кітап көрмелерін ұйым­ дастыруға; бабамыздың 350 жылдығына арналған іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жариялауды ұйымдастыруға; Қожаберген Толыбайсыншыұлының өміріне қарасты тарихи деректерді қайта сүзгіден өткізіп мемлекеттік тапсырыс аясында шығарылатын әдебиеттер негізінде арнайы кітап шығаруға қаржы бөлуді сұрадым. «Егемен Қазақстан» газеті, 12 ақпан 2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 «ӘЗ ТӘУКЕГЕ ҚЫЗМЕТ ҚЫП, ЖАЗДЫМ «ЖЕТІ ЖАРҒЫНЫ» Бекет ТҰРҒАРАЕВ, «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері – құрметті судьясы Бабалардың ғасырлар бойғы арманы орындалып, азаттықтың ақ таңы атып, төбемізде тәуелсіздіктің көк туы желбіреді. Егемен ел болып, еңсемізді тіктедік. Бай тарихымыздың барын бағамдап, жоғын түгендеп, келмеске кеткен кер заманның кесірінен ақтаңдаққа айналған тұстарын жадымызда қайта жаңғыр­ тып жатырмыз. Бұған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырғаны негіз. Бағдарламаның мақсаты – халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениетін, фольклорын, дәстүрлері мен салтта­ рын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени – тарихи және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді қамтамасыз ету, ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және кеңейтілген көркем, ғылыми, өмірбаяндық дестелер жасау. Айтулы бағдарлама негізінде еліміздің бай мұрасы зерттеліп, қорғалуда, та­ рихи және мәдени ескерткіштер қалпына келтірілуде. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында мемлекеттік қорғауға алу үшін 600 ескерткіш Үкімет қарауына ұсынылған. Оның ішінде архитектуралық, археологиялық, тарих, монументтік өнер ескерткіштері бар. Республикалық ма­ ңызы барлары – 7.

Қожаберген жырау – 350 «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат – ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі келер ұрпаққа аманат ету. Өткенге тағзым етіп, ата тарихын таразылауда атқарылып жатқан жұ­ мыс­тар да баршылық. Сонау замандарда исі қазақтың ұранына айналған, жаугершілік заманда құрып кетудің аз-ақ алдында қалған үш жүздің басын біріктіріп, жауға шапқан батыр бабамыз Абылай ханның Қызылжардағы ордасы қайта қалпына келтіріліп, санадан біртіндеп өшіп, жас жеткіншектерге беймә­ лім болып бара жатқан баба аты қайта жаңғырды. Бүгінде жас ұрпақты ерлікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін бірден-бір орынға, қаламыздың көркіне, мақтанышына айналды. Сондай орындардың қатарына Айыртау ауданының Сырымбет қорымын­ дағы Шоқан Уәлихановтың мемориалдық мұражайы мен оның әжесі Айға­ нымның мұражай қонысын, Жамбыл ауданында Қожаберген жыраудың жер­ ленген жерінде орнатылған ескерткішті, т.б. атап айтуға тұрарлық. Бұдан басқа да ғибратты ғұмырлары мен ұлағатты сөздері исі қазаққа ортақ от ауыз, орақ тілді би-шешендер, елдік пен ерліктің қорғаны батыр-бағландар мен ел ұстыны болған қайраткер тұлғалар тарихы терең Қызылжар өңірінде аз емес. Солардың бірі һәм бірегейі – Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген, әзірше ел тек жырау деп қана таныған Қожаберген Толыбайсыншыұлы. Ал нағыз мәніне келер болсақ, қасиетті бабамыз – қазаққа ғана қорған боп, қалмаққа қарсы шапқан көп батырдың бірі емес, әділ билігімен, хас батырлығы­ мен алты алаштың айбыны болған ірі тарихи тұлға. Бүгінгі міндет – Қожабергенді өскелең ұрпаққа басқа қырынан таныту. Қожаберген – батыр, баһадүр, көрнекті мемлекет қайраткері, дауылпаз жырау, замана дүлдүлі. Ол Үргеніш медресесін бітірген, өз заманының білімді адамы болған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген. Сондықтан Әз Тәуке хан Қожаберген баһадүрді елшілік жүргізу ісіне де пайдаланған. Демек, ол дипломат, замана саясаткері десек артық айтқандық емес. Қожаберген жырау 1683-1688 жылдары Әз Тәуке ханның қарамағында елшілік қызметін басқарған екен. 1688 жылдан бастап үш жүздің жасағына бас қолбасшы болған. Ол тек қазақ жасақтарына қолбасшы болып қоймай, қал­мақ басқыншыларына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда жаулардан қы­

Қожаберген жырау – 350 сым көрген Ноғай, Сібір татарлары, Қарақалпақ халықтарының әскерлерін де соңынан ерткен көрінеді. Оны мына өлең жолдарынан да анық байқауға болады: Басқарып үш жүз қолын жиырма үш жыл, Орнымды Бөгенбайға бердім биыл. Еш сардар қалт қылған жоқ жарлығымды, Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын. Кейін Қожаберген Әз Тәуке ханға өзін ордабасылықтан босатып, орны­ на талай ұрыстарда ержүректігімен, батырлығымен көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлын ұсынып, сайлатады. Ол жайында Бұқар жырау былай жырлаған екен: Қожаберген ғаділ ер, Қадірін білген қалың ел. Бөгенбайдай батырға Билігін берген ардагер. Қожекеме Бөгенбай Шәкірт болған жан еді, – десе, Бұқардың өзі де Қожабергенді ұстаз санаған. Оны әйгілі Бұқар жырау­ дың «Ұстазым» атты дастанындағы мына шумақтардан анық аңғаруға болады: Жалаулы найза, қобызды, Домбырасын қолға алған. Қамалға шабар алдында Шығарып өлең толғаған. Қиын-қыстау кезеңде Намысын қозғап өлеңмен. Батыр, ақын ұстазым, Қалың қолға дем берген, – дейді. Сондай-ақ бұл жолдардан батыр баба жауына қарсы шабарда қолдағы қаруына қоса өзегін жарып шыққан өлең сөзін де қару етіп, сөз құдіретімен жа­ уынгерлердің намысына қозғау сап, жігерін жанып отырғандығы байқалады. Кешегі сұрапыл соғыс кезінде «Отан оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп жауынгерлерін қаһарлана қайраған аты аңызға айналған хас ба­

Қожаберген жырау – 350 тыр, халқымыздың қадірменді перзенті Бауыржан Момышұлының өрлігі мен ерлігі батыр баба рухымен үндесіп жатқаны қайран қалдырады. Рух сабақтастығының үзілмегеніне риза боласың. Бабадан балаға мирас боп қалған қазақ қанындағы қаһармандық рух жалғаса беретініне сенгің келеді. Жырау баба тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен белгілі жойқын апатты басынан өткеріп, көзімен көрген. Осы қырғында ол ба­ уыр еті батыр балалары Науан мен Әсеттен, жан алысып, жан беріскен батыр­ лар Ермек пен Айбектен айырылып құса болады. Қиын-қыстау кезеңде басы­нан өткен қайғы-қасірет, шер мұңды күйші, әнші әрі ақын бабамыз «Елім-ай» күйі, «Елім-ай» әні және «Елім-ай» жыры арқылы сыртқа шығарса керек. Айбынды батыр, дарынды жазушы Бауыржан Момышұлы «Елім-ай» жы­ры туралы: «Керей Қожаберген жыраудай бұрын-соңды өмір сүрген қазақ ақын­ дарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқын­дап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан!» – десе, көрнекті ғылым қайраткері, профессор Ермұхан Бекмаханов: «Қожаберген ақынның «Елім-ай» дастаны – тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол «Елім-ай» ерлік қиссасының бі­ рінші бөлімі – 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден-бір тарихи құжат!» – деп бағалаған. Ғұлама ғалым М. Әуезов «тарихи өлеңдердің авторы, көбінесе сол уақи­ ғаны көзімен көрген тұстастары» деп ескертеді. Бертінге дейін ел арасында халық әні ретінде айтылып келген «Елім-ай» әнінің авторы да Қожаберген жырау екендігін соңғы кездегі зерттеулер дә­ лелдеді. Бұны философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Даналарға» деген өлеңіндегі мына жолдар да растай түседі: Өнерге құлаш ұрып бала жастан, Тарихын бұл үш жүздің етіп дастан. Баласы Толыбайсыншы Қожаберген Бой ұрған ерлік іске әуел бастан... Қолбасы, ақын-жырау һәм елші-би, Шығарып «Елім-айдай» тамаша күй. «Елім-ай» әні менен жырын тағы Шығарған Қожаберген бабаңды сүй. Бұл жайында өз заманында С. Сейфуллин, Ы. Алтынсарин, С. Торай­ ғыровтардың жазған еңбектерінде де кездеседі.

Қожаберген жырау – 350 Қазақ Совет Энциклопедиясының қысқаша төрт томдығының төртінші то­ мында да «Елім-ай» әнінің де, күйінің де, жырының да авторы Қожаберген екендігі айтылады. Ғалым, академик Манаш Қозыбаев жырау бабаның «Елім-ай» дастанын кең тынысты эпикалық шығарма ретінде әйгілі Илиада мен Одиссея жырларына теңеп кеткен. Осы орайда оқырман қауымға, академик ағамыздың аталмыш дастан жай­ лы айтқан пікірін келтіре кеткен жөн: «Елім-ай» – әдеби тұрғыдан алғанда да теңдесі жоқ туынды. Онда тек халық мұңы ғана емес, оның сыры, рухы бар. Автор егіліп те, төгіліп те жырлайды, бірде тарихи тереңдікке бойласа, бірде бүгінгіні қайғырып, болашақты ойлайды, философиялық пайымдармен орағыта толғайды, – деп «Елім-ай» жырына баға бере отырып, осындай құнды дүниені ғасырлар қойнауынан мұра етіп бүгінге жеткізген Қожаберген бабамызды қол бастаған батыр деп қана қоймай, «Елім-айдай» асылымыздың авторын «Да­ уылпаз жырау» деп атау орынды», – деген екен. «Елім-ай» дастаны алғашында ауызша туып, кейін оны Қожабергеннің өзі хатқа түсірген, жазба күйде сақтаушы Толыбайсыншы ұрпағы – Шақшақ ба­ тыр Көшекұлы көрінеді. Оның бүгінге дейін жетуіне ықпал еткен жыраудың соңынан ерген үрім-бұтағы немере-шөберелері. Әрине, сан ғасырды араға салып жеткен жыр жолдарында өзгерістер де жоқ емес. Дегенмен, осы өмірбаяндық тарихи-дастанның келер ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсері ұлан-ғайыр. Дастанның әр шумағы жас буын өкілдерін отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке, бауырмалдыққа, адалдыққа, достыққа насихаттайды. Қожаберген жырау бабамызға ақындық аруақ оның жеті жасында қонып­ ты. Міне, сол құдай берген ақындық өнерінің арқасында одан мол әдеби мұра қал­ған. «Елім-ай», «Баба тіл», «Қорқыт баба», «Асан ата», «Еңсегей бойлы ер Есім» дастандары, «Ақсауыт», «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Қазақ пен Ноғайдың қоштасуы», «Сылаң сыр» өлеңдері мен «Аңырақай», «Сұлама», «Боз айғыр», т.б. күйлері мен өлең-дастандары аттары айтып тұрғандай сол заманнан сыр шертер шежіре шығармалар. Қожаберген өзіне дейінгі қазақтың ақын-жырауларының өлең жырларын, шығыстың жеті жұлдызы атанған Жәми, Низами, Науаи, Физули, Фирдауси, Сағди, Рудаки жырларын оқып солардан нәр алған. Сонымен қатар ол Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр, Әбілғазы баһадур хан сияқты білімпаздар жазып қалдырған шежірелерімен таныс болған. Өзі де ше­ жіреші болған. Қазақ халқының шығу тарихына, оның тіліне қатысты тереңнен тамыр тартқан «Ата тек», «Баба тіл» дастандары осы сөзіміздің дәлелдері.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жыраудың баға жеткісіз құнды еңбегінің бірі екі бөлімнен тұратын «Баба тіл» дастаны. Бірінші бөлімінде қазақ шежіресі туралы, қазақ халқының қалыптасуы, құрамы жайында айтылса, екінші бөлімі қазақ тіліне, жалпы жазба тарихына тоқталады және қазақ тілінің ең көне, бай тіл екеніне талдау жасайды. Асан қайғы, Жиренше Сөйлеп өткен қазақ тіл. Әз Жәнібек, Қойлыбай Сыйлап өткен ғажап тіл. Осы тілді жек көрген Дүниеден қалар құр. Бағаласаң шынымен, Бабаң тілі асыл дүр, – деп өз тілін құрметтеуге үндеген осы бір жыр жолдарын жырау баба бүгінгі ұр­ пағына ұран етіп ұсынғандай әсер аласың. Қадыр ақынның «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегені де баба рухымен үндесіп жатыр емес пе? Бұл да рух сабақтастығы демеске лажың жоқ. Ал, «Ата тек» дастанында жырау баба қазақ халқының қазаққа жататын тайпалардың шығу тегін баяндайды. Өзінің төл мәдениеті болған Ұлы Дала өркениетінде «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» секілді демократиялық принциптегі конституциялық негізі бар заң ережелері болғаны белгілі. Міне, осы «Жеті Жарғыны» жазуға Қожаберген жырау баба да тікелей атсалысқанын біреу білсе де біреу білмес. Мұндай аса маңызды, жауапты жұмысты сеніп тапсырғанда Әз Тәуке ханның Қожаберген жыраудың көргені мен түйгенінің молдығын, оның алғырлығы мен зеректігін ескергені анық. Өйткені сардарлыққа дейін Қожаберген жырау Әз Тәуке ханның елшілік қызметін басқарғаны жоғарыда айтылды. «Жеті Жарғыны» жазуда бұл айтылғандарға қоса, оның жан-жақты мол білімі мен жаза білетін сауаттылығының да септігі тигені анық. Қожаберген жыраудың «Жеті Жарғыны» жазысқаны тарихи дәйектемелермен дәлелденген. Көтеш ақын Райұлы өзінің «Жиен жырау» дастанында: Ақылдасып үш бимен, «Жеті Жарғыны» жазған ер. Кім десеңіз ол бекті, Қожаберген кемеңгер – десе, Қожаберген жыраудың өзінің өлеңінде бұған қатысты былай делінген:

Қожаберген жырау – 350 Көмектесті біздерге Қазыбек, Төле, Әйтеке. Қазақтың заңын нығайтып, Тыйым салды тентекке. «Жеті Жарғыны» жазуда Іс тындырдым бірталай. Айтқанымды құп алды, Деген жоқ ешкім бұл қалай? Жазушы Н. Әбуталиевтің жырау бабаның «Жеті Жарғыға» қатысты өзі жа­ зып қалдырған өлеңін табуы оған қосымша дәлел: Ақ былғарыға түсіріп, Мұқияттап хаттадым Әз Тәукеге қызмет қып, Жаздым «Жеті Жарғыны». Салыстырып талдадым Бергі менен арғыны, – дейді. Бұл, Қожаберген жырау бабаның ел қорғаны болған батыр, ширек ғасыр қолбасы болған сардарбек, ордабасы ғана емес, ел басқару ісіне де етене араласқан қайраткерлік сипатын аша түсері анық. Жалғанда жасаған бір ғасырлық ғұмырының жартысына жуығын ел мен жер бүтіндігін қорғауға арнап, дәлірек айтсақ, қырық бес жыл ғұмырын жорықпен өткізген қасиетті баба бұл жайлы былай дейді: Жорықта қырық бес жыл ғұмырым өтті, Орта жас ол да мені тастап кетті. Ит қалмақ соғысуға душар етті, Болмаса ақсақалдық кезім жетті. Жасынан ер жүрегі шерге толған, Халқына қартайғанда қорған болған. Қиналып қысылғанда жыр шығарған Керейде Қожаберген бабаң мен болам. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, тал бойында талай өнер тоғысқан ол түрлі тақырыпқа қалам тартып, талай тамаша өлең-дастандар жазған, аспан

Қожаберген жырау – 350 астын толтырып әуелете ән шырқаған, домбырада күмбірлете күй толғап, қыл қобызда да құйқылжыта ойнаған. Жастайынан-ақ «сегіз қырлы бір сырлы» жан болған. Қожаберген қазақтың ақын-жырауларының өлең-жырларын жат­ тап, медреселерде оқып жүргенде шығыс әдебиетіне ден қойып, Низами, На­ уаи, Сағди, Рудакилердің шығармаларынан нәр алған. Арғы бабасы Таузар сардар да, атасы Дәулен батыр да, өз әкесі Толыбайсыншы да өз заманда­ рында үш жүздің әскербасылары және орта жүз қазақтарының ел билеушілері болған екен. Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Қожаберген жырау да жастайынан өнербілімге құштарлық танытқан. Самарқанд, Бұхара сынды шаһарларда ірі медресе­ лерде оқып діни сауатын жетілдірумен қабат араб, парсы тілдерін жетік меңгеріп шыққан. Алайда оның басты мұраты, елін қорғау, жерін сақтау болғандығын аңғару қиын емес. Сондықтан да ол, серілік құрып, шалқып жүруден гөрі қолына қару алып, қол бастауды жөн көрген. Сардарлық жолды таңдаған. Оған өзінің мына өлең шумақтары дәлел:

Өнерге жас шағымнан құштар болғам,
Самарқанд, Бұқарадан білім алғам.
Атанып үздік шәкірт қатарында,
Ең үлкен медресесін тәмамдағам.

Ерлікпен мағлұм болдым алыс-жатқа,
Ән шырқап, қобыз тарттық көңіл шатта.
Бітіріп медресені шыққаннан соң,
Имам боп он жетімде міндім атқа.

Он сегізде әйгілі балуан болып,
Он тоғызда іліндім батыр атқа.
Жиырмамда имам болмай, ақын болып,
Сыймайтын іс жасадым шариғатқа.

Тіліне араб, парсы болдым жетік,
Оны да қолданбадым өнер етіп.
Шамамша қол бастаған сардар болып,
Мен жүрдім мұсылманға қызмет етіп.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жыраудың өз өлең-дастандарында кездесетін: Кеудеңде шыбын жаның болса егер, Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын, – немесе: Мекенің болсын тау мен орман, тоғай, Ол жерден жау алуы емес оңай. Сайла орын, жер үй салып, жапан түзден, – деген өлең жолдары оның ұрыс қимылын жетік меңгерген асқан стратег екенін көрсетеді. Кезінде академик Манаш Қозыбаев: «Халқының қырық пайызынан айырылған қайран қазаққа дәл Қожабергендей бағдарлама жасаған ел данасы сол кезде кемде-кем. Қожаберген баба тек жеңіс бағдарламасын жасап қоймады, «Болды ғой аяқ асты Отанымыз», «Ер емес жаудың туын құлатпаған» деп, сар­ дарларын ұрысқа шақыра білді. Қазақ халқы бабамыздың бұл ерлігін ешқашан ұмытуға тиіс емес», – деп жазған екен. Сол аруақты бабаның туғанына 2013 жылы 350 жыл толады. Ал, халқымыз тарихының тұтас бір кезеңінің қасіреті мен қайғысын, мұңы мен сырын, мұқалмас өр рухын шерткен шежіре-дастан «Елім-айға» 290 жыл болмақ. Міне, осыған байланысты зиялы азаматтардың қолдауымен «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылды. Қордың басты мақсаты – халқының қорғаны, елінің айбыны болған ардақты бабаның ерлігі мен өр рухын оның мәңгі жасар эпикалық туындысы «Елім-ай» дастанын кеңінен насихаттау, бабаның өмірдерегіне, жорық жолына, ерліктеріне, шығармашылығына, саяси, мемлекеттік қайраткерлігіне байланысты тың деректер іздестіріп, тауып, оны одан әрі толықтыра түсу, республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізу, Петропавл қаласында батыр бабаға сәулетті ескерткіш орнату, жырау баба мерейтойын жоғары деңгейде атап өту, осы және басқа да іс-шаралардың бағдарламасын түзіп, алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу, сол арқылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына үлес қосу. Отаншылдық рухтың негізі ұлттық намыста жатыр. Ал, ұлттық намыс ұлттық санадан қорек алады. Тұмшаланып қалған ұлттық санамыздың бодандықтың бодауынан босанғалы ғана енді-енді серпіле бастағаны жасырын емес. Жандүниемізді бойкүйездік пен енжарлықтан, ой санамызды салғырттықтан толық тазарту үшін тарихи жадымызды жаңғыртқанымыз жөн. Сонда ғана ұлттық сана қалыптасады. Соның негізінде ұлттық намыс пайда болмақ.

Қожаберген жырау – 350 Өскелең ұрпақты өткеннің өнегесімен тәрбиелеу қажет. Көкірегінде өткенімізге деген мақтаныш сезімі ұялағанда ғана олардың бойында отаншылдық асқақ рух пайда болмақ. «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорының негізгі ұстанған мақсат-мұраты да осы. Қандай да болсын ауқымды іс-шара көп боп бірігіп, жұдырық боп жұмылғанда ғана өзінің оң нәтижесін бермек. «Көп түкірсе көл» деген даналықты да халқымыз бекер айтпаған. Азаттық жолында жан беріп, жан алысқан батыр бабалардың атын әспеттеп аруағына тағзым ету тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып отырған әрбір саналы азаматтың, бүгінгі ұрпақтың қасиетті борышы деп білемін. «Егемен Қазақстан» газеті, 17 қараша 2009 жыл.

Қожаберген жырау – 350 БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚОЖАБЕРГЕН Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тарихымызда ұлттық деңгейде халқымызға еңбегі сіңген, есімдері өткеніміз­ де айшықты жазылатын ардақты да асыл тұлғалар баршылық. Өкінішке қарай, қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғаларды объективті зерттеу жұмысының тәуелсіздік тұсында ғана жан-жақты қолға алына бастауына байланысты Қазақ хандығы күйрегенге дейінгі бұрынғы қайраткерлер әлі де тасада қалып, наза­ рымызды аудара қойған жоқ. Олардың бірі және бірегейі, өмірі мен тағдыры халықтың тарихымен тығыз байланысты Қожаберген Толыбай баласы екені белгілі. Ол туралы алғашқы мәліметтер жазба мұрағаттарда 1740 жылдан ба­ стап кездесе бастайды. Бұл, әрине, Абылай ханның заманы. Зерттеушілеріміз және Бекет Тұрғараев басқаратын «Жеті Жарғы» және «Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қоры батыр-жыраудың туған жылын анықтауда едәуір жұмыстар тындырды. Осыған байланысты тарихи тұлғаның туған жылы 1663 жыл деген ұйғарымға тоқталып отырмыз. Осыны мойындар болсақ, биылғы жылы қайраткер бабаның туғанына 350 жыл толғанын атап өтуге тиіс­піз. Қожаберген орыс және қытай мұрағаттарындағы деректерде орта жүздің уақкерей тайпасының батыры және қолбасшысы ретінде көрсетіледі. Оның өз заманындағы сауатты адам болғаны, Үргеніш медресесін бітіргені, араб-пар­ сы, шағатай тілдерін меңгергені туралы деректер бар. Әйгілі жыраудың шы­ ғармашылығын зерттеушілер бүгінгі күнге дейін оның «Елім-ай», «Күлдірімай», «Қарасары балта керей», «Қойлыбай көреген», «Соқыр абыз», «Баба тілі», «Жеті жарғы» тәрізді тілі құнарлы, тарихы деректерге мол құралған халықтық дастандарын, «Ғасыржас», «Ақсауыт», «Жігіттік», «Дүние», «Қабанбай ба­ тыр», «Ер Едіге», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Орақ батыр» тәрізді толғауларын ауызға алады. Әрине, кезінде ауызша жырланған, халық жадында қатталған бұлардың біразына әлі күнге дейін бүгінгі ұрпақтың қолы жете қойған жоқ. Осы шығармалардың бізге толық жетпеген үзік-үзік жолдары­

Қожаберген жырау – 350 ның өздерінен-ақ талантты жыршының өзіндік жыраулық ерекшеліктерін, қайталанбас шығармашылық шеберлігін айқын аңғарып, оның халықшыл, өр ру­ хына еріксіз бас иеміз. Сөздің тоқетерін айтсақ, Қожаберген бабамыз туған елге сіңірген қыруар еңбектерін айтпағанда, бүгінге дейін елін егілткен, бар қазақтың жүрегін жаулап, ұлттық рухын оятатын қасіретті әнге айналған бір ғана «Елімай» атты ғажайып дастаны үшін тарихымыздағы таңдаулы тұлғалар қатарында тұруға әбден лайық айбарлы да, айшықты бейне. Осылай бола тұрса да әлі күнге дейін Қожабергенге қатысты басы ашылма­ ған мәселелер баршылық. Оның алғашқысы – зерттеушілердің біразы Қо­ жаберген жыраудың Тәуке заманында қабылданған «Жеті Жарғы» заңы ав­ торларының бірі болғанына күдіктенеді. Екінші мәселе – Қожаберген жы­ раудың халқымыздың әйгілі «Елім-ай» әнінің және жырының авторы болып табылатынына күмән келтіретіндер де бар. Үшіншіден, Абылай заманында есімі мұрағат құжаттарында жиі аталатын Қожаберген батырды Әз Тәуке зама­ нындағы Қожаберген жыраудан басқа аттас тарихи тұлға деп ойлайтындар да бар. Төртіншіден, Қожабергеннің кеңестік дәуірдегі тарихымызда елеусіз қа­ луының бір себебін оның төре тұқымдарына жұлдызы қарсы болуымен түсіндіріп жүрген кісілер де бар. Осы күмәнді ойлар мен пікірлерді сейілтпей, Қожаберген бабамыздың тарихи тұлғасын биіктете түсуге жол аша алмаймыз. Сондықтан да айтылғандарға арнайы тоқтамасқа болмас. Мұндайда, алғашқы күмәнға байланысты айтарымыз: Қожаберген жыраудың «Жеті Жарғы» заңын жасауға тікелей атсалысқанын өзінің және бірлі-жарым болса да замандастарының еңбектері дәлелдеп отыр. Мұндай өз ортасында және өз заманында аса белсенді болған білімді адамның Әз Тәуке жасаған қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін белгілі бір жүйеге түсірген «Жеті Жарғы» заңына атсалыспауы мүмкін де емес еді. Бүгінгі күнде бұған дерек ретінде жыраудың атындағы қор оның өзінің «Жеті Жарғы» өлеңіндегі төмендегідей жолдарды дәлелге келтіреді. «Ақ былғарыға түсіріп, мұқияттап хаттадым Әз Тәукеге қызмет қып, жаздым «Жеті Жарғыны»... «Жеті Жарғы» заң жазып, би­ лер мен ханды қуанттым» (Қараңыз: Б. Тұрғараев. Қожаберген жыраудың өмірі мен ерлік жолдары // «Азаттық үшін алысқандар». – Алматы, 201-122-бб.). Сонымен бірге осы мәселені зерттеушілер Көтеш ақынның «Жиен жырау» дастанындағы: «Ақылдасып үш бимен, «Жеті Жарғыны» жазған ер. Кім десеңіз ол бекті, Қожаберген кемеңгер» деген өлең жолдарын Қожабергеннің «Жеті Жарғыны» жазуға атсалысқанын дәлелдейтін нақты дерек ретінде орынды атап көрсетеді (Қараңыз: сонда, 123-б.). Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды – Қожабергеннің жан-жақты терең білімін және үлкен дарынын қазақтың ұлы мемлекет қайраткерлері Әз

Қожаберген жырау – 350 Тәуке де, Абылай хан да тиімді де орынды пайдалануға тырысқан және «Жеті Жарғыны» жазуда Қожаберген кеңесші немесе атақты билердің айтқандарын көшіріп беруші ретінде емес, белсенді авторлардың бірі ретінде бұл маңызды істе шешуші рөл атқарған. Ал енді Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанының авторы екенін оның өмірі мен тағдырын жыр жолдарымен салыстыра қарағанда айқын аңғарамыз. Жырау өзінің көзімен көрген Қаратау, Сарысу, Талас аймағындағы 1723 жы­ лы қалмақтар осы өңірге басып кіргендегі қасіретті жағдайды айна-қатесіз баян­ дайды. Осындайда айта кетер бір нәрсе, күні бүгінге дейін Қаратаудың Билікөл аймағындағы дулаттар аталған жаугершілік заманда осындағы халықтың біра­зы Қожаберген жырауға ілесіп Көкшетау, Арқа өңіріне дейін ауа көшкенде­ рін ай­тып отырады. Кейіннен ел тынышталған соң, отанына қайтып келген ду­латтардың осы бөлігін жергілікті жердегілер әлі күнге дейін әзілдеп «уақкерейлер» деп атайды екен. Осындай халықтың санасында жатталып қалған тарихи деректер Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанының нақты авторы екенін тағы да дәлелдей түседі. Тағы бір назар аудартар нәрсе, халықтың сана­ сында берік орныққан «Елім-ай» дастанына Қожабергеннен басқа балама ав­ тор бола алатын тарихи тұлғаны атай алмайтынымыз да анық нәрсе. Яғни мұны басы ашық, даусыз мәселе десе болар. Жалпы, бүгінде біз халық әні деп жүрген көптеген ән-жырлардың бәрінің де кезінде нақты авторлары болғаны күмәнсіз. Тарихи зобалаңдар, Төлеген ақын айтпақшы, «ғұлама жылдар судырлатқанда парағын, жабылып кеткендер» аз емес. Бүгінде зерттеушілердің ізденістері­нің нәтижесінде өз кезегінде олардың есімдері де анықталып жатса, оны мойын­ дауға міндеттіміз. Ал енді екі Қожаберген туралы әңгімені өрбітушілерге келер болсақ, Қо­ жаберген жыраудың өмір сүрген жылдары Жәңгір баласы Тәуке хан (16261718) мен Уәли баласы Абылай ханның (1711-1781) өмір сүрген замандары­ на толық сәйкес келеді. Бұған күмәнданудың туындауы тарихымыздағы ірі тұлғалардың тарихының жеткілікті зерттелмеуіне байланысты орын алып отыр. Осындайда әлі күнге дейін Қожабергеннің замандастары болған қазақтың атақ­ ты үш биінің де туған жылдарын нақтылай алмай, кім кімнен үлкен деген сауалға жауап бере алмай, әр түрлі пікірлер өрбітіп келе жатқанымызға не дерсіз. Де­ сек те, қолда бар азын-аулақ деректер жоғарыда аталған екі ханның тұсында өмір сүрген. Қожаберген есімді тарихи тұлғаның біреу ғана болғанын дәлелдей түсетіндей. Иә, керей руында ғана емес, бүкіл қазақта жоғарыдағы екі хан за­ манында айтулы тұлғалар арасында тарихқа бір ғана Қожабергеннің есімі белгілі. Халық оны «жырау» атаса, ол өзін «сардар», Тәуке заманымен байланысты ау­ ызша деректер «ордабасы», ал орыс және қытай деректері «батыр» деп жаза­

Қожаберген жырау – 350 ды. Десек те, «рушыл» атанудан гөрі «халықшыл» атанғанды артық са­найтын қайсар басымыз әлі күнге дейін Қожабергеннің рулық шежіресін зерттеуге және оны жариялауға бұрылмай келеді. Сондықтан да Қожабергеннен тараған ұрпақ шежіресі де назардан тыс қалып келеді. Бұл біздің ойымызша, жыраудың жерлестерінің және оның атындағы қордың ең басты және негізгі жұмысы болса керек еді. Өйткені, советтік дәуірден әлдеқайда бұрын өмір сүрген қайраткер тұлғалардың бейнесін мұрағат құжаттары жеткіліксіз бол­ғандық­тан, ең бас­ тысы олардың тағдырлары өздерінің рулық ортасымен тығыз байланысты бо­ лып келетіндіктен айтылған мәселе аса маңызды. Қожабергеннің жеті атасын ғана санамаламай, оның өзінің және ұрпақтары­ның тұтас шежіресін жасап, оны жарыққа шығаратын кез келді. Сонда біз жоғарыда әңгімелеген біраз даулы мәселелер өзінің шешімін табар еді. Осындайда айтпасқа болмайтын тағы бір нәрсе бар. Әлі күнге дейін арабша қидан жазуымен жазылған фамилиясын қоса қайта жарияласақ та, құнды та­рихи деректерге тола Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түптұқияннан өзіме шейін» атты еңбегін негізсіз мойындамай, орынсыз дау-да­ май өрбітіп отырған жекелеген әдебиет және мәдениет өкілдерінің назарын осы еңбектегі мынадай маңызды деректік жолдарға аударар едік: «...Аягөзде болған осы ұрыстан кейін найман Тобан ауылында Қожаберген жырауды кездестірдім. Қожаберген жырау мен көргенде қартайған, екі тізесінен ақсап басатын шал кісі екен. Осысына қарамай, жырау сонша әдемі киінеді. Басында сусар бөрік, үстінде күзен ішік. Белінде діңмент. Оның қолында домбырасы да жоқ. Бірақ өлеңді сапырып, мен көргенде домбырасыз тақпақтап айтты. Ерасылды (Қаракерей Қабанбайды – Т.О.) ол бұрыннан танитын болса керек-ті. Неге екенін қайдам, оған жездесінше қалжыңдасып жатты. Мен оған ол кезде мән бермеппін. – Қай баласың? – деді ол маған. – Қазыбекпін, шапыраштымын, – дедім мен. – Мен де бесшаммын. – Олай болмас, сіз абақсыз ғой, – дедім мен, әрине, мұны қысыла айттым. Жасы келген адам ренжіп қалар деп. – Бес пен Шам – Ыстықтың жиырма алтыншы, жиырма жетінші ұрпағы. Сіз абақсыз ғой. Олай болу мүмкін емес. – Абақтың Шыңғыс заманында Қарқарада бірнеше жыл тұрғанын біл­мейтін бе едің? – Мен бұдан әрі төңірегімдегі керейлердің көңіліне қарадым. Әң­гімені созбадым. Ол кісі де одан әріге бармады. Қожаберген Толыбай баласы Тәуке заманында әскербасы болған жау түсіріп, ту алған батыр еді. Ол – батырлығымен бірдей сол заманның өзі көзбен көрген оқиғасын мол жырлаған адам. Жасы мен құралпы Бұқар оған құлдық ұратын. Бәлкім, егер Қожаберген жырау болмаса, бізге ол заманның көп шындығы жет­ 5-254

Қожаберген жырау – 350 пес те еді. Мен абақ керей ішінде шұбарайғыр деп жүрген жырауды бесшаммын дегенде, шынын айтсам, оған сенбедім. Өйткені Бесшам ол шапырашты­ның төрт ұлының ыстығынан тарайтын еді. Жыраудың Дүзік деген әйелінен туған ұлы Жандәулет мені біраз әңгімеге тартпақ еді, мен ырық бермедім. Өйтсем, басқа керейлерден ұят болар еді. «Бітінә адам безбүйрек, пәле тоқыр ішіне» деп кетті ме деп те қысылдым» (Қараңыз: Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқияннан өзіме шейін». – Алматы, 1993. – 215-2016-бб.). Қысқаша болса да тарихымызға ауадай аса қажетті біраз мағлұматтар­дан хабар­ дар ететін бұл құнды дерек Қожаберген жыраудың замандастарының ішіндегі көз көргеннің жалғыз, нақты және аса бағалы естелігі. Өкінішке қарай, бұл маңызды де­ рек қасақана пайдаланылмай назардан тыс қалып келеді. Мұн­да атақты жыраудың өзіндік ерекшеліктерге толы серілік бейнесі және жас шамасы, қоғамдағы құрметті де қастерлі орны, тіптен шығу тегі едәуір ашылған. Деректің тағы бір маңыздылы­ ғы – жыраудың Дүзік деген әйелі мен Жандәулет деген ұлы болған екен. Тегінде Дүзік жыраудың екі әйелінің бірі болар. Өйткені, Әйтеке бидің тарихын зерттеу­ де едәуір жемісті еңбек етіп жүрген зерттеуші, ғалым М. Есләмғалиевтің еңбегінде Қожабергеннің тағы бір әйелі, кіші жүздегі есентемір тайпасынан шыққан атақты батыр би Қабыланның қызы Айша аталады (қараңыз: М. Есләмғалиев. Алшын Әйтеке би ғұмырнамасы. //Қазақ­тың ата заңдары. 1-том. – А., 2001. – 354б.). Ал енді осы там-тұм деректер негізінде Қожаберген ұрпақтарының шежіресін неге таратпасқа? Қожабергенді өзінің биік тарихи тұғырына қызыл сөзбен көпірте мақтау арқылы емес, нақты тарихи деректер негізінде ғана қондыра алатынымызды басқалар түсінбесе де, тарихшылар түсінулері керек. Бір қуанатынымыз, осы айтылғандарды анықтай түсуге қызмет етер Қо­ жаберген туралы жанама орыс және қытай деректері де баршылық. Ал енді жо­ ғарыда айтылған Қазыбек бек Тауасарұлының естелігіне қайта назар аударсақ, 1727 жылы Аягөздегі қалмаққа қарсы ұрысқа ақылшы және кеңесші болған, сол заманның әйгілі серілерінің бірі Қожаберген жырау едәуір «қартайған, екі тізесінен ақсап басатын шал кісі екен». Тарихи деректер жыраудың бұл тұста орта жүз әскерлеріне қолбасылықты Қанжығалы Бөгенбай батырға бергенін аңғартады. Ақша баласы Бөгенбай жиырма сегіз жасында-ақ отыз мың әскерді бастап, 1706 жылы казак-орыстарды Жайықтан түре айдап шыққаны тарихтан белгілі. Осыдан біраз жылдардан соң, тегінде 1718 жылы Тәуке дүниеден қайт­ қан соң, қайраты қайта бастаған атақты жырау орта жүздегі әскербасылықты кезінде өзіне замандас болған атақты Ақша батырдың айбынды ұлына берген еді. Бұл – Бұқардың «Алатаудай Ақшадан асып тудың Бөгенбай» деп жырлай­ тын заманы. Дегенмен де қолбасылықты Бөгенбайға бергеннен ел ағасы атанған

Қожаберген жырау – 350 Қожабергеннің беделі артпаса, кеми қойған жоқ. Ол Қазыбек бекке кездескен тұста уақ-керей тайпасының басшы ақсақалы және бас батыры ретінде орта жүздің басқа Сұлтанмәмбет, Әбілпейіз сұлтандары және Қабанбай, Дәулетбай батырлары тәрізді белді және беделді, көрнекті тұлғаларының бірі және бірегейі еді. 1758 жылдардан кейін жазбаша деректерде жыраудың есімі атала қоймай­ды. Осыған қарағанда жырау көп кешікпей дүниеден өтсе керек. Осы мәселе атақ­ты жыраудың туған және өлген жылдарын анықтай түсуді қажет етеді. Мұнымен және Қожабергенге замандас болған қазақтың әйгілі үш биінің туған және өлген жылдарын анықтай түсумен бізден бұрын да Ә. Кекілбай, М. Есләмғалиев, Б. Қуандықов, т.б. азаматтар айналысқан болатын. Алайда, деректердің жет­ кіліксіздігі мәселенің басын нақты ашуға едәуір кедергі келтіріп, әр түрлі пікір­ лерге жол ашты. Осындайда Н. Әбуталиев жариялаған жыраудың өзінің жасы­ на байланысты айтқандары еріксіз ойландырады. Жырау: «Үш жүзде болса да олар басты кісі, Қазыбек, Төле, Әйтеке менен кіші. Соларға жол көрсеткен ұстаз едім, Сардар деп құрметтеген үлкен-кіші», – деп өзінің атақты билерден үлкендігін, тіп­тен оларға ұстаз болып келетіндігін алға тартады да, сонымен қатар тағы бір жерде: «Орта жас ол да мені тастап кетті. Ит қалмақ соғысуға душар қылды, болмаса ақсақалдық кезең жетті», – деп қайырады. Бұдан байқайтынымыз, 1723 жылы-ақ, Қожаберген жырау ақсақалдық жаста болған және 1927 жылы Аягөз шайқасы болған тұста жы­ рау кем дегенде 65 жасқа қараған болып шығады. Сондықтан да оны осы кезде алғаш кездестірген Қазыбек бек Та­уасарұлының атақты жырауды қарт адам ретінде қабылдауы әбден орынды еді. ...Жаугершілік заманда әйгілі қазақ билері әрі батыр, әрі шешен, әрі саясат­ кер, және ең бастысы қара халықтан шыққан бұқара түгел мойындап соңынан іле­сетін тарихи тұлғаны іздестірген. Бірақ мұндай елдің көңілінен шығатын сан қырлы көсемді таппай ақыры, Қожабергеннің дастанында одан ары жырлана­ тындай, Аңырақай шайқасының қарсаңында Әбілқайырды, яғни төре тұқы­ мын әскербасы етіп сайлауға мәжбүр болған. Бірақ мынаны да айтпауға болмас. Қожаберген төре атаулыға қарсымын деп отырған жоқ. Ол бар болғаны төрелерге байланысты Әйтеке бидің өсиетін ғана баяндап отыр. Осы жерде айтпағымыз, тарих сахнасына кейінірек шыққан, жоғарыдағыдай жан-жақты тұлғалық қа­

Қожаберген жырау – 350 сиеттерді өзінің бойына жинаған, Абылайға Бұқар жыраудың «қай жеріңнен тө­ ре едің» деп ашық та, батыл айтуы мен жоғарыда Қожаберген жырлаған атақты билердің «қарадан хан іздестірген» әрекеттерін баяндайтын жолдарда тарихилогикалық сабақтастық бар екендігін аңғару қиын емес. Мұны Абылайдың шығу тегі және оны Төле би мен Қазыбек бидің хандыққа дайындаулары туралы Қазыбек бек Тауасарұлы жазған деректер де мақұлдай түседі. Бұл, әрине, басқа әңгімеге апарар жаңа сүрлеу, тың бастау ғана. Осы айтылғандар Қожаберген жырау хан, сұлтандарға немесе төрелерге қарсы болғандықтан, тарихқа белгі­ сіз болып қалды деп айтуға ешқандайда да негіз бермейді деген ойдамыз. 1742 жылы тамызда Әбілқайыр бастаған үш жүздің кейбір игі жақсылары Ре­сейге адал болуға қайтара ант бергенде керей руының атынан Қожаберген жыраудың қатысуы да оның төреден шыққандарды жау тұтпағанын аңғартса керек. Абылай ханның Қожабергенді жасы ұлғайса да, ел ағасы ретінде аса құр­ меттеп, саясаттың алғы шебіне араластыра ұстауы да осы пікірімізді мақұлдай түседі. Мұны алдағы уақытта Қожаберген мұрасын зерттеушілердің ескергені жөн. P.S. керейлердің үйсіндік тегі туралы мәселені едәуір нақтырақ зерттеген моңғол деректерін жақсы меңгерген белгілі тарихшымыз З. Қинаятұлы бы­ лай деп анықтап жазған еді: «Керейттің үйсін тегі туралы болжам тарихтағы жаңалық емес. Бұл туралы кезінде Н. Аристов, Г. Потанин, Г. ГруммГржимайло, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлкей Марғұлан еңбектерінде және 1990 жылы Шыңжаңда басылған «Қазақ шежіресінде» жазылған». З. Қинаятұлы керейлердің географиялық жағынан да, рулық таңбалар тұрғысынан да сарыүйсіндерге жақын екендіктерін мақұлдайды (З. Қинаятұлы Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары: ІХ-ХІІ ғасыр. – Астана, 2001. – 14-б.). керейлердің кезінде сарыүйсіндермен бірге жүргендерін, олардың рулық таңбалары да айқындай түседі. 1832 жылы мұны алғаш А. Левшин байқаған болатын. Ол өзінің қазақтардың тарихына қатысты әйгілі еңбегінде орта жүздегі керейлер мен кіші жүздегі керейттердің алғашқы рулық таңбаларының крест түрінде бір болғанын аңғарған еді (Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. – А., 1996. – Стр. 428). керейлерде крест таңбасының қосалқы таңба ретінде ілесіп жүретінін кейіннен М. Тынышбаев, С. Аманжолов, Н. Мыңжан, М. Мұқанов тәрізді қазақ зерттеушілері де жаз­ ды. Сонымен қатар, осындай крест таңбасының сарыүйсіндерде де кездесетінін алғаш, 1889 жылы М. Гродеков байқаған болатын (Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырдарьинской области. Т.1. юридический быт. – Ташкент, 1889. Приложение №1. – Стр. 1-8). Кейіннен, 1925 жылы мұны М. Тынышбаевта атап көрсетті (Тынышпаев М. История казахского народа. – А., 1993. стр. 106-108). «Жас қазақ» газеті, 7 наурыз 2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 АҚ ТІЛЕУЛІ АБЫЗ Серік НЕГИМОВ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ұлт тарихындағы замана шамшырақтары Қазтуған жырау (XV ғ.), Доспам­ бет жырау (XVІ ғ.), Шалкиіз жырау (1465-1560), Жиембет жырау (XVІІ ғ.), Марғасқа жырау (XVІІ ғ.), Бұқар жырау (1668-1781), Тәтіқара жырау (XVІІІ ғ.), Үмбетей жырау (1706-1778) – қадірлі-қасиетті заңғар тұлғаларымен айрық­ шаланып, ұлылықтың, даналықтың көзіндей, күмбезіндей жарқырайды. Мем­ лекеттің ішкі-сыртқы саясатына араласқан атақты жыраулардың болмысы­ на, маңдайына, тағдырына Жаратқан Ие алуан-алуан озық та озат қабілеттер дарытқан. Олар: хан кеңесшісі, әскербасы, тайпа көсемі, саясаткер, баһадүр, би, соғыс өнерінің майталманы. Осындай болат тұяқ мұзбалақтардың бірегейі – Толыбай сыншы баласы Қожаберген жырау (1663-1763). Ол – Әз Тәукенің кеңесшісі. Жастайынан Самарқанд пен Бұхарада мұсылманша терең білім алған, араб-парсы, шағатай тілдерін жақсы білген білімдар, сұңғыла саясаткер, шежіреші, күйші, қобызшы екен. Академик Манаш Қозыбаевтың «Дауылпаз баба – Қожаберген» дейтін байыптамасында Қожаберген жырау қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары­ ның ортақ жасағына қолбасшылық еткен. Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер деп есептейді. «XVІІІ ғасырдағы қазақ тіршілігінің энциклопедиясы» (Сәбит Мұқанов), «көмекей әулие» атанған Бұқар жырау «Қамалды бұзған құлшына» дейтін толғауында:

Қожаберген жырау – 350 «Күрзімен жауды басқа ұрған, Қалмақтың ханын састырған, Жаралы дұшпан басшысын, Ат тұяғына бастырған. Осындай игі ісімен, Сарқылмас мол күшімен, Қожаберген ұстазым». тағы бірде: «Ақжолды сардар Қожекең Дұшпаннан айыл жимаған. Ерлігі көп ұстазды Мұсылман түгел сыйлаған. Шаңқобызын Қожекең Жосаменен сырлаған. «Елім-айдай» қиссасын Қан майданда жырлаған», – деп, Қожаберген жыраудың елшілдік, мемлекетшілдік, қаһармандық істерін та­ мылжыта, төгілте сипаттайды. Толғауда Қожаберген жыраудың Түркі елінің ортақ перзенті, баһадүр, сардар, ордабасы, қобызшы, емші, әнші, күйші, данагөй, ойға, сөзге телегей екендігі нақышты бедерленген. Ұлттық тарихты көркемдік-философиялық тұрғыдан суреткерлікпен шалқыта зерделеген дәуір жыршысы Әбіш Кекілбаев «Әйтеке би» дейтін тарихиәдеби еңбегінде (1991) Қожаберген жырауға қатысты сындарлы ой-пікірлер сабақтайды. Бұл орайда хас суреткер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Даналар» атты жырынан: «Өнерге құлаш ұрып бала жастан, Тарихын бұл үш жүздің етіп дастан, Баласы Толыбай сыншы Қожаберген Бой ұрған ерен іске әуел бастан», – дейтін шумақты келтіреді. Қаламгер Ә. Кекілбаев Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанынан айыр тілді Әйтеке бидің ғұмырнамалық бел-белестерін, ұлт тәуелсіздігі, ұлы мақсат жолындағы берекелі іс-әрекеттеріне, қайраткерлік тұлғасына байланысты ой са­ рындары мен тарихи деректерді меруерттей тізіп көрсетеді.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны хақында пікірлер қайшылығы, көзқарастар алуандығы бар. Ол – хатқа уақтысында түсірілмеген, күні кешеге дейін беймәлім келген. Десек те ұлт руханияты тарихындағы кейбір азуын айға білеген атақты жыраулардың толғаулары ХІХ ғасырдың төртінші ширегінде жарияланған жайы бар. Мысалы, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет жыраулардың мұрасы Мұхамед Османов құрастырған «Ноғай уәқұмық шиғырлары» (Спб, 1883), Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» (Қазан, 1879), Мақаш Бекмұхамедовтың «Жақсы үгіт» кітабында (Қазан, 1908), Ғабдолла Мұштақтың «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жыр­ лары» (Орынбор, 1910), В.В. Радловтың «Образцы народной литературы тюркских племен» (т.7, Спб, 1896), Арыстанғали Берқалыұғлының «Ақын» (Қазан, 1912), Сәкен Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (Алматы, 1932) деген жинақтарында тұңғыш рет жарияланған. Ал Ақтамберді жырау шығармалары 1963-1969 жылдарда ел аузынан жа­ зылып алынған. Бұқар жырау шығармаларын хатқа түсірген Мәшһүр Жүсіп екендігі мәлім. Шал ақын (1748-1819) өлеңдері ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап Қазақ ССР Ғылым академиясы Орталық ғылыми кітапханасының сирек қол­ жазбалар қорына жинақтала бастаған. 1949 жылы Айқын Нұрқатов пен Әйтім Әбдірахманов, 1964 жылы Мұхтар Мағауин Шалдың інісі Қазақбайдың ұрпағы Қошан Жантілеуовтен жазып алып, атақты «Алдаспан» антологиясы­ на (1970) қосқан. Ақынның 15 жасында шығарған «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» атты өлеңі тіпті бертін «Қазақ әдебиеті» газетінде (1985 жыл, 28 қа­ раша) жарияланды. Айтайын дегеніміз замандар мен дәуірлер өтсе де, ұлттың ой-санасында, тарихи зердесінде қатталған-сақталған сап таза жырлар, эпостық шығармалар тағдыры турасында эпостанушы А.Ф. Лосев: «Ескі жырлар қағаз бетіне түсірілмей-ақ әлденеше ғасыр бойы өзінің әрі мен нәрін, әу бастағы қал­ пын сақтай алды. Бұл – көне мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде қалыптасқан салттың жемісі», – деп жазады. Шоқан Уәлиханов: «Көне дастандардың сол бәз қалпында, ұшы-қиыры жоқ даланың бір шетінде айтылатын шығарманың оқиғасы боз даланың екінші бір шетінде айна-қатесіз қайталануы таңдандыр­ май қоймайды», – дейді. «Ер Тарғын» толғауын жылқы жылы (1861) табын еліндегі атақты Марабай ақыннан жазып алдым», – дейді Н. Ильминский. Шоқан Уәлихановтың ұстазы И.Н. Березин Омбыда Шөже ақыннан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын жазып алған. Мұның 16 нұсқасы бар. Негізінде, «Елім-ай» дастаны ел арасына ауызша да, қолжазба күйінде де тараған. Жазбаша нұсқасын сақтаған – Қожаберген жыраудың ағасы Қа­

Қожаберген жырау – 350 рабастың ұрпағы Шақшақ батыр Көшекұлы. Одан Сегіз сері көшіріп, одан соң Ер Есенейдің жиені Тәштит Тәбейұлы Барлыбаевтан Шыңғыс Уәлиханов, Зілғара шешен баласы Мұса үйренген. Ең ақырында Қожахмет Дәрібайұлы (1891-1978) насихаттаған. «Керей Қожаберген жыраудай бұрынғы-соңды өмір сүрген қазақ ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан. Жас бала кезімде оны әншілердің аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?..» – деп жазыпты Бауыржан Момышұлы. Әйгілі әнші Манарбек Ержанов Сегіз серінің «Толыбайын» Әміре Қа­ шаубаевтың өз аузынан үйренген. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында замана суреттері, түркі жұрттарының тағдыр-талайы, жалмаңдаған жоңғарлықтардың жыртқыштық, қанқұйлы қимылдары, қазақ хандары мен көсем билерінің кесек тұлғасы тарихилық пен деректілік негізінде келісті баяндалған. Әсіресе, жолға салса жорға, жонға салса жүйрік Қожаберген жыраудың ата-тек шежіресі, өміртарихы, қолбасшылық өнері мен өнегесі терең де әсерлі сипатталған: Атыма көптен қанық қазақ, ноғай, Есімім – Қожаберген, әкем – Толыбай. Бөгенбай бұрынғы ордабасы ем, Үш жүзде сардар болған қалың қолға-ай. Қалмақтың қамалдарын бұзған талай Әз Тәуке қасындағы қолбасы едім. Кейінгі ақындарға нұсқа айтқан, Қазақтың аға жырау жорғасы едім. Немесе: Шәкіртім қайда екен Бұқар жыршы, Ол Бұқар әрі ақын, әрі сыншы… Кенжесі ем Толыбай сыншы Қожаберген, Бата алғам Әнет пенен Әз Тәукеден. …Ер Көкше, Ер Есімді қисса еткен, Керейдің жырауы мен – Қожаберген.

Қожаберген жырау – 350 Арғы атам – ордабасы Дәулен батыр, Еділге, Алтайға да тіккен шатыр… Қожаберген жыраудың тарихи дастанында Ресей, Қытай, Қалмақ хандығы «жүз құлпырған, қызықтырған» қазақ жерін ту-талақай етіп бөліп иемден­ бекші екендігін: Жолығып көп мылтықты дүлей күшке, Айналды жақсы тұрмыс көрген түске. Ресей, Қытай, Қалмақ ақылдасып, Алмақшы қазақ жерін бөліп үшке, – деп, ел басына үйірілген қасірет-тақсіретті, қырғын-сүргінді нақпа-нақ көрсетеді. Жырау ұлт трагедиясын: Бұл заман, қай-қай заман, құйын заман, Шіріткен тамам жұрттың миын жаман. Бұл заман, қай-қай заман, қасқыр заман, Көрші ел жоқ қазақтарға қас қылмаған, – деп гөй-гөйлетеді. «Елім-ай» дастанында тұлғатануға қатысты шежірелік-деректемелік ар­ қаулар, жер-су, ру-тайпа аттары жеткілікті. Қожаберген жыраудың «Баба тілі», «Ататек» дейтін дастандарында ата тарихымыздың, озық дәстүріміздің сәулелі ұшқындары, тарихи саназерде­міз, Асан қайғы, Жиренше, Әз Жәнібек сыйлап өткен, «миды оятқан» ғажап, таза, киелі-жүйелі тіліміз, ерлік-елдік қасиеттеріміз ересен көркемдікфилософиялық тегеурін-қуатпен жырланған. «Баба тілін қадірле, Болашақтан түңілме!» дегені парасаттылықтың белгісіндей. Оның «Жақсылық пен жамандық жайындағы хикаятында» сақилық пен сараңдықты салыстырып, мырзалықты, адамшылықты, жанашырлықты дә­ ріптейді. «Ақсауыт», «Насихат өлеңдері», «Бес қару», «Білерсің» атты жыртолғауларында даналық ой-пікірлер туындатқан. Академик Салық Зиманов Қожаберген жыраудың «Жеті Жарғы» дейтін дастан жазғанын айтады. Және де: Шығайдан соң орнына Тәуке қалды, Кезінде Әз Тәуке деп атақ алды.

Қожаберген жырау – 350 Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп, Дейтұғын «Жеті Жарғы» заң шығарды, – деген жолдарды мысалға алады. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының қаһарманы, дариядай шалқыған даңғайыр жыраулық өнердің дүрі, пірі «Елім-ай» дастанында: Қазағым дәулеті мол, қарқынды еді, Жүздері ерлерімнің жарқын еді. Құс төресі аққу құс секілденген Жұртымның қыз-келіні алтын еді, – деген ел-жұртының асыл қасиеттеріне, асқақ рухына бөленген бақ тірегіндей – ақ тілеуі ғасырлар төрінен дауылпаздың даусындай саңқылдап естіледі. «Егемен Қазақстан» газеті, 18 маусым 2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 САУЫТ КИІП, ТУ ҰСТАП, ТҰЛПАР МІНГЕН Дүйсембі ӘРІПҰЛЫ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Толыбайұлы Қожаберген жырау мен оның ізбасар мұрагері деп айтылатын Сегіз сері туралы ертеректе жазылған кейбір материалдардан хабарымыз бар болатын. Оның үстіне кезінде «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Көрұғлы» эпосында аң аулап жүріп аңдаусызда қызылбастардың қолына түсіп, сыншы­ лық қасиетімен жылқының тұлпарын, түйенің жампозын, бұқаның тынжысын айтып берген кезінде, «Енді менің тегімді, неше атадан бері шах екенімді айт!» деген шах Шағдаттан қаймықпай, әкесінің наубайшы болғанын, зұлым шахтың кесімімен екі көзінен айырылғанын, ақыры өзі таңдап сатып алған тұлпармен әрі қамқоршысы, әрі қайын атасы Ғәждембек екеуі Ираннан қашып еліне жеткен Раушанбек батырдың жолда жатқан қу басты көріп, «сені тұлпардың басы деп кім айтар, мені Толыбай сыншының баласы деп кім айтар» дейтін «Көрұғлы» дастанындағы осы деректер еске түсіп, көп ойға қалдырған. Осы ойдың жетегімен Қожаберген жырау Толыбайұлы туралы мағлұмат бар кітаптарды парақтадым. Ондай іргелі еңбектердің қатарында: Қазақ Совет Энциклопедиясының 12томы, «Маржан сөз» (1972), «Асыл сөз» (1987), «Сөз атасы» (1987), «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (1988), «Бес ғасыр жырлайды» (1989), «Қазақтың би шешендері» (1993), «Ел қазынасы – ескі сөз» (1994), «Екі мыңжылдық дала жыры» (2000) деген кітаптар бар. Бір замандары: «Гауһармын таразыға салынбаған, Қылышпын қынабынан алынбаған. керейдің Сегіз атты саңлағымын Секілді жанған оттай жалындаған», –

Қожаберген жырау – 350 деп таныстырған Сегіз сері (Мұхаммедқанафия Шақшақов (1818-1854 жж.) жөнінде «Сөз тапқанға қолқа жоқ» пен «Екі мыңжылдық дала жырында» қысқаша мәліметтер беріліпті. Сегіз серіге, Абылай ханға ақылшы болған әйгілі Бұқар жырауға бүкіл қадір-қасиетімен, өмір жолымен ұстаз болған ел қорғаны, дауылпаз жырау Қожаберген туралы осы кітаптардың бірде-бірінде бірауыз сөздің болмауы таңғалдырды. Жоғарыда айтқан энциклопедиядағы «Тари­ хи жырлар» деп аталатын тақырыпшада: «Тарихи жырлардың жасаушысы – белгілі оқиғалардың әрі куәгері, әрі қатысушысы болып табылатын халықтың – өзі» делініп, 1723 жылғы жоңғарлар шабуылында, халық көрген азап пен қорлыққа байланысты туған тарихи жыр-дастан «Қаратаудың басынан көш келеді» деп басталатын өлең деген тұжырым жасалады. Бірақ онда Қожаберген жырау да, оның «Елім-ай» дастаны да аталмайды. Тәуелсіздік, бостандық сөздері жер шарында өмір сүріп келе жатқан әрбір халық үшін ерекше қасиетті сөздер. Тәуелсіздік пен бостандық жолында талай ерлер қанын төгіп, жан берген. Ақындар ұрандатқан жыр-толғаулар, шешендер тіл майын тамызып, ел назарын аударарлық дуалы өсиет сөздер арнаған. Жи­ ырма алты жасында тәуелсіз Венгрия Республикасын құрушылар қатарында ту көтерген күрескер ақын Шандор Петефи: «Бостандық пен махаббат – Керегі маған екеу-ақ. Махаббат үшін өмірде, Қарсы барам өлімге. Бостандық үшін махаббат, Құрбан етем сені де!» – деп тәуелсіздікті өмірдің барлық мұраттарынан, қызықтарынан жоғары қоя­ ды. Ал өз топырағымыздан жаралған Қазақстанның халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылов: «…Шүберекке түйіп жандарын, Бекем де буып белдерін, Бостандық үшін айқасқан Еңіреп туған ерлерім. Жайқалса жапан белдерім, Жаңғырса өлкем-жерлерім, Ұмытпас елім қиқулап, Қызғыш боп өткен ерлерін», –

Қожаберген жырау – 350 дейді. Бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен ерлердің жанқиярлық еңбегінің халық жадынан өшпейтінін осылайша әсерлі жырымен баян етеді. Енді, міне, елімізде тәуелсіздік таңы атқаннан кейін-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып келе жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ата тарихымыз­ да айтылмай келе жатқан ақтаңдақтардың беті ашылуда. Қазақ халқының әлем тарихынан жойылып кетпей, ежелден келе жатқан ұлы ұлттығын сақтап қалуға атсалысқан айбынды ерлердің, айтулы тұлғалардың ерліктері қалың көпшілікке аян етіліп, жер-жерде оларға арналған еңселі ескерткіштер тұрғызылуда. Маңғыстаудың өзінде сонау Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ай­рықша ерлік көрсетуімен аты шыққан Адай, оның ұрпақтары Ақпан, Жа­ улы, Шоғы, Тоқтамыс, Балуанияз, Қармыс, Төлеп, Шотан, Шабай, Қонай, Қосай батырларға, әулие Пір Бекетке, «Сауранды үш айналып» ежелден ата­ мекені болған Маңғыстауға келіп, еліне қорған болған, ел билеген Сүйінқара Үргенішбайұлына, патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы шығып, ша­ руалар көтерілісін басқарған Иса-Досан батырларға, Ұлы Отан соғысының қаһармандары М. Бегенов, Б. Қалиев, Ж. Қалдығараев, И. Сүйеубаевқа, басқа да жұртым дегендерге, билерге, заманында қалың бұқараға қайырымы тиген ерен тұлғаларға арнап ескерткіштер тұрғызылды. Бұл бүтін тірлік, бүтін іс еді. Тәуелсіздіктің арқасында дауылпаз жырау Қожаберген туралы да кеңінен сөз бола бастады. Оның өміріне, шығармашылығына арналып екі рет ғылы­ ми-теориялық конференция өтті. Сол алқалы жиында академик, марқұм Ма­ наш Қозыбаев, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев баяндама жаса­ ды. Олар жүз жасаған, сирек кездесетін дара таланттың өмірі мен сан қырлы адами қасиеттерін ашып көрсетті. Сондай-ақ, болмысы бөлек жыраудың елін, жерін, шыққан тегін, бүкіл өмір жолын, ақындық, шығармашылық өнерін, әскер басқарған қолбасылық ісін баяндайтын өлеңдері, толғаулары мен да­ стандары 2007 жылы жарыққа шықты. Солтүстік Қазақстан облысының сол кездегі әкімі Т. Мансұровтың қолдауымен, белгілі қоғам қайраткері, «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, заң ғылымдарының докторы Б. Тұрғараевтың ұйымдастыруымен, С. Жұмабаев пен Қ. Биғожиннің құрас­ тыруымен «Қожаберген жырау» атты кітап оқырманын тапты. Бұл рухани құндылықтың алғы сөзін академик Манаш Қозыбаев жазған болатын. Саналы өмірін әділ қызмет етуге арнап, отыз жылдың үстінде Отанымыз­ дағы облыстық соттардың төрағасы болған, халқымыздың өткені мен кеткенін жұртшылыққа әр қырынан баяндап, қоғамдық жұмыстарды да мінсіз атқарып

Қожаберген жырау – 350 келе жатқан Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрметті азаматы Бекет Тұрғараевтың қолынан «Қожаберген жырау» деген кітапты алып та­ нысқаннан кейін жырауды танып-білуіме кең жол ашыла түсті. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Батырға қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі», – депті. Ендеше, баһадүр Қожаберген жыраудың жұрт қамы, жұрт ісі деген ерлікке толы ғұмырын біз оның өлеңдерінен, толғауларынан, дастандары­ нан айқын көре аламыз. «Халқын пір тұтқанды, халқы да ұл тұтар!» – деп көрнекті ақын Мұзафар әлімбаев айтқандай, халқын өмір бойы пір тұтып, елінің тәуелсіздігі жолын­ да қасық қаны қалғанша күрес жүргізген әрі батыр, әрі ақын, Жаратушының құдіретімен жан-жақты болып жаратылған Қожаберген жырау сол халқының кемеңгер ұлы бола білген. Қожаберген Толыбайұлының жоғарыда аталған кітабына енген көптеген өлең, жыр, дастан, ой-толғаулары аса тартымдылығымен, айтылар асыл ойлардың молдығымен есте қалады. Солардың ішінде «Елім-ай» дастанының орны бөлек. Зерттеушілер, әдебиетсүйер қауымның өкілдері бұл дастанның үш бөліміне терең үңіліп, тағылым, тәліміне тәнті болуда. Мысалы, бірінші бөлімінде Қожаберген жырау: «Мың рет орансаң да беренменен, Кірерсің жер қойнына денеңменен. Қолыма қобыз алып әнмен шырқап, Айтайын бүгінгі істі өлеңменен», – дей келіп, «Елім-айды» асқақтаған әнмен және ән сазына сәйкес тартылған құйқылжыған күймен орындайтынын айтып, осы әнім де, күйім де «Елім-ай» – деп аталсын деген өсиет қалдырады. Қазақтың кең даласын отқа орап, ойран салған жоңғарлардың мейірім­ сіздігі жазықсыз халықты қырғынға ұшыратқан ауыр азап туралы «Елім-ай» дастанын, қайсыбіреулер айтып жүргендей, жол-жөнекей айтылған хабарлар бойынша емес, өзі тікелей қатысып ерлік көрсеткен, көзі көрген, 23 жыл қатары­ нан әскербасы болған кезіндегі оқиғалардың негізінде жазған. «… Кенжесі ем Толыбай сыншы ұлы Қожаберген, Бата алған Әнет пенен әз Тәукеден. Көзбен көріп, өзегім өртенген соң айттым өлең» –

Қожаберген жырау – 350 деуі соған дәлел. Келесі бір кезекте «Өлеңге қостым көзбен көрген кепті, Хал­ қымды қырғын соғыс тентіретті», – деп толғайды. Бұдан кейін: «Аузына харам алмаған, Қиянатқа еш бармаған, Шейіт болған жандарға «Елім-ай» жырын арнағам», – деген жолдар жыраудың көзбен көріп, бастан өткізгенін нақтылай түседі. «Елім-ай» дастанында Қожаберген жырау өзінің ата-тегін, туыстарын, нағашы, қайын жұртымен таныстырып, орта жүз керейде Толыбай сыншының 20 ұлының кішісі екенін айтып, анасы Ақбілек орта жүздегі асыл текті арғынның сүйіндігінен тарайтын Айдаболдың тұңғыш қызы деп, сүйген жары, кіші жүз байұлы есентемірдегі Қабыланбай бидің қызы Айша сұлу болғанын үлкен шеберлікпен жырлайды. Сондай-ақ, Самарқанд медресесінде 5 жыл, Бұхарада 2 жыл оқып терең білім алумен бірге, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгергенін тілге тиек етіп, ордада бұла боп еркін өскеніне қарамастан ат жалын тартып мінісімен-ақ, халық қамы деп талай шайқасқа түскенін: «Майданда алдаспанға ерік беріп, Дұшпанның азын-көбін тексермедім. Сауыт киіп, ту ұстап, тұлпар мініп, Жорыққа сан аттандым, сескенбедім. Жүйрікпен желдей жүйткіп ескен едім, Сынаққа қамал бұзып түскен едім. Көп шығып қан майданда жекпе-жекке, Найзамен жау өкпесін тескен едім», – деп баяндайды. Халқына берген антындай естілетін төмендегі өлең жолдары да ерекше. Оны: «Қолбасшы батыр болмасам, Көбелі сауыт кимейін. Ту ұстайтын болмасам, Арабы ақбоз мінбейін. Талапты жігіт болмасам, Ұрандап жауға тимейін.

Қожаберген жырау – 350 Қару-жарақ соқпасам, Зергер болып жүрмейін. Майданда жауды жеңбесем, Қызық дәурен сүрмейін», – деген шумақтар айғақтай түседі. Сонымен бірге, жары Айшаның тілегімен қайын жұртына бармақ болғанда қалмақтар шабуылдап, елге ие бол деп ағасы Қарабастың баласы Асқапты қалдырады. Бұл туралы «Елім-ай» дастанында егжей-тегжейлі жырланған. Қайын жұртынан үлкен құрмет, сый көріп керей еліне оралған жолда, өзі іштей топшылағанындай ата жауы қазақ жеріне басып кірген екен. Ел ауыр азаптан шұбырындыға ұшырап «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл (Қожаберген жырау «Алакөл» деп атайды) сұлама» атауы қалған екен. Оған: «Атсыз қап жұрт жүрісі шабан болды, Халқыма аштық, соғыс жаман болды. Басталып ел сұлауы Алакөлден, Ақтабан шұбырынды заман болды», – деген өлең жолдары мысал болады. Осы кез қазақ халқы үшін аса ауыр болғанын, жырау: «Алтай мен Жайсаң жақтан көш келеді, Тай-тайлақ көш бас сайын бос келеді. Айырылған егізінен қандай ауыр, Мөлтілдеп қара көзден жас келеді», – деп толғайды. Дүлдүл жырау «Елім-айда» қазақ елінің осыншама шапқыншылыққа ұшы­ рап, азап шегуінің бірнеше себебін ашып көрсетеді: біріншіден, жоңғарлар қазақ елін, жерін басып алу үшін зұлымдықпен алдын ала әр түрлі айла-тәсілдерге барған. Ресей, Қытаймен сөз байласқан. Ресейден зеңбірек қаруларын алған… Екіншіден, қысылғанда мұсылман елдері деп арқа сүйейтін бауырластар тас­ бауырлық жасағанын: «Сатпады Хиуа, Қоқан мылтық қару, Олардың болды ойы бізді шабу.

Қожаберген жырау – 350 Қазаққа күнгей беттен түре тиіп, Жолдарын ойластырды олжа табу», – деп көрсетеді. Үшіншіден, осының бәрі ел бірлігінің болмағандығынан деп біледі. Жырау өз шығармасында бұрынғы кезде қазақ халқы үш жүз деп аталғанмен жат сөзіне еріп жікке бөлініп көрмеген еді. Ал «…қазір көбейді адам азғаны, мықтылар­дың азғаны», сол себептен «белгілі болды көрші елге, халқымыздың тозғаны» – дей келіп, қайсыбір ел басқарғандардың, дінсіздердің, шонжарлардың елдікке жат­ пайтын әрекеттерін әшкере етеді. Бірлігі болмаған, мылтығы жоқ қазақ ерлері қанша батыр болса да от қару ұстаған жауға қарсы тұра алмағанын жырау бы­ лайша өкінішпен толғайды:

«Қор болды бірлігі жоқ біздің қазақ, Басынып ата жауым етті мазақ. Көршілес екі жұрттан дәу мылтық ап, Көрсетті халхи, жоңғар елге азап». Қазақ халқы жоңғар мылтығынан қорлық көріп, жапа шеккенін Қожаберген жырау: «Алшынның темір тауына Дұрыстап назар салмадық. Мылтық соғу шаруасын Үш жүз боп қолға алмадық», – деген өкінішімен жеткізеді. Жырау қазақ халқының алғашқы кезде ойсырай жеңілуінің екінші бір себе­ бін 1718 жылы Әз Тәуке өмірден өтіп, оның орнына хан болуға лайықсыз, бос белбеу, дарынсыз ұлы Болаттың отыруы деп білді. Билердің бұл шешімі ел қамы үшін емес, өз қамдарын ойлағандық болды, – дейді Қожаберген жырау. Жоңғарлармен шайқаста қазақтардың ара-тұра жеңіске жеткен кездері де болмай қалған жоқ. Қожаберген жырау халыққа өсиет айтып, насихат жүргізгенін, бұны естіген халық найза ұстаған орта жүз, кіші жүз батырлары жау қоршауын быт-шыт қылып бұзғанын, әсіресе, екі ұлы Науан мен Әсеттің, атқосшылар Айбек пен Ермектің майданда ерлікпен қаза болғанын көргенде: «Көрген соң сұмдық істі шыдай алмай, Ұрандап «Ошабайлап» салдым айқай. 6-254

Қожаберген жырау – 350 Шаныштым оңды-солды көк найзамен, Жығылды талай жендет салып ойбай. Пенденің бала деген жүрегі ғой, Аз күндік тіршілікте тірегі ғой. Ұлдардың жаудан кегін алу үшін, Қалмақтың тайшыларын түйредім ғой. Қалмақтың алақандап ұрттап қанын, Құштырдым талайына аттың жалын. Әйтеуір бір өлім деп қылыштастық, Қазақтың қорғау үшін мал мен жанын. Қоршауды бұзар шақта әлді жидық, Уайымды, босаңдықты мүлдем тыйдық. Алысқан ат үстінде ит халқидың Ұстап ап айдарынан мойнын қидық. Жорықта 44 жыл ғұмырым өтті, Орта жас ол да мені тастап кетті. Ит қалмақ соғысуға душар қылды, Болмаса ақсақалдық кезең жетті», – дей келіп: «Жасымнан ту ұстаған болдым сардар, Соңыма еріп жүрді талай дегдар. Кез болдым 61-де қатаң жауға, Ісіне құдіреттің не амал бар», – деп бір түйіп тастайды. Ата дұшпан жоңғардан қазақтың жерін, елін сақтап қалу үшін ерлердің Күлтөбеде бас қосқанын, бір күш болып жауды жеңудің жоспарын белгілегенін: « Күлтөбеге жиылып, Жасықтықтан тыйылып, Ұрысқа ерлер бел буды Алла, аруаққа сыйынып.

Қожаберген жырау – 350 Бастады ерлер көп қолды, Аршуға жаудан бар жолды. «Майданда өлген дұрыс, – деп, Күлтөбе басы шу болды», – деп баяндайды. Осындай бас қосудан кейінгі ел бірлігінің арқасында талай жеңістерге қол жеткенін екпіндете жырлайды. Жазықсыз халықты аяусыз қырған басқыншының озбырлығына жаны күйген Қожаберген батыр: «Әйелдерше шашты өріп, Бұрым еткен қалмақтар. Қалдырып аз шаш төбеде, Тұлым қойған қалмақтар», – деп суреттейді. 1759 жылы қазақтардың жоңғарларды тас-талқан етіп жеңгенін хабарлаған кезде дүлдүл ақын Қожаберген 97 жасқа келіп еді. Қарттық жеңіп жатқанына қарамастан орнынан сергек тұрып, қобызын күйге келтіріп «Жеңіс» атты тарихи толғауын шығарыпты. Онда қалмақтардың қазаққа қол көтермей­ міз, қолда бар мал мен мүлікке салық төлеп тұрамыз деп Абылай ханға, Бөгенбай мен Қабанбай батырларға ант бергендерін әсерлі етіп толғайды. Сол «Жеңіс» атты толғауын былай түйіндейді: «Басқаның жерін алған күшпен зорлап, Қалмақтар жеңіліс тапты әбден сорлап. Оралды қазақ қайта мекеніне Алла, аруақ үш жүз ұлын ақыр қолдап». Сегіз сері шежіресінде Қожаберген жыраудың Абылай ханға кеңес айтып: «Бас уәзір боп, ел билігі қолыңа тиген екен әрі ханның міндетін атқарып жүр екенсің, көреген бол, шырағым. Ақылың мен ерлігің, айла-әдісің қатар жүр­ сін!..» – дегенде риза болған Абылай қол жайып, жырау бабасының оң батасын алған екен делінеді. Бұдан Қожаберген Толыбайұлының хан алдында үлкен бе­ делге ие, данагөй абыз болғанын көреміз. Әрі батыр, әрі ақын Қожаберген жырау – мемлекет қайраткері, дипломат болған тұлға. Ол кезінде Әз Тәукенің ұсынысымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолында» айтылған елдің құқық жүйесін тереңдетіп, жан-

Қожаберген жырау – 350 жақты қамтитын конституциялық пәрмені бар құжат – «Жеті Жарғыны» өмірге келтірген. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанындағы төкпелетіп айтқан: «…Қайта қарап низамды, Қазақтың Заңын құрадым. Қарабас күйші ағамның Қағидасын жаттадым. Ақ былғарыға түсіріп, Мұқияттап хаттадым. Әз Тәукеге қызмет қып, Жаздым «Жеті Жарғыны». Салыстырып талдадым Бергі менен арғыны. …Көмектесті біздерге Қазыбек, Төле, Әйтеке. Қазақтың заңын нығайтып, Тыйым салды тентекке. «Жеті Жарғыны» жазуда Іс тындырдым бірталай. Мақұл көрді низамды ел, Деген жоқ ешкім бұл қалай?» – деген шумақтарға қарап «Жеті Жарғыны» дана билермен ақылдаса отырып жазды деуге негіз бар. Қазақтың жақсы-жайсаңдарын ұлықтауға арналған, ерекше қасиеттеріне сүйсінген кездерде алдымен айтылатын бір аталы сөз – «Сегіз қырлы, бір сыр­ лы». Осы бір сөз ойға оралғанда көз алдыңда Қожаберген жырау Толыбайұлы тұрғандай сезінеді екенсің. Жаратушы ием оған сегізден де мол қасиет берген. Қожаберген жырау кім болған дегенге берер жауап: ол – әскербасы, айбынды батыр, ол – ақиық ақын, ол – кемеңгер сыншы, ол – жыршы-жырау және ше­ жіреші, ол – шебер зергер, ол – сынықшы және емші, ол – дипломат, мемле­ кет қайраткері, ол – батагөй абыз, ол – ақылшы дана, ол – осы қасиеттерінен шығар жүз жасаған сирек тұлға – тізе берсек жалғаса береді. Қожаберген жыраудың қазақ халқынан шыққан ерекше дарын бола тұра оның еңбегі жұртшылыққа неге ұзақ жылдар жетпеді дегенге айтар уәж, біріншіден, қазақта ұлы жоқ, ұлық жоқ деп келетін кемсіту саясаты жатты. Басқыншылар­

Қожаберген жырау – 350 дың бұл жымысқы пиғылының түбінде қазақ жерін, байлығын иемдену ниеті болмай қойған жоқ. Екіншіден, ішкі пиғылда хан, сұлтан, төрелерге қарсы болу арқылы бұқара халықтың қамын жегенсіп, жоғын жоқтағансиды. Мұндай жат әдеттің астарына енді қанық болып отырмыз. Қазақ халқының ғасырлар бойы армандап келген Тәуелсіздігі жолында ақыл-ойын, қайрат-жігерін аямаған баһадүр Қожаберген жырау Толыбайұлы­ ның туғанына 2013 жылы 350 жыл толады. Бұл бүкіл Қазақ елі үшін атаулы оқиға деп білемін. Оның есімін мәңгілік есте қалдыруға бағытталған шаралар өткізіліп, есімі жаңғырып, әскери оқу орындарына, мәдениет орталықтары мен көшелерге беріліп жатса, нұр үстіне нұр. Тәуелсіз елдің азаматтары осыны абы­ ройлы міндет, деп біліп, жоғары дәрежеде өткізсе, ұлы жырау алдындағы ұрпақ парызының адал атқарылғаны болмақ. «Егемен Қазақстан» газеті, 13 желтоқсан 2012 ж.

Қожаберген жырау – 350 ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ АЙНАСЫ Қосыл ОМАРОВ, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы Қожаберген жырау қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен, тұлпарды тұя­ ғынан, құсты қауырсынынан таныған сыншы Толыбай Дәуленұлының 20 ұлы­ ның кенжесі екен. Жырау жас кезінде нағашысы Жалаңтөс баһадүрдің елін­ де болып, сол жақтағы Самарқанд, Бұхара медреселерінде тыңғылықты білім алған. Ол туралы атамыз: Өнерге жас шағымнан құштар болғам, Самархан, Бұхарадан білім алғам. Атанып үздік шәкірт қатарында Ең үлкен медресесін тәмамдағам, – дейді. Жыраудың өмірін зерттеушілер оның «сегіз қырлы, бір сырлы» өнер иесі екенін, ақын, әнші, шешен, балуан, т.б. қасиеттерін атап өтеді. Біздің мақсаты­ мыз – Қожаберген бабамыздың шығармашылық шеберлігін сөз етіп, оның эпи­ калық туындыларындағы, әсіресе, «Елім-ай», «Баба тілі» дастандарындағы оқиғалардын тарихи деректілікпен, шындықпен ұштасып жатқандығын дәлелдеу. Қожаберген өмір сүрген XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасыр­ дың бірінші жартысы қазақ халқы тарихында ерекше кезең, ұлтымыздың тағдыры қыл үстінде тұрған жылдар деп айтуға болады. Бір ғасыр өмір сүрген жыраудың ат-жалын тартып атқа мініп, ел-жұртқа та­ нымал азамат болуы Тәуке ханның таққа отыру (1680 ж.) кезеңіне дөп келеді. Ол кезде 17 жасқа толған Қожаберген ел қорғаған белгілі батыр еді, өзінің бір толғауында:

Қожаберген жырау – 350 Ішінде ашамайлы керей көшебемін, Соғысқа он жетімнен төселгенмін. Жекпе-жек қалмақтармен шыққан шақта Желкесін қидым талай өрсінгеннің, – дейді. Қожаберген жастайынан жауынгер-жырау ғана емес, саяси қайраткер бо­ лып қалыптасты. Тәуке ханның таққа отыруының алғашқы кезі қазақ-жоңғар арасында соғыс толастап, тыныштық орнай бастаған жылдар болатын. Бірақ бейбітшіліктің баянды болмасын білген Тәуке мемлекетті нығайтуды жедел қолға алады. Өз бетімен түйе айдай бастаған сұлтандардың билігін тежеп бір орталыққа бағынатын шараларды жүргізе бастады. Орталық хандықты нығайу мақсатымен ол «халық кеңесі» мен «билер кеңесін» құрды. Тәртіпті нығайтып, құқықтық мемлекет орнату мақсатымен «Тәуке ханның Жеті Жарғысы» деп аталып кеткен қазақ даласында ұлттық әдет-ғұрып зандарының жинағын шығарады. «Жеті Жарғыны» жасауға билер мен жыраулар да қатысқан екен. Ол туралы Қожаберген жырау: Шығайдан соң орнында Тәуке қалды, Кезінде Әз Тәуке деп атақ алды. Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп, Дейтұғын «Жеті Жарғы» заң шығарды, – дейді. Әз Тәуке қазақ хандығының ішкі бірлігін ғана ойлаған жоқ, алты алаштың басын қосам деген арманы болған, ол саясатты да Қожаберген жырау қызу қолдады: Қазақ, ұзақ, созақ пен Башқұрт, қырғыз, татарлар Бір қауым боп біріккен, Көсемінен бата алған, Алты алаш боп атанған, – дейді. Қожаберген жырау – Тәукенің сыртқы саясатын тек қолдаушы ғана емес, іске асыруға да белсенді қатысқан қайраткер. Ол өзі туралы:

Қожаберген жырау – 350 Тіліне араб, парсы болдым жетік, Оны да қолданбадым өнер етіп. Көрші елге елшілікке ылғи барып, Мен жүрмін қазағыма қызмет етіп, – дегені бар. Тәуке ханның ішкі-сыртқы саясатты жүйелі жүргізіп, түбегейлі аяқтауына Жоңғар хонтайшылары мүмкіндік бермеді. Қазақ хандығының күшеюінен қорқып жоңғарлар біздің елге шабуылын жиілетті. Олардың 1710, 1711, 1713, 1714 жылдары жасаған жорықтарының көбі «итжығыс» түсіп жүрді. Бұл арада айта кететін бір жай, жоңғарлар қазақ еліне ашық жорыққа ат­ танғанда, оларға дем беруші, көзге түспеген ақылшылары да болды. Әсіресе, шығыстағы жаулап алған жерлеріне қауіп төнбесін деп көрші жоңғар-қазақ елдерін бір-біріне айдап салып отырған І Петрдің өзі еді. Ресей ақыл ғана бер­ ген жоқ, қару-жарақ сатып жоңғарларға көмек көрсетіп отырды. Патшаның бұл қанқұйлы әрекеті жырынды саясаткер Қожаберген жыраудың назарынан тыс қалмаған. «Елім-ай» дастанында: Әз Тәуке болса дағы достыққа ынтық, Сатпады көрші екі жұрт бізге мылтық. Жоңғарлар қорғасын оқ жаудырғанда Найза ұстап, садақ тартып қарсы шықтық. Соғыстан көрші елдер де босамаған, Сонда да жерімізге көз тастаған. Бастаған Ойрат ісі ұрыс болды, Бұл соғыс көрші ел үшін дұрыс болды. Қалмақты жабдықтаған қос көршінің Әуелден көздегені қоныс болды. Басқаша айтқанда, қос көршінің де көмекейлерінде қазақ қонысы – қазақ жері болды. Тіпті, қос империяны былай қойғанда, өзіміздің түрік тұқымдас елдердің қа­ зақ халқына деген пиғылы көріне бастады. Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтары сол кездегі күшті қару-жарақтарын қазақтарға сатпай, жоңғарларға берді. Сондағы ойлары қазақтар соғыстан әлсіресе, жерін бөліске салу еді. Бұл саясатты да сезіп отырған жырау:

Қожаберген жырау – 350 Болса да оғыз, түрік тектеріміз, Түріктің көп елінен шектедік біз. Туыс елдер қасқыр боп жұртымызға, Қандастар жат боп кетті дәл осы кез. Қазақтың сахарасы жер құлпырған, Әрдайым көрші елдерді қызықтырған. Қоқан, Хиуа, Бұхара да көз алартып, Қазақты бас салуға дайын тұрған, – дейді. Көршілерден де, қандастардан да түңілген жырау қазақ халқын тек өз күшіне сенуге, үш жүздің басын қосып, жауға тойтарыс беруге шақырады. Халықпен бірге бабамыз қобызын найзаға айырбастап, қазақ елін, жерін азат етуге жорыққа аттанады, қол басқарады, өзі ол туралы: Танытып сарбаздарға оң мен солын, Басқардым керей-уақ, татар қолын, – дейді. Бөгенбайдан бұрын Ордабасы болғанын «Елім-ай» дастанының бірінші бөлімдегі мына жолдар анықтайды: Даңқыма қанық болған қазақ, ноғай, Есімім Қожаберген, әкем Толыбай. Бөгенбайдан бұрынғы ордабасы ем Үш жүзде сардар болған қалың қолға-ай. Атақты Бұқар жырау (Қожабергенді ұстаз санаған) былай дейді: Толыбай сыншы баласы Үш жүздің бастап әскерін. Қазақтын болған ағасы, Қожаберген ғаділ ер, Қадырын білген қалың ел. Бөгембайдай батырға Билігін берген ардагер.

Қожаберген жырау – 350 Осылай батырлар бастап, халық қостап, үш жүз боп тізе қоса аттанған соң шыдата ма? Жоңғар хонтайшыларының мезгіл-мезгіл жасаған шабуылдары еш нәтиже бермейді. 1718 жылы Тәуке дүниеден өтіп, билікке оның баласы Бо­ лат келеді де, қазақ хандарының берекесі кете бастайды. Болат ұлы жүзді ғана билейді. орта жүзге Сәмеке мен Күшік хан, кіші жүзге Әбілқайыр хан, Қайып хан, Барақ сұлтандар билік жүргізеді. Бұл туралы Қожаберген жырау: Сәмеке, Ғайып, Болат сұм, Соңына елді ерте алмай, Хонтайшыға сатылып, Елдің сырын ашқан күн. Шағырмақ күнім түн болды, Сәмеке, Ғайып, Болаттың Сатқандығы шын болды. Әбілмәмбет солқылдақ, Ақ балшыққа борқылдақ, – деп бар шындықты жайып салады. Осындай ел басына күн туған, қазақ халқы­ ның тағдыры қыл үстінде тұрған кезде хан мен төрелердің сиқы жоғарыдағыдай болған соң, суырылып шығып халықты соңынан ерте алатын көсем қажет болды. Қожаберген жырау: Төреден Әйтеке би безін деді, Келді ғой көсем сайлар кезі деді. Қазақты батыр көсем басқармаса, Быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді. Хан-сұлтан, төре күні өткен деді, Олардан ақыл айла кеткен деді. Қазағым, өзіңді өзің тұтас ел қып, Басқарар енді уақыт жеткен еді. Амал не? Би мен бектер ұға алмады Басқосып дұрыс кеңес құра алмады. Үш жүздің шонжарлары төре жақ боп, Ортадан батыр көсем шыға алмады, – дейді. Шындығында, көсем, хан сайлау шонжарлардың (олар негізінен сұлтандар) қолында болды да, ел басқаруға лайықты қара қазақтан шыққан ірі тұлғаларды

Қожаберген жырау – 350 билікке жолатпады. Міне, осындай мемлекеттік басқару жүйесіндегі дағдарысты пайдаланып, он жылдай жасырын дайындалған жоңғарлар 1723 жылы жаз шыға кенеттен шабуылға шығады. Бейбіт, бейғам жатқан елді шауып, қанға бөктіріп, қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен белгілі қанды апатқа душар етеді. Осы оқиға байланысты Қожаберген бабамыздың «Елім-ай» әні мен өлеңі бүкіл ұлттың әнұранына айналып, ғасырлар бойы айтылып келеді: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Ел-жұртынан айырылған жаман екен, Қара көзден мөлдіреп жас келеді. Мына заман, қай заман – бағы заман, Баяғыдай болсайшы тағы заман. Атадан ұл, анадан қыз айырылды, Көздің жасын көл қылып ағызамын. Қош аман бол, Қаратау – ел өлкесі, Жердің кетер ел ауса берекесі. Ханзададай, ханшадай өскен ұл-қыз, Қайдан енді табады берекесін. Қазақтың үштен бірі қырылған бұл сойқан соғыста еліміздің күйрей жеңілу себебі не деген сұраққа Қожаберген бабамыздың жауабы тарихшы ғы­ лымдарымыздың тұжырымдарымен үндес. Бірінші, себеп, жоғарыда ай­ тып кеттік, қазақ хандарының алауыздығы, әрқайсысы өз ұлыстарында билік жүргізіп, қазақ мемлекетін әлсіретіп кетті. Тәукеден кейін хан-сұлтандар билікке таласып, бірімен-бірі алысып жүргенде елдің қауіпсіздігін ойлауға шамалары келмеді. Ол туралы: Болған соң қамсыз күйде сахарамыз, Келмеді қорғануға еш шамамыз. Төрелер елдің басын қоспаған соң, Қалайша дұшпаннан кек қайтарамыз. Апатқа дайындықсыз ұрынғамыз, Соғыста мылтық болмай қырылғамыз. Бұл соғыс қазағыма қатты батты, Қара жер боздақтарды жұтып жатты.

Қожаберген жырау – 350 Қыз алып, қалмақтармен құда болып, Опасыз қожа, сұлтан жұртты сатты, – дейді. Міне, осы шумақтарда біраз жағдайлардың беті ашылады. Хан-сұлтандар­ дың алауыздығы, олардың сатқындығы, жоңғарлардың он жыл бойы дайын­ далуы, зеңбірек, күшті қару-жарақпен қарулануы, т.б. шымбайға батса да шындық. 1723 жылдың қысы қатты болып «Ақ мешін» жұтынан аллалап жазға әрең шыққан қазақ елі соғыс деген ойларында жоқ, «жағасы жайлау», күнде ойынтоймен жүріп жатқанды. Ол туралы жырау: Астасқан Арқа, Сібір жерін жайлап, Жаз болса, бие менен інген байлап. Теңге атып, бозбалалар көкпар тартып, Ән шырқар ақындары топта сайрап, – дейді. Осылай бейбіт жатқан елге тұтқиылдан зеңбірекпен қаруланған, тарих­ шылардың айтуы бойынша, 65 мың жоңғар әскерлері кенеттен лап қойғасын шыдата ма? Оның үстіне жас бала, қарияларды қойдай бауыздап қазақ даласын қан қақсатып келе жатыр деген хабар елді дүрліктірмей қойсын ба? Сонымен, жырау бабамыз қазақ жасақтарының жеңілу себебін тайға таңба басқандай айта келіп, қазақ елінің ауыр халын ел-жұртын тастап үдере көшкенін суреттейді: Көп жылғы мол дайындық арқасында, Паналап дәу мылтықпен қырқасында. Екпіндеп ілгерілеп жетті жаулар Қаратау, Сыр мен Шу, Балқашыңа, – дей келіп, осы дастанында жау әскерлерінің Шымкент, Созақ, Тараз, Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларын басып алғанын айтады. Бұл сөздері Шоқан Уәлихановтың «Қазақтар жауыз жоңғарлардың қуғынына түгел түсіп, үріккен киіктерше оңтүстікке босты. Қашып келе жатқан жолда өздерінің дүниемүліктерін, балаларын, шал-кемпірлерін, үй аспаптарын жүдеп-жадаған малын қалдырып, ақырында орта жүз – Самарқанд маңында, кіші жүз – Хиуа мен Бұхар жағына барып тоқтады» дегенімен үндесіп жатыр.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жыраудың өзі қатысып, қазақ жасақтарына қолбасшылық еткен еліміздің солтүстік өңіріндегі шайқастар «Елім-ай» дастанында толық баяндала­ ды: Татарды қуған ойрат бізге жетті, Жыл сайын шабуылын жиілетті. Қарашада топ ат тұяғынан жер ойылып, Көп қалмақ Омбы өзені суға кетті... Қыс түсіп, Омбы өзені соғыс тоқтап, Қалмақтар дайындалды мылтық оқтап. Біз дағы хал-хадари мылтық соқтық, Дұшпанға кеткен жұрттың кегін жоқтап. Соғысты Омбы өзенде көзбен көрдім, Дұшпанға қолма-қолда соққы бердім. Майданда мылтық аз боп атысуға, Жігерін құм етті ғой талай ердің. Сан рет дәу мылтықтан атылды доп, Оған қайран қыларлық бізде түк жоқ. Тастауға Омбы өзенін ақыр көндім, Етпеуге жан шығынын көңіл бөлдім. Керейден Омбы өзенін тартып алды, Ертіске орнап қалмақ жатып алды. Сонымен, ежелден керейдің қонысы болған Ертістің батысындағы Сибан көл, Тарышы көл, Аққас, Қарақас көлдері Омбының Ертіске құяр алқабы жау қолында қалды. Қазақ қосындары Танаш, Абақ, Көшебе көлдеріне келіп тіреледі. Әрі қарай жырау: Тоқтаттық Есілкөлде қалың жауды, Ор қазып Есілкөлде жолын бөгеп. Соғысып қолма-қолда дұшпанды ұттық. Осы арада қазақ жауынгерлерінің ерлігі суреттеледі: Тоқтады жау Есілкөлден өтпей бері, Жоңғарда кетіп жүр ғой жұрттың кегі.

Қожаберген жырау – 350 Бұл майдан екі жаққа да ауыр соғып, Ерлер мен көп төгілді аттың тері, – дейді. Осындай қанды қырғынға ұшырап, үштен бірінен айырылған қазақ аз жылда етек-жеңін, күш-қуатын жинап, ел болып бірігіп, жоңғарлаға қарсы шабуылға шықты. Осы кезде Қожаберген тағы бір қырынан көрінді, ол қол бастаған қолбасшы ғана емес, елді бірлікке, жауға қарсы күресуге шақырған ел жыршысы болды: Қазыбек, Ер Жәнібек, Алдарбек би – Көрді олар өз халқынан кеткенін күй. Үшеуге тозған елді біріктірер, Қайғырма, азаматтар, есіңді жи. Немесе мына жолдар: Қазаққа қиын болды келген індет, Ежелден жауға шабу ерге міндет. Үйде-түзде болсақ та бір өлім, Дұшпаннан алған дұрыс елдің кегін, – дейді. Өзінің сардарларын да жауға қарсы күреске шақырады: Ассалаумағалейкем, сардарларым, Жұрт үшін ерлік еткен дегдарларым. Кеңесіп, дұшпандардан ел қорғаңдар, Кетпесін жау қолында мал-жандарың, – деп жырау халықты бірлікке, жауға қарсы аттануға шақырады. Қожаберген жырау айтқандай, қазақ хандарынан қайыр болмайтынын білген ұлтымыздың мақтанышы дана билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастап 1726 жылы Түркістанның оңтүстік шығысындағы Ордабасы биігінде үш жүз өкілдерінің ұлы жиыны болып, онда бүкіл қазақ халқының басын біріктіру туралы шешім қабылдап, Әбілқайырды қолбасы сайлады. 1727 жылы қазақ жасақтары Бұланты өзенінің жағасында «Қарасиыр» деген жерде жоңғарларға қирата соққы береді. Осы «Қалмаққырылған» соғысында 10 мыңдай жауынгерінен айырылған

Қожаберген жырау – 350 жоңғарлардың беті қайта бастады. Оған дәлел – 1730 жылдың көктемінде Итішпес көлінің маңыңдағы «Аңырақай» шайқасы. Бұл жолы да қалмақтар ойсырай жеңілді. Міне, осылай қазақ жасақтары қан майданда еркін басымдылыққа қол жеткізіп, енді бірер соққымен жоңғар басқыншыларын тас-талқан ету ғана қалған кезде, аға хан санатында жүрген Бо­ лат қайтыс болады. Тағы да таққа талас басталады, хандықтан дәметкен орта жүздің ханы Сәмеке, кіші жүздің ханы Әбілқайыр жеке бастың қамымен кетті. Ал Әз Тәукенің аруағы үшін деп, оның үшінші баласы Әбілмәмбет хан сайланғанын естіген Сәмеке мен Әбілқайыр хан (өзі үш жүз әскерінің қолбасшысы) майдан шебін тастап, өз жасақтарын алып елдеріне кетіп қалады. Сатқындық демей не деуге болады мұны?! Қазақ хан-сұлтандарының алауыздығы, таққа-баққа таластығы жоңғар мем­ лекетінің өмірін ұзартты. Олардың қазақ еліне қаупі басылмады. Қазақтың шұрайлы жерлері әлі де жоңғарлардың қол астында қалды. Қансыраған елімізді шешуші айқасқа бастайтын, бытыраған қазақ халқының басын біріктіріп, тәуелсіз іргелі мемлекет құратын қайраткер керек болды. Тарих ондай тұлғаны берді де. Ол хан Абылай болды. Қазақ әскерінің жеңісін көзі­ мен көрген Қожаберген жырау 60 жылдай өмірін ат үстінде өткізіп, 82 жасында жаудан босатып алған өз еліне оралады. Пайғамбар жасындай ғұмырым майданда өтті, Орта жас ол да мені тастап кетті. Сақал мұрт, шашымды ақ көбік жауып, Кәрілік Қожакеңе келіп жетті, – дейді. Өмірінің соңғы жылдарында аттан түссе де, аталық, жыраулық жағынан түскен жоқ. Сөз соңында айтарымыз, әдебиетші, тарихшы ғалымдарымыз Қожаберген жыраудың өмір жолын, шығармашылығын терең зерттеп, бабамыздың еңбегін халық игілігіне жаратса екен. 1995 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҒИБРАТЫ МОЛ ҒАЛАМАТ БАБАМЫЗ Өмірзақ ОЗҒАНБАВ, Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Бүгінгі күні бүкіл қазақ даласын сыртқы жаудан қорғап, ішкі даудан сақтап, біртұтас ел болуына ұлан-ғайыр еңбек сіңірген Қожаберген жырау То­- лыбайұлының 350 жылдық мерейтойын атап өтіп отырғанымыздың өзі – ұлы Тәуелсіздіктің арқасында ғана қол жеткізіп отырған зор табыс екенін атап өтуіміз керек. Президент Нұрсұлтан Назарбаев та ел қорғаған ерлер мен ха­ лықты бірлікке ұйыта алған көсемдердің есімін мәңгілікке ұмытпай, ұрпаққа үлгі етіп отыруды үнемі ескертіп отырады. Астана қаласында Қазақ мемлекетінің алғашқы қадасын қадаған керей мен Жәнібек хандарға, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билерге, Қанжығалы Бөгенбай, Жәнібек сияқты батырларға еңселі ескерткіштерінің ашылуы – соның айғағы. Советтік идеологияның талабымен Қожабергеннің қадірлі есімі ұзақ жыл­ дар бойы ауызға алынбай, қара құлыптың астында жасырынып келгенін енді біліп отырмыз. Өйткені, ол қазақ халқының дербес, біртұтас, ынтымақты ел бо­ луын жырлаған және осы қадамдарға қол жеткізетін амалдарды да атап, соны іске асыруға шақырған дуалы ауыз шешен, қол бастаған көсем еді. Табиғи да­ рынына қоса ол Бұхара мен Самарқандта оқып, үлкен ілім алып, бірнеше тілді меңгеріп, ақыл-парасатын арттырған мол білімді, терең ойлы, кемеңгер тұлға болды. Жыраудың ең үлкен туындысы «Елім-ай» дастанында төл шежіреміздің жат жұрттық зерттеушілердің жазбалары мен ақын-жазушыларымыздың шығармашылық қиялының арқасында ғана белгілі болып, айтылып жүрген та­ рихи оқиғалары көз көрген адамның аузымен баяндалып, тарихи шындыққа көз жеткізеді. Халқымыздың аса көрнекті ғалымы, тарих ғылымынан тұңғыш рет

Қожаберген жырау – 350 докторлық диссертация қорғаған қандасымыз Ермұхан Бекмаханов бұл дастан туралы: «Қожаберген ақынның «Елім-ай» дастаны – тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол «Елім-ай» ерлік қиссасының бірінші бөлімі – 1723 жылы «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден-бір тарихи құжат» деп баға берген. Сонымен бірге шығарма дәл сол кезде жазылғандықтан, оның өне бойы азаттық күреске шақырған ұрандар мен намысты жанитын үндеулерге толы. «Кеудеңде шыбын жаның болса егер / Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын» деп бір жырласа, / «Би мен бек бір-біріңді сынамаңдар, / Дауласып ел арасын был­ ғамаңдар!» деген тәрізді ұрандар көтереді. Осы күнгі кейбір әдебиетшілеріміз Қожаберген жырау еңбектерінің көркемдік жағының солғындығына көбірек кө­ңіл бөліп, оның тарихи деректілік маңызына назар аудармайды. Тасқа басы­ лып, өзгермей жеткізетін нұсқаны жасауға ол кезде мүмкіндік болмағандықтан, әркімнің есте қалғандарынан жинап, халық аузынан жазылып алынған дүние болғандықтан, оның көркемдігіне мін тағу, әрине, оңай. Кейбір жолдарының ұйқасы мен поэтикалық қуаты әлсіз екендігі тіпті маман емес адамның да көзіне ұрып тұратыны шындық. Бірақ, қайталап айтайын, тарихи оқиғаларды көз көрген ретінде деректі түрде жеткізуінен мін табу қиын. Шын мәнінде жыраудың «Елім-ай» дастаны – қазақ тарихының 200 жылдық жоңғармен жаугершілік заманындағы үлкен шежіресі іспеттес туынды. Академик Манаш Қозыбаев дас­ тан туралы: «Оны тек дастан деу аз сияқты. Оның арнасы кең. Онда ұлттың болу-болмауы, Отан тағдыры қамтылған. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлт­ тың сан ғасырлық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген мемлекет, әскери, саяси қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар болған жерді аралап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай» – шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттық сергелдеңге душар болғандағы мұңы...» деп жазған еді. «Елім-айда» Қожаберген жырау батыр, ордабасы ретінде өзінің және басқа да сардарлардың алты Алаштың баласы мекен еткен үлкен территория­ ның барлық пұшпағын сыртқы жаудан қорғаған ерлігін баяндаған, тұтастығын жырлаған. Оның жырлары мен сөздері ресми идеологияның, қолдан жасалған ресми тарихтың ұсқынын әшкерелеп береді. Егер ресми тарих қазақты алты Алаштың басқа халықтарына біріктірмей, алалап, ынтымақтасуынан сақтанып, олармен жауыққан шағын ғана баяндаса, Қожаберген қазақ, қарақалпақ, татар, естек, ноғай, шор, тұба, саха, т.б. халықтардың қалмаққа қарсы бірге күрескенін жеткізеді. Сондай-ақ, саясат «орыс империясы Қазақстанға қорғандар мен бе­ кіністерді отарлау үшін емес, қазақты жоңғарлардан қорғау үшін салды» десе, Қожаберген, керісінше, ақ патшаның жоңғарлардың шапқыншылығын қолдап, 7-254

Қожаберген жырау – 350 оларға қару да сатып, қазақтарды, татарларды қыра түсуіне мүмкіндік бергенін айтады. Ал қазаққа патша от қару, күкірт сатуды арнайы жарлығымен қатаң тыйған. «Әз Тәуке болса дағы достыққа ынтық, / Сатпады Ресей, Қытай бізге мылтық», – дейді жырау. Демек, империяның «жоңғар қазақты қыра берсін, босаған жерін артынан біз басып аламыз» деген ойы бар екенін жырау жырла­ рынан көрініп тұр. Жоңғар шапқынынан шегініп, атақоныстарынан ауа босқан қазақ жерлерін орыс империясы басыбайлы иелену мақсатымен қорғандар мен қамалдар сала бастағаны туралы ол: Жұртымның жағдайына болып қанық, Байлаулы қазақ қолын пайдаланып, Иесіз қалған жерге күрке тігіп, Орыстар масайрады қамал салып... – дейді. Демек, айлакерлікпен жасалған басқыншылықты әшкерелеп тұрған Қо­ жабергеннің жырларын, оның есімін кейін негізінен Ресей империясының колониалдық саясатын ақтап, оны жақтауға барлық күшін салған Совет өкі­ метінің идеологиясы да ауызға алдырмай келді. Бұл туралы Саяси бюроның арнайы директивасы да болған. 1932 жылы большевиктер партиясының орта­ лық комитеті «О перестройке литературно-художественной деятельности» деген қаулы қабылдап, онда жазушыларды Совет өкіметі платформасын, социалистік құрылысты ғана жақтап шығармалар жазуға, ал ұлттық батырлар мен азаттық үшін күрескендерді ауызға алмауға міндеттеді. Осы кезден бастап тарихтағы ащы шындықты баяндаған, орыс империясының басқыншылық саясатын әшкерелеген халық аузындағы шығармалар ауызға алынбайтын болған. Жағдай осындай болған соң Қожабергеннің жерлестері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтер де оны өз шығармаларында атамағаны хақ. Ал одан бергі тарихтағы талай жақсыжайсаңдарды атайтын себебі: олар орысқа қарсы шыққан жоқ, керісінше Ресей империясына қызмет етіп шен алған, азаттық үшін күрескендерге қарсы жандар. Сондықтан үстем таптың өкілі ретінде оны жағымсыз етіп баяндаса да қос жазу­ шы өз шығармаларында ол туралы айтқан. Одан берірек, басқаша ойлау мен ой еркіндігіне барынша тұсау салып, тек кеңестік ресми идеологияны ғана жақтау шараларын өрістеткен 1946 жылғы 14 тамыздағы Орталық комитеттің «Звезда» және «Ленинград» журналдары» туралы қаулысы бойынша патша өкіметіне қарсы алысқан ерліктері халық жады­ нан өшпегендіктен ғана оқулықтарға енгізіліп, ерліктері айтылып келген бертінгі

Қожаберген жырау – 350 ұлттық батырлардың есімдерін ауызға алуға мүлде тыйым салынды. Соның ішінде колониалдық езгіге қарсы он жыл бойы талмай күрескен Кенесары Қасымовты да ғылыми айналымнан шығартып, мектеп оқулықтарынан алдыр­ тып тастады. Ол туралы ғылыми еңбек жазған ғалымдар, соның ішінде Ермұхан Бекмахановтың да қуғындалғанын білесіздер. Жоғарыда мен Қожаберген шығармаларын халық аузынан жиналғанын айттым. Оның үстіне бұл жырау еңбектерін жетік білетін адамдардың азай­ ған шағында басталған іс болған соң оның бізге жеткен бүгінгі жырларының көркемдік сапасына айтып берген және жазып алған адамдар да жауапты екені сөзсіз. Қожаберген шығармаларын сынайтын кейбір зерттеушілер жы­ раудың еңбегі негізінен солтүстікқазақстандық жерлестерінің аузынан жа­ зылып алынғанына қарап, оның растығына күдік келтіреді. Жырау еңбектері кезінде Қазақстанның барлық жеріне де белгілі болған. Мәселен, кіші жүзде он екі ата Байұлының Назар есімді елге белгілі қолбасшысы болған. Осы На­ зармен Қожаберген жақсы қарым-қатынаста болады. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» тұсында Қожаберген кіші жүздің қызы Айша бәйбішесімен осы Назар ауылына қонаққа келеді. Осы арада басталған қанды қырғынды естіп, өзінің «Елім-ай» дастанын шығарған екен. Бұл әңгімені белгілі жазушы Бектұр Төлеуғалиев Назардың ұрпағы Айтқұл Шманұлынан 1955 жылы жазып алыпты. Демек, Қожаберген жырлары мен сөздері – жал­ғыз солтүстіктің еншісі емес, байтақ қазақ даласына кең тараған тарихи мұра. Ал «Елім-ай» дастанындағы бір факты туралы жоғарыда аталған белгілі тарихшы Ермұхан Бекмаханов: «Қожаберген жырау «Елім-ай» дастанында «Алқакөл сұлама емес, Алакөл сұлама» дейді. Шындығында да солай, сол апатты жылда қазақ халқының қырылуының бір шеті Алакөлден басталғаны рас. Ал Алқа­көлді ешкім білмейді, осы көлдің аты жаңсақ айтылып кеткен сияқты» деген пікірді 40 жылдары айтқан екен. Қожаберген бабамыздың өмірінен ғибрат аларлық тағы бір үлкен тәлім бар. Бабамыз халық санын көбейтіп, ел қорғайтын ерлер санын арттыруға үлкен мән беріп отырған сияқты. Өз әкесі Толыбай сыншыдан 24 ұл туған болса, Қо­ жаберген бабамыз аттан түспей, үнемі ел қорғап, жау қуып жүрген аласапы­ ран уақытта өмір сүргеніне қарамай-ақ 17 ұлды-қызды болған. Шежіре оның Айша есімді бір әйелі болғанын айтады. Бір әйелден осынша ұлды болу оңай емес. Бірақ жорықтарда қаза болған кейбір қандыкөйлек жолдастарының, тума-тумаластарының, тіпті жаудан тұтқынға түскен сәбилерді де батырлар жетімсіретпей, бауырына басқаны айқын және әрбір сәбиге қуанып, ұлан-асыр той жасап, олардың өмірінің жарқын болуын тілеген. Осының өзі оның халық

Қожаберген жырау – 350 санын арттырудың маңыздылығын түсіне отырып, бұл іске өзі үлгі көрсетіп отырғандығын білдіреді. Мұндай мысалдар бабалар тарихында жиі болған. Мы­ салы, Танаш биден 15 бала туады. Танаш бидің баласы Балта батыр әр түрлі мұсылман елдерінен 11 сұлу қызға неке қиып, үйленген екен. Солардан ол 47 ұл көріпті. Бұлардан тараған ұрпақ, Балта керей деп аталған. Көшебеден тараған 15 бала, Ораз батырдан 17 ұл, Таузардың үлкен ұлы Дәулен баһадүрден 15 бала, оның ішінде шешен, би, әскербасы Толыбай сыншы да бар. Шақшақ биден 16 бала дүниеге келген. Міне, осылай аз халықты көбейтуді, ентелеген жауға есе жібермеуді, түптің түбінде санның сапаға ауысатынын білген бабалар балалар санын көбейте берген сияқты. Халық санын өсіру қазақ халқының алдында күні бүгінге дейін үлкен про­ блема болып отыр. Үнемі ат үстінде, қысылтаяң жағдайларда болып, қатаң суық пен аптап ыстықты кешіп жүрсе де осынша бала өсірген бабаларымыздың ісі біз үшін үлгілі ғибрат болуы керек. Осының өзі-ақ үлкен ерлік емес пе? Ал бүгінгі күні жылы үй мен жақсы тұрмыста өмір сүріп отырған көптеген қан­ дастарымыздың бар болғаны бір-екі баламен ғана шектеліп, бала бағуды үлкен салмақ көріп, ұрпақ санын көбейтуден қашуы – табиғи қорқақтық па, әлде жанаярлық па, әлде ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен қашқақтау ма? Өлімнің көбеюінен, бала туудың төмендеуінен соңғы 30 жылда халқымыздың табиғи өсуі үш есе кеміп кетті. Мұндай жағдайда біз демографиялық проблеманы шеше алмаймыз. Бүгінгі жайма-шуақ заманда бала санын көбейту азаматтық міндет, абыройлы борыш екенін әрбір азамат зердесіне түйіп жүргені мақұл. Мұны ба­ балар аманаты деп түсінуге де болар. Еншісі бөлінбеген байтақ қазақ жерінің бірлігін, қазақ халқының тұтастығын қамтамасыз еткен қазақ келіндері болған. Қазақтың кең даласының түкпір-түкпірінде халық сирек қоныстанса да дәстүр, тіл тұтастығының бұзылмауы осы келіндерді алыстан алып, бір-бірімен туыстық байланысын үзбеуінен де сияқты. Жер қанша үлкен, барыс-келіс соншалықты қиын болғанымен туыстардың бір-біріне деген ыстық сағынышы тұтастықтың үзілмес кіндігі болғандай. Қожабергеннің әйелі Айша кіші жүз Атабайұлы Есентемірдің Қа­былан биінің қызы екен. Толыбай сыншының әкесі Дәулен батыр да кіші жүз ішінде төртқара руынан шыққан Жалаңтөс Баһадүрдің туған апасы Жамалға үйленген. Сондықтан да болар өзінің 24 ұлының 19-ын Самарқанд, Үргеніш, Бұхара қалаларының іргелі оқу орындарына жіберіп, нағашылары Жалаңтөс, Ақшахандардың қамқорлығымен оқытып, сол дәуірдің ең білімді адамдары етіп тәрбиелеген. Иә, «асыл – асылға, нәсіл – нәсілге» деген әңгіме де тегін айтылмаған бо­ лар. Ұлы бабалардың текті ортадан, ұлылардың тәрбиелі ұрпақтарына құда

Қожаберген жырау – 350 түсіп, айттырып, келін түсіруі де халқымыздың санасына сіңген, ғасырлардан жал­ғасып келе жатқан игі дәстүр. Сондай-ақ атам қазақ жетімі мен жесірін жылатпау, демографиялық өсімді қамтамасыз ету үшін «әмеңгерлік», «он үште отау иесі» салттарын да даналықпен ойлап тапқан. Қазақтың осы игі дәстүрлері ел ішінде кеңінен тараған. Мысалы: Өзбек ханға ақылшы болған Танаш би Фархадұлының Манас есімді інісі майданда қаза болып, оның келіншегі Сәлиман жесір қалады. Ақылды бәйбіше Айша ұрпақ көбейту мақсатымен қайнысы­ның әйелі Сәлиманды өз ақсақалы Танаш биге қосады. Сонда кең пейілді бәйбіше биге өзі ұл туып бере алмағандықтан емес, өзі 14 ұл туса да Сәлиман да Та­ рышы сияқты батыр бидің ұрпағын молықтыра түссін деген ойда болған. Бұл сияқты халық дәстүріне байланысты мысалдарды бабалар тарихынан көптеп кездестіруге болады. Сонымен бірге бүгін, осынау алқалы жиында «Қаратаудың басынан көш келеді, / Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. / Қарындастан айырылған жа­ ман екен / Қара көзге мөлтілдеп жас келеді» деп басталып, қазақ баласының басына түскен ауыр халды, аянышты кепті баяндайтын мұңлы зар – «Елімай» әніне тоқталғым келіп отыр. Ол 300 жыл бойы жүрегімізді қан жыла­ тып, зар гимні сияқты болып, сол заманды көзімізге дәл бүгінгідей елестетіп, ұмыттырмай, жеткізді. Бұл әннің құдіреттілігі – әрбір екі жолынан кейін айту­ шыны зар-еңіреткен «Елім-ай, Елім-ай» деген сөздерінде ғана емес, төменнен басталып, ішкі нала мен мұңның, қайғының құдіретінен жоғарыға қарай аңырай көтерілетін сазының айрықшалығында. Осының өзі оның сөзі мен әнін де бір адамның жазғаны және қатардағы адам емес, ой-өрісі биік, жалпы елдің қамын ойлайтын, ұлттың ұлан-ғайыр қайғысын жан-дүниесімен терең сезініп, жүрегі қан жылаған жанның шығармасы екендігін айқындап тұр. Егер ол отбасы, ошақ қасында отырған әйелдің немесе алқынған ақын жүректі қарапайым адамның шығарған әні болса, бүкіл елді қамтымай, қайғы ауқымын тарылтып, диапазонын кішірейткен болар еді. «Қарындастан айырылған» дегендегі «қарындас» сөзі де бүгінгі күні жасы кіші қыздарға қолданылатын мағынада емес, бір қарыннан шыққан барлық бауырға, яғни тұтас елге қарата айтылған мәнде екені даусыз. Енді осы әннің Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанымен бір мезгілде шыққанына, бір мақсатты, бір мұңды арқалағанына назар аударыңыз. Қазақ халқының дәстүрінде ежелден біреудің сөзін біреу «өзімдікі» деп меншіктеп пайдаланбайды. Ал біреудің сөзін қолданса авторын міндетті түрде атап отырған. Мәселен, «бұл Абайдың сөзі» немесе «Бұхар жырау былай депті», «Ақтамбердіде мынадай сөздер бар» деген сияқты анықтамаларды бірге

Қожаберген жырау – 350 қосып отырады. Өз сөздері болмаса Қожаберген, дәстүр бойынша, олардың ав­ торын көрсетсе керек еді. Демек, олар – жыраудың өз сөздері. Сонымен қатар жыраудың «Елім-ай» дастаны мен әнде біршама сөздер өзгеріссіз қайталанады. Мысалы: «Елім-ай» дастанында: Бұл заман болды елге қиын заман, Шіріткен талай елдің миын заман. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, Қағынды қазақ үшін биыл заман, – деген сөздер бар. Ал құдіретті әнде: Мына заман қай заман, қысқан заман, Басымыздан бақ, дәулет ұшқан заман. Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман, – деген жолдар бар. Демек екеуі де бір адамның аузынан «аһ» ұрып шыққан күйініш сөзі екені көрініп тұр. Оның үстіне Қожабергеннің ақын, жырау ғана емес, күйші, әнші екендігі де белгілі. Осы «Елім-ай» дастанын шығарғанда оның: Жұртымнан неге аяйын өнерімді, Жоғалтпан тірі жүріп бедерімді. Халқымның ауыр халін баян етіп, Бастайын «Елім-ай» деп өлеңімді. Айтылар көптің мұңы болса жиын, Ондайда ер сөзіне болар түйін. Шығарған осы жырмен қоса қабат Аталсын «Елім-ай» деп ән мен күйім, – деген сөздері де бар. Бірақ осыған қарамай, әлі күнге кейбір өнертанушыларымыз, баспагер­ лер, әншілер «Елім-ай» әнін «халық әні» деп айтып жүр. Кез келген «халық әнінің» нақты авторы болады. Халық өздігінен бірлесіп, ән шығармайтыны белгілі жайт. Жалпы, қазақ халқында бірлесіп ән шығару деген дәстүр мүлде

Қожаберген жырау – 350 болмаған. Осы уақытқа дейін бұл әннің Қожабергеннен басқа авторы да атал­ ған емес. Ендеше, осы алқалы жиында, бәріміз бірауыздан «Елім-ай» әнін ендігі жерде Қожабергеннің өзіне қайтарып, жаппай: «авторы Қожаберген жырау» деп айтуға пәтуаласайықшы. Бұл да бір тарихи әділеттілік болар еді деп ойлаймын. Халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымақты болуын ойлайтын ақсақалдар ұйымының өкілі ретінде осыны сіздерден өтінемін. Философ, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Даналарға» атты өлеңіндегі мына жолдарды да ұмытпайық: Қолбасы, ақын-жырау һәм елші-би, Шығарған «Елім-айдай» тамаша күй. «Елім-ай» әні менен жырын тағы Шығарған Қожаберген бабаңды сүй. Сөзімнің соңында, біздің осынау ұлан-ғайыр жерге ие болып, тарих сахнасы­ нан жоңғарлар сияқты жойылып кетпей, аман қалғанымыз – осы Қожаберген жырау Толыбайұлы сияқты ерлеріміздің арқасында екенін ұмытпай, олардың жарқын есімдерін ұрпақтарымызға жарқырата жеткізе беру парызымыз екенін әрқашан ұмытпайық дегім келеді. Өздерінің осынау парызын азаматтықпен атқарып жүрген Социал Жұмабаев, Бекет Тұрғараев, Сабыр Қасымов, Абай Тасболатов, Дихан Қамзабеков, т.б. азаматтарға ризашылығымды білдіремін. «Түркістан» газеті, 20 маусым 2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 «ЕЛІМ-АЙ» ЖЫРЫНДАҒЫ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ ТАРИХИ ШЫНДЫҒЫ Темірғали КӨПБАЕВ, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Еліміз егемендік алғалы өткен тарихымызды түгендеу бағытында көптеген игі шаралар атқарылды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында ғасырлар қойнауында қалып қойған асыл жәдігерлеріміздің басым бөлігі қайта оралды. Өз тарихымыздың ақиқат сырын жаңаша бағамдай бастадық. Бұған дейін біздің тарихымыздағы көрші Ресей мемлекетінің мүддесіне қайшы келе­ тін, оның саясатына сызат түсіретін ақиқат деректер бұрмаланып көрсетілгені­ не көзіміз анық жетті. Бұрмаланғаннан бұрын, қазақ даласында орын алған орыстың отаршылық саясатына қарсы қозғалыстарды ауызға алдырмау, бұғауға басын сұққысы келмеген қазақ қайраткерлері мен батырларының атын ататпай қою Ресей атқамінерлерінің ұзын құрық, кең тұсау айла-шарғысының басты қағидасы болды. Тәуелсіздікпен бірге халқымызға қайта оралған есімдердің бірі – Қожабер­ ген жырау есімі. Қожаберген Толыбайұлы – өз заманында сан қырлы таланты­ мен танылып, қазақ халқының ерекше құрметіне бөленген аса дарынды мемле­ кет қайраткері, үш жүз қолының сардарбегі болған асқан батыр қолбасшы, Әз Тәукенің тұсында қазақ мемлекетінің нығаюы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ірі саясаткер, Бұқар жырауға ұстаз болған теңдессіз сөз зергері, Абылайға кеңес берген көреген би, өзінің ақындық және батырлық мектебін қалыптастыра білген ұлт қаһарманы. Халқымыздың ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы аласапыран арпалысқа толы өмірінің тұтас трагедиялық панорамасын жасаған «Елім-ай» жыры, «Елім-ай»

Қожаберген жырау – 350 күйі, «Елім-ай» әні – Қожаберген жыраудың төл шығармалары. Қожаберген бабаның ақындық мектебіне Бұқар жырау, Дәстем сал, Ақ­ тамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Махамбет, Сегіз Сері сияқты дауылпаз ақындар қатарын жатқызсақ, батырлық мектебінен ерлік жорықтарда баба жолын үлгі тұтқан халқымыздың арыстан жүректі ұлдары Бөгенбай, Бақсары, Жәнібек, Ақпанбет, Асқап, Жанай, балта керей Тұрсынбай, т.б. батырлар легін көреміз. Осындай алып данамыздың, асыл бабамыздың есімі өткен ғасыр соңына дейін неге аталмай келді? Тереңдей үңілсек тағы да сол Ресей саясатының сал­ қынын аңғарамыз. Өйткені сол замандағы орыс саясаткерлерінің бірді бірге айдап салатын, ара ағайын болғансып отырып отқа итеретін сұрқия саясатын Қожабергендей ашық сынаған адам болған жоқ. Бұл туралы академик Манаш Қозыбаев: «Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы, оның «Елімайы» – империяға қарсы туынды. Онда ол орыс империясы қалмақтарға қару сатты, қолдады деп айыптайды» дей келе отаршылық кезінде Қожаберген жы­ рау туралы ешкімнің ауыз аша алмағанын, тіпті кешегі Совет өкіметінің тұсында компартияның қабағынан сескенген Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтердің де бұл тақырыпқа белсеніп кірісе алмағандығын айтады. Әдетте, тарихи тұлғалар туралы шындықты қалпына келтіру барысында біз атаулы адамның іс-әрекеттері мен ерекше қызметі, өмір жолы жайлы оның өз тұсындағы замандастарының сөздерінен дерек іздейміз. Қазақ сахарасында мұндай дереккөз иелері ақын-жыраулар болғаны анық. Өйткені жазу-сызуы кең қанат жаймаған дала төсінде шыншыл ақпарат ауыздан ауызға таралды. Барлық тарихи деректер, шежірелер ақын-жыраулардың жыр-дастандарында қамтылды. Осы тұрғыдан алғанда Қожаберген жыраудың «Елім-ай» даста­ ны сол қиын замандағы тарихи шындықты қалтқысыз бейнелеген теңдессіз жәдігер деп қарағанымыз дұрыс. Мұнда сол кездегі заман қасіреті ғана емес, Қожаберген жыраудың өз өмірі, болмысы, таланты, ақындығы мен батырлығы, көсемдігі, көрегендігі, ұлтшылдығы туралы толық мағлұмат берілген. Сондық­ тан бүгінгі күнде осындай дана бабамыздың тарихтағы орны мен қайраткерлік тұлғасына күмәнмен қарау орынсыз. Өйткені Қожаберген жырау өзі туралы өзі айтып кеткен. Өзгелердің ол туралы айтқаны да жеткілікті. Мысалы, Бұқар жырау, Дәстем сал, Сегіз Сері, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, т.с.с. алғыр ойлы ақиықтар Қожаберген есімін жырға қосқан. Оның ерлігі мен талантына тәнті болған. Жоғарыда айтып өткеніміздей Қожаберген жыраудың ақиқат шындығы оның өз сөздерінде жатыр. Тағы да академик М. Қозыбаевтың пікіріне сү­ йенетін болсақ: «Дауылпаз Қожаберген – дүлдүл тарихшы. Біріншіден, тек

Қожаберген жырау – 350 «Елім-ай» дастанында ғана бүкіл дәуірді суреттейді. Жоңғар империясының дә­уірлеп күшею себептерін ашады. Екіншіден, жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенін көрсетеді. Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып, жоңғарларға кіші зеңбірек жасауды үйретіп, құтыртып, екі түркі тілді халықтарды өзара қырып салуына мүмкіндік жасағанын ғажайып суреттейді. Үшіншіден, түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұхараның қазақ еліне деген қастандық сая­ сатын, өзбек пен тәжіктің жаттығын әшкерелейді. Төртіншіден, Әз Тәукеден кейінгі қазақ хандығында болған текетірес, бақталас берекесіздіктің бетпердесін ашады. Бесіншіден, «Ақтабан шұбырынды» қалай болды, халық қалай, неге тозды деген сауалдарға жауап береді». Академиктің бұл пікіріне қосарымыз: Қожаберген жырау «Елім-ай» тарихи жырында 1723 жылғы үлкен апаттың тек қазақ халқына ғана емес, әрі туысқан, әрі көрші Ноғай, Қарақалпақ, Қырғыз, Шалабай башқұрттары, Сібір татары халықтарына да кенеттен келген зор қасірет екенін ашық та дәлелді түрде баян­ дайды. «Қожаберген жырау» кітабының құрастырушысы С. Жұмабаев кітап со­ ңында берілген түсініктемеде нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, тө­ мендегідей бұлтартпас мысалдар келтіреді: «Қожаберген ақынның «Елімай» дастанын дұрыс та жоғары бағалаған көрнекті, білгір адамдардың бірі – халқымыздың әскери қайраткері,білімпаз да аса дарынды, қадірлі жазушысы, атақты батыры, есімі әлемге әйгілі Бауыржан Момышұлы: – керей Қожаберген жыраудай бұрынғы-соңды өмір сүрген қазақ ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан! Жас бала кезімде оны әншілердің аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?» – деген болатын. Ал қазақ халқының аса көрнекті ғылым қайраткерлерінің бірі, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов: «Көшебе керей Қожаберген ақын Толыбайсыншыұлының «Елім-ай» дастаны – тарихи эпопеялық жыр. Әрі сол «Елім-ай» ерлік қиссасының бірінші бөлімі – 1723 жылғы «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» атанған ірі апаттың суретін ел көзіне елестеткен бірден-бір та­ рихи құжат!» – деп тұжырымдап еді. Осы мазмұндас бағаны академик-жазушы Ғабит Мүсірепов, академик Әлкей Марғұлан, академик Ақай Нүсіпбеков, тарих ғылымының докторлары Бек Сүлейменов пен Төлтай Балақаевтар да кезінде шегелеп айтқан еді». Енді «Елім-ай» тарихи жырындағы Қожаберген жыраудың өз сөздеріне кезек берер болсақ, оның атақоныс, туған ел туралы шумақтары төмендегідей өріледі:

Қожаберген жырау – 350 ... Ел қорғап, қол бастауда көшелі едім, Қазақтың қатардағы көсемі едім. Теріскей Сарыарқаны қыстайтұғын Егіз ел керей-уақ көсемі едім. Тұтас ел жігі ажырамай, орнаған бақ, Ішінде орта жүздің керей-уақ. Құт қонып, қыдыр дарып ерте кезден, Мекендеп Сібірде олар тұрған ұзақ... ... Есіл, Ертіс, Тобылдың тоғайларын, Ежелден елім-жұртым қыстап келген... ... Тоғайын Омбы өзені жұртым қыстап, Баптаған алғыр тазы, қыран ұстап. Ертеден керей қоныс еткен Сібір, Қорғаған жаудан ерлер қару ұстап... Осы шумақтарда орта жүздің керей-уақ тайпалары, Қожаберген жыраудың ата-бабалары теріскей Сарыарқа мен Батыс Сібірді мекен еткендігі жайлы нақты деректер айтылады. Осынау туған жердің шетіне жау тигенде бұғанасы қатпай жатып-ақ ақ найза ұстап атқа қонған батырлардың бірі Қожаберген бабамыз еді. Серілікпен жаста шарладым Қазан мен Кемер арасын. Ата жаудан қорғадық Мұсылманның баласын. Жасымда жасап сан жорық, Байкөлден аса мен бардым. Сол жақтан қалмақ келгенін Жас та болсам аңғардым, – дейді ол. Жыр басында өзіне дейінгі тарихта жоңғар-қалмақтардың қайдан шығып, қайдан келгендігін саралай келе, олардың соғыс жорықтарын Алтай, Тарбағатай өңірінен бастағанын, жолдарындағы Сағай, Меркіт, Оңғұт, Боржіген, Бара­

Қожаберген жырау – 350 бы, Барын, Ескер, т.б. татар тайпаларын, қырғыздың Шор, Тұба, Хас, Саха елдерін аяусыз қырып, Түмен, Том қалаларының тұрғындарын қызыл қанға боя­ғандығын тілге тиек етеді. Осы тұста автор жоңғар мемлекетінің әскери күші неліктен артқандығын, неліктен өзі қатарлы елдерді жау көріп, баса-көктеп келгендігін зерделеп, оның басты себептерін ашуға тырысады. Қожабергеннің пайымдауынша жоңғарлар сол заманда адамдық мораль, этика тұрғысынан да, әдеп, өнер, білім жағынан да өзгелерден көп кейін қалған ел еді. Олар ХVІІ ғасыр соңындағы халдан Бошохтың тұсында орыстармен және қытаймен ауыз жала­ сып, соғыс өнерін игере бастайды. Орыстарға да керегі сол еді, Алтай аймағы мен Батыс Сібірді мекендеген түркі халықтарын өз жерінен ығыстырып шығарудың оңтайлы жолы табыла кетеді. Жоңғарларды арнайы шақырып, арқасынан қағып, ақыл айтып, зеңбіректермен қаруландырып өзі тектес халықтарға айдап салады. Жоңғарлардың ұзақ жылдарға созылған шапқыншылық жорықтары осылай басталған. Бұл соғыстың барлық кінәсі орыстың ашкөз саясатында жатқанын Қожаберген аяусыз шенейді: ...Сұмырай халдан Бошох дүниеден өтіп, Ұлдары орнын басар қалды жетіп. Күшігі Сыбан Рабтан таққа отырды, Қалмаққа қонтайшы боп билік етіп... Халдан Бошохтың інісі – Сыбан Рабтан, Көрші елді жауламақ боп көз алартқан. Бұйратты, Халхиды да қосып алып, Татардың Барабысын келіп шапқан... ...Сібір татары Ресейге қараса да, Ол елдің ісін орыс жөн көрмеді. Жоңғарлар татарларды шапқан кезде Ресей қалмақтарға қой демеді. Жердің елсіз қалғанын хош көрді орыс, Оларға қажет болды иесіз қоныс. Қол астындағы татарға көмектеспей, Ресей қыр көрсетті тіпті жолсыз. Сібір татарлары Ресей атқамінерлеріне хат жолдап, елші жіберіп көмек сұра­ ған. Қалмақтарға тыйым салуын өтінген. Орыс саясаткерлері болса татарлардың

Қожаберген жырау – 350 салық төлеуден бас тартқанын желеу етіп, қалмақтарды одан сайын айдап салған. Нәтижесінде Сібір татарлары адам айтқысыз қырғынға ұшырап, елінен, жерінен безіп, Омбы өзені жағасындағы керейлерге келіп паналайды. Арада он жылдай уақыт өткенде жоңғарлар керей еліне келіп килігеді. керейлерге шаппас бұрын Сыбан Рабтан орыс пен қытайға мол дүние беріп, олардың білгір мамандарын жалдап, әскери соғыс қимылдары мен қару жарақтың жетілген түрлерін үйретіп он жыл дайындалған екен. Қожаберген жырау ол туралы былай дейді: ...Жоңғарға Дүнген, Сібе дихан болып, Шор, Тұба, Саха мен Хас малшы болып. Шаруасын тәуелді елдер атқарған соң, Жауыздар дәулеттенді бақыт қонып. Алтын, күміс, мал беріп аямай-ақ, Орыстар мен Қытайдан білгір жалдап. Сыбан Рабтан ден қойып өнерпазға, Ғаскерін үйреттірді он жыл қамдап. Дариға-ай, қалмаққа өнер қайдан келсін, Тетігін дәу мылтықтың қайдан білсін? Он жылғы мол жабдықпен келіп шапты, Дегендей қайратымды қазақ көрсін. Өнерді надан қалмақ меңгерген жоқ, Дәу мылтық жасауды олар үйренген жоқ. Көрші екі ел мылтық беріп айдап салды, Әйтпесе қалмақ бізге тең келген жоқ. Бұл тұста «көрші екі ел» деп Қожаберген Ресей мен Қытайды айтып отыр. Бақайшағына дейін қаруланып алған жоңғар әскерлері қазақ жеріне ауыз сала­ ды. Ежелден ат үстінде соғысып үйренген керейдің батыр ұлдары қарулы жауға сойыл-шоқпармен, қылыш-найзамен қарсы шабады. Зеңбіректі жауды састы­ рып, бірнеше дүркін тойтарыс береді. Омбы өзені бірнеше рет қолдан-қолға өтеді. Жоңғарлар дәу мылтықты қолданған соң, Керейдің біраз жері қолдан кетті.

Қожаберген жырау – 350 Шайқасты кәпірлермен сарбаздарым, Бел буып тәуекелге қойып бетті. Қарашада топ ат тұяғынан мұз ойылып, Көп қалмақ Омбы өзенде суға кетті. Сан өтті қолдан-қолға Омбы өзені, Соғыстың ауыр тиді бұл кезеңі. Қалған соң атамекен жау қолында, Өртенді соны ойлап жұрт өзегі. Жау қалмақ оқ атса да оң мен солдан, Майданда айнығам жоқ ерлік жолдан. Ежелден керей мекен еткен Сібір, Қалайша шығарамын оны қолдан. ...Төнген соң найза ұрыста үлкен қауіп, Ордостар оқ боратты амал тауып. Шар түсіп, маңымызға жарылған соң, Ештеңе өндірмедік жауға шауып. ...Жер алу жоңғарлардың есі-дерті, Мықты екен Ресеймен еткен серті. Көбейді қалмақтардың үсті-үстіне, Әр жерде қайта-қайта салған өрті. ...Алмақ боп көп мылтық пен жақсы қару, Мақсұты болғаннан соң жұртты шабу. Керейден тартып алған Омбы өзенін, Орысқа кәпір қалмақ етті тарту. «Елім-ай» жырындағы ақиқат шындық осылай өріледі. Қазақ жауынгер­ лерінің жанқиярлық ерлік істері Қожаберген жырау сөзімен кеңінен суреттеледі. керейлер мекендеген Сібір жерінің әрбір төбесі, әрбір өзен-көлі үшін кескілес­кен ұрыстар болғанын аңғартады. Қарастырылып отырған жырда жер-су, тоғайтөбе сияқты географиялық атаулар көптеп кездеседі. Жырау солардың әрбірін тәптіштей айтады. Бұл көркемдік әдіс келешек ұрпаққа тарихи шындық толық жетсін деген ниеттен туындаған болса керек.

Қожаберген жырау – 350 Дастанды оқып отырғанда тағы бір аңғаратынымыз, Тәуке хан тұсында қазақ елшілерінің қару-жарақ сатып алу мақсатында Ресейге барғандығы туралы де­ ректер. Бірақ жоңғарды әдейі айдап салып отырған орыстар келісім бермейді. Қытай мемлекеті де қару беруден бас тартқан. Әз Тәуке болса-дағы достыққа ынтық, Сатпады Ресей, Қытай бізге мылтық. Жоңғарлар қорғасын оқ боратқанда Найза ұстап, садақ асып, қарсы шықтық. Соғыстан Ресей, Қытай босамаған, Сонда да жерімізге көз тастаған. Өздері бізге жорық жасамаған, Халхилар солар үшін іс бастаған. Бастаған Ойрат ісі ұрыс болды, Бұл соғыс Ресей үшін дұрыс болды. Қалмақты жабдықтаған қос көршінің Әуелден көздегені қоныс болды. ...Босаған соң қуанып талай қоныс, Қалмаққа алғыс айтқан билікті орыс. Тоқтатып сол арада қалмақтарды, Оларға сыйлық берген ұлық орыс. Қарулы қалың әскерге найза, қылыш, садақпен қарсы барған қазақ қолы аяусыз талқандалып, амалсыз шегінуге мәжбүр болады. Зеңбіректен тыным­сыз оқ жаудырған қалмақтар қазақтарды күн сайын қырып отырып, арқаға, оңтүстікке қарай ығыстырып кете барды. Ал ойындағысы орындалған орыс саясаткерлері босап қалған жерлерге мұжықтар мен әскерилерді еркін қоныстандырып, бекіністер салып жатты. Өзгенің қолымен от көсеп, жазықсыз халықтарды қынадай қырып, жер бетінен із-түзсіз жойып жіберуді ашық мақсат еткен Ресейдің қанқұйлы қарақшылық саясаты бүгінге дейін айтылмай келді. Өзінің бір адамын шығын етпей бүткіл Сібірді, оның ішінде алты алаштың атақонысы болған Түмен, Том, Омбы, Ор, Челябі, Орынбор, Қорған, Бары­ науыл қалаларын маңайымен қоса өз меншігіне айналдырған орыс отаршыла­ ры ақиқатты қайдан қаласын? Сол шындықты шырқырата айтқан Қожаберген

Қожаберген жырау – 350 жырауды орыс саясаты қалай жақтырсын? Ақ патшаның тұсында да, советтік кезеңде де Қожаберген жыраудың аты аталмағанының басты себебі осында жа­ тыр. Баба есімі бүгінгі тәуелсіздік таңында жиі айтыла бастады. Оған да шүкірші­ лік етеміз. Қожаберген Толыбайсыншыұлының «Елім-ай» дастанынан өзге де қалдырған мұрасы мол. Сан қырлы талант иесінің ерлікке толы өмір жолы мен қазыналы шығармашылығы келешектегі «Қожабергентану» ісінің сарқылмас көзі боларына сеніміміз мол. «Айқын» газеті, 18 маусым 2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ ЗЕРТТЕУІНДЕГІ ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әрқайсысы бір-бір елдің маңдайына татырлық саңлақтарды құндақтаған, алыптарға алтын бесік болған, ақ селеуі айшық ашқан, жусаны жұпар шашқан, көлдері төңкерілген, қайың-терегімен көмкерілген, перзенттеріне кеңпейіл мі­нез, кесек тұлғасын дарытқан қазыналы топыраққа халық «Гүлтөбе» деп ат қойып, айдар тағыпты. Гүлтөбе – Толыбай сыншының, Қожаберген жырау­ дың, Сегіз серінің атамекені, туған жері, өскен елі. Ендеше, талантты табиғат тудыратынын бұдан асыра айғақтау мүмкін бе өзі?! «Гүлтөбе» деген сөз қайдан шыққан? Қожаберген мұрасын зерттеуге атса­ лысып, кезінде оның есімімен аталған қорды басқарған ғалым, қоғам қайраткері марқұм Шаймұрат Смағұлов арғы-бергі заманнан бұрын Қожабергеннің туған жерінде шоқ-шоқ боп қалампыр иісті алқызыл гүлдер өскен, Толыбай сыншының Гүлтөбесі содан шыққан деген әңгіме жеткенін алға тартады. Бір ғажабы, гүлдер ойпаңға қарағанда, екі көлдің арасына сыналай кірген, көз ұшындағыны шала­ тындай аумақты алып жатқан төбешікте қалың өседі екен. Неге екені белгісіз, сол гүлдер өткен ғасырдың отызыншы жылдарында өзінен өзі солып қалыпты. Қожаберген Толыбайұлы 1663 қоян жылы нақ осы жерде, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында батырлар мекенінде дүниеге келген. Олай дейтініміз, орта жүздің керей руынан тарайтын Толыбай сыншы да, ХVІ ғасырдың екінші жартысы мен ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген Дәулен де (Толыбайдың әкесі), арғы атасы Көшебе де батыр болған. Қожабергеннің: 8-254

Қожаберген жырау – 350 Арғы атам ту ұстаған ер Көшебе, Қай батыр тең келіпті Көшебеге?! – немесе: Ол соғыс Есімханның тұсында өткен, Қалмақты Дәулен атам қырған шеттен, – деуі содан. Осындай ел қорғаны болған асылдардың тұяғы Толыбайдың аты адамды, сол сияқты, атты, құсты және басқа жануарларды, гауһар, меруерт тастарды, қару-жарақты сынайтын қасиетімен ғана емес, болашақты болжай білетін кө­ регендігімен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, шешендігімен, ел іргесі сөгілсе, қылышын қынабынан суырар ерлігімен де шыққан. Ол Гүлтөбеде көп жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерін басқарып ел тыныштығын қорғаған, ордабасы атанған. Ел ішінде әлі күнге дейін Толыбай сыншыға телінетін нақыл, қанатты сөздер аз емес. Ал Қожабергенге келсек, ол: Көрші елге батырлықпен даңқы кеткен, Сібірдің батыс жағын мекен еткен. Керейде Толыбай сыншы кіші ұлы едім Жырларым қазақ жұртын елжіреткен, – деп жырлағандай, Толыбай сыншының көп ұлының (кей зерттеушілер Толыбай сыншының ұлдарының санын 20 деп көрсетсе, енді біреулері 23, 24 дейді) ең кенжесі. Қожаберген Толыбайұлы ақын-жырау, әнші-күйші, сазгер ғана емес, ел тағдыры таразы басына тартылған қан-майдан жорықтарда қалың қолды бас­ таған батыр, балуан, мерген, сыншы, саятшы, он саусағынан өнер тамған шебер, емші, сауатты адам болған. Тіліне араб-парсы болдым жетік, Оны да қолданбадым өнер етіп. Көрші елге елшілікке ылғи барып, Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп, – деген жолдар көп жайдан сыр ұқтырады.

Қожаберген жырау – 350 Бүгінде қожабергентану біраз ілгері басып, қалыптасып, тұлғаланып қалды десек артық айтқандық болмайды. Оның өмірі мен еңбегі қазақ халқының алғаш­ қы ағартушы педагогі Ыбырай Алтынсаринді де қызықтырған. Ыбырай Алтын­ сарин Қожабергеннің атын 1879 жылы Орынбор баспасынан жарық көрген «Қазақ хрестоматиясы» жинағына енгізеді. Қожаберген мұрасына С. Сейфул­ лин, І. Жансүгіров, С. Көбеев, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, І. Омаровтардың да ден қойғаны тарихтан белгілі. Мысалы, Сәкен Сейфуллин Қожаберген жырау мен Сегіз сері туралы поэма жазуға ниеттеніп, көп материал жинайды, осы мақсатпен 1927 жылы Қызылжар өңірінде де болады. 1983 жылы Алматыдағы «Ғылым» баспасынан «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» деген еңбек жарық көрді. Осы кітапта Қожаберген жырауға да орын берілген. Міне, содан бері Қожаберген Толыбайұлы туралы бірнеше кітап, жүзден астам зерттеу мақала жарық көрді. Дегенмен, дәл бүгін Қожаберген бабамыздың есімі мен ерлігі тарих қатпарларынан толық аршылып алынды деу­ге әлі ерте. Олай дейтініміз, зерттеулерде бір-біріне кереғар деректер әлі де кездеседі. Демек, «мың жорамалдан бір дәйек қымбат» дегендей, дауылпаз жыраудың ғылыми өмірбаянын түпкілікті тиянақтайтын мезгіл жеткен сияқты. 2000 жылдың 19-20 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Қызылжар қаласында өткен «Қожаберген Толыбайсыншыұлының ел тарихындағы орны мен рөлі» деген тақырыпта өткен ғылыми-теориялық конференцияда негізгі баяндама жасаған академик, марқұм М.Қ. Қозыбаев та осы ойды қозғаған еді. Манаш Қабашұлы ендігі жерде белгілі ғалымдардың қожабергентану ісіне жегілуі қажеттігін, оның еңбекте­ ріне текстологиялық талдау жүргізу керектігін қадай айтқан болатын. М.Қ. Қо­ зыбаевтың өз сөзіне жүгінсек, «Қожаберген бабамыз көп батырлардың бірі ғана емес. Ол – 1688-1710 жылдары 22-23 жыл бойында қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек, ордабасы, Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер! «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Қожаберген – ұлы жеңісті шыңдаған стратег», – деп жазады Манаш Қабашұлы. Осы сөздерді XVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі болған Бұқар жыраудың Қожабергенге арналған «Ғаділ ер» деген толғауындағы: Көшебе керей ағасы, Толыбай сыншы баласы. Қол бастаған Қожаекең Үш жүздің болды-ау данасы, – деген өлең жолдары да растай түседі. Бұқар жырау «Ұстазыма» деген толғауын­ да «Бата алған Бұқармын Қожаберген асылдан», – дейді.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жырау да «Елім-ай» дастанында Бұқар жырауды бауырына тарта сөйлейді: Шәкіртім сүйіндікте Бұқар жыршы, Ол Бұқар – өзі ақын, өзі сыншы. Олдағы қарап жатпас аттан салар, Сөзіне оның, халқым, құлақ түрші! – дейді. Осылай Бұқардың дана боларына сенген Қожаберген жырау «Елімай» дастанында: «Тізе қос, етек жиып, ес барында», «Ер емес жаудың туын құлатпаған», «Кеудеңде шыбын жаның болса егер, жоғалтпа жер бетінен қазақ атын», – деп халқын ерлікке, бірлікке үндейді. Ендеше, М.Қ. Қозыбаевтың жоғарыда айтқан конференцияда «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Қожабер­ген ұлы жеңісті шыңдаған стратег. Қожаберген батырлардың батыры, қолбас­шы, Әз-Тәукедей дананың оң қолы, қиын замандағы ел қорғаны», – деп баға­лауы өте орынды. Атақты тарихшы «Дауылпаз баба — Қожаберген» деген еңбегінде Қо­ жаберген жыраудың Әз Тәукенің тапсырмасымен «Жеті Жарғыны» ақ былғарыға жазып, ханға табыс еткені туралы деректер келтіреді. «Халық ара­ сында «Жеті Жарғыны» Тәуке хан жазды деген сөз бар. Ал шын мәнінде, зерттеуші М.Е. Есламғалиұлы өзінің «Әйтеке би» деген шежіренамасында жазғандай, «Жеті Жарғыны» дайындауға Сасық (қарақалпақ) Мұхамед, Қоқым (қырғыз), Төле, Қазыбек, Әйтеке билермен бірге сол кезде көзі тірі Әнет баба, Едіге, Соқыр Абыз, Құдайназар, Болпыш, Жылкелді сияқты әйгілі билер мен ұлыс басшылары қатысқан. «Жеті Жарғыны» Тәуке хан жазған жоқ, ол үкім шығарып жаздырды. Сол жазған жеті бидің бірі Қожаберген би екенін айту тарихи әділдік болар еді» (Манаш Қозыбаев). Қожаберген жыраудың бүгінгі ұрпаққа аманат еткен әдеби мұрасы мол. «Күлдірмамай», «Қойлыбай көрген», «Қарасары болат керей», «Соқыр абыз», «Баба тіл» сияқты дастандарын былай қойғанда, XVІІІ-ХХ ғасырларда қазақ халқының ұраны болған «Елім-айының» өзі неге тұрады. Жеті бөлімнен, 3683 шумақтан, 14732 жолдан тұратын «Елім-ай» дастанында жырау 1723 жылдың апатын, халықтың қайғы-қасіретін, күйзелісін ашына жазады. «Елім-ай» – ел өміріндегі тұтас бір кезеңді қамтитын тарихи шығарма. Автор бұл еңбегінде Жоңғар империясының дәуірлеп, күшею себептерін, Әз Тәукеден кейінгі қазақ хандығында болған текетірес, бақталас, алауыздықтың бетпердесін ашады. «Елім-ай» дастанындағы:

Қожаберген жырау – 350 Әз Тәуке болса дағы достыққа ынтық, Сатпады көрші екі жұрт бізге мылтық. Жоңғарлар қорғасын оқ жаудырғанда Найза ұстап, садақ тартып қарсы шықтық, – деген жолдардың да астарында көп ой жатқаны анық. Бұл арада әңгіме жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенінде болып отыр. Дастанда Түрікпен, Қоқан, Хиуа, Бұхараның қазақ еліне деген қастандығы, өзбек пен тәжіктің жаттығы әшкереленеді. Осы тұрғыдан алғанда, М.Қ. Қозыбаевтың тілімен айтсақ, «Оны тек «дастан» деу аз сияқты. Оның арнасы кең – ұлттың болу-болмауы, Отан тағдыры. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлттың сан ғасыр­ лық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген мемлекет, әскери, саяси қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар болған жерді ара­ лап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттық сергелдеңге душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш сілтеп, қайсар намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының шаншыла атқан қайнар жыры да сыры. «Елім-ай» – ұлтымыздың Илиада мен Одиссеясындай эпикалық өміршең трагедиясы». Халқымыздың асыл ұлдарының бірі Әлихан Бөкейхановтан қалған «Тарихтық сарын екіге бөлінеді: бір бөлек тарихтың пайдаланғаны – соғыс істері. Біздің қазақ білетін тарих осы. Тарихтың екінші түрлісінің (мұны орыс тілінде история культуры дейді) пайдаланғаны – жұрттың болмыс-салты, ру­ хани мәдениетінің дәрежесі. Бұлардың бәрі сол жұрттың сол замандағы тіккен үйінен, киген киімінен, ұстаған... сөздерінен білінеді. Анық тарих – осы екін­ шісі» – деген сөз бар. Олай болса, құрметті оқырман, біздің Қожаберген жырау, оның «Елім-ай» дастаны туралы азды-көпті әңгімемізді Гүлтөбенің тарихымен байланыстыра қабылдағаныңызды қалар едік. «Елдің атын ер шығарады» деп халқымыз бекер айтпаған ғой, Гүлтөбенің атын алысқа жайған жалғыз Қожаберген емес, бұл өңірді Сегіз сері де әнмен тербеген. Сегіз сері, шын аты – Мұхамедқанафия Баһрамұлы 1818 жылы Гүл­ төбеде дүниеге келген. Жоғарыда біз Толыбай сыншының 20 ұлы болғанын айттық. Солардың бірі Қарабас та үлкен әскербасы, батыр болған. Сегіз сері осы Қарабастан тарайды. Демек, ол да Толыбай сыншының ұрпағы, қолөнері, аңшылық, құсбегі-саятшылық, атбегілік, емшілік бұған да дарыған. Орыс тілін тез меңгеріп алған Сегіз сері оқуын Омбыдағы азиялық мектепте жалғастырады, әскери шен алады. Бірақ, патшаға қызмет етуден бас тартады. Сол үшін қуғынсүргінге ұшырайды. Айта берсек, Сегіз жайлы сөз көп. Бірақ, біздің мақсаты­ мыз – оның өмірбаянын баяндап шығу емес.

Қожаберген жырау – 350 Гүлтөбе, Маманайым – туған жерім, Кіндік кесіп, кірімді жуған жерім. Жалаңаш, жалаң аяқ жар басында Көйлек шешіп, көбелек қуған жерім, – деп жырлаған Сегіздің де батырлар ордасы, қасиетті мекен Гүлтөбеден түлеп ұшқан қыран екенін жеткізу. «Жер шарлап, салдық құрып думандатқан, Құс салып, ит жүгіртіп дабылдатқан, Ту ұстап, тұлпар мініп, сауыт киіп, Қол бастан кернейлетіп, шеру тартқан». (Нұржан Наушабаев) Сегіз де тұстастарынан ерте дараланып, көзге түседі. Ел арасында Мұха­ медқанафия сегіз жасында үлкендермен бірге аңға шығып, киік атып алған деген сөз бар. Бекер сөз болмауы керек. Жүре-жүре оның басқа қасиеттері де ашы­ лып, елге ақын, батыр ретінде танылады. Жерлесіміз академик-жазушы Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» атты романында: «Бұл келген керей аталатын көп рулы елдің аты шулы ақын-әншілері, жыраулары еді. Бәрі де атақтының атақты­ сы – Сегіз сері ақынның мұрагерлері» – деуі (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан. – Ал­ маты, 1975. – 164-б.) содан. Кезінде Сегіз серіні қазаққа қиғысы келмеген кейбіреулердің: «Ұлпан» көркем шығарма, Сегіз сері жазушының қиялынан туған кейіпкер» деп жазғаны есімде. Бос сөз, «Ұлпан» – деректі роман, ондағы кейіпкерлердің бәрі өмірде болған адамдар. «Күнделіктеріне» түртіп қоюына қарағанда, Ғабең кезінде Сегіз сері тура­ лы кесек дүние жазбақ болған. Бірақ, сол кездегі өктем саясат, Сегіздің орыс патшасына, отаршылдыққа қарсы күреске қатысуы жазушының қолын байлай берген сияқты. Сол сияқты, Сегізде толып жатыр тамаша әндер: «Әйкен-ай», «Жылой», «Қарғаш», «Бес қарагер», «Шолпан қыз», «Ғайни» менен «Боз қараған» – бәрі де ол шығарған ғажап әндер деген Жаяу Мұсаның, Сегіз сері жайлы ұзақ жырлар жазған Жанақ, Өске ақындардың, Шынияз Жұбатұлының сөздерін қайда қоямыз. Осы арада Сегіз сері мен Есенейге қатысты Балғожа қарттан естіген тағы бір әңгімені баяндай кету артық болмас. Сегіз сері кіші жүзден оралғаннан кейін 1850 жылы Есенейге Аббас, Сәду дейтін екі жігітін жұмсап: «Босшұбар мен Қанкүрең қартайыңқырап қалды, бір ат берсін», – дейді.

Қожаберген жырау – 350 «Батырдың қалауы қандай ат?» дегенде Аббас сөзден мүдірмей: Орта жүздің ішінде, Ашамайлы керейде, Балға батыр ұрпағы Есеней ерге сәлем де. Есекең Сегіздей інісіне Бір ат берсін. Ат берсе, құйрық-жалы күзелмеген, Ешқашан да мінілмеген. Мұз бел, бура сан қунақ берсін. Беріктігі өзіндей болсын, Күштілігі өгіздей болсын, Сезгіштігі Есболдай болсын, Сергектігі Бектастай болсын. Берсе, Есекең Сегіздей інісіне Осындай бір ат берсін. Бермесе, табиғат Сегіз серінің Қанкүреңі мен Бозшұбарына қуат берсін, – дейді. Есеней Сегіз серінің сәлемін тыңдағаннан кейін өзі бас болып жайылымда­ ғы жылқыға келіп, үш атты ұстатады. Содан, бұған дейін жүген-құрық тиме­ ген асауларды өзінің жігіттеріне үйреттіріп, «батырға сәлем айтыңдар, мына бозшұбарды алысқа сапар шеккенде мінсін, күреңді бәйгеге қоссын, ал боз бестіні ел аралағанда ерттесін» деп екі жігітті шығарып салады. Есенейдің Сегіз серінің тілегін екі етпеуінің өзіндік сыры бар екен. Сегіз сері медреседе оқып жүрген кезінде аға сұлтан Есенейге 15 арба бойы қорап тоқып береді. Ақысына бір бесті ат бермек болған Есенейдің шабармандары кейін Сегіз серіні баласынып уәделерін ұмытып кетеді. Сегіз серінің артына қалдырған мол әдеби мұрасын, әрине, зерделеу, зерт­ теу, ғылыми тұрғыдан талдау қажет. Қазірдің өзінде бұл орайда едәуір іс тындырылғанын оқырман қауым жақсы біледі. Десек те, Сегіз жайлы қалам тербеген көрнекті ғалымдар Әлкей Марғұлан мен Қайым Мұхамедқановтың, жазушы-журналистер Есенкелді Жақыповтың, Нәбиден Әбутәлиев пен Төлеш Сүлейменовтің тағы басқаларының еңбектеріне қайта-қайта үңіліп, соларды са­ лыстыра отырып, тарихи шындықты іздестірсе артық емес. Осындай бір ұмтылыс кезінде тарих ғылымының докторы, профессор мар­құм Зұлқарнай Алдамжардың тарапынан жасалғанын айту зор ғанибет.

Қожаберген жырау – 350 Ол өзінің 2002 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Тарих: пайым мен тағылым» атты кітабында Сегіз сері туралы деректерді тарихи тұрғыдан тексеріп, ел ішінде айтылып жүрген шежіремен мұқият салыстырып шығады, дәлелді сөз айтады, кейбіреулердің көңілінде жүрген күдікті сейілтеді. Әсіресе, оның Сегіз сері мен Исатай Таймановтың қарым-қатынасына байланыс­ ты айтқандары ақылға қонымды. «Сегіз серінің атасы Шақшақтың шешесі Ақ­бота – атақты шешен Сырым батырдың туған апасы, Даттың қызы» – деп жазады ол (З. Алдамжар. Тарих: пайым мен тағылым. – Алматы, 2002. – 145 б.). Осы еңбекте Сегіз серінің Исатаймен алғаш кездесіп, танысуына қатысты да тың деректер келтірілген. Кітаптың «Азаттық туы астында» деп атала­ тын тарауында тарихшы-ғалым соңғы кезге дейін осы ұлы бабаларымыздың, яғни Исатай батыр мен Сегіз серінің тікелей тағдырластығы, ортақ мақсатарманы, шынайы қимас достығы, ағалы-інілі сыйластықтары қалтарыста қалып жүргеніне қынжылыс білдіре келіп, олардың қайда, қашан, қалай кездескенін тәптіштей баяндайды: «Ол (Сегіз сері – Ж.С.) Исатай, Махамбетпен алғаш рет 1833 жылдың жазында Қызылжар өңіріндегі Қоскөлге таяу жерінде­ гі Малдыбай ауылындағы тойда танысқан еді... Ашамайлы керей Қырғыз қажы Малдыбайұлының Бектас деген баласы Исатайдың кенже қарындасы Патшайымға үйленіп, содан Қырғыз қажы құдасы Исатайды қонаққа шақырады. Исатай мұнда өзімен бірге батыр інісі Махамбетті де ерте келеді. Сол жолы Сегіз сері бұл үйге Исатай, Махамбеттердің үстіне келеді» (143-б.). Осы жолдардың өзіме тікелей қатысы болғандықтан, Бектастың кім екеніне тоқтала кетуді жөн көріп отырмын. Өйткені, Бектас Қырғызұлы – менің ұлы атам. Ол туралы 2006 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Солтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясында» мынадай деректер келтірілген: «Бектас Қырғызұлы (1817-1866 жж.) Астрахань қаласындағы медресіні бітірген соң, Қазанда жүріп заң, құқықтық білім алады. Көп жылдар бойы Омбы қаласында судья болып жұмыс істеген. Халық арасында қызыл тілді ше­ шен және әділ би-соты ретінде танымал. Ұлт-азаттық қозғалысының басшы­ сы атақты Исатай Таймановтың кіші қарындасына үйленген. Бектастың әкесі Қырғыз Малдыбайұлы өлкенің беделді адамдарының бірі болған, қасиетті Мек­ кеге жеті рет қажылық сапарға барған» (198-б.). Алғаш рет осындай бір әңгіменің шетін Сегіз серінің өмірі мен шы­ ғарма­ларына қатысты деректерді жинаумен көп айналысқан, есімі облыс жұртшылығына кең танымал қадірменді қарт Балғожа Кенжеқозыұлының ау­ зынан естіген едім. Ол кезде жастығымнан болар, қарттың сөзіне онша мән бере қоймадым. Кейін Бектас атамның есімі алдымнан әлденеше рет шықты.

Қожаберген жырау – 350 Ол туралы кезінде Сәбит Мұқановтың баласы, тарих ғылымының докторы марқұм Марат Мұқанов та, жазушы Төлеш Сүлейменов те жазған екен. Бек­ тас Қырғызұлы туралы деректерді көкшетаулық қаламгер, өлкетанушы Тортай Садуақасовтың «Ел мен жер» деп аталатын кітабынан да кездестірдім. Міне, осы кітаптың «Құсмұрын округінің ел-жұрты» деп аталатын тара­уында 1857-1860 жылдары жасақ жинау есебі жүргізілгені, онымен за­ седатель Коллежский айналысқаны туралы деректер келтірілген, мал-жанды куәландырып, депутат Сұлтан Әбділдинмен бірге қол қойған билердің тізімі берілген. Сегіз сері елі деп көрсетілген көшебеден тарайтындардың арасында Бектас Қырғызовтың да есімі бар. Оның тұсына би екенін айғақтайтын айрықша таңба қойылыпты. Жоғарыда аталған авторлардың ішінде менің назарымды ерекше аударған атақты жерлесіміз жазушы Сәбит Мұқановтың ұлы Марат Мұқанов еді. Біріншіден, ол – ел тарихын, шежірені көп зерттеген ғалым. Сондай-ақ, әкесінен естігендері де аз болмауы керек. Марат Сәбитұлы 1998 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан «Қазақстан тарихы» деп аталатын еңбегінде: «Кейде адамдардың тағдыры қызық та тағылымды болады. Көшебе керейдің жоламанынан тарайтын Малдыбай қазақ даласындағы ең бай адамдардың бірі еді, оның 17000 жылқысы болды. Оның ұлы Қырғыз мұсылмандардың қасиетті мекені Меккеге қажы­лық сапармен жеті рет барған... Қажылар ел арасында өте беделді болды. Тіпті жоғарыдағылар да олардың сөзін екі етпейтін. Қырғыз қажы да осындай адамдардың санатын­ да болды. Ол ұлы Бектасты оқытты, білім әперді. Бектас (1817-1866 жж.) медресені тәмамдап, Астраханда, Қазанда заңгерлік білім алды, ұзақ уақыт Омбы қаласында судья болды. Ол Исатай Таймановтың кіші қарындасы Патшайымға үйленді», – деп жазады. Тарихшы-ғалым одан әрі Бектастың бойшаң, талдырмаш, өте сұлу адам болғанын жаза келіп, бұған дейін еш жерде айтылмаған бір қызық деректің бетін ашады. «Оған арғын тайпасының қаржас руынан тарайтын атақты Шорман­ ның (1798-1843) қызы Зейнеп сұлу ғашық болды. Бектас Зейнепті екінші әйелі қылып алғысы келген, оған Қырғыз қарсы болады. Өйткені, ол сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың айттырып қойған қалыңдығы еді» (105 б.). Бұл қайдан шыққан сөз, қайдан табылған дерек деп көп сұрастырдым. Қызылжардағы «Асыл мұра» орталығының қызметкері Социал Жұмабаевқа да «Сіз мұрағаттарда жиі боласыз ғой, мүмкін, менің аталарым туралы деректер­ді де көзіңіз шалып қалар, байқай жүріңізші» деп тілек білдірген едім, жақында Сәкең хабарласып, Омбының мұрағатында біраз жұмыс істеп келгенін айтып, Қырғыз атама қатысты екі деректі ұсынды. Оның біріншісі Омбы мұрағаты­-

Қожаберген жырау – 350 ның №374 қорынан алынған «Құсмұрын округі бойынша сұлтандардың, билердің старшындардың, құрметті қазақтардың 1850 жылғы тізімі». Он бір адамнан тұратын осы тізімге менің атам Қырғыз Малдыбайұлы Шыңғыс Уәлихановтан кейін тоғызыншы болып енгізіліпті. 1795 жылы туған Қырғыз Малдыбайұлы 1831-1843 жылдар аралығында болыс болған, 1844 жылы патша үкіметінің прапорщигі болып тағайындалыпты. Осы тізімде оның 1791 жылы туған Жаңабай деген ағасы да жүр. Жаңабай Малдыбайұлы 1835-1841 жылдары ауыл старшинасы қызметін атқарыпты. Енді Зейнептің (Шоқан Уәлихановтың анасы – Ж.С.) Бектас Қырғызұлына ғашық болғанына келсек, осыған көп күмәнім бар еді. Маған біздің тұқым мен Уәлихановтар әулетінің жолы ешқашан түйіспегендей көрінетін. Жоқ, олай емес екен, Аманқарағай округтік приказының аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов Қырғыз Малдыбайұлын өте жақсы біліпті, аралас-құралас болып­ ты. Өлкетанушы Социал Жұмабаев ұсынған екінші құжат осыны дәттейді. Осы арада Шыңғыс Уәлихановтың 1840 жылдың 20 ақпанында Ресей үкіметінің, басшылығына жолдаған баяндау хатынан үзінді келтіре кетейін: «Аманқарағай округіне қарасты көшебе керей болысының заседательдері Тәбей Барлыбаев, Қырғыз Малдыбаев және қанжығалы болысының заседателі Чареке Мен­ декин болыстар басқару жөніндегі Ресей үкіметінің барлық тапсырмаларын мүлтіксіз орындауда. Осыны Сіздерге жеткізуді өзімнің борышым деп біле- ­мін», – дей келіп Шыңғыс Уәлиханов жоғарыда есімдері аталған болыстарды мақтау қағаздарымен марапаттауды сұрайды. Осы жайларға қаныққаннан кейін Марат Мұқановтың жазғандарына бекерден-бекер шүбә келтіргенімді түсіндім. 2007 жылдың жазында Солтүстік Қазақстан облысына бір топ ақынжазушыларды бастап келген белгілі ақын, Алматыдағы С. Мұқанов пен Ғ. Мү­ сіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражайының директоры Әділ­ ғазы Қайырбековпен кездескенде М. Мұқановтың мұрағаты жайлы сұраған едім. «Ол кісінің жиған-тергені көп еді, өзі қайтыс болғаннан кейін отбасы әне-міне мұражайға өткіземіз деп жүргенде бәрінен айырылып қалды», – деген Әділғазы Марат Мұқановтың құжаттармен жұмыс істеуде өте ұқыпты болғанын айтып, «ол кісінің назарына іліксе, кездейсоқ емес, шындық, тағы бір жерден шығып қалуға тиіс» деп мені жұбатқандай болған. Сегіз сері мен Бектастың достығы өз алдына, олар – бір атаның балалары. Жабай батырдың баласы Тоқсан бидің таратуынша, Ораз сардардан Жоламан мен Таузар туған. Сонда, Сегіз сері мен Бектас алты атадан қосылады. Ал Исатай мен Қырғыз қажы қалай танысып жүр дегенге келсек, бұл екеуі де Омбы губернаторы жанындағы шекаралық комиссияның мүшелері болған.

Қожаберген жырау – 350 Кейін осыған қатысты құжаттарды Омбы облысының мемлекеттік мұрағаты­ нан іздемек болған талабым нәтижесін бере қоймады. «Кезінде мұрағатты өрт шалған, сонда көп құжаттар жойылып кетті, солардың арасында болуы мүмкін» деген жауапқа тосылып қалсам да, Бектас, Қырғыз қажы есімдерінің бертін жарық көрген материалдарда ара-тұра болса да, қылаң беріп жүргеніне қарағанда, аталарымның тарихта ізі бар сияқты. Қазір біз кіші жүз қайда, орта жүз қайда деп байтақ елдің әр қиырында жатқан қазақтарды бір-біріне жақындатуға жүрексініп тұрамыз. Ал шын мәнінде, олар өз заманында мидай араласып жатқан. Тарихшы-ғалым Зұлқайнар Ал­ дамжар жоғарыда біз келтірген кітабында Толыбай сыншының өз нағашысы, Қожаберген жыраудың түпнағашысы кіші жүз әлім руының төртқара әулетінен шыққан атақты Жалаңтас баһадүр Сейітқұлұлы ұрпағынан екенін анықтай түседі. «Қожаберген жырау бала кезінен бастап нағашы жұртында тәрбиеленіп, Үргеніш, Бұқара, Самарқандта білім алыпты» (146-б.). Олай болса, Сегіз серінің басына қатер төнгенде ата-бабалары ежелден қарым-қатынаста болған кіші жүзге шығып кетуі соншалықты түсіндіруді қажет етпейтін жайт. Кіші жүз алшын ішінде, Он екі ата байұлы, Жайық беріш баласы. Бұхара қазақ ағасы Басқадан артық бағасы. Исатайдай батырды Мен – Сегіз бүгін жақтадым, – деуі оның халықтық көтеріліс кезінде Исатайдың жанында болғанының бұлтартпас дәлелі. Толыбай сыншы, Қожаберген жырау, Сегіз сері сынды саңлақтарды құндақтаған Гүлтөбе-Маманай – Көшебе, Ораз, Таузар, Жоламан, Дәулен сынды батырлардың да алтын тұғырына айналған қасиетті мекен. Содан да бұл өңірге ат басын тірегендер Гүлтөбеге, Қожаберген жыраудың мәңгілік меке­ ніне соқпай кетпейді. 2005 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ ЖӘНЕ ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ, журналист-заңгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері Биыл жауынгер-жырау Қожаберген Толыбайсыншыұлының туғанына 350 жыл және қазақ тарихының ең бір қайғылы кезеңі «Ақтабан шұбырын­ ды Алқакөл сұлама» қасіретін ұрпақтар зердесінде қалдырған «Елім-ай» та­ рихи жырына 290 жыл. Жырды шығарушы – Қожаберген жырау. Қазақстан Үкіметінің «Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуын дайындау және өткізу туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №1678 ар­ найы қаулысымен шайырдың мерейтойы елімізде тұңғыш рет кең көлемде ата­ лып өтіп жатыр. Оның өмірі мен қызметіне арналған республикалық ғылымипрактикалық конференциялар, «Елім-ай» тақырыбында жыр кештерін, ақындар айтысын, ұлттық спорт ойындарын өткізу, кітап көрмесін ұйымдастыру сияқты шаралар қолға алынып, іске асырылуда. Дауылпаз Қожаберген жырлары Ел мен Ер тағдыры ортақ екендігін көрсе­ теді, қилы заман шежіресіне қанықтырады. Қабат келіп отырған өзара сабақ­ тас екі атаулы жылдың мән-маңызы оларды тарихи тұрғыдан бірге қарастыр­ ғанда ашыла түседі. 1456 жылы Қазақ хандығы құрылғаннан 1991 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасы жарияланғанға дейінгі бес жарым ғасырдай уақытта қазақ хал­қы небір ауыр сындарды бастан өткерді, «мың өліп, мың тірілді». Әуелгі ең үлкен қатерді шығыстағы көрші, әбден күшейіп алған батыс моңғол тайпаларының (ойрат-қалмақ) бірлестігі Жоңғар мемлекеті төндірді. 1457 жылы болған

Қожаберген жырау – 350 алғашқы соғыстан бастап жоңғар мен қазақтың өмір не өлім бітіспес тайталасы үш ғасырға созылды. 1698 жылы қонтайшы Сыбан Раптан кезекті бір жойқын шабуылды бастап, қазақ қолын жеңіп, екпіндеген бетімен Шығысты, Жетісуды, Оңтүстікті, Сыр бойының Түркістан өңірін Сарысу өзеніне дейін басып алып, он екі жыл бойы уысынан шығармады. Сыр бойындағы Шиелі жерінің де жоңғар тепкісінде қалған кезеңі осы кез. Сірә, осы кезеңге қатысты болса керек, Шиелі жұртында қалмақ билеушісін өлтіруге байланысты мынадай бір аңыз бар. Ол кезде Түркістан маңын қалмақтың Тоқбура деген ханы билеп тұрған екен. Мейманасы тасқан жауыз күнде қазақтың бір қызын қойнына салып отыруды әдетке айналдырыпты. Бұл қорлыққа жау езгісіндегі халық қарсы ештеңе істей алмай күйзеліпті. Содан күндердің бір күнінде кезек Көгентүп деген жігіттің қарындасына келіпті. Бұл арпа орып жатқан жаз мезгілі екен. Көгентүп егін орағының басында жүрсе керек. Оның бойында әлдебір қасиет-күш болыпты. «Қарындасына кезек келді» дегенді естігенде намыстан өртеніп, ызаланған жігіт арпаны алақанына салып үгітіп, масақ қылтанағын дұшпанды бағыттай үрлеп жібереді. Сол қылтанақ ұшып барып әміршінің жүрегіне қадалып өліп кетіпті. «Жауыз хан ажал құшыпты» дегенді естіген ел бұған қатты қуанады. «Дұшпанға өлім қаптырған кім болды екен» деген сөз тараған кезде, әр жер­ ден «мен өлтірдім» деушілер де шығыпты. Сонда Көгентүп: «Хан неден, қалай өліпті, соны біліңіздер, егер жүрегіне арпа масағының қылтанағы қадалып, содан өмірем қатса, онда ажал менің атқан арпа оғымнан келгені», – дейді. Соның айтқаны рас болып шығады. Содан бастап Көгентүп есімді әлгі жігіт Оқшы атанған екен. Қазір Шиелі жерінде әулиелер қорымында үлкен кесенеде жат­қан Оқшы ата сол Көгентүп дейтін аңыз бар. Бұл, әрине, аңыз. Дегенмен, ханның жауыздығына қарсы көтерілген қа­ зақтардың бірінің (Көгентүптің) қолынан қаза тапқаны шындық болар. Бірақ тарихта Көгентүп есімді батыр және оның қолынан өлген жоңғар билеушісі­ нің аты еш жерде кездеспейді. Ал Оқшыға келсек, ол – ІХ-Х ғасырларда Сыр бойында оғыз-қыпшақ заманында өмір сүрген Қорқыт атаның замандасы. Оқшы батырдың есімі «Қорқыт ата кітабының» соңғы жырында аталады. Құба қалмақтар (жоңғарлар) Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынасын жолға қойып, көптеп мылтық қару-жарақтар сатып алады, зеңбірек құюды үйренеді, сөйтіп күшін бір бағытқа – қазақтарға төкті. Соның нәтижесінде 1708, 1711-712, 1714-1717 жылдарғы дүркін-дүркін жасалған жорықтары кезінде қалмақтар қазақтардан басым түсіп отырды.

Қожаберген жырау – 350 Әз Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін ел билеушілері арасындағы билікке та­ лас салдарынан қазақ жүздерінің бір-бірінен алшақтай түсуі Қазақ хандығы­ ның әскери қуатын едәуір әлсіретіп тастайды. Қазақ хандығы қансыраған жа­ ралы жолбарыстай күйде еді. Жақсы әзірленген кәнігі жау осыны пайдала­нып 1723 жылы көктемде тың күшпен қазақ еліне бірнеше бағытта лап қояды, тағы да шығысты, Жетісуды жайпап, Қаратау асып Сыр бойына бет алады. Дұшпан аяғы тимеген жер Арқа мен Батыс қана еді. Әйгілі жазушы Ілияс Есенберлин өзінің атақты «Көшпенділер» трилогиясының екінші кітабы «Жанталас» рома­ нында бұл жойқынды былайша сипаттайды. «Сыртқы жауынан қазақ елі бұрын-соңды мұндай апатқа ұрынған емес. Атақты Жошы ханның Арқаны, Сыр бойын алатын ұрыстарының өзінде де қазақ даласында қырылған ел үштен бір бөлігінен аспаған. Жошыға қазақ же­ рінде хан болу үшін ел керек болса, Сыбан Раптанға қазақ халқының жері мен малы керек еді. Кейбір тарихшылардың есебі бойынша жоңғар әскері атының тұяғы жеткен жеріне дейін сол кезде екі миллиондай қазақ халқы тұрған екен. Жоңғар шапқыншылары соның бестен үшін өлтірген, яғни екі миллион адам­ ның бір миллион екі жүз мыңдайын жоқ еткен. Жан түршігерлік апат!» Осынау зұлмат Шәкәрім Құдайбердіұлы 1888 жылы Абайдың кеңесімен жазған «Қалқаман – Мамыр» дастанында да баяндалады. Оқиға қазақтың қалмақтан жеңіліп, «Ақтабан шұбырындыға» ұшырарынан бір-ақ жыл бұрын болған. Сөз ретінде айта кетсек, қазақтың әйгілі үш төбе биінің бірі Қазыбек Келдібекұлының (1667-1764) да кіндік қаны тамған жер Сыр бойы, жастық шағын Қаратау мен Ұлытау атырабында өткізіпті. Ал бұл өңір – қазіргі Қызылорда, Шиелі тұсы. Жоңғар шапқыншылығы салдарынан арғынның тобықты руы сияқты қаракесек тармағы да Арқаға ауып кеткен. Шәкәрім ел ахуалын аталған дастанда былай сипаттайды: Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл, Қазақ, қалмақ атысқан, мұны да біл. Қалмақтың бастаушысы Суан Раптан Өзі батыр, соғысқа тым айлашыл. Қазақты ол ұрыста қалмақ алды, Үш есенің екеуін қырып салды. Жеңілген соң тұра алмай Сыр бойында Арқаға қазақ ауып кетіп қалды.

Қожаберген жырау – 350 Осы жол – бар қазаққа белгілі жол, «Ақтабан шұбырынды» дегенің сол. Жаяу жүріп табаны аппақ болып, Қорлық көріп қазақтың шұбырғаны ол. Сол себепті Қалқаман қалды ізделмей, Іздемейін деген жоқ, шама келмей. Ол түгіл Әнет бабаң көшке ере алмай, Тірідей дөң басында қалған өлмей. Шәкәрім ел күйзелісін осылай суреттеп, көз алдыңа келтіреді. Жау тепкісі­ нен ыққан ұлы жүз бен орта жүздің босқын елі табандары ақжем шұбырын­ дыға ұшырады. Атақоныс, мал-дүние адыра қалады. Байтақ қазақ даласының қиыр шығысынан, оңтүстігінен жаяу-жалпы шұбырған жұрт жау былай тұрсын, ит-құсқа да жем болады. Бір елге ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, бетіне ешкім қарсы келмей, бір рулы елді билеп отырған, исі қазаққа қадірлі Әнет баба сияқты ардақтыны өздерімен алып кете алмай жұртта қалдыруға мәжбүр болған­ нан-ақ қалың ел басына түскен зобалаңның қандай болғанын шамалай беріңіз. Міне, биыл осынау «Елім-айлаған» қайғылы тарихи оқиғаға 290 жыл толып отыр. Ел зары «Елім-ай» жырының да шығу мерзіміне осынша жыл. Күні кеше ақ май аузынан ағылған ел жолында кездескен өсімдіктерді талғажау етті. Қайың ағашының қабығын сыдырып, сөлін сорды, «қайың сауған» деген ат содан қалды. Ұлы жүздің рулары және орта жүз руларының бірсыпырасы Сырдың жоғары тұсы Шыршық маңынан өзеннен өтіп Ходжент, Самарқандқа қарай ағылып, бас сауғалады. Ал кіші жүз рулары Сауран қаласын айналып қашып, Шиелінің үстімен Сыр бойынан Хиуаға қарай беттеді. «Сауран айналған» деген ат осыдан қалды. «Елім-айлап» ақтабандап шұбырған ел титықтап Сыр бойына жетіп сұлап түседі. Жоңғардың 1723 жылғы жойқын шапқыншылығының бүкіл қасіретін бейнелеп айтқан тарихи атау «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» осыдан шыққан екен. Алқакөл бүгінгі заманға жетпей суалып қалған шағын көл ме екен, бұрынсоңғы ешбір географиялық не тарихи картада кездеспейді. Ел аузынан жет­ кен аңыздарға қарағанда ол көл Сыр бойында және екеу көрінеді. Көлдің біреуі Сырдың сол жақ жағалау бетінде Шиелі тұсында алты шақырым жерде болған, ал екінші Алқакөл Сырдың оң жақ жағалау бетінде Ташкенттен тоқсан шақырым шамалас жерде дейді. Қашқан елдің жағасына жетіп құлағаны, ке­

Қожаберген жырау – 350 зерген таңдайын жібіткені Сырдың арғы беті – сол жақ жағалау бетте Шиелі тұсындағы жақын көл болса керек. Ұлы жүз бен орта жүз қазақтары айтатын «Алқакөл сұлама» осы. Бірақ осы Алқакөл атауы жаңылыс кеткен болуы керек деген пікірді әйгілі тарихшы ғалым Ермұхан Бекмаханов айтқан. Маған да сон­ дай ой келеді, ол туралы сәл кейіндеу. Ел басына түскен ауыр күйзелістен қалған ескерткіштің ең зоры – осындай жекелеген атаулар ғана емес, әйгілі «Елім-ай» әні. Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді. Қарындастан айырылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді, – деп басталатын осы әйгілі «Елім-ай» әні сөз болғанда, ол әдеттегідей шығару­ шысы белгісіз, халық әні ретінде саналып, ән жинақтарына солай еніп келеді. Жоңғар шапқыншылығының қасіретін көрсеткен ілгергі-кейінгі шығармалар­ дың қай-қайсысы да мұң-зарды шынайы бейнелеу тұрғысынан оған тең келер ме екен! Осы «Елім-ай» өлеңі мен әні Сыр бойы, Қаратау бөктері Шиелі жерінде туыпты. Өлең мен әнді шығарушы да белгілі, ол – сардар, жырау, сазгер Қо­ жаберген Толыбайұлы. Бұл қазір кейбір зерттеушілер тарапынан айтылатын күмәндарға қарамастан, ғылыми ортада негізінен орныққан пікір, оған дәлелдер де аз емес. Әпсана-аңыздарды айтпаған күннің өзінде тарихи жазбалар да біраз бар болып шықты. Бұл туралы өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басында алғашқылар­ дың бірі болып пікір айтқан – әдебиет зерттеуші ғалымдар М. Жармұхамедов пен Г. Тұрсынова. 1981 жылы «Мәдениет және тұрмыс» журналының 6 са­ нында, содан кейін 1983 жылы Қазақстан Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» деген жинақта жарияланған мақалаларында Г. Тұрсынова халықтық «Елім-ай» өлеңінің авторлығы туралы тың мәселе көтерді. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында «Керей шежіресі» деген қолжазба сақтаулы екен (Қолжазба қоры, 766, 12-дәптер). Шежірені жазған әйгілі сазгер-әнші, батыр Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақов, ол 1818-1854 жыл­ дар аралығында өмір сүрген. Осы қолжазбаны академияға тапсырушы – халық әдеби қазынасын жинаушы Қаратай Биғожин деген кісі. Ғалым Г. Тұрсынова 1983 жылы шыққан «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» деген жинақта осы шежіре мұраны талдаған «Бір халық өлеңі хақында» де­

Қожаберген жырау – 350 ген мақаласында қолжазбада «Елім-ай» өлеңін Қожаберген жырау, әнін оның әйелі Айша шығарған дерек бар екендігін алға тартады. Ал Айша Сыр бойы Шиелінің қызы болып шықты. Ғалым бұл мақаласында ұлы зияткер Мұхтар Әуезовтің «Тарихи өлеңдердің авторлары – көбінесе сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары» деген тұжырымын ұстана отырып, осы «Елім-ай» өлеңіне, оның басқа да бірнеше нұсқасына тоқталып, талдау жасайды. Оқиға былай өрбиді: 1723 жылы Қожаберген жырау әйелі Айша екеуі қайын жұртшылап Сыр бойына Шиеліге Бестам деген жерге қыдырып келеді. Сыр елі Шиелідегі Бестам қаласы – оғыз-қыпшақ заманы ІХ ғасырдан белгілі тарихи мекен. Бұл күнде төбешікке айналған, оның ескі орны қазір Шиелі ауданы­ның «Жиделіарық» және «Бестам» ауылдарының арасында. Мектепте оқып жүрген кезімізде ізденімпаз ұстазымыз, бүгінде марқұм Ақтөре Әміров Бестамға талай арнайы экскурсияға апарып, қиял-ғажайып ертегідей әңгімелер айтатын. Күріш егістігін барған сайын ұлғайтқан совет заманының сексенінші жылдары басқа жер жетпегендей, айнала арна тартылып, егіс егілгендіктен қала орнын ыза басып, шөгіп қалған. Үстірт шолып өткендері болмаса, Қазақстан археологтарының да Бестамды тиянақтап зерттегендері шамалы. Міне, осы Бестам жеріне Қожаберген күйеу мен Айша қыз екі баласын және екі атқосшысын ертіп Сібірмен шектескен сонау қиыр солтүстік қазақ даласы­ нан атпен айлап жүріп, сағынып келіп, қыдырған елін сол кезде жау басады. Жоңғарлардың алды Қаратау бөктері – Сыр бойына келіп жетеді. Жау шабуы­ лына төтеп бере алмаған кіші жүздің 12 ата байұлы тобына жататын есентемір, масқар, таз және жетіру тобына кіретін жағалбайлы, кердері рулары Сайрық, Төс деген ел басшылары бастап Мұғалжар, Еділ – Жайыққа қарай үдере көшеді. Бұл мәлімет және Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр» дастаны Сыр бойын, Шиелі жерін ол кезде қандай рулар мекендегенінен хабар береді. Бұл кезде қыпшақтардың негізгі бөлігі Арқада және Түркістаннан шығысқа қарай қоныстанған еді. Енді өлең мен әнді шығарушы ақын-сазгер Қожаберген кім дегенге тоқталайық. Қожаберген – солтүстік өңірдің қазағы, орта жүздің керейі, оның ішінде ашамайлы руынан. Қыздың бармайтын жері жоқ деген осы-ау, сол заманның өзінде бір шетінен бір шетіне құс қанаты талып, тұлпар тұяғы тозып жететін қиыр солтүстік пен қиыр оңтүстік қазақтары айшылық жерде жүрсе де өзара жақындасып, құда-жекжат болып отырыпты. Қожаберген Толыбайсыншыұлы 1663 жылы қоян жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Благовешен ауылында (бұл осы жердің кейін орыстанған атауы) Гүлтөбе деген жерде дүниеге келіпті. Жүз жыл 9-254

Қожаберген жырау – 350 өмір сүріп, 1763 жылы сол Гүлтөбеде «Толыбай жалы» деген жерде қайтыс болған. Қожаберген жыраудың 350 жылдығы атап өтілуіне байланысты биыл баспасөзде әйгілі сардар, жырау, сазгер туралы ғылыми-танымдық зерттеу мақалалар басылып, көзі қарақты ел-жұрт оның өмірбаянына едәуір қанығып қалды, сондықтан оның өмірбаянының егжей-тегжейіне тоқталып жатпай, жалпылай шола отырып, әлі де кең айтыла қоймаған тұстарын ғана әңгіме етіп, қожабергентануға ене түспекпіз. Қожаберген бала кезінен әкесі Толыбай сыншының туған нағашысы кіші жүз әлімұлының төртқара руынан шыққан атақты Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы ұрпақтарының, яғни түп нағашыларының қолында болады. Үргеніш, Бұхара, Самарқанд медреселерінде оқиды. Қожаберген жырау өлеңжырларында өзінің өмірдерегін айтып кеткен. «Елім-ай» дастанында: Адам деп өз бойына өнер жиған, Ел-жұртым деп атайды мені имам. Жорыққа он жетімнен араласып, Болғам жоқ молда, софы, қожа, ишан. Жорықта 45 жыл ғұмырым өтті, Орта жас ол да мені тастап кетті. Ит қалмақ соғысуға душар етті, Болмаса ақсақалдық кезім жетті, – деп, жырау өзінің 61-де екендігін де айтып өтеді. Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз Тәуке ханның сөзі өтімді елшілерінің бірі болған. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелермен тұстас өмір сүріп, қанаттас жүрген. Оны көршілес Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарына, парсы еліне, түрікпенге елшілікке жіберіп отырған, ел бітістірмек жұмысқа белсене араласқан. Оны жыраудың алдында келтіріп кет­ кен дастанынан көреміз. Қожаберген ордабасы болған, сол заманда бас қолбасшыны осылай атаған. Түп нағашысы Жалаңтөс баһадүр емес пе! Қазақта бас қолбасшы сайланған жердің аты Ордабасы деп аталған. Мұндай атаулар еліміздің әр өңірінде кездеседі. Әдетте, қазақ салтында ханды, бас уәзірді, ордабасын, төбе биді сайлағанда халық оларды боз биенің сүтіне шомылдырып, шымқай ақ киім кигізіп, ақ киізге отырғызып, жоғары көтеріп, құрмет көрсетеді. 1688 жылдың маусым айында Түркістан шаһары маңында Әз Тәуке хан бастаған барша қазақ

Қожаберген жырау – 350 игі жақсылары Қожабергенді ордабасы етіп сайлап, ақ киізге көтергенде оған орта жүз арғын тобықты Әнет би бата берген. Ал Қожабергеннен Абылай хан, Бөгенбай, Асқап, Ерсары, Көшек, Қабанбай, Жәнібек, Баян, Сырым, Есет батырлар бата алып, Бекболат, Айтбай, Едіге, Малайсары, Қараменде, Алдабек, Әлдибек секілді билер үлгі өнеге көрген. Бұқар жырау оны ұстаз тұтқан. Түріктердің бағзы замандағы заңдарынан бас­ тау алып, қазақтарда Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолына жалғасқан құқық Әз Тәуке хан тұсында жаңа мазмұнмен толығып Ата Заң – «Жеті Жарғыға» айналды. Соны жазған жеті би – Төле, Қазыбек, Әйтеке, Майлы билердің ішінде Қожаберген де болған. Жеті бидің осы бас қосуын қазақтың тұңғыш парламенті, ал «Жеті Жарғыны» олар қабылдап, Әз Тәуке ханға бекітуге берген заң деуге болады. Жеті би – халық өкілі, халық пікірі, халық үні, яғни халық кеңесі. Қожабергеннен Абылайдың бата алғаны туралы мынадай дерек бар. Абы­ лай орта жүз Әбілмәмбет ханның оң қолы, беделді сұлтаны болып тұрған кезінде, 1750 жылдың сәуір айында тарту-таралғысымен келіп Қожабергенге сәлем береді. Бұл кезде Қожаберген 87-де. Сонда дана қарт жырау Абылайға: «Қарағым, болашақ үлкен хансың. Саған берер ақылым: заман – түлкі, пен­ де – қыран. Бөктерде жүріп бүркітті көрген түлкі сескеніп, етекке түседі. Жа­ уымен кең жерде айқасудан тайсалған түлкі сол бөктердегі өзі түстес бір қызыл тастың қия бетіне құйрығын шаншып тұрып қалады. Қыран оның тас емес, түлкі екенін көруі керек. Ел билігіне араласып, хан орнына жүр екенсің, көреген бол, шырағым. Ақылың мен ерлігің, айла-әдісің қатар жүрсін. Ханның қарадан өтініші болмас, өкініші болар, бұл сөзімді есіңде сақта! Ер азбай, ел азса – айдын көлдің суалғаны, ел азбай, ер азса – зор бәйтерегің құлағаны. Бәйтерек құласа, ағаш орнына ағаш өседі. Айдын көл суалса, немен толар есесі? Ер бұзылса да ел бұзылмасын. Бұзылғанын жұрт өзі түзетеді, түзелмесе бұзығын ел жер етеді», – депті. Абылай сұлтан Қожаберген бабаның ақылына риза болып, оң батасын алып аттанған екен. Ол – сардар батырлығымен бірге сол заманның өзі көзбен көрген оқиғасын молынан жырлаған адам. Бәлкім, егер Қожаберген жырау болмаса, бізге ол дәуірдің көп шындығы қаз қалпында жетпес пе еді. Осы арада Қожабергеннің екі «Елім-айы» бар екендігін айтуымыз керек. Бірі – «Қаратаудың басынан көш келеді, / Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деп басталатын атақты зарлы әнжыр «Елім-ай». Бұл жаумен арпалыс үстінде 1723 жылы туған әні бар шағын өлең. Екіншісі – осы екі жол қайырма сияқты қайталанып, бірақ Қаратау орны­ на қазақ тастап шыққан басқа айналайын туған елдің жер-су, тау атаулары айты­ лып, оқиға барысы егжей-тегжейлі баяндалар көлемді жыр-дастан. Бұл – Сыр

Қожаберген жырау – 350 бойы Шиелі жеріндегі соғыста екі ұлы Науан мен Бекеттен, екі атқосшысынан айырылып, әйелі Айшамен екеуі бір атқа мінгесіп еліне жеткеннен кейін көргенбілгені суымай тұрғанда толғанып отырып шығарған тарихи жыр. Қожабергеннің шығармаларына өз кезінде Ыбырай Алтынсарин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин мән берген, «Елім-ай» өлеңін Ыбырай мен Сәкен өздері құрастырған жинақтарға енгізген. 1936 жылы Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Ғабит Мүсірепов Қожаберген туралы материал жинауға жыраудың еліне келген. Аса көрнекті тарихшы ғалым Ермұхан Бекмаханов және басқалар «Елім-ай» дастанын жоғары бағалаған. Бірақ 1937 жылы басталған ел мен ер басына туған зобалаң бертінге дейін Қожабергенді қоя тұруға мәжбүрлеген. Сөйтіп, 1980 жылдарға дейін Қожаберген жырау шығармашылығы ғалымдар тарапынан ауызға алына қоймаған. 1980 жылдардан бері зерттеушілер мақалалар жариялап келгенімен, Қожабергеннің халқымен шын мәнінде қайта қауышуына, жауынгер-жырау еңбегінің қадіріне жетіп, шығармаларының лайықты бағасы берілуін жаңа дең­ гейге көтеруге мұрындық болған тарихшы, академик Манаш Қозыбаев. Ал оған мұндай мүмкіндікті берген кезінде 45 жыл аттан түспей туған елінің тәуелсіз­дігі мен бостандығы үшін арпалысып, «Елім-айлап» өткен есіл ердің Отаны – Қазақ елінің ақыры тәуелсіздікке жетуі еді. 2000 жылы Ұлттық ғылым академиясының көшпелі мәжілісі Манаш Қозыбаевтың бастауымен баһадүр дүлдүлдің туған елі Қызылжар қаласында өткізілді, «Қожаберген жы­ рау Толыбайұлының Отан тарихы мен қазақ поэзиясындағы алатын орны» деген тақырыпта ғылыми-теориялық конференция болды. Қазақстанның ірі ғалымдарының, қоғам қайраткерлерінің басын қосқан бұл мәртебелі жиын Қожаберген жыраудың қазақ тарихындағы орны мен қызметін тұңғыш рет ресми анықтап берді. Бұл қожабергентанудағы бетбұрыс еді. Осы конферен­ цияда сардар жырау еңбегі жан-жақты сараланып, жоғары баға берілді, мәнмаңызы ашылды, көрнекті еңбегі, елеулі мұрасы бола тұра осы уақытқа дейін Қожабергеннің неге кең танымал болмай, тасада қалып келгендігінің себептері көрсетілді. Қожаберген жыраудың қызметі мен шығармашылығын тереңдеп тал­ дау мақсатында кейін басқа да ғылыми конференциялар ұйымдастырылды, шығармалары кітап болып басылды. Бұл орайда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заңгер ғалым, шүленгер (меценат) Бекет Тұрғараев басшылық жасайтын «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қайырымдылық қорының атқарып отырған игі істері елеулі.

Қожаберген жырау – 350 Енді Қожабергенді қалтарыста қалдырған себептерге тоқталайық. «Елімай» дастаны – тұнып тұрған дерек, шынайы шежіре. Дана жырау қазақтарға қарағанда жоңғар мемлекетінің дәуірлеп, күшею себептерін саралайды. Жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенін көрсетеді. Орыс импе­ риясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып, жоңғарларды құтыртып, қару-жарақ беріп, зеңбірек жасауды үйретіп, қазақ сұраса теріс айналып, екі халықты өзара қырқыстыруға, бірін-бірі қыруға итермелегенін айтады. Тарих тағылымы сол – осылай өзара қырқысудан әлсіреген қазақ пен жоңғарға ауыз салып, қытай мен орыс өз діттегендеріне жетті: қытай жоңғар халқын жер бетінен жойып жіберіп, жерін иемденсе, қазақ 260 жыл орыстың бодандығында жүруге, талай сұмдық зұлматты бастан кешуге мәжбүр болды. Сол жоңғармен арпалысқан қысталаң тұста түрік тектес әрі мұсылман мемлекеттер билеушілерінің де қазақ еліне деген қастандық саясатын, тұс-тұстан талауға кіріскенін әшкерелейді. Қожаберген жы­ рау қазаққа кешегі түбі бір халық тек ноғай ағайын ғана болысқанын көрсетеді. Қазақтың сахарасы жер құлпырған, Қытай мен орыстарды қызықтырған. Қоқан, Хиуа, Бұхар да көз алартып, Қазақты бас салуға дайын тұрған. Қаруын орыс, қытай қалмаққа сатты, Айдап сап малғұндарды қоқаңдатты. Қырғызып қазақтарды қалмақтарға, Орыстар қамалдарын салып жатты. Осындай шындықты айтқан Қожаберген, оның «Елім-ай» дастаны орыс билеген заманда қалай дәріптеле қойсын. Халықтар теңдігін сөз жүзінде жариялағанымен, іс жүзінде орыс үстемдігін негіздеген советтік идеологияға Қожаберген жыраудың азаткерлік рухы, оның «Елім-ай» дастанының мазмұны, айтар ойы сай келе қоймайтын еді. Қазақ ССР тарихында жоңғар – қазақ соғысы екі елді билеуші үстем таптың озбырлығы, қанаушылығы тұрғысынан ғана талданып, түсіндіріліп келгенін еске алайық. Дастандағы тағы бір құнды дерек – Әз Тәукеден кейін қазақ жұртында ауызбіршілік кетіп, билікке таласқан хандар, сұлтандар, төрелер арасындағы текетірес, бақталастық, берекесіздік елді осындай күйге ұшыратқанын ай­ тып, сатқындықтың сиқын ашады. Халық қалайша «Ақтабан шұбырындыға»

Қожаберген жырау – 350 ұшырағанын, қалай күйзелгенін суреттейді, неліктен тоз-тозы шықты деген сауалдарға жауап береді. Қазақтың өзінен билеуші шықпай халық оңбайтынын, Әйтеке би осылай өсиет еткенін баяндайды. Төреден Әйтеке би безін деді, Келді ғой көсем сайлар кезің деді. Қазақты батыр көсем басқармаса, Быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді. Осындай көптен көсем ізде деді, Хандарды шеттетуді көзде деді. Қазақты төре бастап көгертер деп, Малтаңды би мен бектер езбе деді. Бұл сөзді би мен бектер ұға алмады, Бас қосып, дұрыс кеңес құра алмады. Үш жүздің шонжарлары төре жақ боп, Ортадан батыр көсем шыға алмады. Құлдырар болды енді қоғамымыз, Болды ғой аяқ асты Отанымыз. Кетірген барша жұрттың берекесін Билер мен ханға болсын обалымыз. Билік атадан балаға мұра болып келе жатқан монархия дәстүрі заманында төрелер билігіне қарсы мұндай пікір айту революциялық ұран тастаумен бірдей. Ел тағдырына жаны күйген Әйтеке, Қожаберген осындай биікке көтеріліп отыр. Әуелде өлең болып туған «Елім-ай» айтыла-айтыла дастанға айналып, оны Қожабергеннің өзі хатқа түсіріпті. Жазба күйде сақтаушы Толыбай сыншы ұрпағы – Шақшақ батыр Көшекұлы. Шақшақтан немересі Мұхамедқанафия Баһрамұлы жазып алған. Мұхамедқанафия – аталарына тартып бойына біткен сан түрлі өнерімен «Сегіз сері» атанып әйгілі болған ақын-сазгер. Қожабер­ген шығармашылығына күмәнданушылықтың бір себебі осы МұхамедқанафияСегіз серіге байланысты. Ал оның бір атасы Қожаберген жыраудың өзі. Мұхамедқанафия-Сегіз серінің махаббат лирикасына жататын «Ақбақай», «Ақ ерке», «Алқоңыр», «Әйкен-ай», «Гауһартас», «Ғайни», «Жылой», «Еңлік-

Қожаберген жырау – 350 ай» («Илігай»), «Көкем-ай», «Мақпал», «Назқоңыр» («Ай қабақ») сияқты әндері ел аузында. Бұл әндер де талай уақыт шығарушысы белгісіз халық әндері ата­лып не басқа адамдарға телініп жүрді. Сегіз сері – Исатай, Махамбет көтерілісіне қатысқан батыр да. Міне, қалай тегіне тартады! Сегіз серінің қолжазбасын сақтаушы Тәштит Тәбейұлы Барлыбаев. Тәш­ титен Мұхамедқанафия-Сегіздің үлкен баласы Мұстафа көшіріп алған. Мұс­ тафадан 1879 жылы Дәрібай Малыбайұлы деген шежіреші жігіт жаттап үйренеді. Дәрібайдан оның баласы Қожахмет жазып алып жаттайды. Ол 1978 жылы 87 жасында қайтыс болған. Ақыры сол қолжазба академия қорына түсіп, бүгін­ де елдің рухани қазынасына айналады. Міне, осылай ауыздан ауызға, қолдан қолға көшіп, біздің заманымызға жеткенше жырдың әрбір айтушы тарапынан біршама өзгеріске ұшырауы, жаңа сөздер қосылуы сөзсіз, бұл әдебиет зерттеуші ғалымдар білетін үдеріс. Қожаберген шығармашылығына күмәнданушылық­ тың да бір ұшы осында. Қазақ халқының басына түскен зұлматты көзімен көріп, елмен бірге өткер­ ген Қожаберген жырау осы қабырғаны қайыстырып, ел сенделткен теңдессіз қырғын оқиғаны «Елім-айдан» басқа «Қаратаудың басынан көш келеді», «Ады­ ра қалған Қаратау», «Иесіз қалған сылаң Сыр» деген өзге өлең-жырларымен де тарих зердесінде қалдырыпты. Осы ретте Алқакөл атауына байланысты ойымды айта кетейін. «Елім-ай» дастанында Қожаберген былай жырлайды: Атсыз қап жұрт жүрісі шабан болды, Халқыма аштық, соғыс жаман болды. Басталып ел сұлауы Алакөлден, Ақтабан шұбырынды заман болды. немесе тағы бір ретте «қырылу Алакөлден басталып тұр» деп, Қожаберген қазақтардың жау табанының астында қалуы Жетісуда Теріскей Алатаудың осы күні Жоңғар қақпасы деп аталатын тура қазақ – жоңғар (қазір қазақ – қытай) шекарасы өтіндегі Алакөлден басталғанын анық айтып отыр. Және бұл шумақта «сұлау» жаудан қашып азып-тозып, қалжырап құлап түсу дегеннен гөрі тырп етуге шамасы келмей, тура жау табанының астында қалды деген мағынада беріліп тұрғанын байқау қиын емес. Демек, Алқакөліміз босқын ел қашып ба­ рып, жағасына сұлап түскен, жан сақтаған жер емес, қайта қаша алмай, жаяу­ лап-жалпылап шұбыру, ақтабан басталған Алакөл болар. Жыр оқиғасы Алтай, Еділ-Жайық, Арқа, Сыр – байтақ қазақ даласын қамтиды. Батыр Бауыржан Момышұлының «Керей Қожаберген жыраудай бұрын-соңды өмір сүрген қазақ

Қожаберген жырау – 350 ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқын­ дап берген емес» дейтіні содан. Жырда жер-су атаулары мол, ұқсас Аймақкөл, Айнакөл аталады, бірақ Алқакөл жоқ. Жырау географиялық атауға байланысты айтып кеткен тағы бір деректі келтірейік. Теріскей Алатауды қалмақ алды, Найман мен қоңыратты қуып салды. Қайран жер жау иелігіне көшкеннен соң, Жоңғардың Алатауы деп аталды, – дейді. Алқакөл атауына байланысты өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ба­ сында белгілі философ ғалым, қоғам қайраткері, марқұм Советқазы Ақатаев айтқан бір болжамды да келтіре кетейін. Советқазы ағамыз былай деп тұспалдайды: «Алқагөл – естен танып сұлап түсу мағынасын беретін көне түрік сөзі, арақ-шарап, ішімдікке қатысты алкаголь атауы содан шыққан. Яғни, ол көл атауы емес». С. Ақатаевтың «алқакөл сұлама» туралы бұл пікіріне қарсы уәж айтқан ешкім болмады. Он жеті жасынан сауыт киіп, жарақ асынып, атқа мініп, 1745 жылға дейін туған елін сыртқы жаулардан қорғаған, қол бастаған Қожаберген жырау көптеген басқа да тарихи дастандар шығарған. Саяси, қоғамдық істерге белсе­ не араласқандықтан, өлең-жырларында қоғам өмірін, ел тәуелсіздігі жолындағы ерлікті, батырлықты барынша дәріптейді. Мәселен, «Ер Көкше», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Ер Қойлыбай», «Қорқыт баба», «Асан ата», «Ер Сырым», «Қасқа жолды ер Қасым», «Қабанбай батыр», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Орақ батыр», «Ер Едіге» секілді дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыржас», «Дүние», «Жігіттік» деген толғаулары, өлеңдері осы рухта. Мұның бәрінде де ақын елді сыртқы жауға қарсы азаттық жолындағы күреске шақырады, қазақ халқының бірігіп, іргелі ел болуын армандайды, соны жырға қосады. Жан-жақты талант иесі Қожаберген жырау күйші сазгер де болыпты. Оның «Шұбырынды», «Сұлама», «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күл­ дірмамай» деген күйлері бар екен. Атынан көрініп тұрғанындай, күйлерінің тақырыбы да күрес, майдан, ел басына туған қиын кезең. Жырау сол кездегі халық зарын күй тілінде де шерткен. Зерттеуші ғалым Шаймұрат Смағұлов өзінің «Атақты «Елім-айдың» ав­ торы» деген мақаласында Қожаберген әскербасы, от ауызды, орақ тілді ше­ шен, суырыпсалма ақын, әнші, күйші, аспаптарда құйқылжыта орындаған

Қожаберген жырау – 350 өнерпаз болумен қатар, емші, сынықшы, он саусағынан өнер тамған шебер қолөнершілігімен де танылыпты. Ол қасиеттерінен басқа құралайды көзге атқан мерген, түйе балуан, аңшы, құсбегі, атбегі, шабандоз, құмалақшы, ауа райын болжаушы сәуегей болыпты деп көрсетеді. Соғыс кезінде жаралы болған сар­ баздарын өзі емдеп, жазып отырған. Ақынның «Емшілік» деген өлеңінде: Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек, Жасадым түрлі шөптен дәрі-дәрмек. Сынықшы Қожаберген атағым бар, Талайын науқастардың жаздым емдеп, – дейді. Осы ретте мына бір аңызды да айта кеткен артық болмас. Толыбай сын­ шы кіші жүз әлімде төртқара әулетінің Ақша би, Жалаңтөс батыр Сейітқұл ұлдарының апасы Жамалдан туған. Самарқанд төңірегіндегі Нұрата, Қызбибі тауын мекендейтін осы туған нағашылары Толыбай сыншыны қонаққа шақы­ рады екен. Жиені әне барам, міне бараммен жүріп біраз уақыт өткізіп ала­ ды. 1661 жылдың мамыр айында сәті түсіп Толыбай Ақбілек бәйбішесі екеуі нөкерлерін ертіп сапарға шығады. Жолшыбай Ұлытау мен Қаратау арасында қыпшақ Қойлыбай бақсы әулие­ нің басына зиярат қылады, мал шалып, құран оқиды. Одан кейін Түркістанда Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне келіп дұға оқиды, тағы да мал арнайды. Осында үш түнейді, үшінші күні ұйықтап жатып таң алдында түс көреді. Түсінде ақ түйеге мінген, қолында асатаяғы, басында ақ сәлдесі, үстінде ақ шекпені бар ақсақалды адам Толыбайға келіп: «Балам, сапарың оң болсын», – дейді де, қоржынынан алып бұған найзаның ұшын, қылыш, қанжар, садақ, қобыз, қамшы, қалам, дәуіт, бүркіттің тұғырын, қойдың жауырынын және бір уыс құмалақ пен бір шоқ шөп береді. Содан кейін әлгі адам «қош, есен бол» деп жоқ болып кетеді. Толыбай сыншы ерте тұрып таң намазын оқиды да, таңертеңгі тамақ үстінде бәйбішесіне, нөкерлеріне көрген түсін айтады. Қасындағы нөкерлерінің ең үлкені Нияз Қожекеұлы түсін ырымдап пайғамбарлық жолмен жориды. «Көсем аға, көрген түсіңіз керемет екен. Найзаның ұшы, қылыш, қанжар – батырлықтың белгісі, садақ – мергендіктің белгісі, бүркіт тұғыры – құсбегі саятшылықтың белгісі, қобыз – күйшіліктің белгісі, қалам мен дәуіт – ақындық пен ғұламалық­ тың белгісі, қойдың жауырыны мен құмалақ – сәуегейліктің белгісі, бір уыс шөп – емшіліктің белгісі. Иншалла, құдай жар болып жеңгемізден тағы бір жақсы ұл көресіз. Ол өзіңізге ұқсап әрі көсем, әрі шешен батыр болады. Әлгі қасиеттердің бәрі соның бойына қонады», – деп тұжырады.

Қожаберген жырау – 350 Сонда Нияздың немере інісі Қантай сардар Толыбай сыншыға: «Тархан аға, бұл түсті Қожа Ахмет Иасауи әулиенің басында көрдіңіз ғой, болашақ келетін ұлыңыздың атын Қожаберген қойыңыз», – дейді. Отырғандар түгел құптасып қалады. Сол ырым қабыл болып, нағашысына барып қайтқан соң жарты жылдан кейін Толыбай сыншының Ақбілек бәйбішесі жүкті болады. 1663 жылы нау­ рыз айының басында босанып, ұл туады. Баяғы уағда бойынша жас нәресте­ге Қожаберген деп ат қойған екен. Қожаберген өмірде расында да түс аянға сай нағыз сегіз қырлы бір сырлы болып өткен адам екендігін біліп отырмыз. Қожаберген жырау 1763 жылы қазан айында жүз жастан асқан шағында туған жері Гүлтөбеде қайтыс болады. Әкесінің атымен аталатын сол жердегі То­ лыбай сыншы қорымына жерленеді. Жыраудың ағасы Қарабастың Асқап деген ұлынан туған Көшек батыр 1764 жылы Қожаберген бабасының жылына арнап ас береді. Ол асқа Абылай хан, Бұқар жырау, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Көтеш жыраулар қатысады. Көтеш жырау Қожабергеннің асына арнап өлең шығарған. Ол өз өлеңінде аста бәйгеге үшке бөлініп 1 500 ат шапқанын айтады. Енді Айша апамызға келейік. Шиеліге Бестамға төркіндеп жүрген Айша апа­ мыз кім десек, оның да жауабын «Елім-ай» дастанынан табамыз. Мейман боп келемін деп қуаң Сырға, Қайта алмай қиналдым ғой мен де қырға. Халқымның мүшкіл халін көзбен көріп, Қобыз ап қосып тұрмын мұңды жырға. Сүйген жарым Айшаның Асыл тегін сұрасаң, Кіші жүз алшын ішінде Есентемір елі еді. Сылаң Сырдың бойында Мекені Бестам жер еді. Алдында өрген малының Есебі жоқ, көп еді. Қайын атам Қабылан би Өз халқына бел еді. Қартайса да беделді, Айтулы ердің бірі еді.

Қожаберген жырау – 350 Жауда қалып туған жер, Еңіреді ел мен ер. Аударып табан көшсе де, Мұғалжар тауы шалғай жер! Шықса да талай қарсы дұшпан жауға, Шабақтай болды оралған құрған ауға. Алшынның рулары бел байлады, Көшпек боп Еділ-Жайық, Орал тауға, – деп, Айша жарының шыққан тегін ғана емес, ел жайын да баяндап береді. Қожаберген түп нағашылары кіші жүз Жалаңтөс баһадүр елінде Самар­ қанд медресесінде жүргенде өзімен бірге оқитын Айбасқали Қабылан би ұлы деген жігітпен дос болады. Медресені тамамдап еліне қайтарда Айбасқали досы Қожабергенді қонаққа шақырып, туған жері Сыр елі Бестамға ертіп барады. Сол сапарда ол Қабылан бидің бой жетіп отырған қызы, Айбасқали досының қарындасы Айшаны ұнатып, екі жас өзара сөз байласады. Еліне барған соң әке, ағаларына айтып, Қарабас деген ағасын ертіп келіп жол-жоралғымен құда түседі. Жылқы, түйеден тиесілі қалыңмал беріп, қызды отаулап алып қайтады. 1681 жылы Айшаның келін боп түскеніне бір жыл толғанда әкесі Толыбай сын­ шы да, шешесі Ақбілек те дүние салып, Қожаберген мен Айша ағасы Қарабас батырдың қамқорында қалады. «Елім-ай» өлеңінің әніне Айша Қабылан би қызының қатысына келсек, оның да жауабы сол «Елім-ай» жырында бар. Қожаберген жырау былай дейді: «Елім-ай» деп бастай бер, Айша жарым, Біз айтпасақ, кім айтар елдің зарын. Жауға шабар қасымда жасағым жоқ, Өлең айту болды ғой бар амалым. Біз айтпай, елдің зарын кім айтады? Мұндай жай ел қайғысын ұлғайтады. Халқына қысылғанда айтпағанда Пайдалы насихатын кім айтады? Бұған қарағанда Қожаберген төккен ащы жырды Айша зарлы әнге қосып таратқан да сияқты. Зерттеуші ғалым Г. Тұрсынова «Елім-айдың» әнін шығарған Айша дейтіні осыдан. Бірақ Айша шығарды дейтін басқа дүние

Қожаберген жырау – 350 кездеспейтіндіктен, сірә өлең де, ән де Қожабергеннің өзінің төл туынды­ сы болар деп пайымдаймыз. Оның үстіне, «Елім-ай» деп бастай бер, Айша жарым»,– деген өлең жолы әнді нақты Айша шығарды деуге айғақ болмаса керек. Қожабергеннің әкесі Толыбай сыншы Дәуленұлы да исі қазаққа жақсы та­ нымал адам. Көп жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерін басқарып, ордабасы-баһадүр атанған. Ол қара қылды қақ жарған әділ би, айыр көмей, жез таңдай шешен, ат сүрінгенше ақыл табатын сұңғыла пара­ сатты кісі болыпты. Алдағыны болжайтын көрегендігімен, адамды да, атты да, құсты да сынайтын сыншылық қасиетімен Толыбай сыншы атанған. Қожабер­ ген – оның бәйбішесі Ақбілектен туған жиырма ұлының кенжесі. Толыбай сын­ шы 1603 жылы туып, 1681 жылы дүниеден өткен. Сонда Қожаберген әкесінің 60 жасында көрген баласы. Толыбай сыншының басқа балалары да қаражаяу болмаған. Қожабергеннің анасы Ақбілек – арғын Айдабол бидің қызы. Қожаберген «Елім-ай» дастанында өзінің туған анасы Ақбілек жайында былай дейді: Орта жүз арғындағы асыл тектен, Анамның шыққан заты сүйіндіктен. Жиырма ұлдың көкжал туған сүт кенжесі ем, Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбілектен. Енді Қожабергеннің өз ұрпағын таратып айтар болсақ, бәйбішесі Айшадан он жеті ұл, Зейнеп есімді жалғыз қыз туады. Осы он жеті баласының көпшілігі қазақ-қалмақ соғысында шейіт болған. «Елім-ай» дастанында Сыр бойы Шиеліге Бестамға қайын жұртшылып Айшамен екеуі Науан және Бекет де­ ген екі ұлын және екі нөкерін ертіп келгенде сол төртеуі қалмақ оғынан қаза болғанын өкінішпен айтады. Қазір сегізінші атадан арғы ұрпақтары бар көрінеді. Мейман боп қайын жұртқа келіп едім, Сый-құрмет кіші жүзден көріп едім. Еліме қайтар кезде жау қамады, Жаратқан, осыншама не қып едім? Екі ұлым бірге еріп келіп еді, Қызықты Сыр бойынан көріп еді. Ақыры қан майданда шаһид болды, Қос құлыным жау қалмаққа не қып еді?

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жыраудың Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының тағы бір ғылыми мекемесі Тарих, археология және этнография институтының қолжазба қорында сақтаулы тұрған «Ер Қойлыбай» деген жырынан да бірсыпыра мәлімет табамыз. Ертеде қыпшақта өткен Ер Қойлыбай, Қолына жүрмейді екен қобыз алмай. Болған соң сол асылдан бізге мирас, Қобызды мен де жүрмін тастай алмай. Біздерге жәрдем болып аруақ, құдай, Жауымды талқандадым соғыста ұдай. Қыпшақта Қойлыбайды жырға қос деп, Түсімде аян берді әкем Толыбай. Қыпшақта Қойлыбайдың бұлтың заты, Басқадан артық болған парасаты. Молда боп заманында аты шыққан, Әбурахпан әкесінің екен аты. Бұл өлеңге байланысты назар аударатын бір мәселе Қожабергеннің әкесі де, өзі де сыйынатын Қойлыбай бақсыны Сыр бойында Шиеліні жайлаған қалың бұлтың қара қыпшақ өз бабалары санайды, Шиелі жерінде туған деп біледі. Бұл жайт та иіп әкеліп Толыбай мен Қожабергенді Шиелі жерімен тағы да бір байланыстырады. Бірақ Қойлыбай бақсының зираты қазір Ұлытау жерінде, ұлытаулықтар өз перзентіміз деп есептейді. Ол да жөн. Досбол би де, Ахмет ишан да, академик ғалым-жазушы Мұхаметжан Қаратаев та осылай екі елдің ортақ перзенттері, бұл тізімді біраз жерге апаруға болар еді. Шиелінің басқа көршілер Жаңақорған, Сырдария аудандарымен де осындай ортақтастықтары баршылық. Бұл қазақтың қай өңіріне болсын тән жәйт. Мұның барлығы да аумақтар әр кезде бір болыс, бір уезд, бір округ, бір аудан құрамына кіріп, кейін аумақтық бөліністер өзгерістерге ұшырағанымен, ағайын арасы үзілмей жалғасып жатқандығын көрсетеді. Қазақтың жері ортақ, жақсы адамы ортақ, ұлттың мақтаныштары баршаға, күллі қазаққа ортақ, өйткені қарға тамырлы қазақтың тарихы ортақ. Міне, сондықтан қазыналы жырау, қаһарман ордабасы бас сардар Қожаберген Толыбай сыншы ұлы мен Айша Қабылан би қызы – Сыр елінің, шиеліліктердің де мақтанышы.

Қожаберген жырау – 350 Әңгімемізді қайтадан «Елім-айға» бұратын болсақ, зерттеуші ғалымдар өлең «Елім-айдың» он төрт нұсқасы бар екендігін айтады. Өлеңнің үш нұсқасы жырға айналған. Бұл, әрине, әуелде ауызша шығарылып, ел ішіне тарап кет­ кен шығармаларға тән сипат. Оның айтушыдан айтушыға өткен сайын кейбір сөздерінің, шумақтарының өзгеріске ұшырауы, тіпті жаңа айтушы не жазып алушы тарапынан толықтырылып, жаңаланып отыруы, сөйтіп өзгешелігі бар жаңа нұсқасының пайда болуы ауыз әдебиетінде заңдылық. Бірақ бұл «Елімайдың» авторлығына күмән келтіре алмайды. Олардың бәріне тән ортақ белгі – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тарихы оқиғасының шынайы көрінісі, көзбен көрген, бастан өткерген адамның баяндауы, көркем ескерткіш екендігі. Шығармалар ұсынатын басты тағылым – халықты үнемі елін қорғауға, ол үшін ауызбіршілікте болуға үндеуі. Ескерткіш дегеннен шығады, биыл «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіретіне 290 жыл, тіпті әрі апарсақ, 2023 жылы үш ғасыр толады. Осыған орай Сыр елі Шиеліде ел ағылып жатқан Батыс Қазақстан – Батыс Қытай қасқа жолының бойына Қожаберген жырау мен Айшаға, «Елім-ай» жыры­ на ортақ ескерткіш орнатқан жөн болар еді. Бұл тарих тағылымына, әдебиет шығармасына, азаттық үшін алысып шейіт болғандар рухына арналған белгі бо­ лар еді-ау. Астанада «Ақбұлақ» ықшам ауданындағы көшеге берілген «Елімай» атауы – осындай бір белгі. Осы «Елім-айға» жапсарлас «Серпер» көшесін сардар-жырау Қожаберген есімімен атаса, домбыраның қос ішегіндей қатар тар­ тылып, азаматтық ерліктің сабақтастығындай болып батыр Бауыржан Момыш­ ұлы даңғылына жалғасар еді. Елдікті рухтар осындай ескеткіштің қажеттігіне мақала тақырыбына тікелей қатысты болмаса да рухы ортақ әрі Шиелі жеріне тікелей қатысты тағы бір жайт­ ты да сөз ретінде айта кетейін. Жазушы-зерттеуші Таласбек Әсемқұлов «Еге­ мен Қазақстан» газетінде биыл 5-11 қаңтарда жарияланған «Қондыгер-қаңлы» деген аса көлемді мақаласында Тұран елін жаулауға келген парсы Құрыш (Кир) патшаның әскері мен өз елінің тәуелсіздігін қорғаған Тұмар (Томирис) пат­ шайым бастаған скифтер (сақ-түріктер) қолы арасындағы кескілескен шайқас біздің дәуірімізге дейінгі 529 жылы тамыз айында Сыр бойында нақ Шиелі жерінде болған деген батыл болжам айтты. Бұл – парсылар күйрей жеңілген, скифтер (сақ-түріктер) Құрыш (Кир) патшаның басын шауып алып, «қанға тоймадың ғой, енді қанып іш» деп, қан толтырылған көн дорбаға салыпты және ол дорбаны парсы жасағынан азын-аулақ тірі қалғандарының қолына ұстатып еліне қайтарыпты дейтін әлемдік тарихта әйгілі жеңімпаз соғыс («Еге­ мен Қазақстан», 2013 жылғы 9, 11 қаңтар). Тарихшылар бұл оқиға Әмудария

Қожаберген жырау – 350 мен Сырдария арасында бүгінгі қазақ даласының оңтүстігінде болды деп ай­ тып жүргендерімен, ол шайқас даласы Шиелі жері еді деген дерек тұңғыш рет нақтылай айтылып отырғаны назар аудартады. Қалай дегенде де Тұмар (То­ мирис) патшайым бастаған скифтер (сақ-түріктер) қолының басқыншы парсы Құрыш (Кир) патшаның әскерін жеңіп, қанқұйлы патшаның басын алған, сөйтіп өз елінің тәуелсіздігін қорғап қалған осынау ұлы оқиғаға арнап шежірелі Сыр елі Шиеліде, Қызылордада ескерткіш орнатылса, бұл ықылым замандарға кететін тарихымыздың тереңдігін білдірмек әрі талай ұрпақтың қаны мен тері арқылы қол жеткен тәуелсіздік тарихын әспеттеу болары анық. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қасіреті – бұл қазақ халқының басына құрып кету қаупінің анық төнуі еді. Қашқан елде қайбір қауқар бол­ сын, жан сауғалай паналап барған жерлерінде де қоқаң көрді. Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтары бас сауғалаған қазақтарды одан сайын тонап, зәбір көрсетті. Батысқа, Жайыққа жеткен қазақтарды Еділ қалмақтары мен Жайық казактары қыспаққа алды. Міне, осылай тұс-тұстан талауға түскен қазақ халқының жер бетінен ұлт ретінде жойылып кетуі әбден-ақ мүмкін еді. Енді шегінер жер қалмаған-ды. Осындай жағдайда 1726 жылы мамырда үш жүздің бетке ұстар игі жақсылары Сыр Ана, Қаратау пана бойына қайта жиналды. Қарақұмда Төле би мен Қазыбек би бастаған билердің ұсынысымен қазақ әскерлерінің бас сардары болып кіші жүз ханы Әбілқайыр сайланды. Ұлы жүз жасағын Саурық батыр, орта жүз жасағын Бөгенбай батыр, кіші жүз жасағын Тайлақ батыр бастайтын болды. 1726 жылы күзде қазақтар Ұлытауда Бұланты және Білеуті өзендерінің арасындағы жазықта екі жақтан жүз мыңдай әскер қатысқан кескілескен шайқаста зор жеңіске жетті. Бұл жер содан «Қалмаққырылған» аталды. Қазақтар Қаратауын, Сыр бойын қайтарып алды. «Елім-айда» бұл ұрыстар былай сипатталады: Тұсында Таңбалы тас болып шайқас, Қазақтар ата жаумен салды айқас. Қалмақтар үсті-үстіне оқ боратты, Дегендей үш жүз ұлы көріп байқас. Бес мыңдай жау қырылған Үзкент жақта, Екпіндеп баса көктеп келген шақта. Бөгедік Сарысуда қалмақ қолын, Дұшпандар өте алмады батыс жаққа.

Қожаберген жырау – 350 Бұл шумақтарда аталатын Таңбалы тас, Сарысу өзені Шиелі жерінде Қаратаудың теріскей бетінде болса, Өзкент Сыр бойында Шиелімен жапсар­ лас Жаңақорғандағы жер атауы. Жауға алғашқы тойтарыстар Телікөл маңында Шиелі Ұлытау жерінде берілді. Бұл оқиға Ілияс Есенберлиннің «Көшпенді­ лер» трилогиясының екінші кітабы «Жанталас» романында да көркем су­ реттелген. Классик жазушы сондай-ақ Абылай басқарған негізгі қол Шиелі, Жаңақорған арқылы Түркістанды азат етуге аттанып, жолда Жаңақорған бекінісі үшін болған кескілескен шайқасты да келістіре сипаттайды. Жеңілген жоңғарлардың Сыр бойын босатқанын баяндайды. Бірақ ол кезде Шиелі де­ ген елдімекен болмаған, жазушы Шиеліні үнемі өзен, Сырдарияның бір тармағы ретінде атайды. Бұл жеңістер елдің еңсесін көтеріп, жігерлендірді. Одан кейін 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында Итішпес көлінің маңындағы Аңырақай даласындағы ірі жеңіс қазақ жерін толық азат етуде шешуші бетбұрыс жасады. Бұл жазық «Жоңғарлар аңыраған жер» деп аталып кетті. Жер атауы демекші қазақ даласында, әсіресе, Шығыс пен Жетісуда қалмақ батырларының аты­ мен аталған, мысалы Қаскелең, Шамалған, Нарынқол деген сияқты жер ата­ улары кездеседі. Бұл қазақ батырлары жекпе-жек шайқаста қалмақ батырын жеңіп, өлтірген жерлер делінеді. Ол кезде жауды жеңгендіктің белгісі ретінде сол шайқас болған жерлерге жеңілген жау батырының атын қойып кете береген дәстүр болған сыңайлы. Бұл жеңістердің маңызын «Қазақ тарихының әліппесі» деген танымдық кі­ табында көрнекті жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин өте дәл ашып көрсетті: «Егер Бұланты мен Аңырақайдағы жеңістер болмаса, Қазақ Ордасы осыдан үш жүз жыл бұрын мүлде тозып құрып біткен Ноғай Ордасының кебін киері анықты. Тоқтау көрмеген Жоңғар қалмағы енді бірер серпіннен соң Еділ қалмағымен тоғысар еді. Сарыарқадан айырылған соң қазақтың барар жері, басар тауы қалмас еді. Хандық садаға, халқының өзі құрып кетер еді». Ойлап қараған қазақтың жаны түршікпей ме! Бұл өткен ғасырда 1941-1945 жылдары неміс-фашистермен болған Мәскеу, Сталинград, Курск шайқастарында совет халқы жеткен шешуші шайқастар­ мен барабар емес пе! «Елім-айға», Тұмар патшайым жеңісіне ескерткіштер сол үшін керек! Қазақ халқының арғы тегінің, қазақтың өзінің қай заманда болса да, оның ішінде ХV-ХVІІІ ғасырларда жоңғар басқыншыларымен болған азаттық күресі – Ұлы Отан соғысы. Орыстар француздармен соғысын Отан соғысы деп атап, Бородинода ескерткіш белгі қойды емес пе. Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы бұл жеңістерін орыс тарихымен, ХХ ға­ сырдағы cовет халқы деп аталған бірлестік жеңістермен салыстыруымыз бекер

Қожаберген жырау – 350 емес. Өйткені қазақ жерлерін жоңғарлардан толық тазартып болмай жатып, кіші жүз ханы Әбілқайыр қазақ халқының бұдан былайғы тағдырын біржолата шеш­ кен күрделі бетбұрыс қадамға барды. Көп тостық Әбілқайыр келеді деп, Тосыннан жауға соққы береді деп. Алайда негізгі қол көрінбеді, Қорықтық халық түгел өледі деп. Қамданып жасақ жиып, тігіп шатыр, Қолбасшы Әбілқайыр қайда жатыр? Сәмеке, Әбілмәмбет, Ғайып, Болаттың Көмегі қазақтарға болмады ақыр, – деп күңіренеді жауынгер жырау Қожаберген «Елім-айлап». Қазақтың бас қолбасшысы Әбілқайыр кіші жүз жасақтарын майдан дала­ сынан алып кетті. Сөйтіп 1731 жылғы 10 қазанда қазақ хандарының ішінде ал­ дымен бодандыққа мойын ұсынып, Ресей империясының қолтығына кірді. Бұл оқиға, Әбілқайырдың әрекеті совет заманында іргелі мемлекетті паналаудың арқасында қазақтарды құрып кетуден құтқарған бірден-бір дұрыс шешім бол­ ды деп жөн іс ретінде құпталып келгенімен, жаңа тәуелсіз заманда бұрынғыдай біржақты бағаланып отырған жоқ. Қазақ халқының 260 жылға созылған игілігі де аз емес, қиянаты да жетіп-артыларлық Совет Одағы – Ресейде отарлық күй кешуі, жансебілі, жаңа тарихы басталып кетті. Бұл кезеңде ХХ ғасырда 19161945 жылдары, бас аяғы отыз жыл ішінде қазақ халқы тағы да үштен екі бөлігіне жуық адамынан айрылып, есеңгіреп қалды. Совет заманында ұлттық рухынан, ділінен, тілінен айрылудың аз-ақ алдында тұрды. Бүгінгі тәуелсіздікке жетудің тоқпақты да соқпақты жолы, тәуелсіздік үшін қазақ халқы берген құн осы болды. Болса да адам үшін жаман ресім, Қалайша айтпай қоям мұның несін. Халқымның хал жағдайын өлең етіп, Жырладым апат күннің шежіресін. Артымда өзім өлсем атым қалсын, Жырыма барша жұртым құлақ салсын. «Бабамның Қожаберген өлеңі», – деп, Ұмытпай кейінгі ұрпақ есіне алсын, – 10-254

Қожаберген жырау – 350 деген өсиет қалдырыпты Қожаберген жырау. Жоңғар – қазақ соғысында туған «Елім-ай» жырының 290 жылдығы, оны шығарған сардар, сазгер-жы­ рау Қожабергеннің 350 жылдығы ел тарихын қайта саралаудың, жаңаша пайымдаудың бір белесі болмақ. Елі үшін еңбек сіңірген елеулі тұлғаны ұмытпай еске алып жүру деген осы болса керек. «Елім-ай» жыры тарих, әдебиет оқулықтарына енгені құба-құп. Үш ғасырлық «Елім-айдан» бүгінгі «Менің Қазақстанымға» дейінгі ащылы-тұщылы тарихтың тағылымдарын ұрпақтар са­ насына сіңіру, сабақ алу елінің тәуелсіздігі үшін қаны мен терін төккен қайран ерлер еңбегіне жасалған тағзым. «Солтүстік Қазақстан» газеті, 26 шілде-7 тамыз 2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҚОЖАБЕРГЕН ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ Ғалым ҚАДІРӘЛІҰЛЫ, өлкетанушы Өз заманының дүлдүлі, асқан дарын иесі Қожаберген жырау – екі ғасыр­ дың куәгері, жүз жасаған адам. Табиғат оған ұлылықты да, жасты да аямай-ақ берген. Біздің ғасырымызда атақты адамдардан жүз жасағаны Жамбыл ғана. Сонау ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар тоғысында өмір сүрген жерлесіміз Қожаберген жыраудың тағдыры осыған дейін қалай болып келді деген ой көкейден кетпей­ ді. Бұрынғы Совет Одағы кезіндегі солақай саясат «ұлтшылдық», «рушылдық» пиғылдың түп тамырын қырқамыз деп жүргенде өткен тарихымыздың қалай бұрмаланғанын байқамай да қалыппыз. Соның нәтижесінде ұлыларымыз ұмытылып, ақын-жырау мен асыл мұраларымыз көмескі тарихымыздың кө­ леңкесінде көрінбей қалғаны шындық. Енді соңғы он жылда егеменді ел болып, есімізді жинаған кезде жоғалғанды мұрағаттан қазып, ауыздағыны елден жинап, өлең-жыр, аңыз-әңгімелерді тырнақтап теріп жатырмыз. Қожаберген жырау да іздестіріліп, теріліп зерттеліп жатыр. Ауыз әдебиеті­ нің зерттеушілері, ғалымдар мен жазушылар бұл жыраудың біраз енбектерінің бетін ашты, әлі де ашылмағандары баршылық. Бұл бетбұрыстың басталуы келешек­те оқушы жастарға Қожаберген жырауды толық көлемде көрсетіледі де­ ген сенім білдіреді. Мәселен, оның «Елім-ай!» дастаны толық көлемде табылса, онда біз жалғыз Қожабергенді танып қоймай, онымен қоса сол XVІІ-XVІІІ ға­ сырлардағы қазақ елін, оның әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, шежіре тарихын, бүкіл болмысын білген болар едік. Зерттеушілердің айтуынша, жеті бөлімнен тұратын бұл тарихи дастанның қазіргі таңда бір-ақ бөлімі қолда бар көрінеді. Қолда бар деректерге сүйене отырып Қожаберген туралы өз ойымызды айту үшін алдымен ол өмір сүрген ортаны, сол кезеңді, дәуірді шолып өткен жөн бо­

Қожаберген жырау – 350 лар. Қожаберген он жетіге келгенде елді Тәуке хан билейді. Ол Жәңгір ханның баласы. Хандық билікті шамамен 1680 жылдары алады. Тәуке сол кездің өзін­ де елулерге келіп қалған, егде тартқан, ақыл тоқтатқан, тәжірибесі мол, білікті адам болған. Орыс патшалығын бұл кезде І Петр билеп тұрды. Қойшығара Салғараұлы «Қазақтар» деген еңбегінде бұл кезеңді ерекше суреттейді. Атап айтқанда ол елдің іргесін аман сақтау, сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізу, ел ішінде құқықтық тәртіп орнату сияқты күрделі саяси қоғамдық, мемлекет­ тік мәселелермен тікелей айналысқан. Жәңгір хан жанына батырлар жинап, хандығын білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғаса, ал оның баласы Тәуке хан төңірегіне ақыл иелерін жинап, ақыл-ой мен парасат үстемдігін орнатты. Оның қасында ұлы жүзден Төле би, орта жүзден Қазыбек би, кіші жүзден Әйтеке би, қырғыздан Қоқым би, қарақалпақтан Сасық би сияқты аса беделді, ақылды адамдар болған. Сөйтіп Тәуке хан осы ақылы асқан «алыптардың» ара­ сында отырып «Әз Тәуке хан» атанады. Қожаберген Әз Тәуке ханның рөлін былай суреттейді: Төрелер Әз Тәукедей бола алмады, Оларға қазақ көңілі тола алмады. Арамза Қайып, Болат сатқын болып, Кездейсоқ ел жағдайы оңалмады. Әз Тәуке хан халықтың басын біріктіріп, бірлікке, ынтымаққа шақырады және қуғын-сүргін, барымта, зорлық-зомбылық сияқты халықтың берекесін кетіретін зиянды әдеттерді жоюмен айналысады. Осындай істердің нәтижесін­ де қазақ хандығының беделі арта түседі. Бірақ сыртқы жаулар көз алартуын тоқтатпайды. Жоңғар қалмақтарының шабулы бұрынғыдан да үдей түседі. Алдағы айтқан алдыңғы толқын ұлылардың, ақыл иелерінің ізгі істері Қожабергенді де ұлылыққа жетелегені сөзсіз. Сол сияқты соғыс, ел қорғау ісі оны ерлікке, батырлыққа баулығаны да белгілі. Әз Тәуке хан аузын арандай ашып отырған көрші екі (орыс, қытай) империяға бас иіп, бағына қойған жоқ. Елшілік қарым-қатынастар жөніндегі деректерге қарағанда тіпті сескенушілік те байқатпайды. Бірақ екі империя қалмақтарды айдап салып, өздері тікелей соғысқа қатыспағанымен, қолтығына су бүркіп, бойына дем беріп отырды. Әз Тәуке ханның ел ішіндегі тәртіпті бір жүйеге келтіру мақсатында шығар­ ған «Жеті Жарғы» деп аталатын құқықтық заңы да тарихта ерекше аталады. Оны сол кездегі «Конституциялық ескерткіш» деп атай аламыз. Мұндай жарғы Тәукеге дейін, әлде одан кейін болды ма? Неге «Жеті Жарғы» деп аталған? Бұл

Қожаберген жырау – 350 сұрақтарға жауап әр қилы. Себебі жазба мәдениетінің ол кезде кенже қалуы­ нан дәл айтуға мүмкіндік болмай отыр. Әлеуметтік саяси жағдайдың осындай дәрежеде тұрған кезінде Қожаберген өсіп, ер жетті, қоғамдық өмірге белсене араласты. Қожаберген Солстүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы Жеке­ көлге қарасты Гүлтөбе деген жерде 1663 жылы өмірге келеді. Әкесі Толы­ бай Дәуленұлы кезінде сыншы, ел басқарған адам, ел қорғаған батыр, әділ би, жезтаңдай шешен болған. Ел арасында «Толыбай сыншы» атанған. Толыбай сыншының бәйбішесі Ақбілектен 20 ұл туады, соның ең кенжесі Қожаберген еді. Толыбайдың балалары Орта Азиядағы Үргеніш, Бұхара, Самарқанд қа­ лаларында оқып, мұсылманша білім алады. Әрине, Қожаберген дін жолын қуып имам-ишан болмайды, әке жолын қуып он жеті жасынан бастап мемлекеттік іске араласады. Тәуке хан оны Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарына дипломатия­- лық жұмыстарға жібереді. Ол араб, парсы тілдерін жетік меңгереді. Қожаберген кіші жүздегі алшындардың есентемір руынан шыққан Қабылан бидің Айша деген қызына үйленеді. Жол-жора, құда түсу, т.б. рәсімдерін Қожабергеннің ағасы Қарабас батыр жасайды. Айшаны елге алып келеді, бір жылдан кейін Қожабергеннің әке-шешесі (Толыбай сыншы және Ақбілек) дүние салады. Ал Қожаберген және оның жанұясы әлгі Қарабас батырдың қамқорлығына қалады. Соғыс өнерін үйренеді, одан соң тікелей соғысқа да қатысады. Тәуке хан Қожабергеннің батырлығын, батылдығын, ақылдылығын ескере келе оны Сібір біріккен әскери жасағының ордабасы (қолбасшысы) етіп тағайындайды. Ол жасақтың құрамында қазақтармен қатар ноғайлар, татарлар, қарақалпақтар, т.б. ұлт өкілдері болған. Қожабергеннің ақын-жырау, күйші-композиторлық қасиеті бойына біткен табиғи дарындылығынан шығар, ал батырлығы сол кездегі тарихи-әлеуметтік жағдайға байланысты туған күш-қайрат, ашу-жігер, ыза-кек болар. Онымен қоса шығу тегі, өмір сүрген ортасы да білімді, касиетті, дана, батыр азаматтардан құралған. Қазақ-қалмақ соғысы үздік-создық, бірде алысып, бірде шабысып, бас аяғы екі ғасырға созылғандығын білеміз. Академик белгілі тарихшы Манаш Қозыбаев былай дейді: «Көшпелі қазақ халқының мәдениеті баяу дамыды. Оған себеп – жаугершілік, соғыс. Батырлық, қол бастау – қазақтың ата өнері. Өз жерін қорғау, немесе жаугершілікпен айна­ лысу ата-бабаларымыздың маңдайына біткен іс тәрізді». Әр ұрпақтың өз батырлары туады, өсіп шынығады, олар еліміздің тәуелсізді­ гін сақтап қалды. Солардың түгел дерлік артында аты, соңында ізі қалды деп айта алмаймыз. Қожаберген жыраудың атын ол өзі шығарып кетті. Батыр-қолбасшы болды, оған себеп болған нәрсе – батылдығы мен ақылдылығы.

Қожаберген жырау – 350 Соғыс болмай, тыныш жатқан ел болса, оның батырлық жағы көрінбес те еді. Қожаберген өмір сүрген кезеңде елдің жағдайы қандай күйде еді? Халқымыз соғыс зардабын неліктен шекті? Әрине, бұл үлкен, ұзақ тарихи кезең. Сондықтан тарихи деректерге сүйенгеніміз дұрыс болар. Манаш Қозыбаевтың айтуын­ ша, қос бүйірден екіге бөлінген жоңғар-қалмақ қазақ даласына XVІ ғасырдың аяғынынң XVІІІ ғасырдың ортасына дейін үзбей ойран салады. Он жетінші ғасырдың орта кезінде Ұлы жүздің шығыс аймағын жаулап алады. Ал XVІІІ ға­ сырдың басында Алтай, Алатау, Еділ, Жайық, Шу, Талас, Сыр, Қаратау өңірін биледі. Одан соң Тараз бен Түркістанды басып алады. XVІІ-XVІІІ ғасырларда жонғарлар қазақ елін тоздырды, халықтың жартысынан артығы қырылды. Осы туралы Қожаберген жырау былай дейді: Бүгінгі күн – мұнар күн. Жер бетін тұман басқан күн. Жалаңтөс аспас асудан Кәпір қалмақ асқан күн. Ақыл таппай қиналып, Билерім қатты сасқан күн. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы бірқыдыру жер­лерді жаулап алғанымен қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне дәрмені жетпеді. Тәңірберген Қалилаханов өзінің еңбегінде бұл соғыс жөнінде былай атап өтеді. Халқымыз «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған кезде орта жүз бен кіші жүз хандықтары бір мәмлеге келе алмай өз беттерімен түйе айдап, Арқа мен Жетісу халықтары босып кетті. кіші жүздің ханы Әбілхайыр орыс патша айы­ мы Анна Иоанновнаның етегіне оралды. Халық соғыстан, аштықтан Алқакөл маңында сұлап жатты, тірілері Сыр бойына құлап жетті. Қалмақтар Арқа мен Жетісудың жайлы жерін толық жаулап алып, одан кейін тастап кетпеуді ойлады. Сайып келгенде қазақ пен қалмақ «өліспей беріспейтін» қырғын соғысқа кірісті. Соғыс тәсіліне үйренген, ерліктің жыршысы Қожаберген жырау былай дейді: Сол кезде өзімді өзім тоқтата алмай, Ұрандап «Ошыбайлап» салдым айғай. Сілтедім оңды-солды көк найзаны, Жығылды талай дұшпан салып ойбай. Жоңғар жорығында тойтарыс беру, қалмақтарды өз жерімізден қуу үшін бірігу, табан тіресе алатын күш жинау үш жүздің ортақ мақсатына айналады.

Қожаберген жырау – 350 «Ақтабан шұбырынды» босқынында тоз-тоз болып, сүттей іріген қазақ рутайпаларын біріктіріп, жеңіске жетелейтін ерекше күш қажет болады. Әз Тәуке хан XVІІІ ғасырдың басында қайраты кетіп қартайып, билік тіз­гінін бұрынғыдай берік ұстай алмайтын халге жетеді. Ол өлгеннен кейін (1718 ж.) таққа таласу басталады. Әбілқайыр және оны жақтаушы билер кіші жүзді жеке бөліп әкетуді ойлады. Мұның ақыры орталық биліктің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Тәуке ханнан кейін қазақ хандығының іштей ыдырап, берекесі кете бастағанын сезген жоңғарлар кеткен есесін қайтарар сәттің ту­ ғанын біліп, жойқын шабулға шығады. Аз уақыттың ішінде хандықтың тасталқанын шығарып, тұтас елді босқынға ұшыратады. Сөйтіп халықтың қаралы күні «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» басталады. Әз Тәуке өлгеннен кейін оның орнын баласы Болат басады. Бірақ Болат хан Әз Тәукенің үңірейген орнын толтыра алмайды. Енді халық өз тағдырын өзі шешпек. Оның бірден-бір жолы – билер арқылы шешу. Негізгі мақсат – ата жауға соққы беріп, атамекенді қайырып алу. Тек 1726 жылы ғана үш жүздің өкілдері Ордабасына жиналып құрылтай жиынын өткізеді. Ол жиынды басқарған шала-шарпы хандар емес атақты билер: ұлы жүз Төле би Әлібекұлы (1663-1756), орта жүз Қазыбек би Келдібекұлы (1667-1764), кіші жүз Әйтеке (Айтақ) би Байбекұлы (1682-1766) еді. Бұл ұлы жиын елдіктің, бірліктің көрінісі болып тарихқа енді. Сөйтіп халықтың санасына шапқыншылықтан құтылу, елді апаттан сақтап қалу, сөйтіп дербес ел болу саясатын енгізді. Қожаберген жыраудың замандастары, құрдастары үш кемеңгер бір арнаға қосылып, елдің келешегіне жол ашты. Болат хан өлгеннен кейін оның орнына кіші жүз ханы Әбілқайыр, Әбілмәмбет (Болаттың баласы), Сәмеке (Болаттың немере ағасы) таласты. Ұлы қырғын кезінде олар бір-біріне бағынбай ыдырап кетті. Елді билер басқарды, ел бірікті. Бұланты өзенінің бойында қазақтар қалмақтарға ойсырата соққы береді. Бұл жерді бүгін «Қалмаққырылған» деп айтады. Одан кейінгі үлкен соққы Аңырақай­ да болады. Осы екі жер қазақ елі бірлігінің, батырлығының ескерткішіндей бо­ лып қалды. Ұлы жеңісті ұйымдастырған сол кездегі өз беттерімен түйе айдаған хандар емес, бірліктің берік қазығы болған дана билер еді. Алдағы аталған үш дана билер, Жәнібек хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, Абы­ лай хан ел бірлігін, ел тұтастығын ойлаған ірі тұлғалар ұлттық тарихымыз­дың төрінен құрметті орын алады. Қожаберген жырау – өз өмірінде осыларды көріп тікелей олармен араласқан, ұлылардан ұлағат алған адам. Ендеше оның да дана болып тууы, өсуі – заңды құбылыс. Бұл жерде Абылай ханның Қожаберген жыраудың өлеңдерінде неге кездеспейтіндігі жөнінде айта кеткен жөн.

Қожаберген жырау – 350 Абылай Қожабергеннің саналы өмірі кезінде қалмақ басқаншылығына қар­сы ұлт-азаттық күреске қатысып жүрген батырлардың бірі еді. Ш. Уәлихановтың айтуынша «әкесін өлтірген жаулардан жан сақтап жат елде өскен жетім бала Абылай (Әбілмансұр) хандықты мұрагерлікпен емес, өзінің батырлығымен, ақылдылығымен алған». Ал Бұқар жыраудың айтуынша, Абылай Төле бидің түйесін баққан құл болған, аты «Сабалақ». Қалмақ басқыншыларына қарсы жорықтарға қатысып, «хан болудың қамы» емес, халық үшін оққа кеудесін тосып, басын бәйгеге тіккен батыр болған. «Қарадан шыққан хан» деп атады. Бірақ Абылай төре тұқымынан, Шыңғыс ұрпағы. Сол Абылай-ӘбілмансұрСабалақ Аңырақай соғысында «Абылайлап» шауып жауды ойсырата жеңіп, қуып шығады. Содан Абылай атанып кеткен екен. Сәбит Мұқанов өз еңбегінде Абылай 48 жыл хан болды дейді. Ол Арыстанбай ақынның мына өлеңін дәлел үшін келтіреді: Қылады Мақаржада айлар сауда, Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда. Сұрасаң Абылайдың тұрған жері Хан болған 48 жыл Көкшетауда. «Абылай 1781 жылы өлді, олай болса, оны қазақтың хан көтеруі 1733 жыл болады», – дейді Сәбең. Бірақ бұл жерде Абылайды аға сұлтан деп танып, хандығын мойындамаушылық, тіпті батырлар санатынан да шығарып тастау біздің заманымызға дейін созылады. Абылайдың үш жүзге хан болып, таққа отыруын 1771 жылдан бастайды. Үш жүздің басын қосып, біртұтас ел жасау Абылай сияқты ерекше ер тұлғалардың ғана қолынан келмек. Сайып келген­ де Алтын Орда хандығының қақпанынан құтылып, еліне оралған қазақтарды қалмақтар қайта мазалап, жерін тартып алып еді. Сол ұзаққа созылған соғыс қазақтардың жеңісімен аяқталды. Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қожаберген жырау халқымыздың тағдырын айта келе бір жерінде былай дейді: Қазыбек, ер Жәнібек, Алдарбек би, Көрді олар өз халқынан кеткенін күй. Үшеуі тозған елді біріктірер, Қайғырма, азаматтар, есіңді жи! Шынында Жәнібек айбарлы батыр, ерен қолбасшы болған. Хан болса Абы­ лайдай, батыр болса Жәнібектей болсын дейді. Олай болса тарихта Жәнібек­

Қожаберген жырау – 350 тің есімі Абылаймен қоса айтылады. Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім қажы, Тәттіқара, т.б. Жәнібек Шақшақұлының батырлығына сүйсі­ ніп, өздерінің өлең, шығармаларында оны ерекше атап өтеді. Қожаберген жырау заманы дүрбелең соғыс, зобалаң қайғы-қасірет қана емес, алып ақыл иелері мен әйгіл батырлар шыққан кез болатын. Бұқар жырау айтқандай: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Орманнан көп орта жүз, Содан шыққан төрт тірек, – деп, бір тірегі Жәнібек екенін сөз етеді. «Ақтабан шұбырындыда» Арқаға көшкен қазақ рулары (арғын, қыпшақ, найман, керей, уақ) бірнеше жыл хансыз тұрады. Олай болса Абылай арқада 38 жыл хандық құрып, ақ туының астына халықты топтастырған. Содан соң ғана үш жүзді билеген. Қожаберген жыраудың артына қалдырған әдеби-рухани мұрасы (бізге жеткені, жетпегені бар) аз емес. Олар ондаған дастандары, толғаулары, өлеңдері, әндері, күйлері бәрі де асыл қазына. Осы қазынаның ішінде өзі бір төбе оқшау тұратын еңбегі – «Елім-ай» дастаны. Белгілі зерттеуші-жазушы Нәбиден Әбу­ тәлиев «Елім-ай» – ел гимні» деп жазды. Әрине, сол ХVІІІ ғасырды тарихи кезеңімен алсақ, бұл шығарманың гимн екеніне ешкімнің дауы болмас. Өйткені ол кезеңде «Елім-ай» алдына шығар шығарма бола қойған жоқ. Жоңғарлар жорығын, халқымыздың қиын-қыстау кезеңін, қайғы-қасыретін бейнелейтін бұдан асқан шығарма кейін де кездеспеген шығар. Оның алғашқы шумақтары ғасырлар бойы ұмытылмай ел аузында жатталып қалуының өзі шығарманың құндылығын көрсетеді. Бірақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атты та­ рихи зұбалаң-қасірет жөніндегі еңбекті білсек те, оны кім сөзін жазды, әнін кім шығарды деген сауалға жауап жоқ болатын. Халық әні деп айтылатын еді. Енді бүгінде иесі табылып, тарих шындығының беті ашылуда. «Елім-айдың» иесі – Қожаберген жырау. Алдыменен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» не екенін айта кеткен жөн болар. Белгілі зерттеуші-тарихшы Мұхаметжан Тынышпаев 1723 жылғы ұлы сүрбелеңді былай суреттейді: «Қалмақтар шабулы кезінде халық ел-жұртын та­ стап, жанынан, малынан, жерінен айырылып, босып кетті. Осы босқындарды

Қожаберген жырау – 350 «Ақтабан шұбырынды» деп атаған. Сол кезеңде халық Сырдария өзеніне бет­теп ағылады. Ол өзеннің екі қанатында Алқакөл деген екі көл бар. Екеуі де жаудан құтылуға қолайлы жер болған. Жан ұшырып, жан сауғалап Сыр бойына құлап жығылады халық. Мұны халық «Алқакөл сұлама» дейді». М. Тынышпаевтың айтуынша, Сыр бойына қашқандар көп қырылады, ал Қаратаудан бері Ұлытауға, Торғай, Солтүстікке кеткендері көп шығынға ұшырамайды. Олардың көпшілігі арғындар болатын. «Міне, осы құбылысты Қожаберген жырау өзінің «Елім-ай» дастанында бастан-аяқ жырға қосап суреттейді. Өз өмірін айта келе ғасыр мұңын, ғасыр сырын, ғасыр жырын шертеді. «Елім-ай» дастандық дәрежеден жоғары, биік тұр», – дейді М. Қозыбаев. Ол – эпопеялық ұлы туынды, өйткені онда ұлт та­рихы сараланып, салт-сана, мемлекет билеу ісі, әскери оқиғалар, түрлі дүбірлі дүниелер айқын суреттелген. Олай болса Қожаберген – дауылпаз ақын, жы­ рау. Ол – Жоңғар империясының дамуы мен күшею жолдарын ашқан тарихшы адам. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» себебі – екі империяның (орыс, қытай), көршілес Қоқан, Хиуа, Бұқар елдерінің қазақтарға қырын қарауы және іштегі алауыздық, бақталастық, берекесіздік болатын. Сөйтіп Қожаберген жырау осы уақиғаны егіліп-төгіліп жырлайды, бірақ болашаққа сеніммен қарайды. «Елім-ай» дастанының зарлы, жоқтау, қайғылы үнмен айтылуы заңды. Оның «жыр мақамы» қобызбен орындауға лайықты. Халық әні деп келген «Елім-айдың» әні де, сөзі де Қожаберген жыраудікі екенін аңғару мына жол­ дардан байқалады: Қолыма қобыз алып, әнге шырқап, Айтайын көргенімді өлеңменен. Қожаберген – ақын, дарын иесі, бүкіл саналы өмірі жаугершілік, соғыс, қыр­ ғын кезеңінде өткендіктен және қолына қару алып өзі де соған араласқандық­ тан дастан-жырларында ерлікті, батырлықты жырлайды, бірлікке шақырады. Оның дастандарының өзі(ел аузында қалған) – кесек-кесек шығарма, үлкенүлкен мұра. Олар «Елім-ай», «Ер Көкше», «Ер Есім», «Ер Сырым», «Ер Қасым», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Бөгенбай», «Қабанбай», «Орақ ба­ тыр», «Ер Едіге», «Қойлыбай көреген», «Қорқыт баба», «Әмір Темір», «Айша – Жанша», «Соқыр абыз», «Баба тіл», «Ататек», т.б. дастандары, «Ақсуат», «Ғасыр жас», «Дүние», «Жігіттік» сияқты толғаулары, «Қарғыс атқан қал­ мақ-ай», «Шоңғал тас», «Сылаң сыр», «Балқан тау», «Қазақ пен ноғайдың

Қожаберген жырау – 350 қоштасуы» атты өлеңдері, өзі шығарған «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр» «Күлдірмамай», «Сұлама» күйлері еді. «Күлдірмамай» күйі өзі қолынан жа­ сап шығарған білтелі мылтығына арналып шығарылған екен. Сайып келгенде жыраудың дастандары да, толғаулары да, өлеңдері де, әндері мен күйлері де күрес, майдан, ерлік пей батырлық, сатқындық, қайғы-қасірет жайында болып отырады. Қожаберген жыраудың шығармашылығы туралы Бұқар жырау өзінің «Ұстазыма» деген елеңінде былай дейді: Шаңқобызын Қожа-екең Жосаменен сырлаған. Елім-айдай қиссасын Қан майданда жырлаған. «Елім-ай» деп ат қойған Ән мен күйін шығарған. Жұрттың мұңын ұғасың Тыңдағанда солардан. «Ер Көкше» мен «Ер Қосай» Ұстазымның жыры еді. Қозғағаны сардардың Халайықтың мұңы еді. «Елім-ай» дастанының шығу тарихы жөнінде бірер сөз айтуға болады. Ұлы қырғын болатын (1723) жылы Кожаберген отбасын алып, қайын жұртына бара­ ды. Қайын атасы Қабылан бидің үйінде (кіші жүз алшын) жаз бойы аунап-қунап қонақтап жатады. Сыр бойы, бүгінгі Қызылорда облысы болатын. Күз айының бірінде қалмақтардың тағы бір сұрапыл шабулы басталып кетеді. Бұл жоңғар қалмақтарына қосылып шапқан Еділ қалмақтары болатын. Тыныш жатқан қазақ елін кенеттен шабуылдаған қалмақтар қоршап алып, елді қыра бастайды. Қоршауда Қожаберген жырау да қалып қояды. Бұл жыраудың алпыстың асу­ ына келіп қалған кезі болатын. «Елім-ай» дастанының да басталуы осы кез еді. Ызғарлы күн шығыстан жел келеді, Шұбырған Алтай жақтан ел келеді. Еділге «Убашы» қалмақ тағы шапты, Зор бөгет тас маңдайға кез келеді.

Қожаберген жырау – 350 Осылай екі жақтан тиді қалмақ, Ғаскерін күн-түн демей жиды қалмақ. Қазаққа екі беттей шабуылдап, Түсірді бейбіт елге ауыр салмақ. Бастарын Қаратаудың мұнар жапқан, Сылдырап Сырдың суы сылаң қаққан. Жүргенде момын халқым көшіп-қонып, Кенеттен қалмақ құрды қанды қақпан, – дейді. «Елім-ай» дастанының алғашқы шұмақтарында. Жан ұшырып, әуре-сарсең болып жатқан кезде Қазыбек, Әйтеке, т.б. билерге, палуандарға, батырларға арналған үндеу-шумақтары, сол кездегі кіші жүз ханы Әбілқайырға ызасы бы­ лайша суреттеледі: Қамданған жасақ жиын тігіп шатыр, Қолбасшы Әбілхайыр қайда жатыр? Көп тостық Әбілхайыр келеді деп, Тосыннан жауға соққы береді деп. Алайда негізгі қол көрінбейді, Қорықтық халық түгел өледі деп. Осы соғыста Қожаберген жыраудың көптеген туыстары, балалары қаза та­ бады. Өзі қоршаудан құтылып шығып, жасының егделігіне қарамастан жауға қарсы күресін тоқтатпайды, жырларын жалғастырып жаза береді. Айша бәйбішеден он төрт ұл, бір қыз туады. Бірақ Айша Қожабергеннен бұрын қайтыс болады. Кәрілік өнінде Қожаберген былай дейді: ...Орта жас – ол да мені тастап кетті, Кәрілік Қожекеңе келіп жетті. Ту ұстап тұлпар мінген қайран күнім, Бір күнгідей болмай-ақ өтіп кетті. 1763 жылы тоқсан тоғыздан жүзге қараған шағында Қожаберген жырау туған жері Гүлтөбеде дүние салады. «Толыбай сыншы қорымында» жерленеді. Бір жылдан кейін (1764 ж.) туыстары Қожаберген бабасына арнап ас береді.

Қожаберген жырау – 350 Ол асқа Абылай хан, Бұқар жырау, Бөгенбай, Қабанбай батырлар, түрлі жыра­ улар, ақын, серілер қатысады. Қожаберген жырау өзінің туған тегін былайша атап кетеді: Көрші елге батырлықпен даңқы кеткен, Сібірдің батыс жағын мекен еткен. Керейде Толыбай сыншы кіші ұлы едім, Жырларым қазақ жұртын елжіреткен. Орта жүз арғындағы асыл тектен, Анамның шыққан заты сүйіндіктен. Жиырма ұлдың көкжал туған кенжесі едім, Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақбілектен. «Елім-ай» – ұзақ дастан. Өйткені онда Қожаберген жыраудың ұзақ өмірі, соған байланысты тарихи кезең, ұзаққа созылған қазақ-қалмақ соғысы жайында жазылған бүкіл дәуір дастаны бар. Қазақ жерінің төрт бұрышын түгел қамтыған бұл соғыс ешқашан ұмытылмақ емес. Ендеше бұл дастан ұрпақтан-ұрпаққа, ауыздан-ауызға тарап жалғаса бермек. Зар заманда туған «Елім-ай» дастаны – жалғыз Қожабергеннің көңілкүйінен ғана туған туынды емес, ол бүкіл халқымыздың қайғы-қасіретінен, мұңлы-зарынан туындаған тарихи шығарма. Бұл шығарманы оқып отырсаң, Қожаберген жыраудың ата-тегі, үрім-бұтағы, өскен ортасы, отбасы, халықтың әлеуметтік жайы, қалмақ-қазақ соғысы, бүкіл тарихи дәуір поэзиямен суреттеледі. Әрі ақын, әрі шежіреші Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы былай дейді: Қолбасы, ақын, жырау һәм елші-би, Шығарған «Елім-айдай» тамаша күй. «Елім-ай» әні менен жырын тағы Шығарған Қожаберген бабаңды сүй. Жазу мәдениеті ол кезеңде дамымаса да, ауыз әдебиеті әбден дамыған қазақ жерінде Қожаберген жырау бізге қандай күйде жетті деген сұрақ туары сөзсіз. Кейбір деректерде Қожаберген мұрасы (өлеңдері) алғашында былғары тері­ге жазылған. Ол жазуларды Қожабергеннің немере інісі Дәстем сал Асқапұлы

Қожаберген жырау – 350 Көшек деген кісіге табыс етеді. Одан соң бұл еңбек Сегіз серінің атасы Шақ­ шақтың қолына түседі. Шақшақ бұл жазуды Сексен деген ұлына береді. Төңкеріске (революцияға) дейін бұл мұраны Қожабергеннің ұрпағы Боранбай деген кісі сақтайды. Ал 1917 жылы шаш ал десе, бас алатын қызыл әскер офицері Досай деген кісі Қожабергеннің қолжазба еңбектерін және музакалық аспап­ тарын отқа жағып жібереді. Одан кейін жырау және Сегіз сері ұрпақтарының жазып алған дүниелері де жоғалып кетеді. Сөйтіп XX ғасырдың ішінде бар дүниелер жоғалып, асыл мұралар ізсіз кететін күйге ұшырайды. Бірақ халық аузында сақталған дүниелер жоғалып кетуі мүмкін емес. Әйтеуір әр түрлі нұсқалармен бізге жеткендері де бар. Оларды жеткізген әнші, ақынжыраулар, шежіреші-зерттеушілер. Қожабергенді ХІХ ғасырда зерттеп, жазып, оның дәрежесін көтеру мақса­ тын қойған ағым болды деп айту қиын. Тек ел аузындағы жаттанды-өлеңдері, одан кейінгі Ы. Алтынсарин мен Сегіз серінің және басқа ақын-жыраулардың айтып кеткендеріне сүйенуге тура келеді. ХХ ғасырда С. Торайғыров, С. Сейфуллин, одан кейін Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, І. Омаров сияқты абзал ардақты азаматтар Қожабергенді зерттеуге шын кіріскен. Бірақ оған тарихи-қоғамдық, саяси өзгерістер кедергі болғаны да белгілі. Қожаберген жыраудың мұраларын тиянақтап, жүйелі жұмыс жүргізген жазушы Нәбиден Әбутәлиевтің еңбегін ерекше атаған жөн. Ол көптеген ма­қалаларымен қоса «Ордабасы Қожаберген» деген жинағын (1995 ж.) шығарды. Соңғы 10-15 жыл ішінде Қожабергенді елге таныстыру жөнінде еңбек етіп жүрген белгілі азаматтар: академик Манаш Қозыбаев, Шаймұрат Смағұлов (э.ғ.д.) Темірхан Тебегенов (ф.ғ.к.), жазушы Ожан Қали, этнолог Жағда Бабалықов, фольклоршы-зерттеушілер Қаратай Биғожин, Әскер Кенжеғозыұлы, Амантай Барлықпаев, Шайхыуәли Нұрғожаұлы (зейнеткер, мұғалім), Мәдина Дастанова (мұғалім), т.б. Олар Қожаберген жырау туралы тарихи деректер жинап, ірі-ірі мақалаларымен көрініп жүр. Әсіресе, Мәдина Дастанованың құрастыруымен шыққан «Елім-ай» атты кітабы солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шықты. Әттең, кітап аз данамен басылды. Сондықтан көпшіліктің сұранысын қанағаттандыра алмады. Қожаберген жырау дәуірінен есептесек үш ғасырдай уақыт өтіпті. Бұл кездегі тұрмыс, салт-сана, мәдени дәреже ол кездегімен салыстырғанда әлдеқайда өсті, қай саланы айтсақ та дамыды. Сөз жоқ, жастар Қожаберген жырау сияқты ұлыларды білу керек, оқу керек. Олардың қолда бар мұраларын саяси, ғылыми,

Қожаберген жырау – 350 тарихи, әдеби дәрежеде жеткізу ғалымдардың, зерттеушілердің, жазушылар­ дың, оқу саласы қызметкерлерінің ісі болмақ. Бұл жерде Қожаберген жыраудың өлеңдерін оқып беру, жаттап алу ғана емес. Сол шығармалардың философиялық мағынасы, сол кездегі тарихи кезең, елдің экономикалық жағдайы, соғыстың (себебі, әскері, әдісі, сауыт сайманы, қару-жарағы) қажетті және жеткілікті шарттары терең түсіндірілуі керек. Мемлекет болғаннан кейін оның шекарасы, халқы, байлығы, қалалары, сауда саттығы, қарым-қатынасы, өнеркәсібі, т.б. бо­ лады. Қожаберген жырау – ауыз әдебиетінің өкілі ғана емес, ол ірі қолбасшы, мемлекет қайраткері. Сондықтан оны алдағы айтқан дәрежеде танып, біліп, зерттеп, жастарға үйретуіміз керек. Бұл жөнінде Ұлттық ғылым академиясы бізге көмек жасайды деп сенеміз. Сонда ғана Қожаберген жырау оқу орында­ рында өз орынын табады. 1997 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҚОЖАБЕРГЕН БАТЫР-ЖЫРАУ ШЕЖІРЕСІ Социал ЖҰМАБАЕВ, өлкетанушы Қожаберген батыр-жырау орта жүздің керей руынан тарайды. Біздің солтүстік өңірде керей шежіресін алғаш рет ұрпаққа мұра етіп қалдырушы ашамайлы керейдің көшебе руынан шыққан атақты қолбасшы батыр, Қожаберген жыраудың ұлы атасы Дәулен Таузарұлы болған. Бұл үлкен шежіре содан қолдан-қолға өтіп жүріп, ақыры Сегіз сері Баһрам ұлына (Дәуленнің жетінші ұрпағы) келіп жеткен. Сегіз сері өзге өнерімен қоса үлкен шежіреші, жылнамашы да болған. Қазақ халқының шежіре-тарихын да мол жинаған. Шежіре туралы былай деп жазып кеткен: «Шежіре ата айтысу үшін емес, тарих үшін, туыс адамдар бір-бірімен қыз алысып қоймау үшін, кімнің кімге жақын екенін білу үшін де керек», – деп жазған. Ол жинаған қазақ халқының шежіре жылнамасы Қазақ Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының қазақ тарихы бөлімінде және Қазақтың көне мәдени, тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамының орталық кеңсесінде сақтаулы тұр (№853 пап­ ка, 1-тізім). Керей шежіресін Сегізден кейін жалғастырған, жинастырған, хаттаған, ар­ хивке тапсырған Тәшмұхамед (Тәштит) Тәбейұлы Барлыбаев болған. Осы керей шежіресі кейінгі ұрпаққа осы Тәштит арқылы жеткен. Тәштит теріскей Арқадағы үлкен шежіреші адам болған (Қолжазбадан, 125-126-бб.). Сондықтан да болар осы шежіреде керейдің көшебе атасының шежіресін толық жазған. Осы шежіреге қосар тағы бір ойымыз – бұл шежіре бірден-бір сауатты шежіре болуы керек, өйткені түпкі авторы Дәулен тархан Таузарұлы жеті ұлттың тілін білген дана адам болған, шежірені жалғастырушылар: Толыбай – Қожабер­

Қожаберген жырау – 350 ген – Сегіз Сері – Тәбей және Тәштит Барлыбаевтар сауатты және өз кезінің озық ойлы адамдары. Енді осы керей шежіресі бойынша Қожаберген әулетінің аталарын таратайық. Керей – тайпалық одақтың арғы атасы. Ұраны – Ошыбай. Таңбасы – аша­ май. Керей руының атақонысы жайлы Қожаберген жырау өзінің «Ататек» деген дастанында былай дейді: Атанған бабам Ғали Ашамайлы, Өсірген мыңдап тайлақ, құлын-тайды. Сібірге ұрпақтары қоныстанып, Ел болып ерте кезден қанат жайды. Шалқар көл, ну орманды Сібір жері, Сібірді мекен еткен керей елі. Егін сап, күн көрудің қамын ойлап, Бас қосып кеңес құрған би мен бегі. Ғали (Ашамайлы) – шежіре бойынша XІV ғасырдың аяғы XV ғасырдың ба­ сында өмір сүрген адам. керей руының мекен жеріне арнайы тоқтап жатқанымыз кейбір тарихшылар керейлерді Сібір жеріне кейін, қалмақтардан ығысып келген деген пікір айтып жүр. керей руының мекендеген жері жайлы Қожаберген жы­ рау «Елім-ай» атты дастанында да: Мекендеп Тобыл, Ертіс екі арасын Қазақтың күйге бөлеп ен даласын, Сауықшыл орта жүздің керейі едік Үш жүздің жат көрмеген еш баласын, – деген. Керейден бір бала – Мәңліқаған. Одан екі бала –Арыстанбек, Аслан­ бек. Арыстанбектен бір бала – Наурызхан. Одан екі бала – Ғали (Ашамай­ лы), Меркіт. Ғалидан – Бағдат батыр. Одан екі бала – Төбей, Көбей. Төбей биден екі бала – Бабай, Әзизбек. Әзизбектен бір бала – Тұрлынхан сардар. Одан үш бала – Жарғақ, Балдақ, Қоянбай. Жарғақтан екі бала – Қажыхан, Қазихан. Қажыханнан бір бала – Әлмұхамед. Одан үш бала – Уызбек, Уыз­ хан, Уызбай. Уызбектен екі бала – Қанай, Жанай батырлар. Жанайдан бір бала – Бағлан би. Бағлан би осы күнгі солтүстік өңірдегі көп керейлердің түп атасы 11-254

Қожаберген жырау – 350 болып есептеледі. Бағлан бидің бейіті Ресейдің Қорған облысының Половинка (Ақсиыр) ауданына қарасты Звериноголовка (Бағлан) қалашығының түбінде, Тобыл өзенінің жағасындағы керей тоғайында жатыр. 1928 жылға дейін ол жер­ де атақты Бағлан жәрмеңкесі болғаны тарихтан мәлім. Бағлан би өз заманында қазақ халқының айтулы көсемдерінің бірі болған. Бағлан бидің Бопай есімді әйелінен Архад, Фархад, Сарымұрат туады. Фар­ хад батырдың Гүләндам есімді әйелінен үш бала – Танаш, Аббас, Манас туады. Танаш би Фархадұлы өзінен жасы кіші Мамай, Тоқтамыс, Ақсақ Темірге ақылшы болыпты. Сөйтіп ол өз заманында Алтын Орда хандығының көрнек­ ті адамы – әділқазы би атаныпты. Танаш бидің балалары: Балға, Балта, Едіге батырлар әр кезеңде Мамай, Тоқтамыс хандардың әскербасы, қолбасшысы болған. Кейін олар Ақсақ Темірдің (Әмір Темір) әскерін басқарыпты. Едіге ба­ тыр Әмір Темір әскерінің тобын бастап жаумен соғысып жүргенде ауыр жара­ ланды. Ол сарбаздарына өзін Ұлытаудың ең биік шыңына жерлеңдер деп өсиет етеді. Ақыры солай жерленеді. Танаш бидің Манас есімді інісі майданда қаза болады да, оның келіншегі Сәлиман жесір қалады. Ақылды бәйбіше Айша ұрпақ көбейту мақсатымен қайнысының әйелі Сәлиманды өз ақсақалы Танаш биге қосады. Танаш биден 17 бала туады, оның 16-сы – Балға, Балта, Едіге, Есен, Аман, Аспан, Ақпан, Сапу, Қаңтар, Орал, Одақ, Орман, Көшебе, Мамыр – Айша бәйбішеден, біреуі Тарышы – Сәлиманнан туады. Танаш өзінің үлкен баласы Балғаға Сібір татарының бегі Ағайынбектің қарындасы Ғалия сұлуды әпереді. Одан Әзім есімді жалғыз ұл туады. Әзім туғаннан кейін көп ұзамай, Танаш бидің әйелі Айша ел жайлауға көшкенде көш үстінде босанып ұл туады. Баланың атын көшіп келе жатқанда туды деп Көшебе қояды. Ел жайлауға көшіп барғанда Танаштың інісі Аббас батырдың әйелі Бәтиха да босанып, ұл табады. Оның атын Жайлаубек қояды. Өзім туғаннан кейін екі шешесі де ұл тапты, арты құтты болды деп жеңгелері Әзімді «сыйлы бала» деп, содан Әзім «Сыйбала» атанып, келе-келе «Сыйбан» атанып кеткен. керейдің Сибан руы осыдан тараған. Танаш бидің ортаншы баласы Балта батыр әр түрлі мұсылман халқынан 11 сұлу қызды атастырып алған екен. Солардан ол 47 ұл көріпті. Осылардан тараған ел Балта керей аталған. Керей елінің қара шаңырағы Танаш бидің бәйбішесі Айшадан туған кейінгі ұлдарының бірі – Көшебе батырда қалған екен. Кейбір шежіреші – ғалымдар шежіре кітаптарында XІV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Көшебе батыр Танаш би ұлы мен сол Танаштың інісі Аббас батырдан тараған Кешу­ бай батырды алмастырып алып жүр. Кешубай сардар жас кезінде әскер бастап,

Қожаберген жырау – 350 Сібір татарларына көмектесіп, ел қорғап, жер-су үшін орыстармен соғысып, Том өзені мен Кемер арасында көшіп-қонып жүріпті. XVІІ ғасырда өмір сүрген Аббас керей Кешубай батырдың сүйегі туған ауылының маңындағы бейітке, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауы­ лы мен Суаткөл ауылдарының арасында бұрын болған қорымға жерленіпті. Ке­ шубай қасиетті, зор кісі болса керек: бұл жер болып кеткен Кешубай бейітінің үстінен жүргізілген тас жолда ылғи машина, мотоцикл аударылып, кісі өлімі бо­ лып тұрады. Мұны сол маңайдағы ауылдың адамдары жақсы біледі. Кешубай­ ды орыстар мен қалмақтар «Кочубей» деп атаған екен. Оның ұрпақтарын 1723 жылы жазда жоңғар-қалмақ басқыншыларының қандықол әскері зеңбірекпен атқылап қырып тастапты. Көшебенің он бірінші ұрпағы Қожаберген жырау былай дейді: Арғы атам ту ұстаған ер Көшебе, Қай батыр тең келіпті Көшебеге?! Қазақтың кейінгі жас батырлары Жұрт ұстап, Көшебедей меңгере ме?! Шежіреге, тарихи деректерге, Қожаберген жыраудың «Ататек», «Баба тіл», «Елім-ай» дастандарына сүйенсек, Көшебе атасынан тараған жұрттың атамекені Омбы, Ертіс өзендерінің бойында болған. Шежіре бойынша Көшебе батыр бір соғыста ауыр жараланып, оны ауылға үлкен баласы Жауынгер мен сарбаздары найзаға салып алып келеді. Қазіргі Омбы қаласы орналасқан жерге жерленген. Қожаберген жырау «Елім-ай» дастанында: Оқ атып дамыл бермей қалмақ елге, Сын болды қол бастаған біздей ерге. Шегіне соғыс салып ақырында Тірелдік Танаш көл мен Абақ көлге. Бекініп екі көлдің арасына, Шатырды тігіп судың жағасына, Отырдық Көшебе орман қойнауында Жауынгер дәрі жағып жарасына. Тоқтаттық Есілкөлде қалың жауды, Үздіксіз шабуылдап есе бермей..., – деген.

Қожаберген жырау – 350 Осы өлең жолдарында аталған жер-сулар, орман – бәрі Омбы қаласының маңында. Көшебеден 15 бала – Жауынгер, Жәдігер, Жанқорыс, Жазы, Жомарт, Жарқынбек, Жанат, Жауғашты, Жалайыр, Жандарбек, Жантелі, Жұмат, Жаған, Жанәбіл, Жангелді туады. Жауынгерден тараған ел Үлкен Көшебе немесе Жауынгер Көшебе деп ата­ лады. Себебі, Жауынгер Көшебе батырдың бәйбішесі – Балумәржаннан туған тұңғышы екен. Ол туралы Қожаберген жырау «Баба тіл» атты тарихи даста­ нында: Көшебе тұңғышы Жауынгер баба ер болған. Темірдің қолын басқарып, Мұсылманға бел болған. Жауынгерден өрбіген Үлкен көшебе керейде..., – деп жазған. Жауынгерден – Асылболат, одан екі бала: Байбол, Бибол туады. Бай­ болдан – Алдаспан, одан Шілікші би туады. Шілікшіден – Жаңбыршы, Бораншы, Құланшы, Аққас, Қарақас, Жастабан, Жолжақсы есімді 7 ба­ тыр ұл туған. Жаңбыршыдан 3 бала – Ораз, Шәміл, Мәміл туады. Ораз батыр­дан – Айболат, Байболат, Биболат, Ерболат, Есболат, Жанболат, Ақболат, Сойылгер, Найзагер, Қаншыгер, Сойырғаш, Еламан, Жоламан, Тау­ зар, Баузар, Қанжарбек, Қылышбек – 17 ұл туады. Таузардан – 9 бала: Дәулен, Мәулен, Дәурен, Ақсары, Бексары, Жансары, Базар, Назар, Күжігір. Таузардың үлкен баласы Дәулен баһадүр XVІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІ ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген, ол көп жыл бойы қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының біріккен әскерін басқарып, ордабасы тархан деген әскери атақтар алған кісі екен. Дәуленнен 15 бала – Малыбай, Аулабай, Жақсыбай, Садақбай, Тұрсынбай, Наурызбай, арғынбай, Қыпшақбай, Уақбай, Толыбай сыншы, Ертісбай, Жарқынбай, Қарқынбай, Барқынбай, Арыстанбай. Толыбай сыншы Арқадағы керей руының басшысы, атақты әскербасы болған. Сонымен бірге ол алдағыны болжайтын көреген, адамды да, атты да, құсты да сынайтын сыншы, қара қылды қақ жарған әділ би, айыр көмей, жез таңдай шешен, ат сүрінгенше ақыл табатын дейтін адам екен. Гүлтөбеде көп жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерін басқарып,

Қожаберген жырау – 350 ордабасы-баһадүр деп атанған. Шешендігін, әділдігін, сыншылдығын кезінде бүкіл қазақ халқы қадір тұтқан. Толыбай сыншыдан 23 бала туған: Майлы би, Өтежан, Өтеген, Өтебай, Өтеулі, Өтебек, Өтегелді, Қарабас, Өмір, Әмір, Темір, Батыр, Бабыр, Ба­ дыр, Еділ, Жайық, Оралбек, Тобыш, Барқыт, Өтеғүл, Өтепберген, Өтеміс, Қожаберген жырау. Қожаберген жырау – ағасы Қарабастың тәрбиесінде болған адам. Сегіз сері осы Қарабастан тарайды. Қарабас тарханның шежіресін таратпастан бұрын Қарабас Толыбайсыншыұлы туралы ел аузында сақталып қалған аңыз-әңгі­ мені айта кетейік. 1647 доңыз жылы бір күні ауылға кенеттен жау тиіп, қалмақ шапқыншы­лары бір топ саяқ атты айдап, соған қоса он төрт жастағы Қарабасты тұтқын­дап әкетеді. Арада бірнеше күн жол жүріп, өздерінің мекеніне жеткен жаулар аяқ-қолы бұғауланған жасөспірім Қарабасты басқа да олжамен бірге хонтайшыға әкеледі. Хонтайшы Қарабасты бір қалмақ шонжарының қарамағына жіберіп, тұтқын ба­ ланы кісендеп ұстауды тапсырды. Дұшпандар қолға түскен жас баланы келеке етіп, аяғына кісен салып, бетіне күйе жағып, өздері соған мәз болыпты. Бір күні тұтқын бала кісеннің шынжы­ рын сүйрете жүріп, тезек теруге барғанда жылқының бас сүйегін тауып алып, әрібері аударып қарап, оның тұлпардың басы екенін таниды. Ол басты өзі жататын қамыс лашыққа алып келеді. Сол баспен Қарабас ылғи мұңдасады екен. Сонда ол оған: «Сені тұлпардың басы деп кім айтар, мені Толыбай сыншының баласы деп кім айтар?» – деп мұңын шағады екен. Қазақ баласын күзететін қартаңдау қалмақ жас жігіт көзінде қазаққа тұтқын болып, сонда қазақ тілін үйренген екен. Күзетші қалмақ бір күні жылқының қу басын қолына ұстап, өзінен-өзі сөйлеп отырған Қарабастың сөздерін сыртынан келіп тыңдап алады да, қалмақ шонжа­ рына барып оның әкесіне тартқан сыншы екенін айтады. Қарабастың түр-тұлғасына қарап жоңғар шонжары да оны тегін бала емес деп ойлаған екен. Енді оның сол ойын күзетші шал расқа шығарып тұр. Жоңғар тайшысы күзетші шалға Қарабасты алдырады. Қалмақ тайшысы: «Сен қазақтың қай батырының баласысың?» – деп сұрапты. Қарабас: «Мен – Толыбай сыншы ордабасының ұлымын» – деп тура жауап қайтарыпты. Қалмақтың шонжары оған тағы да: «Сен ат сынауды білесің бе?» – деп сауал қояды. Қазақ баласы: «Ептеп ат сынауды білемін!» – деп жауап береді. Хонтайшы: «Менің жыл­ қыларымның ішіндегі тәуір аттарды іріктеп, соның ішінде тұлпар бар ма екен, біліп бер!» – дейді.

Қожаберген жырау – 350 Қарабас қалмақ тайшысының үш мың бес жүз жылқысын аралап, тәуір ат болуға жарайтын асауларды көрсетіп, жылқышыларға ұстатып үйретеді. Алай­ да бес жүздей жақсы аттың ішінде тұлпар жоғын Қарабас қалмақ шонжары­ на ашық айтады. Табылса құнын артығымен төлеп, сатып алмақ болып келісіп, қасына Қарабасты ертіп, бірнеше қалмақ байларының жылқыларын аралап, ат­ тарды сынап көргенде тұлпар таба алмайды. Содан олар ауылына қайтып келе жатса, бір өзеннің жағасындағы лашықты көреді. Ол бір қалмақ балықшы шалдың лашығы екен. Сол үйдің маңында екі жылқы жүргенін Қарабас алыстан көреді. Сыншы қазақ баласы: «Ана екі жылқыны көре кетейік» – деп, өтініш қылады. Екі жылқының бірі – торы ала бие, бірі – арық қара кер ат екен. Қарабас аттан түсе қап, биені де, атты да айнала жүріп қарап шығып: «Арықтығына қарамаңыз, қара кер бесті нағыз тұлпар бо­ латын жылқы екен. Орнына жетектегі аттардан екі ат беріңіз де, осыны алыңыз. Ал, ана бие де жақсы екен. Бірақ ол тұлпар болатын құлын таппайды» – депті. Жоңғар тайшысы балықшы шал мен кемпірді шақырып алып, оларға екі күйлі ат беріп, арық қара кер бестіні алып кетіпті. Ауылына бір күндік жер қалғанда олар тағы да өзен бойында отырған екі балықшыға кез болады. Сыншы Қарабастың айтуымен жоңғар тайшысы екі балықшыға екі-екіден төрт ат беріп, екі арық бесті жетелеп жүре беріпті. Үйіне оралған соң, тайшыға Қарабас үш арық бесті атты күтуді өз міндетіне алатынын айтқан екен. Тайшы енді Қарабасты еркіндікте ұстайтын болыпты. Қазақ баласы үш арық бестіге жем-шөпті мөлшерлеп беріп, оларды жақсы бағады. Аттарды баққанына бір жыл толғанда тұлпар торы атты сойғызыпты. Сонда торы аттың бел омыртқасының сүйегін сүйемдей жері қызыл-қоңыр болып, арқа сүйегінің басқа жері түгелдей ағарғанын көріпті. Қарабас: «Тұлпардың сүйегі түгелдей ағаруға әлі біраз уақыт бар екен!» – депті қалмақ тайшысына. Арада тағы бір жыл өткен соң, Қарабас жоңғар тайшысына айтып, тұлпар емес көк атты сойғызыпты. Бала оның сүйегінің екі елі жері әлі ағармағанын байқаған екен. Үшінші жылы күздің басында қазақ баласы қаракер тұлпарды мініп, әрібері жүріп, атты ылғи суытып, таң асырып қояды. Ол тұлпарды өзі баптап күту үшін жоңғар шонжарынан рұқсат сұрапты. Қалмақ тайшысы оның тілегін қабыл алыпты. Қарабас әкесінің және басқа да атбегілердің сәйгүліктерді қалай таңдап, қалай баптағанына көзі қанық болып өскен жас екен. Ол соны іс жүзінде өзі де қолдану үшін үш жыл бағып, сүйегін ағартқан қаракер тұлпарды мініп, әуелі

Қожаберген жырау – 350 аса көп, қатты жүрмей, аз ғана шыға жүріп, үнемі суытып, таң асырып қойып жүрген екен. Ол тұлпарға жем ретінде тазаланған арпа, не сұлы және жалқыға жұғымды қара шөп беріп отырыпты. Жемді қара керге шамалап, ретімен беріпті. Себебі аяңдатып, кейде желіп, кейде шоқытып, кейде шауып жүріп, келгеннен соң кермеге байлап, суытып, таң асырып, терін алған атқа жемді ел жата, түн ортасы ауа, таңға жақын беру керектігін Қарабас жақсы біледі екен. Тұлпарды баптап жүрген ол ұйқыны азайтып, сергек жүріпті. Талай таңды көзімен атыр­ған екен. Әдетте ол тұлпарды суытқан соң, отқа қоятын бопты. Суытпаған, не таң асырылып тері алынбаған жылқы семіз кезінде тез бұзылатынын, яғни қызыл май болатынын Қарабас біліпті. Тұтқын қара кер тұлпарды күз, қыс бойы баптап, бәйгеге қосуға жаратыпты. Тұлпармен еліне жетуді армандаған Қарабас қалмақ тайшысының «таңдаған қызыңды әперем» дегеніне амалсыз келісіп, қыз көруді кейінге қалдырыпты. Құдай оның көктен тілегенін жерден беріп, жаздың басында хонтайшының інісінің баласы келіншек алатын болып, соның тойына зор дайындықпен баратын болыпты. Сонымен қатар сол тойда болатын ат жарысында Қарабас баптап, қыс бойы оқтаудай боп жараған қаракер тұлпарды қосатын сәт туды. Атқа Қарабастың өзі мініп шаба­ тын болған екен. Сондықтан ол тұлпардың кекілін түйіп, үкілеп, жалын тарап, құйрығына шоқ тағыпты. Ат айдаушы жүйріктерді белгілі жерден жіберер алдында астындағы ертоқымның үстіне екі басына орталап құм салынған қоржынды байлап, үстіне өзі отырып, аттардың артында кете барады. Бәйге аттарға мінген балалар тиісті жерге жетіп қонып, ат тынықтырып, өздері де дем алыпты. Ертеңіне ат жа­ рысы басталған кезде де Қарабас қаракер тұлпардың екі бүйіріне құм салған қоржынның екі басын теңдеп алып, сәйгүліктер қарасын үзгенше, артында келе жатыпты. Бәйге аттардың алды ортасынан ауды-ау деген кезде тұлпардың құлақ шекесі аздап терлей бастайды, көзі шырадай жанып, ілгері қарай шаба береді. Сол шақта ол тізгінін тартып, ат басын тежеп, қоржынды ат үстінен алып тастап, жұлдыздай аққан тұлпардың көздерін жібек орамалмен сыпай сүртіп, екі тізгінді іркіп ұстап отырып, барлық жүйріктерді басып озыпты. «Қазақ! Қазақ!» деп ұран салып, қарақшыдан өте шығып, ат басын тежеп, жоңғар тай­ шысына қарап: «Бәйге сенікі, тұлпар менікі. Ер туған жеріне, ит тойған жеріне, қайыр қош, аман болыңдар!» – депті. Дереу ат басын бұрып алып, жолға түсіп, «Алаштап!» ұран салып, ілгері қарай жөнеле беріпті. Былай шыға Қарабас астындағы қаракер тұлпарға: «Жануар, қалмақ байына бәйге әпердің, енді мені аман-есен еліме жеткізерсің!» – деді де, бүйірі қызған тұлпармен еліне аттанып кетіпті.

Қожаберген жырау – 350 Салқам Жәңгірдің орнына хан болған Шығай хан інісі Әз Тәукені әскери азамат етіп шығару үшін жас кезіннен үлкен әскербасы, батыр Қарабас Толыбай сыншыұлының (1633-1723) тәрбиесіне береді. Қарабас баһадүр жас Тәукені қолына алып жауынгерлікке тәрбиелейді. Тәуке онбасыдан түменбасыға дейінгі дәрежедегі әскери атақтарға ие болған уақыттарда қалмақ басқыншыларына қарсы соғыстарда әскер бастап жауларға талай рет соққы беріп, ерліктер көрсеткен екен. Тәуке өмірінің соңына дейін Қарабас баһадүрді ұстаз тұтып сыйлап өткен екен. Хан болғасын оны бас уәзір етіп сайлапты. Қарабас тарханнан 7 бала: Асқап, Рүстем, Дәстем, Алдабек, Бұқпа, Қараша, Қаумен (Алтын әжеден). Ордабасылары Қарабастың, Қожабергеннің қоғамдық қызметтері Әз Тәуке ханмен тығыз байланысты болғандықтан осы хан туралы айта кеткеннің артықшылығы болмас. Үш жүздің соңғы ханы Әз Тәукенің (1645-1718) есімі оның «Жеті Жарғы» атты шығарған заңдары арқылы көпке мәлім. Бұл қазақ мемлкеттігінің бізге жеткен тұңғыш атазаңы еді. Тәуке қарапайым әрі көреген адам болыпты. Ол сол болжампаздығынан Әз Тәуке атаныпты. 1680-1718 жылдары, яғни отыз сегіз жыл хан болып, үш жүздің тұтастығын, елдің бірлігін сақтады. Ол өзінің бұрынғы хан болған ата-бабаларының, әкесі Салқам Жәңгір, Шығай хандардың жолдарын, дәстүрін мықты ұстап, соны әрі қарай дамытқан. Ол елдін ауыз бірлігін, ыңтымағын сақтай білген әділ де тәуір хан болыпты. Өз Тәуке де өзінен бұрынғы хандар сияқты қазақ елінің шаруашылығын, діндарлығын өркендете түскен. Әз Тәуке тұсында қазақ хандығында егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, қол өнеркәсібі, шапшаң қарқынмен дамып, ислам діні ішінде нығая түсіпті. Сонымен қатар Әз Тәуке өз тұсында көрші елдермен татулықты сақтау үшін, сауда-саттық жасау үшін көптеген игілікті істер жүргізген. Әз Тәуке өз әскерін мылтықпен жабдықтау үшін Ресеймен одақтас болғысы келіп, оған елші жіберіп, зеңбірек және басқа қару-жарақ түрлерін, оқ-дәрі сұратып ала алмайды. Себебі, Ресей мұсылман мемлекеттерінің күшейгенін, тәуелсіздігін ұнатпаған. Керісінше жоңғар қалмақтарын оқ-дәрімен, мылтықтың түрлерімен қамтамасыз етіп отырған. Осы арқылы мұсылмандарды қырғынға ұшыратып, жер-суларына орыс дворяндарын қоныстандырып отырғаны да елге мәлім. 1719 жылы шілде айында Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әнет билер мен қол­ басы – жырау Қожаберген, Бөгенбай, Жәнібек, Хангелді батырлардың ұйым­ дастырумен үш жүздің игі жақсылары Әз Тәуке ханға арнап құран оқытып, үлкен ас беріпті. Асты қарт би Әнет бабаның ұсынысы бойынша Асқап баһадүр Қарабас Тарханұлы (1673-1769) басқарыпты. Асқап басқарған ас өте жақсы

Қожаберген жырау – 350 өтіпті. Қайып Әз Тәукеұлы қатты риза болғанмен, сол төре әулетінен шыққан ағайынды Жолбарыс, Әбілхайыр басқа төрелер күншілдік жасапты. Қазақ билері осы аста 1720 жылы жаздың басында ханның бір баласын хан етіп сайлау үшін құрылтай өткізбек болып келісіпті. Үш жүзді басқаратын болашақ ханға Қайып төре лайық екені жұртқа сол аста-ақ мәлім болыпты. Осы ас туралы Дәстем сал Қарабасұлының «Әз Тәуке хан» атты тарихи дастанынан үзінді келтірейік: Тағдырың жазуымен дәмі бітіп. Жетпіс үш мүшелінде ажал жетті, Тұп-тұтас үш жүзімен соңғы ханы – Фәниден бақи жайға Тәуке кетті. Ханның қырқы болғанда Қазыбек, Төле, Әйтеке, Қожаберген мәжіліс құрып, «Келер жаз ханның асы болады», – деді, Әлеумет мақұлдады құлақ түріп. Үш жүздің бектеріне хат жолданып, Осылай ас уақыты белгіленді. Қазақтың уақытша ханы болып Жиында Қайып сұлтан әйгіленді. * * * Салтанатпен Тәукенің асы өтті, Ас басқарған Асқап та еді епті. Қожаберген, Әнет пен Ер Бөгенбай, Үш би менен Асқапқа жәрдемдесті. Осылайша Тәукенің жабдығы өтті, Хан болуды Қайып ер арман етті. Хан сайлауы боларын күткен ерге Ақ аулап жүргенінде қаза жетті. Тәукенің басқа уәзірі жігерсіз боп, Хандықтың бөлшектенер шағы жетті. Би мен бек, төре, шонжар келісе алмай, Дәурені үш жүзімен өтіп кетті.

Қожаберген жырау – 350 Осыны сыртқы жаулар пайдаланып, Бақыт құс қазағымнан ұшып кетті. Қарабас тарханның үшінші баласы Дәстем сал 1677 жылы туып, 1752 жылы қайтыс болған екен. Ол да Қожаберген жырау тұған Гүлтөбеде дүниеге келген, көп қисса-дастан, өлеңдер шығарған ірі ақын, әскербасы – батыр адам болып­ ты. Дәстем салдың бізге жеткен ірі шығармасының бірі – «Дәстемнама» деген тарихи жыр. Асқап батырдан 2 бала: Көшек, Марқаш. Көшек сардардан 12 бала: Сүгірбай, Кәдірбай, Сәдірбай, Қалан, Қамбар, Жанкісі, Байкісі, Шақшақ, Әбдіқадыр, Әбдікәрім, Тілеулі, Сартай (1750-1821). Шақшақ биден 16 бала: Әйтемір, Байтемір, Ертемір, Міртемір, Жантемір, Өстемір, Шынтемір, Шыттемір, Битемір, Бектемір (Сексен қажы атанып кеткен), Баһрам, Бауыржан, Есенжан, Қайыржан,Шағырай сал, Жанат сері. Баһрам батырдан 7 бала: Көрпеш, Нәупіл, Сүйір, Сүйін, Сейіткерей, Мұхаммедханафия (Сегіз Сері), Қуаныш. Сегіз сері Баһрамұлы шежіресін осы арадан үзіп, Қожаберген жырау шежіресін жалғастырайық. Толыбай сыншының ең кенже баласы Қожаберген жыраудың өмірі жайлы баспа беттерінде аз жазылып жүрген жоқ деуге болады. Шаймұрат Смағұлов, Қосыл Омаров, Қаратай Биғожиндердің «Солтүстік Қазақстан» газетінде Қожаберген жырау жайлы әр кезде жазылған мақалалары басылып шықты. Белгілі жазушы Н. Әбуталиев 1995 жылы «Жеті жарғы» баспасынан «Ордаба­ сы Қожаберген» атты монография жазды. Бір жақсысы, Қожаберген жыраудың өмірдеректері ешқандай дау туғызбайды. Өйткені шежірелерінен бастап өз өмірін өзі жазып кеткен адам. Әсіресе, «Елім-ай» дастанының мазмұны өзінің өмір жолы желісімен жазылған. Әкесі жайында: «Толыбай сыншы кенжесі ем Қожаберген. Бата алғам Әнет пенен Әз Тәукеден», – десе, анасы жайында: «Анамның шыққан заты сүйіндіктен Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбілектен», – дейді. Оқуы жайында: «Самарқанд, Бұхарадан білім алғам, Өнерге құштар болып жас шағымнан.

Қожаберген жырау – 350 Атанып зерек шәкірт қатарында. Үргеніш медресесін тәмамдағам», – дейді. Бұдан арғы өмірбаянын өз сөзімен айтсақ: Адам деп өз бойына өнер жиған, Ел-жұртым деп атайды мені имам. Жорыққа он жетімнен араласып, Болғам жоқ молда, софы, қожа, ишан. * * * Тіліне араб-парсы болдым жетік, Оны да қолданбадым өнер етіп. Көрші елге елшілікке ылғи барып, Мен жүрдім қазағыма қызмет етіп, – дейді. Қожаберген жырау өмірі жайлы одан әрі: Жорықта 45 жыл ғұмырым өтті. Орта жас ол да мені тастап кетті. Ит қалмақ соғысуға душар етті, Болмаса ақсақалдық кезім жетті. * * * Жасынан ер жүрегі шерге толған, Халқына қартайғанда қорған болған, Қиналып қысылғанда жыр шығарған Керейде Қожаберген бабаң болам, – дейді. Қожаберген бабамыздан қалған әдеби мұра көптеп саналады. «Елім-ай», «Баба тіл», «Ер Көкше», «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Ер Қойлыбай», «Қорқыт баба», «Асан ата» сияқты дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыржас», «Дүние», «Жігіттік», т.б. толғаулары, «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Шоңғал, шоңғал, шоңғал тас», «Сылаң Сыр», «Балқан, Балқан, Балқан тау», «Қазақ пен ноғайдың қоштасуы» өлеңдері, «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Сұлама» сияқты күйлері бар. Бұл біздерге белгілі ғана. Қожаберген мұраларын іздестіру, зерттеу – болашақтың міндеті.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жыраудан 17 бала: Әли, Әди, Әсет, Есет, Әбет, Мәди, Нәби, Науан, Бекет, Ақыл, Ноғай, Мамай, Бағыда, Сағынбек, Бектеміс, Тоқтамыс, Балқан (бәрі де Айша бәйбішеден туған). Осы 17 баласынан көпшілігі қазақ – қалмақ соғысында шәйіт болды. Бізге мәлімі ең кенже ұлы Балқаннан ғана ұрпақ бар. Балқан батырдың сегізінші ұрпағы – Қаражігіт үш баласымен бірге Ре­ сейге қарасты Қорған облысының Макушин ауданында тұрады. Қаражігіт 1929 жылы туған кісі екен. Қожаберген жырау «Баба тіл» дастанында өзінің шежіресі жайлы былай дейді: Біздің жайды сұрасақ, Қызылжар өңірі – мекенім. Мұсылманға белгілі Менің де кім екенім. Орта жүз керей ішінде, Ашамайлы деген елінде, Ақылына сай боп күші де. Көсем болған кезінде Ер Фархадтың баласы Танаш биден жаралдық. Мекендеп Батыс Сібірді, Қалың ел боп таралдық. Танаштың ұғылы Көшебе – Біздің арғы бабамыз. Өсіп-өндік сол ерден, Кемімес бедел бағамыз. Көшебенің тұңғышы Жауынгер бабам ер болған, Темірдің қолын басқарып, Мұсылманға бел болған. Жауынгерден өрбіген, Үлкен Көшебе керейде Қамалын бұзып кәпірдің, Бөленген ерлік мерейге. Толыбай сыншы ұлымын Тұлпар мініп, ту алған, Тыныштық кезең болғанда Мағына айтқан құраннан. 1995 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҰЛЫ БАБАНЫҢ БЕЙНЕСІ Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі 2001 жылдың күзіне таман дауылпаз жырау Қожаберген Толыбай сын­ шыұлының туғанына екі жылдан соң 340 жыл толуы әңгіме арқауына айнала бастады. Облыстық әкімдік ұйытқы болып, бірқатар ауқымды шаралардың жо­ спары бекітілді. Академик Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-теориялық конференция өткізу, ақындар мүшәйрасына конкурс жариялау шаралары қарастырылды. Осындай қомақты жоспарға батыр, жыраудың портретін салу енгізіліп, маңызын кемітпеу үшін оған да конкурс жарияланды. Бұл іріктеуге өзіміздің өңіріміздің ғана емес, көрші Көкшетаудың қылқалам шеберлерін де қатыстыру ұйғарылды. Сол жылдары нағыз ұлтшыл азамат Қуат Есімханов облыс әкімінің орын­ басары болып қызмет істейтін. Міне, осы басшының тікелей ұйымдастыруы­ мен қат-қабат атқарылып жатқан көкжиегі кең істердің бірі Қожабергеннің портре­тін салу болатын. Соған қоса, газет, теледидар журналистері тап­ сырма алып, батыр баба туралы мақалалар жазуға, бейнефильмдер түсіруге кірісіп кетті. Бүгінгі күннен он жыл бұрын өткен сол оқиғалар енді есіме түсіп отыр. Көптеген шаралардың басы-қасында болған, облыстық әкімдіктің әлеуметтікмәдени бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған, бүгінде зейнеткер Раиса Қасымованы әңгімеге тарттым. – Иә, бұл орайда көп ізденіп, жырау өміріне қатысы бар деректерді мұқият жинастыруға атсалыстым, – деді Раиса Орынбасарқызы. – ХVІІ ғасырдың

Қожаберген жырау – 350 ортасынан ауа туып, жүз жыл ғұмыр кешкен адамның өмірдеректерін, атқарған істерін, жазған жыр-дастандарын, атақты «Елім-айын» қаз-қалпында қайта оралту оңай болмады. Бірақ іздендік, біраз деректерді таптық. Осы мақсатпен ол және облыс әкімінің баспасөз хатшысы Галина Халетова жандарына оператор алып, Жамбыл ауданындағы Айымжан ауылына барады. Осында Қожаберген әулетінің келіні болып табылатын бір кейуанамен кездесіп, Галина Михайловна «Елім-ай» атты деректі суреттеме жасайды. Алайда, түртүсін бейнелейтін ешбір дәйек жоқтығы қинайды. Жаңағы қарт ана айтқан «Сегіз сері Қожабергенге ұқсайды екен деген әңгімелер құлағыма шалынушы еді» де­ген сөздерден өзге ешбір ілгек болмайды. Сегіз серінің өзінің де суреті болмаған соң, Қожабергеннің портретін салуға бел шешіп шығатын суретшіні табу да қиын еді. – Сол кездері марқұм Қосыл Омаров «Қазақ тілі» қоғамының облыстық ұйымын, мен қалалық бөлімшесін басқарған едік. Бір күні бізді өзге бір топ ақсақалдармен бірге Қуат Есімханов қабылдауға шақырды. Әңгіменің арқауы – жыраудың портретін салған суретшілердің туындыларын талқылап, сыннан өткізу. Онға тарта суретші жиналыпты. Екеуі – Көкшетаудан, қалғандары – өз қаламыздан. Қарт тілші, сурет өнеріне де қабілеті бар Ожан Қали, бүгінде С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында бас суретші болып істейтін Ғалия Қожахметова, қалалық классикалық гимназияның сурет пәнінің мұғалімі Мәдениет Шоқаев және өңірімізге танымал өзге де қылқалам шеберлері келіпті. Талқылауға қатысқан азаматтардың бәрі әрі батыр, әрі жырау, Әз Тәуке ханның тұсында қазақ жасақтарын басқарған ордабасының сырт кейпі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салып, оның жүзі қайырымды, бірақ сонымен қат-қабат қайсар, рухты болуы керектігін айтқанымен, келбетіне келгенде мүдіре берді. Суретшілердің салған портреттері көңілден шықпады. Солардың ішінен ең беделдісі әрі шебері Анатолий Бургаевты Қуат Есім­ ханұлы оңаша алып қалып, біраз сөйлесті. Біз сыртта тұрдық. Біраздан соң Бургаев екеуміз оның К. Сүтішев көшесіндегі шеберханасына келдік. Суретші жол бойы үн-түнсіз еді, келгеннен кейін қинала сөйлеп, тұйыққа тірелгенін жасырмай айтты. Оның менімен бүкпесіз әңгімелесуіне мұның алдында суретшінің республикалық көрмеге ұсынған ұлттық нақыштағы портреттеріне, кескіндемелеріне бір-бір шумақтан өлең жазып бергенім себеп болған шығар. Ол сөйтіп мені шығармашылық ынтымаққа тартқан еді. – Сіз маған көмектессеңіз қайтеді, бұл қазақтың ұлттық нақышы ғой. Жаңа

Қожаберген жырау – 350 Қуат Есімханұлы Қожаберген жыраудың біздің өңіріміз ғана емес, барша Қазақстанның ұлы тұлғасы, Тәуелсіздіктің ту ұстаушысы екенін зердеме құйып берді. Ол бұл портрет тарихи туынды болып қалатындай салынуы керек деп ескертті, – деді Анатолий Николаевич. 1970 жылы отыз бір жасында ССРО Суретшілер одағының мүшесі болған, алпыстан астам көрмесі ұйымдастырылған оның шеберлігіне шәк келтіруге бол­ майды. Бірақ өте абыржып жүргенін анық аңғардым. Бірде ол телефон шалып, келуімді өтінген соң бардым. – Уақыт таяп қалды. Мен ең алдымен өзіңе көрсетейін деп едім. Бірнеше суреттің нобайы салынды. Бірақ көңілімнен шықпайды. Бір кемдігі бар сияқты болады да тұрады. Мен кеше бір кітап оқып едім. Сонда бір суретшінің араға ондаған жылдар түсіп кеткен адамның суретін кейінгі ұрпақтарына қарап оты­рып салғанын оқыдым. Адамның тегі ұрпақтарында сақталады екен. Маған Раиса Орынбасарқызы Қожабергеннің Ұлы Отан соғысына қатысқан ұрпақтарының бірінің суретін ұсынып еді. Жүзінен қайсарлылығы аңғарылады. Бірақ қартайған шағындағы суреті болған соң оншалықты кәдеге асыра алма­ дым, – деді. – Сіз жыраудың тегін, руластарын айтып тұрсыз ғой. – Иә! – Олай болса, менде Қожабергенмен аталас көшебе керейдің ағайынды екі жігітінің суреттері бар. Соларды әкеліп берейін. Мүмкін пайдаланарсыз, – дедім. Ол қуанып кетті. Ертеңіне мен әлгі ағайынды екі жігіттің өзімде сақтаулы суреттерін беріп кеттім. Арада біраз уақыт өткенде Анатолий Николаевич қазіргі Достық үйіндегі облыстық «Қазақ тілі» қоғамы орналасқан кабинетке келіп, салған портретін Қосыл Әбдірахманұлы екеумізге көрсетті. Қожаберген жыраудың бүгінгі портреті – сол сурет. Қосекең екеуі Қуат Есімхановқа кетті. Одан соң облыс әкімі Қажымұрат Нағыманов портретті құптап, оған Анатолий Бургаевтың авторлығын бекіту керектігін тапсырыпты. – Содан көп ұзамай Қуат Есімханұлы портреттің көшірмесін талқылап, бекіту үшін Ұлттық ғылым академиясына және Суретшілер одағына жіберді. Біраздан кейін академиядан шақырту келді. Бекітуге оның өзі барып, маған авторлық құқық берілді, – деді Анатолий Бургаев. 2002 жылы университетте өткен конференцияда және жыраудың 340 жылдық мерейтойы тойланған күндері Жамбыл ауданында Анатолий Бурга­

Қожаберген жырау – 350 ев салған портрет асқақтап тұрды. Бүгінде Қожаберген портретінің Анатолий Бургаев салған негізгі нұсқасы облыстық бейнелеу өнері мұражайының қорында сақтаулы. Сөз соңында айтарым, әйгілі суретшіміз салған портретті Қазақстан Республикасының Суретшілер одағы және Ұлттық ғылым академиясы авторлық құқық беріп, құптағандықтан кейін оны соған сай бағалау керек. Өкінішке қарай, кейбір оқу орындарында, мекемелерде Қожабергенді өздерінше кейіптеген, көркемдік деңгейі сын көтермейтін суреттер де кездесіп жүр. «Солтүстік Қазақстан» газеті, 19 маусым 2013 ж.

12-254

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Қожаберген жырау –
Ұлы Дала дауысы

Қожаберген жырау – 350 «Қожаберген жырау – Ұлы Дала дауысы» (Алматы) және «Ел тұтастығы үшін күрескен қаһарман тұлға – Қожаберген жырау» (Астана) республикалық ғылыми-практикалық конференцияларының материалдары ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ ТОЛЫБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 350 ЖЫЛ ТОЛУЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №1678 қаулысы «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Респу­ бликасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін. 2. «2012-2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтой­ лар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 3-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: – көрсетілген өкіммен бекітілген 2012-2014 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесінде: – реттік нөмірі 9-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі»; – реттік нөмірі 10-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, БҒМ, барлық облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері»; – реттік нөмірі 11-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, Қарағанды облысының әкімі»; – реттік нөмірі 12-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

Қожаберген жырау – 350 – «МАМ, Павлодар облысының әкімі, Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша)»; – реттік нөмірі 13-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, Алматы, Қарағанды облыстарының, Астана, Алматы қалаларының әкімдері»; – мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-1-жолмен толықтырылсын: 13-1 Қожаберген жырау Толыбайұлының 350 жылдығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы МАМ, БҒМ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жыл – реттік нөмірі 14-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, СДШІА, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері»; – реттік нөмірі 15-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, БҒМ, Алматы қаласының әкімі»; – реттік нөмірі 16-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, БҒМ, Павлодар облысының әкімі, Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша)»; – реттік нөмірі 17-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, Қарағанды, Павлодар облыстарының, Астана, Алматы қала­ ларының әкімдері»; – р­еттік нөмірі 18-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, Алматы қаласының әкімі»; – реттік нөмірі 19-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: – «МАМ, Қарағанды облысының әкімі, Қазақстан Жазушылар одағы (келісім бойынша)». Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы: мынадай редакцияда жа­ зылсын: «Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

С. АХМЕТОВ

Қожаберген жырау – 350 ҰЛЫ ДАЛА ДАУЫЛПАЗЫ («Қожаберген жырау – Ұлы Дала дауысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциядан) Алматы қаласында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институттары мен «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының әйгілі қаһарманы – жырау, күйші, батыр һәм қолбасшы Қожаберген Толыбайұлының 350 жылдық мерейтойына арналған «Қожаберген жырау – ұлы дала дауысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы орайда, Үкімет қаулысымен ұлттық мәдениет пен ғылымның аса көр­некті өкілдерінің бірі ретінде 2012-2014 жылдардағы республикалық деңгейде аталып өтілетін мерейтойлар мен тарихи даталар тізіміне есімі енгізілген Қожаберген Толыбайұлы кім деген сауалды тағы бір саралап көрсек деймін. Қазақ хандығының құрылуы мен оның дербес мемлекет ретінде алысқа айбар, жақынға сұс болып қалыптасуына өлшеусіз зор үлес қосқан данагөй билеушілер мен баһадүр оғыландар, абыз би-шешендер мен көреген көсемдердің қатарында Қожаберген Толыбайұлы да бар. Ол қазақ елінің алғашқы заңдық құжаттарының бірі «Жеті Жарғыны» жүйелеген Әз Тәукенің үзеңгілес жол­ дасы, көк сүңгіні көлденең ұстап елге пана болған Бөгенбай батырдың ұстазы, Алаштың ақылманы, қазақтың қара қылды қақ жарған әділ билеушісі Хан Абылайдың замандасы және кеңесшісі болған тарихи тұлға. Бір бойына сан түрлі қасиет тұнған Қожаберген Толыбайұлы – ақын, батыр, жырау, қолбасшы және мемлекет қайраткері. Соңында өшпес өнеге, мол мұра қалдырып, елдікті жырлаған ол Еділ өңірі түріктерінің, Батыс және Шығыс Сібір жұртының, әрісі Еуразия, берісі Орта Азия халықтарының мәдени және рухани бірлігі жолында аталы істің басында жүрген дала перзенті, адамзатты бейбіт те берекелі өмірге шақырушы һәм ізгілікті үндеуші халық үні. Қожаберген Толыбайұлының шығармашылығы кезінде аз зерттеліп, терең зерделенбегені жасырын емес. Егер ел болып есімізді жимасақ, текті бабалар жан дүниесімен аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізбесек, бәлкім, бұл бабамыз да санадан өшіп, көңілден көшер ме еді?! Тәуба! Ұлан-ғайыр жерді аманаттап, ұлы

Қожаберген жырау – 350 істерді атқарып кеткен батыр, би, шешен, қайраткер бабаларымыздың өнегесі мен өрелі ісі, қилы заманда қиянат көрген әрбір тыныс-тіршілігі тиянақты зерттеліп келеді. Қазақтың абыз ақыны, ойшыл ғалымы Мәшһүр Жүсіп Көпеев кезінде өзінің «Данышпан» деп аталатын дастанында Қожаберген Толыбайұлының атын алғаш рет Алаш баласына таныс қылып, ұлы жырау туралы құнды деректі үзілген жіпті жалғағандай етіп кейінгі ойлы ұрпаққа табыстап кетті. Одан кейін халық ағартушысы, қазақтың тағы бір дана ұлы Ыбырай Алтынсарин Қожаберген Толыбайұлының кейбір өлең толғаулары мен әйгілі «Елім-ай» дастанының үзіндісін жинақтап, 1879 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ христоматиясына» енгізді. Ұлт үшін ұлы соқпаққа түскен Қожаберген жырау туралы әр заманда өзіндік үн қосқан қазақтың дуалы ауыз дауылпаздары жайлы деректер де табыла бастады. Мәселен, өз дәуірінің дүлдүлі болып, өз заманы­ на үн қосқан Дәстем сал Қарабасұлы (1677-1752), Жанкісі жырау Көшенұлы (1734-1817), Баһрам Шақшақұлы (1779-1826) секілді тарихи тұлғалардың Қожаберген жырау туралы орнықты ой айтып, оның шығармашылығын тілге тиек еткендігі белгілі болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Шәңгерей Бөкеев (1847-1920), Сұлтанмахмұт Торайғыров (18891921) сияқты көзі ашық, көкірегі ояу ұлдардың ұлы жырау туралы зерттеу ісімен шұғылданғанын анықтадық. Одан беріде Ермұхан Бекмұханов, Әлкей Марғұлан, Ақай Нүсіпбеков, Бауыржан Момышұлы өз кезегінде Қожаберген жырау туралы өздері қанық мәліметтерді жазып қалдырған. Бүгінгі күннің белді де беделді ғалымдары да Қожаберген Толыбайұлы тура­ лы талмай зерттеп, тарихтың қойнауында қалып бара жатқан тың деректермен қожабергентану ғылымын толықтырып келеді. Жыраудың жан-дүниесі мен ол өмір сүрген заманның сипатын айқындап, бүгінге дейін қолға түскен деректерді шып-шырғасын шашау шығармай өз баяндамасына енгізген көрнекті ғалым Ма­ наш Қозыбаев десек, әсте қателеспейміз. Ол кісінің 2000 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Қызылжар топырағында өткен «Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлының Отан тарихы мен қазақ поэзия­ сында алатын орны» атты ғылыми-теориялық конференцияда жасаған баянда­ масы қыртысы қалың көп деректен сыр шертеді. Манаш Қабашұлы өзінің құнды деректерге толы баяндамасында «Қазақ мәдениетінің ірі қайраткерлері Ы. Ал­ тынсарин, Сегіз сері, М.Ж. Көпеев, С. Торайғыров, Ш. Бөкеев, С. Сейфул­ лин, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, І. Омаров, М. Жолдыбаевтарды қызықтырған Қожаберген Толыбайұлының мұрасын игеру – заман талабы» деп орынды нұсқайды.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген бабамыздан қалған рухани мұраның шексіз екендігінде дау жоқ. Қазақ халқының қабырғасы қайысқан заманда мұңын тарқатқан «Елім-ай» әні бір төбе, «Күлдірмамай», «Қойлыбай көреген», «Қарасары Балта керей», «Соқыр абыз», «Баба тіл» дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыржас», «Дүние», «Жігіттік» сияқты толғаулары мен «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Шоңғал, шоңғал, шоңғал тас», «Сылаң Сыр», «Балқан, Балқан, Балқан тау», «Қазақ пен ноғайдың қоштасуы» секілді өлеңдері, «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлері, осының бәрі қатпар-қатпар тарихтың қойнауынан құнды деректі суырып алуға сұранып тұрған қазына. Оның сыртында жеті бөлімнен, 3683 шумақ, 14 732 жолдан тұратын «Елімай» дастаны бірнеше ұрпақтың ғалымдары түгесе алмай кеткен құнды жәдігер, беті ашылған қазыналы қойма. Осының бәрі – кешеден бүгінге жалғасып келе жатқан тарих, тереңдеген сайын қазақтың тектілігін паш ететін зерттеу. Енді сөзіміздің басында айтып кеткен Ғылым ордасында өткен Қожаберген бабамызға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция туралы, оған қатысқан ғалымдар мен қозғалған тақырып, ескерілген ұсыныстар жөнінде айта кетейік. Аталмыш конференцияда қозғалған әңгімеге қазақ халқының біртуар ұлы, белгілі тарихи тұлға және жаугершілік кезеңінің өкілі, өзінің ақындық шы­ ғармашылығымен көшпелі қоғамның әлеуметтік идеологиясын құруға ықпал ет­ кен Қожаберген Толыбайұлының өмірі мен қызметі арқау болды. Ғылыми жи­ ында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Қирабаев, тарих ғылымдарының докторы, генерал Абай Тасболатов «Дауыл­ паз баба – Қожаберген», тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов «Қожаберген жырау және тарихи таным», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғалымқайыр Мұтанов «Ұлттық рух ұрангері Қожаберген жырау», философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы «Елім-ай» дастаны – ұлттық идеяның мәңгілік арқауы», профессор Өмірзақ Айтбай «Баба тілі ту­ ралы толғаныс», Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембай, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Сұлтан Сартаев «Қожаберген жырау және оның құқықтық көзқарасы», әскери ғылымдардың докторы, есімі елімізге жақсы таныс Қарулы Күштер ардагері Ким Серікбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев «Қожаберген жыра­ уды ұлықтау – ұрпақтың парызы» атты баяндамалар жасап, тарихи тұлғаның келбетін аша түсетін деректерді ортаға салды. Конференцияда сөз алған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Сабыр Қасымов ел тәуелсіздігімен бірге түрік тілдес

Қожаберген жырау – 350 халықтардың бірлігіне, құндылықтарының сақталып, баюына қызмет еткен Қожаберген дәуірі басталды деген ойды дәйектеді. Бұдан өзге тарих ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Еженханұлы «Цин патшалық қытай-мәнжу жазбаларындағы Қожаберген», филология ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы «Қожаберген Толыбайұлының жаңадан табылған мұралары жөнінде», филология ғылымдарының кандидаты, до­ цент Ақжігіт Әлібекұлы «Қожаберген Толыбайұлы: тарихи шындық, көркемдік шешім, ғылыми сараптама», Пекиндегі Орталық ұлттар университетінің оқытушысы Нұрбақан Қалелханұлы «Ғұндардың «Янжи жыры» және Қожаберген жырау», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Джабархил Хошал «Кожаберген жырау и Хошалхан Хатак: тема идентичности в поэзии Востока, 17-18 вв.» атты ағылшын тіліндегі зерттеулерін көпшілік назарына ұсынды. Тақырыпты талқылауға елуге тарта ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысқан жиынның кейбір баяндамалары мен ғылыми зерттеулерін ғана атап отырмыз. Ниетіміз – ел ішінде елеусіз қалған есті сөз, құнды дерек болса осы тақырыптар қозғау салып, бағыт сілтер дегеніміз. Ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, ХVІІІ ғасырдағы жекелеген та­ рихи тұлғалардың қызметі, халық ауыз әдебиетіндегі ұлттық қаһарман батырлардың бейнесі мен сол кезеңде өткен саяси үдерістерді қамтитын сауал­ дар кеңінен талқыланды. Конференцияда қамтылған зерттеу тақырыптардың әртүрлі қырларын зерделей отырып қатысушылар Қазақстанның жаңа заман тарихындағы батыр, қолбасшы, жырау Қожаберген Толыбайұлының рөлі мен орнын одан әрі бағамдау, жыраудың ақындық шығармашылығы мен қызметін толық әрі кеңінен суреттейтін тарихи деректерді іздеу және анықтау, ел тари­ хында әртүрлі себептермен тиісті дәрежеде көрініс таппай жатқан халықтық жыраулардың қызметі мен шығармашылығын, өмірі мен замандастары туралы кешенді зерттеу ісін ұйымдастыру, қазақ даласындағы қоғамдық дамуға үлкен ықпал еткен көрнекті тарихи тұлғаларды мәңгі есте сақтау, олардың идеяла­ рын өзекті ету, рухани және материалдық мұраларын зерттеу, отандық және шетелдік қоғамдастықтардың назарын аударту, зерттеушілерге қолжетімді құжаттық және бейнелеу деректердің кеңеюіне ықпал етіп, тарихи тақырыпқа сәйкес ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстарды жариялау, Қожаберген Толыбайұлының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Петропавлдағы әскери училищені оның атымен атау, батыр бабаға Астана қаласында ескерткіш орна­ ту, артына қалдырған мол мұрасын жинақтап, кітаптар шығару секілді мәні зор мәселелерді қамтитын қарар қабылдады.

Қожаберген жырау – 350 Бір тайпа елдің бағына бітетін қасиеттерді бір басына қондырған Қожаберген Толыбайұлы туралы зерттеу ісі әлі де жалғаса берері хақ. Ол туралы толымды зерттеу мақалалар отандық баспасөз беттерінде өз оқырмандарына жол таба­ тын болады. Қолдағы деректер мен жүргізіліп отырған ізденістерге қарап біз Қожабергентанудың ғылым санатында бір саты жоғарылағанын, аса маңызды қадам жасап, халыққа етене жақындағанына куә болдық. Сөз соңында мысқалдап жинаған маңызды мәліметтерді ғылымның сөресінде қалдырмай, жас ұрпақты тәрбиелеу құралы ретінде қолданысқа енгізу міндетінің тұрғанын да ескерген жөн деп есептейміз. Қанат ЕСКЕНДІР «Егемен Қазақстан» газеті, 5 наурыз 2013 ж. «ЕЛІМ-АЙ» ДЕП ӨТКЕН ЕСІЛ ЕР («Ел тұтастығы үшін күрескен қаһарман тұлға – Қожаберген жырау» республикалық ғылыми-практикалық конференциясынан) Үкіметтің қаулысына сәйкес Қожаберген Толыбайұлының 350 жылдығы кеңінен аталып өтуде. Батыр бабамыздың мерейтойына арналған ғылымитәжірибелік конференция Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­ верситетінің бас ғимаратында өтті. Конференцияға еліміздің барлық өңірлерінен билік пен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Қазақ рухының көтеріліп, жоғының түгелдене түсуіне ілкім бір әсер ететін үлкен жиынға Алматыдан академиктер Сұлтан Сартаев, Серік Қирабаев, Әлия Бейсенова, белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметов, Се­ мейден жазушы Медеу Сәрсеке мен ғалым Болатбек Нәсенов, Ақтөбеден профессор Амангелді Айталы, Қостанайдан тарихшы Аманжол Күзембайұлы секілді ұлт жанашырлары жетіп, алқалы жиын маңызын арттыра түсті. Үкіметтің қаулысымен биыл Қожаберген бабамыздың 350 жылдық мерей­ тойын атап өту белгіленген болатын. Аталмыш жиын сол қаулының шеңберінде өтіп отырған мәдени шара болып отыр. Аталмыш университеттен академик Сейіт

Қожаберген жырау – 350 Қасқабасов бастаған барлық әдебиетші, тарихшы ғалымдар жиынға қатысып отырды. Конференцияны ашқан білім ордасының проректоры, белгілі ғалым Дихан Қамзабекұлы шараға 239 ғылым докторы мен кандидаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес пен Жоғары соттың мүшелері қатысып отырғанын жеткізе отырып, Қожаберген Толыбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ой толғады. Қожаберген жыраудың өмірі мен тағдырын білуге деген қызығушылық­тың осынша үлкен болу себебі неде? Бүгінгі таңда оны білудің қаншалықты маңызы бар деген сұрақтар туады. Оған конференцияда сөйлеген ғалымдар толығымен жауап бергендей болды. Қазақтың қойнауы құтты, даласы сүтті, дүние жүзінде тоғызыншы орын алатын алып аумағы бүгінгі ұрпаққа көктен түскен жоқ. Ол осы Қожаберген жырау сияқты бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен әр қыры мен өріне, төскейі мен беткейіне, көлі мен шөліне қанын төгіп қорғап, ұрпаққа мұраға қалдырған жері. Сондықтан да оның әрбір түп көдесі мен бұтасына дейін қазақ үшін қымбатты, қасиетті. Сайын далада қазақ секілді көшпелі өмір сүрген халықтар аз болған жоқ. Жаугершілігімен, басқыншылығымен аты шығып, тіпті «көшпенділердің империясы» деген атаққа жеткендері де болды. Солардың кейбірі тіпті тарих сахнасынан өшіп, жер бетінен жойылып та кетті. ХVІІІ ғасырда қысқа күнде қырық шауып, бейбіт жатқан қазақты қыра беруді ғана білген жоңғарлардың бүгін жер атауларынан басқа ізі де жоқ. Ал қазақ жол бастаған көсемдері, қол бастаған батырлары, сөз бастаған шешендерінің арқасында ұйысып аман қалды. Алып территориясын да шашы­ ратпай, ұрпағына бүтін жеткізді. Тарих ғылымдарының докторы, генерал Абай Тасболатов әскери академияда оқып жүрген кезін еске алып, онда әріптесі, армян генералының өзіне қатты қызығып, «қарашы, картада біздің жерге «Армения» деген атауды да сыйғыза алмайсың, ал сіздер құлашты кең тастап, «Қазақстан» деп еркін жаза аласыздар. Қандай бақыттысыздар» дегенін айтты. «Сонда мен осынша алып жерді бізге мұраға қалдырған бабаларымызға қатты ырза болып, олардың рухына бас июші едім. Есімдерін білмекке құштар едім, бірақ бізге ешкім оларды айтқан жоқ, тек Суворов, Кутузов дегендерді ғана оқыта берді. Тек тәуелсіздіктің арқасында ғана біз олармен танысуға мүмкіндік алдық», – деді генерал. Елі мен жерін сыртқы жаудан қорғап, қол бастаған, ұлан-ғайыр аумақта жатқан қандастарын жауға қарсы бірігуге шақырып, сөз бастаған ерен ерлердің бірі Қожаберген Толыбайұлы болған соң да оны білмекке, тереңірек танымаққа деген қызығушылық бүгінгі күнгі басы азат, жаны таза өскелең ұрпақта ора­ сан болып отыр. Бұл азат елдегі патриоттық сезімнің жалындай шалқуының бір көрінісі болса керек.

Қожаберген жырау – 350 Біз ұзақ жылдар бойы өзге елдің мүддесін көздейтін идеологиялық құр­ сауда болып келдік. Қаншама рухани қазыналарымызды талақ етіп, олардан безінуге мәжбүр болдық. Елім деп еңіреген ерлеріміздің түсін түстеу түгілі атын атаудан да қорықтық. Академик Серік Қирабаев өзінің сөзінде қаншама әндеріміз бен күйлеріміздің авторын атаудан қашып, «халық әндері» деп келгенімізді айтты. Көп уақытқа дейін «Батырлар жырларынан» «тоқсан үйлі тобырын» асыраған Қамбар батырды ғана алып, қалғанының бәрінен байдың ба­ лалары деп бас тартқанымызды күйіне жеткізді. «Сөйтіп, біз өзіміздің қаншама рухани қазынамыздан бас тартып, көз жазып қалдық. Ал бүгінгі күні олар ашы­ лып жатса, жаңадан көрініп жатса, жатырқап, ондай адам жоқ еді ғой, қайдан шыққан деп үрке қарайтын халге жеттік», – деді ол. Қай күнгідегідей конференцияда түрлі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, соның ішінде Білім және ғылым, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Ұлттық ғылым академиясының, Ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің, Жа­ зушылар одағының, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің де құттықтаулары оқылды. «Қожаберген жырау – қайраткер, қолбасшы» деген тақырыптағы негізгі баяндаманы тарих ғылымдарының докторы, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған жасады. Ол Қожаберген жырауға байланысты ғылыми-зерттеулердің жалғаса беруі қажеттігіне тоқталды. «Ұлттың намыс қорғаны» деген тақырыпта сөйлеген қоғам және мемлекет қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов Қожаберген жырау шығармаларының үлгісіне тоқталды. Республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Өмірзақ Озғанбаев Қожаберген өмірінен бүгінгі ұр­ пақтың ғибрат алар тұстарын көбірек айтты. «Елім-ай» дастаны ұлттық идеяның арқауы болатыны туралы сөз қозғаған профессор Амангелді Айталы бүгінгі күннің проблемасынан биіктеп, ұлттың болашағы туралы әңгімелер қозғады. Қай күнде елдік ірі істер туралы толғайтын философ бұл жолы да өзінің ұстанған жолынан айнымай, ұлт болашағының өзекті проблемаларын Қожаберген жыраудың өмірі мен шығармашылығына сабақтастыра өрбітті. Заң ғылымдарының докторы Томас Айтмұхамбетов Қожаберген жыраудың қатысуымен жазылған «Жеті Жарғының» тарихы мен маңызы жайлы әңгіме өрбітті. Ал профессор Мекемтас Мырзахметов «Елім-ай» дастанының сая­ си мәнін ашуға тырысты. Қырық тоғыз түркі халықтарының қырық жетісін жау­лап алып, көбін жұтылдырып жіберген орыс империясы мен Совет Одағы идеологиясының зардабын айта отырып, Қожаберген жырау жырларындағы басқыншылықты әшкерелейтін тұстарды тереңірек таратты.

Қожаберген жырау – 350 Конференцияда Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз, қарымды қаламгер Шәміс Құмарұлы да сөйлеп, Қожаберген жыраудың зерт­ теліп, қазір халықтың рухани қазынасына айналып жатқанына ризашылығын білдірді. Конференцияны қорытындылаған халықаралық «Жеті Жарғы» және Қо­ жаберген жырау» қорының төрағасы Бекет Тұрғараев жыраудың өмірін зерт­ теу, еңбектерін шығарып, халыққа таныту бағытында істеліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бүгінгі күнге дейін түрлі тақырыппен Қожабергеннің өз шығармалары және ол туралы 11 мың дана кітап жарық көрген екен. Алғаш рет ол 2000 жылы ұлықталып, Петропавл қаласында көше, мектеп аты берілгенін айтты. Сондай-ақ, жерленген жеріне үлкен кесене тұрғызылып, зиярат етушілер саны жыл сайын артып келе жатқаны да жеткізілді. Конференция соңынан қарар қабылданып, онда жыраудың өмірі мен шығармашылығына байланысты қандай шаралар жасалуы керектігі жөнінде тиісті орындардан сұралды. Бұдан әрі Қожаберген жырау мерейтойына қатысты шаралар Солтүстік Қазақстан жерінде жалғасты. Республикамызға белгілі тұлғаларды, ақын-жазушыларды тоғыстырған мерейтойлық шара С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма теа­ трында «Қожаберген жыраудың әдеби мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты дөңгелек үстелмен ашылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров мәртебелі қонақтарға жылы қошемет білдіре келіп, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің құттықтауын оқып берді. Көрнекті ақын Кәкімбек Салықов «Қожаберген – намыстың адамы. Жас кезінен Әз Тәуке ханның сенімді серігі, айнымас досы, қолдаушысы, қол­бас­ шысы болған ұлы тұлға. Сондықтан да оны қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі ретінде танитын мезгіл жетті», – деді. Мәжіліс депутаты Абай Тасболатов ел тәуелсіздігінің арқасында ғана өз бабаларымызды тануға қол жеткізгені­мізге, олардың ішінде Қожаберген жырау ерекше орын алатындығына, 25 жасында үш жүздің қолбасшысы болғандығына, 67 жасында «Аңырақай» шайқасына қатысқандығына, баба өмірін кейінгі толқынға таныта түсу қажеттілігіне ерек­ ше екпін түсірді. Тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған «Елім-ай» дастанының қазақ пен жоңғар қалмақтары айқасын тарихи тұрғыдан сипаттай­ тын туынды екеніне тоқталып, шығармаға мәтінтану жағынан тарихи сараптама жасау қажеттігін сөз етті. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті­ нің профессоры Болатбек Нәсеновтің айтуына қарағанда, ұлы жырауды кеш білуіміз идеологиямыздың әлі де өз дәрежесінде жүргізілмей келе жатқанын

Қожаберген жырау – 350 аңғартады. Бүгіндері жұртшылыққа насихаттап жатқанымыз – Қызылжар өңірінің атпал азаматтарының, өлкетанушыларының арқасы. Филология ғы­ лымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметов «Қожаберген жырауды «Бір ел – бір кітап» жинағына енгізіп, тарихымыздың іргетасын нығайта түсуіміз керек» деген мағыналы ұсыныс тастады. Жазу­ шы-журналист, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Дүйсенбі Әріп 2000 жылы Петропавлда белгілі академик Манаш Қозыбаев, сол кездегі облыстық соттың төрағасы Бекет Тұрғараев бас болып өткізген конференциядан, 2007 жылы шыққан жырау шығармалары жинағынан кейін ғана тани бастаға- ­нын жеткізе келіп, Жамбыл ауданындағы Благовещенка ауылын Қожаберген жырау есімімен атау жөнінде ұсыныс білдірді. Оны мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Қасымов, баба ұрпағы Бектас Тырқаев қолдады. – Қожабергендей тарихи тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Жақында бір топ зиялы азаматтардың атынан үкіметке Петропавл қаласындағы әскери институтқа даңқты сардардың атын беру жөнінде ұсыныс жасалды. Бұл ретте тәуелсіз ел ретінде дамуымыздың айшықты нышанына айналған Астана­ да жыраудың еңселі ескерткіші тұрса, айбынымызды асқақтатып, мерейімізді өсіре түсер еді. Сондай-ақ ел басына күн туған, зар заман атанған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» дәуірін көз алдымызға елестететін «Елімай» дастаны ұлттың мәңгілік жыры екенін ескерсек, соған лайық белгі қою да алдағы күндердің еншісі, – деді әңгімелескенімізде Тоқсан бидің зиратына ке­ сене, Мағжанның әке-шешесінің басына мәрмәр тастан белгі тас қоюға тікелей мұрындық болған белгілі меценат Бекет Тұрғараев. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай мерекелік шаралар шеңберінде ұйымдастырылған жыр додасына еліміздің әр қиырынан 50ге тарта ақын Қожаберген жырауға, «Елім-ай» дастанына және еркін тақырыпқа арналған үш шығармамен жабық конкурсқа қатысқанын, солардың арасынан қазылар алқасының сараптауынан өтіп, оза шауып, топ жарған он дүлдүл ақын өз жырларын өнерсүйер қауымға ұсынатынын жеткізді. Сегіз сері атындағы арнайы сыйлық пен диплом астаналық ақын Серік Тұрғынбекке, С. Мұқанов атындағы сыйлық алматылық Ерлан Жүніске, М. Жұмабаев атындағы сыйлық астаналық Ұларбек Дәлейұлына, Шал ақын атындағы сыйлық Алмат Исаділге, Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлық қызылжарлық Жарқын Жұпарға табыс етілді. Үшінші орынды Ырысбек Дәбей, екінші орынды Әділғазы Қайырбеков, бірінші

Қожаберген жырау – 350 орынды Темірғали Көпбаев жеңіп алса, бас жүлде оншақты жыр жинағының авторы, қарағандылық Абзал Бөкенге бұйырды. Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұханбетовтің құттықтау хатын тіл­ дерді дамыту басқармасының басшысы Ғосман Төлеғұлұлы оқып беріп, Көкше өңірі бейнелеген картинаны тарту етті. Бұл күнгі шара Бескөл ипподромында Қожаберген жыраудың 350 жыл­ дығына арналған сахналық көрініспен және ұлттық ат спорты ойындарымен қорытындыланды. Ертеңіне мәртебелі меймандар ұлы бабаның туған жері Жамбыл ауданына сапар шекті. Аудан орталығындағы баба есімі берілген үлкен алаңға жиналған көпшілік қонақтарды қазақтың салт-дәстүрімен қарсы алып, құрмет көрсетті. Қожаберген Толыбайұлының шығармалары үш ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарап келсе, енді халық жадында мәңгі сақталары анық. Үш томдығының жарық көруі, соның бір дәлелі. Бүгінге дейін дауылпаз жырау ретінде ғана біліп келсек, енді даңқты қолбасшылығын, ержүрек батырлығын жастар да таныпбілетін болады. Алты алаштың айбыны, ұлтының қорғаны бола білген ірі тари­ хи тұлғаға қатысты шаралар мұнымен тоқталмақ емес деді салтанатты жиында сөз алғандар. Жыраудың кесенесіне тәу етіліп, аруаққа дұға бағышталды. Ау­ дан орталығының қақ төрінде орналасқан мүсін гүл шоқтарымен көмкерілді. Жергілікті мүсінші Бақытжан Рамазановтың қолынан шыққан тастан қашалған бейне ерекше көз тартады. Пресновка мектебінде жұмыс істейтін мұражай үлкен қызығушылық тудырды. «Салтанат» мейрамханасында жырауға ас берілді. Жақсыбай САМРАТ «Егемен Қазақстан» газеті, 25 маусым 2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕДТІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті қауым! Құрметті конференцияға қатысушылар! Атақты жырау, әйгілі қолбасшы, абыз шежіреші Қожаберген бабамыздың туғанына биыл 350 жыл толып отыр. Жырау мұрасының бүгінгі ұрпаққа берері мол. Қожаберген жырау – ең әуелі, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының жыршысы яғни қазақ мемлекеттілігінің жаршысы. Батыр бабамыздың «Елім – ай» эпопеялық жыры – қазақ халқының нәубетті бастан кешірген қиын – қыстау кезеңінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған, жарты ғасырлық әрі әділетті, әрі азаттық соғысын суреттеуге арналған маңызды кесек, тарихи шығарма. Жырау шығармалары – ғасырлар бойы бодандықтан арылмаған қазақ халқының ел болып еңсесін көтеруге, ұлт намысын оятуға, рухани тәуелсіздіккке бастайтын өшпес асыл мұра болып қалғандығымен құнды. Оның елшілік қызмет атқарған қайраткерлік келбетін де орынды бағалауға тиіспіз. Үргеніш медресесінде оқып жүргенінде парсы, араб, шағатай тілдерін жетік меңгергенін білген Тәуке хан оны елшілік қызметке пайдаланған. Батыр бабалардың ерен еңбегі ұрпақ жадында ешқашан өшпек емес. Артымда өзім өлсем атым қалсын, Жырыма барша жұртым құлақ салсын. «Бабамның Қожаберген өлеңі», – деп Ұмытпай кейінгі ұрпақ есіне алсын, – деп, батыр бабамыздың өзі жырлағандай, Қожабергентану мұрасын артында қалған ұрпақтары әлі де зерделеп, ел игілігі жолында іске асыратынына шүбә жоқ. Бүгінгі конференция жұмысына табыс тілей отырып, бабалар атын ардақтап, еңбегін ұлықтаған ұрпақтардың игі істері оң болсын деп тілеймін! М. ҚҰЛ-МҰХАММЕД, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі

Қожаберген жырау – 350 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті конференцияға қатысушылар! Қазақтың даңқты батыры, жырау Қожаберген Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуына орай өткізіліп отырған «Ел тұтастығы үшін күрескен қа­ һарман тұлға – Қожаберген жырау» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ашылуымен құттықтаймын! Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында біздің еліміздің бүкіл әлем алдындағы беделі зор. Осындай еліміздің жеткен жетістігі мен мызғымас тәуелсіздігі – бізге тарих қойнауында әлі түндігі ашылмаған ақтаңдақтарды ашуға мүмкіндік беріп отыр. Еліміздің тарихында өшпес із қалдырып, XVІІ-XVІІІ ғасырда өмір сүрген жырау Толыбайұлы Қожабергеннің «Елім-ай» эпопеялық жыры қазақ хал­ қының сыртқы жауларға қарсы бағытталған жарты ғасырлық әрі әділетті, әрі азаттық соғысын суреттеуге арналған маңызды тарихи шығарманың авторы екендігі баршамызға белгілі. Үргеніш медресесін бітіріп, араб, парсы шағатай тілдерін жетік меңгерген өз заманының білімді адамы Қожаберген жырау Әз Тәукенің сенімді елшілерінің бірі болды. Тәуке ханның заңдарын жинақтап, бір жүйеге келтіруге атсалысқан Ол, өзі өмір сүрген заманның қоғамдық және әлеуметтік жағдайын баяндайтын «Жеті Жарғы» поэмасын жазды. Сонымен қатар, Қожаберген жырау 1688-1710 жылдары жиырма жылдан астам уақыт қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қол­ басшылық жасаған, Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер екендігін де ғалымдарымыз тарихи деректермен дәлелдеп отыр. Қожаберген жыраудың өмірі мен тарихта алатын орнын зерделеу өркениетке бет алған еліміз үшін маңызы өте зор. Бүгінгі Қожаберген жырауға арналған конференция жас ұрпаққа өткенімізді өшірмей, тарих жадында ұстауға бағытталған игі іс – шара боларына сенімдімін. Конференция жұмысына сәттілік және шығармашылық табыстар тілеймін. Б. ЖҰМАҒҰЛОВ, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қожаберген жырау – 350 ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ НҰРЛАН ОРАЗАЛИННІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ Қадірлі қауым, Сіздерді даңқты қолбасшы, дауылпаз жырау Қожабергеннің 350 жылдығына арналған конференцияның ашылу салтанатымен құтықтаймын! Елбасымыз атап өткендей, «қазақтың өткен тарихында қазақ ұялатындай ешнәрсе жоқ». Біз ұлы оқиғалардың куәгерлеріміз, ұлы құндылықтардың мұрагерлеріміз. Бабадан қалған сөз – асыл, атадан қалған жол – даңғыл. Бүгінде әлемнің саяси – жағрафиялық картасында көлемі жағынан тоғызыншы орында тұрған, Алтайдан Атырауға, Алатаудан Шыңғыстауға дейін кең көсіліп жатқан ұлан-ғайыр байтақ өлкені аттың жалында, түйенің қомында жүріп, күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, алты малтаны ас қылған баһадүр бабалар өз өмірінің құнымен сақтап қалды. Көздің қарашығындай мөлдір осы дүниені бізге аманат етті. «Тар жолды, тайғақ кешулі» күрделі кезеңдерді бастан кешіре отырып, «ма­ лым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қазақы бол­ мыспен, қайыспас қара нардай жанкештілікпен, жанпидалықпен осы күнге – Тәуелсіздігімізге де жеттік. Біздің Ұлы Даланың әрбір тасы – тұнған тарих, әр тұлғасы – сол тарихтың асыл шежіресі. Аумалы-төкпелі, алағай-бұлағайлы кешегі 17-18 ғасырлар, ұлт тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалған қанды жылдар жадымыздан әлі өше қойған жоқ. «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деп зар басталғанда әлі күнге дейін сайүйегіміз сырқырап, қабырғамыз қайысып, қан жұтардай күй кешеміз. Жаны­ мызда қалған, жадымызда қалған, қанымызда қалған қасірет әлі қанша ұрпақты тебірентіп, қанша ғасырды күңіретер екен. Ұлт арманы мен мемлекет мүддесі жолында жанын найзасының ұшына түйген сол дала данышпандары мен алаш әулиелері, қазақ хандары мен баһадүр батырлар бейнесінің ішінде Қожаберген жыраудың да есімі биік тұр. Ол 16801710 жылдар аралығындағы оқиғалар кезінде алты алаштың аруағын көтерген батыр, қаһарман қолбасшы, даланың даңқты абызы, әулиедей көрген ұстазы. Сол тарихтың тірі куәгері, оны «Елім-айлап» ұрпаққа жеткізуші дала жырауы. «Жеті Жарғыны» жазуға қатысқан, қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси мәселелерінде қолтаңбасы қалған дипломат, мемлекет қайраткері. Қожаберген жыраудың 350 жылдығы – елдің, ел мұратының тойы. Оның даңқын көтеру ұлт тарихына деген құрмет деп білеміз. Н. ОРАЗАЛИН, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы 13-254

Қожаберген жырау – 350 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ САМАТ ЕСКЕНДІРОВТІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ Қадірменді қауым! Қожаберген жырау бабамыздың торқалы тойы құтты болсын! Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында елімізде ауқымды істер атқарылып, рухани қазынамыз жылдан-жылға молаю үстінде. Мемлекетіміздің басшысы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздіктің іргетасы – ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға, арманда өткен асылдарымызды ардақтауға айрықша мән беріп отырғаны белгілі. Соған орай Қожаберген Толыбайұлының 350 жылдығы Қазақстан Респу­ бликасы Үкіметінің қаулысына сәйкес ел көлемінде аталып өтілуде. Кең-байтақ жерімізді жат жұрттың шеңгелінен қызғыштай қорғап, жалынды жырларымен халық жігерін жанып, рухын көтерген дауылпаз ақын-жырау, атақты ордабасы, ержүрек батыр, мемлекет қайраткері Қожаберген Толыбайұлының есімі халық жадынан ешқашан өшкен емес, өшпейді де. Өйткені, Қожаберген Толыбайұлы – қазақ елінің алғашқы заңдық құжаттарының бірі «Жеті Жарғыны» жүйелеген Әз Тәукенің үзеңгілес жол­ дасы, көк сүңгіні көлденең ұстап елге пана болған Бөгенбай батырдың ұстазы, Алаштың ақылманы, қазақтың қара қылды қақ жарған әділ билеушісі Абылай ханның кеңесшісі болған тарихи тұлға. Бір бойына батырлық, қолбасшылық, ақындық, сазгерлік, күйшілік, көрегендік сияқты асыл қасиеттер молынан тарыған ұлы бабамыздың Қызылжар өңірінің киелі топырағында дүниеге келуі біз, жерлестері үшін айрықша мақтаныш. Ел шежіресіндегі зар заман саналатын «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубетінің айнасына, халқымыздың әнұранына айналған «Елім-ай» – баға жетпес асыл мұра. Оның «Баба тіл», «Қорқыт баба», «Асан ата», «Еңсегей бойлы ер Есім», дастандары, «Ақсауыт» «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Қазақ пен Ноғайдың қоштасуы», «Сылаң сыр» өлеңдері мен «Аңырақай», «Сұлама», «Боз айғыр» күйлері мен өлең-дастандары – замана сырын шерткен тарихи туындылар. Сондықтан да Қожаберген Толыбайұлы – барша қазаққа ортақ қаһарман тұлға. Халқымыздың бостандығын, еліміздің тәуелсіздігін қорғау жо­ лында жанын шүберекке түйіп, ширек ғасыр қазақ қолын басқарған қолбасшыға қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Азаттық үшін арыстанша арпалысып өткен батыр бабамыздың атын ардақтап, рухына тағзым ету – әрбір саналы

Қожаберген жырау – 350 азаматтың қасиетті борышы. Қожаберген жырау есімін мәңгі есте қалдыру, ар­ тында қалдырған бай мұрасын терең зерттеп, кеңінен насихаттау – өткен тарих алдындағы парызымыз, бүгінгі және болашақ ұрпақтар алдындағы қарызымыз. Өйткені, Қожаберген жырау бабамыздың рухын асқақтату Тәуелсіз Қазақ елінің Қожаберген жырау сынды патриоттарын тәрбиелеу үшін қажет. Сондықтан да ұлы бабамыздың өнегелі өмірі мен өшпес ерлігін, жұрт жа­ дында сақталған шығармашылық асыл мұрасын зерттеп, ел игілігіне айнал­ дыру жолында тер төгіп жүрген ғалымдар мен ізденімпаз азаматтарға барша солтүстікқазақстандықтардың атынан зор ризашылық білдіремін. Бүгінгі конференция жұмысына сәттілік тілеймін! С. ЕСКЕНДІРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЛИК АЙДАРБАЕВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ Қымбатты отандастар, ардақты ағайын! Өткеннің ащы сабағынан өрелі ой түйіп, ғасырлар қойнауында жіберген өлшеусіз есеміздің орнын еселеп толтыру, тәуелсіз Қазақ мемлекеттілігін қалыптастыруда қапы жібермей, ұпайымызыды түгендеп, әркез ұтысқа шығу, ақыл мен парасат, білім мен білік, өршіл ұлттық рухпен баянды болашаққа бағыт ұстану – басты мұратымыз екендігін Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан2050» стратегиясында атап көрсетті. Халқымыздың басынан қаншама ауыр күндер өтсе де, ел басына күн туған аласапыран кезеңдерден аман өттік. Әрине, ер етігімен, ат ауыздығымен су ішіп, ел үшін, жер үшін болған қанды қырқыс, жаугершіліктерде талайлаған қаһарман ерлеріміз халқына қалқан болып, қанды майдандарда шейіт кетті. Қара басының қамымен күйгелектемей, елдіктің туын тіктеген, мойнына ел қамытын жүктеген, ата намыс жолында атан нар­ дай іс қылып, атам қазақтың азаттығы мен бостандығы үшін қаһармандықпен құрбан болған арыстарын халқымыз ұдайы жадында жаңғыртып, есімдерін зор құрметпен еске алады. Осындай тар жол, тайғақ кешу, ел басына қара бұлт үйірілген «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атанған дүрбелеңді дүниеде үш жүздің біріккен

Қожаберген жырау – 350 қолының бас қолбасшысы әрі дәуір жырын толғаған дауылпаз жырауы атанған Қожаберген Толыбайұлының ғұмыр дастаны ұрпақтан-ұрпаққа кеңінен жария етерліктей даңқ пен үлгі-өнегеге толы. Бүгінгідей өз алдымызға дербес ел бо­ лып, ұйқымыздан дүр сілкініп жатқан тұғырлы шақта, ғасырлар бойы зарыға аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз қандай қымбат, ұлы Отанымыз қандай қасиетті болса, Ұлы Даланың қарыс сүйем киелі пұшпағы үшін қасарыса қан төккен қайсар тұлғаларымыз қандай аяулы десеңізші! Тайбуырылдай асау тұлпардың айнымас ізіндей тарих сорабында мәңгі өшпес те өлмес ересен ерлік, қайталанбас даңқ дәстүрін қалдырған баһадүр бабалардың біртуар болмысын ұлықтау – парызымыз да, қарызымыз да. Бүгінгі заманда егемен еліміздің кең-байтақ, шалқар жазирасы көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынды иеленсе, көңіл марқайтардай бұл өлшеусіз игілік, шадыман қуанышта қарыс сүйем жер үшін арғымағын ойнатып, қос дұшпанға көк сүңгісін бойлатқан жаужүрек ерлеріміздің, елді біріктірген, ынтымаққа ұйытқан хан-сұлтандарымыздың, батырлар мен билеріміздің, ақындар мен ғұламаларымыздың алар орны айрықша. Міне, осындай қилы да қатерлі, тарихи сәтте елін, халқын қатыгез жаумен ымырасыз күреске үндеп, «Елім-ай» жырын толғаған қазақ даласын кеудесінен шыбын жаны шыққанша өліспей-беріспей қорғаған Қожаберген жырау – ұлы данамыз да, ұлы бабамыз да. Ұлағатты той құтты болсын, ауызбіршілігіміз мықты, елдігіміздің қабырғасы бекем, тәуелсіз Қазақстанымыз ырыс пен ынтымаққа, береке мен мерекеге тола берсін! Өсер, өнер ұлыс пен ұрпақтың бойына аруақты бабалар рухы қонсын, елдік жасампаздық істерімізді қолдасын! А. АЙДАРБАЕВ, Маңғыстау облысының әкімі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАТ ЖҰРЫНОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ Құрметті конференция қатынасушылары! Өткен тарихты тану, бабалар рухын ояту, болашаққа бағдар беру бағытындағы мәні мен маңызы зор алқалы жиын, ғылыми бас қосуларыңызбен құттықтаймын!

Қожаберген жырау – 350 Бүгінгі таңда даңқты бабамыз Қожаберген жырау Толыбайұлының әдебиет пен тарихымызда, әскери тану ғылымымызда, жалпы руханиятымызда алар орны ерекше. Парасаты биік, отаншыл да ұлтшыл азаматтардың, әдебиетші және тарихшы ғалымдардың қажырлы еңбектерінің нәтижесінде біз Қожаберген бабамызды атақты «Елім-ай» эпопеялық дастанына қоса, «Күлдірмамай», «Қойлыбай көрген», «Қарасары болат керей», «Соқыр абыз», «Баба тіл», «Жеті Жарғы», «Қабанбай батыр», «Ер Көкше», «Асан ата», «Ер Қосай», «Ер Жәнібек», «Қорқыт баба», «Ер Едіге», «Орақ батыр», т.б. ондаған құнды шығармалар қалдырған жалынды жырау ғана емес, ел басына күн туғанда қолына найза ұстап жауға шапқан ержүрек батыр, қол бастаған әскери қаһарман қолбасшы, сондай-ақ «тоқсан ауыз сөздің тобықтай» түйінін айта білген ділмәр шешен ретінде де танып білдік. Оның мұраларын түгендеп, қайта шығару, есімін есте қалдырып, мектеп пен оқу орындарына атын беру, еңселі ескерткішін орна­ ту бағытында да бірқатар іс-шаралар атқарылды. Басымызда – еркіндік, қолымызда – билік болмаған кешегі тоталитарлық қоғамда мұның бірі де болмады. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2013 жылы Қожаберген Толы­ байұлының туғанына 350 жыл толу мерейтойын атап өту жөнінде арнайы қаулы қабылдадаы. Осының аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, сондай-ақ «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының ұйытқы болып, ҚҰ Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен 2013 жыл­ дың 1 наурызында Алматыда «Қожаберген жырау – Ұлы Дала дауысы» де­ ген тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Онда ғалымдар мен мамандар тарапынан мазмұнды да мәнді баяндамалар жасалын­ды. Қожаберген ісін биікке көтеріп, алға жылжытты. Өздеріңіз бас қосып отырған бүгінгі жиын да соның заңды жалғасы болып отыр. Баршаңызды елдік мұрат пен мақсат үшін қожабергентану ісіне лайықты үлес қосуға шақырамын. Конференция жұмысына табыстар тілеймін! М. ЖҰРЫНОВ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті

Қожаберген жырау – 350

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ ПРОРЕКТОРЫ,

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР

ДИХАН ҚАМЗАБЕКҰЛЫНЫҢ «ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ ҮШІН

КҮРЕСКЕН ҚАҺАРМАН ТҰЛҒА – ҚОЖАБЕРГЕН

ЖЫРАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ

КОНФЕРЕНЦИЯСЫН АШАРДА СӨЙЛЕГЕН КІРІСПЕ СӨЗІ

Құрметті зиялы қауым! Қадірлі қонақтар! Барлықтарыңызды қазақтың даңқты батыры, қолбасшысы, аты мен заты Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясынан» белгілі Қожаберген То­ лыбайұлының 350 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конферен­цияның ашылуымен ұжымымыздың және ректорымыз Е.Б. Сыдықовтың атынан құттықтаймын. Бұл жиын – біле-білсек, Тәуелсіздік жолында күрескен батыр бабалар ту­ ралы және ел бірлігі жолында өлшеусіз тер төккен тұлға туралы ғылыми жиын. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды» деп атап көрсетті. Бұл – аса маңызды ой! Біз Тәуелсіздіктен бері тарихымызды қайта зерделеп, тұлғаларымыздың жа­ сампаз еңбегін елдік мұраттар тұрғысынан жаңаша пайымдап жатырмыз. Осы ретте бізге Қожаберген Толыбайұлының аманат-мұрасының берер тағылымы аз емес. Қожаберген мұрасы бізге нені аманаттайды? Біріншіден, Қожаберген тұлғасы ел қорғаған батыр, сөз бастаған шешен, топ бастаған көсем қандай болу керек деген сұраққа толық жауап береді. Екіншіден, Қожаберген тұлғасы сардар, ел ағасы, көш басшысы үшін дәстүр мен тарихты, ел басқару мен руханият заңдылықтарын білу қаншалықты маңызды екенін айғақтайды. Үшіншіден, Қожаберген тұлғасы қаһарман қайраткердің сөзге ұста болуы өзі үшін ғана емес, халқы үшін айрықша олжа екенін дәлелдейді. Қожаберген Толыбайұлы өз заманында аса беделді, абыройлы болғанын ұрпағы жадынан өшірген жоқ. Оны аты әркез ел бірлігінің, ел тұтастығының, сондай-ақ ұлттық намыстың ұранына айналғанын осы төрде отырған ғалам ағаларымыз жазып, айтып, дәлелдеп жүр. Қожабергендей батырлар бір атаның немесе бір аймақтың тұлғасы болмай, бүкіл халыққа қызмет еткені мәлім.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген заманындағы ел бірлігінің алтын арқауындай Түркістан ұғымының жаңғыруы, «Елім-айдай» халық туындысының жандануы, сансыз батырлар жырының өмірге келуі – осының куәсі. Тіпті кәрі ауызша тарихтың бір са­ ласы – шежіре де тұтас ұлтқа қызмет етті. Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі... Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса ала­ мыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ», – деп атап көрсетті. Әрине, біз – тарихтан сабақ алған елміз. Елбасымыз айтқандай, «Қазақ та­ рихында қазақтың ұялатын жері жоқ». Қожаберген сынды жырауларымыз жалаң қылыштай өткір мінезімен, та­ бан астында суырып салатын өнерімен жорықтастары алдында үлкен беделге ие болған. Аспаннан төнген қарадауылдай, жерден шыққан қара дөйіттей жау төнгенде, жасақ сасып, тығырыққа тірелгенде көптің көш бастайтын серкесі осындай тұлғалар еді. Сол себепті де олар тосылып тұрған сарбаздарға ұран та­ стап, еліміз бен жерімізді қасық қаны қалғанша қорғады. Кескілескен ұрыстажыраудың ұлағатты сөзінен кейін қара түнек бұлттың ішінен күн жарқ ететүскендей жасақтар арындап тасып жатқан судан да аман өтті. Қаһарлы жаудан да тайсалмады. Бабаларымыздың ер құнын екі ауыз сөзбен шешкен есті сөзіне тоқтама­ ған жан кемде-кем. Аласапыранды молынан өткізген қазақ халқы елін жау­ дың ызғарынан, жерін жат атының тұяғынан қорғап бағуы – Қожабергендей батырлардың тұлғасын аша түсетін қасиеттер. Ақауы жоқ ауызбірліктің, жа­ сындай жігердің арқасында жаугершілік заманның ақ туы – күн мен айға шағылысқан намысы болды. Тәуелсіздікке дейінгі қиын жылдарда біз Қазақ хандығы тұсындағы жы­ раулар поэзиясына шөлдегеніміз, кейін олардың мұрасы жарияланғанда алдаса­ пан толғаулармен рухтанғанымыз – өзінше бір құбылыс дерлік оқиғалар. Осы ретте Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны», Қабиболла Сыдиықовтың «Ақын-жыраулары», Ермек Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жа­ саушылардың байырғы өкілдері», Әнуар Дербісәлиннің «Дәстүр және жалғастық» атты зерттеулері мен «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» атты ұжымдық еңбек біздің әдебиет тарихымызға қайта қарауда, байыптауда көп көмегін тигізбек.

Қожаберген жырау – 350 Әдебиет те, тарих та өзіміз секілді. Ол толығады, қайта сарапталады. Жаңа материалдардың табылғаны секілді жаңаша зерттеулердің де арнасы ашыла­ ды. Бұл – өте табиғи үдеріс. Кезінде әдебиеттануда ұлы ғалымдар Қажым Жұмалиев пен Бейсенбай Кенжебаевтың айтысы, дискуссиясы немен аяқталғанын жақсы білесіздер. Нәтижесінде, ежелгі түркі әдебиеті, қазақ хандығы тұсындағы әдебиет санамыз­ да орнықты. Жадымызда жаңғырды. Бүгін де біз осыны айтамыз. Тарихта болған, аты мен заты шаң басқан мұ­ рағатта қалмай, санада қайта жаңғырған Қожаберген жырау мұрасы тың, кешенді мәтіндік зерттеуді талап етеді. Жасырып не керек, соңғы жылдары БАҚ-та, халық арасында басқабасқа жыршы мен жырау ұғымдары да шатастырыла бастады. Бұл жөнінде де ғалымдар мен қайраткерлердің нақты, негізді ғылыми пікірі қажет деп білеміз. Сондай-ақ Асан Қайғының толғауы деп жүрген «Таза мінсіз асыл сөз» А. Байтұрсынұлының Жадовскаядан аударған еңбегі болып шықты. Қазір әдебиет тарихында осы мұра Асан қайғыда да, Ахметте де жүр. Бұған байланы­ сты да ғалымдардың айқын пікірі болуы тиіс. Біз айтар едік, қазір Қожабергеннің текстологиясына байланысты сын айтып жүрген сауатты әдебиетшілерді, тілшілерді тыңдаудан қашпау керек. Себебі, әр дәуірдің, заманның, уақыттың, кезеңнің стилі, ырғағы, тіпті лексикасы да бар. «Адамзат білім толыққан сайын таным көкжиегі кеңейеді», – депті әйгілі Лев Гумилев. Мемлекетімізде Елбасы жүргізіп отырған бейбітшілік пен тұрақтылыққа құрылған елдік саясатты мәдени мұра арқылы қоғамның бар жігіне түсіндіру, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін «мемлекет дамуына бәріміз жауапты­ мыз» дегенді ұғындыру көбіне-көп білім саласы мамандарының қолынан келеді. Сондай-ақ осы жауапты іс білім мен ғылымның өзін тоқтаусыз алға жыл­ жытады. Құрметті азаматтар! Біз ешқашан Қожаберген жырауды тарих қойнауына немесе қоймасына кет­ кен тұлға деп есептемейміз. Ол кеше де керек болған, енді бүгін де, ертең де керек болады. Өйткені, ол – тұлға! Қисапсыз отарланған, санасы өшірілген, мұрасы са­ яси теперіш кесірінен жоғалтылған аймақтың рухтанатын тұлғасы! Қазақстанның солтүстігі көрген ұлтсыздандыру құқайын қасиетті Отанымыздың барлық бөлігі сезініп жатса, оның зардаптарын жоюға болсып жатса, бұл – елдіктің жеңісі! Ұлт тұлғасына құрмет әр түрлі формада жасалады. Мысалы, 12 мыңнан астам студенті, 2 мыңға жуық оқытушы-ғалымы бар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін Қожаберген мұрасы – үлкен зерттеу мен зерделеу

Қожаберген жырау – 350 нысанасы. Мұны ғалымдарымыз жақсы біледі. Біз ғылыми пікірталастан, дис­ куссиядан қорықпауымыз керек. Шындық, ақиқат содан шығады. Осының бәрі Елбасымыз айтқан дәстүр мен мәдениеттің жалғасын көрсетеді. Конференция жұмысы сәтті өтсін! Бұл көпке ой салған ғылыми жиын болсын! ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ (Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай АЯҒАННЫҢ сөзі) «Тарихты халық жасайды» дегенмен, тарих тұлғасыз тұл, жетімсіреп тұрады. Сондықтан еліміз бен жерімізді қорғауда ерлік көрсеткен батыр­ ларымызды, халқына сүйеу болған хандарымызды, елін көкке сүйреген оқымыстыларымызды ұлықтау, олардың қызметін насихаттау, көпшілік қауымға таныстыру тарихшылардың міндеті болып табылады. Қасірет мен ерлікке толы қазақ тарихында ел аузынан түспейтін тарихи тұлғалар аз болмаған. Әсіресе, Шоқан Уәлиханов «ерлік ғасырына» балаған XVІІІ ғасырға шегініс жасасақ, көз алдыңызға жоңғар шапқыншылығынан елін қорғаған қаншама билер мен батырлар елестейді. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде жазылғандай, «1723-1727 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыдан» қазақ халқының өміршеңдігіне сын басталды. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты ұлттың жауынгерлік ру­ хын танытатын жарқын тұлғалы жаубасар ерлер келіп қосылды». Жеке басының батырлығымен, қолбасшылық дарынымен елін қорғаған, жа­ лынды жырларымен халқының рухын көтеріп, күреске жігерлендірген таны­ мал тарихи тұлғаның бірі – осыдан үш ғасыр бұрын өмір сүрген Қожаберген Толыбайұлы (1663-1763). Ол батыр ғана емес, өз заманының «көзі ашық, көкірегі ояу» азаматы да болды. Туған жерінің тарихын, халқының мәдениетін терең білген, елінің болашағы үшін аянбай күрескен. Қожаберген жыраудың өлеңдеріне елдің бірлігі мен ынтымақтастығы, бейбіт өмір мен ел қорғау идеялары арқау болды. Қожаберген халық ақыны болды. Қожабергеннің жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қиын-қыстауда туған «Елімайы» халқына күш-жігер берді және сол дастан арқылы патриотизм рухымен қаруланды.

Қожаберген жырау – 350 Тарихымызда Қожаберген сияқты тұлғалар болмаса, қазақ халқы толыққан­ ды өмір сүрмеген болар еді. Халық қашанда өзінің батырларын көкке көтерген, жадында сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Егер Қожаберген жырау өз заманында ерлігімен көзге түспесе, оның жырлары халыққа жетпес еді, оның есімі ұрпақтар жадында сақталмас еді. Өкінішке қарай, тәуелсіздік алғанға дейін Қожаберген жырау туралы мәліметтер әдебиеттердің біріне енсе, екіншісінде ұмыт қалып келді. Мысалы, Қожаберген жыраудың шығармалары 1984 жылғы «Бес ғасыр жырлайды» атты 3 томдықтың 1-томына енбей қалған. Өйткені, советтік қазақ әдебиетінде оның азаттық күреске толы шығармашылығын кеңінен насихаттау қауіпті болатын. Патшалық және советтік отарлық кезеңде Қожаберген жыраудың атын атауға тыйым салынды. Академик Манаш Қозыбаев оның себептеріне тоқтала келіп, «бірінші – Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы шықты, оның «Елім-айы» – империяға қарсы туынды. Онда ол орыс империясы қалмақтарға қару сатты, қолдады деп айыптайды» деген қорытынды жасайды. Елбасымыз отаршылдыққа қарсы күрескерлердің тағдырына қатысты ой­ ларымен толғана келіп, «...қазақ халқының небір данышпан перзенттері мен көсемдері тарихтың қарғыс атқан тұзағында тұншықты» деген болатын. Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663-1763) қазақтың екі бірдей ханы Тәуке (1680-1718) мен Абылайдың (1771-1781) тұсында жыраулығымен, батырлығымен ерекшеленген, «сардар», «елші», «қолбасшы», «ордабасы», тіпті «хан кеңесшісі» атанған. Ол әйгілі Бұқар жырауға, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбайға ұстаз болған, оларға бағыт-бағдар беріп отырған. Оған Бұқар жыраудың «Ғаділ ер», «Ұстазыма» атты өлеңдері айғақ бола алады. Тәуелсіздік жылдарындағы арнайы зерттеулер бойынша Қожаберген жырау орта жүз Ашамайлы керейдің Көшебе руының Таузар әулетінен шыққан. Арғы атасы Көшебе де, атасы Дәулен де батыр болған, яғни батырлық қасиет оған ата-тегінен дарыған делінеді. Оның жастайынан нағашысы Жалаңтөс баһадүр ұрпақтарының қолында тәрбиеленіп, Үргеніш, Бұқара, Самарқан медреселерінде оқығаны, араб-парсы тілдерін игергені белгілі. Ол 13 жасынан ақындыққа бет бұрып, аңыз әңгімелерді жатқа білген. Жазба деректерге сүйенсек, Қожаберген жырау екі әйел алған (Дүзік, Айша), соңғысы кіші жүзден, Қабылан батырдың қызы екен. Дүзіктен Жандәулет, Ай­ шадан Науан, Әсет есімді балалары болған. 1723 жылы Қожаберген жырау кіші жүздегі қайын жұртына аттанады, алайда, сол жақта жоңғарлардың қоршауына түсіп, екі бірдей баласынан айырылып қалады. Қожаберген жырау Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» әзірлеуге қатысқан ықпалды адамның бірі болған. Тарихқа

Қожаберген жырау – 350 жүгінсек, Тәукенің билік құрған кезеңі – «әділеттілік пен парасаттылық сал­ танат құрып, рулар арасындағы қырқысулар тыйылып, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман». Кезінде Шоқан Уәлиханов дала жыр-дастандарының шынайылығы нақтылы өмірден алшақтамайтынын алға тартқан болатын. Олай болса, Көтеш ақынның «Жиен жырау» дастанындағы «Ақылдасып үш бимен /«Жеті Жарғыны» жазған ер. / Кім десеңіз ол бекті: / Қожаберген кемеңгер» деген сөздері шындыққа жанасады. Келесі ақпарат 1757 жылғы 30 қыркүйек күні Железин бекінісінен түскен хатта берілген. Оны Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатынан Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Сәуле Мәлікова алдырған және филология ғылымдарының канди­ даты Зарқын Тайшыбай дайындаған жинаққа енгізілген. Онда былай делінген: «Қыркүйектің 30-ы күні, өзеннің дала жағынан кімдікі екені белгісіз көп әскер көшіп келіпті... Сол әскерден алты салт атты адам келіпті, екеуінің мылтығы бар. Захарин Иса Мұратов деген татар арқылы сұрастырса, олар былай депті: «Біз Абылай сұлтанның әскеріміз, басшымыз – Қожаберген. Бір мың түндікпен Ертісті жоғары бойлап көшіп барамыз. Бұл жерде екі күн тұрамыз да, Осмо­ рыж бекінісіне және одан әрі Құлсары батырдың әскеріне қосыламыз. Оның он мың әскері бар... Сөз арасында олар Әмірсана ноян туралы сұрапты». Осы мәліметтен Қожаберген мен Құлсары батыр жоңғар ханзадасы Әмірсананы торуылдап жүргені байқалады. Бұл оқиғаның болғаны тарихтан белгілі. Цин әскері 1756-1757 жылдары жоңғарды қыспаққа алғанда Әмірсана, Даваци хан­ задалар Абылайды паналаған. Осы арада ашып алатын мәселелер бар. Біріншіден қанқу сөзге ілесе бермей (Ж. Артықбаев, т.б.) Қожаберген жырауға телінетін өлең-жырларға сараптама (экспертиза) жасауымыз керек. Ол сондай қиын іс емес. Тіл, әдебиет институты бар, университеттер бар, бұл істі сондағы мамандар арқылы шешуге болады. Екіншіден, мұрағат құжаттарында Қожаберген атауы жиі айтылады. Әсіресе, керей тайпасына, Петропавл қамалы мен Есіл – Ертіс өңіріне қатысты мәліметтер көп кездеседі. Егер де біз Қожаберген есімді бірнеше адам болған десек, онда оның шыққан тегі, ұрпағы, елі болуы керек. Мұрағаттарда Петро­ павл маңайындағы Қанжығалыдан шыққан Қожаберген туралы материалдар кездеспейді. Ал белгілі «Русско-казахские отношения в XVІІІ-XІX вв.» атты жинақта мынадай ақпарат бар. 1742 жылы тамыздың 30-ында Әбілқайыр ханмен бірге орыс әміршісінің атына ант берген қазақ рубасыларының арасында орта жүз, ке­ рей руы атынан бірінші болып Қожаберген батыр аталады. Ресми құжаттардан байқасаңыз, оның руы мен батырлығы анық көрсетілген.

Қожаберген жырау – 350 Әмірсанаға жақтастарымен бірге қашуға қолайлы жағдай жасалғаны белгілі. Кейінірек Әмірсана сүзек ауруынан көз жұмған дейді, ал шынында оның өлімі құпия жағдайда қалып отыр. Келесі үшбу хатта, 1757 жылдың 2 қазан күні қазақ тұтқынынан қашып кел­ ген қалмақ Баисун Чирин «Абылай сұлтанның әскерлері қайда деген сұраққа «білмеймін» және «Қожабергеннің қайда екені белгісіз» деп жауап берген (Қараңыз: Сәдуақасов Т. Ел мен жер. – Алматы, 2003. – 24-б.; Қараңыз: Абылай хан. Астана, 2005. – 234, 236-237-бб.). Қалай дегенмен, 1750-1760 жылдары Есіл – Ертіс бойында болған саяси оқиғаларда Абылаймен бірге Құлсары, Қүлеке, Қожаберген есімдері жиі айты­ лады және олардың батырлығы әрі мемлекетаралық күрделі істерге араласқаны анық көрінеді. Ендігі мәселе – әрине, Қожаберген бабамыздың өмірбаянын анықтап беру. Осы айтылған деректер Үкілі Ыбырайдың ел тарихына арналған поэмасында кездеседі. Ол жоңғар соққысынан ес жинап арғын – керейдің отанына, қазіргі Қостанай, Солтүстік Қазақстан жеріне қайтқанын жырлай келіп, мынадай мәлімет келтіреді. 1740-1750 жылдары елге қайтқанда, «ертең реніш болмасын деп атығай – қарауыл Есілдің сол жағына (Көкшетау жағы) керей ағайындар бөлінген» дейді. Демек, Шал ақын, Құлсары, Қожаберген бабаларымыз елді Сыр бойынан қайтарып, туған жеріне алып келген. Соңғы жылдары Қожаберген жыраудың есімін ұлықтау мақсатында «Қожаберген жырау Толыбай сыншыұлының Отан тарихы мен қазақ поэзи­ ясында алатын орны» (Қызылжар, 2000) «Қожаберген жырау – Ұлы Дала дауысы» (Алматы, 2013) атты республикалық ғылыми-теориялық конфе­ ренциялардың өткізілуі де тегін емес. «Жеті Жарғы» және «Қожаберген жы­ рау» қайырымдылық қоры жұмыс істейді. Қожаберген жыраудың таңдамалы шығармалары жарыққа шықты. Солардың ішінде Н. Әбуталиев, Т. Сүлейменов, Б. Тұрғараев, А. Тасболатов, т.б. авторлардың зерттеулерін атаған жөн. Тәуелсіздік кезеңіндегі ғылыми ізденістер тарихтың «ақтаңдақтарын» толықтыруда. Биыл Қожаберген жыраудың туғанына 350 жыл толады. Осыған орай үкімет тарапынан өткен жылдың 2013 жылғы 25 желтоқсанында жыраудың 350 жылдығын республика көлемінде атап өту туралы арнайы қаулы қабылданды. Үкімет шешімін орындау үшін елімізде бірнеше ғылымипрактикалық конференциялар өткізіліп, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, баспасөз беттерінде көлемді ғылыми-танымдық мақалалар жариялануда. Сондай іс-шараның бірі осы жылдың наурыз айында Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен М. Әуезов атындағы Әдебиет

Қожаберген жырау – 350 және өнер институты бірігіп өткізген «Қожаберген жырау – ұлы дала дауы­ сы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Осы тұста басын ашып айтатын бір мәселе бар. Бұқаралық ақпарат құралдарында «осы Қожаберген қайдан шықты, бұрын қазақ тарихы мен әдебиетінің оқулықтарында бұл сияқты тұлға жоқ еді ғой?» деген сауалдар пайда болды. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезеңде ғылыми ортада Қожаберген жыраудың XVІІІ ғасырда өмір сүргеніне, оның «Елім-ай» дастанын шығарғанына күмән келтірушілер шықты. «Қожаберген жыршы, батыр да, қолбасшы да емес, ол – қолдан жасалған қаһарман. Жыраудың әкесі Толыбай да ойдан шығарылған кейіпкер. Ол керей руынан емес, арғынның қанжығалы тармағынан және ол XVІІІ ғасырдағы адам емес, ерте заманның, эпикалық дәуірдің қаһарманы» де­ ген жаңсақ пікірлер кездеседі. Басқасын айтпағанда, үкіметтің қаулысы, оны іске асырудағы қыруар жұмыстар, тарихшы, әдебиетші ғалымдар мен ғылыми зерт­ теу институттарының ізденістері қайда қалады? Кейбір ғалымдардың пікірінше, мұның бәрі бос әурешілік болғаны ғой. Ғылыми ортада әрбір ғалымның өзіндік ұстанымы, ой-тұжырымы, дәйекті көзқарасы болғаны дұрыс. Бірақ, «менікі ғана дұрыс, ақиқат» деп, көпшілік мойындаған тарихи шындықты жоққа шығаруға ұмтылу абырой әкелмейтін іс, одан кімге пайда, кімге зиян?.. Ойланайық, ұтылатын өзге емес, қазақ. Сондықтан шыққан тегі орнықты керей Қожаберген жыраудың шежіресін қайта таратудан келер пайда жоқ. Осы ретте Ахмет Байтұрсыновтың «Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен Өз ауылымның иттері үріп қапқаны» деп айтып кеткен өлең жолдары еріксіз тілге оралады. Әділдікті ту еткен Қожаберген жырауға қай әулеттен болғаны емес, ең маңыздысы қазаққа адал қызмет еткені тарихи шындық. Бүгінде Қазақ елі адамзат көшіне ілесіп, әлемдік өркениетке бағыт алды. Ал, сол өркениетке ұмтылып, елін өрге сүйреген көрнекті тарихи тұлғаларды ұлық­тау және оларды құрметтеу – жоғары мәдениеттіліктің белгісі. 09.09.2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ ТАНЫМЫНЫҢ САЯСИ ӘЛЕМІ (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абайтану орталығының жетекшісі Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВТЫҢ баяндамасы) «Түбінде құруыңа елден ерек Мен айтайын болады жерің себеп». С. Торайғыров Қожаберген жыраудың «Елім-ай» қиссасын терең танып, саяси астарын білу үшін бүкіл түрік халықтарының «тарихи үш бұрышына», яғни алапат тарихи иірімдеріне тартылу себептеріне назар аударып, шолу жасау қажеттілікке айна­ луда. Ертеде 49 түрік ұлысы болса, соның біреуі ғана, яғни Түркия түріктері о бастан-ақ саяси тәуелсіздігін бүгінгі дейін тапжылтпай сақтап келеді. Ал қалған 48 түрік халқы тұтастай Ресей мен Қытай империясының бодандығына айналды. 48 түрік халқының біреуі, яғни ұйғырлар XVІІІ ғасырдан бастап Қытай империясының шеңгелінде бодан болып қалды. Ал қалған 47 түрік халқы тұтастай Ресей патшалығының отарына айналып, бодандық бұғауына түсті. Ресей патшалығы Иван Грозныйдан бастап, түрік, моңғол халықтарын шоқындырып, орыстандыруды өзінің саяси миссионерлік саясатын жүзеге асырудың басты саясатына айналдырды. Ал 1917 жылы қазан төңкерісінде билікке келген большевиктер партиясы дінді терістеп, жауынгерлік атеистік танымды ұстануы себепті, патшалы Ресейдің шоқындыру саясатын лақтырып тас­тап, орыстандыру саясатын жасанды ұлттар достығы саясатымен бүркемелеп жүзеге асыра бастады. Ұлт саясатына «жан ашырлық» танытқан боп атсалысса да, келе-келе ССРО ұлы державаға айналып күшіне мінген соң, бас хатшы Лео­ нид Ильич Брежнев заманында орыстандыру саясатына ашық кірісуге айналды. Оның айғағы бір ғана совет халқы (единный советский народ) деген ұғымды шындыққа айналдырып та үлгерді. Осы кезде 1926 жылғы халық санағында Совет үкіметінде 194 ұлт пен ұлыс есепке алынса, 1991 жылға дейін 93 ұлыс пен

Қожаберген жырау – 350 ұлт ассимиляцияланып, 101 ұлт пен ұлыс қана қалды. Осы тұста Ресей жаулап алған 47 түрік халқының 27-сі тұтас орыстанып, сіңіп кетті де, 20 түрік халқы ғана қалды. 1991 жылы Совет үкіметі құлап, 5 одақтас республика тәуелсіздік алғанда, 15 түрік халқы Ресейдің қол астында қалып, ашық түрде ассимиляция­ ланып, орыстандырылуда. Міне, бүл дәстүрді империялық саясаттың, яғни Карл Маркстің «Тра­ диционная политика в русского царизма» деген атақты мақаласында арнайы түрде атап өткен дәстүрлі саясаттың арғы түп тамырында қандай құбылыстар жатыр? Олардың саяси-әлеуметтік жетістігі қандай еді? Оларды терең танып білу бүкіл даму жолындағы ортақ құбылыстарға ғана мән бере қарауды, өткен тарихшымызды танып біліп, болашағымызға бағыт-бағдар алу біздер үшін өмірлік қажеттілікке айналуда. Еуразия құрлыгында біздің заманымызга дейінгі кезеңнен 751 жылы Талас өзені бойындағы қытай, араб, түркеш – үш мемле­ кет арасындағы ұлы шайқаста қытайлардың күйрей жеңілуі себепті, алғашқы, яғни бірінші алапат тарихи иірімнің (бірінші бұрыш) тартылу күшінен айырылу заманына дейінгі кезеңді жатқызамыз. Өйткені осы екі аралықта Еуразиядағы алапат тарихи иірімінде түрік халықтары мен қытайлардың тарихи тағдыры шыр көбелек айналып, осы тарихи алапат иірімнің тартылу күшінен босанып шыга алмады. Бірақ осы екі аралықта Қытай империясының отаршылдық саясаты­ның жер отарлау саясатымен ондағы халықтарды идеологиялық қыспаққа алудағы амал-айлаларының сан түрлі қақпанға қаптырып, тұзаққа түсіру тәсілдері дүниеге келді. Осы айла-амалдар арқылы отарланған ұсақ ұлттардың жері қазіргі Қытай Республикасының 60 пайыз жерін құрап отыр. 1949 жылы түрік халықтарын ыдыратып ұстау саясатын ұстанған бас хатшы И. Сталин Қытайда өмір сүретін түрік халықтарының ырқымен дүниеге келген Шығыс Түркістан республика­ сын жойып, олар жайлаған жер Қытай мемлекетінің бөлінбес меншігі ретінде зорлықпен қосып берген құпия сыры бүгінде айқара ашылып, әлем халықтары алдында әшкереленіп отыр. Түрік халықтарының тарихи тағдыры біздер үшін тұңғыш тарихи алапат иірімі тарту күшінен айырылып, 751 жылы қытайлар араб пен түркештен Талас өзені бойында күйрей жеңілуімен тоқтаған еді. Түрік халықтары VІІІ ғасырдан бастап XVІІІ ғасыр арасында мың жылдан астам уақыт ішінде екінші тарихи алапат иіріміне тартылып, араб-парсы әлемімен мидай араласып кетті. Ислам дініне ену арқылы түрік халықтары тарихта алғаш рет маргиналдық санаға ауыс­ты. Өзінің ата жазу таңбасынан айырылып, араб жазу таңбасының ша­ насына зорлықпен мінуге мәжбүрленді. Рухани әлемі де исламданды. Әсіресе, отырықшы түріктер ислам идеологиясының ықпалына түсіп кетті де, көшпелі

Қожаберген жырау – 350 өмір салтын ұстанған қазақтар мен басқа түрік халықтары қос дінді халықтарға айналып жүре берді. XVІІІ ғасырдағы еуразиялық кеңістіктегі түрік халықтарының 47-сін Ресей империясының тұтас жаулап отарлануына байланысты тарихта енді тарихи ала­ пат үшінші иірімінің тартылу күші пайда болды. Славян, яғни орыс халқымен отарланған түрік халықтарының тағдыры осы алапат үшінші тарихи иіріміне тартылды. Қазір де осы түрік халықтары мен славян халықтарының тағдыры осы аталған тарихи алапат иірім ішінде шыркөбелек айналудамыз. Әлі де тар­ ту қуаты күшті осы тарихи алапат иірім бүгін де сол зар қалпында. Бірақ, бұл құбылыс та мәңгілік емес. Өйткені мұның да күре тамыры солқылдап, тар­ ту күші күн өткен сайын екпіні басылып баяулап келеді. Бәлкім, енді Еуразия кеңістігінің тағдыры тарихи төртінші алапат иірімін күтіп тұрған шығар деп ойла­ нудамыз. Жоғарыда аталып өткен Еуразия ауқымындағы алапат тарихи иірімнің ішінде түрік халықтарының, әсіресе, қазақ халқының тағдырына аса ауыр тиген қасіретті де апатты күндер Ресей мен түрік халық арасындағы үшінші алапат иіріміне соқтырды. Өйткені, әлемдік жаһандық соғыстармен мемлекетаралық соғыс атаулының өзегі, басты шығу себебі жер үшін талас-тартыста жатады екен. Тарих қазақ халқының тағдырын Қытай мен Ресей сияқты ашкөз, жер дегенде араны ашылған, ең отаршыл екі империяның ортасында ұлан-байтақ, құс үшса қанаты талатын, тұлпар шапса тұяғы тозатын апайтөс далада өмір сүруді жазыпты. Ғұмыр бойы екі империяның сұқ көзі асты-үсті таусылмайтын қазынаға толы қазақ жеріне қадалумен өтіп келеді. Бұған тарих куә. Бірақ ау­ зынан сілекейі ағып, қазақ жеріне сұқтанып, неше түрлі амал-айлаға басса да, қазақ жеріне ене алмапты. Жетілген зеңбірек, мылтығы болса дағы XVІІІ ға­ сырға дейін тұмсығын еркін сұға алмапты. Бұлай болуының себебі: олар тұ­ рақты әскер ұстап, қару-жарағы сай болса да, талай рет сайланып қарулы қолмен келсе де, күтпеген қарсылыққа ұшырап, жүрегі шайлығып отырған. Мұндағы басты себеп: қазақтардың тұрақты әскері болмаса да, ат үстінде соғысуға, ат құлағында ойнаған асқан шебер, бетпе-бет келгенде әдіс айла жасауға мейлінше жетілген табиғи болмысы үстемдік жасай берген. Өйткені екі империяның жаяу әскері мол болса да, атты әскерінің жетілмеуінде, жетіле қалған күннің өзінде соғыста дала табиғатының қыр-сырын жете танып білмеуінде. Ал өмірі ат үстінде өткен көшпелі қазақ кең-байтақ жерін қорғады, ал жері қазағын қорғады. Амалы таусылған, бірақ өкпені қысқан екі империя енді келіп қытай мен араб басқыншыларының отарлау саясатын­ да қолданған бөтеннің қолымен от көсейтін амал айланың ішінен «жабайылар­ ды жабайылардың қолымен қан жоса етіп қыру» айласына көшті. Екі империя

Қожаберген жырау – 350 сол тұстағы жері мол жауынгер көшпелі екі елді, яғни қазақ пен қалмақты бірбіріне айдап салып, бірін-біріне қырғызып, босаған жерге бекіністер орнатты. Ойлаған мақсаттарына жетудің жолында дипломатиялық түрде тіл табысты. Бұл отаршылдық амал-айланы қолдануға қалмақ пен қазақ хандығын таңдаудың да өзіндік қайталанбас себебі болатын-ды. Әрі бұл көшпелі екі хандык малдың өрісіне таласып, бір-бірімен қақтығысып тұратын. Міне, осы қайшылықты екі отаршыл империя өз мақсаттарына пайдаланып, қалмақтарды қазақтарға айдап салудың қандықол саясатын ұстанды. Бүл кезде қалмақ хандығы күшейіп, тіпті қытайлардың өзіне қысым жасау жолына түсті. Қалмақ хандығы тегеуріні қатты сезілген қытай патшалығы қалмақтардың арасында ру таласын қоздырып, күшін екіге бөлуге әкелсе, Ресей патшалығы Аюке бастаған қалмақ тобын өзіне пайдаланып қалу үшін, ал Қытай қалмақтарды екіге бөліп, күшін әлсірету үшін Еділ мен Жайықтың арасындағы аса құнарлы мал өрісіне келуге жол ашты. Оларды қолдап, жетілген оқ пен атылатын қаружарақпен жабдықтап отырды. Жаңа жерде малға жайлы қоныста Аюке хан бастаған қалмақтар күшейіп, қуаттана бастады. Бүкіл сарбазы атқа мінген, жеңсе қуып, жеңілсе шегініп соғыс өнеріне өте жетік қалмақ қолын Ресей патшалығы қазақтарға, ноғайларға, башқұрттарға айдап салса, тіпті, өзіне қарсы көтеріліс жасаған казак орыстарға әлі келмеген Ресей Степан Разин бастаған шаруалар көтерілісін қалмақтың қарулы қолымен жусатып салды. Кырым хандығын жаулап алу жолында қалмақтардың атты сарбаздарын оққа айдады. Аюке хандығы дәуірлеп зорайып күшейгенде олардың ішіндегі рулық жіктелісті керек кезінде қоздырып, пайдалануға жағдай жасап қойды. Енді олар­ ды шоқындырып, орыстандыру үшін қалмақ қыздарын оқытатын миссионерлік бағыттағы мектеп ашып, отбасына, ағайын-туыстарына эсер ету жағын алдын ала ойластырып, іске кірісіп, миссионерлік саясатын жүзеге асырудың амалына қызу атсалысқан әрекетін де көреміз. Аюке ханның Оралдың шығысына келуі қазақтарды екі жақтан қысу мақсатын да көздеген еді. Осы жағдайды терең сезінген Қожаберген жырау: «Орыстың мылтығымен қаруланып, / Оралтау шығысына жаулар келген», – деп тап басып айтуында ащы шындық та болатынды. Мыңғырған малға толы қазақты жақтаса, қалмақты екі бүктеп, алған жерін екі империяға бермей зорайып кетіп, өздеріне салмақ салатын тегеуірінді күшінен де сескенді. Сескенді де жері аз, саны аз қалмақты жақтауды қолайлы деп тап­ ты. Осы саяси айла-амалдың бэрі әрі соғыс театрының көрінісі, сол соғысқа бастан-аяқ қатынасқан аса білімді төрт-бес тілді меңгерген атақты қолбасшы Қожаберген жыраудың «Елім-ай» қиссасында өзінің реалистік көрінісін таныт­ ты. Сол себепті Қожаберген жырау: 14-254

Қожаберген жырау – 350 Жұртымнан неге аяйын өнерімді, Жоғалтпан тірі жүрсем беделімді. Халқымның ауыр хапін баян етіп, Бастайын «Елім-ай» деп өлеңімді, – деп халқының апатты ауыр халін суреттеп баян етуді мақсат еткен жырау­ дың туындыларын танып білуді, әрине, кеш бастап отырсақ та, жақсылықтың ақжолтай бастамасы екеніне осы конференцияның өзі-ак айғақтап отыр емес пе? Торайғыровтың бір кездері «Сондай-сондай замандар өткендігін / Қазаққа әдебиеті берген ашып» деп айтқанындай, біздің мұрағатымыз қазақ ақынжырауларының туындыларында жатқанын Қожаберген жыраудың «Елім-ай» қиссасынан көріп қанығып отырмыз. Советтік билік әдебиет пен тарихты саналы түрде бөлек оқытуды қолға алды. Себебі тарих пен әдебиетті қосып оқытса, алгыр ойлы шәкірттерге Ре­ сей империясының отаршылдық саясатының құпия-сырлары ашылып кетуінен сескенді. Әрі ақын-жазушыларды тарихи тақырыптан шеттетіп не нәрсе жазса да әдебиеттің таптығы мен партиялығы тұрғысынан суреттеп баяндауды қатаң та­ лап етті. Ресейдің 47 түрік халқын отарлап жаулап алуы, олар үшін прогрессивтік құбылыс деген жалған, жасанды танымды мадақтап, жастардың санасына күн өткен сайын сіңіріп келді. Бұл идеялық жалған танымының қарқыны қапай болғанын Қазақстанның Ресейге өз еркімен 1731 жылы қосылуы актісінің 250 жылдық мерейтойы 1982 жылы Алматыда арнайы аталып өтуі айғақтайды. Ал, бұл жалған танымның әуселесін, яғни тарихи шындықты, әсіресе, көркем әдебиеттің шыншылдықпен суреттеп беруі бар мәселенің маскасын сыпырып көрсетсе, тарихи шындық бар құпиясын айқара ашуға қызмет етпек. Бұған нақты мысалды Ресей, Қытай империясының өзара астыртын құпия түрде жүргізген дипломатиялық келісім саясатының өзекті мәселесі, көксеген арман-мүддесі түрік халықтарының атамекен жерлерін тұтас әрі оңай жолмен отарлауға келіп тіреледі екен. Бұл екі отаршыл ел қазак пен қалмақты бір-біріне айдап салып, жабайыларды жабайылардың қолымен қыру арқылы босаған жерлерге бекініс қамалдарын салып, қуаныш сезіміне бөленген қасіретті оқиғасына бастан-аяқ қатысқан Қожаберген жыраудың «Елім-ай» қисса-дастанында жер мәселесіне шешушімен бірге қаралған әрі терең таныммен халқының, бозторғайша шырылдаған жыраудың қасіретті үні, жаны бар саналы азамат атаулының жан дүниесін астаң-кестең етіп қоздырмай тұра алмайды.

Қожаберген жырау – 350 Қазақтың сахарасы жүз құлпырған, Қытай мен Ресейді қызықтырған. Күнгейдегі хандықтар көз алартып, Үш жүзді бас салуға даяр тұрған, – деп, ортаазиялық хандардың да қазақ жерінен дәмелегенген саяси соқырлығын да тап басып нұсқай кетеді. Шаттанып бекінісін орыс салды, Мекенін естек, татар жауда қалған, – деп анталаған жау атаулының қазақ жерін бөлуге аш бөрідей ұлысып табысу­ дағы мақсатын жырау жұрт алдына жайып салады. Осы үш жаудың: Ресей, Қытай, қалмақ сұм ақылдасып, қазақ жерін үшке бөліп алмақшы. Басып алу ба­ сты арман-мақсаты болса, бұл аз болғандай, Бұхара, Хиуа, Қоқан хандығы мен түрікпен, башқұрт елі қазақ жерінен үлес алып, қалмаққа жанталаса, бір бүйірден Ордос, Гумет, Тілеуіт деген қалмақ елдері өршеленіп соғысты. «Керек боп қазақ жерлері» деп бәрінің мақсаты – қазақ жерін айнала өрт болып лаулаған отты қоршау ортасында қалдырып, аузын ашып, азу тісін ақситып, талап жеу арқылы қазақ атаулыны жер бетінен сыпырып жоюға ұмтылған қатыгездік, геноцидтік саясат та қатар жүргізіліп жатты. Қытай, Ресей, қалмаққа қазағы тұтас қырылған жері ғана керек болуы се­ бепті де: Жоңғарлар татарларды шапқан кезде Ресей қалмақтарға қой демеді. Жердің елсіз қалғанын қош көрді орыс, Оларға қажет болды иесіз қоныс, – деп жердің иесіз қалуы, жабайыларды жабайылардың қолымен қырып, түбінде қазақпен бірге қалмақ жерінің қырылудан иесіз қалуы – Ресей мен Қытайға бірдей керек болды. VІІІ ғасырда Қытай патшасы ұйғыр жерін жаулағанда, ұйғырларды бала-шағасымен тұтас қырып, жерінің иесіз қалуын талап етуі, жауыздықтың төркіні қайда жатқанын меңзейді. Шынында, қазақ жері қаптаған өрттің ортасында қалды... Осыған байланысты Бұқар жыраудың:

Қожаберген жырау – 350 Былай барсаң орыс бар, Балаңды берсең қоныс бар. Былай барсаң Қытай бар, Жапырағыңды бұтай бар. Былай барсаң қалмақ бар, Күшіңді еппен алмақ бар. Былай барсаң Қоқан бар, Қоқаңдаған әкең бар, – деп қазақ халқының жоғарғы азу тістері ақсиған қасқырлардың ортасында қалған қоянның тағдырындай ажал аузында қалған заманды көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Соғыста жаңа қару-жарақпен қаруландыру шешуші күшке айналды. Бүл күшті кімге қарсы қолдану мәселесін Ресей мен Қытай импе­ риясы өз мүддесіне орай, қалмақтарға түрік халықтарын, әсіресе, қазақтарды қырып, жер бетінен жоюды мақсат тұтты. Осы саясаттың түбін терең сезіне білген Қожаберген жырау сол түста Ресей мен Қытай империясының саналы түрде жүзеге асырып, бірін-бір қолдап отырған геноцидтік саясатын әшкерелей көрсетіп, сынай қарайды. Қожаберген жыраудың саясат әлемінде біліктілігін, өз көзімен көрген, білгенін замандастары мен келешек ұрпақтарының алдына жария етуінің мәнмағынасы баға жетпес бірегей құбылыс деп бағалаймыз. Әз Тәуке заманында қарудың жаңа түрін пілтелі мылтықты Қарнақта жасап шығуға ұмтылыс болғанын: Қару соғу, жарандар, Ерте кезде басталған. Пілтелі мылтық білсеңіз, Қарнақта бұрын жасалған. Әз Тәуке өтіп дүниеден, Шеберлік кәсіп тұсалған, – деп Әз Тәукеден кейінгі хандар ынтасыз, алдын болжай алмас осал жандар болғанына күйініш білдіреді. Қазақтар үшін аса өкінішті жайт: Алшынның темір тауына Дұрыстап назар салмадық. Мылтық соғу шаруасын Үш жүз боп қолға алмадық, –

Қожаберген жырау – 350 деп қазақ хандарының өзара тайталасы мен сатқындыққа бой алдыруы мылтық соғу әрекетін мүлде тоқтатып тастады. Сол тұста қолдануға түскен қарудың жаңа түрі – қолоқ (қазіргі күндегі қол гранатасы) қан майдан үстіндегі шайқаста қазақ сарбаздары қолданған қару болғанын біздер «Елім-ай» қиссасын оқу арқылы хабардар болып отырмыз. Сол заманның қаһарлы қаруы – зеңбірек, винтовкамен соғыс жүргізудің амал айласын, жауға шабуыл жасаудың жол жобасы мен тактикасын қалмақтарға беріп, қазақтарды жер бетінен жойып, иесіз қалған жерлерін иемденуді мақсат еткен екі империяның жымысқы әрекетін аяусыз әшкерелейді. Мылтығын Ресей, Қытай қалмаққа сатты. Айдап can малғұндарды қоқаңдатты. Қырғызып қазақтарды қалмақтарға, Орыстар қамалдарын салып жатты, – деп Ресей, Қытай қазақтарды қырғызып жатса, діндес деген өзбектің үш хандығы да қазақтарға қару сатпай, сырт айналып кетуіне күйіне қараған жырау: Туысқан болыса алмай туысқанға, Ұқсап түр бүгінгі күн шын дұшпанға. Қырсығып Бұқар ханы мылтық сатпай, Жат болды Өзбек, Тәжік дін исламға, – деп туыс деген Бұқар хандығы өзбек, тәжік жат қылық танытып, қазақтың қырылуына өз үлестерін қосып жатса, Хиуа хандығы түрікмендерге мылтық са­ тып, Маңғыстауға айдап салуын жаулыққа баласа, Хиуа алып түрікпеннен арғымақты, Орнына берген қылыш дандай сапты. Қазақты аяғансып тұрса дағы, Мылтықпен түрікменді жабдықтапты. Үш жүзге ықыласы түспей қатты, Бұқар да түрікменге мылтық сатты, – деп саясат алдында көрмес соқырдай, түбін ойламай, ортаазиялық үш хандық та қазаққа мылтық сатудан бас тартып, қазақтарды жығылған үстіне жұдырықтап, иесіз қалса қазақ жерінен үлес алмақшы болып жауыздыққа ба­ рып жатты. Ал Ресей мен Қытай империясы болса:

Қожаберген жырау – 350 Қазақ пенен ноғайды құртқызбақ боп, Сөйлесіп орыс, қытай табандады, – деп қазақтар үшін бас қауіптің қайдан келіп жатқанын баса көрсетіп, қазақты тұтас қырып жойып, иесіз қалған жерін үшеу ара бөлісіп алу мақсатын терең тани білген Қожаберген жырау жырларында пессимистік ниеттің ұшығы да жоқтығына көз жеткізеді. Бастан өткен апат күннің ауыр салмағын өз көзімен көрген Төле би де түптің түбінде әділетті жеңіс қазақтарда қалатынын көріпкелділікпен болжап айтқан еді. Жау қалмақ бүгін бізді жеңсе дағы, Түбінде оны қазақ жеңер деген, – деп болжау сөзі Қожаберген жырауға да рухани дем бергені жыраудың ойтолғанысынан ашық сезіліп тұрады. Келешек жеңіс қазақтардың қолында болатынына оқырманын сендіре отырып, жақсылықты болашақтан күткен оптимистік көзқарастағы жырлаудың «Елім-ай» қисса-дастан түріндегі рухани жыры – біздің тарихи жадымызды жаңғыртып, тәлім-тәрбиемізді ұштай бер­ мек. Өйткені Қожаберген жырау қазақ елінің бастан кешкен қасіретті тағдырын іштей сезіп, қанды қасап майдан төрінде көзбен көріп толғанысқа түскен батыр жырау: Дұшпаннан кек алуға еттік шешім, Ел-жұрттан жасырамын мұның несін. Халқымның ауыр халін баян етіп, Жырладым апат күннің шежіресін, – деп келер ұрпақ қазақ елінің бастан кешкен апат күннің шежіресін білсін деген өсиет сөзі біз үшін рухани қазына көзіне айналып, жауға деген ыза-кегімізді қайрай отырып, адасқан соңғы ұрпағының көзін ашар шындықтың туын жалау­ лата көтеретіні бар. Қожаберген жырау қазақ хандарының бірлікке, ынтымаққа келе алмай, тұтас бір халықты көрер көзге бөлшектеп билеу арқылы халықтың күшін ыдырату­ мен болғанын жете түсінді. Ал билігі бір қолда болған қалмақ қонтайшысының қазақ жеріне жойқын шабуылына жол ашқанын танып-білуі саяси өзгерістердің табиғатын тап басып танып отырған сұңғылалықты көреміз. Бұған қоса, екі империя оларды бақайшағына дейін қаруландырып, қазақ-ноғайды қырып са­

Қожаберген жырау – 350 лып, олардың иесіз қалған қонысын иемденіп, бекініс қамалдарын салып жа­ туы – алысты көздеген отаршылдық саясаттың жалғаса беретінін іштей сезініп, ұрпағына соқыр болмай, көкірек көзін ашу қажеттілігін ұқтырып өткен. Жыраудың пікірі бойынша, қазақтардың қалмақтан жеңіліс табуының ба­ сты себебі, көрші екі елдің, яғни Ресей мен Қытайдың дипломатиялық саяса­ тында жатыр деп біледі. Өйткені қалмақтармен болған бұрын-соңғы соғыстарда қазақтар басым түсіп жататын. Ал көрші екі ел қалмақтарды қолдап, оларға соғыстың айла-тәсілін үйретіп, сол заманның ең жетілген қаруы – зеңбірек, мылтықпен қаруландыру саясатында жатыр деп білген. Алтын, күміс, мал беріп, аямай-ақ, Орыстар мен қытайдан білгір жалдап, Сыбан Раптан ден қойды өнерпазға, Әскерін үйретуде он жыл қамдап. Оларды надан қалмақ меңгерген жоқ, Дәу мылтық жасауды олар үйренген жоқ. Көрші екі ел мылтық беріп айдап салды, Өйтпесе қалмақ бізге тең келген жоқ, – деп саясат мәселенің төркіні қайда жатқанын дәл танып білді. Қожаберген жырау қазақ, қалмақ соғысында қазақ елінің жеңіліске ұшырап, қасірет қоршауында қалуына себеп болған ел билеген хандар мен төрелердің сатқындық әрекетімен ұштастыра қарауында ішкі саяси ахуалдың осалдық кор­ сету негізін дәл танып, аяусыз сынға алуында көрегендік танытты. Өйткені қалмақтар қазақ батырлары сияқты елін, жерін сүйген патриоттық сезімнен жұрдай болып, жеке басының мүддесіне жығылды. Осы себептен де батыр жы­ рау Қожаберген олар жайлы ой танымын ашық айтуды мақұл көргендіктен, Сақтауға өз бастарын кейбір төре Қалмақпен құда болып, аман қалған. Жоңғарға кей төрелер елді сатқан, Көсемі жоқ қазақтың басы қатқан. Бұл соғыс қазағыма қатты батты, Қара жер боздақтарды жалмап жатты. Қыз алып, қыз берісіп, құда болып, Кей төре ойда-жоқта елді сатты.

Қожаберген жырау – 350 Құлдырап кері кетті қоғамымыз, Болды ғой аяқасты Отанымыз. Кетірген үш жүзімнің берекесін, Хан, сұлтан, бекке болсын обалымыз. Орта жүзді төрелер, Екі бөліп билеген. Алдап момын қауымды, Саз балшықша илеген. Бөлшектеп елді басқарды Әбілмәмбет пен Сәмеке. Бір хандық төртке бөлінсе, Бола ма, халқым, береке? – деп қазақ елі тағдыры қыл үстінде тұрғанда ел билеген хан мен төренің сатқындығы қазақ атаулыны жері үшін көзін жоюға ұмтылған үш елдің (Ресей, Қытай, Қалмақ) отына май құйғанмен бірдей жаулыққа басты деп өзінің эділ бағасын бере білді. Қожаберген жырау ел билеуге ұмтылған төрелердің талантты қолбасшы деген Әбілқайыр сұлтанның хан болуға ұмтылған түлкі-бұлаң қулығына сын көзімен қараған. Қожаберген жыраудың өз танымы тұрғысынан берген саяси әділ бағасы баға-ақ. Бүгінгі Ресей тұрғысынан зерттеп, Әбілқайырды біржақты бағалап танытып жүрген зерттеушілердің идеялық бағытын сын талқысына са­ лып, әділет тұрғысынан бағалау – азаматтық борышымыз болып саналатынын білуіміз керек-ақ күрделі құбылыс. Осы себепті де тарихты қайта сараптағанда Қожаберген жыраудың бағыт-бағдары, ой толғаныстары бізді бүгінгі қоғамдық танымның ой орманындағы адастырып жүрген қалың тұманнан жол тауып ада­ стырмас соқпақпен жүре алмақпыз. Өйткені жыраудың Әбілқайыр сұлтан тура­ лы сыншылдық ой-пікірлер желісінен: Қамданған жасақ жиып тігіп шатыр, Қолбасшы Әбілқайыр қайда жатыр? Сәмеке, Ғайып, Болат, Әбілмәмбеттің Жәрдемі бар қазаққа тимей жатыр. Мақтанған жайшылықта Барақ қайда? Қытай мен орыстарды мақтаушы еді, Тапты екен сол жұрттардан қандай пайда?

Қожаберген жырау – 350 Дұшпанға қарсы тұрды арғын қолы, Кесілді еріксізден жаудың жолы. Айнакөл жағасында тұрсақ тағы Келмеді Әбілқайыр жиған тобы. Әбілқайыр төреңіз Хан болудан үмітті. Қолға алса істі бүлдірер, Бермеңдер оған билікті. Кіші жүзге хан болса ол, Алшыннан бақыт жойылар. Сыртқы дұшпан басынып Талайдың көзі жойылар. Билік құрса ондайлар Жол бермес жайсаң, қасқаға. Адастырып халқыңды Кіріптар етер басқаға, – деп берген бағасы сол қанды майдан жорықта болған жырау өзі танып-білген шындығын алдымызға жайып салады. Бұл шындыққа сенбей біздер кімге сенеміз? Біздің тарих отаршылдар көзімен жазылған жалған тарихты, жалған тарихшы пенделердің саясатқа байланған ой-танымынан тұтқын болған ойса­ намызды арылтып, шындық ауылына үй тігер заман келді. Әйтеке бидің өмірден өтер кезінде сұлтан, төрелердің ел билеу қылығынан көңілі қалып, қалың қазаққа айтып кеткен өсиеті болатын-ды: Өткен жыл Әйтеке би дүниеден өтті, Келгенде елу алты жасқа ажал жетті. Бағыну бір көсемге дұрыс қой деп, Боларын осы апаттың болжап кетті. Төреден Әйтеке би безін деді, Келді ғой көсем сөйлер кезің деді. Қазақты алғыр батыр басқармаса, Ата жау быт-шыт қылар, сезін деді. Хан, сұлтан, төре күні өткен деді, Олардан ақыл, айла кеткен деді.

Қожаберген жырау – 350 Үш жүзім өзіңді өзің тұтас ел қыл, Басқарар енді уақыт жеткен деді. Үш жүзден үш ақылшы болсын деді, Қазаққа бақ пен дәулет қонсын деді. Сайлаған көсемдерің кемеңгер боп, Халқының болашағын шолсын деді... Өсиетін Әйтекенің естеріне ап, Қазыбек, Төле, Ақсуат шайқады бас, – деген өлең жолдарындағы Әйтеке бидің көрегендік өсиетін заман жүрісі өзге­ ріп, жаңа уақыт талабына сай келмеген ел билеуші төре, сұлтан, хан атаулының сатқындыққа бой ұруы елдің бағын қайтарды, себебі ел билейтін батыр көсемді, оған көмекші үш жүзден үш биді таңдап, халық қамын ойлауды шешуші орынға көтерді. Әрине, бұл ұлттық сананы жаңғыртып, оянудың бастамасы деп білмек керек. Өткеніңді танып білмей, болашағыңды болжай алмайсың. Сол өткен руха­ ни қазыналарымыздың бірі Қожаберген жыраудың әдеби мұрасы – XVІІІ ға­ сырдағы атамұрамыз. XVІІІ-XІX ғасыр басындағы қазақ қауымының бар бол­ мысы, тарихи шындығы осы «Елім-ай» қисса-дастаны берген бағытбағдарымыз бола бермек. Өйткені ол бізді шындыққа бастайды. Көріпкел бабамыздың «Елім-ай» жырында сол заманда-ақ тарихи шындық пен бізге қарсы оқталған жаулардың қатыгез геноцидтік саясат ұстанған жаулығын танып-біліп, келешек ұрпақтың сусындауына өсиет еткен мұрасы жас ұрпақтың өткен тарихтың ащы шындығын әшкерелейді, ата-баба ұстанған сара жолын ұрпақ санасына сіңіріп, отаншылдық сезімін оята түсу үшін «Елім-ай» қиссасын «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында бүкіл халық оқуға қолға алғаны дұрыс жол болады.

Қожаберген жырау – 350 ҰЛТ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН (Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек САЛЫҚОВТЫҢ сөзі) Құрметті қауым! Конференцияға қатынасушы достар! Астаналықтар мен ардақты қонақтар! Қазақ халқының ұлы перзенті Қожаберген жыраудың туғанына 350 жыл толу­ ына байланысты мерекелі де мерейлі қуаныш құтты болсын! Еліміз Тәуелсіздікке жетіп, Қазақстан Республикасы дүниені бір сілкіндірген айтулы елдер қатарына қосылды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаткерлік атағы бар әлемге жеткен үздік қайраткер екендігі әмбеге аян болды. Еліміз аз жылдар­ да қатарлас елдерден оза шығып, әлемдік дағдарыстан күйзелмей өтіп, намыскер ағынмен дос-дұшпанды таң қалдыра отырып, өркениет өресіне көтеріліп барады. Осы аталған заманауи жетістіктердің ішіндегі ұлт мүддесін ойлауға туған Отан-ана тарихы киелі тәуелсіздікке сүйеніп, жүйелі түрде шындық сырын мо­ лынан аша бастады. Біздің ғалымдарымыз, саясаткер мамандарымыз, көрнекті қоғам қайраткерлері ұлттың ұлықтылығын көтеріп, ұлттық рухты ту етерлік дәрежеге жетердей еңбек етіп, қолда бар деректерді өз керектеріне айналдырып, әлем танырлық биіктерге көтере бастады. Адамзат тарихындағы өркениеттерге классификация жасаған тарих зерттеушілері өркениеттің түп-тамырына қарай біліп, 21 өркениет болды десе, біз өз өркениетіміздің тарихына үңіле қарап, та­ лай-талай ғажап сырларын аша бастадық. Өшкендеріміз өмірге қайта оралып, жоғалғандарымыз табылып, өздерінің тарихи орындарын алып жатыр. Міне, сол ізденіс өзінің аясын кеңіте түсіп, ұлтымыздың тарихи санасын күннен-күнге ұлғайта түсуде. Бүгінгі сөз болып отырған дауылпаз баба Қожаберген жырау жайында келелі сөз болары айдан анық, конференция жұмысына сәт тілеймін! Қазақтың маңдай­ алды тарихшысы, академик Манаш Қозыбаев: «Қожаберген – батыр, баһадүр, көрнекті мемлекет қайраткері, дауылпаз жырау, замана дүлділі», – десе, атақты Мәшһүр Жүсіп: «Қолбасы, ақын, жырау, һәм елші, би, Шығарған «Елім-айдай» тамаша күй.

Қожаберген жырау – 350 «Елім-ай» әні менен жырын тағы, Шығарған Қожаберген бабаңды сүй», – деп мәлімдеді. Осындай «Замана дүлдүлі» жайлы сөз еткенде, қожабергентанудың бір үлкен тармағы оның ел мұңы қозғау салған намыскерлігіне тоқталмақпын. «Елім-ай» әнін бала күннен айтып жүрдік, алғашқы рет қолыма домбыра алып үйрене бастағанда да «Елім-ай» әні есімде мәңгі қалды. Соғыс жылғы балалардың көрмегені жоқ қой, әсіресе, майданнан келген суық хабар «қара қағаз» келгенде аналарымыздың, апаларымыздың жылаған зарына «Елімайды» қосқандары ет жүректі әлі де шымырлатады. Атақты Огинский өзінің полонезін «Атажұртты аңсау» деп атаса, өз елін жаншып езген жат жерлік жаулардан поляк халқы қырғыншылыққа ұшыраған кезде жазған екен. Біздің дауылпаз атамыз Қожаберген де «Елім-ай» дастанын, осы аттас әнін, күйін, ұлт бірлігін сақтай білген әз Тәуке хан өлгеннен кейін ел қырғынға ұшыраған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» арнап отыр. «Елім-ай» әні ұлт на­ мысын қыздырып, бостандыққа ұмтылу жолында қазақ халқына үш ғасырдай ұран болды. Бұл әнді мен ұлтымыздың ұлы намыс жыры дер едім. Ал Қожабергеннің намыскер батыр ел қорғаны бола білгені өзінің: «Басқарып үш жүз қолын 23 жыл, Орнымды Бөгенбайға бердім биыл. Еш сардар қалт қылған жоқ жарлығымды, Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын», – деген сөздері өзге қоспасыз анық айтып, ел намысын қорғай білген батырдың ширек ғасырға тақау уақыт додада, қан майданда жүріп ат үстінен түспеген айғақтайды. Бұл шындық та Қожабергеннің қолбасшылығын айқындайды. Ор­ дабасы, баһадүр, тархан атанған нағыз намыскер болғанын бүгінгі тарихшылар дәлелдеп берді. Қожаберген жырау өзінің әйгілі еңбектерінде зар заманға талдау, зерттеу жа­ сап, өз көргенін хаттап етті. Оның ақындық, жыраулық өнері де ар – намыстың айғақтарына толы қаһармандық ақиқатшылдықтан туып отыр. Ол тарихи шындықты бейнелеудің жазба түрін ұлттық поэзиямызда сирек кездесетін ұлы дәстүрдің үлгісі етіп жасап кетті. Оны ұлы бабамыз Бұқар жыраудың ұстаз тұтқанының өзі қазақ жырауларының шың басына көтеріп тұр. Сондықтан да Қожаберген жырауды қазақ жырауларының атасы десек көп болмас деп ойлай­ мын. «Кейінгі ақындарға нұсқа айтқан, қазақтың аға жырау жорғасы едім» деген

Қожаберген жырау – 350 өз сөзін де ұмытпайық. Ол аға жырау деп әдепті айтса, біз «ата жырау» деуге жасқанбайық. Жаһандану үрдісі қанатын кең жайғаннан бері ұлт мүддесі қай халықты болсын терең ойландырады. Бұл орайда Қазақстанда ұлттың болашағын ойлаған көкейкесті шаралар жүріп жатыр. Әсіресе Алаш зиялыларынан алатын сабақтастарымызға Қожабергендей бабаларымыздан алатын үлгілерімізді де кең пайдалану керек. «Елім-ай» дастанының жыр басында: «Өзі алсын Алла бізді панасына, Дұшпанның қол жеткізсін жағасына. Майданда ерлеріме қуат беріп, Көрші елдің қалдырмасын табасына», – дегені ұлттық мүдденің нағыз өзі, ұлттық намысты қыздыра, үдете, айқындай түсіп, «көрші елдің қалдырмасын табасына» деуі – ел намысының қорғаны ойшыл ұлы тұлғаның сөзі. Ұлт мүддесін қорғау ол ұлтымыздың болашағы мен мәңгілігін қолдау деген сөз. Бұл орайда ұлттық идея сөз болғанда, Қожаберген бабамызды үлгі етуді парызымыз деп білейік. «Бөлінгенді бөрі жейді» дегендей, ұлттың тағдырын терең ойлап, оны сақтаудың жолын ойласақ, ең алдымен өз бірлігімізді ойлау – басты мақсат. Мәңгілік ел болуды көздесек, ішкі намысты Қожабергенше қорғай білу – зор міндет. Шыңғыс хан: «Бойына білім жинаған кісі алтын арқалаған адамнан артық», – депті. «Жеті Жарғының» нұсқасын жасау да Қожаберген жыраудың ақылымен ұстаз екенін көрсетеді. Әз Тәукенің ұсынысымен бұл жұмысты орындап, билер алдында талқылап қабылдауды да Қожаберген Әз Тәукеге ұсынған екен. Бой­ ында мол білімі болмаса, бұл талапты орындай алмас еді. Топ осы бір мысалды дерек етіп Қожабергеннің билер сотын қолдауын асыл ағамыз Салық Зимановтың Қызылжарда өткен (1911) Қожабергенге арналған конференциядағы сөзі есімде қалды. Бұл да ел бірлігін ойлаған дананың шын на­ мысшыл мінезінің көрінісі. Ал, тіл мәселесіне келсек: «Әз Жәнібек кезінен, Қазақша таңба іске асқан. Арабтың ғарпын негіздеп, Қазақша жазу құрасқан. Атам қазақ тілінде «Жеті Жарғы» жазылған,

Қожаберген жырау – 350 Әз Тәукедей ханымыз Жоқ еді елді аздырған»,- деп тіл мәселесін көтеруі де ел намысын, ер намысын қорғайды. Ол татаршылап кеткендерді сынайды. «Асан Қайғы, Жиренше Сөйлеп өткен қазақ тіл. Әз Жәнібек, Қойлыбай Сөйлеп өткен ғажап тіл», – дей келе, «Жат алдында ез болмай, берік ұстаңдар өзіңді» деп шегелеп тастайды. «Хан деуге аузың бармайды Тәукенің ұлы Болатты. Неге десең, ол сұлтан Өзбекше тілді қалапты. Әбілқайыр төре де, Татаршылап жазып жүр. Жаңбыр жаумай су болып, Өзінен-өзі азып жүр. Бұйырсаң да айыпқа, Оңайлықпен көнбеспін. Кеудеде жан тұрғанда Теңдікті қолдан бермеспін», – деп Қожаберген бабамыз тіл қорғауды ұлттық намысты сол арпалысты заманда шартпа-шұрт жасқанбай айта білді. Қожаберген жырау ақ патшаның озбырлық қылықтарына қарсы шықты. «Елім-ай» дастаны – ең әуелі осы ойға оранған ұлы туынды. Оған қоса ұлт тағдырын терең ойлаған дана жырау қазақ хандарының төре тұқымынан ғана сайлануына қарсы болса, бұл пікір де «Елім-ай» дастанында ашық айтылды. Міне, ел намысын қорғаудың осындай асыл үлгілерін көрсеткен Қожаберген жырауды ұлтымыздың ұлы перзенттерінің қатарына қосып, ерекше ардақтау – біздің ұрпақтың міндеті. Оны ел намысын қорғаған парасатты ойшыл, ұлы тұлға деп Тәуелсіз ел тарихында көтере білсек дауылпаз бабаның алдында ел парызы ақталады. 20.06.2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ – ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ ЖОҚТАУШЫСЫ (Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, философия ғылымдарының докторы Амангелді АЙТАЛЫНЫҢ сөзі) Бірқатар ғалымдар ұлттық идеяны бүгінгі әлемнің тірегі, іргетасы деп мойын­ дайды. Бірақ оның мәні қайшылықты, өрісі кең, өзгерістерге толы. Жоңғар шапқыншылығы және «Ақтабан шұбырынды» алмағайып заманда қазақ ұлттық идеясының бағыт-бағдары айқындалып, отаншылдық, патриоттық ұстаным өзекті ойларға арқау болады. Ұлттың мұраты мен мүддесі, қайғықасіретімен абыройы, арманы мен иманы, тілі мен ділі «Елім-ай» дастанында терең көрініс алады. Ұлттық идея бүгінгі ғылыми және көпшілік әдебиетте ұлттық қарамақарсылықтың, дау-дамайдың көзі деп қараушылық кең өріс алған. Совет Одағы ыдырағаннан кейін саяси кеңістікте демократия ұлттық рең алып, соғысжанжалдарға ұласты. Ұлттық идея зеңбірек, танк, ракета тілімен сөйлей бас­ тады. Расында да, ұлт идеясы екі жүзді өткір қару, елмен елді біріктіреді де, іріткі де салады. Мәселе бұл қару кімнің қолында: адамгершілікті, достықты қолдайтындардың ба, әлде арандатушы, тәкаппар, менменшіл күштердің қолында ма? Ұлтты ұлттан айыратын да ұлттық сана-сезім. Ол «біз» және «олар» деген әлеуметтік-психологиялық терең тамырлы, келелі құбылысқа негізделген. Өзін өзгеден айыру, қауымдастық, үйірлік психологияның тамыры ру, тайпалық дәуірден басталады. «Біз» ұғымы этнос дамуында оның біртұтас әлеуметтік этникалық қауым болып бірігуіне әкеледі. «Біз» бен «оларды» антитеза ретінде қарама-қайшы қою, салыстыру кейде әдейі, кейде өзінен-өзі, бірте-бірте эт­ ноцентризм сияқты психологиялық құбылыстар ұялатады. Оның мәні-басқа ұлттардың құндылықтарын өз ұлтының үлгісімен өлшеп, барлық жағынан өз ұлтын жағымды, жақсы жағынан көрсетіп, өзгелерден артықшылығын паш ету. Этноцентризм басқа халықтарға өктемдік жүргізген ұлттың басында ұлыдержавалық дертке айналады. Орыс ақыны Е. Евтушенко «Казанский уни­

Қожаберген жырау – 350 верситет» атты поэмасында орыс халқының кейбір психологиялық қырларын былай білдіреді: Даже дворничиха парашка Армянину кричит: «Эй армяшка!» Даже дурная шлюха визжит На седого еврея: «Жид». Даже пьяница, падая в грязь, На татарина: «Эй ты, князь!» Бедняков, доведенных до скотства, Научают и власть, и кабак чувству собственного превосходства: «Я босяк, ну, а все же русак!» [1] Бұл – астамшыл, отарлаушы ұлттың психологиясы. Орыстың қора сыпыру­ шы әйелі, жезөкшесі, маскүнемі, тіпті, жалаң аяқ қаңғыбасы орыс болғандық­тан ғана армяндардан, еврейлерден, татарлардан және басқалардан артық. Ал қазақ сияқты ешкімді өзінен кем көрмейтін, өзін басқамен тең көретін халықтың ұлттық идеясы байсалды, парасатқа толы. Қазақ халқының тарихи жадында Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақ ханы қонтайшыға айтқан мына бір сөзі ұлттық патриотизмге толы. «Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп үкі таққан елміз. Басымыздан сөз асырмаған елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды, ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ-қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір – еріткелі келгенбіз. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!» [2].

Қожаберген жырау – 350 Қазіргі таңда да қазақ халқы бұл сөздерді өз жанына жақын қабылдайды. Қазақ – бақыт құсының қастықта емес, достықта екенін терең түсінген халық. Ұлт бойындағы қасиеттер ұлтаралық қақтығыстар, ұлт-азаттық қозғалыстар кезеңінде ұшталып, ұлттың белсенділігі артады. Қожаберген жырау ұлтқа төнген қауіп қатерді әр түрлі қырынан саралап, «Бұл заман, қай-қай заман» деп қайталай келе, заманға баға береді. Бұл заман, қай-қай заман, қайғы заман, Бос кеткен ер еңбегі зайғы заман. Бұл заман, қай-қай заман, құйын заман, Шіріткен тамам жұрттың миын жаман. Бұл заман, қай-қай заман, азған заман, Ел-жұртым апат келіп, тозған заман. Бұл заман, қай-қай заман, орлы заман, Орнаған үш жүз үшін торлы заман. Атадан ұл, анадан қыз адасып, Жұртымды тентіреткен сорлы заман. Бұл заман, қай-қай заман, қасқыр заман, Көрші ел жоқ қазақтарға қас қылмаған. Бұл заман, қай-қай заман, мыстан заман, Қазақты әлсіреткен дұшпан заман. Бұл заман, қай-қай заман, шұбар заман, Қазаққа таулар торын құрар заман. Дастан қазақ ұлттының психологиясының қарама-қарсы екі феноменіне назар аудартады. Бір жағынан, қазақтар өздерін алты алаштың – ноғай, қарақалпақ, татар, қырғыз, башқұрт сияқты бір ұлы деп есептейді. Біздің қазақ жұрты да Алты Алаштың біреуі еді, Ерте кезден жауынгер, Мұсылманның тіреуі еді, – деп түйеді жырау. 15-254

Қожаберген жырау – 350 Екінші жағынан, қазақтар ел болып ұйысқан ұлт: Өскенбіз Қазақ ұлы бір ұяда, Қызыққан ел емеспіз дүнияға, Үлкенді кіші сыйлап әрқашанда Той болса, сөз бастатқан қарияға. Осы екі феномен – қазақ ұлтының талай ұрпақтарының еңбегімен, қуаныш, қайғысымен сараланған, дәлелденген рухани құндылықтар. Бұл – бағыт-бағдар, өмірге қазақ ұлтының өзіндік болмысымен келген, сол себептен де оның дүниетанымының айнасы. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы алты алашқа сын бол­ ды. Көрші екі ел, Қытай мен Ресей, қалмаққа қару беріп, қазаққа айдап сал­ ды. Алты алаштың ұлдары қысылтаяң кезеңде сырт дұшпанға алданып, Ресей мен Қытайдың айтағына еріп, бір-біріне жәрдем бере алмады. Қазаққа естек жау болды, күнгей беттен түрікпендер соқтықты, башқұрттар татарларды шап­ ты. Ноғайдан басқалары қазаққа болыспады.Осылай туысқан туысқанға болыс­пай, сырт айналып кеткен соң, қазақ ешкімнен көмек күте алмады. «Сор маңдайға қасқыр да өш болмады» дегендей, мұсылман мұсылманға қасқыр бо­ лып, қандастар жат болды. Екінші феномен – қазақтың ішкі бірлігі. Н. Назарбаев «Ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі» деп орынды айтқан. Қожаберген жырау үш жүз қазақ ұлтының екінші атауы дейді: Қазақ деген атауға Ілескен үш жүз есімі. Бір жұрттың екі аты боп, Тағдыры ерте шешілді. Қазақтың ту ұстап, қол бастайтын ұлдары, дінін, тілін сақтаған, дұшпаны­ ның табасына қалмаған, тірлікте бір-біріне жәрдем берген халық. Жырау азаттықтың қамы үшін қажымай, сескенбей, ілгері ұмтылып, жаумен теңдесіп, дұшпанның туын жығуға шақырып, намыс отын тұтатады. Төре, төлеңгіт, қожа да қазақтың ұлы, би мен бек болып бөлінбей, жұртын қорғауға, бірін-бірі демеу­ ге, тобын жазбай іргелі ел болуға шақырады. «Елім-ай» идеясы жапа шеккен елдің мұңы ғана емес, қайсар, дұшпанның табысына қалмайтын, ұлт мерейі үшін дұшпанды да, өзін де аямайтын идея. Да­ стан да бірқатар тұлғалар сынға алынады.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жырау елдің ауыр халін тек дұшпандардан көрмей, қазақ ұлтын да сынға алады, алауыздық қысылтаң кезде елді бірліктен айырып, әлсіз еткендігін көрсетеді. Өз бастарын сақтау үшін кейбір төрелер қалмақпен құда болып аман қалған, елді сатып, қыз алысып, қыз беріскен. Ел басқарған азамат, қоғамшыл болар, паң болмас деп, жырау Сәмеке, Болат, Барақтың әлсіздіктерін, Әбілмәмбет пен Сәмекенің бір хандықты төртке бөліп, халқының берекесін алғандығын, Әбілқайырдың дер кезінде жауға соққы бере алмағанын сынайды. Бірыңғай мадақтауды идеологияға айналдырған біздің қоғамда ұлтішілік сын тағылымы мол сабақ. «Елім-ай» елдік психологиясы – елді тұтастыратын, үш жүздің басын қосатын, көсем, шешен би сайлайтын, көршімен жауласу үшін емес, татула­ су, тіл табыстыратын ұлттық идея. Қазақ ұйымдасып, тізе қосып, топтасып, әскер құрып, есін жиіп, жауды түбі жеңді. «Әр пенде өз халқына сенеді екен, Тіршілікте ер ел-жұртын көреді екен» дей келе, жырау «қазаққа ұйымшылдық жарасып тұр» дейді. «Елім-ай» ой тұжырымы – қазақтың мұңы мен налы, ызасы мен кегі, ар­ маны мен мұраты, ХІХ-ХХ ғасырларға жалғасып, патшалық қысымға, совет үстемдігіне қарсы күрестің арқауы болды. Ахмет Байтұрсынов: Қазағым – елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Қамауда жаның, Талауда малың, Аш көзіңді оянып, – деп, ұлтты елдікке, рух тәуелсіздігіне шақырады. Ал Ж. Тәшеневтің қазақ атамекеннің тұтастығы үшін 60 жылдардың басындағы принципсіз, немқұрайлы, кең қолтық жайлаған ортада Мәскеудің айдауына қарсы тұруы – отаншылдықтың үлгісі. Оның Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары (оның ішінде Целино­ град, қазіргі Астана қаласы да бар) Ресейге берілуіне қарсылығы, осы жолдағы қайсарлығы көп қазаққа үлгі болды. Әрине, Ресей қазақты бағындырып, көндіріп қана қойған жоқ, жартылай жұтып та алды, орыстандырды, дінсіздендірді. Тарихи жадынан айыра ба­ стады, қазақты жалтақ, көнгіш, айдауына жүретін, айтқанын істейтін ұлтқа айналдыруға тырысты. Оның зардабын бүгін де шегіп отырмыз. Бірақ қазақ

Қожаберген жырау – 350 түгел бас ұрушы ұлтқа айналмады, метрополия қазақты өзінің ықпалына толық бағындырып, шортанша жұтып қоя алмады. Қазақтың намысы империяның ты­ нысын тарылтып, Ж. Тәшенев сияқты тұлғалар оның тамағына көлденең тұрған сүйектей болды. Ж. Тәшеневтің қарсылығы қазақ ақын-жазушыларын қанаттандырды, шабыт берді. Өмірге Ж. Нәжімеденов пен Ш. Қалдаяқовтың кейін гимнге айналған «Менің Қазақстаным» әні, Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы, І. Есенберлин мен Ә. Кекілбаевтың романдары, басқа да шығармалар «Елім-ай» ұлттық патриотизм идеясын ел санасында сіңірді. Ал ұлттық идеяның әдебиетте, ұлт санасына терең ұялауы Желтоқсан көтерілісіне рухани дайындық болды. Жастар «Елім-аймен» алаңда тоталитарлық билікке қарсы тұрды. «Елім-ай» – дін мен ұлттық тіл, дін байланысының, ұлт тұтастығының иде­ ологиясы. Дін – ұлттық сананың қашанда басты діңгегі. Оның басты себебінің бірі ұлт-азаттық қозғалыстармен тығыз байланыстығы. Ел басына ауыр күн туғанда ислам діні ортақ ұлттық мүддені қорғаудың негізіне айналып, ұлттық бірлікке, отаршылдыққа қарсы күреске жұмылдырушы, рух беруші күш: «Алла, аруақ, әулиелер желеп-жебеп, Қазақты ел боларда қолдап-демеп», – дейді жы­ рау. Дастанда қазақтың дәстүрлі мұсылмандығы сөз болады: медресе мен мешіт ашқан, шәкірттер тәрбиелеген, қазақ жұрты аузына харам салмаған, ата аруағын шақырып, ұран салып ел қорғаған. Алыс жолға шықса қазақ «құдия, бағымды аш» деп Алладан пәрмен сұраған. Мұсылмандық – ел бірлігінің бұзылмауының негізі. Бір-біріне жәрдем беру мұсылмандықтың белгісіне айналған. Елдің ұйытқысы, мұсылмандықты шайқалту үшін қалмақтар медресе мен мешіттерді өртеген, өлі аруақтарға соқтығып, бейіттерді қиратқан. Шор, тұба, хас, сахаларды ислам дінінен айырып, өз дініне мойынұсындырған. Қиын-қыстау, жаугершілік заманда мұсылман қауымы бірлесіп ортақ жаумен күресе алмағаны, тіпті қол ұшын бермек түгіл, Қоқан мен Хиуа хандықтарының дұшпанмен бірге болғанына, мұсылманның мұсылманға көмектеспегеніне ашы­ нып, жырау бір Аллаға: Дұшпанға көктеп жасын түсір, Алла! Баласын мұсылманның панаңа алып, Үш бірдей жаудың үнін өшір, Алла! – деп жалбарынады. Осылай, «Елім-айда» әділеттік пен теңдік идеясы сарқылмайтын рухани күш алып, қиындықтарды жеңетін, ұлтты торығу мен ашынудан сақтайтын парасат көзіне айналды.

Қожаберген жырау – 350 Дін тек Жаратқанға құлшылық емес, оны сүю ғана емес, дін – ұлт өмірінің жан-жақты қамтитын азаматтық, құқықтық, білім тәрбие, өмір салтын қамтитын және реттейтін жүйе. Нақты тарихи жағдайларға байланысты ұлт тағдырының әртүрлі тұстары маңызға ие болады. Ұлт үшін, ел үшін намазды да қаза етуде күпірлік емес. Жырау: Намазды тоқтатыңдар, азаматым, Ұнаса менің айтқан насихатым. Қожа, молда, имандар уақытша Қоржынға сақтап қойсын шариғатын. Намаз оқып жатқанда, жаулар қырар, Атылған дәу мылтықтан доп кеп ұрар. Мінәжат қып жайнамазда отырғанда Сұм халхи ұстап алып, тұтқын қылар, – деп уағыз айтады. Тек көңілің Алла таза болсын. Осыдан дін мен ұлттық идеяның байланысы ашық көрініп-ақ тұр. Дінінен айырылған халық ұлттық қасиетінен де ажырайды, ұлтсызданған халық дінінен, ділінен айырылатыны белгілі. Ұлт болып ұюдың негізі – дінде. Кейбір ұлтазаттық қозғалыстардың көсемдері дінді адамнан да жоғары қояды. Халық са­ насына ұлттық идея дінмен бірге енгеннен кейін тәуелсіздікке деген арманнан ешқандай отаршылдық айныта алмайды, себебі, онда құдайдың бейнесі. Діни идея тек наным-сенім аясында қалмай, ұлт болмысымен, мәдени мұрамен арала­ сып, оны құдіретті күшке айналдырып отыр. Дін мен ұлт байланысының ең басты көзі отаршылдық саясат дедік. Ол өзі әр уақытта дінді қудалаумен бірге жүреді де, ал дінұлттық сезімді қайрап, ұлттың рухани күш-қайратына, ар-ожданына сенім туғызады. Үстемдік жасаған ұлт өркениеттер алмасуы, білім мен ғылым тарату сияқты желеумен кейде ашық, кейде жасырын түрде өз дінін, тілін енгізеді. Оның айқын көрінісінің бірі – революцияға дейін Ресейде 300 мың татарды шоқындырып, христиан дінін қабылдатуы [3]. Шоқынғандар қазақ арасында да болды. Ұлттық мәдениетті аяққа басу, салт-дәстүрді, намысты қорлау дінге бет бұрғызады. Дін – төлтума мәдениет, өмір салты, ұлттық сананың басты тірегі және өзін-өзі танудың маңызды жолы. Дінге бетбұрыс бұқараның іс-қимылын жандандырып, оны саяси күреске тартады. Азаттық жолындағы күрестің діни

Қожаберген жырау – 350 сипат алуы оған терең бұқаралық мән береді, себебі, отарлаушы көпшілік жағдай­ да тілі, діні бөтен ұлт. Діни қозғалыс ұлттық діни мақсаттар төңірегінде көптеген ұлттар топтасып, панисламизм сияқты мұсылман дінін қолдайтындардың мүддесін қорғайтын ағым қалыптасты. Дін мен ұлт байланысының көлеңкелі, қайшылық жақтары кейінде байқалған. Кейде дін өкілдерінің бейбіт, қатар өмір сүруге тырысып, империя үстемдігіне қарсылық білдірмеген, тіпті, олардың саясатын құптаған тұстары да аз болмаған. Діннің қоғам ертеңгісінен гөрі кешегісін көксеуі, отаршылдыққа қарсы күресте жаңа бағыт бағдар ұстай алмауы ұлттық қозғалыстың тиімділігін тежейді. Діниағартушы ақын Әбубәкір Кердері, мысалы, кезінде патшаны дәріптеген: «Ақ патша шығарып тұр әділ жолды, Кісі жоқ әділ болсаң сенен оңды...» [4] Адамгершілік қағидалар мен ұлттық құндылықтар дінге жақын жанасып жатса, дінді қорғау ұлттық идеяның маңызды мұратына айналады. Ұлттық идея халықтың наным-сенімдерін, адамгершілік таразысынан екшелеп өткізіп, ұлттық дүниетаным қазыналарына сіңірген. «Елім-ай» идеясы ХХ ғасырдың басындағы қазақ демократтарының идеяларымен ұласты. Ұлт көсемдері діннен әлеуметтік нақтылықтан тыс (трансценталдық) негіздерді емес, ұлттық қауымдастықтың жасампаздық ру­ хани жігерін, «ұйықтап» кеткен жағдайынан оятатын қайрат көзін табады. Ұлтжанды ойшылдар үшін дін тек қасиетті кітаптарды өсиеттерді, құдайды мойындату, ақиқатты қабылдау ғана емес, ұлттық даналықтың, имандылықтың бейнесі. М. Дулатов замандастарына, көңілі ояу, көзі ашық інілеріне арнаған өсиетінде былай деп жазады: «Әуелі үйренетін бір ғылымың, Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың. Шарттарын исламның көміл білсең, Ахиреттік азық берер шын ғылымың» [5]. Қожаберген бабамыз тіл мен дін байланысына аса зор мән берген: «Туған тілді қор етсек, / Бұзылып кетер дініміз», – дейді. 2002 жылғы Ресейдегі халық са­нағы бойынша, татар, башқұрт ағайындардың үштен біріне жуығының ана тілі – орыс тілі. Сонымен бірге, орыс тілді мұсылмандар бүгін, еуроислам, «либеральдық ислам» бағытын насихаттауда. Ал орыс тілді татар, башқұрттардың

Қожаберген жырау – 350 біразы православия дінін қабылдаған. Бүгін Татарстан мен Башқұрстандағы правос­лав шіркеулерінің священниктері башқұрттар мен татарлар, Ресей ресми саясаты бойынша, бұл ұлтаралық, дінаралық татулық. Шындығында бұл татар­ лар мен башқұрттардың дінінің бұзылғандығын айқындап отыр. Дін мен ұлт мәселесі бүгін біздің елде де өте күрделі. Ел халқының 2009 жылғы халық санағы бойынша 70,2 пайызы мұсылмандар, 2,8 пайы­ зы дінге сенбейтіндер, 0,5 пайызы діни бағдарын анықтамағандар. Қазақтар­ дың 1 пайызы дінге сенбейтіндер. Мұсылмандар арасында немістер, корейлер, орыстар, поляктар да бар, олардың саны 5 пайызға дейін. Бірақ қазақтардың біршамасы христиан, пудаизм, буддизм, басқа діндерде жүр. Протестант, пра­ вослав священниктерінің бірқатары қазақтар. Сонымен бірге, қазақ халқының 98,3 пайызы мұсылман деген деректің өзі де күмән туғызады. Дінтану ғы­ лымында мұсылманбыз, православпыз дегендердің діни ғибадатханаларға барып құлшылық ету, діни парыздарды өтеуі, діни мерекелерді арнайы өткізу, басқа да талаптар жөнінен саралағанда, шынайы діншіл адамдар аз болып шығады. Соны­ мен бірге мұсылмандардың арасындағы дінішілік қайшылықтардың барлығын, халық санағы кезінде тек қазақ болған соң мұсылман, орыс болған соң православ деп тіркей салғанын ескерсек, шынайы діни ахуалдың күрделі екені түсінікті. «Елім-ай» идеясының салтанат құра бастағаны, ұлттық мемлекеттің қа­ лыптасуы Тәуелсіздік заманынан басталады. Әсіресе, мемлекеттік сана қалып­ тастыруда Қазақстан-Ресей шекарасының айқындалуы, келісімнің бекуі, оны екі мемлекеттің парламентінің ратификациялауы маңызды тарихи оқиға болды. Тер­ ритория жағынан еш мемлекет те ұтылған жоқ, бірақ моральдық ұтыс Қазақстан жағында болды, себебі ол күні кешегі отарланған ел еді. Оның шекарасын мой­ ындау ресейліктер үшін іштей оңай болмады. Ресей Мемлекеттік Думасының 36 депутатының қарсы дауыс беруі – шовинистік пиғылдың көрінісі. Ресей ғылыми әдебиетінде шекара қазақ немесе орыс тілімен аталған елді мекендердің басымдылығына қарай, болмаса қазақ болмаса орыс тілінің тарауына қарай анықталсын деген пікірлер жиі қайталанды. Отарлаушы елде отарлық, үстемдік сананың тамыры терең болса, отарланған елде, әсіресе, қазақтарда, өзін кем тұту психологиясы да терең тараған. Сондықтан да ұлттық мемлекеттік сананың да­ муы әлі де үлкен қайшылықтар туғызуда. Совет Одағы ыдырағанымен, тарихи сахнадан кеткенмен, санадан кеткен жоқ, себебі, оның тірі иелері әлі біраз. Советтік идеология, астамшылық психология орыс идеясы, рухы әдебиетте, білімде, жер-су аттарында әрі айқын көрініп тұр. Соның ішінде көп ұлттарды кириллицаға көшіру орыс мемлекетінің, ұлтының символын мойындау еді. Сондықтан әліпби лингвистикалық, педагогикалық

Қожаберген жырау – 350 мәселе емес, оның геосаяси маңызы да зор болды. «Алфавит» служит целям госу­ дарственного обьединения» деген сөз 1910 жылы 13-26 маусымда болған Қазан қаласындағы миссионерлердің сьезінде айтылған. Енді бүгін мәдени мұраны, ғылыми әдебиетті, оқулықтарды латын әліпбиіне көшіру талай онжылдықтарды талап етеді. Бүгін «Елім-ай» идеясы қанат жайып, қазақы ортада, жеке адамдардың да санасында өз орнын алып келеді, оның интеллектуалдық, психологиялық жігер-қайратының да сарқылмағандығы көрсетілді. Оның болашағы да мол, оның, патриотизмге, елдік санаға рух, сенім, серпін беретіндігіне бүгін көз жетті. «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан», – деді Н.Ә. Назарбаев. Қазақтар – мемлекетқұраушы ұлт. Кейде диаспоралар өкілдері біздер осы елдің азаматымыз, біз де мемлекет құраушы халықпыз деп қарсы уәж айтады. Әрине, барлық үлкенді-кішілі этнос уәкілдерінің заң алдын­ да құқы бірдей. Бүгін этностар бір елден екінші елге қоныс аударып жатқан тұста елі­міздегі диаспоралардың саны азаяр, не көбейер, бірқатары тіпті, түгел қоныс аударып, болмаса басқалармен сіңісіп те кетер, бірақ ол өзгерістер мемлекетіміздің атына, мәніне әсер етпейді. Себебі, елдің табаны, байырғы халқы – қазақтар. Қазақстан мемлекетін қазақсыз көз алдымызға елестетуге болмайды. Қазақстансыз қазақтар шетте өмір сүрер, бірақ қазақсыз Қазақстан елі болуы мүмкін емес. Дегенмен, заманның бет алысы ұлттық тілге, мемлекетке қауіп туғызып тұр. Бүгінгі заманды кейде «дуффузия этносов и рас» деп атап, ұлттың, нәсілдің тегі бөтен халықтардың, тарауы, араласуы, мемлекеттілікті де, саяси және экономикалық жүйені де тапап өткелі тұрған заман делінеді. Бұл «диффузия», тіпті, адамзаттарды жаңа бір нәсілге, орысша айтқанда, «расовый бульонға» айналдырғалы тұр. Бұл жаңа «сорпадан» жаңа этностар, суперэтностар, нәсілдер пайда болуы ықтимал деген болжамдар айтылады. Нарықтық экономикаға көшкен тұста біз өмірдің қай саласы туралы сөз қозғағанда, оның қаржы тапшылығына тірелетінін айтудан жалықпаймыз. Де­ сек те мемлекетте рухани бір арқаудың, тіректің жоқтығында сезінеміз. Өмірдің барлық қырын валюта нарығындағы доллардың, болмаса еуроның құнымен өлшеуге болмайтындығын, қоғам бағыт сілтейтін құндылықтарға сүйенгенде ғана қалыпты өмір сүре алатынын түсіне бастадық. Оның өзі – ауыр індеттен сауыға бастауымыздың нышаны. Ұлттық идеяға қажеттілік туды. Ол идеяның бастауы билік кабинеттерінде емес, рухани мұрамызда жатыр. Тек өткен шақпен ғана байланыстыруға болмайтын, бүгінгі күнмен үндесіп жатырған шығарманың бірі – ұлттық идеяның қайнар бұлағы Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны.

Қожаберген жырау – 350 «Елім-ай» идеясы еркіндікке, рухани құндылықтарды жаңартуға үлкен дем береді. Бүгін де отаршылдық, тоталитарлық үстемдікті басынан өткізген, жалаң интернационализмнің зардабын шеккен қазақ ұлты үшін ол – отарлаушы құлдықтан, ұлтсызданудан арылудың рухани тірегі. Сол себепті де бүгін өткен тарихқа, дәстүрлікке, әлеуметтік тәжірибеге деген ынта өсіп, төлтума ұлттық ерекшеліктерге көз жеткізуге, нығайтуға күш салынуда. Ұлттық идея дәйекті түрде ұлттық сана қалыптастырып, біржақты еліктеушіліктен, басқа ұлтқа сіңісіп кетуден сақтандырады. Әр ұлт өз тағдырына тән мәселелерді өзіндік жол­ мен шешеді. Ал ұлттық топыраққа басқа өркениетті көшіру, тарихи тәжірибе көрсеткеніндей, күйзеліске әкеледі. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Е. Евтушенко. Избранные произведения, т.2. – Москва, 1975. 2. Ә. Кекілбаев. Үш пайғамбар. – Алматы, 1992. 3. «Коммунистическая революция». – 1924, №4. 4. Кердері Әубәкір. Өлең, толғаулар, айтыс, жырлар. – Алматы, 1993. 5. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы, 1991. ҚОС ЖЫРАУ ХАҚЫНДА (Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанындағы «Асыл мұра» орталығының қызметкері Социал ЖҰМАБАЕВТЫҢ сөзі) Сөзіміздің арқауы қазақтың «Зар заман» деп аталған ауыр кезеңінде қатар өмір сүрген қос жырау Қожаберген мен Бұқар жыраулар өмірлерінің сабақтастығы, ұстаз-шәкірт ретіндегі достығы, ой-пікір ұстанымдығының жақындығы, туысқандық қатынасы туралы болмақ. Өздеріңізге белгілі қазақтың бір тума ақын-жырауы Бұқар Қалқаманұлының өмірдеректері кейінгі кезге дейін бұрмаланып келді. Мысалы «Бес ғасыр жыр­ лайды» (Алматы: Жазушы, 1989) кітабында «Бұқар 1668 жылы туып, бір ғасырдан астам жасап, 1781 жылы қайтыс болған. Бұқардың, тіпті, сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды» деп қате жазылды.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жырау Бұқардың туған жылын 1723 жылы жазған «Елім-ай» дастанында былай жырлайды: Бұқаржан биылғы жыл отыз жаста, Атағы ақындықпен шықты Алашқа. Өзі де көп қайғырып жүрген шығар, Түскен соң ауыр бейнет қайтсін басқа! Қазақстан Республикасының соңғы шыққан энциклопедиясында Бұқар жы­ раудың туған, қайтыс болған жылдары Қожаберген жырау мен Көтеш ақын­ ның деректерімен 1693 жылы туып, 1787 жылы қайтыс болды деп түзетілді. Біздің қолымызда екі жыраудың рухани және туысқандық қарымқатына­сына дерек болатын «Елім-ай» дастанынан басқа Бұқар жыраудың шығармалары­ның жинағына кірмеген, ғылыми айналымға түспеген «Ғаділ ер», «Ұстазыма» атты толғаулары бар. Екі жырау туралы сөзіміз осы толғаулар негізінде өрбімек. Өйткені, Бұқар бабамыз бұл екі шығармасында Қожаберген жыраудың бүкіл болмысын, оның шежіресін, өмірбаянын, ұлылығын, батырлығын, жыраулығын, даналығын санамалап айтып шығады. Бұқар жыраудың өзін сөйлетсек, «Ұстазыма» атты толғауында Қожаберген жыраумен қарым-қатынасы туралы былай дейді. Бата алған Бұқармын Қожаберген асылдан, Қожакеңнен үлгі алған Әкем аты Қалқаман. Нұсқа үйрендім өзім де Ермедік деп айта алман. Өзімнен бұрын әкем де Қожекеңе көп ерген. Соғыстың әдіс-тәсілін Сол ұстаздан үйренген. Жыраудың «Елім-ай» дастанын шығарғаны туралы: Шаңқобызын Қожекең Жосаменен сырлаған, «Елім-айдай» қиссасын Қан майданда жырлаған.

Қожаберген жырау – 350
«Елім-ай» деп ат қойып
Ән мен күйін шығарған.
Жұрттың мұңын ұғасың

Тыңдағанда солардан.
Жыраудың шығармашылығы туралы:
«Ер Көкше» мен «Ер Қосай»
Ұстазымның жыры еді.

Қозғағаны сардардың
Халайықтың мұңы еді.
«Құламерген», «Ер Есім» –
Қожаекемнің дастаны.

Көшіріп жаттап әншілер
Басына жырды жастанды.
Жыраудың «Баба тілі» дастанын шығарғаны туралы:
«Баба тілі» деп ат қойған

Тарихын елдің жырлаған,
Сол «Баба тілі» қиссасы
Халайыққа ұнаған.
Батырлығы туралы:

Күрзісімен жауды басқа ұрған,
Сыбан Рабтанды састырған,
Жаралы дұшпан басшысын
Ат тұяғына ылғи бастырған.

Халдан Бошохты да ұтыпты
Жас сардар болған шағында.
Айбарынан жау қашқан
Есінен қалмақ адасқан.

Ұрандап жауға тигенде
Жарқылдап қолда алдаспан.

Қожаберген жырау – 350 Жыраудың ордабасы болғанын да айтып кетеді Ел қорғаудың жолында Бар ғұмырын өткізді. Бас қолбасшы Қожаекем Қазақты қорғап жеткізді. Ел арасын бүтіндеп, Қазы болды тұсында. Ордабасы шағында Қамалды бұзды құлшына. Жыраудың «Жеті жарғыны» жазғаны туралы: Тәукенің жазып мизамын, «Жеті Жарғы» деп атаған. Қатаң бапты енгізіп, Бұзықтарды матаған. Жыраудың даналығы, ұлылығы туралы: Қожаберген баһадүр Адамзаттың пілі еді. Ақындардың ағасы Болғаны да шын еді. Қазақ, ноғай, татар мен Қарақалпақ бәрі де Ақыл сұрап көп барған Қожаберген кәріңе. Разы болып оралған Қожаберген данадан. Төрелік берген ұстазым, Асып кеткен қарадан. Қожаберген жырау өмірдеректерінен оның 1710 жылы Әз Тәуке мен оның уәзірлеріне, үш жүздің билері мен бектеріне, батырларына өзінің ұзақ жылдарға созылған жауға қарсы күресте шаршағандығын айтып, өзін ордабасы қызметінен босату туралы тілек қойып, өзінің орнына шәкірттерінің бірі арғын Бөгенбай

Қожаберген жырау – 350 Ақшаұлы (1683-1775 жж.) деген жас батырды сайлатқанын білеміз. Бұл тура­ сында Бұқар жырау «Ғаділ ер» атты толғауында былай деп жазды: Қожаберген ғаділ ер Қадірін білген қалың ел. Бөгенбайдай батырға Билігін берген ардагер. Баласы да, інісі Ұстазымның бар еді. Оларға бермей орнын, Арғынға берген нар еді. Бөгенбайдан кем емес, Дәстем салдың бектігі. Асып түсер тура айтсам, Жаратылыс тілегі. Інім деп бұрмай Дәстемге Басшы бол деп әскерге Бөгенбайды сайлатқан Лайық ер деп көсемге. Інілерім, ұлдарым Өкпелеп жүрер деместен, Бөгең ерді ұсынды Ойлатуға келместен. Қожаберген жыраудың да Бұқарды аса құрметтегенін «Елім-ай» дастанындағы мына бір шумақтан байқауға болады. Шәкіртім қайда екен Бұқар жыршы, Ол Бұқар – әрі ақын, әрі сыншы. Естісе жау тигенін аттан салар, Жырына оның, халқым, құлақ түрші. Қазақ халқының тағдырына қабырғалары қайысқан алаш ұранды қос жыраудың ой-пікірлері, ұстанымдары да бір жерден шығады. Екеуі де халық атынан өжеттікпен хан-сұлтандарды қатты сынаған, айыптаған.

Қожаберген жырау – 350 «Баба тілі» дастанында Қожаберген жырау: Қожаберген айтты деп Хан-сұлтандар, шамданба! Сынады деп тіл үшін Жазалауға қамданба! Қолданатын шараңды Төңкерермін басыңа. Соқтықсаң маған, сұлтандар, Мінбессің тұлпар астыңа. Асқақтама, бектерім, Сұлтанға еріп асыға Ілтипатқа алмасаң, Бұлт төнер әлі-ақ басыңа! – деп хан-сұлтандарға күш көрсетсе, азуы алты қарыс Абылайға Бұқар жырау: Ашуланба, Абылай! Ашулансаң, Абылай, Көтерермін, көнермін. Көтеріп қазға салармын. Өкпеңменен қабынба, Өтіңменен жарылма. Орыспенен соғысып Басына мұнша көтерген Жұртыңа жаулық сағынба! – дейді. Екеуінен басқа да жыраулар хандарға қарсы мұндай батыл сөз айта алмаған. Қожаберген Толыбайұлы – өз шығармаларында ата-тегінің шежіресін, өзі­ нің өмірге келген уақытынан бастап өмірдеректерін жазып кеткен жырау. Сон­ дықтан да жыраудың өмірбаяны дау туғызбайды. Жырау өзінің нағашы жұрты туралы «Елім-ай» жырының бірінші бөлігінде былай деп жазды: Орта жүз арғындағы асыл тектен, Анамның шыққан заты сүйіндіктен.

Қожаберген жырау – 350 Жиырма ұлдың көкжал туған ең кішісі ем, Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбілектен. Нағашым Айдабол би, Күлік мырза, Ісіне туған халқы болған риза. Аруағы сол екі ердің желеу болып, Көрерміз туған елді дәм бұйырса. Ақбура, Тұлпар менен Қабыланбек Бір туған нағашы атам інілері еді. Аруағы үшеуінің қолдау болар, Олар да шапағатты нағашым еді. Жыраудың бұдан үш ғасырға жуық уақыт бұрын жазған арғынның сүйіндік атасының бұл шежіресі қазіргі ғылыми айналысқа түсіп жүрген арғын шежіресі­ мен бірдей: орта жүздің арғын атасынан Мейрам туады. Мейрамның 12 баласының бірі – Сүйіндік. Қожаберген жыраудың анасы Ақбілек Айдаболқызы Сүйіндік атасынан тарайды. Сүйіндіктен 6 бала: Қаржас, Орманшы, Құлболды, Жанболды, Мәжік, Тортуыл. Құлболдыдан 5 бала: Айдабол, Күлік, Ақбура, Тұлпар, Қобылан. Айдабол – Қожаберген жыраудың өзі жазып кеткендей туған нағашысы. Бұқардың әкесі Қалқаман Айдабол бимен немерелес. Осы­ лайша, туысқандық қатынасы жағынан Бұқар Қожаберген жыраудың туған нағашысы екен. Қос жырауды көзі көрген Қазыбек би Тауасарұлы былай дейді. «Қожаберген жырау мен көргенде қартайған, екі тізесінен ақсап басатын шал кісі екен. Осысына қарамай, жырау сонша әдемі киінеді. Басында сусар бөрік, үстінде күзен ішік. Белінде діңмент. Оның қолында домбырасы да жоқ. Бірақ өлеңді сапырып, мен көргенде домбырасыз тақпақтап айтты… Қожаберген То­ лыбай баласы Тәуке заманында ғаскербасы болған, жау түсіріп, ту алған батыр еді. Ол – батырлығымен бірдей сол заманның өзі көзбен көрген оқиғасын мол жырлаған адам. Жасы мен құралпы Бұқар оған құлдық ұратын. Бәлкім, егер Қожаберген жырау болмаса, бізге ол заманның көп шындығы жетпес те еді» (Түп-тұқияннан өзіме дейін. – Алматы: Жалын, 1993. – 215-б.). Осы конференцияны өткізіп отырған Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институттарына жыраудың тарихи мекені Гүлтөбе жеріндегі туыстары, елі атынан рахметімізді айтамыз. Қожаберген бабамыздың рухы сіздерді қорғап, қолдап жүрсін! 2013 ж.

Қожаберген жырау – 350 ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕК (Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол КҮЗЕМБАЙҰЛЫНЫҢ сөзі) Қазақ тарихына терең бойлауға, тарихи процестерді жан-жақты ашуға, неғұрлым шынайы көрсетуге әсер ететін фактор – тарихи деректердің жеткіліктілігі. ХХ ғасырда өмір сүрген француздың атақты тарихшысы Люсьен Фебер: «История, несоменно создаеться на основе письменных документов. Когда они есть. Но, она может и должна создаватса и без письменных доку­ ментов, когда их несуществует», – деп ауызша деректерді пайдалану қажеттігін айтыпты [1]. Қазақ халқының тарихы осы күнге дейін шетел мұрағаттарының, авторларының, жиһанкездерінің, шенеуніктерінің қалдырған мәліметтері бой­ ынша жазылып келді. Өкінішке қарай, қазақи дәстүрде жазылған жазбаша де­ ректерге, ата-бабадан ауызша беріліп келе жатқан шежіреге сенімсіздікпен қара­дық. Сондықтан да, тарихымыз қысқа, бір жақты болып жазылды. Негізгі баяндамаға көшпес бұрын қазақ шежіресі негізінде жазылған тари­ хи шығармаларға шолу жасауды жөн көрдік. Қазақтың тарихтану дәстүрінің негізінде шежіре жатқандығы белгілі. Сонау ХV ғасырдан бастап жазылған та­ рихи әдебиеттерде шежірені кеңінен пайдаланған. 1499 жылы туып, 1551 жылы дүниеден өткен Мұхаммед Хайдар Дулати ке­ лер ұрпаққа «Тарих-и Рашиди» атты шығарма қалдырды [2]. Көрнекті мем­ лекет қайраткері, қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым М.Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегі алғаш рет қазақ оқырмандарына қолжазба нұсқасынан тәржімаланып, 2003 жылы ұсынылды. 1530-1605 жылдары өмір сүрген Қадыр-Әлибек Жалайыри «Жамиғ-атТауарих»[3] атты кітап жазды. Бұл негізінен жоғарда айтылған Рашид-ад Диннің кітабын негізге ала отырып, қазақ шежірелерін пайдаланып жазылған еңбек. Мұнда ол сол заманның саяси-шаруашылық, этникалық процестеріне тоқталады. Осы күнгі қазақтың құрамына кірген көптеген рулар туралы мәлімет аламыз.

Қожаберген жырау – 350 Деректің бұл түрінің ерекшеліктерін, оның табиғатын түсіну үшін, «шежіре» терминінің қай уақытта, қалай пайда болғанын ескеруіміз керек. Алғаш рет бұл сөзді біз М. Қашқаридың сөздігінен кездестіреміз. Ол: «Мен бұл кітапты хикмәт сөздер, сежілер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, режез және нәсір секілді әдеби сөздермен безендіріп, мақсұс әліппесі ретімен түзеп шықтым» [4], – деп жазады. Шежіре бүкіл түрік халықтарында кездеседі. Мәселен, түрікмендер­де «шежіле», башқұртта «шежіре», татарда «шаджара», қырғызда «санджыра», қалмақта «шастир», моңғолда «цээлинджээр дасх» деп аталады екен. Бір қызығы, тува тілінде бұл ұғымды «чечен» деген сөзбен түсіндіреді екен. Бұл қазақтың шешен деген сөзімен түбірлес. В. Санчиров деген ғалым қалмақтың «шастир» деген сөзін қытайдың «чжуань» – әңгіме, тарих, жылнама, ғұмыр­ нама ұғымын беретін сөзден шықты деп есептейді [5]. Якут тілінде «сасанна» термині «әңгіме айту, әңгімелесу, сөйлесу» дегенді білдіреді екен [6]. Қазақ пен қойы қоралас, малы аралас қалмақтарда «цэцэн» деген сөз бар. Қазақтың шешен деген сөзіне өте ұқсас. Араб тілінде бұл термин «тамыр» де­ генді аңғартады екен. Осы күні қазақ арасында осы араб тіліндегі нұсқасы ата таратуды білдіретін шежіре ұғымы пайдаланылып жүр. Қалай болғанда да, қазақтың шежіресі – сол әулеттің тарихы. Халқымыз жеке бір әулеттерден тұрады десек, бұл термин халқымыздың тарихы деген ұғымды білдіреді. Өткен ғасырдың 90 жылдары екі бірдей мұңғұл тілінен аударылған шежіре ғылыми айналымға енді. Оны қазақ тіліне аударған сол елдің еңбегі сіңген мәде­ ниет қайраткері, жазушы Мағауия Сұлтанияұлы және Абай Мауқараұлы. Оның алғашқысы «Алтын шежіре» [7]. Бұл шығарма түрік-моңғол тайпаларының ХVІІ ғасырда дүниеге келген көне жазба мұрасы. Мұнда қазақ хандығын құраған керей, жалайыр, қоңырат, меркіт, найман, т.б. түркі тайпаларының бұдан 800 жыл бұрынғы өмір тіршілігі Шыңғыс хан қағанатының тарихымен сабақтас баяндалады. Көне әдеби мұраның мазмұнында сол заманның уақыт ты­ нысы, нақты деректер мейлінше кең қамтылған. Екіншісі «Моңғолдың құпия шежіресі» [8]. Бұл шежіре де адамзат мәдениетінің құнды мұраларының бірі. Мұнда ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы керей, найман, татар, қоңырат, меркіт, т.б. түрік тектес тайпалардың тарихы, ірі мемле­ кет қайраткері Шыңғыс ханның жүргізген саясаты, сол кездегі ірі-ірі оқиғалар баяндалады. Кіндік, Орта және Батыс Азия көшпелілерінің тарихнамасын түгелдей қамтыған аталмыш шежіре халқымыздың тарихымен де тамырласып, сабақтасып жатыр. Кітапта қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, өмірі мен тыныс-тіршілігі жайында құнды мәліметтер мен деректер көп. 16-254

Қожаберген жырау – 350 Халқымыздың тарихын танып білудегі маңызы зор бұл еңбек қазақ топыра­ ғында алғаш рет жарияланды. Қазақтың шежіресі атадан балаға ауызша ғана жеткізілді деген қате пікір бар. Шежіре көбіне жазылған. Бізге жеткен деректерге қарағанда, алғашқы шежіреші – Өтеміс Қажы екен. Оның «Шыңғыснама» [9] еңбегі сұлтандар­ дың шежіресіне арналған. Өтеміс Қажы – белгілі ортағасырлық тарихшы. Шыққан тегі, істеген қызметі, жазған еңбегі қазақ тарихында алтын әріптермен жазыларлық. Оның жазған «Шыңғыснама» кітабы Алтын Орда мемлекетінің тарихынан мол мәлімет береді. Кітаптың негізгі дерегі – Шыңғысхан ұрпақтарының шежіресі. Яғни, ол – даланың ауызша тарих дәстүрін қағазға түсірген алғашқы ғалымдардың бірі. Автор өзі жазып отырған Алтын Орда хандарынан кейін өмір сүрсе де, өте ыждаһаттылықпен, шындыққа тым жақын фактілерді бізге жеткізіп кетті. Бір қызығы, Өтеміс Қажы тек қана шежіре деректерімен шектеліп қоймай­ ды. Ол қызмет бабымен Алтын Орда мемлекетінің түкпір-түкпірінде болып, көптеген адамдармен кездесіп, пікір таластырып, жиған-терген материалдарын өз кітабына енгізген. Сондықтан да «Шыңғыснама» – өте құнды, сол заманнан мол мағлұмат беретін бірден-бір бағалы еңбек. Қазақ шежіресі тарихшылар назарын осыдан үш ғасыр бұрын аудар­ ды. Елімізді, жерімізді отарлауға ниеттенген көрші орыс елі XVІІІ ғасырдың басында-ақ жаңа құрылған Ғылым академиясына негізгі тапсырма ретінде қазақ елінің тарихы мен этнографиясын зерттеуді жүктеді. Қазақ шежірелерін ел ішінде көп жүрген, қазақ тілін, әдет-ғұрпын жақсы білетін Г. Потанин, Ә. Диваев сияқты ғалымдар да зерттеді. Осылардың ішінде өте мардымды еңбек атқарған Әбубәкір Диваев ақсақалды айтуға болады. Ұлты башқұрт Әбубәкір ақсақал қазақ тілінің, әдебиетінің, әдет-ғұрпының білгірі еді. Ол бізге екі жүзге жақын ғылыми мақалаларын мұраға қалдырды. Өткен ғасырдың соңында оның ғылыми еңбектері «Тарту» [10] деген атпен кітап бо­ лып жарыққа шықты. Қазақ шежіресін кеңінен пайдаланып жазылған еңбек – Құрбанғали Халид­ тің «Шығыстың бес тарихы» [11]. Автор Орталық Азия, Шығыс Түркістан халықтарымен қатар қазақ даласын мекендейтін ру-тайпаларға да тоқталады. Өзен-көл, жер, ру-тайпа аттарының этимологиясы жөнінде көптеген мәліметтер бар. Қазақ шежіресін алғашқы қағазға түсіргендердің бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1857-1931) [12]. Ол өзінің кітабын 1911 жылы Орынборда шығарды. Совет заманында бұл шығарма бірнеше рет жарық көрді. Мәшһүр шежіресінің

Қожаберген жырау – 350 ерекшелігі ол әрбір аталарды баяндағанда, сол аталардың өз тұсында болған оқиғалар туралы ел аузында қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады. Сондықтан ол жазған шежіре оқуға өте қызықты. Шежірені өлеңмен жазған жерлесіміз Нұржан Наушабаев (1885-1919). Оның «Манзумат қазақия»[13] аталатын 1903 жылы қазанда жарық көрген кітабына қазақ шежіресінің біраз материалдары пайдаланылған. Нұржанға еліктеп шежірені өлеңмен жазатындар көбейген. Қазақ тарихнамасында шежіре деректерін деректемелік талдаудан өткізу қажеттілігін алғаш айтқан Шәкәрім Құдайбердіұлы [14]. Көп оқыған, көп білген, шығыстың да батыстың да тарихи әдебиеттерімен таныс Шәкәрім қажы тарихи зерттеулерде батыс ғалымының әдіс-тәсілдерін пайдалану қажеттілігін түсін­ді. Әсіресе, ол шежіре деректеріне үлкен күмәнмен қарап, оларды деректер­ дің басқа да түрлерімен салыстыра отырып пайдаланады. Сондықтан да оның шежіре жөніндегі еңбегі шығыс және батыс тарих жазу дәстүрлерінің арасында жазылған. Хронологиялық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, ол қазақ тарихын жүйелі түрде баяндауға тырысты. Шәкәрімнің керей-уақ жөніндегі пайымдалу­ лары талас тудырып, осы күнгі қалаптасқан пікірлермен сәйкес келмейді. Совет үкіметі заманында шежірені өзінің ғылыми еңбегіне негіз қылған Мұхаметжан Тынышпаев қазақтар жөніндегі алғашқы еңбектің авторы бол­ ды. Онда ол өзіне белгілі қазақ руларын талқыға салды [15]. Өткен ғасырдың 20 жылдары Ташкент қаласында жарық көрген оның кітабы көпшіліктің сүйіп оқитын шығармасына айналды. Қазақтың белгілі жазушысы Сәбит Мұқановтың көзінің тірісінде баспаға ұсынған, бірақ өзі қайтыс болғаннан кейін жарыққа шыққан еңбегінде қазақ шежіресіне арналған бөлім бар [16]. Онда Сәбең атамыз қазақ шежіресіне си­ паттама бере келе, қожа және қазақ шежіресіне талдау жасайды. Ол шежіре тек ауызша, жазбаша ғана болып келмей оның өлеңмен айтылғанын да атап көр­ сетті. Бұл кітаптан жазушының туған жері Солтүстік Қазақстанда сол заманда өмір сүрген шежіреші қарттар жөнінде де мағлұмат бар. Бір қызығы, солардың ішінде ССРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың әкесі Бекмұхамбет те бар. Тағдыры тәлкекке түскен, атақты Ермұхан Бекмаханов өз еңбектерінде шежіре материалдарын арнаулы тарихи дерек ретінде молынан пайдаланды. Одан кейінгі Х. арғынбаев, М. Мұқанов, В. Востров, Н. әлімбай, Б. Жакин және тағы да басқа тарихшылар шежіре деректеріне зор баға берді [17]. Осылардың қорытындысы ретінде 2007 жылы қарағандылық тарихшы Мақсат Алпысбес Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында

Қожаберген жырау – 350 «Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде» атты докторлық диссертациясын қорғап шықты [18]. Онда ғалым қазақ шежіресіне жан-жақты баға беріп, олардың маңызды тарихи дерек екендігін дәлелдеді. Өзінің ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін бірнеше ғылыми мақалаларында жариялады. Автор бұл еңбегінде сондағы қазақтардың өткені мен келешегі төңірегінде күңірене баяндаған. Өткен ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы қазақ шежіресіне «өткен­ нен дерек беретін сөздің бір түрі» деп баға берген екен [19]. Жалпы айтқанда қазақтың тарихтану дәстүрінің негізінде шежіре жатқандығы белгілі. Бүгінгі баяндама тақырыбы – атақты бабамыз Қожаберген жыраудың «Елім-ай», «Ататек» шығармаларын тарихи дерек ретінде қарастыру. Бабамыздың өмірі, оның шығармашылығы соңғы жылға дейін бізге белгісіз бо­ лып келді. Оның себебі, Қожаберген баба орыс империясына ашық қарсы шық­қан адам. «Елім-ай» жырын мұқият оқып шыққан адам жоңғар шап­ қыншылығына демеу беріп, Жоңғарияға әрқашанда қол ұшын беріп отырған Ре­ сей екенін аңғарады. Кез келген тарихи оқиға алдымен тарихшылардан бұрын жазушы-жор­налшы бауырларымыздың қалам тартатындығы белгілі. Қожаберген бабамызға да алғашқы рет көңіл аударып, өз шығармасына арқау еткен белгілі драматург-жа­ зушы Нәбиден Әбуталиев. Оның 1995 жылы «Жеті Жарғы» баспасынан жарық көрген «Ордабасы Қожаберген» деген кітабы қалың оқырманды қызықтырғаны мәлім [20]. Алғашқы рет Қожаберген шығармаларын жинақтап, баспаға дайындап жарыққа шығарған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқы­ тушысы Мәдина Дастанова [21]. 1999 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен ғы­ лыми-теориялық конференциясында жасаған баяндамасында академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев «Дауылпаз Қожаберген – дүлдүл тарихшы» деп оның та­ рихи шығармаларына жоғары баға беріп еді [22]. Қожаберген шежіресі негізінде қазақтың белгілі тарихшысы Марат Сәбитұлы Мұқанов 1998 жылы өз монографиясын жариялады [23]. Мұнда ол тарихтану дәстүріндегі шежіренің рөліне тоқталады. Кітаптың бірінші бөлімі толығымен қазақтың шежіресінің құнды тарихи дерек екендігін дәлелдеуге арналады. Келесі бөлімінде қазақ халқының рулық қоғамындағы таксономикалық деңгейлері сөз болады. Монографияның соңғы бөлімі керейдің тарихы мен шежіресіне арналған. Бүкіл ғұмырын шежіре жинауға арнаған Сегіз серінің тікелей ұрпағы, фольклоршы-ғалым Қаратай Биғожин көзі тірісінде бірде-бір кітабын жарыққа

Қожаберген жырау – 350 шығара алмады. Денсаулығының дімкәстігіне қарамастан ол қазақ елін, көрші­ лес Ресейдің қандастарымыз мекендейтін өңірлерін жаяу-жалпылап түгелге жуық аралап шықты. Оның назарынан бірде-бір шежіреші қарт тыс қалған емес. Қолына түскен тарихымызға байланысты материалдарды «Мәдениет», «Қазақ әдебиеті», «Ауыл», «Орталық Қазақстан», «Солтүстік Қазақстан», «Сарыарқа», «Жаңа Сарыарқа», «Қазақ батырлары» және де басқа газетжурналдарға жариялап тұрды. Қожаберген жырау шежіресін жалғастырып, га­ зет-журнал беттеріне жариялаған да осы кісі [24]. «Сарыарқа», «Жаңа Сарыарқа» жорналын шежіретану орталығына айнал­ дырған қазақтың көрнекті жазушысы Нұрғожа Ораз өзінің кітабына қазақ тарихына арналған әр жылдары әр басылымдарда жарияланған мақалала­рын кіргізген. Оның «Шежіре хақында», «Керей шежіресі», «Бөгенбай Мама Батырұлы хақында», «Тарышы керей», «Көшебе керей» мақалаларының маңызы өте жоғары [25]. 2011 жылы Қостанай аумақтық тарихи-зерттеулер институты Қожабер­­ген мұрасы негізінде керейдің Ашамайлы атасының шежіресін басып шығарды. Кітапта қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан керей тайпасына қатысты мәліметтер берілген. Олардың көне заманда пайда бо­ лып, ортағасырда мемлекет құрып, ХІІ ғасырда сонау Моңғолия жерінен Қазақстанның Солтүстігі мен Сібір өлкесіне қоныстану тарихы, ХҮІ ғасырдың аяғында қазақ хандығының құрамына кіруі баяндалады. Сонымен қатар, Аша­ майлы керейден тарайдан рулардың схемасы және осы елден шыққан атақты тұлғалардың өмірбаяны берілген. Осы күнге дейін аталған шежіре көптеген авторлдардың шығармаларында пайдаланылғанымен оған деректемелік талдау жасалған емес [26]. ХІХ ғасырдаң орта шенінде ғылыми деректанудың негізін қалаған И. Н. Болтин және Август Шлецер деректерді сынаудың екі деңгейін анықтап берген болатын. Одан кейінгі В. О. Ключевский, француз ғалымдары Э. Бернгейм, Ш. В. Ланглуа, Ш. Сеньобос тарихи құжаттарды ішкі және сыртқы сын­ нан өткізіп барып, ғылыми айналымға кіргізу қажеттілігін дәлелдеді [27]. Ал енді, Қожаберген жыраудың мұрасын іздеу, табу және жариялау мә­ селесіне тоқталалық. Бұл шаруа деректану жұмысының алғашқы кезеңіне жа­ тады. Белгілі тарихшы Марат Мұқановтың зерттеуінде керей шежіресінің ал­ ғашқы қағазға түсірген Дәулен Таузарұлы екен [28]. Оны ұлы атақты Толы­ бай сыншы толықтырып, өзінің ұрпағы Қожаберген жыраудың қолына тигізді. Өз кезегінде Қожаберген, осы шежіре негізінде «Ататек» деген дастан жазды. Қолдан қолға өтіп, керей шежіресі Сегіз сері Баһрамұлына жетті. Сегіз серіден

Қожаберген жырау – 350 кейін бұл шежірені жинап, жалғастырған Тәшмұхаммед Тәбейұлы Барлыбаев [29]. Қожаберген шежіресін жазып алған Тәшмұхаммед Барлыбаев Қазанда білім алған, заңгер мамандығын алған. Имам Шәміл басқарған Солтүстік Кавказдағы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысқан. Елге қайтқан соң мемлекеттік қызметтерде болған. Сондықтан оның жазып алған шежіресіне шек келтіруге болмайды деп ойлаймыз [30]. Сегіз сері шежіресінің бір данасын оның үшінші баласы Мұсайын ақын өзіне қалдырып, екінші данасын құдасы Мырзай Тұяқұлы деген жас әншіге берген екен. Мырзай ақсақал Сегіз сері шежіресі бар хадимше (арабтың ескі әрпімен) жазылған қолжазбаларды Сегіз серінің шөбересі Нұрғожа Нұр­ мұхаммедұлына 1948 жылы жазда табыс етіпті. Алайда, 1963 жылы 7 қыр­ күйекте сол Нұрғожаның үйі өртеніп кетті. Соның салдарынан Сегіз сері мұраларын фольклортанушы Қаратай Биғожин ел аралап жүріп, ауыз әдебиеті білгірлерінен жазып алды. Оларды бір-бірімен салыстарды. Құсайын Өтегенұлы, Мырзай Тұяқұлы, Айтбай Ізтөлеұлы, Нұрмұхаммед Мұсайынұлы, Әбіл Жақаұлы, Дүйсек Нұрпейісұлы, Қожахмет Жолкеұлы ақсақалдардың арқасында Қожаберген шежіресі біздерге дейін жетіп отыр [31]. 1965 жылы тамыз айының басында Қаратай Биғожин Қызылжар қаласында Мәлік Рамазанұлынан Сегіз сері жинап құрастырған, қазақ шежіресінің және соның ішіндегі керей шежіресінің бас жағын жазып алыпты. Ауыз әдебиеті білгірлерінің бірі Мәлік Рамазанұлынан Сегіз сері мұрала­ рын біраз адамдар жазып алған көрінеді. Солардың бірі – әдебиетші-ғалым Төлеш Әушахымұлы Сүлейменов екен. Көшебе шежіресін Төлеш Әушахымұлы Сегіз серінің шөбересі Нұрғожадан да жазып алғандығы белгілі. Оған 1963 жылы жаздың басында Нұрғожа ақсақал Сегіз сері мұраларының біразын табыс етіпті [32]. Қолға түскен тарихи құжаттарды алдымен формальды талдаудан өткізу қажеттілігі туындайды. Қожаберген жыраудың шығармаларының қалай та­ былғандығын, олардың біздің заманымызға қалай жеткендігін, газет-журнал беттеріне қалай жариялағандығын біз жоғарыда айтып өттік. Бұл шығармалардың көпшілігі 1963 жылға дейін қағазға түсірілген нұсқалары болуы ықтимал. Де­ генмен, оларды текстологиялық талдаудан өткізіп, түпнұсқасы мен көшірмеле­ рін салыстырудың сәті түспегендігі белгілі. Ал енді бұл құжаттарды атрибуция­ лау мәселесі талас туғызбайтын шығар. Әлбетте, тарихи құжаттардың әрбір көшірілген нұсқасы өз заманындағы қазақ тілінің нормативтеріне сәйкестендірілуі табиғи құбылыс. Қазіргі кейбір тарихшылардың Қожаберген жыраудың «Елімай» шығармасының авторлығына күмән келтіруі де сондықтан шығар [33].

Қожаберген жырау – 350 Қазақтың ауызша деректерінің өз өзгешеліктері бар. Антика заманының анналдары, ортағасырлық хроникалар, орыстың жылнамаларында кездесетін кемшіліктер уақытында зерттеліп, талданып ғылыми айналымға кіргендігі белгілі. Ал қазақ тарихының деректері терең зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Ахмет Байтұрсынұлы «шежіреде көбіне ата, туыс қуып, тарихи оқиғалар баяндалмайды, болған тарихи фактілер «өтірік-шынды әңгімелерге айна­ лып кетеді» деп жазады [34]. Әлбетте, оның шежіре жөніндегі пайымдаула­ рына қосыла отырып, қазақта жазбаша шежірелердің болғандығын да айтуы­ мыз керек. А. Байтұрсынұлы өзіне алған Шәкәрім қажының «Қазақ әм хандар шежіресі» бізге жазба түрінде жеткен жоқ па? Шежіре – қазақтың көнеден келе жатқан тарих жасау дәстүрі. Шежіредегі жеті атаға дейінгі фактілер шындық­тан алшақ емес. Оның арғы жағындағылар көмескі болуы тиіс. Тарихты жасайтын – адамдар, ал шежіре – адам тарихы. Сондықтан ше­ жіреге тарихи дерек ретінде қарауымыз кажет. Әрине, шежіре деректерін басқа да тарихи құжаттарда келтірілген фактілерімен немесе ауыз әдебиеті нұсқаларында кездесетін оқиғалармен байланыстыра зерттеу – тарихшының мәртебелі міндеті. Қазақ сияқты мұрағаты мен мұражайы болмаған халық үшін шежіренің рөлі мол. Соңғы жылдары елімізде Қазақтың бірыңғай шежіресін жасау қозғалысы басталды. Әсіресе, интернет арқылы осындай жұмысты жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Осы ретте 2005 жылы Алматыда жарық көрген Халидуллин Олег Ханышұлының «Қазақтың біртұтас шежіресі» атты кітабы қызығушылық туғызады [35]. Әлі есімде, өткен ғасырдың 60 жылдары қазақтың белгілі тарихшысы Беке­ жан Сүлейменов Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорындағы қазақ шежіре­лерін 40 томдық кітап етіп шығаруды армандап еді. Сол кезде осындай шаруаны академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан жасап жатыр деп те естіп едік. Алматыдағы «Алаш» орталығының қазақ шежірелерін бастырып жатқандығы құптарлық шаруа. Дегенмен, мұндай жұмысты арнайы ғылыми мекеме құрып, академиялық дәрежеге көтерген абзал. Қызылжар қаласында облыстық өлкетану мұражайының жанындағы «Асыл мұра» орталығы шежірелерді жинап, оны өңдеп және жариялау жұмыстары­мен айналысуда. Соңғы жылдары бұл орталық ондаған кітапты жарыққа шығарды. Шежіре материалдарын өз зерттеулерінде пайдаланып жүрген ғалымдар саны да аз емес. Соның бірі – қостанайлық тарихшы, тарих ғылымының докторы, профессор Еркін Әбіл. Оның жақында керейлер тарихына арнап жазған моно­ графиясы ғалымдар қауымын елең еткізді [36].

Қожаберген жырау – 350 Сөз соңында 2000 жылы желтоқсан айында Қызылжарда өткен кон­ ференцияға қайта оралғым келеді. Бас баяндамашы академик Манаш Қабашұлы былай деп еді: «Қожаберген баба атында жыл сайын сыйлық, студенттерге арнайы стипендиялар белгіленсе, спорт жарыстары өткізілсе, қандай ғанибет! Қожабергеннің мұрасын кезінде Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясына кіргізгені белгілі. Оның «Елім-ай» әні жеке күй табақ болып шығуы, оның есімі тәуелсіз заманада оқулықтарға енуі дау тудырмайтын басы ашық мәселелер. Ал, ұлы дауылпаз жыраудың есімі тарихқа хатталуы, ғылыми өмірбаяны жазылуы мен мұндалап-ақ тұр» [37]. Содан бері он жылдан өтті. Не өзгерді? Осы күнге дейін Қожаберген жө­ нінде бір кішкентай кітапшадан басқа ештеңе жоқ. «Қожаберген жырау туған жер Солтүстік Қазақстан елдің шетінде, желдің өтінде, ұлы империяның бетінде тұр. Қожаберген баба – қазақ мемлекеттігінің жаршысы, жоқшысы. Сондықтан Тәуке хан заманасынан бері қазақ хандары­ ның, билерінің, сұлтандарының, әскери басшыларының, батырларының ордасы болған Гүлтөбе-Маманай елі Қожаберген ауданы аталып, еңселі ескерткіш орна­ ту ең алдымен әділеттік үшін керек, одан қалды тәуелсіздік заманасында шекара жігін айырып, бір қолына қылышын, бір қолында қаламы бар бабаның Солтүстік көрші елге көз тігіп, айбын болып тұруы символика үшін де керек-ақ», – деп еді [38]. Осы жылдары Жамбыл ауданының орталығы Преснов ауылында Қожаберген бабамыздың бюсті қойылды, сол жердегі қазақ мектебіне оның аты берілді. Жамбыл ақынның атында Алматы облысында аудан, тіпті оңтүстіктің бір үлкен облысы бар. Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданын Қожаберген атымен ауыстырса, Жәкең тірі болса бабасынан қызғанбас еді деп ойлаймыз. Еліміздегі аға газет «Егеменді Қазақстанның» 2013 жылдың 13 ақпанында жарияланған Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, та­ рих ғылымының докторы, профессор Абай Тасболатовтың ұсыныстарын қолдай отыра, жақын арада Солтүстік Қазақстан университеті жанында «Қожабергентану» орталығын құру қажеттігін ұсынамын. Бұл орталық жа­ зушылар мен ғалымдардың, әдебиетшілер мен тілшілердің басын қосып, елдің шетінде, жаудың өтінде жатқан қандастарымыздың үлес салмағы аз өңірдің та­ рихын одан әрі тереңірек зерттеуге мүмкіндік берер еді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Күзембайұлы А. Тарихтану теориясы. Оқу құралы. – Қостанай, 2012. – 21 б.

Қожаберген жырау – 350 2. Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. – Алматы: М.Х. Дулати қоғамдық қоры, 2003. – 616 б. 3. Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. –Алматы, 1977. – 128-б. 4. Қашғари М. Түрік тілінің сөздігі. – Алматы, 1997. Т. 1. – 591-б. 5. В.Санчиров Этнический состав ойратов ХҮ-ХҮІІІ вв. По данным « Илэтхэл шастир. // Из истории докапиталистических и капиталистических от­ ношений в Калмыкии, Элиста, 1977. – 3-30-бб. 6. Бұлда сонда. 7. Лувсанданзан. Алтын шежіре. Моңғол тілінен ауд. А. Мауқараұлы. – Алматы: Өнер, 1998. – 224-б. 8. Моңғолдың құпия шежіресі (ХІІ – ХІІІ ғасырлардағы көшпелілер шежіресі) Ауд. М.Сұлтанияұлы. – Алматы: Өнер, 1998. – 224-б. 9. Өтеміс Қажы. Шыңғыс-нама. – А., 2005. 400-б. 10. Әбубәкір Диваев. Тарту. 11. Құрбанғали Хали. Тауарих Хамса Шарқи (Бес тарих). – Алматы, 1992. 12. Көпеев М. Ж. Қазақтың осы күнгі әңгімесі. – Қазан. 1907. 24 б., Қазақ шежіресі. – Алматы, 1993. 76-б. 13. Наушабаев Н. Манзумад қазақия. – Қазан, 1903. 14. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі. – Орын­ бор, 1911. 15. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. – Таш­ кент, 1925. – С. 64. 16. Мұқанов С. «Халық мұрасы». Алматы, «Қазақстан», 1974 ж. 17. Бекмаханов Е. Фольклорные источники о восстании Кенесары Касымо­ ва. – в кн. Бекмаханов Е. –Павлодар, 2005. – С. 266. 18. Алпысбес М. Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде докторлық дәреже алу үшін орындалған автореферат. – Алматы: Шығыстану институты, 2007. 19. Байтұрсынов А. «Ақ жол» өлеңдер мен тәржімелер, публ. мақалалар және әдеби зерттеу. Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 398 б. 20. Әбуталиев Н. «Ордабасы Қожаберген». –Алматы: Жеті Жарғы, 1995 ж. 21. Қожаберген Толыбайұлы. Елім-ай. Құрастырған және алғы сөзін жазған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Мәдина Да­ станова. Қазақ заң академиясының Солтүстік Қазақстан филиалы. – Петро­ павл, 2000. 22. Қозыбаев М. Тұлғалар тұғыры. – Алматы. «Қазақпарат», 2009. – 120 бет.

Қожаберген жырау – 350 23. Муканов М. С. Из исторического прошлого (родословная племен керей и уак). – Алматы: Қазақстан, 1998. – С. 160. 24. Жетеев Т. Ауыл арайы. – 2009. 25. Ораз Нұрғожа. Талқандалған тарихат (Тарихымызға тәуелсіздік тұғырынан қарасақ)». – Астана: Фолиант, 2003. – 488-б. 26. «Ашамайлы – керей Танаш баба шежіресі». Құрастырған: Аманжол Күзембайұлы. Қостанай: Центрум, 2011. – 732-б. 27. Бернгейм Э. Учебник исторического метода. – СПб., 1889; Ланглуа Ш., Сеньобос Ш. Введение в изучение истории. – СПб., 1889. 28. Муканов М. С. Из исторического прошлого (родословная племен керей и уак). – Алматы: Қазақстан, 1998. – 160 с. 29. Мұқанов Қ, Жұмабаев С. Бір әулеттің тарихы. Солтүстік Қазақстан өлкетану мұражайы. «Асыл мұра» орталығы. – Петропавл, 2003. –265 б. 30. Бұл да сонда. 44-б. 31. Ашамайлы – керей Танаш баба шежіресі. Құрастырған: Аманжол Күзембайұлы. – Қостанай: Центрум, 2011. – 732-б. 32. Бұл да сонда. – 159 б. 33. Масанов Н. Э., Абылгожин Ж.Б., Ерофеева И. В. «Научные значение и мифотворчество современной историографии Казахстана». – Алматы, 2007. 34. Байтұрсынов А. «Ақ жол» өлеңдер мен тәржімелер. публ. мақалалар және әдеби зерттеу». Құраст. Р. Нұрғалиев. – Алматы: Жалын, 1991. – 398б. 35. Хамидуллин О. Х. Қазақтың біртұтас шежіресі. Керей. – Алматы. 2005. 344 б. 36. Абиль Е. «Керей: Проблемы этнической и политической истории». – Костанай: Центрум, 2012. – С. 192. 37. Қозыбаев М.Қ. Тұлғалар тұғыры. – Алматы: Қазақпарат, 2009. 38. Бұл да сонда. – 120-б.

Қожаберген жырау – 350 ҚОЖАБЕРГЕН БАБА – ХАЛЫҚ ҚАМҚОРШЫСЫ, ЕЛ ҚОРҒАУШЫСЫ (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдарының докторы, профессор Ким СЕРІКБАЙҰЛЫНЫҢ сөзі) Тарих XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың басы еліміздің, халқымыздың басына қайғылы, ауыр күндер, жағдайлар түскенін дәлелдеп еске алдырады. Сол жылдары қазақ елінің ханы Тәуке ерекше күш салып ішкі саясат­ ты уақытша болса да жөнге келтірді. Бірақ, сұлтандар мен ру, жүз басқарған атқамінерлердің алауыздығын, бақталастығын пайдаланып, қазақ халқының кең байтақ жеріне, айдын көлдері мен өзендеріне қызыққандар зұлымдықпен басқыншылық жасады. Оңтүстік батыстан Жайық казактарының қолдауымен қалмақтар маза бермеді. Солтүстіктен Сібір казактары, Жайық өзенінің жайла­ уына қызығатын башқұрттар шабуыл жасады. Оңтүстіктен Бұқара және Хиуа хандықтары жерге таласып халқымызды ығыстырды. Ал, қазақ халқына негізгі қауіп, әлімжеттік әскери қару жарақталған сол замандағы Жоңғар хандығынан болды. Сол қиын-қыстау жылдарыТолыбай сыншы бабамыз (1603-1680) қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен әскерін басқарып, жауға аттанған. Толыбай сыншының кенже баласы Қожаберген бабамыз 1663 жылы наурыз айының басында қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Благовещенск селосы орналасқан жерде бұрынғы «Толыбай сыншы қарағайы» деген орманның қойнауында дүниеге келіп, сол туған жерінде 1763 жылы қазан айында жүз бір жасқа қараған шағында ауырып қайтыс болыпты. Қожаберген баба – әнші, күйші-сазгерлерінің, ақын-жырауларының және халық батырларының бірі. Қожаберген – тек жай ғана батыр емес, кезінде қазақ халқының әскерін басқарған ұлы қолбасшы, әйгілі ғұлама, шежіреші. Оған оның өз шығармасы «Елім-ай» жыр-дастанының бірінші бөліміндегі мына шумақтар да айғақ бола алады.

Қожаберген жырау – 350 Алла өзі алсын бізді панасына, Дұшпанның қол жеткізсін жағасына. Майданда ерлеріне қуат беріп, Көрші елдің қалдырмасын табасына. Алаштың алты ұлының бірі – қазақ, Жұрт еді қайырымды салты ғажап, Тілеймін жалбарынып жаратқаннан Халқымды еткізбе деп жауға мазақ. Қожаберген – кең-байтақ жерімізді, бытырай қонған елімізді қызғыштай қорғаған ер тұлға. «Елім-ай» жырының авторы, елші, мемлекет қайраткері, «Жеті Жарғы» заңнамасын жасауға қатысқан қазақ тарихындағы өте ірі дара ғұлама, зиялы адам екендігін қазіргі ғалымдар айтып жүр. Қожаберген ақынның «Елім-ай» дастанын дұрыс та жоғары бағалаған көрнекті білгір адамдардың бірі – халқымыздың әскери қайраткері, білімпаз да аса дарынды, қадірлі жазушысы, қазақтың хас батыры, есімі әлемге әйгілі Ба­ уыржан Момышұлы: «Керей Қожаберген жыраудай бұрын-соңды өмір сүрген қазақ ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан. Жас бала кезімде оны әншілердің аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?!» – деген екен. Қожаберген батыр 1683-1688 жылдары Әз Тәуке ханның елшілік қызме­тінде бес жыл басшылық етіп, сонан кейін немерелес туысы Бөгенбай Малбайұлының ордабасы ауыр жараланған соң соның орнына Әз Тәукенің ұсынысы бойынша құрылтайда Толыбай сыншы ұлы батырды «боз биенің сүтіне шомылдырып, үстіне ақ киім кигізіп, ақ киізге отырғызып көтеріп» халық 1688 жылы ордабасы сайлайды. Сол күннен бастап Қожаберген ба­ тыр өзінің немере ағасы Бөгенбай баhадүрдің қызметін ақсатпай әрі қарай жалғастырып үш жүздің жасағына бас қолбасшы болыпты, ол қазақ әскеріне қоса ноғайдың маңғыт, қара ағаш руларының, сібір татарының, қарақалпақ халқының жасақтарына да қолбасшы болған. Қожаберген сардар – 1688-1710 жылдар бойында қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен қолына әскербасы болып, екі жақты қалмақ шапқыншылығына қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыстарда талай рет үлкен шайқастарға қатысып, ордабасы тархан атағын алған үлкен баһадүр, әскери қайраткер. Оның жиырма үш жыл әскер басқарғаны туралы өзінің «Үш биі» атты өлеңіндегі мына шумақтар дәлел.

Қожаберген жырау – 350 Басқарып үш жүз қолын жиырма үш жыл, Орнымды Бөгенбайға бердім биыл. Еш сардар қайт қылған жоқ жарлығымды Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын. Бабамыз 1710 жылы жаздың аяғында өз шәкірттерінің бірі жас батыр Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлына ерекше ықыласы түсіп, өзінің орта жасқа толып қалғанын, ұзақ жылдарға созылған ауыр соғыстарға үздіксіз қатысып, қартайғанын мойындап, Әз Тәуке ханға өзін ордабасы қызметінен босату ту­ ралы өтінішін айтады. Әз Тәуке келісімін бермесе де, өз орнына қоятын кісі барын айтып, Қожаберген баһадүр ақ батасын беріп, ұсыныс жасап, өз орны­ на Бөгенбай батыр Ақшаұлын қазақ, ноғай, қарақалпақ жұрттарының біріккен әскерін басқаратын бас қолбасшы етіп сайлатады. Қожабергеннің ғұлама ордабасы, әскербасы батыр екендігіне оның шәкірті Бұқар жыраудың «Ұстазым» атты дастанындағы мына шумақтар дәлел: Қиын-қыстау кезеңде Намысын қозғап өлеңмен, Батыр, ақын ұстазым Қалың қолға дем берген. Қожаберген батыр әрі жырау, ерекше дана екені елге белгілі. Ал бірақ, бабамыздың есімі неге аталмай келді деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа кезінде тарихшы, академик Манаш Қозыбаев жауап берген. Бірінші – Қожаберген баба орыс империясының саясатына ашық қарсылық білдірді. Орыс империясы қалмақтарға қару сатты, қолдады деп өз пікірін ашық айтты. Торғауыт, жоңғар, ойрат бәрі қалмақ, Орыстар мен ноғайлар қойған жалдап, – деп «Елім-ай» жырына қосса, тағы бір жерінде: Жолығып көп мылтықты дүлей күшке, Айналды жақсы тұрмыс көрген түске. Ресей, қытай, қалмақ ақылдасып, Алмақшы қазақ жерін бөліп үшке, – дейді. Ал, оның ізбасар мұрагері Сегіз сері – ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, орыс отаршылдары баба Қожабергеннің қонысына Преснов селосын орнат­

Қожаберген жырау – 350 ты, ата-мекеннің қара шекпенділер жайлап, казактар Горькая линияны қазақ мемлекетінің тірегі болған өлкені баса-көктеп салды. Отаршылық өтті, бірақ кешегі совет заманында Сәбит Мұқанов та, Ғабит Мүсірепов те бұл тақырыпқа белсеніп кірісе алмағаны осыдан болса керек деген ойлар бар. Екіншісі – «Елім-ай» жырында бабамыз қазақ хандарының тек қана төре тұқымынан сайлануына қарсылық білдірген. Ал, төрелер әулеті қазақ қоғамына еңдеп, бойлап, араласып-құраласып кеткен-ді. Қорыта келгенде, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дегендей, Қожаберген Толыбайұлының қазақ тарихынанда, қазақ әдебиетінен де өз орнын алатын уақыты жетті дегеніміз жөн. Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» дегендей, қазақ халқының үш ғасырлық жүрекжарды жыры «Елім-айдың» ав­ торы – Қожаберген жырау өз халқымен мәңгі бірге жасайды. Қожаберген есімі Әз Тәуке хан, Әбілқайыр хан, Абылай хан, Бұқар жырау, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би сияқты ұлтымыздың ұлыларының қатарында Отан тарихында сақталады. Сөзімді Қожаберген жыраудың мына өлеңімен аяқтағым келеді. Жырыма құлағың сал, азаматым, Ұнаса менің айтқан насихатым. Кеудеңде шыбын жанын болса егер, Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын­ да жаңа қазақстандық патриотизмнің біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі екенін атап көрсеткен. Олай болса, жастарға тәрбие берудің негізгі саласы халқымыздың тарихы, бабаларымыздың елге атқарған ерлігі мен еңбегі деп есептеймін. Бүгінгі ғылыми конференциядағы талқыланып отырған Қожаберген бабамыздың бейнесі – тек қана бүгінгі жастарға емес, келешектегі ұрпаққа үлгі. Пайдаланған әдебиеттер: 1. «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)», ІІІ том. (121-147-б.).

Қожаберген жырау – 350 2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 3. «Қожаберген жырау». – Алматы, 2007. 4. Қожаберген жырау. «Елім-ай» дастаны. – Петропавл, 2009. 5. Қожаберген жырау. «Баба тілі». – Петропавл, 2010. ХАЛҚЫНА ҚАМАЛ БОЛҒАН ЕР ҚАБАНБАЙ (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан ҚАЙЫРКЕННІҢ сөзі) XVІІІ ғасыр – Қазақ жері мен елінің тарихы тайталасқа түскен, тағдырдың сын сағатының соққан кезі. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастанында айтылғандай, қазақ халқы ең әуелі көрші жатқан қалың ойраттың шабуылына ұшырап «ақ табан шұбырынды» болды. Бұл Қытайды билеп тұрған МанжуЦин империясы күшіне мінген кезі еді. Қазақтар оларды бұрынғы атымен шүршіттер деп атайтын. Тегі жүржіт, баяғы XІІІ ғасырда моңғолдар олардың мемлекетін (Цзинь-Алтын патшалығын) жойып (1234), сол арқылы Қытайды бағындыруға жол ашқан болатын. Сол беті еңсесі түскен шүршіттер кейін монғолдар қытайдан айырылып, өздерінің Моңғол даласына шегініп, Моңғол мемлекетін қайта орнықтырған кезде, олардан жалғасты қысым көрді. Бірақ кейін келе, моңғол да, қытайлық Мин мемлекеті де әлсіреген тұста (бұл кез­ де монғолдардың ең күшті жауынгер тайпасы ойраттар Жоңғарияға көшіп кеткен болатын) 1616 жылы шүршіттер өз мемлекетін қайта құрды. Құрып, жаңа мемлекетін Манжу деп атады. Бұрынғы шүршіт деген аттан баз кешті. Сол кезде Қиыр Шығыстың ауқымды бөлігі олардың қоластына қарап тұрды. Бұл жерлер кейін келе Манжурия деп аталды. Манжулар 1644 жылы Қытайдағы Мин әулетіне қарсы шаруалар соғысы кезінде Ұлы Қорғаннан өтіп, Бейжіңді басып алды. 1662 жылы тұтас Қытайды жаулап алды. Император Канси кезінде геодезиялық зерттеулер жүргізіп, «Хуанюй цуанланту» (皇與全覽 圖 – Императорлық үлкен сызба) атты карта жасап, сол бойынша Қытайдың батысында жатқан жерлерді игеруге, ол жерлерді Манжу-Цин империясының

Қожаберген жырау – 350 құзырына қаратуға әрекеттенді. Сол мақсатта алдымен Моңғолияны, Тибетті жаулады. Артынан Жоңғарияға ауыз салды. Бірақ жауынгер ойраттарды бағындыру оңайға түспеді. Екі ірі империяның аралығында бұрыннан жау екі күш – ойраттар енді ымыраға келуге мәжбүр болды. Ойрат моңғолдары Абы­ лайды өздеріне одақтас ретінде тартқысы келсе, Абылай ойраттарды Ресейге қарсы күресте пайдаланбақ болды. Бірақ ойраттардың артында оларға ата-ба­ басынан өш Манжу империясы тұрды. Қазақ үшін нағыз қиын-қыстау кезең басталды. 1757 жылы манжулар ойраттарды қанға бөктіре қырған соң, Қазақ хандығы Манжу-Цин империясымен бетпе-бет келді. Олармен бұрыннан өш-қасы жоқ қазақтар үшін Манжу-Цин империясымен бейбіт қатынас орнатудан басқа жол жоқ еді. Өздерін «аспан астының егесі» деп есептейтін тарихтағы Қытай патшалықтары өздерімен тікелей қарым-қатынаста болған елдерді әманда өздеріне «тәуелді» және «сырттай тәуелді» деп екі түрге айырып келген. Импе­ ратор Цянь Лун қазақтар туралы «олар ел болды, біз қабыл алдық, бұл дегеніміз оларды бейне Въетнам, Тайланд елдері секілді жанамалай баурау үшін керек. Мұнымыз оларға тек Тәңір патшалығының лебізін білдіріп қою» дейді. Шын мәнінде, бұл жердегі «ел болу» тек формалды түрде болған. 1757 жылдың қазан айында алғашқы қазақ елшілері Цин патшалық орда­ сына жетеді. Осы алғашқы дипломатиялық миссияның құрамында Қабанбай батырдың өкілі болған. Оған дәлел – жаңадан табылған Цин патшалығы Цянь Лун патша кезіне тән мұрағат құжаты. Онда осы реткі Бейжіңге жет­ кен 7 адамның бірін «орынбасар елші Танаш, ол – Қаракерей найман руының зайсаны Қабанбайдың немере інісі» деп көрсеткен [1, 18-б.]. Осы тарихи құжатта Қабанбайдың өкілі Абылай мен Әбілпейіздің атынан барған бас елші Кенжеқарадан кейін тұрғанына қарағанда, Қабанбай батырдың орны сол кезде қазақ қоғамында шынымен жоғары болған дейді зерттеуші Б. Еженханұлы [1, 3-б.]. Цян Лун патшаның орда естелігінде (Цинь Гаоцзун шилу) көрсетілген Цин патшасының 1758 жылы 3 наурыздағы бір жарлығында мынадай мәліметтер бар: «Шундене маған мынадай мазмұндағы бір мәлімдемесін жолдапты — Қазақ Дәулетбай батыр маған: естісек Батур-Обаш шешектен өліпті. Ал Қасақшира басқаратын ел түгел махачин (таудағы кезбе, босқын – авт.) болып кетіпті. Тек Церен ғана Чечен Қараның жерінен Сарыбелге1 қашыпты. Қазақ Сарыбел (Манжу құжаттарында «Шарабел») – Б. Еженхан Абылай ханның 1760 жылы Цин патшасына жолдаған хатында елімнің оңтүстік шеті Шарабел деп көрсеткенін тілге тиек етіп, бұл жерді қазіргі қазақ-қырғыз шекарасындағы Қастек және Қордай асуларының төңірегі деп тұжырымдайды.

Қожаберген жырау – 350 кіші жүз ханы Нұралы інісі екеуі қол бастап екі жолмен олардың ізіне түсіпті деді. Ол мәлімдемесінде тағы былай деді: Қазақ Әбілпейіз маған мен қол бастап Іледегі Самынға барғанымда тұтқындардан сұрап мына жайды білдім – Церенге қазір бір түменнен аса түтін қарағанымен, олардың көбінің ішерге асы жоқ, ашарық жүрген көрінеді. Әйткенмен, күні қиындаған екен деп біз оларды бейжай қалдыра алмаймыз. Себебі, оларды түбегейлі құртпасақ, елімізге түбі тыныштық бермейді. Оларды түп-тұқиянымен құртып жібермесек те, Жәркен, Қашқар және Қырғыз асырып жіберсек іс аяғына жетер еді. Сондықтан, біз бірлесе оты­ рып былай деп келістік: кіші жүзден Ералы сұлтан бастаған бір түмен қол Шуға барса, орта жүзден Сары-Төкен батыр Ақтау-Үктаудан аттанып Кербұлаққа барып, Қабанбаймен қосылып, одан ары Церенді қуалап, көктемде қар кете қайта оралатын болды. Артынан біз улеттердің қай жерге барып тиянақтағанын сіздерге, ұлы армияға, айтармыз деді» [2, 17-19], – делінеді. Бұл деректен Қазақ ордасының жоңғар қалмақтарының қалдық күшін ел шетінен ысыра қуып шығу үшін Ералы сұлтан, Сары-Төкен және Қабанбай батырлардың Қазақ даласының оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс шебіне жібергені, олардың басты мақсаты Це­ рен, Қасақшира және Батур-Обаши бастаған жоңғарларды Тәңіртаудың арғы бетіне – Қашқар, Жәркенге қарай асыра қуу болған. Деректен осы операцияның бел ортасында Қабанбайдың жүргенін, тіпті, оның осы мақсатта Жетісуға күні бұрын жеткенін байқауға болады. Осы деректің шынайылығын Цин орда құжаттарындағы мынадай дерек нақтылай түседі. 1758 жылы наурыз айының соңында қалмақтарды қуа соққылап Ертіс бойын шарлап бара жатқан Цин ұлықтары Хошоци мен Таңкалуга жолжөнекей Қаламбай деген қазақты кездестіріп, одан Қабанбайдың 3 мың әскер бастап Сарыбел жеріне барып, Батыр-Обашы мен Қасақсиранды тонағалы кет­кенін естиді [3, 60]. Бұдан соң Қабанбайдың қазіргі Боратала өңіріндегі Буке Шаханмен соғысқаны туралы дерек кездеседі. Онда былай делінеді: «Әскери құпиялық амбандарына: Хэцуйши, Тагғырулардың мәлімдеуінше, Қазақ (ханы) Абылай өзінің Бораталаға шеру тартып, Шырын, Буке Шахан­ дармен соғысқанын, Төгіс Қашқа бастаған жүз шақты түтінді қолға түсіргенін, қазақ жасақтарынан да бірталай шығын болғанын елші арқылы хабарлапты. Шырындардың мыңдай түтінінің қайда кеткені белгісіз көрінеді... Абылай ақпанда аттандырған қолының наурыздың орта тұсында Қоңырөлеңге ат басын тірейтіндігін айтып жолдама жіберді. Бұл хабар Чжао Хуэйларға да айтылсын» [4, 46]. Бұл жолғы қосынға Қабанбайдың бас болғанын Цян Лунның 23 жылы 9 айдың 23 күні (жаңаша 1758 жылдың 24 қазаны) қатталған төмендегі дерек растайды. Онда: «Бұдан алдын қазақ батыры Қабанбайдың жіберген өз ба­ 17-254

Қожаберген жырау – 350 ласы Едіге Буке Шаханның ұлын айдап әкелді. Олар осы келісінде сауда ма­ лын айдап ала келген болса олармен лайығында сауда жасасайық. Қазақтарға жіберілген (елші) Науандар Абылаймен жүздескеннен кейін, қазақтардан саудаға келетіндердің көп екені белгілі болса дереу мәлімдейміз деген сөздер жа­ зыпты» делінеді. Демек, бұл арада Буке Шаханды Қабанбайдың ұстағаны және оның ұлын кепіл үшін өз ұлы Едігеден айдатып жібергені мәлім. Өйткені, Буке Шахан ойраттар жойылғаннан кейінгі кезде әлі де болса Циннің Жоңғариядағы үстемдігіне қауіп төндіруші күш есептелетін. Демек, Қабанбай батыр Са­ рыбелден 1758 жылдың көктемінде «қар кете» қайтып, сол беті қол бастап жоңғарлардың Боратала өңіріндегі Буке Шахан, Шырын, Төгіс Қашқа бастаған қосындарымен соғысып, олардың біраз елін бағындырып, Буке Шаханның ұлын айғақ әрі кепіл ретінде Цин ордасына жөнелткен. Осы соғыстан кейін Цин патшалығының қазақтармен сауда жасасуға ниетті болғаны байқалады. Демек, Қазақ-Цин мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас осы кезден бастап бейбіт, тату көршілік сипат алған. Цин мұрағатынан табылған келесі бір құжатта (Цян Лунның 23 жылы 1 ай, жаңаша 1758 жылдың жыл басы) Қабанбай батырдың сол кезде найманның қаракерей руының бірнеше мың түтінін басқаратыны ту­ ралы жазады (Қаракерей Байжігіт Найманның он мың отбасы Қабанбай батыр мен Дәулетбай батырдың (?) билігінде [1, 24-б.]). Осы кезден бастап қазақтар Цин үкіметімен арадағы сыйластықты пай­ даланып сонау ойрат басқыншылығы кезінде (XV ғасыр) қолдан кеткен Іле, Алтай, Тарбағатай өлкесіне біртіндеп қоныс аударуды ойлады. Ол өлкелерге қайтып барып қоныстану, және ол жерлерді түбегейлі қайтару туралы қазақтар сонау 1757 жылы Цин патшалығына өтініш білдіреді. Сол кезге тән Цин патшалығының дерегінде (Цянлунның 22 жылы 10 айдың 22 күні, жаңаша 1758 жылдың 16 қарашасы): «Елшілеріңіз ежелгі қонысымыз еді деп сұраған Тарбағатайға келсек, ол жер енді ғана тынышталды. Қазірше иен жатыр. Ол жерлерді былайда берер едім, бірақ сіздер бізбен енді ғана байланысып, еңбек көрсетуге үлгірмедіңіздер. Мұндай жағдайда оны сыйға беру мемлекетіміздің тәртібіне үйлеспейді. Тіпті, оған өздеріңіз де іштей қынжыласыздар. Ал егер қашқын Әмірсананы ұстап берер болсаңыздар, оны сыйға беруге әбден бола­ ды» [4, 36-37-бб.], – делінеді. Бірақ Абылай Әмірсананы ұстап бермейді. Оны Ресейге қашып кетті деп мәлімет береді. Цин мұрағаттарында бұл сөзге тым сенбестік танытқан сөз-сөйлемдер кездеспейді. Соған қарағанда, манжу билеушілері Абылайдың берген жауабына сенген секілді. Бұдан соң 1760 жылы Әбілмәмбет пен Абылайдың екі мәрте жіберген ел­шілігі кезінде (Құттыбай мен Аталайдың елшілігі) де, Орыс сұлтан бастаған

Қожаберген жырау – 350 елшілікте де қазақтар Цин императоры Цянь Лунға: «Іле жері қазақтардың қонысы болса» деп талап қояды [2, 548 ц.]. Бірақ бұл жолы да император жар­ тымды жауап бермейді. Цин патшалығынан (Ежен ханнан) күдер үзген қазақтар, енді шығыстағы жерлерге өз беттерімен жаппай қоныс аударуды бастады. Бұл ретте олар Цин патшалығының әскери сесінен қорыққан жоқ. Осы көштің ал­ дында Қабанбай, Көкжал Барақ, керей Жәнібек батырлар жүрді. Көкжал Барақ батырдың Ертістің жоғарғы жағындағы ұраңқайлармен соғысы Цин империясын түршіктіргені сонша, император оны ұстап беру туралы Абылайға үзілді-кесілді талап қояды. «Әбілмәмбет, Абылай, Әбілпейіз, Қабанбай секілді ел ағаларына: былтыр сіздердің елден кейбір адамдар ұраңқайлардың жылқы және басқа малдарын барымталап кеткеннен кейін, генерал, амбандарымыз аттаныс жа­ сап оларды ұстамақ болған еді, арамызда қарым-қатынас жасап тұрғанымызға біраз уақыт болып қалғандықтан, сол істің шын-өтірігіне көз жеткізуді ойладым. Оның үстіне, сіздерден келген керуеншілердің мәлімдеуінше, ұраңқайларды талауға салған сіздердің елдегі Барақ батыр екен... Егер Барақ батырды ұстап берсеңіздер, адалдықтарыңызды тіпті де әйгілеген болар едіңіздер». Бірақ Цин армиясы Абылай көпке дейін үндемеген соң, Монғолия бағытынан әскер аттандырмақ болады. Осы кезде барып Абылай кешірім сұрап хат жазады. Император көктің ұлымын деп кешірім береді [4, 62]. Бірақ жер дауы мұнымен тоқтаған жоқ. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек батырлар елді байырғы мекендеріне қарай арт-артынан көшіре берді. Ол кезде Алтайды иелеп жатқан жеті тайпа ұраңқай мен дөрбіттердің, Тарбағатай жағына жаңадан келіп орныға бастаған торғауыттардың күші мығым еді [6, 249]. Өр Алтай мен Тарбағатайға 1767 жылдан басталған көш ең әуелі Цин ұлықтары мен қарауылдарының шектеуіне ұшырады. Тағы бір құжатта былай делінген: «Елшілеріңіз Іледен қоныс беріп жарылқасын дегенді айтады. Тарбағатай бұрыннан Жоңғарға тән қоныстар әрі қосынымыз тыныштандырған жер... Қазақтың жері аса кең. Жүйеге жүгінер болсаңыздар, сол бұрынғы шекараларыңызды сақтағандарыңыз жөн. Қоныс кеңейту ойында болмаңыздар... Абылай, сіздің Тарбағатайдан қоныс сұраған өтінішіңізді де мақұлдамаған едім. Солай бола тұра, енді мына бассыздыққа қалай барып отырсыздар (елді неге көшіресіздер демекші – авт.)?! Жоңғарлардың та­ науынан құрты түсіп тұрғанда шегімізге маңайлай алмаушы едіңдер. Біз Ілені тыныштандырғаннан кейін ғана бейбіт тұрмысқа қолдарыңыз жеткендей болды. Бұған да шүкірлік етпейсіздер ме?» [4,60-б.]. Осылай деу арқылы император қазақтардың шығыстағы атамекендеріне өз беттерімен көшіп барып жатқанына қатаң наразылық білдіреді. Бұларыңыз

Қожаберген жырау – 350 шектен асқандық деп ренжиді. Бірақ, тарихи фактілер қазақтардың қытай қарауылдарының тосқындығына қарамай байырғы мекендеріне тоқтаусыз көшіп, біртіндеп қоныстанғанын көрсетеді. Бұл үрдіс ХVІІІ ғасырдың соңына дейін жалғасты. Ақыр аяғында Цин үкіметі онда көшіп барған қазақтарды өз бұқарасы ретінде қабылдауға мәжбүр болды. Қабанбай батыр өз халқын сыртқы жаудың басқыншылығынан құтқарумен бірге башқұрт, қарақалпақ сияқты қазақпен бір туысқан бауырларына да жа­ нашыр болып, оларды да қанатының астына алып отырған. 1751 жылы Барақ сұлтанның үлкен ұлы Ханбабамен бірге оңтүстікке жасаған жорығында жиыр­ ма мың адамдық үлкен қолға бас болған Қабанбай Сыр бойын, Сайрам, Таш­ кент қалаларын жоңғардан тазартып, Тәшкентте Төле бидің билікке келуіне көмектескен. Шыршық өңірінде Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалған. Артынан Ресейге қарсы Башқұрт көтерілісін ұйымдастырушы Қарасақалдың қазақ даласынан, оның ішінде наймандарға келіп пана табуына байланысты, Қаракерей Қабанбайдың есімі орыс деректерінде ұшыраса бастады. Қазақ билеушілерінің кейбірі Қарасақалды Ресейге, енді бірі Жоңғар хандығына ұстап беруге тырысады. Бірақ олардың барлығы оны Қабанбайдың соңында тұрған қалың найманнан тартып алуға әрекеттенбеді. Ре­ сей деректері де оны Қабанбайдың қорғаштап отырғанын жазады [5,568 б.]. Қытай деректерінің кей жерлерінде Қабанбаймен қатарлас Қожаберген жыраудың да аты аталады. Қазақ мемлекетінің ірі саяси қайраткері ретінде ол Цин патшалығына баратын дипломатиялық миссияның жағдайын ақылдасуға, оларды жіберуге қатысып отырған. «Бұрын біздің Чжао Хуэй есімді генера­ лымыз сіздердің Абылай, Ханбаба, Қабанбай, Қожаберген және Дәулетбай қатарлы адамдарыңызбен ақылдасқаннан кейін барып, Үрімжіде сауда базарын ашу жөнінде патшамызға мәлімдеме жазған еді» [1, 41-б.] делінеді деректе (1759 ж.). Демек, Қабанбай батыр да Қазақ хандығының аса ірі саяси қайраткері, ба­ тыры Қожаберген жырау секілді тек қару алып ел шетінде жүрмей, мемлекет ісіне де араласып отырған. Бұған оның қарақалпақтар атынан Бейжіңге жолданған бір хатқа өз мөрін басқаны дәлел болады. Бұл мөрдің қағазға басылған көшірмесі жақында Бейжіңдегі Қытайдың бірінші тарихи мұрағатындағы «Әскери басқармаға жолданған ұлықтардың мәнжу тіліндегі мәлімдемелерінің көшірмесі» атты Цин патшалығының мұрағат құжаттары қорынан, ондағы құжаттардың микрофильмдері арасынан сақталу нөмірі 1736-03 және микрофильм бойынша 051-001761 нөмірлі «шағатай» жазба тілінде хатталған тарихи құжаттан алынды [7, 11-б.]. Қожаберген жыраудың:

Қожаберген жырау – 350 Қолбасшы батыр болмасам, Көбелі сауыт кимеймін. Ту ұстайтын болмасам, Арабы ақбоз мінбеймін. Талапты жігіт болмасам, Ұрандап жауға тимеймін. Қару-жарақ соқпасам, Зергер де болып жүрмеймін. Майданда жауды жеңбесем, Қызықты дәурен сүрмеймін. Дулығамның төбесі, Буылмаса маржанмен, Басыма оны кимеймін! – деп апайтөстенгені секілді, Қабанбай батыр да жоңғарға қарсы күресте бірде елінің ол шетінен, бірде бұл шетінен шығып, ел іргесін кеңейтіп, батырлықты ту еткен, елдің алыс келешегін ойлаған айтулы тұлға. Оның бір басының қадірқасиетін, қазақ үшін қаншалықты керек екенін өз замандастары да айтып кетті. Қабанбай батыр науқастанып жатқанда оған келіп көңілін сұраған Сарышуаш жыраудың: Уа, Қабанбай, көзелім, Ескіден қалған көз едің. Бұл науқастан сауықсаң, Еркелігін кешірген, Ақ сүтін беріп өсірген, Қуанатын өз елің. Бұл науқастан оңалмай, Бақиға қарай бет бұрсаң, Жау тиді десе жата алмай, О шетіне бір шыққан, Бұ шетіне бір шыққан, Көкіректі кек кернеп, Көз жасыңды мың сыққан, Жылайтын тағы өз елің! [8, 235-236-бб.] – деп толғауы оның қиын-қыстау кезде нағыз еліне қамал, қорған болған ер екенін дәлелдейді.

Қожаберген жырау – 350 Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Еженханұлы Б. Қабанбай батырға қатысты жаңадан табылған сегіз манжу құжаты. – Алматы, 2012. – 91-б. 2. Цин Гаоцзун шилу清高宗实录(影印本), Пекин, Чунхуа Шуцзуй баспа­ сы. – 1986. – 555-ц. 3. Еженханұлы Б. Қазақ хандығы мен Цин патшадығы арасындағы саясидипломатиялық қатынастар туралы қытай мұрағат құжаттары, І том. – Алматы: Дайк-Пресс, 2009. – 460-б. 4. Мұқан Қ., Қайыржан К. Ауд., құраст. Цин әулеті сарай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер(清实录哈萨克史料). – Куйтун: Іле халық баспасы, 2009. – 171-б. 5. Сыдықов М.Қ. Тоғыз таңбалы найман – Қаракерей шежіресі. І том. – Павлодар, 2009. – 659-б. 6. Алтай аймағының тарихи материалдары – 阿勒泰文史资料 (Қытай халық саяси мәслихат кеңесі Іле Қазақ автономиялы облыстық комитетінің Ал­ тай аймақтық қызмет комитеті құрастырған). І том. – Алтай, 2006. – 400-б. 7. «Дала мен қала» газеті, 2013 жыл 7 қаңтар, – № 1(482) сан. – 11-б. 8. Әбдірахман К. Хан батыр Қаракерей Қабанбай. – Астана, 2005. – 236-б. ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰРПАҚТЫҢ ПАРЫЗЫ («Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қайырымдылық қорының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет ТҰРҒАРАЕВТЫҢ сөзі) Қазақта «Алтын кездік қап түбінде жатпайды» деген қанатты сөз бар. Мұның мағынасы кең, ұғымы терең. Біздің халқымыздың тарихында та­ лай-талай жол бастаған көсемдер, қол бастаған батырлар, сөз бастаған шешен­дер, көңілдегі көрікті ойды өлең тілмен жеткізе білген ақын-жыраулар

Қожаберген жырау – 350 болған. Алайда, біз олардың бірін білсек, бірін білмей келдік. Оған әр түрлі жағдайлар себеп болды. Ең бастысы біреудің боданында болғандықтан басы­ мызда билік, қолымызда мүмкіндік болмады. Сондықтан да өз заманының озық ойлы ағартушы ғалымы, ұлы Шоқан: «Әр халықтың кемеліне келіп, өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен болжап айтты. Ата-бабаларымыз өмір бойы аңсаған, осы жолда күресіп, қаншама тері мен қанын төккен азаттық пен еркіндікке біз ХХ ғасырдың аяғында қол жеткіздік. Басымызға бақ болып қонған тәуелсіздік, Қазақстанның өз алдына дербес мемлекет болуы саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуымызға ғана емес, өткен тарихымызды түгендеп, қилы-қилы «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұмыт бола жаздаған қайраткерлеріміз бен тұлғаларымызды тірілтіп, олардан қалған мұраларды зерттеуге де даңғыл жол ашты. Осы орайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «...Бүгінде біз бұрмаланған тарихтың үйінділерінен өзіміздің түп-тамыры­ мызды іздеуге мәжбүрміз. Мұнда әңгіме халқымыздың қандай да бір бүркемеленіп, дәріптелген тарихы емес, бастан кешкен әр алуан, әрі шынайы оқиғалары жайында болып отыр» деп айтқаны бар еді. Тіпті, тым алысқа бармай-ақ, әйгілі зұлмат «37 жылдың» құрбаны болған: Шәкәрім Құдайбердиев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды арыстарымызды беріде «бетбұрыс» пен «қайта құру» заманында ақтап алып, туған халқымен қайта қауыштырғанымыз әлі естен шыға қойған жоқ. Өздеріңіз жақсы білетіндей, кез келген мемлекеттің, елдің дамуы мен өсіпөркендеуінде мәдениеттің, тарихтың, өнердің, жалпы рухани саланың алар орны ерекше. Жүріп өткен жолымызда, тәуелсіздіктің артта қалған жиырма жылдан астам уақыты ішінде экономика мен әлеуметтік саладағы жетістіктерімізге қоса, руханиятта да ауыз толтырып айтарлықтай бірталай игілікті шаралар мен өнегелі істер атқарылды. Арғы замандағы хан Абылайдың абыройын асқақтатып, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбайды тұғырына орнаттық, елдің бірілігі мен татулығын көксеген Төле, Қазбек, Әйтеке билердің шешендік өнерлері мен дипломатиялық шеберліктерін қайта жаңғырттық. Бергі тарихымыздағы ұлы Абайдың, жырау Жамбылдың 150 жылдықтарын, кемеңгер қаламгер Мұхтар Әуезов пен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдықтарын, күллі түрік жұртының түпқазығы болған Түркістан қаласының 1500 жылдық мерей­ тойларын кең көлемде атап өттік. Бұлар арқылы ұлттық сана-сезімімізді оя­ тып, ізбасар ұрпақтың санасына сәуле түсірдік. Арнайы қабылданған «Мәдени мұра» стартегиялық бағдарламасының аясында да талай шаруалар тындырылып,

Қожаберген жырау – 350 жүзеге асырылды. 2000 жылы «Мәдениет жылы» деп жарияланды. Бұл да ба­рымызды бағалап, жоғымызды түгендеуге ықпал етті. Мәдениеттің мәртебесі көтерілді. Осындай ұстаным мен саясат, бағыт-бағдар өзге тұлғалар мен қатар Қожаберген жырау бабамызды «алтын кездіктей қап түбінен шығарып», қай­ та тануға шарапатын тигізді. «Мәдениет жылы» деп жарияланған сол 2000 жылдың аяғында, яғни желтоқсанның 19-21 күндері Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Петропавл қаласында «Қожаберген жырау Толыбайсыншыұлының Отан тарихы мен қазақ поэзиясында алатын орны» де­ ген тақырыпта алғаш рет республикалық ғылыми-теориялық конференцияның болып өткенінен көпшілік хабардар. Айтулы ғалымдар мен мамандардың, білікті тарихшылар мен әдебиетшілердің басын қосқан аталмыш алқалы жиын Қожаберген жырау бабамызды жұртшылыққа тереңірек таныстыра түсті. Тари­ хымыз бен әдебиетіміздегі алар орнын бағалап көрсетті. Ақиқатын айтсақ, біз бұған дейін Қожаберген жырау есімін «Елім-ай» әні мен «Елім-ай» дастаны арқылы еміс-еміс естіп келдік. Соның өзінде ол шығармалардың мәні мен маңызы зор болатын. Өйткені, тасқа қашалып, қағазға жазылмағанымен ұлан-ғайыр даланы алып жатқан қазақ сахарасының тари­ хы ұрпақтан-ұрпаққа осындай өлең-жыр, ән мен күй, қисса-дастан, толғаулы термелер арқылы жетіп отырды. Ол мұралар ауыз әдебиетінің құнды туын­ дылары болып қана қоймай, оларда халқымыздың ғасырлар қойнауындағы тыныс-тіршілігі, көшпелі тұрмыстағы салт-дәстүрі, бастан кешкен оқиғалары, мұңы мен сыры, қайғысы мен қуаныштары жатты. «Елім-ай» эпопеялық дас­ таны қазақ халқының сыртқы жауларға тойтарыс беруге бағытталған жарты ғасырлық әділетті күресін, азаматтық соғысын баяндап қана қойған жоқ, жас­ тарды отаншылдыққа, бірлікке, ұйымшылдыққа үндеген әскери-патриоттыққа тәрбиеледі. Парасат-пайымы биік, отаншылдығы жоғары тарихшыларымыз бен әдебиетшілеріміздің зерделі зерттеулерінің арқасында Қожаберген бабамыздың жырау мен ақындығына қоса, ел басына күн туғанда жауға шапқан батыр, қол бастаған баһадүр, жеті жұрттың тілін білген елші-дипломат болғанын танып білдік. Батыр, қолбасшы дейтініміз, ол халқының тәуелсіздігі мен бостандығын бәрінен жоғары қойып: Шабуылы жау қалмақтың күшті екен деп, Кетпеңдер жаудан қорқып, тарап бәрің. Кеудеңде шыбын жаның болса егер, Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын! –

Қожаберген жырау – 350 деп қаруластарын бірлікке, ерлікке шақырды. Бұл – нағыз отаншылдықтың биік үлгісі. Үш ғасырға созылған қазақ-қалмақ шапқыншылығының халқымыздың өміріндегі ауыр кезең болғанын, мұнда жан берісіп, жан алысқан, қаншама қан төгілген шайқастар болғанын тарихтан жақсы білеміз. Тауымыз шағылып, та­ уанымыз қайтып, амалсыз елден, жерден ығысып, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» ұшырайтынымыз осы тұста. Бұл халқымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы елдік пен бірліктің, батырлықтың таразыға түсіп, сыналар шағы еді. Соғыстың барысы тарих сахнасына талай ержүрек батырлар мен қаһармандарды, сардарлар мен қолбасыларды шығарды. Қожаберген баба­ мыз да сондай баһадүрлердің бірі ғана емес, бірегейі болды. Ол 1688-1710 жыл­ дар аралығында, яғни, 22 жыл бойында қазақ, қарақалпақ, ноғай ұлыстарының жасақтарын бастаған қолбасы, Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер болып танылды. Енді бір деректер Қожабергеннің жастайынан нағашысы Жалаңтөс баһа­ дүр Сейітқұлұлының ұрпақтарының қолында өсіп, Үргенші, Бұқара, Самарқанд медреселерінде оқып, араб парсы тілдерін меңгергенін айғақтайды. Сондай сауаттылығының, зеректігінің арқасында ол өзіне дейінгі ақын-жыраулары­ ның өлең жырларын, медреседе тәлім алғанда кезінде шығыстың жеті жұлдызы атанған Жәми, Низами, Науаи, Физули, Фирдауси, Сағди, Рудаки шығармаларын оқып, солардан ғибрат алды. Бұған қоса көне дәуірдегі Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри және өзінен аз бұрын өткен Әбілғазы баһадүр хан сияқты ғұламалар жазып қалдырған шежірелерімен таныс болды. Бұл оның дүние танымын, ой-өрісін кеңейтті дейді. Тәуке хан тұсында Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтары мен парсы, түрікмен елі арасында елшілік қызмет атқарғаны, 1688 жылы Әз Тәуке бастаған барша қазақ жақсылары 25 жастағы Қожаберген жырауды ордабасы етіп сайлағаны осындай білім мен біліктілігінің арқасында оған көрстеліген құрмет пен сенім болатын. Әз Тәукенің тапсырмасымен атақты «Жеті Жарғыны» ақ былғарыға түсіртіп, бұл тарихи оқиға жайында: Әз Тәукеге қызмет қып, Жаздым «Жеті Жарғыны». Салыстырып талдадым Бергі менен арғыны, –

Қожаберген жырау – 350 деген жыр жолдарын қалдыруы Қожабергеннің өз заманының зиялы заңгері болғанын білдіреді. Мұндай мемлекеттік істерге білікті де білімді көзі ашық, озық ойлы, келешекті де болжай білетін көрген азаматтың тартылытыны талас­ сыз шындық. «Жақсының аты көпке ортақ» деп текке айтылмаған. Ақындар, әдебиетті зерттеуші ғалымдар Қожаберген бабамызды өзінің «жырау» деген тіркесі айтып тұрғандай ең бірінші кезекте өз дәуірінің талантты да дарынды ақыны-жыршыжырауы болды деп еншілейді. Бұған талас жоқ. Себебі, Қожаберген жыраудың артында оқырман қауымның көңілінен берік орын алған, әдебиетшілердің ла­йықты бағасына ие болған әйгілі «Елім-ай» дастанынан басқа «Баба тілі» дастанының алғашқы бөлімі, «Ататек» тарихи жырының, «Қуаныш» атты өлеңінің, «Ер Қойлыбай» дастанының үзінділері, «Жастық», «Кәрілік», «Өсиет», «Наурыз басы», «Насихат өлеңдері» сияқты ондаған шығармалары бізге мұра болып қалды. Бұл туындылардың әлі де талай толықтырылып, қаншама ғылыми зерттелер мен іргелі ізденістердің тақырыптары болар анық. Қай кезде де жалпы адамзаттың даму тарихында әрбір адамның өмірдегі орны мен мәні қоғамдық қатынастар арқылы айқындалып, елге, халыққа жасаған қызметіне қарай бағаланып отырған. Қайтпас қайсар батыр, қаһарман қолбасшы, білімге шақырған ағартушы, шежіреші шешен, елдестірген елші Қожаберген бабамыздың халқына сіңірген еңбегі орасан зор, ақын-жырау ретіндегі қалдырған мұрасы мол. Ол қандай да құрмет көрсетуге де лайық. Тарихи тұлғаның өмірі мен қызметін насихаттау мақсатында құрылған біздің «Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қоғамдық қайырымдылық қорының шама-шарқынша жұмыс істеп, бірталай игілікті шараларды атқаруға ұйытқы болып келе жатқанын айта кеткім келеді. Мәселен, осы қордың бастамасы­ мен Қожаберген жыраудың туған жеріндегі қорымда жерлестері оған арнап күмбез орнатты, құран бағышталып, ас берілді. Жамбыл ауданының орталығы Пресновка селосындағы қазақ мектебінің алдындағы алаң Қожаберген аты­ мен аталып, ескерткіш бюсті орнатылды, мектепте мұражайы ашылды. Осы сияқты, Петропавл қаласындағы №6 қазақ орта мектебі де ұлы жыраудың есімімен аталады. Қордың қолдауымен: «Қожаберген жырау», «Елім-ай», «Баба тілі», «Өнерпаздар әулеті» деген тәрізді кітаптар басылып шықты. Олар жұртшылыққа кеңінен таратылып, оқырмандар жылы пікірлеріне ие болды. Мұндай өнегелі шаралар мен шаруалар әлі де жалғасын таба бермек. Республи­ ка көлемінде жыраудың 350 жылдық мерейтойының аталып өтуі де баба рухына адалдық пен құрметтің, биік ілтипаттың белгісі. Жалпы Қожабергендей тарихи тұлғаға қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Жақында бір топ зиялы азаматтардың атынан үкіметке Петропавл

Қожаберген жырау – 350 қаласындағы әскери институтты даңқты қолбасшы Қожаберген Толыбайұлы­ ның атымен атау жөнінде ұсыныс жасалды. Егеменді ел ретінде дамуымыздың айшықты нышаны болып отырған Астанада Қожаберген батырдың еңселі ескерткіші тұрса айбынымызды асқақтатып, мереймізді өсіре түсер еді. Қорыта айтқанда, Қожаберген Толыбайұлы сияқты даңқты тұлғалардың есімін ұлықтап, атқарған істерін, насихаттап, қалдырған мұрасын ұрпақтанұрпаққа жеткізіп отыру – әр буынның, әр қайсысымыздың ортақ азаматтық міндетіміз бен парызымыз. Өйткені, өсемін, өркендеймін деген әрбір ел «өткенін еске алып, бүгінмен өмір сүріп, болашақты ойлап отыруы керек». Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! 2013 ж. ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫҢ БАҺАДҮРЛІК ӨМІРБАЯНЫ: ЗАР-ЗАМАН ТУЫНДАТҚАН КӘСІП-НӘСІП ПӘЛСАПАСЫ ( Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ХАА академигі, философия ғылымдарының докторы Дәуренбек ӘУБӘКІРДІҢ сөзі) Ел-жұртыңды сүйер болсаң, менше сүй деп айтардай ғибраты мен амана­ тын қалдырған ұлы бабаларымыздың бірі Қожаберген Толыбайсыншыұлы екендігіне кеш те болса, бүгіндері анық-қанық болып отырмыз. Біреуге біреу нанын бөліп берсе де, жанын ұсақтап, үзіп бере алмайды! Бүгінгінің сөзімен айтсақ, ешкім де басқа үшін жыр-дастан жазып, күй шығарып, ән құрастырып бермейді, арнауы мүмкін, шым-шымдап жымқырып алуы да, айтпай-ескертпей иемденіп кетуі де ықтимал, бірақ ақыл-ойын басыбайлы біреудің қанжығасы­ на байлап берді дегенді естімеппіз. Сондықтан да, XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы

Қожаберген жырау – 350 зар-заманда «Елім-айлап» жүз жасаған Қожаберген Толыбайсыншыұлы бабамыздың, оның тікелей ұрпағы XІX ғасырда азғана ғұмыр кешсе де, «Елімжерім» деп орыс империясы алдында тайсалмай, өзін жанпида еткен Сегіз серінің (Мұхаммедқанафия Баһрамұлы) еншісіне бірдемесін бермек түгілі, олардан аларын алып, ал солардың өздерін болмаған, жай ғана миф-әфсана деп жария етіп жүрген пенделер де жер басып жүр ғой арамызда. Тіптен, бұл пенделердің кейбірі сондай игіліктердің арқасында нәпақасын тауып, шен-шекпен киіп, атақдаңқты иеленуге де арланбайды. Әлбетте, Ресейдің кешегі империялық болмы­ сына құлдық ұрған, содан осы күнге дейін арыла алмай мешел күй кешуші оларға не қайыр, олардан қандай тәлім?! Қанеки, Қожабергенше шындықты шымырлатып кесіп айтар ер қайда: Ресейдің қолтығына еніп алды, Солардың мылтығымен қаруланды. Жоңғарға батыс жақтан демеуші боп, Жұртына кіші жүздің ойран салды! Осылай екі беттеп тиді қалмақ, Ғаскерін күн-түн демей жиды қалмақ. Қазаққа екі жақтан шабуылдап, Түсірді бейбіт елге ауыр салмақ! Үш жүзге дұшпан болып шығыс жақтан, Қытай да қаскөйлігін жасап жатқан. Айдап сап қалмақтарды халқымызға, Көк шалғын сахарамды шаң, қан жапқан! Бұл заман, қай-қай заман, қайғы заман, Бос кеткен ер еңбегі зайғы заман. Айырылып бала-шаға, мал-мүлкінен, Жұртыма апат келді өте жаман! Алтай мен Жайсаң жақтан көш келеді, Тай-тайлақ көш бас сайын бос келеді. Айырылған егізінен қандай ауыр, Мөлдіреп қара көзге жас келеді!

Қожаберген жырау – 350 Үш жүзді көрші елдер жоқ аяп жатқан, Жат болды мұсылмандар дінді ұмытқан. Қол ұшын Қоқан, Хиуа бермек түгіл, Дұшпанмен бірдей болды пәле баққан!.. Мәскеу түбіндегі Дубна қалашығындағы халықаралық университетте қыз­ мет істейтін Б.Е. Большаков деген досыма «Жазу тарихы» мұражайын арала­ тып жүріп, «Жоңғар басқыншылығы» мүйісіне келгенде мынадай сауал қойдым: «Борис Евгеньевич, как так случалось, что русские помогали в столетней во­ йне, инициированной китайской вассальной империей –Джунгарской импе­ рией, джунгарам оружием, пушкой, а не нам – ближайшим соседям?». Сонда Бористің берген жауабы: «Дауренбек, большие империи помогают сильным, а не слабым!..» Осы сұхбат сарынының жалғасын мен өзімше ой-топшылаумен толықты­ руыма тура келді: «Яғни, бүгіндері біз екі жақтағы сол баяғы Ресей, Қытай дер­ жаваларымен дос болуымыз үшін солармен тереземіз тең, мықты ел болуымыз керек!» Сондықтан да, Елбасының ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында даму қарқыны тұрғысынан бұрынғы «Қазақстан-2020» стратегиясындағы ең алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарынан өтіп барып, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу межесін қолдап, соған қол жеткізсек, Қо­ жаберген баһадүрдің де аманатын ақтағандай болар едік. Ел-жұрттың басына түскен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» нәубеттен ел мен жерді ара­ шалап, абыроймен алып шығып, екі аждаһа-империя қолдағанына қарамастан, қайырылып шаппастай соққы беріп, жер бетінен қазақтың емес, түріктік дүниенің емес, «Жоңғар империясының» тып-типыл жойылуына әкелген Қожаберген баһадүрге «Елім-айлап» ерген, сол ұлы мақсатта өмірлерін жанпида еткен сан­ сыз батырлар, ел басқарған хандар еді. Көпті көрген, өз заманындағы екінің бірінің қолы жетпес білім алып, оқыптоқығаны бар Қожабергенге тән үлкен қасиет – оның ғажап көрегендігі. Осы қасиет оған әкесі Толыбайдан және анасы Ақбілектен дарып, өзінің ұзақ ғибратқа толы өмір жолынан жинақтағаны екені айдан анық [1]. Қожабергеннің әкесі Толыбай сыншы ел қорғаны, батыр болумен қатар, ұстазергер, балташы, өрімші, етікші, дихан, аңшы, құсбегі, мерген, балуан, емші, атбегі, сөзге шешен, ақындық қабілеті бар әрі көреген кісі болыпты. Ел ішінде Толыбай айтты деген нақыл қанатты сөздер де кездеседі. Адамды да, аттар­ ды да, басқа жануарларды, гауһар, меруерт, маржан тастарды, қару-жарақты, құсты, итті сынап білгені үшін Толыбайға сыншы деген атақты қазақ, башқұрт,

Қожаберген жырау – 350 қарақпалпақ, қырғыз, татар, ноғай халықтары берген екен. Оның Қарабас есімді баласы сыншылық өнерінің арқасында тұтқын болған кездерінде үш рет құтылып, аман қалған екен... Жыраудың анасы Ақбілек – Баянауыл өңірін мекендейтін орта жүз сүйін­дік арғын Айдабол бидің қызы екен. Ол кісі де өнері асқан сынықшы, тоқымашы, тігінші болыпты. Ол жайында Қожаберген өзінің «Елім-ай» жырының бірінші бөлімінде былай дейді: Орта жүз арғындағы асыл тектен, Анамның шыққан заты сүйіндіктен. Жиырма ұлдың көкжал туған ең кіші ем, Тұңғыш қыз Айдаболдың Ақбілектен... Кәсіптің осынау сан-алуан түрін игерген Қожабергеннің кез келген жаудан айласын асыруы және де сол қабілетінің ел-жұртқа да сауабы тиіп, тұрмыс­тың тауқыметін оңай еңсере алуының сыры болса керек. Ол далалық тіршілік құру, өмір сүру жағдаяттарын, жол-жоралғыларын молынан меңгерген айлалы да, тәсілшіл де, басқаға басшы бола алатын ақылман, қиын-қыспақтан алып шыға­ тын нар-толағай жан. Бір бойында ордабасы болу (Әз Тәуке хан ордасының), бас қолбасшы болу (23 жыл қазақ, ноғай, қарақалпақ және башқұрт жоңғарға қарсы біріккен қолына сардар болған), «Жеті Жарғыдай» далалық заңнаманың ең озық үлгісін жазуға атсалысқан ғұлама болу – нағыз «Сегіз» деген атаққа лайық екендігін өз замандастары мен шәкірттері Бұқар, Үмбетей, Ақтамберді, Дәстем сал, Тәтіқара, Жанкісі секілді ақын-жыраулар; Бақсары, Бөгенбай, Жәнібек, Бөкенбай, т.б. көптеген батыр-ізбасарлары мойындап, кейінірек ағартушы Ыбырай Алтынсарин, философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, ақын-жазушылар Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Май­ лин, Ғабит Мүсірепов, академиктер Әлкей Марғұлан, Ақай Нүсіпбеков, Ма­ наш Қозыбаев сынды қазақтың бетке ұстар жақсы-жайсаңдары жүрекжарды ықыластарын білдіріп, әдебиетші-ғалымдар Т. Сүлейменов, Н. Әбуталиев, М. Жармұхамедов, Ш. Смағұлов, Қ. Омаров, Қ. Биғожин, Қ. Мұқанов, Ғ. Қадырәлі және С. Жұмабаев деген зерттеушілер арнайы ғылыми-танымдық мақалаларын арнап, Ожан Қалиев сияқты ақындар өз жыр-дастандарын баба рухына тарту етті [1]. Философия диірменіне салсақ, «өркениет ошағы» деген ұғым мынадай негізгі үш тағаннан құралады [2]:

Қожаберген жырау – 350 – өркениет ошағын (ӨО) даралап айғақтайтын материалдық жәдігерлер мен құндылықтыр; – ӨО табиғатымен біте-қайнасқан тұрмыстық кәсіптер, тәсіл-айлалар, яки технологиялар [3]; – сол ӨО болмысын паш етерлік дүниетанымдық жүйе, яки пәлсапа – фи­ лософия. «Ұлы Дала өркениеті» (ҰДӨ) ұғымын Қожаберген баһадүр-жыраудың өмірбаяны һәм шығармашылығы тұрғысынан саралай келсек, баба рухының шарықтау биігінің біз осы ұғымның асқаралы биіктігі мен шыңырау тереңдігін бірдей шалып тұрғанын байқаймыз. Көшпенділік қарекет Жоңғар имериясымен алапат соғыста түркі дүниесінің сақталып қалуының, соның ішінде жоңғарларды жеңуде қазақтардың басты рөл атқарғандығының басты сыры, негізгі себеп-салдары дер едік. Өйткені, отырықшылыққа айналған талай жұрттар өркениетін сақтамақ түгілі, өздері де жер бетінен жойылып, ошақтарының орнында күресін де қалмағаны ұзын-сонар тарихтан белгілі. Енді Ұлы Дала өркениетін жоғарыдағы сұлба бойынша талдап көрейік: Ұлы Дала өркениетінің материалдық жәдігерлері: киіз үй, үйге қажет тұрмыс жабдықтары, ат әбзелдері, арба, мал ұстаудың далалық қажеттіліктері мен оны азыққа, киім-кешекке, киіз үй жабындысына, мінер-көшер көлікке жарату, қару-жарақтың бес түрі, сауыт пен дулыға, өрмек, қылыш пен мосы, мазарлар мен күмбездер, кесенелер мен қорған-төбелер, дуалдар мен қарауыл-мұнаралар, ұстындар мен мүсіндер, барықтар мен мешіттер, т.т. жәдігерлер ҰДӨ теңдессіз заттық-материалдық құндылықтарын құрады; Ұлы Дала өркениетінің кәсіптері, тәсіл-айлалары: мыс пен жез, темір мен құрыш, күміс пен алтын қорытып, кәдеге жарату, асыл тастарды өңдей білу, әшекейлер жасау, тоқыма мен алаша, ши тоқу, киіз басу, сырмақ сыру, жүн мен қайыстан арқан есу, камшы мен бишік өру, ағаштан алуан түрлі киіз үй қаңқасы мен жабдықтарын, қару-жарақтар, құрал-саймандар, ыдыс-аяқтар, бесік пен есік жасау, таяқ пен арқаннан құрық жасау, сөйтіп ағашқа «жан бітіру», тері илеу, одан киім-кешек, ыдыс-аяқтар, ат әбзелдерін жасау, шымнан, тастан үй, қора, қорған тұрғызу, қыштан ыдыстар жасап күйдіру, саз аспаптарын жа­ сау; қой мен ешкі, сиыр мен қодас, бие мен інген сүтінен тағамның жүздеген түрін, үй жануарлары мен құстың етінен астың көптеген түрін, соның ішінде ұзақ уақыт көшіп-қонуда, соғыс жағдайында бүлінбейтін азық-түлік дайындау; тағыны қолға үйретіп, үй жануары ету, жабайы өсімдіктерден астық дақылдарын

Қожаберген жырау – 350 өндіріп пайдалану, т.б. тұрмыстық технологиялар ҰДӨ арқау болған. Тіптен, сол заманның әр кезеңі үшін кейбір тәсілдер өзіндік жаңғырмаларға сайып, инновацияға айналып отырған; Ұлы дала өркениетінің дүниетанымдық жүйесі, яки философиясы: ҰДӨ дүниетанымдық жүйесі де өзгелерден ерек болғандығы көптеген тыңғылықты зарттеулермен дәлелденіп үлгерді. Қоршаған орта мен табиғаттың тылсымын аспан денелеріне тиесілі деп түйсінген далалықтар табынушылықтың «Күнге та­ быну» түрін өздерінше дамытқан, соның бір дәлелі оларды басқа жұрттардың «Күн адамдары» – «күндер» (қытайларша «гүндер», «ғұндар» болып ата­ луы осыдан) деп атауы, яғни мұсылмандықты қабылдағанға шейін далалықтар Айға емес, Күнге табынған. Келе-келе, түркілік дәуірде Тәңір құдайының және соның діни нанымдық жүйесі бөгү дінінің ықпалына бүкіл басқа түріктермен бірге қазақтар да түскен. Бұл да сол мұсылмандыққа бетбұрыс жасағанына дейінгі біздің Ата жұртымыздың өмір сүру нышаны, тіршілік қарекеті болды. Қожаберген баһадүр-жыраудың заманы мұсылмандыққа түбегейлі көшкен за­ ман еді. Толассыз жаугершілік дүниетанымдық үрдіске де өз таңбасын салмай қоймады. Жыраудың бүкіл ой-өрісі, ел басқару, қолбасшылық ету әдіс-тәсілі, шығармашылық қарымы, өнерге, жазуға ден қоюы, өмірге көзқарасы, бар бол­ мысы, демек, пәлсапасы жаугершілік шырмауынан қалайда ел-жұртын алып шығу, бейбіт өмірге жеткізу болғаны аян. Осы межеге ол жанкештілікпен, абы­ роймен шыға білді. Дала тіршілігінде «Зар заман» деген атауға ілігіп тарих тұңғиығына тап болған XVІІ-XVІІІ ғасырлар Ата жұртымызға бұрын-соңды болмаған нәубет әкелгені белгілі. Жүз жылдан артық уақытқа созылған Жоңғар империясымен жан берісіп-жан алысқан соғыс, соның үлкен бір салдары халқымызға орасан зор «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атауымен тарихта қалған қасірет «қазақ» атаулыны дүниеден «жоқ» қылып жіберердей оқиғалар еді. Міне, со­ дан халқымыз қалай аман қалған? Бүгінгі егемен ел болу жолына түсуге, соған қол жеткізуге ата-бабалардың «Ұлттық идея» болуға лайық қандай ғұлама істері алғышарт болды? [3]. Ендігіде Ұлы мұрат «Мәңгілік ел» болудың жолы, тетігі неде дегендей сан-алуан бұрыннан келе жатқан сұрақтар бүгінгі, болашақ ұрпақтардың алдынан шыға берері хақ. «Алаш» ардақтылары өз жауаптарын кезінде беріп те баққан [4]. Халықтың басынан өткерген сонау зар-замандар, сан қилы соғыстар сабағымен құнды да шығар [5], [6], бірақ олар жойқын құрбандықтарды ешқашан ақтай алмайды...

Қожаберген жырау – 350 Пайдаланылған әдебиеттер: 1. «Қожаберген жырау (шығармалар жинағы)» /Құрастырғандар Б. Тұр­ ғараев, С. Жұмабаев. – Петропавл: «Жеті жарғы және Қожаберген» ҚҚ, 2010. – 294-б. 2. Жолдасбеков М.Ж., Шалахметов Г.М.,Аубакир Д.А. «Философия ин­ формационной цивилизации и глобальная концепция УР» // Устойчивое разви­ тие. «Наука и практика» (журн.). – М.: ВНИИГеосистем, №1. 2002. – Стр. 57-66. 3. Әубәкір Д.Ә. «Өлеңнен өрдім поэма, арқаннан естім тәсілді». Инновация инновации рознь. – Семей: Prіntmaster, 2006. – 250 б. 4. «Алаш» қозғалысы / Құрастырғандар Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы, И. Нұрахмет. – Алматы: Сардар, 2008. 324 б. 5. Азаттықтың өшпес рухы (Нұрғожай батырдың естеліктері және Оспан батыр). Тарихи баян. – Алматы: Сардар, 2008. – 388 б. 6. Момышұлы Бауыржан. Соғыс психологиясы. – Семей, 2010. – 400 б. ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ ӨЛЕҢ-ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ (Филология ғылымдарының докторы, профессор Зұфар СЕЙІТЖАНОВТЫҢ сөзі) Тәуелсіздік ұлттық намысымызды оятып, еркін санаға ие етті. Белгілі бір шеңберден шықпай сөйлейтін тілге тиек қойылған заман келмеске кетті. Жау­ ырды жаба тоқуды қойып, жалтақтамай айтуға мүмкіндік берді. Тәуелсіздіктің арқасында төрт құбыламызды түгелдей бастадық. Осы ретте «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында қаншама игі істер атқарылды. Қазақ халқының бостандығы жолында күрескен арыстар мн көзден көшкенмен көңілден өшпей 18-254

Қожаберген жырау – 350 жүрген ақтаңдақтарды ашып, халықпен қайта қауыштырдық. Солардың бірі – Қожаберген жырау. Осы тұрғыдан келгенде, сегіз қырлы, бір сырлы өмір кешкен баһадүр-батыр, суырыпсалма ақын Қожаберген Толыбайұлының артында қалған мұраларын жан-жақты танып-білудің мәні зор. Бұл – әдебиеттану ғылымының да басты міндетінің бірі. Қожаберген жыраудың «Жастық» атты толғауын оқығанда оның ғұ­ мырнамасынан біраз хабар табамыз. Елдікті, ерлікті мақсат еткен жыраудың жансыры айтылғандай әсер қалдырады. Бұл толғауда ешқандай әсірелей айту жоқ. Қайта қай кезде де елдің еркіндігі мен тыныштығы үшін белді бекем буған адамның тәуекелін танығандай боламыз. Саналы болып тумасам, Ата жолын қумаспын. Қолыма найза алмасам, Елдікке белді бумаспын.

Не: Білекті жігіт болмасам, Жауға өрт боп тимеспін. Жүректі жігіт болмасам, Көбелі сауыт кимеспін. Алып жігіт болмасам, Еменнен садақ имеспін. Сардар жігіт болмасам, Ұрандап жауға тимеспін. Ел мен жердің бүтіндігі, амандығы үшін сардар болып, садақ алу міндет деп біледі. Ер – азаматтардың жауынгерлік рухын көтере суреттеп, ерлікті олардың басты белгісіне балайды.

Қолыма ту алмасам,

Арабы ақбаз мінбеспін.

Дұшпанды дәлдеп атпасам

Қарыма садақ ілмеспін [1, 126-127 б.], –
дейді.

Қожаберген жырау – 350 Батырлық, ерлік сарын басым туындысы көпке айтқан антындай естіледі. Бұл жеңіл айтыла салған сөз емес. Өйткені, төгілте айтқан жыр жолдары­ нан өршілдік, өзінде, өзгені де жігерлендіре сөйлеу аңғарылады. «Қазақ – қалмақ соғыстары ХІV ғасырда басталып, 1771 жылға дейін созылды. Үздіксоздық, бірде шабысып, бірде алысып, түрік тектес екі халық үш жүз алпысжетпіс жыл шамасы өзара қырқысты» [2,5-б.]. Осындай қиын-қыспақ за­ манда қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасы болған батырдың өз тұлғасы көз алдымызға келеді. Ерлікті ту етіп, ел на­ мысын бәрінен жоғары қойған өз заманының дана жырауы жаугершілік за­ ман суретін шынайы бейнелеген. Дүбірлі дәуірде жат жұрттың озбырлығына қайратымен де, айбатымен де қарсы тұрып, қалың қауымға қажетті жырын да арнайды. Қожаберген жырау шығармаларының басты тақырыбының бірі – ел тағдыры. Өмірінің қырық бес жылында қол бастап сардар болған батырдың өлең-толғауларында жорық-жортуыл үнемі айтылып отырады. Аумалы-төкпелі заманда баһадүр-батыр болып та, көсем де шешен болып та іс-қимыл жасаған. Қару мен қаламды қатар ұстаған. Жауынгерлік рухтағы поэзиясы жігерді жа­ нып, намысты қайрап отырады. «Ақсауыт» атты өлеңінде:

Ер жігіт деген сол болар, Жасқанбай жауға беттесе. Жан жолдас деген сол болар, Жалғыз тастап кетпесе. ...Ерлердің ісі еленбес, Халық үшін терін төкпесе [3, 223 б.], – дейді. Елдің, жердің ерлік рухына қанып өскен ақын ел намысынан, жердің бүтіндігінен мәнді ештеңе жоғын ұғындырады. «Ерлердің ісі еленбес, халқы үшін терін төкпесе». Ата-баба салтын сақтайтын намыскерлікке үндеп, оны сырт көздің сұғынан қорғауды перзенттік парыз санайды. Қожаберген жыраудың «Жеті Жарғы» өлеңінде оның тағы бір қыры көрі­неді. Ол биік парасат-пайым иесі болғандықтан Әз Тәуке хандық құрған (1680-1718 жж.) тұста дүниеге келген «Жеті Жарғыны» жазуға қатысып, қазақ елінің әдет-ғұрып заңдарын қалыптастыруға атсалысқан. Себебі, бұл елдің ішкі мәселесін реттейтін заң – түзім болатын. Мұндай белгілі заң нор­

Қожаберген жырау – 350 маларын басшылыққа алғанда ғана халықтың бірлігі артады, мемлекет нығая түседі. Осыны ескерген Әз Тәуке елді басқарудың қалыптасқан ережесіне сүйенуді мақсат еткен. Ал Қожаберген жырау хан тапсырмасын орындаған. Әз Тәукеге қызмет қып, Жаздым «Жеті Жарғыны». Салыстырып талдадым Бергі менен арғыны, – деп түсінік береді. Жырау жас кезінде Үргеніш, Бұхара, Самарқанд медреселерінде білім алған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білген. Ендеше өз заманының білімді азаматы халық үшін аса мәнді құжатты жазуға қатысқаны ешқандай күмән туғызбайды. «Салыстырып қарадым бергі менен арғыны» деуінің мәні жоқ емес. Заң, ережені жазарда «Есім ханның ескі жолы мен» «Қасым ханның қасқа жолын» қараған, қайта реттеген. Өз кезінің әлеуметтік ортасына лайықтап тереңдете қайта жазған. Мұны ақынның өзі де растайды. Тағы оқып көрейік: Көмектесті біздерге Қазыбек, Төле, Әйтеке, Қазақтың заңын нығайтып, Тыйым салды тентекке. «Жеті Жарғыны» жазуда, Іс тындырдым бір талай Деген жоқ ешкім бұл қалай? (4, 112-б.) [4], – деген жолдардан «бір талай іс тындырғанын» білеміз. Бұған қарағанда қазақ елінің қоғамдық-әлеуметтік қажеттігінен туған заң – түзім жинағын жазуға кемеңгер үш бидің (Төле, Қазыбек, Әйтеке) қа­тысқа­ нын көреміз. Дала даналығын бойына сіңірген айтулы тұлғалардың «Жеті Жарғыны» жазуға қатысуы олардың қайраткерлік қырларын көрсетері хақ. Ақынның «Білерсің» деген толғауында өмір құбылысынан көрген-білген, түйгендерінен сыр тарқатады. Тіршілік мәніне немқұрайды қарайтын кейбір самарқау жандарға ой салғандай болады. Параллел салыстырулар арқылы түйін-тұжырым жасайды.

Қожаберген жырау – 350 Жігіттіктің қадірін Қартайғанда білерсің. Дәулетіңнің қадірін Бақ тайғанда білерсің. Немесе: Қызыл тілдің қадірін Байланғанда білерсің. Жақсы туыс қадірін Айырылғанда білерсің. Өз заманының терең ойлы азаматы ретінде өмір заңдылықтарын тереңнен тарта ғибрат айтады. Мұны келелі кеңес десек те болады. Толғау дыбыс үндестігі жағынан да айшықты. Мұндай ерекшелік жыраудың өлең-толғауларында мол. Бұл сипат та арыдан тамыр тартар көркемдік дәстүр десек артық болмайды. Қожаберген жыраудың бір өлеңі «Кәрілік» деп аталады. Кәрілік – дауасыз құбылыс, одан ешкім де сырт қала алмайды. Қарттықтың өз заңы бар. Жа­ лынды жастық өткен соң бойдағы күш-қайрат азаяды. «Аузымда тіс қалмады суырылмаған» деп өкінгендей болады. Ал енді осы қарттықтың қарымтасын қалай қайтаруға болады? Ол үшін жастықты бағалай білу керек. Өкінбейтіндей өмір өткізіп, байлыққа да, бақытқа да өз күшімен жетуді кеңес етеді. Бір сәт «тілеуін мұсылманның бер, жасаған» деп аталық ақ тілегін айтады. Жырау өлеңінің соңын: Жылқыда ұстатпайды сұр ат маған, Сөзімді кей адамдар ұнатпаған. Жүзіне бұл фәнидің көз тастасам, Пенде жоқ мәңгі қалып тұрақтаған, – деп бітіреді. «Жазмыштан озмыш жоғын» мойындағандай болады. Осы арқылы көпке ой салады. Тағы да тәубеге шақырғандай болады. Дана жыраудың өлеңінің осы­ лай аяқталуы да шындыққа жанасымды. Өйткені, қартаймау үшін қандай әрекет етсең де одан нәтиже шықпақ емес. Сондықтан жастықтың да, қарттықтың да барлық адамға ортақ екенін ұмытпаған жөн. Осы арқылы адам өмірі әр кезеңінің сыр-сипатына қанықтырады.

Қожаберген жырау – 350 Жыраудың «Едіге биге айтқаны» толғауында қарттық пен жастық салысты­ рыла сөз етіледі. Толғау сәлем бере келген нағашысы Едіге бимен амандасу­ дан басталады. Одан кейін өткен өмір жолдарынан хабардар етеді. Қарт жырау жүзінен ажар, көзінен нұр кетіп, бір дәрменсіз күйге түскенін мойындайды. Есімнен ұмытылды өнер-білім, Қарлықты кәрілік жеңіп асқақ үнім. Көзімнен осы күнде бір-бір ұшты. Ту ұстап, тұлпар мінген қайран күнім [5, 88 б.]. Бұл кезде 97 жасқа келген жырау «ту ұстап, тұлпар мінген қайран күнім» деп жастық шағының алыс қалғанына налиды. Баяғы жастықтың алымы мен шалымы жоқ, кәрілік әбден меңдеткен. Қатар құрбыларының бәрі кеткен. Жалғыздық жанына батады. Қазақтың көрдім талай жарлы, байын, Көмейден ағылтуға жырым дайын. Кәрілік иығымнан мықтап басып. Меңдетіп әлім кетті күн-күн сайын. Кәрілік иығынан мықтап басып, еңесін көтертпейді. Бұрынғы күш-қуат жоқ, жаны жүдеу тартқан. Үйден ұзап шыға алмайтын күйге түскен. Сыр айтып, мұң шағар пенде жоқ. «Қор болды, күн өткен соң ғазиз басым» деп кәрілікті дауа­ сыз дертке балайды. Бұдан соң жастарға қайрыла толғайды. «Жігіттер алды-артыңды ерте ойла, тірлікте күн түспесін надан-насқа» деп ойлы болуға шақырады. Қысқа ғұмырда қапы қалмауды өсиет етеді. Енді бірде басқа әуенге ауысады. Көпті көрген, аузы дуалы жырау бірлікті, елдікті сақтайтын ақыл-өсиет сөздерді айшықтайды. Өрлей түс қыран құстай көкте қалқып, Үш жүзді соңына ерт, түгел қамтып. Дұшпанға тіршілікте басыңды име, Жайнай бер жанып тұрған отша шалқып, – деп ақтық аманаттай асқақ сөз айтады.

Қожаберген жырау – 350 Бұл толғауда адам өмірінің бір кезеңі – кәрілік жайында ғана айтып қоймай, өмір-тіршілік туралы философиялық түйіндеулер жасап отырады. Әлеумет­ тік мәнді мәселелер көрініс табады. Сонмен бірге әділдік, қанағат, сабыр­ лық, сыйластық, т.б. тәрізді адам арасындағы моральдық-этикалық қарымқатынастарды көлденең тартып отырады. Бұдан Қожаберген өз заманының маңызды мәселелері мен өмірді мағыналы-мазмұнды өткізудің жолдарын үзбей толғаған айтулы ақын болғанын білуге болады. Ақынның «Қайран жастық» толғауы – әсерлі туынды. Бұл шығармасы жастық шақпен қоштасу сипатында жазылған. Бойыңды күш-жігер, ойың да арман-үміт кернеп, ешнәрседен тайсалмайтын жалыны мол жастыққа не жетсін! Жастық – ойын-сауықпен өтетін думанды шақ, aдам өмірінің қызықты кезі. Бірақ жастық та «жел-құйындай тез өте шығады» екен. Сондықтан: Өттің бе, есіл жастық көрген түстей, Тойыппыз қызығыңа жемей-ішпей.

немесе: Шынында өткен дәурен түс секілді, Жастық шақ бір жарамды іс секілді, – дейді жырау. «Есіл жастықтың көрген түстей» қас-қағым сәтте өткеніне торық­қан сыңай танытады. Ақын-жыраулар мұрасынан сабақтасып үзілмей келе жатқан бір дәстүр бар. Олар адамның өмір белестері арқылы танымдықтәрбиелік ой толғайды. Біз мұны Қожаберген жыраудың жастық, қарттық жайындағы өлең-толғауларынан байқаймыз. Талабы таудай, той-думан десе делебесі қозатын жастық шақ өткен соң не болмақ? Жастықта жігіт кісі озады екен, Ду десе делебесі қозады екен. Жас жетіп, уақыты өткен сайын Матадай өңі оңған тозады екен. Базарға балаған жастық шағы өткен адамның ажарын «Матадай өңі оңған тозады екен» дегендегі салыстыру ерекше мағыналық сипат танытып, ақынның айтар ойын әрлендіре түскен.

Қожаберген жырау – 350 Қожаберген жыраудың «Жас шаңырақ иелеріне», «Жас келіндерге», «Жас жігіттерге» тәрізді арнау өлеңдерінде үлкенге құрмет ету, адамгершілік, әдепізетті бұзбау сияқты жастарға моральдық қасиеттерді өлең өзегіне айналдырған. Ата-ананың жағдайына қарау – қалыптасқан әдеп нормасы. Мұны бұзбаған жас шаңырақ Алланың сүйген құлы болмақ. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген даналық сөзді естеріне салады. Аялап күтсең кәріңді, Сыйлайды сені жат адам. Тірлікте зиян көрмейсің Үлкендер берген батадан. Ата салған жолды, ана тіккен тонды ұмытпауды естеріне салады. Құлықты ұл, әдепті келін болуды өсиет етеді. Дәстүр бұзылмаса отбасының бірлігі де бекем болмақ. Бұрыннан келе жатқан жөн-жосықты сақтау – жастардың па­ рызы. Шайпау болса алғаның, Бәрінен де сол жаман. Аяуды еш білмейді Сезімі жоқ хас надан.

немесе: Пайдасын халқы көрмесе, Батырмын деген ер жаман. Өз жақсысын бұқтыртса, Бірлігі кеткен ел жаман [142-б.]. Бұл жолдар да үлкен түйіндеу бары хақ. Шайпаулық ақылдылықтың белгісі емес. Адам әдеп-ізет шеңберін бұзатын ашу-ызаға жол беруге болмай­ ды. Айналасына, үлкен-кішіге ілтипатпен қарап, жақсы әсер ету – кісілік белгісі. Осы өлеңнің соңғы шумағында да салмақты ой жатыр. Халқына пайдасы тимеген батырлықтың не қажеті бар? «Өз жақсысын тұқыртса» ол – күншілдік. Біреудің бақытын, жетістігін, артықшылығын көре алмау тіршіліктің шырқын бұзуға да себепкер болуы ғажап емес. Мұндай іс елдің

Қожаберген жырау – 350 де береке бірлігінің бұзылуына әсер етеді. Ақын осындай жамандықтың бол­ мауын қалайды. Қожаберген жырау жеті өлеңнен тұратын «Насихат» топтамасында не жақсы, не жаман деген мәселе төңірегінде ой өрбітеді. Адам бойында кездесетін аңқаулық та, шайпаулық та, жалқаулық та жақсы қасиет емес екенін атап көрсетеді. Батыр аңқаулықтан ұтылуы мүмкін. Әйел адамның шайпаулығы да жамандыққа жол ашуы ғажап емес. Ол күйдірмесе де күйелейді. Ал күллі адамның хас жауы жалқаулық деп біледі. Жырау адам болмысына үңіледі. Онда адам бойындағы адамгершілік қасиет оның «көкірек тазалығымен» өлшенбек. «Жаны таза» болмаса деп отырғаны жүрек екені белгілі. Өйткені, жүрек – адамның сана-сезімін басқарушы. Мәселен: Көкірек таза болмаса, Көз тазасы не керек? Жаны таза болмаса, Тіл тазасы не керек? – деуі осыны аңғартады. Насихат – ежелден келе жатқан өлең түрі. Адамның жаратылыс – болмысының тазалығы – бір сәт күн тәртібінен түспеген мәселе. Сондықтан адам, кісілік жайында ілгерінді-кейінді өмір кешкен жыраулардың бәрі де қалам тербеген. Солардың бірі Қожаберген жырау да ақыл-нақылға жақын өлең жолдары арқылы өнегелік ой түйіп отырады. Адал адам би болса, Бұзылмас сөзге арадан. Харам кісі би болса, Аузы кетпес парадан, – деп екі түрлі бидің кейіп-кеспірін қатар алып көрсету, салыстыра жырлау арқылы жақсы, жаманның аражігін ашады. Жамандықтан сақтандырып, адам ниетінің тазалығына ден қояды. Өйткені, адалдық – тіршіліктің мәні мен сәнін биіктетіп тұратын асыл қасиет. Аға деген кісіні Жаным десе болады.

Қожаберген жырау – 350 Қатар өскен ұл-қызды Сәнім десе болады. Сусап ішкен сусынды Балым десе болады. Ақылы дара ерлерді Ғалым десе болады. Қатар өскен ұл, қызды сәнге баласа, шөлдегенде ішкен сусынды балға теңей келіп, ақылы асқандарды қадір тұтуға шақырады. Жырау жақсы, жаманның мәнін ашып, әр нәрсеге сын көзбен қарауды жөн санайды, ақылды адамды үлгі етеді, азаматтықты насихат етеді. Жырау кейде ұқсас жайларды тізбектеп айтып, енді бірде қарама-қарсы ұғымдарды қатар алып шендестіре жырлайды. Кейде адам мінезіндегі міндерді шенейді. Әрине, пенде болған соң артық-кем болуы мүмкін. Барлық адам ақылпарасат биігінен көріне алмауы да ықтимал. Көрінгенге ұрынса, Ожар демей не дейміз? Айналасын жалмаса. Тажал демей не дейміз? Үлгісін жұрт үйренсе, Даңғыл демей не дейміз? [145-б.] Өзінің іс-әрекетімен көпке өнеге көрсететін адамдар қай кезде де болған. Жырау озбырлық пен ожарлықты шенеп, ибалы-тәрбиелі жандарды алға тартуының тағылымдық мәні үлкен. Жырау өмірлік мән-маңызын жоғалтпай­ тын шындықтарды ақыл-нақыл түрінде ғибрат етсе, жамандықты жасындай қиып отырады, өшпес өнеге ұсынады. Жыраудың «насихат өлеңдерінің» бәрінде адам жайында толғанады. Оның өлең-толғаулары қанатты сөз-шешендік ойға бой ұратындықтан, онда дидактикалық сарын басым болып отырады. «Түнді қанша мақтасаң» өлеңінде былай дейді:

Көргенсізге айтқан сөз
Босқа кетер, ем болмас.

Қожаберген жырау – 350
Жиналса да жамандар
Данышпанмен тең болмас.

немесе: Тұлпар аттар жарысар Баптаулы тұрған күйімен. Іс тетігі табылар Ерлердің үлкен миымен. Дүние-дәурен, өмір құбылыстары жайында төгілте айтып, түйіндеп отырады. Қожаберген поэзиясына тән тақпақ-терме, сипатындағы афоризмге айналған сөз нақыштары баршылық. Өзіндік өрнек танытар әсерлі туындылар мол. Сонымен бірге, қайталаулар да жиі ұшырасып отырады. Мәселен 108 тармақтан тұратын «Білерсің» толғауында бір сөз елу төрт рет қайталанады. Мұндай ерекшелік – жыраулар поэзиясына тән сипат. Басқаша айтқанда, көркемдік тәсіл. Оның мұрасында дәстүрлі қолданыстар мен қатар өзіне тән ажарлы айшықтар да баршылық. Өмір құбылысының сан қырын өлеңмен өрнектеген Қожаберген жырау азаматттың орнын елмен, жермен байланысты бағалайды. Сыртқы жаулардан қапы қалмауды үнемі еске салып, ел амандығын тілейді. Ер айтса – ел айтқаны, Елдің қамын жеп айтқаны. Ері даңқты болса, Елі айтты болады. Аруағы артып жүреді, Жау аяғын тартып жүреді. Самалы ерде сауыт бар, Санасызда қауіп бар [149-б.] Белгілі бір тарихи дәуірдің ерекшелігіне қарай оның идеалы болады. Жаугершілік заманда (ХVІІІ ғ.) елдің тыныштық, бүтіндігін сақтау басты мәселенің бірі болды. Сыртқы жауларға қарсы жорықтар да сардарлық міндет атқарып, басты орын алуы табиғи қажеттілік. Сондықтан жырау ер-азаматтарға ерекше салмақ сала сөйлейді. «Ері даңқты болса, аруағы артып жүреді, жау аяғын тартып жүреді». Ол азаматтардың еліне қорған

Қожаберген жырау – 350 болуын қалады. «Саналы ерде сауыт болмақ». Сонау Асан, Қазтуғандардан басталған елдік, ерлік мәселесі жырау шығармасында жалғастық тапқан. Қожаберген – ерлік пен жыраулық дәстүрді ұштастыра дамытып, оның кемелденуіне үлес қосқан тұлға. Оның поэзиясын елдің тарихи тағдырынан бөле қарауға болмайды. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қожаберген жырау. Баба тілі. – Петропавл, 2010. – 156 б. 2. Қозыбаев М. Дауылпаз баба – Қожаберген. – Алматы, 2007. – 272 б. 3. Сонда, 223 б. 4. Сонда, 88 б. 5. Қожаберген жырау. Баба тіл. – Петропавл, 2010.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

Жыр арнадық өзіңе,
жырау баба!

Қожаберген жырау – 350

ДАУЫЛПАЗ БАБАМ ТАБЫЛДЫ

Жайнатты тағдыр таңымды,
Жақсылық хабар ағылды:
Абылай хан барып бата алған,
Бұқарға ұстаз атанған

Қожаберген жырау табылды.
Аспанда жұлдыз жағылды,
Әлемге қоңырау қағылды.
Ақтаңдақ бетін ашқандай

Тойладық еркін жасқанбай,
Дауылпаз бабам табылды.
Жаңа өмір ашты сағымды,
Тулады Есіл ағынды.

«Жеті Жарғыны» нұрлаған,
Халықтың зарын жырлаған
«Елім-айдың» иесі табылды.
Жоғалтқан таптық барымды,

Шаттықтан жүрек жарылды.
Шындықты таза айта алған,
Айқаста жауын қайтарған
Ордабасы бабам табылды.

Ескерткіш сәтті салынды,
Орнаттық тозбас тағыңды,
Риза бол туған жеріңе,
Бақұл бол, баба, еліңе,

Алдыңа халқың ағылды.
Қызылжар, 2010 жыл.

Қожаберген жырау – 350

«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» АШЫПСЫҢ ЖАРҚЫН

МӘНІН

(Жыраудың мүсінін ашу салтанатында оқылған өлең)
Ерен тұлға бабамыз Қожаберген,
Ер екенсің уақыттан оза желген.
Ел жаңарды, ақталды ақ сенімің,

Болашаққа қолыңды соза берген.
Ойран салған жан едің ойраттарға,
Ел шебінде тұрғанда ойлантты Алла.
Ойлы сазға орадың жырларыңды,

Зар заманда зобалаң толғантқанда.
Сегіз қырлы, бір сырлы байқағаным,
Үлгі болды ұрпаққа бай талабың.
Әз Тәукенің әйгілі заманында

Тайдырыпсың сан рет жау табанын.
Тарих сырын кең аштың, асыл бабам,
Жау қалмапты қазақты басынбаған.
«Елім-аймен» жеткіздің мұңға бөлеп,

Қазағымның көл-көсір жасын маған.
Бар қазаққа ерекше жақын адам,
Ұстаздығың ешқашан басылмаған:
Қаршадайдан жабыссам домбыраға,

«Елім-айдан» бастатты ақын ағам.
Ұстаз болып Бұқарға қарқындадың,
«Жеті Жарғы» ашыпсың жарқын мәнін.
Бұрын өткен Шыңғысхан жорығынан,

Алаша ханын қазақтың айқындадың.

Қожаберген жырау – 350
Кім сыйламас сендей зор ғұламаны,
Терең жаздың «Алқакөл сұламаны».
Бүгін басқа күн туды – дербес елміз,

Басқан ізің болардай жыр алаңы.
Біз қуансақ ескерткіш қойып алып,
Сені атадық тарихтан ойып алып.
Шырт ұйқыдан, Қожеке, аунап түсші,

Болып жатыр бір үлкен тойың анық.

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУҒА ОДА

Біздің ел қайыңдар арасында,
Көк Есіл, Күміс көлдер жағасында.
Туған жер, өжет батыр, дана жырау,
Гүлтөбе ұқсап кетті дара шыңға.

Толыбайсыншыұлы Қожаберген,
Ол бекзат текті әулеттен оза желген,
Атақты жырау, сардар, ордабасы,
Жарқырап шыққан дүлдүл тозған елден.

Оң қолы Әз Тәукенің, қолбасшысы,
Ақыл, ерлік, тәсілқой қолдатты ісі.
Төкпе ақын, мәліметер, ұлы ханға
Одан артық табылмас жолдас кісі.

Дәрежесін ол ханмен тең сақтады,
Жас Абылай бата алса, ел жақтады.
Бұқар жырау пір тұтты ұстазым деп,
Баптаушым деп Бөгенбай ардақтады.

«Жеті Жарғы» негізін салған адам,
Ұлт қорғаны, ұлы ойшыл тарлан бабам.
19-254

Қожаберген жырау – 350
Төле, Қазыбек, Әйтеке билерменен
Ел сыйлауда «Жарғыны» армандаған.
«Елім-ай» дастаны қырғыз «Манасындай»,

Дана жыршы, ақындық данасындай.
«Елім-ай» әні – қазақтың әнұраны,
Ел сақтаған көзінің қарасындай.
Осынау әнді жас күннен жаттап, естіп,

Қаратаушыл сарынын сақтап өстік.
«Алқакөл сұламаны» естігенде
Елдің мұңын жаттағыш салтқа көштік.
Қожаберген ел-жұрттан жабық жатты,

Бодан күннің азабын халық татты.
«Ханның досы әрі ұлтшыл, залалды» деп,
Ең үлкенін пәленің анық жапты.
Зұлымдықтың көкесі көрінгендей,

Жүрдік шыдап пәлеге көңіл көнбей.
Қолдан келер еш лаж болмаған соң,
Кештік күнді көз жасы төгілгендей.
Айта алмадық зорлықты бадырайған,

Білеміз ғой келгенін тағдыр қайдан.
Қабырғаны кетті ғой қайыстырып,
Даналармен кеңестік содыр майдан.
Тәуелсіздік көзді ашып асылдандық,

Қожаберген жырауды ашып алдық.
Пәле жапқан Мәскеудің залымдары
Үндері өшті жасаған басынғандық.
Ұлы ғалым, ақтұйғын қарқынды адам,

Жау шапса да шындықтан тартынбаған.
Қожаберген жыраудың кім екенін
Қозыбаев Манаш нақ айқындаған.

Қожаберген жырау – 350
Туған елдің жасатса мұңы жорық,
Солтүстіктің кетті ол ұлы болып.
Илиада мен Одиссеяға теңеп берді.

«Елім-айды» әділдік құлы болып.
Бүгін жырау ардақтым төрімдегі.
Ең қымбатты ашылды өмір кені.
Дана бабам оралып тұғырына,

Қайта жанды жұлдызым көгімдегі.
Кәкімбек САЛЫҚОВ

АБЫЗ

Жан айқай жыры болып «Елім-айлап»,
Халқымен бір жасаған абыз ата.
Соқса да замананың желі қайдан,
Санадан сен өшпедің, аңыз ата.

Барады бұрынғыдан өмір озып,
Тап енді бұзбас қамал қияс арнаң.
«Елім-ай» – жыр қалыбы, тәңір өзі
Көз жасын қазағымның құя салған.

Өмірге құштарлықтан жанып тұрып,
Жүрек-ай, жыр толқытып, ән шығарған.
Халқының қайсарлығын таныттырып,
Өрт болып жалындаған өршіл арман.

Жалынмен шарпып жазып жан жарасын,
Маздатқан үміт отын тамұқта да.
Рухына абыз ата таң қаласың,
Қырандай биік шырқап қалықтаған.

Қожаберген жырау – 350
Айналып ұлт арына, намысына,
Толғады жер тағдырын, ел тағдырын.
Дем берді алты алаштың арысына,

Сезімнің төгіп сазды сел жаңбырын.
Сай болған өнеріне ерлігі де,
Сан рет жауға шапқан атойлатып.
Тұлпардың тер қатырмай терлігіне,

Найза сап, қылыш қаққан, ат ойнатып.
Жырымен жазбақ болып жан жарасын.
Маздатқан үміт отын кеуделерде.
Қазақта Қожаберген – шын дара шың,

Рухына бас иетін сен де, мен де.
Сан ғұмыр өтті бұрын сан ғасырың,
Жаңғырар санада одан із біртіндеп.
Арқасы аға ұрпақтар арғы, асылы,

Бар болсақ, бүтін болсақ біз бұл күнде.
Ербол ШАЙМЕРДЕНҰЛЫ

ҚОЖАБЕРГЕН

Азап пенен ғажаптың
Бұл өмірде сыны көп.
Олпы-солпы қазақтың
Жүре алмады ол бірі боп.

Шырақ етпей шындығын
Шығам демес шыңға бір,
Толыбайдай сыншының
Толғағынан туған ұл.

Қожаберген жырау – 350
Үрлеп үміт ұшқынын
Ұсынбасын неге өнер,
Кеніш ойлы үш биден

Кеңес алған кемел ер?!
Балаң шақта Бұхар мен
Үргеніште сүрді өмір.
Батырлық пен білімнің

Бап екенін білген ұл.
Өткізерде өмірдің
Жиырма бес көктемін,
Ордабасы сайлану

Оңай кәсіп деп пе едің?!
Аларда ел алғысын
Жау қарғысын қоса алған.
Әз Тәукенің «Жарғысын»

Жаза ала ма осал жан?!
Тентегі мен телісін
Тізгіндеген төте кеп.
Жөнге салды ел ісін,

«Жеті Жарғы» жетелеп.
Елдің шетін торымай
Еңкейсе де жатпаған.
Жырдағы ерлік – «Елім-ай»,

Қырдағы ерлік – «Ақтабан...»
Діңкелетіп төбеңнен
Дүйім жұртқа төнсе сын,
Сол «Елім-ай» көтерген

Езілгеннің еңсесін.
Арайланған арманнан
Алқабына дарып нұр,

Қожаберген жырау – 350
«Ақтабаннан...» сау қалған
Қаратабан халық тұр.
«Бұлт ала да, жер шола

Булықтырған шерім-ай.
Шұбыру жоқ болса да,
Әлі айтылад «Елім-ай».
Жоңғария жоқ, ғажап деп

Жүргендер бар боп мазақ.
Қазақия бар,
Қазақ деп,
Жанын үзген жоқ қазақ.

Көзін сүзген сәніме
Көршім бейне шырмауық.
Сейілмей тұр әлі де
Секемі зор бір қауіп.

Ұлттың жүгін жүгім деп
Ұл қалмады бөгелер.
Қат болып тұр бүгін де
Қожаберген деген ер.

1. Тебіну

Шұбырынды...
Ақтабан шұбырынды,
Шыдам атты шарт үзді
шығырымды.

Орыс, қытай құтыртқан
Себан Рабдан
Ойрандамақ ту тіккен
тұғырымды.

Шұбырынды...
Ақтабан шұбырынды,

Қожаберген жырау – 350
Тегі тарпаң тарих – бұл,
түбі мұңлы.
Босқан халық...

Алдан жау тосқан халық,
Кім төлейді қан-қасап
шығынымды?
Шұбырынды...

Ақтабан шұбырынды,
Түнек түнге батырмақ бүгінімді.
Самалды бел, саумал көл
жауда қалды

Сауғаға алды бұйрат бел –
Бұғылымды.
Шұбырынды...
Ақтабан шұбырынды,

Шәуліңізді шаптыққан
шыбын ілді.
Айла таппай, алқынды
ақылды хан,

Амал таппай, мұң басты
тұғыр ұлды.
Шұбырынды...
Ақтабан шұбырынды,

Отап кетті көк өрім шыбығымды.
Төрт ғасырға созылған бұл
шайқастың
Жарылқары белгісіз түбі кімді.

Шұбырынды,
Шұбырынды,
Шұбырынды...

2. Сарыжеліс

Қалмақтан қан-жоса боп тамам елі,
Қазақтың қалжыраған заманы еді.

Қожаберген жырау – 350
Бірі ойда, ағайынның бірі қырда,
Аулақта ат шалдырып аман ері.
Сөйлесе ерітетін сары майша

Қосағы Қожаекеңнің ару Айша
Төркіндеп туған елге бармақ болды,
Аңсатып Сыр бойының бағы майса.
Боларын кім біліпті, қандай заман,

Қалмағың аласұрған аңдай жаман.
Әкесі Қабылан би қартаң тартты,
Ер еді шүберекке жан байлаған.
Сипаты көрсетсе де кәрі нарды,

Қожаның жол жүрердей халі бар-ды.
Шын сүйіп, сыннан өткен жан жарының
Қайт қылмай, айтқан сөзін қабыл алды.
Қырынан әрең шыққан қиын қыстың,

Сәуірі ед мың жеті жүз жиырма үштің.
Төрт ұлмен қайын жұртқа келіп жетті,
Түбіне жеткендей боп түйінді істің.
Көрісіп екі жағы көзайым боп,

Айшасын әке құшты: «Боз айым!» – деп.
Торқасы қуаныштың сәлден соң-ақ
Тұрғанын сезбеді ешкім тозайын деп.
«Түнектен басқа түк жоқ төбеңде өзге», –

Дегендей демде тиді тебен көзге.
Қоршауда қалып қойды Қожаберген
Еліне енді аттанам деген кезде.
Аптапта кеткендейін ақпан ұлып,

Бір құйын ойнап өтті лақпа, бүлік.
Қалың қол бейқам елді таптап өтті,
Қапыда кеткен селдей ақтарылып.

Қожаберген жырау – 350
«Шал-шауқан, – деп жатпады, – кәрі білем»,
Жасанған жау деп ұқты бәрі кілең.
Қылышы қарақшының жалаң қағып,

«Ойнады» жүкті әйелдің қарынымен.
Тыл күшті, тылмен бірге шебі күшті,
Тексіздер нақақ қанды тегін ішті.
Беті ауған жаққа қашқан бейбақ қауым

Сеңдей боп бір-бірімен соғылысты.
Айырм-ай, жауы қай бет, елі қай бет,
Қамықты Қожаберген: «Елім-ай!» – деп.
Белсенді берік туған емен тұлға,

Теңселді: «Текпі көрген жерім-ай!», – деп.
Наймандар Алтай таудан ажырады,
Арқаны сарыуайым сазы ұрады.
Қаратал, Іле менен Шу, Балқашың

Қалмаққа қорек болды қазыналы.
Құтырып Шона Доба дүрегейің,
Зеңдірді зеңбірекпен Іле бойын.
Дулат пен жалайырды дөң асырып,

Шілдей қып шашыратты шүрегейін.
Көріп ед бұрында да жау шапқанды,
Ал, мынау қан-қасапқа саусақ малды.
Төле би амалсыздан Шуға шұбап,

Қаңлының қара орманы қаусап қалды.
Әр күнді, әуре қылып әр жұманы,
Қастықтан қарашы жұрт қалжырады.
Қоршауда қалып кетіп сіргелілер,

Шанышқы, Ошақтымен зар жылады.
Өмірдің өлмес жанға өкімі – сын,
Қазақсыз қара орманның жетімі шын.

Қожаберген жырау – 350
Қараусыз қараң қалған қайран жұртқа
Орнатты орыс келіп бекінісін.
Арман-ай, қазағымның жері қандай,

Малына шөбі шұрат, көлі балдай.
Шалғыны соғып аттың омырауын,
Ойпаңда қалушы еді көріне алмай.
Тек қана қалмақ емес қимылдаған,

Бұл жерге Бұхара, Хиуа, ұйғыр да алаң.
Тек жатқан түрікмен тұр тап бергелі,
Сөйтеді боларында пиғыл жаман.
Орыстың зеңбірегі осып көкті,

Ойраттың мейманасы өсіп кетті.
Топ оқтан өлгені өліп, қазекеңнің
Қалғаны жаяу-жалпы босып кетті.
Күйіктен күңіреніп қарғап көкті,

Қазақтан сансыраған салмақ кетті.
Арал мен Түркістанның арасынан
Басқа жер... басы бүтін қалмаққа өтті.
Не қалды енді қазақ хандығынан?..

Күн туды арты – тұман, алды – бұлаң.
Қайғыдан қан қақырған Қожаберген
Қамығып, ат үстінде салды бір ән.
Сүйекті сырқыратқан дені қайғы,

Сол әннің өшпес аты – «Елім-ай-ды».
Алайда, әнге сыймай шер қайғысы
Дастан боп жүйе-жүйе желі жайды.
Қағаз не, қаламың не ақпа арынға?!

Қожаекең шығарды оны ат жалында.
Ұрпаққа өлеңімен ұран салды,
«Қалма, – деп, – қу қалмақтың қақпанында».

Қожаберген жырау – 350
«Елім-ай» – күш-қайраты тасып екі,
Жанардан тамып түскен жасын оты.
Тірілген өшіп барып бұл қазақтың

Тағдыры,
Тауқыметі,
Қасіреті.
«Елім-ай» – еңіреген ана үні,

Бала үні – жолда қалған балалығы. 3. Тізгін тартар

Аққан жоқ теңіз теріс, тоған кері,
Үш ғасыр өте шықты содан бері.
«Алқакөл сұламадан» аман қалған
Жазылды бүкірейген қоғам белі.

Мінәжат еткен естіп сыбырымды
Тәңірім нәсіп етті бұ күнімді.
Өкшесі тасқа тиген «ақтабан» жоқ,
Жоқ және «сұламалы шұбырынды».

Қарсы алып сенімменен біз бүгінді,
Қолыма алсам-дағы тізгінімді,
Әлі де асыл бабам, Қожаберген,
Естігім келіп тұрар ізгі үніңді.

Ер керек бүгінге де елді ойлаған,
Пендеңіз елді ойламай, болмайды адам.
Ұрпағың өскен де жоқ, өшкен де жоқ,
Сойлы емес,

Емес және соры қайнаған.
Қиқулап салғанымен қырқа дүбір,
Ұлт болып өспей қойды ұлпа ғұмыр.
Қан төккен бабаларым байтақ жерде

Қазақтың бір-ақ уыс ұрпағы жүр.

Қожаберген жырау – 350
Десеңіз құмықпасын қазған тұма,
Дем берер бір іс керек аз халқыма.
Жоңғар жоқ.

Тек, жоңғарды айдап салған
Қос көрші жүріп жатыр бәз
қалпында.
Дертіме жасырмаған ем етіңдер,

Ауруын бүркеп бағар өлетіндер.
Әлі бар Қазақстан аймағынан
Өз «станын» көргісі келетіндер.
Алсам да азаттықтың ерте төрін,

Білемін бейқамдықтың мерт етерін.
Сақтығым қалғып бара жатқан сәтте
Есіме ап «Елім-айды» селк етемін.
Жан баба!

Қадым күннен төте келген
Мың сәлем қадамыңа мекен-елден.
Елді Сіз көтергендей «Елім-ай» деп
Халқымды «Халқым-ай» деп

көтерем мен.
Қанымда қыр ұлының салты
қайнап,
Жаныма жебеу болған жалқы

байрақ.
...«Елім-ай» дейін десем, ел
орнында,
Халқымды іздеп кеттім

«Халқым-айлап!»
Абзал БӨКЕН

Қожаберген жырау – 350

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ. «ЕЛІМ-АЙ!»

Ай аунап, жүйрік жылдар оза берген,
Ғасырлар көш-керуен соза берген...
«Елім-ай» болып жұртқа сәлем айтқан,
Есіл ер, ерен жырау Қожаберген.

«Елім-ай» өлең шығар, дастан шығар,
Дастанға сыймай тасып, асқан шығар.
«Қарындастан айырылған...» деген кезде,
Қазір де қара көзден жас тамшылар.

«Елім-ай» – зарым менің, шерім менің,
Шебімнен шарасыздан шегінгенім,
Біртұтас Алаш жұрты жау тигенде,
Білеміз бөлшектеніп, бөлінгенін...

«Елім-ай» – еңіреген ер ұраны,
Еңкейсе не болады ел ұланы!
Ескерткіш мәңгілікке соғып кеткен,
Жырауды ардақ тұтсын Елі мәңгі!

«Елім-ай» – шежіремнің тармақтары,
Ескерген келер күнге арнап бәрін.
«Елім-ай» – туым болып желбіреген,
Ерлерім ата-жұртын қорғап қалып!

Бас иіп Бұқар жырау «Ғаділ ерге»,
Тайдырмай бастан жыға әбігерде,
Ұрпаққа жеткізіпті жырыменен,
Ұстазын ардақ тұтып қалың елге!

Әйгілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы,
Әлдилеп «Елім-айды» көкей үні,
Өсиет «Бабаңды сүй» қалдырыпты,
Өмірден өкінішсіз өтейіні...

Қожаберген жырау – 350
Жатқанда тоқсан тарау жол айрылып,
Жұртына оғыз -түрік орай бұрып,
Рухына Қожаберген тағзым жасап,

Жыр төкті Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Мына жыр – сол сарынның жалғасқаны,
Жорықта «Елім-ай» жыр қол бастады.
Жұртымен Қожаберген қауышты ғой –

Жарқылдап асыл сөздің алдаспаны!
Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ

«ЕЛІМ-АЙЛАП» ӨТКЕН ЕР

Әрі батыр, әрі аты мәшһүр ақын-жырау Қожаберген
Толыбайұлы туралы толғау-терме
Келер ұрпақ бақытты,
Керуен уақыт кешігер,

Тоқтата алмас уақытты,
Атағын кім өшірер,
Ғасырлар үнсіз жатыпты,
Ұрпағын бүгін кешірер,

Қожаберген батырым –
«Елім-ай» деп өткен есіл ер!
Тыңдауға елім тұр дайын,
Бұған енді не дейін.

Ағыл-тегіл жырлайын,
Ұрпаққа айтып берейін –
Қожаберген дегенде,
Бүлкілдеген көмейім,

Арғы тегі – орта жүз,
Ашамалы керейім!

Қожаберген жырау – 350
Керейім ғой киелі,
Ағылған жырдың тиегі,
Тағдыры бар зиялы,

Таузар әулет сүйегі.
Көшебедей рулы,
Тұлпар аттай жүйелі,
Жалаңтөстей баһадүр,

Қожаберген жиені.
Арылып даусы мұңды үннен,
Қырандай самғап жырды ілген,
Үргеніш, Бұхара, Самарқанд,

Араб, парсы тіл білген,
Шуақ шашып өмірге,
Кеудесінен күн күлген,
«Жеті Жарғы» жазуда,

Жеті арыспен бір жүрген!
Биік таудай бек тұлғаң,
Көрінген сонау көк қырдан,
«Елім-айлап» ұлты үшін,

Дұшпан, жауын жоқ қылған,
Қалың қазақ жұрты үшін,
Тұла бойы от тұнған,
Он үш жаста бақ дарып,

Ақындыққа бет бұрған.
«Елім-ай» ғой астанам,
«Елім-ай» ғой асқақ ән.
Қазағыма тірелер,

Бар әулетім баспанам.
Киелі ғой бұл өнер,
Шектен шығып аспаған,
Текті атаның ұрпағы,

«Ата тектен» бастаған.

Қожаберген жырау – 350
Өмір ғой көздің ұшында,
Ұшырған жырмен құсын да,
Сан тараулы тағдырдың,

Қақаған қарлы қысында,
Тіршіліктің тұңғиық,
Аударып ішкі тысында.
Елдестірер елші боп,

Әз Тәуке хан тұсында!
Әз Тәуке хан қасында,
Айналып от жасынға,
Бар қазақтың салмағы,

Бір өзінің басында.
Не дер жүйрік жырауға,
Не дер қазақ асылға,
Ордабасы бола алған,

Жиырма бестей жасында!
Әз Тәукеден қол алған,
Қаймықпай дауыл, бораннан,
Қоқан, Хиуа, Бұхара,

Елшіліктен оралған.
Қолдағасын жақсылар,
Бойында асқақ мол арман,
Сол жиырма бес жасында,

Бас қолбасшы бола алған!
Сол қолбасшы, сол бабам,
Қолдау тауып ордадан,
Қырып-жойып жоңғарды,

Туған жұртын қорғаған.
Батыр болды еліне
Бір құдайым қолдаған,
«Ұстазым» атты толғауда,

Бұқар жырау толғаған.
Күн мен айлы аспанын,
Шомылдырып жас жанын,

Қожаберген жырау – 350
Өлшеулі бір өмір ғой,
Өте де шығар қас-қағым.
Туған елін таң қылып,

Алатаудай асқағым,
Тарихқа жазды мәңгілік,
«Жеті Жарғы» дастанын!
Қозғалыссыз тұрмады,

Тылсым үнді тыңдады,
Бұл өмірдің құпия,
Маза бермей жұмбағы,
Бір бақыты – батыр боп,

Жырау болды бір бағы,
«Алқакөлді сұлама»,
«Елім-айлап» жырлады.
Жауларынан саспады,

Дұшпанға сыр ашпады,
Алға түскен жоңғардың
Қаза болды қашқаны.
Жастай батыр атанып,

Жауын жерге жастады.
«Баба тілі» дастанын
Атажұрттан бастады.
Ақын боп жырмен ашылдық,

Батыр боп жауға ашындық,
Еліміз аман жұрт тыныш,
Жауларды жеңіп басылдық,
Аллам қолдап тәңірім,

Жаратқасын асыл ғып,
Толыбайұлы осылай,
Жырлады жырды ғасырлық.
Баба жолын із білді,

Тағдырды ащы тұз білді,
Арпалысты тағдырмен,
Жауға бермей тізгінді.
20-254

Қожаберген жырау – 350
Бір құдірет батырлық,
Бір құдірет сөз білді,
Ел намысын сақтаумен

«Гүлтөбеде» көз жұмды.
Көз жұмса да көкке енер,
Тарту еткен көпке өнер,
Ат үстінде күн кешіп,

Қанын ел деп төккен ер,
Жаңғырығып даламыз,
Үні бізге жеткен ер,
Несін айта берейін,

Қожаберген бабамыз –
«Елім-айлап» деп өткен ер!..

«ЕЛІМ-АЙЫМ» СЕНІҢ АРҚАҢ...

«Елім-айда» тәуелсіздік үні жатты,
Жүректерге запыран мұңы батты,
Болашағы ертеңге сенімменен,
Балбұлақтар, өзендер күліп ақты.

«Елім-ай» бостандықтың арманы еді,
Қазаққа үміт отын жалғап еді,
Аққу-қазы, қыраны қанат қағып,
Құстары келешекке самғап еді.

«Елім-ай» тәуелсіздік үміті еді,
Төбесіне төнген мұң бұлыт еді,
Азаттықты армандап, ай-күнімен,
Қазақтың жұлдыз тұнған ұлы көгі.

«Елім-айлап» күресті бар қазағым,
Тауқыметті тағдыр да салды азабын,

Қожаберген жырау – 350
Ерлері басын тігіп күресті елім,
Азаттығын күткендей таңғы азанын.
Алатаудың шыңынан ар көрінді,

Қайғы басқан қашаннан зарлы өмірді,
Желтоқсанның желі де «Елім-айлап»,
«Елім-айлап» қазағым қан төгілді.
Келешекке бүгінім сенім артқан,

Берекелі қазақтың елі дархан,
Тәуелсіздік күн туды Алатаудан,
Бәрі де «Елім-айым» сенің арқаң!..
Жүзді бұлттай керуен көші бірге,

Бет бұрып қолын берер досы кімге?
Тәуелсіз туым көкке желбіреген,
«Елім-айым» жеткізді осы күнге!
«Елім» деп ұран солай тастала ма?

Қозғаусыз ұлы көшім бастала ма?!
Ұлтына ұлы жырау «Елім-айлап»
Жеткізді ақордалы Астанама!..
Шөмішбай САРИЕВ

ДАУЫЛПАЗ ЖЫРАУ –

ҚОЖАБЕРГЕН

Ақберені, абызы алты Алаштың,
Куәсісің қаншама жанталастың...
Ел мүддесін қорғаумен өмір бойы
Ішкі-сыртқы жаулармен тайталастың.

Көшебенің тұңғышы ақыл қонған,
Арғы атаң – Жауынгер батыр болған.

Қожаберген жырау – 350
Темірланның талай жыл қолын бастап,
Әмірменен пікірлес, жақын болған.
Түпнағашың айбары көк тіреген,

Ордабасы Жалаңтөс көпті көрген,
Үзеңгілес баһадүр Дәулен атаң,
Жамал қызды алыпты текті жерден.
Әкең – сыншы Толыбай аты шыққан,

Дос сүйініп, атынан қасы ыққан.
Майлы шешен, Қарабас тархандардың,
Інісісің тәлімін жақсы ұққан.
Самарқанд пен Бұхара, Үргеніште,

Алған білім жатпады бұғып іште.
Ақ былғары бетіне сен хаттаған,
«Жеті Жарғы» – ата заң енді күшке.
Араб, парсы, шағатай тілдеріне

Жетік болып, мың шүкір білгеніңе.
Тәуке ханның атынан шет елдермен,
Елшілікке жарады жүргеніңе.
Ерліктерің көрсеткен майдандағы,

Жаудың талай жоспарын талқандады.
Бата беріп Әз Тәуке, Әнет баба,
Ордабасы көтеріп ел сайлады.
Жиырма үш жыл үш жүздің қолын бастап,

Аттан түспей жүріпсің жоғын жоқтап.
Ер Бөгенбай, Бақсары, Жәнібектер,
Тәлім алды шәкірттік жолын сақтап.
Жас келгенде беріліп терең ойға,

Ықыласың ауыпты Бөгенбайға.
Тәуке ханға мән-жайды түсіндіріп,
Орныңа сайлаттың құрылтайда.

Қожаберген жырау – 350
Сардарлықтан қолыңды үзген шақта
Шора болып сайландың керей-уаққа.
Елді шашау шығармай уысыңнан,

Есен-аман тапсырдың ер Асқапқа.
Тәуке өліп үш жүзді біріктірген,
Төрелердің ішіне бүлік кірген.
Хан болуға лайықты Қайып сұлтан,

Аңға шығып ажалын іліктірген.
Уақыт күтіп тұрмайды, зымырайды,
Басы піспей төрелер қыңырайды.
Бірін-бірі ұқпастан би, сұлтандар,

Қазақ қайта бөлініп ыдырайды.
Бөліп, билік құруды олжа көрген,
Әйтеке би без деді төрелерден.
Қауіп-қатер төнерін болжап айтқан

Әйтекені қолдады Қожаберген.
Мансап қуған үш жүздің шонжарлары
Би сөзіне елітіп толғанбады.
Төрелерді жиында ашық қолдап,

Батыр көсем қарадан сайланбады.
Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланып,
Күн-түн демей жатыпты той тойланып.
«Қамдан» деген ақылын Төле бидің

Ой жіберіп ұқпапты басы айналып.
Әйтеке би мезгілсіз қайтыс болып,
Кіші жүзге кетті ғой жайсыз соғып.
Бөгенбайдың қайнысы Әбілқайыр,

Әскербасы сайланды бақыт қонып.
Әбілмәмбет, Сәмеке сұмдық қылды,
Орта жүзді бөлшектеп билік құрды.

Қожаберген жырау – 350
Барақ, Қайып сұлтандар бас сауғалап,
Хонтайшымен құда боп құлдық ұрды.
Тоз-тоз болған береке қашып елден,

Жау қаптады әйелше шашын өрген.
Қайран болмай үш жүзге төрелерден,
Көріпкел би болжамы анық келген.
Орыс, қытай елдері құлақ түріп,

Жансыздардан отырды сұрап-біліп.
Қару сатып ойратты айтақтады,
Қазақтардан өздері жырақ тұрып.
Батыс, шығыс елінің ұлықтары,

Жат қолымен «жемтігін» сұрыптады.
Ұлан-байтақ жері бар қазақтардың
Кетсе екен деп тіледі құрып бәрі.
Дініміз бір өзбектер қырын қарап,

Түрікпендер өшікті сұғын қадап.
Айырбасқа Хиуадан мылтық алып,
Қазақ жерін ойы бар жырымдамақ.
Жау жағадан алғанда көні кепкен,

Жармасады екен ғой бөрі етектен...
Қазақтарға Бұхара да қару сатпай,
Одан сайын жағдайы кері кеткен.
Жан-жағының бәрі де қастық ойлап,

Қалжыратты үш жүзді аштық жайлап.
Төрелерге сенгені бекер шығып,
Аңғал қазақ өкінді бармақ шайнап.
Жоңғар-қалмақ сығымдап екі тұстан,

Қазақтардың өкпесін еді қысқан.
От қаруға оқ шашқан төтеп бермей,
Арлы-берлі үдеріп ел ығысқан.

Қожаберген жырау – 350
Алакөлде тұтанған ұшқын лаулап,
Алты алаштың алады ырқын жаулап.
Тең жартысын қазақтың жалмап жұтқан,

Ақтабанға ұласты қырғын нәубат.
Тәрбиелеп Төле би «Сабалақты»,
Дұшпан көзден жасырды аманатты.
Ер жеткенде шәкіртін хан көтертіп,

Абылайды үш жүзге бағалатты.
Хан Абылай өзіңнен бата алған,
Тайдырмады қазақты ата жолдан.
Ордабасы тауында басын қосып,

Үш жүз қолы бірігіп атқа қонған.
Сардарлары үш жүздің қолды бастап,
Қарақалпақ, Ноғайлар ерді қоштап.
Жұдырықтай түйіліп сарбаздары,

Атой салып қалмақтың қолын шаппақ.
Қаламастан жау тізе батырғанын,
Намыс буды үш жүздің батырларын.
Әдіс-айла, қолданып жаңа тәсіл,

Рух берді жорыққа шақырғаның.
Өз отанын қорғауға көп күш салып,
Қазақ қолы кірісті белді жазып.
Қалмақ-жоңғар ығысып жерімізден,

Жарылқады Жаратқан елді ғаріп.
Сол дәуірдің өмірін көзбен көріп,
Аманаттап жеткіздің сөзбен өріп.
Төрелерді, орыстың саясатын

Сынаған соң келіппіз сенен «жеріп».
«Елім-айлап» ерсің ғой еңіреген,
Жырды оқып толғанам, тебіренем.

Қожаберген жырау – 350
Тілді білсе тәкаппар Байрон ақын,
Кетер еді дос болып сеніменен.
Жыраулардың, ұстазы батырлардың,

Сыйынатын пірісің ақындардың.
Әнші, күйші, шешенсің орақ тілді,
Жүзі жарқын сенімен жақындардың.
Санай берсем тағы да қырларың көп,

Шабыт қозып кетеді жырлағың кеп.
«Қолөнерші, шабандоз, сынықшы» деп,
Жұрт білген соң менсіз де, қумадым көп.
Сұлтандардан тілазар, орашолақ,

Баба тілді жүріпсің арашалап.
Ата текті қаузаған шежіреші,
Кім сенімен шендесіп, таласа алмақ?!
Елдің қамын ойлаған тарлан баба,

Кер заманға ұсындың бағдарлама.
Байыбына барады құндылықтың,
Өзің тектес дауылпаз жандар ғана.
Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара,

Әр шәкіртің өнерде шапты дара.
Абылайдың айыртіл ақылгөйі,
Бұқар жырау өзіңдей шықты дана.
Жастайынан ұстазын сыйлап өсті,

Тәліміңді бойына жинап өсті.
Өмір бойы өзіңді мақтан тұтып,
Үлгі етіп Алашқа жырға қосты.
Әр пендеге несібе тартылады,

Жүк ауыры нарларға артылады.
Тұлға болу жазылған пешенеге,
Азаматтар ел үшін қайғырады.

Қожаберген жырау – 350
Сенен алып өнеге хас дәстүрді,
Сегіз сері, Махамбет жалғастырды.
«Жеті Жарғы» – Қожаберген» қоры сенің

Өнегеңнің өшпесін қамдастырды.
Гомерменен иықтас данышпаным,
Құтты болсын ұлтыңмен табысқаның.
Алмас қылыш, қолыңа қалам ұстап,

Қазақ үшін барыңды қарыштадың.
Көз жеткіздік, ұғындық қадіріңді,
Өнегеңнің қалдырған бәрі құнды.
Өмір сүрген жалтақтап замананың,

Тәуелсіздік алған соң зәрі сынды.
Құтылғанбыз бүгінде бодандықтан,
Көтерілді еңсеміз, сана бұққан.
Жоғалтқанын іздеген қазақ елін

Алла енді сақтасын жамандықтан.
Шекарасын белгілеп еліміздің,
Әр пұшпағы қорғауда жеріміздің.
Салтанатты Астана Арқадағы,

Кие қонған айбыны төріміздің.
Ұлтымыздың рухынан ажар тайып,
Кетпеу үшін сананы тазартайық.
Қабылдатты мәдени бағдарлама

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.
Терезені алғанбыз теңестіріп,
Енді бізге жүрмейді әбес қылық.
Бұрмаланған тарихты жөнге салып,

Алудамыз шындыққа үйлестіріп.
P.S. Ақсауыты кең байтақ даламыздың,
Аты өшпес дауылпаз бабамыздың.

Қожаберген жырау – 350
Тұрар әлі қасқайып ескерткіші,
Нақ төрінде ең басты қаламыздың!
* * *

Он жыл бойы соғысқа дайындалып,
Өршеленді жоңғарлар жанын салып.
Арқа сүйеп аш көзді көршілерге,
Жоймақ болды қазақты тауын шағып.

Ел аспаны қара бұлт жамылғанда,
Қандастары үдеріп сабылғанда,
Алдаспанға қаламын ұштап өскен,
Қарт жырауға дауылпаз дамыл бар ма?!

Қос ішектен зарлы күй төгіледі,
Қайран болмай қабырға сөгіледі.
Туған жерден еріксіз көшіп жатқан
«Елім-айлап» ел-жұрты егіледі.

Шау тартқанда қол бастар жастан өтіп,
Қайғы қосты қасірет бастан өтіп.
Қобыз алып қолына көргендерін,
Баба жырау жырлады дастан етіп.

Берекесін қашырған өрелі елдің,
Бетпердесін сыпырды төрелердің.
Тәлімдерін дәріптеп жырға қосты,
Қаз дауысты Қазыбек, Төлелердің.

Бос қайтқаны жіберген елшілердің,
Сатқындығы діні бір көршілердің,
Торға түскен арыстан кейпіндегі,
Зығырданын қайнатты есіл ердің.

Жыры болып халықтың, сыры болып,
Төгіледі қайғысы, мұңы болып.

Қожаберген жырау – 350
Жеке-жеке тоқталып тұлғаларға,
Шақырады бірлікке үні болып.
Жырыменен оятып бір ғасырды,

Қожаберген бабамыз бізге асырды.
Өлеңменен хатталып эпопея,
Жұмбағы көп дәуірдің сыры ашылды.
Кендебай АХАТ

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫҢ

СОҢҒЫ СӨЗІ

Лә иллаха илла Аллаһ,
Мұхаммад дүр расул Аллаһ!
Жебей көрші, Тәңірім,
Қолдай көрші, аруақ!...

* * *
Азуын айға білеген,
Төбесі көкті тіреген,
Қарсы да келген қас жауын,

Ақ семсерімен іреген,
Айбарлы жұртым Алашым!
Кеудесі тұнған жыр-өлең,
Алладан рахым тілеген,

Тамыры терең жайылған,
Өзегі мықты бір емен,
Айдарлы жұртым Алашым!
Атырау – Алтай арасын,

Жетісу – Арқа даласын,

Қожаберген жырау – 350 Найзаның қорғап ұшымен, Жерұйық жердің саясын Жайлаған жұртым Алашым! Заманмен тауып жарасым, Төмендетпеген бағасын, Қанаты кеңге жайылып, Қырандай бейне тау асып, Самғаған жұртым Алашым! Қасиетті дінін сатпаған, Құранның сөзін жаттаған, Талайлы ғұмыр кешсе де, Тамырлы тінін сақтаған, Аллашыл жұртым Алашым! Қырса да нәубет ұрпағын, Өткеріп тағдыр бұлтаңын, Күдіктен ойын арылтып, Үмітпен күткен нұр-таңын, Тәубашыл жұртым Алашым! Қастерлі Атамекенім, Қатерлі еді-ау кешегің. Азаттығыңды айғақтап, Түнектің түрші етегін, Арналы жұртым Алашым! Еңсеңді тіктеп, көтеріл, Елім деп өтсін өсер ұл, Бабадан қалған мұраның, Қасиетіне жете біл, Ордалы жұртым Алашым! *** Қазақтығым – қанымда, Алпыс екі тамырда.

Қожаберген жырау – 350
«Елім-ай» деп егілдім,
Жөнімді айтып қауымға.
Байлығым да, барым да,

Азаттығым – жанымда.
...Туған жерге ту тігер,
Туар әлі нар ұлдар!

«ЕЛІМ-АЙ» ДЕП ӨТКЕН ЕР

«Алла өзі алсын бізді панасына...»
Қожаберген жырау
Запыран құсқан заманның зарын айтатын,
Сұрапыл едің өзегі – өрт, жаны – мәрт ақын.

Ақ сауыт киіп ақ найза түйредің жауға,
Бостандық үшін күрескен сәруар хакім.
Тамыры текті бекзатым, асыл да туған,
Жүрегі түкті, санасы ақылға тұнған.

Шерлі де мұңлы зор дауысың «Елім-айлаған»,
Жетеді бізге жаңғырып ғапыл ғасырдан.
Қаламның ұшын қайғы мен құсаға малып,
Ілім іздедің Самарқанд, Бұхара барып.

Қараша үйден қара үзіп, қатардан оздың,
Тілекшің болып әманда бұқара халық.
Сусындап Шығыс өлкенің шайырларынан,
Жүректі қозғап, ұсындың қауымға жыр-ән.

Сөз бастап, бірде қол бастап атойлап шықтың,
Даланың ғана заңына бағынған ұлан.
Батырлық рухтың тамырлас, жалғасы болған,
Баһадүрім-ай, тарихта таңбасы қалған.

Қожаберген жырау – 350
Сен шерткен шерлі жыр-қисса, шежіре-дастан,
Құйылған сынды батпандай қорғасын ойдан.
Қазақы қаның туласа арман мен кектен,

Азаттық үшін алыстың жаулармен де өктем.
Қалың ел сеніп, өзіңді қолбасшы сайлап,
Құлағын тосқан сөзіңе хандар мен бектер.
Қайран да қазақ шұбырып «Ақтабанда» да,

Тап болған шақта жалаңаш, аш заманға да.
Керуен де керуен жұртыңа жұбаныш тілеп,
Мінәжат айттың күні-түн Жаппар Аллаға.
Тілім де тілім боп кеткен тіліңді ойлап,

Дендеген шақта кәпірлер дініңді бойлап,
Алысып өттің арысым жауларыңменен,
Қызыңды күң қып, әкеткен ұлыңды байлап.
Балуан бабам жауырыны жер иіскемеген,

Жігері мығым намыс пен жеңіске деген.
Білектің күшін ақыл имен иманға байлап,
Құранның сөзін құп алып, терістемеген.
Сен туған өлке құнарлы, қарағайлы орман,

Қызылжар маңын шұрайлы жағалай қонған.
Қалың қол жиып қайыспас толағайлардан,
Қорғадың ел мен жеріңді қомағайлардан.
Тегіңнен тартып санаңа тағылым қонған,

Қазығын қаққан ордаға абызым болған.
Өзіңдей нағыз ұстаздың жанына еріп,
Үмбетей менен Бұқарлар тәліміңді алған.
«Елім-ай» жырың қаралы тарихым менің,

Алаштың қайрап намысын, жанитын кегін.
Өзіңдей дана ғалымның хаты болмаса,
Жылдардың зұлмат түр-түсін танитын ба едім?!

Қожаберген жырау – 350
* * *
...Елім деп өткен есіл ер, жерім деп өткен,
Намысын елдің қайрадың сөзіңмен өктем.

Қанқұйлы ғасыр дастаны – «Елім-ай» жырың,
Кітап боп қалың тұр енді төрімде көптен.
Оқысам кейде жырыңды жасындай бабам,
Ұйып тыңдайды әр сөзін асылдай балам.

Сәл ойға шомып, мақтанып, дейді ұлым маған:

– Өскенде мен де

Ер Қожаберген батырдай болам!..
Алмат ИСАДІЛ

ҚОЖАБЕРГЕН БАБА РУХЫНА

«Қожаберген ғаділ ер,
Қадірін білген қалың ел.
Бөгенбайдай батырға
Билігін берген ардагер.

Қожекеме Бөгенбай
Шәкірт болған жан еді.
Сайлатқан оны ұстазым,
Қарадан шыққан хан еді».

Бұқар жырау. «Ғаділ ер»
Халықтың сөнер болса шамшырағы,
Тарих та көз жасына малшынады.
Басына туған елдің күн туғанда

Қарадан халқын сүйген хан шығады.
Шер тұнып домбыраның шанағында,
Батқанда қасіреттен дала мұңға,

Қожаберген жырау – 350
Қолбасшы, сардарбегі – Қожаберген,
Қазаққа тұтқа болған заманында.
Астарлы ақиқаты ашылмаған,

Жоңғардан жапа шеккен ғасырда алаң,
Шындықты шырқыраған шежіре етті
Ғаділ ер – Қожаберген, асыл бабам!
«Алқакөл сұлама» күн елестеді,

Басынан бұл қазақтың не көшпеді?
Жұртымыз жылағанда «Елім-айлап»,
Жұбатқан Қожаберген емес пе еді?
Тұс-тұстан ата дұшпан анталаған,

Үмітін үш жүзімнің балталаған.
«Елім-ай» – қиын күндер дерегі ғой
Халқымның қайғы-шерін арқалаған.
Қайғырса «Елім-айлап» жылап алып,

Қайралып, қайта көшкен бұла халық.
Тарпаң жыр,
Тархан ғұмыр тарих сырын
Тұмардай еске салып тұрары анық.

Қалмақтар қанға малып кең өлкесін,
Көшкен жұрт жау көргенде көлеңкесін.
Қайтпас ер, қажымас нар – Қожаберген
Көтерген жасын жырмен ел еңсесін.

Жанарын ыстық жасқа бұлауменен,
Босқан ел жанға сауға сұрауменен.
Баталы Бұқар бабам сол заманда:
«Ұстазым – Қожаберген жырау», – деген.

Танылып заңға жүйрік кемел жері,
Ел үшін маңызды істе еленді ері.
Әз Тәуке «Жеті Жарғы» заң жаздырған,
Даланың дархан ойлы кемеңгері.

Қожаберген жырау – 350
Көгерткен көрікті оймен көсегені,
Қазақтың Қожаберген көшелі ері.
Билерден беделімен басым түсіп,

Абылайға ақыл айтқан көсем еді.
Қалардай қарсы келсе қаймығып хан,
Ақберен ақын ел деп қайғы жұтқан.
Үмбетей, Ақтамберді, Тәтіқара,

Өр жырын бабамыздың үлгі тұтқан.
Бөгенбай, Көшек батыр, Асқан, Жабай,
Ақпанбет, Жайнақ жаудан жасқанбады-ай.
Болған соң пірі олардың Қожаберген,

Қала ма батыр рухы аспандамай.
Бесігін «бозым-айлап» тербеткенмен,
Қайран ел үміт күткен жөргекті ерден.
Қазақтың арғы-бергі бар тарихы,

«Елім-ай» дастанында өрнектелген.
Бірлікті айнымайтын мұрат қылып,
Басынан күйкі мұңды лақтырып,
Бабаның өзі айтады өз жайында,

Байқасаң әр сөзіне құлақ түріп:
«...Атанған бабам Ғали Ашамайлы,
Өсірген мыңдап тайлақ, құлын-тайды.
Сібірге ұрпақтары қоныстанып,

Ел болып ерте кезден қанат жайды.
Мекендеп Тобыл, Ертіс екі арасын,
Қазақтың күйге бөлеп ен даласын,
Сауықшыл орта жүздің керейі едік,

Үш жүздің жат көрмеген еш баласын».
«...Арғы атам – ту ұстаған ер Көшебе,
Қай батыр тең келіпті Көшебеге,
21-254

Қожаберген жырау – 350
Қазақтың кейінгі жас батырлары,
Жұрт ұстап, Көшебедей меңгере ме?»
«...Атыма көптен қанық қазақ, ноғай,

Есімім – Қожаберген, әкем – Толыбай.
Бөгенбайдан бұрынғы ордабасы ем,
Үш жүзде сардар болған қалың қолға-ай».
«...Қалмақтың қамалдарын бұзған талай,

Әз Тәуке тұсындағы қолбасы едім.
Кейінгі ақындарға нұсқа айтқан,
Қазақтың аға жырау жорғасы едім».
Жайылған сахараға күллі атағы,

Жампозым осылай деп тіл қатады.
Жылдардың желкенімен жеткен үні
Көз жасын жылағанның құрғатады.
Тұлпарды тани білген жүрісінен,

Қарт бабам – қазыналы ырысым ең.
Дауылпаз ақын да өзің, батырда өзің,
Қаламын тең ұстаған қылышымен.
Ел үшін басты тігіп бір өлімге,

Түн қатқан талай жылдар сүреңінде.
Ұрпақтың қамын жеген ұлы бабам,
Халқыңның мәңгі қалдың жүрегінде.

Қожаберген жырау – 350

ЕЛІМ-АЙ

(Қожаберген жырауша)
Басынан Қаратаудың көш келеді,
Сұлама, зарлы күндер сес береді.
Жан баба, ұрпағыңның әз басынан,

Тамұқтай талай зұлмат көшкен еді.
Қапыда құнттамаған ештеңені,
Қазаққа ақиқат сыр кеш келеді.
Тарихын жирен орыс бұрып жазып,

Тағдырын тағы да орыс шешкен еді.
Жан баба, сөге көрме ұрпағыңды,
Демеймін қасіреттен жұрт арылды.
Аспан көз, аузы түкті шегір көршің

Діңкесін ұрпағыңның құрта білді.
Көргеннен көп екен-ау көрмегенім,
Мұңдансам «Елім-ай» деп шерленемін.
Кеткен соң қолдан билік, бастан ерік,

Қалайша дүниені кең көремін?
Бабаның сөзі бізге ем болмады,
Қаймана қазақ кімге жем болмады?
Жиырмасыншы ғасырдың алапаты

Жоңғардың шапқынынан кем болмады.
Бәлшебек, қайыс белбеу бастық болды,
Амалы ел қырудың аштық болды.
Тарыдай тентіретіп, тұздай құртып,

Қазаққа ойлағаны қастық болды.
Ол заман, ажал аран ашқан заман,
Тіреліп тығырыққа сасқан заман.

Қожаберген жырау – 350
Аштық пен зобалаңның құрығынан
Шұбырып, шекара асып қашқан заман.
Соңынан соғыс келді, неміс келді,

Көп қала жермен-жексен тегістелді.
Айырылып талай қыршын боздағынан,
Зардабын жалпақ қазақ тегіс көрді.
Артынан атом деген бәле келген,

Алыстай қоймады ғой әлек елден.
Даламды айналдырып полигонға,
Қырғынды қыр қазағы және көрген.
Көп өтпей заман келді орыстанған,

Өтірік айла тауып болысқаннан.
Тың игеру дегенді желеу етіп,
Арқаға мыңдап орыс қоныстанған.
Асығыс қырға қонған құмарланып,

Орыстың саясатын ұға алмадық.
Әліптің артын бақпай ана тілім,
Әп-сәтте шыға келді шұбарланып.
Жан баба, жырлап едің баба тілін,

Тілдің де қайырылды қанаты мың.
Өз елім, өз жерімде әлі күнге,
Өгейдей жаутаңдайды ана тілім.
Бұл күнде азат елміз егеменді,

Тәуелсіз ел деген сөз шегеленді.
Өз қолым өз аузыма жете бере,
Жемқорлық деген пәле ере келді.
Адалдық, асқақ мұрат тәмам болды,

Пиғылы шенеуніктің жаман болды.
Ақырзаман таяу ма деп қорқамын,
Қара қытай қаптаған заман болды.

Қожаберген жырау – 350
Төсінен Сарыарқаның көш келеді,
Тайлағы құр бақырып бос келеді.
Алдыңды көре алмаған жаман екен,

Екі көзден еріксіз жас келеді.

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУДЫҢ

АСҚАП БАТЫРҒА АЙТҚАНЫ

Тебінгі теуіп түн қатқан,
Терлігін ерде құрғатқан,
Қасқая шауып қиырдан,
Көк Тәңіріге үн қатқан.

Еңку-еңку еңсерген,
Ер үстінде теңселген,
Еркіндікті еп көрген,
Еңселі жұртын сеп көрген,

Бас асау бабаң басынан,
Дүрия дәурен өткерген.
Сен сол тектінің тұяғы
Бүгінге Тәңірі жеткерген.

Ереуілдей жасанып,
Қарауылдай қасарып,
Елдің мұңын мұңдадың,
Қалмақты қырмай тынбадың.

Мақтан етсе жарайды ел,
Өзіңдей асыл ұлдарын.
Атыңды ел деп арыттың
Алашқа ісің таныттың.

Атаның ғана ұлы емес,
Ардағысың халықтың.
Атамыз біздің Ғұн еді,
Ашина тауда түнеді.

Қожаберген жырау – 350
Құртқа анамыз демеген,
Ұмай анамыз жебеген,
Көкбөрі киең түзіліп,

Үйіркөктен үзіліп,
Абадан шыққан арланнан,
Қияға қарап қамданған,
Ердің сойы сен дедім,

Азаттықтың жолында
Жана берсін еңбегің.
Аман болсын өзіңдей,
Бөрі текті ерлерім.

Темірғали КӨПБАЕВ

БАС САРДАР

(Қожаберген жырауға)
Батыр десем, жауға түскен салмағы,
Түмен-түмен қол төңкерген арланы.
Ширек ғасыр жоңғарменен соғыста

Қол бастаған қазақтың бас сардары!
Жырау десем, биік қойған мұратын,
Таңдайынан дауылды сөз туатын.
Отты жырын тыңдағанда сарбаздар,

Жалау тіктеп «жау қайдалап» шығатын.
Күйші десем, жорықтарда түн қатып,
Келген абыз сақалына мұз қатып.
«Елім-ай» боп төгіледі пернеден,

Домбыраның тұла бойын сыздатып.
Дана десем, асу бермес асқарым,
Тарихынан сыр шертеді тастағы үн.

Қожаберген жырау – 350
Тәуке ханның жарғыларын жасасып,
Жазып кеткен «Жеті Жарғы» дастанын.
Елші десем, хандықтардың санасын

Билей білген ерді қайдан табасың?
Парасатпен елдестірген сол қазақ
Түрікмен, Парсы, Хиуа, Қоқан арасын.
Діндар десем, Алла деуден танбаған,

Араб, парсы тілдерінде сарнаған.
Шариғаттың шамын іздеп шарқ ұрып,
Самарқанд мен Бұхараны шарлаған.
Ұстаз десем, айналаға жөн айтқан,

Асыл құны ат көтермес сөз айтқан.
Тәтіқара, Үмбетейлер үлгі алып,
Бұқар жырау «Ұстазым» деп өзі айтқан.
Асыл текті Қожаберген ер бабаң,

Өр тұлғасын уақыт өзі сомдаған.
Ей, қазағым, сол жыраудың тілімен
«Елім-ай» боп төгіліп ед шер-налаң.
Енді, қазір сол хас батыр хақында

Айтар наз көп алабүйрек ғасырға.
Жасықтарды алмастырып шатастық
Ақ алмастай жарқылдаған асылға.
Қайран бабам...,

Езді бүгін ер қылды,
Құл-құтанның сөйлер жерін төр қылды.
Көлеңкеде қалмау үшін мәстектер,
Алыптардың атағына тор құрды.

Бодандыққа бой үйреткен бор кемік
«Елім» деген ердің сөзін қор қылды.
Төрт ғасырдан бері қарай қазақтың,
Көкірегінде аунақшыған сол жырды,

Қожаберген жырау – 350
Көбесінен сөккісі кеп біреулер,
Төбесіне қарға-құзғын қондырды.
Айтпайды олар Бөгенбайға қалдырған,

Хан тағынан кем соқпайтын орныңды.
Қайран қазақ!
Самға, талма, көкті кез,
Қайда сол бір хас қыраның отты көз?!

«Елім-ай» деп өткен есіл бабамды
«Ерім-ай» деп еске алатын жетті кез!

ШЕРЛІ ТАРИХ ДАСТАНЫ

Қалмақтар аса жауыз жыртқыш тектес,
Қорлығы ол сұмдардың естен кетпес.
Қожаберген жыраудың
«Елім-ай» шерлі дастанынан.

Айқасқанда алмас қылыш суырып,
Шайқасқанда жау тізесі бүгіліп,
Садақ жақты жырау шығып келеді,
Қан майданның ортасынан жырылып.

Шоңдарына шоқпар сілтеп келеді,
Нарларларына найза түйреп келеді.
Қолмен бұрап қоңтайшының айдарын,
Қалғанына қамшы үйіріп келеді.

Қаһарына мініп алған қарт жырау,
Келе жатыр, сақал, қасы ақ қырау.
«Қалмақтарға орыс, қытай болысып»,
Қазақтарды шауып жатқан шақ мынау!

Қожаберген жырау – 350
Қыз-қатынды жауға олжа ғып бөлдіртсең,
Жер бетінде одан өткен қорлық кем.
Ел қайғысы езіп келеді еңсесін,

Маңдайына удан да ащы сор біткен.
Айырылып мыңғырған мал, түліктен,
Қанша қазақ мекенінен үріккен.
Бір жағынан қоқаңдайды қоқандар,

Түн ұйқысын төртке бөліп түрікпен.
Сонда-дағы ел намысын ту қылып,
Жауға шапқан ердің жайын жыр қылып.
Естен кетпес сұм зұлматты сол жырау,

Қыл қобыздың шанағына сіңдіріп,
Күңірене жырлап кеткен дейді жұрт,
Көзбен көріп, кеудесіне тұндырып,
Көкірегін жанартаудай кернепті,

Шерлі күннің шежіресі булығып.
«Елім-ай» боп жетті бізге тарих,
Шыңыраудан шыққан үндей шыңғырып.
Баға жетпес жәдігерің сол болар,

Болшаққа алам десең үшін үлгі қып.
Ерлерім-ай айтқан сөзі серт болар,
Бұдан өткен қандай асыл, тек болар!
Ұрпағымыз жылап жүрмесе екен деп,

Көз жасымен дастан жазып кетті олар.
Сол дастанда бабалардың серті бар,
Сол дастанда жүректегі өрті бар.
«Елім-айды» тыңдап өскен анадан,

Елін ойлап еңірейтін ер туар.
Бір кездері басымыздан озған бақ,
Қайта оралды, енді қандай сөз болмақ?!
Ел болуым ертегі боп қалар ма ед,

«Елім-ай» деп боздамаса сол боздақ?!

Қожаберген жырау – 350

БОСТАНДЫҚ КӨШІ

Исі алаштың арманы болып,
Ғасырлап күткен азат күн.
Талайын естен шығарғаны рас,
Қаймана көрген азаптың.

Алайда, бүгін мен саған арнап,
Салмағы жерей сөз айтам,
Қазақстаным – жер бетіндегі
Жалғыз Отаны қазақтың!

Буынсыз тілім бұралаңдамай,
Жүректе жатқан сөзімі айт.
Шет жақта жүріп, шет қақпай көріп,
Шерменде болған кезімді айт.

Өз елімде де өзгеден төмен,
Өмір кешетін өзімді айт.
Сырт жақта әлі жаутаңдап жүрген,
Қандасым – қара көзімді айт.

Іледей жөңкіп, Ертістей толқып
Ағарын жалғап қоса алмай,
Көкірегіндегі сағыныш толы,
Буырқанып жатқан сезімді айт.

Сан ғасырлардан әлі бітпестен,
Сарпалдаңға оны салған көш,
Қапыда жауы, қара нарының
Бұйдасын кесіп алған көш.

Белдің астында ботасы боздап,
Жете алмай әлі жүр неге?
Бостандық іздеп, көңілді зары,
Көзінің жасы тамған көш.

Азаттық үнін естігенде алғаш
Сәждеге кетіп көшеде,
Еңкілдеп жылап, еңіреп жеткен,
Халифа атамнан қалған көш!

Кеңсірігімді самалға тосып,
Сағынышқа удай ашыттым,

Қожаберген жырау – 350
Дүрия киген дүние жалған,
Көңілімді неге жасыттың?!
Алпыс да екі тамырымның қанын,

Тықыршыттым да тұлпардай,
Туым қадалған тұғырлы мекен,
Өзіңе қарай тасыттым.
Алламның салған махаббаты бар

Жұдырықтай мына жүректе,
Қоңыр таулардай қойыны жұмбақ,
Қоңыр қазаққа ғашықпын!
Сүйемін, сөйтіп...

Қайғысын көрем не түрлі,
Һәм көрем сенің өзгеге кеткен өшіңді.
Зобалаң жылдар
Даладай дархан көңілімен,

Бауырыңа басып өсірдің кірме, жетімді.
Қайран Отаным, қазағың неге шетте жүр
Кенесарының кесілген басы секілді?
Алай да дүлей ұйтқиды дауыл ішімде,

Бәрібір айтам, сен түсін, мейлі түсінбе.
Әй, неге рас батырларымның басы жоқ,
Оспанның бассыз денесін көрем түсімде.
Бассыз халықты басынбайтұғын жан бар ма,

Бес күндік жалған өтер-кетер арманда.
Ертеңің үшін еңіреп туар ұлдардың,
Езіледі ішің елдің сыртында қалғанға!
Тас қамалдарда талауға түскен тағдыры,

Көп елдің әлі көкейде жатыр зар-мұңы.
Босағаң төрдей бостандық желі аңқыған,
Бейопа күннің бостандық екен бар құны!
Амандығыңды Алладан сұрар ағайын,

Қазақстаным – бүкіл қазақтың жалғызы!
Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

Қожаберген жырау – 350

ҒАСЫРЛАР ҚОЛАМТАСЫНАН

ЖЕТКЕН РУХ

(Қожаберген баба рухына)
«Көк темір көсеу арқалап»,
Күндік жол басқан күлікпен,
Толағай жартас жастанып тыныштығымды іріткен.

Қыл құйрығын тұлпардың адырна басы байлаған,
Қазақтың қанын жемі етіп жантықтан нөкер сайлаған.
Жер түбі кеткен Ерлердің желкілдеп туы келгенше,
Көр түбі кеткен Ерлердің қырық шырағы сөнгенше.

Алатауымды арбаған,
Қаратауымды қандаған.
Көкірек толы шерімді көметұғын жер таппай,
Шер құрсаған жанымды жуатұғын көл таппай.

Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Қазақ қанына құмар күн!
(Сен әкелген қайғыны ұмытпаған шығармын...)
«Есілдің бойы ен тоғай...»

Елім тозған кезінде,
Ел басына ауыр күн қолын созған кезінде.
«Елім-айлап» сен шықтың ата рухы дем беріп,
Аңырақай бойына аңыраған толды өлік.

Атаңа нәлет қалмақтың қабандай белін сындырып,
Ит жемейтін сұм басын иір найзаға ілдіріп.
Итішпестің айдынын қызыл қанға шомдырып,
Баянтаудың сай-қырын жат сүйекке көмдіріп.

Жатындасын түгендеп,
Қол бастаған түмендеп,
Бөрібас ту көтеріп жауға шапқан сүрендеп.
Таспиықтай түгендеп, саусақ бүгіп санадым,

(Сендей ердің даңқына зәру еді дала бұл...)

Қожаберген жырау – 350
Аспандағы жарық Ай айбын берді жолыңа,
Қуат берді қолыңа.
Үйде қалған есті ару есікте белін байлады,

Түзде қалған төсті ару бесікте қолын байлады.
Қошқар мүйіз құба тау –
Қылыш бауыр мына тау,
Қарашада қар түспей қырау түссе деп күтті,

Сені аңдыған дұшпанға бұрау түссе деп күтті.
Жол бастадың түнімен,
Қол бастадың күнімен,
Айқайыңнан дұшпанның берекесі іріген.

Сен, сен болдың, сен болдың,
Еңіреген ер болдың.
Еңіреген сертіңнің арқасында ел болдым!
Бұлақ едім – көл болдым,

Тәңірінің сынар шағында тау көшірген ер болдым,
Мен, мен болдым, мен болдым!..
(Сонау жылдар қайғысын бәлкім біреу ескермес),
Түйсігімде қалды ұзақ, жебе сеуіп өткен кеш...

.............................
Өткен заман ізіне қарап тұрмын тістеніп,
Әрбір тамшы қаныңнан мың қызғалдақ ұшты өніп,
Сендер берген ұлы рух сенім болып тұр, әне,

Байтақ Қазақ еліне ескірмейтін күш болып...
Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ

ҚОЖАБЕРГЕН

Қара түнді қақ айырған жебесі
Баһадүрді ұмыттық біз неге осы?
Қазақ жерін қорғапты Ол,
Қан саулап,

Қара жерге көмілгенше денесі.

Қожаберген жырау – 350
Аямапты аяр жауын, дұшпанын,
Ен даланың жастаныпты пұшпағын.
Қоғалы көл, қом суларды жырлапты

Көңілінің шаңқылдатып құстарын.
Сақтай сардар бес қаруын қолға алса,
Сап түзепті салуалы қол орманша.
Шақырыпты жекпе-жекке ұран сап,

Атылыпты айқасқанда көкжалша!
Түнергенде қабағы пәс күрең шақ,
Жау ішіне кіріпті өзі түрен сап.
...Тұяғынан түз сілкінген күрең ат

Балуан бел бабаларды жүр аңсап!..
Кісінейді түгі түлеп, тұлпарым,
Дауысынан керуен көшіп мың сағым.
Ер Бабаның,

Неге мына жануар,
Танымайды ұрпағының ұрпағын?!..
Осыны ойлап құса құштым, дерт іштім,
Әй, дүние-ай, көзді арбайтын көркі ұшқын.

Сом бабаны ұмытуға бола ма,
Өзің айтшы, ей, өр толқыны Ертістің?!
Қасіреті қара тастай, батпандай,
Ойлан, Алаш! Ол өткерген шақ қандай?!

Архивтерден әлі-ақ аршып алар деп,
Баба рухы бізді күтіп жатқандай!..

Қожаберген жырау – 350

АМАНАТ

Жас келіп көздеріне мөлт-мөлт етіп,
Қарайды таудың тарғыл тастарына.
«Елім-ай» дастанынан
Буырқанған жай отындай бұлт ішінен,

Айбынды ой, айбарлы сөз – ғұрпы шүлен,
Сен неге жатсың үнсіз әлі күнге,
Бағзы жыр бабалардың рухы сіңген?!
Қу қонған қиқулы көл, құмыл далам,

Қазақ па, қасиетіңді ұғынбаған.
Оқысам, өзен ұлып өзегімде,
Көз жасым ақ парақта шымырлаған...
Ол айтса, мақұлдапты ұлық пәндең,

«Бар ғой, – деп, – көкіректе тұнық сәулең».
Өткен күн бізді сірә, ұмытар ма,
Өткенді өскін ұрпақ ұмытқанмен?!
Ұмыттық, уа, Жаратқан, тағы нені?

(Әр қазақ – бір-біріне бауыр еді).
Басынан қаралы көш шұбап көшкен,
Қаратау, қайғың неткен ауыр еді?!
Ия, рас, сенің қайғың – менің қайғым...

Тұр аман, шүкір, тәуба, көгімде Ай, Күн.
Әйткенмен, «Елім-ай» деп еңіреген,
Ұғамыз ер бабаның сөзін қай күн?!
Ұстатпай шылбырынан дәуір-қашқын,

Тар заман – тасын бастың, тауын да астың.
«Өз басын ойласа тек Ер дегенің,
Көз жасы кешіре ме Қарындастың?»

Қожаберген жырау – 350
Дегендей жырау кейде қапалы үнмен...
(Боздайды боз беткейде боталы інген).
...Бейуақ Күн астында күңіреніп,

Қобыздың күйін тыңдап жатамын мен...
Алмадым одан артық үн қайтара,
(Ол сырын күнге айта ма, түнге айта ма?)
Тарихын танығысы келсе қазақ

Оқысын «Елім-айды» мың қайтара.
Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ

ЖАУ ШАПҚАНДА

«Тәуке хан қайтыс болған соң қазақ халқы
бірлігінен айырыла бастады, алауыздық өршіді.
Осыны пайдаланған жоңғарлар қазақ жеріне
қапыда шабуыл жасады...»

«Қазақстан тарихы» оқулығынан
Дей көрмеші «мынау нені қозғады»,
Жау шапқанда есімде ел тозғаны.
Алатауым ала бөтен дауыс сап,

Қаратауым қарс айырылып боздады.
Сабырымды өлеңіме сарқайын,
Сезінбесем жыр азабын тартайын.
Жау шапқанда Тарбағатай зарлады,

Күңіреніп, қайғы жұтты Алтайым.
Ұлытаудың қабырғасы сөгілді,
Балқашымнан қаншама жас төгілді.

Қожаберген жырау – 350
Қасыреттен далам жатты дал-дал боп,
Жоңғар шауып, бұлт құрсады көгімді.
Жау шапқанда түсті қанша шаңырақ,

Бірін-бірі ел жоқтауда аңырап.
Қауымдарым азар болды жамырап,
Ауылдарым мазар болды қаңырап.
Жау шапқан кез еске салар құйынды,

Қайтып айтам ұшқан бақыт, күйімді?
Жекпе-жектен тайсалмайтын ерлерім
Қапы қалып, тау-тау болып үйілді.
«Елім-айлап» шығарамын дауысымды,

Қапияда құдай атсын жау сұмды.
Аруларым аруаққа айналып,
Бесіктегі балам дағы шаншылды.
Жоңғар жауым қойнына тас тыққан,

Айдаһарға айналғандай қастықтан.
Қазақ қалай өз елінде бодан боп,
Қазақ неге көз жұмады аштықтан?!
Енді қалай болады екен тірлігің,

Туған елмен бірге еді ғой кіндігің.
Ынтымағым айрандай ед ұйыған,
Іркіттейін іріді ме бірлігім?!
Жау шапқанда тынысым да тарылды,

Кім ұрлады ырысым мен барымды?!
Ең болмаса бірлігімді қайтаршы,
Тыңда, құдай, «Елім-айды» – зарымды!
«Елім-ай, елім-ай...»

22-254

Қожаберген жырау – 350

БАБА РУХЫМЕН СЫРЛАСУ

(Қожаберген Толыбайұлына)
Рухыңа бас иемін, тұғырлым-ау,
Ел қорғап сан сүрініп жығылдың-ау.
Мен сендей сом алтынның сынығымын,

Майданнан еш кем емес ғұмыр мынау.
О, бабам!
Ескерткішім – жыр, сарыным,
Төбемде баянды боп тұрса күнім.

«Елім-ай» жырыңдағы үніңмін – мен,
Қорғаған жеріңнің бір жусанымын.
Жау шапса жер апшысын қуырғандай,
Сендей ер ел қорғауға туылғандай.

Жырларың өр Рухымның сауытындай,
Күйлерің ұрпақ үшін дулығаңдай.
«Елім-ай» зары келер құлағыма,
Алланың шыдап бердік сынағына.

Дәуірмен бірге мен де жыр оқимын,
Қазақтың Қожаберген жырауына.
Ел азбас құшағында ақын барда,
Өзегің өрт боп еді аһ ұрғанда.

Жаныңа жалғыз Хақтан жақын бар ма
Жауыңа жебе болып атылғанда?!
Елдікті ұрпақтарың саялаған,
Қанатын қыран құстай жаяды адам.

О, бабам!
Майдандарда найза болып,
Иманын бейбіт кезде аялаған!

Қожаберген жырау – 350
Ғасырлар ел жарасын емдегендей,
Қазағым Жерұйығын көрген елдей.
Ақындар өмір сүрер аңыз болып,

Батырлар күн кешеді өлмегендей!
Саят ҚАМШЫГЕР

ҰЛЫ ЖЫР

Жазира жапан түз жамылған кежім – жыр,
Тарихым қашалған тастарға көгілдір.
Күн түбін жаңғыртқан тұлпардың тұяғы,
Жұп-жұмыр әлемді айбатым кезіп жүр.

Тамырым тараған көк мәрмәр тастардан,
Бұтағым бұлдырап көрінер аспаннан.
Қаны мен жасына қауырсын суарып,
Еһ, есіл бабам-ай!

Хұсни хат жазған.
Орманбет өлгенде,
Он ұлым бүлгенде,
Дұшпаным дүбірлеп, ат ойнап іргемде.

Көлікке қос артып еңіреп ел көшті,
О, жалған!
Ес кетіп, бақ ауды бізден де.
Омбыдан ойқастап ышқынған қара жау,

Қу қонбай құлазып мұнартқан жағалау.
Ежелден дұшпанның көз сұғы сұқтанған,
Самұрық қанаты
Талатын далам-ау.

Шығыстан ысқырып жебесі қалмақтың,
Жел қуған тағдыры жазылып қаңбақтың.

Қожаберген жырау – 350
Мұсылман баласы Қоқаннан не қайыр?
Қай жақта Хиуа, Түрікпен ардақтым?
«Құл көнді, Құдайдың салғаны осы» деп,

(Расы қазақтың өзіндей досы жоқ).
Ел көшті ағайын-туғаннан айырылып,
Ел көшті бөлінбес іргесі сетінеп.
Азабын арқалап ауған ел ақтабан

Алқакөл сұлама, ақ түтек, ақ боран...
«Елім-ай» ақтарам...
Сөйлейді ғазиз жыр:
«Қазақтың көз жасы көлкіген хат болам».

Оқимын үздігіп,
Үңіліп өткенге,
(Көп сырым тұр анау – Туым да көкпеңбек).
Сорасы сорғалап қазақтай қай жұртта,

Зар айтып Қаратау басынан көшкен жоқ.
Көшкен жоқ... Қара тау басынан нар құлап,
Қу томар сүрініп құлан жал арғымақ.
Қайыңды идіріп сүт – сөлін сауған ел,

Құзғынды қуантты сүйегі саудырап.
Әулиеге ат айтып, Тәңірге зарладық,
Қорасан қой айттық, Құдайсыз қалмадық.
Қожекем қобызы «Жеңістің» толғауын

Тартқанша пәниді мансұқтай жаздадық.
Қазақтың қарғысы – «тұқымың құрығыр,
Қан ағып көзіңнен, сүйегің шірігір!..»
Жер беті жеркенді қалмақтың ізінен,

«Ұмытпа!» деп өткенді өксиді ұлы Жыр...
«Елім-ай», «Елім-ай», «Елім-ай», «Елім-ай»...
Боздасам бозарған кетердей еріп Ай.

Қожаберген жырау – 350
Қожекем жырлаған запыран заманды
Жазмышқа жазудан сақтай гөр,
Е, Құдай!

АТА ЖОЛЫ

(Қожаберген жырау рухына)
Ұмыта жаздап, ұмыта жаздап тегімді,
Тулап аққан өмір – өзен сеңі ұрды.
Кешір, баба!

Кешегі өткен кер заман
Көзімізге көрсетпеді теңізді.
Боздағына бұрыла алмай бодан ел,
(Әділетсіз тарихтан тозады ел).

Ұмытшақтау рухымды ұшықтап,
Қайран баба, тұғырыңа қона гөр!
Тым зілмауыр үнсіздікке шатылған,
Ұйықтап кеттік...

Ұзақ ұйқы ғасырдан.
Жалыны жоқ жанарымның түбіне,
О, жауыздар!
Жанартауды жасырған.

«Дұғасымен» дуаланған көршімнің,
Биігіне үңіле алмай сол шыңның.
О, қаншама бейбақ бастар ағарды,
Дедек қағып жетегінде жел сұмның.

Уысында уақыттың обалы,
Ақтабанның арылмаған бораны.
Желтоқсанда жетімсіреп жер үсті,
Боздады-ай кеп Қожекемнің сол әні.

Қожаберген жырау – 350
Сен не дейсің,
Ей, киелі қобызым!
Мына жұрттың миы ашыған, сөзі – ірің.

Жаттың жаман жәутігіне жалбақтап,
Кеудесінен итереді өз ұлын.
Қазағыма артық па екен нар ұлдар?
Ирек-ирек, қара-қара жазулар.

Қожаберген...
Анау Сегіз серімді,
Ұмыттыруға ұмтылады жауыздар.
Өсер елдің жоғын таппақ – жосыны,

Бұл ел неге өз-өзінен шошыды?
Бассыздыққа бағынбағаны үшін бе,
Сөзге ілетін қазағымның қос ұлы...
Ақ былғары* шиыршығы жазылар,

Ата жазған атам қазақ заңы бар.
Ерге күйе жаққан жалақорларға
«Жеті Жарғы» үкім кесер бабы бар.
Әттең, өмір сүрсек ата заңымен,

Талай ұлдың ұлылығын таныр ем.
Кешір, баба!
Көз – ноғала, жүрек – тас,
Мыңқ етпейтін миы ауысқан дәуір ем...

Ырысбек ДӘБЕЙ
*Ақ былғары – Қожаберген жырау Әз Тәукенің тапсырмасымен «Жеті
Жарғыны» ақ былғарыға жазып, ханға табыстаған дейді.

Қожаберген жырау – 350

ЕЛІМ-АЙДАН ЖЕТКЕН МҰҢ

Бұл заман болды елге қиын заман,
Шіріткен тамам елдің миын заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қағынды қазақ үшін биыл заман.

Қожаберген жырау
Жусансыз күрең бел, сүреңсіз мола құм,
Сөйлетіп көрейін даланың жанарын.
Шұбырған ақтабан жылдардың үнінде,

Күбірлеп үн қатар үздіккен қаламым.
Жаспенен ұрғылап ғасырдың қамалын,
Жасберен қанатып балтырын, балағын.
«Алқакөл сұлама» сұрапыл қырғында,

Шөгірді таптаған тілінген табаным.
Дауылын тұрғызды меңіреу даланың,
Тастарды үгіткен екпіні тағаның.
Бураны боздатқан мұнар күн астында

Тайлақтай тентіреп бос кетіп барамын.
Маңдайға тигізбей мамық кеш самалын,
Таңдайға тамшы жас ерітіп аламын.
Көбікті лайлап, толқындар жар сүзіп,

Шайқаған Алаштың тұп-тұнық заманын.
Қобыздың үнімен рухым егілді,
Қазақтың көзінен қайғы жас төгілді.
Бірліктің тұғырын талқандап тасқындар,

Асусыз қыратты сел жүріп кемірді.
Қураған қалпында бәйтерек түбірі,
Шулаған орманның құлақта күбірі.
Жүгенсіз, жүйріксіз жабағы мінгендей,

Ерлерді теңселтіп, тебінгі шіріді.

Қожаберген жырау – 350
Қаңбақтай бағытсыз, сайларды сағалап,
Қазықта тыпыршып байлаулы қазанат.
Иесіз кісінеп қазығын тарландар тарпыды,

Найзаға сүйенген батырды мазалап.
Белдеулер кесіліп, кереге сынғандай,
Өрт шалған туырлық тұл болып тұрғандай.
Уықтар шықырлап, босаға сықырлап,

Азалы дауыстар жартаста тұнғандай.
Жұртымыз жұртынан түн қатып босыған,
Шұбырып барады бақ ұшып басынан.
Танымай қалғанда Алашым бағытын,

Елім-ай деген бір естілді асыл Ән.
Ел есін жиғанда, арнаға сыйғанда,
Түндегі ай,
Күндіз күн шуағын құйғанда.

Алашың көтерді ақ туын аспанға,
Ел есін «Елім-ай» жырымен жиғанда.
Бірліктің бесігін, татулық тұғырын,
Шайқамай Алашым тік қадап уығын.

Шалмалап асауды, кигізіп құрығын,
Ақ тудай желбіреп шығарды бір үнін.
Жау түгіл дауыл да екпіннен ығады,
Өтті ақыр осылай уақыт сынағы.

Түйелі көшіміз бағытын түзеді,
Дүбірге ұласты батырлар ұраны:
«Елім-ай!»

Қожаберген жырау – 350 ЖОРЫҚТЫҢ ІЗІ БАР Жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен Отыз үш мың сахаба да дүниеден өткен. Солардан Қожаберген артық емес. Қожаберген жырау Сақтарда сақталған Ғұндардың жалғасы, Күнге де қақталған Ай жүзді алмасы. Топырақ қабірлі қобызбен үндескен, Жеті қат жер үсті – Алаштың ордасы. Семсермен ойылған тастағы таңбасы, Құрғаған заманда ғасырдың көз жасы. Жылдармен жарысқан тарих шындығы, Домбыра үніндей күйлетіп толғашы. …… Ақ тудың астында Ұлы ұран шалқыған, Рухты жалынға болат та балқыған. Қара тас үгіткен, көк мұзды жібіткен, Жолбарыс күштерін жорықта сарқыған. Алла деп ат мінген Абылай жорығы, Айлалы дұшпанды әулие таныды. Абыздай ақылды, қарт жырау батыл-ды, Шайқаста жорықтың жеңісін жорыды. Таң қылаң бергенше қаңтарған тарланын, Томаға білдірмес қыранның тоңғанын. Бес қару асынып, дұшпанын қашырып, Қанменен суарған майырылмас қанжарын. Жасындай жарқылдап, азуы шықырлап, Қабаққа түн түнеп, сауыты сықырлап,

Қожаберген жырау – 350
Жебесі жел жыртып, найзамен түйреген,
Жауының сүйегі күл болып,
Сыныпты бытырлап.

Тұяқты тұлпардың шаң ойнап астында,
Көкжалдың тұқымы айналып қасқырға.
Мекенін таптатпай, апанын қорғады,
Пана боп дауылда, бөгет боп тасқынға.

Күн күлмей ел үшін ұйқысыз түн қатқан,
Жас тұнған жанарын желменен құрғатқан.
Толыбай сыншының сынығы екенсің,
«Елім-ай» жырымен тарихым үн қатқан.

Қызылжар қыраны,
Алаштың ұраны,
Ғұлама жыраудың әулие шырағы.
«Бүркіт қонғанда»

Нулы орман ішінде,
Жыраудың, батырдың мәңгілік тұрағы.
Таулардан биіксің,
Аспандай асқақсың,

Жорықта жүйрікпен қолыңды бастапсың.
Жазық бұл далада құрсақта жаралған,
Тұлғаның тұлғасы екенсің асқақ шың.
Кесіртке қылғанмен біздерді кеңесім,

Рухпен жинады бүгінде ел есін.
Жорықтың ізі бар бұл жұмақ мекенде,
Алаштың ұрпағын Рухың жебесін!
Аманжол ЗАҒЫПАР

Қожаберген жырау – 350

ЕЛ ТУРАЛЫ ТОЛҒАУ

Оң болсын, ұлы тойың, жұрағатым,
Жырласын ерлік іске құмар ақын.
Дүниеден неше арыстан асыл өтті,
Түркінің даңқын көкке шығаратын.

Күндерде басың бір боп құралатын,
Өткеннің қандай түйген ұлағатын.
Тарихты даңғазаға сүйрелемей,
Ақиқаттың өлшемі сыналатын.

Ақтарып әр кезеңнің мұрағатын,
Қазақтың қастерлейік мұраларын.
Қазақстан – түріктің құт әлемі,
Ер Түріктің ұрпағы ұға алатын.

Қазақ жері – түріктің ұлы Отаны,
Кезінде шыққан талай дүр атағы.
Мынау жатқан кесіліп Ұлы Дала,
Түркінің туын тіккен ұлы одағы!

Беу, түрік, көтер бүгін еңсеңді тік,
Ежелден ер мінезді еңселі жұрт.
Жасай бер, Ұлы Дала ұландары,
Неше бір асқар асу еңсеріліп.

Бағзыны баян қылмай тек құралмас,
Текті жұрт кезі келсе тек тұра алмас.
Алдаспанын ойнатқан бабалардың
Көзіндей алтын қында жатты алмас.

Оянды дүйім жұртым қайта бүгін
Шыққандай Алтайымнан асқақ үнім.
Ендеше Кеше, Бүгін, Ертең жайлы,
Беу, ақын, болашақтың толға жырын.

Қожаберген жырау – 350
Жайым бар тарих тылсымына ене берген,
Ене берген, шындыққа сене бергем.
Сақ-скиф, Ғұн бабалар түседі еске

Сыр тартсақ әлімсақтан-көнелерден.
Әрбір сақ жауынгері батыр жандар,
Жауына жолбарыс болып атылғандар.
Көк Тәңірге сыйынып, Көкбөріге,

Ата-баба аруағын шақырғандар!
Ишпақай, Партатуа, Мәди хандар –
Дабысы жарты әлемге танылғандар.
Атей, Палак, Скилдур, Идан-пірлер,

Томирис, Руғайла, Атиллалар!
Өтті ғой тарпаң мінез небір тарлан,
Жауласқан дұшпанынан кегін алған.
Парсының мың сан қолын адастырып,

Бір ғана Ширақ батыр қырып салған.
Ойында өртті мінез, қаны болған,
Ерлердің даңқы менен аты қалған.
Тоқсары, Анахарсис...

Әл-Фараби –
Ғұламам түлеп ұшқан Отырардан.
Өмірге жасық болып жаралмаған,
Намысын ел мен жердің сан арлаған.

Осындай жаужүрек ерлер барда
Сақ пен Ғұн жат езгіге көне алмаған.
Болғасын тумысынан нағыз текті,
Ешқашан жауға бермес намыс-текті,

Азия, Еуропа, Арабия
Тұяғы тұлпарларының алыс кетті!

Қожаберген жырау – 350
Жайым бар кең ғаламды шарпып өткен,
Жайылған жалпақ жұртқа даңқым өктем.
Кезім көп Қытай, Үнді, Таяу Шығыс,

Киев Русі, ары асып Балтық өткен!..
Осылай бабам менің дүрлеген-ді,
Көңілді талай-талай бірлеген-ді.
Кешегі көк түріктер заманында,

Көктегі жұлдыз-ғұмыр сүрген еді.
Атағы кеткен еді ғасырларға,
Түркінің басы бірге қосылғанда!
Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктер,

Түркінің аруағын асырағанда!
Елтеріс, Естеми мен Бұмын өтті,
Түркінің жерін қорғап ғұмыры өтті.
Жапырап жарты әлемді түрік бабам,

Рухқа ұйыстырды ұлы текті!
Жаралған жасын оттай ар намысты,
Айналдым аңыз болған Байбарыстан.
Ерлерім ат үстінде ғұмыр кешті,

Ақсауытын шешпестен арпалысқан!..
Түбі бір түрік тегін бөле алмадым,
Түріктің тұтастығы боп арманым.
Түріктің қаны таза, ары таза,

Тарихтың илеуінде жоғалмадым.
Ұлы сақ, массагет, ұлы ғұндардай,
Ашина, теле, тірек жауған оқтай.
Исседон, хетт, кемер, ұлы йозі, оғыз,

Тарихта тайпамыз көп алсақ хаттай.
Қаңлы, қыпшақ, арғын да түпкі тегім,
Алшын, найман, керей, уақ – бір тірегім,

Қожаберген жырау – 350
Ноғайлыдан Едіге,
Қырық батыр,
Солардың бәрі түгел түріктерім!

Өтті ғой небір жойқын аттаныстар,
Шыңғысхан, Темір, Бабыр, Тоқтамыстар...
Түбі бір түрік жерін қорғау үшін
Жан пида етті талай текті арыстар.

Өшпейді ерлік дәстүр – ата ғұрып,
Қатепті нарлар барда атан жілік!
Ыстамбұл, Анкараны иеленді
Алып Арыслан, атақты Ататүрік!

Алса да қан-қасапта талай шепті,
Бақ, шіркін, қолдан сусып талай кетті.
Ағайын алауыз боп іштей іріп,
Басына ерлерімнің зауал жетті!

Бірліксіз озған шақта бақ құбылып,
Текті жұрт бар айыбын жатты ұғынып.
Тарих талай мәрте бағамдатты,
Бірлік болмай, болмасын тәтті тірлік!

...Мінеки, Қожаберген де осыны айтты,
Өзгеден толған терең басым айтты.
Қысылтаяң кезде ол да жанталасты,
Қорғаймын деп Оғыз-Түрік – алты Алашты.

Бұл өзі заман-тұғын алмағайып,
Аталған жұрттар үшін қарбалас-ты.
Балбасы Таузар, Дәулен батыр болған,
Әкесі Толыбайсыншы аруақ қонған.

Шашақ би, Жанкісі жырау, Дәстем, Баһрам,
Салқара, Жанақ сынды ақын болған.

Қожаберген жырау – 350
Дүреген бұл әулеттен Сегіз сері,
Бәрі сал, бәрі батыр маңмаңгері.
Осындай орта көрген Қожаберген

Топ жарған арғымақтың ақтаңгері.
Өзіне түп нағашы Жалаңтөс-ті,
Жасынан асыл тектің қолында өсті.
Үргеніш, Бұхара мен Самарқандта

Білім ап болды азамат ерте есті.
Шақырып ерте бастан жыр шыңдары,
Шақырып ғылым-білім тылсымдары:
Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати,

Қадырғали Жалайыри,
Жәми, Низами, Науаи, Физули, Фирдоуси,
Сағди, Рудаки – Шығыс пен түркінің
Ғұламалары мен сыршылдары!

Нәр алып, міне, осындай құнарлардан,
О бастан оған білім, өнер қонған.
Неше бір мүридерден дәріс алды,
Неше бір атышулы шаһарлардан.

Өзі де толғап сол бір дәуір үнін,
Байқатты даусын заман шайырының.
Бар ғұмырын сатп етті бір-ақ жолда –
Тисе деп қазағыма қайырымым.

Қорғаштап Алтай мен Сыр, Алатауын,
Қорғаштап Енесай, Каспий, Қаратауын,
Қорғаштап Еділ, Ертіс, Тобыл, Ертіс,
Қорғаштап қазағымның әр отауын.

Ту ұстап, ғаскер бастап атқа мінді,
Жау көрсе, екі көзі отқа тұнды.
Ойы да бір, сөзі де мір оғындай,
Бас қолбасшы сайлады мақтап ұлды.

Қожаберген жырау – 350
Күңірентіп жүректің толғамасы,
Тебірентіп тағдырлы кең даласы,
Қазақ үшін қайыспай қанын төкті,

Жиырма бес жыл атанып ордабасы.
Қазақ, башқұрт, ноғай мен қарақалпақ,
Татар менен ескектің арын арлап,
Ұлы Дала ұранын ұлықтады ол

Жауға шауып қазағы «Абылайлап!»
Бұл заман болды-ау заман, қысыр заман,
Алаштың басына бір түсіп заман,
Жан-жақтан үш аждаһа қатар қысты,

Састы Алаш бұған дейін қысылмаған.
Түркім-ай, садақ, сүңгік жолда қалды,
Тұлпар-ай, дүрілдеткен кең даланы?!
Айылыңды жиғызып атылғанда

Зеңбіректің доптары доңғалады.
Дес бермес ең алыссаң ат үстінде,
Жеткізбеді ал енді жеңіс мүлде.
Үш жағынан үш тажал қысып келді,

Қазағым-ай, тарылды-ау өріс мүлде.
Жанарға күндер кешіп мұң тығыла,
Сенделді ұлы дала жұрты мына.
Айдаһар мен арыстан айдап салып,

Қалмақтың тап келгесін қырғынына!
Түркістан, Тұран, Алтай, Ақжайығым,
Тараз, Шу, Сыр, Маңғыстау – әр қиырым.
Бәрі де дүниеден баз кешкендей,

Боздады Қожаберген ақиығым.
Замана болса да қан-қасаптағы,
Өлместің күнін кешті қазақ тағы.

Қожаберген жырау – 350
Қожаберген, Төле, Әйтеке, Қазыбек,
«Жеті Жарғы» заңын да жасақтады.
Осылай терең бойлап ел ісіне,

Елдіктің құлаш ұрды өрісіне.
«Жарғыны» ханға әкеліп тарту етті,
Түсіріп боз бұзаудың терісіне.
Бас қосып билер елді ерлікке үндеп,

Атқарды зар заманда елдік міндет.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
Түткендей Алаш сынды елді жүндеп.
Тайғандай бақ-береке кең даладан,

Күн кешті қазақ солай қорғалған.
Құйылды қара нөпір қарақшылар –
Торғауыт, жоңғар,ойрат сан-саладан.
Бір өзіңе сақта деумен, о, Құдайым,

Толғады Қожаберген «Елім-айын».
Зарлы әуен құлағына жеткендей ме,
Қазақтың басын қосты Абылайым.
Бұл қазаққа талай-ақ бақ қонып ең,

Иемін деп далаңа мақтанып ең.
Болғанда небір сұлтан мәртебелі,
Қаһарман Қожаберген қарт еменім.
Әбілқайыр үш жүзге хан сайланды

Жиылғанда басында Күлтөбенің.
Үш жүздің туын тігіп Бөгенбайым,
Семсерін серпе сілтеп ұрандайын,
Бас қолбасшы міндетін қолына алды,

Құрметтеп Қожаберген ағатайын.
Сонда да сауытын ер шеше алмады,
Өзгенің езгісіне төзе алмады.
23-254

Қожаберген жырау – 350
Қазақ елі, жері тұтастығы –
Көкейден кетпейтұғын әз-арманы.
Ұлтына өрлік рух нәрін септі,

Бойдағы отты жырдан жалын төкті.
Ел сүю мен ел қорғау – өшпес мұрат,
Ерлердің бойындағы асыл текті.
Солардың Қожаберген соқталысы,

Кеудеде қан боп тұнған от намысы.
Керей емес, қазақтың туын тіккен,
Алты Алаштың бетке ұстар мақтанышы!
Қожаберген, Қабанбай, Ер Шотаным,

Наурызбай, Кенесары, беу, қаһарлым!
Ер соңы – Есет батыр,
Пірдің соңы –
Бекет бабам, алысқа кетті атағың!..

Бүгінде ерлер аз ба жырға лайық,
Қазақты бөлмей, рухтас бір болайық!
Қожаберген керей демей, ту көтерген
Тумысы тектілерден үлгі алайық!

Осындай ерлер туған аналар-ай,
Көш бастап, қол бастаған даналар-ай !
Қазақ бүгін ел болып өз алдына,
Күн туды барымызды бағалардай!

Сол хандар мен ерлердің ұрығы бар,
Қазақ сынды халықтың ғұмыры бар.
Ұлы Дала киесін әспеттеген,
Астананың мәңгілік тұғыры бар!

Ұлы нарлар дүресе ұлы жерден,
Ұлт боламыз ел деген ұлы ұғыммен.
Қазақстан!

Қожаберген жырау – 350
Көш бастап Назарбаев,
Түркі әлемнің табылды жүрегінен!
Түркі әлемге қашанда өріс керек,

Біз жер үшін өліспей беріспек ек!
...Қожаберген аңсаған өмір осы,
Қазақ үшін бұл заман Жеңіс дер ек!!!
«Елім-айлап» енді келмес аңырағым,

Шырқалып шырқау биік Әнұраным!
Қазағымның қасқайып Елтаңбасы,
Көгімде желбірей бер, Көкбайрағым !
Жасай бер, ана тілім – жаным, арым!

Сыртың бүтін болмаққа, ішің бүтін,
Бүтін болсаң, ұшады түзу түтін.
Ата-баба аңсаған Тәуелсіздік,
Ел болғасын жайнайды жүзің бүгін.

Қазаққа ырыс дарып, бақ күліпті,
Жасанып, Ұлы Далам жаңғырыпты!
Қайыспастай қабырғаң қаһарлы бол,
Қазақ Елі, аңсаған мәңгілікті!

Түрік дүние, текті жұрт, қыран елім,
Түрік дүние, тұтас бол, Тұран елім !
Туын ұстап түріктің Қазақстан,
Мәңгі жаса, кең дала Құлагерім!

Мәңгі жаса, мирасқор Мұрагерім!
Ғалым ӘРІП

Қожаберген жырау – 350

ҚОЖАБЕРГЕН

Зарық-сөздің, зар-дастанның,
Зауалдай дерттің,
Қанға суарылған алдаспанның,
Замандай серттің,

Текті қанның
тамырдағы
Сұлтандай сойдың,
Он үшінші қабырғаның,

Он төртіндегі айдың
Аты –
Қожаберген!
«Жеті Жарғының» – ғаділдіктің,

Аталы сөздің,
Қазаққа біткен қоңырлықтың,
Баталы кездің,
Хақ жолында Хақ құрбанының,

Ғасырдың арлы,
Ең қасиетті ақ былғарының,
Қаламның – ең зарлы
Аты –

Қожаберген!

ҰЛЫ ДАЛАМ ТҮС КӨРЕДІ...

Уай, данышпан дәуірлердің байтағы,
Ардың Тәжі, сөздің Мөрі, ой Тағы!
...Ұлы Далам түс көреді...
Сол түсті

Ұлы жұртым аңыз қылып айтады!
Ұлы Далам түс көреді Тәңірдің
Жазуындай,
Азуындай бөрі-ұлдың!

Қожаберген жырау – 350
Атыменен ақиқат пен аңыздың,
Есімімен өмір менен өлімнің!
Ұлы Далам көрген түсті мен көрем,

Мен көрем де мең-зең күйде сенделем.
Сұңқар көрем отқа оранған қанаты,
Тұлпар көрем, тұлпар көрем кермеден...
Ұлы Далам көрген түсті көрем мен,

Көремін мен дәуірлерді көнерген.
Екі дүниеге теңдей көшкен ел көрем,
Шер көремін екі дүниені тел емген.
Ғасыр көрем ғұсни арлы, ғаусар мұң,

Ғаусар мұңды қалай толғап тауысармын.
Қос көзінен қан жаудырған кезеңім,
Сенен тамып,
Тұнып қалған аңсармын!

Запыран-запыран зар көшкенін көремін,
Заманадан ар көшкенін көремін,
Тау көшкенін, көл көшкенін көремін,
Қара жермен қан көшкенін көремін.

Көш көремін, ел көремін басы күн,
Күндей басын бұлтқа тыққан жасырын.
Тағдыр шайқап тайлақ емес, тай емес,
Бос келеді ақтабанды ғасырым!

Бос келеді өрт шарпыған өзегім,
Өрттей болып дүниені кеземін.
Жерден ауып атан емес, нар емес,
Бос келеді сұламалы кезеңім!

Қан көремін, зар көремін –
айрауық,
Қыжылдаған уақытпен қайралып.

Қожаберген жырау – 350
Бара жатыр бүкіл қазақ тағдыры,
Бір дұғаға, бір дұғаға байланып.
Уай, данышпан байтақ жұрттың дәуірі,

Серттен кеткен мұсылман мен кәуірі!
Бос келеді батырлардың иығы,
Бос келеді аналардың бауыры!
Қаратаудың көш келеді басынан,

Жетім тағдыр көшке ереді жасыған.
Ханның тағы бос келеді, Тәңірім,
Ханның тағы бос келеді, шошынам!
Қазақ көшіп, қазақ көшіп барады,

Алты алашым азап кешіп барады.
Алтай, Арқа, Атырау мен Маңғыстау,
Жетісу, Сыр, Созақ көшіп барады!..
Қайда барып тұрақ табар екенсің,

Қайда барып жұмақ табар екенсің,
Қайда барып қор болады екенсің,
Қайда барып жылап қалар екенсің?!
Заманалар шайқап есіп жатады,

Бір оянып, қайта ұйықтап дәт-ары.
...Ұлы Далам әр сәт сайын түсінде
Ақтабанды қайта кешіп жатады.
Менің далам әр сәт сайын түсінде,

Арпалысып өмір-өлім ішінде,
Ғасырларды қайта кешіп жатады
Өңінде оны қайта көрмеу үшін де!
Далам, далам, сен көргенді мен көрем,

Мен көрем де шарқ ұрамын, шерленем.
Ең ақырғы жетім құлын бар кезде
Ең ақырғы тұяқ барда өлмеген.

Қожаберген жырау – 350
Сен өлмейсің
Күнің барда төбеңде,
Ұлың барда, қорамсақта жебем де!

Сен өлмейсің!
Кешкен өмір – көрген түс,
Көрген түсті жорытпаймыз кереңге!
Дәуірлерді кешір, далам, кешірген,

Көшпесе де, өшпесе де есіңнен.
Енді шошып оянбайсың түсіңнен,
Енді босып ел көшпейді төсіңнен!
Бар тағдыры байланып бір аятқа,

Бар тағдыры айналып бір аятқа,
Қазір, бәлкім, түс көруде ол аяулы,
Ей, кезеңім, сен даламды оятпа!
Уай, данышпан дәуірлердің байтағы,

Ардың Тәжі, сөздің Мөрі, ой Тағы!
...Ұлы Далам түс көреді...
Сол түсті
Ұлы жұртым аңыз қылып айтады!

Ерлан ЖҮНІС

МЕНІҢ БАБАМ, АСЫЛ ДАНАМ

Уа, тәңір, шүкіршілік бұл ісіңе,
Жан бердің өлді деген бір кісіңе.
Ол менің Қожаберген бабам еді,
«Елім!» деп еңіреп өткен тірісінде.

«Асылдың асылы еді Қожаберген»,
Осылай бағалаған оны көрген.
Әйгілі билер оның тұстасы еді,
Мерейі бар қазақтың бола білген.

Қожаберген жырау – 350
Жырлады «Елім-ай» деп Қожаберген,
Мол еді шәкірттері соңына ерген.
Біреуі ізбасардың Бұқар жырау

Атақты Абылайға ақыл берген.
Жаратқан берді бізге Абылайды,
Жыраудың өсиетін ел мақұлдайды.
Бас қосып әмсе алаштың батырлары

Жоңғарды бас көтертпей жазалайды.
Бабамыз адам болған пайымы мол,
Амалын таба білген айырып ол.
Деген ғой «Ел бірлігін сақтай білу –

Мызғымас күш-қуаттың лайығы сол!»
«Елім-ай» – халқымыздың шежіресі,
Ұмытылмас халық кешкен өмір осы.
Жеткізген бүгінгіге қазақ елін

Тағзымға лайық қой бұл ер үлесі.
Еліміз құрметтеуде оны бүгін,
Ақтарып бар мерейін көңілінің.
Үлгі етіп жас ұрпаққа «Елім-айын»,

Әр сәтін тағылымдап өмірінің.
Батыр ғой өшпейтіндей жолы, ізі бар,
Болыпты ел жауына көңілі ызғар.
Үстінде зәулім тастың тұлғасы тұр,

Қолында бес қаруы, қобызы бар.
Елімнің өз аузына жетті қолы,
Жарқырап алда жатыр даңғыл жолы.
Ынтымақ ұйытарын әбден сезіп,

Ұрпағы көз жіберіп көрді соны.
Қырандай бүгін қазақ өрге ұшты,
Сәулесі бүгін елдің қандай күшті.

Қожаберген жырау – 350
Ықылым замандарда жаннан безген
Бабалар ұлты үшін отқа түсті.
Олардың жанпидасын ел ескеріп,

Өткен күн тірілгендей елес беріп.
Ел болып, бабалардан ғибрат алған
Ұйымшыл, тәлімді жұрт емес пе едік?!
Тас мүсін тұрған биік тұғырында,

Бейне бір ел құрметін ұғынуда.
Өшпесін аты мәңгі сезетіндей
Халқының болашағы, ғұмырында.
Елбасы бастап алға, ел кемелі,

Қазаққа бүгін әлем төр береді.
Желбіреп тәуелсіздік туы бүгін,
Осындай ризықты көрген елі.
Жыраудың осы еді ғой аңсағаны,

Елінің ерікті өмір жасағаны.
Қарыштап қазақ елі өрлегенін
Таныған бүкіл дүние тамсанады.
Есімін есіне алып елі бүгін,

Мерейін төгіп жатыр көңілінің.
Әлеумет құрметтеді бабамызды,
Атағын ардақ тұтып ер ұлының.
Бабамның енді айтары мынау ғана:

«Қазағым, бір-біріңе болғай пана!
Сақталса ел бірлігі мәңгілікке,
Болғаны ұрпағымның сонда дана!»
Шерияздан БӘШЕЕВ

Қожаберген жырау – 350

НАМЫСТЫҢ ТУЫ ЖҮЗ ЖЫЛ

ЖЫҒЫЛМАПТЫ

Қауымның исі қазақ ер бабасы,
Қайысқан қол бастаған ордабасы,
Қалың ел, қан майданның мәрт жырауы,
Қайғылы замананың арда алашы.

Ол бабам имам болды он жетіде,
Он сегіз күш дарытты келбетіне,
Он тоғыз – батырлығы байқалған тұс,
Ойқастап жасыл тумен тербетіле...

Жастық-ай... Жиырмада өзгереді:
Жүректен өлең болып сөз келеді.
Жырлайды судай толқып, тудай шалқып,
Жүзеге асырылып көздегені.

Арабша, парсышаны қатар жатқан
Аяттай мүдірместен мақамдатқан,
Ақын да, имам да емес, елші болды,
Азия кіндігінде ат аунатқан...

Бастамас батырлықтың қайда жолы,
Бүкіл қол ордабасы сайлады оны.
Батасын берген кезде Әнет баба
Балқыған жеткендей бір айға қолы...

Ер болып қорғай білді Сарыарқаны,
(Ел тыныш болса, бойға тарар қаны).
Ежелден хас батырдың қанды кешкен
Ерекше қанталап бас жарар таңы.

Рауандап атқан таңға шашырап қан,
Рабайсыз болып жоңғар басы Рабтан,
Ренаттың зеңбірегі зіркіл қағып,
Рең кетті жерімізден ашық жатқан.

Қожаберген жырау – 350
Гүж ете түсті сонда сардар аға,
«Гәп мынау: жау сіңбесін бар далаға!»
Гулеген шұбарымен шайқасқа енді,

Гүрзісі аңыз болып әр балаға.
Еңкулеп алпыс жылдай түспеді аттан.
«Елім-ай» сыртқа шықты іште жатқан.
Елімнің тарихына тіл бітірген

Ерімнің есімі, ісі әсте мақтан!
Нешеме өнер біткен жырау баба
Насихат шашты, ұрпағы тұр аудара...
Намыстың туы жүз жыл жығылмапты,

Наркескен ерді ұмытпас мынау дала!
Болат ҚОЖАХМЕТОВ

ДАҢҚТЫ ЖЫРАУ ҚОЖАБЕРГЕН

ТОЛЫБАЙҰЛЫНЫҢ РУХЫНА

Аузынан Аспан көрінген,
Тілінен нөсер төгілген,
Таңдайдан сөзін түлетсе,
Көбесі жердің сөгілген,

Құранменен ойы жуынған,
Баһадүр болып туылған,
Хас ақын болып туылған,
Дұғалы ділді хас бабам,

Семсер сертті – шұғылалым,
Айбарлы елді бастаған,
Айбалтасын жастаған,
Тілегінде жыр тұнған,

Жүрегінде Хақ нұры,
Жұмақтайын құлпырған,
Жаралған ұлы арманнан,

Қожаберген жырау – 350
Жаратқан Алла жар болған,
Көкірегінде күн жанып,
Көк тұйғындай толғанған,

Тектіден туған тарланым,
Рухым, арым, ардағым,
Құс жетпес хұсни шынарым,
Қасиет қонған қыраным,

Қас дұспанға сес болған,
Азалы ерге дәт болған,
Арманы асқақ,
Ақсемсер – Қожаберген жырауым!

Арыстан болып ақырып,
Ата жаулармен алысқан.
Абыздай құпия оқылып,
Асып бір туған данышпан.

Жырменен жазып жараңды,
Қорғадың байтақ далаңды.
Мінезі ауыр табыттай,
Дауысы дүр боранды.

Қылышпен асау қаламды.
Қатар ұстаған кербезім,
Ұшықта ұлттық санамды.
Уа, «Ата тек» атты дастаның,

Тарихым болып хатталған,
«Елім-ай» атты дастаның,
Жүректе мәңгі жатталған.
Хиуа менен Қоқанға,

Бұхара менен парсыға,
Түркімен сынды жат елге,
Елші де болған өрелім,
Кемеңгер ұлы кемелім,

Алдаспан тілді жасыным,
Аспан текті асылым.
Сен,
Жиырма беске толғанда,

Миықтан күліп жалғанға,

Қожаберген жырау – 350
Семсердей сертпен қайралған,
Олжасыз қайтпай майданнан,
Әз Тәуке ханның алдында,

Ордабасы болып сайланған,
Көреген, дана өрелім,
«Жеті Жарғы» заңын да
Ақ былғарға айшықтап,

Жазған да Ерім сен едің!
Уа, Қожаберген жырауым,
Қожаберген жырауым,
Алмағайып сонау заманда,

Ерлерің қалай қорлансын.
Азуы алты қарыс арлансың,
Алты Алашқа бас болып,
Қолбасшы да болғансың.

Даналығымен үйірген,
Сөзіңе Абылай сүйінген,
Ұстаз тұтып Бұқар да,
Иманымен иілген!

Уа, Қожаберген баһадүр,
Атаңа нәлет, ойраттың,
Басына қайғы орнаттың.
Артыңнан келсе жайраттың,

Алдыңа келсе сорлаттың.
Тәуелсіз Қазақ қамы үшін,
Жан үшін емес, Ар үшін.
Ақ сүңгі жігер қырланып,

Қайраған сертпен намысын,
Қайран да қайран баһадүр!
Уа, әр жырың – менің елдігім,
Аңыз қып айтар ел бүгін,

Ақындық десің бір төбе,
Бір бөлек және ерлігің!
Уа, батыр туған ер бабам,
Ақын туған өр бабам.

Қожаберген жырау – 350
Ұлттың ұлы намысын,
Ожданыменен қорғаған.
Бөгенбайдай батырға,

Өз жолын беріп арнаған,
Тектіден туған тарланым!
Даланың заңын сақтаған,
Қайран да қайран ақ бабам!

Көзімен қарап жүректің,
Аталы сөзге тоқтаған.
Бүгінгілерді ойласам,
Тақ үшін елді алдаған,

Өздерін өзі қорлаған,
Қан маңдайым өртеніп,
Ызаланып арланам,
Қайда кетіп барады-ау,

Мансапқа құл боп сорлаған!
Заман да заман заман-ай,
Өтер де кетер қарамай.
Ерліктің мәнін біле ме,

Өрліктің құнын біле ме
Бүгінгі қоғам қомағай?
Сөзінен шайтан шошыған,
Көзінен дұшпан жасыған,

Сабыры – пайғамбардың таңғы дұғасындай.
Серті – Құран сүйген сахабадай,
Қайғысы – түннен де қараңғы,
Шаттығы – күннен де шұғылалы.

Сөйлесе, өзендей сарқырап,
мұхиттай толқыған.
Қабағында қара күз қалтырап,
Қабырғалы қалың елін ойлаған.

Мейірленсе маңайы –
мамыражай ән аңқып гүл туатын жасыннан!
Қаһарланса шорт кетіп –
жалған дүние жалынып аяғына бас ұрған,

«Елім-ай» деп өткен есіл ер,
Өзіңдей алып туар ма?!

Қожаберген жырау – 350

РУХ МОНОЛОГІ

Ғасырлар демінде ентігіп арманым,
Үзілген күдерді үмітпен жалғадым.
Қылыштың жүзінде боялып іңірлер,
Найзаның ұшында оянған жан-жағым!

Аспаннан естіліп дауысы Арымның,
Сағынсам Тәңірінің жанарын сағындым!
Жалынсам тек қана Тәңіріге жалындым!
Табынсам тек қана Тәңіріге табындым!

Ал бүгін басына Бақыт кеп орнаған,
Сендерге, ұрпағым, Жанымды арнағам!
Сендерге ұрпағым барымды арнағам!
Жылатып түнімді, жұбатып күнімді,

Мен, айхай, мынау қаныммен қорғаған,
Қасиет аңқыған Жерімді ойлағам,
Қамыққан қара орман Елімді ойлағам,
Ажалды өңіне сесімен жүгірген –

Қаныңда бұлқынған Тегімді ойлағам!
Иә, кеше, сөзіңе әр ісің сай болмай,
Жігерің атылды, маңдайың ойланбай,
Құл-құтан құтырды құтыңды қашырып,

Намысың тот басты қайратпен қайралмай.
Бақытын сүрініп, сорыңа айналып,
Қан жылап қабағың, шеріңе байланып,
Тарыдай шашылып тоз-тоз боп кеткенсің,

Тағдырдың ызғарлы желіне айдалып!
Дәрменсіз өксікке өзегің тұншығып,
Кеудеңде көк сұр кек сусылдап, қайралып,
Қу көңіл моладай азынап, аңырап,

Қу жалған құбылған құлазып, қаңырап,
Күн асты – қобыздай күңіреніп отырдың,
Түн төсі – домбырадай күмбірлеп,
еміреніп, еңіреп отырдың,

Қожаберген жырау – 350
Зар ағып жағыңнан, у тұнып таңдайға,
Ашындың,
Туладың,

Басылдың...
Қайтадан ашындың,
Ақылың көк мүйіз адырнадай тартылып,
Дұшпанға күркіреп барыстай атылдың!

Жасыңа суғарған Кегіңе сенгенмін!
Кегінде құдірет бұлқынған Еріңе сенгенмін!
Әуелі, Әділет Иесі – Тәңірге сенгенмін!
Бір күні жұлқынып Азаттық алатын,

Тегіме сенгенмін!
Жер жүзі жамырап ісіңе қарасты,
Жер жүзі сабырлы сөзіңмен санасты.
Көк аспан көгінде Көк Туың желбіреп,

Алтай мен Атырау арасы – бірлігің жарасты!
Ей, шіркін, дүние!
Достарым сүйініп қарасын!
Дұшпаным күйініп қарасын!

Еркіндік тербетсін Қазақтың даласын!
Тәуелсіз еліңе тәуелді ұлың бар!
Тәуелсіз еліңе тәуелді қызың бар!
Көзіңнің қарасы, діліңнің жұлыны –

Азаттық – аманат, аманат сендерге, Алашым!
Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ

Қожаберген жырау – 350 МАЗМҰНЫ АЛҒЫ СӨЗ.......................................................................................................................... 3 БІРІНШІ БӨЛІМ. ҚОЖАБЕРГЕН ҰЛТ – ЕРЛІГІНІҢ СИМВОЛЫ Тарихтан табылған тұлға. Е. Сұлтанов............................................................................... 7 Дауылпаз баба – Қожаберген. М. Қозыбаев.................................................................... 10 Қожаберген – ұлт ерлігінің символы. С. Зиманов............................................................ 23 «Елім-ай» деп өткен ер баба. Т. Кәкішев.......................................................................... 25 Қожаберген жырау. Ш. Смағұлов..................................................................................... 33 «Елім-ай» дастаны – елдік мүдденің қайнар бұлағы. А. Айталы..................................... 38 Даңқты баба Қожаберген. А. Тасболатов........................................................................ 44 «Әз Тәукеге қызмет қып, жаздым «Жеті Жарғыны». Б. Тұрғараев................................. 52 Біз білмейтін Қожаберген. Т. Омарбеков ......................................................................... 62 Ақ тілеулі абыз. С. Негимов............................................................................................... 69 Сауыт киіп, ту ұстап, тұлпар мінген. Д. Әріпұлы .............................................................. 75 Өз заманының айнасы. Қ. Омаров .................................................................................... 86 Ғибраты мол ғаламат бабамыз. Ө. Озғанбаев.................................................................. 96 «Елім-ай» жырындағы отарлау саясатының тарихи шындығы. Т. Көпбаев................. 104 Манаш Қозыбаев зерттеуіндегі Қожаберген жырау. Ж. Сүлейменов............................ 113 Қожаберген жырау және тарих тағылымы. А. Ысымұлы................................................ 124 Қожаберген және оның дәуірі. Ғ. Қадірәліұлы................................................................ 147 Қожаберген батыр-жырау шежіресі. С. Жұмабаев........................................................ 160 Ұлы бабаның бейнесі. З. Әкімжанов.............................................................................. 173 ЕКІНШІ БӨЛІМ. ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ – ҰЛЫ ДАЛА ДАУЫСЫ Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына 350 жыл толуын дайындау және өткізу туралы.................................................................................................................... 179 Ұлы Дала дауылпазы. Қ. Ескендір................................................................................... 181 «Елім-ай» деп өткен есіл ер. Ж. Самрат........................................................................ 185 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің құттықтауы.........................................................................................1 9 1 24-254

Қожаберген жырау – 350 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың құттықтауы............................................................................. 192 Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалиннің құттықтауы..................................................................................... 193 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің құттықтауы....................... 194 Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың құттықтауы........................................ 195 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновтың құттықтауы..................................................................................... 196 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлының «Ел тұтастығы үшін күрескен қаһарман тұлға – Қожаберген жырау» республикалық ғылыми-практикалық конференциясын ашарда сөйлеген кіріспе сөзі......................................................................................................... 198 Қожаберген жырау туралы бірер сөз (Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанның сөзі).................. 201 Қожаберген жырау танымының саяси әлемі (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Абайтану орталығының жетекшісі Мекемтас Мырзахметовтың баяндамасы)............................................ 206 Ұлт намысын қорғаған (Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықовтың сөзі)................................................................................ 219 Қожаберген жырау – ұлттық бірліктің жоқтаушысы (Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталының сөзі) ........................................................................................ 223 Қос жырау хақында(Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жанындағы «Асыл мұра» орталығының қызметкері Социал Жұмабаевтың сөзі) ...................................................................................................... 233 Қожаберген жыраудың шығармалары тарихи дерек (Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлының сөзі)................................................................................... 240 Қожаберген баба – халық қамқоршысы, ел қорғаушысы (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдарының докторы, профессор Ким Серікбайұлының сөзі)......................................................... 251 Халқына қамал болған ер Қабанбай (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Қайыркеннің сөзі)....................................................................................... 255 Қожаберген жырауды ұлықтау – ұрпақтың парызы («Жеті Жарғы» және Қожаберген жырау» қайырымдылық қорының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Бекет Тұрғараевтың сөзі)......................................................... 262 Қожаберген жыраудың баһадүрлік өмірбаяны: зар-заман туындатқан кәсіп-нәсіп пәлсапасы (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, ХАА академигі, философия ғылымдарының докторы Дәуренбек Әубәкірдің сөзі)............................ 267 Қожаберген жырау өлең-толғауларының тарихи-танымдық негіздері (Филология ғылымдарының докторы, профессор Зұфар Сейітжановтың сөзі)... 273

Қожаберген жырау – 350 ҮШІНШІ БӨЛІМ. ЖЫР АРНАДЫҚ ӨЗІҢЕ, ЖЫРАУ БАБА! К. Салықов Дауылпаз бабам табылды................................................................................................. 287 «Жеті Жарғы» ашыпсың жарқын мәнін ......................................................................... 288 Қожаберген жырауға ода................................................................................................. 289 Е. Шаймерденұлы Абыз................................................................................................................................. 291 А. Бөкен Қожаберген...................................................................................................................... 292 Ә. Қайырбеков Қожаберген жырау. «Елім-ай!»...................................................................................... 301 Ш. Сариев «Елім-айлап» өткен ер..................................................................................................... 302 «Елім-айым» сенің арқаң................................................................................................. 306 К. Ахат Дауылпаз жырау – Қожаберген...................................................................................... 307 А. Исаділ Қожаберген жыраудың соңғы сөзі................................................................................... 315 «Елім-ай» деп өткен ер.................................................................................................... 319 Т. Көпбаев Елім-ай............................................................................................................................. 323 Қожаберген жыраудың Асқап батырға айтқаны ............................................................ 325 Ұ. Нұрғалымұлы Бас сардар........................................................................................................................ 326 Шерлі тарих дастаны........................................................................................................ 328 Бостандық көші................................................................................................................ 330 Ұ. Дәлей Ғасырлар қоламтасынан жеткен рух................................................................................ 332 Т. Таңжарық Қожаберген...................................................................................................................... 333 Аманат.............................................................................................................................. 335 С. Қамшыгер Жау шапқанда.................................................................................................................. 336 Баба рухымен сырласу..................................................................................................... 338 Ы. Дәбей Ұлы жыр........................................................................................................................... 339 Ата жолы ......................................................................................................................... 341 А. Зағыпар Елім-айдан жеткен мұң.................................................................................................... 343 Жорықтың ізі бар............................................................................................................. 345 Ғ. Әріп Ел туралы толғау.............................................................................................................. 347

Қожаберген жырау – 350 Е. Жүніс Қожаберген...................................................................................................................... 356 Ұлы далам түс көреді........................................................................................................ 356 Ш. Бәшеев Менің бабам, асыл данам ................................................................................................ 359 Б. Қожахметов Намыстың туы жүз жыл жығылмапты............................................................................. 362 Б. Қарағызұлы Даңқты жырау Қожаберген Толыбайұлының рухына...................................................... 363 Рух монологі..................................................................................................................... 367

Құрастырғандар:
Абай Тасболатов
Жарасбай Сүлейменов

ДАУЫЛПАЗ БАБА

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ

Редакторы Заңғар Кәрімхан
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редактор Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Назгүл Бимағанбетова

Компьютерде беттеген Эльмира Заманбек

Басуға 16.09.14 қол қойылды.
Пішімі 70х100 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 30,55.
Тапсырыс №254. Таралымы 2000 дана.

«Фолиант» баспасы.
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙