Мазмұнға өту
Home

Қоңыраулы үн

Зәһәрә Нұрәділқызы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қоңыраулы үн

Авторы: Зәһәрә Нұрәділқызы

УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз)-5 Қ 65 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Құрастырушы Зәһәрә Нұрәділқызы Қоңыраулы үн: Топтама өлеңдер жинағы. / Құрастырушы Зәһәрә Нұрәділқызы. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауым­дастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014. – 320 бет. ISBN 978-601-7023-71-3

Тағдырдың жазуымен шетелде өмір сүріп жатқан қазақ диаспорасы өкілдерінің ішінде Қытай қазақтарының мәдени-рухани дамуында қайталанбас өзгешеліктер көп-ақ... Бұл елде аз ұлт өкілдерінің әдебиеті мен мәдениетін қолдау ісіне айрықша көңіл бөлінеді. Жаһандану үрдісі өріс ала бастаған дәл казіргі кездің өзінде мұнда төл ұлттық әдеби дәстүрлерімізге берік, қалам қуаты тегеурінді қазақ ақынжазушыларының шығармашылық ортасы калыптаскан. «Қоңыраулы үн» деп аталатын осынау жыр жинағына Қытайдағы қатары қалың қазақ ақын қыз-келіншектерінің бірсыпырасының өлеңдері топтастырылған. Жас мөлшерлері әртүрлі, атқаратын қызметтері әрқилы шетелдік ақын қыз-келіншектердің шығармашылық қолтаңбасын қазақы болмыс, нәзіктік пен сезімталдык айқындайды.

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз)-5 ISBN 978-601-7023-71-3 © Құраст. Нұрәділқызы З., 2014 © Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014

Қ 65

Оқырманға! Өлең өлкесінің өрен жүйріктері Ақыт Үлімжіұлы, Таңжарық Жолдыұлы, Арғынбек Апашбайұлы із ашқан Қытайдағы қазақ поэзиясы өз биігінен төмендеген емес. Бір кездері Қытай мен Ресей тәрізді екі алып елдің өзара шекара бөлісі тұсында туған елден сырт қалып, осылайша, қиыр жайлап, шет қонған дерлік күй кешкен арғы бет қазақтары арасынан аталмыш ақындардың жолын қуған ізбасарлары көптеп шықты. Аға буын өкілдері өз алдына бөлек, шоқтығы биік өнердің туын жоғары ұстап жүргендер қатары қазір де баршылық. Біздің Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан тек соңғы жылдардың өзінде озық әдебиеттің үздік ұстыны боларлық қаншама ақындар шығармасы жарық көрді, десеңізші... Жарығы алыстан көрінбегенімен, қызуы алысты шарпитын сексеуілдің шоғындай болмысқа ие Тәпей Қайысқанның «Сексеуілдің шоғы» жинағындағы өлеңдері, адуын ақын, сыршыл сазгер, құймақұлақ күйші, диктор Серік Әбілдің бөрінің сүті – тәңірдің құты болып сіңген «Бөрінің сүті» кітабындағы жырлары қазақ оқырманы атаулының алпыс екі тамырына терең енеріне дау жоқ. Маған да, саған кісілік, Оған да қажет кішілік. Бәрімізге қашан да, Ең керегі түсінік... ...Үшеуіміз сәні, еркем, Қоғам дер алып құшақтың. Кеше, бүгін және ертең, Өмір деген үшақ күн, – деп қарапайым әрі дәл, әдемі жырлайтын Серік Әбілдің және Тәпей Қайысқандардың соңынан құнарлы шығармашылық иесі ретінде үрімшілік Ықылас Ораз-

бай дейтін ақын ініміздің таныла бастағандығынан да хабардар болып, қуанышқа бөленген жайымыз бар. Бұл ініміз Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 20 жылдығына арналған мүшәйрада Бас жүлдені жеңіп алды. Шекараның екі бетіндегі қазақ әдебиетінің ертеңгі көзқуанышына айналатын Ықылас тәрізді жас буын ақындардың бір ерекшелігі бар. Аранын айдаһардай ашқан жаһандану үрдісінің құрбаны болып кетпеу, естің түгелінде елін табу жас шығармашылық иелеріне көбірек тән. Арғы бетте туып-өсіп, атажұртқа ертерек жетіп алған, Алматыдағы әдеби-мәдени ортаға сіңісіп те үлгерген жас ақын-жазушылар қатары біршама. Алайда, олардың қай-қайсысы да Алатау баурайында жүріп, Алтайдың арғы бетін, Күнесті, Үліңгірді, Сайранкөлді, Боғдатауды түнде түсінен, күндіз есінен шығарған емес. Олардың денінің өлең-жырлары көп ретте арғы бетпен байланысты болып келеді. Ордабұзар отыз бен қырық жас аралығындағы Мұратхан Шоқан, Талапбек Тынысбек, Тоқтарәлі Таңжарық, Жарас Кемелжан,т.б. ақындарды екі беттегі қазақ әдебиетінің де төл балалары санауға болады. Өз елінің, атажұртының, Қазақстанның азаматы ретінде қазір олар еліміздегі барлық әдеби-мәдени іс-шаралардың, барлық мүшәйралардың белсенді қатысушысы болып жүр. Осындай қыртысы қалың өлең-жыр өлкесінен талай-талай нәзік жанды қазақ ақын қыз-келіншектердің де көптеп шығуы заңдылық. Қолдарыңыздағы «Қоңыраулы үн» аталатын топтама жыр жинағына өлеңдері енген ақындардың дені Қытайдағы қандас апа-әпке, қарындастарымыз болып табылады. Ақыт, Таңжарық, Арғынбектердің өлеңдегі озық дәстүрлерін жалғастырумен бірге, атажұрттағы кешегі өткен Фаризаның, Мәриямның, Мұқағали, Қадыр, Тұманбайлардың өлеңдерінен нәр алғандығы олардың әрбірінің жырларынан анық аңғарылып тұрады. Қайда

жүрсе де өз ұлтының өнерін өрге сүйреуге, тынысы кең, өресі биік өлең ұсынуға ұмтылушылық байқалады. Жат жерде, бөтен ортада, қара ормандай қалың қытай арасында өскендігіне, тіпті, кейбірінің табаны қазақ топырағына тимегеніне қарамастан, олардың жаны, жүрек лүпілі таза қазақы болмысты анық танытады. Біз-біз едік, Боғда таудың қызы едік. Тауға қарап талпынып, Бет алысты түзедік. Өмірден алып өнеге, Өнер жолын іздедік деп басталатын, жинаққа енген авторлардың жасы үлкені Тұрсын Жолымбетқызының өлеңіндегі өр мінез, қазақы пайым әр автордың өлеңінен бой көрсетеді. Аталған бір ғана «Біз едік» деген өлеңді арықарай оқи түссеңіз де жинаққа енген өлеңдердің табиғатын ұғына бастайсыз. Мұнда асыра бағалау, өсіріп айтушылық жоқ. Біз-біз едік, Бір анадан туған қыз едік. Қырпуы жетіп қыр асқан, Ынтымағы жарасқан, Жақсылармен жанасқан, Іргелі елдің қызы едік. Ұлағат алып атадан, Тәрбие алып анадан, Туған елдің керегіне жараған, Бір кірпіш болып қаланған, Көргені бар қыз едік. Шыңжаң өлкесіне аты мәлім, бәрі де қоғам өмірінен ойып орын алған, талай ақындардың өлең-жырына арқау болған Жолымбеттің бес қызы жөнінде жазылған толғаудың өмірден алшақ кеткен жері жоқ. Бес қызды былай қойғанда, ақын Тұрсыннан туған, бүкіл аспа-

насты еліне есімі кең танылған, әйгілі кинорежиссер Жанар Сағатованың өзін ұлт мақтанышы деуге болады. Жартыәлемнің халқына пара-пар дерліктей Қытай елінде Жанарды білмейтіндер кемде-кем.Мұндай танымалдыққа бұрын-соңды қол жеткізіп жатқан қазақ қызы көп емес. Мінезге бай өлеңнің табиғатын жете тану үшін оқырманның мұндай жайттарды түсіне отыруы артықтық етпейді. Жалпы, қытайлық қазақ ақын қыз-келіншектердің шығармашылығына ұстамдылық, сезіммен бірге ақылға жүгінушілік тән. «Қоңыраулы үн» жинағындағы Үмітай Сәтжанқызы, Әлима Ысқақ, Нұрила Қызықанқызы, Әзия Мағыперқызы, Гүлден Мүлікқызының өлеңдері оқырманын терең ой иірімдеріне жетелейді. Әрқайсысы жеке жинақтар шығарып, өзінің өнердегі таза қоңырау үнін танытып үлгерген, Шыңжаң өңіріне белгілі қазақ ақын қыз-келіншектерінің өлеңдері топтастырылған «Қоңыраулы үн» жинағы атажұрттағы оқырман қауымның көңілінен жылы орын алатынына сенеміз. Талғат Мамашев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары.

Тұрсын Жолымбетқызы

Ол 1936 жылы қазіргі Санжы қаласының Ащылы ауылында дүниеге келген. 1951-52 жылдары Шыңжаң өлкелік Кадрлар мектебінде оқыған. 1952 жылдан 1955 жылға дейін Санжы ауданында, онан соң Санжы облыстық партия комитетінде қызмет істеді. 1956 жылдан 1970 жылға дейін «Шыңжаң газетінің» редакциясында, 1970 жылдан 1984 жылға дейін Орталық халық радио стансиясының қазақ бөлімінде, 1984 жылдан 1990 жылға дейін «Шыңжаң газетінде» аға тілші болып қызмет атқарды. Тұрсын Жолымбетқызы ұзақ жылдар бойы ақпарат саласында қызмет ете жүріп, қыруар хабар мақала, очерк, эсселер жазумен бірге үздіксіз өлең жазумен айналысқан. Оның Орталық Ұлттар баспасынан жарық көрген «Тілші сыры», «Өмір сыры», «Көңіл сыры» атты көлемді кітаптары және «Мен» атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Қазір «Сезім сыры» атты кітабы басылым күтуде. Оның шығармалары мемлекеттік дәрежеде бір рет, автономиялы район көлемінде төрт рет, аймақ деңгейінде үш рет үздік деп танылып, сыйлық берілген.

Мен Мен осы таудың түлегімін, Тауда өскен жасыл құрақпын. Құдыреті бұл күнім, Тауымдай мықты тұрақтың. Тау қызымын! Тауда тұрып дүниеге қараған, Кекілімді тау самалы тараған. Тауым куә тарихқа, тағдырға, Айлар емес, жылдар емес, Сан ғасырды санаған. Тауларым-ай! Қарағайың болат найза асынған, Не өтпеді бұлт дулыға басыңнан. Быт-шыт болып кетпедім, Жасқансам да жаңбыры жоқ жасыннан. Мықтылықты үйреніппін тасыңнан. Таудың жолы күдірлеу, Күндерім жоқ дей алмаймын сүрінген, Сүрінген жерден бақыт кілтін таптым да, Түрегелдім бүгін мен! Жігерім тас, елжіреуік жүрегім, Нәзіктікті үйреніппін үлбіреген гүліңнен. Тауларым-ай! Өр мінезді үйретті ме биігің, Тапшылықтың тарта жүріп күйігін. Бермесе де сыбағалы сыйымды, Кездерім жоқ жаутаң көз боп жасыған, Шымырлықты үйрендім бе, Тау жынысы асылдан, Қастарымды әйтеуір, Асырмадым басымнан. Мен! Тұрсын Жолымбетқызы

Таудан аққан бұлақпын, Құз басынан құлаған. Тауқыметті тең тартып, Тау жыласа жылаған. Жабырқасам, жүдесем, Тауым еді хал-жайымды сұраған. Туған тауым, өскен елім, Екеуі бейне бір адам. Екеуі де өз анам. Мен! Тауда өскен қайыңмын, Оңайлыққа сынбайтын. Таудан алған құнармен, Бүршік жармай тынбайтын. Таудай-таудай ұлылар бар тауымда, Бағы жанса бұл әлемге сыймайтын, Міне, осындай ұлылық, Жат табанның жаншуына қимайтын. Мәңгүрттер бар десе де, Ұлы таудың ұлылығын білмейтін. Құрт-шыбындай ызыңдап, Сол жаныңды қинайтын. Болса екен ұрпақтар, Ұлы таудан үйреніп, Ұлылықты сыйлайтын. Ұлылардың ұлағатын, Өз бойына жинайтын! Шамалы Көктен нұры себілмеген, Көкжиегі көрінбеген, Қара бұлттан сейілмеген, Күйкі өмір кешсең күндізің, Түннен парқы шамалы. Тұрсын Жолымбетқызы

...Болса да түн қанша ұзақ, Таң атады жарқырап. Сұр тұман серпіліп, Нұр өбеді атырап. Табиғаттың мінезі, Міне, осындай нұр рай. Адамның жаман ниеті, Ашылмайды сұмырай. Көкірегі күңгірт, бұлыңғыр, Тұманды күннен шамалы. Сен қуансаң қуанып, Жан жүйесі сөгілмеген, Сен жұбансаң жұбанып, Жүректен сүйіп егілмеген, Кісілігіңе сеніменен, Қарамаса жақының, Жаттан парқы шамалы. Мәртебесі зорайса, Қошаметші молайса. Сенен атақ бас шайқаса, Салауатың сәл тайқаса, Қасыңнан парқы шамалы. Лауламаған жалыны, Жоқ болса бойда дарыны, Ойлауға жетпей қарымы, Көмбеге жетпей арыны. Таразы баспай талғамы, Бел аса алмай арманы. Ақылы кемел болмаған, Бағдарсыз, бассыз сорлаған. Қолынан іс келмеген, Құбыжық болса оңбаған, Қылшылдаған жасың да Алжыған қарттан шамалы. Тұрсын Жолымбетқызы

Екі кісі бас қосып, Төрінде кеңес құрмаған. Көрші, жолдас-жораға, Ықыласын бұрмаған. Ағынсыз, нәрсіз, арнасыз, Беймаза несіп жинаған. Өзіңмен өткен сыйыңның, Жұрт білмеген күйіңнің, Жолаушыға есігі, Ашылмаса үйіңнің, Алтынмен аптап қойсаң да Моладан парқы шамалы. Ұлағатты кісінің, Ұлан-асыр ісінің, Ұлылығын білмеген, Жақсыларға жанасып, Жақсы сөзді жанға азық, Құлағына ілмеген. Жүргенімен күн кешіп, Бәрін білген кісідей, Өмір деген ғылымның, Формуласын түсінбей... Ойламы ашық зерде емес, Дипломнан кенде емес, Наданнан парқы шамалы. Тиынның өтіп көзінен, Өз малын айдап өзінен, Қулық, өтірік, өсегі, Желдей ессе сөзінен, Мәртебедей сезінген. Сұмпайы, сырдаң сыңайы, Ісінің келмей ыңғайы. Тырбанып тірі жүргенімен, Өліден парқы шамалы. Тұрсын Жолымбетқызы

Қара таудың басынан көш келеді Қаратаудың басынан көш келеді, Көш келеді, Түсіреді еске нені? Ақтабан шұбырынды сол заманда, Қиын күндер басынан кешкен еді. Ат жалында ас ішкен қазағымның, Бейбіт күндер көкейін тескен еді. Қаратаудың басынан көш келеді, Көш тарихы бүгінге ессе енді. Жел өтінде желбауын шешкен еді, Алауламай оттары өшкен еді. Шерлі тарих шерткенде қариялар, Сөз етеді еріксіз көшкен елді. Тұлпарлары су ішіп ауыздықпен, Ерлері етікпен су кешкен еді. Еске алсақ еріксіз көшкен елді, Көштің жолы үмітін кескен еді. Хикаяттан естіген бүгінгі ұрпақ, Жау алғандай жағадан сескенеді. Қаратаудың басынан ел көшкенде, «Қара нардың бұйдасын жау кескенде» Киіз үйдің үзігін оқ тескенде, Әділдік жауыздықпен белдескенде. Қаратаудан, даладан үркіп көшкен, Жауыздықтан, жаладан қорқып көшкен. Талай ұрпақ тоналып жау қолында, Ардагерлер азапты торға түскен. Баспана киіз үйі, орда қалған, Жау басым кеп байлығы олжаланған. Тұрсын Жолымбетқызы

Сонда да шаңырағын тастамаған, Алтын-күміс, қазына жолда қалған. Айсыз түнде ұзақтай шулап көшкен, Мекенінен айырылып жылап көшкен. (шыбын жаным арымнан садаға деп) Халқын қорғап жауларын жақап көшкен. Еске алып ақ найзалы батырларын. Көшкен ел күйін шертед бастан кешкен. Ал бүгін Қаратаудан көш келеді, «Қара жорға тайпалтып бос келеді». Замана қазіргідей нұрланбаса, Көшке кім есе, теңдік, дес береді. Арман боп абыржусыз тыныш қоғам, Көшкен елдің көкейін тескен еді. Қаратаудың басынан көш келеді, Көтеріп мал-басы тең өскен елді. Ай сәулесі түңлігін ашқан елді, Күн нұрын шаңырағына шашқан елді. Көш байсалды, қонысы жайлы болған, Осындай күн көкейін тескен елді. Сұрасаң, Қаратаудан көшкен елді, (Қайқы құйрық бөрбасар көшке ереді). Жылқы айдаймын өрістен төгілдіріп, ... Жүрген жерім күнде той дескен елді. Қаратаудың басынан көш келеді, Көрсетіп мәртебесі өскен елді. Ұлағатын дүниеге мойындату, Ұлтымыздың көкейін тескен еді. Заманымның кеңіді көшкен елі, Күлкі үйрілген жүзінде шаттық лебі. Тұрсын Жолымбетқызы

Халықты мәпелейді анасындай, Майда қоңыр тауымның ескен желі. Десеңдер бүгін қазақ қайда көшті, Сар жайлау саумал аңсап тауға көшті. Тұрмысы тынышты деп ойға көшті, Ауасы тынысты деп далаға көшті, Оқу-білім, ғылым деп қалаға көшті. Торқа киіп, жорға мініп сәнмен көшті, Кестелі кежім жауып нармен көшті. Мыңғырған төрт түлігі отармен көшті, Жайлы деп жанға рахат мотормен көшті. Өрісі кең, өресі биіктеген, Теңелді иық ел ара иықпенен. Қуанып елдігіме, теңдігіме, Заманның қасиетін біліп келем. Астанадан көргенде киіз үйді, Кеткендей болды көкке тиіп төбем. Мен осындай өмірді сүйіп келем. Тілші Бір тұлға бар қоғамда Тілші деген, Жолдас болып көрдің бе Тілшіменен? Жайлы жолдас болмайды Тілші саған, Әз жанында әмір жоқ Тыншымаған. Ішкен асы бойына тарамаған, Мазасыздық жүрегін шымшылаған. Тілші осындай құпия сыршыл адам, Қылдан тайсаң саған да оңай тимес, Қылт еткенді сезеді ол сыншыл адам. Тұрсын Жолымбетқызы

*** Ақпандатқан аязда Мұз құрсанып, қар кешіп Мый қайнаған ыстықта Там-тұм ғана су ішіп, Тілші қайда барады? Қайда болса жаңалық , Соған кетіп барады. Тілші барған жерінде Ойнап жүр ғой дейсің бе? Жанұясын, жан жарын , Ойламай жүр дейсің бе? Ол бейне бір геолог, Кен іздейді қиыннан. Жаратса да керемет, Дәметпейді тиыннан. Оқ бораған соғысқа, Тілші кетіп барады. Бар мәзірі қолында, Қағаз, қалам –жарағы. Уақытты қусырып, Тілші озып жүреді. Табанынан таусылып, Тілші тозып жүреді. Атқан оқтан тез жетіп, Нысанаға қадамы, Гитлерді де күйреткен, Влимбердің қаламы. Бізде де бар влимбер, Қас жауымен айқасқан, Жасқанбаған шайқастан. Айта берсең еңбегі, Таусылмайтын жыр дастан. Тұрсын Жолымбетқызы

Біз едік Біз-біз едік, Біз бір үйдің қызы едік. Ата-ананың ізі едік, Көнелердің көзі едік, Әкемізден жас қалып, Айтылмай қалған сөз едік. Біз-біз едік, Ерентаудың қызы едік, Ерентауға еліктеп, Еңселі өскен қыз едік. Бір сабақтан гүл ашқан, Қатарымыз жарасқан, Тірлік басқа, бақ басқа, Әрбіріміз әр кәсіптің шоқтығына жармасқан, Текке кетпей талпыныс биіктерге жалғасқан. Өршіл мінез қыз едік. Біз-біз едік, Боғда таудың қызы едік. Тауға қарап талпынып, Бет алысты түзедік. Өмірден алып өнеге, Өнер жолын іздедік. Біз-біз едік, Сахараның қызы едік. Үлесіміз де бар халыққа, Несібеміз де халықтан, Кезіміз жоқ түзу жолдан тарыққан. Ұлт дәстүрін көкірекке дарытқан, Тасқайрат өскен қыз едік. Еліктеуге ермеген, Көштен қалып көрмеген, Көрпеге қарай көсіліп, Тұрсын Жолымбетқызы

Білмекке құлаш сермеген . Оқу десе өлермен, Өнегелі өскен қыз едік. Біз-біз едік, Бір анадан туған қыз едік. Қырпуы жетіп қыр асқан, Ынтымағы жарасқан, Жақсылармен жанасқан, Іргелі елдің қызы едік. Ұлағат алып атадан, Тәрбие алып анадан, Туған елдің керегіне жараған, Бір кірпіш болып қаланған, Көргені бар қыз едік. Біз-біз едік, Заманымыз ашқан гүл едік. Ата салтын сақтаған, Ана сүтін ақтаған, Жатжұрттыққа жаралып, Жат босаға аттаған, Жанұяны баптаған, Ақылы дарқан ананы, Пір тұтып өскен қыз едік. Біз-біз едік, Жолымбеттің бес қызы едік. Қызды кілең тізбедік, Қыз берген құдай ұл берген, Бес қыз, бес ұл - он баладан, Бұл күнге жеткен біз едік. Амал бар ма тағдырға, Аз ғана ғұмыр сыйлаған, Әне сол аға-бауырдың, Қасіреті қинаған, Тұрсын Жолымбетқызы

Бәрін айт та бірін айт, Ұл маңдайға сыймаған, Қиын-қиын күндерде, Өмірден күдер үзбедік. Дәуіріміз арайлы, Бақыт, байлық жинаған, Қырымыз да сынбаған, Әніміз де тынбаған, Түйір нәр алсақ қоғамнан, Ұлтымыз үшін арнаған, Туған елдің үмітінен шығуды, Армандандаған қыз едік. Арман бастап алысқа... (Түспесек те жарысқа), От басына омалмай, Өріс тапқан қыз едік. Қазақ болып, қазақша білмедім... (Немерем Айдосқа)

Желкен емес, жел дейді кемеге сын, Тарту ерлік өнердің жеребесін. Поэзия дейтін бір тылсым күштің, Он үш жаста қақтың сен терезесін. Сезіммен ойладың ба суаруды, Көңілдің кеберсіген кенезесін. Шаңырағын шалқытып ұлтымыздың, Өркениет көгерткен көсегесін. Нелер қиын тарғалаң күн туса да, Жықпай келген киіз үй керегесін. Талпынсаң да білуге білмегенді, Ұқпаушы едің қазақша тіл дегенді. Тұрсын Жолымбетқызы

Өз ұлтының ұстазы болмаған соң, Ықпалды орта билейді кімде-кімді. Білмедің деп тіліңді сынамадым, Жөн бола ма жосықсыз сынағаным. «Қазақ болып қазақша білмедім» деп, Жабырқатты жанымды жылағаның. ...Сен жыладың, құлыным, мен қуандым, Жүрегімнен жол тауып бір жылы ағын. Көз жасыңның мөп-мөлдір тамшысымен, Ұлтыңның әйгіледің жан шуағын. Оқу десе белдестің, жағаластың, Бел көрінсе кідірмей белден астың. Ел тілінен алған нәр ойыңменен, Университеттің есігін айқара аштың. Сонда да бір өкініш мазаңды алды, (Бағы демей балғын тіл - бұла жастың). Жасқанбай қиырдан да, қиыннан да, Ана тіліңді іздеудің жолын аштың. Біреуге жазық арман, жанға жайлы, Ал біреу шыңға шығуды армандайды. Алмаған әліппеден сабақ қиын, Қанша шешен болса да тіл байлайды. Түзеу үшін бұзбасаң кедергіні, Үмітіңнің арқаны жалғанбайды. Ана тіл дейтін биік шыңнан асқың, Келді де бұл қадамды сәтті бастың. Жеткенің әліппенің А әрпі ғана, Тіл деген түпсіз теңіз-құла тасқын. Дегенмен ізгілігі ізденудің, Дәстүрлі салтыңменен амандастың. «Өз тілінің өзегі талмас» деген, Құлыным, ендігәрі жыламассың, Тікелей түсіне алсам арманыңды, Мен-дағы дүңше салып сұрамаспын. Тұрсын Жолымбетқызы

Көктем келіп қалыпты-ау Құдай-ау, мына көктем қайсы көктем, Қуанып тұрмын қалай, қай себеппен. Осы мезгіл еді ғой былтырғы жыл, Денеме аурудың ызғары өткен. Бәлкім ол жаңылды ма есебінен? Қалайша қатуланып келді өктем. Тылсым ғой табиғаттың құбылысы, Күндерді айтпайыншы өткен-кеткен. Жоқ, мезгіл ауыспапты есебінен, Түрегелсем ауыру төсегінен. Мен үшін биыл көктем өзгешелеу, Былтырғыдан (яки кешегіден). Мәпелеп майда мінез таң самалы, Бейне бір таңым аңсап көгім күлген. Ақша бұлт, ашық аспан көп-көгілдір, Тереземнен күлімдеп төгілді нұр. (Төгілді нұр, жаныма себілді нұр) Ритімінен адасқан мұнар көңілім, Жел айдаған тұмандай сейілді бір. «Шикі ет ауырмаққа» деген сөз бар, Рухым сау, түсірмедім көңліме кір. Қайран шабыт, жатырқап қалғансың ба? Дәрмені аз қалды деп бел асуға. Қолымнан қаламымды алмақ болып, Өктем келді ауыру алғашында, Түсе алмайды дедің-ау арман сынға. Бұл дүние мәңгілік болмаса да, Не жетсін түстік ғұмыр жалғасуға. Не деген сүйікті еді өмір деген? (Бір күндік саушылықтың өзі де өлең) Тұрсын Жолымбетқызы

Әр күнгі балқып атқан таңмен бірге, Көңілім тасып, ширайды әлсіз денем. Ақ періште көңілі көктем жандар, Күннен күшті жаныма жылу берген. Жылу берген, сергітіп ғұмыр берген. *** Айрылсам қалам дейтін қанатымнан, Жүдеймін салтанатты санатымнан. Мен ауырсам қалады бірге ауырып, Секілді тағдыры бір жаратылған. Мен де жаттым ауырып сен де жаттың, Мұқалып күміс жебе қайратыңнан. Ауру меңдеткеннен тебін кетіп, Жазуға қалса-дағы ебім кетіп, Жабырқап қалғаным жоқ сенім кетіп, Миыма тыным бермей жүрген қиял, Жарық көрер күн болса еркім бекіп, Дедім де үмітімді жалғай бердім, Түсіп кеткен қаламға қолым жетіп. Тұрсын Жолымбетқызы

Райхан Ібінқызы Райхан 1938 жылы Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Жайыр жайлауында дүниеге келген. 1955 жылы орта мектепі бітіріп, 1955-63 жылдары орта мектепте тіл-әдебиет пәнінен сабақ берді. 1963-78 жылдары «Тарбағатай газетінде» әдеби қызметкер, 1978-94 жылдары «Іле халық баспасында» редактор болып жұмыс істеп, осы мекемеден зейнетке шыққан. Оның «Қарамайлы» деп аталатын тұңғыш өлеңі 1956 жылы «Шынжаң әдебиет өнері» жорналында жарияланды. Қазірге дейін «Қарғалдақ», «Көңіл сазы», «Тұрымтай», «Телқоңыр», «Жүрек сыры» атты өлеңдер жинағы, «Ойламаған оқиға», «Қарымжы» атты әңгімелер жинағы жарық көрді. Ақын Р. Ібінқызының «Құрбыжан» ән сөзі 1986 жылы мемлекеттік 1-бірінші дәрежелі сыйлық алып, алтын медальмен марапатталды. Ән сөзі ханзу тіліне аударылды. «Партия» деген ән сөзі 1992 жылы Алматыда орындалып, 1-дәрежелі жүлде алды. 2004 жылы «Келініме хат» желілес өлеңдері, 2011 жылы «Қара май бастауы» повесі автономиялы райондық қазаққырғыз жазушыларына арналған «Тұлпар» сыйлығын еншіледі. Райхан Ібінқызы Жұңго азсанды ұлт әдебиетшілер одағының, Шынжаң Жазушылар одағының, Іле қазақ жазушылар одағының мүшесі.

Туған жерім – бейішім Туған жерім - алтын бесік бейішім, Онан артық жоқ ойласам мен үшін Бар дауыспен көтеремін төбеме, Ешкіммен де жасаспай-ақ келісім. Ол, мені алғаш төбесіне көтерген, Оны неге дей алармын бекерден. Іңгалап мен бауыр бастым бетіне, Ол қарызым емес әлі өтелген. Тұңғыш рет ауасымен дем алдым, Демалдым да анадан нәр еме алдым. Мүмкін емес демалуым ауасыз, Сонан барып мына өмірге ене алдым. Суын іштім ырысына қанығып, Еркін өстім көк орманын жамылып. Бейішімнен кейбір кезде шет жүрсем, Сабырым кетер құзыр болып сағынып. Туған жерім қасиетті бейішім, Қажет десе барым дайын сол үшін. Қашанда ол жаутаңдатпас біреуге, Сарқылмайтын бар несібе кенішім. Туған жерім теңдесі жоқ бейішім, Көзбен көрсем көңілім шалқыр жеңісін. Онан артық мерей бар деп ойламан, Араласам мекендеген ел ішін. Тауларына тамылжыған қарадым, Қарадым да биіктерін санадым. Биіктесем қасиетінен нәр алып, Деп біреуін өз жаныма баладым. Райхан Ібінқызы

Өзендерін зымыраған өлшедім, Содан ұқтым ілгерілеудің мөлшерін. Бөгелуді жақындатпас жаныма, Дұрыс болды дәл сондағы өлшемім. Қабылдадым айдан, күннен жарықты, Содан білдім қараңғымен парықты. Табаныма тас батса да қорықпадым, Таңба болып табанымда қалыпты. Араладым шалғай шебін, жақынын, Сонан барып молықты аз ақылым. Ауырлықты өзі үйретті жер-ана, Жеңілтектік байқатпа, -деп ақырын! Жазын көрдім жадыраған шуақты, Болмағанмен жыл он екі ай тұрақты. Қысын көрдім ақ қар, көк мұз құрсанған, Байқамаса шәйнай салар құлақты. Міне, осының бәрі білім алатын, Ойлағанда ойыңа ақыл салатын. Боз даланың боз торғайы қия алмай, Айнала ұшып талдырады қанатын. Жануар да қиып тастап кетпейді, Аң, құсты айтсақ мекендеген беткейді. Қысылтаяң өтсе де күн басынан, Дегенмен де бұған еш жер жетпейді. Бәрін-дағы көзбен көріп түсіндім, Туған жерде сәті түскен ісімнің. Жастық шақтан қарттығыма жеткенше, Жүрегімнен жыр кептерін ұшырдым. Туған жерім - алтын бесік бейішім, Онан артық жоқ ойласам мен үшін. Өмір бойы еріктімін жырлауға, Бар әлемді таңғалдырған жеңісін! Райхан Ібінқызы

Асыл арман Таң шеті құлан иек сөгілгенде, Сол түнде ілмеген бе, көз ілген бе? Адамды сергек сезім жетелейді, Нышаны жақсылықтың сезілгенде. Қандай сезім мазасыз жетелеген, Мол қарызы бар ма екен өтелмеген. Асығыс жету үшін дайындалды, Жол жақсы тартамын деп төтеменен. Сексеннің сеңгіріне жасы жеткен, Жеті мүшел қалды артта басып өткен. Жастықтың жалындаған кезеңінде, Бірі еді қайраттының тасып өткен. Бұрынғы мығым қайрат жалын қайда, Қайтадан оралар ма жалынғанға. Кейде ақаң сол бір кезі еске түссе, Көзіне жас алатын сағынғанда. Ойда жоқ шаршағаны, шалдыққаны «Жетемнен» басқа ойында бар ма ұққаны. Дегбірсіздік қоздырды делебесін, Даусының бөгеу болмай қарлыққаны. Өзінің өзі сеніп талғамына, Шығардай бір биіктің талғарына. «Жүрейік аялдамай, балам» деді, Шоферға тілдескіні жалғады да. Шофер жігіт тілдескі қабылдаған, «Атамыз еді ежелден сабырлы адам. Егер тілін алмасам кінәлімін, Бұйрығына жөн болмас бағынбаған» Райхан Ібінқызы

Деді де аялдамай барды жетіп, Жүруге алыпты қарт әбден бекіп. Баркөлден Үрімжіге жүріп кетті, Желтабан ақ тұлпарды дүрілдетіп. Жол қалды бастап тағы шалғайланып, Арманға асыл үміт жалғайды анық. Зәулім бина ну орман қалып жатыр, Таңырқап келеді қарт таңдай қағып. Суыт жүріс, болмады аялдауы, Ауылдар көрінбейді таяудағы. Бір мезет үнсіздіктен зерікті ме, Қарт былай кешірмесін баяндады: Біліп ал, балам, мынау өскен жерім, Денемнен шаранамды шешкен жерім. Балалық албырт сезім ала қашып, Әу баста ештемені ескермедім. Өткенін есіме алсам мына жердің, Тағдыры қиын еді туған елдің. Ауған ел аш-жалаңаш, үркін-қорқын, Алдында жетпіс жылдың көзбен көрдім. Ол кезде жер де тақыр, ел де тақыр, Орнаған ел басына заман ақыр. Айырылып ел-жұртынан панасынан, Өзіңдей азаматтар қалған қапыл. Солардың мен де бірі сор айдаған, Жақсылық қайда дейсің қолай маған. Тентіреп телім-телім тозып жүрдік, Ол кезде солай заман, солай заман... Бұл заман айтпасам да анық саған, Оқысаң ұғындырар тарих бабаң. Райхан Ібінқызы

Гұңчандаңның арқасы бұл күніміз, Мың жыл жазсаң таусылмас алып қалам. Ризамын бүгінгі бұл заманаға, Айтып жүрмін үлкенге, балаға да. Жеті қат жер мен көкті араласа, Осындай бақытты адам таба ала ма. Деді де айтарын қарт аяқтады, Барар жер дегеніне таяп қалды. Не жұмысқа соншалық асықтыңыз? Деп шофер сөзін жалғап сабақтады. Мен айтайын жөн, балам, сұрағаның, Айтпай қалай жөнімді тұра аламын. Сабырымды тауысып сағынышым, Шөберемді көрсем деп шыдамадым. Шөберем ертеңіме жалғайтұғын, Қанатым биікке ұшар самғайтұғын. Жарамды бір ұрпағым боса екен деп, Қол жайып ақ батам бар арнайтұғын. Хабар алып тұрсам да хал жайынан, Жете алмадым елімнің шалғайынан. Туғалы көрмеп едім, аңсай бердім, Тинамдай иіскейін деп маңдайынан. Сарығым басылар деп сонда ғана, Асыққаным сол еді жолда жаңа. Шөберем бар, отауым анау менің, Сол үйге апар мені құда бала!... Бұл не деген керемет сезім еді, Айтуға тіл жетпестей сезіледі. Сексен бесте іздеген шөбересін, Мұндай қарт ілуде бір кезігеді. Райхан Ібінқызы

Аналарға мың сәлем Бала, бала, бала деп, Бала ойынан кетпеген. Күні болмас маңдайдан, Бала үшін тер төкпеген. Мәпелеуде баланы, Әке анаға жетпеген, Аналарға мың сәлем! От пен суға түссе де, Балалардың қамы үшін. Жібермеген аналық, Қасиетті намысын. Есі-дерті өзі емес, Арналатын бала үшін, Аналарға мың сәлем! Жасы жүзге жетсе де, Әдеп-иба кетпеген. Сөлекет іс кезіксе, Сөгіс айтып тектеген. Бәлденбейді ешқашан, Бітірсе де іс көптеген, Аналарға мың сәлем! Жаны ашып жарына, Жабықтырмас көңілін. От басына ой бөліп, Мәнді өткізген өмірін. Зерікпеген баулудан Тентектердің небірін, Аналарға мың сәлем! Берекенің ұйтқысы, Сыйластығы сыйымды. Қырпу ғұрлы көрмейтін, Райхан Ібінқызы

Кездесетін қиынды. Құт-береке қолында, Зая етпейтін тиынды, Аналарға мың сәлем! Сый көрсетіп үлкенге, Қамқор болған кішіге. Әр адамның көңілін. Таба білген түсіне. Дән риза болатын, Барлық адам ісіне, Аналарға мың сәлем! Аналарға мың сәлем! Адамзаттың асылы. Өздеріңмен мақтанып, Ой-қиялым тасыды, Бастарыңа бақ берсін, Мына даму ғасыры! Жыр шолпаны (Марфуға Айтқожинаның Күйтіңге келген сапарына орай) Қош келіпсің, өңім бе, Бұл түсім бе?! Қуаныш тұр жанарымның ішінде. Аңсаушы едім арманымның біріндей, Деймін оны ұқсастығым үшін бе?! Ойлаушы едім жүздесіп бір көрерме ем, Ойлаушы едім самал болып өберме ем. Ойда жоқта қалар болсам кезігіп, Тежей алмай көзімнен жас төгерме ем. Төкпеймін мен, неге төгем жасымды, Бақыт құсы айналып жүр басымды. Керек маған тау суындай тасуды, Не қылайын мұндай күнде жасуды. Райхан Ібінқызы

Міне, бүгін дидарғайып қосқаны-ай, Осы екен ғой күткен күнім, тосқан ай. Осы екен ғой көп сағынтқан минуттар, Қиял емес кезіп жүрген босқа, жәй. Көрмесем де, Көргендей ем бұрыннан, Мен де жырға жастайымнан ұрынғам. Жаным ләззәт табушы еді жадырап, Ойлылықты көрген сайын жырыңнан. Сүйінемін сенің терең ойыңа, Дарындылық қонғанына бойыңа. Асыл ойды арқау еткен жырына, Құштар едім құнды жырдың ойына. Білем-білем басқа емес бұл сезімнен, Ә, дегенде-ақ іштей мұны сезінгем. Жыр шолпаны, айналайын сөзіңнен, Жыр шолпаны, сүйейінші көзіңнен! Кей мұңыңа жүрегімнен езілгем, Кей зарыңа бұл өмірден безінгем. Жыр жолыңа қайта-қайта үңіліп, Сырласушы ем, сырт жүрсең де өзіңмен. Сырымды айтам, шынымды айтам жасырман, Қасиетім аумайтын бұл басымнан. Ой болжалын жасап жүрмін жырыңа, Жасайды деп асып алғы ғасырдан. Ойхой, сезім мені қайда бастадың?! Дей алмаймын барымды айтып тастадым. Бұл минутты ұмыта алман қашан да, Болғанымен баяны жоқ қас қағым. Райхан Ібінқызы

Қармақ салдым өмірдің мұхитына Кейде орта көңілің, кейде бүтін, Оны бастан кешеді әрбір түтін. Балдай тәтті туған ел өзі берген, Қара суы болса да жалғыз жұтым. Пенделердің кешері мол-ақ екен, Жүрген жері қансонар болады екен. Тыным таппай зырлатып жүрсе-дағы, Бір қонысқа ақыры қонады екен. Адам деген өмірге қонақ екен, Әуре-сарсаң қонақ та мол-ақ екен. «Бәрін айт та бірін айт» дегендейін, Басар жолы қып-қысқа шолақ екен. Бұл өмірден хан да өткен, қара да өткен, Кім бар дейсің бар-жоғын ала кеткен. Аңдып жүрген артыңда алдамшы ажал, Қыл тұзағын мойныңа салады еппен. Мұрсаң қайда сонан соң аялдауға? Амалың не айлалы аяр жауға. Қарман-дағы қамтып қал несібеңді, Есің болса, ағайын, шамаң барда. Салады өмір қиырға, шиырларға, Қол созбасаң несібе бұйырған ба. Жалпағынан жалғанды басып жүріп, Армансыз өт, сыбаға-сыйыңды ал да. Адам болсаң жіберме есеңді елге, Есең кетсе түседі меселдең де. Опық жерсің өлезге есең кетсе, Ілінер жоқ қолыңа десеңдер де. Райхан Ібінқызы

Ат бойыңды ала қаш сайқалдардан, Қаскөйлігі қапыда байқалғаннан. Жүрегінің түбінде жатса дауы, Сайқал жандар шындығын айтар ма алдан. Өмір жолы білгенге бұраңдылық, Қас дұшпаның сыртыңнан тұрар біліп. Сайтандары түртпектеп айтақтаса, Балтырыңнан қабады бір әңгүдік. Бетіңе әсте айтарын айта алмайды, Кездескенде бетпе бет жайтаңдайды. Сауысқанның сақтығы керек екен, Сұқтанған жан ойынан қайта алмайды. Ақ жалының өшсе егер бойыңдағы, Жете алмассың арманға ойыңдағы. Жалыныңның жалынан жармаспасаң, Алар қайда кетеді қолыңдағы. Адам болсаң адал бол жалыны бар, Жалыны бар жандардың жанын ұғар. Жақсы-ақ екен болса егер жарамды дос, Жан сырыңның жасырын бәрін де ұғар. Жақсылығын жақсы дос аямайды, Салып берер ақылдан саяжайды. Адал жолын баспасаң адамдықтың, Маймөңкөлеп бетіңе қарамайды. Білген де бар, осыны білмеген де, Шыққаны ғой білгендер бір белеңге. Ой мұхитын кеземін осы жайлы, Отырғанда байырғы жер кемемде. Райхан Ібінқызы

Көз көргенім Жүрмісің сау-саламат көз көргенім, Жайымды түсінер ме өзге ел менің. Қалушы ек қотыр тайдай қасынысып, Сен сонда осы жайды сезген бе едің. Сағындым әзіліңді жарасымды, Көңілім оны ойласам аласұрды. Басқаны ісімізбен баурап алып, Күндер-ай, бөліп ішкен қара суды. Жүруші ек топ ішінде серке болып, Кішіге аға, үлкенге ерке болып. Қатар жүрген күндерді аңсағанда, Қалғанына қамығам келте болып. Сыйласушы ек қаршадай бала жастан, Шалдығып-шаршасақ та қарамастан. Қарттықтың тұғырына орныққанда, Сол сезім оралмайды ала қашқан. Уақыт ұзап ол бір кез алыстапты, Көзде лента сондағы барыс қапты. Жұпар лебі анамдай аймалайтын, Араласам бөгдемін таныс бақты. Сағынышпен сол баққа қарай берем, Қараймын да іңкәр боп талай келем. Қадау-қадау көрінер көз көргендер, Бөгделерден бөгделік рай көрем. Райхан Ібінқызы

Берекенің белгісі Тапқаныңды, ұлым-ау, Тасый берме жырымдап. Келін бала жүрмесін, Қыр соңыңнан қырындап. Өйткені, оның ойласаң, Басынан іс өтпеген. Бімейтіні әлі бар, Ойламаған көптеген. Бала бағып көрмеді, Кірлеген жоқ көйлегі. Шал-кемпір жоқ қасында, Салмақ салар өлмелі. Ақ отауы айнадай, Келсең кеткің келмейді. Сол бетінде тұрса дер, Сенбе, ұлым, сен мейлі. Сол отауға жия бер, Бір сабақ жіп болса да. Бүге көрме келіннен , Қалтаң қанша толса да. Берекенің ұйтқысы, Бір-біріңе сенуде. Ақылдас та алып кел, Бел байласаң беруге. Қонақ келсе қойыңа, Айтпай бата сұрама. Айтып қойсаң келінге, Келін оны бұра ма. Басқа жаққа қыдырсаң, Жөніңді айт та бара ғой. Райхан Ібінқызы

Үлгі алады өзіңнен, Келін де әлі бала ғой. Өз алдыңа өз ісің, Оралмасын әлі ертең. Төсегіңді жиып кет, Тұрғаныңда таңертең. Орыныңда қалмасын, Киген киім, ыдысың. Көп уақыт кетпейді, Жия салсаң бұл үшін. Әуре болар, шырағым, Оның бәрі келінге. Күш-қайратың тұрғанда, Қандай істен ерінбе! Берекенің ұйтқысы, Осындайдан келеді. Сен келінге сенгенде, Келін саған сенеді. Ел алдында дүрілдеп, Мінін айтпа жазғырып. Онда сайтан араға, От жағады азғырып. Айтар болсаң өзіне айт, Келісімсіз қылығын. Жылы сөйлеу ең жақсы, Есте сақта, құлыным! Райхан Ібінқызы

Тентегім Тентегім-ау, тентегім, Сен не деген ерке едің. Айналыссам өзіңмен, Болады ылғи келте күн. Әкең сені тізгіндеп, Шешең жөнге салады. Қоя берсе еркіне, Дейді қайда барады. Олар саған тігілсе, Түсе кетем араға. – Жақсылық па мұныңыз? Деп сұрайды балаға. Сұрауына олардың, Қайдан жауап табамын. Дікектесе тағы да, Тек аузымды жабамын. Тентегім-ау, тентегім, Тілің неткен жағымды. Өз еркіме жібермей, Баурап алдың жанымды. Біле тұрып ісіңнің, Дұрыс емес, бұрысын. Деп жүрем бе кейін мен, Шыжақтауым құрысын. Екеуінің дегенін, Жүрме әсте кек көріп. Түсі суық болғанмен, Тұрғаны жоқ жек көріп. Райхан Ібінқызы

Ойлағаны болашақ, Ойлағаны ертеңің. Есейгенде есіңде, Болсын осы, тентегім. Сыр Ойлап тұрсаң қызық екен тіршілік, Ну орманда болу қиын бір шыбық. Артық айтып, кем сөйлейтін мен емен, Өз аузымнан жайымды нақ білші, жұрт. Ерте ұстадым ақындықтың тізгінін, Желбіреген кекіл шашым қыз күнім. Су түбінен алтын балық іздейтін, Алам дейтін көктің жарық жұлдызын. Содан бері бастым талай қайқаңды, Жыр тізбегім жан сырымды айта алды. Бірде бесік, бірде жырды тербетіп, Өткізіппін талай-талай сартаңды. Асқақ еді онда ойдағы арманым, Сол арманды бұл күніме жалғадым. Өз алдыма шыққан биік шыңым бар, Демесем де молынан-ақ қармадым. Райхан Ібінқызы

Ұлыхан Сұлтанқызы 1940 жылдың 26-желтоқсанында Құлжа ауданының Борбосын ауылында дүниеге келген. 1955-58 жылдары Іле қыздар орта мектебін үздік тамамдап, 1958-63 жылдары Шынжаң университетінің физика факультетінде оқыған. 1963-64 жылдары Күшәр аудандық 1-орта мектепте мұғалімдік қызметке араласқан. 1964 жылы Іледегі Шапшал аудандық 1-орта мектепте, 1966 жылдан бастап Іле облыстық 1-орта мектепте оқытушы болған. 1957 жылы «Іле газетіне» жарияланған «Әжеме», «Сайрам жырлары» деген өлеңдерімен өзінің ақындық қарымын танытқан Ұлыхан кейіннен «Көбелек», «Жыр дәптері - сыр дәптері», «Дала дидары», «Азамат жарнамасы» атты жеке жыр жинақтары арқылы өлең өлкесіне ат байлады. Ән текстерін жаза жүріп те оқырман-тыңдарман қауым арасында есімі кең таралды. Ол сөзін жазған «Наз», «Қарлығашым» әндері қытай қазақтары арасында жиі орындалады. Проза мен публицистика саласында да ол өзінің қалам қуатын байқатып жүр. «Қайран Жайна» әңгіме-повестер және «Ән симфониясы және хикаяттар» атты эссе-очерктер жинағы оқырманның жылы ілтипатына ие болды. Ұлыханның түрлі дастандары әр кезеңде Шыңжаңдағы кейбір басылымдар ұйымдастырған жабық бәйгелерде сан мәрте жүлделі орындарды иемденді. Ұ.Сұлтанқызы қытайдағы қазақ ақын қызкеліншектері арасынан қара үзіп шығып, жоғары қоғамдық, мемлекеттік қызметтер де атқарды, түрлі баспасөз орындарына жетекшілік етті.

Депутат сөзі Торлап еді көгімді кеше бұлт, Бүгін бойды кернеді еселі үміт. Шатырлаған шапалақ арасымен, Келем ұлы мінбеге көтеріліп. Қыран құстай қиянға шарықтаған, Ауыр жүкті арқалап алып барам. Өз тілегін тапсырып депутатқа, Артқан шұғыл міндетті халық маған. Халық нағыз данышпан - аңғарлы адам, (Қапелімде екем ғой аңғармаған). Қырық қадам шықпайтын мінбе жолы, Сондықтан да сезілді заңғар маған. Кез емес, бұл жол таппай аңтарылған, Бар парасат осында ақтарылған. Өз ісіне халқымыз өзі қожа, Мінбе биік қашанда хан тағынан. Болашағын сызамыз көрікті елдің, (Уәдемді бұл жайлы беріктедім). Миллиондардың тағдыры ойымызда, Ермегі емес ешқашан еріккеннің. Біз істейміз халықтың құлы болып, Біз сөйлейміз халықтың тілі болып. Елдің қамы болмаса, сенің қамың, Жүргеніңнен не пайда тірі болып. Кім қожаңдар желкеге мініп алып, Өз басшысын сайлады ұлы халық. Жарамдыны сайлаймыз қол көтеріп, Жұрт жүрегін бұлжытпай біліп алып. Ұлыхан Сұлтанқызы

Ауыр міндет арта бер, сүйікті елім, Тәрбиеңмен өзіңнің биіктедім. Тұрғандай сөз сөйлеймін өр дауыспен, Миллион жүрек кеудеме сиып менің. Жарнама Азаматпын, бірақ та ұл емеспін, Өмірдің қожасымын, құл емеспін. Шымырмын, шыңға біткен қарағаймын, Мен әсте үлбіреген гүл емеспін. «Азаттық» атты әкенің баласымын, Көреді күллі әлемді қарашығым. Өкінбен туғаныма әйел болып, Мен бүгін талай ұлдың анасымын. Достарым қатар шепте тұрды қалың, Мен қалай ағызбаспын жыр бұлағын. Тиянь-шань шыңдарынан жаям құшақ, Қолың соз төрт мұхиттан, құрбыларым. Даңқ Даңқ - еңбектің бағасы, Даңқ - халықтың құрметі. Даңқ - ерліктің шамасы, Даңқ - тарихтың бір беті. Даңқ қулыққа көнбейді, Түсіп қалар ұрласа. Күресінге жерлейді, Даңққұмарлық шырмаса. Ісің болса құнарсыз, Ұлыхан Сұлтанқызы

Даңқ-кілті аспанда. Ісіңізбен ұнарсыз, Қуып жетер қашсаң да. Даңқ Оттың ішінде, Жарқырайды алтындай. Еңбегіңе, Ісіңе, Төреші жоқ халқыңдай. Таныс бұлақ Көзіме жасым іркіп, Қия алмап едім кетерде. Сағыныш әнін жосылтып, Оралдым ата мекенге. Баяғы терек шолпылы, Баяғы талдар сырғалы. Тебіскен тентек толқыны, Баяғы өзен қырдағы. Баяғы түбек балауса, Баяғы аспан аясы. Баяғы жасыл алаңша, Баяғы қайың саясы. Басына келіп бұлақтың, Шашымды жуып қайта өрдім. Балалық кетті ұзап тым, Өкінгенмен қайтермін! Үңілдім мөлдір «айнаға» Баяғы қыз жоқ кекілді. Ұлыхан Сұлтанқызы

Баяғы таныс айнала, Жатырқап қалған секілді. Сезімді тәтті жыр іздеп, Бұлаққа төніп барамын; Ойлы көз «әйел» сыр іздеп, Қадайды маған жанарын. Деймін бе оны «жеңеше», Деймін бе «апа» не дермін. Деймін бе «құрбы» немесе... Қай ойыма сенермін?! Аспан Аспан, аспан, шалқар аспан, кең аспан, Тіршіліктің құтты анасы сен, аспан. Ай қалықтап, жымыңдаса жұлдызың, Таңырқаушы ем, қандай ғажап деп аспан. Ғажап аспан бала кезден таныссың, Бірақ, маған арманымдай алыссың. Менің түпсіз қиялымдай қиырсыз, Бар тарихқа куәгерсің, қалыссың. Құшағыңа сыйып байтақ бар ғалам, Уақыт ұзақ замандарға жалғаған. Болсам-дағы жер бетінің бір қызы, Қызығушы ем қыраныңа самғаған. Ерте туып, қанатымды қақтым жәй, Бұрын көңлім шалқымаған нақ мұндай. Болат топшы Тянь-шаннан асырып, Аспан сенде сейіл құрдым аққудай. Ұлыхан Сұлтанқызы

Сеніменен тілдесуші ед тау дәйім, Бүгін онан биіктеді шаужайым. Арманымды шалқарыңа сүңгітіп, Тосшы, мамық бұлтыңа аунайын. Қуаныш Анаң тапса да қандай күні, Саған барлық бақытты таңдайды ұлы. Көңілсіздеу болғанмен кейбір істер, Сәби онша білмейді қам-қайғыны. Жылдар барын білмейді ол, ғасыр барын, Сайрандайды бақшаның жасыл бағын. Мәз болады төгілген жапыраққа, Қызықтайды гүлдердің ашылғанын. Қуанады жұлдыздар жымыңдаса, Қуанады құрт-қоңыз қыбырласа. Қуанады кисе бір жаңа киім, Қуанады биесі құлындаса. Қуанады аспанға ай шыққанда, Табанымен басады айшық таңба. Жүгіреді жүгенін ала салып, Бала құлын кешегі тай шыққанда. Жаралғандай өзі үшін арнап бәрі, «Машинасы», «маузері», қармақтары. Тіршіліктің балаға бәрі базар, Қуаныштың таусылмас тармақтары. *** Есейеді ер жетіп алғыр ұлан, Әрбір іске қарайды әр қырынан. Ұлыхан Сұлтанқызы

Қыста қарлы боранға қарсы жүрсе, Нәр іздейді жаздың да жаңбырынан. Жар басынан тартады ат тізгінін, (Бейне осылай шығарсыз тәп сіз бүгін). Қуанады, әрине, табысына, Енді сабақ етеді сәтсіздігін. Қуанады үйренген өнеріне, Көз салады алдағы белеңіне. Егер оған кезіксе бір қиындық, Қуанады көз жетсе жеңеріне. Дүниеде сан-алуан бар қуаныш, Талап, еңбек, нәтиже, ар-қуаныш. Тәтті күй, тамылжыған ән-қуаныш, Жаның сүйген аяулы жар қуаныш. Қыз қуаныш, әрине, ұл қуаныш, Жарып шыққан жүректен жыр қуаныш. Қажытқанда қайғының зіл соққысы, Қалқасында тұрады бір қуаныш. Өміріңде көресің мың қуаныш, Ойын емен, сен үшін сын қуаныш. Қарабұлтын қайғының сейілте алсаң, Жігерің мен қайратың шын қуаныш. Ұлыхан Сұлтанқызы

Ана жаны Мен анамын, мен де ұрпақ өсірдім, Соларменен масайрадым, көсілдім. Қабақ шытса солар үшін күйзелдім, Бірақ, оның сотқарлығын кешірдім. Соларменен бірге заулап арманым, Мейірімді тек соларға арнадым. Жығылар ма-сүрінер ме, тоңар ма, Деп әйтеуір ойлай берем бар қамын. Табысына жырғап қалам жадырап, Иіп кетем ақ лағым жамырап. Еріксізден сонда ойға оралар, Бала күнім, Анам түскен шаңырақ. Күлдім бе екен, отырдым ба томсарып, Тәтті ме едім, мен де анама соншалық. Күйзелттім бе, ана жанын ақаулап, Қуанттым ба, арманына жол салып. Өмір-керуен алға тартып барасың, Ей, үлкендер, Бәрің кеше баласың. Сен туғанда, Ойладың ба тебіреніп, Қандай күйде болғандығын анашың. Кешіріңіз мен де білмен бұл жайды, (Кім мүсіркеп өміріме қол жайды ). Тек тілерім: Ана жаны кіршіксіз, Ана жаны барлығын да болжайды. Ұлыхан Сұлтанқызы

Ғазиз басын деп бала үшін садаға, Шыжақ болып ана түсер араға. Ана жанын ұға білмес бар бала, Бала жанын түсінеді бар ана. Босаға Желе жортып шыға келсем жотаға, Бұлдырайды сайда сарғыш тошала. Әжем түскен, анам түскен босаға, Маған таныс, маған ыстық осы ара. Жасырғанмен көң-қоқырлы шоқпытын, Тошалада бұл күндері жоқ күтім. Айналасын көмкергенмен көк орман, Шаңырағынан шұбамайды көк түтін. *** Әлде адасып келіп қалған жоқпын ба, Еріксіз бір құйын болып соқтым ба? Жатырқаулы тігіледі жанарлар, Сағындырған көне көздер жоқ мұнда. Тыңдағаным жаттанды сөз тамамға: «Бала-шаға, асыл жеңге аман ба?». Орталанып қалыпты ғой әке орны, Жұрты ғана осы орында қалған ба? Рас, артық не сый керек маған да, Әзірленіп жатыр әне тағам да. Кеп-кешегі ерке қызы осы үйдің, Айналыпты сыйлы қонақ адамға. Ай туды әне имегіндей орақтың, - Әумиін! Ұлыхан Сұлтанқызы

- Қалқам, мен батаға олақпын. Аяулы әке, асыл ана жоқ мұнда, Ал күт, келін, енді саған қонақпын. Мың аралап келсем-дағы жер түбін, Баяғыдан басылса да серпінім. Ат айналып табады екен қазығын, Әлі маған ыстық екен төркінім. *** Қайтайын деп қайта шықтым жотаға, Көз ұшында қала берді тошала, Ұрпақтарға ұя болған осы ара, Қош бол, қош бол, мен аттанған босаға. Бір нәзік сәуле Ауылдың жаны көгілдір көл-ді көп төбе, Табиғат сұлу құшағын жайған көктеме. Бар еді көлдің шетінде жалғыз жас қайың. Секілді маған сырластай таныс көп келе. Жапырағы түсіп сылдырап жерге төгілген, Жас қайың тұр мұңлы қасырет сезіммен. Көл толқыны жағаны келіп ұрғанда, Ырғалады ол қоштасып тірлік өмірмен. Тулаған толқын шымырлап барып тоқтады, Шашылып маржан үзіліп түсті шоқтары. Кешегі сәнді сыңғырлаған аққулар, Қаз-үйрегі көгілдір көлдің жоқ бәрі. Жас қайың анау неліктен кетті жығылып, Ерке бір желмен ән толқитын сызылып. Мұңая мен де жанарымнан жас төктім, Ұлыхан Сұлтанқызы

Қарауға дәтім келмеді оған үңіліп. Ұғылмай сыры армандар қалды үзіліп... Мазалады екен қайыңды кім, Осыншалық жұлқылап? Төгілді жапырақ, барады күндер зымырап. Қайыңға қарап мұңая қайттым ауылға, Бір нәзік сәуле жүрегімді ұрғылап... Алтайдағы ойлар Сәлем, Алтай! Сәлем, Алтай, құт мекенім ырысты, Асты қазына, гүл жамылған жер үсті. Мойынына алтын алқа тағынып, Жамылыпты жасыл ала пүлішті. Туған жерсіз мен ешкімге мақтанбан, Жетелейді одан туған тәтті арман. Қызыл қайың жайса дарқан құшағын, Ақ еділ жыр естіледі ақ талдан. Желбіресе көк орманның желегі, Жарқырайды сағымдалған белеңі. Кешегі өткен бабалардай ақ басты, Шыңдарыңа тағзым еткім келеді. Тәңір тауы, Алтай тауы етегін, Мекен еткен жылдар бойы неше мың. Қазағымның қазыналы бесігі, Бәрі өз жерім, бәрі өзімнің мекенім. Кем көрмеймін Алтай ақ шаш анамнан, Мен де оның топырағынан жаралғам. Ой мен санам тастарыңнан қаланған, Сенен туған бойымдағы бар арман. Ұлыхан Сұлтанқызы

Тентек, Қыран, жағаңда өскен гүліңмін, Қыз болсам да ұлдарыңдай шымырмын. Кей ақындай ауыз шайқап түкірмей, Каусарыңды мейірлене сімірдім. Самғап өтіп, байтақ дала төсінен, Алабыңда еркін басып көсілем. Шұбат ішем, бал бауырсақ, май жеймін, Аяулы әже өзі ұсынған несібем. Терем заңғар шыңдарының гүлін де, Жамыламын бұталардың түбін де. Адырыңдай маңдайға әжім түссе де, Мен сәбимін анашыма бүгін де. Алтай, мені бауырыңа тартасың, Маған қымбат әр ағашың, әр тасың. Көрсін әлем көркемдіктің өрнегін, Сыза берші болашақтың картасын. Нар өркеш Жасыл бұйрат таулардан, қыраттардан, Зырлап өттім не жайсаң суаттардан. Сырлы сұлу нар өркеш көз алдымда, Қанас тұрды күн сүйіп шуақталған. Көрдім тауды орманмен көмкерілген, Қанас аспан секілді төңкерілген. Көзім көрді асыл жер - алтын бесік, Естігенмін әжемнің ертегінен. Талай ақын аңсаған, армандаған, Отты сезім силады ол, алдан маған. Жыр беремін өзіңе, сыр беремін, Тылсымыңа төзуім арман маған. Ұлыхан Сұлтанқызы

Мекенім Күн шуаққа қақталып, Өтінде ойнап боранның. Алыстап сенен аттанып, Сағына қайта оралдым. Құтты мекен баяғы, Ақ ордамыз алтын тау. Маған құшақ жаяды, Айдыны Қанас осынау. Белгісі ме ызғардың, Сауырдағы таңдай құм. Іздері ме жылдардың, Жолдары ма өлеңнің. Жағасы ма Қыранның, Түйе өркештің бауры ма. Келіп қалдым қайранмын, Алыптар туған аулыма. Елестеген көзіме, Бәлкім, жастық шағым ба. Қанасымның өзі ме, Әлде ойнаған сағым ба. Тұнығы ма, Қыранның, Кезеңге шығып көрген көп. Қайта оралды жыр-әнім, Көз алдыма көлбеңдеп. Таныс мекен, таныс үн, Таныс толқын баяғы. Сағынған сол ән үшін, Туған жер құшақ жаяды. Ұлыхан Сұлтанқызы

Айрылмаймын өзіңнен, Асыл мекен туған жер. Мейірге толы сезіммен, Аймала мені ақыл бер. Жүрмейін заулап далада, Ұмытсаң да кешірем. Орын берші балаңа, Ас жаулықтың шетінен. Қ...ға Үрімжіден қайтарда, Уылжыған қыз едің. Мұқалмапсың ой тауба, Ақ алмастың жүзі едің. Сол сымбатты баяғы, Мүсініндей маралдың. Кездестірдім аяулы, Жағасында аралдың. Көктем бе әлде күз деймін, Сен дей алмай Сіз деймін. Жанарымды үзбеймін, Таныс бейне іздеймін. Туған жерге жайдың ба? Ықыласын жүректің. Қуаныш па, қайғың ба? Үніңде бар бір екпін. Бұлдырайды шар айна, Мұң ба, әлде сұрау ма? Қонақтаған самайға, Тұман ба, әлде қырау ма? Ұлыхан Сұлтанқызы

Самалы үрлеп Сауырдың, Көшті ме әлде таңдай құм. Ізі ме, ай, жыл дәуірдің, Сызықтары маңдайдың. Сыбырлаған құрақ па, Әлде сенің сырың ба? Сыңғырлаған бұлақ па, Ақтарылған жырың ба? Ақтарылса екпін жыр, Таң сызылып атқандай. Сезінуші ем көк бурыл, Ертіс тулап жатқандай. Қолда қолдың табы тұр, Бөтенсуге қимаймын. Таңдайымда дәмі тұр, Бөліп жеген бидайдың. Шөліркеген жанымды, Желпіндіріп тасташы. Қуалатшы сағымды, Сан қиырға басташы. Аралатшы даланы, Аралатшы тау басын. Аралатшы қаланы Генералдың ауласын. Ұлыхан Сұлтанқызы

Наз (ән сөзі) Деуші едім өзіңді асыл арманым, Өршіл сезімді жасыра алмадым. «Гүлім» деп едің Күлімдеп едім,— Демеп ем ғой бұл басылар жалын. Жамылып, Еркем, Аппақ ай түнді Әнмен елітем жаттап атыңды. Тағы наз етші, Тағы мәз етші, Тағы жаз етші махаббатымды. Самал таңертең өбеді беттен, Сен боп, жан еркем, Келеді көктем. Тағы жайнашы, Тағы сайрашы, Сарқылсын әнің неге жүректен. Ұлыхан Сұлтанқызы

Шәмшабану Қамзақызы 1940 жылы Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданында дүниеге келген. 1955-59 жылдары Шыңжаң институтының әдебиет факультетін бітіріп, 195962 жылдары Үрімжі қалалық өнеркәсіп техникумында оқытушы болды. 1962-70 жылдары «Шыңжаң жастар баспасында» редактор, 1970-78 жылдары Бұраталаның Жың ауданында оқытушы, 197884 жылдары Үрімжі қалалық 14-орта мектепте оқытушы, 1984-98 жылдары Шыңжаң оқу-ағарту институтында оқытушы болып доцент атағын алды. Осылайша, ақын Шәмшабану өз өмірінің жарты ғасырын қазақ жастарының оқып, білім алуына арнады. Қазірге дейін «Жауқазын», «Ана жыры», «Ғасыр толғаныстары» жыр жинақтарымен, «АқжігітАйдай» атты дастандар жинағымен қытайлық оқырмандарын қуантып үлгерген Ш. Қамзақызы Қазақстанда «Арманның суыртпағы» атты әдеби толғаныстар, өлеңдер мен дастандар жинағын жариялады. Шәмшабану Қамзақызы Жұңго жазушылар одағының мүшесі саналады. Ол Жұңго қаламгерлерінің тұрақты жорасы, Шыңжаң қаламгерлер қоғамының орынбасар бастығы, Үрімжі қалалық саяси кеңестің үш мәрте жорасы, Үрімжі қалалық әдебиеткөркемөнершілер бірлестігінің тұрақты жорасы, Шыңжаң таңжарықтану одағының мүшесі тәрізді сантүрлі міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді.

Ғасыр толғауы Көкте құстар көшті тырна тыраулап, Жерге қысқы мезгіл келді қыраулап. Жылдар жылжып жаңаланды бір ғасыр, Түскендей-ақ жотасымен бір аунап. Мен де келдім басып ғасыр жартысын, Басқан іздің алды заңғар, арты шың. Қайғы да өтті, бақыт та өтті бұл бастан, Тарихтың талай көрдік талқысын. Зарыққан қарт секілденіп аумаған, Бір кездері қасырет шекті тау-далам. Оқтын-оқтын еңіреген көз жасы, Бұлттарының бауырынан саулаған. Мейірімге шөлдегенде қаталап, Өксіп жүріп жедік талай шапалақ. Ғашықтар да мұратына жете алмай, Қыршынынан қиылды ғой махаббат. Бағы қайтып, ырыс кейін шалқалап, Бұл өмірден көре алмай еш мархабат. Талай жандар толарсақтан сор кешіп, О дүниеге аттанды арман арқалап. Өтті-ау дүние ойпыл-тойпыл бір заман. Теңіз толқып тегершіктер зырлаған. Бәрінің де ақ сұңқары ақын ғой, Әр дәуірді әнге қосып жырлаған. Өтті осылай заманалар ауысып, Тоғысында ғасырлар бір қауышып. Жаңа ғасыр құшақ жайды алдыдан, Ескі ғасыр сапар жолын тауысып. Шәмшабану Қамзақызы

Дауыл тұрды дарқан дала сілкінді, Тау мен өзен ішін тартып бір тынды. Жаңа дүние жарқыратып маңдайын, Ескі дүние естен кетіп қылқынды. Сырып тастап қараңғылық көрпесін, Таң сәулесі аймалады жер төсін. Азаттықтың алты арай шуағы, Нұрландырды ұлы жұңхуа өлкесін. Елмен бірге етек-жеңді жидым мен, Азат болып от басынан-күйбіңнен. Алақанға ап әлпештеген заманды, Анашымдай еміреніп сүйдім мен. Жылап жатқан жүрегімді уатқан, Нәр алдым мен сол мейірлі шуақтан. Қанаттанып көтерілдім қиянға, Шабыт алып дәуір берген қуаттан. Тәй-тәй басып мәртебеміз өрледі, Дей алмаймын еш қиындық көрмеді. Әйел ғалым, әйел көсем, жазушы, Қадырлы адам болып отыр төрдегі. Бөлгендей-ақ ғасыр менен араны, Аударылды тарихтың бір парағы. Өткен ғасыр табысы мол, жүгі ауыр, Музей жаққа қайқалақтап барады. Қош бол, қош бол, менің өткен ғасырым, Өзіңе тән бойымдағы асылым. Атом менен электрон мұра боп, Бұл дәуірге сенен қалған бас ұғым. Жаңа ғасыр шықты алдымнан қырынып, Танытқандай өн бойынан жылылық. Шәмшабану Қамзақызы

Алтын сарай қол бұлғайды алыста, Күллі адамзат тұр осыны ұғынып. Жаңа ғасыр құшақ ашып келеді, Бергенінен көп шығар-ау берері. Талабы зор, талғар биік талғамы, Елге үлкен сын оның алтын елегі. Болашаққа көз салсам мен бұрылып, Талабына тәнтті болам құнығып. Жаңа ғасыр маягінен нұр алып, Аршындайды алаулаған бір үміт. Поэзия жорықтары (толғау) Поэзия – алып мұхит бұрқанған, Толқынының төбесінде тұр талғам. Сол толқынның екпінінен шабыт ап, Ақындардың дәптеріне жыр тамған. Поэзия – бейне алып тау еңселі, Тасығанда сарқырайтын сең-селі. Сол бір екпін келсе ақынға шабыт боп, Жырға бөлеп тастайды екен кеңсені. Поэзия – қыс, күз, жаз бен көктем ғой, Әр маусымда талай жырды төккен ғой. Табиғатқа тартқан ақын мінезі, Толастап бір торыққан ба, шөккен бе ой. Поэзия – домбыраның күмбірі, Көмкерілген көк орманның гүл бүрі. Тіршілікке тиянақ боп өрбіткен, Поэзия-шүлен шуақ күн нұры. Шәмшабану Қамзақызы

Поэзия – жас жүректің дірілі, Сол дірілден әуендейді жыр үні. Жүректердің жүрісінен тулаған, Тапқан әркім өзі сүйген піріні. Поэзия – мөлдір көздің жанары, Жанар шоғы жалын болып жанады. Поэзия – иісі жұпар аңқыған, Жадыраңқы жаздың жібек самалы. Поэзия – жырдың асқақ ұраны, Шарықтаған шабытты ойдың қыраны. Мың толғатып, жүз ширығып босанған, Ақындардың әлпештеген ұланы. Поэзия – сезім серпін сынабы, Қуанғанда көкке өрлеп шығады. Қайғырғанда күйігіңе ортақ боп, Көңіл орталап оныңдағы сынады. Поэзия – жырдың айдарлы есімі, Поэзия – күрделі ойдың шешімі. Әлдилеген, әлпештеген өсірген, Поэзия – бөбектердің бесігі. Поэзия – сыры терең тұңғиық, Жатады онда ай тұтылып, күн күйіп. Сол айдынға көз тігіп ем үңіліп, Жаралы ой жапырағын тұр қиып. Поэзия – мол қазына қатпарлы, Қиын заңғар жалама тас жақпарлы. Ұлы Абай қалам сілтеп қиырға, Қазынасын қабат ақтарды. Поэзия домнадағы құрыш қой, Поэзия – құт құйылған ырысты ой. Шәмшабану Қамзақызы

Тентектерді тезге салып түзетсе, Жау дегенде жарқылдаған қылыш қой. Талай-талай солқылдатқан шекені, Елестетіп Байрон менен Гетені. Поэзия - сұлулықтың сұңқары, Көркемдік пен әсемдіктің мекені. Поэзия - ер түлеткен ана ғой, Ана десе бір бұлқынып қалады ой. Еске алсақ алыптығын ананың, Шымырлайды, биіктейді санада ой. Поэзия - атыздағы егістік, Жыр жолында дән өсірген тегіс қып. Жер бетінің өрнегіне бояулы, Көк жүзінен күлімдейді кеңістік. Поэзия - кейде қиын жұмбақ қой, Табамын деп талай-талай түн қатты ой. Бірде жарқын, бірде тылсым түйіншек, Бірде өзін көрсетеді сұңғақ бой. Поэзия - лақылдаған дарқандық, Жараспайды мысық мінез, тарпаңдық. Поэзия - өткір қанжар, өктем оқ, Талай адам қару еткен қалқан қып. Өмір көгін қалқып соны жыр қылған, Бұратылған нәзік биден гүл буған. Поэзия - салтанатты ұлы той, Құрып жатқан күнде қызық жыр-думан. Көк жайлауда мамырлаған түлігім, Беретұғын әр адамға гұл ұғым. Соның бәрі меруерттей тізілер, Созса егер поэзия құрығын. Шәмшабану Қамзақызы

Сыпайылық, әдептілік моральге, Сән-салтанат, сымбат қоспай тұрар ма?! Асыл мұрат, асыл арман, арналы ой, Поэзия – соны меңзеп тұр алда. Қарамайлыдан өткенде Төтесінен жұңғарды басып келем, Шабыт кернеп бойымды тасып келем. Уа Қарамай, өзіңе шашу етіп, Сенде туған жырымды шашып келем. Осы өңірдің көргенде дөңестерін, Еске аламын өткенгі елестерін. Отыз жылдың алдында сортаң басқан, Қу медиен иен дала емес пе едің. Уа Қарамай, бұл күнде мұнайлығым, Сәулетіңе ән тұнып, құлайды күн. Туған жердің сен-дағы мақтанышы, Сахарамның танытқан шұрайлығын. Қандай әсем, Қарамай, түнгі шағың, Асыр салған далаңда нұрлы сағым. Барқыт түнде жымыңдап жұлдыздарың, Электірің ашады гүл құшағын. Күндізгідей жап-жарық тұр айнала, Тегершіктер мөңкиді шыр айнала. Өнеркәсіп барады алға көшіп, Қан тамыры бәрінің мұнай ғана. Тарихта ұлы істің ізі қанық, Архивіне қалдырар тізіп алып. Мен де аттандым бір түнеп, уа Қарамай! Картасына жүректің сызып алып. Шәмшабану Қамзақызы

Қоңыр таудан келеді қоңыраулы үн Баяғы туып-өскен қоңыр аулым, Қоңыр таудан келеді қоңыраулы үн. Сол үн бізді әлі де тербетіп жүр, Жер ананың сыздатып омырауын. Қоңыр тауда, иә, біз өскен едік, Бал дәуренді баурында кешкен едік. Қоңыр таудың күңгірін естіп бүгін, Бағзы заман тұр міне еске келіп. Қоңыр тауда, далада, қара нарда Дейсіңдер-ау, дәл біздей сана бар ма? Бейне адамша солар да сарнап бір сәт, Бастан кешкен мұңдарын шаға алар ма? Сол дала табиғаттың халын біліп, Шығарып өн бойынан жалындылық. Сөйлету, дәл солармен тіл табысу, Жазушыға біткен бір дарындылық. Оқысаң еңбектерін Жұмабайдың, Аспанда жымыңдайды құлағы айдың. Ал, жерде қоңыр таулар күңгірлесіп, Келеді құлаққа үні құралайдың. Бойында жазылмайтын жара бардай, Жатқандай ыластықтан тазаланбай. Бар табиғат қиналып, назаланып, Боздайды мұңға батқан қара нардай. Аспанда тау тағысы қырындайды, Торғайлар безек болып шырылдйды. Қайтсын-ай қайран дүние қайырымсыз, Басқандай олардың да жырын қайғы. Шәмшабану Қамзақызы

Кекілік жан-жануар масасы да, Тығылар адамзаттың тасасына. Пана іздеу бұл арадан сор ғой оған, Түспес пе, солардың кеп қашасына. Жоқ шіркін, адамзаттың өзі де оңған, Оңнан соғыс туылса, қырғын солдан. Табиғатты талқандап, қырқысқанды, Адамзат жасап отыр өзі қолдан. Тағылық бұл ғаламды торлап алған, Дүние-ай, беймазасыз бар ма жалған. Баяны, тиянағы бар ма өмірдің, Күтіп тұр қандай тағдыр мұны алдан? Шүкірлік тыныштық бар біздің елде, Шуағы табиғаттың біздің жерде. Шыжақ болып қорғайық осы өмірді, Бір күні жүрмесе екен кетіп селге. Қоңыраулы үн келеді қоңыр белден, Перзенттерін аймалап қоңыр желмен. Биіктесін Жұмабай қаламыңмен, Қоңыр тауың қормалың өзің келген. Образ туар қарап адамына, Жұмеке, жұрт риза қадамыңа. Жесір әйел, салт еркек бәрі де қош, Қарқын бітсін қарыштап қаламыңа. Шәмшабану Қамзақызы

Қанипа Жапанқызы Қанипа 1941 жылы қарашада Алтай аймағының Жеменей ауданы, Шарықты қыстағында дүниеге келген. 1963 жылы Шыңжан университетінің математика факультетін үздік бітіріп, Шіңгіл аудандық 1-орта мектепке оқытушы болды. 1973 жылдан 1995 жылға дейін Бурылтоғай аудандық 1-орта мектепте математика пәнінің мұғалімі, мектеп меңгерушісі, партия ұясының хатшысы, кейін Бурылтоғайда аудандық саяси кеңестің орынбасар төрағасы қызметтерін атқарған. Қанипа Жапанқызы 1959 жылы «Ауылым» атты өлеңімен поэзия есігін ашты. Содан бері оқу-ағарту саласында еңбек етіп, түрлі жетекшілік қызметтер атқара жүріп қазірге дейін 500-ден астам өлең, толғау, дастандар жазды. «Ұстаз жүрегі», «Ана махаббаты», «Жүректегі жұлдыздар» жыр жинақтарын жариялады. «Ботақара шежіресі» атты 500 беттік тарихи тұлғалар таныстырылған шежіре кітабы жарық көрді. Қанипаның «Сабақхана» деген өлеңі автономиялы район бойынша 2-дәрежелі сыйлыққа, «Ұстаз көңілі» атты өлеңі орталық халық радио стансасы, Шыңжаң халық радио стансасы тарапынан 2-дәрежелі туынды сыйлығын алды. «Сізді көріп жыладым», «Домбыра» атты өлеңдері ханзу тіліне аударылып, оқырман ықыласына ие болды. Қанипа Жапанқызы – Шыңжаң жазушылар одағының, Іле облыстық Жазушылар одағының, Алтай аймақтық Жазушылар одағының мүшесі.

Өмір философиясы Мәңгілік шаттық несібе емес пендеге, Өмірдің ащы-тұщысын жүрміз теңдене. Жарқ етіп арман алауы бізді шырғалап, Жетуге асық боламыз ылғи көмбеге. Келе берсе, келе берсе деп шаттығың, Кетпесе екен деп айналып бастан бақ күнім. Үмітпен осы құлшынамыз кеп өмірге, Талпына алға тартады бізді тәтті мұң. Алдыңнан тартып арманның бұлаң шырғасын, Шөлдерді кезіп асамыз жұтаң қыр басын. Бейнетті ғұмыр үздірмейді бір күдерін, Бастаймыз тағы қайшылық дейтін жыр басын. Айланса азап рақаттың ләззәт балына, Қылаң береді алдыдан арман тағы да. Ащы да тәтті алмасқан мұңды жұтамыз, Өмір дегенің осындай кезек мағына. Осы бір махам құлдадың, талай өрледің, Арманды қуып келеді ылғи өлмегің. Алдануымыз сезілмес көзді жұмғанша, Жылжиды ғұмыр, сынады бір күн шөлмегің. *** Күрмеліп көңілімнің күйі көптен, Жыр сезім оятайын тиіп еппен. Бір қызын жұрт ұмытып кетті бәлкім, Қазақтың қара өлеңін сүйіп өткен. Барады тозғақ ғұмыр желмен сиреп, Арбамды тартам бірақ өрден сүйреп, Қанипа Жапанқызы

Жосылып артта қалар ізім өлең, Өлеңім өлмесін деп, сөнбесін деп. Түс ауып еңкейген күн мұңайтады, Ұйқыңнан оятқандай түн айтағы. Келгенім, кеткенімді бұл өмірге, Ұрпаққа өлеңімсіз кім айтады. Батар-ау еңкейген күн ұясына, Қос жанар сөнер тірлік қиясында. Топырақ бір үйінді кетер жер боп, Қаламның қалмаса ізі сиясында. Өлеңім Білмейтін де мені оқып білетін де, Кездесерсің осы бір тіл өтінде. Айтарымды жүрсем де жеткізе алмай, Осы өлеңмен өмірім бір өтуде. Өрнектелген өмір бар өлеңімде, Анамды алғаш жырладым бөлек үнде. Ауылым деп, мекен деп аңырадым, Сағынышқа жанымды бөледім де. Осы өлеңде айтылды дәуір-дастан, Құшағым боп ұрпаққа, қауымға ашқан. Ақ тілеуім, арнауым ағыл-тегіл, Мейірім боп мектепке бауыр басқан. Өлең-өлең демедім дүрмекпенен, Бір буынға бір буын күрмеп көрем. Даналарға сөзім бар құрмет деген, Жақсылармен жанасып бір көктеген. Қанипа Жапанқызы

Осы өлеңдер жұлдызы аспанымның, Сезімдері селт еткен қас қағымның. Тағдырыма тән болған ғазалым бар, Махаббатым, сағыныш, баста мұңым. Ақынмын деп есіріп шіренген кей, Біреулерге ұсауға жүрем көнбей. Поэзия пырағы ұстатпайды, Қанша ұмтылсам өлеңім бір өңденбей. Ойға олақ, сезімге аш бола ма сәл, Деп жырымды жүремін санап осал. Тым құрыса бұл дәптер болар деймін, Ғұмырымнан қалған бір хабар-ошар. Сар далаңа самал болсын өлеңім Туған далам көз алдымда көсілген, Өлең бойын саған қарап өсіргем. Кежімдейін келбетіңе келісіп, Бір шынардай бұтақ жайсын төсіңнен. Аласармас тауларыңның иығы, Талпынатын өлеңімнің биігі. Өсе алмаса өскендей боп өріліп, Өмірдегі өкінішім-күйігіім. Өзеніңе тауды тіліп тасыған, Бұлақ болып құйылсын деп асығам. Бұбұлыңа үндестірем әуенін, Ұнаспайды ұсқыныңа жасық ән. Өз заңымен тұлғаланған бітімің, Адамзаттың тілер аяп күтуін. Сар далаңда самал болсын өлеңім, Мұнарланса моржалардың түтіні. Қанипа Жапанқызы

Сенің әсем келбетіңе күн ғашық, Тыныстайсың кең әлеммен сырласып. Жыр сезімім себелесін жаңбыр боп, Келбетіңді кетсе тозаң кір басып. Адамзатқа барлығын да сен бердің, Бар тірліктің иелерін тең көрдің. Ойы озған бұл күндегі пенделер, Ақау салған ажарыңды емдер кім?! Балдай тәтті сағындым бала күнді Көктем-жазым, күзімнің кетті бәрі, Қарашаның ілініп шеткі қары. Балалығым, ауылым-сағынышым, Көктем күйін келеді шерткім әлі. Электірлі, этажды қаладамын, Түлік емес төл ақша санағаным. Балдай тәтті сағынам бала күнді, Көк түтінді ауылды, дала дәмін. Қойтаста ма? Көкшымда, Көлқайнарда? Қонды ма ауыл қорасы толған қойға? Жер ошақтар тізіліп жатыр ма әлі, Үлкен асы атамның болған жайда. Томағадай томпиған отаулары, Жетелегім келеді ботаңды әлі. Балалығым жүр ме екен мал көздеген — Атасының артында жотаңдағы. Арқалықтың көтерген тасы жатқан, Жалпақ жұртта ақ сүйек, асық атқам. Жар суына сол жұрттың шомылушы ек, Болмаса да өзені тасып жатқан. Қанипа Жапанқызы

Арқан есіп жібектей созып қылдан, Тері илейтін айраны божып тұрған. Арқаға сап өсірген қайран әжем, Жұдырықтай кезімде сөз ұқтырған. Қойтастағы жұртынан көшті ме ауыл, Еске ала ма біздерді есті бауыр. Қалалық боп қайтпаған қара қызын, Жат боп кетті ұмытып десті ме ауыл. Осы ауылда қуыршақ құрастырып, Хат таныдым мектепте гүл ашты үміт. Арманымды ұштаған ана жұртым, Аттандырдың өлкеге қыр асырып, Он беске кеп осында марқаладым, Тезек тердім, көкбегін арқаладым. Қиса жаттап беруші ем үлкендерге, Шіркін күндер келеді қайталағым. Боталары ауылдың секілді едім, Сүт тарысын ауылдың кекілдедім. Жалаң аяқ, жалбыр шаш бала қызын, Көрмеді әкем ұстаз боп жетілгенін. Тіл алушы ем үлкеннің ұнап сөзі, Зыр жүгіріп қайырдым лақ-қозы. Басын қарап, инесін сабақтайтын, Секілді едім апамның құлақ, көзі. Сол күндегі сағынам қандайымды, Шұрқыраған көп құрбы балдай үнді. Тары түйсем келсапқа бойым жетпей, Соғушы едім томпитып маңдайымды. Қайран ауыл татырған бақыр дәмін, Күнде ырғаққа қосады атыңды әнім. Қанипа Жапанқызы

Ұл-қызыңды оқытып жүрмес пе едім, Неге қайт деп біреуің шақырмадың. Білем көбі жоқ бүгін көкелердің, Кейінгінің бәріне бөтен елмін. Қайта айналып келмейсің қайран ғұмыр, Сағынумен өзіңді өте бердім. Әкем қойған құлпытас Өтпедіңіз кәріліктей бекеттен, Сізді тағдыр ерте өмірден әкеткен. Дегендейін «қызы бардың ізі бар», Сізге деген қарызымды өтеп пе ем? Шақаң құрған мектепте оқып істедің, Сонан сізде босамаған күш сенім. Отыз бес жыл ұрпақ жүгін арқалап, Қажымадың сол тұлпардан түспедің. Асыл рухың әке сенің өлмеген, Шығып әр күн сабақхана бөлмеден. Құйып жатыр бұлақ болып өмірге, Әр жүректен саналарға шөлдеген. Қайсы шептен кезіксін қай қатардан, Небір даңқ мәртебемен атанған. Адамдар көп маңдайымнан сыйпаған, Оқыдық деп сенің әкең Жапаннан. Үлгі ет деуші ең білімдіні, ақылды, Сол дауысың биікке әр күн шақырды. Өшпесін деп үмітіңді, атыңды, Өлең жаздым үлгі көріп ақынды. Қанипа Жапанқызы

Тілегіңнің, тәрбиеңнің, батаңның, Қуатынан ойға дарын от алдым. Бір туындым жарық көрсе баспадан, Атымды айтып қызы дейді Жапанның. Сахараның сапар жолы тұрды ұзын, Сен боп, әке, жетеледім ұл-қызын. Сен боп, әке, дос алдында сөйлеймін, Өшпесін деп сенің атың-жұлдызың. Алтын айшық көрінгенмен көзге айқын, Зат емес пе парасаттан озбайтын. Әке, саған қызың қойған құлпытас, Емес сол зат, асыл рух тозбайтын. Ауыл түтіні Бір қала жылу берген, Пар қазандай дәуіңді. Ошақ сайын от қалаудан, Құтқарды деп қауымды. Мақтанамыз Сары қиды сахарада маздатқан Көк түтіні будақтаған Сағынамын ауылды. Аспандатқан ақ ордалар Үлбір-үлбір үкілім. Мен мұндалап, сай жылғадан Будақтайды түтінің. Қи-тезегін отын етіп Бұта-талын қураған. Келістірген бабам қандай Кең даланың күтімін. Қанипа Жапанқызы

«Түтінімді өшірмес» деп Ұл-қыз өссе ұғым бай, Шаңырақтан-шаңыраққа Өтсе екен деп жығылмай. Бабалардың ғасырлардан Тік көтерген тілегі. Сол көк түтін ауылдағы Тіршіліктің туындай. «Түзу ұшсын түтінің» деп Бата беріп түлеткен. Ауылдағы атаны да, Ананы да жыр еткем. Сол жырымның ажарында, Ақ батаның нәрі бар. Кетеді дейтін мақал бар-ды «Сүтпен біткен сүйекпен». Көре-көре көлбеп ұшқан Көк түтінді аспаннан. Ойым шалқып, сезім сергіп Сол ауылда өсті арман. Көзімді ашып көрген далам, Ыстық иран бағынан. Отан дейтін ұлы сезім Отбасынан басталған. Қанипа Жапанқызы

Ақын ана Бір боз жігіт күтіп жүрген зарыға, Отау болып айналасың жарына. Арқандалып аяқтайды қыз ғұмыр, Жан ұяның жазылмаған заңына. Ару мүсін арманы асқақ ақынды, Тұрмыс солай басқа өмірге шақырды. Жыр жібегін үлпілдеткен саусағы, Кетті үйір боп тұтқасына бақырдың. Міндетіңді әлеуметтік келелі, Алда жүріп жалаулы еткің келеді. Бала бөлеп, тазалайтын үйің бар, Үйдегіңнің түскі асын кім береді? Өлең ойға оралады талай шын, үлгіре алмай ойларыңды қамайсың. Мәжіліске асығасың еріңнің, Түсіп қалған түймесін тез қадайсың. Күту керек отбасында кімді-кім? Жауап іздеп жарыған жоқ сын бүгін. Жарың төрде отырады ас ішіп, Сен тасисың темекісін, күлдігін. Қолға кітап ала берсең шәй тасып, Кетеді ойдан ұйқастарың айқасып. Тасыған шәй құйылады қонаққа, Дәптеріңді үлгірмейсің қайта ашып. Тазалайсың ұл-қыздың шаш-тырнағын, Дайын тағы қағып-сілкер сырмағың. От сап жүріп ошағыңа ой кешіп, Күбірлейсің көп өлеңнің ырғағын. Қанипа Жапанқызы

Көре-көре көмпістеніп гүл бойың, Отбасыңа опа қылу күнде ойың. Күндіз күйбің босатпаған жүйкеңді, Ұйықтатпайды ұйқастар да түн бойы. Қоңыр күйі отбасының жігерлі, Қажай-қажай көмпіс етіп жіберді. Жыр кітабын шығарғалы жүргенде, Ұл-қызыңды оқытасың міне енді. Ғұмыр солай білінбейді өткені, Самайда ақ, маңдайда әжім жоқ та еді... Отбасының бақытымен базарсың, Өлең саған болғанымен өкпелі. Сауға (Қазақстанға іссапармен барғанда) Көпір болып екі елдегі жанасым, Тілдестірді тау-өзенін, даласын. Армысыңдар ару қала, гүл қала, Алматылық ағайын-жұрт алашым. Туысқандық, достық айдын әлемнен, Тумысымда қуат, шырын бар емген. Қазақстан - тәуелсіз ел ордаңа, Келдім іздеп бауырмалдық сәлеммен. Қанша ұзақ тоғыса алмай кешті күн, Туысқандар екі елде де қош бүгін. Арта берсін ұзақтардан-ұзаққа, Қазақ елі жұңхуаменен достығың Айтар кезде ақтарылмау өзі-ақ мұң, Орай келіп ортаңызда сөз аппын. Бір қызы мен алтын алқа Алтайдың, Асқарында туып-өскен қазақпын. Қанипа Жапанқызы

Бұл даланың төсі кешкен тарихтың, Елдігіне, ерлігіне қанықпын. Әбу Насыр әл-Фараби әлемге, Сыр бойының салтанатын танытты. Көкшетаудың мекен етіп бауырын, Жатыр ұйықтап Абылай хан дәу ұлың. Ойлап бәлкім өз ісінің жалғасы, Қазағының егемендік дәуірін. Ел мақтаны Абайдайын алыпты, Дана Мұхтар дүниеге танытты. Сол дүние Абайменен ұғынды, Қазақ дейтін қасиетті халықты. Ақ табанда ел аруақ боп қалған жер, Ер еңіреп «елім-айға» салған жер. Қызғыштайын тау-даласын қорыған, Батырлардың қаны судай аққан жер. Иесі боп игілігін көре алмай, Ана жұрттың бауыры оттай жанған жер. Ел есінде, жер төсінде айғыздап, Отарлықтың ен-таңбасы қалған жер. Алыстағы арман алау жеткізбей, Көз көгеріп, көңіл суып талған бел. Соның бәрі бір күнгідей білінбей, Аңсап келген жетті бүгін арманға ел. Құрметіне ел таңбаңның туыңның, Білдірейін жүрегімнен жуық үн. Шын тілегім кең жайылып керегең, Шайқалмасын шаңырағың, уығың. Қауашақты көктеміңді көрейін, Болашақтық мектебіңді көрейін. Қанипа Жапанқызы

Озық ғылым сарайларын серуендеп, Көкірегіме гүл ұрығын себейін. Асқар асқақ Алатауды көрейін, Ару қала Алматыны көрейін. Желпіндірген жер ұйығын еске алып, Күндерімді сағынышқа бөлейін. Кездесейін ұстаздармен өзімдей, Алтынсарин Ыбырайдың көзіндей, Сөз тыңдайын Мұхтар шыққан мінбеден, Абай ата ғақылия сөзіндей. Тыңдайыншы ақындарды селдеген, Ілиястай серпінді жыр сермеген. Қасым менен Мұқағали жырындай, Көзіңнен жас, көңілден мұң тербеген. Екі елде де сағынысқан аз ба күн, Енді тағдыр ондай күнге жазбағын. Бәрін тыңдап, бәрін көргім келеді, Сарыарқаны, Отырардың саздарын. Елім жайлы айтсам тағы бір лебіз, Татулықпен нық көмілген іргеміз. Бағыбан деп халық берген атым бар, Мені оқыту ошағынан іздеңіз. Сол ошақта адамзаттық білімнен, Сөйлеп келем қасиетті ана тіліммен. Ата заңым, салт-санамның қорғаны, Ризамын терезем тең күніммен. Тянь-шан, Көкшетаулардағы қос мықты, Тік көтерген ғасырлардан достықты. Сағынысқан көңілдерді шалқытып, Толтырайық достық жырмен бостықты. Қанипа Жапанқызы

Екі мысал Тани білу өзіңді, жеңе білу батырлық Тұрлауы жоқ бір мысық, ауға шықты асығып, Алды бірақ тышқанды ұстай алмай қашырып. Сөгіс айтты достары «неге ғана жібердің?», «Семірсін» деп тайсады ол олақтығын жасырып. Келе жатты сол мысық өзен бойын жағалап, Үйір-үйір балық жүр, судың бетін сабалап. Ұстай алмай қалам ба? Жалтақ-жалтақ қарады ол, Осалдығын біреулер кете ме деп табалап. Су шетіне жақындау бір балықты бас салды, Балық қашты сып беріп, екі аяғы бос қалды. «Бетіқолды жуғалы еңкейіп ем» деп мысық, Алдарқатты жасырып жағадағы достарды. Мысық солай жүретін олақтығын жасырып, Бірер тышқан ұстаса күпінетін тасынып. Кекіретін кердиіп «күпті болып жүрмін» деп, Аш ішегі шұрылдап тұрса-дағы ашығып. Жататұғын сол өзен басылмастан арыны, Толқынында топырлап қызықтырып балығы. Мысық тағы бір күні тік секірді жағадан, Кім біледі бола ма, болмай ма я салымы. Судың сұрқыл ағынын ыршып-шоршып есіпті, Серіктері айғайлап «құтқарайық!» десіпті. «Ұшырайды қатерге дейсіңдер ме шөнеңді...! Малтап жүрмін толқында» деп айғайлап бөсіпті. «Ағайындар, малтаудың мән-мәнері көп» депті, Бір жоғалып бір шығып, суға біраз шөкпепті... Ағып барып ақыры арқан бойы алысқа... Бір қылт етіп төбесі, батып барып жоқ бопты. Қанипа Жапанқызы

Осалдығын жасырып, омақасып «өрелің», Тіршілігін мерт қылды кімнен алар төлемін? Мысқылдасып жағадан серіктері қайтыпты, «Үйреткелі кетті деп бізге сүңгу өнерін». Өмір заңы қайшылық, өзгермейтін жобалы, Бірде ортайып арнасы, бірде тасып толады. Олқылығын ұқса да өзін-өзі алдаған, Кімде-кімнің алдында бір зауалы болады. Көмескілеп көгермес адамдардың өресі, Артықшылық аға болса, олқылығың бөлесі. Жапқаныңмен жабуды жабы озбайды жарыста, Кеспіріңді келтірер шындық дейтін төреші. Сабыр – ақыл, сезім – жүрек діңгегің Мереке күн, маужырап тұр қалашық, Жұбай екеу жұптарымен жарасып, Кезекте тұр бекетінде көліктің, Алдыңғылар шығып жатты таласып. Күте тұру қажет болмай тіпті әрі, Ұмтылды олар...оңайлықпен шықпады. Сүңгіп барып көп адамның ішіне, Қолтықтасқан кетті ажырап жұптары. Жігіт сонда көз тастады молынан, Қысылған жұрт бірін-бірі торыған. Көп ішінен бір сүйкімді алақан, Ұстай алды созылып кеп қолынан. Әрі жұмсақ, әрі аялы сұлу қол, (Бұл ләззәтті татқан сынды бұрын да ол). Қанипа Жапанқызы

Көп ішінен көзі маған түсті-ау деп, Жігітіме тым жұғымды білінді ол. Сүйрік саусақ, аппақ ұлпа білекті, Қысып қойды жігіт қолы тым епті. Жан жылуы алақаннан өтіскен, Төк өткендей тітіретті жүректі. Көрмегенмен арудың бой-реңін, Қолы қандай аялы да жылы еді. Саусақтардан тарап жатқан ләззәті, Минуттардың үзілмеуін тіледі. Тұрды автобус бекетке кеп ышқынып, Апыр-топыр, бет-бетімен түсті жұрт. Әлгі қолдың уысында қия алмай, Танысқысын қойды жігіт қыстырып, Келіншегі түсіп жатса көліктен, Жігіт жерде сілейіп тұр неліктен? Таяп қапты жігітіне-қатерлі, Ұшыртып бір жүк машина желіккен. «Бейғам тұрды-ау мені іздеп» деп ұғынды, Құтқармақ боп жан ұшырып жүгірді. Жол шетіне итерді де жігітін, Қан-жоса боп қарсы алдына жығылды. Жер жарылып сілкінгендей тау құлап, Жатыр жары жан үзгелі жаудырап. Жаңа ғана «бақытты» еді жігітім, Қалай ғана қасырет боп ауды «бақ». Өкінді ол қос қолымен басты ұрып, Сайтан сезім көз алдынан қашты ұлып. Көрді сонда келіншегінің қолынан, Танысқысын уыстаған тас қылып. Қанипа Жапанқызы

Қас қағымда сайтан сезім жолдағы, Адамдығын, ақылын да торлады. «Сезім буып» тұрғанында сенделіп, Жан жарынан айырылды да, сорлады. Жарға деген адалдығын тұп-тұнық, Келіншегі кетті міне ұқтырып. Жаны сұлу адам ғана осылай— Көрсетеді жанкештілік, мықтылық. Қамшыласаң күпірліктің көлігін, Айланады сергелдеңге сері күн. Сүрінесің сүрлеуіне сайтанның, Құрбандық боп қолыңдағы елігің. Екі жолдың айырығына келесің, Таңсық көрме жын-ойнақтың елесін. Бір шынтақтан айланасың жаңылып, Адасқақтың апанына енесің. Сабыр - ақыл, сезім - жүрек діңгегің, Солқылдатса жеңіледі кімде-кім. Ұрпақ үшін, отбасы үшін азамат, Бүтіндігін ірітпейік іргенің. Қанипа Жапанқызы

Шәдәт Нұрсапақызы Ақын Шәдәт Нұрсапақызы 1941 жылы Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. жылы Шыңжаң ауылшаруашылық университетін мал дәрігерлік мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Содан кейін Дөрбілжін аудандық мал дәрігерлік мекемесінде қызмет істеп, зоотехник атағын алған. Осы мекемеде ұзақ жылдар қызмет етіп, құрметті еңбек демалысына шықты. Ол өлең жазумен сонау 1960 жылдардан бастап айналысып, Қытай елінің түрлі басылымдарында 350-ден астам өлең, толғау, поэма, әңгімелері жарияланды. 1995 жылы қазақстандық басылым арқылы «Қонақ кәде» айдарымен жарияланған бір топ өлеңдері атажұрттағы оқырмандардың көңілінен жылы орын алды. «Арман», «Боз торғай» атты жыр жинақтары Ш.Нұрсапақызының ақындық қуатын, өзіндік ізденісін байқатады. Қазір оның «Туған жер – тұнық жыр» атты жыр жинағы басылым күтуде. Шәдәт Нұрсапақызы Шыңжаң Жазушылар одағының, Жұңго азсанды ұлт әдебиетшілер одағының және Іле-қазақ автономиялы облысы жазушылар одағының мүшесі.

Тарбағатай туралы Туған тау атам ба екен, анам ба екен? Үңгірі жаугерлікте панам ба екен? Шикі өкпе мен іспетті сан балаңды, Құндақтап құдыретің ғой адам еткен. Алып тау неткен ғажап асыл едің, Мен сенсіз қашан мұндай тасып едім?! Өзіңе тәңірімдей табынам да, Алдыңда сәлем етіп, бас иемін. Киелі сендей сері бұла бар ма, Бабамдай маңғазданып тұр әманда. Азырақ арнап саған өлең жазсам, Талғампаз талабыңнан шыға алам ба? Жоқ менің сен тұрғанда сескенерім, Тартқам жоқ таршылығын ештеменің. Боз торғай қой үстіне ұя салған, Қызымын сахараңда көшкен елдің. Туған тау, ой-хой шіркін, шырын бау-бақ, Кекілік, арқар, құлжа, құрыңды аулап. Ата-бабам өзіңде мәйекті өскен, Жатса да көне дүние қырын аунап. Жәннәт қой саялы орман, ой-жыраң шын, Қандай жан көркіңнен көз тайдыра алсын. Атыңнан өзегіме от түскенде, Қимастық шоғын үрлеп жандырасың. Тарихтың сақтап тұрған бай мұрасын, Шежіре мөрлі тасың, қарлы басың. Жылапты жер ауғанда ұранқайлар, Арда емген қимай тайдай тарғыбасын. Шәдәт Нұрсапақызы

Самалың шөлдегенде саумалдардай, Жан торсық қанжығаңа байлағандай. Жатасың көгалына аунап-қунап, Еркіңді бір алып күш аударғандай. Жемісті есіл таудың даласы да, Бейіске кірдің десем нанасың ба? Ұзасаң сағындырған бал асы да, Бір келсең кеткің келмей қаласың да. Ежелден емес сенен ырыс тайған, Жер астың мұнай, көмір, құрыш қоймаң. Шыңына етікшінің көз жіберсең, Тасыйды дән теңізі Құлыстайдан. Шопаны тарпаң қысқа бүгілмеген, Жүзінен қажу-кірбең білінбеген. Мыңғырып қойнауыңда төт түлік мал, Кекілдеп соны шөптің бүрін жеген. Шешкендей ойдағы арман түйіншекті, Шолады қыран көктен қиыр шетті. Сапқының тасындай боп құздан төмен, Я сәт деп қуанасың құйылса епті. Ерисің табиғатқа құлақ тіксең, Ағады сықылықтап бұлақ біткен. Шырмауық аяғыңнан шалып қалып, Мамығын төсей қалар құлап түссең. Ақ нөсер құяр әудем жер көрінбей, Шебер жоқ табиғаттың зергеріндей. Шығатын жаңбырдан соң кемпірқосақ, Әжемнің басқұрының өрмегіндей. Жүрмеген татулыққа еш іріткі, Жиырма үш ұлт бақытты өмір кешірісті. Шәдәт Нұрсапақызы

Талай жас үлбіреген шұғынығын, Махаббат жаршысы етіп ұсынысты. Дей алман тұнып тұрған қоймаңды алдым, Қана алмай көп сырыңа тоймаудамын. Беттерін Тарбағатай парақтасам, Көрінер өз үйімдей қойнауларың. Суың - бал, тасың - кенім, шөбің - дәрім, Өзіңсің жан ләззәті көңілді әнім. Көргенді ата менен ана көріп, Оқ жонып, тон пішкендер тобындамын. Көрінген заман қайда бір қырынан, Қарт тарих соқпақтары мың құбылған. Кезде де сенің асыл нәріңді емген, Қауымың сан тосқауыл шыңды бұзған. Тұйыққа тірелгенде ел дүрмек легі, Жол тапқан ер Қабанбай құрметті еді. Ел кегін төбесіне ту қып ұстап, Әз жанын шүперекке түймеп пе еді? Қаншама шұбырса да жыл тізбегің, Басыбайдай ұмытылмас жұлдызды ерің. Чаушиянға ерікті әскер аттанғанда, Ат емес айроплан мінгізгені. Көремін құздан дайым қыраныңды, Қыранның қайсарлығы жыр, аңыз-ды. Қараңғы кеуделерге шам боп жанған, Кім білмес Дубегіңдей ұланыңды. Аңызы атақ даңқын айғақтайды, Бұлбұл қып қу ағашты сайратқаны. Шәдәт Нұрсапақызы

Жастарым той думанда аруақтанар, Ауызға алып бал бармақты Қайрақбайды. Қауымға зәбір көрген туған жандай, Жауына борандата жауған қардай. Сауықшыл бұлбұл көмей ақын өткен, Әріпжан, Әсет пенен Ауғандардай. Тарихтан жоймақ кімнің кім ізгі ісін, Қымбат қой киелімнің құн үлгісі. Адам түгіл аң, құс та ән қосыпты. Тыңдаған Ақымжанның сыбызғысын. Ата тау дәм-тұзыңдай көпке жеткен, Арманым тәтті ырлар төксем екен. Шақырса сенің дарқан дастарқаның, Мен қалай шашу шашпай текке кетем. Сен тұрсаң ақыныңнан қалап сыйлық, Қырандай шығандайды талант құйғып. Жағыңа тіл, басыңа көз-құлақ боп, Болайын ұшпақ болсаң қанат-құйрық. Сағыныш Жанымның жастай сарайын, Бөлеген нұрға арайым. Құлагер жырдың құлпыртып, Құйрық та жалын тарайын. Пырағын ойдың кежімдеп, Алқындырып бір шабайын. Жасаған жерге өзім көп, Сағыныш мұңым шағайын. Көлдерін жүзіп көгілдір, Аққу шабытым тарансын. Шәдәт Нұрсапақызы

Көбелек сынды көңіл бір, Көгалдан, гүлден нәр алсын. Құлын ойларым құлдырап, Құрақтарында шапсын бір Бұлақ жырларым сылдырап, Сыр ақтарыла қатсын үн. Жанымды сырлас елменен, Едіге жырлар меңдеген. Туған жеріме мен деген, Жүрегімді де тең бөлем. Бал дәурен күнге сағым шын, Ынтызар қиял сабылсын. Бойжеткен сезім бой түзеп, Алқа моншағын тағынсын. Қысы-жазы егіз өмірден Арылсын сәтке зарығыс. Басайын балаң көңілден, Сағынышымның сарығын. Адамға қажет ең негіз, Емеспіз кеннен кенде біз. Ұялап алған бұлбұл құс, Сыршыл орман ғой кеудеміз. Сағындым әсем ырғалған, Сәнді талдардың солқылын. Жарқ-жұрқ ететін сулардан, Шортандардың шолпылын. Шаңырақ күнін сағындым, Кереге, уық-орманын. Көк жүзіндегі жамылғым, Туырлық бұлтын-қорғанын. Шәдәт Нұрсапақызы

Жаныма бальзам құятын, Жасаң иісті бөктерін. Басқұрлап өрмек құратын, Кемпірқосақты көктерін. Қаршадай бала бүйрек бет, Құлақтап тайын үйреткен. Көз алдымнан кетпейді, Шылбыр, арқанын сүйреткен. Қарағай қыздар бұралып, Сәукеле киіп таң қалдыр. Алқызыл гүлге оранып, Адырлы белдер жанған дүр. Боз торғайыңнан ой алғам, Болсам деп сондай жыршы құс. Қияндарыңа жол алғам, Қыраннан жұғып ұмтылыс. Сенде өткен күнім бір той боп, Теруші ем алуан гүлдерін. Ұнатушы едім, ой-хой, бек, Шұғынық, ләйлі түрлерін. Салушы ем сарай батпақтан, Киюші ем кепеш бақбақтан. Бар ма екен бала достарым, Қоңырқайлаған аптаптан. Балауса құрақ судырлар, Көк пүліш көйлек кигендей. Зәмзәм бұлақтар сыңғырлар, Сәбилер мәз боп күлгендей. Мәңгілік қойдың асық қып, Көзімді тұр-ау басып шық. Шәдәт Нұрсапақызы

Іңкәрім өзің, туған жер, Өлгенше бітпес ғашықтық. Жанат пен бейіш жете ме, Төк мейлі ақпан қаһарын. Өзекке тепсең кетем бе? Беу, менің мысыр шаһарым. Көрмесем жүрек бұлқынып, Жеріңдей күзгі қуарам. Көңілімді немен толтырып, Көзімді немен суарам? Қажеті қанша бүлденің, Ойдасың күндіз-түн демей. Көз айдын болып жүргенім, Өзіме үлкен бір мерей. Әншіге Сенің тәтті әніңді ұнатушы ед қанша адам, Жан дертіне бойдағы әннен медет аңсаған. Бір жасаушы ем сол әннен тауып үнемі марқадам, Тыңайушы ем естісем ұмыт болып шаршаған. Көмейіңнен сыңғырлап төгілгенде лағыл ән, Ет жүрегім елжіреп ақтарылған ағынан. Жан тебіренте толқытқан тоқсан толғау әуенге, Мастанумен басқа әуен тыңдамаушы ем, не қылам. Әндеріңнен мен үшін өтпес әсем ән сенің, Тасытатын көктем ең астаң-кестең жан селін. Бақидағы бейістің сайрайт деуші ед бағынан, Бұлбұлынан пәнидің қанып кетсін жан шөлім. Жалықпаушы ем тыңдаудан мың естісем күніне, Құз басынан құлаған мөлдір бұлақ үніне. Шәдәт Нұрсапақызы

Жәрмеңкелі жастықтың арман қуған күнінде, Табындырған тәңір боп қыдыр бабам үні ме? Көмейіңнен тап-таза күміс теңге төгілген, Зәмзәміндай меккенің зәруартқа өзің ем. Ел ардақтар ерке едің, сахнаның көркі едің, Қымбатыңмен кіргізген бір дәуірлі өмірге өң. Өнердегі тәңір ең, кеудеңе асыл сіреген, Ақ тұмарлап аулымның ақ жол тілер түлегі ең. Жан тотымды сайратып бағыш етіп кел,өлең, Өнерің мен өзіңе ұзақ ғұмыр тілегем. Әке жолы Көргемін жоқ біреуге жағатсынып, Жағатсуды деп білем ағат қылық. Шен-шекпенді екен деп қызықпаймын, Қанағатқа жеңдіріп тағат қылып. Сан тауқымет жан әкем тартып көрген, Миқынатсыз басқадан дән күтпеген. Іргесінен май ағып жатса да елдің, Байлығынан шайлығын артық көрген. Аш-арық боп жүрсе де азар күліп, Ар-намысты ұқтырған азан қылып. Күнделікті от басын баласымен, Талшығымен жататын базар қылып. Жалғыз атын қаласаң түсіп беріп, Марсимаған мал бітсе ісіп-кеуіп. Аузын жалап әкімнің көрген емес, Бұлаңдаған бұралқы күшік болып. Салт жолымен бабамның бұрынғы өткен, Жасап келем жасырмай сырым көптен. Шәдәт Нұрсапақызы

Аштан өліп, көштен қап көргенім жоқ, Көрмесем де күн үшін күлік жеп мен. Менің кеудем көп елден басқа кеуде, Жаннан өзге ар туын асқам өрге. Әке сөзі әлі тұр құлағымда, «Аштан өлсең өл деген, аттан өлме». Қағыс қалып көргем жоқ ел көзінен, Мінезімді бір тоға ел де білген. Әке жолын көз аша ұстай қалғам, Адал өмір кештім мен еңбегіммен. Достарым менің Достарым менің ар-ұятпенен бір туған, Шындықтай асыл жанында ізгі сыр тұнған. Қиынға келсе бөгетті бұзып құлшынған, Томаға тартқан қырандай шыңға ұмтылған. Достарым менің оқыған дана ұстаздан, Ол күнде жоқ-ты өзімшіл, озбыр еш талғам. Бейнетсіз зейнет жоқтығын көзбен көргендей, Зығыр мен гаулйаң жесе де емес тіс жарған. Достарым жүзін мейірім жауып тұрғандар, Пионер, одақ, партиялы да болғандар. «Солақай» лушиән иттері талап жазықсыз, Әділет үшін бас имей кеткен құрбандар. Достарым менің ойранды жылдың жастары, Тигенін киіп жұпыны өткен жас шағы. «Торғайдай» болып боршаланғанда бастары, Даттамай өткен, ластамай өткен басқаны. Шәдәт Нұрсапақызы

Достарым менің ата-ана талай балаға, Шаңырақ артар қайыспас қайсар қара нар. Мақтаса тасып, даттаса жасып кетпейтін, Білімі терең қатардан озған даналар. Достарым менің талғарда өскен қарағай, Алмаған дауыл, бұрқасын жанын жаралай. Балалық шағы шалғында өткен көкорай, Табиғатты да аялай білген анадай. Достарым менің талайды көрген тарландар, Ғұмырда қиын асудан асып қалғандар. Ғылымның шамын тубаста-ақ қолға алғандар, Бұрынғы және соңғыны көре қалғандар. Достарым менің көл жасап маңдай терменен, Ас-суын жайып кімге де болса «кел» деген. Көлденең жатқан ала жіп аттап көрмеген, Етене болып енжарсыз өткен елменен. Таңжарық ауылында Ой-хой, далам мен өзіңнен ой алам, Ой алам да тұңғиықтан оянам. Жүрмін бүгін ауылында Тәкеңнің, Зейінімді алау жырмен ораған. Жыр туған жоқ гүл даладан тосыннан, Ұшқан тұғыр жыр алыбы осыннан. Бақыт пенен ізгілікке шөліркеп, Жатыр ізі арлы-берлі жосылған. Ұлы жүрек надандықпен арбасқан, Зұлымдықтың жағасына жармасқан. Жылаған ел мұңын бірге жоқтасып, Жалаңаяқ жанған от пен қар басқан. Шәдәт Нұрсапақызы

Арманы боп ертеңгі азат ерен күн, Жасытпаған түрме сынды кереңің. Болып өзі қапастағы бұлбұлдай, Солдаттары майдан кешкен өлеңнің. Тұрса да өзі ол заманда, ол елде, Алғыр ойы таң нұрымен бөлеулі. Айбарлы ақын елін сүйген ер еді, Ойламап ед жан сауғалап «өлемді». Қайтқан да емес жалғыздықтан қайраты, Талай бекті тітіреткен айбаты. Бет-беделін жерге таптап сан жерде, Қан жалатты өткір тілдің найзасы. Ақыл айтты, ел тозбау үшін торғайдай, Ақ түтекке төсін керді қорғандай. Хан мен қара күресетін жол қандай, Салыстырды бақыт қандай, сор қандай. Танымаған ылдиында, өрінде, Ақыл айтты тас қараңғы еліне, Аяқасты болған ары, жас жаны, Ақыл айтты қарындасқа, келінге. Күреспен тап деп бақытты, бағыңды, Ақыл айтты жанға жайлы нанымды. Уа, бейуаз ел кеулеп кіріп денеңді, Жегі құрттар жеп жатыр деп жаныңды. Ғазиз жаның неткен қайсар, асыл-ды, Сәл ертерек туғаны-ай сол ғапылды. Қара түнді қақ айырған жасындай, Қандай дана тауып қойған атыңды. Деп айтар кім Тәкең торқа жамылды, Жырлары әлі арада жүр жалынды. Шәдәт Нұрсапақызы

Жатыр бәлкім азат жерде тынығып, Қажыған жан енді алғандай дамылды. Жалындаған жырларына таң қалып, Есімін де отыр елі заңғар қып. Түнгі аспаннан жарқыраған шолпандай, Жоқтатпайды артында өлең, ән қалып. Төгілтіп тұр суын ішкен шақпың күй, Жаңа дәуір туған жерден таптың сый. Саумал самал бесігіңді тербесе, Жомарт далаң әтір гүлмен жапты ылғый. Батып ойға қабырыңда күрсіндім, Неге жанын мұжыды екен шіркін мұң. Ол жамылған топырақты қастерлеп, Көзге сүрме еткелі алдым бір шымшым. Денеңдегі сүркей күннің ылайын, Қос жанарым жаңбырымен жуайын. Кешулерің орны толмас өкініш, Дарыныңды дарытса екен құдайым. Дәуір туды бір күні артық бір күннен, Өзің көрген көңілдегі дүрбіңмен. Заңғар ақын неткен ойлы дана едің, Қабырыңда басымды иіп тұрмын мен. Мыңбұлақ Көгалы бүрлеп бұрқырап, Жәндігі шулап-шұрқырап. Қарақат көздей тұнжырап, Ағатын күліп сыңғырлап. Айналдым әсем Мыңбұлақ. Әткеншек тепкен түнде ұзақ, Айтылған әсем сырға ұқсап. Шәдәт Нұрсапақызы

Толқының тулап ырғыса-ақ, Кететін тәтті жыр ұқсап, Айналдым әнші Мыңбұлақ Жайқалған жағаң бұлбұл бақ, Әсем ән құлақ тұндырад, Болса да қашық тым жырақ, Ай аймалап, күн құлап, Жататын кербез Мыңбұлақ. Айналып жігер құмға ұсап, Әйелден қанша сынды сақ. Жастарын жуып айлы шақ, Апалар айтқан мұңды сап, Ағатын ойлы Мыңбұлақ. Құлыншақтай құлдырап, Жағаңда талдан міндік ат. Сол суреттер көрінген, Экраныңнан бұлдырап, Ағатын ойлы Мыңбұлақ. Шалдықпай шапқан тың, құр ат, Көрмеген құты бір құрап, Меруерт, маржан, інжу ап, Шашатын шашу сый құлап, Ағатын шүлен Мыңбұлақ. Мың ақыннан үн құрап, Қараңғы түнді күнге ұлап. Ғасырлар сырын жаттаған, Шежіресің, Мыңбұлақ. Бабалардың ескірмес, Көзі де сенсің, Мыңбұлақ. Шәдәт Нұрсапақызы

Сырлы әуендер Құшағына қамырық от күн көмді, Кештім талай мұң жапқан көп күндерді. Құстай ұшып жаныңа кеткім келді, Бір оқталып бассалып өпкім келді. Сезім табы жабықты сыртқа теуіп, Ақ жүзіме қайғыдан секпіл қонды, Ар күрзісі ақыры топшым бөлді. Қанатымен ойлардың қияға ұштым, Лапылдады жанымда өрт, қиял құштым. Қан тамыр да күшейттті жиі ағысын, Сезбедің-ау сезімнің күй ағысын. Жырыма орап қағазға сия құстым, Ұшқыр ойды ұяты шыжымдаған, Жолы нәзік, ары аппақ ұяң құспын. Тұрса-дағы әл құрып құр сүлдерім, Тыңдатпағам жүрегім дүрсілдерін. Келген дәтті тілім, ділім бөгеп, Тістенгеннен ернімді тісім бөлді. Іңкәрлықтың теңдессіз күшін жеңдім, Түсінбесең сен тегі түсінбегін. Зарық жүрек үдетсін дүрсілдерін, Үміт гүлі солсын да ішімде өлсін. Өзің алғаш шуақты түсірген күн, Жол сенікі өйткені ұлсың дедім. Егіз ұшқан ұялас құсым ба едің? Түсінбестей тым ноқай кісім бе едің, Намыс соты алдында кішірмедім. Жазған құлы шығармын хазыреттің, Сағынышты сарғайып азық еттім. Жан көлімнің аққуы, қазы менің, Көңілімнің ырғақты сазы менің. Шәдәт Нұрсапақызы

Бұйырмаса тәп-тәтті әзілдерің, Қалған жалған көрсетер азы не күн?! Сағынышты жүрейін азық етіп. *** Төрт жанардан төтенше жалын ұшып, Сен екеуміз жолықтық сағынысып. Отты укол қойғандай тамырымнан, Бара жатты денемде қаным ысып. Көк теректің көлеңке саясында, Сағынғаннан отырмын әлі құшып. Бар екенсің наркес көз, қарғам менің, Әр сөзіңнен түсіндім арман лебін. Қанатынан қайрылған боз торғайым, Таба алмай зарыққан самғау көгін. Әжім болып көшіпті маңдайыңа, Баға жетпес кешегі бал дәуренің Қандай белгің бар, күнім, өткеніңнен? Нені іздедің жаныңның көктемінен. Қызғалдақтай қырмызы жастық шағың, Сағынышпен сарғайып өтті өмірден. Екеумізге бар еді ортақ бақыт, Соны іздедім уақыт беттерінен. Тұра қалды кіреуке жанарға мұң, Өзімді өзім жұбатып тағы алдадым. Жылдар маған қайрылып қараған жоқ, Жақұтымды жоғалтқан таба алмадым... Ғұмырымды сыйлауға тиісті едім, Өксікпенен өртенген саған жаным. Жолдар бізді бастады қиырға сан, Қазір менің ойым от, күйім масаң. Қатал тағдыр кінәлі бәріне де, Шәдәт Нұрсапақызы

Сен кіналі емессің бұйырмасаң. Тірі аруаққа айналып кетермін мен, Көз жасыңнан көлдеген тиылмасаң. *** Бұл ғаламға шаттық үшін келгенмін, Бірақ көрген қызығымды кем дедім. Көкірегім күй боп мұңлы селдедім, О дариға, өкінішім сен менің. Жүректі жеп жүдетсе де өз қайғым, Арманды асыл медеу тұтып тозбаймын. Сағыныштың шоғын үрлеп қоздаймын, Ән сазыңмен ботадайын боздаймын Тыныс демнен жайды ұқпасаң күрсінем, Жанды емдетер тәуібім боп тұршы үнем. Бөрік талдың саясында аз еді-ау, Таң атқанша жүз аймалап, мың сүйсем. Көрген түстей көп елестен жай табам, Жан сырымды бөгде кімге айта алам. Сезімімнің тұнып тұрған теңізін, Тәтті әніңнің самал лебі шайқаған. Панам болған бәйтеректей тұлғаңның, Ұмытылар ма саясында тұрған күн. Бал дәуреннің бальзамдары секілді ед, Шілдедейін шыжғырғанда бір жалын. Дидарыңды жүрсем де көп жыл көрмей, Әлсіреумен әрең шыққан үндердей. Осы өлеңім жатты ішімде күн көрмей, Қауашағын жара алмаған гүлдердей. Орындалып ойыңдағы ізгі арман, Шаттығыңның шағында осы гүл жарған. Шәдәт Нұрсапақызы

Ізде мені сыр сандығы кеудеңнен, Ізде мені қапия өткен жылдардан. *** Мен сені жақсы көрдім, Тұнжырап қарасыңнан. Жаныңды аласұрған. Сездірмей жүргеніңнен, Жымыйып күлгеніңнен, Көрініп ақ тілегің. Мен сені жақсы көрдім, Айқайлап «сүйдім» демей «Жанымды қидым» демей. Телміріп тылсым көзге, Мұңайып күрсінгенде, Шығармай тәтті лебің. Мен сені жақсы көрдім, Сүрінсем сүйеуіңнен, Риясыз күйе білген. Алаңдап жолдарымнан, Сыртымнан қорғауыңнан, Секілді пәк тірегім. Мен сені жақсы көрдім, Сөзіңнің нақтығымен, Кіршіксіз пәктігіңнен. Даладай дарқан жүрегіңмен, Баладай аңқау мінезіңмен, Көңілді таптың өзің. Мен сені жақсы көрдім, Батырдай аңғалдығыңнан. Хал ұққан арман мұңымнан. Жүрекпен жүректегі үнді, Сезінген зеректігіңнен, Жақсы көрдім, Мен саған бақ тіледім. Шәдәт Нұрсапақызы

Менің тілім Менің тілім - мөлдір судай сылдырлы, Менің тілім - нулы ормандай сыбдырлы. Таза күміс шолпысындай арудың, Керуеннің қоңырауындай сыңғырлы. Менің тілім - күйлерімдей сарынды, Кесіп айтар жарлықтардай жалынды. Таңдайына ұя салған бұлбұл құс, Өлең-жыр боп өрнектелген бал үнді. Менің тілім - қоңыр салқын самалдай, Менің тілім - жарқын-жарқын жамалдай. Жылы сөзі жыланды іннен шығарған, Күн құшақты мейірі ыстық анамдай. Ел қырқысып елдің құнын жоқтаған, Жесір дауы, жер дауы да ақ боран. Болғанда да әділ қазы кесе айтқан, Ең жүйелі жалғыз сөзге тоқтаған. Менің тілім ғашығымдай іңкәр тіл, Менің тілім қыран, қырғи, сұңқар тіл. Еттен өтіп сүйегіне жететін, Дұшпанына алдаспандай тым батыл. Менің тілім әз сағыныш, тіл арман, Менің тілім қымбат та, асыл тұмардан. Сондықтан да сөз қадырын ұғар жан, Өнер алды - қызыл тіл деп шығарған. Таң қалу Досыңа таңқап көне көз, дәмдес өзгерген, Ажалға таңқап ауыртпай төте тез келген. Жеріңе таңқап өлшенбес метір, кездермен, Құрбыңа таңқап өсекпенен сөзге ерген. Шәдәт Нұрсапақызы

Жақсыға таңқап өсекші айтқан сөзге ерген, Жаманға таңқап хамелеонша өзгерген. Жастарға таңқап тоқтықтан болған сергелдең, Асқарға таңқап бағасы төмен шөл жерден. Ұлылар сөзін ақыл қып елге тең бөлген, Асылдар қанша жаңғыртып айтып жөн көрген. Ауызбен орақ оратын жалқау ездерден, Іргеңді аулақ салып та талай безгенмен, Амалың қанша көрмейсің бірін өзгерген. Ақ тілек Обырлардың ішінде өліп жыланы, Содырлардың сорласа екен ылаңы. Адалдық пен адамдықтың бағы артып, Көп көңілден тапса жайлы тұрағын. Орайшылдың сайқалдығы құрыса, Кенелсе әр кім таза несіп, ырысқа. Ізгіліктің ауасы кең жайылып, Өкпелі өмір, қалған көңіл жылынса. Озбыр дейтін арсыздықпен көркейгіш, Ат жалынан мал табу мен өртейді іш. Мүрдем кетсін бұралқылар бұлғақшыл, Ұры иттің құйрығындай селтигіш. Жойылса егер рушылдық, жікшілдік, Алты бақан алауыздық, құлшылдық. Бал жаласқан орнап ұлы береке, Келер еді барлық үйге құт тірлік. Адамға тән пәктік пенен ұлылық, Қара қылды қақ жарар күш нұр-үміт. Судан тұнық өмір тілеп сүттен ақ, Жар саламын көп санды елмен бірігіп. Шәдәт Нұрсапақызы

Гүлжаһан Қыдырмоллақызы Гүлжаһан 1941 жылы қазан айында Шәуешек қаласының Ащылы ауылында дүниеге келген. 1962 жылы Шыңжаң университетінің физика факультетін бітірген. Ол аймақтық асыл тұқымды сиыр фермасының мектебінде оқытушы және мектеп меңгерушісі болған. 1981 жылдан бастап Шәуешек қалалық 6-орта мектепте қызмет істеп, 1994 жылы демалысқа шыққан. 1980 жылдан бастап ұдайы он жыл аймақтық, автономиялы район бойынша «Озат оқытушы» атанған. Социализм жеңісінің 50 жылдығына орай Қытай елінің мәдениет саласы бойынша «Әйгілі адамдар есімдігіне» аты енгізілген. Ақынның шығармашылық жолы 1960 жылы университет қабырғасында жүргенде басталған. Оның «Алаулаған ақ сағым» атты жыр жинағы қытайлық қазақ оқырмандары арасында кеңінен таныс. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы Шыңжаң Жазушылар одағының, Іле-қазақ автономиялы облыстық жазушылар қоғамының мүшесі.

Халық Неткен ұлы халық деген бір ұғым, Осы ұғымға бас қоятын құлымын. Халқым осы шөліркесем шөлейтте, Сусындатқан беріп каусар тұнығын. Халықта бар ұлылық пен даналық Өз бойында не асылдың бәрі анық. Қасиетті халық болып құралған, Хау ата мен хау анадан таралып. Жаратпаған тектен-текке халықты, Тектілікті табиғаттан алыпты. Нар толқынды алып теңіз күш сыйлап, Көкірегіне күн құйыпты жарықты. Шыншылдықты асқар шыңды таулардан, Ойлылықты ойып алған орманнан. Айта берсем мынау сырлы дүниеде, Айырмасын халық сынды қормалдан. Айрылғанда халық сынды қормалдан, Нағыз жетім пенде болар сорланған. Бүкіл әлем қасиеті халықта, Шырқау шыңдай ұлылықпен сомдалған. Адамдықты аттап жүрген масыл бар, Одан шалғай ізгілік пен асыл бар. Омақасып жүрмегейсің бір күні, Әз халқымның жанарында жасын бар. Кейбіреу бар теңеп өзін алыпқа, Мастанатын жел көбікті даңыққа. «Аспан асты аға шөнең мен» деме, Әділеттің таразысы халықта. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Күн туса егер жаныңды отқа салатын, Қара күштен қайырылып қанатың. Қаһарымен жау айбатын сындырып, Халқың осы арашалап алатын. Қалт айтпайтын парасаттың иесі, Халқымда бар қасиеттің киесі. Мынау тірлік дүниеден, әлемнен, Арылса екен ластықтың күйесі. Халқым барда еңсем түсіп қамықпан, Ешнәрседен кемдік көріп тарықпан. Парызым көп қарызыңды өтейтін, Мәңгі сені жырлаудан мен жалықпан. Алаулаған ақ сағым Ойлайым кейде мұң шағып тұрып айтарда, Айтпасам ашып абайсыз пенде байқар ма. Құлшынып тұрған көңілдің еркін құптарда, Есіңе түсер әттең деп басты шайқарда. Дүлдүлім қайда сағымды шалар сайранда, Бұлбұлым қайда ақтаңды желпір сайрарда. Жыр гүлім қайда құлпырып тұрған көгінде, Сырларым қайда, қалды ма құмды қайранда? Бақытым қайта түсті ме тайып маңдайдан, Шаттығым қайда күлкісі күміс таңдайдан. Өтем бе деуші ем өкпемді тістеп өмірден, Шыға алмай мәңгі шаң қауып шерлі шалғайдан. Шағым ғой ол да ағыма қара жағылған, Аспаным бұлтты, қаралы-ау қара жамылған Жоқтауым болып жырларым қала жаздады, Айырылып сонда кетсем сол шыбын жанымнан. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Көлкиді енді көгімде аппақ нұр тұнып, Қалғандай анау қара бұлт дар-дар жыртылып. Арманым деген алдағы күннің қуаты, Тұрғызды мені алдым-ау қунап сілкініп. Ұмыт боп қалды тілсе де тағдыр етімді, Жарам да менің жазылып орны жетілді. Құдырет, содан құлпырып шыға келіппін, Жауыннан соңғы көктемнің гүлі секілді. Көңілімде содан көкпеңбек шалғын көктем жүр, Көңілімде содан көктемгі жаңбыр мөп-мөлдір. Көңілім содан шабыттың бұлтын шақырып, Жер ана жусап жотасын төсеп төккен жыр. Қойшы енді ол күнді, демеймін әсте сорлымын, Алмасын енді босаға басып, төрді мұң. Кегімнің оты жанымда тұрған жарқылдап, Гүл қылып егіп, жыр қылып берді қорлығын. Бүгінгі жырым, бүгінгі сырым бір басқа, Толқиды ылғи толғамы күшті бір баста. Сыр қылып сақтап, жыр қылып жаттап жүретін, Ақынға осы бақыт та, сор да құрдас па? Куәсі осы тіршілік десе барымның, Куәсі осы өлеңім аппақ арымның. Өлеңсіз, жырсыз өкініп өткен күнім жоқ, Қуансам аспан, сорлансам сүйер сабырым. Сапарда тірлік өлеңге солай ат салдым, Мақтаным мақтан, пейілмін мейлі тақсаң мін. Жарқылдап өтем жанымның барда жарқылы, Өлеңім осы алаулап тұрған ақ сағым. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Құс қайтқанда Қайтқан құстың тізбегіне қараймын, Қараймын да мезгілді өткен санаймын. Өмір-өмір, неткен келте қысқа едің, Арманы боп өтіп кеткен талайдың. Сыңсып салған ән іспетті кұз лебің, Жанарымды жыл құсынан үзбедім. Артта қалды-ау сайрандаған мекенің, Айтшы құсым, алдан нені іздедің? Кете бардың көк күмбезін жамылып, Жерде тұрып аңтарылдым жабығып. Жаутаңдадым жүдеу тартып көңілім, Қалар ма екем оралғанша сағынып. Қалдым бірақ қатарыңды алқап-ақ, Ауырладым ой тізбегін арқалап. Өлең-жырдың шумақтары тізілді, Шабыт екен ағыл-тегіл шартарап. Ізің қалмас көк жүзіне телмірем, Оралар деп ойға қалай сендірем. Өткен күндер көз алдыма келеді, Әлде содан елес болған белгі ме ең? Ораларсың мекеніңе - тұғырың, Онда армандай аңсап келер тұр ұғым. Бірақ-бірақ, мені қинай береді, Оралмайтын өткен күндер ғұмырым. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Өлең Қытықтап жанымды жыр ғашық, Жүремін оңаша сырласып. Кейбір сәт шөлейтте құм басып, Меңдейді жұтаңдық мұң басып. Ондайда кенезем кепкендей, Шашылып ойларым кеткендей, Мүсіркеп қаламын жаутаңдап, Бейуақыт мұң назын шерткендей. Қайдасың самалым есетін, Көңілдің құндағын шешетін. Еркелей елітіп назымен, Масайрап шалқытып кететін. Бір баста бақ пен сор алмасып, Заңдылық етеді арбасып. Жүйкелеп басса да нала мұң, Бір кезек күлкі ойнар жалғасып. Мейлі ашты тәтті боп татқаным, Үмітін жалғайды ақ таңым. Еншім бар досым силаған, От қанат қиялым мақтаным. Арманның адырын аралап, Асылын ойлардың таңбалап. Бір мықты туса өлең өлмейтін, Жарқырап кетеді бар алап. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Жамалқанға Өлең десе өрбітіп қанатыңды, Екпінің қара бұлтты жара тілді. Поэзия шебінде бағаң артық, Әйелдің жаралмаған қара тілі. Жырларыңмен айшықтап санатыңды, Келеді елің қастерлеп сара атыңды. Өлеңнің сайыскерлік майданында, Жер қаптырып келесің сан ақынды. Өршіл талант таптырмай тағатыңды, Түйдек-түйдек жыр төгіп таң атырды. Күмбірлі күйлерің мен әніңе елтіп, Таулар мүлгіп, балбырап дала тынды. Жырларыңнан жарқырап төгіледі, Қазақтың қасиетті таза тілі. Елімнің іші тұрмақ сыртында да, Жеңімпаздық рухың таратылды. Жастайыңнан құмарта өнер сүйіп, Ұрпақтарға келесің өнер үйіп. Ұлтымның өлең айтыс майданына, Ту тіккен маршалысың өрең биік. Салыстырып Бекең мен Құрекеңе, Сыншыл елің мақтамас құр бекерге. Бірде желпіп, тіресіп, бірде шалып, Мойындаған жырыңнан жыр өтер ме. Қыза шапқан кезіңде тулап қаның, Сарқырата ағыттың шындап бәрін. Көмейіңнен от бүркіп жібергендей, Қыран жетпес биікке шырқап дарын. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Жырларың әсем сазды күй есілген Көтерілмей келеді жиі есімнен. Тап бермеде сүйінтер тапқырлығың, Әлде сен асыл ойдың киесі ме ең. Заманыма жалғаған дана сөзін, Сенде мықты шалдықпас сана төзім. Поэзия жұлдызы жарқыраған, Халықараға әйгілі дарабозым. Жасайсың ұрпақтардың санасында, Жасайсың шебер бағбан арасында. Берерің көп қой әлі ғасыр жаса, Өмір берсін дәурімнің сарасына. Елім, саған айтарым Ер азамат елдің мықты тірегі, Бірге соққан еліменен жүрегі. Ер намысын - ел намысы деп біліп, Ерлігінің туын биік тігеді. Ерлерде бар нағыз ұлы қасиет, Ерлігіне тау сүйініп бас иед. Ер тұрғанда жауға берік қамалың, Басынбайды ашкөз дұспан, қас ниет. Қиындықта артатұғын ел сенім, Жарқылдатып жауға сілтер семсерің. Ізгілігі сарқылмайтын ұлы өзен, Ұлылығы тау тұлғалы еңселің. Қас батыр ол жауға шауып қызатын, Жау ордасын тас-талқан қып бұзатын. Елім-айлап басыңа күн туғанда, Қанмен жуған жүрегіңнің сызатын. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Шын жүректен, елім, саған айтарым, Жолатпаңдар жауыздықтың сайқалын. Қылт еткеннің жағасынан бұра да, Шыңырауға ат, қағып ал да сайтанын. Борыштармын Қара тауым - қара орман халқым менің, Қазыналы, қатпарлы алтын кенім. Салиқалы көшіне еріп келем, Өзіңе аян шамалы шарқым менің. Шөлдесем сусын беріп таңдайыма, Ортақтасып жұбатқан жан қайғыма. Қарызың бар, өтейтін парызым бар, Жел боп ұшып барайын шалғайыңа. Ошағыңда от болып жалындайын, Айдыныңда аққу боп мамырлайын. Құсың болып асығып арманыңа, Ақ жалды өзенің боп арындайын. Борыштармын, халқым-ау, не берейін, Шыңдарыңа шығайын өрмелейін. Шөліркеген далаңды сусындатып, Ақ жаңбырың болайын, себелейін. Тірлік кешіп келемін Тірлік кешіп келемін күндеріммен, Бір бақ, бір сор тамшылап жүрегімнен. Батар түнмен жабырқап жүдесем де, Атқан таңмен ағарып күлімдегем. Тірлік кешіп келемін айларыммен, Бірде өр, бірде еңіс сайларыммен. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Бір мезет құмды шөлейт дала кезсем, Бір мезет көк мекенге жайған іргем. Тірлік кешіп келемін жылдарыммен, Кездерімнен із тастап жылап жүрген. Жанымның жарақаты асқынғанда, Сырласамын шағынып жылға бірдем. Тірлік кешіп келемін ғасырмен де, Тарлан тарих, ақбас шың тасымен де. Самалы ескен жанынан жақсымен де, Тартқылаған етектен масылмен де. Тынысы тірлігімнің арман далам, Арманымның бүршігін жарған далам. Әні болып даламның жыры болып, Қарманам үмітімді жалғап алдан. Құр күйбең риза емен тірлігіме, Қимаймын күнім тұрмақ түнімді де. Келте өмірдің тайғанақ тар жолында, Ар-намысын үмітімнен түңілдіре. Мейір жиған шуағын сүйіп күннің, Ұлы тауым берсе екен биіктігін. Ел намысын көтерсем армансызбын, Бірі болып өзіңдей иықтының. Ұлағатты аналар Жыл санап өтсе уақыттың кесек тізбегі, Жүрегім менің шаттықтың жырын іздеді. Анашым деп толғана талай жыр жазғам, Жанымды қажап өгейліктің іздері. Ал енді бұгін ана боп мен де марқайдым, Көктемім өтіп, жүзімді шарпып күз лебі. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Сыйлаған бақыт алаулап атып ақ таңым, Емес қой, сірә, азаптың жүгі тартқаным. Жұлдыздай жайнап ұлдарым мен қыздарым, Көтерсін талмай дәуірдің ауыр батпанын. Тілегім шалқып көгершін болып самғасын, Ұрпақтың көріп сөнбейтін шырақ жаққанын. Дәуірде жаңа бақыттың кілтін бұраған, Әлемде үнің теңіздей толқып тулаған. Аналар ұлы, аналар бүгін дара сот, Тарихта өткен мәртебе мұндай болмаған. Анадан туып еліме тірек даналар, Ананың өлмес ұлағат сөзін тыңдаған. Сайрам суреті Ұқсап бейне айсұлуға ақ маңдай, Қараған жан тақ-тақ таңдай қаққандай. Сұлу сайрам айдыныңдай шалқыған, Көлдей сезім толқып, тасып жатқандай. Ай сұлудың алдында таң атқандай, Таң дегенің тіршілікке бақ қандай. Көл дегенді мөлдір ғана су деме, Бұлақ біткен бал шырын боп аққандай. Көл дегенде махаббат бар сап қандай, Пәк сұлулық орын тауып жатқандай. Мынау бейбіт тірлігінде адамдар, Өмірдегі бар ләззәтті татқандай. Көлдей толқып барша әлемге мақтанбай, Тұра алмаспын, шын бақытқа батқандай. Көкірегіме орнатқандай шалқимын, Сайрам, сені алтын орден таққандай. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Түнің қандай айға қабақ қаққандай, Күнің қандай сезім отын жаққандай. Көк күмбезін көкірегіңе төңкердің, Тіршілікте бұдан артық бақ қандай? Бал қарағай жамырай кеп жатқандай, Еміренсең жатпассың сыр ақтармай. Сезім де бір Сайрам екен толқыған, Кеудемде тұр сыбырлап тіл қатқандай. Жағаң анау жасыл кілем жапқандай, Ойхой, қызық осы мынау шақ қандай. Бұлт бүркенген сезім біткен сел болып, Ағытылса ед бата берген қарттардай. Қыста келсем кетер едім бапталмай, Сағынышым шөліркеп бір қайтқандай. Жазда келдім мөлдіреген су болып, Толқыныңмен бір мамырлап жатқандай. Толқының бар сырлы сурет тартқандай, Берші міндет қызыңа жүк артқандай. Алтын басым азаматпен тең менің, Қалғаным жоқ міндетіңді атқармай. Жағаңа кеп толқып тұрмын сәт талғай, Жусын толқын кеудемде еш дат қалмай. Саған неге оқымайын жақсы өлең, Қызың емен алдыңда аруақ аттардай. Ана мектеп айналайын даңқыңнан Ұмытылмастай күні кеше көз алдымда тұр менің, Балаусалы балғын кезім шарпығанда күз демін. Сонау-сонау қара таудың бөктерінен аттанып, Алақаны анашымның жетегіне ап жүргенім. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Осы мектеп құшағына ап сонда мені төрлеткен, Осы мектеп әлдиімен сонда мені тербеткен. Осы мектеп ұштап тұңғыш туған ана тілімді, Аясында алтын бесік қанаттанып ержеткем. Өнербілім талғамы еді арғы ата-бабамның, Өнер-білім арманы еді мені туған анамның. Жібек желі еркелетіп маңдайымнан өбетін, Қара қызы ем қаратаудың мынау кербез даламның. Әрін берген, нәрін емген асыл ұя мектебім, Өзіңде өткен сағынышты бал дәуренім көктемім. Ұстаздарға Мәкең сынды ана тілін үйреткен, Көкейімнен кетпейтұғын борыштарым көп менің. Талаптандым арман қуып, үмітіңді ақтауға, Арналған соң тамшы терің, ұрпағыңды баптауға. Қатарымнан қалмай озып, аштым дашуе есігін, Жетегімен үмітімнің арман тауын аттауға. Бүршік атып өз қойныңнан өркен жайып көктеген, Көрініп жүр сан-саладан ұрпақтарың көптеген. Атом зерттеу ғылымына үлес қосқан қатынасып, Ғалым қызың Күләндадай ұлы міндет өткерген. Оза шауып ұрпақтарың білім менен өнерде, Дарқандықтың жыры толды сенің кітап сөреңде. Сыйлық алып мемлекеттік биіктерде, өрде де, Алып тұлға жұңхуадай ұлы отаным өр елде. Мектебімнен болашаққа алтын желі тартылған, Тамшы терің көл болыпты шаттығыңмен шалқыған. Өнер туын желбіреткен шаңырағын шайқалтпай, Айналайын жетпіс жылдық мерекелі даңқыңнан. Гүлжаһан Қыдырмоллақызы

Әлима Ысқақ

Белгілі журналист, ақын, аудармашы, фолькоршы, этнограф, өнертанушы Әлимә Ысқақ 1944 жылы Алтай өңірінде дүниеге келген. Бастауыш және орта мектептерді осында үздік бітірген. 1961–67 жылдары Шыңжаң ауыл шаруашылық институтында машиналандыру мамандығы бойынша толық курсты оқып тауысып, 1968 жылдан 1982 жылға дейін Баркөлде, Майтау кен орнында, Күйтің су құрлыс мекемесінде түрлі қызметтер атқарған. 1985 жылдан бастап Іле-қазақ автономиялы облыстық әдебиет-көркемөнершілер бірлестігінің «Іле айдыны» журналында редактор, аға редактор болып еңбек етті. 1999 жылы зейнетке шыкты. 1961 жылдан бері көркем әдебиетке араласа бастаған ол «Жүрек сыры», «Жастүлек», «Отанға махабат» атты жыр жинақтарын жариялап, өлең өлкесіне өзіндік із салды. Қытайдағы мәдениет төңкерісі науқанының сынағынан сүрінбей өткен Ә. Ыс­қақ журналистикамен шұғылдана жүріп, көркем шығармашылық жұмыстардан да қол үзген жоқ. Ұзақ жылғы зерттеулері нәтижесінде Ә. Ыс­ қақ ұлттық қолөнеріміздің өркендеуіне үлкен үлес қосты. Ол осы тақырыпқа байланысты 5-6 томдық жүйелі кітап жазып, ұлттық қолөнеріміз бен қолөнершілерге қатысты құнды фотосуреттер, үн таспалар, қолжазбалар, естеліктер жинақтап, мол рухани қордың қалыптасуына себепші болды. Сырттағылардың ешбір көмегінсіз, бекзаттық мұраларды құтқару, жинау, зерттеу, зерделеуді ол өзінің бұлжымас борышы санайды. Ұлттық құндылықтарымызды болашаққа жалғау үшін қажымай-талмай еңбек ету Ә.Ысқақ үшін заңдылыққа айналған. Қолөнер зерттеу мен өлең Әлима шығармашылығының қос қанаты іспетті.

Ана толғанысы Сүйінемін мынау жаңа аулама, Аулам бейне жұпар атқан тау-дала. Қол созымда жемісі тұр уылжып Ертектегі ұқсап бақша-бауға да... Қараймын да көзім тоймай сүйініп, Ұмытамын тұрса да мың қиындық. Аңсауыма Алла берген бір сый ғой, Қарт жанымды мәз қып, маған бұйырып... Бұлай десем түсер еске қайдағы, Қыс, көктем, жаз... көңілімнің жайлауы. Дос-құрбың да, асылдар да, арыстар... Жігер жаныр рухыңның қаймағы... Майдаларды марғауға ары асырып, Жан жарасын жабамын ғой жасырып. Көңілдегі көркем балғын елесті, Алам кейде сағына бір сапырып: Бала күнім... жайлауға алғаш барғанда, Жидектері көздің жауын алғанда. Топты бала тояз алып бүлдірген – Теруден де қызық жоқ ед жалғанда! Ел етекке түсер шақта мұрсатың, Бола қалса бір ғанибет бұл сәтің. Қарақат, қызылқат... таңқурай, тошала Теретінбіз торсықтай боп пісетін... Бал балалық жұпарыңа қанған жер, Жидегінен бойға нәрін алған жер. Асыл-асыл елестерге айналып, Көкірегімде арман болып қалған жер. Әлима Ысқақ

Жиі-жиі ораласың есіме, Бұл сырымды жасырайын несіне. Мені өзіңнен алыстатып әкетті, Тауқыметті тағдырыңның көші де... Сол қызылқат, қарақаты... мөлдіреп, Таңқурайы таңдайымда елжіреп. Сонау алтын Алтайдың сай-саласы, Мені ұзатып салған сынды соңғы рет... Сол көркемдік көкейіме орнады, Сағындырды орны әсте толмады. Жарым ғасыр аңсадым-ау, ойлап па ем, Қайта алдымнан шығады деп сондағы. Көшіп жеттік бұл қонысқа шұрайлы, Алтайымның бұл бір беті ұнайды... Алма ағаштың саясына жатып ап, Жаным тағы құстар әнін тыңдайды. Бәз-баяғы сол әуендер ән-күй боп, Басымдағы бұлттар аунар сан түйнек. Сонау кезгі қарағайдың саясы, Жатқан сынды мені қайта әлдилеп... Көктем бола қызғалдағы құлпырар, Сонау кезгі елестейді гүл қырлар... Өрік , алма , алмұрт , шие ... шешектеп, Самал желмен бақтың иісі бұрқырар. Табиғаттың аңқып тұрған жұпарын, Бабалардың сарқыты деп жұтамын. Анадайда ақбас шыңдар ұқсайды, Ата-әжеме күн сап қарап тұратын... Сұңқарлары мекен еткен таулары, Тұлпарлары дүбірлеткен аумағы. Әлима Ысқақ

Бабалардың көзі сынды бәр-бәрі, Қарауылдап тұрған сынды аруағы. Солар төккен қан мен тері жемістеп, Ұрпағына тұр ғой құтты қоныс боп. Қара-қызылқат, тошала, долана, Үзімдері ... мөлдірейдімені үз!- деп. Есігімнің алды топ-топ шұғынық, Ыстық ол да алам ұзақ үңіліп... Балалыққа моншақ болған шұғынық, Тұратындай жан дүниемді ұғынып... Тағдыр, мүмкін, әр қадамда сынар бақ, Тұйыққа да, иыққа да шығармақ... Гүл, жидектер арасынан ал мына, Жүргендей пәк балалығым сығалап. Шүкір Алла, тұрған шақта жан арып, Орай бердің жоғымды іздеп табарлық. Өмір сүрген жарым ғасыр ананы, Көңілімен тоғыстырып балалық. Иә,иншалла, жақсылыққа жан асық, Жатсын шаттық кемерінен ары асып. Немерелер осы ауламда асыр сап, Жеміс-жидек жейді теріп таласып, Құлыншақтай құлдырасып, жарасып... Бар бақытым менің ырыс-несібем, Осылар ғой жеткен ғұмыр көшіммен. Ұрпағыма тапқаныма құт тұрақ, «Шүкір!» етіп төрімде еркін көсілем... Құшағыма құлындарымды алғанда, Теңдесі жоқ бір ғажап күй кешірем! Әлима Ысқақ

Қарасы мен ағы сынды көзімнің, Ұрпағыммен бақытты бұл кезімнің. Баянды етші бал қызығын, ей Алла, Қанбай тұрып, келер емес көз ілгім! Сүйінемін мынау жаңа аулама, Аулам бейне жұпар атқан тау-дала... Алла оңдап, аруақ қолдап , құтты іргем Алдырмасын (әумин) дауға, жауға да! Дүбірлеп тойың төсіңде Қасиетті мекен ұлы жер, Өзіңе жаным сүйінер. Шалғайда жүрген қызыңның, Біле де бермес күйін ел. Сырларын айтар үзілген, Арманы асқақ қызың ем. Қаласаң өрнек әсемін, Кестелер күміс бізің ем. Күнімнен бастап «шыр» еткен, Сыланғам ізгі тілекпен. Жапырағыңа да «дір» еткен, Тілдесіп жатам жүрекпен. Кіндік қан тамған шіркін жер, Ұмыту сені мүмкін бе?! Пейілің жатар тоғысып, Ақеділ, жарқын күлкімде. Өтсе де жаз бен күз деген, Мекеннен мейір үзбегем. «Ат байлар» деп іздеген, Төркінсіз болмас қыз деген. Әлима Ысқақ

Ақ қайыңның бүрі едім, Ақ таңдардан нұр емдім. Ақ айдындай толқып көңілім, Арнайды сәлем, тілегін! Жыр тойын бетке алып, жыр елін, Қыран боп ұшты-ау тілегім. Кеудемнен кетті шапқылап, Жұдырықтай менің жүрегім. Құлаққа жетсе жыр-әнің, Елеңдемей қалай тұрамын. Ерке Ертіс, сұлу Қыранның, Гүл саға, мөлдір бұлағын, Келмейді естен шығарғым! Үліңгір, Қанас тұлғасын, Қос шіңгілдей сырғасын. Шабытқа мініп шалқытып, Ақындар асқақ жырласын. Жырласын ақын, жырласын, Ән-жырды туған тұлғасың. Күмбірлеп күйің жаңғыртар, Тарихыңдай биік шың басын. Дүбірлеп тойың төсіңде, Мерейіңді жатса өсіре. Ақындарың мені есіне, Алды ма екен шешіле?! Дүбірлеп тойың төсіңде, Думаның қызған кешінде. Құрбыларым мені есіне, Алды ма екен есіле?! Әлима Ысқақ

Дүбірлеп тойың төсіңде, Жүйрігің шапса көсіле. Туыстарым менің жолыма, Қарады ма екен тесіле. Қиықтай асыл естіге, Дәуренім сенен көшті де... Кім білсін басқан іздерім, Шиырмен өзге өшті ме?!... Деймін де сені сағынып,... Қинайды қиял қапырық. Сарылам таңды атырып, Сарылам күнді бтырып. «Мол болсын деумен несібең», Ақ сүтін берген төсінен. Атажұрт мені өсірген, Шықпайсың мәңгі есімнен. Арыстар туған мекенім, Ерліктің туын көтердің. Бабалар жатқан қойнында, Топырағыңа тауап етемін. Алтынға балап нарқыңды, «Алтын тау» деген атыңды. Тау мінезді халқыңды, Мақтаныш тұтам даңқыңды. Мақтаныш тұтам даңқыңды, Санатты дәстүр салтыңды. Жыр тойың қызып саңлақтар, Бірінен бірі артады. Көңілде қыран саңқылы, Ән-жырға бойың балқыды. Әлима Ысқақ

Ару қыз, сал жігіттер, Өнерін төгіп шалқыды. Осынау бетке ап жыр елін, «Күрең»боп жуып нұр өңін. Кеудемнен кетті шапқылап, Жұдырықтай менің жүрегім. Іле жағасында Көрікті Іле, келіп тұрмын жағаңа, Сыңқылдайды аққу қазың тарана. Толқыныңа қанат жанып самғайтын, Мен-дағы бір айдын құмар шағала. Сәлем берем сол көңілден саңқылдап, Арайлы аумақ, құтты мекен, алтын тақ. Толқының ел шаттығындай телегей, Ән сапыртып, күй қотартып шалқымақ. Алқаптарың гүлді манат киінген, Мыңғырған мал, миллиард байлық үйілген. Ел мен жердің әрі, нәрі, туысы Мама екенсің емірене иіген. Тарих көші кешкен кеше өткелің, Кім ұмытар қан мен жасқа бөккенін. Ол кез сен де қаһарыңа мінгенде, Бет келгенді қи сыпырып бөктердің. Шу асау ең, сипалмаған сауырың, Елпек етті құдыретті дәуірім. Құлындайын ноқталанған шағыңда, Басына да бардым «бие бауыңның» Текес, Күнес, қас тоғысқан арнаң бал, Әлима Ысқақ

Төге салған үзім, өрік, алма, анар. Алтын сәуле айшықтаған түніңе, Ай жанарын көрсетуден арланар. Толғантады жойқын, жомарт ағысың, Гүл Іленің бойындағы қанысың. Каусарыңнан жұтты қанша арысың, Атой салған ұрпағының бағы үшін. Туындатқан жан дүниемде сан арман, Арыстардың шежіресіне қана алман. Сол рухтар ізіне өнген қасиетті, Жыр гүлдерін теріп келем жағаңнан. Болмасам да арнаңдағы құндызың, Айдыныңа қонақтаған жұлдызың.... Керегіңе терек болып жығылған, Дәм-тұзыңды татқан мен де бір қызың. Бір қызың боп сайран салдым жағаңда, Жете білгем қадырқасиет, бағаңа. Үңілдім де білікты ойлы данаңа, Асыл қасиет, арман ектім санама. Бүтін бірлік шат өмірді ардақтап, Қарсы алғанмын өзіңде сан таңды аппақ. Жайсаң жаным алқабыңдай жемісті, Арманымның ақ сұңқарын самғатпақ. Қызың бүгін шалқып санат құрады, Күмбірлетіп күй құлағын бұрады. Көкірегімнен құла тасқын-құла жыр, Сарқырамаң секілденіп құлады. Әлима Ысқақ

Ақын ағаға Қиялмен қырық айналып қала-қырды, Жүрсіз бе жиі еске алып «қара қызды». Бұлғақтап қос бұрымы ұзаған ол, Бетке алып арман атты дара құзды. «Арманның шықты ма екен биігіне, Әлде оны жөнелді ме құйын іле? Жарқылдап жүр ме әлде иран бақта, Айланып көрген көздің күйігіне?! Ғажап-ақ, шарықтаса қиял шіркін, «Қара қыз» қайда сенің ұяң тұрқың!», Деп толқып ақын аға жүр ме екенсіз, Аспандай ақ нөсерін құяр бір күн... Аңсаумен туған жерін, тау, даланы, Деймісіз өзегінде от лауламады. Сағыныш арманы әрлеп толықсытқан, Қаншама ай мен жылдың аунағаны... Қаншама қара үздірді қайран үміт, Қол созым жерде ғана жайнап күліп.... «Қарақыз» көрді көзбен Батырашты, Жүйрікті жолдан тосқан айла құрып. «Қара қыз» сан жүйрікті кежімдеді, Бар болса әділеттің көзі көрді. Ғұмырдың қия жолды қиырында, Қасқайды қайрат беріп өзіне-өзі. Жоқ оның әкесі де, анасы да, Жанашыр арқа сүйер ағасы да. Табан ет, маңдай термен арман гүлін, Суарып жүр от пен су арасында... Әлима Ысқақ

Талантын ұштап заман сарасында, Көз тіккен алдындағы дара асуға. Ана боп қамында жер бала, жардың, Балаған көзінің ақ-қарасына. Күндерін әлі аңсайды бал іздеген, Туысын, дос-құрбысын дәм үзбеген. «Қызығын солармен бір көрмеген соң, Жеміс пе жиған жеміс сан күздерден...», – Деп кейде қамығады қуанышта Жан күйер жақындары жүр алыста... Бір тал ақ қосылады самайына, Ғұмырдың ойқырында құрақ ұшса. Алыстап жас дәуреннің базарынан, Пысырған ғұмыр қозы ажарынан – Нұр тайды, Тек парасат қазынасы – Сарқыты, Жанына азық алар ұлан. Бұлақ – ол жағасына жалбыз өнген, Тербелген құрақтары таңғы желмен. Жанынан тірлік біткен рахат табар, Немесе, ол – саясы кең жалғыз емен. Айланған талшыбықтан бір еменге, Құс сайрап, саясына гүл өнгенде. Қысты ұмытып көктеммен бүрленгенде, Ол да бір жатқан дастан білген ерге! *** Қиялмен қырық айналып қала-түзді, Білгіңіз келсе осылай «қара қызды». Іздерсіз арман таудың бөктерінен, Ниетпен азаматтық саналы ізгі... Әлима Ысқақ

От басындағы ой (Ана аузынан) «Қара қазан, сарбаланың...» күйбіңін, Місе тұтпай кезем ойдың иірімін. От басынан құлаш ұрсам, Көрер ме ем, Ең биікті, қиырдың ең қиырын. Осы үміт жарқылдайды лағылдай, Бір сәтке де таба алмайды жаным жай. От басында арпалысам екі ұдай, Арман үшін тартқан шоғым жағылғай. Арман-қиял мені алысқа жетелеп, Кетем кейде қанат бітіп төтелеп. Бірақ, болмыс-әйелдігің пір тұтар, Әжелерді көз алдыңа әкелед. Я, олар таңғы әнімен бұлбұлдың, Ашатұғын бар ауылдың түңлігін. Берекенің дәмдеп асын күн бұрын, Тиятұғын көз жасында мұңлының. Сыйласқанның, ағайынның, құрбының, Қуанышпен кежімдеген дүлдүлін. Ою-өрнек, жасау.... Той мен ас болса, Қолынан-ақ табатұғын тындырым. Озбырлықты көрсе ұстап жағасын, Құптамайтын «жолы тар деп таба» ісін. Әке құнын кешіп келсе алдыға, Жалап тұрып жанға түскен жарасын Ер жігіттің бүтіндейтін жағасын. Кісілігі төрін берген алашқа, Айта алатын сарабын да таласта. Әлима Ысқақ

Өнерпаз да, жетелі ұл-қыз баулыған, Ән-күй төгіп, айтыс қызған таң аз ба? Өткірлігі ұқсаса да алмасқа, Еді-ау онда деп бұзбас сән басқа. Өткен ер мен ел қамы үшін жаралып, Аналарды неге ауызға алмасқа?! Тентегін де тиған, келсе сүйреңдеп, Өмір бойы білікті ісін сүйген көп. Шылауышын салмасам да ол әженің, Тұрады арым «ақ жанынан үйрен!» деп. Үйрен арым ақ жанынан ес көріп, Асқақ, таза, арнамыс пен өс көрік! Ана рухы босағадаақ, көрмеген Ұлы адамдық қасиеттен дес беріп... Босағадан озбады олар тегіннен, Өзгеге орын беріп төбе, төрінен. Анаға тән ұлы адамдық қасиет, Ізгіліктің қайнар көзі делінген. Сонда да орны, аты да ерек аталмай, Кетті әжелер, кетті аналар сапарлай. Төмпешік боп жатыр дала төсінде, Ұрпақ көрген бақыт дәмін тата алмай... Орнататын басына алтын мұнара, Ұл да өсірді, қыз да өсірді ұлы ана. Ұлы ананы ардақтаған ұрпақты, Балар едік қалған асыл мұраға. Ана рухын үлгі етерлік арман қып, Бүгінгіге кір шалдырмай жалғарлық. Бір ғажайып сезінудің күшімен, Ертеңгіге қам жасайсың қарманып... Әлима Ысқақ

Бірақ, бірақ, Дүние бүгін ғаламат Озық ұлттар ғарышты жүр аралап. Өзгелерге төрін берген аналар, Не тындырар босағаны жағалап... Ерсем бе онда самғар көңіл тұйғыным, Артынан ақ мұрат атты игінің... Ошағыма тастасам ба тағдырдың, Әйел үшін таңбалаған бұйрығын. Сонда, сонда, жебейтін қол болар ма, Ақ бата, алғыс төңірегіме толар ма?! Бір шұғылалы шыңды бетке ап сайланып, Шығар болсам мен де аңшыдай сонарға. Қыранға онда тұғыр керек қонарға, Саятың да қағушысыз болар ма?! Басшы, қосшы көңіліңді түсініп, Ортан қолдап, жарың бірге тосар ма?! Бұдан соң да сынар үлкен-кіші бар, Бәлкім олар шын қол үшін ұсынар. Досың демеп, қасың бөгеп құлшынар, Жеңіс табар, кезіңде бар ұшынар. Бәр-бәрі де ойыңды он бөледі, Кейде үміт жұлдызы да сөнеді. Әйелдік-ай, сенің нәзік жолыңда, Көмескі қыл көпір неткен көп еді?! Жаның жадап ақ жаңбырын төгеді. Болмыс, үміт аунақшиды сағымдай, Бір сәтке де таба алмайды жаным жай. Арпалыссам сезімменен екі ұдай, Арман үшін тартқан шоғым жағылмай. Әлима Ысқақ

Әйелдік-ай! Тұрмайды ғой жаз ылғай, Озар дәурен жылдың аққу, қазындай. От басында қалар базар, ажарың, Қалар, бәлкім, жан сырың да жазылмай, Армандаған асылдарың қазылмай. *** Өтіп жатыр жазиралы жаз ыңғай, Тербеп «көктем шуағының» сазындай. Аршылмаған көзі сансыз бастаудай, Әттең, әйел парасатыай! Сезіміай!! Ару қыздарға! Арулар - асыл қыздар, арман қыздар, Жарқырап жұлдыздайын жанған қыздар. Тотыдай мың түрленіп, Мың түрленіп, Бұлбұлдың әуеніне салған қыздар. Ажары ақ жамбыдай күміс қыздар, Жайдары жаны жібек пүліс қыздар. Көктемдей гүлге ораған атырапты, Он саусағы он кісі ырыс қыздар. Төгілген сүмбіл шашы қара қыздар, Қайраты, парасаты дара қыздар. Елге елді, етекке жеңді қосқан, Ерге серік, шаңыраққа пана қыздар. Пана қыздар, болашақ ана қыздар, Мейіріне қаласа жанар мұз-қар. Әлима Ысқақ

Ту етіп әдеп-иба, салт-дәстүрді, Ұлт рухын өсірген дана қыздар. Ата-анаға ат байлар өріс қыздар, Мың жылдықтар орнығар қоныс қыздар. Ғұмырды жалғар өсіп-өніп ұрпақ, Қыздарсыз қалай осы ұлы іс тынар?! Жаманатта күңірентіп салатын зар, Жақсылықта тілінен бал ағызар. Сүтпен кіріп сіңіскен сүйегіне, Ағытқан жыр каусарын сара қыздар. Сезімі шалқар теңіз ақын қыздар, Адамдар жүрегіне жақын қыздар. Қаламы мен қабілетін халқына арнап, Елінің қамын жеген батыр қыздар. Ерлерді ер қылатын егей қыздар, (Ерлерді жер қылады кем ой қыздар). Дана да, батыр, бағылан...алыптар да Туғызған «ана» атты мерей қыздар. Аналарға бар сыры аян қыздар, Атанбас ұяты аз сабаз қыздар! Ақ сертінен айнымай жар жолында Жанын пида етеді баян қыздар. Толықсып айдай толар айнам қыздар, Қылықтары кейде оғаш...қайдам қыздар,?! Жастықтың желігімен көрінгенге, Еліктеп болып жүрме шайтан қыздар. «Шайтан» болсаң жолың да қайқаң қыздар, «Шайтандықтан» беу, қыздар, байқаңыздар! Естерінде жүрсін деп бұл сөздерді, Аналық парызым деп айтам қыздар. Әлима Ысқақ

Жеті ата аттап сақтаған қанын таза, Жей біліп ұрпағының қамын да аса. Ата-бабам иманы бекем болған Ұстаған рухын, жанын, тәнін таза. Әйгілер деп рухын жан болмысын, Ұғу ғой осынау салт мәнісін. Жалғасады сол салты аруымен, Беу қыздар, салттан безбе, ет тағызым! Тіл, дін, салтпен ұлт болып саналар ел, «Арымнан жаным, сірә, садаға» дер. Арулары салтынан безіп жатса, Санатынан айрылмай қала ма ел?! Сондықтан бұл өмірдің дәні қыздар, Сендермен артады өмір мәні қыздар. Өмірдің мәнін, сәнін келтіретін, Пәк, таза ар иманың, жаным қыздар! Ашық-шашық киінсең тәнді ашып, Елдің салтын, арудың сәнін бұзар. Қос бұрымдар өрілген қандай әсем, (Бұлаң етсе көзіңді салмай көр сен)... Шаш кесу, Шашық жүру жарамайды. «Сау болсам баста бағым жанғай!» десең. Шашқымбат сый, Сыйдан безсең, Көркің кеміп, кетпей ме қалайда есең... «Қыздың жолы жіңішке» дейді халық, «Қырық үйден тыйым» бар санай берсең. Сондықтан ойлан-ойлан бәрін, қыздар, Сынбасын әр қашанда сағың, қыздар. Әлима Ысқақ

Таудай талант, асыл жар, қайырлы ұрпақ, Беріп алла жанса екен бағың, қыздар. Беу, қыздар жарқылдаған алтын қыздар, Алтынның білер жұртың нарқын, қыздар. Мысқа айналып жұқтырмай татын, қыздар, Сақтаса екен қасиетін, даңқын, қыздар. Көбейсін алтын қыздар, ару қыздар, Жанға шипа қолдары дәру қыздар! Түзейтін ердің басын, елдің салтын, Азаматтар сендерге зәру қыздар. Көбейсін ары аппақ күміс қыздар, Он саусағы он кісі осы қыздар. Ұлты, елі үшін жаралған тома-арыстай, Керек-ақ мұраты асқан құрыш қыздар. Сағыныш Туған жерім сағындым, Бетегелі беліңді. Белдеріңнен есетін, Жұпар самал лебіңді. Қурайыңның иісін де, Кейде аңсап кетемін. Аңсаттырған өзіңе, Қашан жетер екенмін. Қарағайын сағындым, Тауларыңның серісі. Тауларыңды сағындым, Асылдардың кеніші. Беткейіңнің орманы-ай, Әсем сазды ордадай. Әлима Ысқақ

Мүкті сірік гүл маңай, Тоғыз қабат торқадай... Сол сірікті төсеніп, Жұпарыңа қанғанды-ай. Сезінбеген есерлік, Қайран күндер қалғаны-ай. Асқарыңдай айбатты, Аталарды сағындым. Аталардай қайратты, Аналарды сағындым. Аналардың әлпешті, Мейірлі үнін сағындым. Аталардың жан кешті, Ғұмыр жырын сағындым. Сағындым-ау шаңырқап, Сары жұртын бабамның. Сары жұрттай аңырап, Тұр ғой орны анамның. Жағасы гүл, балдырған, Тұнығыңды сағындым. Тұнығыңда қалдырғам, Құлын шақтың сағымын. Қуып алтын сағымын, Құлыншақтай шағымның. Құлын-тайдай тебіскен, Құрбыларды сағындым. Сарығым бір қанар ма, Асылдарын табар ма. Жетсем болып шағала, Айдынды көл жағаңа. Әлима Ысқақ

Жылдар аунап арада, Жаңғырса сан санада. Туған жерім - жан ана, Не жетеді бағаңа! Кеңсірікті ашытқан, Қайран есіл мекенім! Белгілі енді сабылтқан, Сағынышым екенің!... Ұлыма Ашамайға міндің де ерке күнім, Шашу жеп, ақ бата алдың елден бүгін. Ат жалын тартып міну осы болар, Сапарың басталды енді ертеңге, ұлым! Азамат боларсың деп тындырымды, Қолыңа бердім тізгін-шылбырыңды. Ертеңнің егейі боп, есілі боп, Қолыңа қондыр арман-бұлбұлыңды. Дегізбес: «жазықпен жүр, төтемен өт!» Қиыр жол, қиян асу кезігер көп. «Қу бас ат», «Құлагерді» мінбесең де, Барыңмен бәйгеге түс, көмбеңе жет. Тілеген ар-намысты бабаларың Ұлысың, ұл-асқар белі аналардың. Ал, қарғам, жұлдызың оң, жолың болсын! Жолыңда жүгі жатыр қара нардың. Қызыма Еркелеп өсіп шалқып ең, Ордамның көркі, алтыны ең. Ұшырмақпын ұяңнан, Дәстүрлі ата салтымен. Әлима Ысқақ

Анаңның асыл жырының Қымбатын қарғам, біл, ұғын. Ұяңда қалар бал мінез, Балалық ерке қылығың. Аққуым ұщсаң айдыннан. Санамда сәби ай тұлғаң... Қонысың мәңгі жаз болғай, Самғатып қанат жайдырған. Басарсың әлі қилы жол, Жолығар ұлы игілер. Атаанаңның тілегі, Еліңе барған сыйлы бол! Үлкенді сыйлап иілгін, Кішімен сырлас, күйінгін. Өнегелі ісіңмен, Алғайсың құрмет биігін. Қызығын тойлау баланың, Жолы екен салған бабаның. Ақ тілеу тілеп тұрсам да, Өзіңді қимай барамын... Тәтті еді сәби қылығың, Отымның алды тұнығым. Бастадың өмір сапарын, Құт болсын орның, құлыным! Бұлты жоқ болсын көгіңнің, Бақытты болсын өмірің. Орда боп отау Шаттықтан Ортаймасын мәңгі көңілің! Әлима Ысқақ

Күйеу балама Ақтарылып қуанышты той күнге, Ақын анаң кезек ап тұр ойлы үнге. Күйеу балам, өз баламмен бірдейсің, Бөлене бер аналық ақ мейірімге. Жыр тасқыны ағытылып кеудемде, Ықыласын тойыңа арнап теңдеуде. Атамыздың жоралғылы жолымен, Жүрегімнен айтарым бар сендерге. Қормал анаң сендер үшін сая бақ, Кең құшағын өздеріңе жаяды ақ. Болар едім төбем көкке жеткендей, Бір-біріңді сыйлап өтсең аялап. Жүрек отым алауласа маздаған, Жыр оралды бұрын-соңды жазбаған. Қос құлыным маңдайымның бағысың, Ғұмырымда сендер үшін мәз болам! Менің күткен үмітімнен шығар деп, Ақтарылып алағызып тұрам көп. Тойларыңа арнап жазған өлеңім, Қала бермек менің өшпес мұрам боп. Сендер барда көңілімді жүдетпен, Той күніңді аңсауменен күзеткем. Сол тойыңның құрметіне жыр жазды, Анаң сенің айдай аппақ тілекпен. Ақ тілекті өздеріңе жалғадым, Саралаңдар тілегімнің салмағын. Алтын сынды болса екен деп бармағың, Балам, саған алтын жүзік арнадым. Әлима Ысқақ

Үмітай Сәтжанқызы Үмітай 1949 жылы Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол алғаш «Татьяна әні», «Мұзтау», «Қас суреті» деген өлеңдерімен өз оқырмандарына танылған. 1979 жылдан 1994 жылға дейін алты рет ақындар айтысына қатынасып, Алтай аймақтық әкімшілігінің «Жүлделі халық ақыны» атағын алған. 1978 жылдан қазірге дейін баспасөзде 500-ден аса өлең, әңгіме, мақалалары жарияланды. «Жиырмасыншы ғасырдың әдебиет қамбасы», «Сазды әуен», «Мұз таудан мың бұлақ», «Сауыр саңлақтары», «Ақындар ауылында», «Жұңго-қазақ айтыс ақындары» атты альманахтарда өлеңдері жиі жарияланып тұрады. 2003 жылы Орталық Ұлттар баспасынан «Арулар - асыл жандар» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Қазір «Мұзтау - бойтұмарым» өлеңдер жинағы, «Тоғыз жолдың торабында» әңгімелер жинағы басылым күтуде. 1988 жылы «Шұғыла» журналының «Еселі еңбек сіңірген қаламгер» куәлігіне, 1998 жылы «Іле айдыны» журналының «Қадірлі қаламгер» куәлігіне, 2011 жылы «Алтай аясы» журналының «Үздік автор» аталатын қаламгерлік даңқ куәлігіне ие болған. Үмітай Сәтжанқызы қазір Шыңжаң Жазушылыр одағының, Шыңжаң әдебиет-көркемөнер бірлестігінің, Іле-қазақ автономиялы облыстық фольклор одағының, Алтай жазушылар одағының мүшесі.

Ошағыма Сіздерден от аламын Төрімде Тұманбай, Мұхтар, Олжас, Қадыр, Өздерің сусындайтын жыр бастауым, Мұқағали жырымен мұңдаспын да, Фаризаның жырымен сырлас жаным. Қиянға қиялымды самғататын, Сіздер менің табынған шын достарым! Қалада, қалың халық арасында, (Жақсы да, жақын да бар, жанашыр да). Сонша адамның ішінде жалғызсырап Жалтақтаймын мынасы, анасына. Сосын келіп сіздермен кеңесемін, Ем табардай жанымның жарасына. Мұқа аға, жүрек жарды өз үніңді, Тыңдап жатып ұнатам көз ілуді. Түсімде жүздесем де, ал өмірде, Тәңірім жазбаса да кезігуді. Тебіренген телегей әсеріммен, Сетінеген ширатам сезімімді! Жабыққаным ғайып боп шаршағаным, Табылғандай талайдан аңсағаным. Олжастың ойлы жырын оқимын да, Жұтқандай таңғы ауаны тамсанамын. Құтқарған «полигоннан» Абай елін, Ерлігіне ақынның қол соғамын. Махаббаттың от ыстық құшағында, Талықсып тәтті арманды құшарыңда. «Бәрі жалған екен» деп Фаризажан, Өкініш шырмалғаның құса мұңға. Қиналғаның қия алмай кім болды екен? Алматының кезекші ұшағында. Үмітай Сәтжанқызы

Ғаламат жырларың-ай, Қадыр аға, Өртенген жанар таудай жалын аға. «Халқым» деп тамырыңда тулайды екен, Қарапайым қып-қызыл қаның, аға. Рухың-жырың мәңгі бірге бізбен, Жаннатта болсын асыл жаның, аға! Қай орын, қайда отырсам, қайда барсам, Қаңсиды кеудем, қазанша қайнамасам. Лепіріп тебіренейін, Тұмаш аға, «Самал болып жырыңмен аймаласаң» «Ұялсам да» ұтпайтын сияқтанам, Жануыштай жанымды қайрамасаң. Нөсер жырдың нөпірі селдегенде, Оңды-солды қолыңды сермегенде, Зал толы жұрт дүр етіп тұрды орнынан, Жыр-екпінің шығандап өрлегенде. Көрер ме едім, кім білсін көрмес пе едім, Мұхтар, сіз біздің елге келмегенде. Биікте емес төменде, жотадамын, Жоталаған жол танып бота-нарым. Отынымды маздатып жағу үшін, Ошағыма сіздерден от аламын. Тілім көсеу, қаламым қара шөміш, Ойды осылай қағазға қотарамын. Үмітай Сәтжанқызы

Ақынды сүйсең Қарбаластанып қағаз бен қалам қолында, Не көрсе пейіл осы өнердің жолында. Алабұртқан әрекеті қалыпсыз, Оңай емес ақынға жар болу да. Ойменен өріп өмірден көріп-түйгенін, Мазасыз, бапсыз өткізген күн мен түндерін. Сезімі сетер, секемшіл елік мінезді, Оңай емес ақын қызбен үйлену. Ақынды сүйсең ақылы оның бола біл, Қарсы алып сыйла іздеп келген қонағын. Шабыты шалқып лапылдап жанған кеудеде, Үрлеп қой қайта сөндіріп алмай алауын. Ақынды сүйсең бол оған жанашыр, Көңілін тауып кірлете көрме жағасын. Жақсы өлең жазып шаттанып тұрған кезінде, Айтарыңды айтып, қалағаныңды алып қаласың. Ақынды сүйсең өлеңін тыңда, қабылда, Сырласы болып, сыншысы болып жанында. Шылдырлап шының назарын бөліп кетпесін, Өзіне-өзі күбірлеп тұрған шағында. Ақынды сүйсең, ақынжанды бол өзің де, Ақын дегенің берілгіш өте сезімге. Кіналап әсте ала көзіңмен қарама, Шабыты келмей жабырқап жүрген кезінде. Қартаймайд ақын, жасартад оны жаңа арман, Сөз құдыретін түсіне бермейд надандар. Ақынды сүйсең, сүюдің көкесі ақында, Ақын жүрегі сүюге ғана жаралған. Үмітай Сәтжанқызы

Қыстаудағы қыс Жер әлем теп-тегіс ағарып, (Бұл да бір жайнаған жаңалық). Аттанған күз құтты қонақтың, Той жасап тоқымын қағалық. Қыс келсе қылышын асынған, Аспаннан ақ шашу шашылған. Ауылдағы адамдар тағы да, Жазғы үйден қысқы үйге тасынған. Далаға таза аппақ түс кіріп, Қытымыр қыс келед ысқырып. Соғады ызғарлы үскірік, Жылаған баладай қыстығып. Ақ боран ақырса ышқынып, Аяз да аңғартар күштілік. Ондайда жылы үйден шыға алмай, Тоңғақтар отырар түшкіріп. Соны қар әлі аяқ баспаған, (Құтылмас аңшыдан қашқан аң). Қойларды ай мүйіз ақ серке, Қар бұзып қыстауға бастаған. Қыстау ше, қыстау ол жаңаша, Қып-қызыл еңселі үй тамаша. Қораның өзі бір сарайдай, Тас үйлер жойылған аласа. Өтуге қыс қыры қиыннан, Қыстауда шөптен тау жиылған. Тау кесіп тас жолдар жасалып, Боз қырау мотолар шұбырған. Үмітай Сәтжанқызы

Мұздатып жылтпай-ақ бақ тілеп, Сүріге сірелген ет кілет. Ақ шөпті оптыға асайды, Жылқылар қасатты тепкілеп. Күнгейде торпақтар жайылған, Боздайды боз інген ботасын айырған. Дүкеннен түн қатып қайтады, Сал жігіт қайтқандай қайыннан. Малын ше, әкесі қайырған, Үйінде дайын шай, дайын нан. Қыстауда қажеттің бәрі бар, Тек, ана, ұлына уайымдар. Радио, дяншы жаңасы, Жоғары таулықтар санасы. Қыстаудан телофон алады, Шетелде оқитын баласы. Қыстауда таза ауа жұтасың, Қызықтап жүргенде ботасын. Амалсыз қиналып қайтасың, Қия алмай жондарын, жотасын. Беткейде қызықты сырғанақ, Ойнаған балалар сырғанап. Жөтелсе жазылып кетеді, Кешкілік май ішсе бір қалақ. Қыстауда шипалы дәрі бар, Қымыздың, шұбаттың дәмі бал. Ақ қаймақ, аппақ құрт, ақ қатық, Ірімшік, сары май тағы бар. Күн нұрын қашалап тартып ап, Кеш кірсе төк жанад жарқырап. Қыстауда малшылар тұрмысы, Қаладан қалайда артық-ақ. Үмітай Сәтжанқызы

Айға қарап Ары асып ауылынан көкемдердің, Көз ілгенде көк шатыр көтерген күн. Ұқсаттым толған айды хан қызына, Шұбыртқан өңшең сұлу нөкерлерін. Ойланам түнгі аспанға айға қарап, Бар дейтін әжем маған айда ғажап. «Ескі ай есірке, жаңа ай жарылқа» деп, Жататын туған айға бата жасап. Ай бұрын сүттей аппақ секілді еді, Көбейгендей дақтары бетіндегі. Адамның тырнақ ізі сол дақтарын, Көбейтіп жібергендей секілденді. Жоқ, ай ол әуелгідей жарқырайды, (Күдіктің күйзелтетін нарқы қайғы). Аймалап сәулесімен бар ғаламды, Ай толады, тоғайды, жартылайды. Жартылайды ай сосын қорғалайды, (Кім көрді бір жаңасы туған айды)? Аппақ түн, аспан ашық, жұлдыз жиі, Тамашалап отырмын толған айды. Үмітай Сәтжанқызы

Сағындым ауылдағы жеңешемді Көрікті еді көңілді ауыл маңы, (Ұмытылмас өткен күндер ауылдағы). Жүр ме екен қара жолға қарағыштап, Ақ жарқын айна жеңгем ауылдағағы. Елжіреп: «айым», деген; «күнім», деген, Көргенде ақ бұғағы дірілдеген. Ауылдың басындағы көк тұмадан, Су алып қайтушы еді сұлу жеңгем. Атымды төте атамай келте ғана, «Келші», -деп шақыратын, -«ерке бала». Иіліп үйге келген үлкендерге, Төрінен жүгіретін көрпені ала. Жағатұғын жатқа да, жақынға да, Жеңгемді аялайтын ақылды аға. Тіпті де көріктеніп кетуші еді, Шұбалтып бал шұбатын сапырғанда. Күндіз, түн қарбаластан тыным алмай, Жеңгем шаршап жүретін тыныға алмай. Сиыр сауып, сүт тартып, мал қайырып, Уақыт та шықпайтын тынығардай. Табатын ата менен ене бабын, Ойлайтын бала жайын, аға қамын. Аяулы ауылдағы ақ жеңгемнің, Сағынған татам барып қашан дәмін. Үмітай Сәтжанқызы

Нағашымның үйін жақсы көрем мен Барған сайын күйеусініп бөгелген, Төрге озбай орын алған төменнен. Қадырлейтін қайын жұрты әкемнің, Нағашымның үйін жақсы көрем мен. Атасының мейіріне бөленген, Анасының ақ мамасын көп емген. Шешеміздің төркініне арнаулы, Жылда барып шалқып, тасып келем мен. Аңқылдаған нағашымыз жанашыр, Жасқа шылап жанарының шарасын. Барған сайын қуанады құшақтап, Көргендей боп әпекесін, анасын. Ескірсем де нағашыма еркемін, (Анам жайлы әңгімеге елтемін). Апайымнан аумаған деп күрсініп, Бата беріп өссін дейді өркенің. Өскен жұртым ырқыма ылғи көнбейді, Түскен жұртым көңіл бөле бермейді. Тек, нағашым құрақ ұшып аялап, Ренжітіп мұңайтқысы келмейді. «Апайымның көзісің ғой сен» -дейді, «Саялайтын нән терегің мен» -дейді. «Қиығы жоқ қыздан туған жиеннің, Немереммен орның сенің тең», -дейді. Ардақтаймын нағашыма сенемін, Келсе үйіме әзір етем керегін. Сая болған анама да, маған да, Әуелей бер, «мәуелі бәйтерегім». Үмітай Сәтжанқызы

Ананың көңіл толқыны Аяулым, қарғам, өсірген баптап шынарым, (Әз анам саған төгіп ед мейір шуағын). Тыпырлап тулап тоғыз ай болып ішімде, Дүниеге келіп іңгалап қатты жыладың. Сол даусыңнан көкірек тұсым шымырлап, Тілеп ем тілек ерінім үнсіз жыбырлап. Есімнен кетпейд қасымда жатқан кездерің, Көрпеңді қозғап ақырын ғана қыбырлап. Бесікке бөлеп әлди әнімен тербеттім, Асылын жиып алдыңа үйіп жер-көктің. Майменен сылап, тұзбенен жуып, өс-өс деп, Көз алдымда білінбей бойға тез жеттің. Талабыңа да, талғамыңа да қуандым, Жас кезде мен де өзіңдей болған шығармын. Пендешілікпен күпірлік еткен кезімде, Қатемді танып, ақылыңды сенің құп алдым. Көңілің маған ұлпадай жұмсақ мақта еді, Сенімен бірге істеген ісім сәтті еді. Сырласып болып кеңесуменен көп жайды, Өзіңмен бірге ішкен шайым да тәтті еді. Тойыңда бүгін арнау өлеңімді оқыдым, Қимас сезіммен ойдың өрмегін тоқыдым. Алмадай пісіп, айдай боп толған кезіңде, Құтты орныңа әкеліп салып отырмын. Санамды бөліп баланың барлық қамына, Көбейді қалқам шашымның қазір ағы да. Туылып менен, ширек ғасыр бірге болсақ та, Бұйырыпсың сен басқа ананың бағына. Үмітай Сәтжанқызы

Жақсы бол қызым тас түскен ауыр жеріне, (Жандының бәрі тартады дейтін тегіне). Жақсы болсаң да, жаман болсаң да сол анық, Атайды халық сенімен бірге мені де. Бақытың жанып, мерейің өссін іләйім, Қуаныш тасып, болмасын кірбең уайым. Тату да тәтті аман болыңдар екеуің, Игі де ізгі тілекті берсін құдайым. Абайла, қызым Жүзіңде жайнап, жаудырап тұрар жарасып, Адамдағы қымбатты екі қарашық. Арайым, менің қарашығымдай көзімнің, Өмірге келіп жаңа атқан таңмен таласып. Болса деп тілеп көңілді, батыл, тартымды, Өссе деп едім, көрікті болып, ақылды. Алғашқы таңның ырымдап аппақ арайын, «Арай» деп қызым қойып ем сенің атыңды. Уақыт неткен тез өткен деші қас-қағым, Той жасап бүгін тың тірлік жолын бастадың. Ашқан есігің, аттаған босағаң құт болып, Аяулы қызым, ашық болса екен аспаның. Жат жұрттық болып жаратылғасын ту баста, Қимағаныммен амалым қайсы қимасқа. Жақсы бол, қызым, өзіңнің өскен үйіңнен, Келген үйіңнің салт-әдеті де бір басқа. Бір басқа, қызым, абайла жеңіл қарама, Үйлесу бірден салады салмақ санаңа. Үмітай Сәтжанқызы

Еркелігің де, еркіндігің де, еркің де, Балалығың да қалады бәрі қалады, ә. Енді үйің екеу, әкең де екеу, анаң да, Екеуден өсіп өрбіген барлық адам да. Есбол, Арайым сендер де екеу болдыңдар, Тату болыңдар, бақытты болыңдар аманда. Туған күнге марапат Шарапатым, шаттығым, шапағатым, Бөлек менің өзіңе махаббатым. Жасқа толған қидырып тұсауыңды, Кезің жетті үлкеннен бата алатын. Балалығын әкеңнің қайталадың, Сені сүйсем жадырап жай табамын. Артыңнан атыңды ерттер бауыр еріп, Болсаң екен шапағым, май табаным. Жүрек сырын апаңның білемісің? Бастым жолдың бір талай өр, еңісін. Жақсылықтың болсын деп шапағаты, Сен армандап тілеген тілегісің. Ризамын алланың бергеніне, Әже болдым ақеділ мен де міне! Қалтаң қағып бір тұрып, бір жығылып, Тұнығым мен мейірге ергеніңе. Үмітімді өзіңсің жалғайтұғын, Самғасам қанатымсың талмайтұғын. Туған күнің, шапағым, құтты болсын, Тартуы осы апаңның арнайтұғын. Үмітай Сәтжанқызы

Әйел жолы жіңішке Ғажаптанам қайран қалам бір іске, Қалауымен жаратылмақ кім іште. Ерлер басса жалпағынан жалғанды, Ал әйелдің жолы қылдан жіңішке. Нәзік жіпті басып олар еппенен, Арманының асқарына беттеген. «Жаза баспа, жаза бар» деп ескертіп, Еркектер аз әйеліне айбар шекпеген. Әйел үйге, ерлер жүзге жаралған, Әлимсақтан осылай деп қаралған. Ерді қожа, әйелдерді құл етіп, Өтті ұзақ қара түнек замандар. Қыз тапқандар жаман қатын атанған, Қыз тағдыры қысырақ болып маталған. Жас аруды көп әйелдің үстіне, Қақса шалға қаратыпты қатал заң. Ханзу қызы ши аяқ боп таңылып, Ұйғыр қызы қара перде жамылып. Жүрген күндер кетті мүлде келмеске, Жайнады ару нала мұңнан арылып. Бірақ әлі әлсіз әйел теңдігі, Нағыз шындық айтпасақ та белгілі. Жүрек қаяу жүрер жолы тар болса, Неге керек дүниенің кеңдігі?! Айтарым сол балаға да, ағаға, Әйелдерге жай көзбенен қарама. Әр салада әр шептегі елеулі, Әйелдердің ұлы еңбегін бағала. Үмітай Сәтжанқызы

Махаббатым Тізгінінен тартып аңқау ақылдың, О, махаббат гүл бағыңа шақырдың. Есім кетіп, еркіңе елпек жүгіріп, Серуендеп сері таңды атырдым. О, махаббат, маған ғажап ұнадың, Өзің болдың ынтызарым, құмарым. Келер-кетер дүниені ұмытып, Көзім жұмып құшағыңа құладым. Өзіңе бар қымбатымды сыйладым, Өзің үшін жылы ұямды қиғамын. Белім талып, төгіп ыстық терімді, Өзің еккен жемісіңді жинадым. О, махаббат бағындырдың құл еттің, Әміріңде адалдықпен күнелттім. Кейде аялап мерейімді асырсаң, Кейде нахақ шырылдаттың, күйзелттің. Болса да сан жәбірленген кездерім, Бар ынтаны өзбойыңнан іздедім. Қойғасың ба дұғаңменен дұғалап, Махаббатым, бірақ сенен безбедім. Сен болмасаң парқы бар ма пенденің, Сен болған соң сезімге ерік бермедім. Махаббатым болсаң мәңгі баянды, Демес едім еш нәрседен кендемін. Үмітай Сәтжанқызы

Шын махаббат Бір мезеттік нәпсіге еріп елігу, Ол төзімнен, ол сезімнен жеңілу. Алғашында жақсы көріп жабысып, Ақырғысы жек көру мен безіну. Шын махаббат мүлде бұдан басқаша, Көне білген тағдыр қайда бастаса. Сол алғашқы сүйгенінен қашанда, Бақ тілейтін арманы іске аспаса. Есік көру, некелену, үй болу, Отағасы, отанасы күйге ену. Бәрін нағыз махаббат деп қалмаңыз, Кейбіреуі амалсыздан күн көру. Сырттай дұрыс сезілмеген ешкімге, Сезінгенмен өзгерте алмас ешкім де. Оның сыры, оның тілі жүректе, Ал, жүректі бағындыру мүмкін бе? Мүмкін емес, мүмкін емес бәрі де, Осындай ғой шын махаббат мәнінде. Өзіңе аян өзгеше сол құпияң, Өзіңмен бір бақиласар мәңгіге. Бұған мысал аз емесін ел білет, Елу жылдай ғашық болып елбіреп, «Бірге көм» деп Қорлан берген жүзікті, Естай ақын иек қаққан соңғы рет. Отыз ұлды бай Келденнен бір адам, «Арманыңыз жоқ шығар» деп сұраған. «Құралайдан айрылғаным арман» деп, Тоқсандағы тобықтай шал жылаған. Үмітай Сәтжанқызы

Ескерілмей сауабы мен обалы, Сезім құйын сан қайталап соғады. Қайталанбас шын махаббат адамның, Ғұмырында бір-ақ рет болады. Сенім және сену Сеніміңмен мұратыңа жетесің, Сеніміңмен досқа сүйікті екенсің. Сеніміңмен жасампаздық жаратып, Сеніңмен сеңді бұзып өтесің. Сенім кейде селге ағызса қайғырма, Жағаға ұмтыл, қарсы жүзіп айдынға. Айрылсаң да бақытыңнан, тағыңнан, Сеніміңнен, үмітіңнен айрылма. Сенімсізбен серт жасасып келіспе, Сенімсізбен ой қосып, сыр бөліспе. Қиып түсіп қиындықты қылыштай, Берік сенім жеткізеді жеңіске. Тұрған шақта жас ғұмырдың оралы, Көңіл шараң сан орталап толады. Жаным деген жаныңдағы жарыңа, Сенуге де, сенбеуге де болады. Дастарқан Берекеге халықты шақыратын дастарқан, Думан тоймен бір таңды атыратын дастарқан. Сары қымызды сапырып, сарала ожау ойнатып, Кәрі-жасты қызыққа батыратын дастарқан. Қазы-қарта, жал-жая тартылатын дастарқан, Ақ бата мен ақ тілек айтылатын дастарқан. Үмітай Сәтжанқызы

Жасымызды берсін деп аталар мен әжелер, Ұрпағына сарқытын қалдыратын дастарқан. Талай ойшыл данамен кеңестірген дастарқан, Талай жақсы-жаманмен кездестірген дастарқан. Орның бөлек құрметке сырың да бар, сының да, Байлар менен кедейді теңестірген дастарқан. Емеріліп, шеттері бүгілетін дастарқан, Аят оқып абыздар жүгінетін дастарқан. Сыбаға мен ерулік, тойға шашу көтеріп, Арасына ауылдың жүргізетін дастарқан. Алыс-жақын туыстың басын қосқан дастарқан, Бір үй менен бір үйдің асын қосқан дастарқан. Ат кекілін кесісіп араздасқан ағайын, Сенен келіп дәм татып татуласқан дастарқан. Жомарт үйдің төрінен жиылмаған дастарқан, Шығайбайға шық бермес бұйырмаған дастарқан. Дастарқаның мол болса, жұмысың да оңалад, Деп әжелер ежелден ырымдаған дастарқан. Кеңдігің мен пейіліңе мақтана алам дастарқан, Дәстүріңде жарым ас сақтамаған дастарқан. Қасиетің атар деп қадыр тұтып халқымыз, Рұқсатсыз өзіңнен аттамаған дастарқан. Ұлтымыздың сақтадың мол мұрасын дастарқан, Құрғақ болсаң құрбыны қор қыласың дастарқан. Топ ортаны қақ жарып, толып орын алғанда, Ішпей-жемей көңілді тойдырасың дастарқан. Сен жайылған ордадан сән кетпесін дастарқан, Кең жайылған ортадан дән кетпесін дастарқан. Ырыс тасып, құт қонып ынтымақты еліме, Мән кетпесін өзіңнен, дән кетпесін дастарқан. Үмітай Сәтжанқызы

Нұрила Қызықанқызы Ол 1951 жылы 13-наурызда Алтай қаласының Қызылтас ауылында дүниеге келген. 1979 жылы «Шыңжаң газетінде» жарық көрген «Аспан» атты өлеңімен әдебиетке қадам жасаған. Содан қазірге дейін 5 поэма, 1 баллада, 4 повесть, 30-дан астам әңгіме, 20-дан астам ғылми мақалалары жарияланған. «Ана жыры» альманағындағы топтама өлеңдерінен кейін «Солтүстік үйек жарқылы», «Ауыл әуендері», «Аңшылық хикаяттары», «Бақыттың иісі» атты кітаптары жарық көрді. «Ертістің аржағынан» атты өлеңдер жинағы Қазақстанда басылып шықты. Ал, «Аңшылық хикаяттары» ханзу тіліне «Ең соңғы аңшы» деген атпен аударылды. Сонымен бірге бұл кітап Қазақстанда басылым бетін көріп, зерттеушілердің жоғары бағасына ие болды. Зерттеу сипатты тараушалары Мемлекеттік Орталық музейден шығарылатын арнаулы энциклопедиялық кітапқа енді. Нұрила Қызықанқызының «Аңшылық құралдары мен әдіс-амалдары» атты мақаласы, «Ләйла» атты повесі қазақ-қырғыз жазушыларына арналған «Тұлпар» сыйлығын алды. «Борандағы көш» повесі «Тянь-Шан» әдебиет-көркемөнер сыйлығын еншіледі. Нұрила Шыңжаң Жазушылар одағының, Іле облыстық Жазушылар одағының мүшесі. Алтай аймақтық әдебиет-көркемөнер бірлестігінің орынбасар төрағасы.

Алғашқы жүлде Сәбилік шағың бал қылық, Балтырды жүрдік талдырып. Бір күні келді балалар, Бәрі де бір-бір тал мініп. Тұрғанда олар тізіліп, Ойынға кеттім қызығып. «Атым жоқ менің, ата» деп, Бұртия қалдым бұзылып. Төбеде тұрған күн қызып Балалық деген тым қызық. «Олармен жарыс» деді атам, Таяғын ат қып мінгізіп. Ойынның бәрін шын біліп, Тастайтын болдық тындырып. Қамшы үшін атам тағы да, Берді бір қурай сындырып. Зуладым «шу!» деп қалдым да, Жамбасқа қамшы салдым да. Желкілдеп ұзын тал құйрық, Балалар барады алдымда. Шынымен шауып кеттім-ау, «Недеген жүйрік, – деп, – мынау». «Ақшолақ атты» тебітіп, Маңдайдан терді төктім-ау. Ойқастап ой мен қырыңды, Астымда «тұлпар» жұлынды. Артымда қалды жете алмай, Айдарлы менен тұлымды. Нұрила Қызықанқызы

Шығыппын нарттай өңдене, Мақтанбай қалам мен неге. Өзгенің басып тал атын, Таяқ ат жетіп көмбеге. Қуаныш деген тым ерек, «Бәйгеден келдім міне» деп. Батасын берді сонда атам, Отырған төрден түрегеп. Қара жарыс Біздің ауыл жылқышы ауыл болатын, Төр жайлауға елден бұрын қонатын. Жел тұяқтың, жылқышы алған алдымен, Ең жүйрігін таңдап міну оратын. Буыршындай жас жігіттер жын бүркіп, Шу асауды құлақтайтын шыңғыртып. Бір жағынан қайырысып шығушы ек, Арқан үзіп саяқ кетсе шыңға үркіп. Ұл басына бұйыратын бір құнан, Бәрі тарпаң орғи басқан, шұлғыған. Жылап жүріп бір құнанды мен де алдым, Намыс санап кем қалуды құрбыдан. Шешем мені қыз киіммен сәндейді, «Атпен ойнау ұл балаға тән» дейді. Жігерімді әкем ғана түсініп, Жол бергізіп талабымды әндейді. Әке үні болды маған өр шабыт, Аттандырды тор құнанға ер салып. Көңіл-дүлдүл, Нұрила Қызықанқызы

Топ баланың ішінде, Жануарым бара жатты желше ағып. Ушіліктің жазығы еді мақпалдай, Құйындаттық қуып бара жатқандай. Қара жарыс, қайырусыз ойындар, Білген қайда, бәйге қандай, бап қандай? Жел гулетіп шыт көйлектің етегін, Бірінен соң бірін қуып жетемін. Жетемін де оны да артқа қалдырып, Тек кетпеймін тағы мазақ етемін. Бәсекеден кейін қалып достығым, Басып озсам таптым көңіл қоштығын. Көрер көзге жоқ сияқты бостығым, Тарқатылып кетті бірақ қос бұрым. Қара үзіп шықтым бір кез ақыры, Асқақтауға барды жүрек батылы. Артта қалған бәрі әлсіз көрінді, Тіпті маған жетпейтіндей ақылы. Тоқтадым кеп «жүктас» дейтін қыратқа, Ентігемін екі езуім құлақта. Арт-артынан жеткен бала достарым, «Озды» демей тартты келіп сұраққа. Даяшы жоқ, дау шықты бір түгемес, «Неге озасың көмбе деген бұл емес. Көмбе артта баяғыда жеткеміз... Есеп емес!» деп салады бір егес. Ішімізде біреу бар ед ересек, Ол да жетіп деді: мұның неге сеп? «Байтал шауып бәйге алмайды» деген бар, Бәрібір сен бәйге алмайсың келешек. Нұрила Қызықанқызы

«Байталың не бұл сөзің тек былшыл ма? Әлде көрмей құнанымды тұрсың ба?» Деп түстім бір тұңғыш рет додаға, Қара жарыс апарды да бір шынға. Түсінбедім айтты оны не сырмен, Ду күледі бір топ бала есірген. Сол бір жарыс шықпайды бір есімнен, Соған ұқсас өтіп жатыр кешірмем. Бөрілі түнде жол жүрдім Он сегізге енді келген қыз едім, Кеудем асқақ өзімше бой түзедім. Коммунаның қызыметкері болсам да, Ата-ана деп өмешегімді үземін. Қандай ыстық аттамаған босағам, Қалай бармай өзімді өзім тоса алам. Бара қалсам сағыныштың күйіне, Құшағына ап шешем боздап қосады ән. Бару керек ертең бір күн демалыс, Аралығы жүз шақырым жер алыс. Күн еңкейе түстім-дағы жұмыстан, Атқа міндім ақпан айы сонар қыс. Бар еді бір көк жорға атым меншікті, Қатты желдім, сабындай боп тер шықты. Таңбалыдан өте бере күн батып, Қызыл шұнақ баяу ғана жел шықты. Тас қараңғы, қар бозамық қырдасын, Айырмайсың төмпешік пен жылғасын. Талай жүрген таныс жолым болғасын, Танып келем, әйтеу, жолдың сұлбасын. Нұрила Қызықанқызы

Алғашқыдай ат жүрмеді арындап, Қамшы басам сонсоң кейде қарымдап. Жеткен кезде Тораттың сайына, Үркектеді басты құмды ағынды ат. Ат тігілген жаққа қарап тімтіндім, Ұрысы көп сияқтанды бұл түннің. Ұлып еді таяу жерден бір қасқыр, Жан-жағымнан кетті шулап түр-түрлі үн. Қасқырлардың көз оты екен білемін, Ауызыма тығылды кеп жүрегім. Еске түсті, құтылыпты біреулер, Қасқырларды от шығарып түнегін. Қоржынымда буда гәзет барлығы, (Барлығы да заупанпайдың жарлығы). Еске түсті шай, сіріңке алғаным, Ширатқандай құтылар жол тарлығы. Менің де отым болғанына шүкірлік, Қалайда артық қашқындықтан бұл тірлік. Бір тал газет әудем жерге жетеді, Жаға-жаға оны-дағы бітірдік. Енді қалған сіріңкенің шырпысын, Жаға бердім жарқ еткендей түр-түсім. Қасқыр үні қалған кезде алыста, Ай да жарып шыға келді бұлт ішін. Жеттім үйге, әйтеу, түзеп тынысты, Түн ортасы, олар жайды ұғысты. Шешем аптап жүрегімді балтамен, Әкем маған даңғойсың деп ұрысты. Әлі есімнен шықпайды, әйтеу, сол бір күн, Зәрем ұшты, ат та, мен де болдырдым. Нұрила Қызықанқызы

Мен өмірде әлі де сол сияқты, Бөрілерді шуылдатып жол жүрдім. Дей алмаймын ту бастан-ақ ер едім, Елей-елей келем ойдың елегін, Сол сияқты аңдығанмен алысып, Жүрек отын бір сөндірмей келемін. Сар даланың бөкендері Суыт жүріп келе жатты сұлу мүсін бөкендер, Аңсағаны анау жатқан туып-өскен мекен, жер. Түгінен май шықса-дағы басқа жерді жатсынды, Түбі пана болмайтындай бөтен адыр, бөтен бел. Қаз мойынын көтергенде маңғаз кеуде керіліп, Сыптығырдай сұңғақ бойдан әйгіленген серілік. Аяқтарын әсем алып, аңди басып келеді. Жүрегінен жетектейді алдағы бір өр үміт. Бунақ, бедер қос мүйізі-бар қаруы көтерген. Текелердің сүзісуден шекесінің еті өлген. Елеңдейді құлақтары, жанарлары жаудырап, Кесіп өтіп келе жатыр, төте ойпаттан, төте өрден. Болмашы бір дыбысқа да селт етеді тұра қап, Секемденіп, әлде бір жау шыға ма деп ұрандап. Қауып барын сезінгенмен туған жерін қмайды, Ол атадан бері қалған ең бағалы мұрағат. Олар шұбап суыт жүріп мекеніне таяды, Қара қостай андыз-андыз сексеуіл тұр баяғы. Серке бөкен жан дәрменде бастап келед үйірін, Оқ буыннан үзіп кеткен сүйретіліп аяғы. Бір биікке шығып олар шолып еді жан-жақты, Күздің желі үрлеп-үрлеп үстерінен шаң қақты. Нұрила Қызықанқызы

Кеше ғана үркіп қашқан ізі жатыр жосылып, Үстінде оның көп нүктедей тамшылаған қан жатты. Қоңыр аңға қиянат қып қорықпаған күнадан, Анау жерден оқ жаудырған, шыға келіп бір адам. Бейғам аңқау бөкендердің зәре-құты қашқан-ды, Қолды болып серіктері жараланып құлаған. ...Жо-жоқ, шын жау емес шығар, ұрынды ма жаңсаққа, Қоңыр аңдық қоңыр мінез жүгірткендей әр саққа. Серке бөкен сілейіп тұр бір төбеде көз салып, Қарайды олар анау жерге шошынып та, аңсап та. Анау жатқан бұдырмақты бұйраланған өрістен, Бойларына күш жинайтын орғып өрден, еңістен. Анау қойнау думандатып түскен жері үйірге, Қоңыраулаған қоңыр күздің шаттығын бір бөліскен. Анау жерде лақтары асыр салған секеңдеп, Шуға түскен құзғынға да жүгіретін жетем деп. Қыстың қыры батпайтындай жондарына май жинап, Бүйірі өсіп, үйірі өсіп жататұғұн мекендеп. Анау жатқан қара адырды-топырағы құнарлы, Қаншалаған қоңыр аңдар қандарымен суарды. Кең жайылым жатыр әне көзге оттай басылып, Мұрын жарып жусан иісі қандыратын құмарды. Бөкен үйірі солай тұрып, шарлай қарап мекенін, Сезінді олар қай жағдайда қия алмайтын екенін. Арт жағына қалдырды да бұрқ-бұрқ еткен ақ шаңды, Тартты олар бетке ұстап қоңыр таудың етегін. Кеше ғана шыбын жанын ала қашқан жер еді, Бүгін қайта сол жерді аңсап арып-талып келеді. Туған жерді жан-тәнімен сүю содан артылмас, Сары дала, бөкендерің неткен сенімді ер еді! Нұрила Қызықанқызы

Жершілін-ай маңғаздың Жаздың алғаш кезі еді, келген орта жайлауға, Көк қуалап төрт түлік көнбей жатты айдауға. Кешке жақын өрістен әкелгенде малдарды, Қара атанды көндірдік бұйдасынан байлауға. Мал өріске беттеді сөгілгенде ала таң, Жас құрақтар жабыла жайған сынды алақан. Жұла тартып сілбісін мұрын жырып кетіпті, Жоқ боп шықты орнында байлап қойған қара атан. Жалғыз белгі шоқпардай қан ұйыған сілбеге, Қандай қысау түсті екен мұрнын жырды бұл неге? Аю, қасқыр тимеген тыныш өткен түн еді, Қорашы ит те үрместен ұйықтап жатқан іргеде. Барар жерді түгендеп ат зорығып сабылды, Ғайып болып қара атан түгетті әбден сабырды. Түсті үстіне бір күні өріс шалған шолғыншы, Иен жатқан ел бармай, төр жайлаудан табылды. Жатыр екен қара атан баяғы өз жұртында, «Күрс-күрс» күйіс қайтарып, шөп толып тұр ұртында. Іш жимайтын секілді тапқан соң өз мекенін, Пұшырайып кеңсірік, бұзылғанға түр-тұлға. Көш үстінде арттырған салтанатын сан жаздың, Қайсарлығы етпеген қай уақытта жанды азғын. Сағынғанда сар жұртын мұрын жыра бұйда үзген, Қайтауылға салса да жершілін-ай маңғаздың. Нұрила Қызықанқызы

Құла айғырдың ерлігі Хал-жағдайын шаруаның сұрай білгім Келді де, сөздің басын былай бұрдым: Үйірде жылқың қалай? Десем, бауырым, Берді айтып хикаясын құла айғырдың. Айбарлы құла айғырға сенім байлап, Жіберген отардағы тебінге айдап. Түгендеп қайту үшін жылқы үйірін, Шығыпты бір құр аттың терін майлап. Жетіпті қысқы отарға төте жүріп, Арқан бой күн шыққанда көтеріліп. Қондырып кірпік, мұртқа ақ қырауын, Ызғырық-дала итіндей кетеді «үріп». Ақ қарды бұрқыратып желіспенен, Түседі жылқы ізіне өрістеген. Бір иен кең қойнауға барған екен, Қоршалған бұдырмақты керішпенен. Жүрісті ат санға қамшы салдырмаған, Келеді тері қатып қарлы ызғардан. Үйірі құла айғырдың қарауытады, Жапанда қара қостай жалғыз қалған. Емес-ті жетіп барса жусағаны, Жылқыны суып тұрған бу шалады. Үйірін ұршықтай қып үйіріп ап, Мөлдір тер құла айғырдан суша ағады. Құла айғыр сонша неге қызба тіпті, Ұзақ таң шапқылаған із жатыпты. Кежімдеп ақ сауытпен қойғандайын, Үстіне бір елі боп мұз қатыпты. Нұрила Қызықанқызы

Қызынған құла айғырдың күші, қаны, Бар еді мама бие, қысырағы. Он бір бас ірі қара ұйлыққанда, Бір жерге қос орнындай қысылады. Құла айғыр айнала оны шапқылаған, Қар жатыр тұяғымен атқылаған. Түсіпті дөп-дөңгелек бір күре жол, Иленіп қара топырақ батпыраған. Тигенде ата жауы алыстан кеп, Азынап сес көрсетіп алысқан көп. Дес бермей қасқырларға айбаттанып, Құла айғыр көрінгендей арыстан боп. Тұр екен анадайда қасқырлар да, Бата алмай ұйымдыға қас қылғанға. Көрген соң суыт келген атты адамды, Жөнелді батпағандай бас бұрғанға. Айқайлап қасқырларға қашқан шұбап, Ұстадым құла айғырды бастан сылап. Елжіреп маңдайынан сүйе бердім, Көзімнен кетті деді жас тамшылап! Нұрила Қызықанқызы

Адаспаған көгершін Ақ қағазға төккенімде сияны, Қиял шіркін шарлайды сан қияны. Әсерлендім көгершінге қанатты, Сүйе білген түлеп ұшқан ұяны. Туысшылап бардық алыс ауданға, Өр Алтайға алғашқы қар жауғанда. Қайтарымда қолқалады бір сауға, Бала көңілі көгершінге ауғанда. Жомарт туыс ұстап бір жұп кептерді, Өбекке сап жиеніне өткерді. Алып жүрдік тұмшаланған қапаспен, Көре алмайтын күре жолды, өткелді. Айырғандай аспаннан да, жерден де, Шағын қапас тар шығар-ау көрден де. Жаутаң көздер көрді дүние жарығын, Ұзақ жолдан үйге бірақ келгенде. Келген кезде бес жүз шақырым жол басып, Жұп кептерді шығарып ек торды ашып, Ерке балам тізесіне қондырып, Ойнағанша көгершінмен болды асық. Тиме, балам, кешке олар да дем алсын, Дедім оған, ол да ерке құс, обалсын. Шашқан жемді нарау шұқып жатырқай, Қанаттарын тарай берді көгершін. Сылап-сипап мейірлене бір еппен, Қамап қойдық, кетпейді деп клеттен. Сүйкімді екен көгершіндер соншама, Баланың да балғын ойын түлеткен. Нұрила Қызықанқызы

Таңертеңгі шайға отырдық ертеңі, (Бала ұйқыда жапқан жылы көрпені). Ұзақ жолдан келіп тұр бір телефон, Қоңыраулап әсем күйді шертеді. – Үай! Аман жеттіңдер ме, хал қалай? Джип машина емес шығар арбадай. Кептерлерің қашып кепті, міне, тұр, Жылар ма екен, жан жиенім, қарғам-ай... Қамағына барсақ рас қашыпты, Алақандай боздық қана ашық-ты. Адаспапты, қайтып тапты ұясын? Көңілімізді толқындатты, тасытты. Лап еткендей ойға түскен ұшқынға, Жыли бердім ыстық сезім құштым да. Түлеп ұшқан өз тұғырын, Біз тұрмақ, Қимастығы болады екен құстың да. Бірер сағат аялдамай бұл маңға, Шыдамады-ау жат қолында тұрғанға. Өз ұясын санады ғой бейішке, Өз иесі шалса-дағы құрбанға. Әже арманы Кемістігі демесек те күн дағын, Ерітпейді неге қарын шыңдардың. Өз ауылының биігінде адамның, Өз аузынан шаққан мұңын тыңдадым. Су қараңғы қос көзі сәл жұмыла, Шертті әңгіме мен құмарттым сырына. Нұрила Қызықанқызы

– Жылай-жылай қос жанарым суалды— Деді әжей: – тағдыр алды қырына. Бой жетіп ем тоты құстай таранып, Отауға ие болдым, қалды балалық. Қосағымды ата салты қосса да, Бірімізді біріміз шын қаладық. Біздей тату өткен, сірә, жан бар ма? Тәтті күлкі ұласушы еді таңдарға. Мені көкке көтеруге арналған, Ұқсатушы ем оны биік заңғарға. Жігіт еді кесек біткен тұлғасы, Асыл еді мыңға бермес бір басы. Кім біледі «жазуыма тәңірдің», Екі жақсы мәңгі бірге тұрмасы. Оған, дәйім еркелеуші ем баладай, Екі бала туғаныма қарамай. Оның мейірі – шуағындай көктемнің, Оның пейілі – кең еді шексіз даладай. Дүниеде оған жан жоқ жететін, Айтып ем-ау болайын деп зекетің. Аяушы еді қайран тәтті күндер-ай, Алақанға салғандай боп өтетін. Кедейлік те жібермеді матап ап, Бірге тоңдық, бірге ыстыққа қапалап. Базарымыз – екі сәби бүлдіршін, Байлығымыз – болды таза махаббат. Кәперге алмай кәрін төккен заманды, Міне сондай болдық үйлі - баранды. Жаугершілік шықты, ауылым таланды, Бір-ақ күнде тартты алдым қараңғы. Нұрила Қызықанқызы

Менің ерім «алажатты жастығын», Жау да аямас қолдан келген қастығын. Әкетті алыс жаралы жас жігітті, Тірі айрылдым зілдей ауыр басты мұң. Қала бердім тарайғандай тынысым, Естімедім не өлі, не тірісін, Оны өлдіге жорымайды жүрегім, Зарығамын естуге бір дыбысын. Көтеріліп ел ішінде дүрбелең, Ауған елмен кете бердім бірге мен. Менің ерім «жолдастарын ертіп ап, Қашқан екен» деп естідім түрмеден. Шың шысайдан алған қулар көп жем жеп, Қуыпты оны торын құрып көп жендет. Айтты біреу маған оның «арғы елге Аман өтіп кеткендігін көргем» деп. Содан бастап батыс жаққа қарайлап, Сағынумен кетті уақыт сан айлап, Елу жылға таяу өмір солайша, Бүкірейтіп салды міне самайға ақ. Жиырма бесте қалдым, қайда қосағым, Келеді деп күндер, жылдар тосамын. Егер тірі қосылмаса басымыз, Дегенім бар ахиретте қосамын. Болды үлкендер қайынға да қаратпақ, Талай бойдақ түсті артыма далақтап. Көнбедім мен аздырушы «ақылға», Ішсем-дағы қара суды шалаптап. Ауыл биі көрсетсе де кеселін, Абысындар өршітсе де өсегін. Нұрила Қызықанқызы

Менің ойым жас баланы жеткізу, Таза сақтау жан жарымның төсегін. Соны ойлап михынатқа шыдаймын, Шыдаймын да тілек айтып жылаймын. Деймін мендей күнәсіз бір пенденің, Ақ тілегін қабыл алар құдайым. Ала жібін аттамадым өзгенің, Болды талай аш-жалаңаш кездерім. Соның бәрін артыма сап тек қана, Қосағыммен қауышуды көздедім. Екі балам әкесінің көзі боп, Бал тілімен мені уатқан кезі көп. Кейде оның күлкісінен селт етем, Қалғандай боп әкесінің өзі кеп. Көрер ме екен оны енді қыз-ұлы, Қызық көр деп қолдар ма екен қызыры. Арамызды бөлді мына дүниенің, Тас обалы шекараның сызығы. Аман болса бізді қалай ұмытар, Оның көңілін тек қара жер суытар. Мүмкін әлде тұсау кетпей аяқтан, Болды ма екен қайрылуға күні тар. - Кім біледі...деді әжей бір тынып, Әжімді өңі кетті бірден құлпырып. Өмір бойы тұрған жүрек ынтығып, Күрмешеден білініп тұр бұлқынып. Торлағанмен қалың әжім қас-көзін, Қаз-қалпында сияқтанды жас сезім. Көргендеймін сұңғақ сұлу қызынан, Мына әжейдің балғын жүзді жас кезін. Нұрила Қызықанқызы

Деді әжей: өсті міне немерем, Кәрі жаныма тағы алданыш береді өң. Оларды «өгей» атандырмай жеткіздім, Әкесіне борышым ғой төлеген. - Таң менің түсіме көп кіреді, Десем кейде балаларым күледі. Жүзін түстеп көрмей қалған сәбилер, Оның қадырын бұлар қайдан біледі. Ал мен оны елестетем әрдайым, Қарайлаумен көздің тауысып бар майын. Балаларға айтпай іштей әр жылы, «Шүйінші де», «ақсарбас та» арнаймын. Ақша жүзім солды қурап жүдедім, Кетті жазым, Енді қалған тілегім Арманым не «келдің бе» деп көз жұмсам, Көкірегіме қойып оның білегін. Жүрген жердің қарап тау мен тасына, Қанша күттім оны өмірден асыға. Әлі күнге үміттеніп келемін, Тосатынан келіп қалар қасыма... Десе әжей келіні қалды «мырс» етіп, (Құр қиялдың құны бар ма бір сәттік) Жетпіс беске келген әжей арманы, Білмегендей бар дәурені тұрса өтіп. Неткен ұлы сезім еді ол сөнбеген, Махаббат па? Ұзақ жылды жеңбеген. Жарға адалдық қадырын бек асырып, Орнын биік көтеріп тұр өңгеден. Нұрила Қызықанқызы

Силағандай өмір оның ниетін, Балаларды аялайтын, сүйетін. Ару ана шаң жұқтырмай өзіне, Ақ шылауыш, аппақ көйлек киетін. Әсерлендім махаббаттан бұл тұнық, Жатты ойымда тағы жаңа жыр туып. Таза арына куә болған әжейдің, Ақ көйлектен алар ма еді ту тігіп. Тағдыр оған тағы жүз жас силасын, Ойлай берсін ол аяулы қимасын. Үзбесе екен суық хабар, суық сөз, Арман алға тартқан сезім бұйдасын. Нұрила Қызықанқызы

Мүсілімжан Шәріпқанқызы Мүсілімжан 1952 жылы Тарбағатай аймағы Толы ауданының Жайыр деген жерінде дүниеге келген. Ол қаршадайынан бастап қиса, дастан жаттауға әуес болды. Тырнақалды туындысы «Бестерегім», «Өкініш» атты өлеңдері 1982 жылы «Тарбағатай» журналында жарияланған. Содан бастап қазірге дейін мыңнан астам өлеңдері, 20-дан астам поэмасы, 11 зерттеу мақаласы жарық көрген. 1993 жылы «Іле айдыны» журналында жария­ ланған «Тарланнан табылған тақырып» деген толғауы үздік шығарма ретінде жоғары әдеби сыйлық алған. 2007 жылы Іле облыстық халық үкіметі тарапынан «Әдебиет-көркемөнерге үлес қосқан үздік ақын» атағымен марапатталған. Ол облыс, аймақ, ауданаралық айтыстарда 14 рет жүлде алған. Мүсілімжан Шәріпқанқызы Шыңжаң Жазушылыр одағының, Іле-қазақ облыстық жазушылар одағының, облыстық ауыз әдебиеті одағының мүшесі.

Таңжарықтың тоғысып жүз жылымен (Поэма) Өмірде сенім-мұрат арман ұлы, Ғаламат мұны адамның аңғаруы. Көктеткен ой самырсын өлкесіне, Өлмейді туған елдің Таңжарығы. Құзырлы бар ғұмыры, бар дәуірі, Сақталған зердесінде ар қадыры. Қажырын қайсарлықтың мұқалтпаған, Жауының кезелсе де қандауыры. Керемет өлмес ғұмыр жалғануы, Кісілік киесінің талғамы ірі. Ғасырға қасиетін таныстырған, Жасайды ел есінде заңғар ұлы. Сөйлесе кешірмесін «түрме халы», Қажымас рухынан тіл қатады. Кездігін кекке жанып алмас тілдің, Жүректен дабыл даусын тыңдатады. Алса да қатал тағдыр шеңгеліне, Ілескен айбатты сыр керуеніне. Аманат омарта ойын тастады ма, Адырлы ақөзеннің белдеріне. Ұшырса айдын көлі шағаласын, Ақынныың елестетті салауатын. Ақөзен толқыныңнан сыр ұғайын, Асқарың Таңжарық боп саналатын. Ақөзен, Таңжарыққа нар анасың, Байлаған балдырыңа шаранасын... Көкірегін қақ айырса елім-айлап, Сызатын жүрегінің жамағасың. Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Ақынға дарытпайсың тегін айбат, Мәнді өмір кешкені хақ елім-айлап. Қамалын қастандықтың бұзсам-ау деп, Кектенген қас жауына кегі қайнап. Ақөзен - Таңжарықты туған мекен, Демеймін ел мейірін нұрдан бөтен. Жарысып желмен бірге жеттім саған, Әз халқың ар-намысты ұжданды екен... Жол алғам саған қарай сәтті күні, Естіліп елеңдеткен ат дүбірі. Көрсетті меймандостық пейілдерін, Тәкеңнің туған елі бақ тұғыры. Ақ пейілі ақсамалдай сүйді беттен, Тәкеңді сол дарқандық тұйғын еткен. Жайсаң ел ақөзенде тірлік еткен, Айналдым сендердегі шын ниеттен. Өмір-ай, сынаптайын сырғып өткен, Сан ақын сыбағаңды жыр қып өткен. Ойнатып бір күні мұз, бір күні отпен, Сынағың мұңлық еткен, сұңғыла еткен. Таныстым еліңмен де, жеріңмен де, Сырластым желіңмен де, серіңмен де. Түсіндім ерен елдің сағынышын, Ақ жауын аспаныңнан төгілгенде. Тарихың алып таумен кіндіктесіп, Таң қалдым жатқан елге тірлік кешіп. Сыйлапты-ау асқақ дарын ардагерге, Кір жуған құт мекені кіндік кесіп. Сырлы аймақ құзырың мен киең десем, Жаныма жыр сыйладың өртеңге тең. Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Ақ тілеу, ақ дәміңе ортақ еткен, Шәрбәтті ел шарапатты киең бе екен... Тербеліп ырғағымен ақ батаның, Басталған ақ өзенге ақ сапарым. Туған ел ақ жол тілеп аттандырған, Аруағы қолдасын деп жақсы атаның. Сәлемін арқалатып маған ел көп, Сыйлаған мол ырыздық бағалы еңбек. Тілеулес сапарыма болған елім, Жасымнан тұлпарлардан қара көр деп. Мирасым әке көрмек, ана көрмек, Зердемнен сыздыратын сарана өрнек. Есімде ескерткені қарттарымның, Сарқытын Таңжарықтың ала кел деп. Ойыма сонда түнеп еңселі ұғым, Желдірттім желмаясын ертегінің. Қондырған нағашы ағам биялайға, Қыран құс болды менің жол серігім. Жүректе ақ сәулелі тербеліп ән, Болғандай сезінемін мен де қыран. Жол болсын жолаушыға айтатұғын, Мәңгілік ата дәстүр өлме мұрам. Жаратқан келбетіңді даралаған, Бойыңнан күмбірлі күй, тараған ән. Ақ орда қос аққуға бағалаған, Ақөзен аумағына тағы оралам. Арысын арда емізіп аялаған, Ақ тұмаң басталды екен қай арадан? Көп екен көрегендер, көне көздер, Еншісін езудегі аямаған. Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Болған ем соларменен несібелес, Оралды кеңесінен есіме елес. Ойымды отарлатты соны аумаққа, Дариға-ай, шежірелі осы кеңес. Елеңдеп бар жайыңа сұрастырдым, Жетсем деп байыбына сынап сырдың. Әйтеу бір тілсыматтың бәр-бәріне, Зерделеп құмартумен құлақ түрдім. Шежірең шертілетін мың қатпарлы, Қарттарың қазыналы сырды ақтарды. Көңілінде естілердің құндақтаулы, Мен үшін шешуі жоқ жұмбақ қалды. Егей ел, ақылман мен данагер көп, Ойымнан орын алдың дара боз боп. Жұмбақ сыр шерте берді қариялар, Шырағым таудың үсті қара көл деп. Арқаулы ел ұлы тауда өсіп-өнген, Қиялым асу асқан көшіңе ерген. Қалыпты қойнауыңа дән шашылып, Тірлікте теріп жейтін несібемнен. Естісем шежіреңді аңыстардан, Аңсадым тіл келуді сауысқаннан. Арқау боп Әшім күйі, Тәкең жыры, Ақ тілек, арнаулы ой, қауышты арман. Су бүркіп кіл сезімнің қолтығына, Өмірдің шомылдырам толқынына. Көл жайлы қиял кешкен сәттеріме, Ақ бас шың асау өзен болшы куә. Көл жайлы кім айтар деп дерек маған, Тілдесер пенде іздеумен дедек қағам. Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Тұңғиық сыры жұмбақ хикаяға, Құмарта қалады екен ерекше адам. Өмір-ай, сенен өлмес сабақ алам, Талапсыз тиянақты ой таба ма адам. Дананың даналығын даралаған, Ақөзен болсын тауың, далаң аман. Тау деген талғам іздеп мағынадан. Үкілі үмітімді тағам оған. Архиві тарихымның асқар тауым, Тірлікте болмаса екем саған алаң. Болса да жерге ынтығым, елге ынтығым, Ұға алмай кетіп барам көлдің сырын. Сұрау сап жоғалғанын іздейтұғын, Із қуған қарауылдан шолғыншымын. Жудырып жанарыңның мөлдір шығын, Ақ сезім, ақ сазандай көлге ыршыдың. Қондырдың қиялымды құз басына, Орап ап арасына ой бұлтының. Серуенім өтсе-дағы маңдайлаған, Қара көл сырларына қанбай барам. Қарасы қылаң беріп шалғайлаған, Сыр үшін жүрек бар ма сарғаймаған. Жетелі сыр шағайын желге барып, Сертіне жете алмаған пенде барып. Қондырған төбесіне қара көлді, Қайтайын тау арманын теңдеп алып. Ұрпағымын заңғармен тілдес елдің, Теңдессіз тектілігін үлгі етермін. «Ұзын арқан, кең тұсау» үміт деген, Сенемін, көл сырына бір жетермін. Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Бір күні көл, бір күні сел кешермін, Талай сырлы жұмбаққа кездесермін. Бота тарих боздаса боз далаңда, Жоқшың болып жоғыңды көздесермін. Осылайша беремін сенім елге, Жетелейді сертімнің сенімі өрге. Қиялымды қыдырттым қара көлге, Үмітімді шығарып сері белге. Үмітімді шығардым сері белге, Сенім-мұрат сертінен шегінер ме. Ғашық әнін шырқаған қол ұстасып, Анар-сәуле сағым боп көрінер ме. Қорғасындай көңілім ерігенде, Ару сезім ақ таңда көз ілер ме. Аңсау деген азапқа араласам, Жерінен бе, ақ жарқын елінен бе? Болатұғын жаныңа ізгілік ем, Таң сәулесін жамылып үздігіп ем. Арман ойды айдынға жүздіріп ем, Таңжарықтың тоғыстым жүз жылымен. Бірлігіме мақтанған тірлігіме, Дәм тартып егей елден сырды ұғып ем. Көп сәлем той жасаған торқалы ауыл, Түтіні түзу ұшқан түндігінен. Таныс қып тарихыңның шындығымен, Ақынға шалқар шабыт тудырып ең. Арыстың бір ғасырлық мерейіне, Марапат арнамақпын жыр гүлінен. Жаюлы жапырақ жүрек сыбдырымен. Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Қараша үйім, қасиетіңнен айналам Қараша үй, қара орман, қара халық, Қараша үйде өскенім саған анық. Жаңа жейде кигенде байғазы үшін, Бір тананы мәз болғам қадап алып. Ұялаған қадырың кіл санаға, Бұлай десем қайбіреу мін таға ма? Өңіріме әз әжем қадап берген, Алтын құны жете ме ши танама... Шалғайлатты сол шақтан міне ғұмыр, Қараша үйім жаныммен тілегі бір. Қасиетіңді тануым қалай болмақ, Саған арнап жазбасам сүбелі жыр. Қараша үйде жайым бар үлгі ап ұшқан, Озған едім бір адым қыз жарыстан... Тілеуімді тілеген қара орман жұрт, Жыр дарытқан жаныма, нұр дарытқан. Қараша үйдің салты бар миға сіңген, Әлпештедің қараша үй мирасыңмен. Жақсылыққа жанымды жалғап еді, Шетсіз, шексіз шежіре тыңдатумен. Қараша үйдің аумағы арман алаң, Ақ тілегін жүретін жалғап анам. Қараша үйдің сүзілген түндігінен, Ай сәулесі жүзімді аймалаған. Қараша үйім көңілге шаттық екті, Жан азық қып жақсы сөз, жақсы лепті. Көкіректің көзімен іздеттірген, Айсыз түнде аталар ақ сүйекті. Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Табындырып талғампаз ғұлама ойға, Баулу солай басталған қыран ойға. Тепкешекті тебінтіп тай мінгізіп, Шынықтырған жарыс қып құба жонда. Қараша үйім түлеткен қыран баулып, Құзырыңды зердеме жиям нәр қып. Азап шегіп жүрсе де ортаймаған, «Кетпес ырыс, кең пейіл, ұямнан құт». Ойға қанық биікке құмар адам, Айып таққым келмейді бірақ оған. Дала иісі аңқыған қараша үйім, Кем көрмеймін мың қабат мұнарадан. Қараша үйдің тарихы киелі архив, От тамызған аналар тілек айтып... Ғасыр көшін жалғаған қараша үйім, Салқар көште шаңырағын түйеге артып. Кілең бақыт өмірде болсын қайдан, Өшіргенім кешпес мін дертіңді ойдан. Егіз көрген бейнетің бақыт, сорың, Ақтабанда жазылған теңсіз майдан. Сыр шертілсе көңілдің кетігінен, Ен бақытқа жүрмедік жетіп үнем. Еске алмауға дәтіміз шыдамайды-ау, Ерлеріңді су кешкен етігімен. Қараша үйім намысты, арды ұқтырған, Қараша үйде батырға нар күш туған. Әділдікпен еліне жарлық қылған, Қараша үйде Абылай жарлық құрған. Қараша үйде қанша таң бақ боп атты, Қанша ерді арулап аққа оратты... Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Тағдырыңның қостың-ау талқысына, Ақ бас атан жыр қылып ақбоз атты. Ізгілікті аңсайды-ау көксеп кісі, Үміт теңдеп арманға жетпек күші. Қараша үйдің байланған белдеуіне, Жәнібектің серігі көк бестісі. Ой шүңеті тартады ары қарай, Сондағы елдің болды деп халы қалай? Тұяғыңнан кетілген тасқа басып, Табар ма едім бір сынық жануар-ай. Қолымызды созсақ та айға бұл күн, Күбірлейді таңбасы бармақ іздің. Тұлпар шықса атындай Марғабылдың, Жабыспасын сауырына қарға-құзғын Биікпенен теңшейтін аласаны, Қараша үйдің азайды қара шалы. Бұйда, сілбі кетпесін мұрыныңнан, Қараша үйдің поезі – қара атаны. Қара тауда ап айқын жол жатқаны, Қараша үйдің жазылып сорбақ табы. Болашақтың межелеп жорамалын, Неткен ғажап асанның жол бастауы. Араласар игі іске білек түріп, Қараша үйден басталған тілек тұнық. Қиындықта етпесең жүректілік, Аһ ұрасың амал не жүдеп тынып... Жатқаны ырас өмірдің заңы алмасып, Азапты ойдан түнейді жанарға шық... Қараша үйден сескенсе ұрпағымыз, Жүруі хақ адамды алаңдатып... Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Кейде ойлаймын мәзбін деп несіне мен, Ой теңізін өлсем де кешіп өлем. Жалғасам-ау ұрпаққа бір ауыз сөз, Қараша үйдің тарихын оқы деген. Кесірлерден кетер ме сонда арылып, Қапияда қыран жүр торға кіріп... Қараша үйден сөйлейді боздақ үміт, Белең-белең адырлар қойнауы құт... Қараша үйді ұрпақтар жатырқама, Кетті деме әр шөптің басын шала... Бабаң өскен киелі қараша үйді, Тұғыры деп тегімнің асыл сана. Құм санауды үйретер өз дәуірің, Қара таудың алдымен тасын сана. Қараша үйді, қарғашым, жатырқама... Кішігірім іске бөлме көңіліңді Махаббаттың таппадым деп арайын, Еңіреумен қаттың қалқам талай үн. Суыртпақтай сетінеген көңліңді, Қайсы ауылдың қиығымен жамайын... Құтқар дедің қалқам мені осыдан, Пікірге бұл қайтып оңай қосылам. Тез оңатын кей мінезден көшпелі, Кездерім бар жан түршігіп шошыған. Кейи көрме бәр-бәрін сал ақылға, Ұсақ істің бәрін шығар жасынға. Нәрестеңе жетімдік ат келтірме, Өзің жесір атақ алма қапыда. Мұндай атақ емес саған мүнәсіп, Махаббатың тұрсын, күнім, гүл ашып. Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Мажыраға үйірсек боп қайтесің, Қосағыңмен егерлесіп, сынасып. Өксітуге қиямысың өміріңді, Кішігірім іске бөлме көңіліңді. Жас отаудың маңайына жолатпа, Араздықтан азаптайтын шер-мұңды. Шыңырау бар табаныңның астында, Табасы бар досың менен қастың да. Жалаңдаған қызыл тілді қасқырға, Жылы ұяңның босағасын бастырма! Сүйреңдеген ызғары бар тілдерге, Алданамыз еріп кетіп біз кейде... Әпжыландай арбайтұғын кезі бар, Көз алдыңда күліп тұрған бір бейне. Баянды бақ қону қайда теп-тегін, Шешімі бар ашу менен өкпенің. «Дос жылатып ақыл айтар» деген бар, Кешіре сал жарыңнан сәл өтсе мін. Сын сағаттар сабақ өткен талайға, Жүрегіңнен орын берме тар ойға. Бауырыңдағы кінәсі жоқ сәбидің, Болашағын өзіңмен тең абайла! «Әулие екен білген адам қатесін», Ақ сәбиге жатырқатпа әкесін. Қандай бақыт бала үшін тең көру, Әкесі мен шешесінің мәпесін. Қарғам, саған бұдан артық не дейін, «Нар жығылса әтшу депті егейің». Көңіліңдегі боларболмас сызатты, Жақсылықпен жамап қана берейін, Жүр, күнішім, отауыңды көрейін... Мүсілімжан Шәріпқанқызы

Әзия Мағыперқызы 1964 жылы Буыршын ауданының Қалутон деген жерінде дүниеге келген. Шыңжаң радио-телевизия университетінен білім алған. Қазір Буыршын аудандық мәдениет үйінің орынбасар бастығы. 1992 жылы «Ұстаз анама» атты тырнақалды туындысынан кейін түрлі басылымдарда өлең, толғау, поэмалары мен әңгімелері жиі жарияланды. «Мен жалындап өтемін», «Алтын тау салтанаты», «Іле салтанаты», «20 ғасыр: әдебиет қамбасы» сияқты альманахтарда жарық көрген өлеңдері Қытайдағы қазақ оқырмандары тарапынан жоғары баға алды. Оның «Жалғыз қайың», «Қыздың жанын аяла», «Қасиет ізде ғаламнан» атты жыр жинақтары бар. 40-тан астам өлеңі ханзу тіліне аударылған. 40-тан аса ән сөзін жазған. Әзия Мағыперқызы 1999 жылы қыркүйек айында Қазақстаның Астана қаласында шетел қазақтарының арасында өткізілген «Армысың, атамекен!» атты жыр мүшәйрасында Бас жүлдені, 2000 жылы Алтай аймағында өткізілген 13-кезекті ақындар айтысының жыр мүшәйрасында арнаулы сыйлықты иеленді. 2003 жылы Іле-қазақ автономиялы облысындағы наурызға арналған жыр мүшәйрасында жеңімпаз атанды. 2006 жылы автономиялы район бойынша қазақ-қырғыз жазушыларына арналған «Тұлпар» сыйлығын еншіледі. Әзия Мағыперқызы Шынжаң Жазушылар одағының, Іле облыстық Жазушылар одағының, Алтай Жазушылар одағының мүшесі.

Ана-жер, айғағы ол ақ сүтіңнің Туған жер тұнық ауа, жырау далам, Мен аунағам кеудеңе, күн аунаған. Әкем сендей әлдилеп көрген емен, Дәл сен құсап кешпейді кінәмді анам. Кезінде биігіме шыға алмаған, Ана-жер, арда есімің ұран маған. Ақ сәулеңе оранса дана тәнің, Ертеді ерке аққуың балапанын. Қызың едім құзыңмен теңестірдің, Болмаса жусаныңнан аласамын. Әулиеден аумайтын қарттарыңнан, Бата сұрап жаюлы алақаным. Өмірдің аман өтіп кілтеңінен, Жеткемін бір сенімге бір сенімнен. Ертеңіңді көремін дидарыңнан, Сырласып шолпаныңмен, үркеріңмен. Жаныма жауыныңнан жыр себілген, Жасымды ақша бұлтпен сүртемін мен. Қызына қызықты өмір тілемес кім Қызығын сенде қудым қыз елестің. Өзенің мен көліңді айна қылып, Талшыбықтай бойымды түзеп өстім. Жаным жұпар шашады жалбызыңдай, Қызыр тұлға тауыңмен тізелестім. Таба алмасам шешімін сұрақтардың, Сыбырынан ой таптым құрақтардың. Саумал самал аймалап самайымды, Көкірегіме сәулесі құлап таңның. Жадыратып тастайды жабыққанда, Бейуазымды дегендей жылатқан кім. Әзия Мағыперқызы

Туған жер, арман қуған ақ құсыңмын, Ақ құсыңа саялы бақты ұсындың. Өзіңде туған ұлға ғашық қылып, Куәсі өзің болдың тәтті сырдың. Мәңгілік кір шалмайтын ақ мүсінмін, Ана-жер, айғағы ол ақ сүтіңнің. Бастауыңнан, бұлағыңнан сусындатып, Тірлігіме сыйладың тылсым бақыт. Қажығанда қанжарын қайратымның, Тастарыңа қайраймын қылшылдатып. Жер ұйыққа апарса жерсінбей мен, Саған жаяу келемін күн-түн қатып. Әлек емен білмейтін әлімді мен Алтай асыл жаралған ғаламаттан, Ұрпақ үшін ел мақтан, дала мақтан. Киік болсам Алтайдың киігімін, Көк жиекті бетке алып бара жатқан. Алтайменен арайлы аспан асты, Кешірмесін кешегі ел тасқа басты. Үліңгір мен Қанастың бетіндемін, Аққу болсам арман-ай, ақ қанатты. Мен бірақ аққу да емен, киік те емен, Даңқымен дана таудың биіктегем. Еркін өскен елгезек есті қызбын, Қоңыр самал маңдайымды иіскеген. Әлек емен білмейтін әлімді мен, Ойларымның жиямын нәрін кілең. Арым ақ, ойым тұнық, сезімім от, Көңілім көктем, жаным жаз, қаным күрең. Өкпем болса назбенен түсіндірем, Мықты емеспін көрсетер күшімді мен. Әзия Мағыперқызы

Жер бетіне салмағым түседі-ау деп, Қиялдан қанат жасап ұшып жүрем. Туған жерде биіктеп шалқып төбем, Өсіп келем тамырым тартып терең. Қызыл алма секілді жүрегімді, Ана жердің аузына аршып берем. Ілеге тойға бардым Той жайлы тоқсан толғап ойланар кім, Топқа ілесіп Ілеге тойға бардым. Жапыраққа жазылған жан сырым бұл, Бой тұмары осы жыр бойдағы ардың. Ең әуелі қарсы алды Сайрам күліп, Сауға ұсындым Сайрамға айдан жұлып. Кеңсай қыздың секілді өмір жолы, Арда таулар сияқты арман жігіт. Тарихы боп көрінді талқы маған, Намысымен танытар нарқын адам. Тәңір жыры тәнті еткен Таңжарықтың, Халқына дәт, қалдырған артына ән. Қалаң-дағы, далаң-дағы, балаң-дағы, Қасиет жақсылардың жан арманы. Бағыңдағы тәтті алма секілденіп, Ерте пісті тәтті ойлар санамдағы. Қызарып қырдан асқан қырмызы күн, Қылығындай қымбатты қыр қызының. Орда тіккен осынау арда алқапқа, Қызай деген ананың бір қызымын. Әзия Мағыперқызы

Естілгенде қыраттан қиқулап ән, Әсетті іздеп сандалған сиқым жаман. Ұлыма тұлпар болар тай мінгізді, Таң алдында түсімде үйсін бабам. Күлтелі мекен екен Күнес деген, Самалы санаңа да, жүрекке де ем. Мынау сайын даланы өрнектеген, Күнестіктер не деген күрескер ең. Суреттеуге тіл жетпей наратыңды, Шабыт дейтін талдырдым қанатымды. Ақын жырын ақ самал тәңір таудан, Жайырдан, өр Алтайдан ары асырды. Ақөзенде ойнаған ақ шағалаң, Шабыт берді шалқыған шақта маған. Көкөзенді көргім кеп көксеп кеттім, Әдемі ән шығарған аппақ анам. Ақ толқындай толқимын Іле десем, Ілеге тек ізгілік тілеп өтем. Мысыр менен бейстің арасында, Мұндағы ел көшіп-қонып жүреді екен. Іле десем ілеспей жырыма мұң, Тамырымда тулайды тұнық ағын. Ұрпағына қалдырып ұжымақты, Архивінде жатпай ма ұлыларың. Сыйлайтын шаттық жайлы кілең өлең, Аруақты мекен екен Іле деген. Біреу маған жүр десе Іле жаққа, Көрден де көзімді ашып түрегелем. Әзия Мағыперқызы

Иығыма анам тас қадады Шалмасын сана дейтін мүшеңді мұң, Сенен ылғи ізгілік күтем, күнім. Жер бетінде пәле көп, абайлап жүр, Деп анам биыл сенің мүшел жылың. Иығыма қап-қара тас қадады, Түйіліп мейір толы қас-қабағы. Мынау кие бұлақтың тасы дейді, Киеден пәле-қаза жасқанады. Ине ұстаған қолдары діріл қағып, Деп күрсінет сендерсіз күнім ғарып. Бұлақ жайлы бастады хикаясын, Әмірдей ана тілін тұрмын бағып. Арқалаттың армандай жаныңа жүк, Ілінбесін илаһим таңыңа бұлт. Қапияда аңқау аң қақпан басса, Сол бұлаққа аяғын малып алып. Кетеді екен шырқырап шыңға қарай, Қандай ғажап таза ауа тұнған арай. Анамын, жатсам тұрсам алаңдаймын, Сені түсіп кетер деп шырғаға қай. Жырың жаудыр сөнбеген жан аптабың, Сол қалпыңмен түсесің сарапқа мың. Серілері аспанның жараланса, Сол бұлаққа малып ап қанаттарын. Табады екен аспандай өз биігін, Құрастыру хикімет сөз қиынын. Деп тынды да күбірлеп тілек айтты, Көк жиекке көлбетіп көз қиығын. Әзия Мағыперқызы

Өмір айдын қолымда жыр ескегі, Өлең еттім шықтың да дір еткенін. Көзбенен сұқ қадалса көкірегіме, Тірілдіріп алады тілек мені. Маңғаздан мұң, ән естісем масқарадан, Кірпігімді тұп-тұнық жасқа малам. Туған жердің бір түйір тасы мені, Бар пәледен жүреді сақтап аман. Сенен бөліп көрген жоқ сенім мені Екеуміз жазды күні кездесіп ек, Өтеміз мәңгі бір деп тез бекіп ек. Санамда абыз алқап күй сарыны, Сарнайды солғанымен өзге сурет. Бежеңнің бебеулеттің «арман-айын», Кіл тынып тыңдап еді бар маңайың. Тімтініп ғажап сонда миымды мұң, Күрсініп жаздың күттім таңғы арайын. Арай сүйген алқапты ұнатқамын, Түседі екен құлпырып құраққа күн. Киелі екен кіндігің кесілген жер, Сүйеді екен мұзтауды жылап сағым. Күймен, әнмен әдемі таң да атып ед, Сол бір кеш әм қуаныш, әм қасірет. Сүйген бала сен едің құдашасын, Күйге айналып кеткендей зарда тілек. Қимай қалдым, қия алмай аттанған ең, Әнші құстар сиятын бақтарға әрең. Кейін біздің ауылға көп келіп ең, Деме, оқырман, мынауың мақтан ба, нең? Әзия Мағыперқызы

Келетін ең кемінде апта сайын, Ойнақ салып кертөбел, ақ бақайың. Үнің ыстық, үзіліп бір келгенде, Бүгін түні деп едің, ап қашайын. Сұрамадым сумаңдап неліктен деп, Жыламадым кеудемді желік кернеп. Бір амалын таптым да жалтарудың, Тілегіңе келіскем жоқ. Таңдай қағып талығып таңды ұзаттың, Екеумізді тербетті алдына ап түн. Бау-бақшаның бар құсы ұйықтағанда, Кеттің онда демалыс жалғыз-ақ күн. Баяны жоқ бола ма тосын құрмет, Бар сырыңды берді айтып досың бір кеп. Боран соқса құмдарға нота жазып, Ерке Ертіске күй болып қосылдың кеп. Дәрменіңді дәстүрмен дәлелдедің, Жүргізеді әмірін әлемге күн. Бақидағы ағайың разы ма, Ақылды ма әдемі әмеңгерің. Бақ бола ма бағасы маған елдің, Тойған қашан құлқыны қара жердің. Көген көздеріңнің көз жасына, Тұншығып қала бердім. Есіңде ме екеуміз баратын бақ, Қалғитұғын құс әнін дала тыңдап. Өмір кейде желмен де жарыстырар, Төгілмей ме пернеден тамаша ырғақ. Сондағы бақ атында бейсенбінің, Жабырқап жалғыз келем кей сенбі күн. Әзия Мағыперқызы

Неге бүгін саялы ақ қайың жоқ, Деген үнің жадымда, еркем, күнім. Сенен бөліп көрген жоқ сенім мені, Самайымнан ақ қырау тебіндеді. Күй-бежеңнің рухынан қымсынамын, Терең-терең ойлаудан тегіндені. Аспан - арман, секілді дала - мұрат, Бақ құлазып, жүрмесін бала жылап. Түседі онда айдың да жанарына ақ, Мені алып қашасың қиялымда, У да-шу боп жатады манағы бақ. Қыз бен айдың қабағы неге сынық Қайдасың, тірімісің, Мен тау біліп табынған ірі мүсін. Күлік теріп жүрсің-ау күнің үшін Жүр соны біліп ішім. Сыртым күліп жүрсем де, ішім жылап, Арман дейтін көрген жоқ құсым құлап. Көлеңкемді серік қып серуендесем, Уыс-уыс жемісін ұсынды бақ. Жапырақты жамылып жеміс жедім, Мекенінде жүргендей періштенің. Не істедім, симайтын көңілдерге, Келіспедім. Бұлақ суын жұттым кеп уыстап ап, Бұлт астында ай тұрды күміс табақ. Жалп-жалп етіп жанымнан өте шықты, Бір торғай сынық қанат. Торғай кетті көгалға жасырынып, Болмай ма қыз адасса ақылы жүк. Әзия Мағыперқызы

Өлімтігін жасырар жер таба алмай, Анадайда кәрі төбет жатыр ұлып. Жаралы құс жалпылдап, төбет ұлып, Қыз бен айдың қабағы неге сынық. Сенделдірдің итқұсқа серік қылып, Кезінде берген сертің неге өтірік?! Жапырақ құлап, қыз жылап Сені сүйгем кезінде, Сорланып соны жасырдым. Көлеңкең қалды көзінде, Көлбеңдеп өткен ғасырдың. Серілігің кеткен секеңдеп, Ерлігің жайлы не деймын. Сүюді жырлап өтем деп, Сүлдері қалған егеймін. Алқалы нулы атырап, Қаңқалы таудың тұрағы. Жамылғы болар жапырақ, Мөлтілдеп жылап тұрады. Жапырақ құлап, қыз жылап, Мазасыз маңның нышаны. Жартастың бетін сызғылап, Қиянда қыран ұшады. Қыран да, қыз да өлермен, Жеткізу қиын тілменен. Сәулесін төккен төбемнен, Қарыздар екем күнге мен. Әзия Мағыперқызы

Күн күліп, сосын қыз күліп, Даланың даңқы артады. Сүюдің өзі ізгілік, Сағыну бақыт қалқаны. Күнмен бірге оянам Діңкелетіп құлатса күрес еңбек, Күнмен бірге оянам тірі екем деп. Арманымның ажарын ашайын деп, Ізгіліктің соңынан ілесем көп. Күдір жолда күніне мың сүріндім, Үстіне бұлт қондырып кірпігімнің. Еркектерді ер дедік ертегі ғып, Жолында жанын қиған бір сұлудың. Әйелге ақыл жарасар көріктілік, Қиял дейтін қымыран көлік мініп. Топыраққа тоғытып тұяғымды, Құрт кемірем, жабайы өрік мұжып. Тілім тілек айтады тісім жайлы, Адал астан тау қызы ұшынбайды. Мұқалмайтын жігерім біреуге мұң, Ал, біреуге арым мен мысым қайғы. Не айтамын мұң менен қайғы жайлы, Төрелікке шақырам қай құдайды. Түн түнек деп кім айтад, туған жердің Суының сұлулайды айдыны айды. Ай жайлы да не айтам су жайлы да, Сыбызғы боп сыңсиды қурай мұра. Тікбақайлар мықтыдан тірек тауып, Қушыкештер іздейді қудан құда. Әзия Мағыперқызы

Кесірлер кеуде қағар мықтымын деп, Үрлеп тастап көбігін іштім ірмек. Шара көзім шарласа шартарапты, Күн қарайды төбемнен қып-қызыл бет. Ертек айтып кеттім бе бағанадан, Қай базардан сынайды бағын адам. Жылытады ұлы махаббат жүрегімді, Бір тәуірі біреуді сағына алам. Таң күліп тұрды Таң күліп тұрды жаға-жеңі ашық көйлекпен, Мәңгілік сырды кетеді ашып кей көктем. Жеңімнен тартып жетектеген қай желік, Тегіннен тартып бейім бейбақпын бейнетке ең. Көктемгі самал даланың ерке елшісі, Жаңғырып тұрған жартастардың да дерт іші. Кебенектерін керемет білген көзсіздер, Көбелектердің көршісі. Көктемнің құсы құрбымнан әуен үйренген, Сұлулық пенен шындықты адамдар сүйгенмен. Шымылдықтардың астында шындық шырылдап, Зұлымдықтар мен сұлулықтар үйленген. Білмейді бұлақ билеп, жылап күлгенді, Сұрақпын деп сұқтанады күн белгі. Жұлдыздар жылап өмірден сезет кім өтті, Білмейді бірақ өмірге жылап кім келді. Екеуміз осы ғашық болып көріп пе ек, Ерінімізді келтірдік епке еліктеп. Таңдарға еріп тарқалып кеттік сәуле боп, Түндердің үрей керуеніне еріп кеп Әзия Мағыперқызы

Сағақтан сынған жапырақ Күз күйзеліс әкелді, Сағынып жүрмін әкемді. Миымда мина көп сұрақ, Қалайда бірі қатерлі. Құстардан қалған сұңқылды, Тұспалдар пенде мың түрлі. Тіліме тіркеп, тілсімді, Күзетке қойдым күлкімді. Жанары күннің шыр жанып, Сыбыр да сыбыр сырға бұлт. Сағақтан сынған жапырақ, Сағымға қалды шырмалып. Менің де сары сауытым, Ерніме еру дауысым. Намысым-пәк, өңім-боз, Күз-сағыныш сарысың. Жапырақ жауып кешкілік, Келмеске желмен көшті үміт. Өшкенін өбіп жүрекпен, Өткенін аңсау естілік. Әзия Мағыперқызы

Көкседім көктем күлкіңді Алысты аңсау ермегі, Намысты қызбын сырға бай. Сағынышымның кермегі, Кеудемде тұнып тұрғаны-ай. Көкседім көктем күлкіңді, Ашылмай арман гүлдерім. Күй кешіп жүрмін бір түрлі, Күйреуге таяп сүлдерім. Ілеге тартып кетем бе? Мініп ап жүрдек көлікке, Аналар туған мекенде, Айналып жүрет періште. Намысты қыздың нарқы айна, Таразы табар талғамын. Ақбұрқақ қазір Алтайда, Іледе дейді ақ жауын. Кеудеде кербез сыр жатса, Осыдан артық жоқ қой бақ. Кеңсайдың іші құрғақ па? Сайырдың іші көктайғақ. . Әзия Мағыперқызы

Нұршаш Тоқтарқанқызы 1964 жылы қазан айында Шіңгілде дүниеге келген. 1987 жылы Құлжа оқу-ағарту институтын үздік нәтижемен бітіріп, Шіңгіл орта мектебіне оқытушылық қызметке орналасқан. Ұстаздық қабілетін ә дегеннен танытқан ол түрлі марапаттарға ие болып, «Ерекше оқытушы» атағын алды. Нұршаштың «Ана туралы» деп аталатын тырнақалды туындысы 1981 жылы «Алтай» газетінде жарық көріп, сол кезден бері үш жүзден астам өлең, баллада, мысал, поэмалары жарық көрді. Әсіресе, оның балаларға арналған өлеңдері мен жұмбақтары өзінің кішкентай оқырмандары тарапынан үлкен құрметке ие болды. Балалар тәрбиесі және психологиясы жөнінде жазылған 20-дан астам мақаласы «Табиғат - менің сырласым» атты жеке басылымға айналып, қазір баспа бетін көру алдында тұр. Ол Алтай аймақтық ақындар айтысында екі рет жүлде алды. Ақын келіншектің «Мұз майданы өмірдің» атты жеке жыр жинағы бар. Нұршаш Тоқтарқанқызы Шыңжаң Жазушылар одағының, Алтай аймақтық оқу-ағарту одағының мүшесі.

Әже Бай өмірдің біз нәрін жүрсек те еміп, Сағынышым жырымда жүр септеліп. Бір дарқандық қалтаңнан шығушы еді, Тәтті құрттар түйілген түйіншекке еріп. «Мынау тәтті ала ғой, қорғаным», Деп ұсынар мейірін бар балаға. Кең далаға көңілі тартып туған, Әже, сені дейтін ел қормал ана. Әз әже кіршіксіз ақ шылауышты, Үйрендім сенен сүю, қуанышты. Сен берген құртқа қосып алушы едім, Бойыма ерік құяр жылы ағысты. Берші, әже, сол құртыңның бір сынығын, Қаулап кетсін қуат ап тіршілігім. Мен өзіңнің қалдырған бұл өмірге, Бұтағыңнан көктеген бүршігіңмін. Сол қалпыңмен кешінде күн сап қырдың, Әр балаңа қарайлап бір сәт тұрдың. Әже, сені түсімде көріп жаңа, Оянғанда орнымнан аңсап тұрдым. Тауларды көрсем Тауларды көрсем талғамды қарттар елестер, Бүгілген жайлы тізесі бейне белестер. Өйткені, бабам тың ойлар салып ортаға, Далада байтақ құратын еді кеңестер. Ортаға салар ой кесімі және жарлығы, Далада байтақ табатын бітім барлығы. Нұршаш Тоқтарқанқызы

Сол үшін болар бүгінде таулық қанында, Сенімнің нағыз сақталған мәрт нарлығы. Ақ шыты анау басына тартқан ақ қарлар, Күпілі құшақ қорымды мына қапталдар. Сынтасы өшпес тарихын жазып қалдырған, Кешегі күннен бүгінге жеткен ақпарлар. Мекендеп алған қойнына аң, құс тұрақты, Ерке өскен сетер немере ұл, қыз сияқты. Сергек те сезгір келеді барлық жандысы, Ұшпада тұрып көретін алыс қыратты. Ертеде ерте заманнан қалған таңба бар, Тастарға зер сап зерттермен қауым таңданар. Көздесең досым тірліктің сырын ұғуды, Қатпарлы, қаптал қарайған анау тауға бар. Табиғи мінез танытқан солай әр талы, Тауларға менде басылмас ынтық бар тағы. Тауларды көрсем талғамды қарттар елестеп, Арқама молдап үміттің жүгін артады. Біз айырылдық осылай мәңгілікке Сыр шертер ем талай-талай мен саған, Қайда кеттің, арманым-ау, аңсаған. Мынау өмір шала көрген түсімдей, Өзің жоқсың елесің жүр самсаған. Ойлар-ойлар терең шүңет теңіздей, Бойлап барам тереңіне сені іздей. Тамұқ түннің құшағында қапырық, Жаттым талай күрсінумен көз ілмей. Нұршаш Тоқтарқанқызы

Сен алыстап кеткелі жарық нұрдан, Бақ шырағым сөнулі жанып тұрған. Сөнген шырақ қайталап жана ала ма, Тағдырым-ай тарғалаң тарықтырған. Солай жүрек аңсаумен шерленеді, Бұл тағдырдың түгемес көлденеңі. Бақида да жан тірі болса егер, Іздедің-ау, жарқыным, сен де мені. Біз осылай айрылдық мәңгілікке, Өзің бардай атпайды таң күліп те. Сені ойлаған сәттерде ақыл-ессіз, Айналып та жүрмін мен әңгүдікке. Түн, сен білесің бе? Түн, сен білесің бе жабырқау жанымды, Ай бетін жапқан бұлттарың маған жабылды. Іргесін сенен алысқа алып кеткен, Жарықтың жаным шүлендігін сағынды. Түн, сен білесің бе, бәрін де сұрамадың, Тірліктің көтере алмай сынағанын. Құшағыңа сенің тығыла түсіп, Көзімнің жасын еркінше бұлағанмын. Түн, сен білесің бе, күзетіп әр түнімді, Бояуыңа матырып кірпігімді. Жыр қылып жазып отырамын сарылып, Өмірдің өзінде көп толқуымды. Нұршаш Тоқтарқанқызы

Бұйдасын үзбей арманның Бір хабар сенен келер деп, Отырдым күтіп елеңдеп. Келмеді бірақ тағатсыз, Ойға да шөктім тереңдеп. Тербесе деймін бір үн кеп, Толқыны көңіл дірілдеп. Қиын да қиын екен ғой, Қиялы жолдан жүру бек. Ойлар да ойлар талғадым, Бір хабар саған жалғадым. Үнсіздік бірақ үнсіздік, Тұтқаны, бірақ, алмадың. Мен солай от боп маздадым, Онсыз да кешкен аз ба мұң. Мен үшін сондай ардақты, Екенін білдім әз жаның. Таразы тартқан талғамның, Алдына келдім толғандым. Жүрсек бір ғана болғаны, Бұйдасын үзбей арманның. Жүректе тұрар жаңғырып Сағыныш деген жүректі жалын өртеді, Ұмытпай жүріп ұмыттым дедім мен сені. Алыстап енді алыстап кетіп барамын, Осы екен қалқа арымның нағыз өлшемі. Хабарың келді бірақ та жауап қатпадым, Атыңды атап қайталай қайта жаттадым. Нұршаш Тоқтарқанқызы

Сен маған мәңгілік сағыныш боласың, Бақытын жағып жүресің бірақ басқаның. Жолымыз солай қосылмас біздің мәңгілік, Ғашықтық жырын өзгелер айтар ән қылып. Бәрі де бәрі уақыттың құлы өтеді, Сағыныш үні жүректе тұрар жаңғырып. Мен саған жыр арнадым Сезімнің жалын атқан алауы шын, Жүректің ынтық, сынық қалауы үшін. Мен саған жыр арнадым білесің бе, Өзгеден өзге біткен дара мүсін. Сияқты кең көсілген сайран далам, Сияқты күн көзіндей жайраңдаған. Кеңдік пен мейір толы жылылықты, Ұғындым көңіліңнен жайған маған. Ішінде ақ сағымды сезімдердің, Жазира көңіліңнің гүлін тердім. Тараған өзіңдегі жарық нұрдан, Бақытты сәттерімнің өзін көрдім. Шыңдаған мына тірлік күресінде, Балайсың мені, жаным, гүл есімге. Сол жүрек, сол көңілің шарықтатып, Мен саған жыр арнадым білесің бе?! Нұршаш Тоқтарқанқызы

Алмагүл Жұмажанқызы Алмагүл Алтайдың Жеменей ауданында, белгілі ақын, мәдениет қайраткері Жұмажан Әбілғазыұлының шаңырағында, 1965 жылы 1 тамызда дүниеге келген. Әке өлеңін жаттай жүріп әдебиетке әуестенген ол табиғат тарту еткен ақындығы арқылы халыққа танылып келеді. Ақын Алмагүл 1998 жылы Шыңжаң өнеркәсіп институтының химия-өнеркәсіп факультетін бітіріп, ШҰАР химия-өнеркәсіп мекемесінің Сілті заводына қызметке орналасады. Ол техниканың тетігін меңгере жүріп, ірі химиялық құрылысты жобалайтын, жүргізетін, басқаратын әкімшілік қызметтің де биігінен төбе көрсетті. Алмагүлдің тұңғыш туындысы 1980 жылы «Алтай аясы» журналының 2-санында «Отаным», «Мектебім», «Ұстазым» деген атпен жарияланды. Содан бері 700-ден астам өлең, толғаулары жарық көрді. 2003 жылы Орталық Ұлттар баспасынан «Бойтұмар» және 2007 жылы «Ғашықтық ғаламаты», ал, Қазақстаннан 2005-жылы «Алау арман», «Алыстағы бір күн» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Шыңжаң халық баспасында «Жүрек жарды» атты өлеңдер жинағы мен «Замандастарым» атты үш томдық романы басылым күтуде. 2006 жылы Шыңжаң-ұйыр автономиялы районы бойынша тұңғыш «Жастар әдебиеті» сыйлығына ие болған. Шығармалары ханзу, ұйғыр, моңғол... т.б. тілдеріне аударылды. . Алмагүл Жұмажанқызы Жұңго азсанды ұлт әдебиетшілер одағының, Шыңжаң Жазушылар одағының мұшесі.

Ажалдан аман қалдық Тағдырдың талқысына таңдану бар, Мына өмірде бергенім бар, алғаным бар. Ұлағатты ұлына ұран болып, Көк көлге, түн құшаққа ай дамылдар. Есерін тектеп тұрса есті халық, Есіме оралады қайдағылар. Жүк артқан нар түйесі мертіккенде, «Көшкен жұрттан көрінгір»-дегендейін, Қарғыстың қансыратар салмағы бар. Күнәкәрі күмілжіп тістесе ерін, Уатады тіршілік түк демедім. Тек мынау жер шарының тартылысы, Алдында аласарған кішкенемін. Еркімді жетегіне көндіре ме?! Содан, содан қалтаға салынатын, Естеліктей бағалы бүктелемін. Менің мендік даралау табиғатым, Тек жүректің әміріне бағынасың. Қажетсіз қағаздайын жұмарлаймын, Дедің бе? Жаңыласың...жаңыласың. Поэзия әлемінің әлегі мың, Сен менің жырларымнан табыласың. Алқынған сезім күші сыбырлайды, Айтып қал айтарыңды не қыласың. Өмір өзі бәрінде шешім етер, Өткен ерке күндеріңді есіңе әкел. Кімдер жазды жүрегіңе бадырайтып, Есімін естен кетпес етіп әсер. Ал, ең соңғы жазуды мен жазамын, Сенбесең қос қолыңды төсіңе әкел. Алмагүл Жұмажанқызы

Қан толқыны арнасын жұлқып ағып, Жүрегіңмен жүлдені жүрсің алып. Мен деп соғып тұрмай ма лүпіл қағып, Білемін қоғам атты тағылымның Бұғауын бұза алмай тұрсың анық. Мөлдіреп мен де діріл байқатамын, Көрсетпей бармағымды қыршып алып, Әйтеу...әйтеу ажалдан аман қалдық, Бірімізді-біріміз бір сынадық!!! Сыймай кетер кезім бар әлемге де, Мейіріне бақыттың бөленгенде... Сыйлайды екен сезімге ар ерен кейде, Сағы сынған тағдырдың тартысынан, Таяқ жеген тағылым талқысынан. Менің сақам түскенде алшысынан, Дұрыстығын бағытымның дәлелдеуде. Ұлы арманға адаспай жол алғанмын, Боздағанмен соққысынан борандардың. Кейде...кейде дүние тіпті сараңдадың. Албырт, асау мінезімнен түңілгенмін, Өзді-өзімнен сан рет бүлінгенмін. Кейде тіпті адыра етіп жеңілдедім, Талқан болған тәрізді сенімдерім. Ондай шақта пендемін қалғып кетем, Түс көремін – Түсімде тау алжыпты екен. Тірлік үрей, тіршілік бейбастақ жүр, Аспан мені айғайлап оятады. «Саған міндет ұлы тау болашағы, Құрдымға кетіп барады сергітпесең. Неге ұйықтап жатырсың ар жүктесем» – дегендей-ақ, үмітті таң атады. Тағы...тағы құлшынам ертең үшін, Тауды емдеп жаза алар ма ерке құсым. Алмагүл Жұмажанқызы

Алау сыйлап әлемге өртенсем де, Біреулер жүр қызғанып жарты жармақ, Біреулер жүр мені емес өзін алдап. Біреулер жүр құдыреттің күшіменен, Өзді-өзімен өртеніп кете жаздап. Тағылымның төркіні тереңдерде, Қалай сиям? Мен әлем бе, Әлем мен бе? Дауысым жетпесе де кереңдерге, Сұрқиялық, зұлымдық жоғалар ма?! Өмір-өзен тасқын суға толған арна, Мін тақпан жүйткіп аққан ағысына, Соғылмаса болғаны кезеңдерге... Адасқанды, алжасқанды, ақыретпен, Құшағына алғанда-жер емдеуде! Ендеше, сен... Тағдырға айтқам қашаннан бері келісім, Арналар саған тырнаштап тапқан жеңісім. Сергексің, мені сенделтіп қойған серісің, Алапат өртке аямай өзің салғансың, Құлшындым сен үшін, Ендеше, сен де аман бол жаным мен үшін. Қашаннан екен алдыңғы ғасыр кетті ұзап, Қаша алмай кетем сен берген сезім боп тұзақ. Тәлкегің бе екен, Әлемді тыңдар сақ құлақ, Алапат толқын арнасын бұзып жатады, Тыным алмай шапқылап. Дерегін таппай дара бір дауыл шулайды, Жүректің үні, салатын әні сырнайлы. Алмагүл Жұмажанқызы

Жауладың жалғыз... Жауызсың десем сыймайды. Алапат күшке бойсұнып барлық құбылыс, Әмірін оның тыңдайды, Басқаға мойын бұрмайды. Болашақ солай болжамы тәтті беталыс, Бола да берсін арманға жету өте алыс. Табысын табар тағылымы дұрыс жасар іс, Алапат түзім түнекті бұзып жатады, Дегендей маған қасарыс... Ендеше сен де қасарыс! Жалғыз емеспін Бау-бақта жүрмін жалғызбын, Жо... жоқ жалғыз емеспін сен барсың. Иісін иіскеп жалбыздың, Құстардың үнін тыңдарсың. Күн нұры болып себелеп, Қайратымды тыңдарсың. Гүл теріп жүрмін желігіп, Сыңғырлап күліп, сыңсимын әсем әуенмен, Жебейді сен боп мені үміт, Елшіге келіп әлемнен. Жаныма қонған серілік, Бақытқа солай бөленгем. Балаша сергек секіріп, Самал жел баяу кетеді ерке аймалап. Өтірік бәрі өтірік, Тіршілік солай айлалыақ. Сенімім сен деп жетіліп, Сағыныш болып толғанат. Барады өтіп барлық күн, Алмагүл Жұмажанқызы

Бақытты сезім жол қарап. Көңілімді саған жеткізер, Эфирге сәлем жолданат, Толқынға толқын қолқанат. Сағынғанды сен де бір сарылта біл Не болды, Білмей тұрмын елегізем, Түк таппай тұнжыраудың дерегінен. Бірдеме білдіре ме келешектен, Аларынан, яки, берерінен. Әйтеу...әйтеу асыққан арман сезім, Сенеді бір көрерін сені өмірден. Не болды, Сыймай барам теріме мен, Салмағым да ересен жеңілдеген. Сайтан ба, Періште ме, Желіктірген... Алып ұшып барады желік бірдем. Самал да салтанатты сезіледі, Мойынымнан кеудеме еніп кірген. Не деген бақытты еді...бақытты еді... Иегімнен рұқсатсыз келіп сүйген. Бәсіре дәмете ме асау жүрек, Жаудырап жұлдыз жанған тамұқ түннен. Қайтесің ... Сабаңа түс сабыр, сабыр... Клеткалар күресі абыр-сабыр. Сағынғанды өзің де сағынта біл, Құдырет қой құныңды төмендетпе, Тақатыңды тарылтпас табылса жыр. Алмагүл Жұмажанқызы

Хикіметті құрайтын қырағылық, Мүмкін жылап жырларсың бір ағылып. Сағынғанды сен де бір сабылта біл, Сан құшақта сандалған барымта жүр. Дегендейін төзіммен түнеремін, Көктеммен көк көрпесін қымтап алған, Өктем ем – Иемденген тауым тарғыл... Екі жол тұр алдымда Жаңбырлы күні танысып, Жаңбырлы күні айырылдық. Тек куәші бәріне, Еңірейді тарғыл бұлт. Жылағам жоқ... Жылауды ойлағам да жоқ мүлде. Тамшылаған аспан ғана, Қатігезсің деп тұрды. Жаңбыр енді қарға айналды, Пейілімнен қатулы, Жаңбырға да... Қарға да... Төсеп тұрмын басымды, Өзегімді өртеген, Сағыныштай сар шемен. Таразылап талғаймын, Үйреншікті әдетке... Айналғандай ертеден. Жалғыз өзім екеу боп, Бірі қатты бекіді, Тағы біреуі елжіредім, Сәл кеңшілік өтініп. Не ойладым? Екіленді... Алмагүл Жұмажанқызы

Мейірлене қалдым ба? Ақ қар қайта айналды, Жас тамшысы жаңбырға. Көрінбейді көз ұшынан, Көкжиектің сұлбасы. Өзің таңда дегендей-ақ, Екі жол тұр алдымда. Түс - түлкінің қиы ғой Минут...минут ұзарады зарыққанға, Өрісі тар тіршілік тар ұққанға. Жаның жылап жүрегің жабыққанда, Атпай қояды сызданып жарық таң да. Сағым сана сарпалдаңға түсіргені, Қорқынышты құбылыс түсімдегі. Қараңғы қалтарысқа жасырынып, Үрей буған бейбақты мүсіркеді. Мүлгіп аспан түн тірлік сыр айтады, Үркер жылжып жамбасқа құлай салды. «Бұл күндер де өтіп кетеді» деген нақыл, Сенім беріп үмітімді тыңайтады. Түс түлкінің қиы деп кім айтады?! Сергекпін, сенімдімін Күн нұры алып жерді сүйгенде ұлы, Ғайып болар ғапыл ғалам кірбеңдігі. Маған да тың қуаныш сыйлайды өмір, Жайраң қағып сен түсіме кірген күні. Талғам ба, кім біледі тағдырым ба? Қуаныш бар сол күннің таң нұрында. Қалықтаған қиял құсы селкеусіз жыр, Серуенін сездіреді барлығыңа. Алмагүл Жұмажанқызы

Тиянақ па көңілдің көкжиегі, Көк аспанның етегі көлбіреді, Күн батады деп қараңғы масаттанды, Үміт мені сен бар деп сендіреді. Сен бар, деді, Сергекпін сенімдімін, Айна сыйлап айдай жүздің көрімдігін. Тыншымайды тұлпардай тулап үміт, Өңімде көзалдымда болмасаң қой, Түсімде жиі-жиі көрін, күнім. Жерге түс Көз алдымнан кетпей қойды елесің, Көл айдыны тербетеді кемесін. Көк келбеті керім көрік көрсетті, Жұлдыздармен орап алып денесін. Тамылжыған таңда арайлы жел ессе, Миығымда сенің демің емес пе. Мөлдір бұлақ таңдайымды жібітсе, Шөл қандырар назды үнмен сен есте. У-шуынан мезі болып жол сұрап, Шаң тозаңы тоздырса да қолқаны ап. Аспан асты, жердің үсті сен барсың, Көңіл күймен күмбірлейді шар тарап. Налымаймын сағыныштан сарғайсам, Ән әуенмен оятады торғай таң. Жасырғанмен саған айтар жан сырды, Жыр жүрегім күллі әлемге айғай сал. Аспанды қой, Жерге түс деп, Айға айтам. Алмагүл Жұмажанқызы

Денесі құрлық, басы шың Жасаған ем тірлігіме бір кесім, Қымтап жауып қиялымның іргесін. Бақыттымын күпіршілік адыра, Өйткені сен бекіміммен біргесің. Ғұмыр талай тарпаң мінез байқатқан, Аһылатқан, үһілеткен, шаршатқан. Жер шарымен бірге барады домалап, Арман ғарыш адастырмас аңсатқан. Арман солай аспан кеткен аралап, Қарсы алады күнмен күлген бар алап. Тұрағыма биіктен көз саламын, Сағынатын жүректерді саралап. Содан...содан сені таптым,бақытым, Тоса....тоса толтырдым да уақытын. Жаны жарқын жадырасын жан біткен, Асау өзен арнасында тасысын. Мен іздеген ұлы арман – Денесі құрлық, басы шың. Әйел деген Жазмыш берген табиғатым қыз қылықты, Ізетпен іс тындырар тыңғылықты. Әйел деген атымен жасый-жасый, Талай жалын жігерін сындырыпты. Ана мейірі-күншуақ сиынғаным, Күллі әлемді қиялмен шиырладым. Әйел әдеп аттамас бұл тағылым, Тиылғаның мән-мазмұн бұйырғаның. Алмагүл Жұмажанқызы

Айғай салып айта алмайсың діл дыбысын, Тағдырыңа таңылдың ба, құрыды мысың. Біреуге қол жетпейтін армансың да, Ал, біреудің майлығысың, сулығысың. Сұлусың, сымбаттысың, сырлы мүсін, Еркек-су, жер шарының сен құрлығысың. Су санқилы өзгеріс таба алады, Сен тек үнсіз ашылған қыр гүлісің. Асаулығым өзіме жарасады Қиқар болғам қырғидай жастығымда, Жастыққа жарасады мас қылық та. Шапалақ та бетіне талай тиген, Жаулаймын деп ұрынған қасқыр ұлға. Пәктігім бе, кім білсін, сақтығым ба? Бөгеу салған бейдауа жат шуылға. Селік еткенін сездіріп дір ететін, Әпербақан айғайшы тақсырың да. Қатыгез болма дейтін-ді, қарақтарым, Қате емес, жаныма жын жолатпауым. Арманшыл азабыма куә бүгін, Тілеген тиянаққа қонақтауым. Пейілім кең, әрине, пері емеспін, Сан рет сағымдармен ерегестім. Жұдырық жұмсағандар пейіліңнен, Ибамды бүлдірме деп төбелестім. Асаулығым өзіме жарасады, Бойсұндырар бұғауға сен емессің. Алмагүл Жұмажанқызы

Бір қуаныш, бір қайғы Жүрегіме жүдетпейтін жүк артқан, Ырғақты үні басқашалау өзгеден. Мұң мұжыған миым кейде мұнартсаң, Мұжық болдың миқынатқа төзбеген. Ойқой, дүние, әнге басып жатқан бай, Қызыл-жасыл алдамшы үміт сайтандай. Жердің беті ойдым-ойдым ақ таңдақ, Булығады боран сөзін айта алмай. Қара жерге кім бол деді домалақ, Бұрыс болса қайсы ақылға симайды. Бәрін...бәрін көрсетеді домалап, Осы шағың мәңгі қолда тұрмайды. Таудан аққан ақ бұлақ, Мықты болса неге өзенге құймайды. Қатыгез болса ұлы күн, Неге нұрын еш бодаусыз силайды. Тау серісі құзар шың, Неге елге биіктігін бұлдайды. Өмір заңы осылай , Бір қуаныш, бір қайғы. Үңілдің бе өмірге? Азаматқа ар өлшемі – ақ арман, Түнді түріп таң тамаша ағарған. «Жеті сайтан еріп кірер қылшықпен, Қылшық жеуден, – дейтін апам – бол аман». Қыл-қыбырды қиянаттан жұқтырған, Неден жазды тұнық еді сап тұлғам. Алмагүл Жұмажанқызы

Бұғауына болмыс куә бола ма? Қандай пиғыл қайыс шалма лақтырған. Кірлетті ме, кінәрәтсіз санамды, Өшір сайтан өз жанымнан қараңды. Қараңғы түн жасырғанмен мінімді, Тергеу салар тіршіліктің таңы арлы. Ақ пен қара ит жығысқа түскенде, Құмай қулық өз ерінін тістеуде. Көлеңкенің көмескі ойы күбірлеп, Алмақ болды құшағына күс кеуде. Бұның бәрі саған өтірік, маған шын, Қарыс жерден қағытпалар тонаушың. Не мақсатпен келдің, кеттің әуелі, Жол азығын жолдан іздер жолаушым. Түңілдің бе? Үңілдің бе өмірге? Бұл сапарға енді келмес боларсың Мінсіз әлем болған емес қашанда Жылауға да, болар еркін күлуге, Неге мұқтаж тірлік түмен білімге. Мінсіз әлем болған емес қашанда, Нағыз өнер мінсіз өмір сүруде. Әр күніңде сұраулы сәт сынағы, Ақыл-зерде қиянаттан қырағы. Ұясына күн ұялып батқанмен, Таңда тағы тап-тазадай шығады. Көмескі сыр кібіртіктер көңілде, Күдік құрсау күлгірсиді сенімге. Алмагүл Жұмажанқызы

Мінсіз әлем болған емес қашанда, Мінсіздігің – ақ өліммен өлуде. Қынжылмағын хикіметті тіршілік, Күмілжіме күрескенде күрсініп. Екі өмірдің кереметін силайды, Пәктікке һәм ізгілікке құлшылық. Адамзаттың тәбеті Жарамсағы жасырғанмен мінін көп, Сөйлеседі өзді-өзімен күбірлеп. Тым әсерлі әспеттеді өмірін, Сейілде жүріп семіріп алған болса да, Қораш еді демінен қорқар дірілдеп. Көркем күйде көрінуге үйренген, Сыр жасырып құлқын қайғы күйге енген. Өз қауқарын өзі ғана біледі, Өшігем деп айта береді өрекпіп, Өмір мәнді өліп-өшіп сүйгеннен. Қатпар-қатпар қалыңдаған күнделік, Қазынасы қанша құнды білмедік. Жалғыз күбір жалпы елге жар салып, Дана сырын тағы көзге ілмедік, Түсіндіріп тыңдатар ма елге жүк. Жау жағадан, бөрі етектен бұлжытпай, Мына ғалам бұрмалады сырды ұқпай. Төбелесте төбе тессең аңғалдық, Ашудағы албырттықты аңғардық, Үлкен қылмыс болмас еді ұрлықтай. Қынжылғаны қалса қайтер ашылып, Тұнжырады дос көңілді қас ұғып. Алмагүл Жұмажанқызы

Сау жүректі жамап-жамап жабы қып, Төңіректен таба алмай еш пана, Шағынады жаратқанға бас ұрып. Әттең-әттең, тіршіліктің тілкімі, Жіпше иіріп зыр жүгірген ұршығы. Табысы да, тартысы да жетерлік, Қанағаттан қарын тояр тек қана. Тоймайтыны – астам көңіл құлқыны. Неге асығар көк теңізде кемеші, Қайда барар қанпезердің жебесі? Барлық сұмдық адамзаттың тәбеті, Топырақты тоздырамыз неге осы... Тырнай-тырнай сөгіледі көбесі. Ордасы тақ, болғанды да басы бақ, Хан да болса мәйітін жер жасырат. Айға дейді жер жоғалар кезде адам тасынат. Тау кеміріп кетілтетін адамзаттың тәбеті, Қанағат тап қанағат! Тағы осы топырақ... Он сегіз мың ғаламды үнсіз жатыр асырап! Алмагүл Жұмажанқызы

Адам әлі жетпеген Екеуара білеміз, жасырамыз жан салып, Секем ала күлеміз еске алып тамсанып. Жадыңдағы жаһұт мұң елесі ме бақыттың, Тіл қата алмай тентіреп үлкен ойға батыпсың. Кестеленген келбеті таудың маңғаз шақтары, Кеткен ерен керім күн көрінісін жоқтады. Тамылжыған сазды әуен елітеді назбенен, Құдыретті тыңдатар көре алмас көзбенен. Қалжыңдаған құрдастай құбыла ма құмай күн, Таңды рауан табыстар жүректегі сыр айқын. Бекінісің бекемдей сабырыңмен ұнайсың, Ештемені білместей елден мені сұрайсың. Қызықтатқан қырына көл түбіне тұнайық, Қыз ұқпаған сырыңа кете көрме мұңайып. Әлемде әлі болмаған тың құбылыс құрайық, Алға басар адамға сондай ғұмыр лайық. Жетем десең жүгіргін... Жүгіре бер тоқтамай, Адам әлі жетпеген бір шоқыға шығайық. Алмагүл Жұмажанқызы

Гүлден Мүлікқызы Гүлден 1966 жылы Қаба ауданының Сартам төңірегіндегі Қабырғатал қыстағында туылған. 1985 жылдан бастап ақындар айтысына қатынасып, сан рет жүлде алған. Алтай аймақтық 12-кезекті ақындар айтысында «Алтай халық ақыны» деген құрметті атаққа ие болды. 2003 жылы қарашада Қазақстанда өткен Таңжарық Жолдыұлының жүз жылдық мерей тойында «Таңжарыққа арнау» атты өлеңі арнаулы сыйлық алған. 1985 жылы «Іле халық баспасынан» «Боз жалын жыр», 2004 жылы наурызда Ұлттар баспасынан «Бозбалаға бойтұмар» атты жыр жинағы баспадан шыққан. «Тас бұлақ сыңғыры», «Жаңа заман айтыс ақындары», «Алтын тау салтанаты», «Жас толқын» (Қазақстанда) тәрізді альманахтарда өлеңдері жиі жарияланып тұрады. 2005 жылы Қазақстанның Астана қаласында өткен дүние жүзі қазақтарының Құрылтайы мүшайрасында «Сен азаматсың» деген өлеңі жүлде алды. Ол, сондай-ақ, 2011 жылғы дүние жүзі қазақтарының ІV Құрылтайына да делегат ретінде қатысып, осы жиын аясындағы мүшәйраның Әділқазылар алқасына мүшелік етті. Гүлден Мүлікқызы Шыңжаң Жазушылар одағының, Іле облыстық Жазушылар одағының, Алтай аймағы жазушылар одағының, Шыңжаң айтыс зерттеу одағының, Шыңжаң қазақ мәдениет қоғамының мүшесі.

Ешкімге де тізгінімді бермеспін Халық баулып қарғалдақтай, Қайсар болып ержеттім. Сетер жырмен сезімдес боп, Жыр бесігін тербеттім. Бояуына қанық болдым, Өмір салған өрнектің. Төбем көкке жетпесе де, Төредей боп төрлеттім. Тағдыр басқа нені жазса, Бәріне де көнбекпін. Шөл далаға ексе-дағы, Тамыр тартып өнбекпін. Тәтті орнына дәмі келсе, Таңдайыма кермектің, Оған-дағы шөлім қанып, Маңдайымды терлеттім. Мықтысынған ақымақпен, Келмейтін мүлде белдескім. «Мың күн сынбай, бір күн сынып, Қалары хақ шөлмектің». «Шырқыраған шындық сөйлейін, Даттағанға өлмеспін». Ізгіліктің көмбесінде, Тықыршып тұр кербестім. Ғұмыр болса ешкімге де, Тізгінімді бермеспін! Гүлден Мүлікқызы

Естілер ме екен арғымақтардың дүбірі? Таң атып қалды, бүгін түн кірпік ілмедім, Жайымды ұғып, халымды жөн-ақ білгенің. Қасынан мені әкетші мүлде алысқа, Көзі ашық анау көмусіз қалған мүрденің. Бұл маңды енді көрмеуге мүлде бекідім, Тұяқтан тозып, келмейді сірә, шекігім. Бұл күндер менің тұрмайды мәңгі басымда, Жүрегіңдегі өшпесе болды есімім. Еншіме тиген, туада солай мұнар мұң, Тәңір сыйласа шек келтірмейақ ұнармын. Сенімі берік сен барда қалай сыңармын, Туады әліақ, шыңдарға биік шығар күн. Болған соң өзің жылағаннан да уандым, Жетелеп шықтың ішінен қара тұманның. Сенің үніңде шырқалып жаттым шығандап, Жалғасы едім, айтылмай қалған бір әннің. Көз іліп қайтем, қасыңда ояу жүрейін, Ұшырып әркез дұшпанымның да үрейін. Естілер ме екен арғымақтардың дүбірі, Өзіңмен бірге өмірге құлақ түрейін. Шөлім де қанды тиген соң аққа таңдайым, Шуағыңмен жатпай ма жіпсіп маңдайым. Мен-дағы сені ақ мамық жырға орайын, Қарашадағы алғашқы жауған қардайын. Айта берем бе, таусылмас бұл бір әңгіме, Сен түсінесің, нәрсіз бе я, нәрлі ме? Бір сәт те болса сені ойлап кірпік ілмеймін, Көз жұму шындық, ерте ме, кеш пе, мәңгіге. Гүлден Мүлікқызы

Сені көрем қиялымда, түсімде Дәл нешесі есімде жоқ ақпанның, Түн жарымы ұйқылы-ояу жатқанмын. Басу үшін сағыныштың сарығын, Қиялымда саған қарай аттандым. Сөзім де көп, сырым да көп айтатын, Түрім де жоқ райымнан қайтатын. Есігіңді айқара ашып кірмекпін, Бастамақпын махаббаттың шайқасын. Тұрар жайың, маған мәлім дерегің, Табылады сенен барлық керегім. Алай-дүлей ақ боранға қарамай, Ақ жорғамен құйындатып келемін. Демекшімін өлгемін жоқ, тірімін, Қатал тағдыр салғанынша құрығын. Баяғыда аңыз болып тараған, Дәл бүгін түн батыр қыздың бірімін. Сүю үшін қажет екен ерлік те, Терезе тең, қойылған соң тең нүкте. Келемін мен ұшқан құстай зымырап, Көлбеп жатқан кеңістікте, кеңдікте. Жету қайда, әлі ауылың алыста, Мекенденіп алғандайсың ғарышқа. Саған жету мен үшін бір хикая, Түсу керек ол үшін бір арысқа. Содан шығар билеп алдым ырқымды, Бұзбайын деп тыныш жатқан шырқыңды. Қалжыраған сәтім шығар көз іліп, Міне, осылай түс көріппін бір түрлі. Гүлден Мүлікқызы

Сені көрем қиялымда, түсімде, Өйткені бір арман жатыр ішімде. Түсімде емес жетем бәлкім өңімде, Сол бір шақта мені бөтен түсінбе! Іздейсің бе? Іздейсің бе кісіңді қаламаған, Сезілесің сен әйтеу дана маған. Екі көзім төрт болды қарай-қарай, Қашан асып келед деп қара жалдан. Десем-дағы өзімді байсалдымын, Жетед дейсің қаншаға қайсарлығым. Көп болды ғой, жаным-ау, сені күтіп, Түспегелі қолымнан шай шәугімім. Саған арнап қаншама жыр жаттадым, Бір тамаша қиялмен құндақтадың. Сен келед деп күніне қағып-сілкіп, Сүзіліп те барады сырмақтарым. Бұл сырымды қашанғы жасырамын, Түскенінде білесің басыңа мұң. Елесіңмен қауышып оянам да, Атқыза алмай сартаңды асығамын. Білмесем де қадырын бала кездің, Жер ортада өзіңді пана көрдім. Әбігер боп жүр ме екен деп ойлаймын, Төрт аяғын тағалап қара кердің. Қазір келіп қалардай бақ қонағым, Тағы ашамын есігін ат қорамның. Ауа райын бақылап алаңдаймын, Қала ма деп ішінде ақ боранның. Гүлден Мүлікқызы

Аман қыл деп аллаға ақ нарымды, Айтып жатам аялсыз арманымды. Табиғат та өзгерді қас қылғандай, Әрең түзеп алғанда бағдарымды. Тірі жүрсем көп шығар көретінім, Сөгілгенін сан жазып көбе етімнің. Жүрегіме жүремін алғау айтып, Түбінде бір мені іздеп келетінің. Үмітімнен келмейді тоқырағым, Өзің жайлы ой толғап отырамын. Ала келші тартуың осы болсын, Туған жердің бір шымшым топырағын. Өміршеңін білемін өнегеңнің, Сарқынындай сап алтын көнелердің. Маған жазған тәңірдің сиы шығар, Қыз Жібектей көп күткен Төлегенін. Ақ моншақ Қосты ма тағдыр, табыстық қалай, қарағым? Қиылып мен де, қия алмай сен де қарадың. Жарқылы бөлек жанарлар үнсіз тоғысып, Сол күннен бастап өзіме іштей баладым. Ақ мамық қардай ақша жүзіңнен айналдым, Қиялға шомдым сен жайлы әр күн ойландым. Тәп-тәтті арман, тәп-тәтті сезім жетелеп, Тағы бір ғажап үмітке шексіз байландым. Тойларға бардым ілесіп жүрді елесің, Қоңыраулап әр кез құлаққа тұрды кеңесің. Аспанда тұрған шолпандай жалғыз жарқырап, Сағымдай ойнап, көз алдыма ылғый келесің. Гүлден Мүлікқызы

Шықпайсың түстен, кетпейсің мүлде көңілден, Ақ құсым едің, ақперіште болып көрінген. Бас қосқан шақта, ақ шашу болып шашылсын, Ақ моншақ жырым, ақ жүрегімнен төгілген. Кездер-ай Сыр шертісіп ақтарыла, Шалқыған шақта мына. Айлы түн арай қосқан, Ұласып ақ таңыма. Қауышып нұрлы өмірмен, Кездер-ай бірге жүрген. Айналдым жаным қалқа, Жымыйып күлгеніңнен. Жететін алып ұшып, Махаббат балын ішіп. Екен ғой бір ғанибет, Жүргенің сағынысып. Жан едің дара туған, Пәктіктен жаратылған. Жолдаған ақ сәлемім, Ұшқан құс қанатынан. Ару қайда ай дидарлы аққұба? Жақтыға сөз, жол бермейтін аттыға, Қол баққан ит абаласа аптыға. Кім біледі таң атқанша дөңбекшіп, Мамық көрпе жамбасыңа батты ма? Көңіл шемен қос жанарды шел басып, Сілкіністен өзен теріс ақты ма? Гүлден Мүлікқызы

Тіршілікке нараулығын білдіріп, Шуақ шашпай күн мерзімсіз батты ма? Бал жұтсаң да айналғандай аштыға, Нәр тата алмай шықтың ба үйден қақтыға. Неге сонша жабырқайсың, жаным-ау, Көр соқырлар саған кіна тақты ма? Сылап-сыйпап оятатын ұйқыңнан, Ару қайда ай дидарлы аққұба? Еркелетіп баққан сорлы күшігің, Есейгенде балтырыңнан қапты ма?! Сағындым туған ауылды Сағынып жүрмін, Ақ бұлттар көшкен тау жақты. Жусаны аңқып, Жұпарын шашқан аумақты. Сыңсыған орман, Сылдырап аққан бұлақтар, Азайтар еді-ау санама түскен салмақты. Сағынып жүрмін, Сағындым туған ауылды, Алдымнан шығып қарсы алар аға-бауырды. Балауса жырды бәйгеге қосқан үкілеп, Сағындым тағы, Ағайынтуыс бәріңді. Жаңбырдан соңғы, Жауқазындай қып жайнатқан, Көктемдегі, Сағындым нөсер жауынды. Сағынып жүрмін, Анамның ақ құрт, қаймағын. Кеңеспен құйған, Жеңгемнің қызыл шайларын. Гүлден Мүлікқызы

Төскейдегі анау, Байлаған бие бауларын. Сағындым бүгін, Әкемнің жасыл жайлауын. Сағынып жүрмін, Ақ еділ құрбы-құрдасты. Көрші үйден барып, Қыдырып ішер түнгі асты. Сағынып жүрмін ақтарылатын ағынан, Бірге өсіп біте қайнасып кеткен сырласты. Менің аңғал батырым Албырт деуге келмес мүлде, Келмес деуге баласың. Қарттық саған алыс әлі, Ал мен үшін данасың. Боз баладай боз жорғалы, Секемшіл боп барасың Бой жеткен боп бой түзеген, Кезімді еске саласың. Махаббатқа мың өртеніп, Мың күйесің, жанасың. Бірақ-тағы жаза алмайсың, Мәңгі жанның жарасын. Солай тәңір жаратқан ғой, Ғашықтардың тағдырын. Өстіп өмір кешіруің, Әрі шаттық, әрі мұң. Сорабынан айрылмай, Ғашықтардың ізінің. Гүлден Мүлікқызы

Баса алмайтын кезің болат, От кеуденің қызуын. Содан ғана түсінесің, Бұл өмірдің қызығын. Махаббаттың білдік бүгін, Таңдайға бал татырын, «Жар астында жау жоқ деме», Менің аңғал батырым. Қоштасқым келмейді Бағым ба, менің сорым ба? Мен әйтеу саған жолықтым. Өзің деп соққан жүрекке, Еш амал таппай торықтым. Неге екен маған тағдырым, Мұң менен зарды жазыпты. Емес те бәлкім шығармын, Сүйгенім үшін жазықты. Сыртыңнан келіп қайтамын, Баса алмай жанның жалынын. Бір көріп ғашық болды деп, Сөге де көрме, жарығым. Кеудені керді сағыныш, Сезін сен, мейлі сезінбе. Тұтқын боп қалдым мәңгіге, Жанған бір отқа көзіңде. Жүрекке түскен ұшқының, Жанбаса енді сөнбейді. Тұлпардай тулап жүрегім, Сабырға мүлде көнбейді. Гүлден Мүлікқызы

Боларсың, бәлкім, сен маған, Әлі де назар бұрмаған. Сені ойлап шеккен азабым, Қиындау болып тұр маған. Алдыңда сенің әрдайым, Сөз таппай үнсіз қысылам. Түсімде бірақ тіл қатып, Өзімді саған ұсынғам. Шуақты сол бір түсімді, Келмейді мүлдем жорытқым. Жынданып қалған адамдай, Өзімнен өзім қорықтым. Сырлы да әрі сиқырлы, Азабы мынау өмірдің. Күйік боп менің көзіме, Несіне, қалқам, көріндің? Осыдан ары айтуға, Дәтім де бармай жасқанам. Жүрсек те бірге сағынып, Қызғанам сені басқадан. Махаббаттың алмас қанжары, Жанымды әр кез кескілер. Шарасыз айтқан бұл сөзім, Ерсілеу саған естілер. Сүйдім деп қалай мен сені, Қоямын кінә өзіме. Сол-дағы маған жетердей, Жолығып жүрсем өзіңе. Аңсаған нағыз арманға, Ешкімнің қолы жетпеген. Гүлден Мүлікқызы

Досым деп жүрсең болғаны, Күтерім менің тек сенен. Азабын шегіп ғашықтың, Дейсің бе мені жүдесін. Өзіңді әркез алдымда, Такаппар ұстап жүресің. Жабырқау әр кез жүремін, Жылауым жеңіп күлкімді. Көзге ілмей сенің тұрғаның, Сезілед маған сүйкімді. Түсейін өзім әлекке, Сүймей-ақ қойшы сүймесең. Халымды білгің келсе сен, Осылай әр күн күй кешем. Жұлдыздай жанып төбемнен, Үміттің шамы сөнбейді, Күдерімді үзіп тұрсам да, Қоштасқым саған келмейді. Үліңгірім Сан ғасырлық тарихың бар Үліңгір, Қасиетіңе тағзым еткен сұлу жыр. Көңіліме көк теңізден өрнек сап, Үліңгірдей толқитұғын күнім бұл. Үгіңгірім, киелісің, ұлысың, Сенен көрем тіршіліктің тынысын. Үліңгірдің жағасында өскен ел, Тасып жатыр ақ өркештеп ырысың. Гүлден Мүлікқызы

Үліңгірім тарихтың куәсі, Жазылған жер сан қыранның құлашы. Жағасына қан мен терін сіңіріп, Бабалардың тастап кеткен мұрасы. Үліңгірде үлгі аларлық бар ұғым, Тайдай тулап таңдандырған балығың. Төңіректің төрт бұрышы іздеп кеп, Қайтып жатыр басып сенен сарығын. Үліңгірге дейді екен ел барсам бір, Көрмеген жұрт даңқын естіп аңсап жүр. Шаттығына шаттық қосып бұл күндер, Аққу, қаздар құрып алған әнсәмбіл. Сенен нәр ап қайратым мен қаруым, Тапқандаймын сырқатымның дәруін. Салтанатты саяхатың ашылып, Ақ шабақпен бірге ойнаған аруың Үліңгірім құтты қоныс тұрағым, Сұлулықты тұнығыңнан ұғамын. Көңілімнің көк жиегін көмкерген, Жағадағы жасыл майса құрағың. Көз жеткісіз ұлан-қайыр аумағың, Көк теңізге көрік берген бау-бағың. Бақытымның бал қымызын сапырып, Біздің халық жолын тапты сауданың. Жалғасқансың сонау алыс ғасырдан, Шарапат бар, шапағат бар асылдан. Үліңгірім киелісің құт қонған, Біздің елдің мәртебесін асырған. Гүлден Мүлікқызы

Ілеге арнау Ширатып, шырқыратып жыр арқауын, Халқына қабырғалы ұлан таудың. Әкелдім елден сәлем, жерден сәлем, Халқынан алтын құсқан ұлы алтайдың. Армысың, қызай ана, үйсін елі, Ұйтқыған өзіңде өлең, күй сібері. Шалқытып шабытымды жіберейін, Алынған заманада жыр шідері. Көңілім өрекпіген тасып менің, Аунауға кең төсіңе асық та едім. Армысың, алтын мекен Іле өзені, Екі мың шақырым жол басып келдім. Шаттықпен қарар артқа, алдыға да, Жеткенде ел бақытына, арманына. Бір кезде жоңғарларға дес бермеген, Ұрпағы Қабанбайдың бар ма мұнда?! Жоқтаған жоғын кедей сан ғарыптың, Жатпайтын дұспанын да аңғарып тым. Сапырған Іле өзенін ән, жырымен, Ұрпағы бар ма мұнда Таңжарықтың?! Атқанда шаттық сіреп асыға таң, Маған сын болар еді тасымасам. Боздатқан боздаланы күйіменен, Ұрпағы бар ма мұнда Әшім атам. Байтақ ел сияқты бір бәйтерегім, Қойныңнан өлең мен жыр, ән теремін. Мың жылдар кең төсіңде орда ұстаған, Ұрпағы бар ма мұнда хан-төренің. Гүлден Мүлікқызы

Естіртіп шаттығын да, күрсінгенін, Қалдырып талай жаудың құр сүлдерін. Мың жылдар қорғап келген бұл өңірді, Мирасы бар ма мұнда үйсіндердің. Мың сәлем бәр-бәріңе ақыныңнан, Бұл шақта ойда өлең сапырылған. Сан ғасыр меншік еткен ұлы өлкені, Айналдым қызай ана ақылыңнан. Суы бал, жері алтын өлке мынау, Армысың асқар шыңды еңселім-ау. Сан ғасыр сұқты көзбен қарап келген, Төсіңде қызғанышпен өртеніп жау. Бұл күндер өмірің шат, тұрмысың бай, Тұрам ба шабыт құсын бірге ұшырмай. Сапырып ән мен жырды сал серідей, Келемін анда-санда жыл құсындай. Жасыңнан өлең жырға дәніккенсің, Жыршы, ақын сені ғана дәріптесін. Есейген еліменен, жеріменен, Армысың бұлбұл көмей әріптесім. Ой қосып ортақтасар ойларыма, Халқым-ау, қадырменді қормалым-ау Оқалы тон емес бұл, орамалдық, Арнаған тартуым бұл тойға мынау. Гүлден Мүлікқызы

Науат Шантубайқызы Науат Күнес ауданының Кеңсу ауылында тұрады. 1967 жылы Күнес ауданының Түрген ауылында дүниеге келген. Ол алғашында айтыс ақыны ретінде танылды. «Ақөзен» атты тұңғыш өлеңі 1990 жылы «Іле газетінде» жарық көрді. Содан бері түрлі басылымдарда 150 өлеңі, «Қозы көрпеш-Баян сұлу - мәңгілік махаббат жыры», «Ақын елдің жүрегінде», «Ақынның өзі өлсе де, сөзі өлмейді», «Асыл ақын» атты сын мақалалары жарияланып, Қытайдағы қазақ баспасөзінде әдеби сын жанрының ілгерілеуіне үлес қосты. «Жүзден жүйрік» альманағына енген өлеңдері мен Қазақстанда шығатын «Аружан» және «Бал бұлақ» журналдарында жарық көрген шығармалары Науаттың ақындық қарымын байқатты. 1991 жылы «Іле газетіне» басылған «Бір қыздың арманы» деген өлеңі осы басылымның 2-дәрежелі сыйлығына, «Іле кеші» газетіне басылған «Ақша қар» өлеңі 3-дәрежелі сыйлыққа ие болды. Науат Шантубайқызы Іле-қазақ облыстық Жазушылар одағының, Іле облыстық ауыз әдебиет одағының мүшесі, «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының облыс көлеміндегі заңды мұрагері. Оның «Жалғыз сәуле» атты өлеңдер жинағы Шыңжаң жастар баспасында басылым күтуде.

Мың ұрпақтың біреуі есіне алар Берекемді без бүйректер қашырды ма, Білдірмей тоғымды да, ашымдыды да. Көлбей кеп қонып едім көк жайлауға, Көліксіз ойға қарай тасындым ба? Болсашы ең болмаса бала күнім, Жабырқап, жалғызсырап алағыздым. Жұртын іздеп тентіреп кетсем бе еді-ау, Киелі Домалақтай анамыздың. Бір кезде сол анамыз ойда қалған, Сонда да елдің қамын ойлаған жан. Сары далаға қараған сүйінумен, Қасырет жүрегінде қайнамаған. Сол қасиет санама қонса келіп, Арқа етім азбас еді арша болып. Өтер ме ем дүниеге дүбір салмай, Жатар ма ем топырағым торқа болып. Тұңғиық ойларменен толғатам ба, Өзімді қорлықтардан қорғасам ба? Мың ұрпақтың біреуі есіне алар, Сол анамдай әулие болмасам да. Қалай басам аяқты? Қалай бассам аяқты дұрыс болар деуменен, Есіріктер елеуреп итереді кеудеден. Оңашада ой түсті мына менің басыма, Аумайды ғой атаннан артылған тең деген. Менің бала шағымда, әлі ұмыт болмады, Көшетінбіз тау жаққа көрші-қолаң ойдағы. Науат Шантубайқызы

Жігіттерге жұмыскер аталарым сол кезде: «Тура артыңдар теңдерді орта жолда аумайды»— Деп қолдарын сілтеп ап, сипайтұғын сақалын, Айтылатын ақылмен, емес еді қатал үн. Қара қылды қақ жарған өтті-ау талай даналар, Әлі бүгін құлақта жаңғырады аталы үн. Әркім өзі тай-тулағын «тұлпар бол» деп баптайды, Кісі иті алар балақтан, өз итің өзіңді қаппайды. Жар астында жапалақ бірер шыбын ұстаса, Он сегіз мың әлемге өзін-өзі мақтайды. Он сегіз мың әлемге өзін-өзі мақтайды, Жер бетін қараңғылық жаппаса,

алтын күн де батпайды. Айланбаса жер шары ағарып таң атпайды. Даналықты би айтқан ердің ері сақтайды. Тұлғалым Ойлап көрсем жиырма жылдың алды еді, Арман қуып ойлап жүрген әр нені. Мен өзіңді тұңғыш рет көргенде, Онда мүлде емес едің өр кеуде. Сұлулығың, шымырлығың бар еді, Не деген бұл жігіт дедім әдемі. Сен де маған қарамадың жай көзбен, Мен де саған әдемі едім сай келген. Ал, арада жиырма көктем өткенде, Жалындап тұр-ау бәлкім от кеуде. «Қалқам, маған ғашық болдың ба?» деп сұрадың, Жүрегімді мазалады тұтқиыл бұл сұрағың. Науат Шантубайқызы

Саған қалай ғашықпын деп айта алам, Өз-өзіме ол туралы ой салам. Тек қазақтың сымбатты ақын ұлы деп білгем, Мезгілсізден үрлемейін жүректегі отты мен. Өкпелеме бұл жауапқа, тұлғалым, Салқын тартып бара жатыр қыз жалын. Маған қойған сұрауыңа жауабым тек осылай, Жастық жалын өтеді екен найзағайдың отындай. Күз келгенде гүл сарғайып солады, Құндылықтар мезгілінде болады. Енді мені мазалауың керек емес сияқты, Тәңір саған күн силасын шуақты. Сөнбес алау (Мұқағали Мақатаевтің 80 жылдығына) Лапылдап жүрегінде сөнбес алау, Күнде мың құны терең ой кешеді-ау. Жазылған жігі жібек шіркін жыры, Жұпжұмыр жүректерді тербетеді-ау. Тереңге тартқан иірім нүктесіндей, Тұлпар боп шапса тұяқ түк кетімей. Поэзия тұлғасын тік тұрғызған, Ғұмырлы жырларынан құт кетірмей. Кезіккен жай ағынға бой ұрмаған, Қыран ең тоятына тойынбаған. Шабытқа шалма салып шаршамаған, Алға өзі жетелеген арынды арман. Қасиет бар қатулы қабағында, Шам жанып тұрады қос жанарында. Науат Шантубайқызы

Өлеңмен өрнек басып кеткен ақын, Өмірдің өткен әр бір парағына. Қолыма алсам Мұқаңның жинақтарын, Ойымды шашыраған жинақтаймын. Жарыққа алып шығып жадыраймын, Ғұмырымның құпия құндақтарын. Қиядан да қисынсыз сүрінбеймін, Жүрсем де кісенделіп күлімдеймін. Түнімнен де жол табам, түңілмеймін, Тоқсан ауыз сөзімді түйіндеймін. Құн беріп уақыттың қымбатына, Әр күнімнен әдемі жыр іздеймін. Тіл сәулесі Күн ашылса мен де ашылып кетемін, Бүгінгіге ұқсамайды, кешегім. Өз қуатым жету керек өзіме, Ешкімнің де тіленбеуге жетегін. Әрбір істі бастау керек ойлана, Салмағымды көтеретін жер ғана. Қақ айрылып жол беріпті батырға, Асау өзен ағып жатқан долдана. Білімсіздер білектерін білейді, Бірақ, олар көрінбейді үрейлі. Құр байлықтың құлы болған пенделер, Ат үстінде айғайы үдеп шірейді. Қыран дауысы естіледі әр таудан, Мірдің оғы тоқталмаған қалқаннан. Шеберлікті шектемейтін халықпыз, Қашаған да құтылмаған арқаннан. Науат Шантубайқызы

Әлі көп қой білімдер мен білмеген, Жазғым келіп тұрса-дағы күнде өлең. Қағаз бенен қаламың тек қаруың, Тың өлеңдер жазылады тілменен. Жалғыз арман Жалғыз ай, жалғыз аспан, жалғыз ғалам, Күн батып жұлдыз шықты андыздаған. Шығыс жаққа қарадым күреңіткен, Бір жұлдыз жаудырайды жалғыз маған. Мен де оған жаудырап, ол да маған, Мынау бір қасырет қой ойламаған. Жүрегім жүдеуліктің күйін кешіп, Көңілім толған түпсіз арман. Жүкті боп қызығы жоқ қиындыққа, Денем суып, қалмады қызулық та. Мені сүйген ғашығым баяу басып, Қып-қызыл кіріп кетті шымылдыққа. Қыбырсыз, төзімімнің төсегінде, Ойлардың бастырылып кесегіне. Шырақ сөніп, тұншығып қара түнде, Жаттым мен бір топ жанмен бөтен үйде. Жаттым мен бір топ жанмен бөтен үйде, Көңілімді медет бар ма көтеруге? Жалғыз жұлдыз көңілімде жалғыз арман, Телміріп саған ғана өтемін бе? Сені ғана қимаспын кетерімде. Науат Шантубайқызы

Екпініме естілер елеңдесін Өмірімнен түңілген шақтарымда, Сырласқым кеп тұрады ақтарыла. Арманым бар болғанмен дәрменім жоқ, Телміріп көп қараймын аспаныма. Өкінемін қанаттың жоқтығына, Кеудемнен өшіре алмай отты мына. Көңілім көкті айланып келгенімен, Шаттанар шамам қайда шаттығыма. Келтірмес кейде қырсық сақтануға, Тау құлап түскендей-ақ қас қағымда. Бөгелген тұншығып иірімім, Буырқанып тасый алмай жатқанымда. Ағытып жіберсеңші ақылыңмен, Сырымды сенен қашан жасырып ем. Екпініме естілер елеңдесін, Шабытым шарықтасын тасуымен. Тағы бір дос таптым Мең-зең болып сен келердің алдында, Отыр едім отқа қарап телміріп. Бұлт бүркенер күні бар ғой айдың да, Жатқан жоқ қой бұл ғажапты ел біліп. Ал екеуіміз ежелгі бір достардай, Көңілдегі көп сырларды ақтардық. Айлы түнде жұлдыз жымың қаққандай, Сен де, мен де сонша ерен шаттандық. Жанымызда үш азамат отырды, Олар бізге аңтарыла қарады. Науат Шантубайқызы

Мынау сенің ару бейнең кекілді, Қыз күнімді еске салды баяғы. Мен де онда өзіңдей ерке едім, Әкем де бар, анам да бар кез еді. Сен сияқты сері едім, өрт едім, Жылдар өтіп қызыл ерін көгерді. Көріп тұрсың салғырт тартқан кезімді, Сол кездердің қалмағандай жұрнағы. Бірақ менің құдырет бар көзімде, Қырсықтардың қызыл иті талай беттен тырнады. Содан ба екен жасқаншақ боп барамын, Кеудемдегі от алауым сөнгендей. Мендей болма, ер мінез бол, қарағым, Мен отырмын үмітімді көмгендей. Періште ме ең маған тәңір жіберген, Сен келгенде көтерілді иінім. Түйір қалмай отырғанда жігерден, Мен туралы талғамыңа сүйіндім. Марсиғаным емес әлде мақтауға, Жаным менің қаламайды ондайды. Жан сырыңды тебірене ашқанда, Түсінбесе түпсіздерің сол қайғы. Өзіңменен қимастықпен қоштастым, Ұмытпайсың әпекеңдей туысқан. Құрметіне бөлейтұғын дос таптым, Құшақтасқан дос артық қой туыстан. Науат Шантубайқызы

«Жан досым» Жыртылып жоғалғаны-ай көп өлеңім, Қысқа ғұмыр сүргендей көбелегім. Жанарымнан іркілген жасты көріп, Жан досым, не үшін дедің, неге дедің. Бере алмай саған, досым, жауабымды, Үн-түнсіз қолыма алдым қаламымды. Жоғалғанның орны қайта толмайды екен, Ол үшін мұң басып жүр қабағымды. Өлеңім өмірім ғой жан шырағым, Бере алмай саған жауап қалтырадым. Қалқалап маңдайымды алақанмен, Қағазға тамды мөлдір тамшыларым. Жанымның қиналғанын сезіндің де, Шанағына жас толды көзіңнің де. Сен маған тіл қатпадың онан ары, Кеттің де ағыл-тегіл сөгілдің де. Өмірде келеміз деп сырлас болып, Жырымды шаттанушы ең тыңдап болып. Жан досым, кешір дедің қарсы алдымда, Сұрауым қалсын дедің жұмбақ болып. Жазайын Жазылмай жатыр менің көп өлеңім, Қашан қолын бұлғайды өлең өмір. Аспаным алақандай көрінеді, Дүние кеңдігіңе сенер едім. Қара жолда жүгі ауса қара нардың, Қайтадан түзеу үшін шегеремін. Көрші ауылда той болып жатыр дейді, Науат Шантубайқызы

Тұрғаны-ай қозып бүгін делебенің. Тауық құрлы тірлігім жоқ па менің. Бұйырған ырыздықты тере бердім. «Ойнап жүрсе ойы жоқ» деген сөзді, Аузынан естіген ем көнелердің. Әлін білмей әлек боп жүр десе де ел, Кеудемді дауылдарға кере бердім. Шырыным таусылғанша аянбаймын, Бақшаға келіп қонса көбелегім. Іргеден сайтан кіріп кетпесін деп, Басына қамшымды ілдім керегенің. Бір жыл өтіп барады Сұрама дейді қазақ жылағанды, Жыл келгенде бар адам қуанады. Басып тұр қуанышты жұбанышым, Уақытты қайтып адам қия алады. Бойыма жыл келгенде қуат қылып, Тастадым ескілерді лақтырып. Ойлар кешіп өзімнің от басымда, Қоштастым өткен жылмен жылап тұрып. Өмірдің минут, сағат шабарманы, Секунд тынысыңның тарамдары. Жаңа жылда жайнамай жыладың деп, Жазғырды жарым-дағы, балам-дағы. Өйткені, оңай емес бір жылыңның, Солғанын сезіне алсаң бір күніңнің. Бір күнде қоштасасың жыл құсымен, Бір жылда бір естисің бұлбұл үнін. Науат Шантубайқызы

Ал мен ше, не бітірдім не тындырдым, Бала бақтым, есейттім, жетілдірдім. Таң атса ертеңімнің күні үшін, Ойланып ошағыма отын жидым, Жаңаның көне болмай құны қанша, Тұрады бір басыңда ғұмыр қанша. Жарың да дала безер боп кетпей ме, Бір уақ ошағыңа жылынбаса. Ал енді өксігімді басып алып, Думанын жаңа жылдың асыралық. Көктеңдер, балаларым, қарғалдақтай, Ән салайын жарымды қасыма алып. От көбелек Жынды емес ол сау көбелек, Тіршілік жаралғаннан бар көбелек. От айланып мазасыз жүргені оның, От сезімге білсеңдер бай көбелек. Кеш батса шырақ түбін думан қылып, Өздерін де жатады құрбан қылып, «Жынды» деп атаса да атақсыздар, От сезімге кетеді иландырып. Сезім деп еліреміз жүрек қызып, Отты да тамызамыз дүр еткізіп. Мәңгілік отпен бірге жасайтұғын, Жоқ бізде көбелектей жүректілік. Науат Шантубайқызы

Әзияның қасында Отырмын мен Әзияның қасында, Осы бір күн жетер білем ғасырға. Міне менің тұңғыш рет көргенім, Өлеңінің үлгі қылып өрнегін. Отырмыз біз тосырқамай сырласып, Арман жолын жүргеннен соң бір басып. Өлең өқып берші деді күлімдеп, Бұл сұраныс тиді маған қиын боп. Қайтармадым бірақ оның тілегін, Атқалақтап тұрса-дағы жүрегім. От көбелек жайлы өлең оқыдым, «Жақты-деді,-маған, Науат, осының». Жақсы лебіз жанымды кеп тербеген, Кей ақындай кеудесін де кермеген. Ақ пейілі ғана қатты ұнады. Мына өмірдің көп қой бізге сынағы. Кезіксе де күнде алдынан көлденең, Соның бәрін елең құрлы көрмеген. Кеттім мен де ерлігіне қызығып, Өне бойым бара жатты жылынып. Сөмкесінен қатирасын алды да, Отырды кеп менің қарсы алдыма. Оқып берді маған екі өлеңін, Қарасаңшы, ойларының тереңін. Ақын болу азабы көп өмірде, Ие болу оңай емес сенімге. Серт қып ұстап сенімінің семсерін, Өнерменен жайып жүрген өркенін. Науат Шантубайқызы

Ақын қыз деп халқы атын жаттаған Жинақтарын сөресіне сақтаған. Отырмын мен Әзияның қасында, Осы бір күн жетер бәлкім ғасырға. Бақытым сендерсіңдер Балаларым тірлікте бағымды ашқан, Оты ғой үмітімнің жанып жатқан. Ана деген атымды өшіріңдер, Сендерді сағынбасам. Тәп-тәтті қылықтарың сүйдіретін, Сендер үшін жағамын тірлік отын. Күлкілерің жұлдыз ғой жымыңдаған, Иіскейін маңдайыңнан күн күлетін. Жүрегім сендерсіңдер бауыр етім, Бақытым да базарым дәулетім. Сендерден титтей бодау тілемеймін, Өмірдің тартсам да мың әуресін. Науат Шантубайқызы

Пәридә Манапқызы 1968 жылы 23 қазанда Алтай аймағы Қаба ауданының Талды ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Іле педагогикалық институтының әдебиет факультетін бітірген. 1987 жылы «Шұғыла» журналында жарияланған «Адасқан жүрек аққуым» деген тырнақалды туындысымен әдебиет есігін аттаған. Содан бері көптеген өлең, ән текістері, толғау, баллада, әңгіме, очерктері түрлі басылымдарда жарық көрді. Өлең жазумен бірге, «Тіл мәдениетінің балалар санасында қалыптасуы жайында», «Қазақ мәдениетінің мол мұрасы алпыс екі қоңыр жайында», «Қойдым туралы бір дерек», «Өнерліге өріс кең» атты ғылыми мақалаларды да жариялады. Бірнеше шығармалары Шыңжаң-ұйғыр автономиялы районы, Ілеқазақ автономиялы облысы бойынша жүлделі туынды болып, жоғары марапаттарға ие болды. Орталық ұлттар баспасынан 2003 жылы «Қыз ғұмырдың қызғалдағы» деген өлең, әңгіме, повестер жинағы жарық көрген. Ол Іле-қазақ автономиялы облыстық ауыз әдебиет одағының мүшесі.

Туған жер құшағында Құстар-дағы кетті ұшып жылы жаққа, ауылына, Жіберер ем хат жазып аппақ ұлпа бауырына. Күздің мынау боз аспаны сұп-сұрғылт боп бозарды, Боз тұманды бұл қаладан ауыл ойға оралды. Жататұғын түтіндері будақ-будақ көкке өрлеп, Біздің үйдің түтіні ғой анау ұшқан шеткерек. Қандай бақыт әке үйінің көрінгенде төбесі Жерұйықты неге іздедім сонша қаңғып мен осы. Тақыр тулақ үстіне сап, апам түткен түбіттей, Қожыр-қожыр тауға барып, ақ шарпы бұлт сүңгіпті-ей. Дүрия толқын дүрілдеп барад, өзен жатыр бұлқынып, Сыбырлаған қыз даусындай кейде қалар күрсініп. Түні қандай жұлдыз еді, дәл төбемде шашылған, Сол жұлдыздан жыр моншағын үзіп алып асынғам. Жел ұшырып әкеткендей, ару қыздың үкісін, Қамыстар да сылдыр қағып сағындырды күлкісін. Күндіз жақын қыраттарда, түнде кетер алыстап, Анда-мұнда ауыл иті үреді-ай кеп дауыстап. Шиқылдаған арба үні ме, уілдеген жел ме екен, Тарих құшып ұйықтап жатқан ойландырад ел-мекен. Ай қарады сұлу қыздың жанарындай тұп-тұнық, Күз желі де мені сүйді, самалымен сұп-суық. Екі иығымнан құлап түсті, қиял мүсін қырсығым, Топырағыңнан алып қайттым ата қоныс бір сығым. Өзеніңнің, көлдеріңнің тасын тердім неге мен, Ертіс, Қыран,Үліңгірдей анау жатқан көліңнен. Үш түйір тас тұмарымдай отауымның, өзімнің, Бір қайратын берер маған тастай берік сенімнің. Пәридә Манапқызы

Әкеме Жаратам деп бақытты әр таңыма, Жан әкем жүйкең қажып шаршадың ба? Арманның жолы бұраң, жаза бассам, Түйіліп тұрғандайсың қарсы алдымда. Шертейінші тірліктің күйін тынбай, Арманға жетемін бе жүз ұмтылмай. Бар байлығын әлемнің сыйлар едім, Жан әке, болса менің уысымда-ай. Өр тұлғаң тұр өмірдің сырын айтып, Өз босағам сенде өткен күнім артық. Басынан қар кетпейтін ақбас шыңдай, Қара шашың ойлантты-ау бурыл тартып. Нажағай Көкті тіліп түсердей күркіріңмен, Жерді ояттың нажағай сілкініп ең. Жасын ойнап келдің де жер бетіне, Жарқ етіп жоқ боласың сиқырыңмен. Неге сені теңеймін ғажап-ақсың, Арамдықтан кетердей тазалап шын. Кінәсі көп пендені жер бетінен, Жиып кеткің келді ме жазалап шын. Артынан аспан жылап жер бетіне, Мұң шағып жатыр бәлкім теңдесіне. Жер ана көк аспанның ғашығы екен, Қоймайды мына шындық сенбесіңе. Аспан-ата, жер-ана жаралғанда, Бір-бірінсіз бақытты таба алған ба? Пәридә Манапқызы

Аспан төгіп орасан жерге мейір, Жер-ана содан балқып нәр алғанда. Содан солай өрбітті тіршілікті, Оңнан айы, солынан күн шығыпты. Ай мен күн де бір-бірін көре алмаған, Мәңгілік ғашық дейді күрсіністі. Аспан солай телміріп жер бетіне, Қарап қана жататын келбетіне. Ал, жер ана сүзіліп көп қараған, Ой жетер, қолы жетпес теңдесіне. Көк өгіз жер ананың пырағы ма? Айналған жердің асты тұрағына. Сілкінісі кейде осы жер ананың, Жалғыздық мұңы ма екен сыңарына! Көп михынат тартқанмен адамдардан, Беріп келді байлығын жаралғаннан. Жер емшегі тілініп жара бопты, Азуы қанжар тісті арандардан. Сен солай қорғайсың ғой асылыңды, Көңіліме ой түсіп жас ілінді. Келгені дәл біздердей кінәлі боп, Кеткені тағы өзіңе жасырынды. Ей, көк аспан, нажағай кірпігің бе? Жер бетін арамдықтан сілкідің бе? Көзім алды жарқ етіп менің-дағы, Жай түсіріп жіберді күйкі үніме. Жеңілдеп сала берді тұла бойым, Биіктеп қанат қақты ұлар ойым. Нажағай сенен туған өлеңімді, Жай отындай жарық қып шығарайын. Пәридә Манапқызы

Арман-ай Көзімнен бұлбұл ұшып бір арманым, Орнымнан үш ұмтылып тұра алмадым. Өлең сенсіз жанымда шаттығым жоқ, Көп бақытты тәңірден сұрамадым. Бір өксік бар көңілден айықпайтын, Бір әнім бар әуендеп қалықтайтын. Бірі бүтін қанатым, бірі сынық, Бірақ, арман медетім талықпайтын. Не келеді бұл басқа, не кетеді, Өз аққуын айдын көл тербетеді. Жаутаң қағып жанарым жылап тұрам, Тоймай көңіл тірлікке шөлдетеді. Барар жері қайда екен тиянағым, Басып келем өмірдің қияларын. Тәй-тәй басқан бөбектей екі аяғым, Бірақ байсал тартыпты қиялдарым. О, менің сезімдерім, егілмегін, Мен қазір жанатұғын кезімдемін. Қайғым менің теңселген жасыл орман, Жаралған таудан менің төзімдерім. Қате келген телефон Қате келген телефон деп, Алдайсың-ау, қарағым. Тигізбеуге көңіліме, Салқындықтың самалын. Ісі ме бұл кәмпит берсе, Алданатын баланың. Пәридә Манапқызы

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙