Мазмұнға өту
Home

Наурыз айы туғанда

Гүлайша Ерахмет

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Наурыз айы туғанда

Авторы: Гүлайша Ерахмет

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды Ерахмет Г. Е 64 Наурыз айы туғанда: Өлеңдер / Гүлайша Ерахмет. – Алматы: Жазушы, 2013. – 112 бет. – «Жас толқын» сериясы. ISBN 978-601-200-428-1 Ақын қыздың өлеңдерінде жастыққа тəн албырт сезім, өмірге деген ессіз құштарлық, туып-өскен елге, жерге деген іңкəр махаббат өрнектелген. Сондай-ақ, өмірде кездесіп жататын ірілі-ұсақты тіршілік түйткіл де рі де ақын қыздың қаламынан тыс қалмай, жыр тілінде шынайы көрініс тапқан. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 © Ерахмет Г., 2013 ISBN 978-601-200-428-1 © «Жазушы» баспасы, 2013 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Е 64

Гүлайша Ерахмет Гүлайша Ерахмет АПАМ Өз ақылым өзіме еш жақпады. Сен ұрып тұрдың тағы кеш қақпаны. Жақтырмай бір қарады дала жаққа, Күйбеңдеп жүрген шешем пеш жақтағы. Аспанда ай күледі, түнге емініп, Қабаған қара ит жатты іргеде үріп. Қызын біреу көтеріп ап кетердей, Жатарда жатты шешем ілгек іліп. Өзің жайлы ол бөлек өзектегі от, Ал, анама айта алам не деп себеп. «Анаңды алдай салсаң болмас па еді?» Деп содан тілдеспедің сен өкпелеп. Анамды алдау емес пе – Заманды алдау? Өзімді алдау, елді алдау, даламды алдау! Арадағы əдемі бір іңкəрлік, Қаталдықтан сол күнгі қараң қалды-ау. Кінəлауға сені де бармай тілім, Айтылатын болды ақыр таудай шыным. Білсең етті анасын алдаған қыз, Күні ертең-ақ сені де алдайтынын.

Наурыз айы туғанда ЕР Көңілімде аға дейтін ұғым жоқ, Ешкімге де елп етпедім інім деп. Жалғыз ұғым, ол ұғымның аты ер, Жауға шапса санаспайтын бəсімен. Сондықтан да ерлер жүрсе маңымда, Аға-іні деп жасамаймын, айырма. Ақын болсын, əкім болсын, бəрібір, Ер екен деп білемін тек қадірін. Үлкен болса сый-құрметім дап-дайын, Кіші болса сипап қоям маңдайын. Берген серттен айнымаса болғаны, Биік ерден болғаны ол сонда ары. Отыратын патшаны да тақтада, Ер екен деп айтсаң болды, мақтама. Сақтаулы тұр туған жердің картасы, Соның бəрі сол ерлердің арқасы. Еркектерге ер дейтұғын ат қымбат. Осы сөзбен жігер күшін тасқындат, Ер ғой десең екі жастағы бала да, Бесігінен басын жұлып алады, ə?! АУЫЛЫМА СЕН КЕЛДІҢ НАУРЫЗДА Жиырма қысын өткізіп, жиырма жазын, Жиырма көктем ұзатты тырна-қазын. Жиырма жылдың ең соңғы минутында, Саған арнап тағы да жыр жазамын. Қыр астында қалғасын қыршын қызық, Біржолата кетіп ем үмітімді үзіп.

Гүлайша Ерахмет Ауылыма сен келдің наурызда, Көңілімнің тып-тыныш шырқын бұзып. Мазаланам, біресе қуанамын, Қайтсем тыныш орнымда тұра аламын. Бала көңіл тұрғанын байыз таппай, Көже ішкен сезбейді мына қауым. Аппақ тұнға оранған мына ғалам, Сыншыл көзбен қарайды сірə маған. Тілеу тілеп жатқан ел тірлігіне, Сені де құр қойған жоқ сыбағадан. Шаттық лебі ұялап қабағыма, Көңілімнің күн түсіп алабына. Дір-дір еткен қолыммен көже ұсынып, Жаутаң-жаутаң қарадым жанарыңа. Зар боламыз сезімге жас күнгі əлі, Таңдайыңнан кетпесін астың дəмі. Қош деуге де үлгірмей кете бердің, Жирен атың ойнақтап астыңдағы. Қайта-қайта бұрылып көп қарадың, Қайтем мен де бір түрлі боп барамын. Үлкендерден ұялып тұрдың білем, Бара жаттың таусылып жоққа амалың. Жиып əрең жүргенде есімді енді, Несін келді деймін-ау, несін келді. Аласұрған астыңда жирен атың, Аласұрған жүрегім секілденді.

Наурыз айы туғанда Гүлі семіп манағы қуаныштың, Болғаны боп қалғаны-ай сірə түсім. Саған деген сақтаулы сыбағамды, Ел көзінен жасырып жылап іштім. Тағы қағып кеудемде қанатын мұң, Қамалынан аса алмай қара түннің. Өзің жайлы ойлармен арпалысып, Мен сол күні əреңге таң атырдым. Терген күнді еске алып бірге гүлді, Қайдан білсін мына жұрт жүргенімді. Сен аттанған түбінен мама ағаштың, Тұра сала іздедім іздеріңді. Ешкім сезе қоймасын бұл қылықты, Салды жүрек сені іздеп қиғылықты. Таңғы жауған наурыздың ақша қары, Жасырып та ізіңді үлгеріпті. Таң бозынан мен тұрмын мұңға оранып, Еске түсіп езілтіп тұр балалық. Өзің кеше шақырған ауылыңа, Кетіп жатты үлкендер мұнда барлық. Барғым келіп тұрғаны-ай тайпалтып бір, Торжорғасын көршінің сұрап алып.

Гүлайша Ерахмет ГҮЛМЕН СЫРЛАСУ Сен деген далада өскен қырдың гүлі, Мен деген тауда туған қырдың қызы. Маған ана мейірі түсіп өстім, Саған көктен төгілсе күннің нұры. Жайқаласың далада сен де мезет, Қыз боп ғұмыр сүрермін мен де мезет. Күнге қарап күрсініп көрген жоқсың, Мен де елжіреп көргем жоқ пендеге көп. Саған біреу қызықса сені үзеді, Маған біреу қызықса мені үзеді. Үзіледі бір күні сабағымыз, Өзгермейді бірақ та өмір өңі. Сен разы етерсің бір көңілді, Мен разы етермін сүйгенімді. Сен де, мен де тəкаппар ғұмыр сүрдік, Намыс көріп батпаққа иленуді. Сен де гүлсің сол күнге жеткеніңше, Мен де қызбын ерге еріп кеткенімше. Мен қорқамын əлде бір жанарлардан, Сен қорқасың қорадан ешкі өрілсе. Қорқыныш пен күн кешіп алаңдаумен, Саған дəурен аз сынды, маған дəурен. Тағдырымыз ұп-ұқсас екеуіміздің, Мен қыз болып, сен гүл боп жаралғанмен.

Наурыз айы туғанда ҚАР ҚЫЗЫ Қапалақтап жауып жатыр қар аппақ, Мен отырмын қатирамды парақтап. Қара жерге жазып жатыр қар жырын, Табыс етіп жүрегі мен тағдырын. Ала жаздай жүрген еді ұят деп, Құшты ақыры қара жерді құлап кеп. Қар қызының нəзік жыры еді бұл, Қара жерге білдіруі көңілін. Құлағына жете бере сөз басы, Ағып жатты қара жердің көз жасы. Жырды естіп жылап кетті еңіреп, Оған еріп жылады бар төңірек. Жапырақтың жанарлары мөлтілдеп, Дəу ағаштың иықтары селкілдеп. Тас екеш тастар да естіп, бусанып, Жанарлардан тамшылары тұр тамып. Қунанғаннан құшағына ап қар қызын, Сүйіп жатты оның жазған əр жырын. Рухына тəнті болып жігерлі, Бу етті де көкке ұшырып жіберді! Қардың жырын тыңдайды екен жер жылап, Тыңдап алып мазақтарсың сен, бірақ. Əлдекімге айтарсың-ау мақтанып, Айыпты ғып, əлдеқандай ат тағып. Қарсы алмассың қара жердей қайысып, Біліп алып қашқақтарсың, қарысып. Көкке ұшырып жібермессің бу қылып, Мен ойымды білдіргенде жыр қылып. Қар қызы емес, қазақ қызы екенмін, Көңілімді білдіре алмай өтермін.

Гүлайша Ерахмет ГҮЛДЕР Ара ұшып кеткеннен соң, Гүл біткен жылайды екен, Себебі, көңіліне сол ара ұнайды екен. Сол үшін азап шегіп, сол үшін мұңаяды, Қайтадан үнін естіп қалсам деп қылаяғы. Ара ұшып кеткеннен соң, Гүл біткен күрсінеді, Қалады өкініште, сол болып шын сүйері. Қадірін білгізуге ара алыс ұшар мүмкін, Гүл көп қой бірінен соң Біреуін құшар мүмкін. Ара ұшып кеткеннен соң, Гүл қайта жайқалады, Араны жолатпа деп əлемге жар салады. Ол сөзді тыңдайтұғын құлақ жоқ жас гүлдерде, Аралар айналсоқтап жүр əне, ақ гүлдерде. ƏДЕМІ МҰҢ Болар мүмкін жастық шақтың толқыны. Кездесуге неге асықтық сол күні. Кездеспесем жаным шығып кетердей, Ширықтым-ау салмағы ауыр кеселдей. Арманым-ау арты өкініш, басы үміт, Кездесіп ек, кездесіп ек асығып. Кездестік те көзімізде от жанды, Үзіп кете жаздап тұрдың ноқтаңды.

Наурыз айы туғанда Алақаннан шыққан жылу жанды өртеп, Аулақ кетіп тепкіміз кеп əткеншек. Айтқымыз кеп əлде бір əн шарықтап, Қиялдармен отырдық біз қалықтап. Неғып ертіп шығып едім досымды, Көп сөзіміз солар болып тосылды. Сенің де ертіп шыққан əлгі ұл досың, Екеуімізден бір жақындық білгесін. Жаныңа əкеп отырғызды мені еппен, Одан кейін биге шықтық кезекпен. Билеп жүрдім дірілімді баса алмай. Құлагерін тірі көрген Ақандай, Шаттығыңды айтып тұрдың көзіңмен, Мен сол күні би билеппін сезіммен. Қос жанарың жанымды үнсіз аймалап, Кеудем жаққа кетіп тұрды тайғанап. Саусақтарың саусағымды сүйіп көп, Мұрныма тым жағымды бір иіс кеп. Əрбір айтқан сөздеріңе балбырап, Бір жылы сөз айта да алмай ал, бірақ. Əн де тоқтап, би де бітіп, тарадық, Қоштасарда қимастықпен қарадық. ...Одан кейін талай биде болдым мен, Оның бəрі аспай қалды сол биден. Əсерінен қалып кеткен бір бидің, Менде əдемі бір мұң жүр. О, МУЗА! Сен едің Тəңірден соң табынғаным, Сені іздеп он төртімнен жалындадым. Көкте күн қолға түспес, жерде гүл бар, Керек десең сыйлайын бəрін-бəрін.

Гүлайша Ерахмет Сол күннен соң ақынға еліктеген, Мен сенің айтқаныңа көніп келем. Жымиып көз алдыма келе қалсаң, Түн бойы ұйқымды да бөліп берем. Көзімше көрсетпеші бөтен қылық, Кеудем кеңіп қалады келсең күліп. Өлкемдегі əдемі қыздың бəрін, Саған қосып берейін нөкер қылып. Сен алыстап кетпеші қорқам, көкем, Онда мұңға толады-ау ортам бөтен. Сөз салып жүрген маған жігіттерді, Қолыңа су құйдырып қойсам ба екен?!? Жастықтың базарында шаттанбай қап, Мен едім сені іздеп тапқан бейбақ. Алтыннан сарай соғып берер едім, Тамағымнан аспай жүр тапқан жармақ. Сен келіп сипағалы маңдайымнан, Жып-жылы жыр төгілді таңдайымнан. Төсек сап берейін бе төріме əкеп, Өрген бұлтты ұстап-ап тауларымнан. Он төртте саған берге уəдем үшін, Кешікті тірліктегі дəмелі ісім. Қызықсаң алқама, иə, жүзігіме, Сыйлайын одан да өткен əдемісін. Үлбіресең алдыма күліп келіп, Іргемді қалады ылғи ырыс көміп. Көркіңе көз тұндырып отырамын, Жырымнан жібек көйлек тігіп беріп.

Наурыз айы туғанда Алғалы жас басымды сен дуалап, Бір бұлақ кеудемдегі толқып ағад. Шаһарда сені ертіп жүрмін міне, Шашыңа сағыныштан шолпы қадап. Жаздырды өз тағдырым өзіме өлең, Гүл болсын күлкілерім жолыңа егер. Сені іздеп кетті десін мына халық, Жетелеп кетсе мені өлім егер. Болмайды жиырмам мынау жырламасам, Оның өзі бақыт қой бізге орасан. Ақындар арасына келгеніңде, Жетеді оң көзіңмен бір қарасаң. ЖЫЛАТПАСЫН ҚҰДАЙЫМ Сəби жылар қарны ашқанда емем деп, Кəрі жылар ажал жетсе өлем деп. Сен жылайсың маған жетпей келем деп, Мен жылаймын ақ қағазда өлең боп. Су жылайды барар жерім құрдым деп, Хайуан жылар тіршілігі бір мұң боп. Сен жылайсың бір сен үшін тудым деп, Мен жылаймын өтіп кетер бұл күн деп. Шындық жылар жалғандықтар еріп ап, Сұмдық жылар ақиқаттан безіп ап. Сен жылайсың телефонды беріп ап, Мен жылаймын жатағыма келіп ап.

Гүлайша Ерахмет Гүл жылайды күз келгенде бақтағы, Əн жылайды əуелемей аспаны. Сен жылайсың сүймеймін деп басқаны, Мен жылаймын бекітіп ап қақпаны. Көл жылайды аққу-қазы кеткенде, Жер жылайды қуаныштан көктемде. Сен жылайсың мендей болмай еш пенде, Мен жылаймын оңаша қап кештерде. Аққу жылар адастырса сыңарын, Орман жылар өрт жалмаса шынарын. Басымыздан үміт қалсын мына мұң, Жыламайық, жылатпасын Құдайым. БАҚЫТ СЫЙЛАҒЫҢ КЕЛСЕ Жеткізбей-ақ қой жер бетіндегі қымбатым, Алдыма келсең айни саларым мұнда тұр. Сондықтан, жаным, жеткізбей маған биік ұш, Басылмай өтсін өзіңе деген сүйініс. Маздатқың келсе жүректе жанған отымды, Өтінем сенен, бүркей көрме əсте бетіңді. Аясаң мені, сағынышым боп бебеулет, Бебеулеген соң төгіліп жатам өлең боп. Өлеңімді оқып жіби қалсаң да, аяма, Тартып қой солай үнсіз бір перде араға. Кездесіп қалсаң сауық кештерде мүбада, Қарасаң болды, халымды əсте сұрама?! Сөзіңнің бəрін көзіңмен жеткіз амал бар, Достасып алып қоштасып жатыр адамдар. Достасқым да жоқ, қоштасқым да жоқ сенімен,

Наурыз айы туғанда Менде адаммын ғой жетіп алған соң жерінем. Махаббатың да табысқаннан соң түк те емес, Ғашықтығыңды сақтау үшін де күш керек. Өзіңді сақтап қалуың үшін өкпелет, Өзімді сақтап қалуым үшін от керек. Ол отты сенің алыстағаның жағады, Аралық қана əдемі етер араны. Шынында маған бақыт сыйлағың келсе егер, Отағасы емес, отым бола біл өртенер. СЕН ТЕЛЕФОН БЕРМЕСЕҢ Жайнап тұрған өмірдің сұрқы қашып, Құлын мұңым кеудемде шұрқырасып. Тəңірді де, таңды да қарғай алмай, Басқа қызық жанымды алдай алмай. Еліте алмай көше де, бақша-бау да, Жетпей, құрғыр дəрменім аңсамауға. Елден бұғып жатақта жалғыз қалып, Өз отыма отырам жалғыз жанып. Ойлай-ойлай жек көріп қалам бірде, Тіл қатпауға бекініп саған мүлде. Енді сені көрмеуге бекемденіп, Ант етемін ішімнен сосын келіп. Еске алмауға тырысып сөздеріңді, Артық ете қоймақ боп өзге кімді.

Гүлайша Ерахмет Көз алдымда көп жігіт сабылысып, Өз отыма отырам жанып, ысып. Осы ойларым ары қарай бармай жатып. Сенің телефон бергенің қандай бақыт. АЗАМАТҚА ƏЗІЛ СӨЗ Сорымыз ба, кім білсін, бағымыз ба, Жанашыр жан тым аз ғой жанымызда. Мықты ұлдардың барлығы үйлі боп ап, Момын ұлдар қалған ба маңымызда? Жету үшін көздеген тауымызға, Шаң тигізбей келеміз арымызға. Жанашырлар шетінен жар тауып ап, Қатыгездер қалған ба бағымызға? Біз бармаған тосып тұр бақтар əлі, Жасқа жеттік айырар ақ-қараны. Əдепті ұлдың барлығы бас құрып ап, Əдепсіз боп барама басқалары. Қалмау үшін тозып ар, арман дағы, Қайрылмадық қызыққа қайраңдағы. Сүйкімді ұлдың барлығы той жасап ап, Сүйкімсіз боп барама қалғандары.

Наурыз айы туғанда МЕН ƏЛІ ҰЙЫҚТАҒАМ ЖОҚ Біле алмадым, Қызық сенің алдыңда ұялғаным, Ноқталаған желіге жас құлындай, Алдыңда тұрам, жаным. Ары менен ұятын бойға иман ғып, Бақыт үшін Тəңірге қолын жайып, Қиялға матайды екен қыз арманын. Кеудем менің, Білемін керемет мұң өңгергенін, Сайрап тұрған көмейдің бұлбұлы ұшып, Тілдің де келтіре алмаймын сөйлеуге ебін. Сен де түнде түрлі түс көресің бе? Мен сені ойлай берем неге күнде, Сені де бір тентектеу тербей ме мұң?! Арман-азық, Заман шығар бұл да бір алмағайып, Керім балаң кербез түн құшағында, Арман құшса ағайын барма айып, Қамшыңды алып адамдар, жүгіріспе, Қызғалдақтай құлпырған гүл үмітке, Талсын білек тəтті өлең таңға жазып. Бірақ, күнім, Қалғандаймын саған да ұнап бүгін, Бабасының дастүрін ұмытпаған, Қыз едім шынар бойлы, бұлақ бұрым. Аралына арманның аман қалдыр, Баспа бетін байыздап қарайлай жүр, Шөліңді бір қандырсын шұбат жырым.

Гүлайша Ерахмет Ұқпаған боп, Сен жайлы мұң, сен жайлы ой құшпаған боп, Алдыңда айтар ешбір сөз таппағанмен, Былай шыға сөйлеймін мықты адам боп. Мылқау түнде мұңайып отырмысың, Денем дел-сал, дегенмен, есім бүтін, Мен əлі ұйықтағам жоқ. ЖОҒАЛҒАН ЖҮРЕК Махаббат, əй махаббат, көз жоқ сенде, Кездестің неге анау бір бойжеткенге. Қуантып кеудесіне мың гүл қадап, Құшақтатып үлгердің бір күнде азап. Жігітін кеше сүйген суындырып, Кеттің ғой жас көңілдің туын жығып. Жүрегін кеттің солай ұрлап алып, Өткенін жырлап жүрді ол мұң-нала ғып. Жоғалып қалған жүрек табылмады, Достары тұрмыс құрды жанындағы. Бір жігіт қойып еді көңіл бөліп, Ауылына түсті оның келін болып. Махаббат, енді келсең болмас па еді, Өзіңсіз сылаң қақты ол жас келін. Жүрегі жоғалғанның алдыменен, Алдыменен рухани байлығы өлер. Салтын да, ғұрыпын да таптай салар, Ала жіп кездессе де аттай салар. Сені де жоқ дейді ол онан кейін, Сыйлайды нəрестеге обалды өлім. Бұ дүниенің батсам деп қызығына. Жаратқанның шет болар сызуына,

Наурыз айы туғанда Сен болсаң сəлем салар еді елге, Именіп жүрер еді ерінен де. Қастерлеп бабасының дəстүрлерін, Аталатын еді ғой жақсы келін. Жүрегі жоқ қайтеді мына келін, Бола ала ма? Əй қиын, бір əдемі үй. Жүрегін қайтадан таба ала ма, Мына тұрмыс жарасын жаза ала ма? Махаббат, ес жиятын кезің келді, Ақымақ ете берме көрінгенді. Қыздарды əкетесің желіктіріп, Адасады өзіңе сеніп сүйіп. Жүректі кеуделерден ұрлап алып, Өмір сүріп келесің мырзаланып. Кездескен жастарыңа опалы бол, Сүйгенді бірге қартайт қосағымен. Жоғалып қалды қанша сүйген жүрек, Болмашы басы бар да, аяғы жоқ. ҚАЗАҒЫМА ТІЛЕК Баптайын десең қыраның болайын, Айтайын десең жыр-əнің болайын. Шырағың болайын, шуағың болайын, Төсіңнен аққан бұлағың болайын. Бəйгеге салсаң тұлпарың болайын, Биікке ұшқан сұңқарың болайын. Қиқарың болайын, сұлтаның болайын, Ұяты мол ұрпағың болайын.

Гүлайша Ерахмет Дарқан да дарқан далаң болайын, Гүліңе құмар араң болайын, Сау болайын, сараң болайын, Тек сенің ғана балаң болайын. Баурайыңда аққан өзен болайын, Өмірде қалар өлең болайын. Төмен болайын, төрең болайын, Өзіңде туған өрен болайын. Жайқала өскен майсаң болайын, Əлемді көтерген арқаң болайын. Алшаң болайын, жайсаң болайын, Құшағыңда өскен қалқаң болайын. Құлпырып тұрған құндызың болайын, Қырыңда өскен қырмызың болайын. Айың болайын, жұлдызың болайын, Жүрегі отты бір қызың болайын. Жанары жəудір елігің болайын, Сен туған ердің серігі болайын. Сенімің болайын, керімің болайын, Айналып келіп келінің болайын. Атадан қалған асылың болайын, Көліңде ұшқан лашының болайын. Пақырың болайын, батырың болайын, Арманы асқақ ақының болайын.

Наурыз айы туғанда МЕНІҢ БІР ОҚЫРМАНЫМ БАР Менің бір оқырманым бар Абай сөзін ақылына аспан еткен. Өр Қасымның жырларын жаттап өскен, Қазақ рухы өлең деп танитұғын, Жырмен ғана жігерін жанитұғын. Менің бір оқырманым бар Мен ол үшін бір өлең жазбасам да, Қамымды жеп жүретін қай-қашан да. Қыз жырынан қыз исі аңқиды деп, Əрбір шумақ жырыма балқиды кеп. Менің бір оқырманым бар Дəмеленген аңшыдай орманда аңнан, Газеттерден іздейді, журналдардан. Жырларыма өлмейтін ғұмыр тілеп, Құттықтайды əрдайым бірінші боп. Менің бір оқырманым бар Жырым түгіл үтірін сүйетұғын, Өлеңді өнер, кие деп білетұғын, Өлеңіме жай көзбен қарамайтын, Мықты ақын болар деп бағалайтын. Менің бір оқырманым бар. КЕТЕМІН «Махаббаттың құпиясы бар мың түрлі» Сезім үшін кетірмеймін шырқымды,

Гүлайша Ерахмет Өтіп кеткен күндерді ойлап былтырғы, Сен де мендей ұмытып көр күлкіңді, Қош, саған да қоштасатын күн туды. Разы ғып өту үшін бұл көпті, Ақыны боп жасау үшін құрметті, Менің жаным сілкінуге міндетті. Сүйіп те көр жаның, тəнің сүйместі, Сонда ғана, біле аласың білместі. Жетелі боп жасау үшін жерде енді, Білімменен құрыштаймын зердемді. Дүниеге күле қарап шеңберлі, Өзімді-өзім алдай бергім келмейді. Қош, саған да қоштасатын кез келді. Жазып-жазып арман менен тəтті ойды, Өлең қылып тастап кеткен дəптерді. Мен кеткен соң мұңға батып жатта енді, Адамбыз ғой көп айтатын əттең-ді, Қош, саған да қоштасатын шақ келді. АЛАҢДАМА, АНАШЫМ Қиялдарым сүйрелеп қаламымды, Ақ қағазға қадасам жанарымды. Кейде өкпелеп қаласың қарғашыңа, Салмадың деп сөзіме назарыңды. Жазып-жазып алайын жазарымды, Жырлап-жырлап алайын бала күнді, Түймеші ана, қызыңа қабағыңды.

Наурыз айы туғанда Ұмыт етсем қазақи дəстүрімді, Қастерлеуді білмесем жастығымды. Шашу қылып əркімге шаттығымды, Намысты ұқпай көрсетсем настығымды. Өз қолыңмен жағымнан тартып жібер, Əлімді ұқпай көрсетсем асқынуды. Көмген жерді сүймесем кіндігімді, Ұғынбасам қымбат деп қыз ғұмырды. Тиянақтандыра алмай тірлігімді, Арнамасам адамға бірлігімді. Сонда ғана қабағың керек маған, Үнсіз тартып қоятын тізгінімді. Қатар өскен көршінің қызын көріп, Қиналасың тұрғандай гүлің кеміп. Мен мектептен оралсам құзыр болып, Қуанасың жатқандай қызыр қонып. Əкем мəз боп жүргенде жырын көріп, Қызыңнан алаңдайсың бүгін неғып. Шаш ағартып көбейтіп сырқаттарын, Ана болмас ойламас ұрпақ қамын. Қыз тапқаның жан ана ұлтың үшін, Ұрпақ үшін болса да ұл тапқаның. Құмай болмай ойлайтын құрсақ қамын, Жастығымның жазамын жыр-тақпағын. Қасындасың жан ана əр ісімнің, Өмір екен бұл да бір жарысы мың. Ақылы бар қыздардың бəрі əпке, Ұяты мол қыздардың бəрі сіңлім.

Гүлайша Ерахмет Мен жалғыз емеспін ғой, жаным ана, Қыз болсам да халқымның арысымын. Жырлап жатса жігітті жырым кейде, Қиналасың қиялмай гүліңді елге. Құшағыңда еркелеп өсіп келем, Гүлің болып жайқалып жұмыр белде. Асыға ма шапқанға, жүйткігенге, Кісінейді менде де құлын кеуде. Ақ сүтіңмен дарыған қайрат маған, Сен аман бол аяулы, ардақты анам. Білем мені өзгеге қимасаң да, Тағы сырмақ тігесің арнап маған. Сенің арман гүліңмін шаң баспаған, Өрісіңмін жан ана жан баспаған. Шуақ бол деп өсірдің елге нұрлы, Айта беріп қайтемін елге мұңды. Қарбаластық қажытып қарғашыңды, Қиял деп аталатын көлде жүзді. Өтеп бере алмадым еңбегіңді, Жуып бере алмадым көйлегіңді. Ақындардың есіңе ап кешірмесін, Күрсінесің жан ана несін, несін. «Ақын қыз» деп атап жүр халық мені, Мені өзің батыл ғып өсіргесін. Қиянды шарлайды ғой қырандар да, Қанаты мен тырнағы жетілгесін. Бойжеткені болған соң замананың, Бақытымды басқаша бағаладым.

Наурыз айы туғанда Мен төріңнің он күндік қонағымын, Он бесінде ойлантқан ағаларын. Тілейтін Тəңірінен бала бағын, Тəлейіме аман бол ана жаным, Түймеші тек қызыңа қабағыңды.

ШАЙЫРЛАР ЖЫРЫН ЖАЛҒАҒАМ Тəтті армандарды тəртіптеріме көгендеп. Еппенен сосын есігімді ұрады өлең кеп, Жырыма құлмын, Жаратқаннан соң, расым, Жүрегім сыздап, орталағанда қуатым, Жүргені үшін мені емдеп. Сəттерім де көп көзім мен көңілім арбасқан, Басқадан емес, бағымды іздеймін бармақтан. Мұздадым, тоңдым көшіне өмірдің ергелі, Көрпеге сенбеймін – жылытқан жоқ ол мені, Жырларым ғана жанымның отын маздатқан. Жағадан жауың алғанда, иттер балақтан, Əл-дəрмен жинап аламын іштей аяттан. Досың да ондай жадырата алмас жаныңды, Долларың да ондай тулата да алмас қаныңды, Қандай ғажайып, қазақша күй мен қазақша əн. Бойжеткенің ем, шайырлар жырын жалғаған, Өлеңім болды өмірден сүйген ханзадам. Ханзадама еріп қаншама жерге барармын, Иманды жігіт жолыққанынша маған бір, Алдансам соған алданам.

Гүлайша Ерахмет Жандардың өзі жанашырым деп санаған, Жақсылығыңа жаман көзімен қараған. Түнге де сенбеймін нəпсілерге от қоятын, Күнге де сенбеймін кеш батса ғайып болатын, Ханзадаға ерем, ал, саған сенем, Тағалам. ЖЫРЫМ ҚАЛАР Алғыс айтқым келеді өмірге бұл, Сөзім жақсы, болғанмен көзімде мұң. Он төртімде өлеңге əскер болып, Майдан көрдім сан мəрте, шегінбедім. Шынықтырып жүйкені, клеткамды, Сия қылып жыр жаздым жүрек-қанды. Соқпақтарда сүріне жаздаған ем, Иман мен ар сүрінтпей сүйеп қалды. Жаратқанға өскемін тəубе қылып, Тəтті болады екен таудағы үміт. Сүйреп келем сүйкімді арманымды, Ақ таңдарым атар деп алда күліп. Əдепті өскен қызымын орта жүздің, Көңілі ауғыш сондықтан шортан ұлдың. Қалтамда он тиыным болмаса да, Он жігіт сүйемін деп сөз салып жүр. Қыздар мені түсінгіш, ұл жаратып, Қыстақта өскен қыз үшін бұл да бақыт. Адамдардың ашқарақ жүрегіне, Өтсем деймін өмірден жыр жалатып.

Наурыз айы туғанда Мені əскер ғып алғалы жыр мектебі, Жүр əдемі бір арман билеп мені. Күпі киген қазақи қара өлеңге, Кигізгім кеп туфли биік өкшелі. Ұлым болар менің де, қызым болар, Өз бақытын іздейді түбінде олар. Көкжиектен жұлдызым құлағанда, Менің исім аңқыған жырым қалар. МЕН ЕМЕСПІН Мен емеспін бұл жырлардың авторы, Авторы оның мендік ойдың əттеңі. Авторы оның үміт пенен өкініш, Солар маған жыр жаздырды өтініп. Мен автормын ұнату мен қиялға, Бірақ, жазып көргенім жоқ шығарма. Қыз бала деп аталатын қырсықтан, Ұнатуым көңілімде тұншыққан. Сəл төмендеу жаралған соң біз ерден, Қиялды да көкке ұшырып жібергем. Қолымнан бар келетіні ұнату, Жасырмаймын осы менің расым. Менің автор болуыма күн ерте, Көтере алмай қалар оны бұл өлке. Сондықтан да авторлықтан бас тартам, Күбірі ол, көңілімнің тас-талқан. Мен авторға айналған күн шынымен, Жырларымды жатқа оқиды дүйім ел.

Гүлайша Ерахмет НАЗ Самал ма ең үнсіз тербейтін, Заман ба ең қайтып келмейтін. Назданып жазған жырымды, Жайланып оқи бергейсің. Құс па едің қолға қонбайтын, Түс пе едің жорып болмайтын. Құлазып жазған жырымды, Бірауық оқып қойғайсың. Шуағын шашқан күндейсің, Шырағын асқан түндейсің. Мұңданып жазған жырымды, Ұрланып оқып жүргейсің. Жадыңда жүрмін алай да, Сағынба енді жарай ма?!? Бұртиып жазған жырымды, Күрсініп оқып тəмамда. ШАЙТАН БАР Байқаңдар, байқаңдар, байқаңдар, Телефон сымында шайтан бар. Сыбырлап шайтандар жабылып, Біреуді іздейсің сағынып. Біреуді сағынсаң құп дер ем, Адамға тəн сезім үйткені ол. Екеуін сағынып ертесі, Ақырын басталар дерт осы.

Наурыз айы туғанда Үшеуін сағынып содан соң, Төрт, беске өтесің одан сен. Көбейіп кетеді əм танысың, Білмейсің қайсының жанысың. Қайсына берілер көңілің, Күрделі күйге енер өмірің. Барлығы шайтанның кеселі, Ұмытып сөзіңді кешегі. Ертесі біреуге елжіреп, Тоқтата алмайсың болды деп. Сезімді бүлдірген əдемі, Бəрі де шайтанның əлегі. Жігіттер сөйлейді бес түрлі, Қыздарда ибалық ескірді. Көбейді сағыныш формасы, Əйелін алдайды жолдасы. Жолдасын алдайды əйелі, Оның да сөйлесер бар ері. Телефон болмаған күндерде, Сағыныш аз еді біздерде. Жан ыстық көрініп тыстағы, Күн кештік санадан тысқары. Телефон сымында шайтан бар, Бисмилə деңдер алсаңдар. ҚЫЗ ҮМІТІ Өмір, өмір жасатқан қызға есебін, Елесіңді құштырып күнде сенің. Бала күнде анама еріп барып, Қонақ болдым үйіңде бірнеше күн.

Гүлайша Ерахмет Мерекесі сол күні аналардың, Өмір өзі мейрам ғой балаға əр күн. Сыртқа шықсам итіңді қорып жүрдің, Қорымасаң сол итке таланармын. Үйге кірем жүре алмай далада көп, Ит арсылдап жатқан соң қарала боп. Адамдықты үйренген сəбиінен, Ой орнады сен жайлы санама кеп. Ұяң бала менің де ұяң жаным, Сүйкімді еді сондағы ұялғаның. Ұялумен сен үйге кірмей қойдың, Иттен қорқып сыртқа көп шыға алмадым. Көз алдымнан кетпейді бұл іс əлі, Əп-əдемі бала едің түрі-сəні. Күлімсіреп итіңді тұрдың қорып, Біз кететін үйіңнен күні тағы. Жанарыңда мөлдіреп арман арай, Қалып едің жаудырап қарға бала-ай. Екі ананың достығын үн-түнсіз-ақ, Жалғап кете бердік біз алға қарай. Қызық сезіп көзіңнің көп қарауын, Алғаш түсті сол күні өртке жаным. Аналардың мерекесі келген сайын, Бала күнгі бейнеңді еске аламын. Өз құрбысы ішінен биіктеген, Сені əлі де мейірімді жігіт көрем. Қарала итше жолыққан пəлелерден, Өзің қорғап жүрер деп үміттенем.

Наурыз айы туғанда ЖІГІТТЕРГЕ Басынан құс ұшырмай бағзы заман, Адам еткен анасы баулып аман. Үлпершекке оранған ұяң қыз көп, Өте алмайтын қарамай əрбір адам. Сол қыздардың бағы да еркектерден, Сол қыздардың соры да еркектерден. Сендерге еріп адасса адасады ол, Ханша болса болады ертектердей. Қыз уайым шекпесін, қыз уайым, Шошындырған мені де өмір-аю. Сор сыйламай қыздарға бақ сыйлаңдар, Онсыздағы тірліктің соры қалың. Сол қыздардың құшақтап мұң-наласын, Ақын болдым бұл күнде жыр жазатын. Жігіт болған, ер болған осы екен деп, Жылатпаңдар қазақтың қыз баласын. Тұнық көлін қыздардың шайқамаңдар. Кездессе егер алдыңнан аңсаған жан. Шын сүйетін аруын алып қашқан, Ер Сəменнің ерлігін қайталаңдар. Салғанына тағдырдың көнбекте мұң, Қыздың жаны емес қой ермек те ойын. Қыздың жасы қиын деп айтады жұрт, Жылатпаңдар қазақтың бойжеткенін.

Гүлайша Ерахмет ТҰРМЫС Жастамын он сегізден оты бөлек, Тағы бір көш қосылды көшіме кеп. Ол болса тұрмыс дейтін шындық көші, Мен де енді жүгінейін шындыққа осы. Жиырма жыл өте шықты жыр əн айтып, Өтті солай көп күнім романтик. Барға да, бар емеске қиялданып, Жыр үшін күн кешіппін жиі ойланып. Есеймей қойдым, əйтеу, бойжетсем де, Мен көшпей қалып қойдым ел көшкенде. Достарым балаларын сүндеттетіп, Үбірлі болып отыр үй боп кетіп. Ал мен де жоқ демеймін, болады алда, Тағармын басыма əйбат орамал да. Қайран күн төбемде үкім бұлғақтаған, Қоштасар қолын қимай бұлғап маған. Мені қанша тұрса да гүлге бөлеп, Тұрмыс қой өлеңімнен мүлде бөлек. Арасын екеуінің дəнекерлеп, Ендеше қарсы алайын тəуекел деп. Сол үшін сала алмаймын жырымды отқа, Тұрмыс ол жыр жазудан қиын боп па?!? Арасын екеуінің ажыратпай, Жылаңқы жырларымды жамыратпай. Тұрмыста ел қатары ғұмыр кешіп, Ал, жырда өтейін бір дүрілдетіп. Сергиін, секірейін алға қарай, Тек мені сол бір шындық алдамағай.

Наурыз айы туғанда МІНƏЖАТ Тағы да бүгін жыладым, Айықпай қойды-ау мына мұң. Қай жақта жүрсің болыспай, Қай жақта жүрсің, Құдайым. Аспанда дейді біреулер, Асқарда дейді біреулер. Сиынсам саған сиынам, Ешбір пендеге сүйенбей. Ашық қыл менің жолымды, Алдымнан шығар жоғымды. Жылатқан мені пендеден, Алып бер менің кегімді. Көңілімді тынышты ет, Жатырмын жалаға күйіп кеп. Ел ішінде дес беріп, Еңсемді біраз биіктет. Сақтансаң сақтаймын деп едің, Сақтанып сөйлеп келемін. Таудай талап қылайын, Бармақтай бақты бер өзің. Халымды менің көрсеңші, Көрсеңші көңіл бөлсеңші. Өлеңді берген пендеңе, Көгенді қоса берсеңші.

Гүлайша Ерахмет Жалғыздығымнан құтылдыр, Тұрмыстың мəнін түсіндір. Сыйлаған бақыт құсың да, Басыма қонбай ұшып жүр. Сөзімді сөйлер жоқ кісім, Көрсетпе дұшпан тепкісін. Егерде неке бұйырсаң, Жолықтыр ердің естісін. Жоқ күнімнен бар қылдың, Бір түйір қан ем жан қылдың. Аузыма өзің сөз салып, Есінде елдің қалдырдың. Алдыңа жүрмін кете алмай, Арманға жүрмін жете алмай. Өмір түгіл өзімнің, Жұмбағымды да шеше алмай. Ырыздық бердің даладан, Ырыздық бердің қаладан. Қай тұста жүрсің болыспай, Қайдасың менің Тағалам. Өмірден де қорқамын, Өлуден де қорқамын. Аһ ұрып жылап құлың тұр, Арасында екі ортаның.

Наурыз айы туғанда МЫРЗА МҰҢ Сағыныштар жүрегімді жұлып жеп, Тағы да бір жыр бастадым күбірлеп. Түнгі сағат болып қапты бір жарым, Қонақ болып отыр маған мырза мұң. Мұңның басын сылайын деп жырыммен, Тағы ұйқымды ұрлатармын бүгін мен. Опасыздық көрген кезде досымнан, Сонау жылы, танысып ек тосыннан. Кəлимаға келтіргелі тілімді, Мені іздеп келуі оның бүгінгі. Зорға-зорға тынышталған жүрекпен, Ренжімес өткен күнді жыр етсем. Бұрынғыдан байсалдырақ күйменен, Оған оқып берейінші түрлі өлең. Мұң деседе көз көрген ғой бұрынғы, Келіп қапты жасайын бір сыйымды. Шай берейін бусандырып самайын, Жырларымнан жібек шарпы тағайын. Мені енді іздеп келме десем ұят қой, Мені күнде іздемейді бірақ та ол. Ол да мендей іштен тынған шерлі ғой, Мені өзін түсінер деп келді ғой. ... О, мырза мұң - қасіреттің баласы, Өте-мөте қыздың жанын аяшы. Енді менен басқа қызбен таныспа, Жоламай-ақ қойшы мына халыққа. Жырдан таққан жібек шарпың желбіреп, Көкке ұшып кете ғойшы көлбіреп.

Гүлайша Ерахмет БІЗДІҢ ЖАҚТЫҢ... Біздің жақтың тауы қандай еңселі, Бала күннен көріп өстім мен соны. Кей кездерде таулыққа тəн мінезбен, Тəкаппарлау дүниені сүйем мен. Асау өзен ағып-ағып долданып, Қосылар-ау Балқашына ол барып. Асаулық ол батырлық қой рас-ау, Кейде асаулау мінездерді ұнатам. Біздің жақтың ауасы да тап-таза, Тазалық бар жаңбыр шайған таста да. Танысқанда маңызды емес түр-рең, Жаны таза адам ба деп үңілем. Біздің жақтың иір-қиыр жолдары, Осы өңірге тəн қасиет ол дағы. Сол жолдардан ойлар түйгем көптеген, Бір сыдырғы өмірді де жек көрем. ОҚЫРМАНДАРҒА ЖАУАП Мен өлеңді жазбаймын атақ үшін, Жазамын тек көңілді жасау үшін. Жаздың ба деп ақша үшін қарамашы, Жарытып та тұрған жоқ қаламақы. Көйлек алсаң жетпейді көншегіңе, Ақын - кедей осыдан менше міне. Мейлі, мейлі сондада жазам өлең, Кеше, бүгін, ертең де жаза берем.

Наурыз айы туғанда Мың бұлттап, бір жауып өту үшін, Өткен күннің ұмыт қып өкінішін. Көзбен емес көңілмен жылау үшін. Жаратқаннан кешірім сұрау үшін. Жыр жазамын күндіз де, түндерде де, Қарсы болып сүюге, сүймеуге де. Өрнек салып отыз бес əріппенен, Өлең осы болар деп жазып келем. Дауыстыны жұптаймын дауыстымен, Былайша бір айтқанда əріп тізем. Қаны оның тап-таза қазақ қаны, Адамдардың оқиды жаратқаны. «Мен өлеңді жазбаймын ермек үшін», Жазамын тек өзімді емдеу үшін. КЕЛІНШЕК – Тəте, тəте, анау келіншек күлкіші, Неткен сұлу түр-түсі. Сонда анашым күлімсірей күрсініп, – Дейтұғын ол шын бақыттың күлкісі. – Тəте, тəте, дүкенші келіншектің, Жылағанын көріп алып селт еттім. Сонда анамның сəл түйіліп қабағы, – Жəбірі ғой дейтұғын ол еркектің. – Тəте, тəте, көрші келіншек қылықты, Үй артында шылым шегіп тұрыпты.

Гүлайша Ерахмет Сонда анам бəсең үнмен тіл қатып, – Басқаны ғой дейтін ішкі күйікті. – Тəте, тəте, доғдыр келіншек орамалын шешіпті, Шалбар киіп, бұрымын да кесіпті. Сонда анамның аппақ жүзы күреңітіп, – Дейтұғын ол шайтанға еріп кетіпті. Ол кез менің бала күнім, ақымақ, Бантик байлап жүрген кезім басыма ақ. Анама ылғи əңгіме ғып беруші ем, Қыстақтағы бар келіншекті бақылап. Бірақ, анам жек көрмейтін ешбірін, Босанғанға барады айтып жасы ұзақ. Келіншек қайдан пайда болды сонда деп, Ойлаушы едім көрпе ішінде жатып-ап. Бірі күлсе, бірі жылап, біреуі Неге, неге шылым шегіп аһ ұрад. ҚЫЗЫЛТАС Қызылтас, ыстық едің жастайымнан, Жүк жинап ойнаушы едім тастарыңнан. Бара алмай жүрсем кешір баурайыңа, Басымды айналдырып басқа думан. Көрініп кейде аласа, кейде биік, Жатқан тас сен едің ғой дөңде күйіп. Тапжылмай тұра алмадым сен сияқты, Мені өмір жаратқан соң пенде қылып.

Наурыз айы туғанда Жатырсың туған жердің желі аймалап, Қасиет сіңген саған содан ғажап, Қызарып сен жатырсың анау дөңде, Қызарып мен отырмын төмен қарап. Қызыл тас бар болғанмен талай жерде, Əсерің, орның сенің алайда өзге. Саған қарап күрсініп тұрар əкем, Атын тұсай шыққанда анау белге. Тұра бер мəңгі орыныңда дараланып, Мен сені кете алмаймын қалаға алып. Томпиып отырғаным еске түсіп, Күрсінер анам саған қарап алып. Қынаңнан сырмақ жасап, көйлек тігіп, Жүн сабап ойнаушы едім, өрмек құрып. Қызықпас болсам кешір қынаңа да, Үстіме қызыл, жасыл көйлек киіп. Көзіме көрінуші ең кереметтей, Шықса атың тұра алмаймын елең етпей. Сəбидің саусақтарын шынықтырған, Ең ұлы үнсіз ұстаз сен емес пе ең?! КОФЕХАНАДА Кермектеу кофе кенеттен, Бал татып кетті ерніме. Алысып сезім, елеспен, Жаныңда отырмын мен міне.

Гүлайша Ерахмет Не десең, о де қолыңда ем, Кетемін күйіп жоладың. Сүрмелі қасты көзіммен, Сүзіле қарап қоямын. Кофенің иісі бұрқырап, Мұрнымызды отыр қытықтап. Ұяттың жаны шырқырап, Беретін емес ұрықсат. Кездестік зорға дегенмен, Сөз таппай тұрмын айтарға. Бөлек көруші ем сені елден, Қолымды ұстата салсам ба?!? ӨЛЕҢ ЖАЙЛЫ Музамен дос, прозамен бөле едің, Жерге əсте көме алмаған сені өлім. Заманға сай жазамын деп зорласам, Кешіре көр, өлеңім. Серігім де сен едің. Тегіңнен-ақ бабаң еді қара өлең, Сол үшін де сүйінетін саған ел. Сасқалақтап саған қысым түсірдім, Шарт қойған соң маған ел. Құшағыңнан пана бер. Қамап қойып қиял дейтін қораға, Түсіп кетсем тірлік дейтін додаға.

Наурыз айы туғанда Өзі нəзік жүрегімді текпілеп, Жыламай ғой, бола ма?! Əй, саған да обал ə. Беруші ең жанға жігер, өмірге айбат, Жүрмеуші ең көрінгеннің қолында ойнап. Зердеден теңге үстем бұл заманда, Сен маған қоныпсың-ау сорың қайнап. Күнім жоқ саған бақыт тілемеген, Қарғысыңды заманға айт киелі өлең. Бір анадан туғандар араздасып, Тебісіп жүр туғандар бір енеден. Кеудеңнен итермеп ед еш алашың, Ол кезде асқақ еді десе де атың. Ғасырдың қабағына қараймын деп, Болған да шығармын мен осал ақын. Жыр жазып, жыр оқуды ескішілдік, Деп айтқан соң əлдекім, көп қысылдық. Заманға сəйкесейін деген оймен, Қалам да қолдан кейде кетті сырғып. Санасында əркімнің тұрмысы жүр. Қайдан болсын жүрекпен жырды сүю. Қайда барсаң қаптаған назария, Көңілдерге сіңе алмай жыр құсы жүр. Араз боп сені сүймес жарандармен. Дос болдым сені ұнатқан адамдармен, Ақынын əкімінен биік көрген, Сағындым кешегі өткен заманды əбден.

Гүлайша Ерахмет Іздеп жүр интернеттен ұлың бақыт, Қызығып қоймас саған қызың да түк. Сені мүлдем ұмытқан жұрт ішінде, Көтеріп жүрмін сені шырылдатып. Ашиды саған жаным, көкем өлең, Көгерер мезгілің ед көсегең ең. Баяғы айбатыңнан айрылмас та ең, Басына көтергенде осы ел егер. КІРПІКТЕРІМ ДІРІЛДЕП Өзі қысқа қыз ғұмырдың қысқа минуттарынан, Өзі нəзік жүрегімнің қызыл күрең қанынан. Уақыт ұтып, сия сұрап, өлең жазбақ боламын, Асау-асау сезімдердің еппен сипап жалынан. Өзі опасыз дүниенің жалғандығын кешіріп, Өмір-айна қараймын да күлем сосын өтірік. Өлең дейтін өзгеше бір сарай салып жатады, Менің мынау денемдегі бар клетка қосылып. Өзі бала көңілімді даналыққа сүйрелеп, Сабырлыққа шақырам да мінезімді күйгелек. Ақ парақтың бетіне кеп талқы жасап жатамыз, Қалам, саусақ, ар-иманым барлығымыз үймелеп. Өзі гүлдей тағдырымды қазан ұрмас күн бұрын, Ең қымбатты минуттардың қаза қылмай ыңғылын... Көкірегімде көмескі бір қайшылық боп жатады, Сана, нəпсі, ұяттарым көзге шұқып бір-бірін.

Наурыз айы туғанда Арман, қиял, үміттерім, мұратымның миын жеп, Жақ-жақ болып төбелесіп, алды-алдына дүрілдеп. Ақылым кеп мұның бəрін жөнге салып болғанша, Мен қалжырап отырамын кірпіктерім дірілдеп. БҰРЫННАН ОЗАТ ЕМЕС ЕМ Бұрыннан озат емес ем, Класком тіпті болғам жоқ. Мұғалімдерім ересен, Əйтеуір, елу қойған жоқ. Емтихан онда көп біздің, Алпысқа зорға ілініп. Он неше жылды өткіздім, Жығылып жүріп, сүрініп. Тым құштар едім өмірге, Сезді ме соны тағдырым. Институтқа кетер кезімде, Тəлейім келіп қалды бір. Өте де шықты бес жылым, Ойлап тым, осы болған деп. Мұғалімдердің ешбірі, Онда да елу қойған жоқ. Бақыттың əсем бағына, Кіруім үшін күлімдеп. Махаббат емтиханына, Тізімделіп ем бүгін кеп.

Гүлайша Ерахмет Шарпыды бойды жылы ағын, Сол жігіт мені сүйгелі. Тəңір дейтін мұғалім, Елу қоймаса игі еді. ҚЫЗ БАЛА Өз үйінде бойжетіп, өзге үйде ержеткен, Өз үйінде тербеліп, өзге үйде бесік тербеткен. Өзге үйде көрген жапаны, өз үйінде көрместен. Өз үйінде аққу боп, өзге үйде таранған. Өз үйіндегі қара шаш, өзге үйде ағарған, Өзі үшін емес-ау, өзгелер үшін жаралған. Өз үйінде қыз болып, өзге үйде əйел атанған, Өз үйінде тəрбие, өзге үйде ақ бата алған. Өз үйінде жібектей, өзге үйде болған қатал жан. Өз үйінде еркелеп, өзге үйде ер баққан, Өз үйінде қуыршақ, өзге үйде бала ойнатқан. Өз үйіндегі кінəсі, өзге үйде сорлатқан. Өз үйінде туылып, өзге үйде өлетін, Өз үйіндегі бақытын, өзге үйден көретін. Өз үйінде бота боп, өзге үйге шөгетін. Өз үйінде іңгəлап, өзге үйге іңгə сыйлаған, Өз үйінде қуыршақ, өзге үйде жиһаз жинаған. Өзге үйге сыйса да, өз үйіне сыймаған...

Наурыз айы туғанда МІНЕЗ Қиялыма бесік қып түн құшағын, Тағы жақтым аңсаудың мұңлы шамын. Осы жазған жырымды місе тұтпай, Дастан жазып көрмекке тырмысамын. Болмайтынын білемін мұңсыз өмір, Кейде өжет боп, кей кезде іркілемін. Күлмейтұғын жерлерде күлім қағып, Күлетұғын жерлерде күрсінемін. Бодау бердім тірлік деп қаншама жыл, Не нəрсе еді сондағы аңсағаным. Басымдағы бағыма шүкір демей, Бақытына басқаның тамсанамын. Қандай жандар отырар тəуба десіп, Шаршап біттім бар-жоқты арман етіп. Қалаға əрең келгенім есімде жоқ, Қалғым келіп тұрады тауға кетіп. Біткен сынды бұл мінез жалғыз маған, Сүйіп тұрып бірдемде айни қалам. Жұрт ішінде отырған сəттерімде, Орай іздейім оңаша жалғыз қалар. Қол жетпеске көңілім шөлдер кейде, Көңіл содан дүрдеараз көзбен кейде. Ал, оңаша қалғанда жалғызбын деп, Жабырқаймын мұң шағып ел мен жерге. Ұқсамай ма клеткам басқаларға?! Берген бағын алмасын бастан Алла.

Гүлайша Ерахмет Аңсағыш мынау асау жүрегімді, Арқандап қойсам ба екен ақ қағазға! ТОҚЫДЫМ ЖЫРДАН ШƏРПІ Ойымнан иə түсімнен шықпас адам, Кестелеп бермеппін-ау шыт та саған. Тоқыдым жырдан шəрпі жылырақ қып, Əдейі ұсынбаққа қыста саған. Күй кешіп жүрмін міне күйікке тең, Жадырап қалар ма едім бір иіскесең. Құйылған сағыныштың сары қымызы, Қолымда жарқырайды үміт кесем. Жаныма жырдан қанат байлап алып, Жүргенде арманыммен айға барып. Кеудемнен орын алып үлгеріпсің, Сəл сезімшілдігімнен пайдаланып. Оқ атпас мергенсің-ау осал аңға, Бармайды, бармайды аузым қош-аманға... Керемет қиялдарға кетіп жүрмін, «Шəй құйып отырсам деп босағаңда» . Өзің боп жеберім де, сенерім де, Қайтадан алып келдің мені өмірге. Сағындым жанды өртейтін сөздеріңді, Сағындым саусағыңның бедерін де. Тілім де жеткізе алмас тілегімді, Жастанып ұйықтарма екем білегіңді.

Наурыз айы туғанда Екеу болса қайтер ем, есім шықты-ау, Басқара алмай жалғыз тал жүрегімді. САҒАН ТЕЛЕФОН ШАЛУ Саған телефон шалу Жанартауға жақындаумен барабар, Сағынышымды сезіндіру шама бар. Саған телефон шалу Жерде емес кеңістікте кездесу, Жүрегімді жылы сөзбен тербету. Саған телефон шалу Сан үміт пен сан өкпеге жолығу, Сан миллион сезім-сеңге соғылу. Саған телефон шалу Көлден жүзіп өтуден де қатерлі, Көрген барлық қызығымнан əсерлі. Саған телефон шалу Ұқтырады нəзіктіктің өлшемін, Күлге айналып кете жаздар қолфоным. Саған телефон шалу Ұстатқандай жиырма бестің саусағын, Он сегізбен қауыштырар қайта бір.

Гүлайша Ерахмет ӨМІР Жақсылығымен күлдіреді өмір, Жамандығымен бүлдіреді өмір. Көлдің бəріне аққу құс қайда, Үйрек пен қазын жүздіреді өмір. Алмайтын затты алғызады өмір, Бармайтын жерге барғызады өмір. Аппақ тамақты əжім басса да Жақұттан алқа салғызады өмір. Жақыныңды да жат қылады өмір, Асылыңды да дат қылады өмір. Мергеннің бəріне бесатар қайда, Ши оқпен де аң атқызады өмір. Опалы ұрпақ сүйгізеді өмір, Оқалы тон да кигізеді өмір. Жігіттің бəріне ақбоз ат қайда, Қараға, торыға мінгізеді өмір. Тəттісін беріп алдатады өмір, Ащысын беріп зарлатады өмір. Жібектің бəріне Төлеген қайда, Бекежанды да таңдатады өмір. Талайды кейде зор қылады өмір, Дəмені кейде қор қылады өмір. Гүлдің бəріне көбелек қайда, Қоңыздарын да қондырады өмір. Тəубеңе талай келгізеді өмір, Əрнеге көңіл бөлгізеді өмір.

Наурыз айы туғанда Жүйріктің бəріне бас бəйге қайда, Мəстекке жүлде бергізеді өмір. Жабағыңды да ат қылады өмір, Танауыңды да тасқа ұрады өмір. Сарайдың бəріне салтанат қайда, Төріне қанден бақтырады өмір. Күйіктен біреуді жылатады өмір, Биіктен біреуді құлатады өмір. Пенденің бəріне мəңгілік қайда, Бəрімізді де ұзатады өмір. КҮНІ ЕРТЕҢ Мына халық дейді мені жас əлі, Бұл қабырғам қашан ғана қатады. Тұрмыс деген қиын дейді үлкендер, Ақындық та жапалы. Қаршадай қыз деп айтады біреулер, Жас жүрекпен жалпақ елді сүйем мен. Қарт жазушы болсам деймін күні ертең, Қаламына сүйенген. Қырандарда қиыр шарлап жетілед, Кемшілігім – ойланғаным кешірек. Жүрсем деймін əлемдегі қыздардың, Рухани досы боп. Жерсіздіктен қалған қиын елсіз боп, Өмірде ақын-жазушыға мол дүрмек.

Гүлайша Ерахмет Жыр өлкеде кенжесі мен болған соң, Ақын қыздар келсе үйіме төркіндеп. Өрге қарай домалатқан ар тасын, Ақындардың үлгі қылдым марқасын. Жігіттерге сеніп, сүйіп келіппін, Күн келмесін сенбеймін деп айтатын. От құшағын ашар екен кім маған?! Басымды көп қатырып жүр бұл заман. Екеуіміз деп өлең жаздым он жылдай, Енді қашан үшеуіміз деп, Төртеуіміз деп жыр жазам. ЖЕҢГЕМНІҢ АҒАМА АЙТАТЫН НАЗЫ Лағылдан моншақ тағынып, Торқаға бойым малынып. Шаттықтан жүрек жарылып, Қасыңда тұрсам деп едім – Қап-қара түнді жамылып. Айта алмай бір сөз іркіліп, Бүлдірген ернім бұлтиып, Миығыма əнтек күлкі ұйып, Қасыңда тұрсам деп едім – Қыдығым келіп бұлқынып. Жұмылып бірде көзіміз, Үзіле шығып сөзіміз, Өне бойды өртеп деміміз,

Наурыз айы туғанда Қасыңда тұрсам деп едім – Қолымызды сүйіп қолымыз. Кестелі шытты бере алмай, Сеніп-ап жəне сене алмай, Қорқынышымды жеңе алмай, Қасыңда тұрсам деп едім – «Қашан келесің» дей алмай. Ырқыңа сені көндірмей, Сезімге арды жеңдірмей, Шайтанның тіліне ердірмей, Қасыңда тұрсам деп едім – Сағынғанымды сездірмей. Біреулер көріп қояр деп, Көріп қойса ұят болар деп, Үйде апам əлі ояу деп, Қасыңда тұрсам деп едім – Тойымыз қашан болар деп. Мойныңа үнсіз асылып, Сүйетінімді жасырып, Жарың болуға асығып, Қасыңда тұрсам деп едім – Ауылдың таңын атырып. Əр талын сүйіп шашымның, Келем деп жəне жақын күн, Айылын тартсаң атыңның, Қасыңда тұрсам деп едім – ...Қасыңда ұйықтап жатырмын.

Гүлайша Ерахмет ҮЙІМЕ ҚҰРАН ІЛГЕЛІ Үйіме құран ілгелі, Жұмысымның бəрі сəтті боп, Татқанымның бəрі тəтті боп. Досымның бəрі қоршап жүр, Дұшпанымның өзі бақ тілеп. Таңертең күліп оянам, Көрген түсім де жақсы боп. Үйіме құран ілгелі, Жеңілдеп кетті денем де, Қайтадан тапты өлең де. Шайтандар тұра кеп қашты, Жаман көрсеткен мені елге. Басыма қонғалы жүр-ау, Бақыт құсы ұшып төбемде. Үйіме құран ілгелі, Өңім де кетті нұрланып, Жүрмейтін болдым мұңданып. Бойымнан ұшып кеткендей, Пендешілік пен қызғаныш. Айтқан əрбір сөзіме, Əркімдер жүр иланып. Үйіме құран ілгелі, Қорқыныштардан серпілдім, Тəубамды шындап келтірдім. Мұхаметке үмбет болғанға, Қуанамын да, толқимын. Жеңімнен тарта да алмай жүр, Баяғыдағы жемтір мұң.

Наурыз айы туғанда Үйіме құран ілгелі, Сабырлы болдым желп етпей, Көрігенге күш көрсетпей. Қанағат еттім барына, Артық ақша үшін тер төкпей. Алланың алақанында екен, Дəметкен бағым еркектен. Үйіме құран ілгелі, Иманымды шын үйірдім, Сəждеге келіп жығылдым. Ақымақ болған басым-ай, Атасын білмей ғылымның. Кінəмді жуып жатырмын, Бір бұрышында үйімнің. КҮЙТІҢ Қалайша екен бұл жақтың маған түні жат, Батпай қояды-ау, батпай қояды күні ұзақ. Ауылымды ойлап арманға толы күн кешем, Қиялдарыммен қыр-қияларға шығып ап. Қалайша екен түсіме енеді далам көп, Қаладан жүрмін қолға ұстағаным қалам боп. Отырам үнсіз саусақтарымды ысқылап, Ісмер қыздардың сіңлісі едім амал жоқ. Атамзаманды аңсамайтұғын күнім жоқ, Шаршатады өмір сүюлер бар да, күю жоқ. Қыз Жібек болып қызық бір ойға батамын, Төркін көңілге Төлеген мырза ұрын кеп.

Гүлайша Ерахмет Айран арманды əлдебір күдік ірітіп, Көкірегімде көкжал үміттер ұлысып. Кетемін бірде құралайы боп заманның, Басымды мынау барыс ойларға мүжітіп. Түңлігім бетөн, қабырға қалың, түн керең. Сап-салқын сарай, əн естілмейді іргеден. Қашып жүреміз қарағайы көп өңірде, Сағыныш – Сəмен, Салиха қыз боп бірде мен. Жеткен жер осы ерем деп жүріп жыр қызға, Өзені де жоқ, жоқ тіпті тепсең, шың-құзда. Иті абалаған ауылдың таңын сағынып, Иті жоқ жерде итпектеп күндер сырғуда. Тағдырдың қолы жібек сезімді түтуде. Тірлік бастадым өңім бе, əлде түсім бе? Керемет əнның кейіпкері боп қалатын, Кербездіктерін жоғалтқан қыздар ішінде. Айтатыным сол «ауылға барып келсем, е», Өкпелеймін де өгей жанарлы өлкеме. Қиялмен теріп бүлдіргендерін қырқаның, Кем сөзді болып отырам ылғи кеңседе.

БƏРІ ДЕ РАС «Сүйемін» дейтін сөздерің рас, Іздейтін мені көздерің рас. Іренжітсем де бір сылтау тауып, Телефон соға бергенің де рас.

Наурыз айы туғанда Жолымды ұзақ күткенің рас, Мен жайлы көрген түстерің рас. Ширығып тістеп шылымыңды да, Ашумен арақ ішкенің рас. Қормал боп созған қолдарың рас, Мен үшін кешкен ойларың рас. Шілденің шыдап ыстығына да, Қыстарда тосып тоңғаның рас. Əрдайым айтар тілегің рас, Бір мен деп соққан жүрегің рас. Жалғандығы мол жалған да мынау, Сүйе алсаң екен бір өмір рас. ҚЫЗ БОЛЫП ТУҒАНЫМА Қырық қыздың ішінен имендіріп, Биге тартқан жігітпен билеп жүріп. Биден тарап қайтқанда əзілдесіп, Қайтқан сəтте мені əкеп үйге ендіріп, Қыз болып туғаныма қуанамын. Кеше жар боп кеткендер асық болып, Төркініне жатса егер қашып келіп. Жамандаған жан көрсем қосақтарын, Жаһанамның үстінен жасып келіп, Қыз болып туғаныма мұңаямын. Біреу қызға өзгерсе бет-пішіні ер, Жүрегінің шыдамай тепкісінен.

Гүлайша Ерахмет Қыз ғұмырдың қымбатын білгендік əм Ерлер қорлық көргендік деп түсінем, Қыз болып туғаныма шүкір деймін. Баласы да атамай атын оның, Əкесінің айтса тек аты-жөнін. Ана бол да, пана бол бəрібірде, Төмен екен деп ойлап ақыры орным, Қыз болып туғаныма өкінемін. БІР ШАРТЫМ Сүрені ғирағатымен айта алатұғын, Барған жерінен басы айналмай қайта алатұғын. Əзілге əзіл жауап қайтаратұғын, Жігітпен достасқым келеді. Əйел затын көзіне ілмейтұғын, Біреуді де жырғатып сүймейтұғын, Көңілдің нəзік болатындығын білмейтұғын, Жігіттен аулақ жүргім келеді. Сүйгенін сылтау қылып мазаламайтын, Ру мен руды алаламайтын, Махаббатты жай көзбен бағаламайтын, Жігітке көңіл бергім келеді. Сөзі мен ісі бір жерден шықпайтұғын, Кім не десе соны құптайтұғын, Қызда да сезім болатынын ұқпайтұғын, Жігітке қарағым да келмейді.

Наурыз айы туғанда Көзі мен көргеніне ғана сенетұғын, Төбелессе жеңілмей, жеңетұғын, Сүйгенін көтеріп жүргісі келетұғын, Жігітпен танысқым келеді. Көзімше басқа қызға қылжақтамайтын, Қиыншылық кездессе сырғақтамайтын, Күлетін, бірақ, ыржақтамайтын, Жігітке жар болғым келеді. БАЛА КҮННІҢ ҒАШЫҒЫНА

Əлі жүр көңілімнің архивінде, Сүюді үйреткенсің тал түбінде. Кеппеген ана сүті таңдайынан, Ауылдың өскен бала ек тəртібінде. Шөлдесем елестетіп от ерніңді, Көрмесем сағынушы ем жарты күнде. Қасыңнан кеттім ұзап қайсы күні мен, Тағы саған қоштасып тал түбінен. Алайда, сені ұмыт ете алған жоқ, Қаланың ауылдан зор салты мүлдем. Тал да өсіпті, болыпсың таудай жігіт, Жағдайыңды естідім жалқы жүрген. Арада өткен азғантай жылда мынау, Өзгертті өмір неше ырғағын-ау. Жігіт бопсың естідім жырға құмар, Қызыл көздеу болмапсың қызға құмар. Құдай-ау тым болмаса бір тіл қатпай, Қылдан нəзік жанымды қинадың-ау.

Гүлайша Ерахмет Жырдан іздеп мен кеттім жүрек емін, Əлі арманым боп жүрсің міне менің. Өш алуға махаббат келмейді екен, Өшпенділік емесін білем оның. Содан кеттім, білім боп тілегенім, Жаза алмады өкпеңді мың өлеңім. Тек оқуда қалған соң барлық үміт, Əрбір атқан қарсы алдым таңды күліп. Қаладағы оқуды тамам қылып, Қайта ауылға оралдым қайрылып. Мұндағы жұрт жінігіп жаңалық деп, Тасжол жасап жатыпты, талды қиып. Ауылдан да əр тайды біз бойжеткен, Талды кестік Тəңірден именбестен. Бізден бұрын сүйісіп қаншама жас, Қаншама ұл, қаншама қыз кездескен, Бақшаның да есігі құлыптаулы, Бақтардың да сиқы анау біз кездескен. Қисық өскен ағашты сүйеу керек, Талды қимай, қисайса түзеу керек. Өткен күнді, өзіңді жəне талды, Ойласам-ақ жүрегім жүдейді ерек. Тал түбінде кездеспей жастар енді, Тар төсекте табысып жүрер ме деп. Ал, ауылда сен жүрсің мұңға үйленіп, Жалғыздыққа қалыптық бізде үйреніп. Басқа жердің бау-бағын көргенімде, Күрсінемін, кеудемді бір мұң керіп. Талды көрсем тəп-тəтті мұңға батам, Талықсып бір түбінде тұрғым келіп.

Наурыз айы туғанда МАХАББАТ Махаббат жоқ емес-ау, болған дейді махаббат, Пендесіне Тəңірден келген бұл бір шапағат. Осыны ойлап қойыңдар ей, қазақтың қыз-ұлы, Махаббаттың ежелден қысқа болған ғұмыры. Мұның нақты дəлелі Төлеген мен Қыз Жібек, Қосыла алмай мерт болған бір жүрекке бір жүрек. Махаббаттың жолында болыпты ұлы күрестер, Талай-талай ақынның қаламынан жыр ескен. Махаббат бар дейді екен болғанда да некелі, Бірақ, тұрмыс сезімді жеп қояды деседі. Ұлы, ұлы сезімді былай тұрсын жеп қою, Сүйгендердің айрылып көзбен көрдік кеткенін. Махаббаттың ғұмыры қысқа дейді содан ел, Мұның жанды мысалы, бабаң алған көп əйел. Махаббаттың ғұмырын ұзартудың бір жолы, Мəңгі бақи құшаққа енбей кету сүйгені. Сонда ғана ғашықтық деп аталған əңгіме, Жалғасатын сияқты мына өмірде мəңгіге. Сондай ұлы сезімді алмау үшін арзан ғып, Өте орынды сияқты ғашық болып қалғандық. ... Мені құлай сүйетін ойланар ем сіз жайлы, Махаббаттың ғұмыры қысқалығы қинайды. ҚАЙЫРШЫ МҰҢ Ортасында махаббат пен тұрмыстың, Өзің біліп кесім қылдың, тұңғыш бір. Қоңыр қозы секілденіп мен қалдым, Көгенінде маңырған тірліктің.

Гүлайша Ерахмет Өткенді ұмыт ете алмайды-ау, үйлену, Қандай азап, сүймегенмен бір болу. Тым асықтың, кеттің маған өкпелеп, Керек болып бір шүйке бас үйге ену. Махаббатқа сəл қарауға болмайды, Махаббатсыз тұрмыс құру, сол қайғы. Мына өмірдің қонағы едік бір келген, Қайыршы мұң міне, бізге қол жайды. Сыйың ба бұл? Бақытыңа бөлеген, Қамықпас ем бірге жүрсең сен егер. Қайыршы мұң қағып жатыр қақпамды, Қолына оның не ұстатам, не берем? ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ Бесігім сенсің тербелген, елім, Тұрмады, бірақ, өзгермей өмір. Жырымды қанша жұрт мақтаса да, «Кереметпін» деп кердеңдемедім. Қиналып келдім қыз жанын сыр ғып, Көргем жоқ достың иманын кір ғып. Алдыма келген азаматыңа, Арулығымды бұлдадым, шындық. Салты халқымның санама сіңді, Сатпадым жұртқа салауатымды, Бұрымды ептеп бұйралатсам да, Бұзбадым пейіл, қанағатымды.

Наурыз айы туғанда Қонақпын ғой деп жалғанға бес күн, Сəнімді түзеп, сайрандап өстім. Көре алмай құрбым, өсектесе де, Көміліп мұңға қалған да жоқпын. Тілден шыққанды тілсімге бөлеп, Көбейседағы күншіл көбелек. Жасқанта білдім жауларымды да, Мысқылым-мылтық, күлкім-жебе боп. Қолынан ұстап сүйікті жырдың, Ілтипатыммен иықты жүрдім. Іздеуге тиіс адамды іздеп, Сүюге тиіс жігітті сүйдім. Жұлқынған жоқпын жорға мінем деп, Торқа іздемедім тойға кием деп. Табынғамын жоқ, таудан өзгеге, Жағам деп жұртқа болмадым əлек. Айналсадағы əнім əттеңге, Көрсете білдім жадырап бейне. Руы емес, рухы үшін, Тату боп өттім, танымаспен де. Еңбекпен жедім, нанын өмірдің, Ашықтау болды бəрі жолымның. Қоңыр мінезім қорғаным болып, Ақыны болдым абыз елімнің.

Гүлайша Ерахмет ТАУҒА ЕРТІП БАРШЫ Тауға ертіп баршы, сағындым тау мен тасымды, Тау бұлағына жуып, тарайын шашымды. Нанды сағындым, шойын тапаға пісірген, Самаурынменен құйған шəй балдай татиды. Жеңгелерге еріп бұлаққа барып су алып, Атын суарған əлдекімдерден ұялып. Қозы сойылса келген қонаққа, ізет қып, Отырған қандай оң жақта анау, шыны алып. Күндіз де түнде жататын малы қамалмай, Қабаған иті атыңнан жұлып алардай. Бара алмай жүрмін, бауыры құтты мекенге, Таба алмай жүрмін, отынға піскен тағамды-ай. Инесін ұстап, иіре жүріп ұршығын, Еңбекқор анаң, іргенің жамап жыртығын. Немерелері керегелерге жармасып, Отырса əкең, ұшынан күліп мұртының. Ысқырып қана білдіретұғын көңілін, Тауларда жүр ғой тəкаппар, таза көп ұлың. Ысқыру қайда, ызыңдайды ылғи телефон, Қалада мынау, қоңырау таққан қозымын. Ертеде кеште ошақта оты маздаған, Құз-қиясынан қыраны ұшып самғаған. Қиқу да қиқу жылқының шапқан дүбірі, Аласұратын, асаулары үркіп шалмадан. Тастарында анау тау текелері «шақ» етіп, Өреден құртты кезқұйрық іліп əкетіп.

Наурыз айы туғанда Таңқурайына таласып, балдырғандарын Мініп ойнайтын, балалар мəз боп ат етіп. Баурайларында бүлдірген пісіп, уылжып, Аршасыменен арта түскендей сұлулық. Түрленіп беткей түскиіз болып жататын, Сияқты еді самырсын біткен шымылдық. Тамаша қандай тауларда өткен жазды күн, Сағынып кеттім, нөсерлеп төккен жаңбырын. Жамырай қашып, жанасып тұрған бұзаулар, Сағындырады, желіде жатқан тай-құлын. Тауға ертіп баршы, тау жақты жиі аңсаймын, Саумал желімен сағынышым да тарқар бұл. Сəлемдемеге сары май да алмай, құрт та алмай, Қоржын-қоржын қуаныш алып қайтармын! АСПАНДА АЙ КҮЛЕДІ Қолыңнан бар келетіні аңсату, Сені жырлап алжып кетті қанша ақын. Мың жүрекке сырлас болдың бір атпен, Жап-жас қалпы тұрсың əлі, бірақ сен. Сенің сəулең куəгер боп сезімге. Қанша жастың басын қостың өмірде. Дей алмаймын сені күлмей жыласын, Қашан көрсем күлімсіреп тұрасың. Қайсы бір жыл күлгеніңді көріп қап, Күлді деп ем, ете көрші рұқсат. Аспанда ай жылайды екен жылайды, Қасқыр тартып кеткен кезде құланды.

Гүлайша Ерахмет Аспанда ай күрсінеді қамығып, Жерде пенде басса аяғын жаңылыс. Аспанда ай күледі екен жымиып, Құшақтасып тұрған сəтте қыз-жігіт. Аспанда ай қалады екен өкпелеп, Келіншегін сабаса ері кеште кеп. Аспандағы ай табиғаттың анасы, Ал табиғат адамзаттың анасы, Айға сонда боламыз ба немере, Ай-əжеміз сияқты ма немене?!? Əжеміздей болғандықтан жүрегі, Сəулесіне орап бізі сүйеді. Бақытты болса адамның біреуі, Аспанда ай қуаныштан күледі. ЖИЫРМА БЕС Сенің отың артық еді бар оттан, Не кисем де жарасқан. Тартқан мұңды бұйым көрмей балақтан, Мен секілді қыз шықпастай қазақтан, Жүріппін-ау жүрегімді қолға ұстап, Тағдырды ұқпай саған келіп таласқан. Сенің ойың риясыз еді бір, Асқақ еді көңілім. Елестетіп таудың ерке елігін, Көрген жанның сүйіндіріп көңілін, Өте шықтың жымидың да қасымнан, Жеңгеме ұқсап жеңнен тартып желігің. Сенің түнің, күндізден түк парқы жоқ, Таңсаларға тартып ек.

Наурыз айы туғанда Ақын да боп, əнші де боп, шалқып ек, Ханның күткен ханшасынан артық ек, Бізсіз қызбай құрбылардың тойлары, Бізсіз биге баспайтұғын шаршы топ. Сенің арқаң бізде биік көріндік, Сияқты еді сенім нық. Сен басымда жүрер деппін өмірлік, Бір жыл ғана шуағыңа шомылдық. Кей кісілер сыртымыздан тон пішіп, Алу үшін асығатын келін ғып. Сенің күлкің қылығындай сəбидің, Аңқау еді табиғи. Сол күлкімен ойын жаулап ғалымның, Сағынышы болған да едік сан ұлдың. Менің гүлдей ғұмырыма сыйланған, Сауғасы сен екенсің-ау Тəңірдің. Жиырма бес.... ПОЭЗИЯ БАҚШАСЫ Күн-күн сайын сын көбейіп, дос күндеп, Жүрек қажып, жүйке əлсіреп кеттім деп, Қиял сүріп жатыр едім, ішімнен Поэзия бақшасынан кеткім кеп. Жетіп жатыр ақындықтың əлегі, Кім тапты екен өлең дейтін пəлені. Бір жұмысқа қолың тие бергенде, Ойыңа кеп тұрып алар əдейі.

Гүлайша Ерахмет Қабағы да ашылмай жүр шешемнің, Басы осы жырда жатыр кеселдің... – Деген оймен жыр біткенді жазғырып, Мызғап кеткен екенмін. Осы өлеңнің жері жоқ қой мəз қылған, Таяқ жеумен келем ылғи тағдырдан. Деп кемсеңдеп кетіп бара жатыр ем, Абай атам, шыға келді алдымнан. Қара мынау байыбына қырсықтың, Бағанағы ойларымнан тұншықтым. Оң жағыма жалт бұрыла қашып ем, Мұқағали Мақатаев тұр мықтым. Тұра қаштым, сол жағыма бұрыла, О, Жаратқан, медет бер деп құлыңа. Екі аттам жер аттай бере, Таңжарық Бабам маған құшақ ашты жымия. Кездеспеспін кездесем деп тілесем, Болсын деген тілектер ме? Жыр есен. Ал, артыма айнала сап қашып ем, Фариза апам күлімсіреп тұр екен. Төрт жағымнан төрт алыбың көз арбап, Тұрған кезде, қандай төзім бола алмақ. «Поэзия бақшасынан кетпейім» деп Отыра қап жыладым-ау озандап. – Қабағын да елең қылмай шешемнің, Өсегін де елең қылмай осы елдің. Бағбанымын поэзия бөпемнің,

Наурыз айы туғанда Мəпелейін жеткенінше жетемнің. – Деп серт етіп, оянып ем селк етіп, Өксіп жатыр екенмін. МАХАББАТ Талдай бойымды таудай армандар тербейді, Үміттің құсы қолымнан келіп жем жейді. Махаббат не деп, мазалап келем мазалап, Ай дейтін аппақ жеңгемді. Ол да айтып оны бермейді... Қарақат көзім қанжар кірпіктен именіп, Тұрса да төзем бойымды билеп бір желік. Махаббат не деп маңғаз ойларға берілсем, Бұрымдарымнан сипайды менің күн келіп. Білмейді ол да, білмедік... Тəтті қиялым ащы өкініштен таяқ жеп, Аяңдап кете беремін сосын, амал жоқ. Махаббат не деп таңнан сұраймын таңданып, Аялап мені оятқаны үшін анам боп. Бас шайқайды ол да, балам деп... Көркемдеп көшін қызылды-жасыл гүлдермен, Барады жылжып баянсыз мынау қыз-керуен, Махаббат неге... Басы бос жүрген біз түгіл, Жандар да жауап бере алмай келед үйленген, Келемін əлі іздеумен...

Гүлайша Ерахмет СЕНІ ЖАҚСЫ КӨРЕТІН СИЯҚТЫМЫН Сені жақсы көретін сияқтымын, Менің нəзік жанымды тербегенің үшін, Топ ортада сөзімді сөйлегенің үшін. Сені жақсы көретін сияқтымын, Еркелетіп айтатын əзілің үшін, Қыз болып жаратылған жазығым үшін.

Сені жақсы көретін сияқтымын, Қадірімді қашан да білгенің үшін, Жас жаныма жыр сыйлап жүргенің үшін. Сені жақсы көретін сияқтымын, Анасынан туғандай қыз дегенің үшін, Сағат сайын сағынып іздегенің үшін. Сені жақсы көретін сияқтымын, Қолымды ұстап қоңыр ой кешкенің үшін, Ұзақ-ұзақ сырласқан кештерің үшін. Сені жақсы көретін сияқтымын, Діліңді беріп, тілімді сұрайтының үшін, Ұнатпайын десем де ұнайтының үшін. Сені жақсы көретін сияқтымын, Жігіттердің көзінен қызғанғаның үшін, Айтқан əрбір сөзіме иланғаның үшін. Сені жақсы көретін сияқтымын, Айрылуға жүректердің көнбейтіні үшін, Жəне оған елдің сенбейтіні үшін.

Наурыз айы туғанда АНА ТІЛДЫ ҚОРҒАУ − Тапқаныңа болайын-ақ теңіңді, Бірақ, қызым ұмыттың ба тегіңді. Ассалау деп бере алмаса сəлемін, Күйеу бала болам деуі дəме оның, Шүлдірлейді басын айтып əр ненің, Айналайын, қазақ аты қане, оның? − Деп іренжіп, дəлелімен орынды, Қыз əкесі тебінді. − Тапқамын жоқ жігіттердің əккісін, Таптым əке, мінездісін, жақсысын. Бəсекеде тек сол ғана озады, Қызметі, айлығы да жоғары, Жүрегі де халық үшін соғады, Мені ұнатып қалғаны ма обалы? − Деп, бұртиып қызы əкеге қатты тіл, Өкпелеген сəбидей боп тəтті үшін. Əкесі айтты: − құп көрмеймін мұныңды, Бұл заманда кімдер емес білімді. Қарғам, сені қызықтырған тұрмыс қой, Ана тілін ұқпау деген сұмдық қой. Ана тілін білмейтұғын адамды, Адамдарға басшы қылу қылмыс қой... Содан ауыр күрсінді əке, күбірлі, Заман дертін ұғынғандай бүгінгі. Жігіт кеткен ата алдында сыналып, Ал, сонан соң болмай қалды құдалық. Бұған ара түсе алмады жеңге де, Қызы жылап жатты шеткі бөлмеде.

Гүлайша Ерахмет Нағыз жігіт намыстанса қиындау, Нағыз жүйрік сыналады көмбеде. Ғибрат алатындай мына жұрт, Елді бұл іс ойландырды бір ауық. Берген серттен айныған ба, қу көңіл, Саусақпенен санады қыз күндерін. Жап-жас жігіт айтқанынан қайтқан ба? Сыннан өтпей қалған сонау шақтарда, Алфавитты жазып, жаттап ақ таңда, Ана тілін үйреніпті бақтарда. Аз күннен соң іздеп келіп сүйгенін, Ойы барын айтты тағы үйлену. Еш сөзінің болмаған соң қатесі, Берді қызын жігітіне əкесі. Пенде болмас кемшілігі болмайтын, Алдымызда тарау-тарау жолдар тұр. Тарихта боп көрмеген ондай сын, Əке керек ана тілін қорғайтын. Ана тілды қастерлеудің басы осы, Əкелерге ой салса екен əке ісі. САҒЫНЫП КЕЛДІМ (Қазақстанға барғанда жазылған жыр) Жұңгода туып өскемін, Жұңғарды бетке-ап жеткемін. Сағынып келдім қалың ел, Бəрің де туыс, бауыр ең, Шегара бөлді, шеттемін, Айтатын назым көп менің.

Наурыз айы туғанда Мені жатқа балама, Қабағыңды түйіп қарама. Шешілмей жүрген шерлі едім, Ғашық болып келгемін. Сендегі байтақ далаға, Сендегі көркем қалаға. Кірпіктеріме қонса мұң, Уайым да емес онша бір. Ділімді сақтап тік тұрдым, Ұрпақтары едік үш жүздің, Бір сызығы үшін ортаның, Бөлінгеніңнен қорқамын. Басына туған азат күн, Мерейі үстем қазақтың. Бабамнан қалған жосын бұл, Жырдан аят оқимын, Аруағына алаштың. Тайын бір міндім талаптың. Бауырыңа бассаң балаңмын, Бəйгеңе салсаң шабармын. Көгіңді шарлап құсың боп, Кетігің болса бүтіндеп, Кірпіші болам ғаламның. Таңға бір соққан самалмын. Ұлтыма тəн ұғым мың, Қаныма бəрін сіңірдім. Ана тілім мен анамды, Салт-дəстүрім мен санамды, Ұлы деп білген қызыңмын, Құшағыңа енген қызырмын.

Гүлайша Ерахмет Таңжарықтан қалған мұраңмын, Аппақтан қалған бір əнмін. Тəй-тəйлатқан Тəңір тау, Жүрегім бүтін, жаным сау, Шыңыңа біткен шынармын, Тауыңа қонған ұлармын. Көңілім менің көк кесем, Жауыздықпен беттесем. Өз елім деп келгенде, Жанымды етіп шерменде, Өзегіме теппе сен. Еш қиянат етпес ем. Тақпа маған ешбір мін, Аңқамды сен деп кептірдім. Бата тілеп алаштан, Құлының болсам адасқан, Құдығыңа кеп тұрмын. Жетегіне ермей ешкімнің. Күбірлеп ылғи қыз ернім, Құбылаға бет түзеймін. Тарланың шыққан тағының, Алланың берген бағының, Түбін берсін деп тілеймін. Тілеуіңді ылғи тілеймін. Иман жүзді ұлы елім, Тек береке тілерім. Дəметпеймін ештеме, Айға қолым жетседе. Елім деп сені сүйейін, Жерім деп біліп жүрейін.

Наурыз айы туғанда СЕН КЕТКЕН СОҢ Жығылған жерден тұруды үйрендім, Қадірін ердің білуді үйрендім. Жүгімді айбаттап жиюды үйрендім, Шын жылап, шын күлуді үйрендім. Құлазуға да шыдауды үйрендім, Дұшпаныма да ұнауды үйрендім. Анамнан ақыл сұрауды үйрендім. Мен де өзгені сынауды үйрендім. Жігітке оп-оңай сенбеуді үйрендім, Күбір-сыбырға ермеуді үйрендім. Намысты қолдан бермеуді үйрендім, Еңбек істеп терлеуді үйрендім. Берген уəдеден танбауды үйрендім. Құрбыларымнан қалмауды үйрендім. Көңілін достың аулауды үйренді, Өзімді өнерге арнауды үйрендім. Сүрінген жанды сүйеуді үйрендім. Өзгеге бақыт тілеуді үйрендім. Үйрене алмадым сені ұмытуды, Үйрене алмағаным, міне, бұл менің. МАҒАН ТƏТТІ СЫЙЛАДЫҢ Белгісіз... Саған үміт артатын ем, Белгісіз... Қимастықпен қайтатын ем. Белгісіз... Сағынышпен кездескенде, Маған тəтті сыйладың қалтасымен.

Гүлайша Ерахмет Белгісіз... дегенің бе, көңілді етем? Болар ед оны өзіңмен бөліп жесем. «Қара қыз» деп қалжыңдай бергенше енді, «Тəтті қыз» деп жүрейін дедің бе екен?! Өз қолыңмен сыйлаған бұл несібе, Куə ма еді сүйерің, сүймесіңе. Тəтті деп жылап, тəтті жеп уанатын, Бала күнім оралып тұрды есіме. Жоқтай болып керегі ештеменің, Өзің жайлы тəтті ойға кеткен едім. Тəтті алып бергенше тəтті ойымды, Неге аңғармайды екен деп өкпеледім. Тəтті бола берсін деп татқан дəмі, Жарайды, ойлап тауыпсың жақсы айланы. Төбем көкке жеткендей қуанбаспа ем, Тəп-тəтті ғып бірер сөз айтсаң-дағы. Шығар бəлкім біз үшін бұл бір бақыт, Деп те ойлаймын сырғамды сыңғырлатып. Содан бері түс көріп тəтті-тəтті, Тəтті-тəтті қиялға жүрмін батып. ДƏТ Асығым бірде алшы, бірде тəйкі, Жолдарым бірде тегіс, бірде қайқы. Жалғызбын деп жабыға берме жүрек, Аспанда ай, көкжиекте күн де жалқы.

Наурыз айы туғанда Жауым жоқ жағамнан кеп алатұғын, Тауым көп тағзым етіп баратұғын. Қалжырауға сен де енді айналдың ба? Қадалғанда қағынған қарашығым. Дарқандыққа етпекпін даламды айна, Қарқылдап мазамды алды заман-қарға. Қалың орман секілді қара шашым, Сен де сиреп барасың амал барма?! Сендер барда өнеді бағыма гүл, Өзгерсеңдер өмірдің бəрі уайым. Сап алтындай майысқан саусақтарым, Шабандап барасыңдар нағылайын. Тəңірімнен жүрсем де именген боп, Өкінуді қазірше үйренгем жоқ. Жастығым жалынайын, кетпе алыстап, Мені атып алғанынша бір мерген кеп. КЕЗДЕСУ Сендей боп көрінбес деп көзіме ешкім, Алдымда ант суын неғып іштің. Қасыңда менен гөрі аласалау, Етті-жеңді бір қыз бар жолығыстың. Аласарып бірдемде айбарыңның, Тұрғанынан туылды таңдануым. Сабақтасы шығар деп ойлар едім, Тершігенін көрмесем маңдайыңның.

Гүлайша Ерахмет Күнə да емес шығар-ау күнім мұның, Ешбір сылтау таба алмай күмілжідің. Үндеместен ұзауға мəжбүр болдың, Алдымда паш болған соң сырың бүгін. Көңіліме көптеген сұрақ еніп, Кеткенімде алаңдап ыза болып. «Мен оны емес, ол мені сүйеді» деп, Ентіге түсіндірдің қуа келіп. Жолығармын бұл жерден саған əлі, Сол қызды ертіп жүрсең тек жарағаны. Екі қызды сүйгенің ерлік дер ем, Екіжүзді болғаның жарамады. ЖЕҢГЕМЕ Елге жақса бір жыры мəз болатын, Сенің қайын сіңлің қандай ақын. Қабағына қыстырмай хан баласын, Бақытым бұл емес деп паңданатын. Елге айтудан ерінбей ертектерін, Жанға айтудан жасқанбай жан жарасын. Тұрмыс жайлы ойлауға мұрсасы жоқ, Қамшылап келе жатыр арман атын. Айтуға асық жақсымды елге менің, Менің қамқор, əдемі жеңгем едің. Ескегін күнде есіп ой кеменің, Арман тауы əр күні көздегенім. Өте шығар жастығым, өмір мынау, Бес-ақ күндік емес пе? Пендеге бұл.

Наурыз айы туғанда Жылайтын да өзіңсің алдыменен, Шыққанымды көргенде ерге менің. Барлық құрбым бақытты менің бүгін, Тауып болды жарын да өмірлігін. Менің болса түгелмей сезім жырым, Көтерген боп келемін көңіл жүгін. Жазылмаған көп жырым мазалап жүр, Көңілді арман сүйрелеп, көзімді мұң. Күйеубала келгенде берем дейтін, Сарғайып та барады-ау көрімдігің. Басқа қыздың алдында жеңгесінің, Таныстырғың келеді сен де сіңлін. Қайын сіңлің үшін қапаланба, Отымен ойнап жүрген өнбесінің. Судағы арман болғанда жерге сіңу, Қыздағы арман əрине, ерге шығу. Мынау майқы қазақтың бір серісі, Аяулыңның тосып жүр бойжетуін. Пешінде ерте өмірдің маздағанмын, Маздағанмын, өртене жаздағанмын. Шөлім қанып шəйіңе бойжетсем де, Махаббаттың шөлі екен қанбағаным. Жүріппін-ау əлі күнге бала екем деп, Бала десең қыз деуге бармай аузың. Айтқаныңа болайын, аппақ жеңге, Əуелі берсе екен де Алла, бағын. Анаға тəн арман ғой аңсағаның, Жəне өзіңсің қуанар жанса бағым. Ауылда да жігіттер аз емес ед,

Гүлайша Ерахмет Кетпедім өкпелетіп қаншаларын. Көп секілді əлі де барар тойым, Көп секілді əлі де айтар əнім. Маған арнап жасаған жасауыңды, Жайнату үшін де мен жар табайын. КЕШҚҰРЫМ КЕЗДЕСЕМ ДЕП... Кешқұрым кездесем деп қайдан да айттың, Əншейін көкте мұндай айналмас күн. Тағатымды тауысты-ай, қайдан батсын. Ілулі тұрған анау киімдердің, Бірін көзім жақтырмай, бірін көңіл, Жиіледі айнаға үңілгенім. Бұрымым да жүретін күнде түйіп, Тұрғандай боп желкемде иретіліп, Əбігерге түстім-ау үйде отырып. Кездесем деп айтып кеште нағып, Опамды да жүретін бетке жағып, Мүмкін жиен сіңлім кеткен алып. Саған деген құрмет, əдеп қой бұл, Тамағымнан ас түгіл, дəн өтпей бір, Əтірімді таба алмай əлек болдым. Жанардағы жарығын бүркеп мұңның, Көкейіме жасырын күлкі өпкіздім, Сүрмемді де асығыс сүйкеп тындым.

Наурыз айы туғанда Солғындау боп бояуы тырнақтың да, Бір жақтым ба? Білмеймін, жүз жақтым ба?! Кездеспесек болғандай қинап мұндай. Біраздан соң қақпамды тұрдың ұрып, Манағы барлық əлек болды да ұмыт, Бара жаттым қасыңда сырлы күліп. Бойында ұзақ отырдық Іле өзеннің, «Өлең оқып берші!» деп түрегелдің. Қыз көзін қызыл алдар қырсыққанда, Қырсыққанда, көкейден жыр шыққан ба? Шашылып қалған қағаз, қаламдарым, Қарғыстап жатыр ма деп алаңдадым.

Сұлбасы еске оралмай бір өлеңнің, Тырнағымды шұқылап күле бердім. ҚОШТАСУ Ханнан артық деуші едім қара басың, Осыменен үзілсін арада сыр. ...Бір аптаға жеткізбей, сенен де əйбат, Жігіт тауып аламын қарада тұр. Қарада тұр, сен де өртен қызғаныштан, Болған солай болады қызға дұшпан. Қолтықтасып өмірде бара жатқан, Бақыларсың күзетіп бізді алыстан.

Гүлайша Ерахмет Жүрегімде түнетіп сол жігітті, Ер таптым деп қуанам енді мықты. Мынау аспан астында соған ғана, Еркелеймін қыз болып ең қылықты. Ол да сендей опасыз болмасын деп, Қасыма ертіп жүремін жолдасым деп. Сезімнен тон жабамын, бөрік сыйлап, Асыл жаны аязда тоңбасын деп. Ортақ бола алған соң азабыма, Не деседе көнемін талабына. Еппен сүртіп өйткені отырады ол, Үйірілген жасымды жанарыма. Одан артық таппақпын қандай жігіт, Қасыма ертіп жүремін таудай қылып. Екеуімізді баспадан қатар көріп, Өткен күнді өтерсің арман қылып. Тəңірінен сұрамай үш уақыт, Сұрайды екен кісіден кісі бақыт. Сол əдемі жігіттің аты - өлең, Көп кешікпей қаларсың ұшырасып. КӨКҚАМЫР О, менің туған жерім, Көкқамырым, Енді ұқтым жер қадірін, дос қадірін. Тұрсың ба қатуланып, айбарланып? Тектеген анадайын сотқар ұлын.

Наурыз айы туғанда Əкемнің əлпетіндей қарапайым, Бірақ та, құшағы ыстық, санасы ауыр. Қыңқ етпей қыс пен жаздың əлегіне, Қасқайып жатырмысың, Қара тауым? Гүлің ем, құштар өскен тауға жаным, Осы ғой сағыныштан салған əнім. Ал, сені сүйе алмайтын əлде біреу, Қойныңда жасап жатыр таңғаламын. Жағып ең үміт отын өзің үрлеп, Ал, енді сүйіп өлу сені – міндет. Жүрер ем тауларыңның талын мүжіп, Туылған болсам егер елігің боп. Ту биік маңдайыңды күнге өпкізіп, Шыңыңа жоталарды мінгестіріп. Көз тартса көк орайлы белестерің, Бұлағың бұраңдайтын қыз боп күліп. Құлпырып жерде майсаң, таста қынаң, Бал ағып жататұғын бастауыңнан. Болса да дүниеде бір ай, бір күн, Мен оны көргем сенің аспаныңнан. Гүлдерің көзді арбаса таңда ашылған, Алманың исі аңқыған ауласынан. Үсті дəн, асты байлық, құшағы құт, Өзіңдей жəннəт мекен аз да шығар. Артынан қуамын деп арманымның, Ауасын кеттім қиып аумағыңның.

Гүлайша Ерахмет Төлің ем, төріңде əр күн асыр салған, Байландым көгеніне шалма жылдың. Басың тау, баурайың бақ, ой етегің, Шөлдетті өзіңде өткен елес-өмір. Кетерде сүйіп-сүйіп алмады екем, Тауыңды тас құшақтап неге сенің!! ШАБЫТ Мынау гүлді дүние түк емес боп, Көше бойы көзіме жыр елестеп. Қарбалас боп жатсада мынау халық, Қиялымда шумақтар шұнаң қағып. Тіршілігін кешер деп тірі халық, Кірпігімді ширығып жиі қағып. Маңызды емес жұмысты қоя тұрып, Жүріс баяу болғанмен ой асығып. Жазар жырдың ырғағы ыңылдатып, Өне бойды бір сезім шымырлатып. Құлағыма сыбырлап бір құбылыс, Бір минутта көңілім жүз құбылып. Қабағымды түйемін əлсін-əлі, Мұрныма кеп жыр исі аңқығаны. Жібітуге əл келмей құрысымды, Беймазалық кетіріп тынышымды. Жалқаулығым бірдемде ұстай қалып, Көркем ойдың барлығы құсқа айналып, Дүр-дүр етіп ұшады көкке қарай, Шабыт дейтұғын құстар өйткені олар. Сол құстардың соңынан қуып келем, Соның симолы емес пе сүйікті өлең.

Наурыз айы туғанда СЫҢҒЫРЛАЙДЫ ƏПЕКЕҢНІҢ СЫРҒАСЫ... Ұстаттың да он сегіздің саусағын, Аудардың ғой əпекеңнің аңсарын. Үндемесең болар еді ұят-ай, Ғашықтықтың айтам енді қайсы əнін?! Құрбым иə, боп қалмапсың құрдасым, Мың жігітке татитындай бір басың. Сырлы көзбен сынай қарап тұрдың сен, Сыңғырлатып əпекеңнің сырғасын. Өзің кіші, үлкен бірақ, жүрегің, Сол жүректе құдірет бар білемін. Төлегеннің інісі ме ең жоқ, əлде, Он жылдан соң іздеп келген Жібегін. Сен десең де, сіз десең де еркіңде, Мəжнүн бола жаздап жүрдім дертіңде. Қарға бала-ай, қайдан ғана кездестің, Сағынышым жетер еді сенсіз де. Ортасына келген кезім жиырманың, Сені, қарғам, өзіме де қимадым. Əпекеңмін, əпеке деп атай ғой, Құрдас болсын жырларым мен жырларың. ...Сол көшеде сені қатты жылатқам, Жастарыңды көріп тұрдым шын аққан. Кешіре ғой, кейде қыздар осылай, Адамына қатал келед ұнатқан. Ар алдында болмайық деп ұятты, Кешіре ғой, сөздер айттым тым ащы.

Гүлайша Ерахмет Құдай сүйер қылығы жоқ əпекең, Құлай сүйер адамын да жылатты. Өткенді де, кеткенді де жыр ғып көп, Суретімді жүр ме екенсің сүйгіштеп. Енді басқа қыз алдында жылама, Бұл жылауың қалсын, қарғам, тұңғыш боп. Қимай тұрмын Күйтіңнің гүл қаласын, Мен кетемін, сен осында қаласың. Əй, қайтейін, жігітсің ғой, жігітсің, Əй, қайтейін, баласың ғой, баласың. АДАСТЫРМАСЫН Қате соқтым ба, өмір жолымның есебін? Қаулатып біраз, қаланың мынау өсегін. Көңілге жақпай, көзіме жаққан көп жігіт, Теңімді таппай тентіреп жүрдім неше жыл. Ойласам бүгін жасшылық екен барлығы, Түсінбеген көп, түсінгендер аз ал, мұны. Кінəлі шығар ер мінезділігін жоғалтқан, Бұл қоғамдағы ер жігіттердің аздығы. Құлагер көңілім томарға талай сүрінді-ау, Тұсауда болды ырымдар менен тиымдар. Қырық жігіт сөз салып қырындағанмен, Теңіңді табу, жігіт табудан қиындау. Ол да мұң екен, мұратың ортақ болмаса, Жанғаны бақтың сүйгенің мəңгі қолдаса.

Наурыз айы туғанда Некесін бұзды қаншама жастар бұл күнде, Осының бəрі теңін таба алмау, ойласаң. Байлық пен айлық махаббаттарды бүлдірді, Ақылы емес, ақшасы молдау қыз құнды. Теңін іздемей, жігіт іздейтін жінігіп, Аяймын іштей, адасып жүрген құрбымды. Адаспауы үшін ару қыздар мен азамат, Əрбір қадамын Тəңірге қылдым аманат. Теңін жолықтыр, тентіретпе енді ешкімді, Мазалар болсаң шын махаббатпен мазалат. ӨЛЕҢ-ЖІГІТ Өзіңмен танысқалы өлең-жігіт, Ойнақтап келе жатыр төбемде үміт. Толқыттың көңілімді теңіздейін, Тасыттың сезімімді өзен қылып. Қалса егер үһілете ұяң желік, Өзіңе күн де сəлем тұрам беріп. Гүл едім көбелекті ынтықтырған, Жайқалттың одан ары құнар болып. Сен маған ал, мен саған серік болып, Бағым боп сəуле шаштың көрік болып. Сен жебеп сенімімді ұштай түстің, Отырсам кейде өмірден жеріп келіп. Халқыма мəлім қылып барлығымды, Бəйгеге қостың баптап сан дүбірлі.

Гүлайша Ерахмет Күн астында күрсінген Күнікей қыз ем, Жұлдыз бен сырлас қылдың, айды құрбы. Өзіңнен тауып күнде жүрек емін, Жабығып жалғызбын деп жүдемедім. Сан қауіп, сан қатерден сақтап келген, Сен менің кір жұқтырмас кием едің. Барсам да қай мекенге қасымдасың, Барлығың етті бүгін басымды ақын. Сен тосып отырасың, пəтерімде, Кеш кіріп, ел аяғы басылғасын. Есігін берсең де ашып маған мұңның, Тағудан ұяламын саған бір мін. Сенімен қолтықтасып жүрмін əлі, Өкпелеп қалсадағы талай, құрбым. Өмірім сияқтысың өлең, қалқам, Өзіңе үмітімді сенем де артам. Жігіттен қалсам егер сүйер біреу, Ал, енді не болармын сенен қалсам?! БІР УЫС АҚЫЛ Ақыл берген Тəңірім-ау талайға, Бір уыс ақыл бере көрші маған да. Оқысам да кітаптардан нақылды, Бола алмай-ақ қойдым əйтеу ақылды. Ақылды боп кетем бе деп мен кенет, Кесіп көрдім бұрымды да келтелеп. Он тоғыз жыл отырсам да партада,

Наурыз айы туғанда Мен ақылды бола алмадым онша да. Оқысам да роман мен əңгіме, Ақылды да бола алмадым ал, міне. Ақылды жан əкешім мен анам да, Мен ақылды боп тумаппын алайда. Келем əлі ақыл іздеп шаршаумен, Ақылысызбын, болмаса сыр айтарма ем. Ақша емес, ақылсыздық қинайды-ақ, Күнім өтті ақ қағазды шимайлап. Нем бар еді іштегіні елге айтып, Енді өмірде өмір сүрем мен қайтіп. Бар сырымды біліп алды дүйім жұрт, Пісіп тұрған жеміс едім уылжып. Онымды да елге қойдым білдіріп, Ақылсыздық, бұл не деген жындылық. Мен сияқты қайсы қызы қазақтың, Əңгіме айтып отыр дейсіз ғажап бір. Оның бəрі жасырады жан сырын, Мен секілді жайып салып қайсы жүр. Оның бəрі махаббатын жасырып, Іштерінен тынатындар аһ ұрып. Ібілістің құшағында жатып та, Менен бұрын жететіндер бақытқа. Оң-солымды үлгерместен парықтап, Бар сырымды тұрмын міне жайып сап. Жайғандығым былай тұрсын басқаға, Жариялап жатқаным не баспада. Бұ да мүмкін ақылымның кемдігі, Ойланайын өмірімде ендігі. Сол үшін де Тəңірім-ау жарай ма?! Бір уыс ақыл бере көрші маған да.

Гүлайша Ерахмет ҚЫЗЫ СҰЛУ БОЛАДЫ ҚАРАШАНЫҢ Бермеседе сұлулық үйіп-төгіп, Ізетімен тұрамын биік болып. Сұлулар көп болса да бұл қалада, Қалдым сенің көзіңе күйік болып. Аңыз қылып көркімді ел сүймегесін, «Сұлуым» деп айтудан именесің. «Сүйген сұлу көрінер көзге» деген, Жылы тиер құлаққа сүйген есім. Гүлден бетер майысып тұрмаған соң, «Гүлім» деп те атауың бұл да бекер. Досым болғың келеді, бірақ, бірақ, Қазір менің досым жоқ жырға жетер. Бидай өңі жүрген қыз халқына ұнап, «Əппағым» деп айтуың артығырақ. Қырық үйден тиым бар қырда өскенмін, Маңдайымнан ұлтымның салты сылап. Арнасаңда биік жыр, аласа жыр, Теңеу таппай келесің тамаша бір. Халық əнін мынадай естімеп пе ең, «Қызы сұлу болады қарашаның». АЛДЫҢНАН БІР ӨТІП ЕМ Қазақтың қызына тəн ізетіммен, Алдыңнан бір өтіп ем. Сəл, сəп-сəл қарадың, сезіп тұрмын,

Наурыз айы туғанда Жүрсіңнің жаңылып іретінен. Қасыңдағы жігітке бір сөз айттың, Дедің бе, «осы қызды сүйетін ем»? Қызықтыра түскім кеп қимылыммен, Қалқаладым жүзімді күндігіммен. Бақыт екен қапияда ұшырасу, Сағынумен, аңсаумен, үздігумен. Саған деген қимастық қайта оянды, Қалар белгім сияқты қыз күнімнен. Есендестім ернім ерінгендей, Бəр-бəрін өзіңнен көр. Қыздың құмар көзімен қарап қойдым, Жүрген кезің секілді сен үйленбей. Жүрегімді ауыртып алдым, əттең, Жүре берсем не етті, көзім көрмей. ТАБИҒАТ АРУ

Сөгілді қыстың көрпесі, Мұздардың жаны мүжіліп. Ал, өзендердің өркеші, Жағаны ұрады жұлынып. Бойшаң қайың тұр бозарып, Жалаңаштықтан арлана, Аппақ сəлдесін оранып, Тапжылмай жатыр тау ғана. Самайы тершіп даланың, Құйғандай шайын күн-ана.

Гүлайша Ерахмет Мəз болып ұшып ара жүр, Мас болған жандай сыраға. Көктемнің жайып сырмағын, Ақ шулан бұлт бауырлап. Келерін біліп тырнаның, Қарсы ала шықпақ жауынды ап. Келбетке енген кешкі арай, Сəукеле киген келіншектей. Күлімсірейді көктегі ай, Тісін ешкімге көрсетпей. Қоштасар қыс та мұңайып, Көктем, жаз келер жылауық. Тал бойын түзеп отырар, Табиғат ару сыланып. ТƏУБЕ Жеткен жерім бұл емес, жеткен жерім, Қарамаймын бетіне бес теңгенің. Кете алмаймын бірақ та, кет дейді өмір, Өзенмін мен, еркіңмен кеш дейді өмір, Кешіп көрдім, бірақ та сескенбедім. Табаныма тас батты жек көргенім. Содан кейін шақтым мен кештерге мұң, Ауызы берік досымдай кештер менің. Керегі не, жалықтым кештен де бұл, Үстімдегі көлбіреп көк көйлегім, Көбелекке айналып кетсем дедім. Райымнан қайтайын тəубе, тəубе, Раббым қарап тұр көктен менің.

Наурыз айы туғанда ЖОЛЫҢА ҚАРАП Алыстап енді кетпе сен, Айтатын сырым көп, көкем. Айрылып көрмеген болсам, Қадіріңе де жетпес ем. Алғашқы сүйген түніңде-ақ, Аямай кетсең бопты екен. Біз енді тату болайық, Жүрмейік мұңға оранып. Сен жайлы жаман түс көріп, Түндерде шошып оянып. Тіледім қанша амандық, Көзімнің жасын сора ғып. Орныңды іздеп өзіңнің, Жылуын іздеп көзіңнің. Сені іздеп мынау жаһаннан, Тауға да, тасқа соғылдым. Отымен өлмей қалдым мен, Сен сыйлап кеткен сезімнің. Сұқтанғанымен көздер көп, Өр көңілімді жеңген жоқ. Өзіңнен басқа өмірді, Есіме де алып көргем жоқ. Қалдырып неге кетіп ең, Өңірге мынау мерген көп. Көңіл де болды құлаған, Үзіліп ойда тынады əн.

Гүлайша Ерахмет Сөз салып кейбір достарың, Кездерде болды сынаған, Қорықтым бірақ, Құдайдан, Қорықтым жəне күнəдан. Телефон бұзып тынышты, Құмай жанарлар құнықты. Ағаларым да алжасып, Аялауларын ұмытты. Саусағымнан ұстауға, Тілін майдалап тырысты. Ұғынып жүрген досым деп, Жырым да талай кесір боп. «Қызым» деп елдің алдында, Оңаша қалса от үрлеп, Ғашық та болды талай шал, Жамбылдан қалған жосын деп. Саусақпен санап күндерді, Кірпіктеріме мұң қонды, Жайлауым иен қалған соң, Қорыттым итке іргемді. Інлерің де қызғанып, Ірілігіңді күндейді. Несіне керек ақтығым, Несіне керек пəктігім. Жүрегім қырық жамау боп, Базар боп кетсе жастығым. Өзіңді сүйген көңілдің, Кетірмейін деп тамтығын.

Наурыз айы туғанда Сұғынан қаштым көздердің, Оғынан қаштым мергеннің. Қалжырап қара түндерде Жыр бесігінде тербелдім, «Бақытсыз ақын» дегенді, Естіртпе маған елден бұл. ҚАЙДАСЫҢ ӨМІРЛІГІМ Сүйер едім сөздеріңе балқып кеп, Жібек сүйген Төлегеннен артық деп. Салиханың Сəменінен батыр деп, Еңлік қыздың Кебегіне татыр деп, Пушкинмен де шығады деп дуэлге, Мақтап ылғи жүре едім сені елге. Артық көре алмасам да Абайдан, Алайда артық көрер едім талайдан. Бай баласы болмасақ та шіренген, Біреуден кем, артықпыз деп біреуден. Ақ көйлегім болмасада бүрмелі, Көзге ыстық көрінер деп сүйгені, Еркелер ем төсеп саған бетімді, Алар едім махаббаттан өшімді, Жалғыздықпен атып кеткен неше түн, Сол түндердің қайтарар ем есесін. Өмірлігім, қатырғанша басымды, Айта салсаң болмас па еді атыңды.

Гүлайша Ерахмет ҚЫРАН (желілес өлеңдер) * Бүркіттей текті құсын қырдың ғажап, Қыран деп атайды екен біздің қазақ. Сол қыран мекен етіп биік басын, Аязда шайқайды екен жұмыртқасын. Қанша ұшса да қанаты талмайды екен, Ұсақ құсқа тырнағын салмайды екен. Естілігі аңғартып тектілігін, Таңдап қонған құс екен тек тұғырын. Қарсақ емей, алса ылғи қасқыр алған, Саңқылдаса дауысы тасты жарған. Құмарлау құс болғасын қызылға анық, Томағалап ұстапты біздің халық. Құстың жанын білген ел, құстың халын, Сол қыранға балапты мықты ұлдарын. Көрсетседе сол қыран еселі ерлік, Бір міні бар, өкпешіл екен ол құс. Көкте қыран өкпешіл, ал жерде сен, Еш амалым қалмады, қайтсем екен.

Наурыз айы туғанда Сол қыран қай жерден су ішеді екен, Ойыма ертелі-кеш оралатын. Қай таудың түлкісіне түседі екен, Басынан ағытса егер томағасын. Қыран ол қанатынан жыр саулаған, Жырына өзін қосып сүйсем бе екен?! Біржола қияр болса ұлы тау маған, Қолыма қондырып-ап жүрсем бе екен?! Қонақтап отырады қоңыр дөңде, Ол солай қонбайтын құс аласаға. Шүйіле бермес-ау ол көрінгенге, Алтынға жақұттан көз жарасады, ə. Ағып жатыр мынау өзен бұлықсып, Күн төбеден төгіліп тұр ып-ыстық. Өртенген жан өлең жазсын дегендей, Айналамда мүлгиді үнсіз тыныштық. Шырайына шырай қосып аумақтың, Анау гүлде бір бұлбұл құс сайрап тұр. «Ол бір күні келеді деп сені іздеп», Кекілімнен сипалайды алдап күн. Жағасында сол өзеннің сенделіп, Ауыр оймен келе жаттым тербеліп. Менің отым басылатұғын емес, Қанатыңмен желпімесең сен келіп. Дəн дəметкен бірнеше құс қасымда, Бірде айналып ұшып жүрді басымда.

Гүлайша Ерахмет Бірақ, олар еместігін білемін, Таңір берген бақыт құсы ақынға. Мен оларды дəндетпем ем жем беріп, Қабағыма қарайды олар жол беріп. Сол құстардың бірін таңдай салармын, Құтқармасаң сен келіп. Қыран көрдім қанаттары сап алтын, Сол қонатын тұғыр ма екен анау шың. Оның ұшқыр көздерінен айналдым, Маған шексіз махаббатпен қарайтын. Сол қыран құс мені айналып ұшқалы, Түсімнен де, ойымнан да шықпады. Көкте ұшса ұнатады биікті, Жерге түссе менмін жалғыз құштары. Күнде онымен көкжиекте кезігем, Ауа болып аймалаймын оны мен. Ол көктегі, мен жердегі құс болдым, Қаталаған інкəрліктің шөлінен. Ей, Тəңірім өтінем, Кешіктірме бақытымның көшінен! Жыр-əнімнің бəрін соған арнайын, Қыранымның көтермеші есінен. Мазасызбын махаббаттың күшімен, Соны сүйіп басқан сынды ісім оң.

Наурыз айы туғанда Мына күннің қалсын бəрі есінде, Қыранымның шығармашы түсінен. Керек етпей мың сұлудың шырайын, Мені сүйді ол деп ұғынып гүл-айым Шырайымның нұрын тасытпасаң да, Қыранымның көзіне ұнап тұрайын. Мына өмірдің бес күндігін білемін, Менде оны шын діліммен сүйейін. Құдайымның бергеніне тəуба ғып Қыранымның еркесі боп жүрейін. Таласып саған көкжиек пенен Ақ көйлекті қыз жерде жүр. Көңілім сенсіз сергімес білем, Шəрбəт сөзіңе шөлдедім. Көкжиек сені құшағына алды, Құшақтаудан мен ұялам. Жердегі жүрген құсалы жанды, Жетелеп келеді жыр аман. Көкжиек көркем қыз болғасын да, Аңсарың ауып ұшарсың, Жердің бетінде біз болғасын да, Іздеп кеп бір күн құшарсың. Бұл күндер ауыр тиіп жүр-ау маған, Отырып өз-өзімнен қиялданам. Сен жүрген анау көктің зеңгірімен, Тырналар ұшып өтті тыраулаған.

Гүлайша Ерахмет Білмедім сен қандай ой ойлап жүрсің? Жүрегім екеу ғой деп ойлаймысың? Аппақ қар тара тауға қонып жатыр, Тезірек сен де келіп қонбаймысың?! Білесің бұл мұңымның себебі өзің, Көктегі барлық құстан бөлек едің. Сағыныш деп аталған өлкедемін, Үміт деп аталатын төбедемін. Жүрмісің əлі өкпелеп ерке құсым, Сен маған кездескенсің өртеу үшін. Мен күйікте жүрген соң жылаңқымын, Сен биікте жүрген соң еңселісің. Қанатың талмай тұрып қайтып орал, Атаның ұлы едің ғой антыңа адал. Сен деген алып құссың аспандағы, Мен деген жаны нəзік жарты ғалам. * Көгің тар боп құлашыңды сермеуге, Сені де бір мазасыздық тербей ме?! Меңіреулі күй кешіріп мен жерде, «Басым бос» деп айтып жүрмін елдерге. Мен əліге кешіп жүрмін жалқы өмір, Өмірің де өзгешелеу, ал сенің. Басым бос боп жүргендігім түкте емес, Көгім бос деп айта көрме əйтеуір. Көкке құштар құстар да көп бұл заман, Көп құстардан қызғанамын шулаған.

Наурыз айы туғанда Маңайыңан өткен жандар түгіл-ау, Маңыңдағы ұшқан құстан қызғанам. Самырсындар қызықтыра тербеліп, Тастарға анау қонама деп сен келіп. Тұлғаң түгіл, тырнағыңның табын да, Қызғанамын, қысқа таңда шерленіп. Сол үшін де жаным мені қинама, Қонбай-ақ қой шынарға да, шыңға да. Сені сүйген менде жалғыз жүрек бар, Сен қонатын тұғырың ол бір ғана. * Сырлы еді қандай жанарың, Сұңғақтау бойлы, сом білек. Еңіреп кімге барамын, Есімнен шықпай қойды деп. Қалың адамның ішінен, Қараушы ең маған ұрланып. Көзіңнің қиғаш үстімен, Көңілме əйбат жыр жазып. Алдымда айбат қылмаушы ең, Деседе сəл-пəл десті едің. Сөзімді менің тыңдаушы ең, Қалмайтын жерде еш сөзім. Тəп-тəтті еді сөздерің, Ып-ыстық еді ернің де. Жанымды менің емдедің, Жабырқап жүрген кезімде.

Гүлайша Ерахмет Суреттей алар тіл қандай, Сендегі əсем денені. Көңілдің шөлі бір қанбай, Кездескім жəне келеді. Ей, қарлығаш, берші маған хат тасып, Амал таппай келіп тұрмын басқа түк. Мынау хатқа орап əкеп отырмын Көңілімді, көкжиекке қатты асық. Ойлап тұрмын, ең сенімді өзің деп, Бəлкім қайтып ораларсың жолың боп. Бірталай құс қондырып ем қолыма, Оның бəрі ұшып кетті жем іздеп. Ей, ақ төс құс, берші маған келісім. Қыран көктен жерге түспес жем үшін. Елеңдетсе менің елік жырларым, Жерге түсер сол үшін. Ей, нəзік құс, отырсың ба ойланып, Өтінейін, ете көрші қолғабыс. Күтіп жүрмін, тосып жүрмін мен оны, Жырларыммен жер бетіне тор жайып. Мына хатты тұрмын саған табыстап, Тістеп алып бара ғойшы ғарышқа ап. Биік ұшса биік ұшсын ол менен, Бірақ, ұшып кетпесінші алыстап. Мандымай қойған іс мынау, Мəні болмаған түс мынау.

Наурыз айы туғанда Көп-көрім жүрген қыз едім, Көңіл-күйімді құрттың-ау. Жараспай жүрген жай мынау, Баспайды шөлді шəй мынау. Арманым болып кездесіп, Азабым болып қалдың-ау. Келетін білем бақ мынау, Осындай болар жастық-ау. Шырылдап жатқан жүректің, Шипасын қайдан таптым-ау. Еңсемді басқан мұң мынау, Есімді алған түн мынау. Жарты əлем деуші еді біздерді, Қайсы əлемде тұрмын-ау. * Адам шаршайды екен ғой арман қуып, Жауатұғын күтемін қардан да үміт. Қар жауған күн сен іздеп келер деймін, Есігімнен енер деп таңғалдырып. Тақтым солай мойныма үміт маржан, Бақыт тілеп жаумаған күміс қардан. Аспанды анау жатқандай толғақ қысып, Бұлттары бүйіріне ұйып қалған. Қауышқанда бізбенен қар қызы кеп, Басыма кеп орнардай бар құдірет. Көңіл құрғыр түсердей сабасына, Көрінсең-ақ көзіме жалғыз рет.

Гүлайша Ерахмет Арман солай, амал жоқ алданбауға, Келетіндей сен еріп жауған қарға. Қарай-қарай қайтейін, көзім талды, Бірақ, біздің қалада қар жаумайды, ə. Қиялдарды жинай алмай шашылған, Келе жаттым кем пендедей ақылдан. Қанден ерткен қара көзді бойжеткен, Өте шықты қасымнан. Қарадым ба? Біле алмаймын қызығып, Қыз соңынан қарап тұрдым бұрылып. Əдемі қыз ұзай берді қасымнан, Ақ қандені жүгіріп. Өзгерген соң сағынышы, санасы, Не істемес адамзаттың баласы. Қырандардан үміт үзген қыздардың, Халы осы ғой, қарашы... «Бетіңнен сүйдім» дедің телефонда, Өртеніп кетпеді екем неге сонда. Бар салмақ жүрегіме түседі, əйтеу, Алыстасам, қасыңа жоласам да. Дір етті сол сөзіңнен дене, сезім. Дірілдеп кетті қолым, телефоным. Трубка мөңкіп барып түсті жерге, «Бақытты болыңдар деп сол екеуің». Тап болдым құдіретке сонан ғажап, Күрсіндім тереземнен төмен қарап.

Наурыз айы туғанда Дірілдетіп жапырақ жүректерін, Табиғатты тұр екен жел аймалап. Телефонда сүйіп ең бетімді уыз, Керемет бір күйге енді кекілді қыз. Бұл жалғанда табиғат екеуіміз, Сүйдіруге жаралған секілдіміз. Қалыңдығы сияқты ем көке жырдың, Болдым ынтық сырына бөтен ұлдың. Тапсырма орындайын деп отырып, Сол жайлы өлең жазып кетем ылғи. Өкініштер жатса да өзек қарып, Сергіп кетем əйтеуір соны еске алып. Сол тұратын қалаға жиі-жиі, Барғым келіп тұрады себеп тауып. Сол қаланы сол бар деп өте сүйем, Сол кездесіп қалардай көшесінен. Жігіттер өкпелейді-ау биге тартпай, Жоқ десем сол жігітке жететін ер. Сағыныш ол – сезім шерткен күй екен, Осыны ұқтым кездескелі міне, сен. Ақын болып мен шыдамай жүргенде, Басқа қыздар қайтып төзіп жүр екен. Арасында сен жүресің түсімнің, Құдіретін енді ұғындым құшудың. Байыптылау менен сабыр кеткенде, Жеңілтектеу құрбыларды түсіндім.

Гүлайша Ерахмет Өзі қиын сағындым деп айтудың, Cенің əрбір сөздеріңе-ақ балқимын. Мен жиырмада жынданайын деп жүрмін, Жиырмаға əлі келмегендер қайтып жүр. Сағыныш қой, десем қате оны азап, Сені сүйдім көзден жасым домалап. Өлеңі бар мен өртеніп жүргенде, Өзге қызға болған екен обал-ақ. Жанары жылт-жылт еткен үрейлі түн, Жəне кеп жатағыма түнеймісің. Қарсы алмай сені, ұйықтап қалуға да, Қайтейін, кемігендей жігер-күшім. Көңіл-күй керек екен ұйқыға да, Қалғымаймын қазірше, жұлқылама. Телміріп тереземнен тұрып алдың, Жоқ əлде келіп пе едің жыр сұрана?! Кел онда, біз екеуіміз сырласайық, Қайғыңды айтып қал сен де, бір жасарып. Жыртық-жыртық боп кеткен өңіріңнен, Жыртып-жыртып жыр дейтін гүл жасайық. Көзім түскен киімнің бəрі қымбат, Көзім түскен жігіттің жаны жұмбақ. Көзім түскен киімді кигім кеп жүр, Көзім түскен жігітті сүйгім кеп жүр.

Наурыз айы туғанда Көзім түскен киімім ұнаса да, Көзім түскен жігітім сыр ашама?! Көзім түскен киімді алдым, онда, Көзім түскен жігітке жар қыл, Алла. «Өкпелеуім – сені жақсы көргенім». Саған деген іңкəрлігім ол менің. Қыздарға мін қылт-сылт ете білмесе, Сол өкпесін жаза алмаса ерге мін. Қаһарланба қайдағыны тауып ап, Сабыр ете тұршы күліп азырақ Ебін тауып бір əңгіме бастап кет, Е, болмаса «жаным» дей сап жадырат. Оған бола бастай көрме ерегес, Мəңгі бақи менің өкпем түгемес. «Наздана алмас сүймегенге сұлу қыз» Өкпелеуім – жек көргендігім емес. Қызық ойға жетелейді қыз арман, Бұрымымнан көрме əсте оны ұзарған. Өкпелесем сүйеді екен деп ұқ та, Өкпелемей қалғанымнан күмəндəн. Күн де жазықты, есік те мінді, Ырымыменен бойжеткендердің – Келемін деп ең... Кешіккеніңді, Үстіме киген көйлектен көрдім.

Гүлайша Ерахмет Жазықты етуге ештеме қалмай, Көп тартқаны үшін қабақтан көрдім. Уəделі шақты еске де алмай, Жүрмей қойдың деп сағаттан көрдім. Тез кел деуге де батына алмаймын, Сенемін бірақ, сен келедіге. Кінəлі сынды... Жасыра алмаймын, Темір көліктің дөңгелегі де. Жазықты болған жап-жалтыр жолда, Жадырай күліп келесің бе əлде?!? Сағындырсаң да сарғайтып қойма, Тастамас жігіт уəдесін жерге... * Жанарыңа қарағанымда жасқана, Ол ғашықтық, ұқсатпа оны басқаға. Арман құшсам құшағыңда тербеле, Ол махаббат, теңеме оны өзгеге. Қимағаным өлім түгіл өкпеге, Ол іңкəрлік, орнын баспас ештеме. Сені ойлаған таңдарым тез атпаса, Ол сағыныш, ойламағын басқаша. Саған ғана еркелеуім, күлгенім, Ол дағы бір бақытым деп біл менің. Бəрін қиып, саған еріп кеттім бе?! Ол жар болу, бас тартпаған ешкім де.

Наурыз айы туғанда Маған көйлек сыйлама жібектен де, Ол да зат қой тозады күн өткенде. Сертің керек тек қана, сол бір сертің, Ем болар ауырғанда жүрек кейде. Жүрген жанға мас болып өлеңіне, Темір теңгелеріңнің керегі не. Сертің керек тек қана, сертің керек, Бақытты өзі Жаратқан береді де. Алқа ұсынба алтыннан жылтыраған, Алтынсыз да, əдемі құлпыра алам. Сертің керек тек қана, сол сертіңмен Алдағы болашаққа ұмтыла алам. Жүрсең болды мен үшін өзің аман, Болмасын деп тілеймін көңіл алаң. Сертің керек, жаным-ау, сертің керек, Сүйем деген сөзіңнен гөрі маған. Бір күні түсіңде көретініңе сенемін, Бір күні көңіл бөлетініңе сенемін. Іренжітсем де іздейтініңе сенемін, Кінəлі болсам, күлмейтініңе сенемін. Айтқан сөзіңнен қайтпайтыныңа сенемін, Мен жайлы ғайбат айтпайтыныңа сенемін. Сағынып, аңсап келетініңе сенемін, Жүрегіңді өзің беретініңе сенемін.

Гүлайша Ерахмет Өзге қызға көз салмайтыныңа сенемін, Тағы да мені талдайтыныңа сенемін. Оңаша қалсаң ойлайтыныңа сенемін, Қолдайтыныңа, қорғайтыныңа сенемін. Жүрегіңде орным биіктігіне сенемін, Айналып келіп жігіттігіңе сенемін. ҚАМШЫ Бала күнім, көрінсе күннің көзі, Қуыршақ та баурамай бізді үйдегі. Көрші үйіне барғанда, төрге ілінген, Көзім түскіш қамшыға бүлдіргелі. Төрде ілулі тұратын қамшыға бұл, Қарап қана қоюшы ем ынтыға бір. Ұстамақ боп ұмтылсақ көрші əжеміз, – Тиспеңдер, – деп, зекитін, − əй, шырағым. Ұрысса ұмытқыш əжеміз сабырды да, Əже, – дейміз шалыңды сағындың ба? Жарықтық, – деп кемсеңдей бастайтұғын, Сабаушы еді қамшымен шалым мына. Кей кездері əжеміз күлетұғын, Қатал еді атамыз білетінім. Қамшы түгіл қалжыңды көтермейтін, Шымыр ете қалатын қыз еті бұл. Содан көрші əжеміз, шешілетін, Заманаға тағам деп несіне сын.

Наурыз айы туғанда Ерке қатын көбейді ерді бұзғыш, Қамшы жемегеннен соң есіретін. * Сол қазақтың мейірінен нəр алғам, Дəстүріне басымды ием сан-алуан. Əжей айтқан сол бір шағын əңгіме, Көтерілмей келеді əлі санамнан. Кейде өкіндім, жолым болып жіңішке, Кейде өкіндім, қолым жетпей биікке. Қамшыны ойлап қашқалақтай берем деп, Уəде бере алмай келем жігітке. Бойжеттім бе санамды аршып мол ұғым, Əйел заты баспай кетпес жолы бұл. Өткендегі ойларым жоқ ал, бүгін, Сабасына түскендей сəл көңілім. Қыз атымен жазып талай асқақ əн, Қызын қорғап қырғын соғыс бастаған. Жерін қиып қашсадағы, қазағым, Жау қолына қызын тастап қашпаған. Мақтанышым, қазақ қызы болғаным, Айтып қайтем, қамшы жайлы, ол жағын, Əжеміздің əжесінен жалғасқан, Керек сынды дəстүрімді қорғауым. Жаны нəзік жаралғанмен жарты əлем, Əжесінің аңсағанын аңсар ол. Қадіріне жете алмаған қамшының, Маңымызда мандырап жүр қаншама ер.

Гүлайша Ерахмет Кейде отырып қамшы жайлы ойланам, Таспасымен талай жаудан қорғаған. Қамшы ұстаған даласында қазақтың, «Ажырасу» деген ұғым болмаған. Бүлдіргелі қамшы ұстатып бұла ғып, Қамшы ауысып жасалатын құдалық. Қамшылы ерге айтпақ түгіл қатты сөз, Əйелдері қарайтұғын ұялып. Қамшы деген қателікті сынаған, Əйел затын сақтап келген кінəдан. Қамшыменен тартып-тартып жіберсе, Ашулы еркек жібір еді ыздан. Сонда тоқтап ер-əйелдің айтысы, Сонда қорғап салтымыздың сарқыты. Аласталып əр үйдегі бар пəле, Бақытты боп жүрер ме еді бар кісі. Кей əйелдер аналығын ұмытқан, Сылтау таба бермей ылғи сынықтан. Ерін сыйлап, енжарлықтан арылып, Қабақтарын жазарма еді тырысқан. Қанша ұзақ болар дейсіз қыз əні, Қамшы аластар деген сөз бар кінəні. Қазақ болғандығынан ба? Кім білсін? Төріме əйтеу, қамшы ілгім кеп тұрады.

МАЗМҰНЫ Апам .................................................................................................... 3 Ер ......................................................................................................... 4 Ауылыма сен келдің наурызда .......................................................... 4 Гүлмен сырласу .................................................................................. 7 Қар қызы ............................................................................................. 8 Гүлдер ................................................................................................. 9 Əдемі мұң ............................................................................................ 9 О, муза! ............................................................................................. 10 Жылатпасын құдайым ..................................................................... 12 Бақыт сыйлағың келсе ..................................................................... 13 Сен телефон бермесең ..................................................................... 14 Азаматқа əзіл сөз .............................................................................. 15 Мен əлі ұйықтағам жоқ .................................................................... 16 Жоғалған жүрек ................................................................................ 17 Қазағыма тілек .................................................................................. 18 Менің бір оқырманым бар ............................................................... 20 Кетемін .............................................................................................. 20 Алаңдама, анашым ........................................................................... 21 Шайырлар жырын жалғағам ........................................................... 24 Жырым қалар .................................................................................... 25 Мен емеспін ...................................................................................... 26 Наз ..................................................................................................... 27 Шайтан бар ....................................................................................... 27 Қыз үміті ........................................................................................... 28 Жігіттерге ......................................................................................... 30 Тұрмыс .............................................................................................. 31 Мінəжат ............................................................................................. 32 Мырза мұң ........................................................................................ 34 Біздің жақтың... ................................................................................ 35 Оқырмандарға жауап ....................................................................... 35 Келіншек ........................................................................................... 36 Қызылтас .......................................................................................... 37 Кофеханада ....................................................................................... 38 Өлең жайлы ...................................................................................... 39 Кірпіктерім дірілдеп ........................................................................ 41 Бұрыннан озат емес ем ..................................................................... 42 Қыз бала ............................................................................................ 43 Мінез ................................................................................................. 44 Тоқыдым жырдан шəрпі .................................................................. 45 Саған телефон шалу ......................................................................... 46

Өмір ................................................................................................... 47 Күні ертең ......................................................................................... 48 Жеңгемнің ағама айтатын назы ...................................................... 49 Үйіме құран ілгелі ............................................................................ 51 Күйтің ................................................................................................ 52 Бəрі де рас ......................................................................................... 53 Қыз болып туғаныма ........................................................................ 54 Бір шартым ....................................................................................... 55 Бала күннің ғашығына ..................................................................... 56 Махаббат ........................................................................................... 58 Қайыршы мұң ................................................................................... 58 Шынымды айтсам ............................................................................ 59 Тауға ертіп баршы ............................................................................ 61 Аспанда ай күледі ............................................................................. 62 Жиырма бес ...................................................................................... 63 Поэзия бақшасы ............................................................................... 64 Махаббат ........................................................................................... 66 Сені жақсы көретін сияқтымын ...................................................... 67 Ана тілды қорғау .............................................................................. 68 Сағынып келдім ................................................................................ 69 Сен кеткен соң .................................................................................. 72 Маған тəтті сыйладың ...................................................................... 72 Дəт ..................................................................................................... 73 Кездесу .............................................................................................. 74 Жеңгеме ............................................................................................ 75 Кешқұрым кездесем деп... ............................................................... 77 Қоштасу ............................................................................................ 78 Көкқамыр .......................................................................................... 79 Шабыт ............................................................................................... 81 Сыңғырлайды əпекеңнің сырғасы... ............................................... 82 Адастырмасын .................................................................................. 83 Өлең-жігіт ......................................................................................... 84 Бір уыс ақыл ...................................................................................... 85 Қызы сұлу болады қарашаның ........................................................ 87 Алдыңнан бір өтіп ем ....................................................................... 87 Табиғат ару ........................................................................................ 88 Тəубе ................................................................................................. 89 Жолыңа қарап ................................................................................... 90 Қайдасың өмірлігім .......................................................................... 92 Қыран (желілес өлеңдер) ................................................................. 93 Қамшы ............................................................................................. 107

«ЖАС ТОЛҚЫН» сериясы Гүлайша Ерахмет Наурыз айы туғанда Өлеңдер Редакторы Сəндібек Жұбаниязов Көркемдеуші редакторы Нұрлан Тазабеков Техникалық редакторы Зайра Бошанова Компьютерде беттеген Гүлмира Өтенова ИБ № 7256 Басуға 20.06.2013 қол қойылды. Қалыбы 84×1081/32. Қаріп түрі «Times New Roman». Офсетті басылым. Шартты баспа табағы 6,0. Баспа табағы 7,0. Таралымы 2000 дана Тапсырыс № 981. Қазақстан Республикасы, «Жазушы» баспасы, 050009, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143. Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты. ЖШС РПБК «Дəуір», 050009, Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙