Мазмұнға өту
Home

Қарлық – Қарахан мемлекеті: саяси тарихы және мәдени мұралары.

ISBN: 978-601-302-217-8 Беттер саны: 326 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қарлық – Қарахан мемлекеті: саяси тарихы және мәдени мұралары.

Авторы: ISBN: 978-601-302-217-8 Беттер саны: 326 Жанр:

Рецензенттер: А. Ташагыл (Түркия Республикасы) – тарих ғылымдарының докторы, профессор Н. Джаферсой (Әзірбайжан Республикасы) – РһD докторы Ш. Ахмет (Қытай Халық Республикасы) – РһD докторы Т. Чоротегин (Қырғыз Республикасы) – тарих ғылымдарының докторы, про­фессор М. Алпысбес (Қазақстан Республикасы) – тарих ғылымдарының докторы, про­фессор Сыздықов С.М. Қарлық – Қарахан мемлекеті: саяси тарихы және мәдени мұралары. Монография. – Астана: Фолиант, 2015. – 328 б.

Монографиялық еңбекте түркілерде жүйелі дамыған мемлекеттілік бол­ маған деген тезисті негіздеу мақсатында олардың тарихын үзік-үзік етіп көрсетуге тырыс­қан бұрынғы Кеңес тарихнамасының сыңаржақты идео­ логиялық нұсқауын автор ортағасырлардағы жоғары өркениетті қо­ғамдық қатынастардың озық үлгісін жасаған Қарлық мемлекетінің Қа­рахандар әулеті билеген қала-мемлекеттерге ұла­суын дәлелдеу арқылы жоққа шығарады. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда – Ұлы Жібек жо­лындағы күрделі жер ие­ ленушілік пен көшпелілердің өзара тығыз ық­палдастығы мен байланысын орнатқан, мәдени-рухани дамуында – мұсылмандық ренессансты бастан кешірген қоғам – ортағасырлық түр­кі­лер­дің «Мәңгілік Ел» мемлекеттік идеологиясының саяси-филосо­фиялық және мемлекеттік-құқықтық негіздерін жасаған әл-Фараби мен Жүсіп Бала­сағұн сияқты ғұлама тұлғалардың шығуына ықпал етті. Сонымен қатар Қарлық – Қарахан мемлекеттерінің бұл даму үрдісі кейін Орталық Азияда Қазақ, Қырғыз, Түркмен және Өзбек хандықтары мен халық­ тарының қа­лып­тасуына алып келді. Бүгінде түркі этностары Орталық Азия тұ­ ратын халықтар­дың басым бөлігін құрайтындықтан, бұл еңбек осы аймақтағы, оның ішінде Қазақстан­дағы этносаралық қатынастардың тұрақтылығы мен толе­ ранттылықты және ортақ түркілік тарихи сананы қалыптастыруға өз үлесін қосуы тиіс. Кітап тарихшыларға, түркологтарға, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне және жас ғалымдарға, студенттерге ар­налған. УДК 94 (100) 05/:.. ББК 63.3 (0) 4 УДК 94 (100) 05/:.. ББК 63.3 (0) 4 С 94 ISBN 978-601-302-217-8 С 94 © Сыздықов С.М., 2015 © «Фолиант» баспасы, 2015 ISBN 978-601-302-217-8 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді

КІРІСПЕ Қарлықтардың тарих сахнасына шығуынан бастап, олар­ дың Орталық Азияда саяси үстемдікке қол жеткізуі мен моң­ғол шапқыншылығына дейінгі тарихын зерттеу­дің қа­ зіргі түркі тілдес халықтар үшін маңызы зор. Қарлықтар­ дың тай­палық одақтары Қарахандар мем­лекетін құруда басты рөл атқара отырып, моңғол шапқыншылығынан кейінгі дә­уірде қазақ, өзбек, қырғыз және т.б. Орталық Азия халық­тарының қалыптасуына ықпал етті. Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында қар­ лықтардың иелігінде болған мекендер осы аймақтың орта ғасырлардағы саяси және этникалық тарихында ерекше орын алады. Батыс Түрік қағанаты мен түргештердің ор­ нына келген қарлықтар бұрынғы қағанаттар біріктірген рутайпалық одақтарды өзіне қоса отырып, этникалық, әлеу­ меттік және саяси тарихының сабақтастығын және олардың әрі қарай жоғары сатыда дамуын қамтамасыз етті. Оның айқын дәлелі – кейін қарлықтар тайпалық конфедерациясы құрған сол замандағы дамыған әлеуметтік-экономикалық

Сатай СЫЗДЫҚОВ және өркениетті қоғамы бар Қарахандар әулетінің мем­ лекеті болды. Сонымен қатар қарлықтар қоғамын зерттеу көшпелілер мен отырықшылдықтағы елдердің өзара ықпалы мен дәс­ түрлі мәдени-шаруашылық типтерін және әлеуметтік қаты­настарын терең, бір-бірімен тығыз байланыста, тұтас­ тықта қарастыруға мүмкіндік береді. Өйткені, әуелгі орта ғасырда қалыптасқан оғыз, қыпшақ, ұйғыр және қыр­ ғыз бірлестіктерінің қай-қайсысы болмасын, дәл осы қар­ лықтардай отырықшылар мен көшпелілердің тығыз байла­ нысқан жерінде және Ұлы Жібек жолдарының торап­тарын­ да орналасқан жоқ еді. Қарлықтардың тарихын зерттеу көшпелілердің ор­та­ға­­­ сырлық қалаларының дамуы мен гүлденуіне тигізген зор ықпалын, сол дәуірдегі өлшеммен қарағанда жоғарғы дә­ режедегі шаруашылық-мәдени кешендердің қалып­та­суын түсіндіруге мүмкіндік береді. Қарлықтардың исламды басқа түркі тектес тайпалардан гөрі ертерек қабылдауы және бұл діннің таралуы үшін кү­ ресуі сол кездегі мұсылман мәдениетінің өркендеуінде (Шы­­ғыс ренессансы) түркілердің алатын орны мен рөлі мә­ селесін де алға қояды. Қарахандар әулеті тұсындағы қарлық көшпелілерінің оты­рықшылығы жоғары дамыған аудандардан (жайылым­ дар­дың тарылуына байланысты) бөлініп шығып, өздерінің жекелеген иеліктерін құруы да кейін қазақ, қырғыз, өзбек хандықтарының пайда болуын тездеткен процесс ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазақ хал­ қының шығу тегі мен оның этногенетикалық процес­тері­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ мен тығыз байланысты қарлықтар мен Қарахандар әулеті­­ нің дәуірі Қазақстан тарихының әлі жете зерттеліне қойма­ ған кезеңімен сәйкес келуі бұл тақырыптың өзектілігін көр­ сетеді. Осы ретте айта кеткен жөн, қазақ халқының шығу тегі мәселесіне қалам тартқан ғалымдардың біздің қарастырып отырған тақырыбымызға байланысты пікірлеріне көз жү­ гіртелік. Ғалым М. Ақынжанов: «Қазақ халқына негізі­ нен алғаш ұйытқы болған Түргеш пен Қарлық одағы болды», – деп жазады [11, 149]. Қарлық қағанатының қазақ халқын құрудағы рөлін жо­ ғары бағалай келіп, түркі және моңғол шежірелерін жетік білетін моңғолдық қазақ ғалымы Ислам Қабышұлы былай дейді: «...Қарлық одағының тұсында қазақ халқы өзінің осы күнгі қазақ атымен аталды. Оның IX-X ғасырларда өз алды­ на жеке халық болып құрала бастағаны анықталды. Оның эко­номикалық тұтастығы, мәдениет және қоныс бірлігі бар еді. Ал мәдениет бар жерде мінез-құлық бірлігі болатыны да даусыз. Сондықтан тұтас бір халықтық белгілері бар деп саналады. Бұл, әрине, халық болып құралудың бастамасы. Осы қарлық кезінде ізі салынған халықтың ұйытқысы жо­ йылып кетпей баянды болып қалды. Бұл ұйытқыны сырт­ тан келген шапқыншылар да бұза алмады. 1140 жылғы қидан, 1203-1220 жылғы моңғол-татар шапқыншылығы да бұл бір­лікті ыдырата алмады. Сөйтіп, 1218-1380 жылдарда әр жердегі қазақтар қайта бас қосқанда сол қарлық аты­ мен емес, қазақ атымен біріккен-ді» [94, 71]. Жұмыстың методологиялық әдістерін айтқанда ғы­лым­ да болып жатқан соңғы өзгерістерді ескермеске болмай­­

Сатай СЫЗДЫҚОВ ды. Танымның түрлі салаларында фактілік материалдар­­ дың жинақталуы мен толығуы, оларды ғылыми тұрғыдан жүйе­леудің күрделенуі жаңа әдістердің қажеттілігін тудырса, ал оның өзі барлығына ортақ белгілі бір заңдылыққа сүйенуді талап етеді. Бұл жағдай әлемдік ғылым алдына қандай да болмасын, дамудың жалпы заңдылықтары теориясының жүйесін қайта қарастыруды алға қойды. Үстіміздегі ғасырдың 60-70 жылдары ғалымдар қазіргі уақытта табиғатты әртүрлі жүйелердің «ұйымдасуы» мен «қалыптасуы» және «ретсіздікке ұшырауы» сырттан бір бақылау мен басқарудың емес, «ішкі күштер» қозға­ лысының нәтижесі екендігін анықтап отыр. Егер де біз бұрыннан сүйеніп келген классикалық диалектика даму­ ды тек ілгері қарай жоғары дәрежеге көтерілу процесі ғана деп келсе, қазіргі классикалық емес диалектика дамуды «өзіндік ұйымдасу» және «ұйымсыздық» немесе «ретсіздік» циклдарынан тұратындығын көрсетеді. Сонымен қатар классикалық ғылым «тепе-теңсіздік» қалпындағы жүйені аномалия ретінде «тепе-теңдік» пен «тұрақтылық» жүйе­ сінен ауытқушылық деп санаса, қазіргі ғылым нәти­желері жүйелердің тепе-теңсіздігі дамудың басты алғышарт­та­ рының бірі болып табылатындығын дәлелдейді. Осы уақытқа дейінгі кеңестік тарихнаманың, әрине, жа­ ғымды жақтарына күмән келтірместен, осал жері қандай да болмасын, қоғамдық дамудың локомотиві ретінде тап­тық күрестер мен революциялық төңкерістерді алып қараған­ дықтан тарихта жасаған бір мемлекеттің орнына екінші мемлекеттің келуі таптық қайшылықтардың шиеле­нісінің

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ нәтижесі деп тұжырымдады. Сондықтан болар ке­ңестік мемлекеттердің тарихын жазуда бір мемлекеттен екінші мемлекетке өту алғашқысының таптық қайшылықтар нәтижесінде күйреуі не болмаса құлауы деп пайымдалды. Нәтижесінде алғашқы мемлекеттік түзілістердің кейінгі орнына келген мемлекеттердің дамуы мен гүлденуіндегі рөлі бағаланбады. Сөйтіп, отандық тарихнама үзік-үзік мемлекеттер тарихынан құралды. Сондықтан да кеңес­ тік дәуірде Қазақстан тарихының да «жұқа» кітаптан бас­ талуы, ал кейін жазылған көптомдық тарихта да осы «үзіктіктің» орын алуы кездейсоқ емес. Ендеше, бүгінгі таңда жоспарланып жатқан Қазақстанның көптомдық та­рихын жазғанда бұл методологиялық тұрғыдағы кем­ ші­ліктер қайталанбауы тиіс деген тілектеміз. Ал біздің қарас­­тырып отырған мәселемізде Қарлық мемлекетінің Қа­ра­хандар әулеті мемлекетіне өтуі біріншісінің құлауы емес, оның даму жолындағы жоғары сатыға өту, яғни эво­ люциялық үрдісінің көрінісі ғана. Сондықтан да еңбектің атауын таңдағанда «Қарлық – Қарахан мемлекеті» деген тіркесті алуды жөн көрдік. Сонымен қатар Қарлық мем­ лекетінің Қарахандар әулетіне өтуі бір жағынан биліктегі басқарушылардың исламға, ал екінші жағынан отырықшы жер иеленудің сол кезеңдегі дамыған формасы – «икталық» қатынасқа өтуі, нәтижесінде алғашында өзара жақсы ық­ пал­дастықта болған отырықшылық пен «қарлық» деген этнонимін өздерінде сақтап қалған көшпелілердің арасын­ да жайылымның тарылуына байланысты қайшылықтар­ дың шиеленісуі қарахандар қоғамының тағдырын шешті. Сол қарлықтар ішінен шыққан билеушілердің ислам­ды

Сатай СЫЗДЫҚОВ қабылдауына байланысты, олардың негізінен отырық­ шы жер иеленушілердің мүддесін көздеуі және оған сырт­­қы факторлардың: селжұқтардың билікке таласуы, хорезм­шахтар мен қарақытайлардың және соңында най­ мандардың араласуы қарахандар қоғамын ішкі «ретсіз­ дікке» (жоғарыда айтылғандай), шиеленіске итермеледі. Нәтижесінде көшпелі қарлықтардың әлеуметтік-экономи­ калық мәселелері ат төбеліндей биліктің тарапынан дұ­ рыс шешілмеді. Ал бұл жағдай көшпелілердің сырттан кө­мек іздеуіне (саяси оқиғаларда орын алғандай, біресе қарақытайлардан, біресе хорезмшахтардан және т.б.) себеп болды... Ақыр аяғында моңғол шапқыншылығы алдында көшпелі қарлықтардың Қарахандар әулетінің қоғамынан бөлініп кетіп, жекелеген хандықтар құруына (Алмалық, Қаялық, Хазар-Қарлық) алып келді. Қысқаша айтқанда, гегельдік философияның катего­ рияларына сүйенген маркстік-лениндік диалектика қазір­ гі әлем дамуында болып жатқан күрделі де «нәзік» құбы­ лыстардың алуан сырлары мен себептерін және салдарын толық түсіндіріп бере алмайды. Жаңа ғылымдық жүйе қоғамдағы барлық процестердің негізі болып табылатын «өзіндік ұйымдасудың» ішкі механизмдерін зерттеуге объек­тілер мен процестерді жүйелі, біртұтас, бүтіндікте қарастыруға бағытталып, жоғарыда аталған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Жұмыстың хронологиясы VII-ХІІІ ғасырларды қамтиды. Қарлықтар VII ғасырдан бастап тарих сахнасында саяси оқиғаларға белсене араласты және XIII ғасырда моңғол шапқыншылығы барысында Орталық Азиядағы ірі саяси-

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ этникалық өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан бұл уақыт тұтастай бір дәуірді алады да, соңғы кездегі отандық та­ рихшылардың Қазақстан тарихын дәуірлеу жүйесіндегі ер­те орта ғасырдан бастап дамыған ортағасырлық кезеңді қамтиды. Қарлықтардың әр тарихи кезеңдерде Алтайда, Моңғо­ лияда, Қазақстанда, Ауғанстан мен Солтүстік Индияда, сон­дай-ақ Анадолыда таралып, орналасуы зерттеу жұмы­ сы­­ның шеңберін Еуразиялық аймақта қарастыруды қажет етеді. Тарихнама және деректер. Ортағасырлық карлықтар тарихының күрделілігі осы уақытқа дейін оның жеткіліксіз зерттелуі мен деректік материалдарының тапшылығына байланысты. Сондықтан да тақырыптың отандық және шетелдік тарихнамада зерттелу дәрежесі мен оның кезең­ дерін анықтау, бар деректерге талдау жасап, бір жүйеге келтіру, оларды арнайы мәселе ретінде қарастыруды қажет етеді. Біз қарастырып отырған кезең бойынша қарлықтар ту­ ралы арнайы монографиялық еңбек жоқ. Алайда отан­дық және шетелдік әдебиеттерде әртүрлі дәрежедегі зерт­теу­ лер мен мәліметтер баршылық. Ресей ғалымдары іші­нен қарлықтар туралы шамалы деректер Д.Н. Лого­фет, Н. Ха­ ныкова, В.И. Массальский, В.Л. Вяткин және Н.Г. Малицкий еңбектерінен кездеседі. Араб-қытай деректерін пайдалана отырып, шығыста­ нушылар Н.Я. Бичурин, В.В. Григорьев, В.В. Радлов жә­ не Н.А. Аристов қарлықтар туралы біршама құнды мате­ риалдар жинақтап, кейбір бағалы пікірлер айтады. Н.Я. Би­­

Сатай СЫЗДЫҚОВ чурин қытай жылнамаларындағы қарлықтар туралы ма­ териалдарды жинақтап жүйеге келтірсе, В.В. Григорьев кейбір араб деректері арқылы Қарахандар мемлекетінің не­гізін құраған қарлықтар болды деп тұжырым жасай­ ды. В.В. Радлов және Н.А. Аристов өз еңбектерінде қарлық­ тардың тарихи-географиялық мәселелеріне көбірек тоқтал­ ды. Қарлықтарды зерттеуде маңызды кезең XX ғасырдың ал­ғашқы жартысы болды. Осы кезеңде бұл тақырып бойын­ша ғалымдар В.В. Бартольд, А.Ю. Якубовский жә­ не А.Н. Берн­штам терең ізденіс жұмыстарын жүргізді. Олар­дың еңбек­теріндегі көптеген араб-парсы және архео­ логиялық дерек­тер негізінде қарлықтардың әуелгі орта ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстандағы түркі тектес ел­ дердің әлеуметтік, саяси және мәдени өмірінде алатын орны мен рөлі жөнінде бағалы тұжырымдар жасалды. Бұл кездегі еңбектердің маңызды қорытындысы сол, олар­ да қарлықтардың VІІІ-Х ғасырлардағы басқа түркі тілдес тай­палық бірлестіктерге қарағанда мәдени тұрғыдан алда болғандығы дәлелденеді. Қарлықтардың тілін зерттеуде А.Н. Самойлович, С.Е. Ма­ лов, А.К. Боровков, Н.А. Баскаков, ал этнографиялық мә­ селелерін қарастыруда А.К. Писарчик, Б.Х. Кармышева және антропологтар Д.В. Ошанин, О. Исмағұлов еңбектерін атап өтуге болады. Тіл мәселесін айтқанда қарлықтардың «ж» диалектісін кеңінен қолдануы және оның қазақ тіліне жақындығы әлі өз мәнінде зерттеліне қойған жоқ. К. Шаниязовтың этнографиялық тұрғыдағы арнайы ең­ бегі Өзбекстандағы қарлықтарға арналған. Бұл еңбекте

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ өзбек қарлықтарының Кеңес өкіметі жылдарындағы ша­ руа­­шылығы, материалдық және рухани мәдениеті жанжақты қарастырылған. Біздің қарастырып отырған кезеңге байланысты кітаптың бірінші тарауында қарлықтардың әуелгі орта ғасырда орналасуы мен олардың қозғалысы ту­ ралы тарихи қысқаша шолу жасалынған [245]. Е.А. Давыдович пен М.Н. Федоровтың қараханидтер­дің монеталарын мұқият зерттеу жұмыстары мемлекеттің сая­ си тарихы, экономикасы мен басқару жүйесіндегі даму мен өзгерістердің бетін ашуға мүмкіндік берді [69; 246]. Қазақстандық тарихшылардан қарлықтар туралы құнды ғылыми мақалалар жазған академик Б.Е. Көмеков болды [107; 108]. Онда араб географтарының карталары арқылы қарлықтардың орналасуы нанымды көрсетілген. Ал қар­ лықтардың этникалық мәселелері туралы Ю.А. Зуевтің көлемді мақаласын атауға болады. Еңбекте қарлықтардың қазақтың ру-тайпалары мен этникалық сабақтастығы ауыз­ ша тарих айту дәстүрі арқылы дәлелденеді [85; 86]. Қарахандар мемлекетінің тарихына арнайы қалам тарт­ қан қырғыз ғалымы О. Караев болды. Ол өзінің моно­ графиялық еңбегінде түрлі деректердің тобын пайдалана отырып, Қарахандар мемлекетінің саяси тарихы, әлеумет­ тік-экономикалық және мәдени дамуын кешенді тұрғыда қарастырды. Ғалым Қарахандар мемлекетінің негізін салу­да қарлықтар конфедерациясынан шыққан шігілдердің басым рөлін көрсете отырып, жалпы қарлықтар қағанаты мен са­ манилер мемлекетінің Орта Азиядағы өндіргіш күш­тер мен қалалардың дамуына, қала мен ауылдың, оты­рықшылық пен қолөнердің еңбек бөлінісіне маңызды ық­пал жасағанын

Сатай СЫЗДЫҚОВ ерекше атап өтеді. Сонымен қатар басқа еңбектер сияқты бұл еңбекте де Қарахандар мемлекеті қоғамының ішкі шиеленістері мен қайшылықтарының күшейіп, оның ыдырауындағы көшпелі қарлықтар мен оғыздардың орны мен рөліне жете мән берілмегенін айта кету керек. Моңғол шапқыншылығы дәуірінде құрылған Шыңғыс хан империясына қызмет еткен қарлықтар жөнінде отан­ дық тарихнамада А.Ш. Қадырбаевтың еңбектері көзге түседі [95; 96]. Ғалым қытай деректерін пайдалана отырып, қыпшақ, найман, ұйғырлармен бірге қарлықтардың да империяға әскери, әкімшілік және мәдениет салаларында істеген қызметтеріне тоқталады. Қарлықтар мәселесін зерттеуде шетелдік авторлар көрнекті орын алады. Олардың ішінде XIX ғасырда А. Бо­ рис, И. Маркварт, Ф. Хирт, Э. Шаван, Х. Хофманды, ал үстіміздегі ғасырда В. Минорский, О. Прицак, Х. Френк және И. Ечедиді айтуға болады. Олардың арнайы көлемді мақалалары мен зерттеу еңбектеріндегі кездесетін қарлық­ тар туралы материалдарында тарихи география мен саяси-этникалық мәселелерге ерекше көңіл аударып, осы тұрғыда отандық тарихнамаға қарағанда біршама алға кеткендіктері байқалады. Сонымен тақырыптық зерттелу уақыты мен дәрежесі жағынан қарлық тарихнамасын үш кезеңге бөлуге болады. Алғашқы кезең шамамен уақыты жағынан XIX ғасырдың екінші жартысын қамтиды да, зерттеушілері: Н.Я. Бичурин, Г.Е. Грум-Гржимайло, В.В. Григорьев, В.В. Радлов, Н. Арис­ тов болып табылады. Ол кездегі еңбектерде қарлықтар жеке тақырып ретінде бөлінбей, басқа түркі тектес тайпалармен бірге, біртұтас қарастырылады.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Екінші кезең «Бартольдтық кезеңнен» (XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы отыз жылдығы) басталып, XX ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтиды. Оған И. Марк­варт, В.В. Бартольд, Э. Шаван, А.Ю. Якубовский, А.Н. Бернштам, В.Ф. Минорский, А.З. Тоган сияқты іргелі ғалым-түркологтар жатады. Бұл кезең басқа да түркі тілдес тайпалар мен мемлекеттердің тарихы сияқты қарлықтарды зерттеуде де маңызды орын алады. Осы кезеңде қарлықтар жөнінде мұсылман және қытай деректері негізінде жинақ­ талып, солар арқылы ірі ғылыми еңбектерде қарлықтарға арналған жеке бөлімдер жазылады. Сонымен қатар қар­ лықтардың жалпы Орталық Азияның саяси тарихы мен мәдениетіндегі рөлі мәселесінің қойылуы осы кезеңге жа­ тады. Тағы бір ерекшелік сол, қарастырылып отырған кезең­нің соңғы жылдарында қарлықтардың дәуіріне сай келетін археологиялық деректердің жинақталуы. Сөй­ тіп, бұл кезеңде қарлықтарды зерттеудегі маңызды жетіс­ тіктері ретінде VІІІ-Х ғасырлардағы Орталық Азияда қар­ лықтардың басқа да түркі тектес тайпаларға қарағанда бір­ шама алдыңғы қатарда болғандығы және Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін қалағандығы сияқты мәселелерді алға қойғандығын айтуға болады. Үшінші, соңғы кезең, XX ғасырдың екінші жартысы болып табылады. Бұл кезеңді өзінен алдыңғы ғалымдар­ дың жетістігіне сүйенген О. Прицактың қарлықтарға және олардың Қарахандар мемлекетін құрудағы рөліне арналған көлемді ғылыми мақалалары бастайды. Сонымен бірге Л.Н. Гумилев, Б.Е. Көмеков, С.Г. Кляшторный, А.Г. Маляв­ кин, О. Караев, К.М. Байпақов, О. Исмағұлов, Л.В. Оша­нин, Б. Өгел, И. Эчеди, Х. Френк, К. Шаниязов, А.Ш. Қадыр­баев,

Сатай СЫЗДЫҚОВ Ю.А. Зуев және т.б. еңбектері қарлықтар тари­хының жеке­ леген аспектілеріне арналған. Жоғарыда аталған, бір-бірімен тығыз байланысты үш кезеңнің ғылыми жетістіктерінің нәтижесінде қарлықтар­ дың ортағасырлық тарихын толық, біртұтас, жүйелі тұр­ ғыда қарастыруға мүмкіндіктің пайда болғанына көз жет­ кізуге болады. Тарихнамалық шолудан орта ғасырлардағы қарлық­ тар тарихын жан-жақты қарастырған еңбектің жоқтығын көріп қана қоймай, оның тек кейбір маңызды мәселелерін ғана қамтитын ірілі-ұсақты ғылыми мақалалардың арнал­ ғандығын көруге болады. Қойылған мақсатқа жету үшін көптеген деректер түр­ лерін жан-жақты пайдаланудың маңызы зор. Соның өзінде бір ескеретін жайт: қойылған мәселелерге сәйкес белгілі бір деректер түрін сұрыптап, саралай білу. Мұны принциптік тұрғыдан анықтап алмайынша алдағы міндеттерді шешу өте қиынға түсетіні сөзсіз. Осы уақытқа дейін көшпелі елдерді зерттеуде көбінесе археологиялық және жазба материалдарды ғана негізгі де­ ректер ретінде бағалап келдік. Әрине, көзге көрініп тұрған деректерді пайдалану мен оларға баға беру әлдеқайда тиімді. Алайда күні бүгінге дейін осы аталған деректер түрлерінің бай қоры жиналғанымен, халқымыздың көне және орта ғасырдағы этногенезі, халық болып қалыптасу және т.б. мәселелерінің түпкілікті шешілмеуі кездейсоқ емес. Ал тарих жазуда ең басты қажеттілік деректер болса, осы әртүрлі деректердің қайсысына баса назар аудару керек, оларды пайдаланудың арасалмағы қалай болу керек деген сұрақтар туындайды.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Көне дәуірде қазақ халқының ру-тайпаларының жазуы болды. Бірақ шаруашылығы мен тұрмыс ерекшелігіне бай­ ланысты мұндай қоғамда жазба мәдениетінен гөрі ауыз­ша ұжымдық ес ерекше дамыды. Нәтижесінде бас­қа отырықшы елдерде кездеспейтін ауыз әдебиетінің тама­ша үлгілері пайда болды. Осы ретте пәлсапашы Сок­раттың Мысыр патшасына ғылым атаулыны сыйлаған құдіретті өнертап­ қыш Тевт жөніндегі әңгімесін келтіру орынды. «Жазуға кезек келгенде Тевт: «Патша, бұл ғылым мысырлықтар­ды ақылды әрі есті етеді, өйткені, жазу – ес пен ақылдың ке­ні», – де­ ген екен. Сонда патша былай толғапты деседі: «Уа, хас ше­ бер Тевт, бәз біреулер өнер заттарын жасауға қабілетті, бәз біреулер қазылық құруға бейім, осылардың қайсысынан зиялылық пен пайдалылықтың үлесін тұтынушылар үшін дәл анықтауға болады? Міне, сен, жазудың атасы, жазуға деген сүйіспеншілігіңнің нәти­жесінде осы табысқа мүлдем басқа мән бергеніңді аңғармай отырсың. Үйренгендердің жан дүниесіне сенің жазуың ұмытшақтықты ғана сый­ лайды, өйткені олар есті бұрынғыдай үлкен жаттықтыру дағдысынан айырады, өз зердесін емес, жазуды, басқа да бөтен белгілерді ар­қау еткендіктен солай болмақ. Олай болса, сен есті орнықтырар құрал емес, елестетуге ғана мүмкіндік берер құрал жасағансың. Сен шәкірттерді нағыз даналыққа емес, жасандылыққа үйретесің. Ондай шәкірттер көп нәрсені көзбен көріп, қолмен ұстап, көңілге тоқу, үйрету арқылы емес, біреуден есту, оқу арқылы ғана біледі, ондай­ лар көп білетін сияқты болғанмен, шын мәнінде адамдармен шынайы қатынасқа жоқ, нағыз қараңғы қалпында қалмақ, ондайлар ақылгөй даналар емес, кісімсіген данасымақтар

Сатай СЫЗДЫҚОВ ғана» [123, 250-251]. Бұл келтірілген мысалдан жазба мәде­ ниетке қарағанда ұжымдық тарихи еске негізделген мә­ дениеттің кейбір артықшылықтарын байқауға болады. Шынында да жазусыз мәдениеттің үстем болып тұрған уақытында тарихи деректер мен оқиғаларды ұжымдық есте берік сақтауы заңдылық. Сондықтан түркі тілдес халық­ тардың эпостық ескерткіштері мен аңыздарын олардың өздерінің тарихын зерттеуде барынша тиімді пайдалану – кезек күттірмейтін міндет. Әуелгі ортағасырлық замандағы түркі тайпаларының, оның ішінде қарлықтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси-этникалық және мәдени тарихын қарастыруда түркі халықтарына ортақ эпикалық шығармалар мен тарихи аңыз-жырлардың маңызы зор. Алайда осы бір деректік материалдар түрін пайдалану әлі де болса жеткілікті түр­ де қолға алынбай келеді. Әрине, оның қиындығы бізде әдістемелік тұрғыдан әлі бір жолға қойылмағандықтан да болуы керек. Бірақ методология мәселесі шешілмеді деп қол қусырып қарап отыруға болмайды. Методологиялық еңбектердің өзі бірден туындамайды. Оның шығуы үшін алдымен қажеттілік болуы керек. Ал қажеттілік практика­ лық іс-әрекетте айқын көрінеді. Жалпы методологиялық тұр­ғыда еңбектер де жоқ емес. Ағылшындар мен Африка та­рихын зерттеушілер бұл мәселеде біршама алға кеткені мәлім. Оғыз-қыпшақ-қарлық ру-тайпалық бірлестіктерінің сая­ си-этникалық, тарихи мәселелерінде «Қорқыт ата кітабы» мен «Оғызнама» сюжеттері ерекше орын алады. Мысалы, «Қорқыт ата кітабында» IX-ХІІ ғасырлардағы оғыз-қарлыққыпшақ тайпалық одағы мен печенег (пешене), башқұрт­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ тар арасындағы қатынастар және Қарахандар әулеті мем­ лекетіндегі әлеуметтік шиеленістерге байланысты орын алған тарихи оқиғалар көрініс тапқан. Жалпы «Қорқыт ата кітабы» өзінің тарихилығы, сюжеті, образдарының са­ ралығы, суреттейтін өмір тұрғысы, салт-сана көрінісі жа­ ғынан қазақтың батырлық жырларына өте жақын. Қарлықтардың дербес өзіндік қағанат құрып, күшею ке­зеңін айғақтайтын тарихи сюжет «Оғыз қаған» эпосын­ да бар. Мәтіндегі «қағарлық», «қалаш» сияқты атаулар «қарлық» этнониміне талдау жасауға көмегін тигізеді. Со­ нымен бірге топономикалық атаулардың да маңызы зор. Әуелгі ортағасырлық түркі тайпалар бірлестіктерінің Ор­та Азия мен Шығыс Түркістандағы, Алтай мен Жетісу­ дағы саяси қарым-қатынастары және олардың этникалық мәдениет мәселелері туралы бай материалды «Манас» эпосынан табамыз. Осы уақытқа дейін ол біршама зерттел­ генімен, әлі де деректік қоры өте мол эпикалық ескерткіш болып қала береді. Эпостың бір қабаты біз қарастырып отырған кезеңге сәйкес келіп, қырғыздар мен қарлықтар­ дың (Манас пен Алмамбеттің достасуы) біріге отырып, Ұйғыр қағанатымен күресін баяндайды. «Манастағы» жерсу ат­тары, этникалық атаулар, материалдық және руха­ни мәдениеттің үлгілері жалпы сол замандағы түркі тайпа­ ларының бәріне ортақ болып табылады. Эпикалық ескерткіштермен қатар көшпелі елдің тарихи мұрасына тарихи-генеологиялық аңыздар мен ертегілер де жатады. Олар әдетте халықтың басынан өткен ел тағдырына шешуші әсер еткен оқиғаларға арналады. Соның бірі ретінде біздің тақырыпқа қатысы бар «Ер Төстік» ертегісін 2-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ атаймыз. Ондағы кездесетін тарихи реалийлер мен этно­ графиялық деректер қарлық елі ортасынан шыққанын көрсетеді. Ертегі, әсіресе қарлықтардың басқа да көршілес ру-тайпалық бірлестіктермен батысқа қарай, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға жылжуын және оның себептерін ашуға көмектеседі. Бір қызығы, «Ер Төстік» «Манас» эпопея­ сының құрамдас бөлігі ретінде саналады. «Ер Төстіктің» қарлықтар елінің бай туындысы екенін оның «Қозы Көрпеш» жыры мен «Манас» эпосына өте ұқ­ сас болып келуі де растайды. Оны кезінде аяулы ғалым Ә. Марғұлан айтқан. Сонымен қатар ертегідегі «алты аяқ­ты ала айғыр» мен «сегіз аяқты жирен айғырға» Ер Төстік­тің мінбекші болуы да қарлықтар мінетін аттың түсіне сәйкес. Орхон-Енисей жазбаларында «жирен қарлық» деген сөз тіркесі кездеседі. Ру-тайпаның мінетін аттарының түсіне қарай атау ертеден, ғұн заманынан мәлім. Ал ала аттарды қарлықтар жабайы және үй жылқыларын будандастыру нәтижесінде алған. Ауызша құнды деректердің біріне шежіре жатады. Әдет­ те шежіре адам ұрпақтарының ұзақ уақыт бойы жалғасқан ұжымдық іс-әрекетінің туындысы болып табылады. Түркі халықтары шежірелерінің тарихи дерек ретінде құндылығы олардың басым көпшілігінің Құранмен, мифологиямен байланыспай, халық өмірінің жылнамасы сияқты ел есінде сақталған тарихи оқиғаларды баяндауында жатыр. Әрине, шежірелерден нақтылы тарихи-этнографиялық деректерді алу үшін оларды мүмкіндігінше толық жинақтап, салыс­ тырмалы-типологиялық әдіспен таксономикалық дәреже­ лерін саралау қажет.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Жоғарыда айтылған ауызша деректік материалдардың маңызын айта келіп, жалпы түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы жазбасыз мәдениет үстем болып тұрған уақыт­ та «далалық ауызша тарих айту дәстүрі мен дерекнама­ның» тамаша үлгілерін жасады. Міне, осыларды меңгермейін­ ше, яғни тарихи зерттеулерде оларды басқа археологиялық және жазба мәліметтермен бірге, кейде тіпті басты деректік материал ретінде пайдаланбайынша, көшпелілігі басым халықтың өткенін шынайы жазу мүмкін емес. Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының әрі­ дегі тарихына бойлауда ономастикалық материалдың құн­ дылығы өзгеше. Исламға дейінгі түркі халқының діни на­ ным-сенімі: «Тәңірі», «Ұмай ана», «Қасиетті жер-су» бол­ ды десек, осы жүйедегі соңғы буынның ономастика­лық материал ретінде қазақ тарихына беретін қазынасы мол. Шынында көшпелі халықтар өздерінің өмірінде «жер-су» тіршілік етудің тікелей (сатысыз) құралы болғандықтан (көшпелі халықтың экологиялық мәдениетінің жоғары дәрежеде дамуы осыдан болуы керек) олардың атаулары­ на аса мән беріп, екінші жағынан жазбасыз мәдениет үстем жағдайында оны халықтық тарихи естің бір түрі ретінде ше­ бер пайдаланған. Сондықтан «Жер-су аты – тарихтың хаты» дей отырып, олардың көшпелі мал шаруашылығы үстем, не болмаса басқа шаруашылық түрлерімен қатар дамыған жағдайда халық тарихына беретін деректері тіпті де қосымша емес, қайта басты материалдардың қатарына енуі шарт. Жазба деректерден қарлықтар үшін көне түркі руна­ лық жазулар, қытай жылнамалары және араб-парсы тари­ хи-географиялық шығармалары маңызды орын ала­ды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Қарлықтар туралы өзіндік, төл деректердің бір тобын көне түрік руналық жазулары құрайды. Солтүстік Моң­­ ғолиядан табылған Білге, Күлтегін және Тоныкөк жазу­ ларында VIII ғасырдағы қарлықтар мен Шығыс Түрік қағанаты қатынастары жөнінде материалдар баршылық. Моңғолияның орталық аймағында «Ихе-Хушоти» ескерт­ кіш­теріндегі руналық жазулар өзінің қысқалығына қара­ мастан қарлықтардың саяси тарихы жөнінде құнды мәлі­ меттер береді. Ұйғыр қағанаты кезіндегі Мойынчор (Шине Усу) жазуы қарлықтардың кейбір саяси оқиғаларға қатысуы мен олар­ дың себептерін түсіндіруге жол ашады. Соңында Қара­ балғасұн-Ұйғыр жазуында да IX ғасырдың алғашқы жар­ тысындағы қарлықтар мен Ұйғыр қағанаты арасындағы саяси байланыстар туралы біршама маңызды деректер береді. Жалпы алғанда көне түрік руна жазулары түрік мә­ дениетінің жалпы тарихи желісінде баяндалып, көне түркі тайпаларының әлеуметтік, саяси-этникалық және мәдени мұралары жөнінде көптеген деректер береді. Әуелгі ортағасырлық түркі әдебиеттерінен Махмұд Қаш­ ғари мен Жүсіп Баласағұнның шығармалары қарлықтар конфедерациясы мен Қарахандар әулеті тұсындағы түркі этностарының өмір-тұрмысы үшін маңызды деректер жи­ нағы болып табылады. Түрік қағанаттары (552-744 жж.) кезеңіндегі қарлық­ тар туралы алғашқы мәліметтер қытай жылнамаларында кездеседі. Мысалы, «Синь Тан Шу» (Тан мемлекетінің жаңа хроникасы, «Цэфу юаньгуй»), Үлкен тасбақаның кітаптар жинағы «Энциклопедияда», т.б. қарлық тайпаларының

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ географиялық тұрғыдан орналасуы, саяси оқиғаларға ара­ ласуы туралы деректер баршылық. Онда VІІ-VІІІ ғасыр­ларда көк түріктермен бірге қарлықтардың да әлеуметтік-саяси жағдайлары туралы мәліметтер бар. Жоғарыда аталған жылнамалар негізінен Батыс түріктермен байланыста бол­ ған қарлықтар туралы хабарласа, Шығыс Түрік қағанаты жөніндегі деректерді топтаған келесі бір жинақ VIII ға­ сырдың ортасындағы қарлықтар жөнінде мәліметтер бере келіп, алғашқы аталған жылнамалар жалғасын құрайды. Бұл аты аталған қытай жылнамалары аудармаларындағы деректердің дұрыстығына көз жеткізу түрколог Бахаеддин Өгел мен орыс ғалымы А.Г. Малявкиннің тәржімелерін са­ лыстыру арқылы мүмкін болды. Қытай жылнамаларындағы қарлықтар туралы кейбір мәліметтерді Ф. Хирт пен Э. Шаванн аудармаларынан табуға болады. Оларда қарлықтардың басты тайпалары туралы деректер кездесіп отырады. Әсіресе Ф. Хирттың қарлықтар одағындағы негізгі үш тайпаны Орхон-Енисей руналық жазуларындағы «үш оғызбен» салыстыруы кө­ ңіл аударарлық жайт. Алайда аталған авторлардың жи­ нақ­тарындағы қарлықтар туралы мәліметтер олармен көр­ші отырған тайпалар мен елдердің арақатынасы тура­ лы басқа да деректермен салыстыра талданбағандық­тан, со­нымен қатар хронологиялық тұрғыдан бір жүйелілік сақ­тал­мағандықтан олардың материалдарына тарихшы көзқарасы мен талдауы қажеттілік болып табылады. Қарлықтардың Орталық Азияда қуатты мемлекет құр­­ған кезінде (VІІІ-Х ғғ.) бұл жерлерге араб ықпалының күшей­іп, ислам дінінің кеңінен таралуы сәйкес келді. Ал араб тарих­

Сатай СЫЗДЫҚОВ намасы мен география ғылымының гүлдену дәуірі де осы уақыт еді. Өйткені, араб халифаты басқа елдер есебінен ірі империяға айналғандықтан халифат құрамына кірген басқа халықтар, оның ішінде түркі тектес тайпалардың да тарихына, орналасу географиясына, шаруашылығы мен мәдениетіне араб ғалымдары тарапынан ерекше көңіл қойыла бастады. Орта Азия мен Қазақстанда арабтар өз ықпалын күшейту үшін қарлық елі құрамына кіретін рутайпалар мен олардың тарихы, тілі, әдет-ғұрпы, шаруа­ шылығы туралы көптеген мәліметтер керек болды. Мұның өзі араб тарихнамасында қарлықтардың ерекше орын алуы­на жағдай жасады. Орта Азия мен Қазақстандағы қарлықтар туралы алғаш рет ІХ ғасырда өмір сүрген әл-Белазури өзінің «Китаб фу­ тухал булдан» кітабында хабарлар береді. Әсіресе қар­ лықтардың Тохаристан өлкесіндегі бөлігі мен олардың арабтармен қатынасы жөнінде құнды деректер беретін бұл еңбек әуелі география, кейін тарихи принципке негізделген. Мұнда әр өлкеге жеке тараулар арналған, сонымен бірге олардың ішінде болған оқиғалар тарихи жүйелілікпен баяндалған. Өзіне дейінгі жазба шығармаларды ауызша айтылған деректермен салыстырып, тарихи еңбек жазу­ да сол кездегі тарихшыларға қарағанда біршама ілгеріде бол­ды. Өз еңбектерін жазуда автор Абу Хасан Али ал-Ме­ даинидің «Китаби Мегазы» мен «Тарихи-Хулефа» шы­ ғармаларын пайдаланған. Әл-Белазури кітабының үзіндісі С. Волин тарапынан, ал неғұрлым толық басылымы Түр­ кияда екі рет аударылды. Абу Жафар Мұхаммед ат-Табари (839-932 жж.) шығар­ малары әл-Белазуридің еңбектерінің тақырыбы мен

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ қолдан­ған деректері тұрғысынан ұқсас. Алайда бұл ав­ тор қолданған материалдарының молдығы және болған оқиғалардың уақыттарын мұқият көрсетуімен ерекше көзге түседі. Ат-Табари еңбектерінде қарлық және басқа түркілердің араб шапқыншылықтарына қарсы күресі, олар­ дың арақатынастары, жалпы сол кездегі Орта Азиядағы саяси жағдай туралы мол дерекгер береді. Абу Жафар атТабаридің шығармасы В.И. Беляевтің көп жылдық еңбегі негізінде толық кітап болып, 1987 жылы Ташкентте басы­ лып шықты. Ортағасырлық түркі тайпаларының, оның ішінде қар­ лық елінің орналасуы, әлеуметтік, шаруашылық, діни, мә­дени өмірі, тіпті кейде саяси оқиғалары туралы да өте маңызды деректерді араб-парсы географияшылары­ ның шығармалары береді. География ғылымы арабтарда IX ғасырдан дами бастады да, X ғасырда араб та­рихнамасы сияқты өзінің шарықтау шыңына жетті. Бұған әсер еткен факторлар: жүргізген жаулап алу соғыстары, қол астындағы елдерге әкімшілік-салық жүйесін енгізу іс-әрекеттері, сыртқы қорғаныс ісі және ислам дінін енгізу мақсатында жүргізілген миссионерлік саясаттар болды. Алғашқы араб географияшыларының бірі Абул Касим Убейдаллах ибн Абдаллах ибн Хордадбек болды. Бағдадта білім алған ол мемлекеттік байланыс істеріне қызмет еткен­ діктен халифатқа тәуелді елдер мен жер жағдайын жақсы білді. Жазған еңбектерінен бізге бір ғана шығармасы: «Жол­ дар мен провинциялар кітабы» жетті. Бұл кітап алғаш рет Ыстамбұлдағы нұсқасы мен Еуропадағы бөлімдері біріктіріліп, француз ғалымы Б. Мейнардың аударуымен 1805 жылы басылып шықты.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Ибн Хордадбек өз кітабында қарлықтардың IX ғасырда­ ғы өнері, әлеуметтік-саяси құрылысы, көршілері және олар­мен байланыстары жайында әңгімелейді. X ғасырдың ор­тасында жазылған араб географияшысы Абу-Исхак Иб­ рахим әл-Истахридің еңбегі шын мәнінде түркі тайпала­ ры мен мемлекеттерінің орналасуы жөнінде баға жетпес құн­ ды дерек болып табылады. Ол бізге дейін жетпеген X ға­ сырдың I ширегінде жазылған Абу Зейда әл-Балхидің та­маша географиялық шығармасын пайдаланған. Бұл еңбекпен ғана шектелмей, ол мұсылман елдерін жиырма географиялық өлкеге бөліп, саяхаттаған кездегі өзінің көріп-байқағандарын ұқыпты түрде қағазға түсірген. Әсіресе оның Орта Азия халықтары туралы мәліметтері кәміл сенім туғызады. Өйткені, оларды саяхатшының өзі аралап, көзімен көргендерін жазып, картаға түсірген. Сондықтан әл-Истахридің еңбектерін IX-X ғасырдағы түркі халықтары, оның ішінде қарлық елі мен оның құрамындағы тайпалардың орналасуы туралы мәселеде негізгі деректердің бірі ретінде санауға болады. Әл-Истахримен тығыз байланыста болған Абул Касим ибн Хаукал екеуі бірігіп, X ғасырда араб географиясының орта ғасырдағы классикалық кезеңінің бетін ашты. Екі редакциядан тұратын ибн Хаукалдың еңбегінде түркі тайпаларының шекаралары, табиғи байлықтары, қалалары мен сауда жолдары туралы бай мәліметтер келтірілген. Әсіресе оның әл-Истахрида жоқ, қарлық мемлекетімен шектесетін кейбір түркі тайпаларының атауы өте маңызды. X ғасырдағы ірі араб саяхатшысы және тарихшысы Абул Хасан Али ибн әл-Хусейн әл-Масуди ірі ғылыми

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ тұлғалардың бірі болып саналады. Өкінішке орай, оның негізгі шығармасы бізге жеткен жоқ. Алайда оның сол негізгі кітабынан алынған үзінділерден құралған екі еңбегі бар. Жағрапиялық шығармасында ол көбінесе ибн Хордад­ бек еңбегіне сүйенген. Бірақ өзінің көрген-білгендерін беру арқылы ол жағрапиялық ғылымға өз үлесін қосты. Біз үшін оның Арал теңізі маңайында тұрған печенегтерге қарсы қарлық-кимек-оғыз одағының болғанын және олардың батысқа жылжуын атап өтуі құнды мәлімет. Саманидтерге қызмет еткен (914-943 жж.), кейін Шығыс елдеріне саяхат жасаған Абу Долефтің жазғандарында қарлық, шігіл, оғыз, т.б. тайпалар және олардың құра­мы жөнінде құнды материалдар бар. Алайда алғашқы кез­ де біршама ғалымдар оның жазғандарына орынсыз кү­ мәнданып келді. Кейін оның негізсіз екені анықталды. Абу Долефтің жазғандарын материал ретінде Иакуттың және Казвинидің еңбектерінде пайдаланылды. Абу Долеф еңбегінің толық редакциясы 1923 жылы Мешхедте табыл­ ды. Шығармаларынан қарлық тайпаларының әлеуметтік, ша­руашылық өмірі және сауда байланыстары туралы мол деректер табуға болады. XI ғасырдағы қарлықтар мен шігілдердің орналасқан өлкелері, қалалары мен халқы және әскери күші туралы Абу Саид Абд Ал-Хай Гардизидің «Зейн әл-акбар» еңбегінде мәліметтер кездеседі. Негізгі деректері Ибн Хордадбек пен Джейхани шығармалары болған бұл кітап өзінің ешқандай әсерлеуінсіз, дәл, нақтылы баяндау тілімен көзге түседі. Қарлықтардың ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы өмірінен мәлі­ меттер Ибн әл-Асир мен Ала-ад-дин Ата-Мелик Джувейни­

Сатай СЫЗДЫҚОВ дің еңбектерінен табылады. Ибн әл-Асир «Тарихтың толық жинағы» атты кітабында Мауереннахр және онымен бай­ ланысты қарлықтар туралы біраз мәліметтер береді. Әсіресе оның Қатаған шайқасы мен қарлықтардың Бұхарадан кетуі туралы оқиғаларды жазуы олардың бұл дәуірдегі тари­ хы үшін өте құнды деректер болып табылады. Осы орай­ да тарихшы Мунедджимбашидың «Джами ал-дувал» («Династиялар жинағы») еңбегінің де деректік маңызы зор. Ибн әл-Асир мен әл-Утбидің еңбектерін пайдалан­ ған бұл авторлар жинағы 1720-1730 жылдары түрікшеге аударылып, «Сахаиб әл-акбар» («Беттер хабарлары») де­ ген атпен Ыстамбұлда басып шығарылған. Қарахандар туралы бөлімін В.В. Григорьев кезінде аударып оған тал­ дау жасаған. Мунедджим-башидің бұл еңбегінде қарлық түр­кі­лерінің Қарахандықтар әулеті тұсында әртүрлі оқи­ ғаларға қаты­суы және Қарахандықтар шежіресі туралы бір­ шама деректер баршылық. Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі қарлықтар туралы он бес жыл Аргун эмирдің жеке өзінің хатшысы болып, кейін алты жыл Кулагу ханға қызмет еткен Джувей­нидің еңбегіндегі деректер өте маңызды. Ол моңғол шап­қын­ шылығын жазу үстінде XIII ғасырдың алғаш­қы жарты­ сындағы Қаялық пен Алмалықтағы қарлық хан­дықтары жөнінде мәліметтер береді. Иран тарих­намасының тама­ ша өкілі болған Джувейни еңбегінің құн­дылығы сонда, ол өзінің көргендерін бірден жазып, оқи­ғаларды толық және жүйелі тұрғыдан бере алған. XIII ғасырдағы қарлықтардың бір бөлігінің моңғол шапқыншылары жағында, ал екінші бөлігі оларға қарсы

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ күрескенін Желаледдин Хорезмшах жанында болған Мұ­ хаммед ибн әл-Несевидің кітабынан білеміз. Оның да кітабы Джувейнидікі сияқты көзбен көргендерін жаз­ ғандығы­мен құнды. Қарлықтардың XIII ғасырдағы Индия мен Ауғанстанға тараған иеліктері туралы мәліметтер Минһаж ал-Дин Жуз­ жани «Табакат-и-Насири» еңбегінде кездеседі. Делиді мам­ люк сұлтандары басқарған кезде ол XIII ғасырдың екінші ширегінде сот қызметінде және медресені меңгеруші бо­ лып жұмыс істеген. 23 бөлімнен тұратын бұл кітабында Жузжани моңғол дәуіріндегі қарлықтардың жағдайы мен Хазар-Қарлық хандығының құрылуы жөнінде құнды мә­ ліметтер береді. Сонымен қатар XIV ғасырдың алғашқы жартысында Ин­ диядағы Хазар-Қарлық хандығы туралы қысқаша хабарлар «Бабур-намеде», ал Ауғанстандағы қарлық иелігі туралы Бурханеддин Кушкекидің «Катаган-и-Бадахшанында» мағ­ лұматтар бар. Әуелгі ортағасырлық қарлық қалалары мен олардың Ұлы Жібек жолымен байланысы туралы құн­ ды деректерді Қазақстан археологтарының еңбектерінен табамыз. К.М. Байпақов, К.А. Акишев және т.б. ғалымархеологтардың зерттеулері бұл мәселеде ерекше орын алады. Қарлықтардың мемлекет құрған территориясын­­да жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі – археология­ лық заттай деректер, елдің шаруашылығы, рухани және мате­риалдық мәдениеті, сонымен қатар қалалар мен сау­ даның өркендеуі туралы баға жетпес материалдар екендігін дәлелдейді. Әсіресе Қазақстан археологтарының Жетісу, Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар орнына жүргізіл­ ген жұмыстары тамаша нәтижелерін берді.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Қорыта келгенде қарлықтар жөніндегі деректерді жал­пы алғанда бес топқа бөлуге болады. Олар: түркі халықтары­ ның ауызекі тарихнамасы; түркі жазба (руналық) ескерткіш­ тері; араб-парсы деректері; қытай жылнамалары және археологиялық ескерткіштер. Еңбекте түркі халықтарының ауызша тарих айту дәстүрін жазба материалдармен салыс­ тыру арқылы олардың тарихи проекцияларын ашуға ерек­ ше көңіл аударылды. І ТАРАУ «ҮШ ҚАРЛЫҚ» ЕЛІ ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕРДІҢ САЯСИ БИЛІК МҰРАСЫ ҮШІН КҮРЕСІ (552-765 жж.)

1.1. Қарлықтардың тарих сахнасына шығуы. Тохаристан қарлықтары Қарлықтардың тарих сахнасына шығуы. Қар­лық­ тардың тарих сахнасына шыққан уақыты VI ғасырдың соңына сәйкес келеді. Бұл уақытта олар Алтай тауларының батысында Зайсан, Алакөл, Урунгу көлдері аралығымен Қара Ертіс бойы және Тарбағатайда орналасқан, Түрік қа­ ғанатына тәуелді «Үш қарлық» тайпалар бірлестігі еді. «Тан­ шу» деректері бойынша үш тайпалық одақты моула, чжи­ сы және ташили құраған. Батысында қуатты түргештер, ал оңтүстігінде чумугунь, чуюе және хулу тайпалары көршіқолаң отырды. 581-603 жылдары Батыс және Шығыс болып бөлінген Түрік қағанаты аралығындағы саяси қатынастарда, ал 585 жылы Шығыс Түрік қағанатының батыс бөлігіне шабуыл жасаған Батыс қағанатының көсемі Або хан қол астындағы ру-тайпалардың ішінде қарлықтар да кездеседі. VII ғасырдың басында Батыс Түрік қағанатының құра­ мындағы қарлықтар Тун жабғу (618-630) қол астында бол­ ды. Бұл кезде екі үлкен одақ құрылған еді. Біріншісі – Қытай, Батыс Түрік қағанаты мен Византия болса, екінші­ сі – Шығыс Түрік қағанаты, Иран және аварлар біріккен одақ қалыптасты. Батыс қағанының Нушиби қанатынан шық­қан Тун жабғу бірінші одақ құрамында болғандықтан Қытай бағытын ұстады. Батыс Түрік қағанатының сыртқы

Сатай СЫЗДЫҚОВ қатынастарында үлкен жетістіктерге қол жеткізгенмен, Тун жабғу билігінің соңғы кезеңінде елдің ішкі жағдайына жеткілікті түрде көңіл бөлмеді. Жан-жаққа жүргізген жорықтары көп адам күші мен материалдық ресурстарды қажет етті. Мұның өзі қол астындағы иеліктердің ішінде наразылыққа әкеп соқтырды. Батыстағы қиыншылық жағдайды пайдаланып, Шы­ғыс Түрік қағанаты 629 жылы Бесбалықты басып алды және қарлықтарды Тун жабғуға қарсы көтерді. Іле-шала дулу тайпалары да көтерілді. Көтеріліс барысында 630 жылы Тун жабғу өлтірілді. Батыс Түрік қағанатындағы бұл оқиғалардан кейін ду­ лу және нушиби тайпалары арасында билік үшін ұзаққа созылған күрес басталды. Осы кезде күшейіп келе жатқан Шығыс Түрік қағанатын басып тастау үшін Тан империясы барлық айла-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде 630 жылы шығыстағы қағанат империяға бағынуға мәжбүр бол­ ды. Алайда қағанаттың бір иелігін билеуші Чеби хан өзінің жақтастарымен Алтай тауына қашып барып жасырынды. Ол шығыста қырғыздарды, батыста Ертістің бас жағындағы қарлықтардың күштерін өзіне қосып алды. Қытай елші жіберіп император сарайына Чеби ханның өз еркімен келіп, бағынуын талап етті. Алайда Чеби хан оған көнбеді. Қытай елшілері оның келісімге келмейтініне көздері жеткеннен кейін қарлықтармен астыртын келіссөз жүргізіп, ханды ұстап алуға әрекеттенді. Бірақ елшілердің бұл ниеттері белгілі болып, олардың барлығы өлтірілді. Соғыссыз Чеби хан берілмейтіні белгілі болған соң им­ перия әскер жіберіп, 649 жылы ханның өзін тұтқынға түсірді.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Қырғыздар мен қарлықтардың Чеби қол астында бірі­ гіп, Қытайға қарсы күресін «Манас» эпосының сюжетінен де көруге болады. Эпоста Манас Жақыптың ағасы Қара­ хан өлген соң Алтайға көшкенде туады. Ал көшудің себебі империяның қырғыз жерін шауып алуы болып табы­ лады. Эпостағы қырғыздарды жаулаушы Алоуке Қытай жылна­маларындағы империя әскерінің қолбасшысы, гене­ рал Гао Кань болуы ықтимал. Яғни, түркі тіліндегі үн­дестік заңы және эпостың ауыздан ауызға берілуіндегі Гао Кань~ Аока~Алоуке болып өзгеріске ұшырауы әбден мүмкін. Эпоста қырғыздар Алтай жерінде егін салып, байыды делінген. Жазба деректерде Чеби ханға ерген қыр­ғыздар мен қарлықтар Алтайдың ойпатты, жазық жер­лерінде тұрғаны айтылады. Эпос бойынша Манастың туған кезеңі сол VII ғасырда қоян-қолтық, «төскейде малы бір» түркі тектес тайпалардың Қытайдың империялық, басқыншылық саясатына қарсы күресінің үздіксіз және батыл жүргізілген кезеңіне сәйкес келеді. 620-630 жылдарда Хели ханның бастауымен, 630650 жылдары Чебидің, ал 651-659 жылдардағы Халлыг Ша­боло Хэлу ханның көтерілісі VII ғасырдағы империяға қарсы біріккен түркі тайпаларының азаттық үшін күресінің тізбектері болып табылады. Осы үздіксіз 40 жылға созылған екі Түрік қағанатының Қытай империясына қарсы азаттық үшін күресі «Манас» эпосының бастапқы негізін, Манас тұлғасын жасауда ше­ шуші рөл атқарды. Бұл жөнінде аяулы ғалым Ә. Марғұлан: «Манас» жырының ең алғашқы қалыптасуына негіз бол­ ған, әсіресе Түрік қағанаты кезіндегі (Қытай хандары­ ның басқыншылық саясатына қарсы) ерлік күрес, Бейжін (Бесбалық) төңірегіндегі талай рет болған соғыс оқиғалары. 3-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ Бейжінді қорғау жолында бір тамаша уақиға – қарлық пен қырғыздардың бірігуі (кейін), жырда ол Алмамбет пен Манастың достасуы түрінде айтылады», – деген еді [23, 1971, 61]. Біздіңше қарлықтар мен қырғыздардың алғаш рет Чеби хан тұсында бірігуі осы эпостағы Манас пен Алмамбеттің достасуы сюжетіне негіз болған. Қытай деректеріне сүйене отырып шығыстанушы А.Г. Малявкин 630 жылдан соң, Хели қаған жеңілгеннен кейін, көш­пелі тайпаларды біріктіріп, Тан империясына қар­ сы қажырлы күрес жүргізген Чеби хан екенін хабарлай­ ды [128, 24]. Чеби жеңілгеннен кейін оның қол астында­ғы тайпаларды империялықтардың «округтендіруін» айта ке­ ліп, бұл округтердің сол көшпелілер мекендеген жерінде емес, империя шекарасына іргелес қоныстандырғанына көңіл бөледі. Автор Қытайдың Чебиді жеңгенімен, оның жерінде тұрақтанып қала алмағандығын, ал шекарада құрылған округтердің ұсақталу мүмкіндігін ерекше атап өтеді. Бұған қарлықтар үшін құрылған Хуньхе және Ла­нь­ шань округтерін жатқызуға болады. Чеби ханның қол астындағы тайпаларды орналастыру жөнінде Л.Н. Гумилев Қытай деректеріне сын көзбен қа­ райды. Ол мыңдаған адамды бір жылда Алтайдан Хангайға апарып, орналастырудың шындыққа сәйкес келмейтінін негізді түрде дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген дәлелді пікірлерді ескере келіп, Че­бидің қол астындағы халықтарды түгелдей Өтүкенге апа­рып орналастырды дегенге сену қиын. Алайда белгілі бір дәрежеде, қолға түскен Чеби билігіндегі кейбір тайпа­ лар бөлігінен құралған ұсақ округтердің Хангайда империя тарапынан ұйымдастырылу мүмкіндігі бар. Сондықтан

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ жоғарыда аталған округтерде қарлықтардың Чебиге қо­ сылған бөліктерінің болуы шындыққа сәйкес келеді. Чеби ханның көтерілісінен кейін империяға қарсы азат­ тық күресті батыста Ашина Халлыг (Хэлу) жүргізді. Аши­ на Халлыг – Шидян ханның бесінші ұрпағынан, Ибули Ше Шегуй Дэлэ Циюстің ұлы. Ол Долосы өзені жағасында, Сичжоудан солтүстікке қарай 1500 ли қашықтықта тұрған және Чуюе, Чуми, Гусу, Гэлолу және Нушиби тайпалары қол астында болған. Ашина Халлыгтың (Хэлу) аты – оның өз есімі емес, қай елден шыққандығын білдіретін этноним. Қытайша хэлугелу- (гэлолу), яғни қарлық атауын береді. Ал Халлыг де­ сек те, ол «халлух-харлух» нұсқаларының бірі болып келеді. Өйткені Қытай тілінде «р» әрпінің жоғы белгілі. Халлыг өзін «Шаболо хан Хэлу» деп жариялағаны бел­ гілі. Бұл тіркестегі «шаболо» атағында екі түбірлі сөз екені байқалады. «Ша» және «боло». Біріншісі Қытай жыл­ намасында түркілердің («тукюе») пайда болуы туралы аңызда кездеседі. «Ша»~«шад», яғни ханның отбасынан шық­қандығын білдіретін атақ [44, І, 228]. Екіншісі – «боло», қарлықтардың ең басты тайпасы «моу­ ло» атының бір транскрипциясы. «Боло» алғаш рет Ту­ мын ханның ұлы Коло, яғни Коло Исиги-ханның баласы Шаболо-хан Нйету есімінде кездеседі. Жалпы гэло (гэлолу) этнонимі осы Тумын хан баласының есімінен басталаты­ нын көреміз. Қытайша «Коло», яғни «гэло» – қара деген ұғымды білдіреді. Сонда Коло хан немересі «боло» атағын иемденген болып шығады. Бұдан біз қарлықтардың моу­ ло тайпасының атын ежелгі түркі салт-дәстүрі бойынша Ашина Халлыгтың (Хэлу) да өзіне алғанын көреміз.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Қытай жылнамаларында Ашина Хэлудың шыққан же­ рі – «Долосы», яғни Қара Ертістің бойы. Ал бұл өзен бо­ йының екі жағында қарлықтың моуло (боло) тайпасының орналасқаны белгілі. Сонда Ашина Хэлу қарлықтардың моуло тайпасы тұрған жерінен шыққан болып табылады. 646-648 жылдары Батыс Түрік қағанатындағы Нушиби және Дулудың өзара қырқысында Хэлудің бір жерге тұ­ рақ­тамағаны, өзінің елінен кеткені айтылады. Оның жақ­ таушылары бұл кезде тек шушеди, чумугун және поби тай­ палары болған. Шынында бұл кезде қарлықтардың көбісі Чеби хан қол астына кетіп, Тан империясымен күресте еді. Сондықтан Хэлудің өз елінен, яғни қарлықтардың үлкен бөлігінен қол үзуі түсінікті де. Нушиби мен Дулу арасындағы қақтығыста соңғысын жақтаған Ашина Хэлу нушиби көсемі Ибн Шегуй ханның қысымына ұшырады. Хэлуді жақтаған шушеди, чумугун және поби тайпалары оның «кінәсіздігін» айтып, кепілдік бергенімен, хан оны өлтірмекші еді. Сондықтан Хэлу өзінің бірнеше мың ғана болатын жақтастарымен Қытайға кеткені жылнамада хабарланады. Бұл 648 жылы болған оқиғалар еді. Xэлу империяға қызмет еткенде оған атақ беріп, Беш­ балық (Тинчжоу) әскери округін басқарушы қылып қойды. Алайда оның Бешбалық пен Тұрфанды империядан азат еткісі келген мақсаты императорға мәлім болып қалды. «Қылмыс» жасалмағандықтан ол кешірілді. Бірақ ұлы Тьеин­ді империяға кепілдікке беруіне тура келді. 651 жылы Хэлу өзінің ұлы Тьеиннің кеңесімен Дулу хан аймағын өзіне қаратты және Шаболо Хэлу деген атпен хан болды. Өзінің резиденциясы, яғни ордабасы етіп Талас

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ жазығындағы Мыңбұлақ қалашығын таңдап алды және ұлы Тьеинді Батыс қағанаттың өзінен кейінгі, екінші бас­ шысы етіп, моходу-шеху (баһадур жабғу) деген атақ берді. Шаболу Хэлу «Он оқ» елінің нушиби мен дулу көсемде­ рін және олардың құқыларын таныды. Сонымен бірге нуши­би тайпаларына – «еркін», дулуға «шор» атақтарын берді. Сөйтіп, шын мәнінде Батыс Түрік қағанатына ендігі жерде тек дулу мен нушиби тайпалары емес, сонымен қатар Алтай мен Жоңғария және Тарбағатайды мекендеген түркі тектес тайпалар кіріп, империяға қарсы өте қауіпті күшке айналды. Хэлудің өзінің жеке сенімді әскери жасағы болған. Біз­ діңше, оның негізін қарлықтар құраған болу керек. Өйт­ кені, чуюе, чуми тайпаларының көсемі Мише, ал дулу бірлестігінің көсемі Бучжень лақаптарымен басқарылды. Бұлар кейін, Шаболо Хэлудің жағдайы қиындаған шақта, империя жағына шығып кетті. Ал нушиби жағы Хэлудің хан атанғанына қарсы болып, оны қуғынға ұшыратқан болатын. Хэлудің сенімді жаса­ ғы қарлықтардан екеніне тағы да бір дәлел ретінде Хэлу көтерілісін басуда империяның ұстаған саясатын келті­ру­ ге болады. Ол Қытай әскері қолбасшысының императорға берген ұсынысында анық көрінеді. «Соғыс Хэлуді жою үшін жүргізіледі... Чуюе, чумиліктерге кешірім жасалсын. Хэлуді ғана жазалау керек» [44, I, 290]. Көтерілісшілерге қарсы соғыс әрекетінде империялық қолбасшы 654 жылы соққыны бірінші қарлықтар мен чуюеліктерге берді. Нәтижесінде бір мыңдай адамдарын өлтірді, 10 000 жылқыны айдап әкетті. Бұл оқиғаларда Хэлудің және оның жақын жасағының негізінен қарлықтар мен көрші ру-тайпалардан болғанын көрсетеді.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Жалпы Хэлудің жорықтары мен империя әскерінің со­ғысы қытай жылнамаларын пайдаланған тарихи әде­ биеттерде баяндалған. Сондықтан біз бұл азаттық қозға­ лыстың басты оқиғалары мен негізгі кезеңдеріне және қо­ рытындысына тоқталамыз. 651-658 жылдар аралығында Ашина Шаболо Хэлу жүр­ гізген империяға қарсы азаттық күресін екі кезеңге бөлу­ге болады. Бірінші кезең 651 жылдан, яғни Мыңбұлақта Орда­ басын көтеруден 655 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде Ашина Хэлу ұлы Тьеинге мохэду-шеху атағын бер­ ген соң ол империяның Жоңғариядағы Тьехии-чжеу окру­ гына шабуыл жасап, бірнеше уездерін талқандады және мыңдаған адамдарын тұтқынға алды. Тинчжоу бекінісіне тұтқиылдан шабуыл жасап, оны да қайтарып алды. 652 жылы Лан Гяи фан бастаған қытайдың 70 мыңдық армиясы Жоңғарияға қарай бет алды. Жоспар бойынша тез арада азық-түлігі көпке жете қоймайтын Хэлу армия­ сын қолдайтын тайпалардан бөліп, тықсыра қуу көзделді. Алайда бұл жоспар бірден жүзеге аса қоймады. Өйткені, армия қолбасшылары Ашина Хэлудің өзімен шайқасқа тура шықпай, жергілікті қарлық, чуюе, чуми, чумугун тай­ паларына шабуылдап, қырып-тонаумен болды. Ашина Хэлу империяға қарсы күресінің нәтижелі болуы үшін өзінің тылын нығайтуға күш салды. Батыс қағанаттың құрамында болған Тохаристан, Хорасан және Соғды бұл кез­ де бөлініп кетуге ұмтылды. Мұндағы біріккен сепаратистік күштерді талқандау үшін Хэлу жорық ұйымдастырды. Жо­ рық сәтті болғанымен, осы кезде арабтардың қаупі төн­ген болатын. Бұнымен қатар Батыс қағанатының ханы болуға тала­ сушылардың бірі Чженчу жабғу өзін қолдаған нушиби

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ тай­паларының басын қосып, Хэлуге қарсы күресу үшін көмек сұрады. Император күшінің аздығын және жерінің қашықтығын есепке алып, оған көңіл аудармады. Хэлу хан бұны да күшпен ығыстырып, бағындырды. Ол ендігі жерде хандыққа таласпайтын болды. Сөйтіп, 655 жылға дейін Ашина Хэлу екі майданда: им­ периялық Қытай және қағанат ішіндегі сепаратистік күш­ тер мен бұрыннан хандық таққа таласушыларға қарсы күрес жүргізуіне тура келді. Тек 656 жылы ғана, яғни қағанат ішіндегі қарсы күштерді талқандағаннан кейін, империя армиясын Іле өзенінде кездестіріп, күш сынастыруға мүм­ кіндік алды. Ашина Xэлудің империяға қарсы күресінің екінші ке­ зеңінде Қытай жағы үлкен дайындықтар жүргізді. Бұған дейін Хэлуді жақтаған тайпаларды қырып-жоюмен және тонаумен айналысқан армия мен оның қолбасшыларын ауыс­тырды. Армия сеянто, корея, тибеттіктермен соғыс­та шы­ныққан, тәжірибесі мол Қытай жаяу әскерінен, ұйғыр­ лар мен төзімді табғаштардан құралды. 656 жылы Қытай армиясының бас қолбасшысы Су-ДинФан өзіне ұйғыр әскерін қосып алып, Іле өзеніне шеру тарт­ ты. Ал қағанаттың империяға бағынған бөлігінің әс­керін Мише мен Бучжень бастап, Жоңғарияның үстімен Алтайға жылжыды. Іле өзенінде империялық әскерді қоршап алғанмен, Ашина Xэлу қытай әскері мен ұйғырлардың атты әскері­ нің үйлесімді қимылдарына төтеп бере алмай, шегінуге мәжбүр болды. Бұған жігерленген империялықтар шегін­ ген нушибиліктерді қуып жеткенде олар ұрыссыз берілді. Ал дулу бөлігі Бучжень әскеріне тап болып, олар да бағынуға мәжбүр болды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Ашина Хэлудің қалған әскері шегініс үстінде Шу өзені маңында толық талқандалды. Ал Хэлудің өзі жасағымен Шаш қаласында қолға түсті. Ашина Хэлу тұтқындалып, 659 жылы Қытайда ішқұсалықтан өлді. 658-660 жылдары Батыс қағанат өңіріндегі ұсақ көтерілістер болғанымен, олар им­ периялықтар күшімен тез басылып тасталынды. Сөйтіп, VII ғасырдың екінші жартысында тәуелсіз Батыс Түрік қағанатының соңғы ханы Ашина Шаболо Хэлудің Қытай империясына қарсы күресі жеңіліспен аяқталды. Жеңілістің себептері көп еді. Батыс Түрік қағанатының екі қанаты – дулу мен нушибидің өзара алауыздығы және осы­ дан барып, бір-біріне үстемдік ету үшін империядан қолдау іздеуі жеңілістің басты себептерінің бірі болды. Өйткені, мұны империя өз мақсатына шебер пайдаланып отырды. Екіншіден, Ашина Хэлу өзінің негізгі шыққан ортасынан, халқынан алшақтап, соғыс қимылдарын шетте жүргізуі бол­ ды. Сонымен, Хэлу екі майданда бірдей, яғни қағанаттың өз ішіндегі сепаратистік бағытқа және империяға қарсы күресуіне тура келді. Ашина Хэлу көтерілісі жеңілгеннен соң Қытай импе­ риясы оның қол астындағы жерлерді округтендіру жұ­ мысын жүргізді. Әдетте империя көшпелілерді әкім­ шілік тұрғыдан аудандастыру арқылы олардың басын біріктірмей, бөлшектеп ұстауға тырысатын. Нәтижесінде қауіпті жауын әлсіретіп, дегеніне көндіретін. Бұл жолы да осылай болды. Батыс қағанат жерлері ендігі жерде екі наместник ар­ қылы басқарылатын болды: 1. Солтүстік жақ – Бесбалық; 2. Оңтүстік – Куча (Аньси) арқылы. Тек қарлықтар үшін 658 жылы Бесбалық наместнигі арқылы басқарылатын төрт әскери округ құрылды:

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ 1. Иньшань – Моуло тайпасы үшін; 2. Сюань-чэ – Ташили тайпасы үшін; 3. Дамо – Чиси (Чигил) тайпасы үшін; 4. Цзинь-фу – Дамо округіне бөлінгендер, яғни чисы­ лықтар үшін [128, 1989, 268]. Округтердің басшысы етіп тайпа көсемдерін қойды. Оларға «тұтұқ» атағы берілді. Кей кездерле империя тайпалардың ішінен күшейіп бөлініп шыққан рулар болатын болса, оларға жеке әкім­ шілік аудан құрды. Жоғарыда аталған Цзинь-фу округінің құрылуы да чисы (чигил) тайпасынан бөлінген, үлкен бір ру үшін болса керек. Сол сияқты қарлық ішінен бөлінген себек руы үшін де әкімшілік аудан белгіленген. Сонымен қорыта келгенде, VII ғасырдың ортасындағы Шы­ғыс және Батыс Түрік қағанаттары құрамындағы тай­ па­лармен бірігіп, Чеби және Хэлу бастаған Қытай импе­ риясына қарсы азаттық қозғалыста белсене қатысқан қар­ лықтар, жеңілістен кейін империяның Батыс қағанат­ та құрылған солтүстік округтарына кірді. Алайда олар негізінен өздерінің жерінде ішкі тәуелсіздігін сақтап қа­ ла алды. Империя қарлық тайпаларының ішкі істеріне араласпады. Тайпа көсемдері бұрынғыдай ел ішінен шы­ ғып отырды. Олар империя сарайына елші ретінде барып, көсем екенін растайтын «тұтұқ» атағын алып, сондай-ақ императорға бас иетінін сөз жүзінде білдірді. Бұл «жұм­ сақтық» бір жағынан түркілердің императорға қарсы ашуызасын тудырмауға, ал «окгругтендіру» екінші жа­ғынан түркі тайпаларының Қытайға қарсы бірыңғай май­данын болдыртпауға мүмкіндік берді.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Тохаристан қарлықтары. Орта Азияның ортағасырлық саяси және этникалық тарихында елеулі рөл атқарған, жалпы қарлықтардың бір бөлігі Тохаристан қарлықтары болып табылады. Қарлықтардың бұл бөлігі жөнінде кезінде біршама түр­ кологтар өз пікірлерін айтқан болатын. Олар Тохарис­танға Темір қақпадан, яғни Бузгалдан бастап, Әмударияның жоғарғы ағысының солтүстік және оңтүстік жақтарындағы облыстарды жатқызады да, оны кең мағынада, яғни Ба­ дахшанды қосып көрсетеді. Ортағасырлық Тохаристанда көптеген тәуелсіз иеліктер болған. Қытай деректері бойынша олардың саны 27-ге жет­ кен. Тохаристандағы қарлықтар туралы алғашқы мәлімет­ тер эфталиттерге байланысты кездеседі. Грек және Визан­ тия жылнамаларында эфталиттердің «kholyatay» иеліктері туралы деректер бар. 508 жылы Византия елшісі Земар­ костың Түрік қағанатына берген баянында «kholyatay» мем­лекетінің иелігінде күтетіні туралы айтады. Деректер «kholyatay», «khols», яғни қарлық, қалаш түркі иеліктерінің эфталиттерге тәуелді болғанын көрсетеді. Қарлықтардың Тохаристанда ертеден мекен еткендерін көне будда аңыздары мен қытай деректерінен білуге бола­ ды. Онда қарлықтар Гиндукуштың қарлы тауларында төрт мемлекет құрған, бір-біріне туысқан ағайынды сақ­тардан: Бамиаи, Удиан, Химотало мен Тухолодан (яғни, Тохари­ стан қарлықтарынан) және Шамбиден тұрған. Осылардың ішіндегі Химотало өз көзімен көрген қытай саяхатшысының хабарлауынша Тохаристанның орталығы болған. Онда «химо-та-ло» түрінде жазылған бұл атаудың «қарлы таулар

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ етегінде жасағандар», яғни «қарлықтың» санскриптше ау­ дармасы болып табылады. Қарлықтардың Тохаристандағы қалалары ретінде бел­ гісіз автор шығармасы Газни, Балх, Астах және Баркован­ ды жатқызады [211, 21]. Жалпы алғанда Тохаристанның Сурхоб-Вахш өзендері бассейнінен бастап, Ауғанстанға дейін және Солтүстік Ауғанстан жерінде қарлықтар тұрған. Эфталиттердің билік жағынан қарлықтарға тәуелді болғанын Ахмед әл-Хорезмидің 975-991 жылдардағы тари­ хи шығармасынан көруге болады. Онда эфталиттердің Тохаристан өлкесіне билік етуші бір тайпаға тәуелді еке­ нін, ал түркілер оларды «xаллуx» деп атайтынын және «кенгинелер» олардың қалдықтары деп жазады. Гардизи қарлықтардың күшейіп, Тохаристан хайталдарымен (эфта­ литтермен) өзара қатынас орнатқандарын жазады. Жалпы алғашқы ислам және армян деректері Орта Азия­ға эфталиттердің қалдықтары ретінде «қарлық», «кен­ гине» (немесе кангине) және «кумидж» тайпаларын атай­ ды. Со­нымен қатар Мұхаммед ибн Абдуллах әл-Катиб әлХорезми мен Исмаил әл-Жевхери әл-Фараби Түркия мен Еуропа кітапханаларындағы бар ескі нұсқаларды салыс­ тыра оты­рып, бұл атаулардың кей жерде «халаг» орнына «харлух» болып оқылуының керектігін, ал тұрған өлкесінің де «Тухаристан» емес, «Туxайристан» (Тохаристан), яғни Сыр­дарияның солтүстігіндегі Вахш, Кафринихан мен Сур­ хандария бассейндері Термез – Чаганиаи – Шуман – Хутта­ лян аралықтары болып табылатынын алға қояды. Қарлықтардың Тохаристанда ежелден ел болып, өлке­ сінің бар екендігін Фирдоусидің «Шахнамасынан» анық байқалады. Онда «xалуxиста» елі Балхтан Таразға дейін

Сатай СЫЗДЫҚОВ ұзыннан-ұзақ территорияны алып жатады. Қарлық жабғуы нәсілінен шыққан Ержастың (Ercabs) тұрған мекені халлух жерінен шығып, Балхқа келгендігі, ал «...Көктем болғанда Балхдан Халлухқа ... кетті», – деп жазылады. Жазда қар­ лық басшылары Памирге, Таразға, яғни солтүстік Халлу­ хистанға кететіндіктері айтылады. «Шахнама» бойынша Халлухистан өлкесі оңтүстікте Гиндикуштан бастап сол­ түстікке, Шу бассейні мен Ұлытауға, батыста Арал көлі мен Қандаһар, Буст пен Газнеден, шығыста Памир мен Ыстықкөлге дейінгі аралықты қамтиды. Бұдан біз жалпы «Шахнамада» Тохаристандағы қарлықтардың VIII-Х ға­ сыр­ларда құрылған қуатты қарлық мемлекетімен бірге біртұтас алып қаралғанын көреміз. Өйткені, осы кезеңде араб географияшыларының айтуынша да Балх округы То­ харистан құрамына енген және оны кейде «Балх – Тохари­ стан» деп те атаған [139, 1, 170]. «Оғызнамада» «қарлық» атауының берілу оқиғасы да осы Тохаристанда, яғни Ауғанстандағы Гур мен Гарчистан облыстарында өтеді. Мұның өзі әуел баста «қарлық» эт­ нонимінің шығуы Тохаристан өлкесімен байланысты еке­нін көруге болады. Көңіл аударарлық бір мәселе: Тохаристандағы «қар­ лық» атауымен жер-су атауларының байланысы. «Худуд әлаламда» Ферғана, Алай таулары, Ышбара, Өзкенттен өтетін өзендердің барлығы «Көк – Халлухтан» басталады. Памир тауларының солтүстік-шығысы және батысы қарлықтардың басты жайылымдары болды. Яркенд өзенінің басталар жеріндегі жазық «Харлух ылдиы» деп аталынған. Солтүстік Тохаристанда Файзабадқа жақын жерде Илак (ilak) қалашығы орналасқан. Ол арқылы «Илак иайы»

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ өзені ағып өтеді. Ал Тохаристанның оңтүстігіндегі қарлы таулардың бір бөлігі де «Коһі ilag», яғни «Көк Илак» деп аталады. Илактар қарлық құрамына кіріп, олардан шыққан хандар мен көсемдер «іlk-іlek» (ілк – илек) лауазымдарын алған. Қарахандар әулетіндегі илек хандар осылардан шыққан деуге негіз бар. Бүгінде Файзабад-Кафырнихан об­ лыстарында тұратын көшпелі лоқайлар осы илақтардың қазіргі аты болуы керек. Лоқайлардың қарлықтармен байланысын кезінде И.П. Магидович қарастырды. Ол бұл байланысты Орта Азияға араб басқыншылығына дейінгі кезеңге, яғни эфталиттер заманына апарып саяды. Әл-Масуди қарлықтардың гурлармен бірге эфталиттер орталығы Бадгисте тұрып, қыста Тохаристанға көшетінін хабарлайды. Әл-Идриси халлухтардың Солтүстік Индия, Гур, тіпті Батыс Сеиджистанға дейін жайылып, олардың түркі тектес екенін және бұл жерде ежелден тұратындарын жазады [15, 457]. Сонымен жоғарыда Тохаристан қарлықтары туралы деректерді қарастыра келіп, қарлықтардың бұл жерде ежелден тұрғылықты халқы болғандығын тұжырымдауға болады. «Оғызнамада» қарлықтар өз атауын осы Тоха­ ристандағы тауда қалғандықтан алуы, алғашқы қарлық­ тардың мұнда Грек және Византия деректерінде «Колотай» (бұл атаудың бірінші түбірі – «коло – гэло» – қарлықтар­ дың қытайша аты) болуы, эфталиттермен бірге тұруы және қарлықтар шежіресінде үлкен «тоқа» және «Тоқарыстан» тармақтарының болуы жалпы қарлықтардың екі отаны­ ның – Алтай және Орта Азияда Тохаристанның бар екендігін алға тартады.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Тарихи деректер Тохаристан қарлықтарының иелік­тері өздерінің Алтай мен Ертіс бойындағы отандастары есебі­ нен ұлғайып отырғандығын көрсетеді. Бұл, бір жағынан, қарлықтардың негізгі бөлігінің Орталық Азияға бірте-бірте жылжуымен және қоныстануымен байланысты. VII ғасырдың 50-60 жылдарында Қытайдың округтен­діру іс-шараларын жүргізу барысында Тохаристанның оңтүс­ тік-батысындағы Сеюй мемлекеті (қытайша Цаоцзюда) хэдолочжылықтар елі болып аталады. Мемлекеттің бас­ шысына «елтебер» атағы берілген. Алтайдағы қарлықтар сияқты хэдолочжылықтар да Тянь бао билігі (742-756) кезінде сарайына бірнеше рет ел­шілік жіберген. Қытай деректерінде «хэдалочжы» атауының бірнеше нұсқалары бар. Гэло-дачжи, Гэлотачжи, Хэлодач­ жи, т.б. А. Бернштам «гэлотачжи» атындағы екі иероглиф тайпа бірлестігінің атауы, яғни «гэло» (карлук) деп оқылуын ұсынады. Өйткені, бұл этноним қытайша иероглифпен дәл, осылай жазылатынын ерекше атап көрсетеді. Ал кейінгі «тачжи» сөзі тайпа атын, яғни «та-ши» этнонимін береді деген пікірдеміз. Қарлықтардың бұл заманда үш басты тайпасының бірі «ташили» екені белгілі. Олай бол­ са, «тачжи» «ташили» этнонимінің бір нұсқасы ғана. Сонда бұл Хэдалочжи қарлықтың ташили тайпасының құрған мемлекеті болып шығады. Сонымен қатар хэдалоч­ жылықтардың қарлықтар екеніне қосымша дәлел ретінде Сеюй мемлекетінің Хэдалочжи болып аталуы 656-661 жыл­ дарға, яғни Ашина Xэлудің (Халлыг) көтерілісінен соң ок­ руг­тендіру кезеңіне сәйкес келуін айтуға болады. Сонда бұ­ лар көтеріліс жеңілген соң батысқа көшкен қарлықтар­­дың (мүмкін ташили тайпасы) бір бөлігі болу керек. Тағы бір

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ ескеретін жайт, билеушісінің атағы «елтебер» екендігі. Бізге «елтебер» атағының қарлық тайпасы көсеміне берілетіні белгілі. Бұдан, VII ғасырдың ортасында-ақ, батыста Тохарис­ танның оңтүстік-батысында «елтебер» басқарған қар­ лық­тардың ташили тайпасының бір бөлігі болғандығы көрінеді. VII-VIII ғасырларда Тохаристан қарлықтары Орталық Азияда болып жатқан оқиғалардан тыс қалмады. Олардың жабғуы VII ғасырдың ортасында Батыс Түрік қағанатының билігіне таласушылардың бірі болды. Соның бірі Юкук шад қағандық билік үшін қүресте жеңіліс тапқан соң оның ұлы Чженчу Тохаристанда қарлық иеліктерінің жабғуы болды. Ашина Xэлу қаған VII ғасырдың орта тұсында ба­ тыс түркілерді біріктіріп, империяға қарсы күрес жүр­гізе бастағанда Чженчу жабғу қағанат билігіне өзінің дә­месі бар екендігін білдіріп, нушиби тайпаларын көтергісі келді. Ашина Xэлу әскерімен оған қарсы жүргенде Чженчу жабғу өзінің тәуелді екенін мойындауға мәжбүр болды. Аши­ на Хэлу көтерілісі жеңілгеннен кейін Чженчу жабғу 659 жылы империяға қарсы көтерілді. Алайда сол жылы Боро­ тола (Тарбағатайда) жазығында жеңіліске ұшырап, өзі де өлтірілді. VII ғасырдың алғашқы жартысында Тохаристанға ба­ тыстағы арабтардан, ал шығыста тибеттіктерден қауіп төн­ді. 705-710 жылдары арабтардың қолбасшысы Кутей­ ба ибн Муслим Тохаристанды бағындырды да, жабғуын тұтқындап Дамаскіге жіберді. Одан кейінгі уақытта Тоха­ ристан тағына арабтардың көмегімен Чаганиан патшасы Тиш отырды. Ол арабтардың одақтасы болып, 737 жылы

Сатай СЫЗДЫҚОВ түргештер мен соғдылықтарға қарсы соғыста қаза тапты. Араб наместниктері, әсіресе оның ішінде Кутейба удель­ дік кінәздардың арасындағы қайшылықтарды шебер пай­ далану арқылы Тохаристанда өздеріне қарсы бірыңғай майдан құрғызбай тастады. Кейде арабтар оларды өзде­ ріне одақтас етіп те алған кездері болды. Тұйұқықтың жазуында арабтар мен тохарлардың одақтас ретінде көрі­ нуі – осының дәлелі. Алайда тохаристандықтардың бәрі де бірдей арабтар жағына шыққан жоқ. Ондағы көптеген удельдік кінәздіктер тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күресте өздеріне күшті одақтастар іздеді. Осы мақсатпен кейбір Тохаристан иелік­ тері Қытаймен саяси қарым-қатынастарын күшейті. 718 жылы Тохаристан жабғуы Қытайға жіберген ел­ шісі арқылы Забулистан, Каписа, Хутталь, Куран, Шу­ ман, Шуг­нан, Вахан, Джуздан, Бамиан, Кабадиан, Бадах­ шан және эфталиттерді басқаратынын хабарлап, арабтар мен тибеттіктерге қарсы көмек сұрады. Император өзінің көмек беретінін білдіріп, жабғудың кінәздарына жоғарғы дәрежедегі атақтар берді. Осы елшілікпен жіберген хабарға қарағанда жабғу қол астында 900 мыңдай жауынгері бол­ ған. Шындығында, әскері бұдан аз болса да, Тохаристан жабғуының сол заманғы өлшеммен алғанда мықты әскери күші болған. Алайда арабтардың Орта Азияға ішкерілеп енуіне Тан империясы бөгет бола алмады. Оларға қарсы күресте То­ харистан жабғуы жергілікті халықтың күшіне, соғдылар мен түргештерге сүйенді. VIII ғасырдың 30 жылдарында Тоха­ ристан қарлықтары Орта Азиядағы арабтарға қар­сы басты күштердің бірі болды. Әсіресе 737 жылы Тоха­ристандағы

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ қарлық жабғуының түргеш қағанымен бі­рігіп, арабтарға қарсы күресі өз нәтижесін берді. Бірақ Сұлу қағанның өлімі мен түргештер арасындағы өзара қырқысушылық одақтастар күшін әлсіретті. Ақыр соңында Тохаристан арабтардың қол астына өтті. Тохаристан қарлықтары арабтарға тәуелді болса да, олардың Жетісумен және Батыс Түрік қағанатымен сая­ си қатынастарының үзілмегендігі байқалады. Жетісуға бір жағынан Тохаристанның рухани-идеологиялық ықпалы­ ның манихейлік дінге байланысты артқаны да көрініс береді. VIII ғасырдың ортасында Жетісудағы манихейлік дін­басыларының орталығы Тохаристанда болғаны белгілі. Сонымен, Тохаристан қарлықтары Орталық Азиядағы қарлықтардың құрамдас бір бөлігі бола тұрып, өздерінің саяси және мәдени байланыстары мен қатынастарын сақтап қала алды. Бұл байланыстар мен қатынастар қар­ лықтардың негізгі бөлігінің көне түркілердің саяси билік мұрасы үшін күресте батысқа қарай біртіндеп жылжу ба­ рысында одан әрі нығайып, кейін Орталық Азияда қарлық мемлекетінің орнауына мүмкіндік берді. 1.2. Қарлықтардың этникалық құрамы. Этноним мен этнос арақатынасы Қарлықтардың этникалық құрамы. Қарлықтардың рутайпалық құрылысы күрделілігімен көзге түседі, Қарлық тайпалық бірлестіктің аты ретінде бірнеше тайпалық буын­ дардан, ал осы әр буынның өзі бірнеше рулардан құралды. XII ғасырдағы қытай деректерінде қарлықтар құрамында 4-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ үш тайпалық одақ: моула, чисы және ташили кірген. Сол кездің өзінде бұл одақтың ішінде «себек» руы­ның күшеюін Тан империясының дипломаттары байқап, оған арнайы әкімшілік-территориялық бірлік ұйымдастырған еді. Қарлықтарда көптеген ру-тайпа болғанын, әсіресе арабпарсы деректерінен көреміз. Мысалы, әл-Марвази қарлық құрамындағы шігілдерде үш ру бар екенін, ал «Худад әлалам» Құлан мен Мерке арасындағы бистан, хим, бириш, Керминкетте – лабан, Ыстықкөл маңайында жеті қарлық тайпалары тұрғанын хабарлайды. Неғұрлым топтастырып жүйелей сипаттаған Марвази жазбаларында қарлық тайпалық одағының үш бөлімше­ сі – жікіл, үшеуі – бескіл, біреуі – бұлақ, біреуі – көкеркін, біре­уі – тухси және тағы екі ру: лазана мен фарахиядан тұратыны айтылады. Жоғарыда аталған тайпалардың аттары арнайы оқулық­ тарда келтірілгенімен, олардың қазіргі түркі тілдес халық­ тармен, оның ішінде қазақ елінің этногенезімен бай­ ланыстыру мәселесі қиынға түседі. Сондықтан да қолда бар материалдарды, әсіресе тарихи аңыздар мен эпикалық мұраларды, басқа да қосымша (ономастика, топоними­ ка және т.б.) деректерді пайдалану осы бағыттағы кейбір мәселелерді анықтауға мүмкіндіктер туғызады. Қарлықтарды саяси-этникалық тұрғыдан қарастырған­ да бастауды «Оғызнамадан» алу орынды. Оны түрік ха­ лықтарының тек ежелгі фольклорлық мұрасы деп қана қоймай, Сонымен қатар тарихи дерек деп те тануымыз қажет. Бұл мұраның сюжеттік желісі мен оқиғалар тізбегі, мифологиялық сарындар мен суреттеу тәсілдері және елді мекен, жұрттар мен атаулары ежелгі ғұндар дәуірін еске түсіреді.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ «Оғыз қаған» эпосында көңіл аударарлық бір жайт, он­ дағы тарихи реалийлер қарлықтардың ерекше генети­ калық белгілері ретінде көрініс береді. Халықтың пай­да болуы жөніндегі ежелгі аңыздар мен эпикалық ескерт­ кіштер сюжеттерінің әрбір белгісінде қандай да болсын бір этникалық ұжымның нақтылы өмірінен алынған деталь­ дарында генетикалық негіз бой тасалап тұратыны белгілі. Сондықтан «Оғызнамада» қарлықтың пайда болуы тура­ лы айтылғанда онымен бірге үлкен тау мен қалың қардың міндетті түрде қатысуы, сол халықтың алғашқы этногенездік процестері қарлы, биік таулы өлкеде өткенін мегзейді. Зерттеуші ғалым Қ. Өмірәлиев: «Оғыз қағанға» қатысты орайда «Оғызнамада» қыпчақ, қағарлығ, қалач, қаңғалуғ атауына байланысты аңыз-сюжеттің бар болуы, бір топ­ талып келуі және бұл аттар жеке бір кісілерге лақап ат ре­ тінде қойылуы, ал осы қыпчақ, қағарлығ, қалач, қаңғалы атауларының XIII ғасыр шежіресі «Оғызнамадағыша» бір топталып, өзінше бір аңыз сюжетте жүруі, XI ғасыр ес­ керткіші – «Диуани-лұғат ат-түркте» бұлардың ішінен қа­ лач атауына қатысты өзге бір аңыз-сюжеттің болуы, оның Шу қаған, Зұлқарнайын соғыстары тұсындағы қойылған ат болып «тарихталуы» – осының бәрі, біріншіден, бұл атауларға қатысты аңыз-сюжет әу баста Абулғазы, Рашид ад-дин еңбектері тірек болған Оғуз шежіресіне де, Махмұд Қашғари тірек еткен Шу қаған жорықтарына да «Оғызнама» эпосына да тәуелсіз өз алдына бөлек туған аңыз-сюжет. Екіншіден, бұл аңыз-сюжет рулардың тайпалық бірлікке бірте-бірте келе бастаған дәуірінде, өте байырғы дәуірде ежелгі руларда туған», – деп жазады [171, 37-38].

Сатай СЫЗДЫҚОВ Шынында да «Оғызнамада» көне заманның ескерткіші деп саналып жүрген Орхон-Енисей жазбаларындағы Тү­ рік қағанатына тән оқиғалар желісі де орын алмайды. Ал ол ескерткіште аталатын басты түрік тайпалары «Оғыз қағанда» кейін тайпа, ел басы болып шығатын кісі аты түрінде кездеседі. Ендеше «Оғызнаманы» ежелгі ғұн дәуі­ рінің мұрасы десек, қателеспейміз. Оғыз қағанды қытай жылнамаларындағы ғұндар қаға­ ны Модэ шаньюймен алғаш рет Н. Бичурин сәйкестендірді. Кейінгі кезде бұл бағыт ғылыми әдебиеттерде орын алып келеді. Мұның өзі кездейсоқ емес. Өйткені, жылнамалар мен Оғыз қаған туралы шежірені салыстыра келіп, оған М. Қашғаридің деректерін қосқанда бұлардың арасындағы сәйкестікті аңғару онша қиынға түспейді. «Оғызнамада» Қара хан – Оғыз ханның әкесі. Әкесі ба­ ласын басқа дін қабылдағаны үшін өлтірмекші болады. Мұны біліп қойған Оғыз өз жолдастарын жинап, әкесі Қара ханды жақтағандармен соғысады. Оғыз жеңіске жетіп, Қара хан сол соғыста алған жарақаттан өледі. Ал Оғыз өзінің жақтастары — ағаларымен және олардың балаларымен бірге болғандар: Ұйғыр, Қаңлы, Қыпчақ, Қарлуқ, Қалач, Ағачир... ағаларынан қосылған тайпаларға ұйғыр деп ат береді... Өзге тайпалар Қаңлы, Қыпчақ, Қарлуқ, Қалач, Ағачир», – деп аталады [179, 1, 81-85]. Қытай жылнамаларында ғұн қағаны Тұманның Модэ деген мұрагері болған еді. Кейін кіші әйелінен ұл туған соң қаған Модэні мұрагерліктен айырмақ болып, оны юечжилерге аманатқа жібереді. Модэні өлтіру үшін әдейі юечжилерге шабуыл жасайды. Алайда Модэ қапысын та­ уып, жүйрік ат мініп, еліне қайтып оралады. Әкесі оған он

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ мың түтін (үй) бөліп беріп, соларға иелік етсін деп бөлек қояды. Модэ өз жақтастарымен бірге аңда жүрген әкесін әдейілеп жасалған ысқырық оқпен өлтіреді. Әкесінің жақын жақтастарын қырып, өзін қаған етіп жариялайды. Бұдан кейін ол дунхулар мен юечжилерді жеңіп, 26 аймақәкімдікті өзіне қосып алады [44 а, I, 46-57] . Шежіре-аңыздар бойынша, оғыз қағанның алты ба­ла­ сынан жиырма төрт ұл тарайды. Қайы, Алқа үйлі, Байат, Қа­ ра үйлі, Иазыр, Дудырға, Дүкер, Иайрлы, Авшар, Бекделі, Қырық, Қарқын, Байандур, Жяулдур, Бечене, Чепні, Салур, Ала ойнтлы, Имур, Уркез, Игдір, Бүкдүз; Рашид әд-Диннің бұл келтірілген 24 тайпасы XI ғасырдағы М. Қашғари­ дың атаған 22 тайпасымен негізінен сәйкес келеді. Кейбір айырмашылықтар әртүрлі түрік тілдерінің фонетикалық ерекшеліктеріне байланысты. М. Қашғари жоғарыда кел­тірілген атауларды Оғыз ұрпағы ретінде қарайды да, оларды сол тайпалардың ең ежелгі бабаларының аттары дейді. Сонымен, Оғыз хан тарих сахнасына шыққанға дейінгі дәуірде өмір сүрген тайпалар: қаңлы, ұйғыр, қыпшақ, қар­ лық және ағачир. Бұл туралы Қадырғали би Қосымұлы Жалаирдың «Жамиғ ат-тауарих» еңбегінде: «Оғыздың бағзы аға оғланлары блек бірге ерділер: ұйғыр, қаңқалы, қыфчақ, қарлук, қалач, ағачир», – делінеді [185, 133]. Солардың ішінен қарлық пен қалаш тайпаларының пай­да болуы жөніндегі аңыздардың түрлі нұсқаларын салыс­тырып қарастырайық. Рашид әд-Диннің жылнамасында қар­лықтың шығуы туралы: «Оғыз өзінің халқымен Гур және Гарчи­ станнан бұрынғы тұрған мекеніне қайтып келе жа­тып, жолда үлкен тауға кездеседі, қар қалың түскен, қардың

Сатай СЫЗДЫҚОВ көп түскеніне байланысты бірнеше отбасы қалып қояды, кім болса да қалуға рұқсат болмағандықтан Оғызға бұл ұнамайды, ол айтты: «Қар жауды деп қалуға бола ма екен?» Қалған отбасыларына «қарлық» деген ат қойылып, олар ендігі жерде «қарлық» деп аталып кетті». Ұйғырша қолжазбасы бойынша: «Оғыз қаған бір Шау­ қартаң (деген) айғырға мініп жүруші еді. Осы айғырды бек қатты сүйетін еді. Жолда сол айғыр көзден ғайып болды, қашып кетті. (Сол арада) үлкен бір тау бар еді. Ұша-қырқасы тоң және мұз болатын. Оның аты Мұзтау еді. Оғыз қаған­ ның айғыры осы Мұзтаудың ішіне қашып кетті. Оғыз қаған бұған көп уақыт қапа шекті. Әскерде бір зор қайратты ер, өзі бек кісі бар еді. Анау-мынаудан қорықпайтын еді, қиын жүрісте, боранды шақта оңтайлы, икемді ер еді. Осы бек тауға кірді (қарап) жүрді. Тоғыз күннен соң Оғыз қағанға айғыр атты алып келді. Мұзтауда суық, аяз болғаннан ол бек қырауға малынған, аппақ еді. Оғыз қаған қуана күлді, күліп айтты: «Ай, сен бектерге бек болған бастық, Менен саған ат болсын Қағарлық!» – деп айтты. Қымбат бұйым сыйлады» [205, 22-42]. Бұл екі нұсқаны салыстыра келе байқайтын нәрсе: ұйғыр қолжазбасында тарихи негіздің басым болуы, георафия­лық шындық – «Мұзтаудың» әлеуметтік және саяси-этникалық мәні бар: қағарлықтың бектерге «бек» болуы және «то­ ғыз» сандық өлшемі – осының бәрі бұл аңыздың деректік тұрғыдан құндылығын көрсетеді. Қ. Өмірәлиев қағарлықтың бектерге бек болуына ерек­ше көңіл аударып: «Осы жерде тарихи деректің ізі бар: Қағар­ лығ ер бек – Қарлық тайпасының жиынтық образы», – дейді [171, 92]. Сонымен, бұл сөз тіркестері VІІІ-Х ғасырларда

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ қарлықтардың күшейіп тұрған кезін, яғни Жетісу, Сыр бойы мен Шығыс Түркістан оғыздарының ішіндегі саяси тұрғыдан басым тұрған тайпа бірлестігін көрсетеді. Егер де «Мұзтау» қарлықтардың ертеден қоныс қылған Алтай таулы өлкесін нұсқаса, ал «бектерге бек болу» – оның Жетісуда түргештерді жеңіп, қарлықтардың өз мемлекетін, яғни қағанатын (VIII ғасырдың ортасы) құруын мегзейді. Тоғыз санының сақталуы да кездейсоқ емес. Бастапқы кез­ де қарлықтар тоғыз-оғыздар құрамыңда болып, кейін күшейген соң өз алдына, ел ретінде Жетісуда тұрақталуына байланысты «тоғыз» саны сюжетке енген болуы керек. Қарлық құрамындағы келесі бір ірі тайпалық бірлестік шігілдер болды. Олар ертедегі түркі руналық жазуларын­ да «чик» деп түсірілген. Мұның өзі шігілдер қарлықтардың басқа да ру-тайпалары сияқты теле тобына жататынын көрсетеді. Қытай саяхатшысы Ван Янь-дэ 981 жылы Тұрфан әмір­ лігінде болғанда үлкен және кіші чжунь-юнь халықтарын айтады. Мұны П. Пельо және Р. Гамильтон қытай иеро­ глифінен аударғанда «шігіл» деп оқиды. Шігілдердің Жетісу мен Ыстықкөл, Талас өңіріне келу­ лерін, біздіңше, ғұн дәуірінен бастау керек. Біздің эра­мызға дейінгі 55 жылдан бастап ғұндар екі ордаға: солтүстік және батыс болып бөлінді. Батыс бөлікті солтүстік ғұндарды билеуші Чжичжидің ағасы Хуханье басқарды және Қы­ тай империясымен ымыраға келіп, тәуелді болды. Ал Чжичжи болса, ол ағасының саясатына келіспей, онымен ұзақ күрестен кейін Орхон өзені бойынан кетіп, Шығыс Түркістанға қоныс тепті. Мұнда ол Жетісу мен Енесай қыр­ ғыздарын, ал солтүстікте динлинді талқандады. Хуханье

Сатай СЫЗДЫҚОВ мен Қытай арасындағы одақтың күшеюі Чжичжиді қатты ызаландырды. Ол Қытайдың жіберген елшілерін өлтіртті және қаңлылармен одақтасып, Қытайға жақындасу саяса­ тын ұстаған үйсіндерге қарсы күрес жүргізді. Алайда Қытай Чжичжи шаньюдің батыс пен Тянь-Шаньда күшеюінен қауіптеніп, біздің эрамыздың 36 жылы оған қарсы жорық ұйымдастырып, талқандады және Чжичжидің өзін өлтірді. Сөйтіп, солтүстік ғұндардың бір бөлігі шығыста, ал екінші бөлігі батыста бөлініп қалды. Ежелгі ғұндар дәуірінен тарайтын бурят халқында осы жоғарыда келтірілген, Чжичжи мен Хуханье ағайын­ ды­лардың арасындағы қақтығысты еске түсіретін аңыз­ дар мен эпостық сюжеттер бар. Әрине, ондай сю­жет­­ тер көптеген түрік халықтарының эпикалық ес­керт­­­ кіш­­терінде жиі кездеседі. Алайда ғұн заманына ке­ тетін көне тотем-өгізге байланысты сюжет қаймағы бұ­зы­ла қоймаған, көне дәстүрді ұстап қалған буряттарда сақта­лынған. Орта Азияның «Илиадасы» деп бағаланатын бурят эпосы «Гэсерде» және мифтік аңыздарда ағайынды екеудің: Булагат пен Эхириттің (буряттардың ата-бабасы болып саналатын) өгіз кейпіне еніп, бір-бірімен айқасуы ғұндардың солтүстік пен оңтүстікке бөлініп, бір-бірімен соғысуының жаңғырығы іспеттес. Шынында бұл соғыс ғұндар өмірінде болып жатқан ру-тайпалар арасындағы күнделікгі ірілі-ұсақты қақтығыстардан мүлдем өзгеше еді. Өйткені, ғұндар үшін бұл жоғарыда келтірілген екі жаққа бөлініп соғысу не өмір, не өлім үшін болған еді. Не оңтүстік жеңіп, Қытайға толық тәуелді болып, құрып кету қаупі, не солтүстік басым түсіп, өз тәуелсіздігін сақтап, ел болып қалу жолы ғана тұрды.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Солтүстік ғұндардың батыста Чжичжи басқарған бө­лігі Жетісу, Талас, Шығыс Түркістанда орналасып, жергілік­ ті тұрғындармен араласты. Мұның өзі ғұндардың Қазақ­ с­тан мен Орта Азия территориясына тұңғыш рет келіп орналасуы еді. Бұл көзқарас француз ғалымы Дегиннің кезінен бастап орын алып, кейін оны бірнеше көрнекті та­ рихшылар қолдады. А.Н. Бернштам Чжичжи шаньюдан, яғни б.э.д. 55 жылдан бастап: «Халықтардың ұлы көші бас­ талды, ал ғұндардың Орта Азия тайпаларымен одақта­суы арқылы күшеюі олардың батысқа қарай одан әрі жылжуын қамтамасыз етті», – деп жазды [39, 1951, 78]. Соңғы уақытта «чжисы» – қарлық тайпасы «шігіл» деген атпен қалпына келтіріліп отыр. Шігіл этнонимі «арғын», «басмыл» және қарлықтағы «қар» түбірі сияқты «құрама» мағынасын білдіреді. Махмұд Қашғаридың айтуынша, шігіл – үш тайпаның аты. Біріншісі – көшпелілер Құяста тұрады. Екіншісі – Таласқа жақын, ал үшіншісі – Қашғардың тұрғындары. Аңыз бойынша, Махмұд Қашғари оларды Ескендір Зұлқарнайын есімімен байланыстырады. Аңызда ұлы қолбасшы әскері­ мен Арғу қаласына жақындағанда қатты жаңбыр жауып, жер жүзі лайсаң, батпақ болып кеткен екен. Әскері жүре алмай, әбден ыза болған Е. Зұлқарнайын парсыша: «Қандай батпақ еді?! («Ин чигиль аст»)» – депті [142, 1, 313]. Кейін осы жерде қала-бекініс салынып, оған Шігіл де­ ген ат қойылған. Сондықтан осында тұрған халықтар шігіл атанған. Аңызда бір көңіл қоятын нәрсе – шігіл атауы Е. Зұл­ қарнайынның Арғу елі жеріне ішкерілеп еніп келе жат­ қанда қойылуы. Мұның өзі осы жердегі түріктер Арғу ру-

Сатай СЫЗДЫҚОВ тайпа бірлестігі құрамында екенін көрсетеді. Кейін осы атау сол салынған қала-бекініс маңайындағы түріктерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл Арғу құрамындағы рутайпаларға да таралған болу керек. М. Қашғари шігілдердің Тараз жанындағы тобын сол тайпаның негізгісі дейді. Ал Арғу елі Тараз, Баласағұн және Испиджаб аралары­ на орналасса, онда жоғарыда айтылған шігілдердің басты бөлігі Арғу еліне толығымен кіруі сөзсіз. Сонымен қатар М. Қашғаридың «қалаш» рулары туралы екінші бір аңы­ зында Е. Зұлқарнайын келген кезде Тараз, Испиджаб және Баласағұн қалаларының әлі салынбағандығын айтады. Бұл екі аңызда да М. Қашғари Ескендірдің бір жерге, яғни Таласқа келгенін айтып отыр деуге мүмкіндік бар. Өйткені ол бірінші аңызда да Тараздың қасындағы Шігіл қалашығын айтып отыр. Ал жалпы бұл жерлердің әуелгі орта ғасырда «Арғу-Талас ұлыс» деп аталғаны мәлім. Осы ұлыстағы қалалар мен тайпалар туралы манихейлік діни қолжазбада түркілік жауынгерлер Арғу тайпасының Талас, Қошу, Яка­ кент, Ордукент және Шігіл қалаларында тұратындығы ай­ тылады. Этникалық мәселелерді талдағанда түркі тілдес халық­ тардың таңбалы жазуының мәні зор. Оларды салыстыра отырып, ру-тайпалардың туыстық қатысын қарастыруға болады. Атақты этнограф-ғалым Н. Аристов «түркі тілдес халықтар тайпалары мен америкалық үндістер ежелгі Азия нәсілінің шығыс тармағы – динлиндерден тарауы мүмкін» деген қорытындыға келген. Осыған сәйкес Кіші жүздегі шекті руларының және арғынның таңбаларын салысты­ рып көрсек, бұлардың ұқсастықтарын көреміз. Арғынның таңбасы «көз» (ОО) болса, жоғары шекті сол дөңгелек

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ таңбаның бірінің жоғарғы жағынан, ал төменгі шекті дөң­ гелектің төменгі жағынан белгі салған. Бұдан шігіл (чеклі) шекті тайпалары әуелде Арғу елімен бірге болып, кейін бөлініп кеткен деген ой келеді. Сонымен, шігілдер қарлық тайпалық бірлестігінде сан жағынан іргелі тайпалардың бірі болып, кейін қазақ хал­ қының қалыптасу процесінде шектілер болып кірді. Жо­ ғарыда аталған қарлық құрамындағы ірі тайпаның бірі – «моу­ла» немесе бұлақ (було). Бұл этноним алғаш рет жаз­ба деректерде VII ғасырдың орта тұсында кездеседі. Ол кезде қарлықтар Алтайды мекендеген. Рашид әд-Дин түркі тай­ палары тұрған Булат аймағы туралы айтады. Өздерінің саяхаты туралы жазған Плано Карпини мен Рубруктың еңбектерінде де бұл аймақтың аты кездеседі. Алтын Орда дәуірінде Булат аймағы Алтай мен Дешті Қыпшақта жоғалып, тек аңыздарда сақталады. Мұның себебін моңғол-татар үстемдігі кезінде түркі тайпала­ ры бытырап кеткеннен кейін ол өзінің аймақ ретінде гео­ графиялық мәнін жойып, тек этнонимдік мәнге ие болу­ ымен түсіндіруге болады. Қалай дегенмен де, қолдағы бар де­ректер бойынша, Булат аймағының аталуы қарлықтар­ дың орын ауыстыруымен тікелей байланысты болып отыра­ды. Мысалы, қарлықтар Алтайдан оңтүстікке қарай жылжыған уақытта Булат аймағы Бесбалық басқару округіндегі Сайрам көлінің оңтүстік-шығыс жағында орна­ ласты. Ал қарлықтардың Жетісуға орналаса бастауына бай­ ланысты (VIII ғ.) Болат тайпасы Іле жазығында мекендеген. Бұл жердегі Қаялық және Алмалық қалалары солардың қолында болған.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Әбілғазы өзінің шежіресінде «Оғызнама» мен «Қорқыт ата кітабына» сүйене отырып, бүкіл оғыз елінде танымал ел басқарған жеті сұлу қыздың болғанын келтіреді. Солардың бірі Алп Арслан қызы және Кестан Қара-Алптың жары – Керче-Булад. Бұл жерде қыз атында «Булад» деген тіркес сөзінің қосарланып келуі көңіл аударарлық жайт. Ертедегі түркі халықтарында кісі атымен оның руы атының қоса ай­ тылуы жиі кездесетін құбылыс. Сондықтан Керче-Булад Бо­ лат тайпасынан шығуы ықтимал. Жоғарыда шігілдер туралы айтқанда Арғу елі еске алын­ ды. Қазірде айтылып жүргендей, бұл ел қазақтың Орта жүзінің үлкен ру бірлестігі Арғынмен сәйкестендіріледі. Ал осы Арғынның өзінің қарлықтардың «Болат» тайпасымен семантикалық сәйкестігі қазақ және Алтай халықтарының ежелгі аңыздарында байқалады. Бірінші аңыз: Ерте-ерте ертеде бір хан ұлды болады. Ол өзі ала болған екен. Хан масқаралықтан құтылмақшы бо­ лып, оны даладағы бір кемпірге асырауға беріп жібереді. Ұл ержүрек, батыл, әрі ақылы да көркіне сай болып ер­ жетіпті. Мұны естіген хан өзінің атақ-дәрежесіне нұқсан келтірмейтінін біліп, ұлын алып келуге қарамағында жүз жауынгері бар Үйсін қолбасшыны жібереді. Ханның бала­ сы қайтып келмегені былай тұрсын, Үйсінді әскерімен бірге біржола өз жанында қалдырады. Бір жыл өткен соң хан тағы бір жүздікпен Болатты жібереді. Бірақ ол да хан баласының тұрған жерінің сұлулығы мен байлығына қызығып қалып қояды. Осылайша кейін жіберген Алшын да өз жүздігімен сол жерде қалып, сол үш жүзден қазақ халқы пайда бола­ ды. Екінші бір аңызда бұл жүздіктердің кейбірінен тұтас халықтар қалыптасып көбейеді, ал кейбірі соғыста қыры­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ лып азаяды. Сондықтан олардан аз ғана ұрпақ қалады. Ұлы жүзде Үйсіннің, Орта жүзде Болаттың, ал Кіші жүзде Алшынның ұрпақтары қалған [177, 52-53]. Аңызда хан баласының «ала» болуы – ерекше көңіл аударарлық нәрсе. Ертеде ғұн дәуірінде-ақ әр ірі ру-тай­ палардың сарбаздары бір түсті ат мінген. Ал оның ішінде қарлық аттары жабайы жылқылармен будандастырылған­ нан кейін түсі ала болғаны белгілі. Аңызда «бала» түсінің ала болуының сыры осында жатқан болуы керек. Сондықтан Үйсін, Болат және Алшынның өз жүздіктерімен ханның ала ұлына барып қалып қоюын олардың қарлық ру-тайпалық бірлестігіне енгенін меңзейтіні анық. Осы ретте арабтың жазушы-саяхатшысы Мұхаммед әлАуфи шығармасында Алтайда мекендеген қарлықтардың тоғыз-оғыздарға тәуелді болғаны және олардың өздері то­ ғыз бөліктен құралатыны, ал солардың ішінде үш шігілдер мен үш хасаг тайпаларының тұратынын хабарлауын еске ала кеткен жөн. Мұндағы үш хасагтар қазақтың Орта және Кіші жүз­ дерінде кездесетін қаракесектер тобы болуы ықтимал. Әсіресе бұл орайда Орта жүздің Арғын бөлігіндегі үш қаракесекті атауға болады. Қаракесекте екі түбір сөз бар екені көрініп тұр. Бірі – «қара», екіншісі – «кесек». Соңғысы «кесек» негізгі этноним атауы болып тұр. Осы жоғарыда аталған «үш хасаг» үш қаракесектің бұрынғы атауы болу керек. «Хасаг – кесек» бо­ лып өзгеруі ықтимал. Жалпы қарлықтарда «үш», «қара» сөздері атау ретінде жиі қолданылған. Мысалы, «Ышба­ ра» Хэлу қағанның «Ышбара» атауында, «бара» – моңғол тілінде «қара» түсті білдіреді. Қарлықтардың өздері де «үш қарлық» болып аталуы жиі кездесетіні белгілі.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Тағы бір ескерілетін жайт, шежіреде қаракесектің Бо­ латқожадан таралуы, ал қарлықтардың басты тайпасы – Болат болуы. Келтірілген аңыздарда «Болат» аты көзге тү­ седі. Әсіресе екінші аңызда Орта жүзге Болаттан ұрпақтар қалған деп аталуы көңіл аударарлық. Қазірде шежіреде Орта жүздің Арғыннан тарайтын ең үлкен руы қаракесек Мейрамның кіші әйелі Қарқабаттан туған Болатқожа де­ ген баласынан тарайтыны айтылады. Осы орайда Қар­ қабатты еске түсіретін Солтүстік Моңғолиядағы ХараХаба (Қарқаб) шатқалын айту керек. Рашид әд-Дин осы қарқабатты, Аргунь өзені бойын және т.б. топонимикалық атауларды келтіре отырып, оларды ертеден түркі халық­ тары мекендегенін айтады. Ал осы қаракесектің өзі қыр­ ғыздың үшкілік бөліміндегі «кесек», тувалықтардағы «ке­­зек», лоқайлықтардағы «кичи», түрікмен-салор мен баш­құрт­тардағы «кесе», қазақтың Орта және Кіші жүзін­ дегі – қаракесек, мажарлардың ертеден келе жатқан жеті тайпасының бірі «кесе» этнонимдерімен сәйкес келуі оның көне түркі, тіпті ғұн дәуіріне кететінін байқатады. Оны дәлелдеуге, біздің ойымызша, Сібірдегі Шор халқының фольклорын, әсіресе олардың «Кес хан» батырлық эпосын түбірлі зерттеудің маңызы зор, Қаракесекте: «Біз шормыз, Құдайдан да зормыз», – деген сөздердің халық жадында сақталуы кездейсоқ емес. Этникалық мәселелерді талдағанда тіл диалектілерін ма­ ңызды дерек ретінде пайдалану орынды. Біз қарастырып отырған кезеңде-ақ қарлық ру-тайпалық бірлестіктері араб-парсы деректемелерінің мәліметтеріне қарағанда, не­ гізінен, екі түрлі диалектіде: бір тобы «ж» дыбысты, екінші тобы «и» дыбысты диалектіде сөйлеген. М. Қашғаридің

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ айтуынша, Арғу елі көбінесе «ж» дыбысын қолданған. Бұл диалектикалық ерекшелік қазірде Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда тұрақты болып келеді. Сонымен бірге қарлықтардың «кесекпен» байланысын анықтауда да тілдің көмегі тиеді. «Худуд әл-алам» шығармасында қырғыздың «кес – кесайим» руының ерекшелігін айта келіп, олардың тілдерінің басқалардан гөрі халлухтарға, яғни қарлықтарға жақындығын хабарлайды. Халықтың пайда болуы, яғни этногенезі тілдің қалып­ тасу мәселесімен тығыз байланысты. Бұл тұрғыдан алып қарағанда А. Бернштамның кезінде Орта Азия түркі тіл­ деріндегі халықтың көне іздерін зерттеуде қазақ тіліне ерекше көңіл бөлуін атап өткен орынды. Бұл орайда ортағасырлық қарлықтар тілінің бір тобы «ж» диалектіде болғаны еске түседі. Ол кезде қарлық билеушілері бірде «ябғу», бірде «жабғу» деп аталған. Мысалы, 840 жылы өзін қаған етіп жариялаған қарлық билеушісі Илмалмасын «жабғу» атағын иемденгені белгілі. А. Бернштам Гардизидің қарлықтар жөніндегі аңы­ зын келтіре отырып, «ж» диалектісі негізінен Батыс Түрік қа­ғанаты тайпаларына тән екенін дәлелдеді. Бұған тек қосатынымыз, біздіңше, қарлықтардың негізгі бөлігі Ба­ тыс Түрік қағанатынан кейін, оның құрамында болған тайпалардың орнын басып, «ж» диалектісін одан әрі күшейтті және Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда бұл диа­ лект қазақ халқының қалыптасу барысында өз жалғасын тапты деуге болады. Қазақстандағы жер-су атауларының этнонимдік мәсе­ лелерді қарастырғанда тиетін пайдасы зор. «Қазақ тілі ономастикалық лексикалық құрамы азды-көпті болса да,

Сатай СЫЗДЫҚОВ көне заманнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі халқымыздың тарихи-мәдени өрісінің ізін толық көрсете алады» [69, 88]. «Қарлық-қағарлық» немесе «Болат» этнонимдерін еске түсіретін жер-су аттары Орталық Қазақстанда жиі кез­ деседі. Мысалы, Қарағанды облысында Бас Қағыл, Орта Қағыл, Аяқ Қағыл деген тау атаулары бар. Бұл қарлық этнонимінің бұрын Алтай тауымен байланысы болса, кейін осы тайпалық одақтан шыққан Орта жүздің арғын ру бірлестігі Орталық Қазақстанда қарлық-қағарлық – «қағыл» этнотопонимикасын жасауы ықтимал. Қарлықтардың «Болат» тайпасының аттары да Арқа жерінде баршылық. Ол да көбінесе тау атымен тығыз байла­ нысты. Мысалы, Арқа мен Бетпақдала арасын бөліп тұрған ең биік тау – Болат тауы. Бұл туралы халықтық аңыз да бар [190, 78-80]. Махмұд Кашғаридің сөздігінде қарлық құрамындағы Арғу елін бірде Тараз бен Баласағұн, ал келесі бір ретте Ис­ пиджаб пен Баласағұн арасын жайлаған деп айтылады. Бір қызығарлық жайт, осы екі нұсқада да Арғу елі Баласағұн қаласымен байланысты аталады. Ал осы қала атының әуелгі екі түбірі бары байқалады. Олар: «бола» және «соғұн». Этимологиялық талдауда: біріншісі – «боло»=«було», яғни тайпа аты, ал екіншісі «соғұн» «сағұн» болып, қарлық тайпасыньщ көсемі атағын білдіреді. Мына бір жайттың жалпы біз қарастырып отырған мәселелерге қатысы бар. Қытайдың Хань жылнамаларында түркілер ғұндардың «со» (Сорхы) аталатын атақты тайпасының ұрпағы ретінде көрсетіледі. Сонда бұл лауазымның өзі «со» және «ғұн» де­ ген екі түбірден құралады деуге негіз бар. Бұл жағдайда барлық түбірлерді қосқанда: «Боло-со-ғұн» құрылымы, ал

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ генеологиялық тәртіппен орналастырсақ: «ғұн-со-боло» бо­ лып шығады. «Со» түбіріне семантикалық тұрғыдан көне сары ұйғырлардың: Соқалық, Саоқозымен, хакастардың: ақ сохы, көк сохы, хара сохысымен, ал қазақтың Арғын құрамындағы: ақ софы, қара софы, тәнбі софы этнонимдері сәйкес келеді. Сонымен, бір сөзбен айтқанда, Баласағұнды қарлық­ тардың басты бір – моуло, яғни болат тайпасының көсемі тұратын ордасы деп ұғыну керек. Шынында да Баласағұн қаласының іргесіндегі қарлық жабғуының ордасы Құзорда деп аталған. Егер көне тайпалардың өз таңбасы барын ескерсек, Құзорда – Көзорда болуы әбден ықтимал. Өйткені түркі тілдерінде «ө»-нің «ұ» дыбысына айналуы үйреншікті. Бұл атауды оғыздар беруі кәдік. Өйткені, «Оғызнамада» қарлықтар әлі қағанат құрмай тұрғанда оғыздар құрамын­ да: болып, тіпті қарлық этнонимін де солардан алған. Сон­ да қазіргі Арғын (Болат) мен Шекті (шігіл) руларының көз таңбалы болуы да Құзорданың солай аталуына себеп бо­ луы керек. Оның бер жағында Тоныкөкке арналған жыр­ да «Арқуға күзет қойдым», – деген жол бар. Ендеше түркі тілі ертеден Арқу жерін жауды бақылайтын «көзге» теңеп, кейін ол таңбалық символға айналуы және осыдан барып көз таңбаны еншіленуі ақылға сыйымды. Сонымен, Болат қарлықтардың басты бір тайпасы бола тұрып, ол Жетісуға қоныстанғанда шігіл және т.б. ру-тай­ палармен бірге Арғу елін құрып, кейін қазақтың Орта жү­ зінің құрамдас бөлігіне айналды. Қарлықтардың келесі бір ірі тайпасы ташили болды. Бұл тайпа қарлықтар әлі Жетісуға келмей тұрғанда, яғни VII ғасырда Алтайдан батысқа қарай орналасты. Н.Я. Би­ 5-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ чуриннің картасы бойынша осы тайпа үшін құрылған Қытайдың Сюаньчи округі Баркөл жоталарының батысын­ да болды. Сонда тайпа Сайрам көлі бойында орналасқан болып шығады. «Таши» этнонимін ориенталистер «тазылық – таз» деп қалпына келтіреді. Таздардың ерте кезде ірі тайпалық бірлестік құрғанын олардың қазірде бірнеше түркі тектес халықтардың құрамында кездесуі дәлелдейді. Олардың ру-тайпалық құрылымы алтайлық құмандарда (тас), қа­ зақтарда Ұлы және Орта жүздерде (тастар-арғын, тас-қоян), Орта жүзде, Арғынның қаракесегі мен Жоғарғы шектіде (таз), Кіші жүзде (таз, тазлар), қырғыздарда (сарыбағыш тайпасының таздар руы), өзбектерде (тас қатаған Зерав­ шандағы маңғыт тайпасының таз руы), түрікмендерде (ио­ муд құрамындағы таздар немесе дазы) және ноғайларда (таз руы) кездеседі. Таздар түркі заманында теле тайпаларымен бірге тау­ лы өлкелерден шығысқа қарай «ормандағы халықтар» ата­ нып тұрған. Бұл жөнінде моңғолдардың құпия шежіресі хабарлайды. Бір қызығы, онда басқа тайпалармен бірге таздардың қарлықтардың келесі бір тайпалық бірлестігі тухсимен қатар аталуы. Шежіреде 1207 жылы Шыңғыс хан ұлы Жошы осы тайпаларды тез арада өзіне бағындырғаны және оларды әкесі ұлының қарамағына бергені айтылады. Шежіре мәтінінде аталған тайпалар: шибир, кесдиин, баит, тухас, иеңлек, телес, тас және бачжигі делініп, географиялық тұрғыдан реті сақталып айтылған. Егер Жошы Онан және Керулен өзендерінің жоғарғы ағысынан жорыққа шықса, ал мәтінде айтылғандай, «Ормандағы халықтар әр жақ шетінен бізге қарай», яғни батыстан шығысқа қарай деп

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ көрсетілсе, онда таздар қарлықтар сияқты Саян-Алтай тау­ лары маңында орналасқан деп пайымдау керек. Қарлық қағанаты кезіндегі таздардың ізін сол кездегі Бесбалық үшін күресті бейнелейтін «Манас» эпосындағы сюжеттерден байқауға болады. Онда «қыпшақтардың тазы» деп көрсетіледі. Шынында да таздар ол кезде оғұздар көші-қонынан кейін бөлшектеніп кеткен болу керек. Оған таздардың жоғары­ да аталған түркі тектес халықтардың көпшілігінде кездесуі дәлел. Сонымен бірге «Манаста» Манастың жақтасы «Ер Бақай» жиі аталады. Ал таздар ұраны ертеде «Бақай» болғанын Н.Е. Аристов айтады. Егер Бесбалық үшін күресте қырғыздардың негізгі одақтасы қарлық конфедерациясына кірген ру-тайпалар болса, таздар да өздерінің Бақай атты қолбасшысының соңынан еріп, Манаспен бірге жорыққа шығуы және кейін ол есім солардың ұранына айналуы ықтимал. Ер Бақай бірде хан, бірде Манастың ақылшысы ретін­де көрсетіледі. Ә. Марғұлан Бақайдың Бесбалық үшін күрескен тарихи тұлға Бақа тарханмен сәйкес келу мүм­кіндігін айта­ ды. Ол шын болса, Бақай – түргештердің көсемі. Түргештер құрамындағы тайпалар кейін қарлық қағанатының құрамына енгені мәлім. Сонда Бақай елі қарлық рутайпалық бірлестігінің бірі болып шығады. Тағы бір айта­ тын нәрсе, Бақай мен Ер Қосайдың замандас болуы және екеуінің бірге Манаспен жорыққа қатысуы. Ал осы Бақай мен Қосай қазіргі қазақтың шежіресінде Арғынның тәнбі софы бөлігінен тарайтын қос ру ретінде қатар кездеседі. Сонымен, таздардың телестермен бірге қарлықтардың екінші бір үлкен тайпасы тухсимен қатар аталуы және де Са­

Сатай СЫЗДЫҚОВ ян-Алтай таулы өлкесінде орналасуы, «Манас» эпо­сындағы сюжеттерге енуі, қазіргі көптеген түркі тектес халықтардың этникалық құрамына кіруі оны қарлық қағанатындағы та­ шили атты ірі тайпамен сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Қарлықтармен туыстас және қарлық жабғуының қол астында халаж (қалаш немесе қалач) тайпаларының ру­ лары Іле алабынан Сырдарияға дейінгі жерлерді мекен етті. Қарлықтар мен қалаштар тайпалары «Оғызнамада» қатар айтылады. Бұл реттілік Рашид әд-Дин шежі­ресінде де сақталады. Халаж тайпалары туралы М. Қашғари өз еңбегінде аңыз келтіреді. Онда: «Е. Зұлқарнайын әскерімен түркі жеріне келіп кіргенде 22 адам отбасымен жұртта қалып қойған екен. Олар не істерін білмей ақылдасып тұрғанда әскер мен көштің артында қалып қойған екі еркекті кездестіреді. Ол екеуіне бұлар Е. Зұлқарнайынның көпке қалмайты­ нын, кететінін, ал өздерінің қалатындарын айтады. Сөй­тіп, «қалач», яғни «тоқтаңдар», «қалыңдар» деген мағынаны білдіреді. Кейін сол екеуі «халаж» деп аталып кеткен. Е. Зұл­ қарнайын келген соң оларды көріп, түріктерге ұқсас екен­ дігін айтады. М. Қашғари түрікмендерді 24 тайпадан құ­ ралған дей келіп, кейін халаждардың екі тайпасының бө­ лініп кеткенін айтады» [142, 1, 313]. Қалаштар қарлықтармен бірге олардың оңтүстік-батыс жағын ала орналасып, қарлықтардың конфедерациясына кірген болу керек. Жоғарыда келтірілген аңызда олардың сол Е. Зұлқарнайын келген жағында, жолында болғанын және шекарада жауды бірінші кездестіргенін меңзейді. «Қарлық» этнонимі мен этносының арақатынасы. Белгілі бір этникалық қоғамдастықтың этнонимі мен

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ этносы арасындағы қатынасты зерттеу – өте күрделі де және қажетті мәселе. Мұның әсіресе әр халықтың ежелгі ру-тайпалары мен тайпалар бірлестігін, мемлекет пен халықтардың қалыптасуына дейінгі тарихи кезеңдерін жүйелі қарастыруда ерекше мәні бар. Орта ғасырларда Орталық Азиядағы саяси-этникалық процестердің шымшытырық күрделі түйіндерін шешуде этноним мен эт­ ностың әр тарихи кезеңдерге байланысты арақатынасын анықтаудың маңызы зор. Бұл ретте Ю.А. Зуевтің: «Біз көбінесе этнонимнің тарихын қарастырамыз да, оның иелерінің тарихына көңіл бөлмейміз», – деуі орынды [86, 1962, 113]. Қарлықтардың VII-VIII ғасырларда Алтай мен Тарбаға­ тайда «үш қарлық» этнонимімен тарих сахнасына шы­ ғуы, ал VІІІ-Х ғасырларда Жетісу бойындағы қарлықтар­ дың үстемдігі мен қарахандар әулеті тұсындағы, одан кейінгі моңғол шапқыншылығы мен олардың ұлыстары кезеңдеріндегі «қарлық» этносы мен этнонимінің арақа­ тынасы біркелкі болмай өзгеріп отырды. Алайда қандай да болсын халықты этникалық тұрғыдан қарағанда этноним мен этнос арасындағы белгілі бір дәрежеде тұрақты сәй­ кестікті де естен шығаруға болмайды. Жоғарыда айтылғандар белгілі бір заңдылыққа бағына­ ды. Ғасырлар тереңіне шегінген сайын этноним мен эт­ ностың сәйкестігі арта түссе, керісінше, қазіргі заманға жақындаған сайын түрлі тарихи кезеңдерде құрамына жаңа компоненттердің енуіне байланысты этнос түбірлі өзгеріске ұшырауы да мүмкін. Нәтижесінде этнонимнің алғашқыда берген мазмұны кейін өзгеріп, ол енді жаңадан қалыптасқан этникалық қоғамдастықтың атауына айнала­

Сатай СЫЗДЫҚОВ ды. Сонымен қатар этникалық қоғамдастықтың ыдырауы кезінде оның кейбір бөліктері бұрынғы атауды бүтіндей сақтап қалуы да тарихта жиі кездеседі. Алайда ол атау ендігі жерде жаңа, тар мағыналық сипат алуы мүмкін. Мысалы, Югославиядағы словендерді, Чехословакиядағы словактар­ ды, т.б. айтуға болады. IX ғасырдың екінші жартысы мен X ғасырдың бірінші жартысында Орталық Азияда кеңінен тараған «қарлық» этнонимі Қарахандар әулеті тұсында оның құрамындағы басты тайпалардың өз атымен (чигил, яғма, т.б.) жеке-дара бөлініп шығып, ірі күшке айналуы нәтижесінде жаңа, тар мағынаға ие болды. Бұған айқын дәлел ретінде 1129, 1137 жылдардағы Мауереннахрда болған жанжалдарда тек хан әскерінің ғана қарлықтар болып аталуын айтуға болады. Қарлықтардағы этникалық қоғамдастықтың дамуында әлеуметтік-потестарлық («Potestar» латынша «өкімет» ма­ ғынасын білдіреді) ұйымның рөлі зор болды. Бұл жағдайда әлеуметтік-потестарлық ұйымды қарлықтарды таза рутайпалық одақтар қоғамынан мемлекеттік-саяси ұйымға өткізуші көпір ретінде санауға болады. Алайда қарлық­ тар қоғамында әуел бастан-ақ саяси-басқару ұйымының қалыптасуы олардың шаруашылықты жүргізу ерекшелі­ гіне тікелей байланысты еді. Сондықтан қарлықтардың әр тарихи кезеңдерде қалыптасқан шаруашылық-мәдени түрлілігі мен оған этникалық қоғам түрлерінің сәйкестігіне, сондай-ақ олардың ерекшеліктеріне тоқталу қажет. Алтай мен Тарбағатайдағы ру-тайпалардың бір орта­ лыққа бірікпей, өмір сүру дәстүрінің қалыптасуын олар­­дың географиялық орналасуы мен шаруашылық әдісте­рінің ерекшелігінен, яғни саяси және әлеуметтік

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ жағдайларынан іздестіру қажет. Бұл орайда Л.Н. Гуми­ левтің пікірі ойға қонымды. Оның айтуынша, Тянь-Шань етегі мен Тарбағатайдағы көшпелілердің малды жайлауға, яғни таулы жайылымға шығарғанда әр ру-тайпа тар сайшатқалдармен көтеріліп, жеке-жеке қоныстанады. Ша­ руашылықты осылай жекеленіп жүргізу олардың саяси құрылымдарына да ықпалын тигізді: хандықтың орнына тайпалық одақтар қалыптасты. Қарлықтар бірлестігі жоғарыда айтылғандай шаруа­ шылық әдістерін қолданғандықтан біртұтас хандық құра алмай, тайпалық одақ түрінде қала берді. Ал олар VIII ға­ сырдың екінші жартысы мен IX ғасырда Алтайдан Жетісуға келіп, Орта Азияда үстемдік еткен кезде шаруашылық­ тағы келелі өзгерістер қарлық көшпелілерінің көп бөлігін отырықшылыққа бастады. Жалпы ІХ-ХІІ ғасырларда Орта Азияда, Жетісуда және Оңтүстік Қазақстанда қалалардың өсуі мен отырық­ шылық мәдениеттің күрт өркендеуі байқалады. Ал көш­ пеліліктің өзі жартылай отырықшылық, қалалық мекен­ дердің кө­беюі, т.б. сияқты белгілері бар үшінші сатыдан өтті. Оған айқын дәлел ретінде тайпа аттарының қала және қалашықтарға берілгенін көруге болады. ІХ-Х ға­сырларға жататын жазба деректерде орташа көлемдегі қала – «Қарлық», кішкене қалашық – «Жікіл», қалашық «Яғма» және т.б. туралы айтылады. Қарлықтар қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық күр­делі процестердің басталғандығын «Худуд әл-алам» шы­ғар­масында: «Кейбір қарлықтар – аңшылар, кейбіреуле­ рі – жер өңдеушілер, ал тағы бір бөлігі – малшылар», – деп ха­­барлауынан көреміз. Ал Қарахандар әулеті тұсында

Сатай СЫЗДЫҚОВ көш­пелілер мен жер өңдеушілер арасындағы әлеуметтік жіктелістің күшейгендігі соншалық, олар өздерінің жа­ йылымдық және егістік жерлерін бір-бірінен қорғау ісшараларын жүзеге асырды. Х-ХІІ ғасырлардағы Қарахандар әулеті тұсында коммендациялық институттардың кеңінен таралуы осының айғағы еді. X ғасырда-ақ Испиджаб айма­ ғындағы егістіктерді шапқыншылықтан қорғау үшін дуал­ дар тұрғызылғаны жазба деректерде кездеседі. Қарахандар әулеті тұсындағы феодалдық қатынастар­ дың барған сайын дамуы, яғни икталық жер иеленудің шығуы мен олардың жеке меншік ретінде мұралыққа қал­ дырылуы және коммендациялардың кеңеюі қарлық кон­ федерациясындағы қауымдарды одан әрі жіктей түсті. Осындай әлеуметтік жіктелістің күшеюі отырықшылыққа көшкен қарлықтардың бір бөлігін ірі икталық иелігі бар феодалдарға айналдырды да, «әлсіз» бөліктерін ком­ мендация жүйесіне кіргізді, не болмаса қала және қала маңында ұсақ-түйек сауда-саттық немесе қолөнермен ай­ налысушылар қатарын толықтырды. Ал көшпелі бетінде қалған бөлігінде феодалдық қатынастың мұндай дәреже­ де болмауы олардың арасындағы әлеуметтік жіктелісті кешіктірді. Мұндай жағдайда «қарлық» этнонимінің қандай күйге ұшырайтынын қарастырып көрелік. Қарлықтардың отырықшылыққа көшкендері белгілі бір жаңа әлеуметтік статусқа ие болды да соған байланысты өзіндік, удельдік әулет атымен, ал коммендацияға кірсе, соның күшті әулетінің атымен атала бастады. Тек көшпелілері ғана бұ­ рынғы ру-тайпалық құрылымды өзгертпегендіктен де сол бұрынғы «қарлық» этнонимін сақтап қала алатын еді.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ «Қарлық» этнонимінің көшпелілерде сақталып қалуы­­ на тағы бір себеп ол Қарахандар әулетінің және ірі­ліұсақты удельдік билеушілердің әскер ұстауымен байла­ нысты еді. Қарахандар әулеті тұсында әскердің негізгі бөлігі мен қолбасшылар көшпелілерден құралды. Қызмет жаса­ ғандары үшін оларға икталық иелік берілгенімен, мәң­ гілік меншікке қалдырылмады. Сондықтан олар икталық жүйені одан әрі дамытып, мұралық меншікке айналды­ руды көз­деді. Бұл үрдіс XI ғасырда басталып, XII ғасырда кү­шейе түсті. Алайда иктаның бұлай дамуы Қарахандар мемлекетінде сепаратистік қозғалыстың күшеюіне әкеліп соғатын еді. Сондықтан Қарахан әулеті иктаның өз әскері арасында дамуына қарсы болды және оған тыйым салып отырды. Оған мысалға Қарахандар иктадарларының құ­ қығы жөнінде Низам әл-Мүліктің: «Халықтан тек заңды түрдегі салықты ғана жинап, басқа ештеңесіне де тиіспеу керек, ал халық пен патшалық сұлтандарға ғана тиесілі», – деген сөздері дәлел (185, 34). Мұның өзі хан, сұлтан мен ірі удельдік иеліктердің иелерінен құралған Қарахан әулетінің билеушілері мен әскер, сондай-ақ әскербасыларының ара­ сында қайшылықтар туғызды. Бұл қайшылықтың ақы­ры кейде әскер арасындағы көтерілістерге ұласып отырды. Шынында да қарлықтардан немесе шігілдерден құралған әскерлердің Қарахандар әулетінің билеушілеріне қарсы көтерілістері икталық жүйенің одан әрі мұралық меншік­ ке қалдыру үшін күрестің күшейген уақытына, яғни XIХІІ ғасырларға сай келеді. 1130, 1137-1141, 1158 және 1164 жылдардағы Қарахандар әулеті мемлекетіндегі қарлық әскері мен оның қолбасшыларының көтерілістеріне жеке меншік, қызмет ету статусы және жер мәселелері себеп

Сатай СЫЗДЫҚОВ болғаны мәлім. Алайда Қарахандар әулетінің билеуші хан­дары олардың құқыларын шектеуге тырысып бақты. Оны 1158-1159 жылдардағы қидан әміршісі Гурханның өзіне бағынышты Самарқанд билеушісінен қарлықтарды қарусыздандырып, олардың отырықшылықпен айналысуы үшін Қашғарға жер аударуын талап етуінен көруге болады. Сөйтіп, Қарахандар әулеті билігінің соңғы кезеңінде шаруашылық әдістерінің өзгешелігі мен мемлекеттің ішкі саяси-әлеуметтік жіктелуі, селжұқтар мен қарақытайлар­ дың сырттан килігіп, араласуы және діни қоғамдастық­ тар­ға бөлінуі нәтижесінде шектеліп, дараланып шыққан көш­пелі қарлық иеліктері: Қаялық, Алмалық, Хазар қар­ лықтары болып, «өзіндік» этнонимге ие болды. Жалпы этнонимикалық саралау әдісін қолдана оты­ рып, «қарлық» этнонимінің тарихи кезеңдерге байланысты өзгерістерін анықтауға болады. Қарлықтардың алғаш тарих сахнасына шығу кезеңінде (VII-VIII ғғ.) «үш қарлық» болып аталуы саяси-географиялық этноним ретінде көзге түседі. Өйткені, олардың орналасу географиясына байланысты «тау етегіндегілер немесе қырды жайлағандар» мағынасын беретін «қарлық» атауы сыртынан берілген болса, үш тай­ паны саяси одаққа біріктіруіне байланысты «үш қар­лық» атанып, жазба деректерде кездеседі. Ал қарлықтардың күшейіп, түргештерден кейін Ор­талық Азияға үстемдік ету кезеңінде (VІІІ ғасырдың екін­ші жарты­ сы мен X ғасырда) жергілікті ру-тайпаларды өзі­нің құрамы­ на кіргізіп, саяси билікті қолына алған соң Қарахандар әулеті тұсында күрделі шаруашылық, әлеуметтік және саяси процестерге байланысты «қарлық» этнонимі біртебірте тарылып, тек өзгере қоймайтын дәстүрлі ша­руа­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ шылықпен, яғни көшпелі мал шаруашылығымен айна­ лысушылардың және солардан шыққан удельдік кінәз­ діктер мен хандардың әскеріне берілетін атауға айнала берді. Ал Қарахандар әулетінің билігі әлсіреп, мемлекеті ыдырай бастаған заманда сол атаумен бөлініп, жеке кінәз­ діктер құрған қарлық иеліктері «қарлық» этнонимін «өзін­ дік этнонимге» айналдырды. Моңғол шапқыншылығы ке­ зе­ңінде қарлықтар өзіндік этнониммен аталып, Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының жорықтарына қатысты. Бізге белгілі бір этникалық қауымдастықтың ыдырауына бай­ланысты оның кейбір жекелеген бөліктерінің бұрын­ ғы атауды тар мағынада сақтап қалу мүмкіндігі бар екені белгілі. Бұл құбылыстың, әсіресе сол ыдыраған этни­ калық қоғамдастықтың географиялық тұрғыдан шеткі аймақтарында және сыңарларында көрініс береді. Белгілі бір дәрежеде жоғарыда айтылған құбылыс «қар­ лық» этнонимінің де Қарахандар әулетінің пайда болуы қарсаңында сол мемлекеттің негізін құрушы, бірікті­руші­ лердің аты болса, кейін ол мемлекет ыдырағанда оның шеткі аймақтарында кінәздік құрған бөліктерінде (Қаялық, Алмалық, Хазар қарлықтары) өзіндік этноним ретінде сақталуымен қайталанады. «Қарлық» этнонимінің мағыналық тұрғыдан өзгеріс­ ке ұшырауына Қарахандар әулеті тұсындағы халық­тар­ дың наным-сенімдері тұрғысынан жіктеліп, діни қоғам­ дастықтардың қалыптасуы да үлкен ықпалын тигізді. Қарлық конфедерациясындағы тайпалар сол кездегі бел­ гілі бір діни қауымдастыққа кіргені жазба деректерде жиі кездеседі. Қарлықтардың билігі тұсында Орта Азия­ да христиандық, буддистік, манихейлік және ислам дін­

Сатай СЫЗДЫҚОВ дері кеңінен тарады, ал Қарахандар әулетінде ислам мем­ лекеттік дінге айналды. Қарлық конфедерациясындағы тайпалар мен соғдылықтар, қала тұрғындары араласып, белгілі бір діни қауымдастыққа бөлінеді. Нәтижесінде олар жаңа атауларға, яғни этнонимдерге ие болды. Мысалы, оғыздар мен қарлықтардың исламды қабылдаған бөлігінің «түрікмен» болып аталуы осының айғағы. Қаладағы және қала маңындағы қарлық тайпаларының белгілі бір дінге, оның ішінде, әсіресе исламға енуі олардың отырықшылыққа көшуімен бірге жүрді. Қарлықтардың Құлан қаласында мұсылмандар болып, жер өңдеумен айналысқандары ту­ ралы хабар осыған дәлел [211, 97]. Қарахандар әулетінің мемлекетінде метаэтникалық дә­ режедегі бірігу үрдісі этно-әлеуметтік нысанда көрінеді. Қарахандар мемлекеті ірі әлеуметтік-саяси құрылым бо­ ла отырып, өткенде жеке әлеуметтік организм ретінде қалыптасқан, пайда болу тұрғысынан біршама өзгешелігі бар этникалық қоғамдастықтарды да «ішіне» алған еді. Мұндай бірлестік айқын көрінген мәдени ерекшелігімен ғана емес, сонымен қатар толығымен бір мемлекет ішіне кіргендіктен де олардың әрқайсысын этно-әлеуметтік ор­ га­низм ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Осындай этникалық қатынасқа негізделген құрылым толық «орга­ никалық бүтіндікте» бола алмайды. Сондықтан мұндай полиэтникалық, бірақ этноаралық интеграция үрдісі анық көрінген құрылымға «метаэтно-саяси» терминін қолдану орынды. «Метаэтникалық қоғамдастық» терминін кіргізуш­і ғалымдар оның екі ерекшелігіне баса назар ау­ дарады: 1) ме­таэтникалық қоғамдастық – этностардың жиынтығы; 2) өтпелі, өзгеру жағдайындағы қоғамдастық.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Сөйтіп, ме­таэтно-саяси қоғамдастық Қарахандар мемле­ кетінде, бір жағынан, этноаралық интеграция үрдісін бай­ қатса, екінші жағынан, бұл қоғам ішіндегі этникалық құ­ рылымдардың бөлініп шығуын да көрсетеді. Қарахандар әулеті тұсында қарлықтар саяси тұрғыда алғашқыда этноаралық интеграция үрдісінде басты рөл атқарса, кейіннен бөлініп шығу процесін басынан кешірді. Моңғол шапқыншылығы мен Шыңғыс хан ұрпағының ұлыстары кезінде қарлықтар жеке хандық ретінде көрінеді. Сөйтіп, қарлық этнонимі ендігі жерде хандық дәрежеде пайда болған саяси-потестарлық функциялы этникалық қоғамдастық мәнге ие болады. Сонымен, қорыта келгенде, V-XIII ғасырлар аралығында қарлық этносының бірнеше даму кезеңдерінен өткенін байқаймыз: 1. V-VІ ғасырларда Ішкі Азияда қарлықтар өзінің басты тайпасы «було» атымен этникалық дамудың ғұндық ке­ зеңінің бір конгломераттық көрінісі ретінде бөлініп шыққан деуге негіз бар. Оған дәлел ретінде Суй әулетінің тарихын­ да (581-618 жж.), яғни V ғасырдың орта шеніне байланысты жылнамада Алтайдың етегінде мекендеген бұлақ (було) тайпасы туралы хабарын келтіруге болады. 2. VII-VIII ғасырларда үш тайпадан құралған «үш қар­ лық» бірлестігі атауымен Түрік қағанаты үстемдігіне қарсы күресушілердің бірі болды. Бұл кезде қарлық құрамына бұлақ, шігіл және ташлы тайпалары кіргені белгілі. 3. VIII ғасырдың ортасынан бастап қарлықтар батысқа жылжып, бұрынғы «Он оқ» елі мен түргештердің ру-тай­ паларын біріктіріп, конфедерация құрады. Осы кезеңде қарлық бірлестігінің құрамында тоғыз ру-тайпалық топ болғаны мәлім.

Сатай СЫЗДЫҚОВ 4. ІХ-Х және XI ғасырларда қарлық конфедерациясын­ дағы тайпалар өзара және көршілес орналасқан оғыз, яғма, тохси және соғдылармен үздіксіз этно-саяси қарымқатынаста болды. 5. ХІІ-ХІІІ ғасырларда қарлықтар Қарахандар әулеті мемлекетінің ыдырауына байланысты жеке хандықтар құра бастағанда моңғол шапқыншылығына ұшырады. Сөй­тіп, қарлықтардың өздерінің этникалық дамуында ха­ лық болып, қалыптасу процесі моңғол шапқыншылығы салдарынан тежелді. Бұдан былай қарай қарлық қоғамы өзіндік даму жолымен емес, бөліну, басқа түркі тілдес халықтардың қалыптасуына белсене қатысуымен сипатта­ лады. Бұл кезеңде қарлықтар этникалық дамудың басқа таксономикалық дәрежесінде болды. 1.3. «Үш Қарлық» елі және Шығыс Түрік қағанаты. Ежелгі түріктердің саяси билік мұрасы үшін күресі 679-687 жылдары Шығыс түркілері Қытаймен табанды кү­рес жүргізу арқылы тәуелсіздікке қолы жетіп, қаған­ дықты қайтадан қалпына келтірді. Ал Қапаған қаған (691716) тұсында қағанат өзінің күш-қуатының шарықтау шегіне жетті. Оған Қытайдың солтүстігіндегі жорықтар, 696697 жыл­дары қидандарды, 709-710 жылдары қырғыздарды тал­қандау дәлел бола алады. VII ғасырдың соңғы ширегінде қарлықтар жөнінде де­ ректер жоқтың қасы. О. Прицактың айтуынша, қарлықтар Кутлуг қаған (680-692) тұсында территориялық тұрғыдан қағанат құрамында еді [175, 272]. Ал Қапаған қаған тұсында қарлықтар қағанатқа қарсы жиі-жиі көтеріліске шықты.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Жалпы алғанда, VII ғасырдың соңынан бастап қарлық­ тар үшін ең қауіпті жау империя емес, қалпына келіп жатқан түргештер болатын. Өйткені, қарлықтар мен «Он оқ» елі тұрған жерлер сол кездегі бір-бірімен күрескен үш ірі күштің: Шығыс Түрік қағанаты, Қытай империясы және түргештердің ортасында қалды. Әсіресе Қапаған қағанның жорықтары мен тонаушылық іс-әрекеттері аталған жерлер­ дегі халыққа ауыр тиді. Қарлық елінің Қапаған қаған тара­ пынан бірнеше рет шапқыншылық пен тонаушылыққа ұшырағанын, сондықтан олардың Қытайды паналағаны ту­ралы мәліметтер жиі кездеседі. Енді бір деректерде олар үшін басты қауіпті күш – Учжилэ бастаған түргештер екені айтылады. 703 жылы Тан империясы Шығыс Түрік қағанатымен бі­ тімге келісімен Батыс өңірде әлсіреген ықпалын күшейтуге тырысты. Өзіне қызмет ететін екі қолбасшысы – Хуай-дао мен Хяньға әскер беріп, Батыс өңірге аттандырды. Олар тез арада Шу өзенінен батысқа қарайғы түркілерді өздеріне қаратты. Империя жағына өз еркімен 704 жылы шоталар, ал 705 жылы қарлықтар мен батыс түркілері шықты. Батыстағы бұл жағдай, әрине, Қапаған қағанды қанағат­ тандырмады. 708 жылы Тан империясына соңғы жорығы­ нан соң Қапаған барлық күшін Батыс өңірге бағыттады. Ол 709-711 жылдары чиктер мен қырғыздарды шауып алған соң Батыс өңірге жорыққа шықты. Бұл жақта Қапағанға қарсы екі күш тұрды. Олар түргештер мен қарлықтар бо­ латын. 706 жылы Согэ хан Батыс өңірде Түргеш қағанатының негізін салған болатын. Түргештердің қол жинап, Қытаймен бірге жорыққа әзірленіп жатқандықтары туралы хабар осы

Сатай СЫЗДЫҚОВ кезде Алтайдағы әскер шоғырландырып жатқан Тұйұқыққа келіп жетті. Бұл жағдайда Тұйұқық жеңіске жету үшін түр­гештерге бірінші болып соққы беруді ұйғарды. Шы­ нында да 711 жылы Тұйұқық әскерімен Ертістен өтіп, Бол­чу жазығында түргештерге тұтқиылдан соққы берді. Нәтижесінде Согэ хан өлтірілді және Түргеш қағанаты 711715 жылдары уақытша өмір сүруін тоқтатты. Түргештер жеңілген соң Батыс өңірдегі бірден-бір үлкен күш қарлықтар болды. «Күлтегін» жазуында қарлықтар­дың Күлтегіннің 27 жасында Шығыс қағанатқа жау болғаны айтылады. С.Г. Кляшторныйдың есептеуінше, Күлтегін 47 жасында, 731 жылдың 27 ақпанында өлген [103, 1964, 56)]. Сонда қарлықтардың көтерілісінің басталуы 711 жыл­ ға сәйкес келеді. Құлпытастағы жазуда қарлықтардың жау болу себебін олардың «еркін» және «тәуелсіз» болуымен байланыстырады. Г.Е. Грумм-Гржимайло қарлықтардың қағанатқа «жау болуын» олардың әскер күшін қағанға бермеуі себептен болса керек деп тұжырымдайды. Алайда қарлықтардың бұл кезде түргештермен Батыс өңірдегі билік үшін тай­ таласа бастаған кезі болатын. Өйткені, түргештер Аши­на ұрпағынан болмағандықтан Тан империясы олардың билігін қолдамады. Нәтижесінде 714 жы­лы қарлықтар түргештер мен Шығыс түріктерге қарсы Қы­таймен одақтасты. Сөйтіп, қарлықтардың VII ғасырдың бірінші жартысында Тан импе­ риясымен жақындасуы, бір жағынан, Батыс өңірде күшейіп келе жатқан түргеш­терден гегемондықты тартып алуға, екіншіден, Шығыс Түрік қағанатының басқыншылық пен тонаушылық жо­рықтарынан қорғану үшін пайдалануға мүмкіндік берді.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Қарлықтардың Шығыс түріктерімен соғысы туралы руналық жазуда олардың «еркін» және «тәуелсіз» болған­ дығы ерекше айтылады. Басқа түркі тайпалары туралы бұлай айтылмайды. Мұның өзі қарлықтардың сол кезде Ба­ тыс өңірдегі Шығыс Тү рік қағандығына қарсы төтеп бере алатын бірден-бір мықты күшке айналғанын көрсетеді. Шынында да Шығыс Түрік қарлықтардың 705 жылы импе­ рия жағына шығуы олардың өз тәуелсіздігі мен ер­кіндігін жоғалту емес еді. Ол көп ретте Шығыс Түрік қа­ғанатына қарсы әскери соғыс одағына ұқсайтын. Тас ескерткіштегі қарлықтардың «Күлтегін 27 жасқа толғанда дұшпан болды» деп жазылғанына қарағанда олардың арақатынасы 711 жылы күрт шиеленіскен болу ке­ рек. Шығыс түріктерінің түргештермен шайқасы 711 жы­лы Ярыш жазығында болған. Ал Қара Ертіс және оның айнала­ сы бұрыннан қарлықтардың атамекені бо­латын. Кейіннен Тан империясының қарлықтарға құр­ған округтері де сол бұрынғы мекенінде еді. Ендеше, Шығыс түркілері түргеш­ тер мен қарлықтар жерінде болуы мүмкін емес еді. Сірә, қарлықтар бұл шайқаста түргештерге көмектескен болу керек. Өйткені, түргештер мен қарлықтардың Шығыстан келген ортақ жауға қарсы бірігіп күресуі аз болмаған. Жаз­ ба деректерде қарлықтар мен Шығыс түркілердің алғашқы шайқастарының бірі «Тамаг ыдук» басында болған. Алай­ да тарихи зерттеулерде бұл шайқастың болған уақыты мен орны туралы ортақ пікір жоқ. «Тамаг ыдук» басындағы шайқастың қай уақытта болғандығын анықтау үшін сол кезеңдегі қарлық, Шығыс Түрік қағандығы және Қытай им­ периясы араларындағы болған саяси оқиғалардың желісін құру қажет. 6-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ 714 жылдың үшінші айында Батыста көтеріліс жаса­ ған «Он оқ» тайпаларын Қытайға қызмет еткен генерал Хянь «жуасытқаннан» кейін олармен бірге хулу мен шу­ ниши тайпалары да империяға бағынатындықтарын білдірді. Ал қарлықтардың Дамо, Муло-фуги және Юаньчжи округтерінің бас қолбасшылары өздерінің қол ас­ тын­дағы елдерімен Қытай шекарасына жақын көшіп барып, империя­дан көмек сұрауға мәжбүр болды. Бұл оқиғалар жөніндегі деректер 715 жылдың бірінші айында қарлықтардың империя қол астына кіруге тілек білдіріп, елші жібергендіктерін хабарлайды [204, 30]. Бұдан кейін үш айдан соң ғана қарлықтар Қытайдың қол астына кірді. Бұл «кешігудің» себебі де «Тамаг» басын­дағы шайқастың осы уақыт аралығында өтіп, қарлықтардың ірі жеңіліске ұшырауы болса керек. Өйткені, тас жазуын­ да оларға ешқандай сырттан империя тарапынан көмек болмағандығы көрінеді. Ал Қытайдың Ашина Хань (Қы­ тайдың батыс округтерін қорғаушы) әскерімен Қапаған ханның шапқыншылығына қарсы жауап жорықтары 715 жыл­ дың бесінші айына сәйкес келеді. Күлтегіннің «Тамаг» ба­ сындағы шайқаста 30 жаста екені белгілі. Егер қарлықтар Күлтегіннің 27 жасында (711-712 жылы) Шығыс түркілерге жау болса, 30 жаста, яғни 714-715 жылы «Тамаг» шайқасы болған. Жоғарыда келтірілген саяси оқиғаларды бір жүйеге келтірсек, бұл шайқас біздің жыл санауымыз бойынша 715 жылдың екінші-үшінші айларында болған. «Тамаг» басының орналасқан жері туралы Г.Е. ГрумГржимайло мен К. Шаниязов оны Тарбағатай таулы аудан­ дарында болса керек деп тұжырымдайды. Алайда Тар­ бағатайда ондай жер-су атауы кездеспейді. Күлтегін жа­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ зуында «Тамаг ыдуг башда» деген «Қасиетті Тамаг ба­сында» мағынасын береді. Француз түркологы Рене Ги­раудтың пікірінше, «Тамаг башы» Қытайдың «To-Jen-shui» мен моңғолдардың «Құпия тарихындағыға» сәйкес келе­тін «Та­ мыр бұлағы». Бұдан басталған сала «Тамыр» деп аталып, Орхон өзеніне құяды [57, 192]. Өзен басын Хангай таула­ рынан алады. Ал қарлықтардың бір бөлігі ертеден Хангай­ да орналасқаны белгілі. Бұл маңайды түркілер «қасиетті Өтүкен қойнауы» (Хангай тауында) деп атаған. Осы жерлер­ де Түрік қағанатының жылнамалары – Орхон жазуларының тас ескерткіштері орналасқан. Міне, осы Ор­хонның Тамыр салаларының бастауында 715 жылы қар­лықтардың Шығыс түркілермен шайқасы болған. Үлкен Күлтегін жазуында: (41) (1) 1.1 Күлтегін 27 жасында еркіндік пен тәуелсіздікте болған Қарлық халқы дұшпан болды. Қасиетті (42) (2) 1. 2. Тамаг басында шайқастық. Күлтегін ол ұрыста отызда еді. Алп Шалшы (деген ақ ат)ына мініп шапты. Екі кісіні бірінен соң бірін түйреді. Қарлықтарды өлтірдік. (Қол астымызға) алдық. Білге қаған жазуында: II.Д.29. Отыз бір жасымда қайғысыз, еркін және тәуелсіз бол­ған қарлықтар дұшпан болды. Тамаг ыдуг басында шай­ қастық. Қарлық елін өлтірдім. Ол жерде (қол астыма) қа­ раттым [167, 48]. Жоғарыдағы Білге қаған жазуында Күлтегін отыз бір жасында делінген. Бұл көрсеткіш те біздің пікірімізді қол­ дайды. Өйткені, 715 жылдың екінші-үшінші айы – тү­ ріктерше 714 жылдың аяғы мен жаңа 715 жылдың басы. Ендеше бұл уақыттар Күлтегіннің осы шайқаста отыз бір жасқа толды деп айтылуы қателікке жатпайды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Тамыр басындағы шайқаспен қарлықтардың Шығыс Тү­ рік қағанатымен өздерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күресінің алғашқы кезеңі аяқталады. 711-715 жылдардағы шайқастар алғашқы кезеңнің шарықтау шегі болды. Алай­ да қарлықтар өздерінің негізгі күштерін Қытайдың про­ текторатына кіру арқылы сақтап қалды. 716 жылдың көктемінде Қапаған қаған тоғыз-оғыздарға жорыққа шыққанда қарлықтар Қытай империясы­мен ке­лісе отырып, Шығыс түркілердің ордабасына ша­буыл жасайды. Мәтінде айтылғандай, қарлықтар орда­басын­ дағылардың атты әскері жоқ, күштері әлсіз, сон­дықтан жылдам басып аламыз деп ойлаған болу керек. Алай­ да ордабасында қалған Күлтегін ерлікпен қорғанады. Шабуылшылардың сапын бұзып, оларды бытыратып жі­ береді. Бірақ одан кейінгі шайқастың соңы немен аяқ­ талғаны белгісіз. Дегенмен де, қарлықтардың ордабасын ала алмағаны анық. Сол жылы байырқуларды Төле өзенінің бойында же­ ңіп, қайтып келе жатқан Қапаған байырқулар мен импе­ риялықтардан құралған тосқауылға кез болып, өлтірілді де басы Қытайға жәнелтілді. Қапаған өлгеннен кейін Шығыс түркілердің ордабасы – Өтүкенде төңкеріс болды. Күлтегін Қапаған ханның ке­ ңес­шілері мен таққа мұрагерді өлтірді де, өз ағасы Білгеге хан атағын беріп, таққа отырғызады. Бұрынғы ханға жа­ қындардың ішінен тек Тұйұқық қана жазаланбады. Ол жаңадан таққа отырған Білге қағанның қайын атасы еді. «Тұйұқықтың» этимологиясы мен тегі хақында. Осы уақытқа дейін Тұйұқық атауының этимологиясы, яғни пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Егер бұл атау­дың

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ этимологиясын талдаушылардың пікіріне көз жүгіртсек, Түркия филологы Али Элеве Тоныкөктің екі түбірден: біріншісі – ton – «алғашқы», «бірінші»; ал екіншісі – jok, яғни «вельможа» [247, 94] деп аударды. Сонда «алғаш­ қы вельможа» болып шығады. С.Г. Кляшторный ежелгі түркілердің аттары екі түбірден құралатынына мысал­ дарды молынан айта келіп, Тоныкөктің қытайша аты – Юаньчжень де екі түбірден: бірінші бөлігі – юань – «ал­ ғашқы», «тұңғыш», яғни түрікше «ton» атауының мәніне сәйкес, ал – «чжень» – «қымбат», «қазына», яғни түрікше «jokuk» (jok – бағалау, сақтау, биіктету) мағынасына келетінін пайым­дайды. Сөйтіп, «Тоныкөк» пен «Юаньчжень» атаула­ рының да семантикалық тұрғыдан сәйкестігін алға тартып, өз тұжырымын [103, 30-31] қуаттайды. Шындыққа сәйкес келетіні – «Орхон ескерткіштерінің толық Атласының» (Астана, 2007. 320 б.) ав­торлары, көрнекті түркологтар – М. Жолдасбеков пен Қ. Сарт­қожаұлының тұжырымдары. «Тоныкөк» атауының бі­рінші сөзі «тон» емес, «тұй» болып оқылуын қолдай ке­ліп, екінші бөлігі «ұқық» сөзінің «укок» атауымен бай­ланысын алға қоймақпыз. Біздіңше, өзімізге дейінгі ға­лым­дардың пікірлеріне түсіністікпен қарай отырып, бұл атаудың тарих сахнасына шығуының күрделі тарихи се­бептерінің бар екендігіне көңіл аудармақпыз. Бірінші­ден, Тұйұқықтың шыққан ортасын алып қарасақ, ол – Білге қағанның қайын атасы. Ол жас кезінде Қытай астанасында он үш жыл тұрып оқыған және тәрбие алған. Сол кездегі қағанат басында отырғандар екіге: «ашина» және «ашидэ» болып бөлініп тұрғаны белгілі. Мұнда ашиналықтар ба­сым рөл атқарғаны мәлім. Алайда ашидэліктердің қол­дауынсыз қағанат берік бола алмайтын

Сатай СЫЗДЫҚОВ еді. Ашиналық Құтлық қаған ашидэліктердің сеніміне ие болғаннан кейін ғана 682 жылы Екінші Түрік қағанатын құра алған еді. Тұйұқық өзінің қағанның кеңесшісі және әскери қол­басшысы болғанын жазады (Тон., 49-50). Үш қағанға ақыл­шы және әскери қолбасшы болған Тұйұқықтың сол кездегі түркі халқына ықпалы өте зор болды. Қапаған қағанның тұсындағы болған ашина мен ашидэ арасындағы келіспеушілік ел арасында бүліншіліктің етек алуына алып келді. Күлтегіннің жазуында бұл жағдай: «Ағам-қағанның елі толқуда болғанда халық, елі екіге бөлінгенде...» – деп баяндалған (КТ. II. 1-14). Бұл кезде Тұйұқық қаған са­ райынан аластатылған болатын. Бірақ Тұйұқықтың қы­ зы – Себекке үйленген Білге қаған Тұйұқықтың халық арасындағы үлкен беделін ескере отырып, оны 716 жылы өзіне кеңесші етіп тағайындайды. Осыдан кейін ел арасы қайта жөнге келіп, қағанат күші арта түскен еді. Қытай тарихшысы Ма Шаңшудың айтуынша: «Осы Тұниұ­қық – Алтайдағы Қара Ертісті мекен еткен қарлық елінің Себек тайпасынан шыққан адам. XIII ғасырдың басында найман Таян ханның хатшысы болып, кейін Шыңғыс ханға тұтқынға түсіп, оларға ескі ұйғыр жазуын үйреткен Тата­тұңға осы Тұниқұқтың ұрпағы болған» [149, 166]). Белгілі түрколог, тарихшы Шэнь Чжунмянь Тұйұқықтың лауа­зым­дық атауын қарастыра келіп, «boila baga tarhan» тіркесіндегі «бойла» – «моула» этнонимінің иероглифтік транскрипциясы ретінде қарастырады. «Үш қарлық» тайпасы тарих сахнасына шық­ қан кезде оның басты бір тайпасы Қара Ертістің бойында орналасқан моуло тайпасы бола­тын. Түркілердің ашидэ тармағындағылары әйелі немесе шешесінің руы, қызметі­ нің дәрежесі бойынша титулға қоса тіркеліп отырған. Оған көптеп мысалдар келтіруге болады.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Екіншіден, жоғарыда келтірілген Тұйұқықтың қызы Се­ бек туралы айтқанда қытай деректерінде қарлықтардың чигиль тайпасынан күшейіп бөлініп шыққан себек руына жеке округ құрылғанын ескерген жөн. Ал Тұйұқықтың Білге қағанға берген қызы Себек немесе Пофу деп аталған. Пофу «себек» этнонимінің бір транскрипциясы ретінде танылып, «сүйіну» мағынасын білдіреді [127, 420]. Сонымен тұжырымдай келе, Тұйұқықтың шығу тегі – қарлықтардың чигиль тайпасының себек руынан, ал шешесі жағынан қарлықтардың моуло тайпасынан екендігін бай­ қаймыз. Ендеше, Тұйұқықтың шыққан жері Алтайдың бұрын қарлықтар мекендеген жері – Укок маңайынан деуге болады. «Тұйұқық» атауының екінші түбіріндегі «ұқық» пен «укок» сөздерінің үндестігі анық байқалып тұр. Ендеше, сонау скиф, сақ, ғұн заманынан патшалар мен данышпандардың киелі орны болған Укок атауының Тұйұқыққа берілу мүмкіндігі қисынды. Бұдан «укок» атауының «ұқық» (ақыл, абыз, ой-сана) сөзінің мағынасына қайшы келмей, қайта оны толықтыра, аша түсетінін аң­ ғаруға болады. Тұйұқық 711 жылға дейін Қапаған ханның жорықтарын­ да қолбасшы болғанмен, одан кейінгі жылдары оның шап­ қыншылықтарға қатысқаны туралы хабарлар жоқ. Ал 711-716 жылдары арасында болған қарлықтардың үздік­ сіз көтерілісі оның жазуында айтылмайды және басқа жа­ зуларда да оның бұл жылдар аралығындағы шайқастарға қатысқаны көрсетілмейді. Тұйұқық өз жазуында: Бұ түркі халқына Қарулы жауды келтірмедім, Атты әскер жолатпадым, –

Сатай СЫЗДЫҚОВ деп, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескендігін білдіреді [167, 117]. Қапаған ханның телес тайпаларын (ішінде қарлықтар да бар) аяусыз басып-жаншып, тонауы оларды көшпелілер бөлігінің қағанаттан аластап, Қытайды паналауына мәжбүр етті. Ал Білге қаған таққа келісімен Тұйұқық өзінің, әсіресе көшпелілерге зор ықпалы арқылы оларды бұрынғы атаме­ кендеріне қайтара бастады. Бұл Тұйұқықтың «еңбегі» екенін Қытай деректері де растайды. 711-716 жылдар арасындағы Тұйұқықтың өз елі қар­ лықтардың Қапаған хан тарапынан аяусыз шапқын­шы­ лыққа ұшырап, қуғындалуы елдің Қытайға барып жан сауғалауына Тұйұқықтың үлкен әсері болса керек. Бұдан былай Қапаған қаған мен Тұйұқық арасындағы қайшылық тереңдей түседі. Оны Тұйұқықтың жазуындағы ханды сын­ға алуынан көруге болады. Ол ханның «семіз бұқа мен арық бұқаны бір-бірінен айыра білмейтінін» айту арқылы халықты дұрыс басқара алмауын сынайды. Шынында да Қапаған ханның жеке басы туралы қы­ тай деректері оның қол астындағыларға өте қатыгездікпен қарағанын, ал уақыт өткен сайын өрескел, шектен шыққан қатал бола түскенін хабарлайды. Қапағанның орнына Білге қаған келгеннен кейін Тұй­ ұ­қық оның ақыл кеңесшісі болып қайта шақырылды. Тұйұқықтың кеңесімен іргесі шайқалған қағанатты аман сақтау үшін Білге қаған Қытай империясымен бірден ке­ лісімге келуге ұмтылды. Білге қаған дәуірінде (716-734 жж.) қарлықтардың қа­ ғанатқа қарсы көтерілістері күрт азайды. Қарлықтар тара­ пынан болған көтерілістің өзі ендігі жерде Қытай импе­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ риясымен келісіліп жүргізілді. Бұған 716 жылғы көк­темде болған шайқас айқын дәлел бола алады. Білге қаған жазуында: ІІ.Д.32. Көктемде оғыздарға қарсы жорыққа шықтым. Бірінші орда тысқары (жорыққа) кеткен-ді. Екінші орда үйде (отанда) еді. Үш Оғыз ордасы төніп келді. (Бізді) жаяу-жалпылы қалды деп тұтқынға алғалы келді. Жарты ордасы ел-жұртты тонауға келді. Жарты ордасы шайқасуға келді. Біз аз едік. На­ шар халде едік. Оғыздар ... (Тәңірі) күш бергендіктен ордада түйредім. ІІ.Д.ЗЗ. Шашыратып жібердім [167, 64]. Мәтінде «қарлық» атауы жоқ. Алайда «үш оғыз» ор­ дасының шабуыл жасағаны айтылады. Осы «үш оғызды» «үш қарлықпен» байланыстыру зерттеулерде түпкілікті шешілді десе болады. Қарлықтардың тағы бір шағын көтерілісінің болғаны сол Білге қаған жазуында кездеседі. Сірә, Қытайға бағынышты, Шығыс Түрік қағанатының оңтүстігінде орналасқан қар­ лықтардың бір кішкене бөлігі болса керек. Білге хан тудун Яматарды жіберіп, көтерілісті басқанын хабарлайды. Сөйтіп, Білге қаған – Тұйұқық – Күлтегін, яғни «үштік» жүргізген қағанаттың ішкі және сыртқы саясаты өз нә­ тижесін берді. Қапаған хан басқарған кезеңдегі «аш-жа­ лаңаш» тозған елді «үштік» киіндірді, байытты және кө­ бейтті. Нәтижесінде 722-741 жылдар арасы түркілер үшін тыныштық орнаған уақыт болды. Алайда бұл үлкен «сіл­ кіністер» алдындағы үзіліс еді. Өйткені, қарлық, ұй­ғыр, басмыл сияқты ірі-ірі тайпалық бірлестіктер өздері мем­лекет құратындай дәрежеге жеткен еді. Ал ол үшін олар­дың қағанаттан толық еркіндігі мен тәуелсіздігі ке­ рек болды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Ежелгі түріктердің саяси билік мұрасы үшін күресі. Шығыс Түрік қағанатының билеушілері: Күлтегін 731 жы­ лы, ал Білге қаған 734 жылы өлгеннен кейін қағанат ішінде берекесіздік басталды. Білге қағанның өзін де сарайдағы жақын адамдардың бірі у беріп өлтірген болатын. Ал 741 жылы жасы кәмелетке толмаған Тәңірі ханды атасы Құтлық өлтіріп, тақты күшпен тартып алды. Ашина ұрпақтарының удельдік кінәздері сепаратистік бағыт ұстап, бөлініп кетуге ұмтылды. 742 жылы үш тайпалық бірлестік – ұйғыр, басмыл жә­ не қарлықтар көтеріліске шығып, Шығыс қағанатының соңғы ханы Құтлықты және оның жақтаушыларын жо­ йып жіберді. Бұл көтеріліске көмектесуге Қытай бір отряд жібергенін айтады. Бұдан көтерілісшілердің империямен келіскені байқалады. Қағанаттың батыс шекарасын қорғаушы тардуш бек Кули чорды талқандаған қарлықтар екендігі «Ихе-Хушоти» жазуында анық көрінеді: 14. ................ білге Кули чор тардуш халқына билік жүргізетін. 18.......... Кули чор жеті жасында.............қарлықтар Дұшпан ......... олғанда, Тезде шайқасқанда. 19. Білге Кули чор одан кейін Қарлықтарға.......... мініп шабу­ ыл жасап, түйрелеп, атына жүгіріп, қайта қайтып, 20. ............әскерді бастап келді. Қарлықтарды...........қарлық­ тарға қарсы............барып, қайтадан ел-жұрттың үстіне соғыс кіргізді. Қарлықтар аттанды; мұнша әскер. 21. Қарлықтар .......... Елтабар өзі келді; жайсаң ерлері (мен) Еркін ұлы Иеген чор келді. 22. ..........да шайқасып әскерін түйреледі, өлкесін алды, ұлын, әйелін .......... халқына Ышбара білге Кули чор 23. .......... өлімі .......... ; дұшпанына жалғыз шабуылдап, көп әскердің ішінде өзі де тапталып өлді [167, 138-139].

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Әріптері толық сақталынбаса да, бұл жазулардан қар­ лықтардың Шығыс Түрік қағанатының батыс өлкесіне билік жүргізіп, қорғаушы тардуш Кули чорға қарсы үл­ кен соғыстар жүргізгендерін байқауға болады. Бұл шай­ қастарда қарлықтардың және оның одақтастарының көп болғандығы, соңғы шайқас Кули чордың ордабасында өткені, ақырында өзі де сол көп жаудың қолынан қаза тап­ қаны хабарланады. Ұйғыр-қарлық-басмыл одағы төңкерістің нәтижесінде өздерінің жеке-жеке биліктерін құруға бірден кірісті. Бас­ мылдар көсемі – қаған, ұйғырлар көсемі – Шығыс жабғуы, ал қарлық елтебері Батыс жабғуы болып билікті өзара бөлісті. Алайда бұрынғы қағанатты жақтаушылар да қарап қалмады. Олар 742 жылы өздеріне Панкюлдің ұлы Озмышты хан етіп қойды. Сөйтіп, қағанатта біраз уақыт қос үкімет орнады. Бірақ бұл жағдай ұзаққа бармады. 744 жылы басмылдар Озмыш ханды өлтіріп, басын империяға жіберді. Одақтастар ішінде де бірлік болмады. 743 жылы ұйғыр­ лар тұтқиылдан басмылдарға шабуыл жасап, ханын өлті­ ріп, өздерінің көсемі Пэйлоны Кутулук-Білге Күл хан деген атпен таққа отырғызды. Қашқан басмыл көсемі Бесбалыққа барды. Алайда ол жерде де тұрақтап қала алмай, елін тас­ тап, Қытайға өтіп кетті. Елі қарлықтардан қысымшылық көріп, ұйғырларға бағынды. Бұл кезде қағанатта қалған түркілер өлтірілген Оз­ мыштың інісі Баймэй ханды таққа отырғызған болатын. 744 жылы империя әскері Сахэнэй тауында қағанат түр­ кілерінің он бір рулы еліне шабуыл жасады. Ал Баймэй қаған өзінің Батыстағы иеліктеріне қашты. Бірақ оны

Сатай СЫЗДЫҚОВ қарлықтар мен ұйғырлар қуып барып талқандады және Баймэй ханның басын империяға жәнелтті. Сөйтіп, 745 жылы Шығыс Түрік қағанаты күйреді. Басмылдар қуылып, билікке ұйғырлар келген кезде қарлықтар да көтеріліп, «сол жабғу» (Шығыс жақты билеуші) атағын алды. Мұны­ мен қатар қарлықтар батыс өлкелердегі иеліктерінен де айырылмады. Батыс өңіріндегі маңызды стратегиялық қа­ ла – Бесбалық қарлықтардың қолында болып, билеушісі де «үш қарлық» көсемі Білге жабғу тон-апа-еркін чур еді. 745 жылы ұйғырларға қарсы күресте қарлық-түргеш одағы жеңіліс­ке ұшырады. Нәтижесінде Қара Ертістің шығысындағы қарлық көш­ пелілері Ұйғыр қағанатының құрамына кірді. Ұйғыр қа­ ға­натының құрылуына оның бұрынғы одақтастары – бас­ мылдар мен қарлықтар, чиктер мен қырғыздар қарсы еді. Егер алғашқылары, Көк түрік қағанатын құлатуда өздері белсенді рөл атқарғанымен, ұйғырлармен тең дәрежеде ел билемегендеріне наразы болса, кейінгілері Моянчур ханның 750 жылғы Кем және Енисей өзендері бойына жа­ саған жорықтарына қарымта қайтарғылары келді. 751 жы­ лы чиктер мен қырғыздар қарлықтармен біріге отырып, Ұйғыр қағанатына қарсы күресуді жоспарлады. Оны Се­ ленга тасындағы жазудан көруге болады: «Қарлықтарға ол өзінің адамдарын жіберді. Тайғада мен көтеріліске шығамын деп айтты ол, ал сендер сырттан ... мен сендермен біріккім келеді деді ол» [183, 44]. Солтүстік-батыста құрылған қарлық-қырғыз және чик одағы ұйымдасып үлгерместен ұйғырлар оларды жеке-же­ ке талқандады. Моянчур чиктерге мыңдық отряд жі­беру, ал қырғыздардың ұшқыр, жеңіл атты әскеріне қар­сы ұтымды

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ тосқауыл қою арқылы көтерілісті басты. Моянчурдың өзі негізгі күшпен Қара Ертістен салмен өтіп, қарлықтарды талқандады. Бұдан қағанат үшін қауіпті жау қарлықтар болғаны байқалады. Сондықтан Моянчур чиктер мен қырғыздар қарлықтарға қосылмай тұрғанда өзі бастап жорыққа шығып, негізгі күшті де қарлықтарды талқандауға жұмсады. Алайда одақтастардың күресі мұнымен аяқталмай, 755 жыл­ ға дейін созылды. 753 жылдан бастап, көтерілістің не­ гізгі күштері қарлықтар мен басмылдар болды. Бірақ со­ ғыс Ұйғыр қағанатының толық жеңісімен аяқталды. Нә­ тижесінде Тарбағатай мен Саурдан шығысқа қарайғы қар­ лық жерлері қағанатқа қарады. Сонымен Шығыс Түрік қағанатын құлатқан ұйғыр-бас­ мыл-қарлық күресінің нәтижесі VIII ғасырдың ортасында шығыста Ұйғыр қағанатының құрылуына әкелді. Одақтас­ тардың қалған мүшелері билік үшін қанша таласқанмен, жеңіске жете алмады. Әрине, бұл күштердің арасалмағында Қытай империясы үлкен рөл атқарды. Қарлықтар бұдан кейін өздерінің басты бағыты етіп батысты таңдап алды. Қарлықтардың өз алдына тәуелсіз ел құруында оның Қытай империясымен қарым-қатынасының маңызы зор болды. Шығыс түркілеріне қарсы күресте қарлықтардың біраз бөлігі империяға бағынған. Мәселен, 714 жылдың үшінші айында 30 мың шатыр империя қол астына кіргенде арасында «Он оқ», хулу және шуниши тайпаларымен бірге қарлықтар да бар еді. Бұл жағдай қарлықтар тарапынан алты айдан соң қайталанды. 714 жылдың тоғызыншы айын­ да қарлықтар көсемі Шаболо сагунмен барлығы 12 кісі императорға бағынуға арыз берді. Ал 715 жылы қарлық

Сатай СЫЗДЫҚОВ тарханы Қытайға барып, империя қол астына қарайтыны туралы тілек білдірді. Оған император батыр атағын және сыйлықтар беріп кері қайтарды. Бұдан соң үш айдан соң қарлықтардың бір бөлігі Қытайдың қол астына кірді. Қарлықтардың бұлай үсті-үстіне империя қол астына өз еркілерімен берілуі сол кездегі, яғни 711-715 жылдар аралығындағы Шығыс Түрік қағанатының қарлықтарға жасаған шапқыншылық жорықтарына тікелей байланыс­ ты еді. Оған дәлел ретінде қарлықтарды бастап келген қол­басшы Сан-лан Сагунға жолдаған император хатының мәтінін келтіруге болады: «Үш қарлық тайпасының көсемі, Сан-лан сагун және басқаларын жаңбыр мен ызғардың астында, өзендер мен тауларды асып келдіңіздер. Барлық­тарыңыз кере­ мет бір жолаушылық еттіңіздер және амансаулықтасыздар. Түгеліңіз бірлікте қауіпте болдыңыздар. Бұл жылдар­ ша жалғасып келеді. Бірақ бағынышты болу­ға бірден теріс айналдыңыз және шынайылықты арыз еттіңіздер. Құпия жол­ дармен императорға бас июге кел­діңіз. Сіздің дұрыстығыңыз бен шынайылығыңызға көз жеткіздім және бұған қанағаттанамын. Бұл тайпалар бұдан аз ғана бұрын келгендіктен оларды орналастыруға әмір бердім. Сіз, үлкен атақты дәрежедегілер, қолбасшылар, әскер басшылары және басқа әртүрлі дәрежедегі адамдар келген күннен бері барлығыңыз жан тыныштықта болдыңыздар ма? Егер қандай да бір арыз немесе шаруаңыз болса, маған білдірмек үшін бір тілекше жазыңыз» [204, 1903, 30-31]. Хаттан қарлықтардың басына ауыр күн түскенін сезуге болады. Ол Қапаған қағанның шапқыншылықтарына бай­ ланысты екені жоғарыда айтылады. Императордың бұл хатында Қытай сарайы қарлықтарды жылы қарсы алып, оларды орналастырғаны байқалады. Әрине, империя көшпелі тайпаларды өз шекараларына орналастыру ар­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ қылы өз мақсаттарына жетуге, яғни күшейген басқа жау­ ларынан қорғану мәселесін шешуге ұмтылды. Алайда дәл бұл уақытта қарлықтар үшін империя па­ насы өте қажет еді. Ол арқылы қарлықтар, біріншіден, елді аман алып қалды, екіншіден, кейін Шығыс Түрік қағанатын құлатуда маңызды рөл атқарған империя күшімен бірігуге мүмкіндік алды. Білге қаған тұсында шапқыншылық азайып. елде ты­ ныш­тық орнағаны белгілі. Бұл уақытта қарлықтар им­ перия­ның орталық билігінен шығып, вассалдық тәуел­ дікте ғана еді. Оны қарлықтардың 728 жылы Қытайға елші жібергенінен көруге болады. Сол жылдың тоғызыншы айын­да қарлық көсемі Инанчудің империя сарайына елші болып келгендігі, оған атақ және сыйлықтар берілгені тура­ лы Қытай жылнамасында жазылған. Империя сарайына қарлықтардың елшілік жіберуі, әсіресе Шығыс Түрік қағанатының құлау қарсаңы мен бас­ мыл, ұйғыр болып билікке таласу кезеңінде жиілене түседі. Оған қарлық елшілерінің император сарайында тіркелген құжаттарынан жасалған мына кесте (№1) арқылы көз жеткізуге болады [129, 43-44]. №1 кесте № рет саны Елшілердің сарайда болған уақыты Қытайдың қай императоры тұсында Елшілер, олардың сарайға әкелген тарту­лары Сарайдың елшілерге берген сыйлықтары мен атақ-шендері I II III IV V 1. 30 .IX-29.X.745 Тянь-бао Үш қарлық көсемі -

Сатай СЫЗДЫҚОВ 2. 19. X-17. XI.746 Тянь-бао Үш қарлық көсемі Бильге ябгу тонапаеркін чур сарайға тарту жасап, елші жіберді. - 3. 4. 3. XI.746. 2.XII.752 8.I. 753 Тянь-бао Тянь-бао Үш қарлық көсемі Бильге ябгу тонапаеркін чур сарайға тарту жасап, елші жіберді. Үш қарлық сарайға елші жіберді. Ябгу Ордадағы бұрынғы қызметімен бірге қатардан тыс жауынгерлік гвардия басшыларының сол жақ қанаты құрамына енгізілді. Елшілерге белдік пен өрнекті жібектен тігілген және алтынмен әшекейленген екі түсті халат кигізіліп, жеті зат берілді. 5. 7.IV. 753 Тянь-бао Үш қарлық сарайға елші жіберді. Елшілерге халат, алтынмен әшекейленген белдік, сенім құжатын сақтайтын белдік қалтасын және жеті зат беріліп, ордасына қайтарылды. Барлығына шенатақ,сыйлықтар берілді. Олардың барлық өтініштерін толық қанағаттандыруға бұйрық берілді.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ 6. 8.5.753 Тянь-бао Үш қарлық сарайға барлығы 130 адамнан тұратын елші жіберді. Олар 4 бөлікке бөлініп, бірінен кейін бірі қабылданды. - 7. 2.9.753 2.7.754 Тянь-бао Қарлықтар және Ши (Ташкент) жергілікті өнімдерден тұратын сыйлықпен елшілерді жіберді. - Келтірілген кестеден империяны Тянь-бао (742-758) бас­қарып тұрған жылдары қарлықтардың жеті рет елші жібергенін көреміз. Бұл елшілерді сарай құр бос жі­ бермей, қымбат бағалы заттардан сыйлық беріп отыр­ ған. Осы кезеңде қарлықтардың күшейіп келе жатқанын сарай дипломаттары аңғарды. Сондықтан Тан сарайы қарлық­­тармен тығыз қарым-қатынас орнатты. Ал ұйғыр­ ларға қарлықтардың тек Өтүкен қойнауындағы аймағы ғана бағынғандықтан негізгі бөлігі тәуелсіз болды. Қар­ лықтардың бұл бөлігі Қытайға да тәуелсіз еді, өйткені олар жабғу атағын Тан сарайымен келіспей-ақ өздері та­ғайындап қойды. Егер тәуелділік жағдайда болса, мұндай мәселе қы­ тай жылнамаларынан тыс қалмауға тиіс еді. Деректерде қарлық жабғуын сарайдың тағайындауы туралы немесе олар өз еріктерімен бізбен келіспей қойды деген айыптау хабары жоқ. Бұдан, бір жағынан, қарлықтардың сарайдан 7-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ тәуелсіз екендігін, ал екіншіден, Тан сарайы олармен жақсы қарым-қатынаста болуды көздегенін байқау қиын емес. Тянь-бао император кезінде сарайдың қарлықтармен қарым-қатынасының жандануы бұл кезде Ұйғыр қағана­ тының күшеюімен де байланысты еді. Қытай өзінің бұ­рынғы, «варварларды» бір-біріне айдап салатын үйрен­шікті саяса­ тын бұл жолы да қолданғысы келгені айқын. Жылнамалар­ да қарлық елшілерімен не жөнінде келісімдер жасалғаны айтылмаса да, күш алып келе жатқан Ұйғыр қағанатына байланысты ұйғыр мәселесі келіссөздерде бірден-бір өзекті мәселе болғаны анық. VІІ ғасырдың ортасындағы қытайқарлық қатынасына 751 жылғы арабтар мен қытай арасында өткен атақты Талас шайқасында қарлықтардың арабтарға көмектесуі, нәтижесінде импе­рияның жеңілуі де көлеңке түсіре алмады. 752 жылдың аяғында-ақ үш қарлықтардан барған елшіні империя сарайы қабылдады. Ал қарлықтар 753 жылы империяға қарсы болған көтерілісшілерді тал­ қандап, көсемі Абусты Қытайға ұстап берді. Қытай мен қарлықтардың бұлай ымыраға келуінің се­ бебі де бар еді. Қытайдың бұл кезде әскери күші шы­ғыста қидандардың, оңтүстікте тибеттіктердің соққысы салдары­ нан әлсіреген болатын. Қарлықтар болса өз күш-қуатын Талас шайқасында (751 ж.) көрсете алды. Сондықтан им­ перия сарайы батыста өзінің саяси белсенділігін артты­ рып келе жатқан қарлықтармен тату қарым-қатынаста болғанды қалады. Сөйтіп, қарлықтар империялық Қы­ таймен қарым-қатынасы арқылы Шығыс Түрік қағана­ты­ ның шапқыншылығынан елді аман сақтап қалды. Сонымен қатар Ұйғыр қағанатының құрылуына байланысты шығыста үстемдік жүргізу мүмкіндігінен айырылғанда түр­гештерге

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ қарсы империямен одақтасу арқылы батыста өз билігін орнату үшін Қытайды тыл ретінде пайдалану мәселесін де шешті. VIII ғасырдың 40 жылдары қарлықтар батыс өңірінде де гегемондықты өз қолдарына алу үшін батыл және ашық күресе бастады. Мұның бір көрінісі осы кезде бұрынғы Батыс Түрік қағанаты өңірін билеген түргештер ішіндегі хандыққа таласқандардың өзара қырқысушылығына арала­ суы болды. Батыстағы билік үшін таласта қарлықтар империя мен түргештер арасындағы қайшылықтарды шебер пайда­ ланды. 714 жылғы батыс түркілерінің империяға қарсы көтерілісін Қытай генералы Ашина Хянь басқаннан кейін қарлықтар хулу және шуниши тайпаларымен бірге импе­ рияға номиналды тәуелділікке ұшырады. Бұл «тәуел­ділік» түргештерге қарсы бағытталған одақпен тең еді. Түргеш ханы Согэ VIII ғасырдың алғашқы он жылды­ ғында-ақ империяны өзімен санасатындай халге жеткізу үшін талай іс-әрекеттерді жүзеге асырған болатын. Түргеш­ тердің ішкі ісін реттеу үшін жіберген империя шенеунігін өлтіру және Аньси (Куча) қамалындағы қытай әскерін талқандауын кейін император «кешіргенмен», бұл екеуінің арасындағы сенімсіздікті одан сайын күшейткен болатын. 711 жылы Шығыс Түрік қағаны Мочжо Согэні өлтірткен соң түргештердің сары және қара бөлігі билікке өзара та­ ласты. 716 жылы түргештер қағанатын қалпына келтірген Сұлу хан империяға қарсы саясат ұстады. Өйткені, ба­тыс өлкеде империя Ашина ұрпағынан шыққандарды қол­ дап, хан тағына отырғызатын. Сондықтан түргештер Аши­ на қолынан гегемондықты тартып алу үшін оны қолдап

Сатай СЫЗДЫҚОВ отырған Қытайға қарсы шығу керек болды. Сұлуға қар­ сы қарлықтар, Куча наместнигі Ашина Хяньмен бірігіп шайқасса да, нәтиже шығара алмады. Бұған негізгі себеп империяның өзінің ежелден көшпелі көршілерін бір-біріне айдап салатын ежелгі саясатын ұстануы болды. Мұны императорға ұсынылған мынадай бір кеңестен көреміз: «Түргештер қарлықтарға қысым көрсеткен. Варварлардың ісәрекеттері императорлық үшін бір қауіпті мәселе бола алмай­ ды. Бұл жау­ласуда олардың ең күштісі әлсірейді, ал әлсізі жоқ болады. Біз үшін бұл екеуі де пайдалы. Сондықтан оларға әскер жіберудің қажеті жоқ» [204, 283]. 738 жылы Сұлудың өлуімен байланысты батыс өңірде билікке ие болу үшін тартыс қайтадан басталды. Сары түргештердің басшысы Баға тархан мен қара түргештерден Сұлудың ұлы Тухосянь арасындағы тартыста қарлықтар көсемі Думочжы Сұлудың баласын жақтады. Тухосяньды хандыққа көтерді. Сөйтіп, түргештер екіге бөлінді. Сары түргештерге, яғни Баға тарханға Батыс өлке, Ферғана, Шаш, Кеш және империяға қараған «Ұлы құмды даланың» елі бағынса, Тухосяньға Шу өзені бойындағы кінәздер мен Та­ лас қаласының басшысы Живэй ханға тәуелді болды. Лумо­ чожы Тухосяньмен бірге сары түргештерге шабуыл жа­ сады. Алайда Шу өзені бойында болған шешуші шайқас­та империяның қолдауына сүйенген сары түргештер ханы – Баға тархан жеңіске жетті. Империя түргештерді өз ықпалында ұстау үшін импе­ рияның бұрынғы генералы болған Ашина Хяньның ұлын соларға хан етіп қоюға әрекет етті. Оны 740 жылы хан тағайындап, түргештерге жібергенде Баға тархан жолда тосқауылдап өлтірді. Бұдан кейін империя Баға тарханды

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ тұтқынға түсірді және Думочжыны хан етіп қойды. Алай­ да 742 жылы қара түргештер өздерінің ханы етіп Иль Ид­ миш Кутулуг Білгені таққа отырғызған еді. Бірақ қара түргештер мен сары түргештер арасындағы талас мұнымен тоқтаған жоқ. 756 жылы сары түргештер бас қосып, қара түргештермен өзара қырқысушылықты қайта бастады. Өзара билікке таласудан әлсіреген түргештер 759 жылы қарлықтардың шабуылы басталғанда қарсы тұра алмады. Түргештердің бір бөлігі қарлықтарға қосылды, ал екінші бір бөлігі ұйғырларға сіңді. Деректерде түргештердің қай бөлігінің қайда кеткені анық айтылмаған. Алайда сары түргештер – ежелгі мук­ риндерден, ал қара түргештер негізінен абарлардан (авар) тұрғаны мәлім. Абарлардың бір бөлігі VI ғасырдың орта­ сында табғаштарға сіңісіп кеткен болатын. IX ғасырда кемеліне келген қарлық мемлекетіне арабтардың 893 жыл­ ғы жорығында тұтқынға түскен табғаштар жоғарыда айты­ лып отырған қарлықтар құрамына кірген қара түргештер болу керек. Сонымен қатар Рашид әд-Динде моңғол шап­ қыншылығы кезеңінде мукриндердің ұйғырлар елінде кез­ десуі, сол VIII ғасырда ұйғырларға кеткен сары түргештер (мукриндер) болуы ықтимал екенін көрсетеді. Сонымен, қарлықтардың Шығыс Түрік қағанаты құла­ ғаннан кейін оның ордабасы Өтүкен қойнауы үшін, яғни көне түркілердің саяси билік мұрасы жолында ұйғырлармен күресі сәтсіз аяқталды. Енді оның есесіне қарлықтар Орталық Азияны негізгі бағдар ретінде таңдап алып, оғыз­ дар мен түргештердің орнын біртіндеп баса берді.

Сатай СЫЗДЫҚОВ сагун Рубасы сагун Рубасы сагун Рубасы Қарлықтардың тарих сахнасына шыққан кезеңдегі басқару жүйесі (VII-VIII ғғ. басы) ХИЕЛИФА тайпа көсемі Елтебер Рулар бірлестігінің көсемі ІІ ТАРАУ ҚАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН САЯСИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ (766-840 жж.) ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ 2.1. Орталық Азияда қарлықтар мемлекетінің құрылуы. Орналасу географиясы

Қарлықтардың Орталық Азияға бет бұрып, онда саяси үстемдікті қолға алу үшін күресуі, бір жағынан, олардың көне түркілер мұрасы – Өтүкендегі (Солтүстік Моңғолия) қаған тағы үшін ұйғырлармен таласта сәтсіздікке ұшы­ рауы­мен, ал екінші жағынан, сол кездегі Батыс Түрік қа­ ға­натының тікелей мұрагері – Түргеш қағанатының әлсі­ реуімен тығыз байланысты болды. Батыста түргештердің араб және қытайлықтардың агрес­­сиясына қарсы күресте және өзара билік үшін қыр­ қысушылықта әлсіреуі қарлықтардың саясатта батыс ба­ғытын, яғни Орталық Азияны таңдап алуына итер­ меледі. Бұған тағы бір себеп: қарлықтардың Түрік қаға­ наты құрылған кезден бастап, бірде батысқа жасалған жорықтарға қатысу арқылы, бірде тәуелсіздікке ұмтылған түркі тайпаларымен бірге қағанат үстемдігі мен Қытай им­ периясына қарсы күрестер барысында Орталық Азияда орын теуіп қалған отандастары болды. Батыс Түрік қағанаты құрылған кезде-ақ басталған қар­ лықтардың батысқа қарай жылжуы, әсіресе VIII ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Түрік қағанаты мен Ұйғыр қағанатына қарсы күресте күшейе түсті. 751 жылғы Талас бортындағы Атлах түбінде болған Қытай мен араб хали­ фаты арасындағы шайқаста қарлықтар өздерінің Орталық Азияға үстемдік етуге үміткер екендігін көрсетті.

Сатай СЫЗДЫҚОВ 657 жылы Ашина Хэлу көтерілісінен кейін Батыс Түрік қағанатының құлауы және 711-715 жылдардағы қарлық­ тардың Қапаған қаған тарапынан шапқыншылыққа ұшы­ рауы олардың белгілі бір бөліктерінің батысқа қарай жыл­ жып, орнығуына ықпал етті. Қытай деректерінде Батыс қағанатының құлауынан кейін ұйымдастырылған округ­ тердің ішінде батысқа келіп орналасқан қарлықтар бар еді. 661-662 жылдары, яғни Ашина Хэлу көтерілісінен соң батыс өңірінде ұйымдастырылған 80 округтің ішінде Цзюй­луцзянь қаласы орталығы болған Хань-лоу округі аталады. Чэнь Чжунмянның айтуынша, бұл – Хурулуг қаласы. В.В. Бартольд Хурулуг қаласының Макдиси еңбе­ гінде кездесетінін айтып, оны Испиджаб пен Субаникент қалаларының арасына орналастырады. Қаланың атауы­ нан хурулуг-харлуг-карлуг этнонимі анық байқалады. 717 жылдан кейін Арал теңізінің оңтүстігінде құрылған Қара түргеш хандығына қарсы күресте Шаш қаласы түркілеріне көмектескен қарлықтар осы Хань-лоу (орталығы – Хур­ луг) округінен болса керек. 740 жылдан бастап олардың ара­сындағы күрес қайта күшейді. Шаштықтар (Ташкент) қар­лықтардың көмегі арқасында жеңіске жетіп, жаңа бір кінәздік құрды. Онда қарлықтар көсемі де жабғулық атаққа ие болды. 656-661 жылғы округтендіруде Тохаристанның оңтүс­ тік-батысындағы Сеюй (Хэдалогчи) кінәздігі қарлықтардан тұратынын жоғарыда айтылған болатын. Қарлықтардың Жетісу өңірін өз қолдарына қаратуға, олардың Ферғана мен Шығыс Түркістанда VII ғасырдың ортасынан бастап орнығуының маңызы зор болды. Екі қа­ ғанаттың өзара және сыртқы жауларымен күресінде қар­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ лықтардың бір бөлігі Нарын, Кетмен-Төбеге орнығып, кейін одан әрі оңтүстік-шығысқа қарай, яғни Қашғар, Яр­ кенд және Хотанға жылжыған болатын. Оған дәлел ретінде 648 жылы қарлықтардың Қашғар, Яркенд және Хотанда тұрған бөліктерінің Шығыс Түркістанға шабуыл жасаған түргештерге қарсы жорығын келтіруге болады. Ал VIII ғасырдың ортасына қарай олар Батыс Түрік қа­ ғанатының тайпаларын ығыстыра отырып, Нарын ағы­ сымен төмен Қарадарияға құятын жерге дейін, яғни Шы­ ғыс Ферғананы иеленді. Қарлықтардың Ферғананы ие­ленуі сол кезде батыстан төніп келе жатқан арабтарға да үрей туғызды. Арабтар Махди (775-785) халифы тұсында Мауе­ реннахр наместнигінің басқаруымен Ферғананың астана­ сы – Қасанға шабуыл жасады. Ферғанаға орналасқан қарлықтар негізінен чигилдер болу керек. Өйткені, сол кезеңдегі Ферғана және Шығыс Түркістан иеліктерінің билеушісі чигил тайпасынан шық­ қан Арслан Эль Тиргюг Алп Бургучан Алп тарқан бек болған. Оны зерттеушілер VIII ғасырдың ортасында Фер­ ғананы басқарған Арслан тарханмен сәйкестендіреді. Оның 739 жылы Шу бойында қара түргештердің ханы Ту­ хосянь мен Талас билеушісі Живэйді талқандап, Қытай императорының сарайынан кінәздік атақ алғаны белгілі. Манихейлік қолжазбада Арслан Элъ Тиргюг аргу және чигил тайпалары тұратын Талас өңірін, Кашу, Якакент, Ордукент және Чигил қалаларын билеген. Шығармада со­ нымен бірге Арслан үлкен түріктерге, яғни Шығыс Түрік қағанатына қарсы шыққанын хабарлайды. Арслан тарқан өз иелігінің орталығын 744 жылы Сыр­ дария өзенінің бойына көшіріп, Қытаймен жақсы қарым-

Сатай СЫЗДЫҚОВ қатынас жасап отырған. Қытай императорының қызына үйленіп, ұлын сарай маңында тәрбиеленуі үшін 771 жы­ лы Қытайға жіберген. Арслан Эль Тиргюг билігі мен мемлекетінің күш-қуаты және дәрежесінің ең шарықтау шегі 780 жылдар екені хабарланады. Мемлекеттің көлемі батыста – Сырдария бойы, солтүстікте – Шу мен Іле са­ лалары, шығыста империяның төрт гарнизонымен шек­ теліп, оңтүстікте Ферғана мен Қашғарды алып жатты. Ұйғыр қағанатымен бақталасатын қарлықтардың не­гізгі бөлігінің батысқа жылжуы осы Арслан Элъ Тиргюгтің орда­ басын Сырдарияға көшіруімен сәйкес келеді. Ұйғыр­лардың Терхин жазуында қарлықтардың ит жылы, яғни 746 жылы «Он оқ» еліне кеткендігі хабарланады. Алайда қарлықтар билігінің Жетісуда жылдам орны­ ғуына 740-751 жылдар аралығындағы империя армиясы­ ның бұл өңірге жорықтары кедергі келтірді. 740 жылы Тараз, 748 жылы Суяб, ал 749 жылы Шаш қалаларын Қы­тайдың экспедициялық корпустары ойрандады. 751 жыл­ғы Таласта болған атақты араб-қытай соғысында қар­лықтардың тыл­ дан шабуыл жасауы империя әскерін толық талқандауға мүмкіндік берді және Қытайды батыс өңірге енді қайтып бас көтермейтіндей етті. Қарлықтардың Жетісуда орнығуына Түрік қағанаты­ нан бері өмір сүріп келген оғыздар да қарсылық көрсетті. Алайда ол жөнінде деректер мардымсыз. Тек оғыздардың VIII ғасырдың ортасында қарлықтардың ықпалымен Сыр­ да­рияның төменгі ағысына, Арал көлі маңайына жылжы­ ғаны белгілі. 766 жылы қарлықтардың Тараз бен Суябты алуымен, олардың Жетісуда түпкілікті орнығып, мемлекет құруын

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ көреміз. Сөйтіп, Чигиль Арслан ЭльТиргюг Бургучан Алп тарқан бек бастап құрған Ферғана – Қашғар – Жетісу ие­ ліктері 766 жылы Суяб пен Тараздың алынуымен қарлық мемлекеті болып тарихқа енді. Қарлықтардың VIIІ-Х ғасырларда Орталық Азияда кү­шеюі мен үстемдік етуі жөніндегі жазба деректерді қуаттайтын тарихи аңыз да бар. Ол Ибн Мукаффа (VIII ғ.), Ибн Хордадбек (IX ғ.) еңбектерін пайдаланған Гардизидің шығармасында кездеседі. Бұл аңыз тоғыз-оғыз тайпасы ішінен шыққан. В. Бартольдтың аудармасы бойынша ол бы­ лай еді: ертеде тоғыз-оғыз елінде Күр тегін деген кісі болған. Шешесі қытайлық болатын. Қаған Күр тегіннің ағасы болған. Ол Күр тегінді өлтірмек болып, тамағынан бауыз­ дады да, бір жерге апарып тастады. Кейін жұрт тауып алған соң Күр тегіннің шешесі оны тәуіпке емдетті. Жазылған соң Күр тегін тоғыз-оғыз орталығы Аз(а)л қаласында жасыры­ нып жүрді. Көп уақыт бойы достары Күр тегінді жасырып жүрді де, ақырында тоғыз-оғыз қағанына айтып, жанын қалдыруға қағанды көндірді. Бірақ қаған өз маңайына жо­ латпай, Пянджикент қаласын еншісіне берді. Ол жерде Күр тегін жергілікті тұрғындарды өзіне қаратып күшейді де, қағаннан өшін алмақ болып сәтті күндерді күтіп жүрді. Ақырында бір күні тоғыз-оғыз қағанының аңға шыққанын естиді. Күр тегін көп әскер жинап алып, тоғыз-оғыз қағанына шабуыл жасайды. Күр тегін қаған әскерін жеңеді. Қаған қашып, қамалға бекінеді. Күр тегін кінәларын кешем деген соң қамал халқы сыртқа шығады. Ал қамалда қалған қағанды Күр тегін адамдары өлтіреді. Күр тегін қаған тағына отырады [34, 8-т., 52]. Аңыздың хронологиялық шектерін анықтауда ондағы сюжеттің тоғыз-оғыз билеушісі қаған болғанынан бас­

Сатай СЫЗДЫҚОВ та­лып, оның өліміне және Күр тегіннің қаған болға­ нына дейінгі заманмен аяқталатыны маңызды. Егер то­ ғыз-оғыздардың ұйғырлар екені белгілі болса, онда ол ұйғырлардың қаған­дыққа қолы жетуі мен Ұйғыр қағана­ тының құлауы заманы, яғни VIII ғасырдың ортасынан IX ға­ сырдың ортасына дейінгі аралықты қамтиды. Дәлірек айтқанда, 745 жылы Ұйғыр қағанатының құрылуымен, 840 жылы оның құлау және сол жылы қарлық көсемі Білге Күл Қадыр ханның өзін қаған етіп жариялау уақытымен дәл келеді. Бұл уақыт аралығы аңыздың шыққан уақытымен де сәйкес келеді. Аңыздағы басты тарихи тұлға – Күр тегін. Мұндағы «Күр» – қарлық этнонимінің түбірі. «Кар-кур-кюр» «тау» ма­ғынасын білдіреді. «Қарлық» этнонимі де «таулық» дегенді білдіретіні белгілі. «Тегін» – түркілерде ертеден келе жатқан атақ. Ол қаған, билеушілердің мұрагерлеріне, яғни балалары мен қандас туыстарына беріледі. Бұл атақ эфталиттер монеталарында (630-658) жиі жазылған. Ұйғырлардың аңыздарында «Ор» «тегін» болып та кездеседі. Жалпы тарихта «тегіндер» ор­ дада белгілі бір қызмет атқара бастағанда оларға «ябғу» не «шад» атағы берілетін болған. «Тегін» атағын қарлық­ тар да жиі қолданған. Мысалы, Алмалық қарлықтарын­да билеушілер: Сығанақ тегін, Данышманд тегін, т.б. Аңыздағы келесі бір сөз болатын нәрсе: Күр тегін ше­ шесінің Қытайдан екендігі. Ұйғырлардың әйелдікке Қытай императорының немесе оның сарайынан қыз алуды дәс­ түрге айналдырғандығы белгілі. 832 жылы ұйғыр қағаны Құттегін Қарақорымда таққа отырғанда өзінен бұрынғы­ лар сияқты қытай ханшасын алды.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Қаған Күр тегіннің ағасы дегені қарлықтардың ұйғыр­ ларға тәуелді болған кезін білдіреді. 744 жылы ұйғырлар мен қарлықтар басмылдан болған қағанды қуған соң ұйғырлар қаған дәрежесіне көтерілді де, қарлықтар сол ябғу атағын алды. Бұл ұйғырларға қарлықтардың сая­ си тұрғыдан тәуелді болғанын көрсетеді. Алайда кейін ұйғырлар мен қарлықтар арасында жауласу баста­ла­ды. Қара-Балғасұн жазуында Ұйғыр қағанаты мен қар­лық­ тардың арасында бірнеше рет болған қақтығыстары ай­ тылады. Соңында ұйғырлардың қарлықтарды Ферғанаға дейін қуып тастағаны, ябғудың елін, малын иеленгендері жөнінде деректер бар. Ал ябғудың өзі қағанға бағынғысы келмегендіктен елден қуылды. Аңыздағы қағанның Күр тегінді өзіне жақындатпай Пянджикентке жіберуін осы жоғарыда айтылған 795-805 жылдардағы оқиғалармен са­ лыстыруға болады. Аңыздағы Күр тегіннің Пянджикентке жіберіліп, сонда билеуші болуы сюжетін Ұйғыр қағанатындағы IX ғасыр­дың бірінші жартысындағы оқиғалармен салыстыру шындық­қа сай келеді. Ұйғыр қағаны өзіне тәуелді болған қарлықтар­ дың билеушісі етіп ябғу тағайындап, соғдылықтармен сау­ да байланыстарын орнатқаны туралы дерек бар. Алайда көп ұзамай қағандықта көтеріліс болып, ұйғыр қағаны өлтіріледі. Бұл деректе қарлықтардан ябғу тағайындау және соғды­ лықтармен сауда байланысын орнату бірге айтылады. Бұ­ дан қарлықтардың соғды мен ұйғыр қағанатының сауда байланыстарында маңызды рөл атқарғанын байқауға бола­ ды. Шынында да қарлықтар Орта Азия және Же­тісу арқылы өтетін сауда жолдарының қауіпсіздігін қамта­масыз ету

Сатай СЫЗДЫҚОВ үшін сауда керуендерін күзететін отрядтар ұйым­дастырып отырған. Тағы да бір ескеретін жайт: қарастырылып отырған кезеңде соғдылықтардың шығыста ең жақын көршілері қарлықтардың болуы. Бұл кезде түргештерден басым түс­ кен қарлықтар Жетісу мен Ферғанада, Тохаристанда би­лік­ терін орнатып, соғдылықтармен аралас орналасты. Сөй­ тіп, осы кезде күшейген араб шапқыншылығына қарсы соғдылар мен түркілердің антиарабтық коалициясында қарлық жабғуы жетекші рөл атқарды. Соғдылықтар мен қарлықтардың бір түйіскен жері Самарқанд қаласының маңайы еді. Ал Самарқандтың шы­ ғысында Ферғанамен екі ортада орналасқан Пенджикентте негізінен түркі материалдық мәдениетінің үлгілері басым болғаны мәлім. Әсіресе мұндағы табылған заттар Ферғана және Жетісу, яғни қарлықтар жайлаған жерлерге өте ұқсас екендігі археологиялық тұрғыдан дәлелденген. VIII ғасырдың ортасында жасалған Пенджикент теңгелерінің ішінде «Тиргюг» жазуының кездесуі бұл қаланың та­рихи тағдыр-талайы Ферғанамен бір болған деген тұжырымға әкеледі. Деректер бойынша VIII ғасыр ортасында Ферғана қарлықтардың чигил тайпасының көсемі Арслан Эль Тир­ гюг Бургучан Алп тарқан бектің иелігі болғаны мәлім. Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, Гардизидің тарихи аңызындағы Күр тегіннің ұйғыр қағаны тарапы­ нан Пянджикентке аластатылып, сол қалада билік құруы, қарлықтардың Ұйғыр қағанатынан дербестікке ұмтылу барысында олардың Ферғанамен, оның батысындағы Са­ марқандқа дейінгі жерді иеленуі, ал «Тиргюг» атында­ғы теңгемен бірге түркілердің материалдық мәдениеті үлгі­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ лерінің көптеп кездесуі бұл қалашықта қарлық билеушісі құрған орда болған деп қарастыруға негіз береді. Тарихи аңыздың соңғы, негізгі бөлігі Күр тегіннің (оғыз) тоғыз-оғыз қамалын алып, оның қағанын өлтіруі және орнына қаған болғанына арналады. Гардизидің хабар­ лауынша, 840 жылы қарлықтар қырғыздармен біріге оты­ рып, ұйғыр қағанын және оның маңайындағы 12 басшысын қолға түсіріп, өлтіреді [59,74]. Елді бұдан кейін өз қолына алған қарлық Илмалмасын жабғу-қаған атағын алды. Бұл 840 жылы Испиджабта өзін қағанмын деп жариялаған Білге Күл Қадыр хан еді. Гардизидің Күр тегін туралы аңызы Рашид әд-Дин ше­ жі­ресіндегі қарлықтардың «қарлық» атауын алу оқиға­ сын еске түсіреді. Мұнда қарлық этнонимі Гур таулы аймағымен байланыстырылады. Мұның өзі Гур облысын қарлықтардың алғашқы бір отаны ретінде көрсетеді. Бұны белгілі бір дәрежеде Гардизидің Күр тегін туралы аңызы­ ның бір нұсқасы деп тануға болады. Гардизидегі «Күр тегін» осы таулы аймақтың атынан алыну мүмкіндігі зор, өйткені қарлық этнонимінің түбірі «тау» мағынасын білдіретінін жоғарыда айтқан болатынбыз. Сондықтан Күр тегін қар­ лықтарға берілген аңыздық (халықтық) этимологияның көрінісі болмақ. Сонымен, Гардизидің келтірген Күр тегін туралы тари­ хи аңызы VIII-ІХ ғасырларда Орталық Азияда құрылған қарлықтардың саяси үстемдігінің орнағаны туралы жазба деректерді толық қуаттайды. Қарлықтардың Орталық Азияда үстемдікке қолы жет­ кеннен кейінгі олар құрған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси өмірі туралы деректер жоқтың қасы. Тек 940 жылы 8-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ қарлықтардың бір ірі орталығы Баласағұнның Қашғар жақтан келген түркі тілдес тайпалардың шапқыншылы­ғына ұшырағаны белгілі. Ал екі жылдан кейін Қарахан әулеті­ нің негізін салушы Сатук Боғра хан Баласағұнды қолына қа­ратты. Алайда бір шындығы, қарлықтар Баласағұннан айырылғанмен, Орталық Азиядағы саяси үстемдігін сақтап қалды. Қайта дәл сол кезеңде Қарахандар әулетін дүниеге әкел­ген қарлық конфедерациясы құрамындағы ірі тай­ палар өсіп-өніп күшеюі арқылы өзіндік атпен тарих сах­ насына шықты. Бір жағынан, жаңа ислам дінін қабылдау, екіншіден, шаруашылықта отырықшылыққа көшу қарлық қоғамын Қарахандар мемлекетінде көрініс берген күрделі саяси-әлеуметтік өзгерістерге бастады. Қарлық елінің орналасу географиясы. Қарлықтар­ дың Алтай мен Хангайдан Жетісу бойына, батысқа жылжуы­ ның себептерін ашу ғұндардың біздің заманымызға дейін бас­таған батысқа қарай миграциясы мен түріктердің X ға­ сырдағы соңғы миграциясының да түпкі сырларын ашуға мүмкіндік береді. Әдетте, тарихи әдебиеттерде ғұндар мен түріктердің ба­тысқа қарай ұлы көштерін олардың «варварлық», «со­ ғысқұмарлық» табиғатымен байланыстырып келді. Тек бұл жөнінде өзіндік көзқараспен баға берген белгілі ғалым Л.Н. Гумилев болды. Ол өзінің бірнеше жылдар бойы жарыққа шығартпай тастаған кітабында ұлы көштердің себептерін көшпелілердің шаруашылық мұқтаждығы тұр­ғысынан түсіндіруде ғылыми батыл дәлелдер ұсынды. Та­биғат факторларының көшпелілер шаруашылығына тигізген әсерінің зор болғандығын айта келіп, Л.Н. Гуми­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ лев: «... б.э.д. ІІІ ғасырдан б.э. XVIII ғасырына дейінгі аралықта даланың қуаңшылыққа ұшырауының үш кезеңін және олардың әрқайсысы да көшпелілердің «Ұлы дала» шетіне, тіпті оның сыртына кетуімен сәйкес келгенін байқаймыз. Бұл қоныс аударушылық жаулап алушылық сипат алған жоқ. Онша ірі емес топтармен жылжи отыра, оларда өздерінің аштыққа ұшырамай, малдарын аман сақтап қалудан басқа мақсаттары да болған жоқ», – деп жазады [64, 1979, 46]. Қарлықтардың да батысқа қарай жылжуының басты бір себебін осы табиғишаруашылық факторынан іздеу қажет. VІ-Х ғасырлардағы көшулер осы кезеңде болған қуаңшылықпен және ылғалды климатты іздеумен тікелей байланысты. Мысалы, VI ғасырдың аяқ кезінде Түрік қағанатында болған қуаңшылыққа байланысты көшпелілер «нан орны­ на сүйекті ұнтақтап» ас қылған еді. Осыдан кейін Түрік қағанаты бас құрап тұра алмай, 582-603 жылдары Шығыс пен Батыс болып екіге бөлініп кетті және батысқа қарай жорықтар жасады. Тарихта ірі мемлекеттердің осындай ішкі себептерден ыдырап кетуі одан кейін де талай рет орын алғаны мәлім. Алтын Орда империясының құлауында аштық, эпидемия, табиғи қолайсыз жағдайлар және осы­ дан барып өзара ішкі байланысы нашар шаруашылықтың күйзелуі негізгі себеп болмаса, қосалқы рөл атқарған жоқ. Қарлықтардың және оған туыс ру-тайпалардың (қалаш, тоғыз-оғыз тайпасы құрамындағы рулар) Жетісу мен Шығыс Түркістан жерлеріне «Ұлы көшін» түсіндіруге «Ер Төстік» тарихи аңызы көмектеседі. Жырда ол былай басталады: Ер Төстіктің әкесі Тоқпан байдың қора толы қойы болыпты. Жылдар өткен соң үлкен жұт болып, ел малын алысқа айдап кетіпті. Олармен бірге Тоқпанның

Сатай СЫЗДЫҚОВ сегіз ұлы да кеткен екен. Кемпір мен шал қыстық азығын алып, сол орнында қалады. Сегіз ұл сол кеткеннен хабар­ сыз кетеді. Ашығып, әлсіреген кемпір түндік ашып жүріп, шаңырақтың күлдіреу ішінде ілініп тұрған төсті тауып алып, асып жеп әлденеді. Кейін кемпір жүкті болып, бала туғанда оның атын төс жеген соң туды деп Төстік қойған. Ер Төстік мал басын аман сақтау үшін көшуге, алыс сапарға жол шегуге мәжбүр болған. Жырда сегіз аға деп айтылса да, ол шын мәнісінде сегіз рулы ел болуы ықтимал. Ал Ер Төстік сегіз ағасын алыс жерлерден іздеп тауып, кері қайтарында ағаларының жылқысын семіртіп құлындататын «Құланды» өлкесі Жетісуды меңзейтіні анық. Моңғол шапқыншылығы кезінде Жетісу қарлықтары Шағатай ұлысының ең көп бөлігін құрағаны белгілі. «Қарлық» және «қалушы» терминдері моңғолша «ат», «құлын» дегенді білдіреді. «Калу», «Калун» түрікше құлын мағынасында Ер Төстіктегі «Құланды» мен «құлын» сөзінің байланысы бар екендігі, екеуі де бір аймақта – Жетісуда, яғни Іле-Шу, Талас аңғарларында өткенін байқауға болады. Қашқарияның төменгі жағындағы қарлықтар «Кімсің? Қай рудансың?» деген сұраққа былай жауап береді екен [245, 41]: Атим кулон, Камчим илон, Утиришим чорбагиш, Еймишим пичга билан туш... Асли элим сурсанг, Чингизхонли каллыкман.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Атым – құлан, Қамшым – жылан, Малдас құрып отырам, Жейтінім – төс. Сұрасаң менің елімді, Шыңғыс ханның халқынан. (Аударған автор – С.С.) Осы келтірілген жолдардан қарлықтар елінің дәс­түр­ лі мәдени-шаруашылығының басты белгілерін кездесті­ руге болады. Мұндағы ерекше назар аударарлық нәрсе: «құлан» мен «төс». Малдың төсін қарлықтар өте құрметті қона­ғына асып беретін болған. «Ер Төстікте» кемпірдің бала көтеруіне осы төстің себепкер болуы және бала ту­ ған кезде сол төстің атымен аталуы аңыздың қарлықтар ішінде шыққанын меңзейді. Ал Ер Төстік ағаларының Құ­ лынды даласына кетіп, онда жылқыларын семіртуі және ол жерде биелерін құлындатуы да басты сюжеттердің бірі. Алтайдан кеткен қарлықтар Жетісу бойымен Талас өңірін мекендегенде Құлан Ұлы Жібек жолында жатқан, көркейген қала екен. Құлан атауының бір негізін қарлық жылқыларының тегінен де қарастыруға болады. Олар үй жылқысы мен даланың жабайы жылқысын будандастыру арқылы ерекше төзімді аттарды өсіре білген. Бұл себептен де қарлық қаласының «Құлан» болып аталуы әбден мүмкін. Сонымен, қарлықтардың батысқа қарай жылжуына көшпелілер даласында болып тұратын қуаңшылыққа және соған байланысты шаруашылықтың күйзелуі бірден-бір себеп болуы ықтимал. VIII ғасырдың басында Батыс және Шығыс Түрік қаға­ натындағы өзара қырқысу салдарынан қарлықтар біртін­деп

Сатай СЫЗДЫҚОВ Алтай мен Тарбағатайдан оңтүстік және оңтүстік-шығыс­қа қарай жылжыды. Бұлар Батыс Түрік қағанатының жері бо­ латын. Мұнда үстемдік етуші түргештерге қарсы қарлық­тар күрес бастайды. Қарлықтардың түргештерге алғашқы соқ­ қылары сәтсіз аяқталды. Қарлықтардың екі тайпасының одақтаса отырып жасаған 712 жылғы жорығы да нәтиже бермеді. Тек 750 жылға қарай түргештер ру-тайпалары­ ның арасындағы өзара қақтығыстар қарлықтардың Жетісу өлкесіне біртіндеп еніп, кіре бастауына мүмкіндік туғызды. 766 жылы түргештерді біржолата жеңумен қарлықтар­ дың Жетісу мен Сыр бойына тереңдей еніп, орналасуы басталды. Осы кезеңді суреттей отыра, Бұхара ғалымы Ауфи былай деп жазады: «Олардың отаны алтын өндіретін «Иун-С» (Алтай тауы) тауы етегінде болды. Халлухтар тоғыз-оғыздарға бағынышты болды, бірақ көтеріліске шығып Түркістан жеріне басып кірді, ал олардың кейбірі ислам еліне дейін барды» [35, 99-100]. Қарлықтар батысқа қарай жылжу жолында оғыздармен және сол кезде Қазақстанның батыс бөлігін жайлаған пе­ ченегтермен қақтығысуларына тура келді. Оның «көрі­ нісін», іздерін «Қорқыт ата кітабының» сюжеттерінен бай­ қауға болады. Кітаптағы жетінші аңызда жаңа кейіп­кер, уәзір – Қазылық Қожа. Оның мінетін атының өзі «қазылық» деп аталады. Кітаптың басқа аңыздарында «қазылық» сөзі жиі ұшы­ расып отырады. Бұл ретте «Қорқыт ата кітабындағы» Қазы­ лық тауы «Манаста» жиі кездесетінін және оғыздардың «р» әрпін «з»-мен ауыстырып айтатынын, яғни «қарлық» атауын «қазылық» деп айту мүмкіндігін еске алсақ, әлгі

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ жетінші аңыздың қарлықтармен тікелей байланысы барын байқаймыз. «Қорқыт ата» эпосындағы бір бөлім «Қазылық Қожаұлы Ер Жүгенекке» арналады. Оның қысқаша сюжеті мына­ дай. «Байандүр ханның мәжілісінде көп бектердің ішінен уәзірі Қазылық Қожа жорыққа шығуға рұқсат алып, Қара теңіз жағасындағы Дөңмер (Дүзмұрт) қамалына шабуыл жасай­ ды. Бірақ оны ала алмай Қазылық Қожа тұтқынға түседі. Ал оның үйінде бір жасар ұлы Жүгенек қалған. Жүгенек он бес жасқа толғанда ойнап жүріп бір баламен ерегесіп қалады. Ол бала: «Маған күш көрсеткенше тұтқындағы әкеңді босатып алмайсың ба?» – дейді. Мұны естіген Жүгенек ханға барып, әкесін тұтқыннан босату үшін жорыққа рұқсат сұрайды. Хан 24 батырын қосып беріп аттандырады. Аттанар алдында бала түс көреді. Оны жақсыға жориды. Алладан ақ бата сұрап, оң сапар тілеп аттанады. Жау қамалына келіп әуелі 24 батырын дәуге қарсы бір-бірлеп жібереді. Бірақ олар дәуді жеңе алмайды. Ақырында Алладан жәрдем тілеп, Жүгенек өзі жауды жеңіп, әкесін босатады. Сөйтіп, дегеніне жетеді» [82, 602]. Бұдан бірден көзге түсетін нәрсе – 24 саны. Олар Оғыз ханның батырлары болып саналады. Неге тек 24 батыр? Бұл сұраққа жауап беру үшін түркі тілдес халықтар эпо­ сында әдетте жиі кездесетін сандарды еске түсірейік. Ең жиі кездесетін киелі сандар алты, жеті, тоғыз, қырық, тоқсан, т.с.с. Бірақ 24 кездеспейді. Бұл сан тек «Қорқыт ата кітабында», «Оғызнамада» кездеседі. Махмұд Қаш­ ғари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Олардың рулары мен тайпалары, әдетте, ірі ру-тайпалық бірлестік құрған. Түркі халықтарының тілінде мұндай ірі бірлестік «ел» деп аталған. Бұл жерде 24 саны осы

Сатай СЫЗДЫҚОВ оғыздар елінің 24 тайпаға бөлініп, өздерінің жауы пече­ негтерге қарсы күрес­ке қатысқанын көрсетеді. Ал Қазылық Қожаұлы Жүгенек­тің бастап баруы бұл соғысқа оғыздар жағында қарлықтардың болғанын білдіреді. Бұл жөнінде әл-Масудидің жазба деректерінен мәліметтер алуға бо­ лады. Онда печенегтердің ру-тайпа бірлестігіне қарсы оғыз-қарлық-қимақ одағының құрылып, араларында қақтығыстар болғаны айтылады. К. Багрянородный печенегтер әуел баста Ателде (Еділде), сондай-ақ Гемх (Жайық) өзенінде тұрды, олардың көрші­ лері мажарлар (венгрлер) және ұздар болды. Мұнан елу жыл бұрын ұздар хазарлармен соғысты да, печенегтерді жеңіп, оларды өз елінен қуып шықты. Содан бері, міне, осы күнге дейін оны ұздар дейтіндер иемденді деп жазды. Сон­ да печенегтер мен оғыздар арасындағы шайқастар IX ға­сыр­дың аяғында болғаны айқындалады. Мауереннахр ше­ка­расына жеткен оғыздардың көсемдері қарлықтармен және ки­ мектермен одақтаса отырып, Сырдария аңғары мен Арал маңында тұратын печенегтерді (бажна), мукардтарды және бажгардтарды талқандады. Бұл тарихи оқиғалар 893 неме­ се 898 жыл шамасында болды. Сонымен, қарлықтардың оғыздар мен кимектер болып бірігіп, печенегтерге қарсы саяси одақ құрып күресуін «Қорқыт ата кітабының» сюжеттерінен байқай аламыз. Жырда Жүгенек – Қазылық Қожа баласы. Бұл жер­ де Қа­зылыққа «қожа» атауының қосылуы оқиғаның ис­ лам діні қарлықтарға енгеннен кейін болғанын көрсетеді. Яғни Қазылық Қожаұлы Ер Жүгенекке арналған аңыздың сілем­дері оғыздар мен қарлықтар Сыр бойында көршілес отырған исламның кіре бастаған кезінде және қарлықтар­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ дың Жетісу мен қазіргі Оңтүстік Қазақстанда күш алып, ірі тайпалық одақ болып, мемлекетке айналып келе жатқан мезгілінде туса керек. Сондықтан басқа жазба деректер өте тапшы болып тұрғанда «Қорқыт ата кітабының» бұл сюжеті оғыз-қарлық қатынасын көрсететін маңызды құнды дерек деп айта аламыз. Қарлықтар елінің алып жатқан жер аумағы орасан зор болды. Ортағасырлық деректерде саяхатшылар қарлық жерімен жиырма бес-отыз күн жүрулеріне тура келетінін айтып жазады [237, 390]. Қарлықтардың негізгі тобы өзінің туыстас руларымен бірге (шігіл, халаж) солтүстікте Іле алабымен, оңтүстікте Сырдария өзенімен, батыста Испиджабпен шектесіп, шы­ ғыста Ферғана жазығына дейінгі аумақты алып жатты. Ал түргештер бірлестігі VIII ғасырдың 60 жылдарына дейін Жетісуда билік құрды. Кейін бұл өңірде саяси үстемдік қарлықтар қолына көшкен соң олар түргештердің негізгі ру-тайпалары қарлықтармен араласып, сіңісіп кетті. Ал кейбір бөліктері Сыр бойынан әрі қарай Мауереннахрға және Дешті Қыпшақ даласына өтті. Қарлықтардың және оларға тәуелді ру-тайпалардың географиялық орналасуын анықтағанда көшпелі шаруашы­ лығы басым елдегі топонимикалық атаулар үлкен рөл атқарады. Көшпелі халық мал жайылымына, қыстайтын жерлеріне, өзен-суға ру-тайпалардың және өздерінің ат­ тарын қойып отырған. Көп ретте жайылымды бөлу және маусымдық көшу тайпа, ру көсемдерінің басшылығымен ұйымдасқан түрде жүзеге асырылып отырылды. Бұл құ­ қықтық актіні ізінше пайда болған генетопоним тіркеп отырды. Рулардың бөлініп бытыраған кезінде шекара

Сатай СЫЗДЫҚОВ қандайда бір болсын табиғи белгілер арқылы қалыптасты. Сондықтан ескіден «Шекара не өзен болар, не кезең болар» де­ ген сөз қалған. Бір айта кететін жайт, көптеген зерттеу еңбектерінде көшпелілер қоғамына тән құбылыс жаз жайлауы мен қыс қыстауы ру-тайпалық бірлестіктердің орналасу геогра­ фиясын анықтағанда толық ескерілмейді. Мұндай кем­ шілік қарлықтар зерттеулерінде де орын алған. Бұл, әсіресе көшпелі қарлықтардың және «жабғудың» қол астындағы ру-тайпалардың жазғы жайылым жерлерін анықтағанда байқалады. Әуелгі орта ғасырда Талас пен Сырдарияның төменгі ағысынан солтүстік-шығысқа екі жол шығып, Ертістің сол­ түстігіне қарай кимектер тұратын облысқа дейін барған. Туманский қолжазбасында кимектер жағында қыр­ғыздар­ дың әдет-ғұрпына ұқсас Қарқара хан (немесе Қар­қарахан) елінің бар екендігі көрсетіледі. «Қарқара хан» делінген «Худуд әл-аламда», кимектердің басқа ауданы, олардың әдет-ғұрыптары қырғыздарға біршама ұқсас, Минорский бұл жерді Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 350 шақырым қашықтықтағы Қарқаралымен салыс­тырады. «Манас» эпосы бойынша батырдың әлеуметтік тірші­ лігі көбінесе Талас, Мерке, Құлан қалаларының тө­ңіре­ гінде өтеді. Алыс жерде жаумен соғысып шаршаған Манас батыр Талас өзенінің бойына келіп, тыныс алып қызықты дәурен сүреді. «...Халықтың аңызы бойынша, ең ақырғы соғыста өлген Манастың тәнін де Таласқа әкеліп қояды», – дейді Әлкей Марғұлан [23, 1985, 270]. Аталған жерлер толығымен қарлықтар иеліктеріне кіретіндіктен бұл оқиғалар қарлық елі құрамындағы ру-тайпалар өмі­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ рінде орын алған оқиғалар болып табылады. Бұдан біз Та­ лас өңірінің Сарыарқамен саяси-шаруашылық байланыс орнатқанын көреміз. Қарлықтардың кимектермен және оғыздармен жаздық жайылымды немесе қыстаулық мекендерді ортақ пайда­ лануы шындыққа сай келеді. Әсіресе мұндай жағдай пече­ негтерге қарсы оғыз-қарлық-кимек одағы құрылған кезде мүмкін еді. «Худуд әл-алам» шығармасында оғыздар мен кимектер арасындағы қатынастарға байланысты: «Олар­ дың арасында келісім, бейбітшілік болған жағдайда олар қыс­ та оғыздарға көшіп кетеді», – делінген [211, 99]. Тарихигеографиялық мәліметтер қарлықтар мен оғыздар ТаразИспиджаб және Фараб аралығын бірлесіп мекендеген деп шамалауға мүмкіндік береді. Ендеше жазғы жайылым кездерінде оғыз, кимек және қарлықтар көршілес болып, Сарыарқаны жайлауы да шындыққа жанасады. Қарлықтардың үлкен облысы Арғу елі болды. Арғу елі, Махмұд Қашғаридің жазғаны бойынша, Жетісудың ба­ тысында, яғни Испиджаб, Тараз, Баласағұнда және олардың аралықтарын мекендеген ру-тайпаларды біріктірген. ӘлИдрисидің картасында Арғу елінен оңтүстік-шығысқа қарай үлкен таулар сілемі Жабраунды (Чаграоз) көреміз. Бұл тау қазіргі Тянь-Шань тауларымен сәйкестендіріледі. Тараздың оңтүстігінде Қасрабас аймағындағы қарлықтардың бір тай­ пасы халаждар мекендеген. Әл-Идрисидің картасында Сам­ рики елді мекені түсірілген және онда ол қарлықтар жері деп көрсетіледі. Тараздан шығысқа қарай Құлан, Мерке қалаларында, сондай-ақ Орда қалашығында да қарлықтар тұрған және Испиджаб өңіріне тәуелді болған. Қарлықтар жерінің бір облысы Кенжек болып табы­ лады. Ол әл-Идриси картасы бойынша Испиджабтың

Сатай СЫЗДЫҚОВ солтүстік-батысы мен Төменгі Барсханның солтүстігінде Субани­кент Кенжек округінің орталық қаласы бола тұрып, Испиджабтан екі күндік жерде орналасқан. Бұл жерлер ежелгі иран эпосы «Шахнамада» Тұран елінің мекенімен шектеседі. Махмұд Қашғари қыпшақтар қарлықтармен іргелес оты­ рып, оңтүстігінде Таразға дейін келіп, өздерінің КенжекСеңгір деп аталатын бекінісін салғанын айтады. Олардың Испиджаб пен Тараз арасындағы, Арғу елі құрамында болған қарлықтармен шектесетінін Марвази деректерде қуаттайды. Сондықтан қарлықтар мен қыпшақтардың бірбірімен көршілес тұрғандарына күмән келтіруге болмай­ ды. Әл-Идрисидің картасы бойынша қарлықтар X ғасырда Аралдың солтүстік және солтүстік-батысында, Ембі, Ойыл, Ор өзендерінің бойында, Мұзғар тауларының етегінде ме­ кен еткен. Гаргуз көлі туралы әл-Идриси: «Бұл – үлкен көл, аумағы 400 миль ... онда балық көп ... сондағы халықтың негізгі тамағы ... онда хангакиштерге қарайтын жайылым және құнар­ лы жер көп. Бұлар ылғи жандарынан қаруларын тастамай­ тын, өздерімен көрші түркілермен өте сақ тұратын, ержүрек ғұздар», – деп айтады [19, 106 а]. Бұл жерде қарлықтардың орналасуын олардың оғыздармен көршілес тұрып, тіпті печенегтерге қарсы соғыста жеңіске жетудің нәтижесі деп түсінуге болады. Әл-Масуди Сырдария жазығы мен Арал маңындағы далаларда оғыз-қарлық-кимек бірлестіктері мен печенег тайпаларының арасында болған қақтығыстарға қысқаша тоқталады. Бұл жанжал алдыңғы бірлестіктің жеңісімен аяқталады. Сондықтан қарлықтар бұл жерлерде де мекен етті деуге негіз бар. Қарлықтардың орналасуы жөнінде құнды деректер әлИстахридың «Әлем картасында» да бар. Оны пайдаланғанда

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ негізінен екі топографиялық объектіге сүйенуіміз қажет. Оның бірі – Каспий теңізімен сәйкестендірілетін Хазар теңізі (Бахрам ал-Хазар). Оған солтүстіктен Итиль (Еділ) өзенінің құюы қазіргі шындықпен сәйкеседі. Ал екінші бір тірек болатын объект – Хазар теңізінен шығысқа қарай ор­ наласып, қазіргі Аралға сәйкестендірілетін Хорезм (Бухай­ рат ал-Хаварзан) көлі болып табылады. «Әлем картасында» IX ғасырдың екінші жартысы мен X ғасырдың бірінші жартысында Итильден шығысқа қа­рай саяси билігі жүріп тұрған, қарлықтармен бірге түркілер­дің бес тайпасы көрсетілген. Осыған байланысты ортағасыр­ лық бір деректе: «Мұндағы барлық түркілердің, яғни тоғызоғыз, қырғыз, кимек, оғыздар мен қарлықтардың тілдері бір және әрқайсысы бірін-бірі түсінеді», – [138, 16] делінген. Со­ нымен қатар әл-Истахри түркі тайпаларының бір-бірінен өзгешеліктерін де жазады. Бұл өзгешелік ең әуелі олардың тұрақ-мекендеріне қа­ тысты, «Әлем картасында» Мауереннахрдың солтүстігі мен солтүстік-шығысында қарлық елі (ал-харлухия) көрсетіл­ ген. Қарлықтардан батысқа қарай картада оғыздар атала­ ды. Сөйтіп, әл-Истахри картасы бойынша да облыстармен қарлықтардың шекарасы Испиджаб облысы арқылы өтеді. «Мауереннахрдың барлық шекараларында, – деп жазады араб ғалымы, – Хорезмнен Испиджабқа дейін оғыз түркілерімен соғыс жүріп жатады» [51, 51]. X ғасырда қарлықтар Шыршық, Ангрен және Келес да­ лаларында Шатқал мен Өгем жоталарының етегінде оғыз­ дармен араласып тұрды. Мұндағы тайпалар исламды қа­ был­дағаннан кейін Шаш және Испиджаб облыстарын­дағы қа­лалық және далалық мекендерде тұрып қалды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Қарлықтардың біраз бөлігі IX ғасырдың бас кезінде Фа­ раб маңайына келіп орналасты. Ортағасырлық жазба де­ ректерде Фарабта, Сүткентте, Шаш қалаларында және олардың аралықтарында қарлықтардың көшіп-қонып жүр­ гендері айтылады. Қарлықтардың оңтүстік-батыс шекарасы Испиджаб, Ферғана арқылы өтетінін олардың саманидтермен ара­ дағы соғыс қимылдарынан да білуге болады. Әл-Истахри саманидтердің Испиджабтан Ферғананың ең шалғай жер­ леріне дейін қарлық-түріктерімен қақтығысып тұраты­нын хабарлайды [16, 178]. Әл-Истахридің «Сурат әл-ард» картасы бойынша тоғызоғыздар мен қарлықтардың шекарасы шығыста және солтүстік-шығыста шектеседі. Тоғыз-оғыздар Ішкі Азия­ да өздерін 840 жылы енисейлік қырғыздар талқандағанға дейін көне түркілердің Моңғолияда мұрагері болып қал­ ған күшті этно-саяси бірлестік болатын. Бұл жеңілістен соң тоғыз-оғыздардың конфедера­ция­ сы­­ның негізгі бөлігі, орталығы Тұрфан болған Шығыс Түркістанда орналасқан еді. Әл-Истахри заманында Ыстық­ көлден шығысқа және солтүстік-шығысқа қарай қарлық жерлері осы тоғыз-оғыздармен шектесті. X ғасырдағы әл-Истахридың замандасы Кудама ибн Жафардың мәліметі бойынша, Тараздан оңтүстікке қарай 5 фарсах қашықтықта қарлықтар қыстайтын мекеннің бар екендігі айтылады. Кудама ибн Жафар Тараз бен Құлан ара­ сында солтүстікке қарай құм, құмнан әрі жыландары көп шөлейт, ал одан әрі кимектерге дейін 2 фарсах екендігін ха­ барлайды. Тараз бен Құланнан солтүстікте жатқан құм мен шөлейттің Мойынқұм мен Бетпақдала еқендігі күмәнсіз.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Қарлық қаласы Тараздан Ертістегі кимектерге, солтүстік­ ке баратын 80 күндік сауда жолы осы аталған жерлерден өтеді. Сөйтіп, әл-Истахри мен Кудама ибн Жафардың ха­ барлары Мойынқұм мен Бетпақдаланың қарлықтар мен кимектердің шектесетін жерлері болғандығын анықтауға мүмкіндік береді. Қарлық-кимек арасын тағы бір бөліп тұрған табиғи шектер: Балқаш көлі мен солтүстік-шығыс Жетісудағы Алакөлден батысқа қарайғы жерлер. «Әлем картасының» бір өзгешелігі және біз қарастырып отырған мәселеге байланысты құндылығы сол, оның қарлықтардың бір бөлігі болып саналатын шігілдерді қарлықтардан бөліп алып, жеке қарастыруы шігіл этникалық қоғамдастығының саяси дәрежесінің артуын баяндайтын араб және парсы шығармаларын қуаттай түседі. Картографиялық мате­риал шігіл бөлігінің өзіндік жекеленушілік пен бөлектенуші­ лікке ұмтылысын байқатады. Алайда мұсылмандық жаз­ба деректер көрсеткендей, шігілдердің тәуелсіз болуға тал­ пынысы жүзеге аспады. Олар қарлық жабғуының саяси үстемдігі жағдайында қала берді. ІХ-Х ғасырларда шігілдер Ыстықкөл маңайы мен Тянь-Шаньның орталық бөлігінде орналасты. Гардизидің мәліметі бойынша, шігіл билеушісі тексин Яр қалашығында тұрды. Ал Ярға жақын Тон қаласы болды. Тон қаласы мен Барсхан арасында, Ыстықкөлдің оңтүстігінде шігіл көшпелілері орналасты. Араб саяхатшы­ сы Тамим ибн Бахр Барсхан облысын суреттей келе, оның төрт үлкен және төрт кіші қаладан тұратынын, сондай-ақ олардың ірі әскери күш жасақтап шығара алатындарын хабарлайды. Шу жазығындағы қар­лық ордабасы Суябтан Барсханға дейін түркі поштасы үш күнде, ал сауда керуені он бес күнде өтетіні де айтылады. Ыстықкөлдің бүкіл

Сатай СЫЗДЫҚОВ жағалауын шігілдер алып жатыр деп хабарлайды «Худуд әл-Алам». Бұл шығарманың белгісіз авторы Ыстықкөл­ дің солтүстік жағасында Сикуль сауда қаласын (Ыстықкөл атымен сәйкес келеді) атап, оның шігіл билеушілерінің иеліктері екенін мәлімдейді. Сонымен, қарлықтардың Қарахан әулеті билік құрғанға дейінгі мекендеген жерінің аумағы батысында Сыр бойы­ мен, солтүстік-батысында Арал мен оның солтүстік жаға­ лауында оғыздармен көршілес бола отырып, солтүстік және солтүстік-шығысында Сарыарқа мен Ертіске қарай қыпшақ-кимек тайпаларымен, ал оңтүстік пен оңтүстікшығыста тибеттіктермен және тоғыз-оғыздармен шектесті. 2.2. Қарлық қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы және шаруашылығы

Қалыптасқан тарихи және географиялық жағдайларға байланысты қарлықтар Қазақстан мен Орта Азияның тер­риториясында орналасқан түріктердің ішіндегі оты­ рық­шылдыққа ерте бой ұрған тайпалық бірлестік бол­ ды. Мұның себебі қарлықтардың оңтүстік, оңтүстік-ба­ тыстағы және де өздерінің ішіндегі отырықшылдықпен, егіншілікпен және саудамен айналысқан соғды иеліктері­­ мен тығыз байланыста болғандығынан еді. Қарлықтар жоғары отырықшылдық мәдениеті бар соғдылармен шаруашы­лық кооперациясына тартылып, нәтижесінде түрлі этникалық белгілі бір шаруашылық түріне маман­ данды. Бұған бірден-бір мүмкіндік туғызған Ұлы Жібек жолы еді. Сауда жолдарының осы қарлықтар мекені мен

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Соғды иеліктерінің үстімен өтуі олардың маманданған шаруашылықтарынан түскен өнімді бір-бірімен оңай айыр­ бастап немесе сатып алуына қолайлы жағдай жасады. Ғылыми әдебиеттерде дәлелденгендей, шаруашылық са­ласы бойынша мамандану мен сауданың қарқынды дамуы еңбек өндірісінің төмен болуына қарамастан алға баса берді. Қарлықтар қоғамында шаруашылықтардың бірнеше ти­пі қалыптасты. Олар көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылдық болып бөлінеді. Егер де сол қарастырып отыр­ған кезеңде қыпшақтар мен оғыздарда негізінен көш­ пелі шаруашылық басым болса, қарлықтарда негізінен жар­ тылай көшпелілік орын алды. Мұның себебін қарлықтар­ дың орналасу, тарихи, географиялық ерекшеліктерінен іздес­тіру қажет. Олар, бір жағынан, көшпелі мал шаруашы­ лығы басым оғыздар, қыпшақтар, қимақтармен шекаралас болса, ал екінші жағынан, отырықшылдықпен, егіншілік­пен жиі айналысқан соғдылармен қатар орналасты. Сонымен қатар қарлықтар территориясында қалалардың көп болуы, Ұлы Жібек жолының да үстілерінен өтуі олардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше әсер етті. VІІІ-Х ғасырлардағы Жетісу өңіріндегі археология­лық қазба жұмыстарының нәтижелері жоғарыда айтылған тұ­ жырымдардың дұрыс екенін көрсетеді. Қарлық кезіне жататын Баба ата мекенінде шаруашылық негізінен мал бағу болғанымен, егістік дақылдарының қалдығы мен темір орақ және қарбыз бен қауын дәндерінің сақталуы – отырықшылық-егіншіліктің қатар дамығанының дәлелі. Академик Ә. Марғұлан VІІІ-Х ғасырларда Іленің төменгі ағысы, Қаратал жазығы мен Көксуда отырықшы және 9-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ жартылай отырықшылдық жағдайда өмір сүрген түркі жұртының мекендегенін айтады. Мұның өзі отырықшы шаруашылықпен айналысушылар тек қалада, қала ма­ ңында ғана емес, сонымен қатар далалық аймақтарда көшпелілермен көршілес орналасқанын айғақтайды. Іле жазығында мал шаруашылығы «тік көшпелі» (вер­ тикальды) болды. Онда далалық қыстау мен таулы жайлау аралығындағы көшіп-қону 200 шақырымнан аспайтын. Мұндай шаруашылықтың тағы бір ерекшелігі сол, олар көктемгі және күзгі жайылымдарда ұзақ уақыт бір жерде, көбінесе тау етегінде тұрып қалатын. Елді мекендердің осындай жерлерде, тау етектерінде көптеп табылуы осы шаруашылық түрінің дамуымен түсіндіріледі. Көшпелілер мен жартылай көшпелілердің белгілі бір топтары әр­ түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға байланысты отырықшылдыққа ауысып отырды. Оның негізгі себептері: таптық жіктелудің күшеюі, соғыстар, малдың қырылуы, жайылымның жетіспеуі, т.б. болды. Отырықшылдыққа көшудің бір маңызды себебі түркі­ лердің арабтар әкелген исламды қабылдауы еді. Бұл дін­ ді қабылдаған түркілер «гази», яғни дінді қорғаушы және уағыздаушы болып, жергілікті халықпен араласып, отырықшылдыққа көшкен. Мұндай жағдай қарлықтар кезеңінде Шаш пен Испиджаб облыстарында жиі болып отырған. Қытай деректеріндегі пайымдауларға қарағанда, түркі рулары малдарын қыста Сырдария, Шу, Талас өзендері­ нің бойында ұстап, жазда Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері ара­ лықтарын жайлап, Орал тауы мен Обь өзеніне дейін бар­ ған. Бұл дәстүр қазақтарда тіпті XVIII ғасырдың ортасына

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ дейін сақталып келді. Ортағасырлық араб жазушысы ибн Асирдің айтуынша, тайпаларының жаз салқын жерде, ал қысқа қарай жылы жерлерде (Сыр бойы, Шу маңын, Талас) қоныстап жүріп, 960 жылдары ислам дінін қабылдай бастайды. Мұны қытай деректері де растайды. Ертеде Қарқаралы өңірінің қарлықтары мекендегенін қытай деректерінен білеміз деп жоғарыда айтқан бола­ тынбыз. Ал халықтың ауыз әдебиетінде: Қарқаралы – қазылық, Жататұғын жазылып, – деп айтылады [24, 1985, 217]. Қарлықты кейде қазылық деп атауы ертеден белгілі. Қарқаралы тауы Қазылық деп те аталады. Қазылық «Манас» эпопеясында жиі аталады. Атақты түркітанушы ғалымдар «Қазылық» тауының қазақ жерінде екенін айтады. Ендеше көшпелі қарлықтардың жаз мекені Қарқаралы – Қазылық таулары болған. Көшпелі қарлықтардың негізгі кәсібі мал шаруашылы­ ғы болып табылады. Олар қой, жылқы, ешкі, сиыр және түйе өсірді. Ірі құйрықты қойлар мен төзімді, жүрдек жылқы өсіру мал шаруашылығында ерекше орын алды. Әсіресе жылқы еті мен оның сүтінен қымыз ашытып ішу түріктердің сүйіп айналысатын дәстүрлі ісіне айналды. Қарлықтардың жылқы өсіру шаруашылығының өзін­дік ерекшелігі болған. XIII ғасырда түрік-қарлықтарда аласа бойлы, кең арқалы, жіңішке тірсекті тегі аралас жылқы кеңінен тараған. Мұндай шабысқа жылдам, төзімді, әрі онша көп күтімді қажет етпейтін, аласа бойлы, жартылай жабайы аттарды түріктер ерте кезден үй жылқыларын тау­

Сатай СЫЗДЫҚОВ лы далаларға жіберіп, жабайы жылқылармен будандасты­ ру арқылы алғаны мәлім. Кейбір көрші елдер (мысалы, араб­тар) осындай жылқыларды алдыру үшін қарлықтарға арнаулы экспедиция жабдықтап жіберіп отырған. Мұндай жылқылардың қаңқасы қарлықтар мекендерін­ де көптеп кездесетінін қазба жұмыстары анықтады. Қарлық жылқылары жергілікті табиғат жағдайы мен көшпелі жайылымға таптырмайтын аттар болды. Сонымен бірге олардың етті және сүтті болып келуі де тағам ретінде жиі пайдалануға мүмкіндік берді. Төзімділігінің арқасында оны­мен аңға шығуға, алыс жорыққа аттануға қолайлы бол­ ды. Түркі тілдес халықтардың эпостық мұраларында да жо­ ғарыда айтылған аттар кеңінен орын алды. Мысалы, «Ма­ наста» кездесетін «алабас жорға шұбар ат», «Қорқыт ата кітабындағы» «сайрап жүрген қазылық атына мінгейсің», Ә. Науаидегі «атының сұлулығы сұрша құстай» деген жол­ дар бұл аттардың қаншалықты елге танымал және мадаққа ие болғанын көрсетеді. Осылардың ішіндегі ерекше көрі­ нетіні – «қазылық» аты. Халық аңыз-жырларында бұл аттар жиі кездеседі. Ал егер қазылық бір кездегі қарлық синонимі болса, онда қарлықтардың аты екені даусыз болып шығады. Қой өсіру мал шаруашылығының негізгі саласы болды. Түркілердің қойлары ірі, семіз болып келетіні ортағасыр­ лық жазба деректерде айтылады. Ибн әл-Факих қойлардың құйрығы жерге салбырап тұратынын жазады [89, 168]. Қарлықтардың күнделікті өмірінде қой етінен жасал­ ған тағам негізгі тамағы болды. Сонымен қатар оның жүні, майы әртүрлі қажеттілікке – киіз басуға, киім тігіп киюге, ауруға қарсы ем ретінде қолданылды. Қой малынан алынған

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ шикізат өнімі базарға өткізілді. Сауда үшін, әсіресе түрлі түсті қозы терісі мен жүнінің түрлері өте құнды болғаны ертедегі деректерден белгілі. Қарлықтарда түйе өсіру үй-тұрмыстық қажет үшін жа­ рады. Түйелер өте жай көбейді және олар үшін өте ыстық климат қажет болды. Сондықтан түйе өсіру Сыр бойы мен оңтүстік-батыста оғыздармен көршілес тұрған қарлықтар­ да орын алды деуге негіз бар. Бірақ қарлықтар түйенің етін тағам ретінде пайдаланбаған. Мал шаруашылығының негізі ет-сүт өнімдерін және жүн мен түбіт дайындау болды. Жүн киізден жасалатын бұйым­ дар мен киім, кілем тоқуға, т.б. дайындауға пайдаланыл­ ды. Мал өнімдері тек қарлық елінің ішкі қажеттілігі мен сұранысын ғана қанағаттандырмай, сонымен бірге сыртқы, отырықшылдықпен айналысатын көрші елдер­ мен сауда қатынасында да маңызды рөл атқарды. «Қойлар Хорасанға халаждардың, ал ет Мауереннахрға оғыздар мен қарлықтардан қажетті мөлшерден де артық әкелінетінін» ортағасырлық араб деректері хабарлайды. Қарлықтар аң аулау кәсібімен шұғылданған. Олар, әсіресе қымбат терілі аңдарды: құндыз, сусар, бұлғын, тиін, тіпті барыс, жолбарыс аулаған. Ол туралы да ортағасырлық нарративті деректерде көп айтылады. Аң аулау кәсібі тек шаруашылық пен күнделікті тұрмыс қажетіне сай маңызы болып қана қоймай, соғысқа жаттығу ретінде әскери істе де маңызды болғанын айта кету керек. Оны біз «Қорқыт ата кітабында» Қазанбектің өзінің баласы Оразды соғыс өнеріне үйрету үшін аңға алып шыққанынан байқаймыз. IX ғасырда Иакуби барлық түркілердің көбінесе жабайы құсты жейтінін айтады. Осы ғасырда түріктердің жабайы

Сатай СЫЗДЫҚОВ құстарды қалай аулайтынын әл-Жахиз баяндайды. Түрік­ тер, оның айтуы бойынша, жаугершілік заманда да жабайы құсты аулауды кәсіп етеді. Өздерімен бірге құлынды биені ала жүреді. Егер аң аулау сәті түспесе, бие қымызымен су­ сындап, жылқыны сояды. Түріктер ат үстінде жүріп, аңды қуады, қандай құсты болса да атады; түріктер жабайы құс­ тың еті болмаса, басқа тамақпен қанағаттанбайды [131, I, 230-235]. Аңға шығу, аң аулау кәсібі сол кездегі халық эпосында жиі кездеседі. Мұны Ә. Марғұлан «Манас» пен «Қорқыт ата кітабын» салыстыра отырып, сәтті келтірген. «Қорқыт ата кітабында»: Жата-жата жан ауырды, Отыра-отыра тән ауырды. Кел, бектерім, тұралық, Аңға шығып қызық көрелік. «Манас» эпосында осыған ұқсас жолдар бар: Ат семіріп күз болды, Ер семіріп тұз болды, Аттаналық, жорталық [23, 1971, 110]. Әйтсе де, аң аулау шаруашылығы негізгі шаруашылық түріне жатпай, тек қосалқы ғана рөл атқарды. Өзен-көл­ дердің жағалауларында қарлықтар балық аулау кәсібімен шұғылданған. Қаған тұратын Хайкам бекінісінің айнала­ сын қоршаған суда балықтың көп болатынын және оны жергілікті тұрғындардың аулайтынын, сонымен қатар Бал­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ қаштың оңтүстігінде тұратын түрік мекендерінде халық­ тың негізгі азығы балық болғанын әл-Идриси хабарлайды. Балық аулау кәсібі, әсіресе кедей отбасылар үшін маңызы зор болды. Қорыта келгенде, қарлықтар тұсындағы бұл тарихигеографиялық континумді тек қана екі шаруашылық-мә­ дени типтің: егіншілікпен айналысушы отырықшылдар мен мал шаруашылығымен айналысушы көшпелілер ара­ сындағы қатынас деп қана қоймай, басқа да шаруашылық типтердің өтпелі формаларын ұштастырған күрделі про­ цестер деп санау қажет. Бір сөзбен айтқанда, қарлықтар қоғамында ол кезде жартылай отырықшы, көшпелі, мал егін, аң және балық аулау сияқты шаруашылық типтері қалыптасты. Мұндай аралас, көшпелі шаруашылықтар типінің өзіндік озық, ұтымды жақтары көп болды. Жар­ тылай көшпелі шаруашылықта бола тұрып, қарлықтар таза отырықшылдықтағы елге қарағанда табиғи ортаның төтенше жағдайларына сәйкес жетілген, мәдени тұрғыдан бейімделген жүйені қалыптастыра алды. Бір жағынан климаттық аридизацияға ұшырау кезінде ирригациялық егін шаруашылығы тоқырауда тұрса, мұндай қиын жағдайда көшпелі мал шаруашылығы мен басқа да шаруашылық түрлері (аң, балық аулау, т.б.) табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Көшпелі қарлықтар шаруашылығында қолөнер ерек­ ше орын алды. Алайда зерттеу еңбектерінде көшпелі түркі халықтары тарихындағы қолөнердің даму мәселесі толық өз шешімін тапқан жоқ. Қолөнердің бұл қоғамда жеке сала болып қалыптасуын ғалымдар көбінесе көшпелілер шаруашылығының отырықшылдыққа қарағанда артта

Сатай СЫЗДЫҚОВ қалғандығынан деп немесе тек Маркстің айтқан ілімі бо­ йынша ғана дәлелдеуге тырысады. Әрине, көшпелі мал шаруашылығымен айналысушылар қысы-жазы малды бағып күтумен уақыттары болмағандықтан қолөнермен шұғылдану мүмкіндігі аз еді. Бірақ қолөнердің жеке сала ретінде толық бөлініп шыға алмауын біз көшпелілердің отырықшылдармен өзара тығыз байланысынан іздеуіміз керек. Қандай да болсын көшпелілердің өткендегісін алып қарасақ, олар ылғи да отырықшылдықпен, егіншілікпен айналысушылармен көрші отырып немесе олардың ара­ сында мекен етіп, сауда-саттық байланыста болған. Ұлы Жібек жолы да осының бұлтартпас айғағы, яғни көш­ пелілер үшін қолөнер бұйымдарын отырықшы елден алу тиімді болды. Өйткені, мал өнімдерін отырықшы елге өткізе отырып, олар керекті еңбек құралдарын, тұрмысмәдениет жабдықтары мен басқа да бұйымдарды оп-оңай айырбастап алып отырды. Бұл жағдай Жетісуда қарлықтар үстемдігі кезеңінде өзінің тиімділігімен айқын көрінді. Жетісуда мекендеген Соғды қалаларын қарлықтардың қоршай орналасуы дәстүрге айналған еді. Ертеден жер, егіншілік мәдениетімен айналысушы соғдылар түркі елі үшін қолөнер бұйымдарымен толық қамтамасыз ете ала­ тын бейбіт көрші болып шықты. Қолөнердің жеке сала болып бөлініп шықпауының екін­ші бір себебі: көшпелілердің мал шаруашылығының теxникалық жетілдіруді өте аз қажет етуінде. Бұл шаруа­ шылық өте-мөте табиғатпен тікелей байланысты, сол экологиялық жағдаймен үндес, табиғат пен адамның ең бір үйлесімді іс-әрекеті болып табылады. Егер де отырықшы, егіншілікпен айналысушылар бір жерде тұрып табиғаттың қо­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ лайсыз жақтарымен күрессе, көшпелі, мал шаруашылығымен айна­ лысушылар табиғат жағдайына икемді бола отырып (көшіп-қону арқылы), оған нұқсан келтірмей, экологиялық мәдениеттің озық үлгісін көрсете алатын дәрежеге жетті. Темір кенін өндіруде көшпелілердің ертеден бай тәжі­ рибесі болғаны зерттеулерде талайдан бері мәлім. Қа­ зақстан территориясында қарлықтар күшейіп, үстем болып тұрған кезде ашылған көптеген кен орындары табылған. Олардың, әсіресе Орталық Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы, яғни қарлықтардың жазғы жайлау ме­ кендерінде екені қазірде анықталған. Мұны қазіргі жер, тау аттары да еске түсіреді. Мысалы, Қарқаралының оңтүс­ тік-шығысындағы: Темірші, Кентау, т.б. Кезінде Махмұд Қашғари өзінің сөздігіне темір кені өндірілген жердің аты­ на сәйкес «темурлук» терминін енгізген. Ал қытай деректе­ рінде қарлықтардың бұл тауларды мекендегенін айтып жазғаны белгілі. IX ғасырда өмір сүрген автордың айтуы бойынша, түркілер қару, садақ оқтарын, сауыт жасап, ертұрмандарды безендірумен айналысқан. Түркілер өздері­ нің алғашқы мемлекеті Түрік қағанатын құрардан бұрын темір кенін жер қойнауынан өндіріп, оған керекті әртүрлі бұйымдар мен қару-жарақтарды жасаушы шебер ретінде танылған. Жазба деректер дулыға мен сауыт кию жауынгер халықтың дәстүріне айналғанын дәлелдейді. Кейінгі кезде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі де осыны көрсетеді. Металл қорыту және оны өңдеу қар­ лық елінде зергерлік, ұсталық сияқты қолөнер түрлерінің дамуы­на себеп болды. Көшпелі қоғамдағы қолөнершілердің бір ерекшелігі: олар өз ісінің шебері бола тұрып, мал бағумен де айналыс­

Сатай СЫЗДЫҚОВ қан. Оған Қазығұрт тауы мен Сыр бойын мекендеген түркілердің (оғыздар мен қарлықтардың) алып ері Салар Қазан туралы Қорқыт ата жырындағы мына бір жолдарды келтіруге болады: Жетпіс жеті болатын қандырып, Су болатын қандырып, Көшемен ұста сеп болсаң, Сол болаттан қылыш соқтырып... Салар Қазан темір кенін қазып, ұста болумен бірге мал бағатын болған [24, 1985, 174]. ІХ-ХІ ғасырларда Таласта күміс кеніштері болған. Солар­ дың ең бір ірі кеніші Шалжы қаласы маңында екендігі ай­ тылады. Ол Испиджаб округіне еніп, Тараздан төрт фар­сах жерде орналасқан. Жетісуда қарлықтар үстемдігі кезеңінде борлама жасау ісі өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұған Тараз, Испиджаб, Құлан, Талғар және Отырар қалалары маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстың нәтижелері айқын дәлел. Қарастырылып отырған кезеңде құмыралардың көптеген түрлері жасалды. Олардың қабырғалары ертедегі түркі киіздеріне салынатын оюға сәйкес келетін бедерлі өрнек­ термен әшекейленеді. Сырдарияның орта ағысы тұсындағы елді мекендер ор­ нынан қарлық-оғыз типіне жататын борламалар табыл­ған. Қазба жұмыстары арқылы Кенже аймағында (Арыстың орта ағысы тұсында, X ғасыр) көшпелі және жартылай көшпелі түркі тайпалары өмір сүргені анықталды. VІІІ-Х ғасырлардағы қарлық қоғамында алғашқы тап­ тық қатынастардың дамуы болды. Құрамындағы ру-тай­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ палар және этникалық бірлестіктердің қосылып, ендігі жерде олардың бағынышты болуына байланысты сандық және сапалық өзгерістерге ұшырап отырды. Бұл өзгеріс, әсіресе VIII ғасырдың екінші жартысында, яғни 760 жылы қарлықтар Жетісуда және Оңтүстік Қазақстанның біраз жерлерінде саяси үстемдікке ие болған соң күшейе түсті. Қарлықтар бастапқыда үш тайпалы ел болса, Жетісуға келген кезде олардың құрамына Батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының ру-тайпалары кірді. Сонымен бірге Қарлық жабғуы иеліктерінде қыпшақтар, қырғыздар, то­ ғыз-оғыздар, т.б. болған. Қарлықтарда алғашқы мемлекеттік институттардың қалыптасу процесін тездеткен фактор олардың VIII ғасыр­ дың ортасында Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуы болды. Бұдан кейін олар Жетісудағы билікті түргештерден тартып алып, өздерінің елін құрды. Қарлықтарда дербес, бытыраңқы «жабғулық» иеліктер­ дің қалыптасуына әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайлар VIII ғасырда-ақ бар еді. Олар қарлықтардың Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан территориясына келіп, оты­ рықшы соғды шаруашылық мәдени типімен тығыз қарымқатынас орнатуы және Ұлы Жібек жолдарының бойын­да ор­ наласуы еді. Мұның өзі қалалардың дамуы мен сан жағынан өсуіне алып келді. Басқа түркі тайпа бірлестіктеріне қара­ ғанда осындай қалалардың қарлықтарда және олардың иеліктерінде көп болуы жабғулардың өзара дербестікке ұм­ тылуына ықпал етті. Жалпы қарлықтарда қағандық өкімет болса да, мұндай дербес, тәуелсіз иеліктердің болуы Орта Азия мен Қазақ­ станның әуелгі ортағасырлық тарихындағы өзгешелік деп

Сатай СЫЗДЫҚОВ қарауға болмайды. Орта Азияда ертеден басқарудың удель­ дік жүйесі басым, яғни мемлекеттің өзі ұсақ иеліктерге бөлініп, бірде бөлшектеніп, бірде басқа иеліктермен бірігіп жаңа бірлестік құра алды. Осы процестердің, негізінен, ортақ бір бағытта: рулық институттар арқылы құрылған бірлестікті территориялық тұрғыдан қалыптасқан мемле­ кеттік саяси бірлестіктің ығыстырып шығару бағытында жүргенін көруге болады. Жалпы бұл жерде айта кету керек, дәстүрлі Шығыс ел­дерінде мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы Еу­ропа елдеріне қарағанда басқаша жолмен жүрді. Қар­лық­ тардың заманында түріктер дәстүрлі мемлекеттік инс­ титуттарға онша мұқтаж бола қойған жоқ. Өйткені оған шаруашылықтың даму ерекшелігі тікелей ықпал етті. Соғ­ ды қалаларын қоршаған және оған саяси үстемдік етіп тұрған қарлықтар мен олардың аймақтық басшыларының мүддесі қалаларда тұратын қауымдық қоғамдар мүддесі­ мен сәйкес келді. Еуропадағыдай дәстүрлі мемлекеттік жүйе құрылымының болуы бұл қауымдық қоғам дәстүрі­ нің онан әрі эволюциялық дамуына кедергі жасайтын еді. Сондықтан қалыптасқан бұл қалыптар түріктердің рутайпалық құрылысы мен соғдылықтардың қауымдық қо­ ғам­дарына қайшы келмей, қайта бірін-бірі толықтыра дами берді. Екінші жағынан түріктер мен соғдылардың өзара бейбіт қарым-қатынаста өмір сүруіне де ықпал етті. Ру-тайпалық бірлестік арқылы құрылған қағандық бір­ лестікке қарағанда жеке территориялық принциптегі жабғулық дербес иеліктер озық болды. Өйткені, жабғулық иелік өндіргіш күштердің барлық категорияларымен тіке­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ лей, еркін, дербес байланыста бола отырып, қағандық қоғамға қарағанда бір қадам алға басумен озып отырды. VІІІ-Х ғасырларда Жетісу, Сырдария қалалары және Мауе­реннахр мен Хорасан қалаларының материалдық мәде­ниетінің көп тұрғыда жақын болуы кездейсоқ емес екендігі белгілі. Мұның өзі бұл жерлерде әртүрлі этника­лық топтардың болуына қарамастан бір жүйеден саяси-геог­рафиялық тұрғыда қалыптасып келе жатқан алғашқы мемлекеттік құрылыстың пайда болғанын аңғар­ тады. Қарлықтарда өзіндік мемлекеттік институттардың бар болғандығын араб жазбалары дәлелдейді. Онда: «Түркістан және түріктер... бірнеше мемлекеттерге бөлінеді, олардың ішінде қарлықтар, тоғыз-оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әрбір тайпасының өз алдына мемлекеті бар және олар бір-бірімен соғысып жатады», – деп айтылады [137, I, 149]. Түркі қағанаттарының құрамында болған кезде басқа да ру-тайпалар сияқты қарлықтардың қоғамдық-саяси ұйымдары тайпаны құрайтын рулық институттарынан және одан да ірі бірлестіктен – «елден» тұрды. Алайда бұл ірі бірлестік елдің құрамындағы ру-тайпалар үнемі бірбіріне ауысып, кейде тіпті басқа бірлестікті құра алатын еді. А. Смиттің кезінде айтылған бағалы пікірін еске алған жөн. Ол малдың ертеден жеке меншікке айналғанды­ ғына байланысты көшпелілерде мүліктік және әлеуметтік жіктелуі де, қоғамдық-саяси институттардың құрылу про­ цестері де тез жүруі мүмкіндігін айтқан болатын. Алайда Еуропада антикалық дәуірден бастап мемлекет қондырма болса, Шығыс елдерінде ол өндірістік қатынастардың субъектісі ретінде базистік құрылымға кірді. Еуропалық

Сатай СЫЗДЫҚОВ елдерде мемлекет үстем тап қоғамының мүддесін қорғады, тіпті болмаған күнде өкіметке ұмтылған таптар арасындағы қозғалысты реттегіш рөл атқарды. Ал Шығыста мемлекет әміршілдік мәнге ие бола тұрып, жеке меншіктің өзін де бақылап отырды. Мемлекет және осы өкіметке қатысты әлеуметтік үстем етуші топ Шығыс елдерінде өзара бірігіп, бір-біріне сіңіп, біте қайнасып кетті. Сонда мемлекет жеке меншіктің шектен тыс байып кетуіне тыйым салып отыр­ ды. Өйткені жеке меншіктің күшеюі мемлекет қазынасын толтырып отыратын қоғамның басқа әлеуметтік топтарын күйзелтумен қатар жүретін еді. Әрине, қарлықтар біз қарастырып отырған кезеңде мем­лекеттің классикалық түрін, әлеуметтік-саяси ішкі құ­ рылысы бар күшті әскери өкімет құра алған жоқ. Орта­ ғасырлық деректерде қарлықтардың жабғу басқарған бір­ неше тәуелсіз иеліктері болғаны айтылады. Қарахандар мемлекеті құрылғанға дейінгі бұл кезең дала аристократиясы мен демократиялық элементтері арасындағы ұзаққа созылған күреске толы. Бұл кезең­ нің соншалықты созылуының тағы бір себебі: араб бас­ қыншылығы, қытай экспансиясы және көршілес түркі рутайпалар бірлестіктерімен күресу болды. Қарлық иелік­ терін ерте феодалдық мемлекет қол астына біріктіру үшін күресуді 840 жылы Білге Күл Қадыр хан Испиджаб әмірі болып тұрған кезде «жабғу» атағын тастап, өзін «қаған» деп жариялаудан көреміз. Қарлықтарда ерте феодалдық, бір орталыққа бағынған мемлекеттің пайда бола бастағандығын араб шығармалары айқын көрсетеді: «Қағандардың хаканы солардан (қар­ лықтардан) болды, ол түріктердің басқа мемлекеттерін

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ және олардың патшаларын өз қол астына бағындырды... Шана (яғни, Ашина) да солардан (қарлықтардан) болдың» [26, 1, 288]. Бұл деректен қарлықтар қоғамында ендігі жер­ де жабғудың үстінен қарайтын хакан болғанын көрсетуге болады. Мұндай саяси басқару жүйесі 840 жылғы жорық нәтижесінде Испиджаб халифатқа бағынса да, бұзылған жоқ. Испиджаб аймағын бұрынғысынша түрік әулеті басқарды. Ал оның билеушісі арабтарға тек сөз жүзінде бағынды. Халифатқа жыл сайын тәуелділікті білдіретін төрт дәнек пен сыпырғыш жіберіп отырды. Ал Испиджаб әмірінің өзіне Талас пен Шу аралығындағы Орду қаласы­ ның әмірі бұрынғысынша сыйлық жәнелтіп тұрды. Жал­ пы қарлықтарда 766 жылы (Жетісуда үстемдікке ие болған кезеңінен) басталған мемлекеттің қалыптасуы 840 жылы Білге Күл Қадыр өзін қаған деп жариялауымен аяқталды. Түрік қағанаты қарлықтар бөлініп шығар кезде әскери демократияға негізделген саяси өкіметті басқарудағы әлеу­ меттік сатылар: қаған (немесе хан) ел басқарған, ал онымен бірге ақылшы жырау тұрған. Қағаннан кейінгі адам «жабғу» (бас уәзір), ал хан мұрагері – «тегін». Ерте ортағасырлық түркі жұртында, оның әлеуметтік өмірінде, мемлекеттік жүйеде бектердің үш тобы ерек­ ше бағаланады. Олар: дана ғалымдар, зиялылар, екінші тобына – хат танитын және мемлекеттік іске белсене ара­ ла­сып қызмет етуші хатшылар, ал үшінші тобы елді жау­дан қорғайтын батырлар болып табылады. Бұл үш әлеуметтік топтың түркі елі өмірінде осындай маңызды рөл атқаратынын Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» 2704бәйітінен көреміз:

Сатай СЫЗДЫҚОВ Бірі – дана, ғалымдар, зейінділер, Бірі – хатшы білсін дер кейінгілер. Үшіншісі – жүректі ер, батырлары, Жау десе, жайдай жайпар жасындары. Бұл үш түрлі ер бір жеңнен қол шығарса, Қалған жұртты үйіріп, қоңсыға алса... [27, 274]. Қарлық қалаларының билеушісі әртүрлі аталады. Мыса­ лы: құт, тегін-лабан, тексін, ялан шах, йинал-тегін. Қарлықтардың әлеуметтік өмірінде құл еңбегі де пайда­ ланылды. Алайда құл еңбегі экстенсивті мал шаруа­ шылығы кезінде тиімді болмады. Сондықтан да ол өндіргіш күштің негізі бола алмай, тек үй-тұрмыс шаруашылығында ғана пайдаланылды. Құлдардың пайда болуының қайнар көзі – шапқыншылық, соғыс жорықтары болды. Құлдар­ дың екінші бір пайда болу жолы ерікті қауымның жіктелу процесі барысында мүмкін болды. Оларды ру-тайпаны билеуші бек не болмаса жабғу жазалап, тіпті қуып та жі­ бере алған. Кейбір ортағасырлық деректерде құлдардың мал ша­ руа­шылығында пайдаланғандығын көреміз. Газневид ди­ нас­тиясының негізін салушы Себук-тегінді жас кезінде қарлықтар құрамындағы үлкен бір ру – тухсиліктер алып кетіп, құлдық жағдайда төрт жыл мал баққызған. Содан кейін оны Мауереннахр саудагеріне сатып жібергені тура­ лы мәлімет бар. Қарлықтардың әлеуметтік өмірінде «таттар», яғни Же­ тісудағы тәуелді, соғды тілдес, отырықшылдықтағы қала тұрғындары маңызды рөл атқарды. Олар ауыл шаруа­ шылығымен, саудамен айналысты. Таттар ертеден келе

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ жатқан әлеуметтік топ болды. Олар туралы VIII ғасырдағы Орхон жазба ескерткіштерінде де айтылады. Жоғарыда келтірілген тарихи материалдардан басқа түркі тілдес саяси бірлестіктер сияқты қарлықтар қоға­ мында да еркін қауымдар арасында әлеуметтік жіктелу процесінің жүргенін көреміз. Нәтижесінде бұл қоғамда патриархалдық-феодалдық институттардың дамуын бай­ қауға болады. Ең жоғарғы иерархиялық сатыда негізінен қарлық жабғуы болды. Ал кейіннен қарлықтар ру-тай­ палары құрған Қарахандар мемлекетінің пайда болуына байланысты патиархалдық-иерархиялық пирамиданың үстіне хан отырды. 2.3. Қарлық мемлекетінің көрші елдермен саяси қарым-қатынасы Жетісуға келіп мемлекетін құрғаннан кейін қарлықтар Орта Азиядағы саяси жағдайларға белсене араласа бас­ тады. Екінші Түрік қағанатын құлатуда уақытша одақтас ұйғырлар мен қарлықтар енді өзара Шығыс иеліктері үшін бақталасты. Шығыста қағанаттың мирасқоры болып қалған ұйғыр­ лар Қытай империясы мен қарлықтар арасын бөліп таста­ ды. Нәтижесінде қарлықтардың шығыстағы тікелей көршісі ұйғырлар болды. Қарлықтар ендігі жерде империя сарайы­ на бару мүмкіндігінен айырылды. Қарлықтардың шығыстағы саясатының өзекті мәселесі Шығыс Түркістан жерлері болды. Оның ішінде ең маңызды стратегиялық орталық Бесбалық қала бекінісі еді. Бұл 10-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ қала сол кездегі Шығыс Түркістанның саяси, мәдени-ша­ руа­шылық және сауда өмірінде ерекше рөл атқарды. Кезінде Қытай империясы тарапынан батыстағы ірі-ірі түркі тайпаларының барлығы бір ірі саяси орталыққа – Бесбалыққа бағындырылды және «Солтүстік орда» деген ат қойылған болатын. VII ғасырдан бері Бесбалық бірде Қытай қорғаныс шебіндегі бекініске, кейде түріктер қолына өтіп отырған. Ғасырдың аяғында түріктер мен тибеттіктердің қол астына көшіп, VIII ғасырдың аяғына дейін ұйғырлар иеленді. Бесбалық үшін күресте қарлықтар Ұйғыр қағанатына қарсы күштердің бірі болды. Оның бір себебі: қарлықтар Бесбалықты және оның маңайын өздерінің ежелден келе жатқан «қасиетті жер-суы» ретінде санады. Ә. Марғұлан Бесбалыққа таяу жерде, Тәңірі тауының (Тянь-Шань) солтүстік жонында Бесбалықты билеген түрік қағандарының бірнеше сәулетті жайлаулары болған дейді. Оның шындығын қытай елшісі Ван Янь-денің есебінен де көруге болады. 982 жылғы сапарында ол Бесбалықта Тұрфанды басқарған Арслан қағанның демалыста жатқан жерінде кездеседі. Бесбалықтың қарлықтар мен қырғыздар үшін сауда жо­ лында жатқандығы да өте маңызды еді. «Манас» эпосында Ер Қосайдың ерлігі баяндалғанда: Бекіп қалған Бейжіннің Бетін ашқан Ер Қошай. Тұрып қалған Тұрпанның Түсін ашқан Ер Қошай.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Байланып қалған базардың Бағын ашқан Ер Қошай, – деген жолдар бар [24, 756]. Міне, осы ең маңызды екі мекеннің атымен бірге базар­ дың аталуы сауда қатынасының ерекше орын алатынын байқатады. Шынында да Бесбалық орналасқан Тұрфан оазисі арқылы маңызды сауда жолдары өтіп жататын. Қытай деректерінде қырғыздар, тибеттіктер және қар­ лық­тар тығыз сауда қатынасында болғандықтары айты­ лады. Шығыс Түркістан мен Солтүстік Моңғолияны жал­ ғастыратын ұйғыр жолы Бесбалықтан Баркөлге, одан Ұй­ғыр қағанатының астанасы – Қарабалағасқа, ал оның оңтүстік тармағы Бесбалықтан – Эдзин – Хара – Хотоға, одан Ордос және Орталық Қытайға барған. Ол еуропалық және америкалық географиялық әдебиеттерде «жел жолы» деп аталған. IX ғасырда қырғыз-хакастардың күшеюіне байланыс­ ты ежелгі Шығыс Түркістан мен Оңтүстік Сібір арасын жалғайтын сауда жолы қалпына келді. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, IX ғасырдағы қырғыз қағанатының Шығыс Түркістанға жасаған жорығы осы жолмен жүзеге асқан. «Манастың» сюжеттерінде жиі қатысатын жайт, ол – ис­лам идеологиясының оқиғалар өрбуімен қатар жүруі. Мұның өзі жырда араб шапқыншылығына байланысты Оңтүстік Қазақстан мен Шығыс Түркістанды мекендеген халықтардың біртіндеп исламды қабылдауының көрінісі іспеттес. Бесбалық үшін күресте діни көзқарастардың рөл атқарғаны сөзсіз. Эпопеяның «Алмамбет оқиғасы» тара­уында Алмамбеттің Манасты іздеу үстінде Көкшеге

Сатай СЫЗДЫҚОВ кездесіп, мұсылман болуға бекінгені және оның басқа жат діни наным-сенімді жек көруі айтылады. Бесбалық үшін күресте қарлық, ұйғыр және қырғыз қа­ ғанаттарының өзара топтасып, екі топқа бөлінулерінде діни наным-сенімнің ерекше маңызы болды. Қарлықтар негізі­ нен мұсылман дінінде болса, ұйғырлар буддизмді қабылдап қана қоймай, оны басқа халықтарға таратуды көздеді. Қарлықтар ішінде де арабтар ықпалынан кейін исламды уағыздаушы «ғаззатшылар» аз болған жоқ. Сондықтан көр­ ші тұрған мұсылмандар мен буддистер арасында соғыс өртінің тұтануына қолайлы жағдай үнемі болып тұрды. VІІІ ғасырдың аяғында жазылған қытай жылнамаларында тибеттіктердің Бесбалықты басып алуында қарлықтардың басты күш болғаны көрінеді (20.1.790-7.11.791): «Тибет біздің аймағымызды басып алды. Бейтін (Бесбалық) Аньси (Куча) алғашқыда сарайға мәлімет беру үшін Ұйғыр мемлекеті тер­ риториясы арқылы келетін. Сондықтан олар ұйғырларға бағынышты болды. Варварлардың көзі тоймай зығырлары қайнап, өздерінің істеріне ешқандай шек қоюды білмеді. Бейтін варварларға жақын орналасқан; олар тұрғындардың киімкешек, тамақтарын зорлықпен тартып алды, тіршілікке талғажау етер ештеңе қалдырма­ды. Сонымен қатар 600 ауыл – шатолықтар Бейтінге жақын тұрды және ұйғырларға тәуелді болды. Қарлықтар мен «ақ киімдегі» түріктер ұйғырлармен бейбіт келісімде тұрды, бірақ олар да ұйғырлар тарапынан бо­ лып тұратын қысымшылыққа наразы еді. Тибеттіктер оларға қымбат сыйлықтар беріп, өздеріне тартып, қосып алды. Содан кейін тибеттіктер қарлықтар мен «ақ киімді» түріктердің басқаруымен Бейтінге басып кірді. Ұйғырлардың бас уәзірі Иль Угэси көмекке әскерді бастап шықты. Бірнеше рет жеңіліске

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ ұшырады... Иль Угэси жеңіліске ұшырап (Ұйғыр мемлекеті), қайтып оралды» [130,138]. Жоғарыда келтірілген үзіндіде қарлықтардың Бесбалық үшін күресте басты күштердің бірі, тіпті, солардың бас­ тауы­мен деп те келтіріледі. Тибет-қарлық және «ақ киім­ ді» түріктердің оңай жеңіске жетуінде Бесбалықтың жер­ гілікті тұрғындарының рөлін де ескеру қажет. Бұл кезде ұйғырлардан 750-753 жылдары жеңілген басмылдар Бес­ ба­лықта және оның маңайында отырықшылықта өмір сүрді. М. Қашғаридың хабарлауынша, олар жергілікті тұр­ғындармен араласқан, көне түркілердің ең алғаш оты­ рықшылыққа көшкен бөлігі болып табылады. Жапон ғалымы Т. Абэ өзінің зерттеуінде ол кезде Бесбалықта ұйғырларға дұшпандықпен қарайтын көп басмылдар тұр­ ғаны жайлы мәліметтер келтірген. Ұйғырлардың кейін күш жинап, қайтадан кек алуы іске аспады. Бесбалықты қайтарып алуға келген 50-60 мыңдай әскерге қарлықтар мен тибеттіктер тосыннан шабуыл жа­сап, ұйғырлардың үлкен бөлігін жойып жіберді. Бұл жеңістен соң қарлықтар ұйғырлардың Ступы өзені ма­ ңайын­дағы жерін тартып алды. Ұйғырлар қағанаттың оң­ түстігіне кетуге мәжбүр болды. Шығыс Түркістандағы қарлықтардың Ұйғыр қағанаты жеңілгеннен кейін де қалып, жергілікті халықтың біршама бөлігін құрағанын белгісіз автордың шығармасы «Худуд әл-Аламнан» көруге болады. Онда Пенчул (Ақсу, Қашғар) қаласы туралы айта келіп, автор: «Мен басшысы тоғызоғызға, ал кейін қырғыздарға бағынған қарлықтар елінде бол­ дым», – деп жазады [211, 95-96]. VIII ғасырдың 50 жылда­ рында қарлық-ұйғыр одағының ыдырауынан бастап, бұл

Сатай СЫЗДЫҚОВ екі қағанаттың арасында қақтығыстар ғасыр бойы тоқтаған жоқ. Белгілі түрколог В. Бартольд бұл елдер арасындағы қатынастар туралы: «Ұйғырлардың қарлық елін жаулап алуы туралы дерек жоқ. Алайда қарлықтардың шығыс көршілерімен қақтығысулары болған. Оны тоғыз-оғыздардың он шақтысы қарлықтардың жүзімен тең келеді деген Кудамы сөзінен көруге болады. Бір жағынан қараханидтер елінен ұйғырларды көрмейміз, ал қарлықтар мұнда ғұздардың селжұқтар иелігінде атқарған рөліне жақын болды», – деп жазды [34, 1-11, 289]. Жоғарыда біз ұйғыр-қырғыз-қарлық қатынастарын Түрік қағанаттары­ ның құлауына байланысты сөз еткендіктен қарлық-ұйғыр қатынасына көп тоқталмаймыз. Алайда қарлықтардың күшейіп, гүлденген шағында шығыс көршілерінің ішін­ дегі ең қауіптісі Ұйғыр қағанаты болғаны анық. Сондықтан қарлықтардың тибеттіктермен, ал бірде қырғыздармен одақтаса отырып, жүргізген шығыс бағыттағы саясаты бұл қауіпті белгілі бір дәрежеде залалсыздандыра алды. Дегенмен, Ұйғыр қағанатының әлсіреуі мен құлауы қар­ саңындағы тоғыз-оғыздар мен олардың бір бөлігі болып саналатын яғмалықтардың қарлықтардың шығыс­тағы иеліктеріне (мысалы, Қашғар) орналасуы, кейін қара­ха­ нидтер әулетінде қарлықтар конфедерациясындағы күш­ тердің бірі ретінде рөл атқаруға мүмкіндік берді. 791-812 жылдар аралығында қарлық-ұйғыр туралы де­ ректер Қара-Балғасұн жазуларында кездеседі. Онда қар­ лықтар мен тибеттіктердің ұйғырларға жорығы және ұй­ ғырлардың оларға қарсы жорықтары туралы сөз болады. Ұйғырлардың соңғы жорығында қарлықтарды Ферғанаға дейін тықсырғаны айтылады. Қарлық мемлекетінің шығыстағы тату көршілерінің бірі тибеттіктер болды. Ұйғыр қағанатының күшеюі және

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ оның Қытайды қолдауына байланысты қарлықтардың шығыс бағыттағы саясатында табиғи одақтасы тибеттіктер еді. VIII ғасырдың 80 жылдарындағы Ұйғырлар (Қытай қол шоқпары) мен тибеттіктер арасындағы қақтығыстарда қарлықтар соңғысына көмектесті. Қарлықтар елшісінің Ти­ бет кінәзінің қабылдауында болғаны (817-836 жж.) бұл екі елдің арасында IX ғасырдың басында да тұрақты, бейбіт байланыстардың болғанын көрсетеді. Ал арадағы діни не­ месе шекара мәселелері жөніндегі кейбір локальдық қай­ шылықтар жалпы қарлық-тибет қатынасына көлеңке түсіре алмады. Қарлық мемлекетінің батыстағы үлкен көршілерінің бірі аббасидтер болды. Олармен қарлықтар арасындағы қа­ты­настар, әсіресе Мауереннахр үшін шиеленісті. 775785 жылдары халиф Махди таққа отырған сәттен бастап, шығыстағы елдерге өз билігін таныту мақсатында елші­ лерін жіберді. Махди үкіметін танығандардың ішінде Табарис­тан, Тохаристан, Ушуршана, Соғды және Қабул би­ леушілерінің жанында қарлық жабғуы да бар еді. Бұған қарамастан, деректерде 772 және 792-793 жылда­ ры қарлықтардың Ферғана өлкесіне жорыққа шығып, оны қол астына қаратқаны белгілі. Бұдан қарлықтар мен абба­ сидтер арасында Ферғана үшін таластың болғанын көреміз. Шынында да, қарлықтардың соңғы жорығынан кейін Ферғананы қайтарып алу үшін аббасидтердің Хора­санды билеушісі әскерімен жорыққа шыққанымен, Ферға­наны қайтара алмады. Тек оның соңынан жіберілген Яхии алБармаки ғана аббасидтердің бұл мақсатына қол жеткізді. Ал Харун Рашидтің кезінде халифатқа қарсы Рафи Лайс көтерілісі бұрқ ете түсті. Көтерілісшілердің қолына Шаш,

Сатай СЫЗДЫҚОВ Ферғана, Бұхара, Хорезм және т.б. жерлер көшті. Оларға Соғды, Тохаристан, Балх, Тибет және тоғыз-оғыздар мен қарлықтар да қатынасып, көтеріліс кеңінен жайылды. Алайда көтерілістің аяғында, яғни басылу кезінде, қар­ лықтар мен басқа түркілер көтерілісшілерден бөлініп кетті. Мұндай жағдайлар халиф Мамун (813-833 жж.) зама­ нында да болып тұрды. Хорасанға бір жорыққа әзірлік үстінде Мамун өзіне қызмет етуге міндетті деп санаған қарлық жабғуының тәуелсіздік танытуы осының дәлелі. Тек кейін жабғудың меншігі мен өзін жауынан қорғауға уәде берген соң ғана қарлықтар Мамунға қызмет етуге келісті. Алайда қарлықтар мен аббасидтер арасындағы қайшы­ лықтар кейде ірі әскери қақтығыстарға да ұласып отырды. Олардың арасындағы қатынастың Мамун тұсында күрт шиеленісуіне 816 жылғы Отырар қаласында болған оқиға әсер етті. 812 жылы қарлықтар ұйғырлардан жеңілген кез­де Фазл ибн Сахл Отырарға басып кіріп, қарлық жабғуының балаларын және әйелін тұтқынға алады. Жабғудың өзі кимек еліне қашуға мәжбүр болды. Аббасидтер мен қарлықтар арасындағы қатынастар­ дың соңына жататын бір оқиға 822 жылғы Ферғана үшін болған тартыс еді. Саманидтің немересі Ахмедтен Ферға­ наны тартып алған қарлықтарға Хорасан наместнигінің бір­ ден кетулерін талап етуі қарлықтардың батыс шекарасында үнемі аббасидтермен жер үшін таласта болғанын білдіреді. Мамуннан соң қарлық-аббасид қатынасы туралы дерек­ тер жоқтың қасы. Өйткені бұл елдердің арасында ендігі жерде саманидтердің құрған үкіметі тұрды. Алайда 766-822 жылдар арасындағы қатынастар қарлықтардың өздері­нен күшті халифат мемлекетімен тең дәрежеде, тәуелсіз көрші

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ ретінде ұстағанын көрсетеді. Тіпті аббасидтердің шығыс шекарасындағы қауіпті мемлекеттің бірі болды. Қарлықтардың Қазақстан мен Орта Азияда өзінің саяси үстемдігін нығайту жолындағы күресте (840-940) кедергі жасаған күш саманидтер мемлекеті болды. Білге Күл Қадыр хан Испиджабта жабғу атағын тастап, өзін қаған деп жариялағанда Мауереннахрдағы саманидтер билеушісі Нұқ ибн Асад қарлықтарға қарсы қасиетті соғыс жүргізді. 840 жылы ол Испиджабты басып алып, ислам дінін тарата­ тын орталыққа айналдыруды көздеді. Алайда Испиджаб бұрынғысынша қарлық түркілерінің қаласы болып қала берді. Ал саманидтерге тәуелділігі тек жыл сайын сыйлық пен 4 дәнек, сондай-ақ «сыпырғыш» жіберумен шектелінді. Мұның өзі қаланың саманидтерге номинальды ғана тәуел­ ділігін байқатады. Саманидтерге қарсы күресті Білге Күл Қадыр ханның екі ұлы Базыр Арслан хан мен Оғылшақ жүргізді. Сама­ нид­тер болса қарлықтар еліне исламды орнықтыру мақ­сатын­да мемлекеттің басты қалаларын тәуелді етіп, онда керуен-сарайлар мен мешіттер салдыруды көздеді. Осы мақсат­пен саманид Исмаил ибн Ахмед (822-907 жж.) 893 жылы наурыз-сәуір айларында Таразға жорық ұйым­ дастырды. Нәтижесінде 893 жылы Тараз қаласы ислам дінін қабылдап, қаланың басты шіркеуі мешіт болып қайта құрылды. Та­разда билік құрушы Оғылшақ уақытша Қашғарға кетуге мәжбүр болды. Ал 940 жылы Оғылшақ Қашғардан шығып саманидтер жеріне, яғни Мауереннахрға жорыққа шықты. Қарлықтардың саманидтермен саяси қарым-қатынас­ тары туралы жоғарыда айтылған жазба деректерді толық­

Сатай СЫЗДЫҚОВ тырып, қуаттайтын Ысқақ баба тарихи аңызы Оңтүстік Қазақстанда кеңінен тараған. Аңызда болған оқиғалар уақы­ ты қарлықтардың исламды қабылдай бастаған кезеңімен сәйкес келеді. Оны Оңтүстік Қазақстанның Баба ата қаласы жанындағы ІХ-ХІ ғасырлардағы қорым материалдарына талдау жасау дәлелдеп берді. Мұнда көшпелілерге тән обалар астында мұсылмандар моласы үстіндегі сағана тектес құрылысқа еліктеп шикі кірпіштен қаланған жерлеу орындары бар. 1991 жылы Колоссовский Ысқақ баба сағанасына 1025 жыл болғанын жазып қалдырған. Сонда бұл сағана 876 жылы салынған болып шығады. Жергілікті тарихшылар да Д. Колбаев пен Ә. Бабақұлов Ысқақ баба сағанасын IX ғасырдың екінші жартысының орта шенінде 3 метрлік тас дуалмен қоршалғанын дәлелдейді. Осы арада Баба ата тұрғыны, мұнда 24 жыл бойы кітап­ ханашы болып қызмет істеген Бабақұлов Әбдіраш айтып берген Ысқақ баба аңызын келтірейік: «...Ыскақ баба араб­ тың билеуші тобының әмірімен қазақ жеріне ислам дінін тарату үшін келіп, соғысып жатқан араб әскерлерін тегіс шақырып алады да, енді соғысудың қажеті жоғын хабар­ лайды. Сол арада мұсылман болу-болмау әр халықтың өз еркі екенін хабарлап, жазбаша жарлық береді. Бұл уақыт біздің жыл санауымызша VІІІ ғасырдың орта шені еді. Ысқақ баба мен оның серіктері араб еліне қайтып барған емес. Олар­ дың өздері де, ұрпақтары да сол кездегі түрік деп аталатын жергілікті халықтармен араласып, қыз алып, қыз берісіп, қазақ жеріне сіңісіп кетеді. Ысқақ бабаның өзі ІХ ғасырдың басында қайтыс болып, сол кездегі Баладж мекеніне (қазіргі Баба ата) жерленген... Ысқақ бабаның баласы Ярдил шейх жігіт кезінде өліп, оның баласы Исмаил баб ислам дінін

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ тарату үшін көп еңбек сіңірген. Ол кісінің сағанасы Қазығұрт ауданының жерінде. Ысқақ баба өлгеннен кейін дін уағыз­ даушыларының ұйғаруымен әулие деген ат берілді. Қазақ жерінде қожа деп аталатын рулардың көпшілігі осы Ысқақ бабаның ұрпақтары екен». Бұл Ә. Бабақұлов айтқан аңыз «Тарихи амнийа» шығармасындағы қожалар шежіресінің бір бөлігінің нұсқасы деп айтуға болады [137, 488]. Оңтүстік Қазақстанда тараған Ысқақ баба туралы аңыз­ дағы болған тарихи оқиғалар қарлықтардың Таразда ислам дінін қабылдауы туралы жазба деректермен сәйкес келеді. Араб жазба деректерінде 893 жылы саманид Исмаил ибн Ахмедтің Таразға исламды қабылдату үшін ауыр соғыстар жүргізгендігі және ақырында Тараз әмірінің тізе бүгіп, исламды қабылдағаны белгілі. Сонымен қатар қаладағы үлкен шіркеуді басты мешітке айналдырылғандығы айты­ лады. Әл-Масудидің жазба дерегінде Тараз патшасының «Танкас» деп аталатынын және оның қарлық тайпасынан шыққанын хабарлайды. Шынында да, 766 жылдан бері Тараз қаласы Қарлық мемлекетінің құрамына кіріп, оның басты бір қаласына айналған болатын. Ал аңызда Ысқақ баба IX ғасырдың ба­ сында дүниеден өткені айтылса, жазба деректерде Тараз­ дың күшпен алынып, исламды қабылдауы, сол жоғарыда көрсетілгендей, IX ғасырдың аяғына жатады. Ал Ысқақ бабтың немересі аңызда Исмаил исламды таратуда көп еңбек сіңіріп, Қазығұрт ауданына жерленгені айтылады. Бұл аңыздағы аталған мекендер ертедегі Испиджаб пен Тараз маңайындағы қарлықтар тұрған елді мекендер болып табылады. Ол 893 жылы Таразға жорық жасап, онда мешіт ашқан, Исмаил болса жоғарыдағы жазба деректе

Сатай СЫЗДЫҚОВ көрсетілген саманид Исмаил ибн Ахмед болу керек. Аңызда көрсетілгендей, Ысқақ баба IX ғасырдың басында қайтыс болса, немересі Исмаилдың 893 жылы исламды тарату үшін жорықта қол бастайтын жасқа жеткені анық. Сонымен қатар қазақ шежіресінде қарпық руының «самани» тармағы бар. Бірақ ол әрі қарай таратылмайды. Бұл сол VIII-IX ғасырларда қарлықтардың саманидтерден ислам қабылдауы мен олардың бір-бірімен араласуының көрсеткіші болса керек. Ысқақ баба ұрпағының аңызда жер­гілікті түркілермен қыз алысып, қыз берісіп араласып кетуі де осыған дәлел. Қысқасы, Ысқақ баба туралы аңыздың араб жазба де­ рек­терімен сәйкес келгеніне шүбә келтіру қиын. Сон­ дықтан да бұл аңыз IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың басындағы қарлық-саманид саяси қарым-қатынастары мен қарлықтардың исламды қабылдауы туралы құнды тарихи деректер береді. Сонымен, Орталық Азиядағы VIII ғасырдың екінші жар­ тысы мен Х ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы сая­ си қарым-қатынастар қарлықтардың сол кездегі ірі саяси мемлекеттік күш екендігін және Орталық Азиядағы саяси хал-ахуалдың белгілі бір дәрежеде қарлықтармен тікелей байланысты болғандығын көрсетеді. Араб басқыншыларына қарсы азаттық күрес. VII ға­ сырдың бірінші жартысында Араб халифаты Алдыңғы Азияны бағындырып алды да, аз уақыт ішінде Византия мен сасанилік Персияны талқандап, Орта Азияға келіп жетті. Арабтардың Орталық Азия жерлеріне көз тігуі VII ғасырдың екінші жартысынан-ақ басталған еді. Хали­ фаттың алғашқы жорықтары Орта Азия қалаларына ба­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ ғыт алып, бастапқы кезде әлсін-әлсін шапқыншылықпен аяқталып отырды. Бұл кезеңдегі ұрандар «дін үшін соғыс» деп аталғанымен, негізінен жорықтан түскен олжаға баю мақсатында болатын. Арабтарды осы жорыққа итеруші және олардың алға қойған қарақшылық мақсаттарын бүр­ кемелеуші идеологиялық құрал ислам діні болды. Олар Құранның «Олжа туралы сүресін» [111, 153] халифат әскері үшін жорықта түскен олжаны бөлісудің тәртібіне айнал­ дырды. Арабтардың шапқыншылық мақсаттары Орта Азияға алғашқы жорықтарынан-ақ көрініс тапты. Мыса­ лы, 673-674 жылдары халифаттың Ирактағы өкілі Убей­ даллах ибн Зийда Мауереннахрда түркілер мен Бұхараға қарсы жүргізген жорықтарының нәтижесінде орасан көп алтын және күмістен жасалған қару-жарақтар мен жоғары сорт­ты жібек маталарын, сонымен бірге құлдыққа сатуға төрт мыңдай тұтқынды алып кетті. Бұдан көрінетіні: Араб халифатының өз империясының аумағын Орта Азия мен Жетісу есебінен ұлғайтудағы мақсаты ислам дінін тара­ ту ғана емес, сонымен қатар осы өлкелердегі қалалар мен көшпелі елдердің байлығын тонау болды. Арабтардың Орта Азияға алғашқы жорығы 664 жы­лы жасалған. Осы жылдан бастап, олар Хорасан мен Мауе­ реннахрға 701 жылға дейін бірнеше жойқын шапқын­ шылықтар жасады. Бұл жерлер осы кезеңде саяси быты­ раңқылықта еді. Шаштың ірі иелігіне Илак, Испиджаб, Тараз және Тарбенд (Фараб, Отырар) кірсе де, саяси бір­ келкілік болмады. VI ғасырдың 60 жылдарында келіп қоныстана бастаған түркілер тек VII ғасырдың бас кезінде ғана бұл иеліктерді өздеріне тәуелді етті.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Арабтардың Орта Азияға жорығында оларға кедергі келтіретін басты күштердің бірі түркілер еді. VII ғасырда Мауереннахр, Хорасан және соларға көршілес жатқан аймақ­тарда көшпелі түріктер өмір сүрген еді. Бұған дейін Іле өзені мен Ертіске дейінгі жерлерді мекендеген түргештер Шаш, Жетісу, Талас және Шу бойындағы жазықтарға қо­ ныс аударып, арабтарға қарсы үлкен күшке айналды. Ал Ферғана мен Тохаристанда сол кездің өзінде-ақ қарлықтар тұрды. Халифат VIII ғасырдың басынан бастап олжа түсіруге арналған бірді-екілі жорықтармен қанағаттанбай, Орта Азия жерлерін жүйелі түрде жаулап алуға кірісті. Оның айғағы ретінде арабтардың 705-706 жылдары Балх, Пай­кенд және Бұхараға жақын бағытталған соққыларын айту­ға бо­ лады. Бұл жорықтарды Хорасан билеушісі қу, айлакер Ку­ тейба ибн Муслим басқарды. Соғдылар мен түргештер­дің біріккен қолы оған қарсы тұрған арабтарды қоршайды. Тек қана Кутейбаның ақыл-айласы ғана оның әскерлерін толық талқандалудан аман алып қалды. 708-709 жылдары Кутейба әскері Бұхараға шабуыл жа­ сап, айла-тәсілдерді кеңінен қолдану арқылы бұл қаланы алды [162, 69-70]. Бұдан кейінгі жорық Самарқандқа бағытталды. Қарсы тойтарыс беру үшін түркілер, соғдылықтар, Шаш және Ферғана тұрғындары арабтарға қарсы одақ құрды. Бұл одақ әскерін түрік қағанының баласы Инел басқарды. Алайда одақтастар бір-біріне көмек көрсетіп үлгере ал­ мады. Айлакер Кутейба өз тыңшылары арқылы түркілер­ дің таңдаулы әскерінің көмекке келе жатқанын біліп алды да, оған тосқауыл қойып, талқандады. Сөйтіп, Самарқанд

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ қанша жанталаса қорғанғанымен, бір айдан кейін Ку­ тейбаға берілуіне тура келді. Бірақ Самарқанд мұнымен «тынышталған» жоқ. Оның тұрғындары Кутейба қалдырып кеткен араб әскеріне қарсы көтерілді. Оларға қолдау ретінде түркілер сырттан келіп шабуыл жасады. Алайда Кутейба өзінің қалың қолымен келіп, Самарқандтағы билікті ұстап қала алды. Одақтастар өз қимылдарын бұрынғыдан гөрі ұйымдас­ тырған түрде жүргізді. Олардың біріккен қолы ФерғанаШаш төңірегінде арабтарға қарсы соғыс жүргізді. 714 жылы Кутейба Оңтүстік Қазақстан аймағына еніп, үлкен Шашты басып алды да, Испиджабқа шапқыншылық жасады. Осылайша арабтар өздерінің Мауереннахрдағы басып алған иеліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ты­ рысты. 720 жылы Батыс Түрік қағанатының негізгі тайпа бір­лестіктерінің әскері арабтарға қарсы соғды көтері­ лісшілеріне, ал 725 жылы араб наместнигі Абад ибн Аб­ даллах Балхты басып алып, Хутталға шабуыл жасағанда оның патшасына көмекке келді. Одақтастар үшін VIII ғасырдың бірінші жартысын­ дағы арабтарға қарсы сәтті қимылдар 723-737 жылдар ара­лығында болды. Егер 723 жылы Шаш, Ферғана қар­ лық­тары мен басқа түркілер біріге отырып, араб бас­ қын­шыларын Ходженттен Самарқандқа дейін қуса, 724 жы­лы Ферғананы алып, астанасы Қасанды қоршаған ха­лифат әскерін Шаш пен Ферғана және Сұлу бастаған түр­гештер мен қарлықтардың біріккен қолдары талқандап, арабтардың ұзақ уақытқа дейін бас көтеруіне мұрша бер­ меді. Бұл жерде Түргеш түркілерінің антиарабтық коа­

Сатай СЫЗДЫҚОВ лицияда басты күш болғанын атап өткен жөн. Олардың үстемдік етіп тұрған кезінде арабтар Мауереннахрдан ке­ туге мәжбүр болды. Сондықтан Түргеш қағанына араб­ тар «Әбу Музахим», яғни «Сүзеген» деген ат қойды [192, 1593]. Түргештердің араб басқыншыларына қарсы күресте жеңіске жетуіне қарлық жабғуының қолдауы жетекші рөл атқарды. Жоғарыда айтылғандай, 723 жылғы жеңістерде қарлықтар күштерінің маңызын атап айттық. Сонымен бірге 737 жылғы түргештердің Тохаристанға жорығындағы сәтті қимылдары қарлық жабғуы әскерлерінің қатысуымен тікелей байланысты еді. 748-751 жылдары қарлықтар мен түргештерге екі май­ данда күрес жүргізуге тура келді. Араб басқыншыларымен күресте түркілердің әлсірегенін пайдаланып, Қытай би­ леушілері Жетісу өңірін олардан тартып алуға күш салды. 748 жылы қытай әскері Суябты басып алып, Шаш әмірінің баласы арабтардан көмек сұрайды [240, 344]. 751 жылы Тараз маңындағы Атлахта Аббасид Зияд ибн Салех және Қытай әскерінің қолбасшысы Гао Сяньчжи ар­ миялары кездесті. Бес күнге созылған ауыр соғыс арабтар­ дың пайдасына шешілді. Қытайлықтардың жеңілуіне бір­ ден-бір себепкер болған жағдай: олардың ту сыртынан қар­лықтардың күшті соққы беруі еді. Нәтижесінде Қытай армиясы толық талқандалды. Араб басқыншылары өздері басып алған жерлерде ха­ лифатқа бағынатын жергілікті билеушілерді (намест­ никтерді) қалдырып отырды. Сонымен бірге арабтар стра­ тегиялық және экономикалық жағынан маңызды қалалар­ да өз әскерлерін орналастырды. Қалалар төңірегінде араб иеліктері пайда болды.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ VIII ғасырдың екінші жартысында-ақ жергілікті диқан шонжарлардың көбісі жаулап алушылардың жоғарғы топ­ тарымен біріге бастады. Әртүрлі салықтар (заттай және ақшалай) негізінен ауыл шаруашылығымен айналысатын еңбеккерлердің мойнына түсті. Арабтардың жаулап алған жерлеріне, әсіресе сама­ нидтер тұсында түркілерден шыққан ірі меншік иелену­ шілердің таптық әлеуметтік маңызы күшейе түсті. Мұның өзі түркі тайпалық бірлестіктерінде феодалдану процесі­ нің күшейгенін көрсетеді. Мысалы, Әли Тегіннің Мауерен­ нахр мен Хорасандағы иелігінде 500-ге тарта ауыл-жайы, қалаларда бау-бақшасы, керуен сарайы, монша және тағы басқа жеке меншіктері болған. Сонымен қатар оның жүз мыңдай жылқы, түйелері және мыңдаған қойлары бар екендігі айтылады [164, 117]. Бағынышты халықтарды исламға тартудың бір әдісі: жұма күнгі намазға келгендерді мадақтап оларға екі дир­ хемнен ақша беру болды. Бұл әсіресе халықтың кедей тобы арасында кеңінен тарады. Арабтардың келесі бір ірі іс-шарасы басып алған қалаларда мешіт салуы болды. Кейде олар бұрыннан келе жатқан шіркеулер мен храмсарайларды мешітке айналдырды. Мысалы, Тараз бен Ис­ пиджаб қалаларында мешіттер салынды, бұрынғы нес­ ториан шіркеуін ислам мешіті қылып, қайта құрды. VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың басында араб халифатына қарсы халықтық қозғалыс кең құлаш жайды. Араб тарихшылары Фараб, Шаш пен Испиджаб халифат үшін өте тыныш өлкелер болды деп мойындады. Халық қозғалысының өрістеуіне жергілікті шонжарлардың араб басқыншыларының жоғарғы топтарымен бірігулері де 11-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ ықпал етті. Қаналушы қала және село халқы араб билеу­ шілерімен де, жергілікті байыған диқандармен де күрес жүргізді. Бұл күрес көбінесе сектанттық сипат алған-ды. Арабтарға қарсы халықтық азаттық күрестің ең үлкені 776-783 жылдарғы Муканна қозғалысы немесе «ақ киімді» адамдардың Мауереннахрдағы қозғалысы деу керек. Оның басшысы және идеялық тұрғыдан көсемі Муканна болды. Ол өзін Құдайдың айтқанын орындаушымын деп, халықты арабтарға қарсы күреске шақырды. Көтерілістің қозғаушы күші негізінен ауылдық қа­ уым­дағы диқандар болды. Арабтардың салық салып, мін­деткерліктер төлетуіне байланысты қауым ыдырап, мүшелері өздерінің бас бостандықтарынан айырыла бас­­ таған еді. Бұған қарсы болған қауым мүшелері Мукан­ на қозғалысының қатарына кейде ауылдарымен то­лық­ тай кіріп, көтеріліске қатынасуға ерік білдірді. Муканна қозғалысының орталығы Мауереннахрдағы Санам тауын­ дағы бекініс қамал еді. Түркілер Муканна қозғалысына белсене қатысты. Олар күтпеген жерден шыға келіп, араб әскерінің азық-түлігін, қару-жарақтарын тартып әкетіп отырды. Мысалы, Соғдыдағы (ол кездегі Соғды – Зераф­ шан ойпа­тындағы Керминнен Пенджикентке дейінгі жер) Муканна қозғалысына тойтарыс беру кезіндегі дайындықта Герат әмірі Саид араб әскерінің азық-түлік қажеттігіне жаратуға айдап әкелген он мың қойын түріктер жолда тар­ тып алып кеткен. Бұхара округіндегі Муканна қозғалысының қолбас­шы­ла­ рының бірі Құлартегін өзінің түрік жауынгерлерінен құ­рал­ ған атты отрядымен ерекше қимыл көрсеткен. Осы бүлік­ті басып жоя алмағандықтан халифаттың Хорасандағы өкілі

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Мусайяб Бұхара әмірі Джунейдті Хорезмге ауыстырып жіберді. Ал Мусайябтың өзіне Құлартегінмен талай рет шайқасуына тура келеді. Өкінішке орай, Құлар тегіннің одан әрі қарайғы қимылдары туралы дерек жоқ. Муканна қозғалысы ұзаққа созылды. Оны араб әскері бірден басып, жанши алмады. Бұған себеп көтерілісші­ лердің әлеуметтік базасының кең болуында еді. Негізгі қорғау­шы күш жер өңдеушілер болғанымен, оған қала халықтары­ның әртүрлі әлеуметтік топтары, көшпелі түркілер, т.б. кеңінен қатынасты. Тек жеті жылдан кейін ғана арабтар бұл қозғалысты баса алды. Алайда халық қозғалысы мұнымен шектелмеді. Соғдыда қарлықтар, тоғыз-оғыздар және тибеттіктер бірлесіп арабтарға қарсы көтеріліске шығып отырды. Араб басқыншыларына қарсы күрестің сипаты IX ға­ сырдан бастап өзгерді. Мауереннахр мен Хорасанды ме­ кендеген халықтардың көп жылдарға созылған азаттық күресі халифат билігін әлсіретіп, бұл аудандарда жергілікті мемлекеттік әулеттердің пайда болуына алғышарттар жаса­ ды. Мұның өзі бұл аймақтар мен олардан шығысқа қарай­ ғы аймақтарды арабтардан азат етуге мүмкіндік берді. IX ғасырдың бірінші жартысында түркілердің Орта Азияға ықпалы күшейе түсті. Қарлықтар Жетісуда орнық­ қаннан кейін олардың үстемдігі Шаш, Ферғана облыста­ рында да жүре бастады. Сондықтан да тахиридтер әулеті солтүстік-шығыстағы иеліктерінің шекараларын нығайту үшін берік қамалдар-рабаттар салды және түркілерге қарсы жорықтар ұйымдастырды. IX ғасырдың 30 жылдары тахиридтер әулеті түріктерге қарсы Фараб пен Дихистан арқылы өтетін бекіністер тұрғызды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ IX ғасырдағы тахиридтер мен саманидтер әулеттерінің Тараз бен Испиджабқа IX ғасырдағы жорықтары жеңіспен аяқталса да, қала тұрғындары оларға аса тәуелді бол­ған жоқ. Олар саманидтер қазынасына ешқандай ха­радж салығын төлемеді. Ал Жетісудағы қарлықтарда сама­нидтердің ақ­ шасы айналымда жүрмеді және шенеуніктері (хамик) де болмады. Қарлық билеушісі Білге Күл Қадыр хан 840 жылы өзін қаған деп жариялап, Испиджабтың билеушісі болды. Осы­ған байланысты саманидтер билеушісі Нух ибн Асад Испид­жабқа жорық жасап, оны өздеріне бағындырды және қамал-бекіністер салғызды. Қағандық таққа таласқан Білге Күл Қадыр хан балалары Арслан хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Таразды биледі. 893 жылы тахиридтер әулетінің билеушісі Исмаил ибн Ахмед Таразға басып кіріп, 10 мың түркі әскері мен әрбір жауынгеріне 10 мың дирхем олжа тауып оралды. Таразды билеген қарлық қағанының баласы Оғұлшақ біраз уақытқа Қашғарға кетуге мәжбүр болды. Ал 904 жылы ол саманид­ тер иеліктеріне шабуыл жасады [175, 24-25]. Алайда саманидтер әулетінің өкілдері барған сайын жергілікті феодалдардың мүддесін қорғап, соларға сүйену арқылы араб үстемдігіне қарсы күресті күшейтті. Екінші жағынан, саманидтердің өз араларындағы билік үшін тақ таластары олардың әлсіреуіне алып келді. X ғасырдың екінші жартысында қарлықтардың тайпалық бірлестіктері құрған Қараханид мемлекетінің соққысына шыдамаған саманидтер мемлекеті құлдырай түсті. Ал 1005 жылы Мауереннахр Қарахандар қолына көшті. Сонымен, қорыта келгенде, қарлықтардың араб бас­ қыншыларымен күресін негізгі екі үлкен кезеңге бөлуге

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ болады. Бірінші кезең олардың 712-713 жылдары Соғды, Шаш және Ферғана қалаларының тұрғындарымен бірге антиарабтық коалицияға қатысуынан басталып 766 жылға, яғни қарлықтардың Жетісуда билікті өз қолына алып, бас­ қыншыларға қарсы түркі халқы күресінің бастаушысы болып шығуына дейінгі уақытты қамтыса, екінші кезең VIII ғасырдың екінші жартысынан басталып IX ғасырдың соңында, яғни Қарахандар мемлекетінің саманидтер әулетін құлатып, Мауереннахрды өз қолына алуымен аяқталады. Алғашқы кезеңде Оңтүстік Қазақстан аумағындағы жергілікті қарлықтар араб шапқыншылығына қарсы Соғ­ ды, Шаш және Ферғана қалаларының тұрғындарымен және түргештермен бірге күресті. Бұл кезеңдегі тағы бір ерек­ шелік сол, қарлықтар екі майданда соғысқа қатысуына тура келді. Біріншісі арабтар болса, екіншісі Қытай бас­ қыншылығына қарсы бағытталды. Кейде осы екі үлкен империямен саяси қатынастарда қарлықтар уақытша бір жаққа шығып кетіп, өздерінің тәуелсіздігін қорғап қалу үшін одан да бетер қауіпті екінші күшпен күресті. 751 жылғы Талас шайқасында қарлықтардың арабтар жағына шығып, қытай әскерлерінің жеңілуіне себепші болуы да осының дәлелі. Екінші кезеңде қарлықтар арабтарға қарсы күресте не­ гізгі күштің біріне айналды. Бірақ бұл кезең араб бас­ қыншыларының олжа табу үшін жүргізген жорықтар тәсілінен енді Оңтүстік Қазақстан жерлерін толық жаулап алу ниетімен жүргізілген тұрақты соғыс қимылдарына көшуімен тұспа-тұс келді. Бұл кезең сонымен бірге арабтар ішке ене берген сайын күшейе түскен халық қозғалысы­ мен, оған түркі қарлықтарының белсене қатысуымен де ерекшелене түседі. Бұл кезеңде антиарабтық коалиция

Сатай СЫЗДЫҚОВ кеңейді. Басқа түркі тайпа бірлестіктерімен бірге тибет­ тіктер де қатысты. Сонымен қатар бұл кезеңнің аяғында басқыншылардың қорғанысқа көше бастағанын көреміз. Оған дәлел – арабтардың өз иеліктерінің шекараларына қамал-бекіністер салғаны. Араб басқыншыларынан азат етуде тахиридтер мен саманидтер әулеттеріндегі жергілікті феодалдар мүддесін көздеген әлеуметтік топтар күресінің маңызы зор болды. Олар осы мақсатта түркі мемлекеттілігі саясатын жүргізе отырып, шетел басқыншыларынан жер­ гілікті халықты азат етуге үлес қосты. Екінші кезең негізі­ нен қарлық ру-тайпаларының конфедерациясын құрған Қарахан мемлекетінің Мауереннахрды өз иеліктеріне қо­ суымен аяқталды. VІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ІХ ғасырдың ортасына дейінгі Қарлық мемлекетінің саяси басқару жүйесі ЯБҒУ Мемлекет басшысы Кудеркин Ябғу көмекшісі Тайпалар бірлестігінің көсемі Тайпалар бірлестігі сагун сагун сагун сагун сагун сагун Рубасы Рубасы Рубасы Рубасы Рубасы Рубасы Елтебер Рулар бірлестігі Елтебер Рулар бірлестігі Елтебер Рулар бірлестігі

ІІІ ТАРАУ ҚАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАРАХАНДАР ӘУЛЕТІ БИЛЕГЕН ҚАЛА-МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ҰЛАСУЫ

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ 3.1. Қарахандар әулетінің мемлекеті: саяси тарихы және әлеуметтік-экономикалық құрылымы Қарахандар әулеті мәселесіне. Қарахандар әулетінің не­­гізін салушылар жөнінде тарихнамада бірнеше көзқа­ рас­тар бар екені белгілі. Кезінде орыс ғалымы В. Григо­ рьев хандарында «қара» атағы болуына байланысты «Қа­ раханидтер мемлекеті» деп, тарихи еңбектерде бұл атауды берік орнықтырды. Алайда оның тек шартты атау екендігі мәлім. Қарлықтар өздерінің бастапқы Түрік қағанаты құрамын­ да жүрген кезінен бастап, Қарахандар әулеті басқарған мемлекетті құрып, оның күйреуіне дейінгі аралықта, яғни VІІ-ХІІ ғасырларда ұзақ этникалық процестерді бастан кешірді. Бұл үрдіс әсіресе қарлықтардың мемлекет құрып, билеушілері өздерін Қарахандар әулетіненбіз деп санай бастағанда күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайда өтті. Оған сол кезде қалыптасқан Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы саяси жағдайлар мен ми­ грация, әлеуметтік-экономикалық процестер мен діни фак­ торлар да зор ықпал етті. VIII ғасырдың ортасында қарлықтардың Алтай, Тарба­ ғатай және қазіргі Шығыс Қазақстан өңірінен Жетісуге ке­ луімен оларда алғашқы этникалық өзгерістерге ұшырады. Бұл Жетісу мен Орта Азиядағы жергілікті түркі немесе тегі басқа тайпалармен араласуынан көрінді. Қарлықтар келер

Сатай СЫЗДЫҚОВ алдында бұл жерлерде «Он оқ» елі, Түргеш, Оғыз тайпала­ ры және соғдылар болған еді. Сөйтіп, қарлық елі құрамында жаңа этникалық құрылымдар пайда болды. Кейінгі, арнайы тарихи зерттеулерде қарахандардың қарлықтар мемлекетіне кірген тайпалардан шыққаны тұ­ жырымды айтылады. Әсіресе қарлықтар конфедерация­ сына кірген шігіл, яғма, тухси тайпалары Қарахандар мем­ лекетін құруда ерекше көзге түседі. Яғма тайпасы қарлықтармен бұрыннан көршілес, ал кейін 840 жылы қырғыз-қарлықтардың бірлесіп, Ұйғыр қағанатын құлатқаннан кейін, олардың бір бөлігі қар­ лықтар құрамына кіргені, тіпті араласып кеткені де бай­ қалады. Қарлықтардың оңтүстігінде, Нарын өзенінің бас жағынан оңтүстікке қарай, Қашғар жерін алып жатқан яғмалықтардың бір шеті қимақтармен шектеседі. 840 жылы қарлықтар мен қырғыздардан жеңілген ұйғыр қағанатының (немесе тоғыз-оғыздар) ішінен бөлініп қарлықтарға кеткен, сол яғмалар болу керек. Өйткені 15 тайпаның Тарбаға­ тайда орналасқаны, яғни қарлықтар мен кимектер ара­ сына сәй­кес келеді. Уақыт өткен сайын яғмалықтардың бір бөлігі Іле өзені арқылы Ыстықкөлге дейін барып, қарлықтармен аралас отырды. Екінші бір үлкен тайпа — шігілдер, ортағасырлық дерек­ тер бойынша Іле мен Сырдарияның оңтүстігінде, Ыстық көлдің айналасы мен одан батыста, ал кей ретте оңтүстікшығысқа қарай орналасқаны айтылады. Бұл жерлер сол кезеңдегі қарлықтардың да қоныс тепкен мекендері болып саналады. Жалпы шігілдер мен қарлықтар бірбірімен этникалық және саяси тұрғыдан тығыз байланыста болғандығы зерттеулерде дәлелденген.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Географиялық еңбектерде тухси тайпасының да қар­ лықтармен бірге Хан Тәңірі тауының батыс жақ аяғында орналасқаны хабарланады [207, 16 а]. Сонымен, қарлық конфедерациясына тарихи тағдыр та­ лайы бір шігіл, яғма, тухси және т.б. ірі тайпалар кірген. Екіншіден, бұл тайпалардың қарлық конфедерациясы­ на кіруіне байланысты «қарлық» атауы этникалық емес, қалыптасқан тайпалық одақтардың жалпы саяси атауы­ на айналғанын көреміз. Сондықтан да олар, араб саяхат­ шысы Абу Долеф қарлық жерімен 25 күндей жүруге тура келгендігін жазады. Бұл ретте ал-Масудидің мына сөздерін келтірген орын­ ды: Хакандардың хаканы солардан (қарлықтардан) болды, ол түріктердің басты мемлекеттерін және олардың патша­ ларын өз қол астына бағындырды. Афрасиаб ат-Түркі де осы хакандардан шықты... Шана (яғни Ашна) да солардан (қарлықтардан) болды [26, 288]. X ғасырдан, яғни Қарахандар әулетінің билікке келуінен бастап, қарлық бірлестігінде этникалық процестердің жаңа бір кезеңі басталды. Бір жағынан ислам дінінің қабылда­ нуы, екінші жағынан XI ғасырда шығыстан келген мигра­ ция толқыны қарахандар билік жүргізген мемлекет ішін­ дегі этникалық процестерді одан әрі күрделілендіре түсті. Қарахандар әулеті тұсындағы мемлекет үшін «қарлық» са­ яси этнонимі тар болды. Алайда бұдан қарлықтардың не­ гізін құраған тайпалар мемлекетте жетекші рөл атқарма­ ды деген ұғым тумауға тиіс. Өйткені уақыт өткен сайын сол қарлық мемлекетінің негізін құрған тайпалардың өзі сан жағынан өсті және бір-бірімен араласып кетті. Мыса­ лы, оған X ғасырда ислам дінін қабылдаған қарлықтардың «түрікмендер» деп аталуын келтірсек те жеткілікті.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Екінші жағынан, алғашқыда «жабғулық» немесе удель­ дік тұрғыда, шаруашылық жағынан гөрі саяси бірлігі басым, федеративтік негізде құрылған мемлекет өзінің даму, гүлдену сатысында, яғни белгілі бір шаруашылықэкономикалық негізде бір орталыққа бағынуы кезеңінде барлығының басын қосқан билеушіге ортақ бір атақ берілетін болды. Қандай да бір конфедерациялық мемлекетте басқара­ тын хан мен мұраға берілетін билік шығатын этнос бо­ лады. Міне, осы этнос қарлықтар еді. Конфедерациялық сол мемлекеттің ішкі құрылымына да тиесілі. Ел бірнеше удельдік бөліктерден тұрып, олардың тәуелділік деңгейі жоғарғы билеушінің жеке басының іс-қызметіне байланыс­ ты болды. Қарахандар мемлекетінің пайда болуы туралы қа­зіргі та­ рихнама бұрынғы Кеңес дәуірінің идеологиялық сарыны­ нан арыла қойған жоқ. Оның бірден-бір көрінісі – біздің мемлекеттілігіміздің тарихын әлі де үзік-үзік етіп көрсету. Оның «ортақ сценарийі»: ортағасырлық түркі дәуіріндегі мемлекеттер тарихын жазғанда бәрі де құлап, жойылып, оның орнына басқа мемлекеттер пайда болады. Олар­ дың бір-бірімен жалғасып, эволюциялық даму үрдісінде болғандығына тиісті көңіл аударылмайды. Бұл Қарахандар мемлекетінің пайда болуы туралы тарихнамада да көрініс береді. Әдетте қалыптасқан тарихнамада Қарлық мемлекеті 940 жылы Қашғардың түрік билеушілерінің Баласағұнды басып алуына байланысты Қарлық мемлекеті құлады делінеді [4,314]. Ал Қарахан мемлекетінің та­ рихы 942 жылдан, яғни Сатук Боғра ханның Баласағұн билеушісін құлатып, өзін қаған ретінде жариялағанынан басталады деп көрсетеді [4, 399].

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Шын мәнісінде, былай болған еді: 840 жылы қарлық­ тардың жабғуы, Испиджабты билеуші Білге Күл Қадыр Қара хан қаған атағын алып, халыққа жария етті. Міне, осы кезден бастап қарлық мемлекетін билеушілер өздерін «Қара» әулетіненбіз (ежелгі түркілердің саяси билік үшін күресінде орын алған) деп санай бастады. Бұл 840 жыл. Ал дәстүрлі тарихнамада Қарахандар әулетін Са­ тук Абд ал-Керимнің исламды қабылдап, қаған ретінде өзін жариялануынан бастайды. Қайсысы дұрыс? Біздіңше, қарлық ру-тайпаларының конфедерациясынан шыққан Қарахандар әулетінің билігін 840 жылдан, яғни қарлық билеушісі Білге Күл Қадыр ханның өзін 840 жылы Қара хан атағымен қаған ретінде жариялауынан бастаған тари­ хи әділдік болар еді. Өйткені алғашқысы мен кейінгісінің арасындағы айырмашылық тек ислам дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдауда ғана. Жаңа дінді қабылдау бүтіндей мемлекеттің дамуы мен оның басқару институттарын түбірімен өзгертеді деген тұжырым тудырмауы керек. Білге Қүл Қадыр Қара хан өлгеннен кейін де қағанаттың билігі оның екі баласының қолына көшті: Базыр Арсланхан – Баласағұнды, ал Оғұлшақ Қадыр хан Таразды билей бастады. Таразды саманилік Исмаил ибн Ахмад басып алғаннан кейін (893 ж.) Оғұлшақ Қашғарға кетуге мәжбүр болды. 904 жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл жаса­ ды. Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан (915-955) Қарахандардың мұсылмандық әулетінің негізін салушы болды. Бұл жерде ерекше ден қоятын жағдай тарихнама­да қалыптасқандай Сатұқ Боғра хан жалпы Қара­хан әулеті­ нің негізін салушы емес, оның тек мұсылман­дық бағы­тын алғаш рет ұстаушы ретінде қарастыру керек.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Ортағасырлық тарихшы Жамал Карши да қарахан­ дар­дың мұсылмандық әулетін құрушы Сатук Абд алКеримнің атасы қарлық қағаны Білге Күл Қадыр хан болды деп жазады. Батысы мен Шығысында – Жетісу мен Сырдың орта ағы­сына дейін, солтүстіктен оңтүстігіне, яғни Балқаштан Ыстықкөлге дейінгі ұлан-ғайыр территорияны алып жатқан, батыстан шығысқа кесіп өту үшін 30 күн керек бо­ латын, жерінде 25-тен астам қаласы бар, отырықшылық пен көшпелілердің өзара ықпалдастығын және Ұлы Жі­ бек жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы сол кездегі Орталық Азияда озық мәдениет құрған, 751 жылғы Атлах шайқасында (Қытай мен Араб халифаты) шешуші рөл атқарып, мұсылман өркениетінің Орталық Азияда түпкілікті орнығуына да өз үлесін қосқан осы қарлықтар болатын. Қарахандар мемлекетінің құрылуы мәселесінде талас пікірлер әлі толастаған жоқ. Осы мәселені анықтау үшін әуелі «қара» атағы мен «Қарахандар әулетінің» пайда болу және оның тарих сахнасына шығу мәселелеріне тоқталу қажет. «Қара хан» титулын алғаш түркілер хандығында Бумын (Момын) қағанның үшінші ұлы Тобо (Тобық) хан (572-581жж.) алған еді. Ол өте батыл да ержүрек және дипломатиялық шеберлігі зор, қытайға да салық төлеткен, түркілер мемлекетінің территория­сын батысында да және шы­ғысында да мейлінше ұлғайтып, са­санидтік Иран мен Византия империясымен дәрежесін тең ұстаған хан еді. Қытай транскрипциясы негізінде Л.Н. Гумилев бұл ханның түркі тіліндегі атын «табақ», аңдық стилінде «Арси­ ла» (Арыстан) екенін анықтаған. Қазақ тілінде де «тобық» –

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ «табақ», (орысшада да «чаша» – «табақ») мағынасын береді. Ол кезде Тобо хан буддизмді қабылдап, осы діннің дәстүрі бойынша қолына табақ және жуан таяқ ұстаған. Қазақ шежіресінде де бұл жағдай көрініс береді. Мысалы Арғын шежіресінде Момын анадан туған тобық­ты «жуан таяқ тобықты» деп аталған. Византиялық тарихшы Менандр да Тобо ханды аңдық стилінде «Арсила», яғни «Арыстан» ата­ уымен жазған. IX ғасырдың жартысы мен X ғасырда қарлық «жабғуы» атауының орнына «қара» атағы қолданылды. Бұл Білге Күл Қадырханның өзін қаған деп жариялау уақытымен сәйкес келеді. Қарлықтардың астанасы болып табылатын Баласағұнда билеушілердің тұратын жері «Қара Орда» немесе «Күз Орда» деп аталды. Орда орналасқан тауға қарап, қарлықтар: «Мұнда барлығынан жоғары иеміз тұрады», – деп жалбарынатын болған [173, 284-285]. Қарахандар мемлекетін қай ру-тайпалар құрды деген мәселеде талас пікірлер әлі толастаған жоқ. Бұл мәселені анықтау жолында әуелі «қара» атағы мен «Қарахандар әулетінің» пайда болу және шығу себептерін ашып алу қажет. Жалпы алғанда, Қарлық мемлекеті мен Қарахан әулеті тұсындағы елде «Қара», «Арслан», «Бура-Богра» деген кеңінен етек алған атақтар бұрыннан да қарлықтардың ата-бабаларында болған. Сондықтан бұл мәселе бойын­ ша өткенге көз жіберу, көп нәрсенің бетін ашуға немесе Қарлық мемлекетінің Қарахандар әулеті тұсында одан әрі өмір сүргеніне қосымша дәлел болмақ. Тарихи деректерде «богра» атағы ежелден қар­лықтарда болғаны айтылады. Араб, парсы, түркі және қытай жазбала­

Сатай СЫЗДЫҚОВ рына сүйенген Құрбанғали Халид өзінің «Тауарих хамсасында»: «Сағұн ханы болған Қара ханға «бұғра» атағы берілген. Осы­ дан бастап кім Сағұн және Қашғар елдеріне хан болса, олар­ ға «Бұғрахан « атағы, татар-моңғол хандарын — хакан, түрік хандарын — хұнқар деп атауғa келісті. «Бұғрахан» атағын алған Бұғұқұра хан — Тау ханның тоғызыншы немересі, не болса да Бұғұқұра хан өз ықпалымен хан болып, «бұғра» атын алған. Сағұн шаһарын өзіне орталық етіп, соңыра «болат Сағұн», яғни Баласағұн аталып, қазіргі «Астун Артуш»дейтін шаһар осы Қашғарға төрт тас қашықтықта. Бұл уақыт алғашқы Бұғра әулетінің ақырғы кезі, Мұхаммед пайғамбардың туған уақытына тұстас келеді. Құтайба ибн Муслимнің Қашғарға келуі осы ханның немерелері заманы­ на тура келеді. Бұл Бұғра хан мен Сыдық бұғра хан арасы төрт жүз жылдай болған,» – деп жазады [121, 228-230]. Құрбанғали Халидтің жоғарыда келтірілген жаз­ба­ ларының қандай деректерден алғаны белгісіз болса да, ондағы атақтардың қай тарихи кезеңде шығуына көңіл ау­ дарып, оны қазіргі тарихи әдебиеттерде бар деректермен салыстырып көрелік. Жалпы «Арслан», «Богра-Бура» атақтары бір тарихи кезеңде пайда болған. Оны Қарахандар әулеті кезінде бұл екеуінің қатар немесе алмасып келуінен көруге болады. Алғашқы «Арслан» атағымен Түрік қағанатының билеушісі Тоба хан (572-581 жылдары билеген) аталынған. Ол өз қағанатын 572 жылы удельдерге бөлгенде батыс аймақты ағасына берді. Бірақ ол көп ұзамай өлді де, баласы Бура ханға билік тиді. «Бура» оның атағы еді. Сонда «Бура-Богра» мен «Арслан» атақтары тұстас, бірақ «Арслан» – ағасына, ал «Бура» – кішісіне, яғни інісіне берілгенін көреміз.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Ал Тоба Арслан хан мен Бура хандардың (VI ғасырдың II жартысы) өмір сүрген кезеңі жоғарыда «Тауарих хамсада» айтылғандай, Мұхаммед пайғамбардың туған заманына және оған 400 жылдай қосылса, Сыдық Богра хан (915-955) билік еткен уақытына сәйкес келеді. Сонымен «Арслан» және «Богра-Бура» атақтары Қара­ хандар әулетінен де бұрын Түрік қағанаттарының кұрылу кезінде хандарға берілгенін көреміз. Қарлықтардың түркі­ лерден шыкқанын ескерсек, олардың хан болған ата-ба­ балары бұл атақтарды алуы ықтимал. Қарлықтардағы «тух­си» тайпасы, ал қазақ шежірелерінде, бұрын қарлық бірлестігінде кездесетін рулардың құрамында «тоқалардың» болуы, тіпті, қазіргі қарлық (қарпық) шежіресінде үлкен бір бөлімі осы «тоқадан» тарауы да кездейсоқ сәйкестіктер емес. Бұдан шығатын қорытынды: Қарлықтар VІІІ-Х ғасыр­ лар­да өз мемлекетін құрып, оны бір орталыққа бағындыру (Қарахандар мемлекеті түрінде) кезінде өздерінің ата-ба­ балары саналатын Түрік қағанаты заманындағы «Арслан» және «Богра-Бура» атақтарын қайта жандандырып, оларды өздерінің тайпаларынан шыққан хандары мен бектеріне титул ретінде қоя бастаған. Сөйтіп, «Арслан», «Бура-Богра» атақтары Қарахандар әулетінде қайтадан тарих сахнасына шыққан. Қарахандар шежіресіне көп көңіл бөлген Ә. Марғұлан: «Тағы бір шындық, Қарахан тұқымдары туыс жағынан қарлықпен байланысты екенін тарих беттері ашып ай­ тады. Қытай жазушыларының көрсетуі бойынша, олар­ дың шежіресі Түрік қағанаты кезінен басталады, өйткені бірінші Қарахан (Хэли хан VII ғасырдың орта кезінде жа­ 12-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ сап) Бесбалықты орда етіп көтерушілердің бірі болған», – деп жазады [23, 71]. Осындағы бірінші Қарахан Хэли өзін Ышбара хан (Ша­ боло хан Хэлу) деп атаған Халлығ болатын. Ол «Он оқ» елін біріктіріп, VII ғасырдың ортасында қытайдың империялық саясатына қарсы ымырасыз күрес жүргізген атақты хан еді. Міне осы «Хэлу Халлығ» аттары мен «шеху». «жабғу» атақтарынан оның қарлық елінен шыққан адам екенін байқауға болады. «Харлух — халаж-халлух» — бұлардың барлығы «қарлық» атауының түрлі нұсқалары ғана. Мұндағы «Хэлу» қытайша «гэло», яғни «қарлық» этникалық атауын береді де, қытайша «шеху» атауы да қарлықтардың «жабғу» атағымен сәйкеседі. Халыг (Ашина Хэлу) «Он оқ» елінің дулу және нуши­ би — екі қанатын қол астына біріктіргенде, олардың ханға қарсы қарсыласқаны туралы деректерде ештеңе айтыл­ майды. Алайда «Он оқ» елі өздерінің жігерсіз бектерінен гөрі батыл, ержүрек, іскер, басқарушылық қабілеті бар Ашина Хэлудің басқарғанын жақтады. Халыг Қытай импе­ риясымен соғыс жүргізгенде дулу және нушибидің біраз бөліктері жау жаққа шығып кетті және Халыгқа қарсы жорыққа қатынасты. Ал империя әскері Халыгқа қарсы күресінде қарлықтар мен олардың көршілері чуюе, чуми және чумугундар жеріне жорық ұйымдастырды. Бұдан көретініміз, Халыг Ышбара хан Хэлу дулу және нушиби тайпаларының ішінен шықпаған. «Оғызнамеде» «бектер­ ге бек болған қарлық» деп айтылғандай, Ышбара хан Хэлу он тайпаның көсемдерінің, яғни бектерінің құқықтарын танып, дулуларға – «шор», нушибилерге – «еркін» деген атақтарын берді. Ә. Марғұлан да қарлықтардың елбас­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ шысы Қара хан (Хэлу) Бейжін (Бешбалық) үшін талай рет соғысып, кейде жеңіліп жүрген кездері де болған деп ашық айтады [23,1971,104]. Халыг өзінің ұлын «Тье-Түйе» деп атаған және оны Ба­ тыс Түрік қағанатының екінші дәрежелі билеушісі етіп, «бахадур-жабғу» деген атағын берген [43а, 1,289]. Жоғарыда келтірілгендерден мыналарды тұжырымдауға болады: – «Қарахан» – ертеден, яғни VII ғасырдан келе жатқан атақ. Оны ежелден Ашина әулетінен тараған, билеуші адамдар иемденген; – Қарлық елінен бұл атақты («Қарахан») VII ғасырда Ашина Хэлу Ышбара – Хан (Халыг) алған; – Халыг ұлының «түйе» атын алуы кейін Қарахандар әулетінде қолданылған «богра» – «бура» атағының орын алуы­на ықпалын тигізген. Ол «Қараханнан» төменгі дәре­ жеде болған; – Халыгтың өз ұлына «Тье-Түйе» атағын беруі, ал Тобо Арслан ханның (572-581) інісінің баласына «бура» атағын беруі – мұрагерлік дәстүр жалғасының көрінісі. Қарахандар әулеті басқарған елде мемлекеттік тіл, негізінен, «қаған тілі» болған. Орыс ғалымы В. Григорьев және француз ғалымы Гренар Қашғар тілі, яғни «қаған түрікшесі», қарлық тілі екендігін дәлелдеді. XII ғасырда Қашғар түрікшесі Ферғана, Ташкент, Самарқандқа дейін қарлықтардың орналасқан аймағында, ал түркі тілі тобының басқа бір лексикасын құрайтын – оғыз, яғни батыс лексика­ сы Сырдариядан Хорасанға қарай қалыптасты. Сондықтан қарлықтар тайпаларының негізгі бөліктері қаған тілінде сөйлеген деп тұжырымдауға болады.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Сонымен, қарлық мемлекетінің қарахандар әулетіне өту кезеңіндегі қарлықтардың тайпалық бірлестігінде болған этникалық өзгерістерді, хандар атақтарының шығу түп-тамыры, мемлекеттік тілі мен сол кезеңде болып жатқан саяси оқиғаларды қарастыру арқылы Қарахан­дар әулеті мемлекетінің негізін қарлықтардың ру-тайпалық конфедерациясының құрғанын көреміз. Сондықтан «Қарахандар әулеті» немесе «Қарахандар мемлекеті» — «Қарлық мемлекеті» деген пікірге қайшы келмейді. Қара­ хандар мемлекеті дегеніміз, сайып келгенде, Қарлық мем­ лекетінің іштей дамуының нәтижесі, яғни жаңа, дамыған бытыраңқы қала-мемлекеттерге ұласуы. Мұндай феодалдық бытыраңқылық даму сатысынан бірталай еуропалық және Русь мемлекеттері кезінде өткен. Қарахандар әулеті тұсында бұрынғы Қар­лық мемлекеті құрамындағы ру-тайпалар бірлестігінің көбеюі мен исламның мемлекеттік дін ретінде ресми тұр­ғыда қабылдануы және экономиканың даму нәтижесінде әлеуметтік құрылымның күрделенуі – бұрынғы ру-тайпалық негізде құрылған мемлекетті өзіне тарлық етті. Сөйтіп ендігі жерде билікке келген әулет тек бұрын­ ғы ру-тайпа көлемінде емес, бірнеше қала-мемлекеттердің ортақ мүддесін білдіруге тиіс болды. Бұл тарихи нақтылы жағдайда ол – «Қарахандар әулеті» басқарған қала-мем­ лекеттер болып шықты. Ал «қарлық» этнонимі әске­рисославиелік, яғни әлеуметтік мәнге ғана ие болып қалды. Сонымен бұдан шығатын қорытынды: ортағасырлық тарихта Қараханидтер мемлекеті деп жүргеніміз саяси тұрғыда: өздерін ежелден келе жатқан «Қара» титулын (ежелгі түркілердің саяси билік мұрасы үшін күресінің көрінісі) қайтадан иеленген билеушілер әулетінің басқару

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ билігіне өткен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда: күр­делі жер иелену – икталық қатынастардың көшпелілермен өза­ ра тығыз ықпалдастығы мен байланысы бар қоғам орнат­ қан, мәдени-рухани дамуында: мұсылмандық өркениетті ұстанған, яғни бір сөзбен айтқанда, бұрынғы Қарлық мемлекетінің Қарахан әулеті басқарған қала-мемлекет­ терге ұласуы болып табылады. (Сондықтан да әл-Фараби осы мемлекетті жетілдіру мақсатында «Қайырымды қала» атты фило­софиялық трактатын жазды. «Мемлекет» емес «қала» деп атауы да осы қала-мемлекеттерге байланыст­ы). Жалпы, теориялық концепциялық тұрғыда айтқанда белгілі бір мемлекеттің іштей жетіліп, даму барысында феодалдық бытыраңқылық кезеңіне өту. Ортағасыр­лық тарихта мұндай феодалдық бытыраңқылықтан бірталай еуропалық және Русь мемлекеттері өткен және беделді та­ рихшылар тарапынан бұл қоғамдық, саяси-экономикалық құбылыс – диалектикалық тұрғыдағы прогрессивті даму са­ тысы ретінде танылған болатын. Қарахандар әулеті мемлекетінің қысқаша саяси та­ рихы. Қарахандар әулеті мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан-байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ Қарлық қағанатының жоғары даму сатысына өтуімен тығыз байланысты еді. Жетісуды және көршілес өңір­лерді мекендеген қарлықтардың, жікілдердің, яғмалар­ дың Саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркіндүркін шабуыл жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа со­ зылған әрі табанды күресі Қазақстан аумағының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы түрік тайпалары тобының эт­ ни­калық-саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді және олар­дың ішінде қарлықтар басты рөл атқарды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ 840 жылы қарлықтардың жетекшісі, Испиджабты би­ леуші Білге Құл Қадыр хан қаған атағын қабылдап, сол арқылы жоғарғы өкіметті алуға хақысы барын мәлім­де­ ді. Нақ сол жылы Саманилер Испиджабты бағындырды. Білге Құл Қадыр хан өлгеннен кейін қағанаттағы билік үшін күресте оның екі баласы суырылып шықты: Базыр Арслан хан Баласағұнды, ал Оғұлшақ Қадыр хан Таразды билей бастады. Таразды саманилік Исмаил ибн Ахмад ба­ сып алғаннан кейін (893 ж.) Оғұлшақ тегін де аз уақытқа Қашғарға баруға мәжбүр болды. 904 жылы ол Саманилер иелігіне шабуыл жасады. Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра ханды (915-955 жж.) Қарахан әулетінің негізін са­ лушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашғарды бағындырды; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құ­ латып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Шынына кел­ генде, Қарахан әулеті мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жа­ риялады. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-илек Баласағұнды иеленді. Бұл өңірді оның баласы Хасан Боғра хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. Оның иелігінің орталығы Қашғар болды, соны­ мен қатар ол Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып есептелді. Қарахан әулеті мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ негізінен ықпалды әрі күшті екі әулеттің – Әли Арслан хан мен Ха­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ сан (Харун) Боғра ханның ұрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (әлилер) ұрпағының ықпалы күштірек болды, ал кейін бұл ықпал Хасан ұрпақтарына (хасанилерге) көшті. Қарахан әулеті мемлекетінің шекаралары тұрақты, то­ лып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құ­ қықтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шы­ғаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын да өзгерте алатын. XI ға­ сырдың 30 жылдарының соңында Ибрахим ибн Насыр­ дың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі – орталығы Бұхарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мауереннахр­ ды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі – қарамағына Та­ раз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы – Баласағұн қаласы. Осы­ мен Қарахан әулеті мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді. Арслан хан кезінде Қарахан мемлекеті одан әрі бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласа­ ды. 1056 жылы Қадыр ханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай оған у беріліп өлтіріледі. Тәжтаққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраз уақыттан кейін Барыс хан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатты 15 жыл бойы (1059-1074) Қадыр ханның балалары – Юсуф Тоғрұл хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана Шығыс қа­ ғанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шека­ра Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (1075-1102) Қашғар,

Сатай СЫЗДЫҚОВ Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 жыл­дан бастап ол Селжұқ сұлтаны Мәлікшахтың кіріп­тар вассалына айналады. 1102 жылы Боғра хан қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Мауереннахрға Баласағұн мен Таластың иесі Қадыр хан Жабраил шабуыл жа­ сап, Әмударияға дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті селжұқтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118-1157) селжұқтар Мауереннахрға шексіз би­ лігін жүргізеді, бірақ бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырау кезеңі басталған еді. Мемлекеттік саяси құрылымы. Жоғарғы өкімет билігі хаканның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке қа­ лып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары тегіндер, ілек (ел) хандар, бектер, нөкерлер жатқан. Билік үлестік жерлер арқылы жүргізілген. Үлестік жерлер ірі және кіші болып бөлінген. Хаканның сарай маңындағы қызметкерлерінен құралған тұрақты ұйымы болды. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болды, ол әрі көмекші, әрі кеңесші болып саналады. Қараханидтер кезіндегі уәзірлер қарлық қағанының «көл-еркіндеріне» ұқсас. Махмұд Қаш­ ғаридің жазуына қарағанда, «көл-еркіннің» мәні көл-көсір, ұшан-теңіз ақыл-ой деген мағынаны білдірген. Хаканның мемлекеттік саяси-әкімшілік іс жүргізетін же­рі «орда» деп аталған. Онда сарай қызметкерлері тұр­ ған. Олар: хаканның уәзірлері, нөкерлері, орынбасарлары, қазынашылары, елшілері, хат жүргізушілері, аспапшыла­ ры және т.б. жеңіл-желпі жұмыс істейтіндер. Қарахан мемлекетіндегі қоғамдық құрылыс басқару тәртібі, жер иеленудің түрлері, алым-салық алудың жүйесі,

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ әлеуметтік теңсіздік, қанаудың түрлері туралы сөз еткен­ де Орта Азиядағы мемлекеттердегі қоғамдық құрылыстың әсері болғандығын ескерген жөн. Мәселен, отырықшыегіншілік округтерде негізінен саманилер тұсында қол­да­ нылған құрылымда сақталды. Мұнда бұрынғысынша қо­ ныс және қала басшылары (мехталар, әкімдер, раистер) болды. Сонымен бірге ілік-хандар тұсында сахиб-барида (мәліметшілік қызметтерде қоса атқаратын пошта бастық­ тары), мұстауфалар (қаражат-салық мекемесінің қыз­ меткері мен бастығы) және т.б. да лауазымдар сақталды. Қырдағы, аймақтағы мал шаруашылығымен айналыса­ тын халықты басқару тәртібі басқаша болды. Ол да иерар­ хиялық принциптерге негізделіп тұрса да, көшпелі қауым­ дардың әкімшілік басқаруы рулық-тайпалық басшы топ­ тары арқылы, көбінде елші басына, бектер мен хандарға бағынатын рубасылары арқылы жүзеге асырылды. Қарахан бектерінің билігі әжептәуір мол болды. Олар тәртіп сақталуын қадағалады, оларға сот үкімдерінің және әдеттегі құқық нормаларының (тору) орындалуын бақылау міндеттелді, шекараларды қорғау да соларға жүктелді. Қарахан елші-басшылары, бектер мен хандар (ел) ілекхандарға бағынды, олар үлесті жерлердің билеушілері бол­ ды. Хакандар тәрізді олардың өз әкімшілік орталықтары қызметін атқарған сарайлары (қаршылары) және тұрақты ставкалары (ордалары) болды. Ілектер үлесті жерлердің қалалары мен селолық округтерін басқарды. Шонжар­ лар арасында жерді сүю дәстүрі болды, бұл вассалдық билеушіге (сюзеренге) тәуелділігінің белгісін білдіретін. Тұтас алғанда Қарахан мемлекетінің мемлекеттік-әкім­ шілік жүйесі феодалдық негізде орнықты. Ол оты­рықшы

Сатай СЫЗДЫҚОВ және көшпелі халық бұқарасын қанап, тәуелділікте ұстау мақсаттарына қызмет етті. Жер иелену түрлері. Икта. Алғашқы кезде бұрынғы мем­лекеттік құрылымдардың дәстүрлерін жалғастырған Қарахан мемлекеті экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да оларды қайталаған жоқ. Қарахан мемлеке­ тіндегі аса маңызды институт әскери-лендік жүйе болды. Хақандар мемлекетке халық жиналатын жерлерді өзде­рінің туыстарына және жақын адамдарына тарту етіп сыйға берді. Мұндай тартулар парсы тілінде «икта», ал иеле­нушілер «иктадар» деп аталынса, арабша иеленуші «мукта» лауазы­ мымен аталынған. Деректерде иктасы бар мукта муктаны жаудан қорғауға тиісті болған. Бір ескеретін жағдай, икта муктаға заңды түрде бекітіліп берілмеген. Ал муктадар иктаны өздеріне мәңгі мұрагерлікке бекітіп алуға тыры­ сып отырған. Иктаны берудің бірнеше жолдары болған. Ол муктаның қоғамдағы орнына байланысты бол­ды. Егер мукта қаған әулетінен болса, оған ірі жер үлестері бе­ ріл­ген. Орташа үлестік жерлер бектерге, ал кіші үлестік жерлер тәуелді қызметкерлерге берілген. Қарахан мемлекетіндегі жер иеленудің және бір үлкен көп тараған түрі – әскери үлестік (лендік) жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілетін болған. Үлеске берілетін жердің мөлшері әскери қызметтердің дәрежесіне, сіңірген еңбегіне, қоғам алдындағы бет-беделіне байланысты бол­ ды. Шамасы, әскери үлестік жерлер сарбаздар арасында да бөліске түскен. Кейбір деректер әскери қызметкерлерге заттай, ақшалай да ақы берілгендігін хабарлайды. Үлестік жер алғандар да, иктадарлар да өздерінің билеушілерінің алдында қажет болған кезде қару-жарағымен қаруланған сарбаздарымен қызметке дайын болған.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Иктамен қатар жер иеленудің басқа да түрлері болды. Қарахан билеушілері қазынаға түсетін салықтардың көзі және уақытша сыйлық беру қоры болған үлкен-үлкен жер учаскелерін иеленді. Бұл Қарахан әулетінің жаулап алынған жерлерінен, сондай-ақ мемлекет қарамағындағы жерлер­ ден тұрды. Ірі жер иеленумен қатар мұсылман дінбасыларының негізгі материалдық базасы діни мекемелердің пайдасы­ на атақты және бай жер иеленушілер мен көшпелі әскер­ басылар өсиет етіп қалдырған учаскелерден тұратын вакф­ тық жерлер де болды. Әдетте вакфтық жерлерден мем­ лекет пайдасына салықтар алынбады. Ірі және орташа феодалдық жер иеленумен қатар ұсақ шаруалар меншігі мен қауымдық иелену сақталды. Жері жоқ шаруаларды қанаудың кең тараған түрлері­ нің бірі үлескерлік арқылы жүзеге асырылды. Араб және парсы-тәжік деректемелерінде үлескерлер (шаруалар) «му­ зари» немесе «барзигар» деп аталды. Үлескерліктердің мәні мынада болды: мемлекеттік немесе мұрагерлік жол­мен жер иеленушілердің меншігіндегі жер шаруаларға жалға берілді. Үлескер (шаруа) түсімнің көбін салық тү­рін­де мем­ лекетке және жерді меншіктенушіге не вакф (вакфтық жер де жалға берілді) иесіне беруге міндеттенді. Үлескерлерге айналушылар әдетте өзінің суармалы жер учаскелері жоқ шаруалар еді. X-XII ғасырларда Қарахан мемлекетінде шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация болды. Оның мәні мынада – ұсақ жер иелері немесе орта шаруалар семьясының азын-аулақ мал-мүлкі мен байлығының талантаражға түсуінен, зорлық-зомбылықтан сақтану үшін

Сатай СЫЗДЫҚОВ күштілердің қорғануына (патронатына) берілуі. Ол үшін кедейлер өздерінің «қорғаушыларына» тиісті алым-салық төлеп отырған. Дәл осындай жағдай мал шаруашылығымен айналысатын аудандарда да болды. Өндіргіш күштің өсуіне, өндірістік тәсілдің дамуына бай­ланысты коммендациялық қанау түрі де өзгеріп отыр­ ған. Малсыз, жерсіз қалған шаруалар, кедейлер үстем тап өкілдерінің тәуелділігіне толық түсіп отырған. Олар өздерінің «қорғаушыларына» алым-салықпен өтей алма­ са, өздерінің борыштарын жауынгерлік қызметпен немесе жұмыспен өтеген. Сонымен, жоғарыдағы көрсетілген әлеуметтік жағдай­ лар Қарахан мемлекетінің өзінен бұрынғы феодалдық мемлекеттердің жай ғана жалғасы болып қана қоймай, олардың дамыған жоғары сатысы екендігін көрсетеді. Олай болса, бұл кез (X-XII ғғ.) Қазақстанның оңтүстік және оң­түстік-шығыс аудандарында феодалдық қатынастың қалыптасып болғандығына толық дәлел. 3.2. Қарахан мемлекетіндегі ішкі әлеуметтік-саяси шиеленістер. Қарлық (Хазар, Алмалық, Қаялық) хандықтарының бөлінуі XI ғасырдың ортасына қарай Қарахандар әулеті екі бө­ лікке – Батыс және Шығыс болып бөлінгені белгілі. Шы­ ғыс Қарахандар мемлекетінің құрамына Жетісу, Қашғар, Ферғана, Шаш, Тараз және Испиджаб, ал Батыс бөлігіне Мауереннахр мен Бұхара және Ходжент кірді. Міне, осы

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Батыс Қарахандар мемлекетінің билеушілері XII ғасырға дейін, яғни селжұқтар Мауереннахрды қаратып алғанға дейін, негізінен қарлықтар арасынан шықты. Батыс Қарахандардың алғашқы ханы Шамс әл-Мульк Наср ибн Ибрахим (1068-1070) селжұқ сұлтаны Алп Арслан­мен достық қарым-қатынаста болды. Соңғысы ханға қызын берді. Осы ханның немерелерінің бірі – Шамс әлМульк Хұсейн Аяз биді селжұқ сұлтаны Ел Арслан (11561172) өз әскерінің қолбасшысы еткені туралы дерек бар. Онда тегі туралы Мауереннахрдағы қарлық эмирлерінен шыққан, бабасы кезінде Самарқандты билеген, кейін Хо­ тан билеушілерінің қысымына ұшыраған деп жазады. Бұл айтылғандар әл-Асирдің жазбалары бойынша дәлелденеді. Шамс әл-Мульк Хұсейн Аяздың бабасы, Ибрагим Тамгач хан 1067-1068 жылдары өлген соң оның баласы Шамс әлМульк Наср таққа отырған. Шығыс Қарахандардың би­ леушісі Тогрул Қарахан Юсуф Батыс Қарахандардан Фер­ ғана мен Шашты қайтарып алу үшін 1069-1070 жылдары Мауереннахрға жорық ұйымдастырып, Самарқандты қор­ шады. Бірақ оны ала алмай, Шамс әл-Мулькпен бітімге келді. Келісім бойынша Қарахандардың екі мемлекетінің шекарасы Ходжент арқылы өтетін болды. Ал Шаш пен Илак қайтадан Тогрул Қарахан Юсуфқа қарады. Сөйтіп, Ферғана жазығы мен Сырдариядан солтүстік-шығысқа шейінгі жер­ лер Шығыс Қарахандарға қосылды. Жоғарыда келтірілген әл-Асирдің жазғандарынан Шамс әл-Мульк Хұсейн Аяздың бабасы Шамс әл-Мульк Наср Самарқандта билеуші болғанын және Хотан жақтан қысым көруі, яғни Шығыс Қарахандардың Самарқандқа жорық жасап, Ферғана мен Шашты талап етуі бір-біріне сәйкес келетінін көреміз.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Екінші бір көңіл қоятын жағдай, Шамс әл-Мульк Насрдың әкесі Ибрахим Бури тегін Наср өз әкесінің «Тафгач-Буграхан» деген атағын 1040-1041 жылдардың алдында алғаны. Ал «тафгач» атағы қарлық тайпаларынан шыққанын О. При­цак нанымды дәлелдейді («Тафгач» түрік тілінде «ұлы», «сый­ лы» деген мағынаны білдірген) [175, 20]. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: Ба­ тыс Қарахандар билеушісі негізінен қарлықтардан шықты және олар ылғи да Шығыс Қарахандар мен селжұқтардан тәуелсіз болуға ұмтылған. Әсіресе Ибрахим ибн Наср Таф­ гач хан тұсында Батыс Қарахандар мемлекетінің күш-қуаты өзінің шарықтау шегіне жеткен. Бұдан кейін Батыс Қарахандар мемлекетінің тәуелсізді­ гіне қауіп-қатер селжұқтар тарапынан, әсіресе Мелих шах сұлтан (1072-1092) тұсында күшейді. 1089 жылы Мелих шах Батыс Қарахандардың астанасы Самарқандты басып алды. Тараз бен Баласағұнды билейтін Қадыр хан Жебірейілдің селжұқтарға қарсы 1102 жылғы жорықтары сәтсіз аяқталды. XII ғасырдың басынан бастап, Мауереннахрдағы селжұқтар гегемониясына қарсы Батыс Қарахандар мемлекетіндегі қарлықтардың күресі басталды. Селжұқтардың ықпалымен қойылған Батыс Қарахан­ дар мемлекетінің билеушісі Арслан хан Мұхаммед ибн Сүлейменге (1102-1130) қарсы жергілікті қарлық эмирле­ рінің бірі Сагун бек 1103 және 1109 жылдары көтеріліске шықты. Алайда көтеріліс селжұқ сұлтаны Санжардың кө­ мегімен басылды [34, 1, 381-382]. Көтерілісті басқарушының «сагун» ата­ғы көр­сетіп тұрғандай, оның тегі қарлықтан екені анық. Өйткені, бұл атақты ертеден тек қарлық тай­ паларының билеушілері иемденген.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Жалпы Мауереннахрдағы қарлықтар селжұқ билігіне қарсы үнемі күрес жүргізіп отырды. Сондықтан да жоға­ рыда айтылған Сагун бектің екі көтерілісі де сол қарлықтар наразылығының нәтижесі болуы керек. Қарлықтардың тағы бір сондай іс-әрекеті 1129 жылы бол­ ды. Арслан ханға оның көмекшісі Насрмен келісіп, қарлық­ тар төңкеріс ұйымдастыруға қатысты. Бірақ бұл жағдай ал­ дын ала білініп қалып, Арслан хан Санжар сұлтаннан көмек сұрады. Санжар көп әскерімен Әмударияны кешіп өткенде көтерілген қарлықтар Самарқандтан қашып кетті. Ибн әлАсирдің басқа бір жазуында Санжар сұлтан көтерілісші қарлықтарды басып, оларды Самарқандтан қуып шықты деп хабарлайды. Ақырында 1130 жылы бірнеше шабуыл­ дан кейін Самарқанд алынып, тоналды [34, 1, 384]. Осы кезде күшейген қарақытайлар Қарахандар әулеті­ нің иеліктерін жаулап ала бастады. Шығыс Қарахандардың билеушісі Сүлеймен ибн Қадыр хан олардың күшіне той­та­­рыс бере алмады. Бұл жағдайда жергілікті удельдік билеушілер, әсіресе әскердің негізін құрайтын қарлықтар Қарахандар әулетінің әлсіздігіне, селжұқтарға және қарақы­ тайларға төтеп бере алмағанына наразы болды. Жетісу қарлықтары қаңлылармен біріге отырып, Баласағұнға жо­ рық жасады. Қорыққан хан қарақытайлықтарды көмекке шақырды. Бұл жағдай қарақытай билеушісі Елюй Даши­ ге жақсы сылтау болды. Көп әскерімен келіп Баласағұнды басып алды да, ханды лауазымынан айырып, оған «елік» атағын берді. Елюй Даши Баласағұнды өзінің ордабасына айналдырды. Баласағұнды алған соң қарақытайлар бүкіл Жетісу өңірі мен Қашғарды өзіне тәуелді етті. Енді қарақытайлар

Сатай СЫЗДЫҚОВ үшін Мауереннахрға жол ашылды. Бұл қауіпті ескерген Самарқандтағы Махмұд Арслан хан (селжұқтардың қойған ханы) қол жинап қарақытайларға қарсы шықты. Бірақ 1137 жылы мамыр айында Ходжент түбінде болған шайқаста хан әскері жеңіліп қалды [138, 66]. Өзінің күші жетпейтінін білген Махмұд селжұқ сұлтаны Санжардан көмек сұрады. Бұл кезде Санжардың өзіне де Хорезмшах тарапынан қауіп төніп тұрған еді. Сондықтан ол әуелі Хорезмшахқа жорық жасап, кейін Махмұдқа кө­ мектесу үшін үлкен дайындық қамына кірісті. Өзіне ба­ ғынышты иеліктерден (Систан, Гүр, Газне, Мазендаран және т.б.) Санжар 100 мыңдай әскер жинап, 1140 жылдың жазында жолға шықты. Санжар Самарқандқа келгенде Махмұд хан оған қарлықтардың қарсылық білдіріп жүр­ генін айтып, оларды бағындырып беруін сұрады. Сел­ жұқтар қарлық иеліктеріне басып кіріп, жайылымдарын тартып алды және тұрғындарын қуа бастады. Қарлық бас­ шылары Санжар сұлтанға бұл әділетсіздіктен бас тартуға, олардың жерлері мен иеліктерін қайтарып беруге және бұл тілектер орындалған жағдайда селжұқтарға 5000 түйе, 5000 жылқы және 50 000 қой беретіндіктерін айтты. Тілек­ тері қанағаттандырылмағандықтан қарлықтар селжұқтарға қа­­ра­­ғанда жергілікті халыққа қысымшылық жасай қой­май­ тын қарақытайлардан көмек сұрауға мәжбүр болды [34, 1, 397]. Қарақытайлық Гурхан алдымен Санжарға қарлықтар­ ға кешірім етсін деген тілекпен хат жіберді. Алайда Сан­ жар бұл тілекті орындауға уәде бермей, қарақытайларды исламды қабылдауға шақырды және мұны орындамаған жағдайда Гурханға қарсы жорыққа шығатынын білдірді.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Гурхан Санжар әскерінің санына жақын қол жинап, Мауе­ реннахрға қарай жүрді. Қарлықтар да 30 мың қол жинап Гурханға қосылды. Санжар мен Гурхан әскері 1141 жылдың қыркүйек айында Самарқанд маңындағы Қатаған деген жер­ де кездесті. Санжар өз әскерін үшке бөліп орналастырды. Гурхан да әскерін үш бөлікке бөліп қарсы қойды. Шайқас барысында қарақытайлар Санжар әскерін тықсырып кері шегіндірді де, оларды Дейрі Гам жазығындағы өзен­ нен өтуге мәжбүр етті. Өзеннен өтерде Санжар әскерінің біразы суға батты, ал қалғаны бас сауғалап қашты. Жал­ пы Санжар әскерінен 30000 шығын болған. Бұл шайқаста селжұқтардың жеңілуінде қарлық әскерінің рөлі зор еді. Өйткені шайқастың ең шешуші жерлерінде осы қарлықтар болған. Санжар өзінің бір бөлік әскерімен Балхқа қашты. Қалғандары қолбасшыларымен бірге тұтқынға түсті [34, 1, 389]. Қатаған шайқасынан кейін де қарлықтар өзінің тәуел­ сіздігі үшін күресті. Санжар сұлтан жеңілген соң Гурхан Самарқандқа Тамгач хан Ибрагимді қойды. Хан жергілікті елге өте қайырымсыз, қатал болды. Қарлықтар 1156 жылы оған да қарсы шығып, Бұхара жанындағы Каллабаз деген жерде Ибрагим ханды өлтіріп, денесін көмусіз далаға таста­ ды [34, 1, 132]. Самарқандтағы болып жатқан жағдай Балх төңірегіндегі, яғни Тохаристан қарлықтарын да алаңдатпай қоймады. Олар да селжұқтардың таққа отырғызған хандарына қар­ сы шықты. 1156 жылы Санжар әскерімен Термезден Хора­ санға жүрген кезде Балх қарлықтары мен оларды қол­ дайтын Әмудария тұрғындары қарсы көтерілді [138, 67]. Сан­жар бағытын өзгертіп, Мервке кетуге мәжбүр болды. 13-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ Балх, яғни Тохаристан қарлықтарының Самарқандтағы отан­дастарымен ынтымақтасуы, олардың кейін қарлықтар өлтірген Тафгач хан Ибрагимнің өшін алмақ болған ІІ Ма­ судтың қысымына ұшырауына себепкер болды. Самарқанд тағына қарақытайлар көмегімен Тафгач хан орнына «Көк Сағун» деген атағы бар Хасан тегіннің ұлы Жалеледдин келді. Ол қарлықтардың басшысы Жабғу ханды өлтіртті. Қарлықтар Хорезмшахты паналап, одан көмек сұрауға мәжбүр болды. Хорезмшах Ел Арс­лан Мауереннахрдағы қарақытайлар билігін әлсірету мақ­ сатында қарлықтарды пайдаланбақ үшін оларды жылы қарсы алды. 1158 жылдың маусым айында Хорезмшах қарлық­ тарға көмектесу үшін Мауереннахрға жорыққа шықты. Са­марқанд ханы Көк Сағун бір жағынан көшпелі түркі­ мендерден, екінші жағынан қарақытайлардан көмек алды. Гурхан оған он мыңдай әскер берді. Хорезмшах пен Көк Сағун әскерлері Зарафшанның екі жағына келіп қарсы тұрды. Қарақытайлар мен түркімендер жағы Хорезмшах­ пен бірден соғысуға бата алмай, бітім жасауға ниет білдірді. Олар Самарқанд имамдарын делдалдыққа салу арқылы бейбіт келісімге келді. Хорезмшах келісімнің шарты ретін­ де қарлықтарды мекендеріне қайтарып, эмирлерін орнына қойдыруды талап етті. Қарсы жақ бұл талаптарды қабыл алды және орындады [34, 1, 397]. Алайда «қарлық мәселесі» мұнымен шешіліп біт­педі. Желаледдиннің орнына келген інісі Қылыш Таф­гач хан Ма­ суд (1169-1170 жылдардан кейін өлген) қарлық­тармен кү­ ресті одан әрі жүргізді. Гурхан оған бір хатын­да қарлықтар­ дың қаруларын тастатып, жер өңдеу шаруа­шылығы­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ мен айналыстыру қажеттігін тапсырды. Қы­лыш Тафгач хан мұны қарлықтардан талап еткенде олар көтеріліп, Бұхараға қарай жорыққа шықты. Бұхара билеушісі факих Мұхаммед Омар оларды Самарқандтағы Қылыш Тафгач хан әскерімен келгенше келіссөзбен алдап, ұстап тұрды. Ал Самарқанд билеушісі келген соң Бұхара жанындағы шайқаста қарлық қолбасшысы Аяз би ерлік­пен хан шаты­ рына дейін жетіп, оны өлтірмекші болғанда тұтқынға түсті және өлтірілді [69, 179]. Катиб әл-Самарқандтың дерегі бой­ ынша, Масуд билігі кезінде Айар би көтерілісі болған. Ол бір дәулетті текті отбасыдан шықпаған. Өзінің алғырлығы мен қабілеттілігінің арқасында қызметке кө­терілген. Қарлық­тардың әскербасыларының ішінде оған тең келер ешкім жоқ-ты. Мауереннахрда бір жыл бас қолбасшы бол­ ды. Алайда белгісіз бір себептен ханға қар­сы бүлік ашты. Хунгу даласындағы шайқаста Айар би ханның шатырына кіріп барып, оны өлтірмек болды. Бірақ тұтқынға алынды және хан алдында басы кесілді. Бұл хабар Ибн әл-Асирде де қуатталады [184, 104-105]. Жоғарыда келтірілген Аяз және Айар би екеуі бір адам болуы керек (Араб ғарпінде «р» және «з» әріптерінің жазылуы тек басына қойылатын диакриттік белгімен айырылуына байланысты қолжазбаларда бұл белгінің кей ретте өшіп қалуы не түспей қалуы жиі кездесетін жайт. Сонымен бірге қазақта «Аяз би, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл» деген сөз жоғарыда айтылған оқиғаларға байланысты қалған болу керек. Бір қызығы, аңызда Аяз бидің қарадан шыққандығын оның өз есігінің маңдайшасына жыртық тонын іліп қоюын да көрсетеді. Қарлықтардың Аяз биіне байланысты оқиғалары мен қазақтың «Аяз би» аңызының сәйкестігі – дәлелдеуді қажет ететін жеке бір мәселе – С.С.).

Сатай СЫЗДЫҚОВ Басқа бір деректерде бұл оқиға әрі қарай дәлелдене түседі: Ел Арслан әскерінің алдын бастаушы-қолбасшы ретінде Мауереннахрдағы қарлық эмирінен Шамс әлМульк Хұсейн Аяз биді тағайындайды. Мұның бабасы кезінде Самарқандты алған. Кейін Хотан билеушілерінің қысымына ұшырады. Ұлы Шамс әл-Мульк Аяз би қашып Хорезмге келеді. Хорезмшах оны жылы лебізбен қабылдап, қадір тұтады. Қызын беріп үйлендіреді және әскеріне қолбасшы етіп тағайындайды. Бір-біріне мазмұны жағынан жақын және бір тари­ хи кезеңде болған бұл оқиғалардың салдары бір, яғни қарлықтардың Мауереннахрдан бірте-бірте кетуі айты­ лады. Осы оқиғадан кейін қарлықтар Хорезмге, яғни Дешті Қыпшаққа және Жетісу жаққа бірте-бірте жылжуы бас­ талады (Осы жерде айта кету орынды: қазақтың үш жүзінің бірінен кейін бірі жоғарыда аталған жерлерге келіп, қалып қойғаны туралы тарихи аңыздың шындыққа жанасатынын көрсетеді. Жалпы жоғарыда келтірілген жазба деректер мен қазақ аңыздарының сәйкестігі қазақтың үш жүз руларының осы Қарахандар әулеті мемлекетінің құрамындағы оғыз-қарлық көшпелі тайпалар конфедерациясында болғанын дәлелдей ала­ ды – С.С.). Әлеуметтік-саяси шиеленістердің себептері мен нә­ тижелері. Осы уақытқа дейінгі тарихнамада көшпелілер мен отырықшылдардың қатынасы мәселесінде өзара ық­ пал­дастығы біршама жақсы зерттелгенімен, олардың әлеу­меттік-экономикалық дамудың бір кезеңінде бір-бі­ рі­нен алшақтауы немесе бөлінуі мәселесіне және оның себептеріне жеткілікті мән беріле қойған жоқ. Бұл мәселені дұрыс қойып, оны шешу қазірде «Қазақтар және олардың

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ ата-бабалары таза көшпелілер болды ма немесе жарты­ лай көшпелі болды ма?» деген сұраққа түпкілікті жа­уап беруге көмектеседі. Бұл проблеманы шешудің жолын Қарахан­дар мемлекетінің әлеуметтік-саяси тарихы мы­ салында анық көруге болады. Қарахандар әулеті құрған мемлекеттің құрамында болған көшпелілігі басым қарлық, оғыз ру-тайпаларының (кейін қазақ, өзбек, түрікмен және қырғыз халықтарын қалыптастырған) өздерінің елдік бол­ мысы мен тыныс-тіршілігін және еркіндігін сақтап қалу үшін үнемі күрес жүргізумен болды. Қарахандар әулетінің екіге бөлінуі, олардың үнемі таққа талас-тартыстары, оның үс­тіне селжұқтардың көтеріліп, билік басына келуі көшпелі түркі ру-тайпаларының құрған ел іргесіне үлкен қауіп төн­ дірді. Қарахандар, одан кейін селжұқтар құрған иеліктің билеушілер әскерінің бір бөлігі осы көшпелі түркі рутайпаларының конфедерациясынан жасақталған болатын. Осы қызметі және төлеген салықтары (белгілі мөлшерде мал басы) үшін оларға жайылымға және басқа шаруашылықтар жүргізуге жер берілді. Бірақ қарахандар мен селжұқтар әулеттерінің үнемі саяси талас-тартыстары көшпелілердің әскери қызметтегілері мен дәстүрлі шаруашылығына көп зардабын тигізді. Әдетте осы кезеңді зерттеушілердің на­ зарында қарахандар мен селжұқтар әулеттерінің саяси күрестері болады да, саяси оқиғалардың себеп-салда­ рына белгілі бір дәрежеде ықпал еткен әлеуметтік-эконо­ микалық факторға байланысты шешуші рөл атқарған көшпелі түркі ру-тайпаларының іс-әрекеттері тыс қалады. Сондықтан да бұл мәселені ортағасырлық көшпелілер мен отырықшылдықтың арақатынасы тарихының «ақтаңдағы» десе де болады. Көшпелі шаруашылық жалпы мемлекет­

Сатай СЫЗДЫҚОВ тегі қалалардың гүлденуіне, сауда-саттықтың дамуына, сол кездегі Ұлы Жібек жолының бұрынғыдай өркениеттік рөлін қамтамасыз етуіне үздіксіз үлес қосып отырғаны бізге белгілі. Сонымен қоса көшпелілердің жан басы мен мал басы өсіп, бұрынғы бөлініп берілген жерлер таршылық етіп, жайылымды кеңейту қажет болды. Мұның өзі сол кездегі отырықшылдықтағы жер иеленудің икталық қатынастарын барынша дамытқан қарахандар мен селжұқтар әулеттерінің билеушілерімен саяси-әлеуметтік қайшылықтарға, тіпті тікелей әскери-соғыс қақтығыстарына әкеліп соқтырды. Ол ол ма, мемлекет билеушілерінің көшпелі түркілермен мұндай қайшылықтарды дұрыс жолмен шеше алмауы сол мемлекеттің ақыр аяғында күйреуіне әкелетін. Дәл осы жағдай селжұқтар құрған мемлекет пен оғыз-қарлық конфедерациясы арасында туындаған саяси-әлеуметтік қарама-қайшылықтар нәтижесінде қалыптасты. Енді осы­ ны сол кезеңдегі тарихи оқиғалар мен нақтылы деректер негізінде қарастырып көрелік. Зерттеулерде дәлелденгендей, ортағасырлық түркі мем­ ле­кеттерінің ең өркениеттісі және дамуы тұрғысынан ең алдыңғы қатарлысы Қарахандар әулеті мемлекетінің не­ гізін салған қарлық ру-тайпаларының конфедерациясы болатын. Қарахандар мемлекеті өз дамуының гүлдену кезіне жеткен кезде қоғамдағы еңбек бөлінісінің үрдісі жеделдеді және шаруашылықтың дамуы барысында түскен салықтан билеушілер тобы мол байлыққа кенелді. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан түркілерге салық (мараи) мөлшері ұлғайды. Селжұқ билеушілеріне көшпелілер жа­ йылым мен су көздері үшін салық төледі. Бұрын әскери қызметке тартылған көшпелілер енді қатардағы тәуелді

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ салық төлеушілерге айналды. Сөйтіп, жеңімпаздардың тұқымы мен мұрагерлері және ірі империяның негізін салушылар ендігі жерде өздері бағындырған Хорасан мен Иранның салық төлеуші тұрғындарының қатарын то­ лықтырып, өздерінің бұрынғы еркіндігінен айырылды. Бұл, әрине, еркіндікті сүйген көшпелі түркілердің селжұқ империясының әскери-әкімшілік және мемлекеттік фис­ кал­дық аппарат жүйесіне үлкен наразылығын тудырды. Жоғарыда болған оқиғалар халықтың ауызша тарих айту дәстүрінде де орын алған. Мысалы, қилы заманды басынан кешірген оғыздардың тағдыр-талайы «Қорқыт ата кітабындағы» «Басаттың Төбекөзді өлтірген әңгіме­сінің баянында» көрініс беретінін айта кеткен жөн. Әңгіме сюжеті Қиян Селжұқтың інісі Басаттың Төбекөзді жеңіп, оғыздар (қарлықтарды кейбір деректерде үш оғыз деп атаған – С.С.) мерейін үстем еткені туралы оқиғалардан құрылған [82, 589600]. Алғашында оғыздар ішінен шық­қан селжұқтар, кейін им­периялық мемлекет құрған Сан­жар сұлтан өз билігінің соңғы кезеңінде оғыз-қарлық конфедерациясындағы көш­ пелі ру-тайпаларға қатты қы­сымшылық (салық мөлшерінің шектен тыс ұлғаюы мен жайылымның тарылуы) көрсетті. «Қорқыт ата кітабындағы» Төбекөз тұлғасы сол кезде селжұқтар, империясын басқар­ған сұлтан Санжар болуы кәдік. Оғыздар атынан Қорқыт ата Төбекөзге барып, салық мөлшерін азайтуға келісім жасасуға тырысады. Салық түрі жазба деректердегідей мал басымен (қой) белгіленген. Сонымен қатар жазба деректерден бір артықшылығы, «Қорқыт ата кітабында» көшпелілердің сұл­тан әскеріне ер адамды беру міндеткерлігі де аталған. Кітап сюжетінде: «Жайылымына оғыз елін қондыр­ мады», «Оғыздарға салық салды», билеушілерге «Төрт

Сатай СЫЗДЫҚОВ ұлы бары бі­рін берді, үшеуі қалды. Үш ұлы бары бірін берді, екеуі қал­ды», – деген деректер кездеседі. Санжар сұлтанның жанындағы әскердің дені көшпелі оғыз-қар­ лықтардан құралғанын жазба деректерден білсек, онда белгілі бір мөлшерде ер адам басын сұлтан әскерінің қата­ рына беру көшпелілерге де міндеттелінгенін байқауға бо­ лады. Көптеген жазба деректерде Санжар сұлтан билігі кезеңінде оғыз-қарлық конфедерациясындағы көшпелі ру-тайпаларды Қорқыт пен Тути бек басқарғаны белгілі. Жазғандарымыз дәлелді болу үшін ХII ғасырда Иран, Ауғанстан және Орта Азияға саяхат жасаған Вениамин Тудельскийдің қолжазбасында «Парсы патшасының кәпір түріктер мен гуздарға жорығы» («Кәпір» деген бұл жерде конфессиональдықтан гөрі саяси мәнге ие болу керек. Өйткені Санжар сұлтан тұтқынға түсіп, одан қашып шыққаннан кейін мұсылман билеушілеріне арнаған хатында өзінің «түрікмен мәлік-кафирлердің» қолынан босанып шыққандығын жазған (Koymen M.A. Buyuk Selcuklu imparatorlugu tarihi. Cilt. II. – An­ kara, 1954, 460-б.). Сонымен бірге көшпелілер арасында тә­ңір­ лік наным-сенімде болғандар да аз емес еді) баяндалған. В. Ту­ дельскийдің саяхатнамасында Санжар сұлтан ора­сан зор қолымен шешуші шайқасқа бірден түспеген оғыз­дардың соңына түсіп, әбден титықтап, бұрын Анбар қаласы болған өлке мен Гирзуван таулы аймақтағы иу­дей дініндегі елді ме­ кенге орналасқан жерде тынығуға тоқтайды. Мұндағы­лар бұрыннан оғыздармен туыс-жақын қарым-қатынаста бол­ ғандықтан Санжар сұлтанның әрбір қадамын оғыздарға ха­ барлап отырған. Ақырында, сол өңірдегі тау шатқалындағы тар өткелде Санжар сұлтанның әскерін тосыннан шабу­ ылдап, үлкен шығынға ұшыратады. Сұлтанның өзі аз ғана

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ әскерімен қашып құтылады. Шай­қас болған өңірде ежелден иудей дініндегі халықтар тұра­тындығы тарихи деректерде кездеседі [187, 171]. Онда Анбармен бірге Басит округі иу­ дей дініндегілер мекені ретінде аталады. Осындағы Басит­ ті «Қорқыт ата кітабындағы» Басатпен сәйкестендірудің жөні бар. Аталған өлкелердегі елдің көмегімен оғыздар­ дың Санжар сұлтанды жеңу мүмкіндігіне ие болғандықтан да Басатты батыр тұлға ретінде кітапқа енгізген. В. Ту­ дельскийдің жазбалары өткен ғасырдың 30 жылдарындаақ Батыс Еуропа тарихнамасының айналымына енгенімен, әлі де зерттеушілер назарына толық ілінбегендігін айта кету керек. Оғыз-қарлық конфедерациясындағы көшпелі ру-тайпалар мен селжұқ сұлтаны Санжар арасындағы қан­құйлы оқиғалардан көшпелілердің еркіндік пен тәуел­­ сіздігін, елдігін сақтап қалудағы жанкешті кү­ресі көрініс береді. Мұндай жағдай ел есінде елеусіз қал­майды. Сондықтан да ол «Қорқыт ата кітабының» бір жы­ры болып қалған. Мұның өзі тарихта әлденеше рет қайталанғанындай, көшпелілердің басты мұраты – мәңгі ел, мәңгі еркіндік пен тәуелсіздік болып қала беретіндігін тағы да айшықтады. Сонымен, жоғарыда айтылғандардан шығатын қоры­ тынды: көшпелілер мен отырықшылдығы аралас ортаға­ сырлық мемлекетте қоғамның белгілі бір дамыған ке­зе­­ ңінде жер иеленуші отырықшы қауым мен мал шаруа­ шылығымен айналысатын көшпелілер арасында жер үшін бәсекелестік туындайды. Егер мемлекетті басқарушылар бұл мәселені дұрыс шеше алмаса, бәсекелестіктің арты саяси қақтығыстарға ұласып, мемлекеттің әлсіреуіне және аталған шаруашылық түрлерімен айналысушылардың бір-бірі­нен бөлінуіне алып келеді. Дәл осындай жағдай Қарахандар

Сатай СЫЗДЫҚОВ мемлекетінде орын алып, көшпелілердің бөлінуіне, сөйтіп олардың жекелеген хандықтарының пайда болуына алып келді. Нәтижесінде Шыңғыс хан жорығының алдында Қарахандар мемлекетінен бөлініп шыққан, негізінен көш­ пелі қарлықтардан тұратын Қаялық, Хазар-Қарлық жә­не Алмалық хандықтары пайда болған еді. 3.3. Қарлықтар моңғол шапқыншылығы тұсында Моңғол шапқыншылығы қарсаңында қарақытайларға тәуелді болған қарлықтардың Жетісудағы бөлігі Қаялық және Алмалық қалаларының маңына топтасты. Алайда қара­қытайлар өздеріне тәуелді иеліктерді басқаруға бұ­ рынғы жергілікті билеушілерді қалдырып отырды. Жетісу қар­лықтары үшін де осындай басқару жүйесі қалып­тасты. Жалпы Жетісу бөлігіндегі қарлықтар көшпелі мал ша­ руашылығымен айналысатын еді. XII ғасырдың аяғы мен XIII ғасырдың басында қарақытайлықтар мен қарлықтардың арақатынасы өте шиеленісе түсті. Қарлықтардың 1156 жылы қарақытайлардың Самарқандтағы наместнигіне бағынбай көтерілуі, 1164 жылы Гурханның қарлықтардың Мауереннахр бөлігінен қауіптеніп, олардың қаруларын тастатуын, оның Бұхара мен Самарқандтан Қашғарға кету­лерін талап етуі және 1165 жылы Хорезмшахтардың қара­қытайларға қарсы жорығында Аяр бек бастаған қар­ лықтардың қатысуы бұған дәлел. 1141 жылғы Қатаған шайқасындағы қарақытайлар мен қарлықтардың одағы соңғысының күшеюіне байланысты ендігі жерде бұзылды. Қарлықтардың күшеюінен қорыққан қарақытайлар оларды қалайда әлсірету мақсатын алға қойды.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Осы кезде қарақытайларға тәуелді басқа иеліктер де кө­ теріліп, оларға алым-салық төлеуден бас тартты. Соның бірі Хотан билеушісі еді. Сонымен қатар Гурханның қауіп­ті бір қарсыласы Қаялықтағы қарлық хандығы болды. Гурхан, бір жағынан, Хотанға қарсы жорыққа дайындала отырып, ай­ ламен Қаялықтағы Арслан ханның көзін жоюды ойластыр­ ды. Бұл ниетін жүзеге асыру үшін Гурхан Хотанға жасайтын жорығыма жәрдем берсін деп Арслан ханды шақыртты. Алайда Гурханның маңайындағы әміршісінің бірі Арс­ лан ханға оның өлтірмек ниетін хабарлап қойды. Ол әмір Арсланға: «Сен өз-өзіңді өлтір, әйтпесе менің бұл хабарды жеткізгенімді Гурхан біліп қояды. Ал сен өлген соң орныңа өзіңнің ұлыңды қойғызуға уәде беремін», – деп ант берді. Арслан хан күштің тең емес екенін сезді де. өзін-өзі өлтірді. Ал әмір өзінің уәдесін орындады. Арслан хан балаларының бірін таққа отырғызды [234, I, 55]. Алайда Іле қарлықтары мен қарақытайлар арасында­ ғы шиеленіс мұнымен тоқталмады. Қарлықтардан қауіп­ тенгені сондай, Гурханға өзінің ордабасын Күз Ордадан (Баласағұннан) Қашғарға ауыстыруына тура келді. XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында қарақы­ тайлардың жағдайы Жетісуда қиындай түсті. Хорезмшах мемлекеті, Баласағұн үшін қаңлы мен қарлықтардың күресі және Қашғар мен Хотандағы иеліктердің көтерілістері Гур­ хан билігін әлсіретті. XIII ғасырдың бас кезінде Күшлік бастаған наймандар моңғолдардың қысымымен шығыстан Жетісуға жылжи бастады. Міне, осы жағдайды қарақытайлар өз мақсаттарына пайдаланып қалғысы келді. Бұл кезде қарақытайлықтардың халі ауыр еді. 1510 жылы Тараз қаласы түбіндегі шайқаста Хорезмшахтан жеңілген қарақытайлар Баласағұнды тонап, Қашғарға қарай шегін­

Сатай СЫЗДЫҚОВ генде қарлықтардың Қаялықтағы ханы – Арслан хан Күшлік ханмен бірлесе отырып, 1211 жылы Гурхан әскерлерін талқандап, өзін тұтқынға алды. Қарақытайлардың жеңілісінен соң Жетісу өңірінде би­ лік найман ханы Күшлік пен Іле қарлықтарының қолын­ да қалды. Алайда Күшлік хан ендігі жерде мұсылмандар­ ды қуғынға ұшырата бастады. Гурханның тұтқынға тү­ суіне және Хорезмшах Мұхаммед Текештің Күшлікпен жақындасуына байланысты Шыңғыс хан Күшлікке қарсы жорыққа әзірленді. Бұл жағдайда Қаялықтағы қарлық ха­ ны – Арслан Шыңғыс ханды қолдады. Оған екі үлкен себеп­ тің бірі: найман ханы Күшлік Жетісудағы мұсылмандар­ды ашықтан-ашық қуғындай бастады. Ал қарлықтардың көбісі бұл кезде мұсылман болатын. Шыңғыс хан болса, ол басқа дінді ұстағаны үшін адамдарды қудаламады. Екіншіден, Күшлік хан Шыңғыс ханның бұрыннан бітіспес жауы еді. Егер қарлықтар Күшлік жағына шықса, онда Шыңғыс ханға да жау болып шығуы кәдік еді. Сондықтан Арслан хан бұл қиын-қыстау кезеңде Шыңғыс ханмен одақтасуды дұрыс деп тапты. 1211 жылы Шыңғыс хан әскерінің қолбасшысы Құбылай Жетісуға кіргенде Арслан хан Қаялықтағы қарақытай наместнигін өлтіртіп, өзінің Шыңғысты жақ­ тайтынын білдірді. Шыңғыс хан оған разы болып, өз әулетінің бір қызын берді және оны бесінші ұлым деп жа­ риялады [179, I, 320]. 1218 жылы Хорезмшахтың моңғолдар жіберген 450 кісілік сауда керуенін тонауынан соң басталған Шыңғыс ханның оларға қарсы жорығына Арслан хан көмектесті. Сол жылдың күзінде Шыңғыс хан Хорезмге жорыққа атта­ нып, жолда Қаялыққа соқты. Мұнда Арслан хан үлкен сыйқұрмет көрсетіп қарсы алды. Сонымен қатар Арслан хан

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ жорыққа қарлықтардан 6 мың сарбаз жасақтап қосты. Шыңғыс хан Отырарды, Жендті және Бұхараны алған соң Самарқандқа келгенде Хорезмшахтың қаланы қорғауға қойған 60 мың әскерінің ішінде қарлықтар да бар еді. Бұл қарлықтар, жоғарыда айтылғандай, Бұхарадан қуылып, Хо­ резмге кеткендер болу керек. Шыңғыс хан әскеріне 6 мың­ дай Арслан хан қарлықтарының қосылғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұдан біз қарлықтардың Шыңғыс хан жағында да және оның қарсыластары жағында да шай­­ қасқанын көреміз. 1220 жылы Шыңғыс ханның Әмударияға дейінгі бүкіл Орта Азияны жаулап алуында Арслан хан бастаған Қаялық қарлықтарының көмегі маңызды рөл атқарды. Бұған, керісінше, Шыңғыс ханға қарсы күресушілер жақ­тағы қарлықтардың жеңіске жеткен кездері де болды. Мыса­ лы, Газне маңайында Парван деген елді мекен түбін­де Шыңғыс ханның бір отрядымен бірге болған Арслан хан қарлықтары Желаледдин мен оның одақтасы Сейфеддин Хасанның қарлықтар әскерімен кездесіп, шайқасты. Бұл жолы соңғылар жеңіске жетті. Шайқаста ауыр шығынға ұшырағандар да Арслан хан қарлықтары болды. 1221 жыл­дың соңында Арслан хан дүниеден қайтты. Меңгу хан Моңғол империясына көрсеткен қызметін ерекше бағалап, оның ұлдарының біріне Үзгенді иелікке берді [234, 1, 58]. Моңғол шапқыншылығы қарсаңында Жетісудағы қар­ лық иеліктерінің бірі Алмалық және оның маңайы болды. Алмалық қарлықтарының билеушісі Тоғрыл хан атағын иеленген Озар мал барымталау, тонаумен аты шығып, күш көрсету арқылы кейін билікке қолы жеткен. Ол Алмалыққа жақын Пулад қаласын да өзіне қаратқан.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Озар, бір жағынан, көршісі найман ханы Күшлікпен шайқасып, оны жеңіп те кетті. Бұл шайқастағы өзінің жеңі­ сін білдірмек үшін Шыңғыс ханға елші жіберді. Шыңғыс хан оның жеңісіне сүйсініп, жақындарынан Озарға бір қыз бергізді. Бұл оқиғалар 1216 жылы болған еді. Алайда Озар Шыңғыс ханнан қайтып келе жатқанда жол­ да аң аулап жүріп, Күшлік ханның адамдарының қолы­на тұтқынға түседі. Наймандар Алмалық халқын қорқы­тыпүркіту мақсатымен Озарды қала қақпасының алдына алып келсе де, қала қорғанысшылары қақпаны ашпай, қарсыласа береді. Бір кезде Шыңғыс хан әскері келе жатқанын естіген наймандар Озарды өлтіреді де, қаланы тастап кетіп қалады. Шыңғыс хан Озардың баласы Сығанақ тегінге шапан жауып әкесінің тағына отырғызады және оған баласы Жо­ шының қызын әпереді. Шыңғыс ханның 1218 жылы Хо­ резмшахқа жасаған жорығына Сығанақ тегін өз әскерімен қатынасқан. 1253-1254 жылдары Сығанақ тегін өлген соң орнына Данышман тегін келді. Бірақ оның іс-қызметі туралы еш белгі жоқ. Алайда XIII ғасырдағы Алмалық, Пулад, Орда ал-Азамда соғылған теңгелер қарлықтардікі екендігін айта кету керек. Бұл теңгелер сол кезде-ақ қарлық хандықтарын­ да жоғары дәрежеде дамыған шаруашылық пен сауданың, сондай-ақ мемлекеттілігінің болғанына айғақ. XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында қарлық ру-тайпаларының бір бөлігін Дешті Қыпшақта Жошы ұлы­сынан көреміз. Сірә да, бұлар Алмалық, Қаялық және Үзгендтегі қарлықтардың қалдығы болу керек. Жошы ұлы­сының Шейбани-хан басқарған бөлігіндегі қарлықтар Мауе­реннахрға жасалған жорықтарға қатысып, ол кез­ де отырықшылыққа көшкен. Қазіргі Ташкент оазисіндегі

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Пскент және Паркенттегі қарлықтар сол Шейбанидтердің ұр­пақтары болса керек. Шейбанидтер құрамында қарлықтардың болғанын 14291430 жылдары Шейбани ханның атасы Әбілхайырды хан қылып көтергендердің ішінде қарлықтардың да қатынас­ қанынан көруге болады. Онда қарлықтар хан сайлаған 23 тай­ паның ішінде аталады. Бұл қарлықтар Әмір Темірдің жорығында кездесетін, Сырдарияның солтүстік-шығысында орналасқан дулат, ке­ рейт, арғындармен бірге аталып, Талас пен Сырдарияның арасын мекендейтіндер еді. Сонымен қатар оңтүстік-шы­ ғыс Қазақстанда Могулистан құрамындағы қарлықтар да қазақ халқының құрылуында маңызды рөл атқарғаны белгілі. Қырғыздардың құрамында «мочак-можак», «килетгилет», «бистан-бостан», «жабагы» аттарының жиі кездесуі де қарлықтардың қырғыз халқының қалыптасуына ықпал еткенін көруге болады [1, 1990, 53]. Сонымен, қорыта келгенде, моңғол шапқыншылығы мен империяның ұлыстарға ыдырау кезінде қарлықтардың әр ұлыс, иеліктерге бөлінуі Орталық Азия халықтарының қалыптасуындағы шешуші кезеңмен тұспа-тұс келгендігін көреміз. Қарлықтар Шыңғыс хан империясының саяси би­ лік жүйесінде. Қарлықтардың бір бөлігі моңғолдардың Қытайда құрған Юань империясына қызмет етті. Импе­ рияның негізін салушы Құбылай хан армиясындағы басқа да түркі тайпаларымен бірге қарлықтардың арасынан шық­қан әскери қолбасшылар мен әскери бөлімдер болған. Юань империясын Құбылай хан 4 категорияға бөлгені белгілі. Оның біріншісіне моңғолдардың өздері жатса, екіншісіне, негізінен, Орталық Азиядан шыққан халықтар:

Сатай СЫЗДЫҚОВ түркі, иран, тәжік, араб нәсілділер кірді. «Сэму» деп ата­ латын осы екінші категорияға қарлықтар да кірді («сэму» қытайша «шегір көз» деген мағынаны білдіреді.) Моңғолдардың өзінде Қытайды басқару үшін жеткілікті тәжірибе мен дайын мемлекеттік аппарат болмады. Сон­ дықтан олар өз құрамындағы бай өркениеттік дамуда бол­ ған Орталық Азия елдерінің мемлекеттік институттары­ на немесе Қытай мемлекетінің жергілікті басқару жүйесіне сүйенулеріне тура келді. Қытайды басқару үшін алғашқыда моңғолдар қидан­ дар мен чжурчиндерге сүйенсе, кейін, XI ғасырдың 30 жыл­ дарында «сэму» категориясындағы білікті әскери және азаматтық-әкімшілік кадрлары империяның басқа­ру жүйесінде үстемдік етуші күшке айналды. Ал бұл кате­ горияға кірген топтың ішінде қарлықтар да бар еді. Қарастырылып отырған кезеңде қарлықтар жауынгерлік және іскерлік жағынан да өте жоғары бағаланатын. Сол кездегі Қытай деректерінде: «Қарлықтар денсаулығы тұр­ ғысынан мықты, садақ атуға келгенде өте шебер, сонымен қатар олар – жақсы саудагер», – екендігі хабарланады [206, 123-124]. Моңғол шапқыншылығы тұсында қарлықтар мәселесі­ нің бірі олардың моңғол әскери-әкімшілік жүйесіне және ба­сып алынған елдерді басқару ісіне араласуы бол­ ды. Мұндай қызметтің арқасында моңғол әскери және азаматтық басқару ісінде ірі қайраткерлер мен қолбасшы­ лар қарлықтар ішінен көптеп шықты. Қытай деректері бойынша, Моңғолия мен Қытайда қар­ лықтардың мыңдығы (түмен) болған. Олар Қытайды бас­ қарған моңғолдардың Юань әулетіне қызмет еткен. Дерек­ терде бұл әулеттің сарайында жоғарғы әкімшілік жүйесіне қызмет еткен он бір қарлықтың аты-жөні кездеседі. Оның

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ үшеуі әскери қолбасшы болса, үшеуі орталық және шет аудандардың әкімшілік басқару қызметін атқарған. Мыса­ лы, Қуаныштегин – Юньнань аймағындағы моңғол әскерінің қолбасшысы, Аланча – мыңбасы, Қарабұқа – даругачи (на­ местник), ал Лашын Чжуншушэнде әкімшілік қызметінде болған. Моңғол әскерінің қолбасшысы, қарлық тегінен шыққан Қаратай ерекше көзге түскен. Оның Оңтүстік Қытайда те­ ңіз шайқастарында және Жапонияға қарсы жорықта көр­ сеткен ерліктері туралы деректер бар. Қаратайдың өмір­ баянында оның өзі қатынасқан теңіз шайқастарында әске­ ри-теңіз қолбасшысы, яғни басқаша айтқанда, Моң­ғол империясының адмиралы дәрежесіне көтерілгені айты­ лады. Юань әулетінің негізін салған Құбылай хан жорықта­ рына Тоқай, Шади және Темеші сияқты қарлық әскери қолбасшылары қатынасты. Олар Қытай қалаларына жасал­ ған жорықтарда моңғолдардың жергілікті халықты қырыпжоюына қарсы шығып отырған. Шади мен Тоқай моңғолтүркі ақсүйектерінің ішінде бір орталыққа бағынған, күш­ ті хандықты құруды жақтайтындар қатарында болды. Ал Темешінің өмірбаяны туралы деректе оның қарлық тай­ пасынан шыққандығы, Шыңғыс ханға ілесе отырып, тан­ гуттарды және Қытайдың Хэнань аймағын бағындырғаны айтылады. Қарлықтардың моңғол ақсүйектерінің алдында атақдәрежелері жоғары болғандығын, олардың моңғол хандары­ ның қыздарына үйленгендігін де байқауға болады. Мысалы, қарлық ханы Арсланның ұлы Асанбұқа хан қызы – Төлеге, немересі Күнатар хан қызы – Бабаға, ұлдары Ато мен Ху­ духу хан қыздары – Асилун мен Шосыманға үйленген. Ал 14-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ мемлекеттік қайраткер, қарлық Данышманның бірінші әйелі арғыннан болса, екіншісі моңғол ақсүйектерінің ма­ ңайындағы ханзада Токтолун Құбылай ханның көмегі ар­ қылы алынған. Бұған, керісінше, қарлық ақсүйегі Таму­ дараның қызы Юань императоры Хошилаға күйеуге шықса, ұлы Юань сарайының бас министрі Тотоның қызына үй­ ленген [95, 1990, 106]. Моңғолия мен Қытайда Құбылай төңірегіндегі қайрат­ кер, ғалым, кеңесшілердің бірі қарлықтан шыққан Най­ сан болған. Ол әуелде исламды, кейін буддизмді ұстаған. Шық­қан тегі және туған жері туралы қытай деректері оның қарлық елінен екендігін, ал елінің мекені Бэйтиннен (Беш­ балық) солтүстік-батысқа және Алтайдан батысқа қарай, ұйғырлармен шекаралас орналасқанын хабарлайды. Қытай мен Моңғолиядағы Юань әулеті ыдырай бастаған соңғы кезеңдегі билік үшін таласқа қарлықтар да белсе­ не қатынасты. Әсіресе XIII ғасырдың соңынан 1363 жылғы Юань әулетінің құлауына дейінгі аралықтағы билік үшін күресте қыпшақ, қаңлы және қарлықтар ерекше көзге түсті. 1307 жылғы император Хайсанның таққа отыруы­ на қыпшақ, қаңлылармен бірге қарлық Тоқай көп көмек көрсеткен. 1311 жылы Хайсан өлгеннен кейін, сарайда түр­ кілердің рөлі төмендеген кезде, 1328 жылы қыпшақ Ян­ тимур билікті өлген Хайсанның ұлы Тугатимурге алып береді, Янтимур қойған билеушілердің үкімет басына келуі, Қытайды басқару әдісі жөнінде басқаша көзқараста болған Орта Азия мен Батыс Азияның мұсылман саудагер өкілдерін ығыстырумен қатар жүрді. Алайда Юань әулетінің соңғы билеушісі Тогонтимур ке­ зінде Янтимур өз жақтастарымен бұл үкіметке қарсы шықты. Тогонтимурдың шешесі қарлық тегінен болған. Моңғол Баянның қолдауымен Тогонтимур императорлық билікті өз

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ қолына алды. Нәтижесінде Янтимур мен оның жақтастары сарай төңірегінен аластатылды. Қытай деректері Юань әулетінің соңғы жылдарында қарлықтан шыққан: Баян, Термиш, даругачи Чанчжоу, мың­басы Чулук – Хэнань өлкесінде, ал Хинду мен Керей және де Хабаша, Хэйлу, Ванцэдду, Мубарак, т.б. туралы мәліметтер береді. Жоғарыда аталғандардың ішіндегі кей­ бірі, мысалы, Баян мен Темеш моңғол әулеті билігін сақтап қалу үшін күресте қаза тапқан. Моңғол шапқыншылығы дәуірінде қарлықтардың келе­ сі бір таралу бағыты Иран, Ауғанстан арқылы Алдыңғы Азия мен Үндістан жерлері болды. Бұл бағытта басты қарлық иелігі – Хазар-Қарлық хандығы алғашқыда өз тәуелсіздіктері үшін Хорезмшах жағында моңғолдарға қарсы шыққанымен, кейін Хулагу хан ұлысына бағынып, оның әскері қатарында жорықтарға қатынасқан. Хорезмшах Аладдин Текештің (1173-1200) әскерлері Газ­ не өлкесіне келгенде (1192 ж.) оның шығысындағы Хазар өлкесінде қарлықтармен кездеседі. Бұлар кезінде Қылыш Тафгач хан Масудтың (1164 ж.) қысымымен Тохаристан­ нан кеткен қарлықтар болу керек. Хорезмшах Желаледдин моң­ғолдармен шайқаса отырып, бұл жерге келгенде түркі тайпаларымен ұшырасқан. Олардың ішінде ең бір үлкен тобы Сейфеддин Хасанға бағынышты қарлықтар болатын. Бұл биліктің Хазар атымен аталып, құрылуы 1225 жыл­ға сәйкес келеді [72, 157]. Моңғолдармен шайқасында жеңіліп, Иракқа кеткенде Хорезмшах Желаледдин Газне мен одан біршама бұрын моңғолға тәуелділіктен құтылған иеліктері үшін өзіне көмектеспек болған қарлық бегі Сейфеддин Хасанға жі­ берді. Сөйтіп, Сейфеддин Газне, Бамиан және Қараман өлке­лерінің басын қосқан еркін бір хандық құрған болатын.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Сонымен бірге Газне мен Герат жағындағы Саве қаласын да 1234 жылы Сейфеддин өз иелігіне қосып алды (237, 427-447). Бірақ бұл жаңадан қосылған кішкентай иелік ұзақ уақыт тәуелсіздігін сақтап қала алмады. 1238 жылы Сейфеддин басқарған Хазар-Қарлық хандығы моңғолдардың Угедей ханына тәуелді болды. Сейфеддинді Хазар билігінде қал­ дыр­май, оны өлкесіне жіберді. Алайда Дели сұлтандығы бір жасақ жіберіп Мултанды өздеріне қаратты. Мұндай жағдайда қарлықтардың Газне мен Үнді қалалары ара­ сындағы таулы өлкеге кетулеріне тура келді. Бірақ 1241 жыл­ дан соң Сейфеддин Мултанға қайтадан жорық жасап, қолына қаратты. 1245 жылы моңғол жасағының бірі келіп, қарлықтар­ дың Мултан иелігін жойды. Ал қарлықтар болса Үнді жерінің оңтүстігіне қарай жылжыды. Моңғол отрядтары кері қайтқанда қарлықтар Мултанды қайтадан қолдарына алды. Сұлтан өлкесі үшін алма-кезек шайқастың бірінде қарлықтар өздерінің тәжірибелі билеушісі Сейфеддин Ха­саннан айырылды. Хасан билігі тұсында Хазар-Қарлық хандығы өзінің шарықтау шегіне жетті. Хасан өз атынан теңге бастырды және билік құрған елін күшейту үшін көп шаралар жүзеге асырды. Ал Сейфеддин Хасан орнына келген ұлы Насреддин Мұ­ хаммед әкесі сияқты бола алмады. Мултан өлкесінен айы­ рылып қалған соң олар солтүстікке қарай жылжуға тура келді. Құлағу хан өлімінен соң Насреддин қарлықтары Ирандағы моңғол иеліктеріне бағынды [233, 638-639]. Хорезмшахтармен байланыста болған бұл қарлықтар ХVI ғасырда, яғни Әмір Темір заманында сол Мултан, Ба­ миан және Газне жанындағы Атлах өлкесінде болып, Бабыр жорықтарында осы жерден табылады. Шыңғыс хан шапқыншылығы заманында қарлықтар­ дың бір бөлігі Анадолыға, яғни қазіргі Түркия жеріне дейін

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ жетті. Желаледдин Хорезмшахты жою мақсатында Журма­ гун нойон бастаған 30 мың әскерлік бір әскерді жасақтады. Мұндағы төрт түменнің бірі қарлық, ұйғыр, түрікмен­ дерден құралған болатын. Негізінен Қашғар өлкесінен келген қарлықтар болып та­ былатын бұл түменді Мелик шах басқарды. Алайда Ме­лик шахтың Хорезмшахпен, Желаледдинмен болған шайқасы туралы дерек жоқ. Бірақ Мелик шах өлген соң оның орны­ на моңғол Хиндужак келді. Хиндужак та бақ­таластықтың кесірінен Меңгу ханның (1250-1259) жарлығы бойынша әмір Аргун қолынан қаза тапты. Орнына інісі Саларды қойды. Ол Египетке жасаған жорықта Құтбұға нойонмен бірге жеңіліске ұшырағандықтан Құлагу хан тарапынан өлтірілді және әскерлері басқа түмендерге та­ратылды. Сірә, бұл оқиғадан соң қарлықтар 1265 жылға дейін Құлағу ханмен бірге батыс Иранда жүрген болу керек. Өйткені, Құлағудан соң илхандар тұсында бұл қарлықтар Шыңғыс ханның шапқыншылығынан қашқан басқа да түркілермен бірге Анадолыға барғандығы көрінеді. Бүгінде Түркияда қарлық атауын алған жеті ауыл бар. Бұлардың көбісінің ататектері сол Шыңғыс хан заманында келген қарлықтар болуы керек. Түркия ішкі істер Басқармасының мәліметі бойынша олар төмендегіше көрсетіледі. №2 кесте Түркияда қарлық атауын алған жеті ауыл № Облысы Ауданы Ауылы Afyon Amasya Balikesir Corun Malatia Nevsehir Vsak Nevsehir Vsak Suhut Tasoba Balya Iskilip Darende Karluk -//- -//- -//- -//- -//- -//-

Сатай СЫЗДЫҚОВ Қарлық билеушілері VII ғасыр Ашина Хэлу Шаболо хан VIII ғасыр Арслан Эль Тиргюк IX ғасыр Білге Құл Қадыр хан (Илмалмасын) XII ғасыр Ябғу Айар(з) би XIII ғасыр Қаялық хандығы Алмалық хандығы Хазар-Қарлық хандығы I Арслан хан Озар Сейффедин Хасан II Арслан хан Сығанақ тегін Насреддин Мұхаммед Данышман тегін Сонымен, моңғол шапқыншылығы қарсаңында мем­ ле­кеттігі қалыптасып келе жатқан қарлық иеліктері шап­­ қыншылық басталғанда моңғолдармен бірге басқа елдер­ ге жорықтарға қатысып, жан-жаққа таралып кетті. Қар­ лықтар, негізінен, моңғолдарға соғыссыз бағынды жә­не моңғолдардың жат елдерді бағындырып, билеуінде әс­кери және әкімшілік күштерге айналды. Сонымен қатар моң­ ғол ұлыстарына бөлінген қарлықтар кейін Орталық Азия халық­тарының қалыптасу процесіне белсене қатысуға мүмкіндік алды.

IV ТАРАУ ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАНДАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ 4.1. Ұлы Жібек жолы және сауданың өркендеуі Қалалардың осындай дәрежеде дамуы саудаға зор ық­ палын тигізді. Сонымен бірге бұл жерлерде бұрыннан қалыптасып қалған Ұлы Жібек жолы бар еді. VІІІ-Х ға­ сырларда Ұлы Жібек жолының одан әрі өркендеуінде қарлықтардың рөлі орасан зор болды. Оған қарлықтардың алып жатқан ұлан-байтақ территориясы да қағанатқа бұл мәселеде зор міндеткерлік жүктеді. Егер VII ғасырға дейін Қытай мен Батыс елдерінің арасын жалғастыратын жол Қашғар – Ферғана арқылы өтсе, VII ғасырдан бастап Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу үстімен жүрді. Өйткені бұл кезде Ферғана өңіріндегі саяси жағдайлар керуен жолдары үшін қолайсыз еді. Керісінше, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды мекен­ деген қарлықтар сауда жолының сақталуына және оның одан әрі дамуына барынша мүдделі болды. Өйткені, бұл жер­лер отырықшылар мен көшпелілердің қалың түйіскен аймағында орналасқан еді. Бұл жолдың маңызының арта түсуіне түркі қағандары ордаларының жиі орналасқаны да ықпал етті. Олар сау­ даның өз территориясымен жүргеніне мүдделі болды. Де­ ректерде сауда жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарлықтар қарулы отрядпен керуендерді өз жер­лерінен шығарып салып отырғандары айтылады [44, I, 355]. Ұлы Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бөлігіндегі, яғни қарлықтар мекендеген территориядағы

Сатай СЫЗДЫҚОВ негізгі салалары: Шаш – Испиджаб – Тараз барып, одан әрі оңтүстікке қарай Төменгі Барсхан – Қасрабас – Құлан – Меркеге өтіп, Жоғарғы Барсхан арқылы Шығыс Түркістанға бағытталды. Қарлықтардың ірі сауда орталығы Испиджаб қаласы бол­ ды. Шығыс елдерінің барлық саудагерлері осы қалаға келіп түйісетін. Бұл қала феодалдарының саудаға деген мүддесін арттырып, олар ірі базары бар рабад салды. Қаратегін әмірші болып тұрған кезде бұл базардан айына 7 мың дир­ хем пайда түсіп отырды. Мұндай рабадтар қарлықтардың басқа бір қаласы Меркеде де салынды. Бірнеше керуен жолының түйісуі Таразды сол кездегі ірі сауда орталығы етті. Қала солтүстік-шығыс жағында тікелей көшпелілермен байланысты. Таразда басқа ел­ дерден келген саудагерлер де тұрды. Ал Тараздың өз саудагерлерінің де колониялары болды. Мысалы, Исфа­ ханда көп Тараз көпестері тұрып, саудамен айналысты. Тараздың ірі сауда орталығына айналуына оның айма­ ғында қалалардың жиі орналасуы және олардың түрлі ша­руашылық пен өнеркәсіп өнімдерін шығаруы да әсер етті. Ұлы Жібек жолында жатқан қарлықтар ақсүйек­ терінің қаласы Өрнек VІІІ-Х ғасырлардағы Тараз аймағы­ ның территориясына енді. Іле аңғарындағы Талхызға қарай баратын жолдың ашы­ луына байланысты Шығыс Түркістан, Алтай және Моң­ ғолияға баратын сауда керуендері жиіледі. Ал Испид­ жабтан қарлықтардың жазғы жайылымы болып санала­тын Кеңгір, Жезді, Нұра сияқты Орталық Қазақстан өзендері бойындағы елді мекендерге қарай баратын сауда жолдары тарады. Бұл жақта саудагерлер қыпшақтар мен қимақтар арасында сауда жүргізе алатын еді.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Талас жазығының Шу алқабына өтер жолда Қасрабас қаласы орналасқан. Соңғы пікірлер бойынша, бұл – Ақыр­­ тас қалашығы, яғни керуен-сарай болып аталады. Қар­ лықтардың қаласы екенін Ақыртас айналасында түр­кілер зираттарының көп болуы да дәлелдей түседі. Іле жазығындағы Қаялық қаласы қарлық жабғуының бір сауда орталығы болды. Ол туралы Б. Рубрук өзінің саяхатында былай деп жазды: «Келесі күні оңтүстікке қа­ рай орналасқан ірі таулардың жалғасынан асып түскен соң оң жағында биік таулы, ал сол жақта айналасы 25 күндік көл немесе теңіз тәріздес бір алқапқа келіп кір­ дік. Таулардан ағып жатқан мол су аталған көлге келіп құяды... Жазықта мал бағуға қо­лайлы болу үшін татар­ лар басым бөлігін қиратқан көптеген қалалар болды. Біз сонда үлкен Қаялық қа­ласын таптық» [66, 112]. Қарлық қалаларының жер өңдеу шаруашылығымен және көшпелілермен сауда жолдары арқылы тығыз бол­ ғанын Шу өзенінің салалары басталатын Сусамыр та­ уында Түнек қаласының орналасуынан көрінеді. 600х600 кө­лемде қамалы бар бұл қала Сусамыр таулары­нан бас­ талатын бүкіл жайылымдар мен жер өңдеу ша­руа­шылығы жүргізілетін ауданның ортасында, Ири-Су өзені жағасынан орын тепкен. Шатқал тау тізбектерінде, жазығында және суларының жиегіндегі Тұзащы, АйғыржАл Чаар-Таш, Шұқыршақ, Са­ лық-Бұлақ сияқты елді мекендер қарлықтардың басқа да түркі тектес тайпалармен аралас, қоралас болып тұрған жер­ лер еді. Бұлар бір жағынан Ферғана қарлықтарымен, екінші жағынан Тәңірі таулары мен Ферғананы басып өтетін сауда жолдарымен байланыстыратын болғандықтан да қарлық көшпелілері үшін өте бір маңызды аудан болды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Келесі бір Төлек атты қалалық мекен Ақ-Тепе мен Ақсу­ дың солтүстігінде, Ақсу мен Соқулуктың қосылған жерінде орналасқан. Мұнда қарлықтардың егін егіп, жайылым қылған және отырықшылдыққа бірте-бірте көше бастағанын көреміз. Оған Шу бассейнінің солтүстігі оңтүстігімен бай­ ланыста болғаннан көп кейін мекен бола бастауы дәлел. Қала IX-X ғасырдан XII ғасырға дейін өмір сүрген. Жалпы алғанда, Ақ-Тепе мекені қарлықтар өмірінің маңызды бір даму кезеңін, яғни бір жағынан көшпелі, екінші жағынан отырықшылыққа көше отырып, керуен сарайларды көбейту арқылы сауда жолына тартылғанын, ақырында бір комплекстік мәдени-шаруашылық типін қалыптастыра ал­ ғанын көрсетеді. Сауданың өркендеуіне көшпелі түркілердің ықпалы зор болды. Қала тұрғындары көшпелілерден көп мөлшерде жылқы, мал жүн, шикі тері, киіз, сүт, айран, қаймақ, ірімшік алып отырды. Селжұқ құжаттарының бірінде: «...Олардың заттары мен тауарлары отырықшылықтағы адамдардың бай­ лығының, қанағаттанушылығының себебі болып табылады», – деп жазылды [52, 82-83]. Көшпелі түркілердің сарқылмас, үнемі әкеліп тұратын шикізаттарының арқасында қалалардың өздері белгілі бір өнім шығаруға мамандана бастады. Мысалы, әл-Макдиси­ дің хабарлауы бойынша: «Шаштан (Қазіргі Ташкент қала­ сы – С.С.) сапалы ер-тоқымдар, оқ салғыш қорамсақтар мен орамалдар; тері түріктерден әкеліп иленеді... Ферғана мен Ис­ пиджабтан ақ мата, қару, семсерлер, мыс және темір мен түрік құл­дары әкелінеді. Тараздан ешкі терісі, Шелжіден күміс келеді. Хутталдан әкелген сияқты Түркістаннан бұл жерлерге жылқы мен қашыр әкелінеді» [52, 82-83].

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Бұдан кейін біз Қараханидтер әулеті келер алдындағы Оң­ түстік Қазақстан мен Жетісуда мемлекет ішіндегі маңызы орасан зор болған, ортақ рыноктың қалыптаса бастағанын байқаймыз. Әрине, мұндай құбылыс сол кезеңде тек оты­ рықшылар мен көшпелілердің неғұрлым тығыз, жақын көр­ шілес тұру нәтижесінде ғана мүмкін бола алды. Халықаралық сауда тауарларының біраз бөлігі Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда қалып отырды. Византия, Соғды, Қытайдың әшекей бұйымдары мен қымбат заттарын түр­кі қағаны және басқа бай ақсүйектер сатып алатын еді. Оған мы­ сал ретінде осы жерлерде археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған византиялық белгісі бар күміс құмыралар мен олардың алтын теңгелерін, сондай-ақ қытай айналарын айтуға болады. Жетісуда орналасқан қарлықтардың сауда қатынасында Қытай ерекше орын алды. Одан жібек ала оты­ рып, көшпелі түркілер өздерінің шикі­зат өнімдерін өткізіп отырды. Алайда олар тек шикізат қана апарып қоймай, со­ нымен қатар өздері жасаған бұйымдарын өткізді. Мысалы, май, тұз, қалқан және найза, сонымен қатар мата мен мус­ кус жеткізілді. Бұл ретте қытай деректерінің қарлықтар жөнінде олардың сауда ісін жетік білетін сау­дагерлер екенін растайтындығын еске ала кету орынды. ІХ-Х ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін сауда жолының одан әрі өркендеуіне ислам дінінің зор ықпалы болды. Олар өз қаражаттарын базарлар мен олардың мекемелерін көбейтуге жұмсап отырды. Қарлықтардың көшпелі бөлігінде сауданың еркін дамуы­ на сол кездегі түркілердің қонақжайлылығы, меймандос­ тығы көп септігін тигізді. Өйткені түркілер саудагерлерді ерекше күтіп қарсы алатын және осы арқылы сол саудагерлер

Сатай СЫЗДЫҚОВ еліне барғанда өздері сондай мүмкіндіктер алуына құқылы болды. Қарлықтардың саудасында жылқының маңызы зор бол­ ды. Жабайы тұқыммен будандастырылған бұл жылқылар төзімділігі жағынан аңға, жорыққа шығуға теңдесі жоқ бо­ лып шықты. Қарлықтарда жылқы сатудың кеңінен таралға­ ны соншалық, олар саудагерлердің өзін оп-оңай алдап кете алатын дәрежеге жеткен. Қарлық құрамындағы ірі тайпалар: ягма, тухси, шігіл­ дерде аңшылықпен айналысушылар көп болды. Сондықтан олар саудаға мал өнімдерімен қатар бағалы аң терілерін де шығарып отырды. Қарастырылып отырған кезеңде Орталық Азияда құл сау­дасы кеңінен тараған. Құлдыққа көбінесе жорықтар мен шапқыншылықтарда қолға түскен тұтқындар сатылды. «Олар тағы да келіп Самдун мекенжайын тонады, мұсылмандарды тұтқындап әкетті», – десе, Гардизи қырғыздардың гуз­дарға шабуыл жасап, тонап, кісілерін өлтіріп, ал аман қалғандарын құлдыққа сатып жібергенін хабарлайды [59, 74]. Құлдыққа түркі әйелдері де түсіп отырған. Фирдоусидің атақты «Шах­ намасында» қарлықтардың Тараз қаласынан әкелген әдемі түрік қыздары туралы айтылады [218, 314]. Бұған бір дәлел ретінде ІХ-Х ғасырларда Бағдат халифаттарының әйелдері көбінесе түрік әйелдерінен екенін айта кету орынды. Құл саудасы IX ғасырға қарай күшейе түсті. Оған себеп: араб қолбасшыларының түркі құлдарынан өз ұланын құру болған еді. Осындай ұландардың бірін құрған халиф Мута­ сим оның құрамына, негізінен түркі-қарлықтарды алды. Ірі транзиттік құл саудасының жолы Мауереннахр мен Хорезм арқылы өтті. Бұл жерлерде түркілермен бірге славяндар, ха­ зарлар да құлдыққа сатылды.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Сонымен, біз қарастырып отырған кезеңде қарлықтар Орталық Азияда Ұлы Жібек жолының маңызды торабында орналасып, дүниежүзілік өркениетпен тығыз байланыста болды. Мұның өзі отырықшылар мен көшпелілер дүниесінің бір-біріне тигізген ықпалы арқылы ғана мүмкін бола алды. 4.2. Қала мәдениетінің дамуы Қарлықтар тұсындағы әуелгі ортағасырлық қалалардың пайда болуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктердің қайнар көзі, бір сөзбен айтқанда, қа­ лалардың дала көшпелілері мен жер өңдеушілікпен айна­ лысатын оазистік аймақтардағы отырықшылықпен тікелей байланысатын жерінде орналасуында болды. Қарлықтардың бір ірі қаласы – Тальхиз немесе қазіргі аты бойынша Талғар. «Худуд әл-Алам» шығармасында ол шігілдер мен қарлықтар арасындағы тау ішінде орналасқан. Тальхиз бен Талғардың бір екендігі ғылыми әдебиеттерде дәлелденген. Бұл қала Іле жазығында түркілердің эконо­ микалық, саяси және мәдени орталығы болып, Әсіресе ІХХІІ ғасырларда өзінің гүлдену шегіне жеткен. Қаланың да­ муына оның Шығыс пен Батысты байланыстыратын ке­руен жолдарының үстінде жатуы бірден-бір әсер еткен фактор болды. Қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл қала ірі қол­ өнер орталығы болғаны анықталды. Мұнда ұсталық, ме­ талл өңдеу, құмыра жасау, шыны және сүйектен жасалған бұйым­дарды шығару жоғары дәрежеде дамыған. Х-ХІ ға­ сырларда тұрғындардың исламды қабылдауына байланыс­ ты қала рухани мәдениет орталығына айналды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Қарлықтар Отырар оазисіндегі қалаларда да мекен етті. Олардың бұл аймақта күшеюі VІІІ-Х ғасырларға жатады. Осы кезеңдегі маңызды ескерткішке Құйрықтөбе жата­ ды. Қаланың іргетасын қазу кезінде қарлық дәуіріне жа­ татын бірнеше тамаша ескерткіштер табылды. Солардың бірі – қаланың ішкі қамалынан табылған, оюлы өрнекпен са­лынған сюжеттері бар ағаштар. Мұндағы сюжеттер ішкі қамал өмірінен хабар береді. Мысалы, бірінде «құда түсу» бейнеленген. Ондағы екі адамнын бірі – әйел, ал екіншісі – еркек. Еркекке көне түріктер тас балбалдар пішіні тәрізді шапан кигізген. Екеуі де ауқатты отбасынан шыққаны көрініп тұр. Келесі бір ағашқа салынған суретте қамалды қоршау және оны қорғау бейнеленген. Қорғаушылар қа­ мал қабырғасынан жауларын садақпен атып жатыр. Ком­ позицияның орта тұсында жоғары көтерген қолдары­ның алақанында күн мен ай бар Құдай бейнесі түсірілген. Бұдан сюжеттің мифологиямен астарлас екені байқалады [31, 1988, 86-87]. IX ғасырда Отырардағы қарлық патшасы арабтарға алым төлемегені үшін арабтардың Отырар облысын өзде­ ріне қаратпақшы болып шабуыл жасағандарын және қар­ лық жабғуының ұлы мен әйелін тұтқындап алып кеткенін ха­барлайды. Жоғарыда келтірілген ағаш суреттерде қар­ лық­тар тарихында болған осы оқиғалардың бейнелену мүмкіндігі зор. «Отырар-төбенің» көлемі 200 гектарға жуық. VІ-VІІІ ғасырларда Отырар облысы ірі орталық бола отырып, көршілес мемлекеттердің саяси өмірінде маңызды рөл атқарды. Осы өңірде табылған теңгенің бет жағында түр­ кілердің ру таңбасы, ал екінші жағында Шаш эмблемасы –

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ арыстан бейнеленген. Теңгенің өзі мыстан жасалғандықтан ол жергілікті рөл атқарғандығын айту керек. Әуелгі орта ғасырда мыс теңгесі шетелдерде айналымға жүре алмай, өзінің сатып алу қабілетін тез жоятын. Сондықтан Отырар теңгесі жергілікті жердегі екі халыққа – түркі мен соғдылар­ ға арналғандығын немесе жергілікті басқарушының тү­рік билеушісімен туысқан екендігін көрсететін болуы ке­рек. Араб деректерінде Отырар билеушісін «Отырар-бенд пат­ шасы» деп бекер атамаған. Бұл теңге VII ғасырда немесе VIII ғасырдың бірінші жартысында жасалған деп топшы­ лауда негіз бар. Өйткені, VIII ғасырдың екінші жар­тысынан бастап Орта Азиядағы барлық елдерде теңге шығару хали­ фат үлгісіне көшеді. Қарлықтардың оңтүстік-батысындағы ірі қалалары – Тараз (Жамбыл облысы) бен Испиджаб (Сайрам) болды. Тараз кезінде Батыс Түрік қағанатының құрамында бо­ лып, кейін түргештердің қаласы ретінде саналды. Архео­ логиялық мәліметтер бойынша, қаланың шахристан кө­ лемі солтүстікте 370 м, батыста 160 м, ал оңтүстікте 200 м дейін созылған. Тараздың өрлеуі негізінен ІХ-Х ғасыр­ларға жатады. Егер VII ғасырдың ортасында Тараздың ауданы 2,7 шақырым болса, IX ғасырға қарай ол екі есе ұлғайған. Қаланың өсуі оның аймағының дамуымен тығыз байланыс­ ты болды. Тараз округі бірнеше кішігірім қалалар мен қоныстардан тұрды. Тараз округіндегі қалаларды олардың даму ерекшелік­ тері мен шаруашылығына қарай екі топқа бөлуге болады. Солтүстік-батыс бөлігіндегі қалалар негізінен жер өңдеу, қолөнері және сауда арқылы дамыса, оңтүстік-шығыс жақ­ тағы қалаларда кен, жер қазба байлықтарын өндіру негізгі 15-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ шаруашылық түріне айналған. Атлах, Хамукет, Шігіл ту­ ралы ортағасырлық деректерде сипаттама бергенде базар, бақ, жүзім өсіру сияқты шаруашылық жайлы айтылса, Текабкет, Жүл, Сүс, Шелжі жөнінде олардың тауға жақын тұратыны және кен өндірілетіні көрсетіледі. Қарастырылып отырған кезеңдегі ірі қалаларға ортақ үл­гіні біз әл-Махдисидің Испиджаб қаласын сипаттағаны­ нан көреміз. «Оның рабады мен ел тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жабық базарлар, мақта база­ ры, үлкен мешіт бар. Оның (мединаның) төрт қақпасы: Нуд­жакет, Фархан, Шакрана, Бұхара деп аталады және әр қақпаның жанында рабады бар. Рабадтар: нахшебтіктер рабады, бұқаралықтар рабады, самарқандықтар рабады, Қаратегін рабады... Онда (қалада) 1700 рабад бар деседі. Оның рабадын айнала дуАл ал өзінің ішінде бос қалған ішкі қамал бар... Қала таза, өмірі жайлы» [52, 80-81]. Испиджабта мұндай көршілес қалалардың аттары бар бірнеше қақпалардың болуы оның іргелес жатқан об­ лыстармен тығыз сауда, мәдени және саяси байланыс­ тардың болғанын көрсетеді. Тараз округінің бір елді мекені – Шігіл қалашығы. ӘлМакдисидің сипаттауынша: «Шігіл – Тараздан кісі айқайы естілетін жерде орналасқан кішігірім елді мекен». А.Н. Бернштам мұны Қош-төбе қалашығымен сәйкестендірді. Ал Г.И. Па­ цевич және Т.Н. Сенигова Шігілді Тараздан бір жарым ки­ лометрдей қашықтықтағы Жалпақ төбе деп түсіндіреді. Қарлықтар құрамындағы үлкен бір тайпа шігілдер атымен аталғаны мәлім. Түрік көлінің (қазіргі Ыстықкөл) оңтүстік жағалауында Жоғарғы Барсхан қаласы орналасқан. Бұл өңірде қарлық­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ тардың шігілдер тайпасы тұрғанын ортағасырлық деректер айтады [34, VIII, 51]. Жоғарыда аталған ірі қалалардан басқа қарлықтар үшін маңызды рөл атқарған ұсақ қалаларды атап өту орынды. Әдетте олар бір-біріне жақын бір жерде шоқ болып ор­ наласып, көшпелілер мен отырықшы жағдайдағы елді ме­ кендер арасындағы шаруашылық-мәдени және сауда бай­ ланыстары үшін өте қолайлы мүмкіндіктер туғыза алатын. Қарлық дәуіріндегі осындай ұсақ қалалардың бір шоқ тобы Ыстықкөлдің батысында, оңтүстігі мен шығысында орналасқан. Олардың ішінде батыстағы Маргелан, шығы­ сындағы Төменгі Барсхан және оңтүстіктегі Атбаш ауда­ нын­дағы қала қалдықтары көзге түседі. Әсіресе Нарын өзеніне құятын Атбаш және Арпа салалары арасында қарлық­тар мекендері өте жиі кездеседі. Солардың ішіндегі үлкені – Ширдакбек. Сонымен қатар Жөргетал мен Казар­ ман жа­нындағы Чалдывар да қарлық қорғандары болып табылады. Қарлықтардың оңтүстігі мен Ыстықкөлдің батысында отырықшы мекендермен қатар жайылымдық тұрақтары да аз емес еді. Оған Қызарт, Қошқар және Жуан Арық сияқты мекендерді айтуға болады. Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған мазарлар мен заттар бұл жерлердің қарлық көшпелілері үшін өте маңызды бір аудан болғанын айғақ етеді. Көшпелі қарлықтар мекендеген жердегі Нүзкет қаласы да Қайыңдының шығысында, Қара-Балты суының жанын­ да орналасқан. Бұл қала, мұсылман географияшыларының еңбектерінде көрсетілгендей, қарлық қаласы Нүзкетпен сәйкестендіріледі. Қала жанында су бассейндері мен канал

Сатай СЫЗДЫҚОВ жүйелерінің салынуы, сондай-ақ қарлық керамикаларының табылуы мұнда отырықшы шаруашылықтардың кеңінен жүргізілгендігін байқатады. Шу жазығының Таразға кететін жолдары бар, батысын­ да орналасқан Ашпара қаласы қытай деректерінде А-шипу-лай, мұсылмын географиясында Аспара деп аталады. Шу өзенінің Аспара саласы жиегіндегі бұл қала түргештер дәуірінде көтеріліп, қарлықтар кезеңінде өзінің гүлдену шегіне жеткен. Соңғы дәуірге жататын керамикалар мен басқа да қазба бұйымдар Баласағұнда табылған заттармен ұқсастығы байқалады. Аспара қаласының шығысында, Жарлы-Қайың маңында Қайыңды қалашығы да қарлық дәуіріне жатады. Жан-жағы су толтырылған каналдармен қоршалған. Оңтүстік-шығыс жағында су бассейнінің орны бар. Қаланың ішкі қамалының үлкендігі – 60x190 м. Қазба жұмыстарында қарлық дәуіріне жататын бал­ шықтан жасалған ыдыстар мен құмыралар табылған. Қала VII-Х ғасырларға жатады. Қарлықтардың бір шоқ қалашықтарының орналас­қан жері Пішпектен Алматыға барар жол маңайы, Ала­ме­дин өзенінің жиектері болып табылады. Олардың ішіндегі ең үлкені Чумыш мекені болып, үлкенді-кішілі төрт қала­ шықтың орны табылған. Бұлардың барлығы да қар­ лықтар билік еткен дәуірге жатады. Қалашықтардың бір ерекше­лігі – өте дәлдікпен төрт бұрышты болып салы­ нуы. IX ғасырда ірге көтерген бұл қалалар XII ғасырға дейін өмір сүрген. Қарлықтар арқылы өтетін сауда жолдары Қара-Бал­ты және Ақсу өзендері арасындағы бірнеше керуен-сарай­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ ларға тірелген. Бұл жерлерде бірнеше кішкене қала­ шықтардың болғанын олардың бұзылған қалдықтары дәлелдейді. Олардың ішіндегі ең үлкені қазіргі Полтавкаға жақын орналасқаны болып есептеледі. Мұнда адамдардың аттарымен бірге көмілуі және көшпелілер мазарының та­ былуы, ол мекендердің қарлықтардан бұрын да, яғни Түрік қағанаты кезінде болғанын аян етеді. Сол сияқты Ақсу мен Соқулук өзендері арасында да бірнеше ұсақ мекендердің қалдықтары керуен жолында орналасқан және қарлықтар дәуіріне сәйкес келеді. Қалалардың ішкі құрылысының қалыптасуына көптеген әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси фактор­ лар ықпал етіп отырды. Жалпы сол кездегі қалалардың ішкі құрылысын Тальхиз қаласын мысалға ала отырып, көруге болады. Қаланың орналасқан жері шаршы тәріздес, орталық тұсы биік алаңқай болып келеді. Жалпы алып жатқан көлемі 28 га, оның 9-ын орталығы алып жатыр. Қаланың қолайлы жерге орналасқанын байқаймыз. Ба­ тыс жағынан қала тұрғындарына қажетті сумен қамта­ масыз ететін өзен бар, ал оңтүстігінде қоршаған тау жауды бақылайтын күзет қоюға мүмкіндік берді. Ал солтүстік пен шығыста егістік пен жайылым бар. Тальхиз жергілікті және халықаралық маңызы бар сауда керуендерінің торабын­ да орналасқан еді. Қала өз ішінде тік, тура көшелер­мен квартал торларын жасай отырып, әр кварталдың өзі 12-14 үй-жайдан тұрды, бір-бірімен ұсақ көшелер арқылы қатынасты. Әр кварталда туысқандық байланыстағы адам­ дар отбасыларынан тұрды деген көзқарас бар [203, 324-325]. Әрбір үй-жайдың өзі тұрғын үй және мал қора жайы болып бөлінеді. Мал жайлайтын қоралардың есіктері оң­

Сатай СЫЗДЫҚОВ түстік жаққа қарады. Мұның өзі квартал аралық көшелер арқылы малды суаруға, жайылымға шығаруға қолайлы жағ­дай жасады. Қатты қыс кезінде де үй кварталдарының тұр­ғындарына суық онша сезілмейтін. Өйткені, суық жел тар көшелер мен биік қабырғалар арқылы квартал ішіне өте алмайтын еді. Қоныстардың қала болып қалыптасып, статус алуы­ на діннің ықпалы зор болды. VIII ғасырдың екінші жар­ ты­сында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда билікті қол­ ға алған қарлықтарға ислам ықпалы басқа түрік ру-тай­ палары бірлестігіне қарағанда басым болды. Бірақ мұны қарлықтардың барлығына айтуға болмайды. Ал ислам дінін қабылдағанда қала құрылысының міндетті бір бөлігі мешіт салу болды. Ірі мешіттің біріне Баласағұн қаласындағы Х-ХІ ғасырға жататын күйдірілген кірпіштен салынған күмбезді айтуға болады. Сонымен бірге ислам­ ға енген қалаларда қоғамдық моншалар мен қабір-мав­ золейлер салынды. Қарастырып отырған кезеңде қалаларда этникалық про­цестер жедел жүріп жатты. Қала тұрғындарының түр­ кіленуі күшейді. М. Қашғари Баласағұн, Испиджаб пен Отырардағы соғдылардың түркіленіп кеткенін, солардың әдет-ғұрпын қабылдағандықтарын айтып жазды. Қала этникалық процестерінде автохтондық тұрғындар­ дың тілдік ассимиляциялануы ерекше орын алды. Түркі тілдес халықтардың Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өл­ кесінде билік орнатуы бұрынғы жергілікті тұрғындардың, әсіресе соғдылардың түркі тілімен ассимиляциялану про­ цесі жүрді. Бірақ бұл процесс біркелкі, әрі барлық жер­ді түгел қамти алмады. Өйткені басқыншылар өздері басып

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ алған өлкенің бұрынғы өндірістік әдісіне тиіспей, тек салық алумен шектелген жағдайда жергілікті тілдің ассимиляция­ лануы тежеліп отырды. Көшпелі қарлықтардың өмірінде өздеріне тәуелді қа­ лалардың мәдениеті маңызды рөл атқарды. VIII-IX ға­ сырлардағы Тараз қаласын зерттеу материалдары оның өзіндік экономикасы мен мәдениеті бар Шаш және Соғды қалаларымен тығыз байланыста болғанын дәлелдейді. Деректерде 630 жылы Таразда көптеген елдердің сауда­ герлері тұрады, оның қабырғасынан арабша, парсыша жә­не түркіше сөздер естіліп жатады деп айтылуы ол қала тұр­ғындарының этникалық тұрғыдан біркелкі еместігін байқатады. Оның үстіне археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған Соғды борламалары мен теңгедегі Соғ­ды жа­ зу­лары да қарлықтар мен соғдылардың аралас тұр­ ғанын көрсетеді. Түркі-қарлықтар қалаларының архитек­ турасында Соғды мәдениетінің ықпалы зор болды. Олардың суретшілері түрік ақсүйектері мен шонжарларының өтіні­ ші арқылы қала құрылысының қабырғаларын безендіріп отырды. Әсіресе соғдыларда әртүрлі жазу-сызу, әшекеймен ою-өрнек салу ерекше орын алды. Қарлықтар мәдениетінің, оның ішінде қолөнердің, ке­ рісінше, соғдыларға тигізген ықпалы аз болған жоқ. Оны қолөнер бұйымдарынан көруге болады. Мысалы, Тараз­ да VІІІ-Х ғасырда кеңінен тараған құс тәрізді құмыралар кейіннен соғдыларға тарағаны анықталды. Қалалардағы қолөнердің дамуына көшпелі түркілердің байланысы, қарым-қатынасы ерекше ықпал етті. Олар­ дың өздері тұрмыс пен шаруашылыққа қажетті құрал-

Сатай СЫЗДЫҚОВ жабдықтарды қаладан алып отырды. Ал мұның өзі қала қолөнерінің шығаратын өнімдеріне деген сұранысты арт­ тырды. Нәтижесінде қолөнершілер шаруашылығы өркен­ деп қала рабаты ұлғайды. Қалалардың өсуіне көптеген саяси, әлеуметтік және эко­номикалық факторлар ықпал етті. Олардың ең басты­ лары мыналар: Ұлы Жібек жолына байланысты сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету көшпелілер мен отырықшылар іргелес отырған жерлердегі шаруашылық пен саяси қарым-қатынастың, діни орталықтардың пайда болуы, т.б. Бұл факторлар сол территориялар­ да қоныс­тан­ған барлық түркі тектес халықтарға тән бол­ са да, оның ішін­де, әсіресе қарлықтар конфедерация­ сы үшін ерекше маңызы болды. Шынында да олар та­ рихи жағрапиялық жағдайға сәйкес басқа түркі тектес тайпаларға қарағанда отырық­шы-егіншілікпен айналысу­ шылармен тікелей көршілес, тіпті аралас орналасты. Ал Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі Ұлы Жібек жолының дені осы қарлықтар үстінен өте­ тін. Сонымен қатар ислам дінінің ішкерілеп е­нуі­нің кү­шеюі нақ осы қарлықтар үстемдігі заманына сәйкес келді. Қарлықтардың бір бөлігі VIII ғасырдың ортасында-ақ ислам­ды қабылдаған еді. Қазақстандық зерттеуші ғалымдар арасында қалыптас­ қан көзқарас бойынша, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қалалар салыну мен даму ерекшеліктеріне қарай үш аймаққа бөлінеді. Қазақстанның оңтүстігін жайлаған қар­ лықтар қаласының ерекшеліктері Отырар оазисіндегі қала­ лардың (мысалы, Баба ата мен Құйрықтөбе мекендері) орнын зерттеуде байқалады. Ол қалалар мынадай бө­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ ліктерден: билеуші ақсүйектер тұратын қамал одан кейін шахристаннан, ал оның сыртында қолөнершілер мен сау­да­герлер тұратын рабаттардан тұрады. Оңтүстік-батыс Жетісудағы өзгешелік – қамал мен шах­ ристаннан кейін қаланы қоршаған жер учаскелерінің бо­ луы. Мұндай ерекшелік қазіргі Жамбыл облысы жерінде табылған қалалардан жиі кездеседі. Іле бойындағы қалалар жартылай көшпелі қарлықтардың қыстайтын жұртына, оның ішінде ауқатты ақсүйектер тобының қоныстарында қалыптасып, қала айналасы ұзын, бұрышты дуалдармен қоршалды. Бұған Қойлық, Талхыз (Талғар), т.б. қалалар жа­ тады. Жалпы осы қарастырылып отырған кезеңде Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларының да дамуына шаруа­ шылық-мәдени типтің қалыптасуы ерекше көңіл аударар­ лық мәселе. Осы орайда С.П. Толстов қалалардың дамуын: «Шығыс қоғамының егіншілікпен айналысатын бөлігінің ғана нәтижесі деуге болмайды. Қоғамдық еңбек бөлінісі жағдайында «қала» мал өсірушілер мен егіншілері ара­сындағы заттай айыр­ бас орталығы ретінде қоғамның ішкі байланысын сақтап тұратын буын болып табылады», – деп әділ баға береді [200, 1934, 195]. Осындай байланыстарды қамтамасыз ететін ішкі нарық Орталық Қазақстан, Оң­түстік Қазақстан және Жетісу өңірлеріндегі қалааралық байланыстарда қалыптасқанын байқаймыз. Ұлытау, Орталық Қазақстан, Шаш және Тараздың эконо­ микалық байланыстарын металдан жасалған қару-жарақ­ тардың таралуынан да көреміз. Мысалы, темірден, қоладан жасалған садақ оқтарының ұштары Ұлытау, Сарысу өзені бойынан, Бетпақдала мәдени қабаттарынан табылған.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Жезқазған кен орындарында оқтардың ұшын дайындай­ тын болған. Әдемі оқтар мен садақтардың Шаш пен Тараз­ дан кездесетінін Фирдоуси өзінің «Шахнамасында» жазды. Мұндай оқтарды дайындайтын орталық кезінде Сығанақ қаласы болған. Егер Сығанақ Шаш пен Таразды қамтамасыз етсе, Сығанақты темірмен жабдықтап тұрған Орталық Қа­ зақстандағы кен орындары болуы керек. Қарлықтар тұсындағы қалалардың дамуына көшпелілер­ дің ықпалы зор болды. Қала құрылысы мал шаруашылығы­ мен айналысуға қолайлы мүмкіндік туғызатын ыңғайда жүр­гізілді. Оған мысал ретінде жоғарыда келтірілген Тал­ хыз қаласын айтуға болады. Мұның өзі жер өңдеу мен мал шаруашылығын қатар жүргізуге, ал соның арқасында қол­ өнердің де ұлғайып, өсуін қамтамасыз етті. Қалаларды осын­ дай кешендік шаруашылықтардың бір-бірімен тығыз бай­ ланыста, бірін-бірі жетілдіру бағытында дамуы олардың геo­­ г­рафиялық шектерінің өсуіне және қала айналасында бе­рік экономикалық және мәдени аймақтарының қалыптасуына алып келді. Сол сияқты қарлықтардың маңызды екі өлкесі – Шу бассейні мен Талас жазығындағы мәдени-шаруашылық ком­ плекстің қалыптасуынан ислам мен қарлық көшпелілері мәдениеті арасындағы байланысын және олардың өзара қатынасының нәтижесін көреміз. «Қарлық қақпасы» болып есептелетін Тараздың исламның бір орталығына айналуы оны Батыс Түркістанмен тығыз байланыстыра тұрса да, екі қарлық өлкесі арасында, яғни Шу мен Талас бойында біртұтас мәдени-шаруашылық типі қалыптаса алды. Бұл әуелгі ортағасырлық Орталық Азия қалаларының дамуын­ дағы ерекше бағыт еді. Мұндай даму кейін Қарахандар мемлекетінің тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Көшпелі қарлықтардың қалаларға қоныстана бастауы үлкен қалалардың дамуына және жергілікті отырықшы ха­ лықтың шаруашылығына әсерін тигізді. Қалалар маңында өңделген жерлердің ұлғаюы, қолөнердің дамуы жалпы әлеуметтік жіктелу процесіне ықпал етті. 4.3. Рухани және материалдық мәдениеті Рухани мұралар. Қарлықтар қарастырылып отырған кезеңде бүкіл түркі халықтарымен бірге «Шығыс ренес­ сансына» өз төл мәдениетімен үлес қоса алды. Әдетте «мұ­ сылман ренессансы» туралы сөз болғанда түркі халықтары­ ның атқарған рөлі жөнінде ештеңе айтыла қоймайды. Әрине, араб-мұсылман елдерінің зор ықпалын теріске шығаруға болмайды. Алайда біз сөз етіп отырған әуелгі орта ғасырда түркі халқы тамаша мәдени жетістіктерге жеткенін және олар мұсылман – «араб әлемі» мәдениетіне үлес қосып қана қоймай, оның өзінің туып, дамуына белгілі бір дәрежеде алғышарттар дайындағанын баса атап өту қажет. VІІ-ХІІІ ғасырларда Батыс, Шығыс Түркістанда, Жетісу өңірінде дамыған қалаларда материалдық және рухани мә­дениеттердің үлгілері, сондай-ақ Ұлы Жібек жолының өркендеуі негізінен көшпелілер мен сол кездегі жергілікті тұрғындардың бірігіп еңбектенуінің нәтижесі болды. Араб басқыншыларының қанқұйлы шапқыншылығын тоқтату, олардың ендігі жерде тек бейбіт жолмен исламды енгізуге көшуі, Шығыс Түркістанға жетпей, өздерінің бас­ тапқы қолы жеткен жерлерінде қорғануға көше бастауы қарлықтардың тікелей қарсылығы мен ықпалының бары­

Сатай СЫЗДЫҚОВ сында өтті. Қарлықтар саяси тұрғыдан үстемдік еткен кезеңде Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда тұратын халықтардың ру­ хани мәдениетінің дамуында діни наным-сенімдердің қа­ лыптасуы ерекше орын алды. Қарлықтардың ежелден келе жатқан және исламнан ке­ йін де маңызын жоймаған дін жүйесі – «Тәңірі», «Ұмай ана», «Қасиетті жер-су» болды. Ал осылардың ішіндегі құдіреттісі Тәңірі (Көк) еді. Оны қарлықтар туралы көп деректер келтіретін Орхон жазбаларынан көруге болады. Мысалы, «Тәңірідей», «Тәңірден жаралған», «Биікте Көк Тәңірі», «Тө­ беңнен Тәңірі баспаса» деген сияқты сөз тіркестері кездеседі. Әл-Макдиси X ғасырда былай деп жазды: «Түріктер бір Тәңірі, яғни Тәңірі біреу дейді. Олардың кейбіреулері Тәңірі дегеніміз зеңгір көктің атауы деп пайымдаса, енді біреулер Тәңір деген көктің нақ өзі дейді» [22, 1899, 62]. Махмұд Қашғари сөздігінде «Тәңірі» сөзінің үш мәні берілген: Құдай, аспан, ұлы. Түркілердің арғы атасы болып есептелінетін ежелгі ғұндар Тәңірі (ченли) деп жалпы ас­ панды түсініп, соған сиынған. Олар біздің эрамызға дейінгі III ғасырда өздерінің патшасын «Ченли гуду шаньюй» деп атаған. Тәңірге табынуды екі тұрғыдан түсінген жөн. Бірінші­ден, ол сол кездегі адамдардың тік бағыттағы космогониялық түсініктерінің көрінісі болса, екіншіден, әлеуметтік са­ рында, яғни көшпелі елдің дәстүрлі саяси-қоғамдық та­ биғатын сақтау идеясы. Бұл екіжақтылықтың өзара тығыз байланы­сын көруге болады. Түрік қағанаты мен оның ыды­ рауы кезеңінде қандай да болсын саяси, әлеуметтік неме­ се діни өзгерістер жағымсыз деп қатты сыналды. Қағанат бірлігі бұзылып, тоғыз-оғыз жау болғанда аспан мен жердің

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ де ретсіздікке ұшырауын руникалық жазуларда көрсету осыдан туған. Түркі қоғамындағы бұл жалпы «консерва­ тизм» көрінісі түсінікті де. Ол тіршілік дамуының бір белгісі болып, дамудағы сабақтастықты, эволюцияны қамтамасыз ететіндігімен құнды. Түркі көшпелілерінің келесі бір табынатындары «Ұмай ана» болды. Ол барлық Оңтүстік Сібір, Алтай, Орта Азия және Қазақстан территориясын мекендеген елдер ара­ сында кеңінен тарады. Ол өзінің мәні тұрғысынан ұрпақ жалғастырушы, байлық пен молшылықтың Құдайы еді. Ұмай анаға табынушылық қазір де түркі тілдес халықтар арасында сақталған. Қарлықтар қаласы болып табылатын Тараз маңынан (қазіргі Жамбыл облысына қарасты Билікөл мекенінде) әуелгі орта ғасырға жататын Ұмай ана кескіні бей­ неленген тас табылды. Ал ол тас табылған алқап Майтөбе (Ұмай төбе) деп аталуы кездейсоқ емес. Қарлықтар арасында басқа да түркі тектес тайпалар сияқ­ ты жер мен суға, тауға табыну кеңінен таралған. «Қарлық» этимологиясының өзі «Оғызнамада» таумен тікелей бай­ ланысты. Жалпы түркілер табынған таулар қатарына: Хангай (Моңғолиядағы), Өтүкен қойнауы, Алтай, Тянь-Шань, Қа­ зығұрт, Ұлытау, т.б. жатады. Түркілер бұл тауларда ертеде ата-бабамыз тұрған үңгір­ лер бар деп түсінген. Жалпы олардың ұғымдары бойынша жер мен суды, тауды мекендейтін рух бар деп есептеген, сондай-ақ құрбан шалып отырған, жер мен суды ерекше қастерлеп, оларды адамның пайда болуымен байланысты­ ру әуелгі орта ғасырда-ақ қалыптаса бастағанын «Манас» эпопеясынан көруге болады.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Қарлықтардың исламға дейінгі негізгі наным-сенім­ дерінің бірі шаманизм болды. Оның қалдықтарының осы күнге дейін қарлықтар арасында сақталғанын байқауға болады. Қарлықтардағы шамандықтың бір белгісін әуел­ гі орта ғасырда кеңінен тараған сиқырлы тас туралы аңыздардың болуы да дәлелдейді. Оларда тас арқылы табиғаттың құбылыстарына әсер етуге, яғни қар, жаңбыр жаудырып, дауыл, жел соқтыра алуға болатыны жөнінде айтылады. «Сиқырлы тас» туралы аңыздар оғыз, қарлық, қыпшақ, т.б. түркі тілдес тайпалар арасында кездесіп қана қоймай, тіпті қытай, араб деректерінде де ұшырасады. Бұл аңыздардың ертеден ғұн заманында болғанын қытай деректері дәлелдейді [44, I, 258]. ІХ-Х ғасырларда қарлықтар үстем болып тұрған Жеті­су мен Сырдария өзенінің шығысында ағаштан жасалған та­ быну орындарын және олардың қабырғаларында бұрын болған қағандарының бейнелері салынғанын Абу Долеф хабарлайды. Бұған сенуге болатынына оның қырғыздар діні туралы берген мәліметтерінің қытай деректерімен раста­ луы да мүмкіндік береді. Бұдан қарлықтардың бір бөлігі әлі де болса шамандық дінде болғандығы көрінеді. Қарлықтарға ислам дінінің енуі олардың VIII ғасырда Орталық Азияға келуімен басталады. Қарлықтардың көш­ пелілік шаруашылығына сай келмейтін бұл діни нанымсенімінің таралуы алғашқыда үлкен қарсылыққа тап бол­ ды. Ол әсіресе Орта Азиядағы Муканна қозғалысы тұсында күшейді. Оған қарлықтар да қатысқаны жоғарыда айтыл­ ды. Алайда бірде күшпен, ал енді бірде миссионерлік жол­ мен бірте-бірте тарала бастаған ислам дінін тоқтату мүмкін

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ емес еді. Оған қарлық бірлестіктерінің жергілікті соғды және басқа да егіншілік, қолөнер, саудамен айналысатын халықтармен араласып, отырықшылыққа көше бастауы да қолайлы әсерін тигізді. Қарлықтардың оңтүстік-батысында ислам Фараб (Оты­ рар) қаласы арқылы тарай бастады. Ибн Хордадбек (ІХ ғ.) Фа­ раб қаласында мұсылмандар мен түркі-қарлықтар отряд­ тарының тұратынын жазды. X ғасырға қарай ибн-Хау­ кальдың шығармасында Шаш өзені бойындағы мешітте оғыздар мен қарлықтардың жиналатынын және олардың исламды қабылдайтыны туралы айтылады. Ал Фараб, Шаш және Кенжек арасында исламға табынатын мыңға жуық түркі отбасының тұратынын хабарлайды. Егер VIII ғасырда арабтар исламды қабылдауға шақыр­ ғанда түркілер: «Біздің ішімізде не ұста, не шаштараз, не болмаса тігінші жоқ, ал олар мұсылман болып, оның тәртібі бойынша жүріп-тұрса қалай өмір сүре алады?» – деп жа­ уап қайтарса, ХІ-ХІІ ғасырлардағы Қарахандар тұсындағы түркілер исламның сенімді қолдаушыларына айналған еді [221, 30]. Шынында да исламның қарлықтар мекендеген терри­ торияға ішкерілеп енуі мен оның басты діни наным-се­ німге айналғандығына XI ғасырда жазылған Махмұд Қаш­­ғари мен Жүсіп Баласағұнның шығармаларындағы мемлекетті басқару, қолөнер мен жалпы қала өмірі туралы мәліметтердің жиі кездесуі де дәлел бола алады. X ғасырда, әсіресе оның аяғында исламның қарлық тай­ палары бірлестігіндегі кіші қалаларда тарала бастағанын көреміз. Әл-Макдисидің айтуынша, мешіттер Жікіл, Бар­с­ хан, Атлахта және Меркеде болған. Исламды ресми түр­де

Сатай СЫЗДЫҚОВ қабылдаушы Сатұқ Қара хақан (аңыз бойынша), ал жаз­ ба деректе (Жамал Каршы жылнамасында) Абд әл-Кәрім Сатұқ Богра хан болған. Бұл екеуінің бір адам екенін В.В. Бартольд болжап айтады. ІХ-ХІ ғасырларға жататын мұсылмандарша қойған қабірлер де археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде жиі табылды. Мұндай жерлеу салттары, әсіресе сол кездегі қалаларға көбірек тән. Қарлықтардың исламды қабылдауы олардың қала өмі­ рінде отырықшылық пен феодалдық қатынастарға тар­ тылуымен қатар үндес жүрді. Ендігі жерде Қарахандар тұ­сында ислам мемлекеттің күшті идеологиялық қаруына айналған жағдайда қарлықтар оны қолдауға және қорғауға мүдделі болды. Қарлық тайпалық бірлестігі мен Қарахандар кезінде құрылған мемлекетте басқа да бірнеше діни наным-се­ німдер қалыптасты. Олар: буддизм, манихейлік және хрис­ тиандық наным болды. VI-IX ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар­ да манихейлік қауымдар болған. Қарлық құрамындағы Арғу елінде манихейлік дін жүйесі кеңінен орын алып, басқа жерлерге де тараған. Оған «діни сенімді ояту үшін» жазылған «Қос негіздің қасиетті кітабы» атты манихейлік шығарма мысал бола алады. Онда «Арғу-Талас алтын ша­ һары» (Тараз қаласы) және Жетісудың тағы да төрт қаласы: Иаканкент, Ордукент, Шігілбалақ және Қошу аталады. Манихейліктердің тағзым етіп сиынатын «Хаустуанифт» тексі де осы Жетісу өлкесінде Тараз маңынан табылған. Сонымен қатар манихейлік діни нанымның VI-VIII ға­ сырларда Мерв пен Самарқандта да болғаны белгілі. Бұл нанымның таралуы үшін әртүрлі бейнелер салынған зат­

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ тан жасалған және арамей тілінде жазылған шығармалар құрастырылған. Бұған VIII ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Түркістаннан табылған «Мауереннахр адамдары» атты шығарманы, ал Жетісу өңірінен оңтүстікке қарай қырғыз жерінде, яғни қарлық құрамындағы шігілдер көп мекендеген жерде әйел адамның басында ай, ал еркек адамның басында күн бейнеленген металл табақшаларды жатқызуға болады. Манихейлік діннің Жетісуда кеңінен таралуын сол кездегі жерлеу салты да дәлелдейді. «Тек тұрмас» моласы­ нан табылған жерлену салты осыны көрсетеді. Онда мани­ хейліктердің дәстүрі бойынша өлген адамды киімімен, көмусіз қалдырған. Қарлықтар және олардың құрамында болған түркі рутайпалары арасында христиан діні де біршама тараған. Орта Азиядағы христиан дінін таратушы орталықтар Мерв пен Самарқанд болды. Осы жерлердегі метрополиялар әсерінен қарлықтарға христиан ілімі тараған болу керек. VII-IX ғасырларда христиан дінін қабылдаған, тіпті қар­ лық метрополиясының құрылғаны туралы деректер бар. Осы сияқты шіркеулер Тараз, Мерке сияқты қарлық қа­ лаларында да салынған. Қарлықтар арасында несториандықтардың болғанын археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесі де дәлел­ дейді. Жетісу бойында Испиджаб пен Тараз қалалары орнынан табылған заттай деректер соның айғағы болып табылады. Бұл деректер сириялық христиандық-нес­то­ риан­дық діни мифологияның сюжеттеріне шығыстық стильді қосып Жетісу түркілері арасында таратқанын бай­­қа­тады. Табылған тас түтікшелердегі көгершін мен 16-0135

Сатай СЫЗДЫҚОВ крест таң­баларының белгіленуі, христиандықтардың ана құдайы Мария және т.б. символдар Жетісу өңірі мен Тараз­ дың ор­тағасырлық несториандық қауымдарында кеңінен та­ралған. Көптеген діндердің ішінде қарлықтар арасында будданың болғанын көрсететін деректер кездеседі. VI ғасырдан бас­ тап Түрік қағанатында орын алған бұл дін Жетісу бойында кеңінен тарай қойған жоқ. Алайда Жетісу өлкесінде будда храмдарының табылуы арабтардың исламды әкеліп, бас­ қа діндерді ығыстыра бастағанға дейін қарлық жабғуына кірген ру-тайпалардың кейбірінің будда дінінде болғанын көрсетеді. Сонымен қатар біз қарастырып отырған кезеңге жататын Тараз маңындағы қабірлердегі жерлеу салты да буддалық дәстүрдің айғағы. Сүйектің бас жағының батысқа қаратылуы, оң қолдың тамағына, не болмаса иығына бағытталып қойылуы және қосымша құралдардың бейітте болмауы буддалық жерлеу салтына тән. Рухани мәдениеттің ғылым, ағарту, қоғамдық ой-пікір салаларын дамытуда да қарлықтар кезеңінде ірі-ірі тұл­ ғалар шықты. Олар белгілі бір дәрежеде мұсылман ренес­ сансының шарықтап гүлденуіне әсер етті. Бұлар – Әбунәсір әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн және т.б. болды. Әл-Фараби өмір сүрген кезең Жетісу мен Орта Азияның гүлдену кезеңі болды. Осы жерлерде мекен еткен түркі тай­ палары ислам дүниесімен араласып, алдыңғы қатарлы ой иелерін өз іштерінен шығара бастаған еді. Басқа түркі тай­ палары сияқты қарлықтар да әл-Фарабидің туған қаласы Фараб пен оның төңірегінде мекен етті. Ол туралы мынадай дерек бар. 816 жылы әскер қолбасшылары Фадл Сахлдың

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Отырар бекінісін қорғаушысы қарлық билеушісін, оның ұлдары мен әйелін тұтқындап әкеткені туралы мәлімет келтірілген. Әл-Фарабидің шыққан тегі туралы қазір де белгілісі – оның әкесінің Фараб гарнизонының қолбасшысы екендігі. Олай болса, әл-Фарабиді қарлықтан емес деп айта алмаймыз. Әл-Фараби дүниежүзілік мәдениеттің дамуына терең із қалдыра отырып, ол туған елінің дәстүрлі мәдениетінің бай­лығымен түркі жұртына іргелес жатқан иран, үнді, араб елдерінің қол жеткен табыстарын бойына сіңірген ғұлама ғалым еді. Ол өзі Сыр бойында Арыс өзенінің құяр жерінде орналасқан Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы түркі ор­ дасында туған. Әл-Фараби туған кезең, яғни IX ғасырдың соңы мен X ғасырдаң басы Орта Азия мен Жетісу өңірі үшін Еуропадағы қайта өркендеу кезеңі болды. Әл-Фарабидің өшпес мұрасын зерттеуде тарихи бай­ ланыссыз, өзіне дейінгі елінің дәстүрлі мәдениеті мен өмір шындығынсыз алып қарастыру мүмкін емес. Міне, осы рет­ те әл-Фараби ілімдерінің кейбір мәселелерін түркі жұрты­ ның дәстүрлі мәдениетімен салыстыра отырып, ондағы та­ рихи сабақтастықтарды айқындау қажет. Әл-Фарабидің ой-танымдары ерекше бір мәселеге: пәл­ сапа мен діннің арақатынасына арналған. Оның заманында Орта Азия мен Қазақстанда көптеген діни тартыстардың орын алған кезі еді. Ежелгі түркі қағанатының төл діні – Тәңірі, Ұмай ана, «Қасиетті жер-судың» бірте-бірте іргесі шайқалып, Орта Азияда берік орын ала бастаған ислам дінінің күшею уақыты болатын. Бірақ та кейде көк найзаның ұшымен, кейде алдап-арбаумен енген арабтардың діні көшпелі және жартылай көшпелі түрік ата-бабаларына

Сатай СЫЗДЫҚОВ үлкен ауыртпашылықтар мен жойқын соғыстар әкелген болатын. Мұның өзі ел ішінде берекесіздікке, бұрынғы басқару ісінің жойылып, басқа дінге елдің зорлап ендірген мемлекеттік жүйесіне алып келеді. Әрине, мұндай жағдай әл-Фарабидің дін және мемлекет ісі туралы көзқарасына әсер етпей қойған жоқ. Ол ел басқару ісін жетілдіруде дінді екінші қатарға қойып, бірінші орынға теориялық пәлсапаны қояды. Мұндай жүйені алғаш рет түрік қағанатының дә­ уірлеп тұрған шағында жазып қалдырған Орхон ескерт­ кіштерінен көреміз: «Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы жаратылған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған!.. Олар бұған дейін әміршісі болмаған көк түріктердің арасында тәртіп орнатып басқарған. Олар кемеңгер, ержүрек қағандар болған. Олардың қызметіндегілер де білгір болса керек. Олардың мемлекетті соншалық ұзақ басқарып тұрғаны да сондықтан болу керек» [127, 35-37]. Біз осы жолдардағы «олар кемеңгер қағандар ... олар­дың мемлекетті ... ұзақ басқарып тұрғаны да сондықтан болу керек» деген сөз тіркестеріне ерекше көңіл аударсақ, әлФарабидің мемлекет пен ғылым-білім, діннің арақатынасы туралы көзқарастарында көне түркі халықтарының ел бас­ қару жүйесінде қалыптасқан дәстүр сабақтастығын бай­ қауға болады. Әл-Фараби қоғамдық мәселелерді шешуде адамдар бір-бірімен келісіп, тіл табысып отыруы керек деген қағиданы ұсынды. Оның осы орайдағы қызғылықты ой­ ларының бір түйіні қоғамдық өмірді қайта құруға та­ лап етпей, оны жетілдіру болып табылады. «Ізгілікті қала» неме­се «мінсіз мемлекетті» уағыздауы, әрине, сол

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ кездегі қоғамды жетілдіру ойының жемісі еді. Келісім, ішкі әлеуметтік бір­лік әл-Фарабидің ойынша бақытты болашаққа әкеледі. Бұл идеяның ауқымы түсінікті де. Шынында да түрік халықтарының қоғам дамуы үшін осы фактілер жетіспей жататын. Көне түрік ескерткіштерінде кездесетін мынадай жолдар бар: «Егер сен, түрік халқы, өз қағаныңнан, өзіңнің бектеріңнен бөлініп кетпесең, онда өзің бақытты өмір сүріп, өз үйлеріңде боласың, қайғы-қасіретсіз өмір сүресің» немесе «Уа, түрік бектері мен халқы, мынаған құлақ салыңдар! Бектер мен халық... сендер мемлекетіңді қалай құрғаныңды, сендер қанша күнәға батып, бөлініскеніңді мен осы жерге мәңгілік тасқа ойып жаздым. Сендер, ендігі бек­ тер мен халық, осы тасқа қарап біліңдер!» Бұдан әл-Фара­ бидің шығармаларында жатқан идеяның алғашқы ұрығын байқауға болады. Әл-Фарабидің пәлсапалық трактаттарында табиғат ғы­ лымдары және тәңірлік ғылымдар туралы тарау бар. Міне, осы арқылы ол түркі халықтарының Тәңірі мағынасын қалай түсінетінін айқындауға тырысады. Әл-Фараби Тә­ ңіріні табиғи дене ретінде қарастыра отырып, яғни аспан, жер және осылардың аралығындағы өсімдіктер мен хайуа­ наттарды жатқызады. Тәңірі тұлғаларының бөлінуі туралы «Қайырымды қала» кітабында да айтылады. Ал осы кітап­ тың «Көнбістік туралы» тарауында дүниені билеуші бір Тәңірі бар, діндарлар намаз оқу, мақтау арқылы Тәңірдің даң­қын шығаратын әрекеттердің бәріне басшылық етіп, жөн сілтеп отырады дейді. «Шынында да адамның өзінің адамдық жаратылысында шегіне жетіп, жетілсе де, мұның дәрежесі тәңірлік парасат иесіне қарағанда нәрестені немесе жас баланы ересек адаммен салыстырғанмен бірдей» [25, 176].

Сатай СЫЗДЫҚОВ Түркі тілдес халықтардың ежелгі музыка аспабы қобыз болған. Қорқыт атаның қобыз ойнау дәстүрінің, әсіресе қазіргі қазақ жерінде халық есінде берік сақталуы кездейсоқ емес. Ә. Марғұлан қобыздың ең ескі түрлерін, ежелгі Жетісу өңірін былай қойғанда, Ұлытау, Қарқаралы таулы алқаптарында сақталғанын айтады. Ол туралы аңыздардың Алтайда көп кездесуі де шындық. Қобыз ойнау дәстүрінің түбі тереңде жатыр десек, қате­ леспейміз. Ол тіпті түркі халықтарының ежелгі ғұн қоныстары: Моңғолия, Оңтүстік Сібір, Алтай және Сол­ түстік Қытайдың кейбір жерлерін мекен еткен уақытқа, яғни V-ХІІ ғасырлар қойнауына кетуі таңғаларлық емес. П. Пельоның айтуы бойынша, қобызды қытайлықтар түрік­ терден үйренген. Ендеше ғұн дәуірінде-ақ, яғни қытай­ лармен көршілес болғанда түркі тілдес тайпаларда бұл аспаптың болуы және оның кеңінен таралуы әбден мүмкін. Әл-Фарабидің эстетикалық ой-пікірлерінде музыка са­ ласы ерекше орын алуы заңды. Ол өзінің «Музыка туралы үлкен кітап» атты еңбегін қалдырды. Осы еңбегінде музыка ғылымының арнайы мәселелерін ғана қарастырмай, оның емдік қасиетін, жағымды әсерлері мен тәрбиелік мәніне көп көңіл қойып, талдау жасауы қызығарлық жайт. Өйткені, әлФараби заманында және одан ертерек кезде қобыз аспабын­ да күй ойнау арқылы түркі бақсы-жыраулары ауруды ем­ деген. Сонымен қатар ойнайтын күйлер, мысалы: «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Тәңірі биі» ой-ақыл тудыратын терең әсемдік пен өмір сыры бар музыкалық шығармалар болып табылады. Әл-Фараби заманында қобыз ойнау дәстүрі түркі хал­ қының өмірінде жан-жақты эстетикалық, этикалық және

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ т.б. көптеген функцияларды атқарған. Ал Қорқыт болса, Орта Азия мен Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі халықтар туғызған жалпы әлеуметтік ортақ, типтік тұлға. Әл-Фараби өмір сүрген заман Жетісу өлкесінде түркі мәдениетінің музыка саласында кемеліне келіп, шарықтау биігіне жетіп тұрған кезеңге сәйкес келді. Ендеше әлФарабидің әуез өнері мен ғылымына ерекше ден қойып, зерттеуі – табиғи құбылыс. Сонымен, әл-Фарабидің пәлсапалық концепциялары мен қоғам, өмір, эстетика жөніндегі пікірлерінің қалып­ тасуына Орта Азия мен Қазақстандағы түркі тілдес халық­ тардың өмір шындығы мен мәдени дәстүрі себепші болды. Грек, Батыс және басқа Шығыс елдерінің ойшылдары ық­ пал еткенімен, олар әл-Фарабидің шығармашылығында жетекші рөл атқара алмады. Орта Азия мен Жетісу бойын­ да ме­кендеген түркі халықтарының өмірі көшпелілер мен оты­рықшылдардың түйіскен жағдайында өтті. Ал мұның өзі екі өркениеттің де олқылықтары мен жетістіктерін әлФарабидің анық көріп, таразылауына мүмкіндік берді. Сөй­тіп, Отырарда туған әл-Фараби заманының «екінші Арис­тотелі», көрнекті пәлсапашы, энциклопедист-ғалым екі дүниенің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің өзара ықпалды байланысының жетістігі мен жемісі болып табылады. Ежелгі түркі халықтары мәдениетінің отаны Іле мен Шу өзені аралығындағы үлкен өлкеде, XI ғасырдың екінші ширегінен ақырғы ширегіне дейінгі уақытта атын әлемге жайған пәлсапашы ақын, қоғамдық қайраткер Жүсіп Ба­ ласағұн (1021-1075) өмір сүрді. Оның атын бүкіл әлемге әйгілі еткен еңбек «Құтты білік» болды.

Сатай СЫЗДЫҚОВ Бұл шығарма басқа түркі тілдес халықтарға жат емес сияқты, қарлықтарға да бөтен мұра емес. Қайта «Құтты білік» авторының тегі және оның жазылу тіліне келсек, қарлықтар конфедерациясын құраған тайпалар туралы айтпай, оларды анықтау тіпті де мүмкін емес. Ең алдымен Жүсіп Баласағұнның бұл құнды шығар­ масының қай тілде жазылғаны туралы ойларды еске ала­ йық. «Құтты білік» жөнінде көптеген еңбектер жазыл­ ды. Оның тілі туралы талай ірі түркітанушылардың пікір сайыстары болып өтті. Біз оның бәрін тегістей келтіруді қажет деп санамаймыз. Алайда өздеріне дейінгі білікті зерттеулерді саралап отырып, түйінді ой айтқан ғалымдар пікірін келтіре кету орынды. Сондай түркітанушылардың бірі А.Н. Кононовтың: «Жүсіп Баласағұн дастанының тілін жоғары сипатына қарай түркі-қағандық, әулеттік белгілеріне орай қараханид-түрікше, қараханид-ұйғырша, қай ру-тайпаға жататынына қарай сараласақ – қарлықша, мәдени-тарихи белгілері бойынша қарлықша-ұйғырша деу­ге болар еді», – деген Ә.Н. Нәджиптің пікірін қолдайды да, В.В. Бартольдтың: «Қарахандықтар өздерін ұйғыр деп атамағандығы және де Жүсіп Баласағұн үшін ол жазған тіл ұйғыр тілі болмағандығы күмәнсіз», – деген сөзін ескерген жөн», – деп айтқан қорытындылары ойға қонымды [110, 1983, 504-505]. 1970 жылы «Құтты білік» поэмасының 900 жылды­ғы­ на арналған Бүкілодақтық конференцияда Э.Р. Тенишев өзінің бұл мәселені тереңдете қарастырып, шығарманың шігіл-ұйғыр тілінде екенін атап көрсетті. Сонымен қатар ол «Құтты біліктің» аралас, әрі ортағасырлық түріктердің әдеби кітабы ретінде жазылғанын мойындайды.

ҚАРЛЫҚ – ҚАРАХАН МЕМЛЕКЕТІ Басқа авторлар да шығарманың қарлықтар тайпала­ рында, шігілдерде немесе Жетісу ескерткішінің тілі ретінде шыққанын жазады. Ал еңбекті түрік тілдерінің шығыс то­ бына жатқызып қана қоймай, оның тілін түрікмен мен әзірбайжаннан гөрі қазақ, қырғыз және өзбектікіне жақын екенін атап өтушілер де бар (38, 261-263). «Құтты білік» дастаны кімдердікі?» деген сұраққа жа­ уап бергенде осы еңбектің жазылған жері болып табыла­ тын екі қаланың қандай тайпалардың қолында болғанын анықтап алу керек. «Құтты біліктің» Баласағұнда басталып, Қашғарда аяқталғаны туралы автордың өз жазғанынан белгілі. ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұд Қашғари қарлық құрамына кіретін арғу тайпасының Испиджаб, Тараз және Баласағұн қалаларының облыстарында тұратынын жазады. Ал ең көп болып келетін шігілдер Ыстықкөлдің маңайын мекендеген. Шігілдердің қарлықтар иеліктерінің бір құ­ рамдас бөлігі екендігін ғалымдар дәлелдейді. В.В. Бартольд шігілдерді қарлықтар ішінен шығарса, Н.А. Аристов пен А.О. Якубовский олардың қарлықтармен тығыз байланы­ сын атап өтеді. Ал Қашғар қаласы қарлықтар қолына XI ғасырдың орта­ сында көше бастаған еді. Осы кезде бұл мекенді иемденген Тибет мемлекеті ыдырап, оның сыртқы иеліктерін қарлық, ұйғыр және қытай бөліске салған болатын. Сонымен, қалай болғанда да, кітаптың жазылған жер­ лерінде, яғни Баласағұн мен Қашғарда қарлық конфеде­ рациясының құрамындағы тайпалар тұрды. Оңың бер жағында, жоғарыда келтірілгендей, тіл ұқсастықтарының сәйкес келуі де кездейсоқ емес. Бұдан шығатын қорытынды: «Құтты білік» сол кездегі жалпы түркі тектес халықтардың

Сатай СЫЗДЫҚОВ ортақ мұрасы бола тұрып, оның шығу ортасы қарлықтардан десек қателеспейміз. Әуелгі орта ғасырда Орта Азияда араб басқыншылары­ ның үстем саясаты нәтижесінде түркі тілінің жойылу қаупі туған кезінде Жүсіп Баласағұнның көлемді «Құтты білік» шығармасы үлкен мәдени маңызы бар тарихи оқиға бол­ ды. Бұл құбылыс түркі тілін Орта Азия мен оған көршілес жатқан іргелі елдер арасында қайтадан түлетіп, кейін ру­ хани төл мәдениетті одан әрі сабақтастық тұрғысынан ілгері дамуына мүмкіндік туғызды. Бұл шығарманың сол жазылған кездің өзінде-ақ басқа елдерге кеңінен таралғанын көреміз. Өйткені, кітаптың кіріспесінде Машын, Шын, Шығыс елдерінде «Шахтардың әдеп қағидалары», «Мемлекеттің дәстүрі», «Өмір зейнеті» десе, ирандықтар «Шахнама түркі», бағзы біреулер «Па­ дишаларға насихат», ал тұрандықтар «Құтадғу білік» деп көрсеткен. Дастан композициялық құрылыс жағынан 6520 бәйіт­тен және 85 тараудан тұрады. Ол аса маңызды саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәселелерге арналған. Оның ішінде, әсіресе Қараханидтер мемлекеті қалыптасқанға дейін қарлық тай­ палары конфедерациясының феодалдық бытыраңқылықта болуы ерекше мәселе ретінде күн тәртібінде тұрды. Поэманың негізгі мақсаты сол кездегі қарлық тайпа­ ларының конфедерациясы негізінде қалыптасқан Қарахан мемлекетіндегі басқару ісін, әлеуметтік таптар мен топ­ тардың арақатынасын дұрыс ұйымдастырып, бағыт-бағ­дар беру, яғни мемлекеттік реформа жүйесін жүзеге асы­ру бо­ лып табылады. Әсіресе автордың қанағат-ынсап мәселесін қозғағанда оның таптар арасындағы әлеуметтік қарама-

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙