TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 61 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 61 том

«Бабалар сөзі» сериясының 61-томына «Ер Әжібай», «Шақшақұлы Ер Жәнібек», «Жапал батыр мен Таңшебер қыз» тарихи жырлары және «Арқалық батыр» тарихи жырының таңдаулы үш нұсқасы енді.

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.

Аяған Б. Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.

Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.

Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.

Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.

Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.

Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.

УДК 398

ББК 82.3 (5 Қаз)

Б 12

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У.,

Күзембаева С.A., Қирабаев С., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:

Қ.Алпысбаева, С.Қасқабасов, С.Қосан (жауапты редактор),
Ж.Рақышева

Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:
Т.Әкімова (жауапты шығарушы), Т.Әлібеков, С.Қосан, Ж.Салтақова

Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: Фолиант, 2010.
Т. 61: Тарихи жырлар.—448 бет.

ІSBN 978-601-292-012-3

«Бабалар сөзі» сериясының 61-томына «Ер Әжібай», «Шақшақұлы
Ер Жәнібек», «Жапал батыр мен Таңшебер қыз» тарихи жырлары және
«Арқалық батыр» тарихи жырының таңдаулы үш нұсқасы енді.

УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз)

ІSBN 978-601-292-012-3 (т. 61)
© Әдебиет және өнер институты, 2010

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010
00(05)—09

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов
атындағы
Әдебиет

және
өнер
институты
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияла­

нып отырған «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми
басылымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған алпыс томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­

налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда,
бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни
дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір томы,
тарихи жырлардың сегіз томы, батырлар жырының жиырма

томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп,
баспа бетін көрді. Бұлардың он томы Қытайдағы қазақ фолькло­
рына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат қазынасы—
фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безендірілген жаңа

басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен қарсы алды. Қазақ
эпосының көркем үлгілерін жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 61-том тарихи
жырларға арналды.

Томға XVІІ—XVІІІ ғасырлардағы жоңғар басқыншылығы­на
қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына байланысты
туған халық аңыздарын сюжеттік арқау еткен бірқатар тарихи
жырлар еніп отыр.

Олар: «Жапал батыр мен Таңшебер қыз», «Шақшақұлы
ер Жәнібек», «Ер Әжібай», «Арқалық батыр» жырлары. Бұл
шығармалар ел қорғау тақырыбына арналғанымен, сюжеттік,
мекендік, мезгілдік тұрғыдан алғанда әрқайсысының өзіндік

ерекшеліктері мол, кейіпкерлері де әрқилы. Мәселен, «Жапал ба­
тыр мен Таңшебер қыз» эпосының сюжеті басты кейіпкерлердің
бірі—атақты Есім хан заманындағы XVІІ   ғасыр оқиғаларын ба­
яндаса, «Шақшақұлы ер Жәнібек», «Ер Әжібай» шығармалары

XVІІІ ғасырдың орта шеніндегі тарихи оқиғаларды сөз ет­
кен. Ал «Арқалық батыр» жырының сюжеттік фабуласы Ал­
тай қазақтарының аймақ бастығы Әжі төре Көгедайұлы мен
ұранқай—дүрбіт

халықтарының
билеушісі
Ежен
ханның

жергілікті елге көрсеткен зорлық-зомбылықтарына қарсы
шыққан Арқалық батырмен арадағы қақтығыстарға құрылған.
«Жапал батыр мен Таңшебер қыз» жырының ел аузындағы
нұсқаларын жинап, алғаш поэмаға айналдырған халық ақыны

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шәкір Әбенов. Аталмыш шығарманы одан әрі дамыта, жаңғырта
жырлаушы—тәшкенттік қарт ақын Әбділла Тұтқышұлы. Соңғы
нұсқада тарихи жырдың эпикалық қуаты барынша күшейіп,
шығарманың фольклорлық сипаты айқындала түскен. Тарихи

эпоста батырлық, ерлік мотивтерімен қатар, махаббат, ғашықтық,
достық, даналық сарындарына да мол орын берілген.
Жәнібек батыр есіміне байланысты үш жыр нұсқасы
сақталған. Олардың әрқайсысы бір-біріне мүлде ұқсамайтын

жеке тұлғалардың өмірі мен алмағайып заманда елі мен жерін
қорғауда жасаған ерен ерлігінен сыр шертеді.
Солардың бірі—«Ер Жәнібек» жыры Қытайдағы отандаста­
рымыз арасында кең тараған. Бұл тарихи жырдың кейіпкері—

Алтай тауын мекендейтін абақ—керей руынан шыққан белгілі
батыр, би Жәнібек болса, екінші бір эпоста XVІ ғасыр басында
Қазақ мемлекетін билеуші—Жәнібек хан бейнесі сомдалған.
Жыр «Бабалар сөзі» сериясының 27-томының (9-120 б.б.), ал

соңғысы 56-томының (9-88 б.б.) құрамында жарық көрді.
Осы томға ұсынылып отырған «Шақшақұлы ер Жәнібек»
жырының көлемі—72 бет. Жыршысы—халық ақыны Иман­
жан Жылқайдаров (1882-1974). Мұнда XVІІІ ғасырдағы қазақ-

жоңғар соғысында ту ұстап, қол бастаған, елдің бірлігі, жердің
бүтіндігі үшін жан аямай күрескен ардагер, қоғам қайраткері,
халық көсемі «Тархан» атағын иеленген Шақшақұлы Жәнібек
батырдың Отан қорғау жолындағы жанкешті жорықтары әсерлі

жырланған. Шығармаларды баспаға әзірлеу барысында аталған
нұсқалардың барлығына фольклорлық және мәтіндік тал­
дау жасалып, бұрын жарияланған мәтіндердің олқылықтары,
артық-кем тұстары қайта қалпына келтірілді.

Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа ен­
ген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер,
мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-
су атауларына сипаттамалар, шығармаларды жинаушылар мен

жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер
тізімі, басылым туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі
қысқаша түйін қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың си­
рек қорында сақталған түпнұсқа негізінде дайындалды.
Томның көлемі—28 б.т.

Бастайын бисмилла деп дастанды бұл,
Сауыңда қаусырма жақ, сайрашы тіл.
Баласы мұсылманның кәлимагөй—
Үмбеті Мұхаммедтің Құдайға құл.

Пайда боп жаралғаннан бұл дүниеге
Адамзат келіп-кеткен бірнеше қыл.
Балуан, сайыпқыран не батырлар
Керік пен ат орнына мінген дүр піл.

Жақсылар, жатар жерің болар жалғыз,
Тусаң да қанша болып атадан ұл.
Көп қисап, қанша дәурен сүрсең дағы,
Ақыры сұм дүниенің болады зіл.

Құдайлық дағуа қылған перғауынды
Ғарық қылған ақырында дәрия Ніл.
Ешбірі таған болмас адамзаттан,
Дүниенің опасыздығы осындай, біл.

Сөзіне қарағанда бұл оқиға,
Екі жүз болса керек және елу жыл.
Қолыма қалам алып жазамын хат,
Болады жазсам қағаз, көңілім шат.

Жүрсін деп халық аузында жаздым мұны,
Қалдыру мақсат үшін артымда ат.
Ғазиздар бұрынғы өткен айтып кеткен,
Жақсыдан ат қалар деп жаманнан дат.

Үлгілі жақсы адамның сөздері бар,
Ләззаты татқандарға шырын, шәрбат.
Ішінде ақынның да ақындар бар,
Сияқты дүрри, гауһар сөзі қымбат.

Жапал батыр мен Таңшебер қыз
(Әбділла Тұтқышұлы нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Болмайды бәрі ақылды сұлудың да,
Бет ажар біткенменен сын мен сымбат.
Дүниеде жақсы да бар, жаман да бар,
Тірілік бес күн жалған бір ғанибат.

Уақыты біткен күні аттанады,
Сияқты келген мейман бұл адамзат.
… ….. …………..
Әлеумет, тыңдасаңыз бір қызық сөз,

Бастауға бір дастанды аяңдадым.
Жапал мен Таңшебердің қиссасы бұл,
Өзімнің хикаямды тамамдадым.
Қазақтың Шәкір деген жазған қарты,

Сөзінің арзан емес қымбат нарқы.
Кешегі хандық дәуір заманында
Қазақпен жау боп келген қалмақ халқы.
Жеңгені шауып алып кете берген,

Келісім арасында болмай шарты.
Ел үшін жанын құрбан қылатұғын
Көп шыққан қазақтың да жомарт мәрті.
Шығарған ақындардың қиссасының

Әртүрлі сөздерінде болар парқы.
Жорғамын өз әлімше, үлкен ақын,
Атақты болмасам да шыққан дәрфі.
Келтірдім қиыстырып ұйқасына,

Ішінде қара сөзі екен жарты.
Түзеттім кемін қосып, артығын ап,
Көп сөзін келіспеген ала-шарпы.
Тыңдаушы, азаматтар, кешіріңіз,

Артық-кем болса сөзі және хәрпі.
Сөз қылдым қазақ—қалмақ өткен бегін,
Ұрысып бір-бірінен алған кегін.
Көктедім көп сөздерін ұйқасына,

Сияқты керегенің кеткен көгін.
Артымда сөз қалдыру мақсатым бұл,
Халыққа сатулы емес, сөзім тегін.
Келмесе ұйқасына маңызды боп,

Артықша қаламаймын сөздің көбін.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Халыққа түсінікті шырын қылып,
Жазамын әсем сөзден тапсам ебін.
Айтыңыз рақмет деп атасына,

Қабыл қып жазушының бұл тілегін.
Бастайын осылайша сөздің басын,
Естіген бұл дастанды қылар тахсин.
Бір-бірін күші жетіп шауып алған,

Айтайын қазақ—қалмақ хикаясын.
Әр елдің батыры мен және жердің,
Кетейін түсіндіріп шекарасын.
Дастанды реттеген Әбділла атым,

Бұл емес бірнеше бар жазған хатым.
Шәкір қарт бастап жазған бұл қиссаның
«Ер Жапал, Таңшебер қыз» қойған атын.
Орта Жүз Жапал нәсілі—тобықты, арғын,

Таңшебер ұйғыр-қаңлы дейді затын.
Ұлалы қалмақтардың батыры екен
Істеген қазақ елге қиянатын.
Болсын деп түсінікті естігенге,

Сол үшін жаздым міне баянатын.
Ата жау қашаннан-ақ қазақ, қалмақ,
Бір-бірін күші жетсе талап алмақ.
Арғында тобықтыдан—Қожаберген

Шұбартөс батыр бопты, шынжыр балақ.
Лайық қайратына күш шабысы,
Жан жолдас аты бопты Ақбозойнақ.
Балуан, өзі батыр елге басшы,

Жүріпті туған елін жаудан қорғап.
Мінезі ажарына ақылы сай
Таңсұлу деген қызды алған таңдап.
Батыры қалмақтардың Ұлалы еді,

Алтайдың ар жағында тұрар еді.
Бек болып бірнеше жыл балуандықпен,
Қалмақты алпыс ата сұрап еді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ол кезде Жетісуды қаңлы жайлап,
Жылқы мен қоралы қой жүрген айдап.
Қазақпен ашық емес, көмескі жау,
Жүретін қалмақтармен сөзін байлап.

Ол кезде қатар жүрген арғын, найман,
Арқа, Алтай майсасына малын жайған.
Қазақтың қалмақ болып үлкен жауы,
Көп елдер қауіп қылып қоныс ауған.

Ескіден қазақ елі көшпелі ел,
Бай болу мақсатымен өсіріп төл.
Малының жайы үшін көшіп жүрген,
Деместен ыстық, суық соқса да жел.

Бұзылып Ұлалының бір күн ниеті,
Қайтпаған батыр еді жаудан беті.
Шаппаққа қазақ елін көңлі кетті,
Алтайда найман еді елдің шеті.

Қазақ ел бытыраңқы көшіп жүрген,
Мал жайып, пайдаланып соны жерден.
Білсін деп қазақ жайын жансыз барып,
Ұлалы қаңлы еліне хабар берген.

Білмекке ел жағдайын жансыз болып,
Қазаққа қаңлы елінен адам келген.
Қалмақтың батырына бұлар барып,
Жағдайды айтқан тегіс көріп білген.

Ұлалы он мың қолмен Алтайдағы
Найманға бейғам жатқан келіп тиген.
Қалмақтар қазақтарға болып өктем,
Соғыста бірнеше ердің қанын төккен.

Жауына жеңілген соң жерін тастап,
Арқаға қарай найман көшіп кеткен.
Найманды айдап салып қонысынан,
Алтайды қалмақ алып мекен еткен.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Ұлалы кемеліне келіп сонда,
Алтайдың сазына кеп тігеді орда.
Жеңдік деп қазақтарды масаттанып,

Отырды маңғаздары оң мен солда.
«Жақында Арқаны да аламыз» деп,
Ұлалы қоразданып деді сонда.
Наймандар Арқа барды арып-ашып,

Құтылып қалмақтардан көше қашып.
Өзінің айрылған соң қонысынан,
Отырды арғындармен араласып.
Белгілі Арқа деген аты жердің,

Көп жылдан қонысы еді арғын елдің.
Жаз болса қатар қонып, бие байлап,
Үстінде отырушы еді Қоңырбелдің.
Гүлдердің неше түрлі исі аңқып,

Екпіні тұрушы еді соғып желдің.
Малға жай, шөбі шүйгін, жанға салқын,
Айнала есебі жоқ жатқан көлдің.
Найманды қонысынан айдап тастап,

Қалмақтар және жиды қару, аспап.
Шақыртып әскерлерін жиып алып,
Ниеті Арқаны да болды баспақ.
Ұлалы он мың қолмен аттанады,

Арғынға тұңғыш рет жорық бастап.
Он мың қол дабыл қағып, сырнай шалды,
Семіз ат мінгендері тоқпақ жалды.
Кигені үстеріне тегіс сауыт,

Ат-тұрман, қару-жарақ бәрі сәнді.
Қазаққа жолды бастап бару үшін,
Қаңлыдан басшы қылып адам алды.
Арада бірнеше күн жолды басып,

Көп қосын ел шетіне келіп қалды.
Қалмақтар келіп сонда дабыл қаққан,
Кем емес ер қарудан, аты баптан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тобықты, қанжығалы елдің шеті,
Соқтықты соған келіп бейқам жатқан.
Батыры тобықтының—Қожаберген,
Дұшпанын жаншушы еді қарсы келген.

Қайтпаған жаудан беті батыр еді,
Ұрыстың неше түрлі жолын білген.
Ататын құралайды дәл көзінен
Айлакер, асқан жершіл еді мерген.

Саясат айбатынан адамдардың
Жүрегі суылдаушы еді заты көрген.
Жылқының төрт аяқты тұлпары еді
Бозойнақ астындағы аты мінген.

Бар еді Сары інісі он бес жаста
Сұңқардың түлегіндей артына ерген.
Қалмақтар саясатпен келді басып,
Қазақтар қапияда қалды сасып.

Жау келіп елдің шетін басқаннан соң,
Мүмкін жоқ кетуіне көше қашып.
Халықты Қожаберген жиып алды,
Деп айтты: «Сақтау керек мал мен жанды.

Алтыдан, алпыс жасар атқа мінсін»,—
Деді де осылайша хабар салды.
Алдырып жігіттерге қару-жарақ,
Қалдырды ауылда өңкей кемпір-шалды.

Сиынып бір Аллаға атқа мінді,
Қалмаққа бермейміз деп намыс-арды.
Алдына қарт қария «әумин» деп,
Қол жайып бата сұрап бәрі барды.

Зар жылап қариялар берді бата,
«Құдая, болмасын,—деп,—тілде қата.—
Жігерім, қозыларым һәм перзентім,
Көздері жаудыраған, жаным бота.

Мұхаммед—Алла досты, Ғали шері,
Қолдай көр, арғы бабам Адам Ата.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Аман қайт жауды жеңіп, азаматым,
Сендерсің жал мен құйрық, қос қанатым.
Амандық жолдарыңа құрбан қылып,

Ризамыз Алла алса аманатын.
Құлыным, жаным ботам, қозыларым,
Сендерден жан жоқ бізде аянатын.
Иә, Алла, һәмма жұмыс өзіңе аян,

Істеп тұр кәпір қалмақ қиянатын.
Рақым қып мұсылманды аман сақта,
Үмітім—жарылқайтын Рахман атың.
Кәпір көп, мұсылман аз Жаппар ием,

Болмаса бір өзіңнің ғинаятың.
Достыңның Нұр-Мұхаммед құрметі үшін,
Қабыл қыл біздей ғаріп мінәжатын».
Осылай берді бата жас пен кәрі,

Қол жайды «әумин» деп тегіс бәрі.
Бас болып Қожаберген кетті жүріп,
Сондағы қалғандардың айтқан зары.
Жалынып бір Аллаға жалбарынды,

Бозқасқа қойын шалып қалғандары.
«Құдая, аман сақта!»—деп зарланды,
Ішінде Қожаберген сенген нары.
«Күніміз, қалмақ жеңсе, не болад?!» деп,

Зарланып үнін қосты қатындары.
Сиынып жүрді қазақ Жаппар Хаққа,
Қалмақтар шуылдасып мінді атқа.
Көрген соң жау қарасын Қожаберген,

Аямай қамшы басты Бозойнаққа.
Шеп болып қазақ, қалмақ қарсы жүріп,
Жақындап қалып еді екі жақ та.
«Алаш!» деп ұрандатып жалғыз өзі,

Айқайлап Қожаберген кірді топқа.
«Алаш» деп жеке ат қойды сонша қолға,
«Пірім,—деп,—Ғали шері, өзің қолда».
Қалмақтың бөлек-бөлек қылды тобын,

Қылышты бірдей сілтеп оң мен солға.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір жеті болды соғыс күні-түні,
Жеңісіп ала алмады бірін-бірі.
Болып еді ілгеріде неше соғыс,
Бұл соғыс бәрінен де болды ірі.

Айғайлап топты жарып Қожаберген,
Өнерді көрсетіп жүр неше қилы.
Сескеніп арыстанның айбатынан,
Дұшпанның бұрынғыдай шықпады үні.

Батырдың қылышының зардабынан
Қалмақтың сол уақытта өлді мыңы.
Адамы баудай болып қырылған соң,
Ұлалы тұра алмады көріп мұны.

Айғайлап «жекпе-жек!» деп қырға шығып,
Денесін ашу кернеп тұтты жыны.
Ұлалы шетке шығып жеке тұрды,
Шапаттап астындағы атын ұрды.

Соғысты кешіп жүрген Қожаберген
Дауыс деп мынау қалай мойын бұрды.
Шақырып «жекпе-жек!» деп жеке тұрған
Қараса, Ұлалы екен танып білді.

Сиынып бір Аллаға тәуекел деп,
Қалмаққа жеке тұрған қарсы жүрді.
Қолына екеуі де алды найза,
Істеді бір-біріне әртүрлі айла.

Қайырып айбалтамен ұрғанында
Найзалар ортасынан болды майда.
Онан соң қолдарына алды қылыш,
Болмады екеуінде қарап тұрыс.

Сілтесіп бірі қағып, бірі ұрып,
Артықша бір қабағат болды ұрыс.
Қылышы Қожаберген кетті сынып,
Қайырып айбалтамен қалғанда ұрып.

Батырдың айбалтасы Ұлалының,
Қылышын қолындағы кетті жұлып.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Қару ғып алды қолға айбалтаны,
Ұруға бірін-бірі жантайғаны.
Бірі ұрып, бірі қағып қарсыласып,

Болмады екеуінің жүз тайғаны.
Екеуі бұрыннан-ақ ата дұшпан,
Жоқ еді Қожаберген жаудан сасқан.
Осындай неше ұрысты жекпе-жекте,

Дұшпанын жеңуші еді қарсыласқан.
Қалмақтың бірнеше ері қан майданда
Қолынан арыстанның қанды құсқан.
Батырдың қалған екен қолы қажып,

Тынымсыз жеті күнгі бұл ұрыстан.
Ұлалы өзін сақтап топқа кірмей,
Нұсқауды жүрген екен беріп тыстан.
Екеуі қаһарланып қарсы тұрып,

Аямай бірін бірі ұрды бастан.
Балтасы Ұлалының дәділ тиіп,
Атынан жерге түсті ер арыстан.
Қазақтың қалың қолы мұны көріп,

Майданнан жүз қайтарып кейін қашқан.
Бір жеті болды соғыс күн-түн қатты,
Ел толқып, ер теңселіп, шаршатты атты.
Жекпе-жек қан майданда Қожаберген

Қолынан Ұлалының қаза тапты.
Арыстан ел басшысы өлгеннен соң,
Қалмақтар қазақ елге ат ойнатты.
Жарамай қарсылыққа қалған елі,

Басшысы өліп, туы құлап, сынды белі.
Батырдың жау қолында олжа болып,
Таңсұлу таңдап алған кетті әйелі.
Жеңген жау желікпей ме көңілі өсіп,

Аруын атқа жайдақ салдық десіп.
«Қалмаққа қайтіп қатын боламын?»—деп,
Таңсұлу өз мұрынын алды кесіп.
2-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әйелдің асып туған данасы еді,
Аймақтың ер болғанда панасы еді.
Өлімге өзін-өзі қиса дағы,
Қимаған ішіндегі баласы еді.

Үміт қып «ішімдегі ұл бола ма, деп,
Ұл болса ата жолын қуа ма,—деп.
Өскен соң атасының құнын іздеп,
Қалмақты жағасынан буа ма, деп.

Атасы арыстан ед шын асыл тек,
Ұл болса атасындай болар,—деп,—бек.
Келтіріп өз қылғанын өз алдына,
Бір күні Ұлалыдан алар,—деп,—кек».

Қазақты жеңіп басын алды қалмақ,
Бұрыннан жеңілген жақ мұндай болмақ.
Қалмақтар олжаға алған аруларды
Мінгізді екі-екіден атқа жайдақ.

Келеді шығармастан бірін оқшау,
Мал менен шауып алған қосып айдап.
«Батырды Қожаберген өлтірдік» деп,
Қуанып қалмақ келед күліп-ойнап.

Мінгесіп жайдақ атта келе жатыр,
Қазақтың қыз-қатыны соры қайнап.
Жері мен ерін және елін жоқтап,
Айтқаны Таңсұлудың сонда зарлап:

—Қалдың ба туып өскен, қайран жерім?

Қиылды шыбығынан небір өрім.
Дұшпаннан қапияда болдың майып,
Қажырлы, қайраты мол, көкжал бөрім.
Айбатты арыстаным, кеттің қыршын,

Боздағым, жан жолдасым, ардагерім.
Порымды жолбарыстай, қабылан жүрек,
Дүниеден дем таусылып өттің, шерім.
Қайғыңа шыдай алмай, ардақты ер,

Мұрнымды өзім кесіп болдым көрім.
Тап болды тағдыр екен біздің басқа,

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Ашылмай он екіде бір де гүлім.
Қошқардай ай мүйізді, қайран батыр,
Не болар сенен қалып енді күнім?

Иллаһи, тағдыр екен кеттің өтіп,
Сияқты мұнарланған биік белім.
Махшарда нәсіп болып жолығайық,
Саламат иманыңды қылсын сенің.

Ұл болып ішімдегі аман өссе,
Көрермін қайта айналып, туған елім.
Мұратқа бұл ойлаған жете алмасам,
Жақсы ғой тіріліктен маған өлім.

Қалмақтар өз жеріне аман барды,
Ысқырып жер қайысқан айдап малды.
Таңсұлу бөліскенде аруларды,
Үйінде Ұлалының күң боп қалды.

Мұрны үшін бірнеше күн азап көрді,
Су тасып, отын жағып, тезек терді.
Көркімен көзді тартқан қайран сұлу,
«Пұшық күң» атанды да жүре берді.

Таңсұлу үш айдан соң бір ұл тапты,
Жапал деп баласына қойды атты.
Іс ауыр, қарай алмай уақытыменен,
Шырылдап кір құндақта бала жатты.

Сонымен Жапал жетті жеті жасқа,
Жарымай кисе киім, ішсе асқа.
Қосылмай ойнағанда балаларға,
Өзгеден ойынының түрі басқа.

Шиден оқ, жас шыбықтан садақ иіп,
Торғайға атқан оғы аумай тиіп.
Ағаштан жонып алып қылыш жасап,
Тоқып ап жас қабықтан қалқан киіп.

Беліне байлап алад ағаш қылыш,
Мұнысы бәйбішеге болды бұрыс.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ұрса да, ұрысса да қоймады ол,
Сөзіне жауап бермей болды қырыс.
Білмейді еш қорқуды жаны сезіп,
Кетеді күндіз-түні үйден безіп.

Бала боп айсыз түнде сескенбейді,
Қайтады ойнап барып тауды кезіп.
Басында Таңсұлу да шектеп көрген,
Жазбақты, оқымақты жақсы білген.

Дұрыс боп бұрынғыдан ақыл кіріп,
Жапалдың толық жасы онға келген.
Ойланды оқытпаққа Жапал ерді,
Әуелі әліпбиден сабақ берді.

Ұмытпай үйреткенді оқыған соң,
Баланың ықыласын тәуір көрді.
Таңсұлу жүрсе дағы азап көріп,
Сауатты қылды ұлын сабақ беріп.

Оқытты ертелі-кеш уақытын тауып,
Су тасып, күндіз-күні тезек теріп.
Сауатты болды Жапал хатты танып,
Үйреніп анасынан тағлым алып.

Өзімен қатар жүрген балалардан
Артықша өткір болып шықты жанып.
Азаппен Таңсұлудың өтті күні,
Он үшке Жапал бала жетті, міні.

«Қозыны Жапал бақпай кім бағады?»
Атанып Ұлалының кетті құлы.
Тастады Жапал енді балалықты,
Аңғарып жақсы-жаман сөзді ұқты.

Жұмсаса, тіл қайырмай дедек қағып,
Өзінің қызметіне болды мықты.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Күндіз-түн іс істейді Жапал талмай,
Сонда да бәйбішеден алғыс алмай.
«Қырыс құл» деген атақ қыр соңынан,

Шара жоқ құтылуға қойды қалмай.
Өрмелеп сәскелікке жеткенде күн,
Шығады тезек тере Таңсұлу күң.
Отырды көлге қарап көзін сүзіп,

Жүзінен қапалықпен төгіліп мұң.
Шалқыған шағалы көл суға толып,
Айнала көп құстар жүр ұшып-қонып.
Жағада Ұлалының көп жылқысы

Су ішіп жатыр екен бырдай болып.
Таңсұлу тұрды ойланып өткен шағын,
Ерінің тірліктегі дәулет бағын.
Дауысқа кісінеген қараса бір,

Бір бие туған екен құлыншағын.
Есінеп оң бүйіріне мойнын бұрып,
Жануар тапжылмастан туды тұрып.
Жамбасы құлынының жерге тимей,

Керіліп, сілкінді де кетті жүріп.
Жалғыз-ақ Таңсұлу күң мұны көрген,
Көңіліне бұл көргені қуат берген.
Сілкінген жас құлынның дүрілінен,

Жылқылар басын жұлып алды жерден.
Қараса өзі еркек, күрең құлын,
Мұндайды көрген емес мұнан бұрын.
«Бұл маған жақсылыққа көрінді-ау»—деп,

Ішінен Таңсұлу да қылды ырым.
Сондағы айтып тұрған ғазалы екен,
Қолда деп әуелі Алла, ата пірім.
«Күрең құлын ат болып,

Жапалым саған мінер ме.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тастүлек құстай талпынып,
Алыстан тоят тілер ме.
Есі кіріп, ер жетіп,
Елі мен жұртын білер ме.

Алтайда жатқан аюдың
Мойнына тұзақ ілер ме.
Ұлалыдан кек алып,
Көздің де жасын көрер ме!

Өз қылғаны өзінің
Алдына, сірә, келер ме.
Медет қылып пірлерім,
Тілекті Құдай берер ме?!

Күрең құлын ат болып,
Жапалым сені таңдар ма.
Дұшманына қас болып,
Досы мен жауын аңдар ма.

Тізе қосып бектермен,
Қарсы айтар ханға күн бар ма.
Ұлалының басымен
Қанжығасын қандар ма.

Қабыл болмай тілегім,
Кетем бе зарлап арманда?!
Өзіңнен басқа панам жоқ,
Зарлаумен жүрген мен пәнда.

Арманым, Алла, қалмас ед,
Кек алсам осы жалғанда!».
Таңсұлу арманды айтты көңілдегі,
Айтқан соң көңіл жүгі жеңілдеді.

«Қорыққан бірдей деген қуанғанмен»,
Көл болып көзінен жас төгілгені.
Сонымен Жапал бала бақты қозы,
Жайнайды оттай болып екі көзі.

Денелі, саясатты болып өсіп,
Сол уақытта он сегізге келді өзі.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Сескенед айбатынан көрген адам,
Далада жеке жүріп келсе кезі.
Ақылды, парасатты болды және,

Халқына дұрыс келіп айтқан сөзі.
Ер Жапал Ұлалыға әбден жақты,
Сол жылы он сегізде жылқы бақты.
Түрініп той болғанда топқа түсіп,

Қолға алып жалаң найза, жауға шапты.
Жігіт боп қатардағы Жапал өсті,
Ел сынап ерен ердің бірі десті.
Аңғарған батырлығын ескі қарттар,

Сескенді қуа ма деп кегін ескі.
Әр жылғы әдеті сол—қалмақ ұлты,
Аспанға шыққаннан соң сәуір бұлты.
Дайындап жол азығын, қосын тігіп,

Отарға үш-төрт күнде шықпақ жылқы.
Жылқыға биылғы жыл Жапал шықпақ,
Қаруын, ат-тұрманын алған мықтап.
Жүрердің аз алдында анасы айтты:

—Міндетің, балам, сенің—сөзімді ұқпақ.

Ана айтты: «Жылқыда бар күрең бесті,
«Ат деген—ер қанаты» мақал ескі.
Сен он үш жасыңда едің ол туғанда,
Бес жасар белді ат боп о да өсті.

Мініп қайт жазғытұрым соны баптап,
Мұратын ер іздеген атпен таппақ.
Барасың алыс жолға ұмытпастан,
Жүргейсің бұл сөзімді еске сақтап.

Мен көріп ол туғанда қылдым ырым.
Айтатын, балам, саған бір бар сырым.
Кезінде сапар шегер бір-ақ айтам,
Сұрама «сырың не?» деп күні бұрын».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бас иіп, «құп, ана!» деп бала кетті,
Ананың тапсырмасын ала кетті.
Сақтаған он сегіз жыл ішкі дертін,
Айтпақшы баласына болған кекті.

Ұстады күрең атты барған күні,
Көк майса болып еді күн де жылы.
Аяңдап күндіз мініп, түнде байлап,
Күреңді жуасытып Жапал мінді,

Әртүрлі тәжірибе ғып сырын білді.
Ер Жапал жылқы бағып жата тұрсын,
Сөйлейін Ұлалыдан сөзді енді.
Бар еді Ұлалыда тұлпар шұбар,

Мойнына таза моншақ таққан тұмар.
Шабысы, сымбаты мен сәулетіне
Көрген жан болушы еді тегіс құмар.
Ұлалы бір күн шығып шатырынан,

Шұбардың келіп өтті жақынынан.
Тастапты тезек қылып тең жартысын,
Байқаса жеген шөбін ақырынан.
Түс жорып, жауырын қарап, ашатын бал,

Келет деп халқы сенген айтқаны дәл.
Сынайтын құс пен адам, ат жүйрігін
Бар еді қалмақта асқан бір сыншы шал.
Ұлалы қартайды деп шұбар атты,

Шақырып ол сыншыға міндет артты.
«Лайық мінуіме ат ізде»—деп,
Қалмақты алпыс ата аралатты.
Аралап жалпақ елді ол сыншы шал,

Кездесті не серке сан, не жібек жал.
«Бәленнің бәлен аты» дегендердің,
Сынына ешбіреуі келмеді дәл.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Қалмақты алпыс ата аралады,
Тұлпарды көңілдегі таба алмады.
Бір сүзіп өтейін деп тауға қарай,

Жылқыға отардағы аяңдады.
Бай мінген Ұлалыға бірен-жарлы,
Бермейтін де, иә алмайтын өте ызғарлы.
Белдеуде күрең бесті байлаулы еді,

Қасына жылқышының сыншы барды.
Көрген соң күрең атты құстай төніп,
Сыншы шал күлімдеді өңі еніп.
«Іздеген тұлпарымды таптым,—деді,—

Кетпесе қара басып, қарттық жеңіп».
Үстінен алғызды да ерттеулі ерді,
Күреңді айналдырып әбден көрді.

—Үйретті кім?—деп сыншы сұрап еді,

—Үйреттім мен,—деп Жапал жауап берді.

—Қарағым, қалай баптап, қалай міндің,

Жөніңді айт, баласы едің өзің кімнің?
Отырған кекесіндеп бір жылқышы,
«Баласы,—дей салды,—бұл пұшық күңнің».
Сыншы шал қайтармады қайтадан сөз,

Жапалдан оқтай қадап алмады көз.
Тамаққа асып қойған қарамастан,
Атына мінді дағы жөнелді тез.
Салған соң аттандырып сыншы шалды,

Ер Жапал қоста отырып ойға қалды.
Кеткенін сыншы қадап көзінің оғын,
Жапал ер айдан анық сезіп алды.
Қорыққанмен қоймас аман деді жасып,

Онан да өлгенім жөн қарсыласып.
Атына мінді дағы жүріп кетті,
Шешеммен көрейін деп ақылдасып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сыншы шал қамшы басып жорғасына,
Қиындық күн туғандай зор басына.
Үдеріп күн-түн қатып, тынбай жүріп,
Кеп түсті Ұлалының ордасына.

Таңсұлу мінгеннен-ақ атқа сыншы,
Ат тауып келе ме деп болған тыңшы.
«Күреңді көрсе, танып қоя ма» деп,
Төрт бөліп түн ұйқысын кеткен тыншы.

Келед деп сыншы қашан жүрген бағып,
Таңсұлу отыра алсын шыдап нағып.
Естуге сыншы сөзін тұрды тыңдап,
Жүрегі алып ұшып дүрсіл қағып.

Сыншы шал ширатылып бастады сөз:

—Ат таптым, адам жібер, алдырып тез.

Таппаған елді аралап тұлпарымыз,
Жылқыңнан өзіңіздің тап болды кез.
Қыраннан көрдім қылыш қияқтыны,
Тұлпардан көрдім құрыш тұяқтыны.

Баласы мініп жүрген пұшық күңнің,
Көрмедім Күрең бесті сияқтыны.
Табаны таға ілмесе тимейтұғын,
Тұяғы тасты саздай илейтұғын.

Құбылдың құндыз жонды дәл өзі екен,
Ыстық пен күнге жүні күймейтұғын.
Артынан тік шапқанда жел де жетпес,
Бітімі тұяғының құлан тектес.

Ашықпас, алты жұлса, алты күнге,
Арқар жон арқасынан аяз өтпес.
Жеті күн шөлдемейді, су татпаса,
Құтылар арасынан, мың қаптаса.

Тең десем қанаттымен жалған емес,
Не жүйрік шаңын көрмес, дәл баптаса.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Он екі мүшесінде жоқ бір айып,
Ілінбес орға аяғы, мұзға тайып.
Айыбы шапқан ізі жоғалмайды,

Ай асып, жел қақса да жаңбыр жауып.
Көрмедім ондай жылқы өзім туып,
Сыбызғы, жел қабызды, киік қуық.
Самсаған сары қолдан шығар жалғыз,

Егер де бабына кеп, алса суып.
Мың сан қол қуғанменен біздің елде,
Жылқы жоқ жететұғын оған қуып.
Баласы пұшық күңнің соны үйреткен,

Жүрмесін, сірә, қанды қанмен жуып.
Бірі екен арыстандай айдындының,
Түсірер жау басына жайдың күнін.
Сынадым ерен ердің нақ өзі екен,

Жоқ еді аңғарғаным бұдан бұрын.
Бала екен қабылан жүрек, қайраты мол,
Жүрмесін атасының іздеп құнын.
Салмаңыз батырлыққа, арыстаным,

Насихат өзіңізге айтқан мұным.
Бұл сөзді енді, бегім, жайма тысқа,
Атты алдыр, ол баланы тездеп ұста.
Салады ақыр бір күн елге бүлік,

Сабырлық қылма, батыр, бұл жұмысқа.
Ол саған ел бола ма, атасы—жау,
Ойлаймын шыға ма деп араңнан дау.
Жеткізбей, жер танытпай, желкесін қи,

Ойлама, құтылмассың, қалам деп сау.
Ұлалы ескі батыр келедегі,
Сыншының айтқан сөзін елемеді.
Сыншыға еленсе де, «бұл баланың

Қолынан не келеді?» деген еді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Таңсұлу бұл сөзді естіп, іштен тынып,
Көрінбей күркесіне кетті бұғып.
Ішкенмен жүрегіне ас батпады,
Келмеді жатса ұйқысы көзін жұмып.

Таңсұлу жатқанменен салып төсек,
Қойғандай жамбасына тікен төсеп.
Айтуға сыншы сөзін баласына,
Дөңбекшіп жатыр еді таппай есеп.

Не болам онан қалып тірі жүріп,
Ойланды өлейін деп атып тұрып.
Желбауға қолы бара бергенінде,
Есіктен баласы да келді кіріп.

Құшақтап, «Жалғызым,—деп,—келдің қайдан,—
Тілеп ем келсе екен,—деп,—бір Құдайдан.
Көрінбей тірі жанға тауға бекін,
Іңірде жолығайық бәлен сайдан».

Баласы сөз қайырмай кетті шығып,
Айтпақшы ана сырын жүрген тығып.
Жапал да түсінгендей болып қалды,
Қауіпті бір ауыр іс бар деп ұғып.

Іңірде айтқан сайға келді ана,
Алдынан қарсы шықты күткен бала.
Қолында сері қыздың қаршығасы,
Сыншы шал әкеп берген кеше ғана.

Бұл сері Ұлалының жалғыз қызы,
Кетейін түсіндіріп мұны жәнә.
Баласын құшақтады ана сүйіп,
Елжіреп ет-жүрегі, емшегі иіп.

Қалтқы жоқ сол сағатта анасында,
Бергендей баласы үшін жанын қиып.
Ағытты ана сөзін жүрген тығып,
Аузынан аһ дегенде жалын шығып.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Айырмай бала көзін анасынан,
Тыңдады сабырменен сөзін ұғып.
Таңсұлудың Жапал ерге ел мәнісін және басынан өткен

істерін айтып баяндаған хикаясы

—Әуелі, балам, сөйлейін,

Ата-баба тегінен.
Он тоғыз ру—Үш Жүзге
Атаңда қазақ бөлінген.
Орта Жүз деп аталған

Төрт Арыстың баласы.
Төрт Арыстың ішінде
Арғында ноқта ағасы.
Он екі ата арғында

Өз туысың тобықты.
Ағайынға тең түскен,
Арысқа салсаң толық-ты.
Қожаберген өз әкең—

Ту көтерген көсемі.
Елі үшін жеңі жастық боп,
Етегі болған төсегі.
Әкеңнің Сары—жеткіншек,

Бір туысқан інісі.
Ел намысын жоқтамай,
Шықпай кетті дыбысы.
Найманды айдап Алтайдан,

Арғынға шапты Ұлалы.
Ұлалыдан жеңіліп,
Тобықты туы құлады.
Кетпес шайқап қыдырын,

Дәулетін судай сапырды.
Аналықтай бәйбіше
Күңдікте жүріп аһ ұрды.
Аш арыстан ақырса,

Бұғының мүйізі сырқырап.
Тозаңдай тозды қайран ел,
Бақадай жатқан шұрқырап.
Неше ерлер кетті аузынан

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қанды көбік бұрқырап.
Қан майданда Ұлалы
Әкеңнің басын кесіп ап,
Күңдікке алды шешеңді,

Ат артына жайдақ сап.
Айтпады шешем деп жүрме,
«Әттең» деп, балам, ғапыл қап.
«Өлтір» деп кетті сыншы шал,

Естідім сөзін құлақ сап.
Аманында басыңның,
Қарағым, енді елің тап!
Күрең бесті астыңда,

Ылайық туған өзің бап.
Қосын алып, басшы боп,
Бұл елді, жаным, келіп шап.
Қалмаққа көрсет қайратты,

Шашақты найза қолыңа ап.
Ата пірім медет қып,
Қолдасын, қалқам, әруақ.
Барыңнан жоғың, қорықсаң,

Бар дағы тауға жылқы бақ.
Өткендей зердесінен ана сөзі,
От шашты қан жаудыр деп екі көзі.
Кек кернеп, сом денесін қалшылдатып,

Зорға ұстап тұрды Жапал өзін-өзі.

—Сөзіңнің—деді,—анам, ұқтым бәрін,

Білуші ем бұрын сізде бір сыр барын.
Несіне жоқтамасам, тірі жүрем,
Ел кегін, ата құнын, ана арын.
Бұл жерде енді тоқтап тұрмалық көп,

Анажан, қорықпаңыз уайым жеп.
Ерттеулі Ұлалының сұр жорғасын
Әкеп ем бір керегі болар-ау деп.
Еріп жүр тастамаймын соған мін де,

Кетеміз Алтай асып осы түнде.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Ұлалы көрсетпей ме сізге қорлық,
Мен кетіп сіз артта қалған күнде?!

—Жоқ, балам, ақылға сал, қалай жетем,

Өткелсіз сан өзеннен қалай өтем.
Қарызсыз-ақ сүтімді кештім, балам,
Ризамын дегеніңе ала кетем.
Ұрттасам Ұлалының тамшы қанын,

Арманды көңілдегі аршығаным.
Әкелдім әдейі ұрлап, балам, саған,
Ала кет, керегі бар қаршығаның.
Айтайын бір керегі соның үшін,

Аралап күндіз өтсең елдің ішін.
Ойлайды аңшы екен деп жолыққандар,
Қондырған болған үшін қолда құсың.
Айтайын бір керегі неге десең,

Еліңді таба қалсаң аман-есен.
Қоя бер белгі тағып аяғына,
Аман-сау барғаныңды білсін шешең.
Жолшыбай қолға түссең, байлама түк,

Тағарсың жалғыз келсең бір сабақ жіп.
Егерде көп адаммен келер болсаң,
Бір топ жіп аяқ бауға шумақтап тек.
«Қош!»—деді күрең атқа қамшы салды,

Құс қолда, сұр жорға атты жетекке алды.
«Еліңе аман жет!»—деп бата беріп,
Тапсырып бір Аллаға ана қалды.
Таңсұлудың баласының артынан айтқан ғазалы:

Деп айтты: «Иә, Құдая! Хәййу дана!
Ғаламға он сегіз мың өзің пана.
Мағлұм мен ғаріптің ахуалы,
Аманат бір өзіңе жалғыз бала!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аман бол, жолыққанша, жалғыз сәулем,
Басынан мен ғаріптің өткен дәурен.
Рақым қып жалғызымды аман сақта,
Тапсырдым бір өзіңе Қадыр-Мәулан.

Қорлықпен өтті менің өмір жасым,
Қайғыға түсті, міне, және басым.
Бір хабар құлынымнан келгенінше,
Бойыма тарамайды ішкен асым.

Иә, Алла! Жалғызымды аман сақта,
Асыл ғып мен ғаріптің мүддағасын.
Жөнелді Жапал, жөнелді
Алды-артына қарамай.

Еліне жету аман-сау,
Баланың осы талабы-ай.
«Шүу» десе күрең бестінің
Тимейді жерге табаны-ай.

Желқұйын дейтін сұр жорға
Жетекке барад жарамай.
Жас та болса баланың,
Қалмақтан асты амалы-ай.

Бет алған соң еліне,
Құлпырды Жапал жамалы-ай.
Күрең бесті тұлпармен
Барады Жапал ағызып.

Ылдиға салса, бүктеліп,
Өрге салса, жазылып,
Тиген жері тұяғы
От орнындай қазылып.

Жетекте келед Сұржорға,
Жия алмай терін тамызып.
Шүу дегенде Күрең ат,
Гулеп бір желдей еседі.

Жүрісіне тұлпардың
Батырдың көңлі өседі.
Қатар шапқан құланның
Алдын орай кеседі.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Көп торғайды өлтірді
Тұяқтың атқан кесегі.
Пұшық күңнің баласы

Дейтін емес кешегі.
Көпті көріп, көп жортқан
Қас батырдай көшелі.
Шығармай келед есінен

Артында қалған шешені.
Басып өтті үш күнде
Бір айлық жол Алтайды.
Тізгініне күш бермей,

Шірене тартып шалқайды.
Шабысына шыдамай,
Ауырып белі жантайды.
Болжай алмайд алдында

Көрінген нәрсе қандай-ды.
Күрең аттың тұяғы
Алды-артын бірдей шаңдайды.
Туралады еліне,

Аудырмай батыр маңдайды.
Жарамай келед Сұржорға,
Шабыстан Күрең талмайды.
Шүу десе, Күрең тұлпардың

Қайшыланып құлағы.
Тізгініне күш бермей,
Тұқыра тартып жұлады.
Алдында не бар белгісіз,

Артында жауы—Ұлалы.
Қара Ертістің басынан
Үш күнде жүріп құлады,
Ардақтаған Сұржорға

Алпыс ата қалмақты.
Сол араға келгенде,
Жетекке жарай алмапты.
Алды-артынан сүрініп,

Күш-қуаты қалмапты.
Тұмсығымен жер тіреп,
Теңселіп барып жер қапты.
3-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ерге сын, атқа қатер мұндай жолда,
Өлген ат жорықтағы жалғыз сол ма!
Болды да бір өлексе қала берді,
Талайды тамсандырған қайран жорға!

Күрең ат қалар емес ұшқан құстан,
Үш күнде неткен жүріс Алтай асқан.
Қара Ертіс, басы қатар—тоғыз өзен,
Не адыр, не қырлардың бәрін басқан.

Күреңнің тұяғының зардабынан,
Жарқылдап от шығады қара тастан.
Сескену, не қорқу ойында жоқ,
Үйренген жеке жүріп бала жастан.

Сонымен кетті Жапал Алтай асып,
Жүрген жоқ, көрмесе де, жол адасып.
«Баласы пұшық күңнің қашты» деген,
Естіді тегіс қалмақ хабарласып.

Осыдан үш күн бұрын сері қыздың
Тұғырдан қаршығасы кеткен қашып.
Есітіп бұл хабарды Ұлалы да,
Орнынан ашуланып тұрады да.

Үстіне сауыт киіп, алды асынып,
Даяр ед қару-жарақ құралы да.
Аюдай ызаланған көзі жайнап,
Аузынан қан сорғалап, ұртын шайнап.

Мінді де Шұбар атқа кетті қуып,
Ерттеулі белдеуіне қойған байлап.
Тұлпарды қамшыменен алды жосып,
Жөнелді сонда Шұбар желдей есіп.

Өзіне атыменен сенімді боп,
Ұлалы қалған екен көңілі өсіп.
Білетін жер мәнісін кәрі батыр,
Қырқалап тауып алды ізді кесіп.

Сөз қылды арттағылар өзді-өзі,
Болғаны ізін тапса, жетед десіп.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Сыншы айтты: «Қара басып, тартпаса қан,
Жетуі былай тұрсын, көрсетпес шаң.
Үш күнде ұдай жүрсе Алтай асып,

Басында Қара Ертістің атырар таң.
Ақтаудан төртінші күн өтет деді,
Ары асып бесінші күн кетет дейді.
Кетеді ертеңіне Балқаш құлап,

Сұржорға бөгемесе жетектегі».
Сыншының жетпіс жасқа келген кезі,
Қайратты шал да болса әлі де өзі.
Ілгері болған істі баян қылып,

Сондағы көпшілікке айтқан сөзі:

—Шақырды Ұлалыдан біреу келіп,

Алдына ол адаммен бардым еріп.
Лайық мінуіме ат ізде деп,
Халықты аралатты жорға беріп.
Қалмақты алпыс ата араладым,

Тұлпарды көңілдегі таба алмадым.
Жылқыдан отардағы табылар деп,
Осылай өз ойыма шамаладым.
Қосына жылқышының барып түстім,

Белдеуде байлаулы екен күрең бестім.
Айтуға Ұлалыға асығыстан,
Қарамай ауқатына, шайын іштім.
«Атты алдыр, баланы өлтір, дос болмайд» деп,

Боларын айтып едім осы істің.
Сөзімді батырлықпен елемеді,
Адамға пайдасы жоқ артық күштің.
Денесі Күрең аттың қызып алса,

Жетуі қиын шығар ұшқан құстың.
Көрген соң Күрең бесті көңліме ұнап,
«Үйретті кім?» деп мұны білдім сұрап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Баласы пұшық күңнің» дегеннен соң,
Айырмай көзді қадап көрдім сынап.
Сескенер айбатынан көрген кісі,
Көруге көзге арайлы, суық түсі.

Өзі екен ерен ердің қабылан жүрек,
Кем емес Ұлалыдан оның күші.
Сөзімді батырлықпен елемеді,
Бола ма ойлаңдаршы жаудың досы.

Бір күн кеп соғыс ашар кегін жоқтап,
Күмәнсіз болар айтқан сөзім осы.
Ізімен кетті Ұлалы жеке қуып,
Ашумен шыққан тері бетін жуып.

Деп келед қолға түссең, жетімше құл,
Шықшыттан езермін деп буындырып.
Жас бала десек дағы көрмеген жол,
Ұстатпай кетті батыр талабы мол.

Кез болды Сұржорғаның өлігіне,
Қаһарлы Ұлалының жеткені сол.
Сан жорық тәжірибелі көрген батыр,
Мөлшерлеп қуып жерді келген батыр.

Білген соң жете алмасын ашуланып,
Қайтты енді үш күншілік жерден батыр.
Шығын боп өз еңбегі, аттың тері,
Қара Ертіс Ұлалының қайтқан жері.

Жолықты келесі күн қарсы алдынан
Артынан іздеп шыққан жігіттері.
Үйіне келді Ұлалы ыза кернеп,
Ашумен қаһарланып, мұрны терлеп.

«Алып кел пұшық күңді алдыма!» деп,
Жіберді бір жігітті қолын сермеп.
Жігіті Таңсұлуды келді алып,
Мойнына тұзақ қылып арқан салып.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
«Жазылған пешенеге болады» деп,
Отырды Ұлалыға қарсы барып.
Қып-қызыл Ұлалының екі көзі,

Жаман деп айтатұғын жұрт мінезі.
Ашумен айбаттанып, заһар шашып,
Сондағы Таңсұлуға айтқан сөзі.
Сөйледі сонда Ұлалы желдей есіп,

Барады ыза кернеп ішін тесіп.

—Әйелден өзің қатар сұлу едің,

Әуелде көргенімде қолға түсіп.
«Қалмаққа өлмей қатын болмаймын» деп,
Долдықпен өз мұрныңды алдың кесіп.
Мінгізіп қос тұлпарды ақыл айтып,

Қашырдың жігіт боп ед балаң өсіп.
Тікенге тыр жалаңаш бөлеймін,—деп,
Бұйырды, киімдерін ал,—деп,—шешіп».
Таңсұлу жауап берді тартпай тілін:

—Өлімді өзімнің де күткен жылым.

Аздырдың ару едім қорлықпенен,
Суалтып өмірімнің жастай гүлін.
Бергенің маған жаза арыңа қас,
Қорлыққа салдың мені күнімнен жас.

Дегенде қамшыменен бұзау тісті,
Жығылып, ұрып еді жерді құшты.
Жаны ашып Ұлалының сері қызы,
Бас салып Таңсұлуға ара түсті.

—Ау, әке! Жер ортадан жасың асты,

Қалмаққа алпыс ата болдың басшы.
Тамшыдай тамызбастан рақымыңнан,
Балқыттың қаһарменен қара тасты.
Басынан бағын алып «жесір» дедің,

Шырағын өмірінің өшіргенің.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өзін күң, жалғыз ұлын құл ғып ұстап,
Қатарға қосып неге өсірмедің?
Бұл түгіл, айыпты емес қашқан Жапал,
«Жеріне—ер ұл туған» деген мақал.

Бұлардан көретұғын қимасың жоқ,
Көрмесең, мінезіңнен өзің қатал.
Сынатшы ақылыңа толғанып кең,
Қазақ пен әуел қалмақ туысы тең.

Болар ең өзің қандай ойлан, әкем,
Қазақтың түсе қалсам қолына мен.
Сыншы шал қыздың сөзін деді: «Мақұл,
Адамға ақылы бар бұл бір нақыл».

Қамшысын Ұлалы да тастай берді,
Бойынан ашу тарап, түсіп ақыл.
Бір Алла Жапал ердің қылсын жолын,
Көреді аз күннен соң Балқаш көлін.

Тоқтатып қазақ—қалмақ әңгімесін,
Айтайын ортадағы қаңлы елін!
Айтайын мен жағдайын Жетісуды,
Ежелден мен айтпай-ақ аты шулы.

Шаруаға диқанменен бірдей жайлы,
Шөбі мол, орман тоғай, жері нулы.
Айтайын екіншіден Алатауды,
Бауырына сан ел келіп, сан ел ауды.

Көп ерлер ол уақытта қан төгісіп,
Жерінің байлығына болған даулы.
Көгорай, жаз жайласа, жоны тегіс,
Баурайы суармалы жаппай егіс.

Аңы бар аулағанға неше түрлі,
Жеріне жетпіс түрлі шығар жеміс.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Бауырында жатқан малдар болар қоңды,
Сақтаған жарлы бірін, байлар мыңды.
Кәсіп қып, балық аулап жан сақтайтын,

Көлі бар Алакөл мен Балқаш сынды.
Ол кезде Жетісуды жайлап қаңлы,
Жүретін төрт түліктен айдап малды.
Қазақпен ашық емес көмескі жау,

Дос көріп жүретұғын қалмақ ханды.
Қалмақтан қазақ пенен артық жері—
Қаңлының сол заманда шеберлері
Күмістен құрал жасау, сүйек ою,

Кесте ою, кілем тоқу—қол өнері.
Заттарын қазақ, қалмақ малға алатын,
Болмаса шеберлері жалданатын.
Қымбатты заттан тартқан тартуына

Хандары қазақ, қалмақ алданатын.
Қазақтан қаңлы елі дос қалмаққа,
Ұста еді екі араға от салмаққа.
Екі елдің жауласқанын тілеуші еді,

Деп айтып «мен—сендікпін» жеңген жаққа.
Дос болып жеңген жаққа тартатын сый,
Жүретін бейімделіп қалмаққа ылғи.
Қаңлыны сол заманда билейтұғын,

Бар еді Бейбіт деген бір жемқор би.
Ойда орға ілінбейтін, түзде торға,
Айлалы, топқа түссе, сөзге жорға.
Көктеткен керегесін күміспенен,

Бір өзі тігуші еді алпыс орда.
Малы көп болғанменен басқа кенде,
Мал, шіркін, көп болғанмен басқа тең бе?!
Таңшебер—Бейбіт бидің жалғыз қызы,

Айтпайды қыз деп оны ешбір пенде.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сол кезде он сегізге жасы жеткен,
Перідей суреті бар түскен көктен.
Түсед деп қайсымыздың шөбімізге,
Сыртынан мырзалар көп үміт еткен.

Сері қыз серуен жасап аң да қуған,
Тамаша жүрген жері сауық-думан.
Құлпырар неше алуан қызыл жүзі,
Жоқ еді сұлулықта теңдес бұған.

Сұлулық тұлғасына лықа сиып,
Жүреді ылғи жібек таза киіп.
Титығын мырзалардың құрту үшін,
Айламен асыраған қыз бір киік.

Киікті шарбақ тоқып тауға баққан,
Арнаулы бақташы бар бағып жатқан.
Ішіне жұмбақ жазған қағаз салып,
Алтыннан мойынына тұмар таққан.

Қыз: «Мені, алам деген талап етіп,
Киікті тұмарды алсын қуып жетіп.
Жазылған тұмардағы жұмбақ сөздің,
Шешуін шешсін,—деген,—өлеңдетіп.

Киікке қуып жетсе, тұмар таққан,
Шешуін жұмбағымның толық тапқан—
Сол адам кім де болса тиемін»,—деп,
Серті бар осылайша қыздың айтқан.

Белгісіз болды енді қыздың қайны,
Жігіттер іріктелді аты сайлы.
Киікті қумақ үшін қалмай шықты,
Жақсы атты, жаман атты, құнан-тайлы.

Ешкімнің көңлінде жоқ атын аяу,
Келтірмейд маңайына киік таяу.
Көп адам зорықтырып, ат өлтіріп,
Үйіне өліп-талып жетті жаяу.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Киікке қуған адам жеткен жақсы,
Жеткенмен қыздың жұмбақ сөзін тапшы.
Ол жағын ойламастан атын баптап,

Киікті қуды ентелеп көп саятшы.
Қумаған бұл киікті мырза да аз-ақ,
Жаяулап ат өлтіріп, тартып азап.
Күдерін көп мырзалар үзді қыздан,

Құрбы мен құрдасына болып мазақ.
«Желаяқ» киік аты қойған бастан,
Таймайды жез тұяқты қия тастан.
Мерзімді сол киіктің асатұғын,

Дейтұғын бір кезең бар «Киік асқан».
Шалдырмас тоса қуып, қосылса тың,
Құтылар арасынан қаптаса мың.
Көп адам қаптай шауып, ой жақты алса,

«Желаяқ» өрлей қашып шығады шың.
Киікке жете алмастан ешкім қуып,
Мырзалар қойып еді көңлі суып.
Айрылып тұмарынан киік келді,

Денесін борша болып тері жуып.
Тұмарды шешіп алып алтындатқан,
Орнына ақ киізден тұмар таққан.
Киіктің құлағына енді салып,

Сарыдан мүйізіне бояу жаққан.
Тұмарды шешіп алып ашып көріп,
Ойланды Таңшебер қыз қасын керіп.
Салыпты қағаз жазып арасына,

Бәріне сұрағының жауап беріп.
Алтын тұмардағы жазылған жұмбақтың мазмұны:
Тұмарға қыз жазғаны мына сұрақ:
«Мансапқа бақыт пенен бар ма тұрақ?

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ханда жоқ, халық құмар бір мұқтаж бар,
Өлеңмен шешсін,—деген,—сөзін құрап.
Ерен ер, ерен сұлу—егіз аты,
Бірі еркек, біреуінің әйел заты.

Мен үшін екеуі де түсініксіз,
Түсіндір қандай болар сын-сымбаты?
Көзіме кең дүниені көрсеткен тар,
Өзіммен бірге туған бір жауым бар.

Алғанға арашалап сол жауымнан,
Боламын жаным дескен өмірлік жар».
Бірінші жұмбақтың шешуі
Жер беті тегіс демеңіз,

Ойлы, қырлы белі бар.
Бетбақты шөл демеңіз,
Ауқым-ауқым көлі бар.
Бақыт пенен мансаптың

Екі түрлі жолы бар.
Біреу деп қате түсіну,
Оның да оң мен солы бар.
Сылаңдайды дүние

Сұлу қыздай бойжеткен.
Зұлым болса пайда жоқ,
Құр әдемі сәулеттен.
Бақыт пен мансап қонса егер,

Харам жиған дәулеттен.
Оның болмас тұрағы,
Аз күндік дәуір әуре еткен.
Ақылға қонса халалмен,

Бақыт, мансап тұрақты.
Дүние тозса тозбайтын,
Ақылда жағар шырақты.
Жақсы адамның кеңесі

Дүрри гауһар сияқты.
Көпке тиер пайдасы,
Ашқандай көзін бұлақты.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Хакім болсаң халқыңа,
Ғадалаттық істесең.
Қанағат сақтап бойыңа,

Нәпсінің уын ішпесең.
Менмендікке салынып,
Тәкаппар болып іспесең.
Алтын үшін ар сатпай,

Туралық жолын күштесең.
Нәпсінің еріп тіліне,
Харам жолға түспесең.
Осы айтқан сөздің шешуін,

Іздеп тап өзің бойыңнан.
Мұқтаж деп халық, ханда жоқ,
Жазғансың ойлап ойыңнан.
Бұл айтқаның ғадалат—

Би менен ханнан жойылған.
Екінші жұмбақтың шешуі:
Ерен ердің белгісі—
Құрышты болар денесі.

Даналық және қамқорлық
Халқына жағар кеңесі.
Аз да болса маңызды,
Сөзінің болар жүйесі.

Жібермейтін теңізге
Халқының болар кемесі.
Сыртындағы жауын қорғайтын
Елінің болар егесі.

Ерен ердің белгісі—
Өткір болар алмастай.
Сөйлеген сөзі шырынды,
Татқан адам қанбастай.

Кезекті сөзін сөйлейді,
Топқа түссе алжаспай.
Ерен ердің белгісі—
Сертінен айтқан таймайды.

Елге еңбегі сіңбесе,
Ерлік атын алмайды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Еліне қорған болмаса,
Артында аты қалмайды.
Жазушы жұмбақ егесі,
Көңліңе сөзім қандай-ды.

Ақылды адам сөз парқын,
Жібек аршып талдайды.
Үшінші жұмбақтың шешуі:
Ерен сұлу белгісі—

Мүсінді болар тұлғасы.
Кисе киім жарасқан,
Құлақта болар сырғасы.
Жалпы адамға сөйлемес,

Өзінің болар сырласы.
Терең ойлап сөз табар
Адамның болар жорғасы.
Кем болмас ханнан ақылы,

Демесе заты ұрғашы.
Ерен сұлу белгісі—
Болады тегіс денесі.
Парасатты, ақылды,

Маңызды болар кеңесі.
Артықша сөзді сөйлемес,
Келмейтін болса жүйесі.
Құлпырар жүзі неше қыл,

Сағымдай жазғы елесі.
Өзінше теңдес сай болар,
Қосылған жолдас иесі.
Ерен сұлу белгісі—

Осындай болар ұраны.
Көзін салар алысқа,
Секілді құстың қыраны.
Назар салмас төбеге,

Белгілер биік нұраны.
Сұлулардың бұрыннан
Парасат, ақыл құралы.
Толықты ма көңліңіз,

Бұл жазған сөзім туралы.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Төртінші жұмбақ шешуі:

Бірге туған өзімен
Адамның жауы—нәпсісі.
Нәпсісіне билету—
Ақыл-ойдың тапшысы.

Ар, намыс, сабыр, ұят пен
Нәпсінің ынсап—қамшысы.
Адамшылық белгісі—
Нәпсісін тыю адамның.

Абырой жұмыс бола ма,
Істегенмен харамның.
Нәпсінің еру тіліне—
Белгісі бұл наданның.

Нәпсісін тыю—әркімнің
Адамшылық міндеті.
Нәпсіні тиған адамның
Әр жерде болар құрметі.

Халқына болар қадірлі
Болған соң мағлұм ақ ниеті.
Аман бол, жазушы қыз, жолыққанша,
Оқырсың жазған хатты, киік барса.

Жібердім белгі салып, түсінерсің,
Кімде-кім болар нәмарт серттен тайса.
Ұқсайды сөз жүйесі қырағыға,
Беріпті толық жауап сұрағына.

Бұл өзі қайдан келді, қайда кетті,
Мағлұмсыз аты-жөні, тұрағы да.
Белгісіз болса дағы аты-жөні,
Киікке қыз ойлады салған ені.

Білдіріп ишаратпен хатқа жазбай,
Кетіпті «менікі» деп сүйіп мені.
Ойыма бұл хат менің салды қаяу,
Көңілім судай тасқан болды баяу.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Дегені «сарғая күт енді мені»,
Жаққаны мүйізіне сары бояу.
Қалмады енді тақат қызда тіпті,
Неше рет отыра алмай сыртқа шықты.

Сөзіне ғашық болып, өзін көрмей,
Ғайыптан Таңшебер қыз күйеу күтті.
Ойланып жас па, кәрі әлде қандай,
Әр жаққа қиял көңлін алып кетті.

«Кім білсін қанды қылыш батыр шығар,
Бірі ме әлде бектің бақыт құмар.
Ойланып бірі ме,—деп—әлде байдың»,
Албыртты қыздың көңлін алтын тұмар.

«Бірі ме егделердің әлде есер,
Білмейтін қартайғанын далаңкесер.
Ойлады ол жағын да,—олай болса,
Бұл елде жазған сөзді кім бар шешер?»

Ойлаумен ұйықтамады қыз жеті түн,
Қайғымен дел-сал болды дәл жеті күн.
Бар еді бір ойшыл шал бұл қаңлыда,
Ойлады табар-ау деп сол тетігін.

Барайын ерте тұрып деді шалға,
Ақылын сатпаушы еді дүние-малға.
Мәслихат беретұғын ақ көңілмен,
Қиянат қылмайтұғын ешбір жанға.

Ол өзі иен тауын қылған тұрақ,
Жататын жалғыз өзі елден жырақ.
Қыз түгіл, қыз әкесі Бейбіт би де
Баратын қысылғанда ақыл сұрап.

Таңшебер ат ерттетті ерте тұрып,
Қарамай ешнәрсеге мойын бұрып.
Қасына нөкерлерін ертіп алып,
Шықтым деп саяхатқа кетті жүріп.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Мінгені сегіз қыздың ылғи жирен,
Үстіне таза жібек киім киген.
Ат пенен жеті қызды кейін қойып,

Таңшебер шалға келіп сәлем берген.
Отырды талды қыздар көлеңкелеп,
Кигені бәрінің де өңкей жібек.
Сөйлесіп Таңшебермен шал екеуі,

Отырды анадайда болып бөлек.
Шал естіп қыздың сөзін басын шайқап,
Өкініп төрт-бес рет деді: «Әй, қап!
Билетіп өзіңді-өзің ол киікке,

Екенсің істемеген артын байқап.
Жүйрік жоқ біздің елде оған жетер,
Жетем деп жетпек түгіл, үміт етер.
«Қайғы үшін асқан сұлу туады» деп,

Айтқан жоқ бұрынғылар тіпті бекер.
Алған жоқ тұмарыңды бұл ел, қызым,
Үйімде таусылған соң ауыз тұзым,
Тұз алып Тұздыкөлден қайтқанымда

Адамның жалғыз атты көрдім ізін.
Көрмеген ізді көріп, өзім туып,
Жөнелдім ізге түсіп жаяу қуып.
Жатқанын қалғып бара ізден байқап,

Ойладым дамылдар деп жерге жуық.
Айтқандай дамылдапты бір суға кеп,
Кетіпті менен бұрын ет асып жеп.
Тексердім қауіптеніп түскен жерін,

Бастаған қалың қолды шолғыншы деп.
Қайдағы тауға шыққан ізін бағып,
Байқадым жүреді деп саспай нағып.
Тамағын әбден баптап пісіріпті,

Астына шөңкесінің отты аз жағып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Секілді шолғыншы емес, қашқын қашқан,
Білмейтін жол мен жонды көп адасқан.
Түк қоймай төс сүйегін кеміріпті,
Еті екен семіз құлан бақырға асқан.

Байқадым, шолғыншы емес бастаған қол,
Жас жігіт түзге шығып көрмеген жол.
Қондырған қолында бар қаршығасы,
Сабырлы, жас та болса қайраты мол.

Жүйрігі мінген аты жер басқанның,
Қыраны қолындағы құсы аспанның.
Аты мен қаршығасы жігітіне,
Бірі екен сайма-сай боп жалғасқанның.

Болады жас мінезі екі жақты,
Деп жүрме «алжыған шал қайдан тапты?».
Қарауыл қарағанда атын бұрып,
Арт жаққа қарады ол не себепті.

Ел жаққа кімнің болса беті бейім,
Болғаны ел—алдында, жауы—кейін.
Шолғыншы қарауылды алдан қарар,
Сондықтан қашқын демей, мен не дейін.

Дейтінім түз көрмеген албырт ұлан,
Болады айыруға оны мұнан.
Егде адам өзі жалғыз қашып жүріп,
Қумайды атын аяп, сірә, құлан.

Және де отыруы кеміріп төс,
Жолынан төске алданып қалуға кеш.
Жапанда қашып жүріп жалғыз өзі,
Егде адам төс кеміріп отырмас еш.

Көрмеді дейтұғыным мынау түзді,
Байқадым аты басып кеткен ізді.
Тұмсықты сай қуалап айналмастан,
Өтіпті кесе басып келер құзды.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Емес пе өзек қуып жүрген тәуір,
Болмай ма қырқа кескен атқа ауыр.
Жүрмейді түз көрген ер, сірә, да олай,

Тасырқап болады деп атым жауыр.
Дейтұғын себебім сол—күші басым,
Орнатқан тас ошаққа көрдім тасын.
Көрсең де өзің барып беп-белгілі,

Жабылып көтере алмас бар жолдасың.
Қондырған қаршығасын байлап тасқа,
Маңында қондырарлық тас жоқ басқа.
Он қадам саңғыруы жерге барған,

Ондай құс көргенім жоқ осы жаста.
Қарамай алдыңды ойлап, арт жағыңа,
Кездескен мына жұмыс жас шағыңа.
Сол алған тұмарыңды кім болса да,

Кездесіп не сорыңа, не бағыңа.
Насихат енді, қызым, сабыр айла,
Жұмыстан асығыстық шықпас пайда.
Айналып келгенімше мені күтіп,

Жата тұр жолдасыңмен осы жайда.
Жерінен ат сулатқан, тамақ ішіп,
Ізінен ерейін мен барып тосып.
Тұмарды алған болса, анықтайын,

Кетпесе қанат байлап аспанға ұшып».
Шөңкесін, саптаяқпен беліне іліп,
Азығын арқасына алды түйіп.
Мылтығын таяқ қылып шал жөнелді,

Көнбестен бар дегенге атқа мініп.
Қыз сонда жата берді шалды тосып,
Таңменен ұйықтай алмай таңды қосып.
Көңілін түрлі қиял алып қашып,

Оянып ұйқысынан, жатса, шошып.
4-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Оралып бір жұмада қайтады шал,
Басқадай жауырын көріп ашпайды бал.

—Ізімен,—дейді,—жүріп анықтадым,

Сол алған тұмарыңды айтқаным дәл.
Шығыпты бір топ адам атын баптап,
Бәрі де масаттанып атын мақтап.
Қорытып мәслихатты, ұйымдасып,

Киікті ұстамақ боп қуған қаптап.
Олардың әр-берден соң бәрі адасқан,
Мерзімді асуына қарай қашқан.
Бұл адам бір жағынан бара жатып,

Кездескен кезеңінде «Киік асқан».
Тұмарды бір себеп бар алуына,
Болдырып Желаяқтың талуына.
Мөлшерлеп қашқан жерін қарағанда,

Жете алмай мүмкін екен қалуына.
Көп қуып титықтатып зорға жеткен,
Атынан, сірә, оның киік өктем.
Шығарма ауызыңнан мен айтайын,

Жеткенін Желаяққа не себептен.
Бақташың әлде кімнің тіліне еріп,
Қойыпты тойғанынша тары беріп.
Болдырып бір жерге келіп көп жатыпты,

Байқадым құмалағын ұстап көріп.
Әкеңе мен айтқанды айта көрме,
Қызым, бол кешірімді, кінә терме.
Қалады қаны менің мойынымда,

Мен десең бақташыңа жаза берме.
Шал кетті тынығам деп аулақ үйге,
Қыз отыр ойға толқып ауыр күйде.
Қызының тұмарынан айрылғанын,

Жоқ еді әлі естіген Бейбіт би де.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Арыны құмарлықтың ең алғашқы,
Ұйқысын, көңілін бөліп шайдай ашты.
Білдірмей ойшыл шалға түн ішінде,

Жинады бақсы-балгер, құшнашты.
Жауырыншы қарай салып жауырынға,
Халінің қыздың біліп ауырын да.
«Ұзаққа созылады—деді,—ісің,

Жол тосты жауырынның бауырына».
«Үш күнде кездесед»,—деп құмалақшы,
«Алды,—деп молла,—пері» кітап ашты.
«Тұмарды адам емес, жын алды» деп,

Күңірентті қобыз тартып, ойнап бақсы.
Болмады оларда сөз қызға жаққан,
Сенбеді бақсыға да қобыз тартқан.
Бәрінен ойшыл шалға иланды қыз,

Сүйеніп тәжірибеге оймен тапқан.
Жалынды ертеңіне қыз кеп шалға,
Сенбестен ашқан кітап, тартқан балға.

—Өлуім құса болып анық, ата,

Қылмасаң, өзің жәрдем біздің жанға.
Ау, ата! Бір білместік өтті менен,
Өзімді зор, өзгені санап төмен.
Құмартқан сан мырзаны әуре қылып,

Ойым жоқ өзім мұндай болам деген.
Қайғы мен түсінбеуші ем қасіретті,
Мезгілі түсінетін енді жетті.
Біліп бер ең болмаса бір дерегін,

Тұмарды кім әкетті, қайда кетті?
Шал айтты: «Олай болса, сөзіме бақ,
Іздесем, егерде мен табармын нақ.
Тоқсан жас бөгет жаяу кетуіме,

Баратын сапар алыс, қайратым шақ.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Болмайды атпен және кетуіме,
Қауіпті, шөл кездессе, өтуіме.
Жолшыбай жау кездесіп, әлде, мүмкін,
Атты алып, жаяу тастап кетуіне.

Түйенің желмаясын мінсем тауып,
Ел менен жауға бірдей емес қауіп.
Үстіне азық-түлік артып алып,
Шөлдесем, сусын қылам сүтін сауып.

Шыдамды ол жануар шөлге аттан,
Болмай ма шалға ауыр атты баққан.
Бір жұтса қанағатшыл бір күнге азық,
Өзіңмен түнде жатсаң бірге жатқан.

Түйенің желмаясын желдей желген,
Аралап мен іздейін жалпақ елден.
Тұмарды мен іздесін десең, қызым,
Түйені сатып әпер тауып келген».

Көп көрген дүниені ойшыл кәрі,
Қозғады қайратын бұл қыздың зары.
Ұнатты бір кедейдің бесті інгенін,
Жоқ еді онан басқа шөп шайнары.

Берді де сұрағанын түйені алды,
Бірдей қып үш түліктен берді малды.
Мінер ат, артар түйе, сауар сиыр,
Кенеттен кедей байғұс бай боп қалды.

Егесі білмейтұғын түйе сырын,
Боталап, ботасы өлген жазғытұрым.
Өлгенде бота туып боздамаған,
Соңынан қара ермес деп қылған ырым.

Сүйегін дейтін емес біткен күшке,
Сирағы қысқа бақай жіп-жіңішке.
Ашықпас, алты жұлса, алты күнге,
Шыдайды қырық күнге де бір су ішсе.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Анасы—қоспақ өркеш, атасы—нар,
Төсіндей түйе құстың мықыны тар.
Кең танау, аққу мойын, құлан сағақ,

Егеудей табанының қышыры бар.
Алды-арты қоспақ өркеш бірдей тіп-тік,
Арқансыз артса дағы аумайды жүк.
Шығыпты жұлығына шыр айнала,

Тікендей қысқа қою қайратты түк.
Бәрі де қару-сайман бұрын сайлы,
Киізден қом жасады өте ыңғайлы.
Ортада бір кісілік орыны бар,

Жатса да, отырса да бірдей жайлы.
Азығы қой сүтінен қатық сүзген,
Бұрыннан бұл ойшыл шал таныс түзбен.
Серкенің терісінен екі мес ап,

Мінді де желмаяға жөнелді ізбен.
Ойшыл шал жүре тұрсын мініп інген,
Ізімен жалғыз аттың бұрын көрген.
Қалмақтан елін іздеп қашып шыққан,

Сөйлейін енді сөзді Жапал ерден.
Арада бірнеше күн жолды басып,
Мінеки, ел шетіне бұл да келген.
Аман-сау өз еліне келді батыр,

Не таулар, не белдермен басып татыр.
Белгілі алыс жолдан келатқаны,
Бөктерген артында бар—мосы, бақыр.
Аралап қалың елдің шетіменен,

Жалтақтап тамаша қып келе жатыр.
Жарқылдап күн нұрымен шағылысқан,
Көрінді сол жағынан алтын шатыр.
Жиылып балалар асық ойнайтұғын,

Бар екен жол үстінде айдын тақыр.
Ел жайын, жол мәнісін білейін деп,
Жағалап көп балларға келді ақыр.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шетінде ойнап жүрген бір балаға,
Деп айтты: «Жігіттердің бірін шақыр!»
Шақырды бір жігітті бала барып,
Көрді де келді жігіт назар салып.

Ер Жапал басын иіп сәлем берді,
Жігіт те қарсы келді «әлик» алып.
Жігітке Жапал айтты: «Шақырғаным,
Адаммын ел іздеген қайнап қаным.

Қай ру бұл отырған қалың ауыл,
Түсіндір ел мәнісін, құрбы жаным?
Бай мен бек пе, болмаса хандікі ме,
Шатырдың егесін де қылшы мағлұм».

—Шатыры,—деді жігіт,—Есім ханның,

Руы бұл елдердің тобықты, арғын.
Келесің өзің қайдан, жолың болсын,
Бар еді шыққаныңда қайда барғың?

—Шыққалы мен елімнен толды айға,

Ниетім келмекші едім осы жайға.
Шешемнен бір туысқан нағашым ед,
Тобықты батыр Сары аулы қайда?
Жапалға жігіт айтты: «Сенің өзің,

Алыстан келем деген дұрыс сөзің.
Сымбатың және пормың, бет, ажармен,
Ұқсайды Сары-екеңе анық көзің.
Көрінген қалың елдің күнбатыс жақ,

Екі үй бар сол шетінде оқшауырақ».
Екі үйді айтып жігіт түсіндіріп,
Деп айтты: «Бірі қоңыр, біреуі ақ.
Үлкені—нағашыңның үйі»,—деді,

Асылған найза, түрлі қару-жарақ.
Ер Жапал қош деді де жүріп кетті,
«Қайыр,—деп қалды жігіт,—жиен шырақ».

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Екі үйге сілтеуменен жетті келіп,
Сырғытып Күрең атпен жортып желіп.
«Үйі екен Сары ағамның,—деді,—ақиқат»,

Ілулі қару-жарақ тұрған көріп.
Ер Жапал үй сыртында тұрды қарап,
Күрең ат ойнақшып тұр қалған жарап.
Есіктің бір жанынан қарап еді,

Бір әйел отыр екен шашын тарап.
Ойланып танытпастан ағамменен
Көрейін жеңгемді де деді сынап.
Қазыққа оқшауырақ атын байлап,

Кірмекші жүрді үйге бет туралап.
Есіктен сәлем беріп кірді бала,
Қондырған қаршығасын қолына ала.
Бір адам теріс қарап жатыр екен,

Әйел де шашын тарап болған жаңа.
Аңғарды баланы әйел келген жерде,
Екен деп түрі ұқсас жатқан ерге.
Қондырып босағаға қаршығасын,

Отырды именбестен шығып төрге.
Жөн сұрап қатпаса да кімсің деп сөз,
Баладан қадап әйел алмады көз.
Шаңырқап келгендігін байқады да,

Қамданды сусын құйып беруге тез.
Әйелдің қамданғанын бала біліп,
Шешінді сырт киімін жайлап тұрып.
«Сусынды соңыра ішем»,—деді бала,

Қаруын керегеге баптай іліп.
Үстінен сауыттарын тастады да,
Жарғағын жастық қылып жастады да.
Жамылып сырт киімін жата кетті,

Именіп, не сескеніп саспады да.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Төсекте теріс қарап жатқан кісі,
Болған жоқ баламенен оның ісі.
Ұйқы емес қиялданып жатыр еді,
Қапа ғып өткен түнгі көрген түсі.

«Жүр екен қандай күйде қайран жеңгем»,
Деген ой жатқан ердің көңілін бөлген.
Қалмаққа түсіп кеткен ілгеріде,
Жеңгесі өткен түні түсіне енген.

Батыр ед шыққан бұ да арғын топтан,
Ер еді қайтпайтұғын жүрегі оқтан.
«Қалмаққа қалай іздеп барамын?»—деп,
Ұйқы емес неше түрлі ойда жатқан.

Төсектен бір мезгілде атып тұрып,
Төр жаққа қарады да мойын бұрап.
«Бұл кім?» деп жолаушыны сұрамастан,
Тоқтамай сыртқа шығып кетті жүріп.

Тырп етпей төрде бала ұйықтап жатты,
«Бала кім?» айтпай әйел оймен тапты.
Еріне айтайын деп сыртқа шықса,
Тұр екен айналдырып Күрең атты.

Ол кезде атқа түсер ердің көзі,
Бас қосса екі кісі, ат боп сөзі.
«Егесі кім болса да,—деді,—батыр,
Тұлпардың мына Күрең нағыз өзі».

«Бұл жігіт,—әйел айтты,—келді жаңа,
Төріңе именбестен шықты жәнә.
Нағашың иә жиенің, иә туысың,
Әйтеуір, бір жақының осы бала.

Мен оның сұрамадым аты-жөнін,
Алам деп сусын ішпей жатты демін.
Ұқсайды бет-бейнесі, сырт тұлғасы,
Ұрығың, тіпті әйтеуір осы сенің.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Болған соң көзден таса, көңілден тыс,
Ұмытқан ойға түспес, үмітсіз іс.
Нағашы, жиен, туыс ұрпақтарын

Ойланып болып тұрды көргендей түс.
Біле алмай кім екен деп Жапал ерді,
Тұрғанда аспазшы әйел хабар берді.
«Қалады тамақ суып» дегеннен соң,

Екеуі шұбатылып үйге кірді.
Оятты жігітті де іш деп тамақ,
Жол жүріп ұйықтамастан қатқан қабақ.
Ұқсатып бар келбетін өз еріне,

Жігітке әйел отыр көзін қадап.
Қымызды тамақтан соң ішті қанып,
Болған соң дастарқанды жиып алып.
«Қай жақтан келесің?»—деп жөн сұрады,

Жапалды Сары батыр сөзге салып.
«Келемін,—деді Жапал,—қалмақ жақтан,
Осы елді баяғыда қалмақ шапқан.
Мен сонда іште кеткен бала екенмін,

Таңсұлу—шешем аты мені тапқан.
Туғанда шешем қойған Жапал атым,
Істеді жанға қысым қалмақ батым.
Қашырды түн ішінде «елің тап» деп,

Істейд деп ертең, қалсаң, қиянатын.
Сәлем деп елге тегіс ғаріп анам,
Сайрады шығарып сап ішкі датын.
Айтқанда бастан-аяқ болған істі,

Есітіп тұра алмадым шыдап дәтім.
Шешемнің айтуынша Орта жүзбін,
Ішінде алты арыстың арғын затым.
Тобықты дейді ішінде бергі заты,

Дегенде Қожаберген—әкем аты».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бас салды баланы кеп «бауырым» деп,
Батырдың тұра алмастан шыдап дәті.
Жапал да түрегелді орынынан,
Асылды Сары батыр мойынынан.

«Құдая, өңім бе бұл, түсім бе?»—деп,
Төгілді көздің жасы қойынынан.
«Ағамның келдің бе,—деп,—қалған көзі?»
Құшақтап бауырым дейд тапқан сөзі.

Үш тұрып, үш отырып, үш жығылды,
Тоқтатып ала алмастан өзін-өзі.
Тағы да құшақтады «бауырым» деп,
«Ағамнан қалған тұяқ, сауырым,—деп.

Болады ұшсам қанат, қонсам құйрық,
Сілтейтін жауға шоқпар—қаруым,—деп.

—Келдің бе, жеткіншегім, есен-аман,

Көріпсің қараңғылық түрлі тұман.
Айрылып жан бауырымнан жастығымда,
Басыма түсіп еді ақырзаман.
Болып тұр тірілгендей сені көріп,

Ардақты қайран көкем бірге туған.
Ер еді арыстандай дұшпанының,
Қанына қылышының жүзін жуған.

Дұшпаннан қапияда болып майып,
Табаны бұл дүниеден кетті тайып.
«Көзі деп жан көкемнің» тағы келіп,
Жапалды құшақтады қанат жайып.

Өксігі ер Сарының басылмады,
Көл болып көзінен жас жосылғаны.
«Халқым-ай, осы өңім бе түсім бе?» деп,
Бауырымның келіп аман қосылғаны.

Көзі деп жан көкемнің қайта-қайта,
Мойнына қолын салып асылғаны.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
«Батырым, құтты болсын, қойыңыз»,—деп,
Адамдар ажыратты қасындағы.
Көрісті айғай салып жеңгесі кеп,

«Нәубатты енді, батыр, бізге бер,—деп.
Көкемнен қалған тұяқ, арыстаным,
Аман-сау еліңді іздеп келдің бе?—деп.
Дегендей өшкен жанып, тірілді өлген,

Жүзіңді жалғыз қайным көрдім бе?—деп.
Қос қанат ағасының жеткіншегі,
Қайынды мен де халқым болдым ба?»—деп.
Бұлардың зарлауына шыдай алмай,

Бәрі де тұрды жылап жиылған көп.

—Келдің бе, жалғыз қайным, арыстаным,

Құдая, рас па бұл табысқаным.
Қанатым, жал, құйрығым, ердің көзі,
Ағайын іздеп келген, данышпаным.
Қарағым, іздеп кепсің елатіңді,

Құдайым қабыл қылып бұл ниетіңді.
Есіктен кіргеннен-ақ, арыстаным,
Ағаңа ұқсатып ем келбетіңді.
Апам да қайнысының түсіне енген,

Көрген түс қиялданып көңлін бөлген.
Деп ойлап қапалықпен ағаң да жүр,
«Жүр екен қандай күйде қайран жеңгем?».
Шығыпсың жау қалмақтың тобын жарып,

Мініпсің өзіңе сай атты танып.
«Ер жігіт—туған жерге» деген нақыл,
Келіпсің ел жұртыңды есіңе алып.
Қуатты аман-есен жүр ме апам,

Айрылған ел-жұртынан сорлы ғаріп.
Жақсы ма денсаулығы елді ойлап,
Кетпестен қапалықпен күйіп-жанып.
Ішінде көп халықтың жалғыз өзі,

Не болды енді күні сенен қалып?

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жиылып маңайдағы кәрі-жасты,
Жапалға бәрі келіп амандасты.
Сарыға құтты болсын насихат қып,
Жылауды ақсақалдар зордан басты.

Ер Жапал туысқанын жаңа тапты,
Жан-жаққа сүйіншіге адам шапты.
Ер Сары бәйгелі той қыламын деп,
Хабарлап аймағына шаптырды атты.

Қалдырмай арғын, найман бәріне де,
Жіберіп шақырушы хабарлатты.
Мінеки, ұлы думан, басталды той,
Сойылып бірнеше жүз жылқы мен қой.

Айтпаққа хан мен қара, батырларға,
Сарының көңілінде бар бір терең ой.
Той болды, ұлы дүбір жиналды ел,
Сияқты Сары толып шалқыған көл.

Найманның қалың арғын басын қосты,
Кетер деп азар болса бір жылғы төл.
Бастады Сары батыр енді тойын,
Жамбы ату, күрес, көкпар болды ойын.

Шашуға ағайыны әкеп жатыр,
Біреу ат, біреу түйе, біреу қойын.
Адамдар бұл жиынның көріп түрін,
Мұндай той болған емес деді бұрын.

Той берді дәл бір апта Сары батыр,
Қызықты тамашасы болды шырын.
Ертең ат шабылады деп жаршы айғайлап,
Халыққа хабар қылды кешкіқұрым.

Ертемен аттарды айдап асты белден,
Аттар көп, әрбір ру келген елден.
Тапсырды айдаушыға ақсақалдар,
Жібер деп бұл аттарды күндік жерден.

Жолына бәйге аттардың көзін тігіп,

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Түс қайта тұрған халық шаңды көрген.
Қосылған үш жүз аттан тұлпар Күрең,
Алдында сүт пісірім бұрын келген.

Жасы бар сексен, тоқсан алқымдаған,
Бір шал жүр осы тойда түйе мінген.
Бұл елдің адамынан порымы басқа,
Аюдың терісінен киім киген.

Той тарқап болғаннан соң бәйге тамам,
Тарқауға қойғанында халық қадам.
«Төбеге мына биік жиылсын»,—деп,
Осылай хабар болды тегіс адам.

Жиылды ол төбеге жас пен кәрі,
Келгенін Жапал қашып білді бәрі.
Қалмаққа аттануға кекті жоқтап,
Мәслихат көпшілікке салды Сары.

Келісті мизам туа аттанбаққа,
Хан, қара, арғын, найман батырлары.
Қалмаққа аттанад деп болды сарын,
Әлгі шал ішкі сырдың білді бәрін.

Төбеге жиылғанда тегіс халық,
Сынады қазақтардың батырларын.
Бәйгеден келгенінде Күрең аттың,
Таныды мойнындағы қыз тұмарын.

Қайтты шал енді ешкімге көрінбеді,
Жұмысын бітірген соң көңілдегі.
Еліне Жапал келіп тұра тұрсын,
Сөйлейік Таңшеберден кейіндегі.

Ізбенен шал кеткелі айдан асты,
Шыдамы кетті қыздың кезде алғашқы.
Шал болып есі-дерті жүрсе дағы,
Ұялып, сабыр қылып өзін басты.

Титықтап құрығанда қыздың демі,
Асығып күткен шалы келді, міне.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Өзінің әдетінше тынығам деп,
Шал жатты жауап бермей келген күні.
Осы күн тиді қызға тіптен ауыр,
Екен деп шалды ойлады шын тасбауыр.

Есітіп ертеңіне әңгімесін,
Көңілі қыздың тоқтап болды тәуір.
Шал айтты: «Тұмарыңды іздеп бардым,
Атақты «Бетпақдала» шөлді жардым.

Ала алсаң тұмарыңды қолың жетіп,
Басына іліп кеттім бір шынардың.
Ерінбей таңмен жүріп, түнде жаттым,
Тұмарды кім алғанын анық таптым.

Ешкімге сыр берместен кеттім қайтып,
Тұмарың мойнында жүр Күрең аттың.
Күрең ат үш жүз аттан келді бұрын,
Болып еді бәйгелі той үлкен жиын.

Жау жүрек батыр екен сайыпқыран,
Анықтап жігіттің де көрдім түрін.
Жүр екен ол жігіт те баптап атын,
Қалмаққа көрсетпек боп күш қайратын.

Аралап той ішінде үш күн жүріп,
Естідім қазақтардың мәслихатын.
Іріктеп азаматын, атын баптап,
Оқ жонып, қанжар қайрап, найза саптап.

Бас қосып арғын, найман мизам туа
Қалмақты байласты сөз болып шаппақ.
Сынадым батырларын жастан шыққан,
Сары анау Жатағанның туын жыққан.

Аюға айласымен сөз үйретіп,
Ақылмен айдаһардың тілін ұққан.
Садырдан шыққан екен Құдайберді,
Қаһары тітіреткен қара жерді.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Ондай ер туған емес, туа қоймас,
Найманнан Садыр түгіл арғы, бергі.
Қарт батыр қаракерей қайсар Сыбан,

Садақтан тартқан оғы шыққан шыған.
Екпіні оттан өткір, оқтан жылдам,
Кім өтер қаракесек Олжашыдан.
«Бейбіт би ант бұзды,—деп,—әруақ аттап,

Жүред,—деп,—өсек тасып, қалмақ жақтап».
Жорықтың ат азығы, шығыны үшін,
Жолшыбай қаңлыны да кетпек таптап.
Әкеңе айтпа, қызым, бұл сырымды,

Байлаулы адам емес ол тұрымды.
Қалмаққа хабар беріп, бүлдіреді,
Кірісіп әдетіне ол бұрынғы.
Қалмақ деп түсінеді елдің зоры,

Қаңлының хабар берсе, қайнар соры.
Жеңеді осы жолы қазақ анық,
Әкеңнің бөгет болмас айла-торы.
Қазақты әкең кеткен талай алдап,

Сол үшін осы жолы салар салмақ.
Қаңлыға пана болу, былай тұрсын,
Ала алса басын қорып жарар қалмақ.
Қаңлының не күші бар белдесуге,

Жарамас қазақпенен теңдесуге.
Қалуға қаңлы аман қазақтардан,
Сен ғана себепкерсің елдесуге.
Ханы бар қазақтардың Есім деген,

Қастасқан дұшпанының басын жеген.
Белгілі сенің әкең қашаннан-ақ,
Қазаққа дұшпандығын істеп келген.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалмаққа басшы беріп, елін шауып,
Арғынның ту егесі батыры өлген.
Қылады қазақ қысым осы жолы
Әкеңнің алдауынан талай күйген.

Көрсетіп түрлі азап батырлары,
Істейді қалағанын көңлі сүйген.
Айтқанда Бейбіт биді тіс қайраған
Қазақтың батырларын көзім көрген.

Жігіттің аты Жапал—тобықты арғын,
Батырдың баласы екен Қожаберген.
Өзің бар Есім ханға насихатым,
Жұмыстың айттым бәрін көріп келген.

Ел үшін жаушы жүріп дейді, қызым,
Мұндайда намыс емес басын иген.
Естісе әкең кетер Қытайға ауып,
Қытайға ауу деген үлкен қауіп.

Қытайдың заңы қатты, салығы мол,
Тұра алмас қаңлы онда байыз тауып.
Алдына өзің барып тоқтатпасаң,
Кетеді қазақ ханы елді шауып.

Меніңше осы арада күткен мақұл,
Естісе, ауам дейді әкең ғапыл».
Бейбітке айтпаймыз деп шал менен қыз,
Қазақты күтпек болып қорытты ақыл.

Қыз бен шал болды осылай ақылдары,
Бірінің сөзін бірі мақұлдады.
Сөйлейік енді сөзді қазақ жақтан,
Мизам да уәделі жақындады.

Қазақтар жазыменен атын баптап,
Даярлап қару-жарақ, найза саптап.
Қалмаққа аттануға ниет қылып,
Жолазық, сауыт, сайман алды тақтап.

Жиылды уәделі болғанда күн,
Саналды болды қосын дәл он төрт мың.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Жау жүрек, жасөспірім қосылды ерлер,
Болмаған жорықтарда мұнан бұрын.
Аттанды қазақ болып мизам туа,

Қалмаққа бармақ болып кегін қуа.
Шал айтқан батырлардың бәрі де бар.
Басына бақ, аузына қонған дуа.
Бір кісі басқаратын қалың қолды,

Хан Есім өзі жүріп басшы болды.
Көп жүріп, көпті көрген, жерге таныс,
Олжашы батыр бастап жүрді жолды.
Батырлар баданасын бөктереді,

Жауына қалай жанды тек береді.
Сынасып садақ тартса Сары оғын,
Кетпеннің ұңғысынан өткереді.
Кесетін қылыш белде шөккен нарды,

Нар түгіл жерді қапқан онан арғы.
Кигенде дулығасын бастарына,
Жағасы соғып тұрар белбуарды.
Батырлар үстеріне сауыт киген,

Ерінің қалқандарын басына ілген.
Буынған іштерінен алмас қанжар,
Бауырдай қайрап салса тасты тілген.
Найзасы сегіз қырлы қос шашақты,

Қайыстан бүлдіргесі, емен сапты.
Алдыңғы қамшылар жақ қанжығаға,
Байлаған ер жолдасы саптаяқты.
Жанторсық—ер бас сайын салған малта,

Белінде шақпақ салған қуық қалта.
Әркімнің өзіне сай қаруы бар,
Қолында найза жоқтың бар айбалта.
5-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қолында найза менен балта жоқтар,
Қаруы оның алған қайың шоқпар.
Бір өзі асынғаны жеті қару,
Кигені қалқан сауыт кейбір сотқар.

Көк етік бүрмелеген бесқасқалап,
Сыртынан шалбарын сап кесте балақ.
Желбегей көбентайын жамылысып,
Делдиген шаболары арты салақ.

Берілген бір бақырдан он басына,
Пісіріп жемек үшін жол асына.
Бақырдың азаматтар үйдегіден,
Түздегі құмар қою сорпасына.

Он төрт ту, ту бас сайын бір ту басшы,
Кем емес мың адамнан бір ту асты.
Арада бірнеше күн жолды басып,
Жеріне Жетісудың жақындасты.

«Қаңлыны басайық» деп мәслихат қып,
Қазақтың хан қарасы ақылдасты.
Жүрет деп өсек тасып қалмақ жақтап,
Бұл сөзді бәрі тегіс мақұлдасты.

Төсекте азаматы, аты үйірде,
Қаңлыны қапылыста келіп басты.
Беті жоқ сан алдаған беттесуге,
Қайтерін білмей Бейбіт жаман састы.

Сол болып бар тапқаны қысылған соң,
Барды да ойшыл шалға ақылдасты.
Шал айтты: «Қазақ саған көп алдатты,
Дос көрдің қазақтардан сен қалмақты.

Бас иіп, тізе бүгіп құтылмасаң,
Шамаң жоқ көтеруге бұл салмақты.
Алдына сені Есім хан шақырып ап,
Үндеме, не десе де аузыңды жап.

Мойныңа көтерместей міндет артып,
Ішінде қысқа мерзім десе егер, тап.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Қабылда, қарсы тұрма жарлығына,
Мақұлда айтқанының барлығына.
Болады ашу—алда, ақыл—соңда,

Алғашқы ұшырама тарлығына.
Мінеки, аяғыңа түсті қақпан,
Халқыңды басты келіп бейғам жатқан.
Мақұл деп хан алдынан шыққаннан соң,

Істе осы ақылымды менің айтқан.
Алдына Есім ханның қызды жібер,
Таңшебер не айтарын өзі білер.
Шаяндай сенің сөзің олар үшін,

Тастамас қыздың сөзін құлаққа ілер.
Қыз барған мұндай іске намыс емес,
Іс емес дос күйініп, дұшпан күлер.
«Ер топқа, шешен дауға» деген мақал,

Балапан ұяда өсіп, түзде түлер.
Айтқаным осы,—деді,—әбден ойлан,
Адаспа сабыр қылып, ақыл-ойдан.
Егерде бұл айтқанды істемесең,

Болады халқың менен мүлкің ойран».
Алдына насихаты шалдың қойған,
Бейбітті адастырды ақыл-ойдан.
Қазақтар би келгенше түстігіне

Үш жүз қой және бір жүз жылқы сойған.
Бейбітті хан шақыртып келісімен,
Хабардар болып тұрып келісінен.
Мойнына қысқа мерзім міндет артып,

Сөйледі қаһарланып терісінен.

—Бірінші Ұлалыға болып басшы,

Жанжалды сен бастадың ең алғашқы.
Еліме тыныш жатқан бастап келіп,
Ерімнің, елді талап, қанын шашты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сол жолы Қожаберген батыр өлген,
Сен жауды біздің елге бастап келген.
Бітемін жүз кісінің құнын алып,
Батырдың ту егесі құны ежелден.

Ат, азық келе жатқан қалың қолдың,
Шығынын сен тартарсың осы жолдың.
«Нар өлсе, пұл төлейсің, ер өлсе—құн»
Жанжалдың шығуына себеп болдың.

Бересің бір қос аттан ер бас сайын,
Сойысқа мың ту бие болсын дайын.
Мың атан қос артатын және керек,
Қом болсын, ат ерттеулі атан сайын.

Бара сап мақұл десең, кіріс іске,
Жата бер орындамай сенсең күшке.
Көнбейді енді қазақ алдауыңа,
Мерзімі дайын болсын ертең түсте.

Таппағы айтқандарын болды қиын,
Таппаймын десе, береді азап сиын.
Ойланып құтылуға жол таба алмай,
«Мақұл» деп хан алдынан шықты биің.

Алмаса шалдың тілін жоқ шарасы,
Тығылар, құтылар жол, жоқ панасы.
Көргенмен қызын намыс жіберуді,
Катердің үстінде тұр мал мен басы.

Таң да атты, сертті мезгіл қалды таяп,
Бейбіт би маңдайына тіреп таяқ.
Үйіне дөң басынан жете алмады,
Жүруге жарай алмай басып аяқ.

«Көрейін не де болса, мен-ақ» дейді,
Әкесін көрді дағы қызы аяп.
Таңшебер қыздың әкесінің орнына Есім ханның ордасына
бара жатқандағы сымбаты мен сәулеті

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Таңшебер қыз ерттетті,
Алдырып Жирен жорғаны.
Алтынды ердің үстіне

Шамшырақ болып орнады.
Қыраныңды тартқан Қырымнан
Алтайдың қызыл орманы.
Туған айдай толықсып,

Он сегіз жасқа толғаны.
Талабы қыздың жаушы боп,
Елінің болмақ қорғаны.
Бетіне алып жөнелді

Есім хан тіккен орданы.
Жарқырайды шолпандай
Суреті қыздың сондағы.
Бәйшешектей құлпырар,

Жайнап шыққан майдағы.
Алтайы қызыл түлкідей
Өрлей қашқан сайдағы.
Сылдырлайды сырғасы

Дауысындай тоты тордағы.
Шалдар басын шайқайды,
Есіне түсіп қайдағы.
Айырмай көзін қадайды

Ішіндегі бойдағы.
Мойнында алқа сылдырлайд,
Дауысындай қоңырау қойдағы.
Таңырқады бәрі де

Көрген жан қызды жолдағы.
Қамшы басып Жиренге,
Лашын құстай самғады.
Жеке шықты Таңшебер

Жолдас алмай қасына.
Оқалаған кигені—
Кәмшат бөрік басына.
Жұпар исі аңқиды,

Әтірмай жағып шашына.
Көрген жанның ғышқы ұрды,
Болса деп бізбен ашына.
«Шүу» деп еді Таңшебер,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жөнелді Жирен аспандай.
Тұлпары еді жылқының,
Құтқармайтын қашқанды-ай.
Сынасып әлі көрмеген

Дұшпан менен дос қандай.
Таңшебердің сәулеті
Таң сәулесін шашқандай.
Күйіндіріп дұшпанын,

Досының көңілін ашқандай.
Солқылдайды қара жер
Ырғалып Жирен басқанда-ай.
Бір ауыз сөз сөйлескен,

Көңлі судай тасқандай.
Есім хан тіккен шатырға
Тура да келді жасқанбай.
Атын жаяу жетелеп,

Шатырдың келді алдына.
Ішке кірді Таңшебер,
Рұқсат сұрап алды да,
Отырған толып маңғаз бек,

Қызға көзін салды да.
Жым-жырт болды теп-тегіс,
Ақылдан бәрі танды да.
Қыз еріксіз қаратты

Тәкаппар менен паңды да.
Ойлады қыз: «Жаратқан,
Қара мен, Құдай ханды да».
Таңшебер ішке кірді осыны ойлап,

Құлпырып екі көзі оттай жайнап.
Сондағы істеп тұрған қылығы бұл,
Пердені бетіндегі ашты жайлап.
Пердесін бетіндегі ашып тұрып,

Жүрегін оң қолымен басып тұрып,
Сол қолын тізесінің үстіне сап,
Келіннің сәлем етті салтын құрып.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Сондағы Таңшебердің рең-түсі,
Гүлбақтың мысалындай бұлбұл құсы.
Керме қас, оймақ ауыз, пісте мұрын,

Меруерттей жарқырайды отыз тісі.
Қып-қызыл екі беті—алқызыл гүл,
Көргеннің бәрінің де қайнайды іші.
Жаудыр көз, жазық маңдай, жұқа ерін,

Қызықпас көргеннен соң қандай кісі.
Айырмай қыздан көзін ханзадалар,
Отырды бұл қалай деп құрып мысы.
Сүмбедей қаяуы жоқ және мойны,

Қысқа емес, ұзын емес, орта бойлы.
Сүмбіл шаш, кекілдерін талдап өрген,
Аққұба, бет ажары бидай өңді.
Лайық сымбатына һәм мінезі,

Қиылған екі қасы, жаудыр көзі.
Қыпша бел, дәл аршын төс, алма мойын—
Толықсып он сегізге келген кезі.
Қиылған қаламқастай екі қасы,

Оралған аш беліне қолаң шашы.
Зибалық, сұлулықта тамағынан
Көрінеді десе болар ішкен асы.
Он екі мүшесінде жоқ бір айып,

Жарасқан ажарына һәм тұлғасы.
Ақылға парасатты артық дана,
Демесе кемітуге заты ұрғашы.
Перизат қолы толған гауһар жүзік,

Мысалы құмырсқадай белі үзік.
Тәжім қып, басын иіп тұрды қарап,
Мұқаммен неше түрлі көзін сүзіп.
Қалайша қыздың бүйтіп тұрғандығын,

Білген жоқ отырғандар мұны сезіп.
Тамаша қылды бәрі сын-сымбатын,
Айтпай тұр ішіндегі қыз мұратын.
Иілген қыз күйінде тұра берді,

Хан қыздың түсінбейді ишаратын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тапжылмай қыз иілген күйде тұрды,
Адамзат бола бермес мұндай нұрлы.
Есім хан «сен, сөз баста» дегендей боп,
Жырауға Даңғыл деген мойын бұрды.

Ханнан да Даңғыл жырау қаймықпайтын,
Мінезін айтса адамның айнытпайтын.
Ақылды, парасатты жырау еді,
Құпия сырларды да анықтайтын.

Аңдитын жырау емес ас пен тойды,
Түсетін топқа іркілмей алғыр ойлы.
Аты емес әкесінің қойған Даңғыл,
Сөзіне сүйсінгеннен халық қойды.

Деп айтты Даңғыл жырау: «Алдияр Хан!
Елшіге келіпті қыз бере алсаң мән.
Жер дауы, жесір дауы, ердің құны—
Ежелден үш үлкен дау қазаққа тән.

Көрген соң келді дей ме менен қыспақ,
Келіп тұр үш дауға да бітім ұстап.
Білдіріп ишаратпен келген ісін,
Деп тұр ғой «өзің ойлап, ақылмен тап».

Келді де неге алдыңа ашты бетін,
Қазаққа білдіргені ақ ниетін.
Тұрғаны басын иіп, төмен салып,
Тәртіп сол—ханға қара бас иетін.

Парасат бұл қызда бар және бір сыр,
Көңлінде мүддаға бар келген жоқ құр.
Сол қолын тізесіне салған мәнісі—
Бітімге әкем тізе бүкті деп тұр.

Мәрт адам серттен таймас басын кессе,
Тақсыр, Хан! Осы сөзім шын емес пе?
«Келінмін» сәлем қылса дегені ғой,
Қазақтың оң жақ қолы елі емес пе.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Шешкен соң ишаратын бастан бастап,
Жырауға басын иді қыз растап.
Көпшілік жауап күтіп тұрды енді,

Қайтадан сөз түйінін ханға тастап.
Сөйледі сонда Есім хан қызға қарап,
Бар деді көңліңізде қандай талап.
Шешуін ишараттың Даңғыл шешті,

Қазақтан қосылып ең кімді қалап.
Ойлап ем қайтарсам деп қанды қанға,
Қаңлыға кетпестей қып салып таңба.
Қалмаққа басшы беріп сенің әкең,

Елімді ауыр қайғы салған қамға.
Елші боп келген болсаң, айт сертіңді,
Ісіңнің ұялмастай артын аңда.
Қазаққа егер болсаң жаңа талап,

Отырған маңғаздардың бірін таңда.
Көтеріп қыз кеудесін: «Алдияр,—деп,—
Бетімнен пердемді аштым алдыңа кеп.
Білдірдім ишаратпен ақ ниетті,

Басқа да өзіңізден тілегім көп.
Сұраймын жанған өрттің өшіруін,
Қаңлының тигені рас кесірінің.
Емеспін жаңа талап таңдамаймын,

Қазақтың бұрыннан-ақ жесірімін.
Бұл сөзім айтқан сізге емес мақтан,
Таңдаған жігітім бар сертін баққан.
Қылыштың үстіндегі емес бұл серт,

Қаңлыға сіз құрған соң қанды қақпан.
Тұлпардың күрең бесті мойнындағы,
Белгім сол алтын тұмар менің таққан.
Жатпаған қап түбінде, болаттың да,

Жіберген белгі беріп жазып хаттан.
Болғаным емес пе бұл бұрын келін,
Болғанда қаңлы елім, қазақ та елім.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Симайды бір кеудеге екі талап,
Ғадалат тілейтінім сізден менің.
Өз қолын кім кеседі өзі мін деп,
Кескенде кім айтады оны жөн деп.

Тізеден сол қол тайса, ант ауғаны,
Ауғаны, жүрек тайса, маған міндет.
Жүректі сол қол емес, оң қол сақтар,
Хан ием оны да ойла, жұп бар, тақ бар.

Аямау ант ұрғанды айып емес,
Міндетін маған арт та, өзің атқар».
Деді де қыз шатырдан кетті шығып,
Адамдар қала берді көзін тігіп.

Ақылды, парасатты Даңғыл жырау
Шешуін қыз сөзінің алды ұғып.
Шыққан соң мінді барып қыз атына,
Тамаша қылды адамдар сымбатына.

Бас иіп, құлдық ұрып, жүріп кетті,
Қайрылып қарамастан қыз артына.
Міндетті қыз мойнына арқалады,
Сөзінен дана екені байқалады.

Отырған хан мен төре, батырларға,
Қыз сөзін Даңғыл жырау қайталады.
Қазаққа сәлем етті «келінмін деп,
Жау емес, келін болсам, еліңмін деп.

Елімді елім шапса мен тұрғанда,
Таниды мені туған елім кім деп.
Ант ауған әкеме мен нанбаймын деп,
Мен серттен ол танса да, танбаймын деп.

Сақтайтын оң қолы біз, жүрегі өзі,
Мен дағы алды, артымды аңдаймын деп.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Хан оған «ер таңда» деп бергенде ерік,
Онысын жауап берді теріс көріп.
Жатпаған қап түбінде болаты сол—

Жапалмен белгі алысқан, белгі беріп.
Жақсылық, жаманшылық айтты жұп деп,
Ғадалат болды және ханнан күтпек.
«Міндетін маған арт та, өзің атқар»,

Дегені Құда болып, кексіз біт деп.
Батырлар ер Жапалдан сұра деді,
Осы іске жақсы-жаман мұра деді
Белгі алып көрмесе де, белгі берген,

Жапалдан «рас» деді сұрап еді.
Тұмарды айтты Жапал алғандығын,
Ішіне қағаз жазып салғандығын.
Айтпастан аты-жөнін тура тартып,

Жолықпай қыз арманда қалғандығын.
Ер Жапал болған істің айтты бәрін,
Тұмарды киікті ұстап алғандығын.
Белгі қып «мен сүйдім» деп ою енді,

Киіктің құлағына салғандығын.
Дұрыстап қыз жұмбағын шешкендігін,
Білмеген қызы екенін өшпендінің.
Серт қосып, қыз сертіне көрмесе де,

«Мен сендік, сен менікі» дескендігін.
Қазақтың хан, қарасы ақылдасып,
Бір жерге сөз байласты мақұлдасып.
Жіберді жаушыларды Бейбіт биге,

Болмаққа енді құда жақындасып.
Бейбіт би жаушыларды қарсы алып,
Түсірді оңаша үйге алып барып.
Мал сойып қылып жатыр зияпатты,

Астына атлас шәйі көрпе салып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бейбіт би бәйек боп жүр қылып қауіп,
Елімді кете ме деп қорқып шауып.
Алдаған дұшпандығы еске түсіп,
Осымен құтылсам деп ебін тауып.

Құрметтеп жаушылардың бәріне де,
Қайтарды ат мінгізіп, ішік жауып.
«Қалмақты қазақ жеңсе, қыз бергенше,
Кеткенім жақсы,—деп жүр,—Қытай ауып».

Құда боп дау аяғы кексіз тынды,
Тапсырды антқа айныса, кімде кімді.
Бейбіт би табысқан соң сол күн-түні,
Шақырып қалың қолды қонақ қылды.

Бата қып анттасты да боз ат сойды,
Қанына жолықсын деп арам ойлы.
Жөнелді қазақ қолы қалмақ қарай,
Істемек қайтып келіп болып тойды.

Жапалдың қолында еді қаршығасы,
Келісті қыран еді бой тұлғасы.
Таңсұлу жетік еді ақыл-ойға,
Демесе кемітуге заты ұрғашы.

Жапалдың сонда түсті қиялына,
Ананың айтқан сөзі баяғыда.
Босатып қаршығаны қоя берді,
Тікті де бір шумақ жіп аяғына.

Босанып кетті ұшып қаршыға құс,
Тура ұшып қалмақ елге барса дұрыс.
Барары бармастығы қаршығаның,
Белгісіз ойлағанға бір ғайып іс.

Жолменен қазақ қолы келе тұрсын,
Айтайын Таңсұлудың көрген түсін.
Айқасты екі арыстан шабынысып,
Көрсетіп бір-біріне қайрат күшін.

Қағысып иықпенен күрілдесіп,

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Екеуі аянбастан салды тісін.
Тісі өтпей, кәрі арыстан күші жетпей,
Қолынан жас арыстан көрді қысым.

Шыңғырған үлкенінің даусыменен,
Таңсұлу ұйқысынан шошып тұрсын.
«Үлкені Ұлалы,—деп,—кішісі Жапал»,
Өзінің көрген түсін деп жорысын.

Тәжірибе жақсылыққа көрінді-ау деп,
Қуанды оңалар деп енді ісім.
Сөйлейік енді сөзді қалмақ жақтан,
Бар еді бір аңшы адам аты Ақпан.

Жасынан кәсіп қылып жүретұғын,
Тор құрып, тау жағалап, салып қақпан.
Жағалап ертеменен жүрсе торын,
Көреді қаршығаны түсіп жатқан.

Қашты деп сері қыздың қаршығасы,
Аңшы естіп бұрыннан-ақ хабар тапқан.
Қолға алып тордан құсты ажыратып,
Жалпылдап қыз аулына қарай шапқан.

«Әкелдім қаршығаңды, сүйінші!»—деп,
Қызға кеп айғай салды түспей аттан.
Сері қыз берді әкеліп «ырза бол» деп,
Аңшыға көп дүние қылып мақтан.

Таңсұлу келіп құсты байқап еді,
Шумақ жіп аяғында көрді таққан.
Көзіне Жапал батыр елестеді,
Сияқты көп қосынмен келе жатқан.

Түсімен шумақ жіпті ырым қылды:
Құлар деп енді Ұлалы зұлым тақтан.
«Құдая, мұсылманға қуат бер!»—деп,
Тіленді жалбарынып Жаппар Хақтан.

Құс қыран, ат аяғы болса желді,
Еріксіз қызықтырар көрген елді.
Аймақтың қошеметшіл кәрі-жасы,
Айтысып құтты болсын бәрі келді.

Ішінен Таңсұлу да қуанып жүр,
Ол құстың аяғынан көріп белгі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сөйлейік енді сөзді Бейбіт биден,
Қазаққа құда болып басын иген.
Осындай ант қылып, айнып кетіп,
Қазақтар алдауынан неше күйген.

Бейбіт би уәдені тосад деген,
Қазаққа ниетті енді қосад деген.
Қаңлылар аттандырып Ұлалыға,
Жіберді бір жігітті қос атпенен.

«Жалғыз біл,—жігітке айтты,—өзің,—деді,
Жүрмесін сыртқа шығып сөзің,—деді.
Қай жағы жеңсе дағы тез хабар бер,
Ақиқат көргеннен соң көзің,—деді.

Он төрт мың қазақ қолы,—деді,—барар,
Ақылды Ұлалы енді өзі табар».
Сөздерін Бейбіт бидің бұлжытпастан,
Қалмаққа айтып жігіт берді хабар.

Қалмақтар естіген соң жата алмай тек,
Жиналды басын қосып би менен бек.
Дұшпанның келе жатқан жайын айтып,
Кеңесті Ұлалының алдына кеп.

Кернеді Ұлалыны тәкаппарлық,
«Қазақты әлін білмей, не түрткен?»—деп.
Қазақтың қалың қолы келіп жетті,
Білмейді айнытқанын Бейбіт ниетті.

Қажырлы, қайраты мол ерлер де көп,
Жауынан қайтармайтын қорқып бетті.
Тартқызып керней-сырнай, дабыл қағып,
Қалмаққа келгендерін мағлұм етті.

Кеңесті хан менен бек басын құрап,
Бәрі де мақұлдасты бұл сөзді ұнап.
Алсын деп бұл міндетті өз мойнына,
Жіберді қалмаққа елші бітім сұрап.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Дем алды сол арада он төрт мың қол,
Жіберу жауға елші бұрыннан жол.
Елшінің құлақ, мұрнын кесіп алып,

Ұлалы қайтарыпты бітім деп сол.
Бітімнің кетті арты бұрысына,
Тұра ма қазақ шыдап мұнысына.
Көрген соң елшілердің құлақ-мұрнын,

Болмады енді тоқтап тұрысына.
Көтерді соғыс туын екі жағы,
Жеңіліп аударылар кімнің тағы.
Атақты батырлардың бәрі де бар,

Қазақтың кемеліне келген шағы.
Шыдамай жүрген батыр бұрын кекке,
Ағамның кете ме деп қаны текке.
«Жуам деп қанды қанмен» Сары батыр,

Шақырды Ұлалыны жекпе-жекке.
Батырға жекпе-жектен өлім қашқан,
Ежелден қазақ жауы кегі ұласқан.
Сескену, жеңілем деу ойында жоқ,

Ұлалы менмендігі шеннен асқан.
Аюдай арпалысқан қақпандағы,
Бурадай бұрқырады ақпандағы.
Майданға ат ойнатып жеке шықты,

Қаймығу көңлінде жоқ жасқанбағы.
Көруге көзге үрейлі түсі суық,
Маңына бара алмастай кісі жуық.
«Кел, бері, қайтайын,—деп айғай салды,—

Қанменен қанжарымның жүзін жуып!».
Ұлалы ойқастатып Шұбар атты,
Қалмақтар туын бұлғап, дабыл қақты.
«Майданға тез шық!» деген белгі беріп,

Қылышын қолына алып бұлғақтатты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жетелеп Сары барып жаяу атын,
Әуелі ханның алды рұқсатын.
Сұрады көптен бата қолын жайып,
Ерлердің ескі әдеті бата алатын.

Қол жайды Уәли ата көзін сүзіп,
Қалтырап көздің жасы көңлін бұзып.
Шұбыртып бірталай-ақ кешіктірді,
Әулие, әруақтардың атын тізіп.

Атына мінді Сары батаны алып,
Қалмақты көрейін деп жеке барып.
Майданда ат ойнатқан Ұлалыны
Көреді Жапал батыр назар салып.

Денесін ашу кернеп ызаланып,
Кетеді екі көзі оттай жанып.
Дірілдеп өзін-өзі тоқтата алмай,
Жөнелді Күрең атпен топты жарып.

Майданға Жапал кетіп барады деп,
Шу етті тұрған халық оған налып.
Халықтан, ханнан рұқсат, алмай бата,
Баруы Жапал ердің десті қата.

«Аман-сау қайтпайды-ау» деп уайым қып,
Қынжылды басын шайқап Уәли ата.
«Жапалдан,—деді,—Ұлалы қайраты үстем,
Майданға және айлакер талай түскен.

Жазым боп кетеді-ау,—деп,—шіркін бала»,
Аз емес Жапалды аяп өкініскен.
«Ол қалай үлкен тұрып жолды алады,—
Деп Сары ашуланып долданады,—

Берген жоқ хан рұқсат, халық бата,
Тәртіптің енді, міне, болмағаны».
Ақылға тұйық батыр, ашуы көп,
Садағын атамын деп оңдалады.

Сарыны көп қамалап жібермеді,
«Естіген адам саған күлер,—деді.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Көпке сен тоқтамасаң,—дейді Даңғыл,—
Өзіңе өз кесірің тиер,—дейді.
Сенгенің көпшілік пе, оқ па, Сары,

Емессің көптен күшті тоқта, Сары.
Егерде көп айтқанға тоқтамасаң,
Бірдейсің оқ атқанмен көпке, Сары.
Бермей көр мықты болсаң, көпке ерік,

Шығарсың болаттай-ақ болсаң берік.
Гулесе, көптің күші сол секілді,
Ерітер болатты да қызған көрік.
Дегенде Сары батыр сөзге көніп,

Ашудың бетіндегі оты сөніп.
Неге мен істедім деп өкінгендей,
Өрескел өз мінезін тұрды сөгіп.
Барғанын рұқсатсыз Жапал ерді,

Хан Есім бұл мінезін теріс көрді.
Деместен сонда дағы жақсы, жаман,
Бұрынғы қалыбында тұра берді.
Ер Жапал ат ойнатып шықты топтан,

Батырдың қайтар емес жүрегі оқтан.
Кек кернеп, екі көзі оттай жанып,
Денесін қалшылдатып ашу тұтқан.
Көзге ілмей майдан жерде Ұлалы тұр

Баланы қарсы алдынан келе жатқан.
Менсінбей Жапал ерді Ұлалының,
Сондағы келемеждеп сөзі айтқан:
Жапалды көріп Ұлалы,

Кеудесін ыза кернеді.
Менмендік билеп қарт батыр,
Кісі орнына көрмеді.
Келемеждеп, кекетіп,

Қолын «кет! деп сермеді.

—Ашиды жаным құлым ең,

6-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ізіңше қайт сен,—деді.
Сары келсін майданға,
Жүректі болса ер,—деді.
Қолымда өскен құл едің,

Жуынды ішіп семірген.
Табақтың жалап жұғынын,
Қақ сүйекті кемірген.
Маған қарсы шығады,

Күдер үзген өмірден.
Өлем деп келсін Сарыға айт,
Болса да жаны темірден.
Жапалдың жауабы:

—Сап-сап, батыр, ойлап айт,

Мың сөзде болар бір тоқтам.
Мың жылқыға бір боран,
Батырға ажал—бір оқтан.
Саған теңдес қазақта

Келгенім жоқ ер жоқтан.
Әкемнің қанын алмаққа
Жалғыз шықтым мен топтан.
Ажалыңа арналған

Қанжар мен болат кең соққан.
Асқанға бар бір тосқан,
Қыла берме сен мақтан.
Басыңды келдім алмаққа,

Қапыда қалма, ал сақтан!
Ұлалының жауабы:
Ұлалы сонда сөйледі:

—Құлым едің кешегі,

Қарсы келдің алдыма
Батырдай болып көшелі.
Меніменен айқассаң,
Жанған отың өшеді.

Ізіңше қайт артыңа,
Ажалдың тимей кесегі.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Сілтесем қылыш домалап,
Жерге де басың түседі.
Ұяламын халықтан

Ұрысты құлмен деседі.
Майданға сені жіберген,
Айтшы маған кім?—дейді.
Ізіңше қайт желікпей,

Ашиды жаным шын,—дейді.
Зарлап қалар сен өлсең,
Үйдегі пұшық күң,—дейді.
Сарыны жібер майданға,

Тілімді алып бұл,—дейді.
Шынжырбалақ батырмын,
Тең емес маған құл,—дейді.
Қарады сонда Ұлалы шаршы көпке,

Тұмсығы көтеріліп кетті көкке.

—Майданға қайдан шықтың, жетімше құл,

Шақырған Сары еді ғой жекпе-жекке.
Басыңды доптай жұлып алар едім,
Қылады-ау шешең зарлап маған өкпе.
Сарыны барып, жібер қан майданға,

Өзіңді аманыңда тартып шетке.
Шайқасып меніменен бұл майданда,
Ойлаған жете алмайсың шын ниетке.
Алдыма тезден жібер қайтпас жүрек,

Батырың болса ұстап келген бетке.
Жапалдың жауабы:

—Бекерге сандырама, кәрі бегім,

Он есе сенен артық асыл тегім.
Келтіріп қылғаныңды өз алдыңа,
Әкемнің осы бүгін алам кегін.
Түсіріп шаңырағыңды ортасына,

Сындырып керегеңді сөгем көгін.
Мені құл дегеніңе, шешемді күң,
Келіп тұр тірідей-ақ сені жегім.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ұлалы мені аяма, келсе әлің,
Шашылат осы бүгін судай қаның.
Қолымнан енді тірі кете алмайсың,
Болаттай темір емес болса жаның.

Мінгесіп аруларың ат артына,
Түседі ханталауға жиған малың.
Күң қылып қатыныңды, ұлыңды құл,
Алдыңа келер бүгін өз қылғаның.

Дүние, алтын, күміс және мүлкің,
Олжаға түсер тегіс бар жиғаның.
Кезекті маған берді ағам Сары,
Ризалық берді және жас пен кәрі.

«Әкеңнің кегін ал деп өз қолыңмен»,
Жіберді бата беріп тегіс бәрі.
Білмейтін өз шамасын адырайып,
Алжыған ақымақсың сен бір кәрі.

Бекерге көк қарғадай қопаңдамай,
Қайратың болса, келші бермен кәні.
Бұл сөзді естіп Ұлалы,
Ашуланып жынданды.

«Бәлем құл» деп тап беріп,
Ызасы қайнап, долданды.
Ұлалының денесі
Шойындай құйған шомбал-ды.

Көтеріп батыр қылышты,
Сілтеуге енді оңдалды.
Көздері кетті қызарып,
Қасқырдай арлан көкжал-ды.

Қырғауылға түйілген
Қырғидай Жапал қомданды.
Екеуі де қолына
Қылыштарын алысты.

Қарсы тұрып аянбай,
Бір-біріне салысты.
Қазақ, қалмақ батыры
Бермейміз деп намысты.

Кесе алмай қалқан, сауытты,

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Қылыштың жүзі майысты.
Қолына алып онан соң,
Айбалтамен шабысты.

Ашу кернеп денесін,
Ұлалы жүр қалшылдап.
Айбалтаны қолға алды,
Аш бөрідей арсылдап.

Қарсы тұрып салысты,
Балтаның даусы тарсылдап.
От шығады қалқаннан,
Шаққандай шақпақ жарқылдап.

Қағысып жүріп балтаның,
Саптары сынды шартылдап.
Қолына енді екеуі
Найзаларын алады.

Қарсыласып аямай,
Бір-біріне салады.
Жуан санның тұсынан
Найзаны Жапал қадады.

Жас батырдың күшімен
Біраз жерге барады.
Арсылдаған батырың
Санынан болды жаралы.

Түрлі әдіс қолданды,
Аспады ешбір амалы.
Айрылып ескі екпіннен,
Күші де болды шамалы.

Балта мен қылыш зарпынан
Қалыпты дендеп Ұлалы.
«Қашайын» деп ой ойлап,
Атының басын бұрады.

Намыс көріп тағы да,
Сабыр қып шыдап тұрады.
Менменсінген батырың
Өзін-өзі зор санап.

Санынан тиген найзадан,
Қаны жүр жерге сорғалап.
Күші жетпей балаға,
Ұлалы қалды қорғалап.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ұмтылуды ұмытып,
Болады басын қорғамақ.
Осы өсірген құлының
Алдында жүр жорғалап.

Асқанға деген бір тосқан,
Жапалдан бүгін сорламақ.
Ұлалының ер Жапал
Жағасынан ұстады.

Қатты батты жанына
Буындырып қысқаны.
Жұлып алды атынан,
Тақымына қысқалы.

Жанталасып Ұлалы,
Бір мәрте қолын нұсқады.
Кесек-кесек қан болды,
Лоқылдатып құсқаны.

Іші кетті партылдап,
Былғанды тегіс ыстаны.
Шыққан соң жаны қалмақтың,
Енді Жапал саспады.

Аз ғана тоқтап, ой ойлап,
Бір істі және бастады.
Алдына алды тақымнан,
Өлікті алып қашқалы.

Бесті өгізді өңгерді,
Салақтап келет пұшпағы.
Хан Есімнің алдына
Көкпар қып атып тастады.

Ат қойды қалмақ шыдап тұра алмады,
Қазақтар қарсы шауып ұрандады.
Шаңменен шағылысып жарқылдайды,
Қолдағы найза, қылыш құралдары.

Екі жақ екпінімен қарсыласты,
Майданды шаң бұрқырап, тозаң басты.
Батырлар аты шыққан ұрандатып,
Ішіне қалың қалмақ араласты.

Түсіріп баудай қылып кез келгенін,

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Батырлар қалмақ қанын судай шашты.
Айғайлап аш бөрідей қырып жүрген
Көресің қан майданда Жапал жасты.

Соғыстың көргеннен соң мұндай түрін,
Қысылып қалмақ жағы жаман састы.
Қазаққа қарсы тұрып шыдас бермес,
Майданнан жан сауғалап кейін қашты.

Патшасы өлгеннен соң қалмақ елі
Қазаққа қыла алмады көп шыдасты.
Дұшпанын қашырған соң батырлардың,
Мақтанып бәрінің де көңлі тасты.

Өлтіріп Ұлалыны жауын жеңіп,
Қазақтың бұл соғыста мерейі асты.
Қалмақтар жеңілген соң кетті қашып,
Қарамай алды артына асып-сасып.

Ұлалы айтып еді асылықты,
Сүйегін қазақ қолы қалды басып.
Сол түні күзет қылды кезектесіп,
Ерлердің мақтаны асып, көңлі өсіп.

Аттанды таңға жақын дабыл қағып,
Қытайға кетеді деп қалмақ көшіп.
Сол түні айтқандай-ақ көше қашып,
Кетіпті біраз қалмақ Қытайға асып.

Ертемен жарар малды маңайдағы,
Бәрін де алды қазақ тегіс басып.
Ұлалы жарар малын сол жыл күзде,
Отарлап тастап еді айдап түзге.

Қаншама асыл ұрық түйе, жылқы,
Отарда қалып кетті түспей көзге.
Қалмақты бұл соғыста қазақ жеңді,
Мал-мүлкін алды талап, басып елді.

Қолында Ұлалының күң боп жүрген
Сөйлейін Таңсұлудан сөзді енді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кеткен соң Жапал батыр елге қашып,
Таңсұлу уайымдап жүрген жасып.
Келді деп қазақ ханы қалың қолмен,
Қалмақтар атқа мінген шуылдасып.

Өлтіріп Ұлалыны қазақ жеңді,
Деп айтып келіп жатты және қашып.
Есітіп бұл хабарды Таңсұлудың,
Көңілі қуанғаннан кетті тасып.

Іздеп кеп Есім хан мен көп қосынға,
Сондағы айтқан сөзі амандасып:

—Көрдім бе тірлігімде, қайран халқым,

Келдің бе аман-есен, туған халқым?
Елдегі бала-шаға, келін-кепшік,
Аман ба кемпір мен шал, ескі қартың.
Жоқтаған елдің кегін ардақты ерлер,

Жүрмісіз сау-саламат тегіс жалпың?
Аман ба мал мен басы қайран елім,
Және де кіндік қаным тамған жерім?
Өскен жер, күліп ойнап жастығымда,

Шалқыған және, шіркін, шалқар көлім.
Қалмаққа кекті жоқтап іздеп келген
Рақмет бәріңізге, ардагерім.
Сіздерге көргенімді баяндайын,

Тарқасын ішімдегі қатқан шерім.
«Қалмаққа өлмей, қатын болмаймын» деп,
Мұрнымды өзім кесіп, болдым көрім.
Қайнайды зығырданым түскенде еске,

Қалмақтан түрлі азап көргендерім.
Есімнен шығар ма екен пұшық күң боп,
Тезегін Ұлалының тергендерім.
Бұ да ұмыт болар ма екен, қайран халқым,

Зарлаумен күні, түні жүргендерім.
Қалмаққа кекті жоқтап іздеп келген,
Рақмет бәріңізге, ардақты ерім!
Алдияр, құлдық сізге, тақсыр ханым!

Жолыңа болсын пида шыбын жаным.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Тілегім армансызбын деп жүруші ем,
Ұрттасам Ұлалының тамшы қанын.
Келед деп халқым іздеп қуанып ем,

Жібін көріп аяғынан қаршығаның.
Тілегім осы бүгін қабыл болып,
Көңілден қапалықты аршығаным.
Ұрттадым Ұлалының қасық қанын,

Қалмақтан көрдім қазақ кек алғанын.
Рақмет алғыс айтам, тақсыр, сізге,
Халыққа басшы болып ел жиғаның.
Өлтіріп Ұлалыны кекті алып,

Қазаққа үлкен бақыт бұл қылғаның.
Тілегім болды қабыл көңілдегі,
Өлсем де осы бүгін жоқ арманым!
Елді аңсап жүрдім көп жыл кейіндегі,

Келер деп қайратты ерлер елімдегі.
Тілегім бұ да екінші болды қабыл,
Қайнымның көзіме аман көрінгені.
Ұрттадым Ұлалының қасық қанын,

Мүддағам болды әсіл көңілдегі.
Рахмет бәріңізге, қазақ ері,
Дұшпанға қарсы шыққан ардагері.
Атақты азулы ер ед Ұлалы да,

Қалмақтан алпыс ата шыққан бөрі.
Құдайға сансыз шүкір, қылдым тәубе,
Өзіне қылғанының келді кері.
Қылып ед мені аяп көп жақсылық,

Артында қалған жалғыз қызы Сері.
Қиянат, жаманшылық қылмаңыздар,
Егерде қылсаңыздар құрмет мені.
Таңсұлу сұлулардың еді бірі,

Бетінде сұлулықтың бар ед нұры.
Болғанда пұшық кемпір қосылды елге,
Ажалсыз жүргеннен соң болып тірі.
Ол күні Ұлалының Сері қызы,

Қалып еді ордасында жалғыз өзі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалың қол ешбіреуі тимеді оған,
Себеп боп Таңсұлудың айтқан сөзі.
Ұлалы қатал еді шеннен асқан,
Қазақпен әсіресе көп жауласқан.

Ертемен түйеге артып Ұлалының,
Сүйегін алып жүрді тастамастан.
Қазаққа қалмақ жағы болып өктем,
Жүруші еді қазақ күтіп кекті көптен.

Өлгенде Қожаберген елді қорлап,
Сүйегін Ұлалы да алып кеткен.
Олжаға белден батып қазақ кетті,
Қанменен қанды жуып, алып кекті.

Тартумен Ұлалының Сері қызы,
Сүйегін әкесінің іздеп кепті.
«Қазақтар егер алса, жалғыз басым,
Жолына әкем үшін құрбан,—депті.

Берер деп хан әкемді, яки менің
Артар,—деп,—мойыныма күң міндетті».
Тартуы—жүз қара нар кілем жапқан,
Жүз қара ат күміспенен тұрмандатқан.

Туғандай барлық нары бір інгеннен,
Аттарын дейтін бір-ақ бие тапқан.
Лайық ажарына сын-сымбаты,
Ажарын ақаулатқан қайғы даты.

Осындай Есім ханға тәжім қылып,
Мына сөз арыздағы жазған хаты:

—Алдияр тақсыр, хан Есім!

Өнеге берген Шыңғысхан.
Кедергіге кездеспей,
Ылдидан өрлеп, шыңға ұшқан.
Жауыңды жеңіп, мұқатып,

Өткердің көбін қылыштан.
Қаза тапты көп адам

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Бүгінгі осы ұрыстан.
Қаһарлы болу—қан төгу,
Қалған бір мирас Шыңғыстан.

Хан ұрпағы хан болып,
Басқарып елді биледің.
Алтын тағың астыңда,
Тәжі болды кигенің.

Дәулет құсы қонып басыңа,
Арғымақ тұлпар мінгенің.
Қарсыласқан дұшпанды
Қайтарып бетін жеңгенің.

Алтын таққа мінгелі
Ешкімнен кемдік көрмедің.
Ерегескен дұшманға
Күш қайратты сермедің.

Саздай таптап дәулетін,
Қалмақты нандай иледің.
Хан менен хан келіспей,
Ел менен ел жау болды.

Кегіне кегі ұласып,
Бітімі жоқ дау болды.
Өштесіп елдің арасы
Көбейіп бәле қау болды.

Жеңілген елдің басына
Қайғылы тұман тау болды.
Тыныш жатқан елдердің,
Малы мен басы сау болды.

Қазақ, қалмақ аты егіз,
Ежелден-ақ тең еді.
Тату болса сиярлық,
Алтай мен Арқа кең еді,

Ұлалы қалмақ еліне
Атақты батыр боп еді.
Қазақты барып шапқанда
Не болар арты демеді.

Мақтамаймын әкемді,
Рақымы жүдә кем еді.
Әкемнің рас, тақсыр хан,
Ғадалаттан тайғаны.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мен айтпасам, ел айтар,
Істеген ісі—айғағы.
Бұрын шапты елдерді
Тыныш жатқан қайдағы.

Жас баладай ұмтылды,
Алам деп нұрды айдағы.
Сонда да қалмақ еліне
Ұлалы еді киелім.

Сүйегін алып барасыз,
Теңге салып түйенің.
Алсаңыз, тақсыр, алдыңа,
Мінеки, басты иемін.

Жақсы, жаман жұмысты
Пешенемнен көремін.
Ылайық көрсең қызметке,
Күңдікке киім киемін.

Тезек теріп, от жағып,
Есігіңде жүремін.
Қылмасаң мұны, тақсыр Хан,
Беріп кет әкем сүйегін.

Алдыңа келіп арыз айтқан
Осы да менің тілегім!
Қыз сөзін есітпекке жиылды көп,
Отырған хан шатырын айнала кеп.

Хан жинап батырларын ақылдасты,
«Сүйекті береміз бе, қайтеміз?»—деп.
Бәрі де батырлардың тегіс келді,
«Сүйекті бермей кету теріс,—деді.

Келген қыз тартуменен ап қайтсын»,—деп,
Сүйекті қайтаруға келісті енді.
Қазаққа қыз ырза боп алғыс айтты,
Сүйегін әкесінің алып қайтты.

Келеді қазақ қолы қайта беттеп,
Айталық енді қаңлы Бейбіт қайтті?

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Қазақтан жүрген Бейбіт қылып қауіп,
Қалайша құтылам деп ебін тауып.
Жеңді деп қазақ қолы қалмақтарды,

Қос атпен кеткен жігіт жетті шауып.
Бейбіт би естіген соң бұл хабарды,
Жөнелді сол күн көшіп Қытайға ауып.
Таңшебер ауатынын білмей анық,

Жығылып естігенде қалды талып.
Бейбіт би ақылына тоқтамады,
Ойшыл шал қапа болып қойды қалып.
Қарамай Таңшебердің налуына,

Жығылып естен танып, талуына,
Өлейін деп ойлады шыдай алмай,
Қайғыға әкесінің салуына.
Ойшыл шал себеп болды насихат қып,

Буынып қыздың өлмей қалуына.
Таңшебер құтыла алмай бұл азаптан,
Қапа боп әкесіне қайғы тартқан.
Бейбіт би көше берсін Қытай ауып,

Сөйлейік енді сөзді қазақ жақтан.
Асығып қол қайтқан соң Жапал дағы,
Төрт бөліп түн ұйқысын жата алмады.
Ойына озып кету келсе-дағы,

Ұялып ағасынан бата алмады.
Озуға таппай жүрді Жапал ілік,
Қалжыңдар: «озсаңшы»,—деп әркім күліп.
«Оз,—деді,—жеті-сегіз жолдас алып»,

Жапалдың асыққанын Сары біліп.
Дүниенің неше түрлі бар қызығы,
Өзінше бәрінің де бар қызуы.
Жастықта бір-біріне ғашық болған,

Қымбатты бәрінен де жар қызығы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Берген соң Сары рұқсат Жапал енді,
Жүрмекке қаңлы еліне буды белді.
Ат-тоны, қаруы сай, күйеу жолдас,
Қасына жігіттерден сегізі ерді.

Үш қонып екі арада төртінші күн,
Жеріне қаңлы отырған бұлар келді.
Елінің бәрі тегіс көшіп кеткен,
Сарғайып жатқан құры жұртын көрді.

Белгісіз қаңлы елі қашан көшті,
Мөлшермен бірер жұма болды десті.
Ұлып жүр, аш күшіктер тіміскілеп,
Аз емес қалған ақсақ қой мен ешкі.

Жапал ер бұрыннан да ойлаушы еді,
Ойласа жүрек оты ойнаушы еді.
Ақиқат сенгенменен Таңшеберге,
Бейбітке іші нана қоймаушы еді.

«Таңшебер,—Жапал айтты,—бұзылмайды,
Іздеудің жолын тапсақ бір ыңғайлы».
Жапал деп зарлап бара жатқандай-ақ
Мұңлы үні құлағына ызылдайды.

Сол жерде қалың қолды тосып алып,
Мәслихат қыламыз деп көпке салып.
Демал деп жолдастарын тастады да,
«Қайтам,—деп Жапал кетті,—маңды шалып».

Ғашықтың шыдай алмай күйігіне,
Кеп шықты «Доланқара» биігіне.
Ер Жапал шың басынан көрді жерін,
Жолыққан Таңшебердің киігіне.

Жапалдың Таңшебер қыз ойы бүтін,
Үзбей жүр қыздан әлі бұл үмітін.
Күн батыс Алатаудың жырасынан
Түтіктей әлсіз шыққан көрді түтін.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Жөнелді барайын деп түтінге тез,
Жолығып, адам болса, сұрауға сөз.
Аюдың терісімен жапқан қосқа,

Бұлақтың жағасынан тап болды кез.
Шал шықты ақсақалды әлгі қостан,
Қалыпты жалғыз өзі елден босқан.
Оралды амандасып шылауына,

Қонағы келгендей-ақ көптен тосқан.
Дегендей жау ма, ел ме болды ойында,
Неткен шал жалғыз қалған су бойында.
Жүргенін түйе мініп осы шалдың,

Көргеннен түсті есіне өз тойында.
Таңшебер түсіндірген шалдың жайын,
Есіңнен шығарма деп мұны әрдайым.
Көруге ынтық болған ойшыл шалы,

Мінеки, ойда жоқта болды дайын.
Азырақ дем алмаққа аттан түсті,
Істеген жүгеріден сусын ішті.
«Кетті,—деп,—енді Қаңлы ел болудан»,—

Ойшыл шал баяндады болған істі.

—Таңшебер қайғы жұтып зарлап кетті,

Сәлемін, Жапал, саған арнап кетті.
Айдаһар қызын шырмап айласына,
Аямай қалың елді арбап кетті.
Шықпаған кеудесінде шыбын жаны,

Қарайған әкесіне әбден қаны.
Іздесең, іздемесең ерік өзіңде,
Осылай қысқа айтқанда істің мәні.
Сенем деп әкесіне қаны бұзық,

Қайғының теңізіне кетті жүзіп.
Бердім,—деп,—аманатын аман сақтап,—
Әперді кісесінен гауһар жүзік.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Болмайды,—дейді Жапал,—күдер үзбек,

Ер ісі қиындықты судай жүзбек.
Ақ іске ақыл айтқан айып емес,
Барамын, ата, ақыл айт, қалай іздеп.
Шал айтты: «Іздеу керек нәзік жолмен,

Болмайды баруыңа қалың қолмен.
Жақсылық, жамандықты қабат ойлап,
Істеңдер мәслихатты ақыл-оймен.
Қытайдан ала алмайсың, жеңіп күшпен,

Қазақтан қалың Қытай қалайда үстем.
Қайратың жұмсалмаса дәл орнына,
Боласың түз құсындай қолға түскен.
Ақылдас хан-қараңмен, әбден сөйлес,

Қорытып мәслихатты, бір жерге үйлес.
Қытайды тыныш жатқан қозғап алса,
Қазақтың шарасы жоқ басын имес».
Ақылын шалдың айтқан мақұл көрді,

Қол жайып, қош айтысып бата берді.
Тастаған жолдастарын жерге келіп,
Кейінгі қолды тосып жата берді.
Қалың қол кеп түсінді істің мәнін,

Аузынан бейбастардың шықты жалын.
Қолынан келері жоқ кертартпалар
Тістесіп бармақтарын, ұрды санын.
Қаңлы елі алдап кетті расында,

Тастапты атамекен мұрасын да.
«Емес пе жесір кеткен елге намыс,
Іздемей,—біреу айтты,—тұрасың ба?»
«Жесірден,—біреу айтты,—күдеріңді үз,

Қытайға бара алмаймыз оны іздеп біз.
Қазаққа жесір кетсе, жері қалды,
Жапалға табылмай ма сондай бір қыз».

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
«Қаңлының қашқандығы болды анық,
Болды,—деп біреу айтты,—бетке салық».
Қорытып мәслихатты ақырында:

—Жапалдың өзі білсін,—деді халық.

—Іздеймін,—деді Жапал,—Таңшеберді,

Жүрмеймін, оны таппай, басып жерді.
Жолында жақсы-жаман әр не көріп,
Іштегі тарқатамын қайғы-шерді.
Ризалық хан, рұқсат берсе халық,

Іздеймін бір-ақ кісі жолдас алып.
«Қытайдан күшпен жеңіп алам» десек,
Емес пе мөлшерден тыс масқаралық?
Көпшілік Жапал сөзін мақұл десіп,

Сауытын Сары үстінен берді шешіп.
Батырлар біреуіне бірі қарап:

—Ал бұған барады,—деді,—кім ілесіп?

—Іс емес, шешен барар даулайтын дау,

Іс емес, батыр барар мұқатар жау.
Сенімді жас жігіттен жолдас ертем,
Көпшілік, берсеңіздер маған таңдау.
Көпшілік: «Дұрыс,—дейді Жапал сөзін,

—Таңдап ал бір жігітті,—дейді,—өзің».

Батырлар осылайша ұйғарысты:
«Бар ғой,—деп,—бұл балада үлкен сезім».
Жолдасқа Құладынды алды қалап,
Жігіт еді тұла бойы толған талап.

«Бір атты өзің таңдап мін» дегенде,
Сарының атын мінді Үкібалақ.
Әрі әнші, сыбызғышы және мерген,
Жалықпас әңгімеден бұған ерген.

Айлалы және ұйқыға өте сергек,
Қырағы қылып еткенді жазбай көрген.
7-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бірінен өнерінің бірі асқан,
Бойына әбден сіңген бала жастан.
Аңдардың, хайуандардың үндерін де
Салатын дәл өзіндей бұлжытпастан.

Ақылға парасатты артық зерек,
Ақкөңіл, тіл қайырмас әрі елгезек.
Айлалы, өте шаққан соғысқа да,
Батыр ед әдісі көп қайтпас жүрек.

Сенімді іріктейді жолдас тауып,
Жолдастың сенімі жоқ өзі қауіп.
Елсізде қалғырттырмас сөзге шешен,
Ел барда жүрген жері думан-сауық.

Тұлпарды ер Құладын таңдап мінді,
Еруге ер Жапалға буды белді.
Бата алып көпшіліктен қолын жайып,
Жүрмекке даярланды екеуі енді.

Таңсұлу баласына бата беріп,
Зарлады көзі жасты, көңлі еріп.
Әуелі бір Аллаға жалбарынды,
Әулие, әруақтардың атын теріп.

—Бәлеге қазаға ырза деген сабыр,

Аллаға сансыз шүкір көрсем зәбір.
Шерінен Залал-Карде аман сақта,
Мүмінге Рахман, Рәхим, Хаййу Қадыр.
Көңлімнің қуат күші, жүрек майым,

Не болар сен келгенше менің жайым.
Залалды хайуанат пен адамзаттан
Сақтасын Карам айтып бір Құдайым.
Қорлықты жастайымнан көрді басым,

Көзімнен он сегіз жыл ақты жасым.
Сапарың екіталай қорқынышты,
Шамшырақ, ай мен күнім, гауһар тасым.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Аман-сау келгеніңше, жан құлыным,
Бойыма тарамайды ішкен асым.
Қалмақтан кеттің қашып жалғыз өзің,

Жылауда күндіз, түні болды көзім.
Қытайға бір қыз үшін тағы кеттің,
Қымбатым, баста тәжім, бағлан қозым.
Разымын ақ сүтіме берген саған,

Ұйқы жоқ келгеніңше қайтып маған.
Келмей тұр «тоқта» деуге тілім менің,
Жігітке ғашық оты бұ да жаман.
Көп халық деп айтады қытай елі,

Айламен ала алмасаң келмес шамаң.
Батырлық қылма, қалқам, күш жетпесе,
Табылар және бір қыз, болсаң аман.
Ай, күнім, жарық сәулем, тезірек қайт,

Қайғымен қараймасын мұңлық анаң.
Аман-сау елге қайтып қосылғанда,
Зарлатып кеттің тастап, бар ма шарам?!
Қалмақтан көрген азап естен шығып,

Болып ед жазылғандай жаңа жарам.
Мұратым болды ма асыл дегенімде,
Зарлаттың амал бар ма, шыраққанам.
Аман бол, жолың болсын залалдыдан,

Сақтасын Карам айтып Хақ Тағалам!
Батасын берді анасы жылап тұрып,
Ер Жапал басын иді құлдық ұрып.
Екеуі қалың қолға қош айтысып,

Көшенің сүрлеуімен кетті жүріп.
Бейбіт би көшкеннен соң өз жерінен,
Қытайдың қонды барып бір көлінен.
Сүрлеуімен екі батыр жүре тұрсын,

Сөйлейін енді сөзді Қаңлы елінен.
Қаңлы ауып сол бетімен Қытай өтті,
Шұбырып кедей-кепшік зорға жетті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аты сай, азаматы, атағы сай,
Ауғанға Бейбіт бидің несі кетті.
Бір жерге қатар қаңлы тігеді үй,
Жерінен ауған елде бола ма күй?

Бейбітті жазалауы айдан анық,
Бегіне Үрімжінің тартпаса сый.
Мыңдап қой, жүздеп жылқы алды жинап,
Салық сап, бересің деп елді қинап.

Жинады сусар, құндыз, қара түлкі,
Бәрін де алып бармақ бекке сыйлап.
Бұл ісім олқы емес деп масаттанды,
Жүздеген ішік және жамбыны алды.

Бейбіт би төрт-бес адам жолдас ертіп,
Тарту қып бәрін бекке алып барды.
Назырқап бек алмады тартқан сыйын,
Мұнысы Бейбіт биге тиді қиын.

«Бір сұлу Қаңлы бидің қызы бар» деп,
Естіген Бек сыртынан күні бұрын.
«Жеріме рұқсатсыз қонасың кеп,
Ісіңнің істеп келген бәрі де еп,—

Жекіріп жүрегінің отын алды,—
Саған бір ауыр жаза беремін»,—деп.
Қытайдың кәрі бегі мінді ашуға,
Болмайды адам жақын жанасуға.

Бейбітке біреу айтты: «Тілімді алсаң,
Ашуын кепіл болам мен басуға.
Сый емес, бектің көңілі қызыңызда,
Айтып еді шақырғанда сырласуға.

Арты—өрт, алды мынау Қытайменен,
Шама жоқ болмайды,—деп,—сөз таласуға».
Көп ойлап, ақырында риза болды,
Бекпенен қызын беріп жарасуға.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Би қызын, бек ұнатса, болды бермек,
Ұнай ма, ұнамай ма, қызды көрмек.
Сыйларын қайтарады қызды ұнатса,

Алдына қызын бектің би жібермек.
Бейбіт би үйіне кеп, айтпай сырын,
Сөйледі бекті мақтап күні бұрын.
«Өлшеусіз әкем қалай мақтайды»,—деп,

Жек көрді Таңшебер қыз сөздің түрін.
Дейді: «Бек адам екен ақылы кен,
Рақымды, әділетті алды да кең.
Халифа ертедегі—Һарун Рашид

Сәніне салтанат пен келмейді тең».
Шықпастай сарайынан адам кірген,
Армансыз сол сарайда өмір сүрген.
Көрмейді біздің ханым ондай қызық,

Шорыдай есігінде күң боп жүрген.
Келісті адам екен келген толық,
Сөйлестім, сарайына үш күн қонып.
«Таңшебер—жалғыз қызым» дегеннен соң,

«Танысып қайтсын,—деді,—қонақ болып.»
«Бармаймын» деп айтудан қандай пайда?
«Қозым» деп аяйтұғын әке қайда?!
Сенеді «Жапал іздеп келеді» деп,

Аз күнге аялдатып, тапсам айла.
Әкесі мәз болады, қызын алдап,
Сыр бермей: «Шырағым»,—деп, тілін жалдап.
Түзетіп сән-салтанат нөкерімен,

Қыз бектің сарайына болды бармақ.
Қалаға салтанатпен келіп кірді,
Қақпаға басшы бастап ертіп жүрді.
Далада емін-еркін өскен сұлу

Қаланың тар көшесін енді көрді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қорғанда нөкерлері қала берді,
Шақырды ішкеріге Таңшеберді.
Мақтаған бидің бегі отыр екен,
Жалпиып жерошақтай алып жерді.

Алпысты бектің жасы алқымдаған,
Булығып семіздіктен алқындаған.
«Алдауға мынау, қайтсем, көнеді» деп,
Қыз көңлі қиялменен салқындаған.

Кигені оқалаған мәуіті шекпен,
Жалайды қайта-қайта ернін кепкен.
Болса да күлімдемек Таңшеберге,
Езуі ыржияды ебі кеткен.

Былшылдап зорға тұрат орынынан,
Денесін көтере алмай арам еттен.
Формасы келіспеген қарны местей,
Әйелге жақындасу шыққан ептен.

Зұлымдық ойнақшытқан арам қанын,
Тоймаған жесе дағы елдің малын.
Көрген соң Таңшеберге ғышқы кетіп,

—Қасыма отыр,—деді,—келіп жаным,—

Деп айтты:—сыйға берген әкеңе алғыс,
Боласың, қайтармаймын, маған ханым».
Қыз айтты: «Күңдікке алсаң бұрымкесті,
Қорлықпен өткерерміз күн мен кешті.

Алсаңыз ханымдыққа, арызым бар,
Рұқсат болса, тақсыр, сөзімді есті».
Бек айтты: «Елжіреттің жүрегімді,
Айта бер іркілместен керегіңді.

Нақсүйер сен боласың нағыз ханым.
Беремін, не тілесең, тілегіңді».
Қыз айтты: «Айтатұғын мынау датым—
Болса да қайсы бекпен теңдес затым.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Қайтармай осы жолы алып қалсаң,
Жоғалмас сыйға келген күңдік атым.
Қайтарып осы жолы мені елге,

Алып қайт күйеу болып іздеп кел де.
Қырық күн ойын-тойды өткізіңіз,
Салтанат сәніңізді көрсін ел де.
Болғанда күйеуім бек, төркінім би,

Көрсетсін бекке лайық би дағы сый.
Кім мені «тоқалсың» деп кеміте алар,
Үстіме тігіп келсем алтынды үй».
Бектің қыз кеудесіне мақта тығып,

Мақтаумен келістіріп сөзбен жығып.
«Бердім» деп аузынан шығысымен,
Қыз үйден басын иіп кетті шығып.
Бейбіт би отыр еді ойға батып,

Деп тілеп қайтармаса қызды ұнатып.
Үйіне келді де қыз «ауырдым» деп,
Тіл қатпай әкесіне қалды жатып.
Бек биге ертеңіне жаушы салды,

Жаушыны Би қабылдап қарсы алды.
Болуды бекке ата бақыт көріп,
Келед деп құда-күйеу дайындалды.
Тіктірді алпыс ақ үй, алпыс басты,

Сонда кеп күйеу-құда орналасты.
Алдынан қарсы шығып бәйбішелер,
Күйеудің құрметіне шашу шашты.
Жиынды ақсақалдар басқарып жүр,

Бейбіт би қарсы алдында қасқарып жүр.
Күйеудің түрін көріп күңкілдесіп,
Ренжіп іштерінен жастары жүр.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Күнде той, күнде жиын өтіп жатыр,
Шашуға ел дәулеті жетіп жатыр.
Адамдар топ-топ болып сауық іздеп,
Бір жағы келіп және кетіп жатыр.

Күн өтті отыз тоғыз қырқыншы күн,
Орнады Таңшеберге қараңғы түн.
Өлмекке басын тігіп отырды қыз,
Келмесе Жапал іздеп осы бүгін.

Жапал мен Құладын да сол күн жетті,
Аудармай келді жақын елге бетті.
Аттылы лек-лек жүрген жаяу адам,
Жиылған екеуі де көрді көпті.

«Мен барсам танып қояр қаңлы елі» деп,
Ер Жапал Құладынға «сен бар» депті.
Осындай той жиында жайнайтұғын,
Әртүрлі өнері мол еді епті.

Қолына сыбызғысын алды дағы
Құладын атын тастап жаяу кетті.
Жапал да жақын жер ед, көріп тұрды,
Ішіне қалың адам барып жетті.

Той екен қытай-қаңлы араласқан,
Біреуді танымайды біреу тіпті.
Дәл бүгін балуан күрес, ат та шаппақ,
Көкпар мен мергендер де жамбыны атпақ.

Сый алып ақын, жыршы қайтып жатыр,
Құттықтап, өлең айтып бекті мақтап.
Қайнаған қалың адам тойдың іші,
Біреудің біреуменен жоқ жұмысы.

Құладын сыбызғыны тартқанында,
Естіген есі шықты тұрған кісі.
Жоқ еді бұрын тойда, бүгін кепті
Ел асқан бір жас жігіт сыбызғышы.

Есітіп бұл хабарды тыңдамаққа,
Жиылды тамашаға үлкен-кіші.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Алдымен бекке келіп тартып берді,
Бір күйі бір күйінен артып берді.
Көріп еді бек те талай сыбызғышы,

Солардың бәрінен де артық көрді.
Кіре алмай бек отырған батып үйге,
Тыста тұр тыңдап халық үйме-жүйме.
Балбырап масаттанды бектің бойы,

Тартқанда әсіресе соңғы күйге.
Бұл күйді басқаларға тартуы күш,
Толғауы—тоқсан тоғыз, бөлімі—үш.
Қызығып бек сұрап еді: «Аты не?»—деп,

—Бұл күйдің,—жігіт айтты,—аты—«Өкініш».

Бекте бар жас жігіттей жаңа қарқын,
Байқады ажыратып күйдің парқын.
Құлжаның асығындай апиынмен,
Сыйлыққа бір мың тілла берді алтын.

Сонда Бек көтеріліп масаттанып:
«Екенсің сыбызғышы асқан анық.
Бар дағы Таңшеберге тартып берші,
Тыңдасын құлағының құрышы қанып».

Құладын Таңшеберді білді сонда,
Шырмалып отыр ғой деп түсіп торда.
Күй тартып сыбызғымен, білдірейін
Жапалдың жүргендігін осы тойда.

Соны ойлап үйден шықты кідірместен,
Көйлектің байламастан бауын шешкен.
Қызға кеп сыбызғыны тартқанында
Айрылды естігендер мүлде естен.

Сыпайы үн сыбызғыдан сызылады,
Еріксіз естігендер қызығады.
Кей кезде зарлағандай үні шығып,
Көңілі қайғылының бұзылады.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тыңдаушы басқа естіген былай тұрсын,
Мұңайып өлім күткен қызға ұнады.
Түлкіге түйілгендей түз қыраны,
Бұлбұлдай кейде үнін жүз бұрады.

Кей кезде тұлпар аттың дүбіріндей,
Көріктей гулеп дүкен қыздырады.
Кей кезде көлдей толқып, селдей ағып,
Тасқын боп тау мен тасты бұздырады.

Күткендей осы күйден бір жақсылық,

—Бұл күйдің аты не?—деп қыз сұрады.

Бұл менің өңім емес, түсім дедім,
Игілік, өңім болса, ісім дедім.
Сарынын сыбызғының түсінсем де,
Тіліне былдыраған түсінбедім.

—Күйдің тілін айтайын,

Түсінбесең ханыша.
Күйдің тілі қиын ба,
Сарынын жете таныса.
Қараймас ғашық болмайды,

Қайғы тартып налыса.
Өтпейтін жігер болмайды,
Қайратына жаныса.
Баяғыда бір жігіт

Ғашық жарын іздепті.
Келмеске жары кетсе де,
Күдерін онан үзбепті.
Сарыуайым ұлғайып,

Қоңыр салқын күз жетті.
Күні-түні ұйықтамай,
Жүрісін жігіт үдетті.
Ізіменен жарының

Елінен жігіт ауыпты.
Сәуірдің қара бұлтындай
Қабағын қарс жауыпты.
Ақырында ғашығын

Ізімен іздеп тауыпты.
Жолықпаса сол күні,

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Болыпты жары қауіпті.
Сыбызғы сырын айтпайды,
Дабыл қағып дабыстап.

Сыбызғы сырын түсінсең,
Ақыл ойлап, әдіс тап.
Егерде күтсе ертеңді,
Кетпекші жары алыстап.

Сыбызғының сырына
Сарынынан таныспақ.
Сол себепті ханыша,
Бұл күйдің аты «Табыспақ».

—Тоқтат,—деді Таңшебер,—

Түсіндім,—деді,—сөз қысқа.
Тартар күнің алдыңда,
Деміңді ал, біраз тыныста.
«Жау мықты» деп сескенбей,

Сеніскен сертті нық ұста.
Отыр,—деп,—біраз,—жігітке,
Шығып кетті қыз тысқа.
Үйден шықты Таңшебер,

Келем деп біраз айналып.
Бармақ болды күйеуге,
Түрлі қиял ойланып.
Істейін деп бір әдіс,

Алдын ала қамданып.
Тағзым етті бекке кеп,
Қалмасын деп шамданып.
Болды деп мендік кәрі бек,

Ішінен қалды малданып.
Бек отырған ордаға
Таңшебер кіріп келгенде,
Масаттанды сонда бек

Қалыңдығын көргенде.
«Жіберетін,—деді қыз,—
Менің жоқ сізге жеңгем де.
Ырза болдым атама,

Жұпты ғып сізге бергенге.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ашылды шайдай көңілім,
Дидарыңды көргенге.
Көрмеңіз айып, бекзадам,
Рұқсатсыз келгенге.

Бақытты болдым деп жүрмін,
Бек сүйіп мені ұнатты.
Қырық күн ойын той болып,
Қызыққа әбден ел батты.

Шөлдеген судың орнына,
Сусынға жұтты шарбатты.
Ақ жамбыны асықтың
Орнына тігіп бәйге атты.

Қайын жұртың қадірлеп,
Көрсетіп жатыр құрметті.
Даналық және порымың,
Ханзадалар сымбатты.

Ғадалатты адамсыз
Халқыңа артық қымбатты.
Бұрынғы айтқан бір мысал
«Мықты болсаң нәпсің тый».

Ақылың аспай, бек болма,
Парақор болсаң, болма би.
Жіберіпсіз бір жігіт,
Тартып бер деп маған күй.

Жіберген сіз болған соң,
Оған да лайық қандай сый.
Қарадан шыққан ханыммын,
Халқыма сөзім батымды.

Алғыс айтам, бек, сізге,
Таныдыңыз затымды.
Құлаққа жағып үндері,
Сыбызғы күйі татымды.

Сыйға берсем не дейсіз
Жирен жорға атымды.
Мәслихат сұрап кеп тұрмын,
Айтар деп сізді ғақылды.

Білесіз, тақсыр, өзіңіз,
Теріс пенен мақұлды.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Ықтияр сізде, Бекзадам,
Нәсіліміз біздің қатын-ды.
Мақтан кіріп кәрі бек,

Қоразданып мастанды.
Сол жақтағы жастығын
Оң жаққа алып, жастанды.

—Қақпаймын,—деді,—қолыңды,

Ат түгіл, сұра басқамды».
Бермеймін деуге Бейбіт би,
Бек айтқан соң жасқанды.
Күлімдей қарап, қыз Бектің

Жүрегіне дақ салды.
Қасын қағып сылаңдап,
Құмартқандай тамсанды.
Қырындай қарап қыз кетті,

Айламен тосып асқанды.
Жігітке жирен атты бергізді ерттеп,
Бармасам табыспаққа маған серт деп.
Түскен жоқ атты алған соң қайта көзге,

Алмады ойына ешкім оны зерттеп.
Қысылмай мұндай түнде кім жүреді,
Қалтырап қауіп күткен қыз жүрегі.
Ұлыған қасқыр болып Құладынның

Даусынан қойлар маңырап, ит үреді.
Мезгілі түн ортасы болған шақта,
Қыз келді айтқан сертпен табыспаққа.
Сұрасып аман-есен болғаннан соң,

Үшеуі «тәуекел» деп мінді атқа.
«Оңла,—деп,—өзің жолды, Жапар егем»,
Бет алып кетті жүріп елат жаққа.
Үшеуі жүре тұрсын жолмен кетіп,

Мінгені өңкей тұлпар гуілдетіп.
Сөйлейік енді сөзді артқы жақтан,
Түннің де қалып еді жарымы өтіп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір-бірін бәйбішелер сөзбен қауып,
Бірінің бірі қазып мінін тауып.
Кәдеге таласам деп шуылдасып,
Мінеки, түн ортасы кетті ауып.

Мен жамбы, ат алғаны алмадым деп,
Аттан құр, шапан киген қалғаным деп.
Мен шапан кимедім деп көйлек киген,
Ананың менен деп жүр алғаны көп.

Кәрі бек аяған жоқ қыздан малын,
Болад деп қолға тисе сұлу ханым.
«Қаңлының кәдесі» деп атын атап,
Қатындар есебі жоқ алған алым.

Ұйықтамай жатты күйеу көзін мызғап,
Келед деп жеңгелері бүгін қызды ап.
Қыздан да, жеңгеден де дерек болмай,
Ауғанша түн жарымы кетті ұзап.

Шыдамай күйеу ашу шақырады,
Таңды да бүйте берсе атырады.
Болғанда бекке апармақ жеңгелері
Таба алмай қызды іздеп, аһ ұрады.

Шыдамай аулақ үйде күйеу жатсын,
Қатындар қашқан қызды қайдан тапсын.
Не болмақ бек естісе о да мәлім,
Кетті деп қызың қашып биді оятсын.

Осындай тойдың арты болды бүлік,
Жалпы елге бір би емес, бүліншілік.
Бармағын Бейбіт тістеп, санын соқты,
Сыр барын сыбызғыда сонда біліп.

Шабынып жата тұрсын албитып бек,
Бейбіт би елін жиды жете алмай тек.
Қаңлылар атқа мінді, бекке айта алмай,
Бұл қызды алып кеткен қазақтар деп.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Теңселді бір би емес, елі шошып,
Үйде еркек, үйірде ат қалмай жосып.
Жөнелді көп жігітпен жершілдері,

Алмақ боп асуларды бұрын тосып.
Деп едік екі жігіт, бір қыз қашты,
Үшеуі тұлпарына қамшы басты.
Жобалап өздерінің келген жолын,

Орғытып бір биік кеп белден асты.
Желдетіп шақпақ шағып, жаңбыр жауып,
Болған соң қараңғылық жол адасты.
Алды арты жол мен жонды болжай алмай,

Қысылып бұл үшеуі жаман састы.
Не амал, енді бұған не істейміз деп,
Аз тұрып сол арада ақылдасты.
«Тәуекел, ашылған соң жүрейік» деп,

Паналап отырды кеп бір жартасты.
Таң атты, жаңбыр қойды, болды жарық,
Көрінді алыс жақын бәрі де анық.
Жөнелді үшеуі атқа мінді дағы,

Артықша болмаса да жолға қанық.
Қаңлылар таң алдында шықты қуып,
Аттары көкпар шауып қалған суып.
Төтелеп жершілдері келе жатыр,

Ұзатпай жетеміз деп жерде жуық.
Қашты деп қазақ пенен бидің қызы,
Елге лаң салды ғой деп мұның өзі.
Гуілдеп осылай деп келе жатқанда,

Ұзамай үш тұлпардың кездесті ізі.
Қуанды қуғыншылар ізді тауып,
Жөнелді төтесімен желе шауып.
Алды тау аса алмайды жол адасқан,

Жетеміз десті бәрі қылмай қауіп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Үшеуі жердің білмей шамасын да,
Келеді тау бөктерлеп саласында.
Құладын қарауылдап қарап еді,
Бүйірден көрді жаудың қарасын да.

Топ болып қуғыншылар белден асты,
Құладын Жапалменен ақылдасты.
«Бәрібір тірі түссек, өлеміз»,—деп,
Түспеуге қолға өлмей серт байласты.

Қалың жау келе жатыр желдей жосып,
Айырмай ұрысуға тізе қосып.
Екеуі қызды ілгері жіберді де,
Бір белде тұра қалды жауды тосып.

Таңшебер белден асып жалғыз кетті,
Жүрегі суылдады көріп көпті.
Белдегі күтіп тұрған екеуіне
Шұбалып қуғыншының алды жетті.

Мейлінше Құладын да жігерлі еді,
Әдісін соғысудың білер еді.
Қоғадай жапырылтып, қойша иіріп,
Ілгері бірде-бірін жібермеді.

Айғайлап тиді жауға Жапал ер де,
Күреңге бірдей тегіс бел мен өр де.
Шыққанын бел басына қағып тастап,
Көбейді бастары жоқ жатқан кеуде.

Шабылған біразының аяқ, қолы,
Жығылып ат үстінен жатыр жерде.
Тиген соң екі бөрі екі жақтап,
Қаңлының берекесі кетті демде.

Қайтпастан қуғыншылар қылды ұрыс,
Бәрінің қолдарында найза, қылыш.
Шығармай бел басына қайтарып жүр,
Дұшпанның өрлеуіне бермей жүріс.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Жығып жүр екі батыр түскен баудай,
Ұрысты қарсыласып жау да талмай.
Құладын кешке таман жараланды,

Әлсіреп серіктікке жарай алмай.
Ер Жапал жалғыз өзі ұрысты енді,
Сілтеді оңды-солды қылышты енді.
Жапалдың Құладынға сонда айтқаны:

—Қой,—дейді,—бекер мұнда тұрысты енді.

Құладын, болма,—дейді,—маған бөгет,
Жүре алсаң, Таңшебердің артынан кет.
Адасып бір-біріңнен қала көрме,
Түн болмай табысыңдар тездетіп жет.

Бір өзін Жапал қалды мыңға балап,
Кезеңнен жауды асырмай қойды қамап.
Жарадар бірнешесі болды және,
Шетінен шыққанында бір аралап.

Жарамай қарсыласып ұрысуға,
Қалғаны кейін қашты жан сауғалап.
Қайтарып жаудың бетін Жапал ерің,
Желгізіп, Күрең аттың, алып терін.

Қайырмай алға қарай жүріп кетті,
Бет алып екеуінің асқан белін.
Қыз дағы көп ұзамай белге шығып,
Қойып ед атын байлап сайға тығып.

Қайтып кеп қыр басынан артқа қарап,
Паналап бір жартасты тұрды бұғып.
Жапал мен Құладынды уайымдап,
Майданнан айырмады көзін тігіп.

Майданнан жалғыз атты бетін бұрып,
Жақындап келе берді қатты жүріп.
Құладын екендігін таныған соң,
Алдынан қарсы шықты қыз да тұрып.

Түсіріп Құладынды аттан жерге,
Қоржыннан бес-алты кез алды суырып.
8-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Байлады жараларын басын таңып,
Белін де белбеуімен қатты буып.
Құладын біраз жатып демін алды,
Жараны байлаған соң қанын тыйып.

Беталып алға қарай жүріп кетті,
Екеуі тәуекел деп атқа мініп.
Сырғытып Күрең бесті тұлпарменен,
Артынан Жапал ер де жетті қуып.

Жүруге ер Құладын жарамады,
Барад деп ауыр тартып денем ұйып.
Сол жерге бұл үшеуі аттан түсті,
Қоржыннан пісірілген тамақ ішті.

Демалды атын жатып тынықтырып,
«Оңда,—деп,—Жаппар егем, өзің істі.
Ыңыранып жата алмады ер Құладын,
Жарасы денесінің болып күшті.

Құладын жатты ыңқылдап ауыр жара,
Ісі деп Құдіреттің болмай нала.
Түнімен Жапал ер де ұйықтамады,
Жазым боп кете ме деп шіркін бала.

Осындай әрбір түрлі ойды ойлап,
Құлақ сап Құладынға жатты абайлап.
Ертемен үшеуі де атқа мінді,
Жараны шешіп көріп, қайта байлап.

Орғытып тұлпарлармен кете алмастан,
Еркімен Құладынның жүрді жайлап.
Қытайдан құтылғанға қуаныш қып,
Келеді Таңшебер қыз оттай жайнап.

Тұлпарлар жер тарпынып ауыздығын,
Жұлынып келе жатыр тістей шайнап.
Көп жаулар қалып еді бұл үшеуін,
Ала алмай ыза болып іші қайнап.

Қосылып көп қуғыншы және келіп,
Түнімен ат-тұрманын жатты сайлап.
Қумаққа ерте тұрып кеңес қылды,
Жоғалмай жетеді деп ізі сайрап.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Бір жерге жаралысын тегіс жиып,
Өлгенін бір шұқырға көмді үйіп.
Шықсын деп қару-жарақ аттары сай,

Білдірді басшысы осылай хабар қылып.
Бес жүз ер, ат қаруы сай іріктелді,
Артынан үшеуінің қуып берді.
Жүйрік ат мінгендері желе шауып,

Бұлар да түстік жерге жүріп келді.
Жай жүріп қашқыншылар сол уақытта,
Өрмелеп бара жатыр ед биік белді.
Түс ауа қуғыншылар бара жатқан,

Қарасын үшеуінің анық көрді.
Өрмелеп шықты үшеуі биік белге,
Адасқан таныс емес жүріп жерге.
Қарады көз жіберіп алға қарай,

Жүретін жолын болжап Жапал ер де.
Демалды бел басында біраз тұрып,
Қарады алды-артына мойын бұрып.
Лек-лек боп шаң бұрқырап келе жатқан

Артынан қуғыншыны көрді қуып.
Үшеуі сонда тұрып ақылдасты,
Қуғыншы олар да кеп жақындасты.
«Қалам,—деп,—Жапал жалғыз,—Құладынға,—

Кете бер,—деді,—қызға болып басшы».

—Көп жауға қалай жеке қаласыз,—деп,

Қамығып көзіне қыз алды жасты.
Рұқсат өзіңізден болса мен де,
Соғысқа кірейін де түйіп шашты.
Ырзамын, не көрсем де сізбен бірге,

Жолыңа атаған мен құрбан басты.
Жасымда серуен қылып жүруші едім,
Әскермен бірге машық қылушы едім.
Үйреніп қыз да болсам бұл өнерді,

Соғыстың түрлі әдісін білуші едім.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көрмеді қыздың сөзін Жапал дұрыс,

—Сөйледің неге,—дейді,—сөзді бұрыс.

Әйелді серік қылып батырлардың
Ешбірі қылған емес жаумен ұрыс.
Таңшебер Жапалға айтты сонда тұрып,
Атының алға қарай басын бұрып:

—Ертіп кет Құладынға деп айтасыз,

Қасыңда қалуымды намыс біліп.
Не болар істің арты ойлан, батыр,
Ішіне көп дұшпанның жалғыз кіріп.
Ниетім соғыспақшы ем мен де жаумен,

Жолыңа бір басымды құрбан қылып.
Іс болса жақсы, жаман қан майданда,
Өзіңмен көрсем деп ем бірге жүріп.
Қытайға ел ауғанда қалдым талып,

Қайғыңа өртенді ішім оттай жанып.
Ойшыл шал себеп болды мойыныма,
Буынып өлмекші едім арқан салып.
Дұшпаннан жазатайым болсаң, батыр,

Не болар менің күнім сенен қалып.
Шайқасып бұл жаулармен рұқсат бер,
Құмардан шығайын да мейірім қанып.
Өзіңмен жақсы, жаман бір көрейін,

Арызымды қабылдаңыз тілімді алып.

—Бұл жұмыс,—Жапал айтты,—екіталай,

Пендесін өзі сақтайт Жаппар Құдай.
Ойлау мен уайымнан пайда жоқ,—деп,
Жөнелтті екеуін тез алға қарай.
Ер Жапал бел үстінде қалды жалғыз,

Таңшебер кетті жүріп жылай-жылай.
Қуғыншы артын жиып, басын қосып,
Жақындап Жапалға да келді жосып.
Мәслихат қылды қашып кетпесін деп,

Баланы ұстамақ боп алдын тосып.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Жас батыр көрді анықтап жаудың көбін,
Төсайыл тартты мықтап аттың белін.
«Алаш» деп ұрандатып айғай салып,

Алдынан қарсы шықты Жапал ерің.
Қуғыншы жақын келіп шамаласты,
Көреді жеке тұрған Жапал жасты.
Ат қойды ортаға алып ұстаймыз деп,

Бір өзі қалың жауға араласты.
Айғайлап қойға тиген аш бөрідей,
Жау жақтың талайының қанын шашты.
Қолында түрлі қару жас батырдың,

Ешбір жау қарсы алдынан бара алмасты.
Жабылып бір баланы түсіре алмай,
Не айла қыламыз деп ақылдасты.
Өлместен қайтпаймыз деп ұрандасып,

Осылай қуғыншылар серт байласты.
Тірі ұстап аламыз деп қорған болып,
Жапалды ортаға алып қамаласты.
Көрген соң жаудың түрін осылайша,

Ойланып жас батырың жаман састы.
Не болса мұның тобы бұзылсын деп,
Бір шеттен топты жарып шыға қашты.
Тұлпармен Күрең бесті алдындағы,

Сырғытып екі биік белден асты.
Астында ойнақтап жүр Күрең бесті,
Ер Жапал «шүу» деп еді желдей есті.
Шуылдап қуғыншылар айғайласып,

Бұл бала бізден қорқып қашты десті.
Бір өзі қалың топтан шықты қашып,
Орғытып екі белден кетті асып.
Іріктеп ат пен қару жігіттерді,

Қаңлылар қуып берді жанталасып.
Бөлініп жүйрік аттар іріктелді,
Олар да біраз жерге қуып келді.
Келсін деп қуғыншының жолын күтіп,

Паналап тұрды Жапал биік белді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ентігіп бұлар да кеп белге шықты,
Жігіттер іріктелген өңкей мықты.
Адам ед жүз қаралы, Жапал батыр
Қалдырмай тегіс ұрып аттан жықты.

Жапал ер көрді және топ қараны,
О дағы қуғыншы екен жүз қаралы.
Алдынан қарсы шығып айқасқанда,
Жарымы аттан түсті боп жаралы.

Басшысы «кейін қайт» деп дабыл қақты,
Деп айтып «ала алмаймыз ол баланы».
Қалғаны тобыменен кейін қашты,
Үшінші қуғыншыға араласты.

Сол жерде басын қосып тоқтап тұрып,
Кейінгі қалғанына хабарласты.
Жиылып алды-арты қосты басын,
Сөйледі қашқыншылар хикаясын.

«Дегенмен жеңе алмаймыз оны жалғыз,
Баланың,—дейді,—басшы,—күші басым.
Ол өзі бел басында жеке тұрып,
Жығыпты біріншіні тегіс ұрып.

Айлакер қайратты екен, қабылан жүрек,
Соғысты ортамызға жалғыз кіріп.
Ілезде жартымызды аттан жығып,
Біз қорқып кейін қаштық қауіп қылып».

Қолбасшы: «Болды бәле,—дейді,—бұл қыз,—
Аламыз жеңіп қызды қайткенде біз.
Түгелдеп жалпы адамын қарағанда,
Өлгені, жаралысы болыпты үш жүз.

Қолбасшы айтты көпке—Сөздің шыны,
Тыңдаңдар құлақ салып енді мұны.
Қуайық қызды артынан және қайтып,
Ешкімнің жығылмасын бұған жүні.

Үш мәрте талапкер деп айтса дағы,
Салбырап көпшіліктің шықпады үні.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Қолбасшы жігіттерді айтты қайрап,
Ерлердің кете ме,—деп,—басқа құны.
Еш адам барамын деп айта алмады,

Басшыға ешбір жауап қайтармады.
«Әркімнің жаны өзіне олжа» деген,
Баруға ер Жапалға бата алмады.
Басшысы мына сөзді салды көпке:

—Осынша қызды қуып келдік шетке.

Бос барсақ қызды апармай ойлаңдаршы,
Береміз не деп жауап жатқан бекке.
Йә өліп, йә алып келмедің» деп,
Қылады Бейбіт би де бізге өкпе.

Кеткенін қыздың анық естіген соң,
Біздерді тыныш, аман қоймас текке.
Қытайдың кәрі бегі қаһарланып,
«Күліңді ұшырам деп шығар көкке».

Бір өлім енді бізге қайда барсақ,
Кездестік алды, артымыз жанған өртке.
Бұл іске Бейбіт бидің өзі себеп,
Ант бұзды қиянат қып айтқан сертке.

Басшы айтты: «Қызға қазақ құда түскен,
Арада жаушы жүріп, ат мініскен.
Кім тайса ант аусын деп боз ат сойып,
Шашылсын қанындай боп деп серттескен.

Қалмақты қазақ жеңді дегеннен соң,
Бейбіт би антты бұзып қаша көшкен.
Қыз беріп қазақпен дос болмаймын деп,
Тастады жер мен суын туып өскен.

Ант ауған Бейбіт енді қалмақ бектен,
Кетпейтін қорлық көрер өлгенше естен.
Өлтірген Ұлалыны осы жігіт,
Мен оны жасырайын несін бүгіп.

Қырады бәрімізді сау жібермей,
Ұрысып, қызды алам деп қылсақ үміт.
Ұрыссақ, қырылармыз бекерге біз,
Алудан енді қызды күдеріңді үз.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әуелден ғашық еді бір-біріне,
Қосылды өз теңіне Таңшебер қыз».
Қолбасшы осыны айтып кейін қайтты,
Әуелден болған істің бәрін айтты.

Сөйлейік енді сөзді жас батырдан,
Белдегі жалғыз тұрған Жапал қайтті.
Ер Жапал Күрең аттың жалын тарап,
Бір өзін тәуекел деп мыңға балап.

Келед деп жауды күтіп күн батқанша,
Қозғалмай бел үстінде тұрды қарап.
Күткенмен көрінбеді жау қарасы,
Басқа емес, екі жақтың қыз таласы.

Бас қосқан қуғыншылар жеріменен
Жақын еді Жапал тұрған бел арасы.
Қуғыншы күн батқанша келмеген соң,
Ойлады қайтты ғой деп өз шамасы.

Ер Жапал Күрең аттың басын бұрып,
Артынан екеуінің кетті жүріп.
Болғанда құптан уақты жолдасына,
Сырғытып тұлпарменен жетті қуып.

Сұрады Жапал ерден жау мәнісін,
Құладын біраз ғана тоқтап тұрып.
Үш мәрте айқасқанда дейді жаудан,
Атынан біраз адам жықтым ұрып.

Келмеді күн батқанша тұрдым күтіп,
Жаулар да қайтты-ау деймін көңлі суып.
Құладын жүре алмады жарақаттан,
Сол жерге үшеуі де түседі аттан.

Демалып түніменен жатты ұйықтап,
Ер Жапал қалған екен шаршап әбдан.
Ертемен үшеуі де мініп атқа,
Сиынып жүріп кетті Жаппар Хаққа.

Жағалап бір өзенді жүріп келіп,
Шөбі мол түсті келіп бір суатқа.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Құладын жүре алмады жарасынан,
Жоғынан жүрген бұрын шарасынан.
Жүруге болмайды деп бұл жазылмай,

Ер Жапал жолдасына жаны ашыған.
Үшеуі сол арада бір ай жатты,
Арқандап соны жерге семіртті атты.
Аңдардың семізінен қуып ұстап,

Ер Жапал өздеріне ауқат тапты.
Қылмаққа талап қылды елге жүріс,
Жапал ер болмайды деп енді тұрыс.
Айығып Құладын да кірді күшке,

Жарасы денесінің болып дұрыс.
Жүрмекші болды үшеуі ақылдасып,
Барайық деді елге болса нәсіп.
Тоқсанның сол уақытта бас кезі еді,

Қар жауып сай мен жолды қалды басып.
Бұлардың жүрмегіне болды қиын,
Қалың қар басып жолға салды тыйым.
Жер қазып, кепе қылып өздеріне,

Азырақ аттарына жиды жиын.
Үш ай қыс бұл кепеде болды тұрмақ,
Үшеуі тапты ақыл осыны ойлап.
Наны жоқ, аң етін жеп ауқатына,

Қайғысыз жата берді күліп-ойнап.
Құладын жазылған соң жара-дерттен,
Ән шырқап, сырнай тартып, өлеңдеткен.
Ішінен он төрт мың қол таңдап алып,

Жапалдың жолдасы еді қасына ерткен.
Екеуін көңілін шат қып зеріктірмейд,
Күлкі сөз, ертегі айтып бұрынғы өткен.
Құдайым жолын берді дейді бізге,

Мұратқа дәруіштер де ақыр жеткен.
Артықша Таңшебер қыз қуанышты,
Құтылып шыққанына қытай бектен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сөз қылды өздерінше Бейбіт биді,
Екеуін ажыратып зар еңіреткен.
Қыз беріп қазақпен дос болмаймын деп,
Айныған антын бұзып айтқан серттен.

Құладын айтты отырып сонда үйде:

—Жүр екен қаңлы елі қандай күйде?

Жақсылық қылды ма екен йә жамандық,
Қытайдың кәрі бегі Бейбіт биге.
Білейін бек пен бидің екі арасын,
Түсті екен қаңлы елі қандай күйге.

Жүр екен ойшыл шалға тоқтамастан,
Көшкен би қытай ауып, көнбей тілге.
Көресіз екеуіңіз,—дейді,—қалай,
Мен барып келсем қайтеді Қаңлы елге.

Әртүрлі болған істің бәрін біліп,
Жетпей-ақ кеп қалармын он бес күнге.
Бұл сөзге екеуі де мақұл депті,
Кідірмей ер Құладын жүріп кетті.

Жол жүріп екі арада аз ба, көп пе,
Бір күні қаңлы еліне барып жетті.
Бекітті бір аралға ат пен тонын,
Күндізден алды болжап жүрер жолын.

Бір үйге кешке таман кіріп барды,
Қусырып сәлем беріп екі қолын.
Көнетоз үстіндегі киген киім,
Сұрады кімдікі деп кірген үйін.

Ақиқат қаңлы екенін біліп алып,
Қандай деп сұрастырды елдің күйін.
Күрсініп үй егесі сөзді бастап,
Ішінде қалдырмастан айтты түйін.

Қыз қашып кеткеннен соң қытай бегі,
Зынданға салды дейді Бейбіт биін.
Мал менен асыл бұйым берсе дағы,
Алмады қаңлылардың дейді сыйын.

Жігіттер Бектен қорқып қашып кеткен,

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Ел тозып, мал да арық боп тұр қиын.
Алды деп бидің талап мал мен мүлкін,
Қалдырмай үй егесі айтты сырын.

Ертемен ер Құладын кетті тұрып,
Қаңлы елін аралады жаяу жүріп.
Аулына Бейбіт бидің барды аяңдап,
Жағдайын білейін деп көзбен көріп.

Ері мен мал-мүліктен айрылған соң,
Ханымы қапалықпен кеткен күйіп.
Құладын Қаңлы елінің дәмін татып,
Біраз күн аралады қонып жатып,

Баяғы бектің берген тілласына,
Екі атты семізінен алды сатып.
Аман-сау келді қайтып мекеніне,
Арада тынбай жүріп күн-түн қатып.

Құладын келді қайтып он бес күнде,
Қосақтап екі атты жатпай түнде.
Бұларға Бейбіт би мен Қаңлы елінің
Жүргенін баяндайды қандай күйде.

Қыз айтты: «Әкем менің серттен танды,
Сорлады кесірінен тегіс қаңлы.
Болыпты шешем менен елге обал,
Зынданға әкем өзін-өзі салды».

Соғымға екі атты да қабат сойды,
Ат еті болғаннан соң, аңды қойды.
«Жер басып, аман-есен елге барсақ,
Жасаймыз,—дейді Жапал,—үлкен тойды».

Аулауды қойғаннан соң бұлар аңды,
Құладын түрлендіріп салды әнді.
Екеуін зеріктірмей қысты өткізді,
Тамаша даусы ашық, сөзі мәнді.

Сыбызғы сырнайына дауыс қосса,
Аузына қаратады тірі жанды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Лайық өнеріне ажары да,
Сымбатты жігіт еді көркі сәнді.
Сонымен үш ай өтіп, кірді көктем,
Ат семіз, адам тынық, бәрі де өктем.

Жүрмекке елге қарай талап қылды,
Уақыты жеткеннен соң күткен көптен.
Үшеуі тәуекел деп атқа мініп,
Жол тартып елге қарай кетті жүріп.

Арада бірнеше күн жолды басып,
Жеріне қаңлы отырған келді кіріп.
Таңшебер туып өскен жерін көріп,
Елжіреп тұла бойы кетті еріп.

Қыз сонда Жапалға айтты: «Мақұл десең,
Кетейік ойшыл шалға сәлем беріп.
Болмайды,—дейді,—шалдан шошынуға,
Жетерлік ақылы бар жалпы руға.

Ақылын екі жақты бірдей айтып,
Біздерге себеп болды қосылуға».
Ер Жапал қыздың сөзін мақұл көрді,
Қосына ойшыл шалдың жақын келді.

Тұр екен сыртқа шығып күн шуақта,
Үшеуі аттан түсіп сәлем берді.
Таныды бұларды шал келген жерден:

—Кім,—дейді,—бұл жігітің қасыңа ерген?

Сіздерге рақмет,—деп алғыс айтты,
Құрметтеп іздеп келіп сәлем берген.
Аман ба елі-жұртың,—дейді,—қызым?
Хабарсыз жатырмын, деп, кеткелі елден.

Таңшебер баяндады бастан-аяқ,
Істерін Қытай бектен әр не көрген.
Екінші Құладынды айтып берді,
Қаңлының жағдайларын көріп келген.

Тоқтатты бұл үшеуі енді сөзін,
Осы деп хабарымыз біздің білген.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Ойшыл шал көп өкінді сонда тұрып:

—Бейбіт би ант бұзды,—деп,—Құдай ұрып.

Айтып ем көп насихат тоқтамады,
Боларын дәл осындай бұрын біліп.
Бейбіттің тілін алып қайран елім,
Тозыпты-ау торғайдай боп соры құрып.

Ант бұзып сөзден тайған зұлым биім,
Қытайдың зынданында кетер шіріп.

—Рақмет,—дейді,—Жапал, арыстаным,

Бұл жолға бар күшіңді қарыштадың.
Шын ғашық жетер деген мұратына,
Екеуің құтты болсын табысқаның.
Қол жайып берді бата ойшыл шалың:

—Жамандық көрмеңіздер,—дейді,—бәрің.

Бақ қонып, дәулет бітіп көп жасаңдар,
Гүлдей боп өссін жайнап бас пен малың.
Ізетті, құрметті боп бір біріңе,
Артықша болсын шырын мейірбаның.

Айрылып ел-жұртымнан тау ішінде,
Не болар, қалдым жалғыз, менің халім.
Тұрыңыз хабар алып біз ғаріптен,
Егерде уақытың болса, Жапал жаным.

Алған соң шалдан бата жүріп кетті,
Мінгені өңкей тұлпар гуілдетті.
Құладын елге қарай бет алған соң,
Құбылтып әнге салып өлеңдетті.

Арада күні-түні тынбай жүріп,
Жақындап ел шетіне келіп жетті.
Аттылы бір жолаушы көлденеңдеп,
Бұлардың алдын орай кесіп өтті.

«Құладын, тоқтаңыз!»—деп дауыс берді,
Ол адам жақында емес, алыста еді.
Ел жайын сұраймыз деп жолдан шығып,
Алдына жолаушының барысты енді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Кісі екен ақсақалды бұлар көрді,
Үшеуі қабат барып сәлем берді.
Жолаушы: «Сайыпқыран батыр-ау» деп,
Ішінен таңырқады Жапал ерді.

Ол адам «әлік» алып тұрды қарап,
Қасына ер Құладын тұрып жанап.

—Қай ру боласыз?—деп сұрап еді,

Жолаушы осылайша берді жауап.

—Мынау ел қатар жатқан арғын, найман,

Бұл жерді мекен қылып қанат жайған.
Арғынның ішіндегі тобықтымын,
Жігіттер, келесіздер сіздер қайдан?
Сөзіне ол адамның жауап беріп:

—Келеміз,—деді Жапал,—біз Қытайдан.

—Қарағым,—деді ақсақал,—көрдім жаңа,

Ұқсатып бір адамға тұрмын және.
Батырдан ту ұстаған Қожаберген,
Тұяқ бар деп естіп ем Жапал бала.
Қытайға бір қыз қуып кетті деуші ед,

Қайратқа ақылы сай, артық дана.
Қарағым, Жапал ердің өзімісің,
Шыныңды айт, көңіліме салмай жара?!
Естідім келгеніңді жеке қашып,

Той қыпты Сары батыр көңлі тасып.
Жолаушы кетіп едім ол уақытта,
Өзіңді көре алмап едім дидарласып.
Ардақты ерден қалған бір тұяқ деп,

Көрмекке жүруші едім болып ғашық.
Құладын «рас» деді шалдың сөзін,
Жас басты сол уақытта шалдың көзін.
Келді де Жапал ерді құшақтады,

Тоқтатып тұра алмастан өзі-өзін.
«Қарағым, аман-есен келдің бе?!»—деп,
Аймалап жас батырдың сүйді жүзін.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Ажырап шықты да шал елге шапты,
Қамшылап астындағы мінген атты.
Сары мен Таңсұлуға сүйінші деп,

Ауылға таянбастан айғай сапты.
Келгенін Жапал ердің елге аман,
Аймақтың тегіс бәрі хабар тапты.
Дегенде «балаң келді келінді алып»,

Таңсұлу есін білмей талып қапты.
Алдынан Сары шығып қанат жайып,
«Жан бауырым, келдің бе?!»—деп құшаққа апты.
Алғанда анасының Жапал қолын,

Таңсұлу көргеннен соң жалғыз ұлын
«Қарағым аман-есен келдің бе?»—деп,
Аймалап сүйді бетін, оң мен солын.
Жалғызым, жал-құйрығым, бабаң қолдап,

Қайырлы сапар қылсаң, болсын жолың.
Қытайға қызды қуып кеткеніңде,
Зарладым қалам ба деп қайнап сорым.
Өнерлі және өзі көп халық деп,

Қытайдың естуші едім бұрын зорын.
Қалаған сұлуыңды алып кепсің,
Қытайдың талқан қылып құрған торын.
Әкеңнің, жан құлыным, орнын бастың,

Бұл ісің істеп келген болды орын.
Құдайым өміріңе берсін жүрім
Арыстан қайраткерлік қылған мұның.
Соғысып қан майданда басын алып,

Әкеңнің Ұлалыдан алдың құнын.
Келтірдің өз қылғанын өз алдына,
Ұлалы істеп еді артық зұлым.
Жеткізіп Қадыр-Мәулен мұратыма,

Қайғылық шықты есімнен көрген күнім.
Кекті алып, келін алып бітті арманым,
Ашылды көңілдегі қайғы-мұңым.
Қосылдым аман-есен елге келіп,

Өлсем де армансызбын енді шыным.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Елінде жалғыз қалдым қалмақ елдің,
Бір қанша сен кеткен соң азап көрдім.
Қалың қол қалмақ елін басып барды,
Қапалық қайғыменен дегенде өлдім.

Басшы ғып Есім хан мен батырларды,
Себеп боп көп қосынмен өзің келдің.
Қалмақтың елін шауып кекті алып,
Судай ғып шаштың қанын Ұлалы ердің.

Қытайдан алты ай жүріп келдің аман,
Бұйырған дәмін татып талай жердің.
Ризамын Жаратқанға сансыз шүкір,
Саламат дидарыңды аман көрдім.

Туғанда ырым қып ем Күреңбесті,
Алар деп Жапал жаным кегін ескі.
Адамдар Таңсұлуды ажыратып,
«Қойсайшы балаң аман келді»,—десті.

Толықсып кемеліне келді Сары,
Қуанды аймақтағы жас пен кәрі.
Сарыға құтты болсын айтып жатыр,
Дүмеп кеп ағытылып елдің бәрі.

Бастады Сары батыр және тойын,
Жылқы мен сойды әкеліп жүздеп қойын.
Жамбы ату, балуан күрес және көкпар,
Басқа да сауық-сайран болды ойын.

Таңшебер сұлу еді артық нұрлы,
Ақылды, өнерлі еді әрбір түрлі.
Қазаққа келін болып келгендерге,
Иіліп тағзым сәлем қылып тұрды.

Жапалдан кетті өліп Ұлалы да,
Дәулет-бақ бір кісіде тұрады ма?
Дұшпаннан кекті және келіп алып,
Таңсұлу жетті ойлаған мұратына.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Ер Сары Таңсұлуға ақ үй тікті,
Толтырып таза бұйым, жиды жүкті.
Төрт түлік малдан тегіс енші беріп,

Жапал ер отау үй боп бөлек шықты.
Болды риза Таңшеберге қазақ халқы,
Есітіп кемпір мен шал ескі қарты.
Қол жайып «Өсіп, өн!» деп бата беріп,

Тарқады еркек әйел тегіс жалпы.
Батырдың ер Жапал да біреуі еді,
Жайылып халық аузына шыққан дәрфі.
Тыңдаушы азаматтар, бұл қиссаның

Осымен енді тамам болды арты.
Бұл уақта жүрмін шүкір, басым аман,
Арылмай қапа қып жүр бізді тұман.
Адам бар түрлі қиял ойлайтұғын,

Әлбетте көрерменге сөзім күмән.
Жақсылар, мақтан емес бұл оқиға,
Пенденің қылған ісі Аллаға аян.
Жазайын мүддағам мен жағдайымды,

Және де біраз ғана қылып баян.
Адамзат бұл дүниеге болмас таған,
Төмендеп қартайған соң кетті бағам.
Уақтылы дем біткен күн аттанамыз,

Атамыз Адам-Ата жолы салған.
Оқушы азаматтар, түзеңіздер,
Артық, кем сөзі болса менен қалған.
Жібектей талдап көріп жазған сөздің,

Парқына жетпейтұғын көп қой надан.
Реттеп жаңартуға бұл қиссаны,
Ниет қып жазып едім ұрып қадам.
Келтіріп көп сөздерін ұйқасына,

Келгені осы болды менің шамам.
Бар депті ер Жапалдың тұқымдары,
Қиссаны әуел бастап жазған адам.
9-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Домбыра тартқаным жоқ жаста қолға ап,
Жыршы боп айтқаным жоқ әнді толғап.
Бір байдың әлпештеген мырзасы боп,
Қосылып тең құрбыммен жүрдім ойнап.

Ашылған гүлдей екен жастық өмір,
Сияқты май айында тұрған жайнап.
Әнші, ақын, салтанатты жігіттермен,
Сауық қып сайрандадым тойды тойлап.

Ақ кіріп сақал, шашқа, жас көнеріп,
Ұруға енді қазан жетті жайлап,
Орнымнан ұмтылғанда тұра алмаймын,
Қойғандай аяғымнан біреу байлап.

Жастықта көрген қызық, қайран дәуір
Іште тұр ұмыт болмай, бәрі сайрап.
Опасыз сұм дүниеге қапаланып,
Аламын бармағымды кейде шайнап.

Тұрмасам леп шығарып қағаз жазып,
Болады жарылғандай ішім қайнап.
Жас күнде сайрандатып, қартайған соң,
Алдамыш кеттің, дүние, мені қорлап.

Дос көрген сен залымды бір мен емес,
Көп адам алдауыңда қалды сорлап.
Әйелім, жалғыз балам түскенде еске,
Мөлтілдеп жас ағады көзден парлап.

Болады тағдырдағы жазулы іс,
Еш пенде біле алмайды алдын болжап.
Көңлімді көтергелі жазып, халқым,
Сіздерге бұл сөзімді тұрмын жолдап.

Адам бар парасатты сөздің парқын
Жібектей аршитұғын жеке талдап.
Иллаһи, тағдыр екен өз жұртымнан,
Тәшкенге алып келген тұз-дәм айдап.

Отырмын сұм дүниеге қайырласып,
Ұшатын құстай болып қанат қомдап.
Тілегім махшардың майданында,
Ақ жүзді тәңірім қылса өзі оңдап.

Халқыма тарту қылып бұл қиссаның,
Келтірдім ұйқасына сөзін турылап.

жапал  батыр  мен  таңшебер  қыз
Бала жоқ, сөзім қалса, атым өлмес,
Сол үшін жаздым мұны артымды ойлап.
Бізде жоқ жас кездегі жаңа қарқын,

Қызығы бұл дүниенің болды салқын.
Сіздерге сынатқалы жаздым мұны,
Білетін азаматтар, сөздің парқын.
Айтамын рақмет деп ықыласпен,

Тыңдаған үлкен, кіші тегіс жалпың.
Жас жетті қиын шығар кездесу де,
Қайыр қош, аман болыңдар енді, халқым!
Қапалық арылмай жүр бастан тозаң,

Болмай жүр осы кезде тіптен мазам.
Сіздерге тарту қылып, азаматтар,
Ниет бар және бір сөз деген жазам.
Артымда сөз қалдыру мақсатым бұл,

Саламат жүргенімде жетпей қазам.
Басыңнан өткеннен соң қайран дәуір,
Пайда жоқ болған менен жаста сазан.
Гүл едім жастығымда жайнап тұрған,

Мінеки, уақыт жетіп ұрды қазан.
Дұғадан біз ғаріпті жоқтаңыздар,
Сол болсын азаматтар салған азаң.
Қиссаға қосып жағдай баяндадым,

Сіздерден білгенімді аянбадым.
Сөзімнің артық кемін кешіріңдер,
Жақсылар жайында емес қиялдарым.
Жастықта оза шауып қатарымнан,

Тұмарлы Күрең аттай сылаңдадым.
Шораяқ аттай болып бұл уақытта,
Жарамай жортуға да аяңдадым.
Әлеумет, риза болып берсең бата,

Осымен сөз аяғын тәмамдадым.

Баяғы заманда орта жүз арғын ішінде өзі батыр, өзі би
Шақшақ атты адам болыпты. Шақшақ бес жасынан найза ұстап,
садақ тартып, ерлігін жұртына танытыпты. Он жасқа келгенде
халыққа билік айтып, қара қылды қақ жарған, алдынан бітпей

дау, айтылмай сөз кетпеген асқан шешен, би болыпты. Үш жүзді
аузына қаратып, басына әруақ, бақ, дәреже орнатып, қатарынан
асып тұрған шағында қалмақ ханы Қатаған Сарыарқаға келіп,
Шақшақтың елінің бір шетінен тиіп талай бастапты. Шақшақ

үш жүзге хабар айтып, қол жинап, Қатағанмен соғысып,
қалмақты қойдай қырып жеңеді. Өзі соқтыққан қалмақты ая­
сын ба, қашқан жауды қуып отырып еліне барады. Қалмақтың
қыз-қатынын, мал-мүлкін олжалап, Қатағанның ай мен күндей

сұлу қызы Қарашашты алып қайтып, баласы Көшейге қосты.
Қарашаш ешкіммен ойнап-күлмеді, күні-түні қайғырып,
елі-жұртын ойлай береді. Бір жылдан кейін Қарашаш
Шақшақтікіндегі алты мүйізді ала азбан қошқардың етіне

жерік болып, сойдырып етін жеді. Осыдан соң Қарашаш өзінің
еліне екі рет қашты, екеуінде де ұстап алып келді. Үшінші рет
Көшей үйде жоқта Қарашаш және қашты. Бұл кезде ол екіқабат
болып, бала туар күнге жақындап қалып еді.

Қарашашты артынан Жүзей қуып жетіп келіп:

—Бір емес екі қаштың тигеміз жоқ, міне, үшінші рет қашып

отырсың. Енді бұл біздің сүйегімізге таңба болатын іс, көзіңді
жойып біржола тыныш болайықшы,—деп қылышын суырып
алып шаппақшы болды.
Қарашаш қайнысының бетіне күліп қарап:

—Өлтіргенің жақсы. Бір мен емес, еліңе тұлға, асқар белің

болатын адамыңды менімен бірге өлтіресің, бұл өлсе, менің
елім сендерден оңай кек алатын болады. Мен неге қашайын,
Шақшақұлы Ер Жәнібек
(Иманжан Жылқайдарұлы нұсқасы)

шақшақұлы  ер  жәнібек
туған-туысқанымды, ата-анамды қырып-жойып, талап, мені
зорлықпен қатын ғып отырсыңдар. Оны мен ұмытпаймын.
Ішімдегі балам қошқардың етіне жерік болғаннан пайда болған

алып ер еді, «сол түбінде, өз еліме алып барсам, қазақтан кек
алатын батыр болып ержетер еді» деп ойлап қашқан едім. Шын
сырым осы, енді өлтіре бер,—деп қылышқа мойнын төсеп,
қорықпай қасқайып қарап тұрды.

Жеңгесінің мынадай сөзін естіген соң Жүзей ашуынан
қайтып, өлтірмей Қарашашты елге алып келді. Жүзей жеңгесінен
естіген барлық жайды әкесі Шақшаққа айтты. Шақшақ езу тар­
тып күлді де, келінін аса жақсы құрметпен күттіретін болды.

Ай-күні жетіп, бала туып, атын Қошқар қойды. Бала туғаннан
кейін Қарашаш елі-жұртын ойлауын қойды.
Қошқар да атасы Шақшаққа тартып қатарынан асқан ба­
тыр, би болып, елі-жұртын аузына қаратты. Ұлы жүз үйсінде

Бектас деген дана қарттың қызын айттырып алып, ол әйелі
қара бураның етіне жерік болып, айы-күні жетіп бір ұл тап­
ты. Бала тумай тұрып, бабасы Шақшақтың түсіне аян беріп
«Қошқардан туатын баланың аты Жәнібек болсын, ол дүниенің

төрт бұрышын билейтін адам болады, оның бақ-дәрежесі жеті
атаға жетеді» деп айтқан еді. Айтқанындай Жәнібек нұр сипат­
ты ер бала болды.
Әлқисса, Жәнібектің ерлігін баяндайық.

Жәнібек кәмелетті жасқа келді,
Жасынан ерлігімен бастады елді.
Өнер, білім, шешендік бәрі сай боп,
Үш жүзді аралады, түгел көрді.

Жасынан ертіп нөкер мыңдап, жүздеп,
Нұсқа сөз, әдепті іс, сіз бен біз деп.
Алуға жиен құрық нағашыдан,
Бектасқа сәлем бере келді іздеп.

Есіктен кіріп келіп сәлем берді,
Жиенін қолына алып, жаңа көрді.
Мойнына жүген құрық ілдірмеген,
Иесі асау күрең жаңа келді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бектасқа он екі мың жылқы біткен,
Қойының есебі жоқ онан да өткен.
Бір қулық өмірінде құлындамай,
Отыз бір жасқа келді жүрген көптен.

Тобышақ ол байталдың атын қойды,
Бермеді ен қазаққа айт пен тойды.
Шабыстан мал оздырмай қатарында,
Егескен егейтөстің бәрін жойды.

Егейтөс болып саңлақ үздік шықты,
Таңданған елемеді тіл мен сұқты.
Сол бие бес жыл болды, құлындады,
Артынан тағы құлын тапқан жоқ-ты.

Тимеген өмірінде құрық, жүген,
Келгенше бес жасына құр боп жүрген.
Тел еміп құлынында, тайында арда,
Бектас бай баласына міндірмеген.

Жылқыны ұстаймыз деп айдап келді,
Көп жылқы арасында нар күреңді.
Жайқаңдап ақ сазандай асау күрең,
Умалы арты талтақ күлтеленді.

Майда жал, бөкен қабақ, қабылан кеуде,
Жылан көз, құлан тұяқ жоқ ілуде.
Қоян жон, салық төсті, марал басты,
Ағыны жан шыдатпас мін де «шу» де.

Бұғалық салды халық аңдып тұрып,
Құрықты тұс-тұсынан жіберді ұрып.
Әкетті жиырма бес бұғалықты,
Қайырылтпай отыз жігіт мойнын бұрып.

Айрылды бұғалықтан, көп не қылсын,
Иіртіп көп жылқыны қайта әкелсін.

—Атаған мал иесі—батыр жиен,

Өз атын жетсе күші ұстап мінсін.

шақшақұлы  ер  жәнібек
«Жарайды» деп ер Жәнібек түрегелді,
Жылқыны тас иіртіп жақын келді.
Ұстады шоқтығы мен кекілінен,

Өкіртіп басып тұрып жүгендеді.
Тарттырды ерін салып айыл-тартпа,
Пормасы ұқсамаған жылқы затқа.
Иесіне сай келген десті көп жұрт

Жәнібек мінгенінде тұлпар атқа.
Бұл елде Жәнібек үш ай жатты,
Көрсетіп ерлігі мен салтанатты.
Бата алып нағашыдан қайтты еліне,

Ойнатып астындағы күрең атты.
Жәнібек үйіне қайтқан соң, сол кезде жүзге келген бабасы
Шақшақ күрең тұлпарды көріп, сынап, «жарайды, қайырлы
болсын, атың өзіңе серік екен. Қайда барсаң да жортқанда

жолың, жолдасың Қыдыр болсын» деп батасын берді. Шақшақ
және айтты:

—Орта жүзде бәрімізге оң батасын берген әулие керейдегі

Абыз еді. Содан бата алғайсың,—деді.
Сондағы Жәнібектің Абыздан келіп бата алғаны.
Абыз тұрды Жәнібектің қолын алып,
Жан еді көпті көрген қария атанып.

Ет кетіп арықтаған, дене тарап,
Жібекпен екі жағын қойған таңып.
Сұңқардай жұтынады қарт қарасы,
Ұққандай көзқарастан сөз сарасы.

—Әдепті үлгілі ауыл ұрпағысың,

Қай жүзсің, тегің білдір, кім баласы?

—Жәнібек—өзім атым, елім—арғын,

Торғайда жар бесігі туған жанмын.
Бір шалдың Шақшақ деген баласымын,
Бермеген қаса сөзде елдің алдын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Боламын бір баласы орта жүздің,
Атамнан «қарт дана» деп сізді білдім.
Бата алып, бағымды бір сынатайын,
Әдейі ат арытып іздеп келдім.

—Жәнібек Шақшақ ұлы атың мәлім,

Баласың артың—ызғар, алдың—жалын.
Шақшақтан кім артылған өсиетке,
Жүрмісің мазақ қыла керей шалын?!

—Атажан, қайда сізді мазақ қылу,

Біздікі әдеп, нұсқа, тағлым білу.
Өлкелі, өсиетті қарт атам бар,
Абызды әжуалап қайда күлу!
Шал сонда қолын жайып түрегелді,

Алдында Жәнібектей ерді көрді.
Егіліп бір Тәңіріден тілек тілеп,
«Әумин» деп Жәнібекке бата берді.
Келіп тұрмын жүз жиырма беске, балам,

Ең ақырғы батамды есті, балам.
Қолың жай батама, балам,
Риза бол атаңа, балам.
Бағың жоғары өрлесін, балам,

Дұшпаның шеніңе келмесін, балам.
Абыройың таймасын, балам,
Басыңа дәулет орнасын, балам.
Лұқмандай милы бол, балам,

Сабырлыққа Айуптай бол, балам,
Рүстемдей батыр бол, балам.
Дәуіттей ұлды бол, балам,
Талхадай тілді бол, балам,

Мұқаметтей көзді бол, балам,
Әділ тура сөзді бол, балам.
Омардай қара қылды қақ жар, балам,
Әзірет Ғалидай топ жар, балам.

Ағзамдай дана бол, балам,
Ғазалидай аш-арыққа пана бол, балам.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Көрегендей сөзді бол, балам,
Құралайдай көрікті, жүзді бол, балам.
Атымтайдай жомарт бол, балам,

Қысыраудай нәмарт бол, балам.
Қобыландыдай қайтпас бол, балам,
Тарғындай жараға жатпас бол, балам.
Алпамыстай даңқты бол, балам,

Қамбардай халқыңа қамды бол, балам.
Әруақтар сақтасын, балам,
Пәле-жала таппасын, балам.
Ордамыз Түркістан, балам,

Меселің қайтпасын ұрыстан, балам.
Түркістанда түгел бап, балам,
Самарқанда сансыз бап, балам,
Ең үлкені Арыстан бап, балам,

Ер бастығы Едіге, балам,
Аман-сау бар еліңе, балам,—деп

бата беріп қайырды.
Әлқисса, Жәнібек Абыздың батасына риза болып, бір ат, бір
шапан, жүз тайтұяқ сыйлық берді.

—Нағашымнан ат алдым, бабам Шақшақтан, әулие Абыздан

бата алдым. Енді көрмеген елді, жерді аралап көрейін. Жүрген
жерімде не жамандық, не жақсылық кездесер екен. Жау кез­
дессе, соғысайын,—деп, Сарыарқаны аралап жүріп кетті.
Абыздан шығып Жәнібек

Қамшы басып шу дейді.
Астындағы тұлпардың
Аяғы жерге тимейді,
Ақбөкендей гулейді.

Қос құлағын қайшылап,
Созып аяқ сермеді.
Асқар биік тауларды
Белес құрлы көрмеді.

Торғай, Тобыл, Есілді
Сай-саладай өрледі.
Таудың қия тастарын
Саз балшықтай иледі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Еті қызып алған соң,
Басына шама бермеді.
Ауыздықпен алысып,
Көбіктеніп терледі.

Әбден қызып алған соң,
Ойнақтап, ытқып желікті.
Қуырып жердің апшысын,
Шаңдатып салды бүлікті.

Орнынан тұрып қашқанша,
Басты бөкен, киікті.
Айшылықты алты аттап,
Жылдық жерді жеті аттап,

Төселіп жерге сірнікті.
Топшысын үзіп сындырды,
Ұшырмай қаз бен үйректі.
Белестен бұдыр орғытып,

Жадағай жермен сырғытып,
Лезімде алды күндікті.
Қарағай, қайың, тал-терек
Түлкі жортпас дүлейлер,

Басылып сынып илікті.
Қарсақ жортпас қалыңдар,
Жолбарыс жортпас түнектер,
Арыстан жортпас түбектер

Артында қалып дүрлікті.
Сонан да өтіп жөнелді,
Аңдар бұған тимеді,
Тиюге шама келмеді,

Дүрсілінен үрікті.
Атына толып көңілі,
Батыр Жәнібек қуанды.
Қызып бойы албыртып

Белсеніп білек сыбанды.
Үш жерден түйреп әкетті
Ұзыннан жатқан жыланды.
Ашырмады адымын

Тұра қашқан құланды.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Қаһар бітіп бойына,
Жауар бұлттай сұрланды.
Ақиықтай аң көрген

Төңкеріліп неше толғанды.
Көз ұшында қараға
Жәнібек салып келеді.
Ат шалдырған адамға

Келіп сәлем береді.
Қаса бақыр қайнатып,
Дәм ішкелі тұр еді.
Жәнібекке іркіліп

Жөнді жауап демеді.
Түксиген түгі жар қабақ,
Ызғарлы суық тұр қарап.
Сарала қылыш, ақ сауыт,

Толғаулы найза, сар садақ.
Жылан көзді, шөй желке,
Бұғы мойын, кең тамақ
Жәнібекке жауап бермеді,

Адам деп көзге ілмеді,
Деп айтпады «же тамақ».
Апыл-құпыл асады,
Аузы-қолы күймеді,

Жеп бітірді жылдам-ақ.
Жәнібек жалғыз, ол екеу,
Мұнымен ісі болмады.
«Бұл не қылған жан-ау» деп,

«Мұнда бір сыр бар-ау» деп,
Ер Жәнібек ойлады.
Бес күн жүрді дамылсыз
Ат та, адам да талмады.

«Бірге барып көрем» деп
Жәнібек еріп қалмады.
Түсі суық екі адам
Сол жортқаннан дем алмай,

Ойдағы жерге жете алмай,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жолшыбай түнеп қонбады.
Суыт болды жүрісі,
Жай жүріп көлік шалмады.
Алтыншы күн белестен

Баспалай қарап болжады.
Батыр Жәнібек соңынан
Қалмай еріп келеді.
Талатын бұ да батыр ма,

Шапса шауып желеді.
Беті қайтпас Жәнібекті
Енді бұлар көреді,
Көріп сөйлей береді:

—Белес, белес бел дейді,

Белге қонған ел дейді.
Жапанда жортып кез болған,
Жалғыз бала, берігірек кел, дейді,
Жөніңді айтып бізге бер,—дейді.

Жасың кіші баласың,
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
Қайда тартып барасың?
Бізден қалмай ілесіп,

Нені ойлап барасың?
Жәнібек сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Тегімді менің сұрасаң,

Досын майдай сақтаған,
Дұшпанын саздай таптаған,
Бармаған жері болмаған,
Алмаған елі болмаған,

Алдынан сөз кетпеген
Атамның аты—ер Шақшақ.
Сол Шақшақтың ұлымын,
Айтулының бірімін.

Жасанған жауға кез келтір,
Құрсаулы мылтыққа кез келтір,
Кезенген оққа кез келтір,
Деп еңіреп жүргенмін.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Не жау емес, дос емес,
Түстерің суық түксиген,
Түрлеріңді көрген соң,

Жүрістерің түн қатқан,
Жай емесін білген соң,
Қатынмын ба қашатын,
Өздеріңдей батырмын.

Көрейін деп қызығын,
Жортып келе жатырмын.
Батырдың бірі сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Ел шетінен жау тиіп,

Салып жатыр қиқуды.
Етігімен су кешер
Ер басына күн туды.
Қалмақтың ханы Аралбай

Шығарған қосын қазаққа,
Сайдауыт адам арандай.
Соғыспаққа солармен
Аттанды қазақ ұрандай.

Бағаналы Барлыбай,
Шұбар тулы Жаулыбай,
Естігенсін осыны,
Шығарған қосын тұралмай.

Найманнан батыр Барақ бар,
Сүйіндіктен Олжабай.
Менің атым болады—
Қаракерей Қабанбай.

Айтулы батыр мынау да—
Қанжығалы Бөгенбай.
Аттанысқа келеміз,
Жөн-жобамыз осылай.

Осылай деп батырлар
Аты-жөн біліп табысты.
Бәрі де болды орта жүз,
Болмады бұлар алыс-ты.

Түрлерін бұрын көрмеген,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Естіп жүрген дабысты.
Олжа салған еліне
Жауына бермей намысты.
Әлқисса, бұлар жүріп отырып, қалмақтың келіп орнап,

бекініп, шеп құрып жатқан жеріне жақындап келсе, бұлардан
бұрын жиналып келген қазақтың қалың қолы соғысты бастамай,
Қабанбай мен Бөгенбайды күтіп жатыр екен. Бұлар келісімен
қазақтар дабыл ұрып, ұрандай соғыс бастады. Қазақтың жина­

лып келетінін біліп, қалмақ та күтініп жатыр екен.
Қаптап шықты қалмақ та,
Келе салды ұрысты,
Ұрыста болмас тұрыс-ты.

Жекеге шығып бір қалмақ,
Кетірді тым-ақ тынысты.
Жекеге шығып бір қазақ,
Шоқпарменен салысты,

Жағаласып алысты.
Қазақты қалмақ өлтіріп,
Жібермеді намысты.
Үш қазақ өлді майданда,

Кезек-кезек барысты.
Иріліп қазақ алақтап,
Бір-біріне қарады.
Көміп қамшы атына

Жәнібек кетіп барады.
Бара айқасты қалмақпен
Көк сүңгісін салады.
Айбалтаның сыртымен

Салдырмай қалмақ қағады.
Айбалтаны Жәнібек
Тигізбей тартып алады.
Суырып алып көк қылыш,

Қалқанының сыртынан
Батыр Жәнібек шабады.
Қақ жарып түсті қалмақты,
Әзір тұрған қалмақтар

шақшақұлы  ер  жәнібек
Ат қойып бірден шабады,
Ортаға алып қамады.
Аяна ма арыстан

Жалғыз ұрыс салады.
Қаптап кетті қазақ та
Айқай-қиқу салады.
Өлексе жерге үйіліп,

Сарқырап қандар ағады.
Қажырлы ерлер қайта ма,
Туына жылжып барады.
Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,
Сүйіндіктен Олжабай
Астынан қылыш алады.
Ұрысын көріп қалмақтар

Түршігіп жаны жылады,
Бірнешесі құлады.
Ханы қашты ордаға
Құлатып туын жығады.

Мал мен жаны қалмады,
Шепке кірді шегініп.
Қалың қолды қақ жарып,
Жәнібек барды тебініп.

Айқасқан жері батырдың
Селдіреп қалад сырылып.
Қылышпен шауып тұрады
Ат үстінен үңіліп.

Тоғыз қабат тордай шеп
Бордай тозды бөлініп.
Басып алып Жәнібек
Суырды салып тақымға,

Біразы кетті жұлынып,
Тақымына ілініп.
Иесіз қалған мал-жанға
Аш бөрідей сұғынып.

Жөңкіліп малын айдады,
Етек-жеңін түрініп.
Қалмақ, қазақ екі жар

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жәнібек қуған мал басып,
Қала жазды қырылып.
Жеткен ерін өлтіріп,
Жәнібек бұзды қамалды,

Олжа қылды көп малды.
Үш жүздің барған адамы
Басын қосып жиналды,
Шепті бұзып шығарған

Жәнібектің күшінен
Барлығы бөліп олжа алды.
Әуелгі шыққан соғысы,
Он жеті жаста шеп бұзып,

Ақжолдап салып ұранды.
Хан болып билеп Тәуке бұл үш жүзді,
Бір жеңнен қол, бір ауыздан сөйлеп сөзді.
Бақыты алға басып жоғарылап,

Наһандай қағусыздан өрге жүзді.
Қасқайып марқасқадай елді бастап,
Сұғынып келген жауын қырып тастап.
Бермеді төнген жауға жер мен елін,

Екінші қайталатпай қуды аластап.
Хан Тәуке бәріне де төтеп берді,
Қол жинап, қайыстырып қара жерді.
Апатқа ұшыратты қан ағызып,

Менменсіп ұйпап алам дегендерді.
Ұрысып шүршітті де шегіндірді,
Келсе де қорашсынып, қырғын көрді.
Шағылып тауандары әлі келмей,

Қарасын ұзақ салып, соқпай жүрді.
Соғысты бірнеше рет қалмақ тағы,
Ойында болып келген қалмақ тағы.
Суарып өз қанымен қырғын беріп,

Жіберді жеңіп қуып айдап тағы.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Неше рет дәме қылып соғыс ашты,
Ұрысып қоян-қолтық араласты.
Жеңіліп әлсіреді әлі келмей,

«Қазақты жолатпа» деп әрі қашты.
Атанып жауын жеңген батыр қазақ,
Тау-құзда, шындауылда жатты қазақ.
Елін шауып, ерін қырып, малын алып,

Қиратып талай жерді қайтты қазақ.
Түркістан ордасы елдің ту көтерген,
Сырты тау, ойы дария, орта жерден.
Домалап есек құрты мұрынынан

Жан батпай тасып қазақ етті кердең.
Қысы жоқ, майдай шуақ Сырдың бойы,
Бұйратта тау ішінде жылқы, қойы.
Ортада жауын жайқай қазақ жатты,

Сар қымыз ағып майы, ас пен тойы.
Ел қыстап сырдың биік сар қамысын,
Жел қозғап ырғап шайқап балдақ басын.
Томардай томсарылған қалың сүйрік,

Жаз тауда, қыстау қыстап ну арасын.
Білектей балдырғанын баулап орған,
Жантақ пен ақ шеңгелден салып қорған.
Баданадай бөденесі бытбылдықтап,

Көк кептер ерте тұрып зікір салған.
Таутеке, бұғы, марал, бөкен, елік,
Сүзісіп қошқар менен арқар келіп.
Жасыл жүн әсем басқан қырғауылы,

Шаңдатып жатыр ойнап қамат керіп.
Тоқтыдай төңкерілген қара құрым,
Саңқылдап сұңқар аңдап айтпай сырын.
Қарайды жолбарыстар аңырайып,

Күйеудей сырттан торып келген ұрын.
10-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Отарлап батырлары жатты тауға,
Биік жер берікті алып қарауылға.
Қамыстан орын, Сырдан су бермейді,
Батырлар соғыс қылып келген жауға.

Дұшпанға таудан бекініс ілдірмеді,
Сырдың суын, қамысын жер бермеді.
Ақырып арыстандар жолбарыспен,
Қиратып салып соғыс жібермеді.

Ақырған арыстанның қатты үндері,
Тау жаңғырып, күрсілдеп кей күндері.
Маңайдан адам түгіл құс өтпейді,
Ел ері сырда сырттан секілдері.

Қалмақтар ұрыс қылды нелер келіп,
Талады аю, арыстан Сырға келіп.
Бекінсе тауға барып қазақ қырып,
Айдады екі жақтан түрліктіріп.

Тұтқа боп Түркістанның көк күмбезі,
Біледі айдай әлем, жердің жүзі.
Хандық қып бірнеше жыл Тәуке тұрды,
Жетерлік бір басына ұл мен қызы.

Хан болды халық сүйетін әділетті,
Жан еді парасатты әрі текті.
Мезгілден асыра ма қырына алса,
Ажалдан шәрбет ішіп Тәуке кетті.

Алладан қайтты Тәуке ажал келіп,
Бұл өмір өте шықты шауып, желіп.
Жиылып жақсылары, тамам қазақ
Тәукені жаназалап қайтты көміп.

Хан қайтып, халыққа келді бір қиындық,
Ойласып хан сайлауға жұрт жиылып.
Шақырып Әбілқайыр Сәмекені,
Ақсақал ел ағасы айтты бірлік.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Хандыққа сиыспайды ұлдар көніп,
Тегін бақ табылғандай әкесі өліп.
Сөз біліп жамырама көпшіліктен,

Жік түсіп екі араға ел бүлініп.
Аз елді билемекші екі кісі,
Баланың біреуі үлкен, бірі кіші.
Хан болса мұратына жететіндей,

Ескермей кетер деп ел берекесі.
Болмады екі бала, сиыспады,
Хандықты бір-біріне қиыспады.
«Кішің қой, үлкенің бол» дегеніне,

Халықтың алып тілін ұғыспады.
Жұрт айтты: «Әкең билеп өткен елді,
Таласпа енді кезек саған келді.
Сәмекеге хандық берсін, таласпаңдар,

Басыңдар көтерілген зор көңілді».
Болмады, екі жақтап хандық құрды,
Шекара қып ар жаққа қонды Сырды.
Бастаған ел ағасы, би мен батыр,

Наразы бұл ісіне болып жүрді.
Халықтың қариясына ренжу түсті,
Кім көрген алауыздық мұндай істі.
Өкпелеп тіл алмаған балаларға,

Біразы Сарыарқаға тұра қашты.
Билер құт, батыр қуат өкпеледі,
Біраз ел ханның елін жек көреді.
Ақырда өз басыңдық болмай қалды,

Деп жүрсек жұрттың қолын жеткереді.
Көрген жоқ өмірінде араз оңып,
Тарады жіктеліп ел бөлек қонып.
Осы қыс жалмауыз жұт жеп кететіндей,

Тарылтты белді алып, боран соғып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалың қыс, қарлы жаңбыр, боран соқты,
Қаптаған қалың жылқы жонмен ықты.
Келген жұт қанат жая сүзектей,
Күйзелді қолға қарап қой мен тоқты.

Ел састы сиғыза алмай қара малды,
Бұл боран бейбіт елге лаң салды.
Осындай сұрапылды кім көріпті,
Қариялар жүзге келген қайран қалды.

Он бес күн мұз, жаңбыры жауды тынбай,
Сіресіп қалың тірек тұрған сынбай.
Бастығы емен болып күшті ағаштың,
Жер болып құлап қалды болып жымдай.

Айнадай жарқырады дүние жүзі,
Мұзбенен шағылысып күннің көзі.
Тас, топырақ, дөңі, жазық бірдей болды,
Есінен адасқандай жұрттың өзі.

Тауда тас, құздағы ағаш, жерде бұта,
Мұз басып барлығы да қалды жата.
Бір тал шөп жерден жылқы иіс алмады,
Салғанмен қос кетпенді қайта-қайта.

Сырғанап жүре алмады мал мен адам,
Тырқиып жығылады, басса қадам.
Ашам деп малға күрек қопсаң жерден,
Неше күн кезіп жүрді таппады адам.

Жып-жылтыр дүние жүзі болды айнадай,
Құз бен тау, қалың орман, сай жадағай.
Мешіті Түркістанның көк күмбезді
Көрінді мұз қапталып пияладай.

Жалғыз шөп жерден жұлмай қақиды мал,
Бәрінен кетіп медеу құрыды әл.
Деген бар «мал—адамның жан азығы»,
Адамдар алас ұрды таппай амал.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Қорада қамалумен қой да жатты,
Өлтіріп сойып жатыр қолдағы атты.
Бірінің жүнін жұлып бытырлатып,

Қой жүндеп, бірін-бірі еңіретті.
Тапсырып қаңтар өтіп, ақпанына,
Көнеді ақпан қаңтардың айтқанына.
Жұмысын орындауға бұл тырысты,

Міндетін берген басты атқаруға.
Ақпанға бойлы қыз да бұғақ қалды,
Тоқтыда өзі семіз құйрық қалды.
Түрленіп ақпан тұрды толғата түс,

«Қырлан, ақпан, қырлан» деп бұйрық қылды.
Қыс ортасы зерлі күн қаңтар, ақпан,
Тор жайған болды малға қандай қақпан.
Жерменен-жексен қылды қалың малды,

Долданып, дамыл бермей боран соққан.
Жері мұз, соғып боран алақаншық,
Үскірік аяз қатты, төбесі ашық.
Қаусар жұт аша тұяқ қалдырмады,

Байды басып, кедейді кетті жаншып.
Ел соқты аққала ғып қойдан қора,
Үсінген қол-аяқпен, беті жара.
Отырған жүзге келіп қариялар,

Көрмедік сұрапылды,—дейді,—сірә.
Белгілі қалмақ ханы Қалдан Серен,
Ежелден шаппақшы еді қазақ елін.
Тәукенің хан боп тұрған заманында

Бір адым баса алмаған қазақ жерін.
Қалмаққа Тәуке өлді деп хабар берді,
Той қылып, қуанғаннан салды жарды.
Тәукені естірткенге ат мінгізіп,

Бөктертіп кілем ішік, берді нарды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Берді тон қарттарына сый басыға,
Жиналған Құдайыға жайсаң қасқа.
Қалмақтан жалғыз еркек қалдырмады,
Еріксіз шықты айдап аттанысқа.

Бұрынғы өткен даты шықпай естен,
Әлі жүр іштің тоңы жібіместен.
Жұт қажап жатқан қазақ арпалысып,
Қотырға шиқан шығып жау кеп түскен.

Жау келіп, әскер басып алды қамап,
Кеткен ел өзен кезіп, тау сауғалап.
Ағызып ат баурынан қызыл қанды,
Қалғанын жұтпен бірге алды талап.

Жау шапты, емін-еркін қотанға еніп,
Соққы жеп жұтаған ел аштан кеуіп.
Күңіренді «жанды қалай сақтаймыз» деп,
Бір емес екеу келді ажал төніп.

Сәмеке, Әбілқайыр екі ханды,
Түспеді олар қолға қашып қалды.
Шулатып ен қазақты айдап жерден,
Шұбатып қар үстінде қызыл қанды.

Қазаққа қол қатуға шама қайда,
Тұрады, кескіледі қылып майда.
Қыс—мынау, қалмақ—анау екі жақтан
Қазақтың болып басы өлім жайда.

Қатынның екіқабат ішін жарып,
Тірсегімен іледі найзаға алып.
Жосылтып мекенінен қуып шықты,
Жолатпай қуып, қырып айдап салып.

Ие боп қазақ жұртын қалмақ басты,
Күн суық жол жүруге және адасты.
«Аман бол, қайран қоныс ел мен тауым»,
Жерімен шулап қазақ амандасты.

шақшақұлы  ер  жәнібек
«Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Айрылған қарындастан жаман екен,

Мөлдіреп қара көзден жас келеді.
Қай заман мына заман, бағы заман,
Болар ма баяғыдай тағы заман.
Қарындас пен қара орман қалғаннан соң,

Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Қай заман мына заман, қысқан заман,
Бақ-дәулет басымыздан ұшқан заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Қайран Сыр, қош-аман бол, қалдың жерім,
Күңіренді бауырыңда қазақ елің.
Түркістан, сал назарың бұқараға,

Қар үсті, көк мұзда айдап қылды тілім.
Жасаған күн көреміз қайда барып,
Азық жоқ, жалаңаш, аш пен арық.
Қорладың мұсылманды мұнша неге,

Барасың Қожахмет кімге қалып?»
Қайран тау, қайран Сырым, қайран дала,
Күн көрген өсіп-өніп қатын, бала.
Жөнелді у-шу болып қазақ тозып,

Көлік жоқ, ең болмаса, екеу ара.
Қазақтан тартып алды Түркістанды,
Хиуа билеп, Тәшкен, Самарқанды.
Ие боп қалды қалмақ барлық жерге,

Қоймады жер үстінде мұсылманды.
Бұл қорлық ашаршылық, жұттан да өтті,
Айрылып жер мен судан тентіретті.
Сарыарқа мен Ұлытау қайдасың деп,

Шұбырып жонмен қаптап қойды бетті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалмақтың әскерлері атқа мініп,
Қылыштап қансыратып, ұрып жығып.
Асырып Мыңбұлақтан айдап салды,
Қалтырап жасырынып, ел тығылып.

Қорек жоқ қар үстінде жон жағалап,
Өлтіріп, кейбіреуін қасқыр талап.
Шыңғыртып көз алдында жегенменен
Дәрмен жоқ болысуға өтед қарап.

Денесі жүктен ауыр арқалаған,
Қар үсті не табылсын қу даладан.
Далаға шырылдатып тастап кетті,
Ата-ана ақыр безіп жас баладан.

Жас бала қалып жатыр барлық салып,
Қимай жүр сорлы анасы қайта барып.
Жан тәтті ақырында кетті тастап,
Бетінен сүйіп, жылап үш айналып.

Жонға шықты, қу дала аштық келді,
Баспақшыл басқа түссе, ақыр көнді.
Не ылаң табылмайды әлі жоққа,
Көбісі ауқаты жоқ үсіп өлді.

Ақтабан болды халық шұбырынды,
Әуелі қыс қатаң боп жұтқа ұрынды.
Екінші оны қоймай қалмақ шауып,
Күн бұрын жонда қаңғып күңіренді.

Жұт—жетеу ағайынды, жиен—сегіз,
Болады айыр ағаш және тоғыз.
Қалмай жүр қабаттасып қырсық еріп,
Телегей көздің жасы болып теңіз.

Халыққа келді осындай ауырмалық,
Малы жоқ, адам болды аш пен арық.
Бірнеше буаз қатын жонда қалды,
Баласы іште кетті көрмей жарық.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Қыдырып құба жонды тарап кеткен,
Ауқат жоқ жеткен жерде демі біткен.
Иріліп алқа-қотан өліп жатыр

«Алқа көл, сұлама» осы ел есіткен.
Сол жонда буаз қатын бала тапты,
Жері мұз, күні суық, айдай қатты.
Кім жылытып есіркейді елсіз жерде,

Мүсәпір баласымен бірге қатты.
Қырауда қыстың күні үсіп өліп,
Тиянақ жеткізер деп Аққа сеніп.
Тірі көл, Айнакөл мен Қызыл жыңғыл,

Құлады жалғыз жарым Сарысу келіп.
Арқаға бір күндері хабар барды,
Қалмады тайлы-тұяқ ел жинады,
Алдынан шығып, бауырын іздеп,

Әр жерден қар үстінен теріп алды.
Халықтың састы қосқан зарлық үні,
Қосылған жаңа тауып ағаны іні.
Осындай оқиғаның ауырына

Қарайып, күйіп тұрды аспан күні.
Үсінген тұла бойы және де аш,
Болмайды аяп мұны күнде толас.
Барғанда Тасбұлаққа күн жылынып,

Суықтан ызғар кетіп берді шыдас.
Ажалы жетпегендер аман қалды,
Жоқ болды жинағандар мың мен санды.
«Батыр бір оқ, байда бір жұт» деген нақыл,

Көргендер айтып өткен сонан қалды.
Біреудің әкесі бар, баласы өлген,
Біреулер тұқым қалмай жалғыз келген.
Болған жоқ мұндай апат ертелі-кеш,

Естіген жердің үсті үрейленген.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Есен-сау келді аман өлмегені,
Тіпті жоқ, өлмесе де, көрмегені.
«Пәни егіз, басы жұмыр дүние» деген
Көрмей жан көрге кірмес әрнемені.

Әуелде баршамызға жазған Құдай,
Көрмес ек бұл бейнетті қалсақ тумай.
Тағдырдың жазған ісі екеу болмас,
Бұлқынып кете алмайсың үзіп тулай.

Үш жүздің жұттан аман балалары,
Жәнібек бас боп арғыннан келді бәрі.
Бағаналы хан Барлыбай, Жаулыбаймен
Көрісіп жылап-сықтап амандары.

Ортадан жылуменен жиып малды,
Мұндағы тұрған елге санат салды.
Байына толық қара, кедейіне қой,
Шәуеттеп елдік қылып жинап алды.

Туырлық кигіз жинап арқан мен жіп,
Үй-мүлік, кілем, көрпе жиды сый қып.
Кигізді ел қатарға басын құрап,
Деген бар «көл болады түкірсе көп».

Тойынып аман қалған жинап есін,
Кіргізді жұрттық қылып берекесін.
Кеткен ел аштық қуып үш бөлініп,
Жазасын қорлаушының Құдай берсін.

Бір бөлек оңтүстікке кеткен кезіп,
Айдаған жұтпен бірге қалмақ езіп.
Бір бөлек күнбатысқа кеткен мүлде,
Айрылған мал мен жаннан қабат безіп.

Бір бөлек Сарыарқада көшпей қалды,
Шығарды аман-есен мал мен жанды.
«Сарыарқа—мал кіндігі» деген нақыл,
Бұрынғы қариялардан айтқан бар-ды.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Қазаққа туды, міне, осындай жай,
Ел еді дәулеті мол, азамат сай.
Есітіп бұл сықылды оқиғаны,

Көп малды келді айдап төре Абылай.
Көрісіп амандасып Жәнібекпен,
Қайырлы айтып көңіл Тәукеге өткен.
Не келмес ер басына тірі күнде,

Тосылмай кім кетеді заулап бетпен.
Абылай Жәнібекпен қатуланды,
Үш жүзге жар шақыртып, жанды жиды.
«Келсін кеп тірі қалған бар еркегі»,

Қалмақтың қорлығына қапаланды.
Қалыпты Сырдың бойын қалмақ басып,
Иелік етті қалмақ, қазақ қашып.
Өлшеусіз өмірім жоқ бір күн жетер,

Көрейін оған шейін араласып.
Басып ап билеп жатыр қалмақ Сырды,
Қосылып жұтпен бірге елді қырды.
Жер беріп, елді өлтіріп жай отырмай,

Жолына қылдым құрбан аз өмірді.
Көк найза толғамалы алып садақ,
Өлтірген бір оқпенен мыңын қадап.
Жарамды ертіп нөкер жандарына,

Найманнан Жантай батыр, келді Барақ.
Қаз дауысты Қазыбек, Төле келді,
Сырымға Малайсары ере келді.
Олжабай тама руы Есет батыр

Түтігіп, түгі шығып төне келді.
Көрісіп Жәнібек пен Абылайға
Сүйіндік сөз бастатып Олжабайға.
Қисық найза Сүгірәлі Әбілмәмбет,

Ие болды ен қазаққа осылайда.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жол бермес сары қолға тұлпар келді,
Бірі-бірінен қайтпайтын сұңқар келді.
Отырған би мен манап, жақсыларға
Үстіне кіре сөйлей Бұқар келді.

Белгілі Бұқар жырау шешен еді,
Жиылған амандасты ел көсемі.
Кек кетпес адам салған, есі болса,
Бәрінен болды жақсы ер есебі.

Бұқар сонда сөйлейді
Сөйлегенде бүй дейді:

—Сәлем бердім көбіңе,

Қасқа, жайсаң, бегіңе.
Қалмақ қонды жеріңе,
Қырғын салды еліңе.
Тұлымдыңды тұл қылды,

Солқылдаған мырзаңды
Таранға салып жон қылды,
Бектерім, оны білдің бе?!
Қыраулы қыста айдаған,

Топырлатып байлаған,
Қазынаңды алған жайнаған,
Қонысыңнан аударып,
Жер-суыңнан қаңғыртып,

Қырылып жонда аңыраған,
Кекті қашан аласың,
Тірімісің, бектер, өлдің бе?!
Сәлем бердім бегіңе,

Оң болсын сапар, датқалар,
Молдалардан хат қалар,
Ұсталардан дат қалар,
Білімі мол білгірлер,

Өсиетті ұғып жатқа алар.
Өзінен кіші кейінге
Ғақлия сөйлеп мақтанар.
Халықтай асқан данаға

шақшақұлы  ер  жәнібек
Өресі жетпей соқтанар
Өсиет білмес бұқпалар.
Бояманың белгісі—

Көрініп тұрып жоқ болар,
Күйіп, жанып, шоқ болар.
Шын білгірдің белгісі—
Ойыңды болар өлкесі.

Жамандық пен жақсылық
Басынан бәрін атқарар.
Шын батырдың белгісі—
Ажалсызды құтқарар.

Зарлап келген елің бар,
Жауда қалған жерің бар,
Төрт түлік түгел жиналдың,
Үйде қалған кімің бар?!

Абылай мен Жәнібек
Жасанған жауға ерің бар,
Одағың қашан аттанар.
Ордамыз еді Түркістан,

Қожахметтің қаласы.
Қыс қоныс еді, жаз—жайлау,
Сыр мен Шу, Сарысу жағасы.
Елге бейқұт деген бар

Батыр деген панасы.
Меңгеріп бәрін басқарған,
Ерлерін ертіп қасқарған.
Қия шың өрлеп тастардан,

Ер Тәуке еді елдің жағасы.
Зардабына шыдамай,
Ойда—шүршіт, қырда—орыс,
Ашылып еді арасы,

Үзіліп еді қарасы.
Көк майса тарлау бетеге
Тауларымның дарасы.
Жайқалған орман тамылжып,

Таласқан көкке ағашы.
Алатау мен Қаратау—
Бірі ағып қойған саласы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалдан Серен қалмақтың
Осы еді бізге таласы,
Осы еді жері аласы.
Қоныс қылды жеріңді,

Күңірентіп қуды еліңді,
Салып назар қарашы!
Қысты күн ақ қар, көк мұзда,
Жонда қалды баласы.

Бектерім әсер етпей ме
Ен қазақтың жыласы!
Жөніңді білдір, бектерім,
Аттанып қашан барасың?!

Басшы болған алдында,
Есім ханнан ескі жол,
Қасым ханнан қасқа жол,
Және де көп басқа жол.

Тауды тіліп тас жарған,
Бар емес пе аспа жол?
Адастырар еріңді,
Обаға жығар еріңді,

Жалғыз аяқ қашпа жол.
Барсакелмес сықылды
Серік болмас өмірі,
Ұзамайды қысқа жол.

Тебінгі термен шіріген,
Терліктері өрілген,
Ерлердің салған соқпағы,
Осы берік ұста жол.

Толғамалы көк сүңгі,
Төгілдірін шашақ ұстамай,
Жеке келген жауларын
Шабақша қағып тастамай,

Ерлік атың шығар ма,
Еңіреп жауың қақсамай.
Қозыжаурын сары садақ,
Тартып шіреп оқ салып,

Дұшпаныңа дақ салмай.
Жеңілгеннің белгісі—

шақшақұлы  ер  жәнібек
Томсарып қалса тамсанбай.
Шын шешеннің белгісі—
Шырмалған торды шешкені.

Шын шебердің белгісі—
Топшыны мол қып пішкені.
Шын батырдын белгісі—
Самсаған қол, сары жау,

Қан болып аттан түскені.
Найзагердің белгісі—
Қағысқанда майданда
Жаудың аттан ұшқаны.

Қылышкердің белгісі—
Қоян-қолтық жолатпай,
Далита жарып ескені.
Садақкердің белгісі—

Тоғыз қабат ақ сауыт,
Тоқсан торлы оймауыт
Үскідей өтіп тескені.
Мен тоқтаттым сөзімді,

Тапсырдым Хаққа өзіңді.
Аман қылсын жолыңды,
Қақпасын дұшпан қолыңды.
Бастан өтер бұл заман

Болжаусыз, шіркін, көшпелі!
Ерлердің басы құралған,
Тұлпар мініп ту алған,
Майданда талай сыналған.

Найзасы түспей қолынан,
Желі тұрып оңынан,
Түре тиіп соңынан,
Мыңнан озып жүлде алған,

Аз бенен көпті мол да алған.
Қорамсаққа қол салған,
Бір салғанда мол салған.
Тартқан оғы зырлаған,

Түскен жері зарлаған,
Өтпей кейін тұрмаған.
Белгілі ерлер, батырлар—

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ордабасы Жәнібек,
Қаз дауысты Қазыбек,
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,

Сүйіндіктен Олжабай,
Бәсентиін Сырым бар,
Малайсары бұрын бар,
Жантай, Барақ, Жаулыбай,

Бағаналы Сарыбай,
Тауға жортқан құлжадай,
Түсірген малды олжадай,
Хан атасы Жәнібек,

Баласына қазақтың
Хандық құрды Абылай.
Айтулы бұлар ер еді,
Бұларға кім тең еді.

Тұсындағы билері,
Әбілмәмбет, Әйтеке,
Қара жігіт Қазыбек,
Әлімбай ұлы Төле еді.

Бұлар да асқар бел еді,
Асусыз тағы өр еді,
Сайраған шешен тіл еді.
Хан болды Абылай,

Сымға тартқан күмістей.
Айрылғандай еруі
Шақшақ ұлы Жәнібек—
Бәрінің болды тіреуі.

Басын қосып барлығы
Аттанысқа жүреді.
Он екі мың қол жинап,
Аз ғана емес мол жинап.

Жазықпен өрлеп ылдилап,
Таумен төмен құлдилап,
Шеру тартып жөнеді.
Қазыбек бас боп билері,

Елде қалды барлығы,
Бірге бірақ тілеуі.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Ат құлағын тігіскен,
Жеңген жауын егескен,
Тел қозыдай тең өскен,

Бағлан етін қойдырған,
Қысырдан тайды сойдырған,
Мың да болса тойдырған,
Сапырып қымыз құйдырған

Күмісті сырлы тегешпен,
Самарлы сары шөмішпен,
Керегеге ілдірген.
Шыңғыртып құлын байлаған,

Айдап әкеп белестен.
Қасқартып қара сабаны
Дүрсілдетіп пістірген,
Қос аяқтап іштірген.

Қайғысыз заман, қызықпен
Қыз-келіншек ес білген.
Піспектің сабы сары алтын,
Торсылдағы құйма алтын,

Шығыршығы күмістен.
Қалдан Серен қалмақ жау
Шығарды айдап тегістен.
Жер мен судан айрылып,

Қанатынан қайрылып,
Міне, қазақ іздескен.
Ие болып жер, малға,
Иесіз мал сықылды

Кеткен өтіп оң шеттен.
Қатып саба қаңыраған,
Қымызы кетіп ішімен,
Шимайлы торсық шұбар көнектен,

Қабыл болмай тілектен.
Сар даланы шандатқан,
Жер иесін аңыратқан,
Жылқы кетіп түнектен.

Қыз-келіншек айрылған
Маржанды мақпал желектен.
Рақымсыз қалмақ хандары
Бейбіт елді күңіренткен,

11-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жас баланы еңіреткен.
Төрт бөліп түн ұйқыны,
Тас емшегін жібіткен,
Тар құрсаған кеңіткен,

Сырлы бесік тербеткен,
Әлпештеген баланы
Қарт, қария ананы,
Еңіретіп бәрін әкеткен.

Қол бастап жүрді Абылай,
Соңынан ертіп қыранды.
Жар шақырды Жәнібек,
Абылайлап шапты ұранды.

Текежәуміт мінгені,
Торқалы сауыт кигені,
Сарала қылыш, сар садақ
Қарына найза жаранды.

Ерлігі онан кем болмас
Сейітбаттал қазыдан.
Сілкіді Ахмет тораңды
Қабағынан қар жауып,

Ызғарлы түсі сұрланды.
Шақшақ ұлы Жәнібек,
Әбілмәмбет Абылай
Әскерді қалың өрлетті,

Буырқанды бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Аспан, жерді шаң алды,
Жеменкер жендет батырлар,

Ертіп нөкер арыстанды.
Жасындай жайнап тұтанып,
Шақпақтай шаққан от алып,
Ардабектің асқардай

Келбеттері тым суық.
Тітіретіп жер мен аспанды,
Уәлі ұлы Абылай
Ойлаған елдің қамын-ай,

Қатардан бағы асқан-ды.
Хан болып тұрған кезінде

шақшақұлы  ер  жәнібек
Қаймығып кімнен жасқанды.
Артық қонып даража,
Алаштың ұлын басқарды.

Өлшеусіз үздік бақ қонып,
Талайдың солқын басқан-ды.
Әбілмәмбет, Абылай хан,
Жәнібек бас боп аттанды.

Алмас қылыш қайралып,
Көк найзалар сапталды.
Шамбал садақ оқталды,
Қалмақ Қалдан ханынан

Құстыруға жұтқанды.
Даңқы аттанған жер жарып,
Орыс, шүршіт сақтанды.
Абылайға тарту әкеліп,

Осылай шүршіт бас қорғап,
Аман қалып, мақтанды.
Тарту, сыйын беріп сыртқы елдер,
Бастарын қорғап құтқарды.

Қалмақтың келді еліне,
Жойқын әскер жонды алып,
Қаратаудай белді алып,
Сырдария өзен, жерді алып,

Жайылған қазақ елді алып.
Басын қосқан қалмақтар,
Түркістанға жиналып,
Қарсақты бұзып, шеп салып.

Армансыз әбден бекінген,
Қарауылдап қамданып,
Талма түстің шағында,
Құлады әскер шаңданып,

Дүниені жойқын ту алып,
Күмбезді көріп қуанып.
Тиеміз деп қалмаққа,
Етек түріп, білек сыбанып,

Өзеннен құлап су алып,
Көліктерін суарып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жабылып қайта шыққанда,
Өзен қалды суалып.
Қазақ жайып тұра қалды қанатын,
Батырларын бір ыңғайлап баратын.

Хан мен қарттар сабыр таппай,
Емес шаппай ылғи көкжал тұратын.
Бұл батырлар қамал бұзған қашаннан,
Жауды көріп тыншымай тұр жасанған.

Жеккен аттай жігер күтіп дайын тұр,
Шаш ал десе, бәрі дағы бас алған.
Қалмақтар да түзетті саптарын,
Ышқындырып сабап шауып аттарын.

Қылмаңдатып ат ойнатып қояды,
Найза, қылыш, садақ пенен шоқпарын.
Қалмақ жақтан келді біреу майданға,
Жететіндей емес құшақ жайғанға.

Аттың соғып қолаңсасын, аяғын,
Көлденеңі бірдей ұзын бойында.
Майдан кіріп «жекпе-жек» деп шақырды,
Айбатымен қатты айқайлап бақырды.

Бата беріп Әбілмәмбет, Абылай
Шығарады Қораз деген батырды.
Қораз барды, мына қалмақ ұмтылды,
Қылғып жұтар су бүркіттей жұтынды.

Найзаменен іліп алып Қоразды,
Шаншыған күйімен жерге ұрып өлтірді.
Сәлім барды бір ұрғаннан шықпады,
Қазақтардың көңілі ауырып тоқтады.

Және біреу барып еді Исақан,
Бір ұрғанмен өліп кетті қайтпады.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Келді батыр: «Бер рұқсат, тұрам ба-ай,
Шығу керек бұл қалмаққа қамалмай».
Рұқсат алып жетіп келді майданға

Қаракерей атышулы Қабанбай.
Қабанбайға қарап қалмақ: «Ер,—дейді,
Мына жатқан қазағыңды көр,—дейді.
Қазақ-қалмақ бір туысқан кісісің,

Маған қалған кезегімді бер»,—дейді.

—Жарайды,—деп тосты қалқан басына,

Қылыш алып келді қалмақ қасына.
Құшырланып салып қылыш жіберді,
Қайтпас маған келген бүгін қосына.
Қылышының ауыр тиді салмағы,

Аудару жақындады ес зардабы.
Құдай сақтап, аман қалды Қабанбай,
Қатты ұйыды екі қол мен қар дағы.
Кезек беріп қалмақ қалқан жамылды,

Ашу кернеп Қабанбайдай жалынды.
Барлық күшін қолға жинап түкіріп,
Қалқанның тақ сыртынан салынды.
Қалдырған жоқ күшін аяп сермеді,

Ат-матымен жығылды да, өлмеді.
Түрегелді белі үзіліп, аты өлді,
Түбі қандай әзір өлім келмеді.
Енді кезек қалмақ алып атқалы,

Садағына салды оғын тартқалы.
Тасқа тиген алмастай-ақ шақ етіп,
Қайта түсті Қабанбайға батпады.
Оқ екпіні Қабанбайды қатты ұрған,

Басқа болса нағыз ажал таптырған.
Бір пайдасын көрді батыр сауыттың,
Сексен байтал қысыраққа соқтырған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Енді кезек Қабанбайға береді,
Ашуланып бұ да садақ шіреді.
Қалмақты ердің басын мезгеп нақ жүрек,
«Ажал оқтың тұсы осы» деп түйреді.

Кірістен оқ заулап жүріп дала кетті,
Нақ сақпанның тасындай-ақ сарт етті.
Бар күшімен тартып еді Қабанбай,
Майрылып оқ батпай қайтып жарқ етті.

Найзасын ап қалмақ кірді жекеге,
Өмірі бар, енді ажалы біте ме?
Сауыт бұзар көк сүңгісін сермеді,
Көкіректен түйреп тесіп өте ме?

Жүгіртіп кеп салды найза оңынан,
Шығармаққа бірдей түйреп солынан.
Қанжарменен қағып тастап найзасын,
Алды батыр бұл қалмақтың жонынан.

О да ұстады жағасынан шап беріп,
Жұлқып тартып жағаласып итеріп.
Көкпардай басып алып алдына,
Абылай ханға алып барды өңгеріп.

Осыменен қас қарайып, күн батты,
Кеш болған соң әскерлерді тарқатты.
Екі жақта қатты күзет қарауыл,
Бір мезгілде шарлап торғай таң атты.

Майдан жерге келіп тұрды екі сап,
Қалмақ, қазақ қарсыласқан екі тап.
Қалмақ жақтан шықты біреу майданға,
Белден үлкен бір арғымақ мініп ап.

Абылайдан алып рұқсат Бөгенбай,
Шығысқан ат, қару-жарақ бәрі сай.
Екі жақ та бұл қазаққа танданды,
«Адамзат па, дию ме,—деп,—япыр-ай».

шақшақұлы  ер  жәнібек
Қалмақтың да сай көрінді құралы,
Жүріп қалған адамдардай араны.
Сұрап алып ыңғайланды қылышын,

Кезексіз-ақ Бөгенбайды ұрғалы.
Бөгенбай да жылдам еді жасынан,
Майданда өлмей жау қайтқан жоқ қасынан.
Айбалтаны суырып алып тақымнан,

Сарт еткізіп салып кетті басынан.
Қалмақ ұшты аттан жерге жұлындай,
Бір өкірген шықты даусы құлындай.
Қарс кірген жалманы мен айбалта

Дал-дал қылып алды басын суыра алмай.
Кезекпен келіп батыр қалмақ та,
Ниеттері Бөгенбайды алмақта.
Жетпіс қалмақ қаза тапты қолынан,

Егеудей іркілген бәрі таңдатпа.
Кешке таман қайтып барды қолына,
Отырды кеп батырлардың қасына.
Бөгенбайдың қайратына қайран боп,

Ен қалмақтың кәрісі мен жасы да.
Таң атып жұрт екі жақтан өреді,
Майдан жерге талапкерлер кіреді.
Әбілмәмбет, Жәнібек пен Абылай

Маслихатты көпке былай береді.

—Жекеменен өне ме ұрыс там-тұмдап,

Жатамыз ба күнде ертеңмен ақымдап.
Шашақты найза қанға сүңгіп тұншықпай,
Қан шашпай алмас қылыш жарқылдай.
Бас-аяғын талапкер ер шақтасын,

Қария, жастар тауда қалсын шаппасын.
Қамал бұзып, көрсетіңдер бір қимыл,
Ашылып бақ, ер еңбегі ақталсын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Жарайды» деп талапкерлер қуанды,
Тек тұрып білектерін сыбанды.
Абылайлап атты қойып жіберді,
Жер күңірентіп салды ерлер ұранды.

Айбынды төс төге келіп ызғардай,
Айтқан ұран жер күңіреніп көк жарды.
Тебіренген ат тепсінген ер дүбірмен,
Деуге болды осы дүние қозғалды.

Мәмбет, Абылай Жәнібекке қарады,
Бұзылып түс батырдың да барады.

—Айбатыңнан біздің дене шімірікті,

Қандай қиял кернеді?—деп сұрады.
Тұр екеуі ту көтеріп қасқарып,
Қалдан Серен қалған елді шығарып.

—Құдай пана болып, пірлер қолдаса,

Бір кірермін қалмақ қолын қақ жарып.
Асау күрең жамбасына қамшы ұрды,
Кейінгі артын Абылайға тапсырды.
Қалмақ, қазақ араласқан миласып,

Іштен кіре наркескенді суырды.
Қысып тақым ер Жәнібек шу деді,
Бірін шаншып, бірін шауып түйреді.
Шынжыр тастап той жеріне қалмақтың,

Қырық, отызын буындырып сүйретті.
Өрт сықылды Жәнібектің қырғаны,
Ығысты жау, қарсы алдына тұрмады.
Найзаменен түйреп өтіп барады,

Қылыш шауып, садақ тартып қырмады.
Қалдан Серен көрді мұны алыстан,
Жайпап келед ашыққан бір арыстан.
Шаншыған найза, шапқан қылыш, атқан оқ

Батпай келед тоғыз қабат құрыштан.

шақшақұлы  ер  жәнібек
Қан Барлыбай ұрысып жүр, Жаулыбай,
Өте шықты ер Жәнібек заулап-ай.
Жантай, Барақ, Олжабай мен Сүгірәлі

Жүрген жағы қалып барад улап-ай.

Көзін салып, көрсе қарап Қабанбай,
Ұрысып жүр қатарында Бөгенбай.
Жәнібектің алды толған өлексе,
Сілтеп барад оңды-солды дем алмай.

Тізе қосып ылғи көкжал бірігіп,
Ат өліктен жүре алмады сүрініп.
Дал-дал болды жүрген жағы бұлардың,
Түнерген бұлт көшкендей-ақ сырылып.

Бірін шауып, бірін шаншып тұр еді,
Ат үстінен жұлып алып үйіреді.
Екі асықтай кезек қағып лақтырып,
Түсіп жерге талай өліп күйреді.

Тапқызбады қуып қырып шараны,
Арыстандай ашылған күн араны.
Басып-жаншып өлі-тірі аралас,
Туын жығып, иекке алды қаланы.

Шепке қылды тұс-тұсынан қимылды,
Батырлардың бәрі бірден жұмылды.
Сырттағысы кіре алмады қалмақтың,
Іштегісі амал таппай сығылды.

Шебі қалды тозған тордай қиылып,
Өлік жатыр жер-жаһанды ап үйіліп.
Қалдан Серен шықпақ болды жекеге,
Ат ерттетіп қару-жарақ киініп.

Майдан шығып Қалдан Серен келеді,
Айтулы ердің заманында бұл бірі еді.
Жалғыз өзі келіп тұрып майданда:

—Кел, Жәнібек, дәмең болса,—тіледі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалдан Серен майданда тұр үңіліп,
Батырларды қосты басын бірігіп.
Қынабына симай қылыш, қан тұтып,
Қайнап, тасып, бұрқылдап тұр төгіліп.

Ат ақ көбік, ақсуыр болған сүмектеп,
Найзадан қан құйылып тұр шүмектеп.
Асау күрең басына бой бермей тұр,
Отыз жігіт алысып жүр жетектеп.

Жәнібек батыр мінді атына бармаққа,
Әдей арнап шақырған соң таңдап та.
Тайсалмапты қайтар ер емес,
Салып ұрып келді жүріп қалмаққа.

Садағының Жәнібекті атты оғымен,
Мұны өлтірсе, айналыспақ сонымен.
Бұлғалақтап заулап келген кез оқты,
Алды қағып Жәнібек қолымен.

Таянды оған батыр Жәнібек саспады,
Оғын жерге лақтырып тастады:

—Берекесіз атқан оғың не қылды,

Көрсет тағы, бердім кезек басқаны.

Ұзын найза салайын деп сермеді,
Алды жұлып, батыр Жәнібек бермеді.
Жұлып алған бойыменен Қалданды
Найзасымен ханның өзін түйреді.

Түйреп найза көтереді тұмақтай,
Ат үстінен тік көтерді құлатпай.
Зуылдатып найзаменен үйірді,
Сауыт—сайман, садақ, қылыш бұлғақтай.

Жәнібек айтты тұрып төменде:

—Жайың қалай енді, Қалдан?—деген-ді.

—Әлі сенен мен жоғары, Жәнібек,

Көремісің, ойнап жүрмін төбеңде.

шақшақұлы  ер  жәнібек
«Солай ма» деп ұрды жерге үйіріп,
Тамам қалмақ жылап жатыр күйініп.
Аяқ-қолы мұнарадай созылды,

Заулап қаны ағып жерге құйылды.
Жеке шығып Жәнібектен жаны өлді,
Билеп тұрған бастығы еді бір елді.
Ұрыс жөнін басқаратын адам жоқ,

Жеңілді де қалмақ қашып жөнелді.
Қашты қалмақ Қаратауды көбелеп,
Қызды қазақ емін-еркін денелеп.
Балқаш көлін басып әрі жөнелді,

Тірі кетті дейміз кейін кебенек.
Қазақ жеңіп, көп қалмақты қашырды,
Жеңілгені аяғына бас ұрды.
Айдап салды жер шетіне қайтпастай

Арарат пен Алтай таудан асырды.
Айдап салды ары ысырып Алтайдан,
Кетті әрі шүршіт пенен қытайдан.
«Сонан қалмақ Сарыарқаға басқан жоқ»,

Деп айтады қариялар қартайған.
Қалмақ қашып енді босап жер қалды,
Құтты қоныс атамекен Сыр қалды.
Ту көтерген ордасы еді қазақтың—

Көк мұнара Қожа Ахмет пір қалды.
Ел тыншығып, жау басылып, көңіл жай,
Тоқты қозыдан, құлындады қалмай тай.
Мың қой айдап жесір қатын, жас бала,

Қой үстіне жұмыртқалап бозторғай.
Жауға шапса, қасқайып қол бастаған,
Дауға салса, суырылып топ бастаған,
Қазақта Жәнібектей батыр өтті

Артына ерлігімен сөз тастаған.

Қолына қалам алды Әбзейіт ақын,
Жазбақ боп батырлардың хикаятын.
Артымда өзім өлсем, сөзім қалсын,
Аппақ боп қартайдым ғой, уақыт жақын.

Кетемін қалам алсам қызыңқырап,
Тастаймын қол тигенде жазыңқырап.
Баяғы жастық өнер қайда кеткен,
Кәрілік әр нәрседен қылды жырақ.

Ақсақал, қаламыңды қолыңа алшы,
Азырақ өлең жазып көңіл аршы.
Заулаушы ең қалам алсаң бәйге атындай,
Жүйріктей шабатұғын тимей қамшы.

Шал болдың, арт жағыңа сөз қалдыршы,
Оқушым, сөздеріме құлақ салшы.
Бұрынғы өтіп кеткен батырлардың,
Біреуін әңгіме қып қолыңа алшы.

Үш жүздің баласымыз, атам—қазақ,
Болдық қой республика содан тарап.
Не маңғаз, не білгіштер туып, өсті,
Асынған батырлар бар қару-жарақ.

Бір ата Ұлы жүзден Албан елі,
Шығыпты бұл Албаннан талай сері,
Қалмақтың жау кезінде көп алысқан,
Өтіпті Әжібай деген ердің бірі.

Ер Әжібай
(Әбзейіт Мәлікеұлы нұсқасы)

ер  әжібай
Албаннан бұл Әжібай батыр шыққан,
Өзімен алысқанның бәрін жыққан.
Шабысып қалмақпенен өмір бойы,

Ақыры Алатаудан айдап шыққан.
Әжібай Найманбайдың баласы екен,
Көзінің ағы менен қарасы екен.
Ішінде төрт баланың түрі бөлек,

Басқасы мұныменен талас екен.
Тастемір, Қаңлыбай мен Әжібай, Алтай—
Төрт бала туғызыпты бұл Найманбай.
Ішінде төртеуінің өзгеше боп,

Туыпты жүректі боп бұл Әжібай.
Дулаттан Өтеген деген батыр шыққан,
Шыдамай айбатына жаулар бұққан.
Бірігіп, тізе қосып екі батыр,

Қалмақты Алатаудан айдап шыққан.
Дулат та Қасқараудың баласы еді,
Бұ да асқан уақтысында батыр еді.
Қайраты мен ақылы серік болып,

Ақылмен Дулат елін билер еді.
Данышпан ел айтады дария деп,
Күшке мығым, толық дене, ақылы көп.
Білікпен істі болжап, айтқаннан соң,

Ел кеткен Өтегенді әулие деп.
Өтеген Әжібайға болған серік,
Қалмақтың есі кеткен мұны көріп.
Өмір бойы қалмақты бұлар жаулап,

Әрқашан жүрген малын алып келіп.
Төрт бала туған екен Найманбайдан,
Бөрі деп төртеуі де даңқын жайған.
Ақыл мен әділдікке болып артық,

Озбапты ешқайсысы ер Алтайдан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Алтай би атаныпты, ақылды боп,
Әжібай батыр болған дүниеде жоқ.
Тастемір, Қаңлыбаймен жуас екен,
Кетіпті бұл екеуі шаруа боп.

Жан бағып жүре берген ашты-тоқты,
Билеуші төртеуін де Алтай бопты.
Найманбай қалың беріп Әжібайға,
Тұмарша деген қызға құда бопты.

Қыстықта Ескене деген байдың қызы,
Өзі сұлу ақ жүзді, шырын сөзі.
Көрген жігіт құмар боп Тұмаршаға,
Жалтылдар танадай боп қара көзі.

Тұмарша сұлу екен өте аппақ,
Айтады кереметін әркім мақтап.
Ерке басар, әртүрлі кәдесін ап,
Қайнына Әжібай да барған жақтап.

Аулына Ескене байдың күйеу барды,
Құшпақ боп, жөні келсе, махбұб жарды.
«Күйеуі Тұмаршаның келіпті»,—деп,
Көп жігіт осы сөзден хабарланды.

Әркім-ақ Тұмаршаға екен ғашық,
Көп жігіт жүреді екен жармасып.
«Күйеудің түсі жаман, бір қара құл,
Болғын,—деп—айтады екен,—маған нәсіп».

Айтылып жүреді екен әртүрлі өсек,
Сөздері Әжібайдың еді кесек.
Құлағы жырым-жырым, түсі қара,
Денесі жаратылған өте кесек.

Бетінің тыртығы бар, найза сойған,
Маңдайын қылыш кесіп, шодырайған.
Кеспелтек, дым сөзі жоқ, толық дене,
Қыз тұрмақ, кемпір қорқар порымынан.

ер  әжібай
Әжібай қайнына өстіп барған екен,
Қазіргі Кетпен тауын қылған мекен.
«Айтқаны жігіттердің шын ба екен?»—деп,

Тұмарша Әжібайды көрген екен.
Көрген соң Әжібайды зәресі ұшты:
«Жаратқан қимапты ғой бұған түсті.
Қасына кәйтіп жатам бұл жігіттің»,

Жаратпай ашуланды, қайрап тісті.
«Тимеймін бұл жігітке түсі қара,
Керек емес, болса да ақылы дана.
Мен—сұлу, ол анадай, қалай болар,

Бет-аузы бір жөнді емес, пара-пара».
Тұмарша Әжібайға бармай қойды,
Тілдерін әке-шеше алмай қойды.
Қаншама жеңгелері айтса дағы,

Ешкімнің айтқанына көнбей қойды.
Бұл іске ер Әжібай ашуланды,
Шыдамай ызасына, от боп жанды.
«Қап, сенің осы ісіңе Тұмарша,—деп,

Қинауға саламын,—деп,—шыбын жанды».
Әжібай күйеу болып жата берді,
Дәмінен байдың берген тата берді.
«Тұмарша өзі-ақ іздеп келеді» деп,

Солайша жеңгесіне жауап берді.

—Келеді өзі бір күн іздеп мені,

Айтылар сол уақытта сөздің жөні.
Жыласа көздерінен қаны ағып,
Таниды жолдасым деп, сонда мені.
Бұл іске әуре болма барлығың да,

Жүрсіздер Тұмаршаның жарлығында.
Иланып бұзушы елдің тілін алып,
Шыдармын бұл ақымақтың қорлығына.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жатты да он шақты күн, кетті қайтып,
Балдызы, жеңгесіне хош-хош айтып:

—Біраз күн ауыл жақта дем алам да,

Бұл жерге туар айда келем қайтып.
Сөйлесем сонда келіп мұныменен,
Тұмарша жауап берер жөніменен.
Тағы да осындай боп шайтансыса,

Жақсылық көрмес онда өзі менен.
Мұны айтып аттанды да жүріп кетті,
Қырсығын Тұмаршаның біліп кетті.
Он күнде маңайына бір жолатпай,

Тұмарша Әжібайды өкпелетті.
Қайтыста қалмақтардан жылқы алады,
Қалмақтың байларына қол салады.
Бір ауылдың жылқысын түгел айдап,

Ауылына аман-есен бұл барады.
Әжібай олжалы боп қайтып келді,
Көргенін бастан-аяқ айтып келді.
«Тимеймін, түсі жаман,—деп,—Тұмарша»,

Алтайға барлық істі айтып берді.
Алтай айтты: «Сөйлесемін оныменен,
Ол Ескене ойнамасын меніменен.
Мал-басын талқан қылып, шауып алам,

Тұмарша құтылмайды тегі сенен.
Дем алып осы сөзбен жата берді,
Әжібай аралап жүр елді, өрді .
«Қайныңа Әжібайды ертіп бар» деп,

Хат жазып Өтегенге хабар берді.
Шақыртып Өтегенді хабарлады:

—Қайнына Әжібай ер барсын тағы.

Бұл өзі Тұмаршаға өкпелепті,
Байқаңдар, қандай болар сөздің мәнін.

ер  әжібай
Барыңдар екі-үш батыр жаудан қайтпас,
Өзі де сендер барсаң, басын тартпас.
Шабыңдар жөнге келмей қиқаңдаса,

Мал-мүлкін талқан қылып, қызын ап қаш.
Мұны айтып аттандырды тоғыз жігіт,
Бұлармен қарсыласып қылмас үміт.
Атақты Күшік батыр, Есболдар бар,

Өңкей ер жарқ-жұрқ етіп, кетті жүріп.
Қайнына осылайша тағы барды,
Ертіп ап өңкей батыр бұзған жарды.
Құдамен жай-жапсарын сөйлесуге,

Басшы қып, Аталықты ертіп алды.
Аталық Найманбайдың інісі екен,
Ауылға кәриялық қылған мекем.
Тұмарша жөнге келмей шайтансыса,

Ауылын Ескененің шаппақ екен.
Он шақты жасақ алып бұлар жүрді.
Атақты ер жігіттер бұған ерді.
Жол жүріп өңкей саңлақ бір-екі күн,

Аулына Ескененің бұлар келді.
Сабылтып ат терлетіп, бұлар жеткен,
Батырлар жүрген жерге үкім еткен.
Аулына Ескененің бұлар келсе,

Қалмақтар тас-талқан қып шауып кеткен.
Малдарын түк тастамай шауып алған,
Тимеген адамына, аман қалған.
Жау шауып, тас-талқан боп жатқанында,

Батырлар жау іздеген жетіп келген.
Қалмақта батыр болған Зона деген,
Ешкім қарсы келмеген Зонаменен.
Әлемге батырлығы мәшһүр болып,

Көп палуанды жолдас қылған ажалменен.
12-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қарулы, батырлығы жаннан асқан,
Өлмей қалған батыр жоқ қарсыласқан.
Қазақ-қырғыз, қалмаққа аты мәшһүр,
Атақты Зона атанған бала жастан.

Бұларды шауып кеткен Зона батыр,
Түк қоймай жылқыны апты таспа-тақыр.
Аталық Әжібайға: «Қуғын!—деді,
Жылқысын қайырып кел, сен де, батыр.

Тездетіп атқа мінгін, отырмаңдар,
Сендерді әйел тапқан, ол да адамдар.
Не өліп, не жылқыны қайырып кел,
Иншалла, батырларым, жолың болар!

Бай берсін, тарлан бозды астыңа мін,
Батырсың жау дегенде қайтпайтын шын.
Бабамның әруағы жәрдем берер
Зонаны қуғын енді күн демей түн.

Сендерді шешелерің ұл деп тапты,
Жүрсіңдер жігіт болып мініп атты.
Ешкімнен қайрат, күшің кейін емес,
Алады қорықпаған батыр атты.

Тез енді, жауды қуып аттаныңдар,
Зонадан «мықты екен» деп қорықпаңдар.
Оны да әйел тапқан, адамзат қой,
Көз салып айласына, ойланыңдар».

Тағы да жиырма-отыз жігіт алды,
Зонамен шабысуды ойына алды.
Қорғастың жағасында жатыр екен,
Артынан батырларың қуып барды.

Қорғастың демалыпты жағасында,
Қалың ну, биік таудың арасында.
Ұмтылып жауды көріп қаһарланды,
От жанып көздерінің шарасына.

ер  әжібай
Әжібай ашуланды жауды көріп,
Ақырды сарбазына қайрат беріп.
«Атқа мінбей жылқыны қуып шық» деп,

Ұмтылды батырларға бұйрық беріп.
Өтеген Әжібайға: «Тоқта!—деді,
Дайындап, қылыш, найзаны мықта,—деді.
Өнердің денедегі бәрін жұмсар,

Мезгілі кәзір осы уақта,—деді.
Жүрегіңнің түгі бар батыр едің,
Жарамсыз ат-тұрманым,—деді,—менің.
Сен айқас Зонаменен қарсыласып,

Қайныңның жаудан алғын өстіп кегін».
Өтеген жол беріпті Әжібайға:

—Сиынып ұмтылғын,—деп,—бір Құдайға.

Сен шаныш, мен шабамын айбалтамен,
Бір қатты соғыс болсын осындайда.
Осындай жоба қылып ат қойыпты,
Қорықпай батырларың жаудан тіпті.

«Батыр—аңғал» деген сөз, шынында, рас,
Ұранын сонда Әжібай ұмытыпты.
Зона да күшке сенген батыр екен,
Демалып Қорғас бойы жатыр екен.

Ұранын айтатұғын ұмытқан соң,
Ақырып «Әжібай» деп барған екен.
«Әжібай, Әжібай!» деп қойды атты,
Қырам деп тірі қоймай қалмақ затты.

Ұрандап «Әжібайлап» сарбаздар да,
Жылқыны түк тастамай қуды қатты.
Батырлар көп жылқыны қуып берді,
Демалып жатқан Зона мұны көрді.

«Қазақта Әжібай ұран жоқ ед» деп,
Ақырып «батыр болсаң, тоқта!» деді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Тарт,—деді,—тұлпарымды менің,—Зона,

Ер екен қорықпаған батыр бұ да.
Артымнан ешкім қуып көрмеп еді,
Мұны мен жіберейін о дүнияға.
Зона да найзасын ап атқа мінді,

Ақырып, күңірентіп, жинап жынды.
«Әжібай, еркек болса шаншысын» деп,
Ер екен, қорықпастан қарсы жүрді.
Асығып атқа мінді, сауыт киіп:

—Бұл өзі қай батыр,—деп,—жүрген тиіп?

Байқамай асығыста түймелерін,
Сауыттың алды қапты ашық, қиық.
Байқамай батыр аңғал жүріп кеткен,
Зулатып Әжібайды қуып жеткен.

«Айдаған жылқыларды тастағын!» деп,
Ақырып батырларға үкім еткен.
Зонаға Әжібай ер қарсы барды,
Өтеген мұны көріп қайта айналды.

Екі дәу бір-бірімен қарсыласып,
Аямай бір-біріне найза салды.
Шанышты бірін-бірі аямастан,
Бірі—кеуде, біреуі шаншып бастан.

Зонаның жүрегіне кірді найза,
Мұнан соң Әжібайдың күші асқан.
Кеп қалды Өтеген де айбалта алып,
Желкеден ер қалмақты кетті салып.

Кеудеден найза кіріп, балта тиіп,
Құлады қайран Зона естен танып.
Қолдады бабалардың әруағы,
Зонаға батырлардың келіп халы.

Жығылды аттан жерге батыр Зона,
Жұлқысқа Әжібайға келмей халы.

ер  әжібай
Жығылды естен танып Зона батыр,
Басына түскеннен соң заман ақыр.
Найзаны қайта тартып алғаннан соң,

Сыртына ішек-қарны шығып жатыр.
Зонаның астындағы атын алды,
Сол жерде Зона батыр дүние салды.
«Танып қой бұдан былай, жау қалмақтар,

Мен—қазақ Әжібай!»—деп айғай салды.
Есітті бұл хабарды жанның бәрі,
Ыза боп қалмақтарға келді кәрі.
Зонаны аттан жерге түсірген соң,

Быт-шыт боп қалмақтардың кетті бәрі.
Зонаның сарбаздары кетті қашып,
Малдарды түгел алды, күші асып.
Жиып ап байдың малын аман-есен,

Қалмақтан отыз атты қалды басып.
Қол қылып төрт жігітті байлап алды,
Басына қалмақтардың азап салды.
«Зонаны тастап кетпей, жерлелік» деп,

Сарбазға екі батыр ақыл салды.
Жемесін қарға-құзғын көзін ойып,
Берелік қонақасыға бір ат сойып.
Ер еді еш адамнан тайсалмаған,

Кетелік басына бір белгі қойып.
«Мақұл» деп сарбаздар да кеңес берді,
Сыйлады барлық қазақ бұл екі ерді.
«Батырлар айтқандарың жөні бар» деп,

Бұл сөзді сарбаздар да мақұл көрді.
Барлығы қонып жатты, дамыл алып,
Зонаның көрін қазды жігіт барып.
Ақ тасқа суретін сап өрнектетіп,

«Ер Зона—қалмақ руы» деп қойды жазып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір жылқы «қонақасы» деп сойды бұған,
«Жігіт қой бұ да біздей батыр туған.
Ер жолы осылайша болады»,—деп,
Бұрынғы батырлардың жолын қуған.

Зонаны бір күн жатып бұлар қойды,
«Батырға қонақасы» деп бір ат сойды.
«Қалмақтың батырының памиті» деп,
Басына тастан ойып белгі қойды.

Қорғастың жағасында қазір де бар,
Аппақ боп көрінеді мұнаралар.
«Қалмақ қорған» деп қазір аталады,
Осылай атап кеткен көп адамдар.

Малдарын аман-есен айдап қайтты,
Халқына болған істің бәрін айтты.
«Тірі боп құтылмаспын бұдан мен» деп,
Тұмарша Әжібайдан ішін тартты.

Ескене Әжібайға болды разы:

—Шырағым, құлыңмын,—деп қысы-жазы.

Қайырып кекті әпердің батырлықпен,
Маған да болғын балам, өзің—қазы.
Қуанды қазақ халқы кек қайырып,
Ерлікпен жаудан малды келді айырып.

Өлтіріп қайраты асып ер Зонаны,
Қалмақтар қала берді бұл қайғырып.
Зонаның Өтегенге атын берді:

—Атын мініп, сауытын кигін,—деді.

Қолыңа найзасын да мықтап ұста,
Әрі жолды, әрі ұшы қанды,—деді.
Бөлісті осылайша олжаларын,
Біріне-бірі разы батырлардың.

«Жіберген бізді жұмсап, сіз едің» деп,
Беріпті Аталыққа малдың бәрін.

ер  әжібай
Тұмарша күлімдеді қасына кеп:
«Саламат, сау келдің бе, батырым»,— деп.
Бір жеңге, екі қызды қасына ертіп,

Жолықты Әжібайға осылай кеп.
Жақындап Тұмарша да келді ептеп,
«Ана жолы батыр маған өкпелед» деп.

—Батыр, сен қаһарланба жолдасыңа,

Қатамды менің қылған—өзің кеш,—деп.

—Тұмарша, жақын келме маған,—деді,

Қасыма жолатпаймын әзір сені.
Алысып қалмақпенен шаршап келдім,
Тынығып, әлденгенше көрме мені.
Жіберді Тұмаршаны үйден қуып:

—Келме,—деп,—бұдан былай маған жуық.

Болсаң да байдың қызы, түсің сұлу,
Көңілім қашан қалған сенен суып.
Қасына Тұмаршаны жолатпады,
Жақтырып айтқан сөзін ұнатпады.

Тұмарша менсінбеп ед бұрын өзі,
Әжібай Тұмаршадан жырақтады.
Демалып аз ғана күн жатты сонда,
Олжаға жауды жеңіп батты сонда.

Бұл жолы «қыз екен» деп бір қарамай,
Қапа боп, Тұмарша қыз қапты сонда.
Сөйлесіп құдалармен қайтып кетті,
Той қылып Тұмаршаны бермек бопты.

Әжібай Тұмаршаға жауап қылмай,
«Сөйлесем, қайырып ап сонда кекті».
Кекті боп Тұмаршаға Әжібайың,
Батырға не қылса да, бәрі дайын.

«Әзірше талтаң басып жүре берсін,
Табылар, Тұмарша қыз, сенің жайың.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сөйлесіп мен көремін сол уақта,
Ішіңді ашытармын, сұлу, тоқта.
Отырсың осы күні айтқаның кеп,
Салармын, тірі болсам, сені шоққа».

Еліне жүріп кетті, аман келді,
Атанды бұл Әжібай батыр енді.
Найзамен Зона батыр өлтіргенін
Қазақ, қалмақ елінің бәрі білді.

Мағлұм боп бұл атағы, мәшһүр болды,
Қырғыз, қазақ, өзбек бәрі білді.
«Зонаны Әжібай батыр өлтірді» деп,
Сөз қылып елдің бәрі жүрді енді.

Қалмақта Қора деген батыр болған,
Зонаны Әжібай өлтіргеннен хабарланған.
«Батырға қонақасы деп бір ат сойып,
Өзі жерлеп, басына белгі қойған».

Мұны естіп, «анық батыр Әжібай» деп,
Сыртынан құмар болды «көрсем-ай!» деп.
«Түстесіп, сол батырмен дос боламын,
Егер де кезім келіп жолықса-ай!—деп.

Шіркін-ай, анық ер боп туған екен,
Жүр екен қандай жерді қылып мекен.
Зонаның одан өлген арманы жоқ,
Түгі бар жүрегінің нақ ер екен.

Кездессем соған, өзім дос боламын,
Ерлігін қашан болса еске аламын.
Жүйрікте батырлығы ерлігімен,
Сай болып төрт түлігі жаралғанын.

Тоқтамас ондай жерде көп батырлар
Соғыста қан төгілген, қалай тұрар.
Қарашы, түнеп жатып, ерлік істеп,
Жерлеуге ердің ері әрең шыдар».

ер  әжібай
Атағы Әжібайдың өстіп шыққан,
Дыбысын талай батыр естіп, бұққан.
Қалмақтың әлем білген Зон батырын,

Күші асып, найзаменен жерге тыққан.
Бақыт, бақ өстіп қонды Әжібайға,
Атақты Зон батырға салды найза.
Ерлігі осы жолғы соғыстағы

Жайылған қазақ, қалмақ, талайларға.
Аулында аз күн жатып, демалады,
Етеді жұрты құрмет ер баланы.
«Қалмақ жауға тағы да аттанам»,—деп,

Әжібай ел-жұртына сөз салады.
«Барсаң бар, жолың болсын!»,—деді халқы,
Бата алар—жауға аттанса, ердің салты.
Мал сойып ақ сарбасқа, бата беріп,

Шулады «Аман бол!» деп елі артқы.
«Мақұл» деп сарбаздарын жиып алды,
Басшы қып Өтегенді қасына алды.
«Қалмақтың малын шауып аламыз» деп,

Арасына Алатаудың бұлар барды.
Күшік пен бірге жүрді Есбол батыр,
Гуілдеп өңкей батыр келе жатыр.
Қалмақтың елін шауып, жылқысын ап,

Басына салмақ болып заман ақыр.
Қалың ну қарағайға барып кірді,
Қайтпайтын жау дегенде өңкей ер-ді.
«Осы жерде тынығып ап, шабамыз» деп,

Болжалдап байқап жатыр елді, өрді.
Бір-екі күн осы жерде дамылдады,
Бақылап шабар жерін жаңылмады.
Аттанып үшінші күн батырларың,

У-шу қып бір ауылды шауып алды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Үш адам, жүз елу жылқы алып қайтты,
Батырлар олжалады жау қалмақты.
Екі қыз, бір жігітті құлдыққа ап,
Осындай олжаменен бұлар қайтты.

Біреуі қыздың өте сұлу екен,
Ай жүзді, өткір көзді, тілге шешен.
Әжібай Тұмаршадан кек алмақ боп,
Некелеп мұны өзі алған екен.

Дина деп ат қойған екен оның атын,
Тексеріп не қыламыз арғы затын.
Тұмарша менсінбеп ед бұрын мұны,
Сол үшін кек қайырып, алды қатын.

Батырың әйел алып жата берді,
Сыйлайды қазақ халқы Әжібай ерді.
«Қайның бар, әйел апсың, бұл қалай?»—деп,
Жақтырмай бұл жұмысын Алтай келді.

—Шырағым, неге аласың қалмақ қызын,

Өкпе қып, жоқ нәрсеге жүрсің өзің.
Көп жігіт жете алмай жүр Тұмаршаға,
Жақтырып отырғам жоқ мұның өзін.
Осылай жайлап айтып, жүріп кетті,

Әжібай айтты: «Тұмаршаның қорлығы өтті.
«Тимеймін, құл тәрізді» деп еді мені,
Қайырам Тұмаршадан дәл сол кекті.
Қайынның керек емес жаратқаны,

Мен өзім ызаменен қалап алдым.
Қондырам Тұмаршаны тоқал атқа»,
Батырың осылайша жобалады.
Есітті бұл хабарды Тұмарша да,

Әжібай әйел апты бара сала.
Сөз салды әкесіне: «Ажырат,—деп,
Әкежан, мен байғұсты десең бала.

ер  әжібай
Бармаймын қатын үстіне тоқал болып,
Бересің кәйтіп мені соны көріп.
Қалмаққа тоқал болып барғанымша,

Қалғаным жақсы емес пе одан да өліп.
Әкежан, көргін менің көз жасымды,
Құтқарғын бұл бәледен бір басымды.
Зорлық қып, қалмаққа күң қылсаң мені,

Саламын жер астына жамбасымды».
Әкесі жауап берді: «Болмайды,—деп,
Қызына ашуланды,—жүргін,—деп,—тек.
Егер де сені оған бермей қойсам,

Талқандап шауып алар Әжібай кеп.
Қорқамын Әжібайдан өзім жаман,
Қызым-ау, мұндай сөзді айтпа маған.
Қорыққан қылышынан қазақ, қалмақ,

Ажалы Зона батыр болды сонан.
Хат жазам «балаңды ал» деп Найманбайға,
Мен дағы түсіп тұрмын сондай ойға.
«Ал енді келініңді» деп айтамын,

Әкел деп малдарыңды сояр тойға.
Бір жауап одан кейін болар одан,
Әжібай азамат қой ұл боп туған.
Жіберсе той малменен күйеуімді,

Отаулап, енші бөліп берем саған.
Күң берем, құлды жалдап саған жұмсап,
Жағдайға қарау керек адам құсап.
Ең алғаш келгенінде Әжібайдың

Аяғын жібергенсің сен де тұсап.
Сақтаған саған кегін қайырды ол,
Әжібай ақымақ емес, ақылы мол.
Қарағым, ондай қылма бұдан былай,

Әр істі ақылға сал, айтарым сол».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мұны айтып қағаз жазды қалам алып:
«Құдеке, тыңда сөзді, құлақ салып.
Бойжетті, он сегізде қызым менің,
Кел дағы келініңді кеткін алып».

Осылай құдасына қағаз жазды,
Көңілдегі құдасына айтты назды.
«Келерсің өзің біліп ер Найманбай,
Той малға көптей көрем, берсең азды.

Жібергін күйеуімді, кешіктірме,
Сөзімді таңырқама естігенде.
«Әжібай әйел апты» деп естідік
Бақытты болсын, Найеке, келінің де».

Оқиды құдасының жазған хатын,
Дайындап ала жүрді айтқан затын.
Нашар қып жіберген жоқ Әжібайды,
Жақсылап құдасының мініп атын.

Әжібай қайнына өстіп барды,
Разы қып, топтап айдап талай малды.
Үй тігіп «күйеу келді ауылға» деп,
Құрметпен Әжібайды қарсы алды.

Қызына дайындады жасау, жабдық,
Алдырды қалалардан түрлі сандық.
Бөлекше бір ауыл қып отырғызды,
Мал бөліп төрт түліктен, міне, барлық.

Той қылып тамашалы ат шаптырып,
Бұл тойға келді халық көп жиылып.
Барлықпен Тұмаршаға күң, құл жалдап,
Ұзатты парасатпен енші бөліп.

Ұзатты осылай қып Тұмаршаны,
Түрленіп, келісіп тұр барлық сәні.
Арттырып тоғыз нарға жасау, жабдық,
Еңіресіп көшкен елдей болды мәні.

ер  әжібай
Аулына Найманбайдың келін келді,
Той қылып шақырыпты талай елді.
Алдынан Тұмаршаның Дина шығып,

Ізетпен иіліп кеп, сәлем берді.
Тұмарша айтты Динаға: «Қайдан келдің,
Алдыма кішілік қып сәлем бердің.
Құрбым-ау, бұл ісіңнің мәні қалай,

Мағлұм қып, ақиқатын айтып бергін».

—Естігем атағыңды Тұмарша деп,

Кішілік қып тұрмын алдыңа кеп.
Батырдың бәйбішесі болғаннан соң,
Құрмет қып тұрмын ғой, қызметкер боп.

—Динажан, бұл ісіңе көп рахмет,

Жолдас боп тату-тәтті, ойыңа жет.
Ойлаушы ем, мұндай адам емес қой деп,
Батырға бір адамдай болалық тек.
Той болды тамашалы келін түсіп,

Халайық қарық болды, қымыз ішіп.
Жалайыр жасөспірім Қабан ақын
Келінмен жаңа түскен кетті айтысып.
Тұмарша өлеңге де өте шебер,

Өлең мен сөзді алдына төгіп берер.
Айтысып екі ақын таң атқанша
Күн шыға бұл екеуі тарқады дер.
( Айтыстан үзінді )

Қабан:

—Әуелі сөз сөйлеймін, иә, Рахман,

Бұл тойға жұрт жиылды жақсы-жаман.
Дәм айдап біздің елге келін бопсыз,
Жеңеше, сау жүрмісің есен-аман?

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тұмарша:

—Мен дағы сөз қозғайын бісмілладан,

Білмейді қатар жайын кейбір адам.
Көзіме өте жас боп көрінесің,
Есіміңіз кім болады, айтшы маған.
Қабан:

—Білсеңіз ақын Қабан—менің атым,

Сұрадың амандаспай жігіт атын.
Қаншама мақтағанмен Тұмарша деп,
Жеңеше, шамалы екен мағлұматың.
Тұмарша:

—Қайным-ау, өзіңіз де жүрсіз бе аман,

Жеңге боп кеп отырмын өзім саған.
Шырағым, ашуланбай жөнін айтшы,
Атыңды не себеппен қойды Қабан?
Қабан:

—Атымды қайтпасын деп, қойды Қабан,

Қайны боп жаратылдым өзім саған.
Еркімен қалмаққа күң болғаннан да,
Болып па менің атым одан жаман.
Тұмарша:

—Қайным-ау, жаман емес сенің атың,

Баласың байқап тұрсам сөз ұғатын.
Әйелді, кім мал берсе, сол алады,
«Нақ сүйер», «ақ тоқал» намды болар қатын.
Қабан:

—Ешкімнен туа бермес сіздей перзент,

Бітіпті хор қызындай сізге келбет.

ер  әжібай
Тоқалдың жарамдысы боласың ғой,
Байқасам дінің тетік, сөзің өжет.
Тұмарша:

—Болмасам да тоқал әйел ағаң сүйген,

Өзіңдей талай жастың іші күйген.
Қайным-ау, тоқалсың деп кемітпегін,
Тоқалға әуел бастан дұға тиген.
Қабан:

—Сөздерің, жеңешетай, қандай тәтті,

Көңілдің жарқыратып шамын жақты.
Батырға ақ тоқал боп жастайыңнан,
Анаңнан туыпсыз болып бақты.
Тұмарша:

—Сау болғын, қайран қайным, көргенімше,

Ішімнен қаял кетпес өлгенімше.
Кетпессің күндіз естен, түнде түстен,
Қайным-ау, ойлап жүргін сен де өзіңше.
( Осымен айтыс тоқтады )

Той тарқап, елдің бәрі кетті тарап,
Аттанды тойға келген барлық қонақ.
Ағайын, жақындарын жиып алып,
Алтай би сөз бастайды жұртқа қарап.

—Әжібай бөлек ауыл болсын,—деді,

Бір сайға көшіп барып қонсын енді.
Атанып Әжібай ауылы, даңқы шығып,
Өзіне өзі қожа болсын,—деді.
Әжібай өзі бөлек ауыл болды,

Бір жерге жеке ауыл боп көшіп қонды.
Тұмарша Динаменен тату болып,
Өлгенше бір ұрыспай дәурен сүрді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бірқатар осыменен күндер өтті,
Арасы қазақ-қалмақ болған кекті.
Естіліп суық хабар Әжібайға,
«Қазақты қалмақ келіп шауып кетті».

Мұны естіп шыдамады ер Әжібай
Қорлықты көрген емес бұрын мұндай.
«Қалмақтан кек алуға аттанам» деп,
Халқына хабар салды деп осылай.

Аттанды қастарына сарбаз алып,
«Өш, кекті қайтарам,—деп,—жауға барып».
Егер де күші жетсе қалмақтарға,
Қайтпақ боп малын алып, ойран салып.

Өтеген жолаушылап Самарқанға
Сапарлап кетіп еді, жоқ боп мұнда.
Аттанды қалмақтарға басқалармен,
Он бестей жігіт алып, шықты жолға.

Жоқтады Өтегенді ер Әжібай,
«Батырдың бұл жорықта болмағаны-ай.
Ақылгөй, басшылыққа жақсы еді»,—деп,
Өкініп аттанды да жүре берді-ай.

Қоштасып еліменен жүріп кетті,
Қалмақтан қайырмақ боп бұлар кекті.
«Тез жүріп, бүгін тауға жетеміз» деп,
Аттарын қатты қинап, үкім етті.

Қинады қатты жүріп мінген атын,
Келеді бұлар құрап батыр салтын.
Күн шыға тоғайға кеп тығылғанда,
Қалмақтар көріп қалды жаудың артын.

Қазақтан қалмақтарың хабарланды,
Халқына хабар беріп жиып алды.
Дейтұғын Қатын төре бастығы бар,
«Ұста!» деп аттандырды барлық жанды.

ер  әжібай
Бақытсыз кез келді олар бір сапарға,
Ұрынды барлық жігіт бір қатерге.
Қалмақтар айналасын қамап алып,

«Ұстаңдар!» деп бұйырды осы жерде.
Қатын хан «тірі ұста» деп бұйрық берді,
Жауларды алмақ болған біздің елді.
Айнала қалың қалмақ ортаға алып,

Қоршап ап, шығармады бір адамды.
Қазақты қалың қалмақ ортаға алған,
Мінгені Әжібайдың ақбоз тарлан.
Айғайлап қалың жауға барып еді,

Жүрмеді шаршаған ат одан арман.
Қамалап жау қалмақтар ұстап алды,
Тас байлап, аяғына кісен салды.
Әжібай жау қолына түскеннен соң,

Қалғанын соғыспай-ақ байлап алды.
Құл қылып барлығын да байлап жатыр,
Қор болып, қолға түсті қайран батыр.
«Ап жүр» деп, Қатын төре әмір қылды,

Құл қылып қазақтарды келе жатыр.
Қалмақтың қуанышты адамдары,
Қазақтың қолға түсті батырлары.
Әжібай бастығы боп сегіз адам,

Құл болып кете берді баршалары.
Қалғаны қашып-пұсып тауға кетті,
Сегізін байлап алып, қалмақ кетті.
Ұсталған қазақтарға қинау салып,

Қор қылып, Қатын төре жұмыс істетті.
Әжібайды Қатын төре қолына алды,
Аяққа қашпасын деп кісен салды.
Тас тасып, ор қаздырып, қатты қинап,

Шаршатып, бейшараны қатты аздырды.
13-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шаршады Әжібайдың әлі кетіп,
Қу дүние осыменен барады өтіп.
Екі жарым жыл құлдықпен өмірі өтті,
Аяусыз жау қолында бейнет етіп.

Әжібай тұтқын болып қолда жатты,
Қалмақтың азды-көпті дәмін татты.
Батырың кісендеулі жата берсін,
Ақыным, қазақтардан хабар айтшы.

Еліне қалған қазақ қашып кетті,
Азып-тозып, жаяулап әрең жетті.
Сегіз жігіт «Әжібай ұсталды» деп,
Қазақтар қашып барған хабар етті.

Осылайша естілді суық хабар,
Ішінде тұтқындардың Әжібай бар.
Бұл сөзді естіп Алтай қайғырады:
«Апырай, енді күнім қандай болар?!

Қалды екен қандай жерде қайран боздақ,
Айрылып Әжібайдан қалдым боздап.
Көтерген Алатауды Әжібайым,
Басымнан ажырамас салдың азап.

Айрылдым Әжібайдан тірідей-ақ,
Басымнан менің ұшып кетті ғой бақ.
Айрылдым асқар таудай Әжібайдан,
Өлтірді-ау, жау қалмақтар аямай-ақ!»

Қайғырып Алтай биің жатып қалған:
«Айрылдым Әжібайдан дүние жалған.
Көзімнен бұлбұлша ұшты қайран ерім,
Шемен боп, тіршілікте кетті-ау арман.

Арыстаным, қандай жерде қалдың екен,
Дүнияны қайтіп қана салдың екен.
Құл болып қалмақтарда бейнет істеп,
Жан қинап, бір құлдыққа салды ма екен?!»

ер  әжібай
Әжібайдан қазақ елі күдер үзіп:
«Босанбас, сірә, бұдан қамал бұзып.
Зон батырдың жуады қанын қанмен,

Батырды өлтірді ғой мойнын үзіп».
Өлді деп Әжібайдан күдер үзген,
Көңіл айтты Найманбайға әркім сөзбен.
Қоймайды кәпір қалмақ кек қайырмай,

Батырды ел қорғаған мойнын бұзған.
Тұл қалды Әжібайдың әйелдері,
Жоқ болып, хабарсыз боп кетті ері.
Әркім-ақ «Тұмаршаны аламын» деп,

Қазақтың айтып жүрді жігіттері.
Ақымақтар: «Тұмаршаны аламын, деп,
Өмірлік ұзақ жолдас боламын, деп,
Тұмарша дұрыс көріп тисе маған,

Қызықты өлгенімше көремін»,—деп.
Тұмарша Динаменен өте тәтті,
Бұларға ағайыны тіпті қатты.
Алтайға Тұмаршаны жек көрсетіп,

Бір жігіт би Алтайға кеп жамандапты.

—Келінің бұзылды ғой, Алтай аға,

Қалмайтын бізде болды енді баға.
«Суанның бір жігіті аламын» деп,
Күнде кеп түнейді екен Тұмаршаға.
Мұны естіп ренжиді Алтай биің,

Әкімдік ол кісіге емес қиын.

—Шын болса осы сөзің, інішегім,

Аузына түсіремін оның миын.
Осындай әртүрлі өсек сөздер болды,
Алам деп жесір қалған әйелдерді.
Сөз салып ағайыны «маған ти» деп,

Ағайыны Тұмаршаға бәле болды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ешкімге бұл Тұмарша тимей қойды,
Жігіттің айтқан сөзі бұзды ойды.
«Кебенек киіп кеткен батырым ғой,
Күтемін өлгенімше жолын»,—деді.

Күнелтіп осыменен жүре берді,
Ұмытты барлық қазақ Әжібайды.
Албанның балалары мекен етіп,
Жүр екен Көксу менен Күреңбелді.

Су жетпей жазды күні болды шатақ,
Шөлдеген жылқылар мен қойды матап.
Дина мен Тұмаршаға «құдық қаз!» деп,
Алтай би бұл екеуін жұмсады атап.

Көрсетті бір бөктерді ертіп барып,
Күрек, кетпен көтерді екі ғаріп.
«Осы жерден су шығарып, құдық қаз» деп
Тастады айдалаға алып барып.

Көрсеткен жерінен бұл құдық қазды,
«Мекен қып үй тіксек,—деп,—мына сазды».
Күн ыстық, киімдерін шешіп тастап,
Шөл қысып өткізеді ала жазды.

Тұмарша құдық қазып жатыр еді,
Демалып Дина сыртта отыр еді.

—Біреу келе жатыр ғой дүрсілдетіп,

Динажан, көйлегімді әпер,—деді.
Дина айтты: «Көрінбейді ешбір адам,
Ол дүбір естіліп тұр қайдан саған.
Қаза бер құдығыңды шаршағанша,

Еш нәрсе көрінбейді сыртта маған».
Тұмарша осыны айтып отыра қалды,
Қолымен екі емшегін басып алды.
Ұялып өз-өзінен «Ататайлап»,

Иіліп сәлем қылды бір дәу шалды.

ер  әжібай
Еңкейіп, ізетпенен сәлем қыпты,
Сақалы ұзын, бет-аузы екен түкті.
Астына есек мінген, сәлдесі бар:

—Ау, балам, қандайсың,—деп жақын кепті.

Шал айтты: «Қолыңды жай, балам, деді,
Көңілің боп жүр екен алаң, деді,
Зарлаған дауысыңа шыдай алмай,
Келіп ем, бата бергелі саған»,—деді.

Тұмарша «әумин» деп қолын жайды,

—Жаратқан тірі әкел,—деп,—Әжібайды.

Саламат, аман көрсет батырыңды,—деп,
Жаратқан оңдай көр,—деп,—барлық жайды.

—Бір Алла ойдағысын бергін, деді,

Көз жасын бейшараның көргін, деді,
Жандырып еңбектерін істеп жатқан,
Бұлақ боп, астынан су өнгін,—деді.
Жолдасын кездестіргін аман-есен,

Тұқымы өсіп, баласы болсын көсем.
Аямай мал мен басты бірдей беріп,
Ішінен баласының шықсын шешен.
Соны айтып әлгі адам жүріп кетті,

Тұмарша батасын ап «әумин» депті.

—Мен көргем жоқ, сен не айтып отырсың?—деп,

Дина осылай Тұмаршаға жауап етті.

—Мен өзім әлгі адамнан қатты ұялдым,

Динажан, көйлегімді әпермедің.
Қол жайдым «әумин» деп, бата берді,
Анық көрдім, ол кісіні сен көрмедің.
Қызыр кеп бата берді Тұмаршаға,

Құдықты қаза берді, тағы жана.
Күрегін салған жерден су бұрқ етіп,
Құдықтан жөнелді су асып аға.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Су ішіп, сусындады екі пақыр,
Құдық толып, су асып ағып жатыр.
Екеуі бүгінгі іске қайран болып,
Біріне-бірі айтып, қарап отыр.

Құдықтан су ағызып үйге қайтты,
Алтайға болған істің жөнін айтты.
«Келіндер суды қалай шығарды» деп,
Биекең атқа мініп барып қайтты.

Көрген соң, бек қуанды Алтай биің:
Бұл жерден су шығуы өте қиын.
«Талай жігіт терең қып қазса дағы,
Су шықпай қалушы еді, болмай бұйым.

Бұл жерден шығарды су балаларым,
Кеп еді өсекке еріп менің кәрім.
Бұлардың көңілін енді көтерейін,
Боп жүр ғой бейшараның көңілі жарым».

Алтай би көңілденіп үйге қайтты,
Көшіріп Тұмаршаның жүгін артты.
«Өзің қазған құдықтың суын іш» деп,
Алтай би келіндеріне ақыл айтты.

Сол құдық қайнар болып әлі жатыр,
Су ағызып, қазып жүрген екі пақыр.
«Керемет Тұмаршада бар екен» деп,
Ойлады ақылменен Алтай батыр.

«Апыр-ай, бұл келінім тегін емес,
Болмас,—деп,—Тұмаршаға ешкім теңдес.
Бұл өзі қасиетті адам екен,
Енді Алтай арадағы өсекке ермес».

«Сіз-біз» деп мұныменен жүре берді,
Қасиетін Тұмаршаның көзбен көрді.
Әрқашан Тұмаршаға ақыл салып,
Осылай ынтымақпен жүре берді.

ер  әжібай
Қызырдан Тұмарша өстіп бата алады,
Мекен қып жүре берді сары даланы.
Қазіргі Талдықорған аймағында

«Бастауы,—деп,—Тұмаршаның» аталады.
Сол құдық бастау болып ақырында,
«Рас» деп ел айтады осы күнде.
Қысы-жазы суы бір үзілмейді,

Мал баққан жетіп жатыр талай жанға.
Жайлайды бұл бастауды колхоздар кеп,
Жақсы жер, шөбі шүйгін, малы да көп.
Айналада аппақ боп қой жатқан соң,

Кетіпті осы кезде «Ақ бастау» деп.
Қазақтар суын ішіп жата берсін,
Қызыққа құдық қазып бата берсін.
Әжібай кісендеулі қалып еді,

Батырдан ақын енді хабар берсін.
Құл қылып Қатын төре Әжібайды,
Болмады батырға бұл өте жайлы.
Жарытпай тамаққа да ит құсатып,

Қинау сап деді төре «өлсе мейлі».
Айтайын Қатын төренің енді жайын,
Ақылмен билейді екен өзі байын.
Байына ерік бермей билік жасап,

Деп кеткен Қатын төре содан кейін.
Сонымен елді билеп жүреді екен,
Арасын Алатаудың қылып мекен.
Азулы болғаннан соң мұның өзі,

Қалмақтар «Қатын төре» деген екен.
Әжібай екі жарым жыл мұнда болды,
Арықтап қызыл жүзі әбден солды.
Күндіз-түні сорлыға бір тыным жоқ,

Батырың қорлықпенен өлмек болды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Есітті бір күн Қора Әжібайды,
Біледі қандай болса батыр жайды.
«Құл болып жүр осы күнде Әжібай» деп,
Білетін біреу келіп айтты жайды.

«Құл қып жүр Қатын төре Әжібайды,
Арыпты өлмек болып, емес жайлы.
Әлсіреп халі кетіп осы кезде,
Сорлыға жөндеп бермес ыстық шайды».

Мұны естіп Қора батыр атқа мінді,
Анығын білейін деп тұра жүрді.
«Әжібай қазір құл боп жүрсе онда,
Онымен дос болайын,—деді,—енді.

Төреден Әжібайды сұрап алсам,
Босатып, сұрап алып, қоя берсем.
Ер еді ұл боп туған адамзатта,
Еркімен қайран сабаз бос боп жүрсін».

Төреге осыны ойлап келді батыр,
Салыпты Әжібайға заман ақыр.
Сөйлеуге аузы зорға әрең келер,
Шаршапты әбден арып таспа-тақыр.

Төреден сауға сұрап батыр келді:

—Олжа,—деп,— Әжібайды бергін,—деді.

Өлтірген Зон батырды дәл осы еді,
Жүрегінің қанын ішем мұның енді.
Жалынып сұрап жатыр батыр Қора:

—Сенсің,—деп,—қалмақтарға болған мұра.

Сыйласаң батырым деп, тақсыр ханым,
Беріңіз Әжібайды, сұлтан төре.

—Апар,— деп Әжібайды берді оған,

Әкелген сыйлық, тарту—батыр соған.
Қатын төре сұрағанын бергеннен соң,
Қайтыпты разы боп батыр бұдан.

ер  әжібай
Батыр кеп Әжібайды сұрап алды,
Төреге Қора батыр айтып жайды.
Үйіне Әжібайды алып келіп,

Бір семіз қысыр емген сойды тайды.
Терісіне Әжібайды орап салды,
Қалжалап Әжібайға сойды малды.
Мәпелеп үш ай бағып батырыңды,

Бұрынғы еті толып адам болды.
Әжібайды Қора батыр үш ай бақты,
Қалжалап тамақ беріп мәпелепті.
«Көңілі көтерілсін батырдың» деп,

Қасына бір жас әйел жолдас қыпты.
Батырдың еті толып адам болды,
Жақсылап баққаннан соң болды өңді.
Екі батыр кеңесіп, сырласпақ боп,

Бір күні Әжібайға хабар берді.
Шақырып Әжібайды қасына алды,
Түстесіп екі батыр дос боп қалды.
«Батырым, еліңе енді қайтарам» деп,

Бұл сөзді Қора батыр аузына алды.

—Сұрайтын, батыр, менен қолқаң бар ма,

Сұрағын керегіңді, қапы қалма.
Беремін қалағаныңды, батыр, сенің,
Мақтанғын аулыңа алып бар да.

—Сұрайтын ешнәрсем жоқ, батыр, сенен,

Дос болдым құшақтасып өзіңменен.
Ақылға салсақ мұны, аз олжа емес,
Мұндайды ешкім таппас дүниеден.
Мінгізді Әжібайға қысыр бие:

—Өзіңе болғын,—деді,—өзің ие.

Сауып іш жеткеніңше, шөлдемейсің,
Аулыңа бір барасың жүре-жүре.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қоштасып Әжібайды жолға салды,

—Аман бол, батырым,—деп қолын алды.

Берерсің бір кеп сәлем, батыр болсаң,
Мұны айтып батыр Қора кейін қалды

—Әжібай, саған айтар менің сөзім:

Тыныш қайт, ерлік қылмай сенің өзің.
Қолға түскен батырға бұл да бір серт,
Түспесін жылқыларға, батыр, көзің.
Бір жылдай аттанбағын қалмақ жаққа,

Үлкеннің жаман болмас сөзін ұқса.
Бір жылдан соң өзің біл, Әжібайым,
Батырға ойға алатын бұл бір нұсқа.
Еліне жалғыз өзі келе жатыр,

Ер Қора «тыныш қайт!» деп айтқан ақыл.
Батырға осылай шарт ырым болар,
Егерде тек қайтпаса, болмас батыр.
Әжібай қош айтысып, жүріп кетті,

Бірталай екі арада күндер өтті.
Аулына жалғыз өзі келе жатыр,
Құтылып қалмақтардан, бұрып бетті.
Бұл ақыл ойында бар, тыныш қайтты,

Батырдың Қора досы жолын айтты.
Ақырын желе аяңдап босаған соң,
Еліне тыныш кәне тура тартты.
Найманбай Әжібай жоқта өлген екен,

Мұқыры, Көксу бойын қылған мекен.
Тағдыры қаза жетіп өлгеннен соң,
Өзгесі таза арулап көмген екен.
Мал сойып жатыр екен асын беріп,

Жиылып шақырған ел бәрі келіп.
Дуылдап ел жиылып жатқанында,
Әжібай өлді деген қалды келіп.

ер  әжібай
Қуанып елдің бәрі амандасты,
Шуылдап келіп жатыр кәрі-жасты.
Ішінде көпшіліктің өзгеше боп,

Алтай би «бауырымдап» амандасты.

—Өлгенім тірілді ме, отым жанып,

Жұртым-ау, Әжібай ма мынау анық?
Көзіме әлде менің елестеді ме,
Шын ба, әлде өтірік пе айтшы, халық?
Сенбеймін, мен осыны Әжібай деп,

Әйтеуір көрініп тұр қасыма кеп.
Жұртым-ау, көңілімді қуантсаңшы,
Күлдіріп, мен байғұсқа бірдеме деп.
Сол кезде Өтеген кеп аттан түсті,

Түстесіп Әжібаймен бұл көрісті.

—Биеке, бауырың келді, көрімдік бер,

Өтеген Алтай бидің тонын шешті.
Әжібай аман-есен елге келді,
Келгенін сау-саламат халқы білді.
«Саламат, көрмегелі саумысыз» деп,

Әуелі үлкендерге сәлем берді.
Кездесті Дина менен Тұмаршаға,
Бұларға еш уақытта болмас баға.
Батырдың алтын жүзін аман көріп,

Түрленді бір түрлі боп Тұмарша да.
Саламат қуанды елі батыр келіп,
Әкесі марқұм болып, қалыпты өліп.
«Өлді» деп күдер үзген Әжібайдан,

Жатқанда асын беріп қалды келіп.
Осындай қуанышқа бұлар кірген,
Үш жылдай елін көрмей, құл боп жүрген.
Кебенек киіп кеткен ер емес пе,

Еліне аман-есен бұ да келген.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Демалды біраз уақыт тыныш жатып,
Ел-жұрты қуанышқа қалды батып.
Келді деп батыр аман естіген соң
Жас-кәрі келіп жатыр күн-түн қатып.

Қосылды ер Өтеген жолдастасып:
«Батырым, бұйырды,—деп,—елден нәсіп.
Қалмақты тізе қосып бір шапсақ», —деп,
Ішінен екі батыр боп жүр асық.

Жаз өтті. Қыс та өтті, бір жыл толды,
Бір күні елді Әжібай жиып алды.
«Қалмаққа аттанамын, бата бер» деп,
Қазақтың кәрияларына ақыл салды.

Мал сойып, елді жиды екі батыр,
Жақсыдан талай адам келіп жатыр.
«Қалмаққа аттанамыз, рұқсат бер» деп,
Батырлар білімпаздан сұрап жатыр.

«Мақұл»,—деп бата берді қазақ халқы,
Ат тонын даярлады, елдің салты.
«Әруақтар жәрдем бергін батырға»,—деп,
Қол жайып, бата берді шулап халқы.

Қасына елден ылғап жолдас алды,
Көрмессің мұндай туған батыр жанды.
Он жігітке басшы боп екі батыр,
Қоштасып ағайыны жолға салды.

Жасанып он екі адам жолға шықты,
Қайтпайтын, қарсыласса, өңкей мықты.
Бет алып Алатауды өңшең маңғаз,
Іледен сал буды да өтіп шықты.

Байшымыр, қасына ерген Есбол батыр,
Гуілдеп өңшей ерлер келе жатыр.
Көздері қып-қызыл боп қанталаған,
Салады, қарсыласса, заман ақыр.

ер  әжібай
Сал буып, жүзіп өтті Іле суын,
Қолына көтеріп ап соғыс туын.
Түн қатып, күндіз жүрмей келе жатыр:

«Қайтсақ,—деп,—шауып алып қалмақ жауын».
Барлығы Шелекті өрлеп келе жатыр,
«Қалмақты шабамыз» деп екі батыр.
Бекінді тау ішіндегі қарағайға,

«Бұларға саламыз,—деп,—заман ақыр».
Көрінбей қалың нуға кетті кіріп,
Бас бағып, қалмақтарды жатыр бағып.
Әжібай жігіттерге мынаны айтты:

—Қораға келем,—деді,—сәлем беріп.

—Өтеген, барсаң бар,—деп жауап берді,

Құрметтеп сыйлау керек ондай ерді.
«Батыр-ау, жау қалмаққа бармағын» деп,
Жігіттің өзгелері зар еңіреді.

—Қораға сәлем беріп амандасам,

Батырмен жұмыс жайлы ақылдасам.
Осы жерде сендер тыныш жата бергін,
Мен енді солай қарай қадам басам.

—Барма,—деп өзге жігіт жалынады,

Заты жау, қалмаққа жат не қылады.
Сізбен дос болғанмен, түбі жау ғой,
Ұстап ап бәрімізді құл қылады.

—Барма,—деп өзгелері жалынады,

Әжібай: «Барамын»,—деп қабынады.
Барсын,—деп,—шын дос боса ақыл айтар,
Жалғыз-ақ болды Өтеген ұнағаны.
Басқаның тілін алмай жүріп кетті,

Батырлар қалмақтарға өте кекті.
Көрінбей еш адамға, түнде жүріп,
Қораға ер Әжібай барып жетті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Үйіне сәлем беріп кіріп барды,
Келгенін Әжібайдың хабарланды.

—Саламат, досым, аман келдің бе,—деп,

Қуанып Қора батыр қарсы алды.

—Аман ба ел-жұртың мен қатын, балаң,

Әжібай, сенің маған артық бағаң.
Төстесіп дос болып ең меніменен,
Жарадың, келіп өзің бердің сәлем.
Қорқып, қауіп қылып тайынбадың,

Көңілден достық жолын айырмадың.
Болады сонда батыр қасиетті,
Досым-ау, сол мінезден айрылмағын.
Мен саған ризамын, не десең де,

Қалмақтың бәрін шауып сен жесең де.
Айт, қандай жұмыстарың болса менде,
Қылмаспын жаманшылық у берсең де.
Қош келдің, Әжібайым, сәлем беріп,

Қартайған отырсың ғой мені көріп.
Ал, досым, жұмыстарың бар ма менде,
Сөйлегін, Әжібайым, хабар бергін.

—Досым деп хабар беріп сізге келдім,

Батасын алып келдім талай елдің.
Ауызға достық атақ алғаннан соң,
Деп келдім үлкенсіз ғой, қолқа берген.
«Барма» деп айтып едің, қалағаның,

Ол кезде нашар болып ала алмадым.
Кегімді қалмақтардан алып берсең,
Анық дос болып, іске жарағаның.
Келіп ем, ақыл сұрап өзіңізден,

Ақсақал дос болдыңыз өзің бізбен.
Дос болсаң ақыреттік, сөзде тұрып,
Кегімді алып бергін еліңізден.

ер  әжібай
Сұрайтын, батыр, сізден қолқам осы,
Жөнделер, ақыл берсең, елдің қошы.
Кегімді қайтып алам, жолын көрсет,

Батырдың ақыреттік болсаң досы.
Батырсың дүниені түгел кезген,
Аралап барлық елді көзбен көрген.
Үш жылдай зынданға сап Қатын төре,

Батыр-ау, әлсіретіп әбден езген.
Ақыл айт, қайтып алам осы кекті,
Қорлығы осы иттердің жаман өтті.
Тақсыр-ай, сізге салған қолқам осы,

Рұқсат берсең, маған жол көрсетші.
Қораға дәл осылай сөздер айтты:

—Сізге мен ақтаймын,—деп,—достық шартты.

Жәрдем бер осы жолы, досым, маған,
Көзіме батырлықты бір көрсетші.

—Жарайды,—деді Қора,—айтам ақыл,

Сөзіме менің айтқан болсаң мақұл.
Айтайын енді саған бір әңгіме,
Сен маған енді таман отыр жақын.
Ағасы Қатын төренің Күріте бай,

Байлығын айтып болмас тіпті солай.
Аямай мал мен басты сол Күртіге,
Есепсіз көп жылқыны берген Құдай.
Жақында мен сол байға өкпеледім,

Жүр еді ісім түспей көптен менің.
Қайырды ренжітіп батырыңды,
Соған мен ісім түсіп, барып едім.
Күріте деген еді байдың аты,

Құл болған осы байға қалмақ халқы.
Атақты қалмақтарда жылқысы көп,
Бір тайдың майын бермес еді салты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Күрітенің батыр мінер бір аты бар,
Сол атты бір мінуге боп ем құмар.
Атының майын сұрап барып едім,
Ақымақ бермей қойды жаман мұндар.

Күріте теріскейге қонған екен,
Ол өзі Шелек бойын қылған мекен.
Жылқыны Алатауға айдап салып,
Аулында бие байлап жатыр екен.

Аты бар құла төбел батырға лайық,
Көбейіп жылқылары, кетті байып.
Ол атты жылқыға әсте жібермейді,
Жүреді түнде байлап, күндіз жайып.

Осы атын сұрап едім, бермей қойды,
Осыған ыза болып бұздым ойды.
Әжібай, соған қатты ашуландым,
Шырағым, соған істе енді «тойды».

Бір туған Қатын төре ағайынды,
Айтайын, досым саған мен жайымды.
Қатынға күшің жұмсап әуре болма,
Шауып ал, шамаң келсе, сол байымды.

Ақылым саған айтар осы менің,
Әуелі ақылға сап білгін жөнін.
Отырған сайдың басы—бір кең жайлау,
Көрінбей сол араға бекін өзің.

Күртінің жылқысы сонда жатыр,
Мықты боп, сай басына бекін, батыр.
Сол жерден аңдып жүріп атты алғын,
Шығасың сонда қырға өзің ақыр.

Тыныш жат, мықты болып бекініп ал,
Ол жерде қалың тоғай—терек пен тал.
Әйтеуір аңдып жүріп атты алсаң,
Батырым, сенікі ғой жайылған мал.

ер  әжібай
Атты алмай, әуре болма малды қуып,
Қолыңа атты түсір әбден тұрып.
Атты алмай, басқа малды алғаныңмен

Боласың, Әжібайым, құры жорық.
Әуелі атты қолға түсіріп ал,
Сонан соң көп жылқыға қолыңды сал.
Шелектен төбеменен айдап өтсең,

Батырым, онан кейін сенікі мал.
Атты алмай жылқыны айдап әуре болма,
Қатты айдап көп жылқыны салғын жолға.
Өрлетіп Жіңішкені қуалай бер,

Нашары қап, әлдісі шықсын алға.
Сонан соң қанша керек, іріктеп ал,
Ел жүрген Алатаудағы асуға сал.
Дөңінен Алатаудың асқаннан соң,

Ешкімнің ақысы жоқ, сенікі мал.
Айдама басқа жолмен бұдан бөлек,
Батырым, әр нәрсеге ақыл керек.
Жылқыны орнынан қозғаған соң,

Тоқтатпай Алатаудан асу керек.
Мұны айтып Әжібайды жолға салды,
Қоштасып Қора батыр үйде қалды.

—Үш күнде жолдасыңа аман келіп,

Айтып кет, баян қылып болған жайды.
Батырлар мұны естіп қуанады,
Сол жаққа қарай кешке домалады.
Сайды өрлеп, ең басынан орын алып,

Сол жерде бұлар жатып демалады.
Атақты қалмақтарға батыр Қорын,
Келмеген ешкім қарсы бұдан бұрын.
Кәртейіп, осы кезде әлі кетіп,

Көрсетті Әжібайға батыр жолын.
14-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Cексенге аяқ жимай жасы келген,
Жөн білер жақсы кісі, көпті көрген.
Шелектің қаласының тау жағында
Сол жерде бір ауыл бар Қорам деген.

Қораның мекен еткен егін жері,
Қалмақтың қайратты бір, асқан ері.
Қазір де «Қорам» колхоз деп атайды,
Батырдың отыратын жері еді.

Атымен Қора батыр кеткен өзі,
Кәриялар әңгіме қып айтар сөзі.
Бұрынғы сол батырдың атыменен
Аталып әлі күнге жүр ғой өзі.

Бекінді батырларың тау басына,
Ортақ боп Әжібайдың олжасына.
Күрітенің бір жылқысын ұстап алып,
Апарып таудың сойды ең басына.

Арғы жағы қырғыздың Алатауы,
Малына Күрітенің тиді жауы.
Қауіп жоқ, ешбір адам ұтылмайды,
Аспанға тіреліп тұр арғы жағы.

Сол тауды мекен қылып бұлар жатты,
Бұйырған бұлақтардың суын татты.
Сыртынан бірнеше күн аңдып жүріп,
Талтүсте құла төбел атты апты.

Атты ап, бекінді олар шатқал сайға,
Батырлар түсіп жатыр әрбір ойға.

—Жылқыны түк қалдырмай айдаңдар,—деп,

Бәріне хабар берді Әжібай да.
Әжібай Құлатөбелді өзі мінді,
Жылқыны түн болған соң айдады енді.
Ақырып алдына сап «Әжібайлап»,

Ауылды тас-талқан, шу қылды енді.

ер  әжібай
Ауылды басып айдап, өтті судан,
Ақырып «Әжібайлап» жылқы қуған.
Шелектен көп жылқыны топтап айдап,

Ауылда ат қалдырмай бәрін жиған.
Тұсынан Далашықтың айдап өтті,
Қалмаққа екі батыр әбден кекті.
Құла атпен ойқастатып Әжібай батыр

Қуғанның атын алып, ұрып кетті.
Аспақ боп Алатаудан келе жатыр,
Көздері қанталаған өңкей батыр.
Жылқыны өрге қарай қуып айдап,

Болдырған тай-тулақтар қалып жатыр.
Шебінді жотасынан әрең асты,
Болдырған тастап жатыр кәрі-жасты.
Қалмақта бұрын құл боп жүргенінде

Әжібай осы таудың бәрін басты.
Сондықтан Әжібайға бәрі мәлім,
Шың, шатқал, биік жартас, тоғай қалың.
Барлығын құл боп жүріп, байқап көрген:

«Босансам, аламын,—деп,—қалай малын».
Өрлетіп Жіңішкені тауға шықты,
Көп жылқы келеді айдап өңкей мықты.
Артынан қуып жеткен қалмақтарды

Өтеген айбалтамен ұрып жықты.
Өздерін ұрып тастап, атын алып,
Басына қалмақтардың қайғы салып,
Жылқының түк тастамай бәрін айдап,

Күрітені өстіп Әжібай алды шауып.
Мал айдап Алатаудан аман асып,
Батырлар көп жылқымен келед қашып.
«Аман астық, аман жол атансын» деп,

Кетіпті «Аманжол» деп тасқа басып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сол атақ, «Аманжол» ат әлі де бар,
Биік тау екі жағы жартас құзар.
Еңбекші қазақ ауданының жайлауы бұл—
«Аманжол асуы» деп атайды олар.

Айдаған Аманжолмен қалмақ малын,
Бай екен бұл Күріте елге мәлім.
Жағдайын Күрітенің түгел айтып,
Оқушым, кетейін де қылып мәлім.

Күріте қалмақтардың бір байы екен,
Шелектің екі жағын қылған мекен.
Ағасы Қатын төренің бірге туған,
Төреге дәл осылай жақын екен.

Сол жерді «Күрітенің сайы» дейді,
Сүйсініп мал сүйірдің шөбін жейді.
Құнарлы, шөбі шүйгін болғаннан соң,
Күрітенің қолы жетіп алған дейді.

Қазірде «Күрімте» деп атайды өзін,
Алыпты колхоз орнап мұның төрін.
«Күрімте» колхозы деп атақ беріп,
Қалмақтың өшірмепті әлі сөзін.

Кегеннің ауданына бұл қарасты,
Батырлар қалмақ малын алып қашты.
Атанып Күрітенің атағымен,
Бұл жерде Кеген аудан колхоздасты.

Батырлар жылқыны айдап қайда кетті,
Ақыным, енді содан хабар етші.
Бір асып Аманжолдан кетіп еді,
Қуалап көп жылқыны қайда жетті.

Асудан асқаннан соң елді ойлап,
Түргеннің өзенімен төмен бойлап,
Күні-түні аттан түспей қатты қуып,
Іленің қамысына кіргізді айдап.

ер  әжібай
Аз ғана тамақтанып, дамыл алды,
Көк майса құрақтарын жылқы шалды.
«Осы жерде жігіттер алдансын»,—деп,

Бір семіз, қысыр емген сойды тайды.
Дамылдап осы жерде тынығады,
Шаршаған мал да, адам да жығылады.
Үш тәулік аттан түспей, ұйқы көрмей,

Қызарған көзге ұйқы тығылады.
Демалып, тынығады тамақтанып,
Жылқы айдап келе жатыр қалмақты алып.
«Іледен енді өтіп кетеміз» деп,

Айдады жылқыларын жиып алып.
Іледен өтпек болды, жиып малды,
Тынығып батырлар да болды халді.
Әлденіп батырларың алғаннан соң,

Жылқыны топтап айдап суға салды.
Көкала жар деген жерден өтіп шықты,
Келеді қалмақты алып өңкей мықты.
Көздері қанталаған қып-қызыл боп,

Саламат, батырларың аман жетті.
Еліне батырларың аман келді,
Келгенін сау-саламат халқы білді.
Жылқысын Күрітенің айдап келіп,

Олжа қып батырларың елге берді.
Жеті жүз жылқы айдап келген екен,
Алтайға бәрін санап берген екен.
«Еңбектерің зая боп кетпесін» деп,

Топ-топ қып, батырларға бөлген екен.
Еліне аман келіп амандасты,
Алтай би асып туған ақылды, есті.
«Халқына батыр ортақ» деген сөз бар,

Олжа боп үш жүз жылқы мал үлесті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Біреу—атын, біреуі—биесін ап,
Қалмақтан келген малды ел олжалап.
Көп жылқы бұлар айдап келген еді,
Қазақтар бөліп алды, бәрін талап.

Бірқатар бұлар жатты демін алып,
Қарық боп қалды халық олжа алып.
«Келдік,—деп,—қалмақтарды талқан қылып»,
Тынықты Өтеген де үйге барып.

Екі айдай тыныш жатып дамыл алды,
Қарап жатпай аң аулап, бүркіт салды.
Қауіп жоқ еш нәрседен екі батыр,
Қалмақтан бекер айдап келер малды.

Өтеген Әжібаймен ақылдасып:
«Қалмақты аламыз,—деп,—тағы басып».
Хат жазды Тәшкендегі Сардар ерге:

—Омар гангунды ерте кел қасыңа алып.

Сенімді жолдасыңды қасыңа алғын,
Бетіне қарамалық еш адамның.
Қалмақтың батысынан жау боп тиіп,
Шамаңның келгенінше шауып алғын.

Жабылып қалмақты айдап, жерді алайық,
Қалмаққа барлығымыз күш салайық.
Қуалап Алатаудан қалмақтарды,
Жеріне қожа болып біз қалайық.

Хат жазып қырғыздың да батырына,
Ерлерім, тыныш қана жатасың ба?
Қалмақтың тыныш жатқан Алатауда
Малдарын, елін шауып алмайсың ба?

Қырғызда не баһадүр, бар көп батыр,
Қалмаққа салған солар заманақыр.
Бірлесіп қазақ, қырғыз, өзбек болып,
Қалмақты құртқан болар таспа—тақыр.

ер  әжібай
Өштесіп қалмақтармен соғыс ашып,
Батырлар тұс-тұсынан алған басып.
Қазақ, қырғыз, өзбек батырына,

Біраз күн осы қалмақ болған нәсіп.
Бір кезде аттаныпты Сардар батыр,
Қалмақтың басына сап заман ақыр.
Шетінен шауып алып қалмақтарды,

Олжалап жылқыларын алып жатыр.
Ат мініп жігіттері қалмақтардан
Малды айдап аман-есен Тәшкен барған.
Шаршамай, ұйықтамай жүрген жігіт,

Бір жерде атты байлап, ұйықтап қалған.
Бұлар да қатты ұйықтап жатқан екен,
Аттарын байламаған қылып мекем.
Шаршап кеп, қатты ұйықтап қалғанында,

Босанып аттың бәрі кеткен екен.
Қашыпты ер тоқыммен он-он бес ат,
Шаршап кеп ұйықтаған, бек қабағат.
Босанып өрісіне ат тура тартып,

Шапқылап ер тоқыммен келеді ат.
«Жау келіп қалыпты»деп қалмақ халқы,
Үрікті мұны көріп қалмақ арты.
«Шаңдатып қарағайға жау кірді»,—деп,

Естіліп қалмақтарға солай даңқы.
Көп қалмақ бұл сарынмен үркіп қашты,
Ілгері қорқақтары қадам басты.
Бір мұнша ер жігіттер жолды тосып,

Жауменен келе жатқан қарсыласты.
Жау емес, келе жатқан өңкей бос ат,
Қорыққан соны «жау» деп бек қабағат.
Ел үркіп, жасақ жиып жүргендері

Ер тоқыммен қашып жүрген он-он бес ат.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Халқына: «тоқтаңдар»деп хабар салды,
Ұстады да қашқан атты алып барды.
«Үркіпті ала тайдан» деген қалмақ,
Лақап боп кейінгіге сөз боп қалды.

«Тоқта!» деп қашқан елге хабар салды,
Тоқтатты қашып жүрген қуып малды.
Осындай қалмақтарда бір іс болып,
Қорқытып, үркіткен талай жанды.

Осындай қалмақтарға қауіп туып,
Батырлар тұс-тұсынан жатыр қуып.
Қырғыз, қазақ, өзбек мұны жаулап,
Алып жүр у-шу қылып шеттен қуып.

Аттанып қырғыздың да батырлары
Қалмақтың бұдан қорқып шықты жаны.
Білетін таудың жайын қырғыз елі,
Қоймады байлаулы атты, алды оны.

Жырмалап жақын жерден малын алып,
Қалмаққа күндіз-түні жорық салып.
Ұрлайтын жылқыларын күнде барып.
Екі-үш жігіт болса да атқа мініп,

Қалмаққа қарсы болып батырлар жау,
Малдарын ұрлап, қорлап көп алады-ау.
Өзбек, қазақ пенен қырғыз болып,
Жабылып қалмақ малына қол салады-ау.

Осылай алып жүрді тізе қосып,
Шыдамай қара қалмақ кетті босып.
Зона мен Қора батыр өлгеннен соң,
Жөнелген Алатауды тастап қашып.

Әжібай Өтегенмен ақылдасып:
«Қалмақты аламыз,—деп тағы басып».
Ертіп кел Сардар менен Омар ерді,
Шабалық келістіріп, болса нәсіп.

ер  әжібай
Жұмсады Өтегенді Тәшкен жаққа:

—Барғын,—деп,—жәрдем сұрап батыр жаққа.

Аттанып төртеуіміз тізе қосып,
Сиынып бір көрелік бар әруаққа.
Мен жиям дайын қылып сарбаздарды,
Дайындап жауға керек саймандарды.

Сардар батыр келсе егер Омарменен,
Аламыз қарық болып жатқан малды.
Жіберді солай жұмсап Өтегенді,
Дайындап батырларын жатыр енді.

Қай күні кеп қалар деп отырғанда,
Сарбаздар шоқпар, найза даяр енді.

—Шонжыны қалмақ келіп шапты, дейді,

Талқандап Ескене ауылын апты, дейді.
Тездетіп батырларға хабар қылып,
Шапқыншы Әжібайға айтты,—дейді.
Аттанып ер Әжібай жүріп кетті,

«Қалмақтан қайырам» деп осы кекті.
«Жаулардың алған малын қайтарам» деп,
Келгенше Өтегендер мұны депті.
Артынан жау қалмақтың қуып барды,

Қасына ертіп алды сарбаздарды.
Еліне айдап малды жеткенінде,
Батырлар қуып жетіп, соғыс салды.
Шабысты қызыл қан боп екі жағы,

Соғыста жеңер екен қайсы жағы.
Жабылды қалың қалмақ қазақтарға,
Ықтады кешке жақын қазақ жағы.
Қазақты қара қалмақ қаптап кетті,

Жабылып қалмақтардың қорлығы өтті.
Соғысып кешке дейін қызыл қан боп,
Әжібай әбден шаршап, әлсірепті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Күн бата Әжібайды байлап алды,
Қолы мен аяғына бұғау салды.
Қолына Әжібай түскеннен соң,
Өзгесі өз-өзінен құл боп қалды.

Қамалды қолға түсіп қайран батыр,
Қуанып қалмақтардың бәрі жатыр.
Бірі—қылыш, бірі—найзасын ап,
Үлесіп қалмақ жағы қарық боп жатыр.

Сол жерде Күрітенің баласы кеп,
Таныды Құлатөбелді «біздікі» деп.
«Жануар, бұйырған мал өзіме» деп,
Қуанып ол жөнелді атты мініп.

Біреулер: «Өлтіреміз қазір» деді,
Кейбірі: «Қоя тұрғын әзір» деді.
Берелік ханға апарып бұл батырды,
«Сыйлық қып, олжа қылсын бәрін»деді.

Қалмақтар төресіне алып кетті,
Кектенген Әжібайдың күні бітті.
Құл қылып сарбаздарын соңындағы,
Осылай қып, қалмақтардың қорлығы өтті.

Баяғы Қатын төреге алып барды,
Айтты олар әдемілеп болған жайды.
«Мұны енді тірі қоймай өлтірем»деп,
Зынданға апарды да төре салды.

Қуанып Әжібайды ұстап алып:

—Шығарам алғаныңды, ішің жарып.

Қолымнан қазақ менің босаған соң,
Күрітенің мың жылқысын кетті алып.
Қолыма тағы келдің өзің құл боп,
Қазақтан туыпсың сен асыл ұл боп.

Өзіңді ажалдан ап қалатұғын,
Өлді ғой ажал жетіп, Қора да жоқ.

ер  әжібай
Саған мен айтқанымды келтіремін,
Өзіңді ит қорлықпен өлтіремін.
Қолымнан амалсызда шығып кеткен,

Күрітенің мың жылқысын өндіремін.
Астыңнан қазір сенің атың алдық,
Қуанып бұған да біз мәз боп қалдық.
Сүйретіп сол атпенен өлтіремін,

Алатын енді сені Қора да жоқ.
Осыны айтып Әжібайды қамап қойды,
Қалмақтар аңдып жатыр әр бір ойды.
Әжібай қамауда өстіп жата берсін,

Ақының қазақтардан айтады енді.
Өтеген Сардарды ертіп келген еді,
Қайратты, қорықпайтын шын ер еді.
Дейтұғын Омар гангун қасында бар,

Жиырмадай баһадүрлер ерген еді.
Есітті Әжібайды кетіпті деп,
Қалмақты қуып барып жетіпті деп.
Соғысып, қызыл-ала қан майдан боп,

Тұтқын боп ер Әжібай кетіпті деп.
Тоқтамай мұны естіп жүріп кетті,
Қырғыздың батырына хабар етті.
«Әжібай қалмақтарда, қолға түсті,

Әскермен тездеп енді келсін»депті.
Тоқтамай батырларың тездеп жүрді,
Бірталай ер жігіттер бұған ерді.
«Соғысып қалмақтарды қызыл қан қып,

Босатып алайық деп Әжібай ерді».
Динаны ертіп алды киіндіріп,
«Жансыз боп қатынас қыл, бірге жүріп.
Қалмақтың тілін әбден білесің ғой,

Барғын,—деп,—қалмақ жауға бізбен еріп».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Аттанып көп әскермен бұлар барды,
Ертіп ап хабаршыға Динажанды.
Сабылып Алатаудан бұлар асып,
Бекініп, мекен қылды қарағайды.

Динаны «біліп кел» деп жібереді,
Қайтпайтын, қорықпайтын шын ер еді.
Аралап қалмақ елін тәуіп болып,
Аулына Қатын төре келген еді.

Тың тыңдап, әрбір жерден хабар көздеп,
Аралап Әжібайды жүр ғой іздеп.
Бір жерде бір топ әйел әңгіме айтып,
Отыр екен Әжібайды бұлар сөз қып.

Тыңдады айтқан сөзін тұра қалып,
Байқады сөздеріне құлақ салып.
«Қазақтың қолға түскен зор батырын,
Өлтір деп бұйрық қыпты тауға апарып.

Өлтіреді ертең оны атқа сүйреп,
Қалсын деп сүйектері әбден күйреп.
Қатын төре құл қылмай енді оны
Өлтір деп айтыпты ғой елге сүйдеп».

Әйелдер әңгіме қып осыны айтып,
Есітіп бұл хабарды, кетті қайтып.
«Қамауда жатыр қазір ол батырлар,
Бейшара, өледі ғой қапа тартып».

Сөз қылды бір топ әйел осылайша,
Аралап Дина жүрді босқа, жайша.
Байқады зынданды да қамап қойған,
«Күш салса алар еді-ау!» деп тұр оңаша.

Ап келді бұл хабарды батырларға,
Демалып барлық батыр жатыр мұнда.
Қырғыздың батырынан да хабар келді,
«Келем,—деп,—жасақ алып жауласуға».

ер  әжібай
Өтеген Сардарменен қуанды бек:
«Қырғыздан балуан, батыр келіпті, деп.
Құдайым қуат берсе енді бізге,

Босатып Әжібайды аламыз»,—деп.
Кешіне қырғыз келіп амандасты,
Жиылып барлық батыр сәлемдесті.
Тынығып, тамақтанып осы арадан,

Қалмаққа ертең түсте шабам десті.
Қырғыздар бір адамды жіберіпті,
Қалмақтар не қып жатыр, тіл алыпты.
«Өлтір» деп ертең кешке Әжібайды,

Халқына төре солай хабар қыпты.
Сондай хабар әкелді қырғыз жандар:
«Ал енді тездетіп, батыр, қамданыңдар.
Батырды түске дейін ажыратпасаң,

Айрылып Әжібайдан қалғаныңдар».
Сөйлесті батырларың ақылдасып,
Тал түсте алмақ болды жауды басып.
Динаны қалмақтарға жібереді:

«Жүргін,—деп,—қалмақтармен хабарласып».
Бекініп батырларың жатты дейді,
Ерттеді сәске мезгіл атты дейді.
«Кеудеден жан кеткенше қайтпаңдар» деп,

Әскерге Сардар батыр айтты дейді.
Жиылып қалмақтар да жатыр екен,
Шелектің кең арнасын қылып мекен.
«Сүйретіп, қорлықпенен өлтіргін» деп,

Төресі осыны айтып отыр екен.
Бар екен өзбектерде екі мылтық,
Қолына алды Сардар бірін қымтап.
Кетпеген оғы теріс, өте мерген,

Біреуін өзі ұстады Мамыт кербек.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тәшкенде аты шыққан асқан мерген,
Кетпейді одан аман көзі көрген.
Мамыт кербек атанып мергендікпен,
Сескенер білген адам көрген жерден.

Ат қойып келіп қалды өңкей батыр,
Артынан қалың сарбаз келе жатыр.
Жиылған қалмақтарға мылтық атып,
Қашқанды Мамыт кербек атып жатыр.

Алдынан Дина шықты хабар беріп,
Қалмақтың арасынан жүрген көріп.
«Батырды сүйреткін деп шығарып еді,
Зынданға қайта салды сізді көріп».

Есітіп бұл хабарды батырларың,
Қалмаққа қаһары кеп, төкті зәрін.
«Зынданға мен барайын, рұқсат бер»деп,
Сұранды батырлардан Омар гангун.

«Тез жет» деп рұқсат етті Өтеген батыр,
Қалмаққа салып жатыр заман ақыр.
Батырлар кез келгенін жұлып тастап,
Аттарын астындағы алып жатыр.

Ер еді Омар дағы күшке сенген,
Тездетіп зынданға бұл жетіп келген.
Атынан қарғып түсіп Омар батыр,
Соғысып, көп қалмаққа жаяу тиген.

Баспен де, аяқпен де бірдей ұрып,
Зынданнан бақташыны шықты қуып.

—Әжібай, бар ма жаның, батырым,—деп,

Есікті тарс еткізіп алды жұлып.
Зынданға қорықпастан кетті кіріп,
Сырттағы бақташыға салды бүлік.
Орнықты сонда ғана ер жүрегі,

Әжібайдың тірі екенін көзі көріп.

ер  әжібай
Босатып Әжібайдың қолын шешті,
Зынданда екі батыр есендесті.
Ақырып Әжібай да шыға келді,

Қалмаққа көрсетем деп қиын істі.
Батырлар қалмақтардың атын алып,
Қор болды қалың қалмақ жаяу қалып.
Өтеген алдыменен құла атты ұстап,

Әкелді Әжібайдың алдына алып.
Ақырып мінді Әжібай құла атқа,
Иіріп алды жауды өңкей датқа.
«Малдарын қолға түскен тастама,—деп,

Айқайлап айтты Әжібай қазақ жаққа.
Айдаңдар бар жылқыны жолға салып,
Талқанда бұл иттердің аулын шауып».
Қалмақты батырларың шауып алды,

Талқандап у-шу қылып, қайғы салып.
Бұларға ешкім қарсы шыға алмады,
Әжібай босанған соң шыдамады.
«Қап, сені тіпті тірі қоймаймын» деп,

Төренің ордасына ұмтылғаны.
Қалмақты өстіп бұлар шауып кетті,
Тінтелеп қалмақ төресін көп іздепті.
О дағы жаннан асқан бір қу екен,

Бағана-ақ жау келгенде қашып кетті.
Соғыста сол қалмақтың басын кесіп,
Талайы оқ тиген соң кетті ұшып.
Батырлар жан қоятын болмаған соң,

Мал-басты тастап, тірісі кетті босып.
Батырлар қалмақтардың малын алды,
Басына елін шауып, қайғы салды.
Қиратып шаңырағын тас-талқан қып,

Құл қылып ұлы менен қызын алды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қалмақтың елін шауып, малын айдап,
Керегін алып жатыр әбден жайлап.
Дина кеп Әжібайға амандасып,
Бұлар да шыға келді гүл-гүл жайнап.

Малын ап, елін шауып қайтты бұлар,
Еш адам қарсы келмес бұл батырлар.
Әр жерде сонда келген балалардың
Тұқымы өсіп-өнген әлі де бар.

Оларды құл қылмады, адам қылды,
Ер жетіп, жігіт болып, есі кірді.
Әйел алып, қыздары ерге тиіп,
Қазаққа бірқатар тұқым берді.

Босатып, құтқарып аман Әжібайды,
Басына дұшпанының қайғы салды.
Саламат, аман-есен барлығы да,
Олжаны разы боп бөліп алды.

Еліне қош айтысып қырғыз кетті,
Саламат олжалы боп бұ да жетті.
Қосылып ел-жұртына аман-есен:
«Қалмақтан қайырдық,—деп,—өстіп кекті» .

Сардар мен Омар гангун олжалы боп
Жылқыны төбеменен айдады көп.
Елімен бұлар да кеп амандасты
«Қалмақтан кек қайырдық осылай»,—деп.

Малдарын Шонжы елінің түгел берді,
Құрметтеп Өтеген мен Әжібай ерді.
«Батырлар, жаманшылық көрмеңдер»,—деп,
Шуылдап мал алғандар бата берді.

Көп адам батырларға разы болып,
Шонжының малын берген түгел бөліп.
Халықтың сол жердегі батасын ап,
Батырлар өз еліне кетті жүріп.

ер  әжібай
Тастамай қалған малды кетті айдап,
Қуанып батырларың гүл-гүл жайнап.
«Қалмақты қалай талқан қып шаптық» деп,

Келеді қуанышпен күліп, ойнап.
Еліне сау-саламат келді бұлар,
Батырлар жаудан қайтпас, соғыс құмар.
Қалмақты тас-талқан қып, елін шауып,

Еліне аман-есен келді бұлар.
Аулына екі батыр аман келді,
Шақырып Алтай биің барлық елді:

—«Еліне батыр ортақ» деген сөз бар,

Алыңдар олжа қылып малды,—деді.
Үлесін Өтегеннің санап берді,
Құрметпен ел сыйлады бұл екі ерді.
Олжа алған батырлардан елдің бәрі,

Шуылдап баталарын берді дейді.
Өлгенше жүрген екен бата алып-ақ,
Тұқымы өсіп, екеуіне де қоныпты бақ.
Ел билеп балалары, атақ алып,

Әзірде тұқымынан кетпепті әруақ.
Өтеген Әжібаймен тату болған,
Қалмақты талай шапты бұлар қолмен.
«Достың түбі сүйекпен айрылсын» деп,

Қалыңсыз бұл екеуі құда болған.
Өтеген қыз бермек боп баласына,
Сөзінің еш адам жоқ арасында.
«Қалыңсыз, кәдесіз қып беремін» деп,

Осылай сөйлесіпті расында.
Әжібайдың Жайнақ деген үлкен ұлы,
«Күйеу ғып алам,—деді,—енді мұны».
Қызы бар Өтегеннің Мақта деген,

Жайнаққа бермек болды енді мұны.
15-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әжібай Өтегенге шідер беріп,
Екеуі құда бопты аңда жүріп.
«Дос едік, жаман жолда жолдас болған
Қалыңмал, кәде-сәде болмасын»,—деп.

Дос түбі құда болған сүйек беріп,
Сөзіне екеуі де өте берік.
Ұл ер жетіп, қыз дағы бойжеткен соң
Сәлем айтқан, келінін алсын келіп.

Жайнақты қайнына жіберіпті,
«Бірқатар апарғын»,—деп мал беріпті.
«Уәдем олай емес» деп Өтеген
Малдарын түгел қайырып жіберіпті.

Қайнында аз күн жатып Жайнақ қайтты,
Мақтамен ойнап-күліп тату-тәтті.
«Той қылып ұзатамын, жаз шықса» деп,
Өтеген құдасына солай айтты.

Қайырды құдасына осыны айтып,
Аулына күйеу, құда кетті қайтып.
«Көргенше сау болғын»деп Мақта қалды
Балдыз бен жеңгесіне қош-қош айтып.

Мақта айтты Жайнаққа: «Қайтпағын,—деп,
Аз қалды уақыт жақын, жаз дағы кеп.
Мойнынан құшақтады, қорқам сенен,
Жүрегім суылдап тұр, бірдеме боп».

Жайнақ айтты: «Қорықпа, Мақта жаным,
Белгілі бір өзіңе болдым мәлім.
Келемін жаз шыққан соң, қайта айналып,
Шыдағын оған дейін махбұб жаным.

Келемін қар кеткен соң, кешікпей-ақ,
Мақтажан, жүрек сені тұр ғой аяп.
Өзіңді көргенімше болам асық,
Ойламай, жүре бергін гүл-гүл жайнап».

ер  әжібай
Аулына осы сөзбен Жайнақ келді,
Есітті бұл хабарды Әжібай енді.
Қуанып осы сөзге ер Әжібай,

Бек қатты Өтегенге ризаланды.
Осымен қаһарлы қыс кетті өтіп,
Мақта жүр «кеп қалар» деп үміт етіп.
Тоқтай ма күні бітсе, кім болса да,

Ұзамай Жайнақ өлді суға кетіп.
Күні бітіп, Жайнақ мырза суға кетті,
Мерзімді көретұғын күні бітті.
«Ажал аяқ астында» деген сөз бар,

Жете алмай мұрадына ажал жетті.
Жайнақты естіген соң келді Өтеген,
Ат қойып «Құлыным» деп батыр келген.
Жыласып Өтеген мен ер Әжібай,

Өтеген құдасына былай деген:

—Жіберші Тұмаршаны біздің үйге,

Қайғылы түсіп қалдың мұндай күйге.
Балаңды жоқтат, келініңді алып келіп,
Мақта да қайғылы боп келсін мұнда.
Өтеген Тұмаршаны кетті ертіп,

Отырып қалған Мақта бетін бүркеп.
Той қылмай жасауымен шығарады
Мақтаны Тұмаршаға жіберді ертіп.
Мақтаны өлігіне келді алып,

Жоқтатты Жайнақ жасты, дауыс айтып.
Ұзатты жасауымен күйеусіз-ақ,
Бар екен сол заманда сондай тәртіп.
Жайнаққа Мақта келіп дауыс айтты,

Бейшара жастайынан қапа тартты.
Бір күні Өтеген кеп Әжібайға,
Сырласып батырларың мынаны айтты:

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Әжібай, балаларыңды көрсет маған,

Біреуін бала қылып таңдап алам.
Орнықсын көңіліміз екеуміздің,
Біреуі болсын,—депті,—күйеу балам.
Тұмарша тапқан екен жеті бала,

Барлығы баласының бопты дана.
«Күйеуім жас болса да Жалбы ғой» деп,
Өтеген айтқан екен жас болса да.

—Жалаң бұт, күйеу балам қара бала

Мақтажан, икем тартып соған қара.
Бұтына келістіріп дамбал тіккін
Бала,—деп,—болмасыншы көңілің ала.
Мақтаның қалағаны Құдакелді,

Жақтырып, «тетелес» деп соған тиді.
«Менің айтқан балама тимедің»,—деп,
Мақтаға Өтеген батыр өкпеледі.

—Көрмеймін,—деді Өтеген,—Мақта жүзін,

Далада қалды босқа менің сөзім.
Бір өлген бала шығар бұл ақымақ,
Құдайым көрсетпей-ақ қойсын өзін.
Тауыпты жеті бала Мақта сонда,

Бармақ боп әкесіне шықты жолға.
Ертіп ап екі баланы келе жатыр,
Батырың не айтады барғанда онда.
Мүсіркеп, Есіркепті ертіп барды,

Ересек екі баланы қасына алды.
Қасына жолдас алып, сапар шегіп,
«Келем»,—деп әкесіне хабар салды.
Өтеген: «Көрмесін,—деп,—Мақта мені,

Көрмеймін тіршілікте,—деді,—оны.
Жалбыға тимей қойды жас бала деп,
Өлгенше ұмытпаймын тегі соны».

ер  әжібай
Өтеген жатып алды оңаша үйде,
Ашулы түсті батыр сондай күйге.
Ертіп ап екі баланы алдына сап,

Мақта барды Өтеген жатқан үйге.
«Барғын»деп жіберді әуел балаларды,
Артынан сәлем беріп өзі барды.
Мүсіркеп: «Тұр, ата!» деп мініп еді,

Есіркеп сақалдарын жұлып алды.
Сақалдан тартып басын көтереді,
«Ойпырмай, мына бала бұл кім еді?
Тұқымы пышақтасып кетеді екен,

Шаруа мына балаң болар»,—деді.
Осылай балаларға баға берген,
Таныған балаларды көрген жерден.
Бетіне Мақтаның қарап тұрып:

«Шырағым, айыбыңды кештім»,—деген.
Тұқымы осылардың Кегенде бар,
Барлығы қайтпайтұғын болды көкжал.
Төбелессе, пышақ сап өлтіретін,

Ішінде шатақтары әлі де бар.
Ұл болып Тұмаршадан жетеу туған,
Мынадай балалардың атын қойған:
«Жайнақ, Құдакелді, Мәуке, Байыс,

Жалбы, Қыдырәлі, Бердіқожа» деп атын қойған.
Динадан Қонақ деген біреу туған,
Ер болып атасының жолын қуған.
Атамқұл, Қыдық деген азаматтар

Халықтың айтуынша содан болған.
Әжібай қартайғанда тоқал алған,
Тоқалдан Таутеке деген бала қалған.
Мұның дағы тұқымы өсіп, өніп,

Бірқатар шамасынша ауыл болған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осымен көп замандар өткен екен,
Құда боп екі батыр кеткен екен.
Бұл жерден қалмақ үркіп кеткеннен соң,
Түргенді Әжібай мекен еткен екен.

Түргенді Әжібай мекен қылып жүре берді,
Сыйлайды жұрттың бәрі Әжібай ерді.
Ең алғаш бұл Керейден қоныс алған
Қазақта батыр туған Әжібай дер-ді.

Түргеннен шығарыпты тоған қазып,
Болсын деп тұқымыма бұзған азық.
«Әжібай тоғаны» деп атайды әлі,
Суынан жұрттың бәрі болды қарық.

Бұл дәлел сөздерімнің расына,
Қалдырған ақылменен мұрасына.
Мың алты жүз сексенде, не тоқсанда
Қазыпты бұл тоғанды сол шамасында.

Жайлапты бір жыл барып Қара торық,
Батырың қиналыпты қатты ауырып.
«Түргенге әуре қылып апармай-ақ,
Бөлектің қасына мені қой апарып».

Мың жеті жүз үшінші болғанда жыл,
Оқушым, біліп қойғын өліпті бұл.
Жасында жетпіс тоғыз қайтыс болып,
Осындай іс қылыпты батырың ол.

Батырдың Шелекте дүр зияраты,
Халықтың солай берген мағлұматы.
«Үйген тас» жатыр дейді қариялар,
Жатыр дер бір төбе боп, ескі қалпы.

Баласы Әжібайдың Жалбы деген,
Қазақтың билеріне арыз берген.
Әкемнің еңбегі көп сіңіп еді,
Албанға Алатауды бергін деген.

ер  әжібай
Жақсылар: «Жөні бар» деп берген екен,
Албандар Алатауды қылған мекен.
Әжібайдың осы дәлел-ерлігіне,

Албандар қазір де жүр қылып мекен.
Таушелекке Жалбы көшті бастап барған,
Алдымен Әжібай тұқымы орын алған.
Таушелектің күнгейі мен теріскейін,

Тұқымы сол батырдың мекен қылған.
Батырдың әңгімесін жазып біттім,
Оқығаннан рахмет деген сөзді күттім.
Жай сөзді ел аузындағы өлең қылып,

Кемпірмен ақылдасар жайды ұқтым.
Оқушым, бұл жазбамды сына күшпен,
Бітірдім іздеп жүріп, көп жұмыспен.
Бар шығар ащысы да, тәттісі де,

Демеймін жемісімнің бәрі піскен.
Бітірді мұны жазып Әбзейіт ақын,
Батырдың ел білсін деп хикаятын.
«Көзіңнің майын тауысып, шаршадың» деп,

Кемпір де ашуланып көп ұрсатын.

Ел еді егіз жатқан керей, найман,
Шығады, сөз болмаса, мизан қайдан.
Қазақтың хан билеген заманында,
Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған.

Ол күнде түк білмейтін қазақ надан,
Жау болып жылқы алыпты ұраңқайдан.
«Төбесіз жер, төресіз ел болмайды» деп,
Төре сұрап алыпты Абылайдан.

Керейге төре бопты Әжі төре,
Әмірші төре бопты ол кезінде.
Әжінің Көгедай, Көң аталары,
Қазақты құлдық алған ол күнінде.

Қарақас, ботақара, керей табы,
Әжі төре төлеңгіт қой оның мәні.
Қарақас, ботақара екі тап ел,
Өзінің төлеңгіті керей табы.

Арқалық батыр шыққан қарақастан,
Әкесі Бөрібай шал қоңсы болған.
Арқалық баласы екен Бөрібайдың,
Әркімнің кедейлікпен малын баққан.

Жаушылық қазақ, қалмақ мал қуысып,
Бітім жоқ шабыс бопты кісі өлісіп.
Арқалық сол кезінде он сегізде,
Шығыпты барымтаға жауға аттанып.

Арқалық батыр
(Ержан Ахметов нұсқасы)

арқалық  батыр
Сол күнде жан жолдасы Жұбай деген,
Ботақара, төлеңгіт солай екен.
Жұбайдың шыққан табы—ботақара,

Арқалық Жұбайменен құрдас екен.
Екеуі барымтаға сонда жүрген,
Шатай, Тұяқ, Сейтенді жолдасқа алып,
Бесеуі барып сонда жылқы әкелген.

Сол малда-ау көкшұбар ат сұлу жорға,
Әжі төре жау болған ұраңқайға.
Керейдің Бейсембі атты би кез болып,
Сауға деп Көкшұбар атты апты жолда.

Төреге жеткен екен осы хабар,
Шақыртып Арқалықты алдына алар.
«Жорға сұлу ол атты неге бердің?»—
Деп сонда күнәлі ғып дүре соғар.

Өспедім малды болып былапынша,
Кедейлік ар, ұятқа қарата ма?
«Арқалық, ұрлығыңды қоясың!»—деп,
Қорғасын құйды сонда алақанға.

Төренің кім шыдайды зардабына,
Басқанда жер қайысқан салмағына.
Төренің зардабына шыдай алмай,
Келдім де егін салдым Шарықтыға.

Шал еді әкем Бөрібай жасы келген,
Шешеміз ерте күнде жасымда өлген.
Қатын менен бес жасар бір бала бар,
Туыс жоқ онан басқа өсіп-өңген.

Сармаса ала жаздай егін салдым,
Бір сиыр, бір байтал бар барлық малым.
Тары пісіп, келі түйіп ішкеннен соң,
Тоғайып соныменен көрік алдым.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жатыр ем, түн ішінде біреу келді,
Жүрегім аттай тулап тұра келді.
Атының дем алысы ақыр заман,
«Арқалық, үйдемісің, шықшы бері».

Қарбаңдап әлгі жерде түрекелдім,
Жадағай жаман шекпен бойыма ілдім.
Шошынған сұм төреден сорлы басым:

—Кеп жүрген түн ішінде кімсің?—дедім.

—Арқалық, жастан шыққан сен бір ер ме,

Байматай менің атым, ағаң,—дейді.
Қарақас, ботақара, төлеңгітпіз,
Күн бар ма, сені «шапшаң әкел» деді.
Әкем Бөрібай шал естіп күңіренді:

—Келін-ау, отжарық қыл үйге,—деді—

Байматай, жарықтығым, не деп тұрсың?
Сөзіңді үйге кіріп ұқтыр!—деді.
Байматай сонда келіп үйге кірді:

—Бөріге ұқтырайын сөз,—деседі.

Төреден алпыс жылқы дүрбіт алып,
«Батырды Арқалықтай әкел»,—деді.

—Байматай, мына сөзің түрі жаман,

Жүрекке қайғы екен зақым салған.
Үйден шықпай жатасың демеп пе еді,
Барады деп айталмаймын, жаным саған.

—Арқалық жастан шыққан сен бір ер деп,

Дүбірлі жауды қырған найзакер деп.
Таңдайда алпыс жылқым ап дүрілдетті,
Қуғыншыға Арқалықты жіберем деп.

—Бәймеке, сенің ауылың Қызылқұмда,

Бәймеке, мен сөйлейін, сөзім тыңла.
Бір ұлым үйде өлтірсең, бере алмаймын,
Бәймеке, бекер кепсіз маған мұнда!

арқалық  батыр

—Арқалық, жүрек басым құмғандай ғой,

Жақсылық көзді ашып-жұмғандай ғой.
Қарақас, ботақара, төлеңгітпен,
Шырағым, бір кісіден туғандай ғой.
Бармасаң, көпке төре жұмыс салар,

Қарақас, ботақараны жиып алар.
Қалайша қуғыншыға бармады деп,
Арқалықты ұстап бер деп әлек салар!
Күн бар ма төлеңгітте төре білет,

Қай керей бізді айырып ара түсет.
Бармасаң малын қуып жау дүрбітке,
Бір сорлы төлеңгітке жұмыс берет.
Қарағым, онан да сен барып келсең,

Қайрат қып, малына мал алып келсең.
Бұл жұмыс өзінікі сенікі емес,
Өзі көріп жетпей ме кісі өлтірсең.
Байматай басшы адамы екі таптың:

—Бармаймын деп, шырағым, неғыласың?

Өзің үшін туыпсың, жұртың үшін,
Бізге залал салады, бар, шырағым.
Сонан соң барайын деп тілін алдым,
Жадағай жаман шекпен киіп алдым.

Бар еді жемге баққан бір байталым,
Байталға өзі жауыр желқом салдым.
Байталға шұбар шолақ желқом салдым,
Найзамды, бар қаруым қолыма алдым.

Аяққа киіз байпақ, тері шақай,
Ілесіп Байматаймен бірге салдым.
Шалшықай, Тұмандыға тура қонған,
Түн қатып, күн шыққанда келдік сонан.

Кермеге атымызды байлап тастап,
«Алдияр!» деп біз кірдік тура сомпаң.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Арқалық, жастан шыққан сен бір ер деп,

Дүбірлі жауды қырған найзакер деп,
Қорлығы жау дүрбіттің өтіп кетті,
Жібердім Байматайды алып кел деп.
Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы өтті,

Жылқы алып таңдай тал түс дүбірлетті.
Жылқыдан отардағы Саршоқыдан,
Өзімнен алпыс жылқы алып кетті.
Арқалық, жастан шыққан сен бір ер деп,

Дүбірлі жауды қырған найзакер деп.
Қорлығы жау дүрбіттің өтіп кетті,
Сен барып осы кегімді алып кел,—деп.

—Алдияр, ақ сұңқарым, келдім саған,

Отырған төре, қара бәрің тамам.
Тірі болсам, бұл кегіңді әперейін,
Тауып бер бір жүйрік ат, төрем, маған.

—Арқалық, атың шықты өнерменен,

Бейшара сен келіп ең кедергіден.
Бар еді өз басымда бес жүз жылқы,
Ішінде ат бар ма еді сен білмеген.

—Сөйлейді шешен адам тіл мен жағы,

Біз келсек аман-есен, елдің бағы.
Алдына үш жүз аттан жан салмаған,
Көкжалы Сейілханның, менің дағы.

—Жігітке жауға мінер ат ыңғайлы,

Қара жер, қатты басса, бұрқырайды.
Жылқыдан отардағы атты апкел,—деп,
Жұмсады қаршыға көз Кеңгірбайды.
Жылқыға отардағы Кегім кетті,

Мініп ап, бір жүйрікпен зар еңіретті.
Ертең шалқар тұсында отырғанда,
Көкжалды бұлықсытып алып жетті.

арқалық  батыр
Көкжалға, желіп кетсе, жел жетпейді,
Дариға-ай, арманда боп кім өтпейді.
Көкжалды таң асырып байлап көрсем,

Қара жерді оңды-солды тепкілейді.
Тұр екен кермесінде қабырғалап,
Қызарып екі көзі отша даулап.
Селкілдеп жер ошақтай жерді қазып,

Қара тер жаясынан тұр сауылдап.
Боларын енді жолым сонда білдім,
Төреге «алдияр» деп қайта кірдім.

—Не деген әміріңнен шығамыз ба,

Ал енді жолдас ертіп жүргенде деп.

—Батырым, жолдасыңды ал қасыңа ерген,

Өзіңмен бірге барып, бірге келген.
Бәрін де дайын қылып жүргізейін,
Кім еді жан жолдасың алып жүрген?

—Жұбай еді жан жолдасым, ақыл серік,

Тар жерде талмаушы еді ақыл беріп.
Ұялас ит сықылды қор боп еді,
Басқаны қосыңыздар өзің біліп.
Байматай ел ағасы ботақара,

Шақырды Бәймекемді сол арада.
«Тез барып Жұбайды әкел шапшаң тауып,
Батырдың жолдасы екен құрбыжаны».
Жұбайға жарлық қатты, кетті шауып,

Жарлықтан бұрылмапты ауып.
Екеуміз он сегіз кезде бір шығып ек,
Қандай ерлік қылсақ та, бірге барып.
Әкелді әлгі жерде Жұбай ерді,

Байлаулы бала құстай біз бір шерлі.
«Жұбай, сен Арқалыққа ересің!»—деп,
Әжі төрем сол жерде әмір берді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жұбай айтты: «Ақсұңқарым, келдім саған,
Отырған төре-қара бәрің тамам.
Бар десеңіз барайын жолдас болып,
Бір жүйрік ат беріңіз, тақсыр, маған».

—Сен де мін Көкшегірді кермеге ілген,

Көкжалдан кейінгі сол келіп жүрген.
Кешікпей енді шапшаң жүресіңдер,
Неше кісі аласың тағы?—деген.
Жұбай айтты: «Жүз кісі бер жау бол десең,

Қопарып, ел шабайық қан төк десең.
Малға мал әкел десең, тақсыр, барымта,
Баралық төрт-бес кісі ұры жолмен».
Әжі төрем сөйледі: «Барып кел,—деп,

Малыма екі есе мал алып кел,—деп.
Дүрбіттің күнде шапқан қорлығы өтті,
Өлсең де осы жолы көріп кел»,—деп.

—Ендеше біз баралық, жүргін, төрем,

«Құдай салса, құл жылап көнер» деген.
Шатай, Тұяқ, Сейтенді алдырыңыз,
Солар еді жол жүрісті көріп жүрген.
Жұмсады Кеңгірбайды: «Барып кел,—деп,

Үшеуін шапшаң барып алып кел,—деп.
Үшеуін лезімде алып келді,
Қаратпай алды-артына жүрің»,—деп.
Әжі төрем сөйледі: «Тез бар, —деді,

Жылқыма екі есе ғып жылқы ал,—деді.
Ат, айғыр, жорға, жүйрік бәрі кетті,
Арқалық, осы жолы аянба енді».
Ертеңінде төрем жұртын алды жиып,

Бес бала жүрмек болдық жанды қиып.
Әлгі келген үшеуіне және ат беріп,
Жүргізді ақ сарыбас қой айтып сойып.

арқалық  батыр
Аттанған төлеңгіттен біз бес бала,
Жолымды бере көр деп Хақ Тағала.
Жөнелдік таңдай тал түс біз бесеуміз,

Алдымда көлденең тау Нарынқара.
Тауынан Нарынқара аса жүрдім,
Белінен Күйгенқора баса жүрдім.
Көксінен көктей өтіп Шірікшиге,

Келдік те, кешке жақын ерулендік.
Шай іштік, кателды асып, жайланысып,
Білікті өңшең жүйрік таң асырып.
Жұбай айтты: «Ақымақ, ей, Арқалық,

Жүрем деп жанталастың асып-сасып.
Біз кеттік елден шығып—қалың нудан,
Ат салып біз отырмыз Ертіс судан.
Қуғын-сүргін, кісі өлсе, не болат деп,

Бейшара, қайырмадың төрең сұмнан.
Арқалық, ақымақсың арындаған,
Аңғал жігіт қақпанға арандалған.
Күтінген жау қолына мал бере ме?

Осы сөз кетті сенен қайырмаған».

—Ей, Жұбай, неге айтпадың кеше маған,

Қайырып алмас па едім кеше сонан.
Бұл сөзің енді бізге қайғы болды,
Баралық, жүр түн қатып енді соған.
Арқалық Жұбайменен атқа мінді,

«Үшеуің жата бер» деп, түнде жүрді.
Көкжал мен Көкшегір ат жер қабады,
Күн шыға ордасына бұлар келді.
Кермеге екі жүйрікті іле келдік,

Көңілді әр нәрсеге бөле келдік.
Шай ішіп ханымменен отыр екен,
Төреге «алдияр» деп кіріп келдік.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Арқалық, неге келдің асып-сасып,

Қалайша, неге келдің қайта басып?
Аттың бетін бұрғаның жаман болды,
Қиыншылық болды ма, түнде қашып?

—Әй, тақсыр, бір сөзім қалған екен айтылмаған,

Көңіліме келген сөзім қайтмаған.
Қуғын-сүргін, кісі өлсе не болад деп,
Бұл сөзім қалған екен қайырмаған.

—Арқалық, жастан шыққан сен бір қыран,

Жақсының ақылы мол, ойы терең.
Ап келсең осы жолы бұл кегімді,
Берсем де Сейілханды, сені бермен.
Ханым айтты: «Екі батыр, сөзді тыңла,

Түп нағашым сендерсің, ойлап қара.
Малға мал алсаңыздар ақылменен,
Әркімнің бас аманы өзіне олжа».
Әжі төрем сол жерде ашуланды,

Қолына сар таяқты жұлып алды.

—«Қатын дұшпан» дейтұғын осы екен,—деп,

Ханымды сар таяқпен салып қалды.

—Өзімнің малым еді дүрбіт алған,

Дәлдеп кеп атқан оқтай тиді маған.
Келсең де кісі өлтіріп, өзім көрем,
Жұбай ғой жүрегіңе зақым салған.
Билеген керей елді төрең едім,

Малыма мал әкеп бер толық десіп,
Басқа елдің жұмысы емес кесе тимейтін,
Мен өзім не болса да көрем!—дедім.
Сонан соң қымыз ішіп сусындадық,

«Төрем серт сөйледі» деп қутыңдадық.
Не болса да тәуекел, көрелік деп,
Атқа мініп қуанып «шүуге» салдық.

арқалық  батыр
Жөнелдік жау қарасын көргендейін,
Қолымнан ұраңқайға бергендейін.
Немене айтып-айтпай, ойбай, Тәңір-ай,

Оққа ұшып әкем Бөрібай өлгендейін.
Біз келдік Шатай, Тұяқ, Сейтендерге,
Тұр екен олар күтіп қарауылда.
Үшеуі бірден ұғып сөз мәнісін,

«Тәуекел, жүрелік»,—деді сол арада.
Мойнынан Күйгенқора баса жүрдік,
Белінен Нарынқара аса жүрдік.
Бет алып Ертісті өрлеп Қыранға кеп,

Сол жерде түнде жатып ерулендік.
Бурылтоғай, Қиялыдан көктей өтіп,
Түн салқын, күзгі уақыт, қатты жүріп.
Жеткенше ұраңқайға асық болып,

Бойына қара Ертістің келдік жетіп.
Жұбай айтты: «Арқалық, сен бір ер,—деп,
Дүбірлі жау алатын найзакер,—деп.
Топадай жел жоқ екен, толқын да жоқ,

Ат салып енді Ертістен өтелік»,—деп.
Сол жерде апыр-топыр түсе қалдық,
Қамыстан бір-бір салды буып алдық.
Ер тоқым мен киімнің бәрін буып,

Қамыстан буған салға теңлеп алдық.
Сол жерде «кәрі әруақ» деп ұран салдық,
Әруағын Жәнібектің ауызға алдық.
Жайдақтап көйлек, дамбал түріп,

Суына Қара Ертістің түсе қалдық.
Шыпылдап атақты Ертіс ағып жатыр,
Көкжал ат суды дүзіп келе жатыр.
Жұбайдың өзі сушыл, малтушы еді,

Артымда Көкшегірмен келе жатыр.
16-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Көкжалға желіп кетсе, жел жетпейді,
Дариға-ай, арманда боп кім өтпейді.
Сырылдап суды сүзіп келе жатыр,
Жануар шоқтығынан бір кетпейді.

Алдымен арқан бойы бұрын өттім,
Шатай, Тұяқ, Сейтендер кейін қапты.
Бос айдап Көкшегірді өзі малтып,
Артымнан Жұбай таяу одан өтті.

Сол Жұбай атын тастап қайта кетті,
Кейінгі үшеуіне барып жетті.
Қырқарлап қой өткендей, әлгі үшеуін
Бір-бірлеп әлгі жерден тартып өтті.

Аттанған төре үшін біз бес бала,
Киімді, ер тоқымды жайдық сонда.
Білікті өңшең құр ат байлап тастап,
Тынығып еру болдық сол арада.

Таң атқан соң жайланып атқа міндік,
Бет қойып енді Ертісті өрлей салдық.
Өрмегі Үргеті мен Тасқия асу,
Ақбұлақ суы күшті соған келдік.

Алтайдың айыр кезең асуы бар,
Қобдаға сонан асып басуы бар.
Ақбұлақ құздан құлап су ағады,
Күн жауса өткел бермес тасуы бар.

Ақбұршақ көбіктеніп жатыр ағып,
Шошыдық суды көріп жүрек қорқып.
Бір тасты бір тасқа ұрып ағып жатыр,
Бурадай көбік шашып күрілдетіп.

Жұбай айтты:

—Арқалық, мына судың түрі жаман,

Қайтеміз, түсеміз бе енді бұған?

арқалық  батыр

—Судан қорқып қайтқаннан, өлген артық,

Тәуекел, өтем,—дейді батыр бұған.
Жұбай айтты: «Өтемісің, батыр, енді?
Өлсек бірге өлелік ақыр енді.
Арқанды белге байлап ұстасып ап,

Өтелік тәуекел деп түгел»,—деді.
Қайыс арқан белімізден байлап алдық,
Жәнекем көк перісін ауызға алдық.
Судан қорқып барғанмен төре өлтірер,

Матасып умақ-шумақ түсе қалдық.
Найзасын қанжығаға тіреп алып.
Арқалық Көкжалменен түсті батыр,
Ақбұршақ ат-серіктен кіреді асып,

Бір тасты бір тасқа ұрып ағып жатыр.
Арқалық су ішінде ұран салды,
Көкжал ат бұл айқайға қуаттанды.
Бесеуі сол матасқан арқанменен,

Ар жаққа аман-есен жетіп алды.
Бес бала елден шыққан біз бір ғаріп,
Аяғым, жазым болса, кетер тайып.
Айыркиік Алтайдан асып алып,

Құмкеріш, Төлентіге түстік барып.
Жұбай айтты: «Біз келдік жау шетіне,
Сөйлейік жылқы алудың іретіне.
Саржон мен Тасқияға барып кірсек,

Ел тұрмай жылқы аламыз ертеңіңде.
Бөктерлеп, тау кенері жолмен жүрсек,
Барамыз екі қонып, тура жүрсек.
Қай жағымен баруға лайықты,

Жүресің қай жолменен, батыр, біл»,—деп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Арқалық сөз сөйлейді сонда тұрып:

—Әй, Жұбай, сөзім тыңла мойын бұрып.

Жан қинамай бізге мал табыла ма,
Сұм төрең жіберген соң құрбан қылып.
Не өлмей, не жылқы алмай барамыз ба,
Біз өлсек, тышқан құрлы боламыз ба.

Жылқы алмай, босқа келсең, күнәлісің,
Өкпе кіріп жүрмесін арамызға.
Тәуекел, Сарыжонмен баралық та,
Тасқия дараға еніп алалық та.

Қолынан дүрбіт бізге малын бермес,
Басынан жылқы қуып алалық та.
Мақұлдап барлығы да, Жұбай қостап,
Ақылшы сөзі тәтті Жұбай жұмсақ.

Сол жерде апыр-топыр атқа мініп,
Жөнелдік біз бесеуміз умақ-шумақ.
Жондата «шүуге» салдық Тасқияға,
Таң ата жетіп келдік Сұраншыға.

Басынан Тасқия асу жетіп келсек,
Дараны тас бекітіпті, амал бар ма?
Жұбай айтты: «Арқалық, сорлап едің,
Тау жағын жөндеймін деп зорлап едің.

Ал енді Тасқияны бекітіпті,
Мұнан басқа асу жоқ, болмап еді».

—Тәуекел, енді түсіп қарайық та,

Қайыңнан бір-бір көстік алайық та.
Зор келер ең жаманы екі қолға,
Шұбама бір жол салып алайық та.
Асу жоқ осы тауда мұнан басқа,

Көз жетпес екі жағы Сұраншыңнан.
Сол жерден Тасқиямен көпір салып,
Жол салдық кешке жақын бір шұбама.

арқалық  батыр
Ішінде жалғыз суат Қарабастау,
Түсе қап байладық ат Тасжарғанға.
От жағып, шай қайнатып, тамақ ішіп,

Тынығып, ұйықтайық деп таң атқанша.
Сол жерде ұйқы қанып түрегелдік,
Қалай жылқы аламыз деп кеңес қылдық.
Жұбай айтты: «Үшеуің осында қал,

Тәуекел, енді екеуміз жүр, баралық».
Жұбайменен екеуміз атқа міндік,
Шатай, Тұяқ, Сейтенді салық қылдық.
Жер қиын, бір түн қатып, таң атқанда,

Басына Саршоқының шыға келдік.
Мал аман, басы түгел еліреді,
Жылқы алсақ, біздің көңіл семіреді.
Отыр ек қарауылдап Саршоқыда,

Бір қылаң бізге үшеу болып көрінеді.
Мұнарлап соғып тұрған жел екен ғой,
Құзар шың екі жағы сай екен ғой.
Қараң-құраң көш пе деп отыр едік,

Суға кеп шұбап түскен жылқы екен ғой.
Сол жерде атқа міндік жүрек қайнап,
Отыр ек жасырынып атты байлап.
Атқа мініп, жүгіртіп жетіп келсек,

Мойнақта бос жылқышы жатыр жайрап.
Ойда жоқ жау келет деп қайғы ойлаған,
Біз келіп шыға келдік сол Мойнақтан.
Жайрасып бес жылқышы ұйықтап жатыр,

Басына жалғыз жайдақ тай байлаған.
Бір мыңдай жылқы жатыр әлгі сайда,
Ыңғайлап жылқы бөлдік енді айдауға.
Алпысты екі есе ғып алайық деп,

Біз бөлдік енді іріктеп жүз жиырма.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ішінде бөрте айғыр мен бөрте бие,
Ұялы жал-құйрығы судыраған.
Жылқының келесі деп қосып бөлдік,
Үйірі шегір атпен елу екі.

Ішінде көкмойын ат сұлулығы,
Ырғақтап жүре алмайды семіздігі.
Аман барсақ, жорыққа мінсем-ау деп,
Көрген соң қызығамын мен бір сорлы.

Жануардың екі көзі жұдырықтай,
Алды-арты бірдей келген тым ұнамды-ай.
Жаясы жануардың жыртылып тұр,
Жас бала жата қалып ұйықтағандай.

Иен жатқан жылқыдан бөліп алдық,
Бет түзеп айдайтұғын жолға бардық.
Екпінді Ақбұршақ су жолы қиын,
Көкжалмен көлбеңдетіп сойыл салдық.

Әлгі ат қашқалы жүр жылқы бастап,
Кісінеп, жарқ-жұрқ етіп шығып сойқап.
Қайта қашып бір жерде жөнелгенде,
Жібермей қуып келдім мен сойылдап.

Жұбай айтты: «Ей, батыр, сақтанатын,
Аман барсақ, абырой мақтанатын.
Қуғыншы бізді біліп қуар болса,
Жер қиын тырп еткізбей ап қалатын».

Қалжыңбас Жұбай келді әлгі жерде:

—Қатты айдап біз келеміз Қараөзенге,

Ит құйрығына ілінген қайран жылқы,
Күшпен алдым дейсің бе сен төреңе?

—Жұбай, сен қалжыңдайсың кекесінмен,

Ендеше, соғысып-ақ көрейін мен.
Барғанда тағы айтарсың осыныңды,
Оятып жылқышыны келейін мен.

арқалық  батыр
Ыза боп қасқырдай мен алақтадым,
Көкжалмен қайта шауып салақтадым.
Жайрасып бес жылқышы әлі жатыр,

Қасына жетіп келіп арқырадым.
Шошынып бес жылқышы жаман састы,
Төртеуі бейітке қарай тасқа қашты.
Біреуі жүген алып жүгіріп кеп,

Мінуге жайдақ тайға кеп жармасты.
Сойылмен сол жерде мен салып қалдым,
Білмеймін, сол ұрғанда талып қалды.
Қуғыншы келсе кейін, тәуекел ғой,

Айырып, күші жетсе, алып қалсын.
Оятып жылқышыны, келдім шауып,
Қандай заман болады деп қылам қауіп.
Осы жерім өзіме мін сықылды,

Айдап жүр Жұбай жалғыз сойыл салып.

—Арқалық, ақымақсың арындаған,

Орны арам күштің табылмаған.
Қуғыншы алдымызға және кетіп,
Бір бөлек таң атқанда келер саған.
Айда енді малды айырып алғанынша,

Зор келіп қашан бізден қалғанынша,
Бұл жылқы енді бізге қайғы болды,
Төреге аман-есен барғанынша.
Ұялып, мен де қудым Көкжалменен,

Біз келдік Тасқияға сол өзенмен.
«Сауға!»—деп Шатай, Тұяқ, Сейтен келді,
Тұр екен қарауылда, көріп көзбен.
Жұбай айтты: «Шатай, Тұяқ, Сейтен аға,

Жылқы алдық иен жатқан барып малға.
Қалжыңдап ем жай жатқан жылқышыға,
Қайта барып хабар қылды, амал бар ма.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Оттатпай, бұл жылқыны иіріңдер,
Бара ма аман, бармай ма, Құдай білер.
Жылқышы барып хабар бергеннен соң,
Қуғыншы алды-артыңнан бізге келер».

Жылқының енді ішіне Жұбай барды,
Жанынан қайыс арқан шешіп алды.
«Әруағы ер Жәнібек қолдай көр!»—деп,
Ұстап ап көк қасқа тай айтып шалды.

—Ағалар, сойыңыздар мына тайды,

Жолда жеуге етінен азық алшы.
Сүйегін тасқа шығар садақа ғой,
Жем қылсын қарға, құзғын олар дағы.
Тынығып, біз ұйықтайық біраз ғана,

Тамақ асып қойыңдар бізге жана.
Таң шолпаны туғаннан оятыңдар,
Шұбатып шығарайық Тасқияға.
Бес бала елден шыққан біз бір ғаріп,

Табаным, жазым болса, кетер тайып.
Тынығып, ұйықтайық деп жата қалдық,
Шаршап кеп, сусындадық малта шайып.
Оятты, таң таянды Шолпан туып,

Түрегелдік киініп, белді буып.
Көкжал мен Көкшегірді отқа қойдық,
Ет жедік, тамақ іштік, майға тойып.
Ішінде бөрте айғыр мен бөрте бие,

Жал-құйрығы ұялы сүйретіле.
Ноқталап бұл екеуін ұстап алды,
Жұбай ер шалма салып әлгі жерде.
Бірінің құйрығынан бірін байлап,

Жетекке, тақымға сап мұны жайлап.

—Шұбатып Тасқиядан шығарайық,

Үйірін көп жылқының қосып айдап.

арқалық  батыр
Жетектеп екеуін ап шықтым жоңға,
Бір-бірлеп шұбап шықты жалғыз, дара.
Аман-есен тар жолдан шығарып ап,

Айдатып қоя бердік аналарға.
Жұбайменен екеуміз кейін қалдық,
Қайыңнан тағы көстік қиып алдық.
Қуғыншылар қамалап шықпасын деп,

Жүктей-жүктей тастарды үйіп салдық.
Бекіттік Тасқияны тасын жиып,
Тас жыртып білектерді, қанды ұйытып.
Күн бата Жұбайменен атқа міндік,

Жылқының ізіменен желіп, жортып.
Біз келдік Шеңгелді өзен түн болғанда,
Еру боп жатыр екен сол арада.
Тамақ асып қойыпты, шай қайнатып,

Тамақ ішіп және айдадық таң атқанда.
Жұбай айтты: «Тасқиядан шыға алмайды,
Олар қуып бұл жерге келе алмайды.
Қуғыншы екі бөлек болып қуса,

Алдымыз Айыркезең, соны орайды.
Ағалар, қатты айдайық асып-сасып,
Аман кетсек Айыркезең сонан асып».
Үш күн айдап Айыркезең соған келдік,

Жұбай кетті алдымен жолды шалып.
Қуанып Жұбай келді: «Жол таза,—деп,
Асайық Айыркезең тура айда,—деп.
Бір қауіп Айыркезең аман астық,

Келсе егер ортамыздан тәуекел,—деп.
Алтайдың Айыркезең асуы бар,
Бет алып Ертіске жол басуы бар.
Бір қауіп енді Ақбұлақ, соған келдік,

Көп жауса, өткізбейтін тасуы бар.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қуанып бұл кезеңнен астық аман,
Ақбұлақ құздан ағып көбік шашқан.
Бір тасты бір тасқа ұрып ағып жатыр,
Қалайша өтеміз деп састық сонан.

Тәуекел деп жылқыны салдық суға,
Өтпеске енді шара жоқ, амал бар ма.
Бұл жылқыны апармасақ, Әжі өлтірет,
Умақ-шумақ өте шықтық ар жағына.

Бір түнеп Қара Ертіске, міне, келдік,
Шып-шып боп ағып жатыр, көз жібердік.
Келіп ек шалқар түсте үлкен суға,
Жұбай айтты: «Жатпайық, тағы өтелік».

Бесеуміз елден шыққан біз бір ғаріп,
Табаным, жазым болса, кетер тайып.
Төреге сауымыздан бес мал артық,
Малына мал қосылса аман барып.

Сол жерде апыр-топыр түсе қалдық,
Сүзбе шайып, азық жеп сусындадық.
«Кәрі әруақ сұм төреге мерт қылма!» деп,
Бір жылап «Жәнібек» деп ұран салдық.

Қайыс арқан Жұбай сонда қолына алды,
Аралап әлгі жерде малға барды.
«Әруағы атам қазақ қолдай көр» деп,
Ішінде жирен тайға шалма салды.

—Ей, батыр, сен бері кел, арқан ұста,

Атаңның ескі үлгісі осылайша.
Сол жерде жирен тайды айтып шалды,
Жандыларға жем болсын иен жерде.
Бөрте айғыр, бөрте биені ұстап алды,

Бірінің құйрығынан бірін шалды.
Ертістен аман-есен енді өткенше,
Қинайық кеудедегі шыбын жанды.

арқалық  батыр

—Ей, батыр, Көкжалменен суды жалда,

Ноқтасын бөрте айғырдың қолыңа ұста.
Артынан топ жылқыны мен айдайын,
Үшеуің судан өтіп, жаның сақта!
Бұрынғы буған салды тауып алдық,

Киімді, ер тоқымды салға салдық.
Шып-шып боп қара Ертіс ағып жатыр,
Өтуге тәуекел ғып суға бардық.
Көкжалға желіп кетсе, жел жетпейді,

Дүниеден арманда боп кім кетпейді.
Сүйретіп екі жылқы суды жүзіп,
Қайықтай шоқтығынан бір кетпейді.
Ертістің өте шықтым ар жағына,

Бөрте айғыр, бөрте бие жар басына.
Сілкініп есін жиып кісінеп ет,
Дауысын естіп, бетін түзеп жылқы сонда.
Шуылдап, бетін түзеп жылқы дүзді,

Буылдап Қара Ертісті қаптай есті.
Жылқы өтті, жар басында санап тұрмын,
Шуылдап сегіз құлын суға кетті.
Жылқыны аман өткіздік Қара Ертістен,

Жұбай жалғыз суға сап жылқы өткізген.
Шатай, Тұяқ, Сейтендер басын сақтап,
Салды сүйреп, ер тоқыммен әрең өткен.
Сол жерде «Еру болып жаталық» деп,

Мен айтып: «Таң атқан соң кетелік»,—деп,
Жұбай айтты: «Ей, батыр, қой, жатпалық,
Түніменен Қиялыға жетелік»,—деп.
Мен айттым: «Жүре алмаймын, жетпейміз,—деп,

Жаман ұйқым кеп қалды қайтемін,—деп.
Жылқыны сендер айдап жөнеле бер,
Қиялыдан ертең түсте табамын»,—деп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ұйқыдан жан болмайды шатылмайтын,
Қайғы көрсе, ішкен ас батырмайтын.
Жұбай айтты: «Қауіпті жер, жатпа, Арқалық,
Жылғадағы жылында қосылмайтын».

Тіл алмай, атымнан мен түсе қалдым,
Көкжалдың ер тоқымын жұлып алдым.
«Қиялыдан ертең түсте табамын» деп,
Ауырлап өне бойым, жатып қалдым.

Көкжалдың шоқтығынан қаңтардым да,
Желқомды жастық қылдым бас жағыма.

—Арқалық, қуғыншыға ұшырарсың,

Айрылып қалдың енді, амал қанша?
Жөнелді Жұбай сөйтіп, аңша жосып,
Мен жалғыз жатып қалдым ұйқы басып.
Түс көріп, түнде шошып ояныппын,

Дүрбітпен жатыр екем жағаласып.
Көрген түсім—жайғаппын оңды-солды,
Жан болмас дүниеде біздей сорлы.
Шошынып оянғанда көрген түсім,

Төменгім белуардан отқа күйді.
Аттанған сейсенбі күн жаман жолым,
Маңдайдан арылмаған қалың сорым.
Асып-сасып мен қорқып түрегелдім,

Қан екен шынтағымнан екі қолым.
Көкжал тұр жерді қазып алас атып,
Дүбір көрген секілді жанталасып.
Мініп ала жөнелдім желқомды ерттеп,

Жылқының сүртегімен тызылдатып.
Төртеуі де жатыпты көп ұзамай,
Өзен еді Құмдыбұлақ орман, тоғай.
Мен барсам, төртеуі де жатыр жайрап,

Ұялас ит сықылды құрбым қимай.

арқалық  батыр
Ояттым Жұбайды мен: «Түрегел,—деп,
Неге жаттың бұл жерге ұзамай?—деп.
Әй, Жұбай, мен түс көріп шошып келдім,

Түсімді мен айтайын жорып бер,—деп.
Жайғаппын ақ жаныша оңды-солды,
Әруағы ер Жанекем берген жолды.
Сондағы көрген түсім мынау екен,

Төменгім белуардан отқа күйді.
Аттанған сейсенбі күн жаман жолым,
Маңдайдан арылмаған қалың сорым.
Таң шолпаны туғанда ояныппын,

Қан екен шынтағымнан екі қолым».
Жұбай айтты: «Осы түс жаман түс пе,
Қауіп қып мұны шошып, жүргенің не!
«Түсінде қорыққан өңінде қуанатын»,

Бұрынғы қазақ атаң ескі сөзде.
Арқалық, бір жақсылық жеткен шығар,
Басыңнан талай бейнет өткен шығар.
Төменің белуардан отқа күйсе,

Өртеніп пәле-жалаң кеткен шығар.
Сейсенбің бейсенбіге ауған шығар,
Сәрсенбіде сәт болып тұрған шығар.
Қан болса шынтағыңнан екі қолың,

Әжі төрең айтқанына бие сояр.
Ат ерттеп, мен мінейін, жылқыны айда,
Ана үшеуін тез оят, келтір мұнда.
Қауіп қып ол үшеуі шошып кетер,

Оларға мұнандай деп түгіңді айтпа».
Жұбай сол сасқалақтап атқа мінді,
Ана үшеуін оятып ем, о да келді.
Бәріміз жылқыны айдап жөнеліп ек,

Кейін қап, Жұбай маған бері келді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Арқалық, жастан шыққан сен бір ер ме,

Кейін қап, қарауылда биік жерге.
Үркітіп қара Ертіске көзіңді сал,
Ешнәрсе қараң-құраң көріне ме?
Жұбай білді бір сұмдық болатынын,

Шауып кеп Құмдыбұлақ соған шықтым.
Өзіме көрген түсіме қауіптеніп,
Өрлете қара Ертіске көз жібердім.
Мал аман, басы түгел не біледі,

Көңіліміз, аман барсақ, жарар еді.
Өрлете қара Ертіске көзім салсам,
Бір тозаң үш бүтін боп көрінеді.
Атымды арқандадым қарауылдап,

Және тозаң көрінді ұзағырақ.
Әрі-бері қарауылдап отыр едім,
Мойнақтан шыға келді умақ-шумақ.
Ағаны іні көріп тәлім алмақ,

Бойына, ер қартайса, түсер салмақ.
Қос-қос ат, қызыл-жасыл күбір келең,
Суға кеп түсе қалды алпыс қалмақ.
Түсе ғап аттарының ерін алды,

Тамақ ішіп жүруге түтін салды.
Шұбап шықса, соғысам деп отыр ед,
Сол жерде Жұбай дағы келіп қалды.

—Шошығандай отырсың, батыр, неге?

Жылқыны қоя бердім салып жөнге.
Қорғалап, қорыққандай түрің қалай,
Бір нәрсе ар жағыңда көріне ме?

—Әй, Жұбай, тілеуіңді бердім дейім,

Жылқының бетін түзеп қоя бердің.
Бері кел, қарауылдап көзіңді сал,
Күбір келең алпыс дүрбіт келді дейім.

арқалық  батыр

—Соғыссақ, бұл[ар] малды айырады,

Еркін жетіп, көп батыр қайырады.
Мал айыртып, тырдай боп қайтып барсақ,
Және өлім, төре қинар шыбын жанды.
Тәуекел әл келгенше соғысалық,

Қайрат қып малды бермей, қарысалық.
«Батыр құны бір оқтық» бұрынғы айтқан,
Аянбай алпысымен салысалық.
Әй, батыр, атыңа мін, қаруыңды ал,

Көрінбей жылғаменен ар жаққа бар.
Жылқыны бұл өзеннен шығарайық,
Көрініп, жау мұнда деп, бір айғай сал.
Сонан соң апыр-топыр сасып қалар,

Жүгіріп жүген ала-ақ атқа барар.
Ерттесіп, тұл аттарды мініп алып,
Жабыла бірден шығып сені қуар.
Шақырып «бері кел» деп қасына алды,

Жанынан қайыс арқан шешіп алды.
«Садақ қауысқа төтеп болады»,—деп,
Екі арқан мықынынан орап шалды.
Жөнелдім бір жылғамен ар жағына,

Қасына жақын бардым Сұраншыңға.
Көрініп, ту көтеріп, жау мұндалап,
Жақын кеп айғай салдым сол арада.
Мені көріп, айғайға сасып қалды,

Жабыла жүген ала-ақ атқа барды.
Аттарды апыр-топыр ерттеп мініп,
Қайқайып маған қарай бәрі салды.
Таянған соң жөнелдім қорыққандай боп,

Жылқы ізінен шықсын деп қашыртқы ғып.
Бір мойнаққа шықтым да тұра қалдым,
Соғысып көрейін деп тәуекел деп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ұйлығып олар дағы тұра қалды,
Тобынан бір қара атты шығып алды.
Қолында көкала жақ кезеп келді:
«Жеке-жеке, қазақ!»—деп айғай салды.

Мен тұрдым бір мойнақтан қарсы қарап,
Кезеді көкала жақ қалақ оқ сап.
«Тапжылма батыр болсаң, күшімді көр!»—
Деп тартты дәл кіндіктен мені қадап.

Көзбенен көздеген оқ келіп жетті,
Тайдырып қайыс арқан төмендетті.
Сүбемнен тайып тиіп, талқан қылып,
Байпағым жылы қанға толып кетті.

Мен қаштым қорыққан боп ар жағына,
Тигенін о да білді сол арада.
Ұзамай сексеуілге кіріп тұрдым,
Қуып тағы айқасты сол арада.

Найзаны о да салды, мен де салдым,
Менен бұрын бұғанамнан көсіп алды.
Екеумізге бір өлім болды ғой деп,
Қанжарыммен милықтан періп қалдым.

Домалап аттан түсті жерге барып,
Жөнелдім ат шылбырын іліп алып.
Біреуі әлгі жерде шауып келіп,
Жөнелді өңгеріп ап қайта қайтып.

Бір жерге кеп тұрып ем, Жұбай келді,
«Сауға» деп қара атты кеп қолына алды.
Бір жерге ат апарып байлап келдім,
Тағы тос бәрі түгел қаптап келді.

Қуып келіп бір жерге шыға қалды,
Бір жалғыз қара ала атты тура салды.
Сар жарғақ, сары шалбар, алтын түйме,
Зәңгі екен қызылтасты отағалы.

арқалық  батыр

—Кезек бер тағы, қазақ, жатқызамын,

Кірісін сары жақтың тартқызамын.
Кісі өлтірдің, кетсең де әзір аман,
Ежен ханның дәмін мен татқызамын.
Қашқанмен қояр емес, тағы тұрдым,

Өзіне қарсы қарап бетім бұрдым.
Мойнынан шаңырақтай жағын алып,
Шіреніп дәл жүректен тартып қалдым.
Садағы дәлдеп тартқан келді жетіп,

Қала жаздым аударылып қазам бітіп.
Ажал жоқ, Құдайымның сақтағаны,
Кетіпті қалмақ ерім қасын бөліп.
Шошыған соң тағы да қырқаны астым,

Мен кіріп сексеуілге тізгін тарттым.
Қоймады, қуып келді және артымнан,
Амал не, қоян-қолтық жағаластым.
Қанжарын шабайын деп алды қолға,

Екеуміз жағаластық аударыста.
Қанжарын қолындағы жұлып алдым,
Шапқалы қол көтеріп ұмтылғанда.
Көкжал ат қандай шапшаң сырт айналды,

Екеуміз тартысқанда найза сынды.
Өзінің қанжарымен шаптым басқа,
Қан шапшып, тітіректеп құсып қалды.
Ат ойнап, жарқ етіп сол шыға берді,

Ұмтылып ем ұстатпай қайта салды.
Сары жарғақ, сары шалбар, көкала жақ,
Қайта кеп тонап алдым, маған қалды.
Тонап ап және қашып дөңге шықтым,

Шулап кеп, тасын үйіп арша жақтың.
Қара атты байлап салып Жұбай келді,
«Түбі қалай бола»,—деп мұңым шақтым.
17-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жұбай айтты: «Күн бар ма төлеңгітте,
Жолықтық не болса да біз бейнетке.
«Құдай жазса, құл жылап көнер» деген,
Кісі өлімін айтпалық төрең итке».

Сол жерде отыр едік, тағы келді,
Зәңгі екен, өңгертіп ап қоя берді.
Біз сорлы аттан түсіп отыр едік,
Қамады тұс-тұс жақтан тағы да енді.

Жұбай айтты: «Қолға түссек, өлтіреді,
Өлгенше басқа бейнет келтіреді.
Ақыр өлдік соғысып, жан қармайық,
Қолынан жалаңбұттың не келеді?»

Деді де, енді орнынан түрегелді,

—Босқа өлмейік, тәуекел енді,—деді.

Соғысып жаудың бетін қайтармасақ,
Жалпылдап қуа берер енді бізді.
Түйіп ап ат-құйрығын, міндік атқа,
Белсендік белді буып, қанжар қолда.

Екеуміз екі жақтан кірелік деп,
Соғыстық оңды-солды сол арада.
Жүргенде біз соғысып, екеу өлді,
Өзіме жеті жерден найза тиді.

Жау қашты шыдай алмай әр-беріден соң,
Отырдық бір жотаға түсіп енді.
Қансырап Жұбай отыр, түрі жаман,
Құйқасы, бір жақ шеке салбыраған.

Жаным ашып құйқасы мен шекесіне,
Топырақ сап, тартып қойдым сол арадан.
Жау—дүрбіт жиылып ап тұрды сонда,
Өлгенін ап жіберді ар жағына.

Ішінен көкала атты жалғыз шығып,
Тағы келді жекелеп біз байғұсқа.

арқалық  батыр
Мен шаптым сыр білгізбей Көкжалменен,
Шыдамай қайта қашты жақын кеп ем.
Бір жетіп найза салдым жаясынан,

Көкжалға жеткізбеді, жүйрік екен.
Тастарға тоқтамайды, тым тамаша,
Қояндай арты биік, алды аласа.
Қызығып қуып бара жатқанымда,

Артымнан Жұбай шапты айғай сала.
Таяп ем жетем бе деп қайқайыста,
«Арқалық, бері кел!—деп,—енді қума».
Ерінің қасын қырып жазып апты,

Тілмаш екен ол дүрбіт, амал қанша.

—Арқалық, атың шыққан сен екенсің,

Жылқы алып біраз күндей елірерсің.
Қызылтасты зәңгі мен бесті өлтірдің,
Есігін Ежен ханның бір көрерсің.
Деді де, олар кетті осыменен,

Біз қалдық, жүре алмадық жараменен.
Жетелеп қара атты алып суға келдік,
Жараны су соғат деп түніменен.
Түнімен суда жатып есті жидық,

Қоржыннан алып келіп азық жедік.
Кісі өлгенін төреге айтпалық деп,
Қара атты жетелел ап, атқа міндік.
Жылқының ізіменен енді салдық,

Айналып қуғыншыға үш күн қалдық.
Бурылтоғай, Қиялыдан көктей өтіп,
Қыран мен Шеміршекке жетіп бардық.
Жылқыны жатыр екен олар бағып:

—Батырлар, айналдыңдар мұнша нағып?

—Қуғыншымен соғысып бір ат алдық,

Олар да, біздер дағы аман қалып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бәріміз ел ішіне енді келдік,
Бір-бір ат мінейік деп көңіл бөлдік.

—Ұстап бер Көкмойынды, Жұбай, маған,

Жолдыққа жануарды біз мінейік.
Жұбай айтты: «Бедеу мін, мінбе мұны,
Қоя ма мұны саған төре көрсе.
Ат үшін қорғасын мен дүре жедік,

Әй, батыр, тілімді алсаң, мұны мінбе».

—Ұстап бер жануарды, бір мінейін,

Қолымнан әл кеткенше жібермейін.
Ант етіп сол арада айтып едім,
Әкем Бөрібай өлсе де, не берейін.
Сол жерде ұстап берді Жұбай маған,

Басқалар бие мінді тілін алған.
Басады үш аяқтап Көкмойын ат,
Мініп көріп сол жерде желқом салсам.
Жұбай айтты: «Шатай, Тұяқ, Сейтен аға,

Қара ат ап біз барайық енді ауылға.
Сендер жай келіңдер»,—деп жүріп кеттік,
Бір жалғыз келе жатыр тұмандыда.
Туралап келді бізге сол арада,

Тұйғын сап қаз бен үйрек сол арада.
«Сауға деп келдің бе аман, батырлар»,—деп,
Тұр екен Әжі інісі Тәти бала.
«Сауға» деп сұраған соң көңіл бөлдім,

Атымнан сол арада түсе қалдым.
«Ер болсаң, тартуымды ұмытпассың» деп,
Жақ пен шалбар, жарғақты соған бердім.

—Арқалық, дос болайын, қолыңды бер,

Жалғанда туа қалмас өзіңдей ер.
Іші тар көре алмастың біреуі еді,
Төреге бұл тартуды айтпаңыз сер.

арқалық  батыр
Ұмытпаспын, өлсем—өлдім, аман жүрсем,
Түбінде өкпелеймін төре десең!
Қол алып, қол берістік уағда қып,

Қош айтып біз де кеттік жөнімізбен.
Аулына Әжі төре келдік жетіп,
Қара атты жетелеп ап дөңгелетіп.
Төре, қара бәрі түгел тысқа шықты,

Батырлар кеп қалды деп дуылдасып.
Бәрімен амандасып, елді көрдік,
Қандай заман болад деп көңіл бөлдік.
Қара атты босағаға жақын байлап,

Төреге «алдияр» деп сәлем бердік.
Төре айтты: «Келдің бе аман, батырларым,
Бұрынғыдай Жұбайда жоқ қой арын.
Малға мал алдыңдар ма аман-есен,

Айтыңдар, әй, батырлар, малдың санын?».

—Мал алдық жүз жиырма екі есе ғып,

Екі тай жолда сойдық нәзір етіп.
Ертісте сегіз құлын суға кетті,
Жүз онын аман-есен келдік алып.
Ертіс өтіп қуғыншы келді біраз,

Біз тостық қарауылдап Құмдыбұлақ.
Түсіріп ер тоқымды бір ат алдық,
Жылқыға жібермедік алдын орап.

—Жақсы ғой келгендерің есен-аман,

Келген соң теріс айтпан мен де саған.
Сүмірейіп Жұбай неге сөйлемейді,
Келген бе кісі өлтіріп, түрі жаман?

—Алдияр төрем, сөзің кекесін бе,

Уағдаңа өзің айтқан жетесің бе?
«Берсем де Сейілханды, бермен»,—деп ең.
Кісі өлсе, тақсыр, бізбен бітесің бе?

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жайқадым ақ жайынша оңды-солды,
Әруағы ер Жәнібек берді жолды.
Кекесең бізді бүйтіп, төрем, әлден,
Қызылтасты зәңгіменен бесеу өлді.

Ханым айтты: «Батырлар, өкпелеме,
Сусын іш, бері келіп, мына жерге.
.............................................1
Өзі қылған түбінде өкіне ме?»

Төре айтты: «Атымды ертте, малын көрем,
Малға малды қосқызбай санын білем».
Қара аттың ер тоқымы аппақ күміс,
Төре көріп қуанып күлімдеген.

Жөнелді төреге еріп бәрі аттана,
Біз де ердік, қаламыз ба ол арада.
Көкмойын ат басады үш аяқтап,
Көбіменен жүрген соң көбік шаша.

Түрегеліп қасыма жетіп келді,
Көрген соң Көкмойынға көңіл бөлді.

—Әсеммен топқа мінер бір ат екен,

Барған соң басқа ат мініп, қоя берші.

—Ант қылып алып едім, сертім қиын,

Мінуге жарайды деп жауға бейім.
Бір тайды, төрем, сұрап не қыласың,
Әкем Бөрібай өлсе де, не берейін?
Төреміз түсі суық, тілден қалды,

Шұбатып келген малды санап алды.
Үйірін бөрте айғырдың бөліп алып,
Құлынды жиырма екі байлап алды.
Ат, айғыр, бие санап жүйеледі,

Мал оңды, қуанып жұрт көңілді.
1 Түпнұсқада осы жол жазылмаған.

арқалық  батыр
«Барған соң аттарыңды әкеп бер»,—деп,
Төртеуіне бір қотыр бие берді.
Жұбай айтты: «Шатай, Тұяқ, Сейтен ағам,

Төреге бой жете ме, амал бар ма?
Үшеуін сойып жеңдер, семіз екен,
Жаным аман келгені өзіме олжа».
Жөнелдік тоқтай алмай үйді ойлап,

Қандай заман болад деп түбін ойлап.
Сары бөрте биені айтып сойдық,
Қазысын төрем жатыр қарш-қарш шайнап.
Мен жүріп Шарықтыда үйге келдім,

Егінші Шарықтыда жалғыз үймін.
Жотада әкем Бөрібай отыр екен,
Құшақтап, жылап келіп мені сүйді.
Сөйледім мен әкеме бастан-аяқ,

Бір сөз бөтен қалған жоқ бөліп-саяқ.

—Айтуыңда бір мінің ұнамады,

Қандай заман туғызар тағы айдап!

—Әй, ата, төренің кім шыдайды зардабына,

Басқанда жер қайысқан салмағына.
Төреден тағдырымды жазған болса,
Қайтейін, ілінермін қармағына.
Шыдамасқа амал жоқ, қолдан келмес,

Бар керей бағынып тұр бәрі тегіс.
Қытайдан бізді сұрап шерік келсе,
Ат тұр ғой, алтын берсек, алдық демес.
Сонымен екі ай жүрдік есен-аман,

Шошимын түн ұйқыда, түсім жаман.
Дүрбітпен жағаласып оянамын,
Болад деп біз сорлыға қандай заман.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір күні жатыр едім, біреу келді,
Жүрегім аттай тулап түрегелді.

—Ей, Арқалық, үйдемісің, бері шық,—деп,

Шақырып ат үстінен хабар берді.

—Сен кімсің түнде жүрген, жаным,—дедім,

Шақырған себебіңді айт мәнін,—дедім.

—«Бар болса тірі үйінде, алып кел» деп,

Қатты жарлық берген соң соған келдім.
Шақырған татар төре алып кел деп,
Тез бар да кешікпей кел шапшаң жүр, деп.
Білмеймін қандай жарлық өзі білет,

Барған соң не болса да көресің,—деп.
Әкем Бөрібай шал айтты: «Балам,—деді,
Бір сұмдық болған екен саған, деді.
Жөніңді қайтып келіп білдіріп қайт,

Тағы да болды-ау қиын заман»,—деді.
Шал жылап мазаны алды қара түнде,
Қатты қайрат істеді мына жөнде.
Үйде туып, түзде өлген талай ерлер,

Қайтейік, Құдай жазса, көндік депті.
Жөнелдім Көкмойынмен сол арада,
Ілесіп түнде келдім Татанжанға.
Тамақ асып ханыммен мені тосып,

Екеуі отыр екен сол арада.

—Әй, батыр, мен шақырдым түнде сені,

Достықтың қол алысқан жоқ қой міні.
Үш қытай, отыз шерік маңғұлдан кеп,
Төреңе ұлықлы хат бүгін келді.
«Арқалық деген батыр дүрбіт кепті,

Жылқы алып қуғыншымен соғыс қылып,
Қызылтасты зәңгі мен кісі өлтіріп,
Осында неше келіп бүлдіріпті.

арқалық  батыр
Ұстап бер Арқалықты жолдасымен,
Көп сөз жазып үкім хат жібердім мен.
Арқалықты жолдасымен жібермесең,

Алдыма өзің ертіп тез келесің!»
Бұл бұйрықты көрген соң, кетті шошып,
Сендерді ұстап бергенше, зәрем ұшып.
Шақырттым соныменен түнде сені,

Өтіп кет орыс елі соған қашып.
Артыңды тапсыр маған қандай жайға,
Жұбайды да жіберейін арт жағыңа.
Ол жерден қолы жетіп алалмайды,

Өтіп кет орыс елі қаратайға.
Деді де тамақ беріп, еріп жүрді:
«Ел шетіне шығарайын осы түнде.
Бозайғырдың құмына алып келіп,

Ертістен ат жалдап өт өзің»,—деді.

—Ұмытпайын өлгенімше, досым,—деді,

Қол алып, қол берістік қошым,—деді.
Жұбайды да артыңнан жіберем деп,
Айрылдық Татанменен осы күні.
Сол жерде аласұрдым әкемді ойлап,

Соғады әр тарапқа жүрек қайнап.
«Жөніңді білдіріп кет!» деп жылап ет,
Сорлы шал өледі ғой соры қайнап.
Қайтадан қара түнде үйге келдім,

Айтқандай жатпай отыр түсіп уайым.
«Осында қытай іздеп келіпті»,—деп,
Айтып ем зар жылады болып күйіп.

—Татанның мына сөзі ақыл екен,

Деген сөз орыс елі мақұл екен.
Таң атпай Ертіс түсіп өтіп кетіп,
Жөнелдім улап-шулап соныменен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жөнелдім атқа мініп сол арада,
Таң таяп қалған екен, шықсам сыртқа.
Ертістен өте алмайтын болғаннан соң,
Бекіндім Сауырға кеп Аюлыға.

Көкмойын ер тоқымын жұлып алдым,
Оттасын деп аяғына шідер салдым.
Жантайып желқомымды, ұйықтай қалсам,
Дүрбітпен жағаласа-ақ айғай салдым.

Таң атып қалған екен, түрегелдім,
Атымды мінейін деп көңіл бөлдім.
Қарасам бір мойнақты асқан екен,
Сүрдектеп түсіп кеткен ізін көрдім.

Асты ұзын бұлақ екен ізі,
Жүгіріп мен де келдім шошып тіпті.
Алдымнан алты қасқыр шыға келді,
Өзенге қуып барып қасқыр жепті.

Атымды жегізіп ап, жаяу қалдым,
Құшақтап төрт сирағын зар жыладым.
«Ит сүрінсе—үшке шейін» дегенге ұқсап,
Отырмын бармақ шайнап, бар ма лажым.

Отырдым кешке шейін тау басында,
Жұбай жоқ ақылдасар жолдасым да.
Буып ап ер тоқымды көтеріп ап,
Қайтып келдім Татанға, амал бар ма.

Ояттым тұсынан кеп дыбыс беріп,
Есік ашты әйелі түрегеліп.
«Көкмойынды жегізіп, жаяу келдім,
Ұзамай қырық тұсақ шерме толып».

—Әй, батыр, ренжіме қасқыр жесе,

Ауырлықты көтерер атың өлсе.
Жұбайды ұстап берді, қытай алды,
Түн қатып тағы да қаш орыс елге.

арқалық  батыр
Ей, қатын, жүк артына төсек салшы,
Тынығып, батыр, бүгін деміңді алшы.
Бәйге күрең Көбік атты байлатайын,

Ертіс өтіп тағы да жүріп көрші.
Мен жатып жүк артына бекініп ап,
Ел жата жөнелдім «а құдайлап».
Татан досым қасыма еріп жүрді,

Қош айтты ел шетіне шығарып сап.
Ертіске таңға таяу келіп жеттім,
Таба алмай аяқ өткел тентіреппін.
Әр жерге тал бойлатып, ат болдырып,

Ертістен таң атқанда әрең өттім.
Бір адам көрді ме деп жаман састым,
Болдырған Көбік атқа қамшы бастым.
Нағашым өгіз қара жаман еді,

Бекініп жатайын деп соған қаштым.
Нағашым жылап-еңіреп қарсы алды,
Атымды үйге енгізіп, ерін алды.

—Жиенім, түнге жастап кетесің,—деп,

Үйіне бекітіп ап, тығып салды.
Түске таяу дәретке шығып едім,
Бір жайдақ өгіз мінген мені көрді.
Танығандай болды да жүзін бұрып,

Жарқ етіп өз жөніне жүре берді.
Жүгіріп үйге кірдім нағашыма:

—Осындай біреу көріп кетті мұнда.

Жүрегім өгіздіден тым шошып тұр,
Ұстап ап, бекітейін соны мұнда.

—Қас емес, о да ағайын,—дейді,—бізге,

Ақтады айтпады деп әлгі жерде.
Төренің тыңшысы екен, хабар қыпты,
Қытай, қазақ жүз кісі келді түсте.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ауылды шыр айнала қамап алды,
«Арқалық қашқын бар» деп хабар салды.
Нағашым ағайынды—екі жаман,
Шақырып екеуін де ұстап алды.

Шошыған соң келді деп мойындапты,
«Қашқынды ұстап бер» деп ақырыпты.
«Арқалықты шығарып бер» деген соң,
«Жиен-ау, қайтесің?»—деп маған кепті.

—Күйме,—дедім,—мен үшін,—нағашыма,—

Іліндім амал қанша, құрған торға.
Қаныма қан алайын, ақыр өлдім,
«Қашқының мінеки,—деп,—бер қолына».
Жетелеп екі жаман алып жүрді,

«Қашқының мінекей»,—деп айғай салды.
Қораның ортасына алып келіп,
«Өздерің алыңдар»,—деп қоя берді.
Қамалап, ұстауына батпай тұрды,

Қашпаған[ды], заңы жоқ, атпай тұрды.

—Тас қылып қол-аяғын байлап бер,—деп,—

Өзіңді ап кетеміз,—деп қорқытты.

Сол жерде екі жаман жылап келді,
Көл қылып көздің жасын бұлап келді.

—Байламасаң өзімді ап кетем,—деп,—

Қайтеміз?—деп ақылды сұрап келді.
Байлаттым қол-аяғымды, амал бар ма,
Қораның домалатты ортасында.
Үш қытай, отыз шерік, көбі қазақ,

Жемтікті жеп өлді ғой құзғын-қарға.
Мінгізіп бір түйеге жайғап алды,
Астынан екі аяғым байлап алды.
Есіріп, ұстадық деп саусылдасып,

Әжі төрең алдына алып барды.

арқалық  батыр

—Әй, тақсыр, жібергенде не дедіңіз,

Мен тұр ғой малдың қамын жеп едіңіз.
Малыма мал әкепсің, не берейін,
Сейілханды берсем бе деп едіңіз.
Төренің түсі суық көрінеді,

Кәдірі өткен күннің білінбепті.
Бас ұрып қандай жылап бас ұрсам да,
Мелшиіп төмен қарап, үндемеді.

—Жарқырар ай астында жарық жұлдыз,

Жағалар жарда жүріп суда құндыз.
«Сейілханды берсем де, бермен» деп ең,
Дәл енеңді ұрайын, Әжі қырғыз.
Деп едім, әлгі жерде күйіп-жанды:

—Мына залым не дейді?—деп ашуланды.

Кім кіргізді мынаны, тез шығар!—деп,
Тұрып кеп, сар таяқпен салып қалды.
Татан дос көріп отыр мына мәнді,
Жүгіріп ағасына жетіп барды.

«Мұны ұрғанша, жерді ұр»,—деп әлгі жерде,
Қолындағы таяғын жұлып алды.
Сүйрелеп алып шықты әлгі жерде,
Құдайым кез келтірді мұндай күйге.

Астында шегелеулі Жұбай отыр,
Шегелетті мені де әкеп бірге.

—Кетіп ең мені тастап, батырым-ай,

Тілеп ем кетсе екен деп бір табылмай.
Сен қалсаң, мені әкетсе, орта жолда
Қалмас деп ойлап едім бір соғыспай.
Бармадық әділдіктің жүйесіне,

Жолықтық қандай жанның киесіне?
Ұр дегенге келмейді ұрғанға күш,
Теңделдік жау дүрбіттің түйесіне.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сол жерде екеумізді шегеледі,
Қолынан түк келмейді керей елі.
Бір түйеге екеумізді теңдеп тастап,
Бізді беріп құтылып қала берді.

Жетпедім әділдіктің жүйесіне,
Жолықтым қандай жанның киесіне.
Жұбаймен екеумізді ұстап берді,
Теңделдік жау дүрбіттің түйесіне.

Жөнелді отыз шерік байлап алып,
Шегелеп қол-аяқты жайғап алып.
Аз таппыз ботақара—қарақаспен,
Қош айтып, бәрі жылап шулап халық.

Жөнелді бізді теңдеп Алтайды өрлеп,
Түйе үстінде кеттік біз [жылап]-еңіреп.
Сөтке сайын түйеден түсіреді,
Көтеріп сирағымнан «Тамақ іш» деп.

Екі аяқ шылдырлатып кісендеулі,
Екі қол білезіктен шегелеулі.
Қара шай, сөткесіне бір тілім нан,
Әйтеуір, өлмесін деп дәм берулі.

Алтайдың Айыркезең асуы бар,
Қобдаға одан асып басуы бар.
Түйемен он күн жүріп Қобда келдік,
Сол жерге келіп шерік еру болар.

Қалмақ бір досым бар-[ды] Қарамерген,
Бізді алып келет дегенді естіді екен.

—Қайран ер, сен де мұндай болдың ба,—деп,

Ол қалмақ жылап-еңіреп бізге келген.
Бізге кеп әлгі жерде амандасты,
Шерікке бізді әкелген соған кетті.
«Бір күнге Арқалықты кепілге бер,»—

Деп мені әлгі жерде сұрап апты.

арқалық  батыр
Босатып, мені үйіне алып келді,
Жақсылап төрге төсек салып берді.

—Тынығып, қайран батыр, бір түн ұйықта,—

Деп бір семіз қойды әкеп сойып берді.
Мен жаттым қой етін жеп, майға тойып,
Ұйықтадым, қол-аяқты керіп созып.
Таңертең қалған етті тағы жылытып,

—Ішіп-жеп, тынық,—деді алған қойып.

Бүгін жат, еру болса, тағы тынық,
Келейін мен шеріктен жөнін біліп.
Қуанып қайтып келді «Еру болад» деп,
Әкелді бір еркек кой тағы сойып.

Түгел асып, турады қуырдақ қып,
Тұздықтап қарынға түгел тығып.

—Түйенің өркешіне таңып берем,

Екеуің күндіз жеп жүр азық қылып.
Апарып ертең берем, тағы тынық,
Арқалық, ер едің ғой, бұған шынық.
Ойладым бүгін қашып кетейін деп,

Батырдың байлаудағы атын мініп.
Жаттым да, мен киіндім, қайта тұрып,
Тыңдадым ояу ма деп жөнін біліп.
Қатыны байына айтты, тыңдап жатсам,

Мені «қалай болады» деп қауіп қылып.

—Досым деп қайғырасың сөзін қостап,

Әкеліп салып қойдың үйге бостап.
Арқалық қашып кетсе, қайтер едің,
Қазақтың қалмайсың ба шоғын ұстап?

—Ер қайда Арқалықтай ұрынуға,

Шіркіннің жан жете ме порымына?!
Арқалық қашып кетсе, жолы болсын,
Досымның өзім барам орынына!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ойладым жүрегімнен жұлмайын деп,
Көңілімді жамандыққа бұрмайын деп.
Мұны естіп, шешіндім де қайта жаттым,
Әйелге ерді таба қылмайын деп.

Таңертең түрегелдім ұйқым қанып,
Шай іштім, бетім жуып сыртқа барып.
Қарамерген сөйлейді:—Ей, Арқалық,
Беремін шерікке енді сені апарып.

Осыдан екеуіңді ханға апарар,
Дүре соғып, сендерден сұрақ алар.
Өзінің қалмағына нанып отыр,
Барлық шыныңды айтпасаң, қинау қылар.

Шыныңды айтсаң, сөзіңе бәрі нанар,
Ол күні өлмейсіңдер, жаның қалар.
Ақбұрғылап мойныңа кісен салып,
Апарып темір үйге бөлек бағар.

Бір асыл кездігім бар мен соқтырған,
Қырық ошақтан қорытып құрыш қылған.
Темірді жайынша турап талқандайды,
Берейін кездігімді, досым, саған!

«Әкел!» деп қатынына әмір қылды,
Қатыны кебежеден алып келді.
Сар пышақ жарқырайды асыл құрыш,
Мойнын саптан суырып алып қойды.

—Табанының шұқырына мен салайын,

Желімдеп жарғақпенен жапсырайын.
Қолың бір босайтұғын күнің туса,
Сонда ал табаныңнан айттым жайын.
Тесесің темір үйді соныменен,

Қашасың, аман болсаң, сол тесіктен.
Жаныңа сая болар бұл асылым,
Арқалық, аяспаған досым ең сен.

арқалық  батыр
Желімдеп табаныма тығып берді,
Екі қондым, шерікке алып келді.
Қош айтып Жұбайменен екеумізге,

Өркешке қуырдақты таңып берді.
Ай жүріп алып келді Ежен ханға,
Жеті күн қамап қойды қараңғыға.
Аяқ[та] кісен, шынжырмен жетелесіп,

Жамбылға алып кірді хан алдына.
Отырған сұрақшы мен ханы қытай,
Бас ұрдық Ежен ханға заңы солай.
«Арқалық қайсың?»—деп түрегелді,

Алдына сұрақ қылып тік тұрғызды-ай.

—Дүрбіттен неше айдадың, неше келдің,

Өттің бе, шыныңды айт, түгел бәрің?
Шыныңды айтсаң, сұрақ аз болады!—деп,
Көрсетті осындай деп хан жарлығын.

—Жау болды кісі өлтірген қазақ, қалмақ,

Кедей ем, мен де аттандым олжаланбақ.
Екі кеп қырық-елуден жылқы айдадым,
Екі соғыста өлтірдім екі қалмақ.
«Бір атты бермедің» деп Әжі төре,

«Енді сен бармайсың» деп соқты дүре.
Төренің зардабына шыдай алмай,
Жай жаттым екі күн айналып күнім көре.
Бір сиыр, бір жылқым бар, үйім жамау,

Жан сақтап жата бердім амал бар ма-ау?
Бір күні қараңғыда біреу келіп,
«Арқалық, бері шық!»—деп айғай салды-ау.
Шошынып қараңғыда түрегелдім,

Жадағай жаман шекпен бойыма ілдім.
«Әжі төре шақырды, шапшаң жүр»,—деп,
Түн қатып мені төреге алып келген.
18-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Арқалық, жау дүрбіттің қорлығы өтті,
Жылқыны таңдай тал түсте дүрілдетті.
Арқалық, осыған сен барасың,—деп,
Малыма мал әкел»,—деп әмір етті.

Аттандық, жарлық қақты мұныменен,
Сегіз күн ұдай жүрдік күн-түнімен.
Дүрбіттен жүз жылқы алдық иен жатқан,
Айдадық күн-түн қатып соныменен.

Неше күн ұдай айдап Ертіс бардық,
Суына Қара Ертістің жылқы салдық.
Суынан өтіп тынығып жатқан кезде,
Қуғыншы алпыс кісі келді қалып.

Соғыстық біз екеуміз оңды-солды,
Әруағы ер Жәнібек берді жолды.
«Кісі өлсе, өзім көрем» деген төре,
Зәңгімен қызылтасты бесеу өлді.

Жылқыны Әжі төре санап алды,
Үйірден бөрте айғырды айдап барды.
Мен бермедім атымды, басқасын ап,
Құлынды отыз екі байлап алды.

Жылқы әкел деп жіберген төрем еді,
«Сендерді ..........2∗ мен көрем» дейді.
Сізден жарлық барған соң шыдай алмай,
Мінеки, екеумізді байлап берді.

Отырған өңшең қытай басты-тасты,
Қытайша әзіл білем, сөз қатысты.
«Қор болған қазағында батыр екен,
Әзір біз өлтірмейік!»—деп қайысты.

Әкел деп әлгі жерде мені басты,
Құйрықты жалаңаштап түріп сапты.
2 Түпнұсқада көп нүктемен берілген.

арқалық  батыр
Мініп ап бас-аяққа сонда шерік,
Аямай алпыс қамшы дүре соқты.
Қылтаны құрықпенен тілімдеді,

Құйрықтан қызыл қандар ызылдады.
Киіндім түрегеліп амал бар ма,
Екі аяқ басуыма келмей қапты.
Жұбайға отыз қамшы дүре соқты,

Шырылдап көз жасы оның көлбіп ақты.
Соққанда отыз қамшы сорлы Жұбай,
Тұра алмай, әлгі жерде бұраң қақты.
Ақырдым, түрегелді, немене ұнар,

Бұл жерде жұмыс бар ма қолдан келер.
Жұлып ап Жұбайды мен киіндірдім,

—Бұл жерде әкең бар ма еркелетер!

Сөйлесті бәрі сонда: «Ер екен,—деп,
Қор болып қазағында жүр екен,—деп.
Тағы сұрақ қылармыз бұл екеуін,
Барып темір үйге кіргіздір»,—деп.

Ақбұрғы мойнымызға сонда салды,
Шеріктер темір үйге алып барды.
Кіргізіп, екеуімізді айдап келіп,
Есікке тас қып мықтап құлып салды.

Қор болды біз сорлының ғаріп басы,
Бір адам табылмады арашашы.
Сөткесінде бір әкеп берген тамақ,
Күріш, нан, құр қара шай берген асы.

Кесе күріш, бір тілім нан жүрген кәсіп,
Темір үй жамбасымнан тақтай тесіп.
Аяқ кісен, қол шеге, мойныңда ағаш,
Осымен алты ай жаттық біздің нәсіп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тән тозып, сүйек қалды саудыраған,
Біз күйдік төре үшін, бар ма шарам.
Жаз шығып, біз өлімге айналғанда,
Дүбірлеп терезеден айғайлаған.

Қарасам, қытай қызы жаудыраған,
Кигені өңшең торғын жалбыраған.
Бір қыз кеп терезеден күле сөйлеп,
«Арқалық қайсың?»—деп айғайлаған.

Дедім де: «Мен—Арқалық,—түрегелдім,—
Сен бала кім едің?»—деп сөйлес қылдым.

—Мен едім Ежен ханның кенже қызы,

Сауық қып көрейін деп келіп едім.

—Сен болсаң Ежен ханның кенже қызы,

Батты ғой жамбасымнан жердің сызы.
«Хан соқса, қайраны бар» деген еді,
Шегеден атаңа айтып шығар бізді.

—Келмейді шығаруға әлім, деді,

Сауық құрып шығып ем, көрдім, деді.
Басқа қайран сұрасаң қолдан келер,
Сөйлесең кемшіліктің жөнін,—деді.
Ендеше нашар болды азық бізден,

Арманда кетемін ғой аштан өлсем,
Хан баласы екенсің қайратың мол,
Жалғанда ұмытпас ем азық берсең.

—Сөзіңе, олай болса, көңіл бөлдім,

Екі күнге бір сиыр азық берем.
Шегеден аман-есен шыға қалсаң,
Жамбыл бұзып, сен маған келер ме едің?

—Азық бер, шыбын жаным аман тұрсын,

Қуатым кірер ме екен азық жесем.
Темір үйден құтылар күнім туса,
Жамбыл бұзып бармасам, атым құрсын!

арқалық  батыр

—Ендеше, орнымды айтам, батыр, саған,

Өзіңді әкеп жамбылда дүре соққан.
Оң жағында қызыл перде шымылдық бар,
Соған кірсең, мен жалғыз сонда жатам.
Қош айтып ханның қызы кетті жүріп,

Біз қалдық шыққандай боп аласұрып.
Жұбай айтты: «Әй, Арқалық, мұнша шаршап,
Нең бар ед, кеткен жоқ па мазақ қылып.
Арқалық, қайда саған азық бермек,

Еріккен хан баласы сейіл жүрмек.
Қазақтың батыры деп естіген соң,
Сайқы қып көрейік деп саған келмек».
Сонымен жата бердік бұрынғыдай,

Шегелеп ұстап берген төре сұмырай.
Азық жоқ, аласұрып жатыр едік,
Бір қалмақ қатын келді күн шыққандай.
Терезеден «Арқалық» деп айғай салды:

«Хан баласы ол саған азық берді.
Екі күнге жеткізіп жеп тұрсын»,—деп,
Терезенің тесігінен тастай берді.
«Сиырдың етін түгел асып келдім,

Пісіріп, мына қапқа басып келдім.
Екі күнге бір сиыр беріп тұр деп,
Ханшаның жарлығын мен алып келдім...»
Қуандық а құдайлап әлгі жерде,

Жас ағып әл келеді екі көзге.
Жұбай айтты: «Арқалық өлі балық,
Өлмейтінге дейтұғын келді бізге».

—Әй, Жұбай, кеше сөзің кекесін бе,

Шартыңа маған айтқан жетесің бе?
Шикі жеймін демеп пе ең азық берсе,
Сертті бұзып, жалтақ боп өтесің бе!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жыласып, үміт қылып, ойға қалдық,
Аппақ май алдымызға үйіп алдық.
Пышақ жоқ, қол шегеде, кесіп жейтін,
Қасқырдай қой жолыққан басып жедік.

Екі күнде сиыр еті келіп тұрды,
Тамақ жем алдымызға кіріп тұрды.
Тұлымшағы салбыраған бір қара көк,
Пісіріп екі күнде беріп тұрды.

Екі айға отыз сиыр азық жедік,
«Кәрі әруақ қайдасың?» деп еңіредік.
Жәнібек көк перісі бір шолмай ма,
Қор қылып қойдың ба?!—деп айғай салдық.

Бір қасқыр сонда үйге кіріп келді,
Қып-қызыл екі көзі жанып келді.
Салақтап тілі түсіп тізесіне,
Шап етіп мойнымнан кеп ала түсті.

Үйірді қасқыр талап олай-бұлай,
Шошынып, түсім екен, салдым ойбай.
Шошынып, а құдайлап Арқалық деп,
«Болды,—деп,—бір жақсылық, сорлы Жұбай!»

Жаәнекем көк перісі келген екен,
Зарыққанда қақ бізді білген екен.
Арқалық қасқырменен алысқанда,
Үзіліп қолда бұғау кескен екен.

Қуанып, ақбұрғы ағаш былай салдым,
Кездікті табандағы жұлып алдым.
Жұбай қолын босатып бұғауын ап,
Кісенді аяқтағы қиып алдым.

Шерік келсе, кісенді бос саламыз,
Үйді тесіп қашсақ деп ойға аламыз.
Кездікпен темір үйді тесіп алып,
Жылы жел, ай көргенге қуанамыз.

арқалық  батыр
Қуандық түнде шығып, а құдайлап,
Етке дейін азық алдық түбін ойлап.
Ақбұрғы Жұбай ердің мойнын қиған,

«Арқалық, ал қашалық енді аяңдап».
Мен айттым: «Қызға айтқан сертім қайда,
Қыз болмаса, өліп ек әлдеқайда!
Алпыс күн отыз сиыр азық беріп,

Өлтірмей асырады бізді мұнда.
Мен соған неғылсам да барам, дедім,
Қош айтысып, рұқсатын алам, дедім.
Кездікпен мен жамбылды тесіп түсем,

Ажал болса жамбылда қалам»,—дедім.

—Әй, батыр, екі қабат темір есік,

Түсесің, асыл бар ғой, оған тесіп!
Күзетші неше жерден ханды баққан,
Барасың қызға, сорлы, барып несін?!
«Өлсем де барайын» деп түрегелдім,

Жұбай жылап сол жерде былай деді:

—Ей, сорлы, бір өрлесең болмаушы едің,

Болмаса мен айтайын мына жөнді.
Болмасаң, жүр, жамбылға бір барайық,
Көріп пе ең үлкен көпір аңғаралық.
Ішіне кіріп, қуысына бекінелік,

Ертең бізді іздейді хабар салып.
Жер-көктің бәрін тінтіп таба алмайды,
Көпірде бекінет деп ойға алмайды.
Әп-сәбі басылған соң соған бар,—деп,

Сөйледі мына сөзді Жұбай болмай.
Екеуі түнде қашып көпір барды,
Бекініп қуысына жатып алды.
«Темір үйді тесіп, қашып кетіпті»,—деп,

Күзетші білдіруге ханға барды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Хан жарлығы: «Қала-дала бәрін қара,
Астасқан адамдар бар ма—сұрақ сұра».
Жамбылдан қалың әскер қаптап шықты,
Арқалық сығалайды жатып қана.

Сол қоста көк аттыны ала алмады,
Қуғанда көкжал атқа шалдырығады.
Жаяда тотығы бар найза тиген,
Қалмақтар білген үшін апарыпты.

Жамбылдан шықты шерік батыр мықты,
Бір шерік көк ала атты мініп шықты.
Көпірден сығалаған ер Арқалық,
Көк ала ат тыртығы бар танып қапты.

Таба алмай шерік қарап, жамбыл келді,
Арқалық жамбыл бұзып бармақ бопты.
«Мен өлсем, сені дағы өлтірем» деп,
Көпірге сонда Арқалық байлап сапты.

Кездікті алмас құрыш қолыма апты,
Жамбыл тесіп, құлыбын жұлып апты.
Ішіне сонда батыр кіріп барса,
Күзетші екі шерік ұйықтап қапты.

Әуелі Көкала атты алайын деп,
Кермеде тұрған атты табайын деп.
Тауып ап, қақпаға әкеп байлап қойды,
«Тәуекел, енді қызға барайын» деп.

Апарып сұрақ қылған жерге келдім,
Күзетші жатыр шерік, соны көрдім.
Апиын жеп, бәрі мас қирап жатыр,
Басып өтіп хан жатқан жерге келдім.

Есіктен ептеп келіп көзім салдым,
Мас болып хан да жатыр, бақыладым.
Ақ панар жарқырап тұр хан алдында,
Қанжарын бас жақтағы қолыма алдым.

арқалық  батыр
Хан оянып: «Бұл кім?»—деп ашу етті,
«Мен—Арқалық»,—деп едім, ұғып кетті.
«Тырп етсең, өлтірем»,—деп тап бергенде,

Торғын көрпе ішіне бұғып кетті.
Қылышты жарқыраған алдым қолға,
Қарадым қызды іздеп, жан-жағыма.
Қарасам қызыл торғын шымылдық тұр,

Кіріп келдім сол жерде қыз қасына.
Ояттым: «Мен келдім»,—деп ханшаны,
Оянып қыз да күліп қолымды алды.

—Жамбыл бұзып, қасыма қалай келдің?

Әй, батыр, сөйле,—деді осы мәзі.

—Хан тұсында ілулі қанжарды алдым,

Өлімге жаным қиып дайындалдым.
Алпыс күн азық берген қақыңызға,
Сөзімді жұтпайын деп, саған келдім.

—Мен сені шақырғам жоқ тиейін деп,

Дінімді бұзып, сені сүйейін деп.
Атам сені алыптай ер деп еді,
Сынадым айтқан сөзін білейін деп.
Арқалық, бәрекелді ер екенсің,

Көргейсің ерлігіңнің берекесін.
Азық менен деп едім азық берем,
Қор болып қазағыңда жүр екенсің!
Сегіз кез жолың бол,—деп торғын берді,

Ас үйдегі азығың сенің,—деді.
Майға илетіп пісірген бір тұлып нан,
Соны алып, аман-есен жөнел,—деді.
Қош айтып ханшамен жылай бастым,

Ас үйге кіріп келіп, есік аштым.
Нан алдым, қазанда тұр ыстық күріш,
Салып ап бір кателмен шыға қаштым.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қақпада Көкала ат тұр байлап қойған,
Жөнелдім жетелеп ап мен қақпадан.
Жұбайды көпірдегі жетелеп ап,
Жөнелдім мінгізіп ап сол арадан.

Көшеден біз де шықтық—жың атылды,
Барабан қағып, жамбыл шуылдасты.
Жөнелдік Көкала атқа мінгесіп ап,
Жануар, алып ұшат қандай мықты.

Таң ата шәр шетіне біз де шықтық,
Түсе ғап кателдегі күріш жестік.
Тоқтай алмай мінгесіп шәрден ұзап,
Күн бата а құдайлап тауға жеттік.

Бір шатқа кеп бекіндік түнде жатып,
Сарғайып қалған екен таң да атып.
Жұбайдың ажырғыдан мойны жара,
Келмейді қатты жүріс ірің атып.

Бекініп, күндіз жатып, түнде жүрдік,
Он күн жүріп, құла дүз иенге ендік.
Бой кеңіп күндіз жүрдік, жара жаман,
Бір үлкен түс уақытта тауға жеттік.

Отыр ек қарауылдап тау басында,
Бөктерлеп біреу келет жалғыз қара.

—Жалғыздың атын алып мен келейін,

Жұбай, сен отыра тұр осы арада.
Мініп ап, Көкала атпен жетіп бардым,
Айдарлы жалғыз қалмақ батырсындың.
«Қап, бәлем, жатқызармын аттан түсіп!»—

Қолға алып алмас қылыш салып қалдым.
Атының басын сонда іркіп алды,
Адам деп мені сонда санамады.
Шап беріп жауырынымнан жұлып алып,

Көлденең ер қасына басып алды.

арқалық  батыр
Шылбырын Көкала аттың қолына алды,
Алдына басып алып жүре барды.
«Ердің ері тақымға басад» деуші ед,

Басыма келді ғой деп күлдім енді.
Күлгенде сонда қалмақ тұра қалды,
Басын шайқап, жымиып ойға қалды.
«Өлімге келген адам күле ме?»—деп,

Алдынан алып жерге қоя салды.
Кәперсіз әлгі жерде аттан түсті,
Елемеді, секілді тым-ақ күшті.

—Атың жайдақ, ерің жоқ, есірмелі,

Сен қандай қазақсың?—деп сұрақ қылды.

—Мен—қазақ, Арқалық ет атым,—дедім,

Төренің төлеңгіт ет затым,—дедім.
Әжі төре дүрбіттен жылқы алғызып,
Ежен ханға ұстап берген тартуы едім.

—Арқалық, естуші едім мен де сені,

Кісі өлтіріп алдыртты хан да сені.
Атым—Қоңқа, қалмақтың батыры едім,
Арқалық, сөйлесейін мен де шынды.
Өлтіріп не қылайын ер екенсің,

Ханнан қашып жаныңды ап жүр екенсің.
Қызығып атыңды алсам, екі адамсың,
Елге жетпей, екеуің жолда өлерсің.

—Әй, Қоңқа, батыр болсаң, затың қалмақ,

Жан келді, арып-шаршап, түсіп салмақ.
Жолдасым далада отыр жаяу қалып,
Сені көріп келіп ем атыңды алмақ.
Елім керей, әлі алыс айшылық жер,

Көрген адам өлтірмей, неге есіркер.
Тірі барсам, батыр, мен ұмытпайын,
Ер болсаң, жаяу қалып, атыңды бер!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Арқалық, бәрекелді, ер екенсің,

Ер сарыны осы еді қайдан білдің?
Ой, шіркін, тауып айттың ер сарынын,
Басқа адам жаяу қал деп сұрар ма едің?
«Жақсылыққа жақсылық әр кісіден,

Жамандыққа жақсылық ер кісіден».
Әй, шіркін, жеңіп айтсаң, ер екенсің,
Берейін, жаяу түсіп, атымды мен.
Бұл атым тұлпар еді жастан мінген,

Он жетіге келіп еді бел шіріген.
Еліңе аман барсаң, әй, Арқалық,
Тірі болсаң, әкеп бер осы күзден.
Мен саған жаяу қалып атым берем,

Атпен кетсем үйіме қазір жетем.
Ерлігіңді білдім де, атым бердім,
Жаяу жүріп үш күнде үйді көрем.
Азығын қоржынымен бәрін берді,

«От жақ» деп шақпағын да қоса берді.
Үш күндік дайын тамақ азық алып,
Дос болып құшақтасып, жүріп кетті.
Қоңқаның тұлпарына мініп алдым,

Жетелеп өз атымды қосарға алдым.
Бейшара тауда отырған Жұбайыма,
Қуанып, әлгі жерде жетіп бардым.
Қуанды, а құдайлап, Жұбай жылап:

—Барғанда қалмап па едің аттан құлап?

Қалайша атын алдың, ол кім екен?
Ұқтыршы айтшы жөнін,—деді сұрап.

—Мен барып ұрып өтіп тұра қалдым,

Ұмтылып мені аттан жұлып алды.
Алдына мені өңгеріп басып алып,
Шылбырын атымның да іліп алды.

арқалық  батыр
Әлімнің жоқ екенін сонда білдім,
Қалмақ өлтірер деп көңліме алдым.
«Ердің ерін көрсеңдер тақымында»,

Дегенді ойлап алдында сақ-сақ күлдім.
Сол жерде тізгін тартып тұра қалды,
Көтеріп сонда алдынан қолына алды.
Мені алдына қоя сап адам демей,

Атынан сонда жерге түсе қалды.
«Келе сап қанжар салдың өзің, деді,
Аман жоқ, кімсің үлкен өзің, деді.
«Ұрысқанды айтпа, күлгенді сұра» деген,

Сен өзің қай қазақсың, жөнің?» деді.
Сонан соң жөнімді айттым бастан-аяқ,
Жаны ашып қамықты басын шайқап.
«Өзің кім?»—деп мен дағы жөн сұрап ем,

«Қоңқа батыр мен,—деді,—затым қалмақ».
«Батыр болсаң жаяу қап атыңды бер,
Әй, Қоңқа, батыр болсаң сен кемеңгер.
Екеу ара бір жалғыз атымыз бар,

Елге жетпей өлеміз ғой айшылық жер».
Сонан соң жаяу қалып атын берді,
Қоржынын, бақыр, шақпақ, отын берді.
Үш күнде жаяу үйге жетемін деп,

Дос болып мені өлтірмей қоя берді.
Бәрін естіп жылады Жұбай сонда:

—Әй, шіркін, ер екен ғой толған сынға.

Жарам жаман, жетем бе, жетпеймін бе,
Қоңқаны өле өлгенше тіпті ұмытпа.
Қаракерге мінгіздім Жұбай ерді,
Кілем сап, міндім жайдақ Көкала атты.

Бізбен жау дүрбіт қалмақ жер шегіне,
Ай жүріп азар жеттік біз бір шерлі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір жерде бір боз ат тұр еріменен,
Жұбайға айттым: «Жүре бер жөніңменен.
Салақтап екі аяғым жүре алмадым,
Ана атты әкеп мінейін қазір»,—дедім.

Жүгіртіп Көкала атпен жетіп келдім,
Иесі бар шығар деп көңіл бөлдім.
Үзеңгіге келген атты атайын деп,
Сығалап жатыр екен, көрді көзім.

Түсе қап, айдарынан ұстай алдым,
Мен ғой деп дәл басына қанжар салдым.
Өлтіріп, дүрбіт екен аңға келген,
Боз атқа ер тоқымды мініп алдым.

Боз атқа мініп ала жөнелгенде,
Мерген екен әр жерден түрегелді.
Қалмақшылап дүрбіт айғайлап ед,
Тарлан ат тіл біледі жүрмеді енді.

Ыза болып сонда үстінен түсе қалдым,
Орайға қанжарменен бір-ақ салдым.
Өлтіріп қу тарланды тастадым да,
Қайтадан Көкала атқа мініп алдым.

Мергендер тұс-тұсынан мылтық атты,
Оқтары қашсам-дағы келіп жатты.
Атыма астымдағы оғы жетіп,
Көлденең қос өкпеден өтіп кетті.

Жығылды оқ тиген соң омақасып,
Жан тәтті, жаяу қаштым түсе қалып.
Жапсарлап бір жартасты паналадым,
Жұбай ер сонда жылап келді салып.

—Арқалық, мына атқа мін, мен қалайын,

Мінгесіп құтылмаймыз ұзамайтын.
Мені қимай жүремін деп шатыласың,
Халым аз, жарам жаман баралмайтын.

арқалық  батыр
Сен құтыл, мен қалайын осы жерде,
Менің кегім аларсың, барсаң елге.
Қаныма қан аларсың мына жаудан,

Бәрі кеп мені өлтіріп жатқан кезде.

—Атыңменен жүре бер, қылма қауіп,

Жаяулап құтылармын ебін тауып.
Ұялас ит секілді, құрбым Жұбай,
Тастамаспын, алмаса ажал тауып.

—Қимағаның болмайды, қор боп жаным,

Жүрерге болар емес тіпті халім.
Жалғыз едім, жайрадым төре үшін,
Сәлем айт ел-жұртыма түгел бәрін.
Қатыным екіқабат қалып еді,

Ұл туса, Жәдігер қой атын,—деді.
Қыз туса, біреуменен күнін көрсін,
Өшкен соң ақыр менің атым,—деді.
Жау келіп, сонда үстінен тау құлатты,

Жұбай жылап Арқалықты аттандырды.
Құлаған тас соқпадан тұра қашты,
Арқалық қашқаннан соң жабырласты.
Біреуін ұрды Жұбай таспен басқа,

Домалап кеп жығылды сонда қасқа.
Төбелеп бәрі келіп түсіп жатыр,
Қаза боп қайран Жұбай, амал қанша.
Арқалық мұны көріп шыдамады,

Тұлпарға әлгі жерде қамшы басты.
Жұбайды итше керіп жатқанында,
Қанжарлап жауға келіп араласты.
Жау қашты быт-шыт болып тауға қарай,

Өлтірді қанжарменен бір-екеуді-ай.
Жау кетті, түсе қалды ер Арқалық,
Өкіріп кеп Жұбайды құшақтады-ай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Құшақтап жылап отыр қаныменен,
Сереңдеп үшеу жатыр қоңыр керден.

—Қайран дос, жан жолдасым, айрылдым,—деп,

Зар жылап, бірге жатты түніменен.
Қанжармен таң атқан соң қабір қаздым,
Айрылдым жолдасымнан, бар ма лажым?
Өзімнің білгенімше жаназа оқып,

Қопарып жүктей-жүктей таспен қойдым.
Жөнелдім, айрылдым да, жылап-жылап,
Сиынып бір Құдайдан жәрдем сұрап.
Белгі етіп бір шоқыға тасты жидым,

Тұлпардың жүрісіне жүрдім шыдап.
Ай жүріп аман келдім керей елге,
Алтай, Сауыр, Ертіспен қайран жерге.
Шарықты деген жерде тасты Тоспа,

Сол жерде салықшыға келдім түнде.
Дәл тұсқа Тоспадағы елге келдім,
Кір жуып, кіндік кескен жерге келдім.
Оңаша бір қара үй тігулі тұр,

Үңіліп есігінен көз жібердім.
Туырлық қара құрым тұрған едім,
Есігі бір жапырақ қойған түріп.
Үңіліп көзім, салсам, шал Бөрібай—

Өз әкем отыр екен отты сырып.
Көрген соң, шыдай алмай, қарғып түстім,
Зар жылап, даусым шықпай, сәлем бердім.

—Жалғызым, досың ба еді, құрдас па еді,

Төреден қорықпай келіп сәлем бердің.

—Әй, ата, жалғызыңды танымадың,

Мен Арқалық балаңмын, аман келдім.
Бас салып сонда әкем жылағанда,
Бақырған шалдың даусы жерді жарды.

арқалық  батыр
Түскі мал сауып жүрген жалғыз бала,
Шуылдап келе жатыр бәрі сонда.
Өз әйелім, жалғыз балам шулап келді,

Өз әлім кейде кетіп, кейде шала.
Аздан соң есім жиып отырғанда,
Қара үйге халық келіп толтырғанда.
Жұбайдың әйелі кеп: «Құрдасым-ау,

Жолдасың қайда қалды?»—деп бақырғанда.
Сол сөзді естіп қайғырып, әлім кетті,
Ұялып түк айта алмай халім кетті.
Бас салып біраз жылап көріскенде,

Тұра алмай, ұялғаннан сәнім кетті.
Жұбайдың әйелінің жылағаны
«Құрдас-ау, қайда құрдасың,
Жасыңнан құрбы сырласың?

Жарты құрт болса, бөліп жеп,
Бір өлем деген мұңдасың?!
Қалды ма қаздай адасып,
Жүруші едің жарасып.

Қалың жаудан қайтпаушы ең,
Тізе қосып ұнасып.
Жолда өлсе, қолдан қойдың ба,
Маңғұлдың жауы сойды ма?

Далада қалып көмілмей,
Көздерін қарға ойды ма?!
Өлімнен адам құтылмас,
Ажал жетпей тұтылмас,

Құрдасыңның қайғысы
Өлгенше бізден ұмытылмас.
Басымнан көрдім жетімдік,
Жоқ болды ғой ол кемдік.

Ол ісім менің қата екен,
Бармақ шайнап өкіндік.
19-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Құрдас-ау, сенен сұрадым,
Шыдай алмай жыладым.
Құрдасың жоқ, жалғыз кеп,
Құдірет саған неғылған».

Құшақтап сөйтіп жылап көріскенде,
Жүрісті бастан-аяқ тіркескенде.
Қарақас, ботақара, салықтылар,
Жұбайдың өлген жайын біліскенде.

Қайғырды ботақара бәрі жылап,
Қуанды ерлігіне бәрі ұнап.
Жұбайдың қанына қан алам дейді,
Төреге басымды бәй тіктім шыдап.

Байматай Салқыда үлкен ақыл қылды,
Жиылып ботақара кеңес қылды.
Сол сөзді бейсенбі күн біліп алып,
Не дейді сол екі ебін біліп дейді.

—Білгізбей, Арқалықты жасыралық,

Күндіз тығып, түнде әкеп асыралық.
Байматай: «Мен барайын, біреуің ер,
Екі биден ақылды біз сұралық».
Байматай осылай деп биге кетті,

Көрінбей ер Арқалық жата берді.
Жұбайдың әйелі кеп ақыл сұрап:

—Жұбай маған не айтты?—деп кеңес етті.

—Жолдасың Жұбай саған сәлем айтты,

Жалғыз ем, сүйген жарым әйел еді.
Сені айтты екіқабат қалып ед деп,
Ұл туса, өле-өлгенше күтсін деді.
Қыз туса, ерге тисін күнін көріп,

Ұнасар сүйгеніне өзі біліп.
Ұл туса, Жәдігер қой атын деді,
Асырар, сені тастамас мені қиып.

арқалық  батыр
Ұл екен, атын қойды Жәдігер деп,
Әйелі асырады тәуекел деп.
Жұбайдың айтқан сөзін бұлжытпастан,

Күн көрді Арқалыққа иық сүйеп.
Байматай екі биге барып келді,
Ақыл сұрап, ақылын алып келді.
«Төреге амандаса біз баралық,

Біз барғанда Арқалық келсін,—депті.
Ауылға шауып келіп ұран салсын,
Есігін найзаменен турап салсын.
Жұбай өлді, қолыңда өлемін деп,

Қанжармен босағасын бірер шапсын!
Бір өлім, ақыр мен де өлемін деп,
Қанға—қан, Сейілханды өлтірем деп.
Қытайға тағы барып өлтірерсің,

Қанымды оған шейін аламын деп!»
Астыртын бұл ақылды Бежең берді,
Төренің ауылына олар келді.
Қоңқаның Қарагерін мініп алып,

Ту алып, ер Арқалық жалғыз жүрді.
Төреге керей келді басын құрап,
Бәрі кеп төресінен ақыл сұрап,
Төре мен қызылтасты тағы да отыр,

Қауіпсіз бұрынғыдай басын бұлдап.
Тал түсте айқайлаған дауыс шықты,
Бір жігіт асып-сасып үйге кепті.
«Қолында ту, ұран сап ер Арқалық,

Жәнібек деп қораға келді!»—депті.
Бежең айтты: «Арқалық қайдан келсін,
Өлтірмей қытай қайдан қоя берсін.
Аққу тиген дуадақ айғайлағыш,

Сол шығар»,—деп сөйледі Бежең шіркін.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Шын екен ер Арқалық шауып кепті,
Есікті найзаменен түріп сапты.
«Төре қайда, қан қылып өлтірем»,—деп,
Босағасын төренің шапқылапты.

Керейден төре көңілі суып кетті,
Ұран сап, керей үйден шығып кетті.
Төре шошып, Арқалық өлтіред деп,
Астына жүкаяқтың кіріп кетті.

Ел ұстап Арқалықты жібермеді,
«Ұста!»—деп Бежең үйден ақырыпты.
«Үйлерін шауып жатыр» дегенді естіп,
Дос еді Арқалықтың Татан кепті.

Өзі дос, бұл жұмысын ағайынды,
Жеңгесіне сөйледі мына сөзді:

—Бір түйеңді алдырып, бір кілем жап,

Жүр, екеуміз баралық батырға енді.
Қара нарға кілемді жауып алды,
Сусын алып, жеңгесін ертіп алды.
Дос еді Татан төре құшақтасқан,

Аттан түсіп, Арқалық жүгірді енді.
Арқалық Татанменен құшақтасты,
Жас ағып көздерінен бұршақтасты.
Сусын беріп, батырдан ашу басып,

Достықпен Татан төре жөн сұрасты.
Сөйледі батыр келіп көргендерін,
Қор болып, жолда Жұбай өлгендерін.

—Жұбайдың қанын алмай тоқтамаймын,

Сейілхан біздерді ұстап киіндірген.

—Әй, батыр, қанды қанмен жумайтұғын,

Бежеңмен мен ақылға бұлдайтұғын.
Берейін, Бежең айтсын мұның жөнін,
Билігін ешкім сынап бұзбайтұғын.

арқалық  батыр

—Арқалық, ондай болса бердім, деді,

Белгі алмай мен кірмеймін үйге, депті.
Татан келіп Бежеңе бергеннен соң,
«Он екі белгісін бер ердің!»—деді.
Төреден үй тігілді, керей түсіп,

Он екі белгі берді батырға ұйып.

—Ердің құны екі жүз жылқы еді,—деп,

Билігін айтты сонда Бежең кесіп.

—Елу бесті төреге жолға кешсін,

Елуін басқа керей тілім етсін.
Қарақас, ботақара иесі ғой,
Жұбайдың құнын алып, о да бітсін.
Бұл жұмыс екі күнде тынсын, дейді,

Өшікпей, батырың кеп сүйтсін, дейді.
Қытай іздеп алам деп тағы келер,
Арқалық жанын сақтап кетсін,—дейді.
Төремен осылайша бітім болды,

Жұбайды ойлап, жүрекке қайғы шерлі.
Найын тартып қыздырып отырды да,
Санына Сейілханның басып алды.
Ұстап ап, Сейілханға салды таңба,

Жұбайдың қаны бітті дейді ойында.
Бұны естіп Бейсембі шақырып ап:

—Арқалық, Қоңқаға кет, тұрма мұнда.

Тұлпарын апарып бер, сөзің жұтпа,
Қытай келсе, іздетер жалпақ ұлтқа.
Ер екен шіркін Қоңқа атын беріп,
Бұл жұмыс не болат деп ақыл сұра.

Қосарға таңдап тауып бір ат алды,
Қоңқаның Қаракерін мініп алды.
Жұбайдың басына кеп бір күн түнеп,
Айрылған Қоңқаменен жерге барды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сонан соң Қарадоңғал тауға келді,
Далаға таудан түскен түйе көрді.
Бір бала көп түйені жайып жатыр,
Арқалық балаға кеп: «Сен кім?»—деді.

Бала айтты: «Мен қалмақпын түйе жайған,
Қоңқа батыр түйесі осы жатқан.
Атын танып, сұрауға батпай тұрмын,
Жөніңізді айтыңыз сіз де маған».

—Жөнімді айтсам, батырдың досы едім,

Таныдың, атын дос боп мініп едім.
Батырдың осы күнде өзі қайда?
Кәнеки, бастан-аяқ ұқтыр, жаным.

—Батырың осы күнде өз үйінде,

Той қылып дулап жатыр күндіз-түнде.
Жүз үйді көшіріп кеп ханнан бұзып,
Сауық-сайран салғаны есімізде.

—Ендеше мен тұрайын түйе бағып,

Мен қазақ батыры едім ер Арқалық.
Басқаға айтпа, батырдың өзіне айт,
Арқалық деген досың келді қалып.
Түйеші жөнеледі қайта шауып,

Батырға кеп білдірді ебін тауып:

—Арқалық деген қазақ түйеге кеп,

Сізге барып кел деді хабар салып.
Жөнелді батыр естіп атқа міне,
Сайлауыт саулап шапты қалмай бірге.
Түйе жайып Арқалық отыр еді,

Қоңқа келіп көрісті әлгі жерде.
Атының құшақтады мойынынан,
Тұлпары кеп кіре кетті қойынына.

—Арқалық, разымын, үйге жүр,—деп,

Тілеулі тамақ іш,—деп,—біздің тойдан.

арқалық  батыр
Аулына сауылдасып ертіп келді,
Бәрі де түгел қалмақ жөнін білді.

—Ханменен қарсы едім ел көшіріп,

Әкелдім жүз үй қалмақ жақынымды.
Атымды әкеп бердің, ер екенсің,
Арқалық, бастан-аяқ бәрін білдім.
Жолдасың жолда өлсе, қаза шығар,

Төреңнен құн алыпсың тауып жөнін.
Мен ақылымды айтайын, батыр, саған,
Төренің бас өкпесі бір ат болған.
Қытай сені тағы іздейт, әй Арқалық,

Төременен татулас тілімді алсаң.
Халқымен қарсы болған хан ақымақ,
Ханымен қарсы болған ер ақымақ.
Жорға жүйрік таңдамалы ат беріп,

Еліңе жүргізейін жолыңды тап.
Бір жорға ат төреңе тарт өкпелеген,
Сен жалғыз құтылмайсың түбі көптен.
Тату болып төремен жан сақтап тұр,

Қытай іздеп қайтқанша сүйтіп еппен.
Құлақ түріп жатайын Қытай жаққа,
Шықса іздеуші барайын Сауыр тауға.
Тағы да ұстап берсе, жолын тосып,

Соғысып, айырайын ап қайтқанда.
Сауыр менен Сайқан тау бәрін білем,
Сайқанда он кісілік үңгір көргем.
Бекініп сол үңгірге мен жатайын,

Күйің келсе, сен тілдес сол үңгірден.
Бір атты ақыл айтқан биге берсең,
Өз тұлпарым берейін өзің мінсең.
Жұбайдың бейітіне соған шейін

Бала батыр жеткізер сені есен.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Он күндей қонақ болдым досымменен,
Қоштасып, ақыл айтып осыменен.
Жұбайдың бейітіне соған шейін,
Айдасып бала батыр бірге келген.

Қош айтып бала батыр кетті сонда,
Қоңқаның атын беріп келдім мұнда.
Биге айтып ат тартып кемшілікпен,
Табыстым жаным үшін төре сұмға.

Үш айдан соң Қытайдан шерік келді,
Байлаулы бала құстай мен бір шерлі.
Қоңқаны іздеп Сауырға келсем жетіп,
Қайран уағда ғып о да кепті.

Ел болып, төре болып сөйлес қыпты,
«Жұбай,—деп көрсетіпті,—жолда өлді.
Арқалық арықтап кеп, мұнда өлді»,—деп,
Бұрын өлген бір адамның басын берді.

Басты алып Арқалық деп кетті шерік,
Көрсетіп жолдан Жұбай нандырыпты.
Арқалық Қоңқаменен Сауыр тауда,
Үңгірде түйе сойып той қылыпты.

Қытай қайтып, Арқалық аман қалды,
Қоңқа батыр Арқалықты қасына алды.
Екі батыр бас қосып Алтай, Сауыр,
Жер шарын батырлықпен аралапты.

Аяғы осыменен болды тамам,
Тапсырған соң мен жаздым алып қалам.
Жерлерін келіспеген түзеттіріп,
Алматы ақындардан үміт қылам.

Көп созбай аяқ жағын жаздым қысқа,
Жүк болып кәрілікте амал қанша.
Арқалық тез басылса алдыма кеп,
Мырзашты да жырлаймын осылайша.

Қазақта бір ұғым бар деген үш жүз,
Үш жүзден тарадық деп айтамыз біз.
Әйтеуір ру, тайпа аттары бар,
Нақ басар табылмай жүр анық бір із.

Ел керей орта жүздің бір бөлегі,
Көршіміз көптен бергі іргедегі.
Ер өткен Арқалықтың аңызынан,
Оралып көңіліме жыр келеді.

Керейдің бір бұтағы Абақ атты,
Бөлініп бар қазақтан дара жатты.
Қытайдың ескі ханы Ежен билеп,
Абаққа таңба салып жаралапты.

Абақтың бас билеуші, төресі Әжі,
Халықтың қанын сорған қысы-жазы.
Төренің жаққан әйел сыбағасы,
Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы.

Хан болып Әжі төре дүрілдеткен,
Күштінің .............. әлсізге өктем.
Сан Әжі сансыз елді езген екен,
Дәуірге ой жіберсек бұрынғы өткен.

Әжіге басын иген момын халық,
Әртүрлі алым алған салық салып.
Бастығы Саркөз аты осы Әжінің,
Кетіпті алпыс жылқы дүрбіт алып.

Арқалық батыр
(Сағидолла Нұралин нұсқасы)

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қобдада Алтай асты тұрған дүрбіт,
Мұңғылдың бір тайпасы өскен өрбіп.
Сол кезде Шаған билеп үш аймақты,
Бу көріп бүкіл мұңғыл кеткен кергіп.

Шығыпты торғауыттан Шаған кеген,
Әулие деген ұғым кеген деген.
Қобда, Алтай, Тарбағатай үш аймақты
Сол кеген емін-еркін талап жеген.

Алтайдың орталығы Сары Сүмбе,
Шағанның астанасы сол бір күнде.
Мұңғылдың Сүмбе деген мешіті екен,
Өзгермей сол атаумен кеткен мүлде.

Аждаһа Шаған кеген зәрін шашқан,
Алтайға ұя салып бауыр басқан.
Қобда мен Тарбағатай екі аймақты,
Қоғамдап құйрығымен орап жатқан.

Әжінің жылқы салған жері Қаржау,
Бір жағы Қарағайлы дейтұғын тау.
Опырып осы жерден жылқы әкетіп,
Төреге үлкен қорлық болды мынау.

Болыпты Әжі қапа қайғыланып,
Ханым да қатты толқып жылады анық.
Түнеріп балалары бас көтермей,
Ордасы бола қалды бейне тамұқ.

Боран боп буы шықса қаптағандай,
Бура боп аяғымен таптағандай.
Ақылсыз арам ашу бойды билеп,
Түнеріп төре отырды бап табалмай.

Төленгіт сол төреге ата тегі,
Байматай деген кісі болушы еді.

—Қайратсыз, қапалы ашу түк бітірмес,

Салыңыз сөзге құлақ, тақсыр,—деді.

арқалық  батыр
Хан төрем, қалың абақ қолыңызда,
Бас иер бәрі түгел жолыңызға.
Аттанса ер-азамат әмір алып,

Жау түсер тұйықталып торыңызға.
Емес қой Қобда деген тым алыс жол,
Елміз ғой жол білетін жігіті мол.
Жұмсаңыз жұмыр білек батырларды,

Бұл істің кек алатын ақылы сол.
Жұмсаңыз Жұбай менен Арқалықты,
Ел дейсіз ұры дүрбіт қанша мықты.

—Шақыр,—деп,—осы екеуін шапшаң барып!

Бұйырып Байматайға жар салыпты.
Қамшылап Бәкең кетті қарагерді,
Томсарып төре үйінде қала берді.
Мал үшін алпыс байтал аза тұтқан,

Момын ел сол Әжіні пана көрді.
Байматай түнде жетті Ақшағылға,
Қарагер қажыр емес қатты ағынға.
Күркесі Арқалықтың қара құрым,

Шағылдың отыр еді тастағында.
Тары еккен бастауына бірер аяқ,
Арқалық отыр еді елден саяқ.
Әкесі Назар деген бір кәрі шал,

Жасынан жарлылықтан жеген таяқ.
Тарысын бастырған жоқ, орып еді,
Торғайға түк шоқытпай қорып еді.
Қарт Назар қалбалақтап Байматайдың

Келгенін бір сұмдыққа жорып еді.
«Керейге белгілі еді бұл Байматай,
Асығыс іс болмаса жүрмейтін жай.
Әжінің ақылшысы, жан серігі,

Әкелді қандай пәле, япырым-ай».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Арқалық тарысының бауын жиып,
Үстіне ешкі тері жарғақ киіп.
Анасы қазан асып, сүт пісіріп,
Әйелі жатыр еді тары түйіп.

Мәз-мейрам екі сәби отыр ойнап,
Уайымсыз балалықтың тойын тойлап.
Әжінің жібергенін Байматайды,
Арқалық көрген жерден түсінді ойлап.

—Сөз тыңда,—деді Бәкең,—ей, ақсақал,

Қажет қой қараға жан, төреге мал.
Жіберді Әжі төре жарлық беріп,
Арқалық, әміріне құлағың сал.
Елшімін атылған оқ, сілтеген қол,

Абақтың батырысың, қайратың мол.
Қаржаудан алпыс жылқы дүрбіт алды,
Төреңнің саған айтар жарлығы сол.
Жүктемек төре саған бір еңбекті,

Жарап тұр мінуіңе күрең бесті.
Қасыңа ботағара Жұбайды ертіп,
Арқалық, сені соған жібермекші.
Төре айтса, болмақ емес қарада ерік,

Жұмсады Әжі төрем жарлық беріп.
Арқалық, атыңды ертте, асығыспын,
Жүресің тоқталмастан маған еріп.
Арқалық қайғырмады, қажымады,

«Болды,—деп,—маған мұқтаж Әжі дағы».
Мұңымен ата-ананың сырласқандай,
Суық жел жыртық үйден азынады.
Назар шал қапаланды, қамырықты,

Жүрегі қарт ананың қабыныпты.
«Япырым-ау, әлде қандай күн жетті» деп,
Алған жар мұңнан перде жамылыпты.

арқалық  батыр
Арқалық ажарланып: «Барам, деді,
Дүрбіттен төрем кегін алам, деді.
Рұқсат, әке-шешем, батаңды бер,

Аман бол, әйелім мен балам»,—деді.
Қарт Назар батар берді қолын жайып:

—Жолыңа жар болсын,—деп,—Ерен ғайып.

Ақпейіл анасы да рұқсат етті:

—Іс істеп қайтарсың,—деп,—ерге лайық.

Арқалық бас тартпады бұл бұйрықтан,
«Жігітке жөн емес,—деп,—үйде бұққан».
Ер салып аялдамай мініп алды,
Бар еді қоңыр байтал қыл құйрықтан.

Ата-ана әлпештеген кәрі қалды,
Жас бала, жаны сүйген жары қалды.
Жел қаққан жыртық күрке, күзгі суық,
Бауында бастырылмай тары қалды.

Сүт қосқан жарма тары көже ішіп,
Арқалық жүріп кетті жолға түсіп.
«Аман қайт» дегендей боп аттанарда,
Құйрығын былғап жатты ала күшік.

Қарт ана адамдай боп сеңге түскен,
Аурудай қалтырады теңге түскен.
Назар шал қатты бекіп алған екен,
Бүркіттей бүктетіліп жемге түскен.

Жас жары жаутаң қағып елеңдеген,
«Әлде не алда қандай көрем» деген.
Хабарсыз еш нәрседен екі сәби,
Оларда ой бола ма өлем деген.

Арқалық жүріп кетті аялдамай,
Болады алдағы күн әлдеқалай.
Ардақты алған жары, ата-анасы,
Артында тұрып қалды қарай-қарай.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Байматай қарагерді қамшылады,
Аққан тер тебінгіден тамшылады.
Келеді тәуекел деп ер Арқалық,
Белгілі мезгілінде жан шығады.

Ауылы Әжі төрем Ластыда,
Қоныпты қара жартас қыр астына.
Кеш мезгіл Арқалықтар келіп жетті,
Түскенде қоңыр таудың күн астына.

Отырған төбе үстінде бір топ кісі,
Беймаза бөгде адаммен ауыл іші.
Ақылшы билері бар белгі таққан,
Әжі отыр ортасында суып түсі.

Алысқа Арқалықтар тастап атын,
Төбеге төре отырған келді жақын.
«Ассалаумағаләйкүм, алдияр»,—деп,
Жасады әдет-ғұрып ілтипатын.

Байматай баяндады келген жерден:

—Иә, тақсыр, Арқалығың мына келген.

Дүрбіттен кек алынбай несі қалды,
Қасына ерер болса Жұбай мерген.
Жалт қарап Әжі төре Арқалыққа:

—Шақырттым теңеп сені бар халыққа.

Елдікті ер туғызған бір білгізіп,
Дүрбіттің сыбағасын тарталық та.
Тең еді бар малыма Саркөз атым,
Арқалап алған жоқ ем адам ақын.

Өзімнен басқа пенде мінген емес,
Сабылтып жүрген шығар сан қу тақым.
Дүрбіттің сүйегімнен қорлығы өтті,
Тұлпарым Саркөз атты алып кетті.

Айтамын атам Көкең әруағы үшін,
Алып кел, ей, Арқалық, осы кекті.

арқалық  батыр
Арқалық отыр еді шарт жүгініп,
Бұйрығын төресінің алды ұғынып:

—Алдияр, төре, сізге айтарым бар,

Қапыда торға түсер ер жығылып.
Сіз жұмсап мен дүрбітке барып келсем,
Аман-сау есеңізді алып келсем,
Қор етіп ұстап бермей қорғайсыз ба?

Қуғын сап күш жұмсаса дүрбіт ертең.

—Сөз тыңда, ей, Арқалық, қара маған,

Алайтып қаратпаспын жанды саған.
Берсем де Сейілханды, сені бермен,
Бейуақ антым осы кешке таман.
Сонымен серт байланды уәде бекіп,

Күткізді Арқалықты құрмет етіп.
Тоқталды аңғал батыр сөз қайырмай,
Қандай сор айдады екен тентіретіп.
Арқалық ертеңінде аттанды елден,

Қосылды жолдас болып Жұбай мерген.
Қияқ, Тұяқ дейтұғын екі ұрыны
Әтейлеп Әжі төре қосып берген.
Астында Арқалықтың күрең төбел,

Алысып ауыздықпен басар шебер.
Төртеуін топ кісімен ұзатып сап,
Хош айтып Әжі төре қалды көп ел.
Арқалық адам екен кең иықты,

Жауырынды, жалпақ жүзді, ер сиықты.
Қауметті қара сақал ұзын мұртты,
Денесін бойына өлшеп сом құйыпты.
Қой көзді, қошқар мұрын, қасқа басты,

Ернінің еті қалың келген асты.
Жаялы, бура санды, бұлшық етті,
Шықшытты, қарыс құлақ, қалың қасты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Киюге Әжі берген тайжақысын,
Өзінше өтемек боп ер ақысын.
Білтелі қара мылтық, қайың шоқпар,
Қыл шашақ қырлап соққан найза ұшын.

Белінде бесті атқа алған алмас қылыш,
Қабы жез, қаптап қойған сабы күміс.
Бәрі де жолдасының қаруланған,
Басталды сәрсенбі күн өзіне жүріс.

Сауырдың теріскейін өрлей жүрді,
Көксүннің тұмсығына көлбей жүрді.
Бетке алып Мұқыртайдың аяқ жағын,
Тасы көп тау ішінде енбей жүрді.

Батысын Үлүңгірдің баса жүрді,
Мойнынан Үшқараның аса жүрді.
Ертіске келіп түсіп Ақаралдан,
Тумадан өзен бұлақ тата жүрді.

Шығысқа тура тартты Ертіс өрлеп,
Ұлы Ертіс Алтай құлдап жатыр көлбеп.
Ен дала иен жерде төрт-ақ адам,
Айтысып әзіл-қалжың етеді ермек.

Бала Ертіс құйғанымен басып Күрті,
Алтайдың күнгей жағы таудың сырты.
Көңілде күдік, күмән дәнеме жоқ,
Үнемі ұзақ жолда ойын-күлкі.

Өрледі тау аралап Көктоғайды,
Түн жатып, күндіз жатып тоқтамайды.
Ар жағы дүрбіт деген елдің шеті,
Маңдайша жол асады деген сайды.

Кез еді ел жайлаудан етектеген,
Семіріп төрт түлік мал секектеген.
Ақ азбан азық артқан малдың зоры,
Бәрін де бірден қосар жетектеген.

арқалық  батыр
Абаққа Әжі төре жар салғызған,
Айрылмас Әжі айтқан соң кім жалғыздан.
Жалғыз-ақ күрең төбел төренікі,

Басқасы елдің аты Әжі алғызған.
Шыққалы елден бұлар болды он үш күн,
Өткізді ойынменен көп жол үстін.
Бұрылып маңдайшаның бір сайына,

Үстінде үш күн жатты көк қоныстың.
Мекені дүрбіттердің Сақсай түлтім,
Әжі өңдес онда да бар арам құлқын.
Дүрбітті дөңгелентіп асықша атқан,

Ламасы елдің басы кәрі Шолтым.
Көп елге қарсы келген төрт-ақ адам,
Асыпты кешке жақын Маңдайшадан.
Шығыпты қалың елді бақылауға,

Дейтұғын бір биікке ат құлаған.
Мекендеп Шолтым аулы Сақсай сайын,
Әркі ішіп, күнде мас боп жатыр жайын.
Бас әкім Шаған кеген өз жынысы,

Сескенбес кісі алар деп жалғыз тайын.
Батырлар көп жылқыға жақындады,
Сойылдар жылқы қуған сатырлады.
Ит үріп, даң көбейіп, айғай шығып,

Мылтықтар оқ шығарып сақылдады.
Жылқының дүбірімен жер қозғалып,
Қағылды барабандар ұран салып.
Асырып арпалыста Маңдайшадан,

Айдады көп жылқыны бөліп алып.
Жалғыз сай, екі жағы түнерген шың,
Жатқандай шыңды ұшырып жаңғырған үн.
Күн жауып, жай жарқылдап, жалын шашып,

Үрейлі өте сүркей қараңғы түн.
20-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жылқыны құрық салып құрсаудағы,
Қалғанын қанша жылқы кім санады.
Денені нөсер жаңбыр қалтыратып,
Алғандай суға малып ұлтарағы.

Келеді оқ жаудырып қалың қуғын,
Паналап арасымен орман нудың.
Бойына келіп жетті таң атқанда,
Қайырты қанды өзен деген судың.

Кетіпті арпалыста жол адасып,
Қысылса, кім жаңылмас жаза басып.
Алтайдың жар құлатқан асау суы,
Арқырап арнасынан жатыр тасып.

Көп жылқы көп айланды суға түспей,
Жақындап келіп қалды жау-дағы іштей.
Тіл қатпас тылсым өзен ызғар шашып,
Көлденең тұрып алды долы күштей.

Атылып арт жағынан жатыр мылтық,
Алды өзен, арты дүрбіт, шалды қырсық.
Ақырды ер Арқалық қатты ашумен:
«Жол бастап суға түс»,—деп Тұяққа ұрсып.

Тоқталмай Тұяқ суға түсіп кетті,
Артынан қараға еріп жылқы да өтті.
Арқалық бір бұрымда тұрып алып,
Дүрбітке садағының оғын төкті.

Дәрмен жоқ ер алуға айыл шешіп,
Киімшең барды дағы суды кешіп.
Қияқ пен Жұбай мерген қатарынан,
Жылқының артын айдап түсті ілесіп.

Артынан өте шықты Арқалық ер,
Жауынға дене қызып қосылды тер.
Қайың, тал, қарағай мен мойыл үш қат,
Орманнан көрінбейді алаңқы жер.

арқалық  батыр
Аман-сау Қияқ, Тұяқ судан өткен,
Жұбайға су ішінде ажал жеткен.
Даусына тау жаңғырып, тал қозғалып,

Арқалық: «Ой Жұбай!»—деп ақырды өктем.
Қалыпты Қияқ, Тұяқ есі кетіп:

—Келгенін байқамадық судан өтіп.

—Екі ынжық, не деп тұрсың есі қашқан?—

Арқалық бір ақырды қатты зекіп.
Арқалық өзен бойын құлдай шапты,
Суға ағып Жұбай мерген бара жатты.
Көзіне Арқалықтың бір көрініп,

Бір қолын көтерді де суға батты.
Жағаға ер тоқымды аты шықты,
Арқалық оны ашумен атып жықты.
Тілсіз жау, тылсым күшке не шара бар,

Болса да батыр, мерген, қанша мықты.
Дүрбіттер судан өтпей кете берді,
Аунатып Арқалыққа қайғы-шерді.
Әжінің алпыс жылқы иесі үшін,

Амал не, құрбан қылды Жұбай ерді.
Арқалық аттың ерін лақтырып,
Бүк түсіп жата кетті дымы құрып.
Батырға көңіл айтып күңіренді,

Қасында Қияқ, Тұяқ жылап тұрып.
Аспанды мұнар басты күн қарайып,
Дүние қысылғандай тым тарайып.
Елжіреп іші-бауыры от боп күйіп,

Арқалық ессіз отыр көзі алайып.
Ойнады көкте жасын, күн күркіреп,
Сел жаңбыр сергітпестен тұр сіркіреп.
Ағаштың жапырағы жасырынып,

Қашқандай өзен үркіп, тау дүркіреп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бүк түсіп жатты Арқалық жер бауырлап,
Үстіне тау түскендей тым ауырлап.
Жазаңа жаза қостым дегендей-ақ,
Көк жауын көз ашқызбай тұр сауылдап.

Мергеннің суға кеткен қазасына,
Кім кепіл бейуаздың жазасына.
Көкте күн, көшкен бұлт жылағандай,
Қосылып Арқалықтың азасына.

Жұбайға оқ тиді ме ну ішінде,
Ат тулап жығылды ма су ішінде.
Жалмауыз жасырынған ажал алды,
Жерден жел, көктен жаңбыр бу ішінде.

Бір кезде сәуле түсті күн толастап,
Қызыл көк құрсау тартты кемпірқосақ.
Жау жақын, ауыл алыс қайғырса да,
Жатуға уақыт жоқ енді тоқтап.

Арқалық тәуекелге буып белін,
Шақырып қасына алды серіктерін.

—Барғанша қара Ертістің қойғанына,

Сендерге септігім жоқ,—деді,—менің.
Кетіңдер осы жерден аялдамай,
Жүріңдер жылдамырақ аяңдамай.
Сүйегін жолдасымның сол табады,

Қоңқаға кете алмаймын баяндамай.
Алтайдың тау Күректі бір биігі,
Ойнаған жотасында сұр киігі.
Бірден өлі, екіден тірі айырып,

Батырды солай тартты ер күйігі.
Күректі жатыр шалғай бір қиырда,
Жол басқан жүректі ерге жер қиын ба?
Бөлініп Қияқ, Тұяқ төте кетті,

Айдаған жылқысы бар жүз жиырма.

арқалық  батыр
Теңбіл көк батыр мінген сетерлеген,
Тауап қып табынған ат сетер деген.
Шолтымның тұмар таққан сетері екен,

Қашса озып, қуаласа жетер деген.
Бел жатыр биік тауда талай сеңгір,
Тау аты тасырқамас жүйрік теңбіл.
Арқалық іздеп жүрген батыр Қоңқа,

Айтайын кім екенін ұғынып біл.
Қалбада бір кездерде қалмақ тұрған,
Ясыкей соны билеп хандық құрған.
Атағы Ясыкейдің мәлім еді,

«Сәлиқа—Сәмен» деген өлең жырдан.
Сол елден батыр болып Қонқа шыққан,
Жас батыр жалын атып жауын жыққан.
Шыдамай елін езген қорлығына,

Өлтіріп Ясыкейді жерге тыққан.
Ер екен Қоңқа батыр қайратқа асқан,
Талайды табанға сап күшпен басқан.
Қас болып Ясыкейдің қарақшысы,

Еріксіз Қоңқа батыр елден қашқан.
Бермеген ерге еркіндік надан қауым,
Өш болған өлтірсе де елдің жауын.
Қалбадан қашып келіп батыр Қоңқа,

Аз уақыт мекендепті Сауыр тауын.
Үй қылып аз жыл жатқан тау қуысын,
Жау еткен зұлым дәуір өз туысын.
Оқушым, өзің ойлап түсінерсің,

Жазықсыз жапа тартты ол кім үшін.
Сөз бар ғой ескі аңызда әртүрлі кеп,
Албаты айтылмаған бәрі де тек.
Қазір де Сауырдағы бір қуысты,

Атайды сол Қоңқаның үңгірі деп.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сауырдан кеткеннен соң Күректіні,
Мекендеп тоқсан жасап күн өткізді.
Көп жанды қорлық көрген қолына ұстап,
Жинаған батагөй боп жүректіні.

Ол жатқан ормандағы қарт жолбарыс,
Басқа елдер маңайынан тұрады алыс.
Арқалық атын естіп жүруші еді,
Бет көріп болмаса да бұрын таныс.

Арқалық іздеп жүрген батыр осы,
Тауында Күректінің жатыр осы.
Елге бақыт тілеген бала жастан,
Езушінің дұшманы, ердің досы.

Алтай тәуелсіз иен қарағайлы,
Үйірлі аң орманына паналайды.
Құзар шың, қуыс шатқал, қия жартас,
Арқалық талай жерді аралайды.

Жол жүріп бір күн, бір түн көрмеді ұйқы,
Келіспес ұйықтамаса ердің сиқы.
Жұбай жоқ, жол қауіпті Қоңқа қалмақ,
Ақылы Арқалықтың ұйқы-тұйқы.

Көзде жас, тілде тілек, көңіл қаяу,
Әйтеуір Қоңқа еліне келді таяу.
Арқалық аттан түсіп белгі берді,
Алдынан екі кісі шықты жаяу.

Олар кеп жөн сұрады Арқалықтан:

—Атың кім, адам едің қайдан шыққан?

Бұл жерге жалғыз адам келмеуші еді,
Жасағың бар ма сенің тауға тыққан?

—Арқалық—атым менің, затым—қазақ,

Келемін жаным кейіп, көріп азап.
Көруге қарт батырды асығыспын,
«Жаусың» деп, «жалғызсың» деп қылма мазақ.

арқалық  батыр
Кісім жоқ, келіп тұрмын жалғыз өзім,
Әтейлеп алып келді шерлі сезім.
Бар дейді Қоңқа деген бір қария,

Бар еді сол кісіге айтар сөзім.
Қайырып сөз айтпады екі жігіт,
Бас иді Арқалыққа белін бүгіп.
Қоңқаның боз үйінің белдеуінде,

Қойыпты күлгін сары жалау тігіп.
Арқалық үйге кірді жігітке еріп,
Өр мінез, өжет басып, ерге серік.
Үстінде ақ киіздің көлбей жатқан,

Қоңқаны тани кетті көзі көріп.
Қапсағай кәрі Қоңқа ер мүсінді,
Айдарлы, ақсақалды, зор бітімді.
Мұңғылдың жосынымен жорғалап кеп,

Арқалық екі қолдап шақша ұсынды.
Қарт Қоңқа Арқалыққа барлай қарап,
Сақалын бір қолымен сипай тарап:

—Байқаймын затың қазақ көрінеді,

Бұл жерге не жұмыспен келдің, қарақ?
Арқалық бар шындығын жасырмады,
Жаңылып жауаптан ес қашырмады:

—Әжінің жұмсауымен жылқы алып ем,

Жолдасым суға кетті қасымдағы.
Қайырты атаныпты қанды бұлақ,
Бойында сол бұлақтың қалдым жылап.
Жылқыны екі жігіт айдап кетті,

Мен келдім, батыр, сізден ақыл сұрап.
Естіп ем атыңызды елден бұрын,
Бүгін кеп жүзіңіздің көрдім нұрын.
Сүйегін серігімнің таба алмадық,

Анықтап білмеуші едік жердің сырын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Келіп ем әуел сізбен танысуға,
Өзімді, жөнімді айтып танытуға.
Екінші іздеп берер деген едім,
Сүйегін жолдасымның кеткен суға.

Қарт Қоңқа қалың ойға кетті жүзіп,
Қас қақпай қарсы алдына көзбен сүзіп.
Өмірін бір ғасырлық ойына алып,
Келтіріп көз алдына жатыр тізіп.

Бірде ашу, бірде қайғы, мұңға кетті,
Ойды өрлеп, қияны асып шыңға кетті.
Жаулығын қазақ-қалмақ есіне алып,
Қарт батыр қайдағы бір сынға кетті.

«Ой бөлсем бұл қазақтың арызына,
Қалам ба өз ұлтымның қарызына».
Таласып қазақ—қалмақ көкіректе,
Ерліктің егер салды парызына.

Жібермес Арқалықты ұлтым десе,
Ежелгі ескі жаулық ғұрпым десе.
Әділет ақыл айтып, көмек бермек,
Мұңы бір адам екен шіркін десе.

Қарт Қоңқа көп отырды ойға кетіп,
Қарады Арқалыққа бір селт етіп.
«Туыстан мұңы бір жан жақын ғой» деп,
Сезімі селсоқ ойдан алды бекіп.

—Арқалық, мұңы бірге серігімсің,

Айырған екеуімізді жалғыз-ақ дін.
Іс өтті, суға кетті жан серігің,
Өлген кім білемісің, өлтірген кім?

—Онда Әжі үкімші екен, мұнда Шолтым,

Қу жаның бәрі соған қуған жылқың.
Еліртіп ел кегі деп ерді өлтіріп,
Ажалға себеп болған арам құлқын.

арқалық  батыр

—Мен сені ұлтқа тартсам байлар едім,

Денеңнен басыңды алып жайлар едім.
Бірақ сен мен сияқты бейуазсың,
Хан десе, қатып қалған қайнар кегім.
Айырылғам ханды өлтіріп ел мен жұрттан,

Зиян сап мен емес ем елді құртқан.
Ер туар ел болған соң ежелгіден,
Жарқ еткен нажағайдай көшкен бұлттан.
Енді сен еліңді тап, тұрма тоқтап,

Табылар, маған келсең, тура соқпақ.
Хабар қыл қайсы жерден қорлық көрсең,
Алармын жау қолынан сені жоқтап.
Бұл жолғы сенің жолың жаман лай,

Айтамын менен ақыл келсең сұрай.
Халықты хан есіркеп жарытпайды,
Әжіден ауаша жүр бұдан былай.
Ер болсаң, елге болыс елді жақтап,

Қарақшы болма ханға басыңды ақтап.
Сүйегін жолдасыңның іздетемін,
Аманат, тауып алсам, қоям сақтап.
Ол сүйек жоғалмайды, қайғы жеме,

Әншейін алжыған шал айтты деме.
Айланып өзің қайтып келгеніңде,
Қолыңа табыс болар қуыс дене.
Қоңқаға ер Арқалық басын иді,

Құшақтап мойнынан қолын сүйді.
Жат жұрттан жақсы қамқор табылғанға,
Қуанып, ойы орнығып, есін жиды.
Арқалық демін алып тамақ ішті,

Қонақ боп үш күн жатып жолға түсті.
Алысып ауыздықпен арпалысып,
Сетер көк сынапша ағар белі күшті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір желіп, бірде аяңдап жүрді жортып,
Тауда өскен тағыларша тастан шоршып.
Ну орман, елсіз иен, үрейлі тау,
Сескенбес батыр жігіт одан қорқып.

Артында биік-биік шыңдар қалды,
Аң салған әлде бір із жымдар қалды.
Кешегі ойнап-күліп бірге жүрген,
Жолдасы Жұбай мерген сындар қалды.

Қарт Қоңқа Күректіде батыр қалды,
Батырдың кеудесінде ақыл қалды.
Әр қилы арпалысқан ой үстінде,
Қара Ертіс құйғанына жақын қалды.

Қара Ертіс құюшы еді қу Ертіске,
Мықты еді асау өзен долы күшке.
Арқалық екі сөтке тынбай жүріп,
Жетіпті жолдасына талма түсте.

Ертістің иен өзен тарауында,
Отырған Қияқ, Тұяқ қарауында.
Сайды өрлеп көк шалғынды орып жатыр,
Көп жылқы екеуінің қарауында.

Батырды жолдастары құшақтады,
Жас ағып көздерінен бұршақтады.
Арқалық алып тастап аттың ерін,
Бармақпен басын сүйеп шынтақтады.

Түнеріп, томырылып, үһіледі,
Үһіден шыққан лебіз түтінеді.
Денесі болып отыр бөлінгендей,
Жолдасы Жұбай барда бүтін еді.

«Бос жүдеп, қайғырудан келмес пайда,
Еңіресек енді бізге Жұбай қайда?!»
Арқалық аз отырып ақыл айтты:

—Тез жинап, Қияқ, Тұяқ, жылқыны айда.

арқалық  батыр
Жылқы айдап судан өтті дүрілдетіп,
Өліпті сегіз байтал суға кетіп.
Ертісті құлай жүріп екі-үш күнде,

Ауылына Бейсембінің келді жетіп.
Керейдің бір жуаны би Бейсембі,
Сол еді Әжіден соң үлкен шенді.
Өзі би үйреніскен жан болған соң,

Арқалық болған жайды айтады енді.
Арқалық сыйлаушы еді осы биін,
Осы би домбыра алып тартты күйін.
Белгілі күйші Бежең күңірентіп,

Деп шертті (іс аяғы қиын-қиын)3.
Төсекке домбырасын сүйей салып,
Ерніне насыбайын атып алып.
Биекең басын шайқап күдік айтты:

«Біреудің тынар ма екен басын алып».

—Батырым, болған екен жолсыз сапар,

Іс екен түрі суық, түбі қатал.
Не дейін іс аяғын Алла оңғарсын,
Төреге айдап келген жылқыңды апар.
Бейсембі үрей салып ақыл берді,

Көңіліне Арқалықтың зақым келді.
Биекең бір мезетте сыртқа шығып,
Батырдың мініп келген атын көрді.
Бейсембі айландырып сетер көкті:

—Мал екен бұл жануар тұлпар текті.

Маған бер осы атыңды, ей, Арқалық,
Төреге қалғаны да жетер депті.
Жарармын мен де сенің керегіңе,
Болса да не қажетің сен өзіме.

3 Түпнұсқада осылай берілген.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сетер көк соныменен түсіп қалды,
Безілдек Бейсембінің елегіне.
Айрылды ер Арқалық сетер көктен,
Мал тумас қыл құйрықты бұдан өткен.

Жарлының жалынышты заманы ғой,
Би қорқау, бай жемеңгер, төресі өктем.
Бежеңді келіп еді тыныс қылып,
Екі күн өз жолынан бұрыс жүріп.

Арқалық ұстап мінді күрең атын,
Жылқыға бос жіберген тынықтырып.
Ер өлді, мал сабылды, ел күйзелді,
Белгісіз дүрбіт қайтер мұндағы елді.

Ауылынан Бейсембінің түсте шығып,
Бойына Ластының түнде келді.
Бөлініп жолдасынан ер Арқалық,
Жылқыда Қияқ, Тұяқ екі ғаріп.

Түбіне қара жартас орда тіккен,
Төреге хабар берді өзі барып.
Түскенде жерге сәуле ағарып таң,
Жатқанда қатты ұйқыда тәкаппар паң.

Төренің төсегінің тұсына кеп,
Дауыстап деді Арқалық: «Алдияр хан!»
Шошынып төре оянды төсегінен,
Түсінен шошушы еді неше күннен.

Кешігіп Арқалықтар кетіп еді,
Мөлшерлі қайтар деген есебінен.
Ақырып Әжі төре деді: «Кімсің,
Таң атпай не себепті кетті тыншың?

Айт шапшаң, жұмысың не маған айтар,
Басынып басты басып не қып жүрсің?».

арқалық  батыр

—Алдияр, мен—Арқалық, тақсыр Әжім,

Еркелік ерте оятып қылған назым.
Асығып келіп тұрмын алдыңызға,
Болған соң артым тұман, алдым жазым.
Дегенде Әжі төре атып шықты,

Ондай жан түзде қорқақ, үйде мықты.
Қарсы алды үміт, қауіп араласып,
Алдында есігінің Арқалықты.

—Хан төрем, қаза болып кетті Жұбай,

Айырды арамыздан оны Құдай.
Қалай деп естіртеміз ел-жұртына?
Келіп ем өзіңізден ақыл сұрай.
Суына кетіп қалды Қайыртының,

Емес қой ел күйзелмес жайын шығын.
Әкелген жүзден артық жылқымыз бар,
Сонда да мен Керейге айыптымын.
Жұбайға Әжі төре күйінбеді,

—Іс емес ел күйзелер қиын, деді.

Еліне ботақара өзім барып,
Ашармын естіртуге жиын,—деді.
Жылқыны айдап келіп ауылыма,
Қамаңдар қара жартас бауырына.

Неше күн айдау көрген жануар ғой,
Жайлаудың шығарамын сауырына.
Жылқыны айдап келіп тасқа қамап,
Таңбалап өз малындай алды санап.

Еңбегін Арқалықтың еске алған жоқ,
Мәз болған мал көбейтіп төре-жәнап.
Көрген жоқ ол өмірде адамды аяп,
Қарсы айтқанның басына ойнар таяқ.

«Айта сал»,—деп бұйырды Байматайға,
Жұбайды жұртта қалған тоқтыдай-ақ.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Арқалыққа ат тұр ғой дөнен де жоқ,
Ең болмаса «рахмет» деген де жоқ.
Қияқ, Тұяқ дегендер еске алынбай,
Еңбегіне шуда жіп, тебен де жоқ.

Арқалық ұстап алды өз биесін,
Көргенде оқыранды ол да иесін.
Қойшы мініп арқасы жауыр бопты,
Ойма желқом болмаса ер тиетін.

Қияқ, Тұяқ, Байматай Арқалықпен,
Басын қосты жанашыр туыс біткен.
Үй ішіне естіртіп көңіл айтып,
Аза қылып ағайын артын күткен.

Ол дәуірде кім жылап тұншықпады,
Тұншықса да, түнеріп күн шықпады!
Осы өлімге айыпкер Әжі төре,
Айта алмады, амал жоқ, үн шықпады.

Жары қалды Жұбайдың баласымен,
Жаны тозды қайғының жарасымен.
Талай Жұбай тап болған осы халге,
Екі озбырдың енжарлық таласымен.

Белгілі Жұбай жұртқа мерген еді,
Аң атып ел қызығын көрген еді.
Былтырғы өткен күзде он таутеке,
Әжіге бір күнде атып берген еді.

Құтылмас қол сермесе қашқан бөкен,
Салбырты, Сауыр, Сайқан аңға мекен.
Терісін он таутеке сойып салып,
Бір тоқты Әжі төре берген екен.

Белгісіз сүйіткен Жұбай болып қалды,
Жан кетіп, жақсы дене солып қалды.
Арқалық қоса өлсе де, күйінбейді,
Төреге мал көбейіп толықтанды.

арқалық  батыр
Жұбайдан жетім қалды екі бала,
Қасірет жүрегінде қайғы, нала.
Зар жылап жазығы жоқ жары қалды,

Білмейді қыларын да кімге жала.
Арқалық байталымен үйге тартты,
Аман кеп әке-шеше көрді қартты.
Анасы боздап жылап, сүйіп, құшып,

Назар шал кәрі қолын мойнына артты.
Қуанды жар жолдасы жымың қағып,
Сүйкіммен сүйген жүрек мұңын шағып.
Әкем келді деп жатыр екі сәби,

Мұрнынан жыртық үйде маңқасы ағып.
Арқалық жүріп келді бір ай жарым,
Көргеннің ата-анаға айтты бәрін.
Кемпір-шал кемсең қағып жылап кетті,

Жұбайдың естігенде қайғы-зарын.
Қарт Назар мұңға батты басын шайқап,
Арқалық үйдің халін көрді байқап.
Бір байдың Мәуе деген жылқысы кеп,

Тарысын жеп кетіпті бірақ жайпап.
Назар шал ала алмапты одан есе,
Айтса да байға барып әлденеше.
«Басынып бай ағайын қорлады»,—деп,

Шағыпты Арқалыққа әке-шеше.
Арқалық сыймай кетті терісіне,
Барыпты бай малының өрісіне.
Мәуенің шұбар атын ұстап мініп,

Жылқысын қуып тықты желісіне.
Маң басып Мәуе шығып ақбоз үйден:

—Арқалық, қай қылығың жауша тиген?

Кеніме құрық салып қуатұғын,
Бар еді қандай кегің жаның күйген?

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Кеніңде атсын мені кесел тұрса,

Кеселдің кебі қашар басына ұрса.
Байқашы байға кесел болмай ма екен,
Жарлының кәсібіне қақпан құрса.
Тарымды жеп кетіпті қалың жылқың,

Барым сол, малым да сол менің мүлкім.
Ойрандап өзім жоқта кәсібімді,
Обал деп білмедің бе соны, шіркін.
Даярсың ұятың жоқ дауласуға,

Жарлыны жаның құмар аунатуға.
Билігін өзің айтып, тарымды бер,
Жат болсаң, мен даярмын жауласуға.
Мәуе бай қарсыласпай төмендеді:

—Ақыңды ал, ей, Арқалық, менен,—деді.

Бір сиыр, он саулық қой қозысымен,
Қосып ал көшке мінер дөнен,—деді.
Бай малын бере бермес тіпті тегін,
Болады жаннан алмақ малдың кегін.

Әйтеуір қорықты ма, алдады ма,
Осымен бітім болды жеген егін.
Қиял көп арам пайда айнымалы,
Мал десе, жастық сүймес жар құлағы.

«Өкпелеп елден кетсе ер Арқалық,
Бағымды шайқайды»,—деп қаймығады.
Белдесіп бетке қарсы келе алмады,
Жауласып жаны қорқақ жеңе алмады.

Алып күш ашуланса, мерт қылар деп,
Батырдың мінезіне сене алмады.
Осындай заман өткен әуре-сарсаң,
Төре өктем, байы бассыз, биі жалтаң.

Дүрбіттен қаруланып жүз кісі кеп,
Әлек сап Әжі ауылын қылды талқан.

арқалық  батыр
Әжіге бұйрық қыпты Кеген шаған:
«Берсін,—деп,—Арқалықты ұстап маған.
Егер де бұйрығыма бойсұнбаса,

Шекпенін шешіп алып отқа жағам».
Ұйлыққан төре ауылы үйме-жүйме,
Әжінің әлсіз ойы ауыр күйде.
Сойылып сансыз сойыс, сусын дайын,

Дүрбіттер шалқып жатты тіккен үйде.
Сөздері қатал, бұйрық өте қысқа,
Әжіні алып жатыр асығысқа.
«Тез бітір, айыбымен малды қайтар,

Арқалық батыр деген ұрыны ұста».
Әжіден Мәуе байға кісі кетті,
Хан төре қатал сөйлеп, жарлық етті.
«Аялсыз Арқалықты айдап ұстап,

Тез алып ауылыма келсін» депті.
Мәуеге бұйрық алып кісі келді,
Күншіл бай көңілденіп күшіне енді.
Шақыртты Арқалықты түн ішінде,

Ауылдың ісі бар деп артық-кемді.
Мәуе бай қарақастың әмбе биі,
Жиналыс би үйінде болар жиі.
Арқалық атын байлап кіріп келсе,

Адам аз, ауаша екен байдың үйі.
Біртіндеп кіре берді үйге кісі,
Алдаған амал екен байдың ісі.
Жағалап жандайшабы көбейген соң,

Мәуе бай сөз бастады суып түсі.

—Дауылдан дегендейін құйын ықты,

Көп дүрбіт төре ауылына жиылыпты.
Әтейлеп адам келіп отырмаған,
Берсін деп сені әкеліп бұйырыпты.
21-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ер басы дегендейін елге нәзір,
Не қылса өз еркінде Мәулім пазыл.
Төренің бұйрығы осы, ей, Арқалық,
Алдына апармақпыз сені қазір.

Арқалық ажарланып кетті жайнап,
Қалшылдап қатуланды, қаны қайнап.
Аузынан ақ мақтадай көбік шығып:

—Ал, апар, әлің жетсе,—деді,—байлап.

Шыққандай түгі тесіп тымағынан,
Қызарып от көрінді құлағынан.

—Кәне, апар батыр болсаң,—деп ақырды,

Қанжарын суырып ап қынабынан.
Бай Мәуе төмен қарап бұға берді,
Үймелеп отырғандар шыға берді.

—Қап бәлем, әуселеңді көрер едім,

Қимаймын,—деді Арқалық,—туған елді.
Әжінің тышар едім бұйрығына,
Қысар ем сені қосып құйрығыма.
Мал алып тағы байып қалар ма едің,

Әжінің мені берген сыйлығына.
Қайтпаймын, қазір жүрем айтқан сертте,
Ал Мәуе, маған ерсең атыңды ертте.
Бет барып уәдесін бір байқайын,

Тәуекел, тайынбаймын жансам да өртке.
Мінгенім сенен алған ала дөнен,
Ат сұрап жалынбаймын тағы сенен.
Аласың ақысына талай тоғыз,

Әжіге қол тапсырып құтыл менен.
Қорықпа өлтірер деп шетке шығып,
Өлтірсем құтылмайсың үйде бұғып.
Аяймын қара қазан сары баланы,

Әйтпесе кетер едім жерге тығып.

арқалық  батыр
Мәуе бай қарай берді жалтақ-жалтақ,
Кетіпті басы еңкейіп басып талтақ.
Сүйретіп сұр шекпенін үйден шықты,

Басында баяғы ескі сеңсең қалпақ.
Атына әрең мінді қатты шошып,
Әжінің екі адамын алды қосып.
Арқалық өз үйіне хабарласпай,

Ашумен түнде аттанып кетті жосып.
Аттанды ашу билеп Ақшағылдан,
Бүгелдің жортып өтті шатқалынан.
Арқалық ел кегінің батыры еді,

Нақақтан ұры деген ат тағылған.
Ылдилап Қараөзекті төте жүрді,
Бейітінен Жабағының өте жүрді.
Әжінің ауылына жеткен кезде,

Күміс күн найза бойы көтерілді.
Арқалық айсыз түнде жолды бастап,
Дөненін қамшысымен орай жасқап.
Долы ерлік дөңгелентіп алып кетті,

Ата-ана, бала, жарын үйге тастап.
Топ екен төре ауылы ұлы дүбір,
Сиықсыз сынасқан ел сыбыр-күбір.
Арқалық әдеп еркін жасамастан,

Әжінің белдеуіне түсті шұғыл.
Белдеуге ат шылбырын іле салып,
Қанжарын тұтқасынан ұстап алып.

—Ассалаумағаләйкүм!—депті төре,

Көргенде Арқалықты сасып қалып.
Арқалық кіріп келген әдебі жоқ,
Қарғыған жолбарыстай қаһарлы боп.
Бай Мәуе қасындағы жолдасымен,

Кіре алмай сыртта қалды кейінгі топ.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Арқалық кіріп келіп тұра қалды,
Әжіден әкімдерше сұрақ алды:

—Дүрбіттен кегіңді алып келіп едім,

Беруге шақырттың ба сыбағамды?
Адам аз, ауаша екен төре үйінде,
Арқалық атылатын тұр күйінде.

—Сап батыр, сап-сап батыр,—деді төре,

Тоқталар іс аяғы бір түйінге.

—Айтып бер істейтінің қандай түйін,

Өзіңе не қыл дейді мына жиын?
Жасырма, жалғаншы Әжі, анығын айт,
Мен болсам бұл дүрбітке тартар сыйың.
Айта алмай Әжі жауап алақтады,

Дүрбіттер қаптап кіріп жалақтады.
Қаптаған қалың шеру үйге кіріп,
Аялға Арқалықты қаратпады.
Қамалап қаптап кетті жан-жағынан,

Қанжарлар жалақ қағып қан жағылған.
Арқалық өзі келіп қолға түсіп,
Қорқаудың құтылмады қармағынан.
Деген сол «Ақыл ұзын, ашу келте»,

Ашумен мұқтаж болды ерікті ерке.
Кісендеп қол-аяғын байлап алды,
Талаған жалғыз қойды бөрілерше.
Әжінің әуел баста кегін жоқтап,

Ойлап еді іс болар деп жолға тоқтап.
Айғайлап ашу қысқан жас жолбарыс,
Төренің түгін қоймай салды боқтап.

—Өзім ғой, Әжі, сені басындырған,

Болды ғой бұққандықтан басым құрбан.

арқалық  батыр
Дүрбітке жібергенде не деп едің,
.................4 тап енеңді, Әжі антұрған.
Көгедай көк байталдан өліп еді,

Жазасын Тәуке бала беріп еді.
Жылқы үшін жазықсыз қан шығаратын,
Атаңа мирас болып келіп еді.
Әжіні қарулы қол алған басып,

Қайрат жоқ қарсы айтуға қалған жасып.
Азат ер қолға түсті ер Арқалық,
Кетіпті Қияқ, Тұяқ елден қашып.
Төреден келген дүрбіт бітім алды,

Қосақтап біріне екі тұтып алды.
Сегіз күн сең соққандай ес қашырып,
Басшы осы батыр деген кісіні алды.
Жетектеп Арқалықты атқа таңып,

Жылқы айдап жер қозғалтып кетті маңып.
Бақсыдай жын алдырған Әжі қалды,
Әуелгі айтқан уәде серттен танып.
Байлады қолды артына шорт қайырып,

Қорқа ма қолдағыдан жау тайынып.
Ант берген қорғаймын деп Әжісі анау,
Алады Арқалықты кім айырып?!
Арқалық сол кеткеннен кете барды,

Дүрбіттің мекеніне төте барды.
Жас бала, жарлы тұрмыс, жалбыр күрке,
Үйдегі кім асырар кемпір-шалды?
Бай туыс қараса ма «ағайын» деп,

«Бармын ғой, қайыр қылып бағайын» деп.
Мәуенің істегені мәлім еді,
Әжіден атақ алып жағайын деп.
4 Түпнұсқада көпнүкте қойылған.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Адам жоқ Арқалықпен бір туысқан,
Көз жоқта күншіл жанның бәрі дұшпан.
Қай қашан қанат жазып ұшырмайтын,
Жоқшылық жұт емес пе ерді қысқан.

Арқалық ұзақ жолда аш бүрілді,
Шолтымға барған күні тапсырылды.
Қолға козыр, аяққа кісен салып,
Байланып керегеге жапсырылды.

Жамбасқа жарты құрым жабу төсеп,
Адам жоқ жаны ашитын айуан есеп.
Киімі үйде киген бір шешілмей,
Үстінде ақбөрте бит кесек-кесек.

Жабысып жалаң етке жейде, дамбал,
Шара жоқ босануға салып жанжал.
Өкінді Әжі ауылына келгеніне,
Деген сол «Балуан аптық, батыр аңғал».

Ой өтті өмір аңғал тізбек-тізбек,
Қыс басы болып қалды суық күз кеп.
Қондырып жылы орнына семьясын,
«Барам,—деп жүруші еді,—Жұбайды іздеп».

Амал жоқ өмір жолы басты шалыс,
Үміттің амалсызға бәрі де алыс.
Не шара өмір өзі құптамаса,
Ол ойға жол бермеді мына арпалыс.

Арқалық үйде болды бір-ақ жеті,
Одан соң мынау болды істің беті.
Шолтымның Әжіменен арасында,
Іске аспай қала берді ақ ниеті.

Арқалық қарауында Ламаның,
Өмірдің көріп жатты бұралаңын.
Тап болып таза жүрек бақытына,
Таппаса, не шара бар, бір амалын.

арқалық  батыр
Қол-аяқ кісендеулі, баста күрке,
Орны көң, топырақ, бит пен сірке.
Ұғынып кіріп-шыққан малайлардан,

Дүрбіттің тілін білді бірте-бірте.
Қыс түсті қырау басып шатынаған,
Қысымға қысылмайды асыл адам.
Өмірде тентіреген тіл үйрену,

Емес пе ер белгісі жасымаған.
Шолтымның әйелі жоқ меншігінде,
Көп күнә әйел алу буддизмде.
Басқа әйел бас тартпайтын қағида бар,

Сот емес соғар болса еркі кімге.
Сұлусыз асқан көңіл тұрала ма,
Тәттілік махаббатсыз құрала ма.
Белгісіз кімнің қызы екендігі,

Бір сұлу пайда болды Ламаға.
Аспаған жиырмадан жас шанағы,
Жастықтан өзгермеген қас-қабағы.
Қыр мұрын, қарақат көз, жазық маңдай,

Епті ерін, жұмсақ иек, ақ тамағы.
Қызыл жүз, қыпша мықын, тік иықты,
Денесін бойына өлшеп дәл құйыпты.
Қара шаш қарыс тимес қара жерге,

Арқалық қыз көрмеді бұл сиықты.
Таңданды Арқалықтың көзі көріп,
Жас жүрек жалын атты сезім беріп.
Байлауда жатқан ерді көріп еді,

Бір күні осы қыздың өзі келіп.
Бірақ ол тілдеспеді, үн қатпады,
Болмаса шырай беріп, көз қақпады.
Кім білсін көңілінде не жатқанын,

Жүректің ашылған жоқ сыр қақпағы.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сияқты жастық шіркін шебер жұмбақ,
Шешуін табар оның ұққан тыңдап.
Жас кезде жалын оты жарқырайды,
Әркімнің жүрегінде миллион, мыңдап.

Арқалық ол өмірден жатыр жырақ,
Жырақты бір болжатты мынау бірақ.
Жалынын жарық қылып көрсете алмас,
Жылт етіп жанғанымен жастық шырақ.

Ол тұтқын тұңғиықта, көңілі мұңды,
Шара жоқ жайнатуға жастық күнді.
Даңғыл жол, даяр қару табылмайды,
Басса егер бақытсыздық кімде-кімді.

Осындай күндер өтті зымыраған,
Байқамас келешегін бұрын адам.
Қобданың қоңыр белі күнмен терлеп,
Жел есті жаздың ескек қыбыладан.

Өткен күн есінде жоқ Арқалықтың,
Жатқанын ескерген жоқ қаншалық күн.
Дүрбіттің «Шаған» атты мейрамы еді,
Болмай ма бір дәстүрі әр халықтың.

Мәз-мейрам сайран салып кәрі мен жас,
Әркі ішкен ауыл кезген бәрі де мас.
Дом-домдап дабыл қаққан келең кешіл,
Будданың дін мейрамы әлемге паш.

Мас келең масқара көп көзін жұмып,
Тұңғиық Шолтым Лама отыр тұнып.
Шал-кемпір шала мас боп дұға оқысып,
Жалбарып Құдайына жатыр ұлып.

Жадағай жастар кетті сауық қуып,
Той болып бір ауылда бала туып.
Кәрілер дұға оқыса, жастар ән сап,
Қым-қуыт елдің іші, ізі суыт.

арқалық  батыр
Басқаның Арқалықтан бәрі де шат,
Қаптаған оның көңілін қайғылы тат.
Өзі жау өміріне зиян салған,

Дүрбіттің дұғасы мен діні де жат.
Арқалық күрсінеді ауыр ойда,
Болмаса бір бос жер жоқ өне бойда.
Күзет жоқ күндегідей, бәрі бейғам,

Кәрісі ғибадатта, жасы тойда.
Күркеге біреу келді қараңғыда,
Кім білсін тұтқын болып қамалды ма?
Болмаса құтқарушы жұлдыз болып,

Батырының бақытына жаралды ма?
Әйтсе де адал жанды сезер жүрек,
Тілейді сезгір жүрек жақсы тілек.
Жағалап жатқан жерге жақын тұрып,

Сөз қатты келген адам дүрбітшілеп.

—Аман-сау жатырмысың, батыр қазақ?

Білемін нақақ бейнет көрдің азап.
Ойда жоқ кезіктірген екеуімізді,
Өр еңіс, ойлы шұңқыр, өмір ғажап.
Мұңғылдың мұңы қалың бір қызымын,

Ардақты ата-анамның жұлдызымын.
Тап болып тар тағдырға бағынбаса,
Тілейді ұялуын кім жүзінің.
Келіп ем Ламаға шақырған соң,

Қарсы айтпас бүтін дүрбіт бас ұрған соң.
Қуанып әке-шешем әкеп берді,
Амал не, дін жолы деп шатылған соң.
Мен бөгет бола алмадым дінді тыйып,

Өлем деп өле алмадым жанды қиып.
Қорлыққа құсаланып мен жүрмін,
Денеме шыбын жаным әрең сиып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ей, батыр, сенің жазаң маған мәлім,
Жігітсің жігері көп, соры қалың.
Күйгізіп күнәсізден сені өртеген,
Төре Әжі, лама Шолтым екі залым.

Еред деп ойлап қалма қатын болып,
Жүруге келді деме жақын болып.
Бұғаудан босатуды дұрыс көрдім,
Адамдық мойнымдағы ақым болып.

Арқалық бір күрсінді басын шайқап,
«Адам ба,—деп ойлады,—әлде найсап».
Күркеге түсіп еді ай сәулесі,
Әнеугі сұлу екен тұрса байқап.

—Ой, құрбым, ойлап келсең адам ақын,

Адамға адал ниет көңілім жақын.
Әуелі жөн ұғысып көрейікші,
Айтсаңыз, кім болады сенің атың?

—Ұғыңыз, әкем—Дондар, атым—Балжын.

Келгем жоқ ойнайын деп іздеп қалжың.
Кілт мынау, кісеніңді шығарайын,
Ал жөнел, әр кез ашық болсын алдың.
Алынды кісен козыр аяқ-қолдан,

Балжын қыз босатыпты мықты тордан.
Қыз мұңғыл, жігіт қазақ жолы басқа,
Көмекке немене екен себеп болған?
Қыз Балжын Арқалыққа қызықты ма,

Қызықса, қылмас па еді қызық күнә.
Көңілінде жас құмарлық көрінбейді,
Кім білсін басқа бір күш жылытты ма?
Іздесе басқа еркіндік батыр ғой деп,

Батырға қыздың мұңы жақын ғой деп.
Анығы әділ ниет адамшылық,
Ойлады мұқтаж болып жатыр ғой деп.

арқалық  батыр
Жас қыздың жаны ашыды жылып іші,
Бұл емес жеңіл нәпсі ұрынысы.
Озбырлық әділдікпен бәсекелес,

Дүниенің жаралғаннан құрылысы.
Жіберді сол әділет қызды қозғап,
Әрқашан әділ жеңбек, озбыр тозбақ.
Ұлт пен дін өмірдің бір ертегісі,

Тартысқан табын тауып басып озбақ.
Балжын қыз табын тапты жаны ашыды,
Табылар таппен өмір жарасымы.
Тапталып таптық күштің табанында,

Белгілі озбырлықтық қалатыны.
Қыздырған қыздың жанын таптық ұшқын,
Ер азат көмегімен осы күштің.
Ұзартып ұқтырам деп соза бермей,

Түсейін арнасына алдағы істің.
Арқалық босаған соң асығып тез,
Айтпады қыз Балжынға көлденең сөз.
Қамқоры қайырымды болған қызға,

Орын жоқ көрсетуге оғаш мінез.
Балжынды құшақтады қолын ұстап,
Сүйкеді сүймесе де аузын нұсқап.
Қыз Балжан екі жүзді қанжар берді,

Кезіксе керек қой деп қиын-қыспақ.
Қоштасты, қол алысты, айрылысты,
Қарасып мұңлы көздер қаймығысты.
Арқалық аз тосырқап қалған екен,

Жіберер ерді еңкейтіп қайғы күшті.
Өшкіндеп Лама үйінде жанған шамдар,
Ұйқыдан өңшең мас боп жатқан жандар.
Арқалық ақ ордаға кіріп келді,

Қолында Балжын берген болат қанжар.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Лама торқа оранған, асты жұмсақ,
Келеңдер ұйықтап жатыр жуан құрсақ.
Бұрқанның алдындағы тамағын ап,
Тас қосып табағына қойды күл сап.

Ламаның бөркін алып басындағы,
Сыйлады күлмен сылап шашын дағы.
Сыпырып торғын тонын үстіндегі,
Тонады бір келеңді қасындағы.

Қылышын тағы да алды қойған сүйеп,
Жүзі алмас көрінеді, сабы сүйек.
Садағын қосып алды жалығымен,
Серпері сірі тері, марал үйек.

Азық ап көп айланбай сыртқа шықты,
Күренің күлгін сары туын жықты.
Керемет ойнап тұрған қоңыр төбел,
Ат еді әмбе жүйрік, әмбе мықты.

Ерттеулі ерен жүйрік жерді тарпып,
Ламаның алтынды ері бұдтан артық.
Асынып садақ, қылыш, қолда найза,
Арқалық мініп алып кетті тартып.

Тауменен тура тартты елсіз иен,
«Сақта,—деп сиынады,—Тәңір ием».
Сүңгіді қарт Алтайдың қатпарына,
Орманнан ашық жер аз сынық сүйем.

Арқалық үш күн, үш түн жүрді тынбай,
Ұйқысыз, демалыссыз көзін жұмбай.
Қажыды қатты шаршап қағылез жан,
Көрмеген босағанды бұрын мұндай.

Жалғыз жан жабырқады жүдеп бүгін,
Сезгендей жалғыздықты жүрек бүгін.
Көз салып қарсы алдына қарағанда,
Қуанды тауын көріп Күректінің.

арқалық  батыр
Қоңырға қамшы басып тура салды,
Кешікпей Қоңқа үйіне жетіп барды.
Құшақтап қарт батырды кіріп келіп,

Күңіренді көргендей-ақ Назар шалды.
Қарт Қоңқа шын егіліп еңіреді,
Аққан жас сақалынан төгіледі.
Оның да үлкен мұңы от боп жанды,

Жалғыздық көрмеген жан не біледі.
Мұңы бір екеуінің, жайы ұғымды,
Әдетпен аздан кейін айырылды.
Қарт Қоңқа ханға қарсы бала жастан,

Нашардың жәрдемшісі қайырымды.
Арқалық жөнін айтты бастан-аяқ,
Жасырып бір нүктесін тастамай-ақ.
Тағы айтты қыз құтқарып жібергенін,

Өз басын батырмын деп шақтамай-ақ.
Жас батыр жасырмады сырын тығып,
Тыңдады кәрі Қоңқа бәрін ұғып:

—Сүйегін жолдасыңның таптық,—деді,—

Құм басып қалған екен судан шығып.
Қалмады аманатың іздеусізден,
Іздедік із кептірмей өткен күзден.
Өн бойын сол өзеннің неше тінтіп,

Сүйекті биыл таптық сіңір тізген.
Сақтаулы аманатың біздің қолда,
Кезігер ерге бейнет ауыр жолда.
Қойғызып бір қуысқа күтіп жүрміз,

Сыртында бітеу тұлып, тері дорба.
Арқалық атып тұрып: «Құлдық, деді,
Айтармын өлгенімше жыр қып, деді.
Шолтымның қанжары мен тәжін беріп,—

Қарт аға, мынау сізге сыйлық»,—деді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сыйлықты Қоңқа батыр қабылдады,
Разы боп отырғандар дабырлады.
Арқалық анық білді азаттығын,
Жалғыз-ақ Жұбай тірі табылмады.

Әйтсе де ойда намыс, жолы ғаріп,
Көрген жоқ кегін алып анық жарық.
Арқалық аялдауға сабыр етпей,
Сүйегін жолдасының көрді барып.

Тұлыптан алып көрді асығыста,
Тесікке көзі түсті кеуде тұста.
Сияқты сылдырмақша тізген сүйек,
Ілініп қалған екен тарамысқа.

Дүрбіттен арттан қуған атқан қадап,
Арқаның арасынан тиген садақ.
Шығыпты төс сүйектің ортасынан,
Оймақтай белгісі тұр тескен танап.

Қоңқа айтып тынығудың күн есебін,
Арқалық сонда жатты бірнеше күн.
Рұқсат еткен кезде кәрі батыр,
Табуға атқа мінді өз мекенін.

Қарт батыр қатуланып былай деді:

—Ер кегі—елден туған Жұбай кегі.

Қартайса, қанат жүні қысқарады,
Бір күнде қасқыр алған құмай,—деді.
Мен келдім әбден қажып жүз жетіге,
Өмірдің аударылдым бір бетіне.

Мен тиіспен, ел тиіспесе, деп отырмын,
Ағарған сақал шаштың құрметіне.
Ей, балам, енді тұрмай еліңе жет,
Жарлыға, шамаң келсе, болыстық ет.

Енді мен ермін деуден кетіп қалдым,
Сол ғана айтар ақыл, адал ниет.

арқалық  батыр
Сыйлығым саған берер құрым сары ат,
Аларсың мені есіңе соған қарап.
Жылқының жұмыр тұяқ әулиесі,

Бабында бәйге алады тұрса жарап.
Осымен сөз тоқтатты кәрі тарлан,
Қарттығын, қажығанын қылыпты арман.
Бір кезде тұяғынан өлім тапқан,

Көп қойға жалғыз тиген қасқыр арлан.
Ерттеді сол сарыны айыл тартып,
Бөктерді дос сүйегін соған артып.
Қоңқамен құшақтасып қош айтысып,

Арқалық жүріп кетті оттай шалқып.
Үш ашық, Сайқын бұлақ, Қу үй, Таршат,
Көк белдер көлденеңде жатқан алшақ.
Жонында бұғы қарғып, сайында аю,

Ойында ойын салған түлкі, қарсақ.
Сарбұлақ, Мәздің сайы, Көке бұлақ,
Шабырты Қара ертіске құйған құлап.
Бөктерлеп Шаңырақтың қызыл тауын,

Тұсынан Қандығатай шықты бірақ.
Отырған ел жайлауда бөктер елсіз,
Көрінер көзге сүркей құлазып түз.
Келеді елсіз иен даламенен,

Батырға дұшпан жоқ деп ойламассыз.
Қаратас баса жүріп Шеміршекті,
Таралаң, Шұңқыр басып судан өтті.
Бөктерлеп Қалғұтанды, Ақши түсіп,

Қабаның алқымына келіп жетті.
Асығып барып көрді өз қорасын,
Сиқы жоқ болып қапты ел қонатын.
Қораның жанындағы төбешіктен,

Белгісіз көрді адамның тас моласын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Орнына қорасының байлап атты,
Арқалық ойға кетіп, мұңға батты.
Белгісіз бейітке қарап аңырайып,
Күрсінді күйінгеннен өте қатты.

Жеріне шөп шығыпты күл төгетін,
Аңызы күл боп қапты тары егетін.
Өңсіз жер, үнсіз мола жатыр жалғыз,
Тілі жоқ тылсым дүние ол не десін.

Түн еді түсі суық, қап-қараңғы,
Бұлт көшіп көк бетінде тақталанды.
Ашу кеп Арқалыққа қайғы қысып,
Қат-қабат бір қиялмен қапаланды.

Жабықты, жата алмады, атқа мінді,
Жамылып ойға түсті қара түнді.
Қопарып қара жерді қанжарымен,
Жерледі жан жолдасын Жұбай сынды.

Бу шықты арқасынан терлегенде,
Түкірік түспей қалды шөлдегенде.
Бар-жоғы ақыл-естің мәлім емес,
Сүйегін Жұбай ердің жерлегенде.

Ақылдан ашу қысып жаңылды ма,
Кетті ме қайғы жеңіп сабырды да?
Қойса егер қорасының жанындағы,
Көрді ғой жаңа ғана қабырды да.

Жұбайдың үш шақырды атап атын,
Өзінше оқығаны жаназасын.

—Қай қашан, халім келсе, қайта алармын,

Қара жер,—деді,—саған аманатым.
Бармақ боп ауылына жайлаудағы,
Айланып қорасына келді тағы.
«Әйтеуір біздің үйдің бірі ғой»,—деп,

Қабырды үш айланып сынды сағы.

арқалық  батыр
Жөнелді содан кейін тауға таман,
Тұр екен қарсы алдында қандай заман.
«Ата-анам, алған жарым, қос құлыным,

Кім білсін,—деп ойлайды,—көрем бе аман?»
Арқалық келіп жетті ел шетіне,
Алтайдың ел жайлаған ен төсіне.
Ауылы Мәуе байдың көрініп тұр,

Қоныпты Қарасаздың бел төсіне.
Салдыртып сол ауылға тура келді,
Тағдырға тәуекел деп буған белді.
Жиылып ауыл-аймақ қарсы алыпты,

Ел кегін көргеннен соң қуған ерді.
Мәуе бай үйден шығып ебелектеп,
Көлгірсіп шам айланған көбелек боп.
Ішінде дұшпандықтың ызғары тұр,

Сыртымен қолдау жасап, жебемек боп.
Арқалық айбаттанды түсі суып,
Тыншытпай тықыршытты іштегі уыт.

—Ей, жұртым, анық шынын айтыңдаршы,

Бұл жерде менің үйім бар ма жуық?!
Мәуе бай шошып кетті түсі өзгеріп,
Шылбырды жүріп кетті қоя беріп.
Үйіне сасқалақтап кіріп кетті,

Батырдың сұрғылт тартқан түрін көріп.
Батырға жауап берді кедей бір шал:

—Анаң мен екі балаң, әйелің бар.

Өкінбе өткен іске, ей, Арқалық,
Әкеңе жазғытұрым келген ажал.
Атының ер Арқалық басын бұрды,
Анадай бір төбеге барып тұрды.

Жанына жаяу барған жарлылардан
Үйінің әбден сұрап, халін білді.
22-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Боранда жазтұрымғы қызыл шұнақ,
Үсініп әкесі өлген тастан құлап.
Әйелі төркініне кетіп қалды,
Жүр дейді қарт анасы қайыр сұрап.

Әйелі төркінінде, екі бала,
Қалмапты қолында мал, баста пана.
Қорасын өткен күзде Мәуе өртепті,
Назарға ұрысың деп жауып жала.

Өртеді Арқалықтың жүрегін от,
Ер кегін бұл жерде жоқ әперер сот.
«Арқалық, аз аялдап деміңді ал»,—деп,
Көп жарлы жалбарынды жиылған көп.

Үйіне әлгі шалдың келіп түсіп,
Әл жиып ауқаттанды, сусын ішіп.
Қасына үш баласын ертіп алып,
Жөнелді Мәуе қашып, зәресі ұшып.

Арқалық өртенеді от боп жанып,
Аралас ашу-ыза, қайғы қамық.
Мәуенің шұбар атын ұстап мініп,
Екі атты жүріп кетті қосарланып.

Бұл жерде шығармады жанжал, бүлік,
Жалғыз-ақ шұбар атты алды мініп.
Болбадай, Сарқамырға тура тартты,
Суынан өте шығып Шұбар шілік.

Болбадай, Сарқамырмен жайлау екен,
Бір тайпа ел Жәдік деген еткен мекен.
«Сол елден құрт, ірімшік қайым жинап,—
Жарлы шал айтып еді,—жүр деп шешең».

Батырды бапсыз заман тентіретті,
Әке өлді, өзге адамы тозып кетті.
Арқалық сорлы анасын тауып алып,
Содан соң басқармақшы келешекті.

арқалық  батыр
Осы оймен үнсіз батыр келе жатты,
Кезікті қарсы алдынан бір салт атты.
Ұғынды сол адамнан мынадай жай,

Мәуе бай кемпірді алып кетіп қапты.
Жыдалы, ел мекені Мұздыбұлақ,
Сол жерде ана жүрген қайыр сұрап.
Кезігіп қарт анаға бір ауылда,

Мәуе бай құшақтапты қатты жылап.

—Мен қайның, қадірменді жеңгем едің,

Әкем мен шешемді де көрген едің.
Аман-сау Арқалығың елге жетті,
Сүйінші сұрайын деп келген едім.
Болайық балдан тәтті жеңге—қайын,

Мінер ат, киер болсаң, киім дайын.
Балаңның маған тағар айыбы бар,
Өзің тап сүйіншіме соның жайын.
Арқалық ауылда отыр кеше келіп,

Қорықтым кетем бе деп нақақ өліп.
Басыңа орда тігіп, қазан асып,
Малымнан берер едім енші бөліп.
Еріп жүр меніменен би алдына,

Пайданы би айырсын зиянды да.
Бұл сөзден шыға алмапты кемпір сорлы,
Кім білсін аяды ма, ұялды ма.
Бай ісі арам қулық, қоян бұлтақ,

Тұрған жоқ түбі босап анық жұмсап.
Анасын биге апарып бетін ұстап,
Амалы Арқалықтың көңілін жылытпақ.
Біледі жеңілерін ер егессе,

Еңселі ер екпіні жел емес пе.
Алдына баласының мінгізіп ап,
Кетіпті кемпірді алып кеше кешке.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осындай жөнін ұғып болған жайдың,
Түсінді алдағанын арам байдың.
Ішімен би аулына тура тартты,
Мойылты, Бұқасойған деген сайдың.

Үштастың би отырған сазын жайлап,
Көш құлаш көк орайға бие байлап.
Бейсембі білгір, жүйрік би атанған,
«Бежең» деп атап кеткен бүкіл аймақ.

Қыран би қанды балақ жерге түспес,
Жем көрмей желді қанат бекер өшпес.
Сан рет сауға жеген жемсаулы би,
Арқалық әлдеқашан болған істес.

Батырдың Мәуе білер ашу сырын,
Тайынбас бас алудан, келсе қырын.
Анасын алып келіп арыз айтып,
Сол үшін дәт деп отыр күні бұрын.

—Биеке, өзің айтып ақылыңды,

Жарастыр жатырқатпай жақынымды.
Арқалық келе жатыр деген кезде,
Мәуе бай үй айланып жасырынды.
Батыр кеп ат байлады үй сыртына,

Биге әдеп жасаған жоқ ел ғұрпына.
Есіктен еңкейместен кірген шақта,
Құшақтап анасы алды өз ырқына.
Баласын күңіренді ана бас сап,

Зарланды өткен өмір мұңнан бастап.
Жырменен баласына ақыл айтты:
«Кең бол,—деп,—кешірімді, кекті тастап».
Ананың жыры

—Атақты Алтай ұлы тау,

Келдің бе, қарғам, есен-сау.

арқалық  батыр
Ағызды иіп ақ сүтін,
Қатып та қалған омырау.
Көргенім сені өңім бе,

Азабым ауыр менің де.
Өмірім менің бар екен,
Түріңді көрер сенің де.
Жүрдің бе, күнім, сау-есен,

Тіріде жүрмін мен шешең.
Қуанышым таудан зор,
Лайық болар не десем.
Әкеңді салдық жолына,

Ажалдың орап торына.
Алған жарың, қос құлын
Құданың барды қолына.
Өлмеген адам құралар,

Құлыным, бәрін құрап ал.
«Өткен іске өкінбе»,
Дейтұғын мәтел мұра бар.
Қайратқа басым жетігім,

Теңелді сынған кетігім.
Ағайыннан айырылма,
Айыпқа жасап кешірім,—
Деп зарлап ана сорлы аңырады,

Ұққанға сөзден ниет танылады.
Айырды бәйбіше кеп жылап тұрып,
Бежең де көзін сүртіп қамығады.
Анасы айрылған соң кетті талып,

Арқалық қолын берді биге барып:

—Жүрмісің аман-есен?—дегеннен соң,

Күй тартып Бежең кетті домбыра алып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бар керей күйдің сырын білетұғын,
«Айтты,—деп,—күймен билік» жүретұғын.
«Сап батыр, сап-сап батыр, сабыр батыр»,
Осы еді күңіренген күйдегі ұғым.

Сорлы ана бас көтерді есін жиып,
Жайылды ақ дастархан қымыз құйып.
Ақ орда алты қанат толған кісі,
Отырды бір тізерлеп әрең сиып.

Бастады баяғыдан Бежең кеңес,
Қос мақал, мұқым жұмбақ, көрнеу көмес.
Батырға сөз қосақтап көңіл айтты;

—Жасыма, жапа тартқан бір сен емес.

Арқалық ашып айтты бар арызын,
Ерітіп ер жігері жүрек мұзын:

—Әкетсең алдыңды орап бір тосармын,

Арқалап ақиретке ер қарызын.
Кекке кек алса бітер көңіл шерім,
Ойлаңыз осы әлекте өлді екі ерім.
Әкем мен Жұбай мерген жолдасыма

Әжі мен Мәуе менің құныкерім.
Кім үшін, ойласаңыз, қайда бардым,
Қалайша уын жұттым қайғы-зардың?!
Жазықсыз жанын баққан бір жан еді,

Кім себеп өлуіне біздің шалдың?
Отыр ма тойға келіп мына шешем,
Қаңғып жүр төркінінде әйел десең.
Өзің айт Құдайыңа қара дағы,

Жоқ па еді Әжі менен Мәуеде есем.
Көрмей ме қорқау төре қулық құрды,
Хан болды, қан қақсатып қараны ұрды.
Еркекпін, елден тудым, сертім осы,

Саламын басқа ноқта, көтке бұрғы.

арқалық  батыр
Жол ма екен кісі өлтіру мансап қонса,
Басынды осы төре неге сонша?!
Бермесе қазақ есе қалмақ болам,

Қол созып қойнын ашып жатыр Қоңқа.
Әкемді Мәуе өлтірді қорамды өртеп,
Кек күшті естен кетпес айта берсек.
Ығына осы ауылдың жасырынбай,

Беттесіп келсін, болса ажарлы еркек.
Батырдың аузынан бу бұрқырады,
Түрінен би де қорқып қымсынады.
Оң қолы қанжарына барып қалды,

Шешесі: «Қой, балам»,—деп ұмтылады.
Бұл ыза күшті кектің қысымы еді,
Қысымға шын қиналып түсіп еді.
Батырдың бар ақылын ашу билеп,

Жалғыз-ақ ана сөзін түсінеді.
Тұңғиық ойға кетіп отыр Бежең:
«Төреден қорқам ба деп тең терезем.
Өзіме үлкен пәле айлана ма,

Төрені қолдап кетсе ұлығы Ежен.
Егер қып елді қозғап былықтырып,
Қараны ханға қарсы ұрыстырып.
Айбар қып Арқалықты алдыма ұстап,

Алайын осы Әжіні бір ықтырып.
Қозғасам жіңішкелеп жәнтекейді,
Қарақас оған өріп дүрілдейді.
Жасырын жаушы салып су бүріксем,

Әжіге бұл амалым білінбейді.
Осымен көтерейін өз бағымды,
Төреге берген болып бір жағымды.
Мені де кісі екен деп байқап жүрсін,

Байқатпай батырайын тырнағымды».

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бақталас кетті Бежең күндестікке,
Дейтұғын төре қара ара жікке.
Осы оймен айлалы би былай деді,
Арқалық ашу басқан әредікте.

—Ей, батыр, айтқаныңның бәрі дұрыс,

Төреге істеп бердің үлкен жұмыс.
Жұбайды жоқтаңдар деп мен не дейін,
Жәнтекей жіліктенбей жатса тыныш.
Кек үшін кісі шықпай таласатын,

Бүркеніп жым-жырт жатыр қарақасың.
Ежелден ел ұраны себеп еді,
Емдеуге ер жігіттің жарақатын.
Арқалық, амалым жоқ, мен не дейін,

Әйтсе де төреге бір сөйлесейін.
Әлді жи, ашуды бас, ат тынықтыр,
Берейін саған жауап аз күн кейін.
Бейсембі бұлан құйрық салып күйге,

Күткізді Арқалықты ауаша үйге.
Оспанның отауында жатқан Мәуе,
Түнеріп түн ішінде келді биге.

—Биеке, Арқалықтан тұрмын шошып,

Жатамын қайтып шыдап басты қосып.
Не дейсіз осы жерден кетіп қалып,
Өзіңді төре ауылынан алсам тосып.
Би айтты: «Табылған сөз, кеткенің жөн,

Қорқамын Арқалықтан сен тұр ғой мен.
Жәнтекей қарақаспен қозғалыпты,
Төреге осы сөзді айтарсың сен».
Көп пәле ел қозғалса Құдай ұрды,

Үрей сап айлалы би қақпан құрды.
Қасына қару беріп, кісі қосып,
Мәуені түн ішінде аттандырды.

арқалық  батыр
Бел байлап Бейсембі би үлкен дуға,
Жасырын жаушы салды екі руға.
«Айбарың ер Арқалық, ақылшың мен,

Ширатты:—шығыңдар,—деп,—шеп құруға».
Екі елді жасырын сөз аралады,
Өр екпін бар керейге таралады.
«Құн алып Арқалықты қолдаймыз»,—деп,

Соғылды елдің қызған барабаны.
Жұбайдың ботақара өз руы,
Сол елді өрекпітті ердің буы.
Шарықты деген жерге жиналыпты,

Желбіреп Жәнібектің сары туы.

Ел іші абыр-сабыр қаны қайнап,
Шоқпарын жұмырлады, атын сайлап,
«Арқалық ардагерім, асылым!» деп,
Аттанды аз қарақас қаптағайлап.

Әжіге түнде қашқан Мәуе жетті,
Көргенін, естігенін мәлім етті.

—Бейсембі бізге пана бола алмады,

Бас қорғап өзіңізге келдім,—депті.
Қобалжып отыра алмай төре састы,
Қоярға жер таппады жалғыз басты.
«Қоңқадан қалың шеру шығыпты» деп,

Тағы да өсек шықты алыпқашты.
Мұны айтып Бейсембі би шыжымдаған,
Бұл сөзді ел қалмады ұғынбаған.
Ішінен сыр білгізбей күліп отыр,

«Хан төрем, нең қалды,—деп,—жығылмаған».
Баса алмас жалғыз Әжі бүтін елді,
Шама жоқ жауласуға буып белді.
«Жау шықты, жалғыз қалдым, тез жетсін»,—деп,

Қос атпен Бейсембіге кісі келді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жұмыстың төреде тұр ауыр жағы,
Даудың да түпкі тамыр дауыл жағы.
«Аз тос»,—деп Арқалықты шешесімен,
Жіберген қайнына Сауырдағы.

Ел құмар шаруасыз оқшау сөзге,
Өскен сөз таралмай ма тіпті лезге.
Ауылына Әжі төре тоқтамапты,
Арқалық келіп қапты деген кезде.

Бейсембі безілдетіп домбырасын,
Өз сөзін күймен ойға қондыратын.
Деп шертті Әжі адымы келген кезде:
«Емес қой оңдыратын, оңдыратын».

Түн қатып төре ауылына келді Бежең,
Жер еді екі күндік Сауыр кезең.
Атанған Алтай, Сауыр—екі ұлы тау,
Ағады ортасынан Ертіс өзен.

Қара күш шыдай алмай көптің дүмге,
Төмендеп төре сорлы кеткен мүлде.
Екі елге Бейсембіден елші кетті,
Тоқтамы болады деп біраз күнде.

Ашулы ыза қысқан ер Арқалық,
Найза ұстап қоңыр атқа мініп алып.
Тал түсте тайсалмастан жетіп келді,
Әжінің ауылына ұран салып.

—Кеселсің кедейге жау, көпке қырсық,

Өлейін өмір сүрмей сені құртып.
Айғай сап ақ орданы соғып өтті:

—Бері шық, беттесейік, Әжі жыртық.

Ордаға қайта айланып найза сұқты,
Төсектің астына еніп төре бұқты.
Қалшылдап ханым да зар жылап тұр,
Есіктен сап батырлап Бежең шықты.

арқалық  батыр
Би ұстап Арқалықтың шылбырынан:

—Сап, батыр, сабырлық ет, құлдық ұрам.

Есеңді ел әдеті жолмен айтам,
Сөзіме куә болсын Құдай, Құран.
Арқалық Бейсембіні сыйлаушы еді,
Түбі бір туысым деп қимаушы еді.

—Тосайын сені дағы сонау белден,

Әзірше ашуымды қойдым,—деді.
Алынған алғыр қыран томағасы,
Ер туса ел еркесі, жол ағасы.
Түсіріп Сейілханның отауына,

Тай сойды Арқалыққа қонағасы.
Саршоқы Сауыр жоны сары белге,
Бейсембі үй тіккізді жасыл көлге.
Келсін деп кісілері хабар жетті,

Әжімен арадағы даулы екі елге.
Ту ұстап, топыр болып ел жиналды,
Қысылып Әжі төре шын қиналды.
Бар жұмыс Бейсембінің қарауында,

Мойнына жүктеді жұрт ар-иманды.
Құншыға төре жағы жатыр сый ғып,
Би отыр епке салып бұлаң құйрық.
Тамырлас түбі бірге кісі емес пе,

Төреге айта алмайды төте бұйрық.
Биекең сөз бастады түптен шертіп,
Қызарып етке бөгіп, қымызға елтіп.
«Етпесе ерді разы ел күйзелер»,

Бір шолып Қоңқаны да қойды ескертіп.

—Ел—теңіз, онда жүзген адам балық,

Жат болмай жаулық аз деп жақындалық.
Ел болып ердің көңілін жайландыра,
Береді сырт дұшпаннан ақыңды алып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Елге ұят шығып кетсе ер өкпелеп,
Жақын ел жат болады бөлек-бөлек.
Хан тағын қашан болса қорғайтұғын,
Шынында төреге де көмек керек.

Қарақас даулы екенсің ботақара,
Жиналдың жігерленіп осы араға.
Ер кегі ежелден-ақ малмен бітер,
Бермеймін кісі байлап босағаңа.

Аз сөзді лайық емес молайтуға,
Күшім жоқ кішкенені зорайтуға.
Ерге үлгі, елге бірлік тілер едім,
Рұқсат етсе төрем жол айтуға.

Тұқырып Әжі төре отыр бұғып,
Езген соң ел салмағы ерден ығып.

—Разымын не десең де?—деді төре,

Дауысы болар-болмас әрең шығып.
Еңкейіп көрді төре ерден қыспақ,
Кетуге шама келмей үзіп тыстап.
Арқалық айбар шегіп төніп отыр,

Оң қолы қанжарының сабын ұстап.
Белгілі екі жаққа айтатын дау,
Созбады Бейсембі би салып сұрау.
Тобықтай тоқсан сөздің түйіні бар,

Айтылған би аузынан билік мынау.
Төреден алпыс жылқы дүрбіт алған,
Жіберіп Арқалықты қуғын салған.
Болады ер жігіттің құныкері,

Арқалық атын алсын мініп барған.
Ант бұзып Әжі төре ұстап берген,
Азат ер азап тартып қинау көрген.
Күңіреніп көр аузына таяп барып,

Арқалық ажалсыздан қайтып келген.

арқалық  батыр

—Ақтасын үш тоғызбен төре сертін,

Дос болып басындағы берсін бөркін.
Төренің бұдан былай төрін билеп,
Арқалық қақпай көрмей жүрсін еркін.
Ер туса, көп тілегі елдің досы,

Табылар татулықпен көңіл қошы.
Үш тоғыз, күрең ат пен құндыз бөрік,
Төренің Арқалыққа берері осы.
Екінші әкесі өліп, қора өртенді,

Тірісі азап тартты артық-кемді.
Адасқан ағайынның жорасынан,
Айыбын Мәуе байдың айтам енді.
Ағайын көмектеспей басты малды,

Үсітіп өлтіріпті Назар шалды.
Әртүрлі ажалдың да себебі бар,
Дегенмен өлгендерді Құдай алды.
Қорасын берсін Мәуе қайта салып,

Туыс деп Арқалықты жүрсін танып.
Өлімнің себебі үшін елу байтал,
Тоқталсын әкесінің құнын алып.
Арқалық ұстап мінген жүйрік шұбар,

Ат екен ауы толар батырға ұнар.
Ашудың алдын басқан сол жануар,
Мәуенің бас шығыны болар шығар.
Би тоқтап біразырақ тыныстады,

Қымызын жұтып алды ыдыстағы.
Басқа топ басын изеп тынып отыр,
Әжі мен Мәуе ғана қырыстанды.
Би сөзін жалғастырды бір қозғалып,

Жайланып насыбайын атып алып.
Ишанға мүрит болған сопыларша,
Үн қатып қыбыр етпей отыр халық.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Сол жолда суға кетіп өлді Жұбай,

Ел дәмін бұйыртпады оған Құдай.
Қорғаған ханның кегін қарашы боп,
Әрқашан ер аттанар ығай-сығай.
Жаратқан әр адамға өмір жазар,

Өлшеулі сағатында келеді ажал.
Жіберер біреуді ерте, біреуді кеш,
Өзінің қызығынан дүние базар.
Ажалдан алмайды ешкім арашалап,

Әйтсе де барған жоқ қой тамашалап.
Жұбайдың өлімінде аз ілгіш бар,
Демеймін нақ құныкер қанды балақ.
Ажалдан тастамаймын тіпті тегін,

Керек қой анық болжау істің шегін.
Батырлық мергендігі өз жазасы,
Ер болып қуатұғын елдің кегін.
Ол барды ер болған соң ел кегіне,

Сан батыр ел кегі үшін өлмеді ме.
Сол кектің сапарында Жұбай өлді,
Ажалсыз мына Арқалық келмеді ме?
Көп сөздің, көлденең дау керегі не?

Салайық ақ ниеттің елегіне.
Айтамын әділдік деп мынадай жол,
Жұмсаған төреміздің себебі не?
Қозғалып Бейсембі би бір жөтеліп:

—Су құйып дау түбіне індетелік.

Жүз тұсақ, бір қысырақ еншісімен,
Жұбайға берсін төре үй көтеріп.
Ойлама бұдан басқа құн алам деп,
Құн малы көпке телім сыбағам деп.

Құн төлеп, айып тартқан адам демей,
Төреге бағынасың мұнарам деп.

арқалық  батыр
Арқалық дауыстады ажарланып:

—Беріп еді Әжі байлап ажалға анық.

Мал айдап керуенше қайтатұғын,
Сауда істеп келген жоқ ем базар барып.
Тоқтаймын Беже сізді сыйлағаннан,
Түбі бір туысым деп қимағаннан.

Арманым қалмас еді оқ атысып,
Кеудемнен шығып кетсе симаған жан.
Іс тынды осы билік тоқтап бекіп,
Арқалық разы болды кешірім етіп.

Байқасақ ел жаңарып, заң өзгерді,
Бірталай содан бері заман өтіп.
Халықтан бұл әңгіме тілейді сын,
Жібердім жинай алмай ұзартып тым.

Қоңқа ма, Арқалық па, Балжын қыз ба?
Болады бұл аңыздың батыры кім?
Бейсембі билік айтты шаршы топқа,
Бар сөзі орындалып асты сотқа.

Көңілі қай жағына бұрып отыр,
Билікте әділеттік бар ма, жоқ па?
Бас иді масқара боп Әжі неге,
Қадаған оны орнына қандай шеге?

Қалың топ қарсылықсыз қалай көнді,
Айтылған би аузынан ережеге?
Ойлан деп оқушыма қойдым сұрақ,
Көз көріп, көптің сынын естір құлақ.

Асылын талдап теріп алу керек,
Көп сөздің көңілге өлшеп, басын құрап.
Елде көп ескі әңгіме, ертегі, аңыз,
Адам аз беретұғын айтып нағыз.

Өзінің желісімен жетіп айтса,
Оқушы ойын бөліп, табар маңыз.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Арқалық болған адам ертеректе,
Өтіпті жүз елу жыл мөлшер етсе.
Керейдің кәрілері айтып еді,
Бейіті тұр Қаба бойы Белтеректе.

Арқалық өмір сүрген азды-көпті,
Белгілі сағатында ажал жетті.
«Жұбайдың қабырына жақын қой»,—деп,
Айтыпты өтерінде өсиетті.

Әлі тұр қос тас мола қыр үстінде,
Айланған төмпешікке жер боп мүлде.
Батырдың Арқалықтай бейіті деп,
Байыптап байқамайды мұны ешкім де.

Бір көрген жол азабын екі досыт,
Бір жатыр өлгенде де басын қосып.
Қадірлеп құрмет еткен адам да жоқ,
Батыр деп именбейді ешкім шошып.

Барады сөз көбейіп жазған сайын,
Көп сөзді көркемдеуге аз ғой жайым.
Ел түзеп ендігісін, жолға салар,
Сөзімді соза бермей тоқтатайын.

Тыңлаңыз құлақ қойып жақсы кептен,
Талай жан бізден бұрын келіп кеткен.
Уақытында бақыты ашылып хан болыпты,
Әжі хан шыққан екен Орманбеттен.

Бақыты, бақ-дәулеті сондай жүріп,
Ешқандай хан болмаған одан өткен.
Әрқашан ерегескен адам болса,
Тұқымы дұшманының құрып кеткен.

Орманбет Әжі ханның ата заты,
Тарихта осылайша жазған хаты.
Қараған көмегіне қанша халық,
Жайылған әр тарапқа шаһараты.

Білімге еш пендеден кемдігі жоқ,
Сипаттап айтып болмас салтанаты.
Орманбет ел болыпты он екі ата,
Болмаған Әжі ханда ешбір қата.

Шеніне ешбір дұшман келе алмаған,
Өмірде бір көрмеген жәбір-жапа.
Көгеме сондай жүрген оң мен солға,
Халықты салып өткен жақсы жолға.

Білінбей естімесе ұрлық-қарлық,
Көрініп еш дұшманы келмес мұнда.
Сәулеті, сән-салтанат сондай артық,
Отырар уәзір, бектер оң мен солда.

Арқалық батыр
(Ертай Құлсариев нұсқасы)
23-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бисін, Көгін дейтұғын екі биі,
Шын себеп деп ойлайды ғазиз жанға.
Билерін отырады мыңға балап,
Не десе ойындағы біткен талап.

Бисін барда не қам бар деп ойлайды,
Көгінді ақылдас қып жүрген жанап.
Іс болса қиын-қыстау, жәбір-жапа,
Қайтеміз деп айтады соған қарап.

Өмірде сөзін жықпас билерінің,
Дүниесін етсе дағы солар харап.
Сондайлық Әжі ханның шаһараты,
Жетіп тұр әр тарапқа мұның даты.

Ақжал, Көкжал дейтұғын екі тұлпар,
Бар екен бір ғажайып екі аты.
Ерге лайық ат туат дегендейін,
Бар сөз ғой қарияның насихаты.

Тұлпары Ақжал, Көкжал егіз туған,
Жаралған деуге болар бейне бұдан.
Жүзден жүйрік шығады, мыңнан тұлпар,
Осындай екі тұлпар шыққан нудан.

Қанатты құс құтылар ебін тауып,
Мақұлық кете алмайды ешбір мұнан.
Әжі хан зеріккенде саят етіп,
Тұлпармен кезек-кезек киік қуған.

Қан жирен шындығында сипаттары,
Бір ғажап көрейік деп жұрттың бәрі.
Жібектай талдап қойған көрінген соң,
Ақжал, Көкжал солайша болған намы.

Қаламдай қия жонған құлағы бар,
Сипатын айтып болмас ешбір атны.

арқалық  батыр
Тік қабақ, жазық маңлай бір ғажайып,
Гауһардан екі көзі жаққан шамы.
Садақтай иіліңкі аның басы,

Кең танау, ат ерінді сөздің мәші,
Ауызы айдаһардың порымында,
Тістерін деуге болар жайдың тасы.
Дабылдай төрт аяғы дөп-дөңгелек,

Ой желке, ойынды еті бөлек-бөлек.
Алты күн жауға шапсаң аянбастан,
Жем шөптен сұрамайды ешбір көмек.
Тойса да бауырынан туған жарап,

Мінген заман бітеді ойда талап.
Ашынып жауға шапса екі тұлпар,
Ішінен зырлағанда жетпес садақ.
Бір таудың күнгейіндей омырауы,

Аққудай мойны иіліп келген сағақ.
Паһ десе Әжі ханның деуге болар,
Бітіпті ер ісіне екі арғымақ.
Сауыры сала құлаш, күміс құйрық,

Жар кезең қиын шыңнан кетер ырғып.
Сандықтай шақпақ еті беп-белгілі,
Таусылмас айта берсем барып сырғып.
Көреді жаннан ғазиз арғымағын,

«Басыма,—деп ойлайды,—қонған бағым.
Ақжал, Көкжал қолымда аман тұрса,
Ешкімнен сынбас еді тіптен сағым».
Тұлпардың әр тарапқа даңқы кетті,

Торғауыт Мәлік ханға барып жетті.
Әжі ханның тұлпарын естіген соң,
Осыны алдырсам деп ниет етті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бұрыннан қатар жатқан қанаттас ел,
Әрқашан барымталы, болған кекті.
Дүрбіт деген бір елден шыққан екен,
Діңгел деген бір ерге әмір етті.

Адамға білінбестен тіпті келіп,
Көкжалды Діңгел батыр алып кетті.
Көкжалды Діңгел келіп ұрлап алды,
Ақжал тұлпар қорада жалғыз қалды.

Тұлпардың біреуінен айрылған соң,
Әжі хан қайғыланып жатып қалды.
Үш күндей таққа мінбей қалғаннан соң,
Жұрт жиылып алдына бәрі барды.

Қараш деген бар екен бір жыршысы,
Ханына арыз айтып сөз шығарды.

—Бір сізге арызым бар, ай-а, ханым,

Бүйтіп жатып кетірме елдің сәнін.
Көкжал тұлпар бітпесе, қайтер едің,
Бір атқа санаймыз ба жанның бәрін?
Ат өлер, құс қашады деген сөз бар,

Көріңіз мына келген елдің халін.
Хандық қып, халық жиып ақылдасып,
Орманбет жиып алған батырларын.
«Ерегіссе, ер өлер» деген кәні,

Кегіңді алсаң, шығады іште жалын.
Сіз-дағы батырларды аттандырғын,
Торғауыт айдап келсін бұлар малын.
Болған соң барымталы сөз болады,

Көрерміз андан кейін сөйлер жағын.
Іші боқ, сырты түкті хайуанға,
Осынша қайғырғаның сынып сағың.
Ол Қараш уәзір еді мұнда келген,

Ханының жаман-жақсы халын білген.

арқалық  батыр
Қастық, достық ойласа бір адамға,
Қолынан ондай істің бәрі келген.
Бұл Қараш белгілі қу осындайға,

Бір күн қастық істесе, бір күн пайда.
Сөзінің жартысы адал, жартысы арам,
Зияны тиіп жүрген талайларға.
Ханына жетіп келді қадам басып,

Отырды жақсы сөзбен көңлін ашып.

—Иә, тақсыр, не нәрседен қапалысың,

Бір іске отырсыз ба қатты жасып?
Кім тиді, кім сөйледі, айтшы маған,
Жолыңда мен өлейін қаным шашып.
Ойыңнан кетірмесем қапалықты,

Тірі боп мен жүрмейін жерді басып.
Жолыңа пида болсын ғазиз жаным,
Сізсіз ғой тірлікте менің сәнім.
Иә, тақсыр, соған кейіп отырсыз ба,

Кетіп ет жау қолына бір тұлпарың.
Кейімей басыңызды көтеріңіз,
Айтайын ол жұмыстың сізге жайын.
Әжі хан тыңлап тұрды мына кепті,

Сөйлерге бас көтеріп ниет етті:

—Бір атқа қапаланып жатқаным жоқ,

Әрқашан торғауыттың қорлығы өтті.
Ана бір жыл келгенде әскер жиып,
Бір күнде үш мың жылқы алып кетті.
Екіншіде өлтірді екі батыр,

Ақыры Көкжалды алып тағы кетті.
Бүйте берсе, бір күні ел шабады,
Түбін ойлап тартамын қасіретті.
Қайран елім кете ме жиыр, жыбыр,

Басыма салды Құдай бір міндетті.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Осыған қандай түрлі ақыл бар?—деп,
Әжі хан айтқан сөзін тамам етті.
Қараш айтты: «Мен таптым бұған ақыл,
Болмалық торғауыттан енді ғапыл.

Керейдікі аз ру елден шыққан,
Арқалық жан шыдамас асқан батыр.
Аз да болса бір басын жауға бермес,
Миятқа, ай-а, ханым, соны шақыр.

Сыртынан, көрмесем де, естіп жүрмін,
Дұшпанға салат дейді заманақыр».
Әжі хан мына сөзді мақұл көрді,
Қараш би не сөз айтса, соған ерді.

Құрметті жаннан ғазиз сөзін айтып,
Өтініп Арқалыққа бір хат берді.
Әжі хан тарту беріп шақырған соң,
Арқалық қабыл көріп бұ да келді.

Арқалықтың Әжі ханға айтқаны:

—Әй, тақсыр, шақырған соң мұнда келдім,

Аз керей аяулақта жатқан елмін.
Болыпсыз торғауытпен барымталас,
Ісіңнің бастан-аяқ жөнін көрдім.
Ел үшін ер жігіттің басы құрбан,

Сұраймын үш тілегім соны бергін.
Бұл тілекті беріңіз қабыл көріп,
Андан соң ерлігімді кейін көргін.
Ат басы мен ер басы қайда қалмас,

Құдай салса басыма, соны көрдім.
Дүние еш адамға жолдас болмас,
Сүйегі қурап жатыр талай ердің.
Сақтайтын мен сандыққа бұйым емес,

Бір күні ажал келсе, ақыр өлдім.

арқалық  батыр
Арқалық асыл заты керей еді,
Барлығы ауылымен кедей еді.
Уақтында қатарынан туған алып,

Дұшманы бір өзіне діні еді.
Ешкімге бағынбаған ғазиз басы,
Батырдың өзі теңелсе, асыл тасы.
Мынау бай, мынау кедей деген емес,

Түседі барлық жұртқа ықыласы.
Дейтұғын Қаракөздей әйелі бар,
Қосылған жастайынан жар жолдасы.
Бір басын аз да болса жауға бермес,

Ешкімге қор болмаған ғазиз басы.
Алдына Әжі ханның келіп түсті,
Қақпақтай жауырынды, өзі күшті.
Сипатын Арқалықтың көргеннен соң,

Ол ханның сонда тұрып зәресі ұшты.
Сары жай садағы бар мойынында,
Белінде алтын балдақ қос қылышты.
Ақ найза ақ білекте іліп алған,

Атқарған соныменен ерер істі.
Қара қас, жазық маңлай, көзі шамдай,
Зорлығы денесінің алтын таудай.
Егескен Арқалықпен дұшман болса,

Өмірде кек аламай өткен зарлай.
Бұрын да талай жауға барып еді,
Қырғынды қалмақтарға салып еді.
Балаға еңбектеген, еңкейген шал,

Арқалық аты мұның қанық еді.
Түсінде бабалары белдік беріп,
Батырлық осылайша дарып еді.
Дейтұғын қарақасқа тұлпары бар,

Батырдың бір жанына жарық еді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тұлпары мақпалдайын қара қасқа,
Құмдай боп үгіледі тасты басса.
Бір жерден жау дыбысы шығар болса,
Оятар Арқалықты, ұйықтап жатса.

Талдаған жібектей боп жал мен кекіл,
Тұлпардан уағындағы жоны басқа.
Күмістей сымға тартқан сипаты бар,
Мақтауға ылайық қой қалай айтса.

Алдына Әжі ханның келді еніп,
Әжі хан өз қасынан орын беріп.
Көргенін торғауыттан бастан-аяқ,
Батырға бірін қоймай айтты теріп.

Ол сырды ойдан кетпей қорлық болды,
Отырмын бір ойындай қайғы көріп.
Мәліктен әперет деп кеткенімді,
Отырмын бір өзіңді қуат көріп.

Әжі ханның Арқалыққа берген жауабы:
Айтқаны Арқалыққа Әжі ханның:

—Сөзіңе, ай-а, батыр, енді нандым.

Үшеу тұрмақ тілекті алтау ғып ал,
Бір ізден аярым жоқ дүние жанның.
Арқалық сөзі:

—Менімен тілегім сол Ақжалды бер,

Үрімжі осы арадан бірталай жер.
Қияқ пенен Тұяқты жолдасқа алам,
Жолдасын жауға бермес бұл екі ер.
Жұбай деген баланы тағы бергін,

Андан соң дұшпаныңды өзіңдей көр.
Жасы толмай шіркінің жау көреді-ау,
Дүниеге келе бермес Жұбайдай ер.

арқалық  батыр
Әжі хан айтқан сөзді қабыл етті,
Тілекті бастан-аяқ қазір етті.
Ақжал тұлпар, Жұбай мен Қияқ, Тұяқ,

Барлығын айтқан жерде дайын етті.
Сол жерде үш баланы қатар қойып,
Арқалық осылайша жауап етті:

—Өлген жерде өлелік не болса да,

Сөз айтып балаларға қасам етті.
Үш бала Орманбеттің баласы еді,
Жеткіншек ақылының данасы еді.
Қияқ, Тұяқ, басынан аты—Жұбай,

Батырлық, қайраттары тамаша еді.
Бұлардың он тоғызға келген жасы,
Түседі көрген жанның ықыласы.
Бұралып тартқан сымдай талдай бойы,

Ылайық батырлыққа әр нұсқасы.
Жасынан батырлықты талап еткен,
Ел-жұрты мұны билеп құрмет еткен.
Үш бала Орманбеттен шықты деген,

Бұлардың әр тарапқа даңқы кеткен.
Өнерін балалардың сынайын деп,
Арқалық осылайша пайым еткен.
Балалар бұрын жауға барған емес,

Арқалық сырттан сұрап тақсын еткен.
Жайнаған жай тасындай бұл үш бала,
Қару, қайрат ақылға болған дана.
Қалың қабақ, қанды бет, орта бойлы,

Бәрінен Жұбай батыр жеке-дара.
Мінез, білім, сабырлық бір өзінде,
Жұбайды деп айтады Ақыл аға.
Сипаты балалардың айдай жарық,

Ешқандай көрген емес жауға барып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әжі хан шақырады дегеннен соң,
Сауыт, найза, садағын даярланып.
Асфаһан шаһарынан алдырыпты,
Ақ болат, алтын қылыш белге шалып.

Тұлпары Қияқ, Тұяқ жирен төбел,
Бұрыннан ылайықтап жүрген бағып.
Аттары балаларға құп ылайық,
Жүрді тұлпар дар пара бір желқайық.

Атқан оқ, жанған өрттен именбейді,
Беретін бетін бұрмас жүзі тайып.
Қаншалық қалың қолға араласса,
Бәндаға ұстатпайды ол бір ғайып.

Толықсып сынаптайын тоқтамайды,
Тәніне тиген емес найза сайып.
Балалар тұлпарына мініп алып,
Қоштасып әкесінен бата алып.

Ұлық іс уәжіп деп мойынсұнып,
Алдына Әжі ханның тұрды барып.

—Арқалық жолдастыққа сұрап отыр,

Балалар, ренжімей келгін барып.
Ер жігіт, есен болса, не көрмейді,
Беріңдер торғауыттан кегімді алып.
Сол жерде балалармен ақылдасты,

Жау түрін, бәрін айтып сұры қашты.

—Сапарға Үрімжіге жүрмек болдық,

Бір бірлік төртеуіміз ғазиз басты.
Тірлікте тастамай жауға жолдас,
Жыласып ағызалық көзден жасты.
Алашқа аттаналық, азаматтар,

Не көрерміз, көрмеспіз бауырласты.

арқалық  батыр
Үндемей Қияқ, Тұяқ тұрып қалды,
Айталық енді қалай Жұбай жасты.

—Тірлікте айтқаныңнан шықпайын,—деп,

Жұбай ер Арқалықпен құшақтасты.
Ақжалды Арқалықтың өзі мініп,
Қоштасып еліменен қадам басты.
Мінгені Қияқ, Тұяқ жирен төбел,

Батырлық өнеріне болар шебер.
Атқанда садақпенен сарт дегізіп,
Түнде ұшқан масаға да оғы тиер.
Болғанда қолда найза, жанда садақ,

Ішінен сауытының жиек киер.
Жауменен салынғанда қарсыласып,
Тәніне сол уақта жұмсақ тиер.
Тұлпары Жұбай ердің қара қасқа,

Денесі жануардың басқа-басқа.
От жаққандай көрінер қараңғыда,
Жалтыратып көздерін жұмып, ашса.
Қамшыменен ұрады қақ басына,

Далада бұғы, марал, аңдар қашса.
Келеді ойнап, күліп тамашамен,
Үрімжі қаласына төрт байбатша.
Үрімжі қаласына келіп жетті,

Арада алты күннің жөні бітті.
Жол жүріп ашты тері шыққаннан соң,
Тұлпарға неше қилы өнер бітті.
Сол уақта Үрімжіге тұрды барып,

Қарады әр тарапқа көзін салып.
Айлана күзетшілер қамап алған,
Болмайды еш пенденің ақылы танып.
Далаға түнетпеді жалғыз тайын,

Барлығын дуалына қамап алып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бұл істі бастан-аяқ көргеннен соң,
Арқалық сөз сөйлейді сонда барып.

—Жан іздеп мен барайын жаяу жүріп,

Үш бала, мұнда тұрғын атты бағып.

—Мен сізден айрылмасқа уағдам бар,

Не болса да көремін бірге барып.
Ер Жұбай осылайша арыз етті,
Арқалық мына сөзді қабыл етті.
Қияқ, Тұяқ ат бағып мұнда қалды,

Арқалық Жұбайменен жүріп кетті.
Қаруын іштерінен байлап алды,
Болды да бір жай адам қонды барды.
Болғанда жарым түннің шамасында,

Қақпада қарауылдар ұйықтап қалды.
Өлтіріп қарауылды екі батыр,
Сол заман атханаға жетіп барды.
Бұларды көрген заман Көкжал тұлпар,

Жануар танығандай оқыранды.
Сол жерде Көкжал атты ұрлап алып,
Білінбей түн ішінде кетіп қалды.
Болғанда таңға маһал аман-есен,

Қияқ, Тұяқ қасына бұлар барды.
Арқалық сөз сөйлейді ақыл айтып,

—Кетелік,—дейді,—енді елге қайтып.

Бұл сөзді Жұбай бала мақұл демес,
Сөйлейді сонда тұрып қапа тартып:

—Осыдан, әлім келсе, кегімді алам,

Қашқанмен ақыр барар әскер тартып.
Торғауыт әуелінде жылқымды алды,
Екінші екі батыр өліп қалды.
Бүгін қорқып қашқанмен торғауыттан,

Қайда апарып сақтаймын бұл қу жанды.

арқалық  батыр
Бұ да мақұл іс екен тәуекел деп,
Арқалық, Қияқ, Тұяқ қабылданды.
Ерен-паран уақтында жібергенді,

Алдынан қарсы шығып жылқыны алды.
Төртеуі дабыл ұрып, қиқу салып,
Сол уақта үш мың жылқы жолға салды.
Жылқыға жау тиед деп қазір келіп,

Үрімжі барлық елі хабарланды.
Төрт батыр бұл жылқыны кетті айдап,
Мәлік хан батырларын жатыр сайлап.
Түс уақта қараса арт жағына,

Торғауыт келе жатыр бұлттай қайнап.
Бір жалғыз көрінеді көз ұшында,
Аспанда ұшып жүрген құстай ойнап.
Артынан бір топ адам тағы шықты,

Жарқырап қарулары шоқтай жайнап.
Арқалық балаларға сөз сөйледі,
Батыр ғой ескілікті түбін ойлап:

—Балалар, мына жаудың сұры жаман,

Болыңдар жолыққанша есен-аман.
Жылқыны айдап үшеуің жүре бергін,
Бұл жерде тәуекел деп жалғыз қалам.
Жеткізсе мұрадыма мен ғаріпті,

Дұшманнан осы жерде кегімді алам.
Сәлем де Қаракөздей қарағыма,
Бұл жерде болып кетсе дүнием тамам.
Құтылсам жау қолынан аман-есен,

Артыңнан шаттықпенен мен де барам.
Бұл жаудан қор болмаспын деп ойлаймын,
Түсімде кездік берген ата-бабам.

—Бұл сөзді қалай айттың, ғазиз аға?—

Сөйлейді сонда тұрып Жұбай бала,—

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Не көрсем бір көремін демеп пе едім,
Ол ісімде ұрынбаймын уағдаға.
Болады жолдастыққа несі сандық,
Өзіңді тастап кетсем айдалаға.

Өліп кетсең, ішіңде арман болар,
Опасыз қор болдым деп үш балаға.
Жауға жалғыз тастады деп айтасыз,
Деген сөз «балалықтың ісі шала».

—Бұл істі ойламаймын, батыр Жұбай,

Етпеңіз көңіліңді, сірә, бұлай.
Өмірде жау көрмеген жас баласың,
Дұшманға қор қылмасын сені Құдай.
Ағаңа бұл туралы қамықпағын,

Көріп ем мұндай тойды талай-талай.
Сен де барып бұл жауға аралассаң,
Көңілім алаң болар саған қарай.
Бұл жерде көріп тұрсың жаудың халын,

Барады жер жаһанды алып сарын.
Жан жолдасым Жұбай ер не болды деп,
Болады сізді ойлап көңлім жарым.
Көңілім сізді ойлап жарым болса,

Қолға түсіп кетті менің мәнім.
Бұл жолда қаза тауып өліп кетсем,
Аларсың торғауыттан менің қаным.
Жұбай ер Арқалықтың тілін алып,

Жылқыны бұлар кетті ортаға алып.
Ішіне бір ағаштың тұрып қалды,
Арқалық бір ақылды ойына алып.
Астында жирен қасқа тұлпары бар,

Бір батыр жалғыз өзі келер салып.
Үстінде толып жатыр сайман-сауыт,
Дүниеде еш нәрседен жоқ қой қауіп.

арқалық  батыр
Көзі үңгірдей, мұрты бір өскен шөптей,
Екі құлақ кетіпті бетін жауып.
Иығы асқар таудың кезеңіндей,

Анасы өсер деген мұны тауып.
Садағын мойнындағы салақтатып,
Көрместен Арқалықты кетті шауып.
Бұл батыр осылайша өтіп кетті,

Арқалық көріп тұрды бармақ кепті.
Мінгені ылғи тұлпар ақ көбік қып,
Артынан отыз батыр келіп жетті.
Ағашта Арқалықты ескерместен,

Артынан жолдасың бұл да кетті.
Астында Ақжал атқа қамшы ұрып,
Жаңағы отыз ерге келіп жетті.
Отызға Ақжал тұлпар жетті барып,

Жеткенін өлтіреді бір-бір салып.
Желкесінен ұрғанда баз біреуі
Аттан ұшып жығылды есін танып.
Бүйрегі найзаменен түйрегенде,

Түсе берді бүркіттей домаланып.
Артындағы отыздан дәнеме жоқ,
Алдыңғы ер қарағанда көзін салып.
Отыз ер осылайша өліп кетті,

Алдыңғы жеке ерге келіп жетті.
Ақжалмен арындатып келгенінде,
Сөйлейді жеке батыр мына кепті:

—Сен өзің найысапсыз неткен адам,

Көргем жоқ жер жүзінде сендей надан.
Алдыңда Алатаудай мені ойламай,
Өлтірдің отыз ерді бәрін тамам.
Сенен басқа дүниеде батыр жоқтай,

Енді шауып келесің маған таман.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Мен жайымды айтқан соң бастан-аяқ,
Қарап тұрып түседі ақыр заман.
Отыз ерді жоқтаусыз жіберем бе,
Ажалың жетті енді тоқта, балам.

Болғанда елім—дүрбіт, атым—Діңгел,
Мен темір, ойлап қара, сен бір жыңғыл.
Абайламай жолдастың бәрін құрттың,
Жап-жас қана баласың жетпей сынғыр.

Астымда қасқа тұлпар жан жолдасым,
Қамшы ұрсам ашуланып басқа ұрғыр.
Аш қасқырдай жалақтап шығып кепсің,
Арқалық ит, сенбісің, көзің құрғыр.

Ханы ғой Үрімжінің атам—Мәлік,
Күйеу балам деп жүрмін қызын алып.
Бикешті бойжеткен соң бермек болды,
Қызметін істеп жүрмін тілін алып.

Ұрындың өзің келіп жанған отқа,
Қайда қашып барасың жылқыны алып.
Енді кезек менікі жолымды бер,
Батыр болсаң тұр енді таярланып.

Арқалық бұл Діңгелге берді кезек,
Шіреніп қарап тұрды бойын безеп.
Садақпен нақ жүректен тартып қалды,
Осы деп өлер жері тура кезеп.

Қадалып сауытына тұрып қалды,
Болады ажалсызға әр іс себеп.
Ажалдан аман-есен қалғаннан соң,
Көңілін Арқалық ер алды демеп.

Діңгел ер аң-таң болып қалды тұрып,
Арқалық Ақжал атқа қамшы ұрып.
Найзаны тіреп алып итергенде,
Жығылды қасқа тұлпар белі үзіліп.

арқалық  батыр
Арқалық қайта айланып қарағанда,
Жаяулап Діңгел батыр келді жүріп.
Садақпен дәл ауыздан атып еді,

Кетіпті желкесінен бірақ шығып.
Діңгел ер осы жерде өліп кетті,
Көңліне Арқалықтың шаттық жетті.
Белгілі бұл Діңгелдің туын алып,

Алдыңғы балаларға келіп жетті.
Торғауыт қуған екен аран-аран,
Айталық бір мәселе үш баладан.
Қасына қырық батыр ертіп алып,

Жылқыға Мәлік ханның өзі барған.
Қияқ, Тұяқ, Жұбаймен бұл үш бала,
Соғысып барлығын да тамам қылған.
Астында ала тұлпар ойнақтатып,

Қашып жүріп Мәліктің өзі қалған.
Жылқыға төрт аяқты жеткізбейді,
Табанда озып шыққан бұл бір қайдан.
Сөйлейді Арқалық ер жауап қатып:

—Садақпен өлтірем,—деп,—ала атты атып.

Орманбет пен Торғауыт арасында
Барымтаға шапқан ат мұздай қатып.
Жұбай айтар: «Ағажан, ата көрме,
Бір түсер қолымызға болса нәсіп».

Мәлік сонда бұларға сөз сөйлейді,
Алыстан жақындамай тұрды қашып:

—Төрт батыр іздеп келіп жылқыны алдың,

Өлтіріп ерлерімді, қайғы салдың.
Қияқ, Тұяқ, Жұбай мен Арқалықсың,
Бәріңді бастан-аяқ көріп алдым.
Барамын торғауытты тегіс жиып,

Әгарки батыр болсаң, таярланғын.
24-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жерге кірсең қоймаймын төртеуіңді,
Жылқыны әзірінше алып барғын.
Бұл сөзді айтты дағы жүріп кетті,
Батырлар естіп қалды мына кепті.

Арада азды-көпті сапар етіп,
Алдына Әжі ханның келіп жетті.
Бұл сапар қандай түрлі оқиғаны,
Қалдырмай бастан-аяқ баян етті.

Ақжал, Көкжал жылқының бәрін алып,
Төртеуіне төрт жылқы сыйлық етті.
Әжі ханнан жақсылық шықпайды деп,
Өкпелеп батырлардың бәрі кетті.

Арқалық аман-есен қайтып келді,
Ел-жұрты есен көрді мұндай ерді.
Қаракөз ханымымен ойнап күліп,
Бірқатар осы арада шаттық көрді.

Бір айдай осы арада күндер өтті,
Жамиғат, тыңдасаңыз мына кепті.
Жатқанда өз үйінде Арқалық ер,
Бір адам есік қағып зарлық етті.

Кім де болса есік аш көрелік деп,
Арқалық Қаракөзге әмір етті.
Әжі ханның тоқсан құл жылқышысы,
Сол жерде жылап, еңіреп арыз етті.

—Әй, батыр, келіп тұрмын іздеп сені,

Ел қорғаны батырсың ердің ері.
Торғауыттан келді ғой Дуду батыр,
Қырық мың жолдасы бар әскерлері.
Торғауыт басып жатыр елді қамап,

Айтады Әжі ханға мұндай жауап.
Төрт батырды тірідей байлап берсең,
Азаптан басқаларды етем азат.

арқалық  батыр
Қылмасаң бұл сөзімді сендер қабыл,
Шаһарда барлығыңды айтам ағат.
Адасып ақылынан Әжі хан ит,

Бермекке төртеуіңді етті қаһат.
Ұстады Қияқ, Тұяқ қайран ерді,
Алдаумен Әжі ханның тіліне ерді.
Жан достың қияметтік жан сырының,

Жұбай да қолға түсіп қорлық көрді.
Арқалықты тағы да ұстаймыз деп,
Әжі хан қанды уағда оған берді.
Әртүрлі қайла сөздің бәрін айтып,

Келеді Қараш жыршы саған енді.
Бұл сөзді естіген соң саған келдім,
Көргенді бастан-аяқ айтып бердім.
Егер де тілімді алмай онда барсаң,

Ажалсыз Арқалығым, сен де өлдің.
Төрт батыр қолға түссең алдаумен,
Не болар көрген күні қайран елдің?
Көрінгеннің қолында қырғын тауып,

Езуі майланады қара жердің.
Жылқышы айтып өтті барлық кепті,
Жалғыздық Арқалыққа енді жетті.
Қоштасып Қаракөзге Арқалық ер,

Тұлпарды қара қасқа әзір етті.
Қасында жеті кісі жолдасы бар,
Қараш зұлым сол заман келіп жетті.
Ол Қараш осылайша жауап берді:

—Қырық мың торғауыттан әскер келді.

Осыны қандай іспен қайырамыз,
Әзір де қамап жатыр барлық елді.
Төрт батыр бұған ақыл табады деп,
Ақылды Әжі ханның сізге берді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Отыр ғой Арқалықтың іші сезіп,
Қараш та сонда тұрып білді дейді.

—Жау келіп, Қараш батыр елден қаштың,

Азырақ Әжі ханмен ақылдастың.
Мені іздеген Орманбетпен, Торғауытпен,
Аюлы кезенгенін келіп тапсын.
Қияқ, Тұяқ, Жұбаймен үш батырың,

Қалмаңдар обалына нағыз жастың.
Табады Аюлыдан мені іздеген,
Ал енді солай қарап қадам бастым.
Бұл сөзді естіп алып Қараш кетті,

Арқалық Аюлыға барып жетті.
Көптен бері шабылмай жүр еді деп,
Тұлпарын тер шығарып қазір етті.
Шығарып қай-қайдағы ашты терін,

Суытып бір ағашқа мәккам етті.
Тұлпарын байлап қойып кетіп қалған,
Кезеңнен жауды байқап көзін салған.
Арқалық әр тарапқа қарап тұрса,

Бір дауыс естіледі ыңырсыған.
Дауысты білейін деп жетіп келсе,
Тұлпардың денесі жоқ, басы қалған.
Ағашта қара тұлпар тұрған жерді,

Төрт аю тұлпарына тойып алған.
Бағымның қайтарына кез болды деп,
Арқалық бек көніп қапаланған.
«Кез болдым Аюлыда мұндай халға,

Дүниеде мендей сорлы адам бар ма?
Торғауыт торын жайып тұрғанында,
Кәдіксіз түстім дүние қазған орға.
Жолымыздың болмасын біліп едім,

Қияқ, Тұяқ түскен соң Жұбай қолға.

арқалық  батыр
Қара қасқа тұлпардан тағы айырылып,
Амал бар ма маңдайдан аққан сорға.
Тұлпарым, жан серігім, жануарым,

Арқалық жайылып ет әруағым.
Айрылып мінген аттан, жолдасымнан,
Басымнан осы күні тайды бағым.
Тайған бақ басқа қайтып келер ме екен,

Құдайым көз жасымды көрер ме екен?!
Мен мұнда тау басында жаяу қалдым,
Артымнан дұшпан қуып келер ме екен?!
Қияқ, Тұяқ серігім, Жұбай батыр,

Босанбай бұл тұтқыннан өлер ме екен?!
Әжі хан қайырымсыз хан деуші еді,
Тепкілеп, терең қазып көмер ме екен?!
Айырылып жолдасымнан жалғыз қалсам,

Торғауыт ұстап алар онда барсам.
Астыма Ақжал тұлпар бітер болса,
Торғауыт әскерімен соғыс салсам.
Қияқ, Тұяқ, Жұбайды ажыратып,

Сонан соң арманым жоқ өліп қалсам.
Көрсеткен бір күн алдын, бір күн артын,
Ақиқат опасызсың дүние сарсаң.
А, дүние-ай, осы жерде сынды белім,

Аз керей қор болады-ау қайран елім.
«Жаяудың шаңы шықпас» деген рас,
Соғысып бір шықпады ашты терім.
Астымдағы тұлпарды аю жеді,

Бәрінен осы болды маған өлім».
Арқалық қатты жасып қапаланды,
Көңліне осы түрлі қайғы салды.
Төрт аюды сол жерде атып алып,

Арқалап ер тоқымын үйге барды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Келген соң қара тер боп қапаланып,
Қаракөз көрді сонда мұндай халды.

—Әй, батыр, көңілің пәс, түсің суық,

Ешкімнен кем болмадың жалғыз туып.
Қанды қапа көргенде назарың пәс,
Кез болдың қандай іске жалғыз жүріп.
Сырыңды айтшы, сұрыңыз тіпті жаман,

Жүрегім қозғалып тұр, денем суып,
Тым өте сау емессің, Арқалығым,
Қалыпты бір басыңа зор күн туып.

—Қаракөз, Аюлыға өзім бардым,

Тұлпардың біразырақ терін алдым.
Бір ағашқа суытып байлап едім,
Аю жеп тұлпарымды, жаяу қалдым.
Арқалап ер тоқымды қорлық көріп,

Қаракөз, сол себептен қапаландым.
Болғанда жау жағадан, бөрі етектен,
Білмедім не боларын осы халдің.
Жайымыз осылайша біздің, шырақ,

Арқалап ер тоқымды қалдым жылап.
Жаяумын деп еш арман етпес едім,
Байлауда қалды тағы Тұяқ, Қияқ.
Ел біліп ердің ері жан жолдасым,

Арманда кетті енді Жұбай шырақ.
Боларымыз болды ғой, Қаракөзім,
Артымда қалар болдың енді жылап.
Дүние опасызсың,—дейді дағы,

Аһ тартып Арқалық ер жатты сұлап.
Қаракөз естіп тұрды мына сөзді,
Бір жаннан барлығы да күдер үзді.
Аз керей ауылымен қайғыланып,

Кімге тастап кеттің деп батыр бізді.

арқалық  батыр
Жылады қорыққаннан барлық керей,
Аз ауыл көмегі жоқ бәрі кедей.
Арқалық арқасында күнін көрген,

Шеніне ешбір адам жақын келмей.
Сен болсаң атың өліп жаяу қапсың,
Зорлық қайда барады бізге келмей.
Алтай келген өтіп ап кететұғын,

Дұшпанға олжа болдық біз бір деней.
Аз керей осылайша қайғы көрді,
Аяды Арқалықтай батыр серді.
Төрт жылқы жетегі бар қанша жолдас,

Сол күні Қараш зұлым тағы келді.
Аттан түсіп айғайлап Арқалыққа:

—Шүйінші беріңіз,—деп жауап берді,—

Тоқтастық торғауытпен бітім етіп,
Бір сенен қорыққанынан жөнге келді.
Жарасты сіз-біз десіп жөнге келіп,
Көкжалды тарту етіп оған беріп.

Дуду батыр келіпті жолдасымен,
Батырдың қайтамын деп жүзін көріп.
Сойысқа төрт жылқыны алып келдім,
Жіберді Әжі хан ер сізге беріп.

Келгенде үйге қонақ ұялмасын,
Қонаққа қайтарсын деп сойып беріп.
Жылқыны келе сала сойып жатыр,
Қарашта толып жатыр қулық тақыл.

Сенерін де білмейді, сенбесін де,
Арқалық қапаланып қайран батыр.
Қашқанмен қолдан келер ісі болмай,
Сауыт-сайман тастады бәрін де ақыр.

Қасында отыз жігіт жолдасы бар,
Сол заман жетіп келді Дуду батыр.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Дудудың сөзі:

—Арқалық, амандаса сізге келдік,

Саламат ақ жүзіңді бүгін көрдік.
Арқалық бар қаруын тастағанда,
Ішінде қалып еді бір ақ белдік.
Өзіне бақыт қонар уақытында,

Түсінде әкесі кеп берген кездік.
Дуду айтар сізде бар бір тілегім,
Сізбен досты болсам дер бұл жүрегім.
Дос болам құдаласып, құшақтасып,

Және де ойымда бар бір тілегім.
Ақиқат дос болалық тілегі бір,
Өзіңнен кімдікі жоқ мендей бір ер.
Жараймын тірі болсам қажетіңе,

Менде бар дүниені өзіңдей көр.
Қаласаң, Арқалығым, достық айтам,
Шын дос болсаң етікпен қайқаң-қайқаң.
Атысып жау болмасам, дос болмасам,

Бұл жерден қалай енді тірі қайтам.

—Әй, Дуду, бұл сөзіңе мен де сендім,

Әдейі азамат деп маған келдің.
Ала бер қалағаның бір басымнан,
Не тілесең дүниеде, соны бердім.

—Арқалық, көрдім сенің ерлігіңді,

Көрерсің менің дағы серлігімді.
Тұлпарыңды сұрар ем өліп қапты,
Енді бергін беліңде белдігіңді.
Арқалық мына сөзге қайқаңдады,

Белдікті беремін деп айта алмады.
Түсінде берген екен бабалары,
Қоныпты содан бері басқа бағы.

арқалық  батыр
Арқалық аты шығып әр тарапқа,
Жайылған содан бері әруағы.
Қайта алмай айтқан сөзден батырлықпен,

Белдікті берді сонда сынып сағы.
Белдікті Дуду батыр қолына алды,
Арқалық қарусыз боп құры қалды.
Сол жерде отыз батыр оңдыра ма,

Шынжырлап Арқалықты байлап алды.
Артына көк арбаның мықтап байлап,
Жүрмекке енді қайтып таярланды.
Қайғырып қапалықпен қанды жылап,

Арқалық сонда тұрып сөз шығарды.
Арқалық батырдың байланғандағы айтқан сөзі:
Алдауменен Арқалық
Қолға түсіп байланып.

Қарусыз ерді қоя ма,
Қамданып келген отыз ер
Күні бұрын самданып.
Батырды байлап алған соң,

Көңілі мәккам толған соң,
Отырды Дуду жайланып.
Арқалықтай асыл ер
Көк арбаның артында

Сөйлейді сонда зарланып:

—Опасыз қалмақ залымсың,

Ғапылдықпен дүниені
Сөзіңе қалдым алданып.
Жолы болмастың белгісі—
Қияқ, Тұяқ, Жұбайым

Олар да қалды байланып.
Тұлпарымды аю жеп,
Қор болдым жаяу мен қалып.
Соғысар күн бар ма екен

Сен сияқты қалмақпен,
Асфаһан қылыш қолға алып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Опасызсың дүние,
Өстіп-ақ бастан өте ме,
Балдырғандай отыз жас
Қасіретпенен кете ме.

Әжі ханның қорлығы-ай,
Қалмақтың еткен зорлығы-ай!
Қияқ, Тұяқ балдырған,
Арқалық пен Жұбайдың

Түбіне бұлар жете ме?!
Жаяулықпен дүние-ай,
Байланып бүгін қалғаным.
Дос болам деп ит қалмақ,

Белдігімді алғаның.
Әжі ханмен бірігіп,
Басыма қайғы салғаның.
Қам сүт емген пендеміз,

Жазуы шығар Алланың.
Бұл тұтқыннан босанып,
Сөйтіп, өлсем, арман жоқ,
Әжі хан, Мәлік, Дудудың

Талауға салып мал-жанын,
Ит пен құсқа жегізіп,
Аялаған тәнларын.
Кімге сонда бітірет

Қылыштың жалап қандарын.
Көрер күнім бола ма,
Тіріде сені, керейім.
Өзім аман жүргенде,

Қанатты жауға қақтырмай,
Үстем еттім мерейің.
Енді күнің не болар,
Бір Құдайға тапсырдым,

Қош, аман бол, керейім!
Ел-жұртым сен едің,
Батырың жалғыз мен едім.
Екіталай сіздерді

Енді қайтып көрерім.
Тілектес болғын айтарым,

арқалық  батыр
Қимағаннан сіздерді
Айтып тұрған өлеңім.
Қастық етсе бұл қалмақ,

Елді шауып ойран ғып,
Түйеге артар көгенің.
Халықтан дәулет кетірді,
Басына тұман шалынар,

Жар астынан жау шығып,
Ел иесі перінің.
Қаракөзім, аман бол,
Қияметтік жолдасым.

Күндіз-түні мені ойлап,
Тыйылмайтын болды ғой
Өмірде сенің көз жасың.
Жастайыңнан қосылып,

Мінезің майдай еріп ет,
Бойың балқып қорғасын.
Сізді менен айырған,
Қанатыңды қайырған

Әжі хан, Қараш зәлімдер
Ақырғыша оңбасын.
Үмітім бар, Қаракөз,
Бұл тұтқыннан құтылып,

Бұзармын деген тірлікте
Әжі ханның ордасын.
Тапсырарым бір сізге—
Тұғырына сұңқардың

Қастық етіп қайламен
Қара қарға қонбасын.
Ақырына тұлпардың
Жебе мойнын созбасын.

Арқалықтың жоғында
Елдігі ие болмасын.
Қаракөз бен барлық керей Арқалыққа арыздасып айтқан
сөзі:

Байланған соң Арқалық,
Қалмады керей сабыры.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қорыққанынан ғаріптің
Босап кетті сол жерде
Үш жүз алпыс тамыры.
Қатын, бала шуылдап,

Жүректері суылдап,
Әлемді алды сарыны.
Тірі қайтып қалам деп,
Сізбен бірге барам деп,

Жолына айтып және не:

—Арқалық еді ағамыз,

Алтын сауыт жағамыз.
Сіз кеткен соң бұл жерден
Енді қырғын табамыз.
Бұзылатын болды ғой

Өсіп-өнген қаламыз.
Жесір-жебір болды ғой
Қатын менен баламыз.
Ел иесі ер едің,

Сені қайдан табамыз?!
Қатарға ел деп қосып ең
Бұл керейді бұрында.
Артыңнан барар адам жоқ,

Өзіңнен басқа еріме.
Батырым, сенен айырылдық,
Торғауыт кеп тонаса,
Мал-мүліктен ажырап,

Адасқан қойдай маңырап,
Кететін болдық Қырымға.
Елдіктен кетіп еңіредік,
Қызығыңды көрмедік.

Әжі хан, Қараш кез болып,
Жұрт бүлдірген зұлымға.
Бұл керейге болып ең
Әрі батыр, әрі хан.

Бір өзіңнің тұсында
Жиып едік мал-жан.
Жазықсыз бізге жау болды

арқалық  батыр
Иттікпенен Әжі хан.
Қаламыз енді қырылып,
Көмусіз қалар болды ғой

Ит пенен құсқа жем болып,
Кебінсіз қалып бұл құтан.
Қаракөз әйелдің назымы
Қаракөз ханым ағытты,

Тоқтата алмай көз жасын:

—Иә, батырым, сен едің,

Жан сақтарым, мал басым.
Маған салған бұл күйді
Еш пендеге салмасын.
Қолға түсіп сіз кеттің,

Жалғыз қалды бір басым.
Ақырына көз жетпес,
Әзірінше, батырым,
Талауға түсер болды ғой,

Тырнақтап жиған мал басың.
Көремін бе жүзіңді,
Көрмеймін бе өзіңді.
Жолыққанша аман бол,

Қияметтік жолдасым!
Жан жолдасың тұлпарды
Тауда аю жеген соң,
Арқалап ерді келген соң,

Біліп едім, батырым,
Ісіңнің сонда-ақ оңбасын.
Сөзіңді сөйлер адам жоқ,
Құдайдан басқа панаң жоқ,

Жоқтаусыз кетер бір басың.
Іздейтін туған іні де жоқ,
Қолға түстің бенде боп.
Жаман айтпай жақсы жоқ,

Олай-бұлай боп кеттің,
Сарқыты дейтін батырдың
Бала, перзент менде жоқ.
Сіз болдың енде, мен жесір,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қайғы түссе басына,
Көнбейтұғын пенде жоқ.
Жақсылығың жамандық,
Менен кетті адамдық.

Өткен күнім басыма
Келді, келмесе, бар да жоқ.
Ішім толған қайғы-зар,
Кең дүние бізге болды тар.

Достың түбі жау болды,
Тірі болсаң, есіңе ал.
Жазықсыз жасты қинады,
Әжі ханда болса ше,

Хан болса да бітті ар.
Тұғырында сұңқардың
Жапалақтың несі бар?
Зорлық етсе ақырда,

Тірліктен өлім қайырла,
Алмас пышақ сынды бар.
Байланды Арқалығым екі қолың,
Қайырлы, құтты болсын осы жолың.

Батырға қайда барса, бір-ақ жүріс,
Бұл жерде қайнап қалды менің сорым.
Әзірге барлығыңды ұстап алды,
Көрдік қой Әжі ханның жайған торын.

Ақыры Әжі ханды ескерерсіз,
Босанса тірлігіңде екі қолың.
Арқалық, қолға түсіп кеттің былай,
Артыңда амалым жоқ қалдым жылай.

Батырым, жолыққанша болғай аман,
Көрем бе, көрмеймін бе, Алла тағала-ай.
Қаракөз соныменен қалды тұрып,
Айдап ап Арқалықты кетті жүріп.

Орманбет қаласына келіп жетті,
Батырды жау айдаған малдай қуып.

арқалық  батыр
Қияқ, Тұяқ, Жұбайды алып келді,
Қойыпты қол-аяғын тас қып буып.
Бар сенген Арқалығы мұндай бопты,

Қалды ғой балалардың іші суып.
Жұбай мен Қияқ, Тұяқ барлығы дос,
Қол-аяғы кісенде, ауызы бос.
Барлығын қастықпенен ұстап берген,

Әжі хан болып жүрген өтірік дос.
Жұбай ер отыр екен көзі жайнап,
Қойыпты шынжырменен мұны байлап.
Қамдестік өтер екен адамзаттан,

А, дүние-ай, іс етпеппіз түбін ойлап.
Әжі хан, тұқымыңнан түк қоймаспын,
Батқан күн шығар болса бізге жайнап.
Төртеуміздің біріміз қалар болсаң,

Кегімді бір алар ем тойың тойлап.
Кетіп тұр осы күнде бізден қайрат,
Бәрі отыр аш қасқырдай көзі жайнап.
Әжі хан дуыменен бек шаттанып,

Үрімжі қаласына кетті айдап.
Арбаға тіркеп алып қайран ерді,
Жөнелді ортаға алып жаяу айдап.
Ел білер ердің ері батырларын

Әжі хан өз қолынан берді байлап.
Байланды осылайша бұл төрт бала,
Жыласты қош айтысып ата-ана.
Зәлімге айтар сөз жоқ, етер қайрат,

Ел-жұрты іштен тынып құрды нала.
Соғысып күшпен байлап алғандай-ақ,
Дудудан көтерілді сондай сана.
Орманбет торғауыттың арасында,

Бар еді орталықта бөлек қала.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ешкімге бағынбаған ғазиз басы,
Жақсылық деп айтады аты жана.
Жақсылық батыр болған бұрын бастап,
Көрмеген еш кемшілік бала жастан.

Бұрын бір қиын-қыстау іс түскенде,
Дос болып Арқалықпен құшақтасқан.
Сенің де бір күніңе жарармын деп,
Осындай Жақсылықпен уағдаласқан.

Қартайып халі кетіп қайран ердің,
Сол уақта тоқсан бестен жасы асқан.
Қартайып сол уақта кеткен халі,
Кәріліктің болады қандай мәні.

Ахуалын Арқалықтың естіген соң,
Ойлады бұрын өткен уағданы.
«Жан достым қолға түсіп байланыпты,
Қалайша босатамын,—дейді,—аны».

Бұл хабар Жақсылыққа келіп жеткен,
Кәрілік Жақсылықты һәм дендеткен.
Қарудан өнер қайрат болмаған соң,
Бір қайла істесем деп ниет еткен.

«Достығым Арқалыққа қайда менің,
Бүгінде кәріліктен сынды белім.
Бір қайран Арқалыққа тигізбесем,
Бір намыс қартайсам да маған өлім.

А, дүние-ай, жастық шағым болар меді,
Соғысып шығарар ем ашты терім.
Жолына ғазиз басты бәйге тіктім,
Қартайып қазылып тұр ақыр көрім.

Үндемей қалғанымнан өлген артық,
Байланса жандай досым қапа тартып.
Ол кетсе Үрімжіге тұтқын болып,
Тірі боп ас ішемін сонда қайтып».

арқалық  батыр
Жоқ екен бала-шаға бір өзінде,
Қатынға өтер сонда сырын айтып.

—Қатын-ай, сырымды айтам, сөзім тыңла,

Бір қайғы ғаріп басқа болды мұнда.
Бұл күнде сенен басқа сенерім жоқ,
Мен сені балап жүрмін қыз бен ұлға.
Бір іске бек қабағат налып тұрмын,

Сен соған көмек беріп шығар қырға.
Бір тілек мен сұрадым көргін қабыл,
Арқалық болып еді бұрын тамыр.
Бұл күнде қолға түсіп бенде бопты,

Көріпті бек қабағат қатты зәбір.
Білдіріп достығымды көрінбесем,
Қайғырып тұрғанында көріп жәбір.
Сол күні отыз жорға сатып алсам,

Дудуға тарту етіп алып барсам.
Сұрап ап ол Дудудан Арқалықты,
Осы үйге бүгін соны қонақ қылсам.
Әйелі осы сөзді қабыл көрді,

Сәулеттеп отыз жорға алып келді.
Алдынан ол Дудудың қарсы шығып,
Жақсылық оқиғасын сөйлепті енді.
Жақсылықтың Дудуға айтқаны

—Әй, Дуду, аманбысың жақсы халда,

Қандайсың сырласуға біздей шалға?
Өзіңдей азаматпен жолдас болдым,
Қырынған қырық жаспен жастық халда.
Орманбет Торғауытты шабыстырған,

Алыпсыз Арқалықты байлап қолға.
Діңгелді өлтірді деп естіп едім,
Арқалық ана сапар келген жолда.
25-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әй, Дуду, сіздей тегі жан тумайды,
Салыпсыз төрт батырды шықпас торға.
Мен дағы бұл ісіңе бек сүйініп,
Тартуға әкеп тұрмын отыз жорға.

Жүзіңді көрмеп едім бұрын тегі,
Ешқандай кемітпеген батыр мені.
Иығың асқар таудың кезенгендей,
Болсашы денесінде кемдік жері.

Бір таудың үңгіріндей бас порымың,
Мұхиттың екі көзің шалқар көлі.
Жартастың порымындай шыққан тіке,
Бой бермес оққа дағы іші-тысың.

Секілді қарағайдай қалың мұртың,
Қалқайып қандай біткен құлақ пішін.
Теректей екі аяғың түзу біткен,
А, батыр, қолыңда екен барлық күшің.

Сипатың, айта берсем, ада болмас,
Батырға мұндай тегі бітпес пішін.
Дуду сөзі Жақсылыққа айтқан

—Жақсылық, шын ақиқат бағаладың,

Сөзіңнен тіпті мен де табалмадым.
Сізде дер қашан болса бізге керек,
Бар меді менен, сірә, қалағаның?
Сұрасаң бір жанымды берем саған,

Ала бер мен де болса аямадым.
Алдыма тарту алып келгеннен соң,
Жақсы ғой әжетіңе жарағаным.

—Әй, Дуду, амандыққа сізге келдім,

Себебі тиеді деп сіздей ердің.
Бұрын бір өз басыма күн туғанда,
Пайдасын Арқалықтың қатты көрдім.

арқалық  батыр
Бір күнге қонақ етіп жіберейін,
Сұрадым Арқалықты, маған бергін.
«Жақсылыққа жақсылық» деген кәні,

Өлі ме көрініп тұр көзбен көрдім.

—Жақсылық, бұл сөзіңе қайран қалдым,

Алғын деп қалағаның айтып салдым.
Сұрама Арқалықты, Жақсылығым,
Қайламен өлгенде әзер байлап алдым.
Осы сөзің тым өте ауыр етті,

Онан да әскерімнің бәрін алғын.
Босанса байлауынан бұл Арқалық,
Сол уақта обалыма тегі қалдың.

—Әй, Дуду, мен қинадым қашан сені,

Тұрады айтқан сөзде ердің ері.
Сұрадың, сұрадым керегімді,
Бар екен ақылыңның кемдік жері.
Қатын болып қайтасың айтқан сөзден,

Олай болса сынадым, батыр, сені.
Ойлап ем құтылмаққа қарызынан,
Беретін керегі жоқ маған тегі.

—Жақсылық, бір қайғыны маған салдың,

«Қатынсыз» деген сөзді ауызға алдың.
Екі сөз сөйлегеннен өлген артық,
Қонаққа Арқалықты алып барғын.
Жақсылық Арқалықты кетті алып,

Үйіне андан кейін жетті барып.
Қолда шынжыр, аяқта бұғауларды,
Айламен қиып-қиып алды барып.
Ішіп-жеп, рахаттанып, сыр сұрасып,

Төсекке андан кейін жатты барып.
Қол-аяғы босанып алғаннан соң,
Арқалық бір істі отыр ойына алып.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

«Бұл жерден кетсем,—дейді,—енді қашып,
Мен барсам Әжі ханға жаяу басып.
Ақжал, Көкжал тұлпарды қолыма алып,
Өлтірсем Әжі ханның қанын шашып.

Андан соң бұл Дудуға қайтып келсем,
Жазасын шырқыратып қолдан берсем.
Қияқ, Тұяқ, Жұбайды ажыратып,
Арманым жоқ, сонан соң өзім өлсем.

Ұрмай-соқпай Қарашты ұстап алып,
Қос көзін ойып алып қоя берсем».
Арқалық осылайша ойлап жатты,
Қатыны Жақсылыққа бір сөз айтты.

—Бос қойып Арқалықты бүгін мұнда,

Жақсылық, бүгін сені Құдай атты.
Бұл батыр бүгін түнде қашып кетер,
Сен тартарсың Дудудан қасіретті.
Досым деп шыбын жаның шыр боп кебек,

Бүгін құрттың жана да отыз атты.
Бұл қатын Жақсылыққа айтып жатыр,
Арқалық бастан-аяқ естіп жатты.
Жақсылық сөзі қатынға айтқаны

—Әй, қатын, бұл сөзіңнен не өнеді,

Қолыңнан қорқытқанда не келеді.
Білмейсің ер қадірін екі тиын,
Ер өлсе, қанша момын ел өледі.
Ер жігіт жаудан елін арашалар,

Қияқ, Тұяқ, Жұбаймен жаққан панар.
Бүгін кетсе Арқалық, бара берсін,
Елді қорғап, жолдасын қайтып алар.
Мені өлтірсе ол Дуду ертең келіп,

Артымда Арқалығым қанымды алар.

арқалық  батыр
Өлігі кемпір-шалдың екі тиын,
Жерді қазып балалар қоя салар.
Арқалық мына сөзді естіп алды,

Досына бек қабағат ырзаланды.
«Досымның қанын жүктеп қайтейін»,—деп,
Жаны ашып батырлықты ойына алды.
Қатынның табасына қалады деп,

Қайтадан төсегіне жатып қалды.
Ол күні ерте тұрып Жақсылық ер,
Досына осы түрлі сөз шығарды.

—Арқалық, еш нәрсем жоқ сөзден аяр,

Керек болса, жолыңа басым даяр.
Үш ердің құнын беріп естіп ем,
Бір кездік сізге бердім қолыңа ал.
Аяққа шәркей тартып ескерусіз,

Кездікті біліндірмей табанға сал.
Темірді шүберектей қиып кетер,
Жан досым мен туралы болмағын тар.
Арқалық мына сөзге ырзаланып,

Кездікті табанына қойды салып.
Ертемен Жақсылық ер аман-есен,
Дудуға Арқалықты берді апарып.
Андан соң Үрімжіге жүріп кетті,

Шынжырлап қол-аяғын байлап алып.
Үрімжі қаласында Мәлік ханның
Алдына төрт батырды қойды апарып.
Мәлік ханның төрт батырға еткен жазасы.

—Төрт батыр әуелінде сені көрдім,

Артыңнан барамын деп уағда бердім.
Дудудың ерлігіне жан жете ме,
Алдыма бәнда болып бәрің келдің.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Тіршілік енді саған өмірде жоқ,
Ажалсыз төртеуің де енді өлдің.
Қияқ пенен Тұяқты дарға тарт,
Бастарын қазір маған алып келгін.

Жендеттер қазір сонда алып кетті,
Екі жас осы жерде өліп кетті.

—Қол-аяғын кісендеп мына екеуін,

Салғын,—деп,—темір үйге!—әмір етті.
Сол жерде Қияқ, Тұяқ өліп қалды,
Тапсырды қорлықпенен ғазиз жанды.
Арқалық пен Жұбайды алып барып,

Бұларды темір үйге тағы салды.
Ақыры ылажсыздан екі батыр,
Сол жерде екі жылдай жатып қалды.
Білмейді бірінің қайда екенін,

Арқалық бек қабағат қапаланды.
«Ақыр өлім» дейді де ашуланып,
Шынжырдан екі қолын жұлып алды.
Байлаудан екі қолын жұлып алып,

Кездігін сонда қолы тиді барып.
Темірдің бытырлатып бәрін қиып,
Отырды бойын созып рахаттанып.
Сол заман есік ашып біреу келді,

Қолына бір кішкене шамын алып:

—Арқалық батыр бар ма осы жерде?—

Сөйледі сонда тұрып сөз шығарып.
Арқалық:—Бармын,—дейді,—тұрмын мұнда,—
Ұқсайды сөз порымы мұның қызға.

—Жайымды мен айтайын бастан-аяқ,

Батырым, сабырлық ет жақсы тыңла.
Қаламыз бұл Үрімжі, атам—Мәлік,
Сөзіме шын ақиқат сенген анық.

арқалық  батыр
Атамыз ол Діңгелге бермек болып,
Жүріп ем бек қабағат қайғыланып.
Төрт батыр әуелінде келгеніңде,

Өлтірдің, Арқалығым, басын алып.
Түстің ғой Әжі ханның алдауына,
Шұлғыған айдын көлде сіз бір балық.
Жатқалы осы жерге өзің келіп,

Төсекте бір жатпадым рахаттанып.
Мәліктің естіп педің Бикеш қызын,
Бір сізге ғашық болдым сенген сырым.
Екі жыл қарауылға пара беріп,

Атаның аямастан төктім пұлын.
А, дүние, бүгін өлсем арманым жоқ,
Ақиқат жамалыңды көрдім бүгін.
Жұбай ер аман-есен жатыр о да,

Боп кетті Қияқ, Тұяқ бекер шығын.
Бұл жерде ғашықлыққа сабыр еттім,
Бір болат кездік сізге тарту еттім.
Жұбай мен екеуіңіз біріккен соң,

Бақшада бір терек бар келіп жеткін.
Бикеш қыз осыны айтып кетті жүріп,
Есікті бекітті ғой құлпын ұрып.
Талқандап темір үйдің бәрін бұзып,

Арқалық Жұбай ерге келді жүріп.
Босатып жандай досын аман-есен,
Отырды бұл арада шүкір қылып.

—Жұбайжан, қайтып бұдан шығамыз?—деп,

Арқалық сөз сөйлейді сонда тұрып,—
Беретін екі қолда қуатым жоқ,
Кетіпті темір шынжыр бәрін қиып.
Жұбайдың сонда тұрып сұры қашты,

Қасын керіп көтерді сонда басты.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

—Ағажан, енді маған ілескін,—деп,

Екеуі енді аяңдап қадам басты.
Тәуекел, не болса да көрерміз деп,
Ер Жұбай екі теуіп есік ашты.
Бастарын қарауылдың қағып алып,

Болғанда таңға маһал бұлар қашты.
Бұларды осы жерде қалды біліп,
Үрімжі қаласына түсті бөлек.
Түбіне жалғыз терек жетіп келсе,

Бикеш тұр ала тұлпар дайын қылып.
Толтырған екі қоржын азық, киім,
Сөйлейді батырларға Бикеш тұрып.

—Батырлар, тұлпарың тұр таярланып,

Қаншалық машақатпен шықтым алып.
Ер болсаң, қайта айланып бір табарсың,
Жаман болсаң, азапқа қойдың салып.
Атқан оққа жеткізбес ала тұлпар,

Қош, енді, жолың болсын, тұрма налып!
Сіздердің жолыңызға басым құрбан,
Қайтарсың Әжі ханнан кегіңді алып.
Қоштасып қол алысты сол арада,

Әйелде болады екен мұндай дана.
Арқалық Жұбайменен мінгесіп ап,
Жөнелді екі батыр сол арада.
Қоштасып Бикеш сұлу қалды тұрып,

Торғауыт қуды сонда мұны біліп.
Сол жерде ала тұлпар шабалмады,
Тұлпардың дағдысы ғой тері буып.
Шығалмай қалың қолдан жүргенінде,

Жұбай ер жараланды бір оқ тиіп.
Артынан атқанында қалың дұшман,
Иықтың бір шетінен кеткен жырып.

арқалық  батыр
Жұбайды Арқалық ер алдына алды,
Тұлпарға ашуланып қамшы салды.
Қыршынып ала тұлпар жөнелгенде,

Қуғыншы қайда екенін білмей қалды.
Құтылып қуғыншыдан екі батыр,
Бір жерге аттан түсіп демін алды.
Оқ тиіп тұлпарына қалған екен,

Қаңырап қайран тұлпар өліп қалды.
Жолдары, қайда барса, бір болмады,
Сол жерде екі батыр жаяу қалды.
Арқалап Жұбай ерді жүріп кетті,

Сондайлық Жұбай жастың халы кетті.
Ішінде қалың ағаш аққан бұлақ,
Бір жерге ескерусіз келіп жетті.
Жараның қанын жуып осы жерде,

Азырақ ас ішуге ниет етті.
Жамиғат, жалықпастан тыңлаңыздар,
Айтайын бір оқиға болған кепті.
Отырды екі батыр қайғыланып,

Тамағын ішетұғын алдына алып.
Қалың бақ ескерусіз отырғанда,
Шақ етті Арқалыққа шоқпар барып.
Аямай көк желкеден ұрған екен,

Жығылды жерді қауып домаланып.
Өлмесе де, өлімші болды білем,
Өлімнен тұрды сонда, аман қалып.
Иығы асқар таудың кезенгендей,

Қараса бір батыр тұр таярланып.
Арқалық өлімші боп аман қалды,
Батырмен айқасуға енді барды.
Қолымен желкесінен басып тұрып,

Шоқпарын қолындағы жұлып алды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Батырға Арқалық ер мініп алды,
Бұл жерде өлтірмекке көңлі барды.

—Кездік бер, өлтіремін,—дегенінде,

Жұбай жас сонда тұрып сөз шығарды.

—Азырақ сабыр еткін, Арқалығым,

Бұл батыр боп кетпесін бекер шығын.
Бұл бізге жау болатын сынайы жоқ,
Қару-жарақ мұнда жоқ ешбір бұйым.
Босатып қолыңыздан белді қойып,

Сұрашы бастан-аяқ мұның күйін.
Шоқпармен бір себептен ұрған шығар,
Оның жазығы жоқ екенін.
Еділ батырдың сөзі

Арқалық босатты енді тілін алып,
Сөйледі бір-бір бастан әлгі ғаріп.

—Айтайын ат-жөнді бастан-аяқ,

Сөзімді тыңлаңыздар құлақ салып.
Еділ деген ер едім әуел бастан,
Бұрыннан атақ алған мағлұмланып.
Керейде Арқалық ер бар деген соң,

Жолдас болсам деп едім тілін алып.
Торғауыт—руымыз, елім—қалмақ,
Сөзімді бастан-аяқ тұрғын аңлап.
Мәлік деген ханымыз қастық етіп,

Әрқашан түсіп жүрді маған салмақ.
Дудуды жан-тәніндей жақын көріп,
Әрқашан салып қойды маған қайрат.
Жамандап Мәлік ханға Дуду надан,

Зынданға бірнеше жыл салды байлап.
Босанып бір күндерде ол тұтқыннан,
Сонымен жүріп кеттім біріс ойлап.

арқалық  батыр
Керейге Арқалықты іздеп бардым,
Жөн-жайын бастан-аяқ ұғып алдым.
Батырдың бір хабарын айтады деп,

Андан соң Әжі ханға тағы бардым.
Арқалық қайда кетті дегенімде,
Ертең айтам деген соң тілін алдым.
Түнімен арақ беріп, қатты сыйлап,

Бәлеге ашылмастай енді қалдым.
Мас болып жатып қаппын естен танып,
Таң атқан соныменен мағлұмланып.
Қарасам, екі қолым артымда тұр,

Қойыпты аяғыма кісен салып.
Қаншалық қайла етсем, еш болмады,
Бір ғаріп пәнде болып тұрмын налып.
Үш күндей қорлықпенен тұрғанымда,

Босатты бір қыз келіп душарланып.
Қолында болат кездік жалғыз өзі,

—Тұрмағын, кеткін,—дейді,—ай-а, ғаріп!

Мен айттым: «Жөніңді айтқын, ай-а, балам,
Тарқаттың ішімдегі қайғы санам.
Білместен жөн-жайыңды кете берсем,
Дүнияда тірі болып қайтіп оңам».

Қыз айтты: «Құлағың сал, әй, ағатай,
Бұл күнде қайғылымын, емеспін жай.
Айдалған қолға түсіп төрт батырдың,
Ішінде күйеуіміз—батыр Жұбай.

Хабарын өлі-тірі біле алмадым,
Ақ жүзін бір көрмедім, а, дүние-ай!
Сәлем де үш қайтара біз ғаріптен,
Тірі боп, найып болып барсаң солай!

Айтайын Арқалықтың оқиғасын,
Ерлердің жоқтамады ешкім басын.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Әжі хан зорлықпенен алмақ болып,
Батырдың Қаракөздей жар жолдасын.
Екі жас бала қалды Қаракөзден,
Тапсырды Жақсылыққа асыл тасын.

«Соларды тірі көрер күн бар ма?»—деп,
Ағызды қан аралас көздің жасын.
Сонымен ош айтысып жүріп кеттім,
Бұл тауға арып-ашып келіп жеттім.

Төрт батырдың жолына бас бермекке,
Баруға Үрімжіге ниет еттім.
Бұл тауда бек қабағат ашты қарным,
Болмады жаяулықтан ешбір мәнім.

Сұрасам, тамағынан бермейді деп,
Шоқпармен сол себептен періп қалдым.
Батырлар, бастан-аяқ айтып өттім,
Сұрасаң менен жөнді, осы халім.

Өлді деп Қаракөзді естіген соң,
Арқалық тартты сонда аһы-зарын.
Арқалық бек қабағат күйзелді шер,
Қысылып, қапаланып ақты ғой тер.

«Өліпті жан жолдасым, Қаракөзім,
Жұбайжан, мен өлемін, кездікті бер».
Сөйледі Жұбай сонда қапаланып,
Сөзіне Арқалықтың назаланып:

—Қатын өлді, қамшының сабы сынды,

Қуанарсың, батырым, Бикешті алып.
Есіркеп, ер еді деп екеумізді,
Бәлеге ғазиз басын жатыр салып.
Әжі ханның қорлығы тағы тұр ғой,

Қияқ, Тұяқ атаусыз өліп қалып.

арқалық  батыр
Осылардың бәрінен теңлік алғын,
Сонан соң өле бергін суға ағып.
«Қатын өлді, өлемін» деген сөзді,

Еш пенде естімесін хабарланып.
Арқалық мына сөзге ырзаланды,
Еділ ер: «Бұл қалай?»—деп көп ойланды.
Іздеген батырларың біз едік деп,

Сөйледі бастан кешіп болған барды.
Қосылып аман-есен жолдасына,
Еділ ер Еділ, Жайық болып нанды.
Бұл жерде отырғанның жөні жоқ деп,

Сол жерде Еділ батыр сөз шығарды.

—Арқалық, сөзім тыңла, Жұбай сұңқар,

Сіздерге жете алмастан болдым іңкәр.
Қазір барып әкелем мінерлік ат,
Жылқысы Торғауыттың бәрі тұлпар.
Оққа ұшып өлемін деп ойламаймын,

Артымда іздер, сұрар батырым бар.
Аң қараған бір таудан мергенші боп,
Батырға жаяу жүріс болады ар.
Еділ ер бұ сөзді айтып жүріп кетті,

Жамиғат, тыңласаңыз болған кепті.
Жүруге Жұбай ердің халі келмес,
Арқалық тартып отыр қасіретті.
Арқалық Жұбай жасқа қайғыланып,

Көзіне неше мәрте жасын алып:

—Қияқ пенен Тұяқтан ажырап ем,

Енді күнім не болар, жалғыз қалып.
Артында қуғыншыдан тағы қорқып,
Қарады тау басына көзін салып.
Мінгені ылғи тұлпар үш жолдасы,

Дудудың келгендігі болды анық,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ақиқат дұшпан қуып жеткеннен соң,
Жұбаймен арыздасты сонда барып.
Арқалықтың Жұбайға айтқан сөзі:

—Сөзімді тыңла, Жұбай жас,

Не көрмеді ғазиз бас.
Ажырасар күн келді,
Аман да болғын қарындас.
Орманбеттен басында

Шығып едік бауырлас.
Үрімжіде қалды ғой
Қияқ, Тұяқ екі жас.
Арқалық пен Жұбайға

Жолдас болды тау мен тас.
Дуду келді артымнан,
Қайда барсам баратын.
Тұлпарым жоқ астымда

Ойнақтатып шабатын.
Садағым жоқ мойнымда,
Шіреніп тұрып тартқанда
Нақ жүрегін жаратын.

Шашақты найза менде жоқ,
Екі қолдың күшімен
Сағалатып салатын.
Айбалтаның жоқтығы-ай,

Айыра бастан шабатын.
Қалқан, сауыт менде жоқ,
Оғын түйіп қалатын.
Жұбай жатыр мұндай боп,

Адассам ақыл табатын.
Сойған қойдай жалаңаш,
Қарусыз батыр жарамас.
Жалғыздың күні не болар,

Далада болдым қалатын.
Тіршілік бізден кеттің-ау,
Ел-жұртқа күн жоқ баратын.
Ажырасар күн келді,

арқалық  батыр
Аман болған, Жұбайым.
Қырсықтан қырсық кез болды,
Күнде түсер уайым.

Ойнап, күліп жүрмедің
Екі жылдың бір айын.
Дуду келді артымнан,
Қарулы сайман жолдасы.

Ажалға біткен іс екен,
Шыбын жанды қинамай
Бүгін беріп тынайын.
Қаталық болса, Жұбайжан,

Өтіп менен кешіңіз.
Ырзалықпен ағаңа
Дүниядан сөйтіп өтіңіз.
Ойлаған жетпей мақсатқа,

Болмады қабыл кәбіміз.
Бір тілекті бермеді,
Жаратқанға шалымыз.
Құтылатын заман жоқ,

Қош енді, Жұбайым.
Жалаң, аш жерде жау келіп,
Аямады Құдайым.
Жоқтаусыз кетті, қайтейін,

Қияқ, Тұяқ шырағым.
Бикеш қалды тұтқында,
Қабылдап еді мұрадым.
Әжі хан, Қараш, Көгін би,

Бисін деген дұшманның
Қолыммен кесіп бастарын,
Шықпады сөйтіп құмарым.
Қаракөздің сарқыты

Жақсылықтың қолында
Жетім қалды ылағым.
Ата-анасыз болған соң,
Кәйтіп адам болады

Жеткіншегім, шырағым.
Опасызсың дүние-ай,
Ешкімге жоқ қой тұрағың!

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Жұбай сөзі

—Арқалық, жыламағын қатты жасып,

Кетіпті көңіліңді қайғы басып.
Жылағанмен өлеміз ажал келсе,
Таусылса тіріліктен бізге нәсіп.
Кеп қалса қуғыншылар артымыздан,

Бұл жерде тұрма енді, кеткін қашып.
Ол Дуду іздеп келіп мені көрер,
Басымды кесіп алсын мауқын басып.
Сен қашып Әжі ханға жылдам барғын,

Ақжал, Көкжал тұлпарды қолыңа алғын.
Әжі хан, Қараш, Көгін, Бисін бидің
Бауыздап өз қолыңнан басын алғын.
Сонан соң Үрімжіде Бикешжанды,

Тұтқыннан, тірі болса, һәм шығарғын.
Өлтіріп Мәлік ханды Жыңғылменен,
Қияқ, Тұяқ батырдың құнын алғын.
Жұбай ер жолдасы үшін жан берді деп,

Менің де әйеліме айта барғын.
Арқалықтың Жұбайға берген жауабы
Арқалық мына сөзге қайраттанды,
Сөйледі бастан-аяқ барлық халді.

—Қияқ, Тұяқ жолдасым Үрімжіде,

Қолында Мәлік ханның дүния салды.
Жалғыз бала қолында Жақсылықтың,
Өлген соң Қаракөзім үйіне алды.
Жалғыз сені бұл жауға қолдан беріп,

Батырдың тірілікте несі қалды.
Жолыңа, Жұбай батыр, басым құрбан,
Сізден бұрын берейін бұл қу жанды.

арқалық  батыр
Отырды екі батыр сіз-біз десіп,
Қарусыз жау қолында өлдік десіп.
Қасында үш жолдасы жирен тұлпар,

Сол жерге Дуду келді желдей есіп.
Сөйледі сонда тұрып Дуду батыр,
Атын тастап жаяулап келе жатыр:

—Жерге кірсең, бұл Дуду жіберер ме,

Арқалық, ақымақсың сен бір ғапыл.
Болады жолың қайтіп екі сорлы,
Оқ тиіп ала тұлпар жолда жатыр.
Өлтіріп екеуіңді осы жерде,

Шабамын Орманбетті таза тақыр.
Арқалық сөзі Дудуға айтқан

—Қашып ем, қуып жеттің, Дуду, жана,

Достығың бар еді ғой бір уағда.
Ер болсаң тілегім сол сұрайтұғын,
Екеуміз алысалық дара-дара.
Басынан жеңіп қалған батырсың ғой,

Байлап алып кетерсің тағы жана.
Өлсем де армансызбын, батыр, саған,
Досың ғой бұл туралы болма нала.
Тірліктен екі тиын үмітім жоқ,

Басыма бүгінгі күн келді қаза.
Атты-жаяу соғыстың жөні келмес,
Сол болсын жан досыңа салған аза.
Бұл сөзді қабыл көрді Дуду батыр,

Арқалық бір осындай етті тақыл.
Түскендей той бәйгеге күресіп жүр,
Қайсысы болар екен мұның ғапыл.
Арқалық ашуланып жұлқығанда,

Бүтін сүйек қалмады бытыр-бытыр.
26-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бір қарық сөз сөйлеуге тілі келмей,
Сол жерде жанын берді Дуду батыр.
Қуанып бек қабағат ұшып тұрып,
Біреуін кеп өлтірді Жұбай пақыр.

Сол жерде төртеуін де жайғастырып,
Атынан киім-кешек тонап жатыр.
Бұрыннан Арқалықта болған ерлік,
Әжі хан қастықпенен жүрген сел ғып.

Дудуды тонағанда тауып алды,
Баяғы өзі берген алтын кездік.
Белдігін Арқалық ер алды байлап,
Үмітті өткен істің бәрін ойлап.

Ыңыранып арыстандай тұралмады,
Байлаған жолбарыстай көзі жайнап.
Өлтірді Дуду сынды батыр ерді,
Жайлағандай болды ғой асқар белді.

Үш тұлпар жетегінде, бірін мініп,
Сол жерде едірейіп Еділ келді.
Жусаған қойдай болып жатқанында,
Өлігін төртеуінің көзі көрді.

—Мыналар қайдан келіп ұйқтап жатыр,

Айтқын,—деп,—аты-жөнін,—сұрайды енді.

—Ол жатқан сұрасаңыз Дуду батыр,

Ажалменен қоштасып жылап жатыр.
Келіпті артымыздан бізді іздеп,
Бұл жерге жайғастырған біз бір пақыр.

—Бұл болса өліп жатқан Дуду надан,

Сіздерге жоқ екен ғой менің бағам.
Екеуің үшеуін-ақ өлтірген соң,
Біреуін қойсаң нетті сақтап маған.

арқалық  батыр
Жабылып өлтірдік деп дұшпандарды,
Шаттықпен сөйлесер ек етіп фаған.
Ат іздеп кетемін деп осы жерде,

Шоқпарым тие қалды аттың бұған.
Еділ ер бек осыған қайғыланды,
Арқалық Жұбайменен қайран қалды.
Жол ашылып дұшпанға жаудай тиіп,

Өлгендерді шоқпардың астына алды.
«Мінекей мен де құры қалғам жоқ» деп,
Шоқпарын қызыл қанға бояп алды.
Аттан ұрып қолымен түсіргенді,

Желпініп, масаттанып ырзаланды.
Батырдың барлығы да болды шатты,
Бір ат сойып сол жерде бір күн жатты.
Ат-тұрман, қару-жарақ жеткілікті,

Жақсылық жан досына сапар тартты.
Екі жыл жер астына түсіп еді,
Бір-ақ күнде ғаріптер болды шатты.
Тұлпармен күні-түні бес күн жүріп,

Аулына Жақсылықтың келіп қапты.
Ер Еділ түнде барып Жақсылыққа,
«Сүйінші беріңіз»,—деп хабар айтты.
Ер Еділ осылайша жауап берді,

Ауылға түн ішінде бұлар келді.
Жақсылық қуанғаннан даусы шығып,
Көрген соң Арқалықтай батыр серді.
Екі дос құшақтасып жылағанда,

Тау мен тас күңірентті қара жерді.

—Жан досым, тірі көрдім, арманым жоқ,

Қоярсың өз қолыңнан енді мені.
Сарқыты Қаракөздің сәлемдеме,—
Баласын алып келіп қолға берді.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Дос болсаң, Жақсылықтай болғын бәрің,
Кім көрген бұл сияқты кемеңгерді.
Баласын Арқалық ер қолына алды,
Тұрды да шықпаған соң шыбын жаны.

Көрген соң жалғыз ұлды Арқалық ер,
Қорлықтың бұрын көрген кетті бәрі.

—Батырым, Қаракөзге қапаланба,

Ажалды өліп жатыр жұрттың бәрі.
Не келіп ер жігітке, не кетпейді,
Бірақ та аман болсын ғазиз жаны.
Айтысты аман-есен Жұбайға да,

Бір шаттық болды бүгін сол арада.

—Көрінбей сіздер мұнда жата бергін,

Істеймін бір қуаныш тойды жана.
Екі күн демін алып тыныққан соң,
Бір түнде кетіп қапты Жұбай бала.
Қайда кетті, белгісіз болғаннан соң,

Қайғырды Арқалық ер сол арада.
Дудудың тұлпарымен кетіп қалған,
Баяғы жылқышыға Жұбай барған.
Жылқышы бастан-аяқ оқиғаны,

Жұбайға сөйлеп берген өткен халдан.
Қасына жылқышыны ертіп алып,
Орманбет қаласына түнде барған.
Қақпада қарауылдың бәрін қырып,

Ақжал, Көкжал тұлпардың бәрін алған.
Һәм және өз әйелін тауып алып,
Бір күнде Арқалыққа қайтып барған.
Көрген соң Жұбай ерді шаттық етті,

Сөйледі бастан кешіп болған кепті.
Мінгізіп Арқалықты Ақжал атқа,
Көңілін бір көтеріп шаттық етті.

арқалық  батыр
Дудудан олжа болған қасқа тұлпар,
Еділге мініңіз деп сыйлық етті.
Көкжалды Жұбай жастың өзі мініп,

Әжі хан тарапына сапар етті.
Бір күні шаңқай түсте бұл үш батыр,
Орманбет қаласына келіп жетті.
Үш батыр Әжі ханның басын алған жері

Ордаға бұл батырлар келді шауып,
Тұлпары жоғалғаннан еткен қауіп.
Әжі хан, Қараш, Бисін, Көгін сұмды—
Барлығын бытыратпай алды тауып.

Бастаған бәлекетті алдыменен,
Бисінді кескіледі етті шауып.
Көреді көрмегенін Көгін биің,
Тас байлап қол-аяғын бұғау салып.

Көгінді ат соңына бұлар тақты,
Көшені аралатып бұлар шапты.
Қорлықтың жер-жаһанда бәрін көріп,
Ақыры Көгін солай қаза тапты.

«Енді кезек, Әжі хан, сіздікі»,—деп,
Бір-бірлеп екі қолын кесіп апты.
«Сөз естіген тесігің осы ма?»—деп,
Құлағын кесіп алып отқа жақты.

«Ойлайтын арамдықты ақылың»,—деп,
Жүрегін, ішін жарып былай апты.
Ақыры Әжі ханның басын алды,
Майларын шыжылдатып отқа салды.

Найзаменен шұқылап бар денесін,
Енді кезек тыңлаңыз Қараш қалды.
«Дүнияның бәрін көрдің, арманың жоқ»,—
Деді де екі көзін ойып алды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Сол жерде жер қаздырып Арқалық ер,
Қарашты жаны шықпай көрге салды.
«Дүния ісі дүнияға кетпес» деген,
Ақыры барлығынан кегін алды.

Ағызды барлығының қызыл қанын,
Шығарды қорлықпенен шыбын жанын.
«Біз енді Үрімжіге барамыз» ,—деп,
Тапсырды жылқышыға елдің бәрін.

Қуанды батырларға елдің бәрі,
Естен кетпес Әжі хан қылғандары.
Біз үшін қайран бала не болды деп,
Бикештің мойнымда деп қарыздары.

Үш пақыр соныменен жүріп кетті,
Жараған жолбарыстай тұлпарлары.
Алты күн сапар етіп сабыр қылмай,
Бір түнде Үрімжіге келді бәрі.

Қалаға түн ішінде бұлар барды,
Шет жерде бір адамды ұстап алды.
«Мәліктің қызы Бикеш тірі ме?»—деп,
Сол жерде осылайша сөз шығарды.

Ол айтады: «Бикеш қыз әзір тірі,
Апарып темір үйге оны салды.
Батырларды қашырып жіберем деп,
Бәлеге ашылмастай өзі қалды.

Сұрасаң темір үйде Бикеш ғаріп,
Шынжырлап қол-аяғын кісен салып.
Осы қызға Арқалық бір келер деп,
Қаншалық батырлары отыр бағып».

Үш батыр андан кейін жүріп кетті,
Оқиға бастан-аяқ естіп алып.
«Бикештен аяр бізде жан жоқ қой»,—деп,
Алдына темір үйдің тұрды барып.

арқалық  батыр
Алдына аянбастан барды жүріп,
Сол жерде батырлармен салды бүлік.
Бірін-бірі білместен қалың әскер,

Өз-өзімен соғысты шоқпар ұрып.
Арыстандай ақырып бұл үшеуі,
Тынбастан торғауытты жатыр қырып.
Батырдың жан шыдамай қаһарына,

Барлығын сол арадан шықты қуып.
Ер Жұбай темір үйдің құлпын бұзып,
Қасына Бикеш қыздың барды жүріп.
Баяғы өздеріндей азап, қасап,

Қойыпты қол-аяғын мықтап буып.

Қуанды мұны көріп Бикеш бала,
Сау жер жоқ денесінде бәрі жара.
Жұбай ер кездікпенен бәрін қиып,
Шынжырды етті сонда пара-пара.

Босатып Бикеш қызды былай алды,
Еліне торғауыттың қайғы салды.
Қияқ пенен Тұяқтың құны бар деп,
Андан соң Мәлік ханға бұлар барды.

Соғысып түніменен бұл үш батыр,
Мәлік пенен Жыңғылдың басын алды.
Хандығын бұл Мәліктің етті харап,
Ойлаған көңілдегі бітті талап.

Ханы өліп, қайрат етер адамы жоқ,
Барлық жұрт батырларға тұрды қарап.
Қанша күн жатты сонда демін алып,
Әр істі көреді екен пенде ғаріп,

Еділді Үрімжіге хан сайлайды,
Батырлар қайтты елге рахаттанып.
Хан болды Үрімжіге Еділ батыр,
Мәліктен пәни дүние өтті ақыр.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Бұрынғы қоршылықта қорлағаннан,
Білдірмей қысастарын алып жатыр.
Торғауыт дүрбітпенен қармағында,
Еділ ер тікті басқа алтын шатыр.

Қияқ, Тұяқ жастардың қанын алып,
Арқалық қайтты елге екі батыр.
Бикешті өзіменен алып кетті,
Бұл жақтағы мұратқа тегіс жетті.

Өзінің керейіне келгеннен соң,
Бикешті жұптыланын никах етті.
Жұбай жас Орманбетке қадірлі хан,
Орнына Әжі ханның хакім етті.

Егескен жауларынан кегін алып,
Мұратқа батырлардың бәрі жетті.
Хан болды Орманбетке Жұбай бала,
Ақылға жас та болса болған дана.

Еділді Үрімжіге хан сайлады,
Арқалық ақыл аға екі арада.
Мұратқа батырлардың бәрі жетті,
Екеуі екі жерге үкім етті.

Екі елдің әрі батыр, әрі ақыл,
Арқалық барлығына жол көрсетті.
Бұрында қалмақ, қазақ көп шабысқан,
Арада адам өліп болған кекті.

Арқалық ақыл аға болғаннан соң,
Баласы қалмақ, қазақ бір боп кетті.
Нақақтап қан төккенді қаламастан,
Бәріне татулықпен жол көрсетті.

Халінше әділеттік ісін істеп,
Дүниядан ақырында солар да өтті.
Жолдастар, айып етпе енді бізді,
Бұл қисса осылайша тамам бітті.

Томға енген мәтіндерге түсініктеме
Жапал батыр мен Таңшебер қыз
Жоңғар-қазақ арасындағы шапқыншылық кезеңін арқау
еткен бұл тарихи жырдың бастапқы авторы—белгілі халық

ақыны Шәкір Әбенов. Халық арасына кең тараған тарихи
аңыздың сюжеті қаламының желі бар арқалы ақындарды бей-
жай қалдырмаса керек. Кейін Шәкірдің «Таңшебер—Жапал»
деп аталатын тарихи дастанын екінші бір қазақ ақыны Әбділла

Тұтқышұлы қайта жаңғыртып, толықтыра жырлайды.
Жырдың кіріспесінде Әбділла ақын өзінің Алтай—Арғын
руынан екенін, Торғай уезінде туғандығын, 1920 жылы
Ташкенттегі Заң мектебінде оқығандығын баяндайды. Өзі

ауқатты, бай әулеттің ұлы екендігін де жасырмайды. Мектепті
үздік бітірген Әбділланы Шымкент шаһарына судья (қазы)
қылып тағайындайды. Міне, ақын осы қызметте жүріп, жа­
затайым істі болады. Дәл осы кезде әйел-балалары да қабат

өліп, өзі партиядан, жұмыстан шығарылды. Осындай қинал­
ған сәттерінде Әбділла қолына қалам ұстап, өзінің өткен өмірі
жайында, тіршілікте көрген-түйгендері туралы өлең шығарып
елге таратады. Ара-тұра көлемді шығармаларды, фольклорлық

туындыларды қайта жаңғырта жырлауға ден қояды. Әбділла
Тұтқышұлының осы тектес фольклорлық сюжеттерді дамыта
жырлаудағы шеберлігін «Жапал батыр мен Таңшебер қыз» жы­
рынан айқын көреміз.

Мәселен, Шәкір Әбеновтың «Таңшебер—Жапал» атты
туындысының көлемі 3700 жолдай болса, Әбділла жыр­лауын­
да шығарманың көлемі 4500 жолдан асады. Ақын жырдың
бірнеше бет кіріспесін өз өмірінің өткеніне арнай отырып,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

халыққа насихат, ұрпаққа келелі өсиет айтады. Бұл тұрғыдан
оның қазақ өмірінің өткен тарихынан ғана емес, жалпы ислам,
шығыс мәдениеті мен фольклорынан кеңінен хабардар екен­
дігін аңғарамыз.

Жыршы өзінің алдында осы тақырыпты алғаш жырлаушы
ақынға құрметпен қарап, аты-жөнін қайта-қайта атап отырған.
Сөз басында:
Қазақтың Шәкір деген жазған қарты,

Сөзінің арзан емес, қымбат нарқы,—
деп халық ақынын мадақтай жазады да, арасында өзінің жыр­
ды толықтырып, көркемдеген еңбегін былайша көрсетеді:
Жорғамын өз әлімше, үлкен ақын,

Атақты болмасам да шыққан дәрпі.
Келтірдім қиыстырып ұйқасына,
Ішінде қара сөзі екен жарты.
Түзеттім кемін қосып, артығын ап,

Көп сөзін келіспеген ала-шарпы.
Тыңдаушы, азаматтар, кешіріңіз,
Артық-кем болса сөзі және әрпі.
Әбділланың ақындық таланты ерен. Ол өзі үлгі тұтқан

Шәкір ақынмен сөз жарысына түскенде одан еш қалыспайды.
Тіпті, есімдері аталмаса, бұл тарихи жырды екі басқа ақын әр
уақытта жазып, шығарғандығын дәлелдеу қиын. Әбділланың
мына сөздері де осы пікірімізді дәлелдеп тұрғандай:

Көктедім көп сөздерін ұйқасына,
Сияқты керегенің кеткен көгін.
Артымда сөз қалдыру мақсатым бұл,
Халыққа сатулы емес, сөзім тегін.

Келмесе ұйқасына маңызды боп,
Артықша қаламаймын сөздің көбін.
Халыққа түсінікті шырын қылып,
Жазамын әсем сөздің тапсам ебін.

Айтыңыз рахмет атасына,
Қабыл қып жазушының бұл тілегін.

ғылыми  қосымшалар Әрине, бұл фольклорлық шығарманың сюжетін Шәкір ақын да біреуден естіген. Автордың: Көп жылдар жүрегіме болған түйін, Тоғыз жаста бір үйде болған жиын: Қарт ақынның аузына қаратқаны Сол елдің қасқа жайсаң, маңғаз биін. .... Ел аузынан жинадым баяғы істі, Әлде мен жұмсадым ба зая күшті. Білмеймін қарт аңшының не болғанын, Сол ғана өте маған аянышты51,— деген сөздерінен «Жапал батыр мен Таңшебер қыз» жырының одан да бұрын ел арасында, ақындар аузында жүрген халық туындысы екендігін байқау қиын емес. Әбділла Тұтқышұлы нұсқасында Жапал батырдың әкесі Қожабергеннің тегі—ар­ ғын, тобықты болса, Шәкір Әбеновте кейіпкердің руы аталмай­ ды, бірақ оқиға найман—қалмақ тайпалары арасында өткеніне қарап, Жапалдың да найман руынан екендігін шамалауға бо­ лады. Ілкі нұсқада, яғни Шәкір жырында Қожаберген еліне қалмақтардың кенеттен шабуыл жасауы және батырдың жау қолынан қаза болуы бар-жоғы 2-3 шумақ өлеңмен берілген. Ал Әбділла нұсқасында қалмақтар мен арғын, найман арасын­ дағы шапқыншылық суреті 52 шумақты құрайды. Мұнда Қожаберген батырдың жаужүрек тұлғасы ерекше сомдалған және оның қалмақ батыры Ұлалымен жекпе-жегіне де көлемді жыр арналған. Шәкір нұсқасында Қожабергеннің тұлпары ту­ ралы сөз жоқ, тиісінше, екінші нұсқада батырдың жансерік аты—Бозойнаққа орын берілген. Әбділла ескіше аса білімді, діни сауаты мол кісі болған сияқты. Қазақ батырлары жауға қарсы шығарда Алла тағалла мен хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарға және Ғали шерге (Әлішер—С.Қ.) көп сиынады, ақсақалдардан бата сұрайды. Қожаберген жау тобына «Алаш!» деп ұрандап кіреді. Ал Шәкір Әбеновтің мұндай ұранды тіл ұшына алуы мүмкін емес-ті. Себебі Абайдың Кеңес кезеңіндегі ең белді шәкіртінің бірі атанған Шәкір ақын «халық жауы» деген жаламен бірнеше рет түрмеге қамалып, тек 1961 жылы толықтай ақталғаны мәлім. 5 Әбенов Ш. Шыңғыстау: Дастандар.—Алматы: Жазушы, 1980, 152-187 б.б.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қысқасы, Әбділла нұсқасында «Жапал батыр мен Таңшебер
қыз» жырының сюжетіне бірқатар тың мотивтер мен соны
сарындар енгізілген. Екі ақынның сөз саптауларында ұқсас
жақтарымен қатар, елеулі ерекшеліктері бар. Ұқсас жақтары

бұлардың екеуі де тағдыр тауқыметін, саясат сойылын көп
көргендіктен, өлең жолдарынан көкіректегі ескі мұң—
лирикалық шегініс жиі аңғарылады.
Әбділла жырлаған «Жапал батыр мен Таңшебер қыз»

туындысының қолжазбасы 1998 жылғы ӘӨИ жүргізген фольк­
лорлық-этнографиялық экспедиция кезінде Қызылорда об­
лысынан табылған. Араб әрпімен жазылған қолжазбаны
көшірген—Әлімхан

Одаманұлы.
Тапсырушы—Аспандияр
Өмірбеков. Көшірілген уақыты «1971 жылдың 15-мамыры»
деп көрсетілген.

Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні М.О.Әуезов атындағы
ӘӨИ-де сақталған түпнұсқа (Ш. 1040, 2-дәп) бойынша
әзірленді.

С. Қосан
Шақшақұлы ер Жәнібек
Жырда ХVІІІ ғасырда жоңғар шапқыншыларына қарсы
соғыстарға белсене қатысқан белгілі қолбасы, мемлекет

қайраткері—Қошқарұлы Жәнібек тархан жайындағы тарихи
оқиғалар баяндалады.
Қошқарұлы Жәнібек—қазақ тарихында Шақшақ Жәнібек,
Жәнібек тархан деген атпен даңқы қалған батыр. 1693 жылы

қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданы, Тосынқұм де­
ген жерінде дүниеге келген. Тегі орта жүз құрамындағы арғын
руынан. 1710 жылғы жоңғар қалмақтарымен соғыста жаудың
батырын жекпе-жекте өлтіріп, батырлығымен көзге түскен.

Арнаулы әдебиеттер мен ресми құжат деректеріне қарағанда,
ол кіші жүз ханы Әбілқайырмен дос-жар қарым-қатынас жа­
сап, оның Ресей қол астына кіру саясатына тікелей қолдау
көрсеткен. Хан тағына отырған Абылайға бата берген. Оның

ел ішіндегі беделін, қайраткерлік қабілетін жоғары бағалап,
Ресей патшайымы Елизавета Петровна 1743 жылы 11 шілдеде
«тархан» атағын берген. 1752 жылы қайтыс болған Жәнібек

ғылыми  қосымшалар
тарханның денесі Түркістанға жеткізіліп, Қожа Ахмет Иасауи
кесенесіне жерленген.
Жырдың қолжазбасы ҚР БҒМ ОҒК-ның Сирек қолжазба­лар

қорында (Ш.585, 1-дәп.) сақтаулы. Жыршысы—халық ақыны
Жылқайдарұлы Иманжан.
«Жәнібек батыр» тарихи жырының екі нұсқасы бар. Жырдың
екеуін де И.Жылқайдарұлы жырлаған. Кейбір сөздерінде

ғана айырмашылық болғаны болмаса, мазмұнында ешқандай
алшақтық жоқ. Нұсқаның біріншісі «Жәнібек батыр» (16 бет),
екіншісі «Шақшақұлы ер Жәнібек» (36 бет) деп аталады.
Жырда Жәнібек батыр Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы

Бөгенбайға ілесіп, жорыққа аттанады. Олар қалмақ ханы
Аралбайға қарсы соғысып, қалмақтарды жеңеді. Бұл Тәуке
ханның билік құрған тұсы еді. Тәуке хан дүниеден өткен соң
елді жұт жайлайды. Жәнібек пен Абылай үш жүзге жар салып,

жұттан, шапқыншылықтан аман қалған елдің басын қосады. Ел
жақсылары бірігіп, Абылайды хан көтереді. Шақшақ Жәнібек
қол бастап, Қалдан Серенге қарсы соғысқа аттанады. Соғыста
жеңіске жетеді.

Жырда Жәнібек батырлық эпосқа сай бейнеленген. Мәсе­
лен, Жәнібектің ерекше жағдайда дүниеге келуі, оның шеше­
сінің қара бураның етіне жерік болуы, атасы Шақшақтың
түсінде болашақ батыр туралы аян беруі, оның батырға лайық

ат таңдауы, абыздан бата алуы, жекпе-жекте ерлік көрсетіп,
жаудың бас батырын жеңуі тәрізді мотивтер батырлық жырдың
қаһармандарына тән қасиет. Жыршы батырдың тұлпарын бей­
нелегенде де эпостық үлгіні кеңінен пайдаланады. Мысалы:

Абыздан шығып Жәнібек
Қамшы басып шу дейді.
Астындағы тұлпардың
Аяғы жерге тимейді,

Ақбөкендей гулейді...
Томға ұсынылып отырған мәтін ОҒК қорында сақталған
жырдың түпнұсқасынан (Ш. 585, 1-дәп.) еш өзгертусіз алынды.
Ж. Салтақова

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Ер Әжібай
Ақын Әбзейіт (Абдолзейіт) Мәлікеұлы жырлаған «Ер
Әжібай» жыры 1997 жылы жарық көрді6. Туындының жыршы
өзі тапсырған түпнұсқасы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және

өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы (663-бума,
1-дәп.). Өзге нұсқалары, болмаса Әжібай батырға байланысты
жыр, дастандар кездеспегенмен, ол туралы аңыз, әңгімелер
мол сақталған. Ә.Мәлікеұлы жинаған сол мұралар жырға

арқау болған. Атап айтқанда, осы жолдардың авторы жина­ған
«Әжібай атының ұранға айналуы», «Өтегеннің қыз беруі»,
«Әжібайдың тоғаны», «Әжібайдың қалмақ досы», «Көк бие мен
көк төбет» сияқты аңыздар жырдың сюжеттік құрылымына

енгізілгені анықталды. Тақырыбы—ХVІІІ ғасырдағы жоңғар
шапқыншылығына жалпыхалықтық қарсы ұлт-азаттық
күрес. Академик К.Нұрпейісовтің деректеріне қарағанда,
шығарманың басты қаһарманы Әжібай Найманбайұлы 1699—

1778 жылдар аралығында өмір сүрген және атақты Өтеген ба­
тырмен жасы қарайлас, замандас. Жырда Әжібайдың жігіттік
шағы баяндалады. Ендеше, негізгі оқиғалар ХVІІІ ғасырдың
30-40 жылдары өткен деп болжауға болады. Қолжазбалар­

дағы, кейінгі жылдары басылым көрген шежірелерге жүгін­
сек, Ә.Мәлікеұлы ер Әжібайдың ата-тегін жақсы білген және
оларды жырда қажетінше орынды пайдаланған. Жыршы өз
бабасы әйгілі Өтеген батырды қосалқы кейіпкер ретінде ғана

бейнелеп, негізгі оқиғаны ер Әжібайдың маңында өрбітеді.
Бұл Ә.Мәлікеұлының ерекше әділеттілігін, шынайылығын
байқатады.
Шығармадағы баяндалатын оқиғалар, соғыс қимылдары

Жетісудың оңтүстік-шығысында өтеді. Оған Шелек, Түрген,
Қорғас, Қаракемер, Кеңсу, Күрметі т.б. жер-су аттары айғақ
болады. Туындыда өзге тарихи жырларда кездесе бермейтін
жайттар байқалады. Мысалы, Әжібай жоңғарларды шағын

ғана топпен өзі ізденіп барып шабады. Сондай бір жорықта
Зон деген батырды өлтіріп, оның ерлігіне риза болғаны
сондай—арнайы ас беріп, басына атын жазып тас белгі қояды.
Жоңғарларды Қатын төре деген әйел адам басқарады, оған

6 Ер Әжібай.—Алматы:Журналист, 1995.—114 б.

ғылыми  қосымшалар
ірілі-кішілі батырлардың бәрі бағынады. Бірде Қатын төренің
қолына түсіп, екі жылдай азап тартқан Әжібайды қалмақтың
Қора деген батыры еркіндікке шығарады. Жырдың соңында

жоңғарларға қарсы үлкен соғысқа Ташкенттен Сардар, Омар
гангун, Мамыт кебек деген өзбек, қанаттас жатқан қырғыз ба­
тырлары шақырылып, тізе қоса отырып, жеңіске жетеді. Бұл
кеңестік идеологияның, интернационализм қағидаларының

әсерінен болғаны сөзсіз.
Жырда жоңғар шапқыншылығы кезінде Жетісу жерін
сыртқы жаудан қорғап, елдікті сақтап қалған батырдың
бірі Әжібайдың бейнесі жан-жақты ашылған. Онда ақиқат

пен аңыз-әңгіме аралас келіп отырса да, тарихи шындықтан
алшақтамаған. Томға ұсынылып отырған «Ер Әжібай» жырының
мәтіні М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты­ның
қолжазба қорындағы түпнұсқа негізінде ұсынылды.

Т. Әлібеков
«Арқалық батыр»
«Арқалық батыр» жырына ХІХ ғасырда Алтай аймағын­
дағы ел билеушілері мен жоңғар феодалдарының озбырлық­

та­рына қарсы тұрған Арқалық батырдың ерлігі арқау болған.
Жыр Қазақстанда, Қытайда, Монғолияда тұратын қазақтар­
дың арасында кең таралған.
1924 жылы Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» траге­

диясы жазылды. Жырдың бір нұсқасы 1961 жылы «Батыр­
лар жырында», 1977 жылы «Ақсауыт» жинағында жарыққа
шықты. 1960 жылы жарияланған «Қазақ әдебиетінің тарихы»
атты еңбектің бірінші томындағы Мәлике Ғұмарова жазған

«Бұрын зерттелмеген жырлар» тарауында қазақ эпосының
зерттеушілер назарынан тыс қалып, ғылыми айналымға
түспей келген бірқатар үлгілерімен бірге, «Арқалық ба­
тыр»

жырының
Е.Ахметов,
И.Байзақов,
Е.Құлсариев

және С.Нұралин нұсқалары туралы да қысқаша ғылыми
мағлұмат берілген. Сондай-ақ жыр С.Садырбаев, Б.Уахатов,
З.Сейітжанов сынды ғалымдардың еңбектерінде зерттеу ныса­
27-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР насы болды7. Филология ғылымдарының докторы, профессор З. Сейітжановтың 1994 жылы баспадан шыққан «Тарихи эпос» атты монографиясында «Арқалық батыр» туралы жыр­ лар мен аңыздардың барлық нұсқаларын сөз қылып, бұрынғы зерттеушілер назарына ілікпеген А.Түгелбаевтың нұсқасын ғылыми айналымға енгізді. Ғалым «Арқалық батыр» жырының жанрлық ерекшелігі, образдар жүйесі және поэтикасына тоқталды. 2007 жылы С.Тлеубаев филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін «Арқалық батыр» жырының нұсқалары» атты диссертация қорғады. Бұл еңбекте жырдың барлық нұсқалары қарастырылып, өзіндік ерекшеліктері мен ортақ белгілері талданып, тарихи және көркемдік негіздері зерделенді. «Қазақ қолжазбаларының ғылыми» сипаттамасын­ да8 жырдың нұсқалары туралы мағлұматтар берілді. 2007  жылы «Бабалар сөзі» жүз томдығының Қытайдағы қазақ фольклоры­ на арналған 27-томында9 «Арқалық батыр» жырының Жұмажан Әбілғазыұлы нұсқасы жарияланды. ҚР БҒМ ОҒК және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорларында Ертай Құлсариев, Саяділ Керімбеков, Ержан Ахметов, Сұлтан Мәжитұлы, Сағидолла Нұралин нұсқалары сақталған. Ержан Ахметов нұсқасы. 1958 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында ғалым Бекмұрат Уахатов Ер­ жан Ахметовтың айтуынан жазып алып, институт қорына тапсырған. Қолжазба араб әрпінде жазылған. Ел еді егіз жатқан керей, найман, Шығады, сөз болмаса, мизан қайдан. Қазақтың хан билеген заманында, Жау бопты қазақ, қалмақ барымта алған,— деп басталған жырда Арқалық пен төрт серігінің Әжі төренің тапсырмасымен ұраңқайға барымтаға барғаны айтылады. 7 Садырбаев С. Фольклор және эстетика.—Алматы: Жазушы, 1976; Уаха­ тов Б. Арқалық батыр // Қазақ тарихи жырларының мәселелері.—Алматы: Ғылым, 1979; Сейітжанов З. Тарихи эпос.—Алматы: Ғылым, 1994; Тлеубаев С. «Арқалық батыр» жырының нұсқалары. Филол.ғыл. кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.—Алматы, 2007. 8 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 3-кітап.—Алматы: Ғылым, 1979. 9 Бабалар сөзі:Жүз томдық. Т.27.—Астана: «Фолиант», 2006.

ғылыми  қосымшалар
Жылқы күзетіп жүрген бес жылқышының ұйықтап жат­
қанының үстінен түскен Арқалық серіктерімен жүз жиыр­
ма жылқыны байқатпай бөліп алып, у-шусыз-ақ кетіп бара

жатқанда Жұбай Арқалыққа: «Төреге күшпен алдық дейсің
бе?» — деп қалжыңдайды.
Сонда Арқалық кейін қайтып, жылқышыларды оятып,
олардың біреуін сойылмен ұрып, өздерінің жылқы алып

бара жатқанын білдіріп кетеді. Ертістен өткендерінде сегіз
құлынды су алып кетеді. Арттарынан алпыс қуғыншы келіп,
Жұбай мен Арқалық қуғыншының алтауын өлтіреді. Әжі төре
төртеуіне бір қотыр бие береді. Әжі төре қалмақтарға Арқалық

пен серіктерін ұстап беруге келіседі. Тәтен Арқалықты адам
жіберіп шақыртып алады да, орыс жаққа қашырып жібереді.
Батыр өзеннің арғы жағында тұратын нағашысының үйіне
барады. Арқалықты Әжі төренің тыңшысы байқап қалады.

Арқалық нағашыларына зияны тимес үшін қарсылықсыз
беріледі. Тұтқындарды Қобдаға алып келеді. Сол жерде
тұратын Арқалықтың Қарамерген деген досы Арқалықты бір
түнге кепілдікке сұрап алып, бір түн үйіне қонақ етіп, күтеді.

Ежен хан бұларды зынданға салуды бұйырады. Ежен
ханның қызы зындандағы тұтқынды іздеп келіп, бұлардың
хал-жағдайларын біліп, азық береді. Арқалық пен жолдаста­
ры жатқан зынданға Жәнібектің киесі—көк бөрі кіріп кел­

генде Арқалықтың қолдары мен аяқтарындағы кісендері сы­
нып түскені баяндалады. Қоңқамен кездесіп, атын, үш күндік
азығын, от жағатын шақпағын да қоса беріп, аттандырады.
Жолда кездескен көп мергенмен шайқаста Жұбай өледі. Жыр

соңында Арқалық Қоңқаның ақылымен төремен табысады.
Е.Ахметов нұсқасының бір ерекшелігі—жыр Арқалықтың
өз атынан әңгімеленеді. Жырдағы мотивтер—бас кейіпкердің
жау елінің қызының көмегімен азаттық алуы, жау елінің баты­

рымен дос болуы т.б.
Филология ғылымдарының докторы З.Сейітжанұлы: «Ер­
жан да, оның ұстазы Көтбай жыршы да сол Арқалық батыр­
ды естіп-білген, не болмаса оны өз көзімен көрген адамдардың

арасында туып өскен»10,—деп, Е.Ахметов нұсқасын Көтбай
ақыннан таратады. Бұл нұсқа М.Ғұмарова, О.Нұрмағамбетова
10 Сейітжанұлы З. Тарихи эпос.—Алматы: Ғылым, 1994. 25-бет.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

мен Б.Уахатовтың құрастыруымен 1961 жылы «Батырлар
жыры» жинағының 2-томында және 1977 жылы «Ақсауыт»
кітабында жарық көрді. «Батырлар жырындағы» мәтінді
түпнұсқасымен

салыстырып
қарағанымызда
көптеген
өзгертулер енгізгенін көрдік.

Түпнұсқа:
Керейге төре бопты Әжі төре,
Әмірші төре бопты ол кезінде.
Әжінің Көгедай көң аталары

Қазақты құлдық қылған ол
күнінде.
(9-12 жолдар)
Қара жерді оңды-солды тепкілейді.

(153-жол)
Кешікпей енді шапшаң
жүресіңдер,
Неше кісі аласың тағы?—деген.

(188-189 жол)
Бір тасты бір тасқа ұрып ағып
жатыр,
Бурадай көбік шашып күрілдетіп.

(336-337 жол)
Жәнекем көк перісін ауызға
алдық.
(347-жол)

1961 жылғы басылым:
Керейге төре бопты Әжі төре,
Қазақты құл ғып езген бұл бір төбе.
Еш адам оған батып сөз айтпады,

Маңайын қанқақсатып бүлдірсе де.
(213-бет)
Тепкілеп қара жерді өрнектейді.
(218-бет)

Аласың қанша кісі жолдас етіп,—
Деді—айтқан тілегіңнің бәрін берем.
(219-бет)
Бір тасты бір тасқа ұрып толқын

атып,
Соғады жапырыла жарға ырғалып.
(224-бет)
Жәнтекем көк терісін ауызға

алдық.
(225-бет)
«Арқалық батыр» тарихи жырының мәтіні ӘӨИ-дің
Қолжазба қорында (Ш.194) сақтаулы тұрған қолжазбадан

дайын­далды.
Сағидолла Нұралин нұсқасы. Жыр мәтіні М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталығындағы
330-буманың 8-дәптерінде сақтаулы. Жыршы Абақ Керейдің

шежіресінен қысқаша мәлімет беріп, Абақ Керейді билеген Әжі
төрені де таныстырып өтеді. Дүрбіттердің Әжінің алпыс жылқысын
барымталап алуының негізгі себебін Қобда, Алтай, Тарбағатай—
үш аймақты Шаған Кеген деген торғауыттан шыққан адамның

билегеніне дүрбіттердің есірге­нін баяндайды.

ғылыми  қосымшалар
Ержан Ахметовтың жырлаған нұсқасынан айтарлықтай
өзгешелігі бар. Жырдағы Арқалықтың әкесінің аты—Назар.
Сондай-ақ Арқалықтың портреті осы мәтінде ғана сипатталады.

Арқалық дүрбіттердің ламасы—Кәрі Шолтымның зынданында
жатқанда, сол елдің Балжын деген қызы Арқалықты босатады.
Ол күні дүрбіттер өздерінің Шаған деген мейрамын тойлап жа­
тады. Соған байланысты ауылдың кәрі-жасы түгел мас болады.

Тіпті тұтқын жатқан күрке де қарауылсыз қалады.
Ұзақ сапардан оралған батырдың туыстарының өзі жоқта
ауыр жағдайға түсу мотиві осы нұсқада кездеседі.
Жыршы «Автордан түсінік» деген алғы сөзінде Арқалық ба­

тыр жайында біраз тарихи деректер келтіреді: «Қытай Халық
Республикасының Шыңжаң өлкесінің Алтай тауын мекенде­
ген қазақ ұлтында Абақ-Керей атанатын ел бар екені әркімге
мәлім. Осы елді Мәнжүр хандығынан гүң деген мансап алып,

Көгедай деген төре билеген екен. Көгедай өлген соң, оның бала­
сы Әжі әкесінің орнына отырып, Абақ-Керейдің бас билеушісі
болған. Осы Әжінің алпыс жылқысын Сауыр тауының тұмсығы
Қаржау деген жерден Алтайдың теріскей бетінде тұратын

мұңғылдың бір тайпасы дүрбіт деген елдің барымташылары
алып кетіпті. Сол кезде мұңғыл ұлтынан шыққан Шаған Ке­
ген деген адам Алтай, Тарбағатай, Қобда—үш аймақты би­
леген мемлекеттің әкімі екен (Шаған аты, Кеген әулие деген

сөз). Осы себептен мұңғыл ұлты үстем болса керек. Қобда қазір
Маңғолияға қарайды. Ол кезде Қытай территориясы болып
есептеледі екен. Сол мезгілде Абақ керейде қарақас атанатын
рудан Арқалық деген батыр шығып, Әжі төре осы Арқалықты

жіберіп, дүрбіттен есе алғызыпты. Ақыры мұңғылдың зәрінен
қорқып, Әжі төре Арқалықты дүрбітке ұстап беріп, мал төлеп
өз басын сақтап қалыпты. Арқалық батыр бір жыл байлауда
жатып, бір қыздың көмегімен елінен қашып келіпті.

Осындай арпалыс жүрісте Арқалықтың жолдасы Жұбай
деген мерген Алтай бас Қайырты деген өзеннің суына кетіпті.
Арқалық батыр елге келген соң Әжі төреден Жұбайға құн, өзіне
есе сұрап, ел ішін екі ұдай дел-сал етіпті, ақыры сол кездегі

Абақ керейдің атақты шешен биі Бейсембінің аузымен айтқан
тоқтамы бойынша төреден тиісті есесін алып біткен екен.
Бұл оқиға анығында болған оқиға екені мәлім. Арқалық­
тың бейіті Қытайға (Алтай аймағына) қарасты Қаба өзенінің

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

жағасында (төмпешік тас мола) тұр. Керейдің кәрілерінің
айтуымен бұл моланы мен өз көзіммен көрген едім. Ал
Жұбай мергеннің жұрағаттары Салиқан, Рымбай дегендер
Қытайдың Жеменей ауданы Шарықты деген жерде тұра­тынын

1955  жылы көрген едім. Әжі төренің бейіті Зайсан ауда­нының
Зайсан қаласының шығыс жағында тұр. Қазір Тышқанбай
атанады»,—деп, жыр Абақ Керейдің жантекей самрат деген
руынан шыққан ақын Көтбайдың айтуымен тарағанын ай­

тады. 1930  жылы Көтбайдың баласы Мұстапаны өз көзімен
көргенін айта келіп, өзінің жырды нақты тарихтан ауытқы­май
шығарғанын ескертеді.
Томға енген мәтін ӘӨИ-де сақталған түпнұсқасынан

(Ш.330, 8-дәп.) ешбір өзгеріссіз әзірленді.
Ертай Құлсариев нұсқасы. Бұл жыр өзге нұсқаларынан
әсірелеу тәсілдеріне көбірек ден қоюымен және кейіпкерлер
құрамымен өзгешеленеді. Жыршы көркемдік қиялға көбірек

сүйенген. Басқа нұсқаларда кездеспейтін Еділ, Дуду, Діңгел,
Қараш сияқты кейіпкерлер бар.
Жыршы Әжі ханды Орманбеттен шыққан хан ретінде
көрсетеді. Бұл нұсқада Әжінің Ақжал, Көкжал деген екі

тұлпарының біреуін торғауыт Мәліктің батыры Діңгел алып
кетеді. Жырдың басқа да нұсқасында айтылғандай Арқалық
үш жолдасымен Үрімжіге барып, Көкжал тұлпарды ұрлап ала­
ды. Е.Ахметов нұсқасында тыныш жатқан жылқышыларды

Арқалық барып оятса, мұнда Жұбай торғауыттан басқа да
кегін алмай кетпейтінін айтып, қалғандары соны мақұл көреді.
Сөйтіп, төртеуі жаудың үш мың жылқысын айдап әкетеді,
Арқалық Діңгелді батырды өлтіреді. Соңдарынан келген

қуғыншылардан Аюлыға қашқан батыр жолда атын төрт аюға
жегізеді. Арқалықты Қараш деген уәзірі торғауыт Дудуға ұстап
береді. Басқа нұсқаларда Әжі бастаған топтың сатқындығы
жазалаусыз қалғанымен, бұл жырда Арқалық жолдастарымен

Әжі мен би, уәзірлерінің бәрін өлтіріп, Жұбай Орманбет еліне,
ал қалмақ досы Еділ Үрімжіге хан болады. Арқалық Мәлік
ханның қызы Бикешті алады.
Жыр мәтіні ОҒК-ның Қолжазбалар қорында сақталған

түпнұсқадан (Ш.546, 1-дәп.) еш өзгеріссіз әзірленді.
Т. Әкімова

Мәтіндерде кездесетін тарихи, діни
есімдер және ру аттары
Абылай, Әбілмансұр (1711—1781)—аса көрнекті мемле­
кет қайраткері, қолбасшы, дипломат, қазақ халқының ханы.

Азан шақырып қойған аты—Әбілмансұр. Сабалақ—Төле бидің
қойған есімі. Жауға «Абылайлап» шапқандықтан Абылай
атанған. Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан­
нан тарайды. 1771 жылы Түркістан қаласында хан болып сай­

ланады. Ел тұтастығы үшін аянбай күрес жүргізіп, сыртқы
басқыншыларға қарсы табанды түрде тойтарыс беріп отыра­
ды. Шет елдермен (Ресей, Жоңғария, Қытай) дипломатиялық
қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өмір жолы ат үстінде

жорықтарда өткізіп, Арыс жағасында қайтыс болады. Сүйегі
Түркістан қаласындағы атақты Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің
ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерлен­
ген.

Айуб—Құран Кәрімде аты аталған ежелгі пайғамбарлар­дың
бірі. Інжілдегі Иов. Айуб (ә.с.) Хаурандағы бай, адамгерші­лігі
мол адам болған. Алла сынайын деп оған шайтанды жібе­реді.
Шайтан жіберген аурудан Айубтың денесіне іріңді жара қап­тап

кетеді, ол әйелі екеуі адамдардан оқшау тұруға мәжбүр болады.
Шайтан жіберген неше түрлі жаңа қырсықтарға қарамай, Айуб
Алланың рақымына сенімін жоғалтпайды. Оның көмек сұрап
жалбарынғанынан кейін Жәбірейіл оған «аяғыңмен жерді теп»

деп бұйрық береді, ол тепкен жерден бұлақ суы атқылай­ды да,
Айубтың жарасын жазып, шөлін қандырады.
Фольклор мен әдебиетте Айуб сабырлылық пен төзімділік,
шыдамдылықтың символы ретінде қастерленеді.

Арғын—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре
бойынша, орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қонысы—Ертіс,

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Арқалық (XVІІІ ғ. аяғы—XІX ғ. басы, Қытай, Шығыс Түркістан өлкесінің Алтай аймағы)—батыр. Жоңғар бас­қын­ шыларына қарсы соғыста даңқы шыққан. Абақ керей төресі Әжі Көгедайұлына наразы топты бастаған. Арқалық батыр ту­ ралы ел аузында аңыз әңгімелер, жырлар көп сақталған. Әбілмәмбет (1690—1771)—қазақ ханы, Тәуке ханның немересі, Болат ханның ұлы. Сәмеке өлгеннен кейін Орта жүзге хан сайланған. Абылайдың немере ағасы. Абылайдың билікке келуіне себепші болған. 1740 және 1742 жылдары Ор бекінісіне, Орынбор қаласына Орта жүздің белді сұлтандарын бастап келіп, Анна Иоановнаға ант берген. Әбілқайыр хан (1693-1748)—Шыңғыс хан әулеті, Өсеке ұрпағы, Қажы Әжі сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен кіші жүздің ханы болды. 1730 жылы Аңырақай соғысында жоңғарларды талқандауда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді. Әбілқайыр хан қазақ-қалмақ қарым-қатынастары шиеленісіп тұрған кезде Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М. Гагаринге хат жаза­ ды. Әбілқайыр Ресеймен одақтасуды жақтағандықтан, пат­ ша тарапынан Тевкелеев бастаған елшілік келіп, келіссөз жүргізді. Әбілқайыр хан—қазақ тарихындағы аса ірі қоғам қайраткерлерінің бірі. Әжі Көгедайұлы—әкесі Көгедайдың «ғұң» мансабын мұра­ герлік жолымен жалғастырып, 1824 жылдан 1868 жылға дейін 44 жыл Алтай керейлерін билеген төре тұқымы. Әйтеке би Байбекұлы (1644-1700)—қазақтың атақты үш биінің бірі. Кіші жүз Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Тәуке хан құрған «Хан кеңесіне» кіші жүз жұртының атынан мүше болып сайланған «Жеті жарғының» өмірге келуіне айрықша еңбек сіңірді. Халық биді «айыр тілді Әйтеке» деп те атаған. Әли—Османнан кейін билік басына келген төртінші «әділет­ ті халиф». 656-661 жылдары Мекке қаласында тұрып, мұсыл­ ман жұртына басшылық жасаған. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған

ғылыми  қосымшалар
күйеу баласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—
орасан, алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп,
талып қалатын болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның

«зұлпықар», «қамқам», «самсам» деген үш қылышы болғаны
айтылады. Әли әсіресе «зұлпықарын» сілтегенде бірнеше
жүз кәпірді шауып түсіреді. Әлидің есімі көптеген шығыс
қиссаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырайды.

Әдетте, хазірет Әли сол қиссалардың басты кейіпкері, же­
ңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың
қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда
Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жау­

ларды жеңген деп дәріптелген.
Бөгенбай батыр—жоңғар шапқыншылығына күресте
асқан ерлігімен, тамаша қолбасшылық дарынымен танылған
тарихи тұлға. Тәуке ханның көзі тірісінде шақырылған

құрылтайда қазақ әскерінің қолбасшылығына тағайындалған
Бөгенбай 1723 жылы қазақ жеріне тұтқиылдан баса-көктей
енген жоңғар басқыншыларына Бұланты өзенінің жағасында
Саурық, Тайлақ, Малайсары батырлармен тізе қоса оты­

рып, алғаш рет тосқауыл қойып, жеңіске жеткен. Ақтабан-
шұбырынды оқиғасынан кейінгі барлық елеулі қақтығыстарға
қатысқан Бөгенбайдың Қабанбай батырмен бірлесе қайрат
көрсету арқылы Арқа менен Алтайды жаудан азат етіп,

қазаққа қоныс етіп қалдырғаны Үмбетей жыраудың атақты
шығармасында арнайы атап өтіледі.
Бұқар жырау (1693-1787)—әйгілі қазақ жырауы. Абы­
лай ханның ақылшы биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие»

деп те атаған. Абылай ханды сынай отырып, оның көргендігі
мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола
білгенін тебірене жырлайды. Бұқар жыраудың Абылай ханға,
Бөгенбай, Қабанбай, Олжабай батырларға шығарған арнаула­

ры, насихат жырлары ел есінде сақталып қалған.
Дәуіт—Құран кейіпкері, пайғамбар, Сүлеймен пайғам­бар­
дың әкесі.
Едіге—ХІV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген та­

рихи тұлға. Ерекше шешендігімен қоса, батыр әрі қолбасшы
болған. Ол Алтын Орда мемлекетінің бірнеше хандары тұсында
тәуелсіз билік құрумен бірге, ел басқару істеріне белсене ара­
ласты. Дешті Қыпшақтың ханы Тоқтамыс кезінде өз билеушісі

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

мен Ақсақ Темір арасындағы текетіресті өз пайдасына ше­
шуге ұмтылыс жасады. Сол дәуірде көршілес Ресей жеріне
бірнеше рет баса көктеп кірді. Ұлы Ноғай Ордасын құрып,
оның басты бегі болды (1396-1419жж.). Қара халық арасы­

нан шығып, көшпелі ноғай-қыпшақ ұлыстарының намысын
қорғағандықтан, қазақ халқының тарихи жадында «Ел қамын
жеген Едіге» деген атпен өшпестей жазылған оның бейнесі мен
есімі бірқатар қазақ эпостарына арқау болды. Кейбір деректер

бойынша, Едіге мырзаның бейіті қазақ жерінде—Ұлытауда
жатыр.
Есім хан—Шығай сұлтанның ұлы. Қазақ хандығының
астанасы Түркістанда тұрып, билік (1558—1645) жүргізген.

Сұлтан кезінде-ақ, ағасы Тәуекел ханмен екеуі Түркістаннан
Самарқанға дейінгі жерді қазақ хандығы құрамына қосқан.
1598 жылы ағасы қайтыс болған соң, хан тағына отырады.
1599  жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы

мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алады. Осыдан
бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығы билігінде бол­
ды. Есім хан билік құрған заманында өз елінің салт-дәстүрлерін
құрметтей отырып, заң-ережелерін шығара бастады. Бұрыннан

келе жатқан «Қасым ханның қасқа жолы» атты ережелерді
басшылыққа ала отырып, заңды одан әрі толықтыра түсті.
Күнделікті көшпелі тұрмыстағы даулы мәселелерді шешуде
азаматтық, қылмыстық істерді қарауда, әскери-отбасылық

қарым-қатынастарда «ата-баба жолы» басшылыққа алынды.
Есім ханның бұл ережелері халық көкейінен орын тепкендіктен,
«Есім ханның ескі жолы» деп атап кетті.
Керей—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының

бірі. Керей тайпасы Абақ керей, Ашамайлы керей деген
екі бөлімге бөлінеді. Абақ керейдің көпшілігі Алтайда:
ҚХР, Моңғолияда, ал Ашамайлы керей бөлімінің көпшілігі
Қазақстанда тұрады.

Көгедай Әбілпейізұлы—орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің
тұқымы Әбілпейіздің алтыншы ұлы. Әбілпейіздің екінші
әйелі қырғыз қызы Тұмар ханымнан туған үш ұлдың үлкені.
1780  жылы Алтай керейлері Тауасар, Шегебай билер бастаған

он жеті кісі елші жіберіп, Әбілпейіз төреден сұрап әкеліп,
төре қойған. Қытайдың Чиң өкіметі Көгедайға 1790 жылы
Бижіңде «ғұң» (төре) атағын берген. Көгедай «ғұң» мансабымен

ғылыми  қосымшалар
1790  жылдан өмірінің соңы 1820 жылға дейін Алтай керейле­
рін билеген төре тұқымы. Көгедайдың «ғұңдік» мансабы мұра­
гер­лік жолымен кейінгі ұрпақтарына жалғасып, XX  ғасырдың

30-жылдарына дейін, яғни 130 жылға жетіп аяқталған.
Қабанбай (1692—1770)—қазақ халқының жоңғар шап­
қыншылығына қарсы күресінде ерекше көзге түскен, даңқты
қолбасшы. Азан шақырып қойылған аты—Ерасыл. Найман

ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан. Ерасыл
Зайсандағы әпкесі Меруерттің қолында жүріп, жылқы бағады.
Жылқыға шапқан қабандарды жайратып, «Қабан батыр»
атанған. 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1730  жылы

«Аңырақай—Алакөл»
шайқастарына
қатысып,
Абылай

ханның бас батырына айналды.
Қабанбай батырдың ерлік өмірі бірқатар халық эпостары
мен фольклорлық аңыз әңгімелерге арқау болған.
Қазыбек Келдібекұлы (шамамен 1667-1764 ж.)—қазақ

халқының XVІІ-XVІІІ ғасырларда жасаған үш ұлы биінің
бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қаз дауысты
Қазыбек Келдібекұлы туралы ел аузындағы әңгіме, аңыздар
мен биден қалған шешендік сөздер оның өз заманында білімді

де жетелі, ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, ата жолы заңдарын
мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, ба­
тыл да батыр адам болғандығын аңғартады. Әділдігі мен
алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбек биді орта жүздің бас биі

етіп сайлаған.
Қарақас—қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре
бойын­ша, Орта жүздегі абақ керейден тарайтын он екі рудың
бірі. XVІІІ ғ-дың басында Семейдің Шұбартау өңірін мекенде­

ген, саны мың түтіндей болған. Қарақас назар, байым, қосым,
сары деген төрт атаға бөлінеді. XІX ғ-дың басында іргелі бір
руға айналған Шығыс Түркістан қазақтарының біраз бөлігі
XІX ғ-дың соңына қарай Қобда бетіне (Моңғолия) өткен.

Қарақастардың жаз жайлауы—Күрті, Қобда қойнауы мен
Боғда тауы, қыстауы—Еренқабырға мен Жайыр жерлері.
Қаңлы—қазақ халқының негізін құраған ежелгі тай­па­
лардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді.

Қанжығалы—шежіре бойынша, Орта жүз арғын тайпасы­
нан тарайтын белді рулардын бірі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қожа Ахмет Иасауи—атақты сопы, түркілік суфизмнің
негізін салушы, философ, ақын. Шамамен 1093 жылы Түркістан
шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туы­
лып, ХІІ ғасырдың аяқ кезінде қайтыс болған. Оның есімі

Түркістанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты.
Қожа Ахмет Иасауидің мол мұрасынан бізге жеткен негізгі
шығармасы—«Диуани хикмет».
Лұқман—ол туралы Исламға дейінгі араб хикаяларын­

да біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға 31-сүре
арналған. Мұнда Лұқпан «бір құдайлық» бағытын насихаттаған,
Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам ретінде атала­
ды. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-Хаким, яғни хаким

Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші делініп, оның есімі
көптеген шығыс халықтарының ертегі, жыр, аңыздарында
құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да «Лұқпан хаким ай­
тыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар.

Мұхаммед (с.а.с) [Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым]—
ислам дінінің және болашақ араб халифатының негізін салу­
шы, тарихи тұлға. Қасиетті «Құран» мен мұсылмандардың
сенімі бойынша, ол—Алла Тағаланың адамдарды тура жолға

салу үшін жіберген Елшісі, ең соңғы пайғамбар.
Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың
басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қар­
сылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д.

622  жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге
Меккеден Мәдине қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам
жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—
«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз.

Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине
қаласында қайтыс болды.
Найман — Орта жүздегі аса ірі тайпалардың бірі. Най­ман­
нан—терістаңбалы, сарыжомарт, төлегетай, сүгірші сияқты

үлкен рулар тарайды.
Жантай Ниязұғлы (т.ж.б.—1771 ж.)—қазақ халқының
жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресіне белсенді
қатысқан батыр. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының

қанжығалы руынан шыққан. Абылай хан 1771 жылы Ресей­
ден Қытайға қарай ығысқан қалмақ әскерін барлауға бес жүз
әскер беріп, Бөгенбай батыр мен Жантай батырды жіберген.

ғылыми  қосымшалар
Жантай батыр қолға түсіп қалған інісі Арқандар батырды
құтқармақ болып, он мың адамдық жау шебіне басып кіріп,
осы соғыста қаза тапқан. Батыр сүйегі қазіргі Солтүстік

Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Жантай ауылының жанын­
да жерленген.
Олжабай Төлебайұлы (т.ө.ж. белгісіз)—ХVІІІ ғасырдағы
қазақ-жоңғар соғыстарында ерлігімен танылған белгілі ба­

тыр. Сүйегі орта жүз арғын тайпасының сүйіндік руынан,
оның ішіңде айдабол аталығынан тарайды. Ол туралы тарихи
деректер сақталмаған. Бірақ ел жадында қалған жыр, аңыз
әңгімелерге қарағанда, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Ма­

лайсары батырлармен жақын болып, ірі шайқастарда қоян-
қолтық қимыл жасаған. Олжабай—Абылайдың ту ұстаған
батырларының бірі («Ала ту» деген лақап атқа ие болған). Оның
көптеген жорықтарына қатысып, хан жау қолына тұтқынға

түскенде құтқаруға елеулі еңбек еткен. Абылай оны «Қу
жарғақ» (атқан оқ Олжабайға дари бермеген соң, солай атап
кеткен) деп те атап кеткен. Халық ауыз әдебиетінде Олжабай
бейнесі тым асыра суреттеледі. Дегенмен ол қазақ жерін жоңғар

шапқыншыларынан азат етуде елеулі еңбек сіңірген.
Омар — Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман
қауымына басшылық жасаған екінші «әділетті халиф».
Ол—Исламның алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлері­

нің бірі. Омар хазірет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң,
мұсылмандықты одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен
тысқары өлкелерде таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет­
тің басшы болған он жыл ішінде Ислам діні Ирак, Сирия, Еги­

пет және Ливия жерлеріне орнықты.
Омар халиф тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге
негізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық
жүйесі құрылды.

Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін
күшейту мақсатында өзінің халиф лауазымына «Әмір әл-
муминин» дәрежесін қосты.
638 жылы хазірет Омардың сахабалары Иерусалимді тізе

бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының орнына намаз
оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифі Әбд әл-Мәлік
хазірет Омар (ғ.с.) намаз оқыған жерге «Куббат ас-сахара» деп
аталатын күмбез тұрғызды.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Перғауын, Фараон — Құран кейіпкері, Мысыр патшасы.
Алла оған уағыз айтуға Мұсаны жіберген. Перғауын Зул-аутад
деп те аталады. Ол зәулім мұнара, пирамида сияқты мәңгілік
берік ғимараттардың иесі деген мағынаны білдіреді. Құранда

Перғауын өзін-өзі тәңірі санайтын, Мұсаның айтқанына
сенбейтін, қатігез, озбыр ретінде көрінеді. Дінге сенетіндерді
қудалайды.
Рүстем —Иран, Тұран елдеріне ортақ жартылай мифтік

әрі фольклорлық кейіпкер. Оның есімі Орта ғасырдан бергі
дәуірдегі мұсылмандық шығыс әдебиетінде тұрақты орын
алған, былайша айтқанда, ертегі, аңыз, хикая-дастандарда
ол—батырлық пен ерліктің ғажайып үлгісі. Рүстем деген сөз

қаһармандық пен орасан зор күштіліктің мәніндегі эпитет­
ке айналған. Рүстем батырдың шығу тегі парсы елінде ертеде
өткен Кианилер патшалығының әулеттерімен тығыз қатысты
екенін аңғарамыз. Атасы Сам палуан мен әкесі Зал (Дас­

тан) да ерен күштің иелері болған. Рүстемнің өзінен өрбіген
Сүһрап, Дарап, Пәрамириз, Баһрам тағы басқа ұлдары да
шетінен жүрек жұтқан сайыпқыран батыр ретінде сипатта­
лады. Парсының атақты шайыры Әбілқасым Фердауси ат-

Тусидің «Шаһнамесіндегі» басты оқиғалардың бәріне дерлік
Рүстем мен оның ұрпақтары қатысады. Онда Иран мен Тұран
елдері арасындағы көп жылдық қырғи-қабақ соғыстардың
шежіресі баяндалған. Осы ұлы шығарманы қазақ тіліне толық,

әрі көркем аударған—Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Ақынның бұл
еңбегі өзі өмірден қапыда озғаннан соң, жиырма жылдан аса
уақыттан кейін ғана жарық көрген. 1961 жылы «Шаһнаменің»
Тұрмағамбет аударған нұсқасының біраз бөлігі қысқартылып,

«Рүстем-Дастан» деген атпен кітап болып басылды.
Сейітбаттал—осы аттас және «Ғазауат Сұлтан» дас­
танының бас кейіпкері. Оның эпитеттері немесе құрметті
атақтары: Шаһ жиһан, Шаһ әулие, Сұлтан ғазы, Табарик т.б.

Ол—аңыздық деректер бойынша, әзірет Әлидің шөбересі. Яғни
оның баласы Рабиғ, одан—Хасан, Хұсайын. Хұсайын ғазыдан—
Жағыпар. Сейітбаттал—Жағыпардың лақаб есімі. Дастанда
батырдың Зейнеп, Кәләндам, Фатима т.б. әйелдері мен Башір,

Әли, Нәзір, Ескендір атты ұлдарының есімдері аталады.
Сейітбаттал—қазақ батырлары сияқты ерекше жағдайда
дүниеге келеді. Ол ислам халифатының өсіп, өркендеп,

ғылыми  қосымшалар
күшеюіне, көптеген халықтардың мұсылман дінін қабыл­
дауына зор еңбек сіңіреді. Шынында, Әлидің Рабиғ есімді ұлы
болғаны туралы бізге мәлім емес. Ал Хұсайын ғазы болса, Кер­

бала шөліндегі соғыста шейіт болған. Одан қалған ұлдың аты—
Зейнелғабиден. Ислам елдерінде өздерін Әли Арыстанның
әулетінен тарататындар кездесе береді. Жалпы Сейітбаттал—
әлсіреген ислам мемлекеттерінің іргесін нығайтып, руха­

ни күш-жігер беру үшін халық қиялынан туған тұлға болуы
мүмкін.
Сырым би — Сырым Датұлы, азан шақырып қойған аты—
Шынтемір. 1723 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысының

Сырым
ауданындағы
Сарыой
аулында

дүниеге
келіп,
1802  жылы Хиуа хандығы жерінде қаскөйлердің қолынан қаза
тапқан. Тегі—Он екі ата Байұлына жататын Байбақты руы­

ның Шолан (Әйтімбет) атасынан. Халықтық шежіре бойын­
ша, Шоланнан—Дат, Есенбай, Байторы; Даттан—Адамбай,
Шынтемір (кейін оны еркелетіп «Сырым» атандырған), Атым­
тай, Жомарт, Базарбай, Барлыбай, Жандыбай, Дүйімбай,

Қорлыбай, Қалдыбай және жастай өлген Шыбынтай деген он
бір ұл туады. Патшалық Ресейдің далалық өлкеде әкімшілік-
саяси реформа жүргізіп, хандық билікке дәстүрлі шектен асы­
ра артықшылық беруі арқылы қалың бұқараның табиғи-өзіндік

құқылары шектеуі (атақоныстан ажыратып, бағзылы иеліктегі
өзен, көл жағалауларын, өріс, жайылымдарын пайдалануға
тыйым салуы т.б.), алым-салым көбейтуі Сырымды және оның
тұстастарын (алабөтен) ашындырады. Олар қолдарына қару

алып, қалыптасқан саяси жүйеге—отарлаушы орыс үкіметі­
нің жергілікті әкімшіліктеріне, «орыс тағайындаған» хан,
сұлтандарға қарсы көтеріледі.
Тәуке хан, Әз Тәуке (т.ж.б.—1716) — қазақ ханы, Жәңгір

ханның ұлы. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан
нығайған, бір орталыққа бағынған мемлекет болды. Үш жүзге
билігі жүріп, орталығын Түркістан қаласы етті. Өзіне дейінгі
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты

ережелер жиынтығының негізінде Төле, Қазыбек, Әйтеке би­
лерге арқа сүйей отырып, «Жеті жарғыны» қабылдайды. Көрші
елдермен саяси-дипломатиялық байланыс орнатуға тырысқан.
Тобықты—Орта жүз арғын тайпасынан тарайтын белді

рулардың бірі.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Төле би—ХVІІІ ғасырда қазақ халқын билеген әйгілі үш
бидің бірі. Тарихшылар Төле, Қаз дауысты Қазыбек және
Әйтеке билер Тәуке хан кезінде қабылданған «Жеті жарғы»
атты заңдар жинағының авторлары болған деп біледі. Бұл үш

бидің ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы тұсында ұлтты
ұйыстырып, ұлт-азаттық күресте жеңіске жетуді қамтама­сыз
етуге айрықша ықпал еткені даусыз.
Шаған Кеген—ХІХ ғасырда монғол ұлтынан шыққан, Ал­

тай, Тарбағатай, Қобда үш аймақты билеген мемлекеттің әкімі
(Шаған—аты, Кеген—«әулие» деген сөз).
Һарон Рашид (763—809)—Аббас әулетінен шыққан бесінші
халиф. Һарон Рашид тұсында арабтардың ұзақ уақытқа

созылған Византияға қарсы күресі одан әрі жалғастырылды,
сонымен бірге халифатта ауыл шаруашылығы, қолөнер, сау­
да және мәдениет едәуір дамыды. Сондықтан болар тарихи
тұлға—Һарон Рашид есімі халық аузында аңыз-әңгіме мен

ертегі-жырға айналып кетті. Шығыс халықтары ертегілері мен
аңыздарында ол әділ билеуші, халық қамқоршысы бейнесінде
суреттеледі.

Сөздік
Азбан—айғырдан пішілген ат
Әлік, әлейка /а/—өзіңе, саған
Әркі—сүттен жасалған арақ

Бадана—бадырайған үлкен көз, дөңгелек
Барабан /о/—дауылпаз
Бейуаз /п/—жазықсыз, кінәсіз; бейбіт
Дағуа /а/—нала; арыз, шағым; дау; егес

Даража /а/—дәреже
Ғазиз /а/—қымбатты, ардақты
Ғапыл, қапыл /а/—қапы болу, білмеу, байқамау, аңқаулық
Ғарық /а/—бату

Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір; шарасыз, бейшара
Ежен—Мәнжу үкіметінің билеушісі
Жалық—садақ оғы
Жамбыл—хан сарайы, хан ордасы

Жана—және
Жаппар, Жаббар /а / —ұлы, құдіретті; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі
Иләһ, иләһи /а/—жаратушы, Құдай

Иллаһи /а/—құдайым
Иншалла /а/—Алла қаласы
Зәңгі—старшын. Зәңгі қызыл тасты, көк тасты, сары тасты
зәңгі болып бөлінеді.

Кател /о/—қазан
Кәлимагөй—ақылгөй, діндар
Келең—молда
Күре—мешіт

Қабағат /п/—орасан, керемет, өте
Қадір /а/—құдіретті, күшті; Алла Тағаланың 99 есімінің бірі
Қара қазан сары бала—қауым, халық
28-276*

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қозыр, көзір /қыт/—қылмысты адамның қолына салына­
тын кісен
Құдауанда /а/—барлық, бүкіл
Мағлұм /а/—белгілі, мәлім

Махбұб /а/—сүйікті
Махшар /а/—діни ұғым бойынша, дүние салған адамның
күнәсі тексерілетін кезең; ақырет
Мизан /а/—таразы; айдың аты

Мүддаға /а/—тілек, ой; мақсат, арман; мүдде
Нам /п/—ат, есім
Нәубет—апат, кесапат, ауыртпалық
Никах /п/—жұп, неке

Памит /о/—ес, жады
Порма /о/—пішін, форма
Семья /о/—отбасы
Сетер—кеген, ламалар мінетін ат

Сөтке /о/—тәулік
Таған—ошақ, тағы сол сияқтылардың бұты, аяғы, тіреуіш,
үш аяқты
Тахсин /а/—құрмет, жақсылық, мадақ

Тіллә, ділдә—алтын ақша; кейде алтын, зер мағынасында
да қолданылады
Фаған /п/—жылаң, еңіреу
Халал /а/—рұқсат етілген, адал, заңды некеленген; таза,

адал; бөлінбейтін, ажырамайтын
Халифа /а/—VІІ-ХІІ ғасырларда араб елдерінде дін мен
өкімет билігін бір қолға ұстаған мемлекет билеушісі
Хүкім /а/—үстемдік, қожалық; үкім, кесім, билік, билеу;

бұйрық, басқару
Һәмма /а/—барлық, бүкіл
Шаһадат /а/—куәлік ету, куә болу. Кәлима шаһадат Алла
Тағала мен оның елшісі Мұхаммедке куәлік білдіретін сөз:

Ашһаду ан лә иләһа илла Алла уа ашһаду әнна Мухаммадан
абдуһу уа расулуһу—Алладан басқа Құдай жоқ және Мұхаммед
оның құлы мен елшісі екендігіне сенім білдіремін. Ислам дінін
қабылдау үшін кәлима шаһадатты үш рет айту керек.

Шоры—күң

Жер-су атаулары
Алакөл—Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының
аумағында орналасқан тұйық көл. Ол 12-19 ғасырларда Гурге—
нор (монғ. Көпір—көл), кейін Алактагал, Алатеңіз, Алакта деп

те аталған. Батыстан шығысқа қарай созылып жатқан Алакөлге
15-тен астам үлкенді-кішілі өзендер құяды.
Алтай аймағы—Қытай Халық Республикасы Іле қазақ
автономиясы облысына қарасты әкімшілік аймақ. Батысын­

да Қазақстанмен, солтүстік-батысында Ресеймен, солтүстік-
шығысында Монғолиямен шектеседі. Алтай аймағы ертеде най­
ман, керей, қаңлы, үйсін т.б. түркі тектес тайпалардың мекені
болған. VІІІ-ІX ғ-да Енисей қырғыздары, XІІ-XІІІ  ғ-да най­

мандар, XІV ғ-да Әмір Темір, XVІ-XVІІІ ғ-да батыс монғолдар
(ойраттар), XVІІІ ғ-дың 2-жартысынан бастап керейлер билік
құрды. 1919 ж. Алтай аймағы Шыңжаң өлкесіне қосылды.
Арқа—Жайық пен Ертіс өзендері аралығында созылып

жатқан ұлан-ғайыр шөлді, қыратты, таулы, сулы да нулы
өңірлер, яғни еліміздің терістік өлкесі «Арқа», «Сарыарқа» деп
аталады.
Балқаш көлі — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы

тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңізінен кейінгі
3-орында. Ұзындығы—605 км. Балқаштың батыс бөлігіне
Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз өзендері
құяды.

Ертіс — Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен. Қытай
Халық Республикасындағы Монғол Алтайының оңтүстік-батыс
беткейіндегі мұздықтардан басталады. Ертістің Зайсан көліне
дейінгі бөлігі қара Ертіс деп аталады.

Есіл — Қазақстан Республикасы мен Россияның Тюмень,
Омбы облыстары жеріндегі өзен. Ертістің сол саласы. Жалпы
ұзындығы 2450 км. Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі Нияз
тауынан басталып, Омбы облысындағы Усть-Ишим селосы

тұсында Ертіс өзеніне құяды. Есіл бойында Ақмола, Петропавл,
Есіл қалалары орналасқан.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

Қытай—Шығыс
және
Орталық
Азиядағы

мемлекет.
Қытайда 1 миллионнан аса қазақтар тұрады.
Ніл өзені —Африканың ірі өзені. Арабтар Нілді «құдайдың
сыйы» деп атап, негізінен, осы өзенді жағалай қоныстанған.

Сарыарқа, Арқа—Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін
алып жатқан аймақ. Солтүстікте Қазақ жазығынан басталып
оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралықта
орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі. Шығыстағы

шекарасы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс шетінен Тар­ба­
ғатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқырының шетін
ала Қалба жотасына дейін жетеді.
Сыр — Сырдария өзені. Орта Азиядағы ірі өзен. Қарадария

мен Нарын өзендерінің Ферғана қазаншұңқырының шығыс
бөлігіндегі қосылған жерінен бастап Сырдария аталып, Арал
теңізіне құяды.
Тәшкен—қала, Өзбекстанның астанасы. Шыршық өзенінің

аңғарында, теңіз деңгейінен 440-480 метр биіктіктегі шұратта
орналасқан.
Торғай—ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы бекініс. Ре­
сей патшалық үкіметі тарапынан ХІХ ғасырдың 40-жылдары

феодалдық
монархиялық
қозғалыспен
күрес

барысында
қазақ даласының ең түкпірінен бекініс пунктін салуға шешім
қабылданды. Торғай облысының құрылуына байланысты
1868  жылы Торғай қала атанды.

Түркістан — Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан
ауданының орталығы, Сырдарияның оң аңғарында орналасқан.
2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы тойланды. Арабтар­
дың географиялық жазбаларына қарағанда ІV-Х ғасырларда

бұл қаланың орнында Шауғар (арабша Шауағар) мекені болған,
бірақ бұдан із қалмаған. ХІІ-ХІV ғасырларда Түркістан «Ясы»
деп аталған. Қожа Ахмет Иасауи ғимараты салынғаннан кейін
түркілердің діни орталығына айналды

Үрімжі (қытайша Дихуа)—ҚХР-дағы қала. ШҰАР орта­
лығы.
Ұлытау—қыстақ. Жезқазған облысындағы Ұлытау ау­
да­нының орталығы. Іргесі 1846 жылы қаланған. Төңкеріске

дейін Ұлытау Ақмола губерниясының Атбасар уезіне қараған.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде үш жүз басшылары осы жерде
бас қосып, алқалы жиын өткізгені туралы деректер сақталған.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Ахметов Ержан (1879-1967)—халық ақыны, ауыз әдебиеті

мұраларын жинаушы. Ержанның әкесі Ахмет те, өзі де жа­
сынан өлең айтып, айтысқа түскен. Ержан халық әндерімен
қатар, Зайсан, Тарбағатай маңына мол тарап, жатталып жүрген
Әміржан мен Сеңсең ақындардың әндерін орындаған, өзі де ән

шығарған.
Ержан Алтай қызы Баршамен, Зылиқа қызбен, Зейнеппен,
Қамыш Сеңсеңұлымен, Хұсайын Мөйткеұлымен айтысқан. Әсет
Найманбаевпен кездесіп, тәлім алған. Белгілі жырау, жыршы

Көтбайдың қасына еріп жүріп, ел аралаған. Бірқатар жырды
осы Көтбай ақыннан үйренген. Солардың ішіндегі ең көркемі
де, көлемдісі де «Арқалық батыр», «Бақтияр», «Қөйеке Көмеш
батыр», «Бозжігіт», «Қабанбай батыр».

Әбенов Шәкір (азан шақырып қойған аты—Мұхаммед
шәкһүр) (1900, қазіргі Шығыс Қазақстан обл.—1994)—халық
ақыны, фольклоршы, сазгер. Мұсылманша сауат ашқан
соң, Семейдегі шіркеу жанындағы мектепте 3 жыл оқыған.

С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлиндермен жақын та­
ныс болған. Сейфуллинге ат қосшы болып, ақынмен бірге
Қазақстанның көп жерлерін аралаған. Ақынның тарихи-
танымдық тақырыптарды қозғаған «Кейпін батыр» (1939),

«Таңшебер—Жапал» (1962), «Ортақ арал» (1968), «Қорқыт
қобызы», «Пәрмен», «Алданған қыз», «Патша мен байғыз»,
«Ана махаббаты», «Тоқтамыс батыр» атты дастандарды
«Шыңғыстау» (1980), «Шыңғыстау сазы» (1985), «Дастандар»

(1991) деп аталатын жыр жинақтарына енген.
Әбділла Тұтқышұлы (1900—?)—ақын, бұрынғы Торғай
уезінде туып өскен. Текті, бай әулеттен шыққан ұл ағайынды

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

үш үйдің ортасында еркелеп, еркіндікте ержетеді. Жасын­
да серілік, бозбалалық құрып, жиын-тойдың «гүлі болып» ел
аралап, армансыз сайрандайды. Кеңес кезеңінде Әбділла жаңа
қоғамдық өзгерістерге бейімделіп, 1920 жылы Ташкенттегі Заң

мектебіне оқуға түседі. Оны бітіргеннен соң бірнеше жылдай
Шымкент уезінде судья (қазы) қызметін атқарады. Ақырында
осы жұмысында жүріп, аңдаусызда кінәлі болып жазаға
ұшырайды. Партиядан, қызметтен босайды. Осы мезетте әйелі

мен баласы қатар өліп, көп қасірет тартады. Ақын қартайған
шақта тіршілікте басынан өткен жайттармен өмірден, айна­
ла, қоғам, адам тағдырынан түйген, тіл ұшына оралған орам­
ды, ойлы өсиеттерін өлеңмен қағазға түсіреді. Оның шығыс

пен мұсылман әлемінің көне мәдениеті мен даналық сөздерін
өте жетік білгендігі өзі жазған шығармаларынан көрініп тұр.
Әзірге Әбділланың соңында қалған мұрасының қандай көлемде
екендігі белгісіз. Біздің институт қорында ақын жаңғырта

жырлаған «Жапал батыр мен Таңшебер қыз» дастаны және
бірнеше насихат өлеңдері ғана сақталған.
Жылқайдарұлы Иманжан (1886-1973) — белгілі ақын,
халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаушы. Жезқазған облысы,

Ұлытау ауданында туып өскен. Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай,
Ақан сері, Құлтума, Тайжан сияқты әйгілі әнші-ақындармен
дәм-тұздас болып, тәлім алған. Он сегіз жасында айтысқа
түскен. Көптеген жыр-дастандар шығарған. 1959 жылы «Жас­

тарым, жайна» атты таңдамалы шығармаларының жинағы
жарық көрген. Өлең, жырлары әр кездегі баспа беттерінде жа­
рияланып тұрған. «Шақшақұлы ер Жәнібек», «Назымбек»
атты жырларды жырлаған.

Құлсариев Ертай (1892-1958) — ақын, ауыз әдебиеті
нұсқаларын жинаушы. Үсен мен Құбақай қыздың, Жылқышы
мен Тайбаланың айтыстары, Салтайқожа, Қарабек, Құлмамбет
шығармалары, көптеген халық өлеңдері, шешендік сөздер,

жұмбақтар Ертайдың жинап тапсыруымен қолжазба қорына
енді. Ақын «Көрұғлы», «Қисса Жәмшид», «Мұңлық—Зарлық»
қиссаларын өзінше жырлап, ел арасына таратты.
Мәлікеұлы Әбзейіт (Абдолзейіт) (1898-1971) — қазіргі Ал­

маты облысы, Іле ауданының Жетіген аулында туған ақын,
ағартушы. Сүйегі—дулаттың жаныс-жанту тармақтарынан
тарайды. Әкесі Мәліке қажы Іле атырабына белгілі дін өкілі

ғылыми  қосымшалар
болған адам. Әбзейіт бала кезінен әкесінің қолынан сауат ашып,
Бұхар, Уфа, Қазан қалаларындағы діни оқу орындарында
білімін толықтырады. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік

меңгеріп, шығыс әдебиетіне ден қояды. Отызыншы жылдарға
дейін ауылда мешіт ұстап, бала оқытумен шұғылданған.
Бергі жылдары кеңес кеңселерінде қызмет атқарып, Ұлы
Отан соғысына қатысады. Соғыстан соң да түрлі жұмыстар

істегенмен, өлең, жыр жазудан қол үзбейді. Өлеңдері баспасөз
беттерінде ара-кідік жарияланып тұрғанымен, жеке кітабын
шығарудың сәті түспеген. Сондықтан шығармашылығы респу­
блика деңгейіндегі оқырмандарға белгісіз болып келді. Әбзейіт

ақынның 1967 жылы өз қолымен өткізген қолжазбалары
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба
қорында жинақталған. Осы жазбалардың ішіндегі «Ер Әжібай»,
«Рысқұл Жылқыайдарұлы», «Т.Рысқұлов», «М.Масанчи»

сынды дастандары нәрлі тілмен жырланған көркем туынды­
лар. Бұлардан «Ер Әжібай» тарихи жырынан өзгесі баспа жүзін
көрген емес. Ақынның үлкен ұлы Рақымжан ақсақалдың айту­
ынша, әкесі көз жұмар алдында жазбалары салынған әскери сум­

каны өзімен бірге көмуді тапсырады. Әке аманатын орындаған
балалары ақынның туындылары мен көне кітаптарын қоса
жерлейді.
Нұралин Сағидолла—1909 жылы Шығыс Қазақстан об­

лысы, Зайсан ауданы, «Сұңқар» ауылында дүниеге келген.
Алғашқыда ауыз әдебиетінің мұраларын, халық ақындарының
шығармаларын жаттайды, кейіннен өзі де өлең шығаруға
машықтанады. Халық арасында тараған өлең-жыр, аңыз,

дастандарды жинайды. Ел аузындағы тарихи оқиғалардың
желісімен «Түкібай—Шолпан», «Арқалық батыр», «Мырзаш
батыр», «Көгедей төренің өлімі», «Ошаған бүлігі» т.б. дастан­
дарын шығарды.

Уахатов
Бекмұрат—әдебиет
зерттеушісі,
филология

ғылымдарының докторы (1975). 1957-58 ж. «Қазақ әдебиеті»
газетінде тілші, 1958-82 ж. ҚазССР ҒА-нің Әдебиет және
өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, 1982-84  ж.
қолжазба және текстология бөлімінің меңгерушісі болып

қызмет істеді. Ғылыми еңбектері қазақ фольклорының өзекті
мәселеріне арналған.

Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры

Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс

/п/—парсы
/ж/—жергілікті
/қыт/—қытай
/к.с./—көнерген сөз

Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен Қазан төңкерісіне дейін шыққан
кітаптар

1.  Жапал батыр мен Таңшебер сұлу. ӘӨИ, Ш.1140.

Жыршысы—Әбділла Тұтқышұлы. 2.  Шақшақұлы ер Жәнібек. ОҒК, Ш.585. Жыршысы—

Жылқайдарұлы Иманжан. 3.  Ер Әжібай. ӘӨИ, Ш.663. 1-дәптер. Жыршысы—Әбзейіт

Мәлікеұлы. 4.  Арқалық батыр. ӘӨИ, Ш.194. 5-дәптер. Жыршысы—

Ержан Ахметов. 5.  Арқалық батыр. ӘӨИ, Ш.330. 8-дәптер. Жыршысы—

Сағидолла Нұралин. 6.  Арқалық батыр. ОҒК, Ш.546. 1-дәптер. Жыршысы—

Ертай Құлсариев.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

1.  Ақсауыт.—Алматы: Жазушы, 1977.—2 т. 2.  Ақын—жыраулар. — Алматы: Ғылым, 1979. 3.  Батырлар жыры. Екінші том.—Алматы: Жазушы, 1961. 4.  Бердібаев Р. Қазақ эпосы (жанрлық және стадиялық

мәселелері). —Алматы: Ғылым, 1982. 5.  Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері.

—Алматы: Ғылым, 1973.

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

6.  Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т., 1-кітап.—Алматы: Ғы­

лым, 1960. 7.  Қазақ тарихи жырларының мәселелері.—Алматы, 1979. 8.  Садырбаев С. Фольклор және эстетика.—Алматы: Ғы­

лым, 1976. 9.  Сейітжанов З. Тарихи эпос. — Алматы: Ғылым, 1994. 10.  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. — Алматы: Ғылым, 1993. 11.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.

—­М., 1968.

12.  Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 13.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.

—Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

14.  Қазақ тілінің сөздігі. —Алматы, 1999. 15.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев. —Алматы, 1977. 16.  Персидско-русский словарь/ Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т. —М., 1970. 17.  Татарско-русский словарь. —М.: Советская энциклопе­

дия, 1966. 18.  Турецко-русский словарь. —М.: Русский язык медиа,

2005.

РЕЗЮМЕ Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова продолжает работу по подготовке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора «Бабалар сөзі», выполняемого в рамках Государственной программы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»). К настоящему времени подготовлены и изданы 60 то­ мов, посвященных самой объемной отрасли национального фольклора—эпосам. Точнее говоря, до сегодняшнего дня под­ готовлены и изданы тринадцать томов новеллистических даста­ нов, семь томов дастанов религиозно-нравственного содержа­ ния, одиннадцать томов дастанов романического (любовного) содержания, восемь томов исторических поэм, двадцать томов героических эпосов, а также один том генеалогических даста­ нов. Десять томов этого издания посвящены казахскому фольк­ лору в Китае. В дальнейшем публикация лучших образцов ка­ захского эпоса будет продолжаться. Очередной 61-й том серии посвящается историческим пес­ ням. В этот том включены исторические песни «Жапал батыр мен Таншебер қыз», «Шакшакулы ер Жанибек», «Ер Ажибай», «Ар­ калык батыр», содержащие в себе народные легенды о народноосвободительном движении во время джунгарского нашествия в XVІІ-XVІІІ вв. У них одна общая тема—защита Родины, но в сюжете, в освещении времени и пространства у каждого свои от­ личительные черты, разные образы. Например, в сюжете поэмы «Жапал батыр мен Таншебер кыз» один из главных героев—Есим хан, в произведении описываются события XVІІ века, а в поэмах «Шакшакулы ер Жанибек», «Ер Ажибай» рассказывает­ся об

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР

исторических событиях середины XVІІІ века. Варианты поэмы
«Жапал батыр мен Таншебер кыз» из уст народа собирал и впер­
вые воспел народный акын Шакир Абенов. Эту же поэму позже
воспел ташкентский поэт Абдильда Туткышулы.

Историческая песня «Ер Жанибек» широко распространена
среди казахов Китая. Главный герой произведения—известный
батыр, бий Жанибек из племени абак-керей, проживающий в
Алтайских горах, а в другой исторической песне описывают­

ся подвиги правителя Казахского государства Жанибек хана,
жившего в начале ХVІ в. Эти поэмы были опубликованы в 27-м
(С. 9-120) и 56-м томах (С. 9-88) серии «Бабалар сөзі».
Общий объем поэмы «Шакшакулы ер Жанибек», влюченной

в этот том, составляет 72 страницы. Исполнитель—народный
поэт Иманжан Жылкайдаров (1882-1974). В этой исторической
песне впечатляюще повествуется об отчаянных походах
Шакшакулы Жанибека батыра в борьбе за Родину в XVІІІ в.

В казахско-джунгарском конфликте он был знаменосцем,
сражался за объединение и целостность народа. Общественный
деятель, предводитель народных масс Шакшакулы Жанибек
батыр был известен под именем «Тархан». В процессе подготовки

произведений к печати вышесказанных вариантов были про­
ведены фольклорные и текстовые анализы, дополнены ранее
опубликованные тексты.
Очередной шестьдесят первый том в соответствии с основ­

ными принципами составления этого многотомника снабжен
научными приложениями. Научные приложения включают в
себя сведе­ния о текстах исторических поэм; сведения о���������
�������

истори­
ческих личнос­тях; словарь географических названий; сведения
о сказителях и собирателях; список использованной литерату­
ры; резюме на русском и английском языках.

Тексты, вошедшие в том, были подготовлены на основе
оригиналов, сохранившихся в фонде рукописей Института
ли­тературы и искусства имени М.О. Ауэзова и Центральной
научной библиотеки.

Объем тома—28 п.л.

Summary The staff of M.O.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art contіn­ ues to work on preparatіon and publіcatіon of the regular volumes of the Collectіon of Kazakh folklore «Babalar sozі», performed wіthіn the State Program «Madenі Mura» («Cultural Herіtage»). At present perіod 60 volumes have been prepared and publіshed whіch are devoted to the most remarkable and bіg sector of natіonal folklore — epіcs. Sayіng exactly thіrteen volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of dastans wіth relіgіous and moral content, eleven volumes of dastans wіth romantіc (love) content, eіght volumes of hіstorіcal poems, twenty volumes of heroіc epіc and one volume of genealogіcal dastans have been prepared and publіshed. Ten volumes of thіs edіtіon are dedіcated to Kazakh folklore іn Chіna. The readers have accepted wіth great joy the new edіtіon whіch has been desіgned іn a hіgh level and іs dedіcated to the wealth of Kazakh people—folklore collectіons. Іn future the publіcatіon of the best patterns of Kazakh epіc wіll contіnue. The volume 61 of the serіes іs devoted to hіstorіcal poems. Thіs volume іncludes hіstorіcal poems such as «Zhapal batyr men Tansheber kyz», «Shakshakuly er Zhanіbek», «Er Azhіbay», «Arkalyk batyr» whіch contaіn the folklore legends about the people’s lіberatіon movement durіng the Jungarіan іnvasіon іn XVІІ-XVІІІ centurіes. They have one common theme—protectіon of the homeland, but іn the plot and іn hіghlіghtіng the tіme and space, each of them has іts own dіstіnctіve features, dіfferent іmages. For example, іn the plot of the poem «Zhapal batyr men Tansheber kyz» one of the maіn characters іs Yessіm Khan, іn thіs work the events of XVІІ century are descrіbed and іn the poems «Shakshakuly er Zhanіbek», «Er Azhіbay» descrіbes the hіstorіcal

ТАРИХИ  ЖЫРЛАР events of the mіd XVІІІ century have been descrіbed. The story plot of the poem «Arkalyk batyr» іs devoted to the conflіcts between Arkalyk batyr who upraіsed agaіnst vіolence of the regіonal governor of Altaі Kazakhs Azhі tore Kogedaіuly and the ruler of urankay-dorbіt clan Ezhen Khan. The folk akyn Shakіr Abenov has collected the varіants of the poem «Zhapal batyr men Tabshenber kyz» from people and sang for the fіrst tіme. Later thіs poem was sang by Tashkent poet Abdіlda Tutkyshuly. The poem «Er Zhanіbek» іs wіdely spread among our countrymen іn Chіna. The hero of thіs hіstorіcal poem іs the famous batyr bіy Zhanіbek from the trіbe Abak-Kereі who lіves іn the Altaі mountaіns and the second poem descrіbes the іmage of the ruler of the Kazakh State - Zhanіbek Khan who lіved іn the begіnnіng of XVІth century. These poems were publіshed іn the 27 th (p.9-120) and 56 th volumes (p.9-88) of the serіes «Babalar sozі». The total volume of poem «Shakshakuly er Zhanіbek» іncluded іnto thіs volume, іs 72 pages. The performer іs the folk poet Іmanzhan Zhylkaіdarov (1882-1974). Thіs poem tells about the desperate іmpressіve trіps made by Shakshakuly Zhanіbek batyr іn the struggle for the country іn the XVІІІ century. Іn the KazakhJungarіan conflіct, he was the standard-bearer and fought for the unіty and іntegrіty of the people. Publіc fіgure, the leader of the people Shakshakuly Zhanіbek batyr was known as «Tarkhan». Іn preparatіon of the above mentіoned varіants of the works for publіcatіon the folklore and textual analysіs have been done, the prevіously publіshed texts have been supplemented. Іn accordance wіth the basіc prіncіples of thіs multі-volume edіtіon, the volume sіxty one іs provіded wіth scіentіfіc annexes. Scіentіfіc annexes іnclude іnformatіon on hіstorіcal texts, poems; іnformatіon about hіstorіcal personages; vocabulary of geographіc names; іnformatіon on narrators and collectors; lіst of used lіterature; summary іn Englіsh and Russіan languages. The texts іncluded іnto thіs volume have been prepared based on the orіgіnals whіch have been preserved іn the Foundatіon of manuscrіpts at the M.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art and Central Scіentіfіc Lіbrary. Volume sіze—28 p.p.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Жапал батыр мен Таңшебер қыз (Әбділла Тұтқышұлы нұсқасы)........................................... 9 Шақшақұлы Ер Жәнібек (Иманжан Жылқайдарұлы нұсқасы) ................................132 Ер Әжібай (Әбзейіт Мәлікеұлы нұсқасы) ..........................172 Арқалық батыр (Ержан Ахметов нұсқасы) .......................232 Арқалық батыр (Сағидолла Нұралин нұсқасы) ..................297 Арқалық батыр (Ертай Құлсариев нұсқасы) .....................353 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................411 Мәтіндерде кездесетін тарихи, діни есімдер және ру аттары .................................................................423 Сөздік ..............................................................................433 Жер-су атаулары ...............................................................435 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................437 Шартты қысқартулар ........................................................440 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................441 Резюме ............................................................................443 Summary ..........................................................................445

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 61 том ИСТОРИЧЕСКИЕ  ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты Р.Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы Э. Заманбек Компьютерге терген Е. А. Сманова Компьютерде беттеген М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2472 Теруге 17.03.10 жіберілді. Басуға 30.03.10 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 28,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №276* . «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙