TELEGEI

Home

Аудармалары. Ф.Шиллерден

Сырбай Мәуленов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Аудармалары. Ф.Шиллерден

Сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең жазу үлгісін дамытқан Сырбай Мәуленовтің шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қорына қосылған зор үлес болып саналады. Әр жайтқа, құбылысқа өз қатынасын, көзқарасын, сезімін, ойын лирикалық кейіпкер арқылы, көбіне өз атынан сөйлеп білдіретін ақын шығар...

КӨЗГЕ

Ф. ШИЛЛЕРДЕН

«Жауынгер ме, сері мен жаннан артық,
Қарғитын шыңырауға жардан асып?
Лақтырам соған алтын кеземді мен:
Кім соны іздер қорықпай өзі өлімнен.

Сындырмай алып шықса қатер жерде
Көзем сол сый болады әкелгенге».
Биіктен патша осылай қылды бұйрық,
Алдында теңіз жатты бір тұңғиық,

Шыңырау толқындарын түнерді атып,
Патша оған алтын көзе жіберді атып.
«Кім осы қатерге бас тіге алады?
Көземді тұңғиықтан кім алады?»

Сері де, сауыт киген жауынгер де,
Үн-тілсіз тұрды қарап бәрі жерге.
Айбынды теңіз жатыр бұрқап ұдай
Батыл жан көзені іздер тұр табылмай.

Патша енді үшінші рет жар етеді:
«Жетпей ме ешкімнің де тәуекелі?»
Бәрі үнсіз қойғандай жұрт ақылдасып,
Жас ноян шықты кенет батыл басып,

Желеңін, белбеуімен шешіп үстен
Тұрды ол ой толқынын кешіп іштен...
Ханымдар, серілермен ойға кетті:
«Жас балғын ,кімсің?

Бұрдың қайда бетті?»
Жас ноян жарға келіп тұр тұйықта,
Көз қадап шыңыраулы тұңғиыққа.
Салқылдап өр тасқындар тулап қайнап,

Жарқылдап жтыр ессіз шулап ойнап,
Шу асау толқындарды ашу қысып,
Жатқандай күн күркіреп жасыл түсіп.
Өзара өр толқындар соғысқандай,

Болды от пенен су тоғысқандай.
Толқындар толқындарды түтіп өтіп,
Діңгектей көбік жатыр түтіндетіп.
Тұңғиық тулап–мөңкіп тұр апырмай,

Теңізден теңіз ытқып шығатындай.
Кенеттен тынды толқын аласұрған,
Бурыл шаш толқындардың арасынан.
Қара үңгір үйірді де құйындай боп,

Соған су шырқ айналып құйылды–ай кеп.
Жөнелді жүйткіп теңіз түбін көміп,
Күндей боп күрүіреген бір үн беріп.
Тасқынның көнбей бүкіл әміріне,

Жас жігіт жалбарынды тәңіріге,
Селк етті жағадағы ел, даурығысып,
Жігітті тасқын қайта алды құшып,
Жігітті жұтып теңіз тына қалып,

Жоқ етті толқынымен ұрлап алып!
Тұңғиық жым–жырт ... толқын гүрсілдеді...
Жағада тұр халықтың құр сүлдері.
Аяйды іштерңнен есіл ерді

Дейді олар: «Сұлу жігіт, кешір енді!»
Тұңғиық бәсең тартып күркіреді,
Қабынды жарылардай жұрт жүрегі.
Тәжінді лақтырсаң да қолға алып ,

Кім іздер су түбіне оны барып,
Тағыңды десең берем астымдағы ,
Болмаспын бұл тәлкектің бос құрбаны.
Тұңғиық сонау жатқан шыңыраудың

Ешкімге емес тіпті сыр мәлім.
Сұрапыл сұм тұңғиық сап ойранын,
Жұтты обып кемелердің талайларын,
Көк теңіз құтырғанда арқаланып,

Быт-шыт боп ұшты алыптар жаңқаланып.
Тұңғиық таяп тағы тұр кеселін,
Күркіреп құятындай күн нөсерін.
Ұлиды, ысқырады, аран ашып,

Су мен от бір жанғандай араласып,
Толқынды толқын тулап кетеді ұрып,
Түтіндеп көбік көкке көтеріліп…
Шақырып тасқын шапшып бір бүлікті,

Етеді астан-кестен тұңғиықты,
Бурыл шаш ақ көбіктер арасынан,
Көрінді біреу кенет аласұрған…
Көрінді қолы менен жауырыны,

Толқынның тойтарып жүр шабуылын…
Жұрт қарап шуылдасты жолдарына,
Сол қолмен жүзіп барып келе жатыр.
Көзесі жалтылдайды оң қолында.

Ол тұрды тым ауырлап демін алып,
Қуанды байғұс қайта көріп жарық…
Жағада ел «тірі!» - десіп шулап жатыр.
Дүниеде адам жоқ деп бұдан батыр!

Құрдымдай тартқанында су түкпірі
Өжет жан өрлікпенен шықты тірі!»
Жағаға жетті. Алды халық қоршап,
Патшаның қарсы алдына барып сол шақ

Жығылды. Көзесін ол сыйлық етті:
Қызына патша сонда бұйрық етті:
«Жігітке құй жүзімнің бал шарабын
Осы сый басар оның шаршағанын».

«Жасасын патша! Жүрсең жерді басып,
Адамдар, шаттаныңдар көңіл ашып!
Қауіпті жер астында тұл тіршілік,
Пенделер тәңіріге қыл құлшылық:

Жасырын құпияның бәрі мүлде
Бізге жат, жалғыз соның әмірінде
Атылдым оқтай болып қия жардан,
Бір тасқын келе жатты тура маған;

Жар тастың жарығынан су атқылап ,
Әкетті мені үйіріп шулап –тулап.
Сыйқырлы тартты бір күш су түбіне
Шыбын жан шырғалады кірпігіме.

Табындым тәңірге жалбарынып,
Сол маған қорғаушы боп жалғады үміт,
Жар тасқа жеттім бір кез тайталасып,
Құшақтадым құлашымды айқара ашып,

Тұр екен алтын көзе жарқыл қағып,
Ұйтқыған кете алмапты толқын алып.
Көрмедім ашқанменен көзімді құр,
Жатқандай сол арада қызыл іңір.

Ұйықтаған барлығы да бір қалыпты,
Жат өмір көз алдымда тұр қауыпты.
Алдымнан өтіп жатыр ызы–қуыт
Теңіздің құбыжығы жүзі суық.

Көрдім мен тұңғиықтың қайнағанын,
Шаншылып тау толқындар ойнағанын.
Көрдім мен су обырын, жалмауызды
Жалғыз тіс, алмас құйрық, қанды ауызды.

Алдымда тұрды тісі жарқыл қағып,
Кеудемді жаныштады алқымға алып.
Түкпірде құлақ естіп жан білмеген,
Айқастым жалғыз өзім тағдырменен.

Қаптаған жалмауыздар құрсауында,
Мен терең жаттым теңіз құрсағында,
Жер асты жендеттері аран ашып,
Жұтам деп жатты мені жағаласып.

Бір пәле келе жатыр қалдым шошып,
Жылжыды жүз аяқты алды тосып,
Ұстамақ аузын ашып дүлейленіп...
Жар тастан кеттім қашып үрейленіп.

Сол ғана құтқаратын болды бағым.
Иірім алып шықты долы ағын.»
Патшаға ұнап қалды бұл әңгіме:
«Ерлікке алтын көзем тұрар міне,

Сыйлаймын сақинамды бірге саған,
Алмастан ең қымбатты бұл жасаған.
Ерлікке тағы қайта аттанасың,
Тұңғиық теңіз сырын ақтарасың».

Ханыша мұны естіп діріл қақты,
Патшаға өрттей жанып бір үн қақты:
«Жетті әке! Өтінемін, ая мұны!
Ерліктен басқа қандай бар айыбы?

Тағы сыр тартсаң теңіз астарынан
Серіні жіберіңіз басқа мұнан».
Патша бұл қабылдады сөзді салқын,
Лақтырды тұңғиыққа көзені алтын:

«Боласың сен нағыз ер алып жайсаң,
Көзені осы жолы алып қайтсаң,
Өзіңді осы арада тұрған аяп
Қызымды қосам саған бұлдамай-ақ».

Жігіттің өмір оты қанында ойнап,
Жарқ етті көзінде оның жалын жайнап.
Көріп тұр:бикештің тұр түсі қашып.
Көріп тұр: тұр қауыптың мысы басып.

Тұрғандай көңілденді ол құшып көкті,
Тұңғиық тынды…қайта ол тулады…
Шулады көбік атып толқындары…
Ханыша діріл қағып жасқанады,

Толқынды толқын қуып бас салады,
Бір келіп, бір кетеді жарды ұрып,
Жігіті жоқ оралмайды ол мәігілік!

ГҮЛДЕР

Шашырап шыққан күннің перзенттері,
Әсем гүл қызыл ала өрнектері,
Махаббат, сұлулықтың белгісі деп,
Сіздерді көп болды әлем тербеткелі.

Сақина өрнегі боп флораның
Көркіндей келесіңдер бұл араның.
Бірақ та ойланыңдар толғаныңдар.
Жайлаған жас сұлулар гүл алаңын.

Жылаңдар: өмірдің сырт сұлулығы
Құя алмас жандарыңа сірә әрін.
Бұлбұлдан, торғайдан соң өрістен үн,
Шығады сіздер жайлы шерлі іштен мұң.

Жапырақтарыңызда тербетіліп,
Ұйықтайды қалғып қызы періштенің,
Сіздердің таждарыңыз елден ерек,
Диана қызын сиқыр күйге бөлеп,

Жіберді айналдырып көбелектің
Жасаулы кілеміне бір керемет.
Жылаңыз, жас төгіңіз, күн баласы,
Белгілі көңіліңнің мұң–наласы.

Сіздерден алыс кетіп аулақ жаққа,
Алшақтап махаббаттың тұр арасы.
Бірақ та айырылысу, қайғы– мұңды,
Қарсы алам жимай ешбір айнылымды...

Қадірлі досым, Наанни! Бұл саусақтар
Сый тоқыр өзіңе арнап қайырымды.
Жырымды , жүрегімді, өмірімді,
Сыр толы, нәзік күлкі көңілімді,

Мен сізге тапсырамын аманат қып,
Өсиет, ең ақырғы сенімімді.
Табасың бұл сөзімнен не кереті,
Осы бір алақандай еле бетті.

Ең күшті тәңіріден ұшыратпас
Көресің құпия бір кереметті.

ТІЛЕК

Ашыл, сайдың тұманы!
Тара , түнек мұнары!
Құшармын қайдан арманды?
Қанарма жанның құмары?

Жалындап гүлмен лаулайтын
Қызыл төбе көремін.
Қанатым қайда самғайтын
Басына со бір төбенің?

Көңілің қалар жеңілдеп,
Үнімен сырлы шектердің,
Соғады қоныр жел үрлеп,
Лебі боп нұрлы көктемнің.

Сол жерде жеміс жарқылдап,
Ағашты тұрар алтындап,
Дөңесте,жазық көгалда
Соқпайды боран аңқылдап.

О, сұлулық , мас қылдың!
Кереметкөктем сол жерде
Жұтқандай исін жас гүлдің
Тулайды жүрек кеудеңде!

Ұшамын соңда ... қиял нұр!
Өтетін жолым жоқ менің.
Алдымда асу қия тұр,
Арқыратып көк селін.

Қайық тұр... бастар қайда адам?
Жөнелдік... сында билік бұл,
Желкені қанат байлаған
Ескегі найза бір өткір.

Сен жүрекке тәуекел:
Құдайға сенбе не керек.
Керемет болса тәу етер
Жол басшың со бір керемет.

ЖАРЫҚ ПЕН ЖЫЛЫЛЫҚ

Енсе адам құшағына бұл өмірдің
Жалынды үмітімен жүрегінің,
Көреді төңірегінің той-думанын ,
Ізгілік игілігін тілегінің,

Ізгілік толы ойға, тауқыметке
Ол қолын созады тек әділетке.
Ол бірақ бәрін біліп ұққанында,
Төңірек тұмайтынын түкке алуға,

Тобырдың толқынынан тайғанақтап
Өз басын әлек болар құтқаруға .
Такаббар тыныштыққа ызғары мол,
Құлыптар махаббатын қызғанып ол.

Әрбір нұр бірдей болмас жанып отпен,
Болса да сәулеленген әділетпен,
Армансыз адам білім сыйлығы үшін,
Еш ақы төлемеген ақ жүректен!

Ендеше өр қауымға жаны салқын,
Құя сал арманыңның бар қуатын!

ҮМІТ

Арманмен келеді адам бұл өмірге,
Тағдырды табындырып бір жеңуге,
Алдына қойып алып алтын мақсат,
Бақытты қол созады күндеріне.

Дауылды күндер өтіп бұрқыраған,
Туады бақыттылық бір күн оған.
Жақсы іздеп жақсыдан да жанталасып,
Тоймайды дүниеге, шіркін, адам!

Үмітпен шегер адам сапар күнге,
Нәресте қызығына батар мүлде.
Жігітті жарқылымен еліктіріп,
Қарттармен жатпас жерде қатар бірге:

Қабырға қажып-талып енсек барып,
Тұрады үміт арттан шешек жарып.
Жоқ, жоқ! Тек арындаған арманға біз,
Бесіктен белді буып арналғанбыз

Сәуеге күн айтуы тегін емес,
Келді деп зор мақсатпен жалғанға біз.
Нені айтып тұрса ішкі жан үнсіз,
Сол біздің оттай жанған тағдырыымыз.

КӨКТЕМГЕ

Сәлем, саған, сиқырлы
Көтеріп ап гүлді әсем,
Табиғаттың ынтығы,
Келіп жеттің қырға сен.

Тағы отырсың тілдесіп,
Нәзік әрі сұлусын.
Жүгіреміз гулесіп,
Шықса атойлы дыбысың.

Есіңде ме ару қыз
Сүйіп құшар жайды ұдай.
Жүрме қазір мәлімсіз.
Сол қалпынан айнымай.

Сол қыз үшін бір гүлді
Сұрап шағым мұңымды,
Сен ше? Ұұып бұл сырды
Бересің жас гүліңді.

Сәлем, саған, сиқырлы
Көтеріп ап гүлді әсем,
Табиғаттың ынтығы,
Келіп жеттің қырға сен.

ОЙНАП ЖҮРГЕН БӨБЕК

Күл де, ойна, о бөбек,
Ақ төсінде анаңның.
Ол бір арал керемет
Жуытпайды саған мұң.

Қия үстіне сол ана
Көтеріп тұр ұлым деп.
Мұз жамылған молаға
Қарайсың сен күлімдеп.

Күнәсіз жан! Күл , ойна !
Бақытты әзір пайдалан!
Батпайсың сен мұң ойға
Шаттық –думан айналаң.

Қайрат кетер шақ болар
Қайнай бермес ол мүлде.
Ерлікке де жат болар
Ұлы борыш, зор мүлдде.

Күл!жақында күн келер,
Кетер бойдан әл–қуат.
Өмір сені өңгерер
Жалыныңды тартып ап.

ҚҰПИЯ СЫР

Ұрланып өзі өзінен
Тұрды ол топта жасырын,
Мен де үнсізбін. Көзінен
Ұғамын оның жан сырын.

Кіремін орман ішіне,
Көңілде жоқ қауыпты ой:
Көрсетпей басқа кісіге,
Жапырағыңмен жауып қой!

Естіліп еміс құлаққа
Ағады тірлік арнасы,
Жаңғырыққан жырақта
Өмірдің ауыр балғасы.

Адам мен тағдыр алысып,
Ол жерде күрес басталған,
Ойда жоқта табысып,
Түсер бір бақыт аспаннан.

Көрмесін бізді ел деген,
Сызданар көрсе мұздап іш.
Кедергі болар көлденең,
Іштерін өртеп қызғаныш!

Келмейды бақыт бекерге,
Қашады аулақ аалшақтап,
Жүгір де ұста– бөтенге
Барымта етпей қал сақтап!

Сездірмес бақыт дыбысын,
Сүйеді тыныш түн ішін,
Жауыз көздер ажалдай,
Тарылтады тынысын.

Шусыз тасқын көмкеріп,
Қанатынды жай әлі.
Толқындарды көтеріп,
Сақта біздің саяны!

ЖОЛАУШЫ

Соңына еріп үміттің
Кеттім балғын шағымда:
Үйімді де ұмыттым,
Жан қалған жоқ жадымда.

Тым жұпыны киімім,
Жас баладай көңілім.
Айдады алыс иірім , –
Үмітім тек серігім.

Көрінбеді жол алыс,
Үмітімнен от жанып,
Деді маған бір дауыс:
«Тарт шығысты бетке алып!

Тұрар сенің жолында,
Жер жұмағы не керек ,
Қасиетті орынға
Тап кешімен жалғанды,

Кеш ауысты таңменен,
Іздеп со бір арманды
Кетті менен әл–дәрмен .
Шыңыраулар сұстиып ,

Шың жоталы тау тұрды,
Салдым көпір күш жиып,
Өр тасқындар арқылы.
Көрдім кенет шығысқа

Тартқан өзен көк ала,
Тербетіліп ағысқа
Тұр бір қайық жағада.
Үмітпенен қауыппен

Кештім өзен тереңін.
Бақытымды тауып мен
Алатындай көремін!
Мұхиттан бір белгісіз,

Шықты менің қайырым.
Алдым тұман көргісіз,
Күтем кімнен қайырым.
Аспан мен жер мәңгілік,

Қауышпайтын секілді.
Кетті бақыт дал қылып,
Күйге салып не түрлі.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙