Мазмұнға өту
Home

Қалдыбаев Ə. Шығармалары. 3-том

Әлдихан Қалдыбаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қалдыбаев Ə. Шығармалары. 3-том

Авторы: Әлдихан Қалдыбаев

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Øûғàðìàëàðû Алматы 2015 Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Øàғûí õèêàÿòòàð Әңãіìåëåð Åðòåãіëåð Ìûñàëäàð 3-òîì Алматы 2015

ISBN 978-601-264-150-9 (3-т.) ISBN 978-601-264-145-5 Қалдыбаев Ə. Шығармалары/ Əлдихан Қалдыбаев. – Алматы: "Таймас" баспа үйі. 2015. 3-т. – 240 бет. ISBN 978-601-264-150-9 Белгілі балалар жазушысы, драматург Əлдихан Қалдыбаевтың əр шы ғармасы əу бастан-ақ тілінің қарапайымдылығымен, ойының ай шықтылығымен оқырман жүрегіне жол тапқан. Осы қарапайым тіл, айшықты оймен өрілген əңгімелері, ертегі, хикаяттары бала жанын əлдилеп, мейірбандылық пен əділет жолына жетелейді. Автордың айтар ойы қыс қа да нұсқа. Қ 25 © Қалдыбаев Ə., 2015 © “Таймас” баспа үйі, 2015 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлiгi “Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша жарық көрді ƏОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз)-44 Қ 25 ƏОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз)-44

ØÀҒÛÍ ÕÈÊÀßÒÒÀÐ

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ҚОС ТЕНТЕК БІР РЕНІШ, БІР ҚУАНЫШ Марат балалармен ұзақ ойнап, түсте үйіне келсе, мамаағашта атасының аты байлаулы тұр. Мараттың атасы Əшір Төменсазда кеңшардың қойын бағады. Ол кісі тек айлық ақшасын аларда болмаса, келмейді. Үнемі аға шопан Қуаттардың үйінде жүреді. Марат атты көрген бойда қуанып кетті. Атасы келді дегенше, құт-береке келді демейсің бе? «Атам үйде қазір шай ішіп отырған шығар. Шай ішіп болған соң, Шолпан екеуімізді ертіп дүкенге барады. Кəм пит тің қандай түрін алдырсам екен, ə?» Марат осы оймен желпініп үйге асығып-аптығып кіріп ке ліп еді, атасы жоқ болып шықты. Қазандағы сүр иісі мұрынды жарып, бүлкілдеп буы шығып, қайнап жатыр. Апа сы нан илеп отыр. Қимылы ширақ, асығатын сияқты. – Апа, атам қайда? – Атаң кеңсе жаққа кетті, қазір келеді. Асығыс екен. Тамағы ертерек дайын болсын. Даладан шапшаң отын əке ліп, отқа сала қойшы, қазан қаттырақ қайнасын. Нанын илеп боп қалдым, – деді апасы дəл Мараттың келуін кү тіп отырғандай. Шолпан да: – Атам бүгін қонбайды. Олардың қойлары қоздағалы жатыр, – деді. Марат атасын үйден таппағанына біртүрлі жасып қал ды. «Апамдікі не, Шолпан тұрып, мені жұмсағаны?»

Øàғûí õèêàÿòòàð Бірақ атасы үшін жасалып жатыр ғой бұл тамақ. Ол, мүмкін, жолай дүкеннен кəмпит, печенье құшақтап келер. Оның ар жағында қазір атасы келіп, Шолпан екеуі мойнына секіріп еркелей бастағанда, Шолпан бірдеңеден дау шы ғарып: «Жаңа атамның тамағы жылдам дайын болсын, даладан отын əкеле ғой дегенде, тіл алмай қойғаның қайда?» – десе, не бетін айтпақ. Марат сыртқы есікті ашып, далаға шыға беріп еді, жанында бір бейтаныс жас жігіт бар атасы кақпадан кіріп келеді екен. Мараттың бұрын-соңды көрмеген адамы. Жан-жақтағы туыс-жекжаттарын есіне алды. Ешқайсысына ұқсамай ды. Марат аңтарылып, қалшиып табалдырықта тұрып қалды. Бейтаныс жігіт таңырқап Маратқа қарап: – Ақсақал, мынау сіздің жігіт пе? Аты кім? – деді. – Иə. Марат. Балам, ағаңа сəлем бермейсің бе? – деді атасы күлімсіреп. Атасының бейтаныс кісінің көзінше ескерту жасағанына Марат қатты қысылып қалды. Жерге қараған күйі қора ның бұрышында үюлі жатқан отынға қарай жүгіріп кетті. Ол даладан отын құшақтап үйге кірсе, апасы: – Жатам десең, жата ғой. Төргі үй бос тұр, оңаша, тыныш. Мына бір қос тентегіміз болмаса, шу жоқ. Бұларды өзің бойыңа үйір қылмасаң болғаны, – деп жатыр екен. – Жарайды, жатайын, апа. Бала деген қайта жақсы емес пе?.. – Атың кім, шырағым? – Əбіл. – Қандай практика еді оның, қарағым? Мараттың атасы бұл жайға əбден қанығып алған екен, Əбілден бұрын: – Қандай дерің бар ма, мектепке келгеннен кейін бала оқытады да. Мұғалім болуды үйренеді екен, – деді. – Марат тым сотанақ еді, жақсы болды ғой. Енді қайтер екен? Мұғалімнің көзінше бұзақылық жасар ма екен? Апасының мына сөзі Маратқа жығылған үстіне жұды рық

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ болды. Екі бетінің ұшы қызарып кетті. «Нұрғайша апай айтқан студент-практиканттар осылар екен ғой. Білмей қал дым ғой, білгенде жаңа бас киімімді алғанда, соның өзі-ақ жетіп жатыр еді-ау! Əттеген-ай!» – деп іштей өкініп қалды. Пешке отын салып жатып көзінің астымен Шолпанға қарап еді, жүзінде түк те қысылғандық жоқ, «Үйімізге мұғалім жататын болды. Қандай тамаша» дегендей қуанышты күлімсіреп отыр екен. Маратқа осы сəтте бүкіл Қаракемерде Шолпаннан бақытты адам жоқ тəрізді боп көрінді. Мараттың мүшкіл халін сезді білем, Əбіл: – Марат жақсы жігіт сияқты ғой өзі. Сотанақтығы қай жағында мұның? Апасына көмектесіп, от жағып жатыр, – деп жылы ұшырады. Бұл сөз Мараттың көңіліне демеу боп, аз да болса жа дырап қалды. «Жаңа тіл ала қойғаным мұндай жақсы болар ма. Əйтпесе, нағыз масқара болатын екен» деп ойлады. Қуанғаны сонша, қазірдің өзінде далаға шығып, маңайда ғы балаларға түгел осыларды жариялап шыққысы келді. ӨЛЕҢ ЖАТТАУ Мараттың атасы асын ішкеннен кейін кетіп қалды. Əбіл ол кісі кетпей тұрып-ақ чемоданын көтеріп əкелген. Бұрын атасы келіп, қайта кеткен күні Марат қоңылтақсып, бір деңе жетпей тұрғандай боп елегізуші еді. Бүгін түк те олай емес, қайта үй іші жанданып, береке кіріп қалғандай. Марат тың апасы да ерекше жайдарыланып, көп əңгіме айтты. Мараттың ағасы Құдаш пен əпкесі Алманың Алматыда оқып жүргенін, олардан үлкен екі əпкесін ұзатып жібергенін, қа зір қолдарында Шолпан мен Марат қана барын апасы жайдарыланып отырып ұзақ əңгімеледі. Осы əңгіменің бəрін Марат пен Шолпан да жаңадан естіп отырғанға ұқсап, бар зейіндерімен ұйып тыңдады.

Øàғûí õèêàÿòòàð Əңгімеден соң Əбіл түпкі үйге кіріп, үйіне хат жазып отыр еді, жанына «Балдырғанның» бірнеше санын құшақтап Шол пан келді. Əрқайсысын бір шұқылап ашып, суреттерін көріп отырды да, Əбіл хатын жазып болып, орнынан қозғала бергенде: – Аға, оқып берші, – деп журналдың бірін алдына қарай ысыра салды. Сол сəтте Шолпанның қызылшырайлы сүйкімді дома лақ бетіне ұяңдық ұялап, нұрланып кетті. Шарасында мөлді реп тұрған бота көзі «Аға, оқыңызшы енді» дегендей жасаурап барады. Бантик таққан шоқ тұлымы да желп-желп етіп, Əбілді асықтырғандай болды. – Өзің айта қойшы, қайсысын оқиын. – Мынаны, «Орман қызын» оқыңыз, – деп Шолпан жіңішке сұқ қолымен «Тұманбай Молдағалиев» деген жазуды көрсетті. – Шолпан, андағы көрсетіп тұрғаның осыны жазған ақын ағаңның аты мен фамилиясы. «Орман қызы» деген мына үлкен қызыл жазулар. Ал мынау – сол ақын ағаңның суреті. – Суретін де сол кісінің өзі салған ба? Ол кісі неге сиямен жазбайды? – Шолпан анықтап байқайыншы дегендей жазуларға жіті үңіліп кетті. – Шолпан, ол ағаң мұны о баста сиямен жазған. Суретін суретші салған. Сен сияқты балалардың бəріне журнал керек. Ол журналдың бəріне қашанғы сиямен жазып отырмақ. Журналға басқанда осындай боп түседі. Оны өзің кейін үлкейгенде түсінетін боласың. Кəне, енді тыңда, оқиын. Əбіл «Орман қызын» асықпай баппен оқи бастады. Шолпан үн-түнсіз қалшиып тыңдап отырып, бір уақытта: – Аға, жылдам оқыңызшы, – деді. – Немене, Шолпан, жалықтың ба? – Жоқ. – Ендеше, неге асығасың? – Қыз ертерек атасы мен апасына барсын. Шолпан «Орман қызын» бұрыннан біледі екен. Оның

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ тү сінігіне жеңіл болсын деп, жай оқып отырғанының бекер екенін білді де, Əбіл судыратып тез оқып шықты. – Ал енді қайсысын оқиық? Шолпан журналдың он сегізінші бетін ашып, «Қарындасым бар менің» деген өлеңді көрсетті. Əбіл мəнерлеп оқып берді де, Шолпанға мынадай сұрақ қойды: – Шолпан, өзің оқи аласың ба? – Жоқ. Маған Алма тəтем келгенде оқып береді. – Ал əйтпесе мен осыны дауыстап қайта-қайта оқиын, сен жаттап ал. Тəтең келгенде судыратып оқып бересің өзіне. Бұл сөзді төсегінде жатқан Мараттың құлағы шалып қал ды. Шолпанның түк жатырқамай, Əбілмен шүйіркелесіп кеткеніне бағанадан бері таңданып, төргі үйге құлағын тігіп жатқан. «Апыр-ай, маған да жаттатпас па екен?» деген оймен есіктен басын қылтита беріп еді, Əбілдің: – Марат, сен де жаттайсың ба? Жаттасаң, кел. Екеуің қатар отыра қалыңдар, – дегені ғой. Əбілдің өз ойының дəл үстінен түскені мұндай жақсы болар ма, Марат жүгіріп кеп, Шолпанның жанындағы бос орындыққа отыра кетті. – Ал, тынышталыңдар, бастаймыз. – Апам жоқ-та бөл-ме-ні Қоя-тұ-ғын та-за-лап, Біл-гі-сі кеп əр-не-ні, Сұ-рай-тын ыл-ғи ма-за-лап, Қа-рын-да-сым бар ме-нің. Əбіл əр сөзді буын ретімен созып-созып оқыды. – Ал, кəне, бəріміз қосылып айтайық. Үшеуі əлденеше рет қосылып айтып шықты. – Шолпан, өзің айтып көрші. Шолпан мүдірместен тақылдатып айтып берді. – Марат, енді сен айта қойшы. – А-пам жоқта бөлмені Қоя-тұғын таза-лап. Біл... біл... білейін... –

Øàғûí õèêàÿòòàð деп Марат тұтығып тұрып қалды. Шолпан бұған мəз болып сықылықтап күліп: – Иə, саған, солай ма екен? «Білейін» деп емес, Білгісі кеп əрнені Сұрай-тын ылғи мазалап Қарындасым бар менің, – деді. Əбіл де Шолпанға ілесе күлді. Маратқа қайта айтқызып еді, тағы жаңылды. Бұл жолы мүлт кеткеніне Марат намыстанып қалды. Екі қолымен бетін басып жылап жіберді. Жаңа ғана шат күлкіден езуін жия алмай отырған Əбілдің жүзіне өкініш ұялай берді. Маратты ыза қылу үшін əдейі күлгендей боп, тым ыңғайсызданып: – Енді жаңылмайсың. Қайта айтып көрші, нанбасаң. Ал, кəне, қайта айт, – деп, сасқанынан Маратты қолпаштай бас тады. Марат шын күйініп отырған, айта жөнелді. Дəл жаңылатын жеріне келе бергенде, Əбіл «білгісі кеп» деп сүйемелдей қойып еді. Марат аяқ жағын іліп əкетті. – Міне, азамат! Енді екінші шумағын жаттайық. Ерегіскенде қазір Шолпаннан озып шықшы осы. Ұ-нат-пай-тын еш-кім-ді, Қал-са е-гер өк-пе-леп. Ки-гі-зе-тін кеп-кем-ді Көң-лі кел-се шөт-ке-леп, Қарындасым бар менің. – Ал, кəне, бəріміз қосылып айтайық. – Ұ-нат-пай-тын, – деп айта беріп, Əбіл Маратқа қара ған. Марат көзінің қиығымен журналды тесіп отыр екен. Əбіл Мараттың жаңағы жолы жаңыла беруінің сырын де реу түсіне қойды. Журналды жауып қойып, үш рет қайта лап айтып шықты. – Марат, өзің айтып көрші, ал.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Бұл жолы Марат та, Шолпан да жаңылмады. – Марат, сені Шолпаннан неге қалып қойды десем, журналға ұрланып үңіліп, көңілің бөлінеді екен ғой. Бір нəрсемен айналысып отырып, назарыңды басқаға бұрмаған жөн. Оныңды көріп қалғаным жақсы болды. Шолпаннан озып шықтың. Қалғанын ертең жаттайық, бүгінге осы да же тер, – деп Əбіл журналды жаба салды. «Ой, пəле-ай, қайдан біліп қойды екен! Біліп қалғаны да жақсы болды, озып шықтым» деп ойлап, Марат əжептəуір көтеріліп қалды. Əбілдің Маратқа «Шолпаннан озып шықтың» дегеніне Шолпан: – Иə, озған жоқ. Сіз Маратқа бұрын айтқыздыңыз ғой, – деп ашуланып бұртиды. – Жаңа сен бұрын айтқансың. Бұл жолы Марат бұрын айтты. Екеуің де бірдейсіңдер. Маратты қайта-қайта қалдыра беруге бола ма? Ендігі жолы алдымен сен айта сың, – деді Əбіл Шолпанға. Шолпан жадырап сала берді. ШАШ АЛУ Марат даладан кіріп келген қалпы қолын да жумады, бас киімін де алмады, орындыққа апыл-ғұпыл отыра салып, қасыққа жармасты. – Марат, тамақ ішкенде бас киімді алып отыру керек, – деді Əбіл оның бұл қылығын жақтырмай. Марат сол қолымен кепкасын басынан алды да, төрге қарай лақтырып жіберді. – Сөйтеді бұл. Осы баланы қолға алшы өзің, қарағым. Көрдің бе, киімін қай жер болса, сол жерге лақтыра сала ды. Бар, анауыңды іліп қой, – деп Жібек апай Маратқа дүрсе қоя берді. Жайшылықта болса, тіпті тіл алмауға болар еді. Қазір Əбіл ағайдың алдында жағдай мүлде басқаша. Марат: «Мына, апамды-ай, масқара қылды-ау! Ілсем, іліп қоя йын-

Øàғûí õèêàÿòòàð шы», – деп, кепкасы түскен жаққа қарай беттеді. Апасы Мараттың шашы өсіп кеткенін көрді. «Қап, атасы келгенде көрмегенімізді қарашы! Əбіл шаш ала алмас па екен? Əй, бірақ оқып жүрген ба лалар шаш алуды біледі дейсің бе? Ауыртады деп зар илейді. Ауыртса да Нүскеннің атасына алдырмаса, болмайды екен» деп ойлады ол. Сонан соң Маратқа: – Марат, тамағыңды ішкен соң, Нүскеннің атасына шашыңды алдырып келмесең, өсіп кетіпті ғой, – деді. – Əли атам ауыртады. Кесіп алады. Алдырмаймын, керегі жоқ, – деп Марат без ете түсті. – Бұл үйде ұстара бар ма? – Бар. Марат орнынан атып тұрып, суырмаға қарай тұра жүгірді. Мараттың апасы «шын айтып отыр ма?» дегендей, Əбілге күдіктене қарады. «Жып ете түсуін» деп ішінен Маратты да жақтырмай қалды. Марат ұстараны алып келіп, Əбілге ұстата салды. – Шашыңды жібіт те, мына орындыққа отыра ғой, сыпырып тастайын, – деді Əбіл ұстараны жанып-жанып алып. «Ауыртар ма екен, қайтер екен? Əли атама-ақ алдырсам ба екен? Мейлі, енді не болса да бір рет алдырып кө рейін» деп Марат жүрексініп орындыққа əзер отырды. Ұстара сыр етіп төбесінен бір жүріп өткенде, иығын қиқаң еткізіп бұға қалды. – Қорықпа, Марат. Əлдекімге ұқсап бұққаның нең? Марат қайта жөнделіп отыра бергенде, ұстара жүзі жүріп берді. Əбіл ұстарамен емес, алақанымен ғана сипап өткендей болды. Тағы сипады, тағы сипады. Ұстара жүзі бір орнын қайта баспады. Марат көзін жұмып, мүлгіп отыр. Қалғып кете жаздады. Əли атасының шаш алғаны келді көз алдына. Мараттың басын екі тізесімен мықтап қысып алатын. Ауырсынып, қыңқылдаса: – Тəйт əрі, жаман неме! Жаның шығып бара ма? Осы күн гінің балалары жасық туады білем. Шашымызды қа-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ быр ғамен алып жатса да былқ етпеуші ек. Қап, əттеген-ай! Мына жерін кесіп алғанымды қарашы. Қан шыққаны жақсы. Болмаса, шайтан басыңды қауақ қылып алады, – деуші еді. – Мінеки, алып та біттік. Қалғып кеткеннен саумысың өзің? «Апыр-ау, шынымен алып бітті ме?» Марат айнаға қарады. Əли атасы алғанда өтпес шалғының артында қалған сояудай боп, төбесінің əр жерін де едірейіп шаш тұрушы еді. Қазір басы жұмыртқадай боп жылтырап тұр. Шашы туғалы мұндай əйбат боп алынып көрген емес. Қуанып кеткен ол Əбілге: – Аға, шашымды енді үнемі сізге алдырып тұрамын, түк ауырған жоқ, – деді. Аз-ақ күннің ішінде Əбіл Марат пен Шолпанға туған ағасындай боп кетті. Əсіресе, Марат шашын алғызғалы Əбілді жанындай жақсы көріп сыйлайды. Əбіл бірдеңеге жұмсаса-ақ, елпілдеп ұшып тұрады. «Дүниеде Əбілден жақ сы адам бар ма екен! Кітап оқып бер десең, кітап оқып бере ді, ертек айт десең, ертек айтады. Бəрінен де шаш алға нын айтсайшы!» Бүгін Əбіл түскі тамаққа кеш келді. Ол келгенде Жібек апай үйде жоқ, тек Марат пен Шолпан ғана бар-ды. – Марат, апаң қайда? – Əли атамның тандырына нан жабуға кетті. – Мен мектепке қазір қайта баруым керек еді. Айран ұйыса, əкелші, нан турап жеп кете қояйын. Марат дөңгелек үстелге дастарқан жайып, нан əкелді. Əбіл турай бастады. – Мен де айран ішем, – деді Шолпан да үстелдің бір шетіне отырып жатып. Марат Шолпан естімейтіндей етіп Əбілдің құлағына: – Аға, сізді жақсы көрем. Сізге бірінші құйып əкелейін. Содан кейін Шолпанға айран жоқ дей салайық, – деп сыбырлады. Əбіл Мараттың құлағына:

Øàғûí õèêàÿòòàð – Қой, оның не? Мен бөлектеніп қалай ішемін? Болмайды, – деді. – Онда мен Шолпанға да, сізге де айран бермеймін. Құйып əкелмеймін. – Мейлің, өзіміз-ақ құйып ішеміз. – Мен қазір «айранның бəрін құртты» деп апама барып айтамын. Онда қайтесіз? – Апаң не қылады? Айран ішпе дей ме? Бар, айта бер. Марат аяқастынан сынапша бұзылып, шынымен апасына айтпақ боп далаға шығып кетгі. Əбіл мен Шолпан үн-түнсіз айранға тойып алды. Маратқа жолда: «Менен Шол пан ды жақсы көреді екен ғой. Əйтпесе неге өзіне құйып бергенді іше бермейді? Шолпанға беремін бе, бермеймін бе, не жұмы сы бар?» деген қызғанышты ойлар келді. Апа сына келіп: – Апа, аналар айранды құртып жатыр, – деді. – Неғып құртты? Төгіп алды ма? – Ішіп жатыр. – Ішсе ішсін. Оны не деп айтып тұрсың? Марат сөз таппай жерге қарады. ТЕРЕЗЕ ҚАҚПАҒЫ Əбіл жұмыстан шаршап келіп, төсекке жантайып кітап оқып жатқан. Кітаптың қызығы біржола баурап алып, басқа дүниені ұмыттырып жіберіп еді. Кенет терезенің қақпа ғы сатыр-сұтыр жабылды да, əп-сəтте үйдің іші қап-қараңғы болып кетті. Пəле Мараттан болған екен. Ол терезенің бір жақ қақпағын ашып, сықылықтай күлді де, қайта жаба қойды. – Қой, Марат, кітап оқиын, терезені ашып қойшы. Марат қақпақты тағы ашты да, Əбілді мазақтағандай мұрнын тыржитып, басын бұлғаң-бұлғаң еткізіп, тағы жаба салды. Бүйтіп тілімді алмайды деген Əбілдің ойында жоқ еді. «Апырым-ау, не жазып қалып едім?» – деп таңданды. Маратқа сəл ренжіңкіреп, терезе алдына келді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Марат, сен жақсы жігіт едің ғой, ашшы, айналайын. – Ашпаймын. – Кешке қызық-қызық ертегі айтып берейін, қазір кітап оқиын, ашшы. – Ертегіңіздің керегі жоқ. Тыңдамаймын. Сіз Шолпанды жақсы көресіз, соған айта беріңіз. – Кешегіні айтып тұрсың ба? Онда өзіңдікі жөн емес қой, қарашы, шашың да өсіп қалды. Өскен соң, əнеугүнгіден де əдемі етіп түк ауыртпай сыпырып тастаймын, ашшы енді. – Əли атам-ақ алады. – Өткенде атам ауыртады, енді сізге алдырып тұрамын дегенің қайда? – Ауыртса мейлі, ол – біздің туысқан, өзімнің атам. Марат Əбілдің алдаусыратқанына көнбек тұрмақ, ерегісе түсті. Қайдан сап ете қалғаны белгісіз, Əбілдің есіне те резенің желдеткіші түсе кеткені. Бағанадан бері Маратқа жалынғанының бəрі Əбілге зая көрінді. Желдеткіш сыртқа қарай ашылатын, ептеп итеріп еді, терезе қақпағына ба рып тірелді. Күшін салып қатты итеріп қалды. Марат қақпақты іргетасқа шығып алып басып тұрған, ол енді қапелімде ашылып кетіп, сырып жіберді де, жерге құлап түсті. «Өз үйімнің терезесі, қақпағын жабам ба, қоям ба, онда Əбілдің жұмысы қанша? Онымен қоймай, итеріп жібергенін қарашы, ей?» Марат осындай қияңқы оймен қорланғандай, еш жері ауыр маса да орнынан бақыра түрегелді. Қыңырлығы ғой, бол маса бүліне қалатын ештеңе жоқ, іргетас ап-аласа болатын. – Ештеңе етпейді. Өзің ғой, енді нең бар тыныш тұрған тереземен алысып? «Ғарышкер боламын» дейтінің қай да? Ғарышкер болатын бала ап-аласа жерден құлағанға да жылай ма екен? Соған шынымен-ақ жылаймысың, жаман балалар құсап, қой, – деді Əбіл Мараттың намысына тигізе. Марат тыңдаған жоқ, жылаған бойы үйді айналып кетті. Əбіл «Шынымен құтылдым ба?» деп төсекке қайта жантая

Øàғûí õèêàÿòòàð беріп еді, Марат үйге кіріп келді. Долылығы сыртына теуіп, аузы бұртиып, көзі қызарып кетіпті. Белдігін шешіп алып ты. Əбілді ұрмақ ойы бар. Қайтер екен деп, Əбіл ашулы кейіппен көзінен айбар шаша қарады. Марат сескеніп қалт тоқтады. – Ұрам, ұрам. Неге итеріп жібересіз? – Сенің мұғалімің Нұрғайша апай ғой. «Үлкеннің тілін алма. Белдігіңмен кісіні ұр» деп үйретіп пе еді? Ертең ол кісіге осыныңды айтып барамын. Сыныбыңның талқысы на саламын. Ал қазір бар, – деп, Əбіл зекіп тастады. Бұл Əбілдің жай жасқайын дегені. Əйтпесе осы күнге дейін Жібек апай ренжіп қалар деп, Марат пен Шолпанға қатты сөйлеп те көрген емес. Апайынан жасқанды ма, жоқ, шынымен ұрар деді ме, Марат не істерін білмей, жүні жығылып состиып тұрып қалды. Сөйтті де: – Апама айтам. Үйден шығарып жібереміз, – деп долдана бақырып жылап, үйден шығып кетті. Жібек апай алты жасар Шолпан екеуі дүкенге кеткен. Əбіл біртүрлі ыңғайсызданып, ол кісі келгенше жұбатып қоймақшы боп далаға шықса, есік алдында Марат шешесіне: – Əбіл аға ұрды, – деп шімірікпестен соғып тұр екен. Апай сеніп қалған ба, Əбілді көре салып: – Əбіл шырағым, оның не, кішкене баламен бала боп, – деді. Əбілдің екі беті ду етіп, қызарып кетті. – Марат, мен ұрдым ба сені? Сөйтіп өтірік айтуға бола ма екен? – деуге ғана шамасы келді. Онан əрі аузына сөз түспей, булығып қалды. Марат үндей алмай төмен қарап, аяғының басымен жер шұқи берді. Жібек апай іс мəніне дереу түсіне қойды: – Қара, мұның өтірік айтуын, – деп Маратқа тұра ұм тылды. Марат зыта жөнелді. – Əй, осыдан үйге келмей кеткеніңді көремін. Айтпады деме, мойныңды жұлам, – деп, апасы бұлқан-талқан боп ұрысып қала берді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Маратқа тимей-ақ қойыңыз, апа. Өзіміз-ақ татуласып кетеміз. Білместік жасаған шығар, бір жолға кешіріңіз, – деді Əбіл басу айтып. Кешкі астан кейін: – Ертегі айтып берші, аға, – деп Əбілдің жанына Шолпан келді. Əбілге ертегі айтқызу – Марат екеуінің күндегі əдеті. Күндізгісінен ұялып Марат анадай жерде томсырайып жақындай алмай тұр. Əбілдің ойына бір қулық түсе кетті: – Менің бөлмеме жүр, Шолпан. Сонда барып айтамын. Өте қызық ертегі, – деп, Əбіл Маратқа көзінің астымен қарап қойды. – Марат та жүрсін қызық болса, – деді Шолпан жұлып алғандай. Марат ызаға булығып, иегі кемсеңдеп жыларманға келді. – Марат, жүре ғой. Күнде екеуіңе айтушы емес пе едім. Жүр, – деді Əбіл оны қолынан жетелеп. Марат үндемей жерге қарап келеді. Кенет Марат: – Аға, күндегі айтатын ертегіңізді кітаптан оқушы ма едіңіз? – деді. – Иə, Марат. Күндіз оқып алып, кешке сендерге айтып беретінмін, – деді Əбіл Мараттың қытығына тигенін біліп қуақыланып. – Мен онда енді еш уақытта да терезенің қақпағын жаппаймын. Шолпан жаппақ болса, оны итеріп жіберемін, – деді Марат мəз болып. – Иə, мен сен сияқты бұзақы емеспін. Сен ғой... – деп, Шолпан Маратты жазғыра бастады. Марат үндей алмай қалды. Жаңа ғана желпініп келе жатқан көңілі су сепкендей басылды. – Екеуің де бұзақы емессіңдер, жақсысыңдар, айналайындар. Бағана мен Маратты байқамай қалып, жабық тұрған қақпақты ашам дегенде жығып алғам, Марат, ə? – деп Əбіл екеуіне ертегі бастай жөнелді.

Øàғûí õèêàÿòòàð Шолпан шынымен солай ма еді дегендей, Маратқа сұраулы жүзбен қарады. «Қап, мына Шолпанның қорлығын-ай! Əбіл аға болма са, күн көрсететін емес қой өзі. Жаңа ғана шүйіркелесіп келе жатқанда шырқымызды қайта бұзып жібере жаздады-ау. Бəрі терезе қақпағының кесірі. Сол пəленің енді маңайы на жоламаспын» деп ойлады Марат. НЕГЕ ƏБІЛ КІНƏЛІ БОЛМАЙ, МАРАТТЫ КІНƏЛАЙДЫ? Қаракемердің күнбатыс жағында Түрген өзенінің ескі арнасы бар. Бұл арнаның толып аққанын көрген адам жоқ. Өзі сондай терең, ені де əудемжер. Екі ернеуі – құлама жар. Үлкен сай іспеттес, көктемде болмаса, су ағар табан арнаның өзі де ала жаздай аппақ боп қаңсып жатады. Арнаның екі жағы ернеу жарға дейін қалың шым, көк майса. Балалар көктемгі демалысқа шыққалы бері Əбіл Мараттармен бірге осы көкке жиі шығып жүрді. Бір күні Əбіл денешынықтыру пəнінің мұғалімі Жанғали ағайдан доп сұрап əкелді. Доп ойнауға Нүскен де ере шықты. Нүскен – алтыншы сыныпта оқитын ересек бала. Кəдімгі Мараттың шашын ауыртып алатын Əли атайдың немересі. Шолпан келе жаңадан бүрін жарған майда сары гүлдерді теріп кетті. Əбіл, Нүскен, Марат иіріліп тұрып доп қағуға кірісті. Бірақ Марат бұл ойыннан ештеңе шығара алмады. Қолының əлі келмей ме, жоқ, əдісін білмей ме, екі-үш рет əуелеп келе жатқан допты аламын деп, саусақтары қайырылып қала жаздады. Сосын жан-жаққа қашқан допты қуамын деп, ала өкпе болды, Əбден шаршады. – Аға, қақпа ойнайықшы, – деді ақыры. Əбіл көне кетті. Көнбегенде қайтсін, Марат бұлар үшін бостан-бос қара тер болды. Ойынның шарты пəлендей қиын емес-ті. Арасын əжептəуір етіп екі жерге тас үйсең, қақпа болады да шығады.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Кезек-кезек біреу қақпашы болады. Қалған екеуі екі жағында тұрып алып қақпаға доп тебеді. Төрешінің түкке керегі жоқ. Доптың өткен-өтпегенін барлық ойыншы өзі көріп тұрғанда, ол не қызмет атқарады. Бірінші Əбіл қақпашы болды. Əбіл Маратты көңілдендіру үшін: – Марат нағыз футболшы екен ғой, – деп əлденеше рет ұстай алмаған болып, допты өткізіп жіберді. Марат бұған масаттанып жүр. Ойын қыза түсті. Енді қақпаға Нүскен тұрды. Шолпан гүл теруін қойып, қақпаның бір бұрышына таман тұрып, ойынды қызықтай бастады. Бір уақытта Əбілдің тепкен добы ауа жайылып барып Шолпанның бетіне сарт ете түсті. Бейқам тұрған Шолпан ұшып кете жаздады. Шалқалап барып, əрең қалды. Шолпан бетін қолымен басып, еңіреп жылап қоя берді. – Қоя ғой, Шолпан. Байқамай тиіп кетті. Ештеңе етпейді. Ойнап жүріп жыламас болар, – деп Əбіл Шолпанды жұбатып жатты. – Неге ұрасыз? Апама айтам. Үйден шығарып жібереміз, – деді Марат қызараңдап. – Қой əрі! Ұрған кім! Абайсызда тиіп кетті ғой, – деді Əбіл. Марат тағы бірдеңе дегісі келіп еді, Əбіл ағай сұрланып кетіпті, содан қаймықты. Марат сонда да: «Бəрібір апама айтып барам», – деп іштей өшіге түсті. Маратқа енді ойынның қызығы болмай қалды. Кеткісі келді. Жан-жағына қарап еді, Шолпанға тиген бойда домалап барып анадай жерде жатқан допқа көзі түсті. «Ақыры өзім ойнамаймын. Бұлар да ойнамасын» деген ой келді де, допты ала қашты. – Қайда апарасың? Тастап кет. Марат артына бір қарады да: – Ойнамайсыңдар, – деп айқайлаған күйі құлама жарлауытгы өрлеп кете барды. Сайдағылар Мараттың іштарлығына қатты наразы боп қалды.

Øàғûí õèêàÿòòàð Марат келе апасына: – Əбіл аға Шолпанды ұрды. Шолпан жылап қалды, – деді ентігіп. – Неге ұрсын? Қой əрі! – деді апасы самарқау ғана. – Бетіне доппен періп жіберді. Шолпан шалқасынан түсті. Беті күп боп ісіп кетті, – деп Марат өтірікті судай сапырды. – Мына құрымағыр шын айтып тұр ма? Даладан бірдеңе көрсең, екі есе қып өсіріп келетінің бар еді, соның ұстап тұрған шығар. Шолпан қайда енді? – деп апасы шын күдіктеніп, əбігерленіңкіреп қалғандай болды. Бірақ үйге Шолпан келгенде, Мараттың өтірігі тағы ашылып қалды. – Иə, абайсызда тиіп кетті ғой. Жығылғам жоқ. Еш жерім де ауырмайды. Өтірік, – деп тұр Шолпан. – Марат, сен өзі өтірікші екенсің ғой. Көзбе-көз жала жапқаның не? – деп Əбіл де Шолпанды қостап қойды. – Бұл ма, бұл оңбайды. Даладан бірдеңе көрсе болды, «пəлен бүйтіп қойды, түген сүйтіп қойды» дейді де жүреді. Онысы несі, сайтан құсап допты ала қашқаны? Мұның əдеті, балаларға маза бермейді, тыныштық көрсетпейді, – деп апасы Мараттың өзін кінəлай жөнелді. Марат апасына ренжіп қалды. Бұған ренжімегенде кімге ренжиді? Ренжігендегі ойы мынау: «Апамның мұнысы несі екен? Одан да «допты неге Шолпанға қарай тебесің?» деп Əбіл ағаға ұрыспай ма? Доп ауа ұшты деген де сөз бе екен? Əйтеуір, сол тепкен доп тиді ғой. Бұдан артық көк ала қойдай ғып сабамақ па? Сүйте тұра неге Əбіл кінəлі болмай, мені кінəлайды? Апам қызық өзі». БҰЛ ЖЕР – БІЗДІКІ Ертеңіне Маратқа Əбілмен бірге өтіп жүрген қызықты күндерінің бəрі түкке тұрғысыз боп көрінді. Балалармен ойнап келмекші боп, есікке беттей беріп еді: – Қайда барасың? Құр жұлынғанша, қауын-қарбыз се-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ бетін жерді неге аударып тастамайсың? Немене, саған та мақ керегі жоқ па? Мен аударып ексем, піскенде ішінен шықпас едің, ə! – деп апасы Маратқа бір міндет арта салғаны. Марат төбесінен суық су құйып жібергендей бол ды. Не əрі, не бері жүрерін білмей, есіктің алдында тұрып қалды. Əбіл Жібек апайдың мына сөзі өзіне де қатысты екенін түсіне қойды, денесін ширататын жұмыс табылғанына қуанып та кетті. – Əнеугүннен бері неғып айтпадыңыз? Əлдеқашан аударып тастайтын ек қой, үйде артық күрек бар ма? Марат екеуіміз екі жақтап аударайық. – Марат, бар, Əли атаңдардың күрегін əкел. – Сөйт, Марат, əкеле ғой. Мараттың өзіне салса, бүгін Əбілге жолағысы жоқ еді. Кешегіге қатты жауығып қалған. Əбіл түк білмейтін кісі сияқты, ойында ештеңе жоқ. «Марат, Марат» деп құрақ ұшып жүр. Онысы несі екен? Марат түкке түсінбей, Əли ата сының үйіне қарай аяғын ындынсыз басып бара жатты. Марат күрек əкелгенше, Əбіл қауын себетін тақта жерді əжептəуір қып еңсеріп тастапты. Марат қарбыз егетін жерге түсті. Əлінің келгенінше тырбыңдап, мұрнының ұшына дейін терлеп, қара суға түсті. Сонда да ештеңе өндіре алмайды. Əбілдің күрегі ұңғысына дейін жер қауып, қара топырақты жентек-жентек етіп, тіліп түсіп жатыр, ортасынан ауып қалды. Маратқа бұл жұмыс ауыр соғады екен, бар аударғаны тоқымдай-ақ, Əбіл тағы біраз еңсеріп барып, күрегін жерге шаншыды да: – Марат, жер аударуға əлің келіңкіремейді екен. Одан да əуре болмай-ақ қой. Мен аударайын, сен тырмала. Қазір кішкене дем алайық, отыр, – деді. – Сіз аударған жерді тырмаламаймын. – Неге? – Мен сізге өкпелеп қалдым. Əбіл арық ернеуіне отыра кетті.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Кешегіні айтасың ба? Өзің ғой енді... – Мен емес, сіз кінəлісіз. Сіздің тепкен добыңыз Шолпанды жалпасынан түсіре жаздады. Шолпан – менің қарындасым. Мен оны ешкімге ренжіткізбеймін. – Мұның дұрыс, ешкімге ренжіткізбе. Бірақ мен допты əдейілеп емес, абайламай тигізіп алдым ғой Шолпанға. – Шолпанға біреу тисе, мен қарап тұра алмаймын. Сіз болған соң шыдадым, басқа балалар болсыншы... – Не істейсің сонда? – Төбелесем. – Əй, Марат, Марат! Қызықсың, ей, сен! Сөйтуге бола ма екен? Мейлі, сен – бəрібір жақсы баласың. Шыныңды айтасың. Адамға ең қажеттісі – шындық. Марат Əбілдің сөзін қалай түсінерін білмей дал болып тұрған, жандарына Шолпан келе қалды. Шолпан Əбілдің күрегі шаншулы тұрған жерді аяғымен шұқып: – Аға, былтыр мына жерге дəу қауын шыққан, биыл тағы шығады. Піскенде келіңіз, сақтап қоямыз, – деді. – Иə, саған, сақтармын. Өзім жеймін. – Сақтап қоямыз. Апам екеуіміз піскен күні үзіп ап, саған көрсетпей тығып қоямыз. – Өйтіп ерегіссеңдер, оны көктей жұлып тастаймын. – Мейлі, оны құртқаныңмен, басқа біреуін алып қоямыз. – Сенің қауында нең бар əуелім? Бір сүйем жер аударған жоқсың. – Сенің аударғаның сол-ақ па? Бəрін Əбіл ағам аударып жатыр. – Мейлі. Бұл жер – біздікі. Оның кауын-қарбызын өзіміз жейміз. Мараттың бет бақтыратын түрі жоқ. Шолпан не айтарын білмей тосылып қалды. Жабырқап, жыларманға келді. Əбіл Шолпанды аяп кетті. – Шолпан, Марат жай ойнап тұр. Немене, бір қауын сақтап қоюға Мараттың мырзалығы жетпей ме? Біреу тү гіл,

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ онын алып қояр Маратың, айта берсең. Солай емес пе? Марат, өзің айтшы. Шолпан сенің ойнағаныңа сеніп қа лыпты. Марат – тегінде артында зілі жоқ, аңқылдақ, ақ көңіл бала. Аңғалдықпен бірдеңені бүлдіріп алғанымен, ізінше соны түзетуге асығатын. Ондайда орайы келіп қалса, тартынып қалған жері жоқ. Қазір шүу дегенде ерегісерін ерегісіп қап, енді не істерін білмей, дал боп тұрған. – Мен өзім аударған жердің қарбыздарының дəу-дəулерін түгелдей Əбіл ағама тығып қоям, – деді. – Қазір Əбіл аға қарбыз егетін жерді де аударады. Сол жердің қарбызынан мен де қарбыз сақтап қоям, – деді Шолпан. АҢҚАУ АҚ БАЛАПАН Бас-аяғы үш-төрт күннің ішінде Мараттар тауыққа байыды да қалды. Алғаш сары тауық жеті балапан, үш күн өткеннен кейін қара тауық он бір балапан шығарды. Қара тауық он бір балапанын шүпірлетіп ертіп шыққанда, алақандай аула маңын сары тауықтар түгелдей иемденіп алған болатын. Балапандары қайта-қайта араласып, рəсуалары шықты. Марат оқудан келген соң, екі тауыққа екі жерге тары шашты. Екі жерде екі тауық құрқылдап, балапандармен тарыны шоқып жей бастады. Кенет тыныштықты қара тауықтың бір ақ балапаны бұзып жіберді. Негізінде бұған Мараттың да қатысы болды. Ол тарыны шашыратпай, екі жерге салған. Бəрі шүпірлеп кеп жабыла кеткенде, ақ балапан сыймай шетте қалды. Жан-жағына жалтақтап қарап еді, дəл жандарында жемге жабылып жатқан сары тауықтың балапандарын көрді. Сары тауық та құрқылдап өз балапандарын жемге төндіріп қояды. Ақ балапан жүгірген бойы олардың арасына қойды да

Øàғûí õèêàÿòòàð кетті. Сары тауық алғаш көрмей қалды. Жем таусылып, балапандары шөпшеңдеп, бірен-саран бытыраған тарыны теріп жайыла бастағанда барып көрді. – Қырқ-қырқ! – деп, сары тауық ақ балапанның дəл көк желкесінен шоқып алды. Ақ балапанның төбесінен жай оғы түскендей болды. – Шиқ, шиқ! – деп жан дауысы шығып, қайда қашарын білмей қалды. Қара тауық баласын талап жатқанын көр ген жоқ. Сары тауық тағы ұмтыла берді. Анадай жерде тұрған Əбіл: – Кіш, ей! Өлтірді-ау мынау, – деп сары тауыққа ұмтылды. Сары тауық: – Қырқ-қырқ, қырқ-қы-ы-рық, – деп дүрдиіп, тіпті, Əбілдің өзіне айбат шекті. Ол əлсіреп қалған ақ балапанды қақпайлап барып, үйіріне қосып жіберді. Марат Əбілден гөрі тауықтарға жақын тұр еді, бағанадан бері селт етіп орнынан қозғалған жоқ. Қызықтап қана тұр. – Марат, жақын тұрып ажыратпағаның не? Екі ортада балапанды өлтіріп ала жаздадық, – деп Əбіл Маратқа кейіс білдірді. – Мейлі, өлсе өле берсін. Өзі неге шашқан жемнен жемей, бөтен балапандарға барып қосылады? Əбіл Мараттың мына сөзіне қатты қынжылды: – Ол əлі бала ғой, ештеңені білмейді. Өзіңді əлі жеткен ұрып жатса, ешкім сені ажыратпай қарап тұрса, қайтер едің? Ол балапан да өзің сияқты емес пе?.. – Мейлі, мені ұрса, ұра берсін. Ажыратпаса қойсын. Мейлі, мейлі... ДҮНИЕДЕ МАРАТ АУЫРА КӨРМЕСІН! Сəуір айының аяқ кезінде Қаракемер балаларына жаппай тұмау тиіп, ауыра бастады. Кешке жақын апасы:

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Құдай, өзі сақтасын. Балалар ауыра бастапты, – деп қауіп қылып отыр еді, ертеңіне Мараттың көзі жасаурап, жөнді тамақ іше алмады. Жібек апай Мараттың маңдайын алақанымен басып көр ді де: – Балам-ай, ауырып қалыпсың, ғой. Енді қозғалма, – деп, Маратты қалың бүркеп, төсекке жатқызып қойды. Дүниеде Марат ауыра көрмесін! Апасы титтей шаруа ретімен жанынан ұзай берсе-ақ: – Апа-а, апа-а-ау, – деп бақырып жылайды. Сонда апасы келгенде бірдеңе айтсашы, құр жаным нан шықпаса дейді. – Марат, Маратжан, қарағым, шырағым. Не дейсің, айналайын? Өзің жата қойшы біраз. Шаруа істейін. Апасының шыбын жаны қалмай Мараттың асты-үстіне түсіп жатыр. Марат мүлги түсіп, шошып оянады. – Жатпаймын, жаман. – Не жаман, айналайын? – Жастық жаман, алдыңа жатам. Апасы Маратты сойталдай ғып, жас балаша орап, алдына алып ұзақ отырады. – Біраз жатшы енді төсегіңе. Түскі тамақ істейтін уақыт боп қалды. Тамақ дегеннен Мараттың ойына былтыр атасымен қалаға барғанда асханадан ішкен дəмді борщ түсті. Аузы на соның дəмі келгендей болды. Сілекейі шұбырып кетті. – Іше-е-ем. – Не ішесің, не істейін? – Борщ іше-е-ем. – Жоқ сұмдықты қайдан шығардың тағы! Кəпескені қайдан таптық енді? – Асханадан əкеп бер. Жасағаныңды ішпеймін. Апасы асханадан барып борщ əкелді. Бірақ талай жерден алып келген еңбегі зая кетті. Марат бір ұрттады да:

Øàғûí õèêàÿòòàð – Мынаның дəмі жаман. Қаланыкіндей емес. Кеспе ішем, – деп қиғылық салды. Жібек апайға енді кеспе істеуге тура келді. Марат əрнені ойлап жатып, ойына не түссе, соны алдырды. Төңірегі ыдыс-аяққа толып кетті. Бірінде борщ, бірінде кеспе, бірінде май, бірінде қаймақ, бірінде кəмпит, бірінде қант. Бəрі жақпайды. Əрқайсысын бір ұрттап, не бір тістесе-ақ болды, ұнамай шыға келеді. Бұл аурумен Шолпан да ауырып тұрды. Қаншама еті ысып, қиналғанымен, қыңқ еткен жоқ. Бота көзі мөлдіреп қана төсегінде жатты да қойды. Ызбарлық, еркелік дегеннен түк білмейді екен-ау. Ойлап отырса, тұлымы желбіреген осы бір айналайын сүйкімді балапанның əлі күнге ешқандай да тентектігін көрмепті. Үнемі бəрін түсініп, үкінің балапаны құсап үлбі реп тұрғаны. Ал Марат ше? Марат енді... «АҒА, МЕН СІЗДІ ІЗДЕП БАРАМ» Мамыр мейрамы жақындап, елдің көңілі алып-ұша бастаған кезде Əбілдің тəжірибе жұмысы аяқталды. Мектептегі шаруасын бітіріп келсе, Жібек апай, Марат, Шолпан үшеуі түскі асты алдарына енді алыпты. Жібек апай қуанып қалды: – Тамақ суымай жақсы келдің ғой, қарағым. Мақтап жүреді екенсің. Кел, отыра қал. Əбіл қолын шайып, асқа отырды. Тəжірибе жұмысы ның біткенін, ертең Алматыға қайтатынын дастарқан жинал ған соң айтпақ болды. Сөйтсе, Жібек апай да бұлар тамақ ты тыныш ішсін деп отыр екен, Əбілге, Маратқа, Шолпанға бірбір кеседен сорпа құйып берді де, əңгімесін бастап кетті. – Əбіл қарағым, бізге бір ақыл қоспасаң болмайды. Мына екеуі Мамыр мейрамында өйтеміз-бүйтеміз, бізге

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ананы-мынаны əпересің деп миымды жеп бітті. Мұғалім сің ғой, айтшы, балалар қалай мейрамдаушы еді? – Мектепте мейрамға көп дайындық жүріп жатыр. Маратқа сол жетеді. Ал Шолпанды өзіңіз орталыққа ертіп барып, серуендетіп, балмұздаққа тойғызып қайтасыз да. – Осы екеуін бердім өзіңе мейрам күні. Ертесің бе, серуендетесің бе, өзің біл. – О-о, аға сөйтіңізші, а? Сіздің айтқаныңызды орындап, тыныш жүреміз. Балмұздақты біреуден артық жемейміз. Марат қитыға қалды: – Иə, саған. Жесең, өзің же біреуін. Мен онын жеймін балмұздақтың. Жібек апай күйіп-пісті. – Сенде тойым жоқ, Марат. Онын жеген соң, тамағың нан не қалады, ойбай-ау! Шолпан күліп жіберді. – Апа, онын жемейді. Əшейін айтады. Бір қасарысса, кайтатын Марат па, өршелене түсті: – Онын, он бесін, жоқ, жиырмасын жеймін. Түк те болмайды. Талай жегем. – Жоқ, бұл жолы біреуден артық жемейсің. Мен ағаларыңа мықтап тапсырып жіберем. Ағаларың да, сендер де айтқан тілімді алмай көріңдер түге... Ойына келгенді бұқпантайлап не көрініпті Маратқа? Сөздің тоқетерін бір-ақ айтты: – Мен тілін алмаймын оның. Ол біздің мұғаліміміз емес, практикант. – Не деп отыр мына қағынғыр? Піректикең не, ей? Ағаң – ол. Аласың тілін. – Мен біреудің емес, өзімнің тілімді алам. Балмұздақты көп же деп отырмын мен өзіме. Ендеше, көп жеймін. Жібек апай шарасыз кейіппен Əбілге қарады. – Не дейсің бұған енді? Дені дұрыс па өзінің? – Не дейін? Марат мəймөңкелеуді білмейді. Дұрыс. Мұнысы – қиқарлығы емес, шындықты айтқаны. Ешкімнің қақпалауына көнбейтін бірбеткей жігіт болады балаңыз.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Сонда да енді былай, үлкеннен қаймықпай ма екен? – Қаймықпайды Марат. – Үлкенді сыйлауы, тіл алуы керек. – Оныңыз жөн. Марат, меніңше, ондай əдептілікті білуі тиіс. – Əй, қайдам, білмей ме деп қорқам. Мұғалімсің ғой, соның бəрін білдірші бұған, тəрбиелеп беріп кетші маған мұны. – Марат өзі де əдемі жігіт болып өседі. Ал мен бүгін жүрем Алматыға. Практикам бітті. – Қалайша тез біте қалды? Қап, мына екеуі əбден бауыр басып қалып еді, қоңылтақситын болды-ау! Шолпанның көзі жəудіреп барады. – Аға, кетпеңізші. Мұғалім болып жүре беріңіз өстіп. – Қайдан, ол болмайды. Оқуды бітірген соң, мүмкін, осын да сұранармын. – Сұраныңыз. Жібереді. Мен күтіп жүрем сізді. – Ал мен каникулға шыққан соң сізді іздеп барам Алматыға. – Қалайша? Қайтіп табасың? – Қалайша? Сол да сөз бе? «Алматыға, Əбіл ағаға апар» деп жатып кеп жылаймын. Əрине, ешкімнің апарғысы келмейді. Жұбанбай жылаймын. – Білдік, білдік. Көз жасыңа сеніп жаман үйренген екенсің сен əбден. – Не, сонда да апармайсыңдар ма? Онда ойбайлап, жер тепкіліп жылаймын, өкіре берем, өкіре берем. Міне, былай жылаймын. – Ə-ə, мені Алматыға Əбіл ағаға апар! Ə-ə. – Мынау шынымен, жылап отыр ма? Жоқ ырымды бастағаны несі? Апарам, апарам. Əбіл де сасып қалды. – Қой, Марат, жылама, айналайын, өзім-ақ келіп тұрамын. Ал қазір келіңдерші бері, беттеріңнен сүйейін, қос тентек!

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Əбіл Шолпан мен Маратқа құшағын жайды. Шолпан жүгіріп барып, Əбілдің құшағына кіріп кетті. Марат бұртаң ете қалды. – Сіз неге бізді тентек дейсіз? – Жақсы көргендіктен. – Бекер. Атам айтқан, басы айнала беретін қойды тен тек дейді. Əбілден бұрын Жібек апайдың ашулы даусы шықты: – Тəйт, əрі! Сотанақ баланы жақсы көргенде өстіп «тентегім» деп еркелетеді адам. Марат иланарын да, иланбасын да білмей, мəре-сəре болып тұр. – Рас, сөйтеді. Марат, менің сендерді жақсы көретін дігіме сенбегенің бе сонда? – Сенемін. Аға, сіз кешіріңіз, мен шынында да тентекпін. Əбілдің ет жүрегі елжіреп кетті. Марат қызбалықпен өзінің артық кетіп қалатын жерлерін білетін бала екен-ау! – Айналайын Марат, келе қойшы бері! Енді Əбіл, Марат, Шолпан үшеуінің құшағы айқасты. Жібек апай жүзінен шексіз қуаныш, мол мейірім төгіліп: – Əй, тентектер-ай, – деп күбірледі. Аналар естіді ме, жоқ па?.. Əй, бірақ еститіндей емес, мəз-мейрам еді. РАXИМА Былтыр күздің соңғы айы болатын. Апам көрші ұжымшардағы Іздəн əпкемнің үйіне барып еді, Рахиманы алып келіпті. Рахима əпкемнен гөрі Тұрсынбай жездеме көбірек ұқсайды екен. Ұшы шолақтау кішкентай мұрын, дөп-дөң гелек қара көздері, ашулы кейіп аңғартатын түксиген қабағы – бəр-бəрі жездемнен аумайды. Рахима бізді жатырқап, жəудірейді де отырады. Өзі апа-

Øàғûí õèêàÿòòàð ма əбден үйір болып алыпты. Сəл қит етсе болды, апамның бауырына тығылады. Кешке жұмыстан келген əкем Рахиманы көрген бойда арсалаңдап қатты қуанды. – Балалар аман ба екен? Мынау Рахима ма? Келе қойшы, кəне, – деп қолын созып еді, Рахима апама қарай қашты. – Бекен, бері берші, көтеріп əкел, – деп əкем мені жұмсады. Менің қолым денесіне тиісімен-ақ Рахима бақырып жылап қоя берді. Денесі біртүрлі ыстық екен. Құшағыма қыстым. Əкем Рахиманы қолына алған бойда жоғарылатып көтерді, сонан соң алқымынан иіскеді. – Тура шешесінің иісі. Сонша бақырғаны. Айналайын, айналайын! Əкем айналып-толғанып отыр. Рахима шыңғыруын қояр емес. «Бұл да бір жылауық жаман бала екен ғой», – дедім іштей. Рахима қоятын болмаған соң, əкем: – Қап, атасын танымады ғой бұл ақымақ, – деп қоя бере салды. Рахима тəмпеңдеп, аяғын тəлтіректей басып, шешеме жете бере, қолына құлай кетті. – Жə, атасын кісі жатырқай ма екен? Атаң ғой ол, атаң. Қой, жылама енді. Апам Рахиманың тарам-тарам боп аққан көз жасын сүртіп жатыр. Рахима өксіп-өксіп қояды. Əкем реніш білдірді: – Əй, кемпір-ай, бекер əкелгенсің ғой, баланың өмірін өксітіп. Əке-шешесінің бауырынан ыстық не бар оған қазір? – Іздəн қатты жүдеп кетіпті. Кішкентайын алдына алып емізейін десе, мынау төніп түсетін көрінеді. Сосын қызымды аядым да, алып кеттім. Қайтер дейсің, үйреніп кетер. Рахима біздің үйге осылай келді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ * Рахима бізбен тез арада бауыр басып үйренісе алмады. Оған кінəлі өзі. Апам орнынан қозғалса, бірге қозғалады. Сөйтіп, күнұзаққа апамның аяғына оралып, бір елі қалмайды. Бізді елемейді де, жоламайды да. Бір күні ертеңгілік Рахима апам далада жүргенде оянды. Ұйқысын аша алмай, маужырап біраз отырды. Неге еке нін білмеймін, көзі кіртиіп, жағы сопайып, бетіне екі-үш сы зық ұялапты. Өскіндеу шашы ұйпа-тұйпа. Мен дөңгелек үстелге жайғасып, сабаққа дайындалып отырғанмын. Алтын мен Бауыржан маза бермеген соң екеуіне қызық-қызық суреті көп кітапша беріп алдау сыратқанмын. Екеуі оның қызығына жаңа ғана түскен. Манаурап отырған Рахиманы алдымен Бауыржан көрді. Ол: – Иахима, м-мə, қаяшы, – деп кітабын ала жүгірді. Бауыржан жақындай беріп еді. Рахима: – Ыһы, ыһы, – деп қыңырланып, иығын бұлғаң еткі зіп теріс айналып кетті. Бауыржан не қыларын білмей, состиып тұрып қалды. Рахима Бауыржанға қайта қарай берді де жылап жібер ді. Орнынан тұра салып, есікті көздеді. Құлдыраңдап барады. Əлгінде Бауыржан еденге су төгіп қойған. Сол қазір ұзыннан-ұзақ созылып, жіп-жіңішке арықша болып жатыр еді. Рахима содан өте берем деп, тайып кетіп, шалқасынан түсті. Оңбай жығылды. Құлындағы даусы шығып, шыңғырып жіберді. Дəл осы сəтте мен оны кереметтей аяп кеттім. – Сен ғой мына жерді көлкіткен! – деп Бауыржанға қаһар төктім. Шапалақпен бір-екі тартып жібердім. Рахима есікке бір, еденге бір қарап қойып жылайды. Суға беттемей қалыпты. Қорқып тұр. Осыдан кейін Рахима еденге жуымайтын болды. Апам далаға шығып кетсе, киіздің шетіне барады да жылап тұрады. Əрі қарай баспайды. Мұнысы бізге ойын болды.

Øàғûí õèêàÿòòàð Рахима киіз шетіне қарай жүрсе болғаны Алтын, Бауыржан үшеуіміз бірдей суға қарай жүгіреміз. Қолымызға табақ түссе, табақпен, кесе түссе, кесемен су ала салып: – Ойбай, су-су! – Иахима, су! – Ой, ой, таясың, жығыласың, – десіп есін шығарамыз. Өстеміз деп жүргенде, мынадай бір қызық болды. Ойнап отырып байқамаппыз, Рахима киіз шетіне барып қалыпты. Үшеуіміз де су іздеп тыпырлап қалдық. Қапелімде ыдыс табыла қоймады да, мен пештің алдында тұрған шəйнектегі суды ала жүгірдім. Шүмегінен сыздықтатып арықша жасай бастадым. Сол сол-ақ екен, Алтын да, Бауыржан да шəйнектің тұтқасына жабыса кетті. Үшеуіміз бір-бірімізге бермей тартқыласып жүргенде, шəйнек жерге түсіп кетіп, суын ақтарып алдық. Үйдің іші көлкіді де кетті. Не істерімді білмей, сасып қалып, сəл тұрдым. Сосын дереу еден жуатын шүберекпен суды сүртіп, легенге сыға бастадым. Апам, не əжем көріп қоймасын деп, шекемнен шып-шып тер сорғалап, жан ұшырып жүрмін. Бірақ адамның ойлағаны бола бермейді ғой. Əжем кіріп келді. Қаздиып қаттым да қалдым. – Бекен-ау, кім жу деді саған мұны. Өзіміз-ақ жуатын ек қой. Сонша қара терге түсіпсің. – Өзім. Алтынға қарадым, жымың-жымың етеді. Көзімді қы сып қалдым. Ол түсіне қойды, басын шұлғыды. Сөйткенше Бауыржан: – Əже, бұлай, – дей берді. Көзді ашып-жұмғанша Бауыржанға қабағымды түйіп, оды рая қарадым. Ол менен қорқып, əрі қарай не айтарын біл мей: – С, с, – деп тұтығып қалды. Бір жақсы жері əжем бұған көп назар аударған жоқ. Қайта: – Еңбектеніп қалған екенсің, ал енді жуа ғой, – деп маған қошемет білдірді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Мен шаршап-шалдыққаныма қарамай, еденді мұнтаздай етіп жуып шықтым. Бұл менің тұңғыш рет еден жууым еді. Мəз болып, қуанып қалдым. Мұныма үй ішіндегілердің бəрі қуанды. Əжем апама айтты, ал апам кешке жұмыстан келіп, шай ішіп отырған əкеме: – Əкесі, той жаса. Балаң бүгін еденді жуып қызық қыл ды. Қыздардан кем жумайды екен, – деді. – Жалқау ғой. Əйтпесе мұның қолынан келеді, – деп əкем разылығын білдірді. Əжем: «Балалы үйдің ұрлығы жатпайды», – деп отырады. Сол рас. Əсіресе Бауыржан тұрған жерде құпия болады деу мүлде əншейін. Елдің мені мақтағанын көре алмады ма, жоқ, байқамай айтып қалды ма, білмеймін, əйтеуір Бауыржан: – Бұл еденге су төгіп алған, – деп қойып қалды. Алтын да зорға шыдап тұр екен, тақылдап ала жөнелді. – Рахиманың алдына су төгеміз деп, Бекен шəйнектегі суды ақтарып алды. Сонан соң қорқып жуды. – Рахиманың алдына су төккені несі?! – Бекен, ол не пəле? – Əншейін. – Сен есің кіріп, адам болып қалдың ғой. Бүгін еден жууға əлің келсе, ертең кетпен-күрек ұстауға жарайсың. Жігіт болды деген сол. Балалардың мазасын алма. – Жарайды. Су төгіп қойғанымыз рас еді. Бəрібір мен еденді өзім жуып тұрамын. Сөйтемін, апа. Шынында, осыдан кейін мен еден жуғыш болып шыға келдім. Мұныма тіптен үй ішінің бəрі үйреніп алды. Еден титтей кірледі болды: – Ал, еден жуғыш, – деп, маған белгі береді. Мен бұл сөзді екі етпей, сауыт-сайманымды – легенді, шүберекті əзірлей бастаймын. Жұрт та разы, мен де разы.

Øàғûí õèêàÿòòàð * Кейде Алтынның ойына келгенін істейтіні бар. Сабақтан шаршап келіп отыр едім, даладан жүгіріп кірді. Үнемі осы, сірə, Бауыржандармен ойнағанды қанағат тұтпайтын болуы керек, мен оқудан келген сайын қатты қуанады. Міне, енді əй жоқ, шай жоқ: – Аға, көтерші, – деп үстіме өрмелеп шығып барады. – Баршы. Шаршап отырмын. – Көтер, көтер. – Бар деген соң, бар! – Көтерші, аға. – Ағасы-ау, көтерсеңші. Аға дегенде не жаның қалды? – Бұдан əрі қасарысуға болмайды. Əжемнің тілін қалай алмассың! Алтынның екі қолтығынан ұстап аспандатыпаспандатып көтердім де, жерге қойдым. Оның көтер дегені осы ғана. – Көтей, көтей, – деп Бауыржан да келді жаныма. Бауыр жан бұлай көтергенді сұмдық ұнатады. Ол бұған емшек тегі күнінен үйренген. Бауыржан Алтыннан гөрі жеңілдеу, оны көтеруге менің əлім еркін жетеді. Аспандатып он шақты рет лақтырып, тосып алдым. Мен де, ол да ентігіп қалдық. – Аға, Рахиманы да көтерші, – деді Алтын. – Көтейші И-и-Иахиманы, – деп Бауыржан да алқынды. – Рахима, кел көтерейін. Рахима не істерін білмей, бізге қарайды. Қызығып-ақ тұр, бірақ батылы жетпейді. – Кел. Мен ұмтылып едім, жалт бұрылып, əжеме қарай қашты. Тап беріп ұстай алдым. Жұлқып аспанға көтердім. Рахиманың беті менің бетіме қатарласа бергенде, оқыс байқап қалдым: көзінің шарасы үлкейіп, жас үйіріліпті. Дəл осы сəтте денесі селк етіп, үнсіз тыныссыз қалды. Оң қо-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ лымның астындағы құйтақандай жүрегі соғуын тоқта тып, тына қалғандай болды. Мен шошып кеттім. Рахиманы тез жерге түсірдім. Рахима күрсініп, ауыр дем алды. Сонан соң «Ыһыыһы» деп ыржаңдап күлді. Бірақ ол күлкіден гөрі өксікке көбірек ұқсайтын еді. Үні өте үрейлі, қорқынышты шықты. Бетінің қаны қашып қуарып кетіпті. Бауыржан маған тағы жақындады, тағы көтердім. Алтынды да көтерейін деп оқталып едім, ол; – Рахиманы көтер, – деді. Ал Рахима жолар емес. Мен қашқақтағанына болмай, ақырындап басымнан асырмай бірнеше рет көтердім де, жерге қойдым. Бауыржан мен Алтын: – Жоғайы көтей. – Біз құсап аспандат, – деп қолқалайды. Рахима менен бір мейірім тілеп, шарасыз кейіппен қарады. Құшақтап, екі бетінен алма-кезек сүйдім. Ол шат үнмен сықылықтап күлді. Сөйтіп тұрғанда, кенеттен Алтын Рахиманың мұрнын баса қойды. Қызықты қараңдар. Рахима дем ала алмай тұншығып барады. Алтын жібере салды да, сықылықтап күлді. Бəріміз де күлдік, Рахиманың өзі де күлді. Мен де Рахиманың мұрнын баса қойып едім, тағы тұншық ты. Сөйтсек, Рахима аузымен дем алғанды білмейді екен. Алтын өзінің Рахима бойынан тапқан бұл жаңалығына əбден мəз болып, оны қайта-қайта тұншықтыра берді. Рахима басын олай-бұлай алып қашып мезі болды. Алтын қояр болмады. – Қой, енді! – деп Алтынға зекіп едім, Рахима маған ты ғылды. Басын қолтығымның астына жасырды. Мұрны пыс-пыс етеді. Алтынды жолатпадым. Менің берік қорған екенімді білген соң Рахиманың ойыны келді. Ақырын басын шығарып алады да, сақ-сақ күліп, Алтынды мазақ етеді. Алтын қимылдай берсе болды, дереу бауырыма қайта кіріп кетеді. Мен араша боламын.

Øàғûí õèêàÿòòàð Осылай Рахима бізге біржола сіңісіп кетті. Əуелі ажырамайтынды шығарды. Жанымыздан екі елі ұзамайды. Тақтай еденнің дүрсілінен де, біз əдейілеп төгетін судан да қорқуды қойды. Ол тіптен жұмысына ерте кетіп, кеш келетін əкемді де жатырқауын ұмытқан. Қайта, кешке қарай, малдас құрып отырған əкеміздің алдына шығып алып, бізге қоразда нады. Əкем мұндайда Рахиманы құшақтап отырып, ыңылдап əн айтады. Ол Алтынды да, Бауыржанды да осылай əнмен тербеп отырған. Енді сол кезек Рахимаға келіпті. Əкемнің айтатын əндері маған əбден жатталып қалған. Мен əкеме іштей қосылып отырамын. «Окошкадан қараған-ой, Шашын майлап тараған. Айналайын, бөпем менің, Ақ алтыннан жаралған». Əкем де, мен де мұның соңғы екі жолын бір қайырып тастадық. Əкем енді басқа бір əуенге көшті. Əкем бұл əнді бастаса болды, менің көз алдыма төменгі Ақтоған, ондағы ұжымшардың қауыны, есекке мінген Есдəулет шал келеді. Оның себебі – дəл осындай кешкі мезгіл еді. Əкем Бауыржанды алдына алып отырып, осы əнді айтты. – Ата, бұл қандай əн? – Бір əпендінің қайыр сұрағанда айтқаны екен. Жарықтық көк есегімен келіп, қауыншының үйінің сыртында былай əндетіп тұр дейді: «Дəу-дəуінен қата көр-ой, Бел арыққа жата көр-ой. Піскендерін, дəмділерін Қап ішіне ата көр-ой. Қара қатын қатқыр-ай, Шығайын деп жатыр-ай.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Ұсталасың бол енді, Тездеп тығыл, батыр-ай». Əпендімісің деген, «қауын ұрла» деп арық жанына əдейі тастап кеткен баласын өлеңге қосып тұрғанын аңғармап ты ғой сонда. Қу қара қатын түсіне қойыпты да: – Мына алжыған пəле не деп тұр? – деп далаға атып шығыпты. Əпендінің баласы жасырынып үлгере алмай, қолға түсіпті. Əлгі жерде қара қатын қатты ашуланып, əпендіге ештеңе татырмай қуып шығыпты. – Ата, əпенді деген кім? – Балам, бұрынғы жоқшылық уақытта сондай адамдар болған екен. Ақкөңіл, қулық-сұмдықтан құралақан, аңғал, күлдіргі, ел аралап жүріп күнін көретін бір бейшаралар олар. Өздерінің жан адамға зияны болмайды екен. Сондықтан жұрт оларды қатты сыйлаған. Мен əпендіні кереметтей аяп кеттім. Неге екенін, сол сəтте тағы да Ақтоған, ұжымшардың қауыны, Есдəулет шал елестеп еді көз алдыма, сол бойы сурет болып қатты да қалды. * Наурыз айының бас кезі. Демалыс күні еді. Əдеттегідей ауыл балалары Қараойдағы мұзға келдік те, екі топқа бөлініп, салма таяқ ойнай бастадық. Салма таяқ – хоккейдің шыққан тегі. Бірақ хоккейден артықшылығы да бар. Əр адамға бар болғаны бір-бір қайқы таяқ, сонан соң ағаш доп немесе сиырдың асығы керек. Төменгі көпір – орта көше балаларының мəресі, ал біздің Көкарық көше балаларынікі – Бірлік стансасының шеті. Міне, осы екі аралықта ағаш допты əрі-бері ала қашып, күнұзаққа салғыласамыз да жатамыз. Аттылы-жаяулы дегендей, конькиі барымыз конькимен, конькиі жоғымыз жай-ақ кірісе береміз.

Øàғûí õèêàÿòòàð Сəскеге дейін екі жақ та мəреге бір-бір жетіп, есеп бір де бір болған. Үзіліс жасап, демалдық. Бəріміз кімнің қалай ойнағаны жөніндегі əңгімеге берілдік. Кенет оңтүстіктен бір жылы леп есті. Өзі толқын-толқын сағым құсап қар бетін жалап өтіп жатыр. – Көктем иісі шығады, – деді Төкен. – Рас, ей! – Қандай? – Əй, қойшы. Сонша иісшіл болғансып. – Мына жылы леп – алтынкүрек. Енді қар түк қалмай ериді. – Ой, білгішім-ай! Соқ өтірікті. – Көр де тұр. Балалар өстіп дəудірлесіп қалды. Менің мұрным түк иіс білмейді. Көктем иісі бар ма, жоқ па, əйтеуір, қар демнің арасында еріп, арса-арса көк балақ болып сойылып, салма таяқ ойнай алмадық. Сонан соң қармен атқыластық. Бұл да бір қызық ойын. Үсті-басымыз су болып, кешке бір-ақ тарадық. Сол түні денем от боп жанып, қызып шықты да, төсек тартып жатып қалдым. Келер күні түс əлетінде барып басым ауырғанын қоя бастады. Төрде Рахима мен Бауыржан ойнап отыр. Мен жантайып, қызықтап жатырмын. Əрнені ойлаймын. Кеше Төкеңдер дұрыс айтқан екен, көктем келді. Біреу есік ашса болды, үйге дымқыл, ауыр ауа лап қояды. Шатырдан сорғалаған тамшының жерге тырс-тырс тамғаны естіледі. Мен көктемнің келгеніне кəміл сендім. Өйткені жыл сайын көктем шығатын сəтте осылай ауырып қалатыным бар. Мына ауруым да сол екен. Кенет Рахима мен Бауыржан болар-болмас нəрсеге ке лісе алмай, опай-топай болды. Рахима ойыншықты құшақтап еді, Бауыржан: – Тиме, бұл менікі, – деп жабыса түсті. Рахима жармасып, жіберер емес. Бауыржан қатты жұл-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қып кеп қалды. Рахима етпетінен түсті де, жылап түре гелді. Апам далада жүрген, Рахима бірден есікке қарай елпеңдей жөнелді. Барды да, итеріп-итеріп аша алмады. Маған қарап жылайды. Есікті ашып бер деп тұр. – Қойшы, əке, жылама. Басым ауырып жатыр, маза берші. Рахима көнбеді, жылауын қоймады. – Қой енді. Қоймады. Одан сайын қатты жылады. – Қап, ауырып жатқанда құртты-ау əңкілдеп. Кəдімгідей ашу шақырып айтқан бұл сөзіме өзім күліп жібере жаздадым. Аузыма тура апамның сөзі түсіпті. Апам бізге өстетін. Рахима жылауын үдете түсті. Ауырған адамға тыныштық керек қой! Ашуым қайта қозды. Басымдағы жастықты Рахимаға қарай жіберіп кеп қалдым. Жастық зу еткен бойы Рахиманың тұлымын жалап өтіп, есікке сарт ете түсті. Есік ашылып кетті. Рахима жылауын кілт тоқтатты. Не есікке беттемейді, не маған қарамайды. Көңілі басылып, мөлиіп төмен қарап тұр. Жүзінде үрей, мүсəпірсу бар. Бауыржанға бүйтіп көр, тіріде жылауын қоймайды. Шешесін көргенше өкіреді. Жас баланың жылағаны өз бағасын білу, міндетсіну екен. Рахима көз жасын Бауыржан құсап пұлдай алмайды. Əке-шешең қасыңда болса, сен де шыңғырып жылар едің-ау! Мен аяқастынан басымның ауырғанын ұмытып, жүгіріп барып, Рахиманы жерден көтеріп алдым. Сөйттім де, аспандатып көтере бердім, көтере бердім. Рахима мен қанша көтергеніммен, бұрынғыдай қорықпады. Мен аспандатып көтергенімді қоймадым. Енді оның ашуы біртіндеп сергіп, жүзіне қуаныш оты жүгіре бастады. Əрі-беріден соң сақылдап күлді. Менің де көкірегімді қуаныш кернеп, денем сергіп қалды. Төсекке қайтып жатқым келмеді.

Øàғûí õèêàÿòòàð * Бəріміз жатып қалғанбыз. Соған қарамай Бауыржан мен Рахима ойнап, жуық арада ұйықтай қоймады. Түпкі үй дегі маған қайта-қайта жүгіріп келе береді. Ұйқы беретін емес. Сонан соң: – Келіңдер, менің қойныма жатыңдар, – деп екеуін жаныма шақырдым. Екеуі де жақындап келді. Бауыржан: – Ы-ы, жатпаймын, – деп шегіне берді. Рахима да қашқақтап барады. – Ой, ойын ғой. Бұл – ойын. Кішкене жатыңдар. Кетесіңдер содан кейін. Екеуі қайта жақындады. Рахиманы шап беріп ұстай алдым: – Кел, сен жат. Бауыржан жатпаса қойсын. Бауыржан енді бір нəрседен құр қалғандай дереу: – Мен де жатамын, – деп төсегіме тұра ұмтылды. – Ал жатыңдар. Рахиманы оң жағыма, Бауыржанды сол жағыма жатқызып, көрпеммен бүркеп алдым. Екеуі қыбырлайын десе, қымтап қоямын. Біраз уақыт өтті. – Бекен, жібер балаларды, ұйықтасын. Апамның осы сөзді айтуы мұң екен, Бауыржан қыңқылдап төсектен сырғып түсе бастады. Рахима да сөйтер деп едім, қыбыр етпеді. Қарасам, ұйықтап кетіпті. Қыбырлап, маған қарай бір аунап түсіп, кішкене білегін мойныма салып, құшақтап алды. – Апа, Рахима ұйықтап қалыпты. Осында жата берсінші. – Мейлі. Бірақ түнде оянып, мазаңды алады ғой. – Ештеңе етпейді. – Өзің біл. Менің көпке дейін ұйқым келмеді. Рахиманың кішкентай танауларынан шыққан ыстық леп тұла бойымды жылы тып, қыз-қыз қайнап барамын. Оның сəби, жұпар

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ иісі мұрным ды қытықтайды. Төсектің ортасы сай. Қыбыр етсем, Рахима соған домалып, маған тығыла түседі. Бұл ештеңе емес-ау, қозғалақтасам, Рахима оянып кетер деп қорқамын. Не керек, тырп етпей, сірестім де қалдым. Астыңғы жамба сым талып шаршадым, бірақ шыдадым. Өстіп жатып, сілем құрып, қатып ұйықтап кетіппін. Таңертең оянсам, Рахима жанымда жатыр. Менен кейінақ оянды. Апамды жылап жоқтаған жоқ, қайта көзін күліп ашты. Төсекте ойнап, біраз жаттық. Осыдан былай Рахима күнде менімен бірге жататын болды. * Рахиманың бір қылығынан бір қылығы асып, бəріміз дің аузымыздан да, қолымыздан да түспейтін болды. Тұрған бойы қызық. Күніге бір өнер шығарады. Ертеңгілік жуынып жаттым. Бауыржан күндегі əдетінше шəйнектен маған су құйып тұрған. Рахима келді де, шəйнектің тұтқасына жармаса кетті. Бауыржан берсін бе? Рахима айырылар емес. Əрі-бері тартқылаған соң, Бауыржан ашуға көшейін деді: – Жібей, ұям! Рахима көмек көрсетуімді өтінгендей өте аянышты түрмен маған қарады. Қалайда шəйнекті алып бер деп тұр. Бауыржанға қарасам, оның да көнетін түрі жоқ, ашулы. Қайтпек керек? Сəл ойланып қалдым. Дегенмен, ебін тауып Бауыржанды көндірмесе болмайды. – Бауыржан, Рахима сенің де қарындасың ғой. Сен – есің бар үлкен жігітсің. Сол-ақ құйсын, бер. – Беймеймін. – Рахима сенің қолыңа да құяды. Үйдегі ең кішіміз – осы, сондықтан ол бəріміздің қолымызға су құюы керек. – Маған құйса, бейем. – Сөйтпейсің бе бағанадан бері. Ал, Рахима, құя ғой. Бауыржан шəйнекті жібере салды. Рахиманың əлі кел-

Øàғûí õèêàÿòòàð мейді екен. Бар күшін салып көтерген болады, шəйнек ырқына көнбей, су қалай болса солай сорғалайды. Мен Рахиманың көңілін қалдырмайын деп, шала-шар пы жуындым. – Жарайсың, Рахима, – дедім жорта. – Рахима мəз болып қалды. Енді ол Бауыржанның қолына су құймақ болып еді, Бауыржан: – Кейегі жоқ. Бұл құя алмайды, – деп ат-тонын ала қашты. Рахиманың қуанышы су сепкендей басылып, аяқасты нан жабырқап қалды. Бауыржанның мына қылығына ашуым келіп бір тұрдым, өзімді өзім əрең тоқтаттым. Рахима мен бірге шəйнек тұтқасын ұстадым да: – Жоқ, құя алады. Қарашы, нанбасаң, – дедім. – Даусым қатқылдау шықты. Рахима бетіме қарады. – Бауыржан қазір жуынады. Ал, – дедім. Рахима маған разы кейіппен қарап жымиды. Бауыр жан менен сескенді де бұртаңдауын қоя қойып, жуынуга кірісті. Болған соң ол: – О, о, Иахима дəу болыпты, – деп қуланды. Рахима қуанды. Үшеуіміз де рақаттанып күлдік. * Мектептен келсем, аулада Алтын, Бауыржан, Рахима үшеуі ойнап жүр екен. Мені көре салып Рахима: – Аққа, аққа, – деп тапырлап тұра жүгірді. Жаныма жеткенде қолына сөмкемді ұстата салып едім, жерге сүйретемүйрете үйге қарай ала жүгірді. Алтын: – Құртты мынау, құртты! – деп еді, елемеді де. Ертеңіне де Рахима маған аулада ұшырасты. Тағы да арсалақтап жүгіріп келіп, сөмкеме жармасты. Өсте келе, Рахима менің жолымды тосып тұруды əдет ке айналдырып алды. Түс кезінде екеуіміз үнемі не аула да,

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ не қақпа алдында ұшырасамыз. Далада мейлі жел тұр сын, мейлі құйын болсын, Рахима оның бірін де елемейді. Апам рұқсат етпесе, жылап берекесін алады екен. Сонан соң лажсыздан жылы киіндіріп жіберуге мəжбүр болыпты. Көктемнің небір күңгірт, лайсаң күндерінде де қалшылдап тоңып тұрып мені қарсы алды. Мұндайда ол да, мен де үлкен қуанышқа кенелеміз. Мен оған сөмкемді бер мес бұрын көтеріп алып, аймалап құшақтаймын, екі бетінен алма-кезек сүйемін. Рахима тоңғанын мүлдем ұмытып, шат үнмен сақылдап күледі. Суық біткен ғайып болып, екі беті бал-бұл жанады. Дəл осы сəтте ол ботақандай сүйкімді, лақтай ойнақы болып кетеді. * Бірде Рахиманы ауладан кездестіре алмадым. «Бұған не болды?» деп үйге асығып-аптығып кіріп келсем, төрде Іздəн əпкем отыр. Рахима інісі Рахметті алдына алып алыпты. Ешкімді елейтін емес. Айналып-толғанып, астыүс тіне түсіп əлек. Бауыр деген қиын ғой, маған қарайтын түрі жоқ. Рахиманы қызықтаймын деп əпкемді ұмытып кетіппін. – Əй, аман қайда? Батыр-ау, бізді ұмытқанбысың өзің, кел, – деп əпкем қолын жайды. Мен тұра жүгірдім. Бара əпкемнің құшағына кіріп кеттім. Əпкем менің бетімнен сүйіп, шашымнан сипап біраз отырды да: – Бекен, апам сені Рахиманы жақсы көреді дейді. Бала ға суық едің, Рахметті қолыңа алшы, көрейін, – деді. Рахима келгелі «балаға суық» деген пəледен құтылғандай болып едім, тағы шыға келді алдымнан. Əпкеме бауырмалдығымды көрсетейін деп лып етіп, Рахметтің жанына барсам, Рахима жолатпады. – Апат, Апат, – деп айналып, үйіріледі. – Ойпырым-ай, мынаны-ай, ей!

Øàғûí õèêàÿòòàð – Бəсе, іші қу деп едім ғой мұның, – десіп əжем мен апам күліп жатыр. Рахима інісін қанша жақсы көріп, екі елі айрылмай қойғанымен Іздəн əпкеме көп жоламады. Біздің үйдің іші нен біртүрлі қаймығып қуыстанатын сияқты. Шешесіне əрі қызығып, əрі жабырқап қарап-қарап қояды. Шай ішіп бола бергенімізде бір қызық болды. Рахима біреудің алдынан, біреудің артынан өтіп дөңгелек үстел ді жағалап ойнап жүрген, əпкемнің жанына барып қалып ты. Оған назар аударған ешкім жоқ еді. Мен: – Бара ғой, Рахима, шешең ғой. Бар, – дедім. Сол сол-ақ екен, əжем мен апам іліп əкетті. – Бүйрегің бұрып тұр ғой, ə. Бар енді. – Əй, ана көкірек-ай, ұмытпапты-ау əлі! Рахима бір үлкен ағаттық іс істеп қойғандай, не істерін білмей мөлиіп тұрды да қалды. Үстіңгі ерні дүрдиіп, мұрны кішірейіп, беті жыбыр-жыбыр етеді. Əрі де, бері де баспады. – Е, қойыңдаршы, қызымды сонша ұялтпай. Əпкемнің мына сөзін естісімен, Рахима шыңғырып қоя берді. Əпкем қызын құшақтап отыр. Рахима өксіп-өксіп жылайды. Бəріміз де қыран күлкі болдық. Əжем: – Біреудің май бергені – шешесінің су бергені, – деді. Апам: – Қанша жақсы көргенімізбен мынау бізге бала болмайды екен, – деді. Сөйтіп, Рахима бізден қанша қаймыққанымен, шешесі мен інісін жақсы көретіндігін жасыра алмады. Шындықтың аты шындық та! * Іздəн əпкем ауылына қайтып кеткелі бір айға жуық мерзім өткен. Бір күні апам іс тігіп отырады. Рахима мен

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Бауыржан апамды маңайлап ойнап жүреді. Бір уақыт апам машинасының қобдишасын ашып, оның ішіндегі қиындылардан кəдеге жаратуға қажеттісін аударысты рып іздей бастайды. Сөйтсе, Рахима əлгі қиықтардың біреуін ұстап алып ажырамайды дейді. – Əй, мынаған не жоқ, бері əкел, – дейді апам. Рахима бермей ала қашады. Сонда Бауыржан: – Əпкемнің көйлегі. Бұл Іздəн əпкемнің көйлегі, – депті. – Апам сонда барып түсініпті. Қиық шындығында да анада əпкемнің тігіп киген көйлегінен қалған екен. Апам осы жайды маған күле тұрып əңгімеледі. – Рахима, сүйттің бе? Дұрыс. Шешесін кісі ұмытушы ма еді? Рахима біздің əңгімемізге назар аудармаған болғансиды. Бірақ бəрін түсініп тұр. Бұл біраз күн əңгіме болып жүр ді. Естігендердің барлығы да Рахиманың бауырмалдығына қайран қалатын. Жұрттың мұнысына Рахима қатты ыңғайсызданушы еді. * Бір күні түс кезінде баласын көтеріп көрші үйдің келіні Баян келді. Рахима жас баланы қызықтап, Баянның жанына барды. Ол кісі Рахиманың інісін жақсы көретінін білетін еді. – Рахима, Апат, Апат, – деп баласын Рахимаға ұстата салды. Шынымен Рахмет деп қалған болуы керек, Рахима балаға əрлі-берлі үңіліп қарады. Сонан соң көңілі біртүрлі пəс болып, жабырқап қалды. Осыны сезді білем, апам: – Інің ғой, əке, інің ғой, – деді. Рахима апама алакөзімен қарады. Осыншама əділетсіздікке төзе алмады, бақырып жылап қоя берді. – Айналайын, айналайын, Апатын сағынып жүр екен ғой. Қап, қап! – деп апам Рахиманың бетінен қайта-қайта сүйіп жатып əзер жұбатты.

Øàғûí õèêàÿòòàð Əбден ыза болып қалған екен, Рахима көпке дейін өксігін баса алмады. Міне, осыдан кейін ешкім де Рахиманы мазақтамайтын болды. Рахима бала болып орынсыз ашу шақыруды білмей ді. Өзі құралпы балалармен бірдеңеге келіспей таласты екен, қатты мұңайып ойланып қалады. Бар болғаны осы ғана. Мен оның мұнысын момындыққа жорушы едім. Сөйтсем, оным бекер болып шықты. Көршіміздің Рахимамен түйдей жасты Дəнеш деген қызы бар. Ал Дəнештің əпкесі Майра Алтынмен құрдас. Олар үнемі Алтындармен бірге ойнайды. Бүгін де бəрі ауызғы үйде отырған. Дəнеш пен Рахима бір нəрсеге келі се алмай қалды. Рахима байланысқысы келмей шегіне бе ріп еді, Дəнеш шапалақпен жағына тартып кеп жіберді. Рахи ма жылар деп едім, өйтпеді. Дəнешті бас салып, басы-кө зіне қарамай төпей жөнелді. Бұларды ажыратамын деп Ал тын мен Майра екеуі де ұрсысып қалды. Тату-тəтті ойын ның шырқы бұзылды. Балалардың араздығы деген қан шаға барушы еді, ертеңіне-ақ бəрі бірлесіп ойнап кетті. Рахиманың өзін ешкімге басындырмайтын өжеттігі бар екен. Мен осыны көп уақыт ұмыта алмай, өзіне қатты разы болып жүрдім. Əкем жұмыстан келіп, жуынып дастарқан басына жайғасқан соң, мынадай əңгіме бастады: – Кемпір, Іздəндар Қорағаты өзенінің бойына көшіп келіпті. Енді біраз күнде құмға көшеді дейді. Онда олармен қатынасу қиынға соғады. Осындай жақын отырғанда қыздарын апарып берейік, – деді. – Қой, бауыр басып қалдық. Балалармен ойнап жүре бер сін де.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – «Кісі баласы кісендесең де тұрмайды» деген ғой. Сол рас. Босқа əке-шешесін сағынып, мазасы кетіп жүр. – Қап, балалар қоңылтақсып қалатын болды-ау! Əсіре се Бекенге қиын тиетін болды. Екеуі бір-бірінен екі елі айрылмаушы еді. – Не қылар дейсің? Одан да дүкенге бар да, балаларға тəтті-мəтті алып кел. Апамдар жолға əзірлене бастады. – Мен де барамын. – Бармайсың. Əжеңмен бірге қалып, балаларға бас-көз болып отырасың, – деп апам қағып тастады. Үлкен адаммен ерегісіп бола ма? Амалсыз көндім. Рахима төсек салмай тұрып, ерте ұйықтап қалды. Мен төсегімді əзірлеген соң оны апам көтеріп кеп, жаныма жатқызды. Сонан кейін көрпемен Рахиманы қымтап жауып жатып: – Бекен, Рахима ашылып қалмасын. Бүгін абай бол саң болды, ертең аулына алып жүреміз, – деді маған. – Апа, – дедім мен, – осы мен балаға суықпын ба? – Оны неге сұрадың? Ашуланғанда не айтылмайды дейсің. Сен соның бəрін көңіліңе алып жүреді екенсің ғой. Қой, ұйықта. Бəрібір қанша ашуланған күнде де көңілге тиетін сөз айтылмауы керек қой! * Рахима күндегісінше менің жанымда мұрны пысыл дап, ұйықтап жатыр. Ал менің ұйқым келер емес. Ойыма əрне келеді. Үй ішіндегілердің бəрінің мені «балаға суық, тас бауырсың» дейтіні несі екен? Басқаны былай қойғанда, əжем нің де «шыли зəрлісің» дейтіні бар. Қандай да бір бөпенің жыламсырап қыңқ деген даусы шықты болды, осы сөздер зірк етіп, жүрегіме тиеді. Содан

Øàғûí õèêàÿòòàð болар, елден бұрын əлгі бөпенің жанына жетіп барамын да, дереу жұбатуға кірісемін. Жұрт құсап кəдімгідей «əл, əл, əл» деп аймалап, айналып-толғанамын. Бір жаман жерім, бөпе жылауын қоймаса, мұным көпке созылмай ды. Əп-сəтте зығырданым қайнап шыға келеді. Кейбіреу лер баланың асты-үстіне түсіп, ебін тауып жатады. Солар ға таңым бар. Менде ол жоқ. * Алтынның емшектегі кезі. Еңбектеп қалған. Мен қаншада болғаным сонда? Алтын менен алты жас кіші. Бітті, мен алты жарымда екенмін. Онда тұрған не бар? Мен сияқты үшінші сыныпты бітіргендерге осы да есеп болып па? Төкен екеуіміз солардың үйінің жанында ойнап жүргенбіз. Əжем де Алтынды көтеріп келген. – Балалар, жүріңдер, шай ішіңдер. Мінтай апайдың осы сөзін естісімен, екеуіміз де самауырынға жалт қарадық. Сөйтсек, ол жоқ. Төр алдына дас тарқан жаңа жайылыпты. – Балалар, ойынның қызығына əбден батқан екенсіңдер, ə! – Айтпаңыз. Самауырынды үйге кіргізгенімді де байқамапты. Шақырмаса, ойнай беретін. Əжем мен Мінтай апай осындай сөздер айтып үлгергенше, біз ай-шайға қарап жатпай, дастарқан басына жайғастық. Алтын былдырлап талпынып-талпынып отыр. Шайға қатқалы қойған азғантай сүтке қарап ентелейді. Əжем жібермейді. Алтын тағы бір-екі талпынды да, бақырып жылап қоя берді. – Қап, мына қыз кісіге шай ішкізбейтін болды-ау! Емгісі келген екен. Бекен, сен көтеріп апара қойшы шешесіне. Əжең шай ішсін, – деді Мінтай апай. – Апарасың ба, қайтесің, əке? Бұл – əжемнің мені жұмсағаны. Дəл қазір басқа жұм са са, қайдан жылжиын. Əжем ғой!

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Апарайын, əкеліңіз, – деп орнымнан атып тұрдым. Мінтай апай тəрелке толы түрлі түсті кəмпитті дас тарқанға əкеліп қойды. Соны көріп, көзім тұнып кетті. Əжем арқама салып берген Алтынды бір сілкіп қалдым. Əжем менің ашуымды аңғармады білем: – Төмен түсіп бара жатыр ма? Сөйт, жоғары көтеріп ал, жеңіл болады, – деді. Алтын бұрын көтергенімде жылағанын қоя қоюшы еді, бұл жолы өйтпеді. Қайта дастарқан басынан ұзаған сайын даусы үдей түсті. Бұлқынып, шіреніп-шіреніп кеп кетеді. Сөйткенде тəлтіректеп барып қайтамын. «Құлап кетер ме екен?» деп қорқамын. Бір-екі сілкіп, жоғарылатып алдым. – Жылама енді, əке. Қазір мамаңды емесің. Алтын тыншығандай болды. – Е, айналайын, бағанадан бері өстімейсің бе? Айтқанды түсінген жақсы. Енді мен Алтынға ақыл айта бастадым. Өзім білетін жақсы сөздерді жаудырып жатырмын. Өз-өзіме алаң болып, Алтынды мүлдем ұмытып кетіппін, оқыстан бұлқынып кеткені. Қапы қалдым, шалқасынан түсті. Төбесімен шаншыла құлады. Бір сəт үнсіз қалды. Зəрем ұшып, қорқып кеттім. Бар болғаны «айналайын, айналайын» деп құшақтай бер дім. «Айналайынды» қанша рет айтқанымды білмеймін, Алтынның шыңғырған даусы шыққанда барып есімді жидым. Ол бақырып жылай бастады. Енді менің ашуым қозды. – Өзіңдікі жақсы ма? Сонша бұлқынғаның... Енді бүйтпейтін боласың. – Күнім-ай, күнім! Мен байқамай қалыппын, қайдан сезгенін əжем ұшып жеткен екен. Келе Алтынды көтеріп: – Қорқып қалды-ау! Сорлы басым, шайда нем бар еді? Күнім, күнім, – деп аймалап жатыр. Менің денемнің бəрі ұйып қалғандай қозғала алмай-

Øàғûí õèêàÿòòàð мын. Əжемнен бір суық сөз, оқыс қимыл күтемін. Сондағы əжемнің бар айтқаны: – Балам-ай, балаға суықсың-ау! Осыған əлің жететін уақытың болды ғой. Жықпай апарсаң болмайтын ба еді? Əжемнің жүзінен ерекше сұс əрі аяушылық анғар ғандай болдым. Əжем Алтынды көтеріп кете барды. Мен үнтүн сіз жер болып, тұрып қалдым. * Былтыр. Бауыржан аяғын апыл-ғұпыл басып жүрген. Бірде ертеңгілік ойынға шығайын деп киініп жатыр едім, апам: – Бекен, балаларды ойнатып, үйде отыра тұршы. Біз кар топты түптей салайық, жер боп кетіпті. Сонан кейін ойнасаң да жетер, – деді. Төбемнен жай түскендей болды. Оң аяғыма бəтеңкемді сұққан күйі сылқиып отыра кеттім. Бəтеңкемнің бауын байларымды да, қайта шешерімді де білмеймін. Қолым еріксіз жыбырлап, əлгіні умаждай бердім. – Не айттым саған? Шеш бəтеңкеңді. Бала болып сенің де бір пайдаңды көретін күн бар ма? Жоқ... Аяғымның басына қараған күйі үнсіз мөлиіп отырып, енді ешқайда мойын бұра алмасымды білдім. Үлкендердің ашуланғанда өстіп артық кететіндері бар. Əйтпесе апам неге бұлай дейді. Тіптен сол картопты түптеу керек деген мен емес пе едім. Əлімнің келгенінше тырбаңдап он шақты түбін түптедім де. Сонда өзі разы болып: – Айналайын, сен əлі жассың ғой. Сенің əлің келсе, біздің неміз бар? Қой, қабырғаңды қайыстырмай-ақ қой ғын. Өзіміз-ақ бірдеңе қылармыз, – деп еді. Міне, ендігісі мынау. Аяғымды сілкіп-сілкіп, бəтеңкемді ытқытып жібердім. Апам мұнымды мүлде елемей, Бауыржанды емізіп отыр.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Бауыржан апамның бауырына тығыла түсіп, емшегін жабыса сорады. Бір кезде ол жалт бұрылып маған қарады. Ашулы түрімнен қаймықты білем, аяғын тыпыр-тыпыр еткізіп, шешесінің бауырына қайта тығылды. Бірақ қайтып емген жоқ, ізінше басын қайта жұлып алып, маған қарап күлімсіреді. Оның осы бір шат жүзі жүрегіме нұр құйды. Еріксіз жымиып, менің де күлкім келіп барады. Бауыржан сықылықтап күлді. – Бауыржан, келе ғой, əуп етейін. Бауыржан маған қарай талпынды. Апам қоя бере сал ды. Бауыржан тапырақтап келеді. – Ал, Бекен, балаларға ие бол. Апам маған сенім артып барады. Мұндайда мен көлкөсірмін. Лып ете түсті. – Жарайды. Ойнап отырамыз. Есік шарт жабылды. Бауыржан жан-жағына көз салды. Бетіндегі күлкі, қуаныш ізі тез арада ғайып болып, көздері адырайып, пəк жүзі лезде жабырқап, шешесін жоқтаған кейіп білдірді. Соны сезді де Алтын: – Бауыржан, зый-зый, – деп «Москвич» машинасын əрлі-бері жүгіртті. Бауыржан Алтынның қуыршақтарының ішіне енді де кетті. Бара өзінен айнымайтын қорбиған ойыншық аюды құшақтап алды. Енді екеуі еш алаңсыз ойынға берілді. Менің оларға мүлде керегім жоқ сияқты. Өздерімен өздері. Мен де өзіммен өзім болып, суретті кітапшаларымды ақтаруға кірістім. Бір уақытта аяқастынан күтпеген жағдай болды. – Мишка – баласы, мысық – апасы болсын. Мишка жылайды, апасы емізеді. Міне, қазір. Ал, Мишка, жыла, – деп Алтын мысықты Бауыржанға қарай жақындатты. Сол сол-ақ екен, Бауыржан жылап қоя берді. Мен алғаш ойындары екен дедім. Алтын да солай ойлапты. – Бауыржан, сен емес. Мишка жылайды, – деп жатыр. Бауыржан шынымен жылапты. Бəрін тастады.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Апа, апа, – деп есікке қарай еңбектеп барады. – Қайда барасың? Қайт, ей, қайт, қарағым! Мен кітап қызығын қимай самарқау сөйледім. Қайтпады. – Бауыржан, міне-міне. Мишка жыламайды. Өзің алшы, мə. Мен енді Бауыржанды көтеріп əкеліп, қалың ойын шықтардың арасына қойдым. Сөйттім де, тып-тыныш отырған баланы жылатқан Алтынға ұрыстым. – Басқа ойын құрып қалғандай! Шешесін еске түсірген сен. Мишкаң құрығыр. Мишка-пишкамен қуып шығайын ба үйден? – Апама айтам. Алтын да жылап есікке беттеді. – Қайт, – деп қолынан тартып едім, тыртысып көнбеді. «Апалап» жылап, еңбектеп Бауыржан келеді, шыңғырып, жұлқынып Алтын тұр. Ашуым келіп, еденді тарс дегізіп бір тептім. Бауыржан аңқайып отырып қалды. Алтын қоймай жұлқынады. Өзімді өзім ұстай алмай кеттім. Жағына шапалағым шарт ете түсті. Алтын шыңғырып отыра кетті. Сол сəт төрде ілулі тұрған тобылғы сап, он екі таспа дырау қамшыға көзім түсті. Аяқасты қуанып кеттім. Жүгіріп барып жұлып алдым. – Үндерінді шығарыңдаршы, кəне! Екеуі де демдерін тартып үнсіз қалды. – Бар, бұрышқа. Ойнаңдар! Ешқайсысы қозғалмады. Бақырайып-бақырайып отыр. – Барыңдар деймін мен сендерге! Қамшымен Алтынды жасқай бердім. – Ей, мынау қайтеді, ей! Төбемнен жай түскендей болды. Жалт қарадым. Ашулы шешем кіріп келеді. Бұлар Алтын мен Бауыржанның кішкентай күндері ғой. Мені жаманатқа қондырып жүрген осындай бір бо лымсыз жайлар. Əйтпесе, Алтын, Бауыржан, Рахималар ды дəл қазір менен артық жақсы көретін кім бар үйде! Соны

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ біле тұра, қит етсем болды, үлкендердің «балаға суықсың, тас бауырсың» деп жазғыруы мүлде дұрыс емес сияқты. * Осыларды ойлап жатып ұйықтап кетіппін. Əкем шеше ме сөйлеп жатыр екен. – Рахиманы оятып, киіндір. – Арбаны жегіп болдың ба? – Иə. Ал Рахиманы дайында. – Қазір. Шешем келді де: – Əуппа, – деп Рахиманы көтеріп алды. Рахима ұйқысырап қыңқылдады. – Оян, айналайын, оян. Апатқа барасың. Апат. Рахима ұйқылы көзімен түкке түсінбеді, жылады. – Апа, жата тұрсыншы. – Сен ояу ма едің? Тұр онда. Мен ауызғы үйге шыққанша, апам Рахиманы киіндіріп қойыпты. Үй ішінің бəрі ояу екен. Əжем, Алтын, Бауыржан – бəрі Рахиманың маңында шүпірлеп жүр. – Рахима, əжеңді сағындырмай келіп тұр. Əкелші бетіңді. – Рахима, тұлымыңды өстіп тарап жүр. – Иахима, мə, Мишка. Апатқа бей. Мен де араластым: – Рахима, мені ұмытпайсың ба? Рахима жымиып, басын шұлғиды. Мақұлдағаны. Жанына жетіп барып аспандатып көтере бердім, көтере бердім. Əкем кірді сырттан. Тап-таза мұнтаздай болып киініп алыпты. Қолында арба қамшы. Бізді асықтырды: – Ал жүрейік. Болыңдар. Сонша үймелегендерің. – Қоя тұр. Балалар қоштасып алсын. О немене, сонша асығып. – Апа-ау, күн ысып кетпей жетіп қалайық дегенім ғой. – Мейлі, ендеше, далаға шығайық, – деді əжем.

Øàғûí õèêàÿòòàð Бəріміз далаға шықтық. Арбаның ырдуанына шөп толтырып, үстіне киіз жайылыпты. Күрең бие жол тілеп, тықыр қағып тұр. Əкем екі езуін кере қаңтарып-ақ қойған екен, сонда да шыдам табатын емес. Арбаға алдымен апам мініп жайғасты. Онан соң əкем Рахиманы құшақтап апарып апамның алдына отырғызды. Рахима көзі жаутаңдап, бізге қимастықпен қарайды. Жү зінде – қуаныш. Əке-шешесіне, бауырына бара жатқан адам қуанбай, кім қуансын енді! Əкем божыны қолына ала бере, күрең бие лып беріп жүріп кетті. – Рахима, сау бол! – Иахима, сау бол! Бəріміз осылай деп шуласып, жапа-тармағай қол бұлғадық. Рахима да қол бұлғап барады. Мен біртүрлі көңілім бұзылып, мұнан əрі тұра алма дым. Зып беріп үйге қойып кеттім. Келдім де, отыра қалып, сырты қызыл үлкен дəптеріме Рахима туралы ойымда калғанның бəрін тізіп жаза бастадым. Міне, енді күн-түн демей біті ріп отырмын. Ал мен балаға суықпын ба? Соны біле алмай əлі далмын. Ол жағын енді өздерің білерсіңдер... ОҚУДЫ АҢСАҒАН АРАЛ Арал мен Жайық – құрдас. Екеуі – ағалы-інілі адамдардың балалары. Екеуінің де əке-шешесі сиыр фермасында жұ мыс істейді. Екеуі де оқуға ферма балаларын алып қайтуға арнайы қатынаған машинамен ұжымшар орталығындағы атасының үйіне келіп түсті. Атасы мен əжесі екеуін де құшақ жая қарсы алды. Екеуінің де беттерінен алма-кезек сүйіп, мажыра-жай болып қуанды. Үйдің іші əп-сəтте абыр-дабырға толып шыға келді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Арал, ана кесені əперші. – Жайық, мə, мынаны əрі қоя сал, – деп Ұлдаш əжей дің қолы ұзарды. Балалардың тілін алып, айтқанын істегеніне əжей айрықша мəз. Мұқа ата да қуанып жүр: – Енді бұл екеуіне де, аты не еді əлгі, «Əліппе», қағаз, қарындаш, сиясауыт керек-ау. Кемпір, ертеңмен ауданға барып қайтайын. Соның бəрін тауып келейін, – деп қояды. – Бар, бар, – дейді əжесі. Мына сөзді естісімен Арал мен Жайықтың көздері оттай жайнады. Өйтпегенде ше, екеуі енді оқуға барады емес пе! Ертеңіне Арал мен Жайықтың атасы аудан орталы ғына барып, құрқол қайтты. Атасы дүкенге кіреді де қолын дағы тордың аузын ашады. – Ал, қызым, айналайын, екі балам биыл оқуға бара тын еді. Сал мынадан екіден, «Əліппе», есеп, тағы не керек еді, өзің білесің ғой, бəрін əкел. Сөйтсе, дүкенші күледі дейді. – Мұның не, қарағым, күлгенің? Күлетін не бар, рас, мектепке екі немерем барады. Екеуі жасты. – Ата, оныңыз дұрыс қой, жақсы екен. Қазір дүкенде оқулық кітап сатылмайды. Оның бəрін балаларыңызға мектептің өзі тегін береді. – Сонда қалай? Ой, пəруардігер, о заман да бұ заман кітапты тегін берген дегенді кім көрген?! – Рас, ата, тегін беріледі. – Онда қайт десеңші. – Иə. Арал мен Жайықтың атасы осыны айтып келгенде, апасы да таңданды: – Үйде отырып ештеңе білмейді екенбіз ғой. – Сөйтіпті. Арал мен Жайық енді мектепке бұрынғыдан да асыға түсті.

Øàғûí õèêàÿòòàð * Бірінші қыркүйек күні атасы Арал мен Жайықты мектепке ертіп əкелді. Екеуі де əке-шешелері дүкеннен əперген судай жаңа киімдерін киіп, мұнтаздай болып алған. Қуаныштан жарыла жаздап, жымың-жымың етіп, бір-біріне қарай береді. Мұғалім екеуін де партаға отырғызып болған соң: – Ақсақал, документтері қайда бұл балаларыңыздың? Тууы туралы куəліктерін əкелдіңіз бе? Немене, екеуі егіз бе? – деді. Шындығында, Арал мен Жайықты алғаш көрген адам егіз бе деп қалушы еді. Екеуі бір-бірінен айнымайды. Екеуі да шашы сарғыш, қой көз, дөңгелек бет, аққұбаша, қыр мұрынды сүйкімді ғана балалар. Жалғыз-ақ айырмашылығы – Арал Жайыққа қарағанда денелілеу. – Жоқ, егіз емес, – деді Мұқа атай екі немересіне кезеккезек қарап қойып. – Малдағы балаларымның балалары. Куəлік-пуəлік дегенді мен білмеймін ғой, қарағым. Үйлерінде, аты немене еді, əлгі метіркелері бар шығар. Екеуі бір жылы туған. Мынау Жайық сəл-пəл үлкендеу, шөп шабыста, ал ана Арал Октəбір мейрамына бес күн қалғанда туған. Биыл екеуі де жетіде. – Дұрыс, дұрыс ақсақал. Балаларыңыздың жетідегісі жетіде екен. Бірақ Арал алынбайды мектепке. Аралдың жүрегі зу ете қалды. – Ол ненің ақысы, қарағым-ау?! – Заң бойынша жетіге жеті күн толмаса да, біз баланы оқуға ала алмаймыз. – Қарағым-ау, бұл екеуі түйдей құрдас. Көріп тұрсың, Арал Жайыққа қарағанда зор əуелім. – Солайы солай екен. Бірақ біз заңнан аттай алмай мыз. Оған қинамаңыз, ақсақал. – Сол да сөз бе екен. Біреудің басы ерте, біреудікі кеш піседі. Арал – миы толық бала, алғыр. – Жоқ, ақсақал, болмайды. Біз басына қарап емес, жа-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ сына қарап аламыз. Енді бірер жылда бала алты жастан бастап оқуға баратын болады. Сол кезде əкелерсіз, тағы немереңіз болса. – Шүкір, бар. Əкелем. Əкелмегенде ше? – Сөйтіңіз. Əзірге заң осы. Заң орындауды талап етеді. – Апыр-ау, бұл бір қызық болды-ау. Заң жарықтық осы енді. Еш шара жоқ. Жүр, Арал. Ала жаздай оқуға əне барам, міне барамын болып алып ұшып жүрген Аралдың көңілі су сепкендей басылды. Өзі қатарлы балалардың бəрін талай-талай шаңға аунатқан қажырлы, қайсар Арал емес пе бұл. Олардың ешқайсысынан ығып көрмеген Арал енді мұғалімнен қо рық пақ па? Жоқ. Мұғалім де адам. – Жоқ. Бармаймын, – деді Арал міз бақпастан. Мұғалім де, Мұқа атай да Аралға таңдана қарады. – Қой, қарағым, жүр үйге. – Бармаймын. – Бармағаның не өзіңнің? Жасы жетпеген баланы оқыта алмаймын мен. Оқығың келеді екен, барып директордан рұқсат сұрап келіңдер. Директор рұқсат етсе, тіптен қарсы болмай-ақ қояйын. – Арал, жүр, ендеше, директорға баралық. Арал да, атасы да директордан бір қайыр болар деп еді, бірақ үміттері екеуін де алдапты. Мұғалім біткеннің барлығының сөзі бір екен. – Балаңыз əлі жетіге толмаған екен, жеті жасқа жеті күн толмаса да, бала оқуға алынбайды. Заң – сол. – Қарағым, алғын. Көр де тұр, осы бала сендерді ұят қа қалдырмайды. – Ақсақал, ол мүмкін емес. Біз ондай эксперимент жа сай алмаймыз. Директордың «экспериментін» атасы да, Арал да түсінген жоқ. Ал Аралдың оқуға алынбайтыны анық болды. Бұл қорлыққа Арал қайтіп қана мойынсұнсын?! «Одан да Жайық екеуімізді күрестіріп көрмей ме? Тіп тен

Øàғûí õèêàÿòòàð сол балалардың барлығымен күрестірсін. Бəрін тоңқа лаң асырғанымда көрер еді кімнің үлкен екенін». Арал осылайша тарығып келеді. Енді қайтсін? Қатарынан кемітсе, кім өстімейді? – Жаның тірі болса, оқу ешқайда қашпас. Оқырсың əлі, – деді атасы былай шыға бере. Арал үндемеді. Бойын ыза кернеп, жылағысы келіп барады. Шешесінің жылы сүт иісі сіңген құшағын аңсап кетті. Күндіз-түні сиырлы ауылға электр беретін моторды айналдырып, үсті-басы жермай сасып жүретін əкесі де көз алдына келе қалды. Шешесі: «Оқуға алмай қойды ма? Əттеген-ай, енді қайттік?» деп күйгелектенсе, əкесі: «Сөлбіреме, Арал!» деп қайрат беретін сияқты. Арал бірте-бірте сабасына түсе бастады. Бірақ ызалы ойлар көкейінен кете қоймады. – Оқуы құрысын! Мен енді еш уақытта да оқымай мын. Көкемнен мотор жүргізуді үйреніп аламын да, үлкей ген де моторшы боламын, сиыр бағамын. Оқу неге керек? Жүре беремін сиырлы ауылда. Бұл, əрине, Аралдың жаны кейіген соң айтқан сөзі. Əйтпесе оқымаушы ма еді, оқиды. Келер жылғы бірінші қыркүйекті асыға күтумен болады бұл. Атасы оны жақсы біледі. Сонда да Аралдың мынасына бірдеңе деу керек. – Əй, балам-ай, оқисың. Оқу керек. – Оқымаймын! – Оқығанның кім, оқымағанның кім екенін көрмедің бе жаңа? Деректірдің кей сөзін түсініп, кей сөзін түсіне алмай, дал болып келеміз, міне, енді. Оқымасаң көрген күніміз – осы. Сиырлы ауылды қоя тұр. Жүр осында. Көше тəртібін үйрен біраз. Шынында, сиырлы ауылда Арал қатарлы бірде-бір бала жоқ қазір. Бəрі оқуда. Кіммен ойнамақ бұл? Жас балалармен бе? Жоқ. Олармен ойнадың не, ойнамадың не? Аралдың астыңғы ерні салпиып, үстінгі ерні дүрдиіп дірілдеп барады.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ «Сиырлы ауылда не бар маған? Мен оқимын». Арал еңіреп жылап жіберді. Жерге отыра қалып жылады. Қапелімде мұндайды күтпеген атасы сасып қалды. – Ой, бəтір-ау, мұның нең? – Мені неге алмайды оқуға? Мен бармаймын үйге. Оқимын. – Жасың жетпей қалды емес пе? Сонан соң алмайды. – Алады. Қайтсе де оқимын. – Қой, балам, тентек болма. Атасы Аралды қапсыра құшақтап көтеріп арқалап ал ды. Арал көз жасын тыя алмай өкіріп жылап келеді. Мектеп тен ұзаған сайын артына қарап қойып, өксіп-өксіп кетеді. Үйге жақындағанда мектептен де, мұғалімнен де, директордан да – бəрі-бəрінен көңілі қалып, ашу-ызасы біртебірте сейіле бастаған. Əжесін көрген бойда тағы бақы рып жылады. Атасы мен əжесі Аралды екеулеп отырып əзер жұбатты. Арал оқудан осылайша шеттеп қалды. * Арал сиырлы ауылға қайтпады. Атасының үйінде жүре берді. Бұрын да бұл үйде айлап-апталап жүретін, атасы мен əжесіне қолғабыс болатын. Бұл жолы мəселе бас қаша. Оқуға жарамай, Жайықтан кем болып барған масқара емес пе?! Жаны тірі болса, бір алынар мектепке. Сонда бара ды бұл сиырлы ауылға. Бірақ Арал қарап жүрмеді, өз бетінше оқып жүрді. Кеш болды екен, дөңгелек үстелдің бір жағына Жайық, бір жағына оған қарсы қарап Арал жайғасады. Аралдың Жайықпен қатар отырғысы-ақ келеді. Алайда атасы: «Баланың қолын қағасың, сиясын төгесің, мешайт етесің», – деп Аралды еркіне жібермейді. Жайық дəп терін жайса, Арал да жаяды. Жайық «Əліппесін» қолына ал са, Арал да үңіледі. Қысқасы, Жайық не істесе, Арал да соны

Øàғûí õèêàÿòòàð істейді. Мұғалімің не керек енді Аралға! Өстіп жүріп ол енді, атасының сөзімен айтқанда, «əліпті таяқ деп білетін бо лып қалды». Балаға əзірге керегінің өзі де осы емес пе? Арал бұған мəз. Тіптен өзінің оқуға алынбай қалғанын да ұмы тып бара жатыр еді. Бір күні Жайықтың мұғалімі келді үйге. Арал мен Жайық дөңгелек үстелді ортаға алып, тып-тыныш жазу жазып отырған. Мұғалім табалдырықтан аттай бере, үлкендермен амандасты. Жайық орнынан атып тұрды. Арал аңқайып отырып қалды. – Отыр, Жайық, – деді мұғалім. Сөйтті де дөңгелек үстелге жақын келіп, Арал мен Жайықтың дəптерлеріне үңілді. – І-і, – деді сонан соң. – Бəсе, Жайыққа мына бала кедергі жасайды екен ғой. Ақсақал, бұл болмайды. Жайық балаларыңыздың кітап-дəптері кір-кір болып жүреді. Мынандай жағдайда, əрине, сөйтеді. Жайыққа сабақ оқитын жағдай туғызу керек. Аралдың атасы не дерін білмей қалды. Есесіне əжесі саспады: – Бұдан артық қандай жағдай керек бұған? Екеуі күнде ермектесіп отырып, сабақтарын оқып жүр ғой. Жайыққа қарап, Арал да оқу үйреніп қалды. Жайық жалғыз өзі состиып отырып қалай оқымақ? Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқан емес пе, шырағым-ау, – деді. Мұғалім ағай Аралдың əжесінің бұл сөзін құп алмады. – Əй, əже-ай, айтып отырмын ғой. Арал Жайыққа кедергі жасағаннан басқа түк бітіріп отырған жоқ. Үйренген түгі жоқ. Барлық əріпті теріс жазып отыр, – деп Аралға төне түсті. Аралдың атасы мен əжесі жарыса үн қатты: – Қалайша? – Терісі несі? – Сол, теріс. Шындығында, Арал əріптерді теріс жазып жүретін. Атасы қатар отырғызбайтын болған соң, қарсы қарап

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ отырып алып, Жайық дəптеріне не жазса, соны көшіре беретін. Əрине, мұнысы Аралдың өзіне əбден оңды тəрізді еді. Жайыққа да бір қарағанда дұрыс болып көрінетін. Мұғалім ағай істің мəнін бəріне жақсылап тұрып түсіндірді. Аралдың атасы да, əжесі де: – Біз мұны бірдеңе үйреніп қалды десек, бəрін теріс жазып, бүлдіріп жүр екен ғой. – Онда бұған енді қайтып қағаз, қарындаш бермеу керек, – десіп дүрдиісіп қалды. Арал да бүлдіргенін сезіп, үнсіз отыр. Аралдың көңілсіз күйін мұғалім ағай жақсы ұқты. – Арал, сен оқуға асықпа. Ендігі жылы келесің. Сонда бойың да, ойың да өсіп, миың толық болады, – деді. – Е-е, бəсе десеңші. Бір жылдың əрісі не, берісі не? – деп қостады атасы. Олар не десе, о десін, Арал алған бетінен қайтпақ емес. Теріс болса да, Жайыққа қарап жазғанын қоймайды қайтсең де. Қораш санап, қорлауын. Ешкімнен де кем емес бұл. – Мен қоймаймын, жаза беремін. – Жаза бер, Арал. Оң жазып үйрен. Бірақ Жайықтың оқуына кесіріңді тигізбе, – деп мұғалім ағай Аралдың атаəжесімен қоштасты. Есіктен шығып бара жатып: – Əбден қапа болып, қырсығып қалған екен бұл балаларыңыз. Мейлі, Жайықтан үйрене берсін. Бірақ ол сабаққа дайындағанда мазасын алып жүрмесін, – деп қатты тапсырып кетті. Енді атасы Аралға бұрынғыдай еркіндік бермейтін болды. Екеуінің ортасына отырып алып, қымс етсе болды: – Арал, тыныш. Мешайт етпе оқушы балаға, – деп Аралды қақпайлайтынды шығарды. Осындайда оның Жайықтың дəптерін шимайлап бүлдіргісі де келіп кетеді. Жайықты аяйды. Оның не жазығы

Øàғûí õèêàÿòòàð бар? Қайта білгенін Аралға үйретіп-ақ жүргені. Атасы ғой оны «оқушы бала» деп оқшауландырып отыратын. * Жайық оқуға кеткен кезде Арал өзін қоярға жер таппай, іші қатты пысатын. Немересінің мұнысын сезген атасы Аралды оны-мұныға көп жұмсайды. Қара кер бие мен кер төбел құлынды ауыл шетіндегі тоғаннан суарып келеді, жаңартып шөп салады. Биені сауған сайын құлынды салып, орнына апарып байлайды. Қара кер бие де, кер төбел құлын да Аралға əбден үйреніп алды. Аралды анадай дан көрісімен оқыранып жем-шөп сұрайды. Малды ауылда өскен емес пе, Арал – аттың құлағын да ойнайтын бала. Қара кер биеге мініп-түскенін місе тұтпай, бүгін ол мынандай бір ойға келді: «Мен сияқты балалар оқып жүр. Мен не бітірмекпін? Асау үйретемін. Сосын сауын биеге тиіспей, кер төбел жабағыны мініп жүремін. Мектепке барып балаларды бір таңдандыруым керек қайтсем де». Сəске түс. Күздің шағырмақ күні қара кер биені суарып тұрған Аралдың торсықтай шекесін қыздырып, су бетіне сансыз сəуле шашып көзін ұялтады. Күзгі дымқыл жер бу санып, ауа бірте-бірте қызып келе жатыр. Жер де, ауа да жұмсақ бір əдемі шақ. Жығылса, оны осы жұмсақ жер көтереді. Бие мен құлын суға қанып жағаға шықты. Арал енді биеден түсті де, жүгенін сыпырып қоя берді. Сөйтіп, кер төбел құлынды жүгендеді. Қара кер бие былайырақ барды да, оттап тұрды. Кер төбел құлын алғаш оқыранып тыпыр шып еді, енесінің отқа бас қойғанын көріп, тынышталды. Жү ген, əрине, құлынға үлкен келді. Арал құлынның құйрығы нан он шақты тал қыл жұлып алып, жүгенді желкелігінен түйіп қысқартты. Ол енді кер төбел құлынға қарғып мінді. Жаздай салқын жерде тұмсығын көк жоңышқаға тығып тұрған үлкендігі тайдай кер төбел жабағы атқып кетті. Арал ал ғаш

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ жүрексініп тізгінді босатып алған, кер төбел енесіне қарай ойнақтай жөнелді. Қара кер бие оған көрсетілген жəбір ге төзбей араша түскендей болып оқыранып, жерден басын жұлып алды. Құлынының үстіндегі Аралды көрген соң, «Ее, өзіміздің бала екен ғой» дегендей, самарқау көз қиығын салды да, қайта оттап кетті. Арал екі аяғын кер төбел құлынның екі қолтығына тығып жіберіп, тізгінді шірене тартты. Кер төбел құлын кəдімгі бір қолау болғандай шойнаңдап тұра қалды. Аралға құлынның мұнысы ұнады. Тізгінді қырын бұрып, «шу-шулеп» еді, орнынан қозғалмады. Басын жіберсе болды, енесіне қарай жүреді. Мұнысы Аралға еш кедергі болған жоқ. Кер төбел құлынға мініп, қара кер биені айдап үйіне келді. Атасы Аралды көрген бойда сенерін де, сенбесін де білмеді. – Бұл не, батыр-ау? – Үйреттім құлынды. Ақыры оқуға алмайды, не істе мекпін? Осы құлынға мініп жүремін. – Жақсы болыпты. Мініп жүр. Осындай баланы жассынып, оқуға алмай жүрген мұғалімдер де қызық-ау. Жайық мұның бірін де істей алмайды. Мұқа атай немересіне разы болып, қарап қалды. * Енді біраз күнде кер төбел жабағы əбден бас біліп кетті. Арал оған мініп алып, қара кер биені жетектеп, суарып келіп жүрді. Жайық та мінетін болды. – Жайық, мен бүгін мектепке құлынға мініп барамын, – деген бағана ертеңгілік Арал Жайыққа. – Кел, кел. Нағыз қызық болады, – деген Жайық. Міне, енді Арал кер төбел құлынмен мектеп ауласына ене берді. Дəл сол сəт қоңырау шылдырап, балалар дала ға жүгіріп шықты. Бəрі құлын мінген балаға таңдана қарасты.

Øàғûí õèêàÿòòàð Бір топ баланы ерткен Жайық Аралға беттеді. Бəрі келіп, Аралды қоршап алды. – Қалай үйреттің? – Əй, өзің күшті екенсің! – деп танданысып жатыр бəрі. – Əй, соны қойшы, анада оқуға жасы жетпей қалған бала ғой бұл. Құлын үйреткен де сөз болып па? – деді анадай жерде тұрған бір шикіл сары бала. Арал шамданып кетті. Құлыннан қарғып түсіп, əлгі балаға тап берді. Жаңа ғана дүрдиіп тұрған шикіл сары тұра кеп қашты. Балалар ішек-сілесі қатып күліп жатыр. Арал кері бұрыла бергенде, кер төбел жабағы ойнақтап аула дан шығып бара жатыр еді. Қоңырау соғылып, балалар мектепке жамырай бет қойды. Бəрі Аралға күліп барады. Арал состиып жалғыз қал ды. «Қап, оқуға алса ғой, бұл қорлықтың біреуі де жоқ. Сары бала, сен де, кер төбел құлын, сен де қолға бір түсерсіңдер, бəлем!» Арал үйге келсе, атасы мен əжесі əбігерленіп қалған екен. – Балам, тірімісің? – Осы пəлеге мінгенді қойшы. Бір күні жазым қылып жүрер, – деді атасы мен əжесі. – Мінемін, – деді Арал. – Мінемін. Жаңа мені күлкі қылып тастап кетіп қалғанын қарашы. Əбден жуасытамын. Сонда өйтпейтін болады. Қазір қайта барамын мұны мініп мектепке. Аралдың атасы мен əжесі немерелерінің бұл қайсарлығын енді шет көрмеді. – Мейлің, – деді де қойды. Бірақ Аралдың мектеп жаққа қайтып барғысы келмеді. Ондағы балалардың барлығы Аралдан əлдеқайда жақсы, жүздері жарқын сияқты. Жабағыға жарбиып мініп жүргеннен шіреніп партада отыру əлдеқайда артық екенін сезді Арал. Өстіп жүргенде Арал мен Жайықтың Жамбылда оқып

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ жүрген Жақсылық ағасы мен Бағдагүл жеңгесі келді. Арал мен Жайық олардың кішкентай балалары Азаматты алмакезек қолдан-қолға тигізбей көтеріп, рақатқа батты. Екеуі бір-екі рет таласып та қалды. Осындай бір сəтте ағасы: – Кəне, күресіңдер. Қай жеңгендерің көтересіңдер, – деді. Арал мен Жайық алыса кетті. Əне-міне дегенше болмады, Арал Жайықты атып ұрды. – Аралға жан шақ келмейді, тегі. Екі Жайық жабылса, бой бермейді бұл əуелім. Сөйте тұра мұны оқуға алмай қойғанын қайтерсің? – деді атасы. – Иə, шынында... Ағасы Аралға қарады. Арал жерге қарады. – Мейлі, мектепке алмаса да, мен Жайықтан оқып жүрмін. – Қалайша? Жығылып қалғанына əжептəуір қапа болып тұрған Жайықты Аралдың мына сөзі бір көтеріп тастады. Тіптен Арал үшін қуана жауап берді: – Аға, бұл мен не жазсам, дəптеріне соны жазады. Оқи да алады. – Қызық екен! Кəне, екеуің де қағаз, қарындаш алыңдаршы. Көрейін жазғандарыңды. Арал мен Жайық қағаз, қарындаштарын алып, дөңге лек үстелге өзді-өзі орындарына жайғасты. – Ал енді «А», «Ə», «Б», «В» деп жазыңдар. Арал мен Жайық дəптерлеріне төне отырып, ағаларының айтқандарын жазып шықты. Жақсылық алдымен Жайық тың жазғанын қолына алды. Жайық жап-жақсы орындапты. – Жарайсың, Жайық! Кезек Аралдың жазғанын тексеруге келді. Арал да біршама тəуір жазыпты. Бірақ «В»-ны теріс жазып қойыпты. – Жарайсың, Арал! Бірақ «В»-ны теріс жазыпсың. – Бұл сөйтеді. Əнеугүні біздің ағай да айтқан.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Мұның болыңқырамайды екен, Арал. Бүйткенше, бізбен бірге қалаға жүр. Ертелі-кеш Азаматпен ойнап отырасың. Қолым босағанда өзім саған оқу үйретемін. Жайықтан кем білмейтін боласың. Барасың ба? – Барамын. Оқуға алынбай қалғанына Жайықтан сəл төменден кіреп жүрген Арал осылайша əп-сəтте өсіп шыға келді. * Ертеңіне Аралдың ағасы мен жеңгесі жолға дайындалды. Олар Аралды шынымен ала кетпек болды. Арал ет қызуымен «барамын» деуін дегенмен, кейін жүрексініп қалған. Қаланы көру де оған бір керемет қызық сияқты. Бірақ Аралдың келісімін ешкім енді қайтып сұрап жатпады. Ағасы мен жеңгесі Аралға жеңілдеу сөмкені ұстатып, автобуспен Шуға, одан пойызбен Жамбылға тартып отырды. Пойыз дегенің бір рақат болады екен ғой. Сиырлы ауыл пойыз жолға жақындау Бейсебайға көшіп келгенде, Арал пойыздың сарт-сұрт етіп əрлі-бері өтіп жататынын кө ретін. Оған мінбегеннен кейін қайдан білсін. «Бұл да бір салдырлаған үлкен арба ғой» деуші еді. Сөйтсе, пойыз деге нің арба емес екен, ішінде сартыл да жоқ, сұртыл да жоқ əдемі үй екен, əншейін. Біреуі жатып, біреуі түрегеліп отыр ған жұрт. Бəрі мейірімді, бəрі көңілді. Аралдың көңілі өсіп келеді. Терезеден сыртқа көз тастады. Айнала дөңгеленіп артқа қарай зулап көшіп жатыр. Телеграф бағаналары бірінен соң бірі шошаң етіп шыға келіп, лезде жоқ болады. Үлкенді-кішілі бекеттер мен стан салар да артта қалып жатыр. «Жайық мұның бірін де көрген жоқ қой. Оқымасам, оқымайын, пойызға міндім, енді қаланы көремін». Аралдың ойын ағасы бұзды. – Қалай, Арал, пойыз ұнай ма? – Ұнайды.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Несі ұнайды? – Бəрі. Ауылдағы балалардың бірі де көрген жоқ мұны. Ал мен мініп келемін. – Дұрыс-дұрыс. Олардың көбі қаланы да көрген жоқ. Сен қалалық боласың енді. Арал қалалық болады енді. Қандай қызық. Аралдың бойын қуаныш кернеп кетті. Қай-қайдағы əдемі ойлар оралады басына. Қала керемет болып елестейді. Қалада бұл көрмеген ғажаптардың бəрі бар сияқты. Пойыз қалаға түнде келді. Ол қалаға жақындап, жұрт түсуге əзірлене бастағанда, Арал терезеге тағы үңілген. Самсаған қалың жарық көрінді. Қала оттары сансыз жұлдызша жымың-жымың етеді. Арал қанша асыққанымен, бұл күні қаланың жарқыраған жарығынан басқа еш нəрсе көре алмады. Бұлар мінген такси іші де жарық, көше де, оны бойлай салынған үлкенді-кішілі үйлердің терезелері де жарық. Айналаның бəрі жарық. Қала халқы түнде де жатпай, көшеде қаптап жүреді екен. Оны Арал такси қаланың ортасындағы алаңның тұсынан өте бергенде байқады. Алаң үстіне айқыш-ұйқыш шамдар іліп қойыпты. Бəрі түрлі түсті жарық шашып, маңайды қуанышқа бөлеп тұр. «Қалада жарық өте көп екен. Сондықтан қалалықтар түнді білмейді, ұйықтамайды екен. Балаларға айтып баратын қызықтың көкесі осы емес пе?!» Аралдың бұл ойы да жаңсақ болып шықты. Мəселе осы такси үстінде-ақ анықталды. – Аға, қаланың адамдары жатпайды-ау деймін? – Неге? – Көшенің бəрі жарық екен. – Жарықтың көп екені рас Бірақ адам түнде ұйықта май тұра ала ма? – Ауылда жарық аз. Əйтпесе мен ұйықтамас едім. – Ауылда жарық неге аз? Жеткілікті ғой. Қалада үй көп, əрі биік. Соның бəрі жарық шашады. Сондықтан саған қа-

Øàғûí õèêàÿòòàð ланың жарығы көп болып көрініп келе жатыр. Болмаса, ауылдың үйлері мен көшелерінде де дəл осындай электр жарығы көп емес пе. Шындығында, ауылда да солай емес пе?! Арал өзінің ептеп артықтау кеткенін білді. Ағасы айтқандай, қаланың жап-жарық болып тұрғаны үйлердің көптігінен жəне биіктігінен екен. * Арал қала адамдарының бəрі зəулім биік үйде тұрады ғой деуші еді. Олай болмай шықты. Ағасы мен жеңгесі шағын екі бөлмелі кішкене үйде тұрады екен. Бел ағашы, шабақтары адырайып-адырайып көрініп тұр. Арал туғалы мұн дай үйді көрген емес. Атасының үйі де, сиырлы ауылдағы өзде рінің үйлері де шатырлы, төбелері жып-жылмағай тегіс. Ауылда кімнің үйі болмасын сондай. Ағасы мен жеңгесінің мынандай үйде тұрғаны Аралдың жанына қатты батты. Тіптен жаңағы биік үйлер де, самсаған мол жарық та түкке тұрғысыз болып қалды. – Аға, қаланың үйлері ауылдыкінен жаман екен. – Қой. – Рас. Көрмейсіз бе, міне? – Арал сұқ қолымен төбені нұсқады. – Ауылда мұндай үй бар ма? – Жоқ. – Онда неге қой дейсіз? – Əй, Арал-ай, сен біржола қалалық болғанша шарша тып бітіресің бізді. Мұндай үйде қаланың негізгі халқы тұрмайды. Олар жаңағы жолдағыдай үйде тұрады. Бұл əншейін біз уақытша жалдап тұрған пəтер ғой. Оқуды бітіріп, қыз метке тұрған соң, көрерсің əлі. Қатқан үйде тұратын боламыз. – Не, қалада оқитын адамдарға үй бермей ме? – Береді. Жатақхана береді. Отбасылылар өстіп жеке меншік пəтер жалдап тұрады. Арал құдды үлкендерше қорытынды жасады:

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Онысы жаман екен. Бұдан да ауылдың өзі жақсы ғой. Қайта көшіңдер. – Оқуды қайтеміз? – Оқымай-ақ, жұмыс істегеннің өзі жақсы емес пе? – Оның дұрыс-ақ. Бірақ оқу да керек қой. «Оқу да керек». Оқу! Аралдың жүрегі сыздап қоя берді. Бағана Жайық ауылда қалып, өзі қалаға кетіп бара жатқанда Аралдың қуанышында шек болған жоқ. Жайық ауылда жүр. Ағасы мен жеңгесі де қалада оқып жүр. Арал ауылда босқа жүрген. Мұнда да сөйтпек пе? Жоқ. Ауылға кету керек. Сиырлы ауылға барып, əкесі мен шешесіне қолғабыс жасағаны дұрыс емес пе? Сиырлы ауылда Аралдың іші пыса қоймайды. Əр кез жұмыс табылады. – Аға, мен ауылға қайтамын. Аралдың ағасы мен жеңгесі сасып қалды. – Қайтамының не, келмей жатып?! – Енді не істеймін? Босқа жүрмекпін бе? Ойнайтын бала да жоқ. – Бала табылады. Үй иесінің сен қатарлы екі қызы бар. Солармен ойнайсың. * Ертеңіне Аралдың ағасы мен жеңгесі оқуға кетті. Олар Аралдың кішкентай інісін балалар бақшасына ала кетті. Арал үйде жалғыз қалды. – Арал, біз түске таман келеміз. Сен алысқа ұзамай, осы үйдің қыздарымен ойнап жүр, – деді ағасы. – Олармен ұрысып қалма, – деді жеңгесі. Арал үй иесінің қыздарымен оп-оңай танысты. Екеуі бірбірінен айнымайтын кертпіш мұрын, томпақ бет, шашта ры баланікіндей қысқа қиылған сүйкімді қыздар екен. Арал екеуінің даусын естіп, далаға шыққан. Олар мұны көрген бойда шүпірлеп бас салды. Алдымен үлкені тіл қатты: – Кто ты такой?

Øàғûí õèêàÿòòàð Арал орысша білмейтін. Түсінбеді. – Наверное, он не знает русского языка. Сен кімсің? Мұны айтқан кішілеуі. Жақсы қыз екен! Арал қуана жауап қатты: – Аралмын. Екі қыз сықылықтап күлді. – Ой, как интересно! «Үлкені қазақша білмейді екен. Күлгені несі?» – Атың кім? «Кішісі қазақша біледі екен. Жаңа айттым ғой. Қайталап сұрағаны несі?» – Арал. – Арал деген теңіз ғой. Адамға да осындай ат қояды екен, ə? – Қояды. Біздің ауылда Арал деген адам көп. – Мейлі, кел, ойнайық. Менің атым – Жазира. Ал мынау – менің əпкем Нəзира. Енді Арал күліп жіберді. Жазираның кіп-кішкентай болып алып «əпке» деп сызылып тұрғаны жараспайды екен. Соған күлді. – Что он смеется? Дурак что ли? Аралды орысша білмейді дегенімізбен, «дурактың» жын ды екенін жақсы білетін. Нəзираның өзін «жынды» деп тұр ғанын түсіне қойды. – Ой, шүлдірлеген пəле. Өзің дурак! – Мынау тақылдап қалған пəле қайдан шыққан бала өзі?! Аралдың төбесінен жай түскендей болды. Есіктерінің алдында кесек, еркек жүзді, толық əйел тұр. Арал қалшиып тұрып қалды. Жазира жауап берді. – Бұл – Арал. Жақсылық ағаның інісі. – Бəсе. Колхоздың баласы екені көрініп тұр. – Мама, бұл – жақсы бала. Нəзираның өзі мұны «жынды» деді. – Десін. Ойнамаңдар онымен. Ауылдың баласынан

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қай бір өнеге үйренемін дейсіңдер. Ал, сен бала, бар үйіңе. Арал ыза болып кетті. Мұндай сұмдықты бірінші рет естуі еді. «Колхоздың баласы жаман» деген не пəле бұл? Арал намысты қолдан беретін бала емес. – Бармаймын... Мен жаман емес, қызыңыз жаман. Арал тағы бірдеңелер айтпақ болып еді, тынысы бітіп қалды. Беті қып-қызыл болып өртеніп барады. Үйіне қойды да кетті. Арал мына екі қызбен қайтып ойнамасқа бекінді. Содан үйде біраз отырып көшеге шықты. Көшеде машиналар ерсілі-қарсылы ағылып өтіп жатыр. Зу-зу етіп бір толастар емес. «Қалада машина көп болады екен. Міне, бұл енді қаланың ауылдан артықшылығы!» Көшенің осы маңдағы жалғыз қабатты жыпырлаған үйлері біраз жер созылып барып, биік үйлерге жалғасады екен. Арал солай қарап сəл тұрды. «Нағыз қала сонда екен ғой» деп ойлады. Жаңағы ашу-ызасы тарқап, аңсары сол биік үйлерге ауа берді, тротуармен тартып отырды. Үлкен үйлер, шынында, көрікті екен. Бəрінің асты – дүкен. Арал оның ешқайсысына кірмей, жай аралады да жүрді. Үлкен-үлкен əйнектің арғы жағында тамақтың алуан түрі тұр. Мұндай дүкендерден жұрт нан, сүт көтеріп шығып жатыр. «Е, бұл ауылдағы Нұршакүлдікі сияқты азық-түлік дүкені екен». Енді бір əйнектің тұсына келе бере, Арал тесілді де қалды. Əйнектің арғы жағында ұзын көйлек киіп, оң қолын көтерген бір əйел тұр. Жүзі сарғыш. Дəл Нұрлыбектің шешесі тəрізді. Ол кісі де осындай ұзын, сұсты. Арал əрі қарады, бері қарады. Əйел қозғалар емес, біртүрлі жансыз сияқты. Арал əйелдің көзіне тіктеп қарады. Əйел де кірпік қақпай Аралға тесіліп тұр екен. Арал шошып кетіп, кейін қарай зытып берді. Ол келе ебін тауып ешкімге көрінбей үйге кіріп алды да, күнұзаққа тысқа шықпады. Іші пысып, жыларман болды. Далаға қаншама аңсары ауғанымен, Нəзира мен Жа-

Øàғûí õèêàÿòòàð зираның шешесіне көрінгісі келмеді. Оның Аралды «ауылдың баласы, колхоздың баласы» деп кемсіткені, қыздарына ара түсіп тап бергені шымбайына батқан. «Қалаларың өздеріңе. Мен кетемін ауылға. Қызбен ойнамаймын мен əуелім, айта берсеңдер. Сендермен ойнайтын кіммін мен? Қыз емеспін, баламын – мен! Бала баламен ойнауы керек. Биыл оқуға алынбай қалғаныммен, ендігі жылы жасым жетпек түгілі, асып кетеді. Осыдан партаға бір отырайыншы, бітті. Қыздар түгілі, баламен де ойнауды қойып, кітаптан бас алмай оқи бере мін, оқи беремін. Сөйтіп, алдымен əдемілеп тұрып мектепті бітіремін, ал қалаға содан соң келемін». * Ағасы келісімен: – Ал, Арал, көрші қыздармен таныстың ба? – деді. – Жоқ. Танысқым да келмейді. Ауылға кетемін. – Неге? – Мен кешке дейін тесіліп үйде отыратын қыз емес пін ғой. Менің ойнауым керек. – Ойна көрші қыздармен. – Ойнамаймын олармен. Олар мені кемсітті. Арал болған жайды ызаға булығып, айтып берді. Ағасы мен жеңгесі Аралға болысудың орнына жатып күлді. – Шынында, бекер əкеліппіз. Саған мұнда көңілсіз болады екен. Алдағы сенбіде апарып тастаймын ауылға, – деді ағасы. Осы сəт Арал өрістен шұбап қайтқан қалың сиырды, күрең атымен тепеңдеп, оның соңын айдап келе жатқан Тайжан жездесін көргендей болды. Сиырлар енді аздан соң ауыл алдындағы электр сауғыш орнатылған ойға жиналады. Содан соң, Тайжан Аралды күрең атқа мінгізеді. Арал өрістен тоймай қайтқандай болып жалмаңдап ауа жайылғысы келген сиырды қайырып тұрады. Бұдан қы-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ зық не бар?! Арал ауылына қайтуға асықты. Ол оқуға ендігі жылы алынады. Ал қалаға кейін, ағасы құсап үлкен болғанда, институтқа түсуге келеді. БАУЫРЖАН ДЕГЕН БАЛА БАР АВТОРДЫҢ АЗҒАНА АЙТАРЫ Бауыржан Смағұлов – тұрар Рысқүлов атындағы орта мектептің үшінші «в» сыныбының оқушысы. Оқу озаты, тəртібі үлгілі. Сынып оқушылары арасында беделді. Суреті Құрмет тақтасында ілулі тұр. Үшінші «в»-ның сынып жетекшісі Рахима Тұрсынбайқызы Бауыржанды осылай сипаттайды. Мұның аты – мінездеме. «Айналайын!» – деу керек мұндай балаға. Ал жазушы үшін бұл – аз. Жазушы – адамның барлық болмысын алға жайып салатын халық. Ол ресми мінездеме бермейді, мінездің тікелей көрінісін, яғни одан туындайтын іс-əрекетті жазады. Енді əлгі адамның – мінез иесінің жақсы, яки жаман екенін оқушы өзі пайымдап жатады. Бауыржан туралы Рахима апайдың айтқанының бəрі рас. Бауыржан туралы менің жазғандарымның бəрі рас. Адамда бір-ақ өмір болады. Оның сол бір-ақ өмірі қаламына іліккен екен, жазушы азапқа түсті дей бергін. Ол адам иесіз аралда жалғыз қалған Робинзон емес, өзін қор шаған ортада, үлкен-кішімен, жолдас-жораларымен бірге өмір сүреді. Ендеше, жазушы басты геройын сол адам дармен қарым-қатынаста бейнелеуге мəжбүр. Бұл – еркінсуге жол жоқ, олай-бұлай тырп ете алмайсың деген сөз. Өтірікті жазып көр, еститініңді естисің. Ондай жазушының көсегесі көгеріп, көрпе-жастығы ұзармайды. Менің Бауыржаным да бірқыдыру адамдардың ортасында жүрген бала. Бір нəрсені асырып, не жасырсам,

Øàғûí õèêàÿòòàð Бауыр жанға да, оның достарына да қиянат болар еді. Ең əдемісі – шындықты жазу. Жазушыны діттеген жері не жеткізетін жалғыз ғана ғажайып күш – шындық. Даңқты қолбасшы, аттас атасы Бауыржан Момышұлы жайлы жазылған шығармалардың барлығы қандай шын болса, үшінші «в» сынып оқушысы Бауыржан Смағұлов туралы бір топ əңгімелерден өрілген бұл повесть те сондай, өмірдің өзі. Мұның атын əке-шешесі Бауыржандай болсын деп Бауыржан қойған. Бұл Бауыржандай бола ма, жоқ па, оны келешек көрсетер. Əзірге Бауыржан – бала. Баланың алдына кім шығыпты? Бауыржан қандай бала? Оны енді өздерің жеке-жеке əңгімелерден тұратын мына повесті оқып барып көріңдер. ҚОРҚАҚ КІМ? Қыстың аяғын ала бере, Бауыржандар жаңа үйге қоныс аударған. Жаңаның аты жаңа, қайда қарама, үйдің іші-сырты да, есік-терезесі де жарқырап тұр. Бəрі көз тартады. Барлық жерден көңілділік еседі. Үлкен де, кіші де қуанышты. Əсіресе, балалар жағының қуанышы ерекше. Жаңа үйдің жаны толған қызық оларға. Өздері үлкендер құсап бірін-бірі көп тосырқап жатқан жоқ, демнің арасында танысып, бірігіп ойнап кетті. Əдетте, жаңа үйдің кем-кетігі болмай тұрмайды. Айта лық, пəтерге электр қуаты, газ бірден берілмейді. Үй айнала сын ретке келтіріп, көріктендіретін біраз жұмыс болады. Бауыржандар кірген жаңа үйдің жағдайы да дəл осындай еді. Əне-міне дегенше бəрі де біртін-біртін ретке келе бастады. Алдымен барлық пəтерге өзді-өзі иесі көшіп кірді де, кешке қарай самсаған терезелерден жарық саулап, тəтті тамақтың иісі мұрын жарды. Бұл жаңа үйге

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ электр қуаты да, газ да берілді деген сөз. Бітті, жаңа қо ныс иелерінің көңілі жай тапты. Енді өмір сүруге болады. Алайда жаңа үйдің ауласы құрылыс материалдарының қалдықтарынан тазартылмай, тротуар, кірме жол асфальтталынбай біраз жатты. Сөйтсе, оның жөні бар екен. Құрылысшылар көктем шығуын күтіп жүріпті. Қар кетіп, жер дегдісімен, жаңа үй маңын мотор үні басты. Құрылысшылар экскаватор, каток, автомобиль айдап келіп, жұмысқа жа па-тармағай кірісіп кеп кетті. Құрылыс қалдықтары экскаватормен сыпырылып, машинаға тиелініп əкетіліп жат ты. Үй маңындағы тазартылып, тегістелген жерге көшеттер отырғызылып, жол атаулыға, алаңқайға асфальт төселе бастады. Жаңа үй тұрғындарының балалар жағы жұмыс тез бітсе, ойнайтын жер кеңісе екен деп асыққан еді, оған бол мады. Басқа жұмыс шапшаң бітіп-ақ еді, асфальт төсеу созылыңқырап кетті. Аптаның соңғы жұмыс күні аяқталған кезде ауланың сол жақ шетіндегі осы үйге келіпкеткен машиналар тоқтауға арналған алаңқай жартылай асфальтталынып қалып қойды. Содан барып олар қалған жерді бітіріп тастамақ болып, сенбі күні де жұмысқа келген, бірақ асфальт жеткізетін машина бір-ақ рет қатынады да, түске жуық тарап кетті. Жартылай асфальтталынған алаңқайдың арғы шетінде моторлы каток қаңтарулы қал ды. Құрылысшылар кетісімен, бұл маң жаңа үйдің бір топ баласына еркін тиді. Алдымен олар əлі жөнді қата қоймаған асфальтқа келіп тиісті, өкшелерін қадап, іздерін түсіріп байқады. Аяқ киіміңді аямасаң болғаны, асфальт беті əжептəуір айғыздалады екен. Балалар енді ал кеп тепкілесін. Демнің арасында асфальт бетін майда шұрқшұрқ тесік басып кетті. Балалар сонда да қояр емес, есіріп алған, шамалары келгенше жер, жер емес-ау, асфальт тепкілеп жатыр. Мына тірлік Бауыржанға бір ыңғайсыз болып көрінді. Біреудің еңбегін еш ету ғой бұл!

Øàғûí õèêàÿòòàð – Балалар, қойыңдар! Мұнымыз ұят! Əсіресе құрылысшылардан ұят. Мынаны көргенде олар не дейді? «Мына үйдің балалары тəртіпсіз екен» дейді. Тоқтатыңдар! Келіңдер, қайта мына ізді қайтадан тепкілеп көмейік. – Мынау не деп тұр, ей? Ұятшылын қарай гөріңдер мұның! Ұялса, өзі ұяла берсін. Ал біз асфальтқа өзді-өз атымызды жазып шығамыз, ел оқып жүреді. Төртінші подъезде тұратын, Бауыржанмен бірге екінші сыныпта оқитын Талғат деген толық, бадырақ көз қара бала осылай деді де, асфальтты екілене тепкілей баста ды. Балалар Талғаттың айтқанына еріп Бауыржанды күл кіге айналдырды: – Ұялатын бала – бала емес, ол – қыз. Бар, қуыршақ ойна. – Бұл ұялшақ емес, қорқақ. Құрылысшылардан қорқып тұр. Бауыржанға енді бұл ойынның қызығы азайды, шеттей берген. Балалар жемге жабылған балапандар құсап, жерден бас алар емес. Осы сəт бір нəрсе аяқастынан құлақ тұндыра дар-р-р ете қалды. Қазір ғана батырсынып тұрған балалар тымтырақайы шығып қашып бара жатты. Ал Бауыржан бір орнында состиып тұрып қалды. Тіптен мырс етіп күліп жіберді. – Ой, қорқақтар! Барлық бала бір-бірінен ұялып, көздерімен жер шұқып тұр. – Ой-ба-ай, өл-ді-ім!.. Енді бəрі дауыс шыққан жаққа жалт-жалт қараған. Міне, қызық! Каток от алып кетіпті, бері жылжып келеді. Үстінде еңіреп жылап Талғат отыр. Басқаның бəрі ұмыт болды, балалардың бəрі катокқа қарай лап қойды. Каток бір қалыпты дүрілдеген күйі ақырын жылжып келіп, асфальтқа жаңа ғана бəрі жабыла түсірген ізді таптап өте шықты. Енді тіке үйге қарап тартты. Жолда жаңа-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ дан отырғызылған гүл, ағаш көшеттері сап түзеп тұр. Бұл бетімен жылжи берсе, мына каток алдымен соларды жаншып өтеді, сонан соң барып үйді құлатады! Талғаттың есі шығып кеткен, екі көзі жасқа толып отыр, еш əрекетсіз. Бауыржан жүгіріп келіп, катоктың артына жармасты да үстіне қарғып шықты. Талғатты баса-көктеп барып жанына отыра кетіп, рульге жармасты. Талай шыр айналдырған ойыншық машинанікіндей емес, катоктың рулі ауыр екен. Сонда да тас болып қатып, оңға қарай бұра берді. Сөйтсе, каток қалай шабан жүрсе, солай қиын бұрылады екен. Əне-міне дегенше каток көшеттерді жа нап өтіп, қайтадан алаңқайға бет түзеді. Балалар қапталдап секіріп, шулап жүр. – Бауыржан, пəле екенсің ғой! – Нағыз механизатор де! – Бұл экскаватор айдауды да білер, тегі! – Талғат қорқақтың өзі екен! Бауыржан бұл сөздерді елең қылған жоқ, катокты тоқтатпақ болып, əр рычагты бір тартып барады. Талғат жылауын тоқтатқан. ҚУАНЫШ, ƏКЕЛ БЕТТІ! Бəрі ойыннан басталды. Үлкен үзіліс бітіп, балалар орындарына отырып жатқан. Сыныпқа екі өкпесін қолына алып ентігіп Қуаныш, оны өкшелей қуып Шоқан кіріп келді. Шоқан баспалдақ тан жүгіріп көтеріліп барады екен. Қуаныш басып озған. Шоқан бар болғаны соған-ақ шырт ете қалған: – Əй, неге озасың, тоқта! – деген. Қуаныш елемеген, тоқтамаған. – Көрсетейін мен саған озғанды! Шоқанның сыры белгілі. Қуанышты қуып кеп берген. Қуаныш сыныпқа кірген соң, қояр деп екпінін басқан. Жоқ, Шоқан өйтпеді. Қуаныштың көк желкесі зірк ете қалды. Бас қа

Øàғûí õèêàÿòòàð бала ұрса бірсəрі, Шоқанға амал жоқ. Онымен байланысып, абырой таппайсың. Оның сыныптағы балалардың бəріне əлі жетеді. Кімде-кім оған қарап бас көтеріп көрсін, дереу адыраңдап шыға келеді. Балалар оның мұнысына түгел көнген. Міне, енді Қуаныш та ауырсынғанын білдірмей, кəдімгі бір өзі кінəлі адамдай-ақ үн жоқ, басын төмен салған беті орнына барып отыра кетті. Екі көзінен екі моншақ үзіліп түсіп, партаға тырс-тырс тамды. Басқаны білмейді, Қуаныштың көз жасын Бауыржан көріп қалды. Жүрегі дір ете түсті. Бүкіл сыныптың көзін ше жолдасына қол жұмсады деген не сұмдық? Мұны не деп болады? Шоқан түк білмегендей-ақ тымпиып партасына қарай кетіп барады. – Шоқан, тоқта! Шоқан қалт тұра қалды. Өмірі бұл сыныптан мұндай өктем дауыс естіп көрмеген. Қаны басына шауып, екі беті ду етіп, қып-қызыл болып кетті. Дауыс шыққан жаққа қарамай жүре берді. Жүре бермей не болыпты? Дауыс иесін бірден білді – Бауыржан. Бұларға осы биыл, жуырда ғана қосылған бала. Қарай гөр, ей! Ештеңе етпейді. Шоқан ның кім екенін білмей жүр екенсің сен əлі! Білесің, білдірем! Сонда тұмсығыңды тықпайтын боласың əлің келмей тін жерге. Шоқан партасының жанынан өте бере, Бауыржанға алакөзімен ата қарады. – Тоқта деймін мен саған, тоқта! Кешірім сұра Қуаныштан. – Шоқан кілт тоқтады. Қарсы алдында қасқайып Бауыржан тұр. Шоқанның шегір көзі шот қабағын жарып шығып барады, ызыға булығып, өңі түтігіп кеткен. Бауыржанның қап-қара мөлдір көзі жайнап, ширығып алған. Бір қарағанда тіпті үнсіз күліп тұрған сияқты. – Сен кім едің сонша, Куанышқа ара түсетін? – Мен – Бауыржанмын.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Қай Бауыржан? Бау-ыр-р-жан. Сендей батыр Бауыржанды білмеймін мен. Батыр Бауыржан өліп қалған. – Жоқ, Бауыржан тірі! Ол – батыр. Ол – мына мен! – Балалар, мына жаманды қараңдар, өзін батыр Бауыржанмын деп тұр. Мə, саған Бауыржан! Шоқан Бауыржанды құлаштап құлақ-шекеден көздеп тұрып-ақ ұрып еді, қолы ауаны осып, екпінімен өзі ұшып түсті. Бауыржан бұғып қалған. Бойын қайта тіктеп, жымиып қарап тұр. Бүкіл сынып қыран күлкіге батты. Бұл – Шоқан Шоқан болғалы көрмеген қорлық! Не істеп, не қоярын білмей, орнынан самарқау тұрып жатты. Жұ дырығы дарымады, енді екі аяғын іске қосады, дəл тізеден тебеді. Маған десе, ұршығы шықсын, жіліншігі шорт сынсын, бəрібір. Шоқан тағы тап берген. – Шоқан, тоқтат! Рахима апай! Шоқан кілт тоқтады. Сыныпқа апай кіріп келеді екен. Енді бітті. Бауыржанның тізесінің ұршығы шық пайды, жіліншігі сынбайды. Көресіні бұл көреді. Шоқан еңіреп жылап берді. – Шоқан, не болды саған? Апайға Шоқан емес, бүкіл сынып жауап берді: – Апай, Шоқанның өзі. – Шоқан Қуанышты ұрды. – Бауыржан ара түсті. – Бауыржанды ұрмақ болып еді, қолы тимей, өзі мұрт тай ұшты. – Дұрыс екен. Онда несіне жылайсың? – Ол мені ренжітті. Апайдың түсі бір суып, бір жылыды. – Жөн-ақ. Байқаймын, сен шатаққа жақынсың, тегі. Немене, сен ұрғанда Қуаныш ыза болмай ма, ренжімей ме? – Онда төбелессін. Өшін алсын. Əлі келмей ме, үндемесін. – Шоқан, сен өйтіп қатыгез болма. Біреуге жұдырығын

Øàғûí õèêàÿòòàð ала жүгіру – барып тұрған жат қылық. Біз сені өйтіп еркіңе жібере алмаймыз. Солай ма, балалар? Сынып шу ете қалды. – Солай, апай! – Шоқан – төбелескіш. Балалардың бəрін ұрады. – Қыздарға да тыныштық бермейді. Апай қолын көтерді, сынып тына қалды. – Бəрі түсінікті болды. Балалар, өздерің айтыңдаршы, сонда не істеуіміз керек? Қандай жаза лайық бұл Шоқан ға? – Бəріміз жабылып ұрайық! – Сыныптан қуайық! – Ешкім мұнымен сөйлеспесін, ойнамасын! – Директорға айтыңыз, апай. – Əке-шешесін шақыртыңыз. – Қазір бұрышқа тұрғызып қойыңыз. Балалар өстіп жаза түрін тізбектеп айтып жатыр. Шоқан өзін аяйтын бір адамды көрмеді. Төмен қараған күйі тұнжырап тұр. Соңғы сөз – апайдікі. – Шоқан, көрдің ғой, саған осы жазаның бəрі лайық. – Апай, Шоқан өз қатесін мойындап, Қуаныштан кеші рім сұраса, осымен қояйық. Міне, қызық! Бүкіл сынып та, Шоқан да аң-таң. Өзіне жауығып тұрған адамға ара түскенді кім көрген?! Рахима апай бар денесімен Бауыржанға қарай ұмсынып: – Бауыржан, айтшы сенің мұныңды қалай түсінеміз? – деді. – Апай, біз – көппіз. Шоқан – жалғыз. Бауыржан əрі қарай не дерін білмей тұрып қалды. Ендігі сөзді апай іліп əкетті: – Бауыржан, сен өте дұрыс айтып тұрсың. Біз – көппіз, Шоқан – жалғыз. Жолдастарына жайсыз адам өстеді, жалғыз қалады. Ол осыны түсінсін. Қуаныштан кешірім сұрасын. Шоқан басын көтерді. Барлық сынып күлімсіреп тұр екен. Шоқанның да жүзі жылып сала берді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Апай, кешіріңіз! – Шоқан, сен кешірімді менен емес, жолдастарыңнан сұра. – Сонда кімнен, Қуаныштан ба? – Қуаныштан да, бəрінен де сұра. – Қайтіп сұраймын, Қуаныштың қолын алайын ба, аяғына жығылайын ба, жоқ, бетінен сүйейін бе? Не істейін, айтыңызшы? – Бетінен сүй! – Мақұл. Сүйем. Қуаныш, əкел бетті! Балалар қыран күлкіге батты. Шоқан Куаныштың беті нен сүйгелі ентелеп бара жатты. СЫНЫПТЫҢ ТОҚТАМЫ Көктемгі каникулға шығуға енді екі күн қалған. Балалар кəдімгідей желігіп, ойлары мектепте емес, ойында еді. Соңғы сабақ біте бере Рахима апай: – Балалар, бүкіл мектеп оқушылары металл сынығын жинауға кірісетін болды. Бұл игі іске біз де өз үлесімізді қосуымыз керек. Сірə, бұл жұмысқа бүгіннен басгап кіріскен жөн болар. Неғұрлым тездетіп қолға алсақ, солғұрлым ерте бітіреміз, – деді. Үшінші сыныптықтар ду ете түсті. – Металды қайдан аламыз? – Ал, керек болса, каникул! – Оны каникулдан кейін жинайық та? – Балалар, тынышталыңдар! Ұйғарым сол – жинау керек. Барлық мектеп іске кіріседі, біз де сөйтеміз. Сынып ойланып қалды. – Металл сынықтары табылады, апай. Көп-көп табылады. Балалар түгел Бауыржанға қарады: куанғаны да, танданғаны да бар. Айтпаса да түсінікті. Бауыржан енді қай жерді көздеп отырғанын айтуы керек.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Технологиялық институттың арғы жағындағы қосалқы бөлшектер зауытының орнында темір-терсек толып жатыр. Мен оны көптен бері бір керек болар деп байқап жүргем. Бауыржанның сөзін балалар іліп əкетті: – Рас, апай, онда металл сынықтары өте көп. – Мен де көргем, үйіліп жатыр. Талғат іштей таңданып отыр: «Мына Бауыржан пəле екен, ей» Шынында, пəле болмаса, өсте ме? Əйтпесе қосалқы бөлшектер зауытының орталықтағы цехын қаланың шетінен салынған жаңа зауытқа көшіріп əкетіп, оның орнын тегістеп тастағанын осы балалардың бəрі біледі. Қанша тазаладым дегенмен, ол жерде металл сынықтарының əлі де аз емес екені рас. Соны көздеп жүріпті ғой бұл Бауыржан. Түстен кейін үшінші сынып оқушылары қосалқы бөлшек тер зауытының, дəлірек айтқанда, оның көшіріп əкеткен цехының орнына келді. Аумағы əжептəуір жерді алып, бір қарағанда жып-жылмағай болып жатқан жерді көрген балалар: – Кəне, темір-терсек? – Жұмысшылар біз жинайды деп темір тастап ақымақ па екен? – десіп қырсық-қыңар сөздер айта бастады. – Темір-терсекті Бауыржаннан сұраңдар. Мен кеттім. Шоқан да менімен кетеді, – деп Талғат Шоқанға бұрыла берген. – Менен сұрап не керек? Жөндеп қараңдар, табасыңдар. Кімде-кімге бұл жұмыс ұнамайды екен, барсын, – деп Бауыржан еңкейіп, шеті көрініп жатқан білектей темірді жер ден суырып алды. – Əй, рас екен. – Жабылдық, ендеше. Балалар улап-шулап темір-терсек жинауға кірісіп кеп кетті. Талғат пен Шоқан біраз состиып-состиып тұрды да, ақырын жылыстап кете барды. Бауыржан бастаған балалар металл сынықтарын көп қылып жинап өткізді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Ертеңіне Рахима апай балаларға қатты риза болды: – Естідім, металл сынықтарын көп өткізіпсіңдер. Жарайсыңдар бəрің де, – деді. – Апай, арамызда жалқаулар да бар, – деді Бауыржан. – Иə, олар кім? – Талғат пен Шоқан. – Қашан көрсең екеуі өстіп бөлектеніп жүреді, бізге қосылмайды. Кеше де сөйтті, бізді тастап кетіп қалды. – Бізге де бұлардың қажеті жоқ. Барсын, басқа сыныпқа ауыстырыңыз. Рахима апай балалардың сөзін үн-түнсіз тыңдап тұр. Талғат пен Шоқанда үн жоқ. Балалардың даусы жарқынжарқын шығады. Талғат та, Шоқан да Бауыржанға қарады, бірдеңе айт дегендері. Бауыржан не десін, екеуінен көңілі қатты қалған екен, беттер емес. Рахима апай да не айтарын білмей дал болды. – Апай, шынында, бізді үшінші «б» сыныбына ауыстырыңызшы, – деді Шоқан. – Сөйтіңіздер, апай, – деді Талғат. – Бұлар ешқайда да бармайды. Не деп барады? Сонда бұл екеуіне бүкіл сыныптың əлі жетпегені ме? Жоқ, жетеді. Жөнге саламыз. Рахима апай мұғалім ғой, өзін ұстауы керек, əйтпесе бас салып Бауыржанның бетінен сүйіп-сүйіп алар еді. – Балалар, Бауыржан дұрыс айтады. Сендер өз достарыңды өздерің тəрбиелеулерің керек. Жаман оқығанды жақ сының қатарына, тəртіпсіз болғанды үлгілі етуге бастау мұғалімінің ғана емес, бəріңнің де мүдделі істерің болуы керек. Солай ма, балалар, – деді Рахима апай. – Солай, апай! – Солай! Рахима апайдың құлағына басқа сөз шалынған жоқ. Сыныптың да тоқтамы – осы да.

Øàғûí õèêàÿòòàð НЕ ІСТЕСЕ БОЛАР Қағаз қалдықтарын жинауға үшінші сынып оқушыларының көзқарасы əртүрлі. Біреулер бар: – Бұл жаман қағаз неге керек? – деп мұрын көтереді. Енді біреулер: – Қайтеміз, жинау керек екен, жинаймыз да, – деп бас салбыратады. Бауыржан үшін бұл – бір қуанышты оқиға. «Қағаз қалдықтарын жинау керек» деген хабар естілісімен, екі білегін сыбанып шыға келеді. Міне, бұл жолы да осылай болды. Бауыржан балаларды жинап: – Ал балалар, бізге қағаз қалдықтарын жинауға коман да берілді. Тездетіп іске кірісейік, – деді. – Ура! Қағаз қалдықтарын жинаймыз. – Несі бар, жоспарды орындаймыз. Бəріміз жабылып жи наймыз, қатырамыз. Бірақ бес саусақ бірдей емес. – Жабылсаңдар, жабылыңдар. Біздің үйде ескі газетжур нал толып жатыр. Мен өзім соны əкелемін, – деп қиқайды Талғат. – Біздің үйде де жетеді! – деп қостай кетті оны Шоқан. Бауыржанға бұл сөздер мүлде ұнаған жоқ. Əркім өздіөз үйінен газет-журнал көтеріп əкелетін болса, оның несі қызық? – Жоқ, бұл болмайды. Бəріміз бірігіп шығамыз, үй-үйді аралап, кеңселерге кіріп жинаймыз. – Сол да сөз екен! Сен біздің əрқайсымыздың қанша ки лограмнан қағаз өткізетінімізді айт, біз Шоқан екеуіміз сонша əкеліп береміз. – Иə, сөйтеміз. – Не, сонда сендер бөлектенбексіңдер ме? – Неге? Өз үлесімізді қоссақ, жетпей ме? – Артығымен қосамыз. Жетеді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Жетпейді. Біліп қойыңдар, сендер əкелген қағаздарыңды бізбен бірге өткізбейсіңдер. – Мейлі. Өзіміз-ақ өткіземіз. Талғат пен Шоқан өстіп, балалардан бөлініп қалды. Бауыржан бастаған балалар мектептің жанындағы Жамбыл құрылысы тресіне келді де, ұзыннан-ұзақ дəліздің екі қапталындағы қаптап тұрған есіктерді шетінен ашып, қағаз сұрай бастады. Бұлар қай есікті ашпасын, отырғандар қуана қарсы алады: – О, о, балалар келіп қалды. Қағаз қалдығы ма? Бар, бар. – Келіңдер, келіңдер, балалар. Білеміз, сендер жыл да осындай кезде қағаз қалдығын жинайсыңдар. Дайындап қойғанбыз, – десіп буда-буда қағаз ұсынды. Үлкендер де, балалар да көңілді. Кəдімгі бір мереке сияқты. Балалардың əкелген ыдыстары, қойны-қонышы қа ғаз ға толды да кетті. Соның бəрін тасып əкеліп, таразыға салғанда, жоспар анағұрлым артығымен орындалған болып шықты. Қағаз қалдықтарын қабылдап тұрған оныншы сынып оқушысы Айгүл Берікбаева бұлардың өткізген қағазын дəптерге тіркеді де: – Жарайсыңдар, балалар! Сендер бірінші болып өткізіп біттіңдер. Бұларыңды енді қабырға газетіне жазамыз, – деді. Балалар қол шапалақтап жіберді. Осы сəт қолдарында бір-бір себет газет-журнал Талғат пен Шоқан келе қалды. – Мына балалар да сендердің сыныптарыңда ма еді? – деді Айгүл. – Иə, біздің сыныпта оқиды. – Онда əкеліңдер қағаздарыңды, таразыға қойыңдар. – Бізге олардың қағазының қажеті жоқ, қоспаймыз. Өздері өткізе берсін. – Неге? – Олар бізбен бірікпей қойған. Қағазды өз үйлерінен барып əкелді.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Сендер қосқызбасаңдар, бұлардың қағазын мен де қабылдамаймын. Мұны қай сынып өткізді деп жазбақпын? – Апыр-ау, бұларға керегі не, қағаз қалдықтары емес пе еді? Не деп тұр өздері? Бауыржан бастаған балалар мəз-мейрам болып сыныпқа беттеп бара жатыр. – Енді қайттік? – деді Талғат. – Білмеймін. Құрысын, бұдан былай не көрсек те, сыныппен бірге көрейікші, – деді Шоқан. – Шынында, мұнымыз ұят болды. – Ұятың не, масқара? – Мына қағазды қайттік, ал? – Қайдам? Талғат пен Шоқан не істерін білмей дал болып тұр. Не істесе болар? МҰНЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ? Мектептің бірінші қабатына бар ғой, осы терезені бекер орнатады. Тегі бір сықиып қалған біреу болмаса, бала біткеннің бəрі – терезенің жауы. Балалар, əрине, терезеге əдейілеп тиіспейді, абайламай сындырып алады. Футбол теп, волейбол ат, доп терезеге қарай ұшады, қолыңа тас немесе жентектеп қар ал, сілтегенің терезенің көзін табады. Бітті, əрі қарай сені бір машақат күтіп тұрады. Бауыржан мен Талғат та осындай бір шатаққа аяқастынан ұрынды. Анықтап айтсақ, Бауыржан тепкен доп Талғаттың қолынан сырғып шығып барып, мектеп терезесінің бір көзін қиратты да кетті. Кінəлі кім? Бір-біріне үрейлене, əрі жазғыра қараған екеуі нің жүзінде де осы сұрақ тұрды. «Кінəлі – мен» деп мойын дар кейіп екеуінде де болмады. Қайта Талғат: – Терезеге қарай неге сонша қатты тептің? – деп шап ете қалды. – Қолың қайда? Ұстасаң етті.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Менің қолымды қайтесің, өзіңнің аяғыңа ие бол. Терезені қираттың, жауап бер. – Ал сен ше? – Мен бе, мен... Сен сындырдың дедім бе, сен.. Талғат сөзін аяқтамай теріс айналып, жүгіре жөнелді. Бауыржан аң-таң тұрып қалды. Сабақтан соң Рахима апайға айтуға бекінді. Рахима апай қатар отырған екі шəкіртінің бір нəрсеге келіспей қалғанын бірден аңғарған. Сыныптағы отыз ба ланың əрқайсысының мінез-құлқы өзіне əбден мəлім. Бауыржан мен Талғат бір-бірімен тату еді, не болған? Сұраса ма екен, сұрамаса ма екен? Сабақ соңында көрер. Сабақ бітуге жақындағанда əңгіме адалдық жөніне ойысты. – Апай, адал адам қандай болады? – деді Қаламқас. – Иə, бəсе, өздерің айтыңдаршы, балалар, адал адам қандай болады? – деді апай. Балалар шулап қоя берді. – Адал адам ақылды болады. – Адал адам ешкімді алдамайды. – Адал адам – жақсы адам. – Дұрыс айтасыңдар, балалар. Осы айтқандарыңды кішкене бір қорытындылап, ой түйейік. Осы сəт Талғат орнынан атып тұрды. Үстіңгі ерні дүрдиіп, көзі жасаурап кеткен. – Апай, біз, жоқ мен жаңа үзілісте бірінші қабаттағы терезенің бір көзін сындырып алдым. Енді қайтем? – Міне, бұл – адалдық. Бірдеңені бүлдірген екенсің, қателігіңді мойында, түзе. Адал адам сөйтеді, шындықпен, мейлі ол ащы болсын, бетпе-бет келуден қашпайды. Талғат, сен де сөйтіп отырсың. Адал адам... Енді Бауыржан орнынан атып тұрды. – Апай, Талғат – адал емес, өтірікші. Барлық сынып Бауыржанға қарап қалған. Талғат бұға түсті.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Бауыржан, не дедің? Қайталап айтшы. – Талғат – өтірікші. Терезені біз екеуіміз сындырдық. Бұл жаңа қашып кетіп еді, енді келіп адал бола қалыпты. – Солай ма? Рас па, Талғат? Талғат үн қата алмады. – Ой, бұл болмаған екен! Қателігіңді мойындағаның жақсы, бірақ шындықты жасырмай дер кезінде айту бəрінен де артық. Қап, əттеген-ай! Мұны қалай түсінеміз? Талғат жерге кірермен болды. Бауыржан бір қалыптан айныған жоқ, жүзі жарқын. КӨРШІЛІК ПАРЫЗ Бауыржан мен Қаламқас ортадағы қатардағы алдыңғы партада отырады. Күнде-күнде бір партада қатар отырған соң, бірен-саран майда-шүйде көз аларту болып тұрады, əрине. Бірақ онда тұрған не бар, ештеңе жоқ. Кішігірім кірбіңді елей берсе, жүйкесі жұқарып, тозып кетер адам. Екеуі, негізінде, тату көрші. Бауыржан – құлағы түрік, шапшаң бала. Рас, кішкене мазасыздау болып кететіні бар. Қаламқас – жер қозғалса қозғалмайтын, мінезі ауыр қыз. Рас, шектен шығып бара жатса, Бауыржанға басу айтатыны бар. Əсіресе, кеше қатты қырына алды. Алғашқы сабақ үстінде-ақ: – Бауыржан, тыныш отыр! – деп өңменінен қадала кеткені. Бауыржан ыза болып, кəдімгідей бұртиып қалды. Өкпелейін десе, Қаламқастікі дұрыс. Тым алақтап-жұлақтап кеткен Бауыржан сабасына түсті. Көріп отыр екен, Рахима апай: – Бұларың дұрыс. Екеуің бір партада отырсыңдар. Біріңнің кемшілігіңді бірің өстіп түзетіп жүргендерің жөн. Көршілік парыз – қиын, – деген. Сол сол-ақ екен, Қаламқас Бауыржанға шұқшиды дейсің бір.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Үзіліс кезінде Бауыржан алыс-жұлыс ойынның ортасында болуды ұнатады. Ойынға бір кіріскен соң, белгілі ғой, шамадан асып кеткеніңді білмей қаласың. Бауыржан да елден ерек емес, қайта ойынға жан-тəнімен кірісетіннің нағыз өзі. Міне, енді алғашқы үзілісте ойын жаңа қызған. Бауыржан тізгінді ағытқан, Қаламқас сап ете түскені. – Бауыржан, жетеді! Доғар енді ойынды, – деп қасқая қарап тұр. Ал керек болса, бұдан кейін ойнап көр. Адамның беті бір қайтып қалған соң бола ма, Бауыржан топ ішінен сыты лып шыға берді. Ренжиін десе, Қаламқастікі дұрыс. Ерен есі ріп кеткен Бауыржан амалсыз басылды. Бауыржан күндегі əдетімен сабақ бітісімен, сыныптас дос тарымен бірге мектептің дəл алдындағы аялдамаға тарт ты. Ал, шындығына келсек, Бауыржанға аялдаманың түкке қажеті жоқ, үйі мектептің дəл іргесіңде. Бірақ Бауыржан дүрмекпен аялдамаға келгенді, жолдастарын шығарып салғанды жақсы көреді. Автобус бірінен соң бірі ағылып келіп, кілт тоқтай қалады. Жұрттың лықсып шығып, лап қойып мініп жатқаны. Бауыржанның достары автобусқа мінуге асықпайды, бұлар елдің мінген-түскенін қызықтайды, аялдамада асыр салып ойнайды. Дəл солай мажыра-жай болып жүрген, қайдан шыққанын, Қаламқас пайда бола қалғаны. – Бауыржан, қой, жетеді ойнағаның, үйіңе қайт, – деп қадалды. Бауыржан достарынан шеттеп қала берді. Үндей алмады. Бірдеңе дейін десе, Қаламқастікі дұрыс. Автобус аялдамаға ағылып келіп, тоқтап жатты. Бірақ оның енді еш қызығы қалмаған еді. Бауыржан үйіне тартты. Келе жатып ойға батты: бұл Қаламқас қамқор болғансып өсте бермек пе? «Аулақ жүр» деп қағып тастау керек шығар. Онда Рахима апай оны неге мақұлдайды? Қаламқастікінің бəрі дұрыс. Қаламқас та өзі сияқты оқушы. Оның да кемшілігі бар. Ендеше, Қаламқас құсап бұл неге көрші лік

Øàғûí õèêàÿòòàð парызын өтеп, оған қамқорлық көрсетпейді? Е-е, жарайды, ертең болсын. Ертең алғашқы сабақ – диктант. Қаламқас диктантты жай жазады. Апайдың айтқанын бірде үлгеріп, бірде үлгере алмайды. Міне, осы ғой Қаламқастың бір осал жері. Жарайды. Балалар диктант жазуға сақадай сай болып, апайла рын күтіп отыр. Бауыржан да, Қаламқас та дайын. Бауыржан кеше бекінген ойын айтты: – Қаламқас, сен диктантты менен көшір. Қаламқас шоршып түсті: – Неге? – Сен жай жазасың. Үлгере алмай қаласың. Менен көшірсең, екеуіміз де жақсы баға аламыз. – Сенен көшіріп, жақсы баға алғанша, өзім жазып екі алғаным артық. – Солай ма? Онда мен де сенің тіліңді алмаймын. – Аласың. – Не, сен жаман баға алмақсың ба сонда? – Жоқ, жақсы баға алам. – Ендеше, көшір. – Біреуден көшіру – жаман əдет. Өзім жазам. – Əдет. Ол неге керек? Жақсы баға алса, бопты да. – Жоқ, олай емес. – Жоқ, солай. Осы сəт есіктен апай кіріп келе жатты. Бəрі орындарынан тұрды. Енді бұдан əрі сөйлеу қайда. Диктант жазу бастал ды. Бауыржан оқтын-оқтын Қаламқастың дəптеріне үңіліп қарап қояды. Қаламқас бəрін үлгеріп жазып отыр. Байқап қалыпты, Рахима апай: – Бауыржан, не, сен үлгере алмай отырсың ба? Мен жылдам айтып жатырмын ба? – деді. – Жоқ, апай, үлгеріп отырмын. – Онда Қаламқастың дəптеріне қарай берме. Біреуден көшіру – жаман əдет. Өзің жаз. Қаламқастың жаңағы сөзі ғой мынау, ойбай-ау! Мына

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Қаламқас пəле екен, ей! Бауыржан Қаламқастың дəптеріне енді қайтып қараған жоқ. Қайта диктантты өте жақсы жазуға тырысып бақты. ƏНШІ Бауыржан əнге бейім екенін күтпеген жерден байқат ты. Алдыңғы күні Бауыржан, Раушан, Лəйлə үшеуі ерекше ұзақ ойнады. Сабақ жайына қалған. – Бауыржан, ойынды қой, сабағынды оқы, – деді апасы оған. – І-і, – деді Бауыржан жақтырмай. Апасы ұрыспақ болған. Бауыржан өз қатесін түсіне қойды. Дереу «і-і»-сін созып, «Анаға сəлем» əніне айналдырып жіберіп, ыңылдап барып, жазу үстеліне отырды. Апасы пе десін енді, қайта Бауыржанның мына тапқырлығына жымиып қойды. Кеше кешкілік Бауыржан кітап оқып отырған. – Бауыржан, теледидарды қоса салшы, – деді əкесі. – І-і, – деді Бауыржан кітаптан бас алғысы келмей. Əкесі Бауыржанға алакөзімен ата қараған. Бауыржан кешегіден тəжірибе алып қалған «і-і»-сін созып кеп жіберіп еді, «Əкеме» əні болып шыға келді. Бауыржан енді жалма-жан «Əкемені» ыңылдап барып, теледидарды токқа жалғады. Əкесі енді болмаса ашу шақырып келе жатыр еді, шарасыз болып қалды. Бауыржанның аяқастынан таба қой ған мына амалына разы болып, теледидарға ден қойды. Бағана Бауыржан мектептен келген беті есіктен ішке енді ене берген. – Бауыржан, жүгір, дүкен жабылып қалар, нан əкеле ғой, – дегені əжесі оған. – І-і, – деді Бауыржан ат-тонын ала қашып. Əжесі реніш білдірмек болып, оқтала берген Бауыржан

Øàғûí õèêàÿòòàð машықтанып алған «і-і»-сін созып ыңылдап, «Əже туралы əнге» басты. Əжесінің жүзіне мейірім үйірілді. Немересінің өзіне əн арнағанына ағынан жарыла қуанып, Бауыржанға себет, тиын ұстата берді. Міне, өстіп, Бауыржан бас-аяғы екі-үш күн ішінде небір қиын əнді білетінін байқатып отыр. Бауыржанды осылай жұмсай берсе, ол əншілігін дамыта түсетін түрі бар. Сөйтіп жүріп, үлкен əнші болып кетпесе не қылсын? Несі бар, əндеткен жақсы. Шын пейілімен айтса екен, əйтеуір. БІР ШƏУГІМ ШАЙ Демалыстың аты – демалыс. Демалыс күні елдің бəрі тəрізді Бауыржанның əжесі де орнынан кешеуілдеп тұрады. Бұл күні ешкім еш жаққа асықпайды, əкесі мен ше шесі жұмысқа, өзі оқуға, қарындастары балалар бақшасына бармайды. Шай жай ішіледі. Апта бойы ертелікеш қазан-ошақтың басынан бір шықпай, тыным көрмейтін əжесінің қолы ұзарып, арқа-басы кеңиді. Асүйге аяғын басып кірмейтін кезі де болады. Асүйдің бар тірлігін апасы атқарады. Ал анау-мынау майда-шүйде шаруаға əжесі Бауыржанды жұмсайды да, өзі көбіне-көп теледидар тамашалайды. Бауыржан ұйқысынан енді оянып келіп залға кіре берген, əжесі бір қолында лупа, бір қолында бағдарлама, диван да отыр екен, мұны көре салды да: – Бауыржан, жұрт тұратын уақыт болды, шай қоя салшы, – деді. Бауыржан ерінді. Бірақ оны қалай айтсын, жалтарды. – Қайтіп қоям? Қалай қоюды білмеймін. – Сол да сөз болып па? Қоясың. Қойып көр. – Қалай? – Былай. Алдымен шəйнекке су толтыр, сөйтіп, сіріңке

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ шағып, газды ашып кеп жібер. От лап ете қалады. Бітті, шəйнекті оттың үстіне қоя сал. Түсіндің бе? – Ой, əже, қиын екен, түсінгем жоқ. – Жүр онда, өзім қойып көрсетейін. Əжесі мен Бауыржан асүйге келіп кірді. Əжесі жаңағы айтқанын қайта айта жүріп, бəрін өзі істеп шықты: шəйнекке су толтырып, плитаға қойды. Газды жақты. Шай қойылды. – Қалай, түсіндің бе, балам? – Түсіндім. – Онда дұрыс. Бауыржанның əжесі осы – сенгіш адам. Түс əлетінде əжесі Бауыржанды шай қоюға екінші рет жұмсады. – Бауыржан, шай қойшы, қарағым. – Қайтіп қоям? Қоя алмаймын. – Неге? Бағана түсіндім дегенің қайда? – Түсінгем. Кранды ашам. Мен ашсам, ол жабылмай қой са, қайтем? – Бəсе деймін-ау. Кран жабылмаса, үйді су алып кетеді. Нағыз пəле – сол. Жүр, көрсетейін ол кран құрғырды қалай жабатынын. Əжесі дəл бағанағыдай түсіндіріп жүріп, шайды өзі қой ды. – Ал енді түсіндің бе, балам? – Түсіндім. – Түсінгеніңнен де, өзіңнен де айналайын! Бауыржанның əжесі осы – мейірімді адам. Кешке қарай əжесі Бауыржанды шай қоюға үшінші рет жұмсады. – Бауыржан, маған бір шəугім шай қойып бере қойшы. – Қайтіп қоям? Қорқамын. – Неден? – Газдан. Өрт шығып кетсе, қайтем? – Ойбай, абайла! Газ деген бір пəле. Жүр, оны қалай жағу керектігін тағы бір көрсетейін. Əжесі газды қалай жағу керектігін қайта-қайта түсінді ріп жүріп, шайды тағы да өзі қойды.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Ал енді бəрін түсінген шығарсың, балам? – Түсіндім. – Міне, үлкен жігіт болды деген осы енді! Бауыржанның əжесі осы – ақкөңіл адам. Залға кірісімен əжесі диванға солқ етіп отыра кетті. Бауыржанның жүрегі дір ете қалды. – Əже, не, бір жеріңіз ауыра ма? – Иə, тізем ауырады. Асүй мен екі арада дамылсыз жүгіре бергенді көтере алмайтын болып жүрмін. Əкең мен шешеңнің жұмыстан қолы тимейді. Раушан мен Лəйлə əлі кішкентай. Сен де əлі бір шəугім шай қоюға жараған жоқ сың. Бауыржанның екі беті өрттей боп кетті. Бекер ерінеді екен. – Əже, əжетай, жүрші асүйге, Мен сізге бір шəугім емес, жүз шəугім шай қойып беруге жараймын. Жүр, көр, шай қойып көрсетейін. Бауыржан əжесін əй-шайға қаратпай, қолынан тартқан күйі асүйге алып кірді. Демде шəйнектегі ызылдап қалған суды төгіп, қайта толтырды, газды өшіріп, қайта жақты. шəйнекті отқа қойды. Əжесі аң-таң: – Апыр-ау, бұл қалай болды өзі? Демнің арасында бəрін қалайша біле қалдың? Бəрі дұп-дұрыс, орнықты. – Əже, мен бəрін білемін. Сізге бір шəугім шай қойып беруге жарадым ғой, ə? – Білгеніңнен айналайын мен сенің. Жарадың, жарадың. Əжесі де, немересі де қуаныштан жарылардай болып тұр. АДАМНЫҢ АҚПЕЙІЛІ Бауыржанның əжесі ауырып, қалалық ауруханаға түсіп қалды. Қалалық аурухана Бауыржандардың үйіне өте жақын, бар болғаны көшенің арғы бетінде. Төрт қабатты үлкен сұрғылт үй көшені ұзына бойлап тұр. Бауыржанның əжесі сол ауруханада жатыр.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Адам ауырған екен, оның көңілін сұрар болар. Адамның ақпейілі науқасты жарты аурудан арылтады. Бауыржан мұны жақсы біледі. Бұл – əжесі құлағына талай құйған əңгіме. Əжесі бұл сөзді басқалар ауырғанда айтатын, сөйтіп, қайткенде де, сол адамның көңілін бір сұрап қайтпай тыншымайтын, енді, міне, өзі ауырып қалды. Тезірек көңілін сұрап барып, əжесін жарты аурудан арылтуы керек. Аурудың көңілін сұрап адам өңкей жақсы сөз айтуы тиіс. Не айтуды Бауыржан жақсы біледі. Əжесінің осындай кезде айтқандарын талай естіген, көкейін де сайрап тұр: «Ештеңе емес. Сəл-пəл суықтап қалған сыз ғой. Мұндай-мұндай қыңқыл-сыңқыл болады десеңізші. Доғ дырдың айтқанын істеп, берген дəрісін түк қалдыр май ішу керек. Доғдыр дегеніңіз – бір айналайын. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген, тез айығып кетіңіз». Əжесінің не дейтіні де белгілі. «О-о, Бажан келіп қалыпты ғой. Құлыным менің! Əжең сəл-пəл ауырып қалды. Сен көңілімді сұрап келдің болды, ауырғанды қоямын енді. Доғдыр рұқсат етсе, үйге қайтамын». Жалпы, ауырған адам шынымен жазылды ма, жоқ па, оны тек дəрігер ғана біледі. Ал басқалар аурудың көңілін сұрауға асығуы керек. Əншейінде Бауыржан көшенің арғы бетіне ойлана-ойлана өтер еді. Өйткені аурухана мен Бауыржандардың үйі нің арасындағы Коммунист көшесі – қаладағы ең үлкен көше. Қашан болмасын бұл көшемен машина ерсілі-қарсылы дамылсыз жосып жатады, өту қиын. Ал қазір, амал қанша, арғы бетте – ауруханада əжесі жатыр, өту керек, көңілін сұрау керек. Əрине, көше қиылысынан өткен дұрыс-ақ, бірақ ол қайда-а, талай жер. Айналып жүргенше көше жиегіне барып аңдып тұрып, машина легі саябырси бергенде, лып беріп өте шықса болғаны. Машина əрлі-берлі зуылдап тынбай, жол бермей, Бауыржан көше жиегінде бір қауым уақыт тұрды. Ақыры сирексіді-ау, Бауыржанның да күткені осы еді, арғы бетті бетке

Øàғûí õèêàÿòòàð алып салып ұрды. Көшенің ортан белінен аса берген, дəл өкпе тұсынан зы-ың-ң еткен дыбыс шықты. – Бала, тоқта! Неге көшені рұқсат етілмеген жерден кесіп өтесің? Тоқта! Бауыржан жалт қарады. Сарыжолақ «Жигулиден» бір милиционер ағай түсіп жатыр. Амал қайсы, Бауыржан милиционер ағайға қарай жүруге мəжбүр болды. Бауыржан мен милиционер ағай бетпе-бет келді. Сол сəт милиционер ағай оң қолын милығына апарып, қаздиып қалт тұра қалды да: – Старшина Саудабаев, – деді. Бауыржан бірдеңе деу керек екенін сезе қойды. – Б-ба, жо-жоқ... үшінші сынып оқушысы Бауыржан Смағұлов, – деп саңқ ете қалды. Старшина Саудабаев мырс етіп күліп жіберді. – Жарайсың, Бауыржан! Бүйтіп нық жауап беруді қай дан үйреніп жүрсің? – Теледидардан. Солдаттардан. – Дұрыс, дұрыс. Солдаттан үйрену керек. Ал енді көше тəртібін бұзғанды кімнен үйреніп жүрсің? – Ешкімнен. Өзім бұздым. – Мұның да дұрыс. Ендеше, үш сом айып. Ақшаң бар ма? Бауыржанның екі көзі тас төбесінен шықты. – Ақшам жоқ. – Жоқ болса, əке-шешеңнен əкел. – Олар бермейді. – Енді кім береді? – Əжем. – Е-е, онда əжеңнен əкел. – Əжем ауырып жатыр мына ауруханада. – Сен қайда бармақсың енді онда? Отыр үйіңде, бүйтіп тəртіп бұзғанша. – Мен əжеме барам. Көңілін сұраймын. Сонда əжем тез жазылады. Соған асығып бара жатырмын.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Өй, жолың болғыр, бағанадан бері сөйдемейсің бе? Əжемнің көңілін сұраймын де. Сұра, сұра. Бара ғой. Əжең тез жазылсын! Бірақ ендігəрі көше тəртібін бұзба. Қиылыстан өт. Əжесінің көңілін сұраймын деп бара жатқан балаға бағдаршам əр кез ашық – жасыл көше. Сен барған соң əжең жарты ауруынан айығар, неғыпты? – Рақмет, ағай! Мен кеттім. – Бара ғой, Бауыржан. Бауыржан Смағұлов пен старшина Саудабаев алғаш қату болғанмен, өстіп, аяғы тату болып ажырасты. Қанша көріп жүргенмен, елең қылмапты, сөйтсе төрт қабатты сұрғылт үйдің есік-терезесі көп екен. Бəріне жұрт кіріп-шығып жатыр. Бауыржан қайсысына беттерін біл мей, дел-сал болып біраз тұрды. Осылай тұра берер ме еді, кім білсін, дəл қарсыдағы есіктен ақ халатты ағай шықпағанда. Неге екенін ақ халатты ағай Бауыржанға бір сəт қадала қарап қалды. Содан соң: – Ия, балақай, кімге келдің? – деді. – Əжеме. – Əжең кім? – Əжем, əже. Ағай жымиды. – Əжең əже екені рас қой. Фамилиясы кім дегенім де. – Фамилиясы кім? Біл... жо-жоқ. Білем. Тұра тұрыңызшы, ойланайын. – Өз атың, фамилияң кім? – Бауыржан Смағұлов. – Е-е, болды. Əжеңнің фамилиясы – Смағұлова. – Жоқ, олай емес. Əжем көкемнің емес, ағамның мамасы. Олардың фамилиясы бөлек. Қалай еді? Т-т... Тасболатова. – Міне, жігіт! Жарайсың, таптың. Енді əжеңнің ауруын айт, қай есікке кіретініңді көрсетіп жіберейін. Əжең немен ауырады? – Білмеймін. – О, о, оның қызық екен. Адам бізде ауруына қарай

Øàғûí õèêàÿòòàð бөлім-бөлімге бөлініп жатады. Əжеңнің ауруын білмесең, болмайды. Мен көмектесе алмаймын. Бауыржан қорқып кетті. Əжесін енді таптым-ау дегенде қарашы енді! – Ағай, білем-білем. Əжемнің белі ауырады, екі тізесі бас қызбайды, сүйек-сүйегі сырқырап қақсайды, көзі жөнді көрмейді, құлағы жақсы естімейді. Дəрігер ағай күліп жіберді. – Əй, Бауыржан, айтқаныңның бəрі дұрыс. Оларыңның диагнозы біреу-ақ. Оның аты – кəрілік. Ал сенің əжең белгілі бір аурумен келген болуы керек бізге. Сен соны біліп кел. – Білем. Қазір. – Немене, үйлерің жақын ба еді? – Жақын. Əне, ана үй. – Е-е, бізге көрші екенсің ғой. Онда бар да, біліп кел. Сөйте ғой. Əжеңді іздеп шыққан екенсің, тап, көңілін сұра. Сен көңілін сұрап барсаң, əжең ауруынан тез айығады. Аурудың көңілін аулаған жақсы. Адамның ақпейілі – шипа. – Мен оны білемін, ағай. – Қайдан? – Əжем айтқан. – Солай, ендеше. Бар, жүгір үйіңе. Бауыржан жалт бұрылып, үйіне қарай жүгірді. Амал қайсы, старшина Саудабаевқа берген уəдесі бар, сонау қиылыстан барып өтеді. Кім білсін, көшені кесіп өтсе, старшина тоқтатпас та. Тоқтатса, əжесі үшін асығып жүргенін айтар еді. Уəденің аты – уəде. Адам сөзінде тұруы керек. Бауыржан жүгіре басып барады. Бұл əжесінің көңілін неғұрлым ертерек сұраса, ол солғұрлым жылдам жазылады. КӨҢІЛШЕК Бауыржан – көңілшек-ақ, мұнысы əр кез көрініп тұрады. Оның бəрін тізіп жатпай-ақ, осы жаңағы бір əзірде ғана болған мына бір жайттарды айтса, аз болмас.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Қазір мезгіл мамырдың ортан белі. Күн көзі үлкеннің де, кішінің де сығырая қарауына жарап қалған кез. Мұндай кезде аула қызығы таусылған ба. Тоңып үй кірмесіне тығылатын қыс, ыстыққа булығып көлеңке қуалайтын жаз емес. Көктемнің бұл шағын қойсаңшы, шіркін! Жан-жақты саумалдай өскен тал-дарақ пен газондардағы сан алуан гүлдер жұпар есіп, кеуде кеңітіп, жүрек алып ұшып тұрған шақта үйде бала атаулы отырған ба? Жо-жоқ, əйда, асыр сал да, ойна. Доп қу, секірмекті зулат, қуаламақты тасырлат. Аула балалары дəл өстіп жатыр. Кішкентай балалар құм үстінде жем шашқан торғайша шүпірлеп ойнап отыр. Одан ересектеу бір топ бала саяқтың үйіріндей олай бір, бұлай бір жосып өтеді. Бауыржан қуаламақ ойнап жүрген осы жүйрік топ ішінде. Олар жандарынан əрбір жосып өткен сайын кішкентайлар бір шулап қалады. Осындай бір қарбалас шақта Бауыржан Серіктің добын бар пəрменімен теуіп өтті. Серік те – бір үйдің еркесі. Бұл қорлыққа көнбек қайда, ойбайды салды. Бауыржан бүлдіріп алғанын білді, состиып тұр. Сонан соң домалап анадай жерге енді жетіп, дамыл тапқан допқа қарай тұра жүгірді. Барды да, алып келіп Серікке берді. Серік жылағанын қояр емес. Жұбату керек. Қалай? Аяғы ғой пəлені бүлдірген. Бауыржан жалма-жан доп тепкен оң аяғын бір адым алға тосып, балағын түріп жіберіп: – Серік, мə, теп! Осы ғой, – деді шын пейілмен. Серік нағыз безердің өзі екен, қыр жіліншіктен сарт дегізіп бір тепті. Бауыржан бүгжең ете қалып, аяғын қос қолдап ұстаған күйі отыра кетті. Есеп бір де бір. Өз кінəсін өзі біледі ғой, Бауыржан дауыс шығарып жылаған жоқ. Бірақ балалардан шеттеп қалды. Ендігі бір сəтте ол қыздарға барып қосылып кетті. Қыздардың «ананы өйт, мынаны бүйтін» жан ұшырып орындап жүр. Бəрі жақсы, жарастықты. Қыздардың тапсырмасы бірте-бірте көбейіп, Бауыржан

Øàғûí õèêàÿòòàð үлгермеуге айналды. Намысты оңайлықпен қолдан бер сін бе, арса-арсасы шыққанына қарамай, қыздардың саусағының ұшынан, нұсқаған жерінен табылып жүр. Осындай қарбаласта Сəуленің əкеліп жанына отырғызып қойған ойыншық мысығы жолына тұра қалыпты. Айналып өтуге уақыт жоқ. Бір теуіп, ұшырып түсірді. Сəуле шап ете қалды: – Көзің қайда? Бауыржан екі көзін жыпықтатты. – Міне. – Ол көз емес. Көз болса, неге көрмейсің аяғыңның астындағыны. – Көз. Байқамай қалдым. – Көз емес. – Көз. Бұл жолы Бауыржанның аузы мен қолы бірге қимылдады, Сəулені иығынан қойып жіберді. Сəуле шар ете қалды. Бауыржан состиып, жер боп тұр. Қайтсе жұбанады мына шыбық тимес шыңқ етер қыз. Қолы ғой кінəлі. Жеңін түріп жіберіп, білегін алға тосты. – Мə, ұр, Сəуле! Қатты ұр! Мен де жылайын. Ыза боп тұрған Сəуле аясын ба, майлы білектен осып өтті. Шапалағы қандай ащы еді. Бауыржан жылап жібе ре жаздады. Ұрған қыз болған соң ғана шыдады. Енді қыздардың арасында да қызық қалмаған еді, шеттей берді. Қайда барарын, кімдерге қосыларын білмей дал болып тұрған, тұсынан бір топ бала жүгіріп өтіп бара жатты. Бауыржан ай-шайға қарамай, қапталдан сарт етіп кеп қосылды. Сөйткенде Маратпен соқтығысып қалды. Екеуі де етбеттерінен түсті. Бауыржан атып тұрып, үстін қаға бастады. Марат тұрар емес, жатыр. Бауыржан төніп тұр. – Не болды, Марат? – Не болды? Сен қағып жықтың мені. Шекем-ай, шекемай! – Мен бе кінəлі?

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Сен. Бауыржан кепкасын жұлып алып, шекесін тосты. – Мə, ұр онда! Аяма! Мен де жылайын. Дайын шекені кім аясын, Марат дəл құлақтың түбінен бір қойды. Бауыржан ал кеп жыла! Əй, көңілшек Бауыржан-ай! Əуелі бүлдіріп алып, артынан соның бодауына əркімге əр жеріңді тосып жүргенде не тамтығың қалар екен?! «АТАМДІКІ» Бауыржан, Талғат жəне оның інісі Алдан үшеуі ойнап отырған. Ойында ештеңе жоқ, Бауыржан төрде сүйеулі тұрған домбыраға қол соза берген, Алдан шыр ете қалды. – Тиме-е! Тарт қолыңды! Бауыржан бір нəрсені бүлдірген екенмін деп шошып қалып, қолын тартып ала қойды. – Ол – атамдікі. Ұстама. Сындырасың. Домбыраны адам сындыру үшін емес, тарту үшін алмай ма екен қолға. – Алдан, сындырмаймын, тартамын. – Ал, Бауыржан, тарт. Талғаттың сөзі аяқталар-аяқталмастан, Алдан домбыраны бас салды. – Жоқ, тартпайды. Сынып қалады. Атам ұрсады. – Бер! Тартсын. – Бермеймін. Домбыра сенікі емес, атамдікі. Атам «ешкімге ұстатпа» деген. – Қашан? Атам қайта біздің домбыра тартқанымызды жақсы көреді. – Жоқ, жақсы көрмейді. Алдан домбыраны алдына өңгеріп алған, өлсе ажырар емес. Өзінен кіші баламен ерегісіп, ешкім абырой таппайды. – Талғат, мейлі. Алданның айтқаны-ақ болсын. Басқа бірдеңе ойластырайық. Қызық кітап бар ма? – Бар.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Бар болса, əкел, оқиық. Талғат шкафтан қалың қызыл кітапты алып, Бауыржан ға ұсына берген. – Ұстама-а! – Не болды мына Алданға тағы? – Алма. Жыртасың. Ол – «Қазақ ертегілері», атамдікі. Атам «ешкімге оқытпа» деген. – Қашан? Атам кітап оқуға ешқашан қарсы болып көрген емес. – Оқысаңдар, басқа кітап оқыңдар. Атамның кітабын оқытпаймын мен сендерге. – Сен өйтіп керги берме, бала. Таяқ жейсің. – Талғат, тиме! Басқа бір ермек табайық. – Мейлі, онда дойбы ойнайық. – Бар ма еді? – Бар. – Онда əкел. – Əкелмейсің. Ойнамайсыңдар. Шашып құртасыңдар. – Шашқаны несі? – Дойбы – атамдікі, атам «ешкімге ойнатпа» деген. Талғат күйіп кетті. – Мынау қайтеді, ей? Қызғаншақ? Көрсетейін мен саған... Талғат інісіне тап берген. Бауыржан ұстап қалды. – Талғат, қой! Алдан-ақ алсын бəрін. Жүр, біз кеттік далаға. – Бара беріңдер. Қайда барасыңдар, келесіңдер қазірақ. – Өзің келіп жүрме соңымыздан. – Тапқан екенсіңдер ақымақты! Сендер далада сандалып жүргенде отырам үйде. Домбыра тартам, ертегі оқимын, дойбы ойнаймын. – Отыр. Көреміз қанша отырғаныңды. Бауыржан мен Талғат ойын қызығына түсіп кеткен. Алдан ұмыт болған. Ал Алдан бұларды ұмытпапты.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Алдан тұр балконда сүмірейіп, бір қолында домбыра, екіншісінде – дойбы, қолтығында – «Қазақ ертегілері». Екеуі осылай боларын о баста-ақ білген. – Бауыржан, Талғат, бері келіңдер, жүріңдер үйге. Мə, мыналарды берем. Атам ұрыспайды. Алданның сөзіне ешқайсысы құлақ асқан жоқ, ойындарын жалғастыра берді. Алдан тұр балконда телміріп. МҮГЕДЕКТІҢ МАШИНАСЫ Қалай байқамаған. Бауыржан мен Талғатқа керегі дəл иектерінің астында тұрыпты. Назар аудармаған, əйтпесе əлдеқашан алатын еді ғой. Екеуі ойнап көрші үйдің ауласына барған. Бір кез Талғат Бауыржанды иығынан қойып қалды: – Бауыржан, таптым, таптым! – Нені? – Нипельдің қақпағын. – Кəне? Талғат сұқ саусағымен ауланың төр жақ бұрышында тұрған ақ «Запорожецті» көрсетті. – Əне. Ананың нипелінің кақпағы велосипедтікіне тұптура келеді. – Қойшы, ей! – Рас. Екеуі орындарынан атып-атып тұрып, ақ «Запорожецке» қарай ұмтылды. Ентелеп келген күйі екеуі машинаның алдыңғы екі дөңгелегіне жармасты. – Ой, балалар, бұларың не? Дəл құлақтарының түбінен шыққан өктем үн екеуін де бойларынан ток жүріп өткендей тітіркендіріп жіберді. Екеуі де жалт-жалт қараған. Дауыс иесі – көше комитетінің төрағасы Өмірбек ағай екен. Ұзын бойлы, қалың қабақты, онсыз да сұсты кісі ашудан түтігіп кетіпті.

Øàғûí õèêàÿòòàð Бауыржан мен Талғат зəрелері ұшып, орындарында қақиып қатты да қалды. – Нені бүлдіріп жатырсыңдар? Кəне, дереу орнына келтіріңдер. Екеуі əлі ештеңені бүлдіре қойған жоқ еді. Сонда да көздері жыпық-жыпық етеді. – Онда былай, бері жүріңдер! Екі бала үн-түнсіз Өмірбек ағайдың айтқанын істеді. Өмірбек ағай балалардың қатты қорқып кеткенін білді, жүзін жылытып, жымиып қойды. – Балалар, сендер неменеге дірілдеп тұрсыңдар? Мен құбыжық емеспін, қорықпаңдар, айтыңдаршы, бұл кімнің машинасы? – Кімдікі? – Білмейміз. – Иə, білмейсіңдер. Білсеңдер, тимес едіңдер. Сендер не, қозғалыс белгілерін оқып үйренбегенсіңдер ме? – Жоқ. – Оқығанымыз жоқ. – Бəсе. Ана алдыңғы жəне артқы əйнектерге жапсырылған үш бұрышты белгіні көрдіңдер ме? – Көрдік. – Көрсеңдер, ол – «Абай болыңыз! Рульде – мүгедек!» деген белгі. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл белгі – мына машина мүгедек адамның машинасы дегенді білдіреді. Ал бұл ақ «Запорожецтің» иесі Файзолла ақсақал – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, бір аяғы тізеден төмен жоқ, Польша жерінде қалған. Сендер сол мүгедек аталарыңның аяғын ұзартып жүрген көлігіне көз аларттыңдар. Бауыржан да, Талғат та жерге кірермен болды. – Ағай, біз білмей қалдық. – Бауыржанды бұған бастаған мен едім. Біз еш нəрсесіне тигеніміз жоқ. Кешіріңіз. – Солай ма? Білмегенді кешіруге болады. Көрмейсіңдер ме, бұған ешкім тимейді. Сендер де тиіспеңдер. Қайта

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ екеуің бір мезгіл бас-көз болып жүріңдер. Бұл қыстай гараж да тұрған. Файзолла атай енді жаздай мінеді мұны. Ол ма ши насын ертелі-кеш алыстағы гаражға апарып қойып жүре алмайды. Сондықтан бұл ақ «Запорожец» осы жерде тұ рады. Біздің үлкеніміз де, кішіміз де мұны көздеп жүруі міз керек. – Ағай, уəде береміз. Сіздің айтқаныңызды орындаймыз, – деді Бауыржан. – Біз енді мұның маңынан ешкімді жүргізбейміз, – деді Талғат. – Сөйтіңдер. Бірақ сендер бұл қамқорлықтарыңды Файзолла атайға білдірмеңдер, көңіліне келіп қалар. Адам жақ сылығын жарияламай жасар болар. – Сөйтеміз. Білдірмейміз. – Бұл «Запорожецке» енді жан адам тимейтін болады. Өмірбек ағай өстіп ойда жоқ жерден Бауыржан мен Талғатқа осындай бір міндет жүктеді. Екі бала сөзінде тұрды. Ертелі-кеш ақ «Запорожецті» көздеп жүргендері. Файзолла атай балалардың бұл қамқорлығын сезбеді дейсіңдер ме, сезді. Инабатты, тəртіпті балалар екен деп разы болып қояды. Ол кісі мұны жалғыз өзіне ғана емес, бүкіл мүгедек атаулыға көрсетілген құрмет деп біледі. Атай Бауыржан мен Талғаттың нипель қақпағын шығарып алмақ болғанын білмейді, əрине. Білмегені жақсы. КЕЙІН КӨРЕМІЗ Бауыржан əжесі екеуі қала маңындағы кеңшарда тұратын туысқандарының үйіне барған, қайтарында екі көжек көтере келіпті. Көрген бойда үй іші түгел шу ете қалды: «Ойбай-ау, мұны қайтеміз?» Əжесі абыржып отырып болған жайды айтты. Бауыржан туысқанының өзіндей баласы – Жақсылықтың қоянын көріпті де: «Маған көжек керек, бер», – деп жата жа-

Øàғûí õèêàÿòòàð бысыпты. Жақсылық қонақтың көңілін жықпай екі көжек бермек болыпты. – Қарағым, Жақсылық, бермей-ақ қой. Үйіміз мынандай болса бірсəрі, қора жоқ, бірінің үстіне бірін жинаған сандық сияқты, сатылы үйде қиын. Бауыржан, қой, балам, құры əуреге түсеміз, – деп əжесі оң рай бермеген. Көнетін Бауыржан ба, екі көжекті тас қып құшақтап алып, айрылмай қойған. Əжесі амалсыз көнген. Раушан мен Лəйлə шүпірлеп, көжектерді бас салды. Апасы тұр не дерін білмей, күлімсіреп. – О-о, – деді əкесі. Бəрі тына қалды. – О-ой, бұл болмайды. Бауыржан да жауабын əзірлеп үлгерген екен, сыдырта жөнелді. – Өзім асыраймын. Лоджиядағы шайдың жəшігіне са лып қоямын. Шөбін өзім жұлып əкелем, жемін өзім берем. Əкесі қабағын шытып, даусын көтерді: – Жоқ, болмайды, мынадай үйде қоян асыраған деген не сұмдық? Естіген елден ұят. Қашан да Бауыржанның ең əуелгі мияты – екі қарындасы. Соларды алға тартты. – Раушан мен Лəйлəға да керек. Раушан мен Лəйлə не дерін білмей, əкелерінің қаба ғына қарады. Əкелері енді кесіп айтты: – Қажеті жоқ, апарып тастаңдар! Осы қазір əкетіңдер! Осылай деуін деді, бірақ көңіл жықпас бір сезім қылаң берген. Бауыржан ерні салбырап, танауы қусырылып жүдеп тұр. Апасы мен əжесі Бауыржанды аяп кетіпті, жарыса ара түсті. – Көкесі, қой енді. Не болса соған шектей бермейік баланы. Жан-жануар асырап, араласып өскен бала мейі рім ді болады. Асырасын. – Сөйтсін. Баланың меселін қайтара бермеңдер, түге. Апасы да, əжесі де – жақсы адам. Ол жағы Бауыржанға

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ əлдеқашан белгілі. Енді бірдеңе десе, Бауыржанға əкесінен жаман адам жоқ. Əкесі Бауыржанның көңіліне қарады, келісті. – Мейлі, асырай ғой. Бірақ жақсылап күтетін бол, балам. – Мақұл, көке. Бауыржан екі көжектің қамына мықтап тұрып кірісті. Бір қарасаң, даладан шөп жұлып əкеле жатады, енді бір көзің түсіп кетсе, су құйып, жем беріп жүреді. – Жарайсың, Бауыржан! – Мен жақсылап бақсам, көжектерім тез үлкен болады. Шындығында, көжектер тез үлкейді. Əне-міне дегенше, бұрын шай салған үлкен жəшіктің əжептəуір биік ернеуінен құлақтары ербиіп көрініп еді, едірейіп шыға келді. Сол сол-ақ екен, шоқшиып отырып сыртқа сығалап қарағанды шығарды. Содан жəшікті бұйым құрлы көрмей, қарғып шығып, лоджияда еркін жортаққа басты. Енді екеуі де талыстай-талыстай қоян болды. Дұрыс-ақ дедік. Бірақ Бауыржан қояндарға қарауды қойып бара жатты. – Раушан, шөпті бүгін сен жұлып əкелші. – Лəйлə, бүгін сенің кезегің. Бар, даладан шөп жұлып əкел, – деп қарындастарын кезек-кезек жұмсауға көшті. Несі бар, адамның үлкені кішісін жұмсағаны жарасады. Көп болып қолға алған іс оңады қашанда. Сөйтсе, Бауыржан қояндардан мүлде жериін деген екен, қол ұшын тигізгенді қойды. Қашанғы шыдасын, екі қыз қыңқыл-сыңқыл шығара бастады. «Кеше шөпті мен əкел гем, бүгін сен əкелге» көшті. Осындай бір егесте Лəйлə тоқетерін бір-ақ айтты: – Көжектердің Бауыржанға керегі жоқ болса, бізге түкке қажеті жоқ. Раушан да зорға шыдап жүр екен, Лəйлəнің сөзін іліп əкетті: – Шынында, бұлар неге керек? Апарып тастаңдар. Бауыржан да айтатын сөзін жұптап апты:

Øàғûí õèêàÿòòàð – Бұлар көжек емес, қоян. Қоян құрысын, сасық. Маған овчарка күшік керек. Əперіңдер. Көп қабатты үйде үй жануарларын ұстау – болмаған тірлік. Бұрын жайнап тұратын лоджияның əлдеқашан əлекшəлегі шығып, екі қоянның қорасына айнала бастаған. Бұл жай, əсіресе, апасына батады екен, бірден келісті: – Көкесі, сөйт. Күшік тауып бер. Ит – адамның досы. Бала мейірімді болып өседі. Əжесі де ығыр боп жүреді екен, қуана құптады: – О баста-ақ айтып ем, қояны құрысын деп. Болдыңдар ма? Енді таптың нені асырауды, балам, Ит асырау керек. Ит – жеті қазынаның бірі, ырыс. Раушан мен Лəйлə мұндайда қарап тұрған ба, жарыса қостады: – О-о, күшік! Күшік жақсы. – Ура! Біздің итіміз болады. Бəрі өстіп қаумалап тұрғанда көкесі қайда барсын, келісті. Күшік те табылды. Ғажап болды. Бұрын сəске түске дейін пырылдап ұйықтап жататын Бауыржан таң алакеуімнен күшігі қыбыр етсе, бірге атып тұрып, далаға атқып шығып бара жатады. Содан ұзақты күнге күшігінен бір елі ажырамай, аулада асыр салып ойнайды да жүреді. Жаз бойы сөйтті. Күз келіп, мектепте оқу басталғанда көк күшік көкшулан арлан болды. Бұрынғыдай емес, Бауыржан ертеңгісін тұра салып, беті-қолын апыл-ғұпыл жуып, бірдеңе тістеген боп, мектепке тартады. Көкшуланды апасы жетектеп бара жатады далаға. Көкшулан күндіз де есік тырналайды. Үйде басқа жан жоқ, əжесі алып шығады. Кешкісін серуенге шыққанда көкесі ертіп алады. Бауыржан итіне анда-санда ғана еш құлықсыз бір маңайлаған болады. Бауыржанның мұнысына ең алдымен апасы мен көкесі шыдамсыздық көрсетті. – Мынауың керек пе, жоқ па өзі? Керегі жоқ болса, құрт көзін.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Мынадай бірінің үстіне бірін жиған сандық сияқты үйде ит ұстап бола ма? Ит тұрмақ адамның өзі зорға шыдап отырғанда неме керек ол. Əкетіңдер аулақ! Бауыржанның да айтатын сөзі даяр екен: – Маған иттің керегі жоқ, күшік керек. Раушан мен Лəйлə ішек-сілесі қатып күлді. Апасы күйіппісіп: – Ойбай-ау, күшік ит болмай ма? Мынау да басында күшік болатын. Көжек асырасаң қоян, күшік асырасаң ит болады. – Онда маған аквариум əперіңдер. Балық асыраймын. Балық – барлық кезде балық. Бауыржанның мына сөзіне көкесі не дерін білмей, сілейді де қалды. – Айтып тұрғаны рас, – деді апасы. – Сөз тапқанға қолқа жоқ. Аквариум, балық əперіңдер, – деді əжесі. – Аквариум! Аквариум! – деп қуанды Раушан. – Балық. Біздің үйде алтын балық болады, – деп мəз бол ды Лəйлə. – Жарайды, – деді көкесі. – Көкшуланды қайтеміз? – Қойды адам атпен емес, итпен қайыратын болыпты ғой бүгінде. Əнеугүні Шəкен жата жабысып еді, соған береміз, – деді əжесі. Солай болды. Көкшуланды қойшы туысқандары алып кетті. Апасы мен Бауыржан зоодүкенге барып, аквариум, балық алып келді. Аквариум қонақжай бөлменің төргі бұрышына орналастырылды, су құйылып, ішіне балық жіберілді. Əдемі малта тастар, алуан түрлі су өсімдіктерін салып құлпыртып қою керек. Су ішіне оттегі жіберетін кондиционер қажет. Ойдан-қырдан дегендей, осылардың бəрі табылды. Аквариум сурет болды да шыға келді. Бауыржан қашан көрсең, аквариум маңында жүреді. Əңгімесі – балықтардың қызық қылығы. Бəсе, Бауыржан – жан-жануарды жақсы көретін бала.

Øàғûí õèêàÿòòàð Бірақ үй ішінің бұл қуанышы да алысқа бармады. Көп ұзамай-ақ ол: – Раушан, мен ойнауға барам. Теледидар көріп болған соң ажыратқышқа кондиционерді жалғай сал. Күнде сөйтесің, – деп тете қарындасын жұмсап жатты. Келесі кезек Лəйлəнікі, əрине. Бауыржан ертесіне дəл солай етті: – Лəйлə, балықтарға жемді енді сен шашып тұрасың. Ертеңгілік бір, кешкілік бір азғантайдан шаш. Балық аш тықтан емес, тоқтықтан өледі. Шын, кітапта солай жазылған. Бауыржан өстіп аквариум айналасындағы барлық тірлікті екі қарындасына бөліп берді де, өзі жай сырттай бақылаушы болып шыға келді. Мейлі, тағы бір өнерді баста май, тыныш жүрсе бопты, əйтеуір. Балық дегеніңіз қоян да, ит те емес, азабы жоқ жануар екен. Ал аквариум болса, үйге жарастықты болып орнын тауып тұр. – Көке, мен аквариумды Раушан мен Лəйлəға бердім, – деді Бауыржан бағана. – Өте дұрыс істегенсің. Неге өйттің? – Балық, торғай асырау – қыздардың жұмысы. Маған фо тоаппарат əпер. Фотограф болам. – Балам, əрненің басып бір шалған болмайды. Апасы мен əжесі көкесін жақтырмай қалды. – Қой, папасы. Əпер сұрағанын. Болсын фотограф. – Сөйт. Суретке түсіру де үлкен өнер. «Өнерді үйрен де жирен» деген. Үйренсін. Раушан мен Лəйлə қуанып тұр: – О-о, Бауыржан фотограф болады. – Ол мені күнде-күнде суретке түсіреді. Көкесі енді бұдан əрі қыңырайса, үлкендердің көңілі қалып, балалардың меселі қайтады, көнді. Ал Бауыржан шынымен фотограф бола ма, жоқ па, оны кейін көреміз.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ТАЗАЛЫҚ КҮНІНДЕ Жұма – тазалық күні. Бір күні мектептің барлық оқушылары сияқты үшінші «в» сыныбы да соңғы сабақтан соң түгелдей қалып, өздеріне тиесілі жұмысты атқаруға кірісті. Үшінші сыныптықтар еншілеген жұмыс ауқымы аз да емес, көп те емес, өздеріне жетерлік. Сыныптың есіктерезелерін, парталарды, тақтаны тап-таза етіп жуып, сүрту, аулада өздеріне бөлінген жерді, гүлзарды мұнтаздай қып сыпырып, жайнатып қою – оңай шаруа емес. Бірақ көптің аты көп, сынып болып кірісіп кеп кеткенде, бір сəттеақ бітіріп тастайды. Бөлісте ішінде Бауыржан бар, бес баланың еншісіне шет кі қатардағы парталарды жуу тиген. Бұл дегенің осы бес бала жыл бойы тазалық күнінде алты партаны айнадай етіп жарқыратып жуып тұруы керек. Ал Бауыржан болса, парта жууды жек көреді. Əне бір күні парта жуамын деп пора-пора болып терлеп, былғамаған жері қалмай, рəсуасы шық қаны бар. Сонда партаға қайтып жуымасқа бекінген. Міне, енді парта жуу тағы алдан шығып отыр. Қайтпек? Қараптанқарап бас тарта алмайсың, бір амалын табу керек. Бауыржан соңғы сабақ бойы парта жуудан құтылудың жолын ойлаумен болды. Сабақ бітуге жақындаған сайын бір орында отыра алмай, тыпырши берді. Біресе екі шекесін ұстап, біресе ішін басып көрді. Бəрі орнында, ауырмайды. Рахима апай Бауыржанның мазасызданғанын байқап отырған: – Смағұлов, саған не болған, тынышың кетіп отыр ғой, – деді. – Апай, ішім ауырып отыр. Бауыржан осылай деуге бекініп пе еді, жоқ па, білмей де қалды. Əйтеуір, аузына түскен сөз осы болды. – Ішің ауырса, бара ғой. Өзі əрең шыдап отырған адам мына сөзден кейін бір минут аял қылсын ба, Бауыржан лып беріп сыныптан шыға

Øàғûí õèêàÿòòàð жөнелді. Шынымен ауырмаған соң қиын екен, жалғызданжалғыз сопайып қалай бармақ үй жаққа? Танитын біреуміреу кездесіп қалып: «Басқа балалар оқуда, сен неғып жүрсің мұнда?» десе қайтеді? Қой, үй жаққа баруға болмайды. Бауыржан көрші аулаға бет түзеді. Қыркүйекте аула баласыз, ойынсыз болған ба? Сəкіде бір топ бала отыр екен. Күнде ойнап жүрген, танитын балалар. Бауыржан келді де, қосылды да кетті. Əңгіме қызығына беріліп, іші ауыр ғаны мүлдем ұмыт болды. Өстіп отырғанда бұларға Талғат келіп қосылды. Ол дəл Бауыржанның қасына келіп отырып жатып: – Бауыржан, ішің ауырғаны қайда? Мұнда не істеп отырсың? – деп мұны шынтағымен бүйірден бір түртіп қал ды. Бауыржан тарс кетті: – Тапқан екенсіңдер парта жуатын ақымақты! Жуың дар өздерің! Еш жерім де ауырмайды. – Солай де, алдаған екенсің ғой. – Солай. Алдадым. Бауыржан қолды бір сілтеп, үйіне тартты. Келсе, апасы телефонмен сөйлесіп жатыр екен. Бұл кірген заматта апасы үсті-басын бір сүзіп шықты да, сөзін жалғастыра берді. – Міне, өзі де келді... Қайдам, еш жері ауырған бала сияқты емес. Көреміз қазір сұрап... Онда шақыртам дəрігер... Жарайды. Сізге көп рақмет, Рахима Тұрсынбайқызы. Апасы телефон тұтқасын қоя салды да, Бауыржанға ұмтылды: – Балам-ау, жай ма? Қай жерің ауырады? Іш дегені несі тағы? Жағымсыз бірдеңе жеп қойдың ба? – Жоқ, апа, еш жерім ауырмайды. – Қалайша? Мұғалімің айтып отырса, ішің ауырып, сабақта отыра алмапсың. Дəрігер шақыртайын. – Керегі жоқ, парта жуғым келмей, «ішім ауырды» деп амал қылып кеттім. Апасының екі көзі бақырайып бара жатты.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Бұл не пəле тағы? Оны кім үйретіп жүр? Бар, апайыңа шындықты айт, парта жуып қайт. – Олар тарап кетті. Сыныпта ешкім жок, – Сен не, сонда жолда ойнап жүрген екенсің ғой. – Иə. – Мұның болмаған екен, балам. Осы ақырғы рет болсын. Еш уақыт жолдас-жораңнан жырақтанушы болма, бəрің болып бір іске кіріскен екенсіңдер, бөлінбе. Ол жақсылыққа апармайды: жалғыз қаласың. Ертең бара салысымен апайыңнан да, жолдастарыңнан да кешірім сұра. Өйтпеске шара қайда, апасының айтқанының бəрі рас. Ертеңіне Бауыржан мектепке бетінен басқандай болып əрең келді. Мұның кеше кешірілмес іске барғанын бəрі білетін сияқты. Не болса соған қуыстанып, зықы шықты. Бəрі Бауыржан қайтер екен деп, əліптің аяғын бағатын тəрізді. Неше рет апайдан кешірім сұрауға оқталып еді, батпады. Жөнді бір оңтайы келмеді. Бар болғаны оқтыноқтын Талғатқа ұрланып қарай берді. Бірнеше рет көзіне көзі түйісіп қалып еді, неге екенін, ол емес, бұл тайқып кетті. Кінəлі адамның күні құрысын! Осындай мəре-сəре күймен соңғы сабақ та бітті-ау! Қоңырау үні естілісімен, балалар жапа-тармағай дəптерлері мен кітаптарын жинауға кіріскен. Осы сəт Рахима апай оң қолын сəл көтеріп: – Балалар, сəл аял қыла тұрыңдар, – деді. Сынып тына қалды. Бауыржанның өкпесі ауызына тығылды. – Балалар, кеше біз тазалық күнін əбден жақсы өткіздік. Əсіресе Талғат бастаған балалар ерледі. Бауыржанның ауырып қал ғанына қарамай, олар жууға тиісті парталарды дер мезгілінде айнадай етіп жарқыратып қойды. Мен оларға рақмет айтамын. Бүкіл сынып қол шапалақтап жіберді. Бауыржан ғана қосылмай, төмен қараған күйі портфелін шұқылап оты рып қалды. – Ал енді бүгінгі кезекші тақтаны сүртіп, бірен-саран

Øàғûí õèêàÿòòàð былғанған парта болса, соларды ғана жуып қойса, жарар. Мен қазір келем, – деп апай орнынан қозғала берген. – Апай! – деді Бауыржан. Рахима Тұрсынбайқызы жалт қарады. – Апай, бүгін кірлеген парталарды мен жуайыншы! – Неге? Кезекші ме едің? – Жоқ. Кеше... Ке-кеше, м-мен өтірік ауырып ем. – Қой! – Шын, апай! Бір жолға кешіріңізші! Бүкіл сынып кешірсін! Апам кешірім сұра деп еді. – Апаң болмағанда сұрамайтын ба едің? – Сұрайтын едім. – Бəсе! Қайтеміз, балалар? Бауыржан жусын ба парталарды? – Жусын! Бауыржан жалт қарады. Талғат разы болып күліп тұр. Бүкіл сынып шулап қоя берді: – Жусын, жусын! – Жарайсың, Бауыржан! Кешке дейін еңсесін басқан зіл қара тас серпіліп, Бауыржанның тұла бойы жеңілдеп сала берді. СӨЗІНЕ БЕРІК Қызық, біреу – қысты, біреу – көктемді, біреу – жазды, біреу – күзді ұнатады, қалғанын жек көреді. Бауыржан үшін жыл мезгілінің, ең жаманы – күз. Əлбетте, Бауыржан қаладан екі адым аттап шықтың болды, егіс алқаптарының басталатынын, оларда көкөністің алуан түрі өсетінін, күз келді екен – олардың, пісетінін, бəрін қалаға тасып жеткізетінін, дүкендердің сөрелерін қайыстырып тұратынын жақ сы біледі. «Балалар көкөніс жеу керек» деп əжесі де, апасы да, көкесі де алма, жүзім, қауын-қарбыз, қызан, шабдалы дегендеріңізді кезек-кезек себет-себет қылып көте ріп келіп жатқаны. Күздің осынысы рақат-ақ қой, шіркін!

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Жаманы қайсы сонда? О-о, ол көп! Ең алдымен, күзбен бірге оқу басталады, енді ал кеп күніге мектепке салпақта. Одан соң, күн суытып, үске қабат-қабат киім кию керек болады. Осының екеуі де Бауыржанға барып тұрған азап. Киім деген жыл мезгіліне қарай адамның үстіне өз-өзінен келіп лып етіп қона қалатын, білгің келген сабақ сарт етіп миыңа кіре кететін болса, нағыз өмір деп соны айт. Ал мынау не? Азап. Міне, тағы да күз келді. Басында айттық қой, бұл – жыл мезгілінің ішіндегі Бауыржанның ең жек көретіні. Оның анық-қанығына жету үшін алысқа бармай-ақ, осы жуырда ғана болған мына бір жайларды əңгімелеп қана қояйық. Бауыржан ала жаздай аяғына жеп-жеңіл сандал киіп жүретін, шұлықтың қажеті болмайтын, бауы жоқ, байлап əуреге түспейтін, аяғын сұға салатын да, тарта беретін. Күз келді де салқын түсті. Аяққа енді бəтеңке кию керек. Бəтеңке киетін болған соң шұлық кию керек екені өзөзінен түсінікті. Бəтеңке біткеннің шұрық тесік көзі, оған аумақ-саумақ өткізіп шандып байлайтын сала құлаш бауы болады. Киген сайын белді үзіп еңкейіп, екі аяқпен алы сып жату азап емей, немене? Азап, əрине. Бірақ адамнан амал артылған ба? Бауыржан да ондай анау-мынаудан құралақан емес, бірқақпайы бар. Бəтеңкені аяққа шұлықсыз-ақ сұға салып, бауын байламай-ақ, бір тартып қап, қара табанның астына қарай сүңгітіп жіберіп, тартып отыруды жақсы біледі. Ал көйлектің, костюм нің, шалбардың түймелерін жартылай салсаң – өмірің жеңілдеп, азап азая түседі. Бауыржан мұны жақсы біледі, сондықтан да мектепке дəл өстіп келіп жүрген. Ештеңе жоқ, бəрі дұрыс еді. Кеше Рахима апай Бауыржанды тақтаға шақырды. Бар пəле осыдан басталды. Бауыржан ойында ештеңе жоқ, тақтаға құлшынып-ақ шыққан, «Беретін сұрағыңызды беріңіз» деген батыл кейіппен апайға қарай берген. Апай дың сұрағы сабақ турасында емес, мүлде басқаша болды:

Øàғûí õèêàÿòòàð – Бауыржан, мұның не? Үсті-басың не боп кеткен? Түймең салынбаған, бəтеңкеңнің бауы байланбаған. Бауыржан не айтарын білмей, қипақтап қалды. Не десін, апайдың айтқанының бəрі дұрыс. – Мұның дұрыс емес екен, Бауыржан. Кəне, алдымен көйлегіңнің түймесін салып қой. Қайтеді, Бауыржан көйлегінің түймесін салды. – Костюміңнің түймесін сал. Амал қайсы, Бауыржан костюмінің түймесін салды. – Ал енді бəтеңкеңнің бауын байла. Лаж жоқ, Бауыржан бəтеңкесінің бауын байламақ болып еңкейе берді. Аяғында шұлық жоғын көрсетпейін деп, жасқаншақ тартып, бүгежектеп қалды. Рахима апай Бауыржанның бəтеңкені жалаңаяғына киіп жүргенін көріп қойды. – Бауыржан-ау, немене, шұлығың жоқ па? Бауыржанның екі құлағы ду ете қалды. «Ұялған тек тұрмас» деген рас. Бауыржан қатты ұялған. Бірақ амал қайсы, бірдеңе деу керек. – Бар. Өзім кимей жүрмін, – деп шынын айтты. – Неге? – Ерінем. – Қалайша? Сонда түймені салуға да ерінеді екенсің ғой. – Иə, ерінем. Балалар аң-таң, ішінара күліп жібергендері де бар. – Бұл не болғаны сонда? Балалар, айтыңдаршы, не дейміз Бауыржанның мұнысына? – Не дейміз? – Ерінбе – дейміз. – Иə, сөз біреу – ерінбе. Бір бұл емес, еріншек болсаң, əлі талай ұятқа қаласың. – Мақұл. Ендігəрі ерінбеймін, апай. Уəде беру – о бастан оңай, ал оны орындау – қашаннан-ақ қиын. Бауыржан кейінгісін ойлап жатпады, оңайына қарай қашты. Ал Рахима апай болса, Бауыржанның айтқанына сенді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Əрине, Бауыржан да – өз сөзінде тұратын бала. Ертеңіне мектепке мұнтаздай болып, тап-таза киімдерін киіп келеді. Сонда жан адам бұны тергемейді, ешкім таңырқап қарап, күлкіге айналдырмайды. Бірақ адамның ойға алғаны ның бəрі орындала бермейді. Қолдан келмеске лаж жоқ, қолдан келіп тұрғанның орындалмағанына, əрине, адамның өзі кінəлі. Бауыржан ойын қызығымен жүріп, сабақ басталуға жақын қалғанда даладан үйге ентіге кірді. Мұндайда кей нəрсенің ұмыт қалатыны – заңды. Ұмытпайтын біраз нəрсе: алдымен апыл-ғұпыл ауызға бірдеңе салу керек, содан соң сабаққа дайындал, дайындалма, қолға портфельді алу керек. Қалғаны не, аяққа бəтеңкені сұға сал да – есіктің тұтқасына жармас, сөйт те, баспалдақпен заулап кеп жөнел. Сөйтті. Бəтеңкесі күндегісінше тарп-тарп етіп, екінші қабатқа жете бергенде барып, есіне шұлық кимегені түскені. «Не істемек керек?» деп үлгергенше, екпінін тоқтата алмай, далаға атқып шықты. Кері бұрылайын десе, үйдегі əңгіме сыныптағыдан аз болмайды. – Ой, осы бала-ақ ұмытшақтығын қоймайды-ау! – дейді апасы. Екі қарындасы апасынан қалыспайды: – Бұл шұлықсыз бəтеңкесін қалай киеді? – дейді Раушан, кəдімгі бір мұның шұлықсыз жүретіндігін бірінші рет көріп тұрғандай-ақ. – Бауыржанда ешқашан шұлық болып көрген емес, – дейді Лəйлə, бұл тіпті қыста да шұлық кимейтіндей-ақ. Тоқташы, шынында, шұлық бар ма өзіңде? Иə, бар, қыс тай киіп шыққан. Бірақ олар қазір қайда, қай қуыста? Оңайлықпен табу қайда? Ал мектепке шұлықсыз бару... Жо-жоқ, айта көрме! Бауыржан жалма-жан жан-жағына қарады... Шеткі бірінші подъездің алдындағы орындықта ерте көктемнен суық күзге дейін əр нəрсені бір ермек етіп аулада жүретін Айбала мен Ұмытшақ əжейлер отыр екен. Соларға қарай

Øàғûí õèêàÿòòàð берді де, қатты ыңыранып, ішін ұстап, бүк түсіп отыра кетті. Екі көзінің қиығы əжелерде. Əжелер де орындарынан атыпатып тұрды. Бауыржанға да керегі осы, қисалаң етіп жата кетті. – Ойпырым-ай, мына балаға не боп қалды? – деді Айбала əжей. – Соқырішек болған шығар, – деді Ұмытшақ əжей. Екі əже ентелей басып келіп, Бауыржанды екі қолтығынан демеп, үйіне алып жүрді. Мына жайды көргенде Зияда əжей шошып кетті. – Ойбай-ау, не боп қалды? Жаңа ғана сап-сау кеткен бала еді. Бауыржан, Бажабай, не болды саған? Бауыржанда үн жоқ. – Далаға жүгіріп-ақ шығып еді, ішін басып отыра кетті, – деді Айбала əжей. – Сөйтті де тыраң етіп жата кетті, – деді Ұмытшақ əжей. Үшеуі қаумалай əкеліп Бауыржанды диванға жатқызды. Лəйлə шкафтағы дəрілерге жүгірді. Раушан телефон ға жар масты. Əжесі Лəйлə əкеп берген дəрі-дəрмек салынған қобдишаны апыл-ғұпыл ашып жатыр, Раушан «Жедел жəрдемге» жалғасып үлгерді. – Алло... Жедел жəрдем... Осы сəт Бауыржан орнынан атып тұрды. – Мен ауру емеспін! Əжесінің қолындағы қаңылтыр қобдиша қаңғыр етіп еденге ұшып түсті. Дəрі-дəрмектің бəрі шашылып кетті, Раушан телефон тұтқасын өз орнына тастай салды. Лəйлə селтиіп тұрып қалды. Айбала жəне Ұмытшақ əжейлер сытылып шыға берді. Екеуі: – Əкем-ау, мұнысы несі? – Бұл бір қызық болды-ау! – десіп таңдайларын қағып бара жатыр. Зияда əжей: – Мұның нең, қарағым-ау! Жаңа ғана түр-түсің бұзылып,

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ауру болатынсың. Ал қазір екі көзің жайнап барады. Саусың. Мұның аты не? – деп немересін тергей бастады. – Түк те емес. Маған дəрі де, дəрігер де емес, шұлық керек. – Сол-ақ па бар болғаны? Ойпырым-ай, бұл не сөз? – Əже, қорықпай-ақ қой. Мен əдейі ауырдым. – Е-е, неге? – Сол. Шұлық кию керек болды. Ауырдым. – Міне, қызық! Түсіндірші, ауруың не, шұлығың не? – Кеше мен апайға аяғыма шұлық киіп келем дегем. Ұмытып кетіппін. Мектепке барсам – Рахима апай, бармасам, сендер ұрсасыңдар. Сонан соң ауырдым. – Ой, тентегім-ай, сол бір жапырақ шұлыққа бола елді осыншама дүрліктіргенін! Раушан, Лəйлə əкеліңдер ана шкафтан шұлық біткеннің бəрін. Барсын мектебіне, таң дағанын киіп. – Жоқ, мен бүгін аурумын. – Қой əрі, біресе – ауру, біресе – сау. Бұл қай сасқаның сонша? Ертең мен зейнетақыма онын əкеліп қояйын ол шұлық деген пəленің. Қазір, кəне, табылғанын ки де, жөнел окуыңа. Киетін киімді күні бұрын дайындап қоймаған соң осы да, жуық арада шұлық табыла қоймады. Енді əжесі де, Раушан да, Лəйлə да үйдегі зат салатын шкаф, шифоньер, суыр ма біткеннің ішін астан-кестеңін шығарып іздеп жатыр. – Сен бұрын да өстіп бір рет өтірік ауырғансың, – деді Раушан. Бауыржан шоршып түсті. – Қашан? – Анада, тазалық күнінде, – деді Лəйлə. Айтып тұрғандары рас. Құтылып көр енді! Сонда да бірдеңе деу керек қой. – Мейлі. Көп сөйлегенше, табыңдар шұлықты. – Табамыз. – Барасың мектепке.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Барам. Несі бар, табылған шұлықты киіп кету керек мектепке. Алдымен табылсыншы сол шұлығы құрғыр. Табылды болды – аяққа сұға сап жөнейді. Уəде бердің екен, қайтсең де орындауың керек. Ал Бауыржан – сөзіне берік бала. Басаяғын байыптай алмай, елді сəл-пəл дүрліктіріп алғаны болмады, əрине. ЖӨНДЕЛГЕН АҚАУ Аспанды күздің ауыр ақ сұр бұлттары торлай бастаған кезде Бауыржандардың үйінің жанынан, дəлірек айтқан да, оқтүстік-батыс іргесінен көлденең тартып салынған жаңа үй пайдалануға беруге дайын болды. Үй салу деген, əрине, оңай шаруа емес. Ең алдымен, аумағы кішігірім стадиондай жер тақтаймен қоршалынды. Сөйтті де, екі экскаватор, бірнеше ауыр жүк көтеретін машиналар іске кірісіп кеп кетті. Мотор үні таңның атысынан күннің батысына дейін бір тынбай, əне-міне дегенше үлкен шұңқыр қазды. Содан соң шұңқырдың жағасына ұзын нанұзақ темір жол төселіп, оның үстіне сорайған көтергіш кран іске жегілді, күні бұрын дайындалып жеткізілген іргетас бір-біріне кіріктіріліп, қалана бастады. Енді бір қарағанда үйдің қабырғалары өріліп, қаланып, көтеріліп жүріп берді. Əрі қарай есік-терезе салынып, əрлеу-сырлау жұмыстары қолға алынды. Үйдің төңірегі көріктендіріле бастады. Осы жұмыстың бəрі артта қалып, құрылысшылар етекжеңін жинай бастаған. Артық-ауыс құрылыс материалдары тасылып əкетіліп, қажеті жоқ техника азайған. Өстіп жатқанда, кешке қарай күздің алғашқы жаңбыры жауды. Жаңбыр жауған соң, əлбетте, жаңа-ескі деп қарамай, үй біткеннің бəрінің шатырынан су саулайды. Мына жаңа үйдің де шатырынан сансыз тамшылар төмен қарай жамырай құлаған.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Жаңбыр құйып бергенде аулада ойнап жүрген балалардың бəрі үйді-үйіне қашып тығылған. Бауыржан мен Талғат та сөйткен, бірақ екеуі де үйлерінде тағат тауып отыра алмай, балкондарына шыққан. Екеуінің балкондары қатар. Əрнені айтып мəз болып тұр. Бауыржанның көзі жаңа үй жаққа түсіп кетіп еді, мына қызықты қара, бергі бұрыштан қабырғаны бойлай су ағып тұр. Бауыржан жақсы біледі, жаңа үй болсын, ескі үй болсын бүйтпеуге тиіс. Шатырдан тамған тамшы қабырғаға тимеуі керек. Ол үшін шатыр жақтауы қабырғадан жарты метр озып тұрады. Ал мынау дұрыс емес, Бауыржан осы ны сонша тез ойлап өтті де, Талғатқа қарады. Талғат мұ ны байқамаған сияқты қаннен-қаперсіз тұр. – Талғат, жаңа үйге қарашы! – Бауыржанның даусы қатты шығып кетті. – Қарадым. – Не көрдің? Талғат иығын қиқаң еткізді. – Жөндеп қара. – Жөндеп қарадым ал. – Ештеңе көрмедің бе? – Жоқ. Көрмедім. – Қабырғаны бойлап су ағып тұр. – Онда тұрған не бар? – Бəрі бар. Жақсы емес. – Айтасың! Соны да сөз деп. – Енді қалай деп ең? Мұны құрылысшылар білмейді, өйткені жаздай жаңбыр жауған жоқ. Ертең олар көрсе жақсы, көрмесе айту керек. – Ой, қамқорым-ай! Көреді. Сенсіз де табылады жаны ашитын адам. – Табылар, табылмас, ал мен ертең барып айтамын құрылысшыларға. – Əліңе қара, «прораб»! – Қараймын ба, қарамаймын ба, ол – менің шаруам.

Øàғûí õèêàÿòòàð – Таяқ жеп қалып жүрме, əйтеуір. – Оны ертең көреміз. Ертеңіне Бауыржан ояна салып, балконға атқып шықты. Жаңбыр түнде басылып, қабырғаның кешегі су болған жері кеуіп кетіпті, ештеңе білінбейді. Жаңа үй төңірегі абыр-сабыр қимыл екен. Бауыржан тез киіне салып, жаңа үйге қарай тартты. Бұл ентелеп келуін келді-ау, бірақ назар аударған жан адам болмады. Кімге не дерін білмей біраз тұрды. Ептеп жүрек тоқтатты. Сол сəт жанынан шашын ақ қырау шалған жайдары жүзді ұзын бойлы ағай өте берді. – Ағай, – деді Бауыржан. Ағай жалт қарады. – Иə, балақай, бірдеңе айтайын деп пе едің? – Ағай, сіздердің жұмыстарыңызда бір ақау бар! Соны айтайын деп ем. – Иə, міне, қызық! – Ағай мырс етіп күліп жіберді. – Ол не? Айта ғой. – Айтсам, кеше жаңбыр жауғанда анау бұрыштан қабырғаны бойлап су ақты. – Е-е, мынауың дұрыс екен. Кəне, көрсетші. Ағай мен Бауыржан кешегі су аққан бұрышқа келді. Там шының ізі, байқап қарағанға, ептеп ақ сора болып көрініп тұр. – Əне, ізі көрініп тұр ғой, – деді Бауыржан. – Көрдім. Мұның дұрыс екен. Бұл – нағыз ақау. Жаңбыр жауған сайын бұл жерден су саулап, ең алдымен үйдің сəнін кетіреді, содан соң, əрине, сылағы түседі, кірпіші мориды. Атың кім, айналайын? – Бауыржан. – Мен – Бейсенбек деген ағаңмын. Бауыржан, сен бір болайын деп тұрған бала екенсің, айналайын. Бізге үлкен жақсылық жасадың. Шифері сынған ғой. Біз осы күйі өткізіп кеткенде, күні ертең тұрғындар ренжитін еді. Сен бізді жұрт наразылығынан күні бүұрын құтқардың. Көп-көп рақ-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ мет! Азамат екенсің! Бала деген осындай болуға керек қой. Өркенің өссін! Бауыржан ұялып, қып-қызыл болып кетті. Не қыларын білмей тұрып қалды. – Ағай, мен кеттім, – деді əрең дегенде. – Бара ғой, қалқам. Біз қазір сен айтқан жерді түзейміз. Бауыржан келе, балконға шығып алып, жаңа үй жақтан көз алмай қарап тұр. Көп ұзамай-ақ шатырға екі аға шықты. Екеуі тура кешегі су аққан жерді бір отырып, бір тұрып, қарай бастады. Бауыржан дереу ішке еніп, Талғатқа телефон соқты. – Алло, – деді Талғат. – Талғат, балконға шықшы. Қара, кешегі жерді жөндеп жатыр. – Қойшы, ей! – Шық, көр. Бауыржан мен Талғат балконға жүгіре шыққанда, құрылысшылар сынған шиферді шығарып тастап, жаңасын қағып жатқан. – Мен көрсеткен ақауды жөндеп жатыр. – Ой, пəле-ай, көрмейтінің жоқ! Жүр, жақын барып көрейік, не істер екен? – Жүр. Бауыржан мен Талғат жаңа үйге қарай жүгіріп бара жатты.

ӘҢÃІÌÅËÅÐ

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ КӨК ДӨҢГЕЛЕК Серікбек пен Мараттың қызықты ойынының бірі – дөңгелек қуу. Екеуінде де бір-бір дөңгелек, бір-бір имек сым. Дөңгелек болғанда – кəдімгі арба күпшегінің ескі құрсауы. Екеуі соны имек сыммен сылдырата қуып айдап, күнұзақка ойнайды. Ойыннан жалыққан кезде Серікбек дөңгелегін мойнына кигізіп ала қояды. Бұл оған дағ ды болып кеткен. Мұндайда шешесі көріп қалса: – Қарағым-ау, андағың не? Көйлегіңді былғайсың ғой. Мой ныңа салғанша, оныңды қолыңа ұстап жүрсеңші, – дейтін қабағын шытып. Шешесінің тілін қаншама алайын-ақ дегенмен, былай шыға бере дөңгелегін мойнына қайта салып алғанын Серікбек байқамай да қалады. Əнеугүні Серікбектің досы – Марат көшеге су жаңа көк дөңгелек дөңгелетіп шықты. Ол сонадайдан-ақ: – Ей, менің дөңгелегімді қарашы, көкпеңбек! – деп мақтана айқайлап, Серікбектің жанына ентіге келіп тоқтады. Екі езуі екі құлағына жетеді. Серікбек көк дөңгелекке табан астында қатты қызықты. Көк дөңгелектің сыры жалтырап көзінің жауын алды. Тіпті көк дөңгелектің даусы да оның құлағына қоңырауша сыңғырлап, жағымды естілетін сияқтанды. – Марат, дөңгелегіңді айырбасташы. Үстіне қызыл құлжамды берейін, – деді Серікбек, қиыла сұрап. – Е, неге берем! Құлжаң өзіңе, бермеймін, – деп Марат бұртаң етіп, жауапты шорт қайырды.

Әңãіìåëåð Содан бері: «Шіркін, көк дөңгелекті қолға түсірер ме еді» деген ой Серікбектің жадынан бір шықпай-ақ қойды. Бірде осы ойының орайы келе кеткені. Қалай дейсің дер ғой? Шаңқай түсте екеуі ауыл алдындағы өзенге қарай үлкен сазды жарып өтетін жалғызаяқ жолмен жарысып бара жатты. Жолдың екі жағы – тұтасқан шидей-шидей түп-түп бұзаушіңмен. Кенеттен Марат сүрініп кетіп, етпетінен түсті. Қолындағы сым темірі бір жаққа, дөңгелегі бір жаққа ұшып кетті. Бірталай жер озып кеткен Серікбек қайта айналып келді. Бұл кезде Марат шұқшиып көк дөңгелекті іздеп жүр ген. Мараттың қолындағы сымның шошайып жүргенін көргеннен-ақ, ол көк дөңгелектің жоғалғанын айтқызбай білді. Əуелден көк дөңгелекке ынтық болып жүретін Серікбек: – Тапқан – тапқандікі, ешкі – баққандікі, – деп мəз-мейрам болып қуанып кетті. Осыны айтып, жоғалған нəрсені тауып алғандардың бер мей қоюы бұларда бұрыннан бар əдет еді. Қалай іздеудің тəсілін Серікбек жақсы білетін-ді. Байқап тұрып дөңгелетін қалыңға қарай дөңгелетіп кеп жіберді. Ешбір дыбыс естілмеді. Ол өзінің дөңгелегін тауып əкеп, шөптің арасына қайтадан жіберіп қалды. Осылай лақтыра берді, лақтыра берді. Бір кезде көк дөңгелектің құлаққа жағымды қонырау үні сыңғыр етті. Серікбек дауыс шыққан жерге жүгіріп барып, ай-шай жоқ көк дөңгелекті, басын қысыңқырағанына қарамай, мойнына кигізіп ала қойды. – Əкел дөңгелегімді! – Иə, саған! Өзім таптым, өзім алам. Керек болса, менікін ал. Серікбек осы сөзге ғана келді де, үйіне қарай зыта жөнелді. Марат жылаған бойы үйіне қайтты. Серікбек өз ауласына кірген соң, көңілі орнына түсіп, дөңгелек өзінікі болғандай бір сезімге келді. Енді алайын десе, дөңгелек шықпай, басына кептелді де қалды. Əрібері тартқылап көріп еді. болар емес. Оған дөңгелек өмір

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ бойы мойнында жүретіндей болып көрінді. Қорқып кетіп, бақырып жылап жіберді. Баласының даусын ести сала, шешесі далаға атып шықты. – Кім тиді, күнім, саған? – М-мынау, шы-қпайды. – Балам-ай, осы ойынды қой десе бір болмайсың. Бас қа ойын құрып қалғандай, – деп шешесі алғаш ұрса баста ды. Бірақ дөңгелектің шын шықпасын білгенде, ол да са сайын деді. – Ойбай-ау, енді қайттік?! Ең болмаса əкесі де үйде жоқ, жұмыста еді, – деді ол абыржып. Демнің арасында бірталай адам жиналып қалды. Жиналғандардың ешқайсысы да дөңгелекті қалай шығаруды білмеді. Дөңгелекті алдынан көтерсе – шүйдесі, артынан көтерсе – қалыңдау шот қабағының терісі жиырылып жібермеді. – Баланы ұжымшардың ұстасына – Əбдірахманға апар. Қолының ебі бар, сол кісі кесіп шығармаса болмас, – десті кейбіреулер. Бұл сөзді естіп, Серікбек одан сайын шошыды. Өйткені ұжымшардың темір ұстасы Əбдірахман – Мараттың əкесі. Серікбекке басына төніп келе жатқан дəу балға елестеді. «Балама əлімжеттік жасағаның қалай?» десе не демек?! – Ы-ы-ы... бармаймын... – Бармағаның не, ей! Осы енді салбырап қамыт құсап мойныңда жүрмек пе?! Шешесі жетектеп ала жөнелді. Бұлар келгенде, Əбдірахман үйінен түскі тамағын ішіп келіп, жұмысқа енді-енді кіріскелі жатыр екен. Серікбекті көрісімен, ол мырс етіп жымиып қойды. – Жайша жүрсіңдер ме? Түрлерің суық қой. Əбдірахман осылай дегенмен, күлкілі жүзінен оның барлық жайды білетіні айқын аңғарылып тұр еді. – Сіз кесіп шығармасаңыз, қайдам? – деп Серікбек тің шешесі болған жайды тағатсыздана айтып шықты.

Әңãіìåëåð – Соншама үрейленгендерің осы-ақ па? Батыр-ау, сені кі не, көзіңнің жасын көл қылып? Кəне, бермен келші, көрейік, – деп ұста алақанына сабын езе бастады. «Қолының ебі бар» деген сол-ау, əлгі кісі Серікбектің маңдайына сабынның көбігін жағын жіберіп, дөңгелекті опоңай шығарып алды. Ауырту дегенің не, Серікбек тіптен сезбей де қалды. Серікбектің шешесі жер-көктегі алғысын жаудырып жатыр. – Жаңа ғана Марат осы дөңгелекті іздеп, ойбай салып еді, бұзақыны дөңгелектің өзі жетектеп келгенін қарашы, – деп Əбдірахман көк дөңгелекті бұрышта үюлі жатқан теміртерсекке қарай лақтырып жіберді. Көк дөңгелек үйіріне қосылған жылқының еміренгеніндей біртүрлі ыстық үнмен сыңғыр еткендей болды. Серікбектің бетінен оты шықты. Сірə, ол енді қайтып Маратқа тиіспейтін болар. ШАНШАР АТАЙДЫҢ ШЕРТПЕГІ Шаншар атай қызық өзі. Бала біткенге бүйідей тиеді. Қа шан көрсең, шертпек алып жатқаны балалардың шекесінен. Ауылдағы бала біткен Шаншар атайға басын тосуды кешпес қарыз деп біледі. Кімде-кім шақырғанына бар май, қиқаңдап кашып кетсе, Шаншар қарт ерінбей-жалық пай, оны кешке үйіне əдейілеп іздеп барып, шертпекті əке-шешесінің көзінше алады. Атай енді аямайды, бағана қашқаныңның жазасына деп, аузына неше шертпектің саны түссе, соны алады. Үш іліксе – үшеу, бес деп қалса – бесеу, он бес деді екен – он бес. Бір қызығы, ауылда жан адам ол кісінің бетін қағып көр ген емес. «Əй дейтін əже, қой дейтін қожа жоқтың» дəл өзі бұл Шаншар атай. Бұған балалар қашанғы шыдасын, əлбетте, ə дегенде ауырсынады, бірақ оған атай міз бақпай ды. Балалар не қылса, ол қылсын, бірақ оған бірде-бір ата-ана араша түсіп көрген емес. – Өзіңдікі жақсы ма енді? Бағана шақырғанда қарызың-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ды беріп кетсең болмайтын ба еді? Үлкен кісіні əурелеп, қарашы, – деп қайта баланың өзін кінəлайды. Шаншар атайдың бұл сырын білетін балалар тынышы осы деп, анадайдан шақырғаннан-ақ шекелеріп тосып, икем де ле бастайды. Ал,сондайда шертпек алып қана жіберсе жөн ғой, одан рақаты бар ма. Шертпек алу деген жай аты, оны мен іс бітпейді. Сылтауы толып жатыр атайдың. Алдымен шұқшиып тұрып үсті-басыңды қарап өтеді. Егер киім-кешегіңнен, не аяқ-қолыңнан бір ши шығып қалса, бəленің бол ғаны дей бер. Онда шертпек үстіне шертпек жамалады. – Мына ердің құлағына қараңдар. Кірі бес елі тура! Бес шертпек. Тырнағы аюдай боп кетіпті ғой мына са баздың, масқара-ай! Төрт шертпек... Шашыңды неге алдырмағансың? Мұның үшін үш шертпек. Пəлі, сияның бəрі мына шіркіннің қолында жүр ғой. Азып-тозуын сонша бəтшағардың! Екі шертпек, – деп тізе береді, тізе береді. Құтылып көр енді. Барша балалардың алдында бетің бар, жүзің бар демей масқара етеді өстіп. Ал үсті-басы тап-тұйнақтай, аяқ-қолы тап-таза балаларды: – Е-е, міне, азамат! Адам болатын баланы қойсаңшы бұ. Жасынан тындырымды болады бұлар, – деп жер-көкке сый ғызбай мақтап ала жөнеледі. Шертпек беруден құтылудың бір-ақ жолы бар, ол үшін дойбы ойнап, Шаншар атайды ұтуың керек. Ұтылсаң тағы пəле, əр ұтылғанына үш шертпектен жамалып отырады. Ал ол кісіні əлі күнге бірде-бір бала ұтып көрген емес. Шаншар атай – дойбыға жаны құмар, атақты ойыншы адам. Дойбы десе, ішкен асын жерге қояды. Анау-мынау ойыншысымақтарды төрт-бес жүріске келтірмей қағып тас тайды. Ал оның соңы біздің шекемізге келіп бір-ақ тіреледі. Сондықтан бала біткен Шаншар атайдың алдынан қия өтпейміз. Сонадайдан сəлем беріп, сызылып тұра мыз. Барлығымыз да ол кісіге тек жақсы жағымызбен көріну ге тырысамыз. Атайдың балалардың шекесін тызылдатуға неге сон-

Әңãіìåëåð ша құмартып тұратынын бірде-біріміз білмеуші едік. Тіпті үлкендер де білмейтін. «Бір еріккен шал» десетін де қоятын. Ал атайдың шертпек алуы мүлде еріккендік емес болатын. Егер Бекенге Шаншар атайдың өзі айтпағанда, ол жайды мүмкін ешкім біле алмас та ма еді, кім білсін... Атайдың айтуынша, Бекен – адам болатын балалардың бірі. Өздері көрші тұрады. Сол Бекен биылғы жазғы демалыста лагерьге барған. Содан бір ай дем алып, үйіне бүгін түс ауа келді. «Үйге барысымен, амандықтан соң Шаншар атайға жолығып, сəлем беремін» деп-ақ ойлап келіп еді, бірақ үй іші өзін қатты сағынып қалған екен, көкесі мен апасы əрнені кезек-кезек сұрап, шашау шығарар болмады. Бірнеше рет терезеден көз тастап еді, үнемі қыбырлап далада, есігінің алдында жүретін атай көріне қоймады Бекенге. Содан үй ішінен əрең дегенде босап, сəлем беруге келсе, Шаншар атай қолдан шапқан қоңыр домбыра сын шертіп екі қабат көрпенің үстінде жантайып жатыр екен. Шынтағында жастық, жанында дойбы. – Ассалаумағалайкүм, ата! – Ə, əликүмассалам. Бекен бе, ей, мынау! Қашан кеп қал ғансың? Əй, айналайын-ай, атаңды сыйлап сəлем беруге келдің ғой. Бəсе-бəсе, Бекеннен басқа балалардың бəрі көше таптарлар демеп пе едім. Ауырып жатқанымда біреуі есіктен сығаламады-ау, – деп Шаншар атай Бекен нің қолын алып, кеберсіген ернімен маңдайынан сүйді. Бекен енді байқады, Шаншар атайдың ат жақты үлкен ақ сұр жүзі сарғыш тартып, азып, əлі күнге жанары сөнбеген қой көздері шүңірейіп қалған екен. – Ауырып қалдыңыз ба, ата! – Сен кеткен күннің ертеңіне оңбай жығылып едім, шүкір, əйтеуір. Жан қалды бір жолға. Өтіп бара жатқан за ман-ай десеңші, соған да, міне, айға жуықтап қалыпты ғой. Е-е, айтпақшы, шекең шертпекті сағынып қалған жоқ па? Бірақ сені қойшы, таза жерде дем алып, асыр са лып

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ойнап қайттың. Бəрінен де көшедегі шаңға аунап жүр ген сумұрындарды айтсаңшы. Бетінен қағатын пенде жоқ. Сы пыра бір шертпек алып, тəртіпке келтірер ме еді өз дерін... Ал қарап отырмалық, бермен жақында, шертпек тігіп, дойбы ойнап жіберелік. Байқайын сені... Бекен лагерьде дойбыны жан-тəнін сала көп ойнап, əбден үйреніп қайтқан. Алғаш кейбіреулерден ұтылып қап жүріп, кейінгі кезде ойыншылдығына жан шақ келмей қойған. Дегенмен де, Бекеннің ойынша, Шаншар атайдан ас қан ойыншы жоқ. «Қазір жеңіліп қап, шертпек беретін шығармын» деп қорқақтаңқырады. Шаншар атай жастығын биіктетіп, көтеріліңкіреп отырды. Бір рет ойнады. Шаншар атай ұтылды. – Шалымыма келмеуші ең. Апыр-ай, не ғып жіберді? Апай-топайымды шығарды-ау лезде. Қайта тікші. Шаншар атай екінші рет тағы ұтылды. – Мынау қайтеді, ей? Жан қоятын түрі жоқ қой өзінің. Енді бір көрейінші. Атай бұл жолы да жеңілді. – Пах, шіркін, оқыған баланы қойсаңшы бұл, жөні бөлек қой... Бұларға тең келіп болмайды. Бұлар біліммен ойнай ды ғой, ал біздікі қайбір ойын дейсің. Тағы тігіп жібер, Бекен жан. – Шертпегімді беріңіз. – Əй, жаман неме, шертпекті мен сендерден қайбір қолым қышығаннан алып жүр дейсің. Осылар намыстансын, өнегелі болып өссін, үсті-басы таза жүрсін, өнер үйрен сін деп алам да. Міне, сенің басың піскен екен, енді се нен алмаймын, сен де мені кеш. Ал ана шіріктер де мені өс тіп жеңіп құтылмайынша, шертпек алғаным алған. Шекені ойып кете жаздап тызылдататын шертпектердің сырын Бекен енді түсінді. Бұрын атайдың бұл қылығына кейде ыза болып қалатын, бақса, бəрі бос түсінбеушілік екен ғой. Шаншар атай бұларға титтей де жаман дық ойламайды екен, қайта барлығын осылар адам болсын деп істейді екен. Сөйткен абзал атайды қайта-қайта жеңе

Әңãіìåëåð бергені үшін біртүрлі аяп, іші-бауыры елжіреп кетті. Мейлі, жүз рет ойнайық десе де, мақұл. – Ата, қазір сіз жеңетін шығарсыз. Жүріңіз. – Сен мені өйтіп алдаусыратпа. Мен жеңгеніме қуанбаймын, жеңілгеніме қуанам. Біз қай бір ойыншы дейсің. Кезек сенікі, өзің бастап жүре бер, – деді Шаншар атай кеудесін кере бір дем алып. Атай жастығын жоғарылатып отырды. – Ал онда жүрдік, ата. Бекен алғашқы жүрісті жасауға құлшына қол созды. CӨНБЕЙТІН ҚОЗ – Бұл жай көкейімнен еш уақыт кетіп көрген емес, көңілдің көмбесінде жатқан сөнбейтін қоз. – Соно-о-оу, бала кезде болған еді бұл əңгіме. Мен екінші сыныпты бітіргелі жүрген кезде тау елін ойға – Шу бойына көшірді. Естуімізше, ұжымшарымыз қант қызыл шасын өсіретін болыпты. Ауыл-ауыл, абыр-сабыр болып жататын Кербұлақ ел кеткен соң жым-жырт құла түзге айналды. Кербұлақтың басындағы Барлыбай ауылынынң жұртында əкем судиірмен ұстайтын біздің үй, қатты қайырым жұмыска жарамайтын Ахметжан атай мен Кұтым апайдың үйлері көшпей қалған. Үйі ауылдың жоғарғы шетіндегі Ахметжан атай оқшау отырғысы келмеді білем, біздің үйге іргелес Еркештің бос тұрған тамына кіріп алды. Ахметжан атай – сыпа, кірпияз кісі. Кесек келбетінен нұр төгіліп тұрады. Қоңқақ мұрны, оның астындағы қалың бурыл мұрты атайдың əжім онша көп сызаттандыра қойма ған қызғылт жүзіне жарастықты болып көрінетін. Атайдың əр сөзі мен қимылынан бекзаттық білініп тұрады. Атай түске дейін көзге көп түспейді, үйінде кемпірінің қасында болады. Сөйтеді де өне бойы бір уақытта, кө-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ леңке қисайғанда есік алдына шығады. Сол сəттен бастап атайдың үйреншікті тірлігі басталады. Ал атайдың ол тірлігі – өзінің жəне біздің үйдің алдындағы бірігіп кеткен айтақырды тазалау. Атай Əмина апай ақ қағаздай етіп əдемілеп жуған жейдесі мен дамбалын, айыр қалпағын киіп, аласа орындығына қаздиып отырып алып, жалғыз шыбықпен айтақырдың бетін дегі шөп-шаламды түртіп түре қууға кіріседі. Содан, орындықты ыңғайына қарай жылжытқаны болмаса, осы оты рысынан танбай, ымырт жабыларда алаңқайды қылпық қалдырмай тазалап шығады. Күнде осы. Атайдың қолына жалғыз қу шыбықтан басқа ештеңе алмай, тұқшиып отырып-ақ алаңқайды мұнтаздай еткеніне бəріміз танданамыз, бірақ ол кісі ештеңені елең қылмайды. Анда-санда сонау басаттан бері қарай құлап түскен көлеңкенің бергі шеті қай жерге жеткеніне бір қарап қойып, шыбығын қайта шошаңдатуға кіріседі. Шыбық шоршытқан шөп-шаламды аласа қалың шөп ті кешіп келе жатқаныңда аяғыңның астынан жан ұшыра шоршып ұшқан шегіртке дерсің. Атай қалың шегірткені үркітіп отырған тəрізді мына əрекетінен бір қызық табатын шығар. Мүмкін... Қанша бас қатырсаң да жауабы табылмай тын əрекет еді мұнысы. Бір күні кораның үстіне шығып алып, етбетімнен түсіп, атайдың бар əрекетін қалт жібермей бақтым да жаттым. Əлі көлеңке түсе қоймаған, атайды күн аямай-ақ қақтады. Атай маңдайынан шып-шып шыққан, қалпағының асты нан шүмектеп аққан ащы терді жаялықтай орамалымен оқтыноқтын сүртіп қойып, жұмысын тоқтатпады. Біраздан соң үлкен бір сона ызыңдап кеп, атайдын бетіне, мойнына тиіптиіп өтті. Атай бар болғаны мойнын ішіне алып, тыржың ете қалып, жұмысын жалғастыра берді. Көлеңкемен бірге алаңқайға қалың шыбын-шіркей келді, бəрі атайдың басын айналып ұшады, өлермендері көзіне кіріп, мазасын алды. Күннің қызуынан да, сонаның ызыңынан да шыбыншіркейдің жабылғаны жаман еді, алайда, атай елең қылар

Әңãіìåëåð емес, таласа талай берсін, не қылар дейсің деген сыңайы анық байқалып тұрды. Шыбын-шіркей маған да кіріскен. Бірақ мені қойшы, аяққолым бос, бір секірсем, зып беріп үйге кіремін де кете мін. Ал атай шыбын-шіркей тұрмақ, олардың көкесі жабылса да жұмысын тоқтатар емес. Мен қорадан секіріп түстім де, қолыма қабырғаға сүйеулі тұрған жалпақ күректі ала салып, ерсілі-қарсылы сілтеп, шыбын-шіркейді жасқап қуа бастадым. – Ой, жолың болғыр, мұның нең? Тоқтат! Мен кілт тоқтадым. Менің көмекке келгеніме қуанудың орнына зекігені несі атайдың?! Атай менің өңім бұзылып кеткенін көрді, ренжіп қалғанымды сезді. – Əй, балам, өйтіп ожырайма. Бұл Кербұлақтан ел кеткелі жер ғана емес, ұшқан құс, жүгірген аң да жетімсіреп қал ды. Сона соратын, шыбын-шіркей шағатын адам да, мал да жоқ. Сонда бұлар мені айналдырмағанда кімді айнал дырады? Тиме сорсын, шақсын мені. Мен түсінбейтін жай енді тіптен көбейді. – Сонда қалай?.. Əрі қарай аузыма сөз түспеді. Жақсы болғанда сөзімді Ахметжан атайдың өзі іліп əкетті: – Біліп қой, бұл Кербұлақ жетімсіремеуі керек. Мен күніге күнге борсып, басы-көзімді маса-сонаға сорғызып бостан-босқа отыр дейсің бе мұнда? Мына алаңқайға су сеуіп, сыпырғышты сілтеп-сілтеп сыпырып тастауды білмейді дейсің бе мені? Жо-о-оқ, білемін. Елі кеткен Кербұлақтың мына кішкентай бір қолтығында өмір нышаны ұзағырақ білініп тұрсын деп шөп-шаламды əдейі жалғыз шыбықпен түрткілеймін. Сендер де қарап жүрмеңдер, Кербұлаққа бір пайдаларыңды тигізіңдер. – Сонда не істеуіміз керек? – Ойнаңдар. Ана кішкентай балаларды тоспаға ертіп барып, асыр салып шомылыңдар, Қарабетке шығып, ылди

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қарай тас домалатып жарыстырыңдар, түнде жамырап жұл дыз санаңдар, кешке қол жайып Аймен амандасың дар. Айға не деп сəлем беретінін білесің бе өзің? Ай көрдім, Аман көрдім. Ескі айда есіркедің, Жаңа айда жарылқа, – дейді. – Білемін. – Жөн. Білгенің жақсы. Ал онда бар, ойна. Бала ойнаған жерде бақ болады. Балалы үй ғана емес, балалы жұрт та базар. Айналайын Кербұлақ сендер барда жетімсіремейді. Ахметжан атай жалғыз шыбығына ұзындығы бір сүйемдей шөпті іліп алып, атып жіберді. Мен атайдың сөзі көңілімді əлейім-жəлейім етіп тұрып қалдым. Ойланған болдым, бірақ атайдың сөзінің байыбына жете алмадым. Өсе келе түсіндім: Ахметжан атай біздің туған жеріміз – Кербұлақты шексіз сүйген екен. Атайдың сөзі сол сəтте-ақ көкейіме сөнбейтін қоз бо лып ұялаған. Содан бері ол атайдың ғана емес, менің де Кер бұлаққа шексіз сүйіспеншілігім болып маздайды да жатады. ЖАҢА ДОС – Қабыл, торы атты суарып келе қойшы. – Бармаймын. – Неге? – Жолда бір бала үркітеді. – О кім? – Есбол ағайдың баласы. Кеше үйінің жанынан өте беріп ем, Құттөбет деген итін қосып, айтақтап қуды. Торы ат алып қашып кете жаздады. Əрең тоқтаттым. Тағы үркітеді, бармаймын. – Астыңда жалаңдаған ат тұрып, жаяудан қорқасың ба? Бар, суарып кел!

Әңãіìåëåð – Ауыздығын салып бер, əйтпесе. – Алулысы жақсы, сылдырлап отырады. Сылдырына құлақ тігіп алданып, ат жан-жағына жалтақтамайды. Ауыздығын салып қойсаң, не болса, содан елеңдеп, үрке береді. Кел бері, аяғыңнан алып жіберейін. Əлдекімнің баласы құсағаны несі-ай жасымсып. Қабылдың бетіне жігер оты ду етіп шапшып шыға келді. Əрі қорланып, əрі шамданып, торы аттың жалына жармасты. Қолы біруыс жалға тиер-тиместен, əкесі аяғынан алып, Қабылды тоқым үстіне дік еткізді. Торы ат басын шұлғып тастап, тізгін кере, жіті аяңдап ке леді. Күмістелген ауыр ауыздықтың сылдырына қамыс құ лағын қайшылап қояды. «Шынында да, ауыздығын алып қойған жақсы екен ғой. Сылдырына алданып келеді» деп ойлады Қабыл. Егер əрі өтіп бара жатқанда ол көрінбесе, қайтарда ауыздығын салмай-ақ қояйын. Ал көрінсе, қайтсем де салып аламын!» Қабыл көшенің аяғына жақындап қалды. Сол жақтағы ең шеткі шатырлы ақ үй – агроном Есбол ағайдікі. Есбол ағай бұл ауылға қызметке жыл басында ауысып, алдыңғы күні көшіп келді. Көшіп келгені бар болсын, Қабылға жақпады. Кеше күндегі əдетімен өзеннен торы атты суарып қайтқан сапарында осы үйден Қабылдың өзі қатарлы мұрны делдиген бір қара бала: – Құттөбет, Құттөбет, айт, айтақ! – деп жұлқынып жүгіріп шықты. Əбден əккі болған қу екен, кішкентай сары күшік шəуілдеп, жүгірген бетімен кеп, торы аттың аяғына жар масты. Торы ат жалт бермесі бар үркектеу жылқы еді, құлағын жымқырып ала жөнеле жаздап, тыпыршып қалды. Құттөбеттің айрылатын түрі жоқ, аттың аяғына оралады. Бейтаныс бала далбақтап жүгірген бойы ентелеп келіп, аттың астына кіріп кете жаздады. Сондай да шатақ бала болады екен! Шыбықпен торы атты осып кеп жіберді. Торы ат атып кетті. Қабыл ауып түсіп қала жаздады. Тізгінін тежеп үлгергенше болмады, ала жөнелді. Ал басын тоқтатып көр

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ енді! Қабыл «құрыған екенмін» деп ойлады. Бұл маңда торы атқа жететін жылқы жоқ, өрен жүйрік. Артынан дүбір шықса, қозып кететін желтабан ұрма. Қабыл шабу тұр мақ, желуге қорқатын. «Қай күні ала қашар екен» деп жүрексініп, үнемі сақ жүретін. Міне, енді алып қашты. Торы ат көсіліп келеді. Бірақ шабысы сондай жайлы. Шуылдап жел еседі. Қабылдың көзі жасаурап, торы аттың қос құлағынан басқа дүниені көрмей қалды. Жер мен көктің арасында, қос құлақтың соңынан ұшып келеді. Жалдан қос қолдап ұстап, қатып қалды. Артынан тасыр білін беген соң, торы аттың желігі бірте-бірте басылып барып тоқта ды. Қабыл өзіне-өзі келсе, үйінен бірталай жер асып кетіпті. Екі қолы тас боп қарысып қимылдамайды. Қалай жығыл май қалғанына қатты танданды, əрі қуанып кетті. Ал бүгін не болар екен? Қабыл соны біле алмай қобалжып келеді. Қабыл агроном үйінің тұсынан өте берді. Жалтақтап бір-екі рет қарады, ешкім көрінбеді. Əжептəуір жер ұзап қалған, арт жағынан: – Əй, бала, сені ме, қазір қайтарда болсын! – деген дауыс келіп жетті. Жалт қараса, кешегі бала есігінің алдына шығып ап, жұды рығын түйіп, қоқиланып тұр. Жанында Құттөбеті. Бала да, Құттөбет те басынып тұр. Қабыл күйініп кетті: «Осыдан қайтарда болсын, аттың ауыздығын салып алайын. Со нан соң күшігің тұрмақ төбетіңді қос, қорқар ма екем! Тап қан екенсің қорқақты! Жығылмақ түгіл, өліп кетсем де, жолыма тұрсаң, Құттөбетіңмен қоса қарып өтермін!» – деп тістене кіжінді. Қабыл Шу өзенінің жағасындағы ұзынша өрлеуіттен шоқыта шықты. Торы ат соған-ақ желігіп, қос құлағын да мылсыз қайшылап, көрінген шөптің басына қарап секем де неді. Жіті аяңдап, лепіріп, жер-су баспай келеді. Қабылдың жүрегі қобалжи бастады. Торы аттың тағы да алып қашуы мүмкін. Қабыл тек тізгінді мият тұтады. Жаңа, суарған соң, ауыздығын салып алған.

Әңãіìåëåð Жұдырығын түйіп қалған баланы Қабыл анадайдан көр ді. Көшені қиып өтетін арықтың көпірінің дəл ортасында шəлтиіп тұр. Қолындағы ұзын шыбықпен қара жерді осып-осып қояды. Құттөбеті жанында, екеуінің де күткені Қабыл. Қабыл əжептəуір жерден дауыстады. – Ей, бала, былай тұр, ат үркеді. – Атаңның басы саған! Жақындап көр осыдан. Сужүрек, қорқақ. Қорықсаң, басқа көшемен жүр. Қабыл ашуға булығып кетті. Астында жалаңдаған ат тұрып, жаяудан қорықпақ па? Тебініп қалып, торы аттың басын қоя берді. Осыны күтіп келе жатқандай-ақ, торы ат атырыла жөнелді. Көзді ашып-жұмғанша көпірдің үстінен зу етіп өте шықты. Жаңа ғана айбарланып тұрған батырың шошып қалып, қайда қашарын білмей, киім-миімімен арықтағы шалшық суға қойып кетті. Сары күшік – Құттөбет қыңсылап үйіне тығылды. – Ауыздығын салып алыпсың ғой, шапқансың-ау, шамасы? Қабылдың əкесі Əбу – ұжымшар бригадирі. Қысы-жазы торы аттан басқа жылқының үзеңгісіне аяқ салмайды. Торы аттың үстіне де өзінен басқа шыбын жорғалатпайды. Шаппақ түгіл, желсең, жаны шығып кете жаздайды. Əкесінің бұл сырын өте жақсы білетін Қабыл. – Жоқ, шапқам жоқ, – деп ат-тонын ала қашты. – Енді неге салып алдың ауыздығын? – Ана бала үркітсе, алып қашпасын деп. – Үркітті ме? Қайтті? – Үркітті. Бірақ атты кісі жаяудан қорқа ма? – Онда сен қазір осы бойыңмен сол баланың үйіне барып келе қойшы. Бүгін егінді аралап қайтамыз ба деп ек. Соған Есбол бара ма екен? Біліп қайт. Қабыл келсе, Есбол ағайдың ауласы абыр-сабыр екен. Үсті-басы малмандай, суға салған қоразға ұқсап сүмі рейіп жаңағы «батыр» жылап тұр. Шешесі:

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Кімнің баласы ол өзі, тиюсыз өскен? Ат басып кетсе қайтеді, а? Ойпырым-ай, ойпырым-ай, құдай сақтаған екен қайта, – деп күйіп-пісіп, бұрқырап жатыр. – Əне, өзі де келді. Міне, мына оңбаған. Осы, осы... – деп екіленді бейтаныс бала. – Қой, оның ондайы жоқ еді ғой. Бірдеңеге келдің бе, Қабыл? – деді Есбол ағай. – Көкем жіберді сізге. Бүгін егінді аралаймын депсіз. Бара ма екен? – деді. – Көкесі кім еді мұның? Оған айтып қоймаса, мынауың бір күні атқа қақтырып өлтірер баланы, – деп бейтаныс баланың шешесі Қабылға суық көзін қадады. Қабыл қызарып кетті. – Апай, балаңыздың өзі кеше де, бүгін де ит қосып айтақтап, атымды үркітеді. Бүгін көпірдің үстіне шығып апты. Өзін ат басып кете жаздады. – Бəсе, Əмірқұлдың өзінен де бар шығар. Қой, екеуің жауласуды тастаңдар. Сен жөн-жосықсыз жұрттың атын үркіткенше, қазір киім ауыстырып ки де, Қабылмен бірге барып, ат қорадан маған ат алып кел. Əмірқұл киініп шықты. Есбол ағай Əмірқұлды көтеріп, Қабылдың артына мінгестірді. Екеуі алғаш бір-бірінен қашқақтап отырып еді, ат аяңының ырғағы екшеп, тым жақындастырып жіберді. Біраздан кейін Əмірқұл жаңағының бəрін ұмытып, Қабылдың белінен қапсыра құшақтап алды. Қайтарда екеуі екі аттың үстінде үнсіз келе жатты. Əмірқұл Қабылға жалтақ-жалтақ қарап қояды. Бірдеңе де гісі келеді, бірақ не демек. Бағана өзін атпен қақтыра жаз дап, арыққа жығып кеткен жоқ па? Енді несіне бірінші болып сөз қатпақ... «Өзім емес пе, егер мен оған ит қосып, атын үркітпеген болсам ше...» Осы ойлар сапырылы сып, Əмірқұлды жегідей жеп келеді. Ол бір кезде Қабылға тізе түйістіре жақын келді де: – Кел, дос боласың ба? – деді. – Болсақ, болайық.

Әңãіìåëåð – Жарысайық ендеше. – Кел, – деді Қабыл да тізгінін жиып ұстап. Екеуі де бір мезетте тебініп қап, аттарының басын қоя берді. СУ ТАСУШЫ ƏШІРБЕК Дəл осыдан бір ай бұрын, біз жетінші класты бітіріп, жаңа тарағанымызда, су тасушы Иман қарт қатты ауырып қалды. Сол күні кешқұрым бригадир Мұсатай Əшірбекті əдейі іздеп келіп, жолығып: – Иман ауырып қалыпты. Қайсың ертең Ақтоғандағы трак торшылар бригадасына су апарып келесіңдер? – деді. – Мен апарайын, – деп Əшірбек лып ете түсті. Мен де солай дер едім ғой, шешемнен бата алмадым. Оныкі не, жалғыз əжесі. Өзі бір Əшірбекті бетінен қақпайтын жақсы адам. Содан Иман қарт төсек тартып жатып алды. Əшірбек əлі күнге су тасып жүр. Егер Əшірбекті кімде-кімнің көргісі келсе, ертеңгілік ме нің атаммен бірге оянуы керек. Қолында жүргені бар Əшірбек сарайға, атына кетіп бара жатады. Құрысын, ол уақытта мен сендерге оны көрсете алмайды екенмін. Сол үшін ұйқымнан қалып жүрейін бе? Одан да күн арқан бойы көтерілген кезде, біздің есіктің алдына шығып қарасаңдар болғаны, өзенде бөшкесіне шелектеп су құйып жатады. Мұның бəрін былай қойғанда, біздікіне ертеңгі шайға келсеңдер, тіпті қатып кетер еді. Шайды алдымызға ала бергенде, арбасын салдыратып, өзі-ақ жетеді. Суға беттеп бара жатқаны. Керек болса, мен ысқырып кеп қаламын. Əшірбек жалт қарайды. Жымиып оң қолын көтереді. Мен де сөйтемін. Бұл – біздің амандасқанымыз. Күн тотыққан өткір жүзін көресің. Айқасып кеткен қалың қасының астындағы ақылды томпақ қара көзі жалтылдап күлім қағады. Бар болғаны осы. Осының өзін жұрт əжептəуір əңгіме

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ етеді. Əңгіме еткені былай, қымс етсең болғаны, алдыңа тосады. Сондағы айтатындары: – Əшірбек – баланың пысығы, айналайын. Ертеңмен тұрып, үлкендермен бірге малға барады сарайға. – Қабырғасы қайысып, дəу бөшкеге су толтырып жатқанда қыңқ етпейді-ау, бір! – Əжесіне қолқанат болды деген осы. Күнде бір баудан болса əкеліп, тəптіштеп, қыстық шөбін жинап жүр. Басқаны қайдам, бұл сөздер менің арымды қамшылайды. Естіген сайын, қызарақтап жерге қарап қаламын. Əне бір күні шешем де шай ішіп отырып, арба айдап бара жатқан Əшірбекті көріп: – Сен манаурап, көзіңді енді аштың. Елдің баласы, міне, күнмен таласа тұрып шаруа істеп жүр, – деді. – Оның несі бар екен? Керек болса, мен де айдай аламын, əкелші арбаңды, – деп аяқастынан ашуланып, бұрқ ете қалдым. Шешем мені шамданып қалды деп ойласа керек. – Оған бұртаңдамай-ақ қой. Жаның тірі болса, əлі-ақ істерсің, – деп басу айтып жатыр. Шешеме оңай жуасығанмен, менің ашуым көпке дейін тарқамады. Өйтпегенде ше, Əшірбекпен жеті жылдан бері бірге оқимын. Бір-бірімізден асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Оқу үлгеріміміз де бірдей, волейбол, футбол, суға жүзу сияқты ойындарда да одан қалысып көрген емеспін, өзі міз қатарлы бала. * Бүгін ертеңгілік орнымнан тұрғалы Əшірбекті көре алмадым. Суға қарай өтпеді. Көңілге бір алғаннан кейін қиын екен, көшеге көз тігіп алаңдай бердім. Неге кешікті бұл? Бір кезде көшеге шықтым. Жақсы болды, көп күттірмеді. Көшенің ернеуінде тұрып, күндегіше күлімдеп қол көтердім. Амандасқаным еді. Əшірбек басқаша ұқты, атын кілт тоқтатты.

Әңãіìåëåð Арбаға қарғып міндім. Əшірбек «шүу» деп божы қақты. Осының өзі өте тез болды. Менің ештеңе ойлауға мұршам келмеді. Кете бардым. Екеулеп бөшкені тез-ақ толтырдық. Міне, біздің үйдің тұсына жақындадық. Менің қайтарда Əшірбектен ажырағым келмеді. Үйдегілерге көрінгім келмей бұғына түстім. Екі көзім есікте. Қара құлып тұр екен. Болды. Бұл – шешем жұмысқа кетті деген сөз. Кілттің қайда екені өзіме белгілі. Енді үйге қай уақытта оралсам да өз еркім. Күндегі үйреншікті өмірім қалып барады. Дəл осы мезгілде мен терезелерді қараңғылай бастаушы едім. Төсегімнің тұсындағы терезенің бір көзін ғана ашып қоямын да, содан түскен жарыққа тосып, кітап оқи бастаймын. Бірақ сəлден соң-ақ ұйықтап бара жатамын. Содан оянып далаға шықсам, түс болып қалады. Енді өзенге тартамын. Балалар мен шуласып, шомыламын. Осыларды қимайтындаймын. Арбаны тоқтатуға да біртүрлі батылым жетпеді. Мең-зең күй де отырмын. Көпірден өткен соң Ақтоғанның жолына түсіп, Əшірбек торы аттың божысын қақты. Торы ат желе жөнелді. Содан əлі тынбай желіп келеді. Төңкерілген тегендей тоқ сауыры бүлкек қағады. Қап-қара көмірдей ұзын құйрығы бұлғақтап, жұмыр жоны кезек-кезек бұлт-бұлт ойнайды. Кішігірім жол бұдыры – өр-ылдисымақтар кездесіп еді, өрінде баяулап, ылдиына желіккен торы жоқ, баяғы бүлкек – бір бүлкек. Анда-санда бөшкедегі су солқ-солқ етіп, тығынынан іртікіртік тамшылар атқып шығады. Ұлпа шаңда бүртік-бүртік майда шұңқырлар қалып жатыр. Соңымызда – ұлпа ақшыл шаң баяу, ауыр қалқиды. Осыларға біраз қарап отырып, торы ат туралы ойға батамын. Бұрын мұндай жылқы сияқты емес еді. Кейде кеш ке қарай Əшірбек екеуміз сарайға мінгесіп баратынбыз. Түйе нің табанындай жалпақ тұяқтарын тарп-тарп басып, шабан жүретін. Елпілдек мінезін аңғарған емеспін. – Əшірбек, мынауың неткен жүрісінен танбайтын жануар?

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Желісін айтасың ба? Сөйтеді. – Қызық екен! Мінгенде мұндай емес сияқты еді ғой. – Шынында. Мініске жоқ. Арбаға жеккенде осы. – Онда нағыз жылқы екен. – Əйтпесе, мұның не трактор-торы? Сен білмейсің мұны. – Білетін несі бар? Айтшы. – Бүгін өзің көресің. Басқа сөзге келмедік. Жолда өз ойыңмен отырған жақ сы ғой. Ақтоғаннан өте бидайын орып кеткен егіндік жерлер ұшы раса бастады. Сəлден соң, торы үлкен жолдан шығып, ұзын егіндіктің жағасындағы жаңа жолға түсті. Аңызды қақ жарып трактор келеді. Арамыз əжептəуір жер қалғанда ол жүрісін тоқтатты. Тракторшы жерге түсті. – Бұл – Байғабыс ағайдың тракторы. Білетін шығарсың, ол кісі – өте жақсы адам, қысылмай, жақсылап сəлем беруді ұнатады. – Білемін, – дедім белмесем де. Жалпы, мен осы күнге дейін ауыл адамдарына көп сə лем беріп дағдыланған бала емеспін. Осы Əшірбек, Нүсіптермен бірге жүргенде болмаса, жерге қарап алып, үндемей өте шығамын. Бұлармен қосыла қалсаң, ешкімнің алдынан қия өтпей, «Ассалаумағалайкүм!» деп қол алысуың керек. Қазір де солай болды. – Ассалаумағалайкүм! – Салаумағалайкүм. – Уағалейкүмассалам, саламатсыңдар, балалар. Бүгін екеу сіңдер ғой. Көңілді құсайсыңдар. Екеуге жұмыс жеңіл болады. – Ал сіз шаршағанға ұқсайсыз. – Оның рас, Əшірбек. Дүйсеннің əйелі ауырып қап, ауданға əкетіп еді, оралмады. Ұйқы жеңіп, құтым қашып тұр. Көз шырымын алмағалы екі тəулік. Мызғып алайын десем, жұмыс тоқтайды. Тракторды өшіргенін өшіргенмен, не істерімді білмей тұрғаным.

Әңãіìåëåð – Онда сіз демалып алыңыз. Мен айдай тұрайын. – Мен де мінейінші тракторға. – Қой, астына түсіп кетіп жүресің. Əшірбек, саған тракторды берсе де болар еді, суды қайтпексің? – Тілеген апарып келеді. Сіз ұйықтап алыңыз. – Кім білсін, бұл жігіттің қайтерін? Мен ызаға булығып, не дерімді білмей қалдым. Аяқастынан екі рет жер болу кімге оңай тисін. – Тілеген бе? Тілеген арба айдап үйренген мен сияқты. Торының өзі-ақ барып қайтады айта берсеңіз. Мейілдерің онда. – Су құйып берейік. Ыдысыңыз қайда? – Кешегі жерден біраз əрірек, загонның басында, бір үймек топанның астында жатыр. Алдымен маторға су құйып ал. – Жарайды. Тілеген, сен арбамен загонның басына қарай жүре бер. Арбаға самарқау міндім. Трактордың жанында арба деген не? Өзіңдей бала бəріне ие болып жатса, сені баласынып, маңына жолатпаса, қалай көңілді болмақсың. Əшірбек трактордың кабинасына қарғып мініп, лезде ішінен бір құлаштай қайыс алып шықты. Сөйтті де, трактордың өкпе тұсына тырмысып, мықшыңдап жатып, қайыстың ұшы нан тартып кеп қалған, трактор дар етіп от алды. Əшірбек тағы тырмысып еді, гүр-гүр етіп, баяу дірілге ауысты. Енді көк түтінді бұрқ-бұрқ атып жіберіп, жылжи жөнелді. Осылар ды қызықтап келе жатып байқамай да қалыппын, трактор торы жолға түсіп, бүлкілге басыпты. Əшірбек терезеден басын қылтитып қашан шығарар екен деп алақтап келемін. Көрінбейді. Қарай-қарай мойным талды. Сонан соң: «Сен сөйтсең, мен немене?»-деп мен де қарамай қойдым. Бір уақытта айқай естілді. Қарасам, Əшір бек далбақтап жүгіріп келеді. Қолын бұлғап шақырады. Сөйт сем, аңыздың тұсынан өтіп кетіппін. Аттың басын кері бұрдым. – Сен немене, загонның біткенін көрмейсің бе?

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Не дерімді білмей қалдым. Кінəлімін, əйтпесе шақ етіп жабыса кететін едік. – Жүр. Трактордың жанына тарт. – Ат үркер. – Трактордан үріксе, мұның несі трактор-торы! Əшірбек трактордың маңдайына қарғып шықты. – Кəне, əкел суыңды. Бір шелек су əпердім. Əшірбек құрқылдатып құйып жатыр. – Əне, бір үймек топанды көрдің ғой. – Мынаны айтасың ба? – Иə. Аяғыңмен түрткілесең, астында фляг бар. Ішінде су болса төк те, жаңартып құй. Сосын жаңағы жолмен жүре берсең, алдыңнан Манар мен Қонысбайдың тракторы шығады. Əріректе будкалары көрініп тұр. Жолға салып қойсаң, торының өзі апарады. Тарт енді. – Кеттім, – Жақсы барып қайт. * Бəрін айтып жатып кетейін, Манардың, Қонысбайдың, Хатша апайдың – бəрінің ыдыстарын мөлдір суға толтырып бердім. Тек мына бір жай болмаса, жақсы барып қайттым. Соны айтсам ба екен, жоқ, айтпай-ақ қойсам ба екен? Айтайын. Əңгімеге қатысы бар, əйтпесе не қылайын айтып. Ең бірінші Манар кездесті. Флягіне су толтырып, анадай жердегі орнына қарай домалата жөнелдім. – Тоқта, бала, тоқта. Былғап құрттың. Көтеріп бар,-дегені Манардың. Флягті тұрғызып көтерейін десем, зіл қара тас. Құлағына жабысып мықшың-мықшың еттім, түк шықпады. – Қайран,Əшірбек! Сен оның бір қолына да татымайды екенсің. Апар. Апар домалатып. Шелекпен су апарып, сыртын жуарсың. Бетіне қарап ем, түк белмегенсіп тракторының бірдеңесін шұқылап жатыр. Ешқандай маңыз бермей жай айтқан

Әңãіìåëåð тəрізді. Менің құлағыма дейін қызарып, өңім бұзылып кетсе керек. Қатарыңнан жасытса, қор тұтса, қайтып шыдар сың. Оның ар жағында қырық литрлік флягті көтере алма дың дегенін айтамын-ау. Флягті теуіп құлаттым. – Тілеген, сен не, шамданып қалғаннан саумысың? Əшірбек мұны күнде көтеріп жаттығып алған. Сен болсаң, бірінші рет істес болып отырсың. Ол да алғаш өстіген. Үйреніп кетті. Керек болса, сен де көндігесің. Құрысын көндіккені! Көзімнен мөлт-мөлт жас ыршыды. Флягқа жабысқан шаң тырс-тырс тесіліп, шұбарланды. Манарға көрсетпейін деп флягті домалата жөнелдім. * Əшірбек загонның арғы шетінде жүргенде келдім. Байбағыс ағай қыбырсыз ұйықтап жатыр. Бетін күннен қалқалаған кепкасы астынан ауыр дем алғаны естіледі. Кепкасы сəл-пəл кеуіп басылатын тəрізді. Күн оттай қарып, күйіп тұр. Бар дүние самарқау, бар дүние бұғынып, қалғитын тəрізді. Мен де ырдуанға басымды сүйеп едім, маужырап, денем ауыр тартты. – Əй, Тілеген! Басымды жұлып алдым. – Сен немене қалғып кеткеннен саумысың? – Жоқ-а. – Торының бүйірі солыңқы. Суарып па едің? – Жоқ. – Өзің ішкен шығарсың. – Əрине, осы ыстықта су ішпей қалай шыдарсың? – Бұл қалай шыдады? Ауыздығын ал да, суар. Су аз қалған екен, толып ілінбеді. Мейлі осындайдан ілін се жарар деп торының ауыздығын алмаққа басына жармаса бердім. Торы құлағын жымырып, нақ жауырынымнан қаршып кеп қалды. – Ойбай!-деп бақырып, отыра кеттім. Əшірбек жүгіріп келіп көйлегімді көтеріп көрді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Сонша бақырғанға ойылып қалған екен десем, түк те жоқ қой. Саған ашуланып қорқытқаны ғой əшейін. Əйтпесе, мұның несі тракторторы?! Бақырғаның сонша. – Бүйткен трактор-торысы құрысын! Иттің малы ғой бір. Кеудемді небір ызалы сөздер кернеп барады. Төгіптөгіп жіберетін едім, Байбағыс ағай оянып қалыпты. – Балалар, не боп қалды? Үнім өше берді. Қарғыс сөздерімді қайта жұттым. – Ештеңе емес. Байбағыс ағай сағатына қарады. – Төрт сағаттай ұйықтағаным ба? Айналайын Əшірбек, рақмет! Шіркін, орныңа су тартатын біреу болса, көмекші етіп алар едім. Қарашы, сергіп қалыппын. – Рақметіңізді Тілегенге айтыңыз. Бұл болмаса, суды кім апаратын еді? – Айтпақшы, солай екен-ау. Екеуіңе де рақмет. Жаңағы жайсыз көңілім жадырап қалды. – Ағай, біз енді ауылға қайтайық. – Бара қойыңдар. Тілеген суыңнан қалды ма? Салқындап алайын. Əшірбек атты суарып болды. Мен арбаның үстіне шығып алып, бөшке түбінде қалған судың ілінгенін Байбағыс ағайдың бұлтық-бұлтық кеудесіне жоғарыдан шүмектетіп құйып жатырмын. – Əшірбек айтпақшы, ұмытып жүр екенмін. Арбаңда айыр, шалғы да бар екен. Бір бау, екі бау дегенше, Мойнақ жырасын сəл өрлесең, бір қора қойдың орнындай жерде жабайы жоңышқа, солқылдаған бидайық тұнып тұр. Оқшау əрі аз болған соң шөпшілер тастап кетіпті. Ауылға ерте барғанда не бітіресіңдер? Соны шауып алыңдар. – Арба бара ма екен өзіне? – Барады. – Кеттік онда. – Барыңдар.

Әңãіìåëåð * Торы ат бұрынғы бүлкілмен келеді. Менің оған көңіл аударғым жоқ. Беттемей қалыппын. – Мойнақ сай қай жерде еді? – Жақындағанда айтамын. Сен ауылға асықпайсың ба? – Жоқ. – Ендеше, сол шөпті шабайық. Мойнақ сайда Байбағыс ағай айтқандай шөп тұнып тұр екен. Шетіне арбаны тоқтаттық. – Тілеген, атты шығарасың ба? Аттың маңына енді өлсем жолайын ба. Үн-түнсіз шалғыға жармастым. Əшірбек торыны арбадан шығарып, ауыздығын алды да бос қоя бере салды. – Мұның не? Ұстатпай қойса, қайтесің? – Онда мұның несі трактор-торы?! – Өзінің тістейтіні жаман екен. – Бөтенсінетіні бар. Үйренісіп кетесіңдер. Бұдан əрі сөзге келген жоқпыз. Əп-сəтте талай жердің шөбін құлатып тастадық. Оттап тұрған торы ат басын жерден жұлып алды, елең етіп, сай аузына қарады. Біреу далбалақтап шауып келеді. Қолын көтеріп, кіжініп айқайлайды. Кеп қалды. Бригадир Мұсатай. – Өй, иттің балалары! Қара, шабындықты ойып шауып жатқандарын. Кім право берді сендерге қоғам мүлкіне қиянат жасауға? Жек аттарыңды. Жоғалт көздеріңді! – Ағай, сайда шабылмай қалған жер екен. – Оны кім айтты? Өссін деп тастап кеткенбіз. Жоғалыңдар бұл жерден. – Осы алақандай жердің шөбінде не тұр? – Давай, сен бала, қиқақты қой. Үйіңнің жанында жиырма бес соттық жерің бар ма? Бар. Мұнан бір тал да шөп алмайсыңдар, алғызбаймын. Мұсатай қамшысын көтеріп, тын тебініп Əшірбекке ұм-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ тылды. Менің зəрем ұшты. Жүйке-жүйкем құрып, үнім шықпай қалды. Ұмтылып келе жатқан Мұсатай тым айбарлы көрінді. – Жолама! Шалғымен орып түсемін. Əшірбек шалғыны көтеріп оқталды. Мен де енді жүрек тоқтатып, қолыма айырды ұстай алдым. – Мына иттерді-ай, ей! Жасына жеткен соң кісі өлтіреді екен бұлар. Апыр-ай, сұмдық-ай! Ал, əйтпесе, жер ортасы көк төбеде жаяу қалдырайын. Мұсатай жасқана шегіншектеп кеткен атына қамшы басып барып, трактор-торыны қапталынан қамшысымен осып-осып жіберді. Торы бұрылып ала салып, қос аяқтап ыш қына тепті. Мұсатайдың мəстек жирені ыңқ етіп қираңдап қалды. Мұсатай қайта ұмтылып еді, торы аузын ашып, қарсы ұмтылды. Мəстек жирен безіп кетті. Мұсатай енді анайдан айбарланды. – Балалар, айтқан тілді алмадыңдар ғой, айтпады демең дер, бұл – қоғам мүлкі. Заң бар, зəкүн бар, апар, апар! Ерліктеріңді ертең кеңседе көремін. Мұсатай атын борбайға бір салып, қайтадан сай аузына қарай шаба жөнелді. Біз аңтарылып тұрып қалдық. Əшірбекті қайдам, мен шошып қалдым. Тастаған зілі ауыр. Ертең кеңсеге сүйреп жүрсе, нағыз пəле емес пе? Жұртқа əшкере болғанымыз онда. Əшірбектің ашулы жүзі жаңа басылып, ойлы қалыпқа еніпті. Жасып тұр ма деп, жаным ашығандай болды. – Не тұрыс бұл? Кел, тиейік. – Қой, кеттік. Мұсатайға ерегісіп, колхозға қиянат жасаймыз ба? Мен арбаның шанағына екі-үш айыр шөп тастайын, сен атты жек. Бұл – менің де ойым. Үнсіз келістім. Торы атқа қорқыңқырап жақындадым. Тырп етпеді. Салбырап жетегіме ерді. Жолға түскен соң, Əшірбек божыны ырдуанға іліп қойған. Біз арба шанағында қатар жатырмыз. Əшірбек те, мен де үнсізбіз. Ырдуаннан асып селтиген-селтиген шөп су-су

Әңãіìåëåð желкілдейді. Желді күнгі құрақ ызыңына ұқсаған дыбыс шығады. Қапырық кеште осы ызың салқын леп беретін тəрізді. Батар күннің қызыл шапағы жеңіл қошқыл сирек бұлттарды алау түске бояған. Топ-топ шіркей елп-елп ұшып, торының о жақ, бұ жағын ториды. Ауыр тыныштық орнаған. Оны ешқайсымыз бұзғанымыз жоқ. Көп нəрсе ойлап келемін. Əшірбектің əке-шешесіз жетім екендігін ойласам, өкпеме өксік тығылады. Сендерге айтқан жоқ екенмін ғой, Əшірбектің əкесін ерте өлген дейді, шешесі былтыр қайтыс болды. Жалғыз əжесі ғана бар... Біз ауыл шетіне кіргенде күн батып қалған еді. * Қарнымды қасқыр талағандай болып, өзегім талып кірдім аулаға. Шешем де жұмыстан шаршап келіп, бір самаурын шайды алдына енді алған екен. «Күнім-ау, қайда жүрсің?» болды алғашқы сөзі. – Əшірбекпен бірге. – Не дейді? Еріп, Ақтоғанға барғаннан саумысың? – Иə, ойнап келдім. – Тəйт əрі. Шынымен айтып отыр ма? Көшедегі балалар аз болып па? Бұдан əрі менің сөйлегім келмеді. – Аштан қатып, көзің көгеріп өлетін болыпсың ғой. Бүгіннен кейін бұл пəлеңді қой. Не ішесің? Шешем барын аузыма тосып жатыр. Сылқиып тойып алып жантайып едім, біреу түртіп оятады. Көзімді ашсам, тастай қараңғы, көрпемді басыма бүркендім. – Тілеген. – Əшірбек. – Тс-с. Ақырын. – Не? – Киін. Кейін айтамын. Шешем қыбыр етпей ұйықтап жатыр. Ептеп киініп алдым. Былай шықтық.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Тілеген, бағана сарайға ат қосып келе жатсам, Мұсатай үйіне бір арба шөп түсіріп жатыр. Əйеліне: «Бұл бір – шөптің сұлтаны. Шауып аламын ғой деп жүруші едім. Күлтай кемпірдің Əшірбегі жайпап жатқан жерінен үстінен шықтым. Домбытып қуып жіберейін десем, қаймықпады. Неткен бетпақ екенін қайдам, өзіме шалғы ала жүгіргені. Заңды айтып қорқыттым. Көсегең көгергір Сəлім бос арбамен кезіге кеткені» – деп жатыр. Жүр, оған көрсетейік қорқытқанды. – Қайтпекпіз? – Арбаға тиеп, түсіріп аламыз. – Оянып кетсе, қайтеміз? – Көрерміз. Денем түршігіп кеткендей болды. Досыңа əлсіздігіңді қалай сездіресің! – Жүр. – Жүр. Торыны жаңа тоғайдан барып əкеліп, арбаға жегіп қойғанмын. Дайын тұр. Мына сөзге сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Шу бойындағы тоғайға біз күндіздің өзінде баруға қорқа мыз. Топ-тобымызбен жүріп үрейіміз ұшады. Не дерсің бұл Əшір бекке! * Мұсатай шөпті қорасының үстіне үйіпті. Қараңғыда серейіп аумақты көрінеді. – Мынау көп шөп қой. – Астында ескі шөбі бар. Онысына қиянат жасамаймыз. Өзіміздікін ғана аламыз. Əшірбек арбаны қораның артына тартты. Сөйтті де, қораның үстіне ытқып шықты. Жұмысқа кірісіп кеттік. Қорқынышты ұмытып кетіппін. Əне-міне дегенше, шөпті тиеп алдық. Əшірбек қорадан түсіп, арбаны бір айналып шықты. – Жақсы басыпсың, аумас, – деді. Аумай келдік. Түсірдік. Торыны арбадан екі жақтап шы-

Әңãіìåëåð ғардық. Əшірбек арба шанағында қалған шөпке байлап жатып, торының басынан сипады. – Жануар, бүгін еркін оттап, тоймайтын болдың. Ертең қиқаңдап жүрмегін. Өйтпессің, трактор-торым. Торы басын шұлғыды. Мақұлдайтын сияқты. Маған мұнысы қатты ұнап кетті. Мен де сипадым ернінен. Еміреніп, қолымды иіскеді. Біздің үйдің жанына келдік. – Əшірбек, енді ұйықтаймыз ба? Əшірбек қолын берді. Тығыршықтай шымыр, жылы екен. Менің қолымды аймалап қысқандай болды. – Ұйқыңды қандырып, жай оян. – Сен де сөйт, Əшірбек. * Төсек суып қалыпты. Көпке дейін ұйқым келмей, елегізіп жаттым. Қортық, шақар Мұсатай түсе берді ойыма. Жалғанда тілі ащы адам, шаң-шұңға құмар. Анада қарауыл шал Жошымен төбелесіп қалған. Үлкен адамға қамшы жұмсап еді. Бүгін заң-зəкүнді айтып, бізді қорқытып, шөбімізді тартып алды. Ертең Əшірбекке бір пəлесін жасап жүрер. Менің Əшірбекпен бірге болуым керек. Екеулеп көрейік, не де болса. Осындай ойлармен талықсып жатып, ұйықтап кетіппін. Оянсам, үйдің іші ертеңгі дастарханды жинап жатыр. Күндегідей керілмей, атып тұрдым. Көшеге шығып қарасам, Əшірбектің арбасы өзен жағасында тұр. Көз айырғым келмейді. – Сен бала, неғып тұрсың онда? Жүр тамағыңды іш. Жүрегіме ас бататын емес. Арбаның сылдыры естілді. – Болдым, іштім. – Білмеймін қайда асығып отырғаныңды. Ешқайда бармайсың? Міне, торының басы көрінді. Əшірбек шалдарша малдас құрып нық отыр. Көзіміз айқасты. Қолымды көтер дім.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Əшірбек те қолын көтерді. Арбасын кілт тоқтатты. Мен орнымнан атып тұрдым. Шешем де бірге тұрды, дауыс тап: – Əкем, бұл бармайды бүгін. Жүре бер, жолыңнан қалма! – деді. Мына сөз бетімнен осып жібергендей болды. Үлкендердің өстетіні бар. Не қыларымды білмей, сілейіп отыра кеттім. Енді шешем əрі қарай бергенде ата жөнелдім. – Мынау қайтеді?-деп шешем ұмтылып үлгенргенше, көшеге ытқып шықтым. Əшірбек көшенің аяғына барып қалыпты. Ысқырып, қол бұлғадым. Əшірбек көрді. Тоқтамады. Ұшып отырып ба рып, көпірге шығып та айқайладым. Қайырылмады, ат басын тартпады. Артына аппақ жіңішке созылған шаң тастап, арба алыстап барады. Арба үстінде алға қараған күйі қыбыр етпей қаз диып Əшірбек отыр. Артына қарайлап бір қарамадыау ерің. Ол маған енді жеткізбейді. Ренжіп барасың, ə, Əшірбек? Маған өкпелей көрме, түсін! Апам ғой бүлдірген, əйтпесе мен қазір кешегідей сенің жаныңда кетіп бара жатпас па едім. Қорықпа, мен қалай да бір амалын табамын, артыңнан барамын, қасыңда болуым керек, Əшірбек. Күнде сөйтемін. БІР АРҚА ОТЫН Сəске түс. Асқар ұйқылы көзімен есігінің алдына шық ты. «Жақсы болды ғой, шекесін қыздыратын бала таба ал май тұр едім» дегендей Күн жымыңдап, бар қызуын Асқар ға аямай төкті. Асқар манаурап тұрып Күнге қарап еді, жалт етіп көзіне шағылысты. Көзін алақанымен көлегей леп, төмен қарап кетті. – Асқар, бері келші! Бері келші! Асқар жалт қарады. Айжан қақпа аузында шыдам сызданып, шыж-быж болып тұр.

Әңãіìåëåð – О не? Не боп қалды? – Бері келші, келген соң айтам. Асқар Айжанның жанына келді. – Ал не? Неменеге асығасың сонша? – Жолдаяқ отынның үстіне жатып апты, тұрмайды. Апам сүтті пісіріп қой деген. Соған отын алайын десем, ырылдай ды. Отынға жолатпайды. Мен одан қорқам. Сен қуып жіберші. – Мақұл, жүр. Айжан – Асқардың көршісі, екеуі түйдей құрдас – сегізде. Екеуінің де шешесі ұжымшардың қызылшасында істейді. Сүт пісіру, түсте апалары келерде шай қайнатып қою – Асқар мен Айжанның үйреншікті жұмысы. Апалары: – Бір-біріңе бас-көз болыңдар. Ұрыспай ойнаңдар, – деп кетеді жұмысқа. Апалары айтсын-айтпасын, онсыз да екеуі – тату достар. Бір-бірінен көмектерін аяған күні жоқ. Асқар Жолдаяққа ыза боп келеді. «Қап, мынаның басынуын қарай гөр, ей. Көрсетейін мен оған. Осы қыздар да қызық, не болса содан үркіп тұрады. Əйтпесе сол жаман иттен де адам қорқа ма?» Асқар көшеден жұдырықтай-жұдырықтай үш тас алды. Басқа жер жетпегендей-ақ, Жолдаяқ бір арқадай жусанның үстінде бүк түсіп жатыр. Үлкен саялы талдың көлеңкесі оны күннен қалқалап, өзінше бір рақат дүние тауыпты. Бірақ отын да керек қой! – Кет, ей. Кет, жоғал! Жолдаяқ «мына балаға не жоқ» дегендей, міз бақпай жатқан күйі Асқарға алакөзімен ата қарады. – Кет! Тұр, бар! Жолдаяқ былқ етпеді. Асқар таспен жіберіп ұрды. Тас тимей кетті. – Ыр-ыр-р! Жолдаяқ басын көтеріп ап, тісін ақситып айбат көрсет ті. «Енді ұрсаң, қолыңда өлем» деген түрі бар. Асқар сəл сескеніп қалды.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Ей, мынау қайтеді, ей! – Асқар, қой! Енді ұрма, қауып алады. – Қапса қапсын. Қайтсем де қуып жіберемін! Асқар да қасарысып алған. Дəлдеп тағы ұрды. Тас зу етіп барып, Жолдаяқтың жон арқасына тиіп, жерге дома лап түсті. Жолдаяқ арс етіп жүгіріп барып, тасты бір қауып алды да, желке жүні дүрдиіп, ашулы кейіппен Асқарға ұмтылды. Мұндай оқыс қимыл күтпеген Асқар қапелімде үрейленіп, бұрылып қаша жөнелді. Сол-ақ екен, тасқа сүрініп, етбетінен түсті. Асқар орнынан қайта тұрамын дегенде, ит оның балтырынан бір қарпып өтті. Айжан Жолдаяқ Асқарға тұра ұмтылғанда-ақ, бетін басып, шыңғырып жіберген. Еш нəрсені көрмей қалды. Көзін ашып алса, Жолдаяқ артына қарап қойып, бір нəрсені тындырып тастағандай алшаң басып, үйді айналып барады екен. Балтырына үңіліп Асқар отыр. Айжан Асқардың жанына жүгіріп келді. – Не болды, Асқар! Қауып алды ма? – Қапса қапсын. Отынды босатса, болды. «ƏЛІППЕ» Жұмаш пен Əділ дəл есіктің көзінде ұшырасты. Алақжұлақ етіп келе жатқан Əділ шалқалап ашылған есікке шекесін соғып ала жаздады. Жұмаш екенін көре сап: – Байқасаңшы, – деп шаңқ ете түсті. – Байқасаң, байқамайсың ба? Қайдан білейін сенің есік көзінде тұрғаныңды. – Мейлі енді. Жүр, шатырдан мұз түсіріп жейік. Жұмаштың соңынан іле əжесі келе жатқан. Əділдің сөзін естіп қалды: – Бар болғырлар, аулақ ойнаңдар! О неменем, есіктің көзіне топырлағаны. Күнім əжей балаларға ашуланғансып жасқап, үйді айналып кетті.

Әңãіìåëåð – Жұмаш, жүр, əйтпесе, бұзау сарайға барамыз. Мұздың əкесі сонда. – Құрысын. Тайжан ұрсады. – Кім айтты оны? Тайжан мая жақта жүр. Арбаға шөп тиеп жатыр, білдің бе? – Қазір-ақ тиемей ме? Кеп қалады. – Кім айтты оны? Сауыншылар қазір босатты арбаны. Оған арба жаңа тиді. Əлі қайда ол келгенше. – Керегі жоқ, бармаймын. «Əліппе» оқимын. – Сен жүр деген жаққа мен ұшып тұрам ғой. «Əліппені» мен де оқығам жоқ. Кешке оқимыз. Жүр. – Ал жүре қойшы. Жұмаш пен Əділ бұзау сарайға келді. Шынында, мұздың əкесі осында екен. Шифер шатырлы бұзау сарайдың күн гей беті бұжыр-бұжыр самсаған сүңгі мұз. Шатырдағы тығыз қар жіпсіп еріп, мөлдір тамшылар мұз бойымен жүгірген қалпы тамып кетіп, жерге жарыса үзіліп түседі. – Айттым ғой, мұздың əкесі осында деп. Мен ұрып түсіре берейін, сен жерге жеткізбей қақшып алып жинай бер, – деді Əділ. – Мақұл. Əділ жерде жатқан мұз сынықтарымен салбырап тұрған сүңгіні ұрып түсірумен болды. Ал Жұмаш қағып алып, қардың үстіне жинап жатыр. Екеуі де ұрттарын бұрти тып мұз сора бастады, Бірер сынық сорғанға ауыздары тас тай боп, тістерінің түбі сыздап, енді қайтып мұзға беттегі ле рі келмей қалды. Əділ атқылаудан жалығар емес, Жұмаш зерігіп кетті: – Мұның бəрін қайтеміз жинап? Тастайық, құрысын. – Кел онда, екеуіміз екі жақтап, сүңгінің бəрін түк қоймай қиратып кетейік. Енді екі жақтап атқылады. Сатырлап сынған мұзға мəз болып екеуі бар дүниені ұмытқан. Арба сықырлап келіп қапты. – Шүу, жануар шүу! – деген Тайжанның жуан даусы тым жақыннан шықты.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Əділ, Тайжан кеп қалды. – Қорықпай-ақ қой, көрмейді. Арғы жаққа шөп түсіріп жатқанда зытып кетеміз. – Көрмесе, көрмесін. Жүр енді кетейік. – Тұра тұршы, əне бір дəу сүңгіні ұшырып түсірейін. – Анау шеткі ұзынды айтасың ба? Оған құлашың жетпейді, алыс қой. Əуре болма. – Қазір мына тасты қырындатып сүйкете жібергенде көресің, ол тұрмақ, сол арадағының бəрін қиратам. Əділ тасын бар пəрменімен жіберіп кеп қалды. Су-су қолынан сусып кетіп, тас жер бауырлай ұшқан қалпымен дəл алдындағы терезеге барып тиді. Саңғыр етіп, терезенің бір көзі ойылды да қалды. Тас қирата-мирата ішке сүңгіп кетті. Бұл кезде арба сарайдың алдына келіп тоқтаған. Əділ де үрей қалмады. Тасамен үйіне дейін безді. Жұмаш та үйіне қатты алқынып келді. Əйтеуір бір тəуір жері екеуі көзге түспеді. Тайжан балаларды бұзау сарайға көп жолатпаушы еді. Маңайына жолап кеткен бала пəлеге қалатын. «Есікті ашып кетесің. Бұзаулардың бір жеріне зақым келтіресіңдер», – деп қызғыштай қорып, қуып шығады. Міне, енді Тайжан ның сол айтқаны болды. Жұмаш не істерін білмеді, ештеңеге қолы барар емес. «Əліппесін» əрі-бері аударыстырған болды. Оқи алмады. – Шұқшиып қағаздан басқаға қарамайсың. Бала деген бір мезгіл үй шаруасына да қарайласуы керек қой. Тұр, су əкел. Кешкі тамақтың қамына кірісетін уақыт болып қа лыпты. Əжесі пештің жанында жүн түтіп отыр еді. Осыны айтты да, шашылған жүнін жинастыра бастады. Жұмаш мойынағашпен суға келе жатыр. Амалсыз бұзау сарайдың алдынан өтеді. Жолы – сол. Арба бос тұр. Іште бұзауларға шөп салып жүрсе керек, Тайжан көрінбейді. Жұмаш арбаға қатарласа берді. Дəл сол мезетте, қолында айыры, Тайжанның шыға келгені:

Әңãіìåëåð – Əй, Жұмаш тоқтай қал. Терезені құртқан сендер ме? – Жо-о-оқ. – Апыр-ай, ə! Сиырдың мүйізі тиіп кетті ме екен? Дем нің арасында көзі үңірейіпті де қапты. Жел улеп, жас бұзау лар бүрсеңдеп тұр. Шөппен тығындағын болдым. Үйлерің де ескі əйнек немесе фанер тақтай бар ма? Бірдеңе қып мықтап бітемесе, бұзауларға суық тиетін болды түнде, – деп Тайжан шашылған шөпті тырмалай берді. Ыңғайы бұлардан көрмеген сияқты. Бірақ Жұмашқа Тайжанның сөзі қатты батты. Анада алғашқы қарда, он шақты бұзау суық тиіп ауырғанда, мал дəрігері бес-алты күн жатып емдеп, əзер жазған. Қазір суық тиіп ауырса, қырық-елуі бір-ақ ауырар. Оған кінəлі Əділ екеуі емес пе? Əділ болса, бүлдіріп алып, үйінен шықпай қойды. Тайжан сұраған ескі əйнек, фанер тақта бар ма еді? Жоқ. Көзіне түскен емес. «Əй, осы «Əліппемнің» қабы тура келмес пе екен? Ол да сынған көз сияқты сопақша еді. Не де болса, соны салып көрейін». Жұмаш өзеннен су əкеле жатып, Тайжанның арбамен сиыр сарайды айналып кеткенін көрді. Неге кетті? Жұмаш оны біледі. Бұзаулардың астына төсейтін топан əкеледі. Жұмаш суды үйге кіргізе салып, «Əліппесін» қойнына тығып, бұзау сарайға қайта келді. Текпішекке шығып, «Əліппесін» сынған көзге туралай қойып еді, дəл бір өлшеп-пішіп қойғандай қона кетті. Жұмаш ойланып тұрмады, «Əліппесінің» қабын жұлып алып, əйнек көзін əдемілеп бекітті. Жерге түсіп, анадай жерден бұрылып қарап еді, «Əліппе» деген қызыл жазу мен мұндалап бүкіл терезені сəнден діре түскендей екен. Көкірегін қуаныш сезімі биледі. Тайжан бұзаулардың астына сабан төсеп жүріп, əлгі сын ған көздің жымдай боп бітеліп қалғанын көрді. «Қағаз ба өзі, немене?» деп қайран қалды. Жақын келіп, үңіліп қараса, кітаптың қабы. «Е-е, мұны бітеп жүрген Жұмаш екен ғой. Қарай гөр, ей! Бір айналайын бала өзі. Кітабы өзіне керек емес пе екен? Бір ебін жасайтын ек қой» деп ойлады.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Ертеңіне бірінші сабақ «Əліппе» болатын. Жұмашпен бірге отыратын тазалықшы Майра: – «Əліппеңнің» қабы қайда? Неге жыртасың? – деп жатып жабысты. Жұмаш не дерін білмей, тұнжырап отыра берді. Не демек?.. Ол Əділ досын əшкере еткісі келмеді. Өз ісін елеу сіз санады. Нұрғиса ағай балаларды түгендеп болар-болмастан, Майра қолын көтерді. – Ағай, Əбиіров «Əліппесінің» қабын жыртып тастапты. – Əбиіров, Майра рас айта ма? Неге жыртасың? Жұмашта үн жоқ. Қып-қызыл боп жерге карап тұр. – Сені, тəртіпті, жақсы оқушы деп жүрсек. Оның нең, кітабыңды бүлдіргенің? Жұмаштың астыңғы ерні салбырап, көзі жасаурай бастады. Белгісіз бір сезім жүйке-жүйкесін босатып бара жатыр. Жұмаш басын жұлып алды. Балалардың бəрі сос тиып қарап қалған. Тек Əділ ғана партаға жабысып құнысып отыр. – Əділ байқамай сарайдың тере-зе-сін сындырып алды. Со-ған... Жұмаш сөйлей алмай өксіп кетті. Партаға мөлт-мөлт тамшылар жарыса тамды. КƏКЕННІҢ ОЙЫНЫ Кəкеннің атасы мен Дəмбай қарт төменгі сиыр сарайы на күнде барып, жұмыс істеп қайтады. Жұмыстары – сүрлем шұқырын қыстан қалған шіріктен арылту. Өзі бір бітпей тінақ жұмыс. – Бізге бір ермек керек. Қарап жүргенше, осыны тазалап берейік, – деп өздері бригадирден сұрап алған болатын. – Енді бітіре алмай əуре. Оның үстіне кеше бригадир келіп, жап-жақсы амандасып тұрып, бір сөзінде:

Әңãіìåëåð – Əлі бітірмегенсіңдер ме? – деп қалды. Екі қартқа батқаны осы. Бір аянған күндері жоқ. Қайтпек? Кей шұңқырлар сол бойымен шірік, ескі сүрлем. Екеуі айырларына сүйеніп тұрып, кінəні сауыншыларға артады. Бірінші сөзді Кəкеннің атасы Далдан қарт бастады. – Шіркіндер, қыстай не беріп шыққан сиырларына? – Апыр-ай, десеңші! Бəрі орнында жатыр. Мұны білмей Спан кінəні бізге артып кетті-ау. – Енді қайтсін. Бізге оңай тимегенін білгенімен, сол ерің шұңқырлардың ерте тазарып, саңғырап кепкенін жақсы кө реді ғой. Сондықтан айтқаны да. – Кəрі қойдың жасындай жасымыз қалғанда, тағы бір сөз естіп жүрмейік, қимылдайық. Екі қарт əбден қас қарайғанша қимылдады. Үйлеріне екеуі де тұралап шаршап жеткен. * Кəкен кинодан келсе, атасы терлеп-тепшіп шай ішіп отыр. Таңғалды. Бұл уақытта атасы мен əжесі ұйқыға қам қылып жатушы еді. Тіптен жатып та қалатын. – Қайда жүрсің, қарағым? – деді атасы. Жауабын да күтпей, еңкейіп кемпірінің қолына кесесін беріп жатыр. – Кинодан келдім. Əжесі кесені қолына алған бойы бағжаң ете қалды: – Бұл не деген таусылмайтын кинə өзі! Кинə, кинə деп күнде тентірегенше, атаңа көмектессең нетті? Өлімші болып жаңа жетті. – Не болды, ата? – Ештеңе жоқ. Сен баланың мазасын алмай тыныш отыр. Керек киносын көреді де балалар. Онда нең бар? – Өзің емес пе, жаңа бригадир «тез бітіріңдер» деп кетті деген? Текке көше таптағанша барсын, көмектессін саған. – Мейлі, онда. Ертең мен де барайын, ата. – Қой, балам, буының қатсын. Жаның тірі болса, жұмыс

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ табылар. Сендер істемегенде, осы жұмысты кім істемек? Біздің сиқымыз болса мынау. – Жасымсытатын ештемесі жоқ. Отау иесі болатын уақыт жетті ғой, бұрынғы уақыт болса. Барсын! – Барамын. – Кел тамағыңа. Əжесі Көкеннің алдына табақпен ет, кесе толы сорпа əкел ді. – Сорпа ішпеймін. Шай ішемін. – Кəкен сорпаны кейін жылжытты. – Іш. Реңің кірмейтіні осы ғой. Ет – етке, сорпа – бетке. Ішіп ал, күнім. Мен саған ұрыссам, жақсы болсын деп ұрысамын. Ішіп ал осыны... * Кəкен атасы екеуі бір шұңқырға түсіп істеді. Ал атасы күнде Дəмбай екеуі бірлесіп істейтін. Содан екенін, жоқ өздерінің əдеттері екенін, екі қария əлсін-əлсін тысқа шығып, насыбай атып, демалып отыра берді. Сондай бір ретте, Кəкен бір айырды көтере бергенде, əлгінің астынан құлаштай қара шұбар жылан шыға келді. Кəкен анадай жерге атқып шықты. Жылан жиырылып алып, қап-қара айыр тілін сумаңдатты. Кəкен ептеп бойын жи ды. Жақындап келіп, жыланды айырымен салып өтті. Жыланды өлтіргесін, Кəкен сергіп қалған. Енді сол жыланды атасының алдына көміп, қызық көрмек болды. Атасы келіп жұмыс істей бастады. Кəкен күлкіге булығып тұр. Үні шығып күлермен болған соң, аяғының асты на тесіліп, құдиып алған. Қалай болғанын байқамай қалып ты, атасы балаша секіріп арбаңдап жүр. Мойнында өзі көмген жылан, түсетін емес. Атасы басындағы бөркін жұлып алып, мойнын сабалады. Жылан жерге былқ ете түсті. Сұлық жатыр. Атасы барып қарады.

Әңãіìåëåð – Мына патшағар тірі ме, өлі ме? – деп аударыстырып үңілді. Көкен алғаш күліп, кейін өзі де қорқып қап, сұп-сұр боп тұрған. Атасы баласына қарады. Түсіне қойды. «Баламысың деген! Бүйтіп те ойнайды екен?» * Енді кешке дейін шүйіркелесіп сөйлеспеді. Көздері тайқып, қашқақтай берген. Ауылға да үнсіз келе жатты. Далдан қарт дəл қазір өзіне ренжіді... «Менікі не? Өліп қал ған жыланға бола түйеше тайраңдап! Балаға күлкі болдым». Кəкен де қысылып келеді. «Қап! Мойнына оралады деп ойласамшы. Екі ортада атамды ренжіттім». Кəкен атасына бір жылы-жылы сөздер айтпақ болды. Бірақ ол аузына түспеді. Тілінің ұшында тұр, шықпайды. – Ата! – деді ауыл қарасы көрінгенде. Үні қарлығып шықты. – Бағанағыға ренжіп қалдыңыз-ау! – Жоқ, неге ренжиін? Шаршап келем. – Ататай, ренжімеңіз, мен ешкімге айтпаймын. – Айта бер, қарағым. Қартайғанда бір балалығы дер жұрт. Айта бер. – Жоқ, айтпаймын, ататай! Жандарынан бір ауыр жүк машинасы өтті. Қалың қою шаңның арасында қалды. Далдан қарт атына қамшы басқан, шаң тұманнан сытылып шыға берді. – Дұрыс, балам, дұрыс. Қартты қорқытып алып, аяған сиқыңнан айналайын сенің. Атасы Кəкенді бауырына тартты. Кəкен мұрнын атасының қолтығына тыққан, ыстық екен. Көңілі жадырап, еңсесін басқа ауыр жүктен құтылғандай болды. – Тентегім, жақсы бол! Атасы Кəкенді арқасынан қағып, бауырына қыса түсті.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ АБТОБУС АЯЛДАМАСЫ Көктемнің шуақты бір күнінде ауылдың аяғындағы тас жолдың екі жақ бетінен, екі телеграф бағанасына көкала жазу іліне қалды. Аялдама жарнамасы екен бұл. Ергеңінеақ ауданнан ұжымшар орталығына автобус қатынай бастады. Енді аудан орталығына да, ұжымшарға барушылар да бұрынғыша жаяу-жалпы шұбыруды тоқтатты. Лезде-ақ автобустың сағат сайын бір рет қатынайтынына үйреніп алыстық, аялдамаға жиналамыз. Рақат! * Осы аялдама жарнамасын мен бостан-босқа қират тым. Əншейін бір күтпеген оқыс іс болды. Кендірбай екеуіміз «Орленоктерімізді» мініп, тас жолға шыққанбыз. Канал көпірінен өте бере, Кендірбай: – Өскен, кел, анау аялдамаға дейін жарысайық, – деді. – Кеттік. Ағыза жөнелдік. Шүу дегенде алға шығып кеттім. Негізінде Кендірбай озатын-ды, қатарласа берді. Енді болмаса озып барады, кілт тормоз бердім. Қарасам, жолдың келесі бетіндегі аялдаманың тұсы екен, қуанып кеттім. Кендірбай біраз жерден барып оралды. – Не болды саған? – Не болғаның не? Сен қалдың, сол болды. – Аялдамаға дейін дегеніміз қайда? – Енді не қыл дейсің? Мынау не, аялдама емей? – Əй, қу-ай, анау аялдамаға дейін еді ғой. – Айтқан екенсің! – Жүр, əйтпесе қайта жарысайық. – Анау-мынауынды білмеймін, қалдың. – Қорқақ! Аялдаманы түсінбегенсіп, сылтауратуын. – «Аялдама, аялдама» деп басымды қатырмашы. Керек болса, мұныңның быт-шытын шығарып құртамын.

Әңãіìåëåð «Құртамынды» басында сөз екпінімен ерегісіп айтып едім, тағы мынадай бір ой келе кеткені: – Кендірбай, кел осыларды жұлып алайық. Өзді-өз ау ламызға іліп қоямыз. Велосипед аялдамасы болады да шығады. Бар ғой, қатып кетеді. Кендірбай ат-тонын ала қашты. – Өй, құрысын, біреу көріп қояды! – Сол да сөз екен? Қазір деп тұрған кім? Кешке. – Жоқ, керек емес. Мен кеттім. – Бара бер. Кендірбай велосипедіне мінді де, артына бір бұрыл май кете барды. Мен тұрып қалдым. * Тас жолға шықсаң көзіне оттай басылып мен мұнда лап тұратын көк ала жазуды мен сол күні кешке жоқ етгім. Одан айрылған бағаналар бұрынғыдай оқшаулануын қой ды. Елеусіз болып барады. Тек түбінде жұрт аяғымен тапталған тап-тақыр алаңқай ғана жатты. Енді ел аялдаманы қойып, үш көшенің қайсысының аяғында шоғыр көп, бəрі сонда жиналады. Əрине, автобус шоғырға тоқтайды. Аялдама – сол. Аялдаманың не керегі бар? Автобус ауыл тұсына тоқтаса болды емес пе? Тоқтайды. Жаяу қалып көргеніміз жоқ. Біз енді бұған да үйреніп үлгердік. Кел де, мініп кете бар. Рақат. Кеше Кендірбайдың шешесі аудан орталығына барған екен. «Оқушылар жəрмеңкесі ашылыпты. Керектеріңді барып алыңдар» деп келді. Кендірбай екеуіміз бір-бір тор алып, аудан орталығына жөнеп бердік. Тас жолға шықсақ, шоғыр арғы шеткі көшенің аяғында екен. Сонда беттедік. Бұрынғы аялдаманың тұсына келгенде Кендірбай маған: – Өскен-ай, сені айтсайшы, аялдаманы құртып. Ауылдың дəл ортасы, бізге де жақын, жақсы еді, – деді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Өзім де өкініп жүретінмін, ашық мойындадым. – Қап десеңші, бекер болды. – Қой дегенде, тіл алып па ең? – Дабырлама, ел естиді. Біз жиналғандарға жақындап қалдық. Орта көшеден бір кемпір шықты. Таяғына етпетгей сүйеніп келеді. Бəріміз таныдық – Нағима əжей. Əжей тас жолға əзер жетті де, бізге дауыстады. – Бері келіңдер, қарақтарым. Аялдама мұнда. Келіндер мұнда. – Расында, аялдама сол жер болатын. Оның үстіне əжей мұнда жете алмас. Жүріңдер, сонда барайық, – деді бір мосқал адам. Əжей сөзін сыйлап келгенімізге разы болып қалды. – Келіңдер, айналайындар, аялдамасы құрғыр осы жер еді, мына бағанада жазуы бар болатын. Балалар құртты да, пəле болды. Əжей сөзін айтып болар-болмастан, мосқал адамның көзі бізге түсті. Əсіресе, маған қадалды. Нағима əжей жалпы балаларға өкпе артқаны болмаса, бізді барсың ба, жоқсың ба деген жоқ еді. Мына кісінікі қызық болды. Енді елдің бəрі бізге қарады. Тіптен сөз шығып кете жаздаға ны. Онда бір сұмдық болатын еді. Автобус келіп қалып, сол құтқарды. * Қайтарда да Нағима əжей бəріміз бір автобусқа міндік. Автобусымыз ауыл тұсына қатарласа берді. Үлкен көшенің тұсынан өтіп те кетті, заулап барады. – Шопыр, шопыр, тоқтат. Ұзап кетті-ау! Бұл – Нағима əжей. Автобус екпінін баяулатып барып, біздің көшенің тұсына келіп тоқтады. Сөйтсек, адамдар осында жиналған екен, лап қойды. Кендірбай екеуіміз алдыңғы есіктен ытқып-ытқып шықтық. Нағима əжей бол са, күңкілдеп əлі түсе алмай жүр.

Әңãіìåëåð – Ойбай, белім. Ұзап кеткенін. Енді қайтіп жеттім? Автобус гүж етіп орнынан қозғалды. Нағима əжей состиып тұрған бізді көрді. – Балалар, бері келіңдер. «Өлмегенге өлі балық жолығады» деген. Мынаны үйге дейін көтеріп барсаңдар, қайтеді? Кендірбай оны-мұны толы торын маған берді, өзі əжейдің жүгін көтеріп алды. Нағима əжей аяғын санап басады. Екі тор иығымды түсіріп, қолымды қиып барады. Əжейдің қақпасына əзер жеттім. – Ал, əжей, біз қайттық. Нағима əжей орта көшенің аяғында, үшінші үйде тұратын. Бізге бұрыс. Сонысын баса айтып, алғысын жауды рып жатыр. – Үлкен жігіт болыңдар, шырақтарым, көсегелерің кө герсін! Біраз жолдарыңнан қалдырдым. Аялдамасы құрғырдың əуресі бұл. Автобус бұрынғы орнына тоқтаса ғой, еңбектесем де жетер едім. Қарыс жер мұң ғой бізге. Сендер болмасаңдар, жете алмайтын ем. Үлкен жігіт болыңдар! Жүрегім бүлк ете қалды. Нағима əжейдің мына сөздері бізге айтқан рақметінен гөрі, аялдама кесірінен көрген кəріптігін шағып, көмек сұраған мұң-зары сияқтанды. Осы сəтте əжейді кереметтей аяп кеттім. Таяғына етбеттей сүйенген əжей аласарып, жер бауырлап еңбектеп бара жат қандай. – Өскен, анада аялдама жарнамасын қайда жіберіп едің? – Құрыған сонда-ақ, қайтпексің? – Керек. – Айтсаңшы. Неменеге керек? – Бұрынғы орнына қағып қоямыз. Көрдің бе, Нағима əжейге обал. – Білуші ме ең, ауруханада қызы жатыр, соған күнде барады. – Жоқ, білмеймін. Онда тіптен керек екен.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Басқа бір амалын қарастырмасақ, мен оны сол күні-ақ каналға лақтырып жібергенмін. Біз сол күні кешке қолымыздан келгенше автобус аялдамасын жасап, бұрынғы орнына қағып қойдық. * Біреу жұлқып оятты. – Тұр, Өскен, тұр. Кешегі уəде қайда? Мен орнымнан атып тұрдым. Кендірбай екен. Мен ұйықтап қалыппын. «Ертемен көрейік барып, автобус қай жерге тоқтар екен?» деп келіскенбіз кеше. Велосипедтерімізбен ағызып тас жолға шықтық. Бүгінгі шоғыр дəл біздің көшенің тұсында екен. Нағима əжей де бүкшеңдеп өз көшесінің аяғына шығып қалыпты. Біз кешігіппіз – автобус ұжымшар жақтан келеді... Заулап, таяп қалды. Қызықты қараңдар, шоғырдың жанына тоқтамай өте шықты. – Мұнысы несі шіркіннің? – Біздің автобус па өзі? – деп танданысты тұрғандар. Кендірбай екеуіміз олардың жанынан өте шықтык, Автобус барды да, біз қаққан «Автобус аялдамасы на» барып тоқтады. Жалғыз Нағима əжей мініп жатыр. Енді жұрт сонда жүгірді. – Е, бəсе, жазу іліп қойған екен ғой мұнда. – Онысы жақсы болған екен. Осылай таңданысын, разы болысқандарымен, көк ала жазуға ешқайсысы пəлендей бір назар аудармаған тəрізді, Əйтпесе оның фанер тақтайдан жасалғандығы жəне айтарлықтай ұста емес адамдардың қолынан шыққан дығы білінуші еді. Ол туралы да бірер сөз айтылатыны күмəнсіз болатын. Ал оның бəрін көріп-біліп тұрған Кендір бай екеуіміз ғана. Мəселе жазудың сұлулығында емес пе деймін. Өйт кені содан бері автобус нашар да болса, сол біз бағанаға қақ-

Әңãіìåëåð қан көк ала жазудың түбіне тоқтап жүр. Жұрт соның түбіне жиналады. Рақат. СУРЕТ САБАҒЫ Сурет сабағы жаңа басталған. Мұғаліміміз Ерен апай: – Балалар, білесіңдер ме, 8 наурыз жақын қалды. Ол – Халықаралық əйелдер күні. Бүгінгі сабақта бəрің аналарыңа лайықты сыйлық болатындай бір-бір сурет салыңдар, – деді. Бүкіл сынып болып: – О, жақсы болды! – Қызық-ай! – деп шу ете түстік. – Мен раушан гүлін саламын, – деді менің парталасым Темір. – Мен апамның суретін саламын, – деді алдыңғы партада отыратын Қанат. – Мен де, – деді оның парталасы Зəуре. Мен де апамның суретін салуға бекіндім. Бəріміз тапсырманы орындауға құлшына кірісіп кеттік. Қайдағы бір шар, шаршы, пирамида дегендерді қайта-қайта сызғылаған нан гөрі, өз шешеңнің суретін салған əлдеқайда оңай емес пе. Менің көз алдыма өзіме ең жақын ыстық, аяулы анам келе қалды. «Қызым, жақсылап сал мені. Мен бұл сыйыңды қуана қабыл аламын», – деп ақ қағаз үстінде күлімдеп тұрды ол. Қарындашымды берік ұстап, қағазға төне түстім. Алайда қарындашым қағаз бетіне жақындай бере, қолым діріл деп кетті. Кілт тоқтадым. Жаңағы күлімдеп тұрған анам көз ден ғайып болып, алдымда аппақ қағаз жатты. Өсіп отыр ған көңілім лезде пəс тартып бара жатты. Ары отырдым, бері отырдым. Қолым баратын емес. Мен анамның суретін сала алмайтынымды сездім. Қанат пен Зəуреге қарап қоямын. Екеуі дəптеріне төне

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ түсіп, дамыл таппай жұмыс істеп отыр. Солардан кем болғаным ба? Мен де енді ай-шайға қарамай іске кірісіп кеттім. Сөйтіп, бас көтермей отырып, бір нəрсе салып шықтым-ау, əйтеуір. Бір нəрсе дегенім – бұл менің шешемнен гөрі, осыдан бес-алты жыл бұрын ойнаған, ал қазір жетімсіреп сарайымыздың бір бұрышында жататын қуыршаққа көбірек ұқсас болып шықты. Əйткенмен мен өз еңбегімнен шешеме ұқсас белгілер іздеп, көп үңілдім. Үңілген сайын мен одан жаным шошып, түңіле бердім. Құрысын бұл қуыршақ! Мен енді оған қарағым келмей, дəптерімді жауып қойдым. Тақтаға, терезеге, есікке, қабырғаға қарадым, барлық жер де анамның үйдегі үлкейтілген үлкен суреті: «Қап, мені сала алмағаның қиын болды-ау!» – деп өкініш айтып тұрды. «Сен дүниедегі суреттің бəрінен жақсысың, апа. Сондықтан сала алмай отырмын сені. Əйтпесе мен суретті еш кімнен кем салмаймын». Осы ой кішкене еңсемді көтергендей болды. Бағанадан бері шұқшиып бірдеңе жазып отырған апай жаутаңдап отырған мені көріп қалды. – Дəулетбекова, немене, салып болдың ба? Мен төмен қарадым. – Апай, біз болдық. Енді байқадым, балалардың көбісі тапсырманы орын дап болғанға ұқсайды. Ерен апай əдеттегідей бірінші парта дан бастап, дəптерлерді жинап жүр. – Жарайсың, Қанат! – Зəуре, сен де жақсы салыпсың. «Пəлелерін-ай, мыналардың!» Апай біздің партаға жақындаған сайын мазам кете берді. Дəптерімді ашып қарап едім, көзім бұлдырап кетті. Мен ешқандай мақтау ала алмайтынымды сездім. Дəптерімді қайтадап жауып қойдым. Міне, апай біздің партаның тұсына келді. Темір дəптерін берді.

Әңãіìåëåð – Темір, сенің мына гүлің апаңа сыйлық боларлықтай екен. – Бағила, сен жаңа апаңның суретін салмақ болып едің, немене, салмағансың ба? – Жоқ. – Кəне, дəптерің? Мен дəптерімді апайға қарай ақырын ысырып қойдым. Апай дəптерімді қолына алды да: – Салыпсың ғой. Жақсы салыпсың. Неге алдадың мені? – деді. – Жо-о-оқ. Менің апам бұдан жақсы. Бұл жа-а... Мен сөзімді аяқтай алмай, өксіп кеттім. Көзіме жас үйірілді. Апай қапелімде сасып: – Қоя ғой, Бағила, қоя ғой. Сенің апаң – жақсы адам. Мынау өзің жасыңда ойнаған қуыршақ қой. Соны жақсы са лыпсың, – деп бəйек болып қалды. – Менің апам бұған ұқсамайды. – Мен оны жаңа айттым ғой, Бағила. Сенің апаң – алтын адам. Апай шындықты айтып тұр. Мен өксіп барып басыл дым. Сол сəт біреу солқ ете түсті. Қанат екен. Менің көңі лім шайдай ашылып, Қанатқа күле қарадым. – Менің апам да мына суреттен жақсы, – деді ол көз жасына булығып. Зəуре еңіреп жылап жіберді. – Менің апам Бағиланікінен де, Қанаттікінен де жақсы. Пəлесін-ай мұның! Жаңа ғана апай мақтағанда мəз бо лып еді, енді демнің арасында айтып отырғанын қара. Біреудің шешесінде несі бар екен? Зəуреге осысын айтпақ болып оқталып едім, менен бұрын жауап берді: – Өзіңнің апаң жаман. Ерен апай енді ашуланып қалды. – Қойыңдар, балалар. Бəріңнің де апаларың жақсы. Бұл салғандарың сендердің апаларың емес, қуыршақта рың болсын. Оның өзі де апаларыңа үлкен сыйлық болады.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Апаларыңа сендер ойнаған қуыршақтың өзі ыстық. Қуыршақты жақсы да, жаман да етіп салуға болады, ал, анасының суретін ешкім жаман етіп салмайды. Кəне, бəрің дəптерлеріңді жинап маған беріңдер, көріп шығамын, – деп үстелінің жанына барып тұрды. Үшеуіміз де енді жым болдық. Өйтпегенде ше? Біз апаларымызға сыйлық етіп қуыршақтарымызды салдық қой. Ал оларымыз онша жаман сыйлық бола қоймас. АЛҒАШҚЫ ЕРТЕҢГІЛІК Мен бір ұзақ жолдан келіп ұйықтап жатқанмын. Кенет оянып кеттім. Көзімді аша бергенім сол еді, қолыма қыстырылған қағаз тиді. – Көке, мə, подарок. Менің балам – Бауыржан мұны айтып тұрған. Бағана ол балалар бақшасына кетерде мен де оған жол дан əкелген сыйымды беріп, шығарып салған едім. Айналайын сенен, Бауыржаным! – Бауыржан, мен тəттіні жемеймін ғой, мə, өзің ала ғой. – Жоқ, көке, ішінде алма бар, біреуі сенікі. Мен баламның риясыз көңілін қимай, бір алманы қолыма алып, ақырын-ақырын жей бастадым. Балам аптыға жеді. Соның нəтижесі – ол өз алмасын менен əлдеқайда бұрын тауысты. – Білесің, көке, менің не жегім келіп тұр? Алма жегім келіп тұр. – Мə, жей ғой, Бауыржан. Бауыржан бұл алманы да апыл-ғұпыл жеп, тез тауысты. Енді ол қолына алуан түрлі дəмнен құралған сыйлық салынған қағазды алды. Бұл жолы сыйлық ішіндегі əдемі дəм – вафлиді шешесінің аузына тосты. Шешесі вафлиді шетінен сындырып, аузына сала бергені сол еді, Бауыр жан тағы сөйлеп қоя берді:

Әңãіìåëåð – Білесің, апа, менің не жегім келіп тұр? Вафли жегім келіп тұр. – Мə, жей ғой, Бауыржан. Бауыржан вафлиді де көпке жібермей жеп тауысты. Бұл – оның балалығы ғой. Біз мұнысына көнеміз. «Подароктың» ішінен Бауыржанның өзіне көп нəрсе табылады, əрине. Түрлі печенье, сан алуан кəмпит. Мұның бəрі – Бауыржанға əдемі-ақ «подарок». Бірақ бізге əуес ас емес. Баламыз осыны түсініп тұр. Ол біз үшін «подароктың» ішінде көп қызықтың қалмағанын білді. – Апа, мен ақ көйлегімді киемін. – Не қыласың оны киіп? – Киемін. Бағанағы қара трусигімді де киемін. – Не қыласың оны киіп? – Киемін. Бағанағы ақ гольфигімді де киемін. – Не қыласың оны киіп? – Киемін. Бағанағы қара бəтеңкемді де киемін. – Кисең кие ғой. Бұл – оның сотанақтығы ғой. Біз оны көтереміз. Бауыржан ендігі бір сəтте бар киімін киді де, əдемі бір сүйкімді күйге енді. Маған солай көрінгенімен, бұл киіміне өзі разы болмады. – Енді көкемнің костюмін киемін. – Ойбай-ау, ол саған үлкен емес пе? – Үлкен. Абылайдың да шапаны үлкен ғой. Мен Абылай боламын. Біз енді оған менің костюмімді кигізбек болдық. Бірақ ол мұны киген жоқ, үстіне жамылды. Омырауын түйреуіш пен түйретті. Сөйтті де, қолына өзінің пластмассадан жасал ған қылышын алып, үйдің ішін опыр-топыр қылып, əрлі-берлі шапқылай бастады. Ол күнде бұлай етпей тін. Мынау баламның саналылығы ғой. Мен баламның Абы лай хан болып шапқылағанына қуандым. Апасы да қуа нып тұр. Өйткені əншейінде Бауыржанның бұлай үй

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ішін апыр-топыр қылып шапқылағанын мен көтерсем де, ол көтермейтін. – Бауыржан, Абылай болуды саған кім үйретті? – Бүгінгі ертеңгілікте тəрбиешіміз үйретті! – Ертеңгілігі несі? Менің бұл сұрағыма апасы жауап берді. – Бүгін бұларда қазақ хандары мен батырларына арналған ертеңгілік өткен. Мен істің жайын сонда барып ұқтым. МЕЙЛІ, ОЙЛАНСЫН! Балабақша ауласында əр топтың өз алаңқайы бар. Əр алаңқайда мініп алып, шоқырақтап отыратын ағаш та, қорбиған тұлып қонжық, мүйізі шыршадай бұғы, асыла кететін əткеншек, жылтыр қаңылтырдан жасалған сырғанақ, əйтеуір, не керектің бəрі табылады. Сонан бəрі қа шан көрсең де ағы ақ, қызылы қызыл болып жарқырап тұрады. Сабыр мен Мақсаттың, яғни ересек балалардың алаңқайы балабақшаның түстік жағында. Балалар далаға шықты болды, осында шүпірлесіп ойнайды да жатады. Бұл топтың қыздары мен балалары ешкімге көз алартып көрген емес, сөйте тұра, олардың оң жақтағы көршілері – естиярлар тобындағы Серік пен Еркін қалай да оңашасын тауып, бұлардың алаңқайына кіріп кетіп, бір нəрсені бүлдіруге құмар-ақ. Кеше аттарын құлатып тастап кетіпті, бағана алаң қайларына айнала тізіп, əктеп қойған малтатастарды шашып, рəсуа етіпті. Мұны не деп болады? – Қайтпек керек? – деді Сабыр кəдімгідей уайым қылып. Шот қабағы түйіліп, қой көзі тұнжырап кеткен. – Өш алмаса, болмайды, – деді Мақсат қызбаланып. Жұқа бидай өңі алаулап шыға келді. – Сонда не істейміз? – Не істейтіні бар, біз де олардың алаңқайының бытшытын шығарайық.

Әңãіìåëåð – Ол болмайды. Ұят. – Несі ұят! Мұны істеген Серік пен Еркін. Кел, онда солармен төбелесейік. – Төбелесу – тəртіпсіздік. – Айттым ғой, ең дұрысы – алаңқайларына тиісу. – Қой. – Не, сен қорқасың ба, онда өзім қиратамын барып. Сенде намыс жоқ екен. Сабырдың намысы неге болмасын, қозып шыға келді: – Жүр! – Тоқта! Түстен кейін, ұйқы кезінде барып жайрату керек. – Мақұл. Келістік. Күнде Анар апайдан бір-екі ескерту естімей ұйықтамайтын Сабыр мен Марат бүгін жастыққа басы тиісімен, «қор» ете қалды. Бұл ел тез ұйықтасын деген қулықтары еді, жоқ, өздерінің де көздері ілініп кетіпті. Алдымен Сабыр оянды, төсегінен ақырын сырғып түсіп, Мақсатты түртті: – Мақсат тұр! Мақсат көзін уқалап, аузын аша берді: – А-а... Сабыр өз аузын басты: – Тс-с-с... Мақсаттың көршісі Күлəш оянып кете жаздады, ұйқысырап, бірдеңелерді былдырлап барып тынды. Сабыр мен Мақсат демдерін іштеріне тарта қалған. Күлəш қайта ұйықтады-ау дегенде, аяқтарын ақырын-ақырын басып, есікті көздеді. Табалдырықтан аттап сыртқа шығысымен, алаңқайды бетке алып жарыса жөнелді. Əрі қарай бəрі ойлағандай болды, көршілерінің алаңқайларын ту-талақай етті: аттарын, аюларын сұлатып салды, тағы басқа да ойыншықтарына қырғидай тиді. Екеуі былайғы дүниенің бəрін ұмытып, тізілген малтатастарды тепкілеп шашып жатқан, кенет төңірек шу ете түсті. Олар екі топтың балаларын көрді. Кəдімгі бір құбы-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ жық көрген дерсің, еліріп алған. Екеуінің де демдері бітіп, буын-буындары босап, сылқиып тұрды да қалды. – Мыналар екен ғой, біздің алаңқайларымызға тыныштық бермей жүрген. Бұл Күлəш айтатын сөз бе еді? Екеуі мұны өз тобы ның намысы үшін істеп отырса, қара, айтып тұрғанын! Өс тіп мойныңды ішке алып сүмірейіп тұра бергеннен басқа амал жоқ енді. Ортаңғы топтың тəрбиешісі Сара апай: – Міне, мəселе қайда жатыр? – деп мырс етгі. Анар апай жүзі сынып, төменшіктеді: – Қайдам?.. Сабыр апайларын аяп кетті. – Иə, біз – тəртіпті балалармыз. Балалар ду күлді. Сөзге Мақсат араласты: – Шын, Сабыр дұрыс айтады, апай. Біз – жақсы балалармыз, мұны əдейі істедік. – Қалайша? Анар апайдың айтыңдар, тағы да айта түсіңдер деп тұрғанын Сабыр да, Мақсат та түсіне қойды. Екеуі жарыса жауап қатты: – Ана Серік пен Еркін біздің ойыншықтарымызды күн де шашады. – Біз өш алдық. Сабыр мен Мақсаттың тобы ұйымшылдық танытты: – Рас, апай. – Үнемі сөйтеді. Əне, қараңызшы, ана құла аттың құлағын жұлып тастапты. Серік пен Еркіннің тобы қарап тұрсын ба, олар да дауыс көтерді: – Апай, өтірік айтады. – Өздері – бұзақы балалар. Тəрбиеші апайлар не дерін білмей, абыржып тұр. – Сонда сендер кімге жамандық жасадыңдар? – деді сосын Сара апай. – Айтыңдаршы, кімнің мүлкін бүлдіріп жүрсіңдер? Бұл

Әңãіìåëåð сұраққа Сабыр мен Мақсат қана емес, Серік пен Еркін де жауап берсін, – деді Анар апай. – Біз Серік пен Еркінге жасадық мұны. – Əуреге түсіп жинасын екеуі енді алаңқайларын. Сабыр мен Мақсаттың бел алып бара жатқанына Серік пен Еркін шыдаушы ма еді, олар да айқайлап шыға келді: – Біз де шашамыз сендердікін... – Шашу аз, қирату керек. Екі апай да қатты капа болды, не үйреткен мына балаларға?! – Балалар, бəрің ойланып көріңдерші, мыналардың айтып тұрғаны жөн бе, жоқ, басқаша ма? – Сөйтіңдер, бəрің жақсылап ойланып айтыңдар. Екі топтың балаларында да үн жоқ. – Апай, бұлар бəрімізге жамандық жасап отыр. Сабыр күйіп кетті. Бұлар бүкіл топтың намысын қорғап отырса, Күлəштің мынасы несі? – Бұлардікі жамандық емес, қастандық. Мақсат шоршып түсті: – Қастандық! Мүмкін, одан да сорақы бірдеңе шығар? Серік пен Еркіннің көздері жыпылықтай бастады. – Біз ешкімге жамандық ойлаған жоқпыз. – Бар болғаны аттарын жыққанбыз. Сара апай енді өз шəкірттеріне шүйлікті: – Күлəш дұрыс айтады. Сендер ештеңе түсіндіңдер ме өзі? Анар апай Сабыр мен Мақсатқа бұрылды: – Сендер ше? Бір нəрсе ұқтыңдар ма, жоқ па? Əбден намыс буып алған төртеуі ондай терең сөзді ұғарлық халде емес еді. – Анар Баятқызы, осыны түсінуді өздеріңе қалдырсақ кайтеді? Ойлансын, – деді Сара апай. – Сөйтсек, сөйтейік, Сара Жомартқызы. Ал қазір Сабыр мен Мақсаттың бүлдіргендерін бəріміз жабылып ретке келтірейік, – деді Анар апай.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Сөйтеміз бе, мейлі, ендеше. Екі апайдың келісімге келе кетуі Сабырға ұнаған жоқ: – Неге? Олар шашқанда, біз өзіміз жинағанбыз. Жинасын өздері. Мақсат оңай көнді: – Сабыр, жүр жинаймыз. Сабырды енді кім тыңдасын, екі топтың балалары шəкшəлекейі шыққан алаңқайды ретке келтіруге кірісіп кетті. Сабыр шеттеп қала берген, сол сəт Күлəш жүгіріп келіп, қолынан тартты: – Жүр, Сабыр, жалғыз қалған жақсы емес. – Бара бер, жинаңдар Серік пен Еркіннің алаңқайын! – Алаңқай солардікі ме екен? – Енді кімдікі? – Бəріміздікі. – Айтасың. Біздің өз алаңқайымыз бар. – Біздің де, аналардың да алаңқайы – балабақшанікі. – Ал балабақша кімдікі? – Біздікі. – Енді не қыл дейсің? Жүр, кеттік. – Тоқташы, сəл ойланып алайын. – Ойлан, ал. Сабыр ойланып тұр. Мейлі, ойлансын! Ү3ЕҢГІЛІК Бұл екеуі мұнда ойнауға келген. Əуелі екеуі хауыздың тас жақтауының үстіне секіріп-секіріп шығып алып, əрліберлі жүгіре бастады. Осының өзі де аз емес еді. Жақтау əжептəуір жалпақ, бірақ биіктеу. Абайлау керек, əйтпесе құлап кетуің мүмкін. Ойынның қызығы да осында – жығылып қалмай жүгіруде болатын. Екеуі ешқандай сүрінбейқабынбай жақсы-ақ жүгірді, секірді. Бір кезде Қайрат хауыз ішіне əдейі қарғып түсті. Одан

Әңãіìåëåð Қасым қайтіп қалсын. Ізінше тас еденге дік ете қалды. Хауыз ішіне екеуі бекер түспепті, ермек етерлік оны-мұны жетерлік екен. Алдымен сүтті сиырдың емшегіндей кере қарыс, кере қарыс су атқылайтын түтіктерді қайта-қайта ұстап көрді. Жазда су тызылдатып тұрып шапшиды аспан ға бұлардан. Су ең биікке шапшитыны қайсысы болды екен? Екеуі осы сұраққа жауап іздеп, түтіктердің əрқайсысын бір ұстады. – Мынау, – деді Қасым. – Жоқ, мынау, – деді Қайрат. – Неге? Менікі ұзын, бұдан атқыған су алысқа барады. – Ал мынаның ұшындағы тесігі тар. Мен талай көргем, жіңішкесінен су биікке шапшитын. – Əй, соғасың-ау өтірікті. – Шын. – Жарайды, менікі – осы ұзын, сенікі – андағы қысқасы бол сын. Жазында көрерміз, кімдікінен су биік атқылайды екен. – Келістік, солай болсын. Бұл мəселеге осымен нүкте қойылды. Екеуі енді арасынан түтіктер жыпырлап шығып тұрған тегенедей-тегенедей сұр тастарды айналдыра бастады. Қай жақтан жеткізілді екен? Əу баста-ақ осындай сандықша тастар болды ма екен, жоқ, қиып, қисынын келтірді ме екен? Екеуі тастардың бірінен соң бірін ұстап, қозғауға əрекет жасап көрді. Зіл батпан ауыр тастар былқ етуші ме еді? Мəселе тасты орнынан жылжытуда емес, əрекет жасап көруде. Ойын қызығы, міне, осыған ойысты. Қасым шеткерідегі бір тасты қатты-қатты ырғап қалып еді, қозғалғандай болды. – Қайрат, жүгір, мына тас орнынан жылжыды. Кел, көтер бір жағынан, құлатамыз. – Неге? – Құлатып тастайық. Көктемде жөндейді. – Қызықсың сен. Кейін жөндейді деп, əп-əдемі нəрсені бүлдіруші ме еді?

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Бүлдіреді. Маған көмектесесің, көмектеспесең, ойнамаймын. – Ойнамасаң ойнама. Мен бұл тастарға енді қайтіп қолымды тигізбеймін. – Сөйттің ғой. Онда мен саған өкпеледім, үйге кетем. Қасым теріс айналып жүре берді. Қайда барады, тас жақ тауға барып тірелді де тоқтады. Екеуінің де бойынан ток жүріп өткендей болды. Мəссаған, екеуі де шыға алмайды екен ғой мына хауыз ішінен. Екеуі үрейлі кейіппен бірбіріне едірейе қарады. – Ал кетпедің бе үйіңе? – Кетем. Мықты болсаң, өзің шығып көрші! Бізге енді шығу жоқ бұл шұңқырдан. Мені осында ертіп келген сен. Мамама айтам! Ма-ма... Қасым бақырып жылап қоя берді. Қайрат сасып қалды. – Қасым, қой, жылама кішкентай бала құсап. – Мен сенен кішкентаймын, жылаймын. – Жылама, сен менен көп кіші емессің. – Көп кішімін. Сен бірінші сыныпта оқисың, мен мектеп ке ендігі жылы барам. – Бір жас та сөз бе? – Сөз. Жылаймын. Ма-ма-а... – Қасым, жарайды сен кішісің, мен үлкенмін. Сен менің айтқан тілімді ал, сонда қазір-ақ шығамыз. – Қалайша? – Сен менің аяғымнан алып көтересің, сөйтіп алдымен мен шығам, содан соң сені тартып шығарамын. – Жоқ. Алдымен мені шығар. – Сен мені тартып шығара алмайсың ғой. – Шығара алам. – Ал кел онда, көтер аяғыңды. Қасым оңтайлана берді, Қайрат аяғынан көтеріп, хауыз жақтауына бір-ақ шығарды. Қасымның көңілі орнына түсті. Енді Қайратқа көмектесу керек. Жақтау ернеуінде тұрып еңкейіп, Қайраттың

Әңãіìåëåð қолынан тартып көріп еді, əлі келмеді. Бұл құларман болған соң, Қайрат қолын қоя бере салды. Қасымнан басқа қайран жоқ еді. – Қасым, жаңа айттым ғой, сен кішісің, мені тартып шығаруға əлің келмейді. Сен қайта түс. Сөйт те, менің аяғымнан көтер. Мен шығам да, сені қолыңнан тартып алам. – Неге түсем? Түспеймін. – Айттым ғой неге түсетініңді. – Түспеймін. «Қап, мынау бір түкті түсінбейтін бала екен ғой. Жоқ, қу ма?» – Қасым, белдігіңді əкел бері. – Неге? – Көресің қазір, бере тұр. Сен өзі қандай адамсың? Қасым əншейінде белдігін жан адамға ұстатқан ба, ал қазір Қайрат дігерлеп тұр. Белдігін лажсыз беруге тура келді. Қайрат өз белдігін де ағытып алып, екеуін жалғады. Сөйтті де, үзеңгілік жасап, бір ұшын Қасымға ұстатты. – Ал, Қасым, мынаны үзеңгілік дейді. Жақтаудың арғы жағына шық та, тас қып ұстап, бері соз. Қасым Қайраттың айтқанын бұлжытпай орындады. Қайраттың аяғын үзеңгілікке салғаны да сол еді, жақтауға ытқып шықты. Қасым қуанып кетті. – Қайрат қалай тез шықтың, а? – Несі бар? Адам атқа осылай мінеді. Үзеңгіге аяқ тиісімен, ердің үстіне лып ете қалу керек. – Қызық екен. – Солай ма? – Мен де хауыздан үзеңгілікпен шығып көрейінші. – Көр. Қасым хауызға қарғып түсіп, Қайрат созған үзеңгілікке аяғын салып жатыр.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ҚИСЫҚ ШЫБЫҚ Нағима апай екі достың бір нəрсеге келісе алмай қалғандығын бірінші сабақ басталысымен-ақ сезді. Екеуі бірбірінен қашқақтай берді. Əсіресе, Əлмен бұртаң-бұртаң етіп, Болатқа жолар емес. Бір партада отырып бұлай ету жараспайды екен. Екеуі мектеп табалдырығын алғашқы аттаған күннен бірге отырып келеді. Сол екі жыл ішінде бүйтіп көрмеген тату достар бүгін айнып қалыпты. «Не болды екен бұларға? Өздері табысар». Бірақ екеуі күні бойы жақындаса қоймады. Соңғы сабақ аяқталуға жақын қалған. Нағима апай екеуінің жанынан өтіп бара жатып, Болаттың: – Айтсаңшы, айт, – деп сыбыр ете қалғанын естіп қалды. Əлмен теріс қарап кетті. – Қорқақ. Мектеп есігінен шығысымен, балалар үйді-үйіне тарап кетті. Тек Болат қана кейіндей берді. Міне, Нағима апай шығып келеді. Қолтығында бір бума дəптер. – Апай! – Ау, Болат. Иə, бір нəрсе айтқың келді ме? – Иə, апай, біз байқамай жас шыбықтың бірін сындырып алдық. – Қалайша? Кəне, жүр көрейік. Нағима апай мен Болат мектеп стадионының сол жақ шетіндегі арық бойына отырғызылған қалың шыбықтарға бет алды. Апай анадайдан байқады: қара ағаштың бір көшеті сұлап жатыр. Жанына келді. Шорт сынбапты. Тек шытынап-шытынап жарылып, майысып қалыпты. – Неге сындырдыңдар? – Бұл қисық екен. Əлмен жығып алып, түзетемін дей бергенде, шарт ете түсті. Екеуіміз де тұра қаштық. Сізге айтайық деп едім, Əлмен қорықты. «Осыны айтсаң, сатқынсың» деді. Мейлі, менің шындықты айтқым келді. – Оның дұрыс болды. Айтпағанда бұл шыбық қурап

Әңãіìåëåð қалатын еді. Енді мұны біз өлтірмейміз. Əлмен өз қатесін мойындар. Сөйтіп, екеуің табысып кетесіңдер. Нағима апай қалтасынан қолорамалын алды да, шыбықты тұрғызып, мықтап таңып қойды. Болат қарап еді, бағанағы өздері түзетпек болған жер сол қалпы қисайып тұр. «Қисық болса да солмаса екен» деп ойлады Болат. – Болат, сен күнде бұған бір мезгіл су құйып тұр. Сонда тез жетіліп кетеді. Бұл жайды Нағима апай да, Болат та Əлменге айтқан жоқ. Əлмен өзінше мəз болып жүре берді. Қарағаш болса, бір-ақ аптаның ішінде қайтадан құлпырып, өз достарымен бірге желге тербеліп тұрды. Сенбі күні соңғы сабақтан кейін Нағима апай балаларды осы жайқалған шыбықтардың жанына ертіп келді. Оқушыларды сапқа тұрғызды да, шыбықтарды санап шықты. Сонан соң балаларға: – Кісі басы бір-бірден келеді екен. Енді бəріңе жеке-жеке бөліп беремін. Сонан соң сол шыбықтарды өзді-өздерің қамқорлыққа аласыңдар, – деді. Мына жаңалыққа балалар: – Жарайды! – О, əбден қызық болды! – десіп мəз болып қалды. Бөлісте Əлмен сындырған қисық шыбық Ерікке тиді. Ол: – Мынау сынық, қисық екен, алмаймын, – деп қиғылық салды. – Мейлі, Ерік басқасын алсын. Кəне, балалар, қайсыларың аласыңдар. Еңбек сүйгіш бала күтсе, бұл əлі-ақ əдемі, түзу ағаш болып кетеді. – Мен аламын. Болат өз құлағына өзі сенбей қалды. Жалт қарады, шынында Əлмен қол көтеріп тұр. – Ала ғой, Əлмен. – Нағима апай Əлменге аса разы сезіммен елжірей қарады. Əлмен жүзінде əрі ұялғандық, əрі мазасызданғандық бар еді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Ертеңіне Əлмен мектепке жеткенше асықты. Кеше ұялып, жөндеп қарай алмаған. «Сынып қалған ағаш қалай ша қайта тұрып кетті?» Осы ой түнімен Əлменге маза бер меді. Бүгін елден бұрын келіп, жақсылап тұрып көрмек. Əлмен келсе, ешкім жоқ екен. Қарағашты шұқшиып қарай бастады. Қаз қалпы. Өзі түзетпек болған қисық жері де бұрынғыша. Бар өзгеріс – сынған жер орамалмен таңылған. «Мұны кім таңды екен, ə? Кім де болса, ол бір жақсы адам-ау. Болат болмасын?!» Əлменнің жүрегі дір ете түсті. «Болат болмасын? Ой, пəлесін-ай. Қап, əнеугүні соның тілін алсамшы. Өзі келер қазір». Əлмен волейбол алаңындағы орындықта отыр. Қақпа жаққа жалтақ-жалтақ қарайды. Болат жуық арада келе қоймады. Əбден шаршады. Бірнеше рет кеткісі келді. Кетейін-ақ дейді, сол сол-ақ екен: «Мынаны таңған Болат болды ма екен? Соны білмей кетпеймін» деген бір ой сап ете түсті. Əй, бір уақытта Болат та көрінді-ау. Қақпадан велосипедін жетектеп кірді де, міне салып, шыбықтарға қарай ағыза жөнелді. – Болат. – Ау. Болат кілт тоқтады. – Мен сындырған шыбықты таңған сен бе? – Жоқ. – Енді кім? – Апай. Анау – апайдың орамалы. – Не, ол кісіге сен айттың ба? – Иə. – Қап. Бірақ бəрібір сен дұрыс жасапсың. – Енді өзің ғой. Ол ағашты енді жақсылап күтсең болғаны. – Əрине, жақсылап күтем. Кел, екеуіміз табысайық. – Сенімен ұрысқан кім? Өзің ғой. – Мен қойдым.

Әңãіìåëåð – Кел онда, велосипедке отыр. Мен де шыбығыма су құяйын. Əлмен Болаттың алдына отырды. Екеуі шыбықтарға бет теді. РАС-АУ ОСЫ Бақтыгүл екінші сыныпта оқиды. Оқуын оқиды-ау!.. Бірақ əлі күнге көбейту кестесін де жөнді білмейді. Таңдансаңдар да, рас. Тіпті ол мұны білудің керектігін ойлап та көрген емес. Қайтсін біліп! Сыныпта мұғалімнің оқушылардың көмегі дап-дайын. Ал үйге берілген тапсырманы бірін қалдырмай көкесіне шығартып алады. Қандай есеп болмасын, оны қатырып тұрып шығарып беруге көкесі əр кез дап-дайын, ал Бақтыгүл болса, мұнтаздай етіп көшіруге əбден машықтанып алған. Əуелі көкесі Бақтыгүл оқудан келісімен: – Ал, қызым, бүгін қандай есеп берді үйге? – деп сұрап отырады. – Бір күрделі есеп, екі жай есеп, – дейді Бақтыгүл. Рас, алғаш көкесі: – Қызым-ай, осыны да білмейсің бе? Оп-оңай ғой. Өзің шығарсаңшы, – деуші еді. – Балаға білгенді үйреткеннен қашқаны несі? Ақылы толған соң, ешкімге жалынбас менің күнім. Мұғалім бір, бұлар бір қажап, су ми қылатын болды ғой баланы, түге, – деп апасы кəдімгідей ренжіп қалатыны бар. Содан кейін көкесі сөйлегенді қойып, қандай есепті болса да, қағып тастап отыратын болды. Сөйтіп, есеп үшін Бақтыгүлдің басы қатып, қабағы түйіліп көрген емес. Ал оқуға, жазуға келгенде ол алдыңғы сапта. Кез кел ген тақырыпты, кейбіреулер құсап ежелеп жатпай-ақ, зуылдатып оқып шығады. Көркем жазуды алсақ, сыныптың алды Серіктей болмағанмен, Зəуремен тең түсіп қалады.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Сенбі күні Бақтыгүлдің апасы мен көкесі көрші ұжымшардағы туыстарына қонаққа кетіп еді, əлі оралған жоқ. Күн болса кешкіріп барады, ал олардың қарасы да көрін бейді. Асүйде əжесі жүр күйбеңдеп. Мұнымен қоймай: – Əлгілердің келетін уақыты болып еді. Шайлары қайнайқайнай суалып қалды. Сонша кешіккені несі екен? – деп, далаға əлсін-əлсін шығып, көшеге көз салады. Бақтыгүл де көшеге қайта-қайта шығумен жүр. Өйткені жаңа бір əзірде есеп шығаруға отырған. Бірақ шығару қайда, цифрларға қарағанның өзінде демі бітіп, тұншығып кеткендей болды. Үйге берген тапсырманы орындамай мектепке бару мүмкін бе? Жоқ, əрине. Өзі ғой шығара алмайды. Енді қайтпек керек? Тек қана күту қалды. Бақтыгүл көшеге бір шыққанында бұрылыстан біреу бері қарай айнала берді. Бақтыгүл бірден таныды: мақтан шақ Қартабай. Ол – төртінші сыныпта оқитын сыриған ұзын сары бала. Жұрт өзін мақтаншақ деседі. Бірақ Бақтыгүл ол сырын білмейді. Бірге ойнап көрген емес. Мақтан шақ болса, жаман бала ғой деп аулақтап жүретін. – Ал қазір Бақтыгүл Қартабайға жалынышпен қарап: – Қартабай, мен бүгін үйге берілген есепті шығара алмай қойдым. Соны шығарып бересің бе? – деді. – Əкел, көрейік. Қартабай келіп, дарбазаның түбіндегі орындыққа отырды. Бақтыгүл үйге кітап, дəптеріне жүгірді. Қартабай мен Бақтыгүл есеп шығаруға енді кіріскен. Шешесінің сүйкімді үні дəл құлағының түбінен естілді. Бақ тыгүл жалт қарап еді, шешесі де, əкесі де төне түсіп тұр екен. – Қартабай есебімді шығарып жатыр. – Күнім-ау, ол болмайды. Есепті біреуге шығартушы ма еді? Түс мезгілі. Оқудан тараған балалар топ-топ болып көше-көшені бойлап, шашырап кетіп жатыр. Бақтыгүл, Серік, Зəуре үшеуі бірге келеді. Бұлар өз көшелеріне түсе бергенде, алдарынан Қартабай шықты.

Әңãіìåëåð – Балалар, сендер білесіңдер ме? Мен кеше Бақтыгүлдің есебін шығарып бердім. «Түу, мақтаншағын-ай мынаның. Өзі өтірікші екен ғой», – деді іштей Бақтыгүл. Балалар кідірмей жүре берді. – Ертең апайға айтам. Бақтыгүл кеше есебін Қартабай ға шығартып алыпты деймін, – деді Серік ұзай бере. – Өтірік. Ол өтірік айтады. – Не қылған өтірік? Жаңа айтты ғой. – Иə, соған да... Бақтыгүл не айтарын білмей кібіртіктеп қалды, «көкем шығарып берген» деп айтуға да болмайды екен ғой. Серік онда одан сайын жабыса түседі. Серік үйдің тұсына келгенде: – Қайтсең де айтам, – деп қақпасына қарай бұрылды. Аяғын нығыздап басып Бақтыгүлді қорлап барады. Енді екі-үш үй өткен соң, Зəуре де: – Есепті өзің шығарған екен десем, біреуге шығартып алған екенсің ғой, – деп теріс қарап кете барды. Бақтыгүл не дерін білмей, ызаға булығып кетті. Артына қарап еді, Қартабай көшенің арғы бетінде келеді екен. – Бақтыгүл, қалай қатырдым ба? Енді есебіңді шығартасың ба? – Өтірікші, мақтаншақ! Апама айтам қазір! – Айт. Айта бер. Шешең кеше не деді? Есепті біреуге шығартуға болмайды деді. Солай. Менің де айтып отырғаным – сол. Есепті əркімнің өзі шығаруы керек. – Мен өзім шығарам. – Шығар. – Несі бар, шығарам. – Онда сөз басқа. Бақтыгүл ойланып қалды. «Рас-ау осы Қартабайдың айтып тұрғаны».

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ АҒАЙДЫҢ АУЫРМАҒАНЫ ЖАҚСЫ Жамбыл – Меркі аралығына қатынайтын автобус «Жаңа тұрмыс» ұжымшарынан əжептəуір жер ұзап шыққанда бүйірдегі жалғызаяқ жолмен бала мінгестірген біреу құйындатып келіп, ат басын жол жағасына жете бере бірақ тартты. Бала аттан қарғып түсіп, қойнындағы құлаштай қағазды суырып алып, жаза қойды. «Меркі» деп жазылыпты онда. Автобус екпіндетіп келіп қалды. Автобус жүргізушісі – Сабыр ағай бала қолындағы мына жазуды көрген бойды мырс етіп күлді. Сабыр ағай – автобус руліне отырғанына он жылдың жүзі болған, жол сырына əбден қанық адам. Уақытының көбін осы жол бойында өткізіп келе жатқан ағайдың мұндайды тұңғыш рет көруі еді. Сонда да түсіне қойды. Əрбір жаңалықты өмірдің өзі туғызады. Көрінген машинаға қол көтере-көтере, ығыр болған соң, таба қойған ақылы бұл баланың. Сабыр ағай балаға іштей сүйсінді де машинасын тоқтатты. Бала автобусқа өте тез ырғып мінді. Күзгі суық қарыған ба, əлде зулап бара жатқан автобусты тоқтатқанша қысылғаны ма, бала нарттай болып қызарып кетіпті. Автобус орнынан қозғалды. Бала өзін елеп тоқтаған мейірімді ағай кім болды екен дегендей шофер жаққа қарады. Сабыр ағай да тапқыр баланы анықтап көріп алмақ болып, маңдайшадағы айнаға үңіліп отырған. Екеуінің көзі айнада түйісті. Сабыр ағай «жарайсың» дегендей көзін қы сып қойды. Өнербек жымиды. Бұл екеуінің бір-біріне деген ризашылық сезімін білдіргендері сияқты болды. Өнербек енді қапырық автобус ішін бір шолып, артқы жақтағы бос орынға қарай томпаңдап бара жатты. Жолаушылардың барлығы оған тесіле қарап қалған. – Əй, бала, жаңағы қағазға жазып алғанды өзің ойлап таптың ба?

Әңãіìåëåð – Өзі бір біз сияқты көп жол жүретіндерге керек-ақ екен. Отырғандар енді баланың мынаусының өте тиімді екенін, жай қол көтергенге көп шофердің тоқтамай өте шығатынын, содан əр кезде көрген қорлықтарын əңгімелеп, біраз дуылдасты. Өнербек өткен сенбіде жаңағы əкесі екеуі құйындатып түскен бел астындағы қыстауларына үйі көшіп келіп қонғанын естіп, тез жетуге асыққан болатын. Жету оңайға түскен. Жамбылға қарай жүргелі тұрған алғашқы автобусқа міне сала, тартып отырған. Ал кері қайту өте қиын болды. Əкесі жол жағасына əкеліп тастады да, иесіз қалған малына алаңдап кетіп қалды. Өнербек жол жағасында ұзақ тұрды. Бір автобус өтеді, екі автобус өтеді. Қол көтереді. Тоқтамайды. Əбден зықысы шықты. Күн ұясына батуға айналғанда барып, бір автобус тоқтады-ау, əйтеуір. Бұл барар жерін айтқанда, шофер ағай: – Қап, бекер тоқтаған екенмін-ау! Біздікі алыс маршруттың автобусы. Меркінің өз автобусы бар емес пе? Жақын жерге адам алмаймыз. Мейлі енді, міне ғой. Меркіге бəрібір тоқтаймыз, – деп қиналған болатын. Өнербек автобусқа мінерін мінгенімен, қатты қысыл ған. Шынында, Меркінің Жамбылға қатынайтын өз автобустары бар. Оны Өнербек жақсы біледі. Солардың өзі тоқтамай кетті емес пе əнеукүні. Сонан соң Өнербек бүгін сол автобустарға салмақ артып, «Меркі» деп жазып алып шығып еді. Сөйтсе, мұнысы табылған ақыл болған екен. Автобус Меркінің автостанциясына келіп тұмсық тіреді. Жолаушылар жапа-тармағай автобустан түсе бастады. Жұрттың артын ала Өнербек те есікке беттеген. Сабыр ағай айнадан бəрін көріп отыр, Өнербек есікке жете бергенде: – Балақан, сен тоқтай тұршы, – деді. Өнербек кілт тоқтады. – Бері кел, балақан. Атың кім? Өнербек Сабыр ағайға жақын келді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Өнербек. – Жаңағыны өзің ойлап таптың ба? Соны айтшы. – Иə. – Жарайсың! Қалайша! – Автобус тоқтамайды. Енді қайтпекпін? – Сен немене, жиі күтесің бе автобусты? – Жоқ. Аптасына бір-ақ рет. Мен осында интернатта жатып оқимын. Сенбі күні ауылға барамын да, жексенбі күні қайтамын. Үлкен жолда автобустардың көбі тоқтамайды. Сонан соң осылай жасадым. – Жарайсың, бауырым! Сен енді көрінген автобусқа қол көтеріп əуре болма. Дəл бүгінгідей уақытта жаңағы жер ге шығып тұрсаң болғаны, алып кетемін. Бұл жақтан да белгілі уақытта қозғаламыз. Өзің қай сыныпта, қай уақытта оқисың? – Үшіншіде. Түске дейін оқимыз. – О, онда өте жақсы. Автостанцияға дəл осы уақытта келіп тұр. – Жарайды. Сабыр ағай мен Өнербек арасындағы достық осылай басталды. Əр сенбі, жексенбі сайын Өнербек үйіне Сабыр ағайдың автобусымен келіп-кетіп жүрді. Өнербек енді бұл автобусты «80-08 ДЖД» деген нөмерін былай қойғанда, өзіне ыстық бір елеусіз белгілерінен-ақ сонадайдан танитын болды. Сабыр ағай болса, жолыққан сайын Өнербектен денсаулығын, оқуын сұрап қояды. – Жақсы, – дейді Өнербек. – «Үш» бар ма? – Жоқ. – «Төрт» ше? – Жоқ. – Сонда не? – «Бес». – Жарайсың, жігітім! Саған тоқтамайтын автобус бол-

Әңãіìåëåð мауы керек бұл жолдың бойында. Сабақты «беске» оқитын баладан асқан кім бар бұл дүниеде! Өстіп жүргенде онтүстікке көктем лебі келіп жетті. Қыстайғы сіресіп жатқан күртік қар үстімен ауыр дымқыл мұ нар жүгіре бастады. Асфальт жол үсті бəрінен бұрын еріп, көк балақ болып сойылып жатыр. Машиналар лай араласқан киіз қарды қақ бөліп тіліп, сарылдап-гүрілдеп өтеді. Өнербек үйреншікті жерінде автобус күтіп тұр. Белгілі уақыт болып, өзі күткен автобус та көрінді. Өнербек ав тобустың тоқтайтынына еш шүбə келтірмей, жол ернеуіне жақындады. Сарылдап келіп қалған автобус тоқтамақ түгіл, екпінін үдете түсіп, Өнербектің үсті-басын малмандай етіп өте шықты. Өзіне жақсы танымал көк бауыр автобус мұ ның көңілінен өте бір ыстық, жақын нəрсені сабақтап суы рып алып, ұзап бара жатты. Өнербек ызаға булығып өксіп-өксіп кетті. Бір апта бойы Өнербек көңілін Сабыр ағайға деген өкпе кернеумен жүрді. Жақсы ағайдың тез арада теріс қарап кеткеніне өкінетін де сияқты еді. Сенбі күні Өнербек автостанцияға біртүрлі көңілсіз келді. Сабыр ағайдың автобусын көргенде, тіптен мазасы кетті. Өзіне ыстық болып қалған Сабыр ағайдың жүзіне қалай қарамақ? Бəріне өзі кінəлі сияқты. Несімен кінəлі? Онысы беймəлім. Əйтеуір бір ыңғайсыздық бар. Бұдан былай тоқтамай-ақ қойсын. Онсыз да үлкен жолда машина аз емес қой. Ал, қазір, күн кешкірмей тұрып, осы автобуспен үйге дейін жетіп алу керек. Өнербек кассадан билет алды да, жерге қараған күйі келіп, артқы орындықтың терезе жақ түкпіріне бүрсиіп отыр ды. Қанша қарамайын дегенмен, көзі өзінен-өзі алғы жаққа бір, автостанция жаққа бір түсіп кете берді. Өстіп отырғанда автостансадан билет тексеретін апай мен бір ұзын бойлы ағай шықты. Екеуі сөйлескен бойда келді де, билет тексеретін апай автобусқа енді, ұзын бойлы ағай барып рульге отырды.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Билеттеріңізді дайындаңыздар. Жаңа қайда қойғаны есінде жоқ, Өнербек билетін орнынан атып тұрып іздеді. Билеті шалбарының оң қалтасында екен. Өнербек еңсесін көтеріп тік отырды. Бүріскен тұлғасы, өкініш езген көңілі көтеріліп кетті. «Бəсе, бұл машинаны басқа біреу айдайтын болған екен ғой». Ертеңіне Өнербек үлкен жолға бұрынғысынша құлаштай қағазға «Меркі» деп жазып алып шықты. Өзіне та ныс автобус тақап келеді. Өнербек қағазын көтеріп, көрнекі ұстады. Автобус тоқтап, алдыңғы есік ашылды. – Өнербек, хал қалай? – деді Сабыр ағай. – Жақсы. – Жазуыңды неге алып шыққансың? – Өткенде автобус тоқтамай қойды. – Қап, Мүтəліпке ескертпегенімді қарашы! Сəл ауырып тұрдық, бала! – Енді жазылдыңыз ба? – Жазылдым. Өнербек қуанып кетті. – О-о, жақсы болды онда? Əнеугүнгі өкпе де, өкініш те жоғалып, бойын қуаныш сезімі биледі. Ағайдың ауырмағаны жақсы. БАЙНАШ Байнашты бəріміз «солдат» дейміз. Десе дегендей. Анау шеткі партада отырады. – Есназаров, – дейді мұғалім. – Мен! Байнаш көз ілеспес шапшаңдықпен атып тұрады. Ол енді тапжылмастан сіресіп қалады. Біз бір-бірімізге қарасып, жымыңдаса бастаймыз. – Тақтаға кел. – Есть!

Әңãіìåëåð Мұны Байнаш маңындағылар ғана еститіндей етіп, жай айтады. Енді Байнаш қаздаңдап басып, тақтаға барады. Мұғалімге бетпе-бет таяп келіп, лып етіп бізге қарай бұрылады. Қасқая қарап тұрады, қисайып, бүгілу дегенді білмейді-ау, тура солдаттың өзі! Бірақ осы Байнаш сабаққа нашар. Сонысы жаман. Мұн дай еркелігі бар балалар оқуға жүйрік болса! Зəурені көрмейсіңдер ме? Ерке-ақ! Бірақ оқудың түбін түсіреді. Сонысымен сүйкімді. Ал мына Байнаштікі не? Түсінсемші! Былтырғысы бірсəрі. Кəкима апай мұнысын білетін еді де, Байнаштың солдат қылықтарын елемейтін. Сонда да сабақ білмейтіндігінен талай сөздер естуші еді. Биылғысы не деймін? Биыл мектеп меңгерушісінің өзі – Жалғас ағай оқытады. Өйтпегенде ше? Біз енді бұл мек тептің соңғы үшінші сыныбында оқимыз. Ендігі жылы ұжым шар орталығындағы орта мектепке барамыз. Байнашты қойсаңдаршы бұл! Жалғас ағайдан да ұя лып, қаймықпады. Тақтаға шақырып еді, өз əуеніне басты. Ағай жымың етіп күлді. Байнаш па ұяла қоятын? Тақтаға ба рып сіресіп тұр. Ережеден аузын ашпады. Жалғас ағай тақтаға бір сөйлем жаздырды. Зəуре қанша қате тапты екен, қолын көтерді. Зəуре тұрмақ, менің өзім үш қате көрдім. – Есназаров, сабаққа неге дайындалмайсың? Үн жоқ. – Бір себеп болған шығар? Айт. Ауыз ашу қайда? – Айтсаңшы. Неге дайындалмадың? Байнаш қаздиып тұр. Көзі жыпықтай береді. Осы жері солдатқа келіңкіремейді. Солдат еш нəрседен қаймық пауы керек қой. – Отыр ендеше. «Екі». Байнаш лып етіп, бұрылып жүре берді. Партасына үш-төрт адым қалғанда, аяғын тарс-тұрс басты. Балалар ду күлді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Ағай, Байнаш – солдат. Өстеді. Солдатша жүреді. Аузы жеңіл Есен тақылдай жөнелді. – Қызық екен! Есназаров, тақтаға кел. Қайтпайсың-ау, Байнаш! Тағы солдатша басып барады. Жүрісінен танбады. – Орныңа бар. Енді Байнаш қайсарланып алды. Бұрыла бере, орнына қарай еденді тарсылдатып, қаздаңдай басып бара жатыр. Кей күлегештер болмаса, басқамыз жым болдық. Бір қызықты күтіп отырмыз. Ойлағанымыз жүзеге аспады. Сабақ жалғаса берді. Керек десе, ағай Байнашқа бірауыз тіл қатқан жоқ. Тек сабақ бітерде: – Есназаров, ұмытпай тұрғанда айтып қояйын, бүгін төртінші сабақ орыс тілі ғой, содан кейін кетіп қалып жүрме. – Жарайды. Байнаш қаздиып тұр. Жарас ағай шыға бере, мен: «Не істер екен? Жеке сөйлескісі келсе, неге кабинетіне ертіп кетпейді? Не істемек?» – деп ойладым. Маған əйтеуір бұл бір қызық болып көрінді. Соңғы сабақ бітіп, балалар тарап кетті. Байнаш сыныпта қалды. Менің кеткім келмей, сабақ кестесін қарағансып, залда тұрып алдым. Əне, кабинетінен Жалғас ағай шықты. Сабақ кестесіне үңіле түстім. Біздің сыныпқа кіргені сол еді, ізінше Байнашты ертіп далаға беттеді. Байнаш қолын сермей баста ды. Мен де алыстан ілестім. Спорт алаңына бара жатыр. Дəл ортасына барғанда Жалғас ағай: – Есназаров, сумкаңды анда қой да бері кел. Енді екеуіміз нағыз солдат жүрісін үйренейік. Бағанағың келіңкіремейді екен, – деді. Байнаш жымың етті. Қуанып тұр. Байнаш тұрмақ мен де күліп жібердім, шарбаққа жабыса түстім. Ағай бұйрық беріп, Байнашты жүргізе бастады. Даусы сұсты шығады. Түрлі қимыл кезінде денені қалай ұстау ке-

Әңãіìåëåð ректігін де үйретіп жүр. Байнашымыз түк білмейді екен. Демнің арасында шаршап қалды. Əй, Байнаш – солдатай! Құрысын сенің бүйтіп солдат болғаның. Жалғас ағай сонда да қоймады. Байнаш аяқ көтеруден қалды. Ақыры, тоқтатып алды да: – Есназаров, солдат – қастерлі атау. Сен оны күлкіге айналдырады екенсің. Біз сияқты қарт солдаттар өзін ешкімге қылжақ еткізген емес. Солдат болу – ең қиын оқу. Оған сен жассың. Сен əуелі мектептегі оқуыңды меңгеруің керек. Бар, сабағыңа дайындал, – деді ағай ызғарлы түрде. Тыңдап тұрған мен де сескеніп қалдым. Байнаш спорт алаңынан ілбіп əзер шықты. Ешкімді елейтін емес. Жай басып, ұзап барады. Содан бері Байнаш тақтаға шақырғанда, қол сермеп қаздаңдап басуын қойды. Қайта сабаққа тілі шығып келеді. АТА Жауынгерлік дабылмен белгілі ауданға келген сайын біздер – телефонистер он шақырым жердегі тұрақты байланыс жүйесіне кабель тарқатып келіп жалғаймыз. Бірде кабель тарқатып келгенімізде, тұрақты байланыс жүйесінің басталар жеріндегі бағананың түбіне бір киіз үй тігіліп қалыпты. Түрікпендердің дəу-дəу ала иттері анадайдан абалап алдымнан шықты. Қарап тұратын уақыт па, тура тарта бердім. Жайшылықта жаяу тұрмақ, атпен жолаудың өзі – жүректілік, түрікпен иттері тайдай-тайдай үлкен болады. Қазір не, иығымда автомат, оның үстіне кабель шөлмегі сартылдап, жіп-жіңішке дала кабелін соңыма шұбыртып тастап безіп келемін. Иттердің өздері тайқып кетті. Үйден жеті-сегіз жасар бір қара бала атқып шықты. – Солдат, солдат! – деді есікке бұрылып. Іштен жауап дауыс қарлығыңқырап естілді:

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Солдат болса не қыл дейсің? Бар, атты əкел! Мен қазақ сөзіне елең еттім. Бала бағанаға қарай жүрді. Мен бұрын жеткенмін, дереу аттың шылбырын шеше бастадым. Кəдімгі өзімнің атамша күрмеп байлапты. Бала төмен қарап тұрып, қолын созды. Діріл бар. Ұстата салдым. Машинамыз кеп қалды. Енді бала ұмыт болды. Байланыс орнаттық. Дала телефонын бағанадағы сымға қосып үлгергеніміз сол еді, шылдар етті. – Бақылау пункті. Аға лейтенант Черкашин. «Глобус». Орнаттық. «Астра» жауап берген жоқ. Міне – «Астра». «Астра», «Глобусқа» жауап беріңіз. Сонымен, «Глобус» пен «Астра» жалғанды. Біздің мақ сатымыз орындалды. Аға лейтенант трубканы орнына қой ды. – Ефрейтор Молдашев. – Мен. – Сен осында бақылауда қаласың. – Құп болады, аға лейтенант жолдас. Мен бақылау пунктінде қалдым. * Енді əлгіндегі бала есіме қайта түсіп, киіз үй жаққа қарадым. Қыбыр еткен жан жоқ. Ала иттер үй айнала көлеңкеге жайғасыпты. Ентігіп, арсалақтап өкпесін соғады. Əсіресе, босағаға таяу жатқан қара бас маң төбеттің көрген тауқыметі ауыр болса керек, ес-түссіз, мең-зең, басын көтереді, тілі салақтап жерге жетер болады. Басын жерге сылқ еткізіп қайта тастап, сұлық қалады. Арғы қапталдағы қойлар да өкпе соғып, бір-бірінің бауырына басын тығады. Ыстық буып, бар дүние ентігеді. Терім қатып, салқындай бастап ем, енді ыстық қайта бууға айналды. Əсіресе, етігімнің басынан өтіп барады. Ба ғананың көлеңкесіне малдас құрып отырдым. Телефон шылдыр еткен сайын тыңдаймын. Байланыс үзілген жоқ, сөйлесіп жатады.

Әңãіìåëåð Құрметті оқушым, осы жерде телефон шылдырлағанда менің неліктен тыңдайтындығыма сəл де болса таңданып ой жүгіртулерің мүмкін. Мұның мəнісі – менің телефоным кабель мен тұрақты жүйенің жалғанған жеріне қо сылған. Олар бір-бірін шақырғанда, менің телефоным да шылдырлайды. Трубканы көтеріп тыңдаймын, екеуі сөйлесіп жатса – болғаны. Біреуі сөйлеп, бірі үнсіз болса – байланыс бұзылғаны. Бақылау пунктінің мақсаты – менің мақсатым – ақау қай жағынан болды, соны анықтау. Əне, қара бала тағы да есігінің алдына шықты. Басына ақ киіз қалпақ киіп алыпты. Ал шалбары далиған кең. Тек бойы қортық, əйтпесе киімі, тұлғасы ауыл шалынан айнымай қалған. Сонысының өзімен де жақын тартады. Қол бұлғадым. Келді. – Кел, отыр. Атың кім? – Ата. – Түрікпенсің бе? – Жоқ, қазақ. Дəл осы кезде шешесінің даусы шықты. – Ата, ей, Ата. – Ау. – Қайда жүр өзі? – Мұндамын. Солдат ағаның қасында. – Болмайсың ба енді? Ұялып тұрсың ба айтуға? Ертіп келе ғой. Бол. Атаның екі беті қызарып кетті. Қап-қара томпақ көздері жайнап барады. – Сізді шайға шақырып жатыр. Жүріңіз. – Мен бара алмаймын. – Неге? Жүріңіз. – Жоқ. Мынаны тастап кетуге болмайды. Мен иегіммен телефонды нұсқадым. Ата қызыл қобдишаға таңырқай қарады. – Не бар мұның ішінде? Мен трубканы Атаның құлағына тостым.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Біреулер сөйлеп жатыр. Мен микрофонды жаба қойдым. Олай етпесем, Ата ның сөзі байланыс тəртібін бұзады. Тіпті болмаған күнде Ата үні командирлердің құлағына шалынып қалса, ашуын кел тіруі сөзсіз. Шешесінің даусы тағы шықты: – Ата, ертіп келсеңші енді. Ата маған жалтақ-жалтақ қарайды. Жүрсе екен деп тұр. – Бара ғой, Ата. Келе алмайды деп айт. Ата əзер кетіп барады. Адам деген қызық-ау, демнің арасында қимастық, туыстық орнай қалғаны ма, жоқ, жалғыздық елегізуі ме, Атаның үйіне қарай берем. Атаның тысқа шығуын қалап отырмын. Ата көпке дейін көрінбеді. Əкесі шықты да, керіліп сəл тұрды. Мен жаққа қарап қойды. Сөйтті де: – Ата, ешкілер шошаңдай бастапты. Малды өргізейік. Киін, – деп белдеуде тұрған атын шеше бастады. Шынында, он шақты ешкі қойдан ұзап жайылып барады екен. Батыстан болмашы керімсал самал елп-елп етіп өтті. Жусан басы қозғалақтап қалды. Ата аяғына етік, үстіне костюм киіп, белін белбеумен тартып алыпты. Маған қарап жымияды. Ұзын ұштық тақ қан қамшысын шартылдатып, қойларды өргізе бастады. * Аздан соң Атаның шешесі келді жаныма. Қолында – дастарқаны, бір шəйнек шайы бар. – Қарағым, амансың ба? Шөлдедің-ау, жаным. Шақырсақ, келмейсің. Өзім шай əкелдім, сусындап ал. – Неге бармайын? Мынаны тастап кетуге болмайды. Болмаса, шақырмай-ақ бармас па едім. – Бəсе, десеңші. Ал іше ғой. Дастарқандағы бауырсақ пен қойдың əдемі құрты екен.

Әңãіìåëåð Рақаттанып бір шыны шай ішіп бола бергенімде, телефоным шылдыр-шылдыр ете қалды. «Астра»: – Ало, алоу, «Глобус», «Глобус»! Неге екенін, жауап бермейді, – деп жатыр екен. – Бақылау, бақылау, – дейді «Глобус». Үні маған əзер естіледі. Талып жетеді. – Бақылау пункті. Ефрейтор Молдашев. – Не болды? «Глобус» естілмейді. Индикатор тұтқасын бұрадым. «Астра» естіп-ақ тұр. Ал «Глобус» міңгірлеп маған зорға естіледі. Телефон құла ғына аға лейтенант Черкашин келді. – Ефрейтор Молдашев, сол маңайды тексере бер. Команда жіберемін. Сым жерге тиген. Ізде. Шай жайына қалды. Орнымнан атып тұрып, автоматымды асына бастадым. – Қарағым-ау, ішсеңші шайыңды. Не болды? – деп Атаның анасы бұл оқыс қимылыңа дегбірсізденіп, үрейленіп қалды. – Апа, уақыт жоқ. Рақмет. Тығыз жағдай болып қалды. – Əй, айналайындар-ай, – деп шешей шыныдағы ішілмей қалған шайды төгіп, дастарқанды жинап жатыр. * Кабельді жағалап, белге шықтым. Алдымда қойнау да қой жатыр. Қой шетінде Ата маған қарай жүгіріп келеді. Екеуіміз қапталда ұшырастық. – Аға, ана жерде сым үзіліп жатыр, – деді Ата ентігіп. – Қай жерде? – Жүріңіз, тауып беремін. Келсем, сымның біреуі қой тұяғынан үзілгені рас екен. Ата жалғапты да белгілі болсын деп үстіне құм төмпешік үйіп қойыпты. Сымды жақсылап жалғап, изолентамен орадым. Сонан соң Атаға: – Ата, сымның ашық қалған жерін жерге тигізсең, бұл

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ сөйлемей қалады. Сен үстіне құм үйіп сөйлетпей қойыпсың, – дедім. – Мен белгілі болсын деп едім. Мен білген жоқпын. Ата қатты қысылып қалды. Абыржып ыңғайсызданды. Сол сəтте өзін аяп кеттім. – Білем, білем. Сен білмей істедің. Бəрінен де тауып бергеніңді айт. Біз сандалып іздейтін едік. Ал, сен оп-оңай тауып бердің. Атаның жүзі жадырап сала берді. – Мына жабыстыратыныңыздан маған да беріңізші. Тағы үзілсе, өзім-ақ жалғап, орап қояйын. – Берейін. Бірақ сендер қойларыңды бұл жерден бас қа жақ қа жайыңдар. Қой аяғымен таптап, тағы үзіп кетуі мүмкін. – Жарайды. – Мен кеттім, Ата. Ата бара қойға тиісті. Əкесі қойдың арғы шетінде жүрген. – Не болды? Тиме, тиме! – деп айқайлап еді, Ата қарайтын емес, дүрілдетіп қуып жүр. Күн алаулап бел асты. Жыра-жыраға қаракөлеңке үйіріле бастады. Телефонымды тыңдап қоямын. Сөйлесіп жатыр. Орнымнан тұрып, əрлі-берлі жүріп бой жаздым. Қой кешкі өрістен келе жатыр. Бөрте серке жалт-жалт басып, қора шетіне жетіп қалды. Қойдың алды қаптап келіп, науадағы тұзға жабылды. Соңы бытырап жатыр, Ата иіре бастады. Қойдың бір шеті менің үстіме келіп қалған, Ата жанымнан қой қайырып өте берді. – Ата, бағанағыдан кейін үзілген жер таптың ба? – дедім сөзге тартқым келіп. – Жоқ. Біз ол жаққа қайтып барғанымыз жоқ. Қойды ол маңнан алыс жайдық. – Қойыңды иіріп болған соң кел. – Жарайды. Ата көп кешікпей-ақ келді. Мен құрғақ паегымды жая бастадым. Консервіні ашып, нанды турап – бəрін пана-

Әңãіìåëåð мамның (ыстық жақтарда жауынгерлер киетін бас киім) үстіне үйдім. – Ал, Ата, жейік. – Жоқ. Мен үйден тойып келдім. – Дегенмен əскер тамағынан алып қой. Ата сараң алады. Жаныңда адам бары жақсы екен, «алалдап» отырып көңілді тамақтандым. – Телефон тындатыңызшы, – дейді. Тыңдатамын, тыңдап-тыңдап алып: – Не айтып жатыр? – дейді. – Оны айтуға болмайды. Құпия. Бəрі сендер үшін, тыныш тық үшін, – деймін. Ата ұзақ тыңдайды. Қалай да ұққысы келеді. – Бірдеңе-бірдеңе, ало, ало деп жатыр. Тындаңызшы, – деді Ата кенет дегбірсізденіп. Тыңдадым. «Астра» екен. «Глобуспен» байланыс үзіліпті, үн қатпайды. – Ата, тағы бір жерінен ақау шықты. Іздеп келемін. – Түн ғой. Түнде көрінуші ме еді? Оны қайдан табасыз? Ертең ерте іздемейсіз бе? – Əй, Ата-ай, əскери байланыс күтіп тұра ма? Талайталай кездесіп жүрген жай ғой. Тапқанда қандай! Міне, былай кабельден ұстап алып, тарта береміз. Мен кеттім. Сен үйіңе бар. Жат. – Қазір келесіз ғой. Сізді күтіп отырамын. Ақауды жөндеп қайтқанымша, екі сағаттай уақыт өтті. Келсем, Ата телефонның түбінде отыр. – Сөйлеп жатыр. Екі адам сөйлесіп жатыр, – деп күлді. – Сен əлі кетпегенсің бе? – Жоқ. Үйге бармаймын дедім. Сізбен бірге отырып, қой күзетемін. Біз енді əрнені айтып отырмыз. Құс жолын көлденеңінен кесіп, қызыл-жасыл нүкте өтті. – Ұшақ па? – Ұшақ.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Түнде жатпай ма? – Жатпайды. Қозғалыста күн-түн деген болмайды. Ұшақ, пойыз, автобус тəулік бойы қозғалуын, қатынауын тоқтатпайды. – Рас, рас, ағай. Біз былтыр Қазақстанға барғанбыз. Сон да пойыз түнде де жүре берген. – Əне, көрдің бе, солай. Шинелдің үстінде шалқамыздан жатырмыз. Ата жұлдыздар туралы, түнгі ұшақ туралы менен көп-көп əңгіме сұрады. Бір уақыт үнсіз қалды. Сөйтсем, тыншып ұйықтап кетіп ті. Жарым түн болды. Атаны шинельмен қымтап қойдым да, телефон қобдишасына басымды сүйеп, қалғи баста дым. Шылдырлаған сайын тыңдаймын. Бір уақытта телефон оқтын-оқтын шылдырлай қалды. – Бақылау, бақылау! – деп жатыр екен. – Бақылау тыңдап тұр! – Молдашев, жинаймыз. Сен сол басынан орай бер. Ұқтың ба? – Ұқтым. Бағанаға шығып, сымды үздім. Ата мұрны пысылдап ұйықтап жатыр. Қимай сəл тұрдым. Қайтейін, шинель керек, əрі жалғыз өзін далаға тастап кетуге болмайды. Ояттым. Көзін ашып алды. Атып тұрды. Ұйықтап қалғандығына қысылды. – Ата, біз жинайық деп жатырмыз мынаны. Сау бол! – Түнде қалай жинайсыздар? – Жинаймыз. Күтіп тұратын уақыт жоқ. Сен үйіңе барып ұйықта. Сау бол! – Сіздер күн-түнді білмейді екенсіздер. – Иə, солдат үнемі қозғалыс үстінде. Бəрі сендер үшін. Бара ғой, айналайын. – Сіз тағы да келесіз ғой. Тез келіңіз. Мен күтіп жүрем. – Жарайды. Күт. Мүмкін келермін. Келе алмасам, өкпелеме. Біз – солдатпыз.

Әңãіìåëåð Орнымнан қозғалдым. Шөлмек тұтқасын бұрадым, сартылдап түн тыныштығын бұзды. Иттер абалап үрді. Мен ұзай бердім. Ата ұйқылы көзімен мең-зең күйде теңселе басып, үйіне кетіп барады. Мен жаққа қарап қояды. «Ұйықтай ғой барып, тыныш ұйықта, қалқам! Біз бар мыз ғой». Мен түн құшағындағы құм жоталарына көтерілдім. КӨК ҚОЗЫ Батальон маршта келе жатқан. Полк көлеміндегі екі күндік жаттығу аяқталып, əскери қалашыққа қайтқан бе ті міз. Батальон машиналары салқар колонна – керуен құрып келеді. Бізге колоннаның ортан белінен орын тиген. Біздікі ГАЗ53 маркалы, алдыңғы, артқы дөңгелегі бірдей тартатын қорапты машина. Қораптың екі қапталы ашпалы астау. Екі астаудың іші де қаз-қатар тізілген дала кабелінің шөл мегі. Қақпағы жабылған соң астаулар кəдімгі орындық болады да қалады. Міне, қазір біз, телефоншы алты жігіт, үш-үштен бөлініп алып, екі қапталдағы орындықтарда, яғни астаушалар үстінде қаздай тізіліп отырмыз. Бұралаң дала жолы артта қалып, машиналар айнадай асфальтқа түскен соң, екпін алып, заулай жөнелді. Енді колонна үзілмес-басылмас бір сыдырғы, əрі жайлы сарынға түсіп алып, асығыс тартып келеді. Екі тəулік бойы тыным көрмей, жел-құйын болып телефон желісін тартқан біз бұйығып, бір-бірімізге тығыла түсіп, құс ұйқы болып отырмыз. Мызғып кетіппін. – Ерген, қара, қозы! Ерген, қозы! Бойымды əзер жинап алдым. Қайда қарарымды біл мей, жан-жағыма алақтай бердім. – Əне, əрі қара! Ефрейтор Селедков сұқ саусағымен менің ту сыртым ды нұсқады.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Жалт қарадым. Асфальттың терістік жағы қара жол болатын. Бір көк қозы соған түсіп алып заулап барады. Бірінен соң бірі тұсынан зарлап келіп, зулап өтіп жатқан машиналар қозыны ес-түсінен мүлде айырған. Ол енді колонна өткенше бұл екпіннен шыға алмайды. Колонна өтіп кеткен соң да, біразға дейін жүгіргені жүгірген. Сонан соң ештеңені көрмей, не маңырай алмай, екі өкпе сін соғып əл-дəрменсіз тұрар. Отар қайда, енесі қайда? Оның бірін де бұл қозы енді қайтып таба алмайды. Зеңгіп қала ды ғой, бейшара. Қойшы іздер. Бірақ табар ма екен? Əй, кім білсін, алыстап кететін болды ғой. – Адасатын болды-ау, қап! Өстіп өкініш білдіргеннен басқа бізде еш амал жоқ, бел асып кеттік. Қозы қала берді. Машина кілт тоқтады. Біз өре түрегелдік. – Не боп қалды? – Қирады, сірə. Кабинадан Дементьев шықты. – Жетер ұйықтағандарың, бой сертігіңдер былай... – Не болды? – Не болсын? Бір жарты сағатсыз қозғалмайтын болды. Дементьев дереу капотты аша салып, іске кірісіп кетті. Машина бұзылған екен, яки тоқтаған екен деп тапырлайтын ауыл емес, бұл – əскер. Қозғалыс кезінде артық-ауыс қимылға жол жоқ, орын-орнымызда отырмыз. Екі көзіміз белде. Көк қозы күттірмеді, қылтың етіп шыға келді. – Əне, көрінді! – Мынау шынымен қозы ма, жоқ, шайтан ба? Дементьев басын мотордан жұлып алды. – Жігіттер, шуламаңдар, ұстаңдар қозыны. Мен ай-шайға қарамай жерге қарғып түсіп, жаға жолға жүгіріп шықтым. Көк қозы салып ұрып кеп қалды. Екі көзі тұнып, екі құлағы бітіп қалса керек, өзі келіп құшағыма қойып кетті. Кішкентай жүрегі кеудесін жарып кетердей тарс-тарс соғады. Бақайына дейін қара терге түскен. Көкпеңбек көк

Әңãіìåëåð бұйра жүніне жабысқан шаң терге шыланып жылт-жылт етеді. Мен қозыны көтеріп жігіттерге беттегенде, колонна ұзай бастаған. Дементьев капотты жауып жатыр екен. Маған айқайлады: – Ерген, жүгір! Тез отыр машинаға. Мен жүгіріп кеп, қозыны жігіттерге ұсына бердім. Селедков қақшып алды. Машина гүр ете түсті. Солдатқа бұйым болған ба, аяғым дөңгелекке тиер-тиместен, қозғала берген машинаға ытқып шықтым. Машина кері бұрылды. – Құрттты мына Дементьев! – Ол емес, көк қозы құртады бізді. – Ештеңе етпейді. Ə, дегенше заулай жөнелдік. Сол сəт жаңағы көк қозы ұшып жеткен қара жолда ақ боз атпен шауып келе жатқан шопанды көрдік. – Анда қараңдар! – Қайдан білді екен, ей? Мен көк қозыны алдыңғы аяғынан аспандата көтеріп қой шыға көрсеттім. Қойшы ат басын тартты. Дементьев тежегішті басты. Ол машинасын кері бұр ғанда, қойшы асфальт жағасында тұрған. Ақ боз ат жуас жануар екен, үрікпеді. Шопан тебініп кеп, машинаға қа тарласа берді. Мен еңкейіп көк қозыны қойшыға ұстата салдым. – Рақмет. Көп рақмет, солдат қарақтарым! – Сау болыңыз, ақсақал. Дементьев газды аямай басты. Машина тез-ақ екпін алды. Шопан желе шоқырақтатып бара жатты. БҮЛДІРГЕН ТЕРЕ БАРҒАНДА Біздің жақта бүлдірген адырда болады. Сай табанына жақын жартастардың астына, яки бұлақ суының бойына

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ шығады. Жылда бүлдірген піскенде адырға атпен əдейі келіп, теріп қайтатынбыз. Бүгін де Сөрелі сайдағы бүлдіргеннің қалың шығатын жеріне келсек, қап-қара боп тұнып тұр. Жанымда өзіммен бір оқитын Рақтай деген жолдасым бар. Екеуіміз: – Ойпыр-ай, қалыңын-ай! – Піскен-ақ екен, тегі, – деп таңданысып, аттан асығыпүсігіп құлап түсіп жаттық. Сол екі арада қалың бүлдіргеннің арғы шетінен бір елік атып шықты. – Елік, елік! – деп айқай салдық. Сөйтіп мəз болып тұр едік: іле-шала дəл əлгі жерден еліктің лағы көрінді. Сəл қашып барып, көп ұзамай-ақ, қалың шөптің арасына қойып кетті. Шөптің басы біраз жер қимылдап барып тына қалды. Екеуіміз бір сəт аңқиып тұрып қалдық та, аттарды тастай салып, жүгіріп сол жерге жеттік. Рақтай еліктің ла ғын алғашқы кірген жерден іздей бастады. Мен жүгіріп, шөп қимылының тоқтаған жеріне келсем, еліктің лағы жерменжексен болып, құлағын жымқырып, бүк түсіп жатыр. Бас салып ұстап алдым. Еліктің лағы біртүрлі аянышты дауыс шығарды. Рақтайға қарап едім, өзі таба алмай қалғанына өкінгендей боп тұр. Соны білдім де, елікті соған ұстата салдым. – Мə, сен ұста, екеуіміз бірігіп асыраймыз. Рақтай менің қолымнан ала бергенде, еліктің лағы аянышты өксіп-өксіп жіберді. Осы дауысты естіді білем, ал дағы тұмсықтан елік ешкі шыға келді. Бізге қарай жасқанбай салып ұрып келеді. Енді не болар екен деп тұрып қалдық. «Айтақ-айтақ» деп жоқ итті көмекке шақырып, өтірік күшейдік. Елік сескеніп, состиып тұрып қалды, қайтып қашпады. Қайта бірте-бірте жақындай берді. Еліктің лағы шешесін көмекке шақырып дауыс шығаруын қоймады. Біз қанша айқайласақ та, елік сескенер емес. Баласы мен бірге өлмек түрі бар. Біресе баламды жіберсеңдерші деп жалына сұрағандай, бір орында тыпыршиды. Бір рет тіп-

Әңãіìåëåð тен жақын келді. Мөлдіреген танадай қара көздерінен жас тамшыларын көріп қалғандай болдым. – Бейшара, жылап тұр екен, – деді Рақтай жұлып алғандай. Ол да байқап қалған екен. – Қой, онда лағын жіберейік. – Жіберсек жіберейік. Еліктің лағына қаншама қызығып қимағанымызбен, ана сын аяп кеттік, босатып жібердік. Екеуі секеңдеп отырып кезеңге шықты. «Балалар, сендерге рақмет» дегендей біз ге қарап сəл тұрды да, орғып-орғып қырдан асып кете барды. АЛА МЫСЫҚ Бекежан оянары оянғанымен, жылы төсекті қимады. Тұруға ерініп, көзін бір ашып, бір жұмып, ұйқылы-ояу маужырап жата берді. Ол бір сəт көзін ашып жатып бір нəрселер ойлаған болып еді, көзі өзінен-өзі жұмылып, мызғып кетті. Əлгі ойы түс сияқты бұлдыр тұманға айналды. Содан қайта ояна беріп, тағы басқа нəрсе ойлайын деп еді, құлағына жіп-жіңішке үн ызың ете түскендей болды. Сергіңкіреп құлағын түріп еді, үн жалғыз емес, бірнешеу болып үздік-үздік естілді. Жəне дəл өз төсегінің ас тынан шығады. Бекежан əп-сəтте еденге қарғып түсіп, етбеттеп төсектің астына үңілді. Түкпірге таман өзінің ала мысығының бауырында қыбыр-қыбыр етіп жатқан қы зылшақа соқырларын көрді. – Бекежанның қуанышы қойнына сыймай кетті. Ала мысықтың бір соқырын қолына ұстап аялағысы келді. Еңбектеп жақындайын деп еді, ала мысық көзі оттай жанып, пыр-пыр етіп айбат шекті. Бекежан ала мысықтың мұнысына əжептəуір ренжіп, не қыларын білмей тұрып қалды. Кетейін десе, оларды көзі

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ қимады, жақындайын десе, ала мысық жолатпайды. Сөй тіп тұрып санай бастады. Соқыр төртеу екен. Енесімен – бесеу, Бекежан апыл-ғұпыл киінді де, сыртқа беттеді. «Енді менің мысығым бесеу болды» деп бірге ойнайтын жолдаста рына түгелдей айтып шықты. Ала мысық сондай балажанды екен. Бекежан қанша аңдығанымен соқырларын көзінен түк таса қылмады. Үнемі бауырына басып жатты. Əдепкі күндері Бекежанның табақпен əкелген сүтінен басқа нəр сызбады. Ала мысықтың соқырларының үшеуі ала да, біреуі тарғыл. Төртеуі де ала мысықтың бауырына жабысып, кейбірі емшегін дəл таба алмай, əр жерін түрткілеп, жіңішке даусымен мияулап жатқанда, Бекежан: – Кеудесінде нең бар, ей? Мыналар көрмей ме, немене? – деп танданып, барлық қимылына телміре, қызықтап ішексілесі қатып күлді. – Қайдан көрсін? Əлі көзін ашқан жоқ қой? – деді Бекежанның апасы. Бекежан мысық балаларының көзіне енді зер салды. Бəрі де көздерін тарс жұмып алыпты. – Көзін жұмып алғандары несі? Ашпай ма? – деді таңданып. Бекежан ит пен мысықтың балалары көздерін ашпай туып, кейінірек ашатынын білмейді екен. Апасы соны айтып түсіндірді. Соның үшін де мысық тың баласы соқыр деп аталынады екен. Мысықтың соқыр лары аз-ақ күннің ішінде көзін ашып, есейіп қалды. Анасы енді сүйікті кəсібі аңшылыққа шыға бастады. Ала мысық үйден шығысымен Бекежан жолдас қызы Назым екеуі мысық соқырларының аузына сүт тосып əуре болады. Өйткені Назым біреуін ертерек үйіне алып кетуге асығатын. Бекежан да біреуіне өзінше тамақ беріп асырауды құп көрген. Ала мысық – өте қызғаншақ. Даладан кіріп келісімен

Әңãіìåëåð бұларға дөңгелек отты көздерін қадап, пыр-пыр етіп, соқырларын тез бауырына жинап алады. Бекежандар бұлардың мойнына əлдеқашан-ақ əртүрлі белгі жіп тағып қойған. Бір күні Назым өзінің қызыл жіп таққан ала соқырын бауы рына қысып, аялап үйіне алды да кетті. Бекежан өзі нің сүйікті тарғылын төсегінің үстіне жатқызып қойды. Ала мысық сырттан келісімен Назым əкеткен соқырын мəуілдеп əрі іздеді, бері іздеді, аласұрды, жоқ. Аяқастынан бір соқыры ұшты-күйлі жоқ болғаны жанына бататын сияқты. «Бəрінен осылай айырылады екенмін. Мына балалар бəрін құртып тынады екен», – деп шошыды білем, сол түні-ақ соқырларын каналдың арғы жағындағы қалың қамыстың ішіне тасымақ болды. Каналдан науаның үстімен өту керек. Бұл науадан үнемі су үзілмейді. Ұжымшардың қызылша егісіне баратын су күні-түні бетімен-бет болып ліпілдейді де жатады. Мысықтан епті аң бар ма, əрі талай өтіп үйренген жері, тастай қараңғы түнде науаның жалғыз қырымен соқырларын біртіндеп тістеп өткізіп, қамыс арасына таси бас тады. Екеуін еш қырсықсыз арғы жағаға өткізіп алды. Тіпті каналдың жағасында тұратын Назымдардың мысық атаулыға өш Алыпсоқ деген көк төбеті де байқамай қалды. Үшіншісін тістеп дəл каналға жақындай бергенде, Алыпсоқ көріп қойып, арсылдап тұра ұмтылды. Не істеу керек? Науадан жүгіріп өте шығу қауіпті. Суға құлайды. Айбат көрсетпесе, Алыпсоқ қауіпті, жақындап қалды. Амалсыздан аузына тістеп алған соқырын канал жағасына тастай салды. Белін бүгіп, арқа жүнін үрпитіп «ыф» деп иттің бетіне шапшыды. Алыпсоқ та, мысық та бір-бірінен көз жазбай аңдысып қалды. Осы кезде ала мысықтың соқыры тырбаңдап жатып, жардан домалап барған күйі каналға шолп ете түсті. Ала мысық екі көзін иттен алмаған күйі шегіншектеп мияуап-мияулап жіберді. Көк төбет те көңілін бір демдегендей

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ болып, жайына жүре берді. Ала мысық екінші бір соқырынан осылай айырылды. Қамыс арасынан торғай, тышқан ұстап жеп, ала мысық қалған екі соқырын асырай берді. Қарны ашқанда үйге де келіп-кетіп жүрді. Ол келген сайын Бекежан: «Балаларың қайда? Ертіп кел! Енді ешкімге бермеймін», – деп ұрыс қан болады. Ала мысық оған түсінбейді, түк көрмегендей көзін жұмып, пыр-пыр етеді. Өсе келе ала мысықтың соқырлары өзіндей үлкен мысық болды. Екі соқырының өзіне тартқан аласы жұқалау, пысық, ал тарғылы болбыр, бос болып өсті. Тарғыл анасының жанынан шықпай, ал анау өзінше аң аулап ұзап кете беретін. Анасы қаншама жанынан шығарғысы келмей еміренгенмен, пысық ала біртіндеп ұзап жүріп, ақыры жатағына қайтып оралмай қойды. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас бола ма», жөнін тапты. Ала мысық барлық жайға енді түсінді. Тарғылынан да айрылатынын білді. Соқырын қаншама жақсы көргенімен уақыт, табиғат заңы осы. Ешкім баласын қанжығасына байлап жүрмейді. Бір күні түнде ала мысық жалғыз соқырын үйге ертіп келді. Тарғыл адам көрмей тағыланып кетіпті. Жүкаяқтың, төсектің астына кіріп, шықпай қойды. Бекежан жақындаса, екі көзі оттай жанып тығыла түседі. Бірнеше рет есіктен шыға қашпақ болып еді, ала мысық қақпайлап шығармады. Есік жақта екі құлағын едірейтіп етпетінен бүк түсіп, аңдыды да жатты. Тарғыл мысық бірте-бірте ұстағанға да көнді, тырнамайтын да болды. Екі мысық та үй ішінде ер кін жүреді, Бекежан тарғыл мысықты қанша жұлмалап ой наса да, ала мысық түк қызғанбайды. ҚАРА СИЫР Қып-қызыл Күн көкжиектен иек артып, Аралтөбенің басын жаңа ғана шала бастады. Саздағы ауыл үсті түнгі

Әңãіìåëåð шық пен асыға жөңкіген Шу суының ауыр көтерілген буы нан тұмантып, буалдыр тартып тұр. Ауыл алдындағы қырат тан түнгі өрістен қайтқан сиырлар дымқыл жондарында Күн сəулелерін жымыңдатып, бүрсиіп шұбап түсіп жатыр. Қалың топтың алдында ішін жарау аттай тартып, қаншырдай қатқан қара сиыр ентелей басып келеді. Кіртиіп, жүдеп қалған екі көзін бұзаулар тұрған қаша жақтан алмайды. Есіл-дерті сонда, басқа жаққа мойын бұрар емес. Қашаға жақындап кеп тұра қалып, бар даусымен өкіріп қоя берді. Қалың бұзау үздік-создық мөңіреп жауап қатты. Бірақ қара сиыр мың сан дауыс ішінен оп-оңай тани қоятын бір өзіне ғана ыстық үнді ести алмады. Енді өңешін тартып, өкіріп-өкіріп алды да, ауылға соқпай, суат жаққа қарай шеттеп жылжыған қалың сиырға қарай бет түзеді. Қызыл бұзауы бар тұлғасымен елестеп, есеңгіреп, теңселіп бара жатыр. ...Осылай екі күн бұрын кешке қарай қара сиыр да өрістен екі бүйірін теңдеп қайтып, қораның төріне келіп тұрып күйсей бастады. Иесі сауып та бітті. Енді желінінің бұрыш-бұрышында там-тұм тамшылар қалды. Қазір Аманкүл қызыл бұзауын босатып қоя береді. «Қашадан ұмтыла шыққан ол алғашқы екпінімен біраз жерге жүгіріп барып, жан-жағына аңтарыла қарап тұрып: «Қайдасың, ене?» – деп мөңірейді. «Мө-мө, мен мұн дамын», – дейді бұл. Бұзауы жүгіріп келіп, бауырына жабысады. Енді ал кеп сор сорпылдатып, ал кеп сор! Қара сиырдың тұла бойы балқып, алпыс екі тамыры жібіп жүре береді. Бұзауының құйымшағын, бөксесін, арқасын жалап, жан рақатқа батады. Міне, қызық, Аманкүл мұны біртүрлі аяғандай жұмсақ үнмен былдырлады да, анадай жерде тұрған көк сиырды сауа бастады. Аманкүлдің бұзауын салмағаны қалай? Қара сиыр мөңіреп қашаға келді. Бұзауы жауап қатпады. Қашаны əрі айналды, бері айналды, бұзауы ұшты-күйлі жоқ. Не істерін білмей, безек қақты. Қалың сиыр ішін əрлі-бері кезіп

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ шықты, бұзауы жоқ. Олай-бұлай жалтақтап көзін сатты, бұзауы жоқ. Қашаға қайта келді, бұзауы жоқ. Қара сиырдың іші бір сұмдықтың болғанын сезді. Аралтөбе шөгіп, қалың қамыс жапырылып, Шу өзені тоқтап қалғандай болды. Бауырында бір-бір бұзауы бар басқа сиырлар қандай бақытты еді. Қара сиыр біртүрлі аласарып, шөгіп кеткендей болды. Суық ызғар, өксікті өкініш кернеп барады бойын. – Өк, өк, ей! Бақташының өктем үні шығып қалды. Сиырлар өруге айналды. Олардың ойында не бар, күндегі əдеті. Қара сиырға бүгін оларға ілесу қайда? Бұзауы қалып барады емес пе осында. Осында болмағанымен, өрісте жоқ бəрібір. Сондықтан не бар бұған онда. Қара сиыр оқшауланып қашаға қарай жүрді. – Не бар, ей, бұған қашада? Келгенбай ұмтылып кеп, ұзын қамшысымен шарт дегізді. Өткір ұштық жонын тіліп өткендей болды. Қара сиыр қашаны айнала қашты. Сиырдың қиқар мінезінен əккі болған күрең ат аузын айдаһардай ашып келіп, дəл жамбастан бір мытып алды. Келгенбай енді ұрмады. Күрең аттың өзі-ақ мұны бастырмалатып келіп, қалың табынға тықты. Қара сиыр дөңге шыққан соң, артына қарады. Бұзау қашасы қол бұлғап шақыратындай. Көзіне ыстық, оттай басылды. Тіптен «бұзауың мұндалайтындай». Ылдиға қарай салып ұрып жөнелді. Қамшыға да, күрең аттың өткір тісіне де бой бермей, өлген-тірілгеніне қарамай, қашаға бір-ақ жетті. Мұның көнбесін білген соң Келгенбай: – Əй, баршы! – деп қолын бір сілтеді де, көп сиырдың соңынан кете барды. Қара сиыр түнімен аласұрды. Бұзау өрісін түгел кезіп шықты. Өкіре-өкіре даусы да қарлықты. Сенделіп жүріпжүріп, айналып келіп қашаны табады. Сүйікті қызыл бұзауының қаша ағашына жабысқан бір топ жүнін тауып алды. Соны иіскеп-иіскеп алды. Көзіне мөлтілдеп жас келді. Жерден сынық шөп үзіп алған жоқ. Қаншырдай қа тып,

Әңãіìåëåð екі бүйірі өкпесін соқты. Иімей қойды. Іштей егіліп, жылам сырағандай мұңлы бір кейіппен мөлиіп, былқ етпеді. Күндіз-түні қайда барса да, қайтып соғар қазығы қаша болды. Белгісіз күш соның маңына тартты да тұрды. Үміт күтіп, айналшықтай берді. Міне, қара сиырдың бүгінгі үміті тағы да құм болды. Көңілсіз ілбіп, су ішетін жайпақка жақындай бергенде, кенет мұрнына қызыл бұзауының иісі келді. Қайда ұмтыларын білмей, бар шерлі даусымен өкіріп-өкіріп жіберді. Басын шайқап-шайқап, мұрнын көкке көтеріп, жан-жағынан иіс күтті. Алдан, өзен жақтан соққан баяу жел əкеліп жатыр екен сүйікті иісті. Солай қарай еңкілдеп жүгіре жөнелді. Сол бетімен жағаға келсе, ар жақта бұзауы мөңіреп жүр. Ай-шайға қарамай, суға қойды да кетті. Бірақ арғы жағаға шыға алмады. Екпінімен ықтырып əкеткен су Аралтөбенің алдындағы қайырға əкеп тықты. Жағаға жақын қалғанда құмға тізесінен кіріп, тұрды да қалды. Қимылдаған сайын майда қиыршық, оппа құм осылып, сіңіре берді. Қара сиырдың мұнымен түк ісі болмады. Арғы жағадан су кешіп келген бұзауын жалап, мауқын басты. Анау-мынау жеңіл салмақты қайыр құм көтере береді екен. Бұзауы түк те қайырлаған жоқ. Қалың қорысқа кіріп адасып кеткен бұзауымен екі жылға татитын екі күнгі азаптан кейін осылай табысты қара сиыр. Келгенбай қайырлап қалған қара сиырды көре сап, ауылға шапты. Былтыр да осы жерге бір сиыр батып кете жаздап еді. Тез тартып шығармаса, қауіп. Жігіттер қамыттаулы екі ат алып, қашығырақтағы көпірді айналып келмек болып, тұра шауып кеткенде, ауылдың қалған жаны Аралтөбе үстіне жиналып еді. – Ойпырым-ай, не болар екен? – Əлгілер ерте жетсе, тəуір болар еді-ау! – Шіркін, ана-ай! Баласы үшін отқа да, суға да түседіау! – десіп шулап тұр бəрі.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Қара сиыр артына бұрылып, жаутаңдап осы топқа қарап-қарап қояды. Ар жақтан жігіттер де жақындап қалған. Қара сиыр олардың көмек екенін сезді, көңіі орнына түсіп, қызыл бұзауын мейірлене жалай бастады. Емшегінен сүт саулай жөнелді. АТА КӨКЕК Қарасайдың аузындағы ескі қой қора əлдеқашан шатырсыз қалған. Жалаңаш тас қалау аспанға қарап ашылған алып ауыз құсап аңқайып тұр. Шатыры жоқ болған соң, жауын суы қабырғаға қалаған тастардың арасын кіріктір ген балшықты шайып кетіп, арса-арса болған тас қалаудың өн бойы – сансыз саңылау, жыпырлаған қуысқуыс. Жылда көктем шығып, Қарасайдың жылға-жылғасынан қарғын су қаптап аққанда тас қораға алыстан – жылы жақтан екі көкек канаттары талып ұшып жетеді. Биыл да сөйтті. Екеуі ентелеп зорға жеткен тас қалаудың күнгей бетінің шығыс жақ бұрышындағы томардай тастың үстіне жалп-жалп етіп қона кетті. Біраз отырып солығын басқан соң ата қораз: «Кө-кек, кө-кек», – деп жан-жаққа жар салды. Мекиен көкек: «Піш-ш, піш-ш», – деп ұшып, былтырғы ұя салған қуыстың аузына барып қонып, дереу ішіне еніп кетті. Ата көкектің көңілді үні тас қора қалауына қонудан қорқатын қалың шымшықты лезде шексіз қуанышқа кенелт ті. Бір үйір шымшық қора үстінен дүркіреп ұшып өтіп, түстік қапталдағы дəу қара тастың үстіне барып қонып, жыпырлап отыр, бəрінің екі көзі тас қора жақта. Торғайлардың күтіп отырғандары – қара шұбар жыландар. Тас қораның жылы қуыстарына қыстап шығып, суық денелерін күн қыздыра бастаған жыландарға енді көкек күн көрсетпейді.

Әңãіìåëåð «Кө-кек, кө-кек!» – деген көңілді үн қара шұбар жыландардың миын тесіп, жүйкесін жұқартады. Кө-кек, кө-кек! Қара шұбар жыландар тас қораның өздеріне мекен болған қуыстарынан сусып шығып, жылғадан өтіп, торғайлар отырған қара тастың етегіндегі қорымға кіріп, көзден ғайып болды. Ата көкек айналада не болып жатқанының бəрін көріп отыр. Жуандығы білектей, ұзын қара шұбар жылан қорымтас шетінде ата көкекті зəрдей суық екі көзімен атып, жатып алды. Шымшық торғайлар шыдамсызданып шыр-шыр етеді. Алыстан мекеніне көкектен бұрын ұшып жеткенімен, жы ланнан қорқып, тас қораға жолай алмай жүрген қос қарлығаш қанаттары сусылдап ұшып, ата көкекті екі-үш айналып өтті. Соңғысында таңдайларын тақылдатып, «Бірдеңе істеңізші», – деп асықтырған сыңайланды. Ата көкек бəрін түсінді, ана дəу қара шұбардың көзін құртпай, тас қорада тыныштық орнамайды екен. Өн бойын ашу кернеген ата көкек томар тасты теуіп ұшып, қара шұбарға қарай қалбаңдап бара жатты. Жан керек екен, қара шұбар шұғыл ирелеңдеп қорым тастың арасына кіріп кетті. Ата көкек қара шұбар жатқан жерді жанап өтіп, қайқаң етіп орнына барып қанатын жайып, қона кетті. Шымшық торғайлар демнің арасында үйірімен дүр етіп ұшып келіп, тас қалаудың қуыс-қуысына зып беріп кіріп кетіп жатыр. Қос қарлығаш тас қора қалауының үстінде көлденең жатқан ұзын көк тастың ернеуіндегі былтыр өздері балшықтан бұжыр-бұжыр етіп жасаған ұяларының түтік іспетті аузы жабысқан жапсарға қонып алып, шаттық жырын төге бастады. Тас қорада енді құстардың еңбекке толы бейбіт өмірі

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ басталды. Құстардың жыландардан басқа жауы жоқ. Жыландарды ата көкек жолатпайды. Түн қатқан түлкі мен қарсақ тас қалаудың қуыс-қуысындағы ұяларға жерден мойнын созып та, үстінен еңкейіп те жете алмайды. Құстар енді алаңсыз жұмыртқалап, ұя басып, балапан шығарып, оларға Қарасайдың қалың шегірткесін шетінен тасумен болады. Ата көкек бейне бір қырағы сақшы тəрізді, күн көзі көрінген кезден томар тас үстіне шығып алып, «Кө-кек, көкек» деп ұзақ отырады. «Кө-кек» деген үйреншікті үн естілісімен торғайлар бірінен соң бірі ұяларынан ұшып шығып, шұғыл іске кіріседі. Томар таста ата көкек отырғанда еш қауіп жоқ, шанда бір жылан жыбырлай қалса, қалың торғай қырғи тигендей шырылдап қоя береді. Сол сəт ата көкек сап етіп келіп, томар тастың үстіне қона кетеді. Ата көкек ұзын біз тұмсығымен томар тасты шоқыпшоқып қалады. Ата көкектің шүйдесіндегі айдары адырайып, тұмсығымен тұтасып, ұзын жебеге айналады, желке жүні тікірейіп-тікірейіп шыға келеді. Іле зып беріп ұшып, шу шыққан жерге жетеді. Балапандар тегіс жұмыртқаларды жарып шығып, шиқылдап тамаққа аузын ашқалы қара шұбар жыландардың есіл-дерті тас қора жаққа ауған. Дүниеде қызылшақа балапаннан асқан қылғытарлық не болсын. Əсіресе, талай рет бірден он шақты балапанды өңешінен өткізген дəу қара шұбарда дегбір қалмаған. Қара шұбар – нағыз жырындының өзі, былтыр көкектің көзін ала бере, бір бүйірден тас қалауға жанап кетіп, бірталай торғайды сорлатқан. Міне, бүгін де қара шұбар қалың шөптің арасымен мүлде ақырын, соншама сақ жылжып келе жатыр. Қара шұбар тас қалаудың көлеңкесі үзілмей түсетін болған соң шөп шықпайтын тақырдың жағасына іліге бере жермен-жексен болып жата кетті. Бұл уақытта құстың бəрі – сауысқан нан сақ, жылан тұрмақ, шаян қимылдаса, біліп қояды. Қазір

Әңãіìåëåð де сөйтті, тас қалаудың бергі шетіндегі ұясынан шыққан шымшық қара шұбарды көріп қалып, байбалам салды. Торғайлар тегі бір-бірін шиқылынан түсінеді, демнің арасында айнала азан-қазан болды. Батыл шымшықтар, тіптен, жыланның басынан теуіп өтпек болып, ентеледі. Торғайларға көмекке қарлығаштар да келді, жыланның алдын қайта-қайта кесіп өтіп, зымырап ұшып жүр. Ата көкек тас қораны тасалап ұшып, қара шұбардың дəл алдынан шықты. Қара шұбар тайсалмады, басын қақшитып, айыр тілін сумаңдатып, «Келсең, кел», – деп безерді. Екпіндеп ұшып келген ата көкекке шегінер жер жоқ еді, қара шұбардың дөл алдына барып қона кетті. Ата көкек пен қара шұбар бір сəт бірін-бірі аңди қалды. Ата көкек көп аңдысудың түкке қажеті жоқ екенін қандай да бір түйсікпен сезе қойды да, ұзын, біздей үшкір тұмсығымен демде жыланның əуелі бір көзін, іле екінші көзін шұқып, ағызып жіберді. Қара шұбар қатты серпіп, құйрығымен ата көкекті осып түсті. Ата көкек, мойны үзіліп кете жаздап, тақырға топ ете қалды. Содан соң ата көкек пен қара шұбар опыр-топыр болып, айқаса кетті. Ата көкек, қара шұбардың басынан дамылсыз шұқи берді. Ал қара шұбар ата көкектің бөтегесінен тістеп, ішіне уын енгізіп жіберді. Ендігі бір сəтте денесіне у жайылған ата көкек қылжиып, миы ойылып, екі көзі ағып түскен дəу қара шұбар жылан сұлап жатты. Қалың шымшық ата көкектің өздері үшін жанын пида еткенін елеген жоқ, дамыл таппай балапандарына шегіртке тасып жүр. Қос қарлығаш біраз шырылдап ұшып барып тыншыды. Көшбасшылары – дəу қара шұбардың тас қораның түбінде жайрап жатқанын қара шұбар жыландарға ешқандай ой салған жоқ, бəрі қандай да ебін тауып қызыл шақа балапандарды қылғытқысы келіп емінеді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Қазір ертеңгілік томар тастың үстінде ұябасар көкек отыратын болған. Кө-кек, кө-кек! Ұябасар ата көкекті жоқтап сұңқылдап отыр ма, төрт балапанының аман-есен өсіп келе жатқанына қуанып, жыр төгіп отыр ма, оны өзі болмаса, ешкім білмейді. Кө-кек, кө-кек! Ұябасардың ата көкектікінен нəзіктеу үні тас қалаудағы топ торғайға қуат береді, жылғаның арғы жағын дағы қалың жыланның берекесін алады. Өмір – осы, сүйініш пен күйініштен тұрады.

ÅÐÒÅÃІËÅÐ

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ АРЛЫ БАЛА Ертеде, бұрынғы өткен заманда, бір мақтаншақ бай болыпты. Ол кешкілік ауыл сыртындағы төбеге шығып, еркек кіндіктілерді жинап алып əңгіме-дүкен құрып отырғанды ұнатады екен. Бір күні төбе басындағы топтың жанына ойнап жүрген ауыл балалары келе қалады. Ерігіп отырған бай балаларды күрестірмек болады. Ортаға байдың баласы шығады. Екі мықынын таянып талтайып тұрған бай баласына ешқандай бала батпайды. – Кəне, байекеңнің баласымен қайсың күресесіңдер? Келіңдер. Мырзаға батпайсыңдар, ə? – деп бір мосқал жылтыр қара балалардың əрқайсысына бір қадалады. Балалардың бəрі жерге қарап, шегіншектей береді. Мосқал қара енді балаларды шап беріп шетінен ұстап, бай баласына қарай итеріп жіберіп тұрады. Бай баласы қолына тиген баланы жерге атып ұра береді. Əп-сəтте балалар ұмар-жұмар болады. Бай қолын көтереді: – Уа, тоқтаңдар! Қыранның баласы да қыран, қарғаның баласы да қарға. Менің баламмен күресу қайда бұлар ға? Қойыңдар. Доғар, балам. Біреуін майып қып жүрерсің тағы. Жұрт тына қалады. Бай қарқ-қарқ күледі, ал баласының екі езуі екі құлағында, мəз. Сол сəт ортаға бір бала атып шығып, байдың баласымен ұстаса кетеді. Сол сол-ақ екен, əлгі көз ілеспес

Åðòåãіëåð шапшандықпен байдың баласын атып ұрады да, басынан аттап кетеді. Ел ішін тартып, бір сұмдықты күтеді. Мосқал жылтыр қара кісі палуан баланың əкесі еді. Ол тұра жүгіріп барып баласының жағасына жармасып, дедектетіп ортаға сүйреп əкеледі. – Иттің ғана күшігі, осы жаңа еді ғой жығылып қалғаның. Сені қай шайтан түртті? Қайтіп жықтың байекеңнің баласын? – Онда мен сізді аяғам, енді өзімді аядым. Əкесі баласын одан əрі жұлмалады. – Не деп тұр мына оңбаған? – Мен қарғаның баласы емеспін. – Апыр-ай, құртты-ау! Мынау бала емес, пəле екен, ей! Əкесі баласын ұрмақ болып қолын көтере берген. Сол сəт көпті көрген көнекөз, аппақ сақалы омырауын жапқан қария: – Тоқтат, жетер! Əй, өңшең ез. Жұдырықтай бала құрлы намыс болмаған соң өстіп қарға құсап шуылдамағанда қайтпексіңдер?! «Күш атасын танымас» дегенді неге білмейсіңдер. Балам, кел бері! Арлы адамның ісі – сенікі, айналайын! Малсыз болсаң да арсыз болма. Бүгін өз намысыңды қорғай білсең, ертең – еліңнің намысын қорғарсың, – деп намысшыл палуан баланы жанына шақырып алып, маңдайынан иіскеп, бетінен сүйеді. Бай бас бармағын шайнайды, Абайламай сөйлеймін деп, өзінің де, баласының да абыройын айрандай төгіп ал ған еді. Байдың баласы əкесі сияқты дөңкеуде бай болады. Əкесінің байлығын еселей түседі. Ал кедейдің баласы ақсақал айтқандай, жамбасы жерге тимеген палуан, ел намысын ардақтаған батыр болады. Қол бастап, халқын талай жаудан қорғап қалады.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ АЛТЫННЫҢ ƏЛЕГІ Ертеде бір кедей неше жыл жалшылықта жүріп, тапқантаянғанын тірнектеп жинап, ауқатты ауылдасынан ауданы азғантай ғана жер сатып алады. Көктем шыға ол əлгі ауылдасының қосына шығып, ақысына соның өгізімен өз жерін де жыртып алуға келісіпті. Сөйтіп кедей ауылдасының жерін аударып болып, өзінікіне келіп түседі. Алғашқы айналымның аяғына шы ға бергенде-ақ түрен жүзі қатты бір нəрсеге тіреліп тұрып қалады. Шаруа: «Тас шығар», – деп алып тастамақ болып еңкейе береді. Сөйтсе, түрен ат басындай алтынға тірелген екен. Кедей шошып кетеді. Өзіне-өзі күбірлеп: «Мен жерді ғана сатып алдым. Ал алтын – жердің иесінікі» дейді де алтынды ауылдасының үйіне алып келеді. – Мен ол жерді өмір бойы өңдеп келдім. Сонда бұл алтынның барын да, жоғын да білген емеспін. Қазір жер де, алтын да сенікі, – деп ауылдасы алтынды алмайды. – Жоқ. Менің еңбегім сіңбеген нəрсе менікі емес, – деп кедей алтынды тастап қайтуға ыңғайланады. – Мұныңыз болмайды, көрші. Мен де ақысыз ешкіммен ала жіп алмасып көрген адам емеспін. Өзімнің ақ адал малым да жетеді. Алтыныңызды алып кетіңіз, – деп ауылдасы ат-тонын ала қашады. – Енді қайттім? Қайда бармақпын? – деп кедей дал болады. Ауылдасы кедейді аяп кетеді де: – Онда мұны ханға апарып, төрелігін сұрайық. Хан кімге бұйырса, сол алсын, – дейді. Екеуі хан сарайына келіп, толып жатқан жасауылдарға жалынып-жалпайып жүріп ішке əзер кіреді. Хан тағында уəзірлерімен кеңес құрып отыр екен.

Åðòåãіëåð – Дат, тақсыр, – дейді есіктен ене бере екеуі де басын жерге жеткізе иіліп. – Даттарың болса, айт, – дейді хан. Екеуі сандықтың аузын ашып жіберіп, болған жайды жарыса айтып шығады. Хан тыңдап болып, бас уəзіріне: – Мына екеуіне екі ділдə бергіз дағы, алтынды қазынаға апарып салғыз, – деп əмір етіпті. Кедей мен ауылдасы: – Бізге ештеңенің керегі жоқ. – Бəрі сіздікі, хан ием, – деп келген іздерімен кері жылжып, есіктен шыға салып, өз жөндеріне жөнепті. Олар ұзап кетті-ау дегенде ханның бас уəзірі: – Хан ием, осымыз ағаттық іс болған жоқ па өзі? – депті. – Қалайша? – депті хан. – Тақсыр! Əлгі бейшаралардың екеуі де бойларында жарты мысқал арамдық жоқ момын адамдар екен. Сізге осыншама бар пейілдерімен əкеліп, əділ төрелігіңізді естігелі келгенде, алтынды қазынаға алу қиянат. Естіген ел не демек? – депті бас уəзір. Хан біраз үнсіз бедірейіп отырып қалыпты. Хан бұрын да өстіп ойланбай іс қылып, елдің ренішін туғызып жүреді екен. Уəзір сол жанды жеріне тие сөйлеп отыр. Мына жайды естіп, ел наразы болса қайтпек? Хан халық қаһарының не екенін білетін жырынды қу еді. – Тез, алдыр онда екеуін, – деп əмір етеді. Жалаңдаған жасауылдар жан қойған ба, əне-міне дегенше екеуін дедектетіп хан алдына алып келеді. Екеуінде де өң-түс жоқ, бастары салбырап кеткен. – Əй, құдайдың шын сүйген құлдары, көтеріңдер бастарыңды. Сендер адам естімеген адалдық көрсеттіңдер. Соларыңа орай мен де хан атаулы жасамаған ұйғарым айтамын. Екеуіңнің біріңде ұл, біріңде қыз болса, құда

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ болыңдар. Мына алтынды солардың еншісіне бердім, – дейді хан. Кедейде бойжеткен қыз, ал оның ауылдасында ержеткен ұл бар екен. Екеуі ханның мына күтпеген шешіміне қайран қалып, үйлеріне қайтады. Келе хан жарлығын кедей қызына, ауылдасы ұлына айтады. Қыз бен жігіт қосылуды құп алады. – Алтынды біз де алмаймыз. Хан ием бізге енші бергісі келсе, өз қазынасынан берсін. Жерден табылған алтын – оңай олжа. Ол бізге опа болмас, – дейді сонда кедейдің қызы. Кедей мен ауылдасы ат басындай алтынды көтеріп, ханға қайта келіпті. Ханға қыздың айтқанын сол қалпын да жеткізіпті. Хан санын бір соғыпты. – «Абайламай сөйлеген ауырмай өледі». Жеңілдім қызыңнан. Еншісі əзір. Ал мына алтын халықтікі екен. Бұл түгел жұмсалып, жер өңделсін, оған бау-бақша салынып, жеміс-жидек отырғызылсын. Адам баласы оның өнімін бір-бірін алалап-құлаламай игілікке асырсын, – деп жарлық қылыпты. Хан жарлығы орындалып, алтынға ұшы-қиырсыз мол жер игеріліп, əне-міне дегенше өнім бере бастапты. Бұл жарлықты хан: «Адамдар бау-бақша мен жеміс-жидектің өнімін бөлісе алмай, бір-бірімен ырду-дырду болып жатады, дау-дамай, айтыс-тартыс өрбіп алдыма жүгіне келгендер көбейеді, елді əрі де, бері де жығып билік айтып, үстемдігімді арттырамын» деген ішкі бір есеп пен берген еді. Бірақ олай болмай шықты. Қалың жұрт ынтымақпен қауын-қарбызды қанып, алманы алып, жүзімді үзіп жейтін болыпты. Ел ішіне молшылық орнап, той көбейіпті. Сондай берекелі тойдың бірі – кедейдің қызы мен оның ауылдасының баласының некелескен тойы болыпты.

Åðòåãіëåð Хан айтқанын екі ете алмай, тойға екі жасқа енші алып келіпті. Кедей де, оның ауылдасы да шексіз бақытқа бө леніпті. «Аққа құдай жақ» деген сөз, сірə, осыдан қалса керек. АР ЖАҚ – БЕР ЖАҚ Шу өзенінің екі жағындағы кең сазға екі ауыл қатар келіп қоныпты. Екі ауылдың ортасында ернеуінен асып Шу өзені жөңкіп ағып жатады. Адам араласпайды, мал қосылмайды, əр ауыл өз тірлігімен болады. Екі ауылда бір-бірінің асқанын да, басқанын да көре алмайтын екі бай болыпты. Сол екі бай ертелі-кеш өзен жағасындағы екі дөңеске шығып алып бір-бірінің жүргентұрғанын аңдып отырады екен. Бірінің шаруасы асып бара жатса, екіншісі жасыпты, бірінікі шайқалса екіншісі шалқайыпты. Сөйте-сөйте өзеннің сол жағында отырған ауылдың бойы мүлде асқынып, ұрынарға қара таппай сенділіпті. Бақастық адамға не істетпейді? Байдың ойына не бір пəле, не сан зұлымдық орала беріпті. Байдың екі көзі су жақтан кетпейтін болыпты. Қыбыр еткенді аңдиды екен. Сөйтіп, екі ауылдың адамдары өзеннен су алуға да емінеркін бара алмайтын дəрежеге жетіпті. Бір күні сол жақтағы ауылдың байы ұрыларын түгел жинап алып: – Барыңдар, өліңдер, тіріліңдер, арғы ауылдың жылқысын бірін қалдырмай бері айдап өткізіңдер! – деп бұйырыпты. – Неге? – депті ұры басы. – Ана мес қарынның кəрі қарагер айғырының даусы жаман, барқырап жер жарады. Содан қорқып бүкіл қысырағым қысыр қалды. Бар жылқысын айдап келің дер! Байдың жарлығы орындалады. Сол түні оң жақтағы

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ ауылдың жылқысы тайлы-таяғына дейін айдатылып алынады. Енді оң жақтағы бай қарап жатсын ба. Бай бүкіл ауылды жиып кеңес құрыпты. Малын алдырған ауыл адамдары ашулы, қатты дүрлігіпті. «Бізді басынған екен, шабамыз» депті сайыпқыран жігіттер. «Ақылға келейік» депті ақсақалдар. Осындай сан-саққа алып ұшқан ойдың тоқтамы жуық арада бола қоймапты. Қызба жігіттер жағы белең алып, екі ауыл арасы бүлінбек болыпты. – Уа, жарандар, шаршамаңыздар. Бұл таластарыңыздың шешімін маған беріңіздер! Жиналған жұрт дауыс шыққан жаққа жалт-жалт қараса, жарбиып тазша бала тұр. Бəрі сенерін де, сенбесін де білмей, тына қалыпты. – Иə, мұны айтып тұрған мен, – депті тазша бала. – Маған мол қылып оғымен мылтық, ертең осы уақытқа дейін уақыт беріңдер. Желігіп тұрған жігіттер күлкіні қойып кеп жіберіпті. – Өй, мынау не деп тұр? – Түрін қараңдар! Бұл жалғыз мылтықпен түгел бір ауылды қырмақ! Осы сəт көпті көрген көнекөз қария: – «Асыл – тастан, ақыл – жастан» деген, жігіттер. Баланың айтқанын орындаңдар, – депті. – Жə, ақсақал дұрыс айтады. – Біз ағайынды шаппаймыз, – деп шу ете қалыпты егде жігіттер. – Көрейік. Егер ертең осы уақытта жылқым бергі жаға да болмаса, қария сенің де, тазша, сенің де басыңды алам, – депті бай. Тазша баланың айтқаны дайын болыпты. Бала оқ толы оқшантайды беліне буып, мылтықты асынып төмендегі – жарты күншілік жердегі өткелге қарап бет түзепті.

Åðòåãіëåð Келер күні ертеңгілік сол жақтағы ауылдан гүрсілде ген мылтық даусы естіліпті. Тазша бала ауылдың аяғынан түсіп, алдынан үріп шыққан итті мылтығымен бір басып сап, «қаңқ» дегізіп ілгері тарта беріпті. Иттен ит қалмайтын болыпты. Мына суық хабар байға жетіпті. Бай жігіттерін жұмсап, тазша баланы алдына алдырыпты. – Кімсің? – депті бай. – Арғы ауылдың қойшысымын. – Е-е, ендеше мұнда нең бар? Итке неге тиісесің? – Біздің ауылдың қойының бəрін қасқыр қырып кетті. Пəленің бəрі иттен болды, қасқырдан қорқып үрмейді. Соған ашуланып, ол ауылдың итін бірін қалдырмай қырып бітіп, енді осы ауылдың итіне кірістім. – Ей, тазша неме, өзіңде ақыл бар ма? Ол ауылдың итінің қорқақтығынан қойын қасқыр жейді, сен бұл ауылдың итін қырасың. Өзеннің арғы жағындағы қасқыр бергі жағындағы иттен қорықты дегенді кім естіген?! – Дұрыс, байеке, біздің өзеннің арғы бетіндегі айғыр дың даусынан бергі бетіндегі байтал қорықты дегеніңізге сеніп қап, осылай істеп ем. Мұным ақымақтық екен. Кешірі ңіз, қойдым, – депті тазша бала. Бай: – Тіліңе шоқ! Итімнен аулақ жүр. Бар-бар, өзің де, жылқың да құрысын, апар! – деп сұп-сұр боп отырып қалыпты. – Маған да керегі осы, – депті де, тазша бала есікті көздепті. Жүйелі сөзге кім қарсы болсын, хан айналасындағы небір əпербақандардың өзі лəм-мим деп жақ аша алмапты. Тазша бала ауылының жылқысын айдап оң жағаға қайтыпты.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ АРМАНЫНА ЖЕТКЕН АЙБАЛТА Бір салақ адам Балта сатып əкеліп, қораның бұрышына тастай салыпты. Содан алғашында əне саптаймын, міне саптаймын деп жүреді де, кейін мүлде ұмытып кетеді. Балта болса, тот басып, əрінен айырылып бара жатты. Ақыры бұл қорлыққа төзе алмады. Бір күні өн бойын намыс кернеп, орнынан шоршып кетті де, жанында жатқан қайрақ тасқа тиіп сыңғыр етті. – Бұл кім? – деп қыр ете қалды қайрақтас. – Мен – Балтамын. – Иə, не болды? – Қайрақтас, сен ақыл қосшы, не істеу керек, қайтсем, жарқылдап иемнің қолында жүрем? – Арманың сол ма? – Иə. – Ендеше, баяғыда-ақ қимылдауың керек еді. Тоғайға бар, өзіңе лайық сап кесіп, киіп ал. Сөйт те, маған кел, мен сені қайрап, жарқылдатып шығарайын. Көрсін сонан соң иеміз. Балта қуанып кетті, бір шоршып, бір, екі шоршып, екі адым аттап, тоғайға тартты. Балтаны сонадайдан көргеннен-ақ қалың ағаш: – Балта келе жатыр! – Қайсымызды кесер екен? – деп шу ете қалды. Бəрі дүрдиіп, селк-селк етіп, қорқып тұр. Балта тоғайдың шетіне келіп, қалың ағаштың əрқайсына бір тесіліп қарап тұрды. Бірі ұзын, бірі қысқа, бірі жуан, бірі жіңішке ағаштар абыр-сабыр, тынышталар емес. Балта қайсысын кесерін білмей, дал болды. Ағаштар біртін-біртін жүрек тоқтатып, тынышталайын деді. Балта сол сəт үлкен Аққайыңның өзіне лайықты бір бұтағын таңдап үлгерді. Іле сарт етіп, сол бұтаққа жабы са

Åðòåãіëåð кетті. Əне-міне дегенше əлгі бұтақты кесіп, сап қылып киіп алды да, ауыл қайдасың деп, тартып отырды. Ағаштар абыр-сабыр болып қала берді. Бəрі енді бұтағы кесіліп, жаны қиналып тұрған Аққайыңға басу айтты. – Ештеңе етпейді, бір бұтағың кесілсе, екіншісі өсіп шығады, – деді Бəйтерек. – Иə, сөйтеді, кішкене қиналарсың, жетіліп кетесің, – деді Қарағаш. – Үзілген бұтақ – ұзатылған қыз. Ол енді Балтамен бірге иелерінің қолында жүріп, талай шаруа бітіреді. Бір бұтағыңның адамның игілігіне айналғанына сен қайғырма, қайта қуан, – деді дəу Тал. – Рақмет бəріңе! Жанашыр ағайындық сөздеріңмен жарты қайғымнан арылтқандай болдыңдар. Айтқандарың рас, біз бəріміз адам үшін, адамның игілігі үшін өсіп тұр емеспіз бе? Барсын бұтағым, жолы болсын. Басқа амал қанша, – деп Аққайың ауыр дем алды. Сол кез төменде қалың Шіліктің біреуі шіңкілдей жөнелді: – Саған сол керек. Əуелеп өсем деп көзге түскен өзің. Басында мына біз құсап өспей, жер бауырлап жатып алсаң ғой, сапқа жарамас едің. Сонда сені де кеспейтін еді. Ал енді аһыла-үһіле. Шіліктің бұл шірік сөзін жалғыз Аққайың емес, қалың ағаш түгел естіді. Бəрінің бойын ашу кернеді. – Қап, мынаны-ай! Мұның бойы неғып өспей жүр десем, осындай қу екен ғой, – деді Бəйтерек. – Айтпа, тегі. Арамын қарай гөр! Мұндайлар өспейді, аяқ асты болып қала береді, – деді қарт Қарағаш. – Бəсе, бұлар неге жапырақ жаймай жүр десем, күншіл екен ғой. Күншіл болдым дегенше, іс бітті. Азып-тозып кеттім дей бер, – деді дəу Тал. – Мейлі, өзіне жақсы болса, айта берсін, – деді Аққайың.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Шілік лəм-мим деуге шамасы келмей, жер болып қалды. Сапталған Балтаның адымы ұзарып қалған, қораға тезірек жетті. Келе қайраққа жармасты: – Қайреке, айтқаныңызды орындадым. Ендігі кезек сіздікі. – Мұның енді жөн. Уəдем – уəде! Қайрақ Балтаны қайрап, тотын кетіріп, жарқыратып шығарды. Ертеңгілік қораға кірген иесі қылпып тұрған балтаны көріп: – Апыр-ау, мына айбалта қайдан шыққан? Сабы қан дай əдемі еді. Осындай бір балтаға қол жетпей, қор болып жүр едім, жақсы болды-ау, – деп куанды. Балта өстіп əрекет қылды да, арманына жетті. Ол енді адамға қызмет етеді. Тоғайдағы ағаштар ше? Аққайың жалғыз бұтағы үшін көп зардап шеккен жоқ, жетіліп, жайқалып тұр. Ал, Шілік болса, сол күйі көлеңкеде қалған. БƏЙТЕРЕК ПЕН ДƏНЕК Аққайнардың желкесіндегі ұзынша қолат – бір үйір қызғалдақтың отаны. Жылда көктемде бұл жерде қыпқызыл қан құлақ қызғалдақ көздің жауын алып тұнып тұрады. Қызғалдақ жайнап тұрған. Көрген адамның басы айналып, елтіп, əл-дəрмені кетер еді. Бір күні Алатау сілемдерін құлдилай саулайтын Қордайдың сары желі сарнап соқты-ай дейсің бір. Үлпілдеп тұрған қызғалдақты айтасыз, тас суырды. Қалың қызғалдақты отап тынды. Сауылдап төгілген қып-қызыл жапырақ Аққайнар дың бетін көміп кетті. Қайнардың астынан бұрқ-бұрқ атқылаған сан-сан көзі қойсын ба, жапырақтарды ысырып, біртінбіртін ағысқа түсіріп жіберді.

Åðòåãіëåð Қызғалдақтардың Дəнегі қалың шөп арасына жасырынған. Кейбірі топырақ жамылып үлгерген. Келесі күні күн қызып кетті де, Аққайнардың басын аламан-топыр қылып құйын жүріп өтті. Шаң-тозаң шыр көбелек айналып, қайнар басындағы алып бəйтеректің ұшар басына өрмеледі. Жеңіл жапырақтар əлдеқайда аспанға қалық тап лағып кеткен, құйын сап басылды. Жаңағы зыр айнал ған əлем-тапырық жым болып, құйын құтыртқан заттың бəрі жан-жаққа жайылып жүріп берді. Бұл аламан-асырға қызғалдақтың Дəнегі де қосылып кеткен еді. Құйын басылысымен ол да жерге қарай теректің бір бұтағынан соң бір бұтағына соғылып, қаңғалақтап келе жатты. Өстіп өкпесі өшіп, əл-дəрмені құрыған шақта бір жуан бұтақ түбіне құрылған өрмекші торына ілініп қалды. Өрмекші ұясынан шыға салып, зулаған бойы Дəнекті ай-шайға қарамай матады да тастады. Сөйтіп, Дəнек торға шырмалған күйі жаз бойы тұрды. Күзгі жаңбыр өрмекші торын оған маталған шыбын-шіркей, қиқым-сиқымы мен бірге бəйтерекке жапсырып тастады. Сөйтті де, жер-дүниені қар басып қалды. Дəнек бəйтеректің жарығына кіріп кеткен. Қыстай жылы жерде ұйқыға басты. – Көктем келді. Бəйтерек оқтын-оқтын сілкініп, шуылдайтын болды. Күн құрғатпай нөсер құйып, бəйтеректің өн бойымен саулап су ағады. Бəйтерек жаңбырға шомыл ған сайын жіпсіп, рақатқа батып, тазара бастады. Дəнекті де су əлденеше рет жуып өтті. Өз-өзінен желік пайда болып, қыбырлай бастады. Жерге түскісі келді. Төменге қарап еді, басы айналды. Жер алыс, лай-батпақ екен. Денесі түршікті, Дəнек: – Жерге түссем, ана батпаққа батып кетіп, тұншығып өлемін-ау, – деп қуысқа бұға түсті. Кешке қарай күшті дауыл тұрып, Бəйтерек қатты сіл-

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ кінді. Дəнекте ес қалмады. Дауыл бір саябырсығанда, ол: – Атай, мені аяй гөр! Көп қозғалмаңызшы. Менің сізге еш зияным жоқ қой. Осы кішкентай қуысыңызда жата берейінші, – деп безек қақты. – Əй, сен кім едің? – деп гүр етті Бəйтерек. – Мен – Қызғалдақтың Дəнегімін. – Онда несіне қалтырайсың? Секір жерге! Кір қойнына! Жер – бəріміздің анамыз. Ол сені де өндіреді, өсіреді. Жайқалып тұр содан соң, көздің жауын алып. – Өспеймін. Жатам өстіп. Қозғалсам, жел былтырғыдай іліп əкетіп, тау-тасқа соғып, басымды айналдырады. – Қой, сен тіл ал! Ондай-ондай болмаса, өмірдің қызығы қайсы? Жер қазір жұмсақ. Қойнына кіресің де кетесің. Жер демі ыстық, қыстайғы денеңді алған суықтан əп-сəтте арыласың. Балқып, өніп жүріп бересің. Көктеп өсесің. – Көктемеймін, Қызғалдақтың өмірі қысқа екен. Кішкентай ғұмыр үшін əуреге түскенше, жата берем өстіп. – Сендер – қызғалдақсыңдар, біз – терекпіз, мына кең дүниеге бəріміз де керекпіз. Сөзді доғар, секір, кəне! – Секірмеймін. – Секіресің! – Бəйтерек ашуланып, сілкініп өтті. Дəнек безек қақты. – Ататай, тимеңізші! – Жасықты жаным жек көреді. Шыбық тимей шыңқ етпек болған деген не сұмдық! Бəйтерек енді ай-шайға қараған жоқ, бір жіңішке шыбығымен Дəнекті сырып жіберді. Дəнек зу етіп құлдилаған бойы барып, жұп-жұмсақ топыраққа сүңгіп кетті. Терекке өкпесін айтып та үлгере алмады. Жер дымы мен Күн қызуы қойсын ба, Дəнек алдымен бусанып, содан соң қыз-қыз қайнап, бөртіп жүріп берді.

Åðòåãіëåð Сөйтті де, ақ сүйрік болып өніп, қылтиып жер бетіне шыға келді. Бəйтерек тұр екен сол орнында, жапырақтары бүр жара бастады. – Бəйтерек ата, міне, мен өніп шықтым! – деп айқай салды Дəнек. – Айтпадым ба саған! Қорқып ең, қуанып тұрсың енді. Көп қуаныш əлі алда. Сен қазір өскінсің. Сенің өзегіңді жарып қызғалдақ шығады. Қызғалдақ – қуаныш гүлі, – деп дауыстады Бəйтерек. – Кімді қуантам, қалай қуантам? – Өс, саусағыңды жай, алау ат! Арғысын өмірдің өзі көр сетеді. – Мақұл, айтқаныңызды орындаймын, Бəйтерек ата. Сіз де өсіңіз! Нөсерлетіп жаңбыр құйды. Өскін суға тұншығып, қалшылдап жаурай бастады. – Бəйтерек ата, өлдім! – деп шыңғырды. – Шыда, өскінім, Сіміре бер жаңбыр суын. Ертең Күн шы ғады, жайнай түсесің. Өскін жаңбырға əбден шомылды, тамыры да ылғалды құныға жұтты. Бəйтерек айтқандай, ертеңіне жайнап Күн шықты. Өскін құлақтанып, қызыл шұбар жапырағын жайды. Енді əні-міне дегенше алақандай-алақандай жапырақтың дəл ортасын жарып шыққан өзек басы қауашақка айналды, ол жарылды да, қып-қызыл шоқтай қызғалдақ құлпырып, жайнап, жанып тұрды. Қызғалдақ сұлу гүл болды. Сұлумын деп дандайсыған жоқ. Талай-талай долы дауыл тұрып, аптап ыстық сорып, қақаған суық қарып, өн бойы бұжыр-бұжыр, шор-шор болған қарт Бəйтерекке: – Бəйтерек ата, сіздің тіліңізді алғаным дұрыс болып ты. Ақылыңызға рақмет! – деп иілді.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ – Солай ма екен?! Бəсе! Өзің ғана емес, өзгеге де қуаныш сыйлайсың сен əлі-ақ. Өзгеге қуаныш сыйлаудан асқан бақыт жоқ, қарағым. Жайнай түс, – деп Бəйтерек разылық білдірді.

ÌÛÑÀËÄÀÐ

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ КӨЛДЕЙ КӨЛЕҢКЕГЕ СЫЙМАҒАН ЕКЕУ Шілденің күні жер-дүниені шыжғырып тұрған шаңқай түсте сандықтай тастың көлеңкесінде қарақұрт пен қара шұбар жылан кездесіп қалды. Екеуі де жансая қылар көлеңке іздеп келген. – Əй, қыбырлаған неме, қайдан жүрсің? Жөнел бар жаныңның барында, аулақ! – деді жылан иіріліп жайланып жата бере. – Əй, шұбатылған ішек, барсаң өзің бар! Мен тұрғанда саған көлеңке қайда? – деді қарақұрт торсиып етбетінен құлай кетіп. Өстіп екеуі екі жерде жата берсе, көлеңке, əрине, жетерлік еді. Бірақ ондай ынтымақ жылан мен қарақұртта қайдан болсын? Сəл жатып, салқындап ес жиған соң, екеуі де басын көтерді. – Əй, жаңағы айтқаным қайда? Бар, менің ұйықтауым керек. Маза бер! – деді жылан зекіп. – Барсаң, өзің бар! Босат көлеңкені, бұл жер енді менікі болады. Торымды құрып мекен етем, – деді қарақұрт қасарысып. – Айтқан тілді алмадың ғой? – Алмадым! – Бар дегенде бармадың ғой. – Бармадым. – Ал əйтпесе, өз обалың өзіңе! Жылан қарақұрттың уы жиналған торсығын шап беріп тістеп кеп қалды. У толы торсық тырс жарылды. Қарақұрт аяқтары серейіп, қиралаңдады да қалды.

Ìûñàëäàð Жыланның аузы уға толып кеткен, жұтып кеп жіберді. Өзегі өртеніп бара жатты. Ендігі сəтте басы, құйрығы, ортан белі – əрқайсысы əр жаққа шорши жөнелді. Сөйтіп, көлдей көлеңкеге сыймаған екеу лезде екі жерде жайрап жатты. БОЗТОРҒАЙ МЕН ЖЫЛАН Бір түп боздың түбіндегі бозторғайдың ұясында төрт балапан өсіп келе жатты. Екі бозторғай ертелі-кеш балапандарына жем тасумен жүрген. Күн сəскеге таянған шақта ана бозторғай жем алып ұшып, ұясына жақындай бере, жан түршігерлік оқиғаның үстінен түсті. Ұзындығы жарты құлаш, қара шұбар жылан тілін сумаңдатып, ұясына жақындап қалыпты. Балапандары аузын ашып, шыр-шыр етеді. Бозторғай ұя мен жыланның ортасына келіп отыра кетті. – Мына сорлы қайтеді, ей? Жан керек болса, былай тұр жолымнан, – деді жылан басын көтеріп. – Сен менің балапандарымды жемексің, мен саған жол бермек екенмін ғой. Жоқ, ол болмас. – Онда өзіңді жеймін! – Жей алмайсың! – Не дейсің? Торғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген! – Кім естісе, ол естісін. Мен балаларымды тастап қаша алмаймын. Одан да өлім маған келсін! – Онда кел бері, кір аузыма! – Аш аузыңды! Жылан аузын ашып, көзін жұмды. Бозторғайға керегі де сол еді, жыланды шап беріп, екі аяғымен басынан мықтап бүріп, жерден іліп əкетті. Жылан торғайды орап алмақ болып жиырылып əлектеніп көріп еді, ештеңе шықпады.

Әëäèõàí Қàëäûáàåâ Торғай дамыл таппай пырылдап, жыланды арқан бойы көтеріп апарып, жерге тастап келіп жіберді. Жылан құлдилап келген бойы жайпақ тастың үстіне түсіп, паршапаршасы шықты.

ÌÀÇÌҰÍÛ ШАҒЫН ХИКАЯТТАР Қос тентек .................................................................................................. 6 Раxима ....................................................................................................... 30 Оқуды аңсаған арал .................................................................................. 55 Бауыржан деген бала бар ........................................................................ 74 ƏҢГІМЕЛЕР Көк дөңгелек .............................................................................................. 126 Шаншар атайдың шертпегі ....................................................................... 129 Cөнбейтін қоз ............................................................................................ 133 Жаңа дос ................................................................................................... 136 Су тасушы Əшірбек .................................................................................. 141 Бір арқа отын ............................................................................................. 154 «Əліппе» .................................................................................................... 156 Кəкеннің ойыны ......................................................................................... 160 Абтобус аялдамасы .................................................................................. 164 Сурет сабағы ............................................................................................. 169 Алғашқы ертеңгілік .................................................................................... 172 Мейлі, ойлансын! ...................................................................................... 174 Үзеңгілік ..................................................................................................... 178 Қисық шыбық ............................................................................................. 182 Рас-ау осы ................................................................................................. 185 Ағайдың ауырмағаны жақсы .................................................................... 188 Байнаш ...................................................................................................... 192 Ата .............................................................................................................. 195 Көк қозы ..................................................................................................... 203 Бүлдірген тере барғанда .......................................................................... 205 Ала мысық ................................................................................................. 207 Қара сиыр .................................................................................................. 210 Ата көкек .................................................................................................... 214 ЕРТЕГІЛЕР Арлы бала ................................................................................................. 220 Алтынның əлегі ......................................................................................... 222 Ар жақ – бер жақ ....................................................................................... 225 Арманына жеткен айбалта ....................................................................... 228 Бəйтерек пен дəнек .................................................................................. 230

Әëäèõàí ҚÀËÄÛÁÀÅÂ ØÛҒÀÐÌÀËÀÐÛ 3 том Редакторы Ерсінбай Манашов Техникалық редакторы Гүлмаржан Сəбитова Компьютерде беттеген Əйгерім Молдахметова Баспаға Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің № 0000082 мемлекеттік лицензиясы 2005 жылы 11 қаңтарда берілген Басуға 10.07.15 ж. қол қойылды. Пiшiмi 60х901/16. Əрiп түрi “Arial”. Офсеттiк қағаз. Офсеттiк басылым. Шартты баспа табағы 15,0. Есептік баспа табағы 9,23. Таралымы 2000 дана. “Таймас” баспа үйi” ЖШС. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 153-үй, 27-офис. Факс: 266-21-14, тел.: 250-09-95, 250-09-96, 250-09-97, 250-09-98. МЫСАЛДАР Көлдей көлеңкеге сыймаған екеу ............................................................ 236 Бозторғай мен жылан ............................................................................... 237

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙