Болашағына қол созған Қазақстан
Әдебиет порталы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Еліміз тəуелсіздігін алған 20 жылдың ішінде бір ғасырға татитын жұмыстар атқарылды десек қателеспейміз. Мұның бəрі жылдар өте келе тарихқа айналары белгілі. Сондықтан, еліміздің келешегі үшін қолға алынып жатқан бүгінгі істерді үлкен-кіші демей тасқа түсіріп отырғанның берері мол болмақ. Бұл орайда ел тəуелсіздігін алуға түрткі болған кейбір оқиғалардан бастап, одан бергі тарихымызда айтпай кетуге болмайтын жəйттерді
УДК 94 (574)
ББК 63.3 (5 Қаз)
Ə 62
Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
Əнуарбек ƏУЕЛБЕК.
Ə 62 Болашағына қол созған Қазақстан. / Əнуарбек Əуелбек. –
Алматы: «Қазы ғұрт» бас пасы, 2012. – 304 бет.
ІSBN 9965-22-371-8
Еліміз тəуелсіздігін алған 20 жылдың ішінде бір ғасырға татитын жұмыстар атқарылды десек қателеспейміз. Мұның бəрі жылдар өте келе тарихқа айналары белгілі. Сондықтан, еліміздің келешегі үшін қолға алынып жатқан бүгінгі істерді үлкен-кіші демей тасқа түсіріп отырғанның берері мол болмақ. Бұл орайда ел тəуелсіздігін алуға түрткі болған кейбір оқиғалардан бастап, одан бергі тарихымызда айтпай кетуге болмайтын жəйттердің бəрі Тəуелсіздігіміздің тарихына алтын арқау бола алады.
Қолдарыңыздағы кітапқа ел үшін еңбек еткен абзал ұл-қыздары-
мыздың бейнесін көрсететін оқылымды мақалалар мен болашақ үшін
баспалдақ бола алатын шешімін күткен ауқымды мəселелер көтерілген
толғаныстар енгізіліп отыр.
Кітап зерттеуші ғалымдар мен студенттерге, жалпы кітапсүйер көп-
шілік қауымға арналған.
УДК 94 (574)
ББК 63.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-22-371-8
© Ə. Əуелбек, 2012
© «Қазығұрт» баспасы», 2012
ЖИЫРМА ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ЖАЗБАЛАР
немесе
ҚОЛТАҢБАЛАРДАН ҚАЛҒАН СЫР
Сырда туған сырласым,
Айналайын Оңалбай!
Бір ауыз өлең жазайын
Тұрғанда тілім жоғалмай.
Зорлығына мықтының
Жүрген жан едім көне алмай.
Қырыққа жасым келгенше
Тірлігім қойды-ау оңалмай.
Арқада өтті көп жылдар
Сыр бойына соға алмай.
Отыз жыл жүрдім шахтада,
Жыршылық өнер қона алмай.
Дүбірлі топқа қосылдым,
Жер астында жоғалмай.
Əлі де жүрмін өлеңнің
Күмбезін əсем соға алмай.
Солай да солай, Оңалбай,
Ер жігітте арман жоқ
Пайдасы тисе қоғамға-ай.
«Қазағым» деп сен жүрсің,
Баяғы заман болар ма-ай!
Бірінші белес
Шəмілдің күйі төгілсе,
Ертістің суы толар ма-ай!
Омбыда өткен көп жақсы,
Арман не болсаң солардай!
Шынболат ДІЛДЕБАЕВ,
Омбы қаласы.
20-шілде, 1991 жыл
БОЛҒАН ІСТІҢ БАСТАУЫ
Өліара шақ.
Қазақтың мұндай сөздеріне түсініктеме берудің өзі қиын.
Не ары емес, не бері емес, екі дүниенің ортасында қыл
көпірдің үстінде қылпылдап тұрғандай сəт көз алдыңа келе
қалғандай бола ма, қалай...
Бейнелі сөзді күнде айтып жүрген соң қарадүрсіндеу естілер,
бəлкім. Десек те, мəн-мағынасына барлай қарасаңыз, не ол бо-
ларын, не бұл боларын білмей дағдарған немесе бір кезеңнен
екінші кезеңге аяқ басар сəттегі аз-кем іркіліс уақыт көңілде
көрініс бергендей болады.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында біздің Қазақ-
стандағы ел-жұрттың ішкі дүниесінде осындай бір тылсым
үнсіздік пен беймəлімдеу алаңдаушылық сезімнің болғаны рас
еді. Жетпіс жыл бойы жалынан жел сипап көрмеген кеңестік
дəуірдің бауырына құрт түсіп, іріп-шіри бастаған болатын.
Оны кеңестік дəуірдің ыдырауы деп атап, 90-жылдарды өтпелі
кезеңге баладық. Өзі де солай еді.
Осынау өліара шақта жұрт көрші елдерге қарай мойын созғы-
лап, кімнің қандай қаракет жасап жатқанына да қызығушылық
білдіре бастады. Оңалбайдың Омбыға барғаны да осы кез бо-
латын.
1990 жылдың қараша-желтоқсан айларында Оңалбай Сады-
қов Омбыдағы Жоғары милиция мектебіне білімін жетілдіру
курсына барды. Өзгелер сияқты оқып-тоқып, білімін жетілдіріп
қана қоймай, айналадағы жəйттерге ежелден елеңдей құлақ тү-
ріп өскен жігіт ағасы Омбы қазақтарымен жүздесіп, тілдесуді
мұрат тұтқан еді.
Екі ай уақытын босқа өткізбеу үшін əр облыстан барған қа-
сындағы жігіттерді ұйымдастырып, қызу іске кірісіп кетеді.
Осының алдында ғана белгілі журналист Қайнар Олжайдың
Омбы қазақтары туралы жазған жарияланымдарын зерттей
оқығаны үлкен көмек болды. Дегенмен, 1986 жылғы Желтоқ-
сан оқиғасының əсері кете қоймаған уақыт қой, үстіне ми-
лиция киімін киген қазақтарға Омбыдағы халықтың ерекше
көзқараспен қарағаны рас.
Омбыға бірге барған жігіттердің ішінде, əрине, пагон тағып
жүрген соң, қорқып аяқ тартқандары да, сақтанғандары да
болмай қалмады. Алайда, ішіндегі еті тірі, жүрегінің түгі бар,
ұлтжанды бірнешеуінің басы қосылып, жергілікті қазақтарды
іздестіре бастайды.
Ол кезде Омбы қазақтарының жастары, негізінен, би алаң-
дарында ғана бас қосып тұратын еді. Осыны біліп алған олар
іздегендерін би алаңынан табады. Бар əңгіменің басы осыдан
басталған болатын.
Оңалбайдың қазақ тілінде таза сөйлейтіні, іскерлігі, ұйым-
дастырушылық қабілеті осы тұста көп септігін тигізді.
Сабақтан гөрі жергілікті жұрттың өміріне үлкен қызығушы-
лық танытқан жігіттер демалыс күндерінде қаладан шығып,
ауылдағы қазақтардың өмірімен танысты. Бір қызығы – жер-
жердің атаулары орыс тілінде жазылып тұрса да, жергілікті ел
олардың атауларын қазақ тілінде атайды екен.
Ауылдағы жұрттың тілі де, салт-дəстүрлері де аса көп бұ-
зыла қоймаған, барынша ұмытпауға талпынып жүргендері
байқалады. Омбы жастары ғана емес, үлкендер жағы да Қазақ-
станнан келген жігіттерге ерекше сеніммен қарап, əлі белгі-
сіздеу болса да, үлкен бір қолдау күткендей көрінді.
Мұның аяғы Омбы қазақтарының «Атамекен» қоғамдық
ұйымының құрылуына алып келді. Оның төрағасы етіп Бауыр-
жан Ахметов деген қазақты сайлайды. Бүгінде елге белгілі Ал-
тынай Жүнісованың ол кезде енді ғана мектеп бітіріп, үлбіреп
тұрған уақыты. Соның өзінде, қоғамдық істерге белсене қаты-
сып, ортақ шаруаға етене араласқанды қалайтыны белгілі бо-
лып тұрды.
САҒАТТЫҢ СЕРГЕКТІГІ МЕН
АСҚАРДЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ
Оңалбай бауырым!
Омбыдағы оң сапар – шуақты күндер мен тылсым түндер
еске түскен сайын Өзіңді еске ала бермеске лаж бар ма?!
Оңалбай, ылғи да амандықта, жол үстінде жақсылық сəт-
терде қауыша берейік.
Сағат ƏШІМБАЕВ,
22.07.1991
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің əлі тарай қой-
маған кезі. Оңалбай əрі ойланып, бері ойланып, Омбы қазақ-
тарына қолдау көрсету қажет деп шешті. Қалай? Бар мəселе
осында. Өзі Омбыда жүріп ештеңе шеше алмасын тағы білді.
Білімін жетілдіру курсындағы сабағы аяқталған соң, «Əйда, шу!»
деп, Қызылордасына тартып кетуге де болар еді, олай жасағысы
келмеді. Бастаған істі орта жолда аяқсыз қалдырса, соңы қалай
боларын ойлады. Сөйтіп, Орталық Комитетте жауапты қызметте
жүрген курстасы, ғалым, ақын Асқар Егеубаевқа телефон шал-
ды. Бар мəн-жайды білген Асқар Егеубаев «Қоғамның төрағасын
алып, осында кел!» деп қысқа қайырды.
Алматыға келген соң, Омбыдағы «Атамекен» қоғамының
төрағасы Бауыржан Ахметовты таныстырып, табыстап, еліне
оралады.
Содан, ойландырған Омбы да қалды жайына, сағындарған
сырластарының бейнелері де күңгірт тарта бастаған еді. Ішкі
істердің қызметі қолды босатар емес. Күн күнге, түн түнге
ұласып кеткендей, сапырылысқан асығыс уақыт зымырап өтіп
жатты.
Арада бес-алты айдай уақыт өткенде барып, ойда-жоқта
Алматыдан қуанышты хабар сарт ете қалды. Алматыдағы
телевидениеде Музыкалық хабарлар Бас редакциясының бас
редакторы, ақын Жүрсін Ерман қоңырау шалды. Ақын курс-
тасы хабарлағандай, Оңалбай Омбыға тағы да баратын болды.
Алайда, бұл жолы білімін жетілдіруге емес, Қазақстан деле-
гациясының құрамында арнайы қонақ болып барады.
Ол кезде айдаладағы Қызылорданың Шиелісінде милиция
қатарында жүрген жігітке бұл деген үлкен абырой, ерекше
көрсетілген құрмет болатын. Бірақ, Омбыға оны кім жіберіп
жатыр дейсіз, ол кезде де тəртіп – қатаң, жауапкерішілік –
мықты. Оңалбай сасайын деді. Кезекті еңбек демалысына əлі
ерте. Қайта бағы бар екен... Осы тұста бұл іске Алматыдағы
сол кездегі Мемлекеттік Теле-радио кешенінің жетекшісі,
атақты Сағат Əшімбаевтың өзі араласты.
Сағат Əшімбаевтың «Болды, əсті саспаңыз, бəрін реттейміз»
деген бір ауыз сөзі оны бірден марқайтып тастайды. Артын-
ша, сөйтіп, келісілген уақытта Омбыға тағы да жол түсті. Бұл
сапардың жөні бөлек еді...
«ТАМАША» ОМБЫНЫ,
ОМБЫ «ТАМАШАНЫ» ТАМАШАЛАДЫ
Оңалбай туысқаныма жақындық, азаматтық ізетпен.
Жерлесіңіз – Құдайбергеннен деп білерсіз!
1991 ж. Омбы
Оңалбай деген құрдасқа,
Жасымыз қатар сырласқа
Арнадым осы жырымды,
Замандас жөні бір басқа!...
(Əрі қарай əзіл өлеңі жазылған).
Сəлеммен, замандасың – Тоқсын.
Омбы қаласы. 22-шілде, 1991 жыл
Қолтаңба.
Бір ауыз сөз.
Бір ауыз сөз болғанмен, оның ар жағында қаншама сыр жа-
татынын қайтерсіз. Өз уақытында, сол кезде бұл жазбалардың
ешбір келіп-кетер əсері болмаған да шығар, кім білсін. Ал қазір
қарап тұрсаңыз, осыдан 20 жыл бұрын жазылған жазбалардың
жөні бөлек болып тұр.
Өткен тарихи кезеңдердегі əрқилы саяси оқиғалардың əсері-
нен ішкі шекараның арғы бетінде қалып қойған қандастарымыз-
дың жай-күйіне алаңдаған жұрт оларға көмек қолын созуға əзір
еді. Əсіресе, оған ұлтымыздың зиялы қауым өкілдері ерекше ден
қойып жүретін. Омбыдағы жұрттан Оңалбай əкелген жақсы ха-
бар осы ойға түрткі бола кетті.
1991 жылдың шілдесінде мəдениет жəне өнер саласының
бір топ қайраткерлерінен жасақталған Қазақстан делегациясы
Омбыдағы қандастарымызбен жүздесуге барды. Ондағы ел-
жұрттың қуана қызықтағаны «Тамаша» ойын-сауық отауының
қойылымдары еді.
Омбы қазақтарының алдында сөз сөйлеген Сағат Əшімбаев
«Қазақ болып қалуды біз сіздерге үйретеміз деп келсек, қателес-
кен екенбіз. Керісінше, сіздерден үйренетін нəрсеміз көп екен!»
деп үлкен сүйіспеншілігін білдірген болатын. Осы жақсы шара-
ның өтуіне мұрындық болған Оңалбайға да өзінің ризашылық
сезімін білдіріп, үлкен ықыласпен қолтаңба жазып береді.
Оңалбай Садықовтың қолында жүрген дəптерге сол уақыт-
та, сондай-ақ, Лұқпан Есенов, Уайс Сұлтанғазин, Мəдина Ерə-
лиева, Қапаш Құлышева жəне тағы басқа өнер иелері өздерінің
ыстық ықыластары мен қолтаңбаларын қалдырған болатын.
Бүгінде мұның бəрі тарихқа айналып бара жатқанымен,
Оңалбай үшін тірі дүние. Қолтаңбалардың ыстық лебі білініп,
əлі де жан-жүрегіне жылу беріп тұр. Сол кездегі қырықтың
қырқасындағы жігіт қазір алпыстың асқарына қол салып тұр.
Алайда, осыдан жиырма жыл бұрынғы жазбалар оны əлі де сол
қылшылдаған қырықтағы көңіл-күйге бөлеп тұрғандай болады
да тұрады...
«Алматы ақшамы» газеті, 26 сəуір, 2011 жыл
СОҒЫС. ЖЕҢІС ЖƏНЕ БІЗ
АЛДЫМЕН, СОҒЫС ТУРАЛЫ
Тарихқа тереңдеп бармай-ақ қояйық, Бірінші дүниежүзілік
соғыс жайында сіздің жадыңызда не қалды? Оған қазақтар
қатысқан жоқ деп айта алмайсыз, оны тарихшы-ғалымдар
жақсы біледі. Білмейтін біз ғана. Неге? Мұның жауабы ары-
беріден соң, тіпті саясиланып та кетеді. Ұлтты жоқ қылудың
басты амалының бірі – атын тарихта қалдырмау.
Бұл біздің басымыздан сан мəрте өтіп келеді. Оның да
өзіндік амалдары мен жолдары бар. Соның бірі ұлттың атын
əрқилы айту, əдейі шатастыру. Содан кеше кім болғаныңды,
қайда болғаныңды білмей де қаласың. Оның үстіне, жазу-сы-
зуы уақытша «өшіп қалған» халқымыздың артында із жоқ, тап-
таза, аспаннан түсе салған сияқты көрінеді. Кеңестік жүйе де
біздің тарихымызға «қызыға» қоймады. Өйткені, оның саяса-
тына да томпақ келетін жері көп болды. Қолдан «бала» жасап
алып тəрбиелеген оларға оңай түсті. Сөйтіп, тарих сахнасына
қазақ деген «жаңадан ғана пайда болған ұлт» дүниеге келді...
Оны «адам қылған» кеңестік жүйе болып шықты. Ал, адам-
дықтан «айырған» кім екені айтылған емес... айтылмайды да.
Сондықтан, өз жыртығымызды үнемі өзіміз жамап жүрме-
сек, тарих деген үлкен көмбенің астында ұмыт қалып кетуіміз
де мүмкін. Мəңгілікке! Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына,
Ұлы Жеңіс мерекесіне ерекше ден қоюдың қажеттілігі де сон-
дықтан. Біз соғыста қан төккен, ажал құшқан аталарымыз бен
əкелерімізді ешқашан ұмытпауымыз қажет. Олар біздің тари-
хи тірегіміз. Бірінші Дүниежүзілік соғыстан əлемдік саясат
бізге мұндай тарихты бұйыртпады. Сондықтан, Ұлы Отан со-
ғысының əр сəті, əр ардагері, барлық оқиғасы біздер үшін аса
қажет. Жалпы, бұл соғыс жайында еленбейтін тақырып бол-
мауы керек. Ұлы Отан соғысы – Ұлы масштабта Ұлы достықтың
аясында өткен Ұлы тарихи оқиға. Біз оны ұмыта да алмаймыз.
Өйткені, біз əлі күнге дейін соның зардабын тартып келеміз.
ИЕМБЕРГЕН МЕН ҚАБИЖАМАЛДЫҢ ХИКАЯСЫ
Екеуі де өмір бойы ұстаздық еткен еңбек ардагерлері. Қазір
бірі сексеннің сеңгірінен асып, екіншісі сексенге таяп келеді.
Құдай бере салған, туабітті ұлағатты жандар. Зейнеттік өмірдің
құшағында, бала-шағаның алдында жүріп жатыр. Екеуі үшін
Ұлы Жеңіс мерекесінің орны бір бөлек.
Жоқ, бұл кісілер соғыс ардагері емес. Алайда, жыл сай-
ын Жеңіс күнін елден ерекше əспеттеп күтіп, айрықша атап
өтеді. Таяуда бір қызықты жəйт болды. Ұстаздардың үйінде
географиялық картаның болмай қалуы сирек кездесетін нəрсе.
Бұл кісілердің де аракідік картаға көз салып, ойға шоматын
кездері бар.
Бір күні осылайша географиялық картаға қарап ойланып
отырған зайыбы Қабижамал апай көзіне жас алып, кəдімгідей
жыламсырамасы бар ма. Үйде отырған қонақтар не болғанын
түсінбей, абыржып қалды.
– Қаба, не болды, ойбай?
Апайдың асты-үстіне түсіп бəйек болып жатқан құда-құда-
ғилары шынымен таңданып қалған еді.
– Жə, ештеңе де болған жоқ,– деді Қабижамал көзінің жа-
сын сүртіп жатып. Содан шалына қарай бұрылып:
– Менің əкеме тағы бір жұлдызды қимағаның ба? – деп, ба-
лаша бұртиды.
Сұқ саусағын карта жаққа қарай сілтегенде барып, жұрт
істің мəн-жайына қаныға бастаған еді. Бірақ, не күлерін, не
қоярын білмей əбден састы.
Иемберген аға Ұлы Отан соғысында əкесінің қаза тапқан
жерін картадан белгілеп, атын жазып, Кеңес Одағы Батырының
екі бірдей «Алтын Жұлдызының» суретін салып қойыпты. Ал,
Қабижамал апайдың соғыста қаза тапқан əкесінің жатқан же-
рін белгілеп, атын жазып, бір ғана «Алтын Жұлдыздың» суре-
тін салған екен.
Иə, əкелері соғыста қаза тапқан балалар үшін Ұлы Жеңіс
мерекесінің орны қашанда бір бөлек болып тұрады. Түсінесің.
Түсінесің де, күрсінесің...
ЖҰМАГЕЛДІ АҒАЙ МЕН ВЬЕТНАМ СОҒЫСЫ
Түс қайта қарбалас жұмыстың басталып кететіні бар. Бір
қолымды екі ете алмай отырғанда, телефон безектей жөнел-
ді. Газетшінің қоңырауды қалт жібергені – қадамын шалыс
басқаны. Телефон шылдырын күтіп отырғандай болып тұ-
ратынымыз бар. Ықыластана көтереміз. Тосын жаңалық, қы-
зықты оқиға, ел күткен хабар – бəріне құлағымыз түрік. Жұртты
бірінші болып қуанта білгенге не жетсін!
Телефон шалған Жұмагелді ағай болып шықты. «Шаңы-
рақта» тұрады. 90-жылдардың басында Қарақалпақстаннан
көшіп келген бір қауым елдің бетке ұстар абзал азаматтарының
бірі. Өзі əдебиет пəнінің мұғалімі. Білмейтіні кемде-кем. Қазір
«Ақбұлақтағы» №154 мектепте жұмыс істеп жүр деп естіген-
мін. Бір ауылда тұрсақ та, өзін көрмегелі оншақты жылдай уа-
қыт өткен еді. 1992 жылы «Шаңырақ» балаларына арналған
мектеп ашылып, тұңғыш қызым бірінші сыныпқа барғанда,
солардың сынып жетекшісі болған-тұғын. Одан кейінгі алты
баламның да бірінші сыныпқа бару рəсімдерінде мектепте
үлкен басымен зыр жүгіріп жүріп қызмет еткенін қалай ұмы-
тайын. Ол баспасөзге деген құрметі болатын. Қазақ басылым-
дарын құрандай аялайтын адам.
Он жылдан астам уақыт көрмеген кісінің телефон шалып
тұрғаны да қызық қой, «Мені ұмытып қалған жоқсың ба?» дей-
ді. Шын жақсы адамдардың көбіне əпенділеу келетіні бар. Мен
жақсы мағынасында айтып тұрмын. Əйтпесе, бір ауылдың ада-
мы, ауылды бірге тұрғызған кісілер – əсте ұмытыла ма? Оның
үстіне, өзі балаларымды оқытса.
– Бүгін үйге қаншада келесің?– деді. «Кешкі сегіздерде бо-
ламын, бүгін ертелеу шығатын едік» деп, шынымды айттым.
– Онда үйге соғамын. Бір əңгімелесіп отырайық деп едім
ғой, – дейді.
– Не əңгіме еді?
Мен де қызықпын, айта салатын əңгіме болса, үйге соғаты-
нын айтпас еді. Жə, жарайды... Сонымен, кешке үйге келді. Жүр
де жүр. «Біздің үйдегі апаң шəй-тамағын əзірлеп күтіп отырға»
басты. Барып, апайдың (ол кісі де мұғалім) шəй-тамағын ішіп-
жеп болған соң, «Ал, аға, не мазалап жүр? Əңгіме айтыңыз»
деп шаруаға көштім.
– Ешқандай шаруа айтқалы отырған жоқпын. Жеңіс күні ке-
ле жатыр, мен бір аздап еңбектеніп едім, соны өзіңе көрсетсем
бе дегенім ғой,– деді ағай. – Алатау ауданы бойынша өткен
көрмеде бірінші орын алып еді...
– Оу, алдымен, бəрін содан бастамадыңыз ба?– дедім мен.
«Жə, жай нəрсе ғой» деді де, келесі бөлмеге бастады.
Бұл бөлменің бір бұрышын көрмеге айналдырып қойыпты.
Үстел үсті бейне бір от пен оқтың арасы, жан алып-жан беріскен
шайқас жүріп жатыр. Фашистің танкісі жанып, қанішерлердің
бір-екеуі жер жастанып құлап жатыр... Біздің жауынгерлер жа-
ралы болса да, жанталасып соғысып барады. Окоптың ішінде
бір-екі жауынгер бүгежектеп жүр.
Жұмагелді ағай көрсетуін көрсетсе де, өзі ыңғайсызданып
қалды. Оқушыға түсіндіріп жатқандай болғанын бір сəт əбестік
көріп қалды ма екен, қайдам. Мен іліп əкеттім. Баяғыда Вьет-
намда болғанда көргендерімді айттым.
Кеңес Одағының дүрілдеп тұрған кезі. Вьетнамның на-
рықтық экономикаға бет бұрған шағы. Өтпелі кезеңіндегі көрі-
ністердің бəрі бізге таңсық нəрселер еді (кейін бізде де дəл со-
лай болды).
Ханойдан Ньячангке бағыт алған бетте Сайгонға (Хоши-
минге) барып біраз күн аялдадық. Кеңес Одағының азаматта-
рын қатты сыйлайтын ел ғой, күтіп-бағып, бар жақсысын көр-
сетіп жүрді. Сонда, үлкен бір орталық музейге барғанымыз
есімде. Вьетнам соғысына арналған залға кіргенде, шайқастың
ортасына тап болғандай күй кешкенмін. Айналасы атшапты-
рымдай көрінген бөлмеде үлкен үстелдің үстіне шайқас алаңын
жасаған. Бəрі, тіпті адамына дейін қыбырлап қозғалып, қанды
шайқасты басынан аяғына дейін көрсетіп береді. Тоқты қосса-
ңыз болды, вьетнамдық əскерлердің американдық басқыншы-
ларға қарсы жүргізген шешуші шайқасын бастан-аяқ қайталап
береді. Қай техника қандай үлес қосты, кім кімді атты, қандай
тактика ойластырылды – бəрін оқымай-ақ біліп аласыз. Көз
алдыңызда болып жатқан жанды кино! Кино да дəл мұндай
көрсете алмайды. Жекелеген эпизодтар болмаса, бастан-аяқ жал-
пы планда (көріністе) шайқастың барысын қай кинодан көріп
едіңіз? Жалпы (общий план), ірі, орта көрініс араласып отырған
соң, шайқастың «қызығы» дəл берілмей жатады. Ал, мұнда Вьет-
нам соғысындағы қанды шайқас дəлме-дəл көрсетілген. «Сіздің
макетіңізде ғана айырмашылық бар екен. Кішілеу... сосын бə-
рін ермексаздан (пластилин) жасапсыз. Ал, вьетнамдықтар кіш-
кентай, айнымайтын ойыншықтардан жасаған. Оның үстіне,
бəрінің жаны бар, қозғалып жүріп, кəдімгідей соғысады» дедім
Жұмагелді ағайға. «О-о, ондай мүмкіндік қайда бізге!» деді
ол. Өзім де ойланып қалдым. Шындығында, бізде мүмкіндік
емес, құлық жоқ. Əйтпесе, Бауыржан Момышұлының ерлігін
бейнелейтін осындай көріністі – Мəскеу түбіндегі шайқасты,
əйтпесе, Сталинград шайқасын əрбір балаға қайталап көрсетіп
отыруға шама жетеді ғой... Жеңіс күніне жасаған тартуын
«Əйгерімдегі» №149 мектепте өткен көрмеден кейін тас-
тай салмай, үйінде сақтап отырған Жұмагелді ағайға іштей
риза болдым. Ол жасаған шайқас көрінісінің бір шетінде сол
аяғының сан етін снаряд жарықшағы жұлып кеткен менің əкем
қансырап жатқандай сезілді. «Санитар неге көрінбейді? Көкем
қансырап өліп қалмаса екен!» Берлинге жақындап қалғанда
жарақат алып, шайқас алаңында қиналып жатқан əкем көз ал-
дыма елестеп кетті...
ЖЕТПІСТЕГІ АДАМ ДА ƏКЕСІН ІЗДЕЙТІНІН
МЫНА ЖҰРТ ҚАЙДАН БІЛСІН!
Редакциямызға екі əйел, бір ер кісі кіріп келді. Өздерін та-
ныстырды. Алдында, екі əйелдің бірі – зейнеткер, Оқу ісінің
үздігі Несіпхан Батырханова телефон арқылы хабарласқан
еді. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жақсы əңгіме айтып
беретін кісіні алып келетін болған. Сол келістері – осы. Ішім
сезіп тұр. Бірақ, мына кісі соғыста болған адамға ұқсамайды.
«Бүкіл балалық шағын соғыс ұрлаған, қиындықты көп көрген,
əкесі соғыста жоқ болып кеткен кісі. Əкесін қайдан іздерін де
білмейді, ешқандай дерегі жоқ». Несіпхан апайдың айтуымен
мəн-жайға аздап болса да қаныға бастағандай болдым. Келген
кісіде үн жоқ. Маған бір, қолындағы кітаптарға бір қарайды.
Сөйлеп отырған Несіпхан апай. «Бұ кісі – Молдаш Əміребай-
ұлы. Мамандығы – экономист. Өзі ақын, төрт-бес кітаптың ав-
торы. Ұзақ жылдар бойы Түсті металлургия министрлігінде,
кейін Қазақстан Республикасының Салық комитетінде жауап-
ты қызметтер атқарды. Өзін түсінетін, сырын ұғып, сырласа-
тын адамға ғана айтатын соғыс туралы, Жеңіс жайында əңгімеле-
рі бар». Не айтпақ сонда? Көзімдегі сұрақты оқып қойғандай
болған Молдекең: «Жеңіс туралы мен не айта аламын. Əкем
де есімде қалмаған. Тек мына жазып əкелгенімді оқып берейін,
оған қосарым да, аларым да жоқ» деді, ақыры, тіл қатып.
«Əке, бүкіл əлем Жеңіс күнін тойлап жатыр. Бұл күнді менің
де ерекше атап өткім келеді. Алайда, жыл сайын Жеңіс күні
келе жатқанда, мені тұңғиық ой түбіне тартып, мөлдір де таза
көңілімді мұң шала бастайтынын қалай жасырайын. Өйткені,
сен соғысқа аттанғанда мен небəрі екі жастағы сəби екенмін.
Сенің бейнеңді көз алдыма елестете алмаймын. Мен сізді көрген
жоқпын, əке! Өзім көрмеген əкемді сағынамын. Соғыста хабар-
ошарсыз кеткен адам жалғыз сен ғана сияқты болады да тұрады
маған. Не өлі, не тірі екеніңді осы күнге дейін білмеймін. Қазір
менің жасым сіздің жасыңыздан үлкен. 70-тен астым. Солай бола
тұра, əлі күнге дейін бозбаладай күйіңде соғысқа аттанғаннан
кейін бе, сен солай жас қалпыңда елестейсің. Өзіңді 70 жыл бойы
іздеп келдім. Міне, бүкіл ел бүгін Жеңістің 65 жылдығын тойлап
жатыр. Сен бұл қуанышты көре алмағаныңа өкінемін. Қанша-
ма биіктерге жетіп, қаншама табыстарға қол жеткізсем де, кеу-
демде бір өкініш қалып қойды. Сені көргім келеді, əке! Жетпісте-
гі адам да əкесін іздейтінін мына жұрт қайдан білсін...»
Соғыс, Жеңіс жəне біз. Бірінен бірі ажырағысыз дүниеге
айналғандай. Бəрі қосылып Бейбітшілік ұғымын асқақтатып
тұрады. Бейбітшіліктің қадірін түсіну үшін де біз соғысты
ұмытпауымыз керек-ау.
«Алматы ақшамы» газеті
СТАЛИНГЕ АРНАП «ҚҰРАН ОҚЫҒАН» ҚАЗАҚТАР
Мəскеудің ортақ астанамыз болып дүрілдеп тұрған уақы-
тының бірінде, 80-жылдардың ортасына таяу Батумиде авто-
көлік саласы қызметкерлерінің Бүкілодақтық кеңесі өтетін
болды. Жұмыс ортақ, мүдде ортақ болған соң, оған Кеңес
одағына қарайтын он бес одақтас республиканың бəрінен ар-
найы делегаттар шақырылған болатын. Олардың қатарында
Қазақстаннан баратын да бір қауым жұрт бар. Алматыдан
Тбилисиге ұшып келген ұшақтан түскен екі-үш делегат, алай-
да, Бүкілодақтық кеңес өтетін Батумиге емес, Гори қаласына
қарай бет түзеді.
«ОРТАҚ ӨГІЗДІ» ОН БЕС ЕЛ
Бүкіл ел көлемінде өтетін үлкен іс-шараға ол кезде де ерек-
ше мəн берілетін. Мұндай істер, тіпті, сол сала қызметкерлері-
нің жеке мерекесі ретінде де көрініс беретін еді. Оған барын-
ша күш салынып, алдын-ала дайындық жұмыстары жүргізіліп
жататын. Əрбір қатысушының келіп-кетуінен бастап, жолдағы
күтімі, қарсы алып, шығарып салу, қаланы аралатып қыдырту,
естелікке суреттерге түсу, тіпті, кейбір ішінара болып жата-
тын жеке өтініштер бойынша қызмет көрсету – бəрі алдын-ала
ескеріледі. Кеңес одағы бойынша өтетін мұндай шаралардағы
кісі күтудің өзі қонағының асты-үстіне түсіп, бəйек болып жа-
татын қонақжай қазақтың кейбір жақсы қасиеттерін ойға орал-
татын еді. Келімді-кетімді жұрт та осыған сəйкес өздерін маңғаз
ұстап, сыр алдырмас сырбазға айнала қалатын. Мұндайда бəрі
өзара жарасым тауып, бұдан адамдар арасындағы айрықша
бір сыйластықтың, көңіл қимастық пен бір-біріне деген ыстық
ықыластың лебі есіп тұрады. Бəрінен бұрын, əр елден келетін
қатысушылардың бір-біріне деген ақжүрек адалдықтары мен
адами сенімдері, түсіністік пен сүйіспеншіліктері сезілетін.
Жақсылы-жаманды бір шаңырақтың туын бірге көтерісіп жүр-
ген соң, ой да ортақ, ниет те ортақ болып көрінетін.
Он бес одақтас республикадан келген əрбір адам өз елінің
мəртебесін көтеруге, өз отанының бет-бейнесін көрсетуге, өз-
гелердің көңілінде өз жері туралы жақсы пікір қалыптасты-
руға барын салатын. Басқа жақтан келген қатысушылардан да
дəл сондай ойды көре біліп, олардың əрбір қадамына ықылас-
пен зер сала көңіл бөлуші еді.
– Ол жылдардың да өз қызығы болды. Əркім өз республи-
касынан шыққан əлемге белгілі өнер қайраткерлері мен атақ-
ты жазушыларын, ержүрек батырларын айтып, соның елінен
келіп отырғанын зор мақтаныш көретін. Ал, ондай танымал адам-
дар өз ұлтыңнан шыққан болса, тіпті, төбең көкке жеткен-
дей болып, өзгелердің алдында өзіңді асқақ ұстауға болатын.
Құдайға шүкір, біздің қазақтан шыққан мұндай тұлғалардың
есімін ол кезде бір сəтте айтып тауыса алмайтын да едік қой, –
дейді Батумиде өткен автокөлік саласы қызметкерлерінің
жиынына барған сол кездегі ҚазКСР Автокөлік министрлігінің
өкілі Медетқазы Бадамбаев.
АДАМЗАТТЫҢ БƏРІН СҮЙГЕН ЕЛМІЗ
Қай кезде болсын, əр адам өз заманының ағымына сай өмір
сүруге талпынады. Сол кездегі саяси идеология, айналадағы
қоғамдық өмір əр адамның өз заманына сай көзқарасын қалып-
тастырып, ғұмыр кешіп отырған ортасына бейімдейді.
Адамдардың қанымен, жанымен жаңа қоғам орнатып, жар-
ты əлемді басқа арнаға бұра тартып, өркениет пен мəдениеттің
басқа бір биігіне ұмтылған кеңестік кезде туып-өскендер өз
елінің нағыз азаматы болуды ең бірінші орынға қоятын. Бұл
қазіргі көп адам жеңіл-желпі, ойланбай айта салатын жалаң па-
триотизм емес еді. «Ел болайық, жұрт болайық. Дұшпанға дес
бермейік!» деген рухта өз отаны, өз халқы үшін жанын пида ет-
кендер бойындағы алаулаған жалынды қалай жоққа шығаруға
болады? Ал, мүдделес қана емес, қаншама жылдардан бері
дос, бауырға айналып кеткен жұрт бірі үшін бірі өлуге бар еді.
Бұл ешқандай да асыра айту немесе өткенді көксеу емес, адам
тəрбиесінде ұрығын сеуіп, негізін қалыптастыруға болатын
жарқын үлгінің бірі.
Осындай ақ жүрек, адал ниетті адамдардың басын қосып
отыратын сол замандағы Бүкілодақтық жиындарда бұл айтып
отырғандарымыздың бəрі айқын аңғарылып тұратын. Олар-
дың бір-біріне деген ыстық ықыласының өмірде көрініс бере-
тіндігі сонша, сол азаматтардың елінен шыққан əлемге əйгілі
адамдарды да өз елінен шыққан азаматтай жақын көріп, олар-
ды да мақтаныш тұтатын.
Бір сөзбен айтқанда, мұхиттың арғы жағындағы дұшпан ортақ
болған соң, басқасының бəрі өздерін бір адамдай дос көрді. Ал,
Абай айтқандай, «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» өскен
біздің жұрт əрі-беріден соң, кеудесінде жаны бар, құдай жаратқан
дүниенің бəріне үлкен ықыласпен қарайтыны белгілі. Қазақ –
жатырқауды білмейтін халық, намысты алға қоятын жұрт.
Жаралғаннан тəубешіл елдің көңілінің төрінде де алдымен
құдай тұрады. Жетпіс жыл бойы атейстік тəрбиенің жетегінде
жүрсе де, құдай деген сөз ұмытылған жоқ. Соның өзінде үлкен
мəн жатыр.
– Грузияға барып тұрып, бізді ғана емес, бүкіл əлемді өзінің
темірдей тəртібімен, қаталдығымен, соғыстағы жеңісімен та-
бындыра білген Сталин дүниеге келген жерді көрмей кету үл-
кен өкініш болар еді. Бізді бастап барған Марат Бекмағамбетов
Грузия КСР Автокөлік министрінің орынбасары күтіп алғанда
бірден осы ойын айтты. Біздің қасымызда тағы Владимир Пав-
лович Антонников деген автокомбинаттың директоры да бар
еді. Күтіп алушылар бағытты өзгертуге болмайтындығын ай-
тып, аздап күмілжіп еді, онысына қоймадық. Сөйтіп, Гори қа-
ласына қарай бет алдық, – дейді əңгімесін қызықтыра сабақ-
таған Медетқазы.
«ХАЛЫҚТАР КӨСЕМІ» ҚОНА АЛМАЙ ЖҮР
Иосиф Виссарионович Сталин туралы қазір əр елде əртүрлі
көзқарас қалыптасқан. Сталин бұрын да, қазір де бірде ақталып,
бірде қараланып жатады. Ол, тіпті, əртүрлі елдерде орын алып
жатқан кейінгі саяси көзқарастарға байланысты да қайта сөз
болып жүр.
Мысалы, 2008 жылдың тамыз айында Грузия мен Ресей ара-
сында болған қысқа ғана соғыс кезінде Ресейдің бомбалағыш
ұшақтары алғашқы сəттен нысанаға алған жердің бірі Оңтүстік
Осетиямен екі арадағы шекараға жақын жатқан осы Гори қала-
сы еді. Мұнда Ресей бомбасы мүлдем түспеген екі жер бар екен,
ол – Сталиннің мұражайы мен оның Орталық алаңда тұрған
алты метрлік қоладан құйылған ескерткіші.
Бұл жəйтті қала тұрғындары бұрынғы кеңестік диктаторға
деген Ресейдің айнымас құрметінің белгісі деп қабылдаған.
Ал, бұл елдегі ресми билік Сталиннің мұражайын басқаша
ұйымдастырып, қайта құруды, оны бар болғаны тарихи мұра-
жайға айналдыруды көздеп отырған сыңайлы. Алаңдағы ал-
ты метрлік оның ескерткішін де орнынан көтеріп алып, сол
мұражайлар қатарындағы экспонаттардың қасына қосты.
Мұның бəрін кейінгі саяси ойындардың себеп-салдары
деуге болады. Шындығын айтқанда, бұл – əр елдің өздерінің
қалыптасқан жағдайларға байланысты атқарып отырған ішкі
мəселесі.
– Біздің саяси көзқарастарда шаруамыз болған жоқ. Жет-
піс жылдай достық көпірі байланыстырып тұрған елдердің аза-
маттарымыз ғой, оның үстіне соғыс жылдарында үлкен ерлік
пен өрлік көрсеткен елденбіз. Ұлы Отан соғысына қатысқан
біздің аға буын Сталинді ерекше құрмет тұтады. Осының бəрі
адамға əсер етпей қоя ма, Гори қаласындағы Сталин дүниеге
келген үйге барғанда отырып құран оқыдық. Қасымыздағы
орыстар да үнсіз-түнсіз күтіп тұрды. Біздің үлкен ықыласпен
ізет білдіріп жатқанымызды олар да түсінді, – дейді əңгіменің
қызығына түскен Медетқазы Бадамбаев.
Кеңестік кезеңнің соңына қарай Грузияға барған бауырла-
рымыз сол кездің өзінде де Сталинге қатысты кейбір адамдар-
дың ішкі ой-пікірлерінде түрлі қайшылықтардың бар екенін
сезетін. Бірақ, Сталиннің аты – Сталин. Ол – тарих, əрі-беріден
соң аты аңызға айналған адам. Оның тарихтан алатын айрықша орнын ешкім де жоққа шығара алмайды. Қалай десек те, Гори қаласына барған алматылықтардың көңілінде қылаудай арам пиғыл, екіұдай ой болған жоқ, олар адал да адами таза ниетпен Сталинге құрмет көрсетуді, тарихи орында болуды ғана ойлады. Əкелеріміз өле-өлгенше Сталинді кереуетінің басына іліп қойып, қадір тұтып жүрген заманда бұған таң қалатын дəнеңе де жоқ еді. «Алматы ақшамы» газеті
ҚЫЗДАР ИНСТИТУТЫ ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Құрметті редакция! Кейінгі кездері астанамыздағы Қыздар
педагогика институтының жабылатындығы жайлы сөздерді
жиі естіп қалып жүрміз. Мұның қаншалықты дəрежеде рас-
өтірігін, əрине, біз білмейміз. Сондықтан да қолыма қалам
алып, өздеріңізге хат жолдауды орынды санадым. «Жел тұр-
маса, шөптің басы қимылдамайды» ғой, сонда ендігі жерде,
шынымен-ақ, қыздар институтының қажеті болмағаны ма?
Алмагүл КЕНЖЕБЕКОВА,
Жаңақорған ауданы,
Қызылорда облысы
* * *
Қыз Жібек, Баян, Еңлік, Гүлбаршын, Құртқа, Қарашаш си-
яқты қазағымыздың кешегі өткен ару қыздары біздер үшін
мақтаныш қана емес, үлгі-өнеге. Сұлулыққа құштар адам өмірге
де құштар болып өседі. Алайда, қазақтың асыл қыздары əңгіме
бола қалса, көбіне өткен ғасырлардан мысал іздеп əуреге түсіп
жатамыз. Бəлкім, дұрыс та шығар, дегенмен, ол қазіргі қазақ
қыздарының ішінде ауызға алуға тұрарлығы жоқ деген сөзді
меңземесе керек. Бұл орайда тек қазақ қызының шын бейнесін
таныта алмай жүрген ақын-жазушы ағаларымызға өкпе айтуға
тура келетін сияқты. Бірақ, менің айтпағым ол емес. Негізінен,
қазақ қыздары ғана оқитын бірден-бір жоғары оқу орнын
«ЖенПИ» деп сүп-сүйкімсіз етіп атап жүрміз. Неге? Асыл ару-
ларымыздың бірінің атын осы оқу орнына беруге болмас па
еді? Аты аңызға айналар болашақ аруларымызды түлетер орын
тек осы ғана болуға тиіс деп ойлаймын. Сондықтан, бұл оқу
орны да өз атына лайық болуы керек. Осы тұрғыда ой өрбітіп
көрсек қайтеді?.
Тіліміздің, салт-дəстүріміздің, жалпы мəдениетіміздің – қазіргі
таңдағы хал-жайы, қоғамдағы орны жайында ой өрбіткен ма-
қалаларды республика баспасөзінің бетінен жиі көруге бола-
ды. Бұл, əрине, халқымыз үшін үлкен тарихи қажеттіліктен
туындап отыр. Мұның бəрі де, түптеп келгенде, ұрпақ қамы.
Ал, ұрпақ қамын, оның тəлім-тəрбиесін тілге тиек еткен тұста
болашақ аналар жайында əңгімелей кету мүмкін емес. Себебі,
халық, көпшілік жекелеген адамдардан құралады. Ендеше əр-
бір адам өзін халықпын, ұлтпын деп есептеуге жəне сол атқа
титтей де көлеңке түсірмеуге, кір келтірмеуге тиіс. Əсіресе,
əрбір жасөспірімнің бойында ұлтымызға тəн барлық қасиет
болуы керек. Міне, сонда ғана біз өзіміздің елдігімізді өз
дəрежесінде сақтап қала алмақпыз. Жасөспірімнің халықтық
атқа лайық болып бой түзеуі қоршаған қоғамнан гөрі семья
тəрбиесіне көп байланысты. Ал, семьядағы ананың рөлін дə-
лелдеп жатқанымыз басы артық əңгіме. Сонау патшалық Ре-
сейдің қазақ жеріне үстемдік құрып тұрған кезеңінің өзінде,
орыс миссионерлерінің бұратана халықты шоқындыруға ба-
тыл бет алған уағында да патша ағзамның адал қызметшілері
бала тəрбиесіндегі, жалпы қоғамдағы əйел орнын дəл көре біл-
ген. Тəрбие басының, яғни кең даланы шоқындырудың шаңы-
рақ астынан бастау алатындығын ашып айтпаса да, осы мақ-
сатта жұмыс жүргізуге бел байлаған. Тарихшыларымыз айтып
жүргендей, олардың қазақ қыздарына «жаны ашығандықтан»
қыздар мектебін де ашқандығын сол мақсаттағы бір ғана жұ-
мыс десек, қателеспегендігіміз.
Болашақ ана тəрбиесіне біздің халқымыз да салғырттық-
пен қараған емес. Қыздарының болашақ шаңырақтарының
берік болуына, семьядағы негізгі тұлғаның біріне айнала бі-
луіне қаршадай кезінен-ақ көңіл бөлген. Өткен дəуірлердегі
мұндай міндеттердің, көбіне, жеңгелерге жүктелгендігі аян.
Бұл мəселе қазіргі таңда қалай болып отыр? Қазақ зиялыла-
рын ғана емес, барша халықты толғандыратын мəселенің бірі
де осы. Оның шығар күндей шындық, айдай анық екендігіне,
жоғарыда келтірілген екі хаттың өзін айтсақ та, жеткілікті де-
ген ойдамыз.
Қыздарымыздың қазіргі тəрбиесіне мұқият көңіл бөліп,
байыппен қараған адамға оның ұлдар тəрбиесінен титтей де
өзгешелігі жоқтығы байқалады. Шындығы да солай. Ұлдар
мен қыздар тəрбиесінің айырмашылықтарын санамалап ай-
тып шығуға кім де болса кібіртіктеп қалады. Əрине, мұны
еліміздегі етек жайған тең құқылықпен шатастыруға болмай-
ды. Негізі, «Қазақ қыздарына Совет өкіметі тұсында ғана тең-
дік тиді» деп айтылып қалып жататын пікірлерге қосыла кету
де қиын. Ел ішінде кездесіп қалатын бірлі-жарым ғана оқиғалар
болмаса, қазақ қыз-келіншектері əуел бастан-ақ еркіндікті
еншілеген. Тіпті, ерлермен қатар қадам басып, ел билігіне де
араласқандары жоқ емес. Алайда, ондай жандардың қайсыбірі
де, бүкіл қыздарымыз да өз орнын біле білген. Ибалықтан,
əдептен аттамаған. Қыздарымыздың қазіргі еркіндігі де ерек-
ше. Тəрбие беру де ұлдарға қарағанда көптеу болмаса, кем
емес. Алайда, соңғы уақытта əдептілік, ибалық, нəзіктіктен
аздап ажыратып алғандаймыз. Оның себептері қандай? Қазір-
гі заманымызда, шынымен-ақ, ұл мен қыз тəрбиелерінің айыр-
машылығы болмағаны ма? Өкінішке орай, солай болып отыр.
Иə, негізгі айтар əңгімемізге де енді келгендейміз. «Қазақтың
қыздар педагогикалық институты қоғам алдындағы өз міндетін
атқарды. Оқимын деген қыздарға өзге педагогика институт-
тары да жетеді. Оның үстіне, бұл оқу орны қыздардың əдептен
аттап, суық жүрістерге салынудың ордасына айналып бара-
ды. Қысқасы, институттың жабылатын уақыты жетті», – деген
сөздер, расында да, айтылмай жүрген жоқ. Мұндай пікірдің
шығуының да өзіндік себептері бар. Түкпір-түкпірдегі, алыс
аудандар мен шалғай шаруашылықтардағы қазақ қыздарының
көзін ашу, халықты оқу-ағартуға араластыру мақсаттарымен
қиын-қыстау күндерде ашылған оқу орны, бір қараған адамға,
шынында да, өз мақсат-міндеттерін, орындап үлгерген секілді.
Оның үстіне, республикамыздағы мектептер мен мектепке
дейінгі тəрбие беретін мекемелердегі 258024 педагог кадрдың
204 мың 368-і, яғни 79,2 пайызы əйелдер екен. Мұның белгілі
бір дəрежеде ұрпақ тəрбиесіне көлеңкесін түсіретіні де құпия
емес. Соңғы уақытта ұлдар тəрбиесі əңгімеге айнала қалса, осы
айтылған деректер келтірілуде. Орынды айтылып жататын ой-
лардан аттап кету де қиын. Өйткені, балалар бақшасынан бас-
тап ұл-қыздарымыз бірдей, негізінен, əйелдер қолында тəрбие-
ленеді. Таусылмас тірліктерден мойын бұруға мұршасы бола
бермейтін əкелердің бала тəрбиесімен айналысуға уақыт-
тары жете қоймайды. Мұны əкелер ісін ақтағандықтан емес,
өмірдегі шындықты жақтағандықтан айтып отырмыз. Қысқасы,
тек қана əйел тəрбиесін көріп өскен ұлдардың қыз мінездес,
жасқаншақтау болып келетіні, олардың бойында ерлерге тəн
мінез-құлықтың кемшіндеу соғып жататыны дəлелдену үстін-
де. Еліміздің ертеңгі қорғаны болатын ұлдар тəрбиесі жайлы
əңгіменің жөні бөлек...
Енді «қыздардың əдептен аттап, суық жүрістерге салынар
ордасы» дегенге келейік. Бұл орайда, көбінесе, астанамыздағы
балалар үйі (жетімхана) тілге тиек етіліп жүр. «Қасқырдың
аузы жесе де қан, жемесе де қан» дегендей, некесіз бала
тапқандар ішінде институт қыздарының үлесі қомақтылана
көрсетілуде. Бұл айтылғандардың кімді болса да бей-жай
қалдырмасы белгілі. «Қыздар педагогика институтын жабу
керек» дегендер де, кім біледі, күйінгендіктен айтатын шы-
ғар. Алайда, жоғарыда айтылған көлеңкелі көріністер мен
күйдіргі кемшіліктердің шығу себептері неде? Одан қайт-
сек арыламыз? Институтты жабудан өзге жолдың болмаға-
ны ма? Міне, осы тақылеттес сауалдардың жауапсыз қала бе-
ретіні қиын-ақ.
Қисыны келсін-келмесін, алыпқашпа сөздердің түрліше құ-
былып, қаулап сала берері белгілі. Онан-мұнан деректер жинап,
институтты жабу туралы əңгімелеу де қазақ қыздарына жаны
ашығандық емес. Педагог кадрларының арасында əйелдер үле-
сі басым болып бара жатса, немесе республикамыздағы педа-
гогика институттары көптік етіп жатса, Қыздар педагогика инс-
титутына біршама өзгерістер енгізу қажет сияқты. Ол үшін, ең
алдымен, институттағы «педагогика» деген сөзді алып тастау
керек. Жай ғана «Қыздар институты» деп атап, онда тек қана
педагогтарды емес, қазіргі таңда қажетті болып отырған сала
мамандарын дайындап шығаратын факультеттерді де ашқан
жөн. Бұл процесс, əрине, «қажетсіз» саналған факультеттерді
жабу арқылы ғана жүзеге аспақ. Енді институттың қазіргі
оқу-тəрбие мəселесіне келейік. Қазіргі кезде бұл оқу орнының
күндізгі бөлімінде 3142 студент оқып, білім алуда. Биыл
бітірушілер саны – 583. Оларды алда не күтіп тұр? «Келінім –
жоғары оқу орнын бітірген маман. Бірақ қолынан дұрыстап тамақ
пісіру де келмейді. Осы оқуларыңда не оқытып-үйретеді?» деп
сыр ақтарғаны бар бірде ауылдас үлкен əжейдің. Əлгі айтылған
583-тің ішінде осындай болашақ келіндердің жоқ еместігіне
күмəнім бар. Өйткені, институт студенттеріне асханалық талон
беріледі. Мəз болмаса да (күніне 1 сом 58 тиын-ақ!..), əзір ас-
қа – тік қасық. Əйтеуір, жан қиналып жатқан жоқ. Қысқартып
айтар болсақ, институт тек жақсы маман даярлап шығаруды
ғана қанағат тұтатын сияқты. Ал, біздіңше, қыздарға арналған
жалғыз жоғары оқу орны тек маман емес, əйел, ана тəрбиелеп
шығаруға тиіс. Салт-дəстүріміздің, тіліміздің өркен жаюы,
міне, осы шаңырақтан бастау алып жатса, құба-құп. Өйткені,
маман кадрлар қатарын ұлдар есебінен де толықтыра алуымыз
мүмкін, ал берік шаңыраққа негіз болатын əйелдер қатарын
солардың өздерінен басқа ешнəрсемен де алмастыра алмаймыз.
Сондықтан да, оқу орны тек білім беріп қоймай, өзінің негізгі
мақсаты ретінде нəзіктік, сезімталдық, адалдық, əдептілік бой-
ына сіңген қазақ қызын, болашақ ананы тəрбиелеп шығарғаны
жөн. Əйтпесе, білім ғана бойына сіңген қыздардың жолы ауыр-
лау болып қала бермек. Бұл орайда ас пісіру, киім тігу жəне тоқу,
ұлттық дəстүр деген сияқты тағы басқа əйелдер үшін қажетті
дəрістерді үйірме негізінде емес, оқу бағдарламасына ендіру
арқылы қыздар көкейіне қондыра білсе. Түсінікті тілмен айтар
болсақ, бұл оқу орны білім алушыларды ғана емес, тұрмысқа
шығушыларды да əзірлеуі керек.
Ұлттық əн-күй, өлең жырларымыз төңірегіндегі айтары-
мыз да осыған саяды. Қыздар институтында оқитын əрбір
қыз кəдуілгі «Бесік жырынан» бастап той-томалақта айтыла-
тын жəне өздері тұрмысқа шығарда айтуға тиісті ұлттық салт-
дəстүрімізге лайық əн-жырды бес саусақтарындай біліп шығып
жатса, ұтыла қоймаған болар едік.
Ару қыздарымыз жайлы сыр шерткен кезде көмейге келіп
тірелетін ұлттық киім төңірегінде де айта кетсек, қисынсыз
болмас еді. Қыздар институтының барлық студентінің өздеріне
сүп-сүйкімді болып қона кететін ұлттық киіммен жүрген кезін
бір сəт көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Жарасымды-ақ емес
пе. Көз үйреніп, көңіл орныққанша оғаштау көрінер ... дəнеңе
жоқ. Қайта, əрі ұлттық киім ретінде əрі осы институттың жеке
бір киім үлгісі (ұлттық киіміміздің аясын тарылта айтқандық
емес) ретінде қыздар институтын ерекшелер еді. Сонда ғана
республикамыздағы бірден-бір ұлттық жоғары оқу орны екен-
дігін танытып қоймай, ұлттық киімдеріміздің күнделікті өмір-
ге оралуына да ықпалын тигізеді. Айтылған жəйттердің іс жү-
зіне оп-оңай аса салмасы белгілі. Алайда, оңтайлы сəтті, қолай-
лы кезеңді күтіп жүріп онсыз да талай асыл мұраларымыздан
қол үздік емес пе?
Əңгімеміз тікелей Қыздар институтына қатысты болып
отырғандықтан, оның қазіргі хал-жайына да қысқаша тоқталып
өткеніміз орынды сияқты. «Институт ректорының да, менің де
осында қызметке келгенімізге көп бола қойған жоқ, – дейді оқу
ісі жөніндегі проректор Дина Жүсіпəлиева. – Шамамыздың
келгенінше оқу-тəрбие жұмыстарын қайта жаңғыртып жатыр-
мыз. Институттың оқу бағдарламасына еніп жатқан біршама
оң өзгерістер бар». Оқу ісіндегі атқарылуға тиісті жұмыстар
тікелей өз міндеті болғандықтан да, Д.Жүсіпəлиева көп əңгіме
айтты. Оқытушылар арасында өтіп жатқан аттестация, олар-
дың еңбек тəртібі, студенттер қауымына жасаланып жатқан
жағдайлар төңірегіндегі жүзеге асып отырған игі шараларға
қуанбасқа болмайды. Дегенмен, сол айтылған іс-жұмыстармен
қатар жоғарыда əңгіме болған жайлар да қолға алына бастаса,
институт алдағы уақытта тойлайтын 50 жылдық мерейтойын
лайықты қарсы алған болар еді.
Енді еліміздің оңтүстігінен сəлем жолдаған Қалампыр Сұл-
танованың жоғарыда келтірілген хатына тоқталайық. Халқы-
мыздың өткен тарихында есімін құрмет тұтарлық ардақты да аяу-
лы қыздарымыздың аз еместігіне тоқтала отырып: ол – Қыз-
дар институтына солардың бірінің есімін беруді ұсынады. Не-
сі бар, орынды пікір. Кəдуілгіліктен аттаңқырап барып (əлі дəстүрімізге енбей отырған), қазақ қыздары сонау заманнанақ өздеріне пір санаған, үлгі-өнеге тұтқан Қыз Жібек есімін лайық көре ме, əлде қазіргі үрдіске салып, институтқа еңбегі сіңген қайраткерін жөн деп таба ма, оны осы оқу орны ұжымы мен тиісті орындар шеше жатар. Ал біз еліміздегі Қыздар институтының осы күнге дейін атаусыз келгенін орынсыз дер едік... Шынында да, Қыздар институты қандай болуы керек? • Біз жалпылама ғана айтып өткен ұсыныстардан гөрі нақтырақ ой-пікірді, бəлкім, қаламында қанаты бар ақын-жазушылар мен қалың оқырманның өздері айтар. Біздің мақсатымыз да сол – көкейде жатқан ой-пікірлерді • тірілтіп, көңілдерге сəуле салу. Қайсыбір мəселеде болмасын, айналаға ояу көз, сергек көңілмен қарар уақыт жеткен сияқты. «Қазақ əдебиеті» газеті, 27 шілде, 1990 жыл
«АЙТЫЛАР ƏҢГІМЕ ƏЛІ АЛДА...»
Халифа Алтай есімі жанашыр оқырмандарымызға жақсы
таныс деген ойдамыз. Туған ата-мекеніне табаны үшінші рет
тиіп отырған белгілі түркиялық ғалым таяуда ғана редакция-
мызда қонақта болған еді. Кездесуде өрбіген əңгіменің негізгі
желісін оқырмандарымызға жеткізуге асықтық...
– Есімі əлемге мəшһүр болған атақты Цицерон: «Тір-
шіліктің тəлімгері – тарих» деген екен. Түйенің қомында,
аттың жалында жүріп, тарихымыздың тулаққа айнала
жаздағанын өзіңіз де жақсы білесіз. Ұлы тəлімгерге деген
қазіргі көзқарас көңіліңізден шығып жүр ме?
– Бұл əңгімені бір-екі ауыз сөзбен түйіндей салуға болмас.
Тарихты танып-білудің болашаққа бастар сара жолды ай-
қындауға тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Цицерон қағидасына
сүйенер болсақ, біздің тарихымыз ұлы орыстық-шовинистік
саясатқа ғана тəлімгерлік қызмет атқарып келгенге ұқсайды.
Себебі қазақ тарихын сол момын халықтың өзі сияқты саясат
жетегіне ілдік те жібердік. Ал, шынтуайтына келгенде, мем-
лекеттің ішкі, сыртқы саясаттарының қаншама құбылмалы
күйге ұшырағанына қарамастан тарихтың таза қалпында тұр-
ғаны жөн. Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылуының
250 жылдық «торқалы тойын» тойлағандарыңыз есіме түсіп
тұрғаны... Біздегі қазақтар бұл күнді басқаша қабылдады. Соңғы
уақыттарда ғана қазақ баспасөзі бұл мəселені таза қалпында
жеткізуге тырысып келеді. Əсіресе, сіздердің газеттеріңізге
ризамыз. «Қазақстан Россияға өз еркімен қосылды ма?» де-
ген мақала мен осыдан кейін жариялана бастаған тарихи
құжаттар шетелдік бауырларыңыздың көңілінен шықты.
Қазақ халқы бодан болуға өз еркімен мойынсұнса, еркімен
қосылған болса, олардың бір бөлігі шет елдерге не себептен
үдере көшіп, іргесін аулақ салды дейсіз... Негізі, «Бет – пер-
де ғана, адам оны аржағында» деген сөз орынды айтылған-
ау. Жылдар бойы жүргізілген саясаттың пердесін батыл аша
алмағандарыңыз өкіндірген-ақ еді. Қазіргі таңда да сіздер
нағыз тарихтың бетпердесінен сығалап қана жүргендей бола-
сыздар. Оның арғы жағына зеректілік таныта, байыппен қарап,
көрген-білгендіріңізді барша қауымға жеткізе білген жөн. Бұл
орайда, əрине, халықтар достығына мысқалдай да сызат түсір-
меу – құптарлық. Қарапайым халықтар қатынасы мен жоғары-
дан жүргізіліп келген саясатты республика жұртшылығы ша-
тастырмас деген сенімдемін.
– Ендігі əңгімеміз Құран хақында болса. Сіз тəржімала-
ған «Кəлам Шариф» таяуда қолымызға тиді. Шындығын
айту керек, əркім əрқилы пікір айтып жүр. Олардың ішін-
де «Құран түпнұсқадан ғана оқылуы керек, аударма оның
қасиетін кемітеді» деген əңгіме де бар. Құранды қазақша
сөйлетуге бел буғандар бізде де табылмай жатқан жоқ.
Оның көпнұсқалылыққа ұшырайтындығын айтып, дабыл
қаққандарға, жалпы осы төңіректе не дер едіңіз?
– Елдеріңізде дін туралы енді ғана еркін айтыла баста-
ды. Пікірлер таласының көптігі де тікелей осының салдары
деп білемін. Біріншіден, жаратқан иемізге оның өзі берген
туған тілімізде табынудың ешбір сөкеттігі жоқ. Екіншіден,
«соқыр тауыққа – бəрі бидай» дегенді еске алыңыздар. Дінге
көрсоқырлықпен емес, саналылықпен, таза көңілмен сен-
ген орынды. Ендеше, қасиетті Құранды түсінбей құр жат-
тап алғаннан гөрі, онда не айтылғандығын барша мұсылман
қауымы біліп отырса, оның ұрпақ тəрбиесіне де əсері мол бо-
лар еді. Меніңше, көпнұсқалылықтың да зияны тие қоймас.
Құдайға шүкір, халқымыз сауатсыз емес қой, ертеңгі күні өз-
дері-ақ саралай білетін болады. Біздің Түркияда Құранның
қырық шақты тəржімасы бар. Дінге ежелден берік болып келе
жатқан бауырларымыздан үлгі алғанымыздың артықтығы
болмас.
– Сіздің ел мен біздің ел арасындағы қарым-қатынасты
жақсарта түскеннен ұтыла қоймаймыз. Мəселен, Мюнхен-
дегі қазақтар Қазақ орталығын құрып, біздің елмен,
сондай-ақ біздің елдегі Неміс орталығымен тығыз байла-
ныс жасап тұрмаққа ниет қылып жатыр. Осындай баста-
малар Түркиядағы қазақтар арасында да көтеріліп жатса,
олардың туған атамекенімен арадағы қатынасы жақсара
түсер еді-ау...
– Мұндай жақсы істер жүзеге асып жатса, қанеки. Негізі,
бізде Түркі тектес халықтардың мəдениетін зерттеуге жəне
Ислам дінін насихаттауға орай құрылған ошақтар бар. Мəдени
достық дəнекерлігін əзірге осы ошақтар атқарар деген ойда-
мын. Ол үшін Қазақстан тарапынан да ниет білдіріліп, өкілдер
жіберіліп, нақты келісімге тұрғаны жөн секілді. Тікелей
Қазақ орталығын ұйымдастыру мəселесін елге оралған соң,
іскер жастарымызға жеткізермін. Қазіргі таңда шетелдік
қазақтардың барлығы туған атамекенінде болып жатқан сая-
си қозғалыстың ақырын бағуда. «Қазақ елі егемендігін ала
ма, жоқ əлде көзбояушылықтың соңынан тағы ере жөнеле
ме?» деген сынды сан сауалдар ой иіріміне батырып, атаме-
кенге деген ыстық ықыластарын онан сайын маздатып отыр.
Көпшілігі жақсы бастаманың жүзеге асып, республика саяси
өрісінің кеңейе түсетініне сеніммен қарайтын сияқты. Ай-
тарым – елдеріңіз егемендікті алып жатса, мəдени, достық,
экономикалық байланыстың төте жолы салынып, ағайын
адамдардың бір-бірімен қауышуы жиілей түсер еді. Ол үшін
Қазақстан тарапынан да əзірлік істерінің жүргізіле бастағаны
дұрыс. Мына өздеріңізбен көрші орналасқан Шыңжаңда жас-
тарға түрік тілін оқыту жұмыстары жақсы қолға алынған. Рес-
публикаларыңыздағы жоғары оқу орындарында осы тақылет-
тес қажетті шаралар көрініс беріп жатса, ертеңгі күн еншісінен
көп нəрсе күтуге болар.
Қазақ тілінде шығатын газет-журналдарды əзірге мезгілінде
алып тұрамыз. Алайда, кейбір жекелеген адамдар болмаса,
жастарымыздың көпшілігі сіздер пайдаланып жүрген (ки-
риллица) қаріпті оқи алмайды. Сондықтан да, мүмкіндік бо-
лып жатса, газеттеріңіз араб қарпімен де басылса. Тіпті, түрік
тілінде жарық көріп жатса, тек қазақтар емес, түркиялық өзге
де бауырларымыздың өз қажетіне жаратуы сөзсіз. Əлгі айтып
отырған сан-салалы байланыстардың, қарым-қатынастардың
басы алғаш осындай мəселелерден өрбісе, нұр үстіне нұр бо-
лар еді.
– Түркиядағы үкімет басшыларының біздің елімізге
деген көзқарасы, дəнекерлік байланыстарға деген ниеті
қандай?
– Ниет жақсы, көңіл қуантарлықтай. Бұл жөнінде қа-
зақ баспасөздерінде де азды-көпті жазылып жүр ғой. Түркіс-
тандағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін қайта қалпына
келтіру жұмыстарын Түркиядағы Мəдениет министрлігі мой-
нына алып отыр. Осы іс-шараларға қажетті жұмыс күшін де,
барлық еңбек шығынын өтеуді де олардың өз жауапкершілігі-
не алатындығын оқырмандарыңыз оқып-біліп үлгерген шығар
деген ойдамын. Қазақстанға мешіт, медресе салып беру мақса-
тында да жоспарланып жатқан əрекеттер жоқ емес. Бұл орай-
да сіздердің республикаларыңызда түрік мектебін ашып, бала
оқыта бастаудың да назардан тыс қалып жатпағандығын ай-
тып кеткеніміз дұрыс болар. Шынымды айтсам, біздің ел бас-
шылары мен түрлі кооперативтік ұйымдардың Қазақстанмен
орнатқысы келетін байланыстарының көпшілігінен хабар-
сыз болуым да мүмкін. Дегенмен, көңілдердегі күй пернесін
дөп баса білген жақсы нышанды мақсаттардың талай-талайы
Түркияда туындап жатқандығын жаныммен сезінемін. Мен
үшін бүгін санауға саусақ жетпейтін, тіршілік болған соң сол
түгесіліп бітпейтін, талайдан бері қатталып қалған, ешқайда
бастамайтын себептер мен салдарлардың сіздердің елдеріңіз-
ден тағы бір төбе көрсетіп қалмауын тілегеннен өзге ешнəрсе
қалмағандай. Сол тілекті жаратқан құдірет қабыл алып жатса,
айтар əңгіменің бəрі алда деген сенімдемін.
– Ендеше, дуалы аузыңыздан шыққан ақ сөзіңіз он се-
гіз мың ғаламның киесі – періштелердің құлағына ша-
лынсын дейміз. Əңгімеңізге көп-көп рахмет! Түркиялық
бауырларға дұғай-дұғай сəлемімізді жеткізерсіз.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 9 қараша, 1990 жыл
САНАНЫ ТҰРМЫС БИЛЕЙ МЕ?
Республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декла-
рацияның қабылданғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Енді-
гі жерде еліміздің жұртшылығы осы қымбат құжатта
айтылған игі шаралардың жүзеге асуын күтіп отыр. Алай-
да, жетпіс жылдан астам уақыттағы Орталыққа деген
тəуелділік республика өмірінің бүкіл саласын қамтығандығы
соншама, олардың дербестікте дамып-жетілуі үлкен қиын-
дық туғызуда. Өсіп-өркендеуіне тəуелсіздік талап ететін
сондай саланың бірі – мəдениетіміз. Ендеше, бұл мəселе респу-
бликамызда қай деңгейде шешім таппақ, бүгінгі əңгімеміз осы
жайында.
Естеріңізде болар, осыдан оншақты жыл бұрын Азия, Аф-
рика құрлықтарындағы отаршылдық құрсауын үзген шап-
шағын мемлекеттер жайында «Өз тəуелсіздігіне ие болды» деп
жар сала жазып жаттық. Тіпті, күні кешеге дейін шет елдер
жайлы айтқанда, «тəуелсіздік» сөзін батыл қолданып келдік.
Ал кезек өзімізге келгенде, «Отар ел едік» деп айтуға аузымыз
бармағандықтан ба (белгілі бір дəрежеде солай болғаны рас
болса да), аяқ астынан «егемендік» сөзіне жармастық. Дəл осы
тұста мəселенің атында емес, затында екендігін ұға білгендер
үнсіздік танытты. Үнсіздік, қашанда, келісім белгісі. Жоқ
жерден талас тудырудың, шынында да, қажеті шамалы еді.
Əйтеуір, тілейтініміз – егеменді ел болып тұрып, тəуелділіктің
құшағында қалып қоймау.
Соңғы уақытта егемендік төңірегінде əңгіме айтыла бастаса,
ең алдымен, экономикалық дербестік, яғни экономикамыздың
егеменділігі тілге тиек. «Сананы тұрмыс билейді» деп мате-
риалистік тұрғыдан келгенде, мұның өте орынды екендігі
кəміл. Республика басшыларының қазіргі жүргізіп отырған сая-
саты нақты іске асар болса, еліміздің экономикасы Қазақстан
халықтарына «қызмет» көрсете бастайды. Біз оған сенеміз.
Алайда, экономикалық, əлеуметтік мəселелердің шешілуі бар
да, рухани құлдықтан іргеңді ажырату тағы бар. Біле білген
адамға бұл – ең үлкен мəселе. Ой-санамыздың, ғылым-білім, жалпы мəдениетіміздің егеменділігі жайында не айтуа болады? Қазіргі күнге дейін жеткізген жолымыздың қалтарыс-бұлтарысы аз емес екен. Жақсы ма, жаман ба, осы таңға əкеліп тіреген жолды бəрібір жоққа шығара алмаймыз. Жоққа шығарғаннан гөрі, оның əрбір бұлтарыс-қалтарысынан, кедір-бұдыр іздерінен тəлім алғанымыз артығырақ. Өйткені, «өмірдің тəлімгері – тарих». Енді осы жайға басқа қырынан бір қарап көрейікші. Артта қалған жетпіс жылдан астам уақытта біз қандай жолмен жүрдік? Өзіміздің жеке жолымыз болды ма екен? Бұл сұрақтардың толық жауабын өмірдің өзі қайтара жатар, дегенмен біздің күйіміз жетекке ілескен ғаріп жанның күйінен сəл ғана тəуірлеу болған сияқты. Ал өзіміз сөйлеген сөзіңді бұлжытпай қайталап беретін тотықұстың рөлін атқарғандаймыз. Патшалы Ресейдің отаршылдық саясаты күшіне еніп тұрған сəттен бері-ақ солаймыз. Бір ғана мəселе. «Қазақ халқы руға бөлінгенімен, рушыл болған емес» деп дəлелдеуге тырысыңызшы. Өзге халықты айтпағанның өзінде, өзімізбен өзіміз айтыса жөнелеміз. Мəдениетіміздің жеткен жері сол да, əйтпесе жалған сөзді жалау етіп, күні бүгінге дейін көңіл түкпірінде сайратып жүреміз бе?! Біздіңше, «рушылдық» сөзі патшалы Ресейдің (тек оның ғана емес) отарлау кезінен бері қалыптаса бастаған сияқты. Өйткені, бағындырудың ең тиімді жолы – елдің өз ішіне іріткі салу. Осы процестің жүзеге асуы біздің жерімізде өзгелер ойлағаннан да артықтау болды. Ру мен рудың, жүз бен жүздің арасында болған соғысты өз басым не оқыған, не естіген емеспін. Əрине майда-шүйде ұрыс-керіс (барымта, т.б.) болмады деу – артық айтқандық. Алайда, қазірге дейін ұмытылмай жүретіндей ешбір жауыздық іс-əрекет болған емес. Ру мен ру тату-тəтті тұрып, іргелі қазақ халқын құрады, батыс пен шығысқа, солтүстік пен оңтүстікке иек артып тұрған осыншама сахараны бізге мұра етіп қалдырды. Сырттан кезінде əдейі «ендірілген» əлгіндей сөзге өзіміздің шырматылып қалғандығымыз соншама, «біз бұл жерден кетсек, қазақ халқы бірін-бірі жеп қояды» деген-
дей сөздерге де имандай сенеміз. Неге?! Өйткені, бəріміз де көз
ашқаннан-ақ солай тəрбиелендік.
Ендігі жерде не істеген жөн? Ойлап қарасақ, бəрі де жеке
адамның ой-санасына, психологиясына байланысты екен. Ал
оны өз биігіне жетелейтін, дамытатын – белгілі бір дəрежедегі
халықтық педагогика мен білім, ғылым, мəдениет. Сол себепті
де бұл салалардың егеменділігі ауадай қажет, ауызсудай зəру,
күннің нұрындай керек болып отыр. Халықтың ұлттық сана-
сезімінің жетіліп ұйыған елге айналуы аталған жəйттерге
тікелей байланысты. Бұл орайдағы ең алғаш ауызға алаты-
нымыз – бала тəрбиесі. Балабақшадан бастап жоғары оқу
орнына дейінгі үзіліссіз білім беру концепциясын əлі күнге
дейін қабылдай алмай жүргеніміз өкінішті жəйт. Ұлттық
мектептеріміз үшін дербес жасалған оқу бағдарламасы, өз ға-
лымдарымыз жазған оқулықтар – бəрі-бəрі халықтық педаго-
гикамен қойындасып, қауышып жатса ғана іздегеніміздің ал-
дымыздан шығары кəдік.
Жас жеткіншек алдымен өз елінің тарихын, қоршаған орта-
сының жер-су жағдайын танып-біліп барып, содан кейін ғана
өзге ел, құрылықтардың тарихын, географиясын оқуы керек.
Бұл мəселелер төңірегінде баспасөз бетінде аз айтылып жүр-
мегендіктен, көп созбаламай, екінші айтарымызға көшейік.
Ол – қазіргі таңда ерекше рөл атқаратын ғылым мəселесі.
Республикамызды жеке мемлекет, егеменді ел ретінде алып,
тек социалистік емес, капиталистік елдермен салыстыра қараса,
ғылыми-техникалық прогресс көшінің соңында ілбіп қана келе
жатқандығымызды байқаймыз. Жер-су, тау-тасымыздағы қазба
байлықтарының көптігі бізді алысқа апара қоймаса керек. Рес-
публика ғылымы өз дербестігінде дами алмаса, еліміз өзінен
əлденеше есе кішкентай, шағын мемлекеттер үшін шикізат дай-
ындап беруші ретінде қала бермек. Ал ғылым мен техникасы
дамыған елдерден дайын өнімді сатып алып, оларға белгілі бір
дəрежеде тəуелді болып қоймасы, қайсымызға болсын, қазірдің
өзінде белгілі мəселе. Бұл жəйттер, əрине, ғылымның қай са-
ласына болса да қатысты. Республикамыздың жаңашылдары,
өнертапқыштары ойлап тапқан жаңаша машина-техникаларды,
жаңалықтарды республикамыздың өзінде бекітіп, өндірісте
пайдалана алатындай дəрежеге жету – кезең күтпейтін іс.
Ол үшін, біздіңше, республика Ғылым академиясының түрлі
ғылыми салаларын дамытып, оның өз егеменділігіне қол жет-
кізгені жөн.
Соңғы уақытта біз əбден орталықшыл болып алған сияқ-
тымыз. Тіпті, ойлау жүйемізге дейін солай. Қайсыбіріміз
болсын, не Мəскеуде, не Батыс Еуропа елдерінде тұрып
жатқандаймыз. Осы жерде «Лениншіл жас» газетінің өткен
сандарының бірінде жарияланған «Парсы шығанағындай
шырғалаң» атты мақаладағы айтылған бір ойды еске сала
кеткен жөн деп ойлаймын. Ол мақалада Таяу Шығыстың
біздер үшін Шығыс емес, Оңтүстік – Батыс екендігі тілге тиек
етілген болатын. Біздіңше, бұл жайлар көпшілік хабарлама
құралдарының алып отырған орнына да байланысты секілді.
Бүкілодақтық басылымдар, радио-телехабарлары, тіпті орыс
тілінде шығатын республикамыздың газет-журналдары сана-
мызды байлап-матап тастаған дерсің. Енді ше?.. Негізі, біздің
елдегі қалыптасқан жағдай бойынша, газет-журнал қай тілде
шығатын болса, көбінесе сол тілде сөйлейтін ұлттың ғана мұң-
мүддесін қорғап, əдебиет, мəдениет, өнерін насихаттап жатады.
Бұл қырынан алғанда, қазақ тіліндегі басылымдар аз еңбекте-
ніп жатпағанымен, жалпы жұмысымыз əлі де мардымсыз
сияқты. Өйткені, қазақша жарияланып жататын толғақты про-
блемалар, мардымды мақалалар орыс тілді оқырмандарға жет-
пей қалады (ол қатарға 40 пайыз ана тілін білмейтін қазақтар-
ды қосыңыз). Бұл мəселенің дəл қазіргідей жағдайда шешім
таба қоюы екіталай нəрсе. Өз оқырмандарын жергілікті
халықтың тарихымен, мұң-мұқтажымен, өнер, білім, мə-
дениетімен таныстырып отыратын аталған салаларда
жоспарлы түрде үздіксіз жұмыс жүргізетін орыс тіліндегі
күнделікті газет қажет секілді. Оның редакциясына, қазақ
тілінде шығатын басылымдардағыдай, орыс тіліне жетік
жергілікті халықтың журналистерін ғана жұмысқа тарту
керек. Қысқаша, түсінікті тілмен айтқанда, ол орыс тілінде
шығып тұратын қазақ газеті болуы тиіс. Ал оның оқырмансыз
қалмасы белгілі. Республика халқын айтпағанның өзінде, Ре-
сейде тұратын, ана тілін ұмытқан қазақтар қаншама. Осы орай-
да республика телеарнасы туралы да айта кеткен принципке
арқа сүйер болсақ, теледидар редакциясы мен берілімдеріне
де бірталай өзгеріс енгізген жөн. Қазіргі «Алатау» арна-
сын қоспағанда, Алматыдан берілетін республикалық екі
бірдей арна қажет. Бірінші арна бастан-аяқ қазақ тілінде
хабар жүргізсе, екінші бағдарлама қазіргідей қазақ, орыс
редакцияларының берілімдерін көрсетуі тиіс. Бұл орайда
орыс тілінде сөйлейтін республика халықтары реніш тудырма-
са керек. Өйткені, орыс тілінде Орталықтан берілетін бір емес,
екі бірдей арна бар ғой. Толық дербестікте, егеменділікте өмір
сүруіміз үшін көпшілік хабарлама құралдарына айтылғандай
өзгерістер енгізуді аса қажет санаймыз. Тек сол арқылы ғана
біз қоғамдық пікір қалыптастыра аламыз, мəдениетіміздің
өркендеуіне үлес қосамыз.
Ендігі əңгімені осы мəдениетіміз төңірегінде өрбітсек дей-
міз... Шүкір, республикамыздың мəдениетін өркендетуге үлес
қосатын ошақтар – Қазақстан театр қайраткерлерінің одағы,
Қазақстан Композиторларының одағы, Қазақстан Суретшіле-
рінің одағы, Қазақстан Кинематографистерінің одағы, тағы
басқалар қолдан келгенінше өз салаларында айтарлықтай-ақ
жұмыс жүргізіп келеді. Дегенмен, осы аталған ошақтардың
əрбірінің шешім таппай келе жатқан өзіндік проблемалары да
жоқ емес. Əрине, шағын əңгімемізде ол проблемалардың бəрін
түп-түгелімен санамалап айтып шығуға мүмкіндік жетпейді.
Біз солардың ішінен Орталыққа тəуелділік мəселесін, яғни
творчестволық ұйымдардың дербестікте жұмыс істеуіне кедер-
гі болып отырған жəйттерді ғана айтайық.
Қазақстан театр қайраткерлерінің одағы – толық дербес-
тікке ие болған мекеменің бірі. Репертуарды да өздері қабыл-
дайды. Тіпті, қаражат жағынан да Орталыққа тəуелсіз, ақша
республикалық бюджеттен бөлініп тұрады. Бұл ұйымды алаң-
датып отырған тек бір ғана мəселе. Ол маман кадрлардың
жетіспеушілігі. Міне, осы тұрғыдан алғанда, аталмыш
творчестволық ұйым Орталыққа қарап алақан жаюға мəжбүр. Республикамыздағы 41 театрдың кейбірінде режиссер жоқ, барында – бір-бірден ғана. Маман кадрға деген зəрулік, оның Орталықтан оқып-бітіріп келуін күту – бұл да аяқ тұсар тəуелділіктің бір көрінісі. Театр жайын əңгімелей отырып, соңғы кездері көтеріліп жүрген проблемаларға деген көзқарасымызды білдірмей кеткеніміз жөнсіз болар. Театрды шаруашылық есепке көшіру мəселесі біздің еліміз үшін тым ерте айтылып отырған сияқты. Дəл қазіргідей жағдайда, театр залдарының жартысынан астамы қаңырап бос тұратын кезде бұл мəселені қолға алғанымыз буынсыз жерге пышақ ұрғанмен пара-пар нəрсе. Коммерцияның құлына айналдырып, өрге басып келе жатқан өнеріміздің кеудесінен кері итергеніміз орынсыз. Біздіңше, шаруашылық есепке көшу мəселесі жоғары мəдениетті, тұрақты көрермендерді қалыптастырған соң ғана көтеріле бастауы керек. Ал, бұл – қазіргі тақырыбымызға қатыссыз өз алдына бөлек үлкен əңгіме. «Өнер – өнер үшін қызмет етеді» деген принципті бекем ұстап жүріп, оның шын мəнінде кімге қажет екендігін естен шығарып алғандаймыз ба қалай? Кейбір кəсіби композиторларымыздың əндерінен гөрі ел арасынан шыққан əуесқой композиторлар шығарған əндердің халық көңілінің төрінен орын алып жататындығының астарында не сыр бар? Кəсіби өнерпаздарымызға, шынымен-ақ, еуропаша оқудың «өтіп» кеткендігі ме? Сөзі жақын, əуені жат дүниелеріміз етек жайып келе жатқан жоқ па? Соңын сұрау белгілері иемденген осы тақылеттес жай, тіпті, құрмалас сөйлемдер Қазақстан Композиторлар одағының басшы қызметкерлерін мазаламай жүрген жоқ. Негізі, бұл одаққа мүше жүз адамның елуден астамы жастар. Ендігі жерде осы жасару процесімен бірге ұлттық табиғатымызға жақындау мəселесі де қатар қолға алынып жатса, құба-құп дейміз. Бір қуанышытысы – орталыққа жалтақтау, орталықтан нұсқау күту – бұл творчестволық ұйымға да жат жағдай. Тек... əр баста бір мұң бар дегендей, кей-кейде, аспаннан жауын тілеген жан секілді, Бүкілодақтық музыкалық
қорға көз сүзетін кезі болмай тұрмайды. Орталық қор
ілуде бір мəрттік танытқаны болмаса, көп жағдайда «Шық
бермес Шығайбайдың» туысындай, жақсы нышанды іс-
шаралардың жүзеге асуына бөгет үйіп жатады. Алдағы
уақытта композиторлар одағының жеке музыкалық қоры
шаңырақ көтермесе, оның да жартылай дербестіктің шы-
лауынан шыға алмасы анық.
Енді өнердің биік шыңының бірінен саналатын кино мə-
селесіне келейік. Бұл саладағы қызметкерлердің де толық дер-
бестікте жұмыс істеуге талпыныс жасап отырғандығын жасыр-
маймыз. Бұл орайда қазірдің өзінде айтарлықтай нəтижелерге
қол жетіп келеді. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» кино-
студиясы бұрынғы жылдары тек Орталық бөлген қаржыға ғана
кино түсіріп, оны өздері қайта сатып алып көрсететін еді. Яғни,
бұл творчестволық ұжым өздері түсірген киноға өздері ие-
лік жасай алмайтын. «Отырардың ойраны» атты фильмді ғана
ең алғаш өз иелігіне ала алды десек, қателеспейміз. Мұның сыры
неде? Біріншіден, киношыларымызға қажетті техника-
лық құрал-жабдықтың барлығы да Мəскеу арқылы келіп
отырады. Екіншіден, осы сала жұмысына қажетті қаржы
да түп-түгелімен Орталықтан бөлінеді. Ең қиыны да осы.
Кино түсірушілеріміз бір жұмысты екі жұмыс етіп, Алматы
мен Мəскеудің екі арасын шаңдатып, əрі де, бері де шапқылап
жатады. Қаражат сол Орталықтан бөлінетін болған соң, ки-
ноңыз қай тақырыпта, қай жанрда түсірілмек, уақыты
қанша, тағы басқа мəселелер бойынша, ең алдымен, Ор-
талықтың алдынан өтіп, бекітіп алуыңыз қажет. Біле-
білген адамға мұның өзі аз шаруа емес. Оған кино түсіріліп
болғаннан кейінгі екі аралықтағы дүрбелеңді қосыңыз. Дайын,
көркемдігі жоғары фильмдерді көбейту мəселесі де, оларды
шет елдерге шығару жəйі де Мəскеусіз шешім тауып көрген
жоқ. Бəрінен бұрын жанға бататыны – көркем туындыны
өзге ұлт өкілінің кесіп-пішіп отыратындығы. Жүйке тоз-
дырар мұншалықты шырғалаңнан кейін тəуір дүние шығара
қоймадың деп сала қызметкерлерімен салғыласып жатудың
өзі оңай емес. Кино өнерін дамытамыз десек, өнер шыңына
қол созамыз десек аталған мəселелердің бəрін де республика
көлемінде шешуге, яғни дербестік алуға жұмылуымыз қажет.
Қазақ киносы кадр мəселесіне келгенде де Мəскеу, Ленин-
град қалаларына қарағыштайды. Əсіресе, оператор, дыбыс
операторларын əзірлеу қиындық тудырып отыр. Бүгінгі
күні Ленинградтағы оқу орнында қазақстандық үш адам
дыбыс операторы мамандығын оқып-үйренуде. Алайда,
үшеуінің де ұлты орыс. Ұлттық кадрларымыздың тапшылығы
қатты батып отырғанымен, Қазақстанда операторлық фа-
культет ашу мəселесі əлі қолға алынар емес. Негізі, мұндай
факультеттің ашылуы елімізге пайдасыз да емес. Көршілес
Орта Азия республикаларының жастары сонау Киевке, не бол-
маса, Мəскеу, Ленинградқа сабылмай, біздің республикамызға
келіп оқыған болар еді. Ал, маман əзірлеп беру үшін қаражат
төленетіні белгілі...
Иə, ғылым, білім, мəдениет егеменділігінің өте зəру екенді-
гін толып жатқан дəйектермен əлі де жалғастыра беруге бо-
лады. Алайда, мəселе, оған тіреліп тұрмаса керек-ті. Қорыта
келгендегі айтарымыз – егеменді ел өзінің мəдениетімен,
əдебиет-өнерімен, ғылым-білімімен ғана толыққанды еге-
менділікке ие болмақ. Ендеше, бұл мəселелердің шешілуі –
кезек күтпейтін іс деп білеміз.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 4 қаңтар, 1991 жыл
ҚЫМБАТШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛМАУ ҮШІН
Мейлі, қалада болсын, мейлі далада болсын, осы күні айла-
шарғысыз, қулық-сұмдықсыз, таза еңбегімен ғана қара-
жат жиып, қағанасы қарық, сағанасы сарық боп отырған
адам аз. Қайда барсаң да, жалақыны жалақымен əрең
жалғастырып, қалт-құлт етіп, іллəлəп жүрген жан ие-
сін көресің (ас сайын «қарыз» атты сөзге айналсоқтап
соға беретіндер жайы тіпті бөлек). Олай тартсаң – өгіз
өледі, былай тартсаң – арба сынадының керін киіп, сол
баяғы қу кедейдің қымтауға келмейтін көне көрпесінің
астында жатқандайын, біресе оң жағыңды, біресе сол
жағыңды жылытқан боласың... Сөйтіп жүргенде, тілдік
қорымыздың қақ төрінен «нарық экономикасы» деген сөз
тіркесі жып-жылы орын тапты да алды. Нарық эконо-
микасы, елдің түсінігінше, базарлық бағамен өмір сүру,
яғни қымбатшылыққа қол ұсыну. Қарға адым жердегі қара
заттың қолға іліккенімен, көзге көрінбес қою тұманның
боп-боз пердесін саналылықпен өзіміз ашқалы тұрмыз
ба, қалай?! Əңгіме бісміллəсінде бейнесін көрсете кетуге
бел буған қайыршылық өмірдің «кандидаттары» қайтіп
күнелтпек? Еліміз тарихында болғалы тұрған жаңа дəуірде
ұтарымыз қайсы, ұтыларымыз қайсы? Иə, сұрау белгісіне
əкеліп, тізеңді бүктіре беретін сан қырлы сауалдар рес-
публикалық Кəсіподақтар советінің үйіне қарай жетелей
жөнелді. Қазақ ССР Кəсіподақтар советі, жаңаша айтқан-
да, Қазақ ССР Кəсіподақтар федерациясы советінің төр-
ағасының орынбасары Сиязбек Өнербекұлы МҰҚАШЕВ
оқырман қауымды мазалаған əрбір сұраққа шын ықыласпен
жауап беруге əрқашанда əзір екендігін білдірді. Сонымен...
– Сиязбек Өнербекұлы, «атына заты сай» деген сөзіге
кішкене қиястық таныта, «атына қарап затын біл» дегіміз
келіп отыр. өздеріңіз басшылық етіп отырған ұйымның
«федерация» деген сөзге ие болуын қалай түсіндірер еді-
ңіз?
– Қазірде жақсы нышанды істердің жүзеге аса бастауы
жайында əңгіме өрбісе, ең алдымен, бұрынғы атқарылған іс-
шараларды жоққа шығарып алу əдетке айналып бара жатқан
сияқты. Менің бұл ізге түскім келмей отыр. Себебі, кəсіподақ
ұйымы бұрын да қарапайым еңбеккерлер мүддесін қорғап
келген, əлі де сол мақсатынан айнымақ емес. Бұл, əрине,
жалпылама айтқандағы жағдайымыз ғой. Əйтпесе, барлық
аппараттық жүйедегідей, біздің саламызда да тоңмойын
бюрократтар мен кабинеттік құрсаудан шыға алмай кел-
ген нантабарлар болған жоқ деп кесіп айту қиын. Өз кезінде
кəсіподақтардың мемлекеттік структура ықпалынан шыға
алмай, партия ұйымдарының аузына қарап отырып жұмыс
істегендігін де жасыра алмаймыз. Кəсіподақтардың «феде-
рация» сөзіне мойынсұнуын да осындай орын алып келген
кемшіліктер мен түрлі жетіспеушілік атаулыдан құлан таза
айығу жолында тапқан жаңаша жолы деп түсінген абзал. Фе-
дерация, ең алдымен, бұрыннан бері қалыптасып қалған бір
орталықтан басқару, яғни əкімшілік басқару жүйесіне қарсы
жасалған алғашқы қадам, жұмысты жаңаша жолмен жүргізудің
тиімді түрі. Бұл мəселе Қазақстан кəсіподақтарының ХІV
съезінде кеңінен сөз болды. Мінберге шыққан съезд делегат-
тары таңдаған жолымыздың дұрыс екендігін айтып, көтеріліп
отырған бастаманың бұрынғыша қағаз бетінде қалмай, іс
жүзінде жүзеге асуына жұмылу қажеттігін атап өтті. Ендігі
жерде республикамыздың түкпір-түкпіріндегі бастауыш ұйым-
дарымыз толық еркіндікке ие болмақ. Еңбекші қауымнан
жиналған мүшелік жарнаны да өздерінің қалауы бойынша
аудандық, облыстық, республикалық, одақтық ұйымдардың
мақсатты жұмыс істеуіне керекті мөлшерде бөліп, сол ұйыммен
тығыз байланыста болып, түрлі іс-шаралар атқарады. «Атына
заты сай» болуы үшін федерация мүшелеріне де, оның басшы-
лары бізге де көп еңбек ету керек екендігін түсінеміз.
– Қазіргі таңда еліміз тап болып отырған түрлі қиын-
дықтардан нарық экономикасына көшу ғана құтқара
алады деген қорытынды жасалды. Дұрыс делік, бірақ
күнделікті тіршілігімізге қажетті тұтыну заттарының
қымбаттатылуы халық наразылығын тудырмай отырған
жоқ. Тікелей еңбекші халық мүддесін қорғайтын бірден-
бір ұйым ретінде федерация қандай мəселелермен айналы-
суда?
– Еліміздің нарық экономикасына көшуінің үлкен қа-
жеттіліктен кейін туындап жатқандығын түсіну керек7 Рас,
тұрмыстық тұтыну заттары бағасының қымбаттауын кім
болса да қолдай қоймайды. Сондықтан да, еңбекші халық-
тың қымбатшылық құрбаны болмауы үшін республика кəсіп-
одақтарының федерациясы мынадай мəселелерді жүзеге асы-
руға күш салып отыр:
Біріншіден, бағаның өсуі халықтың əлеуметтік-тұрмыс-
тық жағдайын нашарлата түседі. Оны қазір көріп те отырмыз.
Бұл жүйеге дəл қазіргі күйімізбен барар болсақ, қайыршылық
өмірге саналылықпен қадам басқанымыз дей беріңіз. Міне,
мынаған назар аударып көрейік. Еліміздегі ең төменгі жалақы
мөлшері орта есеппен алғанда 70 – 80 сом деңгейінде деп жүр-
міз. Бағаның көтерілуі, əсіресе, сол мөлшерден төмен алатын-
дарға қиынға соққалы тұр. Біздің есебіміз бойынша, қазірде
республикада əрбір адамға азық-мүлік, бір қабат киім сияқты
күнделікті тұтыну заттарын алуы үшін ең кем дегенде 125 сом
(ай сайын) ақша қажет екен. Қайталап айтайын: күнелту үшін
125 сом қажет! Одан төмен алатындар, егер ұры-қары болма-
са, қайыршы болуға мəжбүр. Оны халыққа ашып айтқанымыз
жөн. Федерациямыз осыған орай ең қажетті тұтыну заттарының
бағасын заң арқылы ретке келтіру керектігін ұсынып отыр. Бұл
мəселе Жоғарғы Советте шешімін таппаса, оның арты жақ-
сылыққа соға қоймайды.
Екіншіден, бағаның өсуі мен соған сəйкес төлем (ком-
пенсация) мəселесі мемлекет тарапынан жылына екі мəрте
қаралып отыруы, баға көтерілген жағдайда шығынды сатып
алушыларға қайтарып беруі керек. Осыған орай біздің соңғы
съезіміз «Жаңа экономикалық жүйеге көшуге байланысты
барлық қиындық пен ауыртпашылық еңбек адамдарының, бұ-
қара халықтың емес, мемлекеттің мойнына түсуі керек» деп
мəлімдеме жасады.
Үшіншіден, салық пен бюджет саясатын ретке келтірмесе
болмайды. Халықтың тұрмыстық қажетіне өте зəру өнімдерді
өндіретін кəсіпорындарға салық салуда едəуір мөлшерде жеңіл-
діктер жасалуы тиіс. Жоғарыда əңгімелеп кеткен, күнелту мөл-
шерінен төмен ақы алатындарды салық төлеуден босату керек.
Оның есесіне, қазіргі беріліп отырған мүмкіндіктерді пайда-
ланып, шамадан тыс баюға бет алғандарды үдемелі салық салу
арқылы шектен шығармаған жөн.
Төртіншіден, еліміз нарық экономикасына көшкенде ең-
бекке деген көзқарас та белгілі бір дəрежеде өзгеріске ұшы-
рамақ. Əсіресе, меншік мəселесіне де байыптылық таныта
қараған абзал. Шет елдермен, атап айтқанда, капиталистік ел-
дермен тəжірибе алмасып, тығыз байланыс орнату құптарлық
десек те, еліміздегі түрлі кəсіпорындар мен шаруашылықтардың
адам еңбегін қанаушы капиталистік мекемелерге айналмау-
ын қадағаламасқа болмайды. Оған, сондай-ақ, жерді, кəсіп-
орындарды жекеменшікке сатуға кəсіподақ ұйымы үзілді-
кесілді қарсылық білдіріп отыр. Бүгінгі мемлекеттік меншік
совет адамдарының бірнеше ұрпағының маңдай терімен (тіпті,
қанымен деп те айтуымызға болады) қол жеткен табысы.
Сондықтан, ол – қоғамның барлық мүшелерінің меншігі.
Халыққа өзінің меншігін сату деген (əсіресе жерді) не сұмдық?!
Бұл мəселені халықтың өзі шешуі керек.
Бесіншіден, республикамыздағы əрбір алтыншы адам тұр-
мыстық деңгейге қажетті қаржыдан төмен ақы алады. Осыған
жаңаша жағдайда орын алатын жұмыссыздық проблемасын
қосыңыз. Жаңа еңбек орындарын ұйымдастыру, еңбекке ор-
наластыру сияқты қажетті шараларды күн ілгері орайласты-
рып алмаса, ел ішіндегі жағдай шиеленіскен үстіне шиеленісе
түседі.
Алтыншыдан, Еңбекті қорғау туралы заң бүгінгі өмір
талабына сай емес. Кəсіподақ ұйымы еңбеккерлер мүддесін
қорғайды дейміз, алайда ұйым сүйенерлік заңда күш болмай
отыр. Мəселен, еңбек адамы жарақат алғанда, не болмаса,
бетін аулақ қылсын, қайғылы қазаға ұшырағанда, оның үй-
ішіне көрсетілетін көмек көңілден шықпайды. Осы мəселеге
жаңаша бағыт беріп, республика көлемінде ретке келтіру –
кезегін күтпес істің бірі.
Жетіншіден, халықтың əлеуметтік жəне рухани жағдай-
ларын ретке келтіруде де ойланарлық тұстар жетерлік. Соңғы
уақыттарда жиі айтылып жүрген мемлекет қаражатына тұр-
ғын үй салуды азайту керек деген пікірге қосылмаймыз. Құры-
ғанда, бұрынғы қалыпты сақтап қалу аса қажет. Əрине, со-
нымен бірге жеке үй, саяжай салуға мүмкіндік тудырып оған
керекті құрылыс материалдарымен жабдықтап отырса, тұрғын
үй мəселесі аз да болса, шешімін тапқан болар еді. Рухани са-
лада да атқарар шаруа жоқ емес. Спорт, музыка мектептері,
басқа да мəдени-көпшілік орындар жабылып, орнына пайда
табуды көздеген коммерциялық орталықтар келіп жатыр. Бұл
шындығын айтсақ, рухани өлімге апаратын жол, сондықтан
одан айығудың батыл шараларын жүзеге асыруымыз керек.
Бүгінгі өміріміздің өзі де рухани мүгедектіктің өмірі емес пе,
бұдан əрі енді қайда баруға болады?
– Егемендікті еншілеген республика кəсіподағында қан-
дай өзгеріс-жаңалықтар болмақ? Оның қаржысы қайда, не
үшін жұмсалмақ?
– Ең алдымен, халқымды егемендік алуымен құттықтап
қойғым келіп отыр. Декларация қабылданды ғой. Республика
көлеміндегі жер-суға, ондағы бүкіл байлық көздеріне Қазақстан
халықтарының өзі иелік етуі керек. Кəсіподақ федерациясының
ұстанар бағыты осы. Кəсіподақтардың бүкілодақтық ХІХ съе-
зінде бұрынғыдай талап ету керек, орындату керек деген сөздер
көп естіліп жатты. Одақ бойынша жаңарған федерацияның
əкімшілік басқарудан айығып, кеңесуші, үйлестірушілік жүйе-
мен жұмыс жүргізгені мақұл деп табылып, Бүкілодақтық
кəсіподақ конфедерациясы құрылды. Қаржы мəселесін жоға-
рыда айтып өттік. Республикалық кəсіподақ федерациясына
бастауыш ұйымдар жарнадан түскен қаржының 2,5 пайызын
бөліп отырса болғаны, қалған қаржыны өздері қалаған ұйымға
аударуға қақылы. Съезд барысында кəсіподақ ұйымдарының
біріккен жеке қорын ашу туралы келісімге келдік. Бұл қаржы
жекелеген ешбір ұйымға тиесілі емес, оны барлығымыз келісе
отырып, біріге жұмсайтын боламыз. Қалай болған күнде
де, кəсіподақ қаржысы желге ұшып, далаға кетпек емес. Ол
еңбеккерлердің мəдени өркендеуіне, жарасымды демалысы-
на, қысқасы, сол қаржыны жинаушы халықтың өз мүддесіне
жұмсалады.
– Ана мен баланың жағдайын жақсартып, қамқорлық
көрсетудегі кəсіподақ ұйымының қазіргі рөлін көпшілік
қауым жақсы сезінуде. Ендігі жерде, егемендікке көшкен-
де, біздің бай өлкеміздегі ана мен балаға қамқорлық жасау-
да басқа республикалардан өзгешелік болуы мүмкін бе?
– Шындығын айтқанда, бұл – кезек күттірмейтін іс. Оны
жеке мəселе етіп, кеңінен талқыға салып барып шешкен жөн
сияқты. Ол үшін республикамыз шын мəніндегі егемендікте
ес жиып, аяғынан тік тұрып кеткені дұрыс. Бұл орайдағы
федерациямыздың жүзеге асыруға ниет етіп жүрген жоспары
орындалып жатса. Ана мен бала жағдайы қазіргіден көш ілгері
жақсара түсері еді. Қазіргі ана мен бала мүддесін қорғау ту-
ралы заңның көңілден шықпай жүрген тұстары да жоқ емес.
Мəселен, жас ана босанған сəттегі жəрдем ақша егер еңбек ста-
жы жоқ болса (алғаш босанғандағыны айтамын), басқаларға
қарағанда аз мөлшерде төленіп жүр. Бұрын бала тəрбиелеп
көрмеген жас анаға, біздіңше, керісінше көбірек жəрдем көр-
сетілуі керек сияқты. Алайда, бір ғана осы мəселе шешімін
табу үшін кемінде 40 – 50 миллиондай қаржы қажет екен. Де-
генмен, кəсіподақ ұйымы бұл мəселені республика Жоғарғы
Советінің қарауына ұсынып отыр. Бұл істің нəтижелі болуына
əлі де күш саламыз.
Биылғы жылы Арал төңірегіндегі 7 мыңдай бала экология-
лық апат аймағынан алыс жерлерде тынығып қайтты. Шығыс-
қазақстандық балаларға да қолдан келгенінше жəрдем көрсе-
тіп отырмыз. Негізі, балалардың демалуы мен денсаулығына
қажетті қаржыны тек қана біздің ұйым əлеуметтік қамсыз-
дандыру қаражатынан бөліп отырады. Оған үкімет қаржысы
жұмсалған емес.
– Республика кəсіподағының шетелдік əріптестерімен
байланысы қай дəрежеде?
– Жасыратыны жоқ, бұл орайда біздің ұйым экономикалық
ұйымдарға қарағанда, кенжелеп қалып отыр. Алайда, қазіргі
таңда беріліп отырған мүмкіндікті пайдалана отырып, көп
ұзатпай бұл маңызды мəселені жүйеге түсіруіміз керек. Қазір-
дің өзінде атқарыла бастаған іс-шаралар қатары жоқ емес.
Мəселен, Франциядағы еңбеккерлер мүддесін қорғаушы
ұйыммен байланыс орнады. Үндістан мекемелерімен туризм
төңірегінде келісім жүргізілуде. Бір қызметкеріміз таяуда
ғана Монғолияға, Баян-Өлгийге барып келді. Мəдени байла-
ныс орнату мақсатында Қытаймен де қарым-қатынас жасауды
жоспарлап отырмыз. Мұндай істердің бəрі де Мəскеу арқылы
емес, тіке байланыс түрінде жүргізіліп келеді. Мұны əдейі
ерекшелей айтып отырмын. Себебі, осының өзі республика
кəсіподағының, азғантай болса да, еркіндік сипатын аңғартары
белгілі. Алдағы уақытта одақ мүддесіне қайшы келмейтін осы
тектес еркіндігіміз молая түсер деген сенімдеміз.
– Шет елдермен байланыс төңірегінде əңгімелей оты-
рып, ондағы отандастырымыз жайлы ауыз ашпай кетке-
німіз орынсыз болар. Кезінде түрлі себептермен көшіп
кетуге мəжбүр болған бауырларымыздың ішінде туған
атамекеніне қайта оралғысы келетіндері баршылық.
Оларды Қазақстан жеріне қоныстандыру мəселесін ше-
шуге өздерінше үлес қосып отырған жерлер де жоқ емес.
Мəселен, Қостанай облысының Ленин ауданы мен Ақтөбе
облысының Ырғыз ауданындағы əзірлік істері атап айтуға
тұрарлықтай. Кəсіподақ Федерациясы бұл төңіректе қан-
дай істер атқара алады?
– Өз еліне қайта оралғысы келетін бауырларымызға
құшағымыз əркезде де ашық болуы керек, бұл халықтық қа-
сиетіміз емес пе. Ердің туған жеріне тартатындығы кімге
болса да аян ғой. Бұл – бүгінгі таңда болмағанымен, ертеңгі
күні, түптің-түбінде жүзеге асуы тиіс мəселе. Сондықтан,
оны күн тəртібінен ешуақытта да түсіруге болмайды. Алайда,
республикамыздағы кейбір қоғамдар мен ұйымдардың, түрлі
партиялардың ұраншылдық көзқарастарына өз басым қар-
сымын. «Бостандық», «бостандық» деп құр бекерге айқайлай
бергенше, соған қалай қол жеткізуге болатынын ойлаған
дұрыс шығар. Онан да жастар жағы ұйымдасып алып, елімізді
көркейтуге өз үлестерін қосып жатса, өте орынды болар еді.
Баян-Өлгий аймағына барып келген бір жолдасымыз ондағы
отандастарымыздың сендер еріншексіңдер» деген сөзін айтып
келді. Мəні бар ескерту... Ең алдымен, ел мүмкіндігін ретке
келтіріп алмай, бекерге байбалам салу – өрісті елдің өрендеріне
сын. Бауырларымыздың шет мемлекеттерге өз еріктерімен
кетпегендігін елдің бəрі біледі. Сонау аштық пен сталиндік
қаралы күндерде басына қауіп төніп, сырт жерлерден пана
іздеген бауырларымызға «босқындар» статусын беріп барып,
елге қабылдауымыз қажет. Ал, оған дəл қазір біздің еліміз əзір
болмай отыр. Бұл орайда жан-жақты ойластырылған кешенді
істер жүзеге асуы керек. Өткен уақыт пен бүгінгі кезеңнің ара-
жігін аша білген дұрыс. Сіз əлгінде Қостанай мен Ақтөбе об-
лыстарын тілге тиек еттіңіз. Ол облыстардағы азаматтардың
жақсы бастамаларын қолдаған орынды болар. Дегенмен, өзіңіз
ойлап көріңізші, шет елдердің астаналарында немесе ірі-ірі
қалаларында тұрып жатқан қазақтар сіз айтып отырған мал-
ды ауылға бара қояр ма екен?! Олар өз кəсіптері бойынша
еңбек еткісі келсе қайтер екенбіз? Сол сияқты шет елде жүріп,
іргесі сөгілмей бірге тұрып жатқан ағайынды-туысқанды
жарандардың екі-үш семьядан түрлі шаруашылықтарымызға
бөлініп кетпей, біздің елімізде де қоңсы тұрғысы келетін
шығар. Оған шаруашылықтарымыз дайын ба екен? Бұл мəсе-
лелерді, кейбіреулер айтып жүргендей, жоқтан бар жасап, бо-
лар іске кедергі келтіру деп есептеймін. Оны дамыған елдің
əрбір азаматы түсінуі тиіс. Шет елдердегі бауырларымыз-
ды атамекеніне қоныстандыруда неміс халқының тəжірибесін
пайдалана білгеніміз жөн. Яғни, оларды біз белгілеген төңірек-
ке емес, өздері қалаған жерге қоныстандырып, қажетті жағдай-
дың бəрін жасау керек. Ол үшін, меніңше, уақыт оздырмай,
əзірлік істерге жол берілгені құба-құп.
– Сиязбек Өнербекұлы, есік алдындағы көмек сұрай
келген еңбек адамдарының күтіп қалғанынан өзімді кінəлі
санап отырмын. Əңгімеміздің əдемі сəтінде үзіліп қалғаны,
əрине, өкінішті. Бұйырса, алдағы уақытта талай рет шын
жүректен ақтарыла əңгімелесерміз. Өз басым газетіміздің
жанашыр оқырмандарының бірімен жақын танысқаныма
қуаныштымын. Сізге көп-көп рахмет!.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 11 қаңтар, 1991 жыл
Роллан СЕЙСЕНБАЕВ:
«МЕНІҢ ЖАНЫМ ӨЛІММЕН ТІЛДЕСЕДІ...»
«Ақ табан шұбырынды...» деп басталатын сөз тіркесі тіл
ұшына оралған сəтте сонау бір алмағайып алапат заманда ай-
дай аспанына орнаған қара түнектен, басына төнген қатерлі
қасіреттен құтылу үшін үдере көшкен ел бейнесі көз алдыңа
елестей кетеді. Тым-тым алыстан қалықтай көтерілген қай-
ғылы əуен де құлағыңа талып естілгендей болады.
«Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді...»
...Иə, халқымыз көрмеген азап, соқтықпаған сойқан қалма-
ған да шығар, сірə. Заманның зарын, қоғамның қайғысын арқа-
лаған мұңды əнді қазір де бастай жөнелгің келеді. Себебі,
«ақ табан шұбырынды...» кезеңінен ауыр соқпаса, кем түсе
қоймас бүгінгі күніміз де кең сахараның ашық аспанына қайғы
бұлтын орап, жарық Күннің көзін көлегейлеп отыр. Жауының
жағасына жармасып өлген ата-бабаларымыздың күніне
зар болу деген, бəлкім, осы болар. Өйткені, қарсы алдында
қасқайып, көзіңе көрініп тұрған жау да жоқ. «Экологиялық
апат» деген сөзбен ғана өз-өзімізді жұбатқымыз келе ме,
қайдам. Тек мына дерекке ғана назар салып көрейікші: Арал
апаты меңдеген облыс тұрғындарының əр мыңына шаққанда
348-і өкпе, 267-сі қылтамақ, асқазан, бауыр ауыруымен,
ал аналардың 70 пайызы анемиямен зардап шексе, балалар
арасындағы шетіну Нагасаки мен Хиросима тауқыметін
тартқан Жапониямен салыстырғанда 20 есе көп екен. Бұл
қатарға ядролық сынақтардың алаңына айналған Семей,
Орал, Ақтөбе, Гурьев облыстарын қоссаңыз, өңсіз-тілсіз
жегір жаудың жеңіс тұғырына табан тірегелі тұрғанын
байқайсыз. Шарасыздық танытып: «Бұл заман қай-қай за-
ман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман...» деп, кең
дүниенің құлын мүшесі бұзылмаған ертедегі табиғи қалпын
аңсайсың. Санаңда сарпылған сан мың сауалға тобықтай
түйін боларлық жалғыз жауап таба алмай дал боласың...
КСРО жазушылар одағы басқармасының қазақ əдебиеті
жөніндегі советінің жауапты хатшысы, Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының лауреаты, «Ядролық сынақтардың
зардабына ұшыраған балалар» Қорының президенті, жазу-
шы Роллан СЕЙСЕНБАЕВҚА қояр алғашқы сауалымыз да осы
тұрғыда өрбіді.
– Роллан аға, өзіңіз туып өскендіктен Семей облысын-
дағы ядролық сынақтардан шегіп отырған халық қасі-
ретінің жаныңызға бататындығын түсінеміз. Алайда,
бүкіл əлемге аян «Семей – Невада» қозғалысы іргелі
жұмыстар жүргізіп келе жатқанда өз бастамаңызбен,
тікелей ұйымдастыруыңызбен құрылған «Ядролық сы-
нақтардың зардабына ұшыраған балалар» Қоры ортақ
күшті бөлектеудің бір көрінісіне айналып жүрмей ме? Осы
Қордың мақсат-мүддесі, атқарып отырған іс-шаралары
төңірегінде əңгімелеп өтсеңіз.
– «Ядролық сынақтардың зардабына ұшыраған балалар»
Қорын ашу туралы ой ертеректе туындағандықтан əңгімемді
мен де əріден бастағым келіп отыр.
Шыңғыс тауларындағы тұңғыш сутегі бомбасының жары-
лысын мен жеті жасар бала күнімде көргенмін. Сондағы атам-
ның қасіретті жүзі есімнен əлі күнге дейін кетер емес. Өзімнің
де сұрапыл жарылыстан үрейлене, қасиетті Құран сөздерін
қайталай бергендігімді ұмытқам жоқ. Менің бала кезімдегі
аяқталмай қалған өлеңім «Дүние тас-талқан болған күн» деп
басталатын. Сутегі бомбасының көз қарықтырар жарқылы...
Мұндай сұмдық бояуларды сол сəттен кейін мен табиғатта
кездестірген емеспін. Адамдардың қайғы-қасіреті, азабы, жа-
қын-жуық, ағайын-туыстардың жадап-жүдеген қиналысты
өлімі, ел шарасыздығы – осының бəрі көкейімде түсініксіз бір
шиеленісті түйінге айналды. Енді, міне, ердің жасына келіп, аза-
мат атанған шақта тумай жатып өмір азабын тартып отырған
шарасыз балаларға қол ұшын беруді адамгершілік парызым деп
түсінемін. «Өмір азабы» деппін-ау, Хиросима мен Нагасакидің
қаралы түні, айдындай Аралымыздың азып-тозуы, менің Ота-
нымдағы қырықжылдық ядролық сынаулар тіршілік атаулы-
ны жою мақсатында жүргізіліп келген Орталықтың саясаты
деп батылырақ əрі нақтырақ айтқанымыз жөн, шығар. «Се-
мей – Невада» қозғалысы бүкіл жер жүзіндегі ядролық сынақты
болдырмау мақсатында іргелі де үлкен істермен айналысады,
Орталықтың əлгіндей саясаттарымен күреседі. Біздің мақсат –
осы үлкен қозғалысқа нақтырақ қол ұшын беру, яғни ядролық
сынақтардан зардап шегіп отырған ауру, мүгедек балаларға
нақты көмек көрсету. Олардың, сондай-ақ, жетім балалардың,
көп балалы семьялар мүшелерінің емделуіне жағдай жасау, ру-
хани көмек беру – қозғалысымыздың бірден-бір негізгі концеп-
циясы. Бұл бастамамызды қолдап, əртүрлі ұйымдар мен жеке-
леген адамдар қаржы бөлуде. Қазірдің өзінде 500 мың сомнан
астам қор жиналып үлгерді. Өз басым 30 мың сом ақша ау-
дардым. Алдағы уақытта Семей мен Невада азаматтарына ар-
нап жазылған «Əлем тас-талқан болған күн» атты кітабымның
қаламақысын түп-түгелімен осы қорға бөлмекпін. Сондай-ақ
Отанымызда жəне шет елдерде басылатын жаңа кітаптарым-
ның қаламақысы, жазушы ретінде ел алдында сөйлеген сөзде-
рімнен түсетін қаржы Қорымызға қосылып отыратын болады.
Тікелей балаларға арналған қайырымдылық акциямызды Жа-
понияда, Финляндияда, ГФР-де жəне басқа шет елдерде тұра-
тын достарым – жазушылар, қоғам қайраткерлері, коммер-
санттар қолдап отыр. Біздің Қормен байланыста болуға, бірігіп
жұмыс атқаруға дайын. Мəселен, Жапонияның «Асахи» кино-
фирмасы біздің балалар Қорымызға аса қымбат сəуле өлшегіш
құрал (дозиметр) сыйлады.
Қазіргі таңда қолға алынып отырған іс-шаралар қатары да
аз емес. Семей іргесіндегі Ертіс өзенінің жанынан балалар үйін
тұрғызуды көздеудеміз. Бұл үйдің ерекшелігі сол – бұрынғы
үлгідегі балалар үйі балалар түрмесінен аумайтын болса, біз
жеке үйлердегідей, кəдімгі өмірдегідей етіп тұрғызбақпыз.
«Күнəсін түсінген күнəһар – періштеден де артық» деп қа-
сиетті Құранда да жазылған емес пе? Біз, жалпы адамзат, өз
қолымызбен жасаған қасіретті түсіне біліп, күнəмізден ары-
луға күш салуымыз керек. Болашақ ұрпақ алдында біз қарыз-
дармыз. Себебі, табиғат зардаптарынан екі-үш есе асып түсетін
ядролық жарылыс атты алып аждаһа үлкендердің қолымен жа-
салды. Сондықтан да, жалпы тіршілік экологиясы жолында көп
нəрсені қолға алуымызға тура келеді. Атап айтқанда, балалар-
ды емдеу, дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету, өз дəрежесінде де-
малдыру – бəрі-бəрі кезек күттірмес шаралар. Əзірге атқары-
луға тиісті істер жетіп-артылады, алайда қимылымыздың ша-
бандау болып жатқанын жасырғымыз келмейді. Оның біздің
ғана кінəмізден емес екендігін халық түсінер деген ойдамын.
– Сізді «Ешқайда бастамайтын баспалдақ», «Өмір сүргің
келсе» атты романдарыңызды оқығаннан бері жақсы та-
нимын. Арманшыл жастың көңілін қиял көкжиегіне же-
телеген туындылардың бірі болған соң ба, романдардағы
оқиғалар санамда жатталып қалыпты.
– Сіз айтып отырған романдарды жиырма алты-жиырма же-
ті жасымда жазғанмын. Жастығым болар. Бұл шығармалар-
дың бойында əлсіз түсіп жатқан тұстар мол. Заман шындығы,
тағдыр тауқыметі дəл көрсетілгенімен, көркемдік кестесінде
асығыстық ұшырасып отырады. Бұл романдардың жалғасын,
үшінші, төртінші кітаптарын жазғанда, алғашқы екеуін қайта
қарап, толықтырып шығамын. Əдебиетте етек алып кеткен
публицистикалық сарыннан көркем образға қайта бет бұруды
ұмытпауымыз керек. Советтік жүйенің аса ауыр зардабының
бірі өнерді өнер деп сыйламау, қадірлемеу, қасиеттемеу екен-
дігін айтар кезең туғанына қуанамын. Негізі, өнер кəсіпке ай-
налған сəтте өркен жайып көгертпейді.
– Абайдың қара сөздерін, Мұхтар Мағауиннің, Орал-
хан Бөкейдің, Қалдарбек Найманбаевтың шығармаларын
орыс тіліне аударғандығыңызды жақсы білеміз. Қазіргі ау-
дарма сапасы көңілізден шығып жүр ме?
– Қазақ тілінің байлығы, əлемдік деңгейден қарағанда,
ешбір халық, ұлт тілінен кем түспейді. Ол тілдік əдеби нор-
ма талаптарының барлығын да қанағаттандыра алады. Алайда,
осындай қасиетке ие тілімізді, жалпы халқымызды əлемге та-
ныта алмай келеміз. Аударманың сəтті шығуы үшін аударма-
шы, ең алдымен, жазушының танымдық тереңдігін меңгеріп
алғаны жөн. Сонда ғана жақсы аударманың дүниеге келуі
мүмкін. Кезінде Мұқағали Дантені қазақшаға аударғанда орыс
тіліндегі нұсқаны пайдаланғанын білеміз. Алайда, Мұқағалидың
осы аудармасы орыс тіліндегі нұсқадан гөрі Дантенің өз тілін-
дегі түпнұсқасына өте жақын. Біз – итальян тілін жақсы біле-
тін В.Лоцкан, аудармашы Михаил Курганцев – бəріміз осыған
көз жеткіздік. Менің сонда Мəскеуде, жат жұрттың білгір орта-
сында отырып Мұқағали үшін, Мұқағалидай ұл тудырған қа-
зақ халқы үшін қуанғанымды көрсеңіз. Үлкен Ақынды, Үлкен
Ақын ғана айнытпай түсініп, халыққа айнытпай жеткізе алады.
Абай мен Шəкəрім қажы аудармаларын алып қараңыз. Пуш-
кин мен Лермонтов қазақ халқымен өз ойы, өз тілі, өз үнімен
тілдесіп тұрған жоқ па?! Арнайы айта кететін жəй, қазақтың
ақын-жазушылары өзге елдің туындыларын өте тамаша ау-
дарған. Əттеген-айы – бұл жемісіміз, бұл еңбегіміз елеусіз,
ескерусіз қалып жатыр. Салғырттығымыз, салақтығымыз бұл
тұста да белең алып барады.
Осы уақытқа дейін қазақ əдебиеті шет тілдерге орыс тілі
арқылы аударылады. Солай болғандықтан да, əр жазушы өз
шығармасының орыс тіліне аударылуы тұсында аудармашы-
мен бірге отырып жұмыс істеуі керек. Басты мəселе жақсы
аудармашы табуға келіп тіреледі. Орыстың жақсы жазушы-
аудармашысын табу қиын. Тапқанымызды қадірлемейтін туа
біткен кемшілігіміз тағы бар. Соңғы жылдары қазақ жазушы-
лары жақсы аудармашыны таппақ түгілі, тапқандарынан ай-
рылып болды. Орыс тіліне бүкіл бояуымен, үнімен, терімен,
қанымен, жанымен жақсы аударылған – жалғыз «Қан мен тер»
романы.
Қазақ халқының адал перзенттері, ұлы жазушыларымыз,
қадірлі Мұхаң мен Ғабекең – М.Əуезов пен Ғ.Мүсірепов, орыс
тіліне өз дəрежесінде аударылған жоқ.
Мұхтар Əуезовтің тілі мен жаны, Ғабит Мүсіреповтің сыр-
шыл жыр-прозасы орыс тілінде бар байлығымен, қанық боя-
уымен, халықтық тіл-дінімен көрінбегеніне өз басым қатты
өкінемін. Намыс көремін. Мен кезінде баспа мен Одаққа
Əуезовтің «Абай жолын» қайта аударсам деп тілек айтқан
едім, жауап болмады. Талант – халық қазынасы, олай болса,
талантты қасиеттерімізді өзге тілге аударуды халық болып
қолға алуымыз керек-ақ. Негізі, озық аудармаға қаламақыны
да көп төлеу керек, ол салықтан босатылуы қажет. «Малым
жанымның садағасы» деген емес пе? Өнер халықтың жаны,
ар-намысы екенін ұғатын уақыт бұл қазаққа қашан жетпек?..
Үкіметіміздің осыны ұқпағанына қайран қаламын.
– Ролллан аға, біз ендігі жерде егеменді елміз деп жүрміз,
өткенде Декларация қабылданды ғой. Сіз, қанша деген-
мен, басқа ортада жүресіз, ондағы халықтың біздің елге де-
ген көзқарасы қандай?
– Есіме жақсы салдың, бауырым. Көптен бері көңілімде
жүрген бір ойды айта кетейін. Өз басым «егемендік» сөзінің
ең алғаш естіген сəтте түсіне қоймадым. Жұмыс бабымен Гер-
манияда жүрген болатынмын, «Азаттық» радиостанциясының
хабарынан естідім. Мəскеуге қайта оралған соң, орысшасын
оқып барып білдім оның не деген сөз екендігін. Қазақтың
кəдімгі тілге жатық, ұғынықты, «дербестік», «тəуелсіздік» де-
ген сөздері тұрғанда, қолдан термин жасап, əуреге түсіп қажеті
жоқ еді-ау. Негізі, бұл болашақта қатаң ескеріліп отыруы ке-
рек. Өз ұғымымызға, ұлттық таным-түсінігімізге тəн сөздерді
пайдаланудың артықтығы жоқ. Кезінде «Алаш» партиясының
Уставында «құрдас мемлекеттер» деген сөз тіркесі бар бо-
латын. Қандай тамаша сөз! Аға емес, іні емес, құрдас... Жа-
райды, сауалыңа келейін. Ресейдің өзі тəуелсіздікке ұмтылып
жатқанда, өзге республикалардағы осы мақсаттағы қозғалыс
та заңды. Оны түсінгісі келмейтін адамдар болмаса, көңілінде
көзі бар, санасы ояу азаматтар қолдап-ақ жүр.
– Осы республикамызда болып жатқан түрлі оқиғалар-
ға орталық баспасөз беттерінде қисынсыз баға беріліп
жатады. Сондай-ақ, орталық басылымдар жергілікті ұлт
мүддесіне қайшы келерлік ой-пікір айтуды да жиілетіп
кеткен сияқты. Мəселен, Солженицынның өткендегі мақа-
ласын алайық. Сіздер орталықта жүрсіздер, орталық басы-
лымдарда осы тақылеттес мақалаларға неге қарсы пікір
жазбайсыздар?
– Пікір айту бар да, ой айту бар. Солженицынның кітап-
шасында халқы үшін қапаланған кемеңгер жазушы ойы жоқ
деп айту дұрыс болмас. Ол – орыс адамы, сондықтан орыс
халқы үшін жаны күйеді. Қайсымыз халқымызды азапқа қия-
мыз. Туған халықтың намысы үшін өлімге бас тікпейміз бе!
Солженицынның Қазақстан жəне басқа ұлттар жөнінде жазған
пікірлері əрине, ұлы жазушының кісілігіне нұқсан келтіреді.
Мен ол кісі айтқан империялық мүддені қолдамаймын, оған
жан-жүрегіммен қарсымын. Біздің жазушылар Солженицын-
ның пікіріне қарсылық білдіріп, білікті ойларын жазып жа-
тыр. Ендігі жерде, пікірмен қоса, қазақтың елі мен жері тура-
лы сабақтастыра ой айтуға көшу керек. Жазушының негізгі
мақсаты да осы тұста кеңінен ашылғаны дұрыс. Кешегі Кол-
биннің халқымызға көрсеткен зəбірі бүгінде кеңінен ашылып,
əшкере болып жатқан жоқ па? «Халқымыз ит үреді, керуен
көшеді?» деп дұрыс-ақ айтқан.
– КСРО Жазушылар одағының «Литературная газета»,
«Знамя», «Новый мир» басылымдарының бөлініп кетуін
қалай түсінесіз?
– Біздің түбімізге жетіп жүрген түсінбестік қой. Дүниеге əр
мықты өз төбесінен зер салып, ортақ шыңның мəн-мағынасы-
нан айырылады. Халықтың жаны үшін болып жатқан игі ру-
хани күрестің амбициялық дөрекі айқаспен айырбасталып ке-
тетіні жанға батады.
– Жазушы ретінде бүгінгі орыс əдебиетіне қандай баға
берер едіңіз?
– Бүгінгі орыс əдебиеті туралы айтып керегі жоқ деп ойлай-
мын. Өйткені, менің өз басым, бүгінгі орыс əдебиетінен нəр
алғам жоқ. Бірақ мұным бүгінгі орыс əдебиетін оқымаймын,
білмеймін деген пікірге жатпайды. Өнерде де, өмірде де,
тəлім-тəрбие алғаным – шығыс, батыс, орыстың классикалық
əдебиеті. Орыс тіліне машықтанып, кітаптарымды орыс тілінде
жазғаннан бері, үстелімнен түспейтін кітаптар – Толстой, До-
стоевский, Гоголь, Чехов кітаптары. Менің адам, азамат, жа-
зушы болып қалыптасуыма, өнерді терең сезіну, оны ұғыну,
қастерлеу қасиеттеріне олардың берген пайдасы өлшеусіз.
Əлемде мен пір тұтар жазушылар да аз емес. Өзге жұрт
та қазақтың бір жазушысын пір тұтса, халқымыздың бағы
ашылғандығы емес пе?! Біз халық болып сол жазушыны кү-
теміз.
Бірде маған орыстың үлкен жазушысы, «біз сендерді орыс
тіліне баулыдық» деп мақтанды. Орыс тіліне баулығандары
рас, бірақ сонымен бірге, бізді тілімізден, дінімізден де арыл-
тып, мəдениетімізге нұқсан келтіргендерін сезінбегені жаныма
ауыр тигенін əлі күнге дейін ұмытпаймын. Араб, парсы, түрік
мəдениетінен нəр алған қазақ мəдениеті барынан айырылып
қалып қапа шектік емес пе?
– Сіз қазақ əдебиетінің көкжиегін кезеруге соншама мол
қайрат жұмсадыңыз. Неліктен Сіздің атыңыз ортамызда
мүлдем аталмайды?
– Мен əдебиетке атақ, даңқ алу үшін келгенім жоқ. Атақ пен
даңқ қашанда адамға қырсық болып тиген. Нағыз жазушының
өмірі, қызмет-еңбегі жалғыздықта өтуі керек. Адамға тəуелді
болған жазушы биік бола алмайды. Толстойдың Ясная Поляна-
дан безінуі, Шəкəрімнің ел ортасынан алыстап, Шыңғыстауды
тағыдай жеке мекендеуі тегін емес. Қалың Тобықтының
ортасында Абайдың жалғыз қалуы қандай қиямет. Туған
еліне, əдебиетіне тірі емес өлі қалпында керек болуы жан
түршіктірмей ме? Бұндай жəй надан елдердің қай-қайсысынан
да кездеседі. Бұл арам ниет ортамызда бүгін де тірі. Көптің
ортасында өнімсіз іске бола алысып-жұлысқанша ұлылардың
кітабымен оңаша қалғанға не жетсін! Бұл үлкен шындыққа
мен ертеде келдім. Сол үшін де өзімді бақытты санаймын.
Біздің бəріміз да туған тарихымыз бен əдебиетіміздің алдын-
да қарыздармыз.
– Бүгінгі аласапыран заманда жазушының орны қайда
болуы керек деп ойлайсыз?
– Бұл өте қиын сұрақ. Суреткердің ең басты міндеті əкім-
шіліктен, қоғамнан биік тұру деп ойлаймын.
– Қазіргі таңдағы атқарып жатқан шығармашылық
жұмыстарыңызды білгіміз келеді.
– Мен соңғы 3 – 4 жылда мүлдем қалам тартқам жоқ. Əр
жазушының дағдарыс кезеңдері болады. «Не үшін жазам? Кім
үшін жазам?! деп сауал көлденең тұрып алып, ұзақ уақыт жа-
нымды қинады. Бірақ бұл жылдар оқу, білім жинау, шет елдерді
аралаумен өтті. Осы кездері мені Мəскеудің Горький атындағы
əдебиет институты прозалық шеберхана ашуға шақырды.
Қалам тартудан қашып жүрген адамға бұл да керек болды.
Сол институтта мен Тува, Қарақалпақ əдебиетшілерін əдеби
шеберлікке оқытамын. Шеберханамда тəрбиеленіп жатқан
Тува əдебиетшілерінің алды орталық басылымдарда көріне
бастады. Тува үкіметінің тікелей көмегімен, Қызыл баспасына
«Бүгінгі Тува əңгімелері» атты жас, талантты жазушылардың
жинақ кітабын орыс тілінде əзірлеп бердім. Аудармашылар –
менің оқушыларым. Қазір бұл кітапты Мəскеудің «Советский
писатель» баспасына, менің жанашыр достарым бар шетелдік
баспаларға қатар ұсынып жатырмын.
Қаламға қайта салмақ салған кезім – өткен жылдың басы.
Биылғы жылы «Советский писатель» баспасынан «Жанта-
лас немесе құс кезген өліктер» атты үлкен романым жарық
көреді. Бұл романды «Жазушы» баспасы да шығармақ. Ро-
манды шет елдерге сатқан кезде, «Жазушы» баспасына иелік
жасатамын. Мұны туған халқыма деген көмегім деп білемін.
Бұл роман сонау аштық жылдарынан, қаза болған қасиетті
Арал балықшыларының тағдырынан, Семей полигонының қа-
сіретінен сыр шертеді.
– Сізді көптен бері Шəкəрім Құдайбердиев туралы ро-
ман жазып жатыр деп естиміз. «Простор» журналы да жыл
сайын анонс беріп жатады...
– Қадірлі қажы туралы роман өз деңгейіне əлі де келмей
жатыр. Кей тұстарын қайта өңдемекпін. Жаңадан табылып
жатқан деректерді роман желісіне ықшамдап енгізу де қол
бөгейді. Шəкəрім қажының тəні қырық жыл бойы құдықта
жатты емес пе? Сонан ба, романды жазу үстінде менің жаным
өліммен күнде тілдеседі. Бұл романның қияметі де осында.
Жазуға кіріскен тағы бір шығармам – «Будущий хлеб взай-
дет на трупах» атты роман. Бұл романды мен Жапонияның
орталық баспасының тілегімен жазып жатырмын. Əлемдегі
ядролық сынақтардың қасіретіне арналған романда Семей,
Тынық мұхиты аралдары, Невада, Австралия мекендері сөз
болады. Бір ауылдың тағдыры арқылы жұмыр жердің зарын
көрсетпек ойым бар. Бұл орайда Американың, Жапонияның,
Францияның ядролық базаларын араламақпын.
– Роллан аға, сіз басшылық етіп отырған Қор «Қазақ
əдебиетінің» есебіне бес мың сом қаржы бөлгелі жатыр де-
ген сөз рас па?
– Рас. Өнеріміз бен əдебиетіміздің басына күн түсті деген-
ше, халықтың басына күн түсті деу керек. Ертеде Третьяков,
Морозов сияқтылар болмаса, бүгінгі Третьяков галереясы бо-
лар ма еді. Пушкин музейін тамашалар ма едік? Орыс өнері
орыс меценаттарына қарыздар. Ертедегі Рим, Византия, Гре-
ция мəдениеті де осыған куə емес пе?
Совет Одағы орнағаннан бері өнерді өрге жылжыту үкімет-
тің ісіне айналды. Өнердің тоқырауы, бүгінгі жадағай күйге
түсуі – соның салдары.
Біздің Қордың 10 мың сомы «Жұлдыз» журналы мен «Қа-
зақ əдебиетінің» көсегесін көгерте алмас, бірақ мұны балалар-
дың туған əдебиетке деген жанашырлығы деп түсінулеріңізді
сұраймын. «Ядролық сынақтардың зардабына ұшыраған бала-
лар» Қорының бəйгесін жариялап отырған «Қазақ əдебиеті» осы
Қорға лайықты айдармен конкурстың таңдаулы шығармала-
рын беріп тұрады деп сенеміз. Ол сіздер үшін де, біз үшін
де сабақ. Тіресер емес, түсінісер кез келді. Біздің таза ниет-
пиғылымыз соны меңзейді.
Сөз орайы келгенде біздің Қорға жанашырлықпен қараған
«Жазушы», «Өнер», «Жалын» баспаларына, «Социалистік
Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ұлан», «Горизонт»,
«Избиратель» газеттеріне рахмет айтқым келіп отыр.
– Қазақстан Жазушылар одағынан Сіздің атыңызға
келген «Əлем тас-талқан болған күн» кітабының жапон-
ша аудармасына тиесілі ақшаны Қорға құюға рұхсат
сұраған жапон баспасының телеграммасын көрдік. Сол
қаламақыңызды Қорға құямысыз?..
– Ол қаламақы – біршама көп ақша, бір тиынына тиіспей,
қорға құюға келісім бердім. Алматыда ашуды ойлаған «Внеш-
экономбанктің» есебіне сол ақша осы айда түсуге тиіс.
– Сіздің Мəскеуге барып жұмыс істей бастағаныңызға
он алты жылдан асыпты. Үйдегі балаларыңыздың ұлттық
ортадан тыс өсіп жатқандығы белгілі. Олар қазақ тілін
біле ме?
– Иə, баланың ұлттық ортада есейгені мақұл. Алайда, бұл
істе семьяның берген тəрбиесі де үлкен рөл атқарады ғой.
Мысалы, ұлым Дархан да, қызым Мархаба да ана тілінде
жақсы сөйлейді, кітап оқиды, тамаша жаза да алады. Əскер
қатарынан оралған ұлым П.Лумумба атындағы университет-
тің халықаралық заң (юристика) факультетінде оқиды. Мар-
хаба Мəскеудегі педагогика университетінде сырттай оқып
жатыр. Олар ағылшын, испан, француз тілдерін де жетік бі-
леді.
– Роллан аға, сізге де, өзіңіз басшылық етіп жүрген
«Ядролық сынақтардың зардабына ұшыраған балалар»
Қорына да алдағы уақытта, табыс тілейміз. Уақыт бөліп,
əңгімелескеніңізге көп-көп рахмет.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 18 қаңтар, 1991 жыл
КҮН. АЙ. ЖЕР ЖƏНЕ... НАЗАРБЕК
Ол да өзіміз секілді ет пен сүйектен жаралған. Ерекшелі-
гі – мекені Жерде болғанымен, көңілі – Көкте. Түсінікті
тілмен айтсақ, алтын сəулелі Күнмен, күміс нұрлы Аймен,
сондай-ақ, түн баласына көрік бере жымың қаққан жақұт
жұлдыздармен «тілдесе» білетін жан.
«Не? Қайда? Қашан?..! Осы адамзат баласының тіл байлы-
ғында қанша сұрақ бар екен? Санамалап шығу, бəлкім, аса
қиындық та тудыра қоймас. Дегенмен, сол санаулы сауалдар-
дың тіршілігіміздің түбі көрінгенше жетіп артылатындығы
рас-ау. Қазіргі қол жеткен табыстарымыздың барлығы да
əуел баста сұрақтардан туындаған (əңгіме табиғат пен ғылым
төңірегінде болып отыр). Оны қысқаша ғана «Сұрақ – Ең-
бек – Нəтиже» формуласына түсіруге болатын сияқты. Сұрақ-
тың көбейіп, Еңбектің өркен жая беруі мүмкін, ал, нəтиженің
жолы ауырлау. Жылдар бойы ізденумен жеткен жеміс өзіміз-
ге жапа шектіріп жататын заманда Нəтижеге сүлесоқ қарау
да мүмкін емес. Табиғат тізгінін тартып, қалаған жолға салу
адамзат баласы үшін мүмкін болмайтындығы мойындалып
жатқанда, əрбір жаңалық тіршілік атаулыға қазылған орға
ұқсаңқырайтын сықылды. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі,
жалпы Жер бетіндегі барлық экологиялық апаттарды осыған
жатқызбасқа болмайды. Иə, біз Жер тəніне жазылмас жара
түсірдік. Соңғы уақыттарда оның «мінезіндегі» өзгерістердің
көбейе бастағанын да түсінуге болады.
Бүкіл əлемдік тартылыс заңының ашылғанына аз уақыт өт-
кен жоқ, планеталардың өзара «тілдесетіндігі» де көптен бері
айтылып келеді. Яғни, Жер өзінің денесіндегі сыздаған жара-
дан құтылу үшін көрші орналасқан аспан «тұрғындарынан»
көмек сұрап тұрады екен...
Осы əңгіменің өрбуіне тікелей себепкер болған кейіпкеріміз
Назарбек Қожамсейтовтің айтуынша, Жер планетасы əрбір
23 сағат 56 минут сайын өзге əлемді өзінің хал-жайымен
таныстырып, хабар беріп отырады.
Жердің басқа аспан денелерімен байланысқа шығып тұра-
тынын ғалымдар да жоққа шығармайды. Мəселен, «Ай мен
Жердің тектоникалық процестері арасында аса тығыз
байланыстың бар екені соншалық, тіпті Ай өз алдына
бөлек аспан денесі емес, Жер материктерінің бірі сияқ-
ты», – деп жазады Айдың «мінез-құлқын» бақылаушы,
зерттеуші профессор Н.М.Козырев. Ал, Күн бетіндегі дақтар
санының күрт көбейе түскен сəттерінде Жер қойнауында бо-
латын тектоникалық процестердің күшейе түсетіндігін ар-
найы зерттеген американ ғалымы Д.Симпсон: «Егер Күн
дақтарының саны 150-ге жететін болса, онда жер сілкіну-
дің пайда болу мүмкіндігі Күн дағының саны 50 болған-
дағыдан шамаман 31 пайыз», – деп сендіреді.
Зерттеуші ғалымдар Айдың əмірі тек Жерге ғана емес,
сондай-ақ осы планетаны мекендеген тіршілік иелеріне, əсіре-
се адамдардың өздеріне де жүретіндігін дəлелдейді. Мысалы,
француз зерттеушілері А.Либер мен К.Шерин мұхит толқында-
рының жағаға келіп кетуіне Айдың жерге гравитациялық əсер
етуі себепкер болатындығын айтқан. Яғни, бұл Ай Жер бетіндегі
суға үлкен əсерін тигізеді деген қорытындыға тірейтін сияқты.
Адам организмінде де судың басым екендігі белгілі (мидың
өзіндегі су 85 пайыздай). Мұхит суына əсер еткені секілді
Ай адам бойындағы суға да біршама өзгерістер əкеледі екен.
Денсаулығымыздағы, мінез-құлқымыздағы ерекшеліктердің
осындай əсер кезінде жиі байқалып қалып отыратындығы да
құпия болмай тұр. Өзінің «Табиғат тарихы» атты еңбегінде:
«Айдың құдіретті күшін өсімдіктер де, жануарлар да, адам
да күнбе-күн сезіп отырады», – деп жазған екен Үлкен Пли-
ний.
Əңгімеміз ауа-райын алдын-ала анықтап айтып беріп оты-
ратын, алдағы уақыттарда болатын жер сілкіністерін бол-
жай білетін, тіпті, адамдар бойындағы əлгіндей өзгешеліктер
мен олардың түрлі толқуларын мезгілінен бұрын хабарлауға
асығатын Назарбек туралы болғандықтан, ал оның бар құпиясы,
негізінен Күн мен Ай байланысты болған соң, зерттеуші ға-
лымдарымыз ертеректе-ақ айтып кеткен, көбімізге белгілі жо-
ғарыдағы мəселелерді қайталап тағы бір еске сала кеткенді
жөн көрдік.
Шындығына келсек, Назарбек зерттеуші де, ғалым да емес,
бар болғаны – агроном. Алайда, оның əлгіндей табиғат апатта-
рын алдын-ала болжай білетіндігіне бұл күнде күмəн тудырар
адам аз. Сонда оның кім болғаны? Жұлдызшы ма, əлде көріпкел
сəуегей ме?.. Бұлайша ат қоюды, бəлкім, оқырман қауым мен
көпшіліктің өзіне қалдырғанымыз жөн болар. Ал, біз Назар-
бек бойындағы табиғи дарын мен құпияның сырын түсіндіруге
тырысайық. Өзіміз сенгендей, оқырманның да көзін жеткізіп,
көңілдеріндегі күдіктің ізін өшіру үшін бірнеше дəлелдер мен
дəйектерге тоқтала кеткен дұрыс болар. Ендеше Назарбекке
келген хаттарға көз жүгіртіп көрейік.
* * *
«Қорған облысының Альменево аудандық партия коми-
теті алдағы кезең ауа-райымен үнемі таныстырып отыруға
мүмкіндік табуыңызды сұрайды. Биылғы көкек-қараша
айлары бойынша берген мəліметтеріңіз аудан аумағында-
ғы ауа-райына дəл келді. Келесі айлардың мəліметтерін
мына адреске жолдауыңызды сұраймыз: 641130, Қорған об-
лысы, Альменево селосы, аудандық партия комитетінің хат-
шысы Ю.Пережогин».
* * *
«Назарбек Серəліұлы, сіз жіберген өткен жылдың мəлі-
меттері шындыққа өте жақын болды. Сондықтан, біз өткен
хаттың өзінде-ақ келісімге тұрудың шарттарын анықтап
алғымыз келген болатын. Бізге өтінішіңізді айтыңыз. Ас-
тықты ысырапқа ұшыратпай жинап алуда əлі де бірге
еңбек ете береміз деген сенімдеміз.
Құрметпен, совхоз директоры Б.К.Григорьев.
Қостанай облысы, Боровской ауданы, Буденный атындағыц
совхоз».
* * *
«Маусым айындағы жауын-шашын уақыты жағынан
100 пайызға дəл келді».
(Колхоз төрағасы И.Я.Энистің хатынан).
* * *
Ауа-райы болжамыңыз дəл келді. Рахмет».
(Октябрьдің 40 жылдығы атындағы колхоздың төрағасы,
екі мəрте Социалистік Еңбек Ері Н.Н.Головацкийдің хаты-
нан).
* * *
Назарбек болжаған ауа-райының дəл келіп жататындығын
айғақтаған мұндай хаттар аз емес. Біле білген адамға бұл
əңгіменің астарында үлкен мағына бар. Егін, мал, құс шаруа-
шылықтары ауа райының ықпалына қарай табысты, табыс-
сыз болып жатады. Ал, Назарбекпен бірлесе жұмыс істеген
шаруашылық басшылары өз территориясындағы ауа-райын
алдын-ала біліп отырады жəне бүкіл жұмысты соған орай
ұйымдастыра алады. Мұндай кезде шығынның азайып, нəти-
желі істің, түптеп келгенде, өнімнің мол болатындығын дəлел-
деп жатқанымыз артықтау болар. Ендеше онымен тығыз бір-
лестікте болу шаруашылық үшін аса пайдалы демекпіз.
Назарбектің тек қана ауа-райын бақылаушы еместігін
əлгінде айтып кеткенбіз. Ол, сондай-ақ жер сілкіністері бо-
латын аймақты алдын-ала айтып отыратын жан. Оның бұл
көріпкелдігіне сенетін де, сенбейтін де адамдар жеткілікті.
Алайда, Тəжікстан, Өзбекстан, Армения жерлеріндегі, тіпті
ұзамай-ақ қояйық, өзіміздің Шығыс Қазақстан облысындағы
жер сілкінулерін алдын-ала хабарлағанда, шындығы керек,
құлақ аса қойғандар болмады. Оның үстіне, бұндай апаттың
нақтылығы тек бір күн қалғанда ғана анықталатын болған соң,
көп жерге хабарлап үлгеру де мүмкін емес. Дегенмен, Назар-
бек алдын-ала, ертерек-ақ хабарлап жүр. Мысалға, жер сілкіні-
сі болатындығын айтқан Назарбекке Өзбек ССР Ғылым ака-
демиясы Сейсмология институтының директоры, Өзбек ССР
Ғылым академиясының мүше-корреспонденті О.М.Борисов:
«Сіздің болмажымыңыздың дəл уақытында келетіндігі
қызықтырады, алайда дəл қай жерде болатындығын айт-
пауыңыз оның құндылығын кемітіп тұр», – жауап жаза-
ды. Ал, Назарбектің айтуынша, жер сілкінісінің дəл қай жер-
де болатындығын айна-қатесіз айтып беруге уақыты өте аз.
Ендеше өзіңіз ойлап көріңізші, сонау республикамыздың бір
түкпірі – Солтүстік Қазақстан облысындағы селолық жерде
тұрып жатқан адам бар-жоғы бір күннің ішінде қайда, кімге,
қалай хабар беріп үлгермек? Бұл – Назарбектің қазіргі тұрмыс-
тіршілігіне, əлеуметтік жағдайына орай өрбитін өз алдына
бөлек бір əңгіме.
Алматыдағы ауыл шаруашылығы институтын тəмамдап,
елде жұмыс істей бастағанына алты-жеті жыл болғанда ғана
Назарбек əдеттен тыс осындай іспен айналыса бастады. Алға-
шында қызық үшін өз жобасымен оның нəтижесін салысты-
рып қана жүрді, ешкімге сыр ашқан жоқ. Тек болжағандары
мен айтқандарының дəл келе беретіндігіне əбден көзі жеткен
соң ғана кең көлемге тарата бастады. Бұл 1980 жылдардың бас
кезі болатын. Содан бері оншақты жылдай уақыт өтті. Назар-
бек Күн мен Айдың қас-қабағын бақылаудан жалығар емес.
Қалай жалықсын, əрі қызықты, əрі өте қажетті іс.
Жер сілкінісі болатынын қалайша болжауға болады? На-
зарбектің айтуынша, жер сілкінісі басталардың алдында
жер қойнауында тектоникалық процестер жүзеге асады.
Жер сілкінісінің мұндай «жасырын» формасын алыстағы
Ай ə дегеннен сезіп қояды екен. Яғни, Жердің жіберген «ха-
бары» бойынша оның бетінде жарқыл пайда болады. Міне,
Ай бетіндегі осындай үлкен өзгерістер жердегі процестерге
күш қоса түседі де, нəтижесінде жердің діріл қағуы орын
алады.
Мұндай түсінік бұрын да айтылған. Ай мен Жерде бо-
латын кейбір құбылыстарды талдау жер асты дүмпулерінің
тікелей кінəгері Ай екенін көрсеткен. Ғалымдардың есебінше,
Закавказьедегі ең күшті жəне бүліншілігі көп жер сілкінулері
ай толысқан кездері болыпты. Бұл қорытындыға олар тоғыз
жүз жылға тарта уақыттан бергі табиғат құбылыстарының та-
рихи жазбаларын зерттеп барып келген.
Табиғаттағы тосын апаттардың болатындығын зерттеп біліп
отыру оның жұмыстарының бір бөлігі ғана десек, қателес-
пейміз. Назарбек мұнымен қоса, адамдар арасындағы түрлі
толқулардың (көтеріліс, т.б.) да болу мүмкіндігін шама-
лап отырады. Мұндай жағдайлардың себептері тек жер
бетіндегі пісіп-жетілген əлеуметік-экономикалық мəселе-
лер ғана емес, табиғаттың тылсым күші екендігіне өзімен
қоса, өзгелерді де сендіре білуде. Кавказ жеріндегі, Балтық
бойындағы елдердегі орын алып отырған түрлі жағдайларды
осындай күштің əсер етуінен деп түсіндіреді. Бұл мəселеде
оған «оттапсың» деп əңгіме нүктесін қоя салғысы келетіндер
де жоқ емес. Ол – ең оңайы. Ал, түсінуге тырысқан адам бұл
сөзде де шындықтың шырыны барын байқай алады. Ай мен
адам арасындағы байланысқа жоғарыда аздап қана тоқталып
өткен болатынбыз. Осы мəселеге ендігі жерде кішкене кеңірек
орын бере кеткеніміз жөн-ау. Айдың адам баласына қатты
əсер ететіндігін біздің халқымыз жақсы білген. «Айдың сəу-
лесі түспесін, пердені жауып жат», – деген сияқты сөздерді
естімеген адам аз болар. Айшалық ауруының да тікелей кінə-
гері жердің серігі екендігін халық білген жоқ дей алмаймыз.
Ғалымдардың зерттеуінше, жер бетіндегі адам қолымен жа-
салар қылмыстың көпшілігі Айдың толысқан кездерінде
жүзеге асып жатады екен. Мұндай ауыр қылмыстардың
екінші бір кезеңі жаңа Айдың тууына сəйкес келеді. Мұндай
жағдайлар, əсіресе, психикалық жағынан əлсіз адамдар ара-
сында жиі ұшырасады. Бұл Айға ғана қатысты жай. Енді
жалпы алып көрейік. Айдың толысуы, Күннің толқуы, басқа
жұлдыз, планеталардағы ерекше өзгерістер кей кездері бір
мезгілде болады. Осындай сəттері жер бетінде, адамдар ара-
сында үлкен-үлкен оқиғалар болып жатады екен. Назарбектің
зерттеуінше, жердегі үлкен өзгерістер 50 жəне 25,5 жыл
сайын қайталанып тұрады. Мысалы, 1812 жылғы Отан
соғысын алайық. Ендігі жерде оған 51 жылдан қосып көрі-
ңіз, 1863 жылғы Крепостнойлық правоның жойылуы, 1914
жылғы Дүниежүзілік соғыстың басталуы. Енді 25, тура-
сы 25,5 жылдан қосып көріңіз, 1939 жылғы екінші дүние
жүзілік соғыс... Міне, осылай жалғаса береді. 1990 жыл да
осындай өзгеріс-толқулар жылы болып отырғанын, шы-
нында да көрмей қалғамыз жоқ. Табиғат анамыздың адам
баласына осындай əсері əлі де 1 жыл бойына созылады деген
оның қорытындысын, тірі болсақ, көре жатармыз. Ал, Парсы
шығанағындағы соғыстың болу-болмауы екіталай болып
тұрған кездің өзінде, оның бізге «Соғыс міндетті түрде бо-
лады» деп кесіп айтуында да бір сыр бар шығар. Оның ай-
туынша, бұл соғыс Саддам Хусейіннің пайдасына шешілуі
мүмкін...
– Менің бас сүйенерім – мынау, – деп Назарбек қолыма бір
парақ қағазға түскен таблица тəрізді жазбасын ұсынғанды.
Бұл – менің бір жылға жасаған темірқазығым. Əзірге мұны
өзімнен басқа жан баласы түсінбейді.
Өз сызбаларының мəн-жайын ұғындырмақ болғанымен,
түкке түсіне алмағанымды оның өзіне де жасырмай айттым.
Əңгімеміз жер бетіндегі экологиялық апаттарға тірелгенде де,
ол қисынсыз сөз айтқан жоқ.
– Жер қойнауында болып жататын тектоникалық процес-
тердің де экологияның тууына үлкен əсері бар. Бір өзен-көл
суының тартылып, бірінің кемерінен ықпалы мол. Мəселен, өт-
кен жылдардағы Ереван, Спитак, Ашхабад, Астрахан, Волго-
градтағы, Иранның территориясындағы жер сілкіністерінің
əсерінен Каспий теңізі 5 метрге дейін көтерілді. Бұл процесс
əлі де тоқтауға тиіс емес. Аралға Каспийден канал жүргізу осы
есеппен алғанда орынды сияқты. Осыдан жиырма жыл бұрын
да Каспий дəл осылайша 20 метрге дейін көтерілген.
...Табиғаттың сырын біле түскен сайын, оның құпиясы
да еселене түседі ме, қалай? Ай мен Күнді бақылап отырып,
екінің бірі неге көріпкел бола бермейді? Демек, бұл жер-
де де құпия сыр жоқ емес. Бəлкім, аспан денелерін бақылай
білу ғана емес, олармен «тілдесе» білу де керек шығар. Осы-
ны өзім де түсінбедім. Назарбек те ұқтыра алмады. Бірақ
оған деген көңілімде иненің жасуындай да күмəнім қалмады.
«Құбылыстың себебін білген адам – бақытты адам» деген
екен Вергилий...
«Қазақ əдебиеті» газеті, 22 ақпан, 1991 жыл
ДІН ЗАМАНҒА БЕЙІМДЕЛЕ МЕ, ƏЛДЕ...
– Аға, ең болмаса бір рет мешітке барғым келеді. Жас
қыздың қымсына айтқан сөзі көңілде жүрген ойдың ауыз-
ға алынуына себеп болды.
* * *
Бəлкім, сəл-пəл қиыса қоймас, сонда да болса, тіл ұшына
оралып тұрған жіп-сөздің басы ретінде «Бидайдың барар жері –
диірмен» дегенді айтып алғымыз келіп тұр. Адам да бір бидай,
жайқалып өсіп, бойындағы бар жемісін береді. Ақыр соңында,
диірмен өлімге мойынсұнады. Мұнымен не айтпақ дерсіздер,
заңды сұрақ. Ендеше, негізгі мəселемізге біз де көшейік.
Кеудеміздегі жұдырықтай ғана ет-жүрегіміз соғысын тоқ-
татпай, тұла бойымызды қыздыра, бүкіл тəнімізге нəр беріп,
ып-ыстық қанымыз қалыпты ырғағымен ытқып тұрғанда,
көпшілігіміз дін төңірегінде терең ойланып, бас қатырып
жатпаймыз. Алда-жалда ойлана қалсақ, шындығы керек,
мойындағымыз келмейді. Мойындағымыз да. Пікірталас атты
барлығымызға да жетіп-артылатын үлкен етекке жабыла жар-
масып, бүтін дүниенің дал-далын шығарамыз. Ақырында,
əрбіріміздің қолымызда кеткен бір-бір жапырақ шүберекті
ешбір қажетімізге жарата алмай, тиімді пайдаланбақ болған
күннің өзінде, өмір бойы тізеден, тіпті, тобықтан асып көрме-
ген аяқ киімімізді сүртіп тұру қызметіне жегеміз. Сонда шық-
қан нəтиже қайсы? Арғы ата-бабаларымыз тəңірлік дінге сен-
ді ме, христиан дініне кірді ме, ислам дінін қабылдады ма,
ол жағы тарихымызды білуіміз үшін, бəлкім қажет шығар...
Пікірталас алаңында қаншама ойнақтасақ та, бір нəрсенің басы
ашық та анық. Ол – əйтеуір бір дүниеге деген наным-сенім
жоқ халықтың болмайтындығы. Ерте қабылдадық па, кеш пе,
біздің халқымыздың ислам дінін мойындайтындығы жəне рас.
Ол айтылды да, айтыла алмай да келді, айтылып та жүр. Біздің
білетініміз – мың-миллиондаған үлгілі атеистеріміздің өздері
жарық дүниеден баз кешерде, тіпті кейбірі кəрілік атты үлкен
тұзаққа мойындары ілінген сəттен-ақ, жаратқан иені есіне ала-
ды, жалбарынады. Олай болмай қалған күннің өзінде, артында
қалған ұрпағы жаназасын шығарып, арулап, шариғат жолымен
жер қойнына жөнелтеді. Олай болса, бəріміздің көзімізге ап-
анық көрініп тұрған дүниенің бетін көлейгейлеп, перде тұтып
қайтеміз?!. Қайсыбірі демейік, дін болған, əзірге жойылмайды.
Дінсіздіктің неге апарып соқтырып жататындығы төңірегіне
аз айтылып жүрмегендіктен де, біз қазіргі таңда орын алып
отырған кейбір мəселелерге ат басын тірейік.
Соңғы жылдары «Жастарымыз бұзылып кетті, жасамай-
тын қылықтары қалмады. Осының бəрі де дінсіздіктен» де-
ген сияқты сөздерді екінің бірінің аузынан естуге болады де-
сек, асылық айтқанымыз емес. Қит етсе болды, əйтеуір, жас
ұрпағымызды, өзіміздің болашағымызды кінəлап, жағаларына
шап беруге əзірміз. Жəне де сол айтқандарымызға өзіміз сеніп,
иланамыз. Ал, «Жастарымыз неліктен солай болып кетті?» де-
ген сауалға келгенде, ұяты барлар төмен қарар, басқаларымыз
«суға кеткен тал қармайдыға» басып, түрлі себептерді судай
сапырып, қымыздай қылғытамыз...
Сонымен дінсіздікке жол берген кім? Əрине, уақыт, заман
дерміз, оған дауымыз жоқ. Ал, қайта құру басталғаннан бері не
бітіріппіз? Мешіттер салынуда. Құран тəржімаланып, жарыққа
шықты дерсіз, ол да жөн. Дегенмен, солардан жастарымызға
келіп кетіп жатқан пайда қане? Біздің де айтпағымыз осы төңі-
ректегі мəселелер болатын.
Айтыңыздаршы, қазіргі таңда дінді «таратушы насихатшы-
ларымыз» кімдер? Қып-қызыл саудагерлер! Сонау қиыр шетте-
гі Түркияда тұрып жатқан бауырымыз Халифа Алтайдың қазақ
тіліне аударған «Иманшартты» дап-дайын күйінде көшіріп ба-
сып, əр данасын 25 сомнан сатып жүрген жандарды басқаша
қалай айтуға болады? Мұны дінді сыйлаған имандылардың
ісі деп кім айтады? Уақыт ағымын, замана қажеттілігін бағып
отырған, елден бұрын əрекет етіп, пайдаға белшесінен батып
қалуды ғана армандаған адамдар осылай жасайды. Əлгі, са-
тып жүрген «Иманшартты» көрдік. Кітаптың сапасы төмен,
мұқабасы да жұп-жұқа. Бір-екі жылға шыдаса шыдар, онан ары
айту қиын.
Шүкір, бұл күнде үлкеннің де, кішінің де көзі ашық, көкірегі
ояу. Дінді насихаттайсыз ба, əлде кері үгіт жүргізесіз бе –
бəрібір, ертегідей елпең қағып, жорға жүріспен ілесе кетпей-
ді. Иə, соқыр сенімнің заманы өткелі қашан, не айтсаңыз да,
көңіл төрінен түсіп көрмеген кішкене таразысына салып бай-
қайды. Мəселен, мектептерді айтпай-ақ қоялық, жоғары оқу
орындарында ертеден-ақ атеизм пəні өтіледі. Алайда, оқу орнын
бітірген елдің бəрі діннен безіп жатқан жоқ. Ендеше, бұл пəн
біржақты мақсатта оқытылмай, ислам ілімін тану тұрғысында
да лекциялық курстар ұйымдастырылса. Сондай-ақ, оқушылар
мен студенттерді мешіт жұмысымен таныстырудың да, апа-
рып көрсетудің де зияндығы бола қоймас деген ойдамыз.
Мешіт демекші, дін атаулыдан мемлекеттік құрылысымызға,
жалпы қоғамға пайда түссе түсер-ау, ешқандай да залалдың
тие қоймайтындығын білеміз. Солай бола тұрып, дініміздің
қасиетті орындарының бірі саналатын мешіттеріміздің қыз-
метін қарыштап дамып бара жатқан қазіргі заманымызда
күнделікті қоғамдық өмірімізден бөліп, белгілі бір шеңбер
көлемінде тұйықтап тастағанбыз. Ертеден қалыптасып қалған
соң ба, қалың көптің түсінігінше, мешіт тек құран, намаз оқы-
латын орын. Көп жағдайда солай болып жүргендігі, ара-тұра
ғана өлім-жітімнің, тағы да басқа аз көлемдегі істердің айна-
ласынан ұзай қоймайтындығы рас та. Өйткені, қасиетті орын-
ды қоғамдық өмірімізге, күнделікті тұрмыс-тіршілігімізге
араластырғымыз келмей, ат-тонымызды ала қашамыз. Ашып
айтсақ, қанша түсіністікке қол жетті дегенмен, мемлекетіміз
мешіттен, мешітіміз мемлекеттен іргесін аулағырақ ұстағысы
келетін секілді. Сонда осы екеуінің қажет жерінде жұптаса,
қажет емес жерінде жеке-дара жұмыс жүргізуіне болмас па
екен? Біздіңше, болатын секілді, қисынға келер тұстары аз емес.
Тек, мұндай күрделілірек мəселелерді жүзеге асыруда (біздің
еліміздің ешбір жерінде əзірге орын алып отырмағандығы-
нан) батылымыздың жете қоймайтындығы ғана аяққа орал-
ғы болары шындық.
Біле білген адамға əрбір ұлттың ұлттық қасиетін жоймай, өз
өзгешелігін, ұйыған айрандай бірлік, ұйымшылдығын сақтап
отыруы олардың наным-сеніміне, дəл айтсақ, дініне ерекше
байланысты. Бұл мəселені, əсіресе, қазіргідей коммунизмнің
болашағы көмескілене, сағымға айналған, капитализмнің ауы-
лына ат шаптыруға батылдығымыз жетіңкіремей жатқан уақыт-
ша идеологиялық тоқырау кезінде, халықтың басын біріктіру
шаруасы аса зəрулікке ұшыраған шақта қолға алғанның ар-
тықтығы жоқ сияқты. Бұл əңгімемізде тек мұсылман діні
төңірегінде сөз қозғағанымызбен, көтеріліп отырған мəселе-
лер барысында христиан дініне сенушілер үшін де түрлі іс-
шаралар атқаруға болады.
Сонымен, мешіттердің жұмысын қазіргі өмірімізбен астас-
тырудың қандай жолдары бар деген нақты мəселеге көшейік.
Ол үшін астанамыздағы жалғыз мешітті мысал ретінде алайық.
Біздіңше, жобасы жасалынып, енді салына бастауын күтіп
отырған жаңа мешітті шартты түрде үш үйге бөлуге бола-
тындай. Оның бірінші, негізгі үйі осы күнге дейінгі мешіттің
атқарып келген ісін атқарады (медресе де соның құрамында).
Екінші үйіне қазіргі таңдағы азаматтардың хал актілерін
(ЗАГС) тіркеп отыратын мекеменің қызметі жүктеледі (əрине,
мұсылмандар үшін). Үшінші үйі шақыру бойынша қайтыс
болған адамдарды жерлеу рəсімі мен балаларды сүндетке
отырғызу, тағы басқа ірілі-ұсақты шаруалармен айналысады.
Мешіттегі бүкіл қызметке кім көрінген емес, дін жолында жүр-
ген азаматтар мен қыз-келіншектер алынуға тиіс. Ендігі жерде
болашақ мешіттің осы екінші жəне үшінші үйлеріне орай өз
пікірімізді түсіндіре кеткенді жөн санап отырмыз. Яғни, біздің
осы күнгі хал-жағдайымызға байыппен қайта бір назар салып,
ой елегінен өткізейік.
Қазіргі таңда дүниеге іңгəлаған баламен бірге құжат атты
бір жапырақ қағаздың да ере келетіні баршаңызға аян. Араға
екі-үш күн салып, əлгі қағазбен АХАТ-қа (ЗАГС-ке) қарай
шапқылаймыз. Сол АХАТ-ымыз мешіттің екінші үйінен орын
алар болса, жарық дүниеге келіп жатқан мұсылман балалары-
ның жеке тізімі дап-дайын болып шыға келер еді. Баланы туу
туралы куəлігін əкесіне салтанатпен табыс ету – мешіттің
беделін түсіре қоймас деген ойдамыз.
Əдетте, жас бала, не жеті, не тоғыз жасқа толғанда, сүндетке
отырғызылады. Мойындауымыз керек, қала жұртшылығы үшін
бұл да оп-оңай жүзеге аса салар шаруа емес. Бұл орайда əркім
əрқандай жолмен түрлі іс-əрекет жасауға мəжбүр болып жата-
ды. Оның үстіне, сүндетке отырғызылған балалардың тізімін
бір орталыққа жинап жатқан да ешкім жоқ. Ал, бұл тізімнің
əлеуметтік зерттеу мəселелеріне де тигізер пайдасы аз болмасы
белгілі. Негізі, халқымыздың үрдісі бойынша, ер бала сүндетке
отырғызылған күннен бастап мұсылман қатарына өткен бо-
лып саналады. Ендеше, бұл мəселеге атүсті қарағанша, қала
жұртшылығын əрі-сəрі күйге түсірмей, мешіттің жанындағы
үшінші үй қызметкерлерін талапкерлердің шаңырағына жібе-
ріп, жас бала аяғынан тұрып, шауып кеткенше жауапкер етіп
қойған орынсыз емес сияқты. Əрине, мұндай істердің барлығы
да белгілі бір мөлшерде ақы алу арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі мəселе – мешіттегі мұндай жауапты жұмыстарға тек
діндəр болып қоймай, арнайы мамандықты меңгерген (өзінің
атқарар ісіне орай) жандар орналастырылуы қажет.
Тағы бір үлкен мəселе – жастардың үйлену тойы. Қазіргі
үрдіс қандай? Жас жұбайлар, ең алдымен, некеге тіркелу той-
ын өткізеді. Қызыл-жасылды гүлге оранған жұбайлар Неке са-
райына бір ай бұрын өтініш беріп жүріп, азды-көпті шығынмен
(аз дегеніміз артықтау-ау), қолдарына «Ендігі жерде ерлі-
зайыптысыңдар» деген қатырма қағаз алып шығады. Ортақ
шаңырақтың отын тұтатып, өле-өлгенше бірге тұрып өтсең
де, қолыңдағы əлгіндей қатырма қағазсыз ерлі-зайыпты де-
ген атқа ие бола алмағандықтан да, қазірде қосылмай тұрып,
қағазды əзірлеп алуға машықтанып алғанбыз. Бірақта, біздің
айтпағымыз бұл емес. Екі жастың басын қосқан қатырма қағаз
алу рəсімі біткен соң, ауылдағы той өтеді. Мейлі, ауылда, мейлі
қалада болсын – бəрібір, қайтадан неке қию (мұсылманша)
тойы болады. Жасырып керегі не, жас жұбайлар бұл арада
да шығындалмай қалмайды. Жарайды, үлкен бақыт тойында
ақша есептемей-ақ қояйық. Дегенмен, екі рет неке қидырып
жүріп алғаның жалғыз əйел... бір түрлі ыңғайсыз секілді.
Оның орнына, екі жастың əрі неке қидыруы, əрі қатырма қағаз
алуы бір ғана орында – мешітте жүзеге асса, қабырғасы құлап
қалар дейсіз бе? Алғашында ыңғайсыздау көрінгенмен, түптің
түбінде барлығымыз да үйреніп кетеміз. Көп болса, арақ пен
шарап мешіттен шыққан соң-ақ ішілер... Бұл айтқандарымыз
жер-жердегі Неке сарайын жауып тастау керек деген сөз емес.
«Современный» үйленгісі келгендерге ешқандай да тосқауыл
жоқ. Тек, мешітте де ресми түрде неке қию ісі жүргізіліп жат-
са, ол заңды деп табылса болғаны.
Мешіт жанындағы үшінші үйдің атқарар бір ісі – жас ба-
ланы сүндетке отырғызу жайында жоғарыда айтып кеттік.
Жарық əлемнің қызығын артқа тастап, дүниеден озған жандар-
дың жаназасын шығарып, арулап қою, оның жетісінде, қыр-
қында, жүзінде, жылында қатынасып, құран оқу жəйлері де
сол үй қызметіне жатса, қалалықтарға тигізген үлкен пайдамыз
болмақ.
Иə, оң мен солына байыппен қарап, бүгінгі өміріміздің
күнгейі мен көлеңкелі көріністерін қатар сарапқа салған
адам өз жемісіміз – жастарымыздың мінез-құлық, жүріс-
тұрысын кінəлай кетуге асықпайды. Өйткені, дін төңірегінде
сөзіміз бен ісіміздің қабыспай жататындығы оларға да əсер
етеді. Жоғарыдағы бір сөзімізде наным-сенім жоқ халықтың
болмайтындығын айтқан едік. Сол пікірімізді бір жоққа шы-
ғарса, өзіміз тəрбиелеп, наным-сенімін жоғалтқан жастары-
мыз ғана шығара алады. Сондықтан да, мешіт жұмысын жаңа
бір қырынан ұйымдастыру, оның беделін көтеріп, бүгінгі сан-
салалы тіршілігімізге араластыру – қажет-ақ нəрсе. Дінді заман-
ға бейімдейміз бе, əлде заманымызды дінге бұрамыз ба, ол ара-
сын ашып айту қиын. Білетініміз – діни идеология мемлекеттік
құрылысты, оның басқару аппаратын жоққа шығаруға тырыс-
пайды, қайта сол ел бірлігінің, тыныштығының сақталуына
үлес қосады. Кім қайда жүрсін, қандай қызмет атқарсын – бəрі-
бір, бұл жалғанның қызығы таусылмай тұрмайды. Əңімені ба-
сында айтып кеткен диірмен-өлімге, əйтеуір бір табан тіреуге
мəжбүрміз...
Егеменді ел ретінде, республика жұртшылығының наным-
сеніміне, құрметпен қарап, қолдау көрсету үкімет тарапынан іс
жүзіне асып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
* * *
– Мешітке барсам кіргізер ме екен?..
– Асықпа, қалқам, айтылған əңгімеміз қолдау тауып
жатса, мешітке əлі та-ла-ай барасың...
«Қазақ əдебиеті» газеті, 19 көкек, 1991 жыл
ЖАҚЫП МЫРЗА КІМ БОЛҒАН?
Тарих та – бір үлкен сахна, айқара ашылған перделерінен
гөрі, қымтала жабылғандары не көз ұшында көрінбей қал-
ғандары тым көп. Үлкенді-кішілі əрбір пердені батыл ашып,
арғы бетіндегі «қойылымнан қалған» оқиғалар мен тұйыққа
тірелген тағдырларды халыққа таныстырып отыру – əрбір
зиялы азаматтың борышы. Осындай бір кіші перденің арғы
жағына қазақ халқынан шыққан тұңғыш право магистрі, ірі заң
қызметкері, алаштың ардақты азаматының бірі Жақып мыр-
за Ақбаевтың өмірі мен сол кезеңдегі əлеуметтік жағдайдың
кейбір қырлары «жасырынған» болатын. «Ақталған аза-
маттар жайында жазып, оқырманды таңдандыра алмай-
сың», – деген бір əріптесімнің ақылы аз ғана кібіртіктен-
діргенмен, халқымызға опа бере қоймаған қос бірдей қоғамдық
құрылыста да өзінің басын өлімге байлап, бойындағы барлық
күш-қуатын, зерделеп жинаған шапағаты мол ілім-білімін
туған елі үшін арнап өткен арыстай азамат жайында бар
білгенімізбен оқырман қауымды таныстыра кетуді де пары-
зымыз санадық.
Соңғы жылдарымыздың мақтаныш кітабында қалдыратын
кіп-кішкентай ғана оқиғасының бірі болар – Қазақстанның
Ресейге өз еркімен қосылғаны-қосылмағаны төңірегінде алты
алаштың баласы болып «шу» көтеріп жатырмыз. Бұл – ерте ме,
кеш пе – нақты ақиқатын, соңғы түйінін қажет етер мəселенің
бірі болып əлі де қалып отыр. Кейде біз тарихи деректер
дейміз де, кезінде кейбір жағдайларға байланысты (бірінші –
саяси, екінші – экономикалық) лажсыздан жасалған, іске асуға
мəжбүр еткен, ат төбеліндей аз ғана топтың ақыл-ойымен
жүзеге асқан шараларды тілге тиек етуден жалықпаймыз.
Жарайды, тарихи деректің аты, тарихи дерек делік, дегенмен
қулығы мен сұмдығы көп, қылт еткен қуанышының астын-
да ғасырларға жетерлік қайғысы, жылт еткен жұбанышының
астарында жүз жылдық жамандығы бой көрсетпей, бұғып
жатқан сол бір оңы мен солының, ақ пен қарасының ара-жігін
ажырата алмас тайғанақ тағдырлы қысылтаяң кезеңде əліпті
таяқ деп білмейтін жалпы халықтың, кең даланың құнарлы да
шүйгінді жерлерінен байқап көшіп, талғап қонатын халықтың,
өмір бойы ата-тегі мекен қылған атажұрты мен кіндікжұртын
өзге елдің құзырына өзінің еркімен бере қойған кезі бұрын-
соңды мұра боп қалған, тарихи құжаттардың ешбірінде кез-
десе қоймапты. Қаншама жерден нешетүрлі дəйектер мен дə-
лелдер келтіруге тырысайық, бəрібір – бос сөз. Қара жердің
ғана қайырымын көріп өскен қазақ халқы үшін жер дауы
өзге талас-тартыстың ішіндегі ең ірі мəселесінің бірі болған.
Қарамағында қаймағы бұзылмаған, құнарлы жер-суы болған
жақұт жағалы, жал-жаялы жалқы жұртты қоспағанның өзінде,
еншісіне тиген титімдей жерді тəлтіректей басқан, тайғақ та-
банды тақырлардың өзі қасық қаны қалғанша қорғап өткен.
Ендеше, ғасырымыздың басынан бастап қалыптасып қалған
құрғақ та жалған сөздермен өз-өзімізді шатастырудың реті
жоқ...
Əу бастан-ақ түлкімінез танытқан патшалы Ресейдің мы-
сық-мақсат саясаты қазақ жерінде дүрілдеп жүзеге асқан сай-
ын тұрғылықты қалың бұқараның мойнына ілінген қыл шыл-
быр кең сахарада серілік құрып, еркін өскен елдің тынысын
тарылта түсті. Өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың
басында екі бірдей билеуші тапқа қатар жем болған қара
халықтың ашу-ызасы мен наразылығы орыс пролетриатының
революциялық қозғалысына тұспа-тұс келді. Шындығында,
тұспа-тұс келіп қана қойған жоқ, таудай-таудай толқындары
тулай аққан екі бірдей екпінді өзен бір арнада түйіскен бола-
тын. Осы кезеңдегі халықтың ауыр халі мен ақ патша жүргізіп
отырған құйтырқылы саясаты көкірек-көзді қаншама адамға
ой салып, қиын да жауапты ізденіс жолына түсірді. Дəл осы
тұста қазақ аспанында жан-жағына жарық-нəрін сепкен шағын
ғана шоқжұлдыз жарқырай көрінген болатын. Бұл шоқжұлдыз
Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхаметжан Ты-
нышпаев, Халел мен Жанша Досмұхамбетовтер сияқты халық-
тың абзал перзенттерінің тізбегі еді. Осынау шағын көштің
бел ортасынан Əлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов-
тың сенімді серігі, мақсаттас досы, тұлғалы заң қызметкері
Жақып мырза Ақбаев орын тапты.
Қалыптасып қалған дағдымыз бойынша біз, мейлі кім жай-
ында айтпайық, «Ресей жеріндегі революциялық қозғалыс
көзін ашты» деген тіркесті жиі қолдануға тырысамыз. Мұны,
əрине, жоққа шығарғалы отырған да ешкім жоқ делік. Деген-
мен, осы тұрғыда өрбіген əрбір əңгімеде бір абзал болар еді.
Оны түсініктірек етіп жеткізу үшін «Ресей пролетариаты мен
қазақтың жалаңаш кедейлері арасындағы ара-салмақ қандай
еді?» деген сауалдың айналасында толғанып көрелік. Орыс
пролетариатына сол кезеңде не керек еді? Оларды, əрине,
жұмыстың ауырлығы, алым-салықтың көптігі, еңбекақының
аздығы сияқты негізінен, барша жұртқа тəн келетін қиын-
дықтар толқытты. Олар сол себепті де үкімет билігін өз
қолдарына алып, өздерінің тұрмыс-тіршілігін түзегісі келді.
Сыртқы сипатында ғана өзгешеліктер болмаса, бұл мақсат
барлық халықтың жалаңаштарына тəн болатын тіпті, таптық
айырмашылығымыз жойылды деген догмалық пікірге та-
бан тірегенімізге жетпіс жылдан асқан қазіргі қайта құру за-
манымызда да сол біз айтқан мақсат жетегінде жүргендер
жетерлік секілді. Дүкен сөрелерінде ешнəрсе жоқ, бар болған
күннің өзінде қолы жете қоймайтын, тұрмыс-күйі нашар,
ақысы аз, азабы көп еңбектен жүрегі айнитын халықтың қа-
зіргі халі революцияға дейінгі кезеңдегіден əлдеқайда алда
дегенді айтудың өзі ыңғайсыз. Қоғам дамуының арасындағы
арасалмақты ескеретін болсақ бəлкім, екі замандағы хал-
жай теңесіп те қалар). Ал, қазақ жұртына не керек болды?
Тұрмыс-тіршіліктің қиындауы, жалпы жағдайдың нашарлауы,
еселенген алым-салық жəйі, т.б. мəселелердің бəрі де бір ға-
на – əлеуметтік-экономикалық мақсаттың аясына сыйып кетті.
Осы жайлардың орыс пролетариатымен тізе қостырғанын,
ешбір пенде жоққа шығармаса керекті. Ал, қазақ үшін бұл
бір ғана қайғы болатын. Патшалы Ресей қазақ халқының ба-
сына əлеуметтік-экономикалық ауыртпалықтар əкеліп қана
қоймады, сонымен бірге психологиялық жағынан да үлкен
соққы берген-ді. «Өзге жұртта сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан
болып жүру» құқынан да айырылып қалды. Ұлтарақтай жер
үшін қанға қан, жанға жан алатын елдің өрісі тарылып, жердің
ең шұрайлы мекендеріне келімсек крестьяндар орналаса баста-
ды. Өзінің кіндік қаны тамған туған жерін сырттан келгендер
тартып алып жатса, шындығын айтыңыздаршы, оны кім дос,
тамыр санамақ?! Қолдарынан келер қайран жоқ, амалсыздан
дос атады, тату тұруға тырысты. Қарапайым халқымыздың
ел билеушілеріне ғана емес, патша ағзам басқарған аппаратқа
деген ашу-ызасы, қанында қайнаған наразылығы орыс про-
летариатына қарағанда екі есе көп болғандығын осыдан-ақ
байқауға болады. Осындай қиын-қыстау жағдайдың негізгі бір
орталығына айналған қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы
ауданында туып-өскен (1876 ж. туған) бүгінгі əңгімеміздің
кейіпкері жасынан-ақ өнер-білімге құштар, əділдіктің ақ жібін
кесе аттап өтпейтін болып ер жетеді. Туған халқы басынан
өткеріп отырған үлкен-үлкен ауыртпалықтарды, сол кезеңдегі
саяси əлеуметтік қозғалыстың мəн-мағынасын 1903 жылы
Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын ме-
дальмен тəмамдаған зерделі жас Жақып мырза Ақбаевтың
сезіп білмеуі, түсіне алмауы мүмкін емес те еді. 1905 жылғы
революция да көкірегі ояу, көзі ашық Ақбаевтың халық үшін
күрес жүргізу талабын ұштай түсті. Үлкен мақсат жолын-
да қол ұстаса бірге жүретін пікірлес серіктерін тапты. Қазақ
еңбекшілерінің
саяси-экономикалық
талап-тілектері
бай,
феодал, билерінің патшаға қойған талаптарынан əлдеқайда
кең мағыналы болатын. Еңбекші бұқараның мұң-мұқтажын
жоқтаған алдыңғы қатарлы зиялы қауым өздерінің петицияла-
ры мен көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде алым-салықтың
көбеюіне, билеуші тап өкілдерінің озбырлық іс-əрекеттеріне,
ал негізінен жаппай қоныстандыру саясатына батыл да
ашық қарсылық білдірді. Осындай прогрессивті қозғалысты
ұйымдастырушылардың бірі Жақып мырза болды. Ол уни-
верситет қабырғасында жүрген сəттен бастап-ақ өзінің саяси
көзқарасын қалыптастыра бастаған еді. Патшалық самодержа-
виеге қарсы үгіт-насихат жүргізген түрлі астыртын ұйымдар
мен топтардың іс-əрекетіне араласа жүріп, Ж.Ақбаев өзінің
ой-пікір мен жеке көзқарасын баспасөз беттерінде де жария-
лап жүрді. Осындай публицистикалық мақалаларының бірінде
ол халықтың əлі де ескі тəртіп жолымен жүруін қалайтын
жүгенсіз күштердің əділдік атаулының үнін шығармай келе
жатқандығын айтып:
«Менің бағы жанбаған сорлы халқымның бірге бастан
кешірген жазғы тұрмысын бақылауым салық төлеудің
жаңа, прогресті түрлерін кіргізген жағдайда ғана жеке
бас бостандығына жəне тікелей қаналған қырғыздардың
(қазақтардың – Ə.Ə.) тұрмыс-күйін аз да болса жақсартуға
қызмет еткен болар еді», – деп жазады.
Санкт-Петербург университетін тəмамдаған соң, Жақып
мырза 1905 жылдың күзіне дейін Омбы сот палатасында
жұмыс істеді. Алайда, ол патшалық сот палатасына емес, бұл
кезеңдерінің бəрінде де ел теңдігі, бостандығы үшін қызмет
етті. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы уезіндегі Қоянды
жəрмеңкесінде жазылып, соңына 14,5 мың адам қол қойған
əйгілі петицияны ұйымдастырып, патшаға жолдаған Ақбаев
деген пікір айтылып жүр (қараңыз: «Орталық Қазақстан»
газеті, 1990 жыл, №13 – 15). Бұл, шынында да шындыққа жа-
насатын сияқты. Бұрыннан-ақ қазақ жерін отарлап, халқын
орыстандыру секілді патшалық Ресейдің өктемдік саясатын
əшкерелеп, оған қарсы үгіт-насихат жүргізіп жүрген, сондай-
ақ Əлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтай абзал аза-
маттармен пікірлес дос болып, бір мақсатта күрескен адамның
мұндай ірі оқиғадан қалыс қалуы қисынға келмесе керек-ті.
Кезінде патша өкіметіне үлкен үрей тудырған петицияны заң
тəртібіне түсіріп, нақты да дəл сөздермен түсінікті етіп жазу-
да қазақтың ең алғашқы сауатты да беделді заң қызметкерінің
ой-пікірі, ұсынысының қажет екендігін дəлелдеп жатудың өзі
артықтық ететін секілді. 1905 жылдың 29 қазанындағы Ом-
бы сот палатасының жалпы жиналысының шешімі бойынша
Ақбаевтың жұмыстан кетуі де, кім біледі, бəлкім, осындай оқи-
ғалардан соң жүзеге асқан болар. Мұны: «саяси көзқарасыма
байланысты юстиция органдарынан жұмыстан шығарылдым»
деп «Степной край» газетінде оның өзі де жазған болатын (1905 ж.,
9 қараша, №235). Əрине, біз бұл жерде Ж.Ақбаевтың өзге де
революциялық толқуларға, демонстрациялар мен митингілерге
қатысқандығын ұмытып отырғанымыз жоқ. Мəселен, ол 1905
жылдың 17 қазанында шыққан патша манифесінің хабарла-
нуына орай 19 – 20 қазан күндері Омбыда өткен демонстрация-
ға қатысып, сөз сөйлеген болатын. Қара халықтың казактар-
мен қақтығыста бекер қырылып қалатындығын түсінгендіктен
де, бұл жердегі оның сөзінде бейбіт демонстрацияға шығуға
шақырған пікірі басымдау болды. Сондықтан да, тек осы ми-
тингіде сөз сөйлегені үшін ғана оны аяқ астынан Омбы сот
палатасындағы қызметінен қуылды дегеніміз негізсіз сияқты.
Дəрежелі қызметтен қудалануы Жақып мырзаны алған бетінен
қайтара алмады, ол өзінің ұстанған мақсатына жету жолында
қайсыбір қиындық болса да, көріп алуға бел буған болатын.
Белгілі бір аралықта берілген баспасөз бостандығын пайдала-
нып, патша үкіметінің отаршылдық саясатын, басқару аппа-
ратын өткір сынға алған мақалалар жазды. Сондай-ақ туған
халқы арасында үкіметке қарсы үгіт-насихат жұмыстарын
үзбей жүргізіп отырды. Қарапайым халықтың арқасында күн
көріп келе жатқан үстем тап өкілдерін сынай келе: «Азамат-
тар! Мұндай жағдай тек Қарақарлы уезінде ғана орын алып
отырған жоқ, онан асып түсетін де уездердің бар екендігіне
айғақ бола аламын», – деп жазды «Қарқаралыдан хат» атты
мақаласында («Степной край» газеті, 15 желтоқсан, 1905 жыл).
Қазақ еңбекшілерін тонап-қанаудағы уез əкімшілігінің қазақ
бай-болыстармен арадағы өзара байланысы мен өзара бағы-
ныштылығын, бірге жүргізіп отырған іс-əрекеттерін түсіндіре
біледі. Отаршылдық жүйенің реакциялық сипатын қанық
түсінген ол бар күшін «саяси бостандық» сөзінің мəн-мағы-
насын еңбекшілерге ұғындыруға жұмсайды. Бұл орайда
Жақып мырза баспасөз беттерін ғана пайдаланып қоймай, со-
нымен бірге, елдегі саяси жағдайды түсіндіруде, көпшілік ара-
сына барып, ауызекі үгіт жұмыстарымен айналысуды да ұмыт
қалдырмайды.
1905 жылғы 15 қарашада Қарқаралы қаласында патша мани-
фесімен танысуға арналған үлкен демонстрация өтеді. Ж.Ақ-
баев осы демонстрацияны ұйымдастырушылардың белді бірі
болып, патша манифесін қазақ тіліне аударып берді. Митингіге
тек қана қазақтар емес, татарлар мен орыстар да қатысқан бо-
латын. Жергілікті уез бастығының генерал-губернаторға жаз-
ғанындай, бұл демонстрацияға қатысушылар «Полиция жой-
ылсын!», «Крестьян басшылары жойылсын!» деген талап-
тілектермен қала көшелерінде кеш түскенше жүрді (Қазақ
ССР Орталық Мемлекеттік архиві, 64-қор, І-тіркеме, 1144-
іс). Омбы қаласында өткен демонстрациядағыдай емес, бұл
жолы Жақып мырза нақты да батыл сөйлеп, патша манифесін-
де айтылған бостандықты халықтың өзі іске асыруы қажеттігін
айтады. Демонстрацияны ұйымдастырушылар (ішінде, əрине,
Ақбаев та бар) осы митингіге қатысушылар атынан Минис-
трлер Советі төрағасына Витте-телеграмма жолдайды (бұл да
сонда). Онда олар патша үкіметінен саяси бостандықты жүзеге
асырып, жексұрын чиновниктерді алып кетуді талап етеді. Бұл
телеграммаға жауап ретінде Ішкі істер министрлігі Семей гу-
бернаторына ешбір талапқа бағынбау керектігін айтып хабар-
лайды. Осының өзі халыққа патша манифесінің тек қана алдау,
көзбояушылық екендігін ұғындырды.
Ел арасында, баспасөз беттерінде халықтың сана-сезімін
ояту мақсатында жиі бой көрсете бастаған Ж.Ақбаевқа да патша
өкіметінің құрығы жетпей қоймады. Патшаға қарсы көтеріліс
ұйымдастырушы ретінде өтірік-шыны аралас бірнеше жала
жабылып, 1906 жылдың тамызында Омбы сот палатасының
көшпелі сессиясында оның ісі қаралады. Алайда, юридикалық
білімі мол Жақып мырза өзіне тағылған əрбір айыпқа орнықты
да нақты дəлелдермен жауап беріп, сот палатасының мүшелерін
амалсыздан өзін ақтауға мəжбүр етеді. Патша əкімдерін
қоқан-лоққысы оның күресін үдетпесе, қажыта алмайды. 1907
жылдың маусымында Қоянды жəрмеңкесінде Жақып мырза
келімсектерге жер бөлу комиссиясына Мемлекеттік Думаның
рұқсатынсыз бір қарыс та жер бермейтіндіктерін, бұл жолда,
өлу қажет болса да, барыншы қарсыласатындықтарын айтады.
Қырағы көзді патшалық үкімет бұл жолы да мүлт жібермеді.
Патша үкіметі мен Уақытша үкімет кезінде қудаланып
қана қоймай, Жақып мырза Кеңес өкіметі орнаған соң да
түрлі жаланың құрбаны болды. 1919 жылы Кеңес өкіметін
жақтағаны үшін колчактық əскери дала соты оған ату жазасы-
на үкім шығарады. Алайда, дала сотының бұл үкімі не себеп,
болғаны нақты белгісіз, əйтеуір күшіне енбей қалады. Кейіні-
рек, ақ гвардияшылар талқандалып, Кеңес үкіметі толық билік-
ке ие болғанда Ж.Ақбаев мемлекеттік деңгейдегі түрлі жауап-
ты қызметтерде жұмыс істейді. Мəселен, 1919-27 жылдар
аралығында Семей губревкомының құрамында заң бөлімін бас-
қарса, 1927-28 жылдары Сырдария округтік адвокаттар кол-
легиясының мүшесі болады. Қуғын-сүргінді күндердің бəрі де
артта қалғандай болып, халқы үшін енді ғана бар күш-жігерін
жұмсап, еңбек ете бастағанда, ел ішін өрттей жайлаған репрес-
сия науқанының жалынына күйді. 1929 жылы жалған айып-
тар тағы да жағадан алып, Воронежге жер аударылады. Алай-
да, 1934 жылы ауруының асқынып, еңбекке жарамсыз болып
қалуына байланысты түрмеден босатылады. Алаштың асыл
азаматы Алматыға оралған сол жылы əділдік таппаған күйде
науқастың салдарынан көз жұмды. Тек соңынан ғана, жекебас-
қа табынушылық айыпталып жатқан кезеңде, 1958 жылдың
28 ақпанында Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Қылмыстық
істер жөніндегі сот коллегиясы оны толық ақтап шықты.
Жақып мырзаның революциялық еңбегі жөнінде жазылған
еңбектер қазірде бірен-саран ғана болып отыр. Ең алғаш ол
туралы Б.Сүлейменов пікір білдірсе, онан кейін Ақбаевтың
қызы, доцент, марқұм А.Жақыпова мен Ғ.Сапарғалиев (қазіргі
Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті)
бірлесе отырып, адал азамат жайында зерттеу еңбектерін
жазды. Былтырғы жылы «Орталық Қазақстан» газетінде та-
рих ғылымдарының кандидаты Рамазан Сағымбеков көлемді
мақала жариялады. Ж.Ақбаевтың аты-жөні, өмірбаяны 1989
жылы шыққан Қазақ ССР-інің қысқаша энциклопедиясында,
1990 жылы шыққан «Қарағанды жəне Қарағанды облысы» де-
ген энциклопедиядан орын алған. Қазірге осы болып тұр.
Ж.Ақбаев қазақтың əдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде семья-не-
ке правосын зерттеп, баспасөз бетінде көптеген публицистика-
лық материалдар жариялады. Бұл орайда оның Орыс геогра-
фиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында 1907
жылы жарық көрген «Қазақтардың қатардағы правосы, оның
ішінде семьялық-неке правосы» деп аталатын еңбегін де айта
кеткен жөн. Оның бұдан басқа да əдет-ғұрып, салт-дəстүр жай-
ында жазған еңбектері баршылық. Осылардың бəрін жинақтап,
жеке кітап етіп шығару кезек күтпес игі істің бірі болар еді.
Өмірінің соңына дейін өзінің туған халқы, ата-мекені үшін
жан аямай күресіп өткен қоғам қайраткері, үлкен публицист,
ұлтымыздан шыққан тұңғыш право магистрі Жақып мыр-
за Ақбаевты мəңгілікке еске қалдыру – кейінгі ұрпақтың па-
рызы.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 2 тамыз, 1991 жыл
ТАЛАЙ СЫРДЫ ІШКЕ БҮККЕН ҚАРА ТАС
Жетпіс жыл бойына жат жетекке ерген тарихымыздың
доңғалағы өз жолын тапқалы бері де, шүкір, аз жұмыстар
жасалып жатқан жоқ. Ұлы даланың шаң астында қалған
ұланғайыр тарихы ептеп болса да ел назарына ұсынылуда.
Еліміздің үлкенді-кішілі барлық баспасөз орындары бұл
орайда, əрқашандағыдай, алдыңғы лектен көрініп келеді.
Өткен тарихымызды қайта тірілту мəселесімен бүгінде
тек зерттеуші-тарихшыларымыз ғана емес, сондай-ақ əр-
түрлі саланың мамандыр да, жекелеген адамдар да қы-
зыға айналысып отыр. Таяуда Торғай облысы тұрғын-
дарының сұрауы, сондай-ақ, Жанкелді ауданының əкімі
Жақан ҚОСАБАЕВТЫҢ жеке өтініші бойынша Қазақ-
стан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Тілеуберді
БИНАШЕВ Абылай хан мен Шақшақ Жəнібектің мүсін-
дерін жасап шықты. Осыған орай газет тілшісінің мүсін-
ші жайлы, жалпы, өнер... өмір жайлы ой-толғауын назар-
ларыңызға ұсынамыз.
Қазағымның кең даласында үлкенді-кішілі тау-тас де-
геніңіз жетіп артылатын шығар. Олар не көрмеді дейсің?
Сон-а-ау, ел басына күн туған небір алмағайып заманда
ерлеріміздің қан-жоса болып төгілген қызыл қаны мен ару-
ларымыздың қара көзінен тамған ыстық жасынан қалған
қыр басындағы белгі де, тарих соқпағында сан тарапқа ат
сабылтқан халқымыздың тағдыр, тіршілігінің куəгері де –
солар. Əттең-ай, десеңші!.. Тілсіз қара тас не айтып жары-
тар! Менің ойыма мүсінші Тілеуберді Бинашевтің əңгімесі
оралды. Жə... бəрін де басынан бастайыншы.
Тілеуберді БИНАШЕВ. Талайларға таныс есім. Оның өзіне
де, өмір жолына да сырттай қанық болатынмын. Оңтүстік Қа-
зақстанның Арыс ауданында Байырқұм атты елді мекен бар.
Шаруашылығы шалқып, тасы өрге домалап, өзге өңірге аты
əйгілі бола қоймағанымен, қазақтың талай қараторысын туып-
өсіріп жатқан қарапайым ғана кəдімгі ауыл. Осында «Мелдеш-
тің қыстауы», «Мелдештің қорасы», «Мелдеш құдық» деген
жерлер бар. Тілеуберді, міне, дəл осы ортада оң-солын танып
өсті. Мелдеш – оның əкесінің аты. Кішкенеден қой соңын кү-
зетіп, жападан-жалғыз табиғатпен тілдесе өскен баланың сыр-
шыл да сезімтал болып келетіні белгілі. Ол да солай болды.
Табиғатқа деген ынтықтық пен одан сыр түюге ұмтылу, ақыры,
өнер деп аталатын үлкен жолдың бастауына айналды.
Шынында да, мəн бере қараған адамға табиғаттың өзі – тұнып
тұрған өнер. Сенбесеңіз, кең далаға, айналадағы тау-тасқа
зер сала көз тігіңізші. Бүктүсе, қайғырып отырған адамның
кескінін де, шұбатылған көштің суретін де, жаралы жолбарыс,
ауырған арыстанның сұлап жатқан бейнесін де сезімтал жүрек,
көреген көзіңіз болса, қиналмай-ақ тауып аласыз. Ал, олардың
ішінде еліміздің өткен-кеткеніне байланысты аңыз-əңгімеге
айналып кеткендері қаншама! Балаң көңілі көк тіреген арман-
шыл адамға осы табиғаттың өзі – үлкен ұстаз.
Сөзді тудыратын сөз ғой, ұстаз ретінде өзімен бірге басы-
қасында жүріп, тəжірибе бөлісе қойғаны жоқ. Шəкіртсіз ұс-
таздың тұл екендігі əмбеге аян-ау, сонда ұстазсыз шəкірттің
болғандығы ма?.. Кімнің қалай ойлайтындығын қайдам, олай
да болады екен! Оған дəлел іздеп əуреге түсудің қажеті де жоқ.
Өйткені, бүкіл адамзат атаулыға ортақ ұлы ұстаз бар. Ол – жер
жаһандағы тіршілік тізгінін қолына ұстаған табиғат, яғни құ-
дай. Қазақ айтпақшы, «құдайдың берген өнері» əрқашан да
өлмейді. Осылай деп батыл айтуымызға негіз де жоқ емес. Əйт-
песе, кеше ғана қой соңында жүрген, əлі ешбір арнаулы оқу-
шоқуды көре қоймаған жап-жас Тілеуберді қазақ халқының
ұлы перзентінің бірі, күш атасы Қажымұқанның мүсінін талай
ел тамсанатындай етіп қалай жасады дейсің. Онжылдық мек-
тепті тəмамдап, Алматыдағы көркемсурет училищесіне енді
ғана бас сұққан ол, сөйтіп, əйгілі Қажымұқанның мүсінін тұң-
ғыш рет сомдаған адам болып шыға келді. Ол мүсіні қазір-
де көпшілікке мəлім – Темірлан селосындағы Қажымұқан му-
зейінде тұр. Негізі, талантты жасты тани білудің өзі де өнер. Сол
кездегі аудан басшысы Рашид Нұғымановтың есімін Тілеубер-
ді өле-өлгенше ұмытпайтын шығар. Қажымұқанның аталмыш
мүсінін жасауға түрткі болып, қол ұшын берген көреген кісіні
ол қалай есінен шығарсын. Атағы əлемге мəшһүр болған күш
иесінің мүсінін жасай алатындығына сеніп, күнделікті күйбең
тірліктен босаттырып, материалдық жағынан көмек көрсеткен
аудан басшысынікі де, өрімдей Тілеубердінікі де ерлік деуге
болады. Мұнан кейін адамға оң тəрбие берудің бір тəсілі – се-
нім дегенге сенбей көріңіз.
Сөйтіп, үлкен өнердегі Тілеубердінің тұсауын кескен,
болашағына сеніммен қарап, батасын берген Рашид Нұғыма-
нов болып қала берді. Ол мұнан кейін де, көркемсурет учи-
лищесін бітірген соң да, өзінің алғашқы биігінен бір сəт төмен-
деген жоқ. Саусағынан бал тамызған мүсінші қолынан шыққан
Əл-Фарабидің, Абай, Ыбырай, Шоқандардың, жыр алыбы
Жамбыл мен сыршыл суреткер Мұхтардың, тағы да басқа
өнер, мəдениет саласында тер төккен ғұламаларымыздың жан-
сыз бейнелері оның табиғи, дарынды талант иесі екендігін
көрсетті. Аталған мүсіндерді Орталық Өнер музейінен бастап,
Мұхтардың, Ыбырайдың музей-үйлері, халыққа білім беру ми-
нистрлігі, сондай-ақ түрлі жергілікті жерлер қолға тигізбей
алды да кетті. Тіпті, Түркия, Алмания секілді шет елдік мемле-
кеттерге сатылған еңбектері де аз емес.
* * *
Тілеуберді БИНАШЕВ. Талайларға таныс есім. Маған
да. Оның атын біреулердің қызыға, біреулердің қызғана
атап жүргендігіне де талай рет куə болғам. Алайда, осы бір қарапайым қазақпен араласып, достасып кетем деп ойламаған едім. Бəріне себепкер болған – жақсылық пен жамандықтың аражігін ашам деп, ақ тер-көк тер болып сабылып жүретін өзіміздің Сайлау Пернебай (фототілшіміз). – Мен сені қазақтың талантты бір жігітімен таныстырайын, – деп, дедектетіп жетектеді де кетті. Жолға бір, маған екі қарап қойып, əңгімесін соғып келеді. – Таяуда ғана Абылай мен Шақшақ Жəнібектің мүсінін жасап бітірді. Бүгін кешіксек, Арқалыққа əкетіп қалайын деп отыр, көре алмай қаласың. – Сəке, – деймін мен уақыттың тапшылығын сездіріп, – оның шеберханасы қай жерде еді, көлік ұстайық та... – Өй! – Сəкең басына қисайта артқа серпіп, ернін қымқырды. Бір нəрсеге риза болмағандағы əдеті осы – Қайдағы шеберхана! Бəрін үйінде, аядай бөлмеде жасайды... Жұматай Жақыпбаевтың да мүсінін айнытпай келтірді. Оны өткенде ғана Кеңсайдағы қабірінің басына орнатты. Анау-мынау жұмыстарға көңілі тола бермейтін марқұм Асекеңнің өзі (Асқар Сүлейменовті айтып тұр) Жұматайдың мүсінін көргенде риза болып. «Міне, мынау дұрыс! Ескерткішке тартқан жараспайды. Ол үнемі ойға шомып тұруы керек» деген екен. Сəкең Тілеубердінің үйіне жеткенше басын шайқаумен болды. * * * Өмір деген – бір жұмбақ. Оның бүкіл құпиясын білемін деудің өзі – ақылға сыя қоймас мəселе. Өйткені, табиғаттың таңғажайыптары мен құпия сыры ешуақытта да таусылмақ емес. Талай заманнан бері адамзат баласын табындырып келген оның сырын ұғуға бір адам тұрмақ, бүкіл бір ұрпақтың, тіпті тұтас бір дəуірдің ғұмыры жете қояр ма екен? Бесіндегі көлеңкедей шұбатылып, ӨМІР атты алыптың артында ӨЛІМ атты қою қараңғылықтың келе жатқандығын тірі жан иесі мойындайды. (Ол, бəлкім, біздер, тірілер үшін ғана қараңғылық болар). Сол жарық пен қараңғылықтың ортасында, екі жаққа
бірдей көз салып тұратын бір зат бар. Ол – бұ дүниеден баз
кешкен жандардың ескерткіші (мүсіні). Ендеше айтып отырған
жарығымыз бен қараңғылығымыздың арасында арпалысып
жүрген мүсіншілерді кім демекпіз?! Олар тек ескерткіш қойып
жүргендер емес, жанталаса жүгірген құмырсқа-тірліктегі мына
біздерге ескерту жасап келе жатқан жандар! Тірі пенденің
мүсінші талантына бас иетіндігінің бір сырын, бəлкім, осыдан
да іздеу керек шығар...
* * *
Тілеуберді БИНАШЕВ. Талайларға таныс адам. Біреу
ұнатып, біреу ұнатпас. Пенде емеспіз бе. Толықтау келген
десең де, жуандау келген десең де, жуандау келген десең де,
жұмырлау келген десең де жараса беретін сияқты (əркім өз
тұрғысынан айтады емес пе). Əйтеуір, мен секілді қатқан қара
емес. Салыңқы қабағына қою мұртын əдейі іздеп тапқандай.
Азды-көпті кездесетін күйкі тірліктің күйінішінен туған маң-
дай сызаттарын да орынсыздыққа жатқыза алмайсың. Бір қа-
раған адамға ішімдегіні тап дегеннің нағыз өзі.
– Түсінгісі келген жанға табиғаттың өзі сөйлеп тұр ғой, шір-
кін. Біздікі тек соны таңдап тауып, өңдеп, жалпақ елге жағымды
да ұғымды етіп жасап беру, – дейді сөз арасында кішіпейілділік
танытып. Неге екенін қайдам, жеке отырып жұмыс істейтін
шеберханасының жоқтығын, қажетті материалдардың табы-
ла бермейтіндігін, көпшілік мүсіншіге ортақ тағы да басқа
шешімін күткен мəселелерді əңгімелеп, кейбіреулер сияқты
жылай кеткен жоқ. Қоғамымыздың қазіргі кезеңінде мұндай
«ұсақ-түйек» мəселелердің шешіле қоймайтындығын ескерді
ме, əлді өзінің кебін киіп жүрген журналист ағайындарының
«мə» деп ұстата салар шамасы жоқтығын ойлады ма, жоқ əлде
газет сөзін белден басып жүре берер саңырау орындардың көп-
тігі көңілін басты ма, əйтеуір, бұл төңіректе лəм-мим деп ауыз
ашпады. Қазірде не көп – проблема көп, о жайында біздің де
сөз қозғауға зауқымыз соқпаған.
* * *
Өнер. Бұл жайында не айтуға болады? Қарап тұрсақ өнер
төңірегіндегі орынды сөздердің бəрі айтылып қойған сияқты.
Мен тек ойда жүрген бір қыры туралы аз-маз ой қозғасам
деймін.
Өнер нағыз еркіндікте ғана дамиды. Кеңес дəуіріндегі
идеологиялық саясатқа байлап берген өнеріміздің қазіргі
нəтижесі бəрімізге де белгілі. Күні кеше омақаса жер сүзген
Ф.Дзержинскийдің ескерткіші бұ дүниедегі көрер «жарығы»
екінші рет таусылып отырған басқа да ескерткіш-мүсіндер
ешкімді бей-жай қалдырмаса керек. Қаншама еңбек, қаншама
шығын уақыт желіне жем болды» Тəйір-ай, кеткен шығын
мен жекелеген еңбекті сөз етпей-ақ қояйықшы. Ит пен құс-
тың мүсінін жасауға душар еткен жетпіс жылдан астамғы,
қайран, уақытты қайтеміз! Өнерге сол кезден бастап еркіндік
берілгенде қазақ мүсіншілері Маркс, Энгельс, Ленин жəне
оның зайыбының түр-бейнесін емес, өз халқымыздың ішінен
шыққан ірі тұлғаларды сомдаған болар еді. Бұл күндері, кім
білген, астанамыздағы орталық алаңда еңсесін көтере, сон-а-
ау асқар Алатаудың заңғар ұшына көз тігіп отырған Абылай
ханның ескерткіші тұрар ма еді...
Қайтеміз... ірі мафияның күшімен тарих доңғалағы сағым-
соқпаққа түсіп кетті, алдағы уақытта кіріссек те кеш емес деп,
өз-өзімізді жұбатармыз. Қазақ өнері ұлттық пəрмен байи түсер
деп болашаққа сенім артамыз да.
* * *
Тілеуберді БИНАШЕВ. Сан адамның ойын сан-саққа жүгір-
тіп жүрген жан. Дұрыс не бұрыс ойлау, əрине, əр адамның өзіне
байланысты. Менің де ойымды онға бөлген шығар. Қай ойдың
жетегіне жармасарымды білмей, Абылай хан мен Шақшақ
Жəнібектің мүсіндеріне қарап дағдарып қалдым.
– Ауқатқа келіңіздер.
Тілеубердінің зайыбы – Нұржамалдың жағымды дауысы
жанарымды өзіне аудартып, ойымды бөлді. Бəріміз дастарқан
басына жайғастық. Келесі бөлмеден бір-бірімен шамалас екі
қыз бала келді.
– Мынау – Əлфия, мынау – Гүлфия. Біреуі төртінші, бі-
реуі бірінші класта. Маған тартқан ба, екеуі де сурет салуға
құмар. Осы бетінен қайтпаса, сурет өнерінің соңына түсуге
бейімдейтін шығармын.
Тілеуберді бұл сөздерді үлкен ризашылықпен айтты. «Өнер-
дің болашағы, міне, осылардың қолында ғой. Осылар біз секіл-
ді адаспаса екен» деген сөз көмейден шықпай қалса да, көкейден
орын тауып үлгерді.
Сəкең «Ана жылы анау...», «мына жылы мынау...» деп əңгіме
легін ағытып отыр. Менің ойымнан бір ғана нəрсе шығар емес.
«Тілеуберді жайында қалай жазсам екен?»
Шынында да, өзің айналыспайтын сала жайында жарытып
не жазуға болады?!
* * *
Үңгіртас, Тесіктас, Келіншектау, Түйешөккен... қа-
зақ даласында не көп тау-тасқа байланысты ат көп, хал-
қымыздың бүкіл тарихын құшағына қысып, қымтана
бүркеніп жатқан қара тас көп. Кезі келгенде оларға да
тіл бітер. Ол үшін, əрине, о жалған мен бұ жалғанның
арасындағы нəзік көпірдей көрінетін елеусіз ғана дəнекер –
мүсіншілер керек-ақ.
Иə, бүкіл тарихымызды көз алдымызға елестету үшін
қазаққа қанша жыл, қанша Тілеуберді қажет екен?!.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 28 тамыз, 1992 жыл
АЗАМАТ
Он сегіз жасында заманынан оздыра ой айтқан саяси
қуғын-сүргіннің құрбаны, əйгілі актер Қасым Жəкібаевтың
ұлы Азамат Қасымұлы ЖƏКІБАЕВ туралы бір үзік сыр.
Ол өзіне-өзі сыймады... 1978 жылдың қаңтары. Заман ты-
ныш, ел тыныш. Өмір ағыны өзінің ырғақты қалпын бұзбай
ағып жатыр. Ашусыз қыс Алматыны ақ көрпесімен тұмшалап
тастаған. Азаматқа Алматы, Алматы ғана емес, бүкіл дүние
əрең демалып жатқандай көрінді. Көзіне аяқ-қолы буылған
бесіктегі нəресте елестеп кетті. «Ол күнəсіз періште ғой, не-
ге байлап тастаған? Ең болмаса, неге жыламайды?!». Оның
көңілінде сұрақтар легі тізбектеле берді. Ешбірінің жауабы
жоқ. Олардың жауабын қайдан табуға болады?..
Көше бойлап жүріп күнұзақ ой құшағына батқан Азамат
ызғарлы суықтан денесі тоңазыды ма, əлде сұрықсыз да көңілсіз
тас үйлер жерітті ме, адымдай басып, үйіне жетуге асықты.
Түс мезгілі болып қалса да, үйде ешкім жоқ екен. Аққұ-
мандағы суық шəйден бір-екі жұтып, үстел үстіндегі қолына
іліккен газеттің бірін алды да іргедегі диван-кереуетке жан-
тая кетті. Өзіне кішкене алданыш іздегендей газет беті-
не үңілді. Шағын мақаланың соңғы жағындағы «Коммунистік
идеялардан нəр алған ол барлық күш-жігерін төгіп, аянбай
еңбек етіп келеді» деген жолдарды оқып мырс етті. Кеудесіндегі
белгісіз ыза қайта бой көтергендей. «Жалған! Бəрі жалған.
Кімді алдап жүрміз?». Қолындағы газетін бір бүктеп, немкетті
тастай салды. Қос қолын желкесінің астына салып, шалқасы-
нан жатып ұзақ ойға кетті.
Неге екені белгісіз, көз алдына Иннаның бейнесі келе қал-
ды. Өзі сондай сүйкімді. Назды күлкісі жүрегін қытықтайтын.
Қазір қайда жүр екен? Осыдан екі жыл бұрын, соңғы көргенінде,
мүсінделіп бойжетіп қалған еді. Сол жолы қойын дəптеріне
«Инна Володаровская» деп, аты-жөнін жазып қойып, оқта-тек-
те қарап жүретінді шығарған-ды. Бүгін ол ойына қайдан түсе
кетті? «Ол да мен сияқты жалғыз ба екен? Əлде...» Бесінші,
алтыншы сыныпта Иннамен бірге оқыды. Қатты ұнататын.
«Əттең, – деді ішінен Азамат, – ол мен сияқты ойламайды-
ау!..».
Азамат ерте есейді. «Ерте есейген бала өмірден көп опық
жейді» деген сөз рас болғандай. Еңбек дəмін татып үлгерген
он сегіздегі бала өзін ержетіп толысқан жігіт санады. Өткені
ойға оралған. Сегізді бітірген соң, нашар оқушы ретінде мек-
теппен қоштасты. Еш жер жұмысқа алмады. Жапанда жалғыз
қалғандай күй кешті. Шешесі Нұртай болмағанда, не істерін
білмеген де болар ма еді. Соның арқасында қаладағы № 4 кеш-
кі жұмысшы-жастар орта мектебін жақсы бағалармен оқып
бітірді. Достық ілтипат қоршаған орта қызықты болды. Соның
да əсері болар сабақтарына тыңғылықты даярланып, оқымаған
кітабы қалмады. Көп оқыған адам көп ойланады. Азамат та
талай ойлардың құшағына берілген. Мына өмірге таңырқаған
да жиіркенген, кең дүниені ұнатқан да жек көрген кездері аз
болған жоқ.
Ол кең дүниеге сыймады... Кейбіреулерге деген жеккөрі-
нішті сезім ұлғая түсті. Тіпті, айналаның бəрі жалған көлгір-
сумен өмір сүріп жатқандай. Бəрі де рөлде ойнап жүр, бəрі –
өтірік. Жалған!
Шындықты қайдан табуға болады? Шындық жоқ! Оны ешкім
мойындамайды... Көшеге қарашы, сана-сезімі өте төмен адам-
дардан аяқ алып жүре алмайсың. Ішкен-жегеніне мəз, ештеңе
ойлағысы да келмейді. Бірақ, жүргенде-тұрғанда кеудесіне нан
піседі, көкіректері қара қазандай. Қайта. Былтырлары бір жыл-
дай осындағы үшінші қоғамдық тамақтандыру комбинатын-
да жұмыс істеген кезінде көңіл-күйі көтеріңкілеу болатын Азамат-
тың. Еңбек көрігін қыздырып жүрген нағыз кітап кейіпкерін-
дей өз-өзіне риза еді. Жаны таза жігіт жақсылық жасауға құмар-
тып тұратын. Бəрі де өтті. Олар да алдамшы екен...
Азамат орнынан тұрып, бөлме ішінде ерсілі-қарсылы жүре
біраз ойланды. Пердесі ашық тұрған терезе алдына барып сырт-
қа көз тастады. Кино сияқты. Қап-қара болған арам ойды əппақ
сырмен күштеп сырлағандай. Ең болмаса, аққа қара жағып
емес, қараға ақ жағып алдайтынын қайтерсің. Бұлай бола беруі
мүмкін емес. Азамат терезеден, жо-жоқ сыртқы жалғандықты
іштен бөліп тұрған экраннан шегініп кетті.
Ұйқыны қашырып, түнде де ой маза бермеді. Ақыры, жаз-
басам болмас деп шешті. Дəптерден он үш парақ жыртып алды
да, ерінбей-жалықпай бəріне былай деп жазып шықты. 1. «Социализм жойылсын! Жасасын ерікті капитализм!
Коммунистердің ешбір сөзіне сенбеңіз, олар мəңгіге жой-
ылсын!».
* * *
2. «Социализм жойылсын!
Ерікті капитализм жасасын!
Мен өз өмір жолымды таңдап алдым, сіздерге де жол
болсын! Коммунистердің ешбір сөзіне сенбеңіз. Олар
оңбағандар мен екіжүзділер! Мағыналы ерікті қоғам – капи-
тализм үшін күресіңдер! Коммунизм қоғамын тұрғызамыз
деген КСРО-да маскүнемдік, азғындық көбейді, коммунис-
тер жойылсын!».
* * *
3. «Сіздер ерікті капитализм туралы өтірікті оқымас
үшін почта жəшіктері өртелді.
Егер жұмысқа шықсаңыздар ертең есіктеріңіз өртеніп,
өздеріңіз өлім-жітімді боласыз!
КСРО жойылсын, жасасын Америка!».
* * * 4. «Сіздер ерікті капитализм туралы коммунистер жазған
өтірікті оқымас үшін почта жəшіктерін өртедім. Жұмысқа
шықсаңыздар есіктеріңіз өртеніп, өздеріңіз өлесіздер!
Кеңес Одағы жойылсын! Жасасын Америка жəне ерікті
капитализм!».
Əспеттеп, əдемілеп жазуға тырысқан жоқ. Тек, айтар ойы-
ның анық, түсінікті болғанын қалады. Қайта-қайта көшіремін
деп қолы əбден талып қалыпты. Біріне-бірін ысқылап, уқа-
лап, кішкене жандандырғандай болды. «Əзірге осы да же-
тер. Қалғанын кейін көрермін». Ауыр жүктен бір жеңілдеп
қалғандай, екі иығын қомдап-қомдап алды да, түн жарымында
төсегіне барып қисайды.
Таңертең тұрып, алдымен, асықпай шəй-пəй ішті. Сағат
ондар шамасында түнде жазған қағаздарының бəрін алып,
бірінші ықшам аудандағы үйлерді жағалап шықты. Ала шық-
қан қағаздарын біреулеп үйлердің почта жəйшіктеріне сал-
ды. «Адамдардың алмауы, оқымауы мүмкін емес. Тезірек
көзімді құртайын». Азамат бұлай ойлағанмен, қашқан жоқ.
Алысырақтан жүріп, сырттай бақылау жасады. Арада бір күн,
екі күн... өтті. Іс-əрекетінен ешбір қимыл-нəтиже болмаған
соң, сəл-пəл басқашалау жасауға көшті.
Үйдегі бұрынғы дəптерлерін ақтарып көріп еді, қолына хи-
мия пəніне арналған арба жол дəптері ілінді. Соңғы жағында
жазылмаған таза беттері бар екен, төрт парағын жыртып
алып, тағы да үнпарақ жазып шықты. Бірнеше ескі газетті үн-
парақтармен бірге қоңыр папкасына салып алды да, сыртқа
беттеді. Не істерін ойлап, кеш бойы автобуспен сенделіп, əрлі-
берлі жүріп алды. Қайтсе де, бұл жолы адамдардың назарын
аударатындай етіп жасауға тырысты.
Азамат көп оқып-білген сайын Кеңес Одағындағы қоғам-
дық құрылысқа деген наразылығы күшейе түскен болатын.
Оған қарсы қалай күрес жүргізерін білмей дал болды. Көшеге,
алаңға айғайлап шығып ешкімді ілестіре алмасын білді. Оның
үстіне, көкейіндегі сөздерін түгел айтқызбай жатып-ақ қамап
тастарын сезді. Көше тыныштығын бұзған тəртіп бұзушы
ретінде емес, өзіндік салиқалы ой-пікір, жеке көзқарасы бар
сауатты жан ретінде күрескенді дұрыс санады. Шетелге өтіп
кетудің басқалай жолдары жоқ. Алдымен, саяси айыпкер ре-
тінде танылып, содан соң шетелден саяси баспана табудың
қисыны келетіндей көрінді.
Осыдан екі күн бұрын, 23 қаңтарда кештетіп əл-Фараби
даңғылына таман, Весновка көшесінің бойында тұратын ағасы
Баяндының үйіне барған-ды. Өзі ептеп қызып алған. Ағасының
көңілін аудару үшін əдейі солай жасады ма, ол жағы есінде жоқ.
Есінде қалғаны – өзінің үнпарақ таратып жүргенін айтқаны.
Тіпті, аздап өтірік қосыңқырап жіберген.
– Кеңестік қоғамға қарсы листовкалар таратып жүрмін. Ан-
тисоветтік ұйыммен байланысым бар.
– Бұл жайында Қауіпсіздік комитетіне хабарлау керек. Сен
бүгін осында қал, – деді Баянды.
– Жоқ, онда бармас бұрын, алдымен ата-анама ескертуім
керек.
Азамат ағасына осылай дегенмен, əке-шешесіне тіс жарып
ештеңе деген емес.
Сағат тілі түнгі он бірден асқанда Абай-Правда даңғыл-
дарының қиылысындағы бір үйдің почта жəшіктеріне алып
шыққан газеттерді салып өртеді. Үнпарақтарды баспалдақтар-
ға жайып тастап, өзі тез кетіп қалды. Түк білмегендей, көшенің
қарсы бетіндегі үйіне келді.
Төсегінде көпке дейін дөңбекшіп жатып алды. Бүгінгі бар-
лап шыққан ісін ертең – 26 қаңтарда жүзеге асырмақ болып
ойша жоспар құрды. Бағана «Сарыарқа» кинотеатрының жа-
нында орналасқан жинақ кассасын тонамақ болып, біраз бар-
лау жұмыстарын жүргізген болатын. Қолына біраз ақша түссе,
алдымен Алматыдан ұзақ шығып, одан əрі есебін тауып шет-
елге өтіп кету ойында бар. Бұл елде жүріп коммунистік қо-
ғамға қарсы күрес жүргізудің мүмкін еместігін іші сезеді. Əр
нəрсені бір ойлап жатып, Азамат ұйқыға қалай кеткенін білмей
де қалды.
Ол ертеңіне тонауға барған жоқ. Ұсталып қалса, ол жай ғана
қылмыс боп есептелетінін білді. Ал оның мақсаты жай ғана
қылмыскер болу емес.
Кеңестік жүйе қанағаттандырмағандықтан, саяси баспана
сұрап Америкаға, Құрама Штаттарға кету. Ол осы ойын жүзеге
асырмақ болып, осыдан бір айдай уақыт бұрын Мемлекеттік
Қауіпсіздік комитетіне де барған болатын. Қауіпсіздік коми-
тетінің қабылдау бөлімі эмиграция мəселесімен Ішкі істер ми-
нистрлігі айналысатынын айтты. «Целинный» кинотеатрының
іргесіндегі милиция ғимаратына да бас сұқты. Қарауылда тұр-
ған милиционер Азаматты №56 бөлмеге жіберді. Ондағы Ра-
химов деген жолдас оның Америкаға кетпек ойын, оған түрткі
болған себептердің бəрін тыңдап болып:
– Басты көп қатырма. Жұмысқа орналас, ел қатарлы өмір
сүру керек, – деп қысқа қайырды.
Азамат мұндай жолдармен еш нəтиже шығара алмайтын-
дығына көз жеткізді. Осыдан екі жылдай бұрынғы өз ойына
күлкісі келеді. «Капиталистік елдегі адамдар тағдыры тура-
лы жинақ» деп ат қойып, арнай бір дəптер арнаған-ды. Оған
буржуазиялық қоғамдағы қылмыстар жайында əңгімелер жа-
зып та көрді. Онда буржуазиялық қоғамдағы адам мінездеріне
жат қасиеттерді сынады. Ойласа – осынысы қателік екен,
күлкісі келетіні сол. Себебін зерттей келе көз жеткізгені – адам
табиғатына толық сəйкес келетін жүйе капиталистік құрылыс
екен. Капиталистік жүйенің социализмнен артықшылығының
өзі осында, оған дау жоқ.
Милиция ғимаратынан жүрегі қан жылап шыққандай бол-
ды. Біреу естен тандыра ұрып-соғып тастағандай. Айналадағы
мəңгүрт тірлік жан күйзелтердей. Оған енді бəрібір, жап-жас
болса да өзінің алдағы өмірін анық көре білді.
Азамат қоршаған əлемнің нəзік тынысын ерекше сезді. Қол-
мен жасалған қоғамдық құрылыс жолдары мен ондағы адам
орны жайында ойына алды. Жан-жақтан анталаған сауалдардың
əрбіріне жауап керек. Бəрін ой елегінен өткізген Азаматтың
көңілінде қоғамға деген сенімсіздік пен жеккөрінішті сезім
пайда болды. «Билік тек коммунистердің ғана қолында бол-
ған КСРО-да адамдардың қойдан айырмашылығы жоқ,
қойшы қайда айдаса сонда жүреді. Сырттай адам кейпінде
болғанымен, таным-түсініктері мен көзқарас, іс-əрекеттері
шектеулі. «Бостандық» дейді, «теңдік» дейді, бəрі өтірік.
Біздің КСРО-да барлық адам бірдей өмір сүре ме екен? Жоқ!
Министрлер, партия қызметкерлері, белгілі өнер адамдары,
ғалымдар сияқты белсенділер ғана тамаша тұрады. Ал бізде
қарапайым жұмысшылар бар емес пе? Олар əлдеқайда төмен
жағдайда өмір сүреді, бұл – өмірлік шындық. Теңдік бар бізде,
бірақ материалдық-техникалық базаның əлі өз деңгейінде
дамымағандығынан дұрыс көрініс бермейді дегенді комму-
нистер дұрыс айтады. Коммунизм заңы бойынша өмір сүруге
болады. Бірақ ол тек материалдық негізге байланысты емес
қой. Коммунизм адамның рухани ішкі əлемінде орнауы керек
алдымен. Əрбір адам періштедей таза болғанда ғана комму-
низм болуы мүмкін. Ал, олай болуы мүмкін емес. Сондықтан
коммунизмге сенуге болмайды. Сондықтан өлу керек болса да
өз дегеніме жетпей қоймаймын».
Қауіпсіздік комитеті мен милициядан шыққаннан кейін
Азамат осындай ойға мықтап табан тіреді.
Ол ойлағандай болды... 1978 жылдың 26 қаңтарында күндізгі
сағат үште оны үйінен ұстап алып кетті. Үйіне тінту жүргізді.
Осыдан кейін Азамат үйіне қайта оралған жоқ. Қамауға алын-
ған Азамат Жəкібаевтың Мемлекеттік Қауіпсіздік комитеті
Алматы облыстық басқармасының қылмысты істер тексеру
бөлімінің тергеушісі В.И.Гаринге берген жауаптарынан (№22-
0900- іс).
...Сұрақ: 170-1 бап бойынша сіз өзіңізді айыптымын деп
мойындайсыз ба?
Жауап: Иə, мен өзімді 170-1 бап бойынша толықтай кінəлі-
мін деп санаймын.
Сұрақ: Ашығырақ айтып түсіндіріңізші, неліктен кінəлімін
деп санайсыз?
Жауап: Кінəлі екенімді ашып айтсам, біздің елдегі социалис-
тік құрылысқа жəне өзімнің жеке өмірімдегі жағдайыма риза
еместігімнен, кеңес мемлекеті мен қоғамдық құрылысты жа-
мандау мақсатымен листовкалар дайындап, соларды тараттым.
Жəне мұның менің жасаған себебім, өзімді «саяси қылмыскер»
ретінде Кеңестер Одағынан кетейін дедім...
(Екінші алынған жауаптан, 1 ақпан, 1978 ж.)
* * *
...СҰРАҚ: Сізден алынған бір дəптерге «Капиталистік ел-
дегі адамдар тағдыры туралы жинақ» деп жазыпсыз. Қашан
жəне неге байланысты жаздыңыз?
ЖАУАП: Шынында, осыдан екі жыл бұрын мен буржуа-
зиялық қоғамның қылмыстары туралы бірнеше əңгімелер жазу-
ға машықтанғанмын. Оларды қолдан келсе, газет-журналдарда
бастырып ақша тапсам деп едім. Бірақ мен оларды редакцияға
ұсынбадым, сондықтан қағаздарымның арасында жата берді.
Дəптерде жазылған əңгімелерімде мен буржуазиялық қоғам-
дағы адам мінездеріне жат қасиеттерді сынаған ойларым бол-
ған, бірақ қазір ол пікірлерімді өзгерттім. Себебі, адам табиға-
тына толықтай сəйкес тек капиталистік құрылыс екен, оған
күмəнім жоқ. Оның социалистік құрылыстан артықшылығы да
осында, менің листовкалар таратуымның себебі де осы.
...СҰРАҚ: Бұдан бұрын айтқандай сіз Кеңестер Одағынан
кеткіңіз келді, ол неге байланысты жəне қайда кетпек ойыңыз
болды?
ЖАУАП: Менде ондай тілек пайда болғаны рас, социа-
листік құрылысқа риза еместігім жəне Кеңестер Одағын-
да өмір сүруге жағдайымның жоқтығынан еді. Меніңше,
мұнда адамдарда теңдік жоқ, тек өтірік пен екіжүзділік
асқынған, адамдарды жат қылық, ішімдік, азғындық, ұрлық
жайлаған қоғам бұл. Сондықтан мен эмиграцияға АҚШ-қа
кеткім келді. КСРО саяси құрылысына қарсы шыққан адам
болып, оны ашық сынап, өзіме «саяси қылмыскер» деген
үкім алсам, меніңше, Кеңестер Одағынан кетуіме мүмкіндік
туады деп ойладым.
СҰРАҚ: АҚШ-та өміріңізді қалай жалғастырмақшысыз,
қандай қаражатпен өмір сүрмек ойыңыз бар?
ЖАУАП: КСРО-дан кету жоспарымды ойластырып жү-
ріп мен Америкаға барғанда қалай өмір сүретінімді тіпті, ес-
кермеппін. Меніңше, онда жан-жақты қамтамасыз етеді деп
ойладым. Баспасөз бен телевидение арқылы антисоветтік үгіт-
насихат жүргіземін, сол үшін мұнда да листовкалар таратқа-
ным сондықтан.
СҰРАҚ: Саяси қатерлі мазмұны бар жазулар орындадыңыз
ба, егер болса, олар қайда?
ЖАУАП: Жоқ, ондайды жасаған да емеспін, жалпы, ешқа-
шан белгілі бір адамға қарсы айтқан да емеспін, менің ойым-
ша, мені қанағаттандырмаған жəне оған кінəлі тек қана біздің
елдегі социалистік құрылыс...
(Үшінші алынған жауаптан. 2 ақпан, 1978 ж.)
Азамат Жəкібаевтың тергеуші Гаринге берген түсініктеме-
сіндегі «...Қорытып айтсам, мен мұның бəрін қате жасап-
пын. Өзім дұрыс деп түсінгенмен, көзқарасым əлі түбегейлі
қалыптаспапты.
Мен бұзылмаған адаммын, тек аяғымды жаңсақ басып-
пын. Мен мəнді өмір сүріп, əке-шешеме, ағама, туыстарыма
қуаныш əкеп, жалпы қоғамға пайдамды тигізе аламын» дегені
ескерілмеген. Бастағы мақсат көзін құрту болған сияқты.
Оның тағдыры түрмеде шешілді. Қазақ КСР Қылмысты іс-
тер кодексінің 170-1 бабымен айыпты Жəкібаев Азамат
Қасымұлы Алматы қалалық сотының үкімімен Ішкі істер
министрлігінің арнайы психиатрия ауруханасына еркінен
тыс, міндетті түрде емдеуліге жіберілді. Азамат бұл жерден
тірідей шығармасын білді. Артынан барған шешесі Нұртайға:
«Мені кешіріңіздер... күтпеңдер. Мені енді бұл жерден тірі
шығармайды», – деуі сондықтан болатын.
1983 жылдың 12 қыркүйегінде өрімдей жастың өмірі үзілді.
«Өзін-өзі асып өлтірді» деген сөз ата-аналарының айтуына
қарағанда қисынға келмейтін сияқты. Əкесі – Қазақстан халық
əртісі Қасым Жəкібаев пен шешесі Нұртай Сартайқызының
бүгінде бар қол жеткізгені – саяси қуғын-сүргін құрбаны болған
ұлдарының қылмысты ісі тоқтатылып, қайта ақталғандығы ға-
на. Əке-шеше үшін бұл қуанышты шешім 1993 жылдың 14
көкегінде шықты.
«Қазақ əдебиеті» газеті, 16. 11. 2001 жыл
ЕЛ ЕРСІЗ, ЖЕР ИЕСІЗ БЕ?
Əп-сəтте қойын-қонышымызды орап үлгерген нарықтың
ызғарына да бойымыз үйрене бастаған сияқты. Оның алды-
мызға қойып отырған міндеттері де аз емес. Соның бірі – ел-
жұртымыз жабыла кірісіп жатқан жекешелендіру мəселесі.
Əрбір мал-мүлікке, жер мен суға нақты ие табылып, олардың
жұмыстары талап деңгейінен көрініп жатса, халық та,
қоғам да зиян шеге қоймас деген ойдамыз. Алайда, «шаш ал
десе, бас алатын» мінезіміз осы арада да байқалмай отырған
жоқ. Науқаншылдыққа тым үйір екендігімізді де дəлелдеп
отырғандаймыз. Мəселен, осы күнге дейін алып Ресейде
бағалау құны тоғыз миллиард сомның он мың кəсіпорны
жекешелендірілсе, бізде тоғыз миллиард сомға бағаланған үш
мың кəсіпорын жекеге өтіпті. Екі ел арасындағы потенциалды
ескерер болсақ, республикамыздың Ресейден үш есеге озып
кеткендігін көресіз. Арты жақсылыққа соғып жатса, бұған да
ешкім дау айтпас. Ендеше, ел-жұрт, мал-мүлік өз иелерін тау-
ып жатқанда, мақаламызға «Ел ерсіз, жер иесіз бе?» деп неге
айдар тақтық? Бұл енді бөлектеу əңгіме болғалы тұр. «Даудың
басы – Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, қолымызға қалам
алып, ой толғауымызға қызыл мия (солодка) атты шөптің ай-
наласындағы дау себеп болып отыр.
Алматы мен Талдықорған облыстарының шүйгінді де əсем
даласында жиі өсетін бұл шөпке ындыны құрып, көз тігіп
жүрген арам пиғылды, алаяқ жандар аз емес екен. «Аса бағалы
шөптің тамырын жинау үшін бір дəн салып, бірнеше түп өнім
алатын құнарлы жердің астын үстіне төңкеріп, іске жарамсыз
Екінші белес
аймақ қатарына қосып жүргендер кімдер?» дерсіздер. Олар –
атын атау модаға айналып бара жатқан, кəдімгі, бизнесмендер
мен коммерсанттар. Олар өздерін басқаша атауы да мүмкін,
бірақ оның əңгімемізге қатысы шамалы. «Есік» мемлекеттік-
кооперативтік бірлестігі (директоры – Лев Александрович
Щебетнев) аталатын топтың адамдары өз бетімен əй-шəй жоқ,
астаналық облыстың Еңбекші қазақ ауданындағы «Жарсу»
совхозының 3,16 гектар жерін жыртып (35 – 40 сантиметр
тереңдікте), 47100 килограмм қызыл мия тамырын жинап алған.
Бұл – тексеру күнінде ғана анықталған деректер. Еркіндікке
елтіп қалған бірлестік, сөйтіп, қоршаған ортаға 2424520 сом
шығын келтірді. Осы облыстың Балқаш ауданы «Ақкөл» ет
совхозындағы жағдай сəл-пəл өзгешелеу. «Искра» мемлекеттік-
кооперативтік бірлестігіндегі (директоры – Виктор Семенович
Тян) басшылар жоғарыда аталған əріптестерінен гөрі қулау
көрінеді. Виктор Семенович бұл істің алдын да, артын да ба-
рынша ойластырған болуы керек, совхоз еңбеккерлері əзірлеп
қойған дайын тауарды арзан бағамен иеленеді. Сосынғысы
өз шаруалары, кез келген шет ел бұл тамырдың аяғын жер-
ге тигізбей, аса қымбат бағаға доллармен сатып алуға əзір.
Осындай жолмен Ақкөл ауылы бойынша осы жылғы 20-шы
қазанға дейін 5 гектар жер жыртылып, 21 тонна қызыл мия
тамыры алынған. Бұл жерде совхоз директоры Т.Садырбеков
те заңсыздыққа бой алдырған. Халық депутаттары аудандық
Кеңес сессиясының алтынға бағаланып отырған тамырды
жинауға тоқтау салған 1991 жылғы тамыз айындағы шешімін
қаперіне де алмауын басқаша қалай айтпақпыз. В.С.Тяннің
қолында Оңтүстік Кореяға тамыр сатуға рұқсат алған қағазы
бар, алайда уақыты бітіп қалған соң, қосымша мөр басып, осы
жылдың соңына дейін ұзартып алған. Ол қаншалықты заңды-
заңсыз жауабын сот орындары бере жатыр. Өйткені, бұл екі
бірлестіктің ісі қазір тергеу орындарында қаралуда. «Қолда
барда алтынның қадірі жоқ» демекші, жергілікті тұрғындар
бағалай білмей жүрген қызыл мияға сырт көздер неге сонша-
лықты көз салды екен, енді осыған келейік. Женьшеннің екін-
ші түрі ретінде саналатын қызыл мия – дертке шипа, жанға
дауа боларлық емдік қасиеті бар өсімдік. Оның тамырынан
неше түрлі дəрі-дəрмектер жасап,саналуан сырқаттарға қарсы
қолдануға болады. Тіпті, атом саласында пайдалануда да бұл
тамырдың ерекше рөлі бар көрінеді.
Өз алдына отау тігіп, шаңырақ көтерген тəуелсіз Қазақ-
станда бүгінде халыққа дəрігерлік қызмет көрсетуді барын-
ша дамыта түсу шаралары қолға алынып отырғаны белгілі.
Елімізде өсетін емдік қасиеті бар өсімдіктерден дəрі-дəрмек
жасау мəселесі де əңгіме арқауына айналып, тіпті, Қазақстан
Республикасының Министрлер кабинеті өткен жылдың 12
желтоқсанында арнайы қаулы қабылдаған болатын. Онда
түрлі дəрі-дəрмек, биоөнімдер дайындаумен айналысатын
(«Қазфармбиопром»), еліміз мүмкіндігіне сай өз дəрілерімізді
өндіре бастау жайында жан-жақты ашық айтылған еді. Осын-
дай абыройлы да қажетті іс-шараларға қол ұшын берудің орны-
на көптеген шаруашылық басшылары алдамшы дүниеге елтіп,
келте ойдың құрсауынан босай алмай келеді. Əйтпесе, əлемдік
базарда суы сорғалаған күйінде-ақ өтіп кетерлік қасиетті
өсімдік тамырын кім көрінгеннің қолына ұстата сала ма? Елі-
міздің ерсіз, жеріміздің иесіз еместігін осындайда көрсете
білгеніміз жөн сияқты. Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі
шаруашылық басшыларының осы тақылеттес мəселелер төңі-
регінде ойлана түскендерін қажеттілікке санар едік.
«Егемен Қазақстан» газеті, 24.12.1992 жыл
ЖОЛСЕРІК ЖАЙЫН КІМ ОЙЛАР?
Алматы темір жол бөлімшесі жолсеріктері резервінің
бастығы Қазыбек ТАРПАНОВПЕН ашық əңгіме.
– Қазеке, амандық-саулығымыздың арқасында қылы-
шын сүйреткен қыспен де қауышып жатырмыз. Суық құ-
шақтың қайсымызға болсын, жайлы тие қоюы қиын. Есік-
терезесі аңғал-саңғал көгілдір вагон, əбіржіген жолаушы,
жанұшырған жолсерік... Сізге жолығар сəтте көз алдыма
келген осы бір көрініс ешкімді де бейжай қалдырмаса ке-
рек. Жолаушы мен жолсерік арасындағы кикілжіңнің бас-
тауына айналар осындай келеңсіз көріністің төңірегінде не
айтар едіңіз?
– Бұрынғы бір орталыққа бағынудан құтылғанымызға қуан-
ғанымызбен шындығын айту керек, өз бетімізше күн көріп
кетудің қиындығы əлі де біраз уақытқа созылар түрі бар. Сіз
əңгіме етіп отырған əлгіндей көңілсіз көріністер біздегі ірі-ірі
үш мəселемен тікелей байланысты болып отыр. Біріншіден,
жөндеуді қажет ететін вагондарға керекті құрал-жабдық, қосал-
қы бөлшектер табу күн сайын қиындай түсуде. Вагондарға
арналған есік, əйнек, тіпті, лампа, шеге дегендеріңіздің өзі
қат болып тұр. Осы орайда, басқаны айтпағанның өзінде, жол
бойында жүріп-тұрған жолаушылар пойызының терезесін та-
спен атқылайтын жасөспірімдер мен балалардың іс-əрекетінің
өзі арқамызға аяздай батуда. Екіншіден, вагондарды көмірмен
қамтамасыз ету мəселесі шешім таппай тұр. Жол бойындағы
ірі қалаларда да тиісінше көмір беріліп отыруы керек. Алай-
да, ол аз ғана мөлшерде бөлінеді де, нəтижесінде вагон іші
жылымай, жолаушылар да, жолсеріктер де қиналып қалады.
Осындай келеңсіздікті болдырмау үшін кейбір жолсеріктер өз
ақшаларына қосымша көмір сатып алып та жатады. Бірақ, бұл
жағдайдан шығудың жолы емес. Үшіншіден, жолаушылар-
ды бір-екі мезгіл ыстық шаймен қамтамасыз етіп отыру үшін
титанға арналған арнайы брекет деген ағаш берілуі тиіс. Мұны
мүлдем жоқ десек те болады. Шай қайнату үшін титанға көмір
салса, титан тез арада істен шығып қалады. Сондықтан, пысық
жолсеріктер жол бойы кəдімгі ағаш жинаумен болады.
Міне, осындай мəселелер жоғары орындар тарапынан тез
арада шешімін тауып жатса, жолаушылардың да жолының
болғаны.
– Соңғы кездері жолсеріктердің билетсіз жолаушы алуы,
тіпті, жиілеп кеткен сияқты. Жол-жөнекей олардың арақ-
шарап сататындығы жайында да дабыл қағып жүргендер
жетерлік. Орын алып отырған осындай олқылықтар төңі-
регінде ой-пікір айтатын оқырман хаттар да бізге жиі келіп
жатады.
– Əңгіменің ашығына көшер болсақ, бұл орайда айтылар
мəселе көп. Талай рет сөз болған, əлі бола да берер тақырып-
тың бірі – осы. Жаңа айтып кеткендей, жолсерік ағаш, көмір із-
деп сандалып жүріп, шыны керек, билет тексеріп те үлгермейді.
Бұл – бір. Екінші бір түсініп аларлық мəселе – жолсерік билетсіз
алып кетуге адам іздемейді. Талай рет дəлелденгендей, билет-
сіз жолаушылар өздері келеді. Келіп қана қоймай, амалын тау-
ып, вагонға отырады. Оның үстіне «іздегенге – сұраған» деген-
дей, жолсерік те пенде, келісімін береді. Ал, осындай іс-əрекет
үстінде ұсталып қалса, жолсеріктің сот алдында жауап беруіне
тура келеді. Осы жерде бір үлкен түсінбестік бар сияқты. Сот
алдында ақшаны алушы ғана емес, беруші-жолаушы неге
қоса жауап бермеске. Бізде тек жолсерік қана кінəлі болып
шыға келеді. Жетер жеріне жетіп алған жолаушының оның
кейінгі тағдырымен ісі де болмайды. Қылмыс істеуге итерме-
леген адамның елеусіз қалып жататыны қалай? Бұл мəселеде
біздің басшыларымыздың да, заңгерлер қауымының де ойлана
түскендері орынды сияқты.
Арақ-шарап, темекі, шай сату төңірегінде де ойланбасқа бол-
майды. Қазірде не көп, коммерсант, бизнесмен көп. Олардың
көшенің кез-келген бұрышында сауда жасап жататындығы да
құпия емес. Ал, біздің жолсеріктеріміз үшін бұған да тыйым
салынған. Неге?..
– Қазеке, əңгімеңіздің барысына қарағанда, жолсерік-
тердің билетсіз адам отырғызғанына да, жол бойы сауда-
саттық жасағанына да қарсы емес сияқтысыз. Нарық
жағдайында бəріміздің ой-өрісімізде, жалпы, психология-
мызда əрқилы өзгерістер болып отырғандығы мақұл дейік.
Алайда, осының бəрін белгілі бір тəртіп бойынша келісіп,
заңдастырып барып қолға алуға болмағаны ма? Осыдан
екі-үш айдай уақыт бұрын пойызға сатылатын билеттердің
барлығын жолсеріктердің өздері сата бастайтындығы
жөнінде алып-қашпа əңгіме тарағандай еді.
– «Отыз тістен шыққан сөздің отыз рулы елге тарайтын-
дығы» рас-ау, өз арамызда болған əңгіменің ұшығы журна-
лист ағайындардың құлағына да жеткен екен ғой. Билетті
жолсеріктердің өздері сататындығы жайында əңгіме болғаны
шындық, бірақ бұл шешімін таппады.
Менің ойымшща, жолсеріктерді ретті-ретсіз қыспаққа ала
бергенше, еркіндік беріп, тексерушіні қайта-қайта шапқылата
бергенше, өзін-өзі бақылау (самоконтроль) жүйесіне көшір-
геніміз орынды секілді. Қазірде қала ішінде қатынайтын барлық
автобус, троллейбус жүргізушілеріне сенім құжаты тапсыры-
лып, олар билетті, билетсіз жүйелер бойынша жолкіре алып жүр
емес пе? Осындай іс-шараны жолаушылар пойызында да қолға
алса, қоғамымызға жат көрініс бола қоймас. Бұл жерде, əрине,
билетпен отырған, ұзақ жолға шыққан өзге жолаушылардың
тығынып-демалуына кедергі болмайтындай, белгілі бір тəртіп
орнатқан дұрыс. Ақыры, билетсіз адам алады екен, жол бойы
сауда жасайды екен, ендеше, əрбір рейстен оралған соң, пой-
ыз бастығы əкімшілік алдында есеп беріп, өзіміздің ортақ кас-
самызға белгіленген мөлшерде қаржы құйып отырсын. Бұл
біздің бюджетімізге қосылар бір үлес болар еді.
Бұл айтқан ұсыныстардың жүзеге асуы аса қиындық туды-
рып, ел-жұрттың наразылығына ұшыраса, тағы бір жол бар
сияқты. Ол – Қазақстан көлеміндегі бүкіл темір жол бекет-
терінен аэропорттағыдай жүйеге көшіру. Яғни, пойызға отыру
үшін бекеттен артық адамды өткізбеу керек. Шығарып салу-
шылар бергі бетте қалып, билеті барлар ғана отыру алаңына
шығар болса, жолсерік Қытайға барып келгенімізде, адамды
қайдан алмақ? Өткенде осындай тəжірибеге куəгер болдық.
Ал, біздер не ана жүйеге, не мына жүйеге көше алмай, айналып
келіп, жолсеріктерге салмақ түсіріп жатамыз. Шынын айтсақ,
темір жолдың бүкіл ауыртпалығын осы жолсеріктер көтеруде.
Кадр тұрақтамауының да бар себебі осыдан келіп шығады.
Мəселен, бізде жылына 900-дей адам жұмысқа қабылданып,
800-дей адам жұмыстан шығып жатады. Жыл сайын осынша-
ма еңбеккердің алмасып отыруы бізге де оңайға түсіп отырған
жоқ, қаншама қосымша шығынның шығуына себеп болуда.
– Жолсеріктердің жиі-жиі ауысып-түйісіп жататынды-
ғына олардың билетсіз адам алуы мен сауда жасағандары
ғана себеп болмайтын шығар?
– Əрине, ол бір ғана қырынан келгендегі əңгіме ғой. Əйтпесе,
бұл жұмыстың өз ауыртпалықтары да аз емес. Сөз барысында,
шамам келгенше, оны да айта кетейін.
Бізге, көбіне, жоғары жақтан шама-шарқымызбен санаспай-
тын бұйрықтар легі ағыла келіп жатады. Мəселен, 17 қазанда
Алматы мен Мəскеу аралығына қатынайтын пойыздың бір
бригадасына егін жинау науқанынан қайтатын еңбеккерлерді
алып келуге Тың теміржолына аяқ астынан аттандыруға тура
келді. Бұл бригада сол күні он бес күндік өз сапарларын аяқтап,
демалысқа шығуы керек-тін. Амал жоқ, аш-жалаңаш деген-
дей, жолға əзір болып үлгермеген, жөнделмеген басқа пойызға
отырды да, жүріп кетті. Асығыстықтың аты асығыстық емес
пе, бұл пойыз Көкшетауға əрең жетіп, сонда бір апта бойы
тұрып қалды. Он-он бес күн қиналған жолсеріктердің вагон-
дарын, ақыр соңында, бөлек-бөлек əр пойызға тіркеп алып
қайтуға мəжбүр болдық. Тың темір жолының өз пойызы, өз
жолсеріктері бар бола тұра, Алматыдан арнайы, бірақ дайын
болып үлгермеген пойыз аттандырғанымызды орынды болды
дей алмаймын.
Таяуда Алматыдан Қытайға барып-келіп тұратын «Жібек
жолы» пойызының екінші бір бригадасы мен «Алматы –
Новосібір» рейсі жолға қойылды. Бізге алдын-ала ескертпей,
осындай іс-шараларды шұғыл түрде жүзеге асырамын деу қи-
сынсыз-ақ. Кадр тапшылығы алқымнан алып тұрғанда, мұндай
жұмыстарды ертерек қолға алғанымыз дұрыс болар еді. Алды-
мен, пойызды дайындап қойып, сосын адам іздеу, қалай десек
те, ақылға қонымсыз нəрсе. Қараша айына дейінгі мəлімет бой-
ынша, бізге əлі 470 жолсерік жетіспей отыр. Осының салдары-
нан рейстен қайтқан жолсеріктерді демалдырмай, келесі сапарға
аттандыру фактілері жиі кездесуде. Бұл, қанша дегенмен,
оларға ауыр тиеді. Оның үстіне, көпшілік пойыздарда бір-екі
мезгіл ыстық ас ішетін вагон-ресторан да жоқ. Жолсеріктердің
көпшілігінің түрлі ауру-сырқаулардан айықпай жүретіндігі де
соның салдары деп білемін.
Міне, осылардың бəрі жолсеріктерді де қинамай отырған
жоқ. Жастар жағының шыдамсыздық танытуы да, көбіне арақ-
шарап ішумен əуестеніп кетуі де осыдан келіп туындап жата-
ды. Қайта, кейінгі кезде біздің қатарымызға түрлі саланың ма-
мандары келіп қосылуда. Бұлардың ішінде, əсіресе дəрігерлік,
оқытушылық салалар бойынша еңбек етіп келгендерінің бізге
көп-көп пайдасы тиюде. Олар, қанша дегенмен, ұстамды қауым
емес пе, кез-келген ортада жолаушылармен тіл табыса біліп,
жақсы жұмыс істеп келеді. Шынымды айтсам, бізде еңбек ету-
ге осындай жандардың көптеп келгенін қалар едім.
– Қазеке, ақтарыла айтқан ашық əңгімеңізге жолаушы
оқырмандарымыздың атынан рақмет айтамыз. Жолау-
шыларға да, жолсеріктерге де сəт сапар тілейміз.
«Егемен Қазақстан» газеті, 26.12.1992 жыл
ДЕРТКЕ ШИПА, ЖАНҒА ДАУА
Қазір кез келген мəселе төңірегінде əңгіме өрбітсек те,
кешегі КСРО-дағы жағдайымыз бен бүгінгі тəуелсіздіктегі
талпыныстарымызды салыстырмалы түрде алып отырмауға
болмайтын сияқты. Бұл жолы да айтарымызды осындай қалып-
тасып қалған қасаң қағида шеңберінде бастауға мəжбүр болып
отырмыз.
Шаттықты да өкінішті өмірде, зейнетінен бейнеті мол, тұр-
лауы жоқ бұл тірлікте адам баласының балтыры сыздап, белі ау-
ырмауы, жүрегінің жұлқынып, бүйрегінің бұлқынбасы мүмкін
де емес-ау. Оған адамзаттың өз қолынан туындатып отырған
айықпас сырқаттар қатарын қоссақ, бұл мəселе төңірегінде
терең толғанып, орынды ой қозғаудың қажет екендігін түсі-
неміз. Үзеңгісіне енді ғана аяғымызды салған тəуелсіздік-
тұлпарға орнығып отыруымыз үшін де, ең алдымен, мықты
денсаулық, тұғырлы тұлғамыз болуы керектігін дəлелдеп
жатудың өзі артық. «Жарқын болашағымыз – коммунизмнің»
іргетасын қалау жолыңда зəр жұтып, қан құсқан талай тəннің
тағдыры бұл күндері тəуелсіздік таразысына үлкен салмақ
салып отыр. «Ортақ өгіз» жүйесі кезеңінде республикамыз
дəрі-дəрмектің бар болғаны, бір пайыздайын ғана өзі өндіріп,
99 пайызға жуығын сырттан сатып алатын. «Оңаша бұзауды»
ноқталаған қазіргі кезеңде қалыптасқан жетпіс жылдық жүйе
бұзылып, еліміз экономикасының қалтасына алаңдауға мəжбүр
болдық. Ресми емес кейбір деректерге қарағанда, сырттан са-
тып алынатын дəрі-дəрмектер үшін бөлінген қор алдағы алты
айдың ішінде түгесіліп бітетін секілді. Ал, түрлі жолдармен «өз
аяғымен» келген дəрілердің базардағы бағасына халқымыздың
қалтасы қазірдің өзінде сай емес. Сонда не істеуіміз керек? Ал-
пыс апасы мен жетпіс жездесін қосақтай келер қарға тамыр-
лы індеттерді айтпағаннның өзінде, жылына екі-үш рет тиіп-
қашып, «əзілдесіп» жүретін кəдімгі тұмаудың өзіне құрбандық
шалып, қарап отыра бермекпіз бе? Бұл тақылеттес сауалдар ақ
желеңді абзал жандарды ғана емес, қалың көпшілікті де маза-
лап келеді.
Республикамыздың осыған дейін шикізат көзі ғана болып
келгендігі жайындағы əңгімені осы дəрі-дəрмек төңірегінде де
өрбітуге болады. Біздің кең-байтақ жерімізде қазба байлықтар
ғана емес, емдік қасиеті бар өсімдіктер де мол. Бұрындары
оларды шама-шарқымызға байланысты жинап-теріп, ортақ
арбаның үстіне салатынбыз. Ал, сол шөптерден жасалын-
ған дəрі-дəрмекті өзіміз қайтадан қымбат бағасына сатып
алып келдік. Тіпті, бүкіл Одаққа белгілі дəрі-дəрмек зауы-
ты өзіміздің Орал қаласында орналасса да, бұл жүйеде бізге
жеңілдік болған емес. Шымкент қаласындағы химиялық-фар-
мацевтикалық зауыт та негізінен, осылайша шикізат əзірлеп
беріп тұратын. Тек, былтыр ғана Қазақстан Республикасы
Министрлер кабинетінің қаулысымен өз табиғи ресурстары-
мыздан дəрі-дəрмек өндіретін бірден-бір концерн («Казфарм-
биопром») болып құрылды. Осы мақаланы əзірлеу барысын-
да аталмыш концерннің Алматыдағы көзі болып табылатын
шаруашылық есептегі «Дəрі-шөп» кəсіпорнының жұмысымен
таныстық. Мұндағы шағын ұжым мүшелері осы аймақтардағы
дəрілік шөптерді жинастырумен айналысады екен.
– Дəрілік шөптерді жинауға əзір жаппай кірісе алмай жа-
тырмыз. Бар күшімізді салып еңбек етуге қаржы жағы ерік
бермей тұр. Дала шөбін жинаушыларға еңбекақысын қолма-
қол беру мəселесі мен үкімет тарапынан бізге қолдау көрсету
мəселесі шешілмейінше, тындырымды іс-шаралар атқарамыз
дей алмаймыз. Тіпті, мəшинелердің жанармайы мен қосалқы
бөлшектерінің қаттығы да бізге үлкен қолбайлау болуды, –
дейді кəсіпорын директоры Қуат Өтежанов мырза.
Басшы сөзінің жаны бар. Дəрілік шөптер өсетін аймақтар,
қанша дегенмен, белгілі бір шаруашылықтарға қарайды. Олар-
дың əрбірімен келісімге тұрып, рұқсатын алудың өзі де оңай
көрінбейді. Қазіргі таңда қайсыбір шаруашылық болсын, қар-
жы мəселесін бірінші орынға қояды. Нарық жағдайында «Ақ-
шаң бар ма – ал, жоқ па – қал» принципіне ыңғай білдіргеніміз-
бен, кейбір халықтық мəні бар істерде одан бойды аулақ ұс-
таған да дұрыс сияқты. Оның үстіне, есебін тапқан түрлі
коммерциялық, кооперативтік ұжымдар бұл істе алдарына
жан салмай, жиған-терген дəрілік шөп-тамырларды шет жер-
лерге валютаға өткізіп жатқан қазіргі таңда бірден-бір рес-
ми мекеме болып табылатын «Дəрішөптің» қызметіне бүкіл
ел біріге көмек көрсетсек те, артықтық етпеген болар еді.
Əсіресе, шаруашылықтардың жерлерінен дəрілік шөптерді
жинастыруға жоғары тараптан арнайы рұқсат алып беру мен
еңбекті ұтымды ұйымдастыруға қаржы бөлу істерін біржақты
шешпейінше, бұл кəсіпорын халық сұранысын қанағаттандыра
алмақ емес. Шүкір, жерімізде дəрілік шөптер жетерлік, оны
жинаушылар қатары да табылмай қалмас. Үкімет тарапынан
дəрі-дəрмекті өз елімізде шығара бастау жайында арнайы ше-
шім де қабылданды. Ендігі шаруа – алға қойылып отырған
осындай үлкен мақсатты жүзеге асыруға күш салу. Сонда
ғана экологиялық апаттардың əсерінен зардап шеккен ел-жұр-
тымыздың денсаулығын нығайтып, дертке шипа, жанға дауа
табуымыз мүмкін.
«Егемен Қазақстан» газеті, 30.12.1992 жыл
ДƏРІГЕР НЕГЕ ДƏРМЕНСІЗ?
Ұстатпайтын сынаптай бұлталақтаған адуын уақыттың бұл
сұрақты күн тəртібіне қойғанына да бір-екі жылдың жүзі бол-
ды. Əрбір іс-əрекеттің өзіндік себебі болатындығын мойындар
болсақ, бұл жолы да осы қағидадан аттап кете алмас едік. Ен-
деше айтар əңгімемізді осыдан бастап көрелік. Шынында да,
бұрындары имандай сеніп, құдайдай көріп келген ақ желеңді
абзал жандарға деген сенімсіздік қалай туды? Олар неліктен
дəрменсіз болып қалды?
Меніңше, бұл сауалдың қоғамымыз алдында кезек күттір-
мес өзекті мəселе ретінде қойылуының басты-басты үш себебі
бар. Олар – ел арасынан шыққан халық емшілерінің көбейе
түсуі, қажетті дəрі-дəрмектер мен құрал-жабдықтардың тап-
шылығы жəне дəрігерлердің маман ретіндегі біліктілігінің
төмендігі. Осыған көпшіліктің көңілін иландыра түсу жəне
кейбір жауапты орындардағы азаматтарға ой салу мақсатында
бұл түйінді тарқатып, талдап көргенді жөн санап отырмыз. Ен-
деше дəрігер қауымның неліктен дəрменсіз қалғандығының
алғашқы себебіне тоқталайық.
Соңғы жылдардағы түрлі өзгеріс, оқиғаларға бəріміз де куə-
міз. Ел-жұрттың назарын аудартқан сондай оқиғалардың бі-
рі – тіршілігіміздің үлкен сахнасына халық емшілері мен бақ-
сы-балгерлердің қайта оралуы. Мұның себебін де үш түрлі
бағытта қарастыруға болады. Бұл орайда, ең алдымен, халқы-
мызды тілінен, ділінен, дінінен айыруға тырысқан жетпіс жыл-
дан астамғы саясаттың жағасына жармасарымыз белгілі бол-
са керек. Қаншама қасиетті тəуіп-көріпкерлерімізден, табиғат
тілін табар бақсы-балгерлерімізден айырылуымызға тура келді.
Кейіннен бұл салаға ерік берілгеннен соң ғана ауыл үйдің
маңайынан ұзап шыға алмай жүрген олар көктемнен кейінгі
көктей таласа бой көрсетті. Екіншіден, ел-жұртымыздың халық
емшілеріне деген ынта-ықыласы да олардың қатарын молайта
түсті. Үшіншіден, ел арасындағы емшілердің көбейе түсуіне
өзіміздің журналист ағайындарымыздың да себі тимей қалған
жоқ. Олардың бірінен соң бірін таласа насихаттауы ғылыми
дəрігерліктен халықтық қасиеттерге біржақты, беріле ауытқып
кетуімізге əсер етті.
Дəрігерімізді дəрменсіздікке душар қылған екінші себепті
дəрі-дəрмектер мен түрлі жабдықтардың тапшылығы дедік, ол
рас. Сырт елдерден дəрі-дəрмек сатып алуға бөлінген валю-
та қорының азая түсуі сала қызметкерлерін алаңдатып отыр.
Тəуелсіздікке ие болғанға дейін біз дəрінің бір пайыздайын
ғана өзіміз өндіріп, қалған тоқсан тоғыз пайызын шеттен алып
келіппіз. Ендігі жерде дəл осылай жалғаса беруі мүмкін де
емес. Елімізде емдік қасиеті мол дəрілік шөптердің аз еместігі
жəне оны жұртшылыққа дайын өнім күйінде өз қолымызбен
жасап беру төңірегінде осының алдында ғана «Дертке шипа,
жанға дауа» атты мақалада жеке əңгімелеген болатынбыз
(«Егемен Қазақстан, 30 желтоқсан, 1992 ж.). Бұл ретте үлкен
өндіріс қолға алынғанша, уақытша қиындықтан құтылуға бола
ма деген тұрғыда ой өрбіткен орынды сияқты.
Кейбір халық емшілерінің тынымсыз еңбегіне бір сəт на-
зар аударып қараған адам олардың көпшілігінің тау-тасты
кезіп, дəрі-дəрмек үшін қажетті емдік өсімдіктерді жинап
əкеліп жүргендігін аңғарады. Рас, бұл тəсіл біздің дəрі-
ханашыларымызда да бар. Алайда, белгілі бір жүйемен мақ-
сатты жұмыстардың атқарылмауы халық сұранысының қана-
ғаттанбауына əкеліп соғуда. Ал сырқатының себептерін дəл
анықтай білгенімен, содан айықтыру барысында дəрменсіздік
танытатын дəрігерлерге халық қалай разы болсын. Артынып-
тартынып орталықтарға, халық емшілеріне сабылудың да бір
ұшығын осыдан іздеу керектей.
Көпшілік елдің дəрменсіз дəрігерден сырт айналуының ең
басты себебі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, дəрігерлер білік-
тілігінің төмендігі (əрине, бəрінің емес). Бұл төңіректе тоқталып
өтер мəселелер қатары баршылық болғандықтан да, мұны ең
басты себеп санап отырмыз. Жалпы, біліксіз маман қайдан
шығады? Бұл – бір ауыз сөзбен қанағаттандыра қоймайтын
сауал. Меніңше, өз дəрежесіне лайықсыз мамандардың көптеп
кездесуі екі түрлі мəселелерге тікелей қатысты. Оның бірі –
мамандық таңдаудағы ағаттық болса, екіншісі – оқу орында-
рындағы білім берудің сапасыздығы.
Он бір жылдық мектепті тəмамдаған жасөспірімнің маман-
дық таңдаудағы қателігінің неге апарып соғатындығы бұл
күндері əмбеге аян. Жақсы дəрігер болып шығу үшін білімді
болу да аздық етеді. Өнердің кез келген саласындағыдай, бұл
жерде де табиғи бейімділік, балаң болса да, дəрігерлік оқу
орындарына, əсіресе, жоғары оқу орындарына жаңа толқынды
қабылдарда, олардың болашақ мамандықтарына деген икемді-
лігін, бейімділігін көрсететін арнайы байқау конкурстарына
өткізген жөн секілді.
Өз саласын бес саусақтай жақсы білетін мамандар даярлап
шығарудың жауапкершілігі, əрине, арнаулы орта жəне жоғары
оқу орындарының еншісіне тиеді. Бұл орайда дəрігерлік əрбір
оқу орнында, тіпті, əрбір факультетінде білім, тəрбие беру дəре-
жесінің түрлі деңгейде екендігін еске сала кеткеніміз дұрыс
болар. Дегенмен, олардың барлығына бірдей, негізінен ортақ
мəселелер де жоқ емес. Оларды теориялық жəне тəжірибелік
топтарға бөле отырып қарастыруға болады. Теориялық жағын-
дағы мəселелерге қазақ тіліндегі оқулық, əдебиеттердің əлі де
мардымсыз екендігін, қазақ тілінде мүдірмей дəріс бере алар
оқытушылардың жеткіліксіздігін, қажетті құрал-жабдықтардың
аздығын, тағы да басқа осындай олқылықтарды жатқызуға бо-
лады.
Тəжірибесіз теорияның тұл екендігі өмірдің өзі сан рет
дəлелдеп бергендей, бүкпесіз шындық. Сондықтан да, осы
тақырыпта əңгіме өрбітпес бұрын С.Асфендияров атындағы
Алматы мемлекеттік медицина институты іш құрылысы ауру-
ларын емдеу кафедрасының жүргізіп отырған іс-шараларымен
танысуға тура келді.
Бұл кафедрадан педиатрия жəне емдеу факультеттерінің
студенттері тəжірибелік білім, əдіс-тəсіл меңгеріп шығуға
тиіс. Алғашында аталмыш кафедра №3 қалалық клиникалық
емхананың жанында орналасқан екен. Бұл орын студенттердің
уақтылы келіп-кетіп, пəндер саласы бойынша нақты тəжірибе
жинақтауларына аса қолайлы болатын. Өткен жылдың маусым
айында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы аталған
кафедраның жұмыс істеуіне қолайлы клиникалық орын тауып
берместен, №3 емхананы күрделі жөндеуден өткізбек ниетте
жауып тастады. Ал қазіргі таңда аса қажет саналатын маман-
дар əзірлеуге тиісті іш құрылысы ауруларын емдеу кафедра-
сы пəн тақырыптарының міндеттері мен мақсаттарына сəйкес
сырқаттар орналаспаған əрі студенттер қауымының уақтылы
келіп-кетуіне қолайсыз №2 жəне №4 қалалық клиникалық
емханаларға (кафедра оқытушыларының наразылықтарына қа-
рамастан) көшірілді.
Содан бері емдеу факультетінің 42 тобы мен педиатрия фа-
культетінің 34 тобы тиісті сабақтарын көзбояушылықпен өткі-
зіп келеді. Түрлі дəрігерлік құрал-жабдықтар мен қажетті сурет-
кестелер топ-тобымен жиналған күйінде шаң астында қалған.
Оларды сабақ барысында пайдаланудың мүмкіндігі жоқ, он-он
бестен келіп-кететін студенттердің дəріс алар бөлмелерінің өзі
аядай ғана. Тіпті, бір ғана операция бөлмесінде екі топтың екі
жерде шоғырланып сабақ өтіп жатқандығын көргенде, таңдан-
басқа шарамыз да қалмады. Өткен қазан айының алғашқы ап-
тасында ғана, тексеру нəтижесі көрсеткендей, қос факультеттің
72 тобында сабақ өткізілмеген (оған студенттер де, оқытушы-
лар да кінəлі емес). Оқу корпусы мен тиісті емханалар ара-
сындағы шектен тыс қашықтық студенттерді үнемі 15 – 20 ми-
нуттан бастап, 40 – 45 минутқа дейін сабақтан кешігіп келуге
мəжбүр етуде. Бұл бұл ма, кафедраның негізгі мақсаты – сту-
денттерге түрлі іш құрылысы ауруларымен сырқаттанғандар-
ды көзбен көрсетіп, қолмен ұстату іс-шаралары да жайына қалды.
Студенттер негізгі оқу корпустарында да, мұнда да тек қана
теориялық білім алумен шектеліп келеді. Кафедра меңгеруші-
сі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
бас терапеві, дəрігерлік ғылымдардың докторы, профессор
Бегалы Нұрманұлы Əйтбембетов бастаған еңбек ұжымы ка-
федраны, ең болмағанда, Орталық клиналық емхана мен бір
бөлігін Қазақ кардиология ғылыми-зерттеу институтының
жанына ауыстыру жайында нақты ұсыныстар айтып, қалалық
басшылықтан бастап жоғарғы басшы орындарға дейін қайта-
қайта жүгіргендерімен, əлі күнге дейін еш нəтиже шығара ал-
май келеді.
Иə, бес жыл бойына ауру адамды, оның жай-күйін өз көзі-
мен көрмей, қандай аурудың қалай болатындығын байқап,
диагноз қойып көрмеген дипломды дəрігерге адам тағдырын,
ертеңімізді қалайша сеніп тапсыра алмақпыз? Ондай дəрігер-
дің кімге қажеті бар?
Əрбір егеменді ел өз тəуелсіздігін ілім-білімімен де көрсете
білуі қажет. Бұл орайды, шүкір, əлемнің түрлі елдері мойындап
отырған жекелеген ғалым, зерттеушілеріміз жоқ емес. Алай-
да, ел-жұртымыз арасындағы болмашы сырқаттарды емдеу
үшін ертеңгі таңда сырттан маман дəрігерлер шақыртып жатар
болсақ, ұяттың көкесі сонда болады. Оны болдырмау үшін осы
бастан нақты іс-шаралар атқара білгеніміз жөн. Яғни, дəрігер
мамандарымыздың біліктілігін көтеріп, қажетті дəрі-дəрмектер
мен құрал-жабдықтардың тапшылығын жою керек. Сонда ғана
дəрігерлеріміздің дəрменсіз еместігіне жұрт иланар, сонда ғана
ел арасын меңдеп келе жатқан түрлі ауру-сырқауларға қарсы
жүйелі күресе алмақпыз.
«Егемен Қазақстан» газеті, 27.01.93 жыл
ДƏРІГЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАУДАН БАС ТАРТТЫ.
НЕГЕ?
Қазіргі таңда қай саланың тасы өрге домалап тұр дейсің.
Баяғыда нарық есігімізді қақпай тұрғанда-ақ проблемасы шаш-
етектен болып жататын дəрігерлеріміздің бүгінгі таңдағы хал-
жайын көзге елестету аса қиын емес. «Съезде бірдеңе шешілетін
бе еді» деп бір танысымның кесіп айтқанымен, қордаланған
ауқымды мəселелерді біріге бас қосып, талқыға салудың қажет
екендігі түсінікті нəрсе. Оған алдыңғы өткен аптада өткізілген
республика дəрігерлерінің І(V) съезін қорытындылауға арнал-
ған баспасөз конференциясында министрліктің Денсаулық
сақтау комитеті төрағасының орынбасары Айхан Ақанов бо-
лып өткен съездің Жолдауды талқылауға тұспа-тұс келгенді-
гін атап айтты.
Емдеу ісінің проблемалары мен болашағы, денсаулық сақтау
саласын ретке келтіру барысындағы дəрігерлік ғылым мен бі-
лім беру, мемлекеттік емес секторлар қызметі сияқты басқа да
мəселелер кеңінен талқыланған үлкен жиында денсаулық сақтау
саласының болашағына бастар басты жолдар белгіленді.
Соңғы кездері кеңірек етек алып кеткен нашақорлыққа бай-
ланысты өлім жазасын қолдану жəне қажетті дене мүшелерін
емдік істерге пайдалану, республикамызда іштегі баланы ал-
дырып тастауға тыйым салу төңірегінде қозғалған əңгіме
қарапайым жұртшылықты да елеңдетер жəйт. Осындай кезекті
əдісінен оралған əйеліне бір жігіт «Осымен нешінші баланың
көзіне құм құйдың?» деп ренжіген екен. Қазірде бұл мəселенің
тек отбасылық қана іс болмай отырғаны белгілі. Дəрігерлер
бұл іске тыйым салудың кері реакция беретіндігін, яғни іштегі
баланы қылмыстық жолмен немесе алыс-жақын шетелдерге
барып алдыру сияқты келеңсіздіктердің белең алатындығын
айтты. Тыйым салудан гөрі оны азайтуға, тіпті болдырмауға,
əлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты отбасын жос-
парлауға күш салудың тиімділігіне баса назар аударды.
Алла ауыртпасын деңіз, əйтпесе дəрігер алдына баруға бə-
рібір мəжбүрсіз. Ал бара калсаңыз, ақылы емдеу мен тегін
емделудің ара жігін ажырата алмай дал боласыз. Себебі, мем-
лекеттік секторға енетін емдеу орындарының өзінде шаншы-
тар инеңізден бастап түрлі дəрі-дəрмекті, тіпті бинтіңізге дейін
өзіңізбен ала жүресіз. Əрине, олар жоқ емес, емханаларда бар
да. Бірақ «Сіздерге арнайы бөлініп отыр ғой, неге соны пай-
даланбайсыз?» деп дауласа кетуге емделушінің бара қоюы
екіталай. Олай еткен адамның ыстық ықыластан құралақан
қалуы мүмкін. Съезде талқыланған дəрігерлердің əл-ауқаты,
экономикалық жағдайы жақсармайынша, əлгіндей «айтылмай-
тын» əңгімелер көбейе береді.
Сананы тұрмыс билейтін мына заманда Гиппократ анты-
нан өзге ант ауырлау тиді ме, Қазақстан дəрігерлері мен про-
визорлары ассоциациясының конференциясында əзірленген
«Қазақстан Республикасы дəрігерінің анты» қабылданбай
қалды. Жалпы, дəрігер атаулының бəрі о бастан тек қана Гип-
пократ антына табынып келгендігі белгілі. Мəселе, шынында
да, анттың көбеюінде емес, оның қадір-қасиетін терең түсініп,
бұлжытпай орындауда болса керек. Ол үшін дəрігерлердің
жеке басына, жалпы денсаулық сақтау саласына мемлекет та-
рапынан қаржылай да, рухани да көп көмек қажет. Өйтпеген
күнде, қажетті дəрі-дəрмек пен зəру медикаменттерді қазіргі
сықылды тек қана базарлардан іздеп жүре береміз. Қалтаңа
қол салуға ұялатын мына заманда нарық қыспағын желеу етіп,
ыңғайы келген жерде халыққа иек артып қалуға машықтанып
кетпей, дəрігерлеріміз қабылданбай қалған анттан аттаса да,
адамдық ардан аттамаса екен дейміз.
Қай саланың болсын, өзіндік проблемалары бар жəне ол
бүгін-ертең шешімін таба қалар нəрсе де емес. Ал, республи-
камыздың барлық саласының қызметкерлеріне ортақ, ұмы-
тылмауға тиіс бір мəселе бар. Ол – тіл. Мемлекеттік тіл
мəртебесін көтеруге деген ұмтылыс осындай іргелі, жау-
апты жиын-отырыстарда байқалуы қажет. «Біссіміллəсін»
қазақшалап жіберіп, ары қарай «орыстранспен» заулата ке-
ту соңғы кезде əдетке айналғандай. Қазақстан емес, Ресей
дəрігерлерінің съезі өткен тəрізді. Əртүрлі құжаттар мен ал-
дын-ала əзірленген іс-қағаздарының, съезге арналған «Ра-
ди жизни» дəрігерлер газетінің тек орыс тілінде берілуі мемле-
кеттік тілге деген селқостықты, немкеттілікті айғақтаса керек.
«Қазақша сөйлеуге өздері талпынбаса, басымызды қатырып
қайтеміз» деген пиғылдың тууына өзіміз осылай жағдай жасап
келеміз. Бұл орайда қазақша сайрағанда өзіңді жаңылдырар
(ондайлар көптеп саналады) дəрігерлеріміздің ойланғандары
жөн.
Съезді өткізу мен оның дайындығына бюджеттен қара-
бақыр да бөлінбегендігі, оған қоғамдық ұйымдар мен ден-
саулық сақтау саласындағы мемлекеттік емес секторлар кө-
мектескендігі арнайы айтылып өткеніне қарағанда, қаржы төңі-
регінде алыпқашпа əңгіме аз айтылмаған сияқты. Жалпы, маған
республика дəрігерлерінің кейінгі іс-əрекеттері Денсаулық
сақтау министрлігінің Білім, мəдениет министрлігімен бірігіп
кеткеніне əлі күнге дейін ренжіп жүргендей əсер қалдырды.
ЭКРАНДА – «ЗАМАН-АЙ» «Елін жеріне ие етсін...» Жазушы, драматург Сəкен серінің «Заманай мен Аманай» романының ізімен таяуда түсірілген режиссер Болат Шəріповтің «Заман-ай» кинофильмін көрген соң туған ой. Поэзиядағы шумақ тармақтарының арасындағы ойды оқып білу талабы өнердің барлық саласына тəн. Болат Шəріптің «Заман-айын» көріп отырғанда, əрбір көрініс сайын «Мұнымен не айтпақ болды екен?» деген сияқты сауалдарға жауап іздей бастағаным сондықтан да болар. Беташар көріністегі ауыл-аймақты жиып, ел ақсақалының қой сойыларда берген батасындағы «Елін жеріне ие етсін, ерін еліне би етсін» деген сөзін фильмнің эпиграфы деуге болады. Жалпы, кинофильмге Кеңес дəуірінің құрылу кезеңіндегі қазақ ауылдарының күйжайы, атамекенін тастауға мəжбүр болған халықтың Қытай жеріне үдере көшуі, кейіннен өз ұрпағын туған еліне жеткізуге талпынған Балзия ананың толғаныс-тебіренісі өзек болған. Үстірт айтып өткенге осы да жететін сияқты. Ал оның берілу тəсілі, негізгі айтар ойы дегенге келсек, сөз басқа. Елін жерінен, ерін елінен айырған аумалы-төкпелі заманның бар жүгін көтеру, əрине, бір кештің ғана сыбағасы емес. Əлі де талай тұлпардың тұяғына тас батып, нағыз нарқасқаларымыздың беліне салмақ түсер. Ал мына «Заман-айымыз» өзіне артылған жүкті діттеген жеріне жеткізе алды ма? Қалтарысы мол бұралаң жолда қандай айла-тəсіл таба білді? Көңіл бөлінбей қалған көлеңкелі тұстары мен амалсыздыққа барған сəттері бар ма? Асқаралы Алатауды бетке ұстап асыға басқан екеу: найза шыңдарына көкке ұмсынған алып Алатаудан да биік арман жетегімен келе жатқан əже, болашағы тұмандау бағытқа бет алған бала. Балзия ана (Зəмзəгүл Шəріпова) мен немере (Аманай – Арыстан Қиқымов). Жол бойы өткен өмірін ой елегінен өткізіп, қажет тұстарын немере зердесіне құйып келеді. Кинодағы бұл көріністер, яғни өткенге шегініс жасау
сəтімен, əдемі келтірілген. Атымтай (Ерік Жолжақсынов) мен
жас Балзия (Гүлнəр Сейітімбетова) арасындағы адал махаб-
бат, Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңіндегі оқиғалар ретіне
таба берілген. Кеңес өкіметін əкесі санайтын қызыл коман-
дир Атымтай мен тап жауы, Балзия əкесінің өлімінен кейінгі
олардың іс-əрекеттері, арғы бетке өтер «қылкөпірдегі» кез-
десу табиғи жарасыммен түсіріліпті. Атымтайдан Заманайға
аяғы ауыр Балзияның əке орнына ел бастап, Қытай асуындағы
қайсарлығын, өжеттігін танытар эпизодтар халқымыздың ба-
тыр қыздарының бейнесін жасауға қосылған бірден-бір үлес.
Қаншама шеберлік танытсаң да, роман көтерер бар жүкті
əңгімеге сыйдыру мүмкін емес. О баста екі серияға күштеп
сыйдыру да оңай болмаса керек. Киношылар қаншама тырыс-
қанымен, бағамдап қараған адамға үзіліп-жұлынып алынған
көріністер сыр беріп қоятын сияқты. Нарық кезіндегі жағдайда
олар осының өзіне де шүкіршілік жасағандай. Кинодағы негізгі
кейіпкерлер рөлінде ойнаған актерлердің де өз еңбектерінің
жемісті шығуына бар ынта-ықыласымен көңіл бөлгендіктері
байқалып тұрады. Кейбір тұста сезіліп қалар көрініс пен ды-
быс сəйкессіздігін ретке келтіруге болар деген ойдамыз. Кино
басындағы қойға бата беруші ақсақалға сойылар қойдың артқы
жағы қарап тұрғандай сезіледі. Кино ішінде берілген ескі
хрониканың бір-екі үзіндісі де көзге оғаштау көрінеді екен.
Жас Балзия мен əже Балзия (Гүлнəр мен Зəмзəгүл) арасындағы
табиғи ұқсастық, апалы-сіңлідей бет-бейнесінің үйлесе кетуі,
рөлде ойнау шеберліктері, фильмнің нанымды шығуына елеулі
септігін тигізген.
Заманай баласынан Қытай жерінде айырылған Балзия ана-
сының туған жерге немересін жеткізуге ұмтылуы, сол жол-
да өзін мерт етуі саналы көрерменді сан түрлі ойға жетелесе
керек. Жалғыз қалған Аманай ақыры асуға қарай бет түзейді.
Кино тəмамдалар тұс та – осы. Ары қарай ше?.. Алған бағыты
түзу ме? Аманай асудан өтті ме? Болашағында не күтіп тұр?
Бұлардың жауабын табу көрермен еншісіне қалдырылғандай.
Шынында, тарихтың қатпарлы беттері талай қағажу көрсеткен
халқымыздың бет алған бағыты қандай? Жерімізге елімізді
ие етіп, елімізге ерімізді би етіп отыра аламыз ба? Балзия-ана
өлгенмен, арман-ана өлген жоқ. Ол Аманаймен бірге алға ба-
сып келеді, алға баса бермек те.
«Түркістан» газеті. 10.12.1997 жыл
ТАСПА ТАЗАЛЫҚТЫ ТІЛЕЙДІ
Қала көшелерінің үсті тұрмақ, астына дейін жыпырла-
са жайғасып, берік орнығып алған, алау-жалау жарнамалар
жамылған дүңгіршектер мен жайдақ жайылған столдардың
үстінде магнитофон таспасын сатпайтыны кемде-кем. Көптен
бері көз үйреніп кеткендіктен, көңіл бөлмей өте шығамыз.
Аз-маз мойын бұра қалғандарымыз мұны бизнес əлемінің
мəдени бір түріне жатқызамыз да қоямыз. Əрине, батыста-
нып бара жатқан бейімделгіш мəдениетіміздің сауырын тағы
бір қамшының сипалай соғып жатқандығына қынжыламыз.
Бұл өз алдына бөлек əңгіме. Екінші мəселе – осындай сыпайы
сауданың шапанын жамылып, жасаланып жатқан мəдениетті
қылмыс пен халықты алдап-арбау, көзбояушылық жасау. Əн
əлдиіне бір сəт бөленгенді кім жек көрсін, сұраныс жаман
емес сияқты. Алайда, таңдап-талғап сатып алған таспалар
əдемі əуенмен əлдилей қоймай, қырылдап-сырылдап басыңды
қатырса қалай өкінбессің. Тіпті, қосымша қағазына басылған
əндер тізімінің ішіндегі кейбірінің таспада жоқ болып та
шығатыны бар. Басынан аяғына дейін тексеріп барып сатып
алуға уақытыңды да қимайсың.
– Енді ғана еңсе көтеріп келе жатқан біздің топтың ақын,
сазгер, əншілермен келісімшартқа отырып, еңбектеніп жү-
ріп жазған таспалары да осының кебін киді. Түпнұсқадан кө-
шіріліп алынып сатылып жатқан таспалардың сапасы өте на-
шар. Жалпы, авторлардың келісімінсіз əндерді таспаға басып
сату мəселесі төңірегінде тексеріс жүрігізіп, қылмыстық іс
қозғауға да болады, – дейді «Мəлике» шығармашылық дыбыс
жазу тобының жетекшісі Сүлеймен Мектеп. – Əнші Мəдина
Ералиева, жыршы, термеші Алмас Алматов, Америка, Түркия
елдерінде өнер көрсетіп қайтқан термеші, жырау Эльмира Жа-
ңабергенова, Қарақалпақ еліндегі бауырымыз Өсербай жы-
раулардан жазылған сапалы таспаларымыз жақсы сұраныспен
өтуде. Біздің түпнұсқа таспаларымызды əнші, жыршылардың
баспаханада əзірленген фотосуреттері арқылы анықтауға бола-
ды (ол таспа қорабына салынған). Сын-ескертпелер үшін теле-
фон нөміріміз де қоса жазылған.
«Мəлике» шығармашылық тобының қазақ əндерін ғана
емес. Балаларға арналған қазақ ертегілері мен дін хадистерін,
аяттарды, батырлар жырын таспаға бастырып тарату ниеті де
бар екен. Бұлар да халқымызға қажет, сұранымға ие дүниелер
деп ойлаймыз. Елімізге белгілі болған фирма басшылары мен
бизнесмендеріміз пайда табу жолдарын ғана ойлап, шетелдік
жұлдыздарға шашылып-төгіле бермей, бірауық өз ұлтының
да қамын жеп, əлгіндей іс-шараларға қаржылай көмектесіп,
игілікті істің ұйытқысы болса, ел алдындағы қасиетті борышын
өтегендігі болар еді. Бұл істердің өзіміздегі өнер адамдарының
да жағдайларын жақсартары даусыз.
Еліміздің Мəдениет департаменті «Бизнестің адамдарымен
бас қатырар жағдай жоқ» деген сыңай білдірмей, бұл салаға да
мемлекеттік деңгейде көңіл бөлсе, ұтыла қоймас еді. Көшедегі
таспаны заңсыз сатып, оңай олжаға кенеліп жүрген алаяқтар
қатары сирексіп, түскен қаржы да өз орнын табады. Бұл орай-
да ақын, сазгер, əншілер мен жаңадан құрылған Авторлық құ-
қық қорғау қоғамы атқарар іс-шаралар жетіп артылады. Ал
«Мəлике» сынды дыбыс жазуы шығармашылық топтары бұл
жерде үлкен дəнекерлік рөлге ие болуы тиіс. Сонда ғана ру-
хани лəззат аларлық, тəлім-тəрбиелік мəні бар таза жазылған
заңды таспаларды тыңдауға мүмкіндік туады.
«Түркістан» газеті, 18.12.1997 жыл
КӨПШІЛІККЕ КІМ КӨМЕКТЕСЕДІ?..
Білім беру саласындағы ауыртпалықтың азабы
арқаға батып отыр
Бір күні үлкен қызым: «Биыл маған қалың пальто алмай-ақ
қойыңыз, былтырғым жарайды екен ғой», – деді қуана. Ертеңіне
мектептен екінші қызым мəз болып келді. Сынып еденін жууға
жылдағыдай ай сайын ақша жинамайтын болыпты.
– Көке, мен ағылшын тілі сабағына қатыспай-ақ қояйын да,
сіздер қиналасыздар ғой. Биыл да 300 теңгеден төлейді екен-
біз, – деді сабағынан мұңды оралған ұлым.
– «Сендерге ауыртпалығым түспесін», деп апам ауылға ке-
тіп қалды, – деді досым қинала.
Университеттегі оқуын жалғастыра беруіне мүмкіндігі бол-
маған көршімнің қарындасы амалсыз сырттай бөлімге ауысып
кетті.
Мұндай жағдаяттардың қазірде əрбір отбасының шаңы-
рағында болып жатқандығы белгілі. Бəрі де амалдың жоқты-
ғынан.
Елдің бəрі де өзіміз секілді емес пе, жеткіншектерге білім
беру мен тəрбие мəселесі əңгіме болған тұста кімнің құлағы
елеңдемес дерсің. Арнаулы орта оқу орындары мен орта
білім беру мекемелерінде болып жатқан оңды өзгерістер
жайына тоқталған министрліктің Инспекциялау, лицензия-
лау жəне аттестациялау Бас басқармасының бастығы Серік
Ешмұхамбетұлы Көмеков қазіргі заңдарымызға сəйкес лицен-
зия ережелерін бұзған алты оқу орнының іс-əрекеттері алты
айға тоқтатылғанын айтты.
Олар – Атырау гуманитарлық-техникалық колледжі, Ал-
маты «Шабыт» өндірістік колледжі, Талдықорған Заң кол-
леджі, Қостанай мемлекеттік университетінің «Құқықтану»
мамандығы, Қызылорда коммерциялық колледжі, Қаплан-
бек ауыл шаруашылық колледжінің мемлекеттік емес эконо-
микалық колледжі. Жалпы, бүгінгі таңда меншік нысаны мем-
лекеттік емес 55 жоғары оқу орнының, 44 арнаулы орта оқу
орнының білім беру қызметін жүргізуіне құқықтық лицен-
зиялары бар. Ал биылғы жылы мемлекеттік емес 55 заңды
тұлғаға қажетті құжаттарды тапсырмағандығына, біліктілік
жəне нормативтік талаптарға сəйкес келмегендіктеріне бай-
ланысты лицензия берілмеген. Бұл жұмыстардың барлығы
да Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар «Ли-
цензиялау туралы» Жарлығы мен Үкіметіміздің былтырғы 26
қыркүйекте қабылданған «Білім беру мекемелерінің білім беру
қызметін жүргізу құқығына лицензия беру тəртібін, білім беру
мекемелерін бітіргені жəне білім беру қызметін лицензиялау
кезіндегі біліктілік талаптары туралы құжаттарды беру тəртібін
бекіту туралы» қаулысына сəйкес жүргізіліп отыр. Жер-жердегі
көбейіп кеткен академиялар, университеттер мен колледжер
аттарының өз дəрежесіне сай болуын қадағалап отыру, əрине,
қажетті шара. Мəселен, облыстық прокурорлар лицензиясыз
қызметті жою үшін 5 ескерту, 2 ұсыныс беріп, 7 əкімшілік,
тəртіптік істер қозғапты. Сот шешімдері бойынша мемлекет-
ке лицензиясыз қызмет көрсеткен мекемелердің 5 миллион
теңге заңсыз табысы қайтарылып алынды. Бəрі дұрыс. Алай-
да, жабылып қалған немесе уақытша тоқтатылып тасталған
оқу орындарындағы ақысын төлеп қойған жастардың жай-
күйі қалай болмақ? Олардың құжаттарының мамандықтарына
сəйкес келер өзге оқу орындарына ауыстырылатындығы, əйт-
песе есепке аударған қаржысының қайтарылып берілетіндігін,
министрліктегілер айтып отырғандай, оп-оңай шешіле салар
мəселе ме? Құжаттарды реттеу мен қаржы мəселесінің айна-
ласындағы əуре-сарсаңның сағызша созылып, аяғы сиырқ-
ұйымшақтанып кететіндігі бəрімізге де белгілі. Ендеше, мы-
на заман қыспағында қалт-құлт етіп əрең жүрген жасөспірім-
деріміздің білім жолындағы күй жайын көз алдымызға елес-
теудің қиындғы бола қоймас.
Мемлекеттік оқу орындарында орта білім берудің тегін жүр-
гізілетіндігі Коституциямызда атап көрсетілген. Алайда, сол
оқу орындарында жекелеген кейбір пəндер арқылы жүргізіліп
келеді. Мұндай шаралардың қандай негізге сүйеніп жасалынып
отырғандығы да белгісіз. «Соңғы түйенің жүгі ауыр» дегендей,
айналып келгенде, барлық ауыртпалықты мойнымен көтеріп
келе жатқан сол баяғы көпшілік болып отыр. «Көпшілік» дей
салғанға етіміз де əбден үйреніп кеткен. «Көппен көрген ұлы
той» дейміз де, нақтылы жауап іздеуден, нəтиже шығарудан
бойымызды аулақ саламыз. Көпшілік дегеніміз жеке адамдар
ғой, оларға кім көмектеседі.
«Түркістан» газеті, 24.12.1997 жыл
АЛЛА-ТАҒАЛАНЫҢ ЖЕРДЕГІ ҮЙІ
Тіршіліктің тамырына сəуле түсіріп, адамзат санасына бағыт-
бағдар сілтеп отыратын сыртқы күштің бары рас. Əйтпесе,
жан-жануардың барлығында да ми бар, ал ой-сана, ақыл адамға
ғана тəн. Неге олай?
Белгілі бір мерзімге жетер күш-қуат алған, негізгі жоспа-
рын шығармашылықпен дамытып қана отырар аса күрделі
«компьютер» екендігін ашық мойындамаса да, адамзат өз Жа-
ратушысына табынып келеді. Оған табыну рəсімдері əр орта-
да əрқилы атқарылғанымен, негізгі мəні бір торапта түйісіп
жатады. Қажетіне қарай адамдар қолдан жасайтын саясат
ықпалы етпеген болса, баршаға ортақ жалғыз Жаратушысы-
на ғана табынар қауым əрқашанда бейбіт, түсіністікпен өмір
сүре береді. Тіршілік тұсауы кесілген кезде басталған та-
быну өзінің соңғы нүктесін тіршілік жүрегі тоқтағанда ғана
қоюы мүмкін. Сондықтан да, қай қоғамда өмір сүрмейік, дін-
ге деген көзқарас ашық айтылып келеді. Дін оппозициясы –
марксизмнің өзі халыққа атеистік тəрбие бере жүріп, оның
тарихының ұмытылмауына көп үлес қосты. Діннің тарихы мен
пəлсафасын біздерге осы атеизм дəрістері үйретті.
Қоршаған ортасына бейімделе алмаған кез-келген заттың
болашағы жоқ. Жан-жануар да, өсімдік те, адам да, тіпті дін
де солай. Негізі мазмұны сақталғанымен, территориялық-гео-
графиялық, тұрмыстық-психологиялық, ұлттық ерекшелік-
терге байланысты діннің де аздап бейімделетіндігі – табиғи
құбылыс, заңдылық.
О баста тəңірлік дінмен рухтанып, қазірде исламға ден қой-
ған қазақта діннің болашағы, оның мемлекетпен арақатынасы
қандай?
Біз қазір қазақ жастарының өзге дінге ауысып жатқандығын
көп айтып жүрміз. Меніңше, мұдай жағдайдың белең алуы-
на екі түрлі себеп бар. Ол – түсінбеушілік пен мəжбүрлік.
Дін негіздері мен оның мəн-мағынасын тереңірек түсіндіріп,
талқылап-талдамайынша халықтың дінге деген адалдығын,
беріктігін сақтап отыру қиын. Құрғақ ауызша айту мен үстірт
баяндау ешқандай нəтижеге қол жеткізбейді. Бұл орайда діни
мекемелердегі аузынан «алласы» түспейтін діндарлар ғана
емес, ғылыми орталықтарда еңбек етіп жүрген дінге көзі ашық
қызметкерлердің белсенділік танытқаны жөн.
Енді мəжбүрлікке келейік. Қайда барып, қайда тұрары, қа-
лай күн көрерін білмей, есеңгіреп жүрген адамның санасын
тұрмыс билейтіндігі бұрыннан-ақ белгілі. Өзіне діндегі мисси-
онерлер осындай ұрымтал тұсымызды дəл тауып отыр. Басына
баспана беріп, жағдайын жақсартып отырса, айналып келген-
де, табынар құдайы бір болып тұрса, жастарға одан артық не
қажет. Оның үстіне, өзге діннің өкілдері уағыз айтуға, үгіт,
түсінік жұмыстарын жүргізуге барлық мүмкіндігін жұмсайды.
Бұл тұрғыдан келгенде, мұсылмандықты пір тұтар біздің діни
қызметкерлеріміз өзге дінді белсенділерден үлгі-өнеге алғаны
дұрыс.
Жетпіс жылдан астам билеп келген коммунистік идеоло-
гия санамыздағы өз орнын босатқанына аз жыл өткен жоқ.
Ал, санамыздағы «ваканция» өз орнын толтыруы қажет. Сол
санадағы босаған орында билік құруға өзге діннің өкілдері ба-
рын салып бағып отыр. Мұның соңы келешекте үлкен мəселе
тудыратыны белгілі. Олар, сондықтан да, соңғы нəтиже,
түпкі мүдде үшін кез-келген құрбандыққа бас тігуде. Респу-
бликамыздан тыс жерлерде олардың қолдаушысы, мүдделі
демеушілері жеткілікті. Аты дін деп мемлекеттен бөлектеп тас-
тап отырған да жоқ. Ұлттық не мемлекеттік идеология ретінде
атап көрсетілмей-ақ, айғай-шусыз сол деңгейден көрініс тауып
келеді.
Сананы билеудің ақыры неге соқтыратындығын қазақ қана
емес, басқа ұлт өкілдері де жақсы біледі, тəжірибе жеткілікті.
Ендеше, ұлт бірлігін, болашағын сақтап қалу үшін дінге деген
көзқарасымызды түпкілікті түрде қайта қалыптастыруымыз
қажет.
Адам баласы дүниеге келгенде алынуға тиісті туу туралы
куəліктен бастап жерлеу рəсіміне дейінгі барлық елеулі сəттерді
(сүндет, неке қию, ажырасу, өлім-жітім, т.б.) мешіттерімізде,
оның өкілдерінің қатысуымен атқаруға қол жеткізген жөн.
Мешіт жанынан азаматтардың хал актілерін тіркеп отыра-
тын (АХАТ) арнайы бөлім ашылса, бұл шараларды жүзеге
асырудың түк те қиындығы жоқ. Мешіт берер құжаттар рөлін
мемлекеттік қазіргі АХАТ-тар беретін құжаттар рөлімен
теңестірсе жетіп жатыр. Мешіт жұмысын жандандыру жай-
ында кезінде жан-жақты айтып кеткендігімнен, уақыт озды-
рып, қайталап жатудың қажеті болмас («Қазақ əдебиеті», 19
көкек, 1991). Мешітті Алла-тағаланың жердегі үйі деп жүрміз.
Алайда, ол тек құлшылық ету орны ретінде ғана болмағаны
абзал. Мешітті халықпен жиі қарым-қатынас жасап отыра-
тын бірден-бір үлкен орталық дəрежесіне көтере білу керек.
Осындай биікке қол жетсе ғана халық арасында үгіт-насихат,
түсінік жұмыстарын қарқындырақ жүргізуге болады. Мешіт
қызметкерлері мен үкімет орындары үнемі бірлесе, тіл табыса
жұмыс істеуі қажет. Адам екеуіне бірдей ортақ болып тұрғанда,
мемлекет пен мешіт арасына Қытай қорғанын қолдан тұрғызуға
болмайды. Олай ету жақсылыққа соқтырмайды. Себебі, наным-
сенімі жоғалған адам бірлік-берекені де, ұйымшылдықты да
жоғалтады. Ал бірлігі жоқ ел жеріне иелік ете алмайды.
Сонымен, дінге деген тазалықтың, адалдықтың үстемідк
құруы үшін қандай шаралар атқарылуы тиіс?
БІРІНШІДЕН, мешіт жанынан азаматтардың хал актілерін
тіркеу бөлімдері ашылса.
ЕКІНШІДЕН, Қазақстан мұсылмандары Дін басқармасына
қарайтын діни оқу орындарында дін саласымен бірге өзге
мамандықтарды да қоса меңгеріп шығатын дəрежеге қол жет-
кізілсе.
ҮШІНШІДЕН, мектептен бастап барлық оқу орындарында
дін сабағын жүргізген жөн дейміз.
ТӨРТІНШІДЕН, екінші Мекке атанған Түркістан қаласын
дін орталығына айналдырып, Қазақстан мұсылмандарының
Дін Басқармасын сонда көшірген дұрыс секілді.
БЕСІНШІДЕН, дінге сеніп, Құдай жолына түскен азамат-
тарды бөлектемей, көппен бірге əскер қатарына шақырған
дұрыс-ау. Коммунистік партияның кезіндегі ескі қағиданың
тозығы жетті деген ойдамыз.
АЛТЫНШЫДАН, дін саласындағы басшылықты, қаржы-
қаражатты жоғарыдан бақылап, тексеріп отыратын арнайы
буын болғаны дұрыс. Жалпы халыққа ортақ дүние болған-
дықтан, онсыз болмайды. Ол буын тікелей Президент жаны-
нан құрыла ма, үкіметтен бе, əлде дербес пе, оны көпшілік
талқысына салған жөн. Негізі, ешқайсысына бағынбайтын
болғаны дұрыс-ау. Қазіргі таңда барлық іс-шара қаражатқа
тірелетіндіктен, ал ол қаржы тікелей халықтікі болғандықтан,
оған қатаң бақылау болғанын қай адам қаламас дейсің. Қайыр-
садақадан жиналған, арнайы бөлінген қаржы көкке көтеріліп
кетіп жатпаған болар. Коммунистік қоғамда бірінші хатшының
өзі тексеру комиссиясының алдында есеп беретін. Əйтпесе,
пенде болған соң, оны-мұны мəселелер тумай тұрмайды. Ол
төңіректе «Түркістан» газетінде бірнеше мəрте жазылды.
Дін көзбояушылықты, алдап-арбауды, шпиондықты, афе-
ристікті көтере алмайды. Мешіт – Алла-тағаланың жердегі
қасиетті үйі. Ол халыққа арналғаан, ал халық тазалықты, жа-
риялылықты ұнатады.
«Түркістан» газеті, 31.12.1997 жыл
ҮШ ТҮЙІНДІ ШЕШСЕК, ДЕЙДІ
Біздіңше, төртіншісі жəне бар...
Халықтың денсаулығын сақтау мəселесі қай кезеңде де күн
тəртібінен түсіп көрген емес. Күнделікті тұрмыс-тіршілік жүгі
ауырлай түскен қазіргі таңда, шындығын айту керек, салауат-
тылық үшін жүргізілетін күрес баяғы қарқынынан əлдеқайда
əлсіреп кетті. Жалпы көпшілікті бұқаралық спорт түрлеріне
тарту əңгімесі ел арасында күлкі тудыратын дəрежеде. Тау
баурайындағы демалыс орындары мен спорт алаңдарына
бару былай тұрсын, бұрынғыдай көше бойлап жүгіріп, не
күнделікті таңғы дене шынықтыру жасап жатқан қазақты
көру қиын. Оның үстіне, жер-жердегі санитарлық тазалық
жұмыстарының əлсіреуі жан-жануарлар, импорттық тауар-
лар арқылы түрлі аурулардың кең тарауына жол беріп отыр.
Соның салдарынан барлық ауыртпалық пен жауапкершілік
жүгі республикамыздың денсаулық сақтау орындары мен
дəрігерлердің мойнына түсіп тұр. Ал, емдеу мекемелеріндегі
мамандардың айтуына қарағанда, денсаулық сақтау саласын-
да дəл қазіргі таңда негізгі мəселе ретінде үш бағытта жұмыс
жүргізілуі қажет.
Бірінші мəселе – əртүрлі жарнамалардан, барлық дəрі-
ханаларымыздың сөрелерінен орын бермей бара жатқан
шетелдік сапалы-сапасыз дəрі-дəрмектерге, аздап болса да,
тосқауыл қойып, өзіміздің отандық өнімдерімізді көбейтіп,
соларды жарнамалау. Бұл орайда өткен жылы отандық фар-
мацевтикамызды дамыту жайында арнайы пəрмен берілген
болатын. Осы бастаманы аяғына дейін жеткізуге үнемі көңіл
бөліп отырған жөн.
Екінші мəселе – емдеу, сауықтыру орындарын медици-
наның соңғы үлгідегі техникалық құрал-жабдықтарымен
қамтамасыз ету. Медициналық қондырғылардың барлық
түрімен қамтамасыз етілген ірі емдеу орындарының өзінде
бұл мəселеге үлкен алаңдаушылық туып отыр. Мерзімі же-
тіп, ескірген құрал-жабдықтар сырқаттың диагнозын қоюда
қиындық тудырып, емдеу істерінде əлсіздік танытып келеді.
Көнерген, бұзылған техникаларды қайта жөндеудің құны сол
заттың өз құнынан аса бастады. Сондықтан, негізгі медици-
налық аппараттарды жаңадан сатып алу, сондай-ақ, жөндеу
орындарының жұмысын ретке келтіру қажет.
Үшінші мəселе – соңғы үлгідегі емдеу аппараттарының
тілін жетік білетін маман дəрігерлердің аздығы. Олар, бар
болған күннің өзінде, саусақпен санарлық. Бұл орайда техни-
ка тілін білетін инженер мамандығын дəрігерлік мамандыққа
қоса оқытып тəрбиелеу қажет.
Маман дəрігерлердің бұл топтауына біз қазіргі жағдайларға
орай əр жерде орын алып қалатын «медициналық бизнес» де-
генді қосқымыз келеді. Емдеу орындарына арнайы бөлінетін
дəрі-дəрмектердің ақ желеңді абзал жандардың арасында са-
тылап талан-таражға түсетіндігі, аяғында емдеуші көрпе-тө-
сектен бастап, барлық медикаментті өз қалтасынан көтеретін-
дігі құпия емес. «Таз ашуын тырнадан алады» дегендей, үкімет-
тің жалақы өсірмей жатқандығының қарымтасын қорғансыз
сырқат жандардан қайтаруға болмайды.
Турасы, құдай тосын жағдайға тап қылмаса, əрбіріміздің
жан саулығы мен ден саулығы үшін күресті өзімізге өзіміз
жүргізіп, дəрігер алдына бармай-ақ қойғанымыз дұрыс-ау.
«Түркістан» газеті, 04.01.1998 жыл
БІЗДІ ЕСЕЙТКЕН МУЛЬТФИЛЬМ
Қазақ мультипликация өнерінің тұсауын кескен «Қар-
лығаштың құйрығы неге айыр?! атты мультфильмнің дү-
ниеге келгеніне (1967 ж.) отыз жылдан асты.
Əлі мектеп табалдырығын аттамаған кезіміз. Əке-шешелі-
ріміз таңсəріден кетпендерін алып, ауыл іргесіндегі күріштікте-
ріне кетеді. Содан кеш қараңғылығы түскенше ауылда шал-
шауқан, бала-шаға ғана қаламыз. Бес-алты бала жиылып алып,
кешкілік Құндызбай көкемнің үйіне теледидар көруге жинала-
тынбыз. Осындай күндердің бірінде «Қарлығаштың құйрығы не-
ге айыр?» деген мультфильмді тамашаладық. Сонан қарлығашқа
деген жылы сезіміміз оянып, үйіміздің бұрыштарына салынған
оның ұясын қорғай жүретінбіз. Мультфильмді көргенге дейін
мəн бермеген болуымыз керек, қарлығаштың құйрығының айыр
екендігіне де сонда назар аударғанбыз. Қазір ойлап отырсам, ол
қарлығаш туралы мультфильм ғана емес, мультфильмнің бала-
ларға ұшып келген алғашқы қарлығашы екен ғой.
Сол кездегі балалар қазірде үлкен азамат болған. Қазақ муль-
типликация өнері де бізбен қатар есейіп, бүгінде ордабұзар жа-
сына келіпті. Аталмыш мультфильмнің авторы əрі режиссері
Əмен Хайдаров пен Алматы көркемсурет училищесінің түлек-
тері – Эрнст Бисейітов, Галина Дусенко, Борис Калистратов,
Флобер Мұқанов жəне Еркін Сұлтанбековтер іргетасын қала-
ған қазақ анимациясы өзінің есею жылдарында қандай дəреже-
ге көтеріле алды? Оның қазіргі жағдайы қалай?
Кино саласындағы жаңа өнер – анимация қазақты, қазақ оны
жатсынған жоқ. Қазақ ертегілері мен батырлар жыры, əртүрлі
аңыз əңгімелері анимация киносының бүкіл талап-тілегіне сəй-
кес келетін дап-дайын сценарий болатын. Тек жоғарыда аттары
аталған азаматтар мен қазақ өнерінің аға буын өкілдері: Шəкен
Айманов, Серке Қожамқұлов, Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрғиса
Тілендиев сынды біртуар перзенттеріміздің көңіл бөліп,
құлшына кірісуін күтіп тұрыпты. Өлі суреттерге «дем салып»,
сөйлетіп, жұртшылыққа ұсынуда, жалпы, жаңа өнердің туып,
өсіп өркендеуінде осы кісілердің еңбегі айрықша көрінді.
Қазақ мультипликация өнерінің дегеннен-ақ мығым қадам
басып кетуінің тағы бір себебі болды. Ол Мəскеу, Ленинград
қалаларындағы кино институттарын тəмамдап келген кадрла-
рымыздың біліктілігі, кəсіби шеберлігінің жоғарылығы еді. Со-
нан болар, өзге елдердегі ұлттық мультипликацияларға қара-
ғанда, біздің бұл жанрымыздың шоқтығы əлдеқайда биік бо-
латын. Тіпті, моңғол, алтай, башқұрт, түрікпен, тəжік, қырғыз
ағайындарымыздың алғашқы мультфильмдерін шығаруға біз-
дің мультипликаторларымыз тікедей көмек көрсетті.
Қазіргі таңда Қазақстан өнері мен мəдениетінде анима-
ция киносының алар өзіндік орны бар. «Қазақфильмнің»
анимациялық тобы өзінің отызжылдық өмірбаянын жаман жа-
сап шыққан жоқ. Бұл мерзімде балалар киношылары жүзден
астам графикалық жəне қуыршақ фильмдерін экранға шыға-
рып үлгерді. Олардың көбісі халықаралық жəне одақтық фес-
тивальдарға қатысып, жүлделі орындар мен арнайы сыйлық-
тарға ие болды. Режиссер Əмен Хайдаровтың біз əңгімелеген
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты фильмі, тіпті 1975
жылы Нью-Йоркте өткен (!) мультфильмдердің 1 халықаралық
фестивалінде «Бронзовый Парксиноскоп» жүлдесіне ие бол-
ды. Мультипликаторларымыздың арасында Қазақстан Ленин
комсомолы жəне Күлəш Байсейітова атындағы Мемлекеттік
сыйлықтардың иегерлері де бар. Бұл, шынында да, қазақ муль-
типликациясына көрсетілген үлкен құрмет, оның болашағына
деген зор сенімнің белгісі еді.
Қазақ мультипликаторлары сол сенімнен шыға алды ма? Бұл
сұраққа бір сөзбен жауап бере қою қиын. Қазіргі техникалық
өрлеу кезеңінде, Еуропа мен Америкаға тереземіз ғана емес,
есігіміз қоса ашылған мына заманда бұл сұраққа «ие» неме-
се «жоқ» деген жауаптардың қатарластыра айтқанымыз дұрыс
сияқты. Себебі, өзіміз құралпы елдерге қарағанда, бұрынғы
технологиямыздың мүмкіндіктерін ескерсек, біздің мамандары-
мыз шыққан биік аздық етпесе керек. Бір қысқа мультфильмнің
өзіне ғана ондаған мың картина қажет екендігі бұл сала жұмы-
сының қаншама күш талап ететіндігін байқататын болар. Бұл
қырынан келгенде, аниматорлар еңбегін бағалаған жөн. Бірақ,
біз қырға көз тігіп үйренген қазақпыз ғой, теледидар арнала-
рынан шетел мультфильмдерін көргенде, өзіміздің əлемдік
деңгейдегі қазіргі орнымызды шамалап қаламыз. Оған соңғы
кезде араласпаған саласы қалмай бара жатқан компьютер «кі-
нəлі». Өркендеген елдердің компьютерлі студиясында жер
мен көктей алшақтық бар. Компьютерлі студия алуға 200 мың
АҚШ доллары қажет екен. Қымбатсынып, қол сілтей салуға
тағы болмайды. Мұндай студия, ең алдымен, білім алып жатқан
болашақ мамандарымыз үшін өте қажет. Ұлағатты ұстаз Əмен
Хайдаровтың шəкірттері үшін осындай студия алуға қаржы
бөлуін өтініп, жоғарыдағы басшыларды жиі мазалап жүргендігі
тегін болмаса керек. Компьютер мүмкіндіктерімен жұмыс
істеудің əлі сəті түсеқоймаса да, біздің мамандарымыз толық
метражды фильмдердің өзін кішігірім ұжыммен-ақ түсіре
алатын дəрежеге қол жеткізді. Оған «Айдардың ажалы» (ре-
жиссерлары Жəкен Деменов пен Ғани Қыстауов). «Қадырдың
бақыты» (Қалдыбай Сейданов) толық метражды фильмдері
дəлел бола алады.
Аманжол Əбілқасымов, Абай Тоқашбаев, Болат Омаров,
Ирк Молдабеков, Ғимұрат Бекішев, Тамара Мұқанова сынды
режиссерларымыз бен суретшілеріміз бұл күндері компьютерлі
графика тəсілдерін жап-жақсы меңгеріп алған. Олардың ең-
бектері теледидар арналарынан көрініп те жүр. Таяу арада ком-
пьютерлі студияға қол жете қалса, осындай жаңа технология
негізінде түсірілген компьютерлік мультфильмдер де өзінің
кішкентай көрермендеріне өзгеше қуаныш сыйлай бастар еді.
Бұл үшін, əрине, жоғарыдағы басшы орындардың қаржылай
көмегі қажет-ақ.
Биылғы оқу жылында өз еліміздің анимациялық кино ма-
мандары тұңғыш рет өзімізде диплом алып, түлеп ұшқалы
отыр. Олар қазір Т.Жүргенов атындағы театр жəне кино инсти-
тутында қазақ мультипликациясының атасы Ə.Хайдаров пен
Е.Əбдірахмановтардың шеберханаларында оқып, білім алуда.
Қазақ анимация киносын екінші рет биікке көтеру осы жаста-
рымыздың алдында тұрған міндет деп ойлаймыз.
...Əлі мектеп табалдырығын аттамаған бала емес пе. Теле-
дидардан «Том мен Жери» мультфильмі бола қалса, кіші ұлым
Серік ішіп отырған асын тастай сала жүгіреді. Ие, оларды
«Том мен Жери» есейтетін болды. Соның орнына теледидар-
дан қазағымыздың қозы-лағын ойнатып, мысық-тышқанын та-
машалап өссе қалай болар еді. Əттең, тонның келтесі-ай...
«Түркістан» газеті, 07.01.1998 жыл
НЕ ҚАЛА ЕМЕС, НЕ ДАЛА ЕМЕС...
Алматының солтүстігінде жайғасқан «Шаңырақ» елді-
мекенін жұрт «ықшам аудан» деп те атай береді. Өзіне екеуі
де жарасатын секілді. Негізі, өзі Əуезов ауданының аумағында
орналасқан. Кезінде қалада он-онбес жылдан бері жұмыс істеп
жүріп, пəтер ала алмаған жастар қала іргелеріне өз еркімен
үй салып жайғаса бастаған соң, қала басшылығы, амал жоқ,
жер үлестіріп, тынышын тапқан болатын. Обалы не керек,
сол кездегі қала əкімі Заманбек Нұрқаділов «Шаңырақтың»
хал-жайын жақсартуға бар ынта-ықыласымен кіріскен-ді.
Сонан ба, «Шаңырақ-1», «Шаңырақ-2» болып, əп-сəтте үй-
жай қатары қаз-қатар тізіле қалды. Айтуға ғана жеңіл шығар,
əйтпесе, қашанда əбігерге түсіп шапқылап жүретін қазақтар-
дың өлермендігінің арқасы ғой бой түзегені. Сол қарқын қазір
сап басылған. Себеп? Науқаншылдық дерт пе, басшылықтың
ауысыуы ма? Əлде суық пен судан бас паналатар «времянка-
лардың» əуресі болдыртып тастады ма? Басталған құрылысын
аяқтауға үкіметіміздің əлі жетпей жатқанда, жеке адамдар қи-
мылының бəсеңдеуін түсінуге де болады.
«Шаңырақтың» бүгінгі тұрғындары (99 пайызы – қазақ) –
Алматының бұрынғы пəтершілері, экологиялық аймақтардан,
таяу шет елдерден атамекеніне қоныс аударып келгендер.
Сондай-ақ, бұрынғы астанамыздың оқушы, базаршы жастары
(бұрын «жұмысшы жастар» деуші едік). Көпшілігі – ілдəлдалап
күн көріп жүрген жұмыссыздар, «таңғы нəсіп тəңірден» деп
алақан жайып, аспанға қарап отырған жұрт. Автобустың асты-
үстіне топырлай сығылысқан мектеп оқушылары, шұбырған
қара домалақ бала-шаға. Иə, бұл жер – алды он-он екіден, соңы
екі-үштен ұл-қыз өсіріп отырған қаланың көп балалы аймағы.
Баланың саны толмай қалады деп, кезінде əзер ашылған №41
қазақ орта мектебі аузы-мұрнынан шығып, сыймағандарын
көршілес мектептерге «ұзата» бастағалы қашан!
Сосын, «Шаңырақта» не бар? Санаулы дүңгіршіктер, санау-
лы бағаналар, санаулы аялдама мен санаулы автобустар. Авто-
бустар болғанда да, ұйықтап жатқан бала ояна сап, жаңылмай
айта алатын «103» деген жалғыз нөмірлі автобус. Оның өзі
тек қаланың шетіне ғана (Райымбек – Немцова көшелерінің
қиылысына) əрең іліктіріп тастайды. Ары қарай бұйырғанын
көресіз, ақшаң көп болса, автобус та көп. Соның өзінде, екі-үш
рет ат ауыстырып мінбесеңіз, барар жеріңізге жетуіңіз қиын.
Бір кездері қандай еді десеңізші! Жерінің топырағы көрін-
бес көк майса шөп пен бəйшешегінен басталар қызылды-
жасылды жайқалған гүлге толы өңір еді. Іргедегі гүрілдей
тасыған өзеннің айналасы ит тұмсығы батпас қалың тоғай бо-
латын. Ауылдың бел ортасында орналасқан табиғи ыстық су
қандай еді?! Оған қаладан ғана емес, сырт жерлерден де ар-
найы келіп, ем-дом қабылдайтын жұрттың қатары мол бола-
тын. Ем-дом жасауға арнайы вагон жайлар қызмет ететін. Бас-
аяғы бес-алты жылда бұл көріністің бірі де қалған жоқ. «Бір
кездері» деп жатқанымыз сол – кешегі күннің ғана «жемісі».
«Өз жерімізде өзіміз ақша төлеп суға шомыламыз ба?» де-
геннің ақыры вагондардың «өртеніп» кетуіне соқтырды. Ауыл-
дағы əдістерден арыла алмай, өзеннің бар тоғайын отқа жағып
тауыстық. Қазір ит мұрнын паналатар орын таппайды, жала-
ңаш қалған өзеніміз «қымсынуды» білмейді, салдыр-салақ сал-
дырап ағып жатыр. Жетім қалған дерсің. Экологиялық аймақ-
тан бас сауғалап келген жұртқа ұқсамаймыз. Табиғат апатын
түсінер жан оны аялай білуі керек емес пе еді.
Айтар мəселе көп болған соң, ойымызды да шашыратып
алдық па деймін. Сонымен, сөздің тоқ етері:
бірінші, негізгі көшесі қалаға кіріп тірелетін «Шаңырақта»
қаламен байланыс жасар телефон желісі жоқ;
екінші, қаланың орталықтарына тіке қатынайтын автобус
маршруты жолға қойылса. Əзірше, ең болмаса 99-нөмірлі ав-
тобус маршрутына 33 «А» қосымша көлік бөліп, «Шаңырақ»
арқылы жүргізгені жөн;
үшінші, «Шаңырақ-2»-де электр желісін, су құбырын тарту,
жол құрылысын жүргізу қолға алынғаны дұрыс;
төртінші, қыстақтың ортасынан байланыс бөлімшесін, га-
зет-журнал, хат-хабарға мүмкіндік тудыру қажет. Осының
кесірінен қаншама қазақ оқырмандарымыздан айырылып қа-
лып отырмыз.
Бесінші, «Шаңырақтың» ішінен арнайы дəрігерлік-акушер-
лік пункт пен милиция учаскесін орнатқан жөн,
Алтыншы, негізінен, жас отбасылар тұратын бұл аймаққа
арналып балабақша ашылса құба-құп.
«Шаңырақтың» құрылуына талай-талай жеңілдік жағдай
жасаған бұрынғы қала, қазіргі облыс əкімі Заманбек Нұрқаді-
ловтен шаңырақтықтар тағы да үлкен үміт күтіп жүр. Өзбек
ағайындарымыз «Қазаққа дəм татырсаң, шелегін ала жүгіреді»
деп күледі екен бізге (сыпайылып айтып отырмыз). Қайта
оралған əкім олай ете қоймас деген ниеттеміз. Ер азамат бас-
таған ісін жолда тастамас болар.
«Түркістан» газеті, 21.01.1998 жыл
ЖЕРГІЛІКТІ БАСШЫЛАРҒА ҚАРАП ОТЫР
Кепілдікке берері жоқтың несиеден үміті жоқ
Нарық талабына ет үйренетін кез келді. Əртүрлі кəсіпкерлік
пен бизнес саласына ертерек кірісіп кеткен ағайындар ішінде
нарық əлемінің қыр-сырына қағынып, қалыпты еңбек ырғағына
түскендері баршылық. Үкіметтен несиеге ақша алып, тың іске
кірісуге кезінде олар да күмəндана қарап, екіұшты ойдың
жетегінде болған. Тəуекел етті, кірісіп кетті. Əділ заңнан атта-
май, өздері анықтап алған бағытта тынбай еңбектеніп келеді.
Олар өздерін ғана емес, өзгелерді де еңбекпен қамтамасыз ету-
де. Ал, бұл – қазіргі таңдағы басты мəселе. Еліміздегі халықты
еңбекпен қамтамасыз етуді қолдаудың мемлекеттік қоры да ар-
найы осы мəселенің шешімін табу жолында ашылған болатын.
Бүгінгі таңда аталмыш қор жалпы көлемі 158 миллион 500 мың
теңге болатын 214 жобаға қолдау көрсетіп отыр.
Рас, жұмыссыздарды еңбекке тартатын жаңа жұмыс орын-
дарын ашудың əңгімесі де аз емес. Бұл орайда туындап жатқан
проблемалар қатары да жеткілікті. Соның бірі, мəселен, несие
алу үшін кепілдікке беретін зат. Қалалықтардың көбісі тұр-
ғын үйлері мен жекеге алынған мекеме үйлерін, көліктерін,
басқа да жылжымайтын орындарды кепілдікке салып отыр.
Мұнда жергілікті жерлердегі ауыл тұрғындарына қиындық
тууда. Олардың қолдарында өздеріне мəңгілікке берілген жер
телімдерінен өзге ештеңе де жоқ. Ал, несие беретін «Тұрғынүй-
құрылысбанк» басшылары мұндай жер телімдерін кепілдікке
алудан бас тартып отыр. Өз тарапынан алғанда, олардың мұ-
нысы заңды да. Берілген несие ақша қайтарылмай жатқан
жағдайда аталмыш банк жер телімін не істемек? Банк басшы-
лары бұл қиындықтан шығудың басқалай жолдарын жергілікті
басшылар мен үкімет орындары қарастырғанын дұрыс санай-
ды. Солай-ақ болсын. Сонда жергілікті басшылар кепілдікке
не бермек? Аудан бойынша жекеменшік көлігі барлардың
басын қосып, келісімшарт жасамақ па? Əлде күзгі өнімге иек
артар ма екен? Негізі, аудан бюджетінен кепілдікке қаржы
қарастырылып, ол жыл сайынғы күзгі түсімнен жабылып оты-
ратындай жағдай тудырылғаны жөн-ау.
«Түркістан» газеті, 28.01.1998 жыл
ИНВЕСТОРЛАР:
БАЛАҚТАН КІРІП, БАСҚА ШЫҒЫП...
Əңгімені Қостанай облысынан бастайық. Бельгияның аты-
шулы «Трактебель» компаниясы мен оның еліміздегі көздері-
нің шектен шыққан тəбеті мен орынсыз еркеліктерін ұнатпаған
қостанайлықтар олардың іскерлік байланысқа деген ниетін
қабылдамай тастады. Олар, қымбаттау болса да, сенімді орын
санап, Ресейдің «Газпромымен» биылғы жылға келісімге от-
ырды.
Енді бұрынғы астанамыздың төңірегіне оралайық. Электер
қуатының өзіндік құны 17-ақ тиын тұратын Қапшағай ГЭС-ін
бұрынғы Премьер-министріміз Ə.Қажыгелдин бір күннің ішін-
де Бельгияның аталмыш «Трактебеліне» сатып жіберді. Неге?
Кім үшін? Халқымыздың болашағы үшін, тұрмыстық қызмет
көрсетудің жақсаруы үшін деуге қазір сену қиын. Жергілікті
тұтынушылардың ой-пікірімен, жағдайымен санаспағаны бы-
лай тұрсын, бұрынғы «Алматыэнергоны» жекешелендіріп
алған «Алматы Пауер Консолидейтид» фирмасы жылу мен
электр қуатына қойылар бағаны жеке-дара, өз еркімен шешетін
көрінеді. Аталған салалар бойынша тұрмыстық қызмет көрсету
дəрежесінің төмендегені болмаса, жағдайдың жақсарғанын,
мəселен, алматылықтар көріп отырған жоқ.
Өткен жылдың сəуір айынан бастап электр энергиясы 4
теңгеге қымбаттады. Олардың айтуынша, бұл тарифті 27 нау-
рызда Ə.Қажыгелдин қол қойып бекіткен. Сондықтан, бұл
мəселе бойынша жауап бермейтіндігін айтып, басын араша-
лып отыр. Электр қуатын тұтынудың 40 пайызға қысқарғаны
бағаның онан сайын өсуіне əкелгенін түсіну қиын.
Екі жылдан бері бельгиялық компания əртүрлі салық бой-
ынша төлеуге тиісті ондаған миллион доллар əлі төленген
жоқ. Мұндай салықтардың салмағынан жергілікті халықтың
қалтасы арқылы құтылуға тырысуы елдің ашу-ызасын туды-
руда. Мүлікке, жерге салынатын салықты заңды өсімімен
төлеттіру мақсатында Алматы облысының əкімі Заманбек
Нұрқаділовтің «Трактебель» компаниясын сотқа беруге ниет
білдіріп отырғаны да тегін болмаса керек.
Мəселенің ақ-қарасын анықтау үшін «Алматы қаласының
жұмысшылар қозғалысы» (төраға орынбасары С.Жаңабаева)
«Алматы Пауэр Консолидейтид» фирмасының үстінен қалалық
прокуратураға арыз беріп, қабылдаттыра алмады. Оның ал-
дында ғана «Азамат» қоғамдық қозғалысы еліміздің көптеген
заңын бұзып отырғаны үшін аталмыш фирма үстінен Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотына шағымданған болатын.
Жоғарыда аталған фирманың жетекшісі Людо Кадриенстің
Қазақстан азаматының бетінен ұрғанын қалай түсінуге бола-
ды? Орналасып алмай жатып еліңді, адамыңды менсінбей,
қол жұмсап жүргендер іргесін кеңейтіп, орнығып алған соң не
ісетемек? Кеңес Одағының жалғыз құрығынан қашамыз деп,
айнала құрылған қақпанға түсіп жатқанымыз жоқ па?
P.S.: «Алматы қаласының жұмысшылар қозғалысы» таяуда
Демократтар үйінде өткізген баспасөз өкілдерімен кездесуінде
28 ақпан күні 28 панфиловшылар саябағының жанында (Гоголь
көшесі жағы) облыс, қала əкімшілігі басшыларымен «Алматы
Пауэр Консолидейтид» фирмасының жетекшілерімен кездесу
ұйымдастыратындығын хабарлады. Жауапты басшылар кезде-
суге келе қояр ма екен?
«Түркістан» газеті, 28.01.1998 жыл
САЯСАТ ТАНУШЫЛАРЫМЫЗ НЕГЕ АЗ?
Тарихшы-саясаттанушы Нұрболат Масанов
Қазақстан баспасөз клубында журналистермен
кездесу өткізді
Баспасөз беттеріндегі əртүрлі əңгіменің нысанына айналған
бұл кейіпкеріміз таяуда ғана Мəскеуде өткен «Қазақстан
ХХІ ғасыр табылдырығында» атты ғылыми конференцияның
қорытындылары мен одан туған өзіндік ойларын ортаға салған
əрі тарихшы, əрі саясаттанушы Нұрболат Масанов пен журна-
листер арасында қызу пікірталасты əңгіме өрбіді.
Батыстық даму үлгісіне жан-тəнімен берілген ғалым өзі жə-
не қалада туып-өскен өзі сияқты қазақтардың ұстаған бағытын
қысқа да сенімді санайтындығын айтты.
«Кириллицадан латыншаға көшу халықты қою тұманға ай-
дап салғанмен бірдей, ондағы елді басқару да оңай», деді
Н.Масанов, ол ұлттың дамуына кедергі болуы ғана мүмкін, ал,
басшылықтағы жеке адамдар үшін – қолайы, кезекті саясат. Ше-
телдерде Қазақстан жайында қалыптасқан нақты көзқарас жоқ.
Себебі олар еліміздің географиялық орны мен Н.Назарбаевты
ғана біледі. Саясатымызды жан-жақты талқылап жүрген сая-
саттанушы ғалымдарымыздың болмауы осыған əкеліп отыр.
Басқарудың қазіргі формасы тек Президент саясатын қолдауға
немесе саясаттанумен айналыспауға мəжбүр етіп келеді.
– Кез келген ұлт өзінің шығу тарихын білгісі келеді, – деді
тарихшы осы мағынада қойылған сауалға орай. – Қазақтардың
шығу тарихын түркіден іздеу қате, ол үлкен елдің, халықтың
бір титтей бөлігі ғана болған.
Соңғы кезде ғалымдардың, халықтың Шыңғысханға көбі-
рек көңіл бөліп бара жатқандығы да тарихшыны мазалайтын
сияқты. Шыңғысханның шығу тегін дəлелдейтін ешқандай
нақты дерек жоқ, ал тарихты аңызға құруға болмайды, деді
өзіне сенген Н.Масанов.
Тарихшының бар айтқанына сенер болсақ, еліміздің тари-
хын бастан-аяқ қайта жазып шығуға тура келгендей. Сон-
да Н.Масановқа дейінгі барлық ғалымдарымыздың қателісіп
келгені ме? Қазақтардың 95 пайызын ауылда туып-өскендер
құрайды екен. Əңгіме барысынан ел болашағын қалған 5
процент «шалақазақтың» қолына сеніп тапсыру қажеттігін
ұққандай болдық. Сонда халқымыздың бетіндегі қаймағы
осылар болғаны ма? Баспасөз конференциясына қатысқан
бірталай журналистің солай ойлап кеткендігі де рас-ау. Н.Ма-
сановтың «билік басына таласта менің шаруам жоқ» деген ойы
айтылғанымен, оның өзіндік көзқарасы кейбір партия өкіл-
дерінің іс-əрекетімен үндесіп жатқандай көрінді.
«Түркістан» газеті, 04.02.1998 жыл
ТІЛ ӨРІСІ – ЕЛ ЫРЫСЫ
Ал оны қайтіп кеңейтеміз?
Тіл төңірегінде қызу əңгіме өріс алып, айтыс-тартыс белең
алған кезде. «Қазір айта берсін, ертең өздері-ақ ұмытып ке-
теді» деп, миығынан күлгендер де болған. Мемлекеттік тіл
ретінде заңдастырылған соң, бұрынғы қарқынның бəсеңсіп,
қол жеткізген бірталай жетістіктерімізден қайта айырылып
қалғанымыз тіл саясатының, шынында да, науқандық іске
айналып қана қалғандығын дəлелдегендей еді. Анда-сонда
үлкен мінбелерден қозғалып, баспасөз беттерінде еске салы-
нып жүргендігі болмаса, нақты өмірде қазақ тілінің қағажу
көруі етек ала бастады. Нарық желеуімен жабылып қалған
335 мектептің (318-і жалпы білім беретін орта мектеп) бəріне
жуығы қазақ мектебі болып шықты. Ал соңғы тексерулердің
қорытындысы бойынша 170-тен астам өзге тілді мектеп-
те қазақ тілінің пəн ретінде өтілмейтіндігі анықталды. Оның
едəуір бөлігін солтүстік облыстардың мектептері құрайды.
Басқа ұлт өкілдерін айтпай-ақ қойғанның өзінде, қазақ пен
қазақтың өзара тілдесуінде бұрынғы ана тіліне деген талпыныс
қайта басылып қалды. Оған бұқаралық ақпарат құралдары мен
көше-көшедегі ағылшын, орыс тілдеріндегі жарнамалардың
көбейіп кеткендігін қоссақ, ана тілімізді дамыту əңгімесінен
күдер үзгендей боласың. «Қоғамның аты – қоғам, «Қазақ тілі»
шаршаған болар» деген ойдың еркіне көне бастағанда, Қазақстан
Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінің
жанынан Тілдерді дамыту департаменті құрылып, үміт отын
қайта тұтатқандай болды.
Өткен аптада аталмыш департаменттің ұйымдастыруымен
Тіл туралы заңның орындалу барысы мен Мемлекеттік тілді
дамытудың өзекті мəселелеріне арналған «Дөңгелек үстел»
болып өтті. Оған лингвист-ғалымдар, заңгерлер, ақын-жазу-
шылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысты.
Қазақ тілінің қоғамдағы орнына кеңінен тоқталған депар-
тамент директоры Ербол Шаймерденұлы мемлекеттік тілді
өміріміздің барлық саласына батыл енгізу мақсатында атқа-
рылуға тиісті іс-шараларға назар аударды. Бұл мəселеге Елба-
сымыз Нұрсұлтан Назарбаев əркездегідей»: «Жадымызда жат-
талсын, татулық дəйім сақталсын» атты мақаласында да арнайы
тоқталып өткендігін, ендігі жерде нақты істермен айналысқан
орынды екендігін айтты.
Сөз кезегін алған Əбдуəлі Хайдари, Серік Қирабаев, Қал-
дарбек Найманбаев, Бақытжан Хасанов, Тұрсынбек Кəкішев,
Зейнолла Қабдолов, Рымғали Нұрғалиев, Асылы Османова,
Мырзатай Серғалиев, Өмірзақ Айтбайұлылар ана тіліміздің
өрісін кеңейтуде кездесіп отырған қиындықтар мен алда-
ғы уақытта көңіл бөлінуге тиісті мəселелер жайында əңгі-
меледі.
Дөңгелек үстел басындағы ашық пікірлесудің соңы бір ар-
наға түйісіп, негізінен, мынадай бағыттарда жұмыс жүргізілуі
қажеттігі айтылды:
біріншіден, жергілікті ұлт өкілдерінің бір-бірімен қазақша
сөйлесуіне қол жеткізу;
екіншіден, жаппай компьютерлендіру барысында ком-
пьютерді қазақ тіліне көшірудің бірыңғай жүйесін жасау;
үшіншіден, демографиялық жағдайды, яғни шетелдік ба-
уырларымыздың көшіп-қонуын естен шығармау;
төртіншіден, радио мен теледидар арналарының қазақ ті-
ліндегі хабарларына бақылау жасау;
бесіншіден, безендіру мен жарнамаларға үнемі көңіл бөліп
отыру, оларды қазақ тілінде жасау;
алтыншыдан, ең негізгісі – ресми жиындарда басшылары-
мыздың қазақ тілін алдыңғы орынға шығаруына, жауапты қызмет-
терге Мемлекеттік тілді білетін адамдардың тағайындалуына
ықпал жасау. Мұндай қажеттіліксіз бар жұмысымыздың ешбір
нəтиже бермесін уақыт көрсетіп отыр.
Пікірлесу аяғында дөңгелек үстелге қатысушылар респуб-
лика халқына арнап Үндеу тастауға келісімге келді.
«Түркістан» газеті, 4.02.1998 жыл
АДАМДАР АШТЫҚҚА ТӨЗУІ МҮМКІН,
АЛ ƏДІЛЕТСІЗДІККЕ ТӨЗЕ АЛМАЙДЫ
Жетпегені осы еді!...
Мəселелерінің шешім таппай жатқандығы болмаса, Жаңа-
тас жұмысшыларының ұзаққа созылған аштық жариялауы-
ның, ереуілдерге шығуының себептері белгілі. Олардың талап-
тілектері орындалмайынша, қалада қалыпты жағдай орнатудың
қиындығын тиісті орындар біліп отыр. Енді міне «аспан бір
жауса, терек екі жауады» дегендей, Жаңатас дəрігерлерінің
қателігінен туған қауіпті жағдай туралы хабардың бұрқ ете
қалғанын қараңыз. Бір емес, 133 балаға қателісіп туберкулезге
қарсы егілетін дəрмек шаншылған! Қазан айында болған бұл
оқиғадан облыстық денсаулық сақтау департаментіне дейін
хабардар болғанымен ешқандай шара қолданылмаған. Жапа
шеккен балалардың ата-аналары қозғау салмағанда, дəрігерлер
тарапынан болған қылмыс облыс ішінде құпия күйінде қала
берер ме еді, кім білсін. Қазір жауапты адамдар қызметтерінен
алынып, мəселенің ақ-қарасы анықталу үшін тергеу жұмыстары
жүргізілуде.
Жауырын астындағы ет арасына салынған жоғары дозадағы
туберкулездің тірі таяқшалар вакцинациясы балалардың арқа-
сын ісікті іріңге айнадырып, денсаулығына үлкен қатер төнді-
ріп отыр. Олар қазір аналарымен бірге ауруханада, дəрігерлер
бақылауында жатыр.
Осы мақала нөмірге дайындалып жатқанда, редакциямызға
келген Жаңатас қалалық мəслихаттың депутаты, ана мен ба-
ланы қорғау ұйымының төрайымы Рысқыз Елшібаева аталған
жағдай жөнінде былай деген еді:
– Болған жағдаймен өздеріңізде таныс екенсіздер, бұл жақсы
болды. Əйтпесе, соңғы кезде ақтың ақ, қараның қара екендігін
көріп тұрып, соған дəлел сұрап, сенімсіздік көрсететіндер қа-
тары көбейіп кеткен жоқ па? Осы жердің өзіне милициядан
жасырынып, қаржы жинап жүріп, əрең келіп отырмын. Міне,
мынау – ауруханада жатқан балалардың ата-аналары қол
қойған өтініш хаты. 133 бала дегендері бергі жағы сияқты.
Өйткені, 16 қазанда Жаңатастағы С.Сейфуллин атындағы орта
мектептің өзінде 80 балаға аталмыш туберкулез вакцинация-
сы егілген. Ал, мұндай жұмыс үш-төрт мектепте жүргізіліпті.
Оған мектепке дейінгі балаларға салынған дəрмек қатарын
қосыңыз. Егу жұмыстары жүргізілген балалар ата-аналарымен
бірге қазір «Домалақ ана» қайырымдылық қорының жанынан
ашылған емдеу-сауықтыру санаторийінде жатыр. Мəселенің
басы ашылған соң ба, жан-жаққа жағдай жасалып, облыс
дəрігерлері бар күшін салып отыр.
– Онда сіз Алматыға не мақсатпен келдіңіз?
– Мені ата-аналар жіберіп отыр. Осы жерден қаржы таба ал-
сам, Ақмолаға барып, солардың өтініштерін «Бөбек» қорының
төрайымы С.Назарбаева мен Президентімізге өз қолыммен та-
быс етсем демекпін.
– Сонда ата-аналар не мəселені талап етіп отыр?
– Негізінен екі мəселе. Дəрігерлердің қателігіне орай балала-
рымыздың денсаулығына өмір бойы тарқамас қауіп төнгендей.
Олардың денесіне тереңдеп еніп жеткен туберкулез вирустары
уақытша жазылғандай болғанмен, оңайлықпен өле қоймайтын
пəле. Сондықтан, оларға ауруханадан шыққаннан кейін де
арнайы қаржы (пособие) беріліп тұруы, жеке есепке алынуы
қажет. Бұл – бір. Екінші, біздің ауданымыздағы, Жаңатас қа-
ласындағы ата-аналарымыз 1993 жылдан бері балалардың
ақшасын алған емес. Тіпті, бюджеттен былтырғы деңгейден
төмен, 243 миллион кем ақша бөлінгендігіне жағамызды ұста-
дық. Ата-аналар балаларға берілуге тиісті осы ақшасын талап
етуде. Осы мақсатымызға жетуге «Түркістан» газеті де қозғау
салып, назарда ұстап отырса деймін.
Иə, шет елдерден ағылып келіп жатқан сапалы дəрі-дəрмек-
ті пайдаланған жақсы-ақ. Бірақ, оған біздің дəрігерлеріміз дай-
ын ба? Пайдаланудың реті жазылған арнайы қағазының бол-
мауы, не оған түсінбеудің соңы неге апарып соқтыратындығын
жаңатастық дəрігерлер дəлелдеп отырса керек.
Осындайда «Электрик пен сапер өмірінде бір-ақ рет қате-
леседі» деген есіңе түседі. Олардың қателігі өзінің өмірін ғана
алып кетеді. Өмірінде дəрігер қанша рет қателесуі мүмкін?
Оның салдарының салмағы қандай?
Қатаң бақылау мен үлкен жауапкершілік сезімі болмаған
тұста түрлі тосын жағдайлардың кездесетіндігі ғажап емес
екен. Ал, қазіргі таңда Гиппократ анты үлкен жауапкершілік
сезімін туғыза қояр ма екен?!
Негізі, қатаң тəртіп пен қатаң жаза қолданылатын жерде ғана
жауапкершілік жүгі салмақтырақ болатын сияқты. Болары бол-
ды деп, жылы жауып үйретіп, ақ желеңді абзал жандарды азған
жандарға айналдырып жіберген өзіміз емес пе? Жалпы, еліміздің
Қылмыстық кодексінде дəрігерлік саланың жай-жапсары бүге-
шігесіне дейін түсінікті де нақты қаралғаны жөн-ау.
«Түркістан» газеті, 11 – 17 ақпан, 1998 жыл.
ҚАЗАҚ ТІЛІ КІМДЕРГЕ КЕРЕК?
Алматыдағы үш қазақ мектебінде жүргізілген
социологиялық зерттеу
нені көрсетеді
Əр тілде сөйлейтін халықтардан құралған елде əрбір ұлт-
тың өз тілі үшін жүргізер күресі тоқталмақ емес. Ондай күрес-
тің сан-алуан түрі бар. Солардың ішіндегі ең қиыны да қауіп-
тісі – бір ұлттың қарама-қайшылыққа толы ішкі, өзді-өзімен
болатын күресі.
Тамырын тереңге жайып, өзінің үстемдігін орнатқан тіл-
дің ішінде ғана күрестің бұл түрі болмайды. Ал, отарлау сая-
сатының түрлі формасын басынан өткерген қазақ үшін бұның
өзі табиғи құбылыс.
Ұлттың тіл үшін болатын ішкі күресі деген не, соған тоқ-
талайық. Қазақ халқын шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
өз тілін өгейсінетіндер, тілі үшін жанпидалар жəне екі ортада-
ғы əрі-сəрілер. Міне, ішкі күрес байқалмаған түрде осылардың
арасында жүріп жатады.
Билік құрып үйренген үстем тіл өзге қарсыластарының əл-
гіндей əлсіздіктерінің əрбір сəтін мүлт жібермеуге тырысады.
Сондықтан, тіл «отарлығынан» құтылу қиын да күрделі.
Қазақ тілін өгейсінетін, қажетсіз санайтындар кімдер? Ең
алдымен, қазірге дейінгі қол жеткізген биігінен айырылып
қалудан қауіптенетін, ана тілін білмейтін жайлы, жұмсақ
орындағылар. Олар өздерінің қарсылығын ашық айтпайды,
бірақ зияндығын тигізгеннен басқа пайдасы жоқ. Екіншіден,
ұлт болашағы туралы бас қатырмайтын, санасы бұлыңғыр күн-
көріс қамымен ғана жүргендер. «Қазақ тілі маған не береді?»
деп, сұрақты төтесінен қоятындар да – осындайлар.
Тіл үшін жанпида дегенді қалай түсінеміз? Өзі – қазақша
шала білсе де, ұрпағының қамы үшін тіл беделін көтеруге
күш салатындар мен қандай жағдай болса да, балаларын қазақ
мектебінде оқытып отырғандардың іс-əрекетін солай атауға
болатын шығар.
Əрі-сəрілердің тіліміз үшін пайдасы мен зияндығы қатар
тиіп отырады. Халқының емес, баласының ғана қамын ойлап,
орысша тəлім-тəрбие беретін бұл топтағылардың ниеті түзу
болғанымен, «процентомания» деген сарапшы көп жерде өзінің
ана тіліне қарсы «күрестіріп» жібереді. Мұндайды елемеуге,
тіпті, болмайды. Мəселен, дауысқа салу немесе пайызбен есеп-
теу кездерінде санадан гөрі сан жеңіске жеткізеді.
Қазақ тілі кімдерге керек? Əрине, бұған нақты жауап беру
қиын шығар. Біз, сонда да болса, Алматыдағы қазақ мектептеріне
баласын кімдер береді екен деген ниетпен №12, №131 орта
мектептер мен №2 мектеп-интернаттың оқушыларын зерттеу
анкетасын тараттық.
Аталған үш мектептің оқушыларынан алынған жауап не
көрсетті, енді соған келейік. Оқушылардың ата-аналарының
əлеуметтік жағдайы мынадай болды:
Зиялы қауым – 50%;
Кəсіпкерлік, бизнес, саудада – 13%;
Əкімшілік-басқару аппаратында – 5%;
Əртүрлі сала бойынша жұмыс істейтіндер – 18%;
Зейнеткерлер – 7%;
Жұмыссыздар – 7%;
Ата-аналардың жартысын құрап отырған зиялы қауымның
ішінде қалам иелері мен оқытушылардың саны басым түсті.
Қаланың орталығындағы қазақ мектептерін əдейі таңдап алсақ
та, əртүрлі əкімшілік-басқару орындарында істейтін ата-аналар
саны небəрі 5 процент көрсеткішке ғана жетті.
Өзімізді қызықтырған екінші сауал бойынша үйінде оқушы-
лардың 65 пайыз қазақша, 11 пайызы орысша, 24 пайызы ара-
лас тілде сөйлейтіндігін байқадық. 65 пайызы қазақша сөй-
лейді дегенге қуанбай тұра тұрыңыз. Себебі, оның ішіндегі
45 пайызы – қазақ тілі мен əдебиетін тереңдете оқытатын №2
мектеп-интернаттың ауыл-ауылдардан келген балалары. Сон-
да алматылық балалардың 20 пайызы ғана үйінде қазақ тілінде
сөйлесетін болып шығады.
Соңғы кезде «нарықтың тұсында қазақша білмейтін «шала
қазақтардың» елімізге пайдасы көп тиіп жүр» деген бір ұғым
туыпты. Бизнесмен де, басқа да солардан шығып жатқандықтан
шығар. Əйтсе де, бұл жерде талапты-таланттылықтан гөрі
қалта мен тіректің ықпалы көп болатындығын байқамаған
болу – əбестік. Əйтпесе, орыс тілінің ғана арқасы болса, қазақ-
ша білмейтін орыстарымыздың бəрі неге бизнесмен болып
кетпеді?! Екі ауыз орысшаны дұрыс айта алмайтын өзбек
ағайынның жағдайы біздің бизнесмендерімізден артық болма-
са, кем емес.
Өздерінің қол жеткізген «биіктерін» бетке ұстап, негізгі кем-
шілігін жуып-шаю – ежелден келе жатқан əдістің бірі. Елін,
жерін тонап-жеп, шетелге қашып кетіп жатқан кімдер осы?!.
Негізі, бұл бағытпен ғана кете берсек, қол жеткізген табыста-
рымыз ұлтымыздың алдынан қазған орға айналады. Американ-
дық қара нəсілділер мен қазақстандық қоңырқай түстілер ара-
сындағы ұқсастық қазірдің өзінде сезіле бастаған сияқты.
Оған өз қамынан басқаны ойламайтын «прогресшіл» топ-
тың əсері тимей отырған жоқ. Ұлтымызды сақтап қалу жолын-
дағы күресті, сондықтан да, өзімізден бастағанымыз жөн.
«Түркістан» газеті, 18 – 24 ақпан, 1998 жыл
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ
АРАМЫЗДА ЖҮР
Еліміз студенттері мен жастарының өткен
аптада болып өткен съезіне орай
Екі аттам жерде ғасыр табалдығыры тұр. Одан биік тау жоқ.
Бұрын-соңды аттамаған есіктің арғы жағында не бар? Алды-
мыздағы ғасыр сонысымен де қызық сияқты. Болашағымызға жа-
салынып жатқан батыл болжамдар көңілге берік сенім орнатса,
қазіргі қам-қарекетіміздің, бүгін бар, ертең жоқ дүниенің жүректі
аздап қобалжытатыны рас.
Тарихымыздан сызып тастай алмайтын елеулі оқиғалар
мен белгілі есімдердің болатыныдығын баршамыз да мойын-
дайтын шығармыз. «Екіжүзді» медальдің жақсы жағына қарай
білгеннен ұтылмаспыз. Бүкіл əлемді дүр сілкінтіп, ХХ ғасыр
кітабының түсініксіздеу бетінде өзінің қолтаңбасын қалдыр-
ған В.И.Лениннің кезінде «Жұмысшылар мен шаруалар
бұқарасын 10 – 20 жылға арналған ұлы программамен қы-
зықтырып, рухтандыру қажет» дегені де өмірлік қажетті-
ліктен туындаған болар. Бағдарсыз адам мен далаға атылған
оқта айырма жоқ, зияны болмаса, пайдасы тимейді. Ендеше,
он сегіз мың ғаламның ұлы шаңырағы көмкерген ХХІ ғасырға
бағдар жасау ауадай қажет. Оның нəтижесі, əрине, бүгінгі
таңдағы Сіз бен бізге байланысты.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі
жасаған негізгі талдау бағдарламасында жастарымыздың бо-
лашағы ұмыт қалған жоқ. Көптен бері үнсіздеу қалған бұл
қауымның бас біріктіріп, өз тағдырларын шешуге бел бууы-
на, бір жағынан, осы Президент Жолдауының ықпал еткені де
рас.
Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
Студенттер сарайында өткен Студенттер мен жастардың
съезіне Ақпарат жəне қоғамдық келісім министрі Алтынбек
Сəрсенбаевтың қатысуы жастар мəселесінің назардан тыс қала
алмайтындығын тағы бір дəлелдей түскендей болды. Шынын-
да, бұқаралық ақпарат құралдары жастар жайын ешқашан ұмыт
қалдырған жоқ. Бұл тақырып дер кезінде орынды көтеріліп
келеді. Олардың бел ортасында «Түркістанның» да өзіндік ор-
ны бар. Ендігі негізгі мəселе – осылай көтеріліп жатқан əртүрлі
проблемаларға үкіметіміз тарапынан ерекше назар аударылып,
қажетті шаралар жасалуында болса керек. Ал, студенттер мен
жастардың өз болашағын ғана емес, ел болашағын да ойлас-
тыра əрекет ете бастағаны көңілге қуаныш ұялатады. Жастар
дауылының күші, лайым, ел игілігене жарасын деңіз.
«Түркістан» газеті, 04.03.1998 жыл
ҚАБЫСУ МЕН ЖАНАСУДА НЕМІЗ БАР?
Орыс мектептеріндегі қазақ тілінің оқытылуы жайында
Сіз орыс досыңызға жолығып қалғанда, «іліктес сала-
лас құрмалас сөйлемдер» төңірегінде əңгімелесесіз бе? Əлде
синтаксистегі қабысу мен жанасудың ережелеріне назар ауда-
расыздар ма? Күлкі тудырарлық-ақ жəйт. Ендеше, үш-төрт сөз-
ден құралатын жай сөйлемнің өзін айта білмейтін адамға
«қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас» сөйлемдерді
оқытып, тіл үйретіп жатырмыз деп, өзімізді-өзіміз неге алдай-
мыз?! Нан тауып жеудің амалы іспетті, көзбояушылыққа салып,
мемлекеттік тіліміздің өрісін тарылтқанды қояр уақыт жет-
кен сияқты. Жоғарыда айтылған əңгімелерді орыстілді адам-
дар түгілі, таза қазақпын дегендердің өзі əрең меңгеретіндігін
мойындағанымыз жөн шығар. Оп-оңай нəрсені күрделендіріп,
«қытай тілін үйренгенмен бірдей» дегенге əкеліп тірелгеннен
кім не ұтты? Біздің ең үлкен кемшілігіміз – барлық ісіміздің қа-
ғаз жүзінде қалып қоятындығы десек, оған мектеп қабырғасы-
нан бастап солай үйретіп жүрген өзіміз кінəліміз.
Меніңше, қазақтың тілге бай екендігін дəлелдеп, үйреткің
келсе, өз балаңа үйрет, ал орыстілді көпшілікке тек қарым-қа-
тынас құралы ретінде меңгерте алсаң да, атыңның бəйгеден
келгені. Күнделікті тұрмыста қарым-қатынас тілі ретінде қол-
данылмайтын тілге жойылу қаупі төнерін біле тұра, селт ет-
пеуі – қазақ халқына жасалынып жатқан опасыздық сияқты.
Жалпы орта білім беретін мектепте (орыс) грамматика-
ны терең үйретіп шығарамын деу – аюға намаз үйреткенмен
бірдей. Қоғам үшін, ең алдымен, сөйлеу тілі қажет? Ондай
рөл атқара алмаған тілдің эсперанто немесе латын тілдерінен
айырмашылығы жоқ. Өзіңіз айтыңызшы, қағазда қалған тілдің
қаншалықты қажеті бар? Егер сол ғана керек болса, Конститу-
циямызда «мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп айғайлап-ақ тұрған
жоқ па?! Одан не өзгеріп жатыр! Мəселе тілдің грамматикасын
емес, қолданыс аясын кеңейтуде болып тұр. Грамматиканың
егжей-тегжейін қазақ мектептеріндегі бүлдіршіндердің сыба-
ғасына қалдыру қажет.
Əйтпеген күнде, қазіргі қойыртпақ оқу бағдарламасы мен
оқулықтар тілді үйренуге емес, жиренуге апарады. Міне,
мынаған қараңызшы: «Уступительные придаточные пред-
ложения состоят из двух простых противоположных по зна-
чению предложения выражается условной формой на -са, -се,
с частицей да, де, та, те. Например, Мен үйіне барсам да, ол
далаға шықпады (Хотя я пришел к нему домой, он не вышел на
улицу).» (Ы.Маманов, А.Қошқаров. Қазақ тілі. Алматы. «Ра-
уан». 1993).
Мəселенің басын ашып алайық. Оқулықта тұрған ештеңе
жоқ. Ережелері де, жаттығулары да дұрыс. Бірақ, бұл оқулық
кімдерге, қай ортаға арналған! Қазақша білмейтін адамға осы-
ның өзі керек пе?
Негізі, біз басты мақсатымыздың не екендігін, оған қайт-
кенде жететіндігімізді білмейтін сияқтымыз. Əрине, сауатты
жаза білгенге не жетсін. Алайда, күнделікті өмірімізге де көңіл
бөлейік те. Көшеде күн сайын грамматикадан емтихан тапсы-
рып жатқамыз жоқ қой. Ал қарым-қатынас жасамай тұра ал-
маймыз. Сонда, қоғамға қайсысы қажет?
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пəнін оқытуда соны тəжі-
рибелерге иек артқан орынды. Оншақты, шама келсе, бес-ал-
ты баладан топтап, қабылдау дəрежесіне сəйкестендірілген
бағдарламалар жүйесімен жұмыс істеген абзал. Шет тілдер-
ді оқытудағыдай, «басынан бастайтындар» мен «ары жалғас-
тырушылар» деген топтаулар сияқты тың үлгілерді пайдалан-
ғанның зияны болмас деп ойлаймыз. Қазақ тіліне шынымен
жанымыз ашыса, алдымен, өзара еркін сөйлесуді үйретейік.
Орыс мектептеріне арналған оқу бағдарламасындағы басты
мақсат, негізгі тұтқа осы боулы керек.
Қазіргі нақты жағдай қалай болып отыр өзі, соған келейік-
ші. Алматыда 162 мектеп бар екен. Оның 87-сі орыс, 37-сі
орыс-қазақ, 28-і қазақ жəне басқа ұлттық мектептер. Əңгіме
орыс мектептері жайында ғой. Ондағы жағдай қалай?
Бүгінгі таңдағы ортақ негізгі кемшілік – қазақ тілінен кім
болса соның сабақ жүргізуі. Өзіңіз ойлаңызшы, орыс тілін біл-
ген адамның кез-келгеніне біз орыс тілінен дəріс бергіздіре-
міз бе? Ендеше, бұл да – көзбояушылық. Қараңыз, №10 мек-
тептегі қазақ тілінен сабақ беретін 9 мұғалімнің алтауы
қазақ тілінің маманы емес! Осы сияқты №120 мектептегі 15
мұғалімнің алтауы, №32-дегі 11 мұғалімнің 8-і, №15 мектептегі
10 мұғалімнің 7-уі – өзге мамандықтың, басқа пəннің иелері.
Одан нені аңғаруға болады? Орыс мектептерінде қазақ тілі
жүріп жатыр ма – жүріп жатыр, негізгі əңгіме осы. Қалғанының
бəрі ешкімді толғандырмайды.
Бес жыл бойы жоғары оқу орнында қазақ тілі пəнін оқытуды
меңгерген маман мұғалімнің өзі орыс мектебіндегі оқушыларға
тіл үйрете алмай жүргенде, қалғанынан не сұрайсыз. Бір айдың
ішінде білімін жетілдіріп, тіл маманына айналып кету сондай-ақ
оп-оңай болғаны ма? Қолына аттестат алған, бір ауыз қазақша
сөйлей білмеген түлекке қазақ тілін үйреттік деудің өзі ұят. Сон-
да баяғылы бері неменеге дабырласып жүрміз? Бүкіл уақыт,
бүкіл қаржы «аралас құраластарға» кеткені ме? Нəтиже қайда?!
Қазақ тілін өзгелерге үйретпес бұрын «біз қалай орыстанып
кеттік»? деген сұраққа жан-жақты жауап іздеген жөн. Шы-
нында, қалай? Мектепте орыс тілінің грамматикасын «беске»
оқығандықтар ба? Əрине, жоқ. Барлық себеп тілдік ортаның
өзгеріп кеткендігінде жатыр. Он жыл оқытқаннан гөрі бір-екі
жылдық тілдік ортаның пайдасы анағұрлым тиімді болмақ.
Өмірден, тіпті, өзімнен-ақ мысал келтірейінші. Үлкен қыздар-
ым – Динара мен Жадыраны кезінде І Алматыдағы теміржол
бөлімшесіне қарайтын балабақшаға бергенбіз. Ол кезде бəрі де
орысша болатын. Ауылдан келген екеуі əп-сəтте (екі-үш жылда)
қазақша сөйлей алмай қалды. Сонда балабақшада орыс тілінің
граматикасын үйретпеген болар. Кейіннен қазақ мектебіне беру
мақсатымен қыздарымды бес-алты айға ауылға жіберіп алдым.
Сөйтіп барып, екеуі қазақ қалпына қайта оралған болатын. Бұл
қарым-қатынас жасау мен өзара сөйлесудің арқасында ғана қа-
зақ тілін жылдам үйретуге болатындығын көрсетке керек.
Біздің кезімізде мектептерде орыс тілінің күндері өтілетін.
Ол күні мектеп директорынан бастап, мұғалімдер де, оқушылар
да мектепте тек қана орыс тілінде сөйлесетін. Ауызекі сөйле-
судің оң нəтижеге тезіреу жеткізетіндігіне бұл да дəлел бола
алады. Осы тəжірибені орыс мектептерінде, тіпті коридор-
да тек орысша сөйлесетін қазақ мектептерінде де қолға алған
дұрыс. Алматы қаласының əкімі В.Храпунов мырза наурыз
айын түгелдей «Тілге құрмет – елге құрмет» деген атпен тіл
айы ретінде атап өтуге шешім шығарды. Міне, осы айды тіл
үйренудің жаңаша бастамасы ретінде пайдалана білейік.
Ең болмаса, тіл айына барлық ортада неге қазақша сөйлеп,
атап өтпеске. Қағаздағы тірліктен сыртқа, көшеге шығатын
мезгіл жетті. Оқу бағдарламасын өзгерту қажет. Қазақ тілінің
грамматикасынан «екілік» алса да, сөйлеуге келгенде өзіңді
жаңылдыратын жастар мен ортаны əзірлеу Ұлы жеңісіміз бо-
лар еді. Ендеше, Білім департаментінен бастап, барлық төменгі
сатыдағылар тиісті құжаттар мен оқу бағдарламаларына, оқу-
лықтарға шынайы өмір көзқарасымен зер салып, қайта бір қа-
рап шықса екен демекпіз.
«Түркістан» газеті, 11 – 17 наурыз, 1998 жыл
АЛДЫМЕН – ҮЙРЕТ, СОСЫН СҰРА,
АҚЫРЫНДА ТАЛАП ЕТ!
№148 орыс мектеп-лицейдегі
қазақ тілін оқытудың жаңаша ізденістері жайында
– Қанеки, балалар,
«Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды...»
деген өлең жолдарының авторы кім?
– Абай Құнанбаев!
– Дұрыс. Ал,
«Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық»
деген ше? Кімнің өлеңі.
– Жамбиыл Жабаев!
– Дұрыс ем-е-ес... Бұл... Ыбырай...
– Алтынсарин!..
Өткеннің бəрін мансұқ еткеннен аулақпыз. Дегенмен. Ашы-
на, қаттырақ айтқанда, қазақ тілінен «əліпті таяқ деп білмейтін»
балалар арасындағы ойын жарысы ретінде өткізіліп отырған
ашық сабақ бəрімізге ортақ талай кемшіліктің бетін ашып,
алдағы міндеттеріміздің жолын көрсетуге бағыт сілтегендей
болды. Бұл мəселеге соңынан арнайы соғармыз. Ал, қазір аз-
дап жалықтырып алмасақ, сабақ үстіндегі «тікелей эфирге» бі-
раз көңіл бөліп алғанымыз дұрыс-ау. Сонымен...
Алатаудың төсіне иегін арта көсілген Достық даңғылының
жоғары жағы. №48 орыс орта мектебі. №6 Қазақ тіл мен
əдебиеті кабинеті. Қабырғаларға «Наурыз – жыл басы», «Нау-
рыз құтты болсын» деген т.б. жазуылар ілінген. Ортадағы екі
столға он-оннан бөліне жайғасқан екі топ: «Ұшқын» мен «Жа-
лын» командалары – ағы, сарысы, қарасы аралас 6 «А» мен «Б»
сыныптарының оқушылары. Бір шетте: əділ-қазылар алқасы –
ұстаздар тобы, жанкүйер оқушылар. Арада – қазақ тілі пəнінің
мұғалімі, ойынды жүргізуші – Лиза Саяқызы.
ЕКІ КОМАНДАДАН ЕКІ-ЕКІДЕН ШЫҚҚАН БАЛА-
ЛАР ТАҚТАҒА «ҚЫЗЫҚТЫ СӨЗДЕР» ТОБЫН ЖА-
ЗУДАН ЖАРЫСТЫ. «Шаш, аға, апа, іні қазақ, көк» деген
сияқты басқа да осындай сөздер тобын көбірек жазып үлгерген
балалар оны оқып та берді. Тақтада жазылған сөздердің оң
жағынан да, сол жағынан да, «қызықты сөздер» тобы. Мұнан
«Оң жағынан да, сол жағынана да оқылуы бірдей сөздер» де-
ген дап-дайын ереженің туатынын оқушылары айтып, апайы
қайталай түсіндіріп жатыр.
ЕКІНШІ ОЙЫН – ƏРІПТЕН СӨЗ ЖАСАП ЖАРЫ-
СУ. Екі топқа да «А...а т...л...н ұмыт...аны... – өз ...лты....ды
құрт...аны...» деген сөз жазылған қағаз берілді. Оқушылардың
жылдам орындап, тиісті əріптерді дұрыс қоя білгендері ұпай
жинады. Бұл ойынның əрбір сөздің жазылуы мен оқылуын
зердеде сақтап қалуға əсер ететіндігін түсіндіріп жату артық
та шығар.
СЫМСЫЗ ТЕЛЕФОН ОЙЫНЫ. Оқытушы бірінші отырған баланың құлағына «Сабыр-салақ, Оман – олақ», «дəмді алма, терең су» деген сөзді сыбырлады. Балалар бір-біріне сыбырлап, айнала айтып шықты. Соңғы оқушы тұрып, не естігенін айтты. Бірінші команда дұрыс айта алса, екіншісіндегі баланың естігені «дэмди алма, керен су» болып шықты. Мұғалім дереу қателікті түзеп, сөздің айтылуына назар аударды. Ойынның бұл түрі сөзді есте сақтаумен айтып үйренуге жаттықтырса керек. ТАҚТАДАҒЫ ТАПСЫРМА. Екі командадан шыққан балаға төмендегі екі схема-жазу берілді: Біз Мен бер іш əкел əпер ейін Біз ейік Мен же биле берме киме йін йік Мұны не істеу керектігі оқырманға түсінікті. Тапсырма берілген балалар орыс мектебінің оқушылары болған соң, кəдімгідей ойланып барып, дұрыс айтып шықты. Бұл ойының сөздердің көпше, жекеше түрлерін айтып, жаза білуге үйретері хақ. АУДАРМА ЖАРЫС. Екі командаға «Он купил книгу в магазине» деген сөйлем жазылған екі қағаз берілді. Қай команда жылдам əрі дұрыс аударып, сауатты оқып бере алады екен? Бірінші команда аудара алмай қиналып жатқанда, екіншісі екі түрлі аударып айтуға болатынын айтып, жазғандарын оқып берді. «Ол дукенде қытап сатыйып алды. Ол дукеннэн китап сатыйп алдый» (Балалардың өз айтқаны бойынша жазып отыр), ЖАҢЫЛТПАШ АЙТУ, жұмбақ айту, суретке қарап əңгімелеу, сөзжұмбақ шешу сияқты басқа да қызықты ойындар өткізілді. Оның бəрін тəптіштеп жатпай-ақ қояйық. Ашық сабақтың қалай өткендігінен аздап мəлімет алған болсақ, енді негізгі əңгімеміздің мəні мен маңызына келейік. Егер «жақсы» немесе «нашар» деп, ашық сабақтың өтуіне міндетті түрде баға беру керек болса, алғашқысын батыл айтуға болады. Себеп? Себеп: Ережелермен шырмалған жансыз сабақ-
қа қарағанда, ойын үлгісінде қызықты өткен сабаққа деген оқу-
шылардың ынтасы, сергектігі. Қазығын айналған аттай, бұлыңғыр
оқу бағдарламасының ішінде ұйқылы-ояу ілби бермей, төңірекке
қарауы. Əрі-беріден соң, тіпті, ауыз қуысында орналасқан буын-
сыз қызыл тілдің өзінің негізгі функциясын атқаруға қайта ора-
луы. Нұқып тұрып айтар болсақ, орыстілділердің қазақша сөй-
леп, қарым-қатынас жасағандығы! Тілдің бұлшық ет пен тамыр-
лардан, жүйке талшықтарынан тұратындығын, дəм айыру да
қабілеті бар екендігін емес, оның өзге тілді ортада да ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС ҚҰРАЛЫ екендігін түсіну. Мұның бəрі, əрине,
қазақ тілінің айналасында айтылып отыр.
Мектеп директоры Тілек Уəлиұлы ҚАРЫМСАҚОВ:
– Орыс мектептеріндегі қазақ тілі пəні бастауыш сыныптар
үшін, көбінесе, ауызекі сөйлеу, əңгімелесу түрінде осылайша
өтетін болса, оқушылар, ең құрығанда, қазақша түсінісе алар
дəрежеге жетер еді. Ол үшін əр мұғалім өз беттерінше бағдарла-
ма жасап, ала-құла болмай, жоғарыдан арнайы оқу бағдарлама-
сы мен қажетті əдістемелік оқу құралдары əзірленгені дұрыс.
Сондай-ақ, мектеп үшін арнайы көрнекі құралдар жасалынып,
таратылса, құба-құп. Əйтпесе, мектептегілер қазірде ксерокс-
тен əзірленген аталмыш заттар мен түрлі суреттерді сатып
алып, орынсыз шығын шығаруда. Қазақ тілін бизнесте пайда-
ланушылар да табылмай қалып отырған жоқ. Оқулықтар, əр
сыныпқа жеке-жеке арналған сөздіктер қажет.
Бүгінгі жағдайды пайдаланып, біздің мектебіміздің мұғалім-
дері мен өзге қызметтегілерінің де қазақ тілін үйренуге ден қой-
ып, арнайы жұмыс істейтін үйірмеге қатысып жүргендігін қуа-
нышпен атап айтқым келеді.
Оқу ісінің меңгерушісі Райхан Сапарқызы ҚАЙЫПОВА:
– Өз мамандығым – химик. Республикамыздың Шығыс ай-
мағынан едім, қазір тілге көбірек ден қойып жүрмін. Қазақ тілі
курсында оқып шықтым. Ниет түзу.
Бастауыш мектеп сыныптарындағы негізгі міндет қазақша сөй-
леуді үйрету болса деймін. Бұл аралықта грамматикасына тық-
палай берсек, оқушының ынтасынан айырылатын түріміз бар. Ал,
ынта жоғалған жерден түк те іздеп қажеті жоқ.
Болашақта, негізгі, қазақ əдебиеті мен қазақ тарихын да қазақ тілінде өткізуге күш салынғаны мақұл. Оған əлі ертелеу болғанымен, əзірлікке кірісе беруге əбден болады. Қазақ тілінің оқытушысы Кəрма Маманқызы ҒАЛИЕВА: – Мен осы мектепте бұрыннан бері келе жатқан оқытушымын. Бұрын не кабинеті жоқ, не бөлінер уақыт жоқ, не көңіл бөлу жоқ болатын. Талай рет жетімдік дəмін татып ем. Қазір, құдайға шүкір, барлық жағдай жасалып-ақ отыр. Ендігі жерде жаңаша жұмыс істеуге жоғарыдан бағдарлама, оқу құралдары əзірленсе, оқытушыларымыз бəріне дайын. Рас, бұл – наурыз айын тіл айы ретінде атап өту мақсатымен де (қала əкімінің шешімі) жүргізіліп отырған кезекті ашық сабақ. Яғни, мектеп оқушыларына əр сабақ сайын ойын ұйымдастырып, жазу-сызуды ұмытып кетті деген сөз емес. Сонымен қазақ тілін жаңаша өткізудің ізденістері қандай ой туындатты, енді соған көңіл бөлейік. Біріншіден, қазақ тілі қоғамдық ортада қажетсіз болып қалып отырған қазіргі таңдағы біздің ең бірінші, басты мақсатымыз – қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға, өзара ауызекі сөйлесуге қол жеткізу. Грамматиканың айналасынан шыға алмаудың тиімсіз екендігін өмір көрсетіп отыр. Сондықтан, 1 – 4 сынып аралығында барынша ауызша сөйлеуге үйретуге күш салу керек. Жазылу, оқылу ережелерін жоғары сыныптарда негіздеп үйрете алсақ та, тақиямызға тар келмес деген ойдамыз. Екіншіден, ашық сабақта аздап байқалып қалып отырған жанкүйер-оқушылардың ойын жарысынан сырт қалып қоймауын қадағалап отырған жөн. Үшіншіден, өзіміз куə болған сабақтағыдай, қазақ балаларын өзге ұлт өкілдері балаларының арасына теңдей бөліп отырғызу жаттығудың жылдамырақ əрі түсініктірек болатындығын көрсетті. Тіл үйретуге балалардың өзін де пайдалану жақсы нəтижелер беретін сияқты. Төртіншіден, сабақ барысында тілге жеңіл, ұғымы айқын жұмбақ, жаңылтпаштар қатарын пайдаланған дұрыс. Оқушы
көңіліне берік орнап қалуы үшін орыс тіліне аударып, түсіндіре
кеткеннің де зияны жоқ.
Əңгіме соңында мектеп директоры Тілек Уəлиұлының айт-
қан ойын жалғастырғымыз келеді. Білім, Ғылым министрлік-
тері, Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылыми-зерттеу инс-
титуты жəне басқа да тиісті мекемелер мен қатысы бар жеке-
леген адамдар орыс мектептеріндегі қазақ тілінің оқытылуына
қайта бір зер салып, жаңа оқу бағдарламасы мен соған сəйкес
оқу құралдарын дайындауға күш салса! Көзін тапса, қозғалмай-
тын сең болмайтынына көз жеткен тəрізді.
Баланың баладан айырмасы жоқ. Орысша үйрене алған ба-
ланы қазақша үйренуге қабілетсіз санай алмайсыз. Мəселен,
ашық сабақта белсенділік көрсеткен Г.Ахмедшина, Ю.Денисова,
К.Мəмбетов, Н.Гавриш, А.Струнов, С.Гогуля, С.Исаева,
А.Черданцева сияқты ынталы да қабілетті оқушылар тілді үй-
ретуіміз жақсы болса, емін-еркін-ақ меңгеріп шығатынына сен-
діргендей. Барлық мəселе қалай үйретуде, кім үйретуде тұрған
болса керек.
«Түркістан» газеті, 25 – 31 наурыз, 1998 жыл
«....ШЫЛЫҚТАН» БЫЛЫҚ БОЛМАСА...
Қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен
№159 мектепте өткізілген семинар-мəжілістен соң
«Қараңдар, жарандар,
Осындай далам бар!»
деген əн жолдарындағы секілді, біздің елімізде мақтанышпен
атауға болатын мектептер де, ұстаздар да жоқ емес. Барымызды
бағалап, өзгелерге үлгі-өнеге ретінде насихаттай білгеніміз де
жөн. «Озат тəжірибе – көпке ортақ», «Үйренем десең, үлгі көп»
іспетті бастамалардың ұраншыл социализм кезінде туды деген
аты болмаса, ешбір ортаға, кез келген қоғамдық формацияға
зияны тие қоймайтын игілікті іс-шара болатын. Қазір де солай.
Ендеше, Алматыдағы №159 мектеп қабырғасында тəжірибе ал-
масу мақсатында өткізілген семинар-мəжіліс барысына қайта
бір ой жібергеніміздің сөкеттігі жоқ. Тек, сəл бұрынырақта
өткен бұл шараның озаттарымызға мақтана білуді ғана мақсат
етпегендігін естен шығармасақ болғаны. Сондықтан, орын
алып отырған ортақ кемшіліктер мен туындап жататын проб-
лемалар ұмыт қалдыра алмаспыз.
Семинар-мəжіліс, негізінен, Алматы қаласының мектептер-
індегі қазақ тілі мен əдебиеті жəне бастауыш сыныптарда
аталған пəннің оқытылу деңгейін көтерудің өзекті мəселелері
тақырыбына арналды. Мұндағы мақсат түсінікті болар: ат-
тары аталған пəндерді оқытудағы тиімді тəсілдер мен ортақ
кемшіліктерді анықтау.
Мəжіліске қатынасқан мектеп директорлары мен ұстаздар
қатары əртүрлі сыныптарда өткізілген бес бірдей ашық сабаққа
қатысты.
Республикамыз бойынша қазақ тілі мен əдебиетінен дəріс
беретін 6 мыңдай мұғалім бар болса, оның əрқайсысының əр-
түрлі деңгейде дəріс беретіндігі, əрбірінің өзіндік іс-тəжіри-
белері болатындығы түсінікті. Тəжірибелі, үлгілі ұстаз ретінде
4 «А» сыныбына сабақ жүргізген №145 қазақ орта мектебінің
мұғалімі Ұлман Досаева «Шақты қайталауда» көргені, білгені
мол өзіндік болмысын тағы бір байқатқандай болды. Ашық
сабақ соңында оқушылардың Ұ.Досаеваны сынып жетекшісі
болуға қиыла шақыруының өзі ұстазға деген ең үлкен бағаның
бірі болса керек.
Өзінің бар болғаны төрт-ақ жыл педстажы бола тұра, ауди-
тория таңдамайтын мұғалім қанатына енуі – №168 мектептің
ұстазы Самал Дəрібаевтың өзі таңдаған мамандыққа деген үлкен
сүйіспеншілігінен, ізденімпаздығынан туындағандай. Əдебиетті
тарихпен шебер ұштастыра отырып, қажет тұсында домбыра
ұстап, жыр-термелермен «тұздықтап» жіберетін оқушы көңілін
баулудың басты кілті сияқты. Қырлы да, сырлы да өтетін мұндай
дəрістің шəкірт жүрегінде жазу болып қалары рас.
№86 мектеп-гимназиясының іс-тəжірибесінен түсірілген он-
бес минуттық бейнекөріністің де айтар ойы аз болмады. «Дирек-
тор жанындағы кеңес» барлық мектептерімізде бейнекөріністе
көрсетілгендей, ойдағыдай жұмыс істеп жатса, мектепшілік ба-
қылау мен өзара сынды өрістетуге бірталай мүмкіндік туарын
аңғардық. Бұл оны-мұны проблемаларды мектеп қабырғасының
ішінде-ақ шешуге болатындығына дəлел болғандай болды.
Енді Алматы қалалық білім басқармасының бас маманы
Максима Нұриева мен басқарма бастығы Гүлмира Есімбаева-
ның айтқандарынан ой өрбітіп көрейік. Олардың əңгімесі,
негізінен, көзделіп жататын үлкенді-кішілі проблемалар мен
кемшіліктер төңірегінде болды. Мəселен, мектептегі қара-
пайым сынып журналының дұрыс толтырылмауы. Былай
қарағанда, елеусіз нəрсе іспетті. Ал, журналдың аттестат ал-
дындағы оқушының білім деңгейін көрсететін мемлекеттік
құжат екендігіне, сондай-ақ, өтілген сабақтардың саны мен
сапасын айқындайтын, мұғалім жалақысының негізі санала-
тын қаржылық-есептік құжат екендігіне көңіл бөлсеңіз, бұл
мəселеге жүрдім-бардым қарауға болмайтындығын аңғарасыз.
Оның тазалығына, біркелкілігіне, дұрыс толтырылуына деген
талап та осыдан келіп туындайды.
Оқушылар білімін бағалауда орын алатын «əттеген-айлар» со-
ңында, тіпті, адам тағдыры жасырынып тұратыны рас. Бағалау
нормаларын білмей, бір күнде жеті-сегіз «екілік» қою – қисынға
келмес дүние. Мұндай кемшіліктердің бəрі мектеп директоры-
ның оқу ісі жөніндегі орынбасарының жұмыс нəтижесін бай-
қатады.
Жоғарыда аталған олқылықтар – мектептерде жас маманға
деген тəлімгерлік тəрбиенің ақсап жатқандығына да дəлел.
Соңғы жылдары бұл мəселе, тіпті, ұмыт қалған дерсің.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың өзара орыс тілінде
ғана қарым-қатынас жасауы – күн тəртібінен түспейтін мəселе.
Бұған орай мұғалімдер ата-аналар арасында жұмыс жүргізуге
де ниет етіп отырғандығы, əрине, қуантарлық. Алайда, мек-
теп ішінде сол ұстаздардың өздері орысша тілдесіп жүргенде,
оқушыдан, ата-анадан не сұрамақ?!
Қайда жүрсең де, ақша мəселесінен айналып өте алмайсың.
Мектепке кіру жарнасы, яғни, 1 сыныпқа баласын қабылдағаны
үшін 1000 теңгеден ата-анадан ақша жинау, мектептегі жылу,
электр, су салықтары үшін əр оқушыдан 50 теңгеден алу – шек-
тен шыққандық.
Осы жерде газетіміздің биылғы 25 қазандағы санында жария
болған осы жолдар авторының «Чаепитье» мен «мектеп салығы»
атты мақаласына байланысты да аз-кем тоқтала кетсек. «Сіз, ең
болмаса, бір-екі мұғалімнің, əйтпесе, директордың атын, тіпті,
жай мектеп нөмірін ғана айтыңызшы. Біз осындай мəселені
«ұстай» алмай жүрміз», – деген өтініш кейде ойландыра түседі
екен. Біріншіден, əр жұмыстың өз құпиясы болады. Өзіміз нақты
мəліметтер алып отырған жанашырлар атын атап, оларға артық
проблема тудырудың жөні жоқ. Сосын, барлық адам білетін
фактілерді тиісті орындағылардың байқамай қалып жүргендігі
сенімсіз-ақ. Тиісті орынның біріне өзінің шағымын айтып жатқан
жөндеу жұмыстарында жүрген С.Ө. деген жігіт дəл осындай
мəселе бойынша біраз мəлімет беріп жатты. Бұл – куə болып
қалған бір ғана оқиға. Ал, мұндай «ақпараттар ағыны» аз айтылып
жүрмеген болар. Сонда, бізге мəлімет берген, атын атаған адам
ғана жазалануға тиіс пе? Бұл, бар жағынан, араға кіріп кеткен
«өзгелерден» құтылуға талпынғандай əсерде қалдырады екен...
«Қазақтан қорықпаймын, «қазақтың» «шылығынан» қорқа-
мын» дегендей, осы «шылықтардан» арылсақ қалай болады?.
«Түркістан» газеті, 25 – 30 наурыз, 1998 жыл
АСЫЛ АҒАМЕН 60 ЖЫЛ ОТАСҚАН АСЫЛХАН АПА:
БАР ӨМІРІМДІ ҚАСЫМ АҒАЛАРЫҢА АРНАДЫМ
Ер азаматты өзінің зайыбынан артық білетін адам жоқ
шығар. Өмір бойы іргең ажырамай келе жатқан досың да,
пікірлесің де, тіпті, қазіргіше айтқанда, жеке оппозицияң
да – өз əйелің. Сондықтан да, аты аңызға айналған атақты
партизан-жазушы, Халық қаһарманы Қасым ҚАЙСЕНОВ-
ТІ 80 жасқа толуы мерейтойымен құттықтай отырып, оқыр-
ман назарына оның зайыбы Асылхан ҚАБЫШҚЫЗЫ-
МЕН болған дастарқан басындағы ашық-жарқын əңгімеміз-
ді ұсынғанды жөн көрдік.
ШЕТ ЖЕРДЕГІ ОҚЫРМАН ҮШІН
Қасым ҚАЙСЕНОВ Шығыс Қазақстан облысының Ұлан
ауданындағы Асубұлақ ауылында дүниеге келді. Толық емес
орта білім беретін мектептен соң, Өскемен қаласындағы саяси-
ағарту техникумын тəмамдаған. Павлодар облыстық Білім беру
басқармасында инспектор болып қызмет етіп жүрген кезінде
1939 жылы əскери-барлау мектебіне қабылданады. Оны 1941
жылдың күзінде аға лейтенант шенін ала аяқтап, сол қарашада
Оңтүстік Батыс майданының штабына жіберіледі. Окупанттар
жаулап алған Украин жеріндегі жау тылына арнайы тапсырма-
мен десант болып түсіріледі. Онда Чапаев атындағы партизан
құрамасының үшінші отрядын басқарады. Украина, Молдавия,
Чехословакия, Румыния жерлеріндегі майдандарға қатысқан.
Елге 1945 жылдың басында оралып, Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі Президиумының аппаратында еңбек етті. Кейіннен
Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында аудан-
дық атқару комитеттері төрағасының орынбасары, «Жазушы»,
«Қайнар» баспаларында редактор, директордың орынбасары
болды.
Əдеби еңбек жолын 1954 жылы əскери-патриоттық тəрбие
тақырыбына арналған «Жас партизандар» атты кітабын жазу-
дан бастады. Кейіннен шыққан «Илько Ветряк», «Переяслав
партизандары», «Өлім тырнағынан», «Жау тылындағы бала»,
«Днепрде», «Жау тылында» атты кітаптары оқырман қауымға
кеңінен таныс.
Үшінші дəрежелі «Богдан Хмельницкий», екі мəрте бірін-
ші дəрежелі «Отан соғысы», «Чехословакия партизаны» орден-
дерінің, сондай-ақ жиырмаға тарта медальдің иегері. Украина
КСР жəне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотала-
рымен үш мəрте марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағы-
ның Б.Момышұлы атындағы сыйлығының лауреаты.
– Асылхан əже, ер адамға қойылатын есімді иеленуінізге
қарағанда, əке-шешеңіз сіздің болашақта Халық қаһар-
манының, батыр партизанның зайыбы болатындығыңыз-
ды сол кезде-ақ білген сияқты...
– Оны кім біліпті, құлақтарына періште сыбырласа,
сыбырлаған шығар. Иманды болғыр, əкем – Қабыш төрт қыз-
дың ішіндегі жалғыз ұл бала екен. Тұңғышы – мен дүниеге кел-
генде, ұлдай болсын, ұл болсын деп, атымды Асылхан атапты.
Ер балаша тəрбиеледі. Кішкентайымнан əкеме жəрдемдесіп
ұлдардың ісімен айналысып өстім. Жұмсаған жағына атқа
жайдақ қарғып мініп, шауып кете беретінмін. Сенің сөзіңнің
де жаны бар сияқты. Кімнің есімі қалай аталады, пешенедегі
жазуы да соған орай келеді деген түсінік бар ғой. Қасекеңе со-
дан кейін тап болған шығармын.
– Қашан, қай жерде кездесіп қалып жүрсіздер өзі?
– Е-ей, шырағым-ай, ауылдағы төртжылдық мектепті
бітірген соң, ары қарай оқығым келіп, Өскемендегі саяси-
ағарту техникумына бардым. Ол оқу орнына жетіжылдық
мектепті бітіргендер ғана алынады екен. Ол кездегі зиялы
қауым өкілдері халыққа, əсіресе, жастарға шын жанашыр бо-
латын. Техникумның директоры Майжолов деген кісінің өзі
араласып, дайындық бөліміне қабылдандым. Ал, Қасекең сол
техникумның жоғары курсында оқып жүретін. Оны бұрыннан
да танитын едім, қарындасы мектепте менімен бірге оқыған
болатын. Қазіргідей емес, ол кезде осы іші-бауырына кіріп,
асты-үстіне түсіп, қайта-қайта келіп жүретін. Соңынан, ол кел-
мей қалса, алаңдап, іздейтін күйге түстім. Қара дəуге көңілім
құлағанын сезе бастадым. Үйге келіп, əкем жоқта алып кетті.
Қазір ондайды «қашып кетті» деп жүрміз ғой. Əкеме қалай
айтарымызды білмедік, ұл балаша көріп жүрген жанға ауыр
тиетін болған соң, басқа амал таппадық. Əкем бір-екі айдай
өкпелеп, келмей жүрді. Кейін бəрі де ұмытылып кетті ғой. Ше-
шем «Мə, саған ұл керек болса» дегендей, менен кейін төрт
ұл, үш қыз тауып берген болатын əкеме. Сөйтіп, Қасекеңе 16
жасымда тұрмысқа шықтым.
– Тіпті, бойжетіп те үлгермеген екенсіз-ау...
– Қыз бала ерте есейеді ғой. Тұрмысқа шыққан қыз бала
сол барған жеріндегі жаңа ортаға тез араласып кетіп, сол үйдің
бір баласына айналады. Өзім, мысалы, жастайымнан барғасын
ба, Қасекеңнің үй-ішіне бірден бауыр басып кеттім. Күні бү-
гінге дейін өз інілерімнен гөрі қайныларым жақын сияқты.
Қабдылқайыр, Қаділбектерге түскен келіндерім де бір ина-
батты, мейірімді жандар болып шықты. Оны-мұны мəселе туа
қалса, Қасекең «Олар менен гөрі сені жақсы көреді, сен айтшы
осыны» деп жүргені.
– Қасекеңді əскерге шығарып салып, күтіп алған кездегі
көңіл-күйіңіз əлі ұмытыла қоймаған болар.
– Ол сəттер ұмытыла ма? 1939 жылы Қасекең Павлодар
облыстық білім беру басқармасында, мен кітапханада қызмет
істеп жүрген болатынбыз. Оны əскерге алып кетті де, дала-
да қалғандай болып қалдым. Өскеменде тұратын ата-енеме
келіп, тұрмыс жағдайына байланысты кейіннен ауылға көшіп
кеттік. Қасекеңнен көпке дейін хабар болмады. 1943 жылы
ғана «Жау тылынан шықтық. Аманмын» деген бір жапырақ
хат келді. Онда, тіпті, мен түгілі өзінің əке-шешесінің де жағ-
дайын дұрыстап сұрамапты. «Бұған не болған, бізден суып
кеткен бе?» деп, қатты қапаланып қалдым. Хат жазарға, мекен-
жайын да көрсетпеген. Сондағы сағыну, қамығу сəттері əлі
есімнен шықпайды. Ата-енеме көз жасымды көрсетпеу үшін
Қасекеңнің əпкесінің үйіне барып, жылап-сықтап алушы едім.
Сонда Жүніс жездем көңілімді аулап, алдандырып жұбатушы
еді. Өзі əдемі домбырасын қолына алып, жүректегі сезімді
қозғар сырлы да сазды əуенді шертіп отыратын.
Оқымады деген аты болмаса, көрген-білгені көп, түсінігі
мол кісі болатын, жарықтық. Күйзелген жаныма талай мəрте
сүйеніш, демеу болып еді.
Ата-енем мен үйдегі бала-шағаны асырау қажеттігін түсін-
дім. Өскеменге көштік. Мен облыстық газетке жұмысқа ор-
наластым. Кейінірек Алматыдағы облыстық газеттерге бөлім
меңгерушілерін əзірлейтін курсқа оқуға келдім. Жазған-сызған-
дарымды ұнатқан Байдабек Əлиманов «Социалистік Қазақстан-
ға» жұмысқа тұруыма қол ұшын берді. Ол кісі осы газеттің
меңгерушісі болатын. Редакция берген Лесная көшесіндегі бір
бөлмелі үйге ата-енем мен бала-шағаны көшіріп алып келді. Бір
күні редакциямызға келген Жұмағали Саин құжаттарын реттеп
əкелуге Украинаға баратындығын айтып, бөлім бастығымен
əңгімелесіп отырды. Көңілім толқып, өзімді-өзім билей алмай
қалдым. Дереу өзімнің күйеуімнің Украина жерінде екендігін
айтып, көріп қалып жатса, хат табыстауын өтіндім. Жұмағали
күліп, Украинаның да Қазақстан секілді ұлан-ғайыр екендігін
айтты. Шынында. Не мекен-жайы жоқ, не қай жерде жүргендігі
белгісіз еді, өзім де ыңғайсызданып қалдым.
Сонымен, күндер өтіп жатты. Бірде Əбу Сəрсенбаевтың за-
йыбы – Лəзиза апай (хат бөлімінде істейтін) мені телефонға
шақырды. Телефон құлағын алсам, баяғы Жұмағали Саин екен.
Украинаға барып келіпті. «Біздің үйге келіп кетші» дегеннен
басқа ештеңе айтпады. «Мұнысы несі? Не аралас-құраласым жоқ,
не айтқан хабары жоқ» деп таңдандым да қойдым. Жағдайды
Лəзиза апайға айттым. «Сені жалғыз жібермеймін, мен де бірге
барамын» деп, апай өзінің серік болатындығын айтты.
Мені басқа ой мазалай бастады. Қасекеңнің осыншама уа-
қыт хабарсыз кеткендігі көңілі құрғырға əртүрлі ой салып,
жүрегім күпті болып жүрген. Алда-жалда басқалай хабар есті-
сем қайтем? Не де болса, өзім ғана білейін деген оймен апайға:
«Əуре болмаңыз, өзім-ақ жолығармын» деп, айтқан мекенге
келдім. Ішім – əлем-тапырық. Бұл 1945 жылдың 1 қаңтары
болатын. Күн салқындау, жаңбыр жауып басылған-тұғын.
Аяғымда үлкен байпақ етік, оным шылқыған су. Есікті орыс
кемпірі ашып, Жұмағалидың моншаға кеткендігін айтты. Əрі-
бері қыдырыстап жүріп біразден кейін қайта соқтым. Кіріп
барсам, Қасекең (бірден таныдым) енді ғана пальтосын іздіп
жатыр екнен. Ошарыла бұрылып қарады да, бірден қапсыра
құшақтап, сүйіп алды. «Ойбай, аузымнан сүйгені не қылғаны?»
деп, абдырап қалдым. Қазақта елдің көзінше жасалар ондай
үрдіс жоқ еді ғой. Соғыста жүріп үйренгені шығар. Содан бас-
аяғыма бір қарады да, амандық жоқ саулық жоқ «Аяғыңдағы
байпағың өзіңдікі ме!» деп дүңк ете қалды. Алты жылдай уа-
қыт өз өрнегін салыпты. Түсі суық, даусы қатқыл. Көре сала,
қойған сауалының түрі анау, жын қағып кеткендей, өзімнің
халімді, əке-шешесінің жəйін сұрамай, байпақты əңгіме етіп.
Əңгімелесе келіп, Жұмағалиға жолықтырған құдайыма мың
да бір рахмет айттым. Сол кісі болмаса, елге қайту ойында
жоқ құсайды. Украина халқына батырлық даңқымен танылып,
əйгілі болып қалған адам, ал Қазақстанда ел танымақ түгіл,
менің өзім қайда жүргенін білмеймін. Сол кездегі жағдаймен
санассаң, Қасекеңнің ойының дұрыстығын көзің жеткендей де
болатын.
Шынын айтса, сол жылдары көп отбасының шырқы бұзылды
ғой. Елде жүріп, еңбегімен елге танылған, қандай тамаша қыз-
келіншектерге ішімдіктің қырсығы да тиді. Іштерінде қы-
жылдары бар күйеулері ұрыс-керіс шығарып, көбісін жүнжітіп
жіберді. Қасекең қанша өзгеріп кетсе де, əйтеуір ондай ұсақ-
түйектікке барған емес. Не болса да, дүң еткізіп, тура айтып
салатын. Гүрілдей сөйлеген даусына көпке дейін үйрене алмай
жүрдім. «Украина жақта қалған əйелі бар шығар, мені қай күні
қуып жіберер екен?» деген ойдың да мазалағаны рас. Бəріне
көнуге тура келді. Жатсам-тұрсам, Қазына əжемнің (əкемнің
шешесі) «Екі босаға аттаған қыздың басын шабу керек» де-
ген үнемі айтып, ескертіп жүретін сөзі жадымнан шықпады.
Бұрынғылардың мұндай тəрбиесі талай отбасы шаңырағының
берік іргетасына айналғаны шындық. Алпыс жылдан асқан
біздің шаңырағымыздың берік болғандығын мен осы əжемнің
тəрбиесінен көремін.
– Қасекеңді кезінде партиядан да шығарып жіберген
дейді ғой осы...
– Е, Қасекең тыныш жүрген бе? Бастық демейді, басқа демейді,
турасын айта салып, қарап отырады. Сондай əңгіменің қырсығы
ғой – талай тигені де. Қасекең Жеңіл өнеркəсіп министрлігінде
жұмыс істеп жүріп, қазіргі «Балалар əдемі» дүкенінің төменгі
жағындағы үйлердің бірінен пəтер алатын болды. Үй мəселесінен
көп қиындық көрген біз болсақ, мəзбіз. Əне-міне, кіргелі жүрген-
де, Қасекең сол кездегі министрдің орынбасары Плеуэн дегенмен
сөзге келіп қалып, соның ақыры партиядан шығаруға, кіргелі тұр-
ған үйден айырылуға келіп тірелді. «Социалистік Қазақстан-
ның» редакторы Қасым Шəріпов араласып, республикалық
прокуратураға өтіп кеткен мəселені біздің пайдамызға шешіп
берді. Ол кездегі басшылардың өз қарамағында істеген қызмет-
керлерге деген қамқорлығы, көмегі жақсы еді ғой. Бір жағы –
аяғым ауыр болатын, оның үстіне қақаған суықтың кезі. Редак-
тордан бастап, бүкіл ұжым мен үшін арашаға түсті. Əйтпегенде,
үйсіз-күйсіз жүріп, тоз-тозымыз шығып кетер ме еді?
– Жас кезінде Қасекең үй-ішінің тірлігіне қалай еді?
– Соғыстың кезінде партизандардың командирі болам деп,
тік тұрып, тік жүргенге үйреніп кеткен-ау. Үйге қарау, көмектесу
дегенмен шаруасы жоқ. Еркін жүрістің адамы болды. Бірақ, бір
жақсы жері – өте балажан еді, əлі сондай. Ұл-қызымыз – Лəззат,
Мұрат, Болат, Толқындардан сүйіп отырған он бір немереміздің
бесеуі жоғары оқу орындарын бітірді, қалғандары мектепте
оқиды.
– Ал, əже, əңгімеңізге көп-көп рахмет! Қасекең екеуіңіз-
дің шаңырақ көтергендеріңізге алпыс жыл болған екен,
енді Алла сексен жылдықтарыңызды тойлауға жазсын.
«Түркістан» газеті, 22 – 29 көкек, 1998 жыл
АЛА-ҚҰЛАЛЫҚТАН АРЫЛУ ҮШІН...
Алматы қалалық Ақпарат жəне қоғамдық келісім
басқармасының Тілдерді дамыту бөлімі өткізген
«Дөңгелек үстел» не көрсетті?
Саясат пен тілдің арасында байқалмас қылкөпір бар, кез-
келген елдің мемлекеттік тілді заңмен белгілеуі де сондықтан.
Заңды бұзу – қылмыс, біз оны аксиомаға жатқызамыз. Қылмыс-
тың соңында, қашанда, жаза тұруы қажет, өйтпеген жағдайда,
заңының құны бес тиын. Ал, əрбір заң сол мемлекеттің сал-
мақ дəрежесін айқындамақ. Ендеше, еліміздің заңдарын құн-
сыздандырмау да басты мақсатымыз болса керек.
Заңмен белгіленген мемлекеттік тіл мен екінші бір тілдің
арасына теңдік белгісі қойылған тұста, оның қайсысын таң-
дау – əркімнің жеке басындағы шаруа. Еліміздің Тіл туралы
Заңын бізде ешкімнің «бұзбайтындығы» да сондықтан, тіл
төңірегіндегі əңгіменің таусылмайтындығы да сондықтан.
Оған қалалық Ақпарат жəне қоғамдық келісім басқармасының
Тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Дөңгелек үстелде»
көзіміз тағы да жете түскендей болды.
«Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асыру: Мемлекеттік
тілді дамыту. Имандылық жəне ұрпақ тəрбиесі» деген тақырыпта
өткен «Дөңгелек үстелді» бөлім бастығы Кеңес Шаймерде-
нов ашып, жүргізіп отырды. Оған Қазақстан халық жазушы-
сы, «Түркістан» газетінің Бас редакторы Қалтай Мұхамеджан,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, ҰҒА-
ның корреспондент-мүшесі, профессор Өмірзақ Айтбаев,
«Əділет» жоғары құқық мектебінің кафедра меңгерушісі, про-
фессор, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Шəукен
Бектұров, қала əкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Бо-
лат Жүнісбеков, қалалық Ақпарат жəне қоғамдық келісім бас-
қармасы бастығының орынбасары Назымбек Боқаев сияқты тіл
мəселесін бейжай қалдырмайтын басқа да жауапты адамдар,
ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Басқосуда мемлекеттік тіл аясының кеңеюіне кері əсерін
тигізетін мəселелер мен оңтүстік астана көшелеріндегі жар-
намалардың жай-күйі тілге тиек болып, алдағы күндері атқарылу-
ға тиісті іс-шаралар қатары талқыланды.
Қала көшелеріндегі жарнамалардың ала-құлалығы «Алма-
ты қай елдің қаласы?» деген заңды сұрақты көлденең тарту-
да. Одан құтылудың жолдары қайсы? Əйтеуір, сұрақ қоюдан
оңайы жоқ. Оның бəріне жауап та табыла бермейді. «Ат ай-
налып қазығын табады» дегендей, айналып заңның алды-
на келесің де, жүнің жығылып сала бересің. Сондықтан да,
меніңше, жарнамалардағы ала-құлалықтан арылу үшін үш-ақ
нəрсе қажет сияқты. Олар:
1. Шетелдік ірі компаниялармен, фирмалармен келісім-
шартқа отырғанда, олардың атаулары мен өнімдерінің аттарын
еліміздің мемлекеттік тілінің қаріптерімен жазылатындығын ал-
дын-ала міндетті түрде ескерту, оны келісім-шартқа енгізу:
2. Кез-келген жарнамада фирма аты, тауар аты, тағы басқа
жазбалар тек қана мемлекеттік тілде жазылуы қажеттігін заңмен
белгілеу:
3. Жоғарыда аталған екі шартты еліміздегі барлық мекеме-
лер, ірілі-ұсақты кəсіпорындар мен фирмалар міндетті түрде
орындауы керектігін заңдастыру.
Міне, шама жетсе, осы аталған үш мəселе төңірегінде күш
салу қажет. Сонда, қалғанының бəрі екінші қатардағы мəселеге
айналып шыға келмек.
«Түркістан» газеті, 06.05.1998 жыл
ЗЕКЕН ТЕМІРҒАЛИҰЛЫ, ҰЛЫ ОТАН
СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
Қазақтар қалай соғысты?
Немесе марапатталған кімдер?
Екінші дүниежүзілік соғыс басталар алдында біздің қазақ-
тар енді-енді ғана есін жиып келе жатқан шақ болатын.
Өйткені, сол уақытқа дейінгі қазақ халқының басынан кешірген
тар жол тайғақ кешулері тарихтан белгілі. Азамат соғысы,
коллективтендіру, 1932-33 жылдардағы ашаршылық, 1937-38-
жылдардағы сталиндік зұлмат сияқтылардың əрқайсысы өзіне
тəн дүлей опат болып келді. Мен бүгін, шамам келгенінше, Ұлы
Отан соғысы тұсындағы жағдайға тоқталсам деймін. Бұл кездегі
жағдай да медальдің екі беті сияқты. Біз үнемі үстіңгі бетін ғана
дəріптеп, астыңғы бетін елеусіз қалдырып келеміз. Соғыста
болған ақиқат айтылмай, тек жеңісті мадақтаумен болдық.
Өйткені, шындықты айтуға кешегі күнге дейін империялық
саясат тосқауыл қойып, тыйым салып келді. Енді, міне, қазіргі
жағдайды пайдаланып, шындықты айтып қалғым келіп отыр.
Əрине, соғыс – қиратушы күш, барды жоқ ететін, жұпты тұл
ететін, қайғы-қасірет тудыратын зұлмат. Олай дейтініміз –
соғыс оты біздің жерден мыңдаған шақырымда лаулап жанып
жатса да, оның ұшқыны алыстағы қазақ отбасының əрбірінің
табалдырығына күні-түні келіп түсіп жатты.
Кейбір деректерге сүйенсек, соғыс біздің жерде өтпесе
де, халқымыздың 12%-ы сол кезде құрбан болған. Ал, өз
жерлерінде соғыс бола тұрса да, орыстар – 6% -ынан, украин-
дар – 8%-ынан айырылды. Біздің қазақтардың адам шығыны
көп болуының себебі неде?
Біріншіден, соғысқа жаңа келген жастардың соғыс өнерін
шала, орыс тілін нашар білгендігінен, командирлердің бұй-
рығын кейде жете түсінбегендіктен, тіпті, əскери қару-жарақ-
тарды біліктілікпен пайдалана алмауынан ба деймін.
Екіншіден, баяғы патша заманынан бері бойына сіңіп қал-
ған өктемдігін өшіріп үлгермеген кейбір шовинист-командир-
лер біздің қазақтарды ең ауыр, ең қиын, қауіпті деген жерлерге
жұмсап отырған кезі де болды.
Үшіншіден, большевиктердің сасық идеологиясымен уланған
қызуқанды жастарымыз патриоттық сезіммен өлген-тірілген-
деріне қарамай, «Отан үшін», «Сталин үшін» деп бостан босқа
зеңбірек жемі (пушечное мясо) болды. Бұл соғысқа біздің
республикадан жиырма шақты атқыштар дивизиясы жəне
атты əскерлер дивизиясы, бригадалар, осыған қоса оншақты
жеке бөлімшелер жасақталынып, майданға аттанды. Олар
ұрысты Мəскеу түбінен бастап Украина, Белоруссия, Кавказ,
Қырым, Балтық жағалауындағы елдерді азат етті. Польша, Ру-
мыния, Венгрия, Болгария, Югославия, Германия жерлерінде
Жеңіс туын көтеріп өтті. Бұл соғыста 60 мыңнан астам қазақ
жауынгерлері марапатталды. 102 қазақ Кеңес Одағының Баты-
ры атағына ие болды.
Қазіргі кезде жастармен кездесе қалсам, менен: «Сіз соғыста
болыпсыз, осы біздің қазақтар қалай соғысты? Халық намысын
қорғай алды ма?» – деп сұрайды. Оларға бір ауыз сөзбен жауап
бере салу қиын.
Шындығында, біздің қазақтар аталары – Қабанбай мен
Райымбек, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына тəн ерлік
көрсетті. Осы пікірімізді дəлелдеу үшін өзімізді-өзіміз мақта-
ғаннан гөрі, өзге ұлт өкілдеріне жүгінейік.
1.Атақты жазушы Илья Эренбургтің 1941 жылы сол кездегі
Мəскеуді қорғап жатқан аты əлемге əйгілі біздің 8-гвардиялық
дивизия туралы «Правда» газетінің бетінде «Қазақтар» де-
ген көлемді мақаласы басылып шықты. Ол сонда мақала та-
қырыбын неге «Қазақтар» деп атады? Өйткені, сол кезде
8-гвардиялық дивизияның құрамында 34 ұлт жəне ұлыс өкілі
бола тұра, біздің қазақтардың Мəскеуді қорғауда көрсеткен
ерлігі бəрінен де басым болғандығы. Оған мына факті дəлел
бола алады. Қолға түскен бір неміс офицері: «Сұмдық бір қор-
қынышты солдаттар бізге қарсы шабуылға шықты. Олар біздің
қарсы боратқан оғымызды елемей, бізді дауылдай басып-
шаншып өтетіндей, атой салып келе жатты. Олардың қазақ
деген ұлттан екендігін кейін білдім», – депті. Сорлы фриц
олардың ата-бабалары кең байтақ жерін шапқыншылардан
садақтың оғымен, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен ға-
на қорғап қалғандарын қайдан білсін? Эренбург мақаласын
аяқтай келе былай дейді: «Қазақтар далада жел жетпес жүйрік
мініп дағдыланған, ол бірақ қажет болса, еңбектей де біледі,
биік тауларға өрмелеп те шыға алады. Саз батпаққа малтығып
та жата береді. Оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата алмай-
ды», – деп жазды. 2. Көрнекті əскери қолбасшы, генерал-полковник П.Рома-
ненко өз естелінде былай дейді: «Қазақ – кеңпейіл, ақжарқын,
ержүрек, батыр халық. Менің əскерлерім тек қазақтардан құ-
ралса, мен өз тағдырыма риза болған болар едім».
Көрнекті ағылшын тарихшысы А.Верт «Қызыл армияның
табанды жауынгерлерінің бірі – қазақтар еді. Соғыстың ба-
сында қазақтар өздерін ең жақсы жағынан көрсетіп отырды.
Ал, Сталинградта үздік жауынгерлер қатарында қазақтар бол-
ды», – дейді («Прогресс» баспасы, Мəскеу, 1967 жыл, 415
бет).
Біздің қазақ жауынгерлері туралы басқа ұлт өкілдерінің пі-
кірін айта берсек таусылмайды. Осы пікірлердің өзі – біздің
қазақтардың қалай соғысқандығына жауап.
Ендігі жерде «Біздің қазақтардың соғыста көрсеткен ерлік-
тері өз дəрежесінде бағалана алды ма?» деген сұрақ туады. Менің-
ше, жеткілікті бағаланған жоқ. Пікірімізді нақты фактілермен
айта кетейік.
Бірінші. Көрнекті жазушы Александр Бек өзінің тарихи ро-
маны «Волокалам тас жолында» басты кейіпкер етіп Баукеңді
(Бауыржан Момышұлы) алады. Бұл атақты 8-гвардиялық ди-
визия-тұғын. Дивизияда үш полк болады, осыған қосымша
бірнеше жеке батальондар болады. Барлығы 15 – 16 батальон
болады, ал Баукең сол батальондардың біреуінің командирі
болатын. Неге А.Бек бас кейіпкер қылып Баукеңді алады?
Өйткені, Баукеңнің соғыста көрсеткен ерлігі барлық батальон
командирлерінің ерлігінен асып түседі.
Баукеңнің соғыста көрсеткен ерлігін дəлелдейтін мына
фактілерді айта кетейін: Н.Панфилов тірі кезінде Баукеңді
Ленин орденімен наградтауға ұсынған болатын. Ал, генерал
Серебряков Баукеңе Кеңес Одағының Батыры атағын беруді
5 машинкалық бет өтініш етіп толтырып, Жоғарғы Кеңеске
жіберген болатын-ды. Өкінішке орай, бұл екі награда да Бауке-
ңе бұйырмады. Себебі, жоғарғы əскер басшылары Баукеңнің
өздерінен бұрын əскери тарихи романға бас кейіпкер болғаны-
на ыза болып жүрген. «Қайдағы жоқ «киргиз» біздерден бұ-
рын əскери тарихи романға кіріп кетті» деп, көре алмағанды-
ғынан болды. Осы себепті де Александр Бекке Сталиндік
сыйлықты бергізбей қойды. Баукеңді дивизия командирлігіне
тағайындау кезінде оны Жуков: «Мен полковникті соғыстың
қаһарманы екен десем, кітаптың қаһарманы екен ғой» деп
кекетеді. Баукең сөзден ұтылсын ба, оның бет-жүзіне қарамай,
бір ауыз сөзбен «нокаутқа» түсіреді. Жуков өзінің ойланбай
сөйлегені үшін Баукеңнен кешірім сұрайды («Ақиқат пен
аңыз». 289-бет).
Екінші, Зоя Космодемьянская деген жас қызға немістердің
атқорасын өртей алмай қолға түскені үшін оған Кеңес Одағы-
ның Батыры атағын беріп, оны партизандардың байланысшы-
сы еді деп, жер-көкке сыйғызбай мақтаумен келдік. Мен бір
кездерде партизандар қатарында болғаным бар. Сондықтан,
партизан өмірінің бүге-шігесіне дейін білемін. Бұл – жасан-
ды герой. Олай дейтінім, егер ол, расында, партизандардың
байланысшысы болса, оған атқораны өрте деп, есі дұрыс адам
тапсырма бермейді. Оны өртегеннен гөрі, қыздың күнделікті
мəлімет беріп отырғаны партизандарға анағұрлым бағалы бо-
лады.
Осыған кері факт. Абдолла Жұмағалиев өз бөлімшесі ке-
йін шегінгенде, жалғыз өзі бір үйде қалып қойып, жаумен
жалғыз өзі айқасады. Немістер үйді қоршап алып, оны тірі-
дей ұстамақшы болады. Оған Абдолла мүмкіндік бермейді.
Оның тірідей берілмейтіндігін сезген немістер үйге от қояды.
Кейіннен біздің бөлімшелер қайтып келгенде, өртенген үйдің
айналасынан қырық-елудей немістің өліп жатқанын көреді.
Ал, осыны ерлік емес деп кім айта алады? Есіл батыр ескеру-
сіз, еленбей қалып қойды. Егер оның орнында басқа болса,
баяғыда-ақ Батыр атағын берер еді.
Үшінші. Рейхстагқа Жеңіс туын бірінші болып тіккен Ра-
хымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтар да атақсыз қа-
лып қойды. Бұларды 150-дивизия командирі Шаталов құшақ-
тап сүйіп, Жеңіс туын тігіп аман-сау қайтқандарын құттықтап,
қуанышпен Жоғарғы жақтағы командирге баяндайды. Олар
екінші рет Жеңіс туын қайта тіктіруге, бұйрық беріп, біреуі –
орыс, екіншісі – «ұлы көсемнің» жерлесі болуы керектігін ай-
тады. Бұдан соң орыс Егоров пен грузин Кантария дегендерді
жіберіп, екінші Жеңіс туын тіктірді. Бұл 1 мамыр күні еді. Ал,
Қошқарбаевтар 30 көкек күні түстен кейін тіккен болатын.
Төртінші. Наградтау статусы бойынша, 100 фашисті атып
өлтірген мерген Кеңес Одағының Батыры атағын алатын-ды.
Қазақ мергені К.Адамбеков –239, ал атақты мерген – Төлеуғали
Əбдібеков – 397 фашистің көзін құртса да, Батыр атағына ие
бола алмады. Бұл нені көрсетеді? Кейбір шовинист коман-
дирлер қазақтар мен басқа да орыс емес ұлттардың соғыста
көрсеткен ерліктерін жасырып, əдейі бағаламай отырды.
Иə, соғыс жайында, оған қатысқан қазақтар жайында
шыңғырған шындықты білгісі келетін кейінгі жастарымызға
елімізден шалғайда өткен ұрыс туралы менің осылай дегім
келеді.
АРДАГЕРДІҢ АЛЬБОМЫ
Жетпіс төрт жастағы қарт, соғыс жəне еңбек ардагері Зекен
Темірғалиұлының Ұлы Отан соғысы жəне онан кейінгі «жа-
залау жылдары» жайында айтар əңгімесі аз емес. Оны бүгінгі
нөмірімізде жарияланып отырған «Қазақтар қалай соғысты?»
атты мақаласынан да аңғаруға болады.
Он сегіз жасқа толар-толмас шағында, өз өтініші бойын-
ша 1942 жылдың мамыр айында Сталинград қаласында соғыс
өртіне араласқан балаң жігіттің пешенесіне тұрлауы жоқ тір-
ліктің бұралаң жолдары жазылыпты. Сталинград шайқасы же-
ңіспен аяқталған соң, Зекеңдердің 93-гвардиялық дивизиясы
атақты қантөгісті Курс-Орел доғасындағы ұрысқа араласады.
1943 жылдың шілдесінде аяғы мен басынан бірдей жара-
ланып, немістердің қолына тұтқынға түседі. Қолға түскен
жауынгерлер бірігіп, екі рет тұтқыннан қашуға əрекет етіп,
екеуінде де сəтсіздікке ұшырайды. Ұйымдастырушы ретінде
белгіленген бірталай жауынгерді атып тастаған фашистер қал-
ғандарын қарулы күзетпен Берлинге аттандырып жібереді. Зе-
кең де солардың ішінде болатын.
Жан түршігер Бухенвальд лагерінен ол кезде тірі шығамын
деу қиял ғана болатын. Жер астындағы бетоннан жасалған жер-
төле үйлерде адамдарға сынақ жасайтын хирургиялық, биоло-
гиялық, гистологиялық лабораториялардың атының өзі-ақ
естен тандырғандай. Еріккен фрицтер адамның бас сүйегінен
күлсалғыш, терісінен қолғап, сөмке, қолшатыр жасайды деген-
ге адам сенбейді. Алайда, соғыс салған лаңнан да сорақы та-
лайды көрсетті.
Фашист делік, Зекең мұндай сұмдықты, қорлықты өз Ота-
нына оралғанда да көреді. «Отанын сатқан опасыздар» атап,
тұтқында болған жауынгерлердің алдын он жыл, соңын жи-
ырма бес жылдан қамауға тоғытып жатқанда, соның ішінде де
Зекен Темірғалиұлы бірге жүрді. Əйтеуір, тірі дегені болмаса,
көрмегені жоқ...
Бүкіл өмірі осындай тұйықтармен шектеліп отырғандық-
тан ба екен, Зекең барлық өмірін осы соғыс жəне оның сал-
қыны мəселесіне арнаған сияқты. Оған жазып жүрген жаз-
балары да, ықтияттап жасаған альбомдары да куə. Зекең оны
бір кездегі күндердің ескерткіші ретінде емес, алдағы күнге
ескертпе ретінде жасаған. Мысалы, түрлі газет-журнал, кі-
тап қиындыларынан, фотосуреттерден ыждағатпен жиналып,
жапсырылған ардагер альбомының ортақ тақырыбы «Бейбіт-
шіліктің» қадірін біл, болашақ!» деп тұрғандай.
«Түркістан» газеті, 6 – 12 мамыр, 1998 жыл
ƏУЕ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ «ЖАНСЫЗДАР»
Биылғы жылдың 4 маусымындағы «Ана тілі» газетінің
барлық қазақстандықтарға арнаған Үндеуі бəріміздің жүре-
гімізді сыздатып жүрген мəселені көтеріп, көңіл пернесін
дөп басты. Халықымыздың болашағына кері əсерін тигізетін
жүгенсіздікке қарсы күрестен біз де сырт қала алмаймыз.
Өгізге туған күн бұзауға да туады. Өркениетті өзге жұртта
көгілдір экран баяғыда-ақ «ХХ ғасырдың трагедиясы» аталған
болатын. Алайда, бұл сөзді жаппай сауатсыздықтың етек
алуына байланысты ғана айтуға болмайтын сияқты. Мұның
құрығы біздің еліміздің мойнына ХХІ ғасырда мықтап ілінгелі
тұрғандай. Əуе толқыны арқылы үйді-үйге еніп үлгерген идео-
логия «жансыздарының» осал емес екендігін айналдырған
төрт-бес жылдың өзі-ақ аңғартып отыр. Дəлел қажет пе? Оны,
тіпті, іздеп те əуреге түспейсіз, айнала толған дəлел.
Үйінде балаға қарайтын адам болмай қалып, əріптесім Ер-
мек Сахариев өткенде бірінші сыныпты тауысқан ұлын жұмыс-
қа ерте келді. Кабинеттегі бос үстелде өзімен-өзі ойнап отырған
бала қағазға бірталай сурет салып тастапты. Анау айтқан жай
шимай-шатпақ емес, Еркебұланның бейнелеу өнеріне деген
икемділігі, талабы сүйсінтерліктей екен. Алайда, бүлдіршін
қағаз беттерінде нені бейнеледі деп ойлайсыз? Əрине, өз
ойында, көңілінде берік ұялаған көрген-білгенін түсіріпті. Бəрі
шетінен – шетелдік мультфильмдер мен кинолардағы кейіп-
керлер.
Біздің үйдің қыздары «Сейлормун, Селормун» деп жү-
ріп, ақыры, сол мультфильмдегі кейіпкерлер бейнеленген
қуыршақтар тобын сатып алғызды. Үйіміздің іші сағызға қо-
сып оралатын шетел актерлері бейнеленген жапсырмаға (на-
клейка) толып кетті.
Алматы іргесіндегі қалалық ауылдың бірі – «Шаңырақ»
ықшам ауданында бірде бір орыс жоқ десек те болады. «Шаңы-
рақтың» кішкентай тұрғындары қалаға шығып, қыдырып та
жарытпайды. Алайда, жатаған үйлердің бұрыш-бұрышында
бірі – наркоман, бірі – полиция болып ойнап шуылдасқанда,
орысша неше түрлі боқтық, былапыт сөздерді естисіз.
Əңгімеден əңгіме шығып, көріп қайтпақ ниетпен бірде көр-
шім екеуміз жеңіл мəшинеге отырып, Орталық автовокзал
маңында (Мате Залка көшесі) тұрған екі мұсылман қызының
жанына тоқтадық. Рас екен, базардағы сияқты бағасын ай-
тып тұр. «Мəшинеде болса, арзанырақ» деп, кішкене жеңілдік
жағын да қарастырып қояды.
Бізде осындай тұрғыда əңгіме айтылса, арақ секілді «ана
ұлт үйретті, мына ұлт үйретті» дегендей екінші бір ұлттың на-
мысына тиер сөздер айтылып жатады. Ол дұрыс емес. Ешкім
ешкімге зорлап ешнəрсе де үйретіп жатқан жоқ. Бəрін үйретіп
жатқан – өзіміз. Олай демеске лаж жоқ. Еркіндіктің етегін
жамылған коммерциялық телеканалдарға, жалпыадамзаттық
тəрбие мен ұлттық санамызға жат бейнефильмдерді, түрлі ба-
сылымдарда таратушыларға ерік беріп қойдық. Отбасы, мек-
теп, қоғам тəрбиесінен əлгі «қарулардың» күші мың есе күшті,
əсері – шексіз.
Жалпы, біз бара жатқан демократия – аса қауіпті демо-
кратияға ұқсайды. Шынайы демократияның не екендігін ха-
лық та, кейбір жауапты басшылар да ажырата алмай қалатын
сияқты. Мысалы, идеологиямыз бен қарулы күштерімізге қа-
рапайым түсініктегі демократияны орнатуға бола ма? Сөз бос-
тандығын басыбайлы бере салуға ше? «Иə» дер болсақ, онда
мемлекетіміздің бір тізгіні сыртта тұрғаны. Біздің идеология-
мыз қазір осындай күй кешіп отырған жоқ па екен? Əйтеуір,
бір «измге» барып табан тіреріміз анық, идеологиямыздың
тізгінін ертерек мықтамай болмайды. Қазақстан жер бетіндегі
дені дұрыстау деген кинолардың өзінен аянып қалып жатқан
жоқ.
Меніңше, Шығыс халқының ой-санасына жат идеология-
ны насихаттаушылар өздері уысынан шығарып алған неке
адалдығы төңірегіндегі өкініштерін, осалдықтарын бүркеу
мақсатында «теңдік» мəселесін көбірек қозғайтын сияқты. Де-
генмен, өздерінің ішкі өкініштері бəрібір сезіліп қалып жата-
ды. Оған «əйеліңнің өзіңе дейін күнəсіз болғандығын сен де
қалайсың ғой» деген сияқты өзара əңгімелері немесе өз айту-
лары бойынша, «ерлердің енді-енді ғана күнəдан пəк қызға
жолығып қалатындай қиялда жүретіндігі» дəлел болса керек.
Ал, біздің кейбір желөкпе ұл-қыздарымыз осындай көңіл-
ге түйіп алар сəттерге емес, пəктікті ескілік қалдығы санай-
тын Батыс идеясына қарай құлап жатады. Əлі ақыл тоқтатып
үгермеген жасөспірімдерді кінəлай да алмаймыз. Əр шаңырақ-
тың жеке аудиториясындағы жүргізіп отырған тəрбиеміздің
өзі солай болып тұр.
Негізі, кез келген отбасының шаңырағын шайқалту үшін
əйелді пайдалану оңай да тиімді. Осыны үлкейтілген түрде,
ұлттық деңгейде айтуға да болады. Əйелі бұзылған ұлтта
бірлік, береке, татулық болмайды. Дастарқаны мен төсегін
өзгелер билеген шаңырақтың аты ғана шаңырақ. Ондай ұядан
дені дұрыс ұрпақтың да өсіп-өнуі екіталай. Қазіргі «түнгі би-
кештер» мен өзге дінге бас иген қыз-келіншектер қатарының
қоюлана түсуі ойлантпай қоймайды.
Қазақ елінің əуе толқынын пайдаланып, жат идеология-
ны насихаттайтын «жансыздардың» (берілімдердің) ықпалын
салмақтап өлшеу мүмкін емес. Оның тек шексіз зияндық əке-
летіні ғана анық. Сонда не істеу керек? Өтпелі кезең ауырлы-
ғын, қаржы тапшылығын желеу етіп, əйтеуір, қарап отырмау
керек. Кеудеден жан шығып бара жатқандай өлермендікке,
жанкештілікке бармай болмайды. Меніңше, ол үшін төрт ба-
ғытта іс-əрекетке көшу керек сияқты.
1. Идеологиядағы демократияға шек қойылуға тиіс. Яғни,
жеке, тəуелсіз мемлекет ретінде халқының ой-санасын, жан-
дүниесін былғайтын кез келген берілімдерге, басылымдарға,
т.б. тойтарыс берер заңның жүзеге асуын қадағалау керек.
2. Теледидар берілімдеріндегі екі тілдің тепе-теңдігін, бағ-
дарламаларын жəне олардың берілу уақыттарын үнемі, ар-
найы қадағалап отыратын жауапты орын нақтыланып, есебі
тыңдалып тұрғаны дұрыс.
3. Аударма фильмдерді дамытқанымыз жөн. Сонда, қазіргі
шетелдік жақсы бейнефильмдерді де көрсете аламыз, тілдің де
дамуына үлес қосамыз.
4. Еліміздің төл киноөнеріне көңіл бөлу керек. Кино, мульт-
фильм салаларын дамытпайынша, өркениет көшіне ілесе ал-
маймыз.
Бұл айтылғандар – бүгіннен бастап қолға алынуы тиіс-
ті мəселелер. Ертеңгі күні, тіпті, кеш қаламыз. Себебі, ер-
теңгі күн өз проблемаларын ала келгелі тұр. Сырттан ене-
тін əрбір жаңалықтың, жетістіктің тасасымен тығылып,
жаңа «жансыздар» келе бастайды. Мысалы, қазіргі жаппай
компьютерлендіру мəселесі Интернет секілді бүкілəлемдік
орталық байланыс жүйесіне енумен аяқталмақ. Тіл, эроти-
ка, секс мəселелерінің көкесі əлі алдымызда сияқты. Ол – өз
алдына бөлек əңгіме. Қазіргі міндетіміз – қолымыздан ке-
лер бүгінгі проблемаларымыздың шешімін табу. Ендеше,
əуе толқынындағы «жансыздардан» құтылайық. Ал, ол –
үкімет тарапынан қолға алынатын шаруа.
«Түркістан» газеті, 24 маусым, 1998 жыл
ҚЫТАЙҒА ЖЕР БӨЛІП БЕРДІК ПЕ?
Ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап
келген атамекеніміздің бір пұшпағына «Қытайдың қолына
ұстата салғанымыз» жайындағы əңгіме, көбіне, əлі де біржақты
айтылып, біржақты қабылданып келеді. Бұл əңгіменің шығу
төркіні белгілі. Оған қытайлықтармен екі арадағы болған кез-
десулер, шекара сызығын белгілеу барысындағы келісімдер
түрткі болды. Ал, мұндай кездесулер мен келісімдерге қол
қоюдың себептері қандай? Міне, көпшілік арасындағы алып-
қашпа əртүрлі əңгімелердің тууына, біздіңше, осы себептердің
дұрыс түсіндірілмеуі негіз болған сияқты.
«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, Қазақ-
стан өз тəуелсіздігін алған соң, бұрынғы кеңестік кезеңнен жи-
налып қалған, шешімін таппай келген көптеген мəселелерге
өз көзімен қарай бастады. Сондай мəселелердің бірі осы –
Қытаймен екі арадағы алабаған сызығын нақты белгілеу бола-
тын. Бұл істің шешім табуына, əрине Қытай жағы да мүдделі.
Мүдделі дей салу, тіпті, олар үшін бер жағындағы əңгіме
деуге болады. Болашаққа көз салған есептеушілердің айтуы-
на қарағанда, жыл сайынғы табиғи өсімі 17 миллион адамға
жететін алып елге бір сүйем жердің өзі үлкен маңызға ие. Ке-
рек болса, жер қадірін қытайлықтардан сұраңыз. Бір жарым
ғасырға жуық уақыт бойына даулы, таласты мəселеге айналып
келген «аралық аймақтың» өзі қай жерден қай жерге дейін
созылатындығы айғақтала көрсетілмеген соң, «иесіз» аймақты
екі беттегі екі ел де өзінікі санап келді.
Ол ол ма, «қызылдар қырғыны», кəмпеске, ұжымдастыру
науқандары тұстарында көшіп-қонған, Қытай аймағына сұғы-
на иек артқан, тіпті ішіне еніп кеткен ел-жұрт онсыз да дəлдігі
жоқ шекара сызығын «ирелеңдетіп» жіберді. Егер мұсыл-
мандар қоныс тепкен, ежелден тұрып келе жатқан ол аймақтың
бəрін өзіміздікі санар болсақ, Қытайдың иелігіндегі жер-
ге көз алартқандық болып табылады. Жəне «түгелдей сенің
ұлтыңның өкілдері жайғасқан» деп, өз жерін ерікті түрде
бөліп беру тарихта болмаған. Оны айтасыз, Қытайдың өз кар-
тасында елінің шекара сызығы Қазақстанның бірталай жерін
қамтып кеткен.
Тарих демекші, соңғы кездері кейбір тарихшы-ғалымдар
Ұлы Ұйғыр мемлекетінің ежелгі географиялық картасын түрлі
басылымдарда, арнайы зерттеу еңбектерінде көрсете бастады.
Ол бойынша қазіргі Қытай, Үндістан, Орта Азия жерлерінің
бəрі осы империяның еншісіне тиген. Ал, қытайлықтардың есте
жоқ ескі заманда Америка жерінде өмір сүргендігін де генетик
ғалымдар айта бастады. Оған қарап жəне кезінде еуропалық,
американдық ғалымдар қағазда бейнелеген империя террито-
риясы бойынша қазіргі таңға қатысты сөз қозғау, əрине, мүмкін
емес. Себебі, ұмытпау – басқа, ал тарихты түгелдей ешкім де
қалпына келтіре алмайды.
«Демографиялық жарылыс» жасауға деген құштарлықтың
астарында да үлкен əңгіме жатыр. Ұлттың мерейінің, беделінің,
ең бастысы – рухының үстем болып жүруі, шындап келгенде,
сападан гөрі санға көп байланысты. Қытай елін бүкіл əлемнің
амалсыз мойындап отырғандығын сапаға ғана қатысты дей
алмайсыз. Ал, рухы үстем елдің жасампаз бола беретіндігін
дəлелдеп жатқанның өзі артық. Бірді айтып, бірге кетті демеңіз,
мұндай мəселелердің бəрінің де шекарамыздың нақты белгілеп
алуымызға қатысы бар. Шешілмей келген 1700 шақырымға
созылған екі ара сызығы бейбіт жолмен, екі жаққа да тиімді
түрде белгіленуі тиіс болатын. Біздіңше, ол солай болды да,
Қазақстанның жергілікті халқының да, Қытай қазақтарының
да ата-бабаларының жері болып табылатындықтан, «аралық
аймақ» мəселесі оң шешімін тапқан сияқты. Дау тудырып кел-
ген 977 шаршы шақырым таулы аймақтың 57 пайызы Қазақ-
станның еншісіне тиіп, көрші елге 407 шаршы шақырым
жер бұйырды. Бұл бойынша, шекарамыз нақтыланып қана
қоймай, пайдамызға шешілді деп айтуға да болатындай. Сөз
орайы келгенде, екі бірдей шекара заставасының, орман
шаруашылығынан, Алакөл маңындағы барлық кен орын-
дарының бəрі де өзімізде қалатындығын айта кеткен жөн.
Ал, Қытай иеленуге тиіс болып отырған жерлерде түпкілікті
салынған ауыл-үйлер, не болмаса басқадай нысандарымыз
болған емес. Бұл жерде, тағы бір есеппен қарап, арғы беттегі
бір жарым миллион қандастарымыздың өрісі кеңи түсе ме деп
те ойлайсың. Себебі, бұрын бұл даулы аймаққа екі жақтың аза-
маттары да жуый қоймайтын. Нақты қай елге тиесілі екендігін
əлімсақтан бері біле алмай келе жатқан жұртшылық бұл жер-
лерді уақытша болмаса, түпкілікті ниет етіп пайдаланған да
емес. Ал, ендігі жерде қай жерден бастап емін-еркін жүріп-
тұруға болатындығы айғақталғандай. Бүгінгі таңымыздың
деңгейінде, болашақ мақсаттарымызға орай келісілген үлкен іс құт-береке əкелсін де. «Түркістан» газеті, 09.12.1998 жыл «ШЫРМАУЫҚ» МАҚСАТЫ – САНАНЫ ШЫРМАУ ЕДІ «Известия» газетінде Желтоқсан оқиғасына орай жазылған В.Щепоткиннің «Шырмауық» («Паутина» мақаласының, 24 қаңтар, 1987 жыл) көздегені не еді? Өз мағынасындағы тəуелсіздік 360 градустың бəрін қамтиды. Ендеше, мұндай шеңбер диаметрінің өзіндік өлшемі де болады. Кез-келген ел тəуелсіздігің шет-шегі болатындығы содан. Саяси да, экономикалық та жағынан тəуелсіздік – ағайын адамдардың алыс-берісі, қарым-қатынасы сияқты. Ол уақыт түсірер сəулеге байланысты бірде олай, бірде бұлай. Оның тетігі қазіргі таңда елбасылар мен үкіметтерде. Халықта деп айтпауымыздың себебі бар: халық пен үкіметті бөліп қарауға болмайды. Бірінсіз бірінің жоқтығы – табиғи заңдылық. Үкіметтің жетістігі – халықтың жетістігі, үкіметтің қателігі – оны тудырған халықтың қателігі деп те түсінуге болады. Аспаннан түскен ешкім жоқ, бəрі де халықтың өз арасынан шығады. Сондықтан да, үкімет пен халықты бір-біріне қарсы қоюдың астарында, қашанда, өзге пиғыл, өзге ниет жатады. Əйтпесе, жаны ашыған адам халықты айтысты-тартысты, дағдарысты жолға итергеннен күш салса керек. Футбол ойынына қосылғысы келген адам өзінің доп тебе алатындығын халықпен емес, сол фтуболшылармен ойнау арқылы дəделдей алады. Əңгіме арнасын басқа мəселеге аударғалы тұрған жоқпын. Үкімет пен халықтың бір ағза екендігін айта отырып, тəуелсіздік аясындағы ең негізгі мəселеге назар аударсақ деймін. Ол – сана тəуелсіздігі. Нағыз тəуелсіздік, зəру тəуелсіздік осы болса керек. Адам Алладан кейін Санаға ғана тəуелді. Физикалық қозғалыстардың
бəрін зерттеуші – сана. Ендеше, барлық тəуелсіздігіміздің басы санадан басталады. Біздің санамыз тəуелсіз бе? Бұл сұраққа жауапты арғы бастаудан алып, Алладан əңгіме өрбітіп жіберуге де болар. Бірақ, біз ол төңіректегі сөзді қозғауға əлі ерте болғандықтан, Жердегі «үй-ішілік» мəселемізге келейік. Сана кəдімгі компьютер сияқты. О баста жасалған бағдарлама шегінде дербес жұмыс жасайды. Не жазсаң, не қабылдасаң – соны оқыта, көрсете аласың. Ал, қоғам – интернет желісі. Бірі бірімен жалғасып, сана өзара ақпарат алмасып жатады. Ақпарат алмасу жаулауға ұласса, сана тəуелсіздіктен айырылады. Бұл жағы бізде қалай? Тəуелсіздігіміз жайында, оның жеңістері, жемістері жайында мақтана да, шаттана да жазуға болатын жайларымыз аз емес. Оның бəрі – халықтың көз алдында өтіп жатқан дүниелер. Тəуба айтып сүйсінер қауынштарымыз əрбіріміздің жүрегімізді жылытып, көңіл төрінде сақтала берсін. Жоғымыз түгенделмейінше, мазасыз күй кеше беретіндігіміз рас қой. Қуана тұрып, ойлана білген адамның қуанышы ұзағырақ болады. Ойланып көрейік. 1917 жылғы Қазан төңкерсі 25 – 26 күндері бір түнде Кеңес өкіметін орнатса, Қазақстан тəуелсіздігін орнатқан «төңкеріс» бес жылға созылды. Əбден нығайып алған империяны жеңу оңайға соққан жоқ. Еліміз тəуелсіздігі туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ойға оралады. (Көтеріліс пен төңкеріс екі түрлі жағдайды аңғартса керек. Көтеріліс, көбіне, халық санасы дамуының нəтижесінде болады. Ал, төңкеріс – белгілі бір топтың өз мақсаты жолындағы күресінің жемісі. Бұл – сананың табиғи дамуы емес, сыртқы фактордың əсері). Сана жайындағы əңгімені де осыдан бастайық. Ол үшін кезінде, 1987 жылы 24 қаңтарда «Известия» газетінде жарияланған «Паутина» атты мақаладан (авторы – В.Щепоткин) оймасөз (вырезка) алып отырғанымыз дұрыс сияқты. «Процесс подбора кадров не по деловым качествам, а по родственному признаку быстро распространился на многие стороны жизни»
Шовинистік көзқарасқа Кеңес көзілдірігін кигізу елді біраз
уақытқа дейін адастырды. Ел назарын басқа мəселеге аударып
жіберу – жасаған қылмысты, немесе, шын мəнінде, ашылып
қалар сырыңды бүркемелеудің классикалық үлгісі. Бұл орай-
да Кеңес өкіметі бізге көп үлгі көрсетті. (Қазіргі үкімет пен
Елбасыға қарсы қозғалыстар оны ұтымды пайдаланып келеді).
Бұл – сананы өзіне қажет мəселеге қызмет етуге қарай бұру
əдісі. Оның жолдарысаналуан. Желтоқсан оқиғасынан кейін
жүзге, руға, туыстыққа, тіпті, жерлестікке бөлу туралы əңгіме
тиегі ағытылды да кетті. Мұндай əңгіме қозғалған тұста мəселе
кімнің пайдасына қарай шешілетіндігі – түсінікті нəрсе.
Қарға тамырлы қазақтың бəрі – туыс. Шын іздеген адам
өмір бойы бірін бірі көрмеген адамдардың арасында да байла-
ныс тауып алады. Қазақстанды колбиндерге басқарту үшін та-
бар басқа амал жоқ. Ал, құйтырқы саясаттың, осы күнге дейін
«Қазақ жүрген жердің бəрі сол» деп, өзіміз таласа дəлелдеп
жататын болдық. Оның көрінісі бүгінгі Президент сайлауы
қарсаңында да қылаң беріп қалып жүр.
Желтоқсан көтерілісінің мақсатын санаға теріс бейнелеу –
сол кездегі үкіметтің ең соңғы мүмкіндігі болатын. Қозғалып
кеткен тарих доңғалағын тоқтату үшін жан-тəнін салды. Қа-
лай дейсіз ғой? Тағы да сол – санаға əсер ету арқылы.
«Причем две трети из них – выходцы из южных областей...
Некоторые являются родственниками друг другу, а заодно –
родичами влиятельных людей республики, связанных корнями
все с теми же южными областями».
«Известиядағы» осындай жолдарды оқыған, газет сөзіне
имандай сенетін батыс, шығыс, солтүстік облыстардағы ағай-
ындар арасында көпке дейін осы пікірде жүріп, іштей наразы
көңіл-күй құшағында болғандар кездесті. Бұл нені көрсетеді?
Отарланған сананың ерікті түрде, өз бетінше өмір сүре алмай-
тындығын! Əйтпесе, тəуелсіз сана қабылдаған ақпаратын өз
бетінше сарапқа салған болар еді. Сөйтіп, ҚазМУ-де оқуға
(əсіресе, қазақ бөліміне) Ресеймен шекаралас «орыстанған» ай-
мақтардан гөрі, іргелес қазақи оңтүстік аймақтардан көбірек
келетіндігін табиғи заңдылық санар еді.
«Почему так получается?» спросил я ректора У.Джолдас-
бекова. «Потому, что у русских родителей профессия юриста
не престижна и они не хотят, чтобы их сын стал юристом. А
любой отец-казах хочет иметь сына-прокурора».
Можно было бы усмехнуться оценкам, которые дает акаде-
мик национальной «тяге к юриспруденции» у разных народов.
Но подобные «объяснения» и есть «национальное одеяние»
протекционизма».
Академик Өмірбек Жолдасбековтің ешқандай дəлелдеуді
қажет етпейтін жауабын шындық демей көріңіз. Ал, жүректен
шыққан ақиқатқа кигізілген көйлектің түрі – анау. Кімге қалай
екенін қайдам, өз басым Қазақстанда – Д.Қонаев, ҚазМУ-де –
Ө.Жолдасбеков, журналистика факультетінде – Т.Қожакеев
айырықша еңбектерімен есте қалады деп ойлаймын.
Адамды құртатыны – ұсақ-түйек мəселелер. Отбасындағы бол-
майтын нəрседен басталған ұрыстың соңы үлкен проблемалар-
мен аяқталып жатады. Саясат та – сол. Үлкен мақсатқа жету ұсақ-
түйек мəселелерден басталады. Ұсақ-түйек мəселелерден баста-
саң, сананы билеу оңай. Сананы билегенің – жеңіске жеткенің.
«Так что здесь предстоит и тяжелая работа, и сложная борь-
ба. Потребуется насточивость и зоркое политическое зрение,
чтобы разглядеть то, что скрывается за паутиной протекцио-
низма...»
Не үшін мазасызданып отыр дейсің. Бұл сөздің астарынан
«Елдің осал тұсын сəтті тауып, өз мақсатымыз жолында пайда-
лана білейік» деген ойдың ұшығын табуға да болатын сияқты.
Айта берсең, əңгіме көп. Сана тəуелсіздігі жайындағы əңгіменің
біз бір қырын ғана алып отырмыз. Не десек те, біздің қастерлі
де қасиетті шыңымыз – тəуелсіздік туын берік ұстауымыз қа-
жет. Ол үшін тəуелсіздік ауасындағы азон тесігіне айналып
отырған сана тəуелсіздігінен арылуға тиіспіз. Ендеше, дін-
нің – адалдығына, коммунизмнің – патриоттығынан, капита-
лизмнің – пысықтығынан қажетінше қабылдап, мемлекеттік
идеологиямыздың кең көлемдегі бағдарламасын жасау керек.
Мақсаты айқын, жолы белгілі тəуелсіз сана ғана алға қарай
батыл аттай алады. Адам денесінің қозғаушы күші, кілті – сана-
да десек, алып дене – елдің қозғаушы күші – қайсар да қайтпас
идеологияда.
«Түркістан» газеті, 16 желтоқсан, 1998 жыл
АРЫСТАР ҚАЛДЫРҒАН АМАНАТ
Шындығын айтсам, əңгіме ол кісі жайында ғана емес,
бірталай жылдар бойы иесіз қалып, адасқақ күй кешкен
ұлттық рух төңірегінде болмақ
Осындайда еске түседі... Жоғары сыныпта оқып жүргеніміз-
де, №194 «Сунақ-Ата» орта мектебіндегі (Қызылорда облы-
сы) физика пəнінің мұғалімі Мырзан Құндызбеков ағайымыз
«Сендер газет оқымайсыңдар ғой. Білесіңдер ме, «Правда»
газетін бес жыл бойы үзбей оқыған адамның білімі академик-
пен бірдей болады. Мен он бес жылдан бері бірде-бір санын
жібермей оқып келемін» деп жатушы еді. Қазір байқап отыр-
сам, бұл идеология атты жетекке берілген үлкен баға секілді.
Бүгінгі таңда бізде осындай идеология бар ма? Адамды ұлт-
тық рухтағы кəдімгі «жоғары білім» деңгейіне көтерерлік ба-
сылым бар ма? Рас, бір кездері болды. Алайда, олар сандаған
жылдар бойы тасада қалдырылып келді. Біз ұлттық рух өзегінен
ажырап қалдық. Тарихи жағдай екі араға қытай қорғанын
қалады.
Алайда, сол кезде-ақ, коммунистік рухтың қызыл туы жел-
біреп тұрғанда, ұлттық рухтық өзегімізді жалғауға ұмтылған
бір жас өскіннің бой көтеріп келе жатқанын аңғармаппыз да.
Бұл – осы əңгімемізге себепкер болып отырған Үшкөлтай Суб-
ханбердина еді. Қарапайым ғана ғалым өмір бойы еңбегін жай-
ып салды. Бітеліп тасталған ұлттық рухтың қайнар көзін қайта
ашты. Ал, одан қаншама адам нəр алып отыр десеңші!
Иə, өзегіңді жалғамасаң – өлесің. Ұлттық рухтың өзегі де
солай – жалғаусыз қалса, бағдарсыз қалады. Бағыт-бағдарсыз
алысқа ұзау мүмкін емес. Алла бізді несібесіз қалдырмапты,
халқымыздың сыбағасына Үшкөлтай апайдай еңбеккер қыз
тиіпті. Мың да бір тəуба деңіз...
Ол өмірге қалай келді, оны тудырған кім? Меніңше, оны
өмірге əкелген – бабаларымыздың асқақ арманы. Оны тудырған,
бүгінгі Үшкөлтай Субханбердина еткен – биік деңгейдегі ұлт-
тық рух дер едік. Осы Рухтың емшегін ерте емген ол өз бойы-
на оның барлық қасиеттерін сіңіре білді. Үшкөлтай апайдың
басқа жолды таңдауға қақысы да жоқ еді. Себебі, оның бой-
ында 1937 жылы «халық жауы» болып ұсталып кеткен əкесі
Субханбердінің қаны бар...
Ол кісі кім еді? Себепсізден себепсіз «халық жауы» ата-
нып, қамауға алынды ма? Жоқ. Субханберді Хасенұлы көптің
бірі еместін. Оның «жазықты» болар жөні бар. Семейдегі педа-
гогикалық техникумды тəмамдаған оқытушы педагог кезінде
Баянауылда, Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай
ауданында, Алтай селосында (қазіргі Катонқарағай селосы)
мұғалім, мектеп директоры болып жұмыс істеді. Елдің сана-
сын ояту, ұрпаққа білім ұрығын себу арманын арқалаған Суб-
ханберді мектеп ісіне бүкіл жан-тəнімен берілсе керек. Өзінің
сүйікті кенже қызының атын «Школтайға» ұқсатып Үшкөл-
тай қойған секілді. Көңілі сүйген іске құлай берілуі де халқы-
мызға тəн бір қасиет дерсі. Халық санасын оятушы «Айқап»
журналы мен «Қазақ» газетінің биік рухтағы идеологиясы-
мен қаруланған математика пəнінің маманы кеңестік саясат
өлшеміне келмеді. Келмейтін де еді.
Халық жазушысы Дихан Əбілевтің Сұлтанмахмұт жайын-
да жазылған тарихи романында да Сухбанберді білімді, зия-
лы мұғалім ретінде аталып өткен. Жалпы, бұл кісі жайындағы
əңгіме жеке бір тақырып, біз үзілмеген үміттің сəулесінен от
алған Үшкөлтай Субханбердинанынң өткеніне ой жүгіртіп кө-
релік.
Үшкөлтай əкесі ұсталғанда небəрі он жаста болатын. Ерте
есейтпей қоймас заман. Алды-артыңды түгел ойламай болмай-
ды. «Халық жауының» тұқымына бойтасалау үшін біреу біліп,
біреу білмес үлкен орта да қажет, жастайынан оқу керектігін
көңілге түйіп өскен қыз өз болашағына да алаң. Не керек,
Семей арқылы Қайым Мұхамедханұлының көмегімен ағасы
Сəлкеннің үй-іші Алматыға табан тірейді. Ол кезде пойызға
отырудың өзі қиямет. Қатты қысылғанда, Қайым ағаның тап-
қырлығы құтқарып қалады. «Қайым! Менің үй-ішімді Алматы-
ға отырғызып жібер. Сəлкен» деген бір жапырақ қағазды алып,
Қайым аға бекет бастығына жетіп барады. Ол кезде Сəлкен
Дəуленов деген депутат, үлкен беделі бар кісі бар болатын.
Депутат Сəлкен Дəулетовтің үй-іші екен деп ойлаған бастық
жалма-жан алғашқы жүрер пойызға отырғызып жібереді. Əйт-
песе, «халық жауының» отбасына пойызға отыру қайда! Бұл
əрі тапқырлық, əрі үлкен ерлік ісі еді.
Болашақ – таным мен білімнен басталады. Қаршадай қыз
оны ерте түсінді. Алматыдағы №12 мектеп-интернатқа қайта-
қайта бас сұғып, кімнің қызы екендігін жасыра жүріп, əрең
дегенде қабылданады. Бұл мектеп Үшкөлтайды бүгінгі төрге
жеткізген жолдың табалдырығы еді. Табалдырықтан биік тау
жоқ десек, теңдессіз таудан аттай білген ол сол кезде арыстар
қалдырған аманат жолға түскендігін сезбеген де болатын. Бар
қиындықты мойнына ілген уақыт өз қаламынан жаңылған жоқ,
ақырын жылжып өте берді. Төрт сыныптағы 160 баланың 11-
інің ғана мектепті тəмамдай алуының өзі уақыт салмағына
өлшем бола жатар.
Оқу оқуға жалғасып, еңбекке, өз бетінше ізденуге келіп
тірелді. Оның айдалып кеткен əкесінің рухымен кездесуіндей
болған кезең де осы тұс болатын. Өзіміздің Орталық кітапханада
ғылыми қызметкер бола жүріп, Ленинградтағы кітапхана, мұ-
рағаттарға баруын жиілетті. Бір кездегі «Айқап», «Қазақ» ба-
сылымдарын көргенде, əкесі Субханбердімен тілдескендей
күй кешті. Ол кісі кезінде осы газет-журналдардың жан-
ашыр оқырманы ғана емес, үлкен насихатшысы да болатын.
Серікбай Бейсенбаев, Шапық Шөкин секілді академиктердің
алғашқы ұстазы болған Субханберді сол үгітші, насихатшы,
тіпті, қарапайым ұстаз болғаны үшін ұсталып кеткен-ді. 1956
жылы Ленинград мұрағатында «Айқап» пен «Қазақтағы» ба-
сылған мақалаларды қойын дəптеріне көшіре беруі де сол са-
ғыныш, сол ынтықтықтың əсері болар. Титімдей қыздың араб
қарпіндегі газеттерден не көшіріп жүргендігінде ешкімнің
шаруасы да болған жоқ.
1961 жылы Қазақ мемлекеттік баспасынан «Айқап» бетінде-
гі мақалалар мен «хат-хабарлар» библиографиялық кітабы ба-
сылып шыққан соң ғана Шəкеңді шақырар жер көбейді. Ұрысу.
Қорқыту. Үрейлендіру. Осының алдында Шора Шамғалиұлы
Сарыбаевтың «Қазақ тілі туралы библиографиясының» 1-кіта-
бы «А.Б.» деген көрсеткіштің болғандығына байланысты түгел
өртеліп тасталған еді. Ал, «А.Б-да», «М.Д.-да» ішінде жүрген
Үшкөлтай апайдың кітабы əп-сəтте тарап кеткен болатын. Тіпті,
«Қазақстан мұғалімі» газетіне Бейсенбай Кенжебаевтың кітап-
ты мақтай жазған мақаласы да шығып үлгереді.
Талай мəрте талқыға түскен бұл библиографиялық кітап-
тың редакторы болған Есмағамбет Ысмайыловтың «Қарағым,
қиын да, қатерлі де қасиетті жұмыс бастаған екенсің. Мақтаса –
аспа, даттаса – саспа, жоныңды төсей бер» деген сол уақыттағы
бір ауыз сөзінің мəн-мағынасына да кейіннен қанықты. Талай
мəрте мұңайды, қамықты, бірақ бетінен қайтпады.
1963 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасынан
«Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі
материалдар» кітабы шықты. Онан дейінгі «Қазақ кітаптары»
(1986). «Дала уалаятының газеті: əдебиет нұсқалар», «Қазақ»,
«Алаш», «Сарыарқа» кітаптарының орны бір бөлек. Қойшы,
əйтеуір, не керек. Қойын дəптердегі жазбалар қайта кітап бо-
лып шығып жатты. Əрбірінің тағдыры, тарихы əрқалай. Бір ға-
на ортағы – шыққанша да, басылған соң да айтыс-тартысы мен
кедергі, қиындықтары мол болды. Алайда, ертерек күш алған
асқақ рух жеңістен жеңіске қарай жетелей берді. Оқырман қо-
лына тиген «Айқап», «Қазақ» кітаптары да, міне, соның жемісі.
Қиын-қыстау заманда ел арыстарының аманатын арқалаған
Үшкөлтай оны бүгінгі таңға жеткізіп отыр. Ендігісі – Сіз бен
бізге сын.
Сауапты істің жанына қашан да жақсылар үйір болады. Гу-
манитарлық ғылымдар академиясының академигі, филоло-
гия ғылымдарының кандидаты, ғалым-библиограф Үшкөлтай
Субханбердина салған жолда бір қауым ел жүріп келеді.
Мақсатты істе бірге еңбек етіп келе жатқан Сəрсенбі Дəуітов
пен Қайрат Сақов, Пəкизат Əуесбаева, Серікбай Қосанов,
Тоқтар Əлібеков сияқты жас ғалымдар легі өшкелі қалған ұлт-
тық рухтың арамызға қайта оралуына септіктерін тигізуде.
Бұйыртса, алдағы таңда «Түркістан уалаятының» газеті» де
өз шырағын қайта тұтандырмақ. Өткенімен табысып, өшкенін
тұтандырған қазақ ендігі жерде рухсыз болмас. Лайым, үстем
бола түссін! Ал, Үшкөлтай Субханбердинаның ес білгелі ат-
қарып келе жатқан қасиетті іс-əрекетіне əділ баға беру, қадір-
леп қастерлеу, қайсымызға болсын, ар алдындағы сыни сəт
секілді. Қалай десек те, ол бүкіл бір тарихи кезеңді қайта оятқан
алып қоңырауды көз алдына əкеледі де тұрады...
Бəрінен бұрын, санамызда идеология арпалыстары өтіп
жатқан бүгінгі таңда Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дула-
тов, Əлихан Бөкейханов сияқты басқа да ұлы тұлғалар рухын
бойымызға дарытудың берері мол болмақ. Ал, олардың үнін
бізге жеткізу оңайлықпен келген жоқ.
«Түркістан» газеті, 16-22 желтоқсан, 1998 жыл.
ҮЛКЕН ЖҰМЫС КІШІ ТАНЫСУДАН БАСТАЛАДЫ
Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы елшілігінің,
үшінші хатшысы Мехран Мовахад Фар мырза мен
«Түркістан» газеті Бас редакторының бірінші
орынбасары, Дидахмет ƏШІМХАНҰЛЫНЫҢ сұхбаты
Сіздің есіміңізге сырттай жақсы таныспын десем да болады.
Иран Ислам Республикасына барған сапарыңызда бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатыңызға да,
еліңізге келген соң, газетіңіздің бетінде жарияланған сапарна-
ма мақалаңызға да Елші мырза ризашылық танытқан болатын.
Ол кісі Бас редактор Қалтай Мұхамеджан мен сіздің есіміңізді
ілтипатпен атайды. Арнайы келіп танысып отыруымның да
себебі сол.
Дидахмет ƏШІМХАНҰЛЫ: – Халықараық тақырыпта
əңгіме қозғау – біздің газетіміздің ең негізгі қызметі. Азиядағы
мұсылман елдері арасында біз Иранға көп көңіл бөліп келеміз.
Өйткені, Орталық Азияда қай жағынан алсақ та, қуаты мықты,
болашағы зор ел – осы Иран. Тіпті, саяси жағдайын былай
қойғанның өзінде, біз Ирандағы əлеуметтік, моральдық өзге-
рістерге жіті назар салып отырамыз. Иран халқынан біздің
де көп дүниеде үлгі алуымызға болады екен. Оған Теһран,
Исфақан қалаларында болғанымда, өзімнің де көзім жетті.
Бір қызығы – бұрын Иранды Мəскеу газеттері біздің көзімізге
басқаша елестететін. Олар Иран жайында айтқанда, ислам
фундаментализмінің атымен-ақ қорқытып отыратын. «Көр-
мей – сенбе» деген сол – Иранға барғанда исламдық бағыттағы
имандық істердің қорқынышты емес, қайта адам баласын тəр-
биелеудегі үлкен жетістік, ерекшелік екендігін байқадым.
Иран қалалары көшесінің өзі-ақ адам баласын тəрбиелеуге ық-
пал етеді. Елдегі дəстүрлі тəрбие, дəстүрлі музыка маған көп
əсер берді. Халқы – өте кішіпейіл, инабатты. Сырттан келген
қонақтарды ерекше сыйлай біледі.
Иран Ислам Республикасындағы əйелдерге көрсетер қысым,
құқық теңсіздігі жайында айтылып жүрген əңгімелер де негі-
зінен қисынсыз секілді. Журналист қыздармен, əйелдермен
сөйлесіп те көрдім. Халықпен тілдестім. Бəрі де өз тірліктеріне
өздері ризалық кейпін танытты.
Мехран мырза: – Иран – ешқандай елге тəуелді болғысы
келмейтін ел. Кейбір елдерге біздің осы еркіндігіміз ұнамайды.
«Ислам фундаментализмі» деп жүргендерінің бəрі де бос сөз,
сыныққа сылтау. Əйтеуір, бір ілік іздеу. Əйтпесе, өзіңіз көрді-
ңіз ғой, кім қай наным-сенімге бас қояды, қай дінді ұстайды –
өз еркіндегі шаруа. Ал, барлығы бірдей ислам дінін қалап жат-
са, біз өзге дінге зорлап ендірмекпіз бе? Мұның бəрі – басқалай
себептермен айтылып жүрген көзбояу əңгіме. Оны «Түркіс-
тан» газеті жақсы түсінідіріп те, жазып та жүргендей.
Дидахмет ƏШІМХАНҰЛЫ: – Біз өз жұмысымызда «Иран-
Хабар» агенттігінің материалдарын жиі пайдаланып тұрамыз.
Осы сəтті пайдаланып, бір мəселе жайында айтсам деймін.
«Иран-Хабардың» материалдары үнемі орыс тілінде ғана келіп
жатады. Ал, біздің елімізде Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Алдағы
уақытта осы мəселеге көңіл бөліп, хабар-ақпараттарыңызды
Мемлекеттік тілде жолдап тұруға мүмкіндік тудырсаңыздар
деймін. Тілімізді құрметтегендеріңізді біздің мемлекетімізді
құрметтегендік деп түсінер едік. Осы Алматыдағы кейбір
өзге елдердің елшіліктерінде қазақ тілін оқып-үйрену жақсы
жолға қойылып келеді. Тіпті, кішкентай балаларын қазақ бала-
бақшалары мен қазақ мектептеріне беріп жүргендер де жоқ емес.
Осындай жақсы дəстүр Иран елшілігінде де жалғасын тауып
жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Сізбен келесі бір жүздескенде,
қазақ тіліне сөйлесіп отырсақ, тіпті жақсы емес пе!
Мехран мырза: – Бұл айтып отырғандарыңыз – ойымыз-
да жүрген мəселелер. Өткендегі – Президенттікке кандидаттар
іріктеуде болған қазақ тілінің сынағының өзі Мемлекеттік тіл-
ге деген үлкен бетбұрысты аңғартса керек. Бүгінгі таңда біздің
елшілікте де кішкентай мəселелер туындап отыр. Бұл əңгімені
Елші мырзамен арнайы тағы да ақылдасамыз. Қазақстандағы
көпшілік басылымдар орыс тілінде болмай, қазақ тілінде
шығатын болғанда, біз баяғыда-ақ қазақша хабарлар əзірлер
едік. Жалпы, бұл мəселені шешу аса үлкен қиындық тудыр-
мас деген ойдамын. Бұл өзі бұрыннан-ақ жоспарымызда бар
мəселе.
Мəн бере қараған адамға əртүрлі елдер арасындағы сая-
си да, мəдени де достық қарым-қатынастың орнауына тигі-
зер баспасөздің орны ерекше. Ол халықаралық қатынастың
сенімді көпірі болып табылады. Кез келген елдің басшысының,
үкіметінің, жалпы халқының біздің елімізге деген көзқарас-
тарының қандайлығын баспасөз беттері арқылы да бағамдап
отырамыз. Бұл орайда «Түркістан» ұстанған бағыт көңілімізден
шығып отырады. Қашанда көпшіліктің, халықтың мұң мүд-
десі үшін, сыртқы елдермен байланыстың ақ, адал жолда-
рын салу үшін күш салып жатады. Бəрінен бұрын ұнайты-
ны – барлық уақытта ақиқатқа ғана арқа сүйейді. Ал, ақиқат
көп бола қалған жағдайда, оның шынайы да табиғи тұстарын
дөп басып келеді. Мұндай басылыммен бірге жұмыс істеуге
біз де мүдделіміз. Елшігімізді екінші үйлеріңіздей көріп, келіп
араласып тұруларыңызды қалаймын.
«Түркістан» газеті, 13 қаңтар, 1999 жыл
ТІРКЕУГЕ ТҰРУ ТАУҚЫМЕТТЕН АРЫЛА МА?
ҚР Ішкі істер министрлігінің назарына
Тəуелсіз ел азаматтарына лайық төлқұжат алып, еңсе-
міз бір көтеріліп қалғандай болды. Əрі қолайлы, əрі əдемі
кішкентай ғана жеке бастың куəлігін төс қалтаңа салып ал
да, еліміз ішінде сайран салып жүре бер, ешкімнің ешқандай
шатағы жоқ. Мұның бəрі дұрыс-ау, бірақ біздің азаматта-
рымыз бар өмірін тек қыдырумен ғана өткізбейтін шығар.
Отбасы жағдайы, қызмет бабы сияқты əртүрлі себептер-
мен де бір жерден екінші жерге орын ауыстырулары мүмкін
емес пе? Əбден мүмкін. Ендеше, осындай жағдайларда біздің
төлқұжатымыз (куəлік) қандай артықшылықтарға ие бола
алады? (Жалпы, төлқұжат пен жеке бастың куəлігі еліміз
ішінде бір мəн-мазмұнда айтылып жүретіндіктен, екеуі
синоним сөздер сияқты). КСРО-ның қызыл төлқұжатын
пайдаланып жүрген кездегі тіркеуден шығу, тіркеуге тұру
сарсаңдарынан арылдық па? Біздіңше, керісінше, екі есе қиын-
датып тастағандаймыз.
Алматыға жаңадан келген бір танысымның басынан өткен
жағдай оған мысал болатындай.
«Мен сон-а-ау алыстағы ауылдан ат арытып келіп отырғам
жоқ. Қазір арытып келер ат қайда?! Басынан биі кеткен, асынан
күйі кеткен жалаңаш ауылдан, амалсыз, арып келіп отырған
өзім ғана.
Көз көргеннің аты – көз көрген, Алматыдағы дос-жаран-
дарымның арқасында жалақысы тəуір, жап-жақсы жұмыс табы-
ла кеткенде, қуаныштан жүрегім жарыла жаздады. Төлқұжатты
тіркеуге тұрғызсам болды, шаруа бітті. Əніңді айтып жүріп,
жұмысыңды істей бер...
Мені қойшы, бұл хабарды естіген, ауылдағы төрт кіш-
кентайды бауырына басып отырғаннан басқа айналысар ермегі
жоқ əйелім – Ағайшаның танауы делдиіп, үй қалдырмай алақтап
бара жатқаны көз алдыма елестегенде, көңілім біртүрлі жы-
лып сала берді. Қуаныштың жасы кеңірсегімді жыбырлатып,
тістене, бір жұтынып қойдым. «Қой, екі-үш күнде тіркеуге
тұрып үлгерейін» – деп ойладым.
Тұп-тура төлқұжат бөліміне тарттым. Мұнда келгенде,
өрекпіген көңілім су сепкендей басылып қалды. Қай есікке
кірсем де, иіріліп шұбатылған кезек. Қолаңса сасыған қуыс
корридордың ауасы жүрегімді лоблытып, өзіме-өзім келе ал-
май арлы-берлі жүрдім де қойдым. Қарап та жүрмедім. Тіркеуге
тұру үшін не қажет, не істеу керек – бəрін сұрап-біліп, неше
түрлі бланкі қағаздар толтырып үлгердім.
Мына қызықты қара, өліп-өшіп кезегім келгенде, толтырған
бланкілер жарамсыз болып шықты. Көк сиямен жазылған
екен, қара сиямен толтырылуы керектігін айтып, қолыма қайта
ұстатты. «Əне, ана жерде қаламсап бар, тез-тез толтырып əке-
ліңіз».
Жіңішке қыз қол сілтеген жаққа қарап едім, шынында, бір
жігіт қаламсап сатып отыр екен.
– Мынаны толтырып алайын, қаламсап бере тұрыңызшы, –
деп өтіндім қолымдағы қағаздарды көрсетіп.
– Жиырма теңге...
– Өзіңізге қайтарып беремін.
– Сонда мен бұл жерде не үшін отырмын.
Анау алая бір қарады. «Жарайды, мінекиіңіз»... Ары-бері
автобуспен жүру, бланкі алу, тіркеуге тұру шығындарын ғана
есептеп, сол ақшаның өзін қарызға алып берген ауылдасым
мұны естісе не дер екен? «Ұят болды-ау». Өздерінің бірді-
бірге жалғап, əрең күнелтіп отырғанын білмейді емес, білемін.
«Осыдан жұмысқа кіріссем, бірінші айлығымнан балаларына
анау-мынау əперіп, бір мəз ғып тастармын». Ішкі ойым осы
еді.
Бұл ойым орындалмады, бірінші айлықтың ауылы алыс
болып тұр... Қаламсап сатып алғаным – шығынның басы ғана
екен, аудандық тіркеу бөліміне күнде баратын болдым. Жазған
құлда шаршау бар ма, тек табысымды шығындаған сайын кең
дүние тарылып, қос өкпем сығылып бара жатқандай болды.
Заң да қызық, тəртіп те жетісіп тұрған жоқ. Тіркеуге тұрғанда,
қайтадан жаңа құжат алу үшін суретке түсіп, куəліктің ақшасын
төлеп, əбден əбігерге түстім. Мұның бəрін қойшы. «Рентген-
нен өтіп, қағаз əкел» дегенде жыным қайнап кетті.
– Оу, мен мұнда курортқа келіп жатқам жоқ қой. Шаң мен
топырақтың арасынан шығып, май мен газдың арасында қара
жұмыс істеу үшін келіп тұрмын емес пе?! – дедім екілене ап-
тығып.
– Мүмкін ауру шығарсыз.
– Өздерің оттай береді екенсіңдер, базардағы қаптаған
жұрттың бəрін Алматыға рентгеннен өткізіп кіргізіп жатыр-
сыңдар ма? Əлде, заңды түрде төлқұжатын тіркеткен адам ғана
қауіпті ме?
– Базарда шаруамыз жоқ, бізде заң солай...
Амалсыз, ауылдасымның айлық алуын күтіп бір жарым ай
жаттым да қойдым.
Енді асығатын түк те жоқ еді. Келісілген жұмысым екі-
үш күн күтіпті де, басқа адамды қабылдап қойыпты. Маған
бəрінен бұрын батқаны осы болды. Енді не істеймін? Базардың
айналасына шығамын ба? Мұндайын білгенде, тіркеуге тұру
үшін босқа сабылмас едім-ау. Қалада төлқұжаты тіркелген
саудагердің қолы жақсы жүреді дегенді естіген емеспін».
Иə, сөйтіп, Алматы тағы бір жұмыссызбен толықты. Бұл
Ерланның ғана басынан өтіп жатқан жағдай ма? Сан мың Ер-
лан жатқан шығар жоғары жақты балағаттап... Елдің аузына
ешкім тосқауыл бола алмайды.
Жарайды, бір облыстан екіншісіне орын ауыстырған азамат
үшін жаңа ортасына есепке еніп, тіркеуге тұруы қажет-ақ делік.
Ал, куəлік айырбастау не үшін керек? Тіркеуге тұру, тіркеу-
ден шығу əурелеріне арнайы бланкі қағаз толтырылса да жет-
пей ме? Əлде, бұл – ішкі істер органындағы қызметкерлерді
жұмыспен қамтамасыз етіп, аздап болса да, ақша түсіріп оты-
рудың амалы ма? Қайта-қайта куəлік ауыстырғаннан гөрі, ком-
пьютер арқылы оның нөмірі мен сериясын бір жерден екінші
жерге «көшіріп-тіркейтін» жолдармен ретке келтіру жеңілдеу
емес пе еді? Ондай қызметі үшін сол жаңа куəлікке төлейтін
ақшаны алсын. Азаматтар суретке қайта түсіп, куəлік əзір
болғанша уақыт өткізіп, əрі-бері сабыла бермес еді ғой. Қазір
бос сабыла берер де заман емес. Автобусқа əр мінгенің – бір
бөлке нанның құнына тең. Ал, қазір көпшілік жұрт – сол бір
бөлке нан үшін ғана тер төгіп жүргендер.
«Түркістан» газеті, 17 ақпан, 1999 жыл
ОСЫ ЖҰРТ НЕМЕНЕГЕ ТЕР ТӨГІП ЖҮР?
Отанды сүю үшін сыртта жүру шарт емес
Қазақстаннан Германияға көшіп барған неміс əйелі өз іс-
керлігінің арқасында байып шыға келеді. Сөйтіп, өзі туып-
өскен Алматыдағы Педиатрия жəне балалар хирургиясы инс-
титутының жанынан Республикалық қатерлі ісік-қан аурула-
ры орталығын ашады. Ашып қана қоймай, екі жыл бойы өзінің
жеке ақшасымен балалар ауруханасын қаржыландырып оты-
рады.
Мұндай жағымды хабар құлаққа тигенде, өзін танымасаң
да, алыстағы əлдекімге ішің жылып, риза болып қаласың. Ту-
ып-өскен жерге деген сүйіспеншілік, ыстық ықыласты құрмет
төңірегінде, турасын айтқанда, патриоттыққа, отаншылдыққа
үлгі болар жан туралы жазғым келді. Істің мəн-жайын білгім
келіп, институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары,
Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессор Күлəн
Омароваға жолықтым.
Əлгі хабар біздің құлаққа жеткенше бірнеше мəрте «редак-
цияланып» үлгеріпті.
Біріншіден, Қазақстанда туып-өскен неміс – əйел адам емес,
Валентин Герайн деген ер кісі болып шықты. Ол – Кэр-Гер-
мания дəрігерлік қайырымдылық қорында кеңесші болып қызмет істейді. Екіншіден, балалардың Қатерлі ісік-қан аурулары орталығы ешқандай жеке қаржымен емес, əлгі қайырымдылық қорының күшімен ашылыпты. Əрине, бұл жерде Қазақстанда туыпөскен Валентин Герайнның да, жалпы Кэр-Германия қайырымдылық ұйымының да біздің елімізге деген оң көзқарасының ықпал етпей қалмағаны анық. Бұрынғы КСРО ау қатерлі ісік-қан ауруларының көптеп етек жаюы – Кэр-Германия қайырымдылық ұйымына өз жұмыстарын жаңаша ұйымдастыруға түрткі болады. Бүкіл бір алып елдің сырқатқа шалдыққан жандарын Германия жеріне əкеліп емдеу мүмкін емес. Сондықтан, 1992-93 жылдары ТМД көлеміндегі елдерде арнайы орталықтар ашу мақсатымен, тексеру-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сөйтіп, Ресейде – он, Қазақстанда – екі орталық дүниеге келеді. Таңдаудың Қазақстан жеріне түсуінде де көп мəн жатса керек. Бұл орайда елдегі экономикалық, саяси-əлеуметтік жағдайлардың ескерілетіндігі өз алдына, сондай-ақ дəрігерлік ғылымның деңгей-дəрежесі, маман кадрлардың біліктілігі ерекше назар аудартады. Себебі, ертеңгі күні ғылыми-емдеу орталығына иелік ететін де, ауруға қарсы күрес жүргізетін де – солар. Мұны ойлағанда, қазақстандық дəрігерлердің қол жеткізіп келе жатқан табысына мақтанышпен өзің бір сəт кеуде керіп қалғандай боласың. Біздің психологиямыз да қызық қой. «Сыртқа көшіп кеткен адамның Қазақстанға көңіл бөліп жатқандығы» туралы əңгімені айтам да. Елең ете қаламыз-ау. Ал, дəл сондай, тіпті, одан да зор еңбек етіп, тер төгіп жатқан адамдарға көңіл бөле бермейміз. Себебі, олар өз елімізде тұрып жатыр, үйреніп кеткен көз көңілді селт еткізбейді. Əйтпесе, өзінің туып-өскен жеріне осында жүріп-ақ қыруар еңбек сіңіріп жатқан патриоттар аз емес. Біздің түсінігіміз бойынша, Отанды сүю үшін, оған деген ыстық сүйіспеншілігіңді білдіру үшін міндетті түрде шет елде жүру қажет секілді. Əңгімеміздің өрбуіне себепкер болып отырған Педиатрия жəне балалар хирургиясы ғылыми орталығында Қатерлі ісік-
қан аурулары бөлімі 1989 жылдан бері жұмыс істейді. Кейінгі
кезде қан ауруларымен сырқаттанатын балалардың қатары
ерекше көбейіп кетті. Кейбір мəліметтер бойынша ол 100 мың
балаға шаққанда 3 мыңға жетіп отыр. Əсіресе, геморрагиялық
диатез, жедел лейкоз, анемия секілді аурулар жиі кездесуде.
Балалар арасындағы қатерлі ісіктердің 50 пайыздан астамын
жедел лейкоз құрап отыр.
Ал, осылардың бəрімен күрес жүргізіп келе жатқандар кім-
дер? Əрине, дəрігерлер. Дəрігерлер болғанда да, өзімізде туып-
өскен, тапжылмай тұрып жатқан (!) дəрігерлер. Ауруға қарсы
күрес жүргізу олардың міндеттері дерміз. Дұрыс-ақ. Алайда,
құр міндетін өтей салудан ешқашанда іс алға баспаса керек.
Ал, біздің дəрігерлеріміздің атқарып келе жатқан жұмыстары,
құдайға шүкір, өзіміз қатарлы өзге елдерге қарағанда көш ілге-
рі. Мəселен, осы Қатерлі ісік-қан аурулары бөлім 1993 жылы
ғылыми орталық болып қайта құрылды. Қазірде Алматыдағы
бұл орталық бүкіл Орта Азиядағы бірден бір ғылыми орынға
айналып отыр. Бұл істің басы-қасында болып, өзінің барлық
күш-қуатын сарқа жұмсап жүрген – профессор Күлəн Омаро-
ва мен оның ғылыми «командасы». Бүгінгі талапқа сай меди-
циналық техникалар мен қажетті құрал-жабдықтарға қол жетіп
жатса, əлемдік деңгейден көріне алатын білгір мамандарымыз
аз емес сияқты. «Жоқтан бар жасап» жүрген ақ желеңді абзал
жандардың ішкі ой-сезіміне, «өз елім өркен жая берсін» деген
патриоттығына сүйсінбеске болмайды.
Бойын тіктеп, етек-жеңін жинап үлгере алмай жатқан елі-
міздің бюджеті қай саланы да қарық қылып отырған жоқ қой.
Таяуда ғана Кэр-Германия қайырымдылық ұйымының көмегіне
сүйеніп, аурухана жанынан тігін цехы ашылып отыр. Бұл тігін
цехында осында емделіп жатқан балалардың аналары еңбек
ететін болады. Қосымша түсіп отыратын бұл қаржы, негізінен,
медициналық құрал-жабдықтарды ұстап тұруға, дəрі-дəрмек
алуға жұмсалады.
Қысқасы, іргелі ғылыми-емдеу орталығының ұжымы ба-
лалар ауруына қарсы күрес жүргізуде түрлі-түрлі іс-шаралар
қатарын атқаруға кіріскен. Мұның бəрі де, ең алдымен, өз еліне,
өз жұртына деген жанашырлық, сүйіспеншілік ниеттен туын-
дап жатқан сияқты. Ендеше, Отаныңды, туып-өскен жеріңді
сүю үшін сыртқа қоныс аударып кету шарт емес екен.
«Түркістан» газеті, 3 – 9 наурыз, 1999 жыл
КОНСТИТУЦИЯ ЗАҢ БА, КІТАП ПА?!
Бүгінгі қазақ қарнының ашқанына емес, қадірінің қашқаны-
на жылап жүр. Өйткені, қарынның аштығы – көз жасын тауы-
сып, əлдеқашан жанарын суалдырып тынған. Көзінен жас емес.
Қан шықса да, бүйірі бұлтимасын түсініп келеді. Ендігі жерде
қадірінің қашқандығы жанына батып отыр. Сырттағы жұрттар
өз алдына, еліміздегі ағайындардың өзі «ел екен, жұрт екен»
деп, елеп-ескермей жатса, жан күйзелмей не етсін?!
Бұл жерде «қазақ» деп, қазақтілді қауымды ғана айтып
отырмын. Рас, бұлайша бөлектегенімізді өзге ниетті жұрттар өз
мақсаттары үшін тиімді пайдалана да бастаған сыңайлы. Орыс-
тілді қазақ пен қазақтілді қазақты өзара айтыстырып қоюдың
пайдасын кімнің көретіндігі белгілі. Бұл жолы, сонда да болса,
қазақтілді қауымды (ішінде қазақтан басқа да ұлттар бар) бөле-
жара алып отыруымның өзіндік себебі бар. Ол, əрине, өздері-
ңіз байқап отырғандай, тіл мəселесіне байланысты себеп. Бұл
себепке келгенде, бөлек «жылауға» тура келетінін қайтерсің!
Əңгіме Мемлекеттік тілге келсе, атқарылып жатқан қыруар
іс-шаралар қатары көз алдыңа елестей жөнеледі.
...Əне, «Қазақ тілі» кітабын қолтықтаған сүйріктей бойжет-
кен орыс мектебіне қарай бет алып барады.
...Əне, «хлеб – нан, песня – əн» деп, бала-бақшада тəрбиеші жүр.
...Теледидарда қазақша концерттер беріліп тұрады, қазақ ті-
лінен дəріс жүргізіледі.
...Айтқандай, орысша – қазақша сөздіктер, өз бетінше (?)
оқуға арналған кітапшалар бар.
Бұлардың бəрін қойшы, қазақ тілін «өндіріске» енгізіп жүр-
ген комитеттер, қоғамдар үшін «мəңгілік майдан» жүріп жа-
тыр. Ал, біз қазақ тілі төңірегінде айтып жүрміз, жазып ке-
леміз. Бұл неғылған таусылмайтын əңгіме, бұл неғылған
бітпес, неткен ауқымды сахналық қойылым! Кім кімді алдап
келеді? Мемлекеттік тілге көңіл бөліп жатқан адам бар ма?
Өзіміз жазғанды өзіміз оқимыз да жүре береміз-ау осы. Іш
пыстырмайтын тірлік тауып алғанға мəзбіз.
Оларға қажеті де – сол. «Оларымыз» – жоғарыдағылар
мен соларға ықпал ететіндер. Яғни, өздерінің ғана тірлігін
тауып алғандар. Бізде, бізде ғана емес, мемлекетімізде шаруа-
сы жоқ! Ашынбасқа амал қайсы? Мемлекетті ойласа, бізді
қойшы, мемлекеттің Конституциясын құрметтер еді. Ал, онда
Мемлекеттік тіл соқырға таяқ ұстатқандай етіліп жазылған.
Ендеше, ол бүкіл мемлекетіміз деңгейінде қолданысқа түс-
уі керек. Бізде қалай? Ата Заңда анық жазылған нəрсенің жү-
гін жеңілдетуге тырысқандай тіл туралы заң қабылдадық.
Осының өзі – бірте-бірте майдалана бастауымыздың алғашқы
қадамындай көрінеді. Жұп-жұмсақ, иілгіш. Конституция кітап
болып сөреде тұр. Қызықтап, қарап шығу үшін жазылған ба еді?
Басқа ұлттарға өкпе жоқ, орыстілді өз қандастарыңа қарның
ашады. Бүкіл елдің мүддесін шен-шекпенге, жайлы орынға
бола алмастыруға бола ма? Бала-шағаға қазақша үйретіп барып
та жайлы орын ұсынуға болады емес пе?! Бəлкім, орыстілді
қауымды креслодан ысырып тастарлық қазақтілділер төңкерісі
қажет шығар. Себебі, еліміздегі барлық жауапты орындар
солардың иелігінде. Олар тұрғанда қазақ тілі ХХІ ғасырдың
аяғында да Мемлекеттік тіл бола алмайды. Ал, біз «Сен неге
мемлекеттік тілде жауап бермейсің?» деп, анықтама бюросын-
да отырған үрпек бас сары қызға ренжиміз.
«Түркістан» газеті, 10.03.1999 жыл
АЛДЫҢҒЫ ТОЛҚЫН – ƏКІМДЕР,
КЕЙІНГІ ТОЛҚЫН – ƏРКІМДЕР...
Тұрақтылық сақталмайынша, ілгері басу жоқ
Бір адам таққа отырса, он адам атқа отырады. Қазағымыз
қандай көрегендікпен айтқан десеңші. Мұны, əсіресе, бүгінгі
таңдағы тірлігіміз айна-қатесіз жүзеге асыруға көшкендей.
Сонау жоғарырақтан басталар ауыс-түйістер толқынының же-
тер жағалауы – ел арасы; алдымен – əкімдер, орынбасарлар;
содан – басқарма басшылары, меңгерушілер; онан – кіші
басшылар, мектеп директорлары; соңында – қызметкерлер,
мұғалімдер, тағы басқалар... Осыдан келіп, алдыңғы толқын –
əкім деп, кейінгі толқын – əркімдер дейміз. Дейміз де: «Дұрыс,
əркім өзінің командасымен жұмыс істеуі керек қой», – деп
жұмсартамыз.
Жоғары жақтағы «ойын» үшін команда жиған дұрыс та шығар,
бірақ сол үрдістің жалғасып, жағалауға жетіп жығылатыны
қиын-ақ еді. Таяуда Президент Жарлығымен Қазақстан Рес-
публикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің
құрылып, оған Əлихан Мұхамедияұлы Бəйменовтің төраға бо-
лып тағайындалуы көпшілік қауымның ойын дөп басқандай
болды. Себебі... «Осы біздерді кімдер басқарып жүр? Басшы-
лық қызметке жаңа «тұлғалар» қайдан келе қалады? Ертеңгі
басшымыз кім болуы мүмкін?..» деп, алаңкөңіл болған ағайын-
дардың, аз да болса, ертеңгі күнге деген үміті артатын сияқты.
Əкіммен бірге оның айналасындағы командасы ғана өзгеріп,
ал ары қарай қуалап кете беру «міндетті» болмаған тұста ғана
қарапайым ел ішіндегі жағдай тұрақтылыққа табан тірер еді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы
Ə.М.Бəйменовтің айтуынша, бұл агенттік дəл осындай мəселе-
лерді реттеу жəне болашақ мемлекеттік қызметшілерді əзір-
леу, ел ішіндегі қызмет тұрақтылығын сақтау мақсатында
құрылып отыр. Лайым, мақсаты орындалғай! Тек, Агенттіктің
атқарар шаруаларының бəрі заңды түрде реттеле бастағанда,
жергілікті командалардың «алмасып кетпеуін» заңмен қор-
ғап, қадағалап отырар «көздер» қажет екендігі ескерілсе дей-
міз.
«Түркістан» газеті, 31 наурыз, 1999 жыл
«ОРАЛМАНДАРДЫҢ САЛМАҒЫ ТҮСПЕСІН ДЕСЕ...»
Түркиядағы қазақтар көшін ұйымдастырушы,
Омар ЖІГІТПЕН сұхбат
– Омеке, елімізге, өздеріңіздің тарихи атамекендеріңізге,
оралу ниетінде екенсіздер, бұл – біз үшін де үлкен қуаныш.
Қазақстанның ішкі хал-ахуалымен жақсы таныс болар-
сыздар?
– Бұрыннан-ақ атамекен деп елеңдеп жүрген жұрт едік,
тəуелсіздіктің орнауы көп жылдарғы арманға алтын көпір сал-
ғандай болды. Басқа басқа, елден елге көшіп-қону дегеннің
не екендігін Түркия қазақтары да жақсы біледі. Біздің ə де-
геннен суырылып салмай, үлкен сабыр сақтауымыздың да
өзіндік себептері бар. Қазақстан мен Түркия арасындағы жақ-
сы қарым-қатынас ондағы біздердің жан-жақты əзірлікпен,
мүмкіндігінше екі елге де салмағымызды түсірмей, көшіп-қону
қажеттігін көрсетті дер едім.
Қазақстанның ішкі-сыртқы жағдайына біз де үнемі назар
салып отырмыз. Мұнда болып жатқан əрбір қуанышты оқиғаға
андағы біз де ортақпыз. Мəселен, Президент Нұрсұлтан Назар-
баевтың қайта сайлануы болашағымызға деген сенімімізді
нығайта түсті. Тек, өткенде біраз алаңдаушылыққа тап бо-
лып, көңіліміз күпті болып қалған еді. Көп ұзамай, əйтеуір,
Қазақстандағы Көші-қон жəне демография агенттігі тарамай-
тын болып, оған Алтыншаш Жағанованың төрайымдыққа
тағайындалуы қайтадан үмітімізді оятты.
Біз былтырғы жылы осы агенттіктің басшысы болған За-
уытбек Тұрысбеков Түркияға келгенде кездесіп, арнайы жи-
налыс өткізген болатынбыз. Ол кісі біздің атажұртқа оралуы-
мызға көмек көрсететіндігін айтып, соңынан, жазған өтініште-
ріміз бойынша түркиялық 30 отбасы квота бойынша көшіріп
алатындығы жайында жауап алған болатынбыз.
Бүгінгі таңда Түркиядағы көші-қонға 35 отбасы (106 адам)
əбден əзірленіп, белін буып, даяр отыр.
– Қазақстанға бұрынырақ көшіп келіп, қоныстанған
қандастарымыздың қазіргі жағдайларына мəн беріп қара-
дыңыздар ма?
– Əлбетте. Жылдар сағымы салған сағыныш Отанымызға
бір күн болса да, ертерек жетіп алуға итермелеп келеді. Алайда,
«Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» дегенді
де ойымыздан шығарған жоқпыз. Сондықтан да, көшіп келу-
ге дайын отырған отбасылар жиылып, ақылдасып, Қазақстан
Республикасының Көші-қон жəне демография агенттігіне
арнайы өтініш хат жазып дайындадық. Онда көшіп келуге
көмектесуді өтінгеннен басқа да бірталай мəселе айтылды.
– Құпия болмаса, қандай мəселелер екенін білсек...
– Құпия ештеңесі жоқ, қайта қалың жұртшылықтың да тал-
қысына салынуға тиіс мəселелер. Қазақстанның ішкі эконо-
микалық-əлеуметтік жағдайы бəрімізге белгілі ғой, біздің ең ал-
дымен ойымызға алғанымыз осы жағдай болды. Мұнда көшіп
келген соң, үкіметке салмақ түсірмей, ешқайда алаңдамай, өз
күнімізді өзіміз көруге əп дегеннен кірісіп кету. Бəріміз жиы-
лып, осыны мақсат етіп отырмыз.
– Сонда, қандай шешімге келдіңіздер?
– Шешім болғанда, Алла қаласа, көшіп келген соң, дағдарып
қалмай, өз тірлігімізбен айналысып, қым-қуыт болып жатқан
мына өмір көшіне ілесіп кетуге қам жасадық. Ол үшін, əрине,
жоғары орындар бізге мына мəселелерді шешіп берсе деген
ойымыз бар.
Біріншіден. Қазақстан мен Түркия арасындағы тату достық
қарым-қатынас ескеріліп, белгілі бір мерзімге дейін (мəселен,
5 жыл) Түркия азаматы ретіндегі төлқұжатымыз өзімізде
сақталса дейміз. Бұл біздің өз жағдайымызды, аз да бол-
са, жақсартып, үкіметке жалтақтап отырып қалудан сақтар
еді. Түркиядағы көп жылдық бейнетпен тапқан зейнетақы-
ларымызды ары қарай да, белгілі бір мерзімге дейін алып
тұрған болар едік. Сондай-ақ, ірілі-ұсақты əртүрлі кəсіп-
пен айналысуға, барып-келіп тұруымызға қолайлы, пайда-
лы болар еді. Түркиядағы үйлерімізді, жерлерімізді сатуға да
асықпай кірісер едік,
Екіншіден, көшіп келгелі отырған 35 отбасы бір жерге ор-
наластырылса, біз келе сала, өзіміз мешітімізді, медресемізді
салып, балаларымыздың оқу-тəрбиесімен өзіміз айналысамыз.
Үшіншіден, саудамен, қолөнермен, тері өңдеу кəсібімен,
мал, егін шаруашылықтарымен қатар айналысуға қолайлы қала
аймағына жақын маңынан жер, үй берілсе дейміз.
Біз əрбір отбасы бір мың доллардан жиып мал, егін шаруа-
шылықтарымен айналысуға қажетті құрал-сайман, техника
сатып алуға келісіп отырмыз. Осы айтқан үш мəселе оңтайлы
шешімін тапса, біз өзгелерге өнеге боларлық шаруалармен ай-
налысар едік. Артымызда алаңдап отырған басқа ағайында-
рымыз да өз Отандарына қамдана көшіп келер еді. Бұдан Қазақ-
стан үкіметі ұтпаса, ұтылмайды деген ойдамыз.
– Əңгімеңізге рахмет, мақсаттарыңызға жетіңіздер.
«Түркістан» газеті, 7 – 13 көкек, 1999 жыл
БЫЛТЫР ҰЖЫМ ЖЕТЕКШІМІЗ ЖЫЛАДЫ
БИЫЛ ШЕ?..
Ауыл ел экономикасының іргетасы десек, қателеспейміз.
Ауыл проблемалары шешім таппайынша, ілгері басудың мүм-
кін еместігін үкіметіміз де біліп отыр. Алайда, көріп-біліп оты-
ру басқа да, нақты шаралар қолдану бір басқа болса керек. Ауыл
шаруашылығын көтеру мақсатында жекеленген адамдарға
400 доллардан несие беру де, диқандар астығын үкіметтің са-
тып алуы да, бүкіл бір облыстың бюджетін кепілдікке салу да
көптеген жерде өз шешімін таба алмады.
Былтырғы жылы өз ұжымдарының бүкіл техникасын, же-
ке үйін кепілдікке салып, несиеге тұқымдық астық алған бри-
гадирдің егін шықпай қалып, жыл соңында зар жылағанын
естігенбіз. Бүкіл ауыл шаруашылығы техникасынан, тіпті ас-
тындағы жеңіл мəшине мен басындағы үйінен айырылғанда,
жыламағанда не істемек? Бұл бір ұжым, бір жетекші ғана
делік, ал облыс бюджетін кепілге салып, ақыр аяғында күткен
нəтижеге қол жеткізе алмай, қапы қалған облыс жайында не
дерсің...
Биылғы жылғы науқан, аздап болса да, біршама əзірлік-
термен басталғалы тұрғандай. Мəселен, Қостанайда болып
өткен Халықаралық астық жəрмеңкесі алдағы күнге деген
жұртшылық үмітін оята түскен сияқты. Былтырғы жылдың 69
мың тонна астығы мен биылғы жылдың 610 мың тонна асты-
ғын өткізуге қол жеткізудің астарында да бірталай əңгіме жа-
тыр. Егін шаруашылығына қажетті түрлі препараттар мен 300
мың АҚШ доллары көлеміндегі егін зиянкестерін уландыра-
тын заттар алуға жасалған келісім де – қуанарлық жəйт. Қалай
десек те, өткен жылы орын алған саналуан «əттегене-айлардың»
қайталанбауына деген талпыныста Қостанайда бірінші рет
өткізіліп отырған жəрмеңкенің əсері мол болмақ. Дегенмен,
барлық мəселе осымен шешімін тапты деп ешкім айта алмас.
Табиғаттың төтенше қолайсыздықтары өз алдына, бір-бір би-
ліктің тізгінін ұстаған шенеуніктердің немқұрайдылығы сол
қалпында қала берсе, талай елдің көз жасына куə боларымыз
хақ. Осы орайда кепілге жеке заттарын, тіпті, облыс бюджетін
салу төңірегінде де айта кеткен жөн. Өз басын тəуекелге тіге-
тіндей, егін бір адам үшін, немесе бір облыс үшін ғана қажет
пе? Оның игілігі бүкіл елге ортақ болса керек. Сондықтан,
бюджет тапшылығын желеу ете бермей, дихандар үшін көмек
мақсатында мемлекеттік дотация беру, немесе шетелдік ин-
вестициядан арнайы қаржы бөлу жағы қарастырылғаны жөн
сияқты.
«Түркістан» газеті, 21 көкек, 1999 жыл
МҰҒАЛІМДЕР МƏСЕЛЕСІНДЕ МƏЙМӨҢКЕ КӨП
«Мына заман қай заман, бағы заман...». Осы күні бірімізді
біріміз кінəлай кетуге əлі де себептер жетіп артылады. Соның
бірі жалпы білім беру саласындағы мəселелерге тікелей
қатысты болып отыр. Қашанда «Даудың басы Дайрабайдың
көк сиырынан» басталатын əдеті емес пе, бұл саладағы түсін-
беушіліктер де əдетінше жоғары жақтың қаулы-қарарлары,
түрлі шешімдерінен туындап отыр. Бір қарағанда, бəрі де
болашақ үшін жақсылыққа бастайтын оңды істердей. Алайда,
нақты өмірде солай болып отыр ма? Бұл сұраққа əркімнің бе-
рер жауабы əртүрлі деген ойдамыз. Дегенмен, бір-екі нəрсенің
басы ашық. Ол – ата-аналардың көпшілігі мектепке наразы,
ал мектеп... Осы «бір-екі нəрсенің» басы ашылмай келе жат-
қандығына бірнеше жылдың жүзі болды.
Алдымен, 1996 жылдың 1 қарашасында Қазақстан үкіметі
№1338 қаулы қабылдаған болатын. Онда еліміздегі жалпы
білім беретін мектептердің оқушыларын сатылы түрде ақылы
оқулықтармен қамтамасыз ету мəселесі сөз болған. Бірақ, дəл
осы құжатта балалар үйінде тəрбиеленуші балалар мен мектеп-
интернаттардағы, сондай-ақ көп балалы жəне тұрмысы нашар
отбасындағы балалар үшін оқулықтардың тегін берілетіндігі
арнайы 4-тармағында атап айтылған еді. Ел арасындағы даудың
бірі осы мəселеге əлі де қатысты болып келеді. «Оқулықтардың
жетіспеушілігінен» қаулының бұл тармағы көп жерде орында-
лып жүрген жоқ. Оған себеп көп шығар, ал дəлел жетіп арты-
лады... Оқулықтарды сатып алу фактісі көпшілікке жақсы та-
ныс.
Екіншіден, Қазақстан Білім министрлігі алқасының 1995
жылғы 26 маусымындағы шешімі бойынша қазіргі даму саты-
сына сəйкестендірілген жаңа буын оқулықтары жоба ретінде
мақұлданды. Ол жалпы халықтық талқылаудан соң, министрлік
алқасының шешімімен (18.07.96 ж. 8/1/2) бекітіп, бүгінгі таңда
тəжірибеге енгізіліп кеткен болатын. Бəрі де қолдауға тұрарлық,
бəрі де дұрыс. Дегенмен, Алматы облыстық мамандар кəсібін
дамыту (мұғалімдер білімін жетілдіру) институтының баста-
уыш сынып меңгерушісі Зейнеп Зікіриянқызы Əсемжанова біз-
ге берген ҚР Денсаулық сақтау, білім жəне спорт министрлігі-
нің Орта жəне кəсіптік білім комитетіне (бұрынғы) əзірленген
мына құжат тағы да ойға қалдырады:
«1998-99 оқу жылында 82 атаулы 600591 дана оқулықтар
мен оқу-əдістемелік құралдар мектептерге таратылды. Деген-
мен, оқулықтар мен əдістемелік нұсқаулар жетіспейді. Себебі,
мектеп сұранысы ескерілмей, мұғалімдер тақырыптық жоспар-
мен таныстырылмай, 2 жыл бойы тапсырыс саны жоғарыдан
беріліп келді. Осы күнге дейін баспадан шығатын 3 – 4 сыныпқа
арналған оқулықтармен мектеп мұғалімдері таныс емес. Жаңа
оқулықтарды оқытуда мектепке дейінгі мекемелердің жабы-
луына байланысты балалардың даярлықсыз келуі үлкен қиын-
дық туғызуда. Сондықтан мектептерде даярлық сыныптарын
ашуды қажет етеді.
Басқарма бастығы – Ш.Беркімбаева».
Иə, бұл анықтама хатқа қосып-алар да ештеңе жоқ секілді.
Дегенмен, соңғы айтылған ұсыныста үлкен салмақ жатыр. Неге
дейсіз ғой? Бүгінгі таңда осы даярлық сынып жайында алып-
қашпа əңгіме көбейіп отыр. Сондайдың бірі – даярлық сыныптың
ақылы түрде жүзеге асатындығы. Мұның арғы жағында бір-
талай мəселе жатқан сияқты. Педагог мамандарды еңбекпен
қамтамасыз ету, мектеп қоры мен сынып қорын қаржыландыру,
тағысын тағылар... Сонда дейміз-ау, белгілі ғалымдарымыздың
не асығыстықтан, не мұғалімдік тəжірибесінің жоқтығынан
кетіп қалған қателіктері үшін еліміздің бүкіл оқушыларының
ата-аналары жылу жинап тұруы қажет пе?! Бұл жердегі əңгіме
Алматы айналасына байланысты ғана айтылған. Ал, алыс
ауылдарымыздағы жағдайлар қалай болмақ?
Үшіншіден, ендігі айтарымыз мұғалімдердің өздеріне қа-
тысты. «Сен де, мен де, пенде» деген белгілі ақын кезінде көп
жайдың бетін аша салғандығын, бəлкім, аңғармай да қалған
болуы кəдік. Бұл бүгінгі таңның нақты сипатын көрсететін
сықылды. Мұғалім де адам, оның да өз өмірі, өз тіршілігі бар.
«Мұғалімдер үйі» кəсіподағының президенті Совет Орал-
баевтың шырылдап жүруі де бекерден бекер емес. Оның таяу-
дағы теледидар арнасынан айтқан əңгімелері көп нəрсенің
бетін ашып тастады («Хабар». Бетпе-бет. 29 ақпан, 2000 жыл.
Жүргізген – Зейін Əліпбек). Көңілді түрткілеп, маза бермей
қалған сауалдарға тоқталып көрелік.
Қазіргі талапқа сай мұғалімдерді аттестациядан өткізу
мəселесі.
Бұны кім қалай түсінеді, алғашқы мəселе осында. Біздіңше,
бұл сапалы білім беруге жасалынып отырған жаңа бір қадам
секілді. Бірақ, оның астарында көлбеңдеп жүрер басқа да мəсе-
лелер бар. Мəселен, мұғалімдерге бөлінер ақшаны үнемдеп,
бюджет қамын ойлау. Бұл – жоғары жақтың мүддесі. Енді
мектептерге келейік. Аттестация – ең алдымен, мектеп дирек-
торы мен білім мекемелеріне берілетін «кеңдік». Қалғанын
қалдырып, ұнамағанын ұзатады. Дəл қазіргі таңда мұның аяғы
ашылмайтын қылмыстық істермен ұштасып жатуы да мүмкін.
Бұл – бір, тағы басқа əңгіменің шеті шығуында талас жоқ
сияқты. Тəжірибелі, іскер, білімді мамандарды амалсыздықтан
төменгі категорияға түсіру. Дəл осы мəселе – мектепке де, ба-
лаларын мектеп таңдап беретін ата-аналарға да үлкен қиянат.
ЕҢБЕК ШАРТЫМЕН ЖҰМЫСҚА АЛУ МƏСЕЛЕСІ
Нарықтық заман тұсында бұл да дұрыс шығар, бірақ бір
мектептен бір мектепке ауысып оқуына тура келетін оқушылар
психологиясының қаншама өзгерістерге ұрынатындығын еске-
ру керек. Өз мектебінде оқып жүрсе де, мұғалімдерінің жиі ал-
масып тұруы, сонымен бірдей дерсің. Сондықтан, о басында
маман кадрларды дұрыстап іріктей білу ғана қажет секілді. Бұл
орайда, тіпті болмаса, білімін көтеру мəселесіне көңіл бөлген
орынды дерсің.
Айта берсең, əңгіме көп. «Бетпе-бет» хабарындағы Совет
Оралбаев пен ҚР Білім жəне ғылым министрлігі Орта білім беру
департаментінің директоры Рысты Жұмабекова арасындағы
тілдесу барысындағы түсінбестіктің өзі біздің білім саласында
əлі күрмеуі көп мəселелердің бар екендігін аян етті. Жұрт бəрін
де түсінеді. Алайда, түсінер екен деп, көпшіліктің иығына
салмақ сала бермеген жөн-ау. Өйтпеген жерде, баяғы «мектеп
салығы» мен «чаепитие» əлеулəйімі жалағаса берері анық...
«Түркістан» газеті, 10 – 16 наурыз, 2000 жыл
«КЕЙІПКЕРІҢ ӨЗІҢЕ, ӨЗІҢ КЕЙІПКЕРІҢЕ
ҰҚСАЙСЫҢ...»
Қазақстанның Халық жазушысы,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сəкен сері ЖҮНІСОВПЕН сұхбат
– Сəкен аға, сізді оқырмандарыңыз алған асуы биік,
жүріп өткен жолы жарық жазушы деп бағалайды. Ел-
жұртыңыз үлкен мақтанышпен таяуда ғана жетпіс жыл-
дық мерейтойыңызды атап өтті. Не нəрсені де дер кез-
інде қозғайтын, уақыт тынысын дөп басатын, дəуірлік
сипаттағы дүниелерді шеберлікпен суреттейтін қаламгер
ретінде Сізді бəріміз жақсы көреміз. «Жапандағы жалғыз
үй» романыңыз, «Ақан сері» дилогияңыз, «Заманай мен
Аманай» атты шығармаңыз, қай-қайсысы да өз кезеңіндегі
бітеу жараның бетін ашады. Дегенмен, шығармаға қара-
ғанда өмір əлдеқайда күрделі нəрсе. Осы орайдан алғанда,
Сіздің қаламыңызға іліге қоймаған, немесе түрлі себептер-
мен аттап өтуге тура келген мəселелер болды ма?
– Əр нəрсенің де арғы жағына, бергі жағына байыппен қарап,
астарына мəн бере əңгімелегеніміз жөн болар. «Шығарманы
дер кезінде, керек кезінде жазыпсыз» деген дүние де солай.
Мен, бірақ, керек кезінде деп жзабаймын. Керек кезінде жа-
затын конъюнктурщиктер болады. Конъюнктура дейді, мынау
Үшінші белес
əлгі дер кезінде жазып, сол арқылы өткізіп жіберіп жататын-
дарды. Мен ол категорияға жатпаймын. Белгілі бір нəрсеге жа-
ным ауырып, жүрек сыздап дейді ғой, елдің тағдыры – біреу
күйзеліп жатқан кез бола ма, не болмаса, жақсы жағдай бола
ма қолыма сол кезде қалам аламын. Заманның өз тұсына қарай
деп есептеп жатпаймын. Өйткені, шығарманың қай-қайсысы
болмасын, ол бүгінгі заманды айтып отырсаң да, өткен за-
манды айтып отырсаң да, өлмейтін тақырып болуы керек.
Өлмейтін тақырыпты қай уақта жазсаң да, тарихи шығарма
бола ма, бүгінгі заманға лайық шығарма бола ма, ол келесі ұр-
пақтарға жететін, жақсы жазылса, ғұмырлық шығарма болып
қалатынына мен өзім сенемін. Сол себепті мен де, басқа жа-
зушылар секілді, шығармам ғұмырлық болсын деп ойлаймын.
Сондықтан, тақырып таңдағанда уақытқа қарап таңдамаймын.
Мысалы, «Жапандағы жалғыз үйді» жазған кезеңдегі сəттерге
тоқтайын. Біздің оқу бітіріп барған кезіміз тың игерудің енді
қызу қолға алынып жатқан уақытымен тұспа-тұс келді. 1955
жыл болатын. Маңайындағының бəрін көріп жатырмын, етене
араласып жүрмін.
Үлкен қозғалыс болды, қазаққа келген үлкен жаңалық
болды деп жатты. Соған байланысты мен өз көзқарасымды
айтқым келді. Жаңалық қандай болады? Дəстүрдің озығы да
бар, тозығы да бар дегендей, біздегі хал-ахуал, шын мəнінде,
қалай болып жатыр? Қай нəрсе болсын, саясаттың араласып
жататын кезі болады. Осының бəрін ой елегінен өткізе оты-
рып, сол кездегі шын жағдайға жаным күйзеліп, тың көтердік,
тың игердік деп құр мадақтағаннан гөрі оның астарын ашқым
келді. Əдетте, қазаққа жаңа дүниелер келіп жатқанда, қазақты
жетілдіруге келдік, көтеруге келдік деп келеді ғой. Бұл ежел-
ден келе жатқан, жеріңді жаулап алудағы миссионерлік саясат
па, басқа саясат па, сол қоғамдағы үлкен саясаттың бір түрі
ғой. Қазақта «Орыс халқы бізге Пушкинімен де, пушкасымен
де келді» деген бұрыннан айтылып келе жатқан сөз бар. Орыс
халқының бізге əкелген жақсылығын, əрине, ұмытпауымыз ке-
рек. Дегенмен, сонау патшалы Ресейден қалған, менталитетіне
айналып кеткен шовинистік көзқарастың бар екендігін, тіпті
ол қарапайым орыстардың да жүрегіне ұя салғанын ескергені-
міз жөн. Өзін артық қоюшылық, ұлы халық деп қоюшылық,
сондай бір мақсат бар. Сондықтан, мен оған өзімше тегеурін
жасап, ол олай емес, шын жағдай былай деп, жапандағы жалғыз
үйдің қыры мен сырын ашып бердім.
Ал, енді «Заманай мен Аманайдың» дүниеге келуіне тоқ-
тайын. Ел басына күн туған алмағайып заманда атамекенін та-
стап, шетке кеткен қазақтар қатары қисапсыз көп еді. Кезіндегі
жағдай солай болған шығар, бірақ мен өзім осы шетелге ауып
кеткен қазақтардың бəрін бірдей қолдай бермеймін. Сол кез-
де шетелге малын алып кеткендер, көбінесе байлар болды.
Олар өздерімен бірге малшыларын, жылқышыларын, былай-
ша айтқанда, құлдарын ала кетті. Бұлай істеудің, əрине аман
қалуға септігі тиді. Дегенмен, екінші қырын алып қарайық.
Олар неге туған жерін тастай қашпай, осында қалып күрес
жүргізбеді? Мысалы, менің өз басымнан алайын. Менің əкем
де, шешем де отызыншы жылдары партияға өткен. Содан
əуелі Қорғалжында, одан Атбасар деген жерде наурыз айын-
да «Қызыл керуен» деген ат қойып, шана жегіп, бірнеше ша-
намен доғаның басына боранда адасып кетпеу үшін фонарь
іліп қойып, қалған байлар мен кулактардан уыстап жүріп би-
дай жинап көктемде егін сеуіп, аш-арықтың көбісінің аман
қалуына қол жеткізген. Қазақтардың көбі шетелге қашып кет-
кенше, осылайша жұдырықтай жұмылып күрес жүргізгенде,
тіпті, Голощекин саясатына қарсы іс-шаралар жасауға да бола-
тын еді. Сондықтан, шетелге кетіп қалғандардың бəрін бірдей
мадақтауға болмайды. Олар қазір, міне, оралман болып қайтып
келіп жатыр. Мен олардың балаларына кінə қоюдан аулақпын,
əрине. Міне, мен осыған 30-жылдардағы бір отбасының тө-
ңірегінде жаздым. Əкесі – бай, шетелге кетіп бара жатыр,
ал қызының елде қалғысы келеді. Оның сүйген жары ішкі
істер қызметкері. Міне, «Заманай мен Аманайда» осындай
елдің жақсылығын да, жамандығын да, сол кездегі заманның
қиянатын да – екі жағын бірдей көрсеттім. Шығарма, қашанда,
шындықты айтса, ол шығарманың өмір-жасы ұзақ болады. Та-
рих өзі елеп-екшейді. Бүгінгілер байқамаса да, бүгінгілер айта
алмаса да, келешектегі лек айта алады. Өмір өткен сайын нағыз
шындықты арқау еткен шығармалар, көркем дүниелер қала
береді. Мен өзі көп те жазған адам емеспін. Жазғаным – «Ақан
серінің» екі кітабы болса, оның үшінші кітабы ойымда жүр.
«Аманай мен Заманайды» өзім повесть деп қойып едім, ро-
ман деп жүр. Бұл да, шынын келгенде, роман, неше бір тағдыр-
лар жатыр онда. Содан кейін жаңағы «Жапандағы жалғыз үй»,
осы үшеуі ғой менің жазғаным. Осыған қарағанда, мен онша
көп жазбаған сияқтымын. Көп жазбағанмен, өзімше мəнді жаз-
дым ғой деп есептеймін. Халқымның бағасына қарағанда со-
лай. Үлкендердің, сыншылардың айтуына қарап, осылай деуге
болатындай. Сондықтан, аз жаздым деп өкінбеймін. Əрине,
өкінетін нəрселерім де жоқ емес. Абылай ханды жазам деп
жүріп, киноменен қанша уақытым өтіп кетті. Бұл тұста үлкен
қиянат жасалды. Уақыты келгенде ол туралы айтылады. Ол өз
алдына ұзақ əңгіме. Осылай-осылай жүргенде «Абылай хан»
романын жазу қалып қойды. Кішкене суып қалдым да, енді
қолға алсам ба деп жүргенде, тағы бір тақырыптар қинап жүр.
Көптен бері жаза алмай жүрген бір шығармам бар, соны қолға
алғым келеді. «Ақан серінің» үшінші кітабы да тұр. Қысқасы,
жазылатын нəрсе жетеді. Бəрін қолға алуға уақыт жетпей жа-
тады. Мен өзі көп ойланып жүрсем де, тез жазып тастаймын.
Қазір жасымыз келіп қалды, менімен жастылар өзінің өткен
өмірін жазып жатыр. Менің жазғым келеді, қызық сияқты.
Менің өмірімде серілік пен сергелдеңді, қуаныш пен қиянат
бірге жүреді, халқымыздың тіршілігіне ұқсайды. Оқыған адам
қызықтап оқуы мүмкін. Жалпы, қазақ халқының тағдырына
менің тіршілігім келеді. Соларды жаза алмай келемін, өкінетін-
ақ нəрселер. Құдай өмір берсе, бес-алты жылдың ішінде жа-
зам ғой деп ойлаймын. Зейнеткер деген аты болмаса, біз
осы зейнеткерлікке де шықпаймыз, үнемі жұмыс үстіндеміз.
Алдағы уақытта екі-үшеуін еңсеріп тастасам, жаман болмас
еді деп ойлаймын.
– Сізді халқыңыз Сəкен сері деп еркелетеді. Оған сіздің
«Ақан серіңіз» ғана себеп емес, əрине. Құдай берген болмыс-
бітіміңіз, мінез-құлық, іс-əрекетіңіз сізді осындай атқа
ие қылды. Əр адамға қойылған есім оның тағдырының
жазуын айғақтайды деген түсінік бар. Сіздің өміріңіздің
кейбір тұстары да кейіпкеріңіз – Ақан серінің тағдырын
қайталайтындай сыңай байқатады. Өмірінің соңында
Ақан сері жалғыздықты бастан кешіргені белгілі. Əрине,
бала-шаға өз алдына, дегенмен, қаншама жылдан бері сіз
де өмірлік жарыңыздан көз жазып қалып, жалғыздықтың
дəмін татып келе жатқан адамсыз. Осы екі арада беймəлім
бір байланыс бар деп ойламайсыз ба?
– Шынына келгенде, тағдыр деген өзі бір кейде дұрыс келе-
тін нəрсе. Кейіпкерің өзіңе ұқсайды, өзің кейіпкеріңе ұқсай-
сың. Ол өзі ұқсату деген нəрсе өзіңе де байланысты. Ұқсаған
дүниені жазасың, сондықтан сен ұқсайсың, əрине. Мысалы,
Ақан серіні мен таңдағанда, өзім ұқсайтын болғандықтан,
Ақан серінің серілігі маған ұнайтын болғаннан кейін бардым.
Сол қасиеттер өз бойымда да бар екенін сезінгеннен кейін.
Жəй сезінгенім болмаса, мен серімін деп айтқан жоқпын. Ақан
серінің домбыра тартып, əн айтатыны – барлығы өзіме ұқсап
тұрғаннан кейін. Оның үстіне, жерінің, жері ғана емес желіне
дейін, жемісіне дейін, ол жер өзімнің туған жерім болғаннан
кейін ол жағы да жақын маған. Ақан серіні таңдауымда осы-
лардың бəрінің əсері болды.
Ақан серіні бұрын Ғабит Мүсірепов та жазды. Ол енді за-
манына қарай «Ақан сері – Ақтоқтының» кей тұстарын иіп,
бейімдеп, тіпті қателіктер кеткен жерлері де бар. Əрине, оған
Ғабит Мүсіреповті ешкім жазғыра алмайды. Себебі, заман со-
лай болды. Науан хазіретті ол кезде басқаша жазуға болмай-
тын еді. Олай жазбаса, ол шығарма қойылмайтын еді. Серілік
жағынан Ғабең де Ақан серіге ұқсайды. Мен ол кісі жазады
ғой деп жүрдім, кейін алдынан өттім. «Эпикалық дүние, жал-
пы, менің қолым емес екен, бір жағы шаршап та қалдым» деп,
маған өзі рұқсат берді.
Ақан серінің тағдырына келетін менің өмірімде де ұқсас-
тықтар көп. Ол Ақтоқтысын ала алмай қалды. Ғашығыңды
ала алмай қою деген нəрсе менің тағдырымда да болған нəрсе.
Кейінгі алған əйелі – Ұрқиясы өліп, одан кейін үйленбей қояды,
əйелсіз өтті. Өкінішке орай, менің өмірім де солай болды. Он
алты жылдан бері балаларыммен бірге жалғыз келе жатырмын.
Шынын айтқанда, Ақан серінің жағдайы менікіне қарағанда,
тіпті, қиын болатын. Ол кезде зейнетақы да жоқ, өзі мал жиған
адам емес. Егде тартқан уақытта Ыбанымен жалғыз қалу оңай-
ға соқпады. Осындай-осындай ұқсастықтардың бəрінің қатар
келуі өзі адам ойламайтындай таңданарлық нəрсе.
Құдайға шүкір, балаларым ержетті. Кішкентай қызымның
өзі, міне, оқу бітіріп отыр. Бір кезде осы қызым оқу бітіргенше
тірі тұрсам екен деп едім. Бірақ, енді қазір əлі де тірі болғым
келеді. Жұртты күлдіріп айтқам: «Сəкен ақкөңіл ғой, байқа-
май айтып қалған ғой, тағы біраз жыл берейінші десе, Құдай
өзі береді аржағын да», – деп.
Жетпіске келген кезде өзі адам ауру-сырқаулы болады де-
гендей, балалар жетілген соң, қасымда шүйіркелесіп отыра-
тын серігім болса деген де ой бар. Балалар ылғи қасыңда бола
бермейді ғой. Негізі, өзі оңай нəрсе емес. «Орта жолға келген-
де атың өлмесін, орта жасқа келгенде қатының өлмесін» де-
ген, бұл қай заманда болмасын қиын нəрсе. Бұрынғыдай ма-
хаббат болмас, əрине, дегенмен, Ақан серінің көңіліндегідей
сері көңіл əлі де болса ұнатумен қосылғанды қалайды. Оған
енді қол қысқалық қана емес, өмірдің бүгінгі психологиялық
өзгерістері жібермейді. Соған қарамай, бəрібір жеңіп шықсам
деймін.
– Ақын-жазушылар сөзді кие тұтқан жандар дейміз. Сол
киелі сөздің арқасында үлкен-үлкен биіктерге көтеріліп
жүргендері де баршылық. Осындай биіктерде жүрсе де,
ел-жұрт сөзін қадірлейтін ағаларымыздың кейбірінің пен-
дешілікке қарай қадам басатындары да байқалып қалып
жатады. Бірін-бірі көре алмау, күндеу сияқты жағымсыз
қылықтар сізге қандай ой салады?
– Күндеу мен көре алмау деген бар ғой, қазақ үшін үлкен
сұрақ, қазақ үшін жəне бітпейтін сұрақ. Қазақ менталитетінде
орнығып қалған нəрсе. Басқа ұлттарда да бар шығар, əрине.
Өткенде бір отырыста ұйғырлар айтады: «Біз сіңірден де жа-
манбыз, көре алмаймыз» деп. Кəрістер айтады: «Ойбай, біз де
керемет көре алмаймыз бір-бірімізді» дейді. Əй, бірақ менің
байқауымша, қазақ алдына жан салмайтын шығар көре алмау
жағынан.
Көре алмау, күндеу деген жерде ойға əрнəрсе түседі. Күндеу
деген біздің шешелерімізден басталған ғой. Баяғы аталарымыз
төрт əйелден алған. Күндес деген сөз сонда бізден шыққан ғой,
өзіміздің тұқымымыздан басталған, аналарымыздан басталған
деуге болады. Сол ананың қанындағы нəрсе бізге жұққан
ғой. Біз, əрине, енді оның түрін өзгерттік. Күндестіктің түрін,
көре алмаушылықтың түрін өзгерттік. Əуелі үш жүзге бөлініп
алып көре алмаймыз. Пəлен жүздің жақсысын айтқымыз кел-
мей тұрады, біз одан кем емеспіз дейміз. Біз тарихи жағдайға
жүгінуіміз керек қой. Біздің Орта жүздің жағдайы, Ұлы жүздің
жағдайы, Кіші жүздің жағдайы кезінде үш түрлі болды. Үш
жүзге баға берген уақытта, «Орта жүзді қалам бер де дауға
қой, Кіші жүзді найза бер де жауға қой, Ұлы жүзді қауға бер де
малға қой» дегенде үлкен бір тарихи шындық жатыр. Ол біреуін
кеміткен емес. Бұл, негізі, сол замандардағы ел жағдайына, жер
жағдайына, тарихи жағдайларға байланысты айтылған нəрсе
ғой. Үш жүз деген баяғыда тарихта қалған дүние, ең бірінші
біз осыны терең ұғынып, орнықтырып алуымыз керек. Ал біз
артқа тартуға, өткеннен арыла алмауға бейімбіз, ескішілдіктің
иісі аңқып тұрады. Қазақ бір ғана ел, бір ғана республика бол-
ғалы қашан. Ата-бабаларымыздың атын шығару, мақтану, ма-
дақтау қажет шығар, бірақ бөле-жара өз жағына тартпау керек
қой. Мысалы, бір жерге, бір клубқа дейікші, ат қоятын болсақ,
сол жердің адамын іздейміз. Неге өйтеміз? Жақсылығы тиіп
жатса, қазақтың кез келген үлкен адамының атын неге қоя
салмаймыз? Бəрін өзіміз істейміз. Не болмаса, əр жерде өтетін
той туралы айтайық. Той болатын болса, əркімнің өз елінде
өтеді қазір. Солай болуға тиіс сияқты. Мысалы, мені «Халық
жазушысы» дейді. Неге менің тойым «Көкшетауда ғана өтуге
тиіс? «Заманай мен Аманай», мысалы, Талдықорған жеріне
қатысты дүние. Менің тойым неге Талдықорғанда өтпеуі ке-
рек? Талдықорған қазір облыс орталығы, ал Алматы облысына
менің еңбегім сіңген. Университетпен құрдас екем, оның мен
аспирантурасын бітіргенмін. Еңбегім сіңді, сабақ бергем. Опе-
ра театры құрдасым екен, онда мен əн салғанмын. Жазушылар
одағы да «Қазақ əдебиеті» де құрдасым екен, бөлім бастығынан
редакторына дейін көтерілдім, еңбек еттім. Қазақстан Жазушы-
лар одағымен құрдаспын дедім, мен соның хатшысына дейін
көтерілдім. КСРО Жазушылар одағымен құрдас екенмін, мені
оның екі рет басқарма мүшелігінде болдым. Оның Қазақстан
бойынша Əдеби қорын басқардым, еңбегім сіңді. Ал, менің
бүкіл тағдырым осында, Алматыда өтті. 16 жасымда келдім,
елу жыл өмір сүріппін. Бүкіл махаббатым да осында оянды.
Шатақтарым да осында болды, мадақтарым да осында болды.
Еңбегімнің бəрі осы Алматыға сіңді. Үлкен ұрпақтың соңынан
еріп, жақсылық жасадық. Осы жердегі зиратта менің əжем, 97-
ге келген əжем жатыр, 65-ке келіп қайтыс болған шешем жа-
тыр, 39 жасында қайтыс болған жарым жатыр осында. Сонда
былайша, зират жағына келгенде де, бұл менің жерім. Солай
бола тұра, той бола қалса, Көкшетауда өткіз дейді, Алматының
адамы емес секілді көрінемін. Кей кезде, əрине, туған жерге
байланысты жағдайлар болады. Алайда, «Халық жазушысы»
деңгейіне көтерілгеннен кейін, мен барлық жердің ортақ жазу-
шысымын деп есептеймін өзімді. Тұманбай да, Қадыр да, Ол-
жас та – бəрі де қазаққа ортақ. Міне, осы бөлінушілік өзімізден
басталады да, амалсыздан бөлінесің сосын. Барлық жерден құр
қала бересің бе.
Мына заман өзгерген кезде бізді, тіпті, қиын жағдайда
қалдырды. Естеріңізге салайын, бұрынғы біздің алдымызда
өткен жазушылар 37-жылдың қиындығын көрді, соғыстың
қиындығын көрді. Олар қасқыр сияқты. Оларды 37-жылдары
атып алды қасқыр секілді. Ал, біздер ит тіршілікке ауы-
сып бара жатқандаймыз. Өйткені, біздің жазғанымызды місе
тұтып, талқылап, қорытынды жасап жатқан ешкім жоқ. Біз ес-
керусіз қалдық, ескерусіз қалып бара жатырмыз. Теледидар-
дан сөйлесек те, газетте де ешкім мəн беріп жатқан жоқ. Əрі-
беріден соң, кітабымызға ақша да төлемейді. Кітабымыздың
өзін шығармайды. Осыдан барып, елеусіз қалғаннан кейін ба-
рып, біз бір-бірімізге тиісе бастадық. Бір теңеу айтқым келіп
тұр. Бір шенеунік балконда тұрып, бай шенеунік дейік, сүйек
лақтырса, иттер соған таласпай ма. Бірақ, бір сүйек бəріне бір-
дей жетпейді ғой. Сол жетпеген соң, бір-бірімізді талап, əрі-
беріден соң тістеріміз сүйегімізге жетіп, қазақша айтқанда,
бір-біріміздің сүйегімізге таңба түсіріп жүрміз. Бұл өзі қиын
мəселе. Ретсіз жұлмалай беруден не пайда табамыз? Жалпы,
күншілдікті қою керек, оны қойғыздыру керек.
– Көп адам «Болашақты ойласам, қорқамын» деп жа-
тады. Бұл тұрғыда сіздің көңіліңізді күпті етіп жүрген
жəйттер бар ма? Əдебиетке не тұсау болуы мүмкін?
– Болашаққа алаңдамайтын адам жоқ. Өзіңнің ұрпағыңды
ойлайсың. Ең болмағанда, əуелі, балаларыңның жағдайын
ойлайсың. Өзінің балаңнан бастап ойлағаннан кейін, сен ұр-
пақтың жағдайын ойлайсың. Балаң жалғыз өмір сүрмейді,
балаңның айналасында өзінің ортасы болады. Балаңның доста-
ры болады, балаңның құрдастары болады, замандастары бола-
ды. Сен жасап кеткен өмірді ары қарай алып кетуде, тізгінді
алуда оларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сен қалай десең,
олай де ол кейінгі ұрпаққа тиетін нəрсе. Сондықтан, ұрпағың
қалай алып кетеді, қазағыңның атын қалай жоймай жүреді де-
ген мəселеде, ең бірінші тіл мəселесі, ұлт мəселесі, жер мəселесі
қатты ойландырады. Осы үшеуі ғой біздің ұлтты ұлт жасап
тұрған. Тілің құрыса, ұлтың жоқ. Жерің құрыса да, ұлтың жоқ
де. Сондықтан, ұлтты жасайтын тіл менен жер. Біздің қазақтың
тілі, қазақтың жері. Ендеше, ол туралы қалай ойланбайсың.
Қолыңнан келсін-келмесін, қолыңда билік жоқ, қолыңда үлкен
мөр жоқ, сонда да біз жатпай-тұрмай ойлаймыз. Дөңбекшіп
жататын кездеріміз болады. Соның бəрі ұрпақтың жағдайы.
Абай «Қорқамын кейінгі жас балалардан» деді. Абайдың ар-
жағында айтатын сөзі бар. Шенге, шекпенге құмар болып бара
жатыр. Оқуды тек шекпен кию үшін, шен тағу үшін оқиды.
Міне, осындайдан қорықты Абай. Ол ұрпақтан қорыққан жоқ.
Ұрпақтан қорықса, болмас еді, онда түңілу, пессимист болар
еді. Ал, Абай оптимист адам. Абайдың айтып отырғаны – осы
оптимистік нəрсеме бөгет болатын осылар-ау деп айтып отыр.
Сен шекпен кию үшін оқыма, адам болу үшін оқы. Əке баласы
болу үшін емес, адам баласы үшін оқы деді. Ол, тіпті, қазақ
баласы болу үшін деп те отырған жоқ, адам баласы болуды
айтып отыр. Адамзаттың ортақтығын айтып отыр. Адамзатқа
болсаң, сен қазақ дүниежүзіне адам бола аласың деген сөз.
Абайда айтылмаған сөз жоқ қой, жарықтық. Сондықтан, бізде
болашаққа қалай қарайсың дегенде, осы түңілушілер бар. Ой-
бай, енді оңбаймыз, құрып кеттік деп. Əрине, мына жаңа өмірді
бастағанда, біздің көп шенеуніктеріміз дұрыс бастаған жоқ.
Өйткені, бұл өмірді үйренбеген. Капитализм дегенде, олар
тек қана ұрлау-жырлау, қамтып қалу, ақша алып қалу, капита-
лист болу деп қана түсінді. Капитализмнің өз бюджеті бар ма,
өзінше банкісі бар ма, өзінше құрылысы бар ма, оны саралап
жатпады. Əрине, бұл социализм емес, мен соцализмді қашанда
қолдаймын. Социализмнің принципі, Лениннің принципі, менің
басымды кесіп алсын, мен Лениннің принципі дұрыс деп есеп-
теймін. Ленин де, Сталин де өзі бір етіктен, бір бəтіңкеден
басқа киген жоқ. Лениннің бар көрген қызығы – Крупскаядан
басқа дұрыстап болған əйелі де жоқ. Не бала сүйген жоқ. Осы
күнгілер қазір əйел мəселесін де оңай шешіп жатыр. Моншаға
барса – бір əйел, саяжайға барса – бір əйел, курортқа барса –
бір əйел. Барлығы да сол қалтадағы ақшамен шешіліп жатыр.
Сөйтіп жатқанда, халықтың қамын ойлай ма?! Басында осы
бір мəселелерді түзей алмай қалдық та, енді қалай болады деп
отырмыз. Менің қорқатыным сол ғана.
Бір анекдоттық əңгіме естідім. Ерте уақытта бір патша бі-
реуді жазалағысы келген екен. Біреулер садақпен атып тас-
тау керек десе, біреулер асып өлтіру керек дейді. Əйтеуір,
жазаның түр-түрі айтылып жатады. Сонда біреу тұрып ай-
тыпты: «Жоқ, бұны көлдің қасына апарып, қамысты көлдің,
керіп байлап тастау керек» дейді. Өзі бірнеше күннен кейін-ақ
өледі. «Қалай өледі» десе, ол жерде масалар шағады, қинаудың
ең үлкен түрі сол. Сонан керіп байлап, апарып тастайды, мы-
нау дұрыс екен деп. Сонан, жанашырлар барып, күзет жоқта
көмектескісі келеді ғой. Айналасындағы масалар қып-қызыл
қанға тойып алған. Қуайын десе, əлгі ымдайды, қума деп, «Өй,
сені шағып өлтіреді ғой» десе, «қусаң, басқа аш масалар келеді.
Аштар келіп, қайтадан мені талайды» депті. Сол секілді, міне,
қазір жемқорлар көбейіп кетті ғой. Үкіметке жаңа масалар
келе ме деп алаңдаймын. Тойғаннан кейін осы шенеуніктер
жеуді қойса, ары қарай ойланса, біздің заманымыз жаман бол-
майды. Қазақстанның байлығы бəрімізге жетеді. Сол себепті,
болашақтан қорықпайтыным зерделі азаматтарға сенемін.
Ал, байлық қуған адам байлықтың ғана жолына түседі де, сол
байлыққа қатысты, байлықтың жолы қалай жасалады деген
кітаптарды оқиды. Басқа кітап, басқа рухани азығың оған азық
болмайды. Театрдың орнына саунаға, мейрамханаға барады.
Əдебиет былай ақсайды. Шенеуніктердің балалары қазақша
білмейді. Мен бұрын жазғам, екінші сайлауда қазақша, орысша
білмеген адам депутат болмау керек деп. Бұл жерде енді орыс-
шаны да қосып қойдым, себебі, қазақша білмеген адамды өткі-
зу үшін айттым. Ал, енді оны ескерудің орнына өзіміздің қазақ-
тар қазақ тіліне қарсы болып шықты ғой. Солар қайтадан де-
путат болып жатыр. Ал, қалай өсіреміз, міне, осыдан қорқамын.
Солардың бəрі өзіміз сияқты ойласа, болашақ жаман болмай-
ды. Əдебиетіміз де қалпына келіп, қайтадан дамиды.
«Əдебиет айдыны» газеті, 24.02.2005 жыл
МƏҢГІГЕ ҚАЛҒАН БОЗДАҚТАР
1941 – 1945 жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде неміс-
фашистерінің ұшақтары Батыс Қазақстан облысындағы
Жəнібек, Орда аудандарын бомбылағанын əлі де біреу
білсе, біреу білмейді. Иə, қазақ даласы да соғыстың дəмін
татқан. Оған күні бүгінге дейін куə болатын заттар мен
айғақтар, ең бастысы – сол кезді көзімен көрген кісілер аз
емес.
ЖҰМЕКЕН НƏЖІМЕДЕНОВ
ƏКЕЛЕР МЕН АҒАЛАР
Əр жыл сайын əлдеқайдан бір құпия жел есер,
əр жыл сайын түн қойнында əлдекімдер кеңесер.
Жиырма миллион?
(нольдері көп демесең)
қағазды да қайыстырмай жазылар сан емес ол.
Жиырма миллион үміт, тілек, қайғы, арман,
сонау жылы қайтпай қалған майданнан
əкелер мен ағалар.
Жо-жоқ, қате!
Қайтпай қалған жоқ олар;
Тоғызыншы май сайын сол Ер халық
күнбатыстан бұлт секілді торланып –
қалың гуіл түнгі аспанға тарайды;
ең биікке шығып ап
қырық миллион көз-жұлдыз боп қарайды
ұрпақтардың тірлігіне қызығыа,
содан кейін окобына-сызына
Қайта құлаған шақта
солқылдайтын секілді Жер бір түрлі –
жапырақтың көзіне жас іркілді...
Жиырма миллион ұлы Армия, ұлы рух
көтеріліп қайтадан
əр жыл сайын бір-ақ түнге тіріліп,
орман болып түннің желі шайқаған
түйіледі қырық миллион жұдырық
тірі қалған жауларына.
Түн тымық,
түнгі самал алыс қырда тімтініп,
іздеп жүріп «туысқандар моласын»
оятады түгел бəрін.
Сол асыл
Ер жігіттер – əлемді алған атағы –
сарт-сұрт етіп сапқа тұрып жатады.
Содан кейін...
«Отбой» алып бір тұстан
жолдарымен қырқысқан,
жиырма миллион көлеңке боп шұбалып,
курант ұрып, түн ортасы болғанда
нені қорғап өлген болса, сол маңда
табысады бəрі-бəрі.
Сонсоң əлгі көп халық
бара жатыр Бас алаңды бетке алып.
Жиырма миллион Ерлік, Қайрат, Құдірет
əр жыл сайын бір рет,
партизаны арба жегіп кəрі атқа
қатысады Жеңіс түнгі парадқа.
Жиырма миллион үміт, тілек, қайғы, арман –
Сонау жылы қайтпай қалған майданнан
əкелер мен ағалар.
Жо-жоқ, мүлде қайтпай қалған жоқ олар:
əр жыл сайын Тоғызыншы май түнгі
салтанатқа қаруларын қайта ілді,
қарауытып жауып өзен, жағаны
түні бойы дүбір тасты жарады...
ертесіне тірілердің парады.
Ал, біздің үй...
ерке қыз бен тентек ұл
шат-күлкіге кенеледі иен-тегін.
Ескішілеу шешем – есті болса да,
əкеміздің өлген күнін сол санап
Тоғызыншы май сайын –
Сары майға пісіреді шелпегін.
2003 жылы Батыс Қазақстан облысының Жəнібек елді-
мекенінде тұратын Серік Молдағалиевтің ауласынан 1943
жылы жасалған кəдімгі үлкен снаряд табылғанын көзі ашық
оқырман қауым жақсы біледі. Үй иесінің айтуынша, снарядты
ол он жылдай бұрын мектеп ауласынан тауып əкелген. Содан
бері оны біресе мал байлайтын қазық, біресе шеге түзететін
білтемір ретіне пайдаланып келген. 2003 жылдың 4 шілдесінде
арнайы мамандар мен əскери бөлімшенің қызметкерлері келіп
тексеріп, оның, шындығында да, жарылмай қалған снаряд
екендігін анықтайды. Оны Жəнібек полселкесінен 5 шақырым
жерге апарып, терең ор қазып барып залалсыздандырады. Жа-
рылыс кезінде оның қара жерді қақ айырғандай, кең даланы
солқ еткізгеніне Жəнібек тұрғындарының бəрі куə болған.
Əскери реактивті снарядты тексеру барысында жасалған актіде
оның 1,3 метр, диаметрі – 13 сантиметр екендігі көрсетілген.
Қаншама адамның ажалына себепші болуы мүмкін снарядтың
басының ұзындығы 46 сантиметр екен.
Осыдан үш айдай бұрын, өткен жылдың күзінде Батыс
Қазақстан облысының Жəнібек елді мекеніне арнайы барып,
Əбдірахманов көшесінде тұратын Серік Молдағалиевтің үйінде
болдық. Үй иесі ауыр науқасқа душар болған екен, сондықтан
оның зайыбы Венерамен əңгімелесуімізге тура келді. Əңгіме
барысында бізді көп алаңдатқан нəрсе – Венераның өзін-
өзі ұстауы болды. Баяғы қуғын-сүргін жылдарынан қалған
қорқыныш пен үрей қанымызда əлі сақталған ба деп қалдық.
Бір жағынан, əпербақан ішкі істер қызметкерлері біраз əуре-
сарсаңға салды ма екен деп те ойладық. Венераның екі сөзінің
бірі «жоқ, шын айтам, оның снаряд екенін білгеніміз жоқ» де-
геннен аспады.
– Қанша дегенмен, əйел адам ғой, балаларымызға зияны
тиер деп ойлайтын шығар, – деді, бізді бастап жүрген Жəнібек
аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы Едіге Өтепəлиев. –
Мұның бəрі сол 1941 – 1945 жылғы Ұлы Отан соғысы жылда-
рынан қалған белгі ғой.
Едігенің нені меңзеп отырғанын түсіндік. Кейінен ол бізді
соғыс жылдарында неміс-фашистерінің ұшақтары бомбылаған
жерлерге апарып көрсетті. Алпыс жылдан асқан уақытта,
əрине, бомбылаудан қалған қазан шұңқырлар менмұндалап
айғайлап тұрған жоқ. Дегенмен, əрегідік-əрегідікте кездесетін
ойдым-ойдым жерлердің əдейі жасалмаған нəрсе екендігі
байқалып тұр. Бəрінен бұрын поселкедегі орталық су айдай-
тын торап – үлкен мұнараның қабырғаларында қалған белгінің
бомбы жарықшақтарының түскендігі анық байқалады.
Иə, бұл жерде соғыс болған. Əуе күштерінің соғысы 1942
жылдың күзінде жау əскерлері Сталинград маңында жүрген Ба-
тыс Қазақстандағы Сайхын, Жəнібек стансаларына үлкен қауіп
төнген болатын. Сталинград шайқасы кезінде тылдан келетін
негізгі күштің бірі осы Жəнібек стансасының үстінен өтетін
еді. Ол жағын жау əскерлері де жақсы білген. Сондықтан, май-
дан даласына қарай келе жатқан азық-түлік, қару-жарақ, жау-
ынгерлер тиеген жүк пойыздарын арнайы ұшып келіп, бомбы-
лап тұрды.
– Мен ол кезде жеті-сегіз жастағы бала едім, – дейді Жəнібек
поселкесінің тұрғыны Мəруа Харесова. – Шешем қасына мені
ертіп алған, бір жұмыстармен осы қалаға қарай келе жаттық.
Арбамызға колхоздың жүнін тиеп алғанбыз. Осы Жəнекешов
көшесіне жақындай бергенімізде, қасымызда Сəрсен деген
қарт бар еді, «Қашыңдар-қашыңдар!» деген соң, қашып ба-
рып шұңқырларға тығылдық. Тастаған бомбалардың даусынан
құлағымыз саңырау болып қала жаздады. Бір кезде қарасақ,
əлгі қарт оң қолы салақтап, терісіне ғана ілініп келіп тұр, қан-
қан. Əлгіні көргенде үрейім қалмады.
Мəруа апай əңгімесін күні кеше болғандай айтады. Мұндай
сұмдықтың ешқашан көз алдыңнан кетпейтіндігінен болар.
Олар, бір жағынан, Жəнібекте тұратын əкесінің қарындасын
іздей келген екен. Неміс-фашистерінің Жəнібекті бомбылауы
үдей берген соң, олар басқа жаққа қоныс аударып кетіпті.
Қайтар жолда олардың арбаларына қоныс аударып келген ев-
рейлер отырып алады. Түс десе түспей, арбаға жегілген екі атты
жолда əбден болдырады. Ауылына жақындай бергенде, шешесі
«бірдеңе айтсам, қорықпайсың ба?» деген. Шешесінің не айтай-
ын деп отырғанын айтпай-ақ түсінген Мəруа: «Ана жақты ай-
тайын деп отырсыз ба, оны өзім көріп келе жатырмын», – деп,
Палласовка жаққа қарай қолын шошайтып көрсетеді. Алыста
жарқ-жұрқ еткен оттар көрініп жатқан. Неміс-фашистері сол
жақты бомбылауға көшкен екен.
Мəруа апайдың əңгімесін ері Қасым ақсақал да жандандыра
түсті. Бала кезінде, бұл кісінің үйі теміржолдың арғы бетінде
болған екен. Ауыл тұрғындарына сол жылдары окоп қаздырып,
бетін жауып тастап, жау ұшағы бомбылаған кезде осыған келіп
тығыласыңдар деп үйреткен. Бір күні жау ұшақтары таңғы
үште ұшып келіп, жанармай базасын бомбылайды. Бұлар бол-
са, үйретіп қойғандай, жүгіріп барып əлгі қазып қойған окоп-
тарына жасырынады. Арада екі-үш күндей уақыт өткенде жау
ұшақтары тағы да ұшып келді. Олар бұл жолы ауылдағы үлкен
диірменді бомбылай бастаған. Алып диірмен өрт құшағына
оранады.
– Біздің үйіміздің қасына танкілерді əкеп жауып қойып
отырды. Біздің үйімізде, Листов дейтін орыстың үйінде штаб-
тары болды, – дейді Қасым Харесов. – Жəнібек поселкесі Ре-
сеймен шекаралас. Вишнев дейтін совхоздың бер жағындағы
тал-теректер тұрған жерге біздің əскерлеріміздің ұшақтары
орналастырылды. Жиырма шақты «АН-2» ұшағы болатын.
Бір күні жеті шақырым жердегі «Новая жизнь» колхозының
бер жағында біздің екі ұшағымыз фашистердің жиырма
шақты ұшағымен шайқасқа түсті. Аналар көп қой, біздің бір
ұшағымызды атып түсіріп, ол сол арада жанып кетті. Үлкен
өрт болып, біз баламыз ғой, əлгі өртті түн ортасы ауғанша
қарап отырдық. Ақырында, ауыл адамдары келіп əлгі өртті
əрең дегенде өшіріп алды. Қаланы келіп бомбылай берген соң,
біз Жəнібектен көшіп кеттік. Біз ғана емес, сол тұста қаладан
көп адам кетіп қалды.
Жəнібектің бір ерекшелігі – сонау 1904 жылдың өзінде темір-
жол табаны тартылып, Астрахань мен Саратовты жалғайтын
теміржол осы стансаның үстінен өтетін болған. Теміржолдың
үсті болған соң, бұрын да, кейіннен – Кеңес Одағының кезінде
де Жəнібек əлеуметтік-экономикалық жағынан жақсы дамыды.
Мұнда түрлі зауыттар мен іргелі кəсіпорындар жұмыс істеді.
1942 жылы неміс-фашистері Сталинград түбіне жақындағанда,
Жəнібек стансасы да негізгі нысанның біріне айналады. Май-
данда жараланған жауынгерлерді алып қайтқан эшелондарды,
Сталинградқа қарай келе жатқан азық-түлік қару-жарақ тиел-
ген пойыздарды бомбылау жау ұшқыштарының негізгі мінде-
ті болды. Бұл туралы кезінде зерттеуші-ғалымдар да жақсы
жазған болатын. Мəселен, 1983 жылы «Қазақстан» баспасы-
нан шыққан К.Досқалиевтің «Сражающиеся Сталинграду» де-
ген кітабына қараңыз. 29-бетте Жəнібек стансасының тұрғыны
А.А.Серединнің естелігі берілген.
Оның айтуынша, 1942 жылдың 4 қазанында күндізгі сағат
он бірде фашистердің 36 «Хейнкель – 100» ұшағы ұшып ке-
ліп бомбылаған. Бомбылау кезінде он адам өліп, жанармай
құйылған цистерна жарылған.
Аталған кітапта соғыс жылдарында бомбылаудан Жəнібек
ауданының қаншама егістік жері мен шабындығы өртеніп кет-
кені тəптіштеп айтылған.
Аудандық газеттің редакторы Едіге Өтепəлиев пен аудан-
дық мəдениет бөлімінің меңгерушісі Дəулеткерей Құсайынов
бізді осындағы бауырластар зиратына алып барды. Алып бауыр-
ластар зираты соғыс жылдарында бұл жерде не болғанын үнсіз
ғана айтып тұр еді. Аспанда ойнақ салып жау ұшақтары, үстін-
үстін жарылған бомбалардың дауысы. Аударылып-төңкеріліп
жатқан эшелондар. Жараланып ыңырсыған адамдардың дауы-
сы. Соғыстан қайтып келе жатып, ауылына жете алмай, осында
мəңгіге қалған боздақтар...
Міне, арада алпыс жылдан астам уақыт өтті. Кейінгі ұрпақ
не істеп, не қойды деген сауал көкейіңе келеді. Ұлы Отан со-
ғысы жылдарында жапа шеккен бірден-бір аймақ ретінде неге
бір алып ескерткіш орнатпасқа? Соғыс көрген аймақтарға
неге арнайы дəреже берілмейді? Бəрінен бұрын, соғыс жыл-
дарында осы аймақта тұрып, зəбір-жапа шеккендерге арнайы
жеңілдіктер неге берілмейді? Тəуелсіз ел болып, етек-жеңімізді
жинай бастаған бүгінгі таңда бұл сауалдарға жауап беру аса
қиын нəрсе емес сияқты. Бар мəселе осыны көре білетін, түсіне
білетін адамдарда жатқандай.
Бəлкім, жаңа шақырылып, жұмыс істей бастаған парла-
мент Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай жақсы шараларды
қолға ала бастар. Не десек те, алыста жатқан ауылдың айтар
сəлемі көп.
«Əдебиет айдыны», 10.03.2005 жыл
«АДАМ ҰСТАЗДАН ҮЙРЕНІП, ШƏКІРТПЕН ӨСЕДІ»
Жазушы, Шолохов атындағы халықаралық
сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның
еңбек сіңірген қайраткері Сəбит ДОСАНОВПЕН сұхбат
– Сəбит аға, біздің газетіміздің аты «Əдебиет айдыны»,
Сіз жазушысыз. Осыған арқа сүйеп əңгімемізді сөз өнерінің
өмірдегі орны, маңызы жайлы оймен бастасақ. Жасы-
ратыны жоқ, қазір. «ХХ ғасыр интернет – телевидение,
техникалық прогресс ғасыры, көркем əдебиеттің күні өтіп
барады» деген пікірлер ара-тұра болса да айтылып қалып
жүр ғой.
– Сенің сұрағың бір тəмсілді ойға оралтып отыр. Адамның
аяғы жетуі қиын құлама құз бен жалаңаш жартастар арасында
қара тасты қақ жарып, аспаннан қиғаш құйылған күн сəулесі
мен таудан қуат алып, бір əсем гүл өсіп тұр. Оның шырыны
мен жұпар иісі сиқырлы қасиеттерге толы. Алланы, адам за-
тын сүйген қолы, жаны таза, адамдарға жақсылық жасауға əзір
тұратын, мейірімді жан сол гүлдің хош иісін рахаттана жұтып,
тамаша шырынынан тамшыдай болса да дəм татса, ол сөздің
Құдай берген құдіретіне ие болады. Егер, ол гүлге қара ниетті
біреу жақын келсе, оның пиғылы гүлге теріс əсер етіп, ол оған
зəрлі у шашады. Сондықтан да жанының тазалығына күмəні
бар адам гүлге жақындай алмайды. Сондықтан да Сөз құдіреті
тек таңдаулы, жаны айрықша таза адамдарға ғана бұйырады.
Бірақ, Адланың бұл сыйы, Ақынның алдағы өмірі де кір-
шіксіз таза болмаса, оның уысынан шығып кетуі мүмкін. Ал,
егер Ақын ғұмыр бойы жанын таза күйінде мəпелеп ұстай
білсе, кір шалдырмаса, Алла-тағала Ақынға мəңгілік өмір тар-
ту етеді...
Халқымыз қашанда өзінің талантты ұлдарын жоғары баға-
лап, қастерлеген, оларға Алла сыйға берген ерекше қасиеті-
не бас иген.
Даланың дарынды Ақындары туралы үлкендердің айтқан-
дарын ести жүріп, мен де осындай бас июшілікті бойыма сіңір-
іп өскенмін.
Бұл аңызды айтып отырған себебім, мен əрқашан кез кел-
ген бастаманың жеңіске жетуіне негіз болатын жан-дүниенің,
ойдың тазалығы деп санайтынмын, əлі де соған сенімдемін.
Жазушы болсын, жұмысшы болсын бəрібір, рухтың кемелде-
нуі – ең негізгі қасиеттердің бірі.
Бұл қасиеттің жеке адамға ғана емес, қоғамға да, мемлекетке
де қатысы бар. Рухани бай қоғамда рухы күшті халық болады.
Рухы күшті ұлт қана тəуелсіз мемлекет болады. Мемлекеттің
қуаты – рухани байлықта. Ал, рухани байлықты жасайтын
зиялы қауым, оның көшбасында ақын-жазушылар болары
тағы талассыз. Өйткені «дүниені билейтін сөз, сөзді билейтін
Ақыл». «Ең алдымен – сөз болған» деп қасиетті кітаптарда да
жазылған.
Əдебиет деген киелі нəрсе. Құдіреті күшті Құдай адам-
заттың аз ғана бөлігіне бір ерекше ықыласы түсіп, жазушы-
ларды жаратпаған болса, мынау жарық дүние бүгінгісінен гөрі
əлдеқайда күңгірттеніп, түнек басып кетер. Ал, енді жазушы
қашанда халықтың атынан сөйлейді ғой. Бұл орайда зиялы
қауымның, оның ішінде жазушының орны ерекше.
Біз мынаны басып айтуымыз қажет: бізге өнердің барлық са-
ласы керек. Алайда, осы бүкіл өнердің əкесі де, анасы да – сөз
өнері. Кино, концерт, опера дегендердің бəрін алып қараңыз,
əдебиет болмаса, сцераний болмаса, олар бізге қайдан келеді?
Əннің сөзі болмаса, олар бізге қайдан келеді? Əннің сөзі бол-
маса, қанша мықты əнші, композитор болса да, құр ыңылдай
бермейді ғой. Ең арғысы балетті алыңыз – би өнерін, оның да
сценарийі болады. Сондықтан, сөз өнері – бүкіл өнердің атасы.
Ал, «көркем əдебиеттің күні өтіп барады» дейтін білгіштерге,
мен Л.Фейхтвангердің: «Көркем əдебиет жас баланы саяси
қайраткерге дейін тəрбиелейді» деген сөзін алға тартқым келіп
отыр.
– Сіздің радио мен телевидениеден сөйлеген сөздері-
ңізде, БАҚ-та жарияланған мақалаларыңыз бен сұхбатта-
рыңызда ел өміріндегі өзекті мəселелерді өткір көтеріп
жүргеніңізден жəне қоғамдық жұмыстарға да белсене
қатынасатындығыңыздан хабардармыз. Бүгінде Сізді
қаламгер, қайраткер ретінде қандай мəселелер толғанды-
рады?
– «Жазушы өз халқының адвокаты» депті Л.Толстой.
Халқының жоғын жоқтайтын, аталы сөзге тоқтайтын қай аза-
мат болмасын толғандырар мəселелер аз болмаса керек. Көздің
қарашығындай сақтайтын, аялап, ардақтайтын қымбаттыла-
рымыз да аз емес. Ең қымбаттың – халқың, қазағың! Қазақ
хандығы жойылғаннан бері бодандықтың тауқыметін тартып,
сорлап келген сол қазақтың ғасырлар бойы аңсаған, бүгінде
қолы жеткен ең үлкен бақыты – Тəуелсіздік! Сосын сол халық
пен Тəуелсіздікке қызмет ететін Əдебиет пен Өнер, Ғылым
мен Мəдениет! Өркениетті елдер алдымен осыларға мəн бер-
ген, түрлі апаттан осыларды құтқарған. Екінші дүниежүзілік
соғыста күлден гүлге айналған Жапонияның құпиясы да осын-
да. Қандай қиын кезеңнің өзінде де бұл ел білімге, ғылымға оң
көзімен қарады. Жапонияда жақсы дəстүр бар: бір адам идея
айтса, соған арнайы ақы төлейді, материалдық жағынан ынта-
ландырады. Жаңаның бəрі идеядан туады. Сондықтан жапон
елі табиғат байлығы болмаса да ғылымы мен техника саласында
зор жетістіктерге жетті. Ал, еврей халқы қырық ғасыр қуғында
жүріп, мəдениетін, тілін, дінін жоғалтпады. Соның нəтиже-
сінде бүгінде дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы елдердің бірі
болып отыр.
Тəуелсіз Қазақстанымыздың іргесі берік, шаңырағы мықты
болу үшін басшы да, басқа да үнемі назарында ұстайтын тағы
бір мəселе бар. Ол – дін.
Жер бетіндегі тіршілік атаулының əрқайсысының пешене-
сіне Алланың бұйрығымен жазылған тағдыры бар əр тіршілік
иесінің өмірінде терең мəн жатыр. Əрбір шыбын-шіркей, əрбір
ағаш, əрбір жапырақ пешенесіне күні бұрын жазылып қойған
тағдыр жазуымен күн кешеді. Біздің тірі пенде болып, қыбыр-
қыбыр еңбек еткеніміз – өміріміз. Біреудің өмірінің мəні мүлде
мардымсыз болса, ал біреу өз болмысымен өмірді өзгерте
алады. Мұндай істі атқару – адамның құзырында. Сол үшін
Алла-тағала оған Ақыл, ой жəне оның балалары үшін болса
да, бақытты болашақ берген. Адамның жаны таза, ойы жарқын
болуға тиіс. Дін адамдарды адал болуға тəрбиелейтін қуатты
қару. Осы орайда Қазақстанның діни қайраткерлеріне үлкен
жауапкершілік жүктелген. Біздің кейбір діни қайраткерлеріміз
болса, өз керектерімен əуре, олар халық арасына жиі келмейді,
мешітке келгендердің қабағына қарап, көмек күткендермен
сырласпайды. Республикаға қайдағы бір миссионерлер мен
секта уағыздаушылары қаптап кеткен.
Ұлтты ыдырататын, ел іргесін сөгетін кеселдің ең ірісі –
жат діндерді тарату мен діндер арасындағы алауыздық екенін
Балкандағы соғыс, Пəкістан мен Үндістандағы қақтығыс,
діндегі алтыбақан алауыздық түбіне жеткен Сомали трагедия-
сы дəлелдеп берген жоқ па?! Осы орайда, Бисмарктің: «Ақыл-
дылар өзгенің қатесінен, ақымақтар өз қатесінен үйренеді» де-
ген сөзінің көрегендігін естен шығармаған жөн-ау. Өзге діннің
алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кеш-
кен қандастарымыздың күрмеулі тағдыры дабыл қағатын кез
жеткенін айтып-ақ тұр.
Қазақстандағы 50-ге жуық конфессия, 2 мыңнан астам діни
бірлестіктер жас ұрпақтың санасын улап, сүттей ұйыған ұлтты
іріте бастаса, онымен де қоймай, Алматының іргесіндегі Бере-
ке ауылы сынды жұмақтарымызды сатып алып, өз жерімізде
өзіміз өгей бола бастасақ – мұны жүрекке қадалған жебе деп қа-
рау керек. Жүрекке қадалған жебені суырып тастап, қансыра-
ған денені тезірек емдеу керек. Бұған мемлекет пен халықтың
барлық күші мен барша мүмкіндігі жұмылдырылуы шарт. Он-
сыз оның соңы орны толмас өкінішке айналары сөзсіз.
Дүниенің тылсым сырларын ұғып, ғарышқа самғап адамзат
Жер атты планетамыздағы бақыттың кілті – ұлтаралық келісім
мен татулықта, бейбіт қатар өмір сүруде екенін əлі ұға алмай
келеді. Діндер тату болса – халықтар да тату.
Дін – ілім, ғылым. Меніңше, дінтану пəнін мектептердің
жоғары сынып бағдарламаларына енгізген жөн.
Біз əлі кеңестік дəуірдің жансыз, жалған ұрандарынан
ажырамай келеміз. Соларды Құран сөзімен ауыстырудың еш
əбестігі жоқ. Өмірдегі тағылымды пікірлердің дені қасиетті
діни кітаптардан алынғаны белгілі. Құран сөзінің адамға əсер
ету күші, жастар үшін тəрбиелік мəні аса зор.
Қазақ тілінде шығып жатқан діни əдебиеттер ала-құла,
бірізділік жоқ. Бір ұғым, бір қағиданың өзін əр кітап əрқилы
түсіндіреді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
жанынан білікті топ құрып, басылатын кітаптарда діни
қағидаларды бұрмалауға, қате түсіндіруге тосқауыл қою
керек. Бір шектен екінші шекке шығып кетуден де сақ болу
керек. Кеңестік кезеңінде бəрі де мемлекет меншігінде болды,
бүгінде бəрі жекешеленіп кеткен.
Нарықтық қатынаста дамып келе жатқан АҚШ-та мем-
лекеттің меншігі 24, Францияда 44, Англияда 53, Қытайда
90 пайыз болса, бізде 7 пайыз ғана. Оның үстіне біздегі мен-
шік иелерінің басым бөлігі шетелдіктер. Бұл да қатты ой-
ланатын мəселе.
Біздегі биліктің де, оппозицияның да жете мəн бермей
жүрген мəселесінің бірі – ұлттық рух, тіл мəселесі. Ұлттық
мүдделерге басымдылық беру, ана тілінің мерейін өсіруге бас-
шылар да, басқалар да жете мəн беретін кез жетті.
Бұл жерде мынаны ескеру қажет. Кейбіреулер қазақ тілі
жұтаң дегенді алға тартады. Бұл – білместікпен айтылып жүр-
ген əңгіме. Қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі.
Оған мысал көп. Бір ғана жылқы туралы сөздерге тоқталайық.
Орыста жылқы туралы оншақты ғана сөз, ал бізде ол туралы
жүздің сыртында сөз бар. Құлыншақ, тай, құнан, дөнен, бесті
дейді солай кете береді.
В.Радлов «Мен дүниежүзінде үш ұлы тілді білемін» деп,
үш ұлы тілдің қатарына орыс тілін, француз тілін, сосын қазақ
тілін жатқызған. Біздің шенеуніктеріміз Радловтан мықты емес
шығар.
Осыдан 150 жыл бұрын əлемде 15 мың тіл болған екен,
бүгінде 5 мың ғана тіл бар. ХХІ ғасырда осының 100-і
ғана мемлекеттік болады деген болжам бар. Оның бəрін
неге айтып отырмын. Біздің қазақ тіліне үлкен қатер
төніп тұр. Соны сақтау үшін не істеуіміз қажет? Меніңше,
Мұхтар Шаханов бас болып жүрген «Мемлекетітк тіл
қозғалысын» қолдауымыз керек. «Сөзі жоғалған халықтың
өзі де жоғалады» депті Байтұрсынов. Тіл жоғалса, ешқандай
тіршілік болмайды. Тілді дамытудың бірнеше жолдары бар.
Ең алдымен мен тіл полициясын құру керек дер едім. Тіл по-
лициясы барлық мекемелерді барып тексеріп, айыппұл салып,
қозғау салып жүрмесе болмайды. Екіншіден, шенеуніктердің
бəрін жұмысқа алғанда қазақ тілін білмесе, қабылдамау керек.
Ол ең үлкен талап болуы қажет. Осындай нақты шараларды
іске асыру қажет-ақ. Өйткені, басқа тілдер өліп жатқан жоқ,
олар өліп бара жатса, өз Отанына барып күн көреді. Ал қазақ
тілі қайда барып күн көріп, қайда барып дамиды. Оның бір ғана
Отаны бар, ол – Қазақстан. Осыны қатты ескеруіміз қажет.
Осы жерде айта кететін нəрсе – тілімізді жүдетпеуіміз керек.
Бізде бір орыс сөзі бола қалса, міндетті түрде соған балама іздей
бастаймыз. Сөйтіп, жұтаңдықты өзіміз қолдан жасап жүрміз.
Мысалы, роял, пианино, фортепиано дегендердің бəрін ал-
ып келіп күйсандық дей салсақ, ұтамыз ба, ұтыламыз ба?
Меніңше, жұтаңдыққа осылай аяқ басамыз. Олар өзі қалыпта-
сып, тіпті кірігіп кеткен сөздер ғой. Əрқайсысының өз айыр-
малары бар дегендей. Жалпы, тіл, сөз деген тарихтан да ха-
бар беретін дүние. Оның шығу тарихы төркіні болады. Сол
арқылы тарихтан да мағлұмат аламыз. Тілімізге ерекше көңіл
бөлмейінше, ісіміз алға баспайды, онсыз біз жеке ұлт, жеке мем-
лекет бола алмаймыз. Сондықтан, тіліміз мемлекетіміздің тіре-
гі болуы керек. Көп ұзамай соған қол жетер деген сенімдемін.
– Сəбит аға, енді, əдебиет, мəдениет саласындағы проб-
лемаларға қатысты ой бөліссек.
– Құдайға шүкір, бүгінде еліміздің экономикасы өсті. Бір
кезде мұнайдың бір баррелі 9 доллар еді, қазір 50 долларға жет-
ті. Соның өзінде де біз əлі көп нəрсені жасай алмай отырмыз.
Мəселен, соғыс кезінде ашылған Қаныш Сəтбаев іргетасын
қалаған, одақ бойынша үлкен де мықты академияның бірі болған
Ұлттық Ғылым академиясының халықтың тұрмысы түзелген
кезде өзінің статусынан айрылып, қоғамдық ұйымға айна-
луы қателік деп ойлаймын. Өкініштісі, академияны қоғамдық
ұйымға айналдыру туралы ұсынысқа біздің академиктеріміз-
дің бəрі қол қойыпты. Жалғыз Айтжан Абдуллин ғана бас
тартқан. Бұл ұсынысты айтқан зиялы қауымның өздері де кінə-
лі. Нобель сыйлығының лауреаты, академик Жорес Алферов
Лев Арцимовичтің: «Дін мен Ғылым академиясын реформа-
лауға жатпайды» деген сөзін жиі қайталайды.
Мəдениет туралы заң қабылданайын деп жатыр, оның жо-
басы газеттерде жарияланды. Жалпы алғанда, бұл заң керек,
тұтас алып қарағанда, дұрыс жасалған заң. Бірақ, осы заңның
бірнеше кемшілігі бар. Біріншіден, мұнда шығармашылық
одақтар заңмен қорғалмаған, олардың статустары айтылмаған.
Бір ғана мысал. Кеңес өкіметі кезінде «Жазушылар одағы»
деген мəртебесі болған. Соған байланысты оның өзінің
баспасөз орталығы болды да, оған мемлекет қамқорлық
жасады. Ал қазір ол бар-жоғы қоғамдық бірлестік болып
қалды. Төмендегені соншалықты, ит өсіретін кинолог-
тар қоғамы деген сияқтылармен бірдей болып тұр. Ол
түбірінен қате. Жазушылар одағы – бүкіл шығармашылық
одақтардың қара шаңырағы. Мүмкіндік болса, барлық
шығармашылық одақтарды, ол қиын болса жоқ деген-
де Жазушылар одағының өз мəртебесін қайтарып оны
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру керек. Қалай де-
сек те сол күйінде қалдыруға болмайды. Бізден экономикасы
əлдеқайда төмен Қырғызстанды алыңыз. Солардың өзі өздері-
нің Жазушылар одағын қайта біріктіріп, мемлекет қамқорлы-
ғына алды. Ол жайдан-жай істеліп отырған іс емес.
Кеңес үкіметі кезінде əдебиетті насихаттау бюросы ашыл-
ған-ды. Меніңше, Үкімет қаулысымен осы бюроны қайта
дүниеге əкелу керек. Сонда Үкімет бір оқпен екі қоян ата-
ды. Ол үшін ешқандай ақша кетпейді, оның штатында бар-
жоғы 4 – 5 адам жұмыс істейді. Оның есесіне біздің жазу-
шылар іссапарларға шығып, шаруа қожалықтарымен, зауыт-
фабрикалармен келісім-шарт жасап, оқырмандармен кездесе-
ді. Əдебиет халыққа жақындайды жəне Үкіметке қаржы түседі.
«Қазақ əдебиеті» газеті мен «Жұлдыз», «Простор» жур-
налдарына Қазақстан Жазушылар одағы құрылтайшылардың
бірі. Оларды құр тіркей салған, оларда одақ басшылығының
ықпалы жоқтың қасы. Сондықтан Жазушылар одағының өзінің
баспасөзі, баспасы болуы керек. Жеке баспалар есебінен
əдебиетте сұрғылт тасқындар көбейді. Кімнің қалтасы қа-
лың, кез келген кітапты шығарып жатыр. Ал, енді Жазу-
шылар одағының баспасы болса, баспасөзі болса, соның
жанынан кеңес құрып, нашар шығармаларды сүзгіден
өткізіп, талқылап отырар еді. Бұл орайда Нұрлан Оразалин-
ге рахмет айтуымыз қажет. «Əдебиет айдыны» газеті дүниеге
келіп отыр. Əдеби газет қанша болса да көптік етпейді. Мыса-
лы, Ресейде қаншама əдеби-мəдени газет бар, қаншама сыйлық
бар. Олар соның өзін азсынып отыр. Жазушылар одағын сынап,
басшыларын тобықтан қаға бергеннен іс оңға баспайды. Көп
болып қолдағанда ғана оның жұлдызы жанады. Президентіміз
мəдени мұра туралы бағдарлама қабылдады. Осыған бө-
лініп жатқан қаржы қайда кетіп жатыр, қандай жұмыс
істелуде, соның алғашқы қарлығаштары көрінуі керек
қой. Ол əлі жоқ. Бізде Президент жақсы бастамалар бастайды,
қалғандары жалғастыра алмай жарты жолдан тастайды, іліп
əкету жоқ.
Айта берсе əңгіме көп. Мəселен, кейбір елдерде мынандай
тəжірибе бар. Жақсы жазып жүрген белгілі жазушыларды,
жақсы жобаларды үлкен өндіріс орындарына бекітеді. Солар-
дың стипендиаты болады. Бізде қуатты өндіріс орындары
көп. «Қазмұнайгаз» дейсіз бе, «Кегок» па, «Қазақстан темір
жолын» алыңыз – бəрі мықты. Солар кейбір жазушылармен
шығармашылық байланыста болса, екі жақты пайда болар еді.
Біріншіден, жазушы солардың өмірінен кітап жазар еді, мақа-
лалар жазар еді. Бұл жазушыларға да тиімді. Іссапарға шығады,
шығармашылығымен айналысады.
Қазіргі таңдағы тағы бір маңызды мəселе – кітаптың тира-
жы. Қазір өзің кітап жазып отбасыңды асырай алмайсың. Ең
төзгісіз нəрсе де осы. Еңбекақы алмай, тегін жұмыс істейтін
бір категория адамдар бар бізде. Ол – осы жазушылар. Кітабын
өз ақшасына шығарады, өзі сатып күн көреді. Бұл өзі тірлік
болмайтын нəрсе. Өткен жылы үкіметтің ақшасымен менің
бір кітабым шықты екі мың данамен. Онысына рахмет. Бірақ,
оны тек кітапханаларға жіберді. Бізде өзі 12000-дей кітапхана
бар екен. Қаншама мектеп кітапханасы бар десеңізші. Сонда
екі мың дана деген не болады? Жарайды, алғашқы жылдары
еліміздің экономикасы əлсіз делік, оған көндік. Қазіргі жағдай
басқаша ғой. Осындай жағдайда кітапты екі мың данамен
шығару деген өте əділетсіздік. Менің ұсынысым – мемлекет
кітап шығарудың қаржылай жағын өзі мойнына алуы қажет.
Кітап оқушыға жетуі керек, тиражды көбейту қажет.
Негізі, Кеңес өкіметін түгел жоққа шығарып тастағанымыз
дұрыс емес. Оның өзі біздің өткен тарихымыз, жүріп өткен
жолымыз. Оның жақсы жақтарын сақтап қалуымыз керек.
Мəселен, кеңес өкіметі тұсында кітап саудасымен бірнеше
қуатты мекемелер айналысты. «Қазақкітап», Тұтынушылар
одағында үлкен басқарма болды, сосын «Союзпечать». Қазір
осы үшеуінің орнына, ең болмаса Мəдениет министрлігінің жа-
нынан үлкен департамент құру керек. Бұл өзі қаржы жағынан
да өзін-өзі ақтайтын нəрсе. Тағы бір айтатын нəрсе – «Мəдени
мұра» бағдарламасы бойынша шығарылатын кітаптарға, та-
ғы сол сияқты жүйелі түрде шығатын кітаптарға жазылу жүр-
гізілуі керек. Сонда мемлекетке ақша да түседі, халыққа кітап
та жетеді. Өйтпеген жерде, екі мың, үш мың тираж деген не
болады? Осының бəрін бір жүйеге келтіру қажет.
Əдебиетке байланысты əңгіме өрбісе, жазушыларға де-
ген қамқорлық туралы айтқым келіп тұрады. Мемлекет тара-
пынан жасалуы тиіс қамқорлық өз алдына, жазушыларымзға
деген меценаттардың көмегі қайда? Бізде, құдайға шүкір,
бай-алпауыт шенеуніктер де аз емес қой. Мұндай байланыс
алпауыттардың өздеріне де пайдалы болар еді.
Негізі, бізде қазақша кітап оқитын шенеуніктер аз. Мен
өзіме бір жаңалық аштым. Мына Жоғарғы соттың төрағасы
Қайрат Мəми əдебиетті жақсы көретін жан екен. Қазақ
кітаптарын оқып, қазақ жазушыларына қамқорлық жасап
жүргеніне, тəнті болдым. Сол сияқты Бекзəкір Құралбаев
есімді іс адамы жазушыларға да, газеттердің таралуына да
үлкен көмек көрсетіп келеді. Осындай азаматтарымыздың бар
екенін атап айтуымыз керек. Бекзəкір Құралбаев шетелден кел-
ген оралмандарға өз қаржысына 30 үй салып берді. Өкінішке
қарай, осындай шенеуніктер аз. Басын ашып айтатын нəрсе –
жазушыға жасаған қамқорлық əдебиетке, мəдениетке жасаған
қамқорлық. Сол арқылы олардың өздері де тарихта қалады,
Ілияс Жансүгіровтің «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі
қайдан алар кемеңгерді» дегені əрқайсымызға да ой салуы
керек. Ахмет Байтұрсынов соңғы сөзінде «Мұхтар Əуезовті
сақтаңдар!» депті. Көрдің бе, біздің бұрынғы ағаларымыз
қандай болған! Негізі, күнделікті жоқшылықтың орнын
толтыруға болады, алайда рухани жоқшылықтың орнын тол-
тыру деген қиын нəрсе.
– Сəбит аға, осы сіздің «Жиырмасыншы ғасыр» роман-
эпопеяңыздың бірінші кітабы шыққанда Мəскеуде қызу
талқыланып, жақсы бағаға ие болғанын білеміз. Алайда,
біздің өзімізде ондай əңгіме болған жоқ. Осының астарын-
да не жатыр деп ойлайсыз?
Қолжазба баспасының жабық рецензиясынан өтіп, кітап
болып басылып шыққан соң, олар «бұл шығарма үлкен
тақырыпты қозғаған ерекше дүние екен, бұны біз талқылайық»
деп үш ұйым – «Советский писатель» баспасы, М.Горький
атындағы Бүкілдүниежүзілік əдебиет институты, Жазушылар
Одақтарының халықаралық қауымдастығы бірлесіп, осыған
байланысты Халықаралық конференция өткізейік деген ше-
шімге келеді. Сонымен сол Халықаралық конференция 2004
жылдың 5 ақпанында Мəскеуде Жазушылардың Халықаралық
Қауымдастығының тарихи конференц-залында өтті. Енді мы-
на кереметті қараңыз: Мəскеу бұл кітапты жүз жазушыға та-
ратып берген. Олардың ішінде енді олқысы жоқ, Лениндік
сыйлықтың лауреаттары, атақты прозашылар, ғылым доктор-
лары, сыншылар.
Сол жүз адамның бəрі оқып шыққан, талқылауға солардың
сексені келді, соның ішінде жиырма бірі сөйледі. Тіпті, жасы-
на, жағдайына байланысты келе алмай қалғандардың өзі факс
жіберіп, хат жазып, өздерінің пікірлерін білдірді. Солардың
бəрі де «Бұл Қазақстан үшін де, Ресей үшін де оқиға» деп
атап көрсеткен баяндамашы, академик Ф.Кузнецовтың пікірін
қостады. Ал, бізде əңгіме болмағаны ұлттық менталитетімізден
болар.
– Бүкіл бір ғасырдың тарихын көркем шығарма тілімен
өрнектеймін деген ойыңыз дұрыс. Оны енді уақыт көрсете
жатар. Дегенмен, мына бұрынғы көркем шығармаларда,
көбіне, қазақ надан, сауатсыз кейіпте көрініс тауып жа-
татын еді, сіздің романыңызда оған барынша тосқауыл
қойылатын сияқты.
– Менің арманым – бірнеше ұрпақтың тағдыры арқылы
соңғы жүз жылдың көркем шежіресін жасау. Столыпиннің
реформасынан кейін Ресей мен Қазақстанның арасындағы
қатынас шиеленісе түсті. Қазақ жеріне қарашекпенділер
қаптады. Қазақ зиялылары осыған байланысты үлкен күрес
жүргізіп, жанкештілік көрсетті. Халқымыз жеріміздің шұрайлы
жерлерінен айырылып, тілімізге қауіп төне бастаған еді. Бұл –
нақты тарихи факті. Бұл шамасы Əлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынұлы – бəрі бірге дайындалған сөз болуы керек. Онда
патшаның жүргізіп отырған отарлау саясатын айыптаған. Мы-
на қызықты қараңыз – Владимир Ильич Ленин сол сөзден ци-
тата келтіре отырып, қолдаған. Негізі, біз өзі бір шектен екін-
ші бір шекке шыға беретін халықпыз. Бір кезде Ленинді пай-
ғамбардай көріп, көкке көтердік. Біздің əдетіміз – не көкке
шығарамыз, не жоққа шығарамыз. Жалпы, осы Ленинді бір-
ыңғай жамандай бергеніміз дұрыс емес. Неге десеңіз, ол біз-
ге – қазаққа көп жақсылық жасаған адам. Оған мысал ретінде
кезінде шекара сызығын белгілегенде, қазақ зиялыларының
сөзін тыңдап, қазақтың пайдасына шешкенін айтсақ та жет-
кілікті.
«Жиырмасыншы ғасыр» романындағы негізгі өзектің бі-
рі – екі халықтың трагедиясы, орыс пен қазақ халқының ара-
сындағы қатынас. Ол ылғи тəтті болған жоқ, ол драмалық, кейде
тіпті трагедиялық халге дейін барды. Бұл, қазақ əдебиетіндегі
ақтаңдақ беттер. Соған алғашқы соқпақ салынды. Шығарма
концепциясын осыдан көруге болады. Кезінде екі халық та
көп қиындық көрді, ешқайсысына оңай тимеді. Тағы бір жаңа-
лық – Кеңес өкіметінің кезінде мен байлардың образын жазба-
дым. Жазып көріп ек, онымызды цензура жібермеді. Сондай бір
жаман əдет болды. Сол кезден бері менің бір арманым бар еді,
қазақтың көзі ашық, оқыған бір байын сомдап көрсетсем деп
жүретінмін. Байлықтың өзі оңайлықпен келмейтін нəрсе ғой,
оны ұстап отыру үшін де ақыл керек. Осыны мен Нұрдəулет
қажыға ғана барып қоймайды, ал орысша біледі, шет тілін
біледі. Өзі Ахмет Байтұрсыновпен дос, екеуінің балалық
кездері бірге өткен. Қазақ даласына қаптап бара жатқан қара-
шекпенділерге қарсы күресте əлгі петицияға қол жинайды. Пе-
тицияны жазысып, қайнаған күрестің ортасында жүреді. Бұл
өзі – трагедиялық образ. Əкесі патша армиясының полковнигі
болған. Өзі де патша армиясының офицері. Бір жағынан ол
антқа адал, Ресейге біраз уақыт сеніп жүреді. Өзі əрі бай. Əйтсе
де бір-ақ күнде кедей болып шыға келеді, жерінен айырылып.
Қазақ жерін патша өкіметі мемлекеттік меншік деп жариялап,
оған қарашекпенділерді қаптата бастаған еді. Оның траге-
диясы, бірінші, патшаға сенді, соған қызмет етті. Одан кейін
Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтармен қосылып, пат-
ша өкіметіне қарсы шығып, петицияны жазды. Алашорданы
құрысқандардың бірі болды. Кеңес өкіметі Алашордаға кешірім
жасаған соң, ол халық ағарту комиссариатында істейді. Екінші
айтатын нəрсе Нұрдəулеттің өзінің махаббатттар трагедиясы
да бар. Ол Айжанға ғашық, бірақ оған қосыла алмайды. Бұрын
бізде қазақ əдебиетінде бай болса болды, оның бəрі надан,
ақылсыз болып келеді. Ал, мен қазақтың байының кеңпейіл,
инабатты да жан-жақты сауатты, орыс оқығандарымен терезесі
тең дəрежеде сөйлесе алатын адам екендігін көрсетуге күш
салдым.
Кезінде қазақ əдебиетінде əйел образы да, көбіне, біржақты
көрсетіліп келді. «Жиырмасыншы ғасырдағы» Айжанның көзі
ашық, сауатты қыз. Ол гимназияны бітіріп, 1900 жылдары
Франциядағы Сарбон университетінде оқиды. Сол оқу орнын
бітіріп, үлкен ғалым болады. Надежда Крупскаямен, Клара
Цеткинмен кездесіп, 1926 жылы болған Шығыс əйелдерінің
слетіне қатынасады. Мұның өзінің тарихи негізі бар. Қазан
төңкерісіне дейін мұндай əйелдер сирек болса да болған. Мен
мұндай образдар арқылы қазақ халқының тегі бар екендігін,
біздің мəдениетіміздің жоғары деңгейдегі көне мəдениет
екендігін, біздің ешкімнен сорлы емес екенімізді көрсетуге
талпындым.
– Сіз осы əңгімелеріңізде Сəбит Мұқановты көп айтып
жүресіз. Өзіңізді Сəбеңнің шəкіртімін деп есептейсіз. Сіздің
соңыңыздан ерген шəкіртіңіз бар ма? Жалпы, осы бүгінгі
шəкірт мəселесіне қалай қарайсыз?
– Мен өзі аспаннан да, жерден де құлап біраз жолым болма-
ғанмен, адамдардан жолым болған адаммын деп есептеймін.
Менің ұстаздарым да сондай мықты, данышпан адамдар бол-
ды, жолдастарым да жақсы. Мен Мұхтар Əуезовтің дəрісін
тыңдадым. Сəбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден
Мұстафиннің – осы үш алыптың сүйікті шəкірті болдым. Жиыр-
ма жеті жасымда өзіме үлкен абырой əперген «Аруана» повесін
жаздым. Сол «Аруана» повесін Мұқанов пен Мүсірепов оқып,
Сəбең Əдебиетке үлкен талант келді деп мақала жазған бола-
тын. Олардың бір қасиеті – ерінбей шығармаңды оқып, пікір
айтатын. Маған ол кісілер материалдық жағынан да көмек-
тескен еді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей,
үлкен ақсақалдардан көп қамқорлық көргеннен кейін мен де
жастарға бей-жай қарай алмаймын, қолдан келген көмекті жас-
тардан аяған жерім жоқ. Адам ұстаздан үйреніп, шəкіртпен
өседі.
– Əңгімеңізді тілекпен түйіндесеңіз?
– «Люди созданы для совместной жизни, поэтому долж-
ный нравится друг-другу» депті Шарль Монтескье. Адамдар
бір-біріне көлеңкесін де, сəулесін де түсіреді. Аспандағы Ай
мен Күндей айналаңа үнсіз сəуле шашып тұрғанға не жетсін.
Адамдарға жақсылық жасаудан артық бақыт бар ма? Бір-бірі-
мізге жақсылық жасауға асығайық.
Чем больше отдам я людям
Тем богаче я становлюсь, –
дейді менің Ташкенттегі қаламдас досым Рамз Бабаджан. «Ал-
ған емес, берген жомарт» деген халық даналығы тағы бар.
Адам бойында асыл қасиеттер көп. Ал, осы асылдардың бəрін
ашатын құдыретті күш – мəдениет. Мəдениетсіз болашақ жоқ.
Бұл ойымды Үлкен театрда жарты ғасыр жемісті жұмыс істеп,
екі жүз спектакль қойған, талантына Станиславский, Шоста-
ковский, Прокофьевтер тəнті болған, жақында В.В.Путин та-
ғы да Мемлекеттік сыйлық тапсырған ұлы режиссер Борис
Покровскийдің мына бір пікірімен түйгім келіп отыр. Ол бүй
дейді: «Если не будет у нас достойного искусства, не будет и
страны. Никакая экономика, никакая политика – ничто, кроме
подлиной культуры, не поможет нам поднять голову».
– Əңгімеңізге рахмет.
«Əдебиет айдыны», 21.04.2005 жыл
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ
ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА
Өткен апта Қазақстан халқын ғана емес, сонымен бірге
шетел жұртшылығын да елеңдеткен оқиғаларға толы бол-
ды. Жалпы, өз тəуелсіздігін алған аз ғана мерзімнің ішінде
нық сеніммен алға басып бара жатқан Қазақстандағы əрбір
іс-шараларға шетелдіктердің үлкен ынтамен ден қойып
отырғаны байқалады. Оған алыстан дəлел іздемей-ақ, 14 –
16 маусым аралығында «Қазақстан инвестициясының жаңа
толқынын тартуда белсенді ету жəне тұрақты өсу стратегия-
сы» деген тақырыпта Алматыда өткен Халықаралық бизнес-
конференциясы мен Қарағандыда өткен Қазақстан Республи-
касы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің
13-жалпы отырысында қозғалған əңгімелерден-ақ аңғаруға
болады. Бизнес-конференцияда, мəселен, əлемдік саясаттың
тамырын дөп баса алатын үлкен саясатшы, Азия қоғамның
қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ричард Халбург Қазақстан
Азияда экономикасы қарқынды даму жолына түскен ел ретінде
танылып, инвестицияның жаңа толқындарын тартуға əзір де-
ген ойын ашық айтты. Дəл осындай ой-пікірлерді Қарағандыда
өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысында
болған əңгімелерден де аңғару қиын емес. Мысалы, мəжілісте
сөз кезегін алған еуропа Қайта құру жəне даму банкінің прези-
денті Жан Лемьер Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі
рөлін жоғары бағаласа, «Коч Холдинг» компаниясының прези-
денті Мустав В.Коч өткен он жылда біздің еліміздің тамаша
экономикалық прогреске қол жеткізгенін жəне өсудің өңірлік
қозғаушы күші болып келе жатқанын тілге тиек етті. Шетелдік
инвесторлар туралы сөз қозғағанда, алдымен, өз еліміздегі
жағдайларға да көңіл бөле кетпеске болмайды. Жалпы, ше-
тел инвестициясын тартуда 2000 жылға дейінгі жəне одан
кейінгі деп екі кезеңге бөліп қарауға болады. Тəуелсіздік ал-
ған алғашқы жылдары Қазақстан болашағына алаңдаумен
қараған талай инвесторлар бүгінде саяси жəне экономикалық
жағынан тұрақтылыққа қол жеткізген біздің елімізге қаржы
салуға нық сеніммен кірісіп келеді. Бұл жерде еліміздегі саяси-
экономикалық тұрақтылықпен бірге инвестиция тарту жəне
оны қорғауға байланысты 20-дан астам заңның бар екендігі
де өз ықпалын тигізіп отырған сияқты. Осындай жақсы жағ-
дайлардың арқасында 1993 жылдан бастап қазіргі күнге дейін
елімізге келген тікелей инвестициялар көлемінің шамамен 40
миллиард доллар құрап отырғанын айта кеткен лəзім.
Қазақстанның əрбір басқан қадамына үлкен ықыласпен
зейін қойып отырған «Мудис» халықаралық рейтинг 2002
жылы, «Фитч» халықаралық рейтинг агенттігі 2004 жылы біз-
дің елімізге ТМД елдері арасында бірінші болып инвестиция-
лық класс рейтингін берді. Ал, Бүкілəлемдік Банк Қазақстанды
2003 жылы инвестиция салуға неғұрлым қолайлы жиырма
мемлекеттің қатарына қосқан болатын.
Бүкіл əлемді мұнай саласындағы жағдай қатты алаңдататы-
ны белгілі. Бұл, əрине, Қазақстанға да тікелей қатысты. Осы
тұста «Фитч» халықаралық рейтинг агенттігі сарапшыларының
Қазақстан экономикасы мен мемлекеттік қаржыларының мұ-
най секторының қысымына жəне əлем рыноктарындағы мұнай
бағасының өзгеруіне төтеп бере алатындай неғұрлым қолайлы
жағдайда тұрғандығын атап көрсеткенін ауызға алған жөн.
Шынында, Қазақстанда соңғы бес жылда ішкі жалпы өнімнің
өсуі 50 пайыздан асып түсті. Тек өткен 2004 жылы ғана ол 9,4
пайызға артқан. 2004 жылдың қорытындылары бойынша негіз-
гі капиталға салынған инвестициялар көлемі он миллиардтық
межеден асып, 1 триллион 530 миллиард теңгені құрады. Бұл
шетелдік инвесторлар кеңесі құрылған 1998 жылғыдан 6 есе
дерлік, ал 1993 жылғы көрсеткіштен 200 есе көп.
Соңғы уақытта өңдеуші сектордағы инвестициялық қызмет
жанданып келеді. Қарағандыда өткен Шетелдік инвесторлар
кеңесінің үлкен жиынында оны Қазақстан Президенті Нұр-
сұлтан Назарбаев арнайы атап өтті. 1998 жылы өңдеуші өнер-
кəсіптегі негізгі капиталға салынған инвестициялар 44 мил-
лиард теңге болса, 2004 жылы ол 150 миллиард теңгеге дейін
көтерілді. Шетелдік тікелей инвестицияларға қатысты жағдай
да осыған ұқсас. Мұның бəрі Орталық Азия аймағындағы
Қазақстанның алып отырған өзіндік орнын көрсетсе керек.
«Əдебиет айдыны», 23.06.2005 жыл
ТЕАТР – ИМЕНЕ БАСЫП КІРЕТІН ТӨР
Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық
Балалар мен жастар театрының көркемдік жетекшісі,
Қазақстанның халық əртісі Тілектес МЕЙРАМОВПЕН
сұхбат
– Тілеке, тура театр ғимаратының іргесінен мейрамха-
на салынып, біраз шу шығып еді, мəселенің аяғы жақсы
шешіліп, көңілдеріңіз жай тапқандай болды ма, қалай?
– Иə, бұл мейрамхананы кезінде біз үш ай бойы салғызбай
отырған едік, кейін шамамыз жетпей қалды. Алдыңғы уақта
түнде күзет қойған кезіміз де болған. Өзіміздің қызметкерлері-
міз кəдімгідей күзетіп жүрді. Сол кездері аты-жөні белгісіз бір
кісілер келіп, біздің бұл əрекетімізден бəрібір ештеңе шық-
пайтынын айтып, үгіттегендей болып жүрді. Біз олардың да
еш кінəсі жоқ екенін білдік, əрине. Олар жəй, берілген тапсыр-
маны орындаушылар ғана болатын. «Біздің ешқандай кінəміз
жоқ» деп, олардың өздері де уəждерін айтқандай болды. Біз
сол екі-үш айды пайдаланып, осындағы аудандық əкімшілікке,
қалалық əкімшілікке, министрлікке хат жазып, хабарласып,
қайта-қайта дабыл қағып, мəселе қойып жүрдік. «Тура жастар
театрының іргесінен мейрамхана салу деген өте орынсыз нəр-
се» деп хат жазбаған, бармаған жерім қалмады десем де болады.
Жазған хаттарымның ешқайсысына жауап болмады. Соңында,
бейресми түрде деуге болады, осында бір лауазымды кісілер
келіп, «Қоя қойыңдар, бұл сендердің шамаларың жетпейтін іс.
Арызданып, шағымданып, əуреге түспей-ақ қойыңдар» деген
соң, амал жоқ, біз де тісімізді қайраған күйі ернімізді тістелеп,
бейшаралық жағдайға түсіп қалған болатынбыз. Сөйтіп, тез
арада мейрамхана бой көтеріп, салынып бітті. Сол күндердің
бірінде театрымыздағы жаңа спектакльдің біріне Алматы қала-
сының жаңа əкімі Иманғали Тасмағамбетов келе қалды. Ол кісі
енді, еліміздегі мəдениет пен өнерге үлкен қамқорлық таны-
тып жүрген шын жанашырымыздың бірі ғой, театрымыздың
басына түсіп отырған мына жағдайды өз көзімен көріп, басын
шайқады. «Мына жөнсіздікті тоқтатпаса болмайды» деп кет-
кен еді айналасы бір айға жетер-жетпес уақытта мейрамхана-
ны қайтадан бұздырып тастады. Біздің ғана емес, театр айнала-
сында тұратын тұрғындардың да қуаныштарында шек жоқ. Ол
үшін, əрине, қала əкіміне шын жүректен рахметімізді айтамыз.
Қазір ол жерде балаларға арналған демалыс орны, кішкентай
қалашық пайда болды. Шынын айтсақ, театрымыздың да сəні
кіріп қалды.
– Өздеріңіз жаз бойы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқ-
тап, жаңа бір ғимаратқа кіргендей болып қалдыңыздар-ау
деймін?!
– Бұл өзі жұмыстың екінші кезеңі. Бірінші кезеңін былтыр
қолға алғанбыз. Театрдың коммуникациясы, жылу жүйесі,
өрттен сақтандыру деген жұмыстардың бəрін өткен жылы қол-
ға алып, түгел қалпына келтіріп шыққанбыз. Сөйтіп, оған
бөлінген 100 миллион түгел игерілді. Биылғы күрделі жөндеу
жұмыстарына 156 миллион теңге бөлінген болатын, бірақ қала-
мызға жаңа əкім келуіне байланысты жұмыс жоспары қайта бір
қаралып, біраз өзгерістер енгізілді. Біз алдында театрымызда-
ғы жұртқа көрінбейтін жұмыстарымызды жөндеп, бітіріп ал-
сақ деген болатынбыз. Ал, мына залды, сахнамызды, оның ме-
ханикалық жүйелерін, театрдың фойесін, айналасын түгел ке-
лер жылға, театрымыздың 60 жылдығы қарсаңына қалдырып
отырған едік. Əдемілеу жағы қашпас, алдымен ел көзіне түс-
пейтін жұмыстарымызды қолға алайық дедік қой. Себебі,
жөндеу жұмыстарының үшінші кезеңіне 200 миллион теңге
бөлінген болатын. Мына əдемілік, сəндік жағының бəрін сол
театр мерейтойының қарсаңына қалдыруға шешім қабылдаған
едік. Алайда, қала əкімінің көмектесеміз деген уəдесіне байла-
нысты жұмыс жоспарына біраз өзгерістер енгізіп, соның нə-
тижесінде театрдың сырты мен ішкі көрінісі адам танымастай
өзгеріп шыға келді. Бұл жерде қала əкімі көмегінің көп тигенін
айтпай кету орынсыз болар еді. Демеушілер табылып, қаржы
бөлініп, нəтижелі жұмыс болды. Иманғали Тасмағамбетовтің
өзі жеке қадалауға алып, тіпті аптасына екі рет келіп көріп тұр-
ды. Соның арқасында театр қазір қаламыздың ең бір көрікті
жеріне айналып отыр. Ішкі жағдайы да жақсарып, керемет
сəнді орынға айналды. Турасын айтқанда, театрға адам имене
басып кіретіндей дəрежеге жетіп отыр. Театрымыз жаңарып,
сəні кірді, енді көрерменді өнерімізбен тəнті ете білуіміз керек.
Театр өзі солай болуы керек те. Бір кездері жұртшылық театрға
емес, базарға келгендей, қалай болса солай жүріп-тұрып, қандай
болса сондай киіммен келіп, алабажақ күй кешкенбіз. Оған бай-
ланысты, шынын айтсақ, көрермендерімізді де кінəлаған бо-
латынбыз. Онымыз дұрыс емес. Көрермендерден бір нəрсені
талап ету үшін, алдымен, театрдың, өзі соған лайық болуы ке-
рек. Əңгіменің орайы келіп тұрғанда бір оқиғаны айта кетейін.
Осы театрға мен алғашқы келген кезде, 2002 жылы ғой, театрға
келген көрермендерімізге – балалар алдына шығып, мен біраз
əңгіме айтқан едім. Театрға адамның қалай болса солай келе
салуына болмайды. Адамда ішкі дайындық болуы керек. Ішкі
дайындық өз алдына, адамның сыртқы көрінісі де дұрыс болуы
керек. Ұлдар жағы костюм-шалбар, галстукпен, қыздарымыз,
мəселен, бантик тағып дегендей, театрға лайық киімдерімен
келгені дұрыс деген əңгімелер айтқан едім. Айтайын дегенім,
кейін бір мұғалім мені іздеп жүр екен. Барсам, ол кісі маған
залымызды, фойемізді көрсетіп, біраз əңгіме айтты. Шынын-
да, театрдың іші адам көргісіз лас, кір еді. Орындықтарымыз
сынған, еден мүжіліп, сұрықсыз күйге түскен болатын. Ол
кезде фойеміз ойын-сауық орнына айналып кеткен еді. Со-
ның бəрін көрсетіп, осындай жерге əдемі киіммен келу-
ге бола ма деген сауал тастады. Оның аржағында, алдымен
театрларыңызды жөнге келтіріп алмайсыздар ма деген ой жа-
тыр еді. Ал, қазір, міне, бəрі жөнге келді, ендігі жерде біз де
ұялмай, көрермендерімізге мен айтқандай талаптарды батыл
қоя аламыз деп ойлаймын.
– Тілеке, өткен жылғы театр маусымы сіздер үшін та-
бысты маусым болғаны белгілі. Ондай жақсы табыстарға
қол жеткізуге қандай жағдайлар себеп болды деп ойлай-
сыз?
– Бұл енді ұжымның еңбегі ғой. Алдыңғы жылғы Махам-
бет жүлдесі бір бөлек, былтыр біз Сəкен сері Жүнсіовтің 70
жылдығына орай Көкшетау қаласында өткізілген фестиваль-
де тағы да бас жүлде алып келдік. Ол енді режиссеріміз Жа-
нат Хаджиевтің еңбегі екенін атап айтуымыз керек. Ол қазір
Қазақстандағы алдыңғы қатарлы бірден-бір режиссеріміз бо-
лып отыр. Ойлы режиссер, спектакльге үлкен əзірлікпен, бап-
пен келетін адам. Бұл – бір, екінші – мұнда ұжымның еңбегі
айрықша көрінді. Актерларымыз бен режиссерларымыз бір
мақсатпен жұмыла кіріскен соң, осындай нəтижелерге қол жетіп
отыр. Мына театрға деген жаңа көзқарас – күрделі жөндеудің
жолға қойылуы, қызметкерлеріміздің жалақыларының өсуі
психологиялық жағынан да өз əсерін тигізген болуы керек. Үкі-
метіміз оң қабақ танытып, қолдау көрсетіп отырған жерде біз де
актерларымыздан жұмыстың сапалы болуын талап ете аламыз.
Мысалы, айналдырған 4 жылдың ішінде актерларымыздың
жалақысы 3-есе өсті. 2001 жылы он екі мың алатын болса,
қазір олардың еңбекақысы 36-37 мыңға дейін көтерілді. Жас-
тар театрына көрсетілген жанашырлық болуы керек, басқа
академиялық театрлар қатарында бізді де ең жоғары категория-
ға өткізді. Үкімет осындай қамқорлық танытып отырған
соң, жасыратыны жоқ, біз де актерлардан жақсы жұмыс
талап ете бастадық. Соның нəтижесінде жақсы табыстарға
қол жеткізе алдық. «Тұрымтайдай ұл еді» қойылымымыз фес-
тивальден бас жүлде алып қайтты. Негізі, оны біз триптих деп
қойып отырмыз. Ол жалғасын табуы мүмкін.
Жалпы, еліміздің ел болуына, жеріміздің көз қарашығын-
дай сақталуына, өркеніміздің өсуіне ерекше еңбегі сіңіп, ай-
рықша қаһармандық танытқан белгілі тұлғаларымыз бар емес
пе (Абылай хан, Абай, Шоқан сияқты), соларды театрымыздың
бағыт-бағдарына сай етіп, жастық шақтарынан көрініс бере-
тіндей қойылымдарды, жаңағы, «Тұрымтайдай ұл еді» спек-
такліміз соның алғашқы қарлығашы деуге болады.
Екінші спектакліміз – ұлы Абайдың жастық шағына арна-
лып, Мұқаңның «Абай жолының» бірінші кітабы бойынша жа-
салған қойылым. Ол дайын тұр, жақын уақытта көрерменде-
рімізге ұсынамыз. Үшіншісі, қазір жұмыс үстінде, пьесасы
əзірленіп жатыр.
Сіздердің газеттеріңіз арқылы драматургтерімізге айтар
əңгімемізді жеткізсек деймін. Шоқан, Қаныш ағаларымыз
сияқты ұлы тұлғаларымыздың жастық шақтарына арналған
пьесалар болып жатса, бізге əкелсе екен. Қазіргі мына компью-
термен көзін ашып жатқан жас ұрпақ сондай данышпандары-
мыз бар екенін жан-жақты біліп өссе дейміз. Тарихымызды
біліңкіремейтін, кітап ашпайтын ұрпақ тым болмаса, осы сах-
на арқылы көріп-біле бергені жақсы ғой. Бұл орайда біз əзірше
триптих деп қойып жұмыс жасап жатырмыз.
– Əңгімеміз драматургтерге қарай ойысқан сияқты.
Өткенде драматургтеріміз бас қосып, үлкен мəжіліс өткізді.
Ол жайында біздің газетімізде үлкен материал да жария-
ланған болатын. Жалпы, осы драматургия мəселесіне орай
өзіңіз не айтқан болар едіңіз?
– Мен бір əңгімеде айтқан да болатынмын, қазіргі қазақ
драматургиясы жоқ деуге болмайтын, бар деуге келмейтін
дəрежеде. Бұған енді драматургтеріміздің бəрі бірдей келісе
қоймас. Дегенмен, тап қазір таласып-тармасып, мен қоямын
делініп жатқан шығарманы көре алмай тұрмын.
Мен өзім режиссер емеспін, бірақ бұл одан хабарым жоқ де-
ген сөз емес. Арада жыл салып болса да, драмалық шығар-
маларға байқаулар жарияланып, олар жүлделі орындарға ие
болып жатады. Мен режиссерларымызға қарасаңдаршы, ең
болмаса еңбектері ғой деймін. Алайда, оларды режиссерлары-
мыз ұнатыңқырамайды. Мың жерден жүлде алсын, мен ондай
пьесаны қоймаймын деп кесіп айтады.
Театр газет емес, бүгінгі күн тақырыбы дегенге келе қой-
майды. Кейде солай, бүгінгі күннің проблемасы деген бой ал-
дырып, драматургтеріміз арзанқол шығармаларға бой алды-
рып жатады. Театр мəңгілік тақырыптарды қозғау керек.
Мен бір-екі мысал айтайын. Драматургтер пьесаларын
театрға алып келіп жатады. Бəріміз оқып көріп, көңілден шық-
пағандарына жаймен айтамыз – бізге келе қоймайды екен деп.
Кейбірінде, мəселен, жасы шағы сəйкес келе қоймайды. Соны
айтсаң, драматургтеріміз: «Қалайша, əнебір қыз он жетілерде
емес пе?» деген сияқты əңгіме айтып жатады. Ал, мəселе оның
жасында емес, мəселе оның көтеретін тақырыбында ғой. Ренжи-
ді, əрине. Ренжігенмен қайтеміз, театр репертуарын көрінген-
нің қолына ұстатып жібере алмаймыз. Бұл – мемлекеттік театр.
Екінші мысал: Көптеген драматургтеріміз бүгінгі күн та-
қырыбын қозғап жазып əкеледі. Кейіпкерлері – наркоман-
дар, ішкіштер, баласын тастап кеткен əйелдер, күйеуімен
ажырасқандар, əйелін сабайтын еркектер, Саин көшесінің
бойында тұратын қыздар. Дұрыс, мұның бəрі бүгінгі күннің
тақырыптары, қарсылығымыз жоқ. Иə, ондай нəрселер бар.
Алайда, мəселенің күңгірт жағымен қатар, оның жақсы жағы да
бар емес пе. Мен айтамын, қажет тақырып қозғалған, бірақ на-
шар жағымен қатар, солардың арасында жақсы адамдар да бар
емес пе, солардың кейіпкері қайда. Нашар жағын күнде көріп,
айтып та жүрміз. Балаларымыз сондай жолға түсіп кетпесе екен
деп, Құдайдан тілеп те жүрміз. Бəрі дұрыс. Жирендіретін жа-
ман жағы көрсетіліп тұрған жерде, біраз, еліктейтіндей жақсы
бейне де қажет. Балаларымыз біреуге еліктеуі керек қой, ол
қайда?! Мəселен, тілін шұбарлап сөйлейтін қазақтар жеткілік-
ті, қазір екінің бірі сондай. Алайда, майын тамызып тұрып
сөйлейтін соның қасында біреу болу керек қой. Бала еліктегіш
келеді, біреуін көріп жиренген жерде, еліктейтін екінші біреу
болуы керек. Бала содан үлгі алуы қажет. Осыларды айтсаң,
драматургтеріміз реніш танытып жатады. «Өмір шындығын
жазып едім, сіздер қабылдамадыңыздар» деп өкпелейді.
Шекспирдің, өзіміздің Мұқаңның – Əуезовтың пьесалары не-
ге өлмейді? Бұлар жалпыадамзаттық тақырыптарды қозғайды.
Бұл енді əлімсақтан бері айтылып келе жатқан нəрсе. Оны
драматургтеріміз білмейді емес, біледі. Бірақ, неге екенін біл-
меймін, қарымы жетпейді ме, əлде тезірек жазып, театрдан
құтыла салғысы келе ме, ол жағын айту қиын.
Жаңа пьесаларға қай театр болсын зəру. Облыстық театр ма,
Əуезов театры ма – бəрі деп айта аламын. Өзіміздің төл туынды-
мызды қойғымыз келмейді емес, қойғымыз келеді, проблема-
ны көтергіміз келеді. Бірақ, драматургияның өз заңдылықтары
бар, сол сақталмағаннан кейін арзанқол дүниелерге барғың
келмейді.
– Жаңа – актерлардың жас шамасы туралы сөз қозғалып
қалды, ұжымдарыңызға жаңадан қосылып жатқан жастар
бар ма өзі? Жалпы, осы жастар жағы келе бастағанда,
сіздерде іріктеу деген бола ма, оларды жұмысқа қалай
қабылдайсыздар?
– Бұл төңіректе мен бір рет əңгіме қозғағанмын. Мен кел-
ген кезде актерларымыздың ортасы жасы 49 жас шамасын-
да болатын. Сахнаға шығып жүргеннен кейін, өзімді де қоса
есептегенмін. Осы фактіні көлденең тартып, министрліктің
алдына қойғанымызда, олар біздің зарымызды ұғып, маған 12
актер алуға штат берді. Рұқсат алдым. Енді жасыратыны жоқ,
ол кезде жастар тапшы болғаннан кейін біраз қателіктер орын
алып қалды, ол рас. Кейбірін көркемдік кеңестің шешімімен
алдық, кейбірін сырт келбетіне қарай (сондай бір актер керек
болған соң) алдық. Сол бір кез өзі, «құланның қасынуына»
деген сияқты болды. Дайындалып жатқан спектаклімізге
сырт тұлғасы сəйкес келіп, алып жіберген кезіміз де болды.
Соларымыздың бəрі бірдей үлкен талапқа сай емес екеніне енді
көзіміз жете бастады. Жаңа басшымыз контрактілік жүйеге
көшеміз дейді. Ендігі жерде, мүмкін, актерларымыз өздерін
қолға алатын шығар дұрыстап.
Биыл Өнер академиясын бітірген тағы да 6 актер қабылдап
отырмыз. Бұларға өкпеміз жоқ. Себебі, олардың екеуі Жанат
Хаджиевтің курсынан да, төртеуі менің өз шəкірттерім. Бұлар
енді төрт жыл бойы көз алдымызда болып, сыннан өткен жас-
тар. Оларға жарқын болашақ тілеймін.
Бізде əлі де жастар жағы аз. Сонымен қоса, сапасы да үлкен
талап тұрғысынан келгенде көп ізденуді талап етеді. Жанат
Хаджиев екеуміз əлгінде ғана осы тұрғыда əңгімелесіп жатыр
едік. Біздің актерларымыз өз бетімен жұмыс істеуге шабандау.
Оқу, іздену жағы жеткіліксіздеу болып жүр. Бəрі қазіргі заман-
ды айтып жатады. Бұрынғы кезде баланы балабақшаға апара-
мыз деген, он-он бес жыл кезекте тұрсақ та үй аламыз деген
сияқты үміттер бар еді. Қазір бəріне өздері тырбануы керек,
соларды алға тартады. Оған дауымыз жоқ. Мен кейде жағдай
жасап, тіпті, той-томалаққа да өзім жіберіп тұрдым. Бірақ, ол
саған мəңгілік емес, сені мəңгілік сақтайтын – театр деп айта-
мын. Ең əуелі осы қызметіңді мықта, ал бос уақытыңда ақша
табуыңа ешкім қарсы емес деймін. Алайда, ақша табуды бірінші
жолға қойып, театрды тəрк ететін болсаң, онда болашақта се-
нен ешқандай актер шықпайды деп айтып жатамыз. Ұғатындар
ұғады, ал ұқпайтындары сол қалпында қала ма деген қаупім
бар. Оларды болашақта қазақ театрын көтереді дегенге мен
сенбеймін. Мен бұны өз театрымызға қатысты ғана емес,
барлық театрдың актерларына арнап айтып отырмын. Əрине,
бəрін бір бояумен бояуға болмас. Түсінетіндер бар.
Қазір, құдайға шүкір, жалақы мəселесі аздап дұрысталды
ғой, ал баспана мəселесін əкімшіліктің алдына қойып отыр-
мыз. Имекең өзі қолға аламын, бір ретін табармын деп уəде
берген. Уəдесінде тұратын азамат екенін көрдік, білдік, соған
үміт артамыз енді.
– Театр Жастар театры болған соң, жастар проблемасы-
на, жастар тақырыбына көбірек көңіл бөлуге тырысасыз-
дар ма, жоқ əлде қолдағы бар репертуарларға байланысты
жұмыс жасайсыздар ма?
– Өз басым басында аздап қателікке ұрынғаным бар, оны мой-
ындау керек. Жалпы, классикалық шығарма деп, кейбір шығар-
маларға бой алдырдық. Бірақ, бұрыннан қалған шығармалар
бар екен, екшей келе, жаңа туынды бар, бəрін елеп-ескеріп,
театрдың бағыт-бағдарына сай жоспар жасадық. Бағанағы
айтқан триптихіміз де соның бір куəсі.
Расында да, Жастар театры деген айдары болған соң, бұл жас-
тар проблемасын көтеруі керек. Проблемасын ғана емес, жал-
пы жастарды тəрбиелеуге мəн беруі қажет. Ұлттық, патриоттық
тəрбие басты орында болуы керек деген де ой болды. Абай,
Махамбет-Исатайларымыз осы ойларымыздың жемісі. Деген-
мен, менің өз ойым бар, драматургияда мынау жастарға, мынау
балаларға арналған деп бөлуге болмайды. Шекспир, Мұхтар
Əуезов қозғаған тақырыптарын балалар түсінбейді дегенге
менің өз басым қарсымын. Қайта соны түсіну керек, түсінуге
тырысу қажет. Солай тəрбиелеуіміз керек. Кезінде менің бір
ескерту алғаным да бар, Əуезов театрымен жарысқанды қою
керек деген сияқты. Ол, бірақ, драматургияға қатысты емес.
Мəскеуде Орталық балалар театры бар, соның репертуарла-
рына қарап саралап отырсам, 70 пайызы кəдімгі классикалық
шығармалар екен. Кейде осындай түсінбестік болып жатады.
Бұл үлкен театрдың шығармасы ғой, сендер неге қоясыңдар
деген де əңгіме айтылып қалады. Меніңше, драматургиялар-
да үлкенге, немесе балаға деген шектеу қойылуы қажет емес.
Дегенмен, əрине, сонда да болса, таңдау болуы керек. Пробле-
маларды екшеп алуымыз қажет. Оны талай рет айтқанмын да.
Алматыдағы екі театр бір-біріне ұқсамауы керек. Əрқайсы-
сының өзінің жолы бар.
Мюзикл деген жанр бар, біз сол қимыл-қозғалысқа, музы-
калық спектакльдерге біраз көңіл бөлгеніміз бар. Жастар қа-
былдайды екен. Осы бағытта жұмыс жүргіземіз бе дегенбіз, ен-
ді ол жағы жаңа басшының еншісіндегі шаруа ғой деймін.
– Алдағы уақыттағы жоспарларыңыз нақтыланды ма?
– Режиссерларымыз бар, мен бар – жаңа директорымыз Тал-
ғат Теменов жинап, біраз əңгіме болған. Бірақ, əлгі нақты қолға
алынбаған соң, алдын ала ертерек айтпай-ақ қояйын. Деген-
мен, Шоқан туралы, сосын бүгінгі жастар өмірін арқау еткен
пьесалар қоюға бел байлағанбыз. Содан кейін Рахымжан Отар-
баев бір-екі пьеса əкеліп еді, біз де оған өзіміз қарсы ұсыныс
жасадық. Қазір қызмет бабымен қолы тимей де жатқан шығар,
дегенмен, бізден қол үзбес деп ойлаймын. Дулат Исабековтің
«Құстар фестивалі» деген (жүлде алған пьесалардың ішінде
бар) пьесасы біздің бір режиссерларымызға ұнаған сияқты.
Бірақ, толық ештеңе айта алмаймын, алдағы уақытта белгілі
болып қалар деп ойлаймын.
– Əңгімеңізге рахмет!
«Əдебиет айдыны», 08.09.2005 жыл
ЖАЙРАҢДАП ЖАЗДА АҒАТЫН ЕДІ...
Қайран Сыр... Қадіріңді білмеген қауым бүгінде не істе-
рін білмей асып-сасып жатыр. Асау ағысты лайқы суың
Аралға жетпей бір мұңайған ең, енді міне арнаңа сыймай
асып-тасып жатырсың. Ғасырлар қалдырған қоқыстар
мен жылдар бойы жөңкіген құм-топырақ тынысыңды та-
рылтып, адам атаулы өзіңе көңіл бөлуді қойған еді. Барың
да, жоғың да белгісіз болып бара жатқан соң, амалсыз жан-
айқайға бастың. Оныңды жағалай қонған жұрт білер, алы-
ста жүрсе де, бір тамшы суыңды сағына сарғайған өзіңнен
нəр алып өскен ұшарға қанаты жоқ мен сияқты қамкөңіл
жандар білер. Біздің білгенімізден не пайда?! Өзі білмейтін,
білгеннің тілін алмайтындар əлі де жер басып жүр.
Бүгіндері Сырдария арнасындағы ағып жатқан 900 текше
метр су жағалай қоныстанған елдің мазасын алып бітті. Жаз
күндері қолың жете қоймайтын қара су қаһарына мініп алған
дерсің. Иін тірескен сең судың жолын бөгеп, деңгейін бір метр-
ден аса көтеріп жіберді. Нəтижесінде айналадағы ауылдарға су
жайылып, көктемнің қара суығында үйсіз-күйсіз қалған қара
халық қатты қиналып жатыр. Дарияның орта тұсындағы жағдай
тіпті қиын болып отыр. Əдеттегі мөлшерден əлдеқайда көп
суды қабылдап алуға Сырдың суымен өсіп-өркендеп отырған
елдердің арық-каналдары əзір болмай қалды. Олардың да та-
бандарына құм-топырақ толып, бір кездердегі атшаптырым
арналары жіңішкеріп, су сыздықтап қана ағатын күйге түскен.
Мұндай жерлерге келіп тұтасып тұрып алған сең дарияның
деңгейін екі метрге дейін көтеріп жіберді. Су тасқынынан
зардап шеккен Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы 30000-
дай халық басқа аймақтарға көшірілуге тура келді. Апатты
жағдай айғайлап тұр. Төтенше жағдайға жұмыла кіріскен
құтқарушылар қаншама жанталасқанмен, халықтың жағдайы
күннен-күнге қиындап бара жатыр.
Рас, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министр-
лігінің вице-министрі Болат Жанасев жетекшілік еткен арнау-
лы құтқару тобы аз жұмыс жасаған жоқ. 220 адамнан тұратын
жасақта 33 техника мен бір тікұшақ бар. Дариядағы мұздарды
жарып, судың жолын ашып, айналадағы елді мекендерді су ба-
сып қалудан сақтау мақсатында олар тынбай жұмыс жүргізіп
жатыр. Су басып қалған ауылдар өз алдына, топан судың
астында қалудан қорыққан басқа ауыл-аймақтағылар бүкіл
арық-каналдарына су жіберіп, оны одан ары айдалаға жайып
жіберуден басқа амалдары қалмады. Оның салдарынан малдың
өрісі тарылып, батпақтан шығынға ұшырап жатқандары да жоқ
емес. Бұл өзі кейінгі кезде жыл сайын қайталанатын көрініске
айналып бара жатыр. Аралымызға су жеткізе алмай, қаншама
жылдардан бері əр жобаның басын бір қозғап басты қатырып
жүргенде, ауыл-аймақты топан судың басып жатуы біздің ша-
лағайлығымыздың нəтижесі болса керек.
– Мұндай жағдайды болдырмаудың амалдары бар еді, – дей-
ді, бізбен əңгімесінде «Оңтүстік су шаруашылығы» республи-
калық мемлекеттік кəсіпорынының директоры Қамытжан По-
латов, – Көксарай су қоймасын салуды қолға алсақ, ел-жұрт
əбігерге түспеген болар еді.
Иə, Көксарай су қоймасын салу өз алдына бір мəселе болып
отыр. Бір қызығы – оны қолдайтындар да. Қолдамайтындар
да бар. Бұл жоба Оңтүстік Қазақстан жағы үшін тиімді болға-
нымен, Сырдың төменгі ағысында орналасқан ел үшін олай
болмай тұр. Олар Көксарай су қоймасын салу Кіші Арал теңі-
зінің жобасын жүзеге асыруға кедергі болады деп мазасызда-
нып отыр. 3 миллиард текше метр суды сыйғыза алатын Көк-
сарай су қоймасы салынса, Арал теңізіне су жетпей қала ма?
Бұл жерде ойласатын мəселе көп.
Сырдың төменгі ағысындағылар өздерінің ішкі мүмкіндік-
терін пайдаланғысы келеді. Мəселен, «Жаңа Шиелі» арқылы
Телікөлге су жіберу, Жаңадарияның арналарын пайдалану,
Қараөзек арнасы арқылы көлдерге су жіберу. Бұл жоба осы
өңірдің болашағы үшін тиімді саналып отыр, сондай-ақ бұл
Көксарай су қоймасын салуға кететін қаржыдан шығынды
əлдеқайда аз қажет етеді.
Жалпы, Көксарай су қоймасына байланысты тағы бір əңгіме
бар. Негізі, Көксарай жобасы Сырдарияның бүгінгідей асып-
тасып кетуіне жол бермейді – делініп отыр. Сол өзі қаншалықты
шындық? Бүкіл əлемде экологиялық жағдай өзгеріп, жыл сай-
ын Жер атмосферасындағы жылу көбейген үстіне көбейіп
отырған тұста болашаққа əрірек көз жіберу қажет сияқты. Бүкіл
əлем судан сақтанып отыр. Біз əлемнен бөлініп кете алмай-
мыз. Сақтану шаралары бізге да қажет. Ертеңгі күні Көксарай
су қоймасы да бүгінгі Шардара сияқты суға шүпілдеп толды
делік, сонда не істейміз? Тағы бір су қоймасын салуды қолға
алмақпыз ба? Бұл жерде, біздіңше, «Ғасыр жобасы» деген
атпен үлкен іс-шараны қолға алу қажет сияқты. Бұрындары
Арал теңізін сақтап қаламыз дегенде, Сібір суларын бері тар-
ту мəселесі көтерілген болатын. Біздің айтқалы отырғанымыз
одан гөрі де тиімдірек нəрсе деп ойлаймыз. Ол – тікесіне тіке
Шардарадан (Арнасарайдан) Аралға дейін Сырдариямен па-
раллель ете отырып үлкен канал тарту. Құмның арасымен су
апаруға, əрине, көп күш керек. Бірақ, оның болашағы үлкен.
Бұл жоба Өзбекстан жағына да тиімді болар еді. Қаншама жерін
суландыруға мұқтаж болып отырған олар бұған қуана кіріседі.
Бұл Жетісу жеріндегі Үлкен Алматы каналы (БАК) сияқты
үлкен шаруа болған болар еді. Бұл жобаны бастап жүрген
кісі – Барсакелмес пен Тайсойғанда балалық шағын өткізген
биологиялық сынақ аймағының құрбаны Əли Мырзалиев. Өзі
су шаруашылығының маманы, талай жобалардың авторы.
Ішіндегі аралдарын есептемегенде, Арал теңізінің көлемі
1960 жылдың басына дейін 64 мың шаршы шақырым бола-
тын. Одан жылына шамамен 55 – 60 миллиард текше метр су
буланып, оның орнын екі өзен – Əмудария мен Сырдариядан
келетін су толтырып тұратын. Бұл өзендердің суы кейіннен
шаруашылықтарға пайдаланылып, құрдымға кеткендей болған
соң, Аралдың жағдайы мүсəпір күйге түскен еді. Енді, міне,
жыл сайын көктем қарсаңында Шарадара қауіп төндіріп, Сыр
бойындағы елдер топан судың астында қалып жүр. Осы суды
шашау шығармай Аралға жеткізуге болмас па еді? Болғанда
қандай, ол үшін «Ғасыр жобасын» қолға алу қажет.
«Əдебиет айдыны», 07.04.2005 жыл
ҒАРЫШТАҒЫ ҚАЗАҚ СПУТНИГІ
«Адамға табын, Жер, енді» деуге шамамыз жетпесе
де, тіршілігіміздің бесігі болып келе жатқан қара Жерге
ғарыштан сəлем жолдап тұрғанға не жетсін. Алайда, ол
көрінген елдің басына қона бермейтін үлкен бақ. Біз оның
қадірін, сондықтан да, жақсы білеміз. Дəл қазір адамзат
баласының бағы мен сорына қатар айналып отырған ға-
рышты игеру жұмыстары əлдеқайда алға басып кетті.
Ғарыштың бір есігі біздің елдің үстінде болған соң, оған
қол созу да басқаларға қарағанда жеңілірек. Дей тұрсақ
та, біздің еліміздің бүгінгі өлшемімен салыстырмалы түрде
алар болсақ, алда қыруар жұмыстар күтіп тұр. Соның
алғашқыларының бірі – Қазсат-2 байланыс спутнигін
ғарышқа ұшыру. Еліміз Премьер-министрінің Қазақстан
Республикасы Көлік жəне коммуникация министріне
отандық байланысты дамыту міндетін қатаң табыстап
отырғанында да үлкен мəн жатыр.
Шындығына келгенде, бұл жұмыстарды жүзеге асыру
бір ғана министрліктің қолынан келе қоятын шаруа емес,
сондықтан бұған еліміздің Білім жəне Ғылым министрлігі
де білек сыбанып кірісе бастады. Өткен аптада Астанада өт-
кен Қазақстан ғылымының шама-шарқын таразыға салған
жəне оны дамытудың басты бағыттарын белгілеуге арналған
халықаралық форумның қорытындысында мамандар жағы
Қазсат-2 жер серігі 2009 жылы дайын болатынын мəлімдеді.
Бүгінде белгілі болып отырғандай, қазақстандық екінші
байланыс спутнигін жасауға байланысты жарияланған кон-
курста тағы да ресейлік ғалымдар жеңіске қол жеткізді. Ал-
ғашқы Қазсатты дүниеге əкелген ғалымдар еңбек ететін
М.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыш ғылыми-өндірістік
орталығы, сөйтіп, жауапкершілігі мол жұмыстарды өз мойны-
на алып отыр. Ғарыштық байланыс орталығының вице-пре-
зиденті Ғабдуллатиф Мырзақұловтың айтуынша, ресейлік ға-
лымдардың жобасы қай қырынан алғанда да біз үшін тиімді
болып отырған көрінеді. Ғарыш көгінде самғап жүрген еліміз-
дің бірінші байланыс спутнигінін құны 55 миллион долларға
түскен болса, ал мына екінші күрделілірек байланыс спутни-
гін жасауға 115 миллион доллар қаржы жұмсалатын болды. Бұл
өзі əлемдік бағамен салыстырғанда, шағын ғарыш кемелерінің
орташа бағасы болып табылады екен.
Халықаралық форумда Қазақстан ғылымының бəсекелестік
деңгейге көтеру жəне табыс көзіне айналдыру жолдары тағы бір
үлкен əңгіменің өзегіне айналды. Білім жəне Ғылым министрі
Бірғаным Əйтімованың айтуынша, келесі жылы жұмыс істей
бастайтын министрліктің жаңа институты – Ғылым қоры үкі-
меттің ғалымдарымызға жасайтын қамқорлықтарын жүзеге
асырып отыратын болады. Ғылымның табыс көзіне айналуына
да тікелей осы мекеме септігін тигізбекші.
«Дала мен Қала», 29 қыркүйек, 2006 жыл
ТƏУЕЛСІЗДІККЕ ТҰТҚА БОЛҒАН КҮН
Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихы-
мыз, Құдайға шүкір, жетерлік.
Тарихтың, əлбетте, қуанышпен еске алатын да, өкініш-
пен қарайтын да тұстары болады. Алайда, қалай де-
сек де, ол еліңнің тарихы, өз тарихың. Еліміз күні ертең
тойлағалы отырған Республика күні мерекесінің де, міне,
тарих бетіне жазылғанына 15 жыл толып қалыпты. Бір
қарасаң, жас баланың ес жиып, ержеткен уақыты. Аз ба,
көп пе, ол жағының ара-жігі салыстырмалы түрде алғанда
ғана айқындалатын сияқты.
Осыдан 15 жыл бұрын – 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Ерік Асанбаев еліміздің
егемендігі туралы Декларацияға қол қойған болатын. Кеңес
Одағының тұсында болған бұл оқиға, шынын айтқанда, айтуға
тұрарлық үлкен қуаныш еді. Содан бері, міне, елімізде 25 қа-
зан – Республика күні ретінде тойланып келеді.
«Біткен іске сыншы көп» дейді дана халқымыз. Елдегі жағ-
дай, өркениетті қоғамдағы жай-жапсар ескерілмей жатып, кей-
біреулердің орынды-орынсыз байбалам көтеріп жүретіні бар.
Тəуба деп, титтей қуаныштың өзін іліп алып, қолдай кетудің
орнына міндетті түрде «бүйректен сирақ шығарып» баз кешіп
жүреді. Кейде ондайларға қарап отырып, қуануды білмейтін де
жұрт бар-ау деп қаласың. Əйтпесе, əр нəрсенің де басы, бас-
тауы бар емес пе? Біздің бүгінгі тəуелсіз еліміз жолының бас-
тау қайнары осы Қазақстанның егемендігі туралы Декларация-
ға қол қойылған Республика күнінен басталады. Ендеше, бұл
мерекенің орны мүлде бөлек.
1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы Декларация
қабылданғанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы ретін-
де баяндама жасаған Ерік Асанбаев Республика күні ретінде
6 қазанды белгілеу керек деген ойын ортаға салған болатын.
Бұл орайда, ол келтірген айғақтардың да қисыны жоқ емес еді.
Егемендік туралы Декларация қабылданып отырған сол уа-
қыттан тура 70 жыл бұрын – 1920 жылы 4 – 12 қазан аралығында
Орынборда Қазақстан кеңесінің құрылтайы өтті. Құрылтайға
қатысушылар 6 қазанда Қазақ автономиясын құру туралы Өкім
шығарған болатын. Ел-жұртымыз əлі көзін ашып, айналаға қа-
рап үлгермеген Кеңес Үкіметінің алғашқы сол жылдарында-ақ
еліміздің егемендігін ойлаған қайран арыстарымыздың еңбегі
үлкен ерлік еді. Жоғары Кеңес төрағасы осындай дəйектерді
келтіргенімен, көпшілік дауыспен 25 қазан – Республика күні
болып белгіленді. Тарих үшін, шынында, егемендік туралы
Декларацияға қай күні қол қойылды, сол күннің белгіленіп
қалғаны дұрыс болды. Біз өйткені, жаңа дəуірдің басында тұр
едік, көзге байқала қоймағанымен, Қазақстанның тəуелсіздігін
жариялаудың алғышарттары жасалып жатқан. Бұл күн –
тəуелсіздікке тұтқа болған күн. Қазақстандағы бүгінгі жаса-
лып жатқан, қол жеткен барлық жақсылықты іс-шаралардың
басында Республика күнінің жалауы желбіреп тұратыны да,
оны бүкіл еліміздің тойлап атап өтетіні де сондықтан. Оның
жас ұрпақты патриоттық рухта тəрбиелеуге ерекше ықпалы
болатыны сөзсіз. Осы жерде сөз реті келіп тұрғанда, тағы да
бір мəселеге көңіл бөле кеткеніміз дұрыс сияқты. Шетелдік
кинолар мен түрлі бейнеқойылымдарға зейін қоя қарасаңыз,
шетелдіктерде өз елдерінің рəміздері ең негізгі нəрсеге айна-
лып отырғанын байқайсыз. Үйлерде, көшелерде, машинала-
рында т.б. елтаңбасы немесе тулары бейнеленген болып шы-
ғады. Тоқ етерін айтқанда, олар өз елдерінің рəміздерін ерекше
мақтан көріп, паш етіп көрсете алады. Бізде əлі бұндай жағдай
қолға алына қойған жоқ. Əрине, əрбір жерде айтылып, жазы-
лып, мəселе көтеріліп жүретіні рас. Дегенмен, жастарымыздың,
жалпы халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық рухын көр-
сететіндей, елдігімізді байқататындай көше-көшеде, көлік
ішінде, ғимараттар сыртында желбіреп тұрған туымызды, не
болмаса елтаңбамызды байқай қою қиын. Қайда қарасаң да,
ұнжырғасы түсіп, сүлесоқ жүрген біреу. Ел болып, ертеңге
үлкен сеніммен қарап, көтеріңкі көңіл-күймен жүрсек, жас
тəуелсіз еліміздің жарқын бейнесін байқатпас па едік. Бұл
орайда, жастарымызға ерекше риза боласың. Көңілдері шат,
жүздері нұрлы жас ұрпақ ертеңге қарыштап қадам басып бара
жатыр. Əне, біздің болашағымыз солар. Елдің ертеңі солардың
қолында. Жасай бер, жайна, жас тəуелсіз Қазақстаным!
«Дала мен Қала», 21 қазан, 2005 жыл
АСПАНЫН КӨК ТҮТІН ТҰМШАЛАҒАН
22 қазан күні «Мы – за сильный Казахстан!» қоғамдық-
саяси блогы Алматы қаласында үлкен экологиялық акция
ұйымдастырды. Оңтүстік астанымыздың тазалығы үшін жаны
ауырып, жүрегі сыздайтын бес мыңнан астам жасөспірім қала
көшелерін тазалауға шықты. Олардың денін Алматыдағы жо-
ғары оқу орындарының студенттері мен оқушылар құрады.
Шаң-тозаң иығын жауып, мұңайып тұрған əсем қала көкірегін
кере бір дем алып, жаңарып-жасарып қалғандай болды. «Мы – за
сильный Казахстан!» қоғамдық-саяси блогы Алматыда эко-
логиялық акцияны тегіннен-тегін ұйымдастырып отырған жоқ.
Аспанын көк түтін тұмшалаған Алматыға ауа жетпей бара жа-
тыр...
Экологиялық апат туралы айта бастасақ, көз алдымызға ра-
диациялық сəуле жапқан Семей өңірі, шөліркеген Арал айма-
ғы, басына сор қонған Барсакелмес, немесе бағы тайған
Байқоңыр елестей кетеді. Біздің басымызға төніп отырған
экологиялық апат солар ғана ма? Басқасын былай қойғанда, та-
лай ақын тамсана жырлаған, əн болып қалықтап көкке өрлеген
ару қала Алматымыздың өзін алайықшы. Көзге көрініп, аж-
даһадай аузын ашып тұрған ештеңе байқалмағанмен, қолты-
ғыңнан қытықтай күліп келіп, тəтті уын ішкізіп жатқан жəйт-
тер мұнда да баршылық.
Сөз орайы келіп қалғанда, бір əңгімені айта кетуге тура
келіп отырғаны. Бойжеткен бір қыз алысқа тұрмысқа шығып,
үйлену тойына түскен шақыру билеттерін құрбыларына тара-
тып жатқан көрінеді. Сонда жоғары оқу орнында бірге оқитын
достары қалжыңдап, «Күйеуіңнің түрі онша емес екен, қайдан
тауып алғансың?» депті. Сонда əлгі қыз ойланбастан: «Бір
көргенге солай болып тұрған шығар, күнде көріп жүрсең əдемі
болып кетеді» деген екен. Алатауы құшағына қысқан Алма-
тымызда, біз де соның кебін киіп жүрген жоқпыз ба? Жылуы
жоқ сұлулыққа бой алдырып бара жатқан оңтүстік астана-
мыздың шынайы жағдайы қалай өзі?
Алматының жай-күйіне жаны ашып жүрген эколог маман-
дардың айтуынша, қалаға көрік беріп тұрған жасыл желектің
бүгінде 80 пайыздайы қартайған ағаштар болып тұр. Есесіне
Алматыдағы автокөліктердің саны күн сайын артып келеді.
Бір автокөлік 1000 шақырым жүргенде бір адамның бір жыл
бойы жұтатын ауасын құртады екен. Ал, Оңтүстік астанамыз-
да күн сайын 500-дей көлік тіркелетінін ескерсек, кəдімгідей
ойлануға тура келеді. Себебі, қала көшелерінде бүгіндері 600
мыңнан астам көлік ойнақтап жүр.
Алматының маңайындағы сор осы ғана ма? Əрине, жоқ.
Қаладағы мұржалардан шыққан түтін де аспанымыздың түне-
ріп тұруына өз үлесін қосуда. Өркениет табалдырығынан ба-
тыл аттап отырған Алматының айналасын тұтас қазақ ауыл-
дары қоршаған. Оларды ықшамаудандар деп еркелетіп те қоя-
мыз. Айтайын дегеніміз, бұл жерлерге əлі табиғи газ тартыл-
маған, жеке үйлердің бəрі көмір жағып отыр. Ал, бір тонна
көмір жанғанда он адамның бір жылдық оттегісі таусылаты-
нын біреу білсе, біреу білмейді. Ендеше, жоқтайтын болсақ,
алдымен Алматының ауасын жоқтау керек.
Кейінгі жылдары Оңтүстік астанымыздағы экологиялық
жағдайға байланысты жақсылықты іс-шаралар қолға алынып
келеді. Бұл орайда, «Жасыл желек» бағдарламасы да үміт
отын тұтатады. Республикалық «Асар» партиясының ағаш
отырғызуды негізгі мақсаттарының біріне айналдырғаны да
құптарлық. Мамандардың есептеуінше, бір гектар ағаш бір са-
ғаттың ішінде 8 келі көмір қышқыл газын жұтады екен. Енде-
ше, Алматы аспанын тазартуға жасыл желек қана көмектесе
алады деп түйген дұрыс. Атадан мал да қалсын, тал да қалсын.
Көшеңізге көшет отырғызыңыз.
«Дала мен Қала» 28 қазан, 2005 жыл
«МАҒАН ШƏМІЛ БОЛҒАН ҒАНА
ЖАРАСАДЫ ЕКЕН...»
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қай-
раткері, сазгер Шəміл Əбілтаев Қазақстан Республика-
сының Президенттігінен үміткер Н.Назарбаевтың Рес-
публикалық қоғамдық штабының Медеу аудандық
бөлімшесіне келіп, сайлау науқаны барысында жаңа
күй шығарғанын, оның аты «Қазақстан – Нұрсұлтан»
деп аталатынын айтқанда, жұрт таңқалып қалған еді.
Таңқалатындай да бар, кеше ғана күйші-сазгер Шəміл
Əбілтай оопозиция жағында болатын...
Бұл кісі «Дала мен Қала» газетінің редакциясына да
келген. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары бас-
талған соң, өзінің атқаратын шаруаларын осы үлкен орта-
дан бастағанды жөн көріпті.
– Халықтың Шəміл Əбілтаевты жоғалтып алғанына
көп болды, сіз көрінбей кеттіңіз ғой. Қазір қандай істермен
айналысып жүрсіз?
– Мен өзі бүкіл өмірімді өнерге арнаған жанның бірімін.
Қолымнан əн-жыр айтып, күй-толғау тартудан өзге ештеңе
келмейді екен. Ел-жұртымды, жалпы халқымды əдемілікке,
сұлулыққа тартып, қуаныш сыйлай алсам маған сол жетеді.
Көрінбей кеттің дейсің, ол рас. Баяғыша айтқанда, көргенімді
айтайын ба, естігенімді айтайын ба дейтіндей жағдайға жетіп
отырмын. Құдайға шүкір көргенім де бар, естігенім де жоқ
емес.
Халқымыз аман болсын, біз сол ел-жұрттың арқасында
ес жиып, есейіп, үлкен өнерге қадам бастық, ер жетіп азамат
болдық. Бір үлкен кісі: «Шырағым, төрде отырса десек, есікте
отыра біл» деген екен. Сол сияқты есікте де отырып көрдік,
төрге де шықтық. Əрине, өнердің төрін айтып отырмын.
Қазағымның арқасында естігенім мен көрген-білгендерімді
көркемдеп, кестелеп, қасиетті домбырамыздың шанағына
сыйғызу ғой маған тиесілі сыбаға. Соны хал-қадерімше адал
атқарып келе жатырмын деп есептеймін. Негізі, əркім өзінше
топшылайды ғой. Əне-міне дегенше, ел ағасы деген жасқа
жетіп, елуді еңсеріп, алпысқа таяп қалдық. Кезінде музыка
училищесі мен Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория-
да алған кəсіби білімімді өмірмен ұштастырып, бойымдағы
барымды əспеттеп халыққа ұсыну жолында жүріп жатқан жай
бар.
– Сіз өнердің адамысыз, мына заманның ауыртпалығы
шығармашылығыңызға кері əсерін тигізіп, шабандап қал-
ған жоқсыз ба?
– Мен өзі көп жазбайтын адаммын. Көркем дүние көпсөзді-
лікті қаламайды ғой, менің, мысалы, бір күйімнің жарыққа шы-
ғуына 30 жыл уақыт кетті. «Жусан иісі» деген күйім жарыққа
осылай келді. Оны мен кейін Бейбарыс сұлтанның рухына ар-
надым. Бұрындары біз Бейбарыс сұлтанның кім екенін шын
мəнінде біле бермедік қой. Өз көңілімнен шығатындай дəреже-
ге жеткізу үшін бірталай уақыт керек болған шығар. Əйтпесе,
ең алғашқы «Өрікгүл» деп аталатын күйімді 22 жасымда шы-
ғарған болатынмын. Ол менің жан-жарым Өрікгүлге арнал-
ған. Мен өзі ерте 21 жасымда үйлендім де, 22 жасымда тұңғы-
шымыз дүниеге келді. Ол уақытта Өрікгүл де студент, театр
бөлімінде оқитын. Соның бала əлдилеп отырғаны көңілімді
тербеп күй болып шықты. Таяуда ғана «Рахат» телеарнасы
«Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына қонаққа шақырған еді,
сонда осы алғашқы күйім туралы əңгіме болды. Айтайын
дегенім, арада 35 жыл уақыт өткенде ғана ол бірінші күйімді
орындап бердім. Не нəрсеге де уақыт керек екен, оған да
Құдайға шүкір деймін. Негізі, ол күй сол уақытта-ақ бата алған
туынды болатын. Мен студент кезімде көріндім ғой, атақты
жазушы Əбдіжəміл Нұрпейісовке барып осы күйімді тартып
бергенмін. Ол кісі менің күй шығара бастағаныма риза болып,
қатты сырқаттанып жатқан сол кездегі Мəдениет министрі
Ілияс Омаровқа алып барды. Басын көтере алмай төсекте
жатқанына қарамай, Ілияс Омаров менің күйімді бастан-аяқ
көңіл бөле тыңдап шықты. Кей-кейде ойлап қоямын, қазіргі
министрлеріміз солай жасай алған болар ма еді. Ілияс Ома-
ров болса, «Айналайын, ерте үйленгенің де дұрыс болған.
Ерте үйленген адам ерте есейеді, қосағыңмен қоса ағар. Мына
алғашқы күйіңді бесіктен бастап, Өрікгүлге арнағаның да
дұрыс болған екен. «Ел боламын десек, бесігіңді түзе» де-
ген сөз бар ғой, алдыңнан жарылқасын!» деп батасын берді.
Онымен қоймай, ол кезде біз пəтер жалдап тұратынбыз, ауы-
рып жатқанына қарамай, орынбасарларына телефон шалып,
отбасылық жатақханадан екі бөлмелі орын бөлдірді. Менің
қаншалықты дəрежеде қанаттанғанымды білсең ғой...
Министрдің көңілінен шыққанына риза болған Əбдіжəміл
Нұрпейісов мені тура «Қазақстан əйелдері» журналының
редакциясына ертіп алып барды. Бұл 1970 жыл болатын.
Сол жылдың күздегі бір санына əйел мен гүлдің суреті қоса
берілген менің күйімнің нотасы шықты. Студент адамға бұл
дегенің үлкен бақыт еді. Бірі дүниеден өткен, бірі арамызда
жүр, менің осы екі кісіге деген ризашылығым шексіз. Солар-
дың маңдайымнан сипағаны үлкен күш беріп, аяғымнан тік
тұрып кеттім. Алайда, мен оларымды елге ұсынуға асыққан
емеспін. Көркем шығарманың жақсы ширатылып, бас-аяғы
жұп-жұмыр əдемі бір дүние болып шығуына уақыт керек екен,
кеңістік қажет екен. Баяғыда Əбдіжəміл Нұрпейісов «Қан мен
терді» 40 жыл жүріп жазды дегенге күлетін едік. Сөйтсек, оның
өзінің жан-жақты себептері болады екен ғой. Оны өзімнің ба-
сыма түскенде білдім. Асықпай, баппен, əр бояуды, əр дыбыс-
ты өзінің орын-орнымен кірпіш қалағандай етіп қою көркем
дүниенің негізгі талабы болса керек.
– Аз болса да, саз болсын деп жүргенде, өнер адамының
халыққа берері болмашы ғана болып қалып жүрмей ме?
– Қалай дегенде де, мен көп жаздым деп айта алмаймын.
Олай айтуға Құдайдан қорқамын. Барлығы онға тарта күйім
бар. Барлығының бас-аяғы бүтін, типтендірілген дүниелер.
Ұлттық бояуының қалыңдау болуына, қазағымыздың салт-
дəстүрінің көрініс беруіне барынша көңіл бөлгенмін.
– Шығу тарихы ұзаққа созылған бір күйіңізді мысалға
алсақ қайтеді...
– Өзім де соны айтқалы отыр едім. «Толғау» деген күйім
бар. 1968 жылы жазушы Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны»
атты кітабы жарық көрді. Қазақтың ХV-ХVІІІ ғасырлардағы
ақын-жыршылары, жыраулары туралы сүбелі еңбек. Сыпыра,
Шалкиіз, Ақтамберді – мына Бұхар жырауға дейінгі ұлтымыз-
дың ішінен жарып шыққан тұлпарларымызды дүниеге қайта
əкелді. Бұл біздің тарихымызда, əдебиет тарихында болған
үлкен оқиға болды, тұңғыш əрі ғаламат еңбек. Осыған шабыт-
танып, қанаттанып, өзімнің сол көңіл-күйімді қос ішекпен
жеткізгім келді. Сөйтіп, оны Мұхтар Мағауиннің «Қобыз са-
рынына» енген қазақтың ақын-жырауларына ескерткіш деп
қойдым.
Дыбыс деген табиғаты бөлек сезімнің туындысы. Көктемде
де, күзде де тарта беруге болатын көңіл-күйдің көрінісі «Сағым
дала» деген күйімді 20 жылдай жүріп тудырдым. Бұл өзі не
өліге, не тіріге келе қоймайтын бөлектеу дүние. Бір кездері
Мұхтар Мағауиннің «қазақ əдебиеті» газетіне құм жұтқан қа-
лаларымыздың бірі – Отырар туралы , жалпы тарихымыз жай-
ында тебірене жазған бір мақаласы басылған болатын. Онда, тіпті, біздің бойымыздағы мінімізге дейін жақсы айтылған еді. Сол мақаланы мен қайта-қайта оқыдым, маған ерекше əсер еткен дүниенің бірі болды. Сағымданған сары дала көз алдымда тұрып алды. Сөйтіп, тоқ етерін айтқанда, «Сағым дала» күйі өмірге келді. Оны Мұхтар Мағауиннің сол еңбегіне арнадым. Сағым дегеннің өзі адамның жанын тербейтін ерекше нəрсе. Сағымның аржағында да жасырынған шындық, ақиқат жатады. Ата дəстүріне, халқымыздың қанына сіңген қазақ қасиеттеріне арналған күй-толғауларым да томағасын сыпырып, қанатын қомдап барып самғап ұшты. Оларға да асыққаным жоқ, енді, міне, қазір «менен кетті – саған жетті» дегенді айтуға болады. «Жорға», «Жырау» деген күйлерім солай əбден бапталып, мəн-мағыналы да нəрлі бояуға малынып барып өмірге келген. Əрине, бəрін бірдей жеріне жеткізіп айта алдым демеймін, дегенмен, ол менің көңіл-күйім ғой. Бекет атаға арнаған «Бекет ата» деген күйім бар еді, мен қателесіп келіппін, оның атын «Пырақ» деп өзгерттім. Мына дін жолына қадам басып, оң-солымды анықтап тани бастаған соң, көзқарасымда да өзгерістер болды. Шығарманы əруаққа арнауға болмайды екен. Өзінен-өзі, əйтеуір Құран сүрелері көңілімде жатталып, намазға жығылып, ораза ұстап жүрмін. Бұрын сауатсыз болып келген екенмін ғой, Құдайдан қорқып, адамнан ұялғаннан, күйімнің атын өзгертуге мəжбүр болдым. Ол да өзі діни мəнге ие болып тұр. Пырақ болғанда да жəй пырақ емес, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) миғражына байланысты айтылатын – Алланың алдына барғандағы көлігі. Діни кітаптарда суреттелгендей, есектен үлкен қашырдан кішілеу, ат деп айтылмай, пырақ делінген. Мəне, күйдің атын солай «Пырақ» деп өзгертіп, миғраж оқиғасына байланысты деген түсініктеме бердім. Шынымды айтсам, содан кейін күнəларымнан арылғандай болып, бір жеңілдеп қалдым. Біз Алладан сұрасақ, күнəларымызды кешіруін ғана сұрауымыз керек. Өйткені, Алла үлестіруші емес, үйлестіруші. Өйткені, біліп істеген, білмей істеген күнəларымды кеше гөр деп шын сұрасақ, Алла кешірім-
ді ғой, кешіреді. Екінші рет сол қателіктеріңді қайталамасаң,
Алланың рахымы түсіп, бақытты болып кетесің.
Қарап отырсақ, тірілерге күй арнау деген бізде бұрыннан келе
жатқан дəстүр екен. Құрманғазының «Төремұрат», «Ақбай»
күйлері сол өмірдегі бар тірі адамдарға арналған. Абылайдың
тұсында өмір сүрген Бəйжігіттің «Қосайдары» да сондай. Ол
сол заманның белгілі биіне арналған күй. Сондықтан, өліге
құран бағыштау, тірінің еңбегін бағалау бəріміздің парызымыз
екен. Екі-үш адамға арналған менің де күйлерім бар. Бірі –
жоғарыда айтып өткен «Өрікгүл» күйі, екінші бірі Елбасымыз
Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Қазақстан – Нұрсұлтан»
күйі. Біздің Президентіміздің еңбегі ерекше, оны қалай мақ-
тап, қалай мақтансаң да жарасады. Менікі мақтау емес, атқа-
рылып жатқан орасан зор жұмыстардың тебіренісінен туған
ризалық көңіл-күй, еңбекті бағалау. Ол кісі өзі бүкіл елдің
махаббатына бөленген адам. Маған кімге дауыс бересің десе,
Назарбаевқа деп мақтанышпен айта аламын. Президентіміз
ретіндегі орны өз алдына, ол енді менің шығармамның кейіп-
керіне айналып отыр.
Мен өзі Жезқазғандағы Ұлытау ауданының құрметті аза-
матымын. Айтайын дегенім, менің «Ұлытау» деген күйім бар
еді, мен оны Алаштың ардақты азаматтарының бірі, меценат-
тықтың озық үлгісін көрсетіп жүрген Амангелді Ермегияевке
арнадым. Бұл кісімен өзі көптен бері кездесудің сəті түспей
жүрген болатын, бес-алты жылдай үзіліс болып кетті. Таяу-
да таланты күйші, жазушы Таласбек Əсемқұлов екеуміздің
«Жас қазақ» газетінде Тəттімбеттің 190 жылдығына орай сұх-
батымыз жарияланды. Таласбек өте білімдар жігіт, керемет
күйші. Оның ізденіп жүрген ғылыми-зерттеулері бар, менің
оқығаным-тоқығаным бар дегендей, екеуміз Тəттімбет жайын-
да біраз сыр суыртпақтаған болатынбыз. Сол да себеп болды.
Тəттімбетті аса құрметтеуші азаматтың бірі осы Амангелді Ер-
мегияев деп еститінмін. Не керек. Арамызда айтылатын əңгі-
ме көп дегендей, жаңағы «Қазақстан – Нұрсұлтан» күйімді
тартып берейін деп, Ермегияевке бардым. Ол кісі осы арнайы
күтіп отырғандай қуана қарсы алды, риза болып қалдым.
Президенттік сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары басталды
ғой, мен президенттің үгіт-насихатын жүргізуші жаршылардың
қатарында бармын. Жақында Түркістаннан бастап жұмыстар
жүргізетін боламыз. Осы жайында, тағы да басқа көптеген
мəселелер туралы əңгімелесіп, біраз сыр ақтардық. Ол кісіні
өзі бұрыннан қатты сыйлайтын едім, осы «Ұлытау» күйімді
Амангелді Ермегияевке арнадым. Өзіне де айттым, қазақтың
ұлттық өнеріне жасап жүрген қамқорлығыңыз үшін бас ием
дедім. Оған арнаған бұл күйімнің басында «Бұрынғы ержүрек
батырларымыз бен қара қылды қақ жарған əділ билеріміздің
бүгінгі көзі тірі өзі, жалынды сөзі Амангелді Дінұлы Ермегия-
евке арнаймын» деген эпиграфым бар. Бұл кісінің өзі жасы
менен аса көп үлкен бола қоймағанмен, маған тоқсандардағы
үлкен абыз ақсақалдардай көрінеді.
– Жаңа «көптен бері көрінбей кеттіңіз», қайда жүрсіз»
дегенде, өзі айтып кететін шығар деп едім. Сөз орайы енді
келіп қалған сияқты, сіз осы оппозиция жағында жүрген
едіңіз ғой.
– Ол жағын жұртшылықтың біразы білетін шығар деп ой-
лаймын, оппозицияда болғаным рас. Шындықты іздегім келді,
ақиқатқа көз жеткізгім келген. Сөйтсем, шындықты іздей-
мін деп біраз уақыт адасып жүріппін. Оны осы жылдың
наурыз айында болған оппозиционерлердің бас қосқан үл-
кен жиынында анық білдім. Бəрі жабылып Назарбаевты
жамандағаннан басқа əңгімесі жоқ, қарап отырып жаным
түршігіп кетті. Мен өзі намазхан адаммын, əлгінде айттым
ғой, дін жолын ұстап, бес уақыт намазымды қаза қылмай,
ораза ұстап жүрмін. Ал, дініміз бойынша біреудің сырты-
нан ғайбат сөз айтпайды. Ол – күнə. Қой, дедім, мына жол
менің жүретін жолым емес екен. Сол кеткеннен, міне, тура
жолыма енді түсіп, өзімнің күнəларымды жуып келемін. Көп
адам маған өзі түсінер, ақылды азамат қой деп сенім артып
жүріпті. Оларына рахмет. Өзім бір жеңілдеп, жаным таза-
рып қалғандай болып жүрмін.
Ешкімнен жасырмаймын, мен адасып жүріппін. Сөйтіп жү-
ріп өзімді-өзім жоғалтып ала жаздадым. Қарап отырсам, ма-
ған бұрынғы өнерпаз Шəміл Əбілтаев болған ғана жарасады
екен. Яғни, өз жолыммен жүру, ол – өнер жолы.
«Дала мен Қала», 4 қараша, 2005 жыл
СІЗ НЕГЕ ҮЙ АЛА АЛМАЙ ЖҮРСІЗ?
Жаңа үйге кіру кімнің арманы емес дейсің. Енді ғана шаңы-
рақ көтерген жас отбасы да, балалы-шағалы болып жатқан жігіт
ағасы да, қысқасы, бесіктегі баладан, еңкейген кəріге дейін осы
бір сағымға айналып кеткен арманның жетегінде жүр. Бесік-
тегі бала арманын айта алмас, əрине, ал үлкендер жағы қияли
болуға айналған. Себебі, əне жеттім, міне жеттім дей берген-
де, əйтеуір бір себеп, əйтеуір бір кедергі алдынан шығып,
орағытып жүргені. Сонда немене, қазір салынып жатқан үй
жоқ па?! Бар, əрине, салынып жатқан ғана емес, баяғылы бері
дап-дайын болған небір іші-сырты жылтыраған көп қабатты
үйлер, коттедждер болашақ егелерін күтіп тұр. Олар бірақ кім
көрінгенге берілмейді. Адамды алалаудың басы осыдан баста-
лады. Бұл жердегі əңгіме тамыр-таныстық тұрғысында айты-
лып тұрған жоқ, үй алуға шамаң жете ме, жоқ па, əне, гəп қайда
жатыр? Қазір үкімет те, ипотекалық жүйелер де, банк те ар-
зан тұрғын үйлермен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын
жасаған болып жатыр. Бірақ бəрібір баяу жүргізіліп отырған
жұмыстар көпшіліктің көңілін көншітер емес. Мысалы, бір
ғана Алматыда арзан тұрғын үй алуға өтініш білдірген 33
мың отбасының тек 7 мыңы ғана банктердің сүзгісінен өтіпті.
«Қазақстандық ипотекалық компания» ұйытқы болып жүргі-
зіп отырған шаралар несие алушыға орташа айлық табысы-
ның 35 – 45 пайызына дейін төлеп тұруға кепілдік беріп отыр.
Оның үстіне, ипотекалық несиені алғанда туған-туыстармен
бірігіп те қайтаруға болатын жағдайлар жасалған. Осыларға қа-
рап отырсаң, барасың да, ипотекалық несиені ала салып, жаңа
үйге көше салатындай, оп-оңай көрінеді. Алайда, олай емес, сіз-
дің алдыңыздан кездесетін кедергілерде шегі жоқ. Соның əйте-
уір біреуі сіздің аяғыңыздан тұсайды. Қысқасы, ипотекалық
несиемен сізді үймен қамтамасыз етуге сіздің өзіңізден басқа
ешкім де аса көп мүдделі болып тұрған жоқ. Жалпы мақсатта-
рын қайдам, ал дəл қазіргі жағдайда солай болып тұр. Оған
1993 жылы болған жағдай да себеп болып отыр. Тоқсаныншы
жылдары жүз мыңдап несие алған кісілер небəрі екі жүз-үш
жүз теңге төлеп несиелерінен құтылып кеткен болатын. Тіс жа-
рып ештеңе айтпаса да, банктердің бəрі əліптің артын бағып,
келер жылды күтіп жүр. Олар ақшаның құнсызданып кетуінен
өлердей қорқады.
Дегенмен, өмір болған соң, ара-арасында адам сенгісіз
нəрселер де болып қалып жатады. Мысалы, Атыраудағы об-
лыс бюджетіне салынған үйге 81 отбасы тегін кіріп мəре-
сəре болып жатыр. Ал, Таразда «Жамбыл құрылыс» ЖШС-
нің арқасында 17 отбасы үлкен қуанышқа кенелді. Олардың
банкке төлейтін бастапқы жарналарын өздері жұмыс істейтін
«Жамбыл құрылыс» мойнымен көтеріп алды. Қарап отырсаң,
мұндай əдістерді де жасауға болады екен. 7 миллион теңге бо-
латын бастапқы жарна шығынның орнын кəсіпорын амандық
болса тез арада-ақ толтырып алар деген ойдамыз.
Негізі, несие алушы мен банктің арасын жалғастыруға
дəнекер болып жүрген ипотекалық компания осындай қауіп-
тердің болмауына күш салып-ақ келеді. Олар кез келген
жағдайда несие алушының шығынын банкке қайтара ала-
ды. Ипотекалық компанияның негізгі мақсаты осы – елдің үй
алуына өзі кепіл болу. Ипотекалық компанияның бұрынғы
басшысы Майко Сағындықова бұл төңіректе біраз жұмыстар
атқара білді. Ендігі жерде жұрт мемлекеттік компанияның жаңа
тағайындалған басшысы Марат Сəдуовтен үлкен үміт күтеді.
Өйткені, компанияның жоспарына сенсек, алдағы үш жылда
тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға үкімет 146 миллиард
теңге бөлетін болса, осындай ипотекалық жүйенің арқасында
49 мың қазақстандық отбасы үймен қамтамасыз етіледі екен.
«Ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» қазір 2 милли-
ард теңгеге кепіл болып, жұрттың баспаналы болуына жағдай
жасап отыр. Алайда, Алматыда жағдай сəл басқаша болып тұр.
Биыл бұл қалада 457 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға
берілуге тиіс. Бірақ ипотекалық жүйемен берілетін тұрғын
үйлерді пайдалануға беруге бір кедергі бар. Қала əкімі Иман-
ғали Тасмағамбетовтың «Қазақпарат» тілшісіне берген сұхбаты-
на қарағанда, бұл тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылым-
мен қамту мүмкін болмай отыр. 2006 жылға бұл үшін қаржы
қарастырылмапты да. Қала əкімі ұсынып отырғандай, жыл
сайын Алматы қаласын дамытуға барлық салық түрлерінің
13 – 14 пайызы ғана қалдырылмай, 35 пайызы қалдырылатын-
дай болса, бірталай жақсылықтарға қол жеткен болар еді. Сіз
бен бізге күні-түні ұйықтамай, соны тілегеннен басқа амал
қалмай тұр ма деп қорқамыз.
«Дала мен Қала», 18 қараша, 2005 жыл
ҚАЗАҚСТАНҒА «ҚҰМАР» ЕЛ КӨП
Неге екенін қайдам, осы біздің Қазақстанға құмар ел көп.
Өзінің жергілікті халқы тау-тау болған дорбасын сүйреп, авто-
бус пен пойыздарда адамға жол бермей, ары-бері ағылып əрең
күн көріп жүргенде, оған қоса қала көшелері мен автобустар-
да етекке оралып шұбырып жүрген келімсектерді көп көресің.
«Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар» демекші, өз
елінде күнкөрісі қиындап кеткесін жүрген шығар деп түсініп
қоя салатын нəрсе емес. Заңды-заңсыз, тіпті, қылмысты мигра-
ция ағыны ойлантпай тұрмайды.
Елімізде үнемі жүргізіліп тұратын «Көші-қон» операция-
сы барысында талай-талай шаруалар атқарылып жатады. Биыл-
ғы науқан да жаман басталмаған сияқты. 26 қазаннан бері жүр-
гізіліп келе жатқан жұмыстар нəтижесінде еліміздің жүріп-
тұру тəртібін бұзған 8580 шетелдік азамат ұсталып, əкімшілік
жауаптарға тартылған. Негізі, біздің елде жасырынып, бой та-
салап жүру деген мүмкін емес. Оған полиция қызметкерлері
жол бермейді. Яғни, қалада, не далада кімдердің жүріп-тұрып
жатқанын тəртіп сақшылары жақсы біліп отырады. Елімізде
жүрген алыс шетелдің 671 азамты, ТМД елдерінің 7963 аза-
маты жүріп-тұру тəртібін дұрыс сақтамаған болып шықты.
«Қазақпарат» тілшісіне Ішкі істер министрлігінің баспасөз
қызметі берген мəліметке қарағанда, 1274 шетелдік азамат
соттың шешімдері бойынша Қазақстан аумағынан сыртқа
шығарылып жіберген. Құжатсыз немесе тіркеусіз тұрып жат-
қан 872 адам əкімшілік жауапқа тартылса, 964 адам шетел-
діктерді қабылдау жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаға-
ны үшін, 215 адам шетелдік жұмыс күштерін пайдалану
ережесін бұзғаны үшін тиісті жауаптарға тартылған. Операция
барысында іздеуде жүрген 85 қылмыскер ұсталды. Оның 9-ы
ТМД елдерінң, 76-сы Қазақстанның азаматы болып шыққан.
Осы операцияның аясында Қостанайда Көші-қон заңнама-
сын бұзған 6 өзбекстандық азамат – лолы сығандар ұсталды.
Олар сот шешімінен кейін елдеріне қайтарылды. Тəжікстан мен
Өзбекстаннан келіп жататын мигранттар жайында осы жерде
тағы бір нəрсені айта кетуге тура келеді. Тəжіктер мен лолы
деген жұрт Алматының шетіндегі «Ұлжан» ықшамауданын
өздерінің ауылдары етіп алған. Қайсысы заңды, қайсысы
заңсыз тұрып жатқанын бір құдайдың өзі біледі. Бүкіл отба-
сыларымен бірнеше жылдан бері кəдімгідей жайғасып ал-
ған олардың əйелдері мен бала-шағасы күн сайын таңертең
жұмысқа бара жатқан елмен бірге таласып-тармасып, автобус-
та жүреді. Өздері белгілеп, келісіп алған Алматы көшелерінің
қиылыстарынан кезектесіп түсіп қалып жатады. Елден қайыр
сұрап, үй-ішін асырап жүрген табыскерлері осы əйелдері
мен бала-шағалары болар. Алматының еңбекпен қамту орта-
лықтары бұларға жұмыс тауып бергендей бəрі қамсыз, емін-
еркін жүруге үйренген. Ал, «Ұлжан» ықшамауданының хал-
қы оларға үйреніп кеткені соншалық, ауылы аралас, қойы қо-
ралас, ағайындарының арасында тұрып жатқан сияқты.
Біз, əрине, еліміздегі тыныштықты мақтан етіп, ала-құ-
лаға бөлмей, жұрттың бəрімен достық қарым-қатынаста, ын-
тымақтаста болғанды қалайтын елміз. Біздің бағымыз да, со-
рымыз да сол болып тұр. Менің ауыл жақта Сарыбай деген бір
шопан жездем бар. Балалы-шағалы адам ғой, менің айтайын
дегенім, сол кісінің бір орыс баласы бар. Аты – Ақан. Орыс-
ша атын ұмытып қалған шығар. Жаңағы жігіт қазақ болып
кеткен, «Алтыймын» деп жеті атасына дейін шағып береді.
Əкесі жақында үйлендіремін деп жүрген. Бұндай мысалдар
еліміздің түкпір-түкпірінде аздап болса да кездесіп жатады.
Сырттан келіп қалғандар осылай сіңіп кетіп жатса, қуанасың
ғой, ал «Ұлжан» ауылындағыдай бір қора ел болып, өзінше бір
мемлекет сияқты болып жүрсе, ертеңгі күні өзімізге қиын-ау.
Əй, бірақ қайдам, Пəкістанда болған террактіде қайтыс болған
лаңкестердің төртеуінің қалтасынан Қазақстан төлқұжаты
шығып жүргенде, ештеңеге таңқалмайтын болдық. Негізі, іш-
кі істер орындарының өз жұмысына да үнемі тексеру, қадаға-
лау жүргізіп отырғаны абзал шығар.
«Дала мен Қала», 25 қараша, 2005 жыл
«АТАМ ЖАУДАН ҚАЙТПАҒАН
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН»
Жылт еткен жаңалыққа құлақ түріп үйренген Нұржамал
Ибрагимқызы бүкіл өмірін өндіріс саласында өткізіп келе
жатыр. Аспан айналып, жер шайқалғандай болған сонау
тоқсаныншы жылдардың басында тағдыр Қазақстанға өз
тəуелсіздігін алуды жазыпты. Ол сол сəттен бастап-ақ еге-
мен еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ете білді. Оның
алдында тұрған бір ғана мақсат бар еді, ол – еліміздің күш-
қуатына айналар жаңа зауыттар салу. Кентау трансформа-
тор зауытының маркетинг жөніндегі директоры Нұржамал
ТАЩАНОВАМЕН арадағы əңгміе ашық-жарқын басталды.
ПАРЫЗЫ – ЕЛ АЗАМАТЫ БОЛУ
– Кезінде жұрт жапатармағай сауда-саттық саласына
кетіп, «бизнесмен» деген атты əлдеқандай көріп, тайраңдап
жүргенде, сіз тып-тыныш қана тоқтап қалған зауыттарды
қайта іске қосумен, жаңа зауыттар салумен айналысып
кеттіңіз. Ұттыңыз ба, ұтылдыңыз ба?
– «Ұттым», не болмаса, «ұтылдым» деп бір сөзбен қайырып
тастауға келмейтін де нəрселер болады. Менің атқарған ша-
руаларым менмұндалап көзге көрініп тұрмағанмен, ел-жұрты-
мыздың болашағы үшін аса қажет дүние болған соң, өзіндік
бағыт-бағдарымен ерекшеленіп тұр. Қазақстан Республика-
сының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзіміздің
отандық өндірісті дамытуды қолға алғанда, ол кісіге тірек
болатын, ұстанған бағыт-бағдарын алға қарай жылжытатын
адамдар керек болды. Қарап отырсам, бүкіл өмірімді өндірісте
өткізіп келе жатқан екенмін, осы бағыт нағыз менің жолым деп
түсіндім. Өзім Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кəсіпкерлер
конгресінің президенті едім, қатты қуантқаны – алдыма өндірісті
қолға аламыз, өзіміздің отандық өнімдерімізді шығарамыз деп
тілек білдірген жастар көптеп келіп жатты. Артымда тұрған
қолдаушыларымның көптігі маған онан сайын қанат бітірді.
Сөйтіп, қолға алған шаруаларыммен еркін айналыса бастадым.
Шынымды айтсам, Елбасымыздың жағдайын сол кезде жақсы
түсіндім. Бір шаруаны қолға алғанда, соңында жанашырың бо-
лып, сол істі ары қарай дамытып ала кетсе, адамға кəдімгідей
күш-қуат болады екен.
Жеке ел болып кету басында оңай бола қойған жоқ, жаның-
ды түршіктірерліктей көптеген қиындықтар тосып тұрды. Мəс-
кеудегі Кəсіпкерлердің халықаралық конгресіне қатыстым,
өзім соның мүшесі де болдым. Талай шаруаны тындырымды
жасап жүрген академик Абалкиндермен таласып-тармасып
жүріп жұмыс істеу де оңай емес. Бірталай уақыт Мəскеуде
жүргенім, Су шаруашылығы министрлігінде, автоматика жə-
не телекоммуникация саласында істегенім, облыстық «Теле-
строймонтаждағы» күндерімнің маған көп көмегі тиді. Қазақ-
тың қарапайым бір қызы неше түрлі жобаларды жүзеге асы-
рамын деп, жанталасып жүргеніне қызығып та, қызғанып та
қараған ел аз болған жоқ.
МІНДЕТІ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН КӨТЕРУ
– Үлкен шаруаларды жалғыз-жарым жүріп атқару қиын
ғой. «Жалғыздың үні шықпас» деген емес пе?..
– Солайы солай, бірақ мені қолдаушылар аз болған жоқ.
Өзі бір жұмысты бастап қолға алсаң, біртіндеп жолың ашы-
ла береді екен. Əрине, оп-оңай бола кетпейді, барлық салала-
рымыз бір-бірінен байланысын үзген, жұмыстардың тоқтап
қалған кезінде қиындықтар жетіп-артылатын.
Бір күні мені Канада мен Югославияның кəсіпкерлері із-
деп келді. Тоқтап қалған зауыттарды қайта іске қосу мен жаңа
зауыттар салуды қолға алып жүргенімді біледі екен, маған
жүгері зауытын салайық деген өтініш айта келіпті. Мен күлдім.
Олар мұныма түсініңкіремей қалған еді, артынша шынымды
айттым. Алдымен сіздер маған жүгері дегенмен қалай айналы-
су керек, ол өзі не нəрсе дегенде, олар да күліп жатыр.
Əлемдік деңгейде алғанда жүгеріден бірінші орынды Юго-
славия алады. Олардың бұл мəселемен айналысамыз дегеніне
бір жыл болыпты, қолдарында жобалары бар. 50-де 50 дейді
ғой, жарты қаражат сол Канададан, ал қалған жартысын Қа-
зақстан шығару керек екен. Кəдімгі бірлескен кəсіпорын
салу ғой айтып отырғандары. Ауыл шаруашылығының неше
түрлі өнімін шығаруды қолға алады. Мысалы, жүгері мен
соядан ұнтақталған жем дайындаса – тауықтың таптырмай-
тын жемі. КСРО кезінде тауықтың еті 2,5 келіден аспаса, əл-
гі жеммен қоректенген тауықтар 6 – 7 келі болады екен. Бұл –
бір, екінші жүгерінің тұқымын сақтау. Бұл зауытта арнайы
дайындалған жүгері тұқымы жүз жылға дейін бұзылмай тұра
береді. Негізі айналысамыз деген барлық саласы да біздің ауыл
шаруашылығымызға өте қажет дүниелер еді. Бұл кісілердің
алып келіп, саламыз деп отырған зауыты жалпы Еуропа мен
Азияда жоқ. Басқа елдер Югославиядан бұл өнімдерді валюта-
мен сатып алады.
1994 жылы жұрт қандай іспен айналысатынын білмей
жүрген кезде мынадай жақсы бастама қолға алуға болатын
шаруа-тұғын. Мен Нұртай Əбіқаевқа телефонмен хабарлас-
тым. Экономикамызды көтерсек деген ойымыздың бар екенін
айтып, жаңалықтарыммен таныстырып жатырмын. Ол кісі
бірден қабылдады, келген делегацияны алып бардым. Жаңа
зауыттың мəн-мағынасын айтып, Елбасымызға хат жазған-
мын, Президентіміз бірден жүзеге асырылсын деген рұхсатын
берді. Не керек, жаңа зауыт салудың ұзақ жолы басталып кетті.
Министрліктерден өтіп, банкіден өтіп дегендей, бірінен кейін
бірі шыға беретін кедергілердің бəрінен өтіп тауыстық, əйте-
уір. Соның бəрінде келген делегация мүшелерімен бірге жүр-
мін. Өтіп жатқан ұзақ-сонар жолымызды көрген олар бастарын
шайқайды. Олар мұның алдында жобаларын қолына ұстап, бір
жылдай əуре болып жүріпті. Жаңа нəрсеге тосырқап, ешкім жо-
лата қоймаған. Біз қолға алғанның өзінде барлық жолдан өтіп,
рұхсат алғанша алты ай жүрдік. Бұл шаруаның жүзеге асып
жатқаны біздің Елбасымыздың арқасы екенін оларға қайта-
қайта айтып жүрдім. Сонымен, зауытты қай жерге саламыз де-
генге келіп бір тоқтадық. Жоба бойынша Алматы облысындағы
Еңбекшіқазақ ауданының Балтабай деген ауылында салынуға
тиіс екен. Ол жері өзі бұрыннан шетелдіктермен бірігіп жұмыс
істеп келе жатқан аймақ қой, бұл бастамамызды да жылы
қабылдады. Зауыт салынып бітіп, тұсаукесері болғанда мені
шақырды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүгерімен айна-
лысатын елдің бəрі келіпті. Сонда Талдықорған жақтағы Пан-
филов ауданынан келген бір кісінің: «Əттеген-ай, бұрын қалай
білмегенмін, Нұржамал, мынау нағыз менің зауытым екен»
деп өкінгені бар. Сөйтсем, Панфилов ауданы, тіпті, КСРО-
дағы жүгерімен айналысатын ең мықты аймақ екен ғой... За-
уыт Балтабайға бұйырып, сонда салынды. Бүгінде Ауыл ша-
руашылығы министрлігіндегілер оны авторы кім екенін де
білмейтін шығар, ол кезде біздің акционерлік қоғам дегенде
шаруамыз жоқ, Қазақстанда зауыт салынса болды деп жүгіріп
жүрген кезіміз.
МАҚСАТЫ – ЖАҢА ЗАУЫТТАР САЛУ
– Сізді зауттарды іске қосумен айналысқанда, алдына
жан салмайды деп жатады, мұның сыры неде?
– Оның құпия ештеңесі жоқ, бұл жұмыстар – менің бұ-
рыннан бері айналысып жүрген істерім. Қай жерде не бар,
қай зауыт, не шығарады, жаңа зауыт ашарда неден бастау ке-
рек – бəрі менің бұрыннан зерттеп-зерделеп жүрге нəрсем.
Əбден араласып, үйреніп алғандікі болар, мен үшін одан оңай
іс жоқ сияқты. Мысалы, біздің Қазақстан үшін 50 мың тонна су
құбыры қажет еді, оның тоннасы 870 сом болатын, кезінде ауыл
шаруашылығы үшін бұл өте маңызды нəрсе болып тұрған. Мен
өз бетімше талдау жасап көрдім. Егер «Испат-Карметтің» мета-
лын Қазақстанда шығарсақ, есептеп келгенде, 210 сом болады
екен. Экономист емеспін бе, 210 сомды көргенде, біржола есім
шығып кете жаздады, Үйреніп қалғанмын, жүгіріп тағы Нұртай
Əбіқайұлына келдім. Ауыл шаруашылығы суға зəру, қай ауыл,
қай жер болса да, су құбырларының қат болып тұрған кезі ғой.
Өзімізде шаруашылық есеппен жұмыс істейтін трест саламыз
дедім. Бюджеттен бір тиын алмаймыз, бар жұмысты өзіміз
мойнымызбен көтеріп аламыз деген соң, Нұртай Əбіқайұлы
Елбасыға барып, рұхсат алып берді.
Менің Мəскеуде 17 жылымды өткізгенім көп пайда əкелді.
Қай зауыттың жобасы бізге сəйкес келеді, алдымен соны зерт-
теп алу керек болды. Қарап отырсам, сонау Красноярскіде бір
кооператив бар екен, жылына 10 тонна өнім өндіреді. Соның
жобасын алып, құрал-жабдық үшін Ленинградтағы Киров зауы-
тымен байланыстым. Киров зауыты бізге қажетті өнімдердің
ең соңғы легі қалғанын айтып, тездетіп кіріспесек, одан да құр
қалып қалатынымызды ескертті. Дереу есебімді алып жетіп
бардым. Кейін қымбаттап кетуі мүмкін деп, ондағылар ақша-
сын алдын ала төлеттірді. Енді зауыт салатын жер іздеуге тура
келді. Шымкентті аралап жүріп, Қызылсайдан жер алдық. Бұл
зауытқа темір жол жақын болса, құба-құп. Коммуникация жағы
бар, не керек бəрін ойластырып алдық. Енді үй салатын ақша
қажет. Ол кезде бюджеттен ақша алу, несие, банк дегендер ойы-
мызда жоқ, не істейміз? Су шаруашылығы министрлігінде бір-
ге қызмет істеген Тоқжан Үркімбаевпен хабарластым, олар жо-
балаумен шұғылданатын. Бір күні Мəскеуден келсем, маған 275
мыңның есебін жіберіпті, шалқамнан түсе жаздадым. Тоқжан-
ға қайта бардым: «Сен қазақсың ғой, патриотсың, Қазақстанға
зауыт салғың келеді. Ендеше мыналарың не?» – дедім. Ол
бəрін қайта есептетіп, 95 мыңмен бүкіл жұмыс бітетіндей етіп
жасатып берді. Содан ақшасы төленген құрал-жабдықтарымды
алып кетейін деп Ленинградқа хабарластым, сөйтсем, сіздер-
дің зауыттарыңызды келіп, Қазақстанға алып кеткен дейді.
Қалай, кім алып кетті? Іздеп-іздеп тауып алдық. Өзімізде істей-
тін бір жігіт тауарларды əкеліп, Шымкенттегі қорғасын зауы-
тына жасырып, тығып қойған болып шықты. Тергеу-тексеру
орындары арқылы қайтаруын талап еттік. Қасымда 17 адамым
бар, прокуратураға біз бардық, олар келді өз адамдарымен.
Бұл құрал-жабдықтардың иесі менмін, сондықтан ештеңеден
де тайсалмаймын деп, мен оларға доқ көрсеттім. Кезінде мен
құрал-жабдықтарымды алып кетіп қалып отырған бұл жігітті
қорғап-қолдап, арашалап алып қалған болатынмын. Бетпе-бет
отырып айттым солардың бəрін, не керек, қолымды алып, өз
құрал-жабдығымды өзіме қайтарып берді.
Монтаж жұмыстары басталып кеткен уақытта тағы бір
əңгіме шықты. Сөйтсем, біздің тресті жекешілендіргелі жа-
тыр екен. Қазақстанда тұңғыш рет біздің сол тресіміз жеке-
шелендірілді. Бір күні Сатыбалды Ибрагимов деген кісі бар
еді, сол хабарласты. Үлкен корпорация ашыпты, сол корпора-
ция біздің тресті сатып алды. «Сіздің мақсатыңыз зауыт ашу
ғой, бастаған ісіңізді мен аяқтап шығамын», – деді. Келістік.
1994 жылы ол зауыт та іске қосылды, қазір жақсы жұмыс істеп
жатыр.
Елімізге алғаш инвестиция келе бастағанда, Қазақстан кə-
сіпкерлерінің халықаралық конгресінің алқа мүшесі ретінде
еліміз экономикасының сан-саласы бойынша талдау жасап,
қалай істеу керегін айқындауға күш салып жатсам, осы Болат
Əбілов: «Нұржамал тəте, Қазақстанға қазір зауыттың керегі
жоқ, Қазақстанға сол өзі қажет те емес», – демесі бар ма? Ол да
алқа мүшесінде бар болатын, Мұхтар Əблязов те бар. Бақытбек
Бəйсейітов конгрестің президенті еді. Өндіріс еліміздің тірегі,
күш-қуаты ғой мен де қайтқан жоқпын. Содан əлі сол өз ба-
ғытымнан айныған емеспін.
БАҒЫТЫ – ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ
– Жаңа айтып өткен екі зауыттан басқа тағы қандай
жұмыстармен айналыса алдыңыз?
– Швейцариямен бірлесіп мата шығаратын фабрика мен
«полимаралан» деген бронды əйнек шығаратын зауыттың
жобасын өндіріске енгіздік. Тоқыма-тігін фабрикасын қолға
алғанда əлі колхоз-совхоздар тарамаған болатын. Оны ерте-
рек қолға алған едік, сол шаруашылықтардың басын қосып
акционерлік қоғам құрдық. Фабриканы қолға алғанымыздың
тарихы да қызық. Бұрын Израильдің Сыртқы істер министрі
болған Давид Химки Мəскеу арқылы мені іздеп тауып алды.
Бір топ болып Шымкентке жетіп келіпті. Өндірісті дамытуға
жанымды салып жүргенімді біледі екен. Еуропа Даму банкі
қаражат беретіндігін, Еуропаның шикізат беріп тұратын елде-
рі бірігіп жеке кəсіпорын құруға дайын екендігін айтты. Өзде-
рінің қоятын шарттары бар екенін де жасырмады. Ол қандай
шарттар деген ой бірден көкейіме келе қалғаны рас еді, сөйтсем,
шығаратын өнімдеріміздің 50 пайызы еуропаға сатылуы қажет
екен. Біздің еліміздегі кəсіпорындардың ол кезде өнім сатып
алуға шамасы жетпейтіндігін біледі ғой. Ойбай-ау, оған қуана
келіспеймін бе! Бүкіл матаны шығара бергеннен пайда жоқ,
тек сұранымға ие маталарды ғана шығару керектігін айтып
жатыр. Ең бастысы, əрине, сапа. Еуропада өзін-өзі сыйлайтын
еркектің күнделікті киетін таза, əрі сапалы 7 көйлегі болуы ке-
рек екен. Соларды шығару керек деген талап қойды. Мен оған
риза болып қалдым. Құдай айдап келіп отырғандай, мынау өзі
жақсы жоба ғой, деп жатырмын. Өнімдеріміз Еуропада сатыл-
са, зауыт бізде салынса, одан артық не керек! Қарап қалмай,
мен де өзімнің талаптарымды қойып жатырмын. Мына пүліш,
вельвет, сосын диванға қажетті дивандек деген маталарды
шығаратын арнайы бір цех болуы керектігін айттым.
ӨКІНІШІ – АЯҚСЫЗ ҚАЛҒАН ІСТЕРІ
– Сіз сонда жобаларды жүзеге асырарда қағаздағы
сызбаларға қарап қана іске кірісіп кете бересіз бе?
– Қағазға да қарайсың, бұрын айналысып жүрген жерлердегі
кəсіпорындардың жұмыстарына да қарайсың. Бұл жерде бə-
ріне түгел назар аудармасаң болмайды. Жаңағы құрылысқа
қажет полиматериал – полимаралан əйнегі жайында айтып
өтейін. 1986 жылы Мəскеуде Дүниежүзілік симпозиум бол-
ды. Сонда сол симпозиумның алдында Сочи, Мурманск жəне
Мəскеудің айналасындағы елді мекендердегі полимаралан
əйнегінен салынған жылыжайда өскен өнімдерді алып келді.
Нақты нəтижелерін көрсетіп тұрған соң, қалай қызықпасқа.
Маған келіп салайық деп жүрген зауыттары сондай шығаратын
өндіріс орны. Тəуелсіздік алғаннан кейін қазақстанға мені іздеп
келіп отыр ғой сондағы еврейлер. Олар алдында шығарған
өнімдерін біздің елде сатқысы келетінін айтқан. Мен көнбе-
дім, біз сол өнімді шығаратын зауыт салған тиімді екенін
айттым түсіндіріп. Келістік. Бірақ соның өзінде ары қарай
жұмысты алып кету оңай болған жоқ. Іздестіріп жүріп, Герма-
ния арқылы хабарын білдім, Ресейдегі Нижний Новгородтың
жанындағы Дзержинскийде Корн деген зауыт бар екен.
Қаланың əкіміне барып жолығып, мақсат-мүдделерімді айтып
едім, кезінде 86 миллион долларға осындай зауытты Рыжков
салдырғысы келгенін айтты. Қолы қойылған дайын жобаны
көрсетті. КСРО ыдырап кетіп, қалып қойған ғой салынбай.
Соның өзімізге қолайлы кішкентай ғана жобасын алдым, оны
салуға 3,5 миллион доллар кетеді екен. Полимаралан əйнегі
өзі жылыжайға таптырмайтын нəрсе, екі-үш қабатты, арасын-
да қуыстары болады. Келіп түскен күн сəулесін бірден өткізіп
жібермей, ультракүлгін сəулелерді ұстап қалып, өсірілетін
өнімнің күйіп кетпеуіне жағдай жасайды. Кувейтте құмның
үстінде сол макролоннан (макролон – менің маралым деген
сөз) жылыжай жасап, бидай егіп, экспортқа шығарып отыр.
Шетелдерде банктердің, басқа да мекемелердің есіктеріне
дейін осындай əйнектерден жасалады. Кубалдымен ұрып
сындыра алмайсың, отқа жанбайды. Айтайын дегенім, осы
əйнекті шығарамыз дегенге Асқар Көлебаев қатты қызықты.
Ұсынысымды бірден қолдап, қаржы бөлдірткізді. Сөйтіп, үш
жыл бойы барлау-талдау жұмыстары жүргізілді. Германиядан
мамандар келіп, бүкіл жағдайды тексеріп көрді. Олар сөйтіп
жүріп біздің бүкіл рыногымызды зерттеп алыпты. Соңынан
Қазақстанға мұндай зауыттың қажеті шамалы деп, ақшаны
«Базиске» бөлді де жіберді. Асқар Көлебаев бұлай жасағанның
дұрыс емес екендігін, бұның жолында, тіпті, Президентке дейін
баратындығын айтып, маған осы жобаны аяғына дейін алып
шығуға тиіссің деді. Қажет болса, конкурс ұйымдастырамыз
деп, тіке кетті ол кісі.
ҚУАНЫШЫ – ОРТАҚ ІСТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
– Содан не болды, жобаны жүзеге асыра алдыңыздар ма?
– Мен Шымкентке кетіп қалған болатынмын, бір күні банк-
тен телефон шалып, құттықтап жатыр. Сөйтсем, біздің 3,5
миллиондық жобамыз бірінші орынды жеңіп алыпты. Соның
өзінде сегіз ай жүріп, қаулы шығартып барып, Шымкенттегі
бір зауыттың үйін пайдаланып жүзеге асыратын болдық. Олар
акционерлік қоғамның мүшесі болатын болып, келісімдерін
берген еді, сол уақытта Шымкенттің əкімі зауытты сатты да
жіберді. Міне, қырсық... Бақылау пакетін бізге бермесең, рұх-
сат жоқ дегенді осылай істерімен көрсетті. Кейіннен біз оны
Кентаудағы трансформатор зауытында жүзеге асырдық.
– Кентау демекші, жақында Президентіміз іссапармен
Кентауда болып қайтты ғой, ел-жұрт қалай қарсы алды?
– Елбасымыздың бізге келгені халық үшін үлкен мере-
ке болды. Жұрттың қуанышында шек жоқ. Бір кездері ұмыт
бола бастаған Кентауға соңғы жылдары жан кіріп, тұрмыс-
тіршілігі жақсара бастаған соң, халықтың көңіл-күйі көтеріңкі
болатын. Президенттік сайлаудың алдына тұспа-тұс келген
Елбасымыздың бұл іссапары ел-жұрттың көңіл-күйін одан
сайын жақсартып, халықты жігерлендіре түсті. Жұрттың
Президентімізге деген ыстық ықыласы барлық жерде анық
байқалып тұрды. Алдымызда сайлау келе жатыр, өте жауап-
ты нəрсе. Мен елдің атынан айтпай-ақ қояйын, өз тарапымнан
айтсам, қазіргі Президентіміздің орны мүлде бөлек. Əрине,
басқа үміткерлердің де өз орындары бар шығар, бірақ, ірі сая-
саткер ретінде Нұрсұлтан Назарбаевқа жететін жоқ. Оны мен
қай жерде болсын, ашық айта аламын.
– Сіздің атқарып жүрген жұмыстарыңыз, шынында да,
адамның шашын ағартатын нəрсе екен. «Қайда барсаң
Қорқыттың көрі» деген əңгіме ғой мынау өзі. Егер мен бол-
сам, сізге «Құрмет» орденін беріп қойып, бір арқаландырып
қойған болар ем. Отандық өндіріс деп Сіз секілді жүгіріп
жүрген қазақтың қызы аз ғой.
– Бірақ бар екенін көріп тұрсыз ғой. «Атам жаудан қайт-
паған» деген əңгіме сол бізге келіңкірейтін сияқты.
– Əңгімеңізге рахмет!
«Дала мен Қала» 25 қараша, 2005 жыл
ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ МЕРЕКЕСІ
Мереке деген не нəрсе? Бүгінгі ұғымымыз бойынша ол атап
өту деген дəстүрді білдірсе керек. Иə, ерекше көңіл бөліп, сол
күннің мəн-мағынасын пайымдап, арнайы құрмет көрсету де-
ген сөз. Осыдан 14 жыл бұрын 16 желтоқсан Тəуелсіздік күні
деп белгіленгенде де, осындай ой жатқан болатын. Содан бері,
міне, құдайға шүкір, ел болып, жұрт болып Тəуелсіздік мерекесі
өз дəрежесінде аталып өтіп келеді. Бірақ алғашқы жылдары
«Тəуелсіздік күнін Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын еске
алатын қаралы күнмен бекер қатар қойды. Бұл Желтоқсан
көтерілісіне көлеңке түсіреді» деген əңгімелер айтыла бастаған
еді. Оны арагідік қазір де айтып қалатындар бар. Меніңше, бұл
да ойлануға тұратын мəселе. Оны кеңірек қамтитын болсақ,
айтар сөз көп. Сондықтан, біз бір ғана қырынан алайық.
Ел ішінде «бізге тəуелсіздік өз аяғымен келді» деген жалаң
түсінік бар. Ол олай емес. Оның олай еместігі бір ғана құдайға
аян. Аяғы салбырап аспаннан түсе салатын сый деген нəрсе бұл
өмірде жоқ. Ешнəрсе тегін келмейді. Біздің тəуелсіздігіміз де
солай. Арғы ата-бабаларымыздың өмір бойғы жан алып, жан
беріскен күрестерін айтпай-ақ қоялық, тіпті, берідегі Кеңес
Одағы кезіндегі бас көтерулерді де қалдыра тұралық, тек осы-
дан 20 жылдай бұрынғы Желтоқсан көтерілісіне ғана көңіл
бөліңізші. Желтоқсан көтерілісі əлі өзінің тиісті дəрежедегі сая-
си бағасын алған жоқ. Рас, алаңға əр түрлі адамдар жиналған
шығар, бірақ сол кездегі санасы түзу, кеудесінде жалыны бар
қыз-жігіттердің ойында бір ғана нəрсе болғаны шындық. Олар
халқымыздың болашағына алаңдады. Тізесі батқан Кеңес өкі-
метіне деген іште жатқан наразылықтарын стихиялы түрде
болса да, жоғары дəрежеде көрсете алды. Турасын айтсақ,
еліміздің бостандығы үшін, яғни тəуелсіздік үшін бас көтерді.
Бұл Кеңес Одағының кезіндегі ең ірі көтерілісі еді. Оны Кеңес
Одағының өзінен басқа елдердің бəрі солай бағалаған болатын.
Желтоқсан көтерілісі Одақтың ыдырауының катализаторы бол-
ды. Он бес одақтас республикадағы зиялылардың баршасына
үлкен ой салды. Барлық кеңестік ел басшылары тəуелсіздік
туралы ойланып, содан кейін ғана батыл əрекет ете бастады.
Бұл орайда біздің мақтанатындай да ретіміз бар. Қысқасы,
Тəуелсіздігіміз бен желтоқсан көтерілісінің түп-төркінінде бір
мағына жатыр. Бірінсіз бірінің жоқтығы, бірінсіз бірінің жұтаң
тартып қалатыны байқалып та тұрады. Бұл екі датаның қатар
түсуінің өзі біраз жайды аңғартып тұр. Əйтеуір, тегін емес...
Ұлы Қазан төңкерісі естеріңізде шығар, ол да қанмен кел-
ген жаңа өкімет болатын. Солай бола тұра, 7 қараша қаралы
күн ретінде емес, үлкен мейрам санатында тойланып өтетін
еді ғой. Жалпыхалықтық мейрам деген нəрсе кең көлемде
атап өту, атап өтудің атасы деген сөз. Кім біледі, арада жыл-
дар өткен соң бір əрпі ғана өзгеріп, Желтоқсан көтерілісі Ұлы
Қазақ төңкерісі деп бағалануы да мүмкін-ау. Бірақ бұл ұзаққа
созылған саяси төңкеріс еді. 1986 жылы басталып, 1991 жылы
шыңына жеткен төңкеріс болатын. Қалай болғанда да, біз
Тəуелсіздігімізге қол жеткіздік. Желтоқсан көтерілісін де осы
тəуелсіздік рухында атап өтуіміз керек деп ойлаймын. Өйтке-
ні, Тəуелсіздігімізден биік ешнəрсе жоқ. Тəуелсіздік мерекесі
құтты болсын, ағайын!
«Дала мен Қала», 16 желтоқсан, 2005 жыл
ҚАЗАҚСТАНДЫ РЕСЕЙГЕ
КІМ ҚОСАЙЫН ДЕП ЖҮР?
Аузын айға білеген Америка Құрама Штаттары Ресейге
қосылайын деп жатыр дегенді айтсаң, мынау жынданған шығар
деуі мүмкін. Ал, Қазақстан Ресеймен қосылайын деп жатыр
десе, шыны қайсы, өтірігі қайсы екенін білмей қаласың. Неге?
Бұл біздің күні кеше бір көрпенің астында болғандығымыздан
да шығар. Алайда, біздің асай-мүсейімізді арқалап бөлек кет-
кенімізге де біршама уақыт болып қалды ғой, мұндай əңгі-
мелердің сонда да айтыла беретіні неліктен? Осыған шамамыз
жеткенше ой жүгіртіп көрсек.
«Ғылым таппай мақтанба» деген өлең есіңізде ме, «Бес
нəрседен қашық бол, бес нəрсеге асық бол, адам болам десеңіз»
деп келмеуші ме еді. Меніңше, Қазақстан мен Ресей жайында
айтыла беретін əңгіменің негізінде де осындай бес нəрсе жатыр.
Біріншісі – саяси жағдай, екіншісі – экономикалық мəселелер,
үшіншісі – əлеуметтік жəйттер, төртіншісі – ғылым-білім жəне,
бесіншісі – мəдениетіміз.
Қазіргі таңдағы саяси жағдай қалай болып отыр? Бір қо-
лыңмен Ресейді, екінші қолыңмен Қытайды құшақтап оты-
рып, өз бетіңше жасырын саясат жүргізу мүмкін бе? Алыстан
аузын ашқан Америкаң тура төбеңнен қарап тұрған сияқты,
ал бұлталаққа салып көр. Бір кездері белгілі жазушы Герольд
Бельгердің Қазақстанның осындай күйін балаға теңегені бар.
Қазақстанға жаны ашығаннан кейін айтқаны шығар. Осын-
дай жағдайларға қарап отырып, Президентіміз Нұрсұлтан
Назарбаевты түсінуге болады. Ал, біз болсақ, «жау жағадан
алғанда, бөрі етектен» дегендей, кəкір-шүкірді əңгіме етіп,
елді дүрліктіргіміз келеді де тұрады. Жə... жарайды, айтатын
əңгімемізден ауытқып бара жатқан сияқтымыз. Қысқасы,
біз ешқандай да жасырын саясат жүргізе алмаймыз! Оның
бізге қажеті де жоқ! Сондықтан, ежелден алыс-берісіміз бар,
төскейде малы, төсекте басы қосылған Ресеймен не көр-
сек те бірге көруге тура келіп жатады. Қазақстанның Ресей-
ге қосылуы туралы əңгіменің қылаңдай беруі де көп рет-
те осыған байланысты. Əрине, Ресеймен бірге көреміз деген
біздің жеке саясатымыз жоқ деген сөз емес. Ол – кең көлемде
алғандағы нəрсе. Əйтпесе, іргесін бөлектеген елдің бəрібір өз
мүддесі, өз мақсаты болады. Парламенттегі Үкімет сағатында
Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев
Ресеймен қосылу, немесе ортақ мемлекет құру туралы əңгіме-
ге байланысты өз ұстанымын ашық айтып, ондай жоспардың
ешқашан болмағандығын, жəне оған ешқандай негіздің де жоқ
екендігін арнайы хабарлауы тегін емес. Арандатушылар қай
жақтан болса да табылады. Олардың да өз мақсат-мүдделері
бар. Олар екі елдің көп жағдайда бір аурумен ауырып, бір
дəрімен емделетінін жақсы білген соң, өздерінің ұпай жинауға
бейім қитұрқы саясатын бопсалап жүргендер. Əйтпесе, жеке
ел болады екен, орынды-орынсыз біреудің қорасына түсе бе-
ру – болмайтын нəрсе.
Енді екінші мəселеге тоқтап көрейік. Ортақ аурудың көкесі
осы екінші мəселе – экономикалық саламызда жатыр. Бұрын
бір ағзаның мүшелері сияқты бірінсіз-бірінің күні жоқ болып,
тарам-тарам салалардың бір басы анда, бір басы мұнда болса
да, үндесе, сəйкестене жұмыс істеп қалған жүйелер бұзылған
соң, кесіп-кесіп тастаған дене мүшелеріндей жансызданды да
қалды. Жеке-жеке жұмыс істеу мүмкін болмайтындай дəреже-
де еді. Енші алып етек-жеңін жаба бастаған қазірдің өзінде біз
көп мəселені бірге шешуіміз қажет болып отыр. Сыртқы басқа
елдерге мұнай-газ сияқты тағы басқа табиғи байлықтарымыз-
ды сатуда, оларды өңдеу мəселесінде де бірауыздылық қажет
болмай қалмайды. Біз көп жағдайда бірімізге-біріміз тəуелді-
міз. Алайда, қалыптасып отырған барлық жағдайды Ресей мен
Қазақстан қосылмай-ақ, ақылдаса, келісе отырып, бірігіп шеше
алады. Оған қадам жасалғалы да көп болды. Дегенмен, бұрынғы
шовинистік көзқарас қанына сіңіп қалған кейбіреулер орта
жолда жеңіл жағын ойластырған болып, түрлі арандатуларға
барып отыр. Олардың əңгімесі пойыз кетіп қалғаннан кейінгі
күбір-сыбыр.
Ал, енді əлеуметтік жағдайларымызға келер болсақ, «апама
жездем сай» дегендей, мұндағы шешімін күткен мəселелеріміз
де шаш етектен. Ол жақ та, бұл жақ та жетісіп отырған жоқ.
Тұрмыс деңгейінің нашарлығы екі ел халқының жиі арал-
сып тұруына негіз болып тұр. Бірінсіз-біріне өмір жоқтың
бейнесін осыдан көруге болады. Ресейдегі барлық жағдайдың
біздің елімізге əсерін тигізетінін ойласаң, бірігіп-ақ өмір сүріп
кеткің келеді. Алайда, бұл өткінші, уақытша нəрсе. Əлеуметтік
тұрмыс-жағдайымыз жақсарған соң, «өзі болған қыз төркінін
танымайды» деген дəрежеге дейін жеткізуге негіз бар. Бұны
біздің халқымыз түсіне бастағалы көп болды, екі елдің қосылуы
туралы сыпсыңдарға мұрын шүйіре қарайтыны сондықтан.
Төртінші нəрсе – ғылым. Бұл өзі бүкіл əлемге ортақ, бөле-
жаруға келмейтін мəселе. Сондықтан, Ресеймен бірге жетпіс
жылдан астам уақыт бойына бір терінің пұшпағын илеп оты-
рып, ендігі жерде соның шетін жыртып аламын деу ақылға
қонбайтын іс. Біздің мықты ғалымдарымызға Ресей ғана
емес, оның көкесіндей елдер де қызығады. Анау, əне, Асқар
Жұмаділдаев сияқты данышпандарымыз менмін деген біраз
шетелдің төрінде тұрып ақыл айтып қайтып жүр. Бұл сала өзі
Жер бетінде Қазақстан деген елдің бар екенін күллі əлемге
паш ете алатын күш. Мысалы, қазақстан химиктерінің көк
түтінді зарядтау арқылы ғарыштық резеңке шығаруды ойлап
тауып, əлем жұртшылығын елең еткізгені кеше ғана. Елдің
егемендігін нығайтуға, тəуелсіздіктің бір тұғыры болуға жа-
райтын ғылымымыз дамыған сайын бізбен санаспайтын жұрт
қалмайды. Алайда, ғылымның көп саласында Ресеймен біздің
жұбымызды жазу қиын. Ресейге қосылу əлеулəйімін айтып
жүргендерге бұл да негіз болып келеді. Сол үшін ғылымның
барлық саласын дамытуға күш салуымыз керек. Онсыз жеке
мемлекет болып қалу сағымның арасынан алақаныңмен су
алып ішкенмен бірдей.
Қолмен ұстауға келмейтін, бірақ көзге бақырайып көрініп
тұрған бір нəрсе бар. Ол – мəдениет. Бесінші нəрсе деп ең
соңына қойып отырғанымыз болмаса, бұл – ең үлкен мəселе.
Жоғары мəдениетіміз болған күннің өзінде оны орынды
көрсете біліп, өзге елдерге мойындата алмасақ, тəуелсіз еліміз
тұманның аржағында тұрғандай болады. Басқасын қойып, əнге
ғана келейік. Біз халық əндері мен дəстүрлі нақыштарымызды
ғана бірінші кезекке қойып, бүгінгі таңның «хит-парадтарына»
мəн бермесек, онша алысқа ұзай қоймаймыз. Себебі, батыстың
барлық даңғаза музыкасы қазір біздің аспанымызда жынойнақ
салып жүр. Барлық жастарымызды қырып жібермесең, одан
құтыла алмайсың. Одан құтылудың бір-ақ жолы бар, жаудың
өз оғын өзіне ату, немесе өз талқанын өзіне қуырып беру.
Яғни, бізге де сондай даңғаза музыкалар керек. Уды умен ғана
қайтарасың. Қанша жерден өнеріміз ақсап қалады дегенмен,
олай істемейінше тығырықтан шыға алмайсың. Өткенде жа-
зушы Жаңабек Шағатай «Жастар тілін түсінбейтін даңғаза-
ларды шулатқанша, өзіміздің шалабайларды айтып, тыңдап
жүрсін. Өнер аспанында бос жер қалмайтындай болғанда ғана
«жаулаудан» құтыламыз. Сапасыз дүниеер біртіндеп өздігінен-
ақ қала бастайды. Сол үшін əн жағында ешқандай шектеу
болмауы керек» деген еді. Осы сөздің жаны бар. Осындай
əңгімелерді кино, мультфильм төңірегінде де айтуға болады.
Аспаның ашық, шекараң ашық болған соң, оларға тосқауыл
қою қиын.
Міне, «кімнің арбасына отырсаң, соның жырын жырлай-
сың» деген сияқты, нарық əулетіне аяқ басқан соң, Ресейің бар,
басқаң бар, солардың мəдениетіне қарағыштауға мəжбүрміз.
Біздің жастарымыз бейім болып келеді, ұлттық мəдениетіміз-
ді де, жаңа дəстүр, жаңа салтты да əлемдік деңгейге көтере
білсе, тəуелсіздіктің бір үлкен тірегі болары еді. Спорт жай-
ында да айтарымыз осы төңіректе болған соң, оған жеке тоқ-
талғымыз келіп тұрған жоқ. Қысқасы, Қазақстанды Ресейге
қосқысы келіп жүргендер біздің осындай осал тұстарымызды
əбден біліп алған. Сондықтан, ауыздарына келгенін оттайды.
Ал, оған қарсы тұру біздің əрқайсысымыздың қасиетті бо-
рышымыз. Олар ештеңе айта алмайтындай əлемдік деңгейге
көтерілуіміз керек. Біздің барлық ой-өрісіміз осы мақсатқа
ғана жұмылдырылуы қажет.
«Дала мен Қала», 23 желтоқсан, 2005 жыл
ЕРТЕҢІНЕ ҚОЛ СОЗҒАН ҚАЗАҚСТАН
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАҒАН ЕЛБАСЫНА СЕНЕДІ
Кейінгі кездері «Жыл адамы», «Ғасыр адамы» деген ұғым-
дар дүниеге келіп, түрлі ортада əр түрлі еңбегіне байланысты
жекелеген тұлғалар іріктеліп, сарапқа түсіп жатады. Суыры-
лып шыққан адамдардың мерейін өсіріп, жарты əлемге жар
салып əйгілеп, үкілеп жатуда да үлкен мəн болса керек. Осын-
дай атақтардың қайсысына болса да лайық, бірақ шын мəнінде
алғанда, ондайлардың ешбірі міндетті емес тұлғалар да болады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаевты сіз өзіңіз қай биікке жатқызған болар едіңіз?
Əркім, əр ел өз тұрғысынан алып қарап жататыны рас, енде-
ше бізге салар болса, оны əлем деңгейінде «Жыл Президенті»
атап, ал өз еліміздің көлемінде «Ғасыр адамы» деген биік
мəртебені қиналмай-ақ бере салған болар едік. Соңғы он-он
бес жылда ғасырлардың еншісіндегі қыруар шаруалардың
жүзеге асуы адамды осындай ойларға жетелейді. Бірақ үлкен
тарихтың төбесінен қарасаң, мұның бəрі де өткінші нəрселер,
ірі тұлғалар үшін міндетті, яғни қажет те емес. Уақыт əр нəрсені
де өзі іріктеп, сұрыптап, өз орнына қойып жатады. Десек те,
сол тарихымыздың ұзақ жолында өшпес із қалдыру, тұтас бір
жаңа дəуірдің көшін бастау екінің бірінің маңдайына жазыла
бермейтін бақ. ХХ ғасырдың соңғы он жылы қазақ мемлекеті
үшін тарих бетіне алтын əріптермен жазылатын үлкен бе-
лес. Əрине, тəуелсіздігіміз үшін кезінде жүргізілген əр түрлі
деңгейдегі күрес нышандарының болғанын жасырмаймыз да.
Шынтуайтына келгенде, қазақ халқы елінің тəуелсіздігі үшін
өмір бойы күресіп келе жатқан, бүкіл тарихы тек күрес жол-
дарынан тұратын халық. Біз үшін еліміз тəуелсіздігінің орны
айрықша бөлек болатыны да, сол тəуелсіздік жолында ерекше
еңбек сіңіре білген Президентіміз мерейінің əрқашан үстем бо-
латыны да сондықтан.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назар-
баев үшін мақтау да қажет емес, сондықтан біздің сыбағамыз-
ға тиіп тұрған бір ғана жол бар, ол – атымызды əлемге танытқан
осындай Елбасымыздың бар екендігін айтып шүкіршілік ету.
Қажет болып бара жатса, өзгелерге паш етіп, оның атқарып
жатқан қыруар іс-шараларын айта отырып, Президентімізбен
мақтана алатындығымызды жеткізу ғана. Ендеше, Қазақстан
Республикасы өз тəуелсіздігін жариялаған кезден бері қарайғы
жолдарымызға біраз үңіліп көрейік. Əрине, шағын əңгімемізде
елімізде атқарылған барлық шараларға көз жүгіртіп өту міндет
емес шығар, дегенмен Елбасымыздың тұлғасын көрсете ала-
тын негізгі мəселелердің кейбіріне тоқталып өткенді жөн көріп
отырмыз.
Айтар ойымызды Қазақстанның жағдайы бұрын қалай еді,
қазір қай деңгейде деген екі мəселенің төңірегінде ғана сөз
етіп жеткізіп шығуға болады. Алайда, бір ғана Қазақстанның
төңірегінде қалып қойса, Елбасымыздың тұтас бейнесі көрін-
бей қалатын сияқты. Сондықтан, бұл ретте шартты түрде «Қа-
зақстандағы қайталанбас сəттер», «ТМД-дағы таңдандырған
оқиғалар», «Əлемге танылған Қазақстан» деген бөліктерге бөле
отырып қарастырсақ, қысқаша айтар əңгімеміздің аржағында-
ғы ойларымыз айқын көрінер еді.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЙТАЛАНБАС СƏТТЕР
Биылғы жылдың ең басты оқиғасы Қазақстан Президентін
сайлау болғаны баршаға аян. Елбасын сайлау деген сөз – сол
елдің алдағы жолын айқындау, болашағын бағдарлау деген
сөз. Бұл ретте, құдайға шүкір, қазақ халқының, жалпы рес-
публика жұртшылығының бағы бар екен. Қабырғасы енді қа-
тайып келе жатқан жас мемлекет үшін, айналасындағы алпа-
уыт елдердің түрлі мүдделері тұншықтырып тастауға дайын
нəзік құрылымды ел үшін Президенттік сайлаудың əділ де,
демократиялық жолмен өз дəрежесінде өткені үлкен табыс бо-
латын. Кеңес Одағынан бері қатталып қалып, жарылуға шақ
тұрған əр түрлі күрделі мəселелері бар ел үшін демократия
деген сөздің өзін абайлап айтпаса болмайды. Егер демокра-
тияны түр-түске бөліп қарауға болатын болса, ең алдымен,
ел тыныштығы ауадай қажет елімізге, шындығын айтқанда,
бағдарлы демократия қажет дер едік.
Бұл орайда Кеңес Одағынан бері келе жатқан демократия-
ның аясын белгілі бір мөлшерде кеңейтіп пайдалануға бола-
тын сияқты. Себебі, əр нəрсенің де белгілі бір дəрежеде даму
сатысы болады. Талай жылдар бойы бір ғана Коммунистік пар-
тияның идеологиясымен санасы шырмалып қалған елімізге
Батыстың демократиясын бір күнде кіргізу үлкен апатқа бас-
тары анық. Сондықтан, салыстырмалы түрде алғанда, еліміз-
дегі Президенттік сайлау нағыз демократияның жарқын үлгі-
сін көрсете алды. Ең бастысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың
бұл сайлауда 91,15 пайыз дауыс алып, өзгелерден оқ бойы
алға озып шыққаны. Шынын айтсақ, көрсеткіштің өзі сөйлеп
тұрғанда, кең көсіліп əңгіме айтудың өзі артық сияқтанады.
Елбасымыздың ерен еңбегінің нəтижесіне берілген баға ре-
тінде қабылдауға болатын бұл көрсеткіш біздің даму жолы-
мыздың дұрыс таңдалғанын да айқындайды.
Əңгімеміздің бұл бөлігінде біз əріге тереңдемей-ақ, биыл-
ғы жылдың айтуға тұратын бір-екі оқиғасына тоқталып өтсек
те, тақиямызға тар келмейтін сияқты. Сол себепті, жыл басында
жасалған Президент Жолдауына тоқталып кетейік. Елбасымыз
Қазақстанда жүзеге асып жатқан ірі-ірі мəселелерге тоқтала
келіп: «Осыдан 10 жыл бұрын мұның бірі де болып көрмеген
еді, ал бүгін өмір бойы осылай болып келе жатқан сияқты» деп
ағынан жарылады. Өмірдің өзі солай, өтіп кеткен нəрсенің бə-
рі өзі бола салғандай болып тұрады. Əйтпесе, ғасырлар бойы
нақты шешімін таба қоймаған еліміздің бір ғана шекара мəсе-
лесінің үлкен сəттілікпен біздің пайдамызға шешілуінің өзі
қаншама жүйкесін тоздырып барып бітетін іс еді. Қытаймен
екіарадағы 1783 шақырымдық, ал Ресеймен екіарадағы əлемде-
гі ең ұзақ шекара болып саналатын 7591 шақырымдық шека-
ра сызығын нақтылап белгілеп алудың мемлекетіміздің бола-
шағы үшін қаншалықты қажет дүние екендіні айтып жатудың
өзі артық. Бұл бір біткен іс болды дегендей, өз аумағын заңды
түрде белгілеп, оны əлем бойынша мойындаттырып алу ең не-
гізгі мəселе болатын. Бұдан Қазақстан сүрінбей өтті, енді қарап
отырсаң, ол да өзі біте салғандай болып тұр.
«Біз Қазақстанды Орталық Азияның көшбасшысына,
халықаралық құрметті əріптеске, халықаралық лаңкес-
тікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуы-
на қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық»
деп, биылғы Жолдауында Елбасымыз еліміздің бүгінгі шы-
найы бейнесін сыпайылап қана көрсетіп өтеді. Мұның бəрі
рас нəрселер еді, бүгінде Қазақстан осы Жолдауда айтылып
өткендей, демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып
отыр. «Басқа елдердің тəжірибесі көрсетіп отырғандай, де-
мократия дегеніміз қоғамның барлық топтары үйренуге
тиіс барынша ұзақ процесс. Көптеген елдердің ғасырлар
бойы қалыптасқан либералдық дəстүрлері бар, алайда, олар
шырқау биігіне əлі де жете қойған жоқ. Біз бəрін жоқтан
бастаған едік қой жəне демократияның өзі – адамның ой-
санасы мен мінез-құлық мəдениеті екенін ұмытпағанымыз
жөн» деген сөзінің растығын біздер өз өмірімізден нақты кө-
ріп те келе жатырмыз. Қат-қабат бастан асатын басқа да мəсе-
лелер толып жатқанда, солардың бəрін рет-ретімен ойдағыдай
жүзеге асырып, рухани өмірімізді де назардан тыс қалдырмауы
оның жан-жақтылығын көрсетсе керек.
Биылғы жылдың тағы бір үлкен оқиғасы ретінде елімізде
«Көшпенділер» фильмінің түсіріліп, жұртшылыққа көрсетіле
бастауын айтқан болар едік. Қазақстан Республикасы Пре-
зидентінің өзі ұйытқы болып, оған қомақты қаржы бөліп,
фильмнің түсірілу барысын үнемі көңіл бөліп қадағалап оты-
руы оның тарихымызға да, жалпы өнерімізге де бей-жай қара-
майтындығына дəлел бола алады. Əрине, «Көшпенділер» үшін
бөлінген 3,0 миллионнан астам доллар қаржы бірер жыл ішін-
де ғана екі-үш еселеп қайтарым бергелі тұрғаны бүгінде бел-
гілі болып та қалды. Біздің айтқалы отырғанымыз ол емес, ел
басында отырған көшбасшыға дана да сұңғыла саясаткер болу
қаншалықты дəрежеде қажет болса, ішкі мəселелерімізге кел-
генде жан-жақтылық қабілет те соншалықты дəрежеде қажет.
Президентіміздің осындай талаптар тұрғысынан келгенде ал-
дына жан салмайтыны əмбеге аян.
ТМД-ДАҒЫ ТАҢДАНДЫРҒАН ОҚИҒАЛАР
Жас тəуелсіз еліміздің тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі-
мен тығыз байланыста айтылады. Біреуін жеке-дара атап,
екіншісін сызып тастау мүмкін емес. Ол ол ма, бұрынғы
Кеңес Одағының орнын алмастыра тұру мақсатымен дүниеге
келген Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының тарихында да
Президентіміздің аты ерекше аталатыны біз үшін үлкен
мақтаныш. Кеңес Одағы тарар тұста Горбачев пен Ельциннің
есімімен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың да аты жиі атала баста-
ды. Əлемдегі ең үлкен державаның бір іргесі сөгіліп, тынысы
тарыла бастағанда, көрегеннің көрегені ғана саясат сахнасының
төріне шыға алатын еді. Қазақстанның көшбасшысы саясат сах-
насынна шығып қана қойған жоқ, бұрынғы Кеңес Одағының
құрамында болған 12 елдің көшбасшылары Алматыда бас
қосып, жаңа бір тарихи келісімге қол қойды. Кеңес Одағының
«құлағаны» осы жерде барша əлемге паш етіліп, жаңа бір құры-
лымның дүниеге келгені біздің Қазақстанымызда жария бол-
ды. Бұл жерде біздің Президентіміздің көрегендігі мен батыр-
лығы айқын көрінді. Осыдан бастап-ақ ТМД-ның өмірінде бо-
лып жатқан барлық іс-шаралардың басында Нұрсұлтан Назар-
баев жүрді. Əбден тісқаққан саясаткерлерді өз соңынан ерте бі-
лу жаратылысы бөлек жанның ғана сыбағасына тиетін нəрсе.
Еншімізді алып, жеке бөлініп шыққан алғашқы кездің өзін-
де-ақ, басқа елдегілердің абыр-сабыры басылмай жатқанда,
қандай «изм-ге» баратынымызды өмір көрсетер, бірақ біз Қа-
зақстанда жақсы өмір орнатуымыз керек деген ұстаныммен
бірден, батыл түрде нарықтық қатынастарға кіріп кеткеніміз
бүгінде өзінің дұрыстығын көрсетіп отыр. Соның нəтижесінде
біздің елімізге шетелдіктер де сенімді көзқараспен қарап, өзде-
ріне əріптес ретінде үлкен шаруаларды бастап кетті.
Осы жерде біздің Президентіміздің əлемдік деңгейдегі үл-
кен саясаткер екендігі тағы бір байқалып қалды. Баяғы ұлы
Абылай ханымыз секілді оң жақтағы, сол жақтағы көрші-
лерімізді түгел түгендеп, өзара достық, ынтымақтастық орнат-
қанымен қоймай, Батыстың ірі көлемдегі инвестицияларын
тартуы еліміз қауіпсіздігінің бір кепіліне айналды. Бүгінгі таң-
да дамыған шет елдерден 40 млрд. АҚШ доллары көлемінде
қаржы тартылып отыр. Бұл тұрғыда алғанда ТМД-дағы бірде-
бір мемлекет біздің алдымызға түсе алмай келе жатын. Үлкен
көлемдегі қаржылары біздің елімізде айналымда жатқанда, ба-
тыстықтар да Қазақстанды қызғыштай қори жүреді деген сөз.
Бүгінгі таңда жиі айтылып жүрген Еуро-азиялық одақ,
Орталықазиялық одақ мəселелері де біле-білгенге еліміздің
тыныштығы мен бейбітшілік үшін жасалып жатқан қадамдар.
Ал, Ресей мен Қытай арасын жалғастырып жатқандықтан,
Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының құрылуы Қазақстан-
ның болашаққа деген сенімін одан əрі арттыра түсті. Бұл қадам-
дардың барлығы əлем саясаткерлерінің барлығының назарын
ерекше аударып отырғаны өз алдына, Кеңес Одағының орны-
на келген ТМД елдеріндегі жұртшылыққа таңдай қақтырып
отыр.
Қазақстандағы бейбіт өмір мен тұрақтылықтың сақталып
отыруына осындай батыл жасалған қадамдар негіз болды де-
сек, артық айтпағандығымыз болар еді. Айналадағы көрші ел-
дерде, бұрынғы кеңестік елдердің біразында болып өткен түрлі
көтерілістер, дүмпулер осындай батыл əрекеттердің арқасында
ғана елімізді айналып өтті. Ел ішіндегі барлық қобалжулар
халықтың тұрмыс-тіршілігінің нашарлап кетуінен туындай-
ды. Бұл жерде Қазақстанның ұтқаны кешіктірмей, өз уағында
шетел қаржысын көптеп тартып, халқымыздың жағдайын жақ-
сарту жолында шешімді түрде іс-шаралар атқаруы еді. Шы-
нын айтайықшы, кезінде «Қазақстан – 2030» бағдарламасы қа-
былданғанда көп адам алғаш күмəнмен қараған «Үш күндігін
ойламаған əйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без»
деген ұстанымға келсек, елінің алыстағы болашағын бағдар-
лаудың қаншалықты дəрежеде қажет екендігі бүгінде анық
көрініп тұр.
ТМД елдерінің ғана емес, дүние жүзі жұртшылығының на-
зарын аударған оқиғаның бірі еліміздегі оралмандар мəселесі-
нің жүзеге асырылуы еді. Биылғы жылы бұл жұмыстарға 600
миллион теңгеге жуық қаржы бөлінуі шетелдік қандастары-
мыздың ойлантып жүрген үлкен іске түпкілікті кіріскенімізді
көрсетсе керек. Қазақстан баяғыда кірісіп кеткен қандастарын
атамекеніне оралдыру мəселесіне Ресей сияқты іргелі мемле-
кеттердің өзі енді ғана көңіл бөліп, ойланып жүр. Бұл орайда
да біздің Президентіміздің көрегендігі мен батылдығы мен-
мұндалап көзге ұрып тұр. Бұл жерде үлкен саясаткерлік пен
мəмілегерлік қасиеттердің да аса қажет екендігі айдан анық.
Мұндай сан түрлі қасиеттердің бəрі бір адамның бойынан та-
былғандығына қазақ жатса-тұрса шүкіршілік айтып жүруі ке-
рек сияқты.
ƏЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ҚАЗАҚСТАН
Дөңгеленген дүниеде Қазақстан деген аттың бар екенін ес-
тіген адам болса, Назарбаевтың есімін білмеуі мүмкін емес.
Дəл бүгінгі таңда артығырақ айтсақ та, осы сөзді орынды деп
есептеген болар едік. Басқа кездердегі жағдайларды кейінге
қалдыра тұралық, тек биылғы жылғы Қазақстан Президентін
сайлау оқиғасы əлемдегі барлық ел саясаткерлерінің наза-
рын аударғаны рас. Ал, бұл сайлауда Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың жеңіске жетуі біз үшін ғана қажет болған жоқ.
Тəуелсіздік алғалы тығыз қарым-қатынас жасап келе жатқан
өзге елдердің басшыларына да бұрыннан сенім артып қалған
көзкөргендерінің ел басында болғаны жақсы еді. Сондықтан да
ма, қалай сайлаудағы жеңіске жеткені белгілі болды, əлемнің
түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп, Елбасымызға сəттілік
тілеген телефон шалушылар көбейді. Олардың қатарында ең
алғашқылар болып Қытай Халық Республикасының төрағасы
Ху Цзинь Тао, Франция Президенті Жак Ширак, Ресей Пре-
зиденті Владимир Путин, Түркия Премьер-министрі Тай-
ип Эрдоган, АҚШ-тың бұрынғы президенті, Елбасымыздың
досы болып алған Билл Клинтон, Корея, Моңғолия, Болгария
президенттері жəне тағы басқалар үлкен қуанышты бөлісіп
жатты. Мұның өзі əлем мойындаған Қазақстанның бір сəтін
көрсетсе керек.
Ғасырлар мөлшерімен алғанда Қазақстанның тəуелсіздік
алғаны күні кеше ғана, сосын ба, əлі күнге дейін Қазақстанды
мойындады деген ойдан арыла алмай жүргендейміз. Мойын-
дағаны өз алдына, бүгінде біздің Елбасымызбен тең дəрежеде,
тіпті, білдірмесе де, мүдделі түрде қарым-қатынас жасай
бастағандар жетерлік. Олар үшін кең байтақ Қазақстанның
мол қазынасы көз құрты болып тұр. Алайда, соның өзінде,
тұрақтылық пен бейбітшілік орнамаған жерге шетелдіктер
аяғын баспаған болар еді. Осылардың арқасында Қазақстан
бүгінде 60-қа жуық ең мықты да беделді халықаралық ұйым-
дардың мүшесі болып отыр. Олардың қатарында, мысалы,
Біріккен Ұлттар Ұйымы, Дүниежүзілік Даму Банкі, Азия Даму
Банкі, халықаралық валюта қоры сияқты басқа да үлкен-үлкен
ұйымдар бар. Бұған қоса, Қазақстанның дүние жүзіндегі 130-
дан астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуы
əлем көшінің бел ортасынан ойып тұрып орын алғандығын
көрсетеді. Ол ол ма, əлемнің дүлдүл саясаткерлері мен бизнес
əлеміндегі ірі тұлғалар біздің Президентіміздің айтқан орын-
ды ұсыныс-пікірлеріне де құлақ түре бастаған. Құлақ түргені
сол, кезінде айтылған ондай мəселелердің біразы «байқалмай»
жүзеге асырылып та жатыр. Мысалы, биылғы жылы Дүние-
жүзілік Даму банкі үлкен бағдарлама қабылдап, мешеулік
құрсауынан шыға алмай келе жатқан Африка елдеріне көмек
көрсетуге шешім қабылдады. Мыңжылдық декларациясына
сəйкес Африканың алдындағы он жыл сол елдердің жағдай-
ын əлдеқайда жақсарта түсетін болады. Бұндай игілікті мəсе-
лені кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-
ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтқан. Сол жерде
біздің Елбасымыз барлық елдердің əскери шығындарын бір
пайызға қысқартып, оны мүшелік құрсауынан шыға алмай
отырған кедей елдерді дамытуға жұмсау туралы үлкен баста-
ма көтерген болатын. Жалпы, қарусыздану, ядролық қаруды
жою жайында да Нұрсұлтан Назарбаев аз айтып, аз жұмыс
жасап жүрген жоқ. Ə дегендегі əңгімелерді айтпағанның
өзінде, биыл Өскеменде ядролық қаруларға байланысты əлем
деңгейінде үлкен іс-шараның ұйымдастырылған дүние жүзі
жұртшылығының назарын Қазақстанға тағы бір аударған бо-
латын.
Мөлшері шектеулі азғантай əңгімемізде Қазақстан туралы,
оның көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жайында түгел айтып
шығу мақсат емес. Біздің мақсат – жер көлемі жағынан дүние
жүзі бойынша 9-орын алатын еліміздің əлемдік деңгейдегі
елдердің қатарына қосылғанын тағы бір рет айтып өту. Ендігі
əңгіменің бəрі ел ішінде еркін басып жүрген өзімізге – жал-
пы халыққа байланысты болып тұрғанын меңзеу ғана. Бейбіт
өміріміздің парқын біліп, жатпай-тұрмай болашақ жолында,
еліміздің көсегесін көгерту жолында тек аянбай еңбек ету қа-
жет болып тұрғанын тағы бір ойға салу. Өйткені, Қазақстанның
жарқын болашағы əлі алда. Оның қызығын бəріміз бірге кө-
руіміз керек.
«Дала мен Қала», 30 желтоқсан, 2005 жыл
БІЗДІҢ АУДАН – АЛМАТЫНЫҢ ҚАҚПАСЫ
Алматының басқа аймақтарына қарағанда, Түрксіб
ауданының ерекшелігі көп. Жерінің де өзіндік қасиеті бар.
Қанша жерден жаңартып, жақсартып жатсаң да, көненің
көзіндей болып өткеннен сыр шертіп жатады.
Тауды алыстан тамашалаған жақсы. Біз бұл сөзді өз
мағынасында айтып отырмыз. Түрксіб ауданының жерінен
Алматының бүкіл аурасын анық байқауға болады. Бəрінен
бұрын, салдарлы да салихалы, көргені мен көңілге түйгені
көп аудан тұрғындарын айтсаңшы. Осындай жайсаң да
жаны таза ауданға жас əкім Махамбет Бейдəлі келгенде,
ел-жұрт кəдімгідей қуанып қалды. Оның себептері көп еді.
Ескі мен жаңаның арасын жақсы жалғастыра білетін іскер
жігіттен аудан тұрғындары көп үміт күтеді. Оны аудан
əкімінің өзі де жақсы біліп отыр. Сол себепті де, біз Алматы
қаласы Түрксіб ауданының əкімі Махамбет БЕЙДƏЛІНІ
ашық əңгімеге тартқан едік.
– Түрксіб ауданының халқы сізді жылы қабылдады.
Тіпті, ақсақалдар жағы аудан əкімі болып өз баласы кел-
гендей ризашылық танытып жүр. Бұл адамның туа біткен
болмысының əсері ме, əлде жұртпен тіл табыса білудің
нəтижесі ме?
– Бұл ауданға жаңа адам ретінде келгенім жоқ. Түрксіб ау-
данының əрбір проблемасын жақсы білемін, сол себептен бо-
лар, жұрт мені ыстық ықыласпен қарсы алды. Оның үстіне,
халық қашанда шынайылықты жақсы көреді. Кездесіп жататын
қиындықтарға үнемі жете көңіл бөліп, тез арада шешуге тырыса-
мыз. Ақсақалдардың мені өз баласындай қабылдауының себебі
де осы болар. Бұл мені, əрине, қуантады. Дегенмен, оның арғы
жағында үлкен жауапкершілік жатыр. Негізі, өзің жұртты жылы
қабылдасаң, жауапкершілігің де көп болады. Ал жауапкершілік
адамды нақты іс-шаралармен айналысуға жетелейді.
– Бүгінде аудан əкімінің қабылдауына кірудің еш қиын-
дығы жоқ сияқты. Əйтсе де, қабылдауға жазылудың тəр-
тібі қызықтау көрінді. Мысалы, жер мəселесі мен тұрғын үй кезегі толғандырған кісілердің бəрін сол саланың басшыларына қарай жібереді. Газ бен жарық, су мəселелері де осылай. Жол саласының да өз жауапты адамдары бар – бəрін солар шешеді. Сонда аудан əкімінің қабылдауына қандай мəселемен кіру керек? – Аудан əкімінің азаматтарды жеке басының мəселелерімен қабылдауы ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4-қыркүйектегі «ҚР Орталық жəне жергілікті басқару органдарындағы азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру туралы» №974 Қаулысын басшылыққа ала отырып, əр айдың 1 жəне 3-дүйсенбілерінде өткізіледі. Қабылдауға тіркелген азаматтардың өтініштерінің басым көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй қорынан пəтер алу кезегіне тұру, тұрғын үй жағдайын жақсарту, су, жылу, газбен қамтамасыз ететін көнерген инженерлік жүйелерді ауыстыру немесе орналастыру, пəтер иелері кооперативінің қызметіне көңіл толмаушылық жəне аумақтық көріктендіру жөніндегі мəселелерді құрайды. Барлық көтерілген сұрақтар мазмұнына қарай қалалық департаменттер мен аудандық қызметтердің қарауымен аудан əкімімен бірге талқыланып, шешіледі. Алматы қаласы Əкімінің 2004 жылғы 24 сəуірдегі №2/364 Қаулысымен құрылыс жоспары бекітілген «Жас қанат», «Бақай» ықшамаудандары тұрғындарының су құбырын, электр жарығын жүргізу жəне жол салу жұмыстары біздің қолғабысымызбен жасалуда. Аудандағы Палладин көшесіндегі заңсыз орналасқан үйлерді заңдастыру мəселесі «Мүлікті заңдастыру» комиссиясында қаралып, оларға рұқсат берілмеген болатын. Бұл мəселе, тұрғындардың шағымдануы көбейіп кеткен соң, қайта қаралып жатыр. – Аудан ішіндегі тұрақтылықтың сақталуы мен халықтың алаңсыз өмір сүруіне сіз тікелей жауап бересіз. Ал мұндай қалыпты өмірдің бар уақытта салтанат құрып тұруы үшін не қажет деп ойлайсыз? Сонау егемендігімізге қол жеткізген алғашқы жылдары — əлемде қуаттылығына қарай 4 орында тұрған ядролық қарудан
бас тарту мемлекетіміздің тұрақтылық жолын тандағанын
айқындайды. Қасиетті жерімізде қазақ халқы мен 100-ден
астам ұлт өкілдері бейбітшілік алауын жағып, өз тілдерінде ер-
кін сөйлеп, əдет-ғұрыптарын діттеп жүр. Жыл сайын өтетін
əлемдік діндер құрылтайы тұрақсыз мемлекетте өтуші ме еді?
Мүмкіндігімізше, əлеуметтік сала іргесінің біржолата бе-
кіп, өсіп-өркендеуіне қол жеткізсек, мұндай қалыпты өмірдің
бар уақытта салтанат құрып тұратынына кəміл сенемін. Тұр-
ғындардын алаңсыз, жайбарақат өмір сүруіне ауданның Ішкі
істер басқармасы да көп септігін тигізеді.
– Түрксіб ауданы – Алматының ең шеткі аймақтарының
бірі. Біздің сөздік қорымызда қалыптасып қалған «шалғай
аудандар» деген ұғым даму деңгейі төмен, назардан тыс
қалған аймақтарды меңзейді. Ауданда бүгінгі заманға сай
экономикалық жетістіктер бар ма?
– Қазақстан Тəуелсіздігін алғалы бері алға қарай қадам ба-
сып, нарықтық экономиканың теоремаларын біртіндеп іс жүзі-
не асырып, өз мемлекеттігін күннен-күнге нығайтып келеді.
Бүгін жаңа Қазақстан құру жолында біз əлемдік нарықтағы
өз орнымызды нығырлай бекітіп, бəсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіру үшін ұшқыр қадамдар жасаудамыз. Бүкілəлемдік
сауда ұйымына кіру үшін, кіші де болса, бəсекелестікке шыдап
бағатын кəсіпорындар өз үлестерін қосуда.
Біздің аудан аумағында 270 өнеркəсіп орны бар. Олардың
37-сі – ірі, қалғаны – орта жəне кіші кəсіпорындарға жатады.
2007 жылдың қаңтар – сəуір айларында (жеке кəсіпкерлікті
есепке алмағанда) өндірілген өнеркəсіп өнімі нақты қолданыс
бағасымен 16470,0 млн. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен
жылғымен салыстырғанда 99,2 пайызды құрады.
Ауданның өндіріс орындарының ішіндегі ең басты тауар
өндірушілері 50 адамнан астам жұмыскерлері бар ірі жəне
орта кəсіпорындар болып табылады. Осы жылдың мамыр айы-
на дейін олардың өндірген өнеркəсіп өнімдері нақты қолданыс
бағасымен санағанда 11912,0 млн. тенге болып, 2006 жылдың
осы кезеңімен салыстырғанда тауар жəне қызмет көлемі 7,9
пайызға ұлғайыпты.
Өндіріс орындарының, орта жəне кіші бизнес субъектілерінің
жүйелі жұмыс істеуіне байланысты мемлекеттік қазынаға
түскен қаржы көлемі де ұлғайып келеді. 2007 жылдың 18-
мамырына дейінгі жалпы салықтар түсімі 8 681 034 мың теңге-
ні құрап, болжанған көрсеткішке қарағанда 102,9 пайызға
жетті. Ауданда жүргізілетін салық қорының көлемін кеңейту
шаралары алдағы жылдары бұл көрсеткіштердің көлемін өсі-
руге септігін тигізеді.
Түрксіб ауданы аумағында өнімдерін сыртқы нарыққа шы-
ғара алатын, жəне де бəсекеге шыдап бағатын 12 кəсіпорын
жұмыс істейді. 16 кəсіпорын халықаралық ИСО сапа стандарт-
тарын енгізсе, 6 кəсіпорын сол халықаралық стандарттарды
жетілдіру үстінде.
Ірі жəне орта кəсіпорындарда жұмыс істейтін адамдардың
саны 37 870-ке дейін жетіп, жұмысшылардың орташа жалақы-
сы 55798 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бұрынғы жылмен
салыстырғанда 108,2 пайызға ұлғайған. Жұмыссыздықты жою
ең басты мəселелердің бірі болып тұрғанда экономикалық
белсенді адамдар санының ұлғаюы бізді қатты қуантып отыр.
Түрксіб ауданы əкімінің аппараты заманауи технология-
ларды енгізу, жаңа өндіріс орындарын ашу, инвесторлар-
ды тарту, Алматы қаласының индустриалды-инновациялық
даму бағдарламасын жүзеге асыру, тиімді жобаларды дамы-
ту, мемлекеттік институттармен қарым-қатынаста болу, көрме-
лерге, бизнес-форумдарға жəне конференцияларға аудандық
кəсіпорындардың қатысуы мəселелері бойынша кəсіпорын
басшыларымен үнемі кездесулер өткізіп отырады. Сонымен
қатар, нарық əужайын зерттеу мақсатында ай сайын кəсіп-
орындардың экономикалық күйін сараптау, сонымен қатар
кəсіпорындардың инвестициялық жəне инновациялық мүм-
кіндіктерін саралау жұмыстарын жүргізеді.
– Жалпы экономикалық табыстарымыз жайында сөз
бола қалса, оның астарында əлеуметтік жағдайлардың
жататыны белгілі. Аудан халқының тұрмыс деңгейі, хал-
жағдайы қай деңгейде?
– Əрине, экономикалық табыстарымыз ауыз толтырып
айтарлықтай болып жатқан тұста оның астарында халықтың
əлеуметтік жағдайы туралы сұрақтар өз-өзінен туындайтыны
белгілі. Қазіргі экономикалық жетістіктеріміздің арқасында
халықтың күнделікті тұрмыс жағдайын жақсарту көптеген
нəтижелерге қол жеткізіп келеді.
Жыл басынан бері тұрғын үй жəрдемақысы 207 адамға
беріліп, ол 1879726 теңгені құрады. Ұлы Отан соғысының
мүгедектері мен Ұлы Отан соғысына қатысушыларға жəне
оларға теңестірілген азаматтарға арналған тұрғын үй жəрдем-
ақысы 1267 адамға көрсетілді. 18639 адамға арнайы қалалық
жəрдемақы беріліп, 40 806 356 теңге жұмсалды. 4 865 022 теңге
көлеміндегі атаулы əлеуметтік көмек 122 отбасына берілді.
Мүгедек балаларды үйде оқыту көмегі 47 балаға көрсетіліп,
297670 теңге қаржы жұмсалды. 18 жасқа толмаған балалары бар
201 отбасына 2066999 теңге көмек көрсетілді. 116 адам 2486273
теңге қаржыны құрайтын қоғамдық жұмыспен қамтылды.
Əлеуметтік жұмыс орнына 78 адам алынды. Деректер мен
дəйектердің өзі сөйлеп тұрғанда, басқа сөз айтудың өзі артық
сияқты. Əрине, бұл біздегі мəселенің бəрі өз шешімін тауып
отыр деген сөз емес. Кездесіп жатқан қиындықтар да, күрмеуі
шешілмей тұрған мəселелер де бар. Олардың біразы қала бой-
ынша шешімін табуы қажет жəйттердің қатарына жатады.
– Аудан тұрғындарын ең көп мазалайтын нəрсе не деп
ойлайсыз?
– «Бақай», «Жас қанат» ықшамаудандары мен Палладин кө-
шесіндегі заңсыз салынған үйлердің иелері тұрғын үй құрылыс-
тарын заңдастыру мəселесі бойынша көп мазаланып жүр. Бірақ
аталған жер учаскелерінің заңды иелері бар. Сондықтан мен бұл
мəселені қала Əкімімен жəне оның орынбасарларымен бірге ше-
шуге тырысамын. «Нұр-Отан» партиясымен, басқа да қоғамдық
ұйымдармен келіссөздер жүргізіп жатырмын.
Одан басқа, тұрғындар пəтер жəне жер учаскелерін бөліп
беруді жиі сұрайды. Пəтер кезегінде тұрғандар кезексіз үй
алғысы келеді. Оларға мен барлық мəселе тек заңға сəйкес ше-
шілетінін түсіндіремін.
Əрине, аудан тұрғындары күнделікті саналуан мəселелер-
мен де келіп жатады. Олардың көбін қабылдап, мазалайтын
сұрақтарын шешіп беруге тырысамын.
– Бұл жердегі ел мəдени шараларды іздеп қала орталықтарына ат сабылта ма, əлде аудан ішінде жұрт көңіл көтеріп, мəдени демалыстарын өткізетін орталықтар бар ма? – Əрине, қала орталығында мəдени іс-шаралар өткізілетін тамаша жерлер жеткілікті. Бірақ, Түрксіб ауданы тұрғындары да ол жағынан еш кенде емес. Олай дейтін себебім, 2006 жылы С. Сейфуллин атындағы саябақта күрделі жөндеу өткізіліп, «Табиғат» деген жаңа су бұрқағы салынып, аудан тұрғындары қуанып қалды. Ауданымыздағы көптеген мəдени іс-шаралар да осы саябақ ішінде өтеді. Мемлекеттік мейрамдар кезінде Түрксіб ауданындағы «Балалардың шығармашылық үйі» көп қолғабыс көрсетеді. Отыз үштей үйірмесі бар шығармашылық үйде 2000-дай бала дəріс алып келеді. Олардын ішінде көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жүлделерін жеңіп алып жүргендер де бар. Аудан аумағында 130 гектар жерді алып жатқан керемет Баум тоғайы орналасқан. Автомобильдің шамадан тыс көптігіне жəне қаланың экологиясының нашарлап қоршаған ортаның ластануына байланысты Баум тоғайының маңыздылығы айтпаса да түсінікті деп ойлаймын. Шын мəнінде, бұл тоғай бүкіл Жетісу жəне Түрксіб аудандарының өкпесі болып саналғанмен, оның жағдайы күннен-күнге нашарлап барады. Соңғы жасалған сараптама кезінде Баум тоғайының 70 пайыздан астам ағаштарын ауыстыру қажеттігі белгілі болды. Бірақ, Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңынын 45-бабындағы 10-тарауына сəйкес біз бұл тоғайдың хал-жағдайын жақсарту шараларын жасай алмай келеміз. Алматыға ат басын тірейтін шетелдік қонақтардың көбі əуежайдан түсіп, қала орталығына қарай біздің ауданның үстінен өтеді. Яғни, біздің аудан Алматының қақпасына айналған. Қонақтардың ең алдымен көргені көңілдерінде сақталып қалатыны белгілі. Сондықтан, ауданымызды үнемі таза табиғи қалпында сақтап отырғымыз келеді. – Көпшілікпен болған кездесулерде сіз өзіңізді өте көңілді ұстайсыз. Мұңдай көңіл-күй осылай болу қажеттігінен
туындай ма, əлде халықпен кездескенді шын мəнінде ұна-
тасыз ба?
– Кезінде Қаныш Сəтпаевтың əдемілігі мен өзін-өзі ұстай
білу мəнеріне қарап Уинстон Черчилль: «Сіздің халықтың бар-
лығы сіз сияқты ұзын бойлы ма?» – деп сұрапты. Сонда Қаныш
аға: «Жоқ, менің халқым менен əлдеқайда биік» деп жауап
беріпті. Жұртшылықпен кездескенде осы сөздер жиі есіме
келеді. Біз, мемлекеттік қызметкерлер, өзіміздің қамымызды
емес, халықтың жайын бірінші кезекте ойлауымыз қажет. Егер
халайықпен кездескенде ұнжырғамыз түсіп, өзімізді көңілді
ұстамасақ, не ғанибет.
– Енді өзіңіздің отбасыңызға тоқтала кетсеңіз. Жас
əкімнің отбасылық жағдайын біраз елдің білгісі келетін
сияқты.
– Отбасымызда бір қыз, бір ұлымыз бар. Бала-шағаны өз
істеріммен тəрбиелеп, өнеге көрсеткім келеді. Себебі, «ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сөз бар. Отбасы ен
қымбат қазына деп ойлаймын. Балалардың ойын əрқашанда
қолпаштап, кішкентай кездерінен бастап кемеліне келген
тұлғадай қарау керек.
– Қызметтен басқа қызығатын ісіңіз бар ма? Бар болса,
бұл екеуін ұштастыра алып жүрсіз бе?
– Адамзат баласы жоспарланған істерінің жемістерін кө-
ру үшін өз өмірін спортпен тығыз байланыста ұстауы керек.
Спортпен шұғылданатын адам жұмыска жауаптылықпен қа-
райды. Өзім мектептен бастап спортпен айналыса бастадым.
Аптасына екі рет футбол ойнағанды ұнатамын. Одан басқа,
кітап оқығанға не жетсін. Тарихи, немесе фəлсафалық əдеби
кітаптарды жиі қолға аламын.
«Алматы ақшамы» газеті, 16 маусым, 2007 жыл
КІШІ АЛМАТЫ КӨМЕК СҰРАЙДЫ
Айтқанға көніп, айдауға жүре беретін заман қалғалы қашан.
Қазір бір сөз айтсаң бас изеп, соңыңнан еріп жүре беретін адам
аз. Тіпті, оның себеп-салдарын да сұрай қоймайды. Бар ынта-
сын салып, мəселенің астарында не жатқанына үңілгісі келеді.
Бұл сауаттылық па, əлде əсіре сақтық шаралары ма?
Алатауды азат ету күресі басталғалы ел арасында қаншама
сыпсың-сыбыс етек алып үлгерді десеңші. Бəрінің білгісі ке-
леді. Ол – заңды нəрсе.
Журналистің көзі – халықтың сөзі. Көп жағдайда жұрт ел-
ден естігеннен гөрі, журналистердің айтқанына сеніп жатады.
Бұқаралық ақпарат құралдары жаңсақ айтып немесе қасақана
кері үгіт-насихат жүргізе бастаса, ел адасады. Осындай ке-
леңсіздіктерді болдырмау үшін Елбасы тапсырмасының қа-
лай жүзеге асырылып жатқанын өз көзіңмен көріп, нақты
жағдайдың бел ортасында болып қайтқанның пайдасы мол.
Алматы қаласының Əкімі Иманғали Тасмағамбетовтің көшпелі
кеңес өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен
бірге тау басынан бері қарай құлайтын үлкенді-кішілі өзендер
бойымен жүріп өтуінің астарында да осы мəселенің жатқаны
рас.
Бұл жолы кезек Медеу спорт кешені орналасқан шатқал-
дардың арасынан бастау алатын Кіші Алматы өзеніне келген
еді.
71 НЫСАННЫҢ ТАРИХТАРЫ ДА ƏРҚАЛАЙ
Кіші Алматы өзенінің жағалауын қаланың байырғы тұр-
ғындары жақсы білсе керек. Медеу мұз айдыны мен Шым-
бұлаққа барып-келіп жүріп, өзен жағасында орналасқан кіші-
гірім ауылдар мен мейрамхана, пионер лагерьлері сияқты
демалыс-сауықтыру орындарын талай көрген болар. Қазір
құрылыс жұмыстары орын алып отырған жерлер де, негізінен,
осындай аймақтардың айналасында болып тұр. Өткен жолы
тексеру жұмыстары жүргізілген Бекенбай (Бутаковка) өзеніне қарағанда Кіші Алматы өзені жағалауының айырмасы да осында. Бұл өзенді бойлай орналасқан 71 нысанның бар екені анықталып отыр. Олардың əрқайсысының тарихы да əрқалай. Əрбірінің тағдыры əртүрлі жолдар арқылы шешілері де анық. Мысалы, Медеу бағытындағы жолдың сол қапталын ала жайғасқан, жоғарырақтағы «Биллиаджо Тянь-Шань» мейрамханасы өзінің аумағын кеңейтпек ниетпен жолдың оң қапталындағы өзен жағалауына қол сала бастапты. Осыдан бір жарым жылдай уақыт бұрын қала Əкімі тарапынан ескерту жасалып, құрылыс жұмыстары тоқтатылып тасталғанмен, жақсы өзгерістерден күдер үзгісі келмеген қожайындар сол күйі қыбыр етпепті. Əліптің артын бағып жүрген тəрізді. – Мына құйылған іргетастардың бəрін сыпырып алып тастау қажеттігі сіздерге ескертілген болатын. Егер мейрамханаларыңызға келген кісілерге демалатын орын жасағыларыңыз келсе, орнына əдемі орындықтар, жалғызаяқ жолдар жасап қоюларыңызға болады ғой. Үй ішінен үй тіккендей, сіздер саябақтың ішінен саябақ жасағыларыңыз келеді. Бұл жердің бəрі онсыз да Ұлттық саябақ емес пе? – деп қала Əкімі қожайынға қарапайым тілмен түсіндіріп жатты. ҚАЛЫҢ ЖЫНЫСҚА ҚЫРҒИДАЙ ТИГЕН Кіші Алматы өзенінің бойынан орын тепкен бұрынғы пионер лагерьлері мен басқа да демалыс орындары 90-жылдардың басында жекеге өтіп кеткен болатын. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан нысандардың көбі осындай орындар. Алайда, кең көсіліп үйреніп қалған қазекемнің мінезіне салып, қожайындар оң-солына қарай етек жайып жібергенді жөн көрген. Соның кесірінен, өзен жағасынан кемі 20 метр қашықтықта болу керектігі де ескерілмеген. Ол ол ма, айналасындағы қалың жынысты (ішінде қарағай-шыршалары да бар) отап тастап, өз білгендерін істеп жатқандары да бар. 90 жылдардың аяғына таман «Гүлмира» ЖШС-нің иелігіне өткен өзен жаға-
лауындағы жерлерден осының нақты көрінісін аңғаруға болады. Бұл жəйтті көзімен көріп тұрған қала Əкімінің өзі шыдамай кетті. Бізбен бірге келе жатқан экологтарды дереу шақырып алып, сұрақтың астына алды. Абырой болғанда, экологтар бұл мəселе бойынша сотта іс қозғап үлгеріпті. «Медеу» спорт кешенінің маңында да құрылыс жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Бірақ, бұл құрылыстың жөні басқа. Тау-шыңның басына көпқабатты үйлер салуға болмайтыны түсінікті. Алматы қаласын халықаралық туризм орталығына айналдыру мақсатын алға қойып отырған қала əкімшілігі бұл жерге жерасты автопаркингін салу жұмыстарын қолға алған. Алайда, жер қыртыстары мен құрылыс жұмыстарының тиісті құжаттары реттеліп бітпей жатқандықтан, құрылыс қарқыны аздап аяңдап қалғанға ұқсайды. ƏЗІЛ ЖАМЫЛҒАН ШЫНДЫҚ «Алматы Ақшамының» фототілшісі Жеңіс Ысқабай редакцияның шұғыл тапсырмасы бойынша ортамыздан сəл ғана ерте кетіп қалуға мəжбүр болды. Медеу жақтан қайтар жолда асығып-үсігіп жол-жөнекей кетіп бара жатқан үлкен «Джипқа» қол көтеріпті. Обалы не керек, əлгі көлік тоқтай қалып Алматыға қарай ала кеткен ғой. Жүргізуші қарап отырмай, қала Əкімі тексеру жасап жатқан соң, көзге түсіп қалмай тұрғанда қашып бара жатқанын айтады. Жеңіс оны «əзілдеп айтты» деп отыр. Қырағы көз журналистер оны Медеу жаққа қарай бара жатқанда-ақ байқап, күлкіге айналдырып отырған болатын. Шындығын айтсақ, журналистер отырған көлікпен таласа, тауға қарай өрлеп бара жатқан көлік көргеміз жоқ. Ал қарсы бағытқа қарай – Алматыны бетке алып асыққан қымбат көліктердің біразын көзіміз шалғаны рас. «Батырға да жан керек» деген осы шығар. «Алматы ақшамы» газеті, 6 қазан, 2007 жыл
КЕЗДЕСПЕЙ КЕТКЕН БЕЙНЕЛЕР
немесе Алматыдағы аязды күнгі оқиға
Аяқ астынан болған оқиғалардың ішінде есінде ұзақ уақыт
сақталып қалатындары да кездеседі. «Шаңырақ» ауылында
егер автобус жүріп тұрса, ондай тосын жəйттер көбіне осы
қоғамдық көлікте болып жатады. Былтыр... жо-жоқ, қазірден
бастап алдыңғы жылы деу керек екен ғой. Алдыңғы жылдың
бір жылы-жұмсақтау, жайсаң күндерінің бірінде МАИ қыз-
меткерлері жолаушыларды автобустан түсіріп алып тұрып
орындық санайтын науқан өткізгені бар. Сонда, ой-бір қызық
болған.
Не əрі, не бері емес, автобусты жол ортасында тоқтатып
алып, «Автобустан түсіңіздер, орындық санаймыз!» деп екі-
үш полиция қызметкері бел сыбанып тұр. Біз мінген көлік қана
емес, тағы да екі-үш автобустың қарасы көрінеді. Қырық жыл
көрмеген құрдасымды сол кезде бір кездестіріп, мəз-мəйрам
болып қалғанымыз бар. МАИ қызметкерлеріне қайта-қайта
рахмет айтып, ризашылығымызды білдіргенбіз.
Енді міне, Алматыға аяқ-астынан боран келіп, апай-топай
жауған қар түнімен айналаны басты да қалды. Дəл Жаңа жыл-
дың қарсаңында бұл өзі жақсы да сияқты. Бірақ «қар жауды деп
қуанба, артында болар суығы» деп баяғылар айтқандай, адам-
дар бір-бірінің бетіне тіке қарай алмас сықырлаған сары аяз
орнай кетті. Мұндайда «Шаңырақтың» автобустарына сенім
жоқ. Оны елдің бəрі біледі.
Ауылда автобус жүрмей қалса, жұрт кəдімгідей қуанып қа-
лады. Кейбіреу жұмысқа, енді біреулер сабаққа күндегісінен
ертелетіп, үйлерінен асыға шығады. Себебі көптен көре алмай
жүрген кісілеріңді бір көріп қалудың сəті осындайда түседі.
Шынын айтқанда, жұрт автобусқа, таксиге қарағанды қойып,
беттерін аяздан қорғай, бір-біріне көз қиығын сала бастайды.
Сырттай қараған адамға олар уəделесіп қойып бір-бірін тап-
пай жүрген кісілердей көрінеді.
Не жүріп жатқан автобус жоқ, не такси тоқтамайды. Таң
қылаң бере бастағаннан жиналып жатқан елдің қатары жылдам
көбейіп, жол бойының бəрі ұзыннан-ұзақ базар сияқты болып
кетті. Алматыға қатынайтын жолдың біреу-ақ болғаны қан-
дай жақсы! Бүкіл шаңырақтықтарды осы жолдың бойынан
табуға болады.
Құрдасым-ай!
Көңілдегі бір сезім жүр басылмай.
Бар шуағын төгетін нұр ғой күлкің,
Сыңғыр етіп, жасартар бір ғасырдай, –
деп, көрсем өлең оқығым келіп тұратын құрдасыммен биыл
тағы кездестім. Жұмысқа ерте кетіп, кеш келесің. Əрқай-
сымыз əртүрлі автобусқа отырып кететін болуымыз керек,
өмірі кездеспейміз. Алматыға қалың қар жауып, автобус жүр-
мей қалмаса, оны биыл көрер ме едім, көрмес пе едім.
Қазақ қосып айтқанды керемет жақсы көреді ғой. Қырық
жыл бойы кездеспей жүріп, алдыңғы жылы полицейлер ав-
тобусты тоқтатып жүргенде бір көріп қалғаным бар. Биыл да
міне əңгімеміз таусылар емес.
Не айтқанымызды білмеймін, əйтеуір аузымыз жабылған
жоқ. Есімде қалғаны – күн суық болғасын ол да балаларын
сабаққа жібермей қойыпты. Іргедегі жаңадан ашылған мек-
тепті таяу арада қалыптасып үлгере қоймайды деп есептеп,
балаларының Рысқұловтың бойындағы бұрынғы мектепте қа-
ла беруін жөн санапты. «Жаңа мектеп ақша жинағанға да құ-
мар болады» деп қояды.
Сөйтіп, өткен-кеткенді айтып тұрғанда, алыстан автобус-
тың сұлбасы көрінді. Бір-бірімен əңгімелесе жүріп, шашырап
кеткен жұртшылық келе жатқан көлікті көрген соң, аялдама
маңына топырласа қалды.
Бұл кездегі көріністі сөзбен айтып жеткізу қиын. Топырла-
ған елдің бір-екеуі оқшаулана бөлініп, былайырақ бара қалып
еді, қалған жұрт та солай қарай қозғалды. «Автобус өтіңкіреп
барып тоқтайтын шығар» деген дауыс естіліп еді, көпшілік
бірден кейін қарай ығыса бастады. Толқындай тербелген ел бір
орнында тұрар емес. Бір жағынан, кім біледі, суық болған соң
солай жасайтын шығар. Келсең кел деп, ашық-шашық жатқан
далалық жер болған соң, «Шаңырақтың» суығы бір басқа. Аязы
етіңді-бетіңді түгел қарып, суығы қойын-қонышыңды аралап
кетеді. «Сыпайы жаурамайды, қалтырайды» дегенді осы жер-
ден көруге болады.
Ақырын-ақырын жылыстаған автобус жанымыздан тоқта-
май өте берді. Іші біржола жарылып кетуге шақ қалған. Арқа-
сымен, бетімен əйнектерге жабысып, мыжыла жаздаған жұрт-
тан автобустың іші де көрінбейді.
Əне-міне тоқтайды деген сенім аялдамадағы жұртты біраз
жерге дейін жүгіртіп алды. Көңілі қалған елдің кейін қарай
қайта бастағаны сол еді:
– Əне, тоқтады! – деген дауыс саңқ ете қалды. Əскердегі
бұйрықты естігенде де дəл осылай орындау сирек болатын
шығар. Жұрт түп-түгел бір мезгілде артқа қарай сарт етіп бұ-
рылды. Басқа бұйрық айтылмаса да, ел бірден, жаппай жүгіре
жөнелді.
Бұл кезде автобустан адамдар түсіп жатыр еді. Байқаймын,
əлі түсіп жатыр, əлі түсіп жатыр. Жүгіріп бара жатқан жұрт
та бірдеңеден секем алғандай болды ма, алғашқы қарқындары
бəсеңдей қалды. «Сен-ақ оза ғой» дегендей, бірте-бірте бір-
біріне жол бере бастады. Ақырында солбырайып-солбырайып
тұрды да қалды. Ал автобустан түскен жұрт бері қарай, аял-
дамаға беттеді.
– Е, бұның да жағдайы белгілі болды, – деді бір кісі күрсініп.
Бір қызығы, ешкім ештеңеге өкпелей қоймайды. Бəрі осылай
болуға тиіс сияқты. Бір-бірімен шүйіркелесе əңгімелесіп, Тө-
ле мен Бөле құсап ұбырып-шұбырған ел қайтадан аялдама
маңына қарай жинала бастады.
Бұл кезде құрдасым екеуміз қолтықтасып алған болатын-
быз. Енді қайтпекпіз, біз де жаурай бастадық. Байқаймын, біз
ғана емес, екеу-екеу қолтықтасқан жұрттың қатары көбейіп ба-
рады. Тіпті, жастар жағында бірін-бірі құшақтап алғандары да
бар.
– Енді бір сағаттай тұрсақ, біз де құшақтасатын шығар-
мыз, – дедім іштей соны тілеп. Құрдасым бір жымиып қойды.
Қырсық қылғанда, сырғанай келіп тоқтаған Дəлденбайдың
жеңіл мəшинесін қарашы. Дəл мен ойлағандай болды. Ішіне
бір-ақ адам сияды екен, қолтығымдағы Раяны салып алды да
кетті. Талай əңгіме айтылмай қалғанын білді ме, білмеді ме,
қайдам, Рая қолын бұлғай-бұлғай кете барды. Қайран, құрдас
көршім-ай, енді қашан кездесер екенбіз.
Айналанын бəрі əппақ қар. Сықырлаған сары аяз. Əр-əр
жерде тоқтап қалған көліктер. Аялдамада сопиып жалғыз қал-
ған жаман...
Жұрттың бəрі өздерімен-өздері болып жатыр. Автобус жүр-
мей қалмаса, қазірде көршіңді көру де қиын. Тірлік деген – осы.
«Алматы ақшамы» газеті, 5 қаңтар, 2008 жыл
ТАБИҒАТ СЫЙҒА ТАРТҚАН ҚЫЛҚАЛАМ
Өнер көгінде тағы бір жұлдыз туып келеді. Əлем елдері
тағы бір қазақ қызының шығармаларымен таныса баста-
ды. Живопись жанрында жарқ етіп көрінген жас суретші,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының
2-курс студенті Анар Əбжанованың шығармалары шетелдік
өнер қамқоршыларын қатты қызықтырып жүр. Халқымыздың
қадірменділеріне, еліміздің бетке ұстаған ірі тұлғаларына ай-
налып келе жатқан біздің меценаттарымыз да қанатты қазақ
қызынан теріс айналмас деген ойдамыз.
Өмірдің адам болжап білмейтін бұлтарыс-қалтарысы көп
қой. Анар дүниеге шыр етіп келгенде туған-туыстар қуанып,
маңдайынан сипап-ақ өсірген шығар. Бірақ, өмір оған бірден
бетін бере қойған жоқ. Титтей қыздың тағдыры ауырлау болды.
Алайда, қаршадай қыз оған қаймықпады. Тіпті бар ғой, қазір
осы жайында ойлағанның өзін ұнатпайды. Жас суретшінің
өткені туралы ашылып əңгіме айта алмай отырғандығымыздың
да себебі – осы.
Анар кішкентай кезінен бастап жеке-дара өсті. Жеке-дара
жүрген бала томаға-тұйық келеді. Кейінірек ашылғаны бол-
маса, ол да сондай еді. Өзімен-өзі оңаша қалып, ой өрнегін
қызықтағанды жақсы көрді. Шынын айтқанда, титтей қызды
адамдардан гөрі табиғат жақын тартып тұрғандай болатын.
Ол қолына қалам алып қағазды сызғылай бастаған алғаш-
қы кездің өзінде-ақ кей балалар сияқты мұны жəй ермекке
айналдыруды ойлаған жоқ. Өзі түсінетін, оның өзін түсінетін
сырлы да сазды табиғаттың, томсара қалған бейнесі арқылы ой
салғысы келетін айнала қоршаған ортаның беймəлім мінезін
көрсетуге тырысты.
Дана байқамағанды – бала байқайды. Өзімен-өзі ғана жү-
ретін кішкентай қыз көп жəйді аңғара жүріп өсті. Талғампаз
болып бойжетті. Бірақ, кішкентайдан өзіне серік болған қыл-
қаламды қолынан бір сəт тастаған емес. Соның арқасында Анар
Əбжанованы ел таныды, жұрт білді.
Жас суретші қыздың жұмыстары əлемнің біраз елдерінде
өткен көрмелерде лайықты бағасын алды. Əсіресе, Италия, Оң-
түстік Корея, Венгрия жəне Жапония елдерінде болған байқау-
көрмелер табысты өтті. Біз бар-жоғы екінші курста оқитын
студент қыз жайында айтып отырмыз.
Колледжді үздік бітіріп шыққан Анар Əбжанова Т.Жүргенов
атындағы өнер академиясына оқуға қабылданған болатын.
Жастайынан ізденімпаз болып өскен Анар өз мүмкіндігінің
қиындығына қарамастан, ағылшын тілін игеріп алды. Қазіргі
əлем хабаршысы – интернетте жұмыс істеуді де, тіпті жапон
тілін де өздігінен үйреніп жүр. Бəрінен бұрын салған суреттерін,
жазған шығармаларын айтсаңызшы. Көңілін толқытқан қыл
перне нəшімен тербеліп, нəзік саусақтар арқылы бояу болып
төгіле салғандай. Жеті жасынан бастап суретшілікпен айналы-
са бастаған қыз қазір кəдімгі кəсіби маман деңгейіне көтеріліп
алды. Талай жерге бара алмай қалып жүргені рас. Сəті түсіп
көрмелерге қатыса қалса, олжасыз қайтқан да емес.
Анардың шығармалары өз елімізде де жақсы бағаланып
жүр. Астанада өткен биылғы «Шабыт» фестивалінде «Бейне-
леу өнері» бойынша Бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды. Кар-
тиналары көрмелерге қойылып келеді. Мəселен, басқасын айт-
пағанда, таяуда ғана өткен Алматыдағы көрмелердің біріне
қойылған оның «Күз», «Күзден кейін – қыс», «Қыс» секілді ту-
ындылары ел-жұрттың көңілінен шықты.
Өркениетке қол созып жатқан қазіргі таңда еліміздің мə-
дениетін дамыту басты парыздарымыздың бірі болса керек.
Бұл орайда өнер саласында көзге түсіп келе жатқан жаста-
рымызға қолдау білдіріп, олардың шығармаларын шетелдік
өнерсүйер қауымның назарына ұсыну елдігімізді, басқалармен
теңдігімізді көрсетеді. Ал бізде Анар Əбжанова сияқты бар-
мағынан бал тамған өнер шеберлері, жас суретшілер анау айт-
қан көп те емес. Барымызды жарқыратып көрсетіп, жоғымыз-
ды түгендейтін кез жетті. Табиғат сыйға тартқан қылқаламын
ұстап, Анар сурет салып жүр...
«Алматы ақшамы» газеті, 20 желтоқсан, 2008 жыл
МАЗМҰНЫ Бірінші белес..................................................................................3 Екінші белес.................................................................................96 Үшінші белес.............................................................................202
Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасының директоры
Темірғали КӨПБАЕВ
Əнуарбек ƏУЕЛБЕК
Редакторы Əділхан КҮЛІМБЕТОВ
Суретшісі Нұран АЙЫМБЕТ
Техникалық редакторы Гүлмира АҚАЖАНОВА
Беттеген Ниязбай ОРАЗЫМБЕТОВ
ИБ № 324
Басуға 05. 06. 2012 ж. қол қойылды.
Қалыбы 84×1081/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі Tіmes New Roman.
Шартты баспа табағы 16,0.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 6904.
«Қазығұрт» баспасының
компьютер орталығында теріліп, беттелді.
«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы 143, 522-офис.
Телефон (факс): 8(727) 394-42-86
e-maіl: kazygurt@lіst.ru
http://www.kazygurt.kz
Тапсырыс берушінің файлдарынан
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат» ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру