Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық.
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Шәкерім Құдайбердіұлы
1 | Ү ш а н ы қ
ШӘКӘРІМНІҢ «ҤШ АНЫҒЫ» Шәкәрімнің творчестволық рухани жағынан қалыптасу жолы дала қазағының арнайы оқу орнында оқып, даярланбаған қалпын танытады. Бірақ не болса да ӛзі тҥртініп араб, парсы, шағатай, орыс тілін ҥйреніп, сол тілдерде жазылған рухани қазына кӛздерін тереңдей меңгеріп, шыншылдықпен ой қорытқан дала ойшылын кӛреміз. Шәкәрімнің ойшылдық, ақындық кітапханасының кӛлемі мейлінше кең әрі жан-жақты боп келеді. Бір жақсысы олардың бәрі де ӛз шығармаларында аталып, нақтылы дерек, мағлҧмат сілтеме тҥрінде беріліп отыратыны бар. Бір жағынан мҧнысынан әсіресе Абайдың ақындық кітапханасының кӛлемі мен жайын танып білуде таптырмайтын бірегей деректеме кӛзіне де айналып отыр. Шәкәрім ӛлеңдеріндегі ойшылдық, философиялық, пікір танымдар кӛбінесе оның бҥгінге дейін басылым кӛрмеген «Ҥш анық» деп аталып келген ел арасында таралған қолжазба кӛшірмелерінде жатыр. Шәкәрімнің бҥкіл рухани болмысындағы ақындық ӛнер мен ойшылдық танымы ӛзіндік сыры мол, айтылар пікірінің астарлы қабаттары оқырман атаулыға алдын ала даярлықсыз ашыла бермейтін сыр бҥгіп жатқан ерекшелігі де бар. «Ҥш анықтағы» таратылатын басты ойдың ӛзекті желісі де — Абай мҧрасындағы мораль философиясына орай кеңінен таратылатын жанқҧмары мәселесімен тікелей байланыста жатқан қҧбылыспен астасатындықтан, Абай шығармаларындағы осы мәселенің не екенін жіті танып білген кісі ғана Шәкәрім ойына еркін бойлай алмақ. Мҧның себебі «...Абай марқҧм болған соң, содан ғибрат алып мен адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жӛн деп, басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына тҥстім»,— деп Шәкәрімнің ӛзі Абайдағы мораль философиясына ерте қадам басқанын атап кӛрсетуінде ҥлкен мән-мағына жатыр деп білмек керек. Шәкәрім «Ҥш анығын» жазу жолында айтарлықтай алдын ала зор даярлықтан ӛткен. Шығыс пен Батыстың рухани қазына-кӛздеріне бас қойғанда, ондағы идеалистік, материалистік бағыттағы еңбектермен таныстығы мол болған себепті: Пәнші дейді: — Қайда тәңірі? Дінші дейді: — Менде түр... Пәнші (ғалым М. М.) нанды бес сезімге, Дінші (теолог М. М.) адасты жолынан,— деген сыншыл ой қорытындысы ретінде берілген дҥниетаным кӛп нәрсенің астарлы сырын да аңғартады емес пе? Осы арқылы Шәкәрім, біріншіден, затшылдық ғылым жолындағы таным мен, екіншіден, дін жолындағы дҥниетаным бірінші, екінші анық деп кӛрсетеді де: Іздедім, таптым анығын, Тастадым ескі танығын,— деп ӛзі ғҧмыр бойы шарқ ҧрып ізденіп тапқан жолы ҥшінші анықты ҧсынады. Ол — ҥшінші анығын Абайда кеңінен сӛз болған мораль философиясындағы жан қҧмарына барып ҧштасатын ҧждан туралы кҥрделі
2 | Ү ш а н ы қ
проблеманы кӛтереді. Мҧнысы, Шәкәрімнің ҧзақ жылдарға созылған ғылыми-творчестволық ізденіс ҥстінде келіп туған ой қорытындысы ретінде берілетін негізгі ой тезисі: Енбекпенен, ӛрнекпенен Ӛнер ойға тоқылса, Жайнар кӛңіл, қайнар ӛмір Ар ілімі оқылса,— деп тҧжырымдалған танымында жатыр. Яғни, Шәкәрімнің «Ҥш анықтағы» мақсаты ар тҥзейтін бір ғылымды табу болғандықтан, ӛмір бойы осы жолда ізденген. Осы ар ілімі саласында тікелей немесе жанама тҥрде жазылған Батыс, Шығыс тілдерінде жазылған еңбектердегі мораль философиясы жайлы ойлар тарихын сыншыл кӛзбен екшей келіп тапқаны: Отыз жылдай жиғаным, Сау ақыл — менің иманым. Аламын соған сыйғанын,— деп ӛзіндік жан сырын Абайдағы нҧрлы ақыл ҧғымымен сабақтастыра қарайтыны бар. Яғни, Шәкәрім «Ҥш анық» деп аталатын философиялық трактатын жазуға даярлықты 1898 жылдан бастап кірісіп, отыз жылдай ізденіп, жиған-тергенін ӛз ой кӛрігінен ӛткізіп, қорытындыны 1928 жылы аяқтағанын кӛреміз. Қалың оқырман қауымға алғаш рет ҧсынып отырған Шәкәрімнің «Ҥш анығында» сӛз болатын басты мәселе ар ілімінің негізі боп табылатын нәрсе «Адамдағы: ынсап, әділет, мейірім — ҥшеуі қосылып ҧждан деген шығады. Мҧны орысша совесть деп атайды... бҧған нана алмаған адамның жҥрегін еш бір ғылым, ӛнер, еш бір заң тазарта алмайды... ҧжданы сол жанның азығы екеніне ақылмен сынап істесе, оның жҥрегін еш нәрсе қарайта алмайды»,— деп тебірене терең ой толғауы бҥгінде қайта қҧру заманында халқымыздың алға қойып отырған рухани жағынан жаңару талабына да ҥндес келіп жатыр емес пе? Бҧлай дейтін себебіміз кеше ғана орыс халқының айтулы ғалымы академик Лихачев адамгершілік тәрбиеге шешуші мән бермейінше, ендігі жерде қоғамның ӛмір сҥруі екі талай деп ҥзілді-кесілді пікір тҥюіне Шәкәрім мҧрасы да ҥндес шығады деп білеміз. Мекемтас Мырзахметов, филология ғылымдарының докторы.
3 | Ү ш а н ы қ
ШӘКӘРІМ ҚҦДАЙБЕРДІҦЛЫ ҤШ АНЫҚ Адам хақиқатты бас кӛзімен кӛрмейді, ақыл кӛзімен кӛреді. Ӛлімнен соң бір тҥрлі тіршілік бар. Екі ӛмірге де керекті іс — ҧждан. Ҧждан — дегеніміз ынсап, әділет, мейірім. СӚЗБАСЫ Кетті, келді, Толды, семді, Ӛзгеленді бұл ғалам. Туды, ӛлді, Жанды, сӛнді, Ӛршіп енді қайтадан. Дӛңгеленткен, Ӛңгеленткен, Түк білімсіз күш пе екен? Тіпті мінсіз, Кемшіліксіз, Есті қылған іс пе екен? Жан деген не, Мүлде ӛле ме, Шын жоғалып сӛне ме? Дене жӛн деп, Жоғары ӛрлеп, Жаның мен деп келе ме? Осы дҥниеде кӛзге ілінбейтін кішкентай жандылардан бастап адамдарға шейін бәрі һәм нәсілдерінің жақсылықта болып ӛсіп ӛнуіне қам қылады. Мҧны — «барлық таласы» дейді. Бҧл жаратылыстың берік жолы. Сондықтан барша адам шамасына қарай қай бірі ӛзі ҥшін, қай бірі табы ҥшін, қай бірі барша адам ҥшін жақсылық бақ іздейді. Ақыл қарауында адам толығы барша адамға бақ іздеген болады. Тіршілік туралы адам арасында кӛптен бері айтылып келе жатқан екі тҥрлі жол бар. Бірі, дене ӛлсе де жан жоғалмайды, ӛлгеннен соң да бҧл тіршілікке, тіпті, ҧқсамайтын бір тҥрлі ӛмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дҥние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы ӛмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мҧны ақырет-ӛлгеннен соңғы ӛмір жолы дейді. Енді бірі, бҧл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі ӛздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм ӛлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу - ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең адамды тҥпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие бар ӛлген соң да бір тҥрлі ӛмір бар деген жолдың шын, ӛтірігін білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап,
4 | Ү ш а н ы қ
адамдарды тҥпкілікті бақытқа жеткізу ҥшін, егер ӛтірік болса, оған әуреленбей жалғыз ғана дҥние қамын қылу ҥшін, олай болса бҧл екеуін қалай тексереміз. Оны тексерушінің әр тҥрлі діндер жайынан, әр тҥрлі ғылым жайынан әрбір білімділердің сол туралы айтқан сӛздерінен хабары болу керек. Және қатты керек бір шарты - ӛзінің тҧтқан діні, оқыған - ҧғынғаны, қалыптанған әдеті, қҧмар ісі бәлендей жақсы кісі айтты деп нанып қалған сӛзіне біржола байланып қалмай, ақылын әбден шын босатып сол екі жолдағылардың жазған кітап, айтқан сӛз, қылған істері һәм оларға қарсы айтқан сӛздердің бәрін ноқтасыз, науқассыз сау ақылмен сынау керек. Әйтпесе, адам әдет, қҧмар нанымынан шыға алмай, арқандаулы ат сияқты болады. Және ӛзінің мынау жӛн дегенін халық алдына салғаны жӛн. Неге десең, қайсысы болса да әбден сыналып, тазарған соң шын болмақ. Бҧл екі жолдың тҥбі қайдан шыққанын тексерсе, адамдардың біз һәм әлемдегі барша нәрселердің қайдан бар болғанын, мҧны кім жаратқан деген ойынан шыққан. Неге десең, адамның ақылы оны ойламай тҧра алмайды және адам жаңа бір нәрсені кӛрсе мҧны кім жасаған, бҧл неге керек демей қоймайды? Сондықтан жаратушыны іздеп, әркім әр тҥрлі ой жҥргізген. Тіпті, ескі замандағылар жаратушы осы деп немесе осында жаратушының қасиеті бар деп кҥн, от, ағаш, тас сияқтыларға табынған. Немесе әр нәрсенің бір тәңірісі бар деп сурет жасап табынған. Онымен де тҧрмай адам қолынан келмейтін істерді істеген алдамшы жәдігӛй, бақсы, дуана сияқтыларды да тәңірінің орнын басады деп сондайларға да табынған. Сҥйтіп соқыр кісіше сандалып жҥргенде пайғамбар дегендер шығып, барлықтың бәрін жаратқан ие бар, ӛлген соң бір тҥрлі тіршілік бар, осы ӛмірде қылған ісіңе қарай ол ӛмірде де ӛлшеусіз бақ, қиын азап бар мҧны бізге сол жаратушы ие білдіреді дейді. Сіздерге ҧқтыруға бҧйырды деген. Ол кездегі адамның бір қатары бҧған нанып ерсе де, бір қатары нана алмай бҧрынғы қалып алып қалған әдетінен шыға алмаған. Енді біліп жаратқан ие де жоқ, ӛлген соң ӛмір де жоқ деген жолдың тҥбінде осы барлық, әлем неден бар болды деген ойдан шыққаны тӛменгі сӛзден мәлім болды. Ескі заманның білімділері әр нәрсенің тҥпкі негізі неден жаралғанын тексеріп, тамам нәрсенің негізі тӛрт нәрсе деп білген. Онысы — от, су, топырақ, ауа. Олардан кейінгі білімділер ол тӛрт нәрсенің әр біреуі әлденеше негізден жаралғанын таба - таба жақынырақ кезде тҥп негізі сексен шамалы екенін тапты. Әр дененің кӛзге ілінбейтін кішкентай тараулардан қосылып жаралғанын тауып, ол кішкентайды қанша ҧсақтаса да ақырында тіпті бӛлуге келмейтін болады. Сол бӛлінуге келмейтін тҥп негіздердің атын Европаша атом, деп атап, арабша мадда немесе әсер деп атады. Біздің қазақша аты жоқ болған соң бҧл кітапта біз оны атом, мадда деп атаймыз. Сҥйтіп барша нәрсе сол сексен шамалы атомдардың бір-біріне қосылғанынан дене жасап, әлденеше тҥрге тҥсіп, бірі - бірінен ӛршіп, жаралып жатқанын тапқан. Мҧны алғашқы тапқан ион–грек жҧртының Пифагор деген білімдісі. Кейбіреулердің сӛзіне қарағанда, Пифагор оны Финикия жҧртынан ҥйренді
5 | Ү ш а н ы қ
дейді. Олай болса алғашқы тапқан Финикияның Садда деген қаласынан шыққан Мocкo деген адамы болады. Кім бҧрын тапса да, бҧл атомды басында не нәрседен жаралғанын, оның не іске жарайтынын білу ҥшін іздеп тапса да, гректің Эпикур уа Демокрит деген білімділері сол атомды дәлел қылып, барлық әлем атомнан ӛршіп жаралып жатыр, оны былай қылайыншы деп біліп жаратқан ие жоқ деген бір жолға негіз салды. Араб жҧртының патшалығы зорайып әр елдерді қол астына қаратқан Аббас патша болған кезде ион - гректің білімділерінің жазған кітаптарын араб тіліне кӛшіргенде осы атом туралы сӛздерді араб тіліне кӛшіріп, мҧсылман молдаларының ортасына: Барлық әлем басынан бар ма еді? Соңынан жаралды ма деген дау кіруіне осы атом себеп болды. Соңғы кезде Европаның Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бҧрынғы Эпикур, Демокрит - терден қалған жаратушы ие жоқ дегенді қайта жаңғыртып, Европа арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Және атомдар бірін-бірі тартып қосылуына бір кҥшті дәлел табылды. Ол әр нәрседе бірін-бірі тартатын қуат барлығы. Оны орысша притяжение деп, арабша тажазиб дейді. Мҧны алғашқы тапқан Англияның Исаак Ньютон деген ойшылы. 17 жҥз жылдарда алманың ҥзіліп жерге тҥскенінен ойлап тапқан. Бҧл біліп жаратқан ие жоқ дегенді ҧғымдырақ айтсақ, әлемдегі бар нәрсенің негізі сексен тҥрлі атом, солар бірін-бірі тартатын притяжение заңымен қосылып, дене жасап, бірінен-бірі ӛсіп, ӛзгеріп жатыр, оны былай қылайын деп әр қайсысын әр бӛлек жаратып жатқан ие жоқ және жан деген ӛз алдына бір нәрсе емес, сол атомдардан жаралған дененің бір қозғалысы ӛзгерістерінен шыққан сипат. Адам ӛлген соң дененің барша қҧраулары шіріп, шашылып, бытырап әр қайсысы ӛз атомдарына қосылып кетеді де, жан дегенің біржола жоғалады. Сондықтан ӛлген соң тірілу жоқ дейді. Жақын кезде шыққан бір кітапта Европаның осы кездегі білімділері атомды электрия қуатымен әлденеше бӛліп, ол ҧсақтың атын электрон қойды дейді. Мҧның арабша аты жоқ болса керек еді. Жақында бір оқыған кітапта «Хихату хахараба аиие» депті. Мағынасы электрия талқаны деген-ау деймін. Бҧлай болғанда атомдарда бӛлінгені ғой. Осы кезде білімділер жоғарыда айтқан сексен шамалы негіздің бәрінің негізі бір Нҧр екен деп жҥр дейді. Олай болса, барлық әлемнің тҥп негізі нҧр болғаны дейді. Нҧр — жарық. Нҧр кҥннен, не оттан шықса да жан жағының бәріне кҥлтеленіп шығады. Нҧр бір секундта ҥш жҥз мың шақырым жҥреді. Кҥннің нҧры жерге 8 минут, 17 секундта келіп жетеді. Кҥннен де алыс кейбір планета жҧлдыздың нҧры жерге ҥш жҥз жылда жететіні бар. Тіпті, алыстарының нҧры жерге мың жылда азар жететіні бар. Нҧрдың жҥрісін білімділер орысша Юпитер, мҧсылманша Муштари деген. Планеттің Пик деген тӛрт жолдасы юпитерді айналғанда, кӛлеңке жағынан шыққаннан ӛлшеп тапқан. Ол юпитер кҥнді айналғанда он екі жылға жақын мезгілде бір айналып шығады. Бҧл нҧрдың жайын жазғандағы
6 | Ү ш а н ы қ
мақсҧтым мынау: нҧр да ӛздігінен бар болмай бір нәрседен шығатыны, о да қозғалып жҥретіні ойда болсын. Және барлық әлемнің ҧшы-қиыры жоқ кӛп зорлығы білінген әлемге қарағанда, білінбегендердің есеп ӛлшеуге келмейтіндігі оқушының ойында болсын дедім. Жоғарғы айтылған барлықтың бәрі ӛздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп біліп жаратқан ие жоқ деген жол әлдеқашаннан айтылып келе жатса да, әсіресе 17-18-19—жҥз жылдардың аяқ шеніне шейін Европа ішіне кӛбірек жайылды. Олардың дәлелдерінің кҥштірек дегендерін айталық: 1-дәлел: қайта айналыс жолы. Барлық нәрсенің тҥп себебі бҧрыннан бар қуатты дене (сила вещества) атом. Әр нәрсені ӛсіп-ӛндіретін сол дҥниеде еш нәрсе жоғалмайды, бірақ ӛзгереді. Әр планета, жер, кҥн, ай болсын басында газ, тҥтін, жалын болып, кӛп заманнан соң, салқындап қатты дене балып, осы бір қалыбында қалмайды. Бірталайдан соң біріне-бірі соқтығу сияқты бір себептермен қайта газ болып, онан сҧйық, онан тағы қатты дене болып сол ҥш тҥрге тҥседі де жҥреді. Қайта қатты дене болған кезде бҧрынғысынан жер де, басқалар да не ҥлкен, не кіші дегендей басқа тҥрде болуы мҥмкін. Және ол қайта жаратылыста жерде адам, хайуан, ӛсімдіктер болады. Бірақ ӛлген соң бізден сезім кетіп, ол ӛзгерістен еш нәрсе сезбейміз. Ол қайта жаралыста біздің білім, шаруа, байлық, дене сияқтылармыз мҧнан тіпті басқа тҥрде болады. Және барлық әлем біржола газ болмай, бір жағы газ болып жатқанда, бір жақтағылары қатайып, қайта жаралып жатса керек. Мҧның бәрін ӛзгертіп ӛзінен не шығып, не болып жатқанын сезбейді дейді. 2-дәлел: жаратылысы жолы. Мҧқым барлықтың бәрін бар қылып тҧрған — жаратылыс жолы. Сондықтан біліп жаратушы ие деген бекер сӛз, ол жаратылыс жолы осы жаралғандардың ӛзінен бӛлек нәрсе емес. Осыдан бӛлінбейтін заң барлықтың бәрі сол заңнан еріксіз жаралып жатыр. Ол заң ӛсіп-ӛнуге, жоғарылауға ҧмтылып ең жақсыны сайлап алады. Сондықтан бҥтін әлемдегі планета, жҧлдыздардың жаралысы жҥрісі адам, хайуан, ӛсімдіктердегі һәм басқа нәрселердің дене бітімі, жаралысы, реттері толық жарасымды мақсҧтты жолмен жаратылған дейді. Бҧл — философ Литерие сӛзі. 3-дәлел: тҧқымдастық жолы. Жоғарыда айтылғандай, бар нәрсе ӛздігінен жаралып жатқан соң жаратушы деген жоқ. Қҧрғақтағы хайуандар, адамдар, ӛсімдіктер, қҧстар - бәрі теңізден туған. Теңіз жерді орап алғандықтан су хайуандары, ӛсімдіктері қҧрғаққа шыққан. Жер жҥзіндегі ӛсетіндердің, жандылардың бәрі басында су хайуаны. Неге десең, қырда не тҥрлі жандылар болса, теңізде де соған ҧқсатар бар. Теңізде жылан, ит сияқтылар болғанымен тҧрмай, қҧс сияқтылар да болған. Сондықтан бҧларды бӛлек-бӛлек жаратқан ие жоқ дейді (Маиеннің сӛзі). 4-дәлел: дене сезімі. Біз әр нәрсені денедегі сӛзімізбен білеміз. Мҧқым барлықтың бәрі жаралыс жолымен еріксіз бар болып жатқанын кӛріп біліп
7 | Ү ш а н ы қ
тҧрмыз. Егер біліп жаратушы ие бар болса, бҧл жаратылыс себептерінің тҥк керегі жоқ болар еді. Неге десең, бір жаратушы білімді қҧдірет бар болғаннан соң бҧл себептердің керегі не? Сондықтан біліп жаратушы жоқ дейді. Бҧл — Бюхнер сӛзі. 5-дәлел: әр тҥрлілік. Барлық дҥниеге қарасаң тасы, ағашы басқа ӛсімдіктер, хайуандар, адамдар, су, от сияқты, тіпті, біріне-бірі ҧқсамайды. Бҧл нені кӛрсетеді? Бҧл әр нәрсе қалай болса солай кезі келгендіктен себебіне қарай жаралып жатыр. Оны былай болсын деп жаратушы жоқ екені осыдан мәлім дейді. Бҧл Ғайсадан ҥш жҥз жыл бҧрынғы Демокрит сӛзі. Жоғарыда айтып едік, бҧл біліп жаратушы ие жоқ деген жол XIX ғасырдың аяқ шеніне шейін Европа ішінде кӛбірек жайылды. Онан кейін бҧл жол нашарланқырады. Оның себебі, магнетизм, спиритизм, телепатия дегендер шыққандығы болды. Оның мәнісі мынау: магнетизм бір адамның жанының қуатымен әсер беріп, еріксіз ҧйықтатып, сонан ӛткен бір істі немесе келесіде болатын бір істі сҧрап ғайыптан хабар айтқызады һәм басқа істерді істетеді. Спиритизм ӛлгендердің жанын шақырып келтіріп ғайыптан хабар айтқызады. Кейде қағазға да жазғызады. Телепатия тіпті алыстағы тірі адамның жанымен ӛз жанын хабарластырып, соған ҧнағанын істете алады. Осындай адам таңқаларлық бҧрын сыры білінбеген метафизика жаралысы жолымен жоғары қуат барлығы анықталған соң, бҧрынғы дене сезіміне ғана нанып, онымен білінбеген нәрсені ғана жоқ деп жҥргендердің ойын шатастырып басқа ойға тҥсіреді. Жан, рух. Жан деушілердің сӛзі жоғарыда айтылып еді. Сҥйтсе де біраз ҧғымдырақ қылып айталық: сӛзі мынау — дененің арасы сӛзімнің орта тҧрағы, центрі мида, ол тоқтаса, бәрі де тоқтайды. Сол мидағы орта тҧрақпен мҧқым денелер арасындағы сезетін, қимылдататын тамырсіңірлерге тҧтастыратын бір жалғастық (проволкі) бар. Сондықтан жан деген бӛлек нәрсе жоқ. Егер жан бар болса, ми жан болар еді. Оның жан емес екендігін керіп біліп тҧрмыз. Дене әрқашан ӛзгеріп тҧратын болғандықтан, жылдар, уақыттар ӛту себепті, біржола езге дене болып ауысады. Адамның әр тҥрлі сезімі істі істеуі сол мидың ӛзіне ғана біткен сезу, ескерулер. Ол денеше әрқашан ӛзгеріп тҧрмайды. Адам ӛлген соң, дененің қҧраулары шашылып, бытырап басқа бір ӛсімдік, хайуандарға кіріп араласады. Сҥйтіп әркім ӛзіне арнаулы жаны болмай, біреуден біреуге кӛшіп жҥретін болған соң, не дене жан қайта тірілу жоқ. Адамның сезімім, ӛмірім деп жҥргені сол миға біткен сезу әсерленудің жаңаруы, әрбір жаңаны сезуі ғана. Ӛзге бӛлек ешнәрсе емес. Ол ӛзгеріп тҧрған дене бҧрынғы дененің ӛзі емес, қҧры ҧқсаған болады. Сондықтан, адам оны ӛзім деп біледі дейді. Енді жан туралы ой жҥргізген білімділердің сӛзін айталық: Герман Шефлер деген білімді айтады: жан атом қуатынан қҧралған «бір» қуат дейді. Уиршо - тіршілік механика дене машинелерінің 10 тҥрінен бір тҥр дейді. Доиуариман: әр тамырда электрия бар; ой денедегі атомдардың
8 | Ү ш а н ы қ
қозғалысының әсері дейді. Стуармель: адамның тіршілігі бізге сондай қиын бір сырлармен байқалады. Дҥние тіршілігі жаратылыстың ӛзге кӛп қиын сырларына қарағанда тҥпсіз, ӛлшеусіз; бостықтағы кішкентай арал сияқты дейді. Ж. Дольн: — жан атом дене емес, жаннан шыққан әсерлерде дене қасиеті, жӛні, ой, оймен суреттеу, ойға тҥсіру сияқты жан қасиеттерінің тҥбі де жоқ, суретте және жан қасиеттері заман, уақыт астына кірмейді. Бҧл — ақылдың ӛзінен шығатын қасиеттерді дене жаралысының еш сипатымен сипаттауға, ӛлшеп ҧйқастыруға келмейді. Бҧлайша болып жан жаралысынан денеден шыққан соң, денедегісінен қуатты болып, тіпті, жоғалмайтындығы білінеді. Шын анықтап қарағанда, жан дене сияқты емес. Дене ӛледі, ӛзгереді. Жан олай емес, екеуі бірігіп тҧрған кезде бірі - біріне қатты әсер береді. Ашу, жек кӛру, сҥю сияқтыларда әсері бетке шығады. Жан жатты әсерленсе, денені қиыншылыққа тҥсіреді, Кейде қапиядағы қатты қуаныш, қорқыныш, қайғы адамды ӛлтіріп те жіберді. Жан мен дене біріне-бірі жат, бӛлек жаралған болса да, бірігіп тҧрғанда ҥстіп біріне-бірі әсер береді. Докторлардың айтуынша, бір нәрсені ойлап сҥрендеген ой денеге әсер береді дейді (Дольн, Декарт). Жан мен дене бір-біріне, тіпті басқа тҥрмен болса да, жаратушы ол екеуін бірі - біріне әсер беретін қозғалыстан болғызған жанға денесімен әсер беріп, денені жан әсерімен қозғалыс қылғызған дейді Олер. Жан мен дененің бір-бірімен әсер беруі қайтарыс жолымен дейді, мәселен, тасқа соққан дауыс қайта естілген сияқты (Коддрс). Жан мен дене арасында орта себеп балатын бір нәрсе бар, екеуінің де қасиетіне ортақ болатындықтан екеуін қосып жарастырып тҧрған сол дейді (Ж. Дольн). Бҧл туралы былай айтады: жан бӛлінуді қабыл алмайды. Және денемен бір жола бірігіп те қалмайды. Ол екі араға тағы бір нәрсе қосып, оның міндетін анықтауға ақылымыз жетпейді. Бірақ ондай нәрсе бар болса, ӛлшеу, сипаттауға келмейтін бір мысал яки қиял, сәуле сияқты болып, сол тамыр, сіңірлер арқылы әсер беретін шығар дейді (Ж. Дольн). Ж. Дольн және айтады: бҧл ортақ дене дегенді айтатын себептері Францияның военный академиясының (соғыс мектебінің) ҥстінен қарайтын Доруцатстың магнетизм жолымен бір адамды ҧйықтатып, соның денесі ӛлімге ҧқсас бір халге тҥскенде, жаны бҧрынғы денеден шығып, сол адам қасында бір тҥрде болып отырғанын кӛргендіктен анықтап білдік дейді. Сондықтан, жанның тҥпкі негізі білінбегенмен, сол сәуле сияқты дене ӛлген соң да, сол жанның ӛз алдына біреу болып жҥруіне жәрдемші екенін білдік дейді. Және бір дәлелдері: 19-жҥз жылдар ішінде болған франция адамы Аланкардың айтуы солай дейді. Бҧл жан шақырып алатын спирит еді. Оның айтуынша, жандар ӛз дҥниелерінде біз сияқты барлар әр қайсымыз тірі кҥнімізде адам атанып, ӛлген соң жан боламыз. Бҧл дене — ортақ дене, екеуі де жансыз еш нәрсе сезбейді. Ортақ дене тірі кҥнде денеде болса, ӛлгенде жанмен бірігіп кетіп біржола бар болады дейді.
9 | Ү ш а н ы қ
Жаралыс жолы физика жолымен табылмайтын, сыры білінбеген (физика) нәрселер туралы Европа білімділерінің сӛздері мынау: атақты философ Жостшбатия шын білгіш ғалымдар жаралыс ғылымының әр тарауында білімінің тіпті азғана екенін, білінбеген, сыры шешілмегендерге қарағанда, білгендері ноль есебінде жоққа есеп боп қалатынына еріксіз мойындайды деген. Био деген білімді айтқан: барлық жаралыстың заңдарын ойласам, ҧғындыруға шамам келмей таң қаламын. Кейбір жазушылар бізді қанағаттандырмақ боп, терең ойларды білгізбек боп кӛп кемшіліктің ҧғымсыз жаратылыс жҧмбағына қарағанда, бос сӛз болып қалатынын шын батылдықпен айтамын дейді. Герберт Спенсер кҥн сайын білінуі қиындаған сырлар туралы қанша дау айтысып, ой жҥргізсең соншалық ашық (форма) нҧсқада адамнан ҥстін бір нәрсені барлыққа келтіруші, бҧрыннан бар, тіпті жоғалмайтын бір қуаттың барлығы аңғарылады дейді. Проф.Фонтель «Білім айналасында» деген кітабында айтады: жаралыс физика бізге ең керектігі біздің тоймаған ақылымызды тойғызатындай емес, ең зор керегі барлықтың бәрін жаратушы иені тануға қарай жетелеуінде һәм соның қҧдіретінің ӛлшеусіз зорлығымен біздің ақыл сезімімізді таңғалдыруда деген. Руссо деген атақты поэт (ақын) айтқанмен, басында адам тәңірінің барлығына нанбаса да, толықтыққа жетеді деп ойлаушы едім. Аяғында онымның бекер ой екендігін білдім. Тәңірінің барлығына ақылымен әбден нанбай тҧрып адам толық тазалыққа жете алмайды деген зор философ Биренжие. Дін мәселесі шешілу ҥміті таялды деген Жан-Жак Руссо, Ламетри, Лемке, Мишель, Кеттле сияқты неше жҥз білімділер адамның ішкі ындынын тексеріп, дҥниені жаңа бір дін қаптаса керек деген. Жоғарыда аталған Фонтель айтқан: адамдар жаратылыстың негізгі сырын білуге соншалық нашар. Білмегеніне қарағанда, білгені жоққа есеп. Сҥйтіп тҧрып себебін, мәнісін таба алмай нәрсені біржола жоқ деп таласады. Мҧның сезімі дене сезіміне ғана нанып, басқаға нанбай терең ойлағандықтан жалғыз дене сезіміне ғана нанып тҧрса кӛп шатақ ойлар? Даулар болмас енді деп жаралыс жолымен қуып, сыры табылмайтын (метафизика) істі ойлауға бӛгет болуды да ойласқан. Мәселен 1797 жылы туып, 1857 жылы ӛлген Огюст Конт позитивизм шын анық деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: кӛзіміз кӛріп, езге сӛзімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп шындығына кӛзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық деген. Бірақ адамда жаралыс жолының жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, кҥн сайын бҧрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бҧрын тіпті мҥмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны кҥнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сӛзіндей сӛздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды. Осы кезде Европа әлде жҥз ғалымдар магнетизм, спиритизм, телепатия сияқты ғылымдарды қҧрал қылып кҥні-тҥні жан мәселесін тексеруде.
10 | Ү ш а н ы қ
Сыры жасырын нәрселермен жан туралы, тіпті, қымбатты кітап жазған Камиль, Фламмарион айтқандайын, біз ғана дене сезіміне тоқтап қалсақ қатты алданамыз. Иондық-гректің Пифагор деген білімдісі, тіпті, кішкентай жердің айналасында ӛзге зор планеталар айналғаннан гӛрі жер һәм ӛзге планеталар кҥннің айналасында айналғаны ақылға сыйымды. Аспанның механика заңына да жӛн дегенде сол заманның зор ойшылдары Платон, Архимед, аспан ғылымына жҥйрік Птоломей, Гиппарх кҥлкі қылмас еді. Сократ жаратушы ие бар деймін деп не кермеді. Галилей ӛзге планеталар жерден ҥлкен дегені ҥшін не кӛргенін білесіздер. Ауа (воздух) кислород-азот деген екі газдер қосылғанын тапқан Лавуазьеге онысын теріс кӛріп, химия ғылымына жҥйрік, академия члені Боуме протес қылғанына дым кӛп. Архимед Ғайсадан 287 жыл бҧрын болған (грек-ион) кӛп уақыт ӛткен де жоқ. Сондай жаңа сыры ашылған нәрсенің бәрі басында кҥлкі болып, аяғында шын болған дейді Фонтель. Осы кҥнде сыры табылған физика жаралыс жолынан жоғары қуаттың барлығын 1738 жылы туып 1815 жылы ӛлген Месмер деген Германияның докторы хайуан магниті деген нәрсені тауып, сонымен ауруларды емдеген. Оны бҥкіл Европа білімділері тексеріп бір қуаттың барлығын мойындаған. Месмер ӛзі доктор кӛп ғылымды адам, бірақ емдеуді ғылым жолымен емес, бір шелек суды ӛзінің бір тҥрлі жолымен магниттейді де, сол суға кейі қолын, кейі аяғын сҧғып, кейі қҧйынып жазылады. Суды магниттегенде сиқыршы жәдігӛйлер сияқты ақылға қонымсыз, Алатау жақтағы қарақҧрт шаққанды емдейтін тарамшы дейтіндер сияқты-ау деймін. Францияда оны тексеруші комиссия шығып, хайуан магниті тҥбі білімсіз болса да, әсер беретіні рас екен деп жар салған. Бҧл хайуан магнитінің тҥбі білімсіз болғаны сияқты электрияның да тҥбі білімсіз. Бірақ, электрияның не нәрседен шығатыны менен неғылып іске жарайтыны табылғандықтан, ғылым еріксіз алып отыр. Сымсыз телеграмм шықпай тҧрғанда жаралыс жолымен іс қуғандар оны мҥмкін дер ме еді? Соған қарағанда магнетизм, спиритизм, телепатиялар да бҥгін тҥп себебі табылмай тҧрған қуат екенін мойындау керек дейді. Білімділер бҧл гипнотизм, спиритизм, телепатиялармен ауыр нәрсе жеңілденеді, жеңіл нәрсе ауырланады, тірі адамды ҧйықтатып, жанын әлденеше жҥз шақырымдарға жіберіп ғайыптан хабар алады. Ӛткенді, келесіні сӛйлетеді. Ӛлген адамның жанын шақырып алып сӛйлеседі, жазғызады. Сондықтан олар жанның барлығы, тіпті жоғалмайтындығы анықталды дейді. Мҧның бір қатар шартын тапса әр кім ӛзі сынап білуге мҥмкін. Жоғарыда аталған Месмер мен Калиостро деген адам Европа білімділерін таңқалдырған. Калиостроның қылған ісі 18 жҥз жылдар Францияның наследнигі (орынбасары) болып, онан кейін король патша болған, аяғында еліне зҧлымдық қылғандықтан ӛлтірілген ХҤІ Людовик деген болған. Соның наследник кҥнінде соған тиіп неке қиғызамын деп Францияның патшасы тҧратын Париж деген қалаға бара жатқан Мари
11 | Ү ш а н ы қ
Антуанетта деген қыз жолда Францияның бір ақсҥйегінің ҥйіне тҥскен. Сол ҥйде Калиостроға кез келген соң, оның ғайыптан айтатынын естіген соң Мари Антуанетта Калиостроға бал ашқызып беріңіз, менің осы некемнің арты не болар екен, деген. Калиостро бал ашпаймын десе де қыз болмаған соң, бір шелек судың айналасында әр тҥрлі істер істеп, ҧғылмайтын сӛздер сӛйлеп, қызға осы судың тҥбіне қара, ӛміріңді сонда кӛресің деген. Қыз суға біраз қарады да, ойбай деп талып қалды. Есін жиған соң қыз да, Калиостро да еш нәрсе демей жӛніне кете береді. Қыздың талған себебі, сол судың тҥбінде кӛп адам жиылған. Ортасында ӛзі. Ӛмірінде кӛрмеген бас кесетін машинаға жазалы адамдарды әкеліп, бас кесіп жатқандарды кӛрген. Аяғында Маридің ӛзін де сол машинаға әкеліп бір тесігіне басын сҧққанда, машинаның жоғары жағынан бір балта сияқты нәрсе Маридің басын қиып бір шылапшында домаланғанын кӛріп, сонан шошып қалған. Мҧның бір таңырқарлық жері – ол кезде бас кесетін гильотина деген машина жер жҥзінде жасалған жоқтығын. Онан соң Мари наследникпен некеленген. Бірталай уақыттан соң, ҥкімет басты қинамай тез кесетін айла іздеп жҥргенде, профессор Гийотек деген бір бас кесетін машина тауып, соның суретін салып, қалай істейтін жайын жазып абақты бастығына берген. Ол апарып корольға кӛрсеткен, Мари корольдың қасында болғандықтан, әлгі машина суреті баяғы суда кӛрген машинаның дәл ӛзі болғандықтан, Мари ойбай деп талған. Есін жиған соң, король неге тандың дегенде, баяғы кӛргенін айтқан. Онан бірталайдан соң, аяғында Маридің де, корольдың де басы сол гильотина дегенге кесілген. Калиостроның шын аты Джузеппа Бальзамо. Жандардың насихатымен атын Калиостро деп ӛзгерткен, заты италян. Жоғарыда жан туралы аты аталған Аланкардың шын аты Рауэль. Ҧждан насихатымен ӛзгертілген, заты француз. Осы француз сперттерінің жолы сол Аланкардтың жазып қалдырған кітабының жолы. Бірақ оны француздар ғана ҧстайды. Англия сперттері оны теріс дейді. Брахман дініне ҧқсас, мәселен, ӛлген соң жаны бір хайуанға кіріп, сонан және біреуге кіре-кіре әбден тазарады. Мҧны жандар солай айтты дейді. Англия спириттері жан басқа хайуанға кірмейді, кей жандардың сӛзін материализмге (жаралыс жолы дене жолына) ҧқсайды. Кейінгі басқа жолға ыңғай болады. Мҧндай бірі-біріне шатақ жан сӛздеріне Аланкар себеп кӛрсетеді. Мәселен, адамдармен хабарласатын, кӛбінесе тӛмен дәрежелі жандар болады. Сондықтан, олардан шатақ сӛз шыға береді. Кейбір сӛздер надандар сӛзі сияқты болатыны сонан. Бҧл Аланкардың «Лажаз» деген кітабына сперт жайын, әсіресе жан жайын әңгіме сияқтандырып мысалдап әдемі суреттейді. Мҧның қылған істері кӛп. Оның бәрін жазбай-ақ сперттердің сырын табамыз деп ізіне тҥскен білімділердің бір сӛзін айтайын. Морс Лошатый деген «Білім лҧғат» деген кітабында айтады, сперт туралы ойлаған ойлар бҧрынғы ойлаған ойды ӛзгертіп, жоғарырақ ойланғандарды таңқалдырар. Бҧл спиритизмнің тамам
12 | Ү ш а н ы қ
ғылымды жҧрттың арасында кетуі кешікпей-ақ мҧны анықтап жарыққа шығарушы Аланкарды 19-жҥз жылдықтың ең зор ғылым ӛнер шығарушысы дегізер дейді. Магнетизм, спиритизмді жәдігӛйлік, мҧның сырын ашып һәм масқара қылайық деп Европа білімділері ізіне тҥссе де, кӛзі жеткен соң бір қуаттың барлығын еріксіз мойындады. Кейбіреуі ӛзі істеп керіп анықтайды. Бірақ тҥп себебін тапқан әзір ешкім жоқ. Сол ізерлеген білімділердің сӛзін айтайын. Ожен Воннер айтады: мен басында спиритизмге кҥліп едім, енді оным ақымақтық екенін білдім дейді. «Равель» газетінің ғылым туралы жазушысы Виктор Моние айтқан: бҧл спиритизм физиктердің (дене) жаралыс жолын қуғандардың қҧлаған ойларының ҥстіне балта кермеген орман ағашы жоғарылауда деген. Сол газеттің бас жазушысы Август Багери айтқан: алғашында Америкада таяқ жеп, аяғында анықтығына он тӛрт мың адам нанып қол қойған спиритизмге ӛзім тәжірибе қылып, сынап еріксіз нандым деген. Оның «Миед Дели Стуар» деген кітабы бар. Сонда белгілі спирит Дожерден деген әйелдің істері туралы сӛйлейді. 1896 жылы Нансы дәрігерлік факультетінің профессоры Брангайер магнетизм жолымен ҧйықтатып емдеуге бола ма екен деп бір адамды ҧйықтатып сынағанын айтады. С... ҧйықтатып оянғанда (оған) артындағы столдағы қасықты қалтаңа тық, мені кӛрмедім де дейді. Ол оянғанда алдындағы кҥміс сағатын алып, жоқ бҧл ҧрлық болады, бҧл жарамайды деп қайта қойды дейді. Ҧғындыруым нашар болғанын біліп, бір кҥні тағы артындағы кҥміс қасықты ҧрламасқа лажын жоқ, қалтаңа тық мен кӛрмедім. Ол оянғанда артындағы столға қарап қасықты алды да не болса да лажым жоқ деп қасықты қалтасына тықты. Мені кӛрмедім деді. 1843 жылы Парижде шыққан «Клуб» газетінің 14 июньде шыққан номерінде Гартс Догасиен қол қойған «Ҧйқыда кезу» деген мақалада айтады: Валери Обал кӛшесінде 243 нӛмірлі ҥйде доктор Коканның ауру қарайтын бӛлмесінде гипнотизм жолымен қатты ҧйықтатқанды кӛрдік дейді. Лапонтин деген гипнотизер 22 жасында бір әйелдің шіріген тісін докторға алдыру ҥшін ҧйықтатып, денең тҥк нәрсені сезе ме деп сҧрағанда, сезбейді деп жауап берген соң, әйелдердің қалпақ шәлі бекітетін инелерін әлгі әйелдің бетіне, білегіне, тіліне ине сҧқса да тҥк сезбеді. Доктор әдейі ауыртпақ болып, тісінің етін қандауырмен тіліп, тісін суырғанда қаны бҧрқыраса да әйел тҥк білмей, оянған соң да тҥк ауырмағанын айтты. Сонда жиырма шақты кісі тҧрдық дейді. Мҧнан отыз жылдай бҧрын Ҥндіқытай теңізіндегі Францияның пароходындағылар спиритизм туралы сынау ҥшін, жан шақырып сӛйлесіп отырғанда, бҧрын ӛлген жолдастарының жаны келіп, мен ӛлмей тҧрып кеме бастығы капитаннан бес франк жиырма бес цент ақша қарыз алып, соны тӛлеп алмай ӛліп едім. Сол маған қиын болып жҥр. Сіздер мархабат қылып капитанға сол ақшаны тӛлеңіздер деген. Капитаннан сҧраса ҧмытып қалыппын деген. Аналар жалынып сол жылғы книгасын қараса, дәл шыққан.
13 | Ү ш а н ы қ
Марсельде осындай бір сынау жасап отырғанда, бір жан кеп кӛршілеріңізде қант саудагерін шақырыңыз, соған айтатын бір сӛзім бар десе, саудагер мҧндайға нанбай жәдігӛйлік дейтіндігінен келмейді. Жан: келсін, Қызыл теңізге жіберген кемесі жайында айтамын деген соң, саудагерді жалынып-жалпайып алып келгенде, қане жәдігӛй маған не айтасың деді. Жан айтыпты: мені қаралағанда не табасың, сорлы, сен сәрсенбі кҥні Қызыл теңізге бір кеме жібердің, сонша қант, сонша қызметші, сондай жолаушы бар, капитаның пәленше, кеме он екі сағаттан соң толқынға ҧшырап тоқтап, оны-мҧнысын тҥзетіп және жҥрді. Ион жиегіне шейін жақсы барса да, Метабан тҧмсығында толқын болып, компасы (қыбыламасы) сынып жолдан адасты. Таңға жақын бір нәрсеге қатты соқтығып, бір адам тірі қылмай суға кетті. Мен солардың бірінің жанымын. Саған хабар бергелі келдім. Ӛкімет есітіп, тексеріп жатыр. Бҧрнағы кҥні пристанға хабар келеді. Сонда менің жәдігӛй еместігімді білерсің дейді. Айтқандай хабар келіп бәрі дәл шықты. Спиритизм жайын тексеруші Озен Носи жазады: 1759 жылы Англияның әскері Американың тҧрғын халқымен соғысқандағы коменданты Цицерь Уильямс Джонсон Сосет Мэрдағы Американ адамдарына елші жіберіп, Нигера қаласына келсін, сол жерде бітім шартын жасайық дейді. Алдындағы соғыста америкалықтарға қолға тҥскен Александр Калмри деген офицері елші барғанда Американың қолында екен. Сол айтады: Елші келген соң, американдықтар «Зор тасбақа» деген жанды шақырып, соған ақылдаспақшы болып, бір ҥлкен шатыр тігіп, жан шақырушысы шатырдың жанында әлденелер істеп, ҧғылмайтын сӛздер сӛйлеп, шатырдың алдына етпетінен жатты. Сонда шатыр солқылдап біресе олай, біресе былай қисайып, ішінен әлдене тҥрлі қорқынышты дауыстар шыққан соң, жан шақырушы шатырға еңбектеп кіріп, біраздан соң терлеп шыққан соң, халқы «Зор тасбақа» не айтты деп анталады. Сонда жан шақырушы барғанымызды ҧнайды, комендант бізге кӛп сый беріп қайырады, ішінде сондай-сондай сауыттар, бәлендер бар дейді. Аяғында соның бәрі дәл шықты дейді. Париждегі мектебінен оқып шыққан тҥріктің Хасан Марзух деген сперті: спиритизм, магнетизм туралы Стамбулда бастырған кітабында айтады: біз Парижде бірталай сперт жан шақырғанымызда кӛбінесе Жақсаза деген жанды шақырушы едік. Онымыздың себебі, оның айтқаны дҧрыс шыға беруші еді. Бір шақырғанымда тҥрік сҧлтаны Ғабдулхамиттің зҧлымдығын халқы қанша уақытқа дейін тартады деп сҧрағанымда: — Патшалығының отыз ҥшінші жылының тоғызыншы айында тақтан тҥседі,— деді. Ӛлімі қашан дегенімізде, Австрия — Венгриядағы Франс Иосифтың ӛлімінен кейін болар, алты айдан кейін бе қалай деді. Ғабдулхамиттің тҥсі айтқанындай шықты. Ғабдулхамит Сламекте ӛлді деген хабар ӛтірік болады. Енді ӛлім туралы айтқаны қалай болар екен? Соны ескеру керек дейді Хасан. Ол кітабын Ғабдулхамит тҥскен соң 1909 жылы бастырған.
14 | Ү ш а н ы қ
Спиритизмнің Америка, Европада алғаш анықталуы. 1847 жылы Германияның Нос фамилиялы бір ҥйлі жаны Америкаға келіп, Гизоиль қышлағында тҧрды. Бҧл Гизоиль Нью-Йорк қаласында Аркадие ішіндегі Ден-Котлада болады. Фамилиясы Америкаша Фокус болды. Бҧл бір ҥйлі жан бір әке, бір шеше, екі қыз. Қыздың ҥлкені Маргарет 15-те. Кішісі Кейт 12-де. Бір қатардан соң тҧрған ҥйлерінің тӛбесі, едені, қабырғасынан неше тҥрлі дыбыстар шығатын болып, аулақ қалған ҥйдегі кӛрпе-жастық сияқты нәрселері ауысып, шашылып қалатын болады. Басында кӛпке шейін қорықса да, Кейт ҥйрене келе, ақсақ шайтан, менің істегенімді істеші деп қолын о да шығаратын болды. Сӛйте-сӛйте жан екенін біліп, Кейт сперт болды. Онан кейін Аери дариясының жағасындағы Ошестр қаласына кӛшіп келіп, неше тҥрлі спиритизм ісін кӛрсете бастаған соң, халық неше рет комиссия шығарып тексерсе де, шығарған комиссияның бәрі алдаусыз, айласыз бір қуаттың барлығын растады. Қара халық оған да болмай, бҧл жәдігӛй, мҧны тірідей кескілейміз деп Кейтті ӛлтірмекші болғанда, ӛздері қасиеттейтін бір Джорж Обленс деген сопысы: мені ӛлтіріп, денемнің ҥстінен ӛтпей, Кейтті ӛлтіре алмайсыңдар деп Кейтті азар алып қалған. Онан соң Американың Однос Мефс, Руберт Keep һәм Лондондағы профессор Крокс сияқты данышпандар тексеріп алдау, айласыз бір қуат барлығын анықтадық деп жариялады. Жоғарыда аталған «Ревель» газетінің бас жазушысы Август Багеридің Америкада таяқ жеп, аяғында шындығына он тӛрт мың кісі қол қойған спиритизм дегені осы Кейттің ісі. Англияның атақты білімдісі Цормент Крокс айтады: — ешбір ғылым білмейтін бір сперт жан шақырып келтіргенде, ғылымды философтардың сӛздерімен сӛйлесіп дҧрыс шығады деген соң, соны ӛзім сынап айтқан сӛзімнің бәріне де ғылым жолымен жауап берді. Әншейінде ғылым тҥгіл жай сӛзге жауап бере алмайтын надан дейді. Францияда атақты спирит Жанна д’Арк деген қыз жанның даусын естіп соны қағазға жазып отыратын болған. Колбен Штобе деген спирит ақ қағазды столға не сандыққа салып қойса, жан соған жазып кетеді дейді. Громоотвод (жай тартатынды) шығарған Бенжамин Франклиннің жаны спириттерге келіп спиритизм жайын ҥйретеді дейді. Кейбір жандар артынан дҧға қылып, кҥнәмды кеш деп сҧратын кісім жоқ. Сондықтан жоғарылай алмай жҥрмін дейді. Кейбіреуі мойнымда қарыз кетіп, сол бӛгет болып жҥр деп айтады дейді. Тіпті бір таңырқарлық іс. Сперттерге орысша Марс, мҧсылманша Марных деген планетадағылардың жаны келіп хабар алысады дейді. Олардың бір тҥрлі тілі бар. Соның бір-екі ауыз сӛзі мынау: «Кеуи қашан бример ем һа еб», ол-тағы қашан келеді деген сӛзі. Атақты бәйт ақын-жазушылардың бірқатары спиритизм туралы ойларын ӛлеңдеріне қосқан. Бҧл сӛзіме Тиопель Коньенің «Спирит» деген кітабы мен Мышланың «Махаббат» деген кітабы куә. Францияның атақты ақыны Виктор Гюгоның спиритизм туралы айтқан жырының мағынасы мынау: Сӛз сӛйлеп столды бір талай жандар ермек қылып кӛңіл жҧбатады. Ашық ҧғысайық, мҧндайды жеңіл есептеу орынсыз. Ісі ғылыми ең зор
15 | Ү ш а н ы қ
ғалымдар енді бірі Германия тілінде «Спенс» газетасы оны да ӛңкей білімділер шығарған фахризм деген болады. Ол — Ҥндістан дуалыларының ісі. Оларды фахр дейтіндіктен фахризм атанған. Олар оқымай, ешкімнен ҥйренбей-ақ ӛзін-ӛзі жӛндеп тазартпай-ақ адам істей алмайтын істер істейді. Мәселен, бір ҥйде отырған бір қатар кісіге менің рҧқсатымсыз ешқайсың қозғала алмайсыңдар десе, ешбірі қозғала алмай қалады. Бҧл бақсылардың жолы болса керек. Жас кҥнімде бақсылардың асау атты жҥгенсіз мініп ҥйге кіргізгенін, алты қанат ҥйдің шаңырағынан секіріп шыққанын кӛріп едік. Әншейінде оның бірін істей алмайтындығы анық. Жоғарыда аты жазылған тҥрік спирит Хасан Марзух кітабында айтады. Бір адам кӛз тигізші деген соң, соған анау қақпадан алғаш кім кірсе, соған кӛз тигізші дедік. Біраздан соң қашырға мінген бір поп молда кіріп еді. Әлгі адам тҧра келіп қадала қарады. Екі жҥз адымдай жерде келе жатқан поптың қашыры тайып жығылып, анадай барып қҧлады дейді. Қасына барсақ, еш жері ауырған да жоқ, қашырына мінді. Кӛшедегілер қашыр таймаушы еді деп аң-таң. Біз кӛз тигізгенге аң-таң болдық дейді. Кейде тірі адамның жаны дене сезімінсіз-ақ ғайыпты біледі, адам істей алмайтын іс істейді. Орысша лунатизм, Европаша сомнамбулизм дегенді ғылым оқығанда біледі. Ол біздің қазақша айтқанда, кейбір адам ҧйқысырап жҥріп кетіп әлдене тҥрлі істерді істеп, қайта келіп жатып қалады да, оянғанда онысын білмейді. Оны біздің тілде ҧйқыда кезу дейді. Мҧндайлардың кейбіреулері биік ҥйдің шатырына шығып, таймастан дәл шеткі қырымен айнала жҥріп келіп, сатыдан тҥсіп тӛсегіне жатқан. Ол жҥргенде дымды мҥлде сезбейді, ҧйқыдан оянған соң онысынан ӛзі тҥк білмейді. Мҧндайлар кӛп болады. Ондайды ӛзіміз ӛз кӛзімізбен де кӛрдік. Кейбір адамдардың пәлен жерім тартты, онда солай болушы еді дегені де дәл шығады. Кейде кӛрген тҥс бҧлжымай дәл келеді. Ол да тіпті кӛп. Италияда дҥние аралап жҥрген бір қатын айнаға қарап киімін тҥзеп тҧрғанда, Парижде қалған 13 жасар жиені айнаға кӛрініп, кӛрдің бе, шеше, мен ӛлдім деген. Ол баланың шешесі әлгі қатынның сіңлісі еді. Жақында жазған хатында ондай жаманат жоқ еді. Келесі хатта жазбаса да қатын шыдай алмай Парижге келсе, дәл айнадан кӛрген кҥні жиені ӛлген екен. Сіңлісі анам қайғырар деп хат салмайды. Америкада бір адам ӛзінің жақын қарындасын қиянатпен алдап, жақындық қылып, ол буаз болып қалған соң, халықтан жасырып, елеусіз орынға қойса да білінетін болған соң, қызды ӛлтіріп кӛмген. Біраздан соң бір диірменшіге тҥнде әлгі қыздың аруағы келіп: мені ломмен ӛлтіріп, бәлен жерге киімімді, бәлен жерге денемді тықты. Соны судьяға айтпасаң ӛзіңді жазым қыламын деген. Сонда қыздың миы бырқырап, қан ағып, миынан дене суреті тҥгенделген. Жас баланың сәулесі кӛрініп тҧрыпты. Диірменші судьяға айтпаған соң, ҥшке шейін тыныштатпайды. Аяғында айтып тексеріп, айтқанындай шыққан соң, сперттерге сол қыздың жанын шақыртып алып, ҥйдің тӛрт қабырғасына сегіз жерден сурет тартатын аппарат қойып, соған қыздың жаралы пішіні иығынан кӛрінген баланың сәулесі тҥсіп, сол сурет кҥні бҥгін ғылым жиналысы ҥйінде тҧр дейді. Спиритизмді алғаш ашқан
16 | Ү ш а н ы қ
Кетти Кипикак деген Америка әйелі спириттерге келгенде фотография сурет тартатын аппаратпен алған сурет бар дейді. Бір ғылымды қатын тҥнде қорасындағы иттер ҥрген соң, тысқа шықса еш нәрсе жоқ болған соң, қайта келіп шамын ӛшіргелі жатқанда кҥнде жеміс сатып жҥрген бір кедей қатын кӛрінеді де, мен бҧрынғымнан да сорлы болдым дейді де, жоғалады. Қайдан келгенін білмей есікке қараса, ілулі тҧр. Ертең ерте әлгі бейшара қатынның ҥйі ӛртенеді. Бҧған кӛрінген кезде жемісті қатын ҥйінде ҧйқыда. Ҥйде аман қалған адамдар жаралыс жҧмбаған шеше алмағандықтан, әлдеқайда сандалып, ойлағандарын идеалист дегендердің сӛздерін оқыса байқалады. Олар дҥниеде нағыз шын нәрсе жоқ дейді. Осы бар деп жҥргеніміз қҧры ғана қиял, айнадағы кӛлеңке, не сағым сияқты нәрсе. Нағыз шыны бҧл емес дейді. Дәлелдері: сезімдеріміздің бәрі бізді алдайды. Мәселен кӛз алыстағыны сағымданған әлдене қылып кӛрсетеді. Қҧлағымыз да бір дауысты әлдененің дауысы сияқтандыра, ойымыз да бір нәрсені шын деп байлап, онысы қата болып шығады. Тіпті бізде дәлін табарлық сӛзім жоқ. Және ҧйқымыз бен ояуымыз бірдей. Ҧйқы тҥс кӛргенде әлденені кӛрмейміз. Ояуымыз да сондай. Тҥстің бекер екенін, ояудағымыз анық екенін айыратын қаруымыз жоқ. Бір сенген дене сезіміміздің бәрі алдайды. Сондықтан ҧйқыдағымыз, ояуымыз бірдей. Баяғы Платон деген білгіш ӛзінің «Республика» деген кітабында Троглодит деген адамдар болыпты деп мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы ҥңгірде ӛскен, ӛмірінде жарық кӛрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, ҥңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып тысқа шыққан. Басында кӛзі шағылысып тҥк кӛрмесе де, ҥйрене келе кҥнді, ағашты, суды, шӛпті, тауды кӛріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп кҥлкі қылыпты. Әлгі байғҧс анық кӛрген табиғат қасиеттерін айтпай тҧра алмай, шын дей берген соң, аналар оны ҧрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сӛгуге де болмайды. Себебі, ӛмірінде ондайды кӛрген жоқ. Не барып олар да тексеріп кӛрген жоқ. Ҥйтіп сынап қараса ана байғҧсты сӛкпес те еді. Сондықтан біз ӛмірімізде кӛргеніміз жоқ ондайды, білмейміз, біз білмеген соң ол айтқаның жоқ нәрсе дейді де қояды. Оған лажың не? Бҧл кітапты сӛздің тҥп мақсҧты барлықты басқа жаратушыда білім бар ма, жан ӛлген соң жоғала ма деген еді. Бҧл екеуін бар, жоқ деушілердің сӛзін білгенімше жаздым. Және жан жоқ деушілерге қарсы дәлел қылынып тҧрған магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, тҥс сияқтыны кӛбірек жаздым. Оны кӛп жазғаным қызықты ертегі айту емес, әр тҥрінен біреуін кӛрсетпекпін. Жоғарғы тәңірі бар ма деген екі сҧрауға баяғыдан бері талай жауап айтылып, талай ой жҥргізілген. Сол жауап пен ойлардың кейбірі ҥстін болып, кейде анасы ҥстін бола келген. Бҧл туралы қайсымыз қандай дәлел айтып, қандай ой жҥргізсек те, сол ескі замандағы бір ойшылдың әніне басатынымызға дау жоқ. Менің ойымша, ескі замандарда ойламаған ой, айтылмаған сӛз, істелмеген іс қалған жоқ. Бәрінің басын олар бастап кеткен.
17 | Ү ш а н ы қ
Бірақ кӛп заман ӛту, қазаға ҧшырау сияқты себептермен жоғалған, ҧмтылған. Әйтсе де қаншадан кейін екенін ӛзі білсін келген уақытының киімін киіп жаңарып шыға келеді. 17, 18, 19 жҥз жылдардағы Европа білімділері баяғы грек-ионның Эпикур, Демокриттерінің ойларын жаңғыртып отырған жоқ па? 19-жҥз жылда болған Дарвин әлдеқашан сҥйегі қурап қалған Маиенің таяғына кез келіп, соны ҥкілеп отырған жоқ па? 16жҥз жылдағы Коперник сҥйегінің кҥлі де қалмаған грек-йонның Пифагорының бӛркін тыстап киіп отырған жоқ па? Жақын арада таптық деп жҥрген электрия қуатын грек-ионның әлдеқашанғы ғылымы тапқан жоқ па еді? Әнші, күйші кетседағы, Ән менен күй баяғы. Олар ӛзі ӛтседағы Қалды бӛркі, таяғы. Сол сияқты біз де жоғарғы екі сҧрауға ӛткен білімділердің сӛзінен қорытып, оның ҥстіне тҧңғыш ой деп ӛз ойымыздан жамау салып, бӛрік жасамақпыз. Бірақ тҧңғыш дегеніміз әлдеқашанғы кімнің ойы болып шығарын білмеймін. ҚОРЫТЫНДЫ. Барлықтың тҥп себебі таратушының білім, қҧдірет шеберлігінде ӛлшеу жоқ. Дәлелдерім: ғылым жолында бҧл барлықтың еш нәрсесі ӛздігінен бар бола алмайды да қозғала алмайды. Ол бар болайыншы, қозғалайыншы дей алмайды. Бҧған себеп керек. Егер ол себепке де бір себеп керек болып, себептің тҥбі жоқ болады делінсе, ең тҥбі себепсіз, бар себеп болмаса болмайды. Сол себепсіз бар болу себеп жаратушы болады. Егер сол себепсіз бар болған атом, нҧр сияқтылар делінсе, олар себепсіз бар болған нәрсе емес, дәлелім — оларда қозғалыс бар, қозғалуда, жҥрісінің ӛлшеуі бар. Ӛлшеулі нәрсе ӛзі бар болған, егер қозғалыс притяжение, отрицание ӛзіне тарту, әрі итеру заңымен делінсе, ол қозғалысқа да себеп керек. Ол заңды салушы керек. Және атом сияқты тҥп негізде ерлі қатындылдық сипат бар. Мәселен, сила вещества (қуатты дене) ол екеуі бір-біріне мҧқтаж, олай болған соң ондай нәрсе ӛздігінен бар болды деуге қисынбайды. Сондықтан олардың тҥп себебі себепсіз бар себеп, тҥп жаратушы. Ол тҥп себептің білім қҧдірет шеберлігінде ӛлшеу жоқтығы мынадан анықталады. Барлықтың не нәрсесіне қарасаңыз да мақсҧтсыз, керексіз жаралған емес. Бәрін айтпай-ақ ӛз кӛзіңізде ойлаңыз: қҧлақ, мҧрын, ауыз сияқты мҥшеңіз мақсҧтпен жаралғанын кӛресіз. Ғылым жолымен ӛсімдік ағаштардың тамыры, ӛзегі, қабығы, жапырағы, гҥлі сияқтылардың бір де бірі бҧл мақсҧтсыз деп айта алмайсыз. Бҧлар нені кӛрсетеді? Тҥп себептің бҥйтіп салған жолына қарағанда, оның білім, қҧдірет шеберлігінде ӛлшеу жоқтығын анықтайды. Егер осының бәрін істеп шығарып тҧрған тҥк сезбейтін соқыр табиғат болса, онан мҧндай мақсҧт, білім, ерік, гармония тартып жарасым таңдау жоғарылау шыға алмайды. Ҥйтіп кез келгендіктен еріксіз жаралып жатыр
18 | Ү ш а н ы қ
дегендерді жан ғылымына жҥйрік психолог, ӛлермен философ Вольтер ақылдары шатасқан деп сӛккен. Себебі, толымды нәрсенің толымды болатын себебі, толымсыздық ісі де толымсыз болатынын ғалымдар тҥгіл жабайы кісі де білсе керек. Біз естінің ақылын, кҥштінің қуатын, ҧстаның шеберлігін ісінен танимыз. Менің ойымша, бҥтін барлықтың бәрі бізді осындай болмақ салған тҥп жаратушының білім, қҧдірет шеберлігінде. Ӛлшеу жоқ деп бізге секунд сайын айғайлап тҧр: Бізге дүние түпкі сырын, Кӛрсетіп те айтты ғой. Елемеді оны біздің Тіпті ӛзімшіл мисыз ой. Әлде тҥп жаратушы туралы біреу былай да айтар: тҥпкі жаратушы сіз айтқан себепсіз бар себеп-ақ болсын, бірақ соның бар қылған атом сияқты негізден шығып, жатқан сансыз нәрселердің бәрін де сол тҥп жаратушы жаратып жатыр ма дер? Бҧған жауабым мынау: - Мәселен, мен асқан білімді, ӛнерлі болып, керек нәрсенің бәрін жасап шығаратын зор машина жасасам, соның істеп шығарған нәрселерін мен жасады дейсіз бе, машина жасады дейсіз бе? Бер жағынан қарағанда дәл сол кезде жасап шығарған машина ғой. Ал ол машинаға соншалық қуат, шеберлік берген мен ғой. Маған сондайлық білім, шеберлік һәм машинаға керекті нәрселерді шығарып тҧрған жаралыстың негізгі табиғаты ғой. Ол негізге соншалық қасиетті берген ең тҥпкі жаратушы ғой. Енді бәрінің тҥп иесі кім болады? Әрине, басқы жаратушы. Мінеки, осылар әр нәрсенің бәрін тәңірі жаратады деген сӛзді қалай тҥсіну керек, байқау жӛн. Ескі дін молдалары қай дінде болса да жаралыс жолының сырына шорқақтығынан бҧл туралы анықтап ҧқтыра алмаған. ЖАН НЕМЕНЕ? Мен жанды былай тҥсінемін: біз дененің тҥп негізін тексергендей жанның да тҥбін тексерсек, жан да дене сияқты басынан бар болып табылады. Дене негізін тексерушілердің сила вещества (қуатты дене)дегендегі қуат осы жан. Сол жанды денеден денеге ӛсіп ӛршиді. Жан да ӛршиді. Ғылым жолында әлденеше тҥрленіп ӛзгерсе де дененің еш нәрсесі жоғалмаған сияқты, жанның да еш нәрсесі жоғалмайды. Бірақ денеден толықтығы нашарлығының кезегіне қарай жанның да толық, нашар уақыты болады. Мәселен, жаңа біткен баланың, жҧмыртқаның, сентябрьде ҧрық кӛміп ӛлген шегірткенің ҧрығының жандарын ойлаңыз? Хайуандардан еркі аздығы болмаса ӛсімдіктердің де жаны осылар сияқты. Мәселен, бидай, тары, шӛптің тамыры, жемістің ҧрығын ойласаңыз, бҧл 20-жҥз жылдың адамдары білгіштері адамның ақылы таңданарлық қасиеттерді тауып пайдаланып отыр. Қайдан алып осы соқыр ессіз деп жҥрген жаралыстан шыққан қасиеттерден алып, әйтпесе сол соқыр ессіз деген жаралыстың бір шыбынын, не бір тозаңын адам жарата алмайды. Әрине, соның жаратқан,
19 | Ү ш а н ы қ
ӛршіткен нәрселерінен жҧмыртқа да жасар, ет те істер, бірақ соның бірі қҧс болып ҧшып, бірі хайуан болып жҥгіріп кете алмас. Тіпті былай да айталық: мҧнан былай ғылым зорайып әлгі айтқан жҧмыртқа мен етке табиғат шығарған жаннан жан да алып салар, бірақ соңында тҥп жаратушысы сол кісі деп сау ақыл айта алмас. Дене жаннан қалайша әсер алады? Денелердің жаннан тез әсер алатыны да бар, ЖӘЙІРАҚ ӘСЕР АЛАТЫНЫ ДА БАР. Мәселен, кішкене хайуандар мен тҥйе, піл сияқтылардың буаздығын ойлаңыз. Піл 20 ай бойы бала кӛтереді, қол қояны бір-ақ ай кӛтереді. Және дененің жаннан әсер алмастай болып ӛліп қалғандай болады. Мәселен, тac, қу сҥйек, кҥл сияқтылар, олар не жанып, не шіріп қалғандар. Бірақ менің ойымша, тіпті заманынан кейін олар да жанмен қосылып сезімденуге жараса керек. Дәлелім: тас пен қҧм сҥйектерге біткен қынаны алып қарасаңыз, қынаның астында тас пен сҥйектің бетінде топырақ сияқты бір нәрсемен жабыстырылған болады. Сол топырақ сияқты нәрсені табиғат қайдан әкеліп отыр? Мен ойлаймын, су мен топырақ жылылықтан ӛсімдік шығарғандай тасқа ауа, су жылылығы сияқты себептер қосылып қына шығарып отыр. Бҧл былай тҧрсын ғылым жолында барлық планета нәрселерінің бәрі қайтадан газ болғанда, тас қалпында қалмайтыны анық. Менің бҧл ойым дҧрыс болса, қына мен газ отқа жанғанмен шіріген денелерде кӛп уақыттан кейін жанмен бірігіп сезіп ӛршуге жарайды екен. Сӛз кезегі келген соң жану, шіру туралы біраз айталық: ЖАНУ МЕН ШІРУ Ғылым жолында жану мен шірудің тҥбі бір. Екеуі де әр нәрсенің қҧрауларын шешіп таратуға себеп болады. Бірақ от жылдам шешеді. Бҧл екеуінің де жалыннан шыққан угольная кислота деген улы газ ауаға араласып кетіп, аяғында хайуан, ӛсімдіктерге пайдалы азық болып шығады. Сҥйтіп жанған, шіріген денелерден шыққан иіс, жалындар да біржола жоғалмай, қайта айналып осы барлықтың ішінде бар болып жҥреді. Енді жанға қайта келейік: Жан менің айтқанымдай баста бар болса, тҧрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Қҧр ғана ӛзгеретін болса, бҧрыннан бар жанның жоғалуына тҥк дәлел жоқ. Олай болса бір тҥрге тҥсіп, барлықтың ішінде бар болып жҥреді. Мен бҧл араға шейін жанның бірінен-бірі артылатын қасиеттерін бӛліп анықтап айтпай, бәрін де жан деп келдім. Жан әр тҥрге тҥседі. Мәселен, инстинкт-сезімді жан, сознание — аңғарлық жан, мысль — ойлайтын жан, ум — ақылды жан дегендей әр тҥрлі қасиеттері болады. Бҧлай әр тҥрлі болуы, менің ойымша, дене бітіміне, себептеріне қарай болады. Дене әр тҥрге тҥскен сияқты жан да ӛсіп, ӛніп, жоғарылайды. Ӛсімдіктегі жандар сӛзімді ғана. Мәселен, жылылықты сезіп, ӛніп, ҥсіп, суықтықты сезіп тамырына қашқаны сияқты. Бірақ оның ішінде бір-бірінен сезімдірегі бар сияқты. Ӛсімдік жайын жазған кітапта бір шӛп бар. Ол ортасындағы балына қонған шыбынды тарауларының ҧшындағы
20 | Ү ш а н ы қ
инетікендерімен шаншып, дәнін сорып, қҧр қабығын қалдырады дейді. Бҧл былай болғанда бҧл ӛзгерістерінен гӛрі аңғарарлық болғаны емес пе? Аңғару, ойлау есті, бірінен-бірі шебер, оны теріп жазбасақ та әркімге белгілі. Адамның кҥйі сол хайуандардан есті болмаса да толық терең ақыл адамнан шығады. Бірақ сол адам табиғаттан шебер емес. Жан туралы тағы бір ой бар. Ол су суға, топырақ топыраққа қосылып кеткендей жан-жануарларға қосылып, араласып әбден былжыр сияқтанған соң ол жан ӛзге жандардан қайтып айырылып шыға алады дегенмен мҧны саяз ойлағандық деймін. Себебі жанның бар екеніне жаннан шыққан ерік, талап, ой, мақсат, сезім, білім арқылы кӛзіміз жетсе де, оның денелерге қосылып кетуіне ешбір дәлелім жоқ. Ол денеше қосылмаса керек. Және қосылады десек те бӛлінуі оңай. Мәселен, жаратушысы соқыр сезімсіз табиғат болсын, мейлі біліп жаратушы тәңірі болсын, қайсысы жаратса да жаралыс жолында денелерді бір-біріне қосып, неше тҥрге тҥсіріп, ол қҧрауларды қайта шешіп, негіздерді бӛліп, онан неше тҥрлі қасиеттерді шығарып отырған жоқ па? Шақпақ темір мен шақпақ тастан шыққан оттан бастап, электрия, радио қҧралына шейін ойлаңыз? Және су әншейін қарағанда бір-ақ нәрсе. Оның қаншасы водород, қаншасы кислород екенін біліп, соны айырып алып керегіне жаратып, керек болса қайта қосып су қылып отырған кім? Соқыр табиғат жаратқан адам. Басында газ қылып, онан соң сҧйық, онан соң қатты дене қылып, ол денеден ӛлшеу сипаттауға келмейтін нәрселер, қасиеттер шығарып отырған соқыр саңырау табиғат не біліп жаратушы тәңірі болсын, ол мынаны былай қылмайды деп қандай ақыл айта алады? Менің ойымша, жанның жоғарыда айтылған қасиеттерінің бір де бірі дене істеріне, дене қасиеттеріне тіпті ҧқсамайтынына қарағанда, денеше бір бҧзылып, бір тҥзелмей, бірте-бірте жоғарылауына қарағанда келесі айналыста мҧнан да жоғарылап, зор қасиетке ие болуы байқалады. Жоғарғы Дольн Камиль, Фламмарион, Герберт, Спенсер, Стуармел, профессор Фонтель сӛзіндей сӛзді тесе тексермей ӛте шығу жеңілдік болар. ҦЖДАН — СОВЕСТЬ Адам нысап, әділет, мейірім ҥшеуін қосып айтқанда мҧсылманша ҧждан, орысша совесть бар. Бҧл не? Бҧны істеп тҧрған кім? Бҧған жауап берушілер «адамшылық ары соны ҧнайды» дейді. Менше, бҧл жауап сол ҧжданның солай қылғанда ҧнайды деген болып шығады. Мен сол ҧждан, совесть қайдан шығып тҧр десем оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть — жанның тілегі. Неге десеңіз, жан жоғалмайтын, бҧзылмайтын нәрсе, барған сайын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, толық мінез, ой, істер керек қылады. Соның қатты бір керегі совесть — ҧждан. Оны осы ӛмір ҥшін керек қылмайды, соңғы ӛмір ҥшін де керек қылады. Себебі, егер бҧл ӛмір ҥшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан ҥшін болады. Мәселен, атым қалсын, пәленше мені сондай кісі деп халық мені жақсы кӛрсін деген
21 | Ү ш а н ы қ
болады. Онан басқа жоруы жоқ. Себебі, ол совестің иесі жан жоқ, артқы ӛмір жоқ деп отырса, соқыр табиғаттың жансыз жаратқан бір машинасы совесімен іс қылды не, қылмады не? Тәңір жарылқасын, алайын деудің де қисыны жоқ. Себебі, ол тәңірі бар деп отырған жоқ. Соқыр, саңырау табиғат тәңір жарылқасынды естімейді. Менің таңырқайтыным сол тәңірі жоқ деп отырғандар жасасын, пәленше жасасын пәлендей іс дейді. Бҧл бҧйрық па, тілек пе? Бҧйрық болса кімге? Тілек болса кімнен? Менің ойымша, қанша айтып тәңіріні жоқ қыламын дегенімен жанның сау ақылы тәңіріні мойынына салмай қоймайды. Бірақ дағдысынан оза алмай оны сезбейді. Жоғарыда жан жоқ деушілер жан миға біткен бір сипат, онан бӛлінетін нәрсе емес дейді. Бҧл сӛз жанды таба алмай орнын сипалаған сияқты. Себебі ми, жҧлын, электрия қуаттарын жинайтын лаео бӛтелкесі сауыттары сияқты жанның тҧрағы, ол бҧзылса, электрия кеткен сияқты жан да кетеді. Жан адам ӛлген соң бір хайуанға кіріп, ол ӛлсе тағы бір хайуанға кіріп жҥреді деген сӛздің дәлелі не екен? Олай болғанда шыққан жан тағы бір денеге кіре ме? Жансыз денеге кіре ме? Егер жанды денеге кіреді десе, ӛз жанының бар-жоғын біле алмай жҥргенде оған тағы бір жанның не керегі бар? Егер жансызға жан болады десе, ӛлген адамның жаны тіпті жоғалмай әр тҥрлі хайуан болып қҧбылып жҥрген жоқ па? Қандай хайуанға жан болса да, ол ӛзін-ӛзі мен деп біліп жҥрмей ме? Аяғында жан әр тҥрге тҥсіп дҥние тіршілігіндегі ісіне қарай не рахат, не бейнетте болат деген брахман дінінің сӛзі болған жоқ па? Жан жоқ деушілердің және бір дәлелі қайта айналыс жолы. Онысы бҧл әлем қайта газ болып, онан сҧйық болып, онан және салқындап қатайып планета болады. Ҥйтіп қайта жаралғанда да жерде адам, хайуан, ӛсімдіктер болады. Ол кездегі әр нәрсеміз бҧл ӛмірдегіге тіпті ҧқсамайды. Бірақ ол ӛзгерістерде бізден сӛзім жоғалғандықтан, біз тҥк сезбейміз дейді. Бҧл дәл діншілдердің кҥтіп жҥрген қияметі. Және бір дәлелі: жаратылыс жолы, онысы бәрі жаратылыс себебімен жаралып жатқан соң, басқа бір жаратушы не керегі бар дегені ғой. Ол соқыр, білімсіз табиғатты біресе білімсіз ессіз қылып, біресе таңдаушы, жоғарылаушы қылып отырғанын кӛрдіңіз бе? Тҥзелуші мақсҧтсыз, талапсыз тҥзеле ала ма? Сезімсізден ерік, мақсҧт шыға ала ма? Олардың және бір дәлелі — тҧқымдастық жолы еді. Мҧны жаратушы мен жан жоқ деген туралы дәлел қылудан гӛрі жаралыстың сыры туралы айту керек еді. Ондағы барша адам, хайуан, ӛсімдіктер басында су хайуаны жерге шығып сонан ӛзгерген және бір-біріне ҧқсас. Хайуандар, адамдар бірі бірінен туып ӛзгерген дейді. Мҧның тәңірі мен жан туралы керегі аз болса да, бҧл туралы ойымды айтайын. Ең тҥпкі жаратушы туралы болмаса, барша ӛсіп ӛнгендерді тҥрлентіп шығарып жатқан жаралыс жолы екеніне еш сау ақыл таласпайды. Бірақ біріне-бірі ҧқсағандардың бәрін мынау мынадан туып ӛзгерді дей беруді менің ақылым қабыл алмайды. Бҧл жер, ӛсімдік, хайуандар шығаруға жарарлық болғанға шейін мҧның топырағы, суы барша заттарға әбден былжырақ болып араласқан, сҥйткен жерден ӛскен ӛсімдік, хайуандар
22 | Ү ш а н ы қ
себептеріне, топырақ, суы, ауасының ӛлшеуіне қарай біріне-бірі ҧқсас, ҧқсаңқыраған тіпті ҧқсамаған болып ӛнген. Менің бҧл сӛзімді сынау ҥшін даладағы сортаңдағы, балаулы сайдағы, ӛзен бойындағы ӛсімдік шӛп бҧтаның бір арадағысының ғана бірі-біріне ҧқсағанын, ҧқсаңқырағанын тіпті ҧқсамағандарын кӛріп солардың топырақ, су, ауа сияқты себептерін тексеріп қараңыз. Егер Дарвин мен Маиенің сӛзі дҧрыс болса, ол ӛсімдіктер де бірінен-бірі туып ӛзгерген болып табылады. Меніңше, жылқы мен есектен қашар туса да, екі жылқыдан қашар тумайды. Бҧл сӛзімнің қорытындысы тамам барлықтың ата-анасы бір екені рас. Сонан туып ӛзгеріп жатқаны да рас. Бірақ ҧқсасы, бәрі бірінен-бірі туып ӛзгергені жоқ." Жаралған себептерінің ыңғайына қарай біріне-бірі ҧқсас, не ҧқсаңқырап, не тіпті ҧқсамай жаралып жатыр. Бҧл сӛзді маймылдан туғанға арланып айтып отырғаным жоқ, қайта жаманнан жақсы туғанға қуанатын орным бар. Бҧл кезде бҥкіл Европа мойындап отырған сияқты Дарвин сӛзіне қарсы дау айтқаныма орысша ғылым оқыған жастар тексермей, ҥстірт қарап, мені сӛгуі мҥмкін. Оларға айтатыным: Дарвиннің нәсіл туралы сайлап жоғарылау туралы айтқан сӛздеріне сын жазған Германия ғалымы Дидвар Дортманның дарвинизм туралы жазған кітабын оқып, Дарвин мен Дидварды салыстырып салмақтап, сонан соң мені сӛгулерің қашпас деймін. Осы кітаптың аяқ жағында менің қай қорытындым болса да кӛбіне Европа ғалымдарының таласты сӛздері болады. Оның ішіндегі ӛз ойым қабылдағанын алып отырмын. Ӛз білімімше, сыңар езу болғаным жоқ деп ӛзіме-ӛзім сенемін. Және ӛз ақылым ҧнағанын жаңалап қосқаным да бар. Мен пәленше екем айтқаны дҧрыс, онан асып ойлап не табамыз, дегенді терең ойын қҧмға кӛміп, ӛз кӛзін ӛзі шҧқып шығарғандық деймін. Жоғарыда магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, тҥс кӛру сияқтылардың бәрі бір қуаттан шығады деп әр тҥрлі жору айтқан Европа білімділерінің сӛзі туралы менің ойым мынау: Мен жан да бар, жын да бар, адамның ӛз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: 1. Шақырмаған жан келіп, кейде ӛзі пәленшенің жаны екеніне нанарлық сӛз айтатыны. 2. Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фахризм, жындылық кез болатыны. 3. Ҧйқыда кезу, лунатизм, магнетизммен біреудің еркін билеу, тҥсі дәл келу — бҧл ҥш тҥрлісі ҥш бӛлек қуаттың иесі болуға лайық. Оның бәрін бірақ қуаттан іздеу қате деймін. Мен жан жоқ, ӛлген соң ӛмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мҧндай сӛзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, ӛлген соң да жоғалмайтынына кҥндей жарық дәлелдер табылып тҧрса да нанып қалған әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу — ақыл ісі ме? Бір адам жанының ӛлген соң да жоғалмай, мҧнан таза, жоғары болатынын ақылмен қабылдап нанса және бір адам жан ӛлген соң біратола жоғалады деп таныса осы екеуі ӛлерде есі дҧрыс болып, ӛлерін біліп ӛлсе,
23 | Ү ш а н ы қ
екеуі не жайынан ӛледі? Әрине, жаның ӛлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі ӛкініште болып біржола жоғалмады-ау деп ӛлсе керек. Және ҧждан, совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса нанбай, бай ҧждан, совесть қҧры ғана кӛрініс ҥшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық қиянаттың кӛп айырмасы жоқ болса керек. Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі ӛлген соңғы жан ӛміріне нана алмай ҧждан, совесть, жан екі ӛмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жҥрегін ешбір ғылым, ӛнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның ӛлген соңғы ӛмірі мен ҧждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жҥрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі ӛмірді де жақсылықпен ӛмір сҥргізетін жалғыз жол осы мҧсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа тҥсіріп жҥрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе жаратушыда білім бар, ӛлген соң да бір тҥрлі жан тіршілігі бар. Жан екі ӛмірде де азығы — ҧждан, совесть ДЕУМЕН ЕШ НӘРСЕДЕН КЕМДІК КӚРМЕЙДІ. Тіпті бҧл жоғарылаудың ең зор жәрдемі ҥш анық дегенім осы.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру