TELEGEI

Home

Атақты айтқыштар

Ермахан Шайхыұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Атақты айтқыштар

Белгілі сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлының қолыңызға тиген бұл кітабына атының өзі айтып тұрғандай, қазақтың қабырғалы қаламгерлері Тайыр Жароков, Мұқағали Мақатаев, Мұзафар Әлімбаев, Ғафу Қайырбековтерден бастап, әйгілі әртістердің, әдебиет пен өнердегі әріптестерінің, тіпті сонау ауылдағы айтқыштар мен кішкентай айтқыштардың да қауып емес, тауып айтқан, қисынын келтіріп, келістіре айтқан әзіл-қа

АТАҚТЫ

АЙТҚЫШТАР

Алматы

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ІSBN 978-601-7967-07-9 © Шайхыұлы Е., 2018 © «Қазақ энциклопедиясы», 2018 Белгілі сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлының қолыңызға тиген бұл кітабына атының өзі айтып тұрғандай, қазақтың қабырғалы қаламгерлері Тайыр Жароков, Мұқағали Мақатаев, Мұзафар Әлімбаев, Ғафу Қайырбековтерден бастап, әйгілі әртістердің, әдебиет пен өнердегі әріптестерінің, тіпті сонау ауылдағы айтқыштар мен кішкентай айтқыштардың да қауып емес, тауып айтқан, қисынын келтіріп, келістіре айтқан әзіл-қалжыңдары топтастырылған. Бұл туындылардың барлығы кезінде «Айқын» газетінің «№5 жатақхана» қосымшасында жарық көрген. Жинақтың тілі жатық. Жеңіл оқылады. Оқырманға берер тәлімтәрбиесі мол. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) Ш 18 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5 қаз) ШАЙХЫҰЛЫ Е. Атақты айтқыштар. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2018. – 256 бет. ІSBN 978-601-7967-07-9 Ш18

І БӨЛІМ

ҚАЛАМГЕР

ҚАЛЖЫҢЫ

ТАЙЫРДЫҢ

ТАҢДАНЫСЫ

Кеңес заманының тұсында тасқа басылатын кез келген
шығарма міндетті түрде әдеби талқылаудан өтетін үрдіс
болған екен. Цензураның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс
болған кез болса керек. Қазақстан Жазушылар одағындағы

сондай бір жиын көзі тірі кезінде классик атанған Тайыр
Жароковтың жинағына арналады. Автор мінбеге шығады
да жарық көретін туындыларын түгел оқып береді. Үзіліске
шығар алдында ақын ұзақтау бір шығармасын оқыған

көрінеді. Тыста темекі тартып тұрған Тайыр Жароковтың жа-
нына қарағандылық ақын Қабыкен Мұқышев келеді де:

– Тайыр аға, әлгі өлеңіңіздің екінші бөліміне жете түсіне

алмадым. Автор ретінде сол жеріне түсінік беріңізші, – депті
өтініп.
Сонда Тайыр Жароков манадан бері әңгімелесіп тұрған
Мұзафар Әлімбаевқа қарап:

– Мына бауырым қызық қой өзі. Сол өлеңді өзім түсініп

жазып па екенмін, – депті таңырқаған кейіп танытып.

ПАРТИЯ ҚАЙДА БОЛСА...

Коммунистік партияны қан түкіртіп, он бес республи-
ка басшыларын ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында
ұстаған, дүйім халықты жатқызып-тұрғызған «Ұлы» Ста-
лин о дүниеге аттанып кетеді. Қолдан кісен, аяқтан шыл-

быр түсіп, ауыздан қақпақ кетеді. Елдің тынысы кеңіп, бір
жылымық кезең орнайды. КОКП өзінің кезекті бюросын-
да КСРО-ның жаңа гимнін қабылдау қажет деген мәселе
көтереді. Бүкіл республика басшыларына жеделхат жолдап,

осы мәселе төңірегінде пікір білдірулерін сұрайды. Әр рес-
публика өздерінің өкілдерін жіберіп жатады. Қазақстан Рес-

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

публикасы сол кездегі өте беделді ақындардың бірі Тайыр
Жароковты жібереді.
Тумысынан аңғал да аңқылдақ ақын Мәскеуге тартады.
Оны Орталық комитеттің жауапты қызметкері күтіп алады.

Жайлы мейманханаға орналастырады. Жуынып-шайынып,
үсті-басын ретке келтірген соң Орталық Комитеттің ғима-
ратына барады. Оны жеке қабылдаған басшылардың бірі:

– КСРО-ның гимнін ауыстыруға қалай қарайсыз? – деп

сұрақты төтесінен қояды.
«Аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей, мұндай құқай-
сұқайды көп көрген Тайыр қулыққа басып:

– Бұл мәселеге Орталық комитеттің өзі қалай қарайды

екен? – деп қарсы сұрақ қойыпты. Мұндай құйтырқы сау-
алды күтпеген жауапты қызметкер не дерін білмей, мүдіріп
қалады. Сонда:

– Партия қайда болса, біз сондамыз, – деп тұрып кетіпті

алғыр ақын.

ОБОРОТЫҢ НАБОРОТ ТҰР

Қазақстан Жазушылар одағында Мұзафар Әлімбаевтің
«Қарағанды жырлары» деген жинағы талқыланып жа-
тады. Президиумды көрнекті жазушы Сәбит Мұқанов
басқарып отырса керек. Жазушылар одағы поэзия бөлімінің

меңгерушісі Тайыр Жароков екен. Мұзағаң жинаққа енген
өлеңдерін бірінен соң бірін оқып тұрады. Ақынның бір сөзіне
түсінбей қалған Тайыр Жароков:

– Әй бала, тоқта! Әнебір сөзің қалай өзі? – деп қалады.

Мұзағаң сасқалақтап тұрып:

– Оборот қой, – дей салады.

Сонда әзілге келгенде алдына жан салмайтын Тайыр
ағамыз:

– Онда сол оборотың наборот тұр, – деген екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«ТІРІ МҰҚАҒАЛИ АРТЫҚ»

Мұзафар Әлімбаевтың «Балдырған» журналында Бас ре-
дактор болып қызмет істеп жүрген кезі болса керек. Ол кезде
аты да, атағы да дүркіреп шығып тұрған болатын. Бір күні
әлдебір шаруалармен Қазақстан Жазушылар одағына бас

сұғады. Алдынан арқырап-жарқырап арқалы ақын Мұқағали
Мақатаев шығады. Ақынға ақын жолыққан соң не туушы еді?
Әрине, бір шумақ өлең туады. Сондай өлеңнің бірін Мұқаң
оқып кеп жібереді.

О, Мұзаға, өлтірмесең он сом бер,
Жан-жағымнан шаншып жатыр семсерлер.
Сол он сомды бересің ғой түбінде,
Өліп қалып, көмсеңдер.

Мұқағалидың табан астында шығарған мына өлеңіне риза
болған Мұзағаң:

– Өлі Моцарттан тірі Мұқағали артық, – деп қызыл он

сомды Мұқаңның қолына қыстыра беріпті.

ҚАТҚАН ҚОЛТАҢБА

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын кеңінен той-
лау енді-енді үрдіске айналып келе жатқан кез болса керек.
Алматы қаласының бір алаңында ұлан-асыр той болып,
ұлттық өнерлер паш етіліп, кітап жәрмеңкесі өтіп жатады.

Сол жәрмеңкеге бір топ қаламгерлер шақырылады. Оларға
ұзыннан ұзақ үстелдер қойып беріп, оқырмандарға сол жерде
қолтаңба беруге жағдай жасайды. Қаламгерлердің арасында
Мұзафар Әлімбаев та бар екен. Қолтаңба беруден бір сәт бо-

сап қалып, айналасына қарап тұрса, дөңгелек жүзді жігіттің
кімнен қолтаңба аларын білмей жүргенін байқап қалады. Бір
жағы үлкен қаламгер ағаларынан именетін сықылды.

– Әй, балам, бері кел! – деп Мұзағаң шақырып алады. –

Атың кім?

– Қабай!

– Қабай болса, дабай, – дейді де оның кітабына былай деп

қолтаңба жазып береді:
Ұсындым кітап Қабайға,
Бізді де оқып, абайла!
Көңілімізді бермейміз,

Өзге түгіл, Абайға.
Есімінің өлеңге енгеніне мәз болған Қабай, Мұзағаңа
қайта-қайта алғысын жаудырып, танауын көтеріп, кете ба-
рыпты.

«ПҰЛ ТАУСЫЛСА ДА,

НҰР ТАУСЫЛМАСЫН»

Бірде қазақтың бір топ қаламгерлері «Жазушы»
баспасының ғимаратына көлік жалдап келеді. Олардың
ішіндегі жасы үлкені – Мұзафар Әлімбаев екен. Інілеріне
ағалық қамқорлығын көрсетіп, жол шығынын өзі төлейді.

Сонда ақын інілерінің бірі Сағи Жиенбаев:

– Мұзаға, әмияныңыз жұқалтаң тарта бастаған ба? – депті

әзілдеп.
Сонда Мұзағаң:

– Қалтаңдағы пұл таусылса да, жүректегі нұр таусылма-

сын, – депті.

«СИЫҚСЫЗДАР

СОЛАЙ СЫҚИЫП КИІНЕДІ»

Бір күні Мұзафар Әлімбаев кітап дүкенін аралап
жүріп, қазақтың белгілі сыншысы, тележурналист Сағат
Әшімбаевпен жолығып қалады. Амандық-саулықтан соң
екеуі қосыла кітап қарап жүреді. Бір кезде Сағат оқыстан:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– О, Алла-ай, мына милау автор кітабының мұқабасын

қараңызшы, қандай әдемі?! – деп қатты таңырқапты. –
Осылардың-ақ жолы болғыш.
Сонда Мұзағаң оған аса мән берместен:

– Сиықсыздар солай сықиып киінеді, – депті.

САРАҢНЫҢ АСЫ МЕН ТАУДЫҢ ТАСЫ

Қазақ қонаққа барып, қонақ күтіп, әбден үйренген халық
қой. Баяғыда ата-бабаларымыз кез келген үйге келіп, «Әй,
кім бар-ау? Құдайы қонақпыз» деп ас-суын ішіп кете бер-
ген. Сол әдетке басып, бірде Мұзағаң отбасымен бірге ет

жақын ағайындарының үйіне еш ескертусіз қонаққа барады.
Қонақ күтпеген үйдің қамсыз отыратыны даусыз. Тез арада
дастарқан жайыла қоймайды. Жол жүріп келген қонақтардың
қарны аша бастайды. Үй иесі Мұзағаңа аға болып келеді екен.

Соны пайдаланған Мұзағаң ағасы мен жеңгесіне еркелеп:
Ақынжановтардың асы піскенше,
Алатаудың тасы піседі, – деп шабыттана нақылдатады.
Кейін Мұзағаң әлгі табан астында шығарған нақылын

өңдеп-жөндеп, халық мақалы ретінде «666 мақал-мәтел»
атты жинаққа:
Сараңның асы піскенше,
Таудың тасы піседі, – деп енгізіп жіберіпті.

Негізі, қазір «Халық мақал-мәтелі» деп айтылып жүрген
сөздердің біразы осы – Мұзағаңдікі. Бұл да бір Мұзағаңның
жомарттығын білдіретін қасиет болса керек.

ӘПЕРБАҚАНДАРДЫҢ ӘЛЕГІ

Біздің қоғам «Шаш ал десе, бас алатын» шолақ белсенділер
мен ұрдажық әпербақандардан ешқашан құтылған емес.

Олар ілгеріде де болған, өкінішке қарай әлі де бар. Сондай
бір әңгімені кезінде белгілі жазушы, Ұлы Отан соғысының
ардагері, марқұм Мұқан Иманжанов «Пионер» журналын-
да бірге қызмет істеген Мұзафар Әлімбаевқа айтып берген

екен.
Мұқан Иманжановтың университетте оқып жүрген кезі
болса керек. Сол оқу ордасында Рәзия деген қызбен таны-
сып, оны ұнатып қалады. Қалыңдығын көзінен таса қылмай,

жиі кездесіп, жолығысып жүреді. Бір күні кинодан шығып,
болашақ жарын жатақханаға дейін шығарып салады. Күндегі
әдеті бойынша трамвайға отырып, үйіне қайтады. Орындыққа
жайғасқаны сол екен, кондуктор жетіп келіп:

– Неге билет алмай отырсың? – деп дүрсе қоя береді.

Мұқан Иманжанов жылы жымиып:

– Мен – орденді адаммын. Сондықтан билет алмасам

да болады, – деп төсқалтасынан орден кітапшасын алып
көрсетеді.

– Орденді болсаң да билет аласың. Медалің болса, бір сәрі,

– деп бет бақтырмайды.

Мұқаң кондуктордың орден мен медальдің ара жігін ажы-
рата алмай тұрғанын байқап:

– Сіз қателесіп тұрсыз. Медалдің дәрежесі орденге

қарағанда төмен. Міне, ережесін оқыңыз, – дейді кітапшаны
ұсынып.
Өзі білмей, я білгеннің тілін алмай, әлгі әпербақан кон-
дуктор келесі аялдамада ысқырығын ысқырып, милиция

шақырады.

– Мына азамат «Орденім бар» деп кеудесін соғып, билет

алмай отыр. Медалі болса, бір жөн екен, – деп шағынады.
«Жылағанға өкірген кезігіптінің» керін келтіріп, милици-
онер:

– Азамат, медаліңіз болса, үндемес едік. Орденіңіз болса,

қайтейік?! Қане, дереу билет алыңыз! – деп ақияды.
Ылғи көрсоқырларға тап болған Мұқаң ашуға мініп:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Жөн сөзге түсінбесеңдер алмаймын билетті, – деп ерегісе

түседі. – Ең болмаса, мына орден кітапшасындағы ережені
оқысаңдаршы.

– Оқымаймын. Қане, трамвайдан түс! Бөлімшеге алып ба-

рамын, – деп дікеңдейді сержант.
Мұндай надандармен тіл табыса алмайтындығын сезген
Мұқаң еріксіз бөлімшеге аяңдайды.
Аудандық милиция бөлімшесіне кіре бере, сержант кіші

лейтенантқа болған оқиғаны баяндай жөнеледі:

– Жолдас лейтенант, мына азамат «Орденім бар» дегенді же-

леу етіп, трамвайда билет алмаған. Медалі болса, мейлі екен.

– Сен бұл бұзақымен неге қатар жүріп келдің? Алдыңа

салып, айдап келмедің бе?! Ордені болса, қайтеміз?! Бәріміз
қырыламыз ба?! Медалі болса, жөн екен. Қазір айып
төлетеміз.
Бағанадан бері сабыр сақтап, өзін әзер ұстап тұрған

қаламгер шалт бұрылып, «Аудандық милиция бөлімінің
бастығы» деген жазуы бар есікке кіріп барады. Болған жайды
милиция бастығына баяндап береді. Өзінің орден кітапшасын
көрсетеді.

– Сабыр етіңіз! Отырыңыз!

– Жарайды, кондуктор надан екен. Сержант шала сауат-

ты болсын. Оны да кешірдім. Ал офицеріңіздің қарапайым
нәрсені білмейтіні қалай?

– Жолдас жазушы! Сіз бұлармен бірінші рет жолығып

тұрсыз. Соның өзіне осынша ашуланасыз. Мен бұл надан-
дармен ширек ғасыр бойы бірге қызмет істеп келемін. Шар-
шатты бұлар мені. Онысымен қоймай, ел-жұртқа масқара
қып бітті, – деп үстел жанындағы түймені басып, кезекші

офицерді шақырады.

– Жолдас лейтенант! Мына жазушының алдында

надандығың үшін кешірім сұра! Бұл – бір. Екіншіден, жазу-
шыны үйіне дейін апарып саласың. Бұйрық түсінікті ме? Тез
арада орында! – деп сөзін шорт кеседі.

Мұқаңның әңгімесін тыңдап, шек-сілесі қата күлген
Мұзағаң:
Дүниенің қорлығы –
Дүмшелердің зорлығы, – депті.

Сөйтіп, сауатты басшының арқасында Мұқаңның жаны
қалған екен.

«ЖЫЛА, БАУЫРЫМ!»

Елге еңбегі сіңген ер-азаматтың еленбей қалмасы анық.
Оны басқа халық білмесе де, қазақ білудей-ақ біледі. Кө-
ңіл хошы келсе, ондай атпал азаматтарын жер-көкке сыйғыз-
байды. Тек жынына тиіп, ашуын келтірмеңіз. Әйтпесе, жеті

қат жер астынан бір-ақ шығасыз. Ал қазіргі әңгіме бұл тура-
лы емес.
Кезінде «Лениншіл жас» газетінде Петр Яковлевич Редь-
ко деген фотожурналист жұмыс істепті. Ол тырнақалды

суреттерін сол кездегі «Пионер» журналына жариялап,
бүкіл қазақ басылымдарына араласып, көп еңбек сіңіреді.
Қазақтың балалар ақыны Мұзафар Әлімбаевпен де тығыз
шығармашылық байланыста болып, ұлан-байтақ Қазақстан-

ның түкпір-түкпірін шарлапты.
Сол әйгілі фотожурналист Петр Яковлевичтің арғы ата-
сы Курскі даласынан ХІХ ғасырда Алматыға қоныс аударған
екен. Өзі сол өңірге аты шыққан бағбан болса керек. Туған

топырағында өсетін алма көшеттерін семдірмей, осында
алып келіп, Алатаудың етегіне отырғызыпты. Содан әйгілі
«Алматы апорты» атты тұқым пайда болыпты. Бұл әулеттің
тағы бір іштартар тұсы – олардың бәрі де қазақ тілін өте

жақсы білген. Сондықтан да Петрді қазақ журналистері ба-
уырына тартып, оны қатты сыйлаған, құрметтеген.
Бірде Петр Редько ер жасы – елуге толады. Оның мерейлі
мерейтойын бүкіл қазақ редакциялары дүркіретіп атап өтеді.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Астына ат мінгізіп, үстіне шапан жабады. Қазақ журналистері
бірінен соң бірі сөз алып, ыстық ықыластары мен жылы
лебіздерін білдіреді. Әр редакция шама-шарқынша сый-
сыяпат көрсетіп, тарту-таралғылар жасайды. Мұндай қазақы

құрметті күтпеген Петр Яковлевич еңкілдеп-солқылдап жы-
лап жібереді. Бұл – қорлықтың емес, шын жүректен қуанған,
тебіренгеннен кейін шыққан көз жасы еді. Сонда Мұзаға:

– Жыла, бауырым! Шын жүрегімен қуанған адам ешкімнен

қысылмай жылайды. Құдай қиянаттан, қайғы-қасіреттен
жылағаннан сақтасын, – деп бауырының арқасынан қағыпты.

«ХАЛЫҚ АРТИСІ АЙТСА ДА,

ХАЛЫҚ АЙТПАЙДЫ»

Бір жас композитор өзінің әндерін атақты әншілерге
ұсынып, солардың үлкен сахнадан орындауын жалынып-жал-
барынып жүріп сұрайды екен. Бір күні сол сазгер Мұзафар
Әлімбаевқа келіп:

– Менің әнебір керемет әнімді КСРО-ның халық артисі

Ермек Серкебаевтың өзі орындайтын болды, – деп ісіп-кеуіп
мақтаныпты.
Оның дарынсыз композитор екенін жақсы білетін Мұзағаң:

– Қасиетсіз әнді халық артисі айтса да, бірақ оны халық

айта қоймайды ғой, – деп әлгінің желігін басып жіберіпті.

«ӨЗІҢДІ СЫЗЫП ТАСТА»

Ілгеріде бүкіл қазақ басылымдары жылда жақсы
туындыларға бәйге жариялап, олардың авторларын қомақты
жүлдемен марапаттап отыратын үрдіс болыпты. Сондай
бәйгенің бірін «Балдырған» журналы да ұйымдастырып,

жыл аяғында жүлдегерлер анықталады. Әлгі сайысқа жур-

нал қызметкерінің бірі қатысқан көрінеді. Сол жүлдеге
дәмеленген әлгі:

– Мұзаға, бұл жолы да сыйлықтан мақұрым қалған түрім

бар. Менің алатын жөнім бар еді, – деп ренішін білдіріпті.
Сонда басылымның Бас редакторы Мұзафар Әлімбаев сәл
үнсіз отырып:
Жүк көтеріскенде

Әуелі өзіңнен баста.
Жүлде бөліскенде
Өзіңді сызып таста! – депті.

– Бәйге жариялап отырған өзіміз емес пе?! Оны өзді-

өзіміз бөлісіп алсақ, елден ұят болмай ма?! Сен одан да басқа
басылымдардың бәйгесіне атыңды қосып, жүлдеңді жеңіп ал!

«МЕН ҚАЙ ЖАҒЫНДАМЫН?»

Бірде Мұзафар Әлімбаевтың шаруасы болып, бір үлкен
министрге телефон соғады. Алдын ала кешірім сұрап,
өзінің бұйымтайын айтады.Әлгі министр сөзге келмей,
Мұзағаңның тірлігін бітіріп беруге уәде береді. Арада бір

жұмадай уақыт өтіп кетеді. Біткен іс жоқ. Бір күні ақын мен
министр кездейсоқта жолығысып қалады. Уәдесін орындай
алмай жүрген министр салған жерден:

– Мұзеке, сіздің өтінішіңіз есімде. Тіпті есімде емес,

жүрегімде, – деп аңқылдай ақталыпты.
Сонда Мұзағаң күле қарап:

– Жүректің де босағасы, төрі болады. Мен соның қай

жағындамын? – депті.

«БІР ТИЫННАН ҚҰН БЕРГЕН»

Қазақ қонақсыз болған ба?! Қонақты құт санайтын олар
бала­­-шағасының аузынан жырып, құрт-майын сандықта

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

сақтайды. Егер үйіне біраз уақыт қонақ келмей қалса, аяу-
лы затын жоғалтқандай елеңдеп, елегзитіні де рас. Алма-
ты облысының бір ауданында сондай қонақжай шаңырақ
құрметті қонақтарын күтіп жатады. Олардың арасында ар-

найы шақырып, келтіре алмайтын халық жазушысы Мұзафар
Әлімбаев та бар екен. Үй иесі шабылып-ақ қалады. Ас
желініп, бас мүжіліп, дастарқан жиналған соң, епті жігіттер
қаламгердің көңілін ауламақ болып, әрі уақытты көңілді

өткізудің тәсілі ретінде Мұзағаңды «преферанс» ойнауға
шақырады. Қадірлі мейманның қазақтың классик жазушыла-
ры – Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафиндермен карта
ойнап, үйренген, ысылған, біраз тәжірбие жинақтағаны бар.

Сондықтан жігіттердің өтінішін бірден қолдап, екі қолын
ысады. Ойын басталысымен Мұзағаңның қолы жүреді. Біраз
ойыншыларды ойсырата жеңеді. Солардың ішінде Шымбер-
ген деген мектептің директоры бар екен. Сол Мұзағаңның

ұтысын толық өтей алмай, жартысын ғана береді. Сонда
Мұзағаң:

– Жарайды, сені қинамай-ақ қояйын. Бірақ соның өтемі

ретінде бір шумақ өлең арнасам қайтеді? – дейді әзілдеп.
Әйтеуір, қарызынан құтылатынына қуанған Шымберген:

– Айтыңыз, айтыңыз, – дейді.

Жұртқа да қызық керек.

– Қане, өмірі есінен кетпейтіндей етіңізші, – дейді

Шымбергеннің құрдастары ақынды қаумалап.
Сонда Мұзағаң:

– Ау, Шымберген, Шымберген,

Қонақ едік бір келген.
Екі тиыннан келісіп,
Бір тиыннан құн берген...
Бұл сұмдықты кім көрген! – депті.

Жұрт ду күліп, ақынның айтқыштығына риза болып тара-
сыпты. Бұл тек Шымберген емес, басқа карта сызушылардың
да құлағына алтын сырға болса керек.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР ҚҰРДАСТАРДЫҢ ҚАЛЖЫҢЫ Ілгеріде Мұзафар Әлімбаевтың Ізтай деген жиені үйленіп, ақын сол тойға қатысу үшін Павлодар қаласына барады. Той болған соң, жан-жақтағы туған-туыс, құда-жекжат, ағайындар түгел жиналады. Олардың ішінде Мұзағаңның туған жері – Маралдыдан ақынның бір топ жақын-жұрағаттары мен жоражолдастары бар екен. Солардың бірі – қаламгердің құрдасы Қабылқақ Мұзағаңмен құшақтасып, арқа-жарқа амандасады да: – Мұзкен, сен өзің шашың селдіреп, қартайып қалғансың ба, қалай өзі? – депті әзілдеп. Сонда Мұзағаң көп кідірместен: – Қабылқақ, рас айтасың, Шашымнан тарақ қалды, Аузымнан арақ қалды, Ойымнан картам қалды, Қойнымнан қалқам қалды, – деп бір шумақ жырмен жауап беріп, қонақтардың езуін құлақтарына іліп кетіпті. СӨЗГЕ ТОҚТАУ Коммунистік партияның кезінде ақын-жазушылар бақуатты ғұмыр кешті. Әрбір қаламгердің жылына екі-үш кітап шығаруға мүмкіншілігі бар болатын. Таралымы да шарықтап тұрды. Қаламақысына қарын тоғаятын. Оларды ел-жер аралатып, оқырмандармен кездестіретін. Сондай бір сапармен жазушылар Шымкент облысының Жетісай ауданына барады. Аудандық партия комитетінің хатшысы Төлеген Рүстемов қаламгерлерді ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып жүріп: – Алдыңғы жылы үш қаламгер, биыл да үш қаламгер ауданымызды аралады. Солардың бірінің сырлы сөздері

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

сүйіндірсе, енді біреулерінің кесір мінездері күйіндіреді, –
депті ағынан жарылып.
Әңгіме әріптестері жайлы болған соң, олардың айыбын
жуып-шайғысы келген Мұзағаң:

– Жүрген жерінде ізгілік ізін қалдыратындар да бар. Төбе

көрсеткен жерінде бұзықтықтың сызын қалдыратындар да
бар. Олардың жақсысын асырып, жаманын жасыра біл, –
депті.
Қазақ сөзге тоқтаған халық қой. Аудан басшысы

Мұзағаңның уәжін құп алыпты.

«БҰЛ – БІЗ ҒОЙ,

БҮРКІТ ЫСҚАҚОВТАРМЫЗ»

Қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының бірі Мұзафар
Әлімбаев соғыстан оралған соң, «Пионер» журналы поэзия
бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеп жүреді. Қазақстан
Жазушылар одағында өтіп тұратын жиындарға жиі қатысып,

әдеби процеске етене араласуды мақсат тұтады. Жас ақын
ретінде аға қаламгерлердің көзіне түсіп, ерекше белсенділік
танытады. Сөйтіп жүргенде, Қазақстан Жазушылар одағы
Пушкиннің таңдамалы өлеңдер жинағын шығаруды қолға

алады. Кітаптың жауапты редаторы болып сол кезде Одақты
басқарып отырған Ғабит Мүсіреповтің өзі бекітіледі. Жас
ақындар – Мұзафар Әлімбаев пен Бүркіт Ысқақов екеуі ау-
дармаларын Ғабекеңе оқытып алуға бата алмай жүреді. Бір

күні Мұзағаң Бүркіт Ысқақовқа өзімсініп:

– Сен бұрыннан осы Алматыда тұрып, «Пионер» жур-

налында істеп келесің. Маған қарағанда тәжірибең де мол.
Ғабеңе телефон соғып, қай күні қабылдайтынын білші, –
дейді.
Тумысынан ұяң, момын Бүркіт көзі алақандай болып, ыр-

шып түседі.

– Ойбай, Мұзаға, ол кісі өте тәкаппар, паң, өр. Менің оған

батылым жетпейді. Не де болса, өзіңіз... – деп азар да безер
болады.
Мұзағаң бірнеше рет өтініп, айтқанына көндіре алмаған
соң, жас офицер екені есіне түсіп, тулаған жүрегін басып,

Ғабеңе өзі телефон соғады. Тұтқаны Ғабеңнің өзі көтереді де:

– Б-ұ-ұ-л к-і-і-м? – дейді әрбір сөзін соза сөйлеп.

Қапелімде аузына сөз түспей, сасып қалған Мұзағаң:

– Бұл – біз ғой, Бүркіт Ысқақовтармыз, – дейді.

– Немене, екеуің де Бүркіт Ысқақовсыңдар ма? – дейді

мырс етіп күліп.

– Жоқ, біреуміз ғана.

– А-а-а. Жай ма?

– Біз Пушкиннің өлеңдерін аударып едік. Соны сізге

көрсетіп алсақ дегеніміз ғой. Сонда Ғабең:

– Ертең сағат 9-да келіңдер, – дейді де тұтқаны тастай са-

лады. Содан бастап Мұзағаң классик жазушымен жақын ара-
ласа бастайды.

ЕСТЕ ҚАЛАТЫН ЕСТІ СӨЗ

Ғабит Мүсіреповтің асыл жары Құсни көрікті, сыпайы,
артық ауыз сөзі жоқ, көргенді кісі болған екен. Милаты та-
тар болғанымен, қазақтың тілін, салт-дәстүрін жақсы білген.
Мұзағаң Құсни жеңгеміздің қолынан жиі дәм татып, Ғабеңмен

преферанс сызып, жақсы араласып жүреді. Ажалдың айтып
келмесі анық. Құсни жеңгеміз о дүниелік болады. Ауруха-
нада жатқан Мұзағаң Ғабеңе дер кезінде көңіл айта алмай-
ды. Сауығып шыққаннан кейін де жұмысбасты болып, көңіл

айтудың реті келе қоймайды. Арада біраз ай өтіп кетеді. Ғабең
екінші рет үйленеді. Жақсы көретін Құсни жеңгесінің жылы
өтпей жатып, Ғабеңнің Жас иіс алғанына Мұзағаң іштей нара-
зы болады. Қалай болғанда да Ғабеңе «құтты болсын» айтуы

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

керек. Оның да реті келмей, күндер өте береді. Тіпті Ғабеңмен
кездескен сайын, көрмеген болып өте шығады. Ол кісі де
психолог адам ғой. «Екінші әйел алғаныма ренжіп жүрсің-
ау» деп ол да көрсе де көрмеген болады. Бір күні Ғабеңнің

хатшысы Мұзағаңа телефон соғып, ол кісінің шақырып
жатқанын айтады. Балалар әдебиеті жөнінде әңгімелеспек
ойы бар көрінеді. Көңіл айтудың да, «құтты болсын» деудің
де жөні келген сықылды. Мұзағаң сол күні қатты ойланады.

Кім-кімге де бір қайғы мен бір қуанышты ортақ бөлісу оңай
шаруа емес. Бәйбішесімен де ақылдасады. Айтар сөзінің 20
нұсқасын жазып та қояды. «Мына сөзің жасық. Есте қалатын
есті сөз жаз» дейді бәйбішесі. Содан не керек, бір тоқтамға

келе алмай, түнімен көз ілмей шығады. Ертесіне «Құдай ау-
зыма не сөз салар екен?» деп Ғабеңнің кабинетіне кіріп бара-
ды. Сөйтсе, Ғабең мен Жұбан Молдағалиев әңгімелесіп отыр
екен. Мұзағаң екі қолын ұсынып:

– Ассалаумағалейкум, Ғабе! Қасіретіңіздің орнын баса

келген құс қуанышыңыз құтты болсын! – дейді. Ғабең
ризашылығын білдіріп, жылы жымиып:

– Рақмет, отыр, – дейді де Жұбанға қарайды.

Сонда Жұбан:

– Мұзафар, сен өте жақсы айттың, тауып айттың, – деп

ағынан жарылыпты.

«АДАЛ АДАМ

АДВОКАТ ЖАЛДАМАЙДЫ»

Қазақтың дарынды халық екендігіне дау жоқ. Ұлтымыздың
туын желбіретіп, атын аспандатып жүрген ондай атпал азамат-
тар қай салада болмасын молынан саналады. Бірақ олардың
қадіріне көзі тірісінде жете алмайтынымыз шымбайға батса

да шындық. Тиісті атақ-дәрежелерін алып, үлкен құрметке
бөленуі үшін олардың өлгенін күтетін тәріздіміз. Әйтпесе,

дәл бүгін кеудесіне «Халық қаһарманын» тағып, есімін ал-
тын әріптермен жазатын тұлғалар жүр арамызда. Солардың
бірі – біртуар дарын, ақиық ақын Олжас Сүлейменов.
Сол Олжекеңнің атақты «АзиЯ» атты шығармасы жарық

көрген кезде «қырағы» партия басшылары ұлардай шулап,
кірпідей жиырылады. Оған «Ұлтшыл» деген айып тағып,
мойнына қоңырау байлап, күмәнмен қарайды. Ол аз деген-
дей, қазақ ішінен де шолақ белсенділер шығып, партия бір

тас лақтырған жаққа олар екі тас бағыттайды. Олжасты
отырса – опақ, тұрса – сопақ етеді. Жығылғанды жүндеп,
сүрінгенді сабап, жылағанды еңіретіп бір жасап қалады.
Қойшы, әйтеуір не керек, сау адамды жынды, жындыны әрі-

сәрі қылып, қолдан келген қастандықтарын жасап бағады.
Бірақ Олжекең сонда да сынбайды. Қайта қайраттана түседі.
Қолында билігі, аузында бұйрығы бар бірде-бір шенеунікке
арыз айтып, араша сұрамайды.

Анадан арда туған азамат-ақынның өрлігі мен ерлігіне бар-
ша жанашырлары тәнті болады. Тілектестіктерін білдіреді.
Сондай ниеттес ағаларының бірі Мұзафар Әлімбаев:

– Адал адам адвокат жалдамайды, – деп Олжас інісінің

азаматтық қасиетін жоғары бағалапты.

«АЛЛАМНАН АЙЫРМА!»

Алматы облысына қарасты Қарақастек елді мекенінде
белгілі журналист-жазушы Сейдахмет Бердіқұловтың 60
жылдық мерейтойы болады. Ол мерейлі мерекеге қолына
қалам ұстаған бүкіл қазақ қаламгерлері түгел қатысады. Той

болған соң, ұлттық өнерсіз бола ма?! Бәйге шабылып, айтыс
өткізіледі. Сондай шаралардың бірінде қабырғалы жазушы
Балғабек Қыдырбекұлы ақын Мұзафар Әлімбаевқа:

– «Дін – апиын» деген сөзге қалай қарайсыз? Құдайға

сенесіз бе? – дейді әзілдей сөйлеп. – Мен өзі – коммунистпін,
содан да атеистпін...

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Ол кезде коммунистік партияның ақ жағасын әлі кір
шала қоймаған еді. Дінді әспеттеп сөйлеу – үлкен күнә.
Құдайдың пайғамбарынан гөрі, партия қолдан жасаған кук-
ла «пайғамбардың» рөлі зор, мерейі үстем болатын. Елдің

бүкіл әкім-қаралары бұтқа табынғандай, соның мүсініне
сыйынады. Олардың құбыласы – Қызыл алаң. Құраны – «Ка-
питал», одан қала берсе – Ленин томдары. Сондай заманға
қарамастан, Мұзағаң сықақшы досына әзілдей сөйлеп:

– Арманнан айырсаң да,

Алламнан айырма! – депті жоғары жақты нұсқап.

УӘЖГЕ ТОҚТАУ

Мәскеу қаласында қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны
Абайдың 125 жылдық мерейтойы өтіп жатады. Ұлы жиынға
Одақ көлеміндегі бүкіл ұлттар мен ұлыстардың ақын-
жазушылары қатысып, өлең-жырларын арнайды. Қазақ-

стан жағынан барған белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев
пен Тұманбай Молдағалиевті балқар ақыны Қайсын Құлиев
мейрамханаға шақырады. Мұзағаң жұмыс басты болып,
шақырылған уақыттан сәл кешігіп келеді.

Дастарқан басында Қайсын Құлиев Мұзағаңды қалмақтың
ақын-жазушыларымен таныстырады. Олардың ішінде Дәуіт
Күгілтинов деген де белгілі ақыны бар екен. Ол кеудесіне нан
пісіріп, ісіп-кеуіп жүретін адам болса керек. Сол мінезіне ба-

сып:

– Бұл кісі мені бәрібір танымайды ғой, – депті. Сонда

Мұзафар:

– Адам жақын досынан гөрі, жауын жақсы таниды, – деп

қонақтарға көз жүгіртіп өтіпті. Олар сөз төркініне түсін-
бей, Мұзағаңның аузын бағып, отырып қалады. Сөзін әдейі
үзіп сөйлеп отырған айтқыш ақын әңгімесін әрі қарай
жалғапты.

– Қаншама ғасырлар бойы екеуміздің ата-бабаларымыз

бір-бірімен айқасып, алысып өтті. Бітіспес жау болды. Әрине,
оған екеуміз де кінәлі емеспіз. Ал мен сені қалмақтың белгілі
ақындарының бірі ретінде жақсы танимын. Өлеңдеріңді
оқығанмын. Тіпті жатқа білемін.

Отан – ана ғана емес,
Ол – туған қызы да! – деп тек қалмақ ақыны Дәуіт
Күгілтинов айтқан. Мен сол өлең үшін сенің қолыңды алып,
арқаңнан қағуға бармын, – деп Мұзағаң Дәуітті бауырына

басыпты.
Қару майданында – бір, сөз майданында – екі жеңілген
қалмақ ақыны Мұзағаңның айтқыштығы мен ділмарлығына
тәнті болып, қос қолын соза ұмтылыпты.

«СОҢҒЫ СӨЗ ХАЛЫҚТА...»

Мақтаншақтықтың да түр-түрі болады. Соның ең сорақысы

– орынсыз мақтану. Мұндай қасиетті онша ұната бермейтін

әділ де турашыл Мұзафар Әлімбаевқа жас әдебиетші келіп:

– Антологияға алғысөз жазып жатырмын, – депті кеудесін

керіп.
Мұзағаң естімеген, елемеген болып отыра береді. Мұны
намыс көрмеген арсыз әдебиетші әлгі сөзін тағы да қай-
талап:

– Мұзаға деймін, мен анау-мынау емес, бас басылымдардың

бірі – антологияға алғысөз жазып жатырмын. Таяуда аяқтап
қаламын, – дейді ісіп-кеуіп. Сонда ашуға булығып, өзін әзер
ұстап отырған Мұзағаң:

– Алғысөзді сендейлер жазғанымен, соңғы сөз халықта,

тарихта қалады, – деп әлгі әумесерді тыйып тастапты.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«ҚАН АРҚАЛАУ ӨТЕ АУЫР»

1959 жылдың күз айында Теміртау қаласының жастары
әлеуметтік жағдайдың төмендеп кеткендігіне наразылық біл-
діріп, ереуілге шығады. Сол кездегі Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің 1-хатшысы Беляев Мәскеуде жүрсе ке-

рек. Ішкі істер министрі Шырақбек Қабылбаев республика
басшысымен ақылдаспақ болып, дереу Мәскеуге қоңырау
соғады. Теміртауда болып жатқан оқиғаны түгел баян етеді.
Мәселенің

ақ-қарасын
ажыратпай
жатып,
Беляев

көрсоқырлыққа басып:

– Қару жұмсап, басыңдар! – деп бұйрық береді. Бұйрықты

орындау – заң. Министр бірінші басшының ауызша бұйрығын
бұлжытпай орындайды. Бірақ іс насырға шапқанда Беляев
өз сөзінен танып, айнып шыға келеді. Бар айып пен кінәні
Ішкі істер министрі Шырақбек Қабылбаевқа аударады. Ол

байғұс істі болып, сотталып кете жаздайды. Оның аңқаулы-
ғы сол – бірінші басшының ауызша бұйрығын диктофон-
ға жазып алмаған. Сол кезде қазақтың көрнекті жазушы-
сы Сәбит Мұқанов Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиу-

мының мүшесі екен. Сол кісі Шырақбек Қабылбаев-
ты қызғыштай қорып, басына төнген қауіптен құтқарып
алады. Бұл әңгімені Сәбең Солтүстік Қазақстанға сапар
шегіп бара жатқанда Мұзафар Әлімбаевқа айтып береді.

– Е, Беляевтің күнәсі бес батпан екен. Тегінде, тау

арқалаудан қан арқалау өте ауыр, – депті сонда Мұзағаң.

ҚЫЗДАЙ ЖІГІТ ПЕН МҰЗДАЙ КЕЛІН

Ер азамат үйден гөрі, түзде жүреді емес пе?! Оған отба-
сы мен туған-туыстарынан әріптестері, жора-жолдастары
жақын болып тұрады. Егер ол азамат қазақ болса, онда бұл
сөзімізге тіпті де күмәніңіз болмасын.

Сондай жігіттердің бірі қызметтес жора-жолдаста-
рын үйіне қонаққа шақырады. Олардың ішінде халық жа-
зушысы Мұзафар Әлімбаев та бар екен. Қонақтардың
барлығы шақырылған уақытта келіп үлгереді. Тек бір жігіт

қана кешігеді. «Қазір келіп қалармен» қонақтарды үй иесі
дастарқанға шақырмайды. Екі сағатқа жуық уақыт өтеді.
Бірақ ешкім төбе көрсете қоймайды. Қонақтардың мазасы
қашып, төзімі таусылады. Екеуара күңкіл әңгімелерге көшеді.

Үй иесі ыңғайсызданып:

– Қыздай сызылған сыпайы жігіт еді. Оның мұндай

келеңсіз қылықтарын көрмеп едім, – дейді.

– Бәсе деймін-ау, уәденің-ақ жігіт сияқты еді.

– Бұзылайын деген ғой.

Осындай күңкіл сөздер көбейе түскен шақта, манадан бері
сабыр сақтап отырған Мұзағаң:

– Қыздай жігіттерді мұздай келіндер бұзады, – деп дегбірі

қашқан қонақтарды ду күлдіріпті.

МҰЗАҒАҢ

ЖӘНЕ БИФШТЕКС

Бірде Алтай өлкесінде қазақ әдебиеті мен өнерінің
онкүндігі болады. Қазақ қаламгерлерін белгілі жазушы
Хамза Есенжанов бастап барады. Олар қонағын қазақтар
сияқты асты-үстіне түсіп күтпейді. Сондықтан қонақтар ас-

суын өздері айыруы керек. Бір күні түскі ас ішпек болып
қаламгерлер мейрамханаға бас сұғады. Көшбасшы болып
жүрген Хамаң Мұзағаңа қарап:

– Сен орыстардың арасында көбірек болдың ғой.

Оның үстіне, тілді де жақсы білесің. Сондықтан бүгінгі
дастарқанның мәзіріне өзің тапсырыс бер, – дейді.
Қазақтың ет жемей, қарны тоймасы анық. Мұзағаң да ылғи
еттен жасалған бифштекс, гуляш, котлет сияқты тағамдарға

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

тапсырыс береді. Соны байқап отырған ақпа ақындардың
бірі Ғафу Қайырбеков Мұзағаңа қарап:
Жазасыз да екі-үш текст,
Жейтініңіз бифштекс, – деген екен Мұзағаңның әнге

мәтін жазатынын меңзеп.

«ҚУРАҒАНДА ҚЫЗЫҚПАССЫҢ»

1983 жылы Мұзафар Әлімбаевтің 60 жылдық мерей-
тойы ақынның туған жері – Маралдыда кеңінен аталып
өтіледі. Салтанатты жиынды қазақтың алып ақыны Сырбай
Мәуленов жүргізеді. Қазақта арнау өлең жазуда Тұманбай

Молдағалиевтен асып түсетін ақын жоқ. Сол Тұмағаң мерей-
той иесіне жүрекжарды тілегін айтып, арнау өлеңін оқиды.
Ресми жиналыс біткен соң, әзілі жарасқан Тұмағаң:

– Мұзағам алдыңғы қатарда отырған ақ жаулықты

кемпірден күні бойы көзін алмады. Соған қарағанда қыз
күнінде қызыққан болса керек, – депті қуақылана.
Сонда ауыздыға сөз бермейтін Мұзағаң:

– Қызыл гүл кезінде қызықпағаныңа

Қурағанда қызықпассың, – депті нақылдатып.

«ҚАЛПАҒЫ ЖОҚ ШЕГЕДЕЙ»

Бір поэма жазса, сол шатпағын екі, тіпті одан да көп
бәйгелерге ұсынатын ақынсымақтар болады. Ондайларға
жанашырлықпен сын айтсаң, оныңды дұрыс түсінбей,
жұртқа «Мені көре алмайды» деп соғады. Сондай

жазғышсымақтардың бірі «Жалын» баспасы жариялаған
жабық бәйгеге әлгі туындысын ұсынады. Онымен қоймай,
әділқазылар алқасының мүшесі, ақын Мұзафар Әлімбаевқа
телефон соғып:

– «Дәулет құсы» деген ертегі-поэма жөнінде қандай пікір

айтасыз? – деп шалқаяды.
Бейтаныс автордың бұл қисынсыз қылығы Мұзағаңның
ашу-ызасын шақырады. Қашанда қара қылды қақ жарып
сөйлейтін әдетіне басып:

– Шырағым, сенің шығармаң егер бейнелеп айтсақ мына-

дай:
Қанаты жоқ жебедей,
Қалпағы жоқ шегедей, – депті.
Тұтқаның арғы жағындағы ақынның үні шықпай, семіп

қалыпты.

КОЛИДОР МЕН ПОМИДОР

Қазақтың ақпа да төкпе ақиық ақындардың бірі
Ғафу Қайырбеков әзіл-қалжың айтуға келгенде, алдына
қара салмаған көрінеді. Ол қаймақтатып, төпелеп, төгіп
сөйлегенде, қара сөзінің өзі өлеңге бергісіз болғанға ұқсайды.

1961 жылы қазақ қаламгерлері іссапармен Түркіменстанға
барады. Сапарды көрнекті жазушы Сәбит Мұқанов бастап
барса керек. Жаз айының бел ортасы. Күн ыстық. Айналаның
бәрі сусыған құм. Автобуста келе жатқан жазушылар әбден

шөлдеп, жан шақырар, шөл басар баспана іздейді. Алыстан
төмпешікке ұқсаған бір үй көрінеді. Көлік соның маңына ба-
рып тоқтасымен қаламгерлердің бәрі түсіп, әлгі баспанаға
кіріп кетеді. Орнынан тұра беруге ыңғайланған Мұзағаңды

Сәбең қолынан ұстап, жібермей қояды.

– Екеуміз бір-бірімізге серік болып әңгімелесіп отырайық.

Іле Ғафу шығады да көлікке беттейді.

– Ия, Ғафу, бұл не екен? – деп сұрайды Сәбең.

Сонда Ғафу көңілі толмаған кейіп танытып:
Ұзын-ұзын колидор,
Іші толған помидор, – деген екен өлеңдетіп.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«...ҚУРАҒАНДА ҚЫЗЫҚПАССЫҢ»

1983 жылы Мұзафар Әлімбаевтың 60 жылдық мерей-
тойы ақынның туған жері – Маралдыда кеңінен аталып
өтіледі. Салтанатты жиынды қазақтың алып ақыны Сырбай
Мәуленов жүргізеді. Қазақта арнау өлең жазуда Тұманбай

Молдағалиевтен асып түсетін ақын жоқ. Сол Тұмағаң мерей-
той иесіне жүрекжарды тілегін айтып, арнау өлеңін оқиды.
Ресми жиналыс біткен соң әзілі жарасқан Тұмағаң:

– Мұзағам алдыңғы қатарда отырған ақ жаулықты

кемпірден күні бойы көзін алмады. Соған қарағанда қыз
күнінде қызыққан болса керек, – депті қуақылана.
Сонда ауыздыға сөз бермейтін Мұзағаң:

– Қызыл гүл кезінде қызықпағаныңа

Қурағанда қызықпассың, – депті нақылдатып.

ҚАРЫЗ СҰРАУ

Белгілі сыншы, әдебиетші Баламер Сахариев сөзге ше-
шен, тапқыр, әзілқой адам болған екен. Ол «Балдырған»
журналының редакциясына жиі келіп тұратын болса керек.
Бірде Мұзағаң түскі асқа барып келсе, кабинетінде Баламер

отыр екен. Амандық-саулықтан соң ол:

– Мұзаға, сізге өлең жазып қойдым, – деп екі жол өлең

жазылған қағазды ұсына береді. Мұзағаң оқып қараса:
Ауылымның қонғаны КИЗ-де деймін,
Бір өзіңнен басқаны іздемеймін, – деп емеурінмен қарызға
ақша сұрапты. Көктем айының кезі болса керек. Сонда

Мұзағаң қуақылана жымиып:
Бұл күнде қалтамыздың түбі тесік,
Айналып бір соғарсың күзге дейін, – деп әзілмен жауап
беріпті.

ТОҚШЫЛЫҚТЫҢ РАҚАТЫН ӘБДЕН КӨРСІН!

Баламер Сахариевтің қозы қарын байлап, семіре бастаған
кезі болса керек. Бірде Мұзағаң оған тиісе сөйлеп:

– Жан Бәке, мына қозы қарын қайда бара жатыр? Тамақты

аздап тежемейсің бе? – дейді. Сонда Баламер:

– Бала болып бауырсақты тоя жей алмадым. Студент бо-

лып жүріп, қара нанға тоймадым. Қолым аузыма енді жеткен-
де бұл шіркіннің несін тежейін?! Тоқшылықтың зейнеті мен
рақатын әбден көрсін! – деген екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ҚАЗАҚСТАН ОРТА АЗИЯҒА КІРМЕЙДІ

Кеңес Одағының кезінде бауырлас республикалардың
ақын-жазушылары жиі бас қосып, әдеби жиындар өткізіп
тұруды үрдіске айналдырыпты. Сондай бір мәжіліске Қазақ-
стан мен Қырғызстанның қаламгерлері қатысыпты. Қыза-

қыза келе, қырғызстандық бір ақын:

– Біздің Аалы Тоқанбаевқа жететін ақын жоқ қой, – деп

мақтаныпты.

– Оны қалай дәлелдейсің? – депті залда отырған сыншы

Баламер Сахариев.

– Ғабит Мүсіреповтің өзі: «Аалы Орта Азиядағы

маңдайалды ақын» деп айтпап па еді?!
Сонда Баламер қуақылана күліп:

– Дұрыс қой. Біздің Ғабең «Орта Азияда» деп тұр ғой. Ал

Қазақстан Орта Азияға кірмейді, – депті.
Сөзден тосылған қырғызстандық ақын не айтарын білмей,
залдан шығып жүре беріпті.

ҚАРЫМТА

1990 жылдардың басы болса керек. Темекі атаулының
қат кезі. «Ана тілі» газетінің бөлім меңгерушілері бас қосып,
әр тақырыпты бір шалып, әңгіме-дүкен құрып отырады.
Тегін темекімен өкпесін «қақтап» алғысы келген Мақсат

Тәжімұратов аты-жөні бір состав болатын Байбота Серікбай
Қошым-Ноғайға қарап:

– Менде шырпы бар. Сенде шылым бар ма? – дейді

қуақыланып. Бір саусағын ішіне бүгіп қалған Байбота мұрны
қышып отырған Мақсатқа темекісін ұсынады. «Өкпеге күтім
керек, ол үшін түтін керек» деген қағиданы ұстанған екеуі
темекілерін құшырлана сорып, үнсіз «кәйіпке» енеді. Поли-

ция туатындай өлі тыныштықтан соң, Байбота өз-өзіне келіп:

– Мақсат, менде «айғыр» стакан бар. Сенде арақ бар ма? –

деген екен қарымта қайтарып.

МАҚТАМЕН БАУЫЗДАУ

Қазақтың көрнекті сатирик-жазушысы һәм драматургі
Қалтай Мұхамеджанов – жүрген жерін күлкіге көміп жүретін
өте әзілқой әрі жатыпатар айтқыш болған кісі. Саналы
ғұмырында бірнеше құзырлы қызметтердің құлағын ұстап,

беделді басылымдарды басқарды. Сондай белді де беделді
басылымдардың бірі «Ара» журналының Бас редакторы
кезінде жауапты хатшы Көпен Әмірбекті өзіне шақыртады.
Хатшы қыз оның жұмыста жоқ екенін айтады. Қалекең екінші

күні де Көпенді қызмет орнынан таппайды. Бұл жағдай
үшінші күні де қайталанады. Сонда Қалтай Мұхамеджанов
хатшысын шақырып алып:

– Жауапты хатшыға айтшы, ертең қолы тисе, мені

қабылдасын,– деген екен қол астындағы қызметкерін
мақтамен бауыздағандай етіп.

ҚОЖА МЕН

ҚОЖА ЗАМЕНИТЕЛЬ

Қалтай Мұхамеджанов «Ара» журналының Бас редакторлығынан кетіп, халықаралық «Түркістан» газетінің Бас редакторлық қызметіне ауысады. «Генерал болуды армандамаған солдат – солдат емес» дегендей, қолына қалам ұстаған біраз қаламгерлер сол бос орынға отыруға жанталасып бағады. Олардың арасында «Ара» журналының жауапты хатшысы Көпен Әмірбек те болса керек. Бірақ «Қуған жетпейді, бұйырған кетпейді» демекші, «Ара» журналының Бас редакторы болып белгілі сыншы Сайлаубек Жұмабеков

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

тағайындалады. Көп уақыт өтпей, әлгі қызметтен дәмелі
болған Көпенге жора-жолдастары жолығып қалып:

– Көпен, «Ара» журналының Бас редакторлығына лайық

бір адам болса, сол сен едің. Қалай, жайлы орынға жайғастың
ба? – деп сұрайды.
Сонда Көпен:

– Қожа кетіп, оның орнына Қожа заменитель келді ғой,

– деген екен Қалтай Мұхамеджановтың руы қожа екенін

меңзеп.

ДНЕМ – 50, НОЧЬЮ – 25

«Ара» журналының Бас редакторы, белгілі сатирик-паро-
дист Көпен Әмірбек шашын қысқартпақ болып шаштаразға
келеді. Жаратылысынан әзілге әзір жүретін Көпекең
әңгімесінің әлқиссасын қалжыңмен бастайды. Шаштаразшы

орыс келіншек те әзілге әзілмен, қалжыңға қалжыңмен жау-
ап қайырып, әңгімелері жарасып қалады. Сөздің реті келген
тұста әлгі келіншек Көпенге:

– Вам сколько лет? – деп сызылады.

Сонда аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін Көпекең ескі
әдетіне басып:

– Днем – 50, ночью – 25, – деген екен.

Белгілі журналист-жазушы Серік Жанәбі-
лов – тумысынан ақкөңіл, адал, қулық-
сұмдығы жоқ, әзілқой әрі айтқыш адам. Бой-
ында Қожанасыр мен Алдаркөсе бабалары-

мыздан жұққан әпенділігі де бар. Ел ішінде:
«Серік былай депті, ана жерде былай істепті»
деген әңгіме көп. Солардың бір парасы мынау.

АЛДАУДЫ ҮЙРЕТЕТІН МЕКТЕП

Серік Жанәбіловтің Жоғары партия мектебінде оқып
жүрген кезі болса керек. Қолы қалт еткенде бұрынғы
«Лениншіл жас», қазіргі «Жас Алаш» газетіне мақала жазып,
белсенді автор ретінде қатысып тұрады. Бірде сондай шаруа-

лармен редакцияға бас сұғады.

– Серікжан, соңғы кезде көрінбей кеттің ғой, қайда жүрсің?

– дейді оның Жоғары партия мектебінде оқып жүргенінен

бейхабар хат бөлімінің меңгерушісі Бибіхан Байтілесова.

– Оқып жүрмін.

– Қартайғанда оқығаны несі? Қойшы, қай-қайдағыны айт-

пай. Он оқу орнын бітірсең де сен адам болмассың, – дейді
әзілі жарасқан қайнысын қағытып.

– Шын айтамын, жеңгей. Қайның анау-мынау емес, әкім

дайындайтын мектепте оқып жүр. Менімен бұдан былай
шайқап емес, байқап сөйлесіңіз. Әйтпесе, ертең әкім болған
күні қабылдамай қоямын, – дейді Серік те әзілге әзілмен жа-
уап қайырып.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Онда не үйретеді екен, қайным-ау? Әйтеуір, сені адам

қылып шығарса болғаны да.

– Әй қайдам! Қайта сол адамыңды бұза ма деп қалдым.

– Неге?

– Өйткені онда алдыңа келген адамдарды алдауды үйретеді,

– деген екен.

ЭРОЗИЯ МЕН КОРРОЗИЯ

Серік Жанәбілов пен Әшірбек Амангелдиевтің ҚазМУ-
дың журналистика факультетін тәмамдағалы жүрген кездері
болса керек.
Бір күні Серік Әшірбекке келіп, аса маңызды әрі құпия

әңгіме айтқысы келетінін байқатып, «ешкімге айтпа» деп
ескертіп алады да өзінің аудандық газетке редактор болып
бара жатқанын мақтана айтады.

– Бұл жаңалықты сенен бұрын Мылтықбайдан естіген-

мін, – деп Әшекең жайбарақат отыра береді.

– Әй, оңбаған «ешкімге айтпа» деп қатты ескерткен едім.

Саған айтып қойған екен ғой.

– Жұрттың бәріне өзің жаясың да біреуден көресің.

Мылтықбайдан басқаларға да өзің айтқан шығарсың.

– Жарайды, ендеше сен де ешкімге айтпа. Саған сырым-

ды айтайын. Сенен басқаның бәрі дұшпан. Менің қабілет-
қарымымды сен білесің ғой. Шыныңды айтшы, менің
қолымнан редактор болу келе ме, келмей ме? – дейді өзінің
қуанышын жасыра алмай.

– Сен баратын аудан немен айналысады екен? Соны білдің

бе? Мал өсіре ме, әлде егін еге ме?

– Егін егетін сияқты...

– Онда сен мынаны айтшы... Жер коррозияға ұшырай ма,

әлде эрозияға ұшырай ма?

– Коррозияға ұшырайтын шығар.

– Таппадың, редактор мырза. Жер эрозияға, темір

коррозияға ұшырайды. Мына түріңмен аудандық газетті
қалай басқармақсың? – деп әзілдейді Әшекең.

– Бірдеме етермін, – деп міңгірлейді Әшекеңнің сынынан

сүрініп қалған Серік.
Арада бір-екі жыл өтеді. Бір күні кездейсоқ Секең мен
Әшекең жолығысып қалады. Серікте баяғы екпін, қарқын
жоқ.

– Иә, Серік, жағдайың қалай? Аудандық газетті ұршықша

иіріп жүрсің бе? – дейді Әшекең салған жерден. Сонда әзіл
дегенде алдына жан салмайтын Серік Жанәбілов:

– Е, несін айтасың, коррозияға ұшырадық қой, – деген

екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Белгілі айтыскер ақын, халықаралық және
республикалық айтыстардың бірнеше дүркін
лауреаты, мәдениет қайраткері Серік Қалиев
бір қарағанда сабырлы да салмақты көрінге-

німен, реті келгенде әзілдің әрін кіргізіп, қал-
жыңнан қуырдақ жасап жіберетін қабілеті бар.
Оның осындай екі езуіңізді екі құлағыңызға
ілетін әзіл-қалжыңдарын сіздердің назарла-

рыңызға ұсынғанды жөн санадық.

ТРАМВАЙ

Жаздың жаймашуақ күнінде Серік Қалиев ізбасар інісін
ертіп алып, Төле би көшесінің бойына көлігін қойып, жолдың
арғы бетіне өтпек болады. Төле би көшесінің бойында трам-
вай жолы бар. Дәл сол екі ортада жүйіткіп келе жатқан трам-

вай көрінеді. Ақын ағасы:

– Тез, тез арғы бетке өтіп алайық, – десе:

– Неге? – деп інісі кібіртіктеп қалған көрінеді. Сонда

Серік:

– Басып кетсе травмай,

Жатасың ғой тұра алмай, – деген екен.

ТИЫН МЕН ТҮЙІН

Бірде ақын шәкірті Олжас Құлымбай студенттер айты-
сына қатысатын болып, дайындығын пысықтап алмақ ниет-

те ағасы Серік Қалиевты жұмысына іздеп келіпті. Ол кезде
ақын «Атамұра» корпорациясында қызмет атқаратын кезі.
Кабинетіне кіріп, амандық-саулықтан соң, інісі:

– Аға, айтысқа қатысқалы жатырмын. Елдегі мәселелерге

байланысты айтар ойым бар, соны түйіндеп берсеңіз, – десе
керек. Табан астында тауып айтатын ағасы:

– Сен тиындап берсең,

Мен түйіндеп беремін ғой,– деген екен.

ШЫМШЫМА

ШУМАҚ

Халықаралық, республикалық айтыстардың бас жүлдегері,
ақын Серік Қалиев халық қолқа салған соң, бір жиында
шәкіртімен кішігірім айтыс жасаса керек. Кезегі келгенде
шәкірті:

Халыққа арнау сөзін жолдағасын,
Кешегі Бұқарлардай толғанасың.
Алтайы қызыл түлкі көргендейін,
Ағасы қыран құстай қомданасың, – деп бір қайырыпты.

Ақын домбырасын қағып-қағып жіберіп:
Болар ма әзіл ғажап, күлкі керім,
Қандай өлең құрайды бұл күн ерің?
Мен сені азулы арлан деп жүр едім,

Құйрығын бұлғаңдатқан түлкі ме едің? – деген екен.

ҚЫЗ БЕН НАЗ

Бішкекте өткен бір айтыста қырғызға ұзатылған қазақтың
қызы Майра Керімқызы мен Серік Қалиев жеребе бой-
ынша айтысуға тура келеді. Өз кезегі келген кезде Майра
Керімқызы:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Қазағым байып бүгін шалқалады,
Алатауға тиіп тұр арқалары.
Қыздың назы деп түсін,айналайын,
Майраға қайтарсаңшы Қарқараны,– депті сол кезде

қазақ-қырғыз ағайындардың арасындағы Қарқара жайлауы-
на байланысты дауды меңзеп.
Сонда Серік Қалиев :
Апатай-ау көңілің жаз болды ма,

Көлінен үйрек ұшып, қаз қонды ма?
Қырғыздың әуенімен айтар деп ем,
Табиғаты үйлеспес саз болды ма?

Жерімді қайтарып бер деген кезде,
Отырған қайын жұртың мәз болды ма?!
Құдаларға енді ештеңе бере алмаймын,
Сізді қиып бергенім аз болды ма ?– деген екен.

ОЙ МЕН ҚОЙ

Бірде айтыскер інілерінің бірі хабарласып:

–Аға, айтысқа қатысайын деп жатырмын, айтатын

ешқандай ой келмей тұр, ой бересіз бе?– депті.
Сонда Серік:

– Айналайын, өз ойың болмаса неменеге жетісіп

қатысасың?! Қазір ойға қой сұрайтын заман емес пе ?! – деп
өтірік емеурін танытқан екен.

АҚША МЕН БАҚША

Бірде замандасы, ақын Серік Жәркен екеуі аяқкиім алайық
деп базарға барыпты. Бір аяқкиімді қолына алып қарап тұрса,
сатушы қыз:

– Аяқ киім жақсы болғаны дұрыс, дұшпан аяққа қарай-

ды,– десе,
Серік Қалиев:

–Қазір аяқ киімге емес, қалтаңдағы ақшаңа немесе

аулаңдағы бақшаңа қарайды,– деген екен.

АҚЫН МЕН ХАЛЫҚ

Серіктің «Атамұра» баспасында қызмет жасап жүрген
кезі. Бір күні жұмысқа Ақжардағы үйінен автобуспен келіпті.
Түскі ас ішіп отырғанда «Атамұра» корпорациясының
президенті Рақымғали Абрарұлы Серіктен қал-жағдайын

сұрағанда «Ой, қоғамдық көлікпен жүрген бір ғажап екен,
халықпен бірге боласың, халықтың жағдайын білесің, барлық
жаңалықты естисің» депті аңқылдап. Келесі күні Рақымғали
Абрарұлы Серікке телефон шалса, ұялы телефоны өшірулі.

Кабинетіне шақырып алып:«неге телефоныңды өшіріп
тастағансың, кешеден бері таппай жүрмін» десе, Серік: –
Телефоным халқыма керек екен, кеше автобуста қалтамнан
алып қойыпты,–деген екен.

Күліп жіберген Рақымғали Абрарұлы:

– Ақынға халық, халыққа ақын керек. Халқыңа керек

болса, ештеңе етпес. Барып жақсы телефон сатып ал,– деп
қолма-қол ақша беріпті.

ОБАЛ МЕН САУАП

«Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали
Абрарұлы саятшылыққа бара жатқанда қасына жазушы
Кәдірбек Сегізбаев пен ғалым, баспаның бас редакторы
Әділхан Пірмановты және ақын Серік Қалиевты ертіп алып-

ты. Қансонарда жүргенде бүркіт бір түлкіге түседі. Риза

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

болған Рақымғали жанындағы ағаларына қарап: «Сіздерге
байладым, біреуіңіз алыңыздар» дейді. Екі ағамыз да
қажылыққа барып келген болатын. Түлкіні ұстап тұрып:«
түз тағысының тағдыры біздің қолымызда тұр ғой, ниет қып

байлағаныңа рақмет, біз осы түлкіні жіберейік» депті қос
ағамыз бір ауыздан. Екі ағамыз түлкіні босатып жібереді.
Есі шыққан түлкі зымырай жөнеледі. Сол кезде бағанадан
салпақтап еріп жүрген екі тазы түлкіні алысқа ұзатпай бас

салып, умаждай жөнеліпті. Екі ағамыз «қап, әттеген-ай» деп
кәдімгідей уайымдап қалыпты.
Сонда ақын Серік Қалиевқа бәрі «кәне, өлеңге қосып,
бірдеңе десеңші» дегенде:

Саятшылық бізге қашан бөтен еді,
Болған жайды баяндап өтем енді.
Рахаңның ағаларға сыйлағаны,
Риза ғып жіберді өте мені.

Қос қажы жіберейік деген кезде,
Қос тазы иттік жасап төтеледі.
Сауабын екі қажы көтереді,
Обалын екі тазы көтереді,– деген екен.

ЕНЕ МЕН КЕЛІН

Бірде Серік Қалиев жүзге келген кейуананың тойына
қатысады. Апамыздың келіні:«бағып-қағып, күтімін жасап
отырған менмін, жүзге келді» депті.
Сонда ақын:

Ұрпағы апам салған ізбен еред,
Ортақ болдық бұл тойға біз керемет.
Апамды бағып-қағып, күткен жеңге
Алғысымды айтамын Сізге бөлек.

Келіні жайсыз ене ерте кетед,
Келіні жайлы болса, жүзге келед,– деген екен.

СӘЛЕМНІҢ БАР СҰРАУЫ

Ақын болған соң қиын екен ғой. Бірде тіс дәрігері болып
қызмет жасайтын ағасына:
Өзіңнен жас емделед, кәрі емделед,
Келгенде жағын басып әрең келед.

Кейбіреу ісім түсім қалмаса да,
Тісім түсіп қалар деп сәлем беред,– деген екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ПЕРЕБИВКА АРҚЫЛЫ ТАНЫЛҒАН

ЖУРНАЛИСТ

Белгілі журналист Құлтөлеу Мұқаштың «Еларна» теле-
арнасы жаңалықтар қызметінің тілшісі болып істеп жүрген
кезі болса керек. Бір күні ол отандық телеарналарда беделді
бағдарламалар жүргізіп жүрген тележурналистке жолығып

қалады да амандық-саулықтан соң:

– Осы сені танымайтын қазақ жоқ шығар, сірә? Сені

көрген жұрт шыбықтай иіліп, қоғадай жапырылатын шығар-
ау. Ылғида беделді хабарларды жүргізесің. Оған аттарын атан
түйе көтере алмайтын танымал атпал азаматтар қатысады, –
дейді таңданысын жасыра алмай.

– Ж-о-о-қ, – дейді әлгі әріптесі – мені әйелім, бала-шағам,

көрші-қолаң, құда-жекжатым тануы мүмкін. Басқа ешкім та-
нымайды. Жайшылық па?

– Қойшы енді, бұлданбай! Сен түгіл, бізді таниды.

– Сені қайдан таниды?

– Өткен жолы көкөніс алуға базарға барып едім.

Сондағылардың бәрі «Сіз Құлтөлеу Мұқаш емессіз бе?» деп
ұлардай шулады. Соған қарағанда перебивкадан (журналис-
тің микрофон ұстап, басын шұлғып тұрған сәті) көрген-ау
шамасы.

МАХАМБЕТШЕ ЖЫРЛАУ

Бір күні Асқар Сүлейменов пен Өтежан Нұрғалиев көшеде
жолығысып қалады. Асекеңнің басы ауырыңқырап тұрса ке-
рек. Өтежаннан басын жазып беруін сұрайды. Өтекең ыңғай
таныта қоймайды.

– Адам деген сөйтіп сұрай ма екен, – деп ашуланады.

– Махамбет атаңша жырлап берсем, басымды жазып

бересің бе? – дейді Асекең қулана жымиып.

– Махамбет атамның мақамына салып, дұрыс жырлап

берсең, басыңды жазып берейін. Егер жырлай алмасаң,
басыңды жарамын, – дейді Өтекең әзілге әзілмен жауап
қайырып.

– Ендеше, тыңдаңыз, – деп Асекең жырлай жөнеледі.

Костюміңді шешіп ап,
Тоқым етсем деп едім.
Қабырғаңды кескілеп,
Отын етсем деп едім.

Төбе шашыңды ойып ап,
Ләңгі етсем деп едім.
Кеңірдегіңді суырып,
Шлангі етсем деп едім.

Өтекең Асекеңнің суырып салма ақындығына риза болып,
басын жазып берген екен.

ЖЕРГЕ ҚАРАТҚАН ҰРПАҚ

Өткен ғасырдың 90-жылдарының басы болса керек.
Нарықтың шөміштен қысып тұрған кезі. Халықтың әл-ауқаты
төмен. Зауыт-фабрикалардың бәрі жекешеленіп, жұрттың
бәрі базар жағалап кеткен.

Бір күні «Зерде» журналының бас редакторы Әшірбек
Амангелдиев ойға шомып, төмен қарап, Жібек жолы
көшесінің бойымен келе жатады. Оның алдынан белгілі са-
тирик-жазушы Қажытай Ілиясов шыға келеді.

– Әй, Әшірбек, саған не көрінді? Төмен қарап келе

жатырсың ғой, – дейді Қажекең салған жерден.
Сонда Әшекең:

– Сіздер ғой – аға ұрпақ бізді жерге қаратып кеткен, – де-

ген екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ТАҒЫ БІРДЕ...

Тағы да сол Қажытай Ілиясов пен Әшірбек Амангелди-
ев көшеде жолығысып қалады. Іні болғаннан кейін ағаға ізет
көрсетіп Әшекең:

– Ассалаумағалейкум, Қажеке, көрінбейсіз ғой, – деп екі

қолын созып, ықылас таныта амандасады.

– Сен мені Алатау деп пе едің күнде көрінетін, – дейді

Қажекең бұра сөйлеп. Сөзден тосылып, есе жібере қоятын
Әшекең емес.

– Қажеке, мен сізді аға көріп, тау көріп жүрмін. Төбе

болсаңыз, амандаспас едім ғой, – деген екен.
«Сөз тапқанға қолға жоқ» демекші, інісінің тапқырлығына
риза болған Қажекең Әшірбек Амангелдиевтің қолын алып,
арқасынан қағыпты.

Белгілі сатирик-жазушы Толымбек Әлім-
бектің аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін
айтқыш екендігін жалпақ жұрттың бәрі біледі.
Оның қысылтаяң кезде сөз тауып, қажет бол-

са, бір-екі шумақ өлең шығарып, кез келген
тығырықтан шығып кететіні де бар. Мына
әңгімелер – сол сөзіміздің дәлелі.

«ӘНШІ»

Бір күні Толымбек жақын ағайындарының үйінде құда
күтіп жатады. Тойдың ортасына қарай бір бауыры қызып
қалып:

– Шыны-ай кесе, ендеше, шыны-ай кесе-ай, – деп

«Ақтолғайдың» әнімен қайта-қайта әндетіп, сөзге қонақ бер-
мей, ел-жұрттың мазасын алыпты. Атақты әннің жалғыз жо-
лын айтып, аяғын жұтып қоя береді. Бұл бір емес, бірнеше
рет қайталанады.

Әлгі «әнші»:
Шыны-ай кесе, ендеше, шыны-ай кесе-ай, – деп әндете
бастағанда Толымбек:

– Ішіп алған адамдар құлай берсе, Ақтолғай, – деп өз би-

дайын өзіне қуырып беріп, екпінін басқан екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ МАС ПЕН МЫСҚЫЛ Толымбек Әлімбектің жақын туған-туыстарының тойтомалағында асабалық қызмет көрсетіп қоятын да кездері болатын. Сондай бір тойды жүргізіп тұрған жерге Бекен деген күйші інісі кеп қалады. Оны жамағатқа жақсылап таныстырған Толымбектің сөзіне қызыңқырап алған ел онша құлақ асыңқырамайды. Сонда күйіп кеткен Толымбек: – «Құйшы» десе, қол соғып, «күйші» десе, шулай жөнелетін мына қазаққа сонша не болды, тегі? – деп масайраған қонақтарды мысқылмен айықтырған екен. УӘЖ Бір күні Толымбек зайыбы екеуі қонаққа барады. Сол жерде Толымбекпен жаңа танысқан жігіт: – Тол-аға, теледидардан көргенде ұзын бойлы, екі иығына екі жігіт мінгескендей еңселі жігіттей көрінесіз. Әйтпесе, шапшағын-ақ екенсіз ғой, – деп онша көңілі толыңқырамағандай сыңай танытады. Сонда Толымбек: – Теледидарға шыққанда қасыңда әйелің болмайды. Сосын қомақтылау көрінесің. Болмаса, әйеліміздің қасында мысықтаймыз ғой, майдамыз ғой, – деп қасындағы әйеліне қарапты.

Өнер адамдары шабыты келсе, шығарма-
шылықпен айналысып, кірпік ілмей жұмыс
істеуге бар. Ондай кезде олар өмірді ұмытады,
өзін ұмытады. Толғағы қысқан әйел секілді дү-

ниеге жаңа туындысы келгенше байыз тап-
пайды. Ал іштен шыққан шұбар жыланы
өмірге сәтті келсе, бітті, онда оны үйде байлап
қойсаң да ұстап отыра алмайсың. Бұл – бар-

ша өнер адамдарына тән қасиет. Олар күнді
түнге, түнді күнге жалғап жуып, қуып кету-
ге бар. Осы қасиет есімі дүйім халық, мұқым
елге белгілі суретші һәм мүсінші Тілеуберді

Бинашевті де айналып кете қоймапты. Бұл
сөзімізге төмендегі әңгіме дәлел бола алады.

ҚУАНЫШ ПЕН ҚОРҚЫНЫШ

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың
иегері Тұманбай Молдағалиевтің аяулы қызы Құралай – ма-
тематика ғылымдарының докторы, профессор, академик
Асқар Жұмаділдаевтың асыл да адал жары болғаны мәлім.

Өмір бар жерде өлім де бар. Арсыз ажалдың құрығынан кім
құтылған?! Асекеңнің зайыбы – Құралайдың дәм-тұзы таусы-
лып, дүниеден озады. Бұл ауыр қаза кім-кімге де оңай тимесі
анық. Тұмағаң қызына арнап бірнеше азалы жыр жазады.

«Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар қазақта.
Сол айтқандай, Асекең өмірлік серігі болған асыл жарына
құлпытас қоймақ болып, жанына бажасы, белгілі әнші-сазгер

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Ержан Белғозиевті ертіп, Тілеуберді Бинашевке келеді. Екеуі
мән-жайды айтып, құлпытасқа тапсырыс береді. Мүсінші
көп ойланып, толғанады. Сөйтіп, іске кіріседі. Алдымен
құлпытасқа сабағы сынған қызғалдақты бейнелейді. Оның

ішіне Құралайдың суретін салады. Бұл – қызғалдақ – жердің
гүлі, Құралай – елдің гүлі деген мағына береді.
Уағдаласқан күні қос бажа – Асқар Жұмаділдаев пен Ер-
жан Белғозиев келіп көреді. Олардың көңілінен шығады.

Ризашылықтарын білдіреді. Туындысын сәтті орындаған
мүсінші екі есе қуанады. Тиісті қаламақысын алған ол, көңілі
жарасқан дос-жарандарын шақырып, қомақты қаржыны
қалтасына басып, «Қапшағай қайдасың?» деп тартып кетеді.

Серіліктің соңы болушы ме еді?! Жора-жолдастар бір күн
емес, үш күн той тойлайды. Арқа-жарқа боп бір жасап қалады.
Бұл күндері Тілекең үшін екі қойың бір сом боп тұрған кез
еді. Бірақ Тілеубердінің ғана үш күн бойы ішкені – ірің,

жегені – желім боп жүреді. Өйткені оған алғашқы күні-ақ
жеңгей хабарласып, Тұмағаңның іздеп жатқанын айтады. Со-
дан бастап мүсіншіден маза кетеді. «Ескерткіш Тұмағаңның
көңілінен шықпаған ғой» деген ой келеді. Үшінші күні

хабарласқанында «ол өзі үйінде қонатын адам ба?» депті
Тұмағаң. Осы сөз Тілекеңе қамшымен тартып жібергендей
әсер етеді. Бұл туралы үш күннен бері кіндігі жабысқан
егіздей боп жүрген достарына тіс жармайды. Төртінші күні

үйіне барып, жуынып-шайынып, ғұсыл алып, намаз уақытын
күткен дәруіштей Тұмағаңның қоңырауын тосады. Ақын
мүсіншіні зарықтырып барып телефон соғады.

– Бармысың, бауырым! Сені 3-4 күннен бері іздеп жатыр-

мын. Сен өзі үйде қонатын адамсың ба? – деп аз-кем кідіреді.
Тілеубердіде өң-сөл жоқ. «Өлген жерім осы шығар» деп
тұтқаны әзер ұстап тыңдап тұрады.

– Жайша ма, Тұмаға?

– Ескерткіш маған ұнады. Тіпті оның құны мен жазған

өлеңдерден де асып түсті. Қызымды қайта тірілтіп, оған
мәңгі өмір сыйлапсың. Рақмет саған, інім! Осы еңбегіңе
ризашылығымды білдірейін деп едім, – дейді.

«Таяқ жеймін бе?» деп қорқып жүрген Тілеуберді мына
сөздерді естіп, қуаныштан жылап жібере жаздайды.

– Тұмаға, болмашы ғана дүнием сізге ұнаса, онда менде

арман бар ма?! – деп төбесі көкке екі елі жетпей қалады.
Ақын сөзін ары қарай сабақтайды.

– Тілеуберді бауырым! Саған алғысымды айта отырып,

ақ батамды беремін. Мына өлеңді саған арнап едім, – деп
төмендегі жүрекжарды жырын оқып береді.

ӨШКЕНДЕРДІ ЖАНДЫРДЫҢ

Жүрегіңнен өнердің үнін естіп,
«Мықты жігіт осы» деп күбірлестік.
Өшкендерді жандырдың өр талаппен,
Өлгендерді тірілттің інім, өстіп.

Болашақты болжап бір және көрдің,
Толқынымен ойнадың жаңа көлдің.
Менің Құралайымды гүл арқылы,
Қайта мына дүниеге сен әкелдің.

Жан-жүрегін ұғынып мөлдірімнің,
Бүгінге алып өткеннің келдің үнін.
Өнеріңе сүйіндім, өміріме,
Жылы сәуле сепкендей болдың, інім.

Гүлдеріңді кеудеңде өндіре бер,
Лайланбай күн кешсін мөлдір өнер.
Таңырқатып талайды білігіңмен,
Арманыңды арқалап сен жүре бер.

Тілеуберді! Өнердің жұлдызы екеніңді білемін. Өмірде
бақытты бол. Ән-күйге бөленсін өмірің.
Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ,
Қазақстанның Халық жазушысы,

Мемлекеттік сыйлықтың иегері.
22.10.1996 жыл
Өнер адамы үшін бұдан артық баға, бұдан артық атақ бар ма?!

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ

БІР МИЛЛИАРД

Бала кезімізде «Америка» деген сөзді естісек, жаңа оталған
трактордай қалтырап, дірілдеп кететінбіз. Өйткені ол елде
ылғи баскесерлер, қанішерлер, ұры-қарылар, қайыршылар
тұрады деп ойлайтынбыз. О дүниеде неше тозақ болса,

соның бәрінің «филиалдары» сонда деп ұғатынбыз. Бұл –
коммунистік партия идеологиясының «жемісі» ғой. Сөйтсек...
қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған нағыз мамыражай заман
сонда екен. Оны кейін алып «түрменің» қақпасы ашылған

соң байқадық. Көргенімізден – көрмегеніміз, білгенімізден –
білмегеніміз көп екен. Көзіміз бен құлағымыз ашылып қалды.
Барлық саладағы мамандар шет елдерге шығып, тәжірибе ал-
маса бастады. Сондай бір жақсы үрдісті білім және ғылым

саласы да жалғады.
1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журнали-
стика факультеті телерадио кафедрасының меңгерушісі,
жас ғалым Темірғали Көпбаев Американың Оклахома

университетіне барып, дәріс оқиды. Ол оқу ордасына әлемнің
түкпір-түкпірінен ғалымдар келеді. Солардың ішінде баяғы
бауырлас республикалардың өкілдері де бар екен. Соның
бірі – Литвадан келген жас журналист Кеститус Агинскас.

Қанша дегенмен, бір Одақтың жамаулы шапанынан шықты
ғой. Оның үстіне, жеген наны, сіңірген асы бір зауыттан
болған соң, әлгі күнбағыстың таяғындай сорайған Кеститу-
сты Темірғали іштартып, жақын дос болып кетеді. Қазақ –

философ халық қой. «Қара қытай қаптаса, орыспен жылап
көрісесің» деп текке айтпаған. Сол сияқты, Мұхиттың бергі
бетінде туып, арғы бетінде жүрген бір Одақтың балалары
туған бауырдай араласып, бір-бірінсіз ас батпандай бола-

ды. Американың Лас Вегас, Техас, тағы басқа штаттарын
бірге аралайды. Қолдары бос кезде өз елдерінің тарихы,
мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл-ділі туралы

әңгімелеседі. Бұл тақырыпқа келгенде Темкеңнің алдына жан
салмайтыны белгілі. Кеңінен көсіледі. Тереңнен толғайды.
Темкеңнен тегін дәріс алып, Кеститус те рухани байып
қалады. Қазақ халқының тарихы тым тереңде жатқанына

таң қалады. «Апам да аң-таң, мен де аң-таң» деген сөзді осы
жерде айтқан адам ұтады. Сонымен не керек, бір күні өзі аяқ
басып жүрген Американы бүгін ашқандай болып Костя (Ке-
ститусты Темірғали осылай атайды. Е.Ш.) Темкеңе:

– Мен бір ақпарат естіп, қайран қалып отырмын, – дейді

таңданып.

– Ол не ақпарат? – дейді Темкең дегбірсізденіп.

– Қазақстан әлем бойынша жерінің аумағы жағынан

тоғызыншы орын алады екен. Сөйте тұра, халқы 10-ақ мил-
лион.

– Оның несіне таңданасың?

– Сонда, ұлан-байтақ жерді қазақ қалай сақтап келген?

Қазір қалай ұстап отыр? Соңғы санақ бойынша Қазақстанды
мекен еткен бүкіл халық 15 миллионға да жетпейтін
көрінеді. Мысалы, Ыстамбұлда 17 миллион, Мехикода 19
миллион халық тұрады екен. Бір елдің халқы бір астананың

тұрғындарына да жетпейді деген сұмдық емес пе?!

– Костя, біріншіден, сен қазақ халқының тарихын біл-

мейсің. Екіншіден, оның әдебиетін оқымағансың. Үшінші-
ден, қазақты жете тани білмейсің. Сондықтан да сен адам
күлерлік сауал қоясың. Мен саған қазір бір ән қойып берейін.
Сен соны мұқият тыңда.

Темірғали Америкаға сапарға жиналғанда: «Елді
сағынғанда тыңдармын» деп Нұрлан Өнербаевтың, Бек-
болат Тілеухановтың және тағы бір эстрадалық әндер
жинағының таспасын алған екен. Солардың ішіндегі Бекбо-

лат Тілеухановтың орындауындағы «Батыр Баян» атты жыр-
толғауды қояды. Мұны тыңдаған қазақтың жүрегі кеудесіне
сыймай, арқасы қозып, рухы көтеріліп кететіні анық. Дәл
осы жағдайды Темкең бастан кешеді. Ара-тұра Костяға көз

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

салып қояды. Одан еш өзгеріс байқамайды. Жаны жоқ бір өлі
дене отырған тәрізді. Ән бітеді.
Темкең Костяға қарап:

– Не түсіндің? – деп сұрайды.

– Түк те түсінгем жоқ.

– Әрине, түсінбейсің. Өйткені сен қазақ емессің. Осы

әнді тыңдаған қазақтың әрбір ұл-қызы жүзге айналады. Енді
сен жүзді он миллионға көбейт. Демек, біз бір миллиард
халықпыз. Ал бізде мұндай әндер өте көп.

– Бәсе, рухы биік, намысы жоғары осындай халық бол-

маса, әлгіндей жерді ұстап тұру мүмкін емес, – деп Костя
қазақ халқының өрлігіне риза болып, олардың жауынгер ел
екендігін мойындайды.

ҮШ МӘТЕЛ

Белгілі ақын, ғалым-ұстаз Темірғали Көпбаев 2000 жылы
«Қазығұрт» атты көп томдықтар шығаратын баспа ашады.
Одақтың көзіндей болып қалған өзге баспаларға қарағанда,
оның тасы өрге домалап, бірер жылдың ішінде баспаның аты

аспандап шыға келеді. Аяқтан тартпаса, ас іше алмайтын
әдет қанымызда бар емес пе?! Сол әдет бойынша «Қазығұрт»
баспасы және оның басшысы туралы құлаққа кіріп, санаға
сыймайтын әңгімелер ел ішінде естіліп қалып жатады. Жел

сөздің жерде жатпайтыны тағы мәлім. Ол сөз Темкеңнің де
құлағына шалынады. Сөйтсе, жағымсыз әңгіменің «авто-
ры» – Темкеңнің арқа тұтып, құрметтеп жүрген баспагер
ағаларының бірі екен. Дереу оған телефон соғады.

– Сабыр сақтап, амандық-саулық сұрасады. Жұмысы,

тұрмысы туралы сұрауды да ұмытпайды.

– Ойбай, Темке, жұмысты несін сұрайсың? Кітап шығаруды

біз сенен үйреніп жатырмыз ғой. Сен сияқты кітап шығару
қайда бізге?! – деп бәйек болады да қалады.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР – Көпшік қоя сөйлегеніңізге рақмет. Бірақ мен басқа шаруалармен хабарласып отыр едім. Қолыңызда қаламсап бар ма? – Бар ғой, бірақ ол неге керек? – Ал қағазыңыз ше? – Ол да бар. – Ендеше, бір-екі мәтел айтайын, жазып алыңызшы. – О не мәтел? – Бауырларымды сағынғанда мәтел айтып қоятын әдетім бар еді. Бірінші мәтелім: «Сенген серкем сен болсаң, күйсегеніңді ұрайын». – Оны неге айтып отырсың? – Енді екіншісін жазыңыз. «Көк қарға артына қарамай, әулие ағаштың басына саңғиды» дейді де тұтқаны қоя салады. Арада 5 минут уақыт өтеді. Темкеңнің телефоны безілдеп қоя береді. Тұтқаны көтерсе, қадірліден қадірсіз кейіпке көшкен баспагерсымақ ағасы екен. Суға тиген сабындай жыпылдай жөнеледі. – Темке-ау, мұның не? Айтып өлтірсеңші. Біреу менің сыртымнан бірдеңе деген-ау шамасы. Мен сен туралы тек жақсы пікірдемін. Олардың айтқанына сенбе, – дей келіп, Темкеңді шай ішуге шақырады. – Айтпайын деп едім, қоймадыңыз ғой. Ендеше, үшінші мәтелді жазып алыңыз. «Саудагердің ақынмен сыра ішкені – не теңі?». – Ойбай-ау, сен мені тірідей өлтірдің-ау. Артық кеткен жерім болса, кешір айналайын! Темкең тұтқаны тастай салады. Сөйтіп, ағасын үш мәтелмен тезге салады.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ

Белгілі ақын әрі журналист Қайрат Әлімбектің «Арай»
жастар журналында қызмет етіп жүрген кезі болса керек.
Бір күні оны басылымның Бас редакторы Әшірбек Көпішев
шақырып алады да журналға терімші етіп Қуанышкүл есімді

бойжеткенді алатындығын айтып, оны сынақтан өткізуді
Қайратқа тапсырады. Сол күннен бастап Қайрат – ұстаз, ал
Қуанышкүл оған шәкірт болып шыға келеді. Қайрат ұстаз
болғандықтан, енді ол мақалаларын «диктовка» арқылы

шәкіртіне тергізуді әдетке айналдырады. Кейде жұмыстан
өте кеш шығады. Ондай күндері Қайрат Қуанышкүлді үйіне
дейін шығарып салады. Сөйтіп жүріп, екеуі бір-біріне бау-
ыр басып қалады. Арада жыл өткен соң, екеуі отау құрады.

Дүркіретіп той жасайды. Үзіліс кезінде күйеу жігітті туған-
туыстары мен жора-жолдастары қаумалап:

– Мұндай сұлуды қайдан кезіктіріп жүрсің? – деп

ризашылықтарын білдіреді. Сонда Қайрат:

– Қуанышкүлді алдымен жұмысқа алдым, сосын өзіме ал-

дым, – деген екен.

«Я СЕЛЬСКИ ШКОЛЕ СКАНШАЛСА»

«Нұр-Астана» газетінің бас редакторы, белгілі журналист
Шархан Қазығұлов кәмелет жасқа толғанда азаматтық боры-
шын өтеу үшін әскерге барады. Ауылда туып, ауылда өскен
бала орыс тілінің көсегесін көгерте қоймасы белгілі. Қисық

та қыңыр тілмен айтқанда, бір грамм орысша білмесе керек.
Қысқасы, нан сұрап жеуді білгенімен, түйіліп қалғанда ар-
тынан ішетін суын сұрап іше алмайтын көрінеді. Бір күні
Шархан сержантқа әлденені түсіндірмек болады. Бірақ оны-

сынан түк шықпайды. Тіпті болмаған соң, мылқаулар тілінде
де «сөйлеп», ымдап, қимыл-қозғалыстар жасайды. Сержант
бәрібір түсіне қоймайды. Оның бұл іс-әрекетіне кіші сардар
ашуланып:

– Ты человеческим языком говорить не умеешь что ли? –

дейді.
Ашуды көтере қоятын қазақтың баласы болушы ме еді,
сірә?!
Сонда Шархан:

– Я сельски школе сконшалса, – деген екен ызаға булы-

ғып.

«МЕН САҒАН НЕМІС ЕМЕСПІН»

Белгілі журналист Шархан Қазығұловтың Министрлер
кабинетінде қызмет атқарып жүрген кезі болса керек.
Үкіметтің аты – Үкімет. Тәртіп қатал. Жұмысқа уақытылы
келмегендерге шара қолданады. Тіпті күнде таңертең

кадр бөлімінің қызметкері есік алдында тұрып, жұмыстан
кешіккендерді журналға түртіп қояды екен. Бұл тәртіп өз
еркімен жүріп-тұруға үйреніп қалған қаламгерлер қауымына
ұнай қоймасы анық. Шар-ағаң да сөйтеді. Күнде кешікке-

нін есіне салып, белгілеп жүрген қызға пысқырып та

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

қарамайды. Өзін менсінбей тұрған адамды кім басынан си-
пай қойсын?!

– Сіз неге жұмысқа үнемі кешігіп келесіз? Егер мені

басынғаныңызды қоймасаңыз жұмыстан кетесіз, – деп ашу-
ланады ол.
Сонда Шар-ағаң:

– Жұмысқа уақытылы келетін мен саған неміс емеспін, –

деп алшаң басып кете барыпты.

«Я ТЕБЕ НЕ ВЕРБЛЮД»

«Нұр-Астана» газетінің бас редакторы, белгілі жазушы-
журналист Шархан Қазығұловтың «Отызыңда орда бұзба-
саң, қырықыңда қамал ала алмассың» деген қағиданы ұста-
нып, жалғанды жалпағынан басып, оңды-солды сілтеп жүр-

ген кезі болса керек. Аптасына жеті күн болса, ол сегіз күн
ішіп, үйіне күнде мас болып келеді екен. Ішкен адамды өз
«кругынан» басқа кім жақтырсын?! Әбден мезі болған жұ-
байы Сара сол жамбасымен тұрған күні Шар-ағаңа «Шар-

хан және арақ» деген тақырыпта дәріс оқып, оны қой-
дырғандай болады. Ол сол «дәрістен» кейін сұйық атаулы-
ны мүлдем татып алмай, бірер ай жүреді. Бірақ «әйелімнен
дәріс тыңдадым» деп бір-ақ күнде арақ қойып кеткен еркек

туралы аңыз әңгімені есіткен де, оқыған да емеспіз. Осы
сөзімізді растап, Шар-ағаң бір күні үйіне «өте көңілді» бо-
лып келеді.
Сонда жұбайы Сара:

– Немене, тағы да ішіп алғансың ба? – деп күйіп-піседі.

Сонда ерекше шабыттанып тұрған Шар-ағаң халықаралық
қатынас тілінде:

– Я тебе не верблюд, чтобы месяцами не пить, – деген екен.

«ӨМІР ДЕ, НӨМІР ДЕ ҰНАП ТҰР»

«Нұр-Астана» – өзінің тұрақты оқырмандары бар белді
басылымдардың бірі. Оның өте сәтті шығатын нөмірлері аз
емес. Аталған газеттің жауапты хатшысы Амангелді Қияс
сондай бір сәтті шыққан нөмірдің бірін алып, бас редактордың

бөлмесіне кіріп келеді де:

– Шар-аға, Сізге бүгінгі нөмір ұнады ма? – дейді қуанышын

жасыра алмай. Сонда Шархан:

– Ой, Аман-ай, несін айтасың, бүгін өмір де ұнап тұр,

нөмір де ұнап тұр, – деген екен ағынан жарылып.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ДИПЛОМДЫ ЖАЗҒАН КІМ?

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының басы бол-
са керек. Ол кезде жоғары оқу орындарында Коммунистік
партияның көсемдері Карл Маркс, Фридрих Энгельс, Вла-
димир Ильич Лениннен сілтеме жасалмай, бірде-бір диплом

қорғалмайтын. Бұл – Леонид Ильич Брежневтің бүкіл мемле-
кет басшыларын қапсыра құшақтап, қос бетінен шөпілдетіп
сүйіп, дәурені жүріп тұрған шақ. Сондықтан оның да өзі
жазбаған, тіпті оқымаған еңбектерінен сілтеме жасауың

қажет. Сондай тоқырау кезеңінде диплом қорғап жатқан
Әбдіғани Қасымбеков деген студент бітіру жұмысында
Брежневтің еңбектерінен көбірек сілтеме жасап жіберсе ке-
рек. Соны айтқысы келген белгілі фантаст-жазушы Абдулха-

мит Мархабаев сөз кезегі келгенде мінберге шығып тұрып:

– Бұл дипломды жазған Брежнев пе, әлде Қасымбеков пе?

Мен соны айыра алмай тұрмын, – дейді мемлекеттік комис-
сия мүшелеріне мысқылдай қарап.

– Бәлкім, екеуі қосылып жазған шығар, – дейді комиссия

мүшелерінің бірі Қалижан Құсайынов. Сонда Абдулхамит
Мархабаев:

– Бәлеге қалатын жайымыз жоқ. Онда жұмысты өте жо-

ғары бағалауға тура келеді, – деген екен.

КОМЕНДАНТТЫҢ ЖЕДЕЛХАТЫ

Қызығы көп, сессиядан басқа «шыжығы» жоқ студенттік
шақ. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
журналистика факультетінің үшінші курсын бітіріп, қала
тіршілігіне әбден төселіп, Қазақ радиосының штаттан

тыс тілшісі боп, жалымыз күдірейіп қалған кез болатын.
«КамАЗ»-дың тіркемесіндей болып жанымнан қалмайтын
курстасым Мұхтар Атабектен өзгесі жазғы демалыста ау-
ылдарына кетті. Журналистиканың көсегесін көгертетіндей

болып, Мұхтар екеуміз тәжірибеден өту үшін Алматыда
қалдық. Бұл әрекетімізге тек қарнымыз «ұлығанда» ғана
өкінеміз. Сондай бір беймезгіл «ораза тұтып», себепсізден
себепсіз «аштық» жариялап жүрген кезде, «өгіз туды» десең,

сене салатын ақкөңіл досымыз Бақытжан Советскийді
Алматыға шақырып алу туралы идея екеумізге сап ете қалды.
Ол – біздің «ауыз әдебиетімізге» Алдаркөседен кейін екінші
әпенді болып енген көзі тірі кейіпкер. «Бізді «аштықтан» бір

құтқарса, Бақытжан құтқарады» деп шештік. Оны Алматыға
шақырып алудың айла-тәсілдерін қарастырдық. Түрлі жоба-
жоспарлар жасадық. Сөйтіп, бір тоқтамға келдік.
Ол елге қайтар күні көрпе-жастығын комендантқа тапсы-

ра алмай қалды. Өйткені күн – сенбі болатын. Сондықтан
оны тиісті жерге тапсыруды менен өтінді. Мен сөзге кел-
мей келістім. Бірақ соған қарамастан, ол ұмытып кетпеуімді
сұрап, қырық рет қадап айтып, елу рет ескертті. Бақытжанды

шақырып алуға сол көрпе-төсек желеу болады деп ұйғардық.
Сөйтіп, мынадай мәтінде оған жеделхат жолдадық: «Бакит-
жан Алимкулов ! Почему постель не сдавал. Срочно при-
езжай ! Комендант».

Жеделхатты салуын салғанымызбен, оның келе қоятынына
сене қоймадық. «Екі күннен кейін» десек өтірік болар,
үшінші күні таңертең алқынып-жұлқынып Бақытжан келіп
тұр. Оны көре салысымен жеделхат жолдағанымыз есімізге

түсіп, Мұхтар екеуміз көзімізден жас аққанша күлісіп алдық.
Ал Бақытжан өзінің тағы да күлкіге қалып, біздің «ауыз
әдебиетіміздің» кейіпкері болғанын сезе қойды. Мәселенің
мәнісін түсінген соң, «Сасқан үйрек құйрығымен сүңгиді»

дегеннің керін келтіріп: «Жеделхат салып шақырғандарың
дұрыс болды. Өзім де Алматыны сағынып жүр едім» деп
қолын төсқалтасындағы әмиянына қарай соза берді. Біз –
Мұхтар екеуміз «Ораза» операциясының сәтті аяқталғанына

қуанып, бір-бірімізге жымың-жымың етіп, Бақытжанды
асханаға қарай жетелей жөнелдік.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«БЕЙМЕЗГІЛ ҚОНАҚ»

Белгілі журналист Ескендір Ертайдың Батыс Қазақстан
облыстық телерадиокомпаниясында қызмет етіп жүрген кезі
болса керек. Бір күні редакцияның ығайлары мен сығайлары
бас қосып, ортаға «ақаңды» алып, арқа-жарқа болып отыра-

ды. Кабинетке күтпеген жерден телерадиокомпания төрағасы
Рысқали Молдағалиев кіріп келеді. Қапелімде сасып қалған
жігіттер «беймезгіл қонаққа» тура қарай алмай, көздерімен
жер сүзеді.

– Өсетін елдің баласы бөлмесінің төріне еліміздің

президенті Горбачевтің суретін іліп қояды. Ал сен, –
деп Ескендірге қарайды, – қаңсыған қу домбыраны іліп
қойғансың.
Сонда Ескендір домбыраға бір қарап қойып:

– Е-е-е, бастықтар келеді, кетеді. Ал қазақтың қара дом-

бырасы мәңгі қалады, – деген екен бастығының зейнетке
шыққалы жүргенін меңзеп.

«ЭТАЛОН

БЮДЖЕТНЫХ ТЕЛЕВИЗИОНЧИКОВ»

Маусым айының соңғы жексенбісі – журналистер күні
екені мәлім. Осы кәсіби мереке қарсаңында белгілі кәсіпкер
Ерсайын Манаев «Сұңқар» мейрамханасында журналистерге
арнап дастарқан жаяды. Бұл кешті қаламы қарымды қаламгер

Шәкизада Құттаяқов жүргізеді. Ол арнайы жайылған
дастарқанның бас қонағы Дүкеш Бәйімбетовке ерекше
құрмет көрсетіп, бар «жылы-жұмсақ» сөздерін сол кісіге ар-
найды. Одан кейін сөз тізгінін алғандардың барлығы Дүкеңді

жер-көкке сыйғызбай мақтап, бірінен-бірі асып түседі. Кім
қалай мақтаса да Дүкеш Бәйімбетов – соған лайық азамат.
Қазақ телевизиясының карафейі, патриархы екені де рас. Ақ

лебіз айтудың кезегі Ескендір Ертайға келгенде Шәкизада
оған тың тілек айтуын сұрайды. Сонда Ескендір кідірместен:

– Дүкеш Әлиевич, эталон бюджетных телевизиончиков, –

деген екен халықаралық қатынас тілінде.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Жазушы-журналист һәм «Орал өңірі» газетінің бас
редакторы, екі ұл мен екі қыздың, сондай-ақ үш кі-
таптың авторы, қарсы беттегі қоңсысының көршісі,
Нұржан құдасының құдасы, Бауыржан Ғұбайдуллин,

құрдасшылап айтсақ, Сары шал биыл елуге тол-
ды. Құдай қосқан қосағымыздан гөрі, қасымыздан
қалмай,
қолымыздан

түспей
жүретін
қалтафон
арқылы сөйлескен сайын, «Ассалаумағалейкум, Сары

шал» деп жанама атын жарнамалаудан бастаушы едім.
Сонда ол: «Сары шал» деме, «Сары әулие» деп айт деп
түзетуші еді. «Ж-о-о-қ, ол үшін Алла ризалығы үшін
қой сойып, ел-жұртты тойындырып, бізден бата ал.

Содан соң көрерміз» деп әзілдеуші едім. Енді ер жасы –
елуге келген шағында сол «Сары әулие» деген атақты
бергелі отырмын. Ал Сары шал, енді Сары әулие
болғаның құтты болсын! Ел-жұртқа қаламы қарымды

журналист, дарынды жазушы және сөзі мірдің оғындай
публицист ретінде танылған, ал бізден «Сары әулие»
деген атақ алған Баукең әдемі әзіл, орынды қалжың
айтуға да ұста. Бүгін солардың біразын сіздердің

назарларыңызға ұсынамыз.

«КӨП БОЛСА, КӨКЕҢМЕН БАЖА БОЛАРСЫҢ»

Баукеңнің үлкен ұлы Алпамыс осыдан төрт жыл бұрын бір
кездері әкесі оқыған ҚазҰУ-дың журфагына оқуға түсіп, ара-
да бірер ай өтіп, жаңа ортаға бойы үйреніп, студенттік өмірге

бауыр баса бастаса керек. Әкесі ұлының хал-жайын білейін
деп бір хабарласқанда, амандық-саулық сұрасқан соң, Алпа-
мыс:

– Көке, Алматыда Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда,

Шымкенттің қыздары өріп жүр екен. Бес қызбен таныссам,
солардың кемі үш-төртеуі Шымкенттікі болып шығады, не
істесем екен? – деп жорта абдырапты. Баласының әкесімен
әзілдескісі келіп тұрғанын бірден сезген Баукең:

– Ай, Алпанжан, оның несіне абдырайсың?! Таныса

бер Шымкенттің қыздарымен, көп болса, көкеңмен бажа
боларсың, – деген екен ұлына анасының Шымкенттен екенін
тағы да бір еске салып.

БАЛДАЙ ХАНЫМНЫҢ СИПАТЫ

Баукең ағайын-туыс, дос-жаран мен көрші-көлемнің той-
тамашасында өзіне лебіз кезегі ұсынылғанда әуелі өзі сөздің
төрт бұрышын шығара сөйлеп алып, сосын:

– Ал енді тоқ бұрымды, тоқ балтырлы, бадана көзді, бай-

салды мінезді, тапа-тал түстегі тас төбеңдегі күндей, толған
айдай дөңгелек жүзді Балдай ханым сөйлесін! – деп өз
келіншегіне өзі тост береді.

«АНТАРКТИДАДА ТОҢБАЙМЫН, АФРИКАДА

ЫСТЫҚТАМАЙМЫН»

Баукеңнің жеңешемізге ерекше риза болғанда «Мен ақ
Балдайымды көріп тұрсам, Антарктидада тоңбаймын, Аф-
рикада ыстықтамаймын» деп тау суындай тасатыны бар. Өз
әйелін құрметтеуді Баукеңнен үйренуге болады. Сондық-

тан да «Баукең үшін Балдай жеңешеміз әлі де балдай!» деп
әзілдейміз.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«АНГЕЛА МЕРКЕЛЬ СИЯҚТЫ

НӘН КЕЛІНШЕК БОЛ!»

Бауыржан Ғұбайдуллин балалар жазушысы ретінде ерте
танылды. Бұл сөзіме қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза
Әлидің берген бағасы дәлел бола алады.
Бірде Баукеңнің «Ұлан» газетіне жолдаған жасөспірімдерге

арналған «Қомағай шорағай» атты әңгімесі редакцияға жет-
кеннен кейін көп ұзамай жарық көріпті. Бұл «Жас өркен»
ЖШС-да басшылық қызметте істейтін Жұлдыз Әбділданың
ықпалы екендігін естіген Баукең әріптес қарындасына ар-

найы хабарласып:

– Жұлдызжан, сенің арқаңда «Шорағай» шортанға айналып

сақарып кетпей, тез шыққан екен, бек рақмет! Өмірдегі де,
ұлы сөз өнеріндегі де жұлдызың әмісе биіктен жарқырасын!
Германияның қазіргі ат үстіндегі канцлері Ангела Меркель
сияқты нән келіншек бол! – деп «бата» беріпті.

«КЕСАРЕВО СЕЧЕНИЕ»

Осыдан бірер жыл бұрын бір жексенбіде түскі астан кейін
Баукеңнің кенеттен қан қысымы көтеріліп, мазасы қаша ба-
стайды. Әдеттегідей көк шай ішіп көреді, көмектеспейді,
«ас тез қорытылсын» деген оймен киви жеп көреді, одан да

жәрдем болмайды. Аз-маз таза ауаға жүріп қайтады, алайда
қан қысымының түсер түрі көрінбейді. Басқа амалы қалмаған
Баукең Балдай бәйбішесіне «Жедел жәрдем» шақыруды
бұйырады. Сүт пісірім уақыттан соң дабылын азынатып,

«Жедел жәрдем» жетеді. Дәрігер үріп ауызға салғандай, тал
бойында бір міні жоқ сұңғақ бойлы, сымбатты да сұлу сла-
вян келіншек екен. Осының өзі-ақ аяқасты сырқаттанып,
нәстриенесі нәскиге түскен әріптесімізге жақсы әсер ете

бастайды. Дәрігер келіншек әуелі Баукеңнің қан қысымын
өлшеп, науқастың қан қысымы 160-қа жетіп тұрғанын, бұл

көрсеткіш әлі елуге толмаған ер-азамат үшін көптеу екендігін
айтады. Сосын әріптесіміздің үстіндегі киімін түргізіп, жау-
ырын тұсынан қос өкпесін тыңдайды. Ілі-шала шалқасынан
жатқызып, жүрек соғысына құлақ түреді. Міне, осы кезде

орыс келіншектің Баукеңнің кіндігінің екі жағындағы екі
тыртыққа көзі түседі. Оң жақтағы тыртық түсінікті, әрине,
апендицит, яғни соқырішекті алып тастағандағы тыртық. Ал
сол жақтағы ше?

– А, это что за шрам? – деп сұрапты славян нәсілді сұлу

келіншек Баукеңнің кіндігінің сол жағындағы тыртықты
кірпігімен нұсқап.

– А-а-а, это кесарево сечение, – депті Баукең жайбарақат.

– Что, что? ... – деп қайталай сұрапты көзі шарасынан

шыға шошып кеткен дәрігер келіншек.

– Кесарево сечение, – депті бүгін ғана «Сары әулие» деген

атақ алған құрдасымыз міз бақпастан.

– Что вы говорите-е-е? – деп қоймапты дәрігер келіншек

тықақтап.
Шамасы ол, «Мына кісі қан қысымының кесірінен
ақылынан алжасып, «қуа» бастады» деп ойлап қалса керек.

– Этот шрам – кесарево сечение. У меня четверо детей, две

дочки и два пацана. Обычно дочерей я сам рожаю, – деген
екен біздің Сары шал қутыңдап.
Науқастың қан қысымы күрт көтеріліп, қанша жаны
қиналып жатса да, әзілге ерік бергендігін сол кезде барып бір-

ақ түсінген дәрігер келіншектің өзі дауыстап күліп жіберіпті.
Ал әлгі тыртық салдарсыз қатерлі ісікті (незлокачественный
опухольды) алып тастаған отадан қалған екен...

«БАТАГӨЙ» БАУЫРЖАН

Ел ішінде, халық арасында біздің Баукеңнің есіміне
тіркелген анықтауыштың бірі – батагөй. Жоғарыда ай-
тып өткеніміздей, батагөй Бауыржан – әдемі әзіл, қағытпа

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

қалжың айтуға өте ұста кісі. Алдынан шығып, аузын толты-
рып, «Ассалаумағалейкум, Бауке!» деп амандасқан інілері
әлі үйленбеген болса, «Бірден екі келіншек ал!» деп, ал енді
сәлемші жігіт үйленген болса, «Келіншегің егіз тапсын!» деп

бата беретін көрінеді. Ал егер Баукең амандасқан інісінің
жұбайының аяғы ауыр екендігінен хабардар болса, «Күтіп
жүрген бөпелерің егіз болсын, алда-жалда менің айтқаным
келіп, егіз тауып жатса, келінжанның толғағы жеңіл болсын!»

деп бетін сипайды.
Сондықтан да шығар бізден «Сары әулиелікті» дәметіп
жүргені.

«ТІПТІ, КЕНЖЕ ДЕМЕҢІЗ!»

Жаздың жаймашуақ күндерінің бірінде Баукең Оралдың
орталық саябағында үш жасар қызы Ақкербезді қыдыртып
жүрсе, көптен көрмеген бір таныс ағасы алдынан шыға
келіпті. Аз-кем амандық-саулық сұрасқан соң, әлгі кісі қарап

тұрмай:

– Бауке, немеренің алдын жетектеп жүр екенсің, құтты

болсын! – десе керек. Сол сол-ақ екен, Баукең жорта ашула-
нып, жаңағы ағамызға:

– Қайдағы немере? Тіпті, кенже демеңіз! – деп дүрсе қоя

беріпті.
Ойда жоқта ыңғайсыз жағдайға тап болған әлгі кісі:

– Ойбай, Бауке, кешірім сұраймын. Мен естіген жоқ

едім, бауы берік болсын! О несі-ай, ал егер шамаң келсе,
шаруаң көтерсе, сіздің үйдегі келін жыл сайын босанып,
перзенттеріңіз көбейіп, жапырақтарыңыз жайыла берсін! –
деп үшбу ағамыз айыбын әзіл-шыны аралас бата-тілегімен

жуып-шайған деседі.

САРЫ ӘУЛИЕНІҢ СӘУЕГЕЙ СӨЗДЕРІ

Бауыржан Ғұбайдуллин – біраз жылдан бері бір ғасырдан
астам тарихы бар Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі»
қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы. Мына қағидалар

– Баукеңнің жұмыс барысында өткізген жиналыстарынан

алынған «дәйексөздер».
Апаннан ұзамаған бөлтірік арлан болмайды, енесінің бау-
ырынан ұзамаған құлыннан тұлпар шықпайды. Сол себепті,
журналист біткен алыс жолға, ұзақ сапарға шығуға әркез

пейілді болуы шарт.
Жігіттер, «мамин сыночек» болмаңдар! «Мамин сыночек»
болғысы келетіндерің, үйлеріңе барып әке-шешелеріңнің
ортасына отырыңдар немесе келіншектеріңнің қай жағы

ыңғайлы, сол жағына отырыңдар. Маған уақытпен санаспай,
жағдайының бар-жоғына қарамай жұмыс істейтін адам қажет.
Журналист – әскери сипаты бар мамандық. Біз кез келген
уақытта атқа қонуға, сапқа тұруға даяр болуымыз керек.

Жастар, жұмыс барысындағы қимыл қозғалыстарыңыз
өте жай. Сылбыр қозғалып, шабан қимылдайсыңдар. Біз
сендердің жастарыңда түске дейін Арктикаға, түстен кейін
Африкаға барып келетін едік.

Ресми сипаттағы журналистиканы ақылға сыйымды, ойға
қонымды дәреже-деңгейдегі либерализмсіз, яки, либералистік
құндылықтарсыз бәсекеге қабілетті қылу мүмкін емес.
Өздеріңді өздерің жұлдыз санамай, жерге түсіңдер. Жур-

налистика – ақыл-ой еңбегі мен қара жұмыс тоғысқан сала.
Қара жұмыс бар жерде жұлдыз болмайды. Журналистердің
жұмысы жерде. Ал аспанды ғарышкерлер мен ұшқыштарға
қалдырыңдар.

Еһ-һ-һ, біздің жас жігіттер, сендерді біздер «умирать» ет-
кен Отардың учебкасына салып алса, шіркін, «Құрыш қалай
шынықты болар еді?» ...

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

АСЕКЕҢ МЕН ӘШЕКЕҢ

Қазақтың көрнекті сыншы-жазушысы Асқар Сүлейменов
бір күні «Зерде» журналының бас редакторы, белгілі
ақын Есенғали Раушановқа телефон соғады. Тұтқаны бас
редактордың орынбасары Әшірбек Амангелдиев көтереді.

– Алло, – дейді ар жақтағы дауыс.

– Әу, – дейді Әшекең.

– Есенғали бар ма?

– Есенғали жоқ боп тұр.

– Бұл кім? – дейді Әшекең.

– Біреу ғой, – дейді ар жақтағы дауыс. – Ал сен кімсің?

– Бұл да біреу ғой.

– Қаршаңқы тілің бар екен. Қазір барамын. Сені көргім

келіп тұр.

– Келсеңіз, келіңіз, күтейін.

Сәлден соң, Асекең кабинетке кіріп келеді де:

– Жаңағы сен бе? – дейді.

– Иә.

– Мені танушы ма едің?

– Естуім бар.

– Дұрыс екен.

– Мен өзі – жылқыны жақсы көретін қазақпын. Мына

жылқының суреті бар плакатты берші.

– Асеке, бәрі дұрыс қой. Бірақ ол ырымға жаман. Қазақ өлі

атты сыйламаушы еді. Мен қалай беремін?
Сонда Асекең Әшекеңнің сөз тапқанына риза болып:

– Мен сөзден ұтылдым, – деп есіктен шығып жүре беріпті.

АРАША ТҮСУ

Бір күні Жазушылар одағының ғимараты алдында
қазақтың белгілі қаламгері Садықбек Адамбеков пен Сан-
сызбай Сарғасқаев сөзге келіп, жаға ұстасып қалыпты.
Бұл оқиғаға куә болған Мұқағали Мақатаев екеуін сабырға

шақырып, араша түсіпті. Қазақ – сөзге тоқтаған халық. Екеуі
сабасына түскен соң:

– Сендерге арнап өлең шығарып берейін бе? – дейді

Мұқағали арқаланып.

– Шығарсаң, шығар, – дейді екеуі жарыса.

Сонда ақиық ақын мүдірместен былайша өлеңдете
жөнелген екен.
Сары тісті, сары шашты Садықбекті,
Сансызбай Сарғасқаев салып кетті.

Ұрамын деп тағы да ұмтылғанда,
Жолдастары ұрғызбай алып кетті.
Мына шумақтан кейін араздасқан екі ақын татуласып, ара-
шашы Мұқағалиға алғыстарын айтыпты.

МҰҚАҒАЛИДЫҢ ҚОЛТАҢБАСЫ

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың аты аспандап тұрған
шағы болса керек. Оның «Ұзын сөздің қысқасы...» атты
кітабы жарық көреді. Ол жинақты жас спорт журналисі Ра-
бат Жәнібеков те сатып алады. Сөйтіп, автордан қолтаңба

алмақ болады. Атақты ақыннан қолтаңба алу – кім-кімге де
мәртебе. Оның ниетін байқаған досы Мұқағалиды жақсы та-
нитын боп шығады да оған жолықтыра алатынын айтады.
Рабат қуана келіседі. Екеуі алқынып-жұлқынып Жазушылар

одағына жетеді. Іздеген ақындарын тауып алып, қолтаңба
беруін сұрайды.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Сонда Мұқаң:

– Алдымен мені тойдырыңдар,– дейді.

Екеуі де ымды түсінбейтін бала емес, дереу сол маңдағы
«Аққу» кафесіне алып барып, авторды құда күткендей
қып әбден сыйлайды. Мұндай оқырмандары барына қатты
қуанған ақын Рабаттың кітабына:

Айналайын Рабат,Р абат,
Оспанханды көрген сайын
Осылай сыралат,сыралат, – деп қалжыңдап, қатырып
тұрып қолтаңба қойып берген екен. Ол кітап әлі Рабат

ағамыздың төрінде тұрған көрінеді.

Ауыл шаруашылық жұмыстарында жүріп
жатқан болатынбыз. Өзім әпенді етіп алған
Бақытжанның қасынан бір елі де ұзамаймын.
Өйткені оның әрбір сөзін, іс-әрекетін күлкіге

айналдырып, курстастарға жеткізіп отыру –
парызымдай көрінетін. Сол борышымды ақ-
тай алғанымның куәсі мына әңгіме.

«ТАМ ЧЕРНЫЙ, НЕ БОИШЬСЯ?»

Күнделікті өтіп тұратын кешкі биден жергілікті қызды
ерте шыққан Бақытжан бойжеткеннен үйіне дейін шығарып
салуға рұқсат сұрады. Бойжеткен оның ұсынысын қабыл
алды. Түн бұлтты болғандықтан ба, айнала тас қараңғы

еді. Жастардың Құдайдан жалбарынып сұрайтын түні десе
болғандай. Алдымда Бақытжан әлгі қызға әңгіме айтып
келеді. Арттарында – мен. Құр келе жатқаным жоқ. Алдағы
уақытта айтылар хикаяларға «материал» жинап келемін.

Міне, қыз үйіне де тақап қалдық.

– Бақытжан, сен осы жерден қайта бер. Ары қарай

өзім барамын, – деді қарындас орыс тілінде. (Қарындас
қазақ тілінде сөйлей алмайтын да, ал Бақытжан орыс тілін
мандыртпайтын).
«Алдың қараңғы ғой, қорықпайсың ба?» дегенді айтқысы

келген Бақытжан:

– Там черный, не боишься? – деп дүңк еткізді өз сөзіне

өзі мән берместен. Қарындас Бәкеңнің сөзіне көзінен жас

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

аққанша күліп, басын шайқай жауап берді. Менің де екі езуім
құлағыма ілініп қалған еді. «Материал» деп осыны айт.

«БИЛЬЯРДНАЯ СЕРЕДИНА»

Кез келген жоғары оқу орындарында үшінші курстың
бірінші жартысында «Алтын аралық» (Золотая середина)
тойын тойлайтыны белгілі. Сол рәсім бойынша бізден бір
курс жоғары оқитын студенттер «алтын аралық» тойын той-

лап жатты. Ал, біз болсақ, қара нан мен қара шәйды талшық
етіп, демалысқа барған кезімізде жеген түрлі тәтті тағамдар
туралы айтысып, сілекейімізді шұбыртып отырдық. Арамыз-
да тек Бақытжан Әлімқұлов қана үнсіз. Әрине, оның ертеңгі

сабақты ойлап, бас қатырып отырмағаны айдан анық.
Бір кезде сұқ саусағын шошайтып, бәрімізді көзімен шо-
лып өтті. Біз оның әдеттегідей бір «идея» айтқалы отырғанын
түсіне қойдық.

– Жігіттер, бүгін ғой үшінші курс «Золотая середина»

тойын тойлап, масайрап жүр. Ендеше, неге бізге «Бронзовая
середина» деген айдар тағып, той тойламасқа. Ал төртінші
курс, – деді де мүдіріп қалды. Алтыннан қымбат зат таба ал-
май отырғанын ұсқынынан байқадық та, «Бриллиантная се-

редина» деп аузына сөз салып жібердік. Орысшаға шорқақтау
Бақытжан «бриллиант» сөзін «бильярд» деп ұғынып:

– Ал төртінш курс «Бильярдная середина» деп тойласа

ғой,– деді тамсанып.

ӘРТІСТЕРДІҢ

ӘЗІЛІ

ІІ БӨЛІМ

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«ҚАРАБЕТ»

Белгілі актер, әнші әрі ақын Байғали Есенәлиевтің
режиссерлік курста оқып жүрген кезі болса керек. Ұстазы
Маман Байсеркенов болған соң, оны аға тұтып, кейде
қалжыңдап, кейде еркелеп, сабаққа үнемі кешігіп келеді екен.

Маман Байсеркенов те оның әзіл-қалжыңын дұрыс түсініп,
әрі өзге шәкірттерге қарағанда ересек екенін ескеріп, жұрттың
көзінше ұрыспайды. Оның үстіне, талантты інісінің абырой-
беделін түсіргісі келмейді. Байғали да сабаққа кешігіп келуін

қоймайды. Әрбір кешіккен сайын аудиторияға ыржиып, әзіл
айта кіреді. Көбіне «Маман аға, кешіріңіз, әбден қарабет
болдым» дейді екен. Дәл осылай бірнеше рет қайталанады.
Маман Байсеркенов те сабырлы кейіп танытып, кешіріп жүре

береді. Бір күні Байғали тағы да кешігіп келіп тұрып:

– Ағай, кешіріңіз, қарабет болдым. Міне, бүгін де кешіктім,

– дейді.

Сонда Маман Байсеркенов:

– Байғали, сенің бетің биылдыққа ағармайтын шығар, –

деп жұрттың бәрін ду күлдіріпті.

ҰСТАЗДЫҢ АҚЫЛЫ

Байғали
Есенәлиев,
Ерсінбай
Мамашов,

Айтқазы
Байбеков, Болат Ұзақов, Орал театрының директоры Мұрат
Ақманов, Жамбыл театрының директоры Қуандық Қасымов,
Қадірғазы Қуандықов, Иісбек Әбілмәжінов, Клара Белжанова

– бәрі атақты режиссер, ұлағатты ұстаз Асқар Тоқпановтың

тобында бірге оқиды. Бір күні барлығы туған күн кешінде
болып, ертесіне бастары ауырып сабаққа келеді. Түнімен
тойлап, ақаңнан сілтегендіктері сонша, біреу шырпы жағып
жіберсе, әрқайсысы бір-бір шашлық болғалы тұрады. Үйге

берілген тапсырма бойынша жан-жануарлардың әрекетін

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР жасаулары қажет. Оған, әрине олардың шамасы жоқ. Соны байқап отырған Асқар Тоқпанов: – Шырақтарым, алдында жатқан сүйекті көргенде иттің не ойлайтынын білесіңдер ме? – деп аудиторияға көз жүгіртіп өтеді. Аудитория тым-тырыс. Бәрі ойланған қалып танытып, көздері бір нүктеге қадалып қалған. Мазақ еткісі келгендей Асекең де үндемей, әрлі-берлі жүріп алады. – Білмесеңдер, онда мен айтайын. Ит сүйекті көрген кезде «Мұны жұтуын жұтам-ау. Бірақ бұл ертең сыртқа қалай шығады?» деп ойлайды екен. Сол сияқты қай нәрсені ішсеңдер де, нені жесеңдер де ертеңгі күндеріңді ойлаңдар, – депті ұстаз шәкірттерінің қамын жеп. Шәкірттер бастарын төмен салыпты. , ӨНЕРДІҢ ҚҰДІРЕТІ 1993-1994 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында «Қалың елім – қазағым» атты спектакль қойылады. Авторы әрі режиссері Райымбек Сейітметов болады. Дайындық қызу жүріп жатады. Жас Абайды – Байғали Есенәлиев, ортаншы Абайды – Оразхан Кенебаев, қарт Абайды – Мұхтар Бақтыгереев ойнайды. Бірақ Абайдың рөлін сомдауға келгенде Оразхан Кенебаев алдына жан салмайды. Әсіресе Абайдың қара сөздерін образға кіріп, жатқа айтқан кезде «Абайдың өзі ме екен?» деп қаласың. Сол тұста сахна сыртынан «Әй, оңбағандар-ай» деп дауыс салып жылаған адамның үні естіледі. Бәрі тоқтай қалып, солай қарай жүгіреді. Сөйтсе, жылап тұрған Райымбек Сейітметовтің өзі екен. – Не болды, аға? – Жайшылық па? – Кім, қашан?

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Мен де бірдеме сезіп едім... деген сөздер жан-жақтан

айтылып жатады.

– Әй, оңбағандар-ай.

– Кім?

– Қазақты айтам да. Абайды түсінбеген, сабаған қазақ...

деп Райымбек Сейітметов одан бетер егіліпті. Өнердің
құдіреті деген осы да.

КҮН КӨСЕМНІҢ ӘЛЕГІ

Коммунистік партияның ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс болып, Күн Көсемнің аты алты әлемді дүркіретіп
тұрған кез болса керек. Сол кездегі Шымкент облысы Жеті-
сай ауданының игі басшылары мен ізгі жақсылары 1 мамыр

мерекесі қарсаңында орталық алаңға Лениннің ескерткі-
шін қоймақ болады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» де-
гендей, аудан басшылары қайта-қайта бюро шақырып, бір
тоқтамға келе алмайды. Өйткені олардың бірі «ескерткішті

Шымкентте жасатайық» десе, екіншісі – Алматыда, ал
үшіншісі – Мәскеуде жасату керек деген ұсыныс жасайды.
Сондағы олардың уәжі – Шымкенттің мүсіншілері жасай
алмайды екен де, ал Алматының мамандары Ленинді қазаққа

ұқсатып жібереді-міс. Сонымен не керек, олар Мәскеуге
тапсырыс беретін болып шешеді. Тиісті орындарға хат
жолдайды, қаржысын аударады. Мәселе оң шешілгендей
болады. Сәуір айының аяғында көсемнің ескерткіші жүк

пойызымен келіп жетеді. Оны алаңға қояды. Сол сәттен
бастап аудан басшылары әбігерге түседі. Өйткені Мәскеулік
мүсіншілер жасаған ескерткіште үлкен саяси қателік бар еді.
Масқара болғанда, Ленин басына шәпкі киіп, қолына тағы

бір шәпкі ұстап алған. Енді не істеу керек? Дереу Алматыға
хабарласып, бір мүсінші жіберулерін жалынып-жалбарынып
отырып сұрайды. Олар Тілеуберді Бинашев деген жас ма-
манды іссапарға жібереді. Ол келісімен ескерткішті көріп

әрі аудан басшыларының табада майсыз қуырылып жүргенін
байқап, мәселені күрделендіріп жібереді.

– Бұл – үлкен саяси қателік. Мұны ертең облыс басшыла-

ры естісе немесе көрсе қалай болады? – деп шығарға жаны
жоқ партия жетекшілеріне көз жүгіртіп өтеді. Олар ыршып
түседі.

– Балам, қанша сұрасаң да берейік. Тек бізге анау шәпкінің

бірін құртып бер, – айналайын.

– Оны құрта салу оңай дейсіздер ме?! Оған шығармашы-

лық көзқарас һәм шынайы шешім қажет. Мүсінге жан, рух
беру керек. Әбден ойланып-толғанып, шабыт шақыру ке-
рек.

– Ойбай, қарағым, ойлан, толған. Шабытыңды да шақыр.

Біз мүмкіншілік жасайық. Қаламақысына 5 мың сом берейік.

– Жарайды, мен жолдан шаршап келдім, бүгін демалуға

мұрсат беріңіздер.

– Әрине, демал, айналайын. Әзірге мына 2 мың сомды

ала тұр, – деп олар мүсіншіге барлық жағдайды жасайды.
Ертесіне осы жерде кездесуге уағдаласады. Ақ жағалы бас-
шылар кетісімен мұндай көлемдегі қаржыны түсінде де
көрмеген мүсінші сол елдегі жора-жолдастарын шақырып,

той тойлайды. «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның
басында шабасың ба?» дегеннің керін келтіреді. Күнімен-
түнімен сілтеген ол ертесіне басын көтере алмай жатады.
Жандары мұрындарының ұшында жүрген аудан басшы-

лары бірінен соң бірі келіп, мүсіншіні оята алмай әлек бо-
лады.

– Балам-ау, бұл жатысың не? Мейрамға дейін бір-ақ

күн қалды. Енді не істейміз? Ойлансаңшы, шақырсай әлгі
шабытыңды тезірек, – деп безек қағады.

– Мен ойланбай, не істеп жатырмын?!

– Дұрыс қой. Бірақ тезірек ойланшы, қарағым.

– Жарайды. Тек сіздер ескерткішті ақ сұрып матамен

жауып қойыңыздар. Біреу-міреу көрсе, пәле болады, – деп
тағы оларды қорқытып қояды.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– «Ақыл – жастан» деген, оның жөн екен, балам. Оны

қазір қатырамыз. Бірақ сен әлгі шәпкіні қашан және қалай
құртасың? Соны тездетші, шырағым. Айтпақшы, анау қолын-
дағы шәпкіні алып тастап, қолын түйіп қойса, қайтеді?

– Ойбай, аға, ол біздің қоғамға жат, басқа ой береді ғой.

Тіпті үлкен саяси қателік болады, – деп онсызда зәрелері
ұшып жүрген шенеуніктерді тағы да тәубаларына түсіріп
қояды.

– Кешір, қарағым. Ағаларың оттай береді. Қалай істесең

де өзің шеш. Бізді құтқара гөр, әйтеуір...

– Сабыр етіңіздер, таңертең алтыда дайын болады.

– Сөйтші, айналайын. Әйтпесе, ішкеніміз – ірің, жегеніміз

– желім болып жүр. Егер ақшасын азсынсаң, айт. Тағы да

қосамыз.

– Ол жағын ертең сөйлесейік, аға.

– Жарайды, онда ертең бесте келеміз, – деп сенер-

сенбестерін білмей кетеді.
Жас мүсінші басын жазып, бетін «үтіктеп», іске кіріседі.
Лениннің қолындағы шәпкіні алып тастау түкке тұрмайтын
жұмыс екенін ең алғаш көргенде-ақ білген. Бірақ аудан

басшыларының жаны мұрындарының ұшында жүргендерін
көріп, бұл да қулыққа басып, қиындата түскен. Кеш түсе
алаңға барса, басшылар Лениннің ескерткішін ақ матамен
қымтап-ақ тастапты. Тірі адам болса, тұншығып қалатындай

екен. Көсемнің қолындағы шәпкінінің күнқағарын алып
тастап еді, қолына «Правда» газетін ұстаған Ленин боп
шыға келді. Сөйтеді де «Правда» газетінің алғашқы екі-
үш қарпінің суретін салып қояды. Сонымен, бүкіл бастық

атаулының «давлениесін» көтерген мәселе қас-қағым сәтте
бітеді. Қонақ үйде демалып жатқан жас мүсіншіні таңғы
бесте аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы мен
атқару комитетінің төрағасы бірнеше нөкерлерімен келіп

оятып алады.

– Балам-ау, бұл жатыс не? Әлгі шаруа қалай болды? – деп

безек қағады.

– Шаруа бітті. Қазір барып көрулеріңізге болады.

– Рас айтамысың, қарғам. «Жақсыны көрмек үшін» деген.

Қазір көрсет, – деп мүсіншінің алдына түсіп жорғалайды. Ақ
матаны ысырып тастап, қарайды да таң қалады.

– Бұл өнер дегенді қойсаңшы. Бұған біздің басымыз

жетпейді ғой.

– Жастың аты – жас. Құдай-ау, бұны қалай ойлап таптың?

Шабытың келген екен ғой.

– Көрімдігің дайын, айналайын. Саған бес мың сом

берешек пе едік? Садағаң болайық, жеті мың ал, – деп бәрі
ұлардай улап-шулап қоя береді.
Ол кезде жеті мыңға үй де, темір тұлпар да алуға болады
екен. Сонша қаржыны қалтаға басып, «Алматы қайдасың?»

деп тартып бара жатып, мүсінші нағыз саяси қатені
кинотеатрдың алдында көреді. «Пираты ХХ века» деген
афишадан кейін саяси бюро мүшелерінің портреттері ілулі
тұр екен. Өкпесін қолына алып, жүгіріп жүрген әлгі байғұс

басшылар мұны көрмеген немесе көрсе де мән бермеген ғой.
Әйтпесе, қызметінен босататын нағыз саяси сорақылық осы
емес пе?! Мүсінші миығынан күліп, кете барыпты.

АЛТЫН САҒАТ

Қазақтың
дарынды
актерлерінің
бірі

Рахметбай
Төлеубаевтің есімі 1970 – 1980 жылдары ел арасында
дүркіреп-ақ тұрды. Оның түскен фильмдері мен театрда
сахналаған кейіпкерлерін атамағанның өзінде, «Қымызхана»

телебағдарламасындағы Өкіреші бір төбе еді. Талантты актер
үшін рөлдің үлкені мен кішісі болмайды екен. Ол, мейлі
негізгі рөлде болсын, мейлі шағын эпизодта болсын, жұрттың
назарын өзіне аударып алатын қабілетімен ерекшеленетін.

Ал дарынсыз актер басты рөлді сомдап жүрсе де, қойылым
аяқталған кезде, көрермен қауымның оған деген ықыласы
оянбай, бей-жай күй кешеді.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Бірде театрда белгілі жазушы Шерхан Мұртазаның
«Қызыл Жебесі» қойылады. Рахметбай Төлеубаев Дәу
Омарды сомдайды да, оны ұрып-соғып, тергейтін ақтың
офицерін Тұрсын Құрашев ойнайды. Екеуі де образды ашуға

тырысып бағады. Ақтың офицері Дәу Омарды сұрақтың
астына алып, ұрып-сабаған сайын, ол қатты күйзеліп: «О,
Тұрарым, Тұрарым» деп қазақтың ер-азаматтарының атын
атап, жерде домалап жатады. Сол сәтте қобыздың зарлы үні

шығып, азынап тұрады.
Қойылымды сахналауға режиссер Райымбек Сейтметов те
барын салып, тырысып баққан екен. Көрерменнің қолқасын
суырып-ақ алатын көрініс. Бірақ, неге екені белгісіз, халық

қыран-топан күлкіге батады. Сахнада жүрген қос актер
ыңғайсыздана бастайды. Түрлері сұрланып, «Қай жерден
мүлт кеттік?» деп абдырап қалады. Райымбек Сейтметовтен
де маза қашады. Жұртшылық күлкілерін тыяр емес. Батыр

тұлғалы адамдар аңқау да аңғал келетіні рас қой. Сөйтсе,
революция кезіндегі Дәу Омарды ойнап жүрген Рахметбай
ағамыз қолындағы жапонның алтын сағатын шешуді ұмытып
кетіпті. Жұртшылық соған күліп отыр екен. Бұл да бала

мінезді актердің бір қырын танытса керек.

«БӨШКЕМЕН ҚҰЙМАСА

БОЛА МА?»

Әртістердің елге жиі шығып тұратыны белгілі. Сондай
бір өнер сапарымен театр актерлері Қызылорда облысына
барады. Қойылым соңынан өнерпаздардың құрметіне арнайы
дастарқан жайылады. Рахметбай ағамыз ақаңды қырлы

стаканмен тартпаса, құмары қанбай қалады екен. Сондықтан
да айналасындағы жігіттерге: «Нормамды құйыңдаршы»
деп отырады екен. Қас қылғанда, әлгі отырыста Рекеңе кіші
рюмка тиіп қалады. Өзінің әдеттенген ыдысы болмаған соң,

дастарқанның қарсы бетінде отырған інілерінің бірі Байғали
Есенәлиевке ымдап, қырлы стаканға құюын сұрайды. Ре-
кеңнің сырын жақсы білетін Байғали үстел үстінен қырлы
стакан таппайды да, гүл тұрған вазаны алып, арақты соған

қотара құя салады. Оны байқап қалған театр басшысы
Райымбек Сейтметов:

– Жігіттер, бұларың не? Ұят емес пе? Бұл не деген

көргенсіздік?! Абырой болғанда, үй иесі шығып кетті.
Масқара бола жаздадық қой, – деп ұрсып тастайды. Байғали
ұялғанынан төмен қарайды. Кірерге тесік жоқ. Үзіліске
сыртқа шыққаннан кейін Райымбек Сейтметов Байғалиды

шақырып алып:

– Шырағым, жаңағың не? Әке-шешең арақтан өлді ме? Әр

нәрсенің орны бар емес пе?! – деп тұқыртып тастайды.
Байғали жылап жібере жаздайды. Шындығын айтып,
ақталайын десе, Рахметбай ағасын ұятқа қимайды. Ара-
арасында араша сұрап, Рекеңе қарап қояды. Ол да өз кінәсін

сезіп, сол үшін Байғалидың ыңғайсыз жағдайға қалғаны
жанына батып, бастыққа жақындайды.

– Реке, бір нәрсе айтсам ұрыспайсыз ба?

– Жо-жоқ. Сізге ұрсып нем бар?

– Мына баланың ешқандай кінәсі жоқ еді. Менің

тамағымның көлемін білесіз ғой.

– Иә, енді білеміз ғой.

– Енді ойлап қараңызшы, айдаһардың аузындағы жалынды

шелекпен су құйып, баса алмайсың. Оған бөшкемен құймаса,
бола ма?!

– Е, жаңағы қылықтың авторы сен екенсің ғой, – деп күледі

Рекең. – Бәсе, бәсе, содан кейін дастарқан басында үнің де
шықпай қалды.

– Сол ғой, құмарым басылмаған соң, Байғалиға ымдай

қойып едім. Соңы мұндай дауға ұласарын қайдан білейін?
Кеш бізді, – деп ақталыпты сонда Рахметбай аға інісін
арашалап.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Райымбек Сейтметов те азаматтың қадірін түсінетін адам
емес пе?! Аңқылдап күліп тарасыпты.

ӘЙТПЕСЕ ӘРТІС БОЛА МА?

«Той десе, қу бас та домалайды» демекші, Алматы
облысына қарасты Нұра елді мекенінде бүркітшілер мен
саятшылардың сайысы өтетін болып, сол жиынға белгілі
әнші-әртістер Нұрлан Өнербаев пен Байғали Есенәлиевтер

бармақ болады. Ақпан айының іші болса керек. Күн суық.
Жол дегенің бейне көк мұз. Екеуі екі темір тұлпарды «ерттеп»
мініп, «атан өлсе, сойылар, атам өлсе, қойылар» деп адам
қарасы жиылар сауыққа тартып кетеді. Алда – әрі аға, әрі

бастық, «Джип» мінген Нұрлан. Оның ізін қуалап, інілік
ізетпен Байғали келе жатады. Нұрекең жолдың тайғақтығына
қарамастан қатты жылдамдықпен жүреді. «Адасып қалмайын,
қалып кетпейін» деген оймен Байғали да газды барынша

баса түседі. Байқаса, жылдамдық жүзден асып жығылады.
Байғали жарығын жағып-өшіріп, «тоқта» дегендей белгі
береді. Нұрекең оны қаперіне де алар емес. Қайта газды баса
түсіп, жылдамдықты жүз қырыққа жеткізеді. Жарыс өтетін

жерді білмеген соң, «адасып қалмайынмен» Байғали да
жылдамдықты үдете түседі. Бірақ қорқып келеді. «Ойпырым-
ай, мына жолда апатқа ұшырасақ, қазақ маңдайына біткен
екі арысынан айрылып қалады-ау. Ел-халық шулап, масқара

боламыз ғой» деген де ой бар Байғалида. Соны ойлаған
сайын маңдайы шып-шып терлейді. Ол ой Нұрекеңе кіріп-
шықпайтын сыңайлы. Әйтпесе, бұлай жүрер ме еді?
Тозақтың қыл көпірінен өткендей болып екі арыс жетеді

межелі жерге. Байғалиды көлік емес, көлікті Байғали сүйреп
келгендей алқынып тұрып:

– Нұреке, мұныңыз не? Зәрем зәр түбіне кетті ғой. Ақырын

жүрсеңіз қайтеді? «Апатқа ұшырап, масқара боламыз ба?»
деп жаман қорықтым, – дейді.

– Соны айтам. Ойбай-ау, өзің өңмеңдеп, соңымнан қалар

емессің...

– Қайдан білейін, сізден адасып қаламын ба деп баса бердім.

– Өйтіп адасқаның бар болсын! Сәл тежесем, мені сүзіп

алғалы келе жатырсың. Сосын, қорыққанымнан сенен қаша
бердім, газды баса бердім. Жанымды шүберекке түйіп, әрең
жеттім, – депті Нұрекең де ентігіп. Сөйтсе, екеуі бір-бірін
түсінбей, ағасы қашып, інісі қуа берген екен ғой. Әйтпесе,

әртіс бола ма?»

БАЙҒАЛИДІҢ «ТЫҢШЫЛЫҒЫ»

Байғали Есенәлиевтің өнер десе, ішкен асын қолы
жеткен жерге қойып, осы киелі саланың бәріне белсене
араласып жүрген кезі болса керек. Бірде «Тамаша» ойын-
сауық отауының бас режиссері Лұқпан Есенов оны қызметке

шақырады. Ол кезде Мейірман Нұрекеев, Құдайберген
Сұлтанбаев, Тасқын Құлыбековтердің аяқтары жерге тимей,
сатираның сардарлары, «Тамашаның» тарландары атанып,
оларсыз бірде-бір қойылым қойылмайтын. Халықтың

оларға деген қошеметі де ерекше болатын. Реті келсе, сахна
серкелерімен стакан тоғыстырып қоюды кім теріс көрсін?!
Көрермен үшін одан асқан бақыт жоқ. Кейде Мейірман
ағамыз сахнаға шығар алдында да ұрттап қояды екен. Содан

қауіптенген Лұқпан ағамыз Байғалиді шақырып алып, өте
құпия түрде «партиялық» тапсырма береді.

– Мейірманның ғажап актер екенін білесің. Оған деген

халықтың ынта-ықыласы ерекше, сый-сыяпаттары да
алабөтен. Сондықтан ол сахнаға шығар алдында ұрттап
қоймасын. Сен соны қадағала. Оның үстіне, бүгінгі
бағдарламаны телевидение түсіреді. Жұртқа күлкі болмайық.

– Жарайды, аға. Ол жағын қатырамын, – деп Байғали

«тыңшылық» қызметіне кіріседі. Мейірман қайда барса,

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

сонда барып, кірсе – кіріп, шықса – шығып, оның көлеңкесі
болады да қалады. Мейірман ағамыз жүз грамм ұрттаса
болды, мұрны қызарып шыға келеді екен. Сонысын жақсы
білетін Байғали көзден сәл таса болса, дереу Мәкеңнің

мұрнына қарайды. Соңында «құйрық» жүргенін білмейтін
Мейірман ағамыз да ақымақ емес.

– Байғали, мен қазір дәретханаға барып келейін, – деп

төменгі қабатқа қарай түсіп кетеді.
Байғалидің «құйрық» деген аты бар емес пе, ол да жалма-
жан сонда ұмтылады. Мейірман жеке кабинаға кіріп кетеді де,
біраз бөгеледі. Байғали тұр күтіп. Бір кезде Мейірман ағамыз

шығады көңілденіп. Мұрны қызарып кетіпті. Байғалиға
қарамай өте шығады. Дәретханада дәмхананың болмайтыны
Байғалиға аян. Сонда ол қайдан «жұтты»? Дереу Мәкең
кірген кабинаға барса, қолында бір шөлмегі мен стаканы бар

жігіт ағасы тұрады.

– Бауырым, мұның не? Мәкеңе неге ішкізесің? Құрттың

ғой бәрін, – деп Баекең күйіп-піседі. Жүзі бал-бұл жанып
тұрған әлгінің қаперіне ештеңе кірер емес. Сұқ саусағын
шошайтып:

– Мейірман ағамен жүз грамм ішсем деген талай жылғы

арманым еді. Сол үшін мен сон-а-а-у Шымкенттен келдім.
Міне, арманыма жеттім. Бақыттымын. Сен менің сол
бақытымды көп көрме. Енді кете берсем де болады, – деп
сыртқа беттепті.

Байғали тіл қата алмай, тұрып қалыпты.
Қазақ халқының өнер адамдарына деген ықыласын
қойсаңшы...

«ОПАСЫЗ»

Өкіреш бейнесінде халықтың жүрегінде қалып қойған
Рахметбай Төлеубаев әріптес ағасы, белгілі актер Нұрмахан

Жантуринмен қалжыңдасып ойнай береді екен. Сексенінші
жылдардың басында Алматыға ылғи ергежейлілерден
тұратын цирк келіп қалады. Рахаң екі ергежейлі келіншекпен
танысып, олар тұратын қонақ үйге баратын болып келіседі.

Ертесіне Нұрмахан ағасына телефон шалады.

– Нұраға, мен керемет екі келіншекпен таныстым. Ертең

қонақ үйге меймандыққа шақырып отыр. Бірге барсақ
қайтеді? Отырып дегендей, танысып дегендей...

– Өздері қалай былай... Ничего ма? – дейді Нұрмахан

Жантурин.

– Жаңа айттым емес пе? Нұреке, керемет деп. Екеуі де

қуыршақтай-қуыршақтай, бет біткеннің сұлуы...

– Мақтауын әбден жеткіздің. Мейлі, барсам барайын.

Сағат қаншада кездесеміз? – дейді Нұрекең дауысы гүрілдеп.

– Кешкі сағат 6.00-де. Алматы қонақ үйі, 480-бөлме, – деп

Рахметбай телефон тұтқасын қоя береді.
Ертесіне барын сылқия киіп, бір қолында коньягі бар,
бір қолында раушан гүлі бар Жантурин сағат 18.00-де қонақ
үйдегі 480-бөлменің есігін қағады.

Ар жақтан: «Нұраға, қысылып-қымтырылмай кіре беріңіз»
деген Рахметбайдың дауысы естіледі. Бөлме ішіне енген
Нұрмахан екі тізесіне екі ергежейлі келіншекті отырғызып
алған Рахметбайды көріп қалшиып тұрып қалады. Сонан

соң, тез есін жиып алады да, Рахметбайға мұртын тікірейте
бір қарап: «Опасыз» деп бөлмеден шығып жүре береді...

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

АҚЫНДАРДЫҢ АРЛАНЫ МЕН

«ТАМАШАНЫҢ» ТАРЛАНЫ

Көрнекті ақын Жарасқан Әбдіраштің «Тамаша» әзіл-оспақ
отауының бас редакторы болып қызмет атқарып жүрген
кезі болса керек. Сол жылдары елдің ыстық ықыласына
бөленіп жүрген белгілі әнші Мақпал Жүнісова Республика

сарайында жеке концертін өткізбек болады да, Қазақстанның
халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтан аталған шараны
жүргізіп беруді сұрайды. Әрине, ол кісі өзі құрмет тұтатын
қарындасының өтінішін құп алып, келісімін береді. Ертесіне

бұқаралық
ақпарат
құралдарының
барлығы

Мақпал
Жүнісованың концерті болатынын және оны «Тамашаның»
тарланы Тұңғышбай Жаманқұлов жүргізетінін ұлардай
шулап, жалпақ жұртқа жария етеді. Ол сөз сатираның серкесі

Жарасқан ағамыздың да құлағына жетеді. «Тамаша» әзіл-
оспақ отауынан Тұңғышбайдың кетіп қалғанына іштей
ренжіңкіреп жүрген ол, өз назын эпиграмма арқылы білдіріп,
жігіттерден беріп жібереді.

Квартира ма?
Тұңғышбайға тиесі.
Машина ма?
Тұңғышбайға тиесі.

Атақ-даңқ па?
Тұңғышбайға тиесі.
Өйткені ол –
Мақпалдың конференсиесі.

Ал Мақпал кім?
Ал Мақпал –
Нұрқаділов Заманбектің иесі.
Тұңғышбай Жаманқұлов әлгі риясыз әзілді мұқият оқып,

дереу жауап жазады да шәкірті Асылбек Боранбаевтан беріп
жібереді.

Квартира ма?
Тұңғышбайға тиесі.
Машина ма?
Тұңғышбайға тиесі.

Атақ-даңқ па?
Тұйғышбайға тиесі...
Деп қағытып Жарасқан
Өнерімнің сөз қылыпты киесін.

Жүйелі сөз табады ғой жүйесін,
Жүйесіз сөз табар және иесін.
«Тамашаның» менен қалған түйесін
Бағып жүрген Жарасқандар жабылса,

Өнерімнің құдіреті сүйесін.
Пәтерім де, атақ-даңқым, мәшинем,
Табанақы, маңдайтерім тиесі.
Сондықтан да жұқпайды,

Жарасқанның маған жазған күйесі.
Ертесіне Жарасқан ағамыз Тұңғышбайды іздеп барып,
эпиграммаға берген жауабына ризашылығын білдіріп, қол
алысып, төс қағыстырады. Содан бастап екеуі жақын дос

болып кетеді.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

КӨПЕН МЕН СӘУЛЕНІҢ АЙТЫСЫ

«Той дегенде қу бас та домалайды» демекші, Еуропада
тарыдай шашырап жүрген қазақтар үшін айтыс өткізіп, ән-
жырдан шашу шашпақ мақсатында айтыстың атасы атанған
белгілі ақын Жүрсін Ерман бастаған бір топ өнерпаздар

артынып-тартынып Парижге аттанады. Олардың арасында
әзіл айтпаса әрі кірмейтін белгілі сатирик Көпен Әмірбек
те болса керек. Ол әңгіме арасында жанында отырған әнші
Сәуле Жанпейісоваға қалжыңдап:

Қазақтың мынау Көпені,
Төсекке әкеп кофені.
Бүлкілдетіп көрпені
Жасайды ол бөпені, – деп

бір шумақ өлеңді қайырып тастайды.
Өлең шығармайтын қазақ болушы ма еді, сірә?!Сәуле де
дереу іліп әкетіп:
Қазақтың мынау Көпені,

Төсекке әкеп кофені.
Бүлкілдетіп көрпені
Жасаймын дейді бөпені.
Бірақ оған Көпеннің

Шыдамайды көтені, – деген екен.

Белгілі актер Асқар Наймантай Алматы
облысы Райымбек ауданында туған. Ол –
қашанда әзілге әзір жүретін адам. Мына
төмендегі әңгімелер сол сөзімізді дәлелдей

түседі.

ДИНОЗАВРДЫҢ ЖҰМЫРТҚАСЫ

Нарынқолға жетпей, «Қызылқұм» деген тау бар. Бүкіл
Нарынқол ну орманға оранып тұрса да, бұл таудың топырағы
қызыл. Ол таудың ерекшелігі де сонда. Сол таудың ұшар
басында көлемі киіз үйдей болатын аппақ бір нәрсе бар.

Сырттай қараған адамға жұмыртқадай көрінеді. Оның не
екенін әлі күнге дейін ешкім білмейді. Өйткені ол таудың
айналасында әскери бөлімше бар. Ол жаққа қарай анау-мынау
адамды жолатпайды. Әлгі «ақ жұмыртқаның» айналасында

көптеген локатырлар тұр. Нарынқолға алғаш рет келе жатқан
адамға Асқар әлгі «ақ жұмыртқаны» көрсетеді екен де:
«Дүние жүзі бойынша динозаврдың жалғыз жұмыртқасы

– сол» дейтін көрінеді. Артист деген аты бар емес пе,

түр-түсінен әзілдеп отырғанын байқатпайды. Олар сене
қоймайды. Асекең барын салып дәлелдей түседі. «Көрмейсің
бе айналасындағы локатырларды? Олар сеніңше жайдан-
жай тұр деймісің?! Анау жұмыртқаның ішінде тірі ағза бар.

Күндердің күнінде ол жұмыртқаны жарып шығары сөзсіз.
Сол үшін арнайы әскер бөліп, күндіз-түні қарауылдайды»
дейді қонақтардың сенбесіне қоймай. Олар лажсыз сенеді.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Сол кісілермен Асекең қазір де кездесіп қалады екен.
Сонда олар: «Динозаврдың жұмыртқасы жарылды ма?» деп
сұрайтын көрінеді. Асекең де қайтпайды ғой, жұмыртқаның
сол қалпы тұрғанын айтады.

ҰЛАН ҚАЛАЙ ҚЫТАЙ БОЛДЫ?

Ілгеріде Асқар «Терісқақпай» театрындағы достарымен
бірге
депутаттарды
сайлау

науқанында
Панаркүл
Нұрқаділованың
үгіт-насихат

жұмыстарына
қатысады.
Сөйтіп, үміткердің сайлау округіне кіретін барлық аудандарда
концерт қойып жүреді. Сондай мақсатпен Нарынқолға

баратын болады. Жолда Кеген базарына тоқтайды. Дәл сол
жерде «Терісқақпайдың» жігіттері қытайша «сөйлегілері»
келіп кетеді. Бір қызығы, солардың бірі де қытайша бір ауыз
сөз білмейді. Бірақ олардың қытайша шүлдірлеп отырғанына

қарасаң, шынымен қытайша сөйлеп тұр екен деп қаласың.
Содан Дархан мен Отаралы қытай болып, ал Ұлан аудармашы
болып шыға келеді. Үшеуі шүлдірлеп жүріп бір апайдан құрт
алды. Сөйтсе, ол апай бір кездері Қытайдан көшіп келген екен.

Төркінін көргендей болып «қытайлық» жігіттерге құртын
тегін берді. Сөйтіп тұрғанда олардың жанына бір әскери
көлік келіп тоқтай қалады да, Асқарға қарап: «Аналар Қытай
ма?» деп сұрайды. Асқар да қарап тұрмай «Иә» дейді. «Қайда

бара жатыр?» деп сұрайды анау. «Нарынқолға» дейді Асекең.
«Бәрібір бекеттен өте алмайды» деді анау зіркілдеп. Асқарға
сонысы ұнамай қалады да «өтеді» дейді нық сеніммен. Содан
«қытайлық» жігіттер автобусқа отырып, жүріп кетеді. Олар

Нарынқолдың шекара бекетіне келгенше қытайша «сөйлеп»
келеді. Бір кезде автобусқа шекарашылар мініп, құжаттарды
тексере бастады. Панаркүл апай құжаттарын көрсетіп, арғы
бетке өтіп кетеді де артистер бергі жақта қалады. Жігіттер

әлі «қытай» болып отыр. Кезек Дарханға келгенде қытайша

«сөйлеп», әлгілердің айтқанына түсінбеген адам сияқты
болып отырып алды. Анау құжат сұрайды. Ал Дархан болса,
әмиянын ашып, 3х4 суретін көрсетеді. Анау «сурет емес,
құжатыңды көрсет» дейді безілдеп. Дархан ақша көрсетеді.

Болмаған соң, олар Дарханды сыртқа алып шығады. Бекеттен
тағы бір сардар мен солдаттар келеді. Ұлан аудармашы
болып, мән-жайды түсіндірген болып жүр. Мәселе ушыға
бастайды. Шекарашылар қылмыскер ұстағандай желпініп

тұр. Панаркүл апай артистердің кешіккеніне алаңдап бері
қарай аяңдай бастады. Сол кезде «қытайлық» жігіттер де
«спектаклді» тоқтатады. Мән-жайды шекарашыларға айтып
түсіндіреді. Олар қалжыңды дұрыс қабылдап, артистерді

босатады. Автобусқа мініп, енді қозғала бергенде, бағана
Кегенде кездескен көлік қуып жетеді. Ішінен 5-6 сарбаз
секіріп түсіп, автоматтарын кезеніп, артистердің автобусына
лап қояды. Сөйтсе, олар бекеттегі солдаттарды ауыстыруға

келген топ екен. Оларды әлгінде ғана тексерген сардар әрең
тоқтатып қалады. Сөйтіп, артистер өз еліне «қытай» болып
өтеді.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

СҮЛЕЙМЕННІҢ СӨЗІ

Белгілі әнші Сүлеймен Ибрагимовтың «Гүлдер»
ансамблінің құрамында әнші болып жүрген кезі болса керек.
2000 жылы «Гүлдер» ансамблі гастролдік сапармен осы өнер
ұжымының белді әншісі Қапаш Құлышеваның еліне барады.

Табиғаты сұлу Көкшетау өңірінің бірнеше аудандарында
болып, концерт қояды. Ең соңында Қапаш Құлышеваның
кіндік қаны тамған Зеренді ауданында болып, концерттік
бағдарламадан соң, шағын дастарқанда бас қосады. Кеш

соңына қарай Ақжол Мейірбеков:

– Біздің ансамблдің жастары атынан Сүлеймен сөйлесін.

Басқалардың бәрі мұның алдындағы аудандарда сөйледі ғой,

– деп сөз кезегін Сүлейменге береді. Ондай құрметті күтпеген

жас әнші аузына сөз түспей, аңтарылып қалады. Мұның
алдындағы дастарқанда Көкшетау облысы басшыларының
бірі: «Я понял, что ансамбль «Гүлдер» состоит из трех
китов» деген сөзі Сүлейменнің есінде қалса керек. Ол үш кит

– Болат Қалыбаев, Ақжол Мейірбеков, Қапаш Құлышевалар

болатын. Соны қайталап айтқысы келген Сүлеймен:

– «Наш ансамбль состоит из трех котов» деп байқамай

айтып салады. Айтылған сөз – атылған оқ. Жұрт қыран-
топан күлкіге батады. Сүлеймен кірерге тесік таппай, төмен
қарайды. Бұл әңгіме өнер иелері арасында әлі де анекдот
болып айтылып жүр.

АЙҚЫННЫҢ

АЙТҚЫШТАРЫ

ІІІ БӨЛІМ

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

БОЙ МЕН ОЙ

«Айқын» газеті өзінің көшпелі қазақтың басылымы екенін
айқындағысы келгендей, 3 жылдың ішінде 4 ғимаратқа қоныс
аударып үлгереді. Соның соңғы ғимаратындағы терезелер
Жолдасбек Дуанабай түгілі, тау көтеретін толағай тұлғалы

Төреғали Тәшеннің де бойы жетпейтін биікке орналасса
керек. Бір күні сол терезенің желдеткіші ашық қалып, содан
соққан суық жел Жолдасбектің өн бойын аралап өтеді.
«Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дегендей,

желдеткішті жаба қоятын адамның реті келмей тұрғанда,
бөлмеге Төреғали кіріп келеді. Оны көрген Жолдасбек
«жылжымалы саты» көргендей қуанып:

– Төке, сіз туғанда елекпенен су тасыған едім. Соның

қайтарымы болсын, анау терезені жаба салшы, – деп өтінеді.
Адам баласының меселін қайтармайтын Төкең тесіле қарап
отырған жұрттан қысыла-қымтырыла орындыққа шығып,
терезе тұтқасына әзер қол жеткізеді. Ұлт үшін ұлы іс

бітіргендей болып, Төкең орнына жайғасады. «Адам күні
адаммен» деген рас сөз. Сәлден соң, тау қозғалғандай болып,
Төреғали Жолдасбекке келеді де:

– Жүке, мына материалды принтерден шығарып берші, –

деп көмек сұрайды. Сонда Жолдасбек:

– Төке, сіз біздің бойымыз жетпеген жерге көмектесіп

едіңіз. Ал біз сіздің ойыңыз жетпеген жерге көмек беруге
әрқашанда әзірміз, – деген екен.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР ЫҚШАМДАУ Бойымен де, ойымен де жұрт көзіне бірден түсетін газет тілшісі Төреғали Тәшен көлемді мақаласын алып, нөмірдің материалдарын жоспарлап отырған бас редактордың бірінші орынбасары Әділбек Қабаның бөлмесіне кіреді. Мақаланың көлемді екенін көрген Әдекең: – Оу, Төке, «мақаланы ықшамдап жазыңдар» деп қанша айтсақ та тыңдамайсыңдар. Мынаны қайда сыйдырамын? – дейді басы қатып. – Енді қысқа-нұсқа ақпарат жазатын Жолдасбек Дуанабайдан үйрене алмай-ақ қойдық, – деп күрсінген Төреғалидың көңілін ауламақ болған Жолдасбек Әділбек Қабаға: – Әркім өзінің бойына қарап жазуы керек қой, – депті. ӨРТ СӨНДІРУ Бөлім журналистері аптасына бірнеше рет түрлі тақырыпқа топтама мақала беруді әдетке айналдырады. Бір күні бет түгел қылмысқа арналады, екінші күні түгел өртке арналады.Келесі нөмір қай тақырыпқа арналатынын білмек болған Жолдасбек Дуанабай бас редактордың бірінші орынбасарынан бүгін бетті неге арнайтындықтарын сұрайды. Еліміздегі су мәселесін көтеруді ойластырып жатқан Әділбек Қаба: – Кеше біраз облысты өртедік қой, бүгін соны сөндіреміз, – депті.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ ҰШҚЫШ МАҚАЛА «Айқын» газетінің тілшісі Мақпал Қаратайқызы бір күні «Құс тұмауы» туралы мақала жазып, оны бас редактордың бірінші орынбасары Әділбек Қабаға береді. Бірақ сол материал күнде бетке жоспарланады да жеме-жемге келгенде нөмірден түсіп қала береді. Бұған қатты налыған Мақпал Әділбек Қабаның кабинетіне барып: – Аға, «Құс тұмауы» туралы мақалам тағы да нөмірден «ұшып кетіпті», – деп шағымданыпты. Сонда Әдекең: – Қарағым, бұдан былай ұшпайтын, қанаты жоқ дүниелер жазшы, – деген екен. \ БІР ТАРАҚАН «Айқын» газетінің бөлім редакторы Жолдасбек Дуанабай газетке кезекші болады. Соңғы бет шыққанша сағат тілі түнгі 12-ні көрсетеді. Секретариат қызметкерлері мен корректорлар үйге қайтарда бір көлікке сыймайтын болған соң, ақылдаса келе: «Үйлері жақындар таксимен қайтсын» деген шешімге тоқтайды. Сол кезде Әйкен апай: – Алдымен редакция көлігімен кететіндерді санап алайықшы, осы қанша адамбыз?– дейді көпті бастаған көсемнің кейпіне еніп. Сонда Бағдат апай: – Түнде адамды бір-екі деп санауға болмайды, – деп наным-сенім қағидаларынан үзінді келтіріп, шала молдалығы ұстап қалады. Сосын, бәрі «Қоңыз» деп атап кеткен кезекші көлікке мінетіндерді «құмырсқа» деп алып, санай бастайды. Сонда Жолдасбек тұрып: – Апайлар, көп құмырсқаның ішінде бір тарақан жүре берсінші, – деп бірге кетудің амалын қарастырыпты.

ОПРАНЫҢ БЕСІНШІ «ИТІ»

«Айқын» газетінің тілшілері Жолдасбек Дуанабай, Айгүл
Аханбайқызы және Төреғали Тәшен – үшеуі редакцияның
маңындағы дәмханалардың бірінде қою күрең шай ішіп,
әңгіме-дүкен құрып отырады. Сөз кезегі келгенде кезінде

«Жас Алаш» газетінде «Оқи қалар оқиғалар» жазып, сол
айдардың «атасы» атанған Жолдасбек сондай бір әңгіменің
ұшын шығарады.

– Американың әлемге әйгілі тележүргізушісі Уинфри Опра

30 миллион долларын 4 итіне мұрагерлікке тастайтынын
мәлімдепті, – дейді ол аузын ашып, көзін жұмып, ішегін
үзілердей тарта отырып таңырқап.

– Онымен не айтпақсыз? – дейді әріптестері оның

әңгімесіне мән берместен.

– Құдайым-ау, осы жасқа келгенше бір бөлмемді екі

бөлмелі пәтерге айырбастай алмай жүрмін. Одан да Уинфри
Опраның бесінші иті болғаным жақсы еді ғой, – деген екен
сөзінің соңын әзілге бұрып.

«ТОҚАЛ» – ЖАПОН, «КҮЙЕУ БАЛА» – ҚАЗАҚ

Жолдасбек Дуанабайды Құдайдың өзі жарылқап, «Тайото

– Надия» деген жапон көлігін сатып алады. Ел қатарлы көлік

міну – Жүкеңнің көптен бергі арманы еді. Сондықтан да
ол көлігін аялап, мәпелеп мініп, оған еркелетіп «Надя» деп
«азан шақырып», ат қойды. Ат шаптырып, той жасамағаны
болмаса, «Надя» оған «жас тоқалдан» кем болған жоқ.

Бір күні Жүкең «Жас тоқалын» мініп, Тастақ базарына
барады. Баруын барғанымен, жол жиегіндегі қаптаған
көліктердің арасына кіре алмай, біраз кідіріп қалады. Кенет
Жүкең тұрақтан шыққан көлікті көріп қалады да, «Надяны»

сол орынға қоймақ болады. Бірақ жүргізуді толық меңгере

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

қоймаған Жүкеңе әлгі жер тарлық етеді. Автотұрақтағы
көліктердің кіріп-шығуын реттеп жүретін жігіт:

– Аға, қорықпаңыз, көлігіңіз бұл жерге еркін сыяды.

Өйткені жапон көліктері өте жақсы бұрылады, – деп ақыл-
кеңесін айтады.
Сонда тапқыр сөз айтуға келгенде алдына жан салмайтын
Жүкең:

– Бауырым, «Надя» жапон болғанымен, «күйеу бала қазақ»

қой, – деген екен.

«НЕ АРЫ, НЕ БЕРІ БОЛАЙЫҚ»

«Айқын» газетінің секретариатында терімші болып
істейтін мінезі жібектей Әйгерім деген қызға Жолдасбек:

– Сені келін қылып аламын, – деп күнде әзілдеп жүреді

екен. Осы сөзден әбден мезі болған Әйгерімге бір күні «тіл
бітіп»:

– Аға, көзге көрінбейтін ініңіз қайда өзі? Тезірек не ары,

не бері болайық, – депті әзілге әзілмен жауап қайырып.

ҚҰБАШ ПЕН ВРАЧ

«Айқын» газеті секретариат қызметкерлерінің жұмыстан
бір сәт қолы босағанда сыртқа шығып, таза ауамен тыныстап
әрі түтін түтетіп, өкпелерін қақтап алатын әдеті бар.
Қалыптасқан әдетті орындар алдында ұжым мүшелерінің бірі

міндетті түрде бәріне естірте «А» деп дауыстап айту қажет.
Бұл – «темекі тартамыз ба?» деген белгі. Оны естігендер
«А» деп хормен шулай құптап, орындарынан өре түрегеліп,
сыртқа беттейді. Сол әдет бойынша бәріміз темекі тартып,

бір-бірімізді келеке етіп, шөпті де, шөңгені де өлең етіп,
ұрынарға қара таппай тұрғанбыз. Дәл сол мезетте тақырыпқа
өзі сұранып, саясат бөлімінің тілшісі Құбаш Сағидоллаұлы

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР келе қалды. Оны біз бірде Кәмшатқа, бірде Айгерімге қосып, Жібегін іздеген Төлегенге теңеп, әзілдеп жүретінбіз. Соны меңзегісі келген аға беттеуші, егер кекетіп-мұқату ғылымы болса, сол ғылымның докторы болуға лайық Талғат Кіршібай Құбашқа арнап бір шумақ өлеңді төге салды: Айналайын Құбашжан, Қыздардың басып тамырын, Жүресің гүлін жаңа ашқан. Ісің осы аумайды-ау, Шешіндіргіш врачтан. Біз күлкіге қарық болып, екі езуге ерік бердік. Ал Құбаш шыққан есігіне қарай беттеді. «МОЖНО» МЕН «СЛОЖНО» «Сабақты ине сәтімен» деген мақалды «жекешелендіріп» алып, сол қағидамен жүріп-тұратын Жолдасбек Дуанабай «Надия» тоқалының «құжаттарын» заңдастырып қояйын деп қалалық көлік инспекциясына барады. Мекеме қызметкерлерінен әлдебір шаруаның мән-жайын біле салайын десе, бірі ананы айтып, бірі мынаны айтып, Жүкеңе назар аудара қоймапты. Ол өзін қайраңда қалған қайықтай сезініп, біраз кідіріп қалады. Байқаса, орыс жігіттері «можно» деп қойып, кезектен тыс кеңес алып жатады. Соны көріп күйіп кеткен Жүкең: – Орысқа келгендегі «можно», қазаққа келгенде неге «сложно»? – деген екен. ДЕПУТАТТЫҢ ӨКІНІШІ Талғат Кіршібай – «Айқын» газетінің бас беттеушісі. «Ешкі сойса да қасапшы сойсын» дегендей, ол өз ісінің бесаспап маманы болғандықтан, ұжымдағы жігіттер оған

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«Дарабоз» деген жанама ат берген. Ол – қуақы тілді, әзілқой,
жоқ жерден күлкі тауып, қалжыңдап жүрмесе, бойына ас
батпайтын жігіт.

«Айқын» газетінің ғимараты өртеніп жатқанда басылымның жауапты хатшысы Мақсат Әділхан қауіпқатерге қарамай, екі жылдық мұрағат жинақталған таспаны сыртқа аман алып шығады. Ертесіне мекеме ауласына жиналған журналистер «Өрт туралы жұрт не деп жүр?» деген тақырыпта әңгіме тиегін ағытады. Сонда болмағанды болғандай, көрмегенді көргендей етіп айта білетін Талғат: – Кеше теледидарда Парламент депутаты Мұхтар Шаханов осы өртке байланысты сөз сөйлеп: «Кезінде Отырар қаласы өрт құшағына оранғанда Мақсаттай жігіттердің бір «бригадасы» болса, Отырар кітапханасы аман қалар еді-ау» деп өкініш білдірді, – деген екен. ТТ Ақырын жүріп анық басатын, қысқа да нұсқа сөйлеп, аз да болса саз жазатын Төреғалиға бір күні әзіл айтпаса, бетіне әжім түсетіндей көрінетін Жолдасбек мемлекеттік құпия ашатындай боп: – Төке, осы сіз ДТ-сыз ба, әлде ҚТ-сыз ба? – деп сұрайды сыбырлай сөйлеп. ДТ-сы – Дулат, ҚТ-сы – Қоңырат. Сонда сұлбасы тау тұлғалы болса да, өз үні өзіне жетпейтін Төкең Жолдасбекке қарап: – «ТТ-мын» деген екен өзінің Төреғали Тәшенов екенін еске салып, ернін жыбырлата. Мұнысы – енді саяси сауаттылық. КҮЙЕУІМ ЭНЕРГЕТИК ҚОЙ... «Айқын» газетінің тілшісі Гүлбаршын Сабаева – күні бойы дамыл таппайтын журналистердің бірі. Сонымен бірге

ол сұхбаттасатын адамына да тыным бермейді. Егер оның кез
келген журналистің қармағына іліге бермейтін шенеуніктерден
жиі сұхбат алатынын ескерсек, Гүлбаршынның аз тер
төкпейтінін бағамдай қоясыз. Оның бойындағы осы күш-

қуатына әріптестерінің бәрі таңғалысады. Соның бәрін
байқап, басын шайқап жүрген Жолдасбек Дуанабай бір күні
Гүлбаршынға:

– Мен сенің еңбекқорлығыңа қайран қаламын. Қашан

көрсең, зыр жүгіріп жүресің. Байыз тауып отырғаныңды
көргенім жоқ. Бұл не деген әл-қуат, бұл не деген еңбекқорлық?!
Мұншама энергияның барлығын қайдан аласың? – дейді
таңырқап.

Сонда Гүлбаршын:

– Жолдасбек, менің күйеуім энергетик қой, – деген екен.

СОВЕТБЕК ЕМЕС, НЕМІСБЕК...

«Айқын» газеті ең алғаш ашылғанда бас редактордың үш
орынбасары болды. Оның екі орынбасары – Алматыда, ал
бірі – Астана қаласында болатын. Сол елордадағы өкілдікке
белгілі журналист Талғат Батырхан жетекшілік етті. Ол өзінің

қол астында қызмет істейтін фототілші Советбек Мағзұмовты
өзгелерге қарағанда ерекше құрмет тұтады. Себебі, ол басшы
тарапынан берілген тапсырманы дер кезінде әрі мұқият
орындап, әрбір іске үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бір

күні Советбек Мағзұмов сондай тапсырмалардың бірін
орындап, жұмыстың ойдағыдай атқарылғанын айтып, бас
редактордың орынбасарына кіреді. Оның осы қағілездігіне
риза болған Талғат Батырхан:

– Сәке, Сіздің атыңызды Советбек емес, Немісбек қою

керек еді, – деген екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

СҮГІРДІҢ СОТКАСЫ

«Айқын» газетінің бас редакторы ауысып, оның орнына
басылым басшысы болып Бауыржан Омаров келеді. Ол
қызметке келген күннен бастап, қызметкерлердің жұмысқа
уақтылы келіп, берілген тапсырманы дер кезінде орындалуын

талап етеді. Әр аптаның дүйсенбісінде жиналыс өткізіп,
осы талап үддесіне жауап бере алмайтындардың қызметтен
кететінін де ескертіп өтеді. Сондай жиындардың бірінде
басылым бетінде жарық көрген сапасыз суреттер жөнінде

сөз болады. Тіпті бір-екі рет фототілші Айтжан Салықұлына
ескерту де жасалады. Содан бастап одан маза қашады.
Ішкені – ірің, жегені – желім болады. Бұрын журналистердің
«Айтеке, ана кісіні түсіріп келейікші, мына кісіні түсіріп

келуге мүмкіншілігіңіз бар ма?» деп асты-үстіне үйреніп
қалған ол, енді «Кімге қандай сурет керек?» деп редакцияны
«адақтап» шығуды әдетке айналдырады. Бір күні сол әдетімен
журналистердің бәрімен жеке-жеке сөйлесіп, Төреғали

Ташеннің алдына барып тоқтайды.

– Төреғали, сен не жазып отырсың?

– Сүгір туралы мақала ғой, – дейді ол ештеңеге мән

берместен жайбарақат.

– Суреті бар ма?

– Ж-о-о-қ.

– Онда соткасын берші. Суретке түсіріп келейін, – деген

екен.
Содан бастап біз қазақтың батыр-билері мен хандарының,
сондай-ақ зар заман әдебиеті өкілдерінің суреті қажет болса,
Айтекеңе қарап, олардың соткасын бергіміз келіп тұрады.

ҚАЛАМЫ СӨЙЛЕЙТІН ҚАЛАМГЕР

Жүрегінде иманы бар кез келген мұсылман
қауымы Аллаға қалай сенсе, періштенің де бұл
құпиялы әлемде барына солай сенеді. Бірақ
әзірге оларды көрген де немесе тілдескен де

адамзат баласы жоқ. Ал біз оны күнде көріп,
тілдесіп жүрміз десек, сенер ме едіңіз? Имандай
иланғаныңыз абзал. Өйткені ол біздің «Айқын»
газетінде істейді. Оның аты-жөні – Төреғали

Тәшенов. Олай дейтін себебіміз, ол – ер жасы –
елуге келсе де қулық-сұмдықтан ада. Адамзат
баласына пайдасы тимесе, зияны жоқ. Мінезі

– сабырлы, салмақты. Мойнына асылып,

төбесіне шықсаңыз да былқ етпей тұра беруге
бар. Ол үйінен күнде 10 ауыз сөз алып келсе,
соның бесеуін кешке дейін пайдаланбай,
қайта алып кетуі әбден ықтимал. Өйткені

оның тілі – қолындағы қаламы. Ал сөйлей
қалса, көп сөз шығындамай, нысанаға дөп
тигізеді. Соның бір парасын назарларыңызға
ұсынғанды жөн санадық. Оқи отырыңыздар,

күле отырыңыздар...

ХАЛЫҚҚА КЕРЕК ТОЙ

«Айқын»
газетінің
ақсақалы
Жұмабек

Жанділдин
Төкеңнің ер жасы – елуге келіп, өзінің мерейтойын тиісті
дәрежеде атап өткелі жатқанын естіп:

– Әй, Төреғали, бүкіл әлем тоқыраудың топалаңын күтіп,

қалтырап, дірілдеп отыр. Ал өзің тапқан-таянғаныңды
банкке төлеп, несібеңді несиеге айырбастап жүрсің. Сөйтіп
жүріп, той тойлағаның неңді алғаның? – дейді әріптес інісіне
қалжыңдап.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Сонда тау қозғалса да қозғала қоймайтын Төкең біраз
кідіріп барып:

– Жұмеке-ау, сол той маған емес, халыққа керек болып тұр

ғой, – деген екен.

«МЫ НЕ ЖИВЕМ...»

Бірде Төкең Түркияға іссапарға барады. Бұл сапар оған
қатты әсер еткен болуы керек. Жер бетіндегі жұмаққа барып
келгендей аузын ашып, көзін жұмып, ішегін тартып қайтады.
Әріптестері оны қаумалай қоршап алып, Түркиядан алған

әсері туралы сұрай бастайды. Сонда ол айналасына байыппен
қарап алып:

– Мы не живем, а существуем, – деген екен өзінің бүкіл

әсерін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырып.

АДАМ ӨЛТІРЕТІН ӘЗІЛ

Төреғали Тәшенов, Жомарт Сапар, Сейсен Әмірбек – бәрі
«Айқын» газетінің қалжыңқұмар қызметкерлері. Олар бір-
бірімен ылғи да қатты әзілдесіп жүреді. Бірі – аға, бірі – іні
болғанымен, заман құрдас емес пе?! Кейде олардың әзілдері

адам өлтіреді.
Бірде елге белгілі бір қаламгер қайтыс болып, оны
мәңгілік сапарға шығарып салып келе жатқан олар, бір-бірін
түрткілеп, әзілге ерік береді.

– Төке, – дейді Сейсен Жомартқа көзін қысып қойып, – бір

күні Сізді де осылай шығарып саламыз-ау.
Жомарт та Сейсенді қостап қояды. Екеуіне есесін жіберіп
қоятын Төкең бе?

– Алдымда жасы үлкен Жомарт бар ғой, – деп қойып

қалады.

Ажалдың аяқ астынан келе қалғанын кім ұната қойсын?!
Жомарт шошып кетіп:

– Жас өле ме, кәрі өле ме, кім біледі? «Жақсы сөз – жарым

ырыс» деген, жақсы сөз айтыңдар, – дейді әңгіме арнасын
басқа тақырыпқа бұрмақ болып.
Сонда Төкең:

– Жас өлсе – Сейсен, кәрі өлсе – Жомарт бар, – деп екеуінің

де әзілге деген әпитеттерін басып қояды.

«МЯГКИЙ ИСЛАМ»

Төкең бір кездері имандылыққа бет бұрып, құбылаға
қарап, намаз оқып, бес уақыт жайнамазға жығылып жүрді.
Ораза айтты асыға күтіп, ел қатарлы ауыз бекітіп, жұма
намаздан да қалмайтын.

Бір күні әріптестеріміздің бірі той жасап, ұжымдағылардың
бәрін қуанышына ортақтасуына шақырды. Тойдың бел
ортасында Төкең «өте көңілді» боп шыға келді. Сырттай
қараған адамға бас құданың нақ өзі секілді. «Іштегі

микробтарды «өлтірейін» дегені шығар» деп қоя салдық.
Қас қылғандай ұжымда той да, салтанат та көбейді. Төкең
де «бәйгеге» жиі-жиі қосылып, аттың басын еркін жіберетін
болды. Гайкісі босап, жайнамазға емес, жерге жығыла беретін

болған соң:

– Төке, күні кеше намаз оқып жүр едіңіз. Мұныңыз

не? Исламға қайшы емес пе? Сіздікі қай ислам? – дейді
әріптестері әзілге бұрып.
Сонда Төкең:

– Біздікі «Мягкий ислам» ғой. Анда-санда ұрттап тұруға

болады,– деп бәрімізді қыран топан күлдіріп алды. «Сөз
тапқанға қолқа жоқ» деген осы ғой...

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«ТІЛІ» БАР ТУПЛИ

Жолдасбек Дуанабай «Надиямен» бірге моншаға барады.
«Өз-өзіңе сақ бол, көршіңді ұры тұтпа» деген қағиданы
ұстанып, көлігінің кілтін шұлығына, ал шұлығын туплиіне
тығып, беймарал шомылады. Қазіргі көліктердің барлығы

тиіп кетсең, айғай салатыны белгілі. «Надия» да сондай.
Жанына жолап кетсең, «Жолдасбек» деп бажылдап қоя береді.
Әбден жуынып, шайынып, аспай-саспай киініп жатқан кезде,
«Надия» «байын» шақырып, (Жолдасбекті айтам), ышқына

айқайлайды. Моншадағы өзге адамдар Жолдасбектен:

– Шырылдап жатқан не? – деп сұрайды. Сонда Жөкең:

– Қазіргі туплилар сигнализациямен шығатын болған.

Мені көріп қуанып жатқаны ғой. Кейде сөйлеп те жібереді,

– деген екен.

ШУ-ШУ МЕН У-ШУ

Қазақ өзінен жасы үлкен ер адамды «аға», орыстар
«братан», өзбектер «ака», қырғыздар «байке» дейтіні белгілі.
Бір күні редакцияға басылымның бас редакторы Бауыржан
Омаровтың Қытайда оқитын ұлы Дәурен келді. Ол қытай

тілін өте жақсы меңгерген. Әңгіме арасында біз Дәуреннен
«аға» дегенді қытайлардың «шу-шу» деп атайтынын біліп
алдық. Сол күннен бастап, редакциядағы еркек атаулы бір-
бірінің есіміне шу-шуды қосып айтпаса, ас батпайтын болды.

Бұл әдеттің асқынғаны соншалық, ағаны былай қойып,
інілердің атына да «шу-шуды» тіркеп, ағалап, жағалап кеттік.
Бұл әдетімізден бейхабар фотожурналист Айтжан Салықұлы
Жолдасбек Дуанабайдан:

– Жөке, «шу-шу» деген не сөз? Ол қандай мағына береді?

– деп сұрайды. Сонда Жолдасбек:

– Ол қытайша «аға» деген сөз, – дейді.

– Ендеше, сол қытай тілінде ініні қалай айтады?

Сонда қашанда әзілге әзір тұратын қуақы тілді Жолдасбек:

– Қытайлар ініні «у-шу» деп айтады, – деген екен.

ЕКІ ЖАРТЫ – БІР БҮТІН

«Айқын» газетінің бір белді қызметкерінің ұлы үйленіп,
Алматы қаласындағы ең мықты мейрамханада дүркіреп той
өтіп жатады. Екі жастың отау тіккен құрметіне жайылған
ақ дастарқанды басқару – жас әдебиетші-ғалым Дархан

деген жігітке бұйырады. Ол тойды бастамастан бұрын
өзін көпшілік қауымға таныстырып өтеді. Сөз арасында
өзінің Райымбек, Әлмерек батырлардың ұрпағы, Мұқағали
Мақатаевтың бауыры екендігін тілге тиек етеді. Албаннан

тараған жарты руынан шыққандығын айтуды да ұмытпайды.
Оны жұрт ұйып тыңдайды. Той ортасына қарай сөз тізгінін
филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай
Құрманбайұлы алады. Сөздің реті келгенде ол да: «Мен

де – Албанмын. Мен де – жартымын» дейді. Мұның бәрін
байқап, бақылап отырған Әділбек Қаба орайын тауып, екеуін
шақырып алады да:

– Қане, екеуің құшақтасыңдар, – дейді. Екеуі құшақтасады.

Сонда Әділбек:

– Осы уақытқа дейін екеуің жарты болып келіп едіңдер.

Енді бүтін болдыңдар, – деген екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

САҚТАНДЫРУ

Мақпал Қаратайқызы редакцияға келген құрбысын
орнына отырғызып, өзі бастықтардың тапсырмасымен
бір жерге кетіп қалыпты. Жалғыз қалған бойжеткен кілең
жігіттердің ішінде жан-жағына жалтақ-жалтақ қарайды.

Қарсы алдында отырған Нұрғазы, Шадияр және Сансызбай
секілді бойдақтар сұлуға сұқтана қарайды.
Осыны кабинетіне кіріп-шығып байқап жүрген Жолдасбек
Дуанабай:

– Орнына отырып Мақпалдың,

Жаным-ау жалғыз қап-қалдың.
Біздің жігіттер бұзықтау,
Сақтансаң – содан сақтанғын! – деп аяқ астынан бір
шумақ өлең шығарып әзілдепті.

АУЫЛ

АЙТҚЫШТАРЫ

ІV БӨЛІМ

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«Көтермесең көңілді кір басады» дейді дана
Абай. Сол айтқандай, Қызылорда облысы Жа-
ңақорған ауданына қарасты Кейден, Өзгент,
Задарья, Қыраш ауылдары – өз көңілдерін өз-

дері көтеріп жүрген ауыл. Сол елді мекендер-
дің тұрғындары әзіл-қалжың айтуға келгенде
бірінен-бірі асып түспесе, қалып кетпейтіні
анық. Атап айтар болсаң, олар – Тайшыбек,

Маутан, Тұрсымат, Садыр, Байділла, Асан,
Қанжарбек, Мәдібек, Мейірбек, Мәнтай, т.б.
Бұл тізімді әлі де соза беруге болады. Бірақ
әзірге аты аталған ауыл айтқыштарының

еріксіз езу тартқызатын қисық та қыңыр
қалжыңдарын назарларыңызға ұсынамыз.
Күле-е-е отырыңыздар...

ЖЕЗДЕНІ «ЖЕРЛЕУ»

Қаймана қазақтың жезделерін кекетіп, мұқатып жүретіні
мәлім. Тіпті ел-жұрттың көзінше келеке етіп, масқарасын
шығармаса, бойларына ас батпайтыны тағы бар.
Бірде жаңақорғандық бір топ кісілер ағайындарының

үйінен ас ішіп шығып, жаяу әңгіме айтып келе жатады.
Арасында әзілдері жарасқан жезде мен қайнылар да бар
көрінеді. Күн ыстық болса керек. Сол ауданда атақ-абыройы
бар Зұлпыхар деген кісі:

– Әй, Тайшыбек, осы маған бір қалыпты ауа райы болмаса,

ыстық та, суық та жақпайды, – депті қайнысына қарап.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР Сонда Тайшыбек: – О, жездеке, ондай жер бар ғой, – деп таңдайын тақ еткізіпті, айналасындағыларға бір көзін қысып қойып. Қапелімде ондай жауапты күтпеген Зәкең: – Ол қай жақта? – деп шын сеніп қалыпты. – Ойбай, жездеке, ол мынау Құмсаба ғой, – деген екен ауыл маңындағы зиратты меңзеп. СУҒА БАТПАЙТЫН БАС Алмасбек Нұртазаевтың Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары боп тұрған кезі болса керек. Оның қызметтік көлігін жездесі Төрехан айдапты. Ол әрі аңқау, әрі ақкөңіл кісі екен. Аудан басшыларының бірі болғандықтан, Алмасбек елді мекендерді жиі аралайды. Бір күні Қаратаудың етегіндегі ауылдардың біріне келіп, суға түседі. Сонда Төрехан: – Маутан, осы менің басым суға батпайды. Сен соның себебін білесің бе? – депті шын пейілімен. Сонда қисық та қыңыр сөзі қашанда дайын тұратын Маутан: – Е, оны білмейтін несі бар?! Негізі, ішінде миы жоқ бас суға батпайды ғой, – деген екен. ПАЙДАКЕШІН ҚАРАЙ ГӨР ӨЗІНІҢ... Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде Жаңақорған ауданына қарасты бір мал бордақылау кеңшарында Тұрсымат деген кісі жұмыс істеген көрінеді. Ол күнде кешке үйіне жарты қап жем арқалап қайтады екен. Оның осы әдетіне кеңшар басшылары әбден үйреніп қалса

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

керек. «Ауру қалса да әдет қалмайды» демекші, тіпті оның
осы әрекеті қалыпты жағдайға айналыпты. Бір күні аталған
кеңшарға Ердалы Оразов деген жаңа бас зоотехник келеді.
Ол алғашқы күні-ақ Тұрсыматтың жарты қап жемді ұрлап

бара жатқанын байқап қалып:

– Оу, ақсақал, мұныңыз не? – дейді білдей бір

шаруашылықтың басшысын көзіне ілмей, жарты қап жемді
жымқырып бара жатқан шалға таңырқап.
Сонда Тұрсымат еш саспастан:

– Е, бұл менің парсаңым ғой, – деп жүре беріпті.

Бас зоотехник ештеңе түсінбей, аң-таң боп қала береді.
Ертесіне жөн білетін жұрттан сұрастырса, «Парсаң» дегені

– таразының басын теңестіріп тұратын зат екен. Сөйтсе, әлгі

шалдың: «жарты қап жем арқалап жүрмесем тепе-теңдікті
сақтай алмай, ауып кетемін» дегені екен ғой. Пайдакешін
қарай гөр өзінің...

«ДАУАСЫЗ» ДЕП ҚОЙ

Қырықтың қырқасынан асып, елуге екі елі жетпей қалған
Сейсенкүл деген келіншек тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, ай
десе аузы, күн десе көзі бар қыз бала туып алады. Бұдан былай
бала туғанды шектемек боп, оның атын «Кенжегүл» деп

қояды. Адамның айтқаны емес, Құдайдың дегені болатыны
рас. Әлгі Сейсенкүл келесі жылы да көтеріп қойып, тағы
да қыз туады. Сөйтіп, азан шақырып, оның атын «Болдық»
деп атаған екен. «Қисық сөз күлмекке жақсы» демекші, осы

оқиғаның бәрін жақсы білетін Садыр деген құрдасы:

– Әй, Сейсенкүл, енді тусаң оның атын «Дауасыз» қой деп

әзілдеген екен.

ТЕРЕЗЕНІҢ КЕРЕГІ НЕ?

Бұл қазақтың өзге ұлт өкілдеріне қарағанда бір ерекше-
лігі – үлкен іс бастарда ауыл-аймақтағы ең жақын туған-
туыстары мен құрбы-құрдастарын асарға шақырады. Әркім
өзінің шама-шарқына қарай қол ұшын береді. Сол үрдіс

бойынша Қошқарбек деген жігіт үй салуға құрбы-құрдастары
мен жора-жолдастарын шақырады. Асар болған соң қой
сойылып, қазан көтерілетіні белгілі. Ондай кезде аздап арақ-
шарап құйылатыны тағы бар. Ауылдың бүкіл білекті де

жүректі жігіттеріне бір үй соғу бұйым болып па?! Іргетасы
құйылған үйдің қабырғасы қас қағым сәтте қаланып, үлкен
істі тез-ақ еңсеріп тастайды. Бір кезде асаршы жігіттердің
біреуі:

– Оу, бұл үйдің терезесі қайда? Қызды-қыздымен терезенің

орнына кірпіш өріп жіберіппіз ғой, – дейді таңырқап.
Сонда үй иесінің Байділла деген айтқыш құрдасы:

– Әй, Қошқарбек, сенің үйіңе терезенің не керегі бар?

Әкең соқыр, бәрібір көрмейді ғой, – деген екен әзілдеп.

ЖҰМАҚТЫҢ КІЛТІ

Өмір бар жерде өлімнің болатыны хақ. Елде Пәзіл деген
кісі қайтыс болып, оны туған-туыс, жақын-жұрағаттары ақ
жауып, жаназасын оқып, соңғы сапарға шығарып салып
жатады.

– Марқұм Пәзіл жақсы адам еді. Өмір бақи адал жүріп, тік

тұрды. Адамзат баласына пайдасы тимесе, зияны тие қойған
жоқ. Жұмаққа бір адам барса, осы Пәзіл баратын шығар, –
дейді ағайындарының бірі Қанжарбек.

– Оу, Қанжарбек, ол пейішке қалай барады? Жұмақтың

кілті менде ғой, – депті Қошқарбек қаралы жұрттың көзінше
арсыз күлкі шақырып.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Сонда осы әңгіменің бәрін естіп, біліп отырған тікентілді
Асан:

– Қошеке, онда сен тезірек барсай, Пәзіл күтіп қалатын

болды ғой, – деген екен.

ЕТ ПЕН ИТ

Коммунистік партияның дәурені жүріп тұрған кезде
Қанжарбек ауылда ферма меңгерушісі боп қызмет істейді.
Оны апа-жеңгелері «Тәкен шал» деп атайды екен. Білдей бір
ферманың құлағын ұстап отырған соң, үйіне жем, шөп, қой,

жүн сияқты заттар жиі-жиі келіп тұратын көрінеді. Соның
бәрін көріп-біліп жүретін апа-жеңгелері:

– Осы «Тәкен шалдың» оқуын оқып алу керек екен, – деп

тамсанады екен.
Сол Қанжарбек Кеңес Одағы тараған соң жұмыссыз қалып,
Жаңақорғанға көшіп келеді. Бір күні базарға барып, ет сатып
алып тұрса, Сейітхан деген құрдасы жолығып қалып:

– Қанжеке, сен де ет сатып алатын боп қалғансың ба? –

депті келеке етіп.
Сонда Қанжарбек еш саспастан:

– Иә, итіме ет асып берейін деп жатқаным ғой, – деген

екен.

ҮЙГЕ ДЕЙІН АРҚАЛАП АПАРШЫ

Қыраш елді мекенінде тұратын Әбен өз әулетіндегі
ағайындарын шақырып, ас беріп, Құран оқытып жатады.
Бірақ бұл жиынға әулеттегі үлкен ағаларының бірі Мәдібек
келмей қалады. Орны ойсырап тұрған соң, жұрттар оның

қайда екенін сұрастырады. Сонда оның сырын жақсы білетін
Әбден:

– Мәкең Сапардың үйінде система құйғызып жатыр, –

депті күліп. Сөйтсе, Сапардың шағын дүкені бар екен.
Мәкең анда-санда сонда барып «система құйғызып» тұратын
көрінеді.
Бір күні Мәкең сондай «ем-дом» жасап, қатты шаршап

келе жатса, алдынан ұлы шығып қалыпты. Ол да қатты қызып
алса керек. Сонда Мәкең:

– Әй, балам, мені Меккеге арқалап апармасың анық. Ең

болмаса, үйге дейін арқалап апаршы, – деген екен.

О ДҮНИЕГЕ ШАҚЫРУ

Бір күні Байділланың тракторы аударылып қалып, Құдай
сақтап, өзі аман қалыпты. Соны естіп Тән деген құрдасы
көңіл сұрай келіпті.

– Әй, Байділла, сені о дүниеге барып келді деп естіп

жатырмыз. Ол жақ қалай екен? – деп қалжыңдапты.
Құрдастардың мұндай қалжыңынан қалыс қалатын
Байділла ма, дереу әңгімені ары қарай жалғастырып кетеді.

– Иә, о дүниеге барып қайтқаным рас. Қақпаның алдында

әкем жүр екен. Мені көріп: «Мұнда неғып жүрсің? Жоғал
бұл жерден» деп ұрсып, үйге қайтарып жіберді. Кетіп бара
жатсам, бір кісі: «Байділла шырағым, тоқтай тұршы» деп
айқайлады. Артыма бұрылып қарасам, сенің әкең Кәдір екен.

Сені әбден сағыныпты. Саған «дереу келіп кетсінші» деп
сәлем айтып жатыр, – деген екен.

«ТАСАТТЫҚ»

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде көктем, жаз айларында
жауын жаумай қойса, жергілікті жамағат ортадан ақша
жинап, «Тасаттық» беретіні бар. Коммунистік партияның

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

тақтан таярдың сәл-ақ алдында, бірақ Кеңес Одағының ортақ
ақшасы әлі де үстемдік етіп тұрған кезінде «Қыраш» елді
мекенінің тұрғындары «Тасаттық» бермек боп, 10 сомнан
қаржы жинастырады. Сөйтсе, Байділланың қаржыдан

қысылып жүрген кезі болса керек, ол 5 сом ғана беріпті.
Сол «Тасаттықтан» кейін Алла Тағаланың мейірімі түсіп,
жауын-шашын көп жауады. Тіпті шағын ауылдың біраз жерін
су алып кетіпті. Соны көріп-біліп отырған Байділла:

– Ойпырм-ай, менің 5 сом бергенім қандай жақсы бол-

ған?! Егер де 10 сом берсем, мына ауыл судың астында қа-
лады екен ғой, – деп өз ісіне көңілі толып, мақтанып,
марқайыпты.

ӨЛІП ТҰРСАҢДАР...

Қосүйеңкіде бір кісі қайтыс болып, Қыраштағы біраз
ағайындар марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға барады.
Жаназасын оқып, арулап жер қойнауына тапсырып, қасиетті
Құран сүрелерін бағыштаған соң, Қыраштан келген туыстары

қайтпақ болады. Сонда сол елде тұратын Әбіш деген кісі
көрісіп тұрып:

– Оу, ағайындар, көрінбейсіңдер ғой, – депті.

Сонда аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін Байділла:

– Е, өстіп өліп тұрсаңдар, біз де көрініп тұрамыз ғой, –

деген екен.

БАЙДЫҢ БАЛАСЫ

Бір күні Тәжіхан әзіл-қалжыңдары жарасқан Мейірбектің
үйіне барса, 2-3 тілім қара нанды турап тастап, терлеп-тепшіп
қара шай ішіп отыр екен. Тапшылық кезең. Азық-түліктің
бәрі қат боп тұрған шақ.

– Иә, бауырым, түріңе қараса, Қаратаудың басын қайырып

келгенге ұқсайсың... Тыңға түрен салғаннан саумысың? –
дейді Мейірбекті тілмен түйреп.
Мейірбек өзін көк тіреп тұрғандай сезініп, маңғаздана
сөйлеп:

– Қосүйеңкіге барып, қойшы іздеп келдім, – дейді танауын

көтеріп.

– Жайша ма? Қойшыны қайтпексің? – дейді Тәжіхан

таңырқап.

– Банктен 500 мың теңге несие алып, оған қой алсам, –

деймін. Соны бақтыратын қойшы керек.

– Әй, Мейірбек, сенің ол 500 мың теңгеңе ары кетсе, 70-

80 бас қой келеді. Ал енді ол малды неге өзің бақпайсың? –
дейді ғой құрдастық ақылын айтып.
Сөйтсе, Мейірбек құрдасының ақылын құлаққа ілмей:

– Е, байдың баласы қойларын қойшыға бақтырып, өзі екі

аяғын аспанға көтеріп, шалқасынан жатпай ма?! – деген екен.

БАЙДІЛЛАНЫҢ ТАПҚЫРЛЫҒЫ

Қырашта тұратын бір қария қайтыс болып, Задарьядағы
бүкіл ағайындармен бірге Мақсат Нұртазаев та келеді. Жана-
за кезінде 5 сомнан ақша таратыпты. Ол кезде сондай үрдіс
болатын. Сөйтсе, Байділла өзіне тиісті ақшасын алып тұрып:

– Әй, Мақсат, сен алған 5 сомыңды маған тастап кет. Ертең

сенің ауылыңда осындай бір қарт кісі қайтыс болғанда маған
тиесілі ақшаны сен аласың, – деген екен.

ҚОЖА-МОЛДА ҮЙМЕЛЕГЕН СОҢ...

Жаңақорған ауданына қарасты 26 разъезде Мәнтай
деген қожа тұрады. Ол өзі әзілқой, қисық сөйлемесе жүре

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

алмайтын, тілінің тікені бар кісі екен. Бірде ауылдасы
Тұрсымат ауырып қалыпты. Соның көңілін сұрап келе жатса,
алдынан ауылдастарының бірі шығып қалып:

– Қожеке, Тұрсыматтың жағдайы қалай екен? – депті

алаңдап.
Сөйтсе, Мәнтай қисық сөйлеп:

– Е, қожа-молда үймелеген соң, қайбір жақсылық болады

дейсің?! – деген екен.

«ОЙБАЙ, БАУЫРЫМ!»

Кейден ауылында Әбдіраман деген қисықтау сөйлейтін кісі
болыпты. Ол біреуді келеке етпей, мұқатпай жүре алмайтын.
Қашан көрсең, қисық сөйлеп, қырсықтар мен қырсыздардың
шаңын қағып отыратын. Кей қалжыңдары нысанаға дөп тисе,

енді бірі адам өлтіруге дейін баратын. Сол кісінің Қажытай
деген жақын туысқаны тентек судан көбірек ұрттап қояды
екен. Кейде тіпті жиілетіп жіберіп, ел-жұрттың мазасын
алатын көрінеді. Соны жақсы білетін ауылдастарының бірі

Әбдіраманға:

– Ойпырым-ай, ана жерде Қажытай жүр, қатты қызу екен,

бірнәрсеге ұрынып қалмаса жарар еді, – деп аяушылық
білдіріпті. Сонда Әбдіраман:

– Ертең қолымызға таяқ ұстап, есіктің алдында «Ойбай,

бауырым!» көрісіп тұрсақ, қанеки! – дейтін көрінеді әбден
налығаннан.

СУРДОАУДАРМА

Асанның ауылында ас беріледі. Сол асқа сырттан бір
молда келіп, діни уағыз айтып отырады. Сөйтсе, жанындағы
Дәнехан
телеарналардағы

мылқауларға
түсіндіретін

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР сурдоаудармашылар құсап, қолын әрі-бері ербеңдетіп, «баба» деп бірдеңелерді ымдап жатады. Әуелгіде әлгі молда бұл мылқауға бір қарапты да, ләм-мим деместен әрі қарай әңгімесін жалғастыра беріпті. Біраздан соң, Дәнехан әлгі әрекетін тағы да қайталапты. Жұрттың назары соған ауа берген соң: – Мына кісі не деп отыр? – депті молда елге қарап. Сонда сөзі қалжыңға қарай қисайып тұратын Асан: – Ол кісі сіздің сөзіңізді бізге аударып отыр, – деген екен. ҚАЙҒЫСЫН ҚАЛЖЫҢМЕН ЖЕҢГЕН Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты №26 разъезд деген елді мекен бар. Сол жерде Бәкір деген шақпа тілді кісі тұрады. Ол әрбір сөзіне әзіл қыстырмаса, жүре алмайды екен. Тіпті өзінің басынан өткен қайғы-мұңын да қалжыңмен жеңгенге ұқсайды. Соның бір парасы мынау. Бәкірдің әйелі Мәрзия 3-4 рет қатарынан егіз туыпты да, соның біреуі ғана тірі қалыпты. Ал қалған перзенттері шақалақ кездерінде шетінеп кеткен. Оларды ауыл-аймақ адамдары арулап жерлеген. Соны айтқысы келген Бәкір бәйбішесі Мәрзияға: – Ойпырым-ай, көрші ауыл-аймақ тұрғындарының қолы біздің балаларды көмуден-ақ босамайтын болды ғой, – депті. МЫСЫҚТЫҢ СҮТІ – Кейден елді мекенінде тұратын Тұрсыматтың жүгері звеносының жетекшісі боп жүрген кезі екен. Сол ауылдың басшылары Тұрсекеңнің үйіне карта ойнауға жиналады. Тамақ істей қоятын әйелі болмаған соң, Тұрсекең оларға:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ – Үйде қатын жоқ еді, сендер отыра беріңдер, мен құдайы ас беріп жатқан анау үйден палау алып келейін, – депті де, сол кеткеннен мол кетіпті. Келген кісілер қашанғы отырсын, үйде тұрған бір шара сүтты ішіп, жөндеріне тарқасады. Ертесіне әлгі қонақтарына ренжіген Тұрсымат: – Неге мені күтпедіңдер, бір табақ тамақ алып келсем, сендер кереуеттің астындағы мысықтың сүтін ішіп, кетіп қалыпсыңдар, – деген екен. ҚҰЛАҒЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛАДЫ Ауылға айтқыштығымен аты шыққан Байділланың төрт түлік атаулыдан бес-алты-ақ қойы болыпты. Соның бірі әлдебір себептен өліп қалыпты. Соны әйелі келіп айтса: – Е, мал болған соң, ішінде өлім-жітім боп тұрады да, – деп сабырлылық танытыпты. Онысы әйеліне ұнай қоймайды. Содан көп ұзамай, жұт жеті ағайынды боладының кері келіп, Байекңнің қорасы құлап, қойларының бәрі қырылып қалады. Тағы да әйелі ойбайға басып: – Құдай-ай, енді не істейміз, қойдың бәрі құрыды ғой, – десе, Байекең: – Е, жөн екен, енді мал ішінде өлім-жітім болмайды, құлағымыз тыныш болады, – деген екен. КҮЙІНГЕННЕН АЙТҚАН СӨЗ 1990 жылдардың басы. Колхоз-совхоздардың тарап, елдің бәрі жұмыссыз қалған кез болса керек. Бұл қиын жағдай Өзгентте тұратын Беркінбайдың да басынан айналып өтпегені анық. Бір күні Тайшыбек Беркінбайға жолығып қалып: – Беке, қазір не істеп жүрсің? – деген ғой жағдай сұрасып. Сонда Беркінбай: – Тәке, сала-сал деген жұмысқа тұрдым, – дейтін көрінеді.

Бұл сөзіне Тайшыбек түсінбей қалады. Сөйтсе, совхоз
тарқаған, жұмыс жоқ, үйде отыра берген соң, әйелі оған
«отын жара сал, су әкеле сал, пештің күлін шығара сал,
сиырды суара сал» деген сала-салдар көбейіп кеткеніне

күйініп айтқаны екен.

ҚУЫҚПЕН ОЙНАУҒА БОЛМАЙДЫ

Сунақатада Лақайбек деген агроном болыпты, өзі
ауыздыға сөз бермейтін айтқыш екен. Кеңес Одағының
дүркіреп тұрған кезі болса керек. Бір күні кеңшарда үлкен
жиналыс болып, ол ұзаққа созылып кетіпті. Лақайбек дәрет

өтегісі келіп, жиналыстан сұранбай шығып бара жатса,
совхоздың директоры :

– Әй, Лақайбек, қайда барасың, отыр?– деп айқай салыпты.

Сонда ол:

– Балтеке, қуықпен ойнауға болмайды,– деп жиналыстан

шығып кетіпті.

«ӘЙЕЛІҢ ШУЫН ЖЕП ҚОЯ МА?»

Бірлікте тұратын Құлманның Сайлауы көлігін жөндеп
жатыр екен. Содан моторын алайын десе, жалғыз өзінің
шамасы келмейді.Үйде жәрдем беретін адамның реті
келмеген соң, сыртқа шығып, көшеде кетіп бара жатқан бір

жігіттен көмек сұрапты. Сөйтсе, әлгі жігіт:

– Кешіріңіз, ағасы! Әйелім босанып, ауруханаға өте

асығып бара жатыр едім,– депті жағдайын айтып. Сонда
Сайлау қатты ашуланып:

– Немене, сен бармасаң әйелің шуын жеп қоя ма?– деген

екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

САЙЛАУДЫҢ СЫЛТАУЫ

Сол Сайлаудың құрдасы ауылға қыз алып қашып келеді.
Қуғыншыларға қарсы тұру үшін батылданып алайық деп,
Сайлау жеңгелеріне арақты көптеп алғызып, тойды ертерек
бастап жібереді. Содан көп ұзамай, қуғыншы да келе қалады.

Қуғыншы – қыздың туған ағасы екен. Ол – ауылға аты
шыққан, мінезі шатақтау, сәл нәрсеге жұдырық ала жүгіретін
ұрдажық жігіттердің қатарынан болса керек. Аулаға кірісімен,
әй-шәй жоқ, алдынан келгенін ұрып, артынан келгенін теуіп,

араша түскен ауылдың 2-3 баласын көк ала қойдай етіп,
сабап тастайды. «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей,
қуғыншыларға қарсы тас-түйін отырған жігіттердің жүні
жығылып, мысы басылып қалады. Мұны көріп-біліп отырған

жеңгелері:

– Әй, Сайлау, бағана жауға қарсы жалғыз шабатындай

боп ісіп-кеуіп отыр едің, енді неге желің шығып қалған?
Араласпайсың ба мына шатаққа?!– деп оның араша түсу-
ін сұрайды. Сонда қуғыншының қарқынынан қорыққан
Сайлау:

– Жеңеше-ау, біз қуғыншыларды емес, төсек-орын

әкелетіндерді күтеді екенбіз ғой,– депті.

БІРЛІКТЕГІ КӨТЕРІЛІС

1986 жылдың 16 желтоқсаны күні Алматыда көтеріліс
болғаны белгілі. Дәл сол күні Бірлік ауылының бүкіл
тұрғыны қолдарына таяқ алып, емханада кочегар боп істейтін
жалғыз орысты қуып жүр дейді. Сөйтсе, сол аурухананың

Әлімхан деген бас дәрігері ел-жұртты сабырға шақырып:
«Оған тиіспеңдерші, ол менің жалғыз кочегарым ғой» деп
жалынатын көрінеді. Соны көрген ауыл айтқыштарының бірі
Маутан:

– Желтоқсан көтерілісі Бірлікте де болды,– деген екен әлгі

оқиғаны әзілге бұрып.

АМАНАТ

Ауылға айтқыштығымен аты шыққан Мақсат Нұртазаев
қатты ауырып, төсек тартып жатып қалады. Оның көңілін
сұрап, ауыл азаматтарының бірі келеді. Ол жігіттің әкесі
жақында ғана қайтыс болса керек. Ауырып жатқан адамның

ахуалын ойлаған жеңгеміз:

– Ағаңның мазасы болыңқырамай жатыр, кірмей-ақ

қойшы,– депті алаңдап. Осы сөзді естіп жатқан Мақсат баяғы
әдетіне басып:

– Әй, кемпір, кіре берсін, мен 2-3 күннен кейін о дүниеге

жүрейін деп жатырмын ғой, мүмкін әкесіне айтайын деген
аманаты бар шығар,– деген екен.

ҚАНЖАРБЕКТІҢ

ҚАЛЖЫҢЫ

Ел болған соң, ас беріліп, Құран оқытылып жататыны

– заңды құбылыс. Сондай бір қонақасы үлкен әулеттердің

бірінде беріледі. Оған Мәлік деген ауыл ақсақалы да барады.
Ас ішіліп, Құран бағышталып, бата қайырылған соң, үйіне
қайтайын десе, аяқ киімінің біреуін таппай қалады. Әрі
іздейді, бері іздейді, аяқ киім табылар емес. Содан болмаған

соң, жұрттың бәрі жабыла іздейді. Нәтиже жоқ. Бір кезде
сондағы қонақтардың бірі:

– Мәке, мүмкін сіз аяқ киіміңіздің бір сыңарын үйден кимей

келген шығарсыз,–дейді ғой сабыры таусылып. Сөйтсе, ол:

– Жоқ, киіп келгенмін,– деп жеңістік бермейтін көрінеді.

Мұның бәрін көріп-біліп отырған қутілді Қанжарбек:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ – Ой, онда Төлек тіріліп келіп, киіп кеткен ғой,– депті марқұмның бір аяғы протез екенін меңзеп. «ҚОДАРБЕКТІҢ АУЫЛЫ» Жаңақорғанда тұратын бір жақын туыстары қайтыс боп, оны жерлеуге Қаламбай, Асан, тағы басқа кісілер барады. Дастарқан үстінде сол елдің адамдары: –Таныса отырайық, жігіттер, қай ауылдан боласыңдар?– деп жөн сұрасыпты. Қашанда құрбы-құрдастарын қалжыңқылжаққа айналдырып жүретін Қаламбай дереу: – Қодарбектің ауылынанбыз,– депті ойланбастан. Жанындағы жігіттер мырс ете қалыпты. Сөйтсе, әлгі кісі: – Е-е-е, ана үнемі арақ ішіп жүретін ұзын бойлы кісі ме?– депті. – Дәл өзі,– депті Қаламбай. Ауылға келген соң: – Ойпырм-ай, мына ел Қырашты білмесе де, Қодарбекті біледі екен ғой. Бұдан былай ауылымызды «Қодарбектің ауылы» деп атауға қалай қарайсыңдар?– деген екен. МЫЛҚАУ СИЫР Қыраштың қарашалары құда күтіп жатса керек. Әлмаш пен Бәйділла жақын туыс болған соң көмектесіп, сол құда күтетін үйдің сиырын сойып беріпті. Қыс мезгілі болған соң, күннің салқындау болатыны белгілі. Оның үстіне, екеуінің де қарындары әбден ашыпты. Содан екеуі ақылдаса келе, сиырдың тілін кесіп алып, отқа қақтап жеп қойыпты. Бір кезде әйелдер құдағиларға беретін тілді таппай, ұлардай шулайды. «Ұрының арты қуыс» дегендей, өз айыптарын жуғысы келген Бәйділла:

– Бәсе-ау, жануар, бағана сояйын деп жатқанда мөңіреген

жоқ еді, соған қарағанда тілі жоқ, мылқау сиыр екен ғой,–
деген екен.

«ПОЛКОВНИК»

Қазақ той тойлау үшін туған халық емес пе?! Сондай
бір кезекті той-думанның бірі – құдалықтан қайтып
келеміз. Екі-үш күннен бері аузымыз спирттік ішімдіктен
қураған емес. Ғайыптан тайып жанымызға біреу келіп

темекі тұтатса, шашлық болғалы тұрмыз. Есіміз кіресілі-
шығасылы. Жанымызда бізді шығарып салып, бір қуанғалы
жүрген құда-құдағилардан құралған нөкерлер жүр. Таң ата
Алматы – Ақтөбе пойызы Шымкент вокзалына ентігін баса

алмай, аптығып кеп тоқтады. Бүкіл темір жолды өзіміз тіреп
тұрғандай боп, билетіміз болмаса да купелі вагонға кеп
жайғастық. Ұйқылы-ояу жүрген жолсерік «тірі қояндардың»
өздері келіп «торға» кіріп жатқанына сенер-сенбесін білмей

ол жүр. Екі-үш күннен бері құданың төрін бермеген басымыз
мұнда да бұйырғанын еркін жұтып жатырмыз.
Бір кезде жолсерік келіп, билет сұрай бастады. Мен
ептілік жасап, көз қысып, бармақ басып, жолсерікке бұл

купеде көк тірегін бір кісінің келе жатқанын ұқтырдым. Ол
да «өмір сүруге» қабілетті біреу екен. Суға тиген сабындай
менің алдыма түсіп, дереу бір шыны «ағарғанын» әкеп,
дастарқанды жайнатып жіберді. Мен сөз арасында жездеме

көз қысып, аяғын басып қойып:

– Жолдас полковник! Алып отырыңыз, ішіп отырыңыз, –

деп жалбақтап қоям. Әлгі әккі жолсерігім менен өте түсіп:

– Полковник аға, сіз түк алмай отырсыз ғой, – деп одан

сайын зорлай түседі. Құдалықтан қошеметтеліп келе жатқан
бізге оның бұл құрметі ұнап барады. Менің қулығымды
түсіне қойған жездем ағамды «майор», мені «капитан» етіп,

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

шенімізді өсірді де жіберді. Бағанадан бері тек жездемізге
ғана қызмет көрсетіп отырған жолсерік, енді бізге де назар
аудара бастады. Жасы үлкен болғандықтан манадан бері мені
«сен» деп отырған жолсерік «сізге» көшті де, мен «сенге»

бастым. Бізден куәлік сұрау әлгі бейбақтың қаперіне де кірер
емес. Біз 3–4 сағат жол жүріп, діттеген стансамызға да келіп
жеттік. Артынып-тартынып түсіп жатырмыз. Ал жолсерік
бір қолына шөлмек, екінші қолына стакан ұстап, бізге

«кебіскиер» құйып жүр. Он-он бес минут аялдаған пойыз
қозғала бастады. Біз ақ көңіл жолсерікпен кіндігіміз жабысып
қалғандай айырылысар емеспіз. Біз «кенеміз бе?» деп жүрсек,
жолсерігіміздің «кенелік» стажы мол боп шықты. Әйтеуір,

«қоштасқым келмейді» деп әндетіп жүріп қоштастық. Содан
бері он жылдай уақыт өтті. Бірақ жездеміздің кличкасы әлі
«полковник».

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына
қарасты
Қыраш
елдімекенінің

тұрғыны,
сойы үш С-дан тұратын Сүлеймен Сейденұлы
Садыбайдың сәуегей һәм сойыпсалар сөздері
к-ө-ө-ө-п. Үш GGG-ді брендке айналдырған

Геннадий Головкин – былғары қолғап шебері
болса, үш ССС-ны серік еткен Сүлеймен
Сейденұлы – сойқан сөздің серкесі. Оның
тағы бір ерекшелігі­ ­– өзінің де, өзгенің де

ұтқыр сөздерін актерлік шеберлікпен майын
тамызып айта да біледі. Ел ішінде «Сүлеймен
былай депті» деген бүлдіргі емес, күлдіргі
хикаялар жиі айтылады. Мына төмендегі

әңгімелер – сол сөзіміздің айғағы.

«ЗОЯ БІЗБЕН БІРГЕ»

Ғасырлар тоғысып, мыңжылдықтардың ауысып жатқан
2000 жылдардың басы болса керек. Ол кезде Сүлеймен
Сейденұлы аудандық білім бөлімінде әжептеуір қызмет етіп
жүрген көрінеді. Тексеру көп. Сондай бір тексеруді облыстық

білім бөлімі басқарма басшысының орынбасары Руслан
Чагай бастап келіп, №163 мектепке қызыл көрген қырандай
шүйлігеді. Олардың шүйлігетіндей себебі де, реті де бар.
«Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей, дәл тексерушінің

алдына бір жарқанаттың қонжиып қона қалмасы бар ма?!
Мұндайды күтпеген мектеп директоры Зоя Өрғараева:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ – Руслан Петрұлы, бізде ұшатын тышқан да бар,­– дейді қапелімде аузына басқа сөз түспей. Сол екі ортада өліра тыныштық орнайды. Мұндай келеңсіз жағдайдан кейін комиссияның бастан сипай қоймасы мәлім. Соны сезген әлгі мектептің басшылары мен қосшылары комиссия мүшелерін аудан шекарасындағы «Сығанақ» мейрамханасына алып келіп, құда күткендей күтіп, шығарып салады. Әбден құрмет пен қошемет көрген комиссия мүшелері мінген көлік Қызылорда тас жолымен жүйткіп келе жатады. Қас қарайған шақ. Кенет машина жарығына қарай бір жарқанат ұшып келіп, әйнекке тиер-тимес кілт бұрылып кетеді. Сол кезде ауыздыға сөз бермейтін Сүлеймен Сейденұлы: – Руслан Петрұлы, аудан жігіттері «Сығанақ» мейрамханасына дейін шығарып салды, ал Зоя әлі де бізбен бірге, – деген екен. Комиссия мүшелері еріксіз күліп жібереді. ТӘЛПІШ АДАМНЫҢ ТАМАҒЫ Әміршіл-әкімшілік жүйенің өзі кетсе де, салқынынан әлі арыла қоймаған алғашқы дағдарыс кезі. Шындықты шыңғыртып айтар болсақ, ешкімнің маңдайы шылқып тұрмаған шақ. Сондай бір өліара кезеңде Облыстық оқу бөлімінен тексеруге мінезі шатақ, тәжірибесі жоқ, елмен тіл табыса алмайтын бір тәкаппарсынған әйел келе қалады. Орынды-орынсыз сын айтып, аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің мазасын алады. Бір кезде қараптан-қарап «торт жеймін» демесі бар ма?! Іс-әрекетіне қарасаң, тап бір нағашысының үйінде жүргендей сезінеді өзін. Буынсыз жерге пышақ ұру кімге жаға қояр дейсің?! Бағанадан бері терісіне әзер сыйып отырған Сүлеймен: – Негізі, торт – дәл сен секілді тәлпіш адамның тамағы, – деп тәбетін тыйып тастаған екен.

АНГАРА

Коммунистік партияның тоқырау кезеңі. Ол кезде
Брежневтің де, партияның да пейілі кең еді ғой шіркін!
Кім не істеймін десе де өз еркі. Үкімет ешкімді аштан да,
көштен де қалдырмайтын. Жұмысқа ілініп-салынып барып,

келіп жүрсең болғаны. Айлығың мен шайлығыңды уақтылы
аласың. Қысқасы, әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ заман.
Сондай бір мамыражай кезеңде Сүлеймен ауыл жігіттерін
жиып алып, Сәдірбай ақсақалдың үйінде карта ойнайды

екен. Ойын арасында қолы жүрген жігіттер үй иесіне «парт»
беріп қояды екен. Бұл енді үйді жалға алғанның есебі ғой.
Бірақ соңғы кезде ешкімнің қолы жарытып жүрмей қойыпты.
Ылғи да ойыннан соң:

– Кім ұтты?

– Кім ұтты? – ­деп бір-біріне шүйлігумен ғана шектеліп

жүріпті. Кезекті бір ойыннан соң, осы сауал тағы да
қойылады. Сонда, Сүлеймен Сейденұлы сабырлы қалпын
сақтай отырып:

– Ұтқан – Ангара! – дейді. Оның мәнісін жігіттер түсіне

қоймайды. Ангара – ұсақ өзендермен қоректенетін үлкен
өзен. Сөйтіп, Сәкең, Сәдірбай ақсақалды Ангараға, ал өздерін
соған құятын өзендерге теңеп, ылғи да ұтыста болатын
адамды мәдениетті түрде меңзеген екен.

СЕНДЕ БІР МІН БАР

Қазақтың жұмысы жүрмесе де тексеруі өмірі бітпейді ғой.
Сондай бір тексеру жұмыстары Қаратөбе мектебінде жүріп
жатады. Оған еңбек ардагері, қарт ұстаз, ескі жүйенің көзін
көрген, кезінде директор болған Сапарбаев Сәдірбай ақсақал

да шақырылады. Ол кісі өте көп сөйлейтін. Мектеп директоры
болып тұрған кезінде педкеңесті өзі ашып, 6-8 сағат бойы бір

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

өзі сөйлеп, өзі жабатын. Бұл жолы да аптаға созылған тексеру
жұмыстары аяқталып, соған байланысты қорытынды жиын
өтіп жатады. Жиналыс ережесіне сай қарт ұстаз ретінде
Сәдірбай ақсақалға сөз беріледі. Ол ескі әдетке салып сөйлеп

жатыр, сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр. Уақыт болса, тапшы.
Дүйім халық, мұқым ел беймаза күй кешеді. Кей мұғалімдер
алыс ауылдардан келген, қас қараймай тұрып қайтулары
керек, жол ұзақ. Кенет шешен сәл тыныстап, таңдай жібітеді.

Не істеу керек? Әрине, осы сәтті тиімді пайдалану қажет.
Осыны ойлаған Сүлеймен дереу Қазыбек бидің ізімен:
Ей , Асқар тау, сенде бір мін бар,
Асу бермейсің.

Ей, тасқын су , сенде бір мін бар,
Өткел бермейсің.
Ей, Сәдірбай , сенде бір мін бар,
Созбақтап көп сөйлейсің, – деп ауыл ақсақалын алты ауыз

сөзбен тоқтатып, жиналысты дер кезінде бітірген екен.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына
қарасты Қыраш және Задарья ауылында
«сен тұр, мен атайын» дейтін жатыпатар айт-
қыштар көп. Солардың бірі де бірегейі – Мақ-

сат Нұртазаев. Оның айтқан ұтымды сөзде-
рі мен әзіл әңгімелерін дүйім халық, мұқым ел
әлі күнге дейін айтып жүр. Солардың бір па-
расын сіздердің назарларыңызға ұсынғанды

жөн санадық.

ҚЫЗДАРЫНЫҢ «ТӨЛІ» БАР ЕКЕН

Үй болған соң, ыдыс-табақ сылдырамай тұрмайтыны
белгілі. Мақсат көкеміз де қыздай алған Нұржамал
жеңгемізбен дәм-тұзы жараспай, ажырасып тынады. Еркектің
әйелсіз күні қараң екені тағы анық. Дереу көрші ауылдың бір

қызына алдымен көз, содан кейін сөз салады. «Тана көзін
сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деген сөз рас болса керек, сірә.
Қыз қылығын көрсетіп, қылымсымай, келісімін береді.
Болашақ жеңгеміздің бір баласы бар екен. Шын ғашықтарға

ол да кедергі бола алмайды. Содан не керек, Әламан деген
досын күйеу жолдас етіп, көрші ауылға тартып кетеді.
Сөйтсе, қыздың ата-аналары қалыңмалды азсынып, үстіне
тағы біраз сома қосуын талап етеді. Оған күйеу жолдас болып

келіп отырған Әламан көнбейтін көрінеді. Күйеу баланың
ағасы Әбдіғаппар Нұртазаев атақты «Задарья» кеңшарының
директоры екенін білетін ауыл ақсақалдары сұраған соманы

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

қалайда аламыз деп ойлайды. Сонда тілінің тікені бар Мақсат
ағамыз досына қарап:

– Әй, Әламан, бұлар сұрап отырған соманы берсек

берейікші, қыздарының төлі бар көрінеді, – деген екен
жұрттың бәріне естірте отырып. Мына сөзден кейін ауыл
ақсақалдары ләм дей алмай, екі жасқа ақ баталарын беріп,
шығарып салған екен.

«ИСАНЫҢ НАҒАШЫСЫ»

«Задарья» кеңшарының директоры Әбдіғаппар Нұртазаев
қайтыс болады. Көңіл айтып келушілерде есеп жоқ.
Марқұмның қырқы өткенше әр бейсенбі сайын ас беріледі.
Уақытысында келе алмай қалған жиені Бәйден Исаұлы

сондай бейсенбілікке санаторияда ем алып жатқан бір
орыстың көлігімен келеді. Таза қазақы ауылға орыстың келуі

– жүн шыққан тасбақа көргенмен бірдей болатыны заңды.

Дастарқан үстінде бір қария Бәйденге қарап:

– Мынау орысың кім? – деп сұрапты. Сонда әңгімеге

Мақсат араласып:

– Исаның нағашысы ғой, – деген екен. Сол жерде отырған

жұрт ду күліпті.

ТӘЖІКШЕ АУДАРМА

«Задарья» елді мекенінде тұратын Оразбек деген кісі
ылғи әңгі есек мініп жүреді екен. Кемпірі бұл жалғаннан
бақиға озғаннан кейін мәші есекке мінетін болыпты. Бір күні
Оразбек ақсақал әлгі мәші есегін мініп, ас беріп жатқан үйге

келеді. Дастарқан үстінде кезінде Тәжікстаннан көшіп келген
Әлмер мен Төлеш деген кісілер екеуара тәжікшелеп әңгіме
айтып отырады. Олардың сөздерін түсінбеген жұрт:

– Бұлар не деп шүдірлеп отыр? – дейді ғой. Сонда Мақсат:

– «Оразбек байғұс кемпірі өлген соң, мәші есек мінетін

болыпты ғой» деп отыр Әлмер, – депті тәжікше білетін адам
құсап.
Мақсаттың бұл құйтұрқы сөзін Әлмер естімепті. Оразбек
Әлмерге қарап:

– Мақсаттың айтып отырғаны рас па? – депті. Әңгіменің

мәнісін түсінбеген Әлмер:

– Рас, – дей салыпты. Сөйтсе, Оразбек алдында тұрған

табақты Әлмердің үстіне аудара салыпты. Түкке түсінбеген
Әлмер Оразбекке жұдырығын ала жүгіреді. Жұрт екеуін әрең
ажыратып алады.

– Мұның не? – дейді арашаға түскен ағайын Оразбекке.

– Әлмер тәжікшелеп менің намысыма тиетін сөз айтты, –

дейді. Әлмер азар да безер болып:

– Мен олай дегенім жоқ, – деп ақталады. Әлмердің сөзін

Төлеш те қостайды. Айналып келгенде Мақсат айыпты боп
шығады.

– Мақсат, мұның не, ұят емес пе? – десе:

– Қайдам, мен білетін тәжікшенің аудармасы солай

болатын, – депті міз бақпай.

МАҚСАТТЫҢ КӘСІБІ

«Қолы
қимылдағанның
аузы
қимылдайды»

деген
қағиданы ұран етіп, Мақсат прораб боп істейтін Әсет
құрдасына картоп егіп бермек болады. Екеуі қол алысып, төс
қағыстырып келісімге келеді. «Мынаны тұқым етерсің» деп

Әсет Мақсатқа 4 қап өнген картоп береді. Сол күннен бастап
Мәкең Әсеттің есебінен ауылдағы буфеттен ауызбастырық
алып, ас-суын айырып тұрады. Содан күз келеді. «Картобын
жинап алсын» деп, Мәкең Әсетке хабар жібереді. Жағымды

жаңалықты естісімен Әсет бала-шағасы мен туған-туыстарын

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

жиып, егістік басына жетеді. Жақсылап дастарқан жайып,
Мақсатты құда күткендей сыйлайды. Бала-шағасын картоп
жинауға жұмсайды. Олар әп-сәтте кеп қалады.

– Неше қап жинадыңдар? – деп сұрайды Әсет.

– Бар болғаны 4 қап, – дейді олар шулап.

– Мәке, бұл қалай? – дейді Әсет таңырқап.

Сонда Мақсат еш саспастан:

– Енді не дейсіңдер, бірдеңелерің кетті ме, ескі

картөшкелеріңді жаңартып алдыңдар ғой, – деген екен.

ПАХТАКОР

Жаңақорған ауданында Қыркеңсе деген шағын елді мекен
бар. Ол ауылда негізінен қарашалар мен божбандар тұрады
екен. Өзге ұлттан, тек бір өзбек үй болса керек. Шағын ғана
ауылда екі-ақ рудың адамдары тұрған соң, олардың бір-біріне

қыз алысып, қыз берісіп, құда-жекжат боп жататыны белгілі.
Сондай кезде ел азаматтары бір-біріне 1:0, 2:1, 2:2 болдық
деп әзілдесіп жүреді екен. Сөйтіп жүргенде, әлгі өзбектің
баласы божбанның қызын алып қашады. Оны Мақсат біледі

екен. Бір күні қарашаның қызы божбандарға қашып кетеді.
Соның ертесіне божбанның жігіттері Мақсатқа:

– Оу, Мәке, 1:0 болдық қой, – деп әзілдепті.

Сонда Мақсат:

– Е, осы күнге дейін бірде сендер, бірде біз, итжығыс

боп келеміз ғой. Бірақ біз сендер сияқты «Пахтакорға» гол
соқтырған жоқпыз, – деген екен.

КІШКЕНТАЙ

АЙТҚЫШТАР

V БӨЛІМ

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Менің 5 жасар Руслан атты жиен інім бар.
Оны бала демесеңіз, кейбір сөздері мірдің
оғындай нысанаға дөп тиіп жатады. Тілі
ерте шыққандықтан, базбір сауалдарыңызға

ұтымды жауап беріп жатса, кей тұстарда ба-
ла түсінігі арқылы езуіңізге күлкі үйірер сәт-
тері де аз емес. Оның және сол секілді сәби-
лердің әзілге бергісіз іс-әрекеттерін «Кішкен-

тай айтқыштар» деген айдар тағып, қағазға
түсіргенді жөн көрдім. Бәлкім, мұндай айт-
қыштар сіздердің де отбасыларыңызда бар
шығар. Сонымен...

«ӘЛ-ФАРАБИ

КЕТІП БАРАДЫ»

Еліміз егемендік алып, өзінің төл теңгелерінің бетіне
халқымыздың
біртуар
дарын

иелерінің
бет-бейнесін
бедерлегені мәлім. Сол теңгелерден әл-Фарабидің бейнесін
жақсы танып алған Руслан көшеде басына сәлде ораған

қарияны көрсетіп:

– Мама, қарашы, көшенің арғы бетінде әл-Фараби ата

кетіп бара жатыр. Үйге шақырмайсың ба, Құран оқиды ғой, –
деді кіршіксіз таза сәбилік көңілмен.

«КӨЗІМЕ ТІКЕН ТҮСІП КЕТТІ»

Сол баяғы Руслан бір күні көзін уқалап абыржып келді де,
мамасынан ине сұрады.

– Оны қайтейін деп едің? – деген мамасына:

– Көзіме тікен түсіп кетті, алып тастаймын, – деді.

Әсті, қолына тікен кірген кезде инемен алып тастағаны
есіне түсіп кетсе керек.

«ЖЫРТЫЛҒАН ҚЫЗАНАҚ»

Ұмытпасам, шілде айының бел ортасы болатын. «Қыстың
қамын жаз ойла!» дегендей, әртүрлі көкөніс қайнатып,
банкі жауып жаттық. Бақшадан қызанақ теріп келе қоятын
адамның реті келмеген соң, Русланның қолына өзіне шақ

шелегін ұстатып жұмсай қойдық. Сүт пісірім уақыт өткен
кезде, мұрнының ұшы терлеп Руслан көрінді. Базбір ересек
адамдарша өзі теріп келген қызанақтарды сәкінің үстіне қаз-
қатар тізіп қойды да, ішіндегі кірпі жеп қойған қызанақты

мамасына көрсетіп жатып:

– Мама, мынау жыртылған қызанақтарды тігіп-тігіп жаба

бер, – деді жаңалық ашқан адамша.

ТҰЗ СЕБІЛГЕН АЛМА

Түс әлетінде Русланның мамасы Бибігүл мен жеңгесі
Күләйша екеуі алма жеп отырып: «Ащы екен» десті бір-
бірін қостап. Екі адамның әңгімесіне қашанда құлақ тосып
отыратын Руслан:

– Тұз сеуіп қойған ба? – деді әңгімеге араласып.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ЕРАСЫЛДЫҢ ҚУЛЫҒЫ

Ерасыл компьютердің тілін білмесе де, әр жерін бір
шұқылап ойнағанды ұнатады. Бүгін де сол әдетінен
жаңылмай, компьютердің әр түймесін бір басып ойнап отыр
еді.

Атасы Қуандық:

– Ерасыл, компьютердің әр жерін бір шұқылай берме.

Бұзылып қалса, ертең қажетіңе жарата алмай қаласың, – деді.
Сонда Ерасыл:

– Ата, мен компьютерді өшіріп қойып үйреніп жатырмын,

– деді балалық бұла көңілмен.

«ТІСІМ ҚҰЛАП ҚАЛДЫ»

Балалар бақшасынан оралған Гүлназ үйіне жүгіре кіріп
әжесіне:

– Әже, қараңызшы, менің бір тісім құлап қалды, – деп

түсіп қалған тісінің орнын нұсқады.

«ЖҰТЫП ҚОЙСАҢ, АЛЫП ҚОЯМ»

Бес жасар Әйгерім төрт жасар Диана сіңлісіне қолындағы
сағызын беріп жатып:

– Мә, әзірше шайнап жүре бер. Егер жұтып қоятын болсаң,

алып қоямын, – деді нығыздай сөйлеп, қатаң бұйыра.

«ТҰРМЫСҚА ШЫҚҚАНДА АТЫМДЫ

ӨЗГЕРТЕМІН»

Бірде алты жасар қызым Марал мамасы екеуі автобуста
келе жатады. Есіне түсуге не себеп болғанын кім білсін,
оқыстан Марал:

– Мама, мен ертең тұрмысқа шыққанда атымды өзгертемін,

– деді. Қапелімде мұндай сөзді кішкентай қыздың аузынан

естуді ойламаған маңындағы жұрт шулай күліп:

– Қызым-ау, атыңды емес, тегіңді өзгертсең де жетпей ме?

– деп әзілдейді.

– Жоқ, атымды өзгертемін. Менің әжемнің аты – Нәзипа.

Кемпірлерге жарасатын лайықты ат. Ертең мен әже болғанда
жұрттар, «Марал» деп тұрса, ұят қой, – деп уәж айтты сонда
Марал.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

БАЛАНЫҢ БҰЛА ТІЛЕГІ

Бір күні отбасымызбен қосылып – бәріміз «Бинго»
телеойынын көріп отырған болатынбыз. Тележүргізушілер
Сергей Погосян мен Толқын Нүсіпбаева екеуі өткен ойында
темір тұлпар ұтқан иелеріне кілттерін табыс етіп жатты.

Мұның бәрін мұқият көріп-біліп отырған ұлым Мағауия:

– Әке, біз қашан осындай машина ұтып аламыз? – деді

қызығып.

– Құдай қаласа, Құдай берсе, біз де ұтамыз,– дедім әзілге

бұрып.
Сол күннен бастап Мағауия қолына тәспі алып, оны
күбірлеп отырып, ара-арасында Құдайдан машина сұрайтын
болды.

Арада бір-екі ай өтіп кетті. Ұтқан машинамыз жоқ. Еңбегі
еш кеткені Мағауияның жанына қатты батқан болу керек.

– Әке, мен Құдайдан машина сұрап жатсам да әлі неге

бермей жатыр? – деді бір күні кезекке тұрып қойғандай
ренжіп.

– Естімей жатқан шығар. Әлі де сұрай бер, балам, – дедім

әзілдеп.
Бұл сөзімді шын көріп қалған Мағауия бар дауысымен
айқайлап:

– Е, Құдай, бізге машина бере гөр, бензинімен, гаражымен

демесі бар ма?! Біз еріксіз күліп жібердік.

– Балам-ау, бензин мен гаражының бір есебі табылар.

Алдымен көлікті ұтып алайық деймін күліп.

«ӘПЕРЕТІН АДАМЫ ТАБЫЛАДЫ»

Шай үстінде Хангелді болашағын болжап, армандап
отырды да:

– Ертең мен үлкейген соң, бизнесмен боламын. Әбден

байыған соң, әкеме «Джип», мамама «Мерседес» әперемін.

Өзім «Лимузин» мініп жүремін, – деді өзінің тәтті қиялына
беріліп.

– Тәтеңе қандай көлік алып бересің? – деді әкесі ұлының

арманына ризашылық кейіп танытып.
Сонда Хангелді:

– Оның әперетін адамы табылады, – деді ойланбастан.

ХАНГЕЛДІНІҢ ТАПҚЫРЛЫҒЫ

Хангелдінің әкесі бір күні оны шақырып алып:

– Балам, анау басында қысы-жазы қар жататын шыңды

көріп тұрсың ба? – деді.

– Иә, әке, көріп тұрмын.

– Ылғи да сол шыңға қарап жүр. Сонда еңсең биік, арманың

асқақ болады.
Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Хангелдінің әкесі бір күні
қатты ауырып, басын төмен салып келе жатады. Соны байқап
қалған Хангелді:

– Әке, анау Алатаудағы биік шыңды көрдіңіз бе? – деді.

– Иә, көріп тұрмын, балам.

– Сол шыңға қарап жүріңіз. Сонда еңсеңіз биік, арманыңыз

асқақ болады, – деді өз бидайын өзіне қуырып беріп. Әкесі
еріксіз күліп жіберді.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

...ТИІСТІ СӨЗДЕРДІ ҚОЙШЫ

Нәзік 2 сыныпта оқиды.
Оқу озаты. Мектепте алып келген білімін
үйде де қолданатын әдеті бар. Төмендегі әңгіме

– сол сөзіміздің дәлелі.

Бірде анасы Күлайша Нәзікті ерте ұйықтатпақ болып:

– Қызым, кел, төсегіңе жата ғой. Таңертең тұра алмай

қаласың, – деп оны ұйықтатуға әрекет жасайды. Ондай кезде
ылғи әкесі көмекке келіп, оны анасынан арашалап отыратын.
Соны жақсы білетін Нәзік:

– Әке, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойшы, – деп

әкесінен араша сұрады. Анасы оның тапқырлығына еріксіз
күліп, еркіне жібере салды.

АЙТҚЫШ ҚЫЗ

– Мағауия, мен саған дүкеннен нан алып кел деп едім ғой.

Әлі бармағансың ба? – деп айқайлады анасы ас үйде жүріп.
Оны естіп отырған Нәзік:

– «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген

мақал осыдан шыққан екен ғой, – деді ересек адамдарша ой
түйіп.
Қаршадай қыздан ондай сөзді күтпеген жұрт ынты-
шынтысымен күліп алды.

НӘЗІКТІҢ ӘЗІЛІ

Нәзіктің әжесі Назипа Түркістан қаласында тұрады.
Сексеннің сеңгіріне шыққан кейуананың құлағы ауырлау
болатыны – заңдылық. Оның осы сырын білетін келіні

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР Күлайша енесімен телефон арқылы сөйлесіп жатты. Анасының даусы қатты шығып жатқанын байқаған Нәзік: – Мынау келін енесімен қалай-қалай сөйлеседі, – деді әкесіне қарап, көзін қысып қойып. Бұл – Нәзіктің анасымен әзілдескені, әкесінің көңілін көтергені. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деген – осы. ҚАЙ ЖАҚТЫҢ КЕЛІНІ? Бірде Нәзік отбасымен бірге шай ішіп отырады. Шайдың суып әрі сұйылып бара жатқанын сезген отағасы: – Шайыңды қайта демдеші, – дейді. Ондай сәтті қалт жібермейтін Нәзік: – Әке, Шымкенттің келіндері шайды баптап құюшы еді. Мынау қай жақтың келіні? – деп шай үстіндегілерді бір күлдіріп алды. МАМАМНЫҢ МАМАСЫНЫҢ МАМАСЫ Бірде шай үстінде әжесі шөбересіне: – Мұрат, мен саған кім боламын? – деді сөзге тартып. Сонда Мұраттың тілі бұрала шығып: – Мамамның мамасының мамасы боласыз, – деді әжесінің арқасына асылып. ҒАНИ МЕН БӨПЕ Аулада ойнап жүрген екі жасар Ғани жылаған сәбидің дауысын естіп, әкесіне: – Бөпе, ә-ә-ә, – деді ернін бұртитып.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Әкесі де ұлының сөзін қоштаған рай танытып:

– Бөпе, ә-ә-ә, – деді жымия басын изеп.

Келесі күні қарны ашқандықтан болу керек Ғани да жылай
бастады. Әкесі оған:

– Ғани, ә-ә-ә, – деді мазақтаған пішінмен өз ісін өзіне

қайтарып.
Сонда Ғани:

– Ғани ә-ә-ә емес! – деп жылауын қайта жалғады.

ТАҢДАНЫС

Төрт жасар Мұраттың нағашы апасы қойларды өріске шы­
ғарып, қозыларын қорада алып қалатын. Соны байқаған не­
мересі бірде:

– Апа, қозылар балабақшаға барудың орнына, қойлар

барады екен, а! – деді таңданып.

АВТОРДЫҢ

ӨЗІ ДЕ – АЙТҚЫШ

VІ БӨЛІМ

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Ермахан Шайхыұлы – «Айқын» газеті
бас редакторының орынбасары, Қазақстан
Журналистер және Жазушылар одағының
мүшесі. Президент Алғыс хаты және бірне-

ше медальдардың иегері. Қазақ журналисти-
касының қайраткері. Балғабек Қыдырбекұлы
және Садықбек Адамбеков атындағы һәм
Алтын қалам сыйлықтарының лауреаты.

«Ауыз тие отырыңыз», «Бір түрлі кітап»,
«Қазіргі қазақ сатирасы», «Мынауың жынды
екен», «Жатыпатар», «Аққудың сыңары»,
«Шылдыр шүмек», «Ағынан жарылсақ...»,

«Әріп әлемі», «Сандалған сауал», «Қоңыр
қажының күнделігі» атты кітаптардың авторы.
«Жатыпатар» және «5 жатақхана» атты
сатиралық беттердің редакторы. Оның әріп-

тестер мен құрбы-құрдастар, сондай-ақ туған-
туыстар арасында айтқан әзіл-қалжыңдары
һәм табан астында тауып айтқан қисық та
қыңыр сөздері көп. Солардың кейбірін көріп,

естіп, куә де болдық. Бұл сөзіміздің дәлелі –
төмендегі әңгімелер.

КҮЛАЙША АПАЙДЫҢ ГАМАЖЫ

Ермахан өзінің жұбайын «Күлайша апай» деп атайды
екен. Тіпті қалтафонына да «Күлайша апай» деп жазып қо-
йыпты. Оның осы сырын білетін туған-туыстары да, 82-ге

келген әзілге жүйрік анасы да келіндерін «Күлайша апай»
деп атап кетіпті.
Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында Ермахан отбасымен бір-
ге Астанаға қыдырып бармақ болады. Астанадағы курстас

досы Серікқали Мұқашевке телефон соғып, ауа райын
сұрайды.

– Күн суық. Мейлінше қалың киініп кел, – дейді ол

жанашырлық танытып.
Ермахан өзі де, отбасын да жылы киіндіріп, жолға шығады.
Бас қалаға келсе, күн райы онша суық болмай шығады.
Сарыарқаның сақылдаған суығына дайындалып, оранып,

буынып келген Ермахан терлеп-тепшіп, ыстықтай бастайды.
«Бәлкім, кешке қарай күн суып кететін шығар» деген оймен
сол жылы киінген бойы тойға барады. Курстас достарымен
бірге ортаға шығып билегеннен кейін, Ермахан бой-бой боп

терлейді. Сонда ол:

– Жігіттер, Серік: «Күн суық» деген соң, аяғыма екі

шұлық, басыма құндыз бөрік, көйлегімнің ішінен жағалы
жүн мәйкі, шалбарымның ішінен Күлайша апайдың гамажын
киіп келіп едім. Енді міне, су боп ағып отырмын. Серіктің
бұл қорлығын өмірі ұмытпаспын, – деген екен.

Жора-жолдастары көздерінен жас аққанша күлісіп алады.
Содан бастап олар күн суытқан күндері бір-біріне:

– Күлайша апайдың гамажын кидің бе? – деп әзілдесетін

көрінеді.

«НАЗИПАЕВ БОЛАМЫН»

Ермахан кезекті демалысын алып, елге барады. «Алыстан
алты жасар бала келсе, алпыстағы шал тұрып, сәлем беріпті»
демекші, Ерекеңнің бүкіл туған-туыстары қара шаңыраққа
келіп, бас қосады. Әзіл айтпаса, бойына ас батпайтын Ерекең

айналасына көзін қысып қойып:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Апа, – дейді, – мен тегімді өзгертейін деп жатырмын.

– Қартайғанда тегіңді өзгертіп не көрінді, балам? – дейді

апасы таңырқап.

– Есіңізде ме, әкем марқұм өзіне тартқан пысық балалары

– Қалдыгүл, Рахымжан, Нұрмахан, Бибігүл, Расулхандарды

өзіне теліп, «Айтмахан, Ермахан, Айгүл – Назипаның
балалары. Олар аңқау, өгіз туды десең, сенеді» деп бізді
екінші сортқа қоюшы еді ғой. Сол есіме түсіп, тегімді сіздің
атыңызбен «Назипаев» деп өзгертуге бел будым, – дейді.

Ерекеңді Айтмахан мен Айгүл де қостап, олар да тегін
ауыстыратын болып шешеді. Сөйтіп, бәрі бір күлісіп алады.
Арада біраз уақыт өткен соң, Алматыда жүрген Ермаханға
апа-қарындастары – Бибігүл мен Айгүл қоңырау шалып:

– Ермахан, бүгін үйде бүкіл Әбдіраман әулеті бас қосып

отыр. Солардың ішінде «Назипаев боламыз» дегендер де бар.
Оларды қабылдау үшін не істейміз? – дейді әзілдеп. Сонда
Ермахан:

– Олай болса, жеке куәлігі мен СИК, РНН, оң жақтағы жә-

не сол жақтағы екі көршісінен мінездеме өткізсін, – деген екен.

«ҚАЙ ДЕТДОМҒА ӨТКІЗЕМІЗ?»

Төреғали Тәшен – «Айқын» газетінің тілшісі, белгілі
журналисит, ақын. Заман құрдас болған соң, Ермахан
Төкеңмен жиі-жиі әзілдесіп жүреді екен. Бірде Төреғалидың
сексеннің сеңгіріне шыққан анасы қайтыс болады. Әкесі

ертеректе дүние салса керек. Төкең еліне барып, анасын
ақтық сапарға шығарып салып келеді. Редакция ұжымы
Төкеңе көңіл айтпақ болып, есік алдында жиналып тұрады.
Сонда Ермахан құр қарап тұрмай:

– Төкеңнің әкесі ертеректе қайтыс болыпты. Енді, міне

анасынан айрылды. Енді оны қай детдомға өткіземіз? – деген
екен.

ЕРМАХАН МЕН НҰРМАХАН

«Литер Medіa» ЖШС-нің қарамағындағы «Айқын» және
«Литер» газеттері Жаңа жылдан бастап «Нұр-Медиа» ЖШС-
нің құрамына кіреді. Дәл сол кезде «Айқын» газетінің Бас
редакторы Нұртөре Жүсіп Астанада іссапармен жүрсе керек.

Бұл жаңалықты ол елордада жүріп естиді. Ертесіне жұмысқа
келіп, кабинетінде отырса, оған сәлем бермек болып
басылымның жауапты хатшысы Ермахан Шайхыұлы келеді.
Амандық-саулықтан соң, Нұрекең:

– Иә, Ермахан, не жаңалық бар? – деп сұрайды. Сонда ол:

– Сіз Астанаға кетіп бара жатқанда Ермахан едік, енді

Нұрмахан болдық, – деген екен газеттің «Нұр-Медианың»
қарамағына енгенін меңзеп.

«СЛУЖЕБНЫЙ» ШАЛ

Жұмабек Жанділдин – қазақ журналистикасында
экономика тақырыбындағы мақалаларды терең зерттеп,
батыл болжамдар жасап, осы сала мамандарының өзімен
пікір таластыра алатын сауатты журналистердің бірі. Ол

– қырық жыл бойы қолынан қаламын тастамай, бұрқырата

мақала жазып, қаншама сұхбат жасап келе жатса да
диктафонды пайдаланбаған журналист. Барлық деректер мен
дәйектерді жадында сақтайды. Оның тағы бір ерекшелігі

– аударманы өте жылдам әрі сауатты жасайды. Ол жасы

алпысты алқымдаса да әзілді дұрыс түсіне біледі. Сондықтан
да редакция қызметкерлері онымен жиі-жиі әзілдесіп тұрады.
Бірде газеттің әлдебір жұмысымен Ермахан Шайхыұлы
Жұмекеңді іздеп, ішкі телефонмен экономика бөлімінің

меңгерушісі Гүлнар Тәжиеваға хабарласады.

– Гүлнар, шалың қайда? – дейді әй-шайға қарамай.

Қапелімде сасып қалған Гүлнар!

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Шалым үйде. Оны қайтейін деп едің? – дейді.

– Жоқ, ол емес.

– Енді менде босқа шал жоқ. Бізді еркек дейсіңдер ме қос-

қостан ұстайтын.

– Әлгі «Служебный» шалыңды айтам, Жұмабек Жанділдин!

– деген екен Жұмекеңнің Гүлнардың қол астында істейтінін

астарлап.

ӨЗІҢ САЛСАҢ...

Серікқали Мұқашев пен оның жұбайы Салтанат
Құсайынова және Ермахан Шайхыұлы – әл-Фараби атындағы
журналистика факультетінің түлектері, әзіл-қалжыңдары
жарасқан құрбы-құрдастар. Бір курста оқығандықтан,

олар отбасы боп араласып, құраласып тұрады. Әсіресе,
мейрамдарда бір-бірін қонаққа шақырып, жиі-жиі бас қосып
тұруды әдетке айналдырған. Кейде бір-біріне әзілдеп: «енді
сенің кезегің» деп әзілдесіп қоятыны бар. Бір күні сондай

кезек Ермаханға келеді. Ол қонақтарын барынша құрметтеп
күтіп алып, дастарқандағы түрлі салаттарды араластыра
салып, қонақтарға таратып жатады.

– Ереке, әуре болма, мен өзім салып аламын, – дейді

Серікқали әдеп сақтап. Сонда Ермахан:

– Жоқ, мен салып беремін. Өзің салсаң, к-ө-ө-ө-п салып

аласың, – деген екен әзілдеп.

ӘРІПТЕСТЕР ӘЗІЛІ

Ермахан Шайхыұлы кезекті еңбек демалысын алып,
өзінің туған жері – Түркістан қаласына барады. Жылына
бір келетін қонақ болғандықтан, оны ағайын-туыстары
мен құда-жекжаттары қуана күтіп алып, аста төк дастарқан

жайып, құрмет көрсетеді. Қазақтың қонағын құдайындай
күтетіні белгілі. Күніне үш үй мал сойып, бірінен бірі қалмай,
шақырысып жатады. Ерекең әбден шаршайды. Сондай
күндердің бірінде «Айқын» газеті «Руханият» бөлімінің

меңгерушісі Қаншайым Байдаулетова Ермаханға әлдебір
шаруамен қоңырау шалады. Ермахан оған ел-жұрттың қалай
құрметтеп күтіп жатқанын айтады. Мән-жайды түсінген
Қаншайым:

– Аты-жөніңізді ұмытып қалған жоқсыз ба? – дейді әзілдеп.

– Жоқ.

– Атыңыз кім?

– Ермахан.

– Фамилияңыз ше?

– Байдаулетов, – деген екен сонда Ермахан әзілі жарасқан

әріптесінің тегін атап.

БАСҚАША ЖЫҒЫЛАТЫН КҮН

Құда күтуден халықаралық жарыс болса, қазақ бас
жүлдені жеңіп алатыны анық. Сондай құдалардың бірін
Ермахан да жақын ағайындарының үйінде күтіп жатады.
Әр тост айтылған сайын ол құдаларды жағалап, бәріне

алдыртып қойып жүреді. Байқаса, бір құда мүлде алмай
отырады. Себебін сұраса, ол өзінің имандылыққа бет бұрып,
намаз оқып жүргенін айтады. Сонда әзіл айтпаса «ауырып»
қалатын Ермахан:

– Құдеке, бүгін – басқаша жығылатын күн ғой, – деген

екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«ӨЗДЕРІ АЛЫП КЕТЕДІ»

«Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дейді қазақ. Ал енді
бұл әзіл жеңге мен қайны арасында айтылса, тіпті жарасып
тұрады. «Айқын» газетінің корректоры Бағдат апай мен
Ермахан – сондай әзілі жарасқан жеңге мен қайны.

Бір күні Бағдат апай әлдебір шаруалармен анықтама алмақ
болып жындыханаға баруға тура келеді. Бірақ ол мекеменің
қай жерде екенін білмейді екен. Содан ұжымдағы бір-екі
адамнан сұрастырып көреді. Олар білмейтін боп шығады.

Дәл сол кезде сап етіп Ермахан келе қалады.

– Қайным-ау, жындыхана қайда өзі? – дейді Бағдат апай

сауалын төтесінен қойып.

– Жайшылық па, жеңеше? – дейді Ермахан қуақылана

күліп.

– Керек болған соң сұрап тұрмын да, – дейді Бағдат апай

да күлкінің көрігін үрлей түсіп.

– Бәсе, соңғы кезде сол жердің тұрғындарына ұқсап жүр

едіңіз, – дейді Ерекең де қайтпай.

– Қысыр сөзді қайтесің, қайным! Одан да жаңағы

жындыхананың мекенжайын айт, – дейді жеңгесі.

– Жындыхана мынау Орбитада ғой.

– Оның қай жерінде?

– Каблуков көшесінде.

– Оны қалай табам, қалай барам?

– Оны сізге табудың қажеті жоқ.

– Неге?

– Сол жерге барып айқайласаңыз болды, өздері келіп алып

кетеді, – деген екен Ермахан.

«КӨҢІЛДЕСТЕР КЛУБЫ»

Қазақтың көрнекті ақындарының бірі, айтыс өнерінің
майталманы, марқұм Есенқұл Жақыпбаев, белгілі сазгер һәм
әнші Ақан Әбдуәлі, әнші-композитор Алтын Махамбетова,
«Айқын» газетінің тілшісі Қаншайым Байдаулетова, тағы

басқа өнер тарландары «Көңілдестер клубын» ашады. Ол
клубтың төрағасы болып бірауыздан Есенқұл Жақыпбаев
сайланады. Сөйтіп, клуб ең алғашқы отырысын өткізбек
болады. Оған, әрине Қаншайым да бармақ боп жинала

бастайды. Ол кезде Ермахан Шайхыұлы «Айқын» газеті
бас редакторының орынбасары болып істейтін. Содан,
Қаншайым сұранбақ боп бастығына келеді.

– Ағай, мені жұмыстан босатыңызшы, – деп қиылады

Қаншайым.

– Жайша ма, Аппақ қыз? – дейді Ермахан.

Аппақ қыз – Ерекеңнің Қаншайымға қойған жанама аты.

– Бүгін «Көңілдестер клубының» отырысы болатын еді.

Сонда Ермахан:

– Аппақ қыз, «Көңілдестер клубының» отырысы

болмайды, жатысы болады, – деген екен әзілдеп.

«ЖАСЫҢЫЗ ҮЛКЕН ҒОЙ»

«Айқын» газетінің бір топ журналистері түскі асқа бармақ
боп, кафеге қарай беттейді. Асхана желтоқсан көшесінің
арғы бетінде орналасқан. Бәрі жолды жаяу жүргіншілер
өтетін жермен қиып өтпек болады. Ол жерде бағдаршам

болмағандықтан, ағылып жатқан көліктердің алдын кесіп
өту – өте қауіпті. Сонда қашанда әзілі әзір жүретін Ермахан
заман құрдас ағасы Жолдасбек Дуанабайға қарап:

– Жөке, жасыңыз үлкен ғой, өзіңіз бастаңыз, – деген екен

жолды нұсқап.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«АҚҚУ ҰШЫРЫП, ҚАЗ ҚОНДЫРАМЫН»

«Айқын» газетінің жауапты хатшысы Асқар Алтайұлы
қаламақы қойылған қағаздарға қол қойдыру үшін Ермахан
Шайхыұлына келеді. Ол қолын шиырып тұрып қойып береді.

– Сіздің қолтаңбаңыз министрлердікіндей ғой, – деп

тамсанады Асқар Алтайұлы.
Сонда Ермахан:

– Е, мен қолтаңба арқылы аққу ұшырып, қаз қондырамын,

– деген екен.

ҚАЖЫНЫҢ ҚАЛЖЫҢЫ

Жаратқан Ием жар болып, Ермахан Шайхыұлы үлкен
қажылық парызын өтеп қайтады. Әзілдемесе жүре алмай-
тын әдетіне басып, қасиетті жерге аяғы тие салысымен
Ерекең уатсап арқылы үйіне: «Қажыны мазаламаңдар.

Дүние істеріне араласпаймын» деп сәлемдеме жазады да
хабарласпай қояды. Арада апта өтеді. Бір күні зайыбы
Күлайша хабарласып, Қалдыгүл әпкесінің күміс тасбих
алып келуін өтініп жатқанын айтады. Ерекең қуана келіседі.

Ертесіне Нәзік қызына кимешек пен көйлек ала келуін
тапсырады. Ерекең оны да құп алады. Күлайша апай тағы
бірде хабарласып, Мұхаммед пайғамбарымыздың өз қолы-
мен еккен «Ғаджуа» атты құрма ала келуін сұрайды. Ере-

кең ол құрманы алып қойғанын айтады. Сөйтеді де жанын-
дағы Сәкен Сыбанбай мен Есей Жеңісұлына қулана күліп:

– Күлайша апай Айша анамыздың менюін тауып ал-

май тұрғанда бұл жерден кетіп қалу керек еді,– деген екен
әзілдеп.

ӘДЕБИ ҚАЖЫЛЫҚ

Ермахан Шайхыұлы қажылық парызын өтеуге асыл
ағалары Әбдіғаппар Сыбанбай мен Аманхан Әлімұлы және
алғыр інілері Сәкен Сыбанбай, Есей Жеңісұлы, Мақсат
Мыхыбаевтармен бірге барады. Ұлы сапардағы игі де ізгі

амалдарды ылғи да бірге жүріп атқарады. Сәл қолдары
босай қалса, өткен-кеткенді айтып әзілдеседі, қисық сөз ай-
тып қылжақтасады. Әсіресе, Ерекең Әбекеңді ылғи да ны-
санаға алып, күлкіге айналдырады да жүреді. Елде жүрген

жеңешенің де құлағын шулатып қояды. Оған «Дана да дара
жеңешем», «Данышпан жеңешем» деп ат қойып алған.
«Данышпан жеңешемнің ақылы таусылып қалып, Аманхан
ағама қиын болып жүр-ау» деп Аманхан ағамызды қажап

қалжыңдасады. «Ауылда жүргенде тегін еді, енді ол да ақы-
лы боп кетті-ау» деп те келеке қылады. Оған Әбекең де мәз,
жұрт та мәз. Ал кейде ашулана қалса, оң қолының саусақта-
рын біріктіріп: «Сабыр, қажеке сабыр» дейтіні бар. Ондай

кезде Әбекең еріксіз күліп жібереді. Аманхан ағамыздың
қожа екендігін астарлап, оған «Местный жігіт» деп ат қойып,
айдар таққан да – Ерекең. Сондай қол босай қалған кездің
көбісінде Аманхан ағамыз тек әдебиет төңірегінде ұзақ со-

нар әңгіме айта берсе керек. Соны меңзеген Ерекең жігіт-
терге көзін қысып қойып:

– Осы Әбекең әдеби қажылыққа келген-ау шамасы,– де-

ген екен.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

АТЫНДАҒЫ ГРАНТ

Ермахан Шайхыұлының Мағауия атты ұлы Темірбек
Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға түседі. Осы
жағымды жаңалықты естіген әріптес інісі Есей Жеңісұлы

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Ерекеңді қызу құттықтап, ізгі тілек-ниетін білдіреді. Ерекең
де оған алғысын жаудырып, жұғысты болсын айтады.

– Айтпақшы, інішек грантқа түскен шығар,– дейді Есағаң

сауалын нақтылай түсіп.
Сонда Ермахан жанындағы Асқар Алтайұлына көзін
қысып қойып, еш саспастан:

–Иә, Есей, Ермахан Шайхыұлы атындағы грантқа түсті

ғой,– деген екен қаржысын өзі төлейтінін меңзеп.
Бану Шалова,
Қазақстан Журналистер одағы
сыйлығының лауреаты

ҚАЗАҚЫ

VІІ БӨЛІМ

ҚАЛЖЫҢДАР

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ – Сіздің денсаулығыңыз нашар, – деді дәрігер, – егер менің тілімді алсаңыз, жатып тұрып қымыз ішіңіз. – Кешіріңіз, жатып бір кесе, тұрып бір кесе ішейін бе? – Қарындас, мен сізді бір жерде көрген сияқтымын. – Иә, екеуіміз екі айдай отасқанбыз. – Сіз неге қол астыңыздағы қызметкерлерге жекіріп сөйлейсіз? – Жай сөйлесем беделім түсіп қалатындай көрінеді. *** – «Жаралы құлан» атты тамаша пьесам сізге ұнады ма? – Иә, ұнады. – Сахнада қоя беруге болады ғой? – Әрине, тек көрермендерсіз. – Неге? – Себебі, жаралы құланыңыз қойылым үстінде өліп кетуі мүмкін. *** – Әже, өтіңізде тас бар, – деді дәрігер, – оны операция жасап, сылып тастау керек. – О, тоба! Ол тасты қалай жұтып қойдым екен, ә! * * *

– Сіз қалай ойлайсыз? Бақтың шапқаны дұрыс па, әлде

басқа қонғаны дұрыс па?

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР – Әрине, қонғаны дұрыс. Егер бағыңыз шабар болса, жете алмай қаласыз ғой. *** – Ұлы адамдар дүниеге келгенде немесе кеткенде жер бетінде бір алапаттың болатыны рас па? – Иә, рас. – Бәсе, анам байғұс ылғи да айтып отырушы еді «Сен туғанда жауын жауған» деп. *** – Жасы үлкен адамның алдында мәдениетті болғаныңыз жөн шығар. – Қызметі үлкен болмаған соң, бәрібір емес пе?! ** * – Қарындас, құсым болып қолыма қоныңызшы. – Қонар едім. Бірақ әлі ұшқан жоқпын ғой. *** – Жұмыстан неге кешіктің? – Бәрі де кемпір-шалдың кесірі. – Неге?

. . – Автобуста отырсам, бір шал мінді. Орнымды қимай, көзімді жұма қойған едім. Көзім ілініп кетсе керек, төрт аялдама өтіп кетіппін. * * *

– Мен сізге қол ұшымды бере алмаймын.

– Сонда, тіпті менімен амандаспайсыз ба?

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ * * * – Дәрігер, егер мен сәбізді көп жесем, бойым ұзара ма? – Әрине. – Онда неге қоянның бойы қысқа? * * * – Әже, бақыт деген не? – Енді соны да білмедің бе? Адамның аты емес пе?! *** –Әже, бұл дәрігердің кабинетіне кіру үшін карточка керек. – Қап, мұнысын білгенде ала келер едім ғой. Өзім де базардан келе жатыр едім. *** – Сіз жұбайыңызбен үйленер алдында таныстыңыз ба, әлде үйленген соң таныстыңыз ба? * * * – Қарындас, басыңыз бос па? – Немене, жүк артайын деп пе едіңіз?! * * * – Сіз қай газетке жазылғанды жеп көресіз? – Оның несін сұрайсыз?! Ет орауға ыңғайлы, үлкенірек газетке жаза салыңызшы.

– Әже, келініңіз сізге сәлем бере ме?

– Иә, қалқам. Күнде таңертең қолын көтеріп «прібет»

дейді ғой.
* * *

– Сіз қай жерде жұмыс істеп жүрсіз?

– Ет комбинатында.

– Бәсе, еттің дүкендерде көрінбей кеткені сол екен ғой.

– Ана парызынан Меккеге үш рет арқалап апарсаң да

құтыла алмайсың.

— Ойбой, мына нарық заманында үш рет апару қайда?

Ұшақтың да билеті қымбаттап кетті ғой.
* * *
Газет редакторы бір журналисті жиналысқа салып жатып:

– Әйеліңіздің айтуы бойынша, Сіз соңғы уақытта

үйіңізге түнемейтін көрінесіз ғой. Оныңыз қалай? Себебін
түсіндіріңізші, – депті. Сонда журналист:

– Басеке, Сіз де қызық екенсіз. Күнде-күнде үйге қона

беремін бе? – деген екен.
* * *

– Газет-журналдарға топтама өлеңдерімді беріп едім. Әлі

жарыққа шықпай жатыр. Ондағылар ай қарап отыр мекен,
шіркіндер?!

– Бәлкім, басылымдарының құнын түсіргісі келмей

отырған шығар.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Жаным-ау, Жаңа жылға жасаған сый-сияпатым болсын,

не жейсің айтшы?

– Отағасы, Сізден өне бойы таяқ жеп келе жатырмын.

Соны бүгіндікке доғарсаңыз болғаны. Біз үшін соның өзі
үлкен сый болар еді.
* * *

– Көптен күткен Жаңа жыл мейрамы да келіп жетті. Енді

сара жолға түсіп, жаңа өмір бастауымыз қажет.

– Ендеше, Жаңа жылда «жаңа әйел» алуға да болатын

шығар.
* * *

– «Көгілдір от» кешінде барлығымыз да өз жанымызға

жақын көретін аң- құстардың бетпердесін (маскасын)
кигеніміз жөн болар. Мәселен, сіз аюдың, сіз қоянның, ал сіз
қасқырдың дегендей.

– Онда сіз түлкінің бетпердесін киетін болдыңыз ғой.

– Өз ұлымның өзіме тартпағанына қайранмын.

– Иә, әйеліңіздің ақ көңілдігінен қорқып едім.

– Сіз бұрынғы директордың әйелі емессіз бе?

– Иә, дәл таптыңыз.

– Ал, қазір ше?

– Жаңа директордың?

– Сіз жұбайыңыздың қандай болғанын қалайсыз?

– Қарапайым Мариядай болса болғаны.

– Онда көп ұзамай, сіз де Виктор сияқты жынданып кететін

шығарсыз.
* * *

– Әже, ұлыңыз бен келініңіз айдындағы аққудай жарасып

қалыпты. Түбінде бақытты болсын.

– Мынау ортан қолдай ұл мен қызды апарып қайдағы

құсқа теңегені несі, ей?!
* * *

– Сен бұл түріңмен жақсы домбырашы бола алмайсың.

– Әрине, сіздей ұстаздан жақсы шәкірт шығу қайда?!

– Балаңыз қай институтта оқиды?

– Білмеймін. Әйтеуір, бітірген соң, директор болатын

көрінеді ғой.
* * *

– Сіз өз шеңберіңізден шығып бара жатқан адамсыз.

– Сонда, мен кімнің шеңберіне кіріп бара жатырмын?

– Сіз өз мақсатыңызға жеткіңіз келсе, байқап басып, ой-

шұқырға түспей жүріңіз.

– Біздің қалада ой-шұқыр жоқ. Соған қарағанда діттеген

мақсатыма емін-еркін жетемін-ау деймін.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Папаңды сағынып жүрген шығарсың?

– Иә, бірақ соңғы хатынан соң, сағынышым басылып

қалды.

– Ол хатында не депті?

– «Саған еш нәрсе ала алмадым» депті.

– Мен Қодар рөлінен бас тартамын.

– Неге?

– Қодар образы арқылы өз мінезімді көрсетіп қоямын-ау

деп қауіптенем.
* * *

– Ары таза, пейілі кең адамдардың тілегі орындалары

анық.

– Сіздің тілегіңіздің орындалмайтынына қайранмын.

– Жаман адамдар реті келгенде өзін мақтап отырады.

– Өзгелерге жақсы көріну үшін, енді өзімізді жамандай

түскеніміз жөн ғой деймін.

– Ойы жаман, мінезі шатақ адамдар ылғи да төмен қарап

жүреді.

– Бәлкім, өз кемшіліктерін мойындағандықтан болар.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР * * * – Әдебиетке араласқан жастар саны жыл санап көбейіп келеді. – Осылар қайда асығады? Зейнеткерлікке шыққан соң, жазса да үлгереді емес пе?! * * * – Қайта құру сіздің отбасыңызға ықпал етті ме? – Еткенде қандай! – Дәлірек айтсақ... – Мысалы, қайта құруға дейін әкем бізбен бірге тұрды да, содан соң оны қариялар үйіне тапсырдық. *** – Сіз соңғы жаңалықтарды газеттерден оқисыз ба, әлде радиодан тыңдап, теледидардан көресіз бе? – Жоқ, тек жұрттан естимін. *** – Ұлыңыздың кім болғанын қалайсыз? – Сыншы. – Неге? Өзіңіз секілді жазушы болса ше? – Өйткені сыншылар мені қазір көбірек қырына алып жүр. Солардан есемді қайтарар деген үмітім бар. * * * – Қарындас, мен сізге өлердей ғашықпын. – Менен басқа өліп-талған қыздарыңыз көп сияқты. – Оған дауым жоқ. Менің жүрегім кең. Оның төрінен сізге де орын табылады.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Сүйінші, әйеліңіз босанды!

– Сонша неге даурығасыз? Әйел екіқабат болған соң,

әйтеуір бір босанатынын өзім де білем.
* * *

– Мен сыншы ретінде сіздің топтамаларыңызды бас

алмай оқып шықтым. Негізінде, шеберлік таныта білгенсіз.
«Жырымды оқып қуанса бір қыз егер. Онда өмірден ешқашан
өшпегенім» деп ақынның ақыны айтар.

– Қатты кетсем кешірерсіз, сыншы болсаңыз да менің

прозаик екенімді білмейді екенсіз.
* * *

– Сіздің сын мақалаңыз маған тіпті де ұнамады.

– Әбден мүмкін! Өйткені ол мақаладағы сын жебесіне сіз

де ілінгенсіз.
* * *

– Басқа мекемеден орын теуіпсіз. Алдыңғысы жайсыз

болды ма?

– Е, алдыңғысы көлденең табысы жоқ, пайдасыз болды

ғой.
* * *

– Балам-ау, «апа, келін түсіріп берем, екі қолыңызды ыстық суға малып отырасыз» дегенің қайда? – Енді соны да көре алмадыңыз ба? Құдайдың құтты күні екі қолыңызды ыстық суға салып, кір жуып жүрген жоқсыз ба?

– Жырлай-жырлай жауыр болған тақырып болғандықтан,

өлеңіңізді жариялай алмайсыз.

– Ойбай-ау, жауыр болған есекті мінген халық, жауыр

өлеңді оқымаушы ма еді?!
* * *

– Басты рольдердің бірі – Қодарды Тағай ойнайды.

– Ол момын ғой. Зұлымның рөлін қалай ойнамақ?

– Сен оны қай уақыттан бері сүйетін едің?

– Бұрын ауылда жүргенде онша ұнатпаушы едім. ҚазМУ-

ге түскелі қатты сүйетіндігімді сезіндім.
* * *

– Елге елеулі, халыққа қалаулы болу үшін не істеу керек?

– Әрине, пара беру қажет шығар.

– Мен сіздің ұлыңызды көшеде мас болып жатқан жерінен

көрдім.

– Ә, бәтшағар. Айлығын алған болды ғой. Әй, қайсың

барсың? Біреуің барып, ағаңның қалтасындағы ақшасын
алып келіңдер. Жоғалтып алып жүрер.
* * *

– Мен онымен ажырасам.

– Не себептен?

– Ол орнынан түсіп қалды.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Қарындас, мен сізге ғашықпын.

– О не дегеніңіз, менің күйеуім бар.

– Онда тұрған не бар?! Мен де отбасылы адам емеспін бе?!

–Үйлену – оңай, үй болу – қиын, балам.

– «Тұрғын үй – 96» бағдарламасы орындалғанда, үй болу

да оңай болатын еді, әке!
* * *

– Әттең, оқи алмай қалдым. Егер мен оқығанда бар ғой,

мектепті тура алтын медальмен бітірер едім де, университетке
түсіп, оны да қызыл дипломмен аяқтар едім. Одан әрі министр
де болып кетуім ғажап емес еді...

– Сіз «Әттең май жоқ. Ұн болғанда, көршімнің қазанын

алып, бауырсақ пісірер едім» дегеннің керін келтірдіңіз ғой.
* * *

– Қыздың қулығы қырық тракторға жүк болады. Немесе

қырық том кітап болары анық.

– Иә, ол қулықты шығару да өнер ғой.

– Кедей – бай, бай – Құдай болғысы келеді.

– Құдайдан үлкен ешкімнің болмағанына шүкір.

– Жалғыздың шаңы шықпайды.

– Әрине, егер ол тротуарда жүре берсе, қайдан шықсын?!

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР * * * – Сіз өмірден өз еншіңізді алып біткен шығарсыз?! – О, не дегенің. Әлі машина алғаным жоқ қой. * * * – Балам-ай, дәрігерсің ғой. Жүрегім ауырып жүр еді. Бір емін тапшы, айналайын. – Жарайды, әже. Тек қай жүрегіңіз ауыратынын анықтап айтыңызшы. * * * – Өмірдің өзі драма. – Сонда режиссері тағдыр ма? * * * – Ұлым, сен туғанда қуанғандықтан болар елекпен су тасыдым. Сол еңбегімді ақтай алар ма екенсің? – Иә, әке, ақтаймын. Егер менің ұлым дүниеге келсе ,түбі жоқ шелекпен де су тасуға бармын. Бірақ ол еңбекті ұлым ақтай алса игі еді. – Е, балам, сенің уайымың менікінен басым түсті. Тәңір тілеуіңді берсін! * * * – Жергілікті өкілді органға өз кандидатураңызды ұсынуын ұсынып ап, қаннен қаперсіз жүргеніңіз қалай? Жұрттың бәрі дүрлігіп, үгіт-насихат жүргізіп жатқанда. – Нағашым «көмектесемін» дегендей қылып еді. Ағайынның жақындығы осындайда білінбеуші ме еді?!

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ * * * – Сіз бұл іске бел шешіп кірісіңіз. – Ойбай, онда шалбарым түсіп кетеді ғой. * * * – Балықтың су ішпейтіні рас па? – Қайдам, шөміш алып, су ішіп жатқанын көргенім жоқ. Ішпесе, ішпейтін шығар. – Міне, көрдіңіз бе? Олардың су ішпейтін себебі, көлде, теңізде жүріп, әбден мастанып кеткен. Шөлде жүрсе, көрер едім. *** – Сіздің бұл сөзіңіз қышыған жерден тиді. – Енді мен білемін ғой, қай жерде «битіңіздің» барын. * * * – Сіз мені неге ортадан шеттетіп отырсыз? – Ол не дегеніңіз. Егер сізді шеттетер болсам, төрде отырмаған болар едіңіз. * * * – Көшеде мас болып ұйықтап жатқан жеріңізден ұлыңыз көріп, жиіркеніп өтіпті. Ұялмайсыз ба? – Сіз де қызық екенсіз. Қорылдап ұйықтап жатсам, қалай ұялам?! * * * – Сіз өмірде махаббаттың бар екендігіне сенесіз бе? – Жоқ. – Сонда қалай? Сіз Қозы мен Баянның махаббатын да жоққа шығарғалы отырсыз ба?

– Иә, себебі Қозы мен Баянның өмірі ұзаққа созылғанда,

олар да түбі ажырасып тынар еді.
* * *

– Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын.

– Кешіріңіз, бәрібір ұлыңызды оқуға түсіре алмаймын.

– Әже, нанды неге мұздатқышқа салып қойғансыз?

– Қатып қалмасын дегенім ғой.

– Адам өзінің бақытты екенін қайдан білуге болады?

– Бақыты кеткен соң біледі.

– Дәрігер менің ауруымның диагнозы қандай?

– Соқырішегіңізге қатты суық тиген.

– Сен мені сүйесің бе?

– Сүйем, әрине сүйем.

– Сен мені қай кезде жақсы көріп кетесің?

– Сені тамақ пісіріп жатқаныңда жа-а-қ-с-е-е-е көріп кетем.

– Сен ойнамай, шыныңды айтшы. Сен мені қатты-қатты

сүйесің бе?

– Иә, мен сені қатты-қатты сүйем.

– Менсіз саған өмір жоқ па?

– Иә, сенсіз маған өмір жоқ.

– Мен өлсем, сен де өлесің бе?

– Әрине, сен өлсең, мен де өлем.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Қалай өлесің?

– Тамақ пісіріп беретін адамым өліп қалған соң, аштан

өлетін шығармын.
* * *
Ең алғашқы мақаласын ұсынған бір автор редакцияға:

– Мұның қаламақысын тезірек берсеңіздер екен, – дейді.

– Неге? Ең алдымен мақалаңыз газетке шықсын да. Сонан

соң, береміз ғой.

– Ақша сондай қажет боп тұр еді. Жақында інім үйленгелі

жатыр.

*** – Туһ, балам сені де үйрете-үйрете шаршадым ғой. – Әке, ұйықтап, дем алып тұрғаныңыз жаңа ғой. СТУДЕНТ ӘЗІЛДЕРІ –Жылы орныңды суытып, басқа жатақханаға қоныс аударып бара жатырсың ба?

– Кім біледі? Бәлкім, көшіп бара жатқан жатақханам бұдан

да жылырақ болар.
* * *

– Сен я оқуыңды оқы да немесе жұмысыңды істе. Екі

кеменің басын ұстаған су қармайды.

– Ал, егер ол балықша жүзетін болса ше?

– Осы сендердің бөлмелеріңнің жылып я болмаса ысып

тұрғанын көрген жоқпын. Қашан көрсең «жаңғақ шағып»
отырғандарың.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР – Неге? Жаздың күні келші, балконыңды ашпай отыра алмайсың. *** – Өмірдің өзі тарих... – Қай тарих! Лекциясы ма, әлде семинары ма? *** – Жатақханаларың суық па? – Иә, бірақ әзірше мұз қатқан жоқ. * * * – Бесінші курсты бітіресің. Неге үйленбей жүрсің? – Немене, өмірге тағы бір алиментші әкені қосуға асығып жүрсің бе? – Ә, бәтшағар, онан да әр гүлге бір қонған арамын, өз тағдырыма өзім сенбеймін десеңші... * * * – Біздің группадағы «еті тірі» деген жігіт жалғыз сенсің, – деді Мұхтарға бір курстасы әзілдеп. Сонда Мұхтар: – Оны өзім де білем. Менен кейінгісі болса да сенсің ғой, – деді оған кеудесін керіп. * * * Студент: – Ағай адам түсінде не көрсе, өңінде сол бола ма? Профессор: – Әрине. Студент: – Онда маған зачет қойып беріңізші.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Профессор:

– Неге?

Студент:

– Түсімде сізден зачет алып жүр екенмін.

– Ағай, зачет қойып беріңізші.

– Зачетті университеттің дәлізінде емес, кафедрада

сұрағаныңыз жөн болар. Кафедраға жүріңіз.
Екеуі кафедраға келеді.

– Зачет кітапшаңызды беріңіз.

– Мінеки, ағай.

– Аты-жөніңізді айтыңыз. Қай курста оқисыз?

– Мұхтар Атабековпын, 3 курста оқимын.

– Мұхтар, айналайын, сіз зачетті менен алуыңыз қажет пе,

әлде Мархабаевтан ба?

– Мархабаевтан.

– Онда неге маған келіп тұрсыз?

– Сіз Мархабаев емессіз бе?

– Жоқ, мен – Қозыбаевпын.

– Кешіріңіз ағай, курстастарым «Мархабаев, көзілдірік

киген сары кісі» деген соң, сіз бе деп қалдым.

– Ә, бәтшағар, ең болмаса оқытушыны да танымаймын

десеңізші. Сабаққа жиі келіп тұрыңыз. Сонда қателеспейсіз.
Мархабаев та – мен сияқты сары, көзілдірік киген кісі.
Барыңыз, тауып алыңыз.
* * *

Сабаққа кешігіп келген Мұхтарға профессор:

– Деканатқа барып біліп келіңізші, бүгін коолоквиум бар

ма екен? – деді. Коолоквиум деген оқытушының фамилиясы
екен деп қалған Мұхтар деканаттан келді де:

– Ағай, Коолоквиум ағай деканатта жоқ екен, – деді.

МАҒЫНАСЫ

МАЙЫСҚАН

МАҚАЛДАР

VІІІ БӨЛІМ

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Жаңа қазақ мақтанса, Ағылшын тілін білем дер. *** Сана жеңбегенді, Пара жеңеді. *** Заңгерге заң жүрмейді. *** Тағы бардың сағы сынбайды. *** Тояр жерге туың тік. *** Қызмет санасы барға емес, «Каналы» барға келеді. *** Байдың шарапаты тиер тар жерде, МАИ-дың кесапаты тиер әр жерде. *** Жаман қазақтың аузында – сүр ет, Жаңа қазақтың алдында – күзет.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР *** Сақау әйелге жолама, Сайқал сайлауға жолама. *** Кәпір сало жейді, Қазақ «Рама» жейді. *** Бір қазақ «Мерс» мінсе, Жүз қазақ кебіс киеді. *** Тоқалсыз еркек – сақалсыз теке. *** Қазақтың атадан қалған еншісі – Билік. *** Журналистің жазғаны – керім, Жегені – желім. *** «Ә» десе, «мә» деген қатыннан без, «Мә» емес, «бер» деген жақыннан без.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ *** Мат болған кәрөлден, Шах қойған пешкі артық. *** Рэкеті жоқ базар – жетім. *** Әйел жүрген жерде шу қалады. *** Мастың тілін полиция түсінеді. *** МАИ-дың тоқтатқанынан, Дәметкені қызық. *** Қатын түнде жаман емес, Күндіз жаман. *** Ашу – тапанша, Ақыл – доллар.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР *** Құдалықта киген тон келте болмас. *** Сырахана жағалағанның шөлі канбайды. *** Демеуші болмаған фирмадан, Қаңырап тұрған ферма артық. *** Ұл өсірме, қыз өсір, Қалыңмалы оның көл-көсір. *** Өзіңе тартпаған ұлдың түбі – шикі. *** Бастықты есепшісі асырайды. *** Жалғыз өзім сау болғанша, Көппен бірге «мал» болайын. ***

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Тергеушісіз қылмыскер де «сайрамаған». *** «Әкім біледі» деген өседі. «Өзім білемін» деген өшеді. *** Лауазым иесі орнынан түссе де, Билік айтуын қоймайды. *** «Рэкет» жоқ деме, жар астында, «Ұры жоқ» деме, тауар қасында. *** Әйелдің шашы қысқа, Қулығы мен құрығы – ұзын. *** Қызға барсаң – қызып бар, Қызып барсаң – қызық бар. *** Бір полиция екі парақорға татиды. *** Әйелге айлығыңды берсең де, Шайлығыңды берме.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР Екі бойдақ жабылса, қыздың соры. *** Әйел аузы сөйлесе, Еркек аузы жоқ болады. *** Атасы бардың жорғасы бар, Әжесі бардың дорбасы бар. Ағасы бардың «Вольвосы» бар, Тоқалы бардың сор басы бар. *** Рэкеттен қорыққан, Сауда жасамас. *** Қонақ есіктен, Ұры тесіктен кіреді. *** МАИ инспекторының азығы – жолда. *** Ұры мен сатушы бұйырмағанын жейді.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ *** Күйеуінің ішкісі келгенде, Әйелінің тышқысы келеді. *** Әп-әдемі-ақ қыз еді, Негрге тиіп қор болды. *** Бюрократтардың уайымы бір. *** Шағым шын болмаса да, Шымбайға батады. *** Әйелімнің кеткеніне емес, Құтылғаныма жылаймын. *** Бір парақор қолға түссе, Қырық парақор түс көреді. *** Теңгеге қызыққан қыз құшады, Жеңгеге қызыққан құзға ұшады.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР *** Адамның басы – мафияның добы. *** Саудагерде қырық кісінің ақысы бар. *** Әр басшының тұсында бір арызқой. *** Жолсерік бірде малды, бірде малсыз. *** Коррупция шекіспей, бекіспейді. *** Ресейдің «Волгасы» озғанша, Шетелдің «Вольвосы» озсын. *** Ақша – араққа, Тиын – тамаққа.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Кәйіп қызығын ішкен білер. *** Өлген кезінде бәрі жақсы, Жаман адам қайдан шығады? *** Екі орынбасар ерегіссе, Бас инженер бастық болады. *** Қызметкерлер шыр айналар алдыңда, Креслоң болса ұсынар. *** Жезөкшеден аяман жұрттың байын. *** Мафияға да қорғаушы керек. *** Бұзылған қыз ер таңдамайды, Маскүнем жер таңдамайды. *** Студент жоқтығын білмейді, Бизнесмен тоқтығын білмейді.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР Бұзылайын деген қыз үйде тұрмайды. *** Әкімнің қолында мөрі бар да, Қадірі көп. *** Көріпкелдің айтқаны келмейді, Сығанның сандырағы келеді. *** Біреудің байы біреуге, Тауар артқан КамАЗ-дай көрінеді. Біреудің әйелі біреуге, Мерседестей сылаңдайды. *** Таразыдан жеген тиын, Құйттай да болса – олжа. *** Зачет ала алмай жүріп, Сынақтан сүрінгенге күлме! *** Жезөкшеде жаттық жоқ.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Айлық берген лауазым, Байлық та, шайлық та берер. *** Торға түсер баланың қылмыспенен ісі бар, Торға түспес баланың қылмыста не ісі бар?! *** Мафияның қолтығы кең, Құйрығы ұзын. *** Алтыннан салған тісің түспесін, Ішкі істер бөліміне ісің түспесін. *** Парақор сотта тек те, кек те жоқ. *** Ұры тойынған жерге өш. *** Саудагер алтыннан үй салса да, Тиын санағанын қоймайды. ***

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР Күйеуі жоқ күні, Әйелі құтырады. *** Әйелдің бажылдасқаны – ақылдасқаны. *** Аңдамай сөйлеген косякқа кіреді. *** Бос шөлмектің қадірі жоқ. *** Баға жағадан алғанда, Рэкет етектен тартады. *** Бастық күлсе, Орынбасары езу тартады. *** Адам адамнан артық емес, Боқ байлығы болмаса. *** Мастың қызуы қайтқанша, Той тарқайды.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ *** Долы әйелдің үйінде, Күнде айқай, күнде шу. *** Қаланың бәрі – базар, Базардағының бәрі – тажал. *** Әйел ашуын өсектен алады. *** Мафияның басы болмасам да, Теңселген масы болайын. *** Мыңның атын білгенше, Бірдің қызметін біл. *** Бұзылған қыз тумай қоймайды. *** Ержеткеннің түсіне, Бойжеткен кіреді.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР *** Сұлу қыздың қызығы – Неке түні өткенше. *** Параны берген емес, Алған – жомарт. *** Ұлым, саған айтам, Күйеу бала, сен тыңда! *** Танысыңа сенбе, Табысыңа сен. *** Күйеу – қорқақ, Әйел – батыр. *** Абитуриентті оқуға кім түсірсе, Сол ыстық. *** Тоқал алсаң, Бәйбішеңнің көзінен жас шығады.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Табысы бардың ұзаққа шабысы бар, Танысы бардың билікке шансы бар. *** Жақсы қатын тамақ берер сорпасымен, Жаман қатын қабақ берер мордасымен. *** Қатын көп жерде, Қамыр піспейді. *** Еркек жүрген жерде, Шөлмек қалады. *** Паханын көріп тиіп ал, Маханын сразу тыйып ал. *** Күйеуін құм қылған әйел, Елін де сұм қылады. *** Отырған қыз омалар, Жастық шағы домалар.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР *** Ананың көңілі – базарда, Баланың көңілі – басжазарда. *** Бастықтың бағы, Қызметкердің жағы үлкен. *** Рэкет қорқытады, Мафия батырады. *** Жезөкшенің қойны ортақ. *** Өз әйелің ұрыспаққа жақсы. *** Бастық ашуланса, Еден жуушының мұрны қанайды. *** Бастықтың айтқанын қызметкері де айтады, Тек қолында билігі жоқ.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ *** Алдай білген арбайды, Арбай білген алдайды. *** Маскүнем – арақтың құлы. *** Ұры тәрбиесі – тесіктен. *** Сұрамаған басшыға Пара бермейді. Пара бермеген соң, бара бермейді. *** Жүзің жарқын болғанша, Тісің алтын болсын! *** Ұрығың қисық болса, Ұлыңа өкпелеме. *** Әйелінің аузы жыбырласа, Күйеуінің қолы қимылдайды.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР Басшы – ұрысқақ, Хатшы – тырысқақ. *** Салық көп болса, сауда «өледі». *** Ержеткеннің ойлағаны – арамдық, Бойжеткеннің ойлағаны – амандық. *** Екі бастықтың құйрығы, Бір креслоға сыймайды. *** КамАЗ-дан жүк қалмас, Бастықтан түк қалмас. *** Байы бар, байы бардың, Оптом сатар майы бар. *** МАИ-дың таяғымен Әкімді қорқытпа.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Күйеуі арақ ішсе, Әйелі тұз жалайды. *** Енеге туған күн, Келінге де туады. *** Жақсы қатын жылда туады, Жаман қатын белден «қуады». *** Пара бермегенге, Құдаң да қызмет бермейді. *** Қатын байыса, Байын ұрады. *** Бастық бір сүрінсе, Орынбасары қырық сүрінеді. *** Бастықты алтынмен аптасаң да, Жырымдап жеуін қоймайды.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР Сыйлыққа алған «правоны», МАИ-дан несін аяйын?! *** Ене жоқта, Келін шығар сумаңдап. *** Әйел тоймай, Күйеу байымайды. *** Ене жаманға саналса да, Адамға саналмайды. *** МАИ-дан қорыққан, Мәшине мінбес. *** Мордам ужас болса да, Фигурам прелесть. *** Сырын білмеген қатынның Қасына жатпа.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ *** Тонналап сатсаң, құтыласың, Граммдап сатсаң, тұтыласың. *** Біздің сотта туған көп, Туғанды сотта иман жоқ. *** У ішкен бір өледі, Арақ ішкен мың өледі. *** Қатын қартайған сайын құтырады. *** МАИ-дан құтылсаң, Алдыңнан кеден шығады. *** Тіл – өсекші, Көз – стукач. *** Таңғы нәсіп табыстан, Түскі асым таныстан.

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР *** Ұл берген Құдай пұл да береді. *** Жоғарыда «краны» жоқтың, Артында тірегі де болмайды. *** Жұмаққа жетелеген тіл, Тамұққа да тартар. *** Парақорға бәлеқор жолығады. *** МАИ-ды жамандаған жаяу қалар. *** Парақор қайда болса, Зобалаң сонда! *** Бастық байлығын білдірмес, Елге қарап қол жаяр. ***

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Бастықтың «жаманы» жоқ, Дегенмен, жел сөзден аманы жоқ. *** Дауыс жетпейтін жерге, Арыз жазба. *** Шолақ шенеунік алып та «жығады», Шалып та «жығады». *** Депутат дауыс жинарда шынығады, Мәжіліс отырысында тынығады. *** Әкімнің иілгені – тынғаны. *** Жаңа қазақтың қатыны – шала қазақ. *** Жаңа қазаққа сын «ауыр» тиеді, Жаман қазаққа мін «тәуір» тиеді. ***

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР Тақ – оттан да ыстық. *** Екі тентек таласса, Полицияға «жем» түсер. *** Министрдің қанаты – «Мерс». *** Барды байлық өлтірер, Жоқты айлық өлтірер. *** Шенеунік атақ үшін туады, Билік үшін өледі. *** Үкіметке халықтан Cалық қымбат. *** Қырық өтірік сайлауда шығады, Шындықты шыңырауға тығады. ***

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Әкесі байдың – баласы бай. *** Депутатты «сайрай бер» деп дауға қой, Министрді «сата бер» деп малға қой, Ал халықты қару беріп, жауға қой! *** Төрт жылда Парламент жаңа, Үкімет ауысса – қазан. *** Үш рет депутат болсаң да, Халықтың қарызынан құтыла алмайсың. *** Браттан гөрі, Блатың күшті болсын! *** Офисте оймен ою оймаса да, Мәжілісте сөзбен сызу сызады. *** Шенеунікте шер жоқ. *** Параны ала білген, Жоғарыға бере де біледі.

ӘЗІЛ ӘЛЕМІ

ІХ БӨЛІМ

ӘЙЕЛІМДІ САТАМЫН БҰЗЫЛЫП (әйелім естімесін), яғни ауырып жатқан әйелімді запчасть ретінде сатамын. Мінезіне капремонт қажет. Артық доңғалақтары, ой-б-у-у қара домалақтары жоқ. Ұрыс кезінде моторы тез оталады. Сөндіру қиын. Короткий замыканиесі ұстаса, талып қалады да радиатораузынан көбік шашады. Қатын – 1972 жылғы. Қыз кезінде в масле алғам. Корпусы кең. Базарға жүк тасуға жарайды. Түр-түсі шоколадный. Багажы дутый. Облицовкасы нетолау демесеңіз, жалпы моторы жақсы. Ұзындығы – бір де жетпіс. Ені – бір де қырық. Салмағы – таза таразбен тартқанда 180 кг. Спирт, коньяк, вино, сыра және сүт қосылған шаймен, кей-кейде қара сумен де жүре береді. Бағасы – қалыңмалдан көп төмен. Басқа варианттарға да көнуім мүмкін (Құтылсам болды). ЕСКЕРТУ: Бір сатылған соң қайтып алмаймын. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін. Алатын адамның запасной жүрегі болғаны абзал. «ШЫҢҒЫСХАН» ЖАРНАМАСЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ «ШЫҢҒЫСХАН» – жоғары сапалы әрі саналы «Жаңа қазақтарға» арналған темекі. Дәмі балықтың, ой-й-б-у-у жылқының қазысындай өте та-маша. Исі – жаныңыздағы бір қауым елді тұншықтыруға жарайды. Қорабына құны алтынмен пара-пар қара икраны салып, кез келген кеденнен кідірмей өте аласыз. Қорап сыртындағы суретпен жылаған баланы қорқытып, жұбатуға болады. Оның әрбір данасы 3 минут өміріңізді қысқартып, жұмаққа баратын уақытыңызды жеделдетеді. Бұл темекі дақылы тозақ алқабында өсіріліп, жын-шайтан дәретімен суғарылған. Осы темекіні тартқан ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

екі аяқты еркін де тәкаппар пенделер қарсыластарын жаулап
алуға бейім тұрады. Он жерден қой аузынан шөп алмайтын
жан болсаңыз да, «Шыңғысхан» темекісінің бір данасын
тартқан соң «темір» Тайсонның жағасын жыртып, қолына

бересіз. Испания алаңдарындағы қызыл көрсе, қуа жөнелетін
бұқаның да қос мүйізін қанын сорғалата суырып, желкесін
қиятыныңызға күмән жоқ. Бұл темекінің құны – теңгесі
тасып, қайда шашарын білмей жүрген адамдарға арналған.

Сондай-ақ,
«Шыңғысхан»
темекісін
жұма

күндері
адыраспан орнына түтетіп, иіс шығарсаңыз сауап ала­сыз.

ЕСКЕРТУ:

Отау Қаржы министрі темекі сатып алу – отбасы қа­
зынасына және бала-шаға несібесіне едәуір зиян кел­тіретінін
ескертеді.

АЛҚАШТЫҢ АҚЫЛЫ

Қу құлқынды құрғатпайтын – өзіміз.
Сондықтан: Таңертең ірің басқан көзіңді тырналап
ашпастан бұрын, ішінде есектің миындай миы жоқ зілбатпан
басыңды құсықтың исі сіңген жастықтан көтермей тұрып,

пахмельді қайдан табатыныңды жоспарлап ал.
Өлген қойдыкіндей алайған көзіңді сексеуілдей тарбиған
саусақтарыңмен уқалап, тілім-тілімі шығып кезерген ерніңді
тіліңмен жібіткен соң, «жүргенге жүз грамм ілігеді» деген

қағиданы қауашағыңда ұстап, базар-вокзалды адақта.
Рәпет-келбеті, бет-жүзі, морда-облицовкалары таныс
адамдардың барлығынан амандықтан бұрын жүз теңге
болмаса да жүз грамға жететіндей қайыр (налог десең де

болады) сұра.
Арақ-шарап ішіп отырған кез келген топқа барып:
«бауырым, қазақпыз ғой» деп ұлтжандылығыңды білдіріп,
көкірегіңді ұр.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Маскүнемнің – ұлы, арақтың – құлы, спирттің – үмбеті
екеніңді, әсте ұмытпа.
Шақырған жерден де, шақырмаған жерден де (соңғысы
сенімділеу) қалма. Сонан соң, таяу арада той-томалақ

жасайтын отбасылардың тізімін түзіп, тауықтың миындай
(егер ол болса) миыңа кодтап, дер кезінде рейд жасап, сүзіп
шық.
Арақ жоқ жерден алты қадам ары жүр.

Айың оңынан туып, жарып қалған күндері бөтел­келес
бауырларыңды есіркеп, мүсіркеп қой. Түбі қайта­ры­мы
болады.
Қызыл шәпкіліні көргенде он жерден мас болсаң да қашпа.

Алқаштық абыройың түседі. Олар қалтасында көк тиыны
жоқ сені керек те етпейді. Қайта олар сенен қашсын.
Араққа «тойып» алған күндері өшіп қалмай тұрып,
қоғамды түлету, реформаларды жүргізу, Үкіметті басқару

жайлы «тың идея», «құнды пі-кір», «лекцияларыңды»
көлденең өткен көк аттының бәріне айтып, жарнама жаса.
Олар сенің «данышпан» екеніңді мойындасын.
Жалғасын басың жазылған күні тауып алып оқыр­сың.

ҚҰТХАННЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Атамның №2 тоқалының, яғни менің әжемнің үйінде
тұратын самец Қоқатай мен самка Катяға!
Асыл тұқымды паханым Қоқатай мен сүт қоректі маханым
Катяны «Отау» атты совместный фирмада бастары піспей келе

жатқандарына ширек ғасырдай уақыт толуымен по очереди
құттықтаймыз!
Осы жылдар ішінде екеуі «Отау» фирмасының керегелерін
талай рет керіп, уықтарын шашып, шаңырақтарын люстрадай

қозғалтып, офистарының күл-талқанын шығарып жүрді. Итше
ырылдасып, қораздарша қоқилана шоқысты. Қатындарша без

правил керісті, таэквондисше тебісті. Бірақ екеуі де «еркек»
емес пе?! Жүз грамм ішіп, қайта татуласа қояды. Қысқасы,
айрандай ұйып, іркіттей іриді. Постоянно өздерін оппозицияда
ұстап, бір-біріне билікті бермейді. Бір жақсысы фирманы

жауып, мені сокращениеге жіберіп, өздері ажырасып, тарап
кеткен емес. «Үйренген жау алыспаққа жақсы» деген ұрандары
бар.
Міне, осы айтулы датамен мамамның күйеуі мен папам-

ның әйелін тағы да өзімнің шын да таза жүрегіме, атам мен
әжемнің «самопал» жүректерін қосып, ішек-қарнымызды
араластыра отырып, өкпе-бауырды алып тастап құттықтаймыз.
ПАПАМА ақ аюдың денсаулығын, бегемоттың б­асын, көк

қарғаның жасын, балықтың тілін, үйректің үнін, маймылдың
телосын, солдаттың бельесын, қасқырдың қасиетін, қоянның
жас етін, жапалақтың тәтті ұйқысын, иттің ішпейтін ащы
суын тілейміз.

МАМАМА ұрғашы аюдың денсаулығын, көкектің сәнін,
шегірткенің әнін, шошқаның аранын, негрдің бананын,
кенгрудің дорбасын, әжемнің жылытпа сорпасын, түлкінің
қулығын, тышқанның сұмдығын, тауықтың махаббатын тілей

отырып, сиырдай симпотичный боп, құмырсқадай жөтелмей
ойнап-күліп, байыңа ұрсып жүре беріңіз демекпіз.
Игі де ізгі и беп-белый молочный тілекпен оригина­ль­ный
ұлдарың Құтхан және бессмертный атам мен әжем.

КОММЕРСАНТТЫҢ

ҮШ ЖҰРТЫ

(базар тілінен қалған сөз)
Коммерсантың үш жұрты болады.
Бірінші жұрты – конкуренттері.
Екінші жұрты – оптовиктері.

Үшінші жұрты – клиенттері.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Базар тілінде мұны: конкуренттерің – күншіл, оптовиктерің

– міншіл, клиенттерің – сыншыл деп те мақал-мәтелдетеді.

Яғни, конкурентің зор болсаң, көре алмайды, қор болсаң,
бере алмайды. Дұры-сы – бермейді де. Тауарыңды сатсаң
күндейді, сатпасаң жүндейді. Общым, Сізге жақсылық
атаулыны тілей білмейді. Мысық тілеулес болады.

Оптовиктерің – тауарыңның сапасына қарайды, бағасына
қарайды. Арзан берсең жағасың, бермесең дау­ға қаласың.
Клиенттерің – жолыңа, қолыңа қарайды. Бағасын түсіріп
берсең, саудаңды тілейді, тілеуқор болады.

САЯСИ «КҮНДЕСТІҢ» КӨҢІЛ АЙТУЫ

Америка Құрама Штаты осы ғасырдың аяғына дейін елес
қуып, өзі қартайып алжығанша он бес ұлына енші бермей,
бір шаңырақтың астында буындыра ұстап, сүйекке таласқан
иттей бізбен ырылдасып келген, сұлу да салиқалы тоқалды

көре алмайтын бәйбішедей болған саяси «күндесіміз»,
марқұм КСРО-ның тоз-тозы шығып, тарыдай шашылуына
байланысты саясат үшін амал которыйлап көңіл айтады.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Тұңғыш әйелім Сарыағашта демалып жатқан кезінде,
оның жанына еркек атаулының жолауына (мейлі, дәрігер
болсын), арам ниетпен амандаспақ болып қол алуына, екі
жері түгілі, бір жерін ұстауға, бол-болдап қыштауға, сөз

бен көз салуға, сыйлық беріп, қайта алуға, тілдесуге, кино-
театрға, ресторанға жүр десуге, атын сұрауға, өзін сынауға,
оны билетуге, күйлетуге, мақтауға, баптауға, ішкізуге, «кіш»
дегізуге қатаң тыйым салынады.

Күйеу әкімшілігі

ЖЫНИ ЖҰЛДЫЗ

ЖОРАМАЛ

ТҮЛЕГЕН ТОҚТЫ. Бұл аптада бір істі бастап, аяғына
дейін апармай тастап, «ни рыба, ни мясо» дегендей, не әрі
емес, не бері емес, дел-сал күй кешесіз. Аптаның соңына
карай екі қолыңызды төбеңізге қойып, басыңыз ауған жаққа

лағып, безіп кеткіңіз келеді. Бірақ баратын да жеріңіз жоқ
қой, сорлы-ау. Сәтті күніңіз бұл аптада жоқ. Бомапты да.
ТЫРИҒАН ТОРПАҚ. Бизнестегі жолыңыз жабылға­
лы тұр. Ай бойы болмаған саудаңыз «енді болады екен» деп

дәмеленбей-ақ қойыңыз. Оңбай банкротқа ұшырайсыз. Сау
адамның тамағын ішіп, жынды адам­ның сөзін сөйлейтін
уақытыңыз алда. Процентке алған қаржыңыз күн санап
өсе түсу-де. Кескен теректей күнде сұлап жататын, өзіңіз

айтпақшы, «масыл байыңызды» сатсаңыз да құтыла
алмайтын түріңіз бар. Сәтті күніңіз – дүйсенбі. Барахолка
істемейді. Емін-еркін демаласыз.
СЕМІЗ ЕГІЗДЕР. Сізді осы аптада пара алып жатқан

жеріңізден «менттер» ұстағалы жатыр. Екі шоқып, бір қарау
аз, бір шоқып екі қарап, сауысқаннан сақ бо­лыңыз. А, то олар
Сізді крупно «сындырады». Лажы бол­са, бұл аптада қолыңыз
қышып, алақаныңыз ысып, өліп бара жатса да пара алмай,

әліптің артын бағыңыз.
ҚАРА ШАЯН. Ойпырм-ай, ептілігіңіз-ай, осы Сіздің. Бұл
жолы да жұртты несібесінен қағып, айлықтарын айналымға
салып, арсыздығыңыздың арқасында біраз пайдаға кенелгелі

тұрсыз. Бұйырсын-ау. Бірақ көптің қарғысы тек кетпейтінін
ескергеніңіз жөн. Қолайсыз күніңіз – жұма. Ішкен-жегеніңіз
желкеңізден шығып «құ­сасыз».
АЗУЛЫ АРЫСТАН. Ең болмаса, бүгін ішпей-ақ қойы-

ңызшы. «Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жыл бойына сон-
дай болып өтесің» дейді ғой, білгіштер. Бәл­кім, осы аптаның
басында ішпесеңіз, соңына дейін ұрттамайтын шығарсыз.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Әйтпесе, аузыңыз спирттен құр­ғайтын емес. Денеңізге
шырпы тигізсе, шашлық болғалы тұрсыз. Баяғыда бір алқаш:
«Арақты өмірімде бір-ақ рет іштім. Қалғанының бәрі пахмель»
деген екен. Сіз сол алқаштан асып түспесеңіз, әзірге, «шүкір»

кем емессіз. Құрғап қалған құлқынды жібіткен күнді – сәтті
күнге есептей салыңыз.
БІРТҮРЛІ БИКЕШ. Пәнзиланың байына қы­лымсып,
қырындағаныңызды қойыңыз. Ол Сізден күдік­теніп жүр.

Ұстап алған күні шашыңызды санап, қолыңызға беру қаупі
бар. Бетіңізде Пәнзиланың «қол­таң­басы» қалуы да ықтимал.
Сәтті күніңіз Пәнзилаға байланысты болмақ.
«ЖЕЙТІН» ТАРАЗЫ. Бір килограмнан төрт жүз грамм

жемесеңіз, ішіңіз кебетін боп жүр. «Таразыдан же­ген о
дүниеде тасбақа болады» деген сөзден де қо­рық­пайсыз. Бұл
дүниедегі полициямен ауыз жаласып қой­ғансыз. Өзіңізге
сенімдісіз. Айтпады демеңіз, осы апта­да тәубеңізге келесіз.

Бірақ бәрі кеш болады. Жа­қын­дарыңыз сотқа пара беріп,
құтқарып алған күн – Сіз үшін сәтті де тәтті болатын шығар.
СТРАШНЫЙ САРЫШАЯН. Қызыңызды негрлер көп
төңіректегеніне қарағанда, таяу арада Африкаға құда­лыққа

баратын сияқтысыз. «Костюм-шалбар кие­мін» деп иегіңіз
қышымай-ақ қойсын. Жа-пырақ байлап келетін шығарсыз.
Жираф мініп, банан жеп дегендей...
МЕРГЕНСЫМАҚ. Тамақты қарбыта бермей, тарты­

нып ішкеніңіз дұрыс. Мезгілсіз ораза тұтсаңыз, тіпті
жақсы. Табысты өзіңіз күреп тауып жатсаңыз сөз басқа. Ал
әйеліңіздің базарда күнұзақ тұрып тапқан ақшасы Сіздің
қарныңызға құйылуда. Соңғы кездері Сіздің «ап­петитіңізге»

қарап әйеліңіздің жылағысы келіп жүр. Сәтті күніңіз – сенбі.
Ол күні тойға барып, тегін тамақ ішесіз.
САҚАЛ САТҚАН ТАУЕШКІ. Өткен аптада үйіңіздің тө­
рін­де қонақ боп шалжия жатып, бас жеп, арақ ішіп, киерін

киіп, парасын алып, Сіздің қызметіңізді кө­теретін боп кеткен
лауазым иесі уәдесін жұтып, Сізді саз­ға отырғызып кетті.

Енді одан қайран жоқ. Апта емес-ау, ай бойы ішіңіз қыж-қыж
қайнап, тұз жалайсыз. Сондықтан, тікен тұз дайындаңыз. Ол
әйеліңізге де жететін болсын. Сәтті күн сатып аламын десеңіз
де жоқ.

ПОДХАЛИМ СУҚҰЙҒЫШ. Әй, сужұқпас-ай, сужұқпас.
Бастыққа жағынамын деп өзіңізде жоқ өнерге әуессіз-ау. Оған
күнді әперемін деп «күйіп» қалмаңыз. Су түбінен маржан
теремін деп тұншығып өлмеңіз, әйтеуір. Әйтпесе, пенде

болармысыз...
КОПЧЕННЫЙ БАЛЫҚТАР. Шөліңіз қанбай жүр. Тап
бір сахарадан келген түйедейсіз. «Суаттан» бас ал­май­сыз.
Тіпті, сыраханаға қоныс аударып алсаңыз да бо­лады. Қу

құлқыныңыз кебеді де тұрады. «Өлген» ба­лық та Сізден бір
айрылмайтын болды. Аптаның жеті күні де Сіз үшін сәтті.

АРЫЗДЫҢ ӘЛЕГІ

Тәңірім тыныштығын берсе, бір тынығайын деп, құдамыз
үйлену тойымызға алып келген диванға гүрс етіп құлағаным
сол еді, туылған күніме сыйлаған басбухтың қызыл телефоны
безілдеп қоя берді. Әйелімнің тұңғыш баласы телефон

тұтқасын маған ұсынды да «Кім екенін білмеймін» дегендей,
екі иығын қиқаң еткізді. Әншейінде басбух болса, қарнын
сипап, орынбасарым звондаса, басын сипап (таз екенін
ескерген болар), маған алдын-ала ыммен түсіндіруші еді.

«Бұл кім болды екен» дедім де трубканы қолыммен сығымдай
түсіп, қарлыққан даусымды түзетіп алайын деп жөткірініп
алдым.

– Тыңдап тұрмын.

– Қисық Танауов Сіз боларсыз?

– Болсақ болармыз.

– Сіз мені танымай тұрсыз-ау деймін.

– Ол да мүмкін.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Әзіләлі Қалжықбасовпын ғой. Жас күнімізде бірге

ойнап, бірге күліп, күлге аунап, сабақты бірге көшіруші едік
қой. Тауық ұрлағанымызды да ұмытқам жоқ. (Осы жерде
жақтырмай тыржың ете қалдым).

– Енді соны еске түсірудің қажеті не? – деп қиқарла­на

түстім. Менде бір жұмысы болса керек, орындармын атаңның
басы, – деп кіжініп қойдым (ішімнен, әрине).

– Айып етпеңіз. Балалық шақ еске түсіп кеткені – деді

міңгірлеп.

– Менде қандай шаруаңыз бар, соны айтыңыз, – деп сабақ

айтқан баладай тақылдай жөнелдім.

– Кешіріңіз, Сіздің мекемеден бізге арыз келіп түсіп еді.

Соны тексеруді мен қолға алып едім. Соған бізге, яғ­ни үйге
келіп кетсеңіз. Екеулеп нетіп тастармыз, – деп жаңа оталған
трактордай гүр ете түсті.
Әзіләлінің дауыс екпіні қатайған сайын, менің дауысым

бәсеңдей-бәсеңдей, соңында шықпауға айналды.

– Айып етпеңіз. Есіме жаңа түстіңіз. Сіз Әзіләлі Қал­

жыңбасов екенсіз ғой. Құдай-ау. Сізбен де сөйлесетін күн бар
екен ғой, – деп жалбақтап қалдым. – Сізді тұ­маура­тып жүр
деп естіп едім. Қазір қалай тәуірсіз бе?

– Ауру-сырқаудан саумын, Қисеке.

– Ылайым солай болғай. Соңғы кезде Сізді бір көр­гім

келіп, сағынып жүр едім. Бірақ соған қол да тие бермейді.
«Әне барамын, міне барамын» деп жүргенде зырлауық күн
де зырылдайды екен. Бүгін бір сәті түскен екен. Құстай ұшып
қазір жетемін, – дедім де әйелімнің «үйден шықсаң, қайтіп

келуші болма» деген сөзін де құлағыма аспастан, екі өкпемді
қолыма ұстап жетіп бардым.
Қақпасын қолымның ауырғанына қарамай қойып-қойып
жібердім, оған да төзімім жетпей қоңырауын бе­зілдете

бастым.

– Есік ашық, кіре беріңіз, – деген соң аулаға ен­геңім­де,

досымның пышақ қайрап, мал сойғалы жатқа­нын көрдім.

– Қазір екеуіміз нетіп жіберейік, – деп мүлейімсірей жү­

ріп малды союға кірісіп кеттік. Малдың басын құбы­лаға
қаратып шалуды да ұмытқамыз жоқ. Достым мал сою үшін
жаратылғандай қас пен көздің арасында бас, сирақ, қарын,
сан ет, құйрық, не керек бәрін бөлшектеп тастады. Ал мен

болсам бас үйітіп, мал терісін тұздап, ұқып­ты етіп орап та
қойдым. Ата енем келгенде де бүй­тін шала бүлініп көрмеген
едім. Бүгінгі ісіме өзім де тү­сінбей далмын.
Дастарқанға жайғасқан соң әйелі тамақ істейін деп шығып

кетісімен қозғалысы жеңіл жас баладай орнымнан ұшып
тұрып, шай құюды өз қолыма алдым. Әзекең «Оныңыз не?
Сіз қонақсыз ғой» деген сөзін де құлағыма асқам жоқ. «О,
не дегеніңіз. Достар үйінде қонақ болу жарас-пайды» деп

данышпансыдым. Шай құйып отырғанымды біреу көріп
қалса, сөз болатынын да ойлағам жоқ. Қайткенде де Әзіләліге
жағып, арызды ары домалатпай, өзімізден асырмаудың
амалы. Арыз иесін досым айтпаса да іштей сезіп, практикаға

келген студенттердің ақшасын бермей, сіңіріп қалғаныма
кеш те болса өкініп отырмын.
Табалдырық алдында менің бағалы шапкамды ауна­тып
ойнап отырған 4-5 жасар баланы шақырып алып, ұршықша

айналдырып, аспанға атып-атып, қағып алдым. Сонан соң
балаға 3-4 түйір конфет бердім де, қалтама қолымды қалтырап
сұғып, ілінген қағазды шы­ғарып бере салдым. Көре алмаған
Құдай да бір қырсықса аямайды екен. Бүтін 25 сомдықтың

бала қолында кеткеніне ішім удай ашыса да сыр бермедім.
Ақшаны қолына қысқан бала айқайлап мамасына қа­рай
жүгіре жөнелді. Мен ақша берген баладан кішісі мамасынан
ақша сұрап жылай бастады.

– Қоқалай, сен де дядяңа барып ақша сұра, – деп сы­

бырлаған Әзіләлінің әйелінің сөзін естігенде денем мұз­
дап, маңдайымның алды тершіп қоя берді. Қу досымның
«тілалғыш» баласы мамасы аузын жауып үлгермей жатып
қасыма жетіп келді де:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Дядя, дай деньги, – деп қолын қалтама өзі салып жібе­

ріп, тағы бір 25 сомдықты шығара берді. Әзіләлі баласының
ептілігіне риза болған сыңай танытса да ма­ған сыр бергісі
келмеді. Бәрін көріп-біліп отырсам да түк сезбеген рай
танытып:

– Бұлар тірі тұрса, сені аштан өлтірмес, – деп әзіл­де­ген

болдым. Көптен күткен сәттің туған шағы осы шы­ғар деп
әлгі арыз жайлы есіне түсіріп өттім.
Ол алдымен еденге аунай түсіп рахаттана күліп алды да
менің түкке түсінбеген түріме бақылай қарап:

– Қисеке, бірге ойнап, бірге мектеп тауыссақ та сен мені

ұмытып кеткен сияқтысың. Үйге кіріп шығуды да білмегенің
қашан?! Сосын мына құрдасың екеуіміз (әйелін айтады) сені
қорқытып, 1-сәуір болған соң алдап, үйге келгізіп отырмыз.
Әйтпесе жуық арада келетін түрің жоқ еді, – деп күлкісін

қайта жалғады.
Ал менің қандай күйде қалғанымды айтпасам да түсініп
отырған шығарсыздар.
1981 жыл

БАС НЕДЕН АУЫРАДЫ?

БАС АУРУЫ – әртүрлі сырқаттардан, себеп-сал­дар­дан
бола береді. Бас аурудың неше түрі барын және оның неден
пайда болатынын жіліктеп шағып, дөп басып айту тым қиын.
Оған Сіз бен біз түгілі таза жапон (қытай емес) компьютері-

нің де шамасы жетуі неғайбіл. Қысқасы, бас ауруы туралы
зерттеу жүргізу – бас ауыр­та­тын жұмыс. Сонда да болса мен
аз-маз талдау жасап, әлім жеткенше жеткізуге тырысайын.
«Бас көбінесе қан тамырларының қызметі бұзыл­ғанда

миға қан біркелкі келмегендіктен ауырады» дейді дәрігер
мырзалар. Дұрыс-ақ.. Бірақ «қан тамырларының қызметі
неге бұзылады және әншейінде біркелкі ке­ліп тұрған қан не

себептен келмей қалады?» деген сауал­дарға олар толық жауап
бере алмайды. Шынын айт­қанда, сау бастарына сақина тілеп,
бас ауыртқылары кел­мейді.
Сонымен, бас ауруы күнде еститін «газ жоқ, жарық жоқ,

жылу жоқ, су жоқ, бу жоқ, айлық жоқ, зейнетақы, жәрдемақы
жоқ» сол сияқты «жоқтар» жүйкеңізге тиген кезде, қан
тамырлары түйіліп қалады да қан баратын же-ріне уақтылы
бара алмай қалады. Сол кезде басыңыз бір­ден д-ы-ы-ң етеді

де сыр-қ-ы-ы-р- а-а-п ауырып қоя береді.
Сондай-ақ, өзіңіз бақталас етіп алған адамдарды көре
алмаушылықтан, қытай тауарын онда да, мында да тасып,
өткізе алмай шаршағандықтан, «конкуренттерім озып кетеді-

ау» деген қобалжудан, жіліктің майын сор­ғандай шылымды
сорудан, шөлден қаталап келгендей спирттік ішімдіктерді
ішуден, әйелдің айқайы мен бастықтың бақырғаны да нервке
тиіп, басыңызды ауыр­тады. Ал біреуден өсімге қарыз алып,

оны қайтара алмай жүрсеңіз, ол күн санап өсіп, ішкеніңіз ірің,
жегеніңіз желім болса, бас аурудың көкесін сонда көресіз.
Базардағы жерге талон, тауарға салық, патент тө­леуді,
рэкеттің ставкасы мен милицияның мини табысы, аты

дырдай, қалтасы жұрдай небір тексерушісымақ әпербақан
жандайшаптар, қайыршы, сығандар туралы айта бастасам,
қаныңыз тасып, басыңыз сынып-сыр­қырап, солқылдап-
сыздап ауыра бастайды.

Теледидардағы шоколад, сағыз, порошок, паста, олвейз
прокладкалары туралы қайта-қайта көрсететін жар­намаларды
есіңізге түсірмей-ақ, осы жерден тоқ­тайын. Әйтпесе, бұл
әңгімені де соңына дейін оқымай, басыңыз ауырып лақтырып

жіберерсіз.
Мен бас аурудың пайда болу себептері туралы ғана айт­
тым. Енді одан қалай құтылуға болады дегенге бас қа­тырып
көрейін.

Егер басыңыз үздіксіз ауыра берсе, дәрігерге қарал­мастан
бұрын, оның себеп-салдарын біліп алу өте-мөте қажет. Сонан

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

соң, сол себепке байланысты ем-дом жа­сайсыз. Мәселен,
Сіз құдалықта, я болмаса қазақтың өмір бойы бітпейтін
бір тойында арақты аңсарыңыз ауа отырып, стаканды жеп
қоярдай сарқа ішіп отырсаңыз, ертесіне міндетті түрде

басыңыз ауырады. Мұндай жағ­дайда Сізге дәрігерден гөрі,
түнде өзіңізбен бірге ішкен бөтелкелес досыңыз көмектесе
алады. Оны әйеліңізге сездірмей, жедел жәрдем шақырған
боп звондап шақырасыз да, басжазар ала келуін мықтап

тапсырасыз. Егер ол әйелінен аман-сау құтылып келсе, ол
әкелген арақтан 100 грам, ары кетсе 200 грам ішсеңіз, көзіңіз
шайдай ашылып, жаныңыз жадырап, маңдайыңыз шып-
шып терлеп, бас аурудан құлан таза айығып кетесіз. Тіпті, ән

салып жіберуіңіз де ғажап емес.
Басым қатты сыздап ауырып отырғандықтан, мың сан
рецептің біреуін ғана жазуға шамам жетті. Неге екені белгісіз,
қан тамырларымның қызметі бұзылып, миыма қан біркелкі

келмей жатыр. Ал Сіздің басыңыз ауырып тұрған жоқ па?
1994 жыл

ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА

«Жұдырықтың» жүгермегі Мұхтар Шерімше
Диктор: Қайырлы күн қадірменді теледидар сыртын­
дағы көздері тостағандай көрермендер. Сіздерді ертеңгі күні
көрсететін телебағдарлама-мызбен таныстырамыз.

Алматы Алқаштар тілінде: 8.00-де «Басжазар». 8.15.
Маскүнемдерге арналған мультфильм. 8.45 «Артымызда
сырахана – шегінерге жер жоқ» атты 2 шөлмекті көркем
фильм. 10 00-де «Кел балалар, ішелік» Балалар бақшасының

ресторандағы филиалынан хабар. 10.30-да. «Мастардың
дауысы». Фильм концерт. 11.45-те Қыз-қырқын, қатын-

қалаш, тілінде: «Әйелдер не деп жатыр» сіп-свежий өсек-
аяңдар. 12.00-де «Бетім-ай, Байсүйер күйеуінен ажырапты»
атты абысындар тележурналы. 12.00-де Ұрдажық көкем
мен Бетпақ жеңгемнің ара­сын­дағы достық төбелес. Үзіліс-

те Ұрдажық көкем сыра ішсе, Бетпақ жеңгем құрт қайната-
ды. 13.00-де Әдет­тегідей теледидарларыңызды быжылда-
тып түк көр­сетпей тұрып аламыз. 15.00-де Алматы «Ай-
қай-шу» ан­самбілінің ырду-дырду мазаң кеткір ән-күйле-

рін назарларыңызға ұсынамыз. Сіздер бұл концертте «Төр­
кініне қайтып келген ару». «Қара қайыстай қара кемпір»,
«Сары шал», «Тоқалы бар адамдар еш­қашан қартаймай-
ды», «Барып қайт балам түрмеге», «Рэ­кеттер маршы»,

т.б. әндерді тамашалайсыздар. Жалқаулар тілінде: 15.55-
те «Шакалстройтрест» ме­кемесінің жан дегендегі жалғыз
бастығы Шалашарпы Салғанбайұлы Бітпейқалғановпен
сұхбат. Хабарды біздің бастығымыздың туған құда баласы,

тракторист Науқасбай Сырқатұлы Кеселов жүргізбек еді.
Өкінішке қарай басы сынып ауырып қалғандықтан, оның кө-
ңілдесі Мәржәпия жүргізе салады. Ғашықтар тілінде: 16.10-
да «Мен сені сүйемін». Хабарды Махаббат сый­лығының

иегері Ажырасқан Ғашықбекұлы Алиментшин жүргізеді.
Бұл хабарда қыз бен жігіттің танысуы, үйленіп табысуы
жайлы кең де ауқымды түрде сөз болады. Ажырасқан
Ғашықбекұлы былай дейді: «Қазақтар егерде бір қызды

сүйсе «Қарындас мен сені сүйем», орыстар «Девучка я тебя
люблю», Ирандар «мәніч мәнә дүчтәрім», немістер «их ле-
бе дих», моңғолдар «бичамта хайырта», ағылшындар
«айлявю», эвендер «би ханум айаврам», арабтар «ухи-бухи»

дейді екен. Онымен де қоймай жігіттер былай деп өлеңдететін
көрінеді:
Шашқанменен үстіне суды құти,
Бәрімізге ортақ қой духи, сухи.

Аравияға қашсаң да қуып барам,
Ухи-бухи деймін де ухи бухи.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Бола ма екен қаусаған шалда жылу, Қиянат қой өлімтік жанға қию, Англияға қашсаң да қуып барам, Айлявю деймін де айлявю. 17.05. Жас мафиоздардың республикалық байқауы. 18.00 «Кездесу орнын анда-санда өзгертуге болады» атты Қазақстан сериалының 1001 сериясы. 19.30. Алтын дән – 90. Жымқырбек атаның есек арбамен бидай ұрлауы туралы хабар. Алыпсатарлар тілінде: 20.10-де «Баксың бар ма?» деректі фильм. 21.00 Жын-шайтандар әлеміне саяхат. Бұзылған қыздар тілінде: 22.00-де эфирге «Ақ көңіл келіншек» клубы шығады. Хабарға жеті рет тұрмысқа шығып келген Төркінгүл Некебұзарқызы қатысады: 22.45-те 70 жасқа дейін және одан жоғары. 23.40. Кемпір-шалдар үшін Ламбада. Енді ертеңгі күнгі ауа райымен таныстырамыз. Ертең күн шықпайды. Күнге сеніп ұйықтап қал­маңыз­- дар. Өкінішке қарай сіздерді оятып алатын әтеш те отпускада жүр. Ай Күннің орнына қалып, екінші ауысымда жұмыс істейтін болды. Жұлдыздар да әдеттегідей жамырап кетпей, бір жерге шоғырланып, Күннің қызметін атқаруға ты-рысады. Күндіз ауаның қысымы Сіз ойлағандай болады да, түнге қарай мен ойлағандай болады. Солтүстік жақтан долы әйелдің ашуындай жел тұрып, жайылған кірлеріңізді түсіреді де қыздардың етектерін түріп кетеді. Кейбір жекелеген ау­дандарда қазан-ошақ үшін сиырдың тезегі жаууы ықтимал. Осымен көрсетулерімізді аяқтаймыз. Жайлы жатып, таудан құлағандай шошып ояныңыздар. Таңертең екі жамбасыңыздың бірімен тұрыңыздар. Телебағдарламаны оқыған абдырап қалып диктор: Ермахан ӘБДІРАМАНОВ. 1988 жыл

БАУЫРСАҚ

ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛАДЫ?

БАУЫРСАҚ – біздің ұлттық тағамдарымыздың төресі.
Ол үш бұрышты, төрт бұрышты, ұзын, қысқа, семіз, арық,
сопақ, домалақ, қысқасы әртүрлі қалыпта дайындала береді.
Өйткені, кейбір жеңгелеріміз қамырды арнайы қалыптан

шығарса, базбір кербез жеңгелеріміз айнаға қарап, қасын тере
отырып, қолындағы құралмен бөлшектей салуы ықтимал. Ал
енді бірі тырнағын алып отырған қайшымен қиқалай салуы
да ғажап емес. Міне, сондықтан да оның белгілі бір қалпы

болмайды.
Бауырсақ негізінен сары, қызыл түсті болып ке­леді. Күйіп
кеткендері қара болады. Жеңгемнің қо­лынан шыққан шикі
бауырсақты «Орбит» сағызы сияқты шайнап отыра беріңіз.

Сіз оны жұтқанша мен бауырсақтың қалай дайындалатынын
айта тұрайын.
Бауырсақ пісіру туралы арам ойға келісімен, Сіз оң жақ-
тағы көршіңіздің үйінен қазан сұрап әкелесіз де, олардың

бір апта бұрын жеген палауының қаспағын саусағыңыз
қанағанша тырналап жуып, біраз ащы теріңізді сыртқа
шығарып әлекке түсесіз. Қанаған саусақтарыңызды сорып
болған соң, қазанды газдың үстіне қоясыз да, дереу тоқ

ұрғандай қайта аласыз. Себебі, газдың жоқтығы есіңізге
сап ете қалады. Бірақ, оған саса-тын Сіз бе, қазанды электр
пешіне әкеп қондырасыз да, шнурын қоспай тұрып, сол
жақта тұратын көршіңіздің үйінен ұн сұрап әкелесіз. Ендігі

қалғаны өзіңізге қарсы тұратын көршіңізден май сұрау ғана.
Оны да орындау сұраншақ қоғамның Сіз сияқты тіленшек
мүшесіне түкке де тұрмайды. Дедектеп барып әкелесіз.
Тұзды суға ұн салып илеп жатқан кезіңізде ортаншы

ұлыңыз пұтын бөктіріп, бүлдіріп қояды. Сіз сабыр сақтай
жүріп, оның құйрығын жуып келесіз де, қол шаюды ұмытып,
қамыр илеуді жалғастырасыз. Ара-тұра көзіңізге түсіп кете

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

беретін шашыңызды қамыр-қамыр қолыңызбен қайырып
отырасыз. Қамырдың иі қанды-ау деген тұста табаныңызды
бір қасып барып, тұзын көресіз. Тұзы ащылау болғанымен
«шай ішуге жақсы» деп, оған мән берместен, мұрныңыздың

жиі ағып тұрған суын тартқылай отырып, қамырды жаюға
кірісесіз. Қапелімде көзіңіз шошқадай боп өсіп кеткен
тырнағыңызға түседі. Кейінге қалдыруға дәтіңіз бармай,
қолыңызға қайшы алып тырнақ алуға кетесіз.

Сүт пісірім уақыт өтер-өтпесте қайтып келсеңіз еңбектеп
жүрген емізулі балаңыз қамырдың үстіне келіп ұйықтап
қалған екен. Жас нәресте періште емес пе?! Оның ұйқысын
бұзбай, жайлап апарып бесікке бөлеп келесіз. Қас қарайып

келе жатқанын байқап, қамырды асыға-үсіге жайып, әлгі
тырнақ алған қайшымен бауырсақты кесіп дайындайсыз.
Енді электр пешінде тұрған қазанға май құйып қыздырмақ
болған ниетпен шнурды токқа қосасыз. Бірақ адамның дегені

болушы ма еді?! Электр тогының жоқтығына ішіңіз ашып,
тұз жалайсыз. Амал который, осыған душар еткен адамның
бәрін қарғап-сілеп, бір сөгіп аласыз да, қазанды қазақтың
үш бұтты ошағына қоясыз. Өкінішке қарай, ол да өздігінен

жана бермейді. Сізден төрт үй ары тұратын сиыры бар
қоңсыңыздан тезек сұрап әкелуге тура келеді. Сіз келгенше
үлкен қызыңыз қазан толы майға басын сабындап жуып
алып, аударып тастайды. Ал ортаншы ұлыңыз бауырсақтан

ойыншық жасап, бәрін мыжғылап отыр екен.
Сіз оған да қапаланбаңыз. Екеуі де бала емес пе?!
Бала – періште. Оларды ұруға, сөгуге, жылатуға болмайды.
Бауырсақты бүгін болмаса, ертең, ертең болмаса, арғы күні,

арғы күні болмаса, ораза, құрбан айттары бар, тіпті болмаса
қыс бар, жаз бар, түбі бір пісіретініңізге күмәнім жоқ.
Бауырсақ, міне осылай дайындалады. Сіз де олақ жеңгенің
шикілеу пісірген бауырсағын сағыздай соза шайнап осы

әзірде ғана жұтқан боларсыз.
Р.S. Бұл рецепті отбасы тамақ министрі бекіткен.
1995 жыл

ЕТ АСА БІЛЕСІЗ БЕ?

«Ет дегенде бет бар ма?!» деген мақалды қазекем сілекейін
ағыза отырып, ынта-шынтасымен айтқан. Қазіргі жастар
«Ет – етке, сорпа в морду» деп әп-әжептәуір аран ашатын
мақалды әзілге айналдырып жүр. Әрбір әзілдің түп төркінінде

шындық жататынын ескерсек, еттің етке, сорпаның бетке
құйылатыны рас.
Етті қазақ пен бас әрпі «Қ»-дан басталатын қасқырлар
өте жақсы көреді. Бірақ екеуінің арасында сәл-пәл айыр-

машылықтар бар. Қазақ етті қазанға салып, 2-3 сағат буын
бұрқырата қайнатып, қамыр салып барып жесе, қасқырлар
еттің қанын сорғалата жүріп, жылыдай жегенді ұнатады.
Етті қойдың, сиырдың, жылқының, тағы басқа адал

жануарлардың етінен асуға болады. Ал Жайықтың бойынан
болсаңыз, онда қызыл балықтан да ет аса бересіз.
Қазақ аптасына екі-үш рет ет асып жемесе, көңілі
көншімейді. Тіпті базбіреулер күнде ет асып жейді десек,

шындыққа қиянат жасамаймыз. Әсіресе, Қазақстанның
Шығыс,
Солтүстік,
Батыс

облыстарындағы
қазақтар
бір қойдың етін бір-ақ асса, оңтүстікқазақстандықтар
бір қойдың етін соғым етіп, қыс бойы жапырақтап жеп

шығады. Сондықтан да болар, Оңтүстік Қазақстанда туған
экономистер көп. Соңғы уақытта банкротқа ұшырап жатқан
банктер мен фирмалардың басшылары әлгі етті аямай асып
жейтін Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстаннан екендіктері

шәк келтірмейді.
Қазақ сүйген қызына өлең арнаса, сүйікті асына мақал
шығарады. «Ет жесең, тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді»
дейді. Нағыз пәлсафа.

Сосын қазақтың қарны ішінде емес, мына саусағының
ұшында болады екен. Саусағы күймей, қарны тоймайды.
Сондықтан қазақты суып қалған тағаммен алдаймын деу –
бос әурешілік.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Сол секілді, қазаққа ет асуды үйрету де жұмыртқаның
тауыққа ақыл айтуымен бірдей.
2004 жыл

«ҚАТЫН-ҚАЛАШ

ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ»

Менің Нәнәу деген досым бар. О баста Құдай оны тыңдау
үшін емес, сөйлеу үшін жаратқан. Сондықтан ол отырған
жерде әңгіме айтамын деп дәмеленбей-ақ қойыңыз. Оныңыз
түбі жоқ шелекке су құйғанмен бірдей болып шығады. Соған

қарап Жаратқан Жаббар Ием оған құлақты текке берген бе
деп қаласыз. Оның білмейтіні жеті қат көк пен жеті қат жер
астында. Әсіресе әйелдер тақырыбына келгенде алдына жан
салмайды. Осы қасиетін елеп-ескеріп, оған «қатын-қалаш

ғылымдарының докторы» деген атақты қорғатпай-ақ бере
салу керек. Нәнәудің тағы бір жақсы қырын айтпай кетуге
болмайды. Ол біреу сауал қойса, оның жауабын сарыла
күтіп тұрмайды. Оған оның уақыты да, төзімі де жетпейді.

Бет-әлпетіңе, көзіңе бір қарайды да өзі жауап береді. Кеше
көшеде Нәнәу жолығып қалды. Аман-саулық сұрап едім, ол
оған көңіл аударған жоқ. Сосын екі құлағымды «іске қосып»
тұра қалдым.

– Көңіл-күйің жоқ қой, бауырым. Түрің өрт сөндіргендей.

Үйдегі құрдаспен «ырылдасып» қалғаннан саумысың?
Айтпай-ақ қой, бәрін біліп тұрмын. Баяғыда ата-бабаларымыз:
«Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деуші еді. Қазір шашы
да қысқартуға ілініп кетті ғой.

– Ж-о-о-қ, олай емес, – дей беріп едім, сөзіме құлақ

аспастан ары қарай лағып кетті.

– «Үйленсең – өзің құрисың, үйленбесең – тұқымың

құриды» деген рас сөз. Тұқымың үшін басыңды тауға да,
тасқа да ұруға тура келеді. Бұл еркек байғұс бойдақ кезінде

бойжеткеннің жүрегін жаулап алады да, сосын өмір бойы
тәуелсіздік үшін күресіп өтеді. Баяғыда бір данышпан:
«Қалайда үйлен, егер жақсы жар кездессе, бақытты боласың,
ал жаман жар кездессе, философ боласың» деген екен

жарықтық. Қазір бақыттан басы айналып жүрген еркек
«Қызыл кітапқа» енген. Ал философ еркектерден аяқ алып
жүре алмайсың. Бір тас лақтырсаң, екі «философтың» басы
қанайды.

– Бауырым, мынауың... енді былай...

– Жоқ, сен қысылма. Мынау сен де, мен де, анау кетіп бара

жатқан еркектердің бәрі де философ. Сен оған қапа болма.

– Ренжіме, мен кетемін...

– Кеткенде қайда барасың? Әйеліммен ажырассам, өмірім

жұмаққа айналады деймісің. Бір «ұстаздан» кетсең, екіншісі
бір философия «профессорына» жолығасың.

– Сен мені түсінбей тұрсың...

– Оның түсінетін несі бар?! Әйел – мейрамханадағы тағам

сияқты. Мысалы, сен даяшыға бір тағамға тапсырыс бересің.
Ол тапсырыс берген тағамды алып келеді. Сен бір-екі рет
ауыз тиіп көресің. Алғашқыда дәмі тіл үйіреді. Асқазанға «ел
қонғаннан» кейін әлгі тағамды жемек түгіл, «бетіне» қарай

алмай қаласың. Атам қазақ: «Тоқ адам қазанға жеркеніп
қарайды» деп текке айтпаған. Сосын көршіңнің тағамына
көзің түсіп, тәбетің тартады да отырады. Солай емес пе?
Әлде мен өтірік айтып тұрмын ба?

Мен оны құптамай құтылмасымды білдім.

– Солай..

– Міне, азамат! Осылай бір-бірімізді рухани жағынан

демеп тұрмасақ болмайды. Әйтпесе еркек атаулы жүнжіп, екі
қолын төбесіне қойып, безіп кетпей ме?! Айтпақшы, әйелің
қыз кезінде қандай еді?

– Өте биязы болатын.

– «Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады»

дегендей, әйелдердің бәрі қыз кезінде хор қызындай болады.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Ең алғаш танысқан кезде үнін ести алмай қор боласың.
Ал тұрмысқа шығып, бір-екі бала тапқаннан кейін оның
дауысын Бетпақ далада жүріп еститін боласың. Ал жақсы,
бауырым, сен оған қапа болма! Өмір солай, өмір солай, се

ля ви. Мен асығып тұрмын. Қайным әйелімен қырық пышақ
болып ұрсысып қалыпты. Бармасам, болар емес.

ЕНЕЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КУРСЫНА

ШАҚЫРАМЫЗ

Ұрыс-керіске икемі бар, дау-жанжалға жаны құмар,
төбелес кезінде екі білегін сыбанып, өсек айтатын ернін
шүйіріп, тікен тілін безеп, екі көзі шатынап шыға келетін
«дарынды» да шалымды, болашағынан мол үміт күттіретін

келіндерді
«Енелерге
қарсы
күрес»

курсына
оқуға
шақырамыз. Келіндердің дініне, тіліне, отау құрған жылына,
жолына, жасына шек қойылмайды.

Курсқа
талапкерлер
тегін
қабылданады.

Олар
стипендиямен, жатақханамен және енелерді ұрып-соғу, сабау,
сондай-ақ қарсыластармен қақтығыста бронежелет секілді
қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар,

енемен бірге тұрған жылдарына «за вредность» төленеді.
Сабақ кезінде олар «Шымшу», «Бет жұлу», «Тырнау»,
«Қайын жұрт тарихы», «Ене тебу», «Таэквон-до», «Қайныата-
до», «Өсек айту негіздері», «Күйеумен еркін күрес»

тақылеттес дәрістер мен спорт түрлерін меңгереді.
Қызығы мен қиындығы қатар тұратын бұл мамандықты
ойдағыдай меңгеріп, өзінің түгілі, өзгенің де енесін жұлып-
жеуге қабілетті болған соң, олар шетелге, яғни Америкаға,

Батыс Еуропаға, Ресейге тәжірибе алмасуға жіберіледі.
Курсты Шатақ ғылымдарының докторы, профессор,
«Енелерді қан кақсату» ғылым академиясының құрметті
академигі, Жезтырнақ сыйлығының лауреаты Долыкүл

Бетпақова жүргізеді.

Біздің заманымызға сай құрылған оқу ордамыздың
демеушілері – «Абысындар алқасы», «Жас келіндер» АҚ,
«Ене– кене» фирмасы, «Мыстан» ЖШС, «Бізбике бикештер»
кеңесі.

Отбасына егемен алып, дербес өмір сүргіңіз келсе, бізге
келіңіз. Біз сіздерге қашан да қол ұшын, білек күшін бере
аламыз.
«Жалмауыз кемпір» атындағы Мазақ академиясы

ЕРКЕКТЕРДІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Армысыздар ақ жаулықты аналар!
Бармысыздар ақтамақты арулар!
Қайдасыздар, қымбатты да сымбатты қыз-қырқындар!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен

өкпемізді алып тастап, екі бүйрік, жалғыз жүрегімізбен қызу
құттықтаймыз! Әйел – ана, әйел – ару, әйел – апа, әйел –
қарындас, әйел – қыз, әйел – аспаз, әйел – қатын, то есть әйел
бізге өте жақын, жалт-жұлт еткен алтын адамдар.

Сондықтан:
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, мәнді де сәнді һәм ұзақ
ғұмыр тілейміз.
Шыққандарыңыз тау, аралағандарыңыз бау, жеңгендеріңіз

біз сияқты «жау» болсын!
Опа жаққан беттеріңізден әжім көрінбей, помадалы
езулеріңіз жиылмасын!
Игі де ізгі тілекпен:

Кезінде жүректеріңізді жаулап алып, енді еркіндік аңсап
жүрген еркін де еріккен еркектер қауымы.
5000 000 еркектің қолы қойылған

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ОЙАЛОГИЯ, ПІКІРИЗМ,

КӨЗҚАРАСИС

Баяғыда «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай
көрінеді» деп айтқан менің әріптесім кайта тіріліп келсе,
қазақ ақындары аһ ұрып, қолдарына көлдей беторамал ұстап,
жылап жүргендерін көрер еді. Ақындары мен оқырмандары

бір-бірін құшақтай көрісіп жылағанда етектері жасқа
толғанын көріп таңырқар, сірә. Олардың өксігін басып, көңіл
айтатын, жұбататын бір де бір сыншы, я бір де бір Одақтың
табылмағанына бас шайқар, бәлкім. Енді оларға рухани

емізік тауып бергеннен басқа жол жоқ шығар.
Өнере де БАЛЬЗАМСУА,
Француз жазушысы.
Қазақ эстрадасының джазға еліктеуші әншілерін аға

шопанға іні көмекші етіп қойып, дауыстарын қой қайтаруға
арнаса, қазақ даласы тағы да ән салып кетер еді.
Шопен Қой БАХ,
Өнер сыншысы.

(Әкесі қазақ, шешесі неміс, өзі метис).
Ауылдық жерлерде жарық деген жарықтықтың болмауынан
халық саны күрт өсті. Енді қатын-қалаштар бір-екеуді қойып,
қоянша шүпірлетіп туа бастады. Кей жерлерде бала туу мода

бопты деседі. Я Алла, қою қараңғыдан айырма!
Халықбай САНАҚҮЛЫ,
Демограф-ғалым
Маған казақ киносы Айдан орын іздеп келе жатып,

шыңырау кұдықка түсіп кеткендей көрінеді.
Әлем ЖӘЛЕМ,
Француз кинорежиссері.

Қазақтар жыланның мафиясын — «ордалы жылан» деп
атайды екен. Ал сол қазақ елі, «мафия, коррупция, наркомания
және парнобизнестің ордасы екен-ау» деп ішегімді тартып,
таңдай қағып, көз жұмып, бас шайқадым. Меніңше,

наркобизнес, мафия, тағы да басқа қылмыстармен күресіп
әуре болудың қажеті жоқ. Қайта сол қауіпті қылмыспен
күресіп жүргендердің өздерін қамау керек сияқты.
Комиссар КАТАНИҰЛЫ,

Запастағы зейнеткер.
Қазақ әдебиеті мен мәдениеті һәм өнері тума таланттар мен
дарындарға өте бай. Бірақ олардың ішінде еңбектері еленіп,
атақ-даңқ алғандары некен-саяқ. Оларға тиесілі сыйлықтарды

еліктеушілер алған сыңайлы. Таяу арада марапаттала қоймас.
Себебі, олар Құдайға жазып әлі тірі жүр.
Әбу-Аяқ әл-ТАРТАРИ,
Шығыс ойшылы.

1998 жыл

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ ЖЫЛ БАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТІЛЕК Ассалаумағалейкум, Аяз ата, санта Клаустай емес, Қызыр бабадай ақ сақалды аталар, қалалық крутой жігіттерше айтсақ, батялар! Амансыздар ма ақ жаулықты аналар мен он саулықты апалар! Армысыздар өкшелі де бөкселі, айбарлы да жайдарлы һәм шалбарлы жеңгейлер мен келіндер! Бармысыздар қоржынға ұлын, төсіне пұлын, қолына шылым қыстырған қылықты да шұлықты қыздар! Қайдасыңдар, бірінің тоқтықтан, ал енді бірінің жоқтықтан қолдары қалтыраған дара тұлғалы, барматухалы бауырлар! Сіздерді дегбірі қашып, есікті қағып, табалдырықты әнеміне аттағалы тұрған ақ тышқан, сары тышқан, то есть жаңа заманға лайықтап айтсақ, Жерри жылымен шын жүректен құттықтаймыз, әзілі жарасқандарды тауықша қыт-қыттап қыттықтаймыз. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ақ, қызыл, ала сиырларыңыз сүтті болсын! Осы жылы туған ұл-қыздарыңыз мал мен нан тапқыш мықты болсын! Жымыңдаған жеңгейлер мен күлімдеген келіндер жыл сайын егіз бен үшемге жүкті, қойға шапқан қасқырлар «күпті» болсын! Шыққандарыңыз тау, аралағандарыңыз бау, жеңгендеріңіз жау мен дау, құрғандарыңыз ау, қысқасы дендеріңіз сау болсын! Аспанымыз ашық, бойжеткендер мен ержеткендер бір-біріне ғашық, балғындардың ойнағаны асық, әйелдердің қолында қазан, еркектердің қолында қасық, ең бастысы – бәле-жала бізден қашық болсын! Қаймағы бұзылмаған халқымызға қазанаттың шабысын, бизнесменнің табысын, күмбірлеген күйдің қағысын, жолы болғыш шенеуніктердің шансын тілейміз! Астыңызда ат, басыңызға бақ шапсын! Әумин! Игі де ізгі тілекпен, «Жатыпатар»

«АЙҚЫНДЫҚТАРДЫҢ»

АЙДАР АРҚЫЛЫ АЙТҚА АЙТАР АҚ ТІЛЕК,

АҚ БАТАСЫ

Құрметті
оқырман қауым!
«Сіз білесіз бе? Бүгін» – бүкіл мұсылман қауым үшін қаси-
етті де қастерлі болып саналатын Ораза айт мейрамы бас-

талды. Сондықтан осы айт күндері мынау «Ғажайып ғалам»
төрінде ақ дастарқан жайып, алты алаштың азаматтарын
арқадан қағып, төс қағыстырып, «Бармысың, бауырым!»
деп «Дидар» көрісіп, «Қонақкәде» жөн-жоралғасын жаса-

ғанымыз абзал. Қанша дегенмен, олар да «Жақсының көзі»
ғой. Бір «Шаңырақтың» астында, «Бізде қонақта» болып
кетсін. Кеңес Одағы кезінде «Айдың арғы беті» ұқсап өмір
сүрді ғой. Енді «Аққудың сыңарындай» ғұмыр кешетін кез

жетті. «Мәселенің мәнісін» айқындап, «Ұсыныс», «Пікір»,
«Дау», айтып, талай-талай «Мәселе» көтердік. «Көкейдегі
сауалымызды» қойып, «Осыған орайлас ой» өрбітіп, «Төрт
құрлықтың тынысын» ұлғайтуға тырысып жатырмыз. Міне,

соның арқасында «Саясат» дұрысталып, «Экономика» өсіп,
«Әлеумет» жақсарып, «Мәдениет» өркендеп, «Спорт» дамып
келеді. «Әлем жаңалықтарын» оқып, тыңдап, көріп отырсаң,
небір «Тосын оқиғаларды» естіп, «Суыт хабар» тыңдайсың.

Бірақ «Шынның жүзінде» отырып айтайын, соңғы кезде
«Жағымды жаңалықтар» көп. Сондай «Айқын ақпарат»
айтайын. Келер жылы айт мерекесіне орай үш күн демалыс
беріледі. Сол кезде «Жұлдызды жұп» құрып, «Саз әлеміне

саяхат» жасап, «Бухгалтерия» көтерсе, «Бас Штабқа» – қара
шаңыраққа соғып қайтқандарыңыз жөн. Бұл айтқанымның
бәрі «Айқынның балабақшасының» әңгімесі емес. «Қыр
хикаялары» деп те ойлап қалмаңыздар. «Жұлдыз-жорамалға»

да жорытып отырған жоқпыз. Жылында бір келетін

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

мұсылман мейрамын осылай лайықты қарсы алмасақ, кім
бізге «Ойтүрткі» болады? Сонымен...
Ораза айттарыңыз құтты болсын! Сауып отырған
сиырларыңыз сүтті болсын! Жігіттердің көкіректері түкті,

жеңге-келіндер жүкті болсын! Ай-Күннің аманында бір-
бірімізге «Ақ сөйле» деп жүрейік! «Айқынның» һәм
«Жатыпатардың» әр санын оқыған сайын «Күле-е-е-е
отырыңыздар». Тәуелсіз еліміздің басылымдарын оқып,

сканвордын шешу – «Хоббилеріңізге» айналсын!
Әумин!

ӘЙЕЛІ МЕН

ЖУРНАЛИСТІҢ ӘҢГІМЕСІ

Әзиз Несин ізімен
Қатысушылар: әйелі мен күйеуі
Әйелі: Құдай-а, бүйткен күні құрысын! Күнім түнге,
түнім қара түнекке айналды. Атар таңым атпай, тауығым да

алжыған ба, шақырмай қойды. Саған тұрмысқа шыққанша,
томар құшақтап жатқаным артық еді.
Күйеуі: Қойшы енді, жаным. Сенің маңдайыңның
жұлдызын жағамын деп сіріңке іздеп... кешір жаным, қырық

қабырғамды қайыстырып жүрмін ғой. Қарап отырсам, қа-
ламақы табамын деп жүріп бұл қалада мен мақтап жазбаған
адам қалмапты. Тіпті, қызып кеткенім соншалық, бір кісіні
сыртынан мақтап жазып жіберсем, ол байғұс о дүниелік бо-

лып кеткен екен. Масқарам шықты ғой, масқарам. Бұдан
артық маған не істе дейсің? Егер қаласаң, «Нью-Иорк таймс»
газетіне де мақала жазайын. Жоқ, әлде о дүниелік адамдармен
әңгімелесіп, сұхбат жазып келейін бе?

Әйелі: О, шірік неме. Асықпасаң, о дүниеге мына
түрімізбен жуық арада өзіміз де барып қалармыз. Онан да
ана қозы қарныңның созыларын ойла. Аузын толтырып,
«қаламақы тауып жүрмін» дейді ғой. Өйтіп қаламақы

тапқаның құрысын. Тиын-тебен. Ол теңгеңе қарын тойдырар
тамақ сатып ала алмайсың. Ең болмаса, өлген тауық та
бермейді.
Күйеуі: Немене, енді тауықты тірідей жейін деп пе едің?

Әйелі: Жеймін. Неге жемеймін? Мысықтан кем дейсің бе?
Күйеуі: Ол сенен шығады.
Әйелі: Сенімен салғыласып тұратын менде уақыт
та, дәрмен де жоқ. Естимісің. Анау артымнан шұбырған

көшірмелеріңді алам да кетем төркініме.
Күйеуі: Көшірмелерің кім тағы да?

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Әйелі: Кім болушы еді?! Некарагуадан аумай қалған балаларыңды айтам. Күйеуі: Өтінемін, таусылмашы, күнім. Әйелі: Айым десең де айтарым – сол. Күйеуі: Жұлдызым. Әйелі: Құндызым де, бәрібір селт етпеймін. Күйеуі: Жалбызым. Әйелі: Жалғызым десең де, енді мені ұстап тұра алмайсың. Күйеуі: Бір сәт тыңдашы мені де. Ақындар айтысында да бір-біріне кезек береді ғой. Осыдан қара да тұр. Әлі-ақ, Тәңір тілеуімізді беріп, бақ-дәулетін үйіп-төге салар. Әйелі: Ол күнді көрем деп жүргенде, талқаным таусылып қалмаса... Күйеуі: Олай деме, жаным. Таусылып бара жатса, менікін ала тұрарсың. Әйелі: Сенің қайбір талқаның асып-тасып бара жатыр еді?! Күйеуі: Әй, тілің-ай осы сенің. Қой деймін мен саған. Әйтпесе ... Әйелі: Немене. Әйтпесе, косягке кіргізесің бе? Әлде, учетчик қоясың ба? Күйеуі: Сені косягқа сайтан да кіргізе алмас. Әйелі: Мені жалаңаяқ журналистке қор қылып қойған тағдыр қандай қатал еді?! Қор болған алтын басым-ай. Басқасын айтпағанда, үстіме ілетін жөні түзу көйлек те қалмапты. Сенің айтқан бақытты күніңе жеткенше бұтымызға жапырақ байлап жүреміз бе? Жетер енді. Шыдамның да шегі бар. Кетем дегесін, кетем! Күйеуі: Аяғыма жығыл десең, жығылайын. Тек тықылдаған тауық сияқты «кетем, кетем» демеші. Әйелі: Мақалшылын өзінің. Мақалыңды соңына дейін неге айтпайсың? «Тықылдаған тауық тумай қоймайды» деп. Мен де кетпей тынбаймын. Есітейін дегенің осы ма?

Күйеуі: Қойшы жаным, таусыла бермей. Менің дәулетті
журналист болуым үшін елде егер екі құлағы таскерең
болмаса, есіткен адам аһ ұрып таңданатын, егер екі көзі су
қараңғы соқыр болмаса, көрген адамның көзі шарасынан

шығатын
төтенше
оқиғалар
керек.

Мәселен,
күнде
құмырсқаның илеуіндей ығы-жығы болып жататын базарда
адамның санасы түгілі, түсіне де кірмейтін ұрлық, я болмаса

қылмыс жасалса, не 30-40-қа келгенше үйленбей жүрген
сұр бойдақтарды қыздар алып қашып кетіп, күйеу етіп алса,
немесе мыңғырған байдың жалғыз қызы сіңірі шыққан
кедейдің 15- баласына тұрмысқа шықса, әйтпесе жоғары

оқу орындарына талапкерлердің бірде-біреуі соқыр тиын да
бермей, тегін түсетін болса, ең құрығанда ғарыш адамдарымен
аралас-құраласымыз нығайып, құда-жекжат болып жатсақ,
онда бір сәрі. Ондайда мен оңды-солды көститер едім-ай.

Сен мені сонда бір сынап көр. Влад Листьев сияқты атағым
шартарапқа жайылар.
Әйелі: Сосын, сені де ол сияқты пых еткізбей ме?
Күйеуі: Жо-жоқ. Олар мені пых еткізе қоймас.

Әйелі: Ол қанішерлермен келісіп қойғандай сенімді
сөйлейсің ғой.
Күйеуі: Өйткені жаңа мен айтқан оқиғалар біздің қоғамда
жуық арада бола қоймас.

Әйелі: Бәсе, неге сонша желпініп тұр десемші. Ендеше,
неге маған аңыз-ертегілеріңді айтып, құлағымды сарсытып
тұрсың? Болды! Мен енді кетем бұл фазендадан.
Күйеуі: Сәл сабыр ет, тотым. Бізді ғаламат күндер

тосып тұр. Мұның бәрі көрген түстей ұмытылады. Ертең
екі қолыңды ыстық суға, әрине күйіп қалмасаң, сал-е-е-е-п
отырасың.
Әйелі: Сенің ертеңгі ғаламат күндеріңді 2-3 сағатсыз

келмейтін жолаушылар автобусындай күте-күте шаршадым.
Саған тұрмысқа шыққалы кір жуатын машинадан аумай
қалдым. Тіпті фигурадан фигура қалмады.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Күйеуі: Бұрын қай бір фигураң бар еді?
Әйелі: Алла-ай, қай бір фигураң бар еді, – дейді-ай, мына
күйдіргі. Қыз күнімде қандай едім?! Кіндігімнің бар-жоғы
білінбейтін.

Күйеуі: Көгершінім, жеке меншік әйелім менің. Ақылға
кел. Құдай беремін десе, форточкадан, егер ол жабық тұрса,
тесіктен де бере салады.
Әйелі: Жо-жоқ. Енді бір минут та кідірмеймін. Үйден нан

ауыз тиіп шығатын асығыс қонақтарша саған «Чау» деймін
де әкемнің вилласына тайып тұрам. Сонымен, мәңгілік
Оувердезейн болады.
Күйеуі: Асықпашы. Сәл де болса, сөздік қорымызды

тауысайықшы. Сонан соң, өзім-ақ таксимен әкеңнің вилла-
сына ма, шешеңнің фазендасына ма, жоқ әлде жездеңнің
айылына, тіпті ағаңның нақиясына болса да апарып тас-
таймын.

Әйелі: Айттым! Бітті! Точка! Енді запитой қоя алмаймын.
Күйеуі: Қарлығашым, туған әйелім менің.
Әйелі: Шіркіннің езіле еміренуін. «Туған әйелім» дейді.
Немене асырап алған әйелің де бар ма?

Күйеуі: Болса ше. Мен сияқты тепсе темір үзетін, ұр-
са – Мұхамед Әли түгілі, Тайсонның өзін ногдаунтқа тү-
сіретін, күлдірсе – Құдайберген Сұлтанбаевтың ішек-сілесін
қатыратын, сөйлесе – сөздің түбін түсіретін, күрессе – Дәу-

лет Тұрлыхановтың жамбасын жер иіскететін, айтысса –
Мұхамеджан Тазабековтің аузына құм құятын, айта берейін
бе, әлде осы да жете ме, қысқасын айтқанда мендей сегіз
қырлы, бір сырлы сері жігітке асырап алған әйел артықтық

етеді деймісің?!
Әйелі: Сен менен де басқаға керек екенсің ғой.
Күйеуі: Неге керек болмайын?! Саған үйленбей тұрғанда
қандай едім?! Суда жүзген жайындай едім. Қыз-қырқынға

қырғидай тиісуші едім. Сол кезде басқа бір бұраң белді неге
іліп түспедім екен?

Әйелі: Қыраным, қойшы енді.
Күйеуі: Қоймаймын. Кезінде сенің ізіңді жігіттер сүйсе,
сен менің ізімді сүйетін боласың. Бұл үйден сен емес, мен
кетем.

Әйелі: «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» деген.
Қойнымдағы байымның қадірін қалайша білмей келгем?
«Отыз ұлың болғанша, осырақ шалың болсын» деп текке
айтпаған екен-ау-ә. Кетпеші. Бұл өмірге менің өтінішіммен

ғана келген осырақ шалым, кетпеші.
Шымылдық
1994 жыл

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Қатысушылар:
Жедел жәрдем шақырушы – Нәнәу
Жедел жәрдем диспетчері – Байсүйер
Нәнәу: – Алло, бұл жедел жәрдем бе?

Байсүйер: – Жоқ, Байсүйер.
Нәнәу: – Кешір, айналайын. Маған жедел жәрдем керек
еді. Көрмейсің бе, қайдағы Байсүйерге түсіп кеткенімді?! Әй,
біздің телефондар-ай.

Байсүйер: – Ағай, Сіз өзіңіз қалай-қалай сөйлейсіз? Бұл
қайдағы Байсүйер емес, Сізге керек жедел жәрдем диспетчері
Байсүйер қарындасыңыз.
Нәнәу: – Тағы да кешір, айналайын. Есі шығып тұрған

адамнан қайбір жөні түзу сөз шыға қояр дейсің? Мен
«Байсүйер» деп аталатын бойжеткендердің бай сүюіне
мұрындық болатын фирма екен деп...
Байсүйер: – Ата-анамның азан шақырып қойған аты

солай болса қайтейін?!
Нәнәу: – Дұрыс, айналайын. Дұрыс. Кім болсаң, ол бол!
Тек маған жедел жәрдеміңді жедел түрде жібере қоймасаң
болатын емес. Су кетіп жатыр еді.

Байсүйер: – Су кетіп жатса, водоканалға хабарласыңыз.
Нәнәу: – Водоканалы несі, қарындасым-ау? Онда әйел
босандыратын бөлім бар ма еді? Су әйелімнен кетіп жатыр.
Байсүйер: – Ә, солай демейсіз бе? Мен үйлеріңіздің

подвалынан су кетіп жатыр екен деп қалдым.
Нәнәу: – Деп қалсаң, деп қал, қалқам. Тек асықсаңшы.
Байсүйер: – Асыққанда қайда барам? Жұмыстың бітуіне
үш, ал Құшарбекпен кездесуіме төрт сағат бар.

Нәнәу: – Қарын...
Байсүйер: – Жолы болатын жігіттің жеңгесі шығар
алдынан дегендей, Сіздің звондап қалғаныңыз мұндай жақсы

болар ма? Кіммен сөйлесерімді білмей, ішім пы-с-ы-ы-п
отыр еді.
Нәнәу: – Не деген заржақ қыз едің өзің? Тірідей өлтірейін
демесең, жіберсей әлгі жедел жәрдеміңді. Тұқымы аузына

келіп қалды.
Байсүйер: – Тұқымы аузына кеп қалса, ауылыңызда кәрі-
құртаң кемпірлер бар шығар. Соларды шақырсаңызшы.
Олардан мықты акушер жоқ мұнда. Арқанға керіп қойса да

босандырып алар.
Нәнәу: – Қалқам, мен сенен ақыл сұрап тұрғам жоқ. Жедел
жәрдеміңді жібер деп тұрмын.
Байсүйер: – Жібере алмаймын.

Нәнәу: – Е, неге?
Байсүйер: – Жедел жәрдем шоферларының бәрі карта
ойнап жатыр.
Нәнәу: – Жұмыс уақтысында карта ойнағаны қалай?

Байсүйер: – Енді не істейді? Жанар май жоқ болса.
Нәнәу: – Жанар-жағармай стансаларына барып құйып
алсын. Біз жетіскенімізден звондап тұрғамыз жоқ қой.
Байсүйер. – Ол айтуға ғана оңай. Оларға барсаң: «Свет

жоқ» дейді.
Нәнәу: – Ендеше, акушеріңді жаяу да болса жібер.
Байсүйер: – Ол да жоқ.
Нәнәу: – Немене, оның да майы құрып қалыпты ма?

Байсүйер: – Ол базарда дәрі-дәрмек сатып отыр.
Нәнәу: – Мынау барып тұрған қылмыс қой. Мұнан
артық адам өлтірейін деп пе едіңдер?! Жұмыс уақтысында
мемлекеттің дәрі-дәрмегін сату деген не масқара? Тәртіп

қайда?
Байсүйер: – Сіз біздің бас дәрігеріміз емессіз ғой тәртіп
сұрайтын.
Нәнәу: – Қазір бас дәрігеріңе звондаймын қажет болса.

Байсүйер: – Әуре болмаңыз.
Нәнәу: – Е, неге?

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Байсүйер: – Ол кеше құдалыққа кеткен.
Нәнәу: – «Балық басынан шіриді» деген – осы. Ол бас
дәрігердің үстінен қарайтын да мекеме бар шығар. Мен қазір
тура әкімшілікке хабарласам.

Байсүйер: – Ағай, ашуыңызды басыңыз. Егер алда-жалда
свет бола қалса, Құдай жолымызды беріп, шоферларымыз
май құйып келсе, акушеріміз дәрі-дәрмектерін сатып бітсе,
біз де шұғыл түрде жедел жәрдемді Сізге жібере қоямыз. Тек

мекенжайыңызды айта қойыңызшы.
Нәнәу: – Ойбай-ау, толғақ светтің келгенін, шоферларыңның
май құйып алғанын, акушеріңнің дәрі сатып біткенін қарап
тұрады деймісің?

Байсүйер: – «Сабақты ине сәтімен» деген, ағай. Құдай сәтін
салса, қазір-ақ жетіп барамыз. Қане, Сіз мекенжайыңызды
айта бастаңыз, мен жаза бастайын.
Нәнәу: – Е, манадан бері солай демеймісің. Тілің мен

жағыңа сүйенбей.

Байсүйер: – Алдымен әйеліңіздің аты-жөнін айтыңыз.
Нәнәу: – Галина Михайловна Горбачева.
Байсүйер: – Әйеліңіз Михаил Сергеевичтің қызы ма?
Бағанадан бері айтпайсыз ба «Горбачевтің күйеу баласымын»

деп.
Нәнәу: – Иә, Горбачевтің күйеу баласымын. Бірақ сен
ойлаған емес.
Байсүйер: – Бәсе. «Оның күйеу баласы қазақ емес еді

ғой» деймін.
Нәнәу: – Жарайды. Онда шаруаң болмасын. Тағы не
сұрайсың? Бол тезірек, әйелім төрден есікке домалап кеп
қалды.

Байсүйер: – Туған жылын айтыңыз, жылын...
Нәнәу: – 1954.
Байсүйер: – Жылқы жылы туған екен ғой. Негізі, бұл
жылы туғандар талантты келеді. Әрі тың көтерген жылы

туылыпты ә?

Нәнәу: Әй, саған дауа жоқ шығар.
Байсүйер: Қойдым, аға. Енді айын айтыңыз. Қай айда
туған?
Нәнәу: Оны қайтесің? Рекламаға берейін деп пе едің?

Байсүйер: – Ашуланбаңыз, ағасы. Заң солай.
Нәнәу: – Қаңтар айының жиырма тоғызында.
Байсүйер: – Суқұйғыш болды ғой онда.
Нәнәу: – Онысы несі, тағы да?

Байсүйер: – Соны да білмейсіз бе? Ол – жұлдызнама.
Адамның туған айына қарап мінездеме береді.
Нәнәу: – Әй, қарындас, сен мені тергеп болдың ба, жоқ па?
Сен өзі тергеуші болатын қызсың ғой. Неге адасып жүрсің

мұнда?
Байсүйер: – Ағай, ең бастысы әлі алда. Мен қазір жедел
жәрдемді қайда жіберетінімді білуім керек қой. Сондықтан
мекенжайыңызды айтыңыз.

Нәнәу: – Подгорная көшесі...
Байсүйер: – Ойбай аға, біздің қалада тау жоқ қой.
Нәнәу: – Оны маған несіне айтасың? Онамастика
комиссиясына айт.

Байсүйер: – Жарайды, аға, үйіңіздің нөмірін айтыңыз?
Нәнәу: – Үй нөмірі – №13.
Байсүйер: – Ойбай, аға, саны жаман ғой.
Нәнәу: – Сен неге мен сөйлесем ойбайлай бересің? Кімнің

саны жаман? Ненің саны жаман?
Байсүйер: – 13 деген, цифрды айтам. Біздің мөлтек
аудандағы нөмірі №13- үй газдан атылып кеткен. Содан екі
жыл өтті. Әлі ешкім жөндеген жоқ. Ол үйдің тұрғындары

қазір баспанасыз жүр. Туасы 13 цифрі жүрген жер оңбайды.
Нәнәу: – Енді маған қайт дейсің?! Көш деймісің. Әлде,
басқа үйден пәтер тауып беремісің?
Байсүйер: – Әңгіменің орайы келіп қалған соң, айтып

жатқаным ғой, ағай. Пәтеріңізді айтып жіберіңізші.
Нәнәу: – Нөмірі 13- пәтер.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Байсүйер: – Әзілдеп тұрсыз ба, ағай?
Нәнәу: – Сен-ақ, біресе ойбайлап, біресе айғайлап
шаршаттың-ау. Әйелім байғұс өлетін болды ғой. Сенімен
мылжыңдасып тұрғаныма, міне ет пісірім уақыт болды. Ал

сен болсаң «Әзілдеп тұрсыз ба?» дейсің. Жаның мұрныңның
ұшында тұрса, көрер ем әзілдегенді.
Байсүйер: – Жаныңыз мұрныңыздың ұшында тұратындай
Сіз емес қой босанайын деп жатқан. Сіркеңіз су көтермейтін

не деген адамсыз? Менің Сізге жаным ашып тұрса.
Нәнәу: – Сенің неге жаның аши қалды?
Байсүйер: – Қайдан білейін? Он үшінші үйдің он үшінші
пәтерінде тұрады екенсіз. Оның үстіне, әйеліңіз қиналып...

босана...
Нәнәу: – Сен не айтқалы тұрсың, қарындасым-ау? Әйелім
неғыла алмай... нетіп... жағыңа жылан жұмырт...
Әй, тоқта, тоқта: Әйелім туды-ау деймін. Жас нәрестенің

дауысы шығады. Сүйінші. Рас екен. Естимісің? Әне, іңгәләп
жатыр.
Байсүйер: – Естіп тұрмын, аға. Бауы берік болсын! Атын
енді кім қоясыз?

Нәнәу: – Ұл болса – Жәрдем, қыз болса – Байсүйер қоямын.
Байсүйер халыққа қарап: Міне, біз осылай жедел
жәрдемді әуре етпей-ақ, телефонда тудыра береміз.

ҰЛЫ АДАМ

БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ...

Қатысушылар:
БАСАЛ ШАШАЛҰЛЫ – Тергеуші, милиция капитаны
МОМЫН АҢҒАЛҰЛЫ – Қылмыскер.
Тергеуші: Ал, тордағы тотықұсым, сайра! Аты-жөнің кім?

Неғылған пендесің?
Қылмыскер: Мен... Менің аты-жөнім Мо... Мо...
Тергеуші: Сиыр құсап неге мөңіреп тұрсың-ей?! Адам
сияқты сұраққа нақты-нақты жауап бермеймісің. Сенің

сиырдан айырмашылығың сол емес пе?
Қылмыскер: Менің аты-жөнім – Момын Аңғалұлы. Ал
Сіздің ат...
Тергеуші: Менің аты-жөнімді қайтесің? Құда түсемісің?

Әлде, жезде етемісің. Ха-ха-ха. Бәлкім, үстімнен арыз жа-
затын шығарсың.
Қылмыскер: О, не дегеніңіз, аға?
Тергеуші: Жарайды. Айтсам айтайын. Көңілің қалмаған

бала сияқтысың. Мен – Басал Шашалұлы деген ағаң бола-
мын. Яғни, сенің тергеушіңмін. Қарсылығың болса – айт.
Қылмыскер: Жо-жоқ, Басал аға, ешқандай да қарсылы-
ғым жоқ.

Тергеуші: Қарсы болғанда не істей қояр едің? Сенің
қарсылығың қойдың өлер алдындағы тұяқ серпігеніндей
ғана ғой. Ха-ха-ха... Так, бала. Айта бер, бұл өмірге не үшін
келдің? Адам өлтіру үшін бе?

Қылмыскер: Құдай сақтасын, Басал аға. Мен өмірге емес,
бұл жерге не үшін келгенімді түсінбей тұрмын?
Тергеуші: Сені мен сақтасам ғана, Құдай сақтайды.
Сондықтан қойған сауалдарыма дұрыстап жауап бер.

Айтпақшы, өтірік мәлімет бергенің үшін жауап беретініңді
ескертіп қояйын. Түсіндің бе, ей?

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Қылмыскер: Түсіндім, аға, түсіндім. Тек мені сақтаңызшы. Тергеуші: Сақтауға тұратындай болсаң, сақтаймыз. Сонымен, айта бер. Қылмыскер: Мен түкке түсінбей тұрмын. Менің не кінәм бар? Тергеуші: Бұл барлық қылмыскерлерге тән сұрақ. Олар қойдан жуас болып, дым білмеген бола қалады. Түсінбесең, түсіндірейін. Сен кеше ымырт түсе, қас қарая, яғни көз байланған кезді пайдаланып, Ажалбек Әзірейілұлын көкала қойдай етіп ұрып-сабап, итше тепкілегеніңмен қоймай, алты жерінен пышақ салып өлтіргенсің. Қылмыскер: Қанша? Тергеуші: Сегіз жерінен, и еще мас күйіңде... Қылмыскер: Мен өмірімде ішімдік атаулыны ұрттап көрген пенде емеспін. Тергеуші: Сөзді бөлме, ішпесең де қылмысты өл-е-е-сі мас күйіңде жасағансың. Қылмыскер: Астапыралла! Тергеуші: Міне, уже мойындай бастадың. Қылмыскер: Не деп мойындаппын? Тергеуші: Астапыралла дедің бе? Қылмыскер: Дедім. Онда тұрған не бар? Тергеуші: Мойындаудың көкесі осы жерде. Мен жаңа бұлартпас дәлелдер арқылы қылмысыңды жайып салдым ба?! Салдым! Содан үрейің ұшып кетіп, «Астапыралла» деп қылмысыңды мойындағаныңды сезбей де қалдың. Қылмыскер: Астапыралла! Тергеуші: Әне, көрдің бе, тағы да мойындап тұрсың. «Тергеушісіз қылмыскер де сайрамаған» деген біздің төл мақалымызды білемісің. Білмесең, жаңа өзің көрдің сені қалай «сайратқанымды». Біздер судан таза, сүттен ақ періштелердің өзін қылмыскер етіп, түрмеде шірітіп жібере аламыз. Хе-хе-хе... Бұл көкелеріңнің қызметі сондай.

Қылмыскер: Ағатай-ау, менің құйттай да кінәм жоқ қой.
Түсінсеңізші.
Тергеуші: Сен немене, адам өлтіргенді кінәға жатқыз-
баймысың?! Мұнан артық халықты қырайын деп пе ең?

Қылмыскер: Сөзіме құлақ түріңізші, ағажан.
Тергеуші: Ал түрдім, жоқ әлде саған құлағымды қолым-
мен түріп тұруым керек пе? Ал, ендеше.
Қылмыскер: Кеше есіктің алдында темекі тартып тұрғам.

Тергеуші: Ажалбек Әзірейілұлын өлтіріп болған соң ба?
Қылмыскер: Жо-жоқ, тамақ ішіп болған соң.
Тергеуші: Е, Ажалбек Әзірейілұлын тамаққа тойып, әл-
деніп барып өлтірейін деген екенсің ғой.

Қылмыскер: Жоқ, ол менің күнделікті әдетім...
Тергеуші: Не? Күнде адам өлтіру әдетім дейсің бе? Сен
адам жанын алатын тап Әзірейілдің өзі шығарсың. Хорошо
что сені во время ұстадық.

Қылмыскер: Сіз мені түсінбедіңіз, Басал аға. Күнде кешкі
тамақтан соң, есіктің алдында темекі тартып тұратын әдетім
деймін.
Тергеуші: Бопты. Содан...

Қылмыскер: Бір кезде милітсаның сары уазигі жаныма
келіп тоқтады.
Тергеуші: Сен ше... Сен не істедің? Темекі тартып
мелшиіп тұра бердің бе?

Қылмыскер: Иә, басқа не істеймін?
Тергеуші: Мынау деген масқара ғой. Адам өлтіресің. И
еще мілитсаның машинасы дәл жаныңа келіп тоқтаса да
қаққан қазықтай тұра бергенсің бе? Қашпайсың ба, былай,

жұрттың қылмыскерлері сияқты.
Қылмыскер: Адам өлтірмесем, не үшін қашамын?
Тергеуші: Жарайды, содан...
Қылмыскер: Сосын, уазигтің ішінен екі мілитса ытқып

шықты да мені бас салды. Содан әй-шәй жоқ осында алып
келді.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ Тергеуші: Мілитса жазықсыз адамды алып келмейді. Ал, алып келген екен, знашит қылмыскерсің. Сосын, алкоголиксің. Мен мана айттым ғой, қылмысты удай мас күйінде жасағансың деп. Қылмыскер: Құдайым-ау, мен кеше түгілі, осы ғұмырымда арақ ішіп көргем жоқ. Тергеуші: Бәрібір, ішпесең де мас болғансың. Қылмыскер: Ішпесем, қалай мас болам? Тергеуші: Сен қандай адамсың өзі қасарысып қалған? Мас болу үшін міндетті түрде ішуің керек пе? Біз айтқан соң, болды ғой. Бола сал. Айтпақшы, сен мүмкін наша тартып алған шығарсың? Қылмыскер: Жоқ, аға. Кеше милітсалар тексерді ғой. Тергеуші: Ендеше, тамырыңа былай дәрі еккенсің. Қылмыскер: Ағасы, қарасаңызшы. Қолымда иненің ізі де жоқ қой. Тергеуші: Бәлкім, сен иненіц ізін жасырмақ боп, әлгі дәріні табаныңа, мүмкін басыңның құйқасына немесе тісіңнің тамырына еккен шығарсың. Бізді ақымақ қылғың келеді, ә?! Қылмыскер: Ондайды көрсем, көзім шықсын. Тергеуші: Әлде, кіндігің арқылы жібердің бе? Қылмыскер: Астап... Тергеуші: Не, тағы да дөп түстім бе? Қылмыскер: Жоқ, ағатай. Мен байқа... Тергеуші: Біз солай байқатпай түсіреміз. Хи-хи-хи. Қылмыскер: Капитан аға, түсінсеңізші, қазақпыз ғой. Тергеуші: Сен қазақ емессің. Қайта қазақтың атына кір келтіріп жүрген мазақсың. Қылмыскер: Ағатай-ау, мен адам өлтірмек былай тұрсын, бетіме қонған шыбынды орынсыз ұшырған пенде емен. Тіпті мен ол кісіні танымаймын да. Тергеуші: Міне, тағы да өзіңді-өзің ұстап бердің. «Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі» деген – осы. Қылмыскер: Тағы да не жазып қалдым?

АТАҚТЫ АЙТҚЫШТАР Тергеуші: Ажалбек Әзірейілұлын танымаймын дедің бе? Қылмыскер: Деп қалыппын. Тергеуші: Деп қалсаң – сол. Әккі қылмыскерлер әдейі танымайтын адамын аңдып жүріп өлтіреді. Оларды жынды деймісің, танитын адамын өлтіріп?! Бір жағынан танитын адамды өлтірудің өзі ұят қой. Просто не удобно. Ал на зло, әлгі танысы өлмей қалды делік. Сосын, ол бәрін жайып салмай ма? Хе-хе-хе. Міне, логика қайда жатыр?! Бұл – уже жіптің ұшы шықты деген сөз. Қылмыскер: Қап-аға... Тергеуші: Қап ағаң ней сенің? Қылмыскер: Капитан аға дегенім ғой. Тергеуші: «Жолдас тергеуші» де, жо-жоқ, қазіргі заманға лайық «тергеуші мырза» десең де болады. Я болмаса «Басал Шашалұлы» деп былай ресми түрде айт. Қылмыскер: Басал Шашалұлы, менің түріме қараңызшы. Адам өлтіретін ахуалым да жоқ қой. Тергеуші: Адам өлтіру оңай ма? Уайымдап-ақ азып кеткен шығарсың? Қылмыскер: Мені бостан-босқа күйдірмеңізші. Жазығым жоқ қой. Тергеуші: Сені күйдіріп отырған мен бе? Қане, айтшы: «Қылмыскер емеспін» деп. Қылмыскер: Қылмыскер емеспін. Тергеуші: Онда жетіскен екенсің. Осы жасқа келгенше бірде-бір қылмыс жасамаған не деген адамсың өзің? Баяғыда ата-бабамыз, «Отызыңда отырмасаң, қырықыңда қамала алмассың» деген. «Жаңылыспайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген де бар. Қылмыс жасай алмай жүріп, өзін «адаммын» дейді еще. Осы отызыңда отырып қалмасаң, ертең қырықта қамала алмай қаласың. Сондықтан ойлан, бала! Қылмыскер: Сонда не істеуім керек?

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Тергеуші: Енді соны да білмеймісің? Кісі өлтір! Банкі
тона! Әйелдерді жәбірле! Әйтпесе, «бергеннің қолынан,
бермегеннің жолынан» деп кісі затын күш көрсетіп тартып
ал. Тіпті ол да қолыңнан келмесе, ешкімнен ештеме де

сұрама да, көрсетпе де, қалаған затыңды ал да кет. Қазір
нарық заманында қылмыс деген мода болып жатқан жоқ
па, жарқыным-ау?! Егер мен айтқан бұл қылмыстарды да
жасай алмайтын болсаң, маған айтшы, ашылмай жатқан

қылмыстарды көтергеніңше мойныңа іліп-іліп берейін.
Қылмыскер: Қажеті жоқ.
Тергеуші: Неге қажеті жоқ? Әбден қажеті бар. Сенің адам,
онда да анау-мынау емес, ұлы адам болуыңа қажеті бар.

Қылмыскер: Қалайша?
Тергеуші: Сұрағының түрін. Сен өзі тарих, әдебиет деген
пәндерді оқып пе ең?
Қылмыскер: Иә.

Тергеуші: Оларды оқу аз. Зейін қоя оқи отырып, көңілге
тоқи беру керек. Байқап қарасаң, атақты, ұлы адамдардың
барлығы да жер аударылған немесе түрмеге отырып шыққан.
Мысалы: Ленин, Сталин, Достоевский, Солженицын, тіпті

оларды айтпағанда өзіміздің небір боздақтарымыз 37 жылы
сотталып, атылып кеткен жоқ па?! Не, олар шын мәнінде
тыңшы, қылмыскер, халық жауы болды дейсің бе? Жоқ.
Тіпті де олар халық жауы емес. Қайта олар – періштелер.

Мен бағана айттым ғой, періштелердің өзін қылмыскер етіп
жібереміз деп. Сонан соң, оларда ұят бар. Заң қызметкерлері
таққан кінәні мойындамауға олардың ар-ұяты жібермеді.
Ал сенде ол да жоқ. Қылмысыңды мойныңа салып тұрсақ

та мойындамайсың. Қалай, жетеңе бірдеме барды ма? Жоқ
па? Сен маған сенбесең, сотталып көрші. Мүмкін атағы жер
жарған Ұлы адам боп шыға келерсің.
Қылмыскер: Ағатай-ау, жасамаған қылмысты мойныма

қалай ала салам? Ақылға қонбайды ғой.
Тергеуші: Қондырамыз. Тек сен «иә» десең болды.

Қылмыскер: Сонда қанша жыл бересіздер?
Тергеуші: Көп болса, 7-8 жыл. Ары кетсе, 10 жыл. Айтуға
тұрмайды. Жігіт адамға сөз бе екен тәйірі?! Батырларша бір
ұйықтап тұрсаң болды, өтеді де шығады. Сотталдым екен

демейсің.
Қылмыскер: Жоқ, аға. Мұныңызбен келісуге болмайды.
Тергеуші: Жарайды, ендеше. Жарайды. Адам өлтіргенді
мойындамасаң, мойындама. Біз бұл қылмыс туралы 50

күдіктіні ұстап отырмыз. Бірін болмаса, бірін мойындатармыз.
Ал, сен біздегі ашылмай жатқан ұсақ-түйек қылмыстардың
бір-екеуін өзіңе іл де кет. Құлағың бізден де, әйеліңнен де
тыныш болады.

Қылмыскер: Мұныңыз барып тұрған қылмыс қой.
Тергеуші: Ал сенікі ше? Нағыз көргенсіздік. «Қазақпын
ғой» дейсің. Қане, сол қазақшылығың? Қазақ өзінен үлкенді
сыйлап, кішіні құрметтеген. Ең болмаса, жасымды сыйласаң

етті. Мейлі, хорошо, қылмыс жасамай-ақ қой. Бірақ үлкенді
сыйлап, мойындай салуға болады ғой. Ұят емес пе, безеріп
тұрып алғаның? Ну, көңіл үшін мойындай салсаңшы. Жоқ,
обьязательно нервке тию керек пе? Сен бұлай қанымды

қайнатып, көзімді қарайта беретін болсаң, сенімен мен емес,
резеңке таяғым сөйлесетін болады. Ол анау-мынау емес,
полиглот дубинка. Кез келген тілде сөйлесе береді. Қане, айт
жаныңның барында. Әйтпесе, өмір сүріп жүргеніңе өкінетін

боласың.
Қылмыскер: Көндім, аға. Тек полиглот дубинкаңызды
«сөйлете» көрмеңізші.
Тергеуші: Міне, енді жөнге келдің. Негізі, өзің тәрбие

көрген бала сияқтысың. Мұрныңнан сәл жетектесе, адам
болып кетейін деп тұрсың. Қане, өзің айта қойшы, қандай
қылмысты өзіңе лайық көресің?
Қылмыскер: Біздің размерге шақтау қылмыс болса...

Тергеуші: Табамыз, мәселен орталық қойманы тонап ем
дей сал.

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

Қылмыскер: Ойбай, болмайды. «Өз нағашысын тазға
отырғызып кетіпті» деген атқа қалармын.
Тергеуші: Онда, сиыр ұрлаған болып шық. Жазасы да
былай нелеу...

Қылмыскер: Осыныңыз дұрыс сияқты.
Тергеуші: Міне, жігіт деп осыны айт. Жарайсың, бауырым!
Сен бізге ашылмаған қылмыс санын азайтуға көмектесіп
тұрсың. Бұл «Құрық» операциясы кезінде ұпайға ұпай

қосатын болды. «Сыйға – сый, сыраға – бал» деген. Мен сені
бар ғой я тура бір адамдық люкс камераға жатқызып қоямын.
Сосын, темекі дейсің бе, арақ-шарап дейсің бе, шәй, тіпті
нашамен де қамтамасыз етіп отыруға уәде берем.

Қылмыскер: Ағай, менікі ұлы адам болам ба деген ой
ғой.
Тергеуші: Өте дұрыс. Міндетті түрде боласың. Енді
сен болмағанда, түрмеге отырмаған мен болам ба? Осыдан

жақсылап барып сотталып келші. Құдай біледі деп айтайын,
атағы жер жарған ұлы тұлға болмасаң, маған кел. Тағы да
соттап жіберейін. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін.
Осындай ұлы адам болғысы келетін жора-жолдас, таныста-

рың болса айт, бізге келсін. Ұлы адамдар қашан да қоғамға
өте-мөте қажет.
Шымылдық

БІЗ НЕ КӨРМЕГЕН ХАЛЫҚПЫЗ?!

(Шартты фельетон)
Біз не көрмеген халықпыз?! Бәрін де көрген халықпыз.
Шошқаны кие тұтқан елдің отары да, жат жұрттың «Отаны»
да болған халықпыз. Алқакөл-сұлама кезінде шабыт қысып

емес, қамыт қысып, «Елім-айды» зарлап айтқан халықпыз.
Қолдан жасалған «Искусственный» аштықта қыбырлаған
мен жыбырлағанды талшық етіп, өзек жалғаған халықпыз.
«Шетелде жұмақ бар екен» деп Асан қайғы бабамыз

шақырғандай, визасыз бәріміз үдере көшкен халықпыз.
Нәубетті алақайлап қарсы алып, Сталин мен Голощекиннің
алдына түсіп, туған-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаң, тамыр-
танысқа қарамай, қырып тастаған халықпыз. «Отандап»

жүріп дзотқа кеуде тосқан халықпыз. Осы көргеніміз аздай,
ата-бабамыздың зиратын «уралап» жүріп талқандап, оның
үстіне арпа, бидай, жүгері еккен халықпыз.
Құдай-ау, біз не көрмеген халықпыз?! Бірнеше жыл

тоқырауда қалғып-мүлгіп «ұйықтап» кеткен халықпыз.
Қоразша шақырып «Қайта құру» келгенде асып-сасып,
кебісімізді сүйрете жүріп, біраз нәрсені қайта құртып
жіберген халықпыз. 1986-ның желтоқсанында мүйіз сұрап,

құлағымыздан айрылған халықпыз. Тіліміз бен дінімізден
безіп, мешіттерді қиратып, киелі де касиетті жерлерді дәретсіз
кезіп кеткен халықпыз. Қарап отырсақ, біз кіріп араламаған
тозақ қалмапты. Жекешелендіру кезінде колхоз-совхоз, зауыт-

фабрика былай тұрсын, жылжитын, жылжымайтын мүлікті
де, тау-тас, өзен-көл, су-бу, жылу, тағы не еді, ит-құс, лёд-
мұз демей, тіпті әйелімізге дейін жеке шешіндіріп,то есть,
жекешелендіріп, я болмаса сатып жіберген халықпыз. Кафе-

бар, казино-сауна, түнгі клуб пен сыраханаларды қаптата
ашып, кітапхана мен балалар бақшасын жауып тастаған
халықпыз. Шынында да, біз «мың өліп, мың тірілген»
халықпыз. Біздің қасымызда бессмертный Кащейің де жіп есе

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

алмай қалады. Ай мен Күннің тұтылғанын да көрген, мафия,
рэкет, қарақшылардың менттерден оп-оңай құтылғанын да
көрген халықпыз.
Бұрын базарда тұрып сауда жасаған өзбекке күліп жүруші

едік, өзіміз базарды қойып, әскери ұшақтарды ондап-жүздеп
шетелге сатқан халықпыз. Әскери қоймадағы оқ-дәрінің
сататынын сатып, ататынын атып, отқа жаққан халықпыз.
Бір отбасында он болсақ, онымыз он дінге кірген халықпыз.

Алты Алаш араз болып, ауыздағыны жауға берген халықпыз.
Бар бола тұрып, бай бола тұрып, жоқ-жітікке қол созбаған,
созсақ та мол созбаған халықпыз. Біз қашан төрт құбыласы
тең ел, ынтымақ-бірлігі мен ауызбіршілігі жарасқан халық

боламыз?
Егемен еліміздің ендігі атар таңы нұрлы да жарық болғай!
Ас-суға, дәм-тұзға, үй-жайға, бақ-дәулетке қарық болғай!
Мереке-шаттығымыз көп, уайым-қайғымыз жоқ болғай!

Алла бізге жар болғай! Әумин!

ФЕЛЬЕТОН

ҚАРҒАЙЫН ДЕСЕМ, ЖАЛҒЫЗЫМ

«Қарғайын
десем,
жалғызым,
қарғамайын

десем,
жалмауызым» деген екен баяғыда бір кейуана қазақ. Қайбір
жетіскеннен айтты дейсіз. Осылай демеске амал қалмаған
ғой, шамасы.

Біз де, мәселен, дәл қазір осы сөзді айтуға мәжбүр болып
отырмыз.
«Смағұлов и К» деген қазақты танитын шығарсыздар.
Танығанда қандай?! «Атың шықпаса – жер өрте» деген

пақырдың тап өзі емес пе?! Міне, сол пақыр миллиондарды
қойны-қонышына тығып, айрандай ұйыған отбасынан, аяулы
ата-анасынан, кіндік қаны тамған Атамекенінен, оттай ыстық
Отанынан қашып кетті. Қашса да, жетім мен жесірдің көз

жасын арқалап кетті. Оған қарғыс айтып, әлгі кейуанадай
қарғайсың ба, қарғамайсың ба? Қарғайын десең, өз бауырың.
Түрікшелеп айтсақ, «бір қарыннан шыққан қарындасың».
Қарғамайын десең, санасы мен ар-иманының сиқы анау. Екі

қолыңызда неше саусақ бар еді? Мұны бір деп қойыңыз. Енді
екінші саусағыңызды дайындай беріңіз.
Еліміз егемендік алып, етек-басымызды түзей бастадық.
Мемлекеттік бүкіл дүние-байлық, зауыт-фабрика, тау-кен,

шахта-бақша, кейде жылжып, кейде жылжымайтын (қырсық
есек сияқты) мүлік пен денесінде жаны бар, жаны жоқ аң-
құсқа дейін сатып немесе жекешелендіріп жібердік. Негізі,
науқаншыл халықпыз ғой. Біреу бір тас лақтырса, біз сол

жаққа қарай екі тас лақтырамыз. Мейлі ғой. Бұдан бүкіл халық
байып, бүйірі тойған қозыдай томпайса, егер қарбытқаны

– қазы, жұтқаны – қымыз, шұбат, мінгені – «Мерс» болса,

құдайға шүкіршілік айтасың. Құрығанда, бәрі керісінше
болып келеді ғой. Бұл жерде де байығандар – шала сауатты
шенеуніктер, дарынды емес, қарынды бюрократтар, саналы
емес, каналды сыбайлас-жемқорлар, бесіктен белі шығып

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

үлгермеген мини-мансапқорлар. Енді үшінші саусағыңызды
бүгіп, келесі дерекке назарыңызды аудара беріңіз.
Кезінде халықтың көпшілігі табанақы, маңдайтермен
тапқан қаржыларын балаларының аузынан жырып, Үкіметтің

банктеріне салды. Олардың мақсаты – үй салу немесе сатып
алу, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондыру, темір тұлпар
міну болды. Бірақ қоғамымызда жүрек пен санасы жоқ қуыс
кеуде мешкейлер жүргенде жәй пенденің дегені бола қоюшы

ма еді?! Бір-ақ күнде банкте тұрған қаражатынан айрылды
да қалды. Базбіреулер бұл соққыны көтере алмай, о дүниелік
болып кетті.
Осы тақылеттес оқиғаларды санамалай берсек, қолдағы

саусақтарыңыз жетпес. Аяқта да саусақ бар дейсіз бе? Ол
да жетпейді. «Аузы күйген үрлеп ішеді» дейді философ
қазақ. Бірақ біз мұны күнделікті тірлікте ескере бермейтін
сыңайлымыз. Әйтпесе, әлгі құмға құйған судай зым-зия

жоғалған банктегі ақшамыздан кейін екіншілей банктерге
қаржы салар ма едік?! «Қайта шапқан жау жаман» демекші,
жоғарыда айтылған «Банк операциясы» тағы да қайталанды.
Қарағанды облысының тұрғындары «Цветметбанктың»

белгілі бір пайыз бойынша өсіріп беретін салымдарына
ақшаларын салып, өз өсімдерін ала алмай жүргендеріне, міне
бақандай 5 жыл болды. (Бұл деректі «Юбилей» ретінде де атап
өтуге болады). Олардың арасында кәрі-құртаң, бай-манап,

жетім-жесір, жаңа және шала қазақ, тіпті бұл жалғаннан озып
кеткендері де бар. Осы даулы мәселеге орай бірнеше депутат
тиісті мемлекеттік мекемелер мен құзырлы орындарға хат
жолдап, депутаттық сауал салса да сең бұзылар емес. Тиісті

банк басшылары мен құзырлы орындар сол баяғы әдеттеріне
басып, салқынқандылық танытып, еріне ернін жыбырлатып,
хат арқылы сылап-сипап, тасбақа тіршілік кешіп жатыр.
«Көрдім. Білдім. Түсіндім. Бұл бір қиянат іс болған екен. Шара

қолданамыз» деп жатқан адам жоқ. «Біреудің жоғын біреу ән
салып іздеп жүр», әйтеуір. Ол – ол ма?! Алматы қаласының
салымшыларынан да 2001 жылдан бастап ұйқы қашты.

«Цветметбанк» сияқты «Бизнесбанк» та аяқ астынан банкрот
болып шықты. «Цветметбанктың» салымшылары алдындағы
қарызы 49 миллион теңге болса, «Бизнесбанктың» қарызы
Ұлттық Банктың ресми құжатында 13,5 миллион теңге деп

көрсетіледі. Бірақ Ұлттық Банктің Банк пен қауіпсіздендіруді
бақылау департаменті директорының БАҚ-тағы мәліметіне
сенсек, миллиондар емес, миллиардтар өсіп шыға келеді. Бұл
іс бойынша да депутаттар Қазақстан Республикасының Бас

прокуроры Р.Түсіпбековке депутаттық сауал жолдап отыр.
Егер осы жолы да іс насырға шауып, салымшылар жапа
шексе, онда Үкіметтің халық алдында бетінен-бет қалмайтын
шығар.

Баяғыда Петр бірінші Балтық жағалауындағы елдерді
басып алып, бір шенеунікке сол елден жер сыйлапты.
Сөйтсе, ол жер бір пақырдың жері болса керек. Әлгі батырақ
арызданып жүріп патшаға да жетіпті.

– Егер мені кінәлі деп тапсаң, сотқа бер, – депті патша.

Жәбірленуші патшаны сотқа беріпті. Сот істі ары қарап,
бері қарап, патшаны сотқа шақыртыпты. Патша үлкен басын
кішірейтіп, сот алдына келіпті. Сонымен, сот істі әлгі па-
қырдың пайдасына шешіп, патшаны айыпты деп тауыпты.

Сонда Петр І соттың әділ шешіміне ризашылық білдіріп:

– Патша да жауап берген сотпен басқалар ойнамасын, –

деген екен.
Бұл – бірнеше ғасыр бұрын болған оқиға. Ал XXІ
ғасырдың оқиғасы немен бітер екен? Біздің сана-түйсігіміз
Петр біріншінің ғасырынан асып-түсіп жатса, қуанасың. Ал

одан да төмен түсіп кетсе ше... Үмітсіз – шайтан.

САСҚАН ҮЙРЕК САЛЬТО ТАСТАЙДЫ

Әлқисса, жарықтық Алдаркөсе шық бермес Шығайбайға:

– Көргенімді айтайын ба, әлде естігенімді айтайын ба? –

депті. Сонда сараң бай:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Естігенің өтірік болар, көргенінді айт, – деген екен.

Сол айтқандай, ұйыған айғақты нәрсені алдарыңызға
айрандай қотарғым келіп отыр.
Елбасымыз зейнетақы мен бюджетке қарасты мекемелердің
айлық жалақысы тағы да өсетіндігін айтқан жоқ па?!

Қуанышты хабарды естігенде, әйеліміз егіз ұл тапқандай
қуандық. Елдің әлеуметтік жағдайы жақсарып, етек-жеңі
жиналып, жыртығы жамалар дестік. Осы масайраудың
«мастығынан» айыға алмай жүргенде, Білім және ғылым

министрі, мың болғыр Шәмша Беркімбаева ханым білім
саласы үшін бұрынғыға қарағанда 38,5 пайыз артық қаржы
бөлуге қол жеткізгендігін мәлімдеді ме? Мәлімдеді. Бұған
ұстаздар қауымы бөріктерін аспанға лақтырып, бұлт ішінен

шығар күнді көргендей әсерге бөленді. «Қуаныштарыңыз
ұзағынан сүйіндірсін!» дейін десек, қайын атасының
алдында тілі күрмелген келіндей күй кештік. Неге? Қостанай
облысының ұстаздары қара жамылып, оразадан кейін де

ораза ұстайтын ниет білдіріп отыр. «Неге, байғұс-ау?» дерсіз.
Сіздің негелегеніңізге біз шегелеп жауап беруге тырысып
бағайық.
Қостанай облысы Меңдіқара аудандық мәслихаты ай-

күннің аманында түлен түртті ме қайдам, бюджеттің
мардымсыздығына байланысты ұстаздардың еңбекақысын
қысқарту қажет деп тапқан. «Енді ес жиямыз ба?» деп отырған
ұстаздарды аудандық мәслихат депутаттары «шөміштен

қысқаннан» басқа жол таппағаны ғой сонда. Әлде, бұл
«жуас түйе жүндеуге жақсының» кері ме? Осындай ұйғарым
жасап отырған халық қалаулыларын өз ұстаздарын осылай
«сыйлап, құрметтеп», ұл-қыздарына үлгі, өнеге көрсетіп

отыр деп түсінеміз бе? «Сасқан үйрек сальто тастайды»
дейді қазіргі жастар. Сіздердің бұл «сальтоларыңызға» жол
болсын, депутат мырзалар! Мұндай солақай шешім шығарып
шіренгеннен депутаттар ұпай жинап, бюджет қоржыны

қампаяды дегенге ешкім нана қоймас. Өткен жылдың тоғыз
айы ішінде республикалық бюджеттен бір миллиард үш жүз

миллион теңге ұстағанның қолында, тістегеннің аузында
кеткен. Желге ұшқан, суға аққан, отқа өртенген, әйтеуір ізі-
ғайым жоғалған. Одан қалса, Астанада жыл сайын ондаған
миллион теңгеге «мұз қалашық» салып, әуейіленетін әдетіміз

бар. Сол қаржыны балабақша, мектеп, кітапхана, мәдениет,
спорт, т.б. сарайлар салуға жұмсасақ, апырым-ау, діннен
шығып кетеміз бе, қанеки? Әрине, бұл пікірімізге әлгі «қолы
ашық» шенеуніктер: «ол қаржы бюджет есебінен емес,

бизнесмендер қалтасынан алынды» деп ақталар. Мейлі,
қайдан шықса да, қаржының игілікті іске жұмсалғаны абзал
ғой.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтсақ, егер қаржы

атаулыны тиімді пайдалана отырып, жоғарыда айтқандай
ысырапқа жол бермесек, ұстаздардың қалтасын қақпай-ақ,
бюджеттің қарнын қампайтуға болады деп ойлаймыз. Менің
бір түсінбейтінім, біз біреуді жұбату үшін, екінші біреуді

жылатуға неге құмармыз? Тойып секіретін «тапқышбек»
шенеуніктерді тізгіндеп, халықты сыйлауды қашан үйренер
екенбіз – осы?

АШ БОЛСА, НЕГЕ ПАЛАУ ЖЕМЕЙДІ?

1932 жылғы ашаршылық кезі болса керек. Аш-жалаңаш
кедейлердің барлығы байдың есігін сығалап, итке тастаған
сүйектерге таласып, жуындымен жүрек жалғап жүріпті.
Осының бәрін көріп-біліп жүрген байдың ерке баласы:

– Әке, мына кедейлердің бәрі неге біздің үйдің есігінен

сығалай береді? – деп сұрапты. Сонда бай:

– Е, балам, бұлар аш қой, – депті. «Белі ауырмастың нан

жесін қара» демекші, мұндай ауыртпалықты бастан кешпеген
баласы:

– Аш болса, неге палау жемейді? – деген екен.

Бұл – ілгеріде болған оқиға. Таяуда бір курстасым менің
жатақханада тұрып жатқанымды естіген соң:

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

– Осы уақытқа дейін жатақханада тұра бергенше, неге үй

сатып алмайсың? – дейді данышпансып.

– Ойбай, атай көрме! Пәтер алған соң, жұрт қатарлы

еуроремонт жасау керек. Оның ай сайын төлеп тұратын
пәтерақы, жылуақы, суақы, буақысы бар, одан қала берсе,
күл-қоқысыңа дейін ақы төлейсің. Ол ақы бір орыңда тұрмай,
жыл сайын өсетіні тағы бар емес пе?! Пәтер сатып алдым

дегенше, басыма бәле сатып алдым дей бер, – деймін әзілдеп.
Ол пақыр қайдан білсін, менің соған қолым жетпей
жүргенін. Менің сол жатақхананың өзінде: «басшылар
қашан қуып жіберер екен?» деп қалт-құлт етіп, күн кешіп

жатқанымды ол пақыр жан-жүрегімен сезіне білді дейсің
бе?! Жоқ! Тас түскен жеріне ауыр. Әркім өз басына түспей,
қиыншылықты жан-жүрегімен сезіне білмейді. Содан
да болар, «Неге аш болса, палау жемейді? Неге үй сатып

алмайсың? Неге кедей тұрасың? Неге «Мерс» мінбейсің?»
деген сауалдарды санамен, жүрекпен емес, тіл ұшымен қоя
саламыз. «Тисе терекке, тимесе бұтаққаның» кері.
1992–1998 жылдар аралығында Маңғыстау облысына

Түркіменстан мен Өзбекстаннан 672 отбасы (2575 адам)
квотамен көшіп келген. Олардың қоныс аударғандарына
алды – 10 жыл, соңы – 5 жыл болса да, әлі күнге дейін
тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген. 2002 жылғы «Көші-

қон туралы» Заңның 29-бап, 2,4-тармақтары негізінде олар
Үкімет тарапынан баспаналы болуы керек еді. Өкінішке
қарай, ол заң сол жазылған жерде, жарияланған күйде қалды.
«Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай, біздің Ыбырай сұмырай»

демекші, неге өзге елдің заңдары қара қылды қақ жарады,
неге біздің заңдар тоқалдан туғандай жасқанып, орындалуы
дәрменсіз болып келеді. Міне, осының салдарынан оралман
бауырларымыздың халі мүшкіл. Олар қыс айларында тұруға

бейімделген саяжайларды паналап, кейбіреулері бетіне күліп
қараған ағайын-тумаларының үйіне түнеп, ал базбіреулері
айына 15-20 мың теңгеге пәтер жалдап тұрып жатыр.
«Жыламаған балаға емшек бермейтінін» біліп, оралмандар

«Көші-қон туралы» заңның орындалуын талап етіп,
бірнеше рет Көші-қон агенттігіне, Үкіметке, Президенттің
әкімшілігіне арызданған. Алайда әлгі мәселе осы күнге дейін
оң шешімін таппай отыр. Көшіп-қону кім-кімге де оңай емес.

Әсіресе, Түркіменстаннан келген бауырларымызға өте қиын
соғып отыр. Өйткені олар Түркіменстандағы үйлерін сата
алмайды. Сондықтан кеткен Үкіметі зар жылатып жіберсе,
келген Үкіметі көз жастарын сүртіп, бауырға тартып,

қамқорлық жасап жатса, жараспай ма?! Біз, керісінше,
«Жығылғанға жұдырық» жұмсап отырмыз.
Бұл – квотамен көшіп келген оралмандардың мұң-мұқтажы.
Ал квотасыз, өз беттерімен қоныс аударған қандастарымызды

қайтеміз? «Ақыры келіп қалған екенсіздер, өз күндеріңізді
өздеріңіз көріңіздер» деп қол жайып отыра береміз бе?
Әлде, жоғарыда айтқандай, «Неге үй сатып алып, жұмысқа
тұрмайсыздар?» деп тіл ұшымен сауал тастаймыз ба? «Қотыр

түлкі өз інін қабады» демекші, Көші-қон агенттігі өз заңын
өзі аяққа басып, жылаған оралманды жұбатудың орнына,
жұбанғанды қайта жылатып отыр.
Өткен ғасырдың елуінші жылдары біздің жақтан

үдере көшіп барған қазақтарға Түркия үкіметі құшақ жая
қарсы алып, үлкен құрмет көрсетіпті. Сол кездегі Түркия
мемлекетінің министрі Фатын Рушту Зорлу көшіп келген
қазақтарды қарсы алып тұрып:

– «Түркия маңдайы шылқып тұрған бай ел емес. Соған

қарамастан, біз сіздерге хал-қадірімізше қол ұшын береміз.
Әрқайсыңа баспана береміз. Бес жыл бойы салық төлеуден
босатамыз. Мемлекет иелігіндегі көліктермен ел ішінде
жүріп-тұруға жеңілдік жасалады. Саудамен, қолөнермен

шұғылданам деушілерге қалалық жерден тегін үй беріледі.
Жұмыс істеймін деушілерге мемлекет меншігіндегі зауыт-
фабрикалардан жұмыс тауып береміз» деген екен. Міне,
қамқорлықтың үлгісі! Бұл – туған әкең де және біздің Көші-қон

агенттігі де жасамайтын жақсылық. Пәтер бергеніне, жұмыс
тауып беріп отырғанына ақы я болмаса пара сұрамайтын

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

сауап іс. Бұл – бауырларына деген, яғни түрікшелеп айт-
сақ, қарындастарына деген түріктердің құрмет пен ізеті, на-
ғыз жанашырлығы. Ал біз өз қандастарымызды қалай
қарсы алып отырмыз? Қытайдан келген қазақты «қытай»,

моңғолдан келгенін «моңғол», Ираннан келгенін «иран» деп
төмендетеміз. Куәліктерін жылдап бермей, әуре-сарсаңға
саламыз. «Қазақша жазып, орысша сөйлей алмайды» деп
тағы жазғырамыз.

Ол байғұстар қайда барса да «Қорқыттың көрін» дайындап
қоямыз. Олар «Отаным», «Атамекенім» деп зар жылап,
елге оралмап пе еді?! Осынша жапа шегетіндей не жазып
қойды? Бұл қорлыққа шыдай алмай, біразы қайта көшіп

кетті. Олардың обал-сауабы кімге? Әрине, осының бәрін
ұйымдастырып, үйлестіре алмаған Көші-қон агенттігіне.
Бұлай демеске шарамыз да жоқ. Бұл өзекті мәселе туралы
Парламент мәжілісінің депутаты Қайролла Ережепов мырза

Премьер-министр Даниал Кенжетайұлы Ахметов мырзаға
депутаттық сауал тастады. Бұғанасы өндірісте қатып, талабы
талай тартыстарда таразыланып жүрген Д.Ахметов бұл
өзекті мәселенің оң шешімін табуға белсене араласады деген

үміттеміз. Ал Көші-қон агенттігінің төрайымы Алтыншаш
Жағанова ханым туралы «Жас Алаш» газеті бір емес,
бірнеше мәрте сын мақалалар жариялады. Одан бері де
тазға шаш шығатын уақыт өтті. Ал А.Жағанова ханым тау

сілемдеріндей қатып отыр. Сең қозғалар емес. Еритін кез әлі
болмаған-ау, сірә?!

МАЗМҰНЫ І БӨЛІМ Қаламгер қалжыңы...........................................................................3 ІІ БӨЛІМ Әртістердің әзілі..............................................................................71 ІІІ БӨЛІМ Айқынның айтқыштары.................................................................91 ІV БӨЛІМ Ауыл айтқыштары........................................................................107 V БӨЛІМ Кішкентай айтқыштар..................................................................133 VІ БӨЛІМ Автордың өзі де – айтқыш...........................................................143 VІІ БӨЛІМ Қазақы қалжыңдар........................................................................155 VІІІ БӨЛІМ Мағынасы майысқан мақалдар...................................................173 ІХ БӨЛІМ Әзіл әлемі.......................................................................................199

Редакторы М.Байленова
Дизайнері Нұргелді Есенаманов

ЕРМАХАН ШАЙХЫҰЛЫ

«Қазақ энциклопедиясы» баспасының
Директоры-Бас редакторы

Ж.ТОЙБАЕВА

Басуға 10.12.2018 ж. қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Офсеттік баспа. Шартты б.т. 20,0.
Таралымы 5000+200 дана. Тапсырыс №
«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 050035,

Алматы қаласы, 8-ықшамаудан, 19a-үй.
Тапсырыс берушінің файлдарынан
Қазақстан Республикасы «Полиграфкомбинат»
ЖШС-інде басылды.

050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙