Енші
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Белгілі жазушы, байырғы баспагер Жарылқасын Нұсқабайұлының бұл жинағына жазушының әр жылдары жазған повесть, әңгімелері мен естеліктері еніп отыр. Ұлтымыздың тұрмыс-салтын, байырығы дәстүріміз бен психологиясын жете білетін автордың әр шығармасындағы кейіпкерлерінің бітім-болмысы, іс-әрекеті мен мінез құлқынан, сөз саптаулары мен ой-nолғаныстарынан бұл ерекшелік айқын аңғарылып тұрады. Ұсынылып отырған туындылардың ж
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-44
Н 88
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
Нұсқабаев Ж.
Н 88 Енші: Әңгімелер, повестер, естеліктер / Жарыл
қасын Нұсқабайұлы. – Алматы: «Білім» баспасы,
2014. – 352 бет.
ІSBN 978-9965-09-818-5
Белгілі жазушы, байырғы баспагер Жарылқасын Нұс
қабайұлының бұл жинағына жазушының әр жылдары жаз
ған повесть, әңгімелері мен естеліктері еніп отыр.
Ұлтымыздың тұрмыс-салтын, байырығы дәстүріміз бен
психологиясын жете білетін автордың әр шығармасын
дағы кейіпкерлерінің бітім-болмысы, іс-әрекеті мен мінез
құлқынан, сөз саптаулары мен ой-толғаныстарынан бұл
ерекшелік айқын аңғарылып тұрады.
Ұсынылып отырған туындылардың желісі ширақ, тілі
шұрайлы. Оқырмандарды еліктіріп, жетелеп отырады.
Кітап көпшілік кітап сүйер қауымға арналған
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-44
ІSBN 978-9965-09-818-5
© Нұсқабайұлы Ж., 2014
© “Білім” баспасы”, 2014
Е н ш і
Бәріне себепші көкесі. Иә, бөтен емес, бөгде емес,
көкесі. Бұған сонысы батып тұр. Бірақ қалай ойласа да
ой шеті көрінер емес. Адам бұрын жаман сөзін естімеген
қалаулы кісісінен болмашы сөз естісе де қатты ауыр-
лайды екен. Серікболдікі де сол. Рас, көкесі сөккен
жоқ, көңілін жығатын ауыр сөз де айтқан жоқ. Бірақ
таңертеңгі: “Серікжан, орайын тапсаң, бүгін үйге ерте-
рек келші. Жеңгең осы ауылдың кемпір-шалын шақырып,
бір ауқат бермек сияқты, ішінде болшы”, – деген сөзі
бұған соққыдан да ауыр тиді. Кеше әйелі Қадиша: “Осы
біздің көкем мен жеңешем соңғы күндері күбір-күбір сөзді
көбейтті. “Енші” дей ме, бірдеме деп жүр. Бізді бөлек
шығарғалы жүрген тәрізді. Саған ештеңе айтқан жоқ па
еді?” дегенде, Серікбол:
− Сен-ақ бүйректен сирақ шығарады да жүреді екенсің!
Бұдан былай ондай сөзіңді естімейтін болайын! – деп морт
кеткен.
− Ойбай, жазған-ау, енші алуға мен де құштар болып
отыр деймісің? Осындай бірдемені аңғарғалы менің де
ішім әлем-жәлем. Күн сайын сенің қабағыңа қараймын.
Бірақ сен қаннен-қаперсізсің. Сосын батып айта да алмай
жүргем. Құдай қосқан екеуіңді ажыратқан адам сайтан бо-
лар. Маған несіне ұрысасың? – деп келіншегі булығып жы-
лап қалған.
Кемсөзді, жер қозғалса қозғалмайтын, алып тұлғалы
сары жігіт келіншегін арқасынан қағып, бауырына тартып:
− Қой, қайдағы ырымды бастамай. Кісінің ойында жоқ
әңгімені қозғама. Көкем ондай нәрсені бізбен ақылдаспай
істемейді, – деп өзінің де, әйелінің де күдігін басқаны есінде.
Серікбол енді таңертең ағасымен арада болған әңгімені
қайта есіне түсірді. “Серікжан, орайын тапсаң бүгін үйге
Әңгімелер
ертерек келші. Жеңгең осы ауылдың кемпір-шалын шақы
рып бір ауқат бермек сияқты, ішінде болшы”, – деді-ау.
Иә, ағасының бұл сөзін естігенде жүрегі су ете түскен.
Сөйтсе де осы іс үшін өзі кінәратты адамдай жүзін жоға
ры көтермей, киіміне жұққан қыл-қыбырды тазалап, үстін
қаққансып тұра берген. Тап сол сәтте көп жылдар бойы
бүгіп келген ұрлығы ашылып қалған жандай іші әлем
тапырақ еді. Ағасына не “келемін”, не “келмеймін” деп
ләм-мим демегені де сондықтан. Ағасы айтарын айтып
болды-ау деген кезде, иттің күркесінің жанында тұрған ма-
шинасына қарай кете барған. Кеткені бар болсын, екі аяғы
зілдей, зілдей емес-ау, аяғының орнында кәдімгі аяқ емес,
келсаптай жансыз бірдеме тұрғандай көрінген. Тойтақтап,
басар жеріне дәл түспейді ме, қалай. Бірақ ол кезде
Серікболдың аяғымен жұмысы болмады. Бар ойы түнде
әйелі айтқан әңгімеде еді. “Рас, рас болды-ау” дей берген
іштей. Бұл сәтте ту сыртында қалған ағасының тапжыл-
май әлі сол орнында өзіне қадала қарап тұрғанын да сезген
жоқ-тын. Машинасын от алдырып жүріп кеткен. Қорадан
шыға берістегі әшейінде бипаздап жайымен өтетін құлақ
арықтан да сақыр-сұқыр өткені де көз алдына келді.
Серікбол ұзақ жолға шықса-ақ ұшы-қиырсыз ойға бой
алдырады. Бірақ ой түспегір де әрқилы. Кейде әйт деген-
нен жақсы арнаға түсіп кетсе, өзің бастан кешкен қызықты
оқиғалар көңіліңе оралып, әп-сәтте-ақ жадырап қаласың.
Ондай әдемі ойдан соң бейне сол қызық-думаннан жаңа
ғана шыққандай елпілдеп, сергек жүресің. Ол күні
жұмысың да өнімді, тіршілігің көңілді. Кездескен кісімен
күлімдей амандасып, жарқырай әзілдесіп жатқаның. Ал,
ылғи да солай бола бере ме? Жоқ. Кейде алыпқашпа ой
араңдатып, қайдағы-жайдағыңды есіңе салады. Қаншама
уақыт өтіп, ұмыт бола бастаған “тарихыңды” жаңғыртып,
кес-кестеп көлденең алып шығатынын қайтерсің. Әне,
ондайда ісің де өнбейді, не істеп, не қойғаныңды анық
сезбейтіндей сүлесоқ күйде ілбіп жүріп кешті батырасың.
Серікболдың бүгінгі күйі соның екеуіне де ұқсамайды.
Сөйтсе де көңілі алаң. Әдетте, адам көңілсіз кезінде
көбірек те тереңірек те ойланады емес пе? Серікболдың
сондай ой тереңіне бұра тартып келе жатқан жайсыз
әңгіменің шыққанына бүгін екінші күн.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Қанша ойламайын десе де, сол бір қу әңгіме күні бойы
көкейінен кетпей қойды. Таңертең машинасының ол жер,
бұл жерін шұқылап жүргенде де еріксіз есіне түскен.
Енді, міне, Сарғатаның қасқа жолына бұрылып, темекі
тұтатқаны сол еді, балалық шағында көрген бар тауқыметі
анау, алыстан мұнартқан ақ шоқаттар секілді сағымданып
көңіл дүрбісіне көлденеңдей берді...
* * *
Ее, Құдай басқа салмасын, ол бір қиямет заман еді ғой.
Дүниенің астаң-кестеңі шыққан аласапыран кез. Ерсілі-
қарсылы ағылған халық. Басқаны былай қойғанда өзіңнің
қайда бара жатқаныңды анық болжай алмайсың. Әйтеуір
ызғып жүрген лек-лек адам. Панасыз қалған топ-топ бала.
Арба да, машина да, поезд да толы. Бұл жұрттың туған
жері, тұрған үйі қайда? Мына балалардың әке-шешесі неге
жоқ. Өздерін қайда алып барады? Әкесі соғысқа кеткен. Ал
мамасы ше? Ол қайда жүр екен? Неге осы уақытқа дейін бір
келмейді. Өзі сияқты кішкентай балалармен бірге екі-үш
ұйықтап тұрды. Әне, тағы да қараңғы бола бастады. Мама-
сы әлі жоқ. Сережа өздері мініп келе жатқан ат арбаның ке-
нере тақтайынан мықтап ұстап алған. Жау төніп қалған
қаладан бала-шаға, кемпір-шалды жөнелтіп жатқан кезде
Сергейін де машинаға мінгізгелі тұрып мамасы: “Құлыным,
қош! Қандай көлікке мінсең де абай бол, жығылып қалма!
Асықпай, саспай жүргейсің. Әйтпесе, асып-сасқан кісі
ылғи да бірдемеге ұрынып қалады. Мен көп кешікпеспін.
Артыңнан барам. Өзім іздеп тауып алам. Жыламай жүр.
Берген тамағын тауысып іш. Киімдеріңе абай бол!” деп
бетінен сүйіп жылаған. Бірақ Сережа жылаған жоқ.
Сережа мойнын қанша созса да мамасын көре алмады.
Әрі қараңғы түсіп кеткен соң орнына жайғасып отырды
да көп ұзамай ұйықтап кетті. Бүгін төртінші түн қай жер
болса, сол жерде, қалай болса солай ұйықтап келеді. Соған
үйреніп те қалған сияқты.
Бір кезде оянып кетті. Төңірек жап-жарық. Таң атып
қалған ба деп еді, паровоздың жарығы екен. Бұлар мінген
арба теміржол жиегіне тоқтапты. Есігі аңырайған дәу ва-
гондар. Ішіне шөп төсеп, қатар-қатар нар жасапты. Поезды
Сережаның бұл екінші көруі. Алғаш былтыр бес жасын-
Әңгімелер
да Заречнаяда тұратын әжесіне барғанда көрген. Шіркін,
поездың паровозы қандай керемет! Тағы бір тамашалар ма
еді деп жүргенде, міне, сол поезыңның өзіне мінгелі тұр.
Жұрттың әдепкі айқайы мен у-дуы көп еді, поезға
мінудің өзі де оп-оңай болып шықты. Тауыққа ерген бала-
пандай шүпірлеп бастаушының соңынан ілескен балалар
жүк артатын қызыл вагонның кіші-гірім қақпаның аузын-
дай кең есігіне қарай тырп-тырп басып, жалпақ траппен
тырбыңдай көтеріліп жатыр.
Әне-міне дегенше балалар жайғасып алды. Сергей-
ге нардың ірге жағынан орын тиді. Поезың арба, авто-
мобиль сияқты емес, кәдімгі үй тәрізді болып шықты.
Неше күннен бері бүрісіп, сығылысып келе жатқан бала-
лар аяқтарын еркін көсіліп жарыды да қалды. Балалардың
көбісі тез-ақ ұйқыға басты. Сережаның екі көзі сыртта.
Сережа енді шын қорқайын деді. Орнынан қозғалақтап,
дегібірсізденіп кетті. Соны аңғарды ма, өздерін бастап кел-
ген әйел:
− Көгершінім, атың кім өзіңнің? Нағып тыпыршып
кеттің? Түзге отырғың келе ме? – дегені.
− Атым Сережа. Маған мамам: “келемін, сені өзім іздеп
тауып аламын” деп уәде беріп еді. Әлі жоқ.
− Ондай уәде берген болса, мамаң сөз жоқ тауып ала-
ды. Оны ойлап қобалжымай-ақ қой. Барған жерімізден
бәріңнің де ата-анаңа хабар жібереміз. Жатып ұйықтай ғой
енді...
Енді Сережа мына вагонмен қайда баратынын, ол жақ
тан мына кісінің мамасына хабар беретінін, сосын мамасы
мұны сөз жоқ тауып алатынын ойлап кетті.
Сол қиялмен жатып ұйықтаған. Содан қанша жатқанын
шамалай алмады. Аяқ астынан оянды. Ояна салып басын
көтеріп еді, балалардың көпшілігі әлі тұрмаған екен. Ал,
поезд солқ-солқ ұрып келеді. Сережа қайта жантайып жата
кетті. Ұйқысы қанып қалған тәрізді. Тағы да мамасын ой-
лады. Айтпақшы, түнде түсінде мамасын көріпті. Өзі по-
езда келеді екен дейді. Үстінде әскери киім. Иығында
мылтық. Тап кеше жолда өзі көрген қызыл әскерлер
сияқты. Қасындағы балалар да түгел әскери киім киіпті.
Фуражкаларының маңдайында қып-қызыл бесжұлдыз
жарқырайды. Кенет поезд жағалай жүрген көпшіліктің
Жарылқасын Нұсқабайұлы
арасынан мамасын анық көрді. Ол да жан-жағына алаңдап
Сергейін іздеп жүрген тәрізі бар. Неге екенін қайдам,
қанша жақын келсе де мұны көрмейді-ақ. Мүлде шыда-
мы таусылған Сережа: “Мама! Мама!” “Маматай! Мен
Мұндамын!” деп айқай салады. Мамасы сонда да мұны
көрмейтін сияқты. Әне, вагонның есігінің дәл тұсына да
келді. Бірақ Сережаға емес, әлдеқайда бір жаққа қарай қол
созады ма, қалай. Мына бір қара киімді дәу кісінің көл
денең тұрып, қалқалай бергенін қарашы. “Мама, Мама-
шым! Мен мұндамын ғой!” Осы сәтте поезд да қозғала
берді. Ал, Сережаның мамасы оның даусын естіді білем,
қолын енді бері қарай созып, поезға ұмтылды.
– Сережа! Ұлы-ым!
– Мама! Ма-ма-тай!!
Сережа өз даусынан өзі ояныпты. Жылап жатыр екен.
Міне, сол түннен кейін ол мамасын өңінде де, түсінде де
көрген емес.
* * *
Осы оқиға есіне түссе Серікбол әлі күнге дейін қобал
жып, жүрегі ғана емес, екі шықшыты сыздап қоя береді.
Содан бері қаншама жылдар өтті. Серікбол он жылдықты
бітіріп, Совет Армиясы қатарында борышын өтеп қайтты.
Одан бері де жыл артынан жыл жетіп, қазір Серікболдың
баласының алды баяғы Сережаның жасына келді. Бірақ
ананың аты ана екен. Сірә, өмірде көнермейтін, көмескі
тартпайтын нәрсе болса, ол ата-ананың балаға, баланың
ата-анасына деген ықыласы шығар, деп ойлайды әркез
Серікбол. Әйтпесе, ана орнына ана, әке орнына әке тап-
ты. Еш таршылық көрген жоқ. Өгейлігін бетіне басқан да
жан болған жоқ. Сөйтсе де туған анасының бейнесі күні
бүгінге дейін көз алдында. Серікбол туған әке-шешесін
әркез ойлай жүреді. Әсіресе, өмірінде бір елеулі оқиға
болған сәттерде солар есіне түседі. Бірақ күні қазірге дейін
бұл сырын тіс жарып жан баласына айтқан емес. Іштей
жоқтайды да қояды.
− Қарағым, Серікбол, тәңір қосты ма, тағдыр қосты ма
онысын білмеймін. Білетінім − сен менің інімсің, мен ағаң
мын. Сен жатырқамасаң, мен жатсынбаймын. Құдайға
шүкір, біріміздің бірімізге деген ықыласымыз жақсы. Бірақ
менің қазір айтайын деп отырғаным ол емес.
Әңгімелер
Бәріміз де анадан тудық. Атадан тәлім алдық. Енде-
ше адамның ата-анаға деген қарым-қатынысы − оның
азаматтығының өлшемі дер едім. Кейде біз бірді-екілі
жиын-тойда болып қаламыз. Сонда өз әке-шешесінің қа
діріне жете алмаған, шешесін − күңіндей, әкесін − құлын
дай жұмсап отырған кейбір жастардың ана туралы, әке
жайлы қасиетті әндерді үздіге айтқанын көргенде жағамды
ұстаймын. Өз ата-анасын құрметтеп, қошемет көрсете ал-
май нантепті қылып жүрген неме енді аруанадай боздап
қандай ана, қандай атаны іздеп отыр екен деп ойланам.
Көп жағдайда-ақ адамның сөзі мен ісі сәйкеспей, үйлеспей
жататыны болады. Бірақ баланың ата-анаға, ата-ананың
перзентке деген мөлдір сезімін лайлау қылмыс? Мұндайды
өздерің де аңғарып жүрген шығарсыңдар. Жассыңдар.
Жастардың ортасында жиі боласыңдар ғой. Саған бұл
әңгімені неге айтып отырмын.
Бекқұл өз сұрағының жауабын өзі ұмытып қалғандай
екі қалтасын қарманып насыбай шақшасын тауып алды да,
оң қолымен мықтап ұстап, сол алақанына түбімен шарт-
шарт соқты. Сосын тығынын ағытып, бір атым насыбайды
астыңғы ерніне қыстырды.
− Бәріміз де анадан тудық дедік. Олай болса, сені де
тоғыз ай көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін еміз
ген, аяғыңнан тік тұрғызған анаң бар. Әкеңнің майдан-
да опат болғанын айтқансың. Өзіміздің малымыз түгел,
көңіліміз жайда деп жүре беру адамгершілікке жатпай-
ды. Бұған дейін “балапан басымен, тұрымтай тұсымен” де-
гендей кезең өтті. Енді сенің де есің кірді, азамат болдың.
Анаң бейшара бір жерлерде уайымда, сарытап болып
жүр ме, кім біледі? Сол кісіні іздеп бір хабарын алайық,
қалқам. Сені қайдам, тап солай етпесем мен тынши алатын
емеспін. Бұған не дейсің? – дегені бар еді бірде.
Айналайын, көкешім, адамның ішіндегіні айттырмай
сезеді-ау! Мен не дейін?! Екеулеп іздеу салдық. Хат жаз
баған жеріміз қалмады. Әттең, еңбегіміз жанбады. Жарты
жыл дегенде қаралы хабар алдық. Анам бейбақ сол соғыс
басталған жылы-ақ көз жұмыпты. Қаралы хат алған күні
көкем бір мал сойып, ауылдастарды шақырып, ауқат беріп,
құран оқытты.
− Бекқұл-ау, әруақты сыйлағанның айыбы жоқ. Ас беріп
Жарылқасын Нұсқабайұлы
адамгершілік жасағаның − жөн білгенің. Бірақ “әр елдің
салты басқа” демей ме? Әр халықтың өзіне лайық дәстүрі
бар. Ендеше діні басқа кісіге құран оқығанымыз қалай бо-
лар екен? – деді кісімен сөйлескенде бетіне тіктеп қарамай
көзін жұмып отыратын Молдахмет қария.
− Молдеке, шалынған мал да, алынған мына шәй қант
та Серікболдың маңдай тер, табан ақысымен табылған.
Ата-анасының рухына арнап ас беріп отырған соң оған
жұмсалатын ақша да солардың өз баласының таза еңбек
ақысы болғанын қаламадым. Ал, мен анау ұлттың дәстүрі
деп тиесілі нәрседен шегіншектеп, шет қалдырғанды жарат-
пайтын адаммын. Мен үшін бұлжымайтын бір ғана дәстүр
бар. Ол − адамшылық дәстүрі. Біз ең әуелі сол дәстүрді
кәделеп, соның жоғын жоқтауымыз керек. Менің ұғымымда
Отаны үшін отқа түсіп, жанын қиған адам − күнәдан пәк.
Серікболдың ата-анасы сондай азаматтар. Ендеше менің
ниетімнің адалдығына күмәніңіз жоқ шығар, – деп Бекқұл
Молдахмет ақсақалды бұлтарпаған.
Жұрт тараған соң Бекқұл:
− Серікжан, енді сенің ата-анаңның алдындағы соңғы
борышымыз қалды, – деді өзі де бейне сол кісілерден
мейірім-шапағат көргендей қарыздар кейіппен сөйлеп.
Көкем тағы не дегелі отыр дегендей бала-шаға түгел
аңтарыла қарады.
− Енді биылғы демалысыңда ата-анаңның басына ба-
рып, қабіріне бір-бір уыс топырақ салып қайтамыз, – деген
көкесі. Сол жолы Серікболдың көзіне еріксіз жас үйіріліп
еді. Тап сол кезде оның тамағына бір өксік тығылған.
Ол ата-анасына деген сағыныш пен қимастықтан гөрі
мына алдында отырған сом тұлғалы, бар мүшесі есте
қалардай ерекше мол пішілген, істеген әр ісі тек ізгілікке,
жақсылыққа негізделген, жүрегі сезімтал да мейірбан
жанға деген ризашылық пен сүйіспеншілік еді.
“Көкешім, көкетайым, сенің бұл адалдығың мен адам
шылығыңның өтеуі немен өлшенер екен?” “Ер жігіт ана-
сын Меккеге үш рет арқалап барса да парызынан құтыла ал-
майды” деген сөз бар еді. Ал, мен сені, асыл көкешім, сірә,
өмір бақи мойныма мінгізіп өтсем де маған деген ықыласың
мен қамқорлығыңның есесін қайтара алмаспын. Асқарым,
ардақтым атам да, анам да өзіңсің енді. Тіршілік жазса,
Әңгімелер
бар жақсылығыңды қайтара алмасам да көзім жұмылып
кеткенімше саған, сенің үрім-бұтағыңа қызмет етумен өтер
мін көкем”, – деп Серікбол іштей егіліп, еміреніп отырды.
Иә, оның бәрі де жақсы екен-ау. Сондай көкесінің аяқ
астынан нілдей бұзылып, мінез көрсеткені несі? Мұны
сының себебі не?
Әне, ауылдың да төбесі көрінді. Енді әрі кетсе он-
он бес минутта Темірге де жетеді. Бұл сауалдың жауа-
бын еститін сәт те жақын. Серікбол совхоздың Отырар
атты бөлімшесіне соқпай, темір жолды қапталдай кететін
жолға бұрылғаны сол еді, жол жиегіне тақау жатқан бір
қора қой үркіп үдере қашты. Қойдың арғы шетіндегі
мөлтек төбенің тасасынан шыға бере Серікболдың маши-
насын көрген қойшы атына қамшы басып, көлденең шап-
ты. Серікболдың тап қазір біреумен сөйлесуге зауқы жоқ
болса да, бала күнен бірге өскен ауылдасы, ер жеткен
соң ғана екі айырық жолға түскен құрдасы Қошқарбай
қойшыны көрсе де көрмегенсіп өте шығуға дәті бармады.
Машинаның екпінін бәсеңдетіп, баяулай берді.
− Әй, сары! Амансың ба? Ауыл-елің аман ба? Қайдан
келесің, құйындатып? Жүрісің суыт қой, өзі? – деп аман
даспақшы болып қолын ұмсына беріп еді, астындағы торы
төбелі тасыраңдап шегініп кетті. Қайта тебініп жақын
дайын десе де қой қайырудан өзгеге мінілмеген жарау ат
ойқастап жуыр емес.
− Мақұл, амандастық дейік. Қой мен қошқардан басқа
түк көрмеген мақұлығың шоршып маңайлар емес қой. Иә,
не айтасың? Ауылың қайда? Көшкен жоқпысың?
Серікбол бұл сөздерді айтарын айтқанмен ойы әлде-
қайда еді. Бала күнінен пысық, әрі Серікболдың ішіндегі
сін қабағына қарап-ақ барлап әдеттенген Қошқар мұның
алакөңіл болып отырғанын аңғарып тұр ма, жоқ жаңағы
сөздің қарымтасын қайтарғысы келді ме, шап ете қалды.
− Мен емес, сені көшеді деп естіген жоқпыз ба? Өзің осын-
да отырғаныңмен ойың көшіп жүргенін жүзіңнен-ақ байқап
тұрмын. Оңаша отау болатын күніңді аңсап, тәтті қиялда
келе жатпасаң не қылсын! – деп Қошқар шақ-шақ күлді.
Серікбол тағы сөйлесе бүлдіріп алатынын сезгендей енді
аузын ашпады. Езуіндегі темекісін құшырланып бір-екі сор-
ды да, жол жиегіне лақтырып жіберді. Сосын қалың қабағын
Жарылқасын Нұсқабайұлы
жиыра түсіп, шүңірек көзін сығырайтқан күйі Қошқарға сү
зіле қарап, машинасына газ берді. Әңгіменің тап бұлай шорт
үзілерін күтпеген Қошқар қапелімде не айтарын білмей: “Әй,
әй, әй!” деп қолын ербеңдеткен күйі қала берді.
* * *
– Ал, Беке, ниет қабыл болсын!
– Иншалла, айтқаның келсін, Кенжек!
− Үй-іші, бала-шаға аман ба? Есік алдында состиып
жалғыз тұрғаныңа қарағанда әлі ешкім келмеген-ау, сірә!
− Жоқ, ә. Үйде кісілер бар. Машина гүрілдеген соң
Серікбол келді ме екен, деп шығып едім. Таңертең кетіп
еді, әлі жоқ. Мұншалық кідірмеуі керек еді, – деп Бекқұл
түу алыстан мұнартқан ақ шоқат төбелеріне қарап қойды.
Осы кезде ас үйден шыққан Бибіайым келіп амандасты.
– Е, амансыңдар ма? Кемпірің қайда? Сорайып соқа
басың жүргенің нең?
− Қоржынның қос құлағын теңдеп алып бармаса ада-
сып кететін баяғының қатынын не деп едің? Біздің бәйбіше
өз-ақ келеді.
− Әдірем қал, үйден қарға адым шықса жетектесіп ала-
тын осы күнгі немелерің емес пе? Бар жамандық баяғыдан
қалса да қоя қойшы, – деп Бибіайым тықсырып бара
жатқан соң Кенжек үстіндегі түндікті суқағарын шешіп,
бет-қолын шаюға беттеді. Сөйтсе де тілін тияр емес.
− Серікбол енші алып, қазан-аяқтың еркі өз қолыңа
тиетін болған соң бәйбішең өктем-өктем сөйлейтінді шы
ғарыпты-ау, Беке. Әйтпесе, өткенде бір келгенімде жүні
жығылып қалған сияқты еді... Беке, Айтпақшы анау маши
наның үстінде бір мал бар еді, балаларға айтшы, түсіріп
алсын. Серікболдың еншібасы болсын деп ала келіп едім, –
деп Бибіайымның әдейі қытығына тие сөйледі.
− Қой, әрі. Қанша сараң болсаң да жөнімен жығылсаң
шы. Сонда Серікжанның отау тігіп, үй болған бүгінгі тойы
ның шашуы қайда? Еншібасын, бәсіресін ертең үй болып
шыққанда апарып берерсің. Ал, бүгінгі әкелгенің Серік
жанның тойының көкпары.
− Жарайды, ой, бәлекет, бұдан сөз артылмас, сенікі жөн.
Тойдың шашуы, той құтты болсын! – деп Кенжек кеңк-
кеңк күлді.
Әңгімелер
– Е, солай жөніңе көшсеңші! – деп күлген күйі Бибі
айым да үйге кірді.
− Ақтөре, балам, мына Кенжектің машинасындағы мал-
ды түсіріп алыңдаршы. Сосын шопыр балаға айтыңдар, ол
да үйге кіріп, шәй ішсін. Қане, Кенжек, біз де үйге енейік, –
деп Бекқұл қолын үйге қарай созды.
Кіші-гірім колхоз клубындай етіп мол пішілген кең
бөлмеге жас мөлшері әрқилы кіл еркек жиналған екен. Ала-
ша мен текеметтің үстіне қос қабаттап салынған бейқасап
көрпеде бір-бір мамық жастыққа жантая жайғасқан орта
жастағы етшең азаматтар жайған дастарханның бір қапта
лын ала отырыпты. Бірыңғай отырғандарында мән бар
сияқты. Суға сұғына түскен мүйісте отырып қармақ салған
кісіше дастарқанның қолтығына кіріп, айналаға шәй кесе
қатынатып отырған бозбалада бұлардың жұмысы жоқ.
Кенжек үй-ішіндегі жұртпен түгел амандасып болған
ша буы бұрқыраған қоңыр шәй бұған да жетті. Қашанғы
әдеті бойынша әуелі дастарханда пырдай болып шашылып
жатқан күрең бауырсақтан біреуін алып, ауызға сыймастай
үлкен болмаса да ортасынан бір бөліп «бісміллә» деп ау-
зына апарды.Сосын оны шайнап үлгермей-ақ қолына шәй
кесені алды.
Осы кезде бағанадан бері қасындағы қариялармен ғана
жайлап сөйлесіп отырған бұйра сақалы белуарына түскен,
екі бетінің ұшы жас баланың бетіндей қып-қызыл, дене
бітімі де ғұмырында қолына күрек ұстап көрмеген тақуа
жаннан гөрі ұстаның көрігін басып, гүрзісін соғатын жа-
рау жігітке көбірек ұқсайтын, екі жауырыны қақпақтай
Бурабай қария қозғалақтап, дастарқан жағалай жайғасқан
жұртқа сүзе қарап алды да есікке таяу, жүресінен отырған
үй иесі − Бекқұлға көз тоқтатты.
− Бекқұл, қарағым, тамақ келгенше мына дастархан
дарды жиып, кішкене аяқ созсақ. Дәрет алып, тысқа шыға
тындар да бар шығар. Сосын жаңағы Серікбол кесе, ауқа
тыңды да кешіктірмей әкелерсің. Жиын-терін әлі аяқтала
қойған жоқ. Қоралы жанды жұмысынан бөліп, үйге қамап
отырғанымыз жарамас. Шаруашылыққа пайдамыз тимесе
де, залалымыз тимесін.
− Ассалаумағалейку-ум! − сәлемінің соңын соза дауы-
стап үйге Серікбол кіріп келді. Сыпыра қол алысуға жүріп
Жарылқасын Нұсқабайұлы
өтетін орын жоқ болған соң қапелімде не істерін білмей
бөгеліп қалған жігітті көрген Бурабай қарт дереу бата жа-
сап, дастарханның жұлығын қайырып жол ашты. Серікбол
үйдегілермен түгел амандасып болған соң ағасының
ірге жағынан орын алды. Қызметші жігіттер зыр жүгіріп
дастарханды жия бастады. Серікболдың көзі төңірегін
дегілерде. Бірақ әдеттегіден сәл ғана көңілділеу демесе
де күнде көріп жүрген ауылдастары. Бет-жүздерінде мен
мұндалап тұрған өзгеріс жоқ сияқтанады. Әлде мұнікі жәй
күдік пе? Ендеше осыншама жұрт неге жиналып отыр?
Жаңа есік алдынан келіншегі Қадишаны да кездестіре
алмағанын қарашы. Оның бетіне бір қараса-ақ танадай
көзінен бәрін де ұғар еді... Жан-жағына қарап, оны іздеуге
мұрсат берді ме?!
− Құлыным-ау, қайда жүрсің? Үйде кісілер күтіп қалды
ғой, – деп «жүрші, жүрдің» астына алды емес пе жеңгесі
Бибіайым. Үйге қанша кіргісі келмесе де жеңгесінің сөзін
қимай, елпеңдеп еніп кетті. Кенет төрдегі қаба сақал қария
ның:
− Серікболжан, аман-сау жүрмісің? – деген үнінен селк
ете түсті. Іштей “ал, бастады” деді өзіне-өзі. Жүрегі зу-зу
етеді. “Шын болды-ау, әттең-ай!”. Серікбол басын жер-
ден көтермеуге тырысты. Әсіресе, қазір әңгіме айтқалы
отырған кісінің бәрін көргісі жоқ. Малдас құрған күйі
күректей алақанымен қос тізесін мыта берді, мыта берді.
Төрдегі қаба сақал қарияның одан әрі не айтқанын да есті
ген жоқ. Арқасына көкесінің жып-жылы алақаны тигенде
ғана есін жиды. Ол жауырынынан қаға сипап:
− Атаңмен дұрыстап сәлемдессеңші! – деп мұның жей
десінің жағасын жөндеп қойды. Серікбол сонда ғана басын
көтеріп, қарияға:
− Шүкір, өзіңіз қуатты барсыз ба?– деуге ғана шамасы
келді. Бұл сөзді айтар-айтпас көзін тайдырып, төмен қарап
кетті.
− Серікбол, балам, – деді әлден уақытта қария. Со-
сын не айтарын есіне түсіре алмай отырған адамдай тағы
да біраз үндемей қалды. Серікбол тап қазір бейне қаралы
хабар күткен адамдай кірерге тесік таба алмай отыр.
Әшейіндегі үстінен ел көшіп жатса былқ етпейтін сабыр-
лы мінезінің қайда кеткенін қайдам, қария айтарын ай-
Әңгімелер
тып болғанынша шыдар емес. Тап қазір отырған жұрт түп-
түгел осыған қарап қалған тәрізді. Қазір шаршы топтың
ортасында анау қария айыбын бетіне басқалы отырған
сияқты қысылды. Жайшылықта сағаттап отырса да мыңқ
демейтін аяқтары астына сыймай біресе олай, біресе былай
отырып ит әлегі шықты. Серікбол нақ қазір төрдегі шал-
ды өзін атуға алып шығып, мылтығын кезегенімен атпай
тұрған жендеттей жек көріп кетті.
– Серікбол балам, – деді қария әлгі сөзін қайталап.
− Мына Бекқұл екеуің біздің көз алдымызда өстіңдер.
Сендердің әр басқан қадамдарың алақанымыздағыдай
аян. Бүгінде екеуің де ел мақтаған арыстай азамат бол
дыңдар. Теңесе кетсеңдер ешкімнен еңселерің төмен емес.
Құдайға шүкір, екеуіңнің де соңдарыңнан ерген боқ
мұрындарың бар. Бірақ бізді, мына ауылдас, ағайын-жұр
тыңды разы қылып жүрген ол емес. Сендердің бір-біріңе
деген ықыластарың. Бір әке, бір шешеден туып, бір бесікте
жатып, бір емшектен сүт емсе де өсе келе бір үй тұрмақ,
бір ауылға сыймай торғайдай тозып жүрген ағайындарды
білеміз. Оны өздерің де көріп жүрген боларсыңдар. Осы
отырған жұрт ондай туыстардың қаншасын атап берер
еді. Ал, ендігі бір ағайындар бірге немесе іргелес көрші
отырғандарымен итше ырылдасып, тек құдайдан, сырт
көзден ұялғандықтан ғана “шықпа жаным, шықпалап”,
лекерлеп өмір сүіріп жатқанын көріп жүрміз. Құдай сен
дердің ниеттеріңе қарай келіндерді де оңынан кездестірген
екен. Өркендері өссін. “Абысын тату болса − ас көп, ағайын
тату болса − ат көп” дейтін сөз осындайдан айтылған
шығар-ау, деп ойланасың мұндайда. Бірақ адамның бір жа-
ман әдеті кім тіл алғыш болса соны жабыла жұмсайды.
Кімнің қолы ашық болса, жабыла сұрайды. Момындаумен
санасыңқырамайды. Біз адамның жақсы қасиетін қолдап,
қошеметтеудің орнына оны ерқашты, мезі қыламыз. Тіл
алғыштық пен жомарттықтың да шегі бар емес пе? Момын
да білместігінен, түйсіксіздігінен момын емес. Момынның
дені ибалы, инабатты келеді. Әдетте көп адам ерсі сана-
майтын оғаштау мінез, қылықты ондай жандар ұят көреді.
Олардың табиғаты, бітімі солай. “Жуастан жуан шығады”
дейтін мәтел де бар халқымызда. Бұл жуастың мүлдем
жүйкесі тозып, шыдамы кеткен шағындағы әрекеті екенін,
Жарылқасын Нұсқабайұлы
бұған дейін жуасты қалай жүндегенімізді біз әдетте көп
ойланып жатпаймыз. Бұрын әлгіндей мінезін көрмеген
иі жұмсақ жуас жанды мәтел айтып тағы да жәбірлейміз.
Сендер, осында отырған бәрің де менен әлдеқайда жас
сыңдар. Сондықтан адам албырт шағында ескере бер
мейтін нәрсенің бірі осы ғой деп әдейі айтып отырмын.
Адамға қиянат жасаудан зор қорлық жоқ. Рас, соның көбі
сін біз білместіктен жасаймыз. Оған да тәубе. Қасақана
істемейтінімізге де шүкір. Біздің көп күнәмізді жеңіл
дететін де сол...
− Қарақтарым, Бекқұл, Серікбол! Бүгін сендердің той
ларың. Есейген соң үйлену, үй болу, үйден үй бөлу рәсім.
Оны мен шығарғаным жоқ. Сендер де ойлап тауып отыр
ған жоқсыңдар. Ата-бабаңның дәстүрі. Үн-түн жоқ екі жа-
рыла салмай ауыл-аймақтарыңды шақырып қуанышыңа
ортақтастырғаның үлкендерден бата сұрап отырғаның
білгеннің ісі, Бекқұл қалқам, Серікбол үшін жасаған көп
қызметіңді білуші едік. Енді, міне, тағы бір кісілігіңе куә
болып отырмыз. Рахмет, балам, азамат екенсің. Әр адам
бауырына сендей-ақ қызмет етсін. Сендей демеп, сендей-
ақ қамын ойласа жетер. Біз куәміз, талай қиын-қыстау
кездер өтті бастарыңнан. Бірақ соның қай-қайсысына да
ағайынды екеуің селбесіп, біріңді-бірің сүйемелдеп деген-
дей жеңе білдіңдер.
Бұйрабай қарттың әріден қозғаған мына сөздері табиға
тынан көңілшек Бекқұлдың сай сүйегін сырқыратып кетті.
Жаңа ғана бір тізесіне келіп шоқиып отыра кеткен төрт-бес
жастағы салпыауыз қара баласының мұрнын сүрткен бо-
лып қанша сипалақтаса да, алқымына тығылған өксігі мен
екі көзін торлап қалған көз жасын әзер-ақ тежеп отыр. Ал-
дында отырған баласының себепсізден-себепсіз шекесінен
иіскеп, бетінен сүйгенсіп қояды. Кенет, иә кенет қасында
сәл қырындай отырған Серікболға көзі түсіп кетіп еді,
оның екі иығы дір-дір етіп жылап отырғанын сезіп қалды.
Содан оның арқасына қалай қолын салып, қалай “айна
лайын” дегенін өзі де білмейді. Серікбол да әзер-ақ отыр
екен. Өксіп, өксіп өңкілдеген күйі ағасының тізесіне құлай
кетті.
− Көке-ау, көкешім! Мұның нең?! Мені неге бөлдің?!
Неге бөліндім, көкетайым!! – дейді еңкілдеп.
Әңгімелер
Бағанадан бері өзін әрең тежеп отырған Бекқұл да енді
ештеңені ерсі көрмей көзіне ерік берді.
− Секентайым, Серігім, жыламашы айналайын, – деп
інісінің арқасынан қағып, оның ұйпа-тұйпа болған сап-
сары шашын жинақтап сипай берді.
− Көке-ау, маға-ан неге айтпадың мұныңды? – дейді
жыласа да ап-анық сөйлеген Серікбол.
Ағайынды екі жігіттің мына қылығын көрген әйелдер
жағы:
− Айналайын-ай, қайтсін! Қарғадайынан бірге өскен,
бірінсіз бірі бір қасық су ұрттамайтын еді, оңай дейсің
бе? – деп жаулықтарының ұшын көздеріне апарып жатыр.
Отырғандар өзара гу-гу әңгімелесіп кетсе де бәрінің екі
көзі ағайынды екі жігітте.
− Көке-ау, ма-ға-ан неге айтпадың мұныңды? – деді бір
кезде жылап жатса да ап-анық сөйлеген Серікбол басын
көтеріп.
− Кінә менен, айналайын! Қайдан білейін, осылай етуім
қажет шығар, осылай жасасам дұрыс болар деп ойлап
едім, – деді әлі де көз жасын тия алмай отырған Бекқұл.
Бұл сөзін енді басын тіктеп көпке арнап айтты. − Артық
қыламын деп тыртық қыларымды білдім бе?
− Бұйрабай аға, – деді сәл үзіліс жасаған Бекқұл. Өзі
тізесіне басын қойып солқылдап жатқан інісінің басы-
нан сипап отыр. − Ес біліп, етек жапқалы Серікболмен
ақылдаспай, келіспей жасаған бір ғана ісім еді бұл. Оным
да қате болған екен. Бұл ағаттығым үшін басы Сізден ба-
стап баршаңыздан кешірім сұраймын. Ал, саған айта-
рым, Серікжан, өле-өлгенше өзіңмен келіспей ешнәрсе
істемеймін. Бүгінгі қателігімді кешіре ғой. Ал, сіздердің
мына
отырыстарыңыз
біздің
Серікбол
екеуіміздің
ешқашан
енші
алыспайтын
болғанымызға
арналған
тойымыздың басы деп санаңыздар. Мен қайта мал сойып,
қайта қазан көтертем, бата бер, Бұйрабай аға! – деп Бекқұл
күректей қос алақанын алға ұмсына берді. Оған ілесіп
отырғандар түгел қол жайды.
Тәуекел
Жүсекең малын әдетінше күн шыға өргізді. Кеше
ымырт үйірілгенге дейін жайып, кеш қамаған қой ерін
шектеу көтеріліп, керіліп-созылып, сілкініп, пысқырып
жүріп қорадан шыққанша сүт пісірім уақыт өтті. Өріске
беттеген қоралы қойдың шет-шетін қоғамдап, көзімен
бір шолып шыққан соң өзі қораға қайтып келді. Әйелінің
ескілікті ауруы қайталап, бір аптадан бері шойырылып ол
жатыр. Ауылда қалатын жаман-жәутік малға қарап, қора
тазалағанды былай қойғанда тысқа кіріп-шығуы мұң.
Бар сүйенері де, серігі де биыл беске толған кенже ба-
ласы Әбілжан. Үйдің алдында тау болып үйіліп жатқан
сексеуілден сүйегі майдалау, өзінің шамасы келетіндерін
бір-бірлеп сүйреп, үйге кіргізіп беретін де сол.
«Мұның оқуға жасы жетпегені жақсы болды ғой. Әйт
песе менің күнім не болар еді», − дейді шешесі Салкүл.
Мұнысы томпаңдаған тіл алғыш баласына көрсеткен қо
шеметі, мақтауы болғанымен – шындығы сол. Өйткені
бұл үйдің ересектеу ұл-қызы түгел колхоз орталығында
жатып оқиды. Айында бір қатынаған жолаушы, базаршы,
малшылар болмаса ата-ананың – баладан, балаларының –
қойлы ауылдағы әке-шешесінен мүлде хабары жоқ.
– Әбілжан, айналайын, қара тентегінен, кел, енді екеу-
леп мына қазан-ошақты былай алып қояйық. Сосын әкең
келгенше екеулеп дастарқан жаяйық.
Баланың шешесі тізерлеп сүйретілген күйі темір ошақ
тың үстіндегі шағын қара қазанды бір құлағынан өзі ұстап,
екінші құлағына жақындай берген баласына тұтқыш
ты – пальтоның сыртқы қалтасы сияқты, күйе-күйе киіз
қалтаны ұстата берді. Бала жаңа ғана осы қазанға жапқан,
өзі ши қалпақтың етегіндей делдиген қолындағы ып-
ыстық бәтірді күпәйкесінің қалтасына екі бүктеп сүңгітіп
Әңгімелер
жіберді де, екі қолына екі тұтқышты кие салып, қазанның
бір құлағына жармасты. «Екі жарты – бір бүтін» болып
ошақтағы қара қазанды киіз үйдің іргесіндегі орнына
қойғанда шешесі ұлына:
− Әбілжан, енді барып әкеңді шақыр. Суымай тамағын
ішсін, − деді.
Томпақ қара бала шешесінің сөзінің соңын айтқызып
үлгіртпей-ақ жүгіре жөнелді.
− Ата, тамақ ішіңіз, − деді бала әкесі күреп жатқан
қораның есігінен қарап. Жүсекең кенже баласына өзін ата
дегізіп үйреткен еді.
− Қазір, айналайын. Өзім де болып қалдым. Мына кесек
қиды алып тастамасақ кешке дейін тастай қатып қалады
да, түнде қойдың жамбасына батады.
Жүсекең шаруаға қанық, өзі теңдес кісімен сөйлесіп
жүргендей істеп жатқан жұмысын баласына ежіктей
түсіндіріп жатыр, қолындағы күрегін босағаға сүйей са-
лып, үйге қарай жүрді.
− Жүр, барайық. Шешең ұрсып тастар.
Қол жуып болған соң тұмағын төрдегі жиюлы төсекке
қарай тастай салды да, өзі етігін шешпестен жаюлы дас
тарқанды қапталдай жантая кетті. Сосын киіз үйдің нақ орта
сында қыз-қыз жанған отқа келтек жігерді ысыра түсті.
− Жазған-ау, аяғыңды шешіп, жайласып ішсеңші
асыңды.
− Жә, қойшы соны. Бәтшағарды шешіп, киюдің өзі бір
ақырет. Өзін Мәуленге қайта бастатып алмасам болмас.
Ұлтарақ, шұлғауды соқталап кимеген соң киім бола ма
бұл! − деп Жүсекең аяғындағы саптама етігінін өкшесін
жерге бірер соғып қойды.
− Кемпір-ау, бүгінгі бәтірің де, быламығың да дәмді
екен. Тіпті мынауың тіл үйіреді, − деп жайпақ ағаш табақ
қа құйылған сұйық быламықты шаймалай бастады.
− Саған қазаның асулы, төсегің салулы тұрса болғаны.
Менің жайымды ойламайсың. Мына аяғым оңалатын емес.
Тізерлеп жүріп кәріп болдым...
Шешесініц сырт айналып, жаулығының ұшын көзіне
апара жатқанын көрген Әбілжан быламық жалап отырған
қасығын қоя салып, жәутеңдеп әкесіне бір, шешесіне бір
қарады.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
− Іш тамағыңды, айналайын. Апаңның аяғы ертең-ақ
жазылып кетеді. Енді төрт-бес күнде қысқы демалысқа
шығып Қаланжан да келіп қалар. Сосын доқтыр ма, тәуіп
пе, біріне көрінерсің.
Жүсекең баласына айтқан әңгімесінің соңын бәйбішесі
не жауап қылып тамамдады.
Әупілдеп ит үрді де, артынша түйенің бақ-бақ еткен да-
усы, біреудің «кет, кет-ай!» дегені анық естілді.
− Әбілжан, біреу келді ғой деймін. Бар, шықшы. Ана
неме қауып алып жүрер!...
Көрші қойшы Құдайберген екен.
− Әй, Әбілжан, мына итіңді шақыршы. Түйемді шөгерт
пей тұр! − деді есіктен шыққан баланы көрген жас қойшы.
− Ұзықұт! Кет! Кет! Ұзықұт!
Басы келідей сары төбет «Солай ма, жарайды» дегендей
тоқпақтай келте құйрығын шолтаң еткізіп бір бұлғады да,
анадай жерге барып жата кетті.
− Жүсекең үйде ме?
Қарсы жүріп қол берген баланы жігіт арқасынан қақты.
− Ассалаумағалейку-ум!!
− Уағалейкумуссалам! Жоғары шық, балам!
− Жоқ, мен отырмаймын! Нан ауыз тиейін...
− Ауыл-елің, үй ішің аман ба, әйтеуір? Ыпының қашып
кетіпті.
Іргелес отырған шопан жігіттің суыт жүрісінен секем
алған Жүсекең тіктеліп отырды.
− Аманшылық. Түнде қораға қасқыр түсіп... соған
келдім...
− Не дейт! Биылдыққа тыныш едік. Бір бәлекет келді
десеңші! Иә, айтшы, қалай болды?!
− Егжей-тегжейін жолшыбай айтармын, Жүсеке. Біздің
арғы жағымыздағы қойшыларды айналдырғанына бірер
күн болған. Сосын «Сақтықта қорлық жоқ» деп қораны ай-
нала қақпан құрып едім. Соның біреуін алып кетіпті...
− Малың аман ба?
− Шығын бар ептеген... Енді соның ізіне түссек деп кел
дім. Мылтық жоқ. Жалғыз қууға қорықтым...
− Баруын барармын-ау. Бірақ біздің малды қайтеміз?
Өргізіп жібердім ғой. Жеңгеңнің отырысы мынау...
− Білем ғой. Сондықтан біз де малды сіздерге қарай
Әңгімелер
шығардық. Екі қора қойға бүгінше біздің Тәнірберген ие
болар. Жаңа айтып кеттім. Қазір сіздің отарды солай бет-
тетсек, Тәнірберген де алдынан шығады.
− Ендеше мен тез атты ерттей қояйын.
− Жүсеке, ер-тұрманы қасында болса мен-ақ ерттей
берейін. Сіз киініп, сойылыңызды сайлаңыз.
Бірі − түйелі, екінші − атты, екі қойшы түнде жауған
қырбақ қардан із кесе бастаған кезде қар қайта қылаулады.
Жаңа түскен іздік қар бетіндегі қоянның, түлкінің ізі сай-
рап жатыр.
− Қасқырдың ізін де оңай табатын шығармыз. Жорғала
ған тірі жанның ізі жосып жатыр ғой, жүдә.
− Оның ізін де, өзін де табармыз-ау, балам. Тек соны
қалай соғудың көзін таппай жүрмесек болғаны. Екеуіміз
де құры қолмыз. Бар сенеріміз анау сары төбет пен мына
сойыл, тәуекел де, балам. «Шешінген судан тайынбас». Бір
мәнісі болар. «Тәуекел − ердің қорғаны».
Орта бойлы, мығым денелі, жігіт ағасы болып қалған
Жүсекең сойылын беліне қыстырып, атына қонғанда, қора
сына шапқан қасқырды соғып алғандай қуанған Құдай
берген жорығының қауіптілігін мына сөзді естігенде
ғана шын түсінді. Астындағы қоспағын тебініп қалып,
Жүсекеңе жанаса түсті. Жайшылықта да көлкілдеп, көзі
нің етек жағын басып тұратын қабағы мүлде салбырап,
қушықтау шекесіндегі етексіз келте қастары бір-біріне
жақындай түсіп, қайырған қаптың ернеуі сияқты түрік
еріндері дүрдие қалыпты.
Тап қазір екі қойшының көзі жерде болғанымен көңіл
дері әлдеқайда. Әңгіме тыйылғанымен жүріс саябырлаған
жоқ. Бірі – жортып, екіншісі – желіп қасқыр шапқан қора
ның тап желкесіндегі бұйрат құмға шыға берді.
− Ол бәлекет осы бұйратты бойлап қашқан шығар.
Әшейінде де бұта-бұта, сай-жыраны сағалап, бұқпантай
лап күн кешкен нәлеті аяғына зіл батпан қақпан іліккен
соң одан бетер сақ та аяншақ болған шығар-ау. Таңға жуық
түскені ақиқат десек ол көп ұзай қойған жоқ. Қане, енді
екі жарылып із кесейік. Сақ жүрерсің. Бір сексеуілдің бе,
жарқабақтың ба түбінен тұра қашқанда түйең үркіп, та-
стап кетіп жүрмесін.
− Жақсы, Жәке. Онда мен анау кенеремен жүрейін.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Жүсекең ат шаптырым жердегі шошақ құмға көз сал-
ды. Төңіректегі сексеуілі қалың өскен жал-жал құмның
жоталана барып тоғысқан жері еді. Бұл маңдағы ең биік
құм осы болған соң қойшылар оның басындағы қау болып
өскен сексеуілге шөп-шалаң, шырпы жауып, қарақшы ет-
кен. Бұл құмның басына осы екі қойшы да талай шыққан.
Мынау құмның екі бетіндегі оты қалың бұйратқа ота-
ры тоқтап, жайылған кезде шоқыны бөктерлей келіп ба-
сына шығып, төңірекке кез тастау қандай рақат. Ондай-
да тым әрідегі болмаса да қозы көш жердегі жайылған
мал, жалғыз-жарым жүргінші алақаныңдағыдай түп-түгел
көрінеді. Бір қызығы сол − биік құмның басына шыққан
қойшы айналасындағыны түгел тамашаласа, «мені көрдің
дер ме?» дегендей қыр басына шыға келген қойшы да
төңірегіндегілердің көз алдында болады. Мұндайда сона-
дайдан бірін-бірі көрген шопандар тұмақ бұлғасып ұшы
расып, көрген, білгенін, естігенін өзара ортаға салар еді...
Жүсекеңнің ойын сары ала төбеттің қаңқ еткен даусы
бөлді. Итінің жөн-жосықсыз үрмейтін сырын білетін шо-
пан иттің даусы тап қайдан шыққанын анық білмесе де
«Айт!» деп алға қарай шоқыта жөнелді. Сол шапқан күйі
алдындағы қырқаға шығып, ат басын бірақ тартты. Ер-
ден көтеріліп, екі үзеңгіге тұрып, жан-жағына көз таста-
ды. Құмның оң жақ қапталындағы бұтасы қалың өскен
бұйратта сары төбет салақтап қырдың бұлаңдаған қызыл
түлкісін қуып жүр екен. Үлкендігі танадай сары төбеттің
жете алмасына көзі жеткен әккі түлкі көп ұзап кетпей
бұта айналып қашады. «Ит шаршаса − үреді, адам шарша-
са − күледі» демекші, сары төбеттің анда-санда бір қаңқ
еткені қажығанының белгісі. Итінің босқа арамтер болып
жүргенін қаламаған Жүсекең:
− Ұзығұт! Кә! − дәуі мұң екен, сары ала төбет қуып
жүрген түлкісін тастай салып, иесіне қарай жүгірді. Келуін
келсе де, сала құлаш тілін жия алмай әлек болған күйі
түлкі қалған жаққа қарап қайта ұмтылды.
− Ұзығұт!!!
Жүсекең бұл жолы итіне кейіп, зілмен шақырды. Сары
төбет «мұным ұяттау болды-ау» дегендей арсалаңдап жет-
кен бойы иесінің атын жанамалай беріп, құлағын жымып,
мықыны мен келте құйрығын қоса бұлғаңдатты. Сосын
Әңгімелер
озыңқырап барып таяқ тастам жердегі бір дөңестің қарына
бауырын төсеп жата кетті де, алдындағы ұлпа қардан
ашқарақтанып бір-екі қауып қалды.
Күшігінен асыраған бұл иттің Жүсекеңе серік болғаны
на сегізінші жыл. Ұясына жеткелі қысы-жазы, күні-түні
қойшының айырылмас серігіне айналған. «Қал» деп өзі та-
стап кетпесе бір елі ажырамайды, есті ит. Қораға ұзақ құт
болсын деп анасы Нағима шешейдін өзі Ұзығұт қойған. Со-
дан бері мал-жан аман. Ұры-қары, ит-құстан да тыныш.
Рас, қиналған, қысылған сәттері де жоқ емес. Бірақ түбі
қайыр болған соң өткінші қиындықты жіпке тізіп жату
Жүсекеңнің дағдысында жоқ.
Есіне түссе, еріксіз күледі. Бұл сары ала төбеттің талай
қылығы елге тарап кетті. Бөтен мал, бөтен итті ауылдың
төңірегінен жүргізбейтінін былай қойғанда, үш-төрт жыл
бұрынғы «Қауға оқиғасынан» кейін тіпті ауылдастарының
өзі де аяғын тартып қалды.
Ауыл үй отырған Тайман қойшы таң қараңғысынан
тұрып, Жүсекеңдікінен қауға алуға келсе, бұл үйдің адам-
дары түгел таңғы тәтті ұйқыда жатыр екен. Онсыз да
қажып жүрген көршісінің ұйқысын бұзғысы келмей, ошақ
басында үюлі жатқан отынның үстіндегі қауғаны өзі-ақ
алып кетпекші болып Тайман аяғын ептеп басып, отынға
жетеді де, еңкейіп қауғаны ала бергенде Жүсекеннің осы
сары төбеті, ту сыртынан келеді де Тайман қойшының екі
иығына екі алдыңғы аяғын салып, ырылдап тұра қалады.
Өзге әрекет істеу былай тұрсын белін жазып, бойын тіктеп
ұстайын десе де ырылдайды. «Күнде болмаса да күнара
көріп жүрген ит қой, атын атасам кетер» деген оймен
өзімсініп: − Ұзығұт кет! Саған не болды! − дейді.
Ошақ басында теке тірескен ит пен Тайманды көрген
Жүсекең жағдайды бірден түсініп:
− Ойпыр-ай, Тайеке-ай, қолыңның «жымқырмасы» ба-
рын біз ғана білетін шығармыз десек, ит екеш итке де
мәлім екенсің-ау! − деп қалжыңға басты.
− Әй, тәңір алсын сені, тәңір алғыр! Кісі өлейін деп
тұрса мұның әзілі қалмайды екен! Шақырсаңшы мына
бәлеңді!
− Қатты қорықтың ба? Суық су ұрттап жібер!
− Жоқ, ә! Кешегі соғыста немістің небір әпшәркісімен
Жарылқасын Нұсқабайұлы
бетпе-бет келгенде де жүрегім жарылған жоқ! − деп батыр-
сынды.
Сол сары ит өз міндетін әлі де адал атқарып келеді...
− Әй, Құдайберген! − деді Жүсекең. Сосын қолын бұл
ғады.
− Не, Жүсеке, табылды ма? − деді астындағы түйесін
қос өкпеге тепкілеп, екпіндете желген Құдайберген.
Жүсекең оның сұрағына сұрақпен жауап берді.
− Ана қоянсүйек пен жүзгеннің арасындағы ізді көріп
тұрмысың?
− Көке-ау, жап-жаңа ғой өзі!
− Е, аяғында абажадай қақпаны бар қасқыр ұзап қайда
барсын. Өзінің алдыңғы оң аяғынан түсіпті. Аяғын ауыр-
сынып қақпанды жерге сүйретпей жүргеніне қарағанда
денелі, сирағы да сидам сияқты. Бірақ арагідік қақпанның
серіппесінің ұшы жер сызып барады екен. Әттеген-ақ,
қақпанға тоқпақ байлағаныңда бүйтіп ұзамас еді.
− Қақпан − дәу қақпан еді, аяғын қиып кетпепті ғой.
− Жерге сүйретсе әр нәрсеге бір соғып қиып та кетуі
мүмкін еді. Бірақ бұл сорлы жанын аяп, қақпанды салақ
татып көтеріп барады. Бізге сонысы жақсы. Біріншіден,
қақпанды жерге тигізбей көтеремін деп күшін сарқады.
Екіншіден, алдыңғы аяғына ошақтай қақпан киіп алған
неме бізбен кездескенде де көп қайрат көрсете алмас деп
ойлаймын. Біз асықпайық. Бөрінің өзін көрмегенімізбен
«мен мұндалап» жатқан ізін көріп келеміз. Енді адаспа-
спыз, біраз өкшелеп ізіне түсіп дем алдырмай қажытайық.
Әйтпесе құр қол қасқыр соғып алуымыз қиын болар.
− Көке, өзі арланы-ау. Ізі тіпті үлкен ғой.
− Арланы арлан. Бірақ қақпан мен денесінің салмағы
үш аяғына ғана ауып, ізі де тарбиып келеді. Асықпасақ
анау шоқының маңынан өзін де көрерсің.
− Енді екеуміз жік жазбай жүрейік. Сақ бол.
− Е, ол бізге шаба қоймас!
Жас шопан бұл сөзді айтарын айтса да, қоржынынан
басы шошайып келе жатқан жиде шоқпарын қолына алып,
оңтайланып отырды.
− Жаны қиналған найсапты өйтпейді, бүйтпейді деп
бола ма? «Сақтықта қорлық жоқ», балам. Ал кеттік! Айт!
Айт-ай! Айт!...
Әңгімелер
Жүсекең астындағы шегір көз қасқасын тебініп, алға
қарай тұра шапты. Жас шопан да қиқу салып аттының
соңынан ілесті. Өзі ештеңе көрмесе де айқайы қасқырды
өкшелеп барып қалған аттылының айқайынан да зор. Он-
сыз да тапыраңдап келе жатқан қоспағын бас-көзге са-
балап елеурей түсті. Аттылының аты − аттылы. Бұл таяқ
тастам жерге жетемін дегенше Жүсекең де құйрығынан
басына қарай әрі жуандап, әрі биіктей түсетін жай-
ын балық пішінді сұлап қатқан құмнан асып көрінбей
кетті. Құдайбергенге оның үздіксіз «айт, айт» деген
айтағы мен сары төбеттің булыға үрген үні ғана естіледі.
Жас жігіт әлгі құмға шыға келгенде тап өзіне қарай
тура тартқан қасқырды көргенде не істерін білмей, бар
қайраты − айқайын үдете түсті. Жаңағы құмның арғы беті
құмшауыттанып барып, тақырға айналатын жазық болған
соң бөрі бой тасалайтын бұта, жырасы барлау құмға қарай
бұрыла қашқан сияқты. Қарсы алдынан далбақтап түйелі
қойшы шыға келген соң қасқыр көп ойланып жатпай-ақ оң
жақ қапталда қалыңқырап бара жатқан шошақ құмға қарай
тартты.
− Айт! − деді Жүсекең де қасқырдың соңынан ілеске
німен, асты тоң болып қата қоймаған шағылға аты малты
ғып шабысы өнбеді. Екі жағынан бірдей анталап адам
шыға келген соң абдырап сәл тосылыңқырап қалған қас
қырға еркін жеткен дәу төбет бөріні қара санына бір тар-
тып шоқаң еткізді. Екпінімен ағып өтіп қайта ұмтылған
итке кере қарыс азуын ырситып тап берген арланға шал-
дырмай сары төбет ойқастап кетті. Бірақ екі жағынан
міндірмелеп келіп қалған адамдардан ығып қашайын
деп бұрылса болғаны, сары төбет бір тартып кетеді. Енді
қасқырдың қашып жарытпайтыны байқалды. Сондықтан
оның анау биік құмның баурайындағы қалың сексеуілге
барар жолын бөгеп, жазыққа қарай ысырмалай түсу қажет
еді.
− Құдайберген! Сен бері өт. Мына қалыңға қарай қаша
тын жолын бөгейік!
− Онда анау кемерге қарай қашып кетпей ме, көке? Одан
да осы жерде ортаға алып көрсек қайтеді өзін?
− Жо-жоқ! Қажи қоймаған сияқты, әлі де болса біраз
әурелемесек біреуімізді майып қылып кетер. Тыныс ал-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
дырмай қуа берейік. Сары төбет те сазайын беріп келеді!
Осылай тартқылап жүріп тілерсегін қиып жіберсе болар
еді.
− Айт, айт! Әне, тағы бір тартты! Айтақ! Әй, Құдайбер
ген, мына бәлекетің қақпанды тастап кеткелі жүр ғой.
Көрдін, бе, аяғын бір қауып қалғанын?! Сірә, терісіне ғана
ілініп қалған-ау құрғыр.
Сөйткенше болмады, қасқыр айнала кереге тақылетте
ніп қоян сүйек, сексеуіл өскен қозы күрке сияқты қуысқа
кіріп кетті де, артынан ентелей жеткен итке айбат шегіп
тұра қалды. Бірақ екі көзі адамдарда. Ызамен жалт-жұлт
етеді. Негізгі жауы сары ала төбет емес, адам екенін анық
білетін тәрізді.
− Ойбай, Құдайберген! Мынаны дем алдырмайық!
Екеуміз екі бүйірінен жақындап таяқпен түрткілейік. Сон
да анау есік сияқты қуыстың бірінен қашып шыға
ды, − деп Жүсекең атымен жақындай бергені сол еді, айтса
айтқандай арлан тұра қашты. Қашқанда да бұл жолы алды-
артына қарамай жаңа жас қойшы айтқан кенереге қарай
салды.
Сары ала төбет соңында. Содан жалтақтап, қорғана
қашып барады.
− Мына бәлекеттің жана сәл кідіргеннің өзіне ширап
қалғанын көрдің бе? Жайдақта жүрсе Ұзығұт-ақ дамыл
таптырмас. Қане, тезірек қимылдайық. Ол бәлені қөзден
таса қылуға болмайды, − деп Жүсекең шоқыта жөнелді.
Екі қойшы жетемін дегенше сары төбет те арланды жан-
жағы кертіп алғандай тіп-тік, әрі тұйық жарға қамапты.
Тек төбесіне барар жол ғана жайпақтау. Қасқыр бұл жар
ға жандалбасамен кептеліп қалды ма, әлде өзге амалы
құрыған соң әдейі істеді ме, онысы белгісіз.
Екі жаны мен ту сыртынан жау келмесін сезген арлан
итке қарсы қарап жүресінен жатып алыпты. Сары төбет
тым жақындаудан жүрексініп үш-төрт қадам жерден ғана
айбат қылып, арс-арс етеді.
− Ойпыр-ай, мына бәлекеттіц пиғылының жаманын
көрдің бе? Өлсем де беріспеймін дегені ғой мынаусы.
Бәтшағар, мұндай батырлығы, жүрегі болмаса бөрі атана
ма?! − деп Жүсекең арланның тығырыққа тірелген сәттегі
әрекетіне разылығын білдірді.
Әңгімелер
− Енді не істейміз, Жүсеке! − деді арланның айбатынан
шошынған бала қойшы.
− Итті айтақтап, сексеуіл сындырып таяқ лақтырып
көрейік. Мен осында тұра тұрайын, сен тез сексеуілдің
жігерінен сындырып әкел.
Әні-міне дегенше үш-төрт келтекті бөктеріп, Құдайбер
ген де жетті. Түйе үстінде тұрып бір-бірлеп Жүсекеңе
беріп жатыр. Жүсекең дәлдеп тұрып жігерді үстін-үстін
лақтырғанымен, қасқырға соның біреуі ғана тиді. Ар-
лан жардың ұшар басына қарай сәл шегінгені болмаса
қашатын сыңай танытпады. Қайта жаңағыдан да жауығып,
көздері қанталап, «келсең кел» дегендей нығарлана жатты.
− Ал, балам, ендігі кезек біздікі. Ерте күнді кеш қылып
бұлай тұра бергеннен түк шықпайды. Қасқыр қайратын
жиып қайта қашып әуре қылуы да ықтимал. Сондықтан
«соқыр бір іс бастады, құдай оны қош көрсе» дегендейін
тәуекел етпей болмас. Мен атпен арланға қарсы барамын.
Не қашар, не маған атылар. Сен де оңтайланып жақындау
тұр. Қасқырмен жағаласып қалсам көмекке ұмтыларсың.
− Көке-ау, ол қалай болар екен?... Қасқыры құрысын...
− Жо-жоқ! Оның енді жігіттің сөзі емес, балам.
Аяғында қақпаны бар қасқырды екі бірдей азамат жүріп
ұрып ала алмадық деп жұртқа қалай айтамыз? Бөрі екеш
бөрі де тәуекел етіп жатқан жоқ па?!
Жүсекең тымағының бауын алқымынан алып мықтап
байлап, шидемінің етегімен екі тізесін қымтап, атының
шылбырын жинаңқырап қойды да, қолындағы сойылын
оңтайлай ұстап атын тебініп қалды.
− Ұзығұт! Айт! − деп қойды. Иесінің айбарлы айқайын
ес тұтқан сары төбет әлгідей емес, батылдау қимылдап,
өршелене үріп, артқы аяқтарымен жерді осып-осып жібер
ді. Бір бәленің боларын сезген қасқыр жүгіруге сайланған
спортшыдай артқы екі аяғын жерге нық тіреп алды.
Жас қойшыда зәре жоқ. Екі көзі қасқырда, түйесін ілге
рі жүргізбек болып итіне береді.
Жүсекеңнің астындағы мойны сала құлаш шегір көз
айғыр да секем алып, шиыршық атады. Иесі “шу” десе та
йынар түрі жоқ. Осқырынып, қасқыр сәл қимылдаса құла
ғын қайшылап-қайшылап алады да қайта жымады.
Жүсекең қасқыр секіре қалса, сойыл сілтеу оңтайлы
Жарылқасын Нұсқабайұлы
болсын деп бөрінің оң жағын ала қиғаштай берді де, итін
айтақтайды:
− Ұзығұт! Айт! Бас! Бас!
Сары төбет жотасын күдірейтіп, мұрнын тыржи-
тып, сояудай тістерін ақсита айбат шегіп, тап-тап береді.
Бірақ қасқырдың екі көзі аттылыда. Ол қалай қозғалса
бұл да нысанаға аузын бұрған зеңбіректей жайымен со-
лай икемделеді. Артқы екі аяғын тынымсыз қозғап бауы-
рына қарай жиыра береді. «Мұның жақсылық емес. Көзім
ді айырмайын. Көзім тайса-ақ атылғалы жатыр», − деп
топшылаған Жүсекең тағы да жақындай түспек болып атын
тебіне бергені сол еді, көкшулан арлан аттылыға қарай бір-
ақ қарғыды. Жүсекең шоқпарын көтеріп сілтеймін деген-
ше астындағы айғыры кілт шегініп қалды. Сол себеп бол-
ды ма, жоқ әлде шаршаған арланның шамасы сол бол-
ды ма, діттеген жеріне жете алмай ауаны қармаған күйі
ұшып түсті. Қойшы да жоғары көтеріп үлгерген сойылымен
қасқырды көк желкеден қонжитып-ақ жіберді. Бірақ соққы
сәл ауа тиген болуы керек, қасқыр жерге қиқайып, бір мой-
ындап түсті. «Қашқан жауға қатын ер» дегендей күні бойы
тайсақтап түрған сары тебет сокқыдан есеңгіреп қалған ар-
ланды ұмар-жұмар бас салды да, алқымына жабысты.
− Мына әккі найсап әлі де дилы. Иттің бір жерін шай-
нап тастар, − деді де Жүсекең атынан секіріп түсіп, ау-
зын арандай ашып, иттің бір жерін қармап қалмақшы бо-
лып тыпырлап жатқан қасқырдың қара тұмсығынан салып
кетті.
Қас қағым сәтте өткен мына қанды айқасты сырттай та-
машалап қалған жас қойшы түрегеп тұрған түйесінен до-
малай түсіп, Жүсекеңді құшақтай алды:
− Ой, көке, азамат екенсіз! Не болады деп жанымды
шүберекке түйіп тұр едім, рақмет! Ер екенсіз, азамат екен
сіз! − деп қайталай берді.
Жүсекең шырайлана жымиып қойды:
− Е, қарағым, өмірдің серті тәуекел емес пе?! «Тәуекел
− ердің қайығы» деген. Әйтпесе қазақтың қасқыр соғып
жүргені жаңа ма?
Жас жігіт ағасына, оның бет-жүзіндегі өмір таңбасын
дай сүйкімді әжімдеріне сүйсіне қараған күйі басын изей
берді.
Тағдыр
немесе шалдың әңгімесі
Тұрсынбек ақсақал әдетте онсыз да қысық екі көзін
тарс қып жұмып алып, үйінің кең бөлмесінің бір жақ
бұрышына төселген қол кілемге қабат-қабат салынған
қалың көрпешелердің үстіне кір көтерсін деп үлкен-
үлкен түйежапырақ гүл салынған матамен тысталған қос
жастықты шынтағының астынан шығып кетпесін деген-
дей қайта-қайта нығарлап, басып алған күйі отырғанына
бірталай уақыт болған. Күндегі әдеті сондай. Бала-шаға
бұл бөлмеге тірлігі болмаса әбес кіре бермейді. Кейде
бірдемесін іздеген кішкентайлар абыр-сабыр кіріп, ата-
сына жақындап кетсе Тұрсекең ептеп жөткірініп қалар
еді.Қарияның тосын «мен бәрін біліп жатырмын» деген
тәрізді дыбысынан шошынып қалған балалар мұндайда
аяқтарының ұшымен басып, бұл маңнан тез-тез зытуға ты-
рысатын.
Тұрсынбек қария тап осылай қанша отырғанын өзі де
білмейді, «ассалау» деп кіріп, дабұр-дұбыр енген адам
дардың даусынан дереу көзін ашып, өзіне қарай қол созып,
амандасқалы келе жатқан ірілі-ұсақты екі-үш жігітке қол
берді.
– Ата, қалай, қуатты барсыз ба!-деп бұрылды келген
үшеудің ішіндегі пысықтау сарысы.
– Шүкір шырағым. Сен қай баласың?-деп сұрақтың
иесіне қарай жантайды.
– Қалкөз кластасыңыздың баласы Ермек қой.
– Ал мына бала ше?– деп өзіне тақау отырған мұртты
қараға үңілді қария.
– Сұрақ өзіне тірелгенін сезген Бақытжан: – Өзіңіздің
ұстазыңыз Әтібай ақсақалдың баласымын.
– Ә-ә, бәрің де өзіміздің балалар екенсіңдер ғой,– деп
қарт қанағат тұтқандай сұрағын доғарды.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Бірақ келген үшеудің біреуі – жұқалтаң жылтыр қара
өзін түгендемегеніне намыстанды білем:
– Ата, менің кім екенімді неге сұрамадыңыз?-деп қалды.
– Әй, сен кім болушы едің? Бәтшағар, сен Әбдірайдың
немересі емеспісің? Сені танып отырмын ғой!– дегенде
отырғандар ду күлді.
– Әй, ана телебезирді қосып қойсаңшы. Бейсар әңгі
меден гөрі осыны тыңдайық,– деді енді үй иесі мақамын
ауыстырып.
– Бірақ,-деді сәл мүдірді де:
– Осы немең осы күні «атып кетті, шауып кетті, өртеп
кетті, құлап өлді, өкіметтен бірдеме сұрап еді» деген-
нен өзге ештеңе айтпайтын болған ғой! Тіпті қыз алып
қашқанды да едәуір сөз қылып, бүкіл елге жайғаны не
қылғаны бұл телебезіріңнің? Біздің заманымызда да, біз
ге дейін де қыз алып қашу болушы еді. Бірақ соны сонша
лықты дүрліктіріп, дабыра қылмайтын еді. Ал сендердің
қазіргі қыз алып қашуларың баланың ойыны сияқты. Ата-
стырып, сырға салып, қалың малын беріп деген сияқты
бесіккертпе құда болған үйдің қызы емес, бүгінгі қыздар
өзі сүймеген біреулерге ұзатып жібермекші болған соң
қашып жатқан жоқ – өз ата-анасынан, өз үйінен қашып
жатқан балалар сияқты ғой өзі.
– Жоқ ата, көшеден қой ұрлағандай-ақ ұстап алып,
ұмар-жұмар етіп машинеге тығып, әкетіп жатқандар да аз
емес.
– Бұрын жұрт аң аулаушы еді, енді адам аулайтын
болдық десеңдерші онда?! Бұрын арман деген болатын қыз-
жігіттердің арасында. Бір көру арман, бір ауыз сөз айту ар-
ман, қолынан ұстау арман, танысу арман еді. Бүгінде бәрі
еркін, бәрі кешу. Құндылық дегеннің не екенін түсінбейтін
ұрпақ пайда болған сияқты. Бір әнде: «Айдынның аққуы
ұшып, қазы қалды...» дейтін мұңы болушы еді. Бүгін
гі аққулар тауық қорада жүреді ме деп үркесің. Иба,
емеуірінмен сөйлеу, биязылық, имену дейтіндерің көзден
бұл-бұл ұшты. Бәрін неғұрлым ашып тастаған, қазақ қы
зына тән ұяңдық әдеп дегендеріңді тарыдай шашып таста
ған арсыз заман келді ғой балалар.
– Не келеді біздің қолымыздан?– деп басын көтеріңірек
отырды Тұрсынбек ақсақал.
– Әй, шайларың қайда мына балаларға?– деп ешкімді
көріп отырмаса да есікке қарай айқайлады.
Әңгімелер
– Ата, сіздер де қыз алып қаштыңыздар ма?-деп қалғаны
Әбдірайдың немересі.
Қарт екі ойлы болып қалды. Сосын:
– Алып қаштық қой. Осы Темірңінің өзінен алып қаш
қанбыз. Мен өзім үшін емес, досым үшін алып қашып
едім... ақыры...
Ақсақалдың шешіле алмай отырғанын сезген жастар «ай
тып беріңізші, айтыңызшы ата» деп қау-қаулап кетті. Сәл
тартынып, шегіншектеген қария іштегі сырын бір ақтарғы
сы келді ме:
– Онда сендер шәйға қарай беріңдер. Мен тысқа шығып
келейін,– деп ақсақал орнынан көтерілді.
Қария көп кешікпей үйге қайтып кірді. Жалғыз емес,
қасында үйімен іргелес отырған ауылдасы, әрі мектепте
бірге оқыған досы Жарас ақсақалды ерте кірді. Тұрсекең
жүре сөйлеп келеді.
– Әй,балалар, мына Жарас аталарыңды Құдай айдап
алып келді. Жаңа сендер қыз алып қашқан тарихтарыңды
айтып беріңдерші деп мені кеу-кеулей бастап едіңдер. Мы-
нау сол қызды алып қашқан нағыздың өзі.
Кәдірмен күні-түні бірге жүріп , бірге алып қашқан жан
досы, әрі туысқаны ендігі әңгімені осы айтып береді деп
Тұрсынбек ақсақал қасындағы қарттың арқасынан қағып
қойды.
– Сыртта бұл жөнінде әуелі әңгімелестік, сөйтіп, уәде
сін алып келісіп келемін.
– Қане, Жақа, төрге шығыңыз; – деп қоңсысын төрге
оздырды.
Жаңа кірген ақсақалға орындарынан тұрып, жапа-
тармағай қол беріп амандасқан жастар төрден ығысып,
үлкен кісіге орын берді.
Ал үй иесі Тұрсекең бұл жолы көп төскейлемей, төрден
төменірек жайғасты.
– Ал, Жарас, құлағымыз Сізде, – деп әңгімеңді баста
дегенді құрдасы айтпай-ақ ұқтырды.
* * *
Темір орта мектебін былтыр ғана бітіріп, өзімнің туған
ауылым Маяқұм жерінде жаңадан құрылған қой шаруа
шылығымен шұғылданатын совхоздың теміржол станция
сындағы базасына қара жұмысшы болып орналасып, жаңа
Жарылқасын Нұсқабайұлы
жұмысыма үйірсек тартып, енді-енді бауыр баса бастаған
кезім еді. Шілде айының кенезеңді кептіріп жіберетін ап-
табы өтіп, қырық күн шілде кезінде күндіз, әсіресе түс жа
қындағаннан күн қайтып, көлеңке ұзаратын песінге дейін
бейсар жүрген тірі жан көрінбейтін көшелерге қараң-құраң
адамдар шығып, шағын ауылдың реңі кіре бастағандай.
Оның үстіне әшейінде көшелерде андыздап жүретін мек-
теп балалары да жазғы демалысқа шыққалы бірі-ойға, бірі-
қырға дегендей қыдырыстан кетіп, ел-жұрты көшіп кет-
кендей тым-тырыс болып қалған Темір селосы ұйқысынан
енді оянғандай жұрт құмы суырған шағын да бұралаң
көшелерімен ерсілі-қарсылы жүгіріп, құмырсқа тірлігіне
кірісіп жатқан.
Осыдан бірер апта бұрын кәсіптік-техникалық мектеп
тің біржылдық курсын бітіріп кең профилді тракторшы
мамандығының қалақтай куәлігін алып келіп, енді ауыл
дағы тірлігін неден бастарын шеше алмай неше күннен
бері аудан мен ауылдың арасында алашапқын шабуыл-
мен жүрген кластас досым Кәдірден хабар алайыншы де-
ген оймен солай қарай жүрдім. Теміржолды бойлай жатқан
қыраттардың қойнауына түгел жатаған үйлерін салып
тастаған ағайындарынан ұзап қоныстанғанды сөкеттеу
көрген бе, жоқ әлде өздері өзегі талып, қырыққа келгенде
әзер көрген жалғыздары – жалғыз ұлы Кәдірі туған-туыс
пен күнде араласып, шүйіркелесіп, ойнап өспеген соң
бауырмалдығы кем, кісікиіктеу неме болып қала ма де-
ген күдікпен әкесі Тәжібек осы қазір отырған үйін дөңес
теу жерде болса да бауырларымен іргелес отырайын деп
өйтіп-бүйтіп, дегендей итшілеп бітіріп кірген үйі еді.
«Өз үйім – өлең төсегім» демекші құдайға шүкір, осы қо
нысқа жайғасқалы жаман емес. Өзі колхоздың ана жер
мына жерінде қарауыл дей ме, күзетші дей ме, әйтеуір
қант-шәйіне лаждайтын тиын-тебен әкеліп жүр үйіне.
Колхоздың мақташыларының алдын бермей удәрнік ата-
нып, ауыздан түспей тұрған әйелі – Күласыл да тәнті. Өйт
кені, алакеуімнен атқа мінетін озат колхозшы іңір қараң
ғылығы түспей оралмайды. Мақталық пен ауылдың ара-
сы да жаяу-жалпылаған ауыл тұрғындары үшін қозы көш
жер. Колхоздың бұларды таситын ат арбасы да бірде-олай,
бірде-бұлай. «Кел, мін» деп тұрғанын көрмейсің. Сол
себепті де бұл үйде ертелі-кеш азаншы да қазаншы да
Әңгімелер
аталы-балалы екі еркек. Содан шығар қай жұмысқа да еп-
сек, қол-аяғы жеңіл Кәдір қазан-ошаққа да бейім. Үй ішін
жинастырып, әкесіне шәй-пайын қамдап беру де жалғыз
ұлдың мойынында. Кәдірді іздеп бара қалсақ біз де біріміз
дастархан жайып, біріміз самаурынның отын қарап не-
месе шәй ішетін жерге көрпеше төсеп, кесе-шәйнекті та-
сып жүгіріп кететінбіз. Ол кезде ас та төк молшылық
ешкімде жоқ. Сондықтан «күлшелі бала– сүйкімді» деген-
дей қолында тамағы бар Кәдір досымыздың үйіне бәріміз
үйірсекпіз. Сол үйден тамақтан өтер нәрсесінен бір үзіп
жесек те аузымыз құрғамайды.
Міне, бүгін де бұрынғы әдетінше Кәдір досым қазан-
ошақтың төңірегінде жүргенін көріп келемін. Мені көргені
сол еді қолындағы затын жерге қоя салды да маған қарай тұра
жүгірді. Бірер күн болған көріспегенімізге. Айқара құшақ
тасып, бірімізді біріміз бауырымызға басып жатырмыз.
– Қалай, қашан келдің?-дейім мен.
– Кеше. Өздерің қалайсыңдар? Тоқмырза қайда? Берді
бай, Шақизаттардан не хабар?
Кәдір де дереу білгісі келгенін үстемелей сұрап, қуанып
қалды.
– Тоқмырзаның үйі Түркістанға көшіп кеткен. Өзі сон-
да бір наубайханада істеп жүр. Бердібайлар Шымкентте
ғой. Оқуда. Биыл ауылға келген жоқ. Өзім – жұмысшы
мын. Өткенде айтып едім ғой. Сондамын.
– Көкем, апамдар аман ба?
– Иә, жаман емес. Ол кісілер үйде ғой.
Көкем, апам деп тұрғаны менің әке-шешем. Достар бәрі
міз бір-біріміздің ата-аналарымызды өз баласы сияқтанып
атайтынбыз.
Мысалы Кәдірдің әкесін бәріміз де – Жәке десек, апа-
сын – апа, «апам» дей беретінбіз. Ол кісілердің көздерінше
де, сыртта да нақ осылай айтатынбыз. Бұлжымайтынбыз.
Және бір қызығы кейде біріміз екіншінің үйіне барғанда
досымыз жоқ болып, әке-шешесі өздері қара жұмыс істеп
жатса мүлдем сұратпай-ақ дереу кірісіп кетер едік. Мұн
дайда әсіресе бауырмал Күласыл апамыз.:
– Айналайын Кәдірім жалғыз емес. Құдай берген до-
стары бауырындай жақын! Бәрі мен үшін Кәдірімнен бір де
кем емес!– деп бетімізден сүйіп, арқамыздан қағып жата-
тын.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Қане не жаңалығың бар? Айманың қалай?
Айман деп отырғаным – біз оқыған мектепті биыл тә
мамдаған қыз. Ата-анасы ешқайда оқуға жібермесе ке-
рек. Өйткені, осы ауылда тұратын бір кісінің Шымкентте
оқитын баласына атастырып қойғандықтан биыл мекте
бін бітірген соң ұзатылмақшы екен. Біріқ олай етуге қыз
мүлдем разы емес. Жігіттің өзі де, ата-анасы да ұнамай
тынын айтыпты.
– Оны қайдан біледі екен Айман?-дегенімде:
– Екі үйі ауылдас қой. Құдандалы болып жүргені де
сондықтан,– деп жақтырыңқырамағанын аңғыртты досым.
Жігіттің әкесін мен де аз–кем білуші ем. Мен істейтін
базада күзетші. Боқтампаз, ұзын қара шал. Боғауыз әңгі
меге құмар. Үзіліс кезінде жастардың арасында отырып,
кешегі соғыс жылдарында күйеулері: әскерге кеткен келін
шектермен істеген бейбастықтарын айтып, шиқылдай кү
ліп отыратыны есімде еді. Бірақ ол жөнінде досыма ләм-
мим деп ештеме айтқаным жоқ.
– Ақылдасатын жағдайлар болып тұр. Кешірек сөйле
сейік,– деді Кәдір. – Мен кешке Айманмен тағы бір жолы
ғып, келісіп алайын. Сосын сенікіне жолшыбай соғамын.
Қалған әңгімені сонда жалғастырамыз, келістік пе? – деп
қоштасу үшін маған қолын созды.
Екеуміз кешірек жолықпақшы болып уәделестік. Реті
болса, тезірек келмекші Кәдір.
Кәдір сол кеткеннен түннің бір мезгілінде ғана келді.
Мен ұйқыға жатып қалғам. Анам Кәдір келіп тұрғанын ай-
тып, оятты мені. Тез киініп, сыртқа шықтым. Жүзі сынық.
Көңіл-күйі жоқтығы көрініп тұрды. «Үйге кіріп, сөйле
сейік»,– деген ұсынысыма келіспеді.
– Түн ішінде ата-анамыздың ұйқысын бұзғанымыз ұят-
ты. Сыртта сөйлесе бергеніміз жөн. Күбір–сыбырымыз
болғалы тұр. Былайырақ барып сөйлесейік,– деді.
Үйден сәл ұзаңқырап барып, тұрдық.
– Жағдай былай,– деді қобалжыңқырай сөйлеген до-
сым. – Бағана күндіз менің Айманмен жолыққанымды
біреу-міреу көріп, ата-анасына ескертті білем. Жаңа кеш
құрым мен баруын барғаныммен Айманның үйінен шығуы
мұң болды. Аңдытып қойған екен. Өзге амалым қалмаған
соң, Бекбауовтың үйіне бір баланы жұмсап, оны сыртқа
шақырдым.
Әңгімелер Бекбауов деп тұрғаны – бәрі бірге оқыған, әрі Айманның туыстары және үйлері іргелес. Кәдір Бекбауов Тұрсынбек ке бар мән-жайды, жайып салып, бір амалын ойластыруын өтініпті. Әрине қанша туыс болғанымен шөкімдей ауылдағы аз ғантай қозғалысыңыз алақаныңыздағыдай «мен мұнда лап» тұратынын айтқан Тұрсынбек Айманды жұрт ұйқыға кеткен соң ғана әзер ертіп шығыпты. – Айман не дейді? – дедім тағатым таусылған мен. – Не десін? Анау айттырған жігіттің ата-анасы Айман ның үйіне біршама ақша өткізіп қойған екен. Айманның айтуынша сол ақшаны қайтарып бермей тұра мен атаанамды қып–қызыл дауға – отқа тастап кеткендей сенімен ешқандай уәде жасай алмаймын,– депті. – Ал қарызын қайтарып берген соң ше?-деппін бейне менің қалтамда өтем үшін бере қойатын мыс-мыс ақшам қаттаулы тұрғандай. – Ағайын-туыс бар, жора-жолдас бар дегендей сол ақ шаның бір мәнісі болар-ау. Бірақ ең қиыны – ата-аналар дың наласы, реніші ғой. Айманның әкесі әлі білмейді қызының ниеті бұзылғанын. Ал анасы – қызын аяйды. Бірақ әкесінен аса алмайтыны тұрмақ, «ол кісіге бұл жайтты айта да алмаймын» депті. Әрине ең қиыны қыз – атаанасын қимайды олай тастап кетуге. Қазақы кісілер емес пе? Уәде аттағаннан қорқады ғой... – Сонымен қалай деп тарастыңдар? Қандай уәде болды? – Айман бүгін соңғы рет анасымен ақылдасып көрмек. «Кәдірге тимесем де анау атастырғандарыңызға бармаймын. Аяқ-қолымды матап беріп жібермесеңіздер» демекші. – Оның хабарын қашан, қалай аласын? – Бекбауов арқылы ғой. Өзге вариант жоқ емес пе? – Ал біз не істеуіміз қажет? Бізге не тапсырасың?-дедім даусым дірілдеп кетті білем. Кәдір мені құшағына алып, арқамнан қақты. – Бүгін мен де әке–шешеме айтып, ақыл сұрайын. Мына жағдайды ол кісілер де білмейді. Тек апам бейшара «келін түсіретін болдым» деп қуанып, ұшып жүр. Марқұм Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» деп аталатын повесі «Ол кезде орыстың исі де жоқ» деп басталушы еді. Кейінгі басылымдарынан «орыстан ұят бо-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
лады» деп алып тастап, шығарманы көп нүктеден ба-
стап жүр ғой! Сол айтпақшы ол заманда қалта телефон
тұрмақ қарапайым телефоныңыздың өзі некен-саяқ. Бол-
са мекемелердің немесе «дәулердің» үйінде ғана бола-
ды. Сондықтан біреуге айтар жалғыз ауыз сөзіңді жеткізу
үшін біреуден сәлем айтып, немесе біреуді жұмсамасаң
жаяу-жалпы өзің баруға мәжбүрсің. Күн демей, түн демей,
жауын-шашыныңа да қарамай жүре беретінбіз. Еріну, шар-
шау, сылтау айту деген әдетімізде жоқ-тын.
Екеуміздің соңғы кездесуімізден соң бір күн өткен. Түн
нің бір уағы болып қалған. Маған Кәдір келді. Қолында
газетке оралған заты бар. Аман-саулықты үстірт сұрасып
болды да әңгімесін төтесінен бастады.
– Бүгін екеуміз Айманның үйіне барып шығуымыз ке-
рек...
Неге екенін ұқпады-ау дегендей көзіме тесіле қарап тұр.
Сұрағы мен жауабының арасы кейбіреулердікіндей сүт
пісірім болмайтын, шапшаң сөйлейтін Кәдір әлігі міндет
тің жауабын да өзі айтты.
– Мынаны апарып беруіміз керек!– деп қолындағы орау
лы нәрсесін сыртынан ұрып қойды.
– Әлгі қыз айттырған үйге Айманның әке-шешесі қарыз
болып қалған ақша ғой. Қызыл Түркістандағы Әмет, Ілияс
ағаларымның арқасынан қағып жүріп қарызға алдым...
– Бүгін түнде бармақшымыз ба? Кеш болып кеткен
жоқ па?– деймін мен үлкен жауапкершіліктің мойнымызға
артылып қалғанын сезіп. – Екеуміз ғана ма? Ересектеу
біреуді ертсек қайтеді?
Кәдірдің ылғи жауабы дайын тұрады:
– Екеуміздің қай жақын-жанашырымыз бар еді сөзіне
берік? Кімді қоссаң да тез, ала кеуімнен-ақ: «ойбай, осындай
да осындай болды» деп көлденең өткен көк аттыдан сүйінші
сұрамасына көзің жете ме? Өзіміз көлеңкемізден сескеніп
жүргенде. Айманды алып қашқалы жүрген ұрлықы жоспа-
рымызды жаһанға жария қылғанымыз болмай ма ол?
– Шешесі біле ме, Айманның? Түн жарымы ауғанда
есік ашпай жүрсе...
– Ескертіп қояды деген.
– «Ұрыста не тұрыс бар?» демекші онда қамданайық.
Мен ғой күйеу жолдаспын. Ал күйеу бала атаңның табал
дырығынан тұңғыш аттағалы тұрсың. Кәде-сәдесін білуші
Әңгімелер
ме едің?– деп қалжындаған болып жатырмын. Ойым до
сымның тұмшаған ойын бөліп, көңілін жадырату.
– Мен үйге кіріп, дұрыстау киініп шығайын. Әлігі айт
қандарыңды апамнан сұрап алармыз.
Әлі жиырмаға да жетпеген екі дос Темір селосының
оңтүстік шығыс шетінде, әйгілі тесік көпірден шығатын
қасқа жолдың ернеуінде, ылдида шоғырланған топ ауыл
дың желке тұсынан келіп тұрмыз. Анау айналасы тап-таза,
қақпа, есіктеріне шейін мұнтздай ғып бояп қойған, айдың
жарығында кіршіксіз ақ сияқтанып тұрған үй – Мырзах-
мет қарияныкі. Одан былайырақтағы Айманның үйіне мін
дірмелетіп тақай салынған дәу үй өзіміздің Бекбауовтікі.
Мектепте жүргенде талай келіп, алысып, асық ойнаған
үйіміз. Анау үйдің іргесінде жатқан автомобильдің бел те
мірі – Тұрсынбек штангы ретінде күнде көтеретін бел темір
көзімізге оттай басылады. Ал Айманның үйінің терезесінен
сығырайған май шамның жарығы өлімсіреп қана көрінеді.
Майда балалары жоқ үй ғой. Сірә, біздің келетінімізді біліп
отырмын деген белгісі болды ма екен? Айманның әкесі жол
жүріп кеткен. Үйінде ересектерден шешесі ғана деп естідік.
Мектепте 6–7 кластарда оқып жүргенде қауыны ерте
түйнектеген ауылдастарымыздың қауынын ұрлауға бар
ғанда тірсегіміз тап осылай діріл қағатын еді. Қазір де тап
сондай күйдеміз. Әр қадамымызды аңдап басып, үйге жа
қындап келеміз. Ентіккен деміміз, тіпті жүрегіміздің дүр
сілі де айқын есітілді. Бейне адасып қалардай біріміз бірі
міздің қолымызды қысып ұстап алғанбыз. Әне, әулінің
есігінің алдында жатқан қарала ит бірер рет еріншектеу
үріп қойды. Абырой болғанда Кәдір иттің атын біледі екен.
Сыбырлаңқырап «Құтжол» деп еді анау тыныш қалды. Сірә,
Кәдір бұл амалын бұған дейін де қолданған-ау деп ойладым.
Ауласына еніп, төңіректі тағы бір шолдық. Тып-ты
ныш. Сабалақ жүнді сары ала мысық келіп, Кәдірдің
балағына сүйкенгені болмаса өзге кедергі көрмеген екі
дос бағанадана бері бұқпантайлап келе жатқандықтан
төмен түсіңкіреп кеткен ышқырымызды бір командамен
орындағандай бір мезетте тез–тез жоғары көтеріп алдық.
Кәдір есікті нұсқады маған. Оң қолының сұқ саусағын
бүккен күйі өзге саусақтарынан сәл оздырыңқырап алды
да «былай соқ» дегендей қолымен қабырғаны нұқып–
нұқып қойды. Мен қабырғаны емес, бұрынырақ жасалып,
Жарылқасын Нұсқабайұлы
күнқақты болып, оңып кеткен жұпынылау есіктің сал
бырап тұрған ілгегімен есікті әлденеше рет соқтым. Әрі
ректен әйел адамның «Бұл кім?» деген дауысы шықты.
Сірә Айманның шешесі де қилы ой әлегінде ояу жатса керек.
– Апа, ашыңыз. Біз, Кәдірміз ғой,– деуім мұң екен да
уыс иесі: «үй, құдай, оңдай көр, бісмілла»– деп есігін ашып
жіберді. Шам да жарқ етті. Қол алысып, амандасып, төрге
қарай оза бердік. Айманның анасы жылап жүр екен жа
рықтық, енді байқадым:
– Сендер, балалар жоғары шығып отыра беріңдер. Үй
иесі Әліпбек те жоқ еді. Мен қайнағаға хабар берейін,–
деп жүгіре басып шығып кетті. Біз төрге тырмысып қатар
отырдық.
– Әй, саған төрге шығуға болмайды. Сен күйеусің ғой–
деп сыбырладым Кәдірге.
– Әлі қызын алғаным жоқ қой, айыппұл сала қоймас, –
деп менің әзіліме әзілмен жауап қайтарды.
Әні-міні дегенше «қайнаға» деген кісісі де кірді үйге.
Орнымыздан тұрып қолын алдық. «Үй іштеріңіз аман,
қуатты барсыз ба?» деген болып жатырмын. Әшейінде
сөзшең «күйеу балада» үн жоқ.
– Мына Кәдірді танып отырмын. Ал сен қай баласың?–
дегені кенет қария. «Не жауап айтар екен?» –дегендей
маған сәл қиғаштау отырған ақсақалдың үстіне желбегей
жамыла салған тұнжыр көк қазақы шапаны мен тақиясы
құйып қойғандай жарасып-ақ тұр. Азын–аулақ қырау жал
ған мөлдір қара мұрты мен шоқша сақалы да бөлекше сән
беріп тұр өзіне.
Мен аты-жөнімді айттым.
– Е-е, Жүсекең қарияның қала жақтағы інілерінің
қолында оқитын бір баласы бар деп естуші ем. Сол екенсің
ғой,– дегені.
– Иә, мектепті осы жерде мына Кәдір екеуміз бірге
оқып бітірдік қой. Бейуақтау болса да келіп қалғанымызға
ренжімеңіздер. Әлгі Айман қызыңызды айттырып, сырға
салған кісілердің азын-аулақ қаражаты өткен екен осы
үйге. Соны бүгін біз алып келген едік,–деп бағанадан
бері қолыммен мытып отырған дәкеге ораған ақшаны
қарияның алдына қойдым.
Ақсақал Айманның төңірегінде болып жатқан әңгімеге
қанықтығын танытты. Басы артық сұрақ қоймай, дереу
Әңгімелер
қолын жайып, батасын берді. Біз де бейне бір шаруамыз
енді шешімін тапқандай ризашылықпен сыртқа беттедік.
Бізбен ілесе тысқа шыққан Төлеген қариямен де қош
тасып, қолын алып тұрғанда:
– Түн қараңғысында емес, жарықта келгендерің жөн
еді. Ұрлық қылып отырған ештемеміз жоқ. Байлап-матап
беріп жібере салатын үйде отырған қыз емес. Мектеп көр
ген, сауаты бар. Бүгінде жастар барамын дегеніне бара-
ды. Аламын дегенін алатын болған және Кәдірдің өзін
жібергенше ағайындарының естиярлау біреуі келсе бола-
тын ғой,– деп ойланып қалды.
Бұл ауылдан былай шығып, жолға түскен соң:
– Ал, Кәдір, оңға басқан қадамың құтты болсын!– де
уім мұң екен досым мені қапсыра құшақтаған күйі үстін-
үстін сүйіп:
– Дос, туыс, бауыр деген осындайда екен ғой?! Түн
ұйқыңды төрт бөліп, менен бетер уайымдап жүргеніңе
жүдә ризамын,– деп енді арқамнан қақты. Сосын сәл бөге
ліп, ұмытқан нәрсесі есіне түспей тұрғандай пішімін көр
сетті.
– Ал енді сен үйге қайта бер. Қалыңдықтың үйіне кіріп
тұрып жүздеспей кеткенім ұят болар. Сірә, ол да мені күтіп
отыр,– деп жадырай күлді досым.
Е-е, уәделері бар екен ғой екеуінің кездесеміз деген деп
топшыладым мен.
– Жә, ендеше сәт сапар. Мен жүре берейін.
Екеуіміз қол алысып екі жаққа қарай кеттік.
* * *
Біз Кәдір екеуміздің келіп кеткенімізді түп түгел естіп
те, біліп те отырған Айман «Енді Кәдір қайтып келер» деп
тағатсыздана күтті. Үйдің шамдарын өшіріп тастағанымен
үй де, дала да жап-жарық болатын. Сондықтан үйден ұза
май бөгеліп, сөйлесіп тұрған сұлбамызды терезе алдын-
да қадағалап көріп отырған қызға уақыт безеріп, тоқтап
қалғандай көрінді. «Бұл екеуі тағы не мәселені шеше ал-
май тұр? Әлде ақшаны апарып бергеніміз дұрыс болмады»
дей ме екен? «Жоқ» – дейді тағы бір ойы. Ол туралы Кәдір
екеуміз ақылдастық қой. «Мен әкеліп беремін!» – деп қояр
да қоймаған өзі еді ғой. Өткенде әке–шешемнің екеуі де
естіді ғой деймін, – Кәдірге рұқсат бермесеңіздер де анау
Жарылқасын Нұсқабайұлы
атастырғандарыңызға бармаймын деп анық айтқанмын.
Яғни, ол қарызды ата-анам қалайда өздері төлейді.
– Уһ, Кәдір ақыры үйге қарай жүрді-ау,– деп Айман
сыртқа шығуға икемделе бастады. Қызының әр қимылын
бағып, ояу жатқан анасы:
– Ай–ман! Тысқа шығайын дедің бе? Көп жүрме, қы
зым. Көрші-қолаңның көзіне түсіп, өсекке қалып жүр
мейік. Қазір жұрттың көзі мен құлағы біздің үй жақта ғой.
От тисе лап ететін қаудандай әзір отыр емес пе? Абай бол,
қарағым...
Айман: – Мақұл апа, уайымдамай жата беріңіз. Мен
үйден ұзамаймын,– деп уәде қылды да есікті жай жауып,
шығып кетті.
Бұл тысқа шыққанда босағаның нақ сыртында тұрған
жігіт мұны қапсыра құшағына алды. Осы сәтте бүгін күні
бойы, енді түні бойы күтіп, тағаты таусылған Айман қыз
да бозбала қалай құшып, қалай сүйемін десе де қарсылық
көрсетпей бар білгені өзі де жігітті алма кезек сүйіп, мой-
ынына жабысқан құшағын ажыртпады. Әлсін-әлі бетіне
бетін тақап мейірлене иіскей берді, иіскей берді.
Екеуі тап осылай тұра берер ме еді, қайтер еді, егер бір
кез үйдің есігінен қараған анасы:
– Айман, балам–ау, саң біліне бастады ғой, енді үйге
кір, – деді.
Осы сәтте ғана бойын тез тежей қойған қыз жігіттің
құшқан қолдарын әлі де ажыртапай оның маңдайын маң
дайын сүйеп тұрып:
– Сонымен не болды?– деп сұрады.
– Қобалжу, қорқу, уайым, күдік бәрі бітті! Енді сен
менікісің! Оның үстіне апаң мен көкеңнің де қарсылығы
жоқ екеніне көзің жетті! Солай ма?
Айман басын изеді.
– Екеуміздің қосылуымызға келіспесе де анау атастыр
ғандарына ешқашан бармайтынымды айтқам апама...
– Ендеше,– деді бар мәселенің басы ашық екеніне анық
көз жеткізген жігіт,– енді екеуміз ақылдасып шешетін
нәрсеміз–бір-ақ нәрсе. Ол – үйіңнен қашан, қалай, қайда
алып кететінімді шешу.
– Сонда қалай? Үйіңе ше? Үйіңе апармайсың ба? Әке–
шешең не дейді?
– Әуелі бірнеше күн конспирация жасаймыз. Яғни, із
Әңгімелер
жасырамыз. Әйтпесе алайын деп отырған кенінінен айы
рылғандар үйімізге келіп, шаң-шұң айқай шығарып, қар
ғап-сілеп дегендей көңіл-күйімізді бұзады.
– Сен мені алып кеткеннен соң болды емес пе? Оның
оң босағасына түсіп қойған келіншегін алып қашып бара
жатқан жоқсың?!
– Иә, дұрыс айтасың. Және ең бастысы жігіт аты бар,
намысы қайда десеңші! Әке-шешесіне «қойыңыздар» де-
мей ме? Бәлкім сенің тигің келмейтінін білмейтін шығар?
– Ол не дегенің?! Ол мені көшеде ұстап алып сөйлесті
ғой. Мен сонда-ақ анығын айтқам «әуре болма» деп.
Менімше оныкі жұрт: «айттырған қызы тастап кетті» деп
айтады деген жалған намыс қой. Мені зорлап болса да
үйіне кіргізіп алса, «сөйттің» деп қорламақшы шығар?
Үйдің есігі тағы ашылып, анасының:
– Қызым үйге кіре ғой,– дегені бұл жолы бұрйықтай
естілді. Кетуге икемделген Айман Кәдірдің бетінен сүйіп
алды: – Кешқұрым жолығамыз! деп асығыс қоштасты да
есікке қарай жүгірді.
Қалай, қай сағатта жолығатынын келісіп үлегермеген жігіт
не істерін білмей тұрып қалды. Кенет Айман есігінен қарап:
– Кешке қаншада, қай жерде жолығатынымызды Тұр
сынбектен айтармын. Тұрсынбекпен хабарлас,– деді де есі
гін жапты.
Айманға қатысты жоспар-ойларының бір жүйеге түсе
бастағанына масаттанған қуанышты жігіт тез жүргені сон-
ша үйінің қасына қалай тез келіп қалғанын да аңғармапты.
Рауандап таң да атып қалды.
Өзі үйіне бұрылатын көшеге жетпей үйіне төтесінен
өтетін көрші аулаға енгені сол еді қарсы беттегі дуалды
жағалай кетіп бара жатқан екеуді көзі шалды. Қоршауға
жақындай түсіп, бой тасалады да байыппен қарады. Тап
соның өзі. Айманды ата-анасы атастырып қойған «үміт
кер» жігіт. Қасына сойыл соғарларын ертіп, таң қараңғы
сында мұның үйін торуылдап жүруі күдік қана емес, қауіп
туғызатыны да күмәнсіз. Бұл жүрісіне қарағанда атасты
рылған жігіт бір тосын әрекет жасауға бекінгені емес пе
екен?
Үйіне келген соң да ол көп ойланды. Ақыры Айманды
жедел алып кету керек деген тоқтамға келді. Бұлай етпесе
уақыт өткізіп алып, опық жеуі мүмкін екенін түйді.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Бұл пікірін әке-шешесіне айтып еді, ата–анасы құрақ
ұшып қуанды.
– Қарағым,қайда апарамын десең ықтиярың. Әйтеуір
бізге келін әкелсең болғаны,– деп бір-ақ түйді қариялар.
Кәдір бір сағат та кешуілдетпей әзірлікті тап қазірден
бастау қажет деп, дереу маған жетті. Мен әлі ұйқымнан
тұрмағанмын.
– Әй, көке,– деді маған. Менен бір жасқа жуық кішілігі
бар еді. Соны малданып кей-кейде «көке» дейтініне көн
дігіп қалғам.
– Баяғының қас батырларындай тал түске дейін тап-
жылмай не жатыс мынауың?!
Мен де таңға таяу келіп құлағам. Ұйқымды қимай жа-
тырмын:
– Не болды сонша, жау шапты ма?
– Соған таяу, көке.
– Ендігі шара қандай болмақ онда?
– «Еңку-еңку жер шолмай, ерлердің ісі бітер ме?!» деп
Махамбет ақын қалай ғана дөп айтқан? Тура біздің жұмыс
жоспарымыз сықылды айтқан дерсің!
Мен білетін Кәдір бауырымның бұлай тынышсызда-
нуы бір тықырдың таянғанының нышаны-ау деген ой ба-
сыма сап ете қалып еді, жаңа ғана ұйқылы–ояу жатқан
мен орнымнан атып тұрып, солдаттарша әп–сәтте киініп
алғаныма өзім де қайранмын. Ілезде беті-қолымды да
шайып, командирдің алдына келген сарбаздай «енді не
айтасың» дегендей тұра қалдым.
– Шәй–пәй ішіп алуға рұқсат етіңіз.
– Қой, оны бір айналып келіп ішейік. Қазір төтенше
жағдай төніп тұр.
Екеуміз сыртқа шығар–шықпас мен:
– Ал, сөйле! Айманмен қандай мәмілеге келдің?–дедім.
– Жоқ көке, сіз әуелі шапқан жаудың сиқы қандай деп
сұрасаңызшы.
– Ал, сұрадым.
– Айманмен жаңа таң алдына дейін сөйлесіп, бәтуәлас
қан соң үйге келмеймін бе?
– Иә.
– Келсем біздің үйдің сыртында әлігі Айманды «айт-
тыратын» тұр. Қасында тағы бір «серісі» бар.
Әңгімелер
– Жолықтың ба? Жолықпаған сияқтысың ғой. Майып
болған жерің жоқ. Бүп–бүтінсің.
– Дұрыс бажайлап тұрсың. Төтенше жүздесу болма-
ды. Олар кетіп барады екен. Әуелі не іздеп жүрсіңдер? деп
сұрағым да келді. Бірақ енді ғана жөнге келе бастаған ша-
руамызды бүлдіріп алармын деп тартынып қалдым. Ақыл
қосшы. Олар не іздеп жүр?
– Меніңше вариант екеу. Біреуі –мәмілеге келу. «Кел
месең өзіңнен көр» дегенді айту.
– Екіншісі,– деді тағаты таусылған досым.
– Екіншісі–сабап кету немесе Айманды алып қашып
па рәсуә ету. Бәлкім өзі күдер үзген болса өңге біреу алып
қашты деген лақап таратып, екеуіңнің араңды қожырату.
– Екі жормалың да негісіз емес. «Шешінген судан тай-
ынбас» демекші тез арада бір кесір жасау ниеті бар.
– Сондықтан?– дейім мен. Енді не дер екен деген оймен.
– Жаңа емеурін таныттым ғой. «Еңку-еңку жер шол-
май» деп. Қызды дереу алып қашуымыз керек.
– Қашан?
– Бүгін.
– Қай мезгілде? Қайда?
– Оны енді сен айтшы.
– Ешкімнің ойына келе қоймайтын, әрі көзден таса,
елеусіздеу жаққа әкету керек. Бірақ біз дайын болғаны
мызбен қыз дайын болар ме екен?
– Тұрсынбекпен қазір сөйлесеміз. Сол реттей алады.
– Онда, Түркістанға кешкі поезбен алып кетейік.
– Онда кімдікіне апарамыз?
– Менің әкемнің қарындасы Қызбол апамның үйі бар
емес пе?
– Ыңғайсыз болмай ма?
– Неге? Мен де барамын ғой.
– Онда тәуекел! Отлично! Бірақ ол кісілермен сөйлесу
дің керегі жоқ па?
– Жоқ. Тосыннан топ ете қаламыз.
– Онда ендігі мәселе – Бекбауовты баулу болды ғой.
– Онымен енді тек өзің сөйлесесің.
– Жарайды. Айман: «кешке жолығайық. Оны Тұрсын
бек арқылы келісерсің» деген.
– Онда оңтайы келіп тұр екен ғой. Айманға анығын ай-
тамыз ба? Қобалжып, айнып қалып жүрмей ме?
Жарылқасын Нұсқабайұлы – Поездің келетін уақытына қарай вокзалдың маңында ұшырасуымыз керек. Арғы жағын көре жатармыз. * * * Түні бойы көз ілмеген Кәдір тым құрыса бірер сағат көз шырымын алайын деп үйіне келді де төсегіне жантайды. Содан қанша сағат ұйықтағанын білмейді шешесінің өзін оятып жатқан даусынан шырт ұйқысынан тез оянып, атып тұрды. Сағатына көз салып еді екі–үш сағат болып қалғанын аңғарды. – Апа, неге ояттыңыз, не болды?– деп қазан–ошақтың жанында шай қамдап жатқан анасына келіп, бала күннен бергі әдетінше апасын құшақтап бетіне бетін тақады: – Апашым менің, анашым менің! Уаймдамаңыз бүгін шешілгелі тұр бәрі. – Не дейсің құлыным–ау?! Аузыңа май! Айтқаның келсін! Әкең бейшара да «Не дейді Кәдір, не болып жатыр?» деп күн ұзақ миымды жеп жүр еді. – Мен сыртқа шығып, жуынып келейін, сіз дастарханы ңызды жайғанша, апа,– деп баласы сүртінетін сүлгісін, тіс щёткасы мен тағы басқа керекті ұсақ–түйектерін алып, далаға шықты. Шықты да аң–таң тұрып қалды. Ауласында үсті–басын қағып, Тұрсынбек жүр. – Оу, қайнаға, Сіз қайдан жүрсіз? – Бағана азанда Айман маған сіңілісін жіберіпті «Тұр сынбек жолығып кетсінші» деп. Өзі бейсар далаға шығу дан сескеніп қалыпты. Өйткені, бүгін елең-алаңда өз үйінің төңірегінде әлігі «айттыратын» неменің жүргенін байқап қалыпты үйіндегілер. Сірә, ол жай жүрген жоқ. – Иә, оның рас Тұрсеке. Өйткені, ол иттерді таңертең алакеуімде біздің үйді торуылдап жүргенін байқадым мен де. – Оларды айтпа! Ендеше жанұшырып жаңа осы жерге тағы келіп тұр екен қасында бейтаныс бір жігіт бар. Мына хабар құлағына тиген Кәдір мүлдем ширығып Тұрсынбекке жақындай түсті. Өзі қызбаланып кетті. – Иә, Тұрсеке, сізді көрді ме олар? – Көргенде қалай! Бірден тиісті. «Е,е «байланысшы» болып әдемі орналасыпсың ғой. Жеңгетайлығың құт ты болсын! Біз бірдеме білсек, бұрын бұл «қызметті» қа
Әңгімелер
тындар атқарушы еді, тым құрыса басыңа жаулық са-
лып алмадың ба?– деп кектіп тұр. Менің де мінезім қай
оңып тұр?! Қаным басыма шапты. «Өй, шешенсініп тұр
ған шешеңді!» дедім де екі аттап секіріп жеттім де құлақ
шекесінен бердім де кеттім, бердім де кеттім! Менің
әрекетімді күтпесе керек абайсызда құлақ шекесіне тиген
соққыдан ұшып түсті. Сол сол–ақ екен қасындағы тарғыл
жейде киген дембелшесі маған қарай тұра ұмтылды. Келе
бергенде жағасынан қос қолдап ұстап алдым да тобығынан
оң аяғыммен қағып жіберіп едім, әлігі мықтысынып
ұмтылған ит мұрттай ұшқаны!
– Анаусы қайда бұл кезде?
– Білмеймін, сірә нокаут алды–ау әлі сұлап жатқан. Ал
тоңқайып түскен домалақты көтенінен келістіре бір тептім
де: – Қане, тұрыңдар, кеуделеріңде жандарың болса, деп
екеуін де сүйрелей бастып едім. Қарасам екеуі де есеңгіреп
тұр. Одан әрі сабағанды қойдым.
– Қане, тез қараларыңды батырыңдар, бұл жерден! Осы
үйдің қасынан немесе ана қыздың үйінің төңірегінен тағы
да жолығып қалсаңдар аямаймын!– деп бейтаныс «теле-
хранительге» тап беріп едім, жүрегі шайлығып қалған
екен, тұра қашты.
– Әй, ұзынтұра! Жаныңнан безіп жүрген болмасаң
жоғал қазір! – деп жақындамақ сыңай танытып едім,
құйрығын бұтына қысқан бұралқы ит сияқты “Қыз айт
тырғыш” имене майсып, анаусының соңынан ерді. Шаруа
біткен соң есіктен кіріп, үсті–басымды қағып жатқаным
осы еді,– деп ыржиып күліп тұр Тұрсынбек.
– Бала күнінен гир тасы мен штанганы алма кезек
көтеріп, екі иығына екі кісі мінгендей сұлу мүсінді болған
ақ көңіл жігітті құшағына алған Кәдір риза болғаны сон-
ша: «Айналайын батырым, тау соғарым! Ерлеген екенсің
ғой! Жүр, енді үйге кіріп, шәй ішейік,– деп үйге қарай
тартқылағанына Тұрсынбек көнбеді.
– Қой, шәй қашпас. Менің анау қарындасымның өтіні
ші бар еді. Соны айтуға келдім. Кешқұрым біздің үй жаққа
келмесін. Аңдып жүр. Басқа жерде ұшырасайық. Соны
айтсын деп еді.
– Ондай былай болсын. Кешкі тоғыз жарымда вокзал-
да су айдайтын мұнараның түбінде жолығайық. Поезға
міндетіндей болып шықсын...
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Поезға дейсің бе? –деп Тұрсынбек аңтарылып қалды.
Сосын іле мақұлдай кетті:
– Иә, оларың да дұрыс болар. Тоғыз қырық бестегі
Түркістанға баратын поез ғой?
– Ал онда мен кетейін. Кешке уәделі жерде аман жолы
ғайық!
Алшаң басып, ұзай берген ер тұлғалы досының сырты
нан разы қалыппен қарап тұрған Кәдір басын бір шайқап,
сәл жымиды да үйіне кіруге беттеді... «Апыр-ай, мына
шаруаның қас пен көздің арасында оп-оңай шешіле қалға
нын қарашы. «Жолы болар жігіттің» деген осындайдан
шыққан шығар. Бұл жолы «Жолы болар жігіттің жеңгесі
шығар алдынан» емес, одан да керемет: «Жолы болар жігіт
тің ағасы шығар алдынан» деген жарасымды. Расы да сол–
ау. Айманның ағасы ғой Тұрсынбек! Әрине, олай болса ол
енді менің де ағам! «Арыстандай айбатты, жолбарыстай
қайратты» дейтін теңеу осындай азаматтарға арналған екен
ғой! Еңгезердей екі жігітті мытып жіберіпті ғой!– деп Кәдір
жалғыз тұрып өзінен өзі кеңкілдеп күлген күйі үйіне кірді.
* * *
Кәдір екеуміз ертерек шығайық деп уәделі жер-
ге жеткенімізге де жарты сағаттан асып барады. Соңғы
күндері зымырап өтіп жатқан уақыт қазір, бейне, тоқтап
қалды дерсің. Сағатымызға қайта-қайта қараймыз. Кәдір
дің тынышы кеткені сонша бірер рет қол сағатын шешіп
алып, қатты сілкіп-сілкіп алды да құлағына тосты.
– Жүріп тұрған сияқты,– деді уақыттың жылжымай
тұрғанына тап осы сағаты кінәлідей тыржиыңқырап ұрсып
қойды.
Досымның ойын басқа нәрсеге аудару үшін тосын сұрақ
қойдым.
– Осы Айманның туған күні қашан?
– А, не дейсің?
Досым ішек-сілесі қатқанша күлді. Тіпті күтпеген әңгі
менің шыққанына рахаттанғаны соншалық көзінен жас
аққанша күлді. Ішін басып, басын біресе төмен еңкейтіп,
біресе шалқалақтап, ал кеп күлсін.
– Әй,– дейді күлкісін тыя алмай,– сен Айманның туған
күнін не қылмақсың сонда? Өзіңнің қашан туғаныңды өмі
Әңгімелер
ріңде түгендеп көрмегенсің! Ой, пысығым-ай! Шынымды
айтсам, сонысын сұрамаппын. Білмейді екем. Бұйырса тап
бүгін түгендеп қоймасам, ұятты!!
Кәдір әлі разы. Көңілі көтеріліп-ақ қалды. Маған бұл
әңгіменің мүлдем керек емесін біліп-ақ тұр. Әдейі, көңілін
бөлу үшін істеп тұрғанымды жазбай танып тұр.
– Әкел, қолыңды! «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген ба-
баларымыз. Қалай ғана ойыңа келді бұл сұрақ?
Кәдір әлі күліп жүр.
– «Байтал тұрмақ, бас қайғы» болып тұрғанда өте ори-
гинальный сұрақ таптың!
Кенет басын тіктеп алды да: – Әй, әне, аналар келе жа-
тыр! –деп солай қарай тұра жүгірмек болды.
– «Сабыр түбі–сары алтын». Бізді сыртымыздан бағып
тұрған біреулердің жоқ екеніне көзің жете ме?– дедім.
– Әй, бауырым–ай, сендер болмасаңдар мен әлдеқа
шан-ақ бір отқа түсіп, қуырылып кетеріме мүлдем шүбәм
жоқ,– деп келе жатқан Айман мен Тұрсынбекті көрме
генсіп аулаққа қарап тұра қалды.
– Әй, әртіссің ғой,– дедім мен де қарап тұрмай.
– «Заманың түлкі болса тазы боп шал». Жарықтық шал
дар бәрін де айтып қойған ғой,– деп рахаттана күлді. Мұ
нысы енді күдігі сейіліп, ойындағысы рет-ретімен орында
лып тұрған жеңімпаздың қалпы еді.
– Сен тапжылма, болды тұра бер. Мен ептеп-ептеп
жақындайын аналарға,– дедім досыма. Үнсіз басын изеді.
Мен ағалы-қарындасты екеуіне тақай бере саусағымды
шошайтып мұнараның ту сыртын нұсқадым. Мұндай
ишараға әбден жаттықан адамдай екеуі бір мезетте кілт
бұрылып, Кәдір паналап тұрған мұнараның сыртына қарай
жүрді. Жақындай бере Тұрсынбекке:
– «Ымға түсінбеген дымға түсінбейді» дейтін қағида
ны әбден санаңа сіңірген екенсің. Саусағымды шошай-
тып едім, қарындасыңды жетелей-метелей жалт бұрылдың
ғой,– деп келіп құшақтастым. Сосын қатты үрпиіп, үрейі
ұшып, алып ағасының қасында бір-ақ уыс болып келе
жатқан Айманды құшақтап, бетінен сүйдім:
– Үлкен, жауапты да ұлы жолға шыққаның құтты бол-
сын!
Айман әзер тұр екен, маған басын сүйеп, солқылдап
жылап жіберді.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Арқасынан қағып: – Қой, жұрт сезіп қояды. Жасыңды
тый!– дедім сыбырлап. Байқаймын менің мына сөзімді
естіген Тұрсынбегімнің де көзі жасаурап, мұрны пысыл-
дап қалыпты. Беторамалын алып, Айманға берді. Сосын
өзінің де көзін, мұрнын құрғатты.
– Ал енді былай. Мен Кәдірге қосылайын. Сендер по-
езд келгенде есігі ашылған кез келген вагонға жақындай
беріңдер. Біз де сонда жетеміз!– дедім де күйдірілген
қызыл кірпіштен Николай заманында салынған нән мұна
раны айналып, Кәдірге келдім.
– Жүр, біз енді перронға қарай жылжи берейік. Көрген
жұрт біреуді күтіп жүрген шығар деп ойласын.
Кәдірде үн жоқ. Бар ойы кәзір келетін поезға бөгетсіз
қалай мініп кету керектігінде болуы керек. Поезд келетін
жаққа әлсін-әлсін қарай берді.
– Поезд кешікпесе болар еді,– дейді тықыршып.
– Жаңа кезекшіден сұрадым ғой. Уақтылы келе жатыр
деген.
Қобалжымасын деп иығына қолымды салдым.
– Апайдың үйі вокзалдан қашық емес пе?–дейді.
– Түркістанның киелі топырағына табанымыз тисе жа
рықтық сүріндірмесе керек. Ақ ниетімізден өзге ештемеміз
жоқ. Уайымдап, ыпыныңды қашырма!
Енді жымиып, ол да менің арқама қолын артты.
Әне, поез да көрінді. «Иә, сәт!» дедім іштей. Айман мен
Тұрсынбек қайда екен деп ту сыртымызға қарап едім, екеуі
бізге таяу жерге келіп тұрғанын көрдім. Кәдір де менің әр
қимылымды бағып тұр екен. «Аналарды көрдің бе?» деген
оймен иегімді сәл көтеріп, басымды артқа қарай сәл бұрып
едім досым басын изеудің орнына екі көзін тарс жұмып
ашты. «Көріп тұрғанын» білдірді.
Мың болғыр жол серік әйел вагон есігін, баспалдағын да
ашты, ілбіп келе жатқан вагонның есігі біздің тұсымыздан
өтер-өтпес кілт тоқтады. Біз бейне іштен түсетін біреуді то-
сып тұрғандай екі көзіміз жолаушыларда. Жорта өте мұқият
қарағансып тұрмыз. Артымыздан кимелеп келіп қалған бей-
таныс кісілер де поезға мінбекші сияқтанды. Біз Айманды
алдымызға салып, тез-тез вагонға қарғып міндік. Төменде
жұрттың арасында тұрған Тұрсынбек қос қолын көтеріп, екі
алақанын айқастырып қысып-қысып қойды.
Әңгімелер
Айманға қарасам екі көзінен жасы мөлт-мөлт тамып, әлі
жылап тұр екен.
– Қане, жолдастар мына жерге тығылыспай, вагонға
кіріп жайғаса беріңіздер. Әлі мінетін жолаушылар таусыл
ған жоқ!– деп жол серік саңқ-саңқ етеді. Билетсіз жолау
шылардың үйме-жүйме болып, көп мініп жатқанына көңі
лі тасып тұрған сияқты. Себебі, біздің станция арқылы
өтетін бірде-бір поезға жақын жерге бару үшін ешқашан
ешкім билет алуды ойламайды. Өйткені, поездағы қызмет
көрсетуші азаматтар жолаушылардың жол ақысын кассаға
емес, өз қалталарына салғанын жақсы көреді. Бұл бизне-
спен қатар келген үрдіс емес. О заманнан солай.
Қызбол апамыздың үйіне кешкі асын ішкелі жатқанда
барып кірдік. Ешқашан ит ұстамаған үйдің есіктері ашық
екен. Қалада отырғанына қарамастан ымырт үйіріліп,
әлде қашан көзге түртсе көргісіз қараңғы болса да баяғы
ауыл қазақтары сияқты есіктерін ілмепті. «Ассалаумаға
ликумімізді» алдымызға салып кіріп келгенімізде бізді
көрген Қызбол апам қапелімде не істерін білмей еденге
төселген кілемшенің үстінде отырған бойы «айналайын,
айналайын–ай» деп бір орнында айнала бергені. Мені қыз
алып қашып келді десе керек.
– Қызбол апа, мен емес, мына ініңіз Кәдір қыз алып
келе жатқан,– деуім мұң екен әпкем дереу орнынан тұрып,
кезек-кезек үшеуміздің де бетімізден сүйді. Сосын төрде
отырған жездеме:
– Әй, Мұсахан-ау, неге отырсың? Келін келді ғой мы-
нау! Жақсы ырым, береке келді дейік айналайындарым!
Қане, жоғары шығыңдар,– деп төрге көрпе салды. Разы
пейілді жездем де әдетінше шиқылдап күліп, мәз болып
жатыр. Қолма–қол дастархан жайылып шәйға отырдық.
– Ал, қарақтарым, қолдарыңды жайыңдар мен тілегімді
айтайын. Мұсахан жезделерің соңында дастарханға бата
жасар.
– Қалқам, Айман! Үлкен өмірге қадам бастың. Әр қа
дамың құтты, сәтті болсын! Келін болып, тұңғыш біз
дің табалдырығымыздан аттап, дастраханымыздан дәм
таттың. Кейін үбірлі-шүбірлі болғанда да тұңғыш түскен
шаңырағыңды айта жүр. Мына менің інімнің жан досы
Кәдір екеуің ың-шыңсыз, бақытты шаңырақ көтеріңдер.
Дендерің сау болсын!..
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Көп кідірмей мен қайтадан Темірден үйге қайттым.
Тағы бір поезға жармасып, түннің ортасында үйге де
жеттім. Кәдірдің әке-шешесін барып қуантсама да болар
еді. Бірақ мүлдем кеш болып кетті. Таңертең айтармын деп
жатып ұйқыға кеттім.
Азанда шаң–шұң дауыстан ояндым. Егделеу әйелдің да-
усы екен.
– Атастырып, алғалы отырған келінімді алып қашып
кетіпті. Сол жүгермектердің арасында осы үйдің жетпегірі
де бар дейді,–деп шаптығып жатыр.
– Қарағым-ау, бұл үйге келін келген жоқ. Ал бала-
мыз әне, анау ұйқтап жатыр. Алған баланы да, қашқан
қызды да өзге жерден іздегенің жөн. Сірә, сенің балаңды
менсінбей, өзі қалаған біреумен кеткен шығар,– деп жатыр
менің анам жарықтық.
Әлгі әйел тағы не деп жатқанын қайдам, төңіректі басы-
на көтеріп, бейпіл сөйлеп барады...
Қарттың әңгімесі осы тұсқа келгенде отырған жігіттер
дің бірі:
– Иә, ақсақал, арғы жағы белгілі ғой. Енді әңгімеңізді
ықшамдасаңыз да болар. Бұл екі кісіңіз жақсы отбасы бо-
лып кеткен шығар. Балалы-шағалы болып дегендей...,– деп
қария енді тоқетерін айтар деп бейімделе бергенімде ша-
лым әңгіме желісін шалт бұрғаны.
– Е–е, қалқам, адамның қолынан келер ештеңе жоқ.
Бәрі де бір алланың құдіретінде ғой. Әйтпесе кім ойлаған
осылай болады деп, – деді де едәуір кідіріс жасап, терең
күрсініп алды.
Көңіл–күйінің күрт өзгеріп, баяндап отырған хикаяты
ның соңғы жағын айтқысы келмегендей күмілжіп, өз-
өзінен күбірлеңкіреп алды да:
– Айман аман. Құдай берген балалрымыз өсті. Немере-
шөбере тәрбиелеп жатырмыз. Ал, Кәдір досым – опат бол
ған...
– Қалай, қалайша!? – деп таңырқағанынан орындары-
нан қалай тұрып кеткенін де байқамаған жастар аң-таң.
– Тағдыр деген бар емес пе, балалар?.. Осы күнгі жа-
стар: «өз тағдырымызды өзіміз жасаймыз» деп күпірлік
жасап жатады. «Маңдайыңа жазылғаннан еш қайда кете
алмайсың» демей ме халық. Менің тағдырым халықтың
осы қағидасының нақты дәлелі дер едім...
Әңгімелер
– Иә айтыңыз ақырын. Не болып еді? –деп жаңағы то-
сын әңгімеден соң тұрып кеткен жігіттер қатты қозғалсақ,
әңгіменің желісін үзіп алармыз дегендей абайлап–абайлап
орындарына отырды.
Мен жаңа қыз алып қашқан досымды әпкемнің үйіне
жеткізіп салған соң сол түні асығыс ауылға қайтып кетке
німді айттым ғой. Кәдір досым ауылдағы абыр-сабыр, у-ду
басылсын деп әлгі үйде бір-екі күн кідіріп қалады.
Үйінен күдік туғызбау үшін жеңіл киімімен ғана шыға
салған Айманға екеуі Түркістанның арзан базарынан көй
лек-көншек алмақшы болып базарға бармай ма?
Бір тықырдың таянғанын сезген жігіттер демдерін іш
терінен алып, тына қалды.
Базар атаулының төңірегі қашанда ығы–жығы адам,
андыздаған машина болады емес пе? Сол базарға қарай
өте бергенде қасқа жолмен жөңкіп бара жатқан бір ма-
шина қағып кетіпті. Есіл азамат ауруханаға жеткенше о
дүниелік болған...
– Айман аман. Құдай берген балаларымыз бар,– деп
қалдыңыз. Сонда... сосын сіз үйленгенбісіз?
– Иә, балам, ол да бір хикая ғой. Оны сағыздай созбай-
ақ бірер ауыз сөзбен түсіндірейін сендерге.
Келін әкеледі деп қуаныштары қойнына симай отырған
кемпір шалға баласының мүрдесін әкелдік қой соңында.
Ой, құдай басқа бермесін, зор қасірет болды...
– Ата, ол екі жас некелескен бе екен?
– Жоқ ә. Қайдан некелессін. «Аттың жалы – түйенің
қомында?».
Иса Байзақов ағаларыңның «Құралай сұлу» атты поэ-
масын оқып па едіңдер? Сондағы байдың баласына атас
тырылған Құралай сұлу да нақ сүйерімен қашып келе жа-
тып, жаздың аптап ыстығында Балқаш көлінің жағалауына
жетіп, біраз демалып, ат шалдырып алу үшін кідірген
сәтте Құралай сұлу суға шомылып алмақшы болған
бірақ, тәнімді жігіт көріп кояр деп көзден тасалау жерде
шомылғалы жатқанда қамыс арасынан шыға келген нән
жолбарыс көзді ашып жұмғанша оны өлтіріп қоймаушы ма
еді? Сол Құралай қыз сияқты Айман да босаға аттап неке-
лескенге дейін пәк боламыз деп өзара уәделескен ғой.
– Жігіті аяқ астынан өлген соң кеше ғана өз үйінен қа
шып кеткен қыз қайда барады? Не істейді?
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Қанша ыңғайсыз болғанымен қызды ата-анасы үйіне
алып кетті. Перзенті ғой.
– Сосын?–деді ақсақалдың бір сөзін шашау шығармай
байқап отырған тыңдаушының бірі:
– Е, балам, сосынғасы да сендерді бір таңға жалық
тырмайтын хикаят дедім ғой. Ащы ішектей соза бермейін.
Айман Кәдірдің жылы өткенше үйінде болды.
– Ал анау «айттырған ше?» Қайтып келген жоқ па?
– Жоқ, ол сол кеткеннен мол кетті.
– Сіз Айманды көріп жүрдіңіз бе?
– Көп ұшыраса қоймадық. Мені көрсе еңіреп жылап,
берекесі кетеді.
Өзі қайтып келген қыз сияқты болып қалды ғой. Ал бар
сыры маған ғана қанық еді. Сондықтан көп ойланып жүріп
ақыры тәуекел еттім. Жесір дер, кесір дер жұрт. Бірақ бар
ақиқаты Айман екеумізге алақанымыздағыдай айқын нәрсе
емес пе? Бәрінен де гөрі, еңіреп қалған Айманның тағдыры
мені де қинаумен болды... Бейкүнә жан панасыз қалды.
Әрі ойлап, бері ойлап, бір күні ұсынысымды айттым. Ай-
ман бейшара мені құшақтап алып, ал кеп өкіріп жыла-
сын... Мен де шыдай алмадым. Екі мұңлық болып, ұзақ
жыладық... Жолдастық, әменгерлік жолы деген де бар. Бар
көңіліме тоқ санайтыным – мен ешкімге қиянат жасағаным
жоқ. Ал Айман қыздың тағдырына келсек пешенесіне жаз
ғаны солай шығар. «Жазмыштан озмыш жоқ» демей ме
халық? «Көресіңді көрмей көрге кірмейсің» дейтіні және
бар. «Ғайыптан тайып» қарақтарым, осындай өмір кештік.
Атасына рахмет Айман бейшара өмірінде бір рет те бетіме
қарап қарсы сөйлеген емес. Тату ғұмыр кештік. Бұйырған
тағдырымыз осындай болды. Тұңғыш баламыздың атын
Тағдыр қойдық. Ақсақал соңғы сөзін айтты да қалтасынан
темекісін алып тұтатты. Құшырланып әлденеше рет сорды.
Сосын ішіне толған түтінді ме, әлде кернеген өкініш шерді
ме «Уһ» деп зорға сыртқа шығарды.
– Солай, балалар. Кейде өмірде «өйтемін, бүйтемін» деп
алдыңды кесіп жатудан жасқанатынымыз осындайдан, –
деп қария асықпай орнынан тұрып, ілулі тұрған домбыраны
алды да әуелі тыңқылдатып бір зарлы әуеннің мақамына
түскенімен бірте-бірте Сүгірдің шерлі күйлерінің сорабына
ауып алды... Мә, қарақтарым, тағдыр өз дегенін істейді, –
деп қатты күрсінді, домбыраны қабырғаға сүйеді...
Қашқын
Тамағына жас тығылды. Жұтқыншағы мен екі жағы
сыздап кетті. Жеңімен көзін сүртті.
Төбенің арғы бетінен аттың пысқырғаны естілді.
Бағанадан бергі ойын біреу естіп қойғандай шошып, ор-
нынан атып тұрып еді, төбенің басына атымен шығып келе
жатқан Елен қойшыны көрді. Өз ойымен өзі әуре болып от-
ырып, мына кісіні тап қасына келіп қалғанша көрмегеніне
сәл ыңғайсызданып тұр.
– Әй, батыр-ау, сен мына түріңмен отардағы қойың
тұрмақ өзіңді алып кетсе де білмей қаларсың! – деп әзілдей
берді қойшы. – Әлде жолазық алмай кетіпсің, аш бұралып
жатырмысың?! Тамақ әкелдім шыдай алмай.
– Жоқ, көке! Сәл ойланып кетіппін.
Ермахан ұялып төмен қарады.
– Жә, қайтесің қызталақты сонша ойлана беріп?! Мына
аласапыран заманда бұл үкіметің сені іздемек түгілі, өзге
шаруасына ие болса қалай! Кел, қане, тамағыңды іш.
Жігіт ағасы болып қалған Еленнің қимылы әлі ширақ.
Ебедейсіздеу еңкіш, аудаңдап қозғалатын, алып денесіне
қарамастан жіті қимылдайды. Ермахан әлгі ойынан сергіп,
өзіне-өзі келемін дегенше, қойшы атынан түсіп, дастархан
жайып та үлгерді. Қынынан киіктің мүйізінен жасалған
әсем сабы бар кездігін суырып, әкелген піскен еті мен
құйрықтан жаңқалап турап отыр.
– Мә, ыстық таба нанды турағаннан үзіп жеген жақсы.
Өзің үз, – деп күреңітіп, баппен әдемі піскен таба нанды
Ермаханға қарай ысырып қойды.
– Мен Тананың саған беріп жіберген ыстық сорпасын
құяйын.
Қойшы қоржынның екінші басындағы термос пен әлдене
ше шашыққа оралған кішкентай кәстролді жақындатты.
Повестер
– Көке-ау сорпаны несіне әкелдіңіз! Шәй да болатұғын
еді ғой.
– Мен де солай деп ойлап едім, анау Тана қоярда
қоймай құйып берді. Өзі де сен сияқты қуғын-сүргінді,
қиындықты көп көрген бе, ылғи саған жаны ашиды да
тұрады, – деп қысық көзін жыпық-жыпық жұмып қойды.
Сосын әдетінше басындағы бөркін алып, бір тізесіне кигізе
салды, өзі сол жағына қарай шынтақтай кетіп, оң қолымен
қасқа басын сипалай бастады.
Ермаханға бұрын көсем маңдайлы қасқа бастар үкіметті
басқаратындарда, яки ұлы ғалымдар мен жазушыларда ғана
болуы тиіс сияқтанатын. Ал Елен қойшының тас төбесіне
дейін жалтырап тұратын жазық маңдайын көрген сайын
неге екенін өзі де білмейді, есіне қоралы қой ішіндегі
сақалы тізесін жапқан, қарағай мүйізді қоңыраулы серке
түседі...
– Ал сен асықпай тамағыңды жей бер. Мен малдың
арғы шетін қайырайын. Тым шашырап кетіпті. Енді
ауылға қарай беттетіп жайсақ та болады.
Елен қойшы атына мініп, келесі төбеге өрмелей жай-
ылып жатқан қойға қарай кетті. Онымен еріп келген келі
бас сары төбет Еленге басын самарқау бұрып бір қарады
да Ермахан жеген тамақтан дәметіп, шоқиған күйі қала
берді. Ермахан Еленнің жылтыр басын әлі ойлап отыр.
Ауылдағы жездесі өмірдегі кей сәйкессіздікті көргенде
парадоқыс, парадоқыс деп жатушы еді. Осындай оқыс
жайларға таңырқағандықтан айтады екен-ау, жазған, – деп
басын шайқады Ермахан өзімен-өзі сөйлескендей. Дау-
сы қаттырақ шығып кетті білем, қасында жақын отырған
сары төбет «маған бірдеңе деп жатыр ма» дегендей ба-
сын екі жағына алма кезек қисайтып қарап, бір жақ ұртын
қайта-қайта жалап қойды.
Елен ағасы тамағыңды асықпай ішіп ал деп кеткенімен
Ермахан солдат кезінде қалыптасып қалған дағдысына ба-
сып, тез-тез қарбытып, әлі суып үлгірмеген шүйгін сор-
паны сораптап отыр. Көзі – алдындағы тамағында, ойы –
әлдеқайда. «Ылғи жаны ашиды да тұрады», – деді-ау Елен
Танясын. Қызық. Еркелетіп, әрі қазақыландырып, әйелінің
атын Тана деп алған. Сұңғақ бойлы, мойны құрықтай тіп-
тік, ашаң денелі, жасы отызды алқымдап қалған, барын-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ша биязы, еш даусын көтеріп сөйлемейтін Тана жүргенде
де, біреудің тыныштығын бұзып немесе бірдемені үркітіп
алмайын дегендей, өкшесін жерге тигізер-тигізбестен
аяғының ұшымен жүретін сияқты көрінеді Ермаханға.
Жазық маңдайына жараса біткен танадай қос көзі де көп
орыстан көргеніндей тұздай көкпеңбек емес, қоңырқайлау
ма, қалай?
Осы адамның бітімі де, мінезі де, өзгеше, қарым-қаты
насы да Ермаханның осы күнге дейін көрген орыстарының
біреуіне де ұқсамайды, барынша мейірбан. Ермаханның
қашқын күйін сезініп, мүсіркегені ме, әйтеуір бұған мүл
дем бөлекше қамқор. Қашан көрсе жағдайын сұрап, «іш,
же» деп өбек қағады. Анасының айтуы, ықыласынан шы
ғар балалары да Ермахан қойдан келгенде, алдынан шы
ғып, күні бойы көрген-білгендерін, не істеп, не қойған
дарын бұл үйге кіргенше-ақ жарысып айтып болады. Өзге
ермек етер қызығы, бірге ойнайтын басқа үйдің балалары
жоқ жалғыз үй қойшы болғандықтан ба, әсіресе Еленнің
кішкентай бөрте бұзығы мұны көп төңіректейді. Пәлен ай-
дан көрмеген ауылын, бауырларын сағынғандығы ма, осы
аяқ қолы балғадай, шымыр, кішкентай Аршатқа бұл да
үйірсек. Қимылы ширақ, ойынқұмар, тілі тәтті бала үйге
келсе тыным бермейді. Кейде екеуі аядай киіз үйдің ой-
ран топырын шығарады. Ойын қызығына әбден беріліп
кеткенде Аршат «қой» дегенді тыңдаудан қалады. Ондай-
да кішкентай сотанақты тыюдың бір-ақ жолы бар. Ол –
Аршаттың шалбарын сыпырып, насыбайына «түкіру». Ер
маханның осы шараны қолдануға бет бұрғанын көргенде,
тынымсыз бала сап басылады. Сондықтан қай кезде де
Аршаттың тентектігі үдеп бара жатса, ересектердің бірі:
«Әй, мынаның шалбарын шешіп, насыбайына түкірсең
дерші» десе-ақ, Аршаттың көзі жәпектеп отыра қалады.
Бірақ оның басқа машақаты басталады. Қаланың, елді
мекеннің баласындай көретін мультфильмі, алданыш ете
тін басқа қызығы болмаған соң, өзінен ересектерге жа-
лынып жүргені. Құдайдың құтты кеші батса-ақ, «оқып
берші, айтып берші» басталады. «Жуас түйе жүндеуге
жақсы» дегендей, бұл үйде Аршаттың айтқанын көбі
рек орындайтын, өзгелердей оны итеріп жіберіп неме-
се зекімейтін адам – Ермахан. Оқып берші дейтіні де көп
Повестер
емес, жалғыз кітап. Оның өзі орысша. Қашан, кім әкел
генін қайдам, бұл үйде ол кітап бұрыннан бар екен. Мұқа
басы қаттылығынан ғана шыдап жүр. Әйтпесе кітап жыр-
тылып қалмасыншы деп әсбеттеп отырған ешкім жоқ.
Аршат та бір қанатынан сүйреген құстай далбақтатып
кітапты ашылған күйі, бір жақ бетінен ұстап сүйреп
жүргені. «Бұл не кітап болды екен деген» оймен Ерма-
хан осындай бір «Оқып бершінің» тұсында өткен жылы-
ақ қолына алып парақтап көрген. Мұқабасының сыртқы
бетіндегі жазуы да, суреті де мүлдем көрінбей қалған. Не
кітап екенін ішкі бетін ашып қараған кісі ғана анықтайды.
Шалғай бір елдегі халықтардың ертегісі болып шықты.
Кітаптың аты – «Әңгүдік бала». Кітапта басқа да бірталай
ертегілер бар. Соның көбісі мына кітапқа ат беріп тұрған
ертегіден жақсы. Алғаш оқып шыққанда «Мұнысы несі?»
деп таң қалғаны бар Ермаханның. Кітапқа, оның ішіне ен-
ген ертегілердің ең жақсыларының бірінің атын қоймас
па?! «Осы кітап шығарушылар да қызық» деп іштей
ренішін білдіріп еді Ермахан. Содан бері бұл кітаптағы
ертегілерді жаттап алдым десе, өтірікші емес. Өзі орыс
тілін жөнді білмегенімен бүлдіршіндерге арналған қысқа
ертегіде не айтылғанын анық топшылайтындай орысша-
сы бар. Үйдегілердің «Оқып бершіден» қашатын себебі де
осы. Біріншіден, кітап орысша. Оны өздері де түсінбейді.
Ал екіншіден, тілдері келгенінше жұмбаздап оқып берейін
десе, кішкентай Аршат ұқпайды. «Олай емес, қазақша
оқы!» деп қиғылықты салады. Ал, мықты болсаң орысша
кітапты қазақша оқып бер! Соңғы кезде Ермахан мұның
да амалын тапты. Сансыз рет оқып, мүлдем жаттанды
болған ертегілерді кітаптың сол бетін ашып қойып, өзінше
қазақша «оқи беретін» айлаға көшті. Мұнысы абырой
болғанда, кәдеге асты. Әйтеуір, Аршат мәз. Ермаханның
қулығына үйдегілер де риза. Ермахан орысша ертегіні
мүдірмей қазақша оқып отырғанда ересектер түгел сылқ-
сылқ күледі. Мұны жұрттың бәрі ертегінің қызықтығына
күліп отыр деп қабылдаған Аршат үйді басына көтеріп,
әулекіленеді. Сөйтіп, үй іші жоқ жерден қызыққа батып
жатады.
Ермахан тамағын, шәйін әлдеқашан ішіп-жеп болса да,
қойдың арғы шетін қайыруға кеткен Елен қойшы қайтып
Жарылқасын Нұсқабайұлы
келгенше отыра берді. Күні бойы қой соңында жаяу жүріп
шаршағанын енді сезгендей, орнынан тұрғысы жоқ. Жан-
тайып жата кетті де тағы ойланды. Кешке барған бетте Ар-
шат жағадан алады. «Ертегі оқып берші, Жұмбақ айтшы,
Тақпақ үйретші» деп, бастайды ол. Осы күні Ермахан кеш-
ке Аршатқа қандай жұмбақ, қандай тақпақ, жаңылтпаш
айтып беретінін қой соңында жүріп ойланатынды әдет
қылды. Әйтпесе түк білмейтін біреу сияқты үйдегі ере-
сектерден ұят. Әсіресе Елен қойшының анау орыс әйелі:
«Бұл бейшаралардың ертегісі де, жұмбақ, жаңылтпаштары
да жоқ екен ғой!» деп жүрмесінші. Әйтпесе: мына мау-
бас Астанада оқыпты, оған дейін онжылдық бітірген екен.
Түк білмейді ғой деп қалар деген намыспен тырашта-
нып, соңғы кезде кешке Аршатқа барғанда айтып беретін
ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштарын өрісте жұптайтын әдет
шығарды.
Өткен бір жолы Аршат мұның алдына отырып алып,
быртиған құртақандай саусақтарын көрсетіп:
– Шаушақтарды айтшы! – деді қиылып.
Бұл әдеттегіше: – Бас бармақ... – деп шұбырта жөнеліп
еді, анау бұртиып: – Оны білем. Башқашын айт! – деп оты-
рып алсын. Қапелімде Ермахан не тауып айта қойсын. Он-
дай суырыпсалма болса бүйтіп қашып-пыспай әлдеқашан-
ақ Астанадағы түу дәу сахнада отырмас па еді, қасқайып.
Бірақ мұны мына алдында отырған шынашақтай балақан
ға қалай түсіндірмек?! Аршат үшін Ермаханнан білгір,
одан тапқыр, бұдан мықты адам жоқ. Ендеше балақанның
сенімін қалай алдамақшы?
«Шын жыласа соқыр көзден жас шығар» демекші сол
күннің тап ертеңіне қой соңында жүріп, мынадай жұмбақ
ойлап шығарды қашқын бала:
Туысқан бес кісі,
Бірінен бірі кіші,
Ең кішісі – шеткісі.
Бұл не? – деп қарап отырады енді Аршатқа. Бала емес
пе? Мына шығарған жұмбағына қатты қуанды. Күн ерте-
рек батып, балдырғанмен жүздесер сәтті асыға күтті сол
күні Ермахан. Әскерден қашып кеткелі бері адам атаулыға
жолықпауға тырысып, ертеден қара кешке дейін қой
Повестер
соңында жападан жалғыз жүріп, кісікиіктеу бола бастаған
балаң жігіт бүгін тұңғыш рет өзінің әлі де біреулерге
керек екенін сезініп, әлденеше айдан бері алғаш рет
адамға жолығуға асықты. Сірә, көптен қуанғаны да бүгін
шығар...
Қойшының үйі үшін өрістен қой келуі − аса маңызды
сәт. Қой келгенде басқа шаруаның бәрін жиып қою ке-
рек екендігін халқымыз: «Қойшының қызы қой келген-
де ұршық иіреді» деп әдемі айтқан ғой. Елен қойшының
үй-іші де қой мен қойшының алдынан шығып абыр-дабыр
болды да қалды.
Әне-міне дегенше тамақ та ішілді. Қойшының үйінің
тамақ ішуі мен солдаттардың казармадағы тамақтануының
бір ұқсастығы бар Ермахан үшін. Екеуі де жұрттың
төрт көзі түгел бас қосатын маңызды сәті сияқты. Тіпті
қойшының үйінің де у-ду болып, сапырылысып кететіні
солдат өмірін есіне түсіреді...
Дастархан жиналған бойда Аршат Ермаханның алдына
келіп жайғасты. Қолында кітабы.
– Ал қане, саусағыңды санайық, – деді Ермахан баладан
бұрын.
– Бас бармақ, балан үйрек...
– Жо-жоқ! Оның кежегі жоқ! Оны мен білем, башқа
шын!
Аршаттың тап осылай дейтінін күткен Ермахан жымың
етіп, қуанып қалды. Күні бойы сан қайталап, өзі де жаңыл
мастай жаттап алған жұмбағын жария етудің сәті түске
ніне қуанған еді.
– Ендеше тыңда. Қане, қолыңды әкел! Саусақтарыңды
былай тік ұста. Дұрыс. Енді тыңда:
– Туысқан бес кісі,
Бірінен бірі кіші
Ең кішісі – шеткісі,–
деп Ермахан баланың әр саусағын шұқып көрсетті.
– Бұл не?
Бала сәл ойланып: – Ол, ол – қол! – деді нығарлап.
Ермахан рахаттана күліп алды да санамағын қайта бас
тады.
Көп ұзамай-ақ Аршат бұдан да жалықты.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Енді оны ойнамаймын. Ертегі оқып берші, – деп
қиқайды.
– Әкел кітабыңды. Аш, «Түлкі мен балықты!»
Аршат томпалаңдап кітабын тауып әкелді де, Ерма-
хан сұраған ертегіні тапты. Әлі әріп танымаса да күнде
он ашып жүріп көзі жаттыққандықтан іздеген ертегісін
қиналмай ашты.
– Мә, оқып бел.
– «Баяғыда, – деп бастады күнде машық болған мақы
мына салған Ермахан. – Түлкінің кіп-кішкентай күшігі көл
жағалап жүгіріп келе жатып, судан ауызын ашып-жұмып
тұрған балықты көреді.
– Әй, сен кімсің?! – дейді күшік суға үңіліп.
– Мен шортанмын! Ал өзің ше? – дейді анау құйрығын
бір бұлғап.
– Мен, мен... – деп қу түлкі не десем екен деп сәл кідіріп
қалады.
Бұған таңырқаған балық:
- Өй, сен өзіңнің кім екеніңді білмейсің бе? Атың кім,
ендеше? – дейді қарқылдап
– Тегім – түлкі, атым – Арыстан! – дейді айбаттанып түл
кішек. – Көрмейсің бе мына сала құлаш құйрықты! – деп
ол құйрығын бұлғаңдатып қойды.
– Ой, су астындағы балдыр сияқты үлпілдеп қалған
немеңді несіне мақтан етесің? Құйрық деп міне, біздікін
айт, – деп балық дәу құйрығын жағаға қарай сарт еткізген
де түлкінің күшігінің зәресі ұшты. Қорқып кеткені сонша,
кейін секіріп түсіп:
– Сенің аузың аңқиған, қарның қампиған! – деп
мазақтады балықты.
– Ой, мен саған әшейін құйрығымды көрсетейін деп
едім. Оған неге ашуланасың? – деді түлкінің ренжігенін
көрген балық.
– Кел, одан да екеуіміз достасайық!
– Жоқ! Сендей сасықпен дос болмаймын. Сенің қарның
қампиған, аузың аңқиған! – деп мазақтап, түлкі тілін шы
ғарды.
Аршатта ес жоқ. Ермаханның әр айтқан сөзін іштей
қайталап, еріндері жыбыр – жыбыр етеді. Әр сөзін мүлт
жібермей тыңдап отыр. Сәл кідірсе Ермаханды асықты
рып: – Шошын! – деп қояды.
Повестер
– Сосын балық та ашуланып, түлкінің күшігіне:
– Сенің көзің домалақ, сенің жүнің сабалақ! Ал әйтпесе! –
дейді.
– Сол, сол-ақ екен түлкінің жылауық күшігі бақырып
жылап, апасына айтпақшы болып, үйіне қарай жүгіреді.
– Әй, не болды? – дейді күшігінің қыңсылап жылап
келе жатқанын көрген апасы.
– Судағы балық мазақтады.
– Сен не істеп едің, өзің?
Күшігі апасына болған істі түгел айтып береді.
– Е, балам, бірінші өзің тиісіпсің. Бірінші сен мазақтап
сың. Біреуді олай мазақтауға болмайды. Бұдан былай
ешкімді мазақтама, ұқтың ба?» – деді күшігінің аққан көз
жасын, сілекейін сүртіп.
– Мен ешкімді мажақтамайм! – деді Аршат жұлып
алғандай.
– Иә, балалармен ойнағанда ешкімді мазақтамау керек.
Қане, енді демалайық,– деді Ермахан.
* * *
Ермахан көпке дейін ұйықтай алмады. Әуелі бүгін
тұңғыш рет істемегенін істеп – Аршатты риза қыламын
деп жұмбақ ойлап шығарғанын, сосын сол қарқынымен
орыс тіліндегі ертегіні өзінше, қазақша оқып бергенін
көз алдынан қайта өткізді. Сөйтті де озінің аяқ астынан
мұндай өнер шығарғанына риза болды. Разы болмағанда
ше?! Үш ұйықтаса түсіне кірмеген нәрсесі. Бірақ ойды
ой қуалап, өзінің қалай, неге қашып шыққанын тағы бір
мәрте саралай бастады.
Құртақандай нәресте Аршат екеш Аршат та біреуді
кемсітуге болмайтынын түсініп: мен мажақтамаймын
деді-ау. Біреуді қорлаудың, намысына тиюдің сорақылық
екенін балапан жүрек те жаңылмай сезініп тұр. Ал анау
әскердегі қоркеуде, көркеуде офицерсымақтар мен өзіміз
сияқты жауынгерлерге не болған?! Адамгершілік, на-
мыс, аяушылық, ұят, обал-сауап дейтіндерді ұмытқаны
ма мүлдем? Тым кұрыса мына үш жасар бүлдіршін құрлы
түсініктері болмағаны ма?! Ата-анасының, өскен орта-
сы мен мектебінің тәрбиесі қайда? Қалайша адам бір сәтте
бәрінен айырылып, хайуан істемейтін әрекеттер қылуға
қымсынбайды?
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Ермахан бұл жайды армия қатарында, яғни, казарма-
да жүргенде-ақ, яғни, әлгіндей құқайды көре бастағанда-
ақ ойланған. Алғашында озбырларға бұл қылықтарының
ерсі, масқаралық екенін айтып, тоқтатпаққа әрекет етіп
те бақты. Бірақ оның бұл айтқандарына құлақ асатын
жан жоқтығына сол заманда-ақ көзі жетті. Жүгенсіздер
мұны бұрынғыдан бес бетер қорлап, әбден титықтатты.
Бәрінен де Ермаханның жігерін жасытып, түңілдірген, жа-
нына батқан нәрсе − кез келген жерінен, кез келген сәтте,
кез келген сотанақ солдат теуіп кетіп, ұрып кететін таяқ
та, адамның ақылына сыймайтын қилы азап та емес. Кей-
де күнұзаққа созылып, түнімен жалғасатын мақсатсыз,
мәнсіз жаттығу деп аталатын – сандалыс, сүрлігу де емес,
тәртіп атаулының мүлдем сақталмайтыны былай тұрсын,
оның нышаны да жоқтығы емес. Жауынгерлерге берілетін
тамақтың итке салсаң жемейтін бірдеме екендігі де емес.
Бір топ озбыр топтың өзгелерге көрсететін қорлығы,
адамның намысын, кісілігін, ізгілік атаулыны аяққа тап-
тайтын шімірікпес қаныпезерлік еді.
Ауылда мектепте жүргенде неше түрлі кинолардан,
газет – журналдардан, кітаптардан совет солдатының
адалдығы, адамгершілігі, батылдығы, ерлігі туралы ғана
естіп, сол туралы желбуаз өлеңдер оқып, ән тыңдап өскен
жасқа мына көргені тозақ отынан сорақы сияқтанатын.
Өйткені, әскер қатарында жүріп көргендерін түз-түгел ай-
тып берсе, сондай сорақылықты өз көзімен көріп, басы-
нан өткізген солдат сорлы болмаса, өзге дені сау адамның
илануы қиын-ақ. Оның бірсыпырасын айтуға аузы бар-
майды... Сірә, осының кейбірі, тіпті фашистік кон-
цлагерлерде де жасалмаған болар. Ұру-соғудың неше
түрін, темекінің тұқылын жалаңаш етіңе, бетіңе басып
өшіру; тырнағыңның көбесіне, денеңе ине тығу; керіп
қою, басыңды төмен қаратып іліп қою, тісіңді сынды-
ру, көзіңді шығару, басыңды жару, бауыр-бүйрегіңді езу,
аяқ-қолыңды сындыру сияқты тағы басқа толып жатқан
тағылық тәсілдер көпе-көрінеу өзгелердің көз алдында жа-
салатынын қайтерсің! Ең сорақылығы – осының бәрінен
командирдің де бейхабар еместігі. Шағым айтсаң, шара
қолданбайтыны. Оның есесіне кешегіден әрмен сазайыңды
тартатының. Сондықтан да әлгілер мұны біреу біліп қояр-
Повестер
ау, естіп қояр-ау деп айылын жимайды. Бұдан құтылудың
үш жолы бар: өліп тыну, көніп тыну, қашып құтылу.
Көнуді де өлу деп санаған Ермахан әрі ойланып, бері ойла-
нып, осының соңғысын қалады. Қайдағы бір арзымайтын
хайуандарға бола өмірін қиюды лайық көрмеді. Не десе
де, не істесе де көне беруге жігіттік намысы бой бермеді.
Ал бұлармен ұзақ арпалысуға төзе алмайтынына күмәні
қалмады. Моральдық жазаның ең жеңілі, саған тиесілі
тамақты тартып алып жеп қою, дұрыс киімің, затың бол-
са алып қою, біреудің кірін жууды, етігін тазалауды та-
лап етеді немесе бірінің үстіне бірі қойылған әлденеше
тоқал орындықтың ең төбесіне шығып, әтеш болып
шақырып, ит болып үріп, шошқа болып қорсылдап, ешек
болып ақырып тұрғаныңда әлгі содырлардың бірі ортаңғы
орындықты теуіп жіберіп сені жалпаңнан түсіріп, келемеж
қылу. Ең сорақысы – бұл қорлықтың бәрі өзгелерге сабақ
болуы үшін қасақана шаршы топтың алдында істелгені.
Және сержант, старшина дейтіндердің саған не үшін жаза
беретінін ұғу қиын. Мәселен:
– Жауынгер Ескеров! Сенен жағымсыз иіс шығып
тұрғаны үшін бәлен наряд! – дей салу түк емес!
Әйтпесе, түннің бір уағында тревогамен оятып, бәріміз
ді алып шығады.
– Жауынгер Ескеров тастауға болмайтын жерге таста
ған темекінің тұқылын жерлейміз! – дейді.
Сонымен әлгі тұқылды өлген кісіше зембілге салып,
қаралы шерумен сап түзеп, жерлеуге апарасың, кәдімгідей
терең көр қазып, көміп, қайтып келіп, қайта ұйықтайсың.
Ал темекінің тұқылын сенің тастамағаның айдан анық.
Өйткені, сен темекі тартпайсың. Ал ол тұқылды тіпті,
сенің қасыңдағы жолдастарыңның да ешқайсысы таста-
мауы ықтимал. Ілік іздеген адамға темекінің қалдығын
табу қиын ба?... Мұны жауынгерлердің бәрі түсінеді. Бірақ
«арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай жүрсе, соңғы дөң
гелегі солай жүреді» демекші, аға буынның өрескел өне
гесі көкейіне қонып, осындай билік бізге қашан тиер екен
деп іштей көксейтіндер, көре тұра көрмегенсіп, біле тұра
білмегенсіп, түнде темекінің қалдығын тастаған сенің
кесіріңнен ұйқымыз бұзылды, әуре-сарсаңға салдың деп
қияс мінез танытады. Олардың мұнысы күштіден жеңіліс
Жарылқасын Нұсқабайұлы тапқан әлсіздің бір жері жарақаттанып, қан иісі шықса, жабылып талап, түтіп тастайтын жыртқыштардың әдетіне ұқсайды. Қанша ойламай-ақ қояйыншы, есіме де алмайыншы де се де мұны қашқын қылған сол бір зұлмат кеш көріністері көлбеңдеп көз алдына келе береді, келе береді. * * * – Тұр орныңнан!!! Қаннен қаперсіз төсегінде бір өзі жағасының ішкі жағының ақ астарын ауыстырып отырған Ермахан бұйрықтың қапелімде қай жағынан шыққанын, бұйрық иесінің кім екенін, оның не үшін берілгенін аңғарып та үлгірмеді. Басына тиген зіл батпан соққы етпетінен түсірді. Басым екі бөлініп қалған шығар деген бір ой өте бергенде, өкпе тұсымнан тағы бірдеме гүрс еткізді. Тепті-ау шамасы. Сол, сол-ақ екен ішінен де, бүйірінен де, жамбас жағынан да, басынан да сартылдатты келіп. Бар білгені – бетін екі қолымен көлегейлей берді. Бірақ одан аман қалып жатқан бет жоқ. Сартылдатып қолдарының сыртынан да теуіп жатыр. Алғашқы бірнеше соққыдан кейінгілері онша жанына батпағандай ма, қалай? Әлде жай теуіп жатыр ма? Өздері көп сияқты. Өйткені, бір мезгілде соққы бірнеше жерінен тиеді. – Өөл-лдім! Деп бақыруға ғана дәрмені жетті. Арғы жағын білмейді. Әлден уақытта біреу басын сүйемел дегенін сезді. Бірақ бір ауыз сөз айтуға шамасы жоқ. Басы ап-ауыр. Бүкіл денесінен басы ауыр сияқты ма, қалай. Неге түк көрмейді. Көзіне не болған? Төңірек тып-тыныш тәрізді. Екі құлағы үздіксіз шыңылдайды. Түсі ме, өңі ме? Күндіз бе, түн бе? Қайда жатыр! Қашаннан бері жатыр, бәрі жұмбақ. Жаңағы сүйемелдеген адам қайда кетті? Мұның айқайына неге ешкім дауыс бермейді? Денесі, қолаяғы қозғалмайтыны несі? Тырп етпейтіндей етіп байлап қойған ба, немене? Көзінің алдында ұсақ ақ ұшқындар неге қалқып жүр?... Ермахан тағы талықсып кетті. Содан қанша жатқанын білмейді. Есін жиғанда сезінгені – адам төзгісіз шөл болды. – Су! – деген сөздің әр әрпін әлденеше бөліп әзер айт-
Повестер
ты. Біреу тағы да басын сүйеген сияқты. Бірдеме деп
сөйлеп те жатыр. Бірақ оның не дегенін бұл түсіне қойған
жоқ. Еріндеріне мұздай қасық тигенін, сосын одан мұздай
су екі езуіне қарай аққанын анық сезді. Еріндерін қозғап,
жұтынайын дегені сол еді, көмейі, бүкіл қолқасы зар
қақсады. Жаңағы салқын қасық қайтып келмеді. Оның
есесіне бір ылғал шүберек сияқты бірдеме еріндеріне,
көзінің төңіректеріне қайта-қайта тиіп жатқанын сезеді.
Көзін ашайын деп еді, ашылмады. Бірақ түу әріден бір
саңылау байқалады. Шамның жарығы сияқты. Түн екен
ғой, деп түйді жігіт. Ешкім сөйлемейді ме, әлде мұның
құлағы естімей қалған ба, еш дыбыс жоқ. Әсте-әсте дене
мүшелерін сезіне бастағандай. Кеуде тұсы қатты ауырып,
сыздап тұр. Арқа тұсы, әсіресе бел омыртқасына қарай
солқылдай сыздағанын аңғарды. Аяқтары да бар сияқты.
Санының тізесіне жуық тұсы төмен қарай сұққылап шан-
шып, ол да әкетіп барады. Әсіресе бас мең-зең. Бір өшіп,
бір жанған шамдай бірде істеп, бірде жаңылысып жа-
тыр. Басының жаны жоқ тәрізді. Удай аши ма, шан-
ши ма ажырата алмайды. Әйтеуір жанына қатты батып
тұрған жерінің бірі – басы екен. Ең қиыны – бір өрт, от
шарпығандай жан төзбес ыстық бүкіл денесін кеулеп ба-
рады. Бір жерін ашып, леп шығармаса жарылып кететін
тәрізді көрінеді. Ермахан аунайын деді ме, жоқ қозғалайын
деді ме, онысын өзі де білмейді. Қимылдауға әрекет етті
білем, біреу құлағына бірдеме айтқандай күңгірлеген бір
дыбыс жеткен сияқты. Ерніне тағы салқын бірдеме тиді.
Жанымда адам бар екен ғой деп жорыды жігіт.
Есі кірелі-шығалы қалпы ұйқылы-ояу адамша қанша
жатқанын білмейді. Бір кезде оң қолына бірдеме шаншып
жатқанын сезді. Қолдарым бар екен ғой, – деп топшыла-
ды іштей. Сөйткенше болмады, келген адамдар қозғады
ма, жоқ әлде басқа бір себеп болды ма, екінші қолы қатты
шаншып қоя берді. Сол арқылы екінші қолының да орнын-
да тұрғанын шамалаған Ермахан қолының ауырғанына
риза болмаса, қайғырған жоқ. Бағанағыдай жанында
жүрген адамдардың сөзін анық естіді. Орысша сөйлейді.
Бір еркек, бір әйел. Госпиталь ма, аурухана ма бірдеме
болар деп пайымдады. Төңірегінде кімдер жүргенін,
қайда жатқанын таразылауға әлі шамасы жоғын аңғарды.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Анықтағаны – тірі екен. Сірә, қол-аяғы да бар. Бұл жолы
көзін ашуға талпынбады. Қатты ұйқы қысқан сияқты бір
сезімге ілесіп, тағы қалғып кеткен тәрізді күйге түсті.
Бұл жас жауынгер үшін өлім мен өмір арпалысқан же
тінші тәулік еді. Ол бүгінге дейін де талай рет тіршіліктен
белгі берген. Бірақ оның бәрі де сапасыз сандырақ, тір
шілік үшін арпалыс кезіндегі аласұру еді. Мына әскерилер
қалашығының ортасындағы госпитальдың 14-ші палатасын-
да апта бойы өмір мен өлімнің арасында жалғыз жатқан
жауынгер оның бірде бірінен бейхабар. Тек жүрегінің
мықтылығы, тән қанша ауру болғанымен, солдаттың ішкі
органдарының бүтіндігі, жеңілдеу зақымданғандығы ме-
деу болып, дәрігерлер оның тіршілігінен күдер үзбеді. Ди-
визия командирінің санитарлық-медициналық жұмыс жө
ніндегі орынбасары полковник Дәулетов күніне бір ме-
зет соғып, жаралы жауынгерлердің жай-күйін біліп,
емдеуші дәрігердің қандай ем қолданып жатқанын,
енді не істейтінін қадағалап тұрды. Бет-пішіні қазақтан
гөрі түрікмен ағайындарға көбірек ұқсайтын қою қара
қасты, бұйра, мөлдір қара шашын толқындата тарап, тік
артқа қайырып тастаған, Ахал теке жылқысындай си
даң сирақты, кең жауырынды, жылтыр қараторы жігіт
ағасы әскери формасын киіп алдыңыздан шыға келген-
де, оның сұлу мүсініне кез келген адам қызыға көз тастар
еді. Соны, өзі де сезеді ме, жоқ құдай берген қимылы сол
ма, аяғын кербез басып «ал, қарасаң, қарай ғой» дегендей
басын тік ұстаған күйі, бейне сапта келе жатқандай мүл
тіксіз әсем қозғалады. Сырт бейнесі қандай шексіз көз
тартарлық әдемі болса, мінезі де сондай бипаз. Әскери
адамдарда сирек кездесетін мейірбан, үлкенге ізетшіл,
кішіге кешірімшіл жайсаң жан. Ресми қызметі мен әскери
лауазымы қаншалықты жоғары болғанымен өзі соншалық
кішіпейіл. Шені жоғары офицерлерге тән маңғаздық,
кірпияздық, кісіні маңайлатпайтын кіділік бұл адамда
атымен жоқ. Жаралы, науқас жауынгерлерді аралап, не-
месе сыртта ұшыраса қалғанда қатардағы жауынгерлерді
де өзімен тең ұстап, жағдайын сұрап, арқасынан қағып
немесе бірге темекі шегіп тұра береді. Өзіне нендей бір
шаруамен жағдай айтып келген кіші офицерлер мен
солдаттардың әскери әдеппен сәлем беруін де қадағалап
Повестер
немесе елеп жатпайды. Мұнысын өзі түрғылас, жоғары
шенді көк қаракөлден папаха киген үзеңгілестері әскери
адамның абыройын аяққа басқандай көретін кезі де бола-
ды. Мұны аракідік әзілге айналдырып айып қылатындар
да ұшырасады. Бірақ қанша шенге ие болып, шекпен киіп
жүрсе де негізі дәрігер екендігінен бе, әйтеуір, өмірдегі бар
әрекет-қимылын, жүріс – тұрысын ережеге айналдырып
алған әскери адамдарға қошеметі де, ілтипаты да көп емес.
Әскери адамның сыртқы сымбаты мен ішкі мәдениті
үндесіп тұрмаса қақиған қатыгездікпен жақсы жауынгер
тәрбиелеймін деу – бос әурешілік. Жауынгердің мінез-
құлқы, оның керзі етігіндей ебедейсіз, икемсіз, иікпейтін
дөкір болмасын десе офицер өзі өнеге көрсетсін. Қаты
гездік – қатыгездер ғана тәрбиелейді. Әскерде әділдік
үстем болуы тиіс. Әділеттің сәні кетсе – тәрбиенің мәні
кетеді. Солдаттың тәртібі – қатты, жүрегі – жұмсақ бол
ғаны абзал. Қазақтың «Білекті бірді жығады, білімді
мыңды жығады» деген мақалы таза әскери мақал. Баукең
айтыпты дейтін бірен-саран қанатты сөздер болмаса,
қазақта әскери мақал жоқ дейтіндер мүлде қателесіп жүр.
Мәселен, «Бәле қайда деме, бассаң аяқ астында», «Тү
бі бірге түртпейді» деген мәтелдерді «әскери емес» деп
көріңдерші, деп өзін айнала қоршаған қазақ жауынгер
леріне қарап рахаттана күлетін Дәулетов.
Өзін көптің ішінде соншалық қарапайым ұстайтын
және екінің бірінің, әсіресе, әскери адамның ойына келе
бермейтін мынандай оқыс пікірге жетелейтін жайда-
ры жігіттің тап қазір айтып тұрғандары дұрыс болмаған
күнде де төңірегінде тұрғандардың бірде бірі оған кереғар
пікір айта алмайтыны бесенеден белгілі еді. Бұрын-соң
ды мұндай көпшіл, мұндай жайдары командирді көріп
көндікпеген жастар үшін мынау адам өзін өзгелерге лаж-
сыз сыйлататын таңсық мінезді жан. Сондықтан да шығар-
ау госпитальдің қай бөлімшесіне, қай палатасына енсе де
сырқат жауынгер де, офицер-дәрігерлердің де жаны жады-
рап, құрыс-тырысы жазылып қалады.
Полковник Дәулетов келгенде оған шағым айтатын-
дар болмайды десе артық емес. Жарқырай еніп, жады-
рап шығатын осы бір абзал азаматтың әр айтқан сөздерін,
әзілін қалт жібермей тыңдап, өздері барынша көңілді
Жарылқасын Нұсқабайұлы
көрінуге тырысқан науқастар да бейне ауруынан айығып
қалғандай дуылдап Дәулетов өткен соң да біршама
уақытқа дейін басылмайтын.
Міне, осы адам соңғы екі аптадан бері госпитальдың жан
сақтау бөліміне кірсе-ақ қатты күйзеліп шығады. Өрімдей
жас қазақ жігітін қайдағы бейбастақтар болмашы бір сыл-
таумен өлімші қылып сабаған. Осы палатадан не әрі ке-
тер, не бері шығары белгісіз қалыпта екінші апта жатыр.
Дәулетовтың айтуымен тәулік бойы науқастың жанында
кезекші. Система, уколдың түр-түрін салып-ақ жатыр. Бір
қалса, осылардың күшімен қалар.
Дәулетов қыл үстінде жатқан жаралы жанның жай-
күйін білуге бүгін де бұрылды. Оның күнде бір соқпай
кетпейтініне дағдыланған офицер – дәрігерлер полков-
ник келеді-ау деген шамада бұл палатаны арнайы қарап,
тазалығын тексеріп, кешелі бері не ем қолданылғанын
тәптіштеп жазып қояды. Полковникке бөлімше меңгеруші
сінен бастап емдеуші дәрігерге дейін, бәрі не істегенін жа-
рыса баяндап жатқаны. Мына ісіктен бет пішінінен нобай
қалмаған солдат бейне осының екі туып бірі қалғанындай
өзеуреп түсіндіріп берді.
– Баланың беті бері қарайтын түрі бар ма? – деді
жаралыға зер салып қарап шыққан полковник. Дәулетов
тың екі көзі әлі сырқатта болғанымен сұрақтың өзіне ба
ғышталғанын жазбай танып тұрған бөлімше меңгерушісі
подполковник Петров:
– Біздің шамалауымызша солдат екі-үш күнде есін
жиып, көзін ашуы тиіс, жолдас полковник.
– Бұл тұжырымның айқын нышандары бар! – деп пол-
ковникке тесіле қараған күйі сіресіп қалды Петров.
– Қолдан келгеннің бәрін де жасаймыз, – жолдас пол-
ковник. – Менімше, ең қауіпті күндер артта қалды, – деді
емдеуші офицер Яров.
– Сіздерге табыс тілеймін!
Полковник дағды бойынша оң қолын шекесіне жақын
датып қоштасқанын аңғартты да, соңына ерген топтан су-
ырылып есікке қарай беттеді. Табалдырықтан аттай бере
кілт артына бұрылды да, қапелімде не айтарын ұмытып
қалған адамдай көзін төмен салған күйі сәл кідірді. Со-
сын оң қолымен иегін ұстап, ұмытқан нәрсесі сол жерден
шығатындай мытып-мытып қойды да:
Повестер
– Жауынгердің жағдайын ұдайы қадағалауды ұмытпа
ңыздар! Бәлен күн төтеп берген организм енді шыдауы
тиіс. Бір ағаттық кетіп, обалына қалып жүрмеңіздер! – деді
де қасындағылардың жауабын тоспастан машинасына секі
ріп мінді.
Содан кейін де көпшілікті күптігей қылған үш тәулік
тағы өтті. Тек келер күн шығар алдындағы алакеуім кезде
Ермаханның қасында алма кезек отырған медбраттың бірі
кезекші дәрігердің бөлмесіне тапыр-тұпыр жүгіріп келді:
– Жолдас аға лейтенант, жолдас аға!..
Шырт ұйқыдан шошып оянған кезекші дәрігер әскери
дағдысымен дереу орнынан атып тұрғанымен қапелімде
солдаттың не деп тұрғанын анық түсіне қоймады.
– Не, не болды?! Аман ба? – деп палатаға қарай солдат
тың алдына түсіп дедектей жөнелді.
– Жолдас аға лейтенант!...
– Әй, қойшы, соныңды сатыламай! Не болды айтсаңшы
тез!
– Жаралы жаңа әуелі ыңырсып, қозғалмақшы болды!
Сосын түсініксіз бірдеңелер айтты! Көзін ашайын деді ме
деп қалдым!
– Е, сөйтсеңші! Онда дұрыс! Сен дереу таңдайына та-
мызатын суыңды әкел! Жарақаттарын сүртетін тампон,
анау-мынауыңды әзірле!
Кезекші дәрігер кіргенде жаралы жауынгер сандырақ
тап жатқан сияқтанып еді, жақын келіп қарағанда оның
болмашы қимылы да, көзін ашуға әрекет етуі де сана-
лы амал екенін тәжірбиелі дәрігер бірден сезді. Алақанын
оның маңдайына басты. Қызуы әлі жоғары. Бірақ кешегі
ден бәсеңдеген сияқты. Еңкейіп, аурудың құлағына ауы-
зын жақындатып:
– Су ма? – деп сұрады.
Жауынгер болмашы ишарат берді. Сөйтіп, жаралы мен
дәрігердің арасында оныншы тәулік біткенде саналы бай-
ланыс орнады. Осы ой басына келуі мұң екен емдеуші
дәрігер Яровтың жүрегі лүп-лүп соқты. Адамды арашалап
қалатын болдық, – деп ойлады ол ішінен. Таң атқан соң
полковниктен сүйінші сұраймын, – деп жымиып қойды.
– Қане, тезірек суыңды әкел! – деп бұйырды өзі де асы
ғып далбақтап келе жатқан солдатқа Яров. – Тезірек! Ерін
дері мүлдем қаязып қалыпты.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Ауыр науқастар үшін арнайы тазартылып қойған суға
залалсыздандырылған таза мақтаны малып алып жара
лының ернін өзі сүрте бастады. Оның бұл әрекеті жара
лыға ұнағаны сонша, ол көнтиген еріндерін жалағысы кел-
ген адамша ептеп жымырып-жымырып қойды.
«Бейшараның таңдайы құрғап жатыр ғой» деп ойлаған
лейтенант таза судан болмашы ашық тұрған аузы-
на бірнеше тамшысын дәлдеп тамызып жіберді. Көбірек
тамызуға шашалып қалар деп қорықты. Сол болмашы
ылғалдың өзі жаралы жігіттің көмейіне жетті ме, жоқ әлде
қаязыған тілін дымқылдады ма бір нәрсе айтқысы келіп
қырылдады. Бетіне төніп тұрған Яров оның екі қабағы
қимылдағанын көрді.
– Көзіңді ашқың келе ме?! – деді жаралының құлағына
төне түсіп. Анау солай дегендей қабақтарын қайта жыбыр-
латты.
– Қазір, қазір! Екеуміз көзіңді ашып көрейік! – деді де
жауынгердің еріндерін тағы сүртіп, ернінің ашық тұрған
жеріне жаңағы әдіспен тағы бірнеше тамшы су тамыз-
ды. Сосын қолындағысын қасындағы қақшиып тұрған
солдатқа берді де, өзі жаралы жауынгердің екі көзіне
үңілді. Көзінің орны болмаса, көз дейтін көзі де жоқ.
Быттиған ісік. Қанталап қаракөк бірдемеге айналып кет-
кен. Осының арғы жағында көз бар, ол аман-есен тұр де-
генге қарапайым адам сенбестей. Бірақ өткен жолы
бірнеше дәрігер бас қосып қарағанда бас сүйегінің маманы
да, көз дәрігері де көздері сау болуы мүмкін дегені есінде.
Яров әуелі бір көзінің еттерін, сосын екіншісінің гүп бо-
лып ісіп кеткен еттерін ашуға әрекет етіп көрді. Бірақ
соққының қатты тигендігінен болар ісік әлі босаңсымаған,
тастай қатты екен. Сөйтсе де жаралы көзін ашуға әрекет
еткен кезде ондай ауырсынбайтын сияқты. Демек соққы
тікелей көзге тимеген болуы ықтимал. Және екі көздің
ешқайсысынан артық ылғал шығып тұрған жоқ. Көз ағып
кеткен болса, қалайда бір белгісі болар еді деп топшылады
Яров.
Ауызға су тамызу бірнеше рет қайталанған соң жаралы
солдатқа:
– Бауырым, кел, енді екеуміз көзіңді ашуға әрекет
жасайық. Сен де жәрдемдес! Мақұл ма?! – деді құлағына
Повестер
бұл жолы онша қатты сөйлемей. Анау мұныңды мақұлдай
мын дегендей қабақ тұсын жыбырлатты.
Лейтенант жаралының екі көзін алма кезек қайта ұстап
көріп, ісігі жұмсақтау деген сол көзін ашып көруге бекінді.
Әуелі көзінің үстіңгі етін, сосын астыңғы етін тартып
көрді. Екі жолы да жауынгердің ауырсынғанын сезді.
– Шыда, шыда солдат! Қазір көзіңді ашамыз!
Яров енді тәуекелге бел буып көзінің ісінген еттерін
екі жаққа қарай абайлап тарта бастады. Ісік аштырар
емес. Сөйтсе де солдат көзіне шам сәулесі түскендіктен
қорғанып қалған сияқтанды. Дәрігер жаралының көзін
жайына қалдырды. Өзі іштей:
– Әй, мұным нем, бала сияқтанып?! Көз дәрігері кел-
се өзі-ақ анықтайды ғой. Ең бастысы – жаралы есін жиды.
Ендігісі уақыт шешетін нәрсе. Әрине, әлі талай проблема-
лар туар. Кемтар, мүгедек болмаса болғаны. Сірә, есі бүтін-
ау деп ойлаған Яров ойын тағы тиянақтай түсейін дегендей
солдаттың құлағына:
– Көзің көрді ме? Көрсең бетіңнің бір жерін қозғап белгі
берші! – деді. Жауынгер күттірген жоқ. Маңдай терісін
қозғады.
– Азамат! – деді қуанышын жасыра алмаған Яров. –
Енді екеуміз айыға бастаймыз! – деп жаралының маңдайы
нан сипады.
Өмірде кездеспеген бейтаныс екі адам сөйтіп, бір-біріне
мейірім-шапағатын төгіп жатты.
* * *
Арада – содан бері табаны күректей алты ай өтті. Ата-
мыз қазақ: «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең
ішінде» демекші Ермахан қызметін өтеген Шоқпардағы
бөлімдегілер де мұның басына түскен жағдайды көп да-
быра қылмауға тырысып бақты. Бәлен бөлімде солдаттар
бірін-бірі сөйтіпті деген әңгіме кімге керек? Азап көрсе
біреу көріп жатыр, таяқ жесе тағы біреу жейді. Мұндағы
офицерлердің өздері тыныш, үй-іші аман. Ендеше қайдағы
біреулер үшін қобалжитын не жөні бар?
Дивизияда, Алматыда Ермахан тағдыры жөнінде сөз бо-
лып, оны ірілі-ұсақты комиссияға салған кезде де мұның
алған жарақаты мен тартқан азабын бәлендей денсау
Жарылқасын Нұсқабайұлы
лығына зардабын тигізе қоймаған жеңіл-желпі закым сияқ
ты көрсетуге күш салып бақты. Ермаханның госпитальдан
шыққан соң басқа жаққа емделуге немесе ата-анасына ба-
рып қайтуға демалысқа жіберілмегені осыны дәлелдейтін
сияқты.
Полковник Дәулетов бұл жерден қызметтен ауысып кет-
кенге дейін бұл әлі емделіп жүргенде:
– Ұнжырғаң түсе бермесін! Құлан таза айығып кетесің.
Госпитальдан шыққан соң психологиялық адаптация
ретінде ауылыңа бір ай демалысқа жібертемін. Санато-
рийге жіберу жағын да ойластырамыз. Қазір ешнәрсе ой-
ламай айығып шық. Бұзақыларды жазалау жағын да өзім
қадағалаймын, – деуші еді.
Енді міне, сол кісі кеткелі Ермахан өзін жұртта қалған
күшіктей мүсәпір сезініп жүр. Бөлімдегі офицерлерді
былай қойғанда сержант, старшиналар мен дедтардың
көзқарасы да біртүрлілеу, салқын. Өлмей қалғаны үшін
бейне, кінәлі сияқты.
Тіпті кеше қатар жүрген солдаттардың өзі суықтау
ма, қашқақтайтын секілді ме, түсінбейді. Бірақ оларға
мұның да емешегі езіліп бара жатқан жоқ. Бұған да керегі
оңашалық. Бір казармада іргелес жатқан жігіттердің өзімен
көп шүйіркелесе бермейді. Өйткені, ортақ әңгімелері жоқ.
Себебі, бұл госпитальдан шығып келгелі бері бөлімдегі
ұсақ-түйек қосалқы шаруаларға жұмсалып жүр. Кезекші
лікке, жаттығуларға да бармайды. Саяқ жылқы сияқты
өзімен-өзі. Бөлек жайылады.
Бұл жүрісіне бір жағы риза. Ертелі-кеш осы бөлімде
бармайтын жері, көрмейтін есігі жоқ. Өзіне тапсырылған
жұмыстың бірін сылтау қылып солдаттардың көбірек жи-
налатын, өтетін тұстарына әдейі барады. Ондағысы – өзін
соққыға жыққандардың бірі болмаса, бірін көріп қаламын
ба деген үміт. Кім біледі, қарақшылы түйе сияқты атышу-
лы болған мұны жұрттың бәрі таниды. Мұны көргенде
солдаттар өзара күбірлесіп қалып жатқанын ылғи байқай
ды. Бәлкім, мұны соққыға жыққандар да сыртынан көріп
жүрген шығар.
Солдат өмірі үшін алты ай да аз уақыт емес. 18-ге жаңа
толып келген жастар бас-аяғы бес-алты айда адам таны-
мастай өзгеріп шыға келуі ықтимал. Біреуі серейіп өсіп
Повестер
кетсе, екіншісі діңкиіп семіріп алады. Үшіншілері ілмиіп
қу сүйекке айналуы да ықтимал. Онда Ермаханның олар-
ды тани қоюы неғайбыл. Бірақ... бірақ сол күзгі кештегі
қан толған көздерді бұл жалғанда ұмытпайтын сияқты.
Бетпе-бет келіп қалса, әй, қателесе қоймас! Қорқатыны –
ол қанішерлер сол күзде немесе осы көктемде мерзімін
өтеп кетіп қалмаса екен. Ермаханды уайымдататыны осы.
Солардың бірде бірін ұшырата алмай қалса өмірдегі ең
үлкен өкініші сол болмақ.
Госпитальде жатқан кезінде Дәулетовтың айтуымен
бірнеше рет әскери прокуратурадан адамдар келіп, мән-
жайды түгел сұрап кеткен.
– Жазылып шық. Күдікті адамдармен беттестіреміз.
Бәлкім, танып қаларсың, – дегенде Ермаханның кәдімгідей
дәмеленіп қалғаны рас. Бірақ соңғы кезде сол тергеуші ата-
улы ат ізін салғанды қойды. Ұзынқұлақтан естуінше куә,
дәлел боларлық ештеме жоқтығынан істі жабатын сияқты.
Соңғы кезде Ермаханды қатты ашуландырып, күйгелек
етіп, ширықтырып жүрген осы.
– Сонда адам өмірі түк болмағаны ма? Мен өліп кетуім
де мүмкін еді ғой. Дәулетовты құдай кездестірмегенде әй,
қайдам, адам болуым екіталай еді-ау «Судың да сұрауы
бар» деуші еді халық.
Ермахан госпитальдан шығып, бұрынғы бөліміне орал
ғалы далаға келгендей көңілі жарым. Күнде бірге тұрып,
бірге жатып, тай-құлындай тебісіп, бір жапырақ нан-
ды бөліп жеп үйренген мұңдастары бұрынғыдай шүйір
келесе қалу былай тұрсын салқын амандасып, мұның
қасында көп аялдамауға тырысады ма деп қалды. Жаны
на келіп, жағдайын сұрап, жік-жапар болып жатқан
біреуі жоқ. Бәрі де кінәлі адамдай күйбеңдеп, беттерін
төмен салып, сырғақтай беретіні түсініксіз. Алғашқы
күні өзімен төсектері қатар жататын, әрі ауылдары да
бір екеу-үшеуі құшақтаса кетер деп ойлаған. Өйтпеді
ешкім. Сонда-ақ ойланып қалған, мұнысы несі? деген-
дей. Сөйтсе енді байқады осында жүргеннің бәрі де мұны
көргенде алапес көргендей жиырылып, қасынан тез өтіп
кетуге әрекеттенетін сияқты. Бәрінен де бұл қылықтары
қиын болды ғой деді ызаланған Ермахан. «Жығылғынға
жұдырық» дегендей, «Сен ештеңені уайым қылмай жазы-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
лып шық. Қалғанын өзім реттестіремін. Кезектен тыс де-
малыс та бергіземін» дейтін санчастың бастығы, полков-
ник Дәулетовтың да ауысып кеткенін көрмеймісің?! деп
және кіжінді ол. «Сорлыға сойылдың жуан басы тиеді» де-
ген рас-ау, сірә, – деп іштей ширығып тұр.
Батальон, роталас жігіттеріне деген жылымықтың ор-
нын енді реніш, қыжыл басқандай. Соңғы күндері олар-
мен бұл да үстірт, қатқыл амандасып жүр. Сонысынан ба
базбірі тіпті бұдан именденетіндей де көрінеді. Содан да
ма өзінің күннен күнге кекшіл, ызақор, қатыгездеу болып
бара жатқанын сезеді.
Бейне бір мені кінәлайтындай. Әлде бұл бейбақтарға
командирлер солай ұғындырып қойды ма екен? – деп те
күманданды.
Әлгі оқиғаға дейін мұның тәртібі мен тындырымды
лығы үшін тәуір көретін сияқтанатын командирлері де
«қалайсың?» деген жалғыз ауыз сөзді қимағандай алғаш
көріп, сәлем берген кезде де, бейне, мұны күнде көріп
жүрген адамындай болмашы ишара жасап қана көрдім
дегенді аңғартты. Онысын аз дегендей қатарда тұрғанда
немесе жаттығу кезінде мұның қасындағы солдаттың
біреуі бұған қарап жыбырлап, сөйлеп оғаштау бірдеме
істесе болғаны, олардың емес, осының фамилиясын атап:
Ефрейтор Алимкулов! Тәртіп бұзғаныңды доғармасаң!...
деп қалып жүр. Демек, бұл мен үшін тағы бір тықырдың
таянып қалғанын байқатыды ма қалай? – деп те ойла-
натынды шығарды. Бірақ, бұлар маған не үшін өшігеді?
Соққыға жығылған мен. Бәлен ай өлі мен тірінің, өмір мен
өлімнің арасында жатып, азап шеккен де мен. Сонда менің
жазығым не? – деп күйінгенімен еш жауабы жоқ. Өзге сол-
даттар әрқилы себеп-сылтаумен жаза алып, гауптвахқа
қамалып жатқанда бұл бірде-бір рет ондайға іліккен жоқ.
Ендеше бұлар шетінен мені неге мүйіздейді? Әлде, әлде....
мен госпитальға түскен кезде лауазымдыларынан мен үшін
теперіш көрді ме екен? деп те ақтағысы келді бұларды.
Бірақ бар себебін білмеген соң жоқ долбармен кесім жа-
сап, келте қайыруды өзіне мін санады. Сөйтсе де өзін
оқшаулатып, өзгенің түп-түгел осқырып қарауына негіз
болған себеп, қанша елемейін десе де жатса – жадынан,
тұрса – ойынан шықпай-ақ қойды. Армияда, әскерде тап
Повестер
мұндай әділетсіздік, озбырлық болар-ау деген тым құрыса
ойына да келмепті-ау...
Енді өкініп жүр. Сержант мектебін бітірген соң Түрік
менстан түбіндегі Кушкаға барғым келмейді, – деп ит ар
қасы қияндағы, яғни сонау Отырардан әкесіне хабар ай-
тып, қанша әуре-сарсаңнан кейін ғана әзер қалып еді
Шоқпарда. Бөлген бойда Кушка қайдасын деп тартып кет
кенімде мына пәлекеттің бірі де болмас па еді, қайтер еді
деп өзін-өзі күстаналап қояды.
Әкесі бейшара арқа еті – арша, борбай еті – борша бо-
лып жүріп тапқан бес-он тұяғын өткеніне сатып, жолай
Алматыдағы жақын туысқан інісін ертіп келіп, әупірім де-
генде мұны Түрікменістанға бармайтын қылып еді. Ол
жолы өлгенше қуанған «қалдым» деп. Енді бүгін кіжініп
отыр. Ойы – «бекер қылыппын» дейді. Ойлап отырса өз
қолымен істеген әттеген-айы аз емес екен. Соның бәрінен
арашалап алған ата-анасы бейшара соның бірде-бірін
міндет қылмай «ойбай, Кушкаға, Ауғанға әкеткелі жатыр»
дегенді естігені сол еді, артынып-тартынып тағы жетіп
келмеді ме?!
Кейде көкесін де аяп кетеді. Ер жетіп, бір жағынан
шығып, серік болар. Жігіт болып қалды ғой құдай аман
қойса, – деп ет-бауыры елжіреп, бұған мейіріммен қарай
тын кездері есіне түскенде жердің тесігі болса кіріп-ақ
кеткісі келеді. Бірақ өз қолыңды өзің қайдан кесерсің?!
Бүгін өзі өкінгенімен ертең бәрін де ұмытып әке-шешесін
өкіндіретіні ше? Мұнысы, ойына түскенде: Әй, мені де
ұрып өлтіретін кісі жоқ қой! деп төрелік айта қоятынын
қайтерсің! Әне, табылды емес пе, өлтірмесе де сілейте
соғатындар? Ақыры, сазайымды тарттым-ау, бар бәле өзім
нен шықты емес пе? – деп саябырсудың орнына күн сай-
ын ұрынарға қара таппай жүргені не қылғаны? Біреуден
таяқ жедім деп бүкіл адам атаулыға жауығып алғаны қай
қылғаны?
Осының бәрін ойлады да Ермахан мүлдем тарығып,
отырған орнына жантая кетті...
* * *
Ермахан әсіресе соңғы он-он бес күнде мүлдем тұнжы
рап, тұйықталып қалды. Көп ешкіммен сөйлеспейді. Уақы
Жарылқасын Нұсқабайұлы
тылы тамағын ішіп, қолы қалт етсе түрлі жаттығулар жа-
сап жүргендіктен бе күшіне күш қосылып, денесі ши-
рай бастағанын сезеді. Алматыда оқып жүргенде түрлі
спорт секциясына қатысып бокстан, шығыс жекпе-жегінен
үйренген әдістерін әсті-әсті шыңдай бастады. Намыс па,
кек пе, ыза ма, әйтеуір өзіне тыным бермей күндіз-түні
қамшылап, қайрай түсетін мінез пайда болды. Тарыдай
кінәсі жоқ бола тұра өлімші халге жеткенше таяқ жеді.
Жарты жыл өмірі үшін арпалысып енді беті бері қарағанда
командирлері де, тергеушілер де түк сезбегендей, түк
болмағандай, мұның өмірде бар екенін мүлдем ұмытып
кеткендей немкетті құлық көрсетеді.
– Жоқ, олай бола қоймас! – деп түйді Ермахан – «Жігіт
ті намыс өлтіреді» демеуші ме еді жұрт. Езің мен емес!
Өлсем де намысымды жыртып өлемін!
Бөлімнің кең ауласында жалғыз келе жатқан жас жігіт
осы сөздерді өзіне-өзі ант еткендей екі жұдырығын қатты
сығымдап, тістеніп айтты. Сөйтті де жүрісін кілт баяу-
латып қалтасынан темекісін алды. Жедел тұтатып, ащы
темекіні құшырлана сорды. Қолдарының дірілдеп тұр
ғанын темекі ұстаған қолын аузына үшінші рет жақын
датқанда анық көрді. Сабасына түсу үшін Ермахан ка
зарманың алдын орап өтетін асфальт жолдан ығысып
былайырақ барып тоқтады да айналаға көз жүгіртті.
Мотоатқыштар бөлімі орналасқан бетон қорғанның іші
кіші-гірім қалашық сияқты. Сырт көзге сұсты, үлкен де,
кіші де қатаң тәртіпке бағынып, сол бойынша ғана жүріп
тұратындай көрінетін үлкен ауланың түкпір-түкпірінде
тәртіпсіздік, озбырлық, әлімжеттік әрекеттер қыж-қыж
қайнайтынын оның табалдырығынан аттап, ауасымен
тыныстаған адам бірден-ақ сезер еді. Ермахан үшін ай
даладағы мына жауынгерлер жайғасқан бес қабатты әйдік
үй басынан кешпеген қылмыс жоқ сияқтанады.
Ауланың әр тұсында шамдары самалдай жарқыраған
жатаған үйлерге кіріп-шығып жатқан әскерилердің бәрі
Ермаханның көзіне қылмыскерлер сияқты елестеп кетті.
Себебі, әскер қатарына алынған алғашқы күннен көргені
тек зорлық пен ұрлық. Обал-сауап, ұят, қанағат тәрізді
ұғымдар мұнда тек келемеж, мысқыл туғызады екен. Ерма-
хан осыған қайран.
Повестер
Қоғамдағы жас ұрпақты тәрбиелеуге теңдей ортақ екі
мекеменің – мектеп пен армияның мүддесі мүлдем кере
ғар келер-ау деген ой Ермаханның үш ұйықтаса түсіне
кірмеген нәрсесі. Кешегі идеал тұтып, өйтуге болмайды,
бүйтуге болмайды, олай ету керек, былай ету керек де-
ген пікіріңді де әскерде тісіңнен шығарсаң болғаны сені не
кеңкелес көреді, немесе ең жеңілі мазақ, қор қылады. Міне,
жас адамның өзге тұрмақ өзіне, қоғамына, болашағына де-
ген сенімін де, мөлдір сезімін де жойып, көлеңкесі көп
қимыжық тірлікке араласып кететін тұсы осы жерде баста-
лады. Адам – адамға дос емес, бұрын айтыла беретініндей,
адам – адамға өш, қас болып шықсын десең, балаңды
әскерге бер. Екі жылдан соң ілуде бірі болмаса түз-түгел
есірік, надан, озбыр, екіжүзді, өтірікші, бұзақы, ұры болып
шығады. Бұған Ермаханның зәредей шүбәсі жоқ. Өзі жа-
зырын тартып, жанын қинағандықтан біледі. Әрине, әркім
әртүрлі ойлар. Әскери қызметін өтеген жастардың бәрі
бірдей Ермаханша әскери өмірге лағынет айтып кетпейтін
болар. Ал Ермахан өз пікірінен өлтіремін десе айнымас.
Мүлдем күйінген, біржола түңілген. Мына советтік жүйе
тұрғанда совет армиясының тәртібі түзеле қояды дегенге
кісі баласы сене қоймас деп жориды ол.
– Әне! – деп қалды Ермахан бейне біреумен сөйлесіп
тұрғандай. Сосын бір өзі тұрғаны есіне түсіп, аузындағы
темекісін жерге бір ұрды да, ызалы күйі етігімен жаншып-
жаншып тастады. Екі көзі казармадан соқталдай біреуді
екі аяғын салбыратып мойнына мінгізіп шығып, асханаға
қарай бүгежектеп жүгіріп бара жатқан солдатты көрді.
Мұның жай еместігін жүрегі бірден-ақ сезді. Айдың,
күннің аманында өзіндей немесе өзінен де дәу біреу іңір
қараңғысы үйірілмей жатып соры қайнаған жас солдаттың
мойнына мінетіндей не әкесінің құны бар?! Бұл озбырлық
асқынған екен! – деді ішінен ширыққан Ермахан. Соңғы
кезде аңғарып жүр, бұрын ондайға соншалық күйіп-
піспеуші еді, өзі тақсіретін тартып шыққалы біреудің
біреуге тиісіп, яки кемсітіп, немесе зорлық жасағанын
көрсе, қаны басына шауып, шыдай алмайтын болыпты.
Әне, қазір де күйгелектеніп өзін қоярға жер таппай кетті.
Тіпті тура жүгіріп барып анау тапа тал түсте адамды есек-
ше мініп алған азғынды ат үстінен жұлып алғандай дома-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
латып түсіріп, көкесін танытқысы келіп-ақ тұр. Бірақ өзін
өзі сап-сап деп әзер басты. Әй, өздері ойнап жүрген жолда-
стар болса, не бірдемеге бәстесіп... дегендей....
Асхана адам арқалаған солдат үшін алыс көрінгенімен
казармамен екі ара жарты шақырымдай ғана. Төте тартқан
кісіге одан да жақындау болуы мүмкін. Сондықтан мына
бірін-бірі мінгендер көп кідірмей қайтуы тиіс. Ермахан
асханадан келетін жолдың казармаға тақау тұсындағы
бұрылысына барып, әлгілерді тосты. Асханадан қайтқан
дүрмек әлгіден гөрі саябырсып, жеке-жарым, екеу-екеу
анда-санда өткен солдаттар болмаса төңірек түн қараңғы
сына көміліп, тынши бастаған. Жаңағылар біразға дейін
қайтпады.
– Шын-ақ ойнап жүргендер екен-ау. Мен де не бол-
са соған елеріп шыға келетінім нем? – деп енді жігіт өзін
күстәналады. Сөйтті де темекісін қайта тұтатты. Казармаға
сабасына түсіп бару үшін сәл сыртта тұрғанды жөн көрді.
Көктемнің сұп-суық дымқыл желі қойын-қонышын кеулеп,
денесін тітіркендірген сияқты. Ермахан гимнастеркасының
алдыңғы түймелерін салып, жағасын көтеріңкіреп түзеп
қойды. Денесін қыздыру үшін бірнеше рет тез-тез оты-
рып та тұрды. Кенет асхана жақтан жаңағы мінгескен
екеудің қайтып келе жатқаның көзі шалды. Көлік қызметін
атқарып келе жатқан солдаттың тірсектері қақтығысып
әзер жүреді. Ал анау есекке мінген адамша итініп тебініп
қояды. Қолында наны ма бірдемелері бар. Шайнаңдап
жеп отырғанын анық көрді. Бұл ойын емес! − деді іштей
кіжінген Ермахан төңірегіне дереу көз салып еді, не казар-
ма жақтан, иә асхана жақтан қимылдаған адам көрінбейді.
Ол ортан белінен ауып қалған темекісін құшырлана бірер
сорды да бейне жиіркенішті нәрсесінен құтылғандай ту
сыртына қарай нұқып, лақтырып тастады да өзі міңгес
кендердің жолын кес-кестей берді. Ойы – мына қиянатшыл
солдаттан «мұның қалай?» деп жөн сұрау. Тротуардың
жиегіндегі әлі көтеріліп үлгірмеген тырбық көк шөптен ат-
тап өтіп, әлгілерге бетпе-бет келді. Анадай жерде самала-
дай жарқырап тұрған шамның жарығы міңгесіп, ұшқасқан
екеудің тұла бойына түгел түсіп келеді. Енді аңғарды:
еңгезердей сарыны мойнына мінгізіп, аяғын әзер басып
келе жатқан жазған аяқ-басына қарағанда осы төңіректен
Повестер
шақырылған сорлының бірі... Тері моншақтап келеді.
Беттесіп қалған Ермаханға жаутаң-жаутаң қарайды. Ерма
ханның қаны басына тепті.
– Әй, жүгенсіз, мынауың не?! – деп төбедегі төреге
дүрсе қоя берді. Анау қыңар емес.
– Сен де бірдеме көргің келіп тұрмаса жөніңді тап!
Кімсің өзің?! – деді менмен кекесінмен.Сөйтті де екілене
тебінді.
– Шу! Тезірек бас аяғыңды!
Бұдан кейінгісі көз ілеспес жылдамдықпен өтті.
Қарсы келген жігіттің бұларға қарай секіргенін немесе
ұшқанын олар анық аңғармады. Көлік – мойнына мінген
Қожайынымен бірге гүрс етіп құлағанын бір-ақ білді.
Жерге қалай тастасаң да аяғымен түсетін мысық секілді
Ермахан да әп-сәтте орнынан тұрып, жайрап жатқан
адаммінгішті жағасынан қапсыра ұстап, жерден жұлып
алды. Өзі шамға арқасын беріп, ананың бетіне тіктеп
қарады.
Сол, сол үшеудің жалаңбас, гимнастеркасымен тұрға
ны осы! Әріректен жылтырап көрінетін шүңірек көзі,
қатпарланып тұратын шот маңдайы, ызаланғанда үстіңгі
ернін жымқырып, бір жағына қисайып алатын қайқы иегі
көзіне оттай басылды. Мұны аз дегендей күні бүгінге
дейін құлағына сан жаңғырып, қайталанып жүрген қарлы
ғыңқырап шығатын күжілдек даусы жаңа алғаш естігенде-
ақ санасына оқтай қадалған.
– Жібер деймін, иттің баласы, көресіңді көрейін деме
сең!
Ермахан керісінше алқымын сыға түсті. Кішкентайы
нан есек пен тайдың үстінде көкпар тартысып, кетпен
шауып, қалыппен кесек құйып өскендіктен болар екі
қолы бөлекше қайратты еді. Спорт секциясындағы жат
тыгу күресі кезінде де тарамыс салалы саусақтары қар
сыласының қай жерінен ұстаса да қарысып жібермей
қалғанын байқайтын жаттықтырушысы:
– Жігітім, сен шабондоз сияқты бір ұстаған жеріңнен
айырылмайды екенсің. Демек, осы қолыңның қайратын
пайдаланудың амалын ойластырайық, – деуші еді.
Міне, сол темірдей тегеурінді саусақтары алдындағы
алпамсадай жігіттің апшысын қуырып, тынысын та-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
рылтып барады. Мұның босата қоймайтынын сезді ме,
жоқ оны да ашу кернеді ме, бар күшін жиып, жұлқынып
көріп еді, мынау тырп еткізетін түрі жоқ. «Суға кеткен тал
қармайды» демекші, манадан бері есек қылып мініп келе
жатқан серігіне айқай салды:
– Неғып тұрсың состиып, ит! Жүгір хабар бер, біздің
жігіттерге!
«Тышқанға мысықтан үлкен аң жоқ» дегендей әбден
айтқанын екі етпей құлшылық күн кешкен байғұс казар
маға қарай далбақтап тұра жүгірді. Бұлай тәжікелесіп
тұра берсе оқиғаның арты немен тынатынынан мықтап
сабақ алған Ермахан енді уақыт оздырмады. Алдындағы
қаныпезерді сол жақ тобықтан аяғымен қағып қалды да
қолын босата бере оң қолымен шықшыттан періп жіберді.
Соққының қатты тигені сонша анау жаман тулақтай жалп
етіп барып, жол жиегіндегі жақтау тасқа бір жақ бетімен
түсті. Содан кейінгі 15-20 секундта Ермахан омақаса
құлаған жігіттің қай жерінен, қалай тепкенін санаған
жоқ. Әйтеуір, аямады. Трактор табанды ауыр етік жай-
рап жатқан жігіттің бетіне де, к-не де талай жеріне сан рет
тигені анық. Жығылған мықты қайтып тұруға да әрекет
қылмады, ыңырсығаны болмаса дыбыс та бермеді.
Казарма жаққа қарап еді, ешкім көзіне түспеді. Жатқан
ның құйрығынан шіреніп тұрып, келістіре бір тепті де
казарманың қарсы бетіне жол жағалай ілінген түрлі су-
реттер мен ережелерді тасалап тұрып сәл ойланды. Енді
казармаға баруға болмайды. Қашу керек! Қалай қарай
қашқаны дұрыс?
Қапелімде не істерін білмей бөгеліп қалды. Мұны да
ойластырып қоймақшы еді. Бірақ тап бұлай бәрі де аяқ
астынан шешіле қалады деп ойламапты.
«Елсізге қарай, сыртқа қашуға болмайды», – деп түйді
бірден. Қашқан адам көзден таса сондай елсіз, елеусіз
жаққа қарай қашады деп ойлары сөзсіз. Сондықтан не
де болса да тәуекел, үлкен есікке барып көрейін, – деп
бекінді Ермахан. Өзі іштей сайланып жүрген әрекеті
болғандықтан ба, жоқ әлде кек алудың сәті соншалық
жақсы орайласа кеткендіктен бе көңілі орнына түсіп,
өзіне деген разылық сезім медеу болды ма, әйтеуір са-
спады. Бұқпалай басып, түн қараңғысын жамылған жігіт
Повестер
әп сәтте-ақ оқиға болған жерден ұзап кетті. Әне-міне де-
генше бөлімшенің сыртқы есігіне де жетті. Казарма мен
екі арадағы жол қараңғылау болғанымен, кезекші отыра-
тын мына үйдің төңірегі жап-жарық. Бұл жерде солдат-
тар білмейтін саңылау жоқ десе де болғандай. Аптасына
әрілі-берілі сан рет өтіп, кезекшінің қарсысындағы стол,
орындық қойылған кең бөлімде талай рет отырып, темекі
де шеккен.
Кезекшінің біреумен телефон арқылы айқайлап сөй
лесіп жатқанын анадайдан естіді. Қолы босамай жатыр
екен. – Иә сәт, – деді ішінен. Сосын жайлап кезекші отырған
бөлме мен қарсы беттегі үлкен бөлменің арасынан тік өтетін
коридорға кірді. Терезеден кезекші жаққа абайлап көз са-
лып еді, анау түрегелген күйі, еңкейіп асығыс бірдемелерді
жазып жатқанын көрді. Терезеден басымның көлеңкесі
түсер деп, жүрелеп отыра калып жылжи берді. Коридор-
дан тысқа шықты да, әрі төңірегін шалып, әрі іштегі кезекші
байқап қалмас үшін айқара ашық тұрған есіктің сырты-
на қабырғаға тақалып тұра қалды. Сол мезет кезекші офи-
цер де телефонмен сөйлескенін қойып, коридорға шықты.
Еденді тарсылдатып ерсілі-қарсылы жүрді. Ермахан дымын
шығармай тыңдап тұр. Телефон тағы шырылдап, кезекші
бөлмесіне қайтып кірген сәтте, Ермахан да аяғын аңдап ба-
сып, дуал жағалай жүгіріп, ұзай берді. Бөлімнің кезекші от-
ыратын есігінен үш жүз метрдей ұзаңқырап барып, жол
жиегіндегі арықтың машина жарығы түспейтін қылтарыстау
жеріне бұғып, отыра кетті. Төңірек көзге түртсе көргісіз,
қараңғылық. Бұған Ермахан қуанбаса, өкініп отырған жоқ.
Енді теміржол станциясына қарай өтіп жатқан машиналарға
мұқият қарай бастады. Сөйтсе де екі көзі әлі есік жақта. Қауіп
келсе, тек сол есік жақтан келетінін біледі.
Осылайша ол он-он бес минут бұғып отырып қалды.
Кенет кезекші жақтан әуелі дабырлаған дауыс естілді.
Сосын есік алдына үш-төрт солдат шықты. Алғашқы
қуғыншылар болар деп жорыды. Не айтып жатқандары
анық естілмейді. Кезекші офицер басын шайқап, қолдарын
сермеп солдаттарға ұрысқаны байқалады. Ақыры оларды
итермелеп ішке кіргізіп, есікті жауып қойды. «Е, мұнысы
жақсы болды ғой. Бұл жаққа қарай ешкім келген де жоқ,
өткен де жоқ деген шығар» деп топшылады Ермахан.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Төңірек көзге түртсе көргісіз қараңғы. Жол жаққа емес,
енді өзінің ту сыртына көз салды. Құлаштап лақтырған
тасың жететіндей жерде бірдеңе қараңдайды. Әуелде адам
емес пе екен деп секем алып еді, көзі қараңғыға үйрене келе
үрейден де арылды. Жаңағы қарауытқан жайылып жүрген
сиыр екен. Енді оның тіпті ала сиыр екенін де аңғарып от-
ырмын деп түйді. Әріректен тағы да бірнешеуі қарауытады.
Сірә, қарсы беттегі ауылдың малы болуы керек. Әшейінде
самсап тұратын жұлдыз атаулының бірі көрінбеді. Ауаның
бұлт екенін енді ғана аңғарды. Ай жарық болса оған пана
боларлық бір түп бұтасы жоқ мына мидай далада мен
бой тасалайтын мүмкіндік жоқ еді. Құдайдың мұнысына
да шүкір. Әйтпесе, «Мен қазір біреулермен төбелесіп,
қашқандай болсам ай қараңғы, ешкім көре қоймас» деп жос
парлады дейсің бе? Бәрі де аяқ астынан болды емес пе? Ер-
махан іштей өзімен-өзі сөйлесіп отыр.
«Әне, және біреуі шықты. Қараңғыда адам сидиып,
ұзын болып көрінуші еді. Мынауың тәпелтек неме ғой.
Шыға салып біреу шақырғандай жан жағына қарар-қара
мас тіп-тіке маған қарай жүргенін қарашы. Қап, иттің
баласы-ай! Біліп қойды-ау менің осылай қарай қашқа
нымды. Енді қайтсем екен? Не де болса тура анау жайы-
лып жатқан малдарға қарай паң далаға безуім керек», – деп
стартқа дайындалған спортшы тәрізді денесін тез жиып,
жүрелеп отырып алды. Екі көзі – тәпелтекте. Ол асфальт
жолға тақап келді де кілт кідірді. Сосын сәл қиастау
жүріп, ойпаңдау жерге жеткенде шалбарының түймелерін
ағыта бастады. «Ой, иттің баласы-ай! Сол үшін ауладан
шығып, осыншама жерге келгенін қарашы. «Қорыққанға
қос көрінеді» деген осы. Әгәрдә тәпелтек тағы екі-үш ат-
тап асфальтқа жеткенде мен тұра қашқалы отырған. Онда
«қашқанды таптым» деп жарты әлемге жар салып, айқайға
басып, абыройға кенелетін. Әйтеуір бір жолға құдай сақ
тады. «Аққа құдай жақ» деп қойдым ішінен. «Соқыр
бір іс бастады, құдай оны қош көрсе» деген әпсана ойы-
ма орала кеткені. «Қалай еді?» деп ретімен есіне түсіріп
отыр».
Ертеде астында жараулы жақсы аты бар жолаушы жігіт
көлденең ағып жатқан кішкене өзеннен кешіп өтпекші бо-
лып, судың жайуаттау жеріне келіп, суды кешкені сол еді
Повестер
анандай жерде жар жағасында отырған бірнеше адамның
арасындағы ақсақалды қарт орнынан көтеріліп:
– Жолаушы, балам! Құдай тілеуіңді берсін. Мына судан
мені арғы бетке өткізіп тасташы, – дейді.
– Ассалаумағалейкум ата! Келіңіз, келіңіз! Оған не
сөз бар?! – деп жігіт дереу атынан түсіп қарттың алдынан
шығады. Қолына таяқ ұстаған үлкен кісі зағип сияқты. Та-
бан жолын таяқпен таңдап басып келеді.
– Ата, қане, менің атыма міне қойыңыз. Мен сіздің
артыңызға мінгесейін, – дейді қол алысып болған жігіт.
Сонымен не керек шал – алдында, жігіт – артына
мінгесіп, өзеннің арғы бетіне өткен соң жігіт аттан қарғып
түсіп:
– Ал, ата, өзеннен өттіңіз. Енді аттан түсе қойыңыз мен
жолымнан қалмайын, – десе, қу шал құбылып:
– Жо-жоқ! Мен неге түсуім керек аттан?! Ат менікі! –
дейді.
Ықтиярымен түспесіне көзі жеткен жігіт енді шалды ат-
тан аударып тастамақшы болған кезде қу шал ойбайға ба-
сады:
– Ойбай, жәрдем бере көріңдер! Мына жігіт менің атым-
ды тартып алғалы жатыр! Оу, халайық!
Өзеннің екі жақ бетінде отырған-тұрған жамағат бірі
«зорлықшыл» жігітке айқайлап, енді біреулері көмектесу
үшін бұларға қарай тұра жүгіреді.
Сонымен шақшадай басы шарадай болған жолаушы
жігіттің таяу ауылдардың біріне соғып, биге жүгінуден
өзге амалы қалмайды.
Бірақ әңгіменің ақ-қарасына көз жеткізе алмайды. Шы-
нын айтып жігіт шыр-пыр. «Мен ғаріпті араша қыла гөр,
шырағым» деп шал да зар қағады.
Ақыры жатар мезгілде би екеуін бөлек-бөлек киіз үйге
бір-бірден қамап қояды да сыртынан тың тыңдаттырады.
Қарияға жақсылық жасаймын деп жанжалға кезіккен
жас жігіт мүлдем түңіліп: – «Соқыр көрсем тағы да, жола-
маспын маңына!» – деп күйініп жатқанын есітеді.
Ал бәлеқор шал: – «Соқыр бір іс бастады, құдай оны
қош көрсе» – деп жастыққа жантайып жатыр екен дейді.
Даудың ақиқатына жеткен би шатақ шалға жасы нешеде
болса сонша дүре соғуды бұйырады.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
«Әлгі бәлеқор шал айтпақшы менің де мына әрекетімді
құдай құп көрсе болар еді-ау», – деп бір күрсінді қашқын
жігіт.
Қашқын баланың ойы әлгі аңызға ауғанымен екі көзі
жолда еді. Шырақтарын самаладай жарқыратып ерсілі-
қарсылы өтіп жатқан көліктердің өзі жабыса кетуге
ыңғайлысын таңдап отыр. Бірақ қас қылғанда жүрісі баяу,
жүк артқан, арба сүйреткен не машина, не трактор өтпей
қасарысып тұрғандай.
Енді бұлай отыра беруге болмайды. Бұл жерден құру
керек! Орталық жақтан бірнеше машинаның жарығы
көрінді. Ішінде жүк машинасы болса, Ермахан жабысып
көрмекші. Алда әскери пост барын біледі. Бірақ күнделікті
әрілі-берілі жиі қатынап, көзтаныс болған машиналар-
ды кезекші солдаттар, әсіресе кешқұрым көп тексере
қоймайды. Әне, тізіліп машиналар да жақындап келеді.
Алдыңғысы әскери уазик болып шықты. Одан қайыр
жоқ. Ой, ортадағысы арба сүйреген «Беларусь» екен. Бұл
трактордың арбасына жабысса, артқы машина көріп қояры
даусыз. Қап-ай! Жо-жоқ, анау трактордан оза бастады. Е,
құдай, оңда! – деп Ермахан трактор тура тұсына келе бер-
генде лып беріп, оның жетегіндегі арбасының артқы бор-
тына жабысты. Жабысты да тракторшы көрген болса, не
тоқтап, немесе басын шығарып ұрсуы керек, соны білейін
деп сәл тұрып қалды.
Тракторшы жүрісін жеделдетті. Демек – көрмегені.
Кабинасының артқы терезесі баттасқан шаң ба, батпақ па,
әйтеуір, рульде отырған адамның сұлбасы әзер байқалады.
Ермахан борттың кенересіне арқасын сүйеп, бұғып оты-
ра кетті. Тележканың іші бей-берекет жатқан неше түрлі
зат. Дөңгелек дейсің бе, шелек дейсің бе, арқан, қап... Анау
алдыңғы жақ бұрышта престелген екі тай шөп көрінеді.
Ермахан бұқпалаған күйі сол шөпке жетті де, қатар
жатқан екі тай шөпті алдыңғы борттан жарты метрдей
шегіндіріп қатар қойды да, өзі бортпен екі араға жатып,
үстіне жатқан жаман арқан, қаптарды жауып алды. Ендігі
тосқауыл – пост. Әне, трактор жүрісін баяулатты. Мүлдем
тоқтады. Біреулердің дабырлап сөйлескені естіледі. Мұнда
хабарлап үлгерді ме екен? Хабарлап қояр-ау деп неге
ойламағанмын? Қорқынышы енді күшейді. Төбесі шы-
Повестер
мылдып, қол-аяғы дірілдеп кеткенін енді аңғарды. Қап,
жаңа жолдан түсіп қалып, постан жаяу өтуім керек еді –
деп кейіді өзіне-өзі. Мұндайда әр минут жылдай. Сырт-
та жүргендердің бәрі тап қазір осыны ұстауға қам жасап
жатқандай. Бірақ трактордың төңірегінде ешкім жоқ. Да-
уыстар алдыңғы жақтан естіледі. Әне, трактордың ал-
дында тұрған машина кетті. Трактор да қозғалды-ау,
әйтеуір. Тракторшы жүріп бара жатып, кезекші солдатпен
айқайласып бірдеме туралы сөйлесіп қояр емес. Уһ! Өтті-
ау, ақыры.
Енді постан сәл ұзаса Ермахан трактордан түсіп қал
мақшы. Бірақ жеті түнде әскери киіммен желең жүрген
солдат жұрттың назарын бірден аударуы ықтимал екен-ау.
«Осы менің асығыс ойлап, келте қайыратыным-ай!» деп
Ермахан өзін іштей мінеп те алды. Енді теміржолға тақап
түскенді жөн көрді. Мына үлкен жолдың басқа бұрылатын
тармағы жоқ. Қалай жүрсең де, әуелі теміржолды кесіп
өтесің. Ермахан мұны жақсы білетін. Теміржолдың
жұлығына бір іліксе, арғы жағын ойланып көрмек. Қазіргі
бар ойы − аман-есен теміржолға жету.
Жігіт біртіндеп орнынан тұрып, борттан ұстаған күйі
жүресінен отырды. Басын қылтитып жан-жағына қарады.
Теміржолға келіп қалыпты. Енді түсуге қам жасағаны
жөн. Ол жалма-жан тележканың артқы қанасына дейін
сырғып жетті де трактордың алды-артын барлап қарады.
Ешкім жоқ сияқты. Лып беріп тележкадан қарғып түсті.
Таяқ тастам жерде қарауытқан үйлерге қарай жылжы-
ды. Екі көзі алда. Ойы әлдеқайда. Енді не істеуі керек?
Қашуын қашып шықты. Қайда барады? Алматыға ма, жоқ
ауылына ма? Ермахан мұның екеуін де – дұрыс көрген
жоқ. Оның екі жағына да бұл жаяу-жалпы жетемін де-
генше, іздеу салған хабар да жетер. Ендеше бұлай етуге
мүлде болмайды. Жұрттың ойына келмейтін вариант та-
буы керек. Бірақ соншама жұрттың ақылы жетпес вариант-
ты бұл қайдан таппақшы?! Тап қазір қалай қарай жүрерін
білмей тұрғанда басқа қулыққа ақылы қайдан жетпек? Бар
ақылын былтырдан бері көрген тауқыметі-ақ тауысқан
шығар...
Ермахан ең шеткі үйдің жанына келіп кідірді. Үйдің бір
бүйірі тұтас қабырға болғанына қарағанда бұл – үйдің ту
Жарылқасын Нұсқабайұлы
сырты. Есік-терезесі арғы бетінде сияқты. Көмескі жарық
пен біреулердің сөйлескен дауыстары сол жақтан естіледі.
Үйді айнала қоршаған тақтай қорған бәрін қалқалап тұр.
Ермаханның қараңғыға бойы үйренді ме, жоқ қашып
құтылғанына сенді ме, манағыдай емес, мүлдем батыл-
данып алды. Қалтасынан темекісін шығарып, асықпай
тұтатты да құмарта сорды. Сөйткенше болған жоқ,
үйдің арғы жағындағы дауыс күшейе түсті. Екі-үш
адам бірдемені көтере алмай жатқан сияқты. Сөздеріне
қарағанда қазақтың үйі болуы тиіс.
– Әй, мынауыңды біз екеуміз машинаға көтеріп сала ал-
маймыз. Адам іздейік! – деді бір дауыс ап-анық.
– Ой, сен де айтады екенсің. Түн ішінде адамды қайдан
табамыз? Көршіні шақыр, дейтіндей ауылдастарың да жоқ.
– Онда қайттік? Дағар, сен жолға қарай шығып
көрсеңші. Иманы бар біреу-міреу ұшырап қалар. Тым бол-
маса өтіп жатқан машиналарды тоқтатып, жәрдем сұра.
Осындайда тосын жүретін солдаттар да ұшыраспайды.
Оларға бір шишаға жететін ақша берсең бір машина
жүгіңді тиеп берер еді!
– Жарайды, мен жол торуылдап көрейін. Сендер бірдеме
ұмыт қалмасын, машинаға сала беріңдер.
Жол осы Ермахан тұрған жақта. Ендеше жәрдемші
іздеген кісі сөз жоқ қазір осылай қарай шығады. Ерма-
хан әуелі бой тасаламақ болды да, бұл ниетпен бірақ тез
жеріді. Несіне қорқам. Жай ауыл адамдары ғой. Олар
қорқып жүрмесін деп үйден сәл шегініңкіреп, анадай жер-
ге барып темекісін шеге берді.
Үйді айналып біреу шықты. Қимылы жас адамның
қимылына
ұқсамайды.
Аяғын
мамырлап
баса-
ды. «Қорыққанға қос көрінеді» деуші еді әкесі Ескер.
Қараңғыда үрей ғана зорайып қоймай, адамның денесі де
ұлғайып, қомақтанып көрінеді ме деп ойлады Ермахан.
Мына үйден шыққан адам жүрсем ба, жүрмесем ба деген-
дей аяғын санап басып келе жатқанына қарағанда үй сыр-
тында бейсар тұрғын адамнан секем алып қалған сияқты.
– Бұл қайсың әй! – деп дауыстады үй айналған қазақ.
– Мен солдатпын, көке.
– Ә, өзіміздің бала болды ғой, – деп әлгі адам бұған
қарай төтелеп жүрді. Өзі сөйлеп келеді:
Повестер
– Көктен іздегеніміз жерден табылып жүрмесін.
Ана кісі қасына жақындай бергенде сәлемдесті:
– Ассалаумағалейкум!
– Уағалейкүмассалам! Сен бір тәуір бала сияқтысың,
сәлемің түп-түгел ғой! Мына үйде екеулеп бір мотор-
ды машинаға сала алмай, адам іздеп шығып ем, көшеге.
Жол жүргелі жатыр едік. Бағана ертерек шығып кетеміз
дегенбіз ғой. Қазақтың шаруасы біте ме? Анау деп, мы-
нау деп ерте күнді кеш қылдық. Енді міне, қараңғыда
қарманып, адам іздеп шыққаным.
Ақкөңіл адам болуы керек, кімсің деместен бар әңгі
месін ақтарып жатыр.
– Құдай жеткізген шығар, жүр қарағым, қолғабыс етіп
жіберші.
Бас-аяғы төрт-бес минутта жанына солдат ертіп қайтып
келген Дағарды көргенде есік алдында тұрғандардың
таңырқамағаны қалмады. Сонда да бәрі «мынаусы кім,
көзді ашып-жұмғанша қайдан таба қалды» деген күдікпен
айтып жатқан әңгімелерін сап тиып, біріне-бірі қарады.
Дағар есімді пәкене қараның ештеңемен ісі жоқ. Дам-
бырлап келе жатқанына қарағанда үй артынан түн ішінде
бейтаныс біреудің тап бола кеткенін оғаш көрмеген сиқы
бар.
– Әй, міне, жәрдемші керек болса! Өзі келе жатыр
екен, − деп Ермаханды нұсқады. Ермахан есік алдында
тұрғандарға ізетпен амандасып, күн жылынып қалса да,
әлі күнге басындағы бөркін тастамаған қапсағай денелі
кісіге тағы да «түп-түгел» сәлем берді.
– Қане, бері моторға жақында Елен, – деді Ермаханды
сырттан ертіп әкелген Дағар есімді азамат. – Енді үшеулеп
көрейік.
Мотор деп тұрғаны сыртын әскери брезент шатырдың
бір бөлігімен мықтап орап, жіңішке кендір арқанмен
шырмап тастаған ауқымы ересек адамның құшағы
еркін жететін зат болып шықты. Сірә, жеңіл машинаның
двигателі болар деп пайымдады Ермахан.
– Ал, абайлап көтерейік. Бір жерімізді май қып алар-
мыз. Балам, сен де абайла. – Май қылып алсақ ештеңе ет-
пес. Майып қылып алсақ...
Дағардың жағы тынар емес. Сөйлеп жүр. Үш адым
Жарылқасын Нұсқабайұлы жердегі моторды аса қатты қиналмастан көтеріп, бес алты метр жерге борты ашық тұрған көкшіл түсті жүк машинасына қарай тәлтіректей алып жүрді. Двигательдің өзіне тиген жерін көтеріңкіреп барып бортқа іліктірген Ермахан қасындағы жаңа таныстарына: – Сіздер абайлап сүйемелдей тұрыңыздар. Мен машинаның үстіне шығып тартайын, – деп әп-сәтте машинаға қарғып мінді. Одан арғысы көп қиынға түскен жоқ. Машина мөңкігенде бірдемесі сынып қалмасын деп моторды борттың ең алдыңғы жағына тақап қойды. «Қайда барады екен? Машина мөңкиді дегендеріне қарағанда жолсызбен немесе жолы нашар жерлермен де жүрмекші ғой» деп ойлады Ермахан жерге түскен соң. Бұлар двигательді артып, машинаның бортын жауып болғанша, жаңа есік алдында тұрған бала-шаға үйге кіріп үлгірген екен. Сыртта үшеуі ғана қалды. – Әй, Елен, мына балаға, – деп құлақшынды жігітке қарап, оң қолының бас бармағын сұқ саусағына үйкепүйкеп жіберді. Анау да ебедейсіздеу қозғалып, қалтасына қол сала беріп еді, Ермахан керегі жоқ екенін айтып тоқтатты: – Маған ештеңе керек емес. Егер артық көрмесеңіздер, қалай қарай жол тартқалы тұрғандарыңызды айтпайсыздар ма? Құлақшынды баяу қозғалғаны сияқты жауапты да жедел бере қоймайды екен. Ермаханға құлақшынды «оны қайтесің» дегендей сұраулы қалыппен бұрыламын дегенше, бұл жолы да Дағардың шапшаңдығы жақсы болды. – Өй, қайда барушы едік. Мына алдыңда тұрған дәу қараның жайлауына барамыз. Одан әрі мен совхозға өтем. Совхозымыз Шудың сыртында! – деп салды. – Демек, Шуға қарай жүреді екенсіздер ғой? – деді өзі де тап солай қарай көлік іздеп тұрған адамша қуанышын жасырмай. – Немене, сен де Шуға баруың керек пе еді? Дағар бұл жолы күмәнданғандай Ермаханға мүлдем салмақты қарады. – Жоқ, көке. Мен Шымкенттің баласымын. Егер мүмкін десеңіздер баратын жерлеріңізге дейін ала кетсеңіздер мың рахметімді айтар едім... Жолшыбай керек десеңіздер, басыма түскен бар қиындығымды айтып берермін.
Повестер Анау екеуі не істейміз дегендей біріне-бірі қарады. Жауапқа жедел Дағар: – Дөкімент бірдеңең бар ма ? – деді енді қаупін де жасырмай. – Солдатта документ бола бермейді ғой, көке. Бірақ госпитальда дәрігерлер берген рецепт қағазым, ауылдан алған хаттарым, Алматыда достарыммен түскен суреттерім жүр еді қалтамда. Міне, көріңіздер, – деп Дағарға ұстата берді. Дағар алуын алса да шұқшиып тексеруге ұялғандай Еленге бере салды. Ол да конверттегі фамилияға қарады да суретті көрді. Ұл-қыз аралас бір топ жастың ортасында мына алдындағы жігіт те тұр. Ләм-мим деместен қағаздарын солдаттың өзіне қайтарды. – Ой, жүрсін. Ала кетейік. Артып бара жатқан бағалы жүгіміз жоқ, несіне қорқамыз?! – деді Дағар өзі кесіппішіп. – Онда жаңағы сорпадан нан қосып бір кесе ішіп шықсын мына бала! – деп Елен де Дағардың шешіміне кет әрі еместігін аңғартты. Ермахан үйге кіргісі келмегенін сездіріп еді Дағар: – Ой, солдат қай бір тойып жүреді дейсің. Біз де солдат болғанбыз, білеміз! – деп Ермаханды үйге итермелеп кіргізді де, Еленге көзін қысып қойды. Сосын өзі ілесе еніп дауыстады: – Бөпіш, мына балаға жаңағы сорпаңнан берші тез! – Кірсін, кіре ғой қарағым! – деген дауыс естілді ішінен. Солдаттың аты – солдат. Көп болса бес минутта қайта шыққан жігітті сыртта күтіп тұрған екеуі кабинаға орта ларына отырғызды да Қордай асуына қарай тартып отырды. Енді міне, өзіне айтса сенбестей оқиға және болды. Трактордан түсіп үлгірмей жатып мына Дағарға жолықты. Жоспарлап қойсаң, мұндай қисыны келмес! Тіпә-тіпә!... * * * Ермахан мінген жүк машинасы құдай оңдағанда жаңа екен. Кабинасының іші ілезде-ақ жылып сала берді. Пеші Ермаханның ауылдағы совхоз директоры болып істейтін немере ағасы Мүтәлханның су жаңа ақ «жигулиінен» бес
Жарылқасын Нұсқабайұлы
бетер қайнатып барады. Өткен жылы Отырардан Шілік
совхозына жеткенше ағасының сол машинасына мінгені
бар-тын. Сонда анау жетпіс шақырым жол бойы тек пешін
мақтаумен болғаны есінде. Қарап отырса мына Дағар
шопырдың пеші оның енесін ұрып кететін түрі бар. Жүк
машинасының ішінде желең киіммен қалай болар екен,
деп жүрексініп еді. Он шақырым ұзамай-ақ ол күдігінің
орынсыз екеніне көзі жетті. Бір шаруасы аяқ астынан оңға
басқанда немесе бірдемеден секем алып, осы қайтер екен
деп қалғанда Жайжа ағасының екі иығынан асырып алма-
кезек түпә-түпә деп жататыны есіне түссе қасындағыларға
білдіртпей, сол ырымды қайталады. Солай ететін орайы
да бар. Бүгін екі кештің арасында қатарынан үш рет жолы
болды.
Көк қасқа жүк машинасы түн қараңғылығын су айды
нын қақ айырған моторлы қайық сияқты қарс айы-
рып, ұрып келеді. Жол тегістігі ме, жоқ машинаның дви
гателі күшті ме. Бұлар тауға қарай жүрсе де Дағардың
спидометрі жүзден бір ылдилаған жоқ. Әне, ГАИ посты.
Ала шлагбаумды көрген Дағар машинасының жүрісін кілт
баяулатып оңға, батысқа қарай бұрылатынын көрсеткенде
қуанғанынан ба, жоқ әлде мына жерде тексеріп жүрмес
пе екен деп күдіктенгенінен бе жүрегі бір сәт тоқтап
қалғандай әсер етті. Артынша Ермахан қасындағыларға
естіртіп терең күрсінді. Оның мұнысына екі көзі ГАИ-
да отырған Дағар мән бермегенімен Елен елеңдеп қалды.
Осы жазғанның ішінде бір үрей ме, шер ме бірдеме бар-ау
деп ойлады да оған аянышпен қарады. Бірақ ләм деп ау-
зын ашқан жоқ. Бұрылып қарамаса да өзімен иық тіресіп
отырған солдаттың жай-күйін жазбай таныған Дағар тағы
үндемей қалмады:
– Әй, қорықпа, Гайлердің көбіне адамда жұмысы бол-
майды, машина тексереді, – деді ол Ермаханға басу айтқан
боп.
Ешкім сөз қоспаған соң әңгіме әрі өрбімеді. ГАИ күзе
тінен, Қордай асуынан өтіп елсізге шыққанша үш жолау-
шы үнсіз отыра берді. Осылай қанша шақырым жүргенін
білсе Дағар білер, әлден уақытта тағы да сол сөйледі.
– Қазір мына қырдан ассақ арғы жағы әлгі бәле өсетін
алқап, – деп Ермаханға саған сол жер керек емес пе еді
Повестер
дегендей ожырая бұрылып қарады. – Оны білмеуші ме
едің?!
– Жоқ, көке. Дәл қай жерде өсетінін білмесем де есірткі
шөптің мекені әйгілі Шу алқабының осы жол бойында
екенінен хабарым бар. Бірақ мен бәле іздеп келе жатқан
жан емеспін, бәледен қашып келе жатқан адаммын. Мы-
нау кім деп шошынбай қастарыңызға алған ағаларым
Сіздерден несін жасырайын. Тым шошынсаңыздар жол-
да бір елді мекеннің маңынан түсіріп кетерсіздер. Бірақ,
әйтеуір, милицияға тапсырып кетпейтін иман жүзді
кісілер сияқтысыздар. Шынымды айтсам қазір басымның
ауған жағына қарай қашып келе жатқан жағдайым бар.
Егер тыңдасаңыздар басымнан кешкендерімді түгел ай-
тып берейін. Тек бір-ақ өтінішім – мен жөнінде ешкімге
айтпасаңыздар. Біреудің құлағына тисе менің сорым. «Ел
– құлағы елу». Милиция да естімей қалмас...
Осыны айтты да Ермахан қасындағылар не дер екен де-
гендей үндемей қалды.
– Әй, сен шырағым, шошынсаңдар, сенбесеңдер де-
ген әңгімені бізге айтпа. Сен жаңа біздің шыққан үйімізді
көрдің, астыңдағы мәшинені көріп келесің, арғы жағың
дағы ағаң екеуіміздің аты-жөнімізді де естіп келесің. Енді
ауылымызға алып келеміз. Қайда тұратынымызды және
көруіңе болады. Ал біз сенің кім екенің тұрмақ, атыңды да
сұрағанымыз жоқ. Әрине, ептеген күдігіміз де бар екенін
несін жасырамыз? Бүгінде не көп – бұзақы көп. Айтамын
десең өзің біл. Жол қысқарар. Айтқың келмесе өзіңді зор-
лама. Ата сақалымыз аузымызға түскенде танымайтын,
білмейтін саған қайдан ант-су ішіп отырамыз?! Қазіргі ба-
лалар, сендер ғой болатынға да, болмашыға да қарғанып
жататын. Бұрын атам қазақ уәдеге, сөзге тұрған. «Ер жігіт
тің екі сөйлегені – өлгені», – деп жүргені сол. Аса бір қиын
жағдайға ұшырап, қылдың үстінде тұрғанда болмаса қар
ғанбаған.
– Баяғыда осы біздің Жәкемдер айтып отыратын, – деп
бағанадан үнсіз сөзге араласпай келе жатқан Елен, әлгі
әңгімелердің бәрін тыңдап отырғанын айғақтап жаңа арна
бастады.
– Бұрын біздің ауыл-аймақ, шәй-қантын да, көйлек-көн
шегін де, қойшы әйтеуір, бар керегін алу үшін, Әулиеатаға
Жарылқасын Нұсқабайұлы
базарға мал айдап баратын деп. Сонда мабада сенің айдап
апарған малыңа қызығып, біреу жәуліт сатып алғысы кел-
се, бірақ ақшасы жетіңкіремей қалған ақшаңды келесі ба-
зарда осы жерге әкеп берейін немесе қайда қонасың, сонда
жеткізіп берейін десе шәк күмәнсіз сеніп, бар малыңызды
танымайтын біреуге айдатып жіберіп қала береміз деуші
еді. Сонда алдап кетеді-ау, деген ойымызға да кіріп шық
пайды дейтін жарықтық.
– Өй, Елен-ау ол адамдардың сорты басқа адамдар ғой.
Сен оны айтасың, неміспен соғысқа дейін ауылда есігіне
құлып салған үйді көрмейтінбіз дейді ғой біздің тәтем.
Ит, мал кірмесін деп есікті бірдемемен бастырып немесе
жіппен байлап қояды екен.
– Мына жаман Қытайыңда күні бүгінге шейін сондай
деп жүр емес пе? Әлгі Мұсабайдың құдалары Қытайдан
көшіп келген екен ғой. Қай жылы сол жақтан туысқандары
шақырту жіберіп барып қайтқан екен, ол жақтың үйі
тұрмақ мәгәзініне құлып түспепті деп келіпті.
– Бала күнімізде, сендерді қайдам, Дағар, біз дала-
да жеп жүрген нәрсемізді тауыса алмасақ обалы орысқа
деп бұтаның түбіне тыға салушы едік. Осы қазір байқап
жүрміз, бұл орысыңның бүлдірмеген нәрсесі қалмаған екен
ғой. Мына баланың қашып жүргені де сол орыстың кесапа-
тынан шығар.
– Дөп айттыңыз, көке. Аз сөйлесеңіз де саз сөйлейді
екенсіз. Енді үндемей отыра беруге шыдамым жетер емес.
Бәрін айтайын. Ештеңесін жасырмай да асырмай айтып
берейін. Менің кім екенімді сосын өздеріңіз біле жатарсыз-
дар.
* * *
Ермахан қашқан казарманың алды қапелімде жау шап
қандай абыр-сабыр, у-шуға айналды да кетті. Ерсілі-қар
сылы жүгірген солдаттар төрт қабатты үйге бірі кіріп, бірі
шығып әбігерге түсті де қалды. Әсіресе Ермахан қызмет
етіп жүрген рота командирі қанжырдай қатқан сары ыза-
дан булығып, күйінгені соншама өзіне қарсы ұшырасқан
әр солдаттың жағасынан алып, боқтық аралас былапыт
сөздермен сыбап жатыр. Қимылына қарағанда қашқан сол
датты іздеуге тап өзі шыққалы тұрғандай белбеуін қат
Повестер
тырақ тартып, үстіндегі киімдерінің етек жеңін тартып-
тартып, қамданып жүр.
– Лейтенант Кожухов, болсаңшы енді ыбылжымай!
Қане, қайда әлгі өзіңмен ертетін төрт жігітің? Анау есіктің
алдында тұрған кезекші машинаға мін де, жөнел! Кім еді
жаңағының фамилиясы?! Тірі болса тірідей, өлі болса
өлідей дереу желкесін үзіп әкеліңдер! Көрдің бе бұларды!
Мал ғой, мал! Біз оны қанша уақыттан бері асты-үстіне
түсіп, бағып, о дүниеден қайтарып алдық иттің баласын!
Енді міне, алған алғысымыз! Өзі құрығанымен қоймай
маңдайалды солдатымызды мерт қылып кеткенін?! Мен
әлі көрсетемін оған адам ұрғанның қандай болатынын!
Мен командирге баяндап бердім. Қатты қатуланды.
Жерге кірсе де, көкке ұшса да табасыңдар! Нақ өзің таба
сың деп айбат шекті!
Мұны таппай екеуіміздің орнымызда қалуымыз неғай
был! Осыны түсін! Қане жөнеліңдер! Әуелі станция жақты,
сосын автожолдардың бойын байқайсыңдар. Көп ұзай
қоймаған болар. Сенімді жігіттерден алдың ба? Ұрып май-
ып қып немесе өлтіріп қойып жүрмеңдер! Оған нендей
азап көрсету қажеттігін маған қалдырыңдар! Қане, марш!
Кожухов оң қолын шекесіне апарған тәрізді ишара жа-
сады да машинаға қарай тұра жүгірді. Бұлар мінген уа-
зик бейне қашқан солдаттың тап қай жерде тығылып
жатқанын білетіндей Шоқпар станциясына қарай көсіліп
жатқан қасқа жолға ілінген бойда-ақ ышқынып зымырай
жөнелді.
– Жолдас майор, сізге баяндап тұрған капитан Кошель-
кин:
– Әй, Кошелькин, немене сонша жау шапқандай енті
гіп? Әлгі таяқ жеген солдатыңның халі қандай?
– Жолдас майор, жаман емес. Әзірше санбатта, көзі кө
герген, о жер бұ жері... – дей беріп еді майор зікіп тастады:
– Демек, қара аспанды суға алдыратындай ештеңе жоқ
десеңші! Балалар елде де шекісіп қалып жатпаушы ма еді?
Соны осыншама дабыра қылатын не жөнің бар?! «Аттан-
дап» жарты әлемге жар салатындай ештеме жоқ екен ғой.
Тәрбие, тәрбие жұмысы жетіспей тұр Сізде жолдас капи-
тан! Әр жауынгер ер жеткен азамат. Әрқайсысы әр үйдің
еркесі десек болар. Әсіресе жас адамда жігер де, қайрат
Жарылқасын Нұсқабайұлы та, намыс та жетерлік. Міне, Сіздің міндетіңіз сол қилы мінезді қайшыластырмай, бір арнаға салып, олардың Отан алдындағы борышын қалай өтеу керек екенін ұғындыру деп біліңіз. Ал қашып кеткен солдатты, әрине, дереу тауып, казар маға қайтаруыңыз қажет. Бұл үшін Сізге үш сағат уақыт беремін. Ұққан боларсыз деп үміттенемін. – Жолдас майор, мен Лейтенант Кожуховты жіберіп қо йып едім... – Мен Кожуховқа емес Сізге тапсырма беріп отырмын. Бұл жағдайға ең әуелі Сіз бен біз жауап береміз. Ұқтыңыз ба? – Тап солай майор жолдас! Солдаттың казарманы тастап қашу бір бұл ғана емес! Мені осы жағдай ойландырып отыр. Казарма – солдат тың тұрған мекені, қазіргі үйі. Сәл бірдеңе бола қалса жауынгердің үйінен безіне қашуы сондағы тәрбие жұмы сында кәкір барлығын көрсетеді ме деп қорқам. – Жұмыс нәтижесін дереу хабарлаңыз, – деді ме майор телефон құлағын ұстаған күйі ойланып отырып қалды. Неге олай? Осымен үшінші рет бір казармадан қазақ жауынгері қашты. Солардың біреуі тіпті асылып өлуге әрекет қылып жатқан жерінде ұсталды. Бірақ солардың ешқайсысы өлермен болып таяқ жесе де, асылып өлуге итермелеген жағдай туса да кінәні ешкімге артпайды. «Өйтіп қалып едім, бүйтіп қалып едім» деген ақылға қонымсыз себептер айтады. Мен өзім соның бірде біріне илана алмадым. Осы бүгін қашқан солдат та өлім ауызынан қалса да мынау деп ешкімді ұстап бермеді. Демек, қауіп бар. Және зор. Өлімнен де үрейлі. Сонда қалай болуы мүмкін?... Майор қанша ойланса да бір шешімін таба алмаған соң: Мына қашқан жігіт табылған соң осы мәселелердің бәрінің түбін қазып, шындыққа жетуге бекінді. * * * Ертеңіне таңертең полковник Тасболатовқа жетсін деген суыт хабар алған майор дегібірсізденіп келеді. Полковниктің қарсы алу бөлмесі ығы-жығы шенді офицерлер. Бір-екеуімен қол алысып амандасып, өзгелеріне
Повестер
ишара жасап қана отыруға ыңғайлана бергені сол еді,
полковниктің адьютанты:
− Майор Сыздықов, Сізді кірсін деп жатыр! − деген ха-
бары онсыз да ширығып тұрған офицерге бейне тік тұр
деген бұйрық тигендей бойын тез түзеп, самай шашта-
рын алма кезек сипап алды да, полковниктің есігіне қарай
беттеді.
Полковник Тасболатов бірден-ақ:
– Соңғы екі-үш айдың өзінде жауынгерлердің гар-
низоннан қашу, өз-өзіне қол салуға әрекеттенуі сияқты
жөнсіз жағдайлар жиілеп кетті-ау деп ойламайсыз ба? –
деп төте сұрақпен төбеден соққандай әсер алған Сыздықов
сасқанынан белдігін жөндеп, жағасын түзеп өзіне-өзі келе
алмай қалды. Мұны көріп отырған палковник:
– Кешегі қашқын жігіт табылған жоқ па? – деген оңтай
лылау сұрақ қойғанда ғана есін жиған майор Сыздықов:
– Полковник жолдас, әзірше табылмай тұр, – деп сілейіп
қалды.
– Бұл қашқан солдат өткенде таяқ жеп, өлім аузынан
қалған жауынгер сияқты ғой?
– Дәп солай, жолдас полковник!
– Әне, көрдің бе, бәленің басы қайда жатқанын! Жаңағы
қашқан жігітті кезінде өлімші етіп соққыға жыққан үшеуді
қызғыштай қорғап, шаң жуытпай екеуін дереу дембілге
жібердіңдер, ал тиісті қызмет мерзімі аяқталмаған үшінші
бұзақы қаннен-қаперсіз «ал, қайтесің, менің бір жерімді
кесіп аласың ба?» дегендей тап сол жерде жүр. Тым құрыса
көзге күйік қылмай өзге полкке ме, ұзағырақ бір жаққа
неге құртпадыңдар? Енді келіп «анау оңбаған соны ұрып
кетті, сосын қашып кетті» деп безектейсіңдер. Өлтіріп
кетпегеніне рахмет айтыңдар оған! Ол бейшара жазылып,
қатарға қосылған соң болған жайды талқылап, зардап шек-
кен адамның көзінше шара қолданғандарыңда, бәлкім тап
мұндай болмас еді...
Әлде қазақтың балалары намыссыз, жігерсіз, қорқақ, не
істесең де қойдан жуас көне беретін көмбіс деймісіңдер?!
Мен бұл жолғы жағдайдың тап қалай өрбігенін әлі
толық білмеймін. Бірақ әлгі үшінші қаныпезердің әлі де
тайраңдап, тасыраңдап, қашқан бейшараға күн сайын мыс
қылмен қыңыр қарап жүргеніне зәредей шүбәм жоқ. Қыл
Жарылқасын Нұсқабайұлы
мыскердің жазаланбауы кек туғызатынын түсінгендерің
дұрыс-ақ болатын еді...
Әңгіме былай, майор Сыздықов, қашқын жігітті тау-
ып, басындағы шашының бір талына да тимей маған алып
келіңдер. Сосын анықтармыз бұл былықтың ақ-қарасын.
Ал анау қожабауырым болып жүрген солдаттарың, орыс
жігітін айтып отырмын, біреуіңнің көмегіңмен үпит-сүпит
деп кетіп қалып жүрмесін. Армия – ерліктің, батылдықтың
ғана емес, адалдықтың, адамгершіліктің, мейірім мен бауыр
малдықтың, қиналғанға қол ұшын беретін жанкештіліктің
ұясы! Осы есіңен шықпасын.
− Сіз боссыз, кете беріңіз. Тезірек нәтижелі хабар жет
кізеді деп үміттенем!
Майор полковник Тасболатовтың кабинетінен екі ұдай
пікірде шықты. Біріншісі – полковниктің ойы өзінің ниетін
дәп басқаны болса, екіншісі – осы ұсынысын неге ғана
өзі ертерек келіп айтпағанына қапа. Бірақ полковниктің
зерделілігі, белден турамай адамға жаны аши сөйлейтіні
өзіне дем бергендей болды.
* * *
Өткен өмір жолын тәптіштеп есіне алып, көп отырып
қалғанына ыңғайсызданған Ермахан Елен қойшы жаққа
мойнын созып қарап еді. Бағана қойдың бетін ауылға
қарай қайырып болған соң, атын әдетінше тізесінен жоға
ры тұсынан тұсап, шылбырын шұбатып жіберіп, өзі жан-
тайып көктемгі күн шуағына шомылып жатқан жерінен
әлі қозғалмаған екен. Сірә, көзі ілініп кеткен шығар деп
түйді Ермахан. Әйтпесе ендігі осында қайтып келер еді,
немесе қолын ба, құлақшынын ба бұлғап, мұны әлдеқашан
шақырып алар еді. Үй сыртында жатқан бір қора қойдың
дыбысына құлақ түріп, түн ұйқысын төрт бөліп елеңдеп
жататын құсұйқы қойшының күні бойы бес-он минут бол-
са да не осылай кез келген жерге жамбастай кетіп, немесе
ат үстінде-ақ көз ілдіріп алатын дағдысы болмаса, әлбетте,
қиын тиері сөзсіз. Атып тұрып жүре беретін қайран
көмбіс қойшылар-ай! Бұлардың адам төзгісіз қиындығы
мен қысы-жазы көрер құқайын, бейнетін қойшыдан
өзге кім біледі, кім анық сезінеді?! Жыл он екі ай бойы
не демалыстың, не үзілістің, не ауырып қалса больнич-
Повестер
ный алудың не екенін білмейтін, оны алу керек-ау деген
ой басына кіріп те шықпайтын және мен осылай қиналып
жүрмін-ау деп ешкімге міндет те қылмайтын қайран
қазағым! Малшылыққа сондай адал, сондай төзімді, мал
дың жайын өз жағдайынан артық ойлайтын өзге халық бар
ма екен, дүниеде?!
Штирлиц жанын шүберекке түйіп, өлім мен өмірдің
арасында жүрген соң мәжбүр. Ал біздің қазекең ешкім
қинамай-ақ, ешкімнен қорқытпай-ақ, басын бәйгеге тік
пей-ақ өз еркімен, өзін-өзі мойындатқан халық. Ерік,
жігер қандай ауыл қазағында!... Сол қазақтың бірі анау
жайылып тұрған күрең торының қасында баяғының қас
батырындай шалқасынан түсіп ұйықтап жатқан қазақ –
Елен қойшы!
Еленді Ермахан өзін паналатып, өз баласынан кем көр
мей, тең ұстап жүрген жақсылығы үшін ғана емес, баршаға
бірдей кең де адал, қарапайым мінезі үшін, қаймағы бұзыл
маған аңғал да сенгіш қазақы қылығы үшін, өмірлік мол
тәжірибесі мен салауатты ойы, керек десеңіз даналығы
үшін жақсы көріп кетті. Егер әр адам Елендей еңбекқор,
Елендей қайырымды да бауырмал, қарапайым болса жер
бетінде жамандық деген де сейіле түсер ме еді, қайтер
еді?.. Манадан бері Ермахан қобалжып есіне алып отырған
қаралы күндер де осындай адамдардың аздығынан, адам
ұрпағының азғындауынан пайда болған лаң ғой...
Әне, анау бас киімін бұлғап Ермаханды өзіне шақырып
жатқан Елен ағасы Ермаханның бар сырын сол түні жол
үстінде естіп білген. Содан қоярда қоймай үйіне ертіп
келіп, жібермей қалды. Былтыр көктемнен бері екінші жыл
Еленмен кезектесіп қой жаяды.
– Ермаханжан, күн еңкейіп қалды. Қойды енді ауылға
қарай беттете берсек те болар, – деді де, сен бұған қалай
қарайсың? дегендей, қасына жаңа келіп тоқтаған жігіттің
бетіне үңіле қарады Елен. Ал басынан өткен жайды ұзақ
есіне алып, әсерінен әлі де арыла алмай самарқау тұрған
Ермахан қапелімде ештеме деп жауап қатқан жоқ.
Жігіттің көңіл-күйінің орнында еместігін сезген Елен
әңгімені әріге тартпады.
– Ал, айналайын, мен ауылға кете берейін. Қараңғыға
ілікпей малды ауылға жеткізерсің.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Мен барып ұсақ-түйек шаруаларды реттестіре берейін, –
деп атын тебінді.
– Иә, көке, сөйтіңіз. Мына ыдыстарды да ала кетіңіз.
Елен:
– Бәрін жеп болдың ба?... Әй, мынауыңның салмағы
бірталай ғой. Неге жеп қоймағансың? – деп атының басын
тартты Елен.
– Көке, көп екен. Әбден тойдым ғой, әкете беріңіз, енді
қарным ашамын дегенше үйге де барып қаламын ғой... –
деп Ермахан жаңағыдай емес, шешіле сөйледі.
Ермаханның қабағы ашылайын дегеніңе қуанды ма,
жоқ әлде мүлдем жадыратып кеткісі келді ме, Елен қойшы
атының басын тежеп, әңгіменің тізгінін босатты.
Ертеректе біздің елде ағайынды тамақсау екі кісі болған
екен. Сірә, колхоздастыру кезі ме, серіктестіктің тұсы ма,
әйтеуір бүкіл ел бірі − шөп шауып, бірі − егін егіп деген-
дей қыбырлап тынбайтын кез болса керек. Жұрт сықылды
жаңағы екі тамақсау да шөп шаба ма, жоқ егін ора ма,
қойшы, әйтеуір ауылдарына жете алмай, сол маңдағы бір
үйге «құдайы қонақпыз» деп қонаға келеді. Қазіргідей
молшылық қайда, елдің сіңірі шығып, титықтап отырған
тұсы. Біреу көже, біреу талқан, біреу быламық дегендей
тапқанын талшық етіп отырған қиын жылдар ғой. Соқ
талдай екі бірдей жігіттің кеп қалғанын жаратпаса да үй
иесі бәйбіше сыр білдірмей жайдары қарсы алады. Көп
ұзамай кейуананың көжесі де піседі. Өз үйінің адамдары
бірі − малдан, екіншісі − қостан дегендей кешіккен соң ас
иесі оларды күтпей-ақ өңкиіп отырған екеуге сыбағаларын
бере тұрғанды жөн көріп, екеуара жидеден шабылған
үлкен қара табаққа құйып, көже әкеледі де екеуіне салы-
сып ішетін жиде ағашынан шабылған бір қасық береді.
Өйткені, ол кезде елде ыдыс-аяқ кем. Өз үйінің адамдары-
на жетпейді ғой.
Ал әлгі екеуі обыр болғанда масқара! Әне-міне дегенше
жаңағы бір табақ көжені жалғыз қасықпен-ақ тақыр-тұқыр
ішіп қояды. Бұлардың тоймай қалғанын көрген бәйбіше
қанша қимаса да алдарындағы табақтарына әкеліп көжені
толтыра тағы құяды да :
– Қарақтарым! Тауысып қойыңдар! – дейді
Сонда екі ашқарақтың біреуі риза болып:
Повестер
– Апа, рахмет, құя беріңіз. Құдайдың бір берген абы-
ройы – ағайынды екеумізден ас артылған емес! – депті.
− Сол айтқандай сен сияқты жас күнімізде бізден де
мынадай тамақ қалмаушы еді!
Бұл жолы Ермахан мен Елен қойшы қосыла күлді.
– Ал, мен кеттім! – деп Елен атын тебініп, ауылға қарай
жорта жөнелді. Қашан да адамның қас-қабағына қарап,
көңілін аулауға тырысатын осы бір ақкөңіл азаматтың ар-
тынан Ермахан разы қалпы ұзақ қарап тұрып қалды.
* * *
Елен атының басын ауылға қарай бұрғаны сол еді ас
тындағы күрең торысы өз-өзінен әдемі бүлкіл жорғаға бас
ты. Жануар шөлдеді ме екен, асықты ғой деп атының жа-
лынан, мойнынан сипай қағып-қағып қойды. Әне-міне
дегенше ауылдың қарасы да көзге шалынып, мал қора
сынан сәл оқшаулау тұрған киіз үйінің де төбесі анық
көрінді. Үйдің төңірегінде қараң-құраң адамдар көрінген
сияқтанды қыран көзді қойшыға. Сәл әріректе жеңіл ма
шинаның сұлбасы байқалады.
– Е, бұлар кім болды екен? – деген сұрақ сап ете қалды
ойына. Бірақ олай-былай ойластырғанымен нақ бүгін Елен
нің үйіне суыт жүріп машинамен келе қоюы ықтимал та
ныстарының орайын таба алмай-ақ қойды.
Үйге жетіп, қора жаққа астындағы атын байлап жатып
байқағаны – есіктің алдындағы жер ошақта қазан қайнап
тұрған сияқтанды. Түтіні будақтап самаурын да іске кіріс
кен.
– Е, Тананың ықыласы ауған сыйлы қонақтар Тана жақ
сы білетін кімдеріміз болуы мүмкін?... деген ойлы сұрақ
жағасынан алып аяғын бастырмай келе жатқан Еленнің ал-
дынан әдеттегіше жайраңдап, құшағында бортаңдай Ар-
шаты бар танакөз сұлу – Тана шықты.
– Ал, тапқыш болсаң айта қойшы, үйге келген кімдер? –
деді әкесіне талпынған баласын Еленге ұстатып жатып.
– Бұл сұрағыңның жауабын таба алмай аласұрып келе
жатқаныма бес-он минут болды. Нақты жауабым жоқ.
– Онда сүйіншіге не бересің? – деп сықылықтай күліп,
иығынан Еленге сүйкене түсті.
– Сен қалағаныңды сұрамай аласың ғой. Сірә, одан
Жарылқасын Нұсқабайұлы
артық бірдеме беруім қажет болатын жақсылығың бар-ау,
сірә?!
– Жайлы хабар болса, қосымшаңа да құлмын.
– Жақсылық болмаса алдыңнан жүгіріп шығамын ба?! –
деп Тана жарқырай күлді.
− Сенің жүрегіңе қуаныш ұялатқан хабарыңнан еште
мемді аямаймын!
– Онда тыңда! Үйде Ермаханның үш бірдей ағасы отыр!
− Ойбұй, ал керек болса! Тойдың көкесі біздің үйде
десеңші онда?!
− Ермахан қалай қуанар екен, десеңші енді?! – деді Тана
екі көзі отша жайнап.
– Иә, иә, «бәрін айт та бірін айт, коллективтің жырын
айт» демекші Ермаханның жүрегі қарсы айырылатын шы
ғар!
Ерлі-зайыпты Елен мен Тана қуаныштарын біріне бірі
айтып жеткізе алмай жатқанда үйде отырған үш жігіт
сыртқа шықты.
– Ассалаумағалейкум! – деп созды жоқ іздеген үшеудің
бойшаңы, Еленге қарай қол созып амандасуға талпынып.
Оның жанындағы дембелше келген, орта бойлы, шаш
тарын қырау шалып қалған екі азамат та “ассалауды” кө
мескілеу айтқаны болмаса олар да алғаш ұмтылған жігіт
тен ықыластары бір пәс те кем еместігін көрсеткендей жа-
мырай келіп, қол алысып, құшақтасып жатыр.
Жоғалған бауырларын іздеп жүрген кісілер Ермахан
ның бұл жерге қашып, қалай келгенін Танадан естіп,
қанығып алған түрлері бар. Көп ештеңе сұрамай тек Ерма-
хан үйге қашан келетінін сұраумен тұрғанда Ермахан да
жетті.
Сөйтіп ағайынды төрт жігіт құшақтасып сүйісіп, кей
бірі көздерін де сүртісіп алды. «Айналайын, біз үшін
олжаның ең үлкені қол-аяғың бүтін, аман есен табылға
ның. Ине ұшында отырған ата-анаң мен бауырларыңа
таңертең хабар жеткіземіз», – деп түйді Қалдыбек.
Кісілер үйге кіріп жайғасқан соң ас әкелінді де, сөзді
Елен бастады.
– Құрметті ағайындар, – деді Елен. Ермахан менің інім
болып біз бауырласқан соң, сіздер де жат бола алмай-
сыздар. Құдай амандық берсе, енді Ермахан бұл үйден
Повестер
ешқайда кетпейді. Құдайдың өзі жетектеп әкеліп берген
бауырым. Өзім үйлендіремін. Сөйтіп, ағайынды екі үй бо-
лып отырамыз. Сіздер реңі өзге сөз бастамай тұрғанда
әңгіменің ашығын айтып отырғанымды ұғыңыздар.
Үй иесі Еленнің кесімді сөзінен кейін Ермахан жөнін
дегі әңгімеге нүкте қойылғандай болды да бұдан кейінгі
гәп Ермаханның қызметі, міндеті, жауапкершілігі, табысы
секілді тұрмыстық жағдайға ауысты.
– Айналайын, Елен. Мына баланы икемдеп, бауырыңа
басқан екенсің. Бұларыңа қуанып отырмыз. Іргелес жатқан
елміз. Ауылымыз сондайлық қашық та емес. Бірте-бірте
екеуіңмен теңдей араласып кетерміз деп үміттенеміз. Тек
құдай тіл-көзден сақтасын. Елде Ермаханның ағалары да,
іні-қарындастары да бар. Әке-шешесі тек осыған қарап
отырған жоқ. Ол кісілердің бар тілеуі – тек мұның аман
дығы.
– Біз Ермахан екеуіміз еншілес, бір адамбыз. Бізді
бөліп жаратын ештемеміз жоқ. Жинақтап жүрген бес-
он тұяғымыз болса, екеуміздікі. Жаңа біреуіңіз Ерма-
хан жәрдемші ме, көмекші ме? дегендей де болдыңыз.
Жоқ, олай дегізгім келмейді ешкімді. Мен, Ермаханның
көмекшісі. Малдың бағып-қағып жүрген иесі де, бар
жағдайын жасайтын да, білетін де осы. Көмекші керек бол-
са ол – менмін және мына үйдегі Тана келіндеріңіз екеуміз.
Әне, анау келгелі аузы-басын жалап, мойынан құшақтап
отырған туған інісі – Аршат деген жігіт. Сіздерге енді тағы
қандай мәлімет керек?!
– Дұрыс қой қалқам. Бірақ Ермаханның да пікірін өз ау-
зынан естісек деп едік. Ермахан не дер екен?
Қалдыбек ағасы әңгіме ауанына басқа бағыт тілегендей
сыңай танытты.
Өзінен басқалар орындарында отырып сөйлеп жат-
са да, Ермахан жайлап орнынан көтерілді. Отырғандар
мұның онысын үлкендерге, талқыланып жатқан мәселеге
көрсеткен ілтипаты-ау деп түсінгендіктен:
– Иә, айналайын айта ғой, − деп ризашылықтарын біл
діріп жатты.
– Ауылдан келген ағаларымның бірі білгенмен екін
шілері ондай қанық та емес шығар. Бірақ менің соңғы екі-
үш жылда көрген құқайымды да, қалай өліп-тірілгенімді
Жарылқасын Нұсқабайұлы
де Елен ағам бес саусағындай білді. Бұл ағам үшін менің
жұмбағым жоқ. Тірілердің қатарына қосып, менімен де
біреулер санасатын, Ермахан не дейді? деп жаңағы сіздер
секілді кісілерге пікір сұрататын дәрежеге көтеріп, мені
адам санатына қосып, менің де өйтсем, бүйтсем деп адам
сияқты болашағымнан үміттенуіме жағдай туғызып отыр
ған осы кісі. Сондықтан ағамнан мені құдай ажыратпа-
са адам ажыратпас деп үміттенем. Сіздердің «ініміз бар
еді» деп үшеуіңіз бірдей іздеп келгендеріңіз үшін де сон-
шама қуанып, өзімнің де өзгелер сияқты адам екендігіме
көзім әбден жетіп, бүгін төбем көкке сәл-ақ тимей отыр.
Сондықтан әкеме, шешеме, туған-туысқандарға сәлем ай
тыңыздар. Менің жағдайымды көріп отырсыздар. Енді
мені іздеп ешкім әуре болмай-ақ қойсын. Ағайынын тау-
ыпты деңіздер. Және бір өтінішім – адресімді де тіс жа-
рып ешкімге хабарламасаңыздар деген тілегім бар... Елге,
үйге өзім реті болғанда іздеп барамын. Менің бар айта
рым − осы.
* * *
Ермахан бүгін әдеттегісінен ерте оянды. Шамы бол-
майтын киіз үйдің іші әлі алакөлеңкелеу екен. Қойшының
қазан-ошағы мен төсек орны іргелес жайғасатын, қуыс-
бұрышы жоқ қазақ үйдің ішіндегінің бәрі сенің алақаның
дағыдай көзіңе дөңгеленіп түсе қалады. Жігіт екінші жам-
басына қарай аунап, іргеге таман жатпақ ниетімен ба-
сын сәл көтеріп қарап еді, күнделікті өзімен иық тіресе
жататын Еленнің төсегі бос қалғанын көрді. Одан әрі ба-
ласы, келіншегі бәрі қатар жайғасатын. Енді аңғарды –
жеңгесінің де орны бос.
– Әй, мына кісілер таң атпай қайда кетіп қалды екен?
Тосын бір жағдай болса, мені де оятуы керек еді ғой. Әлде
кеше Елен ағам түйемді іздеймін деп айтып отыр еді. Ау-
ылды төңіректеп жайылып жүрген тұсаулы, әрі шідерлеулі
түйесі соңғы екі күннен бері көзіне түспеген соң кеше
соны уайым қылып отырғаны есіне түсті.
– Жануар мұншалықты ұзап жайылмаушы еді. Көз же-
тер жерде жоқ. Тұсауы шешіліп қалса да беталды лағып
кетпейтін. Суға келетін кезі де болған. Аунаймын деп
ебедейсіз неме бір жерде үйелеп қалды ма? Немесе аунаған
Повестер
кезде артқы аяғының біреуі тұсауына ма, жоқ шідеріне ме
ілініп тұра алмай қалды ма? Үйелеп қалса, әп-сәтте іші
кеуіп, өліп қалады. Ертең сол түйесі түспегірді іздейін.
Сен тамағыңды ішкен соң маған келерсің. Малды ақ ешкі
лақтайтын Құйрықты төбенің маңына қарай жаярмын, –
деген.
– Қой, мен де тұрайын. Шай-пай ішіп, өріске жетемін
дегенше әлден уақыт болар. Түйе іздейтін болса, Елен
көкем малды иесіз тастап кете алмайды, – деп ойланып
жатқанда үйге жеңгесі кірді. Мұның ояу екенін көрген
Тана Ермаханға қарай жақындап, күлімдей сөйледі, сосын
жанына келіп, тізерлеп отырды:
– Қалай демалдың? Кеше шаршап қалғансың-ау, сірә.
Баяғының Елен айта беретін батырларынша қатты ұйық
тадың бүгін. Әлсін-әлі келіп қарап жүрмін. Ағалы-інілі
екі батыр бүлк етпей ұйқыны (екі батыр деп отырғанның
бірі – өзінің кішкентай ұлы Аршат) соғып жатырсыңдар.
Қане, ұйқышылым, ұйқынды ашып жіберейін, – деп ба-
сынан сипап, сосын бетінен алақанымен жай, сипай қа
ғып-қағып қойды. Ермахан жеңгесінің көзінен бұрын көр
меген мейірім бе, қуаныштың ізі ме, бұған түсініксіздеу
ықыластың жылт еткен сәулесін байқағандай. Сәл желең
деу, ықшам, ашық түсті көйлектерінің бірін киіп шыққанда
Тана көркіне көрік қосып құлпыра түсетіні бар. Бүгін де
тап сондай көркем. Сәл толқындана барып желке тұсын
жапқан алтын сары, қою шашы өзіне жарасып-ақ тұр.
Аппақ ақ маңдайына үйлесе қалған қияқтай қара қасы
танадай жарқыраған, бірақ ылғи да кірбің айықпайтын
мұңдылау бота көзінің сұлулығын еселей түсіп, ұшын
қызғылтым нұр сейілмейтін үлбіреген екі бетінің, кез кел-
ген кісінің назарын сөзсіз аударатын сұңғақ мойнына іле
салған лағыл түсті моншағы, маржандай тізілген аппақ
тістері Тананың жайшылықта да ешнәрсе көлеңке түсіре
қоймайтын әсем көркін түрлендіріп жіберіпті.
Ермахан жеңгесінің Тана десе танадай жарқыраған
сәулетіне тіктеп қарауға именіп, көзін тайдырып әкетті.
– Қазір Тана, қазір тұрамын, – деген қалпы басын да,
көзін де қайтып көтермеді.
– Тез жуына ғой. Ертеңгі асың әзір тұр, – деп есікке бет-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
теген Тананың киіктің асығындай шап-шағын сұлу сымба-
тына сүзіле көз тікті.
Ермахан айтса айтқандай дастарханға тез келді. Бұл
сыртқа шығып, беті-қолын жуып кіремін дегенше өткен
бес-он минуттың ішінде Тана жайған дастархан үстіндегі
дәм түрін көрген жігіт қапелімде не дерін білмей аңырап
тұрып қалды. Бұл шаңырақта жиі пісіріле бермейтін самса,
бауырсақ, шелпектің қатарында қуырған қозықұйрық, кен-
же туған қойдың пісірген уызы, өрік, мейіз, кәмпиттермен
қатар балық консервісі сияқты қойшы ауыл үшін таңсық
тамақтар ығы-жығы.
– Отырсаңшы, неге түрегеп тұрсың? – деген Тана енді
бұған таңырқап қараған кезде бетінде әдеттегі мұңның
табы да қалмағанын көріп, бұл да еріксіз күле берді.
– Тана, мына қуаныш, мына той кімнің құрметіне?!
– Ал тапшы, себебін! – деп жарқылдай күлді Тана.
– Імм... менімше, не көкемнің, не өзіңнің туған күнің
шығар! Аршаттың туған күні бүгін емес екенін мен білемін
– Құттықтап қойсаң болар! Менің туған күнім еді! – деп
оң қолын ұсынған күйі құшағын жайып Ермаханға қарай
қадам басты. Сол сәт жігіт те қысылып, қымсынғанын
ұмытып, Тананы бауырына басып, екі бетінен кезек-кезек
сүйгені сол еді, келіншек те мұны құшқан күйі мұның бау-
ырына кіре түсіп, екі бетінен алма кезек құшырлана сүйді
де үшінші жолы тап сол шапшандығын бәсендетпестен
жас жігіттің балбыраған балауса ернін көме сүйіп алды.
Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан мына оқиғаның оң-
терісін енді ғана бағамдай бастағандай екеуі де қызарақтап
дастарханды жағалай тұрып қалды.
Жас жігіт өзіне өзі келсін деді ме:
– Сыртта шәй қайнап тұр еді. Алып келейін, – деп Тана
лып етіп, сыртқа шығып кетті. Ал қапелімде не болғанын
анық пайымдай алмаған Ермахан не отырарын, не отырма-
сын білмей есеңгіреген кісідей тұра берді.
– Отырсаңшы. Тамағыңды тез ішіп-жеп ал. Малға бара
сың ғой, – деп жатыр Тана. Ермахан шәй құйып төмен қа
рап отырған келіншекке көзінің қиығын тастап еді, өзінде
ешқандай қобалжу, қысылу, қуыстану көрінбейді.
«Е, айтпақшы, орыстар сүйіскенді оғаш көрмейтін емес
пе еді? Өзгені былай қойғанда СССР-дей Ұлы елдің бас-
Повестер
шысы Брежнев ақсақалдың өзі көрінгенді бас алып, шол-
пылдатып сүйіп жатушы еді ғой», – деген ой Ермаханның
басына сап ете түскені сол еді, бұрын әйел жыныстымен
бұлай сүйісіп көрмеген бейбақ жаңа ғана басынан өткенін
қылмыс сияқты көріп, ыңғайсызданып тұрған жігіт бірден
сабасына түсті.
– Бүгін екен ғой туған күнің! Мен білмейді екем... – дей
берді әлі де төмен қарап.
– Сенің туған күнің қашан? – деді келіншек жігіттің
енді-енді есін жия бастағанын сезіп.
– Менікі қыста. Декабрьде.
– Оның нешесінде?
– Жиырма екісі.
– Өте керемет, айтулы күн ғой ол.
– Неге?
– Күннің ең қысқарып, ең ұзақ түн, яғни ұйқы қан
дыратын түніміз емес пе? Малшы ауылға бұл да қуаныш.
Екеуі қосылып күлді.
* * *
Мал жайылып жатқан Құйрықты төбеге дейін екі-үш
шақырымдай жер. Үйден шықса да әлгі бір оқиға әсерінен
әлі де шыға алмай келеді. Қалай ойламайын десе де сым-
батты келіншектің албыртқан ақ жүзі көз алдынан кетер
емес.
Түгендеп қараса өзі күні бүгінге дейін бірде бір қыздың,
тіптен, бетінен де сүймеген екен. Сондықтан да шығар
жаңағы оқиғадан кейін әлі де өзіне-өзі толық келе алмаған
сияқты .
Үшіншіде оқып жүрген жылы. Малшының баласы бол
ғандықтан әкесінің қарындасы Қызай апасының үйінде
жатып оқиды. Қасында өзімен бір сыныпта оқитын, бірақ
бірер жас үлкендігі бар Тәңірберген деген бала да жата-
ды. Ол заманда қазіргідей емес, балалар ертерек есейіп,
«Мың бір түннің» оқиғаларына елеңдеп қалатын. Әсіресе,
ересектеуіміз Тәңірбергеннің білмейтіні жоқ сияқтанатын.
Әсіресе, қыздар туралы. Ол атаман. Оның айтуынша, әр
бала өзінің сыныптағы қай қызды ұнататынын, өзін кімнің
тәуір көретінін біліп қойғаны жөн. Мәселен, өзі мүдірмей
соғады. Ол сыныптағы Әтіркүлді жақсы көреді. Оған хат
Жарылқасын Нұсқабайұлы
жазып тұрады. Ол да жауап хат жазып тұрады дейді. Біз
аузымызды ашып тыңдаймыз.
– Ал қане, бәріміз шынымызды айтамыз жасырмай. Біз
доспыз. Достар тек шын сөйлейді, – деп, бізді отырғызып
қойды. Төрт-бес бала бірге ойнайтынбыз. Ең қиыны осы
болды. Әркім әр нәрсені айтып жатыр.
– Ал сен ше? Сен кімді жақсы көресің? – деді бір кезде
атаманымыз маған шүйіліп.
– Менің ондайым жоқ, – дедім мен күмілжіп.
– Жо-жоқ! Олай болмайды. Ешкімді жақсы көрмейтін
адам болмайды! – деп кесіп тастады Тәңірберген. Жігіт
боласың. Сонда ешкімді жақсы көрмей жүре бермекшісің
бе? Сонда ертең келіншекті қалай алмақшысың?!
Тұнжырап отырып қалдым. Қандай жауап беруім ке-
рек? Өтіріктен кімді жақсы көремін дейсің? Достар тек
шын сөйлейді деді ғой.
Анау сыныпта тазалық болып жүрген Гүлсара болма-
са... деп ойлағаным сол еді қу атаман:
– Әй, сөзді қой! Сенің анау Гүлсараны тәуір көретініңді
білемін. Ол да сені жек көрмейді. Демек Гүлсараға хат
жазасың!
– Мен хат жазып көргенім жоқ.
– Көрмесең, енді көресің. Не жазатыныңды мен айтып
тұрамын.
– Сосын? – дедім бір тықырдың таянғанынан шошып.
– Сосын Гүлсараға сабақ үстінде бересің.
Мен ертең жүзеге асуы тиіс бір әрекеттің ұяты мен
қиындығын ойлап, қысылғаным сонша бой-бой боп терлеп
кеттім.
– Ей, ынжық! Сен қалай солдат болмақсың?! Өзіндей
қыздан өлердей қорқып кеткен мынаның түрін қараң
даршы! – деп қасындағылардың жағаларынан тартты. Ба-
старын әзер бұрып қарағаны болмаса олардың да жағдай
лары менікімен шамалас болуы керек, ешқайсысы бө
демеді.
– Жаз! – деп бұйырды өзіне ешкімнен елеулі қарсылық
бола қоймасын түсінген атаманымыз Тәңірберген.
– Мә, қалам! Мә, қағаз! – деп менің жол көз дәптерімнің
ортасындағы екі бетін сыпырып алды да менің алдыма
қойды.
Повестер
– Болсаңшы енді, сипақтамай! Бас әріптен! Ортасына
жаз, – мені енді ол нұқып қалды.
– Гүл-са-ра! Жаздың ба? Леп белгісін қой. Енді жаңа
жолдан! Тағы да бас әріптен баста. Ей, былайырақ, ортасы-
на таман, жаз. Менің, ме-нің ой-ым сен-де! Қайталаймын.
Болдың ба? Әрі қарай: Се-нің ой-ың кім-де?!. Мұны да
бірнеше рет қайталаған соң:
– Ал енді сол сөздердің астына атыңды жаз.
– Атымды жазбай-ақ қояйықшы!
– Ей, кеще! Сонда ол кімді жақсы көруі керек? Сені ме,
мені ме?
– Мейлі, сені жақсы көре берсін.
– Мен жаңа саған айттым ғой, Әтіркүлді жақсы
көремін деп! Енді екінші біреуді жақсы көруге правам
жоқ, түсіндің бе? Көп әйел алған адамды соттап жібереді.
Есіттің бе?
Мен басымды изедім.
– Ендеше жаз атыңды! Ер-ма-хан! Әне, енді дұрыс бол-
ды. Сыртына атыңды жазбай-ақ қоямыз. Біреулер көріп
қойса... – деп күмілжігені сол екен, менің зәре-құтым қал
мады.
– Поштаға салса ше? – дедім сасқанымнан. Өйткені,
қазірге дейін тартқан тауқыметімнен Гүлсараның қолына
хат апарып беру мен үшін ең ауыры еді...
– Пошта үй-үйдің арасына хат тасымайды. Тек әскерден,
алыстан келгендері болмаса.
– Онда мен апарып бермеймін, – дедім мен ұяттан ат-
тай алмайтынымды сезіп. Сәл кідіріп қалған Тәңірберген
қолымдағы мен жазған хатты жұлып алды.Айнып қала ма
деді-ау, сірә.
– Әкел бермен. Өй, жасық! Мұны да жігіт дейді-ау!
Мен-ақ апарып беремін!
Арада екі күн өтіп, мен хат жазғанымды ұмыта да
бастағанмын. Түстейін кейін сабақтан келген соң есік
алдына ойнауға шыққан топ бала у-шу. Қолдарында
жалбыраған бір жапырақ қағаз. Соған қарайды да бәрі
қосылып оқиды:
Гүлсараға
Менің ойым – сенде,
Сенің ойың кімде?
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Ермахан – дейді де мәз болады. Жүрегім су ете қалды.
Енді қайттім? Мен үйде, сыртқы есіктің саңылауынан
сығалап тұрмын. Сол сәтте кісі баласының көзіне түскім
жоқ еді. Жұрттың бәрі мені іздеп жүрген сияқты, кірерге
тесік табар емеспін. Қап!
Сырттағы айқай күшейіп кетті ме, жоқ әлде тағы да бір
нәрсе ойына түсті ме, үйде отырған Тәңірберген сыртқа
шығып келе жатып мені көрді де:
– Әй, неге жасырынып тұрсың? – деді.
– Аналардың не деп айқайлап тұрғанын естімедің бе? –
дедім де жылап қоя бердім.
– Өй, шешесінің...! Жүр шығайық! Шетінен ауыздарын
жиде жегендей қыламыз! Өздерінің қолынан келмейтін
болған соң қарашы қызғанып қылып тұрғанын! Әкеңнің....
қалтамнан қалай түсіріп алдым екен? – деп Тәңірберген
қалталарын қайта-қайта қарай бастады.
Сырттағы дауыс үдеп барады. Бір кезде босағада тұрған
мал айдайтын таяқты қолына ұстаған күйі Тәңірберген
далаға жүгіріп шықты:
– Әй, атаңа нәлеттер.... Қане, жабыңдар ауыздарыңды,
өшіріңдер үндеріңді! Мен ол хатты жазған! Ал не іс
тейсіңдер маған! Өй, шешеңнің! – деп белсенділеу біреуін
қуа жөнелгенде қалған балалар да бет-бетімен қашты.
Түннің бір уағында ұйқымнан жылап ояндым. Қызуым
қатты көтеріліп кетіпті, даусым да қарлығыпты. Шөлдеп
барамын. Су сұрап ішуге әзер шамам келді. Содан бірнеше
күн сабаққа бармадым. Мектепте болып жатқан жағдайды
атаман күнде жеткізіп тұр. Бұл әңгіме мұғалімнің, Төретай
ағайдың да құлағына жетіпті.
– Қой, одан ондай шықпайды! Анау Тәңірберген қу
шығар істеп жүрген, – десе керек. Өзге балалар: – Өткенде
Тәңірбергеннің “жазған мен” деп мойындағанын естіген соң
ағай тағы да:
– Әне, солай болар! Айттым ғой! Мен Тәңірбергенмен
сөйлесемін өзім! – деп басыпты бәрін.
Бірақ мен мектепке ауруымнан айығып келген күннен
бастап біз Гүлсара екеуміз бір-бірімізді көрсек ұялып, бірі
мізден-біріміз қашқақтап жүретін болдық. Сыныптастарым
мені қатты жазалады. Олар мені көрсе-ақ: менің ойым –
сенде, сенің ойың кімде? деп жортақтай бастайтын. Осы
Повестер үшін ұшқалақ кей оқушылармен жаға ұстасып та қалғам. Бірақ балалардың мазағына тиым болмады. Сол бір мазаққа айналған қу хаттың сөздерін айтпай-ақ әлдебіреуі: «менің ойым...» десе болғаны менің ызам келеді. Бірақ істерге шара жоқ. Сыныптың бүкіл оқушысымен ұрыс пайсың ғой. Қыздар да таяу келіп қалсаң, жымың етіп күліп қояды. Мазақтап тұрғанын білдіруге сол-ақ жеткі лікті. Мұны аз көргендей соңғы күндері Гүлсара екеумізге «Ләйлі мен Мәжнүн» деген айдар тақты. Бірнеше күннен соң бұл қос ғашықтың Ләйлісі жоғалып, Мәжнүн болып мен өзім ғана қалдым. «Ей, Мәжнүн!» дегенді шығарды енді балалар. Сол күйі Мәжнүн атанып кетер ме едім, қайдам, егер Төретай ағай естіп қалмағанда. Қоңырау соғылып, келесі сабақ басталатын уақыт өтіп бара жатса да ағай сыныпқа әлі келмей тұр еді. Мұндайда немен айналысарын білмей кететін тентектеу балалар бұзықтықтың алуан түрін шығарып, сыныпты бастарына көтере жөнелетін әдеті. Бұл жолы да нақ солай болды. Сыныптағы әсіре белсенділердің бірі – Тұраш (балалар оның тынымсыз тыраңдай беретініне сай Тыраш деп кеткен, тіпті кейде Төретай ағайдың өзі де Тыраш десе Тырашсың ғой! деп ұрысып жататын) әркімге бір тиісіп, әр нәрсе лақтырып, маған қайта-қайта: «Әй, Мәжнүн!» деп айқайға басып тұрған сәтінде Төретай ағай кіріп келді де, орнымыздан үдере тұрған бәрімізге ашулы қалпымен қарап: – Бірде біреуің отырмайсыңдар! Бұл не деген бетімен кеткен сынып?! Ел-жұрттан ұят емес пе? Төңіректеріңдегі бірде-бір сыныпта мұндай тәртіпсіздік жоқ! Осы күнде сендер енді өзге сыныптарға сабақ оқытпайтын болдың дар! – Тыраш! Бері шық, тақтаның алдына кел! – Сен маған айтшы, кім Мәжнүн? Кімді Мәжнүн деп неңді... өңешіңді жыртып тұрсың?! Мәжнүн деген сөздің мағынасын, не деген сөз екенін білесің бе, өзің? Бұл ең жаман сөздің бірі! Балағат, кемсіту, қорлау! Бұл үшін өзің ғана емес, анау ата-анаңды да шақыртуымыз қажет болады! Әңгіме ата-анасына жеткенде Тыраш жылап қоя берді. – Ағай, ағай, көкемдерге айтпай-ақ қойыңызшы! Ағай?
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Ә, Жалмауызға да жан керек! Көрейін мен сенің
күштілігіңді! Кім Мәжнүн болар екен, байқайық! Бұл бала
айтатын сөз бе?! Ертең мынаның (мені айтады) әке-шешесі
естісе не боларын білесің бе?! Сойқанның көкесі сонда бо-
лады! Естіп тұрсың ба, ей Тұраш?!
Тұраш ағыл-тегіл жылап тұр.
– Ағай, ендігәрі өйтпеймін!
– Қайтпейсің?
– Оны мазақтамайм! Мәж-мәж-нүн демейм!
– Бұдан былай, әгәрдәм осы сөзді тағы біреуге айтқа
ныңды естідім бар ғой, менен жақсылық күтпе! Ал қазір
анау Ермаханға барып, кешірім сұра!
«Жаппар құлда жан бар ма?» – демекші мұғалімнің
жібігенін көрген Тұраш көзінің жасы мен мұрын боғын
қоса жеңімен сүрткен күйі жүгіре басып келіп, менің
қолымнан ұстап, «кешірші...» деді. Өзі әлі солқылдап жы-
лап тұр.
Сөйтіп, ойда-жоқта Ермаханның еңсесі көтеріліп, қанша
күннен бері тұңғыш рет басын көтеріп, төңірегіндегі ұл-
қызға тіктеп қарады. Мәжнүн сөзінің неден шыққанын ой-
ланып жатпай-ақ, Тұрашқа бас көтертпей төпеп ұрсып,
өзін арашалап алған Төретай ағайының сол жақсылығын
күні бүгінге дейін аса бір ризалықпен есіне алады.
* * *
− Сіз естідіңіз бе? Шырақтың баласы әскерден қашып
кетіпті дейді ғой. Осы ауылдың өзінде іздеушілер жүрген
көрінеді, – деді Тұрсын апай шалының алдына дастархан
жайып жатып:
− Не дейд? – деп тіксініп қалған Әбилахан қария қат-
қабат салынған көрпешелердің үстіне жағалай тасталған
құс жастықтың бір-екеуін әдетінше қоса жұмарлап, шын
тақ астына тығып, бір жамбастай жатқан жерінен оқыс
тұрып отырды. Екі көзі кейуанада. Үй ішінде шәй қамдап
әрілі-берілі жүрген кемпірінің тағы нендей жаңалық қосып
айтарын күткендей тым-тырыс. Оқта-текте селдірлеу мұр
тының екі шетін самарқаулау ширатқаны болмаса өзге
қимыл жоқ.
– Бәсе, жаңа Ескердің есігінің алдында бейтаныс бі
реулердің төбесін көргендей болып едім, – деп даусын
Повестер
бәсеңдете түскен қария тағы не айтасың? дегендей бәйбі
шесіне сұраулы кейіппен тесіле түсті.
Алпысты толық еңсеріп қалғанына қарамастан әлі де
жүріс-тұрысы ширақ, ылғи жарасымды киініп, мұнтаздай
таза жүретін Тұрсын апай көлгірсітпей әңгімені тік айта-
тын мінезіне басып, сөзін жалғады:
– Айтушылардың сөзіне қарағанда жай қашпаған, бірер
солдатты сабап па, мерт қылып па қашса керек.
– Әй, ол неменің өзінің өлімші болып таяқ жеп, қатарға
қосылғаны таяуда ғана емес пе еді?
– Әл үстінде жатыр екен деген соң Шырақ пен біздің
Қалдыбектің алып-ұшып барып келгендері де кеше ғана
еді ғой.
Енді Тұрсын апай ашық терезеден сыртқа қарап: – Ке
лін, шәйіңді әкел. Самаурыныңды кіргізе ғой! – деп қолын
бұлғады. Сосын түскі ас қамдау жөніндегі өз міндетін
орындалдыға санаған кейуана дастархан басына шалының
оң тізесіне жақындау жайғасты. Мұнысы шалымен оңаша
шәй ішкен кездегідей келін сыртқа шығып кеткенде шәй
құйғандай боламын ба? деген даярлығының нышаны еді.
Қожайын қайтып тіл қатпады. Бәйбіше тыныштықты
бұзып, тағы сөйледі:
– Жаңа бір әзірде Шырақ келіп кеткен. Үйге кір десем –
кірмеді. «Көкеммен сөйлесейін деп едім» болды айтқаны.
Бұл хабар Шырақтың үйіне бұдан бұрын-ақ тиген-ау,
сірә. «Не істейміз?» демек шығар. Сенсіз інің саған айтпай
тысқа шықпайды емес пе?... Ұлсана жеңешемнің екі көзі
білеудей. Жылап жүр, – деп еді бағана біздің келін. Баласы
қашты деп мылиса іздеп келсе, жыламағанда нетсін?!
Тұрсын бәйбіше өзі бастап, өзі жауап қайтарып әңгі
месін үзер емес.
Бағанадан бері үн қатпай, кемпірінің әңгімесін де самар
қаулау тыңдап, алдына әкелген асы мен шәйін де енжар
лау ішіп-жеп жатқан Әбилахан қария кенет басын тіктеп,
кемпіріне бұйыра сөйледі:
– Әй, анау Сатыбалды мен Ескерді, Асан мен Әтібайдың
Бақытжанын дереу шақырт. Тұрсын бәйбіше шалын бірде –
сен, бірде – сіз дейтін дағдысына салып, сұрақ қойды.
– Қай Сатыпалдыны айтасыз?
– Қай Сатыбалды болушы еді? Өзіміздің Қайқыбай қа
рияның Сатыбалдысын шақырт.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Әне-міне дегенше, яғни сүт пісірім уақыт өтпей-ақ то-
сын шақыртылған үш туысқан жігіт әскер қатарында жүр
ген жауынгерлерше тізіліп, жақын туыстардың ішіндегі
ақсақал Әбилахан қарияның табалдырығынан аттады.
Аман-саулық сұрасқан соң, Әбекең әңгімені төтесінен
бастады.
– Қарақтарым, мен сендерді тектен-тек шақырмайты
нымды білесіңдер.
Ауыл іргесіне жайсыз хабар жетті. Мына Ескер аға
ларыңның Ермаханы әскерде еді ғой. Сол ит қашса керек.
Бүгін түстен бері ауыл-үйді тіміскілеп, әркімнен түрткілеп
сұрап милитса жүр деп еді біздің үйдің адамдары. Мән-
жайды жаңа ғана Ескердің өзінен білдім. Баласының
әскерден қашқаны рас. Бірақ не себепті қашты? Қашан
қашты? Қайда кетуі мүмкін? Міне, осы жайларды дереу
анықтауымыз парыз. Ағайынсыңдар ғой. Әке-шешелеріңе
өзім де айтармын. Жоғалған мал екеш малды да тыза
лақтап іздеп жатамыз. Ал он екіде бір гүлі ашылмаған
мына баланың анық-қанығына көзімізді жеткізбей отыра
алмаспыз. Сендерді шақырып отырған себебім осындай.
– Біз сонда қашан жүруіміз керек?
– Неғұрлым тезірек, – деді Әбилахан қарт дұрысы сол
дегенді аңғартып. – Айтпақшы, баланың әдірісін білесің
дер ме? – деп Ермаханның әкесіне қарады.
– Иә, үйде өзінен келген хаттар сақтаулы тұр ғой. Әді
рісі сонда бар шығар, – деп жігіт ағасы болып қалған Ескер
қалбалақтап қалды.
– Сосын сізбен тағы бір нәрсені ақылдассам деп едім.
Барған соң бастықтары: – Сендер кімі боласыңдар? – деп
сұрайтыны рас қой. Сонда: Туысқандары едік деп тұрған
нан гөрі, «Мен әкесі едім» деу үшін мен өзім де барсам
қайтер еді?...
– Жо-жоқ, қарағым. Сен оныңды қой. Іздеп барғандарға
шапан жауып, шүлен үлестіргелі жатпаған шығар. Денсау
лығың да жоқ. Арып-ашып, ит мініп, иір қамшылап жет
кеніңде жылы, жөн сөз есіте қоймассың. Сондықтан өзде
рі жас, әрі армия жағдайын білетін мына балалардың
барғанын дұрыс көріп отырмын. Ешкімі келмеді демесін
және білейік не болған ақиқатын. Бір дерегі шықса, сенің
баруың қашпас. Қане, жігіттер, уақыт оздырмай жолға қам
Повестер
даныңдар. Былай шығып, немен, қашан аттанасыңдар, соны
ақылдасыңдар. Бару-келу қаражаттарыңды мен көтеремін.
Шығарда осында соға кетерсіңдер, батамды берейін...
Қария орнынан тұруға қам қылды.
– Иә, біссмилла! Намаз уақыты да болып қалған екен...
Дәрет алатын құманым қайда?
Қария маң басып, есікке беттеді. Өзі әлі сөйлеп келеді.
– Баяғыда, герман соғысы басталып, елдегі бар жас аза-
матты сыпырып алып жатқанда бармаймыз деп қашқандар
болды. Соның бірі – мына Бақытжанның атасы Нұсқабай
қарияның туған інісі Ілияс марқұм болып еді.
– Әбеке, сонда ол кісілер не үшін қашып жүр?
Сатыбалды сұрауын сұрағанымен осым ағат болған жоқ
па? дегендей әркімге бір қарап, қипақтаңқырап қалды.
– Оларды армияға шақырған кезде біз ауылда емеспіз.
Майданға аттанып кеткенбіз. Бірақ кейін елге аман-есен
қайтып келген соң естідік қой бәрін де.
Ілияс екеуміз жасты едік. 1917 жылғымыз. Төңкеріс бол
ған, қиын, жылан жылының төлдері едік. Ілияс кішкен
тайынан-ақ бірбет, дегенінен қайтпайтын, біз білмейтін та-
лай нәрсені ересектер тәрізді талдап, өз пікірін айтуға әзір
тұратын. Колхозда есепші болып жүргендіктен алғашқы
лектен алып қалып, әскерге қырық екінші жылы ғана
шақырған екен.
– Жоқ мен соғысқа бармаймын, – деп бір түнде ізім-
қайым қашып кеткен. Ондағысы – Мен не үшін, кім үшін
соғысуым керек? Одан да осы туған жерімде өлгенім ар
тық, – деп бірде құмды паналап, бірде Сырды сағалап бір
жылдай қашып жүріп, өлең де шығарыпты. Сондай бір
өлеңінде ауылда іске жарайтын ер азамат қалмағанына
наразылығын былай аяқтаған екен:
Кемпір менен шал қалды,
Ауру-сырқау жан қалды.
Кемпір менен қыз қалды
Тапсаң тағы қосып ал
Қашып жүрген біз қалдық.
Әскердегі әділетсіздікке наразылық әр кездері-ақ болып
тұрған ғой. Мына баланың басына түскен жағдай да сон-
дай бір жөнсіздіктен туған болар деп топшылап отырмын.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Әйтпесе, Ермахан кісіге қиянат етпейтін, қой аузынан шөп
алмайтын баламыз еді. Сәл түсініңкіремей отырғаным
рас... Жә, бара көрерсіңдер. Алдарыңды орап қайтейін.
Бұл сәбетіңнің талай құқайын көрдік қой, балалар. Сенің
ықтиярың, ырқың. құлқың, келісімің немесе наразылығың
бірде-бірі есепке алынбайтын, тіптен аяқ асты ететін
көр заман еді ғой өзі... Жолдарың болсын, – деп қария екі
алақанын жайып, бетін сипады. «Баланы көргендей бол
саңдар, сәлем айтыңдар: ауылға қайтсын...»
Ақсақал екі көзі жасаурап үнсіз отырып қалды да көзін
төмен салды...
* * *
Елен бұл хабарды ести салысымен «тез баруым керек!»
деп түйді. Ұлы Отан соғысынан жарымжан болып оралған
әкесінің денсаулығы былтырдан бері жиі-жиі сыр беріп
жүрген. Көңілін сұрап бір барғанында оңашалап қасына
отырғызып алып: – Қарағым, Елен, менің кәрі қойдың жа-
сындай жасым қалды. Бір дем – бері, бір – дем әрі дейді
қазақ. Малдасың. Өрісің шалғай. Ойбай, жет! дей қоятын
жерде емессін. Сондықтан біз жаққа құлағың түрік жүрсін.
Әйтпесе, дембіл-дембіл шақырта беру де қиын. “Мына
тұрған жер” дегенмен сенің отарыңа жаяу-жалпылап ха-
баршы жетемін дегенше... – деп ойының түйінін жұтып қой
ған қария.
Ақсақалдың нені меңзеп отырғанын емеурінінен ұққан
Елен: – О не дегеніңіз, көке?! Хабарсыз болмаймын ғой.
Уайымдамаңыз. Өзім келіп тұрамын, – деп уәде беріп еді
соңғы жолы қолын алуға барғанда.
– Бейсар шақырта бермейтіндей көрінген еді. Сірә,
мәжбүр болған-ау... – деп топшылаған Елен дереу жолға
шығу үшін бар шаруасын кілт тоқтатып, атының басын
үйіне қарай бұрды. Ондағысы – малын Ермаханға тапсы-
рып, өзі қайтып келгенше не істеу керектігін пысықтау.
Сәл кідірсе, үрпиіп, елеңдей беретін келіншегі Танаға
әкесінің сырқаттанып, суыт шақыртып жатқанын ай-
тып, өзін уайымдамай мал-жанға бас-көз болуы қажет
екенін айту да ылғиғы әдеті. Астындағы күрең төбелін
тебініңкіреп, суыт жүргені болар, әшейінде үйіне жет-
кенше талай ойды індетіп тынатын Елен бұл жолы киіз
Повестер
үйінің төбесі көрінгенде ғана өзінің келіп қалғанын бір-ақ
аңғарды.
Әдетте түс мезгілінде келе бермейтін күйеуінің мына
жүрісінен сескенген Тана баласын көтерген бойы алды-
нан шығып, Еленнің суықтау көрінген бетіне жәутеңдеп
қарағыштай берді.
– Мә, атты байла, – деп қолындағы қыл шылбы-
рын Танаға ұстата берді. Оның қолындағы өзіне қарай
ұмтылып тұрған баласын қолына алып, құшарлана иіскеді.
Сосын басын кейінірек тартып, ұлын танымай тұрған
кісідей: – Кімнің баласысың? – деген үйреншікті сұрағын
қойды.
– Се-нің! – деп балақан құйтақандай сұқ саусағымен
әкесінің бетін шұқыды.
– Ой, ақымақ, ата баласы емессің бе?! – деп Елен жүзін
болмашы жылытты.
– Жо-жоқ! Сенің! – деп Аршаты әкесінің мойнынан
құшақтады. Енді аталы-балалы, екеуі қосыла күліп, жады-
рап қалды.
– Тана, – деді Елен әйеліне бұрылып. – Менің таза киім
дерімді бере ғой. Мен дереу жүрейін. Көкемнің денсау
лығы мәз емес сияқты. Тезірек жетейін...
– Оны кім айтты, қашан естідің? – деп сұрағалы тұрды
да, өзінің жүйкесі жұқарып келген адамды артық–ауыз
сұрақпен қажытпайын деді де: – Қазір! Беті-қолыңды
жуып, үйге кіре бер. Түскі тамағыңды ішіп кет. Дайын
тұр, – деген Тана есіктің алдындағы қазаны қайнап жатқан
ошаққа қарай жүгірді.
Елен лезде алдына келген асты қарбытып ішіп бол
ғанша Тана оның әр кез әзір ұстайтын біркиер киімдерін
әкеліп, Еленнің ту сыртындағы керегеге іліп қойды.
– Тана, көкем жақсы болса, түнделетіп келіп қалармын.
Жатарда малдың қора-қопсысын байқарсыңдар. Мен
егер түнде келмей қалсам, Ермахан қойды ертең де бүгін
жайған жағына қарай өргізсін. Итке тамақ бер. Ал мен
жүрейін. Әкел, Аршатты, – деп баласын қолына алып,
құшарлана сүйді де әйеліне берді.
– Жолың болсын. Асығып барасың ғой. Абайлап жүр, –
деп Еленге жақындай бергені сол еді:
– Қазақтар, әдетте, жөн-жосықсыз сүйісе бермейді деге
Жарылқасын Нұсқабайұлы
нім жоқ па?! – деп күлімдеген күйі Тананы қапсыра құшақ
тап, өзіне қарай жақындатты да төбе шашынан иіскеді.
Атына тез мініп, суық жүріп кеткен үй иесінің артынан
ана мен бала біразға дейін қарап тұрды.
– Папа қайда кетті? – деп Аршат шешесінің бағанадан-
ақ тілінің ұшында жүрген сұрағының шетін шығарды.
– Атаға, барады, – деп келте жауап қайырды мамасы.
– Папа қашан келед? – деп енді Аршат мамасының
көкейіндегі күтпеген сұрақтың тағы бірін суырды.
– Папаң түнде, қараңғы болғанда келеді.
– Жооқ, ертең келед! – деп кесіп айтты кішкентай ер
кесі.
– Жарайды, ертең келеді деп келісе салды Тана бала
сының ыңғайына қарай.
* * *
Неге екенін өзі де білмейді, Ермахан бүгін күні бойы
ауылын, ондағы ата-анасын, бауырларын, мектепте бірге
оқыған балаларды жиі-жиі есіне ала берді. Әдепкіде
қамсыз-мұңсыз өткен сол бір балғын шағы есіне түскенде
бір түрлі қобалжып, бейне өзі тап сол кезеңде жүргендей
жадырап, есінде жүрген кей қимас сәттерін сатылап жа-
дында қайта жаңғыртқан сайын жаны жай тауып , бірер
қабат өз-өзінен жымиып, басын шайқап та қойды. Қандай
уайым-қайғысыз ғажап шақ еді. Қадірі енді білініп жүр
ген тәрізді ме қалай өзі?... Егер өзге қиындығы болма-
са, адамның ең бақытты шағы – балалық кезеңі екен-ау
деп күрсінді жігіт. Сені көрген сайын айналып-толғанып
отыратын ата-анаңның мейіріміне не жетсін, шіркін!
Туған-туыс, бауырларыңның ықыласы ше? Тіпті ит
екеш иті – Арлан да бейне сенің далаға шыққаныңды то-
сып жүргендей жүгіріп келіп, аяғыңа оралатыны ше?
Құйрығын бұлғаңдатып, қалай жүрсең де қасыңнан қал
май, сәл кідірсең болды сүйкене кететін қылығын қалай
ұмытарсың... Ал сен оның бәрін де тәрк еткендей безініп,
отырысың мынау. Ел қайда, жұрт қайда?! Айдалада, төрт
ұйықтасаң да түсіңе кірмейтін біреудің босағасында қойын
бағып...
Ермаханның бұдан әрі тізбектеп ойлана беруге мұр
шасы келмей солқылдап жылай жөнелді. Сірә, дауысы да
Повестер
қаттырақ шығып кетті білем, тау бөктеріндегі көк майса-
да пырдай болып, тырп етпей жайылып жатқан қоралы
қойдың Ермахан отырған жақ шетінде жайылып тұрған ай
мүйізді ақ серке мойнындағы қоңырауын күмбір еткізіп,
бір шайқап қойды да басын көтеріп, Ермахан жаққа ұзақ
қарады. Алабөтен әрекет байқалмаған соң, бұрынғысынша
қойшы бала отырған – жел жаққа қарсы тұрып, жайы-
ла берді. Ермахан аяқ астынан көңілі босап, бей-жай күй
ге түскенінен қысылғандай тез-тез көзін сүртіп, шашы-
рап жатқан малдың арғы бетіндегі көкорай шалғынды
белге көз салды. Сөйтті де өз-өзінен сөйлеп кетті. Был-
тыр көктемнің осындай кезінде қырат-қыраттың жоны
сарғыш тартып, шөптің сөлі кеми бастаған еді. Биыл
бәрі де басқаша. Шөптің сөлі бырш-бырш етіп, сорғалап
тұрғандай жұп-жұмсақ. Қой оттың орнындай жерде жай-
ыла береді. Жердің оты сұйықтау болса, сумаңдап ешкі
сияқты тентіреп жайылар еді деп бір түйді жас жігіт. Со-
сын орнынан тұрып, сағатына қарады. Малды ауылға
қарай жылжытатын уақыт та болып қалған екен. Қой,
малдың арғы шетіне шығып, үйге қарай қозғайын де-
ген Ермахан қолындағы тамақ, сусын салынған дорба-
сын иығынан асыра тастап, аяғын еріншектеу басып,
қойдың арғы қапталына қарай орағытып жүре бастады.
Бағанағыдай емес, құлазыған көңілі сабасына түсіп, енді
өзінің аялдап жүрген үйіне баратынын, сосын әлгі бір әсем
әнде: «Көркіне мінезі сай сүйген сәулем, Көзіңнен айна-
лайын жаутаңдаған» деп айта беретіндей Тана келіншек
Аршатын көтеріп, жарқырай күліп алдынан шығатынын
көзіне елестетті.
Ермаханға әлгі әннің сөзі нақ осы Татьяна – Танаға ар
налғандай көрінеді де тұрады. Содан да ма, қайдам соңғы
күндері сөздерін толық білмесе де мәтіннің есінде қалға
нын ән әуеніне ілестіріп, қайта-қайта ыңылдаумен жүр.
Ермахан осы ой жетегінде келе жатып үйіне жақындап
қалғанын да аңғармаған екен. Енді малдан бұрын ба-
рып, қора-қопсының есігін ашып тұру үшін жүрісін жыл-
дамдатты. Күніге кешқұрым қоралы қойды қораға қамап
жатқанды бағып жүрген малы да, өзі де қаламайды-ақ.
Бұрынырақта жаз айларында мал тек далада жататын. Ал
ұры-қарысы көбейген мына заманда бәрін жауып, бәрін
Жарылқасын Нұсқабайұлы
тығып, құлыптап қана сабыр табасың. «Қазаннан қақпақ
кетсе, иттен ұят кетеді» деген сөздің күні туды. Ерма-
хан ойлап қараса, қазақтың мақал-мәтелдерінің тұла бойы
тұнған ескерту, өмір сүру ережесі сияқтанады.
Әне, Тана да шықты үйден. Үйдің төңірегінде бірақ Елен
ағаның аты көрінбейді. Әлі келмегені ғой деп жорыды жігіт.
– Ермахан, қалайсың? Шаршамай келдің бе? Қарның
ашып, шөлдеп қалған жоқсың ба? Күнделікті артыңнан
Елен бір барып кетуші еді. Бүгін мүмкіндігі болмады.
Асығыс үйіне кетті.
– Аманшылық па, не жұмыспен кетті?
– Әкесі сырқат сияқты. Келсе жақсы болар еді деп хабар
айтыпты ғой.
– Қашан кетті?
– Түс мезгілінде. Түскі тамағын асығыс ішті де шығып
кетті. Қора-қопсыны абайлаңдар, бүгін қайтып келе
алмағандай болсам, Ермахан малын ертең де бүгін жайған
жеріне қарай өргізсін, – деп тапсырды. Малды кіргізген
соң есіктерді мықтап жабарсың.
– Иә, Сіз үйге бара беріңіз. Малды өзім жайғастырамын
ғой.
– Жарайды, кешікпей үйге кір. Біз Аршат екеуміз да-
стархан жая берейік...
Кешқұрым үйде екеуі ғана болған соң Аршат елегзіген
бе, көңілсіздеу отыр екен.
Ермахан оны дереу қасына шақырып еді, Аршат жүгіріп
келіп әдеттегіше Ермаханның алдына отыра қалды.
– Қане, тақпағыңды айтып берші, – деп еді Ермахан
қала баласы тәрізді тап-тұйнақтай болып, таза, әрі жа-
расымды киініп алған сүйкімді бала жаттаған тақпағын
асығыс айтып берді:
Салы ала иттің құйлығын
Мойныңа тағып белейін.
Дылама бөпем, дылама
Ділік сағып белейін!
– Ой, азамат! Сен түгел жаттап алыпсын ғой, өзің! Міне,
дәу жігіт! Осылай көп өлең жаттап алсаң, ертең мектепке
де барасың! – деп арқасынан қағып, бетінен иіскеп қоше
мет көрсетіп жатыр.
Повестер
– Жо-оқ, аға! Мама айтты. Мен елтең садикке балам.
– А-а, солай деді ме Тана. Иә, солай! Әуелі садикке
бару керек. Мектепке сосын барасың. Садикте, айтпақшы
садикті қазақша бала-бақша дейді. Онда сен сияқты кіш
кентай қыздар мен балалар көп болады.
– Мен қыз емеспін. Баламын.
– Иә, сен баласың. Ертең өскенде дәу жігіт боласың.
– Ал папам маған елтең өскенде Ел, елкек боласың
деді! – деп Аршат кішкентай кеудесін керіп, әрілі-берілі
адымдап қойды.
Осы сәт үйге енген Тана:
– Әй, Аршат, ағаң шаршап келді. Қане, бері жүр. Аға
тамағын ішсін, – деп баласын өзіне шақырып алды.
– Қане, екеуміз бір-бірімізге ертегі айтып берейік. Әуелі
кім айтады ертегіні?
Аршат сол сәт: – Ме-ен! – деп қолын көтерді.
– Жарайды сен бастай ғой.
Қараңғы түскен соң алданатын басқа ермегі жоқ
бұлдіршін күндегі әдетінше қалғып-мүлгіп ертегі тыңдап
отырып тәтті ұйқыға кетті...
Ермахан тамақтанып болған соң қора-қопсыны бір айна-
лып келмек болып, тысқа шығуға қамданғаны сол еді Тана:
– Ермахан, айналайын, сыртқа шықсаң анау иттерге әзірлеп
қойған тамақтары бар еді, бере салшы. Әйтпесе, екеуі тамақ
ішкенде біріне-бірі ырылдап, айбат шегетінінен қорқам.
Өздері мүлдем дәу болып кетті... Тыңдағылары келмейді...
– Әкеліңіз, мен беремін ғой. Сізді қауып алып жүрер
біреуі, – деп қойшы бала иттердің сыбағасын сыртқа ала
шықты. Тамақ көтеріп шыққан кісінің тамақ беретініне
дәнігіп қалған қос ит Ермаханға қарай тұра жүгіріп келіп,
құйрықтарын бұлғаңдатып, итаяқтарына қарай ұмтыл
ды. Екі иттің итаяқтары бөлек-бөлек болғанымен ірілеуі
әлімжеттік жасайтынын байқап жүрген Ермахан тамақты
екеуіне бөліп құйды да, екі итаяқтың арасына тұрып ал
ды. Сөйтсе де мығымдау Ақтөс атты қарала төбет өз сыба
ғасын әп-сәтте-ақ қылғыта салып, екінші итке тап берді.
Нақ бұлай боларын күтіп тұрған Ермахан сәл ұмтылып
төбетке зекіп тастады:
– Ақтөс! Кет!
Ақтөс бұйрықты екі етпеді. Сөйтсе де екі көзі әлі тама
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ғын ішіп болмаған екінші итте. Екі езуін кезек жалап,
жұтынып қояды. Қазақ итті жеті қазынаның бірі дейді.
Ал қойшы үшін ит – жеті қазынаның бірі ғана емес – сірә,
біріншісі болар деп тұр Ермахан.
Қайсыбір жылғы қыста Елен аяқ астынан тап бүгінгідей
әке-шешесіне кетіп, таңертең бір-ақ келіпті. Сөйтсе түні
мен малдың қорасына қасқыр түспекші болады. Ол кез-
де де қойшының екі иті бар екен. Иттер шабаланып,
қораны айнала жүгіріп, жүргенін білгенімен баласы жы-
лап, ояу жатқан соң Тана сыртқа да шыға алмапты. Ол кез-
де Елен ағаммен жаңа қосылған. Және жалғыз отыратын
қойшының тіршілігіне көндіге қоймаған жас келіншек
көзге түртсе көргісіз түн ішінде далаға шығуға жүрексінсе
де керек. Сол жолы бір қора қойды Елен ағаның екі иті
бөріге бермеген екен... Қойшы үшін кит қымбат па, ит
қымбат па? деген сөз содан қалған-ау, шамасы.
Осы тұста киіз үйдің есігі ашылып, Тана дауыстады:
– Ер-махан! Қайдасың? Неге кешігіп кеттің? – дейді
мақпал үн.
– Міне, бара жатырмын! – деп Ермахан үйге қарай тез
жүгіре жөнелді. Қолындағы босаған табағын ұстаған күйі
үйдің есігінен кіріп келіп, жан-жағына қарады. Төрдегі
ағаш төсегінде Аршат ұйықтап жатыр. Бетіне жарық
түспесін деді ме, шамды басыңқырап қойыпты. Аядай киіз
үйдің ішінде Тана тығылып қалатындай жер жоқ. Ара-
сын алшақтау етіп салынған екі төсек көрінеді. Үйдің бір
жақ бүйіріне таяу жүкаяқ пен сандықтың үстінде жинаулы
кілем, көрпе-төсектен өзге кісіні тасалайтын түк жоқ. Тана
сыртқа қашан шығып үлгерді екен? Мен жаңа кірерде неге
көрмедім оны? – деп Ермаханның есіктен далаға қарай
аттай бергені сол еді, сыртта жігіттің шығатынын біліп,
дайын тұрған Тана мұның басын бірдеңемен жаба салып
“Ба-а-а” құшақтай алды. Қапелімде мұндайды күтпеген
Ермахан ештеме ойлап та үлгермеді. Бұл да қапсыра құ
шақтап алғанын сосын білді. Бетімен беті түйісіп қалған
жанның Тана екенін оның аракідік сеуіп жүрген аңқыған
әсем әтірінен-ақ бірден таныды. Тана сықылықтап күліп жүр:
– Ә, батырым, қалай, қорықтың ба?! – дейді әлі де құша
ғын жазбай.
Ермахан бір қолын босатып, бастарын тұмшап тұрған
Повестер
дәу орамалдың бір шетінен сыпырып, екеуінің беттерін
ашып еді, түнгі айдың жарығына малынған сұлу келіншек
ертегілерде айтыла беретін, сұлулығына тіл жетпейтін
ғажап сурет сияқты елестеп кетті. Неткен көрік, не деген
сымбат! Қылығы қандай өзінің?! Сырт қарағанда үп-үлкен,
бойшаң адам сияқтанушы еді. Кіп-кішкентай болып, Ерма
ханның құшағына сыйып кеткені қалай?...
Жігітте үн жоқ. Екі көзі Танада. Бірдеме айтамын деп
сөйлесе немесе сәл қозғалса, мына ғажайып күйді бұзып
алатындай тырп етер емес...
– Ермахан, сен қорқып қалған жоқсың ба? – деп Тана
бетін Ермаханның бетіне тақап, екі бетінен сондай бір
нәзік сезіммен кезек-кезек сүйді. Сонда ғана есін жиды Ер-
махан. Тана ентігіп тұр екен. Және бүкіл денесінде елеусіз
діріл барын аңғарды. Тананың сұрағына ләм-мим демеді.
Басын ғана шайқап, Тананың істегенін бұл да істеді:
құшағында құлпырып тұрған сұлу келіншектің екі бетінен
алма кезек құшарлана иіскеп, құшағын қапсыра түскені
сол еді, Тана денесін былқ еткізіп бос тастап, мойынын оң
жағына қарай сәл қисайтты да иегін көтеріп, ернін тоса
берді. Бар билік өзінің ғана ырқында қалған балауса жігіт
енді сезімнің жетегіне ерді.
Әлден уақытта есін жиған Ермахан әлі де арман
келіншектің қойнында жатыр екен. Жігіттің өз-өзіне енді
келгенін аңғара қойған тәжірбиелі келіншек мұны үстін-
үстін тағы сүйді де:
– Тілім өзімдікі емес сияқты болып қалыпты. Көгертіп
алмасам жарар еді, – деп жігіттің құшағына қайта енді.
– Қане, көрейінші тіліңді?
Тана аузын аппақ, сүйріктей саусақтарымен қалқалай
беріп, сыңғырлай күлді.
– Қойшы, ұяламын сенен...
– Көгерген көгермегенін көрейін...
Тана тілінің ұшын ғана көрсетіп еді, Ермахан онысын
қанағат тұтпай:
– Үлкенірек етіп көрсетші. Түк көрсем бұйырмасын, –
деп қиылды.
«Мұндай сұлу перизат құшағымда жатар-ау» деп қиял
дап та көрмеген бозөкпе бала әйел затымен қарым-қатынас
осыншалық естен тандырарлықтай шырын боларын біл
мейді екен.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Он екіде бір гүлі ашылмаған уыздай жастың аңғал да
албырт әрекеттеріне әбден беріліп, дүниеде тап бүгінгідей
бейқам да шын құмарлықтан өзге тыныс-тіршілікті
мүлдем ұмыт қалдырған әсіре сезімтал, кім-кімді де
ұнатып, шын жақсы көрсе бүкпесіз шешіліп, жан рахатын
тежемей уылжып, еріп кететіндей күйге түсетін келіншек
бір қос ерсілеу еркінсіп кеттім бе? деп именгендей жатқан
күйі көзін қолымен көлегейлей беріп тілінің ұшын қайта
көрсетуі мұң екен, жараған бурадай көзі қызарыңқырап,
ширығып алған жас жігіт белуарына дейін ашық жатқан,
аппақ, қыздай сұлу мүсінді келіншектің Алматының ай-
тулы апортындай жұп-жұмыр, бала емізсе де әлі қалпын
бұза қоймаған шып-шымыр қос анарын бірде қос қолымен
шеңгелдеп айызын қандырса, енді бірде мұрнын тығып,
кеудесін толтыра тыныстайды.
Осы сәтте қытығы келді ме, әлде бұған дейін бетіне
де тіктеп қараудан именіп, ылғи көзін тайдырып әкетіп
жүрген сары ауыз баланың соңғы қылықтары тағы да
тереңдеп бара жатқанын бөгегісі келді ме, жігітті құшыр
лана құшақтап маңдайынан, екі бетінен алма-кезек сүйіп,
ынтыға иіскеді де:
– Байқа сүт шығып кетпесін, – деп сылқ-сылқ күлді. Ал
Ермахан тілі мен құлағынан бірдей айырылған жандай үн-
түнсіз Тананы аймалап, умаждаған күйі тағы да ыңғайлана
бергені сол еді, Тана:
– Ермахан, қой. Енді болдырып қаламыз. Елен кел-
генде сезіп қояр. Кішкене тыныш жатып, деміңді ал. Со-
сын тұрып, қойды өргізейік, – деп еді Елен ағасының атын
естігенде бейне біреу үстіне суық су құйып жібергендей
әп-сәтте есін жия қойды.
– Елен ағам кешікті ғой?
Ермахан Танаға қойған сұрағына жауап күтіп, әсем
келіншектің келісті келбетіне сүйсінген күйі сақтана қарап
отырып қалды. Күннің жарық кезінде жарқырап тұра
тын сұлу кескін алакөлеңкелеу кеште бұрынғысынан да
құлпырып, түрлі-түсті телевизордан алуан қырынан көрсе
тетін сұлулар секілді айрықша әрлене түскендей ме қалай
өзі?
Повестер
Күні бүгінге дейін қанша құлпырып тұрса да, жеңгесі
нің теңдесі жоқ сымбатына сұқтана қарауға именіп, ылғи
да көзін тайдырып әкете қоятын баяу жігіт түннен бері
көзін алмай қарап, армансыз сүйсінумен жүр. Адам кейде
қиялдай да алмайтын қымбатына аяқ астынан қол жеткізуі
де мүмкін емес еді-ау. Әсіресе мына Танадай тамаша көрік
иесін бір түнде-ақ құшып, сүйіп, иемдене қалармын де-
ген ой жігіттің үш ұйықтаса түсіне кірер ме еді? «Құдай
беремін десе көктегі лашын да қолыңа келіп қонуы ғажап
емес», – деуші еді мектепте әдебиеттен сабақ берген ұста
зы Орынбек ағайы. «Шын екен-ау. Айтқаны айнымай
келгенін қарашы. Кезінде сол ағаймен де: «Ағай, олай бол-
майды ғой, ол ертегіде ғана болуы ықтимал ғой! – деп дау
ласпаушы ма едік, ағаймен. «Шіркін, ағайым-ай, қалай дөп
басып айтқансың сол сөздерді!» – деп іштей өзіне-өзі күбір
легендей болып отырған Ермаханның ойын Тана бөлді.
Елен ағаң өзі аман болса болғаны. Әкесі енді жасы кел-
ген кісі ғой... Осыншама кешікпеуі тиіс еді. Малы бар,
жаны бар жиырма-отыз километр жер ғой. Бір келіп, хабар
айтып кететін реті бар еді...
– Келіп қалар... – деп жеңгесінің көңілін орнықтырмақ
болды жігіт. Сосын ойын бөлейін деді білем, әңгімені өзге
арнаға тартты.
– Тана, мен ылғи ағамнан сұрайыншы деп жүремін де
ұмытып кетемін, мен келгенге дейін сіздерде қойшының
көмекшісі болып па еді?
– Иә, болған. Бір отар қойды жалғыз үй отырып, әрі бір
өзі бағуы мүмкін емес қой. Әне, аламын, міне, аламын деп
жүргенде Құдай сені айдап әкелді ғой ойламаған жерден.
Сенің жүріс-тұрысыңды, мінез-құлқыңды, жұмысқа деген
ықыласың мен малдың жағдайын білетіндігіңді көрген соң
ағаң бір күні екеуміз отырғанда:
– Тана, ақылдасқан әңгіме ғой, айтшы сен қалай ойлай
сың? Осы көмекші іздемей-ақ Ермаханмен отыра берсек
қайтеді?Әлде жалғыз үй отырғанымыз қиын бола ма? –
дегені бар еді.
– Мен Еленнің бұл пікірін дереу қоштай кеткем. Себебі,
сен Аршатқа да сондай жақын, ыңғайлы болдың. Өз аға
сындай тез бауыр басып кетті. Алдымыз жаз ғой. Күн
суытқанша көре тұрайық, – дегенім бар еді.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Екеуміздің ойымыз бір жерден шыққанына қуанған
Елен:
– Әй жарайсың! Көрейік. Бәлкім, бұл да бізге Құдайдың
қарасқаны шығар, − деген еді.
− Елен ағаң сені өз інісіндей жақсы көреді. «Өзі сон-
дай тәрбиелі, адал. Сірә, әскерде қиянатқа төзбей қашқаны
рас», − деген.
− Ағамыз өзі тап сондай кісі ғой, − деп қалған Ерма-
хан іштей: − «Сондай кісіге менің істеп отырған мына
қиянатым қай қылғаным?» деп ойлауы мұң екен, аяқ асты-
нан көңілі бұзылып, өзін іштей кінәлап, мазасы кетті.
Аз кем үнсіздіктен кейін:
− Тана, мен тысқа шығып, малды бір қарап келейін, −
деп сыртқа шығып кетті.
Сырт ай қараңғысында көзге түртсе көргісіз түнек сияқ
ты елестеді. Қалалар мен елді мекендерде самсыған сама-
ладай жарықтар мен мұндай кезде у-ду сөйлеген адамдар
мен малдың даусы, иттің үргені араласып, азан-қазан бо-
лушы еді. Мына жер – құлаққа ұрған танадай тым-тырыс.
Әр тұстан қара шегірткенің шырылдағаны болмаса еш ды-
быс жоқ.
Ермахан кешелі бері басынан өткен оқиғаны қайта бір
тізбелеп ойланып тұрғанда Тананың шақырған даусы
шықты.
− Ермахан-ау, Ер-ма-хан! Үйге кірсейші...
− Қазір Тана.
Тана үйдегі шамның жарығын бәсеңдетіп, алакөлең
келеу етіп қойыпты. Төсектерді де әдеттегідей − өздеріне
бір бөлек, Ермаханға өз орнына салыпты.
− Енді жатып дем ал, Ермахан. Ертең ерте тұрасың
ғой, − деген сөздерді айтты да Ермаханның төсегінің бір
шетіне қисайып отыра кетті. Сосын қолын иығына са-
лып бетін өзіне қаратты да әуелі жігіттің бетінен иіскеп,
маңдайынан, көзінен, ең аяғында ернінен сүйген күйі жан-
тайып, жанына құлай кетті...
− Жаным, адал, ақ сезіміңнен маған сыйлаған! Кіршік
сіз, мөлдір ықыласыңа садаға болайын! Қаймағы бұзыл
маған пәк, тұнығы шайқалмаған балауса, балғын шағымда
нақ өзімдей бейкүнә жасқа ұшырассам деп арман қылушы
едім... Әттең, тағдыр өз дегенін істеді. Ақырында міне,
Повестер
өзің көргендей ит арқасы қияндағы осы ауылға тап бол-
дым. Бұл тағдырдың шеберлігін қойсаңшы! Кім, кім ойла-
ды дейсің өмірім осылай өрбиді деп? Қанша қиындықты
басымнан өткіздім. Бірақ қазіргі өміріме еш өкінішім жоқ.
Өзімді сүйетін, адал күйеуім, алтын асықтай ұлым бар.
«Қарным – тоқ, көйлегім – көк» демеуші ме еді халық!
− Ал сенің қабағың салыңқы бүгін. Өкініп жатсың ба
әлде?
− Жо-жоқ, олай дей көрмеші Тана. Тек өзіме-өзім өкпе
леймін бе, түсінбеймін. Ағамның адал сенімін ақтамай жа-
тысым мынау. Тек өзіме ғана өкпелеймін. Енді ағамның
бетіне қалай қараймын?! Ол кісі мұнымызды сезсе бүкіл
адам баласынан түңіліп кетуі де мүмкін емес пе?
− Жо-жоқ, сен олай таусылма. Сен өмірден түк тәжіри
биесі жоқ, сарыауыз балапансың. Әсіресе, өзің-ақ ойлан-
шы, кім осы жағдайды арам пиғылмен алдын-ала жоспар-
лап, әдейі жүзеге асырып отыр дейсің? Мен қайдан келдім,
сен қайдан келдің?! Уәделесіп келген ешкім жоқ. Бұл −
өмірлік ситуация. Келесісін де, яғни келешегімізді өмір өзі
шешеді. Мен оған кәміл көз жеткізген адаммын. Қандай
жағдайда да адам біреуді жақсы көруді, біреуді жек көруді
қоймайды. Сен өзіңді өзің іштей жеп, кінәлай берсең өмір
сүре алмайсың. Тек бір нәрсеге ғана абай болуың керек.
Яғни, өзің ұнатпаған нәрсеңді істеме. Сонда өкінішіңнен –
қуанышың, азабыңнан – рахатың, ләззатың мол болады.
− Сен тек өзіңді ғана емес, мені де кіналап, жек көріп
жатқан шығарсың?
− Ойбай, айта көрме! Ең қиыны – мен қазір екі оттың
ортасында қалғандаймын. Бірі – ағамның ақ көңілі, екін
шісі – саған деген адал махаббатым. Көңіліңе иненің жа-
суындай кірбің түсірмесем деп армандаушы ем. Мен саған
ғашықпын, мен сені сүйемін Тана, сенесің бе, осыма?
− Білмесем, көрмесем, сенбесем осылай сенің қасыңда
жатар ма едім, күнім? Сенің он екіде бір гүлі ашылмаған
саф таза жас екеніңе өткен түні көз жеткіздім. Жасырмай-
ақ айтайын, тап сен сияқты уызы жарылмаған бейкүнә
жанға жолықпадым деп армандаушы едім дегенім жоқ
па? Бүгін сол тілегім орындалды. Енді сенен артықты ар-
мандамайтынымды біл! Және уайым жетегіне түсе берме.
Өмір бәрін де өзі шешеді. Көңіліңдегі шеріңді де, жараңды
Жарылқасын Нұсқабайұлы
да өзі жазады. Менің пікірімше, адам қуана білуі керек.
Құдай берген жақсылықты жатырқамауы керек. Мен сенің
жаңағы жан-жүрегіңді жарып шыққан сөздеріңе сенемін!
Және шексіз сенемін алтыным! Тап осындай сезім үстінде
тосын жағдайдан өліп кетсем де өкінбес едім! Келші
қымбаттым!...
* * *
Тана түні бой жайсыз ұйықтады. Тіпті ұйықтай алма-
ды десе болғандай. Әлдене тықырлағандай ма, сықыр
лағандай ма дыбыстан оянып кеттім-ау деп ойлайды да,
әлден уақытқа дейін қайтып ұйқысы келмейді. Кенет үйдің
ана бұрышында ұйқыда жатқан Ермаханға қарап еді, ол да
ояу жатқан сияқтанды.
– Ермахан, – деді Тана даусын көтеріңкіреп.
– Әу! – деп басын жастықтан жұлып алған жігіт қапе
лімде өзін кім шақырғанын анық бажайлай алмай екі көзін
уқалай бастады.
– Ермахан, сен сырттан ешқандай дыбыс естіген жоқ
сың ба?
– Жо-жоқ. Ештеңе естімеген сияқтымын.
– «Қорыққанға – қос көрінеді» деген рас-ау, сірә. Маған
біреу жүрген сияқты ма, әлде дауыстап сөйлескен сияқты
ма бірдеме...
– Елен ағам келмеді ғой, – деп уайымдап жатқанды
ғыңыздан шығар. Әлде мен сыртқа шығып, қора-қопсыны
қарап келейін бе?
– Жо-жоқ, өйтпей-ақ қой. Біреу жүрсе иттер тыныш
жата қоймас. Неге екенін білмеймін әйтеуір, тынышсыз-
данып жатырмын. Аршат та түні бойы дөңбекши берді.
Бей-жай болды ма деп күдіктеніп едім. Бірақ ыстығы
көтерілмепті.
– Өзі таң да атып келеді-ау, сірә. Мен сыртқа шығайын
шы, – деп Ермахан басын көтеріп, киінуге ыңғайланды.
Тана мұнысын қош көрді ме, үндемеді.
Жігіт сыртқа шығып, мал қораның тау жақ бетіндегі
дөңеске қарай беттеді.Тәуліктің қай мезгілінде үйден
шықса-ақ, әуелі аспанға қарайтын дағдысымен Ермахан
да ептеп таң біліне бастаған күн шығысқа көз салды. Күн
бұлттанып қалған екен. Бұлт жауар шақтағыдай, жер ба-
Повестер
уырламай түу әрі, биікке шоғырланып жатқандай. «Е,
түске дейін жауа қоятындай сыңайы жоқ қой. Бүгін мал-
ды ұзаңқырап жайсам болар», – қоралы қойдың бүгінгі
өрісінің қалай боларын іштей болжап тұрған жас жігіт
қораны бір айналып шықты да, есігін ағытты. Қораның
қақпасы ашылғанын көрген қойдың бірсыпырасы әуелі
елең етіп бастарын көтерді. Сосын самарқау қозғалып,
орындарынан тұрып керіле бастады. Кеше ымыртқа
дейін жайылып, тоқ жатқан мал, есікке ұмтылған жоқ.
Еріншектеу қозғалып, біртіндеп есікке қарай жылжи берді.
Малдың алды өріп, қорадан ұзай бастаса да әлі орында-
рынан тұрмаған топ қойға таяу барған Ермахан қолындағы
таяғын сермегенсіп, жатқан қойларды үркіте тұрғызды. Өзі
сөйлеп жүр. Сөздері бейне адамға айтылған тәрізді.
– Сендер керенау қозғалып қорадан шығамын дегенше,
отар ұзап кететін болды ғой. Шүу, шүу...
Үйден желеңдеу шығып, төңірекке қарап тұрған Тана
ның кенет түу алыста, көз ұшында қою шаңды будақтатып
жөңкіп келе жатқан машинаны көзі шалды. Осылай келе
жатыр ма, әлде басқа жаққа кетіп бара жатқан машина ма
деп әлі де қадалып қарап тұрғанда әлгі шаң қыр астында
қалды да бері дөңеске жүк машинасы шыға келгенін енді
Тана анық көрді.
– Таң атпай тура біздікіне қарай алаөкпе болып келе
жатқаны несі?!
«Неғылған суыт жүріс?» – деген ой келуі мұң екен ке
ліншек желең шыққан жеңіл көйлекшең денесі мұздап,
таңғы салқыннан қалтырап бара жатқанын сезіп, бірдеме
ден қашқандай жалма-жан үйіне кіріп кетті. Сөйтсе де
көңілі байыз таппай, иығына күртешесін іле салып тысқа
қайта шықты.
Бұл жолы жаңағы көлікті айқын көрді. Еленге жиі ке
ліп, қойшының керек-жарағын әкеліп, ақсақ-тоқсақ қора
да қалатын малдарын да емдей кететін мал дәрігерінің
машинасы екен. «Е, ветврач екен ғой» деп көңілі орны-
на түскендей болып еді. Бірақ машинаны тура есіктің ал-
дына келгенше жылдамдығын бәсеңсітпей келіп кілт тоқ
тағанынан және секем алып қалды.
– Неге соншама ерте жүрсің?! – деді Тана аман-саулық
сұраспай жатып.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Дәрігердің түсі суық сияқтанды. Оның үстіне Тана
ның бетіне тура қарамай көзін алып қаша бергені де ұна
мады.
Тана енді есін жиғандай:
– Аманшылық па, әйтеуір? Атам қалай? – дегені сол еді
ортақ әңгіме желісі табыла кеткеніне қуанған жігіт:
– Атаң бейшараның несін сұрайсың? Иманды болғыр
қайтыс болды ғой, – дей салды манадан бері бетіне шіркеу
болып тұрған қарияның өлімі туралы хабарды айтудың
қиындығы сияқтандырып.
– Қане, Тана, тез киін. Сені алып кел, – деп жіберді.
Балаңды да жылылау киіндір. Бейшараға ең болмаса
топырақ салсын...
Тана хабаршы жігіттің бетіне қайта-қайта қарай берге
німен басқа ештеңе аңғара алмады. Ал іші әлем-жәлем.
Неге екенін өзі де білмейді, атасын аяғандықтан ба, әлде
әкесінен де айырылып қалыпты-ау деп Еленін есіркеген
діктен бе, екі көзінен мөлтілдеп жас сорғалап жүр.
Бейсар адам келе бермейтін жалғыз үй қойшының үйіне
таң алакеуімде жетіп келген машинаны көрген Ермахан
малын тастай салып үйге жеткен. Машинасының жанында
темекі тартып тұрған хабаршы жігітке келіп, қол алысты.
– Жай келдің бе?
– Құлқын сәріден кісі жай жүруші ме еді? Тананы
шалдың үйіне әкетуге келдім.
– Неге, ол кісі қалай өзі?
– Қалай болсын. Төтен келіп жатыр ғой...
Еленнің не күйге ұшырағанын айтсам, ағалы-інілі
адамдардай етене бауыр басып, әрі осы үйді паналап жүр
ген жігіт жылап-сықтап, Танаға білдіріп қойып жүрер деп
ойлаған хабаршы жігіт осылай екіұштылау ғана жауап
қайтарды. Төтен келген – қарияның өлімі ғой деп жорыған
Ермахан ләм-мим деместен үйге кіріп кетті.
Асығыс киім-кешегін жинап жатқан Тананың рәпәті
қашқан сиқын көрген соң именіңкіреп:
– Атамыз қайтыс болған ба? – деді жай ғана.
Бағанадан бері булығып жылауға себеп таппай тұрған
келіншек енді көзіне ерік берді...
Әне-міне дегенше өзі де жиналып, ұйқылы-ояу баласын
да таптай киіндіріп үлгерген Тана оны-мұнысын қолына
ұстап сыртқа шықты.
Повестер
– Елен бірдеме ала келіңдер деген жоқ па? – деп хабар-
шы жігітке бұрылды.
– Жо-жоқ, – деген мал дәрігері жігіт машинасының каби-
насын ашып, «енді жүргеніміз жөн» деген сыңай танытты.
– Ермахан, – деді Тана көзін сүртіп тұрып, – сен малыңа
ие бол. Тамағыңды да лаждарсың. Бәрі аяқ астынан болды
ғой, – деп көз жасын сығып, төмен қарады.
– Жарайды, сіздер мені уайымдамай-ақ қойыңыздар.
Бәрі де дұрыс болады Тана.
Қапелімде аспан айналып, жерге түскендей күй кеш-
кен жас жігіт қасқа жолға бет түзеген машинаның артынан
ұзақ қарап тұрып қалды...
* * *
Тананың кеткеніне бүгін аттай үш күн. Содан бері
өткен күндер мен түндер Ермахан үшін бір жылмен пара-
пар болған сияқтанды. Не боларынан және не істерінен
мүлдем беймағлұм, тек күтумен өткен уақыт адамды
жегідей жеп, дегбірін қашыратынын бұрын-соңды басы-
нан кешпеген екен. Барып бір хабарын білгісі-ақ келеді.
Бірақ өзіне Елен ағасы мен Тана жеңгесі сеніп қалдырған
бір отар қой мен үй-жайын иесіз қалдырып, қайда барады?
Телефон, почта тұрмақ жуық маңда не ауыл немесе басқа
елді мекен жоқ...
Күн сайын «бүгін бір хабар болар. Ағам мен жеңгемнің
бірі келетін шығар» деген үмітпен қойын да үйінен
жыраққа ұзатпай, төңіректеп жайып жүр.
Төртінші күні сәскеде ғана зоотехник мінген «УАЗ-
икпен» екі-үш кісі келді. Жайылып жатқан қоралы қойды
үркітпеу үшін әрірекке тоқтап, ішінен түскен екі адам қой
шетінде жүрген Ермаханға қарай жүрді.
– Ә, бала, қалайсың? Малың ауру-сырқаудан, ит-құстан
аман ба? – деп жүре сөйлеп келе жатқан зоотехник бұрын
Еленнің өзі барда Ермаханмен бүйтіп сөйлеспек тұрмақ
амандасқанның өзінде оның бетіне де қарамай қолын былқ
еткізіп селсоқ ұсына салатынын ойлады жас қойшы.
– Жақсы аға, бәрі аман-есен! – деді командиріне рапорт
беріп жатқан жауынгер тәрізді тақ-тұқ етіп.
– Мал түгел ме? Әлде артық малдарың бар ма? – деді зо-
отехник.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Онысын мен білмеймін аға. Елен ағам өзі айтады ғой.
Сол кісіден сұрасаңыздаршы...
– Е,е, Елен ағаң... Елен ағаң... деп сәл ыңылдап тұрды
да, жанындағы бағанадан бері ләм-мим демей оқтын-
оқтын желкесін қасып қойып тұрған тығыншықтай толық,
бұжыр бет ферма меңгерушісіне:
– Ертең кім-кім келесіңдер? – деді.
– Оны өздеріңіз айтпайсыздар ма?
– Жә, жарайды біз кеттік. Ертең де малыңды онша
ұзатпай, осы төңірекке жай!
Суық жүрісті екеу машиналарына мінген соң ашықтау
сөйлесті.
– Мына бейшара әлі бәрінен де мақұрым екен ғой.
Естімеген-ау Еленді?
– Иә, қайдан естісін, – деп қоштады қара бұжыр. – Біреу
айтпаса, не өзі бармаса...
– Бұл өзі әскерден қашып жүрген бала екен дедіңдер ме?
– Иә. Мен де таяуда ғана естідім. Солай.
– Олай болса ертең органнан да біреуді ерте келіңдер.
Мұнымен сөйлесіп, дәкімөнттерін тексерсін.
Бұжыр басын изеді.
Әлгілер кеткен соң аң-таң болып тұрып қалған Ермахан
жаңағы екеуі айтқан сөздерді қайта есіне алды. «Ертең кім-
кім келесіңдер?» деді-ау. Сірә, ертең бұлар тағы келмек.
Және бірнеше кісі болып келетін түрі бар. Сонда қалай
болды өзі? Елен ағам қайда жүр сонда?... Қанша күннен
бері бір келмегені несі? Жаңағы зоотехник: «Е,е... Елен
ағаң... Елен ағаң...» деп сызданып қалғанынан шошып едім.
Және «Малың түгел ме?» дегені несі? Әлде Елен ағамның
малының кемістігі болып, бір жағдайға ұшырады ма?...
Жас жігіттің ойы сан-саққа жүгіргенімен соңғы күндері
болған оқиғаны болжауы неғайбыл еді. Әрі ойлап, бері ой-
лап, ұшығына жете алмаған соң әрі-сәрі күйде тұнжырап
отырып қалды.
Күн кешкіріп, малын ауылға айдап әкеліп, қораға қама
ғаны болмаса, үйге кіруге неге екенін, мүлдем зауқы соқ
пады. Әлден уақытқа дейін тағы да бір хабар келіп қала
тындай елегізіп, қора маңынан кетпеді.
Түнгі ұйқысы да ұйқы болмады. Әдетте басы жастыққа
тисе болды қатты ұйықтап қалушы еді. Бүгін өрелі таңды
Повестер
көзімен атқызды десе де болғандай – көзі ілінсе-ақ жа-
ман түс көріп, ояна береді. Елен ағасын біреулер жетек-
теп әкетіп бара жатқандай ма, қалай? Содан қорыққан Тана
мұның бауырына тығыла түсетін тәрізді.
* * *
Әп-әдемі мұңсыз-қамсыз өтіп жатқан өмірі аяқ астынан
осыншалықты кілт бұрылыс жасап, өзін тағы да қайраңда
қалған қайықтай лықсытып, итеріп тастайды деп қайдан
ойласын бейшара бала. Сөйтсе бұл үкіметіңнің құрығы
ұзын, амал-айласы жетерлік екен ғой.
Ермахан жайып жүрген бір отар қойды санап, тиісті
адамдарына тапсыру үшін кеше зоотехник айтқандай екі-
үш адам емес бір қора адам келді. Тіпті ішінде милициясы
да жүр.
Бастапқыда бұл да малдың иесісымақтанып ананы-
мынаны айтып, малды қайырысып, бір жағынан шыққан
дай болып еді, бір мезет жаңағы милиционер өзіне бұры
лып:
– Әй, бала, сен былайырақ, менімен шықшы. Екеуміз
кішкене сөйлесейік, – дегені.
Ермахан біреу төбесінен қойып қалғандай мең-зең со-
стиып тұрды да қалды.
– Әй, жігітім, мен саған айтып тұрмын. Бері жүр!
Бұл жолғы сөздерін зекіңкіреп айтқан қызыл жағалы
жігіт «соңымнан ер» дегендей мініп келген көлігіне қарай
жүре берді.
«Бітті, ұсталдым» деген ой жүрегін суылдатып, буын-
буынын дірілдетіп жіберді. Қысылғанда басын сипай
беретін әдетімен Ермахан кепкасын бір шешіп, бір киіп,
басын сипалаумен милицияның соңынан ерді.
Екеуі жиналған жұрттан аулағырақ шыққан соң мили-
ционер бұған бұрылып:
– Документтен нең бар? Өзіңде ме? – деп шікірейе қал
ды. Әлі де өз-өзіне келе алмай төмен қарап тұрған жігіт
жауап бере қоймағанына ызасы келді ме анау:
– Мен сенен сұрап тұрмын! – деп кіжінді.
– Ешқандай документім жоқ, – деп Ермахан енді ғана
басын көтеріп, милиционердің бетіне қарады.
Бойы пәкенелеу демесең денесі тығыршықтай, бетінің
Жарылқасын Нұсқабайұлы
майы жылтырап, күнге шағылысып тұрған тәмпіш мұрын
сары қарадай терлей беретін әдеті бар ма қайдам, жан
қалтасынан мыж-мыж болған бет орамалын алып, маңдай
терін олай бір, былай бір сүртті де мұрнын бір сіңбіріп,
орамалын қайтып қалтасына салып қойды.
– Онда сен қалай жұмыс істеп, бір қора мемлекет ма-
лына ие болып жүрсің? Сонда ешқандай документім жоқ
дедің ғой? – деп кекесінмен мысқылдай қарады.
– Бұл сұрақтарыңыздың бәріне Елен ағам дұрыс жауап
береді. Сол кісіден сұраңыз.
– Сен кімді ақымақ қылып, мазақтап тұрсың?! Елен
ағаң немене, көрден шығып келіп жауап бере ме маған!?
– Әй, не деп тұрсың оңбаған! – деп милиционерге қарай
тұра ұмтылып, жағасына жармасқан қойшы баланы анау
қапсыра құшақтап:
– Сен немене, Еленнің авариядан қайтыс болғанын
естімеп пе едің? – деуі мұң екен Ермахан отыра қалып,
өкіріп жылай берді...
Шопан баланың жылағанын естігендер аңтарылып бір
сәт мойындарын созып, осы жаққа қарап қалыпты. Сірә,
бала қолға түскеніне жылап жатыр-ау деп жорыса керек,
кейбіреулері қолдарын да сілтеп, біріне бірі әлденелерді ай-
тып, қауқылдасып қалды.
– Бала, екеуміз былай келісейік, – деді милиция өкілі
Ермаханға.
– Сенің енді санағалы жатқан малға еш қатысың жоқ.
Ол жаққа барып, басыңды қатырмай-ақ қой. Сен ол мал
үшін жауап бермейсің. Сенің жауап берітін кезің – алда.
Сондықтан сен мені осы жерде күт. Мен кететін болға
нымды совхоздан келген кісілерге айтып келейін. Сосын
екеуміз жолға шығамыз. Келістік қой?...
Ермаханның үндемегенін келістіге санаған милици-
онер аса маңызды іс тындырғандай кеудесін керіңкіреп
белдігін, жаға-етегін түзеп тартып-тартып қойды да қой
санаушыларға қарай алшаң басып жүріп кетті.
Сәлден соң оралған милиционер: – Қане, кеттік! – деп
бұйыра сөйледі.
– Аға, мен үйге кіріп оны-пұны заттарымды алайын.
– Жүр, тез кіріп шық. Мен сыртта тосам.
Ермахан өзіне былтырдан бері пана болған, мына иелері
Повестер
мейірбан үйдің ішіндегі бар заттарына қимастықпен
көз салды. Сосын өзі жатып, жаңа ғана тұрған төсегіне
етбетінен құлап, жастықты құшақтап, солқылдап, жылап
жіберді. Осы сәт сырттан: – Әй, жігітім, тездетсеңші! – де-
ген қызыл жағалының өктем даусы шықты.
– Қазір! – деген Ермахан өзіне былтырдан бері пай-
да болған киімдері мен майда-шүйде керек заттарын де
реу-дереу аузы сыдырмалы ілгегімен жабылатын жол
қапшығына салып жатып, өткен жыл Тана: «анау-мынау
заттарыңды осыған салып ұстарсың» деп сатып әперген,
былғары тектес қоңыр материалдан тігілген қапшығымен
көзінің жасын сүртті. Керегеде ілулі тұрған суреттердің
ішінен Елен ағасының Тана, Аршат үшеуі бірге түскен
суретін алып, кеудесіне басып: «Жаным, ағатайым, соңғы
сәтте қасыңда бола алмағаным үшін кеше гөр. Топырағың
торқа болсын, көкем...» деп Еленнің бетіне ернін тигізді.
Сосын қол дорбасына салып алды да есікке беттеді.
Босағаға маңдайын сүйеп, жай ғана өпті де, оң қолының
алақанымен жай-жай қағып қойды.Бұрылып артына
қарады да, үйді төрінен есігіне дейін соңғы рет шолып
шықты. Сол сол-ақ екен бағанадан бері қысып тұрған өксік
бой бермей еңкілдеп тағы жылады. Жылап жүріп, есікке
құлып салды. «Бір кілт Танада ғой, келсе өзі ашар» деп ой-
лады. Екінші кілтті қалтасына салды.
– Әй, бассаңшы, аяғыңды! Толғатып жүрсің бе немене!
–деп әкіреңдеген милиционер Ермахан өзіне қарай бетте-
ген бойда-ақ машинасын оталдырды.
Ермахан жас парлаған көзін сүртпестен қимас мекеніне
соңғы рет емірене көз салды...
* * *
Ермаханның аудандық милиция бөлімінде қамауда отыр
ғанына да оншақты күн болып қалды. Осында отырған
дардың өздері милиционердің зекуімен арагідік сыпы-
рып қойғаны болмаса еденін жапқан кір мөлшеріне қарап
байқағаны – мұндағы бөлмелерді ешкім жумайды екен.
Есік-терезесі оқтын-оқтын ашылғаны болмаса тарс жа-
булы тұрған қапас бөлменің іші толы шыбын, бұрыш-
бұрышта өрмелеп жүрген өрмекші, есекқұрт. Терезесі де
қарсы беттегі үйдің қабырғасымен беттесіп тұрғандықтан
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ештеңе көрінбейді. Бөлмеге жарық түсіп те қарық қыл
майды.
Тар бөлмеге тығылыстырып қойған төрт төсектің төр
теуінің иесі де қазақтар. Ауыл қазақтары. Екеуі ұрлықпен
жатыр. Мал ұрлап, ұсталған. Үшіншісі – наркотикке қатыс
ты бірдеме істеген дейді. Күні-түні теріс қарап жата бере
тін жуан қарамен Ермахан ләм-мим деп тілдескен жоқ.
Анау да мұны көзге ілмегендей оқта-текте қысық көзін
сығырайтып қарағаны болмаса көп назар аудармады.
Ал барымташы екеудің өзара күңкілі көп. Әсіресе
жағына пышақ жанығандай жұқалтаң сары пысық. Екеуі
ғана түсінетін және басқа тақырыпқа ауыспайтын әңгіме
лері бірде сыбырға, бірде күбірге ауысып, жалғаса береді.
Ермахан түскен күні мұның не бәлеге ұшырағанын
сұрап білген. «Часта төбелесіп қалып қашып кетіп едім,
бір қойшыға көмекші болып жүрген жерімнен ұстап
алды», деп қысқа қайырған бар өмірбаянын Ермахан.
– Е, онда сен қамықпай-ақ қой, – деді жұқалтаң сары.
Сені қайтсін. Жібереді ғой, – деп қалды да сосын қасын
дағы мосқал тартып қалған, сақал-мұртын күземей жібере
салған дәу қара күңк етіп бірнәрсе деп еді, басын изеді де
артынша өз сөзіне өзі түзету жасады.
– Иә, айтпақшы сені өзің служить еткен неңе жіберет те
сенен құтылады бұл жер. Сенен запрос алып жатқан жоқ
қой. Өзің де байқап отырған шығарсың. Ана жағыңа ха-
бар жіберген ғой, сірә. Соны күтіп отырсың, сен. Келіп,
алып кетеді, – деп бәрін өзі жұптап, бітірді де, «бұған не
дейсің?» дегендей қашқын балаға тесірейе қарады.
– Қайдам, сөйтсе сөйтетін шығар, – деп келісе салған
Ермахан сықырлауық жатаған төсегіне жантая салды.
Жас жігітке бұрынғы уайымынан да мына соңғы ағасы
мен жеңгесінен, отаны санап, бауыр басып қалған үйі мен
«жұмысынан» бір сәтте өлісінен − өлідей, тірісінен − тірі
дей айырылғаны қатты батты. Ойланып отырса аяқ асты-
нан, ылғи бір тосын жайға тап болады да жүреді екен.
Мектепті бітіретін жылы үйлеріне машинасымен келген
бір туысы «Москвичін» есік алдына ашық-шашық кілтімен
қоса тастай салып кірген екен. Ол кезде елде машина өте
аз. Қызық көрген Ермахан әуелі машинаның ішіне кіріп,
о жер бұ жерін шұқылап отырып, бір кезде кілтті бұрап
Повестер
қалмасы бар ма? Оталып кеткен машина тақау тұрған
үйдің қабырғасына соғып, алдыңғы шамдары мен радиато-
рын быт-шыт қылғаны бар...
Сосын әскерге барған соң аяқ астынан әлгі үшеудің
сойылына жығылып, жылдан астам азап көрді. Одан енді
оңала бергенде істегені мынау. Кек қайтармақ болып, сол-
датты ұрып, әскерден қашты. Ақыры міне, түрмеден
шықты...
Кімді кінәламақ?
Сірә, «шығасыға – иесі басшы» деген нәрсе осындай
оспадарсыздықтарға айтылған екен-ау деп ойлап қояды
қашқын жігіт.
Таңның атысы мен күннің батысын ғана есептеп бос
жатқан адам нені ойламасын. Бәрін де ойлайды екен. Со-
нау ауылында таңертең ерте апасы шырт ұйқыда жатқанда
ұйқысынан оятып, өріске шығатын сиырларға өз үйінің си-
ырларын айдап апарып қосып кел деп жұмсағанда қайтарда
үйін таппай он екі километр жердегі көрші ауылдың іргесін
дегі көпірдің астында ұйықтап қалған жерінен сол ауылдың
тұрғындары тауып алып, ертеңіне үйіне әкеп те тастағаны;
Сырдарияға шомылуға барғанда өзге балалар жүрген жол-
мен жүрмей, төтелеп барамын дегенде қақпанға түсіп қал
ғаны; мектепке әлі бармаған кезі көрші отырған түйе ауылға
жалғыз барамын деп кетіп бара жатқанда жараған бура
қуып, таптап тастауға сәл-ақ қалғаны ше?...
Ойлап отырса, ұшырамаған бәлесі жоқ-ақ екен өзінің...
Әрі ойлады, бері ойлады. Әсіресе, кеше ғана өзіне
мейірім-шуағын төгіп, туған інісіндей бауырына тар-
тып, қамқорлық жасап жүрген Елен ағасының бір күнде
жоқ болып қалғанын ойласа-ақ көңілі босап, көзіне жас
үйіріледі... Жарқылдаған Тана ше?! Қандай шуағы мол,
мейірімі төгіліп тұратын жан! Кішкентай інісі Аршаттың
өзі қандай жақын тартатынын айтсаңшы!.. Бейне соның
бәрі әп-сәтте-ақ түс көргендей көзден ғайып болғанын
қарашы...
– Мен неге осыншама бақытсыз болдым екем? – деп
тарықты Ермахан.
– Және ең жаманы – кінәлі ешкім жоқ! Айрандай ұйып
отырған бір шаңырақ ғайып болды. Қайран ағам, қайран
Тана!...
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Ермахан етбетінен жатып алып үнсіз егілді...
Содан қанша уақыт жатқанын білмейді. Түннің бір
мезгілінде кезекші милиционер есікті тоқылдатып: «Еске-
ров, киім-кешек, заттарыңды алып, сыртқа шық!» – деп да-
уыстады.
Елден бұрын оянып, басын көтерген жұқалтаң сары:
– Әй, қашқын бала, сені әкететін болды. Дереу шық, –
деді. Ояу жатқандарын сездіріп қалған екеуі де бірі – аунай
түсіп, екіншісі жөткірініп, тіршілік белгісін білдірді. Бұлары
«біз бәрін де біліп жатырмыз» дегені сияқты көрінді.
Ермахан жол қапшығын қолына ұстап, сыртқа шыққан
да кезекшінің қасында тұрған екі әскери адамды көрді.
– Ә, маған келген екен ғой, – деп түйді ішінен. Келген
дердің бірі – қатардағы жауынгер, екіншісі – сержант екен.
Сержанттың қаруы бар сияқтанды. Екеуі де зіңгіттей,
бойшаң жігіттер екен. Екеуі де мұнымен қол алысып аман-
дасты.
– Міне, іздеген жігіттерің! Он екі мүшесі түгел, дені сау,
қарны тоқ. Тек аздаған уайымы болмаса, кемшілігі жоқ! –
деп әзілдеген болды милиция өкілі.
– Құжаттарыңды алдыңдар ғой. Қане, мына қағазға
тағы қол қойыңдар, – деп тағы бір қағазды сержатқа қарай
ысырды.
– Ал, жолдарың болсын! Қашан жетесіңдер?
– Рахмет!! Бұйырса таңертең сонда боламыз!
Үш әскери жігіт темір жол станциясына қарай тізіліп
кетіп бара жатты...
* * *
Еленнің жетісін беріп, келім-кетім кісі тараған соң
ағайын-туыстары өздері отырып, аталы-балалы екі адам
бірдей қайтыс болғаннан кейін бұл шаңырақтың тірлігінің
жайын ақылдасты. Еленнің ағайындарының ішіндегі жа
қындауы, әрі жасамысы Елден қария сөз бастады:
– «Сексен көрейін деген жасым ба еді, быламық ішейін
деген асым ба еді? – деген екен жасы келген бір ақсақал.
Сол айтпақшы, арасына бір-ақ күн салып, Елен әкесімен
екеуі қатар о дүниелік болар деп кім ойлады дейсің?! Мына
шаңырақтың ендігі жағдайы не боларын өздерің де ша-
малап отырған шығарсыңдар. Қай жылы кемпірі өліп, өзі
Повестер
жалғыз қалған соң Айтекең мына қызы мен күйеу баласын
қолына алғанын білесіңдер. Өйткені, жалғыз баласы Елен
басқа кәсібі болмаған соң малын тастап шыға алмады. Со-
дан бері ағамыз қыз-қырқындарымен селбесіп отыр еді.
Енді мынандай болды. Менің ойым айтады: Мына Еленнің
үйіндегі келін жалғыз өзі айдалада отыра алмас. Оны де-
реу көшіріп алғанымыз жөн шығар. Сосын қырқы бар, жүзі
бар бұл екі кісінің. Соларын атқарып салған соң тағысын
тағы көре жатармыз. Ал басқаларың не айтасың? – деп Ел-
ден төңірегіне жағалай қарап шықты.
– Сөзіңіз сөз-ақ қой, – деді Айтекеңнің үйімен іргелес
отырған құдасы.
«Дұрыс, дұрыс қой» деген дауыстар шыққанымен басқа
пікір айтылмады. Тек қай жылдан бері, анасы қайтыс
болғалы осы үйдің бар шаруасын мойнына алып, қарт
әкесіне демеу болып отырған қызы, Еленнің әпкесі Әтір
ғана «келінді көшіріп әкелу керек» деген тұста жақтыр
мағанын анық байқатып, орнына тұрып кеткен.
Міне, содан бері өткен екі-үш жыл беделінде Танаға
қырын қарап, мінез көрсетіп жүр. Ауыл-үйдің әйелдеріне:
«Тілеуі бұзық ит. Келін болып түскелі осы үйден жаман
дық арылмады. Іле-шала шешеміз өлді. Енді міне, әкелі-
балалы екеуі бірдей опат болды. Еленнің осыны алғанына
әке-шешем екеуі де наразы болған. Бірақ Елен тыңдады
ма? Жар дегенде жалғыз баласы тыңдамаған соң шешесі
мен әкесі күйіктен ауру болды», – дегенін Тана Елен
қайтыс болып, көшіп келгелі естіп-ақ жүр. Бірақ үнде
меген. «Барлық рәсімдері өтсін», – деп шыдаған.
Кеше Еленнің қырқын өткізген соң үйде оңаша қалған
дарын пайдаланып, Әтір сөз бастады.
– Тана, – деді ыдыс-аяқ жинастырып жүрген келінге. –
Сен не ойлап жүргеніңді қайдам, ал менің ойымша екеуміз
бірдей жұмыссыз үйде отыра бергеніміз болмас. Бірдеме
ойлағаның жөн шығар, – деп қалды.
Тана да осындай бір әңгімені қалай бастаудың ретін
таппай қайралақтап жүр еді. Іштей қуанып қалды.
– Дұрыс айттыңыз әпке, – деді қазақы мақаммен Тана. –
Өзіңіз жақсы білесіз, Елен біздің көмекші болып жүрген
қойшы баланы өз інісі санап, баланың ата-анасының тап-
сыруымен оны іздеп келген туыстарына да бермей:
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Ермахан маған іні болды. Құдай айдап келген баланы
құдайдың өзі ажыратпаса енді ешкімге бергім жоқ. Сіздер
өкпелемеңіздер. Ал әлгі документ-сокументін өзім жөндеп
беремін деп мойныма аламын, – деп шығарып салған.
Сол баланы Еленнің отарын қабылдап жатқан күні
бірге барған милиционер алып кеткенін естігенбіз. Содан
күні бүгінге дейін хабарсызбыз. Тым құрыса бір хабарын
білгеніміз дұрыс шығар... Мен сіз қарсы болмасаңыз сол
баланы іздеп келейін деген ойдамын...
Тана сөзін аяқтады да, «не дер екен» деп Әтірдің пікірін
тосты.
Әпкесі көп ойланған да жоқ, қарсылық та көрсетпеді.
Бірден елпең қақты:
– Иә, иә, оның жөн. Әйтпесе, обал-ды. Бейшара бала
абақтыға түсіп қалды ғой, сірә. Әйтпесе, осы күнге дейін
бір хабары шығар еді, – деп тоқтады.
Шешімнің оп-оңай табыла кеткеніне қуанған Тана сол
түні-ақ баласы екеуінің киім-кешегін, құжаттарын тас
түйін әзірлеп, ертеңіне Тана:
– Әпке, біз енді жүрейік, – деуі мұң екен, Танадан
оңай құтылатын болғанына іштей қуанып, ерте оянған
Әтір «қарындарың ашып қалар» деп жолға тамақ са-
лып, «әпке...» деп жүгіріп келіп құшақтай алған Аршат-
ты көргенде жалғыз бауыры Еленнің кішкентай күніндегі
бейнесі көзіне елестеп кетті ме: «жарығым, жалғызым!»
деп бауырына басып, ал кеп жыласын. Тана «әпкелеп»
жүріп өзі де жылады...
Тана әуелі баланы қайда алып кеткенін анықтау үшін
аудандық милицияға соқты. Ермаханды қашан ұстағанын,
айын, күнін нақты айтқан соң органдағы азаматтар алып
кеткен әскерилердің қайдан, қандай әскери бөлімшеден
келгенін айтып берді. Тіпті «мен жеңгесімін» деп тұрған
соң келген әскрилердің фамилияларын да көрсетті.
Сапарының оңынан басталғанын жақсы ырымға бала
ған Тана үш айдан бері тұңғыш рет қуанып, баласының
бетінен үстін-үстін шөпілдетіп сүйіп те алды.
– Мама, Ермахан ағаны табамыз ба? – дейді Аршат
мамасының мойнынан құшақтап.
– Иә, иә, Аршатик, әрине табамыз! – деп баласын құ
шырланып тағы да сүйді.
Повестер
– Қашан табамыз, мама? Елтең табамыз ба?
– Иә, ертең табамыз. Жүр енді тез кетейік!
Тап осы сәтте Тананың екі көзі табан астында болға
нымен көңілі әлдеқайда. Себебі, ол өзінің кешегі шаттық
пен рахатқа толы бақытты күндерінің куәсі, қайғысы мен
мұңын жасырмай айтып, шер тарқатар жер бетінде тірі
қалған жалғыз сенімді Адамы, ерлі-зайыпты екеуінің
серігі болған, бір шаңырақтың астында ортақ мүддемен
тыныстап, бірге өмір сүрген, Еленнің сыңарына айналған
қимас адамы Ермаханға жолығар сәтін ойлап келеді.
Тана құлдыраңдап қасына ерген баласын қолынан же-
тектеген күйі милициядағылардың сілтеуі бойынша темір
жол станциясын бетке алды...
* * *
Полковник Тасболатов таңертең әдеттегіше ертелеу
келіп, кабинетіндегі креслосына жайғаса бергені сол еді,
қабылдау бөлмесінен хабаршы телефонының қоңырауы
сыңғырлап қоя берді.
– Ало, Тасболатов тыңдап тұр!
– Жолдас полковник, Сізге әскери бөлімнің командирі
майор Сергеев келіп тұр.
– Қане, қолыңызды түсіріп, мына жерге келіп, отыры
ңыз, – деп Тасболатов өзінің жұмыс столына көлденеңінен
түйістіре тұрған ебедейсіздеу столдың екі жағына қара
ма-қарсы қойылған орындықтардың бірін нұсқады. Майор
жайғасқаны сол еді полковник:
– Қане, не болып қалды, баяндаңыз, – деп бұйырды.
– Полковник жолдас, – әлі де өзінің сезімін жасыра ал-
май отырған Сергеев ентігіп, – былтыр бізден қашып кет-
кен Ескеров деген жауынгер табылды! Алып келдік! – деді
жерден жеті қоян тапқандай асығып-үсігіп.
– Ә, мынауың жақсы жаңалық қой, жолдас майор.
Қашан әкелдіңдер?
– Екінші күн!
– Аяқ-қолы бүтін, дені сау ма екен?
– Бәрі дұрыс полковник жолдас. Бірақ мен әзірше оны-
мен сөйлесе қойғаным жоқ.
– Онда былай келісейік Сергеев жолдас. Сіз көп да-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
быра қылмаңыз. Және басқа біреуге тапсырып, күтіп
отырмай жеке өзіңіз оңаша сөйлесіп, бар шындықты
анықтаңыз. Қайда жүрді, немен шұғылданды, қай жер-
де, қандай жағдайда қолға түсті, егжей-тегжейлі біліңіз.
Және сол айтқандарына дәлел болатын құжаттары не-
месе айтқандарының шын немесе бекер екенін растай-
тын адамдары бар ме екен. Онысын да сұраңыз. Былайша
айтқанда бүкіл картина алақаныңыздағыдай айқын бол-
сын. Дүйсенбіде осы уақытта күтем. Боссыз! Жүре беріңіз!
Айтпақшы, кідіріңіз! Әлгі жауынгерді қайда жайғас
тырдыңыздар? Өзін оңаша ұстаған дұрыс. Ешкім ақыл-
кеңес беріп жүрмесін!
– Құп болады, жолдас полковник!
Майор Сергеев кеткен соң да Тасболатов біраз уақыт
осы жауынгердің армия қатарына шақырылғалы тартқан
тауқыметін есіне алып, ойланып қалды. Алғашқы, бір таяқ
жейтін жолы, бейшара өлім аузынан қалды. Бір жылға
жуық уақытта ғана әрең дегенде қалпына келді. Ұзақ
емделіп шыққаннан кейін демалысқа да жіберілмеді. Ал
мұны соққыға жыққан үшеу әскери борыштарын атқару
мерзімдері аяқталған соң үйді-үйіне тарап кетті... Неге?
Оларға тиісті жазасы неге берілмеген? Сұрақ көп...
Тасболатов көмекшісін шақырды.
– Мені жаңағы Сергеевпен жалғастыршы.
– Жолдас полковник, Сергеев желіде күтіп тұр!
– Жолдас майор, Сіз маған мынаны түсіндіріңізші. Қай
жылы Ескеровты соққыға жығып, өлімші халге жеткізген
үш жауынгерге тиісті жазалары неге берілмеген?
– Оның бір ғана себебі болды жолдас полковник!
– Қандай? Аргументіңізді айтыңызшы!
– Ескеров госпитальда ұзақ жатты. Тіптен бір жыл-
дай уақыт бойы өзіне өзі келе алмағандықтан Ескеровтен
оқиғаның мән-жайын тәптіштеп сұрап, істің ақ-қарасын
ажыратуға мүмкіндік тумады. Ал әлгілердің армия
қатарына шақырылған мерзімдері әлдеқашан бітіп кетті.
Сондықтан оларды үйлеріне қайтармай, белгісіз мерзімге
дейін ұстап отырудың ретін таппадық. Әрі олардың ор-
нына жаңа жауынгерлер келіп, жатын орын, тамақ т.б.
тапшылығы пайда болды. Және оларды жауапқа тарту
жөнінде ешкімнен ұсыныс-талап түскен емес. Осындай
Повестер
жағдайлардың негізінде аталған жауынгерлерді қайтару
туралы шешімге келгенбіз.
– Басшыларға баяндап па едіңіздер бұл туралы?
– Иә, Сіздің сол кездегі орынбасарыңыз подполковник ...
келісімін берген.
– Сіздің жеке пікіріңіз қандай? Ол шешім дұрыс болды
деп есептейсіз бе?
– Подполковниктің шешіміне күмәнмен қарайтындай
себеп болмады деп ойлаймын.
– Да-а, түсінік-ті! – деп даусын созған полковник
әңгімені доғарды. – Жақсы, бұл тақырыпқа, бәлкім, Сіз бен
біз арнайы тағы оралып, пікір алысармыз...
– Иә-ә, деп тағы да ой жетегіне ілесті.
– Әділдік! Әр офицер армиядағы әділдік үшін күре
суге міндетті. Әділдік болмаған жерде тәртіп болуы да
екіталай, – деуші еді қолбасшымыз Сағадат Нұрмағам
бетов жолдас. – Ал бұл екеуі бұзылған жерде мықты армия
құрамын деу – бекер әурешілік, – дейтіні нағыз шындық
қой... Шындық демекші мына жағдайда да ең әуелі шын
дыққа көз жеткізуіміз қажет.
Тасболатов столының ернеуіндегі түймесін басып,
көмекшісін шақырды.
– Сізді тыңдап тұрмын, полковник жолдас!
– Маған аға тергеуші, капитан Хамитовты шақыршы.
Әскери соттағы Хамитовты айтып отырмын.
– Қай уақытқа келсін дейін?
– Түске дейін келгені жөн!
– Құп болады, полковник жолдас!
* * *
Соңғы күндері офицерлер бірінен соң бірі келіп, Ер-
маханды оңашалап алып, неге қашқанын, қалай, қайда
қашқанын сұрап, бұған әр сұраққа жауабын жазбаша та-
лап етіп жатты. Бұрын да аты шыққан, әрі соңғы жолы
әскерді тастап қашып, қылмыскер атанып отырғандықтан
Ермаханның уәжін есепке алмай, мұны кінәлауға, қылмыс
кер деп қарауға бейім екендіктерін көрсетіп жүр.
Армия қатарында жүріп өзі сияқты жауынгерлердің
бойында адамгершілік, бауырмалдық, жаны ашу сияқты
қасиеттер мүлдем жоққа тән екенін көріп, түңілгендіктен
Жарылқасын Нұсқабайұлы
қазіргі жауап алу процестеріне, офицерлер мен тергеуші
лердің менсінбей, адам құрлы көрмей өктем сөйлейтін
дөкір мінездерін сөкет көріп, елегенді қойған.
Жауап алып жатқандардың көңіл-күйінен аңғарғаны
– бұл берген антына қарамастан совет армиясының қата
рын тастап қашқан сөзсіз сотталуға тиіс қылмыскер. Сон
дықтан «жарайды, соттаса соттай берсін, атып жібермес,
әйтеуір» деп болашақ үкімді осы бастан-ақ мойындап
қойған. Тек қанша жылға кесілетінін ғана білмейді. Әйт
песе «өйтпеді-ау, бүйтпеді-ау» деп сарыуайымға салыну
дың пайдасыздығын білгендіктен енді сот шешімі
шығатын күнді ғана күту керек деп түйді.
Аса ауыр қылмыс жасағандар тәрізді кісі баласын
көрмейді. Тамақ, су сияқты міндетті нәрселерін де осында
әкеліп жүр. Іздеп біреу келер-ау деген де үміті жоқ...
Бар үміті – жауап алып болған соң өзі сияқты тергеуде
жатқан солдаттарға қосатын шығар деп үміттенеді. Өйт
кені, мұны жауап алғандардың ешқайсысы ұрмайды-соқ
пайды, тіпті боқтаудың өзі сирек. Сондықтан да Ермахан
іштей: «Мен ешкімнің ештеңесін бүлдіргенім жоқ. Сол тө
белескенім болмаса, кісі баласына залалым тиген жоқ,» –
деп іштей өзін-өзі жұбатып қояды.
Айтпақшы, кеше осында тамақ, су әкеліп, жатқан
жерімді көріп жүретін ересектеу күзетші: – Солдат, күйге
лектеніп, өзіңді өзің мүжей берме. Алда ұзақ өмірің бар.
Ылғи да үмітпен қарау керек! – деп көзін қысып қойғаны
қандай қуантты десеңші. Мұндайда адамның өмір сүргісі
келіп кетеді екен. Сондайда жатса-тұрса ойлайтыны –
тірідей айырылып отырған Тана. «Менен мүлдем хабар-
ошар болмай кеткен соң күдер үзіп, мүлдем мен таппайтын
басқа жаққа кетіп қалады-ау,» деп уайымдайды. «Өйт
пегенде қайтсін,» – дейді бір ойы. – Қолында кішкентай
баласы. Не үйі-жайы, жаны ашыр бірде-бір адамы жоқ...
– Жолдас Хамитов, мен Сізді мынандай мәселе ту-
ралы ақылдасуға шақырдым, – деді кабинетіне кіре ра-
порт берген капитанға тіктеп қарап полковник Тасбола-
тов. – Есіңізде ме қайсыбір жылы үш солдат өздерімен бір
қабатта тұратын жаңа келген жауынгердің бірін өлімші
Повестер
қылып сабап, тепкілеп, жаңағы солдат бір жылда әзер
қатарға қосылғаны?
– Иә, иә, жолдас полковник, қалай есімде болмасын?!
Еңгезердей үш жігіт жабылып, бір сарыауыз солдатты
өлімші қылып ұру – жиі болатын жағдай емес. Оның үсті
не әлгі бейбақты Дәулетов бастаған дәрігерлер күні-түні
күзетіп жүріп, әзер адам қатарына қосқанын білем.
– Мұны ұмыта қоймағаныңыз екеуміздің ортақ бір
тұжырым жасауымызға септігін тигізеді деп үміттенемін.
Міне, сол сотқар үшеудің көп ұзамай мерзімі бітеді де
үйлеріне қайтады. Себебі, таяқ жеген солдат өмір мен
өлімнің арасында арпалысып жатты. Жаңағы содырлардың
кінәларын бетіне басатын өзге тірі жан болмайды. Сөйтіп,
әлгі үшеу ешқандай жаза тартпай бет-бетімен кетіп
қалады. Кім біледі, олай болуына біздің офицерлер де
ықпал көрсетті ме екен?... Сол таяқ жеп, бір жылдай оның
салдарынан қатарға қосыла алмай жүрген солдат осыдан
бір жарым жыл бұрын армиядан қашқан.
– Иә, оны да білемін. Таптырмай жүр еді ғой.
– Сол қашқын жігітті жақында осында алып келді.
Қазір қамауда. Офицерлер жауап алып жатыр. Басқа тағы
не кінәсі болатынын көрерміз. Қайткенде де ісі сотқа бара-
тынына шүбә жоқ.
Сізге айтып ақылдасайын дегенім – осы бейшара сол
даттың тағдырына бей-жай қарамай, зәредей кінәсі жоқ
жас жігіттің содан бері көрмегенді көріп, қаншама зардап
шегіп, азап шеккенін еш жерде ешкім ескермей, бүгінде
қашқын-қылмыскер деген қара таңба жамылып, қорғансыз
бір азаматтың тағдыры қыл үстінде тұрғанын айту еді.
Сіздің пікіріңіздің қандай боларын білмеймін. Ал егер әу
баста мұны өлімші еткен үшеу дер кезінде сазайын тарт-
са бұл солдаттың өмірі де қазіргідей емес, басқа арнаға
түсер еді деп ойланам. Оған мүмкіндік бермеген – біздің
офицерлердің немкеттілігі, аяушылық, жанашырлық көр
сетпеуі болды. Бұл шынтуайтына келгенде біздегі тәрбие,
тәртіп төңірегіндегі жұмыстардың талапқа сай еместігінен
деп ойлаймын.
Сондықтан Сіз осы істің әділ тергеліп, дұрыс шешім
табуын қадағалар ма едіңіз деп отырмын. Сот шешімі
бар аргументтерді таразылаған, барынша әділ, солдат-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
тар мен офицерлерге ой салып, сабақ болатындай нүкте
қойса деп емексіп отырмын. Ақылдасайын дегенім осы
еді. Пікірлесіп тұруға әзір екенімді біліңіз. Ал, жақсы.
Жұмысыңызда абыройлы болуыңызға тілектеспін.
* * *
«Сұрай-сұрай Меккені де табады» демекші Тананың Ер-
махан әскери борышын атқарып жүрген әскери бөліміне
келіп, Ермаханның осында жатқанына көз жеткізгеніне де
екі аптадай болды. Бірақ қамауда отырған жігітке жолығу
былай тұрсын, тілдей хабар жеткізудің өзі мүмкін емес
екен.
Бүгін де баласын жетектеп ертерек келген Тана ауланың
машиналар ерсілі-қарсылы кіріп-шығып жатқан қақпа
сының алдында тұр еді интеллигент пішінді үлкен кісі
жақын келіп:
– Қарағым, сен кеше де күні бойы осында жүріп едің.
Бүгін де келіпсің балаңмен. Не шаруамен келдіңдер? – деп
әңгімеге тартқаны.
Көңілі жарым, кімнен ақыл сұрарын білмей қиналып
тұрғанда мына кісінің жанашырлық танытқаны жаны-
на жаққаны сонша Тана бейтаныс кісіге бар мұңын жайып
салды.
– Сен қарағым, былай кетіп қалмай осында жүре тұр.
Қазір іштен менің осында қызмет істейтін інім шығады.
Содан сұрайық, не істеуге болатынын, − деп үміттендіріп
қойды. Жарым көңілге сәл нәрсе демеу. Тана қуанып,
мейірімді кісіге алғысын жаудырып жатыр.
– Құдай тілеуіңізді берсін, аға. Кім біледі, бір жолы бар
шығар.
Сөйткенше-ақ іштен қырықты алқымдап қалған, әдемі
ше қара торы, бұйра шашы мен үстіне киген әскери киімі
үйлесіп, кісіні қызықтыратындай сұлу мүсінін айрықша
әрлендіре түскендей бойшаң жігіт жарқырай күліп шы
ғып, ағасын айқара құшақтап мәз-мейрам. Екеуара қауқыл
дасып, ел амандығын, үй ішін сұрастырып болар-болмас
әскери жігіттің ағасы:
– Санжар, мына баласын ерткен келін осы жердің түр
месіне түскен қайнысына жолығу үшін артынан іздеп кел-
ген екен. Екі апта болыпты, не жолыға алмайды, тым
Повестер
құрыса өзінің келгенін айтып, жігіттің амандығын біле ал-
май жүр екен. Бұған не көмегің бар, қарағым? – деп інісіне
міндет жүктей сөйледі.
– Не қылмыспен түскен еді мұнда?
– Әскерден қашқан... Біздің келгенімізді білсе, ең болма-
са...
– Ә-ә, онда кішкене тұра тұра ғой қалқам. Мына көкем
нің шаруаларын сөйлесіп білейін. Содан кейін көрейік.
Қайныңның аты-жөнін, қай жерден келгеніңді, атыңды жа-
зып, дайындай бер. Бұйырғанын көрерміз...
Тана көктен іздегені жерден табылғандай қуанғаны сон-
ша, үстін-үстін «рахметін» жаудырып жатыр.
Сүт пісірім уақыттан кейін жаңағы жігіт Танаға жақын
дау келіп: – Қане, қағазыңды бере ғой, – деп қолын созды.
Бұл хабарыңды лаждап жеткізуге тырысамын. Бірақ
жолығу сияқты мәселелерді бұл жерде емес, сонау бас
штабта отыратын басшылар ғана шеше алады.
– Аға, ол кісінің фамилиясын айтпайсыз ба? Менің ба-
руыма бола ма?
– Әрине, болады. Солдаттардың ата-аналары, семья
мүшелері мынандай балаларын да ертіп келіп жатады. Фа-
милиясы Тасболатов деген кісі.
Тана елпеңдеп, қатты қуанғанынан дереу рұқсат беретін
кісіге жолыққысы келді.
– Ол кісіге бүгін де бара беруге бола ма?
– Иә, барып, көмекшілеріне жолығып, мән-жайды айта-
сыз. Арғы жағын өздері шешеді. Ал мына қағазды қайныңа
жеткізуге әрекет етерміз...
* * *
Ермахан қуаныш сезімін баса алмай түннің бір мезгі
ліне дейін хатқа үңілумен болды. Енді байқады – Тана хат-
ты ылғи орыс әріптерімен ғана жазыпты. Бұрын жазуын
көрмеген екен, қолы қандай әдемі өзінің?...
Ермахан өзінің Елен көкесінің үйіне алғаш келген
сәтінен бастап, өзін милиционер ұстап әкеткенге дейінгі
аралықта Танамен қалай және не туралы әңгімелескенін
ойлап отырып, жеңгесінің сүйкімді де сұлу бейнесін көз
алдына елестетумен болды. Кейде тіпті, құлағына Тана
ның кісінің жүрегін қытықтап тұратын әсем әуезді бөлек
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ше естілетін даусы құлағына келгендей де болады. Әсіресе
Тананың жарқырай құлпырып, күндей күлімдеп алдынан
шығатын кездері көз алдында тұрған сияқты...
Ермахан ойланып отырса қапасқа қамалғалы бері өткен
төрт-бес айдың беделінде ашық аспан астына шығып, бір
сәт кеудені керіп, еркін тыныстамаған екен. Ең қиыны –
тірі жанмен тілдесе алмайтын жалғыздығы. Не әдеттегідей
таң атпайды, күн батпайды. Шынына келгенде кейде тіпті
күннің қай мезгілі болғанын болжаудан қалатыныңды
былай қойғанда күн мен түнді ажырата алмай дымың
құритынын қайтерсің.
Әшейінде арман деген бейне қиял сияқты түу қиянда
жүретін және сенің онымен дидарласуың немесе бетпе-бет
келуіңнің өзі де ақылға қона қоймайтын қол жетпес биік
сияқтанатын еді. Енді біліп отыр: арман шіркіннің де кей-
де адамның хал-күйіне қарай құлдилап, аяқасты болаты-
нын ойламаған екен. Сенің арың, намысың, айтқан сөзің
мен қысқа ғұмырыңда жиған абыройыңның құны көк
тиын болған тұста сенің асыл арманың да бұлдырап, бо-
лымсыз кәкір-шүкірге айналып кетеді екен-ау деп түңілді.
Кісіге бір жұтым ауа, бір ұрттам су, жалғыз ауыз сөз де
арманға айналатынына көз жеткізіп жатыр. Құл болсаң да
еркіндікте жүргенге жетпейді екен-ау деп өкінеді қазір.
Сен неғұрлым қиындау, күрделі нәрсені армандаған сайын
ол да тым әуелеп, алыстай түседі ме қалай?...
Қорлықтың ең сорақысы – сенімен ешкімнің санаспа-
уы, кімсің деп көзге ілмеуі, адам санатына қоспай тек қыл
мыскер деп қана қарауы деп ойланады.
Бір ғана демеу – қай күні ғана қолына тиген хат. Әйт
песе, өмірден мүлдем түңіліп, шет-шегі жоқ қара уайым
ның жетегіне ергені шын-тын.
Көмескі үміт сәулесіндей болып жеткен үшбұрышты
хатты қанша күн қолынан тастамай, әлсін-әлі әр сөзіне, әр
әрпіне үңілумен жүргенін санаған жоқ. Сөйтсе де томаға-
тұйық түрме есігінен осы хат енген күн қашқын жігіт
үшін ешқашан ұмытылмайтын, әрі еш ұмыттырмайтын
қуанышты оқиға болғаны күмәнсіз. Адам қуаныш пен
қайғының мәнін де, дәмін де татқанда ғана айна-қатесіз
сезінеді екен-ау деп ойлады Ермахан. Қаншама айлардан
бері жатса-тұрса уайым ғана езіп, жігерін жасытқаны сон-
Повестер
ша еңсесі түсіп кеткенін өзі де байқап жүрген. Сөйтсе де
өзінің айтарлықтай айыбы жоқ екендігіне сенімділігі ме,
әйтеуір жасымауға тырысатын. Рас, әскерден қашқаны
болмаса, ештеңе бүлдірмегені анық. Керісінше ылғи жапа
шегіп, қорлық көрумен келеді. Бірақ, бұл менің ғана пай-
ымым ғой. Әскердегі әлімжеттік сияқты әділетсіздіктің
осыншама үйреншікті жайға айналып, кең байтақ еліміз
дегі мыңдаған, миллиондаған жауынгер жастардың Совет
Одағына, халқына, туған елі мен Отанына қалтқысыз, адал
қызмет ететінін айтып, ант-су ішкеннен кейін іле-шала-ақ
танауын тескен тайлақтай адамның ақылына сыймайтын
озбырлық пен дөрекілікке, ит қорлық пен кемсітушілікке,
келемеж бен мазаққа мойынсұнып, намысың мен абыро
йыңды аяққа таптатып, мүсәпір күйге көндігіп алаты-
ны мұның көкейіне қонбайды-ақ. Бар пәлені бастайтын
да, оны жүзеге асыратындар да офицерлер емес өздерінен
бірер жас кәртемістігі ғана бар, әскерге сәл ғана бұрын
шақырылған, өзі сияқты жер-жерден келген жүгермектер
екеніне қаны қайнайды.
Бұлар да сірә, ата-ана көрген, совет мектебінде тәрбие
алғандар емес пе? Ендеше тәлім-тәрбие көрген жас бір-
бір жарым жылда неге осыншалық күрт өзгеріп, адамға
жаны ашу, аяу, мейірімділік, ұят, обал-сауап дегеннен
жұрдай болып, беті бүлк етпей безеріп, қатыгез әрекет
терден шімірікпейтін күйге түсетіні несі деп қанша ой-
ланса да жауабын таппай-ақ қойды. Әйтеуір бір көз жет
кізгені – мұның бойында ызақорлық, кекшілдік мінез
күшейген тәрізді. «Мұным қалай?» деп кейде өзінен-өзі
тіксінетін кездері болды. Сосын: «Суға кеткен – тал қар
майды» демеуші ме еді? Менікі де сол шығар, деп өзін
ақтағансиды...
* * *
Тана Тасболатов деген бастықтың кеңсесін көп қинал
мастан табуын тапса да, ол кісінің қабылдауына іліну үшін
талай күн бұрын жазылу қажет екенін білді. Жазыла салу
да оңай емес екен. Машақат болып шықты. Ол үшін өтініш
беруші басқа жерде, басқа бастықтың алдында болып, мән-
жайды түп-түгел түсіндіріп берген соң ғана, онда да үлкен
бастықтың қабылдауына жіберуге болатын болмайтынын
осы жердегілер шешіп, жауабын айтатын болып шықты.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Әскери тәртіптен аз-кем мағлұматы бар Тана мұндай
рәсімге ренжіген жоқ. Керісінше, «сен кім едің, біз мұндай
лауазымды басшыларымызға келген адамның бәрін жолық
тыра бермейміз. Оның үстіне Сіз туған жеңгесі де емес екен
сіз» десе, не лажым бар деп өзін-өзі сабырға салып қойды.
Ермаханға жолығуға рұқсат беруі ықтимал үлкен ла-
уазымды әскери кісінің қабылдауына барсам деген үміт
бұған дейінгі жол азабы мен қанша күн сарсаңда жүрген
машақатын да көмескіртіп, үміт сәулесін түсіргендей.
Көктемдегі үт сәулесіндей болмашы үміт жетектеп бүгін
тізімге қосуға мүмкіндігі бар, сарыала оқалы костюмінің
пагонында үлкен екі жұлдызы жарқырап тұрған, өзі ба-
рынша сыпайы, баяу сөйлейтін, жүзі жылы кісінің алды-
на кірді.
Жас әйел кісі кішкентай бала жетектеп келе жатқанын
көрді де, әскери кісі орнынан тұрып: – Келіңіздер, мына
жерге жақындау отырыңыздар. Ал, балақай, сенің атың
кім? – деді өзі әлі тұрған күйі.
Аршат қысылыңқырағандай мамасына сүйкене түсіп,
«айтайын ба, жоқ па?» дегендей шешесінің бетіне қарады.
– Айта ғой, атыңды ағаға!
– Аршат!
– Нешедесің?
– Төртте! – Бала оң қолының бір саусағын бүгіп, төрт
саусағын көтерді.
– О, жарайсың! Сен уже дәу жігіт екенсің ғой онда! Со-
лай ма? – деді әскери ағасы.
– Қане, онда сен де отыра ғой. Енді мамаңның жағ
дайын білейік, – деуі мұң екен үлкен лауазым иесінің мейі
рімді сөздері жақын тартқан.... Тана өзін-өзі игере алмай
жылап қоя берді.
– Сіз жыламаңыз. Олай етсеңіз айтқалы келген ойыңыз
ды шашыратып аласыз. Қане, менің құлағым Сізде, – де-
ген подполковник Тананың әр сөзіне зер салып, мұңая
тыңдады. Тана түгел айтты...
–Е, е, келген себебіңіз көңіл аударатындай жағдай екен.
Бәрін де түсіндім. Бұл жігіт Сіздің өзіңізге де, күйеуіңізге
де туысқан емес екен. «Менің туған інім болдың енді.
Ештеңені уайымдама. Екеумізді құдай ажыратпаса, ешкім
ажырата алмас» деп уәде берген «інісі еді» дедіңіз ғой...
Повестер
Күйеуіңіз жақсы азамат болған екен. Арты қайырлы бол-
сын. Мына жігіттің (Аршатты иегімен нұсқады) папасына
тартқан бауырмал, біреуге қол ұшын беруге әзір тұратын,
халқын, елін сүйетін азамат болып өсуіне тілектеспін. Сіз
көз жасыңызды сүртіңіз. Әрине, түсінікті. Айрандай ұйып
отырған бір шаңырақтың пот-соты шығып, «Балапан – ба-
сымен, тұрымтай – тұсымен» дейтін жағдайға тап болған
екенсіздер. Кішкентай балаңызды сүйретіп, осыншама жол
жүріп, жүйкеңізді тоздырып, жағдайыңызды білмейтін,
әрі кейде істің мән-жайына бойлай бермей, төте кесім
айтуға бейім әскерилердің: «жоқ», «олай болмайды», «біз
білмейміз» дей салатын келте жауабы да әбден діңкеңізді
құртқан болар. Өзіңіз үшін емес, біреуге қол ұшын бермек
ниетпен жүргеніңіз сіздің де адамгершілік, мейірімділік,
кісіге жаны аши білетін адамның әрекеті екенін аңғарып
отырмын. Екі күннен кейін хабар алыңыз.
– Дұрыс шешілер ме екен? – деді Тана.
–Әзір ештеңе дей алмаймын. Дұрыс шешуге тырысар-
мыз. Қош болыңыз! – деп подполковник орнына көтерілді.
Кесімді екі тәулік Тана үшін екі айдай болды. Үшінші
күні уақытша жалдап тұрып жатқан үйінен ертерек тұрып,
әскери қалашыққа жетудің қамын жасады.
Әркім әртүрлі мәселемен жүрген ығы-жығы жұрт. Көбі
сі – ата-ана сияқты. Бірінен бірі не жұмыспен жүргенін,
шаруасының қалай шешіліп жатқанын сұрай кетеді.
– Қызым, кішкентайыңды ертіп келіпсің. Күйеуіңе кел
дің ғой, сірә? – деп қалды бір қария.
Әңгімені созбау үшін: «Иә, апа» дей салды Тана. Екі
көзі өзін өткен жолы қабылдап сөйлескен әскери ағасының
есігінде. «Сірә, әлі де келе қоймаған-ау», − деп жорыды
Тана. Өйткені, қабылдауына жазылған ата-аналардың әлі
бірде-бірін шақырған жоқ.
Арада тағы жарты сағаттай уақыт өткенде есік алдына
өрімдей жас офицер жігіт шығып:
– Қане, құрметті көпшілік! Тыңдаңыздар! – деп еді ара
ның ұясындай гуілдеп тұрған жұрт әп-сәтте тым-тырыс
болып, құлақ түре қалды.
– Бүгін подполковник Баймахановтың қабылдауына
келген кісілер бір сағаттай күтетін болдыңыздар. Еліміз
егемендік алуына байланысты Қазақстан армиясын қайта
Жарылқасын Нұсқабайұлы
құру жұмыстары жүріп жатқанын білетін боларсыздар.
Осыған байланысты ол кісіні шұғыл түрде қолбасшыға
шақыртып әкетті. Подполковник сіздерге «осыны айт және
кешірім сұра» деп тапсырды.
Ал өзге шаруаларыңызбен бүгінге шақырылған кісілер
мәселелеріңіздің қалай шешілгенін мына біз жақтағы
бөлмеде отырған кезекші лейтенант Әжиевтен білулері
ңізге болады! – деуі мұң екен бірнеше кісі жығыла-сүріне
солай қарай ұмтылды.
Соңын ала бере баласын жетектеген Тана да жаңағы
бөлмеге кірді. Балалы әйелдерге алдымен қызмет көрсете
тін дәстүр мұнда да сақталған екен. Қолына бірнеше парақ
қағаз ұстаған лейтенант жігіт:
– Кішкентай баласы бар апай, бері қарай жүріңіз. Сіздің
шаруаңыз не шаруа еді? Фамилияңызды айтыңыз! демесі
бар ма?!
Тананың фамилиясын айтуы мұң екен, лейтенант: –
Сіздің өтінішіңіз дұрыс шешілді. Қашан, қай сағатта қа
былдауда болуыңыз керектігін сонда барып, нақтылап
алыңыз, – деген сөзі бейне «Тап қазір Ермаханға жолыға
сыз» дегендей қуанғаны соншалық баласын көтеріп алып,
үстін-үстін сүйіп жатты.
* * *
Соңғы күндері Ермаханнан жауап алушылар көбейіп-ақ
кетті. Бәрі де офицерлер. Біреуі сұрап кеткен нәрсені екін
шісі келіп қайта сұрайтыны несі екенін Ермахан түсінбей-ақ
қойды. Жауабынан жаңылар ма екен дей ме, әйтеуір бәрі де
көзіне тесіле қарап, мұның аузынан шыққан әр сөзін қалт
жібермей жазып отырған сияқты. «Әлде бұлар менімен
сөйлескенін, менің қандай жауап бергенімді біріне-бірі
айтпайды ма екен?» деп те ойланады. Ермаханның ойын
ша бұдан жауап алып, тергеу жұмысына қатысып жүр
гендердің бәрінің мақсаты біреу: қашқынды тезірек қатаң
жауапқа тарту. Бұлай дейтіні – екі күн бұрын келіп терге-
ген шүңірек көк көз, қоңқақ мұрын, өзі ебедейсіз дәу, бет-
аузын түк басып кеткен бір тергеуші бұған шүйілгені сон-
ша: – Сен өзіңнің қандай қылмыскер екеніңді білесің бе?
Армиядан қашқаныңды айтпағанның өзінде сол кеште
итше тепкілеп, өлімші қылып кеткен солдаттың қандай
Повестер
мүгедек болып қалғанын білетін шығарсың? Білмесең
ертең сот процесі кезінде көресіңді көресің! – деп зіркілде
генін айтсаңшы...
Бірақ бүгін: «Ал менің әлгі үш содырдың соққысына жығы
лып, бір жылдай өлімі мен тірінің арасында болғанымды
аузына да алмайтыны несі?» − деп таңырқады Ермахан.
«Мен адвокатпын. Маған толық сеніп әңгімелесуіңе бо-
лады. Міне, күдігің болмасын. Мынау менің куәлігім», −
деп өзінің суреті жапсырылып, мөр басылған документін
көрсетті. Тағы бірі маған ең ұнағаны әлгі адвокат:
– Сен бала, қатты үрейленіп, жүнжи берме. Болар іс
болған. Енді осы тығырықтан неғұрлым көп зардап шек-
пей шығудың жолын ойластыруың керек. Саған сырт-
тан келетін көмек жоқ десе болар. Сондықтан әр жағдайға
байланысты өзіңді ақтау үшін айтатын уәжіңді әбден ой-
ланып, өзіңнің Армия қатарына шақырылғалы көрген
машақатыңды сот пен прокурордың көзі жететіндей етіп,
әрі аспай-саспай айтып беруге тиіссің. Мен сенің ісіңмен
таныстым. Енді екеуміз ақылдасатын бірнеше моменттер
бар. Әуелі соны анықтап алайық. Себебі, сотта мен сенің
қорғаушың боламын ғой, – дегенде Ермахан мына кісінің
айтқандарының шын немесе жалған екенін білмей томса-
рып отырып қалды.
– Ермахан, − деді кенет адвокат кісі мұның әрі-сәрі бо-
лып отырғанын сезіп. – Сен бар шындықты менен жасыр-
май айт. Ештеңені бүгіп қалма. Маған сенің кінәсіздігіңді
дәлелдейтін аргумент керек! Түсіндің бе? Қане, осы-
лай уәделесейік. Мен ертең тағы келемін. Сен армиядан
қашқан сәтке дейін қандай қиындықтарға, солдаттар та-
рапынан қандай қысымға ұшырағаныңды түз-түгел есіңе
ал. Маған солардың бірін қалдырмай айтып беруің керек.
Келесі әрекетімізді сосын ақылдасармыз. Қазір қарағым,
бұрынғыдай емес сот процесіндегі барлық мәселеге де
көзқарас өзгерген. Тәуелсіз елдің тәуелсіз сотына жүгіне
міз... Сот қазақша жүреді... Бірақ, есіңде болсын, екеуміз не
туралы әңгімелескенімізді басқа біреулерге айтып жүрме, −
деп арқамнан қақты, қол алыстық.
Өткенде тергеушінің бірі: «Адвокат келген жоқ па?» деп
сұрап жүргені осы кісі екен-ау.
Ермахан өз ойымен өзі арпалысып отыр. Бір ойы: «Әлгі
Жарылқасын Нұсқабайұлы
адвокаттың айтқандары шыны ма, жоқ мені алдарқатып,
бірдемелерді біліп алудың амалы ма? – десе, екінші ойы: –
Қой, үп-үлкен лауазымы бар, жасы да жер ортасына жақын
дап қалған кісі менімен жасырынбақ ойнап, не басына
күн туды? Мені алдап-арбап сұрайтындай не құпиям бар?
Менің ойымша адвокаттың ниеті түзу», − дейді. Бұрын-
соңды сотқа қатыспаса да, кинолардан көргені бар-тын.
Бірақ адвокат дегеннің кім екенін аңғармапты. Сотталып
жатқан кісінің жақыны шығар деп ойлаған. Әйтпесе таны-
майтын, білмейтін қайдағы біреу келіп, қожабауырым бо-
лып қалуы жас жігіттің көкейіне қонбай-ақ қойды. Сосын
қолын бір-ақ сілтеп: «әй, қойшы, оған да басымды ауырт-
пайын. «Ертең тағы келемін» деп кеткен жоқ па? Не де бол-
са мен ештеңемді жоғалтпаспын. Сұрағанын айтып берем.
Барын – бар, жоғын – жоқ десем кімнің не әкесінің құны
бар? Менде ала алмай жүрген өші бардай-ақ, соншама
несін уайымдаймын?...»
Осылайша өз ойымен алысқан жас жігіт қалай ұйықтап
қалғанын да сезбеді.
Түннің бір уағында есігін тарсылдатқан оқыс дыбы-
стан оянып кетті. Оянды да құлағын тосып еді, өзінің есігін
ашқалы жатқанын түсінді. Бірақ еш қимылсыз орнында
отыра берді. Кенет есікті ашқан күзетші солдат: – Әй, ба
уырым, мә мына хат саған, – деп баяғыда майданнан келетін
үшбұрышты хаттар сияқты пішінге келтірген кіп-кішкентай
қағазды көрсетіп, Ермаханға қарай қолын созды.
– Мә...
Ермахан оқушы дәптерінің парағынан үшбұрыштап бүк
теген қағазды алуын алса да, оның шындығында не екенін
білмей, сезіктене сәл қарап тұрды. Сосын аса сақтықпен
аша бастады. Екінші бүктемесін аша бастағанда көзіне қыз
баланың қолымен жазылған сөздер шалынды. – Хат қой
мынау?» – деп таңырқаған жігіт соңғы бүктелген бетін
ашқанда хаттың бетіне кішкентай баланың қаламмен айнал-
дыра сызған алақанының суретін көрді. Көрді де суреттің
төменгі жағындағы жазуға көзі түсті. Айбақ-сайбақтау етіп,
«АРШАТ» деп жазылғанын оқығанда жүрегі дүрсілдеп, ау-
зына тығылғаны сонша қапелімде қуанарын да, жыларын да
білмей хаттағы суретті бірде кеудесіне, бірде бетіне басып,
үстін-үстін сүйе берді, сүйе берді.
Повестер
Әлден уақытта ғана есін жиып: « – Аршатым менің,
кіп-кішкентай бауырым!» – деп жылап қоя берді. Жігіттің
қобалжығаны соншалық біразға дейін есін жия алмады.
Сөйтсе де хатқа жазылған өзге сөздерге енді ғана мұқият
көз салып, оқи бастады.
– Айна-лайын, аман-сын ба? Биз келдик, осын-да-мыз.
Куте-миз. Тана деп астын сызып қойыпты.
Ермаханда ес жоқ. Бір күледі, бір жылайды. Хатқа
қайта-қайта
қарап,
дембіл-дембіл
кеудесіне
басып,
құшырлана иіскейді.
Хатқа бейне ең қимас, ең қадірлі адамдарының таныс
иісі сіңіп қалғандай.
– Аман екенсіңдер ғой сүйіктілерім, бауырларым! Келдік
дейді. Осында жүр екен-ау! Қалай ғана тапты екен мені?!
Енді қайта көремін бе, жоқ па деп ойланумен жүруші ем.
Мені іздеп жеткен жүректеріңнен сендердің! Қолының
суретін қарашы, кішкентай құлыншағымның?! Ботақаным,
ағасын іздеп жеткен?! Тана десе Тана ғой жарқыраған!
Жүрген жеріне нұрын төгіп жүретін жарық жұлдызым
менің! Сені де көретін күн болар-ау деп үміттенген жоқ
едім!Сірә, өмірден күдер үзбеген жақсы екен ғой. Тірі бо-
лып, жарық дүниеге, еркіндікке шығар күн туса осы
мейіріміңнің өтеуін қайтарармын Танашым!
Өзімнің де біреулерге керек екенімді ұғындырған, ер
тең атар таңымды үмітпен күтуге құлшындырған хабар
ларыңнан айналайын! Мен әлі өлмейді екем, мені іздей
тіндер, күтетіндер жүргенде!
Бүгінгі күн Ермахан үшін бірнеше жаңалық жеткізген
күн болды. Оның ең бастысы – Совет Одағы құлап, бұрын
СССР деген елдің құрамына енген он бес одақтас респу-
бликалар бет-бетімен ыдырап, бәрі дербес мемлекет бола-
мыз деп бөлініп шығыпты. Соның бірі – біздің Қазақстан
да өзін тәуелсіз мемлекет болдық деп жариялаған екен.
Жарты жылдан астам бұрын болған бұл оқиғадан Ермахан
күні бүгінге дейін мүлдем бейхабар екен. Егер өз-өзінен
мұның басынан өткен бар жағдайды тәптіштеп сұрап
отырған адвокат сөз арасында: «ел тәуелсіздік алғалы
біздің гарнизонда бұл өткелі тұрған тұңғыш сот болғалы
тұр. Сен мән бермеген екенсің ғой. Өткен жолы мен саған:
«Тәуелсіз елдің тәуелсіз сотына жүгінеміз» деп едім ғой.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Қазақстанның егемен болғанын сен естімеді деп ойламап-
пын», – деген еді.
Қай күні осындағы сенің бөліміңнің офицерлерінен:
«Ескеров Ермаханның осыдан екі жылдай бұрын үш сар-
баздан өлердей таяқ жеп, жылға жуық емделіп, қалпына
келе алмай жүргені жөніндегі және әлгі үш бұзақының
қандай талқылауға түсіп, нендей жаза тартқаны ту-
ралы бар құжаттарын көрсетуді талап еткенімде олар
еш қысылып-қымтырылмастан: «бізде ондай құжат-
документтер жоқ» демесі бар ма? Мен олармен біраз даула-
сып, сөзге де келіп қалдым».
− Бөлімшедегі үш солдат армия қатарына енді келген
«салаганы» өлімші етіп сабайды. Таяқ жеген солдат пә
лен ай тілсіз жатып, әзер дегенде есін жияды. Ал сіздер
дәнеңе болмағандай олардың қылмысын дабыра қылмайық
деп жабулы қазанды жабулы қалдырасыңдар. Сонда ол
бұзақылармен сөйлесіп, талқылап та көрмедіңдер ме? − де-
сем: − Неге, талқыладық, сөйлестік. Бірақ ешқандай прото-
кол жүргізгеніміз жоқ. Әрі олар біз оған тырнағымыздың
ұшын да тигізгеніміз жоқ, деп мүлдем мойындамады.
− Бірге жатқан, бірге служить етіп жүрген солдаттардан
неге сұрамадыңдар? − деймін ғой.
− Сұрадық. Неге сұрамадық? Ешкім ештеңе білмейтінін
айтты. Ал таяқ жеген солдат ол кезде әлі есін жимаған бо-
латын.
− Сосын не істедіңдер?
− Не істеуші едік? Сөйтіп жүргенде әлгі солдаттардың
срогы жетті. Увольнениеге бұйрық шыққан соң оларды
біз қалай ұстап отырамыз? Правомыз жоқ! − деп быттиып
отыр. Беттері бүлк етсеші шіркіндердің!
Бар жайды айтып беретін сені енді қатарға қосылмайды
деген сенімде болған. Солдаттар да , офицерлер де бұған
күмәнданбаған, сірә.
− Неге оларды жазаламадыңдар, неге жауапқа тартпа
дыңдар жеп жатқан ешкім болмаған.
Сені тауып, казармаға әкеліп қамағалы бері, яғни
сенің ісіңмен әскери тергеушілер айналыса бастаған кезде
жаңағы сені өлімші қылған үш солдатқа іздеу салған екен.
Сөйтсе, олардың үшеуі де Қазақстан территориясында жоқ
болып шыққан. Ресейге қашып кеткен болуы керек... Сен
Повестер
әлі іздеуде едің. Күндердің күнінде табыла қалса, бір тек-
серу, тергеу боларын сезген иттер ертерек қарасын батыр-
са керек.
Мен бұл жағдайды сотта да, тергеу барысында да ай-
тармын. Жай қалдырмаймын. Сені қашуға мәжбүр еткен
жағдай осындай болғанын жайып саламын. Және сол кезде
осы әскер бөлімшесінде қызметте болған офицерлердің заң
алдында жауапкершілігін анықтауды талап етемін.
Біздің гарнизонның қазіргі басшылары мұндай мәселе
лерге өте төзімсіз. Қатаң талап қойып отыр. Әсіресе, армия
қатарында жүргендердің бірін-бірі кемсітуі, ұрып-соғуы,
қоқан-лоққы жасауы сияқты елдің ынтымағына сызат
түсіретін, Армияның беделіне нұқсан келтіретін мұндай
жайларды мұқият тексеріп, қатаң шара қолданылуын қада
ғалай бастады.
− Ал сен соңғы рет біреумен төбелесіп, содан соң арми-
ядан қашып едің ғой.
− Иә, ол өткенде мені сабайтын үшеудің біреуі болатын.
− Ендеше оны да іздестірген екен. Армиядан босаған
соң үйінде көп тұрақтамапты. «Жұмыс іздеймін» деп кет-
кен екен, сол кеткеннен ол да оралмапты. Менің ойым-
ша осылардың бәрінің ақылшылары осы әскери бөлімдегі
офицерлер.
Міне, бала, мәселе қайда жатыр?! Өткенде менің саған:
«Жүнжи берме, айтатын, өзіңді ақтайтын сөзіңді ойлан»
деп жүргенімнің себептері осындай еді.
− Өткендегі бір сөзіңде: «осында жеңгем келіп жүр
кішкентай баласымен» деп едің. Әзір ұшыраса алмадым.
Іздеп жүрмін. Ол кісімен де сөйлесетін, тиянақтайтын
жайларым бар, − деп темекісін алды адвокат.
«Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?» демек
ші адвокат ағасы өзінің көкейіндегілерін айтып отыр
ғанына разы болған Ермахан жасаураған көзін әлсін-әлі
сүрткіштеп, ой үстінде үнсіз отырды.
− Давай, солдат! Өзіңді көрсететін момент келе жатыр,
ойлан. Дайындал. Жақсы! − деп қолын көтерді де тысқа
беттеді.
Адвокат кеткен соң да Ермахан орынынан қозғалмай
ойланған күйінде отырды. «Бұл аға менің Армиядағы
әр басқан қадамыма дейін зерттеп жүрген сияқты-ау,
Жарылқасын Нұсқабайұлы
өзі». Өткендегі бір сөзінде: «Мен сенің не айтатыныңды
ғана емес, анау тергеушілердің де не біліп, не қойып
жүргендерін, яғни сотқа тапсыратын пікірлеріне дейін
түгел білуім керек. Олай етпесем, менің айтар уәжім әлсіз,
сөзім мәнсіз болады» дегені есіне түсті Ермаханның.
Бүгінгі күннің жақсылығының бірі деп жорығаны осы,
адвокаттың айтқан тұжырымдары еді. Екіншісі – еліміздің
тәуелсіз елге айналғанын естігені болды.
Абақтыны жұрттың қапас дейтіні де бекер емес екен
ғой. Әйтпесе жарты жылдан бері СССР-дің шаңырағы
ортасына түсіп, Қазақстанның тәуелсіз ел болғанын
естімегені не сұмдық?!
− «Ә-ә, − деді Ермахан. Бар пәле менің жеке-дара жал
ғыз отырғанымнан ғой». − Бөтен тірі жанды көрмесең.
Артық-ауыз бір ауыз сөз құлағыңа тимесе. Әшейінде қақ
сап, жер-көктегінің бәрін айтып тұратын радионың үнін
естімегеніне де соншама мерзім өтті. Газет-журнал деген
дердің қарасын көрмегелі қашшан?
Мәңгүрт болсын десең, адамды осындай орында ұзақ
ұстасаң, болғаны екен-ау, деген ойға келді. Түрмеге түсу –
жер астына түсумен пара-пар деп түйді жігіт.
Үшіншісі, әрі ең жанына жақыны – Тана мен Аршат-
тан келген екінші хат еді. Бұл хаттарды Тананың қайтіп
өткізіп жүргеніне қайран. Бұл жолғы хатты өзі жазбап-
ты. Біреуге жаздыртыпты. Себебі, бірталай нәрсе туралы
айтқысы келген-ау. «Біз ауылға барып келдік. Сотқа дейін
сені күтеміз. Қаражатымыз таусылып, абыржып қалмас
үшін совхоздың бухгалтериясынан Елен ағаң мен сенің
жалақыларыңның бір бөлігін алып қайттық. Енді ақшадан
қиналмаймыз. Сен ондайды ойлап, уайымдап жүрме.
Өзіңді берік ұста. Аршат сені «сағындым» деп жүр. Тана»
депті.
* * *
Ермаханға қатысты сот жұмысы ашық жүргізілетіні
хабарланды. Сөйтіп, баласын жетектеген Тана сот залы-
на өзге жұрттан бұрын келіп жайғасты. Абыр-сабыр бо-
лып жатқан көп адам көрінбеді. Сөйтсе де біртіндеп
шақырылған әскерилер келіп кірді. Пагондарындағы жұл
дыздарына қарап, Тана олардың офицерлер екенін білді.
Повестер
Ермахан әскери міндетін өтеген бөлімнің адамдары болар
деп топшылады. Келген кісілердің әрқайсысына жақын ба-
рып кімдер екенін тізімге қарап тексеріп жүрген хатшы
қыз бөгделеу көрінген екі-үш кісіге бұрылып:
− Қазір бірінші қаралатын іске, яғни Ескеровтың ісіне
қатысы жоқ азаматтардың сот залынан шыға тұрғаны жөн.
Келесі іс қаралатын сәтте сіздерді өзіміз шақырамыз, − деп
бірнеше кісіні залдан тысқа шығарып салды.
Төрдегі соттың алдында тұруға тиісті бар заттарын бір-
бірлеп түгендеп, қағаз-қаламын, қоңырауын, графинге
құйылған суына шейін мұқият тексеріп шыққанына қара
ғанда қазіргі бар жауапкершілік осы қыздың мойнында
сияқтанды.
Әне, енді кірген кісіні танитындардың бірі оны иегімен
нұсқап, «тергеуші» деп күбір етті. Іле-шала тұнжыр көк
форма киген, пагонды жас жігіттің төрге таман, соттың
столына тақау қойылған орынға жайғасқанына қарап Тана
да сірә, мына кісі прокурор болар деп жорыған. Тананың
қабатында отырып, өзара сыбырласып жатқан екеу мұны
«мемлекеттік айыптаушы» деп ұғындырды. Тана үшін
кім екендері беймәлім тағы бірнеше адам әріректе, бос
тұрған столға тақау орын алыпты. Ермаханды қашан
алып келер екен! Тананың екі көзі сырттан кіретін есікте.
Бірақ сүт пісірім уақытқа дейін Ермаханды да, адво-
катты да көре алмай отырды. Сот жұмысының баста-
луы кешеуілдеген сайын тағы да бір себеппен кейінге
қалдырмаса жарар еді деп іштей тыпыршып отырған
Тана кенет бүйір жақтағы қабырғаның есігінен Ермахан-
ды ертіп қаруы бар екі солдаттың кіріп келе жатқанын
көріп, өзінің орнынан қалай атып тұрғанын да байқамай
аузын басқан күйі екі көзі мөлт-мөлт жасқа толып, сілейіп
тұрды да қалды. Мұны аңғара қойған жауапты қыз дереу: −
Жолдастар, тыныштықты бұзбаңыздар. Орындарыңызға
жайғасыңыздар! – деп нықтап айтты. Бұл ескертудің өзіне
ғана бағытталғанын сезген Тана жалма-жан орындығына
отыра кеткенімен екі көзі Ермаханда.
Әп дегеннен аңғарғаны – Ермахан боп-боз болып, мүл
дем жүдеп кетіпті. Екі көзін төмен салып келіп, нұсқаған
орындыққа отырды. Жан-жағына қарауға болмайды деді
ме екен, әлде бізді көрсем көңілім босап, әбігерленермін
Жарылқасын Нұсқабайұлы
деп әдейі қарамай отыр ма деп ойлады Тана. Осы сәтте әлгі
тыныштықты талап еткен қыздың даусы саңқ етті:
− Сот келе жатыр! Орындарыңыздан тұруларыңызды
сұраймын!
Ескі орындықтардың бірі шиқылдап, екіншілері сақыр-
сұқыр етіп, залдағылар әп-сәтте-ақ солдаттарша қаздиып
қалды.
Етшеңдеу, орта жастағы ер кісі төрдегі орнына жайғас
қан соң әмірші қыз:
− Отырыңыздар! – деп рұқсат берді.
Судья бүгінгі сот процесінің еліміз егемендік алғалы
біршама уақыттан бері өткелі отырған алғашқы жұмысы
екенін, мұның бір себебі – сотта қаралатын жұмыстардың
әлі әзір болмағандығынан және бұл салада да кадр ауысу
жұмыстары жүзеге асырылғандығынан екенін ескертті.
Ал қазір қаралғалы отырған іске тиісті мамандардың
жан-жақты, объективті, әрі жанашырлықпен мұқият қарап
келгенін баса айтты. Сосын бүгінгі сот жұмысын жүргі
зуге мемлекеттік айыптаушы, прокурор Алтайбаев жол-
дас келгенін, тергеушілер, басқа да жауапты қызметтерде
отырған офицерлер шақырылғанын, сондай-ақ жауапкер
дің қорғаушы адвокаты, куәлер шақырылғанын ескертіп,
алғашқы сөз кезегін Алтайбаев жолдасқа берді.
Прокурор тергеушілер жүргізген іспен мұқият таныс
қанын, тергеу жұмысының дұрыс, өз дәрежесінде жүргі
зілгенін, ешқандай күмәнді немесе түсініксіз жайлар жоқ
екенін айтты. Сондай-ақ айыпкердің өз кінәсін толық мой-
ындап отырғанын, шындықтан бұлтармай, өзін-өзі орын-
сыз ақтауға тырыспай тергеу жұмысын жеңілдеткенін атап
айтты. Сонымен қатар, айыпталушы Ескеровтың Армия-
дан қашқанын, ата-анасына немесе туған-туысқандарына
жоспарлы түрде қашып бармағаны анық болды. Ескеров
әскер бөлімшесін тастап қашып шыққан соң беті ауған
жаққа жүре беріп, осы облыстың таяудағы аудандарының
бірінде бір жарым жыл шопанның көмекшісі болып жұмыс
істегенін естіген соң біз сол шаруашылыққа мінездеме
беріңіздер деп сұрау салған едік. Совхоз директоры мен
кәсіподақ комитетінің басшысы қол қойған өте жақсы
мінездеме келді. Әлгі уақыт аралығында бұған бірнеше рет
сыйлық беріліп, алғыс жарияланыпты. Тындырымды, өте
тәртіпті екенін атап айтыпты.
Повестер
− Құрметті сот жолдас! Енді жауапкердің өзін тың
дайық. Солай еткеніміз жөн болар.
− Қане, айыпталушы Ескеров, бері мына мінбеге жа
қында. Солдаттар, Ескеровты мына сөйлейтін орнына әке
ліңіздер!
− Қатардағы жауынгер болған Ескеров, бөлімшеден
сенің қашып кетуіңе себепкер болған жағдай не? Қысқаша
айтып берші.
− Құрметті сот, мен осы бөлімшеге келген күннен ба-
стап ересек солдаттардың қыспағына, былайша айтқанда
себепсіз кемсітуіне, жөн-жосықсыз балағаттап, ұрып-
соғуына тап болдым. Ешқандай кінәлі болмаған соң
«Бұларың не? Неге тиісесіңдер?» деген сияқты қарсылық
жасағаным мүлде ұнамады. Сосын мені ұрып-соғуын
күшейтті. Бірге жүрген солдаттарға айтып едім «Қой,
ешкімге айтып әуре болма. Бұлардан тек айтқандарын
істеп, таяғын үндемей жеп қана құтыласың» деді. Бірақ на-
мысымыз бар емес пе? Аракідік болса да наразылығымды
білдіріп қалып жүргенмін. Бір күні кешке асханадан келе
жатқан жолымызды тосып тұр екен үш солдат. Олардың
фамилияларын түсінігімде жазып бергенмін. Мені әлгі
үшеуі әй-шайға келтірмей төмпештей жөнелді. Қорғанып,
әрекет етуге мұршамды келтірмеді. Арғы жағын білмей
мін. Госпитальда талай күннен кейін ғана есімді жидым.
Ұзақ жаттым. Жарты жылдан астам. Одан кейін де сапқа
тұруға жарамай көп емделдім.
Ақыры сауығып, солдаттарға қосылғаным жаңа еді.
Кешкі апақ-сапақта асханадан келе жатсам әлгі мені өлім
ші қылған үшеудің біреуі әлі үйіне кетпеген екен, біздің
бірге служить ететін бір баланы ешек қылып мініп келеді
екен. Ана бейшараның тірсегі соғысып, әзер көтеріп жүр.
− Әй, мынау не? – деуім мұң екен әлгі солдатқа. Дереу
ананы тастай салып маған ұмтылды. Екеуміз жағаласып
кеттік. Мені бас-көз демей төпей бастады. Енді қарап
тұрып тағы да өлейін бе?! Мен де аянбадым. Бір кезде әлгі
сүрініп құлағаны. Құлаған бойда-ақ жаңа өзі мініп кел-
ген солдатқа: − Әй, есек, неге тұрсың, мал сияқты! Бар, де-
реу жігіттерге хабарла! − деп бұйырды. Анау тұра жүгірді
казармаға. Жығылып қалған солдатты әлденеше ұрып, бір-
екі рет тептім де «оған көмек келмей тұрғанда қашайын»
Жарылқасын Нұсқабайұлы деп сыртқы, ауланың есігіне қарай ұмтылдым. Құдай оңдағанда кезекші телефонмен сөйлесіп жатыр екен. Мені байқамады. Мен қашып шықтым. Бары осы. − Сені қой бағып жүрген жеріңде ешкім іздеп барған жоқ па? − Жоқ. Іздеген адам болған жоқ. − Әке-шешең ше? − Кейінірек біреулер арқылы хабар беріп едім, туыстарым келіп көріп кетті. − Ал сен малын баққан қойшы ешкімге хабарламады ма сен туралы? − Онысын мен білмеймін. Мүмкін айтқан да шығар. Маған ол жөнінде ештеңе деген емес. Сот прокурорға бұрылып: − Ол шопанның заң алдындағы жауапкершілігі туралы ойланбаған ба екен, тергеушілер? – деді. Осы сәт тергеуші қолын көтере-мөтере өзі де орнынан тұрып: − Құрметті сот жолдас! Ол марқұм мына Ескеров ұста лардан төрт-бес күн бұрын ғана жол апатынан қайтыс болып кеткен. Сот: − Түсінікті. Алтайбаев жолдас, жаңағы совхоз басшылығы жіберген мінездемені беріңізші. Сот мінездемені мұқият қарап, дұрыс құжат екеніне кө зі жеткен соң: − Тіпті наградаға ұсынып жатқандай келіс тіре мақтапты ғой өзін? – деп былай ысырып қойды құжат ты. − Сонымен прокурор жолдас, Сіздің мемлекеттік айыптаушы ретіндегі пікіріңізді білсек... Прокурор Алтайбаев: − Жауапкер Ескеров әу баста соққыға жығылғанға дейінгі кезеңде офицерлер тарапынан: «өте тәртіпті, тындырымды, өзіне тапсырылған істі өте тиянақты орындайды, солдаттармен қарым-қатына сында мін жоқ» деп сипаттама берген екен. Айыпталушы Ескеровтың басты кінәсі – казарманы тастап қашқаны. Және содан бері өткен бір жарым жылда бөлімшеге өз кінәсін мойындап қайтып келетін де мүмкіндігі бар екен. Өкінішке орай, айыпталушы Ескеров ондай қадам жасай алмаған. Тергеушілердің «Неге қаштың?» деген сұрағына: «Бір
Повестер
рет өлімші болып таяқ жеген соң бұл жолы қалсам, өлті
ретін шығар деп қаштым», − деген жауап беріпті.
Әрине, үрей деген нәрсені біз де түсінеміз. Бірақ ұлты
мызда «Өлімнен ұят күшті» дейтін сөз бар. Ескеров
әскерде бірге қызмет етіп жүрген солдаттар мен офицерлер
алдындағы, ата-анасы, ел-жұрты алдындағы ұятын ойла
мағаны өкінішті.
Сот: − Қорғаушысы не айтар екен бұл жөнінде?
Адвокат: − Прокурор жолдас өте орынды айтып отыр.
Бірақ бұл жерде мына мәселеге назар аударғанымыз дұрыс
болар еді. Ескеров үш солдаттың соққысынан кейін жарты
жыл өлім мен өмірдің арасында арпалысты. Мұның ауыр
зардабы, табы адамның санасында өшпес із қалдыратынын
баршаңыз өте жақсы білесіздер. Әсіресе, үлкен өмірге енді
ғана қадам басқан бозбаланың психологиясында төңкеріс
жасады десек, ағат айтқанымыз болмас еді. Мұның үстіне
айыпталушы Ескеров емделіп жатқанда әскери дәрігерлер
мен тергеушілер бұған күнбе-күн моральдық қолдау көр
сетіп, «Сен жазылып шық, сосын кінәлілерді сөзсіз жа-
залаймыз» деп уәде берумен болған. Әрине, дұрысы со-
лай болуы керек еді. Әттең, оның бірі де орындалма-
ды. Тіпті, айығып, қатарға қосылған солдатты жауын-
герлер де, офицерлер де шеттетіп, оқшаулап бақты. Оны-
мен жай сөйлесудің өзінен қашқақтайтын болды. Міне,
сөйтіп, бөлімшеде өгей баланың статусына ие болған сол-
дат тарықты, торықты. Жалғысырады. Армияға деген сені
мінен айырыла бастады. Күдік көбейді. Себебі, өзін өлтіре
тепкілеген үшеудің қылшықтары қисаймай үйлеріне
қайтты.
Міне, осы сәтте соңғы төбелеске тап болды. Психоло
гиялық тұрғыдан алғанда мұндай адамның өзі басы ауған
жаққа безіп кетері күмәнсіз. Яғни, тағы да таяқ ұшында
кетпеудің, өлмеудің бір ғана жолы – қашып құтылу еді!
Бүгін осы сот процесіне куәгер ретінде қатысып отыр
ған бір кісі, айыпталушы Ескеровтың қамалғанға дейін
тәрбиешісінің, тіпті анасының рөлін атқарған, әрі «жең
гесі» де болған бір кісі отыр. Сол кісінің пікірін тың
даңыздар, біраз шындықтың беті ашылар деп ойлаймын.
Сот: − Қане, ол кісі қайда? Бері көпшіліктің алдына
шығыңызшы.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Сот басталғалы көзінің жасын тия алмай жылаумен
ғана отырған Тана кішкентай бүлдіршінін ертіп, мінбеге
жақындады.
− Иә, айта беріңіз. Өзіңізді таныстырыңыз әуелі. Жал
ған куәлік етсеңіз, заң алдында жауапкер болатыныңызды
есіңізге саламын, − деп сіресіп отыр сот.
− Құрметті сот, менің фамилиям Айтуова, құжаттағы
атым – Татьяна. Бірақ мені жұрт Тана деп таниды. Тана деп
біледі. Өйткені қазақтың келінімін. Және онымды мақтан
етемін. Өйткені, қазақтың Елен атты арыстай азаматы-
мен тұрмыс құрдым. Ата-енемді сыйлап, қазақтың салт-
дәстүрін қабылдадым. Онымды мақтан етем.
− Куәгер ретінде айтқыңыз келген сөзіңізді айтсаңыз, −
деп тоқтатты. сот.
− Куәгер ретіндегі сөзімнің сүйеніші де осылай баста-
луы тиіс. Себебі, бүгін айыпталушы ретінде алдарыңызда
тұрған Ермахан соңғы бір жарым жылын біздің шаңырағы
мызда, біздің – ерлі-зайыпты екі кісінің біріне – іні, екін
шімізге – қайны, баламызға – бауыр, аға болып, мұңсыз
өмір кешіп едік.
Ермахан сондай бауырмал, өзіне қиын болса да өзгеге
қол ұшын беруге әзір тұратын, соншалық адал, кішіпейіл
жігіт. Зілі жоқ. Еңбекқор. Осы қасиеттеріне көзі жеткен
күйеуім – Елен бұл баланы өзінің бірге туған бауырларынан
кем көрмей, туған інім деп санады. Өзім үйлендіремін, енді
бізді құдай ажыратпаса, ешкім ажырата алмайды деуші еді...
Мына кішкентай Аршат екеуі бірін-бірі өлердей жақсы
көреді. Соншалық бауыр басып кетіп едік бәріміз де. Мен
қазақ жігітімен қосылып, оның Ермахандай ақ жүрек,
адал інісін тапқаныма, жалпы «Жақсыда жаттық жоқ» деп
жақсыға, жақсылыққа ұмтылатын қазақ ешкімге қиянат
жасамайтынына, кімді болса да жақсы жолға салып, демеп
жіберуге бейім тұратынына күмәнім жоқ...
Әттең, ағасынан айырылып қалдық... Әйтпесе, ол
Ермаханның пәктігін, інісі үшін отқа түсуге әзір екенін
көрсетер еді...
Сот: − Жауапкер Ескеров, сен қылмысыңды мойындай
сың ба?
Жазаланушы: Частан қашқаным – заңсыздық екенін
мойындаймын. Бірақ...
Повестер
− Прокурор жолдас, мемлекеттік айыптаушы ретінде
қандай ұсынысыңыз бар?
− Әрине, Қазақстан Республикасының Қылмыстық ко
дексінің тиісті баптарына сәйкес айыпталушы Ескеров-
ке әскери бөлімді тастап қашқаны үшін бір жылдан бес
жылға дейін бас бостандығынан айыруға негіз бар деп
есептеймін.
Рас, айыпталушы бұрын істі болмаған, басқа қылмыс
тық әрекеттер жасамаған. Қашып жүрген бір жарым жыл-
да мемлекет малын бағуға жәрдемдесіп, игі шаруа істеген.
Куәгер де өте дұрыс пікір айтты. Міне, осы жағдайлардың
бәрін ескере отырып, Ескеровті бір жылға кесуге болады
деп есептеймін.
Шешім шығару үшін оңаша бөлмесіне кеткенімен көп
кешеуілдемей қайтып келген Сот: − Қазақстан Республика-
сы Президентінің атынан қаулы етемін: Қазақстан Респу-
бликасы қылмыстық кодексінің бабына сәйкес мемлекеттік
айыптаушы оны бір жылға бас бостандығынан айыру ту-
ралы үкім шығаруды дұрыс деп ұсынған еді. Прокурордың
ұсынысы негізінен, дұрыс деп есептеймін. Бірақ біз бүгінгі
сот мәжілісіне дейін тоғыз айдай тергеудегі мерзімі мен
аудандық милиция бөлімінде бір айдан астам қамауда
отырғанын, сондай-ақ оның бір жарым жыл жұмыс істе
ген шаруашылығынан жақсы мінездеме келгенін, марқұм
ағасы шопан, Ескеровке өкіл әке, әрі аға болып тәрбие
легенін, әрі аға шопанның зайыбы Айтуова Татьянаның
жүрек тебірентерлік сөзі мен куәгер ретінде оның адам
гершілік қасиеттерін бөлекше айтып, кепілдік берген
жүрекжарды сөздерін ескере отырып, кесімді жазасының
әлі өтелмеген үш айына еліміздің егемендік алуына бай-
ланысты кей категориядағы ауыр қылмыс жасамаған қыл
мыскерлердің өтелмеген мерзімін ішінара қысқартуға заң
орындарына рұқсат берілуіне орай Совет Армиясының
қатарында жүріп, қылмыс жасаған солдат Ермахан Еске-
ровке өтелмеген үш айына кешірім жасап, оны сот залынан
басату туралы үкім шығарды. Себебі: заң органдарының
басты мақсаты – әсіресе, жастарды дұрыс жолға салуға,
қайта тәрбиелеуге мүмкіндік беру. Ол үшін мүмкіндігінше
оларға сенім көрсету.
− Ермахан Ескеров, ризамысың?!
Жарылқасын Нұсқабайұлы
− Мың да бір рахмет мәртебелі сот! Отаныма адал
қызмет ететініме сеніңіздер!
− Ендеше жолың болсын!
− Осымен бүгінгі сот мәжілісін жабық деп жариялай-
мын!
Залдағы көпшілік разы көңілмен ду қол соқты. Күні
бойы екі көздері Ермаханда отырған Тана мен Аршат азат
болған солдатты қоршап алып, алма-кезек құттықтап
жатқан көпшілікті кимелей ұмтылып Ермаханға жақындай
берді.
* * *
Арада жарты сағаттай уақыт өткенде шексіз қуаныш
толқынына шомылған Тана мен Ермахан кішкентай Ар-
шатты екеуі екі қолынан ұстап, жетектеген күйі әскери
қалашықтан шығатын даңғыл жолға қарай көз ұшында
кетіп бара жатты...
Құмда өскен қызғалдақ
Түйе жүн түсті су жаңа «Уазик» жалпақ егістікті кесе-
көлденең аралап келеді. Шофер де, оның қасында отырған от-
ыздан енді асқан, ат жақты, ашаң жүзді, әдеміше қара торы
жігіт те ой үстінде. Екеуінің де назары алда. Шофер жолға
қараса, қатар отырған жігіт жол жиегіндегі жүгеріге, әріректе
қараң-құраң көзге шалынып қалып жатқан адамдарға қа
райды. Даланың ұшы-қиыры жоқ сияқты. Шығыстан соққан
самал жел ойдым-ойдым тоғай аралығына егілген бітік
жүгерінің сарғыш тарта бастаған жапырағын, күлтесін, қыз
ғылт сары шашағын үздіксіз тербеген сәтте қалың жүгері
оның көзіне қызылды-жасылды киініп, стадионға жиналған
мазасыз жанкүйерлердей елестеп кетті.
Жол жиегіне әлі комбайн жетпепті. Сонау көз ұшында
қатар келе жатқан ұзын мойын комбайндар қарауытып, көл
бетінде көлбей жүзген қаз-құтанға ұқсайды. Ал одан сәл
әріректе көрінген қалың ағаш сол көл-дария жағасындағы
биік жарлауыттай елестейді. Қарсы алдынан төңкере
салған тостағандай жұп-жұмыр төбе көрінеді.
− Сазантөбе! Қызық, жер аты да қойыла береді-ау! Баға
надан өзімен өзі болып келе жатқан жігіт баяу жымиып,
шоферіне бұрылды.
− Осы төбенің қалай Сазантөбе аталып жүргенін біл
меймін. Мұнда балық өсетін не көл жоқ, көл тұрмақ бір
құлақ су да жоқ.
− Жер аты тегіннен-тегін қойылмайды ғой, Тәке. Мүм
кін, ілгеріректе көл де болған шығар, − деді шофер жігіт
көзін жолдан алмастан.
− Рас-ay, бірақ соңғы бірнеше жылдың өзінде ғана қан
шама өзгерді бұл өңір. Есіңде ме, Ұлбала, бұрын осы маңай
мидай дала болушы еді. Күні жетсе жер екеш жер де аяқ
астынан жаңғырады екен ғой...
Жарылқасын Нұсқабайұлы
− Неге есімде болмасын, Тасанби аға.
Шофердің нақ желке тұсында отырған Ұлбала мен ау
дандық партия комитетінің екінші секретары Тасанби
Тоқбергеновтің Сырдың бергі бетіне өткелі бері тіл қатыс
қаны осы. Мана аудандық партия комитетінің кезекті пле-
нумы аяқталысымен екі-үш совхозды аралауға шыққан се-
кретарь Ұлбала Ханжігітова мен қазақ радиосынан келген
тілшіні бірге ала шыққан. Артқы орындықта Ұлбаланың
қатарында қалғып келе жатқан жігіт сол.
− Тіпті, әлі есімде, осыдан бес жыл бұрын осы жерден
талай рет Сырға беттеген киіктің үйірін қуғанымыз. Ал
қазір киік қумақ түгілі егіннен аяғыңды алып жүре ал
майсың, − деп қосарлана кетті шофер.
Шофердің даусы қаттырақ шықты ма, осы сәтте тілші
де көзін ашып, әңгімеге құлақ түрді. Мұны байқаған се-
кретарь:
− Қалай, ағайын, ұйқы қанды ма? − деді оған бұрылып.
Өзінен жасы кішілеу секретарьдың әрдайым сабырмен
қарайтын үлкен ойлы көздерінен мейірім сезгендей болса
да бейтаныс жігіт қапелімде қысылыңқырап қалды.
− Е, аздап қалғып кетіппін. Мына артқы орындықтан
түк көрінбейді екен. Оның үстіне машина тербетіп... Сіздің
фермаға келіп те қалғанбыз ба? − деді Ұлбалаға. Ұлбала
үнсіз ғана басын изеді.
Әңгіме енді қызайын деді. Үш кісі енді түгел бір әңгі
менің желісіне түсті.
− Мынау біздің ферманың егістігі. Орылмай қалған
жүгері қазір жолдың біз келе жатқан бетінде ғана бар.
Сосын Ұлбала тілшіге бұрылып:
− Жаңа Тасанби ағай екеуіміз осы жердің біраз жыл
бұрын елсіз дала болғанын әңгіме етіп келе жатыр едік.
Енді міне, жайқалған бітік жүгері өскен егістікке айналды,
− деді Ұлбала.
− О, жүгері деп биыл «Арыс» совхозы еккен жүгеріні
айтыңдар!
− Иә, биыл ауданымызда тұңғыш рет югославиялық
жүгері сортын сол совхоз егіпті ғой. Суды көп тілейді
дейтіні рас па?
− Онысы рас, Ұлбала. Бірақ су мәселесін де шешетін
түріміз бар. Естіген шығарсыңдар, дарияның жоғарырақ
Повестер
тұсынан Арыс өзеніне дейін 35 километрлік канал қазыл
ды. Биыл айтарлықтай пайдасын көре алмадық. Содан
да шығар «Арыс» совхозының жүгерісі биыл судан біраз
тапшылық көрді. Бірақ енді бірнеше жылдан кейін сол ка-
нал бойы да адам танымастай өзгергелі тұр.
Біздің аудандағы егіншілік үшін ең басты нәрсе − су. Су
жеткілікті болса, тәп-тәуір-ақ өнім алуға болатын сияқты.
− Оныңыз дұрыс. Бірақ мені соңғы бір жыл беделінде
басқа бір күдік күпті қылып жүр, − деп қалды Ұлбала.
Бағанадан бөгде пікір айтпай өз айтқанын қоштап қана
келе жатқан Ұлбаланың мына сөзі секретарьға соншалық
тосын естілді ме қайдам, Тасанби Ұлбалаға бүкіл денесі
мен қалт бұрылды.
− Иә, ол не күдік? Айт, айт! − деп бастырмалата бастады
секретарь, бейне «Айтпай қалар ма екен», − деп күдіктен
гендей. − Екеулеп сейілтуге тырысайық.
− Біздің совхозымыздың 2024 гектар суармалы жері бар.
Соның 1300 гектардайына шөп егеміз де қалғанына жүгері
сеуіп жүрміз ғой. Аудан көлеміндегі негізгі дақылымыз да
жүгері. Енді осы жүгеріні егуін егеміз, ал баптауымыз қай
дәрежеде? Мені осы ойландырады. Күдігім де осыған бай-
ланысты.
Күдік қайдан туды дейсіз ғой? Ол былай. Біз совхоз
бойынша әзірше әр гектардан 35-45 центнер төңірегінде
өнім алып жүрміз. Әлиев Әмет деген жүгерішіміз өзіне
бекітілген жүз гектардың әр гектарынан 70 центнерден
собық өткізеді. Ал совхоз орталығындағы мектептің өнді
рістік бригадасына 40 гектар жер берілген еді. Оқушылар
сол жерге жыл сайын жүгері егіп 100-105 центнерден
тұрақты өнім жинайды. Көрдіңіз бе? Совхоздың орта-
ша көрсеткішінен аттай үш есе жоғары. Сосын мұның не
кілтипаны бар деген ойға қалам. Жер жағдайы бірдей, суы
ортақ. Тыңайтқыш керісінше совхоз жүгерісіне көп себі
леді. Күш те, көлік те совхозда. Сонда мұның себебі не?
Менің пайымдауымша себебі біреу-ақ. Ол − күтім. Су тап-
шы дейтініміз көбіне сылтау ғана. Орнымен жұмсай білсе
басқаны қайдам, біздің жүгеріміз шөлдемеуі тиіс. Міне,
менің күдігім.
− Мынауың қызық нәрсе екен. Мұншалықты алшақ
тық болмауы тиіс қой. Біздің агрономдарымыз, жүгері
Жарылқасын Нұсқабайұлы
шілеріміз кейде суды тиімді пайдаланбай ысырапқа жол
берушіліктен туатын өз қырсыздығын, су жетпейдіге жаба
салатынын біз де байқайтынбыз. Бірақ нақ мына сен айт
қандай болар деп...
Тасанби ойланып қалды. «Шындығында бұл ойда бо-
латын факт екен. Тек асығыс шешім айтпағаны мақұл.
Ол үшін бүкіл жүгері егетін бригадалардың, жекелеген
звенолардың көрсеткішін жинап, жер-су жағдайын салы-
стыру керек. Кесімді пікірді содан соң айтқан жөн...» − деп
ойлады секретарь іштей.
Әлден уақытта барып Ұлбалаға бұрылды.
− Ұлбала, бұған Сіз болып, біз болып мұқият зер са
лайық. Кім біледі, сенің осы күдігің ертеңгі мол өнім жо
лындағы қозғалысқа мұрындық болар. Онда нұр үстіне
нұр. Бұл әңгімені екеуіміз қалайда аяқсыз қалдырмайық.
Сен айтып отырғандай алшақтық, сәйкессіздік өзге шаруа
шылықтарда да бар. Ендеше бұл көп болып қолға алатын
мәні зор іс.
− Ағай, біздің ауылға жеттік, − деді Ұлбала машина айда-
лада өскен топ ағаштың көлеңкесіне қатар салынған қос үйге
тұмсық тірегенде. − Қане, аттан түсіп, мейман болыңыз.
− Жоқ, Ұлбала. Мына «Ақтөбеде» тығыз шаруам бар еді.
Мүмкіндік тапсам қайтарда соғармын. Келіп жүрмін ғой,
бізге рұқсат бер, − деп Тасанби қоштасуға қолын ұсынды.
Сосын тілшіге:
− Іздеген Ұлбалаңыздың аулы осы. Ал бізбен жүремін
десеңіз оған да қарсылығымыз жоқ.
− Рақмет, Тасеке. Жолдарыңыз болсын. Мен бүгін осы
Ұлбаланың шаруашылығымен танысамын. Сосынғысын
көрерміз. Бағана өзіңізге айттым ғой, бәлкім, Мамақовтың
бригадасына да барып қайтармын.
− Жақсы, іске сәт! − деді секретарь. − Қайтар жолыңыз
да соға кетерсіз. Ұлбала туралы дұрыстап жазу керек.
Тілші «мен келістім» дегендей басын изеп, оң қолын
жоғары көтерді. «Уазик» келген ізімен кері қайтты.
Ұлбала мен тілші үйге кіргенде қыз әкесі Көпжан үйдегі
бала-шағасымен бір табақ асты алдына жаңа алған екен.
Ұлбала сөйлей кірді.
− Неге тым-тырыс десем бастаңғы жасап жатыр екен
сіздер ғой. Ac тәтті болсын.
Повестер
− Келіңдер, жоғары шығыңдар, − деп Көбекең табақтан
шегіншектей берді. Екі көзі Ұлбала ертіп келген бейтаныс
жігітте.
− Дайын астың үстінен түстіңдер, мақтап жүреді екен
сіңдер.
− Дұрыс айттыңыз, қария, бұрын мақтамасақ та енді
мақтауға келдік, − деп тілші де тілге келді.
− Қонақтың қолына су құйыңдар, балалар, − деп Көп
жан елпелектеп жатыр.
− Көке, сіздер тамақтарыңызды ала беріңіздер. Бізге ар-
найы қазан көтерерсіздер, − деді Ұлбала әкесіне кейде әзіл
десе беретін әдетімен.
− Ол не дегенің, жарығым-ау, бәрі де болады. Тек үсті
нен түскен соң ауыз тиіңдер деп жатқаным, несібе ғой.
Тілші мен Ұлбала қолын жуып, дастарқанға отырған
соң Көбекең:
− Қалай, шырақ, мал-жан аман ба? − деді танымаса да
дәстүрден жаңылмай.
− Рақмет, ақсақал, өз үй іштеріңіз...
− Көке, бұл кісі Қазақ радиосынан келіпті. Тілші, − деп
күлімдеп тұр Ұлбала.
− Дұрыс, балам. Келгендерің жақсы. Қане, тамақ
алыңдар, шаруа жайын сосын айтарсыңдар.
Ac-су ішіп болған соң тілші жігіт қағаз-қаламын,
репортерін әзірлеп Көпжанды икемдей берді.
− Сонда мен не айтуым керек сендерге? − деді Көбекең
журналиске қандай мәлімет керектігін білмекші болып.
− Қазақ радиосының «Ұшқын» программасы арқылы
Ұлбала жайлы көлемді бір очерк берсек деген ұйғарым
бар. Сол тапсырмамен келдім. Сырттай сұрастырып та
келемін. Ұлбаланың өмірбаяны жаңа басталыпты. Ол көп
не айта қойсын. Сондықтан Ұлбала жайлы өзіңіздің айтып
бергеніңіз жөн болар. Сосын Ұлбаланың өзі де толықтыра
жатар...
Көпжан ойланып қалды. Сосын әрдайымғы дағдысы
бойынша насыбай шақшасын алды.
− Жарайды, қалқам. Өзің сұрап жетелеп отыр. Мен айта
берейін. Керегіңді аларсың, келістік қой?
− Құп, Көбеке.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
* * *
− Мен бір даңққа ие болайын, немесе шен-шекпен ала
йын деп қой баққаным жоқ. Көзімізді ашқалы көрген-
білгеніміз осы қара қой. Бұдан басқа да тіршілік көзі бар
екенін білмейді емеспіз, білеміз. Бірақ қанға сіңген кәсіп
емес пе? Бір бүйрегің бұрады да тұрады екен. Оның үстіне
малдан кеткенде нені кәсіп етемін деп және ойлайсың.
Басы ашық мамандығымыз жоқ. Бола қойғанда да елге,
жұртқа осы қой баққаннан артық пайда тигізе алмайсың.
Туған топырағының нанын жеп, қамын ойлаған әр аза-
мат өз жағдайымен қатар халқының да мүддесін көздейтін
шығар-ау.
Көбекеңнің жарықшағы жоқ сүйкімді қоңыр даусы да,
бір айтқанын қайталамай баяу болса да баппен сөйлейтін
әдеті, әңгімесінің мәнділігі айтып отырған жайына өзінің
қаншалықты қатысы барлығын, көзқарасын оқиға өріміне
орай сәл ғана жымиып, немесе қабағынан аңғартатын ұс
тамдылығы, жақсыны тым әсірелеп жібермей, жаманды
да аса ғайбаттамай төрелікті тыңдаушысының өзіне қал
дырып отыратын сыпайылығы сөзіне құлақ салған жан-
ды енжар қалдырмайды. Тілші көпті көрген Көбекең
нің әңгімесіне ұйып, бар зейіні сол кісі баяндап отырған
оқиғаның үстінде болса да екі көзі Көбекеңнің өзінде.
Ол көселеу селдір сақалды, етекті қыр мұрынды, самай-
ын, сақал-мұртын жұқалап қырау шалған, көзін қабағы
жаба түскен бидай өңді кісі. Терең түскен әжім сызық
тарының арасы ағарып көрінгеніне қарағанда жүзінің
қоңырқай көрінетіні − күн қаққандікі сияқты. Жас бала-
ша сәл имене сөйлейтіндігінен бе, жоқ денесінің ықшам,
өзінің қағілез қимылдайтындығынан ба, әйтеуір, жасаң
көрінеді.
− Айта берсек ол көп тарих қой. Біздің балалық шағы
мыз кісі қызығарлық болған жоқ. Әкеден төрт жасында,
шешеден он бірге шыққанында айрылып, тақыр жетім қал
ған баланың күні қай оңсын. Қазіргідей ел тоқшылық кез
болса бір сәрі. «Балапан − басымен, тұрымтай − тұсымен»
дегендей заман еді ғой. Оның қайсыбірін айтайын. Өздерің
де хабардарсыңдар ғой ол дәуірден. Одан да мына Ұлба
ланың қалай Ұлбала атанғанын айтып берейін...
Жастайымнан тұрмыс тауқыметін тартып, жалғызілікті
Повестер
өскендіктен бе өзімше шаңырақ көтеріп, үй болуға
ынтықтым. «Анау, Көпжанның үйі», «Көпжанның үйінің
жанында», − деген сөздерді есітер күн болар ма екен деп
армандайтынмын. Әйтеуір, тағдыр тілегімді берді ме, осы
Ақманармен отасып, түтін түтеттік. Содан Нұрбибі де-
ген қыз дүниеге келді. Адам да қызық қой. Болған үстіне
бола берсе дейді. Бір көксегеніне қолы жетер-жетпестен-ақ
екінші бір арман алдан қашады. Кім білсін, өмірдің өзі де
сонысымен тұйықталып, тоқырамайтын, қайта желіктіріп
жетелей түсетін қасиетімен құдіретті шығар... Кешегі қу
жетім Көпжан күй талғайын деді. «Енді бір жаман неме
ерсе артымнан», − дегенді шығарды. Бұл сырымды шым-
шымдап Ақманарға да аңғарттым.
− Көкесі, ол көксегенің де болар, асықпа, − дейтін
Ақманар сабырлы қалпын бұзбай.
Осы күнде ойлансам, соным шынында да асығыстық,
албырттық екен-ау. Әйтпесе тұңғыш перзентімді көрер-
көрмес тағдырды тақымдап «ұл бер» деуім жарасымсыз-ақ
емес пе?
Сөйтіп жүргенде Ақманардың аяғы ауырлап, ай-күні
жақындай берді. Ақманарды қайдам, бұл жолы ұл бола-
тынына менің зәредей де күмәнім жоқ сияқты. Бұл сенім
дегенді қойсаңызшы! Ау, бәлкім, тағы да қыз болар дегенді
ойлатпайды ғой. Әй, қайран жастық-ай! Бертін келе білдік,
бәрі де сол жастықтың, алау сезімнің сиқыры екен де.
Сонымен не болды дейсіңдер? Менде ес жоқ. Ақманар
суға бар десе суға барам, отын десе отынын жеткізем.
Мұрындықты түйедей елпілдеген ебелек күйге түстім.
Ақманар «аспандағы Айды әпер» десе тайынар түрім
жоқ. Күн ұзақ қой соңында жүрсем де бұрынғыдай қажы
маймын, сергек оралам. Болашақ перзентімнен бір хабар
келіп қалатындай кеш сайын үйге жетуге асығам. Бірақ,
байқаймын, соңғы күндері Ақманарымда кірбің бе, күйбің
бе бірдеме бар сықылды. «Ауырып жүрген шығар, ауырлап
жүрген шығарға» жоритынмын да қоятынмын. Сөйтсем
ол да іштей қобалжулы екен. «Көпжан осыншама үмітте
жүргенде ұл болмай қалса қайтемін», − деп уайымдай-
тын көрінеді. Кейін айтты. Кім біледі, ана жүрегі сезген де
шығар.
Әйтеуір сарыла күткен күн де жетті. Мал әлі төлдей
Жарылқасын Нұсқабайұлы
қоймаған ерте көктем. Таң ата мазасыздана бастаған Ақма
нарды көрші үйдің кісілеріне тапсырып, малды өріске ай-
дап салдым да, өзім дәрігер шақыру үшін Жанкелге шап-
тым. Дүниеде қойшыны қинайтын осындай кез ғой. Зыр
етіп бара қоятын не машинаң жоқ қаладағыдай. «Әлеу,
дәрігер керек» дей қоятын телефоның жоқ. Бала-шағаң
ауырғанда өзің шабарсың. Ал өзің сырқаттансаң ше? Жал
ғыз әйелің малыңа қарай ма, дәрігер шақыра ма, жоқ бала-
шағасын жұбатып, сенің сорпа-суыңды әзірлей ме? Ол кез-
де тек ауырма, ауырмай бақ қойшым.
Ал қазір жағдай мүлде басқаша ғой. Қойшының жоқ де
генінде мотоциклі бар. Телефон да көбейді. Дәрігер де көз
жазбайды. Әрі жалғыз үй отыратын қойшы да қалмады.
Ферма орталығы − Жанкелге келсем доқтырымыз
ертеңгі шайын ішіп жатыр екен. Осылай да осылай дедім
де кері шаптым. Әне-міне дегенше машина мінген дәрігер
де өте шықты жанымнан. Сонда ғана «уһ» деп көңілді бір
демдеп, аттың басын өрістегі малға қарай бұрдым.
Ал, содан қане, күн өтсейші. Бір сағаты бір күндей
дерсің. Жалпы, осы күнде қалалы жерде, тіпті ауылда да
«Бұрынғыдай емес, күн қысқарып кеткен сияқты, түк
ке үлгермейміз. Таң атса − күн батады», − дегенді жиі
естиміз. Бұл тұжырымға, сірә, қойшылар қауымын келіс
тіре қою қиын-ақ болар. Қой бағудың мәні өзгергенмен,
әні өзгерген жоқ. Қазіргі қойшың да: «Қойшылар қой
жайғанда кеш батпайды», − дегенді теріске шығармайды.
Бұған әсіресе сол күні көзім күмәнсіз жетті.
Түс болды. Хабар жоқ. Сосын малды ауылға қарай бет
теттім де, өзім хабар білейін, түскі асымды ішейін, деп
үйге тарттым. Жақындап келемін. Біздің үйдің алдынан
будақтаған көк түтін шығады. «Е, далаға қазан асылыпты
ғой. Жақсылық болғай», − деймін күбірлеп. Бағанағы ма-
шина көрінбейді. Кетіп қалыпты. «Бұлардың маған хабар
бермегені несі? Әлде Ақманарды ауруханаға алып кетті
ме екен? Mен де қызықпын. Қойды жау жейді дедім бе,
тіке үйге неге келмедім? Аман болса екен». Кішкенеден
соң көрші үйдің әйелі сыртқа Нұрбибіні жетелеп шығып,
мені көрсетті де «бара ғой» деді білем, арқасынан итерді.
Нұрбибім күнделікті мен ат байлайтын қазыққа қарай
ілбіп келеді. «Неге тұра жүгірмейді бұл?» − деймін тағат
Повестер
сыз. Мен атымды қазыққа байлап жатқанда ғана анық
танығандай құлдыраңдап тұра жүгірді. Жете бере кілт
тоқтады да, екі қолының сұқ саусағын аузына салған күйі
тырп етпей тұрды да қалды. Мен атымды байлап болдым
да, өзіне қарай жүріп, құшағымды жайдым. Томпылдаған
күйі жүгіріп жетті де, жүрелеп отыра кеткен менің
құшағыма қойды да кетті. Мойнымнан қатты құшақтап
алыпты. Бетін басып алған, айрылар емес.
− Нұрбибі, басыңды көтерші, балам, − дедім.
Құлыным-ай, өзі жылап жатыр. Жүрегім бір бәленің
болғанын сезді де шым ете қалды. Құшағымдағы қызыма
одан әрі не деу керектігін, қалай жұбатарымды білмей
көтеріп алдым да, бауырыма басып, бетінен сүйе бердім.
− Көке, сен жыладың ба? − дегені кенет басын көтеріп
бетіме қараған Бибішім.
− Жо-жоқ! Жылағаным жоқ. Көке деген жыламайды.
Сендердей кішкентай қыздар, балалар жылайды, − дедім
сасып қалып. − Мынау жай көзімнің суы ғой.
− Бөпе жылайды, − деп қосып қойды қызым. − Сосын
aпa жылайды, бөпе жаман қыз, − дейді.
− Бөпең жақсы. Өте жақсы. Оның атын білесің бе сен?
− Доқ, бімейім. Шен айтшы, кім?
– Оның аты – ұл, Ұлбала! Ұқтың ба? Ұлбала!
– Көке мені түсиші. Апама айтам.
Аяғы жерге тиер тимес үйге жүгірді. Есіктен кірмей
жатып-ақ қуанышын айтып жеткізуге шыдамай «апалап»
барады.
– Апа!–деді Нұрбибі табалдырықтан қарғып түсіп.
– Ұбала, Ұбала!
– Не дейді мынау? Әкең келді ме, қызым?
– Кейді, әне! Бөпенің аты Ұбала!
– Оны кім айтты саған?
– Көкем айтты! Дақшы бөпе, аты Ұбала деді!
– Аузыңа май, жақсы болса жақсы болсын, құлыным.
Ұлбала десе Ұлбала болсын!–деді де Ақманар бетін басып
солқ-солқ жылады.
– Әне, айттым ғой, апа жылады!
Үш жасар Нұрбибі есіктен кірген әкесіне төрдегі төсек
те жатқан апасын нұсқады.
Дүниеге Ұлбала деген осы қызымыз солай келді. Қайте
Жарылқасын Нұсқабайұлы
сің, қыз да перзент. Байқатпағансимын. Бірақ бұл менен
гөрі Ақманарға қатты батты. Бейне менің үмітімді ақтай
алмай қалған кінәлі адамдай бетіме тура қарай алсашы.
Ананың қолында тұр ма ол? Соны айтып жұбатып едім,
бірер жолы көз жасын сығып отырып:
– Білемін ғой, менің де, сенің де қолыңда емес. Тек
осынша үмітте жүргеніңде тағдырдың тарына қалатынына
қапаланам. Тұқымыңда еркек кіндіктен қалған жалғыз
өзіңсің. Серік қоссам деп арманда едім мен де...
– Қой,–деймін Ақманарға, бірақ өзімнің де тінім
босап-ақ тұр. – Әлі жаспыз ғой. Тарығатын, торығатын не
жөніміз бар? Жылама, қарақалпағым, – деймін.
Көбекең кішігірім дастарқанның үлкендігіндей май-
да қара ноқат гүлі бар ақ шыт орамалын алып, тершіген
маңдайын, бет-аузын бір қабат сүртіп, желпініп-желпініп
қойды.
– Қарақалпағы несі, деп отырсыңдар ғой?– деді отыр
ғандарды бір шолып. Бұл сөз де негізсіз емес.
Бүгіндегі жастар өзі туып-өскен жерінің тарихын,
ондағы жер-су, құдық аттарының сырын көп біле бермейді.
Соны білгісі келіп сұрап жатқандарын да көрген емеспін.
Жаңа сырттан келген мына бала: «Көбеке, Жанкел деген не
сөз? Кісі аты ма?»–деп сұрап қалды. Айта кетейін.
Осы біздің бірінші ферманың орталығы Жанкел ата
мекеніміз екен. Ертеректе осы жерді қарақалпақтар мекен
депті деген сөз бар. Оның қаншалықты ақиқат екендігін
білмеймін. Білетінім – қарақалпақтың Жанкел деген ақы
ны болған. Бертінде, жерлесіміз Майлықожа ақынның тұ
сында осыдан жүз, жүз отыз жыл бұрын ғана өмір сүріпті.
Сол кезде бір Ұлбике деген ақын қыз болған деседі.
Әкесі шіріген бай екен. Сол Ұлбике сұлу Жанкел ақынға
ғашық болады. Жанкелдің де дерті сол. Бірақ Ұлбикенің
атастырып қойған адамы бар екен. Сондықтан Ұлбикенің
әкесі Жанкелдің сөз салғанына қарамай: «Қаңғырған қара
қалпаққа қызымды бере алмаймын», – деп қызын ұзатып
жіберіпті. Содан той-жиын сайын ішінде Жанкел ақын да
бар, әнші, ақын, жыраулар шаршы топтың ортасына шы
ғып өнер көрсеткенде жаңа түскен жас келін – Ұлбике
ақын ішқұса болып, тек сырттай сүйінумен отырады екен.
Осындай тағы бір тойға Ұлбике қайын сіңлілерін ертіп,
Повестер
ауыл әйелдерімен бірге күйеуінсіз келеді. Мұны көрген
Жанкел той үстінде Ұлбикенің тұсына келіп, өлең айта-
ды. Қалжыңнан басталған өлеңнің соңы қатқылданып,
Ұлбикенің шымбайына батады. Әуелде әдеп сақтап отыр
ған Ұлбике қасақана айтылып жатқан қиянат сөзге төзбей
қолына еріксіз домбыра ұстаған екен. Содан айтыс ұзаққа
созылып, ақырында арманда кеткен екі жас бір-біріне
мұңын шағып, шерін тарқатумен тынса керек.
ЕртеңінеҰлбикенің күйеуін ұшыратқан жеңгелері әзіл
деген болып:
– Жүгермек-ау, қара басып түнде қайда болдың? – дейді.
– Е, не болды сонша?! – деп ожар мінез күйеу де қоқаң
ете қалады.
– Не болушы еді, әйеліңді Жанкел ақын алып кеткеннен
басқасының бәрі болды, – дейді аяр жеңгесі мүләйімсіп.
Ал ұр да жық мінезді бай баласы бұл сөзді төркіндетіп
жатпай-ақ тіке үйіне келіп, ашу үстінде Ұлбикені таяққа
жығыпты.
Таяқ тұрмақ, өзіне сөз тигізбейтін адуын апамыз төркі
ніне хабар беріп, ел-жұртты жиып:
– Тәніме таяқ тигізіп, жазықсыз жаралы жанымды
жәбірлегені үшін оспадар күйеу айыбын тартсын, – деп та-
лап етіпті.
Жұрт жиылып, ақылдасып, қандай шешімге тоқтарын
білмей қиналады. Сонда ақылды қыздың өзі тауыпты.
– Мені қадірімді Жанкелден артық білер жан жоқ. Енде-
ше айыптың өлшемін де, мөлшерін де сол айтсын, – дейді.
Сонда Жанкел ақын:
Мыңнан озған дүлділің
Жұртты есінен тандырып,
Дара шығып шаппаса
Тұлпар тұяқ не керек!
Сұлу үнді бұлбұлын
Әсем сазға қандырып,
Тамылжытып айтпаса,
Жұрт шәрбатын татпаса,
Сұңқар дауыс не керек!
Ақ сүңгі боп ақпаса,
Мамырлап ұшқан үйрек-қаз.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Топшысын қиып жатпаса
Қыран қанат не керек!–
деп ұзақ толғап алып, Ұлбике сынды арудың да сұңқардай
самғайтын еркіндікті, кеңдікті, тұлпардай топ жарып ке-
лер доданы, бұлбұлдай әуезді ән-жыр ақтарар қызу айты-
сты аңсайтынын баян етеді. Ақынның жырын таразыға
салып немесе аршындап өлшеуге болмайтынын, оның
шын бағасын тек әркім өз жүрегімен сезініп, өзінше ғана
бағалайтынын, шын асыл мен шын ақынға кесімді баға
болмайтынын толғайды. Жанкел ақын жырынан қас өнер
ді қамауда ұстауға болмайтынын, оған қанатын еркін қаға
тын кеңіс, өркен жаяр өріс керектігін ұққан қариялар ақын
қызын қорқаудың тырнағынан айырып, бай күйеуінен
айыбы ретінде қыруар жасау, мал бөліп оңаша шығарған
деседі.
Міне, балалар Жанкелдеріңнің сыры. Тарихта нақ со-
лай болды ма, жоқ па оны өздерің анықтай жатарсыңдар.
Ал халық солай болғанын қалаған. Бәлкім, солай болған
да шығар. Ұлбаланың шешесі, мына Ақманар апаларың
сол Жанкел ақынның тұқымы. Кейде қарақалпақсың деп
қағытатын себебім осы.
Бірді айтып, бірге кете беретінім бар. Ұлбаланың қалай
Ұлбала болғанын айтамын деп отырып кемпірімнің тари-
хын айтып кеткенім нем?
Көпжан өзінің көбірек сөйлеп кеткенін сөкеттеу көрді
ме, дастарқан жағалай отырғандарға бір-бір қарап қойды.
Көпжанның әңгімесінің аяғын тосып отырған Ақманар
килікті.
– Кісі қартайған соң көп сөзді болады ма қайдам? Мей-
мандар отыр деместен күн ұзақ ешкімге сөз бермегенің
қай сасқаның?! Одан да сонау астанадан келген қонақ бала-
ны тыңдайық та, көкесі-ау.
– Е, менің бір сөзім тасып барады ғой деймісің? Бала
лардың өздері ғой айтып бер деп отырған, – деп Көпжан
ақталып жатыр.
– Дұрыс, көкем айтсын. Әйтпесе тек жеке басымызға
қатысты нәрселер болмаса біз не білеміз? Ал, сіздер де
асықпай, алаңдамай осы кісімен сөйлесе беріңіздер. Біздің
бүгін совхозда бір жиналысымыз бар еді, соған жүрейік.
Повестер
Ұлбала қонақтардан рұқсат сұрады.
– Жарайды, Ұлбала, ондай шаруаларың болса бізге
қарайлама. Жоғарылы-төменді келген әр тілшінің қас-
қабағына қарап отыра берсең олар саған жұмыс істетеді
ме, сірә!
Қыз әкесі Көпжанды тақымдай отырған әдеміше қара
торы жігіт елден бұрын жауап қатты. Сосын бұйра қара
шашын саусақтарымен салалап-салалап тарап қойды да,
есіктен шығуға бет алған Ұлбаланың басынан аяғына
дейін бір шолып шықты. Манағы киімін тастап, қала үлгі
сімен тіктіріп киген қызыл күрең костюмі күн тотық
тырған сүйкімді қоңырқай жүзіне әр беріп, ажарландыра
түсіпті. Өрмей қоғамдап бос тастаған қою қара шашы, тө
гілте киген көйлегі мен биік өкшелі туфлиі онсыз да қыл
дырықтай қызды бұрынғыдан да нәзік те сұңғақ көрсетіп
тұр. «Адам көркі – шүберек» деген осы екен-ау деп ойла-
ды журналист жігіт. «Мүлде кісі танымайтындай түлеп
шықты ғой...»
– Жиналыстары не жиналыс еді, Көбеке? – деді тілші
Ұлбала кеткен соң.
– Депутат дейтініңнің жұмысы көп білемін ғой. Әйтеуір
тындырмайды, тындырмайды емес-ау, өзі тыным көрмейді
біздің Ұлбала. Бейшара бала жұмыс-жұмыс деп жүріп
өзінің де қазір құр сүлдесі қалды. Әйтеуір дені cay болса
не қылар дейсің... Ақманар апай әңгімеге араласты.
– Ой, қойшы сен де, Аманар. Депутаттығы қой жаюдан
қиын деймісің. Қыз бала болған соң тек жүріс-тұрысы көп
теу екен дейміз. Әйтпесе, қойшы үшін жиналыс мерекемен
парапар емес пе? – деді Көпжан әзіл-шынын араластырып.
– Жай барып қатысып қана қайтатындарға солай шығар.
Ал бүгінгі жиналысы біздің Ұлбаланың айтуымен болып
жатқан көрінеді. Неше күн болды жарғақ құлағы жастыққа
тимей соны уайымдаумен жүр.
– Мақұл бәйбіше, қазаныңа қара, – деді Көпжан әйеліне.
Мұнысы әңгімеге енді көп киліге берме дегендей естілді.
Сосын жанындағы тілшіге бұрылды.
– Депутаттың кездесу күні, қабылдау күні дегендері
болады екен ғой. Бүгінгісі сондай үлкен кездесу көрінеді.
Бұрын совхозымызда ондай жиналыс болмайтын. Кез-
десу болғанда да бөлекшелеу. Ішінде Ұлбала бар, сов
Жарылқасын Нұсқабайұлы
хоз басшыларының совхоз тұрғындарымен сырласу кеші
өтетін көрінеді. Онда совхоз шаруашылығындағы негізгі
кемшіліктер көрсетіліп, оны жою жолдарын ақылдаспақ
шы. Совхозымыздың экономикасын, мәдениетін көтеру
жайын да айтамыз дейді.
– Е, онда келелі әңгіме болғалы жатыр десеңізші, – деді
журналист.
– Қайдам қарағым, келелі ме, жоқ желілі ме әйтеуір бір
үлкен бас қосу болмақшы көрінеді.
* * *
«Совхоз клубының алды ығы-жығы халық. Екеу-үшеу
оқшауланып әңгімелескендер. Бәрі де сәнді киінген. Бейне
бір үлкен тойда отырып үзіліске жаңа шыққандай шетінен
көңілді.
Ұлбала машинасын шеткерілеу тоқтатты да, клубқа
қарай беттеді. Әне, анау клубтың қарсы алдындағы жинал
ған топта тұрғандар Ұлбаланың келгенін байқап қалса ке-
рек, бірінен соң бірі түгел қарады. Топтың ортасына сұғы
на тұрған зор денелі кісі совхоз директоры Көпмағамбет
Елемесов1 Ұлбаланы көрсе де, айтып тұрған әңгімесін үз
бей жалғастыра берген соң төңірегіндегілер де қозғалма
ды. Тек Ұлбала есік пен төрдей жақын келгенде директор
топты екі жарып қарсы жүрді.
– Ойбай жігіттер, депутатымызды қарсы алайық. «Әңгі
ме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізеді» демекші ертең «Мен
келе жатқанда қарсы алмай әңгімені соғып тұра берген
дерің қалай», – деп тықсырып жүрсе қиын болар.
Директор Ұлбалаға қарсы жүрген соң жанында тұрған
кісілер де үдере қозғалып, депутат қызбен жапа-тармағай
қол беріп амандасты. Жасының үлкендігі ме, жоқ әлде
қызметінің жоғарылығы бөгей ме әйтеуір, Ұлбала совхоз
директоры Елемесовке әзіл-қалжың айта алмайды. Дирек
торға қайтарар жауабы көмейіне тіреліп қалса да, дағды
сымен іркіле берді де: «Кешігіп қалғаным жоқ па, ағай!» –
деп әңгіме арнасын өзгертті.
– Жо-жоқ, – деді директор әлі де әзілден ажырамай, –
1 К. Елемесов осы кітап өндіріске әзірленіп жатқанда Қазақ ССР
ауыл шаруашылығы министрлігі Қаракөл қой шаруашылығы бас бас
қармасының бастығы болып тағайындалды.
Повестер Сізді кешікті деуге бола ма! Аз-кем бөгеліңкіредіңіз деуге де ауыз барыңқырамайды... Өзгелер ду күлді. Мұндайда қарап қалмайтын Әділхан Әжбенов: – Көбеке, сізді жұрттың бәрімен өзімізбен сөйлескендей өктем сөйлесетін шығар деуші едік, өзіңізден жоғары кісілердің алдында масқара қорқақтайды екенсіз ғой, – деп қағытып жатыр. – Қане, жолдастар, ішке кірейік. Кеш болып барады. Мал бар, жан бар. Мына Әділхан сияқты күн еңкейсе есігі не нән қара құлыпты салып, ертеңге дейін алаңсыз ұйық тайтын дүкенші емеспіз. Директордың Әділхан деп отырғаны – палуан денелі төртпақ, жүргенде екі қолын қомдап жүретін, үлкенмен де, кішімен де әзілдесе кетуге бейім тұратын, бидай өңді, шот маңдайлы, сұлуша қыр мұрынды жас жігіт, шаруашылық есептегі 36 дүкені бар, үлкен магазиннің директоры Әділ хан Әжбенов еді. Жиналысқа жұрт көп жиналыпты. Клуб іші лық толып, бірсыпыра адам жиекке қапталдай отыру үшін орындық іздеп кетті. Клубқа енген бойда совхоз басшыларымен бірге президиумнан орын алған Ұлбала ауылдастарының мына ұйым шылдығына іштей разы боп отыр. «Қай күні совхоз басшылары мен селолық советті келістіріп, құлақтандыру ілдіргенде де, жұрт жиналмай қалып жүрер ме екен, онда қайтемін, ауыл адамдарымен алғаш бас қосуға бекінге німде ұятқа қалмасам жарар еді», – деп қатты қобалжыған. Бүгін нақ жиналыс басталар кезде келгені де сол. «Адам да қызық-ау, – деп ойлады Ұлбала. – Кейде жоқ жерден уайым тауып аламыз да, соның себебін іздеп сар саң боламыз. Ақырында сол уайымымыздың негізсіздігі не көз жеткізгенде бір жағы қуанасың, бір жағынан өзіңнің соншалық күдікшілдігіңе налисың. Қойшы осы, өзімдіөзім кінәраттай бермейінші. Адам болған соң оның күдік сіз, уайым-қамсыз өмір сүруі мүмкін бе? Тек соның жадыратып жақсы аяқталғанын айтсаңшы». Жұрт түгел жайғасып, абыр-сабыр басылған соң келі сім бойынша беташар сөз айту үшін Ұлбала орнынан тұр ды.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Құрметті ауылдастар, совхоз еңбекшілері! Ел қамы,
халық игілігі үшін басқа да салаларда еңбек етіп жүрген
азаматтар! Біз бүгінгі бас қосуымызға әдеттегідей көш
құлаш баяндама әзірлегеніміз жоқ. Бәлені күні жина-
лыс болады, соған міндетті түрде қатысыңдар, немесе сен
бар, сен бар деп ешкімді тәуелді етпей әркімнің қалауына
салғанымыз да сол еді. Ашық әңгіме, сырласуға шақырып
отырғаннан кейін сіздерден бүгетін құпиямыз жоқ. Бұрын-
соңды мұндай еркін жиын өткізбегендіктен жұрт жиналар
ма екен, әлде қалай болар екен деген күдігімізде жоқ емес
еді. Жоқ, сөйтсек ол күдігіміз бекер екен, төрт көздеріңіз
түгел жиналыпсыздар, рақмет. Бұл пейілдеріңізді совхоз
басшылығына және басқаларымызға, керек десеңіздер осы
отырған көпшілік бір-біріңізге көрсеткен сенім деп атауға
болатын шығар. Бұл сенім – шаруашылығымыздың келе
шегіне деген сенім. Оның ертеңгі мұқтажын ойлап, жоғын
жоқтау десек тым қияс кетпеспіз. Әйтеуір сіздердің бүгінгі
ықыластарыңыздан ортақ іске жанашырлық көрінді. Біз
осыған қуанамыз. Ал енді біздің бүгінгі бас қосуымыздың
барынша мәнді болып, салиқалы сөз қозғалуы да тікелей
өздеріңізге байланысты. Ол үшін енді сіздердің белсен
діліктеріңіз, ынталылықтарыңыз қажет.
Содан кейінгі бір келісіп алатын жай – бүгінгі әңгіме
нің тақырыбын тарылтып, шектемей-ақ қойсақ деген ұсы
ныс бар. Шаруашылығымыздың экономикасынан бастап,
халықтың тұрмыс жағдайына дейін бәрін, көкейтесті ойла
рыңыз болса оны да қалдырмай ортаға салайық. Сіздер
сұраңыздар, біз жауап берейік, бәлкім біз білмегенді сіздер
білерсіздер.
Отырғандар әуелде дұрыс, бұрыс деп жауап қата қойма
ған соң Ұлбала әлгі сұрағын тағы қайталады. Бұл жолы әр
жерден «келісеміз», «дұрыс» деген дауыстар естіліп қалды.
– Ал ендеше кеңесуді бастайық. Қане, кім сөйлейді? Не-
месе кімде сұрақ бар?–деп Ұлбала залдағыларға барлай
қарады. Бірақ қапелімде ешкім қозғала қоймады.
– Ұлбала, жұрт ойланғанша маған рұқсат бере тұрсаң
қайтеді, – деді совхоз директоры Көпмағамбет Елемесов.
– Жақсы, сөйлеңіз Көбеке, – деді де Ұлбала орнына жай
ғасты. Бүгінгі кеште қозғалатын мәселелер мен сұрақтарды
жазып отыру үшін арнайы әкелген дәптерін, қаламын
ыңғайлап қойды.
Повестер
– Жолдастар, – деді Көпмағамбет Елемесов орнынан тұ
рар-тұрмас. – Біздің бүгінгі бас қосуымыз үшін оның бас
таушысы, әрі ұйымдастырушысы болған Ұлбалаға алғыс
айтқым келіп отыр. Мұндай сырласудың баршамызға
берері көп. Сондықтан бұл өзі келешегі бар өміршең баста-
ма болар-ау деп үміттеніп отырмын. Тек жаңа басталған
жақсы істі үзіп алмай жалғастыра білсек болар еді.
Ал енді мен бірынші болып сөз алғанда сіздерге ақыл
айтайын, немесе «өйтейік те бүйтейік» деп үгіттейін де-
ген мақсатым жоқ. Бар ниетім – осы отырған көптің бірі
ретінде ғана ойда жүрген бірер пікірімді орталарыңызға
салсам деймін. Оны көпшілік қалай қабылдайды, ол да
байқалар.
Жақында мен осы совхозымыздың байырғы тұрғында
рының бірі, бүгін осы араларыңызда отырған бір кісімен
(есімін атамай-ақ қояйын) мектеп бітіретін балалардың,
оның ішінде әсіресе қыз балалардың болашағы жайлы
әңгімелесіп қалдым. Сонда ол кісі:
– Қарағым, Көпмағамбет, жастардың еңбек еткені жақ
сы-ау. Бірақ барша жас түгел қойға барсын деп қалай айта
сыңдар. Басқа бір кәсіп түрін неге тауып бермейсіңдер, –
деп еді. Сөйтсем, сол қарияның айтқан сөзі елеулі ескерту
екен. Мен осы совхозға келгелі жылма-жыл он жылдықты
қаншама жас бітіреді. Бірақ солардың оннан бірі ғана ең
бекке араласады, немесе оқуға кетеді, ал қалғандары, әсі
ресе қыздар үйде отырып қалып жүр.
Осы күнде шаруашылықтың қай саласында да қиын
дықтан қорынбай білек сыбанып еңбек етіп жүрген қыз-
келіншектер көп. Алғашқыда базбіреулер: «Жалпы заты
әйел болған соң көтермелейді, әйтпесе соның қайсысы не
тындырып жатыр дейсің» тәріздес дүдамал пікір де айтты.
Рас, алғашқы жылдарда әйел жолдастарды өндіріске тар-
ту үшін ынталандыру жұмысы жүргізілгені жалған емес.
Бірақ мұны жауырды жаба тоқу, көпсіте көрсету сықылды
теріс әрекетпен шатастырмаған мақұл.
Біздің қоғамымызда талап баршаға бірдей. Енді халық
шаруашылығының қай саласында да әйелдер еңбек ететін
буынның босансымайтынына көз жеткізе бастадық. Өйтке
ні, өзіне тапсырылған, тіпті тапсырылмаған іске ерек-
ше жауапкершілікпен қарайтын әйел халқы көп шаруаға
құнттылығын көрсетіп, жігіттерден оза бастады.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Мәселен жігіттер «әй, қойшы» деп елеңкіремейтін ұсақ
нәрсенің өзіне әйел заты сергек қарайды. «Не қылар дей
сің» деп жігіттерше белден басу жоқ. Әсіресе табиғатында
ибалы, әр нәрсеге сақтықпен қарайтын елгезек қазақ қызы
ның психологиясы көп артықшылығын танытып жүр.
Мысалы біздің совхозда трактор руліне отырған қыздар
мен жігіттердің көрсеткішін, техниканы күтіп ұстауын са-
лыстырып қараңызшы. Әсіресе, соңғысын салыстырып
жатудың өзі әбестік сияқтанады. Механизатор қыздар кей
бір жігіттеріміз секілді оспадар қимыл жасамайды. Маши-
наны ой-шұқырға қарамай омыраулатып, оның «жанын»
жемейді. Күні бүгінге дейін қыздар жүргізген машинаның
апатқа ұшырағанын көрген жоқпыз, естімедік те. Mінe,
сондай адал еңбегінің арқасында Дариева Гүлзахира деген
тракторшы қызымыз облыстық Советтің депутаты болды.
Қыздардың тағы бір ұтатын жері – олардың ішімдікке
жуымайтындығы. Осы күнде көп бәлекеттің басы осы іш
кілік қой.
Қыздар сондықтан да уәдеге берік, жұмысқа себепсіз
шықпай қалу, немесе кешігу дегеніңіз де жоққа тән. Сон
дықтан мен қыздарды өндіріске тарту – қып-қызыл пай-
да дер едім. Қыздардың қоғамға пайдалы еңбек етпей, от
басы, ошақ қасында отырып қалуына қарсымын.
Еңбек етуден қашатын адам аз. Тек әркімнің көкейіне
қонатын, атқаруына болатын кәсіп түрін тауып беру ке-
рек. Ақылға салып, аңғара білген кісіге әр ауылдан-ақ
жұмыс көзі табылады. Айталық, жаз айларында, әлбетте
(күз бен көктемі және енеді) бұл өңір үшін овощ өсіретін
бригадалар құру шаш етектен пайда беретіні күмәнсіз.
Жері құнарлы, дарияның сағасы. Ал ондай бригада құры
ла қалса оның мүшелерінің қыс айларында да қарап қалма
сына мен кепілмін.
– Көбеке, көсем сөйледіңіз. Шешендігіңізге шәк келтір
мейміз. Бірақ енді осындай жақсы ойды кім жүзеге асырар
екен деген бір күдік тұр ғой кеудеде...
Ал бәлем, енді құтылып көр менен дегендей Асан сәл
жымиып, директордың бетіне бағдарлай қарады. Сөйтсе
айтар уәжін жұптап ол да шымыр отыр екен.
– Совхоздың жұмысшылар комитетінің председателі
жұмысшылар жиналысын ашып, бұл мәселені талқыға
Повестер
салса, Сізді, құрметті председатель, күпті қылып отырған
күдік те сейілген болар еді.
– Нақ бүгін сондай бір жиынға келіп тұрғанымыз жоқ
па? Бірақ, Көбеке идеяны сіз табасыз. Жүзеге асыратын
біз боламыз ба сонда? «Шанаға мінгенді жақсы көреді
екенсің, оны сүйретуден қашпа» деген сөз бар орыс аға
йындарда. Идеяңызға не болыңыз, директор жолдас, – деп
жұмысшылар комитетінің председателі рахаттана күлді.
– Мәтелге дейін ағайындардан алып жаман үйренгенсіз.
«Құйрық жегің келсе, қойыңды семірт» демеуші ме еді,
қазекем?! Және шошыма, идея түйе емес ойнақтап басып
кететін.
Енді директор мәз болды. Екі басшының сөз қақпайына
араласпай, бағанадан ризашылықпен тыңдап отырған жұрт
ду ете қалды. Сөзден ұтылғысы келмей қайта ұмтылуға
қомданған Асанға президиумдағылардың ішінен өзі де
әзіл-оспақсыз отырмайтын Әділхан Әжбенов:
– Асеке, аталы сөзге қонақ беріңіз. «Сөз тапқанға қолқа
жоқ». Көбекең жеңіп отыр. «Алма піс, аузыма түс» деп от-
ырсыз ғой. Ол жарамас. Тым болмаса осы идеяны жүзеге
асырыңызшы, – деп Асанның тізгінін тартқандай болды.
– Е, айналайын, Әділхан сөйтші!–деп директор қатар
отырған жігітке ризашылығын айтты.
– Әй, қошеметшіл қазағым-ай. Осы ғой сендердің түбі
ңе жететін! – деп Асан да отырғандарға қосыла күлді.
– Жұртқа жағынып, не жаныңа зор келді. Кешіріп жібе
рер деймісің сені? Қайта қант-шайдан қысып томпаңдатып
қойсаңшы бұларды.
– Әркім өз тәжірибесін ортаға салады емес пе, Көбеке?
Жұртты шөміштен қысу – Асекеңнің ежелгі әдісі, – деп
мырс етті Әділхан.
Отырғандар тағы да ду күлді. Бірақ Асан ба сөзге мойи
қояр!
– Жо-жоқ!–деді ол орнынан ұшып тұрып.
– Айтсам, – деді Асан Әділханға бетін бұрып. – Шөміш
тен қысқанның көкесі сенде, бауырым. Басқасын былай
қойғанда жазда не көгерішке, қыста картоп, пиязға жарыт
тың ба, сен? Сыр жағасында отырған ел деп кім айтады
бізді?
Асанның сөзі бара-бара салмақтанып, тұрмыс жағдайы
на ойысты.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Бізден қала тұрғындарының жағдайы жақсы. Өздері
екпесе де дастарқанынан қысы-жазы көкөнісі үзілмейді.
Бәрі тұр дүкендерінде.
– Әй, бәрекелді Асаным! Түбі жөн білетін жігітсің-ау.
Рұқсат етсең осы ойыңды мен жалғайын.
Өзімен қосарлана орнынан тұрған директорға Асан бір
қарады да «жалғасаң жалғашы» дегенді үнсіз аңғартып,
орнына отыра кетті.
– Жолдастар, – деді директор әрдайым ресми сөйлеп
қалған дағдысымен. – Бүгінгі бас қосуымыз ресми жина-
лыс емес, пікірлесу, сырласу болғандықтан жігіттер аз-
дап, еркінсіп, әзіл-қалжың айтып жатыр. Бірақ соның
қай-қайсысы да ортақ істің қамы болған соң тежеу сал-
май жатырмыз. Ғафу өтінеміз. Ал, өздері оңаша сөйлесіп
кетті деп айып етпеңіздер. Асан дұрыс айтты. Бірақ бұған
тек сауда орындары ма кінәлі? Әрине, ауданның сауда
қызметкерлерін де ақтамаймын. Өйткені, ауыс-түйіс жа-
сап, облыстан сұрап дегендей азды-көпті жеміс-жидек,
көкөніс әкеліп сатуға әбден болады. Солай ету де керекі
Себебі жер жағдайы, әсіресе, жел – өрік, алма, алқор, шие,
шабдалы секілді мәуе ағаштарының гүлін төгіп, түйінін
жұлып береке таптырмай жүр. Сондықтан оларды сырттан
әкеліп сату қажет. Ал помидор, қияр, сәбіз, пияз, картоп,
капуста сияқты жер астында немесе жер бауырлай есетін
көкөністі өзіміз неге екпейміз. Совхоздағы бірер үй есік ал-
дына егіп жап-жақсы өнім алып жүрген жоқ па? Көкөніс
бригадасы керектігі осыдан туып отыр емес пе? Әр үй өзі
егіп, өзі баптаса оған қыруар еңбек керек. Бір жерде, со-
вхозда болса қаншама жеңілдік тумай ма?!
– Кебеке-ау, жарайды, біз совхоз болып егерміз, жеке
егерміз. Егіп алдық өзімізді-өзіміз қамтамасыз еттік де
лік. Ал аудан орталығында, анау Темір селосы сияқты қу
тақырда отырған мыңдаған халық не істейді? Ондай елді
мекендерге қаладағыдай, немесе соған жуық жағдай ту
ғызу керек. Не ағарған, не көгеріп сатылмаса сенің саудаң
бар болсын! – деп Асан Әділханға қолын бірақ сілтеді.
Бағанадан үнсіз, айтылған пікірлердің «осы дұрыс екен-
ау» дегендерін түгел қағазға түсіріп алып отырған Ұлбала
қағаздан басын көтеріп, төңірегіне көз салды. Бағанағы бір
сәттегідей емес, жиналғандардың бірі есінеп, бірі сағатына
Повестер
қарағыштай бастапты. «Қой, тақырыпты өзгертпесем бол-
мас», – деп Ұлбала орнынан көтерілді.
Жаңа ғана күбір-күбір сөйлесіп, немесе қабырғаға ілін
тен диаграммаларға үңіліп, тіпті кейбірі терезе әйнегінен
сонау көшеде кетіп бара жатқан жүргіншілерге қарап
жиынның ұзап бара жатқанын аңғартқан жұрт лезде тын-
шып, Ұлбалаға қарады. Әп-сәтте орнай қалған тыныштық
жұрт ықыласының нышанындай Ұлбаланы да ширата
түсті. Жоғарғы Советке депутат болып сайланғалы бері
өткен соңғы 4-5 айда бір аңғарғаны ауылдастарының қай-
қайсысы болсын, әсіресе топ алдына шыққанда «Осы қыз
дың не артықшылығы бар екен, қане, байқап көрейікші»
дегендей сын көзімен қарап, айтқан әр сөзін, бар қимылын
бағып қалатын болыпты.
Міне, мына отырғандардың талайының көмейінде сон-
дай сұрақ тұрғанын Ұлбала айттырмай-ақ танып тұр. Әсі
ресе, алғашқы айларда Ұлбала өзіне тіктеп қараған кісі
ден қымсынып, бейне өзіне емес, өзге біреуге тиесілі
абырой-атақты орынсыз иемденіп алғандай жұрт көзінен
қашқақтайтын. Сөйтсе, бәрі де өткінші әсер екен ғой.
Taп қазір ондай сәтте именіп қысылу былай тұрсын, өзі
не бөгде көздің қадалып тұрғанын сезсе қайта бойында
бір өрепкіген от па, жоқ әлде «сырт көзге жуас, жұпыны
көрінбейін, депутат десе айтқанындай бар екен ғой» дегіз
гісі келгендей ме бір ерекше сезім жетелейтінді шығарды.
Кейде тіпті өзінің мұнысын оғаш көріп «Япыр-ау, менің
осым тәкаппарлық дейтін кер мінез емес пе»,–деп тіксініп
те қалады. Бірақ өзіне-өзі есеп беретін, күн сайын айтқан
сөз, істеген қылығын ақыл таразысына сала білетін адам
ондай дертке шалдықпауы тиіс деп шамалайды. Сондық
тан қазір де сұқтана қараған сан көзге күлімсіреп зер сал-
ды да әңгімесін бастап кетті.
– Қойшы деген қиялшыл халық. Әңгіме желісінен ауыт
қыңқырап кетсем ғафу өтінемін. Неге қиялшыл дейсіздер
ғой? Жыл он екі ай жапан далада тілсіз, мұңсыз қара қой
дың соңында салпақтап жалғыз жүріп көрсеңіз неге деп
сұрамас едіңіз. Күн ұзақ қой соңында жүргенде бір тірі
жанмен тілдесуге зар боласың ғой. Мына елді мекенге,
совхоз орталығына жақын отырғанда нақ әлгіндей торыға
қоймайсың. Ал жаз айларында көрші «Ақтөбе», «Овцевод»
Жарылқасын Нұсқабайұлы
совхоздарының малшылары жайлайтын Орынбай, Босаға,
Қидуан сияқты ұшқан құс, жүгірген аң болдыратын иесіз
қызыл құмда жүргенде ше? Айлап десем өтірік дерсіздер,
апталап адам көрмейтін кездері болады ғой. Сондайда көз
ұшында көрінген қара, немесе машинаның шаңы қойшы
үшін қандай оқиға, қаншалық қуаныш екенін сезсеңіздер
ғой!
Мен сіздерге мынадай бір әңгіме айтып берейін. Бірде
біз совхоз мамандарымен бірге жаздық жайылым көру
үшін қырға барып, қайтарда мына Қарақ тауының солтүс
тік өкпе тұсынан түстік. Құм, құмшауытты көп аралап әб
ден ысқаяқ болған шофер жігіт «Уазигін» қаздаңдатып,
бұйрат-бұйратты қуалап, кідірмей жүріп келеді. Кенет
шофердің қасында отырған бас маман (атын айтпай-ақ
қояйын) машинаның сол жақ өкпе тұсына қарай қолын шо-
шайтып:
– Әй, ананы қараңдар! Біреу атын борбайлап шауып
келеді, – дегені.
Бәріміз де терезеден үңіле қалдық. Әлгі атты камзо-
лы ма, жоқ шапаны ма бір киімін басынан жоғары көтере
бұлғап шауып келеді екен. Шофер жігіт: «Нақ қазір тоқ
тасам батып қалармын, құмнан шыға тоқтайық», – деді
де, ілгерілей берді. Машинаның кідіре қоймағанын көр
ген әлгі атты бізді көрмедіге жорыды білем, келесі бір
шоқы құмды айналып алдымызды орағыта шапты. Малшы
екенін машинадағылар түгел біліп келеді. Бұл маңда қой
шыдан өзге тірі жан таппайсыз. «Бала-шағасы аман болса
жарар еді», – деді менімен қатар отырған ферма меңгеру
шісі Жақып Сердалиев.
– Сондай бір тосын жағдайға ұшыраған болар, – деді
шофер де алғашқы пікірді қоштап. Сөйткенше болған жоқ
астындағы қаракер атын танаулатып әлгі адам да жетіп
келді. Отыздарға енді іліккен шымыр денелі жас жігіт екен.
– Ассалаумағалейкум! – деді өзі де атымен жарысып
келгендей ентігін баса алмай.
Сәлемі жарқын, жүзі жайдары екенін көрген соң біздің
кісілер де тартынбай амандасты.
– Әй, әйелің ұл тапқандай далбақтап шапқаның не?
Кім боласың? Қай совхоздансың? – деді машинадағылар
сұрақты үстін-үстін жаудырып.
Повестер Біздің кім екенімізді, қайдан келе жатқанымызды, енді қайда бара жатқанымызды сұрағалы келген жігіт сол сұрақ түгел өзіне қойылғанда қапелімде не дерін білмей қалды ма, әуелде ыржыңдап күле берді. Содан соң ғана бір машина толы адамның өзінен жауап күтіп тұрғаны ойына енді түскендей асығыс жауап бере бастады. Шындығында да көрші совхоздың қойшысы екен. – Сонша жерден атын борбайлатып, шекпенін бұлғап шауып келгендегісі – біздің кім екендігімізді білу. Ұры дей ме екен?! Бас маман басын бір шайқап: – Осы күнгінің қойшылары еліріп, бірдеме іздеп жүреді, – деді. Абырой болғанда оны ешкім қолдамады да әңгіме сонымен доғарылды. Ал мен сол жас қойшының қылығын түк те сөкет көргенім жоқ. Себебі бізбен жүздесіп, тіл дескен бірер минуты оның бір аптасына әңгіме болады десем артық емес. Ең бастысы ол күнде көретін бала-шаға сынан бөтен, бөгде біреулермен тілдесу бақытына тап болды. Енді оны үйіндегілерге, ұшыраса қалса екінші бір қойшыға сыр ғып айтады! Күнделікті көпшіліктің арасында жүріп, көкезу болғанша әңгімелесетіндер ғой сөз қадірін білмейтіндер. Қойшының психологиясын космосқа жалғыз ұшқан космонавтың күйімен ғана салыстыруға болар. Екеуінде де жалғыздық; көрсем, білсем деген құштар лық басым. Айттым ғой, қойшы деген қиялшыл халық деп. Оған менің бүгінгі әңгімемнің өзі-ақ дәлел болар... Менің бұл әңгімені не үшін айтып отырғанымды түсіндіңіздер ме? Ұлбала кім не дер екен деп отырғандарды бір шолып шықты. – Ендеше себебін өзім айтайын. Қойшыны қажытатын да, шаршататын да, оны тарықтырып кейде тіпті қамықтыратын да – жалғыздық. Қойшыны қиынды ғыңызбен немесе қысыңызбен, яки аптап ыстығыңызбен үркіте алмайсыз. Ол – қойшының ғұмырлық серігі. Қойшы табиғаттың құйтырқысына әбден бейімделген. Оны жеңіп те жүр. Қойшының жігерін жасытып, тауын шағатын – сол жалғыздық. Сондықтан оны есебін тауып жалғызсыратпау керек. Мейлі автолавка барғызасың ба, кино, артист жібе ресің бе, әлде мал мамандарың, немесе дәрігер бара ма, әй теуір қойшыны оқшау қалдырмау керек. Сонда ол өзін де
Жарылқасын Нұсқабайұлы
іздеушілер бар екенін, өзінің қоғамдық, маңызды іс тын-
дырып жүргенін, яғни жұртқа қажеттігін айқын сезінер
еді. Ал бұл үлкен демеу. Ынталандырушы күш. Осындай
алданыш, жаңалық қойшының семьясына да керек. Жапан
түзде жалғыз үй көшкен қойшының әйелі айлап, жылдап
жалғыз отырса «Орталыққа елге барайық. Қой жаймаған
адам өліп жатыр ма? Екі қолға бір жұмыс табылар. Апта-
лап, айлап адам көрмеген соң балалар да тағы боп өсер», –
деп жылама-сына кім кепіл?! Таңның атысы, күннің баты-
сы қой соңында жүріп, қалжырап қайтқан қойшыңыз келе
әлгідей әңгіме естісе сонан кейінгі халі, көңіл-күйі қандай
боларын мен айтпай-ақ шамалап отырған шығарсыздар.
Бұл сөзімді бекер десе айтсын осында отырған шопандар.
– Дұрыс! Е, айналайын, құп айттын! – десіп қалды
залдағылар.
– Олай болса қойшының қамын ойлаймыз, оларға жағ
дай туғызамыз дейтін болсаңыздар осыдан бастаңыздар.
Залдың әр жерінен сарт-сұрт алақан соғылды.
– Міне, жолдастар проблема деген осы. Былай ойлаған
кісіге түк қиындығы жоқ оп-оңай іс. Ал мұның қойшы
үшін қандай маңызы бар десеңіздерші.
Комсомол жастар бригадасын құрамыз деген сөз де
естіліп жүр. Егер нақ солай бола қалса жаңағы мен айтқан
мәселе ең бір өзекті мәселеге айналады.
Ал енді менің пікірімше, бүгінгі мәжілісіміз бүкпесіз
ашық әңгімеге айналатын түрі бар. Бас қосудағы бар
мақсатымыз да сол еді. Совхоз партия ұйымы, жұмысшы
лар комитеті мен совхоз дирекциясы, селолық Советіміз
бен комсомол ұйымы ерекше мән беріп отырған және
баршаңыз белсене қатысқан бұл жиында айтылған сын,
талап-тілектер, ұсыныстар қимылсыз, ұмыт қалмайды.
– Әп бәрекелді, балам! Осылай тұжырымды сөйлегенге
не жетсін. Несие сөздің керегі жоқ, болатынын болады деп,
болмайтынын болмайды деп айтқаннан дұрысы жоқ!
Ұлбала бұл дауыстың иесін қарамай-ақ танып тұр.
Социалистік Еңбек Ері Сақ Өтетілеуов қарт қазір құрметті
пенсияда отырса да мал қамы, шаруа жайына байланысты
әңгімеден тыс қалмайды. Бүгін де мына сұхбатқа арнайы
келіп отыр.
– Көкөніс өсіруші бригада құруға болады ғой деп ой-
Повестер
лаймын. Оның пайдалы боларына ешкімнің шүбәсі жоқ
шығар. Ендеше бұл мәселе де көп ұзамай шешімін табады
деп сенулеріңізге болады.
Ал енді бағанадан бергі әңгіме егін жөнінде болып жа-
тыр. Негізгі кәсібіміз мал шаруашылығы емес пе? Ендеше
малшы жағдайын, мал жайын бір сәт те көзден таса, кө
ңілден ұмыт қалдыра алмаймыз. Осында отырған жолдас
тардың бірнешеуі совхоздың төл алу, елтірі сату, жүн қыр
қу, ет өткізу сияқты негізгі көрсеткіштерін білетінін, сонда
да мұны совхоз басшыларының өз аузынан естігісі келе
тінін қағазға жазып жіберіпті.
– Орынды тілек!
– Директор сөйлесін! – деген дауыстар шықты әр жер-
ден.
– Ұлбала қарағым, байқап отырмын мына жұрт Көпма
ғамбетті сөйлетпей қоятын емес. Онысы дұрыс та шығар.
Ал менің айтайын дегенім – директор ақыры сөйлейтін
болса бізге совхоз дирекциясының алдағы негізгі мақсаты,
көздеп отырған нысанасы жөнінде де айтып бергенін қалар
едік. Рұқсатсыз сөйлеп кеткеніме кешірім өтінемін.
Бұл Ұлбала еңбек ететін бірінші ферманың меңгеруші
сі – Жақып Сердалиев. Өз ісін жетік білетін, ауылдаста-
рына сыйлы, сөзге сараңдау мінезді кісі. – Құп айттыңыз,
Жақа. Рақмет. Көпмағамбет Елемесов орнынан көтерілді.
Әлгі сөздерді Сердалиевке бағыштай айтты да, со-
сын көпшілікке бұрылды. – Жақаң жақсы айтып отыр,
қарақан басының күйін күйттеп, әрі кетсе фермасының
мүддесін ғана көздеп қоймай бүкіл шаруашылықтың
келешегін ойлау, оның қамын жей сөйлеу әркімнің өресі
жете бермейтін әңгіме. Жақаңның және осында отырған
басқа да азаматтардың совхоз тағдырына жанашырлық
танытып отырған шын ықыласына қуанып тұрмын.
Егер соңғы екі-үш жылда совхоз экономикасының беті
бері қарады дейтін болсақ, ол да сіздердің, бүкіл совхоз
еңбекшілерінің жұмыла еткен еңбегінің жемісі. Осы ынта,
осы құлшыныс сақталса «Шәуілдір» совхозының тасы
өрге домалай беретініне күдік жоқ. Бір ғана мысал айтай-
ын. 1977 жылы совхоз әр жүз саулықтан 84 қозы алғаны
естеріңізде болар. Келер жылы 89-дан айналды. Ал биыл
126 қозыдан бердік! Бірақ табыс шегі бұл ғана емес шығар.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Мұны Сердалиевтің фермасындағы Жолдасбек Мамақов
көрсетіп отырған жоқ па? Былтыр ол үш мыңнан астам
саулықтың әр жүзінен 140-тан төл алса, биыл 160-тан ай-
налдырды, төртінші фермадағы Қадырбердиев Бейсенбай
ше?! Неше жылдан бері 150-160-тан төмендеген жоқ қой!
Және 793 бас қойдан бірде бір бас шығын берген емес. Ал
нақ осындай көрсеткішке өзге шопандарымыз қол жеткізер
күн де алыс емес, жолдастар. Мені көтермелеп сөйлеп тұр
демеңіздер бұл күні ертең-ақ шындыққа айналар сөз. Бұ
ған күмәндануға болмайды.
Директорымыз тек процент қуады, оған жоспар орын-
далса болғаны деп қалмауларыңызды қалар едім. Егер
біздің шаруашылығымызды үлкен бір жанды организм
деп қарайтын болсақ, оның да әуелі қарнын тойдырып,
әлдендіріп алуымыз керек. Яғни, совхоз экономикасын
көтеруіміз шарт. Қалған мәдени-әлеуметтік проблемалар-
ды сосын шешеміз. Біз қазір совхоз экономикасын көтеру
қамындамыз.
Ол үшін нақ қазір не істеуге тиіспіз? Төлді кебейтуіміз
керек. Мал өсіретін шаруашылық үшін негізгі көрсеткіш – төл.
Ет те, елтірі де, жүн де төл өсіміне тәуелді. Қазақстандағы
қой басын 50 миллионға жеткіземіз дейтін ұранның табан
тірер діңгегі де осы.
Бірақ бұл жерде тағы бір ойланатын жай бар. Мал ба-
сын молайтудың бірден-бір жолы – «СЖК» препаратын
қолдану деген алдамшы ойдың жетегінде кетіп жүрмейік.
Олай дейтінім – ғылым мен практиканы ұштастыра білетін
шаруажай адам таразының екі басын тең ұстайды.
– Көбеке, менде бір сауал бар! – деді осы кезде залда
отырғандардың бірі.
– Иә, кім ол? – дегенше-ақ жасы елулер шамасындағы
шашын тықырлап алдырған, қысық көздеу, толық қара кісі
орнынан көтеріле берді.
– Біз малшы да, мал маманы да болмағанымызбен осы
шаруашылықтың отымен кіріп, күлімен шығуға бар
мыз, – деп жан-жағын бір шолды гараж меңгерушісі
Амалбек Сарымсақов. – Бұрын біздің мал мамандарымыз
«СЖК, СЖК» деп шыж-быж болып, соның жолында жүре
тін еді. Ал соңғы жылдары, турасын айтсақ, сіз келгелі
бері осы «СЖК» анау айтқандай пайдалы емес екен деген
Повестер
ді естіп жүрміз. Міне, қазір сіздің сөз саптауыңыздан да
осыны аңғарғандаймыз. Сіз совхоз директоры, мал мама-
ны ғана емес, ғалымсыз. Ендеше бізге осы бір көмескілеу
жайдың бетін ашып берсеңіз деп едім.
– Амалбектікі дұрыс!
– Бұл енді машина-тракторды былай қойып, қой қашы
руды зерттеп кетпесе неғылсын! – деген дауыс шықты.
Құрдастарының бірі болса керек.
Директор жиналғандардың тынышталуын өтінді.
– Жолдастар, – деді гу-гу басылыңқырағанда. – Әбекең
нің сұрағында еш оғаштық жоқ. Қайта шаруашылықтың
өзіне көмескілеу тұсын білсем деген ынтасы үшін Әбекеңе
алғыстан басқа айтарымыз бар ма! Егер өзге ұсыныс бол-
маса бұл сұраққа қысқаша жауап берейін.
Біз келешекте бұл препаратты көп қолдана бермейміз.
Оны ғылым да, тәжірибе де жөн көрмейді. Себебі бір
саулықтың тым көп қозы табуы да жақсы емес. Ондайда
елтірінің, жалпы мал тұқымының сапасы кетеді. Ал біздің
басты міндетіміз – асыл тұқымды мал өсіріп сату. Мысал
келтірейік. 1976 жылы совхоз мемлекетке өткізген елтірі
нің 55 проценті ғана бірінші сортты болды. Ал келер жылы
бұл көрсеткіш – 70 процент, 1978 жылы – 80, 1979 жылы –
93 процент болса, биыл 95 процентке жетіп отыр. Осыдан
төрт жыл бұрын елтіріні орта есеппен 17 сомнан өткізсек,
биыл 30 сомнан айналды!
«СЖК» қолдану әсіресе селекция үшін қиын. «СЖК»
қолданылған жерде сапаны сөз ету ерсі сияқтанады. Менің
жеке басым бұған қарсымын. Күтімі жақсы қой әр жүзден
120-130 қозыны өзі берсін.
Көпмағамбет Елемесов директор болып тағайындалға
лы бері совхоз еңбекшілерімен мынадай тақырыпта тұңғыш
сөйлесуі. Бұрын мал мамандары болмаса өзге жұрт мал тұ
қымын асылдандыру бағытындағы селекция жұмысына мән
бермейтін сияқтанатын. Сондықтан да директор бұл мәселені
оңашада, мал мамандары мен совхоз активистерінің алдын-
да ғана айтатын, жұрттың бүгінгі ықыласына қарап Елемесов
өзін-өзі іштей кінәлап та тұр. «Совхоз еңбекшілерінің жалпы
жиналысында неге сөз етпегенбіз? Мына шынашақтай депу-
тат қыз айтпаса бұл кездесудің де болар-болмасы екі талай
еді-ау», – деп ойлады ол.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Биыл жоспар бойынша 11 мың қозы қалдыруымыз
керектін. Біз он алты мың қозы қалдырдық. Бүйтпейінше
мал санын көбейте алмаймыз. Ал практика көрсетіп
жүргеніндей бір шаруашылықтағы мал санын кемінде 60
мыңға жеткізбейінше совхозды рентабельді ету мүмкін
емес. Әне, менің «әуелі қарнымызды тойдырып алуымыз
керек» деген сөзімнің мәні осында.
– Көбеке-ау, 16 мың тоқтыны жаю үшін күзде тағы 50
қойшы керек қой. Оны қайдан аламыз?! – деді қойшы
Қазанғап Сатыбалдиев.
– Совхозымызда бес мыңға жуық халық бар. Биыл орта
мектепті 114 жас бітірді. Мына Ұлбала сияқты қыздарымыз
қой жаюдың арқасында Жоғарғы Советке депутат болып
сайланып жатқанда екінші тың атанып отырған мал шаруа
шылығына елу адам таппасақ елдігіміз қайсы! – деп екпін
дей жөнелді кезексіз сөз алған парторг Арысбек Тәжиев.
– Иә, секретарьдың айтқандарына мен де қосыламын,–
деді Көпмағамбет байсалды үнмен. – Мал шаруашылығы,
оның ішінде қой өсіру бұл өңір үшін бірінші тың!
Былтыр Мамақов жолдас бастаған шопандар брига-
дасын құрғанбыз, бригада биыл әр жүз саулықтан орта
есеппен 162 қозыдан алды! Ал өткен жылғы табысы үшін
Мамақовтың өзі «Нива» машинасын сыйлыққа алды, бри
гадаға 19 мың сом ақша, 190 бас мал бәйгеге берілді!
Жұрт ду қол шапалақтап, гулеп кетті.
– Бригадалық әдістің жақсы екеніне бәріміз де көз жет
кізе бастадық. Онда біріншіден, еңбек өнімділігі артады,
екіншіден қойшының табысы молаяды. Мысалы жаңағы
Жолдасбек бұрын орта есеппен айына 90 сом ғана алатын.
Ал қазір орта есеппен төрт жүз сомға жуық ақша алады.
Міне, табыс деп осыны айт.
Үшіншіден, қойшының уақтылы тынығуына, демалу-
ына жағдай туады. Мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету
жақсарды. Айта берсек артықшылығы тіптен көп. Әсіресе
жастарға қолайлы. Топтанып жүрген соң зерікпейді, то
рықпайды, жалықпайды. Еңбекті дұрыс ұйымдастыру де
геніміз осы.
– Көбеке, бригадаңыздың мақтауын тым келістіргеніңіз
сонша мына менің де барғым келіп кетті, – деп әзілдеді
президиумға тақау отырған мұғалім Әбдірашид Ботабеков.
Повестер
– Барғыңыз келсе айтыңыз, өзіңізді ұстаз етіп комсо-
мол жастар бригадасын құрамыз да береміз! – деді дирек-
тор. – Бұл әзіл емес. Шын сырым. Ондай бастама жасау-
шылар болса қуана қарсы аламыз және қолдан келген бар
жақсылығымызды жасаймыз.
Жиналған жұрт қайта дуылдап кетті. Басылар түрі жоқ.
– Көбеке, қойды көбейттіңіз делік. Ал жем-шөп жайы
қалай шешіледі? Кей жылдары осы аз ғана малға не
берерімізді білмей қысылып жүреміз ғой?–деді совхоздың
байырғы тұрғыны, осындай жұрт жиналған жерде жақсы
әңгімеге желі тарта білетін әдетімен селолық аурухананың
шаруашылық жұмысын жүргізуші Біләл Ысаев.
– Жөн, Білеке, бұл да білген кісінің сұрағы. Жайылым-
ды түбегейлі жақсартпайынша іс оңға баспайды. Биыл сол
үлкен жұмыстың бастауы ретінде екі жүз гектар жерге
изен еккенімізді көрдіңіздер. Мың гектардан астам жерге
жоңышқа егілді. 650 гектар жүгерінің әр гектарынан алпыс
центнерден собық қайырамыз, – деп бүкіл ауданға үндеу
тастадық.
Дегенмен, суармалы жеріміз күрделі тегістеуден өтпе
ген. Су-техникалық құрылыс жоқ. Егістік жерді жыңғыл
дың томарынан тазартып, қазақы тәсілмен тың игеріп жа-
тырмыз. Бірақ мұнымен ұзаққа бара алмаймыз. Сондықтан
аудан еңбекшілері тапсырған көп аманаттың қатарына
Ұлбалаға осы мәселені шешуді де қосып берсек деген
ниетіміз бар. Өз совхозымыздан шыққан депутатымыз ғой,
тиісті орындармен сөйлесіп көрер...
Аманат демекші Ұлбаланың мойнында жерлестері жүк
теген қыруар парызы бар. Соның қай-қайсысын да орында-
ту оңай емес. «Тіпті осы совхоздың өзін алайықшы, – деп
күбірледі іштей Ұлбала. – Құрылғанына қырық жыл бол-
са да қырық метр жер асфальттанбаған. Орта мектепке
жаңа үй, совхозға машина-трактор жөндейтін шеберхана
салдыру қажет, селоны көркейтудің өзіне жарты миллион
сомдай қаржы бөлінді. Бірақ атқарылуға тиісті жұмысты
бірде-бір мердігерлік ұйым алмай отыр. Айтары – Сыр-
дариядан өтетін көпір жоқ деген бір ғана сылтау. Әй, осы
көпірдің кесірін тартып-ақ болдық-ау. «Ақтөбе» совхо-
зы мен «Шәуілдір» совхозының аралығындағы тас жолды
асфальттау ісін де тежеп тұрған сол көпір... Еңбекшілерге
Жарылқасын Нұсқабайұлы
мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету жұмысы да мүлде
жоққа тән. Ілуде бір көрсетілетін кино мен жазылған газет-
журналдарын тай-тай қылып анда-санда әкеліп тастайты-
ны болмаса қойшыға қандай мәдени қызмет корсетіліп жа-
тыр? Өзге облыстардағы сияқты малшы ауылға тігінші,
шаштараз, етікші, сағат, радио жөндейтін шеберлер келіп,
қойшының мұқтажын өтеу қашан жөнге қойылар екен?
Әйтеуір, шай, қант, тұз, сіріңке сияқты аса қажет затқа
зәру қылмай автолавкасы жүріп тұрса қойшы ауыл соны
да көңілге медеу тұтып, разылық білдіріп жататынын
қайтерсің. Жоқ, бұл іске бір қозғау салу керек-ақ... Осы
жаңа ғана елу қойшы керек деген жоқ па? Ал қойшыға
мынадай немқұрайды қарап отырып, бұл салаға жастар-
ды тарту мүмкін бе? Біз «Қойшының табысы мол, бәлен
сом сыйлық, бәлен бас мал алды», – деп көпситінімізге
қиналам. Қойшы мұны қандай бейнет, қанша азаппен та-
уып отырғанын, сірә, қойшыдан өзге адам шын ұға ал-
мас. Және дүниенің бар қызығы малда, ақшада ғана ма?
Қойшының табысы мол екені рас. Ендеше қой жаюдан
жұрт неге қашады? Дүниенің тетігі ақшада ғана болса
қойшылыққа неге ағылмайды жұрт?! Жалпы көпшіліктің,
оның ішінде жастардың қойға барудан азарда-безер қашу
себебі не? Әуелі біз неге соны іздемейміз? Соны түзетудің
қамын неге ойластырмаймыз? Қойшы да жақсыны жақсы
көреді. Қызық, тамаша, жаңалық қойшыға да жат емес.
Оның да білгісі, көргісі келеді. Қойшының рухани азығы
тапшы. Оның ел арасын аңсайтыны, көпшілікке қарай
қашатыны сондықтан...
– Көбеке, менде бір сұрақ болып тұр, – деп дауыстады
көпшілік арасынан тағы бір кісі.
Сөйлеп тұрған директор бұл дауыстың нақ қай тұстан
шыққанын байқамай қалды да, сұрақ иесін іздеп отырған
дарға қарай иегін көтерді.
– Сұраңыз!
– Жаңа Амалбектің сұрағына жауап берген тұста айтар
ма екен деп емексіп едім, олай болмады. Сосын не де болса
сұрап қалайын, директорымызбен бүйтіп күнде жолығып
жатқанымыз жоқ қой деп...
– Сұраңыз, Маха! Бүгінгі жиылысымыздың мақсаты да
сол. Жұрт сұрасын, біз жауап берейік, орайы келсе біз де
сұрайық дегенбіз. Солай емес пе, Ұлбала?!
Повестер
Директордың оң жағында отырған Ұлбала басын изеді.
– Тек менен ғана емес, осы совхоз мүддесіне байла-
нысты нәрсені осы отырған кісілердің қай-қайсысынан
да сұрауларыңызға болады,– деп директор президиумда
отырғандарды түгел нұсқады.
– Ендеше, – деді сұрақ иесі ұзын бойлы қара торы кісі,
Маханбет Әшіров, – мен де орта білімді мал маманы едім.
– Оу, Маха-ay, осы отырған жұрт сізді жаңа көріп
отырғандай өзіңізді таныстырғаныңызға жол болсын! –
деп Көпмағамбет ықыласымен күлді.
– Қайдан білейін, сіз білмейді ме деп айтып жатқаным
ғой. Онда сұрағымды тыңдаңыз.
– Әй, Маха, сенің сұрағыңнан кіріспең көп болды ғой, –
деп бір шалып қалды жұмысшылар комитетінің предсе
дателі Асан Әбдікәрімов.
– Асеке, бөгемеңіз, айтсын сұрағын, – деп директор ара
ға түсті.
– Бағана, – деді Маханбет. – «СЖК»-дан бас тартамыз
дедіңіз. Сонда оның орнын басатын басқа амалдарыңыз
бар ма, бізге сол жағы белгісіздеу.
– Бұл сұраққа сәл кеңірек түсінік беруге тура келеді, –
деді де директор «не айтуым керек еді» деген кісіше сәл
бөгелді. Жейдесінің жағасын жөндеді. Сосын бір жөткірі
ніп сөзін жалғады.
– Украинаның Херсон облысында Аскания-Нова де-
ген жер бар. Міне, осы жерде академик Михаил Федоро-
вич Иванов 1930 жылы қаракөл қойын өсіреді. Ол қаракөл
қойын тондық терісі үшін өсірілетін және әр саулығы 3-4
қозы туатын Романов қойымен будандастырып, оның қозы
сының әр жүзінен 120-130-дан төл алған. Бұл қой тұқымы
бертінде көп қозы беретін қаракөл қойы деген атқа ие бо-
лыпты. Міне, біз 1977 жылы осы қой тұқымынан отыз
қошқар әкелдік. Сөйтіп оны екі отар қойға салдық. Әр
жүзінен «СЖК»-сыз 104-тен төл алғанымызды осында
отырған кісілердің бірсыпырасы білер деп ойлаймын. Был-
тыр 118-ден төл алынды.
– Көбеке, сол буданнан қазір қаншасы бар? – деді бір
жуан дауыс.
– Әлі көп емес. Жеті жүз. Бұл қозыдан қошқар да қой
дық. Бірақ қаны туыс қой мен қошқардан туған қозы тө
Жарылқасын Нұсқабайұлы
зімсіз болады. Сондықтан келешекте осы будан қойды
өзіміздің байырғы қойымызбен қайта араластыру ке-
рек деп отырмыз. Қазір будан саулықтан туған егіз қозы
жалқы қозыдай ірі болады. Бұл мал тұқымы да іріленіп
келеді деген сөз. Демек әр қойдан алынатын ет те, жүн де
мол, елтірісі көлемді. Біздің көксеп отырғанымыз да сол.
Бұл жерде бір ескере кететін жайт – будандардың Сыр
бойын жерсінуі қиын. Соны қатты қадағалап жүрміз.
– Тағы не айтуым керек еді? – деп Елемесов сол жақ
қанатында отырған бас мамандар Өстемір Ескеров пен
Рыскелді Қасымбековке қарады.
– Қой қашырғыш станокты айтқан жоқсыз. Жақындау
отырған Рыскелді жауап берді.
– Иә, сол бар екен. Қойды қолдан ұрықтандырудың ма
шақаты көп, ауыр жұмыс екенін айтпай-ақ қояйын. Міне,
осы бейнетті жеңілдету үшін Қаракөл шаруашылығы ин-
ститутымен және Қой шаруашылығын механикаландыру
жөніндегі жобалау институтымен бірлесе отырып меха
никаландырылған жаңа қой қашырғыш станок орнатып
жатырмыз. Мұнымен бір сағатта 150-200 қой қашыруға бо-
лады.
– Былтыр Мамақовтың бригадасынан көргенбіз, – деді
залдан манағы жуан дауыс.
– Тап сол! – деп директор қостай кетті. – Және әр сағат
сайын 700-800 қой тоғытуға болатын ванна саламыз. Бес
мың қой тұратын комплекс салғалы жатырмыз. Малға жем
беру жұмысын да механикаландырамыз. Әне, жолдастар,
айта берсек жоспар көп. Мәселе соны қалай іске асыруда.
Ол мына отырған сіздерге, өзімізге байланысты.
Отырғандар сатырлата қол соқты. Жиналыс жүргізуші
Ұлбала орнынан тұрды.
– Жолдастар, – деді ол, – Көбекең көп жайды жақсы ай-
тып берді. Бүгін осында тек қой, егін жайын сөз еттік те ірі
қараны ауызға алмадық. Мұнымыз әділет болмас. Өйткені
біздің түйекеш, жылқышы, сиыршыларымыз да мал басын
аман сақтап, төл санын жылдан жылға көбейтумен келеді.
Биыл әр жүз аналықтан жүз бұзау, тоқсан құлын, алпыс
бота алуымыз осы сөзімнің дәлелі.
– Ал енді өзге сұрақ болмаса бүгінгі жиналысымызды
осымен аяқтағанымыз жөн болар. Әңгімеге қызу араласып,
Повестер
ортақ іске жанашырлық көрсеткендеріңіз үшін рақмет.
Совхоз партия ұйымы мен дирекциясы, жұмысшылар ко
митеті мен комсомол ұйымы мұндай бас қосуды дәстүрге
айналдыру қажет деген қорытындыға келді. «Келісіп піш
кен тон келте болмайды» демей ме халық. Демек, келер
бас қосулар кезінде де нақ бүгінгідей ашық пікірлесерміз,
ақылдасармыз деп үміттенеміз.
Жиналған жұрт тағы қол шапалақтап орнынан тұрды.
* * *
Ұлбала сыртқа шыққанда түннің біруағы болып қал
ған екен. «Аулың біраз жер ғой, түн ішінде жалғыз жол
жүрмей-ақ совхоз орталығына қона кетсеңші», – деген
дерді тыңдамай «Москвичіне» отырып аулына қайтты. Ма-
шина совхоз орталығындағы ойдым-ойдым көшелерден
шығып, тас жолмен тіке түстікке бет түзегенде Ұлбала ка-
бинадан басын шығарып қарсы соққан желге бетін тосты.
Сол сол-ақ екен, сап-салқын самал түгел аймалап әп-сәтте
кеудесін де кеулей жөнелді. «Ой, рахат-ай! Мына қоңыр са-
малды жұтқан жан күндіз тап осы жерде қырық градус ап-
тап болды дегенге сірә да сенбес!»
Машина екпіндеген сайын гуілдей соққан салқын жел
ге қызыққан Ұлбала газды баса түсті. «Москвич» құмда
уыттау адырға бітік өскен жусан аралай жосылған екі өрім
жолмен жүйткіп келеді. Кенет жол жиегінен қалбалақтай
ұшқан бозша торғай сәл көтеріле бере-ақ машинаның
алдыңғы әйнегіне сарт етіп соғылып лақтырған тұтқыш
тай қарауытып жалп ете қалды. Табиғатынан бауырмал,
жан-жануар, жәндікке дейін жаны аши қарайтын Ұлбала
машинасын тез тежеп тоқтатты да, сыртқа шықты. Маши
насының артын айнала бере-ақ жол ернеуіндегі бір түп
жусанға бір қанаты ілініп, алба-дұлбасы шығып жатқан
торғайды ептеп көтеріп, қолына алды. «Бейшара-ай, денесі
әлі дір-дір етеді. Жып-жылы», – деді Ұлбала өзіне өзі
сөйлеп. «Тіршілік қандай қатыгез. Иен далада, жападан-
жалғыз, тірі жанға зияны жоқ күн кешіп жүрген бейбағым.
Сенің қандай кінәратың болды екен?»
Ұлбала терең күрсінді. Кеудесін кере тыныстады да,
төңірегін шолды. Тырс еткен дыбыс, қылт еткен қара жоқ,
жазғы түн. Тек машинаның жүрісінен тұрған жел шығар
Жарылқасын Нұсқабайұлы
деп ойлаған еді жаңа қарсы соққан лепті. Жоқ, сөйтсе кә
дімгідей-ақ екпін бар екен. Енді байқады. Солтүстік шы
ғысқа бетін бұрып, кеудесін салқын желге тосты.
«Құрыл-ли», – деді жап-жақын жерден жылқышы құс.
Мұнысы бағанадан бері болған жайды бақылап тұрып енді
бозша торғайдың мал болмайтынын сезген соң «құрыды»
дегені сияқты естілді Ұлбалаға. «Саяқ жылқыдай жапан-
да жалғыз жайылатын жазған, саған да серік керек екен-
ау. Елегзитін боларсың, сірә. Иә, білем жалғыздықтың
жамандығын», – деді Ұлбала жылқышы құспен сөйлесіп
тұрған кісіше.
Жылқышы құстың даусы енді әріректен шықты. «Құ-
рыл-ли, құрр-ыл-ли, құрыл-ллии», – дейді безектеп.
Ұлбала машинасына мініп, былай шыққан соң да
жаңағы бір кірбің сезімнен ажырай алмады. Сол көңілсіз
күйі келді де, сыртта салулы тұрған төсегіне құлай кетті.
– Ұлбала! – деді әкесі Көпжан.
– Әу, көке!
– Балам, бейуақ қайттың ғой, жиналыстарың ұзаққа со-
зылды ма?
– Иә, көке.
Ұлбала әкесінің жиналыста не сөз болғанын білгісі
келіп жатқанын бірден-ақ аңғарды. Бірақ шешіле қоймады.
– Тамағыңды ішсеңші, суи қоймаған болар.
– Қазір ішем, машинада шаршаңқырап қалдым, – деп
сылтау айтты Ұлбала. – Өздеріңізде не жаңалық бар?
– Не жаңалық болсын. Жаңа ас-суын ішкен соң Темір
болат малды өргізіп кетті. Көмекшің оңынан кездесті, ба-
лам. Өзі бір мың болғыр екен. Еріну, жалқаусырау, жалығу
дегенді білмейді. Бүгін айдамай-ақ қойсаңшы, малың тоқ
қой деп едім, «Мен бір күн жоқ болғанда малды иіріп қамап
қойғаның қалай десе қайтем», – деп болмай айдап кетті.
Менің де жатқаным жаңа. Ана азандағы ақ тұмсық қойыңды
көрдім. Жылан шақты ма деп жүрсіңдер, желінсау емес пе
өзі? Желіні оттай ғой. Қол тигізбейді. Ертең Өстемір келсе
көрсетуді ұмытпа, – деп мал жайын баяндап жатыр Көпжан.
– Темірболат немен кетті малға?
– Түйемен.
– Дұрыс. Ақбоздың бірер күн арқасын суытпасақ бол-
мас. Қысы-жазы ер-тоқымы үстінен бір түспейді, обал-ды.
Повестер
Ұлбала барып, өзіне қойылған ас сыбағасын әкелді.
Әкесінің аяқ жағына жерге отырып, тамағын жеуге кірісті.
– Апаңның дәрігерінен хабар жоқ па?
– Жоқ. Хатымыз жаңа барған шығар. Әлі жауап келетін
мезгіл болған жоқ.
– Тезірек жатқызса екен. Балалар да қиналып жүр.
– Өткенде дәрігері «Көп ұзатпай шақырармын», – деп
еді. Хабар келіп қалар. Мен ат үстінде жүрмін ғой, көке.
Үйдегілерге өзіңіз бас-көз бола тұрасыз. Апамды көп
қозғамаңыздар.
– Е, үйге қам жеме, қалқам.
Аталы-балалы екеуі біраз уақытқа дейін әңгімелесті.
Ұлбала әкесіне бүгінгі әңгімені түгел баяндады.
– Өзі малдың жайын жетік білетін жігіт екен. Ұшыраса
кеткенде де әр сөзінен байқалып тұрады. Тілектеріңе же
тіңдер. Амандық болса енді бір үш жылда совхоздарың
мақтаулы, маңдай алды шаруашылыққа айналатын шығар.
Ал енді жатып дем ал, балам, – деп Көпжан орнынан
тұрды.
* * *
Ұлбала қатты ұйықтап қалған екен. Орнынан бірден
ұшып тұрды да, жан-жағына қарады. Көмекшісі Темір
болаттың малға мініп келген түйесі қора жанына шөкпей
бақ-бақ етіп тұрғанын көрді. «Сірә, соның бақырған дау-
сынан оянған болуым керек», – деп жорыды. Күн көтеріліп
қалыпты. Қатар орналасқан Темірболаттың үйінің ошағы
нан буы бұрқыраған қазан көрінді. Темірболаттың келуіне
ас қамдалып жатқанын ұқты. Ал Темірболаттың өзі түйе
сінің жадысын сыпырып, әлі сол маңда жүр.
Ұлбала беті-қолын шаюға оқталды да, жаңағы бір көр
ген түсін анық жіліктей алмай ойланып тұрып қалды. «Қа
лай еді, ап-анық еді ғой», – деп қалды да, даусы шығып
кеткеніне қысылып жан-жағына қарады. Жақын жерде
сөзін ести қоятын ешкім көрінбеді. «Көкем де тұрып кетіп
ті ғой», – деді Ұлбала.
Е, енді түсті есіне. Совхозы керемет табысқа жетіп, көп
адамды газетке мақтап жазыпты екен дейді. Суреттерін де
басыпты. Өздерін де әбден келістіре мақтапты. Ойпыр-ау,
мынасы несі? – дейді Ұлбала газеттегі суретке қарап. Га-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
зеттен депутаттыққа кандидат болып ұсынылғандағы
суретін көргелі бері өзіне хат жазып қоймай жүрген
жігітпен бірге отыр. Ұят-ай, енді жұрттың бәрі көретін
болды-ау! Өзі қандай жігіт, түк қымсынбастан Ұлбалаға
қарай басын қисайтып алыпты. Тісі жарқырап күліп
отыр. Бұл біздің совхозда істемеуші еді ғой, қалай бізбен
бірге жүр өзі, деп таң Ұлбала. Ойбай-ау, газет деп жүргені
шақыру билеті ме немене? Ұлбаланың үстіндегі үлбіреген
ақ көйлек, басында ақ жаулық бар білем...»
Осыдан арғысы көмескі. «Қой, болмашыны малдан-
бай, бұлыңғыр түске алданбай малыма барайын ертерек.
Ұзаңқырап кетсе көкем шөлдеп қалар. – Ал Темірболат
бүгінше ауылда болсын, – деп түйді де тез-тез беті-қолын
шая бастады.
– Ұлбала! – деген дауысқа бұрылып еді, есігінің алдын
дағы нарға ас қамдап жатқан Темірболаттың келіншегін
көрді.
– Не?! – деп дауыстады Ұлбала.
– Ертеңгілік шайды біздікінен іш, міне, дастарқан жай-
ып жатырмын.
– Жарайды, Түймегүл, қазір барамын. Бірақ мұнымен
жеп-жеңіл құтыла қоямын деп ойлама. Сен келіншектің
қолыңнан бір құман шай ішпегелі көп болды. Ана
балаңның тұсау кесерін қашан жасайсың? Жоқ, әлде
далбақтап далада жүргенде қалып қойдық па?
– Қойшы, сен де қайдағыны айтады екенсің. Ондай кәде
жасасақ тұсау кесетін өзің. Інің саған тартқан шалымды,
өресі биік болар ма екен...
– Ұлбала, сендер Түймегүл екеуің не бастаңғы жасаға
лы жатсыңдар? – деп Темірболат келді қастарына.
– Жариялап істеген соң бастаңғы бола ма, кезінде
көрерсің, – деді келіншегі. Сосын Ұлбалаға қарап көзін қы
сып қойды.
– Бопты, әкелші шайыңды, – деп Темірболат та қол шая
бастады.
– Көкем малға барды ма? – деді Ұлбала Темірболатқа.
– Иә, қойда қалды. Қазір ол кісі де келіп қалар.
– Малың қалай, ауру-сырқау, ақсақ-тоқсақ жоқ па? Ер
тең қырқынға айдаймыз.
– Жақсы болды ғой, әйтпесе күн ысып кетті. Кешелі
бері ыстықтап күндіз жақсы жайыла алмай жүрген сияқты.
Повестер
– Саған солай көрінген шығар. Мал жүнін ауырлай
қоярлықтай ыстық болған жоқ қой әйтпесе. Малды қалай
қарай шығарып жүрсің?
– Көлқұдыққа қарай. Құдықтың бергі тұсындағы бұй
рат та, татыр да от. Мал тоқтап жайылады.
– Жайдақ жердің оты қашпас. Күн ысып, раң ұшпай
тұрғанда малды құмға жая тұрған жөн шығар. Сосын
өткенде бидайын алған саулық қойға еріп кетті ме? Ұзақ
жолға жарамайтыны болса малды да, өзімізді де қинамай
олардың жүнін қырқып ала барайық.
– Бір машина келе жатыр ғой, – деді Түймегүл жолға
қарап.
– Қандай машина? – деді Ұлбала. – Жеңіл машина ма?
– Жоқ, Рыскелдінің машинасы болар.
– Сол болса сол шығар. Қырқынға мал айдаңдар дейтін
шығар.
– Кабинасында және біреу бар ғой, – деді жақындап
қалған машинадан көз алмай тұрған Түймегүл.
– Жарайды, ұят емес пе бөгде біреу болса сонша аңта
рылып, келер. – Темірболат келіншегіне кейістік білдірді.
– Ой, өзіміздің көкем ғой, – деп Ұлбала мәз болып жа-
тыр.
Машинадағы бас зоотехник Рыскелді Қасымбековтың
қасындағы Ұлбаланың әкесі Көпжан екен.
– Көке, сіз қайдан ұшырастыңыз? – деді таң болған
Ұлбала.
– Е, мына зоотехнигің малға барды емес пе тіке.
– Жастар жайбарақат дастарқан басында. Қой соңында
Көбекең. Бұларың жарамас, жолдастар, – деп күлімдей
амандасты Рыскелді.
– Ойпыр-ай, Рысеке, Ұлбала екеуіміздің биылдыққа
бірге шай ішкеніміз осы еді. Соның да үстінен түстіңіз-ау.
Енді не дейік? Сіздікі дұрыс, – деп Темірболат лып етіп ор-
нынан тұрып сәлемдесті.
– Қане, төрге шығыңыздар.
– Мына Көбекең екеуіміз бірсыпыра әңгімелесіп келдік,
Ұлбала. Мен бұл кісіге кешегі әңгімені түгел айтып бердім.
Бірақ Көбекең оншалық қосыла қоймады. Әсіресе бригада
құрамыз дегенім көкейіне қонбаған секілді, – деп зоотех-
ник Көбекеңді сөзге тартты.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Неге, біздің көкем жаңашыл кісі. Жаңалықты жатыр
қамайды, – деді Ұлбала әзіл-шыны аралас.
– Заман сендердікі ғой, балалар, – деп бір тоқтады Көп
жан. Сосын насыбай шақшасын алып, тығынын ағытты.
Бұл Көпжанның келелі бір әңгіме бастардағы әдеті. Оны
Ұлбала біліп отыр.
– Шай алыңыздар, – деді ол әкесінің әңгімесін нақ қазір
бастай қоймайтынын ескерткендей.
Көпжан оң алақанына салған төрт түйір насыбайының
ішінен бірдеме іздегендей әрілі-берілі аударыстырумен
отыр. Әлден уақытта барып баппен астыңғы ерніне тықты
да, шашыраңқырай түскен түйіршіктерін ернін қозғалтып
жинақтап алды. Сосын алақанын шалбарының қалта
тұсына бірер сүртіп, әңгімесіне кірісті.
– Заман сендердікі ғой, – деп тағы қайталады әлгі сөй
лемін. – Бригада құрасыңдар ма, жоқ осылай тұрасыңдар
ма ерік өздеріңде. Бүгінде шопанның дегені болып тұр.
Құрыңдар, жаңартыңдар, әйтеуір жасартыңдар.
Оларыңа біз разымыз.
– Онда ренішіңіздің себебін түсіндіріңіз, Көбеке, – деді
Рыскелді. – Жаңа, ауылға беттегелі жүзіңізге реніш үйірі
ліп, үндемей қалдыңыз. Соған қарап мен айтқан жаңалық
ты жақтырмады-ау деп қалып едім...
– Кейде жаңалық іздеп жүріп қойшының сан жылдар
тырнақтап жинаған құнды тәжірибесін ұмыт қалдыра
тынымыз бар. Сендер жасап жатырмыз, көтеріп жатыр-
мыз, жаңартып жатырмыз дейтін бүкіл тіршілік-теріңнің
негізін мен де емес, сен де емес сан ұрпақ қалады. Қанша
ма халықтың тері, қажет десең қаны төгілді. Қаншама
жүйке тозды, ми шаршады. Егер біз әлдебір жетістікке,
табысқа, абырой-атаққа қол жеткізсек ол үшін кешегі
ұрпаққа, толарсақтан саз кешіп, мұз жастанған, осы ма-
мыражай заман үшін қан жұтып, көз жасын көл қылған
бабаларымызға қарыздармыз. Бүгін жас буынның мықтап
есінде ұстайтын нәрсесінің бірі осы. Өткеніңді жаман
дағаннан көсегең көгермейді. Тарихқа зер салсақ не бір
өнегелі істер болған, ғұмыры соншалық мәнді жандар
өткен. Ұлттық дәстүрге, ұлттық ғұрыпқа, ұлттық киім мен
ыдыс-аяққа үрке қарайтын заман келмеске кетті. Керісін
ше қазір үкіметіміз әр ұлттың өз ерекшелігін сақтауға,
Повестер
дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, мәдениетін құрметтеуге, қор
ғауға көңіл бөліп отыр. Бірін айтып отырып, екінші әңгі
меге ауысып кетіппін. Кәріліктің белгісі ғой. Өзім не ай-
тып отыр едім, – деп Көбекең қызына қарады.
– Бұрынғы шопандардың тәжірибесі ұмыт қалып жүр
дегенсіз.
– Иә, ол рас. Бір ғана мысал айтайын, қызым. Мәселен,
малдың төлін бағуға байланысты ойымды айтайын.
Бұрын қойшы атаулы қозы мен қойды бөлек жаятын.
Күніне қозыны екі рет жамыратып, екі рет бөлуші едік.
– Көке-ау, мың қозыны екі жамыратып, екі бөлсеңіздер
бүкіл күн сонымен-ақ өтпей ме?
– Жоқ балам, асықпа. Түсіндірейін. Әрине, ала жаздай
олай етпейміз. Қозы отыққанша ғана солай амалдаймыз.
Кейін қозы отыққан соң кешке бір-ақ жамыратамыз. Қозы
бөлу де соншалық қиын жұмыс емес. Күн сайын екі рет
бөлген соң қозы да, қой да үйренеді. Бірен-саран безаяқ
қозы болмаса өзгесі қақпайласаң-ақ қала береді.
– Жарайды көке. Бөлуін қиынсынбайық. Қазір бұрын
ғыдай емес, адам саны да барлау ғой. Бірақ қойды төлінен
бөлек жаюдың мақсаты – қой сауу болар. Соғысқа дейін,
соғыс жылдарында, тіпті бертініректе де қой саудыңыздар
ғой. Жоқшылық не істетпеді. Елге май керек, құрт, ірімшік
керек дегендей...
– Ол да бар. Бірақ қазір ондай қажеттік жойылды. Ел
тоқшылық. Дегенмен, менің ойымша әлі де қой мен қозы
ны бөлек жаю дұрыс сияқтанады да тұрады. Себебін ай-
тайын.
Көбекең дағдысы бойынша басындағы тақиясының
етегін айналдыра байлап тастаған бет орамалын тақиясы
мен қоса кейіп ысырып қойды да, сәл ойланды. Қасында
отырған Ұлбала мен бас зоотехник Қасымбеков Рыскелдіге
қарады. «Тағы қандай дәлел айтар екен», – деп ол екеуі де
Көбекеңе тесіле қалыпты. Көпжан асығатын емес. «Бұл
айтқанымды істемесеңдер істемессіңдер, бірақ әңгімемді
тыңдамай кете алмасыңды біліп отырмын», – дегендей
енді насыбай шақшасын алып, тағы да насыбай атты. Үл
кен кісінің бар қимылын қалт жібермей бағып отыруды
ерсі көрді ме, Рыскелді бағанадан өзі ұстап отырған қам
шыны жаңа көргендей өрімін, алақанын, тобылғы сабын
зер салып қарай бастады.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Бұрын қозыны қойдан бөлек жаятынбыз дедім ғой
сендерге, – деді Көпжан жаңа бір әзірде айтқан сөзін қайта
лап. – Бұл оның тез отығуына, жағдайға тезірек бейім
делуіне септігін тигізуші еді. Қазір қозы туған күнінен ба-
стап енесінің жанында болады. Яғни, қозы аяқ-танғанша
қозылы қой ауылдан ұзап жайылмайды деген сөз. Ал
қойлы ауылдың төңірегі бәлендей отты бола қоймайтынын
білесіңдер. Малдың аузынан тұяғы жеміт. Күнделікті
өріске шығарда, қайтарда ауыл маңының шаңын шығара
ды. Демек, жас төлдеген мал күнде аш құрсақ. Өзі қыстан
әзер шықкан саулықтың көкке тойып, тез оңалуын тежей
ді. Себебі жер от болғанның өзінде төлі соңына ерген
мал алаңдап жайыла алмайды. Мекіреніп қозысына бара
береді. Мұны бір деңіз.
Екіншіден, ертеден қара кешке дейін қозысы сора бер-
ген қойда не қалады? Өзі аш, өзі арық қойдың қанша сүті
болсын. Содан уызға жарымаған қозы енесінің желінін
түрткілейді де жатады. Бұл қозы үшін де қиын. Уы-зына
жарымаған қозының өсуі де баяу, аурушаң болады. Және
әлі отықпаған қозыны тәлтіректетіп, өріске шұбырту да
обал. Шаршайды, шөлдейді. Бала неме бұйығып жата
кеткенді қалайды. Енесі сүйрелеп жатқызбайды. Оған
өріс – жүріс керек. Міне, сәйкессіздік деп осыны айтады.
Екінің бірінде қозы ұйықтап қалып, ит-құсқа жем бола-
тыны да осыдан. Қозысымен жетектескен саулық кеш қоң
алады. Күзге салым әзер шыр біткен саулық күйекке де на-
шар түседі.
– Әрине, бәрі бірімен-бірі байланысты нәрсе ғой. Сон-
да да қозыны бөлу үшін де ауыл маңы от болуы керек емес
пе, Көбеке?
– Қозыны бөлсең де, бөлмесең де арық-тұрақ мал үшін
де ауыл маңының оты мол болғанға не жетсін. Бірақ қанша
оты қалың болғанымен алақандай жердің шөбі қаншаға
шыдайды. Түтіп жібермейді ме мыңдаған тұяқ? Мал жай-
ын өз жайынан көбірек ойлаған қазекем қоныс жаңартып,
неге көшіп-қонумен жүрді дейсің. Сірә, еріккендік емес бо-
лар.
Ал төлдің жөні бір басқа. Оған айналасы ат шапты-
рым жердің-ақ шөбі жетеді. Ауылдың бір бетін мал тұяғын
тигізбей тың ұстасаң болады. Мәселен мен өзім сөйте
тінмін. Қазір Ұлбалаға да солай істе деп жүрмін. Мы-
Повестер
салы мына Сазантөбеге қарай шықсаң қоңыр бас, би-
дай боз, келіншек боз, тарақ боз, сете, ебелек, жусан,
күйреуік дейсің бе, әйтеуір қозың жесе де, қойың жесе де
ығып тұрған қалың отты көресің. Оны сұйылтып алмау
үшін отарды бұл бетке қарай ергізбейміз. Сәл әрірек, Сыр
ға қарай сұғына түссең жантақ, ажырық, мия, кекіре, сүт
тіген, шырмауық, шағыр, шеңгел дейсің бе және шығады
алдыңнан. Келсең-ақ осылар жағадан алады екен деп жүр
ме, Рыскелді қарағым. Саған айтпағанда кімге айтамыз?
Мына Ұлбалаға әйтеуір, білгенімді айтамын. Қазір бұл да
тәжірибе жинақтап қалды. Кейде өзара ақылдасып немесе
бір пікірге тоқтай алмай дауласып та қалатынымыз болады.
– Көкемнің айтқалы отырғаны – совхоз бойынша қозы
ны бөлек жайса дейді. Бұл осы отырған үшеуіміз ғана емес,
көп болып шешетін іс. Сондықтан асықпағанымыз дұрыс
шығар. Малшылармен, мамандармен ақылдасайық. Қөп
талқысына сосын ғана ұсынуға болады. Бұған қалай қарай
сыздар?
Ұлбала әкесіне бір, Рыскелдіге бір қарады. Сосын олар
дың үндемегенін келіскенге жорыды.
– Енді мен жүрейін,– деді бас зоотехник қол сағатына
қарап.– Қараққа, қырқынның басына жете қонуымыз ке-
рек. Әлі талай малды ауылды аралаймыз.
– Онда жақсы, – деді Ұлбала. – Біз де ертең малымыз-
ды айдайық. Тек барған соң қайсыбір жылғыдай күтіп қал
майық. Соны ескеріңіз.
– Жарайды,– деді Рыскелді машинасына отырып жа
тып. – Бұрын күтсең де биыл күте қоймассың. Жалғыз де
путатымызға жағдай туғызбасақ...
– Ой, ағай, қойыңызшы. Қит етсе депутаттығымды айта
қояды екенсіздер...
Ұлбала да күлді. Ұялғанынан өзі қызарып та кетті.
– Көбеке, қош. Жаңағы әңгімеңізді тағы бір ойланып
көрейік!
Машина қозғала берді.
* * *
– Көке, кешегі журналист кісі қайтып кетті ме?
– Иә, сендердің арттарыңша-ақ Мамақовқа кеткен. Бүгін
таңертең қайтып келмекші болған. Оны неге сұрадың?
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Анау Жанкел жақтан бір машина көрінді. Содан ойы-
ма түсті.
– Е, онда сол шығар.
Көпжан Ұлбала сілтеген жаққа қарады. Совхоздың бас
мал дәрігері Өстемір Ескеровтің машинасы үйге таяп қа
лыпты.
– Мынауың Өстемір ғой. Қырқынға бара алмайтын
қойларды көруге келем деген. Алдынан шық, – деді Көбе
кең. Машина кілт тоқтады да, ішінен үш адам түсті: Өсте
мір, журналист, шофер.
– Ассалаумағалейкум!
– Уағалейкумссалам!
– Қане, үйге жүріңіздер, – деді Көпжан алға түсіп.
– Біз шаруаларыңызға бөгет болмайық. Ерте келгеніміз
дің өзі осы болды. Ұлбала малына жүргелі тұрған сияқты
ғой. Біз де ере кетейік. Өрісте-ақ сөйлесе береміз ғой, –
деді журналист Өстемір мен Көпжанға кезек қарап.
– Қой, бір шай ішпей қайда барасыңдар? Ұлбала кете
берсе артынан-ақ бармайсыңдар ма, Өстемір?
– Жоқ, Көбеке. Мына жігіт те асығыс екен. Қазір Ұлба
ладан қалмайық. Сәті түссе қайтарда соғармыз. Қане, Ұл
бала машинаға отырайық,– деп Өстемір билік айтты. Әлгі
үшеуге Ұлбала қосылып, енді төрт кісі машинаға қарай
беттеді.
– Мен уақыт жоғалтпай мал жайын айта берейін, – деді
Ұлбала машинаға мінген соң.
– Қойым – қара жакет сортын беретін қаракөл қойы.
Бұл ең өтімді, ең қымбат сорт. Оның қозысынын бұйрасы
біркелкі, башай-басына дейін бұйрасы жазылмайды. Біз
дің совхоз осындай қара жакет сортын беруге маманда-
нып жатыр. Қой санын өз төлі есебінен көбейту жөніндегі
көрсеткішім совхоздағы ілкі-алды көрсеткіштің бірі. Биыл
отарымдағы 903 бас саулық 630 қозы ертті. Оның 410-
ы ұрғашы. Яғни әр жүз саулықтан жүз қырықтан төл ал-
дым да, соның тең жартысын өсіру үшін алып қалдым.
Бір айта кетер нәрсе – төл бағу азап. Түлкі, шибөрі жейді.
Жылдан-жылға қасқыр да көбейіп келеді. Ұйықтап қалса
күшіген, қара құс сияқты құстар да жау. Қойшының
қозыдан қашатын себебі осы. Төл өсірудің бейнетінен
қорыққан қойшы қозыны елтіріге көбірек сойып, қолын
Повестер
аршығысы келетінін де жасыруға болмайды. Бірақ төлді
мен қалдырмасам, басқа қалдырмаса мал басы қалай
көбейеді? Рас, қозысы сойылып, салт қалған кой тез әлде
неді. Малдың тез ет алып, жедел ширығатын кезі – көк
тем. Өйткені, көктемде көк жейді. Әрі маса-шыбынсыз,
күн салқын айларда мал алаңсыз жайылады. Сонда үш
жарым-төрт ай қозы ерткен саулық пен қозысын туа со
йып жіберген бойдақ қойдың күйін салыстырып көріңіз.
Қозының ерте бөлінуі болашақ мал өнімінің негізі деп те
қарауға болады. Ал менің пікірімде екі жағын теңдей ұстау
керек сияқтанады да тұрады. Төл де керек, ал ол төлдің
мол болуы үшін малдың семіз болуы да қажет.
Бұлар жеткенде Ұлбаланың отары Көлқұдыққа таяп
қалған екен. Малға жақындаған кезде Өстемір шоферіне:
«Мал әдемі жайылып жатыр екен, үркітіп жіберерсің.
Мына сол жағыңдағы бұйратқа қарай бұр», – деді. Машина
қалың жусан түбіріне сүріне-қабына секеңдеп жүз метрдей
қиялап барды да, кілт тоқтады.
– Ал мен сізге тағы не туралы айтып берейін? – деп
тілшіге қарады машинадан көп ұзамай сары шағылға оты-
ра кеткен Ұлбала.
– Әуелі жаңа жолда айтқан әңгімеңізді және бір қайта
лаңыз. Соны жазып алайын.
– Артист сияқты бір айтқанымды қалай қайта айта-
мын? Одан да басқа бірдемелер айтсам қайтеді. Жаңа ғана
айтқан сөздерімді қайталау бір түрлі...
– Жоқ, сіз қысылмаңыз. Жаңа машинада жап-жақсы
айттыңыз ғой. Солай баяндап берсеңіз болады.
Тілші дыбыс жазатын қобдишасын ашып, түймелерін
басып, микрофонын тосты. Ұлбала әлгі айтқандарын түп-
түгел қайталап шықты.
– Осымен қоямыз ғой? – деді Ұлбала тілшіге.
– Жоқ, бұл сіз туралы радиоочерк болмақшы. Радиодан
сізге арнап жиырма минуттай уақыт бөліп отырмыз. Жаңа
өз даусыңызды жазып алдық. Енді диктор оқитын матери-
ал керек.
– Ойбай-ау, бүкіл радиода істейтін қызметкерлеріңіздің
бас-басына сыбаға алып бармақшымысыз?– деп Ұлбала
сылқ-сылқ күлді.
– Жоқ. Ол не дегеніңіз?! Тек кеше қойға қасқыр шап-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ты дегенді құлағым шалып қалып еді, сол эпизодты айтып
берсеңіз болғаны.
– Менің өз ойымша қойға қасқыр тиді деудің өзі ұят.
Жақсы қойшымын деген адам мұны ар санауы тиіс. Бірақ
бір жыл, екі жыл, бес жыл емес. Ондаған жылдар бойы мал
соңында жүрген қойшыға не кездеспейді десеңізші!
Ұлбала айтар сөзін қимағандай бір түрлі қысылып, жер
шұқыған қалпы біраз отырып қалды. Әлден уақытта ба-
рып баяу сөйлеп кетті.
– Адам өміріндегі ірілі-ұсақты қуаныш, реніш, қорқы
ныш, күдік, уайым, сағыныш, сәтсіздік, олжа сияқты жай
лар түгел есте сақтала бермейді ғой. Бір есептен ұмыты
лып кеткені де жақсы сияқты. Әйтпесе соншама оқиға,
фактілерді жадыңда сақтап, ұмытпай жүрудің өзі де кісіге
салмақ, жүйкені, миды қажытатын ауыртпалық болар
еді. Бірақ сол шытырман оқиғаның ғұмыр бойы адамның
есінде еріксіз жатталып қалатын сәттері болады екен.
Соның ішінде де әсіресе шалыс басқан қадамың, немесе
тосыннан тап болған жайсыз жағдай естен шықпайды ма
деймін. Әлде мен сол бір сәтсіздігім үшін өзімді көбірек
кінәлап, өзімді айыпты сезінгендіктен бе әйтеуір еш ұмыта
алмаймын. Бәлкім, әлі жас, тәжірибесіздеу болғандықтан
қатты үрейленіп, күйзелгендігімнен де шығар.
Біздің ауылда әсіресе күзде, көктемде Арыстанды қара
бастың желі жиі тұрып, қатты қара суық болады. Бұл жел
бізді жылдың төрт мезгілінде де қатты қинайды. Бір тұрса
кейде тіпті он-он бір тәулік толассыз соғатын бұл дүлей
жел қыста суықты зорайтса, күз бен көктемде қара суықты
күшейтеді. Ал жаз айларында онсыз да жер әлемнің тан-
дырын кептірген аптапты асқындырады. Желдің кесірін
көп айтып кетті ғой демеңіз. Асырыңқырап айтсам біздің
шаруашылықтарымыздың табысын тең жара төмендетіп
жүрген осы жел. Осы өңірдегі барша жұрттың арқасына
аяздай батып, әбден ығыр қылған бәлекет болған соң ай-
тамын да. Ол өзге жердің желіндей жай тұрып қоя салса да
ештеме демес едік-ау. Бұл құрығыр қыста жердің қарын су-
ырып, қара тақыр етеді де, көктемде қылтиып жаңа өсіп
келе жатқан көкті жердің бір қабат топырағымен қоса сы-
дырып кетеді. Қойшы, әйтеуір, осы желден көрген азап
пен қорлықты табиғаттың басқа бірде-бір қылығынан
көргеніміз жоқ.
Повестер
Мұны тәптіштеп айтып отырғанымның бір себебі – қой
шыға қырсық көбіне осы жел тұрғанда жабысады. Маған
да солай кезікті...
Ұлбала сол бір оқиғаны қайта есіне алғысы келмей-ақ
отыр. «Мейлі айтқың келмесе айтпай-ақ қойшы», – дейтін
біреу табылар ма екен деді ме, жанындағыларға қарады.
Бірақ олар әңгіменің ең қызық жеріне енді келдік деп енте-
лей қалыпты. Әсіресе шофер жігіт пен журналистің тағаты
таусылып-ақ отыр екен.
– Жаздың бас айы еді, – деді Ұлбала самарқау кейіппен. –
Әлі шілде түспесе де сол жылы күн ерекше ыстық болды.
Ертеңгі, кешкі салқында болмаса қой бейшара күн ұзын
екі бүйірін соғып, бірінің бауырына бірі басын тығып ұй
лығып жатып алады. Қырық-қырық бес градус ыстықта
жануарлар жанын қоярға жер таппай кетеді ғой...
– Сонда қалай, мал көлеңкелейтін ештемелеріңіз жоқ
па? – деп қалды журналист.
«Мына сұрағы жақсы болды. Әңгіме тақырыбын бұрып
кету үшін себеп табылды», – деп ойлаған Ұлбала тілшіге
тіктеп бір қарап алды да:
– Торғай көлеңкелерлік бұтасы жоқ қу далада жүз-
жүздеген қора қойға сая қайдан табылсын.
Осындайда ойға қаласың. «Бұл күнде қой мен қойшыға
барлық жағдай жасалған, не керектің бәрі бар», – деген
сөзді жиі есітеміз. Қайдағы! Қой мен қойшының мұңы та-
усылар ма?! Мәселен, әлгідей аптапта қой паналайтын
құрастырмалы ашық бастырма болып, оны малдың өрісіне
қарай жайылымның немесе құдықтың басына құра қойса
қойдың өнімділігі де арта түсер еді-ау деп ойлаймын.
– Оны қалай түсінуге болады? Өзіңіз мал маманынша
құлшынып барасыз ғой? – деді тілші.
– Қойшыны мал маманы емес деп кім айта алады? Біл
ген кісіге маманның үлкені – малшы.
– Сіздің мына сөзіңіз мәтел сияқты естіледі екен, Ұлба
ла. «Маманның үлкені – малшы».
Жайшылықта сәл ұяңдау да жас көрінетін Ұлбаланың
тап қазіргі мына сөздері оның ойы толысқан кемел аза-
мат болғанын, қай шаруаны да ұшқары ойламай тереңнен
толғайтын салиқалы шаруа адамы екенін танытқандай еді.
«Ойпыр-ау, біздің Ұлбала есейіп қалған екен-ау. Мен
Жарылқасын Нұсқабайұлы
кешелі-бүгінге дейін неге аңғармағанмын? Мына айтып
отырғаны тіпті кейде мал маманымыз деп жүрген біздің
де ойымызға келе бермес», – деп ойлады Ұлбаланы үнсіз
тыңдап отырған Өстемір.
Нақ осы сәтте өз ойына әбден беріліп кеткен Ұлбала
қарсы алдында отырған Өстемірдің де мөлтек бір ой жете
гінде қалып койғанын аңғарған жоқ. Іштей «Ал әуесқой
тілшім, әңгіме керек болса мына сөзімді тыңда», – деді
де әңгімесін жалғастыра берді. Тілші тырп етпей тыңдап
отыр.
– Бастырманың не үшін керектігін айтайын. Біріншіден,
қойдың күнге қатты күйіп күйремеген жүні тез жетіліп,
қалың өседі, сапалы болады. Екіншіден, күн қақтап өлтіріп
бара жатқан мал әлсін-әлі суға жүгірумен болады. Яғни
суды көп керексінеді. Бір құдықтан кезек су ішіп, лаж-
дап отырған қойшы ауылға бұл да оңай тауқымет емес.
Үшіншіден, шамамен түскі он екіден кешкі беске дейін
қой жайылмайды десе де болады. Ыс-тықтан бас сауғалап
үйездеумен әуре. Ал жайылмаған мал қоңды болады, ісім
оңды болады дей қоймассыз.
– Жаз айларында қойшының күндіз дамылдауына мүм
кіндік бар екен ғой онда?
– Қой дамылдағанмен қойшыда демалыс жоқ. Оның
құрттағаны, тұяғы немесе бидай өсіп ақсағаны, шөп тиіп
көзі ағарғаны, сирек те болса желінсауға ұшырағаны бола-
ды. Қойшы соның бәрін мал үйездеп жатқанда, қой үркіп
қашпайтын кезде ұстап көріп, бірін құрттаса, екіншісінің
тұяғын кесіп, үшіншісінің бидайын сылады, төртіншісіне
дәрі-дәрмек қолданады. Сөйтіп, қойшы жазған күндіз ман-
дырымды жайыла алмаған малын аяп, енді оны түнгі
салқынмен жаюға кіріседі.
– Ұлбала, бағанағы жылжымалы ма, көшпелі ме көлең
келік бастырма салу жөніндегі ойыңды түгел айтпадың
ғой.
– Арғы жағы түсінікті емес пе? Оның несіне күдіктеніп,
күмілжи береміз.
Ұлбаланың қастар қабағы жиырылыңқырап барып, қай
та ашылды. Оң жақ көзін жаба түскен, қайратты қою қара
шашын саусақтарымен салалай тарап кейін бір серпіді де,
бар іске нақ осы Өстемір кінәлідей-ақ оған назарын тіктеп,
Повестер
тесіле қарады. Ұлбаланың тап осылай ашылып, көсіле сөй
легенін көрмеген Өстемір кәдімгідей ыңғайсызданып қал
ды. Қарсы дәлел айтып, тойтарып тастауға бір оқталды
да, сол замат өзін-өзі тежей қойды. Қой, бұл бала ашы-
лайын деген екен. Әрі айтып отырған әңгімесі де негізсіз
емес. Ендеше бетінен алып, тауын шақпайын. Айтсын»,–
деп тоқтады. Сосын Ұлбаланы жетектей түсу үшін әдейі
аңғыртсып сөйледі.
– Ол не дегенің, Ұлбала-ау! Неге күмілжиік.
Қыз қызынып алған екен. Мал дәрігерінің сөзінің
соңын күтпестен киіп кетті.
– Әйтпесе неге «ойыңды» деп көкесін көрсетесіз. Өзде
ріңіз ойланып, істемеген соң айтып отырған кісінің сөзіне
құлақ асу керек емес пе? Біздегі бір жаман әдет осы. Күнде
өзіміз көріп, қажеттігін өзара айтып, мақұлдасып жүрген
нәрсенің өзіне қол ұрмаймыз. Қашан басқа бір облыста ба-
стама көтеріліп, жоғарыдан «сендер қайтесіңдер» дегенше
көзімізді сүзіп отыра береміз.
Бағанадан бері айтса айтсыншы деп, әңгіме тізгінін
әдейі Ұлбалаға беріп қойып, сөз тыңдап отырған Өстемір
осы мезет бірер қозғалақтап қалды. Өздері бала санап ша-
руа жайымен көп ақылдаса бермейтін Ұлбаланың ойы
ірілеп қалғанына анық көзі жетті. Кеше ғана шопан таяғын
қолына алып, дербес отар иеленген қыз баланың, кесіліп,
көсем сөйлей жөнелгеніне разы көңілмен рақаттана күлді.
– Ой, қалқам-ау, сонда не қыл дейсің? Нені көрмей
қалдық?! Дәлеліңді айтшы өзің!
– Дәлел де табылады. Қайсыбір жылы шұбартаулықтар
дың бастамасы деген шықты емес пе?
– Иә, ол қазір де мәнін жойған жоқ қой. Жақсы бастама!
– Сол жақсы бастаманы алғаш көтерген, тұңғыш ныша-
нын көрсеткен өзіміздің мына тұрған «Темір» совхозы, сол
совхоздың Айтбек Мұсаев сияқты жас шопандары емес пе
еді?
Ұлбала «Осы шындықты мойындайсың ба?»– деген-
дей қатар отырған Өстемірге жалт бұрылып, тура қарады.
Жайшылықта аздап мұңдылау көрінетін үлкен қара көзде
рі танадай жалтырап, жалт-жұлт етеді. Екі бетінің ұшы да
күрең тартып, әрлене түскен.
– Иә, комсомол-жастар бригадасын құрады екен де-
Жарылқасын Нұсқабайұлы ген әңгімені естігеніміз қашан! «Темір» совхозында сол алғаш құрылды да ғой деймін. Бірақ қолдаушы табылмады ма, ғұмыры қысқа болды. Содан арада біраз жылдар өткен соң Шұбартаудан барып бір-ақ бұрқ етті ғой. Сірә, «Темір» совхозында бастама көтерілген тұста оған қажетті алғы щарт, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жетпеген болуы керек. Ал күні келгенде... – Сонда мен айтқалы отырған жайды да «Әлі күні жеткен жоқ, заманы туса тағы бір жерден бұрқ ете қалады», – деп жылы жауып қоймақшысыз ғой. – Айналайын-ау, соның бәріне мен кінәлідей-ақ қатты шүйілдің. Өзіме қатысты әңгімеңді айтсаңшы, – деп енді Өстемір араша сұрағандай болды. Бірақ көптен айта алмай көкейінде көгендеулі жүрген ойы бір ағытылған соң бой бере ме? Ұлбала бастырмалатып айта берді. – Өзіңізге де, өзгеге де тиесілі сөзді сіз тыңдайсыз, Сізден асып қайда барамыз? Берісі совхоз, әрісі аудан мен облыс арасындағы дәнекеріміз Сіздер деп білеміз. Айтыңыз, ақыл қосыңыз. Бүгін мен үндемей қалсам, ертең сіз тіс жармасаңыз сонда біздің кемімізді кім толтырады, тілегімізді кім жүзеге асырады? «Қойшы, менен де басқа біреу айтар. Менен де бөтен біреу жеткізер»,– дейтін жалған жалпақ шешейлік бізді кейін тарта беретін. – Мақұл, айтшы әлгіңді Ұлбалажан. Қолымнан келге нінше сөзіңді індетіп көрейін. – Жоқ, бұл сөзді індету емес, міндетім деп біліңіз. – Со лай-ақ болсын, – Өстемір мен тілші біріне-бірі қарап жымиып қойды. – Ендеше былай. Бұл – күні бөлекше ыстық біздің аудан малшылары үшін аса қажет нәрсе. Рас, азын-аулақ шығын керек. Бірақ шығынсыз кіріс бола ма! Тіпті күнде көріп жүрген тіршілігімізден-ақ бір мысал айтайын. Диқан болашақ мол өнім алу үшін жерге қаншама тер төгеді. Тіпті қолындағы маржандай дәнін де жерге төгеді емес пе? – Ұлбалажан, сен едәуір есейіп қалыпсың ғой, – деді қойшы қыздың сөз саптауына тәнті болған Өстемір. – Айта бер, ақылдасқан жақсы. «Ақыл – жастан» деген. – «Дау қарындастан» дегені және бар ғой. Мына шына
Повестер
шақтай қыздан бәлеге қалдым-ау демесеңіз болды, аға! –
деп Ұлбала күлді. Оған қасындағылар да қосылды.
– Жоқ, ә! Ол не дегенің. Жастардың жақсы іске құлағы
түрік жүреді. Жаңашылдық жасқа тән қасиет. Айта түс.
– Малға көлеңкелік бастырма қажет дедім ғой. Ол қай
жерден тұрғызылу қажеттігін әр қойшы өзі таңдасын.
Мәселен, маған салса мұндай қалқаны ескі қора-қопсыдан
аулақ, өрістегі құдықтың төңірегіндегі ай та-қырдың
біріне қондырар едім. Неге дейсіз ғой. Күн ысығанша
жайылған малды өрісінен шалғай келеңкеге айдап жеткізу
де оңай емес. Мұндайда әлі енесін еміп, сүтке бөгіп жүрген
қошақандар қойға ілесе алмай еріншектеп жата береді.
Мал да жүрмейді. Ескі қора-қопсыда кене көп. Желініне,
құлағына жабысып жатқызбайды.
Ай тақырға салатыным – кебірлі, қоқысты жердегідей
емес, малдың дені сау, жүні таза болады. Сирек те бол-
са шығынға ұшырататын жылан секілді бәлекет те жоқ.
Құрастырмалы болсын дейтініміз – ол да малдың қамы.
Қоныс ауыстырғанда, өріс ауыстырғанда жиып алып,
екінші орынға қондыра қоятын болсақ деймін ғой. Мұндай
бастырма жазда ыстықтан сақтаса, күз бен көктемде қатты
жауыннаи қорғаса, желге, тосын соғатын боранда ықтасын
емес пе? Жусаннан биік бұтасы кем біздің жер жағдайымыз
үшін осындай бір лыпа қажет-ақ секілденеді.
– Мынауың талқыға салып, ойланатын нәрсе. Сол шір
кін сондайлық қымбатқа түсе де қоймас еді-ау, ә? – деп
Өстемір Ұлбалаға ойлы көзбен қарады. Бірақ сол сәт
оның көзі Ұлбалада отырғанымен ойы болашақ бас-тыр
маның егжей-тегжейіне ауып кетіп еді. «Япыр-ау, күні
бүгінге дейін неғып біздің ойымызға келмеген өзі? Мына
қаршадай қыз айтпаса жүре бермекшіміз бе? Қанша жыл
мал арасында жүргенде қойды көлеңкелететін бастыр-
ма керек дегеді тірі жаннан естісем бұйырмасын. Ал бы-
лай тереңірек ойласақ, Ұлбаланың сөзі дұп-дұрыс. Мен бұл
әңгімемізді аяқсыз қалдырмайын. Айтайын совхоз басшы-
ларына. Мал бағудың ғылыми тұрғыда, ғылыми негізде
жүргізетін кезі жетті деп жүрген директорымыз Елемесов
не дер екен? Елер бұл сөзді».
Ұлбаланың бұл ойын кешегі жиналыста айтпай бүгін
Өстемірге ғана жайып салуында мән бар. Бұрыннан көке
Жарылқасын Нұсқабайұлы
йінде жүрсе де тіс жарып жан адамға айтпаған соң кеше
шаршы топта әй жоқ, шәй жоқ көктен түскендей етіп
қойып қалуға жүрексінді. Кім білсін, біреу болмаса біреу
«Депутаттығыңа болайын, айтып тұрған әңгімесінің түрін
қара», – деп жүрсе ол да қиын ғой. Сондықтан әуелі осы
Өстемірге айтып көрейін деген.
Өзі мектеп бітіріп шопан таяғын қолына алған сонау
жетпіс төртінші жылдан бері осы совхозда тапжылмай
жұмыс істеп келе жатқан мал маманы Өстемір ғана. Ал
өзгесі директорынан бастап әлденеше рет алмасты. Көне
көзден қалғаны да осы Өстемір. Содан ба, жоқ мал дәрігері
болғандықтан жиі келіп, мал жайын күнде әңгімелесіп,
ақылдасып жүргендіктен бе, әйтеуір Өстемірді үй ішімен
жақын тартады. Одағай мінезі жоқ, баяу да болса баппен
сөйлейтін осы бір ақ құба, ашаң жүзді жігіт Ұлбаланың
әкесі Көпжанға да әу бастан-ақ ұнады. Ұшырасқан сайын
бар жағдайын айтып шүйіркелесе кетеді. Өзге мамандар-
дай «ат үстінен» қайтпай қора-қопсыңды аралап, жаман-
жәутік малдарыңа дейін қарайды. Дәрі-дәрмек береді.
«Мал бақпаса да мал жайын тәуір біледі, мал докторы емес
пе?» – деп Көпжан ризашылығын айтып та отырады.
– Әне, біздің Темірболат та жетті, – деді Ұлбала өздері
отырған дөңеске таса бетінен ақбоз атпен өрлеп келе
жатқан көмекшісін көргенде.
– Қалай тез келіп қалды? Жаңа біз шыққанда ауылда
емес пе еді, бұл жігіт?– деді тілші бұрылып.
– Қойшының тоғыз тарау жолы бар, төтесімен кел-
ген ғой. Тіке жүрсе ауыл тиіп тұр, – деп Ұлбала түсінік
берді. Сосын анадай жерге ақбоз атын байлап, бері жүрген
жігітке:
– Жақсы келдің, Темірболат. Біз де әңгімелесіп болып
қалдық. Қазір мына кісілерді алып, ауылға қайт.
– Неге, Ұлбала, малда мен-ақ боламын ғой. Кісілермен
өзің барғаның мақұл емес пе?
– Жоқ, сен ер-азаматсың ғой. Шай-суын құйып
берерсің. Біздің көкем ондайға жоқ, – деп Өстемірге күле
қарады. Ұлбаланың бір-ақ сөйлейтін мінезін білетін
Темірболат қарсылық айтпады.
– Онда атты қайта ерттеп берейін, – деп Темірболат
ақбозға қарай кетті. Ақбоздың үстіндегі ер-тоқымы да
Повестер
қызға лайық сәнді, жып-жинақы екен. Ерге жапқан мақпал
қызыл көрпеше ақбоз атқа сән үшін әдейі салынып-
ты. Күмістелген жүген мен жалтыраған үзеңгі қағылған
молтақ бас сары шеге мен әсемдік үшін жүргізілген жез
жұлық күнге шағылысып, көз тартады. Жер тегіс болса да
қауіпсіз болсын деп айыл тартыпты.
Өстемір осы ой ізінде қанша отырып қалғанын аңғар
мапты. Ұлбала «аға» дегенде ғана селк етіп, ойын тежеді.
– Менің малым ұзап кетті. Жүрейін. Ал жаңағы айтқан
дарымды ойланып көрерсіз. Бірақ Ұлбаланың мұнысы несі,
тіпті тасыраңдап кетті ғой деп ренжімеңіз, – деді де орны-
нан тұрып;
– Ал тілші ағай, ауылға барып ас-су ішіп аттаныңыз.
Ұлбала қарындасыңыздың күнделікті кәсібі, жүрер жері
осы. Бағанағы сөзіме тағы не қосып, не қоятыныңызды
енді өзіңіз білерсіз. Қош, келіп тұрыңыздар, – деп қолын
ұсынды.
– Жаңағы әңгімені мен ойланып қана қоймай, өзгелер
мен ойласып та көрейін. Хабар өзімнен болсын.
Өстемір осыны айтты да, анадай жерде тұрған маши-
насына қарай жүрді. Сосын он-он бес қадам барды да кілт
тоқтап, Ұлбалаға бұрылды.
– Ұлбала!
Ақбоз атты алшаңдата жөнелген қойшы қыз «Тағы не
болып қалды», – дегендей атының басын оқыс бұрып, сөз
ге құлақ тосты.
– Ұлбала-ау, бағанадан бері қайдағы-жайдағыны айтып
сенің малыңның жағдайын сұрамаппын ғой. Әнеугүнгі
қойларың қайда?
– Ауылда, қорада. Бастырма салынса малдың жайы жа-
ман болмайды, – деп әңгіменің артын әзілге бұрды да, ма-
лына қарай шаба жөнелді.
Нәп-нәзік қыздың ер-азаматқа тән мына қайсар қылы
ғына іштей риза болған Өстемір ауыздығымен алысып
бара жатқан ақбоздың аяқ алысын қызықтап тұрды да, ма-
надан қолына ұстап жүрген қайыс белбеуімен өз қонышын
сарт еткізіп бір қағып қалды. Сосын екі жігітті ертіп ма-
шинасына келіп отырды.
Ұлбала отарына жеткенде – қой Көлқұдықтың солтүстік
батысындағы бұйратқа ілініп қалған екен. Қойына қасқыр
Жарылқасын Нұсқабайұлы
шапқан сол күннен бері қанша күз, қанша көктем кетіп,
жаз келсе де нақ осы бұйраттан қасқыр ма, тағы бір бәле
кет шыға келетіндей тіксіне қарайды. Содан қайтып ойы-
на алмайын десе де сол бір сұм сурет көлбеңдеп көз алды-
на келе береді...
Оның үстіне әлгі бір тілші де қасақана қадалып сұрау
мен болды. Осы журналистердің қойшы өмірінен бөлекше
бірдеңе іздейтіні несі екен? Қойшының аман-есен, малы
түгел отырғанынан қойына қасқыр шаптырып, немесе бо-
ранда қалғаны қызық болғаны ма? Қойшы еңбегінің ауыр
лығын, қиындығын сондай бір тосын оқиғасыз көрсетуге
болмай ма?
Е, неге болмасын. Тек радио тыңдап, газет оқитындарға
қызық, тартымдылау болар ма еді дейді ғой. Бәлен жыл
бұрын өткен оқиғаны айтып бере салмай несіне қысыл
дым?..
Сол замат машина дүрілдегендей болған соң Ұлбала
ауыл жақтан келетін жолға қарады. Жанағы Өстемірлер
қайтып келеді екен. Атын тебініп, Ұлбала да қарсы жүрді.
– Ұлбала, мына қағазды қол қойдыруға ала келіп едім.
Ұмытып қайта әкетіп барады екем.
– Қай қағаз, тоғайға байланысты ма?
– Иә, депутаттың қолы керек екен. Ақыры қойдырған
соң Жоғарғы Советтің депутатына бір-ақ қойдырайын деп
ем. Оның үстіне басы-қасында жүрсің, білесің...
– Мұны аяқсыз қалдырмайық. Дәл іргемізде, өз ауданы-
мызда Сырдың сағасында тұрған тоғайды еңбекшілер де-
малысы үшін пайдалануымыз керек. Бұл мәселеде табан
дылық көрсетпесе болмайды. Өнеркәсіпте істейтіндер
тыныққанда совхоз еңбекшілері неге тынықпасқа. Сосын
анау Божбандағы санаторийді де барынша пайдалануымыз
керек, – деп сөйлеп тұрып қолын да қойды.
– Ал енді сіздерді мен бөгейін. Жаңа мына тілші ағай
дың тілегін орындамаппын ғой. Бес минут кідіріңіздер. Тез
айта қояйын. Бағана қай жеріне келіп едім...
Ұлбала бағана осы әңгімені бастап, содан қай жерінде
үзілгенін ойлап кідіріп қалды.
«Қой қырық-қырық бес градус ыстықта жанын қоярға
жер таппай кетеді, – дегенсіз деп тақ ете қалды көктен
іздегені жерден табылғандай қуанған тілші.
Повестер
– Иә. Ендеше күндіз жөнді жайылмаған мал түнде жат-
пайды. Содан мал қамын ойлаған шопан сіздерше айтқанда
түнгі «сменаға» шығады, – деп күлді Ұлбала.
Тілші жігіт сөйлесем тағы бірдемені бүлдіріп алар-
мын, айта берсінші деді ме, тіл қатпады. Сәл жымиды да,
Ұлбаланың айтқандарын айтқанынша қойын дәптеріне
түсіре берді.
Түні бойы мал соңында бірде жаяу, бірде ат үстінде ұй
қысыз жүрген соң қойшыға сусын да керек, тамақ та қажет.
Сондықтан сусыным мен жол азығымды ат дорбама салып,
осы ақбоз астымда, қойға шықтым...
Шіркін, құмның жазғы түні керемет қой! Күні қандай
тамыз, аңызақ болса да түні қоңыр самал ескен сап-
салқын. Тіпті таңға жуық денең түршігеді. Ондайда мұп-
мұздай шағылға жата қалып, бат-бат кесіртке сияқты,
құмды кесіп-кесіп жіберсең сүйемдей қалыңдықтан әрі
жып-жылы құм шыға келеді. Сол жылы тапқа арқаңды
төсеп, шалқалап жатып қара көгіс тартқан түнгі тұнжыр
аспанға көз тігіп, қиялға берілгенді айтсаңшы! Жер от бол-
са көп ұзамай айнала жайылған мал әлі сөлі арылмаған
шөпті бырт-бырт үзіп дәл қасыңда жүреді. «Мынау не
іздеп жатыр», – дегендей анда-санда басын көтеріп саған
аңтарыла қарап қоятынын қайтерсің. Түнде жапан да-
лада жалғыз жүрген қойшыға жануар қара қой да ес қой.
Бірі маңырап, бірі пысқырып бәрі де сені төңіректеп жай-
ылып жатқанын сездіргендей. Сонау шетте екі мүйізі
үлкен екі тілік қауындай қайқы көк серке мойнындағы
мыс қоңырауын шөпке сүйрете дыңғырлатып жайы-
лып, бірте-бірте ол да жақындап келе жатқанын дыбысы-
нан аңғарып жатыр. Сонау ылдиға аяғын шідерлеп, шыл-
бырын сүйретіп жіберген ақбоз да арқандаулы тұрғандай
бір орнынан қозғалмай, шаншыла жайылып тұр. Шыбын-
шіркей, маса-сонасыз салқын түнде ол да келіншек боз,
тарақ боз, кеде аралас ескен қалың отты алаңсыз қарбытып
жатқан тәрізді.
Екі көзі аспанда. Самсаған сансыз жұлдыз. Бала күнінен
бері қанша қараса да құмардан шыққан емес. Әр қараған
сайын бір жаңалық тауып, жаңа әсер алғандай болады.
Анау Жеті қарақшының құйрығынан асып, Оңтүстікке
қарай ағып бара жатқан жұлдыз ба, самолет пе? Жоқ,
Жарылқасын Нұсқабайұлы
оның екеуіне де ұқсамайды. Өзінің қозғалысы да қызық.
Бірде көрінбей кетеді де қайта шығады. Ұшқырын-ай,
өзінің! Лезде ұзап барады. Әлгі бір мың бірдемеге жет-
кен спутниктерінің бірі емес пе екен? Әне, Шығыстан Ай
да көтерілді. Жарықтық, қойшының бір серігі өзіңсің-
ау. Heгe екенін қайдам, оған Күн өзінен-өзі болуға тиісті
нәрседей көрінеді де, ал мына Ай түнде түртінектеп ма-
лын қарайтын малшыға нұрын шашып, қол ұшын беретін
құдірет сияқты. Сондықтан ба екен Күннен Айды жақсы
көретін. «Айды алтынға теңеген атам қазақ та бірдемені
біліп айтқан шығар-ау! Сонысына ризамын», – деді іштей.
Ұлбала баяу әндете берді.
Ай болмаса аспанда адасады,
Көтермесе көңілді кір басады...
Тағы қалай еді, әне бір ән...
Алтын Айдай ақ сәулешім жанымда
Жүріп келем өзен бойын жағалай...
Осылай әдемі ән әуеніне елітіп, қиялмен жатқан бойы
көзі ілініп кетіпті. Қанша ұйықтағанын қайдам, шұр
қырай кісінеген ақбоз аттың даусынан оқыс оянды. Қыз
балаға, оның ішінде де жалпы малшы қауымына тән қағы
лездігімен жалма-жан ұшып тұрып жан-жағын қарады.
Көзіне түскені ақбозы болды. Өзі беткейінде жатқан бұй
рат құмды бөктерлеп, мал соңынан ілессе керек, жану-
ар. Селеуі қалың өскен қырқадан енді құлап барады екен.
Өзіне қарай тұра жүгірген иесін көргенде басын кекшең
еткізіп көтеріп алды да, бұрылып тұра қалып кісінеп
жіберді.
– Ақылдым, арғымағым, – деді Ұлбала дереу түрілген
жүгенін шешіп, ауыздығын салып жатып. – Сен кісіне
месең қашан оянар едім!
Ұлбала ақбоздың шідерін алып, тұсауын шешті де,
көз ілеспес жылдамдықпен лып етіп қарғып мінді. Екін
ші аяғын үзеңгіге салар-салмас тебініп қалды. Шыл-
бырын шоқытып бара жатып жинады. Екі жағына ке-
зек қарап жалтақтаумен келеді. Енді байқады, бозарып,
саң біліне бастапты. Түу кенереден жоғарылау тұстағы
шажырғай бұлт сәл қызамықтана түсіпті. Ал одан сәл
Повестер
төменірек көлбей орналасқан түйдек қара бұлт Ұлбаланың
көзіне «Шығар жолың осы болар, менен өтіп қайда барар
екенсің», – деп Күннің жолын тосып отырған қарақшыдай
бейжағым көрінді. Балдыр басып, бақа жайлаған сасық
тоғанның шіріген қара батпағындай кәпірдің түсінің жама-
ныншы!
Пейілі жаман қара бұлтты қыр астында қалдырып ке
тейінші дегендей Ұлбала атының басын босатыңқырап
шаба жөнелді. Арыстанды қара бастың желі де көтеріліп
қалыпты. Бағанадан бері екі құлағын алма-кезек қанша
тосса да ық жағындағы не қоңыраудың даусын, неме-
се қойдың маңырағанын ести алмағаны да осы желдің
қырсығы екен. Келесі қырқаға шыға келгенде бір бәлекет
болғанын бірден ұқты. Қоралы қой қақ жарылып, қырғи
тиген топ торғайдай біресе толқып қашады, біресе бірін-
бірі қаға, бірін-бірі баса кері ұмтылады. Маңыраған қой,
жан дәрмені шығып бақырған ешкі, қашқан қой көрінеді.
Көзін қанша тіктеп қараса да қуғыншыны аңғара ал-
мады. Әйтеуір бар даусымен айқай салып, «айт-айттап»
қолындағы таяғын сермеп шауып келеді. Өзінің не жы-
лап келе жатқаны, немесе ат екпініне шыдамай аққан жас
екені белгісіз, көзін жас көміп, онсыз да қара көлеңкеде
болып жатқан қиқудың сырын ажырата алар емес. Содан
қой шетіне әудем жер қалғанда ғана қойға тиген тажалды
анық көрді. Қасқырдың дүркірей үріккен қойдың артын-
да қатты жүгіре алмай қалып қоя беретін, қай жерінен тіс
салса жұлып алуға ыңғайлы, жаңа қырқылған жалаңаш
ешкіні тамақтап кеткенін көрді. Біреуін жайратқан соң
екіншісіне ұмтылып, қапталдай бере алқымнан алып,
қайырып тастар сәтте де қой жарықтықтай мыңқ етпей
жан тапсыратын көмпісің ешкі ме? Өзін өкшелеген қас
қырды көргеннен-ақ жан даусы шығып, байбаламға баса-
ды екен. Көзіне қан толып, құтырған көкжалға да қажеті
сол. Ебелектеген ешкі жазғанның дәрменсіздігіне айы-
зы қанып, екілене ұмтыла-ды. Әне, енді есінен танып, от-
ардан лағып қашқан қара ешкінің соңына түсті, әшейінде
мысықша бұғып, жер бауырлай зытатын сақ неме денесін
жазып еркін қимылдайды. Шынында да солай ма, жоқ,
әлде қиқулап қас-қырға қасқая қарсы шауып келе жатса да
жүрегін тоқтата алмай қобалжыған Ұлбалаға қорыққанда
Жарылқасын Нұсқабайұлы
қос көрінді ме, әйтеуір, мына бөрінің бітімі бөлек. Жа-
лын күдірейтіп, жүнін дүрдитіп алғаны болмаса өзі көріп
жүрген қасқырлардан тым жоталы. Жайшылықта шөмиіп
көрінетін бөксесі де қырқаланып, оған көлбей төгілген
күлтелі ұзын құйрығы қосылып арланды қоқитып, айбар-
ландырып жіберген. Арыны қатты ақбозбен далбақтай ша-
уып міндірмелеп қалғанда кер ешкіні жанамалап үлгерген
қазабат көз ілеспес шапшаңдықпен алқымға азуын салып-
ақ жібереді. Екпінімен екі аунап түскен қаракер ешкі ет
қызуымен басын бір шұлғып қалды да «ба-ба-а» деп қайта
құлай кетті.
– «Айт, айт!» – деп Ұлбала қасқырға ұмтылды. Бастыр
малатып келіп қалған қойшы қызды енді ғана көргендей
ешкіні тастай беріп, қалың құмға, Қарақ тауына қарай
қасқая тартты. Қарқынымен оқ бойы ұзаған соң енді
қиғаштай жүгіріп аттылы қуғыншыға бір қарап алды да
«Қолында келтектен басқа түгі жоқ қойшы не қирата қояр
дейсің», – дегендей аяқ алысын баяулатты. Бірақ Ұлбала
қанды ауыз қасқыр келер қырқадан асып, қарасын жоғалт
қанда ғана атының басын тартты. Сосын қасқыр кеткен
жаққа бір, артында қалған малына бір қарап сәл кідірді.
Еті қызып, еліріп алған ақбоз айғыр басын босатса-ақ ата
жөнелуге әзір, лыпып тұр.
«Ойбай-ау, қашқан қасқырды сонша қуып, малдан қара
үзіп кеткенім қалай? Бұл малғұн алдарқату үшін әдейі
бұра қашпаса неғылсын! Жалғыз да емес шығар. Қалған
дары қоралы қойды баудай түсіріп жатпасына кім кепіл!».
Ұлбала атының басын шұғыл кері бұрып, отарына
қарай құйғыта жөнелді. Міне, қойдың да қарасы көрінді.
Қасқыр шапқанда топ-топ, бөлек-бөлек бытырап кеткен
отар енді-енді есін жиып, маңырап, біріне-бірі қосыла ба-
стапты. Өзге бәле көрінбейді. Ұлбала қойға жақын келген
соң атын тежеп, төңіректі көзімен түгел бір шолып шықты.
Үлкен екі топқа жарылып, әлі де үдере үрпиіп тұрған
қойдың ортасында әр жерде дөңкиіп үш-төрт қарайған
көрінеді. Ұлбала шеткісіне дейін суыт жүріп келді де,
аты осқырып үркектеген соң қарғып түсті, ақбозды бір
түп қоян сүйекке байлай салып, жаңағы жатқан малға
жақындай берді. Осы жақында ғана егіз лақтаған қара
ешкі екен. Әлі кеудесінде жаны бар. Қасқыр тамақтаған
Повестер
жерінен қан мен ауа қосыла шығып қорқырап жатыр. Қара
ешкінің енді қатарға қосылмасын көрген қыз белбеуіндегі
қынабынан пышағын суырып алды да, сол жақ жеңіне
әрілі-берілі аунатып сүртіп, ешкінің басын батысқа қарата
бұрды. Сосын көкесі Көпжанша қара ешкінің желкесіне
аяғын сүйеп тұрып, иегінен сығымдай ұстап, басын
шалқайта бере «біссіміллә» деп қайқы қара пышақпен ба-
уыздауынан орып жіберді. Ешкінің басын бір түп жусанға
сүйей салды да, келесі қараға жүгірді. Ол да ешкі болып
шықты. Одан кейінгісі де ешкі. Ал соңғы қаракер ешкінің
қалай жазым болғанын өзі көрді. Қаракер ешкі алдыңғы
үшеуіндей емес, жеңілдеу жараланыпты. Сонда да үйелеп
қал-ған ба, жоқ шошынғаны ма тұрып кете алмай, сол
әрекетпен басын жерге сабалап жатыр екен. Ұлбала келіп
демеп жіберіп еді, тез-ақ тұрды. Бірақ мойыны сол жағына
қарай қылжиып қалыпты. Есеңгіреп қалса керек, тұруын
тұрса да жүріп кете алмай айналсоқтап маңырай берді.
Тұла бойы дір-дір етеді.
– «Жеңіл тұлақ желге ұшар», демекші кіл ешкінің өлге
нін қарашы. Енді жау алмайды, қорықпа,– деп ешкінің
мойнынан сипады. Сонда ғана байқады, Ұлбаланың өз
қолы да қалтырап тұр. Сосын ешкіні сол орнында қал
дырып, өзі қақ айрылып әлі қосыла алмай тұрған отарға
қарай есікпен төрдей жүргені сол еді қаңғалақтап қара
кер ешкі де соңынан ерді. Сол сол-ақ екен, бағанадан бері
үрпиіп осы жаққа қадалып тұрған қара қой дүр етіп үркіп,
қасқыр шапқаннан бетер безе жөнелді. Бір жақсысы сол –
екі бөлінген отар енді өзінен-өзі бірігіп кетті.
Ұлбала енді асыққан жоқ. Кері бұрылып, өлген үш еш
кіні көлеңкелеу жерге жиды. Соңынан әлі еріп жүрген кер
ешкіні сол маңға жуандау бір сексеуілдің түбіне оралмай-
тындай етіп байлады.
– Көкем келгенше бәрің де осында жата тұрыңдар, –
деді бейне кер ешкі түсінетіндей. Сосын ақбозын шешіп,
жетегіне алды да, қойға қарай беттеді.
«Секеңдеген қу ешкіні құртайық деп қаншама айттым.
Түбіті керек деп апам жазған көнбейтін», – деп қалды да,
өзіне-өзі төрелік айтты. «Осы бір ағаттық істесем бол-
ды, дереу бөгде біреуді кінәлағым келетіні несі? Ұйықтап
қалған өзімнен көрмей, бізге жылы шұлық, орамал бол-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
сын деп ешкі өсірген апамды айыптағаным қай сасқаным?
Сол ешкілер болмаса совхоздың қанша малы шығын болар
еді».
Қой шетіне жетіп, ақбозды тұсап жатқанда мойнындағы
қоңырауын күмбірлетіп қайқы мүйіз көк серке жетті.
Кішкентайынан Ұлбалаға үйір, лақ күнінде алақанынан
қант, тәтті нан дейсің бе, не берсе соны жеп дәніккен
әдетіне басып келіп тұр.
– Мә, мә, серкем, еркем, жей ғой, – деп Ұлбала
қалтасынан қант алып ұсынды. Бірақ жайшылықта дереу
жалмап коятын көк серке бұл жолы қантқа қараған да жоқ.
Басынан, құлағынан сипап, тамағындағы салбыраған кос
түймесін ұстап еркелетіп:
– Қорықтыңдар ма, мына мен ғой бәріне кінәлі, – деді де
Ұлбала өзін-өзі ұстай алмай солқылдап жылап жіберді.
* * *
– Сол бір оқиғадан қалған жаман әсер жойылмай-ақ
қойды. Қойшы өмірінде жиі кездесетін көп қиындықтың
бірі ғана болса да ұмыта алмайтын сияқтымын. Кім білсін,
бәлкім, мұндай киын сәттердің ұмыт болмағаны да дұрыс
шығар. Өйткені, өмірдің өзі де сондай қиындықтар мен
қуанышты сәттерден тұрмайды ма!
Ұлбала әңгімесін тамамдап орнынан көтерілді.
* * *
Ұлбала өзін күптігей қылып жүрген әңгімелерін бір
ақтарып тастағандықтан ба, әйтеуір денесі жеңілденіп
сергіп қалғандай ширақ қимылдап, әне-міне дегенше бір
отар қойдың алдын қайтарып, Көлқұдықтың батыс бетін
дегі шөбі шүйгін татырға беттетті. Қой таңертеңгідей
ашқарақ емес, айдағанда да енжар қозғалып, самарқау
жайылды. Әшейінде үйірмелей отайтын балғын сете мен
келіншек боз, тарақ боздан тап қазір бөгде жа-ғымсыз иіс
шығып қалғандай тұмсығымен бірер түртіп өте шығады.
Күн ұзын көк шөп жеп құмары қанды білем, енді бірі бұта-
бұтаның түбіне аққаудан болып селдірей калған боп-боз
раңды үйірмелей жесе, баз бірі тұщына жейтін ащы аңсады
ма сиректеу өскен күйреуік, жусанның басын шырпып
жүр. Қоңыраулы көк серке жалғыз өскен дәу сексеуілге
Повестер
асылып, кісі бойы биіктіктен шырпысын қыркып жеп
түр. Әріректе екі қой жондарын күдірейтіп, бір-біріне ай-
бат шегеді. «Жануарлар кеше ғана сүмеңдеп, көк қуалап
әбігер еді. Бүйірі шығып, шыр байлаған соң еліріп шыға
келді. Күн қайта ысымай тағы бір он-он бес күн осылай
тұрса мал да едәуір қоң жиып қалар еді-ау. «Көктемнің бір
күні жылға азық» деген мәтел кей ретте малшы үшін де та-
уып айтылған сөз сияқты. Көктемде көкке тойып, денесі
көпсімеген малдың сонау қара күзге дейін ет алуы қиын.
Биыл шегіртке деген бәле жаудай. Әсіресе шөбі қалыңдау
жерге аяқ бассаң қиқым болып ұшады. Бірақ әйтеуір
«Әр нәрсеге бір зауал» деген рас екен. Ақ бауыр, ала
мойнақ керала торғай қаптап кетті. Табиғаттың сол жеміт
шегірткесіне қарсы қолданған шарасы болар деймін...»
Ойды ой түртіп қиялға берілген Ұлбала атынан түсіп,
ақбозын тұсады да, ауыздығын алды. Жүгенін түйіп, ұзын
қыл шылбырын ат тұяғы басып қырқып жібермесін деп
таралғысынан өткізіп, шұбатып жіберді. Өзі жақындау
тұрған сүйектілеу сексеуілдің көлеңке бетіне келіп жан-
тайды.
«Қой төлді екінші қоздағанда көп береді», – дейді. Ме
німше, жер от болып, күйекке жақсы түссе төлді әр жылы-
ақ мол алуға болады. Бірақ өз тәжірибеңнен өзге сүйе
нерің жоқ. Бүгінгі білгенің ертең тапшылық етеді. Содан
да шығар, жұрт жаппай оқуға ұмтылуда. Мен де қойды
уақытша жаямын, сосын оқуға барамын деп келіп едім.
Кейде кісіні жағдай билейді екен. Көндіге келе біржола
мойындап та алдым. Енді еңбекті оқумен ұштастырмасам
болмайды. Қой жайын қойшыдан артық білетін кім бар?
Бірақ сол білгеніңді тек ғылымға сүйене отырып пай
даланғанда ғана ұтасың.
«Өз отарыңдағы қойдың жайы болса ештеме ете қой
мас еді-ау, – деп біраз ойланып қалды Ұлбала. – Депу-
тат болып сайланғалы мал шаруашылығына байланысты
өтетін не қилы жиналыстан қалған емес. Босқа қатыс
тырып қана қоймайды, пікір сұрайтынын қайтерсің. Біл
меймін дей алмайды. Жеке пікірін айтады. Бұл – бір.
Екіншіден, мал дауы деген тағы бар. Мал дауы болғанда
кәдуілгі қоғамдық малдың жанжалы. Жоғалады неме-
се өледі. Осының екеуінің де кейде даулы мәселелері көп.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Жоғалған мал екінші бір қойшының отарынан табылады.
Ал ен таңбасы жоқ қара қойды тек «менікі» деп ештемемен
дәлелдей алмайсың. Немесе қойшының қырсыздығынан
өлген малды совхоздың мал-мамандары шығын еткісі
келмейді. Міне, дау осындайдан туады. Мұндайда екі жақ
арашашы, билік айтар әділ қазы іздейді. Ол – жұрт сенген
депутат Ұлбала. Жүгінуге соған келеді. Тіпті көрші совхоз-
дардан да келетін болыпты. Еңбекшілердің басқа да то-
лып жатқан арыз-шағымдары бар. «Депутат күні» совхоз
кеңсесінде отырғанда жер-жерден келген осындай хаттар-
ды қарап, мазмұнымен танысады.
Жақында мынадай бір оқиға болды. Халық депутатта
рының аудандық Советінде еңбекшілердің тұрғын үй,
коммуналдық жағдайына арналған мәжіліс өтті де, оған
Ұлбаланы арнайы шақырды. Ұлбала республиканың Жо
ғарғы Советінде де тұрғын үй, коммуналдық шаруашы
лық, жайын тексеретін комиссия мүшесі, мүдделі адам
болғандықтан өзге шаруаларын жиып қоя тұрып, мәжі
ліске келген.
Сөйтсе Қазақ ССР-і мен Қазақстан Компартиясының
алпыс жылдығы қарсаңында аудандағы тұрғын үйлерді
жөндеу, елді мекендердің территориясын көркейту, көгал
дандыру мәселесі талқыланбақшы екен. Жергілікті Совет
тің депутаттары, селолық Советтің председательдері атқа
рылып жатқан және орындалуға тиісті жұмыстар жайлы
айтты. Аудандық Совет тиісті шаралар белгілеп, мәжіліске
қатысушылардың тысқа шыққаны сол еді, есік алдында
күтіп отырған бір қарт Ұлбаланы көрді де:
– Қарағым, Қанжігітүбә деген қыз сенбісің? – деді.
– Иә, ата, менмін. Не шаруамен жүрсіз?
– Ойбұй, қарағым-ай, не шаруа дерің бар ма? Мына ал
дыңда тұрған қатқан қара шал өмірге нақ осылай келіп, сол
қалпы кетіп бара жатқан жоқ.
Ұлбала бұл қарияның тегін жүрмегенін, әйтеуір бір
шағыммен келгенін ұқты да, әңгімесін тыңдау үшін жұрт
көзінен қаға беріс бір оңашалау жерге шығайық деп ой-
лады. Сосын қарсы алдында тұрған қарияға бір, жанынан
өтіп жатқан адамдарға бір қарап қайда барып сөйлесерін
білмей сәл бөгеліп қалды. Мұнысын қарт кісі асығып не-
месе тыңдағысы келмей тұрма деп қалса керек.
Повестер
– Қызым мен түк уақытыңды алмаймын. Айтарым –
бір-ақ ауыз өтініш еді, – деп жалынғандай болды.
– Жоқ, ата мен асығып тұрғаным жоқ. Қазір әңгімеңізді
түгел тыңдаймын. Тек қай жер ыңғайлы болар екен деп,
соны ойлап тұрмын.
– Ендеше,– деді қарт, – бар қиналып тұрғаның сол болса
амалын мен-ақ табайын. Мына арықтың жағасы әрі көгал,
әрі саялы екен. Сонда жүрсең қайтеді қызым.
– Жарайды, барсақ, барайық. Менің көлігім де сол жер-
де еді, – деп Ұлбала қарияны көлеңкелі көп ағашқа қарай
бастады.– Ал енді уақыт оздырмай әңгімеңізді айта бері
ңіз.
– Айтсам, мен де өздеріңдей жас күнімде колхоздас
тыру ісіне араласып едім. Содан бері елу жылдай еңбек
еттім. Былтыр ғана пенсияға шықтым. Бірақ шыққаным
бар болсын, жарытпады. Пенсия мөлшері кемпірімнің зей-
нет ақысынан да төмен белгіленіпті. Содан бері бір сыпыра
табалдырықты тоздырдым. Тек нәтижесі шамалы. «Көрейік,
сөйлесейік, кейінірек соғыңыз», – деген шығарып салма
сөзден артық олжам жоқ. Содан әнеугүні біреулер: «Сол
депутат қызға жолығыңыз, бір көмек болса содан бола-
ды», – деген соң кешелі бері сенің жолыңды тосып жүрген
жайым бар, шырағым. Жаңа өзіңді көргенде айрылып қал
майын деп жата-жабысып жүргенім сол еді...
Ұлбала қарт кісінің әңгімесін мұқият тыңдап болған
соң қайдан келгенін, аты-жөнін, қашан, қайда жұмыс
істегенін түгел қағазға түсіріп алды.
– Ата, селолық Советіңіз бен совхозыңыз не дейді?
Жолықтыңыз ба?
– Ол не дегенің қалқам, оларды ығыр қылған шығар
мын.
– Пенсияңыз неге аз тағайындалды дейді олар?
– Мен құрығанда сонысын білмей құрып жүрмін ғой,
шырағым-ау. Себебін білсем жауабын да табар едім...
– Жақсы ата, уайымдамаңыз. Мен де көрейін, – деп күл
ді, Ұлбала. – Жауап өзімнен болады. Аты-жөніңізді жазып
алдым.
– Хабарды өзіміз-ақ білер едік қой...
– Жоқ, әуре болмай жата беріңіз.
Талай уәдеден жүрегі шайлығып, ерқашты болып қал
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ған қарт Ұлбалаға сенерін де, сенбесін де білмей аңырып
тұрды да қалды.
Ұлбала бұл істі кейінге қалдырғысы келмеді. Дереу
аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне кіріп, қарт
тың документтерін көтертті. Қария еңбек еткен шаруа
шылық басшыларымен сөйлесті. Аудандық атқару коми
тетінің председателі Сейсенбек Кенбаевпен де ақылдасты.
Еңбегі еш кетпеді. Қарттың пенсия мөлшерін арттыруға
негіз боларлық деректер де табылды.
Жақында Ұлбала хат алды. «Қарағым Ұлбала, – деп
жазыпты Балтакөл селосында тұратын Сейітқұл қарт. –
Өзегімді жарып шыққан өз баламнан артық қызмет көр
сеттің. Бұрынғы пенсияммен де көштен қалып, аштан өл
мейтін едім. Тек бір жүріп теңдей еңбек еткендер өзіңнен
артық зейнетақы алғанын көргенде бір түрлі қорланып
қалады екенсің. Сол қу намыс еді ғой түрткілеп тыным
бермей жүрген. Еңбегім жанды. Рақмет, балам. Көсегең
көгерсін. Арнайы келмесең де жолың түсе қалса жаман
атаңның шаңырағын көріп, бір кұман шайын іше кет».
«Еңбегім жанды», – депті. «Өзім азды-көпті еңбек сіңір
ген мына шаруаның нәтижелі болғанына мен де әлдеқан
дай болып қалғаным жоқ па? Шіркін, кім-кімнің де игі
лікті еңбегінің жемісті болғанына не жетсін!»
Ұлбала осылай деді де күнге бір, қол сағатына бір қара
ды. Малдың алды кұдыққа қарай бет алыпты. «Малдан
бұрын жетейін. Сусап обыққан қой құдыққа құлап жүрер», –
деп шоқыта жөнелді.
– Сонымен қашан жүргелі отырсың енді?
– «Ертеңнен қалма»,–деп еді Ұлан ағай.
– Ұланың кім тағы да?
Ұлбаланың Ұлан ағай деп отырғаны кім екенін сезсе де
қиқар шал қасақана аңқауси қалды. Қара шалдың мұндай
жатып атар мінезін білсе де Ұлбала әдеппен толық жауап
берді.
– Аудандық партия комитетінің бірінші секретары Ұлан
бек Арғынбеков ағайды айтам. «Кешікпей кел, бірге жүре
міз», – деген.
– Әй, Ұлбала, сен Алматыға барғанда сонау қызылдың
құмынан келген екенсің деп ат мінгізіп, шапан жаба қояды
Повестер
деп ойлап қалма. Депутаттық – шен тағып, шекпен киіп
кұрмет-қошеметті белшеден кешіп жүре беретін рақат
дүние екен демегін. Алмақтың да салмағы бар. Сыналар
жерің енді келді.
– Ыдеке-ау, бүгіндегі жастар бәрін біліп туатын бол-
ды ғой. Босқа ақылыңды тауысып қайтесің. Ертең Ұлбала
сессияға кетіп, екеуміз оңаша қалғанда азын-аулақ ақылың
өзімізге де керек болып жүрер, – деп Ұлбала-ның жолы
үлкен ауыл азаматтарының ортасында тұрған соң сәл име
ніңкіреп, жайшылықта аузын аштырмайтын Ыдырыстан
ыға бастағанын сезген қыз әкесі Көпжан кірісті сөзге.
– Ойбай-ау, Көбеке-ау, менікі жанашырлық қой. Ана
жылғы Қияс қойшы сықылды көпке күлкі болмасын, шы-
лауын жинай барсын дегенім емес пе?
– Қияс қойшы не қылған екен, Ыдырыс аға? Осы сіз
дің де ойлап таппайтын әңгімеңіз жоқ, – деді Ұлбала. Бірақ
оның тағы бір қызық әңгіменің ұшығын шығарып тұр
ғанын сезіп қалды да, «ол не әңгіме еді» дегенді ықыла
сымен аңғартты.
– Кәне, білгені осы ма? Мына қыр астындағы ауылдың
әңгімесін естімепті.
– Ол не әңгіме, Ыдеке-ау? Шынымды айтсам неше жыл
осы совхозда мал дәрігері болып жүріп, мен де естімеппін
оныңызды. Айтыңызшы.
– Ойбұ-ұй, мыналарды-ай! Талай қызық хикаядан мақұ
рым қалып жүр екенсіңдер ғой. Мына Ұлбала білмесе
айып емес. Бір совхоздың білдей бас маманы саған жол
болсын Өстемір-ау. Айтайын ендеше. Тыңдаңдар. Әнебір
жылы осындағы бір совхоздың Қияс дейтін шопанын
облыстық әктіпке алып барыпты. Алдында ғана наград
алған. Аудан, совхоз басшылары оны да жерден желкек
тапқандай өзің сияқты әздек қып жоғарылы-төмен сүйреп
жүретін.
– Ой, жазған-ай, тіліңнің ілмешегі бар-ay. Біреуді қағыт
пасаң қағынасың ба?! Жөндеп-ақ айтып бермеймісің?
– Әй, бәйбіше, кердеңдемей анау қазаныңа қара. Әйтпе
се мына Көпжанға айтып, шаңың ды қақтырып алармын.
– Айтасың-ау сен де. Мына Ұлбаладай, сом алтындай
қыз тауып тәрбиелеген адамға атақ, абырой болмаса шаң-
тозаң жұғар ма?! Жығылар жеріңді білмейсің...
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Ұлбаланыц анасы Ақманар апайдың тауып айтқан
сөзіне отырғандар ризашылық танытып күлді.
– Иә, сөзіңізді жалғаңыз, Ыдеке.
Бұл әңгімеден Ұлбала мен Өстемір ғана емес, отырған
дардың бірсыпырасы бейхабар екен.
– Содан әлгі әктіпте қоярда-қоймай біздің Қиекеңе сөз
беріпті, – деді де манадан жамбастап жатқан шал орны-
нан тұрып малдас кұрып отырды. Шынтағының астында
жентектеліп қалған көпшікті жұмарлаған бойы алып, енді
сол жақ тізесінің астына тыға салды. Бірақ сол көпшіктің
орамы сәл босаңсыса әңгімесін айта алмай қалатындай
оны үстін-үстін нығарлап-нығарлап қойды. Қызықтың
көкесі енді болады дегендей сәл қуақыланып, отырған
дарды көзімен бір шолып шықты. Әр талы кірпінің тікене
гіндей селдір сары мұрты да күлкіге шыдамай жыбыр ете
қалды.
– Қиекең қай бір шешен. Қырық жыл қой баққан ғұмы
рында қырық адамның алдына шығып сөйлемеген, қатты
сасады. Бар тапқаны көзін жыпылықтатып, ернін жалай
беріпті. Сірә, қырық күн шілдеде ертеден қара кешке қой
соңында жүргенде де таңдайы нақ сол жолғыдай қурап,
ерні тап сол сәттегідей қатты қаязымаған болар. Бір минут
өтеді сөз жоқ, екі минут өтеді сөз жоқ.
– Ай, қайран біздің Ыдекең-ай, тура өз басынан кешкен-
дей соғады-ау!– деп манадан әңгімеге араласпай үнсіз тың
дап отырған селолық Совет председателі Хайролла Есмыр-
заев разы болып күлді.
– Қой, бөлме сөзімді, Хайролла. Мәжілісті жүргізіп.
отырған төрағасы шаруа адамының сөзге шорқақтау келе
тінін білетін болса керек: «Ақсақал, қысылмаңыз. Бізге
өзге әңгіменің қажеті жоқ. Мәселен, қойды қалай жаясыз,
қалай суарасыз соны айтып беріңіз», – дейді.
«Ой, мың болғыр-ай, бағанадан бері солай демейсіңдер
ме? Әйтпесе не айтарымды білмей», – деп Қиекең әңгіме
сіне кірісіпті.
– Тәжірибе десеңдер ол былай. Қойды қалай суара-
мын. Соны айтайын. Біздің қойымыз құдықтан су ішеді.
Сондықтан бірін-бірі басып, обықпау үшін отарды науа ба-
сына бөліп-бөліп жіберемін. Мысалы мынау жатқан бір
қора қой десек, – деп қойшы мінбенің ту сыртында, пре-
Повестер
зидиумда отырғандарды көрсетеді, – әуелі осы қойды суа-
рамын. Сосын мына қора қойды айдап келемін, – деп Қияс
енді залда отырғандарды қоғамдап көрсетеді. Залда, прези-
диумда отырғандар қыран жапқандай күлкіге кенеледі. Ал
Қиекең дәнеңемен шаруасы жоқ, сөзін жалғай беріпті.
– Қиеке, биыл әр жүз саулықтан қанша қозыдан алды
ңыз? – дейді президиумдағылардың бірі.
– Жүз қырықтан айналды ғой.
– Ал совхоз бойынша ше?
«Қиналған Жамбыл жері осы» дегендейін, Қиекең осы
сұраққа жауап таппай ілініп қалады да, залға қарай өңешін
созып:
– Айтеке, осы биыл біз қанша қозыдан алып едік, – де-
ген екен бәленбай жүз адам отырған залдан өзін ертіп кел-
ген совхоз директорын іздеп. Директорын қайдан тапсын!
– Ойпыр-ай, Ыдырыс-ай, тым әдемілеп жібересің-ау
әңгімені.
– Көпжан-ау, әңгімені әрлеп, әсерлі айтпаған соң айтып
керегі не!?
– Бірақ бұл әңгімемді бостекі әңгіме деп қалмаңдар.
Шындық. Ертең облыста ма, Алматыда ма сөз тие қалса
мына Ұлбала да не айтарын білмей абдырап жүрмесін
дегенім ғой.
– Ыдырыстікі дұрыс. Біздің жастарымыздың бұл күнде
өрісі де кең, жүрісі де көп. Араласатын адамдары да мол.
Сондықтан «Әп-әдемі ән еді, пұшық шіркін қор қылды-
аудың» керін келтірмей қайсыбір ортаға түскеніңде де
көкейіңдегі айтар ойыңды бытыратпай жинақы, айқын да,
әсерлі жеткізе білу де өнер. «Өнер алды – Қызыл тіл» де-
ген мәтелдің мәні де осында, – деп Ыдырыстың ниетін
Хайролла да құптағандай болды.
Нақ осы сәтте сырттан келіп тоқтаған машинаның
гүрілі естілді. Отырғандар түгел елең ете қалды.
– Бақыт, Несібелі! Кім келді! Машина тоқтады ғой,
қараңдаршы!
Сөйткенше болған жоқ екі бетінің ұшынан қаны тамған
бүйрек бет жас жігіт сәлем беріп кіріп келді.
– Жоғары шық, қарағым.
– Жоқ, аға, мен дереу қайтуым керек. Директор ағай тез
барып кел деп еді...
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Бұл қай бала? – деді Көпжан Өстемірге.
Бұрын көп ұшырамаған жас баланы жыға танымаса ке-
рек.
– Құрмантай деген ініңіз бұл бала. Совхоздың мақтаулы
шоферлерініц бірі.
– Ә, сонша суыт жүргенің не?
Көпжан мен Әділхан қосарлана сұрақ қойды.
– Ұлбала не өз көлігімен немесе мына машинамен бүгін
жетсін дейді. Ауданнан ертең ертелеп аттанатын болыпты.
Бүгін ауданға жетіп қонамыз дейді.
– Иә, жасаған, жол бере көр! Мұнша тығызы несі? Жо-
лына жолазық та пісіріп бере алмайтын болдық қой!
Ақманар ана өзімен-өзі сөйлесіп, Ұлбалаға қажетті
ұсақ-түйек заттарын жинасуға кірісті.
– Әй, Ақманар, «Ер азығы мен бөрі азығы жолда» де
меуші ме еді баяғылар. Ұлбала деп өздерің де тауып қойған
екенсіңдер атын. Бұл бала ұл баланың орнына жүрген аза-
мат емес пе? Жолазық дегенше мына Көпжаннан жасырып
жүрген ақшаң болса соныңнан көбірек бер. Астанадан осы
отырған бәрімізге базарлық алып келсін! – деп Ыдырыс
шал Ақманарды шаужайынан алып жатыр.
– Ыдырыс-ау, бәрі де болады. Тек аман барып, сау қайт
сын де. Бұрын үйден көп ұзап шықпаған бала еді.
– Ой, тәйірі-ай, кім туа бітті жиһанкез болып жаралады
дейсің. «Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың»
демеуші ме еді? Осы Алматыңа былтырдан бері-ақ бәлен
барды емес пе?
– Ал, көке, мен енді жүремін. Малға өзіңіз абай болар-
сыз. Темірболат әлі малдың жайын көп біле бермейді емес
пе? Мен де көп кідірмеспін. Әйтеуір малды көзден таса
қылмассыздар. Қолдағы малға да жем, шөп жетер.
– Ұлбала, біз де бір қауым елміз ғой. Сен бес-он күн ас
танаға кеткенде отарыңа көз-құлақ болармыз, оған несіне
алаңдайсың. Көбекең де мал жайы жөнінен ешкімнен ақыл
сұрай қоймас,– деді көмекшісі Темірболат.
– Жолың болсын, балам. Қой – қасиетті мал. Шопан
атаң қолдасын. Аман-cay орал. Бізді уайымдама. Бір қора
қойды Темірболат екеуміз лаждауға жарап қалармыз. Ал,
кідірме. Дайын көлік, сенімді серіктен қалма.
Көбекең соңғы сөзін бәрі далаға шығып, машина жаны-
на келгенде ғана аяқтады.
Повестер
Ұлбала жағалай тұрған ауыл адамдарымен қол беріп
коштасты, анасының жанына келіп екі қолын қапсыра
ұстап:
– Апа, сен мықты едің ғой. Мен келгенше о жерім, бұ
жерім деп қыңқыл-сыңқылыңды көрсетпеші. Өйтсең кө
кемді де, балаларды да жүнжітіп жібересің. Сонау бір
денің сау кезіңдегідей кірбіңсіз жақсы отырыңдаршы, жа-
рай ма?..
Ұлбала соңғы сөздерін айтқанда жүйкесі босап, жайшы
лықта да сәл-пәл реніш табы кетпейтін еріндері еркінен
тыс дірілдей жөнелгенде, мұнысын сездірмейін деп үстіңгі
ернін жымқырып тістей қойды. Болмысында көңілшектеу
жаралған Ақманар апай қызының қобалжығанын аңғара
қойған жоқ. Жаулығының шетімен көзін сүртіп әлек. Бір
күледі, бір жылайды.
– Аман бол, балапаным! – деуге ғана мұршасы келді
машинаға мініп жатқан Ұлбалаға.
Манадан моторын дүрілдетіп әзір отырған Құрмантай
да қозғала берді.
«Көріскенше күн жақсы болсын қасиетті мекенім», –
деді Ұлбала іштей күбірлеп. Үлкен жол ернеуіндегі Сазан
төбені бетке алған су жаңа сары қасқа «ЗИЛ» әне-міне
дегенше-ақ қыр асып қарасын көрсетпей кетті.
* * *
Ұлбала совхоз кеңсесінің алдына келіп түскенде мектеп
директоры, әрі ұстазы Кішімат Досанов қарсы ұшырады.
– Ұлбалажан, жол болсын? – деп күле қарсы алды ол.
Жайшылықта санап сөйлейтін кісі әдеттен тыс сөзуар
ланып кеткен. Ұлбаланың ауданға, одан әрі астанаға жолға
шыққанын біліп тұрса да, сөзге тарту үшін әдейі сұрап
тұр.
– Ауданға жүреміз деп Көпмағамбет ағай шақырған
екен.
– Е, онда бірге жүретін болдық. Мен де Көпмағамбетті
іздеп келіп едім. Қазір мектептің жөндеуі дей ме, интер
наттың шаруасы дей ме аудандық оқу бөлімі бізді де тын
дырмайды. Мені де келіп кетсін депті аудан. Соған сен
дердің машиналарыңа селбесіп жетіп қалайын деп едім
Көбекеңе. «Мақұл» деген. Келсем, бесінші фермаға кетіпті.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Сағат жарымда келеді дейді. Осы қазір кетіпті. Оған дейін
біздікіне кіріп, бір шай ішіп шығайық.
– Онда директордың хатшысына келгенімді айтып
шығайын, біліп отырсын.
– Жақсы. Мен күте тұрайын онда.
Ұлбала тез-ақ оралды.
– Жиналыстағы әңгімең де, жалпы сөз саптауың маған
қатты ұнады, қарағым,–деді Досанов Ұлбала өзімен
қабаттаса бере-ақ. – Ұстаз деген–қызық халық. Осы мек-
тептен түлеп ұшқан бәріңе сырттай ие болып, «Мен
оқытып едім, мен тәрбиелеп едім», – деп мақтанып жата-
мыз. Әрине, біздің мектепте оқымасаң басқа мектептен
тәрбие, білім алар едің. Әйтеуір, қарлығаштың қанатымен
су сепкеніндей аз да болса септігіміз тиді-ау дейміз ғой...
– Әлбетте, Кішімат аға. Он жыл оқытқан мектебін тұрмақ
кейде бір ауыз жылы сөз айтқан адамның өзін жадыңда
сақтап қалатын да кезің болады екен. Қай нәрсенің де
қадірін кісі қолдан шығып кеткенде айқынырақ сезеді
білем. Жол ұзап, уақыт озған сайын сіздердей ұстазда
рымыздың қадірі де өркештене түсетін сияқтанады. Кісі
қадірін білмеген адам өз басының қадірін кастерлей алады
деп ойламаймын.
Бұл әңгіме ұстаз бен шәкірт дастарқан басына отырған
да да үзілген жоқ.
– Баз бір адаммен бірге өткізген аз ғана уақытың, сол
жүздесу кезінде болған әңгіме кейде ұзақ жылдар бойы
есіңнен кетпейді, тіпті болашақ тіршілігіңе, өмірге де-
ген көзқарасыңа өзгеріс енгізіп, бағыт сілтейді. Ондай
дидарласудың қадірін мына біз сияқты мосқал тартқан
кісілер жақсы білеміз. Сен Ұлбала, өрісі кең, өресі биік
азамат болдың. Мына туған, өскен ұяң – аулыңнан ұзап
ұшқан сайын не жайсаң жандармен танысып, тұздас-
дәмдес, пікірлес те боларсың. Сондай сәттерде әр адамның
сөзіне құлақ түріп, жүзіне зер сала жүр дегелі отырмын.
Сосын естіген, көрген өнегелі сөзің мен ісіңді бізге де айта
кел. Біз шәкірттерімізге айтайық.
– Жөн айттыңыз, аға. Осы өткен көктемде болған сон-
дай бір кездесу күні бүгінге дейін есімде. Сірә, ұмытпай
тын да шығармын.
Ұстаз «ол кандай кездесу еді?» – деп сұрамаса да сон
Повестер
шалық білгісі келіп отырғанын шәкіртіне ықыласымен-
ак, ұқтырды. Бірақ Ұлбала сонда да бірден ақтара салмай
бөгеле берген соң, тыңдаушысы шыдамады білем: – Ұлбала
қарағым, егер жасырмауға болса айтып бер, ғибрат бол-
сын. Ертеректе біздің бір ақсақалдың «Ұят емес үйрен
се, басың жерге тигенше» деген мәтелі болушы еді. Сол
айтпақшы біз де күні бүгінге дейін бірдеме білгіміз, үйрен
гіміз келіп тұрады.
– Айтайын, аға, айтайын. Көктемде Асанбай Асқаров
ағайдың қабылдауында болғанбыз. Сол кездесуден алған
сабағым еді айтпағым...
Ұлбала сол кездесудің маңызды бір жерін ұмыт қалдыр
майын дегендей сәл кідірістеп, айтар әңгімесін жүйелеп
алды. Сосын бар көргенін, естігенін қаз қалпында баяндай
берді.
Иә, сол жолы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутатты
ғына жаңадан сайланғандарды облыстық партия комитеті
нің бірінші секретары Асанбай Асқаровтың өзі қабылдады.
Кең бөлмеге депутаттармен бірге аудан басшылары, ірі-
ірі кәсіпорын директорлары мен облыс басшылары түгел
жиналған екен.
Шақырылған жұрттың төрт көзі түгелденіп болғаннан
соң бөлмеде аса бір салтанатты шақты күткендей тьшыш
тық орнады. Отырғандардың бәрінің назары бірінші хат-
шыда. Баз бірі сыңар сөзін шашау шығармайды деген-
дей қалам-қағазын да әзірлеп «а» десе сусылдатып жаза
жөнелгелі отыр. Көпті көрген көсем хатшы бұл бас қосуды
қалай ашар екен, неден бастар екен деп мен де ынтығамын.
– Депутат жолдастар!–деді әлден уақытта майда қоңыр
дауысты Асекең.– Ең алдымен Сіздердің, осындай зор абы
рой-атаққа, халық сеніміне ие болып, Қазақ ССР Жоғарғы
Советінің депутаттығына сайлануларыңызбен Қазақстан
Компартиясы Шымкент облыстық комитеті мен халық де-
путаттары облыстық Советі атқару комитетінің атынан
шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Сіздер республикамыздың ең жоғарғы органына аса бір
ғажап кезеңде – тарихи КПСС XXV съезінің шешімдері
толық жүзеге асырылып, еліміз келер бір асқарға иек
артқалы тұрған өте жауапты шақта сайланып отырсыздар.
Сондықтан біз бүгін осында сіздермен жеке-жеке танысып,
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ақылдасу үшін бас қостық. Сіздер өздеріңізді халықтың,
үкіметіміздің жоғарғы органындағы өкілі, тілек-мұқтажын
жеткізушілер ғана емес, сол өкіметіміздің бұкара орта
сындағы өкіліміз, көз-құлағымыз деп сезіну-леріңізді қа
лар едім, – деп бір түйді де, одан кейін әрісі республика,
берісі облыс, әрбір аудан алдында тұрған міндеттерді қат-
қабат цифрларымен қоса төкті-ай келіп! Не қағазға қарау,
болмаса жаңылу – жо-жо-жоқ! Тіпті менің ауданымның
мұң-мұқтажына дейін біліп отыр.
Кездесу аяқталған соң біздің ауданнан келген кісілерді
қайта шақырды. Мен де қосыла кірдім. Сонда аудандық
партия комитетінің жаңа сайланған бірінші хатшысы
Ұланбек Арғынбеков ағайға ауданда жедел қолғa алы
нып, шешілуге тиісті әлеуметтік-экономикалық мәслелер
ді санай келіп, ежелгі Отырар қаласының орнында сақ
талған архитектуралық ескерткіштерді қорғаудың, көне
шаһардың орнын қазып, зерттеу жұмысының бүкіл хал
қымыз үшін зор мәні барлығын ескертті.
– Егер сіздер мен біздер қолда бар мүмкіндікті толық
пандаланбай бұл мәселені аттап өтсек тарих біздің мұндай
мейірімсіздігімізді кешірмейді. Біз өткенді ұмытпауға
тиіспіз. Қазір партиямыз бен үкіметіміз бұған ерекше қам
корлық жасап отыр. Сондықтан, Ұлбала қалқам, бұл іске
сен де жанашырлықпен қарап, бас-көз бола жүр. Іс бары-
сын жиі-жиі көріп тұр, – деп тапсырғаны әлі құлағымда.
Содан бері Отырардың орнына әлденеше рет бардым.
Соңғы барғанымда Отырар мемлекеттік археологиялық
қорық-музейінің директоры болып тағайындалған журна-
лист Әуелхан Есжанов ағай жаңадан табылған моншаны,
қыш заводының орнын, құмыра құятын орынды көрсетті.
Мамандардың айтуына қарағанда олар XІІІ ғасырда са-
лынып пайдаланылса керек... Бәленбай мың гектар жер
тор сыммен қоршалып, болашақ туристер жайғасатын
қонақ үй, тұрғын үйлер салынып Қожа Ахмет Яссауи мав
золейімен екі араға тіке асфальт жол төселмек. Ал Оты-
рар төбенің нақ жанындағы зәулім ғимарат – XІV ғасыр
ескерткіші Арыстанбаб өлкетану музейіне айналады.
– Иә, бізде әлі күнге дейін жүйеге түсіп, жөнді зерттеу
жүргізілмеген, қалпына келтіру жұмысын күтіп жатқан
ескерткіштер, тарихи орындар қаншама? Бұл жөнінен
Повестер
мына іргелес жатқан өзбек ағайындардан көп ғибрат алуға
болар еді. Олардың мына қыр астындағы, яғни біздің об-
лыспен шектес жатқан Бұхарасы, сонау Самарқаны қандай!
– Жарайды, оны қойшы. Сен маған мынаны-ақ айт-
шы. Шығыс қыздарынан шыққан тұңғыш екі бірдей Батыр
Әлия мен Мәншүк кімдікі?!
– Әрине қазақ қыздары, – деп Ұлбала ұстазына таңыр
қай қарады.
– Ал енді осы екі қыз жөнінде анау Алматыңда қан
дай ескерткіш бар? Қазақ ССР Орталық музейіндегі
алақандай мүйіс пе тілге тиек етерің? Жоқ, әлде бірде
«Мәметов», бірде «Мәметова» деп кім екенін біле ал-
май жазып тастаған жалғыз көшең бе мақтанарың? Ав-
тобустарына міне қалсаң шоферлері аялдамасын хабар
лағанда «Мәметов» көшесі дейді беті бүлк етпестен.
Автобустарының маңдайына, бүйіріне: «Мәметов көше
сінен Ақсайға дейін барады», – деп жазып қойғанын қай
терсің!..
– Бұл ренішіңіз орынды, аға. Шындығында, тек қазақ
халқының ғана емес, бүкіл советтік шығыс халықтарының
мақтанышына айналған қос Батыр қызымызға жеке-жеке
демейік бір, ортақ күмбезді музей үйін салып беретін-ақ
жөніміз бар-ау.
– Егер жаңағы сен айтқандай музей ерте ме кеш пе са-
лына қалса ол бір алдынан тағзым етуші халық үзілмейтін
керемет қасиетті орын болар еді-ау, шіркін!
– Айтарыңыз бар ма, аға. Алыстан арбаламай-ақ осы өз
ауданымыздан мысал алайықшы. Анау аудандық партия
комитетінің алдындағы алаңға ескерткіш тұғыр орнаты-
лып, осы Шәуілдірден шыққан Батырлар мен Еңбек Ерле
рінің суреттерін іліп қоюы қандай жарасымды! Ал енді
соны қаншама жылдан бері ешкім елемей, істемей келді
ғой.
– Ел қорғау жолында қыршын кеткен боздақтарға,
еңбек ардагерлеріне аудан тарапынан қошемет көрсетіліп
жатыр. Бұл үлкен адамгершілік, зор тәрбие. Біз «Ешкім де
ұмыт болмайды, еш нәрсе ұмытылмайды», – деп ұлы дүр
мекке ілесіп бос айқайлай бермей осындай нақты іспен
көрсетсек қана ұтамыз. Жұрт сонда ғана иланады.
– Менің де көкейімде бір ой жүр. Жақында кезекті
Жарылқасын Нұсқабайұлы
сессияға барар жолымда осы пікірімді Арғынбеков ағайға
айтып, ақылдасқым бар.
– Құпиялығы болмаса бізге де айтсаңшы оныңды.
– Айтамын, неге жасырайын.
Ұлбала осы іске бейне өзі кінәлі адамдай-ақ қабағын
шытынып алды да, не айтқалы отырғанын ұмытып қалған
кісідей әр сөзін үзіп-үзіп суыртпақтап айта берді.
– Мысалы осы біздің ауданымызда да қаншама майтал-
ман малшы, кезінде атаққа да бір кісідей ие болған, бірақ
соңғы жылдарда, көздері жұмылған соң жиі-жиі ұмыт бо-
лып бара жатқан қаншама ардагерлеріміз бар. Қайсыбір
жылы солардың бірсыпырасының суретін үлкейтіп бағана
өзіміз айтқандай аудан орталығына іліп қойғанда сол абзал
жандарды жақын білетіндер мен туған-туыс жақындары
өлгені тірілгендей қандай қуанды десеңізші!
– Ендеше қазір біздің ауданымызда да, өзге жерлерде
де социалистік жарыс жеңімпаздарына көзі тірі, жап-жас
еңбек адамдары атындағы жүлде тағайындалып жататыны
менің көңіліме қонбай-ақ қойды.
– Еңбекте үздік көрсеткішке жеткендерді көтермелеу
үшін жасағаны ғой.
– Еңбек етіп, қатарда жүрген адамды көтермелеудің сан
түрлі амалы бар емес пе? Ал марқұм болып кеткендердің
атын шығарып, аруағын қастерлеудің бірден-бір көкейге
қонымды жолы әлгідей жүлдені нақ солар-дың атында
тағайындау дер едім.
Мына іргелес «Овцевод» совхозынан кезінде қаншама
Еңбек Ері шықты! Сегіз бе, тоғыз ба?! Қазір солардың
көзі тірі екеу-үшеуінен өзге қайсысының атын білеміз? Біз
тұрмақ сол совхоз тұрғындарының өзі анық білер ме екен?
Әй, қайдам, күдігім зор. Әйтпесе сонау ел басына күн
туған не бір қиын кезеңдерде мал басын аман сақтап қана
қоймай төлді көбейткен, майданға құрт пен май, ірімшік
пен жылы киімдік жүн, теріні мол беріп жеңіс күнін
жақындатуға қаншама үлес қосқаны үшін Отанымыздың
ең жоғары наградасы Ленин орденін, Социалистік Еңбек
Ері атағын берісі облыста, әрісі Қазақстанда алғашқы
лардың бірі болып алған шопан аталарымыз Қайқыбай
Қуатбековтың, Нұсқабай Құлымбетовтың, Күмісбек Сапа
қовтардың атындағы жүлде тағайындап, сол совхоздағы
фермаға, бөлімшеге есімдерін берсе қандай ғажап бо-
Повестер
лар еді! Бір шаруашылықта 40-50 жыл қой жайып, әлгідей
атақ-даңққа бөленген азаматтарымыздың атымен тым
болмаса бір құдық аталмауын қалай түсінуге, қалай
түсіндіруге болады?!
Осы тұста сырттан сарт-сұрт басып он-он екі жастағы қа
ра сирақ бала кірді. Кеңседен келгенше жүгірсе керек, екі
танауы желп-желп етеді.
– Ағай, сізді директор шақырып жатыр. Тез шықсын
дейді!
– Мақұл, рақмет. Міне, шықтық, – деп Кішімат Досанов
қозғалақтап, жан-жағын қармана берді. Ұлбала да лып етіп
орнынан көтерілді.
* * *
Кеше ұзақ жолдан келіп, түнде кеш жатса да, Ұлбала
таң алагеуімнен оянды. Сағатына қарап еді, әлі бес бол
маған екен. «Ойпыр-ау, астананың таңы да ерте атады
білем», – деді ішінен. Сосын қонақ үй бөлмесінің қарсы
бет қабырғасына тақай қойылған төсекте жатқан Тотыға
қарады. Таңғы тәтті ұйқының құшағында тырп етпей жа-
тыр екен. Өткен жылы облыстық жиналыста танысқан.
Шардара ауданындағы «Восход» совхозының күрішші-
механизаторы. Депутаттыққа екеуі қатар сайланды. Содан
бері ұшыраса қалса жұптары жазылмайды. Кеше поезда
да бір купеде келді. Енді міне, басына тәж көтерген еңселі
мейманхананың 5-ші қабатында бірге жатыр.
* * *
«Өзі мінезі қызық жан», – деп мейірлене қарады Ұлбала
ұйқыдағы Тотыға. «Бала мінезі әлі қалмаған. Қашан көрсе
де мойныңа орала кетеді. Әне, қаннен-қаперсіз жатысы
ның өзі-ақ Тотының балаңдығын анғартқандай. Он бес-
он алтыға келер келмес бойжеттім деп орынсыз сызы-
ла қалатын кейбір кербез қыздардай керілмей, қайда да
өзін еркін ұстап, еркелей кететін Тотыны Ұлбала да бір
көргеннен-ақ өзіне жақын тартты. Тоты Жәдігерова деген
атақты күрішші қыз барын білетін. Бірақ сондай атақты
адам нақ мына Тотыдай қарапайым, балғын мінезді, үріп
ауызға салғандай уылжыған жас қыз болар деп Ұлбала ой-
ламапты.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Ұлбала Тотыны оятып алмайын деп орнынан абай-
лап көтерілді де, аяғының ұшымен басып, ашық терезенің
жақтауына келіп сүйенді. Таңғы ауа мұп-мұздай екен.
Ұлбала төңірекке көз салды. Нақ қарсы беттен көгістеніп
нар Алатау көрінеді.
Анау көкке мойнын созған ақ діңгек – теле мұнара. Қа
сындағы – Көктөбесі. «Алматының таңы да таңсық болар
лық екен-ау. Қандай ғажап сурет! Тоты көрмеді-ау мұны.
Кеш оянады екен ғой. Шіркін, Алматының жазы-ай!».
Осы сөзді айтар-айтпас өзі мырс етті. «Мен де
қызықпын. Біз сияқты Тотының малы өріп барады ма? Түн
ұйқысы да тыныш. Ұйқысын қандырып тұратын шығар».
Сосын Ұлбала терезеден сәл қиястау орналасқан мама
еменге көз салды. Жапырағы қарға тұяқтанып келіп, шеті
ирек-ирек болып бітіпті. Сыр бойында өсетін ағаштың
бірде-біріне ұқсамайды. Бесінші қабаттан да асып тұр.
«Жарықтық қанша жасады екен! Біздің ауылда болса бір
қора малға көлеңкеге жарар еді»...
Көзі сонау төменде көше бойлап құлдыраңдап бара жат
қан адамдарға түсті. «Қала халқы да ерте оянады екен-
ау. Бұрын маған қала тұрғындары ерте жатып, кеш тұра
тындай көрінуші еді. Бірақ бүгін мереке ғой...
Әне бір қара желбегей киген кісі көшіп кеткен киіз үй
дің орнындай дөп-дөңгелек етіп егілген гүлдерді баптауға
кірісіпті.
– Ұлбала, сен қашан оянып алғансың?!–деген Тотының
даусы бөлді ойын.
– Құс ұйқы қойшы емеспін бе? «Қорыққан мен қуанған
бірдей» демей ме? Елде қойыңды ойлап, қорыққаныңнан
түн ұйқың төрт бөлінсе, мұнда бүгінгі өзіміз тамаша-
лайтын қызықты, Қазақстанның алпыс жылдық тойына
арналған салтанатқа қатысатынымызды ойлап ала-ұйқы
болғаным шын. Оның несін жасырайын деп Ұлбала Тотыға
жақындай берді.
– Қайдам, қайдам, – деп Тоты қолының сұқ саусағын
безеп-безеп қойды. – Айтпақшы, анадағы өзіңе хат жазып
жүрген Ділдабайың не болды? Соны айтсаңшы. Кеше по-
езда онаша болмадық, сұрай алмадым.
– Не болушы еді. Жүр ғой әлі. Сол күйі.
– Сол күйің қалай? Жолықтыңдар ма?
Повестер
– Әуелі жауап жаздың ба десеңші.
– Не болыпты осы күнге дейін жауап жазбай?..
– Соңғы хатын көрсетейін. Өзің оқы. Сонда бәрі де
түсінікті болады.
Ұлбала қол сумкасынан тозыңқырап қалған конвертті
алып, Тотыға ұсынды.
«Ұлбала, хатымды алған шығарсың. «Аңшының кешік
кеніне сүйін» дегендей хаттарымның кідіргеніне қуанам.
Жауап жазбасаң жазба, тек қайтып келмей иесін тауып
жатқанының өзі де жақсы ғой. Жабырқау көңілге сол да
жұбаныш екен. Кейде ойланып отырсам мен қазір осы
жүрісімнің өзінен ләззат алатындаймын. Өйткені, арман
даудың өзі ең үлкен рақат емес пе?
Бірақ сен сыр мінез болмаған соң бұл әңгіменің бәрін
есірік желік, еспе сөз деп жүрме. Жел қанат, жез тағалың
мен емес.
Ұлбала, сен неге осыншалық шошынасың? Тым құрыса
ұрыссаң да бір сөз жазып жіберсең ғой. Ана жолы сырт
көргенімде тойған қозыдай томпиып, момақан болып жүр
еді, «сайрап» барады ғой деме. Жайшылықта көп сөй
лемегенмен жазғанда сөзуарланып кететінім бар. Басқа
бөжегім жоқ. Сен осыған сенші. Өткен жолғы хатым-
да да жазып едім ғой бұл туралы. Кейде бейтаныс кісімен
де пікір таластырып әңгімелесіп жатпайды ма? Осы-
ны мойындайсың ба? Әлде «Үндемеген үйдей бәледен
құтылады» деп «жабулы қазанды» сол күйі қалдырғың бар
ма? Оның әділет болмас».
Тоты хатты оқып болды. Қапелімде не айтарын білме
гендей Ұлбалаға қадалған күйі отырды да қалды. Тек бірер
минут үнсіздіктен кейін сөйлеп кетті.
– Ұлбала, осы сен қандай адамсың? Қатыгез деуге ау-
зым бармайды. Ал мына қаталдығың сол сөзге қарай итер
мелейді де тұрады. Құрбы емеспіз бе? Жасырмай айт-
шы. Неге тартыншақтай бересің? Бір емес, әлденеше рет
хат жазды. Жауап бергенде тұрған не бар? Саған лап етіп,
құлап түс деп отырғаным жоқ.
– Дұрыс қой, Тоты. Бірақ өмірдегі қай нәрсеге де әр
адамның өз көзқарасы бар емес пе? Жұрт айтты екен деп
көлденең көк аттыға ілесіп жүре берсем кім болғаным?
Қыздардың бала жасында өзіне жігіттердің көбірек көз
Жарылқасын Нұсқабайұлы
салғанын, үстін-үстін хат жазғанын қызық көріп, әуес
тенетіндері болады. Оңы-солын танымаған бала мінез
құрбы-құрдастарының алдында соны мақтан, бедел көреді.
Жоқ, бұл бедел емес, кесел. Қайта қыздар да, жігіттер де
саған қызыға, қызғана қарасын, жігіттерге үнің, қыздарға
күнің армандай елестесін.
Адам өз қадірін аз біледі. Кейде алтын басын өзі
аяқасты ететіні де сондықтан. Өзіңе жұрт қызықсын десең,
сезіміңді жасыра біл. Бұл біріншіден, сені адалдыққа,
ұстамдылыққа баулыса, екіншіден, ортаңдағы орныңды
көтереді. Көсемсіп кетсем, кешір.
Манадан бері үнсіз тыңдап тұрған Тоты Ұлбалаға
жақындай түсті де, ту сыртынан қапсыра құшақтаған күйі:
– Ұлбала, тым сөгіле сөйлеп кеттің, сен менің сөзімді
ауырлап қалдың ғой деймін, Тек мына хат жазған жігіттің
сөзі жақсы болған соң... Жауап жазсаң күдерін үзбес. Сон-
да өзінің кім екенін анығырақ тани түсер ме едік, кім білсін.
– Жоқ, ә. Сенің жүрегіңнен шыққан жанашыр сөзіңді
ауырласам, өмірдің өзге жүгін қалай көтермекпін?
«Бәлкім, жақсы жігіт шығар. Өзі келіп қонғалы тұрған
бақыт құсын үркітіп алма», – дегің келер. Бұйырған бақыт
тепсең де кетпейді, бұйырмағаны сылтау табылса сүт
пісірімге жетпейді.
Ұлбаланың мына сөздерін естіген Тоты мен Ұлбала
қосыла күлді.
Атына заты сай осы құрбысының ойына алған пікірін
ірікпейтіні, ылғи өзімсініп жүретін қамқор мінезі жақсы.
«Өзі білер, нем бар», – демей, жақынының жайын жеке
басының қамындай жадынан шығармайтын бауыр-мал
дығы бөтенсуіне ерік бермейді. Сыр аша қалсаң да кей
біреулер тәрізді «Қайдам, анау-мынау» деп кібіртіктемей
өзіңнен бетер толғанып, ортақтаса кететіні жарасымды.
Содан да болар соңғы кездері Ұлбала екеуінің арасында
құпия сыр қалмай барады. Жеке бастарының қамынан ба-
стап, шаруа жайы, болашақ мәселесі түгел таразыға түседі.
Әдетте мұндай әңгімеге сараңдау, бірден шешіліп сөйлесе
қоймайтын Ұлбаланың сезім пернесін дөп басып, міне,
бүгін де біраз сырын айтқызды.
– Республика атына қанық, депутатсың. Бірақ соның
қай-қайсысы да өмірлік серік болмас.
Повестер
– Солайы солай ғой, Тоты. Табиғаттың жаратылысы.
Оны мойынсұнбайтын тіршілік иесі жоқ. Дегенмен, жөні
солай екен деп көзжұмбайлыққа салып, біреудің етегінен
ұстап кете беретін бала қыз емеспіз. Адам есейген сайын
тәуекелі де кеми береді ме деймін. Әлде өзіне де, өзгеге де
жауапкершілігің арта ма, қайдам. Оның ізгілікке баста-
рын, немесе өкінішке жетелерін және білмеймін. Адам
ның мұндайда бар сенері де, сүйенері де – сенімі, ұяты,
адамгершілік ар-ожданы сияқтанады. Тек сол жаңыл
дырмасын.
– Рас, бұрынғыдай емес жұрт біліңкірейтін болған
дықтан да артыңа қарайлайсың. Дос бар, дұшпан бар де-
гендей, онсыз және болмайды.
– Бір есептен оның да дұрыс, Ұлбала. «Асықпаған арба-
мен қоян алар» деген бір сөз бар ғой. Қазекем қате айтпай-
ды. Асықпа. Асықса – Ділдабайдың өзі асықсын...
Тоты жайғасып отырды. Бұл әзірге әңгімем аз емес де
гендегісі. Ұлбала айттырмай ұқты.
– Қайсыбір жылы мені де бір жігіттің майлы ішектей
айналдырғаны есіңде шығар?
Ұлбала көптен ұмытып жүрген нәрсесі ойына енді түс
кендей елең ете қалды. Сосын Тотыға төне түсті.
– Иә, соның қалай аяқталып еді, соны айтпапсың ғой
маған? Өлердегі сөзін айтып, хат жазушы емес пе еді?
Тоты кәдімгі жарқын мінезіне басып, сықылықтай
күлді.
– Ой, құрысын. «Әсіре қызыл тез оңар» деген рас екен.
Менен жөнді қабақ тани алмаған соң бір күні түгімді
қоймай сыбап хат жазыпты.
– Немене, жаман сөз жазды ма?
– Жоқ, ә! Оншалықты тәрбиесіз емес шығар. Алдын-
да ғана үздігіп сен болмасаң таң атып, тауығым шақыр
майды, деп жүрген жігіттің кұбылып шыға келгенін айта-
мын.
– Сонда не деп кінәлайды?
– Қазір, айтып берейін. Оның соңғы хатын түгел жаттап
алғам. Өзі ақылсыз да емес сияқты. Бірбет, көкіректеу бо-
луы керек...
Тоты соңғы сөздерін көтермелеңкіреп айтты. Жүзінен,
даусынан өкініш табы аңғарылғандай ма, қалай.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Сосын екі көзін нақ алдында жатқан газетке қадап алды
да бейне нақ содан оқып отырғандай сыдырта жөнелді.
«Өзі қадіріңді білмеген, өзіңді сыйламаған жанның
соңынан салпақтай беретін өзің мен емес! Әрі итер-
се өзіне қарай құлайтын санасыз, меңіреу махаббат иесі
болғым жоқ. Саналы жандар – саналы өмір сүруі қажет.
Адамның адалдығын бағалай білмеген жан семья құрып
не оңдырар дейсің! Әркімнің өз биігі, өз қырқасы бар. Сен
содан төмендемеуің керек. Әйтпесе немене, қаншама уақыт
бөлдім, қаншама сөзімді, сезімді сарп еттім. Кісіні ісіне
қарап емес, түсіне қарап бағалайтын адам сияқтанасың.
Бұл рас болса осы бастан іргені алыстатып, аулақ,
қонғаным мақұл».
– Міне, Ұлбала. Хат осылай аяқталыпты. Арамыздағы
байланыс та сонымен бітті. «Кәріліктің жеткеніне емес,
қадірімнің кеткеніне өкінемін» демекші мен де ол жігіттің
кеткеніне емес-ау, оның нақ мынандай екенін білгенімде
айызымды қандырып айтар не бір сөзімнің айтылмай
кеткеніне өкінем, – деп Тоты сықылықтай күлді.
Иә, Тоты, «Әкемнің өлерін білсем, талқанға айырба-
стап жер едім» депті ғой бір кембағал ашаршылық тұсын
да. Сол айтқандай-ақ ертең не боларын біліп отырса, кім
есесін жіберсін, кім жаза бассын. Бір тәулік тұрмақ толық
бір сағаттан соң не боларын жори аламысың? Өмір осы-
сымен қымбат, тіршілік сонысымен мәнді. Ендеше, – деп
Ұлбала құрбысын құшақтап, өзіне тарта түсті де басын
сүйей берді, – ондай ұшары да, қонары да өзіне емес, өзге
ге тәуелді өткінші, желбуаз жандарға, тіпті, сөзіңді қор
қылып керегі жоқ. Оған мүлде өкінбе!
Бұдан арғысын іштей түсініскен қос құрбы енді қосыла
күлді.
Тарс-тарс есік қағылды да, артынша қоңырау соғылды.
Тоты құрақ ұшып барып есік ашты.
– Қыздар-ау, баяғының батырларындай ұйықтайсыңдар
ма, қалай? Әлде, бір мәселе шешіп жатырсыңдар ма?
Шымкент облысынан келген депутат қыз-келіншектер
мен жас жігіттер екен. Қос құрбыға тиісіп келе жатқан да
солар.
– Шешсек шешіп жатқан шығармыз. Бұл күнде шешімін
күтіп жатқан мәселе аз ба?! Бізге ұйқыны да қиғың жоқ
Повестер
қой. Несі бар, бір-бір жұлдыз қадасақ батырың да біз бо-
лармыз!
Тоты тайынар емес.
– Ойпыр-ау, мына қыз Тоты емес тотияйын ғой өзі!
– Қойдық, тез жүріңдерші өздерің. Барып тамақ ішейік.
Топ қызға Ұлбала мен Тоты да қосылып, төменге түсе
тін лифт алаңына тоқтады. Лифт бос емес екен. Жігіттің
біреуі бұрылып, бұрыштағы айна алдына барды. Өзі ша-
шын тарап тұр.
– Айнаға қарамайсыңдар ма, Тоты?
– Сұлулығына күдігі барлар қарай берсін, өзіміздің
күмәніміз жоқ.
Қыздар ду күлді. Бірақ жігіт те берілетін емес.
– «Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу» деген халық.
Сен олай асқақтама.
– Е, ондай сөздің бары рас. Бірақ атам қазақ сендердей
сиықсыздардың көңілін жұбату үшін айта салған емес пе?
Әйтпесе сүйген адам да сұлуды сүйетін шығар!
Қыздар және мәз болды. Сол дуылдаған күйі лифтіге
отырды.
* * *
Ұлбала Алматыға соңғы бірер жыл беделінде қилы се-
беппен әлденеше келді. Бірақ соның қай-қайсысында да
асығыс қайтатын. Бірінде шаруа асықтырса, келер жолы
өзі асығады. «Қанша келіп жүріп астананы толық бір ара-
лап көрмеген екем-ау»,– деп ойлады Ұлбала. Шынында
астана дидары әр келген сайын жасаңғырап жарқырай түс
кендей болады. Жиірек келе бастаған соң бауыр басып, жа
қын тартып алды. Қалаға келсе болды, оның көшесін ара-
лап, жаңалықтарын көруге әуес.
Кеше де таңсәріден тұрып терезеден қарап, тыншы-
май жүргені сол. Ертеңгілік ас үстінде қоярда-қоймай от-
ырып Тотыны өзімен бірге жүруге келістірді. Сондағы ойы
– жаңа салынған құрылыстарға көз салу.
Екеуі Алатауды бетке алып астананың жаңа алаңына
қарай жүрген соң Ұлбала әңгіме бастады. Өзі тым көңілді.
Әшейінде көп сөйлемейтін мінезі ұмыт қалғандай. Бір
түрлі елгезек. Республика тойы, келгелі көріп жатқан
сауық-салтанаты, Алматы тұрғындары мен қонақтардың
Жарылқасын Нұсқабайұлы
көңіл-күйі бұған да әсер еткен екен. Жанында келе жатқан
Тотыны әуелі қолтығынан алды да, сосын өзінің сәл бой
шаңдаулығын пайдаланып, оң қолын Тотының иығына ар-
тып, құшақтаған күйі өзіне тарта түсті.
– Менің не ойлап келе жатқанымды білесің бе, Тоты?
– Оны қайдан білейін Ұлбала. Сұрағың жаңа танысып
жүрген қыз бен жігіттің сұрағындай болды ғой.
Тоты сықылықтап күлді.
– Оның рас, Тоты. Мұндай сұрақ та ерекше бір қуаныш
құшағында келе жатқан адамның аузына түсетін шығар.
Сен білсең осы біздер осыншалықты бақытты жандар
екенбіз-ау деген ойда жүрмін. Қандай тамаша кезеңде өмір
сүріп келеміз.
Тоты «Оған менің де күдігім жоқ», – деп әзілдегісі келіп
құрбысының бетіне қарап еді, Ұлбала мына әңгімесіне
шын беріліп, бар ықыласы соның үстінде келе жатқанын
көрген соң тілін тістей қойды.
– Кейде осы «Қашан түсіп қалғанша хатшы бол-
май, неге ақын болдық деп күйінеміз», – деп ақын Қасым
айтқандай неге қойшы болдым? Басқа бір жолды неге таң
дамадым, деп іштей өкінетін кезім де болушы еді. Әрине
тарыққаныңда, қажыған сәттеріңде сондай бір кірбің ой
жетелейтін әдеті емес пе? Өзің қатарлы қыздардың жоғары
білім алып, бірі мұғалім, бірі дәрігер болып жүргенін көр
геніңде өзіңді-өзің табалап, қорланып қалатын сәттерің де
болады.
Құрбысының мына әңгімесі Тотының да сонау бір жан
түкпірінде жатқан сырының төбесінен түсті. «Ойпыр-ау,
өзінің болмысына, атқарып жүрген ісіне көңілі толмай
нала болатындар табылады екен ғой. Мына Ұлбала нақ
менің көкейімдегі ойларымды айтып отыр дейді өзіне-өзі.
Бұған дейін бірге жүріп, сырлас болса да екеуі нақ мына
жайды қозғамаған екен. «Өз атына, атағына риза, істеген
кәсібіне риза ма деуші едім, сенде осындай ма едің?–де-
гендей Тоты Ұлбаланың көзіне тіктеп қарады. Бірақ қанша
үңілгенімен оның кірпігін сирек қағатын бота көзінен өзге
сыр ұшқынын көре алмады. «Ұлбала, кейде сондай ой
мені де әурелейтін», – деп және айта қоймады. «Не де бол-
са айтсын ойын. Бөгемейін, реті келсе өз ойымды сосын-
ақ жеткізермін. Ең жақсысы Ұлбала екеуміз бұл мәселені
Повестер
де бір шешіле сөйлесетін болдық. Жаны тазалығы ғой,
ешкімге тіс жарып айтпайтын мына сырын да бүкпей жай-
ып салды», – деп ойлады.
Ұлбаламен танысып, сөйлес, сырлас болғаның үлкен
олжа санайтын Тоты сол пікірінің дұрыстығына тағы көз
жеткізгендей. Адамгершілік, достық, сыйластық, сүйіс
пеншіліктен бастап, халқымыздың мәдениеті, дәстүрі,
ұлттық салттарына дейінгі тақырыптағы әнгіменің қай-
қайсысынан да қашқақтамайды. Айтар ойы, қалыптасқан
көзқарасы бар. Бұл мәселе жөнінде кіммен сөйлессе де ше
гінбей терезесі тең отырады.
Соңғы кезде өзі де солай болуға талпынып, ізденіп
те жүр. Ұлбаладай болу үшін оқу ғана емес, өмірден көр
геніңді, естіп білгеніңді тоқу да қажет шығар. Әсіресе
адамға өзіндік мінез керек-ау деп ойлайды Тоты.
– Бірақ бар білімін, ақыл-парасаты мен күш-қайратын
жеке басының игілігі үшін ғана жұмсайтын, жатса-тұрса
соны ғана көксейтін пенделерді көргенде өзіңнің ондай
тіршілік иесінен жоғары тұрғаныңа тәубе етесің. Хал
қыңның, партияңның, үкіметіңнің өзіңе не үшін қошемет
көрсетіп отырғанын түсінгендей боласың. Ойлап қарасаң
біздің үкіметімізден алғанымыз да адал, бергеніміз де
адал. Біздің бақыттылығымыздың бір көрсеткіші осы бо-
лар, – деді Ұлбала.
Екі қыз Абай проспектісіне қалай жетіп қалғанын да
аңғармапты. Машина қозғалысы тиылса да қызылды-
жасылды киініп, қолдарына жалау, шоқ-шоқ гүл, сап-сары
масақ ұстап, ту көтерген өрімдей қыз-жігіттер Байсейітова
атындағы көшені қиып өтіп, келесі көшеге қарай ағылып
жатыр. Жол берер емес. Көше ернеуінде бөгеліп қалған
қос депутат енді салтанатты шеруге қатысатын қыздардың
көйлектеріне қызыға қарады. Барлық, одақтас республика
халықтарының ұлттық киімін көруге болады екен. Соның
ішінде әсіресе қазақ, қызының үлбіреген аппақ шәйіден
тіккен бүрмелі қос етек көйлегі мен нарт қызыл кеудешесі,
үкі таққан зерлі тақиясы анадайдан көз тартады. «Атам
Ханжігіт пен Саракүл әжем екеуі қазақтың ұлттық киімі
нің сәнділігін көп дәріптеуші еді, солары рас-ақ екен-ау», –
деп тұр Ұлбала іштей. Әнеугүні Москвада өткен олимпиа-
да кезінде де қазақ қызының киіміне қызығып, бірге сурет-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ке түсушілер «Тым құрыса тақияларыңды беріңдерші», – деп
жабысқандар көп болды деп келіп еді ауылдан барғандар.
Шындығында әсем-ақ екен-ау өзі. Қызылын, жасылын, са-
рысын, көгін, ағын араластыра тіктіртіпті. Қандай жара-
сымды! Күнделікті кимесе де сән-салтанат үшін, тойға,
театр, концерттерге баратын бір киер киім ретінде неге
тіктірмейді қыздар?!
Жүргіншілердің бір тобы өтіп, жол сол босаңсыған кез-
де Ұлбала мен Тоты да алға қарай өтіп алды да, Байсейі
това атындағы көшемен жоғары өрледі. Былтыр ғана елеу
сіз көрінген бұл көше де адам танымастай өзгерген. Екі
жағы еңселі жаңа үйлер...
«Тіршілікте бірімен-бірі байланыссыз нәрсе жоқ біле
мін», – деген ой сап ете қалды кенет Ұлбалаға. «Әйтпесе
мына үйлесімді қалай түсіндіруге болады? Күләш апамыз
дың ғұмыры қысқа болды, бірақ сол аз өмірінде-ақ соңын
да қаншама із қалдырды. Сол кісінің есімі берілген мына
көше де бұлбұл үнді әнші өміріндей бір тұтам екен. Бірақ
Үкімет үйінің алдындағы Ленин ескерткішінен баста
лып, жаңа алаңға тірелетін кішкене көше де сондай көр
кем, кісі қызығарлықтай сәнді. Бір басы Күләштің көзі
тірісінде іргесі қаланған Үкімет үйінен басталса, екінші
басы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің еңселі
ақ боз үйіне барып маңдай тірейді. Бас почтамт, «Алма-
ты» қонақ үйі, Абай атамыздың атындағы опера және ба-
лет театры, Орталық кітапхана, қаладағы ең зәулім тұрғын
үйлер мен ғажайып фонтандар да осы көшенің екі бетіне
орналасқан.
Ұлбала мен Тоты машинаға мінбей, әңгімелесіп бара-
мыз деп кешігіңкіреп жетіпті. Олар орнына жайғасқан
бойда-ақ жұрт ду қолшапалақтап, дүрліге орындарынан
тұрған соң бұлар да көтеріліп қарап еді, нақ қабатындағы
үкімет басшыларына арналған мінбеден Л.И.Брежнев,
Д.А.Қонаев жолдастар бастаған партия, үкімет басшы
лары, құрметті қонақтар да келіп орын алған екен. Ұлба
ла қойшыға тән қасиетіне бағып, төңірекке көз салды.
Трибунаның екі жағындағы көкке шапшыған он алты
қабатты қос үй мен сол үйлердің қанаты сияқтандырып
алаңды кенерелей салынған сарай, сымбатты екі-ақ үй
бірін-бірі толықтырып, алаңның ажарын аша түсіпті. Шы
ғыс бүйірден жұп-жұмыр Көктөбе көрінеді. Оның баурай-
Повестер
ында аппақ әріптермен көмкерілген «60 жыл» деген жазу.
Мінбенің нақ артындағы қызғылт гранит үйдің екі жаны
көк шөп, ал қызыл гүл, толқыған тулар, желбіреген жа-
лаулар. Сонау әріректен, алаңның оңтүстік өкпе тұсынан
салынып жатқан жаңа құрылыстың нақ алдынан «Авро
раның» нобайы көрінеді. Ол да қызыл. Одан алаңға жет-
кенше және гүл. Ал төңірегінде отырған адамдардың жүзі
де гүл-гүл жайнайды. Омыраулары толы награда. Батыр
да, Еңбек Ері де осында. Кілең жұлдыздылар. Республи
камыздың жұлдызды адамдары.
Міне, осының бәрі біздің республикамыздың беделін
арттыра түсті. Бұл күндері берісі бүкіл еліміздің, әрісі
бүкіл әлемнің назары Алматыға ауды. Өйткені, бұл мейрам
«Біздің бүкіл еліміз үшін де үлкен мереке», – деген жоқ па
Л. И. Брежнев жолдас.
«Иә, талай сындардан сүрінбей келе жатқан жерұйық
Қазақстаным, сен әлі де талай белеске көтеріліп, толағай
табысыңмен талай ұрпақты тамсандырарсың. Құрыш
қанатыңды бұдан да еркін сермеп, даңқ шыңына қарай да-
мылсыз самғай береріңе шәк келтірмеймін.
Ал сенің мына бүгінгі салтанат-шаттығыңды, келгелі
көрген, естігендерімді ауылдастарыма сыр қып, жыр қып
айтармын»,– деді Ұлбала іштей.
* * *
Көпжан келгендерді сырттай түгендеп, түстеп тұр. Ау
дандық партия комитетінің бірінші секретары насат де
нелі бидай өңді жігіт – Ұланбек Арғынбековтың даусы да
денесіне лайық зор екен. Бұл – Ұлбаланың отарында тұң
ғыш болуы. Сондықтан шығар, машинадан түскен бойда
Ұлбаланың қора-қопсысын түгел аралап шықты. Сонан соң
ғана үйге беттеді. Алдынан қарсы ұшырасқан Көбекеңе
сәлем берер-берместен:
– Көбеке, Сізді алғаш көруім ғой, мына балаңыздың
депутаттығы құтты болсын! Өзіңіз тойға шақырар деп
осыншама күттік, әбден күдер үзген соң өзім келдім, – деді
әзілдеп.
– Ойбай, айналайын Ұланбек, оның рас. Айып менен.
Сіздер үлкен қызметтегі кісі болған соң ретін таппай... –
деп секретарьдың сөзін шынға балап сасқалақтап қалды.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Бәрекелді, қызметі атақ-лауазымы нағыз үлкен мына
Ұлбала емес пе? Ілгеріде біздің, бала күніміздегі оқулық
тарда мұзға тайып жығылатын әтеш жайлы әдемі ертегі
болушы еді. Сол бейшара бір күні мұзға тайып жығылып
жатып: «Мұз, мұз, осы сен неден күшті болдың?»– деп
сұрап еді. Сонда мұз: «Е, мен күшті болсам мені Күн ері
тіп жіберер ме еді?»–деп жауап беретін. Сол айтпақшы
Көбеке, мен мықты болсам сақалды басыммен келіп, мына
шынашақтай Ұлбалаға өзім сәлем беріп, қорасын аралар ма
едім!?
Ұланбек бүкіл денесі селкілдеп көзінен жас аққанша
күлді. Жанына ерген Көпмағамбет Елемесов пен Арысбек
Тәжиев те езуін жия алар емес.
– «Ұлық болсаң, кішік бол» деген ғой.– Сендердің әрбір
сөз, кісіге көрсеткен ықылас-пейілдерің көпке үлгі. Рақмет,
Ұланбек қарағым. Қане, енді үйге еніңіздер,– деп Көпжан
үйге қарай жол бастады.
– Мына Қөпмағамбетке ұрсып келемін, – деді секретарь
тағы бір әңгімеге арна ашып. – Ұлбаланың қора-жайы көзге
қораштау екен. Қайта салуды ойламапты. Үй салуы керек
еді, ол да басталмапты.
– Қорасын қайдам, үй саламыз деп сонау Қарақ тауынан
тас әкеліп үйіп тастады ғой,– деп Көпжан әңгіменің тігісін
жатқызды.
– Ал мына үй енді тарлық етеді, – деді Ұланбек қала
тәртібімен жиһаз қойып жинаған бөлменің нақ төріне
жайғасқан соң. – Ұлбалаға келімді-кетімді кісі көп болады.
Біреулер көруге, үйренуге келеді. Тәжірибе алмасу дейтін
де жиілеп кетті. Мал жайын, шопандардың хал-жайын
сұрап осы ауданға түскен адамның талайы-ақ Ұлбаланың
аулына соғуды сұрайтыны ақиқат. Сондықтан директор
жолдас, әсіресе үйді, сосын қора-қопсысын салып беруді
тездетіңіз. Бұл тек Ұлбаланың, немесе сіздің, біздің ғана
абыройымыз емес, бүкіл облысымыздың намысы деп
бағалаған дұрыс. Олай болса Ұлбала отырған құдықтың
төңірегін қазіргі талапқа сай көркейтуді осы отырған
екеуіңізге тікелей тапсырғаным, – деді де секретарь пар-
торг пен директорға алма-кезек қарап;
– Ал енді Ұлбалажан, біз жүреміз. Түстен кейін аудан
дық партия комитетінің бюросы еді. Әлі талай ауылға
соғуымыз керек, – деп секретарь орнынан тұрды.
Повестер
– Ұлан аға-ау, былтырдан бері біздің шаңырағымызға
келгеніңіз осы еді, дастарқаннан дәм тата кетсеңіздерші.
– Қарағым-ау, бұларыңа жол болсын!? Мен жаңа
балаларға қазан қамдаңдар деп қойдым. Бір малдың басын
мүжіп кететін реттерің емес пе?! Ілуде бір келгендерің еді,
– деп Көпжан да бәйек.
– Жоқ, ақсақал, ықыластарыңызға рақмет, – деді Көпма
ғамбет. – Одан да Ұлбала бір-бір кесе қымыран әкел, сол
дұрыс болар. Қымырандарың бар ма еді?
– Бар ғой, қазір.
Ұлбала бөлменің есікке тақау бұрышында тұрған жата
ған столдың үстіндегі бір керсен қымыранның бетін ашып,
сапыра бастады. Сүт татыған жаңа қымыранның хош иісі
отырғандарды бір-бір жұтындырды.
– Япыр-ай, бір тамақ ішпей қалай жібереміз? – деп әлі
қоймай отыр Көпжан.
– Көбеке-ау, депутаттан қой жеуге болмайды. Ертеңгі
күні... – дей беріп еді, Көпжан секретарьдың сөзін бөлді:
– Ұланбек қарағым, осы совхоздың малын қырық жыл
жайған мына менен жеңдер, Ұлбаладан үріксеңдер.
– Міне, сөзіңіз енді түзелді, – еді секретарь кеңк-кеңк
күліп. – Сол қойыңызды семірте беріңіз. Мына бесжыл
дықты жақсы аяқтайық. Оған дейін күн де салқындар,
жаңа үйлеріңіз де бітер. Сол қоныс тойыңызда жерміз.
– Жақсы, мұныңызға да келістік.
– Сосын уәдесінде тұрса жаңа үйдің бітуіне қарай Еле-
месов жолдас Ұлбалаға телефон орнатады.
– Ұлеке, совхоз экономикасын көтеремін деп уәде беріп
отырған директорды елу бағана көтеру көп қинай қоймас,
деп ойламайсыз ба?
– Міне, бізге ең керегі де осы. Уәдесін мына Ұлбаланың
үйінде отырғанда берсін деп әдейі сұрап едім. Естідің ғой,
Ұлбала, – деп Ұланбек күлді.– Болашақта ауданымызда
бүкіл бригадалармен, барлық шопандармен диспетчерлік
байланыс орнатамыз. Аудан малшылары нақ биылғы қар
қынынан таймаса бәрі де болады.
– Ұланбек аға, бөгде шаруаларыңыз жоқ па еді? Жай
көріп қайту үшін келдіңіздер ме?
– Иә, Ұлбала. Мақсатымыз – ел жағдайымен, жер жағ
дайымен танысып қайту. Мына Көпмағамбет ағаң ірілен
Жарылқасын Нұсқабайұлы
дірілген шопандар бригадасы дей ме, комсомол-жастар
бригадасы дей ме әйтеуір бригада құруға құмар, құлшынып
жүр. Сонысы қалай болар екен; көрейін, өздерің сияқты
малшылармен кездесейін деген оймен шығып едім. Ал
сенің мұндай бригада құруға қашаннан-ақ құштар екеніңді
білетіндіктен ол әңгімені бұл жерде қозғамай өтіп бара
мын. Ниетім – өзгелерді тыңдау.
Ал мына директорың жаңа бері шығарда: «Ұлбаланың
бұл мәселе жөніндегі пікірін де, шаруа жайын да білесіз
ғой, оған соқпай-ақ қояйық» деп сырғақтап еді. Сөйтсем
мақтаулы қызымыз сенің де мұқтажың аз емес екен.
Көбекең кейде көпсітіңкіреп те жібереді ме деп қалдым.
Әзіл-шынын араластыра сөйлеген секретарь «ренжіп
қалма» дегендей Елемесовтың арқасынан қағып, рахатта-
на күлді. Сосын өзіне жауап қайтаруға оңтайланған Көп
мағамбеттің алдын орап, әлгі сөзін жалғай түсті.
– Қалжың ғой Көбеке, көңіліңе алма. Болашағыңа кәміл
сенсең, ертеңгі алар асуыңның нобайы айқын көрініп тұр
са, нық сөйлегенге не жетсін! Бізді құртатын өзіңе өзің
сенбеу, күйбең, күмілжу, дүдәмалдық қой.
Әңгімеге Ұлбаланың да араласқысы келіп отырғанын
байқап қалған Арғынбеков:
– Немене, Ұлбала, ағаңа араша түскің келіп отыр ма? –
деп енді Ұлбалаға күле қарады.
– Жақсы іс пен жақсы идея өзін-өзі арашалап алады.
Жақсы адам да сондай емес пе, Ұлан аға!
Ұлбаланың мына сөзіне отырғандар түгел ризашылық
пен күлді.
– Ұқтым Ұлбала, қалқам. Көпмағамбет екеуің біріңді
бірің «жауға» бермейді екенсің!
Секретарь күлкісін тия алмаған күйі орнынан көтерілді.
– «Жауға» бергеніңіз не, бөгде сөзге де ермейміз? Қой
шы қыздың ұрымтал сөзіне айызы қанған секретарь разы
қалпы қоштасуға қолын ұсынды.
– Тірлік басқа болса да тілек бір,
Бармақ, басқа болса да білек бір, – демекші әркім өзінің
ортақ іс, ел игілігі үшін қызмет етіп жүргенін сезініп сен-
дердей ынтымақшыл болғанға не жетсін! Бізді биылғыдай
табысқа жетелеп жеткізген де сол ынтымақ шығар. Енді біз
қозғалайық.
Повестер Аудандық партия комитетінің бірінші секретары Ар ғынбеков пен совхоз директоры Елемесовты аттандырып салған соң тағы бір ой өзегіне түскен Ұлбала сыртта сонау қиырға көз тіккен қалпы бірталай тұрып қалды. «Шынында былтырдан бері-ақ қаншама табысқа қол жетті. Аудан экономикасы әбден тұралап, енді шыр бітпес көтерем күйге ұшырағандай көруші едік. Сөйтсек, бәрі де істің көзін таба білуге байланысты екен-ау. Әйтпесе жайылым да, егістік жер де бұрынғы. Біреу көшіп, біреу келген жоқ – малшы, егінші қауым да бұрынғылар. Өзгерген бір-ақ нәрсе – іске басшылық жасау тәсілі. Көп іске дұрыс басшылық болмаған соң, бәтуасы қа-шып, нәтижесі де сұйыла түскенде жұрттың: «Балық басынан шіриді» деп жататынын есітуші едік. Оңалар іс те бас жақтан басталады екен-ау... Бірінші секретарь аудан еңбекшілерінің биыл аудан бойынша әр жүз аналықтан 132,4 қозы алғанын айтпай қалды. Бұл шындығында бұрын-соңды қол жетіп көрмеген меже. Ісің болса мадақтауға лайық, жөнін тауып мақтан ғанның несі айып?! Былтыр ғана алты мың гектар жүге рінің әр гектарынан 41 центнерден өнім алса, биылғы нысана одан да жоғары. 176 мың дана елтірі тапсырудың орнына 200 мың елтірі өткізілді. Қазір ауданда 344 мың бас қой бар. Ал енді екі-үш жылда оны 445 мыңға жеткізу көзделуде. Осының бәрі де халықтың әл-ауқатын жақсарту бағы тындағы жұмыстар. Ал аудан енбекшілерінің мәдени ден гейін көтеру, халықты рухани жағынан байыта түсу қа мымен 600 кісілік Мәдениет Сарайы салынып жатыр. Халық театры, «Өлкетану» музейі, мектептер салынбақ шы. Аудан өткен жылы ет өндіру мен мал басын молайту жоспарын 103 процент орындап, етке өткізілетін әрбір ірі қараның салмағын 300 килограмға, әр қойдың салмағын 42 килограмға жеткізгені үшін және жүгері өткізу жоспарын 193 процент орындағаны үшін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің, Қазақ республикалық кәсіподақтар Советі мен Қазақстан ЛК.СМ Орталық Комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Ал соның артынша-ақ мал қыстатуды
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ойдағыдай өткізгені үшін нақ осындай наградаға екінші
рет ие болды.
Шәуілдір даңқы шын-ақ дүрілдеп тұр. Қаншама құпия
ны бауырына басып, көп сырын ашпай жатқан ежелгі От-
ырар ірге тепкен бұл өңірдің қойны толы құт. «Сол асыл-
ды жер бетіне шығарып, ел игілігіне жарату бүгінгі ұрпақ
сенің, келер ұрпақ сенің борышың», – дейтін тәрізді ол...
* * *
Осы кітап басылып жатқан кезде Қызылқұмнан екі
бірдей қуанышты хабар жетті. Мал өнімдерін өткізу, мал
басын молайту жөніндегі бесжылдық міндеттемесін абы-
ройлы орындап, уәде үдесінен шыққан аудан еңбекшілері
жеті мың екі жүз гектар жүгерінің әр гектарынан орта
есеппен 48 центнерден дән алып тағы бір қырқаға көте
рілді. Су тапшылығынан дәйім тандыры кеуіп, шөліркеп
жататын шөлді өңір үшін бұл бұрын-соңды қол жетпе-
ген меже. Ауданның жер жағдайымен салыстырғанда ре-
корд! Сөйтіп биылғы Қазақстан миллиардына Шәуілдір
диқандары лайықты үлес қосқанын орынды мақтан етіп
отыр.
Рекорд демекші, биылғы маусымда аудандағы жекеле
ген еңбек озаттары ғана емес бригадалар, тұтастай шаруа
шылықтар рекордтық өнім жинады. Мәселен, Ұлбала ең
бек ететін «Шәуілдір» совхозының коллективі 650 гек-
тар жүгеріліктің әр гектарынан орта есеппен 60 центнер-
ден собық теріп өткізді. Ал осы совхоздағы орта мектептің
Мырзалы Жүсіпәлиев басқаратын оқушылардың өндірістік
бригадасы өзіне бекітіліп берілген қырық гектар жердің
әр гектарынан жүз қырық бір центнерден дән берген!
Мұндай жетістік көп жері ауыз судың өзіне зәру Қызыл
құм кенересінде отырған елдің егіншілері үшін ғана емес,
сулы, нулы алқаптарда қоныс тепкен шаруашылықтардың
диқандары-ақ бетке ұстар бедел табыс.
Аудандағы «Шәуілдір», «Талапты», «Арыс», «Темір» сов
хоздары сияқты баз бір шаруашылықтар егіншілік мәде
ниетін арттыру, еңбектің озық әдісін игеру, суды ысы
рапсыз, неғұрлым тиімді пайдалану, еңбекшілерді жаңа
табыстарға жұмылдыра білу бағытында айтарлықтай
жүмыс жүргізіп отырғанын көрсетті. Бұл шаруашы
Повестер
лықтардың казіргі бет алысы, көздеп отырған нысана-
сы осының дәлелі. Аталған совхоздардың қай-қайсысы да
әсіресе биылғы бесжылдықтың қорытындылаушы жылын-
да айрықша үйымшылдық танытып, аудан табысын еселей
түсуге мықтап атсалысты.
Аудан диқандарының алға қойып отырған мақсаты
биылғыдан да биік. Келер бесжылдықтың басында-ақ
жүгері егісінің көлемін он мың гектарға жеткізіп, оның әр
гектарынан орта есеппен 70 центнерден дән жинамақшы.
Екінші хабар – тікелей Ұлбалаға байланысты. Ұлы істің
ұлы күні – Октябрь мерекесі қарсаңында аудан ком
сомол ұйымының ең таңдаулы өкілдері – озат мал
шылар, дихандар мен механизаторлар, комсомол қыз
меткерлері мен басқа да салада еңбек ететін жастар
Ұлбаланың ауылы – «Шәуілдір» совхозының орталығы
Көксарай селосында айтулы шопан, кешегі комсомол
түлегі Ұлбала Ханжігітованың «Овцевод» совхозының
жас та болса жақсы еңбегімен ауызға іліге бастаған шо-
паны Ділдабай есімді жігітпен бас қосып, отау тігуіне
арналған комсомолдық той өткізді. Мақтаулы қыздың ша
ңырақ көтеру тойына көрші аудандардан келген құрбы-
құрдастары мен ауылдастарының көкейіндегі тілегін Ұлба
ланың құрбысы, Шардараның маңдай алды күріш өсіруші
механизатор қызы Тоты Жәдігерова бірер сөйлеммен ғана
әдемі айтты. «Ұлбала, – деді ол, – ата-анаң сен туғанда, «ұл
болмаса да ұлдың орнын басса екен» деп, атыңды Ұлбала
қойған екен. Сен әке-шешеңнің ол үмітін ақтап қана қойған
жоқсың, әкеңнің түпкі арманын да орындадың. Қолыңан
қойшының құтты таяғын алып, шаңырағына ие болдың.
Ата-анаңа атақ, абырой әпердің, керек десең ауылыңның,
ауданыңның атын шығардың. Өмірден өз жолыңды тап ба-
сып едің, енді міне өмірлік серігіңді де жаңылмай таптың.
Бүгін жұптаса аттаған ақ босағаңның берік болатынына,
жақсы жар атанып, жарасымды семья құратыныңа кәміл
сенеміз. Ал бүгін осында Ділдабай екеуіңнің қуанышыңа
келіп отырған ізбасарларың – желкілдеп өскен құрақтай
жас өрім қыз-жігіттерге де сенің құтты жолыңды берсін,
құмда өскен қызғалдақтай құлпырған құрбым, Ұлбала!..»
Алматы – Шәуілдір, 1980 ж.
Мың жасаған адам
(Үзінді)
Сөйтіп әрі толғанып, бері толғанып жүріп ақыры барып
қайтуға ниеттендім.
Алыс жер. Әрі тіл білмеймін. «Көрмеген жердің ой-
шұқыры көп». «Серік табу керек» деген тоқтамға келдім.
Бірден ойыма орала кеткен кісі − Әбсаттар қажы болды.
Көп жылдан аралас-құралас, сыйлас келе жатқан, сырал
ғы адам. Араб тілінің маманы. Араб елдерінде қызмет
істегенін де білемін. Дереу Әбекеңе телефон соғып, сәлем
десіп болған соң:
− Әбеке, осы Сіз бен біз Сирияға барып қайтсақ қай
теді? Оған қалай қарайсыз? – дедім.
Ылғи да қағілез де сыпайы, кісінің ыңғайын таба сөй
лейтін дағдысына салып, күле жауап қайтарған мүфти:
− Ол не дегеніңіз?! Барайық, мен қарсы емеспін, –
дегені. Содан сәл ойланып:
− Айтпақшы, Сирия мен Ливанның арасы тыншымай
жатушы еді. Маған бірер күн мұрсат беріңіз. Мен соны
білейін. Жауабын өзім айтамын, – деп түйінді сөзін айтты.
Арада бірер күн өткенде Әбекең қоңырау соқты:
− Жолыңыз болғалы тұр, Жақа! Тап қазір әлгі екі елдің
арасы тыныш көрінеді. Егер баратын болсақ, бұл мәселені
тездеткеніміз жөн, – деп асықтырып қойды.
− Айтпақшы, кім-кім бармақшымыз? – дейді бас мүфти. −
Мұны сұрап тұрғаным – Елбасы тарапынан рұқсат алу, виза-
миза деген сияқты кәделері бар ғой бұл сапардың. Сірә, хат
жазуымыз қажет болар. Жол қаражатымыз шешілген бе
еді?
Әбсаттар қажы жол ғана емес, жөн білетінін де аңғарт
қандай бәрін тәптіштеп сұрай бастады.
− Қанша адам барсақ та жол шығынын және оны-мұны
қаражатын өзім көтермекшімін, Әбеке. Өзімнің туған ау-
Повестер
даным, әрі өзіңіз де білесіз, Әл-Фараби бабамыздың да
кіндік қаны тамған жері – Отырардан Абдолла Жұмашев
деген бір азаматқа уәде беріп қойғанмын. Жергілікті мұра
жайдың бөлім меңгерушісі. Әл-Фарабиге қатысы бар-ау
деген дерек біткенді тіс-тырнақтап жинастырып жүрген
азамат. Соны да ертеміз. Сосын біз телеоператор алғаны
мыз жөн шығар, – дей бергенім сол еді Әбекең:
− Кім баратынын шешіп қойып па едіңіз?
− Жоқ, әзірше ешкіммен сөйлескенім жоқ.
− Ендеше менің сөйлесуіме болады. «Хабардың» жігіт
терін танимын! – дегені.
− Онда сөйлессеңіз сөйлесе қойыңыз. Бірақ қазақы
мінезі бар, дені дұрыс біреуін берсін. Бір заманда теле-
визорде істеген едім.Әлгі оператор ағайындардың дені
орысқолды, әрі ұят-аятты ескере бермейтіндердің сорты-
нан болушы еді деп құлаққағыс қылып қойдым.
− Және кім бар? – деді Әбекең құдды кеңқоныш кеңес
үкіметінің делегациясын жасақтап жатқандай екпін
деңкірей сұрады.
− Тағы бір кісі қоссаңыз қалай?
− Ол кім еді? – деймін мен.
− КазГУ-дің ректоры Төкең, Төлеген. Жақсы азамат. Айт
пақшы, Өзіңіз де жақсы білесіз ғой. Көп жылдан бірге қыз
мет етіп келесіз.
Әбекең айтуын айтса да «Мына кісінің егініне түсіп
кеткенім жоқ па?» деп ыңғайсызданды ма: − Әрине, ол
жағын өзіңіз шешесіз ғой, – деп күмілжіңкіреп қалды.
«Бәрі де дұрыс сияқты-ау. Әл-Фараби бабамыздың ба-
сына барып қайтқалы отырған азаматтардың қатарында
Әл-Фараби университетінің ректоры да жүрсе...» деп ойла-
нып тұрғанымда Әбекең сөзді жалғады:
− Жақа, мен президенттің атына жазылатын хаттың
нобайын әзірлей берейін. Сирияда бізді лайықты қарсы
алу үшін делегация сияқты барғанымыз тәуір болар
еді. Ол үшін Сыртқы Істер министрлігіне беретін хаты
мызға президент тәртіп салып берсе, тіпті жақсы бо-
лар еді. Мен сол жағын қаузай бергім бар. Ал сіз де-
легация құрамына тағы да кімдерді қосатыныңызды
ыңғайластыра берсеңіз.
− Кезінде СССР-дің мұртты көсемі И.Сталинге Ленин
Жарылқасын Нұсқабайұлы
әл үстінде жатып ... дейтін бірсыпыра шаруалар бірінен соң
бірі аталған сәтте Стекең:
− «Ленин жолдас, бұл аманатыңыз да мүлтіксіз орын-
далады!» – деп ант-су ішпейтін бе еді? Сол айтпақшы,
жоғары мәртебелі хазірет, бұл тапсырмаңыз да мүлтіксіз
орындалады! – деп өзара әңгімеміздің ақырын әзілге жық
тырдым.
Әбекең әдетінше қып-қызыл болып шалқалай күлді.
Сосын онсыз да үлкен, шығыңқы біткен, әшейінде жиі
жұмыңқырайтын бадана көздерін шарасынан шығардай
бадырайта ашып, жоғары төңкерген күйі маңғаз пішінмен
олай бір, былай бір жүгіртіп күлімсірей түсті. Мұнысы
«Мына кісінің әлгі сөздерінің астарында ештеме жоқ па
өзі?» деп ойланып қалғанын аңғартар еді...
«Тоғыз қатынның толғағы бір келіпті» демекші кей қы
сылтаяң шақта қарбалас істер қабаттасып кететін әдеті
ме, жоқ алдағы бірнеше күн қызмет орнымда болмайты
нымды білген соң өзім де, өзге де оны-мұны шаруа
ларыңды қаңтарып қоймай, шешіп алу әрекетінен бе бұл
жолы да бір шаруадан соң екіншісі міндірмелеп, қол ти-
мей жатқанда жұмыс столымның оң қапталында тұратын
телефондардың біреуі безілдей жөнелді. Қала ішінен
іргеден телефон соғып іздеген қоңыржай қоңырау емес,
шыдамай тызылдап тұрғанына қарағанда аулақтан, алы-
стан өңеш созған біреу болуы керек-ау деп дереу телефонға
қол создым.
− Ассалаумағалейкум, Жақа!...
Ер азаматтың құлаққа жағымды қоңыр даусы қойын-
қонышымды кеулеп барады. Менің жыға танымай, кідірің
кіреп жауап беріп тұрғанымды сезді білем:
− Жақа, аға! Бұл өзіңіздің қасиетті Отырарыңыздан
Әлімжан Құртаев деген ініңіз еді!
Бала-шаға, хал-жайымды сұрап, іші-бауырымды аралап
кетті.
Туған інім, кеңес кезінде Отырардың совхоз директор
лығынан бастап, екінші, бірінші хатшы, бертініректе бірер
жыл әкімі болған Әбілқасымның үйінде көргенімді есепте-
месем, өзге жерде жолымыз түйіспеген, жас жігіт. Таяуда
ғана әкім болғанын естігем.
− Иә, Әлімжан, айналайын, не шаруамен іздеп отырсың
мені?
Повестер
− Жоқ, аға, бәлендей шаруам жоқ. Сәлемдесейін деп...
«Біздің ауылда әкім болғандардың көбісінің кісілігі
қаттылау келетін еді. Мына баланың мақамы өзгешелеу
шықты ғой», деп ойланып қалсам да бұл сұрағымның жау-
абын ол күні індете алмадым.
Ертеңіне Әбсаттар қажы телефон соқты:
− Жақа, сізді қуантайын. «Хабармен» сөйлестім. Мәселе
шешілді. Сіз сұраған телеоператор жіберілетін болды.
Және оның қасына араб тілін білетін тележурналист қосып
береді. Бірақ екінші кісінің жол шығынын «Хабар» өзі
төлейді. Себебі, әлгі телевизор қызметкерлері біздің сапа-
рымыз туралы күнбе-күн Алматыға материал жіберіп от-
ырады.
Бірақ бұл хабар мен үшін қуантпақ тұрмақ, көңіл тұщы
нарлық хабар емес еді. Өйткені, мен телеоператор алсам,
бұрын телевизорда істеген, мол тәжірбиесі бар адаммын,
не түсіріп, не қоятынымды өзім шешер едім. Мен «делега-
ция мүшелері анда барды, мұнда барды» деген жалаң ха-
барды ғана діттемей, сонда болған он күннің ішінде Сирия
туралы салиқалы әңгімеге арқау боларлық бейнекөріністер
түсіріп, сәтіне қарай, келе-келе оны деректі қысқа ки-
ножурнал тектес фильм жасап жіберу ниетім бар бола-
тын. Сондықтан: «Жарайды, жолға шыққан соң «Хабар-
дан» қосылған жігіттердің сыңайын байқап көрейін. Әлгі
жоспарымның жүзеге асу-аспауы сонда белгілі болар»
деп кейінге ысырып қойып едім. Кейін аңғардым – екі
жігіт «апама жездем сай» болып шықты. Ел қамы, сапар
мүддесі қаперге де кірер емес. Бар күйттегендері – «Сири-
яда ... сапалы болаттан қылыш жасау жолға қойылған екен.
Қалайда бір-бір қылыш алып қайтуымыз қажет» дейтін
күйкі тірлік екенін аңғарған соң әдепкі ниетімнен мүлдем
шегініп, іштей өкіндім де қойдым.
Әлгіндей ойым болған соң жолсерігім – оператор таң
дауды Әбекеңе тапсыра салғаным үшін өзімді күстанала
дым да басылдым.
Жұмыстан қалаға шығып келгенім сол еді, хатшы қыз:
− Аға, Сізге ініңіз Әбілқасым ағай екі рет телефон соқ
ты. Сізді таба алмай отырмын, – деді демесі бар ма?! Де-
реу Әбілқасымның телефон номерін тере бастадым. Аман-
саулық сұрасып болған соң:
Жарылқасын Нұсқабайұлы − Әбілжан, неге іздедің мені? – деймін ғой. − Жақа, Сізге біздің әкім ешқандай өтініш айтқан жоқ па? − Бірер күн бұрын сөйлесіп едім. Бірақ ештеңе демеген. Амандасу үшін телефон шалған сияқты еді. − Сол ініңіздің өтініші бар. − Е, ол қандай өтініш? − Сіздермен бірге Сирияға барғысы келеді. − Онысын сөйлескен жолы неге айтпады? − Бұрын-соңды араласып жүрмеген соң ыңғайсыздан ған шығар. − Біз баратын кісілердің тізімін жасап, қол қойдырып жібердік қой. − Қайдам, мүмкіндік болса әлі де көрсеңіздер жақсы болар еді... − Жарайды, көрейік. Фамилиясы Сейітжанов қой?! Қиын дау болмаса ойланып көрейін. − Ойбай, онысын айтпай барады екем ғой. Әлімжанның фамилиясы Құртаев. Сіз бен біз сияқты біреуі атасының – атында, екіншілері – әкесінің атында. − Жарайды, көрейін. Хабар өзімнен болсын. «Бұл менің Сирияға жүргелі жатқанымды қайдан естіп жүр?» деп ойланып қалдым. Осы Әлімжанның туған ағасының баласы Ғалымжан мен менің ұлым Асқаттың достық қарым-қатынасы бар. Екеуі бір жылдары Қазақстанның Бішкектегі консулды ғында қатар қызмет істеген. Менің Сирияға жүретін болғанымды естіген Асқатым: «Папа, мен Сізге кішкене материалдық қолдау көрсетейін деп едім. Ғалымжан ақша әкеліп береді. Бұл неғылған ақ ша деп жүрмесін деп өзіңіз жақсы білетін кіші Ғалымжан нан беріп жібермекпін». − Балам, біреуден мен үшін ақша сұрап, жүзіңді салма, – дей беріп едім балам: − «Жо-жоқ, папа, үлкен Ғалымжанның (бұл да біздің ауылдың баласы, Асқаттың досы) маған берешегі бар еді. Ол екеуміздің арамыздағы әңгіме ғой. Оны сізге жіліктеп жатпай-ақ қояйын», – деген соң келіскенмін. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінің тұң ғыш басылымы:
Повестер
«Ол кезде орыстың иісі де жоқ» деп басталушы еді ғой.
Сол айтпақшы, Ғалымжан маған ақша әкеліп берген кезде
оның ағасы − Әлімжан деген адам Сирияға менімен бірге
барады деген нәрсе ойыма кіріп те шықпаған. Сондықтан
бұл жерде бір шикілік барын байқап-ақ жүрмін. Оның
сырын Әлімжан емес, Асқат пен Ғалымжан бетпе-бет
келіп маған аян қылуы тиіс. Өйтпейінше осы әңгіменің
төңірегінде өкпе болмағанымен көңілді күптігей қылып
жүрген бір түйткіл бары құпия емес. Себебі, Әлімжанның
жол шығынын мен төледім. Яғни, билетіне дейін ол
Алматыға келмей тұрып-ақ мен сатып алдым. Сөйтіп,
сапарға баратындардың тізіміне аудан әкімін де қосу ке-
рек болған соң дереу Әбсаттар қажыға телефон соқтым да
жағдайды түсіндірдім.
− Ойпырай, Жақа, кешігіп қалғанымыз жоқ па екен?
Кеше Қасымжомарт Тоқаев қол қойып, орынбасары Жо-
шыбаев деген кісіге жіберді деп естігенмін, − деп жатыр
табиғатынан елгезек Әбекең.
− Әбеке, бір лажын табуға тырысыңызшы. Араға туған
інім түсіп сұрап жатыр еді...
Арада жарты сағат өтер-өтпес Әбсаттар қажы теле-
фонда сартылдап тұр: − Жақа, сізді қуантатын болдым.
Жаңағы шаруа шешілгендей түрі бар. Енді әлгі Сирияға
баратын әкім жігіттің аты-жөнін айтып, аргументтерімізді
көрсетіп, Жошыбаевтың атына хат жазуымыз қалды!
Әлімжан Құртаев бауырымызды делегация құрамына
осылай қосып едік.
Сирияға барып келгелі бері түрлі газет-журналға бер-
ген сұхбаттарында неге екенін қайдам, бірде осы сапар-
ды «ұйымдастырушы Құртаев болды» десе, екінші бірінде
«делегацияны Ә. Құртаев бастап барды» деген сөздерді
көзіміз шалды.
Сонда қалай болғаны? – деген сұрақ туды. Әл-Фараби
бабамыздың басына ізгілік сапарымен барып, бір-бір уыс
топырақ салып, құран оқып, игілікті іс тындырып келдік.
Ел-жұрттың, әруақтың ризашылығын алғандай болдық.
Айта-айта жүруге лайық сауапты қадам жасадық-ау деп
әрқайсымыз іштей риза күйде жүргенде азын-аулақ бол-
са да ел басқарып, имандылық шарасына белсене қатысып
жүр-ау деген адамымыздың жалған сөйлеп, күні кеше
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ғана болған оқиғаны осыншалық бұрмалап, қымсынбай,
қысылмай отырғаны не қылғаны? Мыңдаған шақырым
жол жүріп, жусан, топырақ арқалап, ұлы адамның ба-
сында отырып, халқымызға адалдық пен тазалыққа ант
бергендей күйге түскен бейшара басымыз «жер асты-
нан жік шықты, екі мүйізі тік шықты» дегендей мына
құқай қылықтың зауалын таппай, төркінін іздеп, дал бо-
лып жүргенімізді бұдан былай жасырғанымыздың өзі бізді
шындық ауылынан әсте-әсте алыстатып, жұртшылық
бұл әңгіменің ақиқаты мен жалғанын айыра алмайтыны-
на дәлел болатын тағы бір дерек жетті құлаққа. Сөйтсек,
Отырар ауданының сол тұстағы әкімі, біздің делегация
құрамына Әбсаттар қажы арқылы әрең дегенде енгізген
Әлімжан Құртаев інім Шәуілдірдегі (Отырар ауданының
орталығы) Мәдениет сарайының төріне Сирия сапары-
на барған бірнеше кісінің суретін үлкейтіп іліп, асты-
на суреттегі азаматтардың әрқайсысының аты-жөнін жа-
зып көрсеткен кезде өзі туралы: «Осы делегацияның бас-
шысы, аудан әкімі Әлімжан Құртаев» деп бастырып жазып
қойғанын оқығанда жағамызды ұстадық. Суретті фотоға
түсіріп, маған жіберген азамат бұлжымас дәлел ретінде
әлгі суретті кинокамераға түсіріп, лентасын да салыпты.
Сурет те, лента да менде сақтаулы тұр.
Білдей бір ауданды басқару ісі сеніп тапсырылған дар-
дай адамның қылып жүрген тірлігі бұндай. «Қоянның қал
жасын көр де шошы» демекші, «істеп жүрген ісінің сиқы
мынау болса, оған сөзімді шығын қылмай-ақ қояйын» деп
бұл туралы оның өзіне тіс жарғаным жоқ.
Ал бұл жөнінде Әбсаттар қажыға да бертінде ғана ай-
тып, суреттерді көрсеттім. Адалдықты ту ғып ұстап,
Алланың ақ жолында жүрген қажының бұл факты туралы
не айтуы ықтимал екенін жаны таза әрбір оқырман өзі-ақ
болжай берер деп үміттенемін.
Осы жағдайды бес саусағындай білетін, сапарлас інім
Абдолла Жұмашев: «Жақа-ау, бұл сапарды неден және
кімнен бастағаныңызды, барған адамдарды, бар қаражатын
өзіңіз көтеріп, делегация басшысы етіп Әбсаттар қажыны
қойған да өзіңіз екендігін, сөйтсе де барып, келгенше
бәріміз үшін Сіз ғана басшымыз болғаныңызды мен талай
айтып та, жазып та жүр емеспін бе? Әлімжан ауданның
Повестер
әкімі, менің тікелей бастығым болды ғой. Оған «анау теріс,
мынауың ұят» деп айта алмағанымды мойындаймын, –
деп шынына көшті.
Университеттің ректоры, академик Төлеген Қожабеков
тың менің бұл сұрағым жөніндегі пікірі қысқа болды:
«Бұл сапарды Сіз басқардыңыз, Сіз қаржыландырдыңыз.
Делегацияның ресми басшысы деп Әбсаттар қажыны
таныдық. Мен басқа әңгімені білмеймін».
Өзге әңгімені мен де білмеймін. Білетінім – сапарға
бірге барып қайтқан үш кісінің айтқандары – ақиқат. Және
қазір аттары аталған осы төрт адамның әрқайсысы ба-
рып келген соң «Өйтемін, бүйтемін, ақшаңызды қайтарып
беремін» дегенге дейін сөз айтты. Бірақ бірде біреуінен
бір теңге де қайтарып алмағанымды көздерінше айта ала-
мын... Әттең, өтірік-өсектің өресі төмен болғанмен, өрісі
кең, дәлелі жоқ дей алмайсыз. Бұған бір мысалды осымен
тәмәмдайық.
Кейде адал ниетің мен адал ақшаңды сарп етіп отырып-
ақ жаманшылыққа, тіпті, жауласуға дейін ұласқан бәле та-
уып алатыныңа не дерсің?! «Қиянаттың да түр-түрі бар. Ең
ауыры – жақыныңнан көрген жамандығың. Сенгеніңнен
тартқан азабың. Оның бұл әрекеті – жақыныңның жат
қылығынан ауыр емес», – деуші еді Баубек қария.
Барған күннің ертеңіне мүлдем ерте ояндым. Жаңа,
дағдыланбаған төсек-орын болғандығынан ба жол жүріп
шаршап келгендігіме қарамастан қатты ұйықтай алма-
дым. Әлсін-әлсін оянып, дөңбекши бердім. Кейде, қатты
шаршағанда жастыққа басың тиер-тимес ұйқыға кететінім
болатын еді.
Бұл түн бірақ өзге түндерден өзгешерек еді.
Қанша жылдардан бері көкейден кетпей, бейне өзімнің
өтелмеген бір парызым сияқты оралып ойыма түсе бере
тін бұл сапар да басталды. Құдай бұйыртса бүгін ақыл-
парасат, білім-танымы арқылы бүкіл адам баласын таңыр
қатып та тамсандырып келе жатқан құдіретті бабамыздың
кезінде күн сайын басқан топырағын басып, ұлы адам
тыныстаған ауамен, бүкіл ғұмыр бойы ой қуып жүріп
күні-түні көз тіккен сонау жақтағы қыраттардың әр жота-
сына біз де үңілерміз.
Қаланы қақ жарып ағып жатқан суы тастай салқын Ба-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
рада (Тассу) өзенінің тынымсыз да сырлы ағысына көз
тігіп, бір замандарда Әл-Фараби бабамыз тәрізді өзен
ернеуінде шашылып жатқан малта тастарды еріншектеу
шайып, талықси аққан шерлі өзенге сан ғасырдан бері
сарғайған сағынышымызды қосқандай үнсіз ұзақ телмі
реміз.
Жарықтығым, сен де тап біз сияқты ол заманда мол суы
буырқана аққан адуын өзенге қанша арман-ойың мен туған
еліңе деген сағынышыңды жалдап тап осылай отырған
шығарсың... Мұрты енді ғана тебіндеген бозбала шағыңда,
өскен ұяңнан ұзап ұшып, шығандап қанат сермегенде
қонақ та, тамақ та тауып, пана болған, бүкіл адам баласына
ізгілік жолын сілтеп шапағатын тигізуді мұрат тұтқан Ұлы
тұрғынын жазбай танып, бауырына басып, жүрегіне үміт
сәулесін түсірген Шам шаһары мәңгілік мекені боларын
сезді ме екен, әлде туған халқындай бауырмал, адал да
кішіпейіл, қарапайым, әрі уәдеге беріктігіне күні бүгінге
дейін сызат түсірмеген сириялықтардың мінез-құлқы,
еңбекқорлығы мен қанағатшылдығы сияқты қасиеттері ба-
урап алды ма екен?
Тентектік, тасырлық, кеудемсоқ менмендік пен қазір
көп жұрттың ұлттық болмысын құрайтын басты белгіле
рінің біріне айналған көлгірлік, мансапқорлық, арсыздық
пен аярлықтан таза, жалтақтамайтын, жәркеленіші жоқ
турашылдық, кісіге қиянат қылмау сынды ақдәуір пейіл
өлкені саялағаны ма екен деп те ойға барасың. Не болғанда
да бұл қауымның өзге өңірден өзгешелеу, сырттан кел-
ген момындарға іш тартатын бір құпиясы, өнерге икемдігі
болды-ау, сірә, деп толғанасың.
Бәлкім, оқу-білімге, білуге талпынушылығы, қай
нәрсенің де қадірін, қасиетін танып, лайықты бағасын бе-
руге ниеттілігі ме көпшіліктің?
Арада екі-үш күн өткенде Дамаск қаласының тап орта
сындағы алаңқайда кітапқа қойылған ескерткішті және
Алеппо қаласының кіреберісіне ұлттық музыка аспабы
Удқа ескерткіш орнатқанын көргенде бұл халықтың рухы
да, өмірдегі өлшемі де түу биікте екенін өзім де ұққандай
күй кештім...
Қара күш иелері – Батырларға, ел қорғаған Ерлер-
ге, құдіреті күшті ел билеушілерге алуан елде қойылып,
Повестер
дәріптеліп жатқан сан түрлі сұсты да мызғымастай етіп
қашалған тас тұғырлы ескерткіштерді ғана көріп қаныққан
қасаң көзімізге Кітап пен музыка аспабының құрметіне
қойылған ескерткіш киелі нәрседей елестеп, ойымызды
қай-қайда жетелеп бара жатты...
Жолға шыққалы ой үстіндемін. Ой болғанда әдетте
гідей әрнәрсені бір ойлап бас ауыртатын қысыр ой емес,
мына өзім іздеп келе жатқан қасиетті адам туралы ой-
лар. Бұл жарықтықтың туған жері, өскен ортасы көп ойға
жетелейді. Тегі (гені) мықты ма, туған топырағы – жері
мықты ма, жоқ әлде шыр етіп жерге түскеннен кейінгі
тәрбиесі, бұ дүниеден алғаны басым болды ма? Даналық
тың негізі Әл-Фарабидің туған жері – өзімнің қаным
тамған Оқсыз төбесіне сан рет шығып, төңірекке де кіндік
мен де талай көз тіктім. Сол қасиетті жердің киелі ауа-
сымен тыныстап, садағаң кетейін Сырдың сыр бүккен
жұп-жұмсақ суына бет жуып, сосын қос қолды толты-
ра сіміргенім аз ба?! Өзен жағасындағы ну нар қамыс пен
мия аралас өскен қалың тоғайды аралап қиялдаған балаң
жылдарым ше? Содан бері өткен жарты ғасырдан астам
уақыттан бері осы жерге қаншама рет келдім. Қашан кел-
сем де Жарықтық төңірек әйгілі ұлын ұлы сапарға кеше
ғана шығарып салғандай тып-тыныш, момақан күйі, еш
өзгеріссіз сол қалпы жатыр. Әлі талай ғажап қала салды-
рып, талай дана перзенттер беретініне мүлдем күмәнсіз
бейқам жатыс. Бір шаранасы бүкіл әлемді таңдандырған
ғажайып киелі өлкем, құдіреттім, қадірлім менің! Келесі
кемеңгерің қашан туар екен?!
Он бір ғасыр. Аз ба, көп пе?
Мәңгілік ештеңе жоқ. Адам да, қоғам да Жұбан ағаша
айтсақ, «мың өліп, мың тірілген». Сөйтсе де адам мәңгілік
туралы көп айтады, өткінші өмірдің өзін мәңгілікке балап:
«мәңгі ұмытпаймын», «мәңгі есімізде», «мәңгілік серігім»
деген тәрізді тұжырымдармен мәңгі сөзінің мәнін кетіреді,
немесе мүлдем жояды.
Рас, адам арманшыл. Ендеше ол мәңгілік өмір тура-
лы да қиялдауға құқылы. Арман – адамды алға жетелейді.
Мүмкіндігін молайтады, әрекетін зорайтады, өмірін ұзар
тады, ынталандырады. Бірақ ерте ме, кеш пе Сіз дүниенің
Жарылқасын Нұсқабайұлы
жалғандығын, мәнсіздігін түсінгендей боласыз да бәрінен
де түңіле бастайсыз...
Ерекше дарынды кісілердің өзін-өзі өлтіріп жататы-
ны, кейде ішкілікке салынып кететіні содан, торығудан,
түңілуден.
Адам баласының басым көпшілігі өмірдің мәнін түсі
не бермейді. Түсінейін деп талап та қылмайды. Өмір олар
үшін дүние сияқты шексіз, ешқашан таусылмайтын бірде
ме тәрізді. Өйткені, өмірде сізді алдарқатар алданыш көп.
Соған малданып, соған алданып жүргенде өмірдің өтіп
кеткенін бір-ақ байқайсың.
Ал ең қызығы – өмірдің алдамшылығын көре тұра көн
беуге тырысатындар, біле тұра берілмеуге ынтығатындар
бар. Әлбетте, саналы түрде.
Соның бірі, сірә, менің қасиетті бабам Фараби шығар...
Дүниенің арзандығын, жасандылығын біз ғұрлы ой-
ламады дейсің бе, Фараби? Әлбетте, ойлады. Өмірдің сы-
рын тереңірек білуге, оның өзіне дейін беймәлім болып
келген құпия-сырларын ашып, адам баласына жақсылық,
жеңілдік жолдарын нұсқауды місе тұтты. Содан разылық,
жұбаныш тапты. Үйлену, үй болу тауқыметін босқа уақыт
кетіретін, күшін, денсаулығын сарқып, сарп ететін өзі
үшін құндылығы шамалы күйбең тірлік тәрізді сезінді.
Сондықтан да халыққа неғұрлым көбірек пайда әкеле
тін жол іздеді. Көптің кәдесіне жарау, жоғын, кемін түген
деуге амал тауып, жәрдемдесу мүддесі басым түсті. Оны
білімге, ғылымға ынтызар етіп, алыс елдерге қарай же-
телеген күш те осы болды ма екен деп тағы ойланасың.
Ілімнің бұрын бұқараға беймәлім есіктерін ашып, тыңнан
сүрлеу салуы өз халқын, өз елін ғана сүйіп қоймай бүкіл
адам баласын өзімдікі деп танып, баршасына теңдей қыз
мет көрсетуді нысана еткен ғұламаның темірқазығы да осы
ниет болмады ме екен деп тағы ойға шомасың. Өйткені,
«Қайырымды қаланың адамдары» туралы ойлануының өзі
адам ұрпағына бір жақсылықтың жолын меңзегендей әсер
етеді...
Біздің білетініміз – қазақтың өз ғұрпынан, салт-дәстү
рінен, өзінің сан ғасыр сыннан өткен өмірлік принцип
терінен мықты да таза, қасиетті ештеңе жоқ. Адамзат тари
хының өлшемімен алсақ, дініңіз де күні кеше ғана кел-
Повестер
ген, керек десеңіз күні бүгінге дейін ұлтымыздың қаны
мен жанына терең бойлап сіңіп кете қоймаған ілім (ағым).
«Аллаңнан ойбайым тыныш», «Ұра берсең құдай да өледі»,
«Ұрлық қылайық, құдайдың ала тайын сойып жейік» деп
жүрген қазақ еркін өмір сүргенді қалайтын, еркін ой-
лай білетін, біреуге, бірдемеге міндәдар болуды қалай
қоймайтын жайын отырған ел емес пе едік? Бірде анау, бірде
мынау желкелеп жалтақ қылғаннан әбден зәрезап болған
сорлы мүлдем шыңына жетпесе «Үндемеген үйдей бәледен
құтылады» деген қағида шығарып, соны малданып, етінен
ет кесіп жатпаса тілін тістеп отыра беретін меңіреу, намыс-
сыз, еті өліп кеткен қауымға айналған қазір.
Әлденеше ғасырдан бері шындықтан көз жазып, өмір
дің өлшемінен айырылып қалғандай енжар, керенау күй
ге түскені де ұлттық рәсімдерін (қазіргіні айтып отыр
ғанымыз жоқ) түгендей алмайтын халге ұшыраған
бойкүйез, «сен тимесең, мен тиме» күй кешкен дәуірде
тұрмыз. Нысана жоқ. Немесе айқын емес. Ұзақ жылдар
бойы насихатқа сеніп, соған еріп дағдыланған халық бір
қос дінге ұйып, солай ойысқысы келсе, келесі бір сәтте
кеңес дәуірін де аңсап, оны әздек қылатындар да аз емес.
Ал қалған бөлігі бүгінгі өзіне көп таныстығы жоқ, ау-
ылдас болып жаңа көшіп келген үй сияқты жаңа бейне-
лер ербеңдейтін мына заманға мықынын созыңқырап,
мұның да сырын білуге әуес. Соның өзінде тек аяғының
астындағыны ғана танып, қалған дүниеге сол «биігінен»
баға беріп дағдыланған жұрт бұл жолда бәз-баяғы жымы-
нан жаңылмайын дегендей «от басы, ошақ қасындағы»
күңкілінен арыла қойған жоқ.
Мұны неге айтып отырмын? Сірә, Әл-Фараби бабамыз
дың тұсындағы халық та осындай болды. Бүгін де сондай.
Заман өзгеріп, заңдар жаңарғанымен адам көп өзгеріске
ұшырай қоймаған тәрізді. Адам деп отырғаным – өзіміз,
яғни өзіміздің қазағымыз...
Ойлап отырып қайран қалатын тағы бір жай – Фараби
дің өз ана тіліндегі бір сөзді немесе бір сөйлемді, кісі ат-
тарын, яки жер аттарын жаңылыс болса да өз тіліндегідей
айтып не жазып қалдырмағаны таңырқатады. Осы заманғы
орыстанған Олжас та арагідік қазақша сөздер айтып,
соның төркінін қазып жүр емес пе? Араптанған Фараби
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ше? Фарабидің дінге қатысты айтқаны бар ма? Бар болса
не деді? Бірақ мен ондай пікірі бары-жоғын әдейі іздегенім
жоқ. Ықпалында кетпейін дедім.
Меніңше, Фарабидей ғұлама сыңаржақ бола алмас,
яғни ол әмбебап болғаны жарасар еді. Себебі Фараби
бүкіл ғаламдық мәселелермен ғана шұғылданды. Ауыл-
аймақтың, немесе бір регионның проблемасына малтыққан
жоқ. Оның көрегендігі де, ірілігі де осында.
Мәселен, қазақ мұсылман дінін қабылдағанға дейін де
қазақ қалпында еді. Өзінің тілі, тұрмыс-салты, дәстүрі,
әдет-ғұрпы, мекені, өнері қалыптасқан халық еді. Мұсыл
маншылық қазақты имандылыққа, оқып қара тануға ба
ғыттағаны ақиқат. Құдайшылығын айтсақ, оның сонымен
қатар, кей жағдайда кертартпалық ықпалы да болғанын са-
налы, мәдениетті қауым жақсы біледі.
Кешегі кеңес үкіметінің істеген ісінің «жақсы менен жа-
манын ажыратпай» «ол білім берді, сауаттандырды, адам
қылды, көсегемізді көгертті» деп жалпылама мадақтай
бергеніміз де ойланарлық жай.
Шынтуайтына келгенде таза діннің, пәк ниеттің
қабатында пендешілік есепке құрылған нәрселердің де
келгені, келіп біздің тұрмысымызға енгені құпия емес.
«Мың жасаған адам» кітабынан
Киелі есім
Наурыз айының алғашқы аптасы. Терезеден түскен күн
сәулесіне жон арқамды тосып, маужырап, бейқам отырғам.
Қалта телефоным өлеңдете жөнелді. Ашып қарасам,
Мұхтар екен. Ол кезде Бішкекте тұратын. Мұхтар Шаха-
нов Қазақстанның сол елдегі Төтенше және толық өкілетті
елшісі еді.
− Жақа, біздің Бішкекте үлкен той болып жатыр, кел
мейсіз бе? – деді аман-саулық сұрасып болар-болмас.
− Барайын, қандай той ол үлкен тойың? – деймін.
Мұхтар інім кейде жай әңгіме өрбіту үшін көтермелеп
айта беретін тәсіліне салып отырған болар деп, қарсы
сұрақ қойдым.
− Қырғыздар бүгін Шықаңның (Шыңғыс Айтматов
ағамызды солай атайтынбыз) омырауына осы елдің ең
мәртебелі наградасы, біздің «Халық қаһарманымыз» сияқ
ты жұлдызын тақты. Нөмірі бірінші жұлдызға Шықаң
лайық десе керек.
− Оһо, құтты болсын! Өте дұрыс болыпты ғой бұл тір
ліктері! Қырғыз елі үшін Шықаңнан қадірменді, Шықаң
дай беделді кісі жоқ қой! – дей беріп едім, Мұхтар әдеттегі
қызбалау дағдысына салып, сөзімді бөліп кетті.
− Енді қызығын айтайын. Көпшілік Шықаңның жұл
дызын жуу үшін ресторанға шақырып жатты. Бірақ
Шықаң: Ресторанда демалудың орнына шаршап қаламыз.
Естіген, көрген жұрт құттықтаймыз, автограф аламыз деп
бассалбайды ба? – деп көнбеді.
Үйлеріне шақырғандарға да, «біреуіңнің үйіңе барсам,
қалғандарың өкпелейсіңдер ғой. Ол да болбайд», − деп
келіспеді.
Сосын мен:
− Шықа, Сіздің герой болғаныңызға біз, қазақ бауыр
Естеліктер
ларыңыз да кем қуанып жатқанымыз жоқ! Ендеше кешкі
асты біздің үйден ішейік. Ақыры жеңгемізді ертіп келмеп
сіз, − деп, Шықаңның қолтығынан ұстадым.
− Мұхтар, сенікі дұрыс. Сенімен ешкім де таласа қой
мас, − деп, айнала қоршаған қырғыз бір туғандарына қа
рап, мәселенің шешілгенін аңғартты.
Сонымен бүгін кешке той біздің үйде. Награда алған
анау екі қырғызды да қосып шақырдым.
− Болды, Мұхтар. Бұйырса, кешке сенің дастарқаныңда
боламын!
Қыстың қысқа күні еңкейе бергенде, Алматыдан Біш
кекке баратын қасқа жолда су жаңа «Тойота камри» ав-
томашинасымен жүйткітіп келе жаттық. Рөлде – ұлым
Асқат, қасымда – шешесі Ғалия. Бәріміз де көңілдіміз.
Қуанышымыз аз емес. Босанып, ұл тапқан келінімізді
кішкентай нәрестесімен үйге шығарып алғанымыз кеше.
Енді міне, соңғы жылдары Мұхтар арқылы етене жақын
болып кеткен Шықаңның мерейі үстем болған қуаны
шына ортақтасу үшін Бішкекке асығып келеміз. Бар
әңгіменің кейіпкері – Шықаң. Ол кісінің кішіпейілдігі,
қарапайымдығы, әңгімені асықпай, баппен айтатыны,
қойшы, әйтеуір, өзіміз кездескен кезде ол кісінің жүріс-
тұрысынан, кісімен сөйлесе білу мәдениетінен бар түй
генімізді жарыса айтып, Шықаңды мақтаумен келе
жаттық.
− Маған бір ой келді, – дедім Алматы-Бішкек жолын
дағы алғашқы асудан өткен бойда.
Асхат пен Ғалия бірден елең етті.
− Анау кеше үйге шыққан «жігіттің» әлі аты жоқ қой!
Соған Шықаңның атын сұрасақ қайтеді? «Сабақты ине
сәтімен» демекші, бәрі орайласып тұр, − дегенім мұң екен,
екеуі жарыса құптады.
− Әр адам Шықаңдай дарынды, Шықаңдай абыройлы,
Шықаңдай мінезді болса қанеки!
− Сұрайық, папа! – деді ұлым маған риза кейіппен.
Мұхтардың есігінің алды ығы-жығы. Қырғыз ағайын
дардың біреуі самаурынға шоқ салып, біреулері қырғыз
бауырларымыздың салты бойынша мүше-мүшесімен жыл
қының еті пісіп жатқан тай қазанның астындағы отын
қозғап абыр-сабыр. Бәрімен шүйіркелесе амандасып, ішке
Жарылқасын Нұсқабайұлы
кірдік. Елшінің дариядай кең залының төрінде жайшы
лықта да елден ерек дараланып көзге түсе қоятын ұлы
Шықаң омырауында Алтын жұлдызы жарқырап, асқақ
отырғандай елестеді көзіме.
− Ассалаумағалейкум! – дедім, табалдырықтан аттар-
аттамас, дауысымды барынша созып.
− Уағалейкумассалам! – деп, орындарынан дүр етті
залдағылар. Сөйтсем, Шықаң да тұрып кеткен екен орны-
нан. «Қайран көңіл! Қайран қуаныш-ай! Қандай құдіретті
едің сен?!.» – деген ой сап ете қалды басыма. Жер қозғалса,
мызғымайтын Шықаңның өзін жеңіл қозғап жібергенін
қарашы!
− Шықа, − дедім құшақтасып, кеудемізді кеудемізге ба-
сып, бірімізбен-біріміз бетпе-бет қалған кезде. − Әу бастан
жұлдызы жоғары туған адамсыз. Сіздің даңқыңыз көкке
өрлеп, аспандап кеткелі не заман?! Сол даңқ жұлдызының
кішкентай біреуі бүгін Сіздің өңіріңізден орын алыпты.
Құтты болсын, Шықа, қуанышыңыз! Сіз бұрын да ұлттық
Герой едіңіз. Енді дважды Герой болдыңыз! – дегенім сол
еді, сөзге Мұхтар килікті.
− Оу, Шықа, Жақа! Сіздер ағайынды екеуіңіз бөлекте
ніп алып, осылай тұра бересіздер ме? Қане, Жақа, бері ор
таға келіңіз. Сөз кезегі Сізде. Мына отырған кісілер сыпы-
ра сөйлеп шықты.
Сосын Мұхтар көпшілікке қарап:
− Жаңа өздеріңізге «келе жатыр» деп, сырттай таныс
тырған ағам, шымкентше айтқанда – көкем, осы кісі, − деп
тиянақтап қойды.
− Кішкентайлығым шығар, тоғыз жасымда өз әкем Ге-
рой атанып, тап осылай Жұлдыз таққанда да қуаныш құді
ретін нақ бүгінгідей айқын сезіне қоймаған едім, Шықа...
Сол қуаныш қанат бітіргендей желдей ұшып, жұрттан
бұрын жеттік.
Әйтпесе, Сізді құттықтауға келе жатқан қазақ бауырла
рыңыздың қарасы көп сияқтанған.
− Шықа, − деді енді Мұхтар, − айтпақшы, Жақаңның
былтыр өзіміз тойына барған келіні босанып, ұл туды!
− Құтты болсын! Атын қойдыңыз ба? – деді Шықаң ма
ған қайырылып.
− Айтсын, Шықа. Жаңа Алматыдан осында жеткенше
Естеліктер
немеремізге қандай ат қоятынымызды, бүгінгі кеште кім
нің есімін сұрайтынымызды келісіп алғандай болдық.
Онда ол атты алыш керек, оны қойыш керек, сосын
жуыш керек! – демесі бар ма?!
Жұрт ду қол соғып, мақұлдап, Шықаңа қошемет көр
сетті.
− Рахмет, Шықа, келісім бергеніңізге! Ендеше осы
отырған баршаңызды ертең кешке біздің үйге, Алматыға
шақырамын! Тойды Алматыда жалғастырайық, − дедім
мен орайын пайдаланып.
− Олай болса, біз енді Алматыдан ұшамыз. Ташкенттің
билетін өткізсеңдер де болады. Ертең Жәкеңнің үйіне ба-
рып, баласына ат қоямыз, − деп, Шықаң енді тоқетерін
бірақ айтты. Түннің бір мезгілінде біз Алматыға қайттық.
* * *
Ертеңіне келісім бойынша Шықаң мен Мұхтар бастаған
бірнеше кісі біздің дастарқанда бас қостық. Кәделі тамақ
әкелініп, ас қайыратын мезетте, Шықаң өзі сөз бастады.
− Ресми жиналыстағыдай жарысып сөз сөйлеу, ширы
ғып, бірінің сөзін бірі аңду сияқты кісіні шаршатып қана
қоймай, діңкелетіп, қажытатын отырыс болмай, әр адам
өз қалауына қарай отырып, көңілі сүйген тамағын ғана
жеп, дәстүр мен тарихқа ғана қатысты әңгімелер айтып,
жақсы демалып қалдық. Мен де, Мұхтар да, Сіз де, Жәке,
ешқайсымыз ішімдік ішпедік. Темекі тартпайды екенбіз.
Артық сөз айтпадық. Жақсы күттіңіздер. Бұл үшін
Сіздің бәйбішеңізге, өзіңізге рахмет. Ал, енді шәй кел-
генше, басты жұмысымызды бітірейік. Ғалияға айтыңыз.
Немересін әкелсін. Атын қояйық, − деп, Шықаң маған
қарады.
Апасы құндақтаулы немересін тез-ақ алып келді де,
маған ұстатты.
Шықаң:
− Қане, маған бере қойыңыз, − деп, нәрестеге қол созды.
Ішімнен ғана «бісміллә» деп, немеремді түркі дүниесі
нің Ұлы презентінің алақанына салдым.
− Денің сау болсын сенің! Мына дүниеге жаңа келдің.
Дүниені дұрыс таны. Шыңғыс аталарың сияқты дүние сені
танитын болсын. Бақытты бол! Енді сенің атың – Шыңғыс
Жарылқасын Нұсқабайұлы
болды! Шыңғыс, Шыңғыс атыңа лайық бол! – деп оң
құлағына үш рет дауыстады.
− Шықа, сіз нәрестенің бір құлағына айттыңыз. Екінші
құлағы бос. Оған мен айтайын, − деп, нәрестені енді
Мұхтар қолына алған соң:
− Енді сенің атың Шыңғыс! Шыңғыс! Шыңғыс! – деп,
Мұхтар баланың сол құлағына үш мәрте айқайлады.
Мұхтар бауырым айтқандай, Шыңғысым шынында да
«Құт әкелген нәресте болды». Отбасымыз аман. Құдайдың
көзі түзулігіне тәуба. Шыңғысымыз әзірше ата-анасы – біз
жүрмеген жаңа соқпаққа, өнер жолына түсті.
Өзіне лайық тұңғыш белеске көтерілді.
Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматов
өзі атын берген Шыңғыспен
Жалған сөйлеп, жалтақтамайтын еді
Кеңес үкіметінің «түфі» дегені жерге түспей, қылышы
нан қан тамып тұрған кез. Жеткіншектер:
Ленин біздің бабамыз,
Ленин біздің данамыз.
«Бәленбай да, түгенбай»
Біз бақытты баламыз, –
деп әндетіп, «күн көсемнің» Жүз жылдығын той-
лап, бейқам жүрген дәуір. Бейімбет жарықтық «Шұға»
повесінің алғашқы сөйлемін: «Ол кезде орыстың иісі де
жоқ еді» деп жазғанындай, ол кезде тәуелсіздік дегеннен
мүлдем дерек жоқ. КПСС ыдырап, КСРО құриды-ау деген
ой ешкімнің қаперіне де кірмейтін мәңгүрт заман.
Партия тұрмақ ол кезде комсомолының да беделі зор.
Ұсақ-түйек шаруаға батыл араласып, бұл да шеше беретін.
Соны малданып Қазақстан Комсомолы Орталық комитеті,
ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі досым Асылхан Сам-
ратов деген сыйлас азаматқа телефон соқтым. Көкейімдегі
бір ойым: отыздан енді ғана астым. Балалар мен жастар
басылымдарының біріне ауысып кетсем қайтеді? Осы-
ны Асылханға айтып едім: – Әй, тоқтай тұр онда. Мен
жігіттермен сөйлесіп көрейін, − деп дәмелендірді. Обалы
не, көп күттірмей-ақ қайта телефон шалды.
– Жолдас Нұсқабаев! Сен бір аптадай күте тұруың ке-
рек болды. «Лениншіл жастың» бастығы жол жүріп кеткен
екен. Ол кісіден төменгілері сені жақсы біліп отыр. «Жай
қызметкер болып келе қоймас. Ал одан жоғарылауын
тек бастық шешеді, дейді». Солай, сен енді артыңды
қысып сол орныңда отыра тұр, – деп сөзінің соңын
әдетте екеуміздің арамызда бола беретін қисық қалжыңға
жеңдірді.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Өзі Омбының қазағы. Мектепті алтын медальмен біті
ріп келіп, бізбен қатар оқуға түскенде қазақша «көк инені
көзінен түрте алмайтын». Ендігі істеп отырғаны мынау.
Қазақшам мықты деп жүргендеріңнің аяғын әлтек-тәлтек
бастырады. Ақкөңіл, бауырмал, білімдар. Біраз жерге ба-
ратын шығар деуші едік. Бірақ көңілшектігі етегінен көп
тартты. Есейіп қалған соң өзге салаға да ойысып кете
қоймады.
Сөйтіп, кемінде академик, министр дәрежесіне бейма-
рал көтерілетін есіл азамат ауыл іргесіндегі майда шаруа-
дан ұзай алмай өрістен қайтты.
Өмірдегі өз арнасын таппаған көп адамның тағдыры
осылай көңілсіздеу аяқталатынын көріп жүрміз. Бірақ
«Шығасыға – иесі басшы» деп халық дөп басып айтқандай
көп жағдайда бар кінә өзіңнен болғанын не аңламай, кете
сің немесе мүлдем кеш ұғасың. Себебі, адам табиғатында
басына түскен бар ауыртпалықтың себебін өзінен емес,
өзгеден іздейді. Біреуді кінәлауға бейіл. Көп реніш, нала да
осыдан туындайды. Шіркін, адам осыны ертерек түйсініп,
ертерек пайымдаса көп қателіктің жолын бөгеп, жақсы
лыққа жол ашар еді...
Міне, мен жаңа торапқа түсетін сияқтымын. Әр жер-
ге бір телефон соғып отырып, ҚазТАГ деген мекемеге де
іліктім. Үлкен бастықтың (Қасым Шәріпов деген белгілі
партизан, «Социалистік Қазақстан» газетін басқарған кез-
де газетті жауып, «Казахстанская правданың» аударма ва-
рианты етіп шығаруды ұсынатын осы кісі, байырғы жур
налистердің бірі.) алдындағы хатшы біз үйренгендей
қыз-келіншек емес, жігіт болып шықты. Оның айтуына
қарағанда қазақ тілінде атқарылатын бар шаруаны тек бас
тықтың орынбасары Жұмағали Ысмағұлов деген кісіге жо
лығып шешу керек екен.
Жұмекең ҚазТАГ-тың Гоголь мен Абылайхан көшелері
нің қиылысындағы қазір «Атамұра» Корпорациясы ием-
денген үйдің екінші қабатындағы шағындау бөлмеде бір
өзі отыр екен.
Мені бала күнімнен танитын. Бірақ, көп іш тартып сөй
лесе қоймады. Бірер ауыз жөн сұрасқан соң алдында жат
қан «Правда» газетінен екі абзац мәтінді көрсетті.
– Мынаны аударып көр. Мен қазір келемін, − деп өзі
шығып кетті.
Естеліктер
Қиын еместей көрінді. Көп кідірмей, тәржімалап қой
дым. Телевизияда қызмет істеп жүріп, бірсыпыра теле-
очерк, телефильм сияқты жеңіл-желпі нәрселерді атүсті
болса да аударып, аудармаға етім үйреніңкіреп қалғандай
көретінмін өзімді. ҚазТАГ-қа мені жетелеп келген де сол
сенімім еді.
Жұмекең емтихан алатын мұғалім тәрізді өктемдеу
сөйледі:
– Қане, әкел анауыңды. Болдың ба?
Қолын созды, үндемей жазғанымды ұстаттым да су жа
ңа «аудармашының туындысына» үңіліп қалған Жұмағали
ағамның қас-қабағын бақтым.
Қара сиямен оқиды екен. О жер, бұ жерін сызып, маған
бергелі тұрды да бірдемені ұмытып кеткен кісіше менің
қолжазбама қайта тесілді. Қаламсабын олай бір, былай
бір төндіріп бір түзету жасағысы келгендей шүйліге түсті.
Бірақ бірер минуттан кейін басын көтергені болмаса қыса
түскен екі көзін әлі де менің жазғандарымнан ажыратпай,
қабағын сәл тыржитқан күйі шешімін айтты:
– Бірдеме бар сияқты. Көрейік.
Қаламын енді тастады.
Сол күннен бастап ҚазТАГ-тың құлақ кесті аудармашы
ларының санатына қосылып, еш әзірліксіз, қолма-қол ау-
дарма жасау (диктовка) ісіне малтыға бастадым.
Алғашқы айларда қатты қиналдым. Кәріпхан Тәшенов,
Аманғали Сұлтанов, Болат Үмбетәлиев сынды тісқаққан
аудармашылар телетайптан ішектей шұбатылып, үздіксіз
түсіп жатқан қаулы-қарарлар мен ресми кездесулер жайын
баяндайтын материалдарды үкімет пен партия басшыла
рының аяқ астынан келе қалатын көш құлаш сөздерін күн
де естіп жүрген қарапайым әңгімелері тәрізді мүдірмей
тәржімалап жатқанын көріп, қызығатынмын.
Ең қайран қалғаным – Аманғали мен Болат машинканы
қыздардан бетер жақсы басатын. Әсіресе, Аманғали, тіпті,
машинканың әріптеріне көз қырын да салмай теретінін
қайтерсің!
Қойшы, әйтеуір мен де көшке ілесіп, мақтау есітетін
күнге жеттім-ау, ақыры. Аударма ісінің нағыз өнер екеніне
сол жылдар анық көз жеткізген едім.
Күн сайын әр аудармашының аударған материалда-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
рын үстінен біреу оқып отырады. Біздің аударғанымызды
кезектесіп оқитын кісінің біреуі – директорымыз, Қасым
Шәріпов. Хатшылыққа еркек алғаны сияқты жұмыс сти
ліндегі кейбір оғаштықтарын жігіттер күлкіге айналды-
рып, көңіл көтеретін сияқты.
– Сені Шәріпов шақырған жоқ па? – дегені бірде темекі
тартып тұрған бір топ қызметкерлерге жақындағаным сол
еді, Кәріпхан маған бұрылып.
– Жоқ, шақырған жоқ. Неге шақыратын еді? – деймін
анық білгім келіп.
– Онда асықпа, бала. Шақырғанда көрерсің!
Біздің екеуара әңгімеміздің аяқталған тұсында тұрған
жігіттер түгел жымыңдасып қалды.
Олардың бұл қылығы директордың шақырысында бір
«гәп» барлығын аңғартқандай еді. Бірақ жігіттер әңгіменің
атымын тез аударып, мені «жалғыз» қалдырған соң көзім
соларда болғанымен өз ойымның жетегіне ерген едім.
Сонда деймін ішімнен, директор мені шақыра қалғанда
не қызық болуы мүмкін?! Көп болса «Дұрыс аудармай
отырсың. Аудармаң дәл емес. Көп сөздісің». Немесе «баяу
аударады екенсің» деп жекитін болар. Бірақ, мыналар оған
несіне күледі?...
Әрі ойлап, бері ойлап, бұл жұмбақтың шешуін арада
тағы бір айдай уақыт өткенше таба алмай, енді ол сұрақтан
күдер үзіп, ұмытуға тақаған кезде аудармашылар оты-
ратын бөлмеге аяқ астынан директорымыздың хатшысы
жігіт келіп мені Қасекең шақырып жатқанын жеткізді. Сол
сол-ақ екен отырғандар ду күлді. Баяғы Кәріпхан тағы да:
– Әй, сендерді қайдам, мен өзім мына Жарылғасын
(Оңтүстік облыстардан өзге жақтың азаматтарының бәрі
дерлік менің есімімнің бел ортасында тұрған қатаң «қ» ды-
бысын жұмсартып, ұяң «ғ» мен айтатынына әлдеқашан
құлағым үйреніп қалған) бастыққа барып келгенге дейін
шылым шегуге шығамын, – деп менімен ілесе орнынан
тұрды.
– Е, ендеше біздің тапжылмай отырғанымыз қай қыл
ғанымыз? ҚазТАГ-тың көсегесін біз көтертпеппіз, әрі жал-
дап алған құлы емеспіз. Совет үкіметі құлдық атаулының
тамырына балта шапқанына алпыс жылдан асқан жоқ па,
жігіттер! Тұрайық. Қарекеңе серік болайық! – деп қазақы
Естеліктер
қалжыңға бір иығын ылғи беріп тұратын Жақсылық
Түменбаев орнынан тұрып, ышқырын көтеріп жатты...
Шәріповтың хатшысы отырған бөлме құлаққа ұрған та-
надай тып-тыныш. Таң атқалы жан аттап баспағандай тап-
таза, сап-салқын. Мені көре салып, хатшы жігіт аяқтарын
ұшынан басып, лып-лып жүгіре желіп келіп маған бастық
тың есігін ашты. Бұл «кір» деген ишара екені айтпаса да
түсінікті. Хатшы жігіттің қызметі ғана әйелдікі емес, оның
жүріс-тұрысы, мінез-құлқы да атқаратын қызметіне қарай
қызтекелеу болып қалған екен.
Бар қимылы, әрекеті, іс жүргізу дағдысы сырт көзге
түз-түгел ерсілеу көрінетін партизан басшымыз мен есік
тен енгеннен бастап өзі нұсқаған орындыққа жайғасқа
ныма дейін кірпіктерін қақпай, менің тұла бойымды сүзіп
қарап, көз жазар емес. Менің де екі көзім бастықта. Тек
кіреберісте көмескілеу сәлемдестім:
– Сәлеметсіз бе?
Ол кезде қазіргі «Ассалаумағалейкум» деп жіберетін
кең қоныш, жайма шуақ сәлем жоқтың қасы. Әйелдер
сықылды ыздиып, тісіңіздің арасынан с-с-с деген дыбыста-
рын ғана анық естіртіп, «мәдениетті» амандасатын кезең.
Бастық менің сәлеміме «бө» демеді. Менің құйымша
ғым жер иіскеді-ау деген кезде алдында жатқан бір парақ
қағазды ұстаған күйі маған:
– Мына қате неге кетті?! – дегені.
Енді менен қалай құтылар екенсің дегендей аман-сау
лық жоқ бірден шүйлікті.
Мен ол кісінің қандай қате жөнінде айтып отырғанын
білмеген соң қапелімде не деп жауап берудің ретін ойла-
нып, мүдіріп қалдым.
– Мына қате неге кетті деймін мен!
Бастығымның даусы әлгіден де өктем шықты. Енді жау-
ап қатпасам болмайтын сияқтанды:
– Бүгін, әсіресе, жұмыс асығыстау болып жатыр. Асы
ғыстықтан кетіп қалған шығар, – дедім сөзімнің соңын
міңгірлеп аяқтап.
– Мен саған мына қате неге кетті деп отырмын?!!
Үдеді. Қалғаны аздай қағаз ұстаған қолын маған бағыт
тап, сілтеп-сілтеп қойды.
Былшықтанып немесе жылағанда көз жасымен бірімен
Жарылқасын Нұсқабайұлы
бірі жабысып, қалатын жас баланың кірпіктері сияқты,
жабысып, ұшы қайқиыңқырап тұрған селдір кірпіктерін
бағанадан бері бір қаққан жоқ. Әлі тесірейіп отыр.
Бұл сұраққа енді жауап іздеудің керексіздігін сезген мен
үнсіз отыра бердім.
– Ішіп алып, мас болып аудардың ба дейін десем, сау
екенсің! – деді әлден уақытта сұрағын қайталағанды қойып.
– Ер кісіні әйел қылып немесе әйелді еркекке айналды-
рып жіберу, әйтпесе, дені сау адамның істегені емес! Мә,
қара!
Бағанадан бері маған айбат шегіп, қайта-қайта сілтеп
отырған бір парақ қағазын маған ұсынды. Жедел орнымнан
тұрып, әлгі қағазға көз салсам, Украинада өткен бір спорт
жарысында Гончаренко деген біреу бірінші орын алған екен.
Осы спортшының әйел не ер кісі екендігі шағын хабардың
соңында «он» немесе «она» деген сөз шыққанда ғана анық
талады екен. Менің қателігім – әп дегеннен оның жынысын
анықтап алмай, әйел не еркек ете салғаным.
Бәлендей қате емес екенін көрген соң көңілім орнына
түсіп, батылсиын дедім бе, жоқ әлде менің пікірімше мы-
надай арзымайтын олқылық үшін соншама жер-жебіріме
жетіп, намысыма тигені шымбайыма батты ма аяқ астынан
жауап қайтарсам болар ма?!
– Ағасы, бұл бәлендей қате емес сияқты ғой. «Ондай-
ондай ханның қызында да...» – дей бергенім сол еді, парти-
зан бастығым үстелді алақанымен салып қалды:
– Енді сен тәжікелесейін дедің бе? Есіңде болсын, бұдан
былай...
Арғы жағын айтпай біраз отырып қалды да:
– Кешірім сұраудың орнына, – деді де сөзінің соңын жұ
тып қойды. Бұдан әрі сөйлесуде мән жоқтығын ұққан мен:
– Бұдан былай мұндай қате жібермеймін! Кешіріңіз, –
деп орнымнан тұрдым.
– Вот так! – деді үстелді бұл жолы бәсеңдеу ұрған ди-
ректор.
* * *
Содан көп ұзамай мекемемізге жаңа басшы келгені
мәлім болды. Бір бөлмеде қатар отырған төрт-бес кісі
нің бәрі дерлік танитын сияқты. Бірі қай жерлерде
Естеліктер
істегенін, екіншісі қызметтес болғанын, үшіншісі бір об-
лыстан екенін айтып, жаңа басшымыз жөніндегі мағлұ
маттарымызды еселеп жатыр.
Ал мен ол кісінің ептеп жазатынын және анда-мұнда
басшы қызметте істегенін, шамалап танитыным болмас
мандыртып ештеңе айта алмайтынымды аңғардым.
Коллективпен танысу үшін ұйымдастырылған мына
жиында көріп отырғаным – бұл кісімен тұңғыш жүздесуім
дегенім жөн болар. Содан да ма екен, Кәкімжан ағамыздың
әр сөзі, әр қимылына зер салып отырмын. Орта бойлы,
мығым денелі, баппен сөйлейтін, қазақы мінезді, қоңырқай
жүзді, жігіт ағасы болып қалған басшымыз жүзі жылы,
жазу ғана емес, сөйлеу мәдениетін де игерген, сабырлы
кісі сияқтанды. Үстіндегі қоңыр костюмі мен қоңырқайлау
ши жолды ақшыл көйлегі, жаңа таққан жылтырақ қоңыр
галустігімен үйлесім тауып, әлгі пікірімді қуаттай түс
кендей.
Сөйлеген сәтте де баз біреулер тәрізді лағып, алып
қашып, қисынсыз әңгіме қумай келте қайырды. Жұмыс
істеуге келгенін, өзіне жүктелген міндетті ұжым мүшеле
рімен бірлесіп шешуге үміт артатынын айтып тоқтады.
Күні-түні сөз теріп, сөзден ығыр болған журналист қауы
мына басшысының жиналысты ащы ішектей созбай, тез
таратқаны, ұнап қалды.
– Іскер басшы осылай болу тиіс қой, малтасын езбей.
Бір сөйлем айтқанша күшеніп болатындарды да көріп жүр
міз ғой, – деп қалды әр жағдайға өз көзқарасын білдіруге
пейіл Аманғали.
– Баспасөз комитетінде орынбасар болып, істеген кез-
де де жаман аты шыққан жоқ. Азуы алты қарыс жазушы-
лармен не бір жалмауыз журналистердің бірі болмаса, бірі
бірдеңе десе керек еді. Өзі жайлы «жақсы азамат» дегенді
есітеміз. Жұртқа қиянат қылмасаң, жөнсіз тізең батпаса,
бекер сөз неге шықсын?! – деп кідірді Кәріпхан ағамыз.
Осы пікір көптің көңілінен шықты ма, ешкім қарсы дау
айтпады.
* * *
Келер жылдың көктеміне салым әдеттегіше Лениндік
деген жасанды белсенділік күні келді. Сенбі күні жұмысқа
Жарылқасын Нұсқабайұлы
арнайы келіп, бір күнді құртпау үшін кішігірім мекеме-
лер сенбіліктің жұмысын соның алдындағы жұмыс күні
өткізіп жіберуге тырысатын.
Күн әлі жыли қоймаған. «Қар еріп, жылғада су» болға
нымен үйлердің, әсіресе, көлеңке бетіндегі сіреу мұз сөгіл
мей жатыр. ҚазТАГ орналасқан үйдің теріскей бүйіріндегі
троллейбус аялдамасынан сау етіп төгілген жүргіншілердің
баз бірі абайсызда тайғанап құлап, көк жамбас болып жат
қанын күнде көреміз.
Жұмысбастылықтан «мұрындарынан су кетіп, сіңбіруге
мұршалары келмей жүретін» ҚазТАГ қызметкерлерінің бір
тобын әлгі көлеңке беттегі көк сеңгір мұзды ойып, суағар
арықты тазарту үшін алып шықты. Бірақ аса көп құлқы
мыз жоқ. Күрек, қайла, сүңгі, сыпырғы секілді құрал-
саймандарды бөліп алғанымызбен еріншек тартып, самар
қау қимылдап «дұшпан көзі» қылып тұрғанбыз.
Мекеменің тұс-тұсқа бөлінген қызметкерлерінің «қар
қынын» көруге шыққан Кәкімжан бастаған басшылар келе
жатқанын байқап қалған жұрт жіті қимылдайын деді. Мұ
ны көрген Кәкең:
– Жігіттер, қарқындарың жақсы екен. Бірталай жүргін
шіні майып болудан сақтап, сауабын алатын болдыңдар, –
деді әзіл-шынын араластырып.
Не істесе де үстіне түсіп істейтін Нұрмахан Оразбеков
мұз құрсанған арықтың ішіне тізесіне дейін түсіп алған
күйі зілдей сүйменнің үшкір ұшын қадап, бар пәрменімен
қарш-қарш соғып, содан ұшқындаған мұз жарықшақтары
тиіп кетпесін дегендей басшылар сәл шегініңкіреп тұрған.
Сүңгіні соққан сайын шашы желп-желп етіп, шып-шып
тері шыққан Бас редакторымыз Нұрмаханның мына қимы
лы ерсілеу көрінген соң мен де тек тұрмай:
– Нұреке, тым ақжүректіктің не керегі бар? Кейде ол
нәрсенің де пайдасынан зияны көбірек болатыны да бар-
ау?! – деп қалғаным.
Менің мына сөзімді естіп тұрған Кәкең көзінен жас
аққанша ал кеп күлсін. Әлден уақытта қалтасынан алған
бет орамалымен көзін сүртіп жатып мені нұсқап:
– Әй, мынада бәле бар! Мынау сау емес! – деп күлкісін
әлі тежей алмай тұрды. Көзінен де, сөзінен де сол сәт
өзіме деген разылық сезімін айқын көріп едім. «Кәкең
Естеліктер
екеуміздің ойымыз, сірә, бір жерден шықты-ау» деп ойла-
дым ішімнен.
Коммунистік қоғамға қызмет етіп жүрген басшы аза
маттың бірі – Кәкімжан Қазыбаевтың сол күлкісі оның
ішкі жан дүниесінен хабар беріп тұрғанын бәріміз де анық
аңғарғандай болып едік.
ҚазТАГ-та ұзақ істедім. Жұмысы ауыр. Анығын айт-
сам, журналистен гөрі соғыс кезінде станоктың басын-
да тұрған адамға көбірек ұқсайсың. Дамыл жоқ. Твар
довскийдің «За далью – даль» дегені сияқты. Қауырт
жұмыс бірін-бірі кимелеп келе береді, келе береді. Дені
түзу жұрт күніне сегіз сағат жұмыс істесе, біз таңертеңгі
тоғыздан түнгі 12 немесе бірге дейін екінің бірінде от-
ырамыз. Оның басты себебі – Мәскеу мен біздің сағат
айырмашылығымызда. Жаңа, мемлекеттік маңызды ха-
барлар мен шешімдердің дені жоғарыдан, әдетте, түстен
кейін келе бастайды. Себебі, КСРО атты жойқын елдің
астанасы – Мәскеуде түс болғанда бізде күн еңкейіп қала
ды. Оның үстіне Орталықтың қас-қабағын бағып қалып
тасқан жергілікті басшылардың сол тұстағы бір жаман
әдеті – Мәскеуде болған жаңалықтарды сол күні радио-
телевизиядан беріп, ертеңгі республикалық газеттерде
Мәскеумен жарыса жариялауға тырысатын. ҚазТАГ-тың
қазақ бөлімінде істейтіндер мен газеттердің сол күнге
жауапты қызметкерлері тырп етпей, Мәскеудің дегенін
істейтін. Соның салдарынан біз ол жылдары күніне кемін
де 3-4 сағат, оның үстіне жұмыстан кейін, түнде, демалыс
күндері артық жұмыс істеп жүрдік. Мұнымыз үшін, бірақ
ақы сұраған емеспіз.
Жұмыс ауыстырғым келгенінің бір себебі осы еді. Бірақ
негізгісі басқа-тын.
– О-о! Біздің аудармашы жігіттер жалақыны кейбір ми-
нистрлерден артық алады! – деп қолтыққа су бүркетін
Кәкең бізді көтермелеп, ал сол «артық ақша» үшін «Ау-
дармашы жігіттердің» бар денсаулығын, талант-дарынын
ысырап етіп, өмірін зая кетіріп отырғанын біреу ойлады ма
екен сол тұста?! Әй, қайдам?...
«Шөлмек мың күн сынбайды, бір күн сынады», – демей
ме халық даналығы. Менің де шыдамым таусылып, сына-
тын күніне жетті. Бірақ мені жұмыстан жіберетін түрлері
Жарылқасын Нұсқабайұлы
жоқ. Қолыма бір жапырақ өтінішімді ұстап, Жұмекеңді
жағалағаныма екінші апта. Бұл кісі қол қоймаса, Кәкең бо-
сатпайды.
Жұмекеңнің
кабинетінің
есігін
тоздыратын
бол-
дым. Күнде кірем. Кіремін де өтінішіме қол қоюын сұрап,
қиылып тұрғаным. Жұмекем маған басын көтеріп те те
қарамайды. Кетпей қойсам бөлмесінен өзі шығып кетеді.
Лажым құрыды. «Қой, Кәкеңе барайын», Кәкімжан қайда
сың деп кабинетіне келдім. Жұмекеңнің сөйлеспей қойға
нын, ал ауысып барғалы отырған мекемем – «Жалын» бас
пасының директоры марқұм Қабдыкәрім Ыдырысовтың
бұйрық шығарып қойғанына он күн болғанын мұң қылып
айттым.
Кәкең байсалды, бапты кісі. Байырғы әдетінше сөзімді
бөлмей, мұқият тыңдады. Сосын:
– Ондағы айлығың қанша болмақшы? – деді менің не
үшін кетіп бара жатқанымды түсініңкіремей.
– Екі жүз сомның шамасы.
– Сен келінмен ақылдасып па едің? Ол ақшаға бала-
шағаңды асырай аласың ба?
– Осы жердің ақшасын қимай онсызда көп отырып
қалдым, Кәке. Ептеп жазатын әдетім бар еді. «Ақша,
ақша» дей берсем жазу-сызудан мүлдем қол үзіп қалатын
сыңайым бар. Кішкене қолды босатып, ойда жүрген
бірдемелерімді түртінектемесем болмайтын сияқты.
– Е-е-е, дұрыс мұның. Ондай ауру бізде де бар. Біздің
жігіттердің осыншама жібермей отырғанына қарамастан
қазіргі алып жүргеніңнен үш есе кем жалақыға кеткелі
жүрген тәуекелің маған ұнайды. Кісіде мінез болмаса
одан түк те шықпайды. Ең әуелі қабілет керегі аян. Бірақ
сенен бірдеме шығуы үшін өзіңді тежей, қинай білуің
керек-ақ. Әсіресе, бұл қасиеттер творчество адамына ау-
адай қажет. Менің аңғарғаным – сенде мінез бар, жақсы
мағынасындағы мінез. Сені осы қасиетің біраз жерге
жетелейді ме деп үміттенемін.
Сөйлеп отырып телефонның түймесін басып, құлағын
көтерді.
– Жүм-еке, баяғы біздің бала күнімізде бойжеткен қыз
дар өзінің көңілі жарасқан адамына қосылайын десе,
ата-анасы рұқсат бермей, қинамаушы ма еді? Өзге лажы
Естеліктер құрыған қыз бейшара өзенге немесе құдыққа су алуға барып, иін ағашы мен екі шелегін сол жерге тастай салып, сүйгенімен қол ұстасып қашып кетпеуші ме еді?... Телефонның арғы жағындағы Жұмекең да атым аталмаса да әңгіменің мен туралы екенін дереу пайымдай қойып, қарсы аргументтерін айта бастады-ау, сірә. Кәкең ол кісінің сөзін бөлді. – Жұмеке, бұл жігіттің өтініш бергеніне он күндей болып қалыпты. Енді бірер күннен соң бұл әлгі бойжеткендер тәрізді құйрықты бір қағады да жүре береді. Заң – Осының жағында. Біздің Қалтай бірде өзі туған ауданының басшысы, иә Мұхамеджановты айтам, «биыл күріш өте бітік болды. Келіп көріп кетсеңізші» деп қиылып қоймаған соң еліне бармай ма? Кешке қарай, салқын түскен соң хатшы: – Қалеке, қараңғы түсіп кетпей ауылға жетіп алайық. Кішкене аттардың басын жіберіңкіреп алсақ қалай қарай сыз? – дейді. – Бұл ұсынысты Қалтай да қош көріп, екеуі аттарын тебініп қалмай ма? Күні бойы ауыздықтарымен алысып келе жатқан жараулы жануарлар пырылдап қатты шауып, үстіндегі кісілерді жығуға айналады. Қандай жағдайда да қалжыңы қалмайтын Қалтай серігіне: – Әй, бәленше! Аттарыңның арыны қатты. Мына жер дің топырағы борпылдақ екен. Түбі жығылармыз. Осы жұмсақ жерге өзіміз-ақ құлай кетсек қайтеді?! – деген екен. Сол айтпақшы, бұл жігіт бізден түбі кететін түрі бар. Сондықтан өз ықтиярымызбен жіберіп, абырой алайық! – деп телефонның құлағын орнына қойды. – Ал, қане, жолың болсын. Қайда жүрсең де бізді ұмыт пассың. Бәріміздің илейтініміз бір терінің пұшпағы емес пе? Кәкең орнынан тұрып, қолын ұсынды. Дереу Жұмекеңнің кабинетіне кірдім. Басын көтеріп, қарамайтын әдетіне басып, бір қолын созды. Өтінішімді ұстата қойдым. Айбақ-сайбақ әріптермен «Не возражаю» деп жазды да өтінішімді өзіме қарай тастай салып еді, ол қайқаң-қайқаң етіп ұшып барып, еденге түсті.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Еңкейіп, өтінішімді алдым да рахметімді айтып шығып
кеттім.
Бұл алғыс сөзім тек Жұмекеңе ғана емес, ҚазТАГ-
тың өзімді жанына жақын тартқан барша азаматтарына
арналған ризашылығым еді...
Арада тағы да табаны күректей бес жыл өтті. Мен
«Мектеп» баспасына бас редактор болып тағайындалған
едім. Бұл қызметімнің дәрежесі бойынша Орталық Ко
митеттің номенклатурасына енетінмін. Яғни, жеке көлігің,
үкіметпен, партия органдарымен тікелей сөйлесетін құқың
болады. Министрлер Кеңесінің емханасына тіркелесің, Ор
талық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысында бекі
тілесің. Ол заманда бұл едәуір дәреже.
Бұл ол орынға Кәкең – Қазыбаевтың хатшы болып кел-
ген тұсы.
Оны-пұны құжаттарымыз әзір болған соң Орталық
Комитеттің үшінші хатшысы Кәкімжан Қазыбаевтың
кабинетіне шақырды. Ұмытпасам Сауытбек Әбдірахманов,
Мамадияр Жақыпов тағы бірер кісі шақырылған екен.
Бәріміз де «бекуге» келгенімізді жөн сұраспай-ақ біліп от-
ырмыз. Бөлім бастығы Шестаков деген кісі хатшының
бөлмесіне әлсін-әлі кіріп-шығып бітіргенсіп жүр. Бізді
менсінбейтін сыңай танытты. Бірлі-жарым сұрағымызға
немкеттілеу, жүре жауап бергені соны аңғартады.
Біршама күтіп қалдық. Бір кезде іштен шыққан Шеста-
ков менің фамилиямды атап, ішке шақырды.
Бала күнімізде комсомолға, бертініректе партияға
мүшелікке өткенде бір-бірлеп осылай шақырушы еді-ау
деп ойланып кірдім. Мен кіре бергенде өзімнің осыдан
5-6 жыл бұрын бастығым болған Кәкең орнынан тұрып,
үстелінен берірек шықты да кенет маған мінездеме бере
бастағаны. Бөлмеге енгенше жүрексінбей келген мен енді
шын қысылайын дедім.
– Біз Нұсқабаев жолдас екеуміз ҚазТАГ-та табаны
күректей бес жыл бірге істеппіз, – деді Кәкең менің анкета-
ма көз салып тұрып. От пен судан бірге өттік десек болар.
ҚазТАГ-тың қазанында қайнаған кісіге кез келген жауапты
міндетті жүктей беруге болады. Ал Нұсқабаев жолдастың
творчестволық мүмкіндігі мен кісілігін мен тәрізді жақсы
білетін болсаңыз мүлдем күдіктенбей сенім арта беруге
Естеліктер
болатындығын ресми түрде айта аламын, – деп алды да ор-
нына отырып, жұрттың пікір айтуын сұрады.
Хатшы мынадай кіріспе сөз айтып тұрған соң кім не
десін?! Отырғандар түз-түгел құлшынып, Кәкеңнің пікірін
қуаттады.
– Ал, жолдас Нұсқабаев (ол кезде тек осылай сөйле
сетін) Сіздің Орталық Комитеттің сеніміне лайық еңбек
етіп, өзіңізге тапсырылған міндеттерді мүлтіксіз орын
дайтыныңызға зәредей күмәніміз жоқ. Жолыңыз болсын!
деп соңғы ресми тілегін айтты.
Кезінде тіпті өзіңмен деңгейлес қызметте жүріп, үлкен
деу жұмысқа бара қалса, мүлдем өзгере қалатын, сені жыға
танымайтын адамша ернінің ұшымен ғана амандасқансып,
мардымси қоятын екіжүзділер сияқты ауа райына қарап,
құбылып тұратындардың сортынан емес-тін Кәкең.
Бірқалыпты, бір сөзді, күмілжімейтін, күлбілтелемей,
айтарын анық айтатын, жалған сөйлеп, жалтақтамайтын
жан еді мен білетін Кәкең – Кәкімжан Қазыбаев.
Қазақ журналистикасының даму, қалыптасу тарихында
де елеулі із қалдырған, қаламы жүйрік журналист, жазу
шы Кәкімжан Қазыбаев менің көкейімде осындай қасиет
терімен сақталып қалды.
Киелі де өшпес мұра
Шежіре – халықтың ғасырдан-ғасырға, атадан балаға
мұра болып үздіксіз жалғасып келе жатқан киелі де
өшпес мұрасы екені белгілі. Халқымыз жазу-сызуы
болмаған ықылым замандардан бері тіс-тырнақтан жинап,
көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпағына аманатқа
қалдырып отырған шын да, қимас тарихы екендігі аян.
Өйткені, бұл тарих − бүгінге дейін өткен бабаларымыздың
да, бүгінгі ұрпақ − сіздер мен біздердің де, келер ұрпақтың
да ортақ шежіресі. Оны шын дейтініміз − әр буын, әр ру
өз ата-бабасының шыққан тегі мен аты-жөнінде ақау бол
мағанын қалайды, сондықтан ру шежіресінде қате кетіп
қалмауын қадағалайды. Оған бөлекше жауапкершілікпен,
жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен қарайды. Шежіренің
де ұрпақ жалғастығы тәрізді үзілмей жалғасып келе жат
қандығының бір сыры осында деп білеміз.
Алмағайып заманда қазақ рулары көшіп-қонып жүріп,
қонысын талай өзгерткенінен хабардармыз. Тіптен тілін де,
салт-санасын да, соңғы кезде, беті аулақ, дінін де өзгертіп
жүргендер жоқ емес. Бірақ руын, ата-бабасының атын
өзгертіп алғандарды әзірше көргеніміз жоқ. Бұған да шүкір
дейік. Тіпті тағдыр тәлкегімен өзге ұлттардың құрамына
еніп кеткен бауырларымыздың өзі күні бүгінге дейін
«қоңыратпыз» деп жүргеніне куәміз.
Соған қарағанда уақыт сынына ең көбірек төтеп беріп,
өзгеріске түсе қоймайтын мұрамыздың бірі осы − ұлт,
ру аттары мен ата-бабаларымыздың есімдері сияқты...
Өйткені, ең қасиетті бұл үш нәрседен шошынатындай,
ұялып-қымсынатындай зәредей себеп жоқ. Керісінше әр
азаматтың киесіне айналған бұл атауларды кім-кім де тек
мақтан етсе, мадақ етсе жарасар деп ойлаймыз!
Себебі, бүкіл адамзаттың мақтанышына айналған, Кие
Естеліктер
лі Отырардың Оқсыз қалашығы іргесінде, бүгінгі Маяқұм
топырағында дүниеге келген ұлы ғұлама бабамыз Әбу
нәсір әл-Фарабиден бастап әр рудан шыққан дарабоздарды
ондап, жүздеп санауға болады десек күпірлік болмасына
кәміл сенімдіміз! Біздің дәйім еңсемізді көтеріп, кеудемізді
кере тыныстайтынымыз да осы сенімнің арқасы!
Мысалы, Кеңес үкіметі ыдырай салысымен баспадан
жарық көрген алғашқы шежірелердің бірі − А.Әбдіраман
ұлының 1992 жылы шыққан «Халық данасы − Сары би
және Қоңырат руларының шежіресі» атты кітабы еді. Аты
дардай болғанымен автор, негізінен Сары би есімді айту-
лы бабасы мен өз руы Оразгелдіге қатысты деректермен
шектелген екен. Рас, тұңғыш басылым болған соң тыңға
түрен салғандай жаңа қоғамға жаңа леп әкелген кітаптың
бағалылығын әсте кеміткіміз келмейді. Өйткені, байырғы
шежіре авторларының пікірлеріне сілтеме жасай отырып,
әсіресе, қоңырат қауымының өткен-кеткен тарихына орай
біршама деректің ұшығын шығарады.
Міні қылып айтар кемшілігі Төрт қақпалы Түркістан
мен атағы жаһанға жария болған Отырар өлкесін өздері
тәрізді сан ғасырлардан бері мекен етіп келе жатқан бау-
ырлары жайлы ләм-мим демегені. Айтпайын, жазбайын де-
меген шығар. Сірә, білмеген, ізденбеген-ау деп жорыдық.
Әйтпесе, автордың өзі мекен етіп жүрген Жетісай, Шар-
дара, Бағара, Мақтарал аудандарының әр ауылынан-ақ
Қоңырат атамыздың қай баласының да ұрпақтарын ұшы
ратуға болатыны күмән туғызбайды. Әйтпесе бүгін біз
шежіресін бәленбайыншы рет қайта басқалы отырған
іргелі рулардың бірі − Жетімдер руының кестеде тіптен
аты да аталмай қалуын қалай түсінуге болады...
Жеті атасын ғана жаттап, өз бабасын ғана мақтап ше
жіре тізе бермей өзге ағайындардың тарихына, жалпы, ұл
тымыздың игілігіне қызмет етуі ықтимал-ау деген дерек
терді де керек деп есептеп, ықтият болғанға не жетсін!
Аталған кітаптағы пікірлердің ішінен мына бір пікір
көңілімізге ұялады. Ол былай: (60-бетінде) «Шәкәрімнің
шежіресінде, Рашид-ад-дин менен Әбілғазы ханның сөзін
ше Қоңырат − Оғыз хан нәсілінен, Дүрліген деген топтан,
Жорлық мергеннің баласы Қоңырат деген кісінің нәсілінен
шыққан...»
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Демек, Қоңырат тайпасы Отырар өңірінің байырғы тұр
ғындары. Бұған қосымша дәлелдің бірі − Шыңғысхан
Отырар қаласына тақап келіп қалғанын естіп дегбірсіз
деніп, үрей билеген қоңыраттардың бір бөлігі Жиделі бай-
сын, тіпті Иран еліне қарай ойысып, көшіп кеткен деген
пікір дер едік.
Осы жерде айта кеткеніміз жөн шығар, Сырдария өзе
нінің сол жақ жағалауында, Арыс өзенінің дарияға құяр
сағасынан көп ұзамай-ақ орналасқан, әйгілі Әл-Фараби
бабамыздың кіндік қаны тамған Маяқұм аулының ба-
тыс жағындағы құмдауытты қақ айырып жатқан Өгіздің
сайы деп аталатын кәдімгі Сыр өзенінің ескі арнасы бар.
Ықылым замандардан Жетімдердің, оның ішінде Қасай
руының ата мекені болған, күні бүгінге дейін аты сақ
талған Құлымбеттің тоспасы, Бұқарбай көлі, Әжінің құ
мы (үшеуі де Қасай руынан) Ырсымбеттің, Сұлудың
мешіті деген жер аттары осы пікірімізді орнықтыра түсе
ді. Әлігі жер атауының әу баста «Өгіздің сайы» емес,
«Оғыздың сайы» атанғаны еш күмән туғызбаса керек.
Және Шыңғыс хан әскері Сырдарияның Түркістан жақ
бетіндегі елді мекендер мен қалаларды көбірек майқандап,
Дарияның Қызыл құммен ұштасқан сол жақ бетіне көп
мүдделі болмағандықтан, байырғы халық іргесін сөкпей
Сұлу, Ырсымбет, Қасай атаның, жетімдердің тағы басқа
аталарының ұрпақтары көтеріле көшпей құтты мекенінде
отырып қалған жоқ па екен деген ой жетелейді...
«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» демекші
ұлт мүддесіне қызмет істеуге тиіс бірсыпыра «қазандар»
қақпақсыз қалғанын бүгінгі ұлттық тәрбие, білім беру,
салт-дәстүрімізді сақтау, ұлттық құндылықтарымызды әс
петтеу, тіл, дін жөніндегі бейберекетсіздіктер айқын көр
сетіп отыр.
Ең өкініштісі – ұлттық мәселеге келгенде тым жалтақ,
селқоспыз. Ұлттық мүдде өйтіп-бүйтуге болмайтын мем
лекеттік мызғымас мүдде екендігін, азаматтық парызы
екенін әр қазақстандық мойындауы тиіс. Мойындап қана
қоймай сол аңсарымызды жүзеге асыру ісіне бар мүмкін
дігін сарқа жұмсауға мндетті.
Біздің ойымызша президент төңірегінен бастап, үкімет
құрылымдарында басшы, шешуші орындарда отырған
Естеліктер
әр азаматқа: «Осы сөз болып отырған мәселеге байланы-
сты көкейіңізде не бар?» деген сауал қойып, кім-кімнің де
ағынан жарылып, не істесек ісіміз оңға басатынын айту-
ын сұрасақ, бұл шараның да бір пайдасы тиер ме еді деп
үміттенеміз ғой.
Тап осы әңгіме күн сайын телеэкран мен радиодан бел
гілі бір сағатта жүйелі түрде беріліп тұрса, белді-беделді
газеттердің әр санында бірінші бетінде жарияланып тұрса
және сол әңгімелердің таңдаулы мәтіндері іле-шала бір
баспадан кітап болып көп тиражбен басылып, интернеттен
орын алатын болса деп те қиялдаймыз.
Әрине бұл іс үзіліп қалмай жүйелі түрде жалғасып оты-
руы үшін үкімет деңгейінде қадағалаушы орган ба, комис-
сия ма жасақтаса құба-құп болар еді...
Бұл жұмыс тобы (әзірше солай атай тұрайық) сондай-
ақ күнделікті телеэкраннан көрсетіліп жатқан кино-
теле-мултфильмдермен қатар ұлттық тәрбие ісіне нұқсан
келтіретін немесе ең ілкіалды, ұлттық тәрбие беру ісіне
сөзсіз қолғабыс тигізетін бағдарламаларды байқап, сара-
лап өз тұжырымын беріп отырар еді. Ал мұндай салиха-
лы хабарларды мемлекеттік немесе жекеменшік екеніне
қарамастан барлық телеарналар келесі жұмадан бас
тап қайталап көрсетуге міндетті болса. Әлбетте, ондай
мақтаулы, жеңімпаз бағдарлама әзірлеген телеарна мара-
патталуы тиіс. Бәлкім, қаржылай қолдау көрсетілсе, өзге
телеарналар оны қайталап көрсетуге де мүдделі болары
анық. Телеарналардың бағдарламаларына бұлай көңіл ау-
дарылып, үкімет тарапынан қолдау жасалуы сөз жоқ те-
лемамандарды ынталандырып, құлшындыра түсері дау-
сыз.
Көші-қон мәселесін полицияға бергенше полицияның
бір буынына көші-қон шаруасының қалай жүріп жатқанын
қадағалайтын міндет жүктеу тиімді болар еді.
Жалпы шежірені жинап-құрастырушы да, нақты бір
шежіре туралы пікір айтқысы келетін кісі де өзі кесімді
ойын білдірмес бұрын арғы-бергі шежіре деректерін ой
елегінен өткізіп, толып жатқан деректер мен фактілерді
салалап-салыстырып, әзірлік жұмысын жүргізуі шарт.
Долбармен, мөлшермен, тіпті интуициямен «осылай
шығар-ау» деп, яғни, халық айта беретін «шама-шама
Жарылқасын Нұсқабайұлы
екі қос уыс бір кило» деген қазақы өлшеммен тұспалдай
салуға болмайтыны белгілі.
Әсіресе, бір өңірдің шежіресі мен тарихына ол өлкеге
үш қайнаса сорпасы қосылмайтын және бұл өңірге ат ізін
салмаған азаматтардың білгірсіп, төрелік айтуы әбестік.
Мысалы халық құрмет тұтатын М.Тынышбаевтың шежіре
сінде, бертініректе осы салаға ат басын бұрған екінші да-
рынды ғалымымыз, Сәбең (Мұқанов) жарықтықтың ұлы
Мұраттың тұжырымдарында кісі күлерлік кемшіліктер
кеткен. Өйткені, шежіреге құлағы түрік жүрген қарапайым
Қоңырат перзенттерінің кез келгені бес саусағының атау-
ындай анық айтып беретін деректердің өзін бытыстырып,
шатыстырып, өздері зерттеп отырған объектісінің қадірін
түсіріп, ғылыми еңбегін барынша құнсыздандырған де-
сек, артық айтқанымыз емес. Себебі, дулат атамыздың
тарихын – Дулаттың ұрпағынан, Қоңыраттың шежіресін –
Қоңыраттың өзінен жетік білетіндер жоқ дей салсақ, еш
кім де тонын теріс айналдырып кие қоймас. Өйткені, әр
ру өз аталарын өзгелерден гөрі жыға танитыны құпия
емес. Бұл үшін бірде бір жергілікті шежіреші кітап алып,
энциклопедиялар ақтарып, немесе архив мұраларына
жүгініп жатпайды. Өйткені, бұл мағлұмат олардың сана-
сына туа бітті сіңісті болған. Біте қайнасқан. Ендеше ең
әділ шежіре, ең дәділ шежіре – айлап-жылдап ел аралап,
үйме-үй кіріп, әр әулеттің білгірі – көне көз қариялардан
тіс-тырнақтан жиналған деректер деп білеміз. Оқырман
бауырларымыздың қолына осы жолы ұсынып отырған
шежіреміз нақ осылай Тасполат Сүйінбаев ұйытқы болған
көптеген бауырмал ұл-қыздарымыздың маңдай тері мен
табан ақысынан құралған дүдәмалсыз, ақиқат шежіре де-
сек жарасады.
Әрине «Біткен іске сыншы көп» деп халық бекер айтпа-
са керек. Сондықтан бұл жинақтың да әлі де толықтырып,
нақтылай түсетін тұстары табылатынына күмәніміз жоқ.
Олай дейтініміз – Жетімдер руының шежіресін (1995)
тұңғыш жинақтап, қайта бастырған бауырымыз, Жетісай
өңірінің беделді азаматтарының бірі, журналист Сәрсенбек
Ысқақовтың шежірелерінде, «Қоңыр атты Нағанай» (Бұл
да Сәрсенбектің еңбегі) 1995, «Қоңыраттан Қасайға дейін»
(құрастырған Ш.Шөребеков) 1998, «Қоңырат» (2000 жыл),
Естеліктер
«Үш Арыс ынтымағы» (2000), «Құба жетімдер шежіресі»
(2008).Содан бертініректе бірінен соң бірі іркес-тіркес
шыға бастаған ру шежірелерінің қай-қайсысына да кезінде
өкпе айтып, ұсыныстар жасалғанын, сондай-ақ алғашқы
шежірелер соңғы құрастырушылар үшін, сөз жоқ, үлгі,
негіз, түрткі болғанын мойындай отырып, аталған жинақ
тарды жинап, бастырған шежіреші туыстарымызға алғы
сымыз мол.
С.Ысқақовтың «Қоңыр атты Нағанай» атты кітабында:
«Кейбір деректерге қарағанда қоңыраттар ертеректе... Ала
таудың етегін жайлаған көрінеді. Содан мақсат-мұраты
Алатаудай асқақ қоңыраттар жауға шапқанда «Алатаулап»
шауыпты.
Көп шежіреші – Алатау бүкіл қоңыратқа ұран болған
батыр бабамыздың есімі дегенді айтады. Ұлы жүздің жа-
нысынан шыққан халық ақыны Қазанғап Байболовтың
(1889-1946 ж.ж.) «Есім хан» атты поэмасында қоңыраттан
шыққан Алатау Есім ханның бас батыры ретінде жырла-
нады», − деп ұрымтал дәлелді әдемі көрсеткен. («Қоңыр
атты Нағанай» кітабының 5-беті. 1995 жыл «Рауан» ба-
спасы). Әлбетте, бұл өте құнды дерек. Себебі, әйгілі
ақын архив ақтарып, кітапханада отырмағанымен ел та-
рихына, оның халық дәріптеген Ерлері жайлы ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып, халықтың жадында жатталып кел-
ген кәміл деректерге арқа сүйеп жазғаны күмәнсіз.
Әттең, сол батырдың ерлікке толы өмір жолы зерттел-
мей келеді десек ақиқаттан аттап кеткеніміз болмас.
Өйткені, батыр бабамыз туралы белгілі де талантты ақын-
жазушыларымыз Әнес Сараев, Темірхан Медетбеков сын-
ды азаматтарымыздың аз-кем жазғандары болмаса, терең
қазып, шұқшия зерттеп жүрген кісілер көзімізге түспеді.
Рас, соңғы жылдары Алатау батыр бәлен рудан шыққан
екен, зираты Қызылқұмның бел ортасында тұрған Қарақ
тауының маңында екен деп Қоңырат атаның бір қауым
жұрты өткен жазда ас беріп, құран оқытқанынан ғана ха-
бардармыз. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген
принциппен болса да аруақтарды еске алып, елдің рухын
көтеруге талпыныс жасалғаны құба-құп. Сөйтсе де, әсіресе
Алатаудай айбынды адамның өмір деректерін тиянақтап
қарап, тым құрыса бүкіл қоңырат қауымы бір мәмілеге
Жарылқасын Нұсқабайұлы
келіп барып әрекет етсе, нұр үстіне нұр болмас па еді?..
Әйтпесе, әр ру көрпені өзіне қарай тартып: Әл-Фараби
қыпшақ екен, Бейбарыс кіші жүз екен, Алатау бәлен
екен дей салмай тағы басқа да айтулы тұлғалардың қай-
қайсысына қатысты байламның бәрін тек ғылыми, тарихи
негіздеп алған соң ғана жеті өлшеп, бір кесіп, күмілжімей
анық сөйлесек күдік сейілер еді, күптігей жүрмес едік-ау
деп те ойланамыз.
Мынандай бір жайды айта кетсек артық етпес. Осы-
дан алты-жеті жыл бұрын белгілі музыка зерттеуші,
консерваторияның
профессоры,
домбырашы
Айтжан
Тоқтаған деген жігіт Құрманғазы бабамыздың күйлері
деп танылған 75 күйін нотасымен кітап етіп бастыру үшін
«Білім» баспасына алып келді. Әрине, автормен Құре
кеңнің күйлерінің тарихы, ерекшеліктері, қаншасы қа
шан, қайдан табылғаны турасында әңгімелесіп жүрдік.
Сөзден сөз шығып, бір ұшырасқанымызда: «Айтеке, осы
Алатау күйінің неге бұлай аталғанын білмейсіз бе? Құр
манғазы жарықтық неге бұлай «Алатау» деп ат қойды
екен? Құрекеңнің Алатауды келіп көрмегені ақиқат. Ки-
нодан, телевизордан көрді ме, дей алмайсыз, журналдар
мен кітаптарда басылып жататын әсем суреттерді көретін
де мүмкіндігі болған жоқ. Ендеше мұның сыры неде? −
дегенімізде ол кісі: − Бұл сұраққа берер нақты жауабым
жоқ, − деп шынына көшті.
− Автормен әңгімелесіп отырған кісілердің бірі − «Бі
лім» баспасының директоры, жазушы Жарылқасын Нұсқа
байұлы:
− Ендеше бұл жөнінде біздің құлағымызға тиген бір
аңыз бар еді, − дегені сол еді, Айтжан: − Тым құрыса осы
аңызыңызды студенттерге айта жүрейін, − деп жата жа
бысты.
− Аңыз былай еді.
Ол заманда Астархан, Сарытау (қазіргі Саратов), Орын-
бор, Дөң (Дон) өзенінің өңірін қоса түп-түгел қазақтың
қонысы-тын. Ұланғайыр қазақ даласының қай шетінен
жау тисе де дереу іргелес өзге өңірлерге хабар жеткізу
жазылмаған заңға айналған заман.
Теріскейдегі көршіміздің ылғи да қайталана беретін
кезекті жойқын шабуылына төтеп беруі қиын екенін сезген
Естеліктер
жұрт елдің оңтүстігіне қарай ұласқан жамағатқа: «қалың
елім, қазағым, жау шапты!» деп суыт хабар жібереді.
Көп кешікпей-ақ қиыр Оңтүстіктің Қоңырат руынан
шыққан атышулы Алатау батыры бастаған мол қол кі
дірмей көмекке жетеді де ат құлағында ойнаған жойқын
қарулы мың-мыңдаған шыңдалған сарбаз жауға ес жи
ғызбай бірнеше күнде-ақ түре қуып шығады. Әттең, соңғы
шайқастың бірінде қашқан жауды қуып келе жатқан Ала-
тау батырдың атына оқ тиіп, мертіккенін көрген ызалы
дұшпан қапелімде жаяу қалған Батырға оқты қардай бора-
тып, Алатаудың өзін де майып қылады.
Бірақ тоз-тозы шыққан дұшпан алды-артына қарамай
сол қашқаннан қашып, қарасын көрсетпей кетеді.
Жауды жеңіп, енді қуанышымызды тойлаймыз деп
жігерленіп жүрген Алатау сарбаздары өкініштен еңіреген
де етектері жасқа толады. Батырын арулап жерлеп, еліне
қайтады.
Әне сол заманнан бері Алатау батыр еліміздің батыс
шебіне жауды қия бастырмау үшін Астархан даласында
мәңгілік «күзетте» қалған деседі...
* * *
Бірде ұры, бірде барымташы деген таңба басылып,
«Түрмеден қашып», «кісен ашып» дала тағысындай жал
ғыз жортып жүруді дағдыға айналдырған Құрманғазы ба-
бамыз әрі-берілі өткенде жол үстінде тұратын жұмбақ
бейітке жолаушылар жиі аялдап, тағзым етіп, құран оқып
жатқанын көріп жүрген батыр тұлғалы, өр мінез күйші
бірде белгісіз зираттың тарихын есітеді де жаужүрек, қа
пияда мерт болған батырға жаны ашып, қатты қобалжи
ды. Сол толғанысының әсерімен әйгілі «Алатау» күйін
шығарған екен...
Әңгіменің аяқталуы мұң екен Айтжан домбырашы: −
Жәке, рұқсат берсеңіз мына хикаяңызды шәкірттеріме айта
жүрейін! − дегені.
− Әлбеттте, шындыққа соншалықты жақын емес пе?!
Ендеше бұл аңызды мына шыққалы тұрған кітабыңа жаз
ған алғысөзіңнің соңына қосып берейін, − деді Жәкең.
Қосты да...
Мұны не үшін айтып отырмыз? Аңыз көп. Ақиқат −
Жарылқасын Нұсқабайұлы жалғыз. Ал шындыққа қиянат жүрмейді. Көзің жетпесе, тұжырым жасауға асықпаған жөн. Мысалы, Сәрсенбек ініміз Жетімдердің тегі туралы бір кітабында: «Қара шықтың ханы Бегалы бір жағынан елдің тыныштығын, екінші жағынан өз тағының бекем болуын ойлап, зор лығымен, өктемдігімен Көтенші атанған Тәңірбергенге елді ұстап тұрсын деп қызы Сұқсырханымды әйел үстіне берген екен. Содан Досымқұл туады», − деп байлам жасайды. («Сүйіліш батырдың ұрпақтары» 4-бет). Бірақ осы кітабымен іле-шала шыққан «Қоңыр атты Нағанай» атты кітабында: «Сұқсырханым Бегалының бас уәзірі Атым төреде еді. Бас уәзірдің өзіне қастық ойлай бастағанын сезген хан оны у беріп өлтіреді. Өзіне пана керек болған соң хан қызын елдегі ең құрметті кісілердің бірі, жұртқа сөзі де, өктемдігі де жүретін Тәңірбергенге береді. Сонда іште келген бала Досымқұл еді дейді», − деп көңіліңізді бұза ды. Сәрсенбек өзі айтып отырғанындай бұл пікірді «бір шежірешілерден» көрген-ақ делік. Бірақ соңғы кітабын дағы пікірлерді не үшін беріп отырғанын түсіне алмадық. Егер Сәрсенбектің бұл айтып отырғаны ақиқат болса, (Аталған кітаптың 14-ші бетін қараңыз) жетімдер бірін шіден, қоңыратты былай қойғанда қазақ емес болып шы ғады. Екіншіден, Атым − төре тұқымынан шыққан адам ғана емес, туған қызын алып отырған, әкесіндей адам − ханға опасыздық жасағалы жүрген алаяқ емес пе?! «Сонда біз кімнің ұрпағы болмақпыз?» деп неге ойланбады, деп уайым шеккенімізді жасырмаймыз. Қазақ: «Ойын түбінен − от шағады» демекші, ойламай сөйлеген опық жейді демей ме? Мұнысы ұят-ақ болған екен... Біздің пайымдауымызша «Шежіре» сияқты бәлен рудың ортақ мұрасы болып табылатын қастерлі де кірпияз нәрсеге көзің анық жетпеген екіұшты, дүдәмал пікірлерге сілтеме жасап, күдік, күмән туғызудың реті жоқ. Өйткені, бұл кітап көптің мүддесін күйттеп, реті болғанынша ағайынның даңқын асырып, ата-бабамыздың атына кір келтірмеудің қамын ойлануға жетелейтін жинақ болуы тиіс деп үміттенеміз. Ал С.Ысқақов Тәңірберген бабамызды: «зорлығымен, өктемдігімен көтенші атанған Тәңірберген» деп сипаттауы обал сияқтанады. Өйткені, келесі кітабында: сол Тәңір
Естеліктер
бергенді: «елдегі ең құрметті кісілердің бірі, жұртқа сөзі
де, өктемдігі де жүретін Тәңірберген», − деп мадақтайды.
Өткен тарихымызға, ондағы тарихи тұлғаларға баға бер-
генде барынша абай болу қажет-ау дейтініміз осындай
кереғар пікірлерді көргеннен кейін туып отыр...
Ал әрине, көпшілікке Сіз бен біздің «Қара аспанды суға
алдырып отырған» өйтпесе қайтер еді, бүйтпесе қайтер
еді дей беретін болжам, тұспалымыз емес, әр рудың, әр
шаңырақтың өз ата-бабасының нақты өрбіп, өскен желісін
дәл тауып, ақиқатқа күмәнсіз көз жеткізгені қымбат. Соған
мүдделі, соған талпынады.
Ал ондай нақтылыққа неғұрлым тура да төте жол тау-
ып, көңілден кетіп көміскіріңкіреген сүрлеулерді айқындай
түсуге барын салып қызмет еткен бауырларымыздың
ішінен, әсіресе, Түркістан телеарнасы басшысының, Мұрат
Бекбаевтың жанашырлығын, бауырмалдығы мен жомар
тығын, Әбдібек Бимендиев ініміздің де көмек қолын со
зуға әзір тұратын парасатын бөлек атап айтуды орынды
көріп отырмыз. Ағайынның ауызбірлігі мен ынтымағын
күшейтіп, бір-біріне деген мейірімін оятатын да әр
азаматтың осындай кісілік, қайырымдылық, тазалық бітімі
болар деп қуанамыз.
Намыс
Абырой мен намыс сенің ұлтыңа, ұлысыңа, саясатыңа
тәуелді емес. Ол – жалпы адамзатқа ортақ қасиет. Заң өзге
рер, бәлкім, заман да құбылар. Бірақ, адамшылық өлшемі
мызғымайды.
Мынандай бір жайды айта кеткеніміздің артықтығы
жоқ сияқты.
Оқулық авторларының бірі, байырғы баспагер, кітап
ты шығарып отырған баспаның директоры, жазушы Жа
рылқасын Нұсқабайұлы Кеңес дәуірі жылдарында Мәс
кеуде өткен халықаралық кітап жәрмеңкесіне қатысып
болған соң, қаладан алпыс шақырымдай жерде орналасқан
аэропортқа ертерек жетіп, елге қайтудың қамын жасай
беру үшін таксиге мініп, жолға шығады. Қаланың оңтүстік
қапталын тұтып жатқан ойдым-ойдым тоғай арасымен
салынған қасқа жол апшысын қуырып, зымырап келе
жатқан жүрдек көлік асфальттың екі бүйірінен қыса түскен
қос төбенің бірін бөктерлеп орай бергенде кілт тоқтай
қалады.
Қапелімде неге кідіргенін білмеген жүргіншілер жалма-
жан көліктерінен түсіп, у-ду. Сөйтсе, ерсілі-қарсылы ағы
лып жатқан машиналардың жолында әлденеше машина
қағысып, тоқайласып қалған екен. Жолды бөгеген көлік
терді МАИ қызметкерлері келіп жеткенше орындары-
нан қозғауға рұқсат жоқ. Қапелімде қарасы көбейе қалған
жолаушылар «енді қашан жүреміз?» дегендей ренішпен
қол сағаттарына қарап, бастарын шайқап, әбігерге түсті.
Солардың бірі – біздің жерлесіміз де өзі Алматыға ұшатын
ұшағының уақыты тақаған сайын дегбірсізденіп тұр.
Тосыннан тап болған кедіргіні автоинспекция қызмет
керлері әупірімдеп жүріп әлден уақытты жойып, жүруге
болады деген белгі беруі мұң екен ауыздығымен алы-
Естеліктер
сып, жер тарпып тұрған бәйге аттарындай ыршып түскен
жүрдек машиналар екі жаққа жапа тармағай ағылды-ай
дерсің...
Екі сағаттай жолда бөгеліп, аэропортқа әзер жеткен жо-
лаушымыз жүгіре басып ұшаққа отырғызатын бөлікке қа
рай ұмтылды.
Бірақ, Алматы ұшағына отыратын жолаушылар түз-
түгел тіркеуден өтіп қойған екен. Мәскеуге бірге ұшып
келіп, енді бірге қайтулары тиіс сапарластары:
– Ойбай, Жәке-ау, қайда жүрсің?! Неге осыншама ке
шіктің? – деп бәйек болып жатыр.
– Ой, сендер сұрамаңдар, мен де қазір айтпай-ақ қоя
йын. Сосын естірсіңдер себебін. Ал, жолдарың болсын,
Алматыда мені сұраушылар ұшырасса, аман-есендігімді
айтарсыңдар. Келесі ұшақпен барамын, – дейді жолынан
қалған жолаушымыз мұңайып.
«Жетім қозы тас бауыр, түңілер де отығар» деген мәтел
бар халқымызда. Сол айтпақшы анау ұшқалы тұрған нән
ұшақтан үмітін үзген жолаушымыз касса жағалап, өзімен
сөйлесіп, қол ұшын беруге бейім адам іздеп, енді бірер
сағаттан соң ұшатын келесі ұшақтан қалмаудың әрекетіне
кірісті.
Құдай оңдағанда пішіні тау халықтарының өкілдеріне
ұқсастау қоңырқай түсті жас жігіт біздің танысымыздың
ебіл-дебілі шығып, әркімге бір барып, бір жағдайды сұрап
жүргенін аңғарса керек:
– Ағасы, не мұқтажыңыз бар еді? – демесі бар ма?
Мына жүзі жылы жігіттің бұл сұрағы жолынан қалып,
сарсаң күйге түсіп тұрған кісіге:
– Сізге Алматыға баратын билет керек емес пе? – деген-
дей әсер етіп еді.
Жауапты сөзін «иә, иә – деп бастаған жолаушымыз ба
ғанадан бері көрген тәшпішін бас аяғы төрт-бес минуттың
ішінде айтып берді де:
– Айналайын, мүмкіндігің болса, көмектесе қойшы. Ең
бегіңнің өтеуін берейін. Ақшалай бер десең, ақшамен не
месе шабаданымда арақ-шарап, тіске басар да бар, – деді.
– Ағасы, ол жағын сізбен келісе жатармыз. Маған енді
құжатыңызды, әлгі ұшақтың билетін беріңіз. Тырысып
көрейін, – деп бейтаныс жігіт қожабауырым болып жатыр.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Әр кассаға бір барып, сыбырласып жүрген жаңа танысы
көп ұзамай-ақ қайтып келді.
– Міне, мынау билетіңіз, мынау қол жүктеріңізге бай-
лайтын белгілер (биркалар), – деп қолындағы қағаздарын
жолаушыға ұстатты да асығыс кетуге бет бұрды. Мұны
сезе қалған жолаушымыз:
– Әй, қалқам, әлгі өзіңе уәде еткен нәрселерімді қалай
беремін? – деп қалбалақтап өзінің екі қалтасын сыртынан
ұстай алды.
– Оны сосын-сосын... Енді Алматыға ұшатын жолаушы-
ларды шығарып салатын орынға бара беріңіз. Мен де сонда
боламын, – деген сөздерді асығып-үсігіп айтқан жас жігіт
жүгіре басып кетіп қалды.
Жолаушымыз – Жарылқасын Нұсқабайұлының ұшу
алаңындағы ұшақтардың қайсысы Алматыға ұшатын
ұшақ екенін аңғара алмай терезеден телміріп тұрғанына
да бір сағаттай уақыт өтіп те кетті. Өзіне қол ұшын бер-
ген жігіттің келер түрі жоқ. Кетіп қалайын десе ұят.
Өлердегі сөзін айтып алдырып еді мына ұшаққа билетті.
«Өлімнен ұят күшті» дейді ғой халық. Олай етсе, бұл жігіт
адамға деген сенімін жоғалтады ғой деп те бір ойлады. Со-
сын ол бұдан былай аэропорттан өткенге де, кеткенге де:
«Өй, қазағың құрысын. Өткенде бір үп-үлкен, шашына ақ
жүгіріп қалған қазақ мені алдап отырғызып кетті. Білемін,
мен ол қазақтарыңды» дейді де отырар. «Қой, тағы біраз,
тағы кішкене күтейін мен» деп, екі көзі төрт болып тұрысы
мынау. Енді уақыттың мүлдем қалмағанын ұққан Жәкең
билет әперген жігітке беремін деген ақшасын алып, қолы
на ұстап тұрғаны сол-ақ еді, аэропорттың қызмет форма
сын киген әйел келді де тұрған жолаушыларға қарап:
– Араларыңызда Алматыға ұшқалы тұрған кісі бар ма?! –
демесі бар ма?!
– Иә, мен Алматыға ұшатын, – деп Жәкең жоқ іздеушіге
қарай ұмтылды.
– Ойбай-ау, Сіз қайда жүрсіз? Сізді анау самолет жақ
тағылар таба алмай жатыр ғой! Жүріңіз тез! – деп бұйыра
сөйледі орыс қызы.
«Жаппар құлда жан бар ма?» демекші, қыс ауасында
қалыңырақ киініп алған Жәкең қорбаңдап ұшақ қайдасың
деп ұшаққа қарай жүгірсін. Әне, ұшақты көріп-ақ келеді.
Естеліктер
Сөйтсе де жете алар емес. Үстіндегі киіміне қолындағы
ауыртпақ байлағандай ауыр шабаданы қосылып, жүгіріп
келемін дегені болмаса, бір басқан қадамы кері кетіп,
ілгерілемей-ақ қойды.
«Қап! Енді жеттім-ау» дегенде ұшақтың қу баспалдағы
шегініп ақ кеткені! Қолын бұлғап, айқайға басып, жандәр
менімен алға ұмтылғаны еш болды!
– Қап, қап! – деді енді не істерін білмей дал болған жо-
лаушымыз. – Екіншісінен де қалғанымды қарашы!
Сөйткенше болмады, күні бойы өзі күтіп сарсылған
жігіт те жүгіріп алдынан шықты, оның да жүзінде реніш:
– Ағасы-ау, қайда жоғалып кеттің!? Самолетің тағы да
ұшып кетті ғой! – деп налып тұр.
– «Міне, саған мынаны беріп кетейін деп, өзің тос деген
жерде тұрғаным жоқ па? Міне!»
Жәкең сөйтті де алақанын ашып еді, көмек қолын соз
ған жігітке бермекші болған ақшалары тер мен қысымға
шыдамай шиыршықталып, ұмар-жұмары шығыпты.
Кінәрат өзінен болғанын ұққан жас жігіт дереу келіп,
Жәкеңді құшақтап, арқасынан қақты. Қолындағы жүгін
алып, кешірім сұрады:
– Мен Сізді ұшаққа келе беретін шығар деп осы жер-
ден күтіп едім. Жүріңіз, бір мәнісін табармыз, – деп қол
жүгін үнсіз жүретін арбасына салып, аэропорт үйіне қарай
беттеді.
Аэровокзалдың бастығы отыратын кабинеттің кіребері
сі ығы-жығы адам. Біздің жол қиындығына ұшырап келе
жатқан кісімізді сыртта қалдырып, оның жаңағы ұшақ
тан қалған ескі билеттері мен куәліктерін алып, әлгі жігіт
бастыққа кіріп кетті. Іштегілердің дабыр-дұбыр әңгіме
лесіп, әлденеге күлгендері болмаса анық не айтып жат
қандарын аңғару қиын.
Әлден уақытта іштен қапсағай денелі, шашы бурыл
тартқан, кескінді жігіт ағасы шығып:
– Қане, қайда біздің Геройымыз? – деп бөлмедегілерге
айнала қарады да, көзі Жәкеңе тоқтағанда қолын созып,
амандасуға ыңғай танытты.
– Сіз біздің аэропорт қызметкерлеріне әдемі өнеге көр
сетіп, тәрбие жұмысын жүргізгеніңіз үшін шын жүре
гімнен алғысымды айтуға міндеттімін! Еліміздің әрбір
Жарылқасын Нұсқабайұлы
азаматы өз елі мен өз ұлтының абырой-намысын тап Сіз
сияқты қастерлеп, өзі қысталаң күйге тап болып тұр
са да Сіз сияқты қорғай білсе, біздің Одағымыз мыз
ғымайтынына кәміл сенемін!
Ал, мынау Сіздің келесі ұшаққа мінетін билетіңіз. Сізге
разы болғанымыз соншалық ескі билетіңізді ауысты-
рып, Ил-86, лайнеріне отырғызатын болдық. Ал, жолыңыз
болсын! Еліңізге сәлем айтыңыз! – деп Жәкеңнің қолын
қайта-қайта қысып: – Бұл жолы ұшақтан қалмайсыз. Сізді
біздің мына жігіттеріміз өз қолдарымен мінгізіп салады,
Халқының қамын ойлап, жоғын жоқтаған адамның ылғи
да жолы болады! – деп хош айтысты.
«Ил-86» ауа райының қас-қабағына қарамай, үш сағатта
Алматы аэропортына келіп қонды.
Вокзал ішінде ине шаншар жер жоқ. Сөйтсе, сол күні
Мәскеуден Алматыға ұшқан ұшақтардың бірде бірі ауа
райының қырсығынан ұшып жете алмай бірі – Балқашқа,
екіншісі – Ақтөбеге қонып, аялдаған екен. Мұны естіген
Жәкең манағы Мәскеу аэропорты бастығының: «Халқы
ның қамын ойлап, жоғын, жоқтаған адамның ылғи да
жолы болады!» – деген сөздерін іштей қайталай берді...
«Әдептің ауылы алыс па?»
кітабынан. 20011ж. Алматы.
Өзекең ондай жандарды
жазбай танитын
Ауруханаға түскеніме бірнеше күн болып қалған. Еп-
теп ес жиып, кешкі салқында сыртқа шығып аурухананың
ауласында әрілі-берілі жүріп, сергуді әдетке айналдыра
бастағам. Ол күні де кешқұрым көңіл сұрап келген бала-
шағамды есіктің сыртына шығарып салып, жатын орны-
ма қарай беттедім. Күн едәуір салқын тартып қалыпты.
Сәл-пәл желкем бар ма, қалай. «Сыртта аз-кем шамал-
дап кідірсем бе екем, әлде ішке кіре берейін бе?», – деп
ойланыңқырап жан-жағыма қарасам, анау төменіректегі
есік жақтан бері қарап тұрған кісіні Қадырға (Мырза-Әли)
ұқсаттым да баспалдақпен солай қарай ылдилай бердім.
Бес-он қадам жүрген соң анық көзім жетті – Қадекең екен.
Ол кісі де мені шырамытты білем, маған қарай жылжи түсті.
Ықыласпен қызу амандық-саулық сұрасып болғанда:
– Қадеке, Сізді тонадайдан танығанымды байқадыңыз
ба? – дедім әңгімені әдейі әзілге бұрып.
– Е, мендей таудай адамды танымағанда! – деп әзіліме
әзілмен жауап берді. Әр сөзі шегедей, бұрынғыдай.
– Ойпырай, бір қалада тұрып, қаншама уақыт ұшы
распай жүре береміз, ә? Қанша жыл болды көріспегені
мізге? – деп бас-аяғымды барлап жатыр.
– Төрт-бес жыл болып қалды-ау, Қадеке.
– Иә, иә. Оның бір себебі, өзің білесің, мен жиын-той
лардан қашамын. Одан да жұмыс істегенім артық деп есеп
теймін.
– Ал сен де көп көзге түспейсің ғой. Соған қарағанда
сірә, сенің де өте бір зәру шаруаларың болуы керек деп
ойлаймын. Бостекі жүрістің адамы емес екеніңді сезем.
(Екеуміз де күлдік).
Сосын әңгіме алуан тақырыпқа ауысты. Өзінің 20 том
дығын әзірлеп қойғанын, қай кітаптарын қалай жазғанын,
Жарылқасын Нұсқабайұлы
көптомдықтардың ішінде түкке керегі жоқ нәрселер көп
болатынын әңгіме қылды. Мақал-мәтелдерінің тағы бір
томы әзір болғанын айтты.
– Тұманбай екеуміз құрдаспыз, – деді енді. – Екеуміздің
арамызда екі-үш ай айырма бар. Мен үлкенмін. Соны
Тұманбай мойындағысы келмей әйтеуір, әзілге жеңдіріп,
сүйрете берген соң бір күні оған арнап өлең жаздым да ба-
стырдым. Тұманбай оқыса, не дер екен деп күнде күтумен
жүрем. Ал Тұманбай апта үндемейді, ай үндемейді, жыл
үндемеді. «Е, оқымаған шығар» деп қойғам. Үш жыл өт
кенде Тұмашым: « – Сенің ана өлеңіңді оқығам», – деп тұр.
Есімнен шығып кеткен екен.
– Қай өлеңімді? – дедім.
– Әлгі Абай мен арамызда дана жоқ дейтініңді, – деді.
Ол өзін мықты санайды ғой. Әрі менен кіші де болғысы
келмейді. Сосын әдейі: «Абай мен арамызда дана жоқ» де-
гем. Содан соң ғана кішілігін мойындауға мәжбүр болды!
– деп мені құшақтап, ішек-сілесі қатқанша күлді.
– Е, қайтсін, Сізден үлкенмін дегенді қоймаса, Тұмағаң
кішілігін мойындамай «Дана еместігін» мойындағаны бо-
лады ғой онда!
– Менің құрып тұрған тұзағым да сол ғой!
Ал кеп күлейік екеуміз.
Қадекеңнің менімен қатар жүргендегі әдеті: не сені қол
тықтап алады немесе иығыңа қолын салып жүреді. Бүгін
де сөйтті. Ықыласының көрінісі шығар деп жоримын.
Бір сәт әңгіме Өзекеңе, Жәнібековке тірелді. Екеуміздің
пікіріміз үйлесті. Ілтипатымыз ұқсас екен. Мен ол кісінің
5-6 кітабын шығарғанымды айттым.
– Сендер сияқты жұртқа істеген қаншама жақсылық
тары көрінбейтін, бірақ сонысын ешкім ескермейтін де,
есепке алмайтын кісілер бар. Әйтпесе біреу бір кітабыңды
шығарып берсе де, өл-өлгенше ұмытасың ба?! – деп маған
қарап, рахаттана күлді Қадағам. Мен де ұқтым. Мұнысы:
«Сен менің кітабымды шығарған жақсымсың ғой» дегені
деп білдім. Қадыр ағам сөзінің арасына үзіліс жасамай
әңгімесін әрі жалғап кетті. – Өзекең – адал, кісі танитын,
өте еңбекқор, халыққа жаны ашитын адам еді ғой. Қонаев
ұстамды кісі болатын. Неге бұл кісіні солай шеттеткенін
түсінбедім. Торғайға жіберу мәдениет министрінің орын-
басары (облыстық атқару комитеті бастығының орын-
Естеліктер
басары деп мен қосып қойдым), соның қай-қайсысы да
Өзекеңдей адамдар үшін қорлау.
... Соңғы Жоғарғы кеңеске депутат болып жүргенінде:
– Сені Орал облыстық атқару комитетіне басшы етіп
жіберу керек деген ұсыныс айтқалы жүрмін дегені, – деді
Қадекең. Ал мен Өзекеңе: – Мұндай ұсынысты баяғыда
жасауыңыз керек еді ғой, – дедім. Маған өзі іш тартты.
Комсомол сыйлығын да Өзекеңнің қолынан алғанмын.
Анатолий Молодов екеуміз. Сен білесің ғой, Молодовты?!
Басымды изедім. Сосын:
– Анатолий Молодов туралы бір деталь есіме түсті, – де
дім. «Е, айта ғой» дегендей маған бұрылып, әңгімемді тосты.
– Өзекеңнің «Тағдыр тағылымы» атты екі томдығын
шығарғанбыз, тұсаукесерін Өзекеңнің өзі «Ғалымдар үйі
нің» көгеріш өскен залында өткізіп жатқан. Өзекең 4-5 ми-
нут тұрып сөйлегенге шаршаңқырап, сол жерге орындық
алдырып отырып қалды. Өте жүдеу еді. Жиналғандар
байқаймын, түгел жаны ашып, уайымдап тұр. Сонда ғой
Шерағаңның: – «Орыс жазушылары түз-түгел «Гогольдің
шинелінен» шыққанбыз дейтіні сияқты, қазіргі жазушы-
лар мен мәдениет қайраткерлері, ірілі-ұсақты көсемдер,
тіпті Назарбаевтың өзі де осы кісінің шинелінен шықтық.
Олай емес десе, Назарбаевтың ары білсін» дейтіні сол күні.
Жиын аяқталған соң жиналған топтың бір бөлігі есік ал-
дына шығып, Өзекеңді көлігіне мінгізіп, шығарып сал-
ды. Көбі, қол бұлғап жатыр. Бір кез қабатымда тұрған
А.Молодов кері бұрылып, маған қарап еді, екі көзінен жасы
сорғалап тұр екен. «Өз көзімді қайтсем екем суланған»
деп Әбділда ақын айтқандай, менің де көзім сау емесін
көрген және бағанадан бері Өзекеңді сүйемелдеп, қасында
жүргенімді байқаған болуы керек Анатолий жай келіп мені
бауырына басты. Сосын: «Наверное больше мы его не уви-
дим...» деп көзін сүртті де Өзекеңнің бара жатқан көлігінің
артынан телміре қарап тұрып қалды.
Бұл Өзағаңның жұрт алдына шыққан соңғы жиыны
екенін бәріміз де іштей түсініп, іштегі өкінішімізді баса
алмай тұрдық.
– Иә, Анатолий қазақ өнері мен оның қайраткерлерін
жақсы көретін, жақсы білетін, сол өнерге риясыз қызмет
еткен орыстардың бірі, – деді Қадағам. Мен басымды тағы
изедім. − Өзекең ондай жандарды жазбай танитын еді...
Адамдықтың өлшемі
Біз, Кеңес екеуміз Шәкеңмен ауылдаспыз.
Құдайдың берген мінезі ғой, жұрт қанша жерден ай-
тып, жазып жатса да өзімнің көкейіме қонбаған сөзді еш
қабылдай алмаймын. Мысалы, жерлес деген жасанды сөзді
алайықшы. Бір ауылда, бір ауданда, бір облыста тусаң не-
месе тұрсаң сені жерлес деп атайды. Ал Қазақстанда бірге
тұратындар да жерлес емес пе? Тіпті, бүкіл Жер бетінде
бірге тұратын адамдар бәрі де жерлес қой...
Бұрынғы қазақтардың лексиконында мұндай сөз болып
па еді?
Орыстың “земляк” деген сөзіне балама ретінде калька
етіп аудара салған нәрсе ғой. Әттең, тілімізге сіңіп кетті.
Лаж жоқ...
Немесе дүкен сөзін алайық. Бұл да сондай жарымжан
сөздердің біреуі. Әйтпесе, бұрын дүкен деп ауылдардағы
темір соғатын шеберхананы айтатын.
Мысалы, біз сөз етіп отырған Шәмші Қалдаяқовтың
әкесі Оңтүстік Қазақстан облысындағы “Темір” совхозын-
да темір ұстасы, яғни дүкенші болып жұмыс істеген кісі.
Сондай-ақ, көрші деген сөз де орынсыз алынған,
бейжағым сөздердің бірі. Яғни, іргелес, ауылдас отырған
біреудің кісісі өлсе көрге көмісетін адам деген сөз. Мұны
қалай қабылдауға болады?!
Жә, әуелгі бастаған әңгімеміздің желісіне оралайын.
Шәмшімен ауылдас едік дедім ғой. Баршаға мейірбан,
кішіпейіл Шәкең біздерді әрі, ауылдас інілері деп есептеп,
кездесе қалған жерде аман-саулықтан соң:
– Әй, сендер неге хабарсыз кеттіңдер? Үйге келсең
дерші. Келіп, бір шәй-пай ішіп дегендей, – деп қосып қояр
еді.
Бұл Шәкеңнің абырой-даңқы мүлдем аспандап, әндері
Естеліктер
бүкіл қазақ даласын тербетіп тұрған 1960-1965 жылдардың
аралығы.
Кеңес екеуміз де студентпіз. ҚазГУ-де бірге оқимыз. Ке
ңес – биология факультетінде, мен – филологияда. Кеңес
деп отырғаным – ірі ғалым Кеңес Исаев. Әлденеше универ
ситеттің құрметті профессоры болған, елге танымал азамат.
Мектепте бір класта оқыған кәнігі доспыз. Алматыда
да жиі ұшырасамыз. Жолыққан сайын қайталап айтатын
сүр болған бір әңгімеміз бар. Ол – Шәмшінің үйіне кіріп
шықпағанымыз.
“Стипендия алған күні барып шығайық”, – деп уәде
лесеміз. Себебі, басы артық ақшамыз бола бермейді. Сти-
пендия алған күні бармақшы болып жүргеніміз – құры қол
бармау.
Ақыры реті 1963 жылдың қысында келді. Шәкең Сей-
фуллин көшесінің бойында орналасқан бір барак тектес
үйде пәтерде тұратын.
Магазиннен ішетін, тіске басатын бірдемелер алып,
қойынға тығып, апақ-сапақта 30-шы автобуспен Шәмшінің
үйі қайдасың деп тартып отырдық.
Кеңес әдетінше тап-тұйнақтай киініп алыпты. Өзі бала
күнінен үнемі жинақы, таза киініп жүретін. Мен де барым-
ды үтіктеп, киіп шыққанмын. Қалжың айтпай жүрмейтін
әдетіне басып: – Екеумізді тап қазір біреулер көрсе, қыз
алып қашуға бара жатыр деп ойлайтыны сөзсіз, – деп кеңк-
кеңк күлді, Кеңес.
– Несі бар жас емеспіз, – дедім мен де күліп.
– Мен үйленсем күйеу жолдас боласың. Осы бастан
дайындала бер.
– Мен әзірмін! – дедім қолымды шекеме апарып.
– Өмір бойы әскерден қашып жүріп честь бергенді қай
дан үйренгенсің?! – деп тағы қағытты. Бұл жолы екеуміз
қосыла күлдік. Менің кезінде армияға бармаудың амалын
істеп, біраз бұлтақтағаным растын. Кеңес соны айтып,
шымшып келеді.
Шәкең үйінде болып шықты. Еденіне тұтас алаша, киіз
төсеп тастаған үлкен бөлмеде “түйе” болып, баласын арқа
сына мінгізіп, ойнатып жүр екен. Амандаса кіріп келген
бізді көріп, арқасындағы баласын түсіруге әрекет ете бас
тады.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Әй, ақымақ, түс енді. Көкелерің келді. Түс, – деп кеу
десін көтеріп, тізерлеп отырды. Баланың түскісі жоқ. “Шу-
шу!” – деп итеңдеп қояр емес.
– Қой, қане, түсе ғой. Көкелерден ұят болады, – деп
бұл жолы балаға өктемдеу сөйлеп, түсіріп, бізге қолын
созды.
Жатақхананың құрқылтайдың ұясындай кішкене бөл
месінде бес-алты студент үйме-жүйме жатып дағдыланған
бізге Шәкеңнің бөлмесі ат шаптырым жердей кең көрінді.
Тап-тұйнақтай жинаулы бөлмеде жиһаз жоқ. Жеңгеміз
жерге төсеген көрпешелерге жайғастық.
– Әй, бәйбіше, мына қайныларыңа шәйіңді қой, қойың
ды сой!
Көрпешеге өзі де жайғасып, қуақылана қалжыңдап жа-
тыр.
Аман-саулығымызды, оқуымыздың жайын білген соң
Кеңес екеуі ауылындағы ортақ таныстары туралы (екеуі
бір совхоздан еді) сөйлесіп кетті.
Дастархан жайылып, шәй да келді. Атағы жер жарып
тұрған ағамыздың дастарханы жұтаңдау. Соны Кеңес те
сезді де тез орнынан тұрып, киім ілгіштегі киімдеріміздің
қалтасынан өзіміз алып келген бірі – сиыр етінен, екінші
сі – балықтан жасалған екі консерві банкісі мен бір шиша
арақты әкеліп, дастарханға қойды.
– Кеңесжан, мына “байлық” сендердің қолдарыңа қай
дан түсіп жүр?!– дастарханның шетінен орын алған шөл
мекті иегімен нұсқап, Шәкең қуақылана күлді.
– Небір байдың да, жомарттың да даңқы Сізден аспаған
шығар, Шәке! Сіздей кісінің інілері үшін... – дей беріп едік,
Шәкең сөзімізді бөлді.
– Мен елдің қошеметі, мына сендердің құрметтеріңнің
арқасында жаныммен, сол жанымды тербеген әніммен
баймын. Қане, алып жіберіңдер.
Шәкең алдындағы арақ құйылған рюмканы жеңгемізге
қарай жылжытты.
– Мен үшін бүгін жеңгелерің ішеді. Жұмыс істеп жүр
едім. Қазір пауза, творчестволық паузадамын,– деп сұқ
саусағын жоғары көтерді.
– Ендеше, – деп Кеңес Шәмшіге қолқа салды. – Сіз
жаңа шығарған әндеріңіздің бірін айтып беріңіз. Осы әнді
Естеліктер
Шәмші ағамыздың өз аузынан тұңғыш біз естіп едік, деп
мақтанып жүрейік.
Шәкең іргеде сүйеулі тұрған домбырасын ба, жоқ әлде
өзі шебер тартатын мандолинін бе іздегендей екі жағына
кезек бұрылып:
– Бұл үйде бүгін оқтаудан өзге ештеңе жоқ-ау, сірә! –
деп ақталып жатыр.
– Мандолиніңіз бар емес пе? – деді Шәкеңнің мандо
линнің құлағында ойнайтынын білетін Кеңес.
– Өткенде бір кісілер қолқалаған соң “Қазақстан” қонақ
үйіне апарып едім. Содан күндіз – ерте қайтпаймын. Түнде –
сау қайтпаймын, – деп Шәкең інілерінің өтінішінен әзіл
мен құтылды.
– Шәке, – деді сонда Кеңес, – бұл дүниеден сіз де өтер
сіз, біз де кетерміз. Мәңгілік ештеңе жоқ қой. Сізден – ән
қалады, бізден сол ән иесі туралы сөз қалмай ма? Бүгінгі
кездесуіміздің әні болмаса да мәні болсын. Әңгіме айты
ңыз.
– Кеңес төрем, сендерді мен әлі кішкентай көріп жүру
ші ем. Есейіп, ес тоқтатып қалған екенсіңдер. Ағаларыңды
қадірлеп, сәлемдесуге келгендеріңе рахмет.
Абай жарықтық айтпап па еді: “Әннің де естісі бар,
есері бар”, – деп. Тыңдаушың да сондай ғой. Ылайым есті
тыңдаушыларымыз көп болсын. Жұрт сенің өнеріңнің
қадіріне, өнерің арқылы өзіңнің қадіріңе жетпесе аяқасты
боласын. Содан сақтасын.
Ал ауылдас ағамыз еді деп қошемет көрсетіп келген
деріңе разымын. Тірі болсақ сендерді де бір-бір биіктен
көргім келеді...
Екі дос қош айтысып сыртқа шықтық. Жапалақтап
баяу жауған ұлпа қарды қатар кешіп, автобус аялдамасына
қарай келеміз.Үнсіздікті Кеңес бұзды.
– Шіркін, Шәкең ақылды, адал адам ғой, – деді. Компо
зиторлығын айтқан жоқ.
Адамдықтың өлшемі – адалдық екенін айтты. Мен үнсіз
басымды изедім. Қайран Шәкең сол өлшеммен өмір сүріп
еді...
(«Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған»
Шәмші Қалдаяқов туралы естеліктер жинағынан)
Мен Ғабеңнің арқасын
қалай ыстым?
Ол кез – Алматыдағы «Арасан» комплексі әлі салынба
ған, қала тұрғындарының астанадағы кіші-гірім моншалар
ға ғана барып, жуынып-шайынатын, қазіргідей саунадан
сауна таңдап, монша атаулыңды менсінбейтін заман емес.
Көпшілік – көмпіс дәуір. «Барымен – базар» деген қағиданы
қанағат тұтып, қоңыртөбел тұрмысты мықтап мойындап,
одан артықты іздеп, алаң болмайтын, яғни барша жұрт тең
провалы ғана емес, мүмкіндіктері де теңестірілген, біреу
ден біреу артық болуды көксей бермейтін, ынсапшыл
қоғам-тын. Кісіні менсінбей кердең басу, кесір сөйлеу аты-
мен жоқ; жас та, жасамыс та әдепті көрінуге қам жасайтын
қоғамның тұсы. Адамның қадірі бар: сенің еткен еңбегіңе,
халыққа көрсеткен қызметіңе қарай бағалайтын және әркім
сол бағаның парқын білетін, яғни қазан төңкерісінен бері
қарай өткен небір зұлмат жылдарды басынан кешірген,
толарсақтан қан кешіп, қаншама асылы мен ардақтысынан
ажырап, шерменде күйде өксігін баса алмай өскен, аштық
пен азаптың, қуғын-сүргіннің адамның ақылына сыймай-
тын айла-амалдарын көрген ұрпақ еңсесін енді ғана көтере
бастаған еліміздің өмірінде іске асып жатқан жылт еткен
жақсылықтың өзіне теңдей қуана білетін, игі жақсыларын
әспеттеп, лайықты қошемет көрсете жүретін ұрпақтың
төрт көзі түгел кезең еді-ау деп ойланамыз. Ең бастысы –
адамның қадірі түспеген дәурен еді.
Әдебиетіміздің ақсақалдары – Мұхтар Әуезовке, Ғабит
Мүсіреповке, Сәбит Мұқанов пен Ғабидин Мұстафиндей
саңлақтарымызға ертегінің ерлеріндей таңдана, таңырқай
қарайтынбыз. Көшеде бетпе-бет келіп қалсақ қолын алған
ды, жиын-тойларда дауыстарын естіп, сөздерін тыңдай
қалсақ, оны да мәртебе көретінбіз.
Міне, осы жылдардың бірінде бұрынғы Октябрь, қазір
Естеліктер
гі Әйтеке би көшесі мен Дзержинский (Наурызбай) көше
лерінің қиылысынан сәл шығысқа таман салынған көп
қабатты тұрғын үйдің астынан ашылған жаңа моншаға
түс мезгілінде бара қалмаймын ба? Әдеттегідей біреу
киініп, біреу шешініп, моншаның іші абыр-сабыр. Ыстық
буға көбірек булыққан бәз біреулер қызара бөртіп, есіктің
нақ алдына жайғасыпты. Сірә, іштегі ыстық пен дымқыл
ауа екі жақтап шыдатпаған соң салқын леп іздеп кел-
ген қалалықтарды көргенде біздің елімізде әр көктем сай-
ын Сырдария тасып, сай-сала, арық-атызды лық толты-
рып тастаған соң күн ыси келе тасыған су тартылып,
көлтабандар мен шүңеттердегі сарқынды суда қалған
балық атаулы түс мезгілінде мүлдем жылып кеткен тай-
ыз суда пайыз таппаған соң судан тұмсықтарын шығарып,
ауыздарын ашып-жауып жан сауғалап жатқан шүпірлеген
балықтар ойыма түсе кеткені...
Бос кабинаның біріне шешініп, жуыну залы қайдасың
деп сидаңдап жүріп келемін. Әуретімізді қолымыздағы
жуынатын жаммен көлегейлеген күйі сәкі-сәкінің арасы-
мен бос орын іздеп адақтап жүргенімде терезеге тақау жер-
де бір-екі орын бос тұрған сияқтанды. Бірінде шылапшын,
сабын сияқты жуынуға қажетті заттар жатқаны болмаса,
ол жер де иесіз сияқтанған соң қатарлас орынға жайғасқан
кісіден:
− Мына орындар бос па екен? – деп сұрағаным сол еді,
жон арқасына дейін тұтас жүн басқан жуан қара: − Иесі
болса көрерсің. Отыра бер! – деп дүңк еткізгенін демеу
көріп, қолымдағы керек-жарағымды дереу жайғастырып,
мен де жуынуға құлшына кірісіп кеттім... Жұрттың істе
генін істеп, бірер қабат ыстық буға да шомып қайттым.
Арқа-басымды жуып, аяқ-қолымды ысып болдым-ау деген
ой келді де:
− Қой, әлден уақ болды ғой шомылғаныма. Енді денемді
сергіту үшін салқын душтың астына тұрып қайтайын, − деп
айналып келсем, Сізге – өтірік, маған – шын әлгі анау-
мынау заттар жатқан орынға кәдімгі Ғабең, баршаға қадір
лі ұлы жазушымыз Ғабит аға Мүсірепов жайғасыпты!
Имене амандастым да бір қырындаңқырап отырып, көз
қиығымды Ұлы адамға салдым.
Атақ-даңқы жер тітіркендірерліктей ойсан ағамның бол
Жарылқасын Нұсқабайұлы
быр, әрі шәпекілеу ғана келген денесіне кішкене қозы қар
ны шап-шақ орналасып тап-тұйнақтай, жинақы бітіміне
жарасып тұрғандай, түк артықтығы жоқ, байқалмайды.
Өзі дәйімгі әдетінше қара көзілдірігі арқылы терезеден со-
нау қарлы Алатауға иегін сәл көтеріп, маңғаз қадалып
қалыпты. Екі аяғын салбыратып, жам тола суға салған.
Қабатында, сәкіде тұрған екінші шылапшындағы мөлдір
судан оң қолымен еріншектеу іліп алып ара-кідік кеуде
сіне, бетіне желпи сеуіп қояды.
«Мына қалпымда ақсақалға тесіліп қарай бергенім ұят
шығар» деген ой келді де дереу сабын мен ысқышымды
алып, бейне әлі де жуынып болмаған адамша ақ көбік
қылып ездім де Ғабеңе ту сыртымды беріп, теріс қарап
тұрдым да кеудемнен төмен құлдилап сипап езе бердім, езе
бердім.
Кенет Ғабеңнің қоңыр даусы шықты:
− Ай, жолдас, қане кел, екеуміз бір-бірімізге қызмет жа
сайық!
Ғабеңнің қолында сабыны көпіршіген жұп-жұмсақ ыс
қыш. Менің елпең етіп бұрылғанымды күтіп тұрған Ғабең:
− Мә, мынаны ұста, − деді де өзі сәкіге сүйеніп, арқасын
тосты.
Көктен іздегенім жерден табылғандай қуанған мен жал
ма-жан бар ықыласыммен ысқылай бердім. Мен тым құл
шынып, қаттырақ ысқылап жібердім бе, әлде қанағат қыл
ды ма Ғабең жайлап басын көтеріп:
− Болды, ррәхмәт! – деп менің қолымдағы ысқышына
қол созды. Дереу сұрағанын беріп, енді өз қолымның сабы-
нын жуа бергенім сол еді Ғабең тағы:
− Әй, бала, кел, енді саған мен қызмет қылайын, − деп
қолындағы ысқышының көбігін бұрқыратқан күйі ұстап
маған жақындай бастады.
− Ойбұй, жо-жоқ аға! Рахмет Сізге! − деп қашқақтап
едім:
− Жо-жоқ, олай болмайды. Ол – әділет болмайды, − деп
менің ту сыртыма шығып, икемделе бастады.
Сол сәт басыма әдемі ой келе қалғаны. «Әй, − деймін
өзіме-өзім, − бұл ұлы адам кімнің арқасын ысып жүр дей
сің! Бұл да бір құдайдың бұйыртқаны шығар. Арқамды то-
сайын», − дедім де еңкейе бердім.
Естеліктер
Мен де ондай бойшаң адам еемеспін. Әрі жаңа ғана
үйленген жап-жас кезім. Байқаймын Ғабең ағам мүлдем
жиіркенбей ықыласымен ысқылап жатқанын сезген бойда:
− Аға, рахмет Сізге, аман болыңыз! − деп басымды
идім.
Ағам: − Жақсы болды, − деп басын изеді.
«Шын жақсы, тіпті ғажап болды-ау мынау!» − деп разы
пейілмен тез қоштасып алып, киінуге беттедім.
Осы оқиғаны естіген жора-жолдастарым бір-біріне ай-
тып, менің Ғабеңнің арқасын ысқанымды бір қауым ел
естіп, кейбіреуі оқиғаның қалай болғанын өз аузымнан есту
үшін арнайы келіп, кей сәт мұның аяғы Ұлылардың ұлық
мінездері жайлы жайсаң әңгімелерге ұласып жатушы еді.
Бұдан кейін бетпе-бет келіп қалған сәттерде іші-бауы
рына кіріп, амандасып жүрдім. Ғабең жарықтық та жатыр
қамай, жақын тартқандай ғана еміс-еміс емеуірін көрсетіп,
жылы қабақ танытып жүрді.
Өзім бұрын да өте жақсы көретін Ғабеңім содан былай-
ақ мен үшін кейіпкерім сияқтанып кетті.
Содан 1985 жылы Ғабең қайтардан бірер айдай бұрын
ғана Қазақ радиосына берген сұхбаты құлағыма тиді.
Журналист әңгіме барысында:
− Аға, Сіз Бейімбет Майлиннің шәкірті дегенді жиі ес
тиміз, − деп қалып еді, Ғабең баппен:
− Иә, мені солай деп айтқандарын да естідім, жазған
дарды да көріп жүрмін. Мен бұл әңгіменің ақиқатын ай-
тайын. Бейімбет екеуміз бірге қызмет еттік, бірігіп шығар
ма да жаздық. Бір-бірімізден үйренгендеріміз де бар шығар.
Бірақ Бейімбет менің ұстазым емес. Менің ұстазым –
Жүсіпбек Аймауытов болатын, − дегенін естіп қалдық.
Бұл барша әдебиетшілер мен әдебиет тарихына зер са-
лып жүрген азаматтар үшін күтпеген және маңызды шын
дық еді.
Әрине, ол кез Аймауытовтардың әлі де ақтала қоймаған
кезі. Сондықтан бұл жаңалықты көпшілік айтып та, жазып
та дуылдата қойған жоқ. Бірақ Ғабең жарықтық соңғы бір
құпияның бетін ашып кеткен еді...
Аты жақсы баламсың Жарылқасын
Ол кезде студентпіз. КазГУ-дің филология факультеті
нің журналистика бөліміне оқуға түскен албырт шақ.
Әсіресе, орман-тоғайы аздау, аптап ыстығы жаз кезінде
бетіңді қарып тұратын ұшы-қиыры көрінбейтін иен дала-
дан келген кісіге сыңсыған орманның ішінде жүргендей
әсер қалдыратын әсем Алматының қай шетінен қарасаң
да ғажап еді-ау, ғажап! Әр көшені бойлаған арық-арықпен
таудан ылдиға қарай құлдырай жүгірген мөлдір судың
сылдырының өзі-ақ жаныңды жай таптырып, рахатқа
бөлейтін. Бұрын көрмеген жастар үшін арман қалаға
айналған ару Алматының өр көшесі, сол көшелерде қаз-
қатар орналасқан көнекөз ғимараттардың әрқайсысы бізге
беймәлім, құпия сыр бүгіп тұрғандай елестеуші еді. Қала
ның орталық бөлігіндегі байырғы көшелердің біріне түсіп
алып жан-жағыңа көз салсаң анау әдемі үйлер мен сәл леп
соқса жапырақтары сыбырлай жөнелетін сыршыл ағаштар
саған: «Кім келді? Мынау кім? Нақ осы жолмен әне бір
жолы адамзаттың сұлуы, тамаша талант иесі, ақсұңқар
ақын Сәкен де өткен. Тұңғиық ойдың иесі, ғажайып да-
рын Мағжан ақынды да көргенбіз. Лап етіп жанып, жарқ
етіп өшкен жалынды Саттар да тап сендер сияқты жан-
жағына таңдана, тамсана құмартып қарап, күнде өтуші
еді. Жарық жұлдыздай ақты да кетті... Жарықтық, осы
жерді қайтсем көгертем, қалай еңселі ел қылам деген ар-
манын жетелеп, тап осы көшемен Ахаң – Ахмет ағаларың
күнде өтетін. Жатқан жерің жарық болғыр бейшараның
көзінен мұң айықпайтын. Жадырап, жарқылдап жүргенін
көрмейтінбіз... Қойшы, қайсыбірін айтайын» дегендей,
қаттырақ соққан жел тербеген ағаштар теңселіп, өкініш
тен біріне-бірі басын соғып, қайғырып тұрғандай ма, күр
сінгендей ме түсініксіз, оғаш дыбыс шығарып: «қане, мына
Естеліктер
жерден тез-тез өтіп кетіңдер» дегендей ме, қалай деп те ой-
ланатынбыз. Жаңа ғана жарқылдап, жадырап тұрған қала
көшелері әп-сәтте-ақ түнеріп, ұйқы-тұйқысы шығатын.
Алматының мінезі де осы үкіметтің саясаты сықылды
ілезде сабындай бұзылып, қірқабақтана қалатыны несі деп
біз де мұндайда дереу етек-жеңімізді жинап, жағамызды
көтеріп, қымтанған күйі мына үрейлі көшеден аулақ сол
заман не түрлі құқай қаулы-қарарлар шығарған Үкімет
үйінің
қаралы
ғимаратынан
неғұрлым
қалтарыстау
орналасқан монтаны көшелердің біріне қарай жандәрмен
ұмтылар едік...
Жазғы Алматының ауа-райы қызық-ақ. Шәйдай ашық
тұрған ауасы әне-міне дегенше үйіріле қалған шөкім
бұлтты қолма-қол сығып-сығып жібергендей көшелерін
ілезде ел-сел ғып, ағыл-тегіл суға көмеді де кететінін
қайтерсің! Ал келесі көшеге ауыссаң болғаны – мұнда
мүлдем өзге көрініс. Көше құп-құрғақ. Ың-шыңы жоқ,
мұнтаздай таза көшелерінде асыр салып ойнаған бала, се-
руендеген шал-кемпір. Анау гүлзарды жағалай қойып, ба
лабақшаның ойын алаңы тәрізді әлекей-шүлекей етіп, алуан
түрге бояп тастаған орынтақтарда екеуара сырласқан жас
тар, оңаша әңгіме болып отырған жер – Опера және балет
театрының Шығыс жақ бүйіріндегі саябақта ой жетегінде
отырған жасамыс кісілер де көзге шалынды. «Ойпыр-ау,
анау топ шоғыр гүлге тақай қойған орындықтың бірінде
отырған Ғалекең сияқты емес пе?» Жақындай түскенде
көзім анық жетті. Осы тұстан өткен өткен сайын бір өзі
демалып отырғанын талай көріп, көзім үйренген кісім –
Ғалекең, қазақтың қабырғалы, сыршыл ақыны Ғали Ор-
манов екен. Кішкене көңілім жүдеңкіреп, қоңылтақсып
келе жатқанда естияр адам алдымнан шыққанына қуанып
қалдым.
− Ассалаумағалейкум аға! Ағамның көңіл-күйін болжа
мақ болып, әдейі даусымды созыңқырап сәлемдестім. Ағам
«уағалиін» естіртіп айтқаны болмаса аяқ жағын жұтып
қойды.
− Ғали аға, осы біздің Сіздер қатарлы атақты, абырой-
лы ағаларымыз сәлемдессек үн-түнсіз қолын ұстата салады
да, бұрылып кетіп қалады. Мысалы Мұхтар ағамыз жұп-
жұмсақ жіңішке саусақтарын ұстап үлгергеніңше-ақ тоса-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
ды да ләм-мим демей кете барады, − дедім ағамды сөзге
тартайын деп.
− Е, балам, мінез ғой. Жұрттың бәріне Сәбеңдей болу
қайда!? Таны, таныма, кім болсаң ол бол Сәбеңнің сәлемі
ылғи түгел. Таныса, жағдайыңды сұрайды. Танымаса, та-
ныса кетеді. Құдай мол пішкен кісі ғой. Сол пейіліне
қарай құдай өзіне дарынды да, абырой-бақты да бер-
ген ғой. Ал Мұхаңның жөні бөлек. Бітімі ерек. Біздей
емес, тәлімі, білімі зор. Өресі биік, өрісі мол. Тәшкен,
Мәскеу университеттерінде істеді. Тілге жетік. Бұл кісі
мына үкіметіңнің өзін 1933 жылы ғана мойындаған адам.
Лениндік сыйлықтың лауреаты. Көрдің бе? Бір басын-
да ғана қаншама артықшылықтары бар. Бұған енді Абай
сынды ұлы адамның төңірегінде өскенін қос, бертін келе
ол кісі туралы эпопея жазған жазушы. Біздің жазушылар
мен ақындардың арасында: «Абайды Мұхтар көтерді ме,
әлде Мұхтарды Абай көтерді ме?» деген сөз бар. Міне, бұл
сұрақ та негізсіз емес. Сен жассың, болашағың алдыңда.
Есінде тұтсын деп әдейі айтып отырмын.
Осы сәтте біз отырған орынтақтың ту сыртындағы топ
ағаштың арасынан жетектескен үшеу: екі қыз, бір ере-
сектеу жігіт шыға келді. Әлгілер біздің алдымыздан өтіп
бара жатып, тоқтай қалды да әлгі жігіт мектеп жасындағы
екі қыздың біреуін бас салып, үздіге сүйіп, едәуір кідірді.
Қапелімде пайда болған мына жайсыз көріністен көзін
қайда алып қашарын білмей, мүлдем ыңғайсызданған
Ғалекең жаңағылар жылжи бергенде жігітті иегімен
нұсқап:
− «Бұзылған бұқа бұзаумен жүреді» деген осы ғой. Қа
зіргі жастар не болып барады өзі? − деп ренішін білдірді.
Баяғыда әке-шешелеріміз біздің оғаштау сөзімізді естіп
немесе асық ойнап, доп тепкенде сөлекеттеу қылығы
мызды көргенде: − Бұлар қалай адам болар екен? «Асық
ойнаған – азар, доп ойнаған – тозар, қой жайып, көтен
ішек жеген озар», − деп ұрсып отырушы еді. Бұл күнде
жаңағыдай бейбастақтықпен салыстырғанда асығың да,
доп тепкен деген де сөкет болмай қалды емес пе? − деп
Ғалекең маған қарады.
− Аға, осы Сіз «Қайраттың» ойынына барады екен, − дейді
ғой жұрт? Сол рас па? − деп едім Ғалекең: − Жо, «Қай
Естеліктер
ратты» қайтейін мен? − деп келте жауап қайырды әңгіме
допқа тірелген соң.
«Қайрат» командасы туралы сұрай қалғаным – Ғалекең
нің «Қайраттың» ойынын тамашалауға барғаны туралы
әзіл әңгіме естіген едім. Ол былай болған екен дейді жұрт.
Алматылық «Қайрат» командасының, Одаққа атағы
жайылып, дүркіреп тұрған кезінде ақындар «Қайраттың»
ойынын көруге топтанып, ұйымдасқан түрде баруды дәс
түрге айналдырса керек. Ол кезде Ғалекең Жазушылар
одағында үшінші хатшы екен. Яғни, жазушыларға пәтер
бөлу, ақын-жазушыларды жер-жерге кездесулерге, әде
биетті насихаттайтын іссапарларға жіберуге, жәрдемақы,
демалыс орындарына жолдама бөлу т.б. толып жатқан
игілікті шаруаларға тікелей ықпалы бар қызметте отырған
соң жігіттер:
− «Осы Ғалекеңді «Қайраттың» ойынын тамашалауға
алып барып демалдырайық», − деген мәмілеге келеді де,
алдағы бір ойынына алып барады. Жай бармайды, қазы-
қарта, жал-жая сияқты тіскебасарымен қосып, сыра-пыра
да ала жүрсе керек.
«Қайраттың» ойыны да және оны тамашалауға келген
ақындардың футбол туралы әңгімесі де әбден қызып, бәрі
разы болып отырған шақта ақындардың біреуі Ғалекеңе:
− Ғалеке, қалай, «Қайраттың» ойыны ұнады ма? − десе:
− Әй, «Қайратың» қайсысы өзі? − деп қарсы сұрақ қо
йыпты Ғалекең.
Ғалекеңнен қолдау таппаған соң екінші бірі: − Ғалеке,
жалпы футбол қызық па екен? Ұнады ма Сізге? − демей ме?
Сонда жанкүйер болып келіп отырған Ғалекең:
− Әй, бұларыңның несі қызық? Доп жетпей қалғандай
сонша адам бәрі жалғыз допқа таласып... – деген екен...
Ғалекеңмен бұдан кейін де әлденеше рет ұшырасып,
әңгімелесіп жүрдік. Бірде Ғалекеңе жолыға қалсам қол
қойдырып алайыншы деп өзімде бар өлең жинағын қолы
ма ұстай шыққаным мұндай жақсы болар ма? Жалғыз өзі
таза ауамен тыныстап қайтуға шыққан ағам көңілді екен.
Мені көре салып:
– Қолыңдағың не кітап? – деп қолын созды. Сірә, өз кі
табын мұқабасынан-ақ танып тұрған сияқты. Кітап қолына
тиер-тиместен:
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Осы баспалар да қызық. Қарашы, мына кітапты сұп-
сұр, реңсіз етіп шығарғанын, – деп баспагерлерге өкпесін
айтып жатты.
– Аға, кітаптың ішіндегі сыршыл өлеңдеріңіздің әрқай
сысында қаншама ой, қаншама бояу, шеберлік жатқан жоқ
па? – деп едім:
– Қаламың бар ма? – дегені қолын созып.
– Әлбетте, – дедім ағама. – Қалам – біздің қаруымыз
емес пе аға!
– Дұрыс айтасың, – деді де көзін сәл сығырайтыңқырап
қыса түсті де қолындағы кітабының бірінші бетіне:
Атың жақсы баламсың Жарылқасын,
Сендер барда неге ағаң жабырқасын? –
деп жазды да бетімнен сүйіп, кітабымды қолыма берді.
Қайран ақын ағам осындай мейірімді де қарапайым, ұлт
тық тәрбиеге айрықша мән беретін, соның болашағын ой-
лап, қатты қайғыратынын қайталап айта беретін, жүрегі
нәзік азамат еді.
Алматы қаласының Шығыс жақ бөлігіндегі «Татар-
ка» деп аталатын тұрғын ауданындағы күре тамырға
айналған белгілі көшелердің бірі Ғалекеңнің атында – Ор-
манов көшесі деп аталады. Осы көшемен жүрген сай-
ын жаймашуақ, жұмсақ мінезді ақын ағаммен ұшырасқан
сәттерім ойға орала береді.
Міне, бүгін де осы көшемен жүріп келем...
Мен Шәмшімен қалай таныстым
Шәкеңмен қанша рет ұшырасқанымыз есімде жоқ. Оны
санамаппын. Жиі жолығып, көп көріспеген адамдар ғана
осындай аяулы азаматынан айырылған тұста онымен қа
шаннан бері жақсы араласып жүргенін және қандай жағ
дайда жолыққанын түгендей бастайды. Өйткені, етене
араласып, мың-сан рет бірге жүрген жандар, әдетте, бір-
бірімен арадағы қарым-қатынасын солай болуға тиісті,
үйреншікті нәрсе сияқты көріп, жүздескен сәттерін есінде
ұстағанымен санап жатпайтыны белгілі.
Менің Шәкеңмен жақындығымды сондай табиғи, ау-
ылдас ағайындардың арасындағы сыйластық пен сенімге
негізделген, есептесуден аулақ, ақадал татулық, жиі шүйір
кілесіп жатпасақ та бір-бірімізге деген қошемет-құрметіміз
көмескі тартпайтын, шын жанашырлыққа негізделген,
ағалы-інілі адамдардың арасында болатын бауырмалдық
тектес дабырасыз, жасанды жылтырақ мінездің нышаны
да жоқ байырғы, қазақы сыйластық еді.
Содан да ма екен екеуміз әр көріскен сайын бір-бірімізге
деген сағынышымызды жасырмай бірге қуанушы едік.
Әсіресе, Шәкеңнің мейірбандығы, ішімдегіні тап деген-
дей тымыраймай, жарқырап күліп, сенің іші-бауырыңа
кіріп, өзімсініп сөйлейтін тазалығы мен қарапайымдығы,
сенің өткен бір кездесуде Шәкеңнің құлағына тиген про
блемаңды ұмытпай не болғанын сұрап, бейне тап сенің
сол шаруаңды ғана ойлап жүргендей жадында сақтап, енді
сенің көңіліңді аулап, бауырына тарта әңгімелесетіні сірә,
ұмыт болар ма!?
Әңгімелескенде қандай! Бір дидарласқан сәтте әңгіме
тақырыбын аяқ астынан сан құбылтып, қашан сенің көңі
ліңнен шығатын арна тапқанша қилы қисынды желімен
жетектей отырып, әне-міне дегенше сені белсенді тыңдау
шысына айналдырып алатын.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Әңгімешіл еді. Әңгіме болғанда не болса соны айта
беретін, сенің тыңдап отырғаныңды немесе қаламай лаж-
сыз құлақ тосып отырғаныңды аңламай сүрлеусіз соға
беретіндер сияқты емес, әңгімелесудің ретін, мәдениетін
кәміл меңгерген дипломат десе болғандай кісітұғын. Біле
тіні көп, әзіл-қалжыңы қамырдан қыл суырғандай жұмсақ,
жайлы еді. «Көре-көре – көсем, сөйлей-сөйлей – шешен»
боласың деген даналық сөздің дәлелі – Шәмші еді десек
жарасар.
Елді көп аралады, қаншама адамдармен дидарласты,
әңгімелесті, айтқандарын тыңдады. Содан пайымдағаны,
көңіліне түйгені көп болды.
− Шәке, Сіздің ғажап әндеріңіздің негізі неде? Және
әнді қай кезде шығарасыз? − деп сұрақ қойды бір дастар-
хан басында бірге отырған досым, журналист Кемелхан
Ақмырзаев.
Сонда Шәкең мүдірместен:
− Бұл сұрағыңа жауапты «Адамның кейбір кездері» деп
ұлы Абай емеуірінмен айтып кеткен ғой. Жарықтық, айта-
рын қазіргідей баттитып, бетке ұрмай, тұспалдап, «Көзін
көр де, ішін біл» деуші еді ғой. Сол айтпақшы, адамның
толғанатын, күйзелетін, қобалжитын, жадырап, шаттана-
тын, көңілі таситын кездері болады емес пе?! Әне, әннің
де өмірге келер сәті осындай мезет. Басқашалау айтсам –
бірдеме жазатын, шығаратын адам толғатуы тиіс. Оның то-
лып жатқан алғышарттары бар. Біріншісі, әрі ең бастысы –
творчество адамының (Шәкең тілімізге кейінірек кіріккен
шығармашылық деген терминді қабылдай алмады) тән-
жан саулығы. Мұның біріншісінен де гөрі екіншісі маңыз
дырақ. Яғни, адамның ұлттық рухының тазалығы, содан
келіп қана Сіз бен біздің «әлеулай» деп жүрген әндеріміз
шығады, − деп тоқтады да іліп алғандай:
− Қане, сол үшін, − деп қолын алдындағы фужер толы
Сарыағаш суына қарай созды. Сөзінің соңын содан кейін
ғана жалғады:
− Рухымыздың тазалығы үшін!
Шәмшінің азаматтық болмысын, осы сөздерінен-ақ та
нуға болар еді.
Қолдарыңыздағы кітапта отандастарымыз Шәмші Қал
даяқовтың халқына сіңірген еңбегіне лайықты бағасын бе
ру үшін бірқыдыру ұсыныстар мен тілектер айтқан екен.
Естеліктер
Әлбетте, Шәмшідей ғажайып дарынға қандай қошемет
көрсетсең де артықтық етпейді.
Осы жинақты Мәдениет және ақпарат министрлігі ар
қылы жоспарға салып, содан кейін оған енетін материал-
дарды іздестіру, сұрыптау барысында мен де ылғи ойлану-
мен жүрдім.
Сонымен Шәмші Қалдаяқовтың елімізге еткен еңбегі,
яғни қазақ халқының еңсесін көтеріп, елін, жерін сүюге,
ғұрпын қастерлеп, тілін, тарихын дәріптеуге, өнерін ая-
лап, жұрттың бірінің бірі қадір-қасиетін танып, қошемет
көрсетуге, Отанын сүйген бірлікке үндеген сексен сыр-
лы, ғажап үнді әндерінің табиғатын танып, сырына қанып,
анық бағасын беру үшін және соны бүкіл еліміздің атынан
жұртқа ресми жария ету үшін қандай шараларды жүзеге
асыру қажет-ау деп ойландық.
Осы жерде сәл шегініс жасау қажеттігі туып отыр. Кі
тапты шығару идеясын бастап, оны жоспарлау, қаржы
ландыру мәселесінің мемлекеттік деңгейде шешілуіне
күш салып, сонан соң жинақты құрастыру, оны сапалы
да көркем басып шығару ісіне басшылық жасаған адам
болғандықтан, әрі әйгілі әл-Фарабидің шын ауылдасы, та-
рихта ғұламаның туған жері деп атала беретін атышу-
лы қан майдандар өтіп, жер аттары содан қалған Оқсыз,
Тектұрмас төбелерінің топырағында дүниеге келген соң
2006 жылдың наурыз айында құрамында белгілі ғалым,
еліміздің Бас муфтиі Әбсаттар Дербісәлі қажы, әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, акаде-
мик Төлеген Қожамқұлов, Отырар ауданының әкімі Әлім
жан Құртаев, осы аудан тарихын зерттеуші маман Абдол-
ла Жұмашев және «Хабар» арнасының екі қызметкері бар
делегация Ливан астанасы Бейрут арқылы Сирия Араб
республикасының Әбунәсір әл-Фараби жерленген Дамаск
қаласына келіп табан тіредік.
Біз бұл сапарымызда Ұлы бабамыздың мәңгілік пай-
ыз тапқан орнын көріп, тәу етіп, Қабіріне туған жерінен
әкелінген бір уыс топырақ салып, құран оқытып қана
қайтқанымыз жоқ. Әл-Фарабидің жүрген-тұрған, оқыту
шылық қызмет атқарған орындарын да көріп, дана жерле
сіміз басқан топырақты басып, ол кісі тыныстаған ауамен
тыныстадық. Әл-Фарабидің Сирия жерінде өткізген жыл-
дары жайлы аз-кем мағлұмат алдық. Бұл – бір. Екінші
Жарылқасын Нұсқабайұлы
олжамыз – халқымыздың арғы тарихындағы тағы бір
мақтанышымыз Сұлтан Бейбарыстың да осы қалада жер
ленгені туралы дерек бұрын да құлағымызға тиген. Сон
дықтан елден әп деп аттанғанда-ақ «сәті түссе Бейбарыс
сұлтанның басына да барып, дұға бағыштап, ол кісінің
қабіріне де бір уыс топырақ салып қайтсақ» деп ниет қыл
ғанбыз. Бұл ойымыз да жүзеге асып, Сұлтан Бейбарыс
жайлы білгеніміз едәуір молайып қалды. Бұл – екі.
Үшіншісі – Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі
әкімі Болат Жылқышиев пен облыстық мәслихат хатшысы
Шалатай Мырзахметовтер – халық мүддесін, ел бірлігін
майда-шүйде, бақай есептен жоғары қоя білген азаматтар
облыс халқына үндеу тастап, бұл сапар нәтижесінің өлке
өміріндегі елеулі оқиға болғанын, отырарлық Жарылқасын
Нұсқабайұлы ұйымдастырып, жол шығынын да өзі көтер
ген делегация сонау Сирия жерінде жатқан аттары аңызға
айналған бабаларымыздың басынан топырақ әкеліп, оны
облыстың игі жақсыларының келісімімен қасиетті Ары-
станбаб кесенесінің іргесіне ресми түрде қойылуын – ба-
балар рухының туған елге оралуына балап, бөлекше мән
беруі, сол рәсімге облыс басшылары мен бірсыпыра ау-
дандар мен қала әкімдерінің қатысуы Болат пен Шала-
тай ұйымдастырған бұл шараға ерекше салмақ қосып,
шын мәнінде елді елең еткізген мәнді оқиғаға айналды-
рып жіберген еді. Шымкент аэропортында және Отырар
жерінде өткен митингілер кезінде Болат Жылқышиев те,
өзге сөз алғандар да келешекте осы қос арысымызға арнап
Отырарда музей ашса нұр үстіне нұр болар еді дегенді айтты.
Бүгінде тарихқа айналған бұл оқиғаның егжей-тегже
йіне дейін баяндап, қайта жаңғыртып отыруымның Шәм
ші Қалдаяқовқа да қатысы болып тұр. Мәні былай.
Көне Отырар қаласының іргесінде орналасқан киелі ке
сене – Арыстанбаб әулие жатқан жерді аттары көпке бей
мәлім, туған елін жауға бермейміз деп жан беріп, жан
алысқан мыңдаған қасқа мен жайсаң бабаларымыздың
пантеоны десек болар. Ендеше қасиетті Арыстанбаб ба-
бамыз бастаған қаншама ардағымыз жерленген осы жер-
де Оңтүстікте туып, даңқы бүкіл елімізге мәшһүр болған,
халқының Шәмші сияқты ардақтысына айналған ерлерін
мүмкін болса, осында қайта жерлеп, немесе қайта жер-
леу рәсімін жасап, бюст пе, жоқ бейнелі ескерткіш пе ор-
Естеліктер
натса халықтың тарихы, еліміздің мақтанышы, рухы үшін
істелген үлкен шаруа болар еді-ау деп қиялдаймыз.
Бұл күнде «Ауданның Құрметті азаматы» деген атақ
алғандар саны тым көбейіп кеткен сияқты. Құдай кешір
сін, «Шөп те өлең, шөңге де өлең» дегендейін сол көш
құлаш тізімге ілінгендердің кездейсоқтары да аз емес-ау
деп күмәнданамыз.
Ал Шәмші сынды бәзбір кісілер бұрын, көзі тірісінде
бұл атақты алмаған болса «ештен кеш жақсы» деп қазір де
берсе, тәрбие үшін зор шара болар еді.
Отырарда Шәмші музейін ашу мәселесі кезек күттір
мейтін мәселе. Шәмшінің «Ізі суымай тұрғанда» ол музей-
ге қоятын Шәмшіге қатысты мүлік те, киім де, музыкалық
аспаптар да, қолжазбалар, суреттер оңай табылар еді...
Бәлкім, бұл бастама да ана жылы әуелі Отырарда «От-
ырар кітапханасы» болып ашылып, кейін үкімет Астанаға
ауыстырып, республикалық дәрежеге көтерілгені сияқты
Шәмші музейі де келе-келе, бәлкім, не Астанаға немесе
Алматыға көшер.
Шәмшінің бүкіл саналы өмірі, оның шығармашылығы
түз-түгелАлматы шаһарымен тікелей байланысты екеніне
ешкім дау айтпас.
Ендеше бірсыпыра шара нақ осы Алматы қаласында
жүзеге асырылуы керек деп ойлаймыз.
Соның бірі – Алматыдағы Шәмші Қалдаяқов атындағы
көше жайында. Бұрынғы 8-март көшесі соңғы жылдары
Шәмші атымен аталып жүр. Орталықтағы танымал көше
лердің бірі. Мұнысы дұрыс.
Әйгілі ақынымыз Қасым Аманжоловқа берілген жеті
мек көше (переулок) тәрізді бір-ақ сүйем, әрі қисық-қыңыр,
автомашина жүре алмайтын қуықтай емес, әйтеуір.
Марқұм Қасым: «Үй сұрасам сілтейді зират жаққа» деп
налыған еді көзі тірісінде. Қала басшылары қайран ақынға
көшеден енші берген кезде сол дағдысынан айнымаған
екен. Қасым ақын көшесі тағы да зират жақта...
Бірақ Шәмшіге берілген көшенің де әттеген-айы бар.
Көк базардан бастау алатын бұл көше Қабанбай батырға
(Бұрынғы Калинин көшесі) жеткен соң өзен жағалай
жүгіріп, жеткізбей кетеді. Мұның жұмбағы не деп зер
салсақ, Қабанбай батыр көшесінен өтті болды әлгі көшенің
жалғасы Қармысов көшесі болып шыға келеді екен.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Көшенің бұлай түлкі бұлғаңға салғаны ұнамай, тауға та-
ман сәл өрлесеңіз «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда
көресің» дегендей жаңағы көшенің енді баяғы екі мәрте
Батыр атағын алған ұшқышыңыз Луганский көшесі деген
атқа ие болғанына таңырқайсыз. Сонда бұл не?
Алматыда не көп – көше көп. Күні бүгінге дейін мүлдем
қисынсыз атты тағынып тұрғандары да аз емес. Ендеше бір
атқа үш бірдей марқасқаны міңгестіріп қойғанымыз қалай?
«Қайыр қылсаң – бүтін қыл» демеуші ме еді халқымыз?
Ендеше Шәмшіге берілген көшені бөліп жармай-ақ басы-
нан аяғына дейін осы кісіге қиюға болмас па екен? Алдағы
жылдарда Алматыны жарып ағып жатқан өзендердің екі
жағасын әсемдеп, жұртшылықтың демалыс орнына ай-
налдырамыз деген жақсы сөз жүзеге аса қалса, келе-келе
Шәмші көшесімен жарыса ағып жатқан өзен де Шәмші
өзені аталып кетпесіне кім кепіл?
Осындайда ойға оралады. Соңғы жылдары еліміздің
орыс ұлтының жасанды мерекелеріне елеңдеп, тіпті, орыс
қолды жастар «Валентин күні» деген бәлені шығарып
алды. Біздің ұлтымыздың ғұрпына, рухына, рәсімдеріне
үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мұндай қағаз гүл тектес
жасанды мерекелерді тиып, оның орнына өз дәстүрімізге
негізделген, өз тілімізде, салт-санамызға сай тап осын-
дай күнді «Құралай сұлу» күні деп немесе «Әнім сен едің»
әнімен аттас мереке етіп белгілесек қандай жарасым-
ды болар еді! Бұл үшін, әрине, жастар Исаның «Құралай
сұлуын» оқып, қыздарымыз Құралайдай таза, Құралайдай
пәк, Құралайдай көркем де нәзік болуға ұмтылып, жігіттер
сондай аруды өмірлік жар етуді армандап, Шәмшінің «Әнім
сен едің» әніне салып, әндетіп өссе қандай жарасар еді...
Әттең, бізде осындай шаруаларды дер кезінде істеу,
дарынды кезінде ертерек танып, бағалап, өзіне лайық
сыбағасын соза бермей «темірді қызған кезде» соқса қан
дай нәтижелі де әсерлі болар еді, шіркін!
Әңгіме − ән, әннің құдіреті, әнге құрмет, әнге қошемет
жайында болып отырған соң көңілде жүрген тағы бір ойды
айта кетейін.
Біздің халқымыз әнге де, әншіге де кенде емес. Ғажайып
әндер оқтын-оқтын дүниеге келіп, оны жан-жүрегімен
орындайтын әншілер ел алдына алып шығып, халықтың
қуанышы мен қошеметін тасытып, жан рахатына бөлеп жа-
Естеліктер
тады. Ұшыраса қалғанда жұрттың айтатыны да, мадақтап,
мақтан ететіні де сол туралы болады.
Осыдан біраз жыл бұрын марқұм Тынышбай Рахимов
тың сөзі де, әні де өзінікі «Алтайдың ар жағынан келген
ару» атты әні Сәкен Қалымовтың орындауында жұртты
елең еткізді. Сол-ақ екен әнге құмартқан ел дүрлікті-ай
келіп! Жастың да, жасамыстың да көңілінен шыққан, кө
кейіндегісін тапқан әсем ән әр тыңдаушысының өз сыры,
өз мұңы, өз сағынышындай болып, жүрегінен берік орын
алды.
Қазақ әндерін дүйім елге бірден-бір таратушы Қазақ
радиосы да, ол кезде телевизордағы қазақ хабарлары қа
зіргідей түн ортасы ауғанда ғана емес, телебағдарлама
лар кісі орынға отырғаннан бастап, ел жатқанға дейін
көрерменге неғұрлым оңтайлы, ыңғайлы уақытта беріліп,
көпшіліктің көңілін табуға тырысқан заман болғандықтан
қазақша әсем ән де, бұл күнде экран мен сахнадан сырт-
тап, жетімнің күйін кешіп жүрген қасиетті домбыра да
ертелі-кеш телевизордың түймесін басып қалсаң құлақ
құрышыңды қандырар еді. Әне, сол Сәкен салатын әсем
әуезді, сәл мұңдылау ән сіздің жүрегіңізді сыздатып, сүй
ген сұлуына жақындай алмай жүрген жігітке деген аяныш
сезіміне бөлеп, өзіне тарта түсетін.
Келе-келе жаңа – көнетоз тартып, адамның қай нәрсеге
де көзқарасы әдепкідей емес, сабырлы, салқын арнаға
түскен соң әлгі баршаны әуейі қылған таңсық ән де біреу
дің оң босағасына барып орын тепкен бойжеткен сияқты
біртіндеп «Көзден таса болса, көңілден таяды» демекші
жұрт та ұмыта бастайды.
Мынау ән де солай ұмыт болып: «Әттең-ай, есіл әнді
ешкім лайықты бағаламады-ау!» − деп өкініп жүргенімізде
Сәкен әнші сахнада тағы бір ғажап әнді “Ән ағаны” та-
мылжытты. Әннің өзі қандай, сөзі қандай! Ән деп осындай
әндерді айтса болар! Шәмшіге орнатылған мәңгілік мону-
мент те тап мұндай керемет еліктіріп, тап мұндай өлшеусіз
әсср ете қоймас қазаққа! Шығармашылық жұмыстың да
шырқау шыңы болады десек Қалдыбек пен Ибрагимнің
өнердегі шыңы, сірә, осы ән болар деп жоримыз! Атасы-
на мың алғыс екеуінің! Мұндай шығарманы Шәкеңе деген
шын құрмет, адал қошемет, таза мейірім ғана туғыза ала-
ры ақиқат!
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Ал енді рухы, табиғаты үндес осы екі әнді бірдей ша
рықтатып, миллиондаған қазақтың ең қимасына, ерек
ше әспеттей түсер асылына, ардағына айналдырып тұр
ған құдірет бар. Ол Сәкеннің даусы! Сәл зарлылау, сәл
мұңдылау, сәл булығып шығып, жан дүниеңді түгел ара-
лап өтетін сағыныш пен күрсініс сазы ендігі есімі Ән ағаға
айналған кісіге деген сүйіспеншілігімізді еселей түседі.
Қобалжығаныңыз соншалық ән аяқталғанша жылауға шақ
қаласыз.
Міне, бұл өнер құдіреті! Ән авторлары мен Сәкен әнші
нің дарыны, орындаушылық шеберлігі!
Әлқисса, бұл әннің шыққанына да біршама уақыт бо-
лып қалды. Жұрт құлай сүйіп, түп-түгел мойындаған
классикалық ән тап қазір аты әлемге жайылып, даңқы дүр
кіреп тұрған әйгілі спортшы тәрізді нағыз бабында.
Енді тағы бірнеше жыл өтсе бұл ғажап ән де сахнадан
ығысып, жасы ұлғайған кісілер сияқты жаңаға орын беріп,
оқшаулана түсері ақиқат.
Сонау Шара апамыздан кейінгі ұзақ уақыт ұлттық би
өнерімізде ерекше ауызға ілігіп, көзге түскен бишіміз бол-
май, алдына шыққан әр қызға елеңдеп, үмітпен қарап
отырған дүйім жұртты кенеттен дүр сілкіндіріп, шұғы
ладай жарқырап бір ғажайып биші қыз шыға келген еді
сахнаға. Көрерменнің көктен күткені жерден табылғандай
Шұғыла қыздың өнерін тамашалаған халық бірде там-
санып, бірде таңырқап, құлшына қол соғып бір құмары
қанған еді.
Әттең, сол Шұғыламызды бүгінде не экраннан, не сах-
надан көре алмай тағы да күптігей отырмыз...
Айтайын дегенім – осындай ерек, бітімі бөлек, еліміздің
мәдени өмірінде жарық жұлдыздай жарқырап, өшпейтін
із қалдырып жатқан туындыларға, оның авторлары мен
орындаушыларына дер кезінде беретінімізді беріп, баға
лап, жетелеп отырсақ өнерге де, өнерпазға да, халыққа да
пайдасы мол тиер еді.
Көрерменнің жақсы мен жаманды ажырата білетіндей
талғамының өсіп, қалыптасуына жәрдемдесіп, орындау
шыларымызға да моральдық қолдау көрсетер еді.
Бүгінде бүкіл еліміз болып төбемізге көтеріп, ұлы еді
деп жарыса мадақтап жүрген Шәмшіге де, Мұқағалиға
Естеліктер
да кезінде осындай ілтипат, осындай қошемет, қолдау
көрсетілді ме?!
Кім біледі, марқұмдарды әлпештеп, ардақтай алмаған
дығымыздан да ерте айрылып қалдық па деген де ой жоқ
емес...
Шәкең әбден қажып, ауруханада жатқан күндерінің бі
рінде оған «Халық әртісі» атағы берілгені туралы указды
алып барып, қолына ұстатқанда:
− Сәл ертерек берсе, қағазы таусылып қалатындай бір
жапырақ қағазға осыншама сараңдық көрсетіп, − деп әкел
ген қағазға қарамай тастай салыпты деген сөз бар.
Ендеше үкімет, басқа да тиісті орындар «қолын мезгілі
нен кеш сермемесе» қандай жақсы болар еді! Әйтпесе не
тұрады, тәйірі! Атақ, омырауға тағатын бірдеме беру бала
ға жілік ұстатқандай ғана нәрсе емес пе? Одан қазынамыз
ортайып қалмайтын шығар...
Шәмші Қалдаяқовты есте қалдыру үшін тағы да не
істеуіміз керек дегенде тағы да мынандай ұсыныстар жа-
салуы қажет пе екен деген ой келді. Әлбетте, бұл Мәдениет
және ақпарат министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облыстық
әкімшілігі мен Отырар ауданы тарапынан жасалуы тиіс
мәселелер.
Менімше, халық әндері, халық композиторларының ән
дерімен қатар тиісті оқу орындарында кешегі өткен Ә. Ес
паевтың, Ә. Бейсеуовтың, Н. Тілендиевтың, Ш. Қалдаяқов
тың шығармаларын да оқытуды жолға қою қажеттілік.
Композиторлардың озық туындыларына Ш. Қалдаяқов
атындағы бәйге тағайындау, лауреаттық атақ беру, стипен-
дия тағайындау орынды болар еді.
Консерваторияның бір аудиториясына, концерт залына
Шәмшінің атын беру.
Шәмші әндерінің нотасы мен мәтінінің толық жинағын
шығару. Ол әуендердің туу тарихын, қашан шыққанын
түгендеу.
Шәмшіні білетін, онымен шығармашылық қарым-қаты
наста болған азаматтардың көзі түгел кезінде олардың
қолында болуы мүмкін мәтіндерін, Шәкеңнің өзі жазған
өлеңдерін, фотосуреттерін, әндерін, қанатты сөздерін жи-
настыру.
Ең соңында Шәкең ән арнаған қыздары – Сағынышты,
дүнген қызын, сыған қызы Изольданы тауып, деректі фильм
Жарылқасын Нұсқабайұлы
түсірсе нұр үстіне нұр болар еді. Мұның бәрі де келер ұрпақ
үшін аса зәру құндылықтар боларына күмән жоқ.
Бір жинаққа қазақ зиялыларының бұрын-соңды жарық
көрген немесе жаңадан жазылған естеліктері, өлеңдері,
тағы басқа туындылары, сондай-ақ негізінен Шәкеңнің
туып-өскен жеріндегі өзі бірге есейіп, бірге арман қуған
Оңтүстік Қазақстандық, оның ішінде, әсіресе Отырарлық
құрбы-құрдастарының, сыйлас, шығармашылық қарым-
қатынаста болған азаматтардың ауылдастарының естелік
тері енді.
Ал Шәкеңнің ұдайы барып, ұзақ аялдайтын сүйікті де
қимас өңірі – қарт Қаратаудың теріскей бетіндегі бауыр
лары мен етене жақын азаматтарына «естелік жазып бе
ріңдер» деп қолқа сала алмадық. Оңтүстік Қазақстан
облысының сол беттегі аудандары мен Жамбыл облысы
ның Сарысу сияқты Шәкеңе әбден сыралғы болып, оны
ылғи сағына күтіп отыратын жамағаттан бұл жолы кеші
рім сұрағаннан өзге айтар уәжіміз жоқ.
Өйткені, Шәкеңдей халқының несібесіне туған перзенті
жөнінде кең байтақ Қазақстанда өз құрмет-ықыласын,
ой-пікірлерін айтқысы келетін және Шәмші Қалдаяқовты
өзгелерден өте білмесе, кем танымайтын небір абзал жан-
дар отырғанына да зәредей шүбәміз жоқ.
Ендеше ол бауырларымыздың, Шәмшітану ісіне қосар
сыйын келер кітаптардың еншісіне қалдырып, Шәмші
әндерін құлай сүйген барша қазақстандықтардан алдын
ала кешірім сұрай отырып, осы жолы өмірге жол тартқан
кітапқа енген естеліктерді парақтауға мүмкіндік беріп, сәт
тілейік.
Сөз соңында қолдарыңыздағы кітапқа енген матери-
алдарды жинастыруға жанашырлық танытып, қол ұшын
берген Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбаса-
ры Дархан Мыңбайға, Отырар аудандық кітапханасының
директоры Ырыскелдиева Айнагүлге, кітапханашысы Ақба
лаева Алтынайға, ең ақырында осы кітапқа енген мате
риалдардың ізіне түсіп, тіс-тырнақтап жинасқан, Отырар
топырағында жылт еткен жақсылық болса, соны бүкіл елі
мізге жария етіп, марапаттау үшін, барын аямайтын еңбек
қор азамат Сейтісхан Кішібайұлына ризашылығымызды
білдіреміз.
Өмірдің өзі өнеге
Қызметімнің қабатында университетте отыз жылдай ұс
таздық еттім.
– Университетте қал. Аспирантым бол. Сен дипломдық
жұмысыңды өте жақсы жаздың. Тілің жатық екен, – деп
ұстазым Мәулен Балақаев ағамның қиылғанына қарамас
тан қиып кеткен КазГУ-іме қайта оралармын деген үш
ұйықтасам ойымда болсашы...
«Мектеп» баспасында бас редактормын. Жыл сайын
бүкіл мектеп атаулының бар оқулығын бір өзі шығарып, 20
миллион дана оқулықты бүкіл Қазақстанға таратып беру
тәрізді орасан міндет жүктелген баспаның жұмысы бастан
асады.
Абай мен Гагарин көшелерінің нақ қиылысында Абай
даңғылын қуалай салынған алты қабатты үйдің бүгінде
І-ші қабатына «Әбді» атты қалам-қағаз жарақтары мен
басқа да табарлар сататын сауда орны жайғасқан ІІ-
қабатының нақ мүйісіндегі кабинетімнің есігі кенет айқара
ашылып, шалқасынан түсуге шақ қалды. Оқыс ашылған
есік орнына тоқтап, орнықпай жатып, ер кісінің оң қолы
менің есігімнің босағасынан қапсыра ұстағаны сол еді,
әлі бет-жүзі көріне қоймаған адамның иігіп, икемге көне
қоймайтын протез аяғы табалдырықтан аттай бастаған
бойда ағаш аяқтың иесі сол қолындағы демеуші таяғын да
аяғымен жарыстыра алға оздырды. Мен дереу орнымнан
тұрдым.
– Иә, Тауман аға! Сіз келмейтін едіңіз, неге келе жатсыз
бізге? – деп күлімсіреген күйі қарсы жүрдім.
– Неге келуші едім? Сені сабағалы келдім!
– Айыбым болса, сабаңыз. Міне, жон арқам! –деп арқам
ды тостым.
– Е-е, сен олай оп-оңай құтыла қоймассың! Бітіргеніңе
жиырма жылға тақады. Бір сәлем берейін демейсін!?
Жарылқасын Нұсқабайұлы
– Дұрыс аға, жөн, Сіздікі жөн! – деп құшақтап, кресло
ұсындым.
Аман-саулықтан соң ағам келген шаруасын төтесінен
бастады.
– Мен сені журфакте сабақ беруге шақырып келдім.
– Біріншіден, менің мүлдем мүмкіндігім жоқ. Былайша
айтқанда күнұзаққа бір сағат та бос уақытым жоқ, универ-
ситетке барып сабақ өткізетін. Екіншіден, бізде, өзіңіз де
білесіз екі жерде жұмыс істеуге рұқсат жоқ емес пе?
– Мен мұны ойластырып келдім. Сен әуелі келісіміңді
бер. Қалғанын ақылдасайық, – деді Тәукең.
– Сіз мені қинамай-ақ қойсаңыз жақсы болар еді. Бұл
ұсынысыңызды қуана қабылдауы мүмкін азаматтар аз бол
мауы керек, менің пайымдауымша. Қанша дегенмен маң
дайымызға басқан жалғыз университетіміздің журналис
тика факультеті... – дей беріп едім, ұстазым менің сөзімді
бөліп кетті.
– Жарылғасын (теріскейдің қазақтары сықылды Тәукең
де менің есімімнің ортасындағы қатаң «қ» дыбысын жұм
сартып айтатын дағдысы бар-тын) сен өйтпе. Маған өкпең
болса, сен оны қой. Мен алдыңа келіп отырмын ғой. Және
мен сенің кандидатураңды ұсынып, ректорға бұйрық шы
ғартып қойып едім. Білем, сенің өкпең бар екенін... – деп
қалды.
– Жоқ-жоқ, ол не дегеніңіз! Ұстазға шәкірті өкпе арту-
шы ма еді? – деп сөзді әзілге бұрдым.
– Е, сөйтіп, жөніңе көш. Енді былай етейік. Сен сенбі
күндері боссың ғой?
– Иә, боспын.
– Мен саған жарты ставка үшін әр аптаның сенбісіне екі
пар сабақ қоямын. Ешкімнен сұранбай, тып-тыныш келіп-
кетіп жүресің.
– Оу, Тәуеке-ау, ең үлкен мәселені кім шешеді? Универ-
ситетте қосымша жұмыс істеуге маған кім рұқсат береді?
– Оны сен уайымдамай-ақ қой. Мен өзім министірің
Елеукеновпен де, Орталық комитеттегі жігіттермен де сөй
лесемін,– деп қарап тұр ағам.
Бұдан әрі бұлдана берудің ұят екенін сездім де:
– Жақсы ағасы! Келістік. Мен сізге қашан барайын?–
дедім.
Естеліктер
– Сенбі күні таңертен келесің. Оған дейін телефон ар
қылы сөйлесейік,– деп өзінің вертушкасын жаздырды.
Сөйтіп, аяқ астынан КазГУ-дің (бұрын осылай атайтын
быз) Журналистика факультетінің оқытушысы болып шы
ға келдім.
Ал факультет деканы, профессор Тауман Амандосов екі
нің біріне барып, кешірім сұрағандай кішірейіп, әрі универ
ситетке мұғалім болуға шақырғаны өзгені қайдам, өзім
үшін тосын жағдай болды.
Мінезі қатаң, кешірімі аздау, көп нәрсеге жаны да аши
бермейтіндей және студенттерге үрейлілеу көрінетін кә
дімгі Тәукеңнің мұнысы не болды сонда? – деп бірсыпыра
күн ойланумен жүрдім.
Рас, мен оқуға түскелі жүргенде барлық сабақтан жақсы
деген баға алып, әдебиеттен емтихан қабылдаған Белгібай
Шалабаев деген қырсық шал мен жауап беріп отырғанда
айтқанымды тыңдамай:
– Сенің екі жыл стажың бар екен ғой. Үшпен де түсе
бересің, – деп әй-шәйға қарамай үш қоя салған. Емтихан
қабылдап отырған екінші кісі – белгілі ақын, ғылым док-
торы, танымал әнші Тұрсынхан Әбірахманованың шыж-
быж болып:
– Ағай, бұл бала жаңа Сіз жоғары баға қойып берген
абитуренттерден де жақсы айтты. Барлық сұрақтарына то
лық жауап берді,– деп ара түскеніне құлақ аспады.
Сол үштің әлегімен Амандосов мені біраз әуреге салды.
Яғни, конкурстан өткізбеді. Бірсыпыра абитурент бірнеше
үшпен де қабылданып жатты.
Деканның мұнысына наразылығымды айтып едім. Бә
леншеев – Туу алыс, Атыраудан, Түленшеев – Оралдан,
Бейсенбаев – Қызылордадан келген. Оның үстіне жалғыз
шешесі ғана бар деп мені жұртпен шағыстыруға бет бұр
ғандай болды.
Үмітім үзіліп, деканнан күдер үзген соң кабинеті тап
сол қабатта екенін біліп, ректор Дарханбаевтың қабылда
уына бардым. Хатшысы ересектеу әйел екен. Менің сонша
лықты абыржып, жыларман болып тұрған себебімді есті
ген соң:
– Қазір, сәл тоса тұр – ішінде кісі бар еді. Сол кісі шық
сын. Кіріп, бәрін де ректорға өзің айтып бересің, – дегені.
Жарылқасын Нұсқабайұлы Мүлдем әділет атаулы дегенді белінен басқан мына жерде менің сөзіме сеніп, жанашырлық көрсеткен хатшы апайдың сөзі жігерімді жасытты ма, іштей егіліп жылап қоя бердім. Кенет сыртқы есіктен деканым кіріп келді. Келді де бір шетте шүйкедей болып, бүрісіп, отырған мені сұқ саусағы мен нұсқап: – Мынау мында неғып отыр?! Сен неге отырсын? Бар, сыртқа шық?! – деп зекіді маған. – Тауке, бұл ректордың қабылдау бөлмесі ғой. Бұл бала қазір ректорға кіргелі отыр, – деп араша түсе қалғаны хатшы. – Жо-жоқ, бұл баланың мәселесін мен шешіп қойғам, өзім шешем. Сен бара бер! – дейді маған шақшиып. Осы сөздерден соң хатшы кісі жұмсарып: – Қалқам, деканың «өзім шешем» деп тұр ғой. Бара ғой деканатқа, – дегені. Деканнан қаншалықты күдер үзсем де сүмірейіп сыртқа шығып, деканатқа қарай беттедім. Іле декан да келді. Есік тен кірер кірмес өзіне хатшылық қызмет атқарып жүрген Сәуле атты толық келіншекке: – Әй, Сәуле, мына бәлеқордың документтерін әкелші! – дегені. – Сәуле апай менің құжаттарымды тауып әкелісімен мені шақыртты. – Әй, – деді маған жақтырмай, – қарап отырсам сенің бағаларың жаман емес екен. Түссең оқып кететін сияқты сың. Бірақ мен сені очныйға қабылдай алмаймын. Онда орын жоқ! Сені кандидат етіп қана қабылдай аламын. – Кандидат деген немене? – дедім мен сәл де болса икемге келе бастаған деканды жақтырмаған қалпымда. – Ол былай. Сені журфактің сырттай оқитын студенті ретінде қабылдаймын. Бірақ сен күнбе-күн күндізгі бөлім дегі студенттермен бірге барлық сабақтарға қатысып, оқи бересің. – Стипендия бермейсіз ғой. Жатахана ше? – деймін мен « ит жемес асынан дәметеді» дегендей. – «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, құлағынан айырылыпты» дегенді естігенің бар ма? Естіген болсаң енді менің басымды ауыртпай жөніңе бар! Мана айттым ғой
Естеліктер
саған. Бірінші семестірді төрт пен беске бітірсең ауыстыра-
мын деп...
Бұл адаммен бұдан әрі тәжікелесіп опа таппасымды сез
дім де мен де жұмсара сөйледім.
– Ал әлігі айтқан вариантыңызға келіссем не істеуге
тиіспін?
– Мына жерден қараңды жоғалтуың керек.
– Ұстазға лайық емес сөздер айтады екенсіз!...
– Әй, енді менің ашуымды келтірмей арызыңды (өтініш
деген беретінде шықты ғой) жаз да қол қой. Бұл қасқа
сөз ұқпайды екен... Бұл мінезімен өмірден әлі талай таяқ
жейтіннің өзі ғой, сірә... Анау қалам, қағазды ал да жаз!
Декан әр сөзін, сөзін емес-ау әрпін ежіктеп айта бастады.
– С.М. Киров атындағы мемлекеттік уни...
Ол кезде КазГУ Қазақстандағы жалғыз университет.
Сөйтсе де Кеңес Үкіметінің белгілі қайраткерлерінің бірі
Кировтың есімін алған.
Таукең сөзбе-сөз жаздырып отырған арызының соңғы,
тоқетер сөйлемін жаздырды:
– «Сырттай оқу бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.
Түгел жаздың ба? Қане, жазғаныңды бер маған. Оқиын.
Сендер қай бір сауаттымын дейсіңдер. Көрдік әнеу күні
жазған шығармаларыңды.
– Шығармадан мен төрт алғам, – дедім мына кемсітуіне
намысым келіп.
– Мә,– деп жаңа ғана жазған өтінішімді өзіме ұсынды. –
Соңына қолыңды қой.
– Неге «ауыстыруыңызды» деп жазуым керек? – дедім
сәл таңырқап.
– Е, сырттай оқу бөліміне қабылдағалы отырғаным жоқ
па? – деді декан. Міндірмелетіп сенімсіздеу шыққан даусы-
нан:
«Мына қу жүгермек секем алып, бірдемеге күдіктеніп
тұрған жоқ па?» өзі деген сезік байқалғандай еді.
Бірақ « көп түртпектей берсем мұнымнан да айырылып
қалып жүрермін» деген ой абитуриентті тежей қойды.
Баланың көңіл-күйін қалт жібермей қадағалап отырған
кәнігі ұстаз:
– Ал,келістік қой. Енді күзде келіп сабағыңа кіріс, – деді
бұған дейін түк болмағандай рай танытып.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
* * *
Күзде оқу жылы басталған бойда-ақ Амандосовқа жо
лықтым...
– Давай, сабағыңды жақсы оқып, бірінші семестірді
төрт-беске тапсырсаң күндізгі бөлімге ауыстырамын, – деп
сөз берді тағы.
Бірақ декан бұл уәдесін де жұтты. Тарихтан өзге барлық
пәннен беске тапсырып келіп, есеп кітапшасын алдына
қойғанда:
– Сен бала, асықпа. Әзірше мүмкіндік болмай отыр,
алдағы оқу жылы қарсаңында ауыстырамын, – деп уәде
берді.
Әне-міне дегенше бірінші курс тез тәмәм болды. Бар
лық сабақтан емтиханды өте жақсы тапсырып, Амандо
совтың алдына тағы бардым. Пенде ылғи да жақсылық
тан дәметіп, өзін өзі алдарқатумен жүретіні белгілі. Үміт
жетегінде деканды тағы жағаладым. Бірнеше күн қабыл
дауына кіре алмадым.
Сөйтсе де, «Сабыр түбі – сары алтын» дегенді жадыма
тұтып қалған мен байғұс сүметіліп, тағы да Амандосовтың
алдында отырмын.
– Әй, сен де шаршамайды екенсің! Айттым ғой күте тұр
деп!..
Тәукеңнен тәуір сөз шықпасына тағы бір көз жеткізген
мен суға түскен тауықтай сүмендеп тысқа шықтым. Бола
шағым бұлдырап кеткендей. Сосын сол бей-жай күйімде
пәтеріме келіп, ашқал–ташқалымды жинап, шабаданға
салдым да, қайдасың Шәуілдір! деп елге тартып кеттім.
«Жығылғанға жұдырық» дегендей елге келсем, әкем әл
үстінде жатыр екен. «Үміт жоқ» деп үйге шығаратын бо-
лыпты. «Сорлыға сойылдың жуан басы тиеді» деген дөп
келді. «Байтал тұрмақ бас қайғы». Ендігі бар тілек, бар
үміт – әкемнің аман есен жазылуы болды.
Әкемнің қиын халде жатқанын көре тұра басқа бір мүд
де туралы ойлау мүмкін емес еді. Осыны әрі-бері ойлан-
дым да декантқа жедел хат салдым. «Әкем әл үстінде жа-
тыр екен, мені сырттай оқу бөліміне ауыстыра беріңіздер»
дедім.
Сірә, Тәукеңнің тілегені де осы шығар. Мүлдем кідірт
пей екі-үш күнде жауап алдым. «Сізді өтінішіңізге орай
Естеліктер
сырттай оқу бөліміне ауыстырдық» деп соңына деканның
орынбасары Дәулетова қол қойыпты.
Әкемнің денсаулығы мүлдем жақсаратын сыңайы жоқ.
Күннен күнге әлсірей түсті.
Ақыры Социалистік Еңбек Ері, екі мәрте Ленин ордені
нің иегері әкем Құлымбетов Жүсіп бейшараны о дүниелік
еттік. Жетісі, қырқы, жүзі дегендерін қазақи рәсімге сай
өткізген соң не әке жоқ, не оқу жоқ құлазып далада қал
ғандай күй кешкен мен «қой, алданыш болар, жұмыс ізде
йін» деген ойға келдім. Бірақ аядай ауылда не жұмыс бола
қойсын?! Аудандық газеттің редакторы Қысмұратов деген
кісіні ептеп танитынмын. Аудандық газеттке азын-аулақ
материалдарым шығып жүретін.
Мені жылы қарсы алған редактор:
– Сөзіңнің садағасы, айналайын. Бір түйір жұмыс болса
бұйырмасын, – деп қос қолын кеудесіне басты. «Енді қайда
барсам екен» деп сәл-пәл ойландым да аудандық оқу бөлі
мінің бастығы Құтым Ордабаев ағайға тарттым.
– Иә, кел, – деп жылы қарсы алған ағай біз мектепте
оқып жүргенде директорымыз болатын. Өзіне үмітпен кел
генімді сезген ұстазым:
– Мектепте өте жақсы оқып, үлгі өнеге көрсеткен шә
кіртіме қол ұшымды бермесем мұнда неге отырмын? – деп
емен-жарқын күліп алды.
– Сенің ауылыңдағы мектепте мүлдем орын жоқ. Бірақ
Сырдарияның арғы бетіндегі Маяқұм мектебінде мүм
кіндік табылар еді. Әрі, мектеп директоры Әсет Меңлі
бекова деген кісі сондай салауатты, адамгершілігі мол,
нағыз педагог. Ол кісінің қарауында қанша істесең де әп-
әдемі тәжірбие алар едің.
– Аға, Маяқұм менің туған жерім ғой. Егер жіберсеңіз
ықыласыммен барамын.
– Ендеше келістік. Ертең тағы келіп бұйрығыңды алып
кет. Сенің бізді ұятқа қалдырмайтыныңа сенімдімін, – деді
Құтым ағай.
Сөйтіп, ойламаған жерден Маяқұм мектебінің білдей
мұғалімі болдым да шықтым.
Маяқұм ауылы – Сырдария өзенінің Отырар алқабы
ның тұсынан өте бере доға жасап, кілт солға бұрылатын
иігіндегі аса шұрайлы да өзеннің қос жағалауын қалың ну,
Жарылқасын Нұсқабайұлы
тоғай көмкерген Оқсыз, Тектұрмас, Бөрі ойнақ, Суымағар,
Оғыздың сайы, Шәуілдір, Көксарай, Толағай, аты аңызға
айналған тарихи жерлерге ие, ең ғажабы – адамзаттың ұлы
данышпаны, бұкіл ғаламға аты Мәшһүр Әл-Фараби туған
топырақ емес пе?!
Міне, осы ауылдың бар баласы білім табалдырығынан
аттап, сауатын ашатын ғасырға жуық тарихы бар сегіз
жылдық орталау мектебінен не бір жайсаңдар: ғалымдар,
Еңбек Ерлері, ақын-жазушылар мен журналистер, айтулы
аналар мен осы өңірдің даңқын асқақтатқан ер азаматтар
қанат қақты.
Кеңшардың нақ ортасынан салынған сырт көрінісі жұ
пынылау көрінетін мектептің іші кең сарайдай жарқырап-
ақ тұр екен. Аппақ түске боялған қабырғаларына ілінген
алуан түрлі суреттер, ұлтымыздың мақтаныштарына ай
налған қасқа мен жайсаңдардың әсем портреттері мек
тептің құрмет тақтасы дейсің бе бірі бірінен әдемі безен
дірілген әрі, мектеп баласына қосымша мағлұмат беретін
стендтер, мектеп оқушыларының қабырға газеті, «Октя-
браттар мен пионерлерге ескертпе» деп айдар тағылған
құлақтандырулардың өзі бұрын мұндайды көрмеген жас
ұстазды елең еткізді. Тіпті бір бұрылысқа ілінген «Сықақ
бұрышындағы» оқушыларға арналған каррикатуралар да
көңіл аударарлық екен.
Пионер жасындағы Өсербай атты оқушының, күн сай-
ын мойынынан шешпеуге міндетті қызыл галстугін умаж
дап-умаждап қалтасына тығып жатқаны бейнеленген су
реттің астына:
Пионерден өте алмай,
Комсомолға жете алмай,
Қиналды-ау, мүлдем Өсербай! –
деген оқушылар жазған сатиралық өлең жолдарын көрген
де разы болып, басын шайқап қойды.
Осы сәт ұзын каридормен келе жатқан сырт сымбаты
әсем, жарасымды киініп, шашын артына түйген, жасы қы
рықтың о жақ, бұ жағындағы аққұбаша келіншек мұның
қасына таяу келе берді де:
– Сәлеметсіз бе? Сіз біреуді іздеп жүрсіз бе? Сабақ
кезінде каридорда бөгде кісінің жүруіне рұқсат жоқ, – деп
Естеліктер
менің бетіме тіктеп қарады. Дауысы да, сөз саптау мәнері
де өте орнықты, құйттай артық қимылы жоқ, өзін барын-
ша сабырлы ұстап тұрған келіншектің мысы басты ма, жоқ
әлде тәжрибесіздігі ме қапелімде қысылып қалған жігіт
тез-тез бойын тіктеп тұра қалды да жейдесінің жағасын
жөндеп, пиджагының түймелерін сала бастады. Сосын:
– Мен осы мектептің директорына жолыққалы келіп
едім, – дегенді асығыс-үсігіс айтты да сымбатты келіншек
тің аузына қарады.
– Е, сол іздеген кісің мен едім, қалқам. Жүре ғой, – деп
өзі жол бастады.
Директордың кабинеті деген аты болмаса бөлме құр
қылтайдың ұясындай шағын, бірақ бар заты орын-орнында
тұрған тап-тұйнақтай жинақы бөлме екен.
– Ал, айта ғой. Не шаруамен іздеп жүрсің мені?– деп сәл
мұң ұялаған ойлы көзін балғын жігітке бұрды.
– Мына бұйрықты аудандық оқу бөлімі беріп, Сізге
жіберіп еді, – деп жас жігіт сәл именіп қолындағы қағазын
ұсынды.
– Ә, солай де! – деп жарқырай күлді енді директор қо
лына тиген бұйрықты көзі шалысымен .
– Ендеше қош келдің, жас ұстаз! – дейміз біздің мек
тебімізге. Сендей ұл-қыздар келсе қуана қарсы аламыз.
Оның бірінші себебі– мектепте декретке шыққан, ауырып
сырқап қалған егде апай-ағайларын да уақытша болса да
жоқтатпай, сабақты жалғастыра тұратын мұғалім тапшы.
Мамандығы бар кісілер уақытша бірер-айлық жұмысқа
келгісі жоқ. Оның үстіне пионер вожатый, дене тәрбиесінің
мұғалімі, лабаратория меңгерушісі, үйірмелер жетекшісі,
сурет пәнінің, орыс тілінің мұғалімдері деген атымен жоқ.
Мұны аз десең шағын комплектілі принциппен оқыты
лып жатқан бастауыш кластардың мұғалімдері және жоқ.
Себебі – ауылымыз орталықтан шалғай, әлденеше ай қыс
мезгілінде, ерте көктемде Сырдария өткел бермей аудан
мен қарым-қатынасымыз үзіліп қалып жүр. Қой, «жаман
шынын айтамын деп сырын» айтады демекші ішімдегі бар
проблемамды ақтара бермейін. Жүр, енді мен сені мұға
лімдермен таныстырып, тап ертеңнен бастап қай класта
қандай сабақ жүргізетініңді ақылдасайық, – деп директор
Әсет апай орнынан көтерілді.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Мұғалімдер бөлмесі екі-үш есіктен кейін орналасқан
жерде екен. Қоңырау соғылып, журнал, карта, приборла-
рын қолдарына ұстаған мұғалімдер абыр-сабыр қимылдап
бөлмеге келе бастады.
– Қане, апайлар, Нұртаза,Тоймахан ағайлар! Сіздер бері
рек жайғасыңыздар! Бүгін біздің ұжымға жаңа, жас мұға
лім келіп қосылды. Аты – Жарылқасын, фамилиясы... деп
қолындағы қағазына қарай бастап еді тұрған ұстаздардың
ішіндегі ересектеуі бүйрек бет, торсықтай жұп-жұмыр қас
қа маңдайы қою қара қасымен әдемі үйлесім тауып, жараса
қалған байыпты, екі көзінің әр кірпігі тарақтың тісіндей ірі
де қайқылау көрінген орта бойлы, көрікті жігіт ағасы:
– Қане, қарағым, берменірек жақында. Қол алысайық, –
деп жас жігітті икемдей түсті.
– Бұл бала маған таныс. Біздің әйгілі ағамыз герой
Нұсқабай ағамыздың баласы ғой, – демесі бар ма?
Сол сол-ақ екен бөлмеге жиналған ұстаздар қуана қол
соғып у-ду болып қалды. Өйтпегенде қайтсін?! Совхоз-
да қырық жыл қой жайып, Еңбек Ері атанған, осы тұрған
бәрінің де біріне – аға, біріне – ауылдас, ата–аналарымен
қатар сыйлас жүрген азаматтың аты аталған соң-ақ жаңа
келген жас мұғалімге бас изесіп, іш тартып жатты.
Келесі сабаққа қоңырау соғылып, мұғалімдер де, оқу
шылар да түз-түгел кластарына кіріп, төңірекке тым-
тырыс тыныштық орнаған кезде директор:
– Жамалбек аға, Мүсілім аға, Жолдасбек, Сіз үшеуіңіз
де берірек жақындап отырыңыздар бес-он минут ақылда
сып алайық,– деді Әсет.
Мұғалімдер жайғасқан соң сөзді тағы да Әсет директор
бастады:
– Қазір бастауыш орыс кластарында мүлдем сабақ тоқ
тап қалды. Мұғалімінің қашан айығатыны белгісіз. Сон
дықтан сол оқушыларға сабақ беретін мұғалімді белгіле
сек деп едім.
– Жамекең қалай болар екен? Қалай дегенде де Отан
соғысына қатысқан. Орысшасы бар, – деді Жолдасбек.
– Жо-жоқ. Мені қинамаңдар. Менің орысшам түгілі қа
зақшамның өзін балалар зорға ұғады. Әрі кішкентай ба-
лалар. Басқа біреуге тапсырайық, – деп Жамалбек аға ат-
тонын ала қашты.
Естеліктер
– Әй, жолдастар, мына су жаңа мұғаліміміздің орысша-
сы қалай екен өзі? – деп Мүсілім тосын сұрақ қойды.
– Қайдам, Алматыда бір жыл оқып келді ғой. Сен
қалада оқыған жоқсың ба? Қандай мектептерде оқыдың? –
деп Әсет ойланып қалды.
– Мен екі жыл Шымкентте, екі жыл Ленгірде оқығам.
– Сонда бұл жігіт бақандай бес жыл қалада оқыған бол-
ды ғой? – деп қауқылдасып қалды ұстаздар.
– Орыс балаларымен ойнап па едің? – деп қалжыңға
тартты Мүсілім.
– Әрине, ауызекі сөзге жаман емеспін,– деп шынын айт-
ты жас талап.
– Ендеше уақытша міндет қой. Осы балаға жүйктейік.
Жамеке ертеректе Сіздің соғыстан оралған соң осы мек-
тепте орыс тілінен де сабақ бергеніңізді естігеніміз бар.
Мына жігітке бастауыш орыс сыныптарының оқу кестесін
беріп, бәрін түсіндіріңіз. Таңертең сабаққа біреуіміз алып
барып, таныстырамыз, – деп түйді директор.
Таңертең бірінші сабаққа қысылыңқырап келген жігіт
сыныпта отырған оқушылардың бәрі қазақ балалары еке
нін көргенде қайран қалды. Өзін оқушыларға таныстыру
үшін ертіп келген оқу ісінің меңгерушісі Жамалбек ағай
сыныпқа енген кезде орысша амандасқаны болмаса, әрі
қарай қазақша сөйлеп кетті.
«Е,е бәлендей қиындығы жоқ екен ғой. Балалар түгел
әп-әдемі қазақша сөйлеп отыр. Тек жас мұғалімнің таңыр
қағаны – бір бөлмеде төрт кластың оқушылары бірге
отырғаны болды.
Мұғалім тақтаның алдында тұрып, балаларға қараған
да терезе жақтағы парталарда бірінші мен үшінші оқушы
лары, ал бөлменің екінші жартысында екінші мен төртінші
сынып оқушылары отырады екен. Және кісі таңданарлығы
бір сабақ кезінде төрт сынып оқушылары төрт түрлі пән
оқып отыруы да ықтимал екенін көрді. Тек төрт сынып
бірге өткізетін сабақ – физкультура болып шықты. Әрине
бұл сабақ кезінде де мұғалім балалардың жас мөлшеріне
қарай әр сынып балаларына лайықты тапсырмалар ғана
бере алатынын байқады.
«Мұғалімнің тәжрибесі деген осындайдан шым-шым
дап жиналады екен-ау» деп ойланып жүр жас педагог соң
ғы кезде.
Жарылқасын Нұсқабайұлы
Байқайды, сабағың ықпалды, әсерлі, пайдалы болсын
десең – шәкірттеріңнің тілін тап. Ылғи зекіп, үнемі ұрсып,
кемсітіп сөйлесетін мұғалімде бедел болмайтынын сезіп
жүр. Әр оқушының жанына жақын әңгімелер айтып, олар
дың шығара алмай отырған есебін кейде бірге шығарысып,
еңбек, сурет сабақтарында оқушылармен бірлесе отырып
жұмыс жүргізіп, сурет салысып жіберсең оқушы ұстазға
бұрынғыдан да жақындай түседі екен. Сенімдері де мола-
ятын сияқты.
Шағын комплектілі кластар жөнінде бұрын да бірді-
екілі әңгіме естіген еді. Қолына сабақ кестесін алып, ба-
стауыш сынып балаларын оқыта бастаған алғашқы күні-
ақ сол хикаяттар есіне түсіп, жалғыз өзі тұрып-ақ еріксіз
күлген. Ол әңгіме осы кеңшардың Қидуан деп аталатын
жерінде ашылған шағын комплектілі мектебінің мұғалімі
Тұрмағанбет есімді мұғалім туралы болушы еді.
Мектеп тым шалғайда, түу Қызылқұмның төрінде мал
шылардың балалары үшін ашылған мектеп болса ке-
рек. Ол заманда автодүкен дейсіз бе, автоклуб дейсіз бе
әр ауылға, тіпті, әр қойшының үйіне шейін керегін апа-
рып беріп, өнерлерін көрсетіп қайтатын дәстүр болатын.
Қазақтың дәулескер домбырашысы, белгілі композитор,
даңқты сазгер Сүгірдің шәкірті Төлеген Момбеков сын-
ды азаматтарымыздың өзі сондай автоклуб меңгерушісі
болғанын көпшілік қауым біле бермеуі де мүмкін.
Әлгі Қидуан ауылына автодүкен келіп, бір құдықтың
басында отырған төрт-бес үйдің бала шағасы қуана
жүгіріп, автодүкеннен керек заттарын сатып алып жат-
са керек. Ауылға ол заманда автодүкен келуі – әйгілі өнер
жұлдыздары келгенмен пара-пар: жұрт мәз-мейрам болып,
арқа-жарқа қуанысып, бір шешіліп қалар еді.
Автодүкен келгенін шағын мектептің терезесінен көріп
отырған Тұрмағанбет те қалсын ба? Балаларға үлкен үзіліс
жариялап сарылта күткен автодүкенге жетіп, бір шөлмек
шараптың тығынын ағытып, «шөлін басқан соң» авто
дүкен жүргізушісіне бұрылып:
– Әй, бала, сен орталыққа қашан қайтасың?– дейді.
– Осы кәзір, жұрт керек-жарағын алып болса, жүретін
шығармын, – деп жауап берді.
Естеліктер
– Онда сен бүйт бала, – дейді Тұрмағанбет мұғалім
автодүкен жүргізуші жас жігітке.
– Совхоздың орталығындағы мектеп директорын
танисың ғой?
– Иә, Ізтай ағайды айтасыз ба?
– Сол Ізтайға: – Тұрмағанбет ағай Сізге сәлем айтты.
Әнеу күні беріп жіберген қырық бір әрпін түгел оқытып
болдым. Енді не істейін?– деп сұрап жатыр дегейсің депті...
Тағы бірде шағын комплектілі мектептегі білім беру
жағдайын тексеру үшін аудандық оқу бөлімінің бірер қыз
меткері Қидуандағы мектепке келсе мектептің есіктері
айқара ашық. Балалар да, мұғалім де жоқ. Тысқа шыққан
тексерушілер аң-таң. Сол сәт мектептің ту сыртындағы
шошақ құм жақтан балалардың даусы естіледі.
Аудан өкілдері аяқтарын тезірек басып, мектептің жел-
ке тұсындағы жаңағы төбеге шықса: Міне, қызық! Төрт
сыныптың ұл-қызы түз-түгел бір тұсаулы атты айнала қуа
лап, ұстай алмай жүр екен.
Қырға шыға келген екеуді көрген балалар:
– Ағай, ағай, кісілер келе жатыр!– деп төбеге қарай қол
дарын шошайтады.
Қапелімде қысылып қалған мұғалім аяғын тез-тез ба-
сып, ауданнан келген өкілдерге жетеді.
– Оу, Тұреке, мынауыз қалай? Сабақ қайда? – дейді ғой
тексерушілер
– Е, қазір дене шынықтыру сабағы еді. Сосын балалар
текке жүгіріп, арамтер болмасын, одан да тұсаулы атты
ұстатып алайын деп ем... Ақыры жүгірген соң бәрі бір емес
пе? – десе керек.
Тұрмағанбет туралы бұл ауылда әңгіме көп. Соның бірі
былай: Тұрмағанбет пен совхозда есепші болып істейтін
Нәлтай деген кісі екеуі ғайыптан тайып, ұшыраса қалады
да көптен көріспеген ауылдастар бұл «оқиғаны» сыпайы
ғана атап жіберу үшін қағаберістегі азық-түлік дүкенінен
бірер жүзден тастап алуға келіседі. Ол кезде ішімдік ата-
луыны кез келген уақытта қырлы стаканға құйып сата
беретін. Екі сырлас бірер стаканнан жұтып алған соң
денесі шәпекі Нәлтай бухгалтер:
– Тұреке, мына жерден ертерек тайып тұрайық. Менің
басыма шапты мына ит. Ауылдың қақ ортасында қызып
Жарылқасын Нұсқабайұлы
қалсақ, елден ұятты, – деген соң екі дос үйлеріне қарай бет
алады. Бірақ дүкеннен жүз метр ұзамай-ақ Нәлтайдың бу-
ындары ұстамай қалады.
– Тұреке, мені демеп жүрмесең, халім мүшкіл. Аяқта
ры-м тыңда-мау-ға айналды, – деп хабар береді әлжуаз
Нәлтай досына.
Тұрмағанбет Нәлтайды қанша сүйемелдегенімен оның
аяқтары бұралып, сүйретіле бастаған соң әлі есебі дұрыс
Нәлтай:
– Тұреке, сәл дамылдап алайық. Әйтпесе жұрттан ұят
ты, – деп өтініш қылған соң Тұрмағанбет серігін есік пен
төрдей жерде тұрған үлкен жиде ағашының көлеңкесіне
қарай қапсыра көтеріп апарып жатқызады. Өзі жаяу адам-
дар жүріп жатқан жалғыз аяқ жолдың жиегіне өскен көк
шалғынға жантая кетеді. Әрілі-берілі өтіп жатқан адамдар:
– Тұреке, бұл не жатыс? Мұнда неге жатырсыз ? – деп
оның жатысының себебін сұрай бастайды. Өзі сап-сау,
ішіп алып жатыр ма дейтіндей негіз жоқ.
Сонда Тұрмағанбет:
– Мен мұнда жай жатқаным жоқ. Анау арықтың арғы
бетіндегі жиденің көлеңкесінде Нәлтай мас болып жа-
тыр. Мен соған серік болып жатырмын! – деп жауап бер-
ген екен...
* * *
Әні-міне дегенше ауыл мұғалімнің аттай жарты жылы
артта қалып, университеттің екінші курсының жазғы сес-
сиясына шақыру қағаз келді.
Әуелде университеттен шақыру алғанына қуанғаны
мен жеме-жемге келіп, өзі бауыр басып қалған мына мейір
бан мектебінің оқушыларын ғана емес, ақылшы ұстаз аға-
апаларының ықыласын да қимастай күйде екенін сосын
сезді.
Құжаттарын алып, еңбек ақысы да толық қолына тиген
күні мектеп директоры Әсет Меңлібекова апайына кететін
болғанын айтпақ болып кіргені сол еді ол кісі:
– Айналайын Жарылқасын, біз де саған бауыр басып
қалыппыз. Қимай қоштасқалы отырмыз. Аз ғана уақыт
жұмыс істесең де ұжымға тез бауыр басып, үлкенмен
де, кішімен де тіл табысып, көпшіліктің ықыласына ие
Естеліктер
болдың. Мектептің күнбе-күнгі көп шаруасына білек сы-
бана кірісіп, өзіңнің құнттылғыңды, адалдығың мен
шыншылдығыңды көрсеттің. Ұстаз үшін де, оқушылар
үшін де бұл ең басты қасиеттер. Жолың болсын қалқам.
Бізді ұмытпа. Келешекте сені үлкен істердің сағасынан
көреміз деп үміттенеміз, – деп, мектептің ескерткіш аль-
бомын сыйға тартты. Сосын сыртқа беттегені сол еді
мектептің алдына шығып алған бүкіл сынып оқушылары
мен мұғалімдері қошемет көрсетіп, қол соғып ұзақ жолға
шығарып салды.
* * *
Сырттай оқитындардың бір семестірі кезінде түрлі
лекциясыларына қатысып курс жұмысын тапсыру деген
сияқты шаруалары қосарланып жүретіндіктен бас-аяғы
отыз күннің арғы жақ-бергі жағында тәмам. Бұл мен өзім
сырттай оқып және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінде жұмыс істеп жүргенде көзім жеткен
нәрсем. Оның үстіне бір жыл түсіп оқып, мұғалімдерді де
танып қалған екем, сессияны тапсыру бәлендей қиындық
туғызбады.
Сессияны жақсы тапсырдым да Амандосовқа жолығуға
әрекеттене бастадым.
Тәукең бірер рет каридорда қарсы ұшырасып қалғаным
да берген сәлемімді әзер алғандай болды. Сөйтсе де үміт
үзгенім жоқ. «Осы жолы журналистика бөлімінің күндізгі
бөліміне ауыстыратын шығар деген үмітім зор-ақ»
Бірнеше күн есігін торуылдап жүріп, ақыры қабыл
дауына кіріп, өтінішімді ұсындым.
– Мынауың не? – өтінішімді оқымастан өзімнен сұрады.
– Журналистика бөлімінің күндізгі бөлімінің үшінші
курсына ауыстыруыңызды өтініп келдім.
Декан аз-кем ойланып қалғанынан дәмеленіп едім,
оным бекер болып шықты.
– Жо-оқ! Күндізгі бөлімде орын жоқ. Егер күндізгі
бөлімде оқығың келсе, филология бөліміне ауыстырайын.
Өзге көмегім жоқ!
– Аға...– дей бергенім сол еді сөзімді шорт кесті.
– Журналист болу үшін журфакте оқу шарт емес. Жур
налистке диплом керек емес, талант керек! Жаза білуің
Жарылқасын Нұсқабайұлы
қажет! Филфакты бітірсең қайта тіл мен әдебиеттен неғұр
лым мол хабары бар, әрі сауатты маман болып шығасың.
Ауыссаң ауыс. Ауыспасаң менің басымды қатырма! Мә
арызың!..
Декан айбат көрсетті. Өтінішімді өзіме қарай лақтырып
жіберді.
Сыртқа шықтым. Енді не істеймін? Жоғарғы оқу оры-
нында оқымасам армияға алып кетеді. Үш жылды зая
құртасың.
Деканның кабинетінің алдындағы коридорда не істерім
ді білмей айран-асыр тұрғанымда І-курста бірге оқыған,
көңілдері жақын екі досым мені келіп құшақтай алды.
Бірі – журналистика бөлімінде оқитын студенттердің
старостасы Кемелхан Ақмырзаев, екіншісі – өзімнің ауыл-
дасым , әрі туысым, болашақ журналист Әуелхан Есжанов
екен. Әуелхан спорт шебері. Факультеттің мақтанышы бо-
латын. Неге уайымдап тұрғанымды сұрап алды да сосын
екеуі келісіп қойғандай бір ауыздан:
– Өй, Жәке, онда тұрған не бар? Таста уайымды! Ауыс.
Ауысып ал! Тек жатаханасын сұра. Жүр, қайта кір. Жүр
мен бірге кірейін, – деп Кемелхан арқама қолын артты.
– Сессияңды бітірдің бе?
– Йә. Жақсы тапсырдым. Қарызым жоқ!
Әне-міне дегенше үш студент Тәукеңнің алдында тұр
ды. Сірә, үшеуміз бірге кіргенімізді, журналистика бөлі
міне ауыстырыңыз деп бұлар да сұрау үшін келді-ау деп
қалса керек.
– Маған делдал салудың қажеті жоқ! Қане, барыңдар! –
деп қалғаны кіжініп.
– Ағай, біз делдал емеспіз. Дұрыс түсініңіз. Керісінше
мұны «филфакқа ауыса бер» деп көндіріп әкелдік. Сізден
сұрайтын құрттай өтінішіміз бар. Соны айтуға келдік, –
дегені Кемелхан мен Әуелхан бірдей жамырап.
– Ол неғылған өтініш?
– Біраз сабақ айырмашылығы бар екен. Соларын тап
сырған кезде үйсіз-күйсіз жүргені тым қиын болатын сияқ
ты. Ең болмаса жатақхана берсеңіз деп едік...
– Орын жоқ емес пе сендер тұратын жатақханада?
– Сіз рұқсат берсеңіз арғы жағын өзіміз реттейміз, – деп
Кемелхан көзілдірігін түзеп қойды.
Естеліктер
Өтінішіме:«филология факультетінің ІІІ-курсына (күн
дізгі бөлімге) ауыстырылып, екі жылда пайда болған ай-
ырмаларды екі ай мерзімде тапсыратын болсын» деп қол
қойып:
– Мә, оқы! Ал жатақхананы Ақмырзаев, кейін сен өзің
тиісті кісілерге менің атымнан айтып реттерсің. Қане
барыңдар енді, – деді де Амандосов орнынан тұрды.
Бұл 1962 жыл еді. Тәукең менің кабинетіме 1982 жылы
келіп отыр. Сонда деймін-ау, бұл кісі екеуіміздің арамызда
болған сол жағдайды жиырма жыл ұмытпай, қаншама рет
қайта-қайта саралап, ылғи, уайымдап жүрген екен-ау деген
тоқтамға келдім. Өйткені, университетте жиі-жиі бетпе-
бет келіп қалып жүрсек те бірде бір рет менімен қайтып
сөйлескен жоқ. Ешқандай шаруа да айтқан емес. Жай бас
изесіп немесе қол алысып қана жүре беретінбіз.
Тек бір жиында қатар отырып қалғанымыз бар. Сол
жолы:
– Мен сені журналистикаға жолатпайын деп едім. Оным
бекер екен. Телевизияда бас редакторға дейін өстің. Баспа-
ларда да бас редактор, директор лауазымына көтерілдің.
Білім министірлігінде біраз жыл коллегия мүшесі бол
ғаныңнан да хабардармын. Мен қателескен екенмін. Сен
мені, мені емес-ау мен туғызған тосқауылдарды жеңіп сү
рінбей өтіп, өрлеп келесің. Сондай бір бигіміз – қара ша
ңырақ – ұлттық университетімізге де мен өзім шақырып
әкелдім. Сен сонда да не менің өзіме немесе сыртымнан
салқын қабақ танытып, суық сөз айтқаныңды көрген де,
естіген де емеспін. Саған Рахмет! – деген еді жайсаң ағам.
Халқымыздың «Жақсының ашуы – шайы орамал кеп-
кенше, Жаманның ашуы – басы жерге жеткенше» деген
қанатты сөзі еске түсіп: Сірә, жақсының жақсылығы да
басы жерге жеткенше сарқылмайды екен-ау деп түйдім.
Шаңырағыңа қара
«Ана тілі» газетінің қайсыбір жылдың шілде айының
соңында шыққан біp санында (№29) Ақтөбе облысының
Шалқар қаласынан Әбдіжәли Жұмашұлы деген азаматтың
«Әнұран мәтініне зер салсақ...» атты мақаласы жарияланды.
Мақала иecі өте орынды мәселені көтерген және мәтін
нің көзге ұрып тұрған кемшіліктерін күмәніңіз қалмай
тындай етіп негіздеп, яғни, қазақ ұлтының сөйлеу, жазу
ерекшеліктері мен осы күнгі еміле ережелеріне сай мәтін
нің қалай дұрыс жазылуы тиістігін соқырға таяқ ұстат
қандай нақпа-нақ тиянақтап берген екен. Сірә, қазақ тілі
нің маманы болуы тиіс. Өйткені, «...бұл екі тармақ баста-
уышы да, баяндауышы да атау септік тұлғалы зат есімнен
жасалған жай сөйлемдер...» деп сол пәннен сабақ бepіп
жүрген кісіден өзге ешкім жазбайды. «Білгенге дауа жоқ»
деген сөзді қазақ осындайда айтқан болар.
Біздің қайран қалатын біp-aқ мәселеміз бар бұл жерде.
Ол – осы Әнұранның жаңа мәтіні бекіп, жария болғалы
Ә.Жұмашұлы көтеріп отырған мәселені еліміздегі акаде-
миктерден бастап, мектеп мұғалімдеріне дейінгі аралық
тағы мыңдаған тіл мамандарының пікіp білдіріп, үн қат
пағаны «Гүл болмаса, бұл болсын» дегеніміз бе, жоқ емле
мәселесінен бейхабармыз ба? Тым құрыса Білім және Ғы
лым министрлігіндегі осы шаруаларға тікелей жауап бере
тін мамандар неге мүлгіп отырғаны түсініксіз.
Менің пайымдауымша, гәп басқада. Жұрт, сірә, айтып
та, жазып та жатқан болар. Біpaқ сол айтылған әдемі ұсы
ныс, орынды сын, алуан пікірлерді қадағалап, қарап, тиісті
орындардың назарына салып, шешім қабылдауға ықпалы
тиетін кісілерге дейін жеткізетін нағыз жанашырлар жоқ-
ау деген ойға қаласың.
Мен осы рәміздерге байланысты өз басымнан өткен
біpep жайды ортаға салайын.
Естеліктер
Еліміз егеменедік алып, жаңа мемлекет шаңырағын кө
теріп, бары-жоғын түгендей бастаған тұста халықтың,
оның ішінде газет оқырмандары мен авторларының да
белсенділігі жоғары болғаны белгілі. Көп нәрсе ұсынылды,
көп кемшілік сыналды. Газеттерде «Мен президент бол-
сам» деген айдарлармен көпшіліктің жаңа қоғамның көсе
гесін көгерту үшін ең әуелі не іcтey қажеттегін ұсынған та-
маша ойлар айтып жатқанына бәріміз де куә болдық.
Бірақ ең өкініштісі – сол орынды ұсыныстардың тағды
ры не болды? Оған құлақ асқан біреу болды ма? Немесе
айтылған нәрсе айтылған жерінде қала берді ме? Оқырман
бұдан мүлдем бейхабар қалды. Міне, бұл жай келе-келе
жұрттың меселін қайтарды. Ынта жойылды. «Баяғы жар-
тас бір жартас, қаңқ етер түкті байқамастың» кері келді.
Көпшілікті немкеттілікке, «қойшы соны, бәрібір ештеңе
шықпайды» деген түңіліушілікке көндіктірді. Бәрімізге
бәрібір сияқты. Бойкүйездік басты. Әлбетте, бәрінен де
жас өркенге обал. Қоғамның болашағына қиянат…
Әуелде жұртпен бірге мен де белсенділік танытып,
өзімнің пайымымша «өйтсек қайтеді, бүйтсек қайтер еді
өзі» деген сияқты ұсыныстар жасап көрген пендемін. Сон-
дай бір хатты сонау заманда Жоғарғы Кеңестің төрағасы
болып тұрған Әбіш Кекілбаевқа жазып едім. «Көзіқарақты
азамат, талқыға салып жіберер» деп емексігем. Хатым
қолына тимеді ме, жоқ әлде «маған не керегі бар осы
әңгіменің?» деді ме, хатқа ләм-мим деп жауап келмеді. Тым
құрыса көмекшілері ме, біреулер бірдеме деп жауап жаза
салғаны дұрыс еді ғой. Олай болмады. Сосын күте-күте
мен де күдер үздім.
Ол хатымның мәнісін баяндамастан бұрын осы «Төраға»
деген сөз туралы пікірімді де айта кетейінші. Кезінде осы сөз
де дұрыс алынбағанын жазып едім, Әбекеңе сол хатымда.
Мәнісі мынау: Төраға – жақсы сөз. Тек сол орында ер
кісі отырса ғана. Ал әйел немесе бойжеткен қыз сайланса
ше? Оғаш болмай ма? «Старшая медсестраны» «аға медби-
ке» дегеніміз сияқты, «ағатайлай» береміз бе? Біздің тіліміз
соншалықты кедей, жұтаң ба еді? Неге әр нәрсені, әркімді
өз атымен атамаймыз? Олай еткіміз келмесе, ер кісіге де,
әйел адамға да лайық, ортақ сөз неге қолданбаймыз? Мыса-
лы, төрағаны – төрбасы десеңіз құда да, құдағи да риза бо-
Жарылқасын Нұсқабайұлы
лар еді! Жынысында жұмысымыз жоқ, төрдің басында, яғни
төрдің иесі отыр дегеніміз болмас па еді?!
Осы ұсыныстың несі ұнамағанына хат Әбекеңнің қолы
на тимесе де, іргесінде отырған қазақтың сөз танитын
біреуі елең етпегеніне әлі қайранмын.
Кезінде «Егемен Қазақстан» газеті мен «Егеменді Қазақ
стан» болып, бұрынғы «Барлық елдердің пролетарлары, бірі
гіңдер!» дейтін жауыр болған ұранның орнына «Бостандық,
теңдік, ынтымақ» деген сиякты бірнеше сөздерді тізіп, ұран
датып шықты.
Мен дереу хат та жаздым, телефон да шалдым. «Еге-
мен сөзіндегі «ді» жалғауының артық екенін тәуелсіз еге-
мен ел болдық деп жаһанға жар салып, газетіміздің атын
да айқайлатып қойып отырмыз ғой. Ендеше газеттің ше
кесіндегі «теңдік, бостандықтарыңызға» жол болсын?!» −
дедім. Бұл сыным дөп тиді. Газет дереу құлақ асты. «Еге-
мен» сөзінің жалғауын алып тастады.
Біpaқ сол ұсынысым үшін рахмет айтып, сынық сөйлем
жазып жібермегені үшін «Егеменге» осы күнге дейін
өкпелімін. Сірә, сырттағы біреудің айтқанымен түзедік
дегенге намыстанған болуы керек. Мүйіздері қарағайдай
журналист-жазушылар отырды ғой аппаратында... «Тама
ғын жеп, табағын тепті».
«Өзім білем» деген бүлдіреді көп нәрсені. Сол тұста
«СҚ» бірсыпыра сөздерді қазақшалағансып белден ба-
сып жібереді. Мәселен, «товар» сөзінің «тауар» болып
кеткеніне әлі өкінемін. Газеттің уәжі: «20-30 жылдар-
да бұл сөзді біздің ата-аналарымыз солай айтатын». Одан
бepі біp ғасырдай уақыт өтті. Мұны біp деңіз. Eкіншіcі, әpі
ең негізгіcі − товар сөзінің анық орыс сөзі екеніне кімнің
дәлелі бар?
Орыстың сөздік қорына әбден cіңіcті болып кеткен
арық, бархан, арқан тәрізді бұл сөз де кезінде бізден ауып
бармағанына кім кепіл бола алады? Tөpкіні – мaл табap
мал табудан шығып, жібек жолы арқылы славян елдеріне
ауысқан жоқ па екен деп те ойлансақ, сөйтіп товар сөзін
тілімізді бұзып тауар деп қашқақтағанша жалғыз әрпін
түзеп, табар дей салмағанымыз не қылғанымыз? Сонда
сөздің мағынасы да, айтылуы да мүлдем өзгермейді, қалпын
бұзбайды, тілімізге қазақы cөзіміз қайтып оралады...
Меніңше, осындай сөздерді әлі де болса терминкомның
Естеліктер
кезекті біp отырысында түзей салсақ ештеңеден ұтылмасы
мыз кәдік. «Ештен – кеш жақсы!».
Енді Әбекеңе (Әбішке) жазған хатымдағы негізгі мәсе
леге келейін. Ол – Әнұран туралы, басқаша айтсақ − Әнұран
ның атауы жөнінде.
Гимн – Әнұран емес. Гимннің мақсаты да, міндеті де
өзге. Жетпіс жыл жетім елді желкелеген ұранның не еке
нін, оның мәнін де білеміз, мақсатына да қанықпыз.
«КПСС Жасасын!», «Барлық елдердің пролетарлары, бірі
гіңдер!», «Коммунизм жасасын!» деген сияқты абстрак
тылы, мән-мағынасыз, дерексіз (мәселен, өмірде жоқ
коммунизм қайдан жасайды?!) нәрселерге дейін «жаса-
сын» деп ұрандатып, халықты жауыр, ығыр қылған ұран
сөзін киелі Гимнге телігеніміз әбес болды деп жазып едім.
Meнің сондағы ұсынатын баламам не еді?
Әңгіме осында ғой!
Гимн біреуді қорқыту, үркіту, күш көрсету неме-
се мажықтыру, ұнжырғасын түcіpy, үрейлендіру үшін
шығарылмағаны белгілі және ондай мүдде үшін орындал-
майтыны тағы да аян.
Гимн – салтанатты рәсім белгісі, аса ерекше жағдайда,
халықтың шаттанған, қобалжыған сәтін, өзінің ерлігін,
өрлігін, жігер-күшін паш ету үшін орындайтын музыка-
лы, дәстүрлі рәмізі. Ол қажет болғанда халықтың рухын
көтepіп, жігерін жанитын, оны асқақтатып, өз ұлтына,
туған жері мен сүйікті Отанына деген мақтанышы мен
сүйіспеншілігін жеткізетін Айбары!
Әр ұлттың, әр елдің даусыз мойындаған айбарла-
ры бар. Мысалы, Қазақ елі үшін Алатау, Қаратау, Ұлытау,
Көкшетау, үш биіміз, батырларымыз, данышпандары-
мыз сияқты айбарлары бар емес пе? Әр қазақ өзінің туған
жеріндегі белгілі біp тауды оның еңселілігі, көркемдігі,
байлығы мен тарихы үшін Айбары көретіні ақиқат. Мы-
салы, әлігі таулар – иcі қазақ үшін киелі, құдіретті нәрсе.
Өйткені, қазақ үшін пана болған, сая болған, нәр бepіп,
еңсесін тіктейтін мақтанышы болған символдар. Әл-
Фараби, Дулати, Абайлар да сондай. Мұхтар мен Ғабит
кезінде қазақ әдебиетінің айбары болды.
Ал қалаберді әр әулеттің де айбары бар. Мәселен, біp
әулеттің көп жасаған, өскен-өнген, ақыл-парасаты мол,
жұрт сөзіне тұратын ақылман қариясы болады. Міне, ол кіcі
Жарылқасын Нұсқабайұлы
де сол әулет үшін айбар. Өзіңнің туған атаң, әжең – жақсы
болса ол да айбар. Сүйеніш. Ит арқасы – қиянда жүрсең де
арқа тұтасың. Мақтаныш етесің. Кеудеңді көтepecің!
Гимн де солай. Ол жауды жайпап, дұшпаныңды тап-
тап бермейді. Сен үшін еңбек етпейді. Біpaқ сенің жіге
ріңді жаниды, қайрайды, шабыттандырады, арқаңды қоз
дырады, ыза-кегіңді үдетеді, сеніміңді күшейтеді; ерлікке,
бірлікке, бекем біp шешімге жетелейді; әруақ шақырады,
тәубәңе келтіреді...
Сондықтан да ол ұран бола алмайды. Ол сенің еліңнің,
халқыңның, жеке басыңның атқарған, әйтпесе ілгері бас
қалы тұрған қадамыңның қаншалықты мәнді, құнды бола-
тынын немесе елеулі қажеттілік екенін санаңа cіңіpe түседі.
Содан шығар Гимн шырқалғанда шоқтығың көтеріліп, сом-
дала, іpіленe, биіктей түскеніңді сезінесің. Өз іcіңe, өзіңe
баға бересің. Туған топырағыңда бұрынғыдан да нық, бе-
кем тұрғаныңа көзің жетіп, айбарлана түсесің. Тап осындай
дәрежеге жеткенің үшін іштей тәубәңді айтып, жүрегіңді
еліңе деген қуаныш, мақтаныш ceзімі кернейді. Сонда Гимн
сенің жан жырыңа, жүрегіңнің сырлы үніне айналады!
Сен Отаныңмен, халқыңмен біте қайнасқан, қиындығын
мойыныңмен көтepіcіп, жеңісіне теңдей масаттанатын Аза
маты екеніңе қуанасың! Еркін еліңнің желбіреген көк туы
ның астында бақыт құшағында тұрғаныңды айқын сезі
несің! Өйткені, сен сол сәтте сан ғасырдың мұңы мен зары
cіңгeн сары даланың басты жырына, көңіл-күйіне – Айбар-
лы әніне үн қосып тұрсың! Ол сенің жырың, сенің сырың,
сенің мәңгілік күйің – Айбар әнің!
Демек, Гимн – елдің де, халықтың да, біздің әрқайсы
мыздың ол шырқалғанда бойымызды тіктеп, ширығып,
еңсемізді көтере түсетін, сонау биікте шалқыған көк бай
рағымызға кеудеміз толы сеніммен көз тігіп тұрып, бүгінгі
тағдырымызға мың алғыс айтатын, қажет десеңіз тілімізді
кәлимаға келтіріп, шүкіршілік ететін киелі жырымыз. Ceб
eбі, атамыздай айбарлы, анамыздай мейірімді құт мекені
міздің топырағын нық басып, еркін тұрмыз!
Әне, сенің Айбар әнің – ән-Айбарың әуелеп барады!
Әрине, қазір біз әңгіме етіп отырған «Төраға», «Тауар»,
«Әнұран» деген сияқты, тағы басқа қолапайсыздау көрініп,
орнықпай жүрген сөздерді көпшілік пәтуаласса түзей салу
қиын емес, Бұл енді көп қолдаса, үкімет сол көптің пікіpінe
Естеліктер
құлап, «төрбасы», «табар», «әнайбар» немесе елтаңбаға ұқ
сатып «елайбар» деп түзете қоятын шаруа.
Ал енді түзеуі қиындау тиетін тағы біp «әттеген-айы
мыз» бар. Ол да жай емес, рәміз туралы. Рәміз болғанда да
Елтаңба туралы... «Е, Елтаңбада не кемшілік бар еді?» –
дерсіздер таңырқап. Айтайын.
Осыдан біpep жыл бұрын еліміздің рәміздерін жетіл
діру, шыңдай түсу туралы жақсы-жақсы ой-пікірлер ай
тылды, ақырында Гимннің мәтіні өңделіп, қайта бекітілге
ніне баршамыз куәміз.
Сол тұста мен президент әкімшілігінің канцелярия мең
герушісі, Елбасы туралы көлдей-көлдей жақсы мақалалар
жариялап жүрген Махмұт Қасымбековке өз ұсынысымды
айтып, хат жазып жіберген едім. Ол қандай ұсыныс еді?
Біздің Елтаңбамыздың нақ ортасында қазақ шаңыра
ғының бейнесі тұр. Идея, ниет өте әдемі! Әдемі емесі –
оның крест бейнесінде болғаны. Уық сынды шыбықтардың
крест сияқты елестемеуі үшін қалай айқастырып, амал
дасаңыз да кресінен құтыла алмайсыз. Сондықтан мен мы-
нандай пікіp айтқан едім:
Бұрынғы заманда қазақ шаңырағының формасы біpey
ғана, яғни дөңгелек болғаны белгілі. Қазір де солай. Еш
теңе бұлжыған да, бүлінген де жоқ. Тек өзгертіп, құбыл
тып жүріп бүлдіріп алған, бұрынғы киіз үй жасайтын
Үштөбе фабрикасы-ау деп күдіктенемін. Олар да әдейі
істемеген болар. Фабриканың аты – фабрика. Ол неғұрлым
өндіpіcі оңай, арзан вариант іздейтіні бесенеден белгілі.
Демек, шаңырақ жасауды әpі оңайлатып, әрі жеңілдету
ниетімен қазіргі қосу (+) формасын шығарған тәрізді. Бұл
қосу белгісінің арғы жағында «Крестің» тұрғанын, оның
халықтың белгілі біp бөлігі үшін проблема туғызып, на
разылығын оятатынын кім ойланып жатты дейсің?...
Бірақ бұрын некен-саяқ ауыл қазақтарының төбесінде тұ
рып, жүйкесін тоздыратын крест егемендік алған сәті
мізде Елтаңбамызға келіп жайғасқаны, жасыратыны жоқ,
талайдың-ақ жүрегін сыздататыны күмәнсіз. Ендеше қыр
ғыз бауырларымызбен теңдей біздің де уайымымызға
айналып тұрған осы суретін сәл өзгертіп салу, сөйтіп
өзіміздің күптігей көңілімізді ғана орнына түcіpіп қоймай
бауырлас қазақ-қырғыз халықтарының ішіндегі ортақ мүд
Жарылқасын Нұсқабайұлы
демізді әріден ойлайтын іpі ұлт екеніміздің дәлелі ретінде
тап қазір жөндеп жіберіп, eкі халықтың да көңілі жарым
болып жүрген азаматтарының уайымын азайтып, күн сай-
ын шаңырағынан жасқанып, көзін алып қашпай жарқырап,
таси қарайтын пейіліне сай тірлік көрсетсек қане, шіркін!
Ал оны қалай жөндейміз?
Бұрынғы қазақ үйінің шаңырақтары тақия тәрізді дөп-
дөңгелек болғанымен оның кейбірінде сыртқы шеңберінің
нақ төбесінде кішкентай ғана тағы біp шеңбері болған.
Ал ол шеңберге үлкен дөңгелектен барып шаншылатын
келте шабақтар қазіргідей төрт жағынан емес, үш-ақ жа
ғынан барып шаншылып, кіші шығырды бекем ұстап тұра
тын. Сонда крест шықпайтын. Киіз үй жасаушы шебер-
лер шаңырақтың тас төбесінен тағы біp шеңбер жасап жа-
туды бейнет көріп, шаңырақтың үстіндегі жотасы дөңес
шабақтарды оп-оңай шабыстыра салған да, бар бәле содан
шыққан!
Менің әкем Нұсқабай Құлымбетов ақсақал Кеңес дәуі
рінде 40 жыл қойшы болып, екі мәрте Ленин орденін
алып, Социалистік Еңбек epі атанган кіcі еді. Сол кіcі 1961
жылы қайтыс болғанша жаңағы мен айтып отырғандай
шаңырағы бар үйде тұрып келген. Мінеки, осы мәселені
Мәкеңе (Махмұт Қасымбековқа) жазып жібергенмін.
Ойым – рәміздерге ішінapa өзгерістер енгізгелі жатыр ғой.
Бәлкім, осыны да жөндеп жіберер дегенім еді. Махаңның
атасына рахмет. Пікірімнің орынды екенін, біpaқ Елтаң
баны түзету аса қиын, машақаты көп, едәуір жұмыс пен
қаражат та қажет болатынын сыпайы түсіндіріп хат жазды.
Соны қанағат етіп тыншып едім. Енді мына бауырым
ның газеттегі мақаласы тағы түрткі болды. «Қой, бұл ойла-
рымды жұрт білсін, газетке берейін. Біpey болмаса біреудің
есінде қалса, келер біp мүмкіндігі туған жылдарда жүзеге де
асып қалар», – деген ой түрткілеп маза бермеген соң қолыма
қалам алып ем...
МАЗМҰНЫ Әңгімелер Енші ............................................................................................... 4 Тәуекел ........................................................................................ 18 Тағдыр немесе шалдың әңгімесі .............................................. 29 Повестер Қашқын ....................................................................................... 54 Құмда өскен қызғалдақ ............................................................ 165 Мың жасаған адам ................................................................... 254 Естеліктер Киелі есім .................................................................................. 268 Жалған сөйлеп, жалтақтамайтын еді ..................................... 273 Киелі де өшпес мұра ................................................................ 286 Намыс ........................................................................................ 296 Өзекең ондай жандарды жазбай танитын .............................. 301 Адамдықтың өлшемі ................................................................ 304 Мен Ғабеңнің арқасын қалай ыстым? .................................... 308 Аты жақсы баламсың Жарылқасын ....................................... 312 Мен Шәмшімен қалай таныстым ........................................... 317 Өмірдің өзі өнеге ...................................................................... 327 Шаңырағыңа қара... ................................................................. 344
Жарылқасын НҰСҚАБАЙҰЛЫ
Е н ш і
(Әңгімелер, повестер, естеліктер)
Редакторы Айнұр Пірімбетова
Техникалық редакторы Клара Тұрымбетова
Қалыптаған Қыпшақ Мұхамедин
Суретші Ерлан Қожабаев
ИБ № 171
Басуға 03.09.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 84×108 1/32.
Офсеттік қағаз. Қаріп түрі “Tіmes New Roman”.
Шартты баспа табағы 18.0. Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс №
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.
ЖШС «Білім» баспасы. 050009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143-үй. Тел.394 -41-63.
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
«Полиграфкомбинат» ЖШС-де басылды.
050002, Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 41.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру