TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 8 том

Әуесбаева П.

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 8 том

«Бабалар сөзі» сериясының сегізінші томына 11917 жолдан тұратын «Қисса қырық уәзір» атты хикаялық дастан енді. МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан ..................................................................... 5 Мәтiн Қисса қырық уәзір .......................................................................... 9 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтiнге түсiнiктеме ........................................

Астана

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Мағауин М.М.
Мәмбеев С.
Нұрпейісов Ә.К.
Рахмадиев Е.Р.

Сұлтанов Қ.С.
Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

БАС РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ АЛҚАСЫ

ББК 82.3 (2 Каз) Б12 «Мәдени Мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Алпысбаева Қ., Әзібаева Б. (жауапты редактор), Әуесбаева П. (жауапты шығарушы), Қасқабасов С., Нарымбетов Ә. Томды құрастырып, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: Алпысбаева Қ., Әуесбаева П., филология ғылымдарының кандидаттары Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2004. Т. 8: Хикаялық дастандар.—2004.—428 бет, суретті.

ІSBN 9965-619-98-0 «Бабалар сөзі» сериясының сегізінші томына 11917 жолдан тұратын «Қисса қырық уәзір» атты хикаялық дастан енді. Б 00(05)—05

ББК 82.3 (2 Қаз)
ІSBN 9965-619-98-0 (т. 8)
© Әдебиет және өнер институты, 2004

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2004

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем-
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияла-
натын «Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап,
жариялау жұмысын жалғастыруда.

«Бабалар сөзі» сериясы—ғылыми басылым. Оның негіз-
гі принципі—шығарманың табылған нұсқаларын жүйелеп,
өзара салыстыра зерттеп, фольклорлық шығарманың сюжеті
мен жанрлық белгілері туралы толық көрініс беретін мәтінді

оқырманға ұсыну. Керек болған жағдайда бірнеше варианттары
жарияланады.
Әрбір том ғылыми қосымшалармен толығып отырады.
Ғылыми қосымшалар томға енген мәтіндерге жазылған тү-

сініктемелерді және олардың табылған варианттары жөнінде
мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ бұған сөздік, жер-су атаула-
ры, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге
арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жыр-

лаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі,
орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кіреді.
Оқырманға ұсынылып отырған аталмыш серияның сегізін-
ші томына өте көлемді 11917 жолдан тұратын «Қисса қырық

уәзір» дастаны еніп отыр.
Дастанның негізгі ой-өзегі—патшаның ерке жас тоқалы
бәйбішеден туған өгей баласына ғашық болып, оған көңіл біл-
діріп, беті қайтқан соң, жала жапқан мекерлігін сынау, бала-

ның адалдығын дәріптеу.
«Қисса қырық уәзір» туралы дастан бір-біріне жалғасып,
оқиғалары кезектесіп дамып отыратын көптеген хикаялардан
құралады. Хикаялардың мазмұнын шым-шытырық, діни фан-

тазия мол араласқан—діни әпсаналар, тарихи аңыздар, ке-

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

мел билеушілер туралы әңгімелер, мысалдар, мифтер, қиял-
ғажайып ертегілер құрайды.
Яғни, қазақ арасында кең тараған «Тотынаманың тоқсан
тарауы», «Бақтиярдың қырық бұтағы», «Мың бір түн» атты

топтамалар секілді «Қисса қырық уәзір» де сексеннен астам
хикаялардан
құралған.
Олардың

әрбіреуінің
жеке-жеке
атаулары бар.
«Мың бір түн» сюжетінен алынып жазылған бұл шығармада

өсиет, тәрбиелік әсері мол мысалдар, ғажайып оқиғалар, т.б.
тартымды суреттелген. Өсиет-өнегелік сюжеттердің мақсаты—
адам мінезінің сан қырын ашып, жаманын түзеп, адамгершілік
тәрбиесін көрсету. Сол сияқты бұл дастаннан көптеген тарихи,

этнографиялық мағлұматтар да табуға болады.
Томға еніп отырған мәтін 1911 жылы Қазан қаласында араб
әрпінде жарық көрген кітаптан еш түзетусіз әзірленіп, кирилл
әрпінде оқырманға алғаш рет ұсынылып отыр.

Томның көлемі—26,75 б.т.

Қисса қырық уәзір
Екі бетінің ақтығынан күн көрінген,
Үстіне інжу-жауһар киім киген.
Тоқалы патшаның ғашық болып,

Өртеніп, көрген сайын іші күйген.
Нұсқада жазбаған ұғлан атын,
Дидарын көрген адам бір талатын.
Нужум ғылымын оқытуға берген,

Түгесіп бітіре алман оның затын.
Сөйлейін молда хабар бергендерін,
Ұғланға «сөз сөйлеме» дегендерін.
Тоқал қатын балаға жала жауып,

Азғырып падишаны жүргендерін.
Айтайын падиша не сөйлегенін,
Азғырып, сөзіменен билегенін.
Баласын өлтірмек боп тұрғанында,

Патшадан қырық уәзір тілегенін.
Патша баласынан күдер үзіп,
Күндіз уәзір, түнде қатын бұзып.
Қырық уәзір қырық күндей әңгімемен

Сөйледі падишаға күн өткізіп.
Сабақ алып, бала жүрген молдасынан,
Тілейді ғылымдықты Алласынан.
Молдасы шәкіртіне не дегенін,

Ағалар, мен айтайын сөз басынан.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Молдасы бір күн тұрып кітап алды,
Баланың талиғына көзін салды.
Бір ауыз сөз сөйлесе, өлмек екен,
Анық сөз, дәлелі бар талиғында.

Шәкіртіне молдасы айтты тапқан сөзін,
Қырық күнше сөйлегенде өлмек кезін.

—Қазаға разы болмақ, жаным,—деді,

Шәкіртім, талиғыңа салдым көзім.
Айтайын насихатым мақұл десең,
Қырық күн тамам өткенше сөйлемең.

—Әй, тақсыр, айтқаныңды мен қылайын,

Мен үшін қамқор болып, қайғы жемең.

—Шырағым, айта берсем, кеңесім мол,

Табылар іздегенде туғыры жол.
Қырық күн тамам өткенше сөз сөйлеме,
Менім саған айтатын жауабым сол.
Айтқанын ол бала алды мақұл,

Сақтайды һәм қашанда ұстаз хақын.
Мұныменен сабақтан қайтып кешке,
Қасына атасының келді жақын.
Һәркімге һәрбір бала келеді кез,

Молдасы сөзін айтқан көзбе-көз.

—Қанша оқу, қанша жазу жаздыңыз?—деп,

Атасы баласынан сұрады сөз.
Үндемей бала тұрды ол сөзіне,
Патша қайран қалып мінезіне.
Тағы да сұрап еді сөз асырып,

Баласы үндемеді жауап қатып.

—Шешесіне апар!—деді бір кәнизакқа,

Қапасын айтар, мүмкін, шешесіне.
Ол кәнизак алып келді анасына,
Баланың көркін көріп, құса болып,
Бұрыннан тоқал-шеше болған ғашық.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Мұның ғашық болғанын бала білмес,
Ғашықтықтан шешесі ойнап-күлмес.
Әлгі қатын балаға ғашық болып,
Құса болып жүреді ертеңді-кеш.

Ол кәнизак анасына келген алып,
Шешесі бұрыннан жүр құмарланып.

—Ішінде қапалық бар баланың,—деп,

Айтады бастан-аяқ алып барып.
Анасы айтты:—Аулақта тұрайын,—деп,
Мойнымды қарағыма бұрайын,—деп.
Кәнизакқа айтты:—Өзің бар бөлек үйге,

Мен өзім жеке қалып сұрайын,—деп.
Баланы оңаша үйге келді алып,
Мойнына жақын келді, қолын салып.

—Әй, патша қарағым, сұлтаным,—деп,

Һәрқашан ғашық болып жүрмін налып.
Үндемей бала тұрды, жауап бермей,
Жіберді шешесінің қолын сермей.
Өзі дана, ақылды патша [бала] еді,

Айтқанын көңілінен мақұл көрмей.
Қасына тағы жақын келді және
Үндемей, сабыр қылды ғаріп бала.
Анасы баласына ғашық болған,

Алланың әміріне бар ма шара?!

—Неліктен үндемейсің, жауап беріп?

Егер де қабылдасаң, мақұл көріп.
«Әкемді тірі тұрған қайтем» десең,
Бір күні өлтірейін ағу беріп.
Және де үндеместен тұрды тағы,

Һәрбір сөз қатын айтып тұрса дағы.

—Айтпасаң саған жала жабамын,—деп,

Балаға тағы да айтты келді дағы.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Әкеңді өлтірейін кәрі,—деді,

Жұрт сені өсек қылса бәрі,—деді.
Өз анасын баласы алды,—десе,
Шаһардан мені шығар әрі,—деді.
Артымнан кісі жібер ұры қылып,

Даладан ұстап алсын мені біліп.
Мені содан кәнизак деп сатып алсаң,
Мұрат хасыл қыларсың алып келіп.
Һәрқашан сені көріп күйейін,—деп,

Атаңды өлтірген соң тиейін,—деп.
Мойнына баласының қолын салып,
Тағы да жақын келді, сүйейін деп.
Жұмырықпен шешесін қалды салып,

Аузына бір ұрғанда қанға малып.
«Атаңа сені шағып айтайын»,—деп,
Отырды бір бұрышқа аң-таң қалып.
Атасы жетіп келді анасына,

«Бір жауап берді ме?»—деп баласына.
Патша көрген шақта қайран болды,
Екісінің шайтан кірген арасына.
Қараса, бір бұрышта отыр бала,

Патшаны көріп, қатын қылды нала:

—Мені мұндай харамзада ұрғаны,—деп,

Өксіп-өксіп жылайды, көре сала.
Балаң айтты:—Сен де жас, мен де жаспын,
Саған ғашық боп жүрген мен бір маспын.
Әкемді өлтірген соң сені алайын,

Өзім патша болғанда қор қылмаспын.
Тағы да ғашық екен мұнан бұрын,
Әкемнің орны,—деді,—маған орын.
Көнбейсің деп бетіме қойып қалды,

Кәріге тиген менім қандай сорым.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бұл өзі—анасынан қалған жетім,
Тартқызған мына маған қасіретін.
Жақсы екен туғанынан тумағаны,
Қызыл қан қылып отыр екі бетім.

Әй, патша, мына балаң—харамзада,
Сізді өлтірмей қоймайды не қылса да.
Өзің өлмей, әуелі, оны өлтір,
Тиеді кесапаты бұл дүнияда.

Патша мұны есітіп ашуланып,
Шыдамай ашуына қапаланып.
Қатынның естіген соң мына сөзін,
Ұйықтамай таң атқанша күйіп жанып.

Патша қаһарланып, іші күйіп,
Ішіне ашуменен әзер сыйып,
Таққа мініп, жалладқа әмір етіп,
Көп жұртты ертеңменен алды жиып.

Патша жұртын жиып тұрған шақта,
Жамағат жылай берді сол уақта.
Уәзірге біреу барып, берді хабар
Жалладтар өлтіргелі келген шақта.

Жалладтар өлтіруге келді әзір,
Тіленіп, қырық уәзір қылды назар.
Баланы өлтірмек боп тұрғанда,
Қасына жетіп келді бас уәзір.

—Әй, патша, қатын тілін алма!—деді,

Өзіңді өкінішке салма,—деді.
Ұғылыңды бейкүнәһ өлтірем,—деп,
Артында арманда боп қалма,—деді.
Жиылған хүкіміңе жанның бәрі,

Жоқ шығар бұл ұғланның күнәһілары.
Алданса адам, егер, дүнияға,
Қараңыз мархабатпен бұл балаға.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Төрт пәлені Құдайым берер деген
Нақақтан қан төгуші падишаға.
Әуелі, өмірін қысқа қылар,—деді,
Екінші, өзіне қас қылар,—деді,

Үшінші, дұшпандар насрат тауып,
Төртіншісі, ғазапта болар,—деді.
Хақ Расул таһаратты алушы еді,
Құмғанға тайаммом салып барушы еді.

«Су барында тайаммом не керек?!» деп,
Сахабалар таң қалып сұраушы еді.
«Мен суға жеткенімше ғұмыр бітсе,
Сол уақта қорқамын қаза жетсе».

Әй, тақсыр, Пайғамбарым солай айтқан,
Адамдар қор болмайды сөзін күтсе.
Және айтқан Пайғамбарым: «Біледі,—деп,
Үмбетім ғапыл болып жүреді,—деп.

Дүнияда қанша мехнат болса дағы,
Бәрін де қатыннан көреді»,—деп.
Лайық па қисынсыз қаһар көрсеткенің?
Баланы арманда ғып жөнелткенің.

Бір патшаның хикаяты сізге ұқсар,
Жоқ екен ол хикаят естігенің.
Бұл бала күнәһ қылған кішік,—деді,
Ашылсын ұжмағынан есік,—деді.

Сөзіне уәзірінің құлақ қойып,

—Естіп мен білейін, нешік?—деді.

Бас уәзір айтады:—Қылдым налыс,
Көңіліңді ұғылыңнан қылма алыс.
Мысыр шаһарының бір падиша,
Бір күні құрған бір мәжіліс.

Алдында патшаның ғалымдары,
Хикаят сөз қозғады оның бәрі.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Айтады миғражды патшаға,
Әй, тақсыр, білсін деп ахуалдары.
Ғалымдар патшамен көп кеңескен,
«Миғраж бір тамаша осы» дескен.

Жеті қат жер, жеті қат көкті көріп,
Алламен тоқсан мың сөз сөйлескен.
Басқан із қайтып келсе, кеппей тұрған,
Жылысы төсегінің бітпей тұрған.

Құмғанынан таһарат алған суы
Ағып, тамған тамшысы кетпей тұрған.
Патша айтты:—Кітапта шариғат көп,
Білдірдің сіздер маған осылай деп.

Патша мына сөзге нанбас болды,
Ақылға бірде туғры келмейді,—деп.
Бес жүз жылдық жол болар һәрбірісі
Қалайша жылдам келер барған кісі?

Молдалар патшаға:—Наныңыз,—дер,
Әй, тақсыр, қиын емес Құдай ісі.
Нанбады миғраждың болған кезін,
Патшаның бұза алмады бұл мінезін.

Баршасы мұнан тарқап кеткеннен соң,
Естіді шайх Шәһәбудин мына сөзін:
«Патша инанбады бір Құдаға»,
Жайылды бұ сөз енді дүнияға.

Бұ сөзін Шәһәбудин мақұл көрмей,
Әдейі іздеп келді падишаға.
Салмады қожаға да мархабатын,
Сұрайды онан және шариғатын.

—Жан қинап, алыс жерден келдің іздеп,

Бар еді менде қандай не қажетің?

—Мен шектім сапар жолда мехнатты,

Айтайын, сұрасаңыз шариғатты.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, тақсыр, келіп едім соның үшін,
Сізбенен құрайын деп мәслихатты.

—Мехнат шегіп келуің неге қажет?

Сөзін білген болсаң көп шариғат.
Анық қожа екенің білейін мен,
Көрсетші таң қалғандай бір ғаламат.

—Нанбайтын пиғылыңыз бар-дүр сенің,

Ғаламатым көріңіз енді менім.
Бір нәрсені, әй, тақсыр, көріп жүрме,
Қақпағын жапсын,—деді,—терезенің.
Әйнекті жапқызады патша сонда,

Бір азырақ мәслихат қып отырды анда.
Ол қожа терезенің бірін ашып,
Айтады патшаға:—Не бар мұнда?
Көрсетті терезенің бірін ашып,

Топ-толы, көп әскер жүр араласып.
Аттардың бәрі мінген мойнына,
Көрген соң сол патша қалды сасып.
Қожа айтты:—Терезеден кейін кет,—деп,

Отыр сен орныңда, сабыр ет,—деп.
Тағы да терезенің бірін ашып,
Патшаға айтады:—Тамаша ет,—деп.
Патша қарауына ерінбеді,

Һеш нәрсе бұ жағынан көрінбеді.
Тағы ашып терезенің үшіншісін,
Қожекең бұ патшаға:—Келің,—деді.
Патша қарады көзін салып,

Дүния өртеніп барады, күйіп-жанып.
«Ұшқын ұшып келеді басыма»,—деп,
Көрген соң қорықты енді қайран қалып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Тағы да айтты патшаға:—Кейін кет,—деп.
Ол көрінген көзіңе хикмет,—деп.
Бар екен бір терезе суға қарсы,
Қожекең оны ашады, тағы ептеп.

Патша дарияға тағы баққан,
Қараса, тау секілді толқын қаққан.
Суға кетіп барады Мысыр шаһары,

—Қожа, маддат мына су қайдан аққан?!

Бір терезе ашады тағы және,

—Патша, мынаған да тағы қара.

Көргені патшаның бәрі хикмет,
Қожаның ғылымына бар ма шара?!
Қараса, бір бақ екен ағашы өсіп,
Ағаштың басында тұр, жеміс пісіп.

Тоты, бұлбұл басында сайрап тұрған,
Япырмау, болады екен мұндай нәсіп!
Көңілі патшаның—болды жарым,
Андан соң ашты дейді мұның бәрін.

Әйнектің бәрін ашса, дәнеме жоқ,
Патша қайран қалды ахуалдарын.
Қожа айтты:—Бір зор тас келтір,—деді,
Ішіне таза судан толтыр,—деді.

Мен саған бір ғажайып көрсетейін,
Шомылған соң тақытыңа отыр,—деді.
Қожекең патшаға айтты сөзін,
Ішіне түсейін деп, жұмды көзін.

Ол суға патша түсіп кетсе,
Бір таудың етегінде көреді өзін.
«Қай жаққа барамын?» деп алаңдайды,
Патша не боларын біле алмайды.

Өз-өзіне патша: «Мені алдап,
Тақытымды қожа алды-ау»,—деп ойлайды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша енді жүрді қадам басып,
Үстінде киімі жоқ, қорқып сасып.
Тау басына қараса көзін салып,
Бір талай адамдар жүр отын тасып.

Отын кескен адамның көрді бәрін,
Қасына жақын келді, көңілі жарым.

—Не қылған адам едің, жүдеген?—деп,

Сұрады отыншылар ахуалдарын.

—Мен өзім саудагер адам едім,

Кемемен суға ағып барар едім.
Көп кісі кемесімен суға кетті,
Бір тақтаймен құтылып, мұнда келдім.
Осылайша болды ғой менім күйім,

Баратұғын енді жоқ жақын үйім.
Отыншылар «Көр»,—деді мархабат қып,
Ескі-құсқы жиып алып, берді киім.
Патша айтты бұларға:—Кімсіз?—деді,

Отын кесіп тауларда жүрсіз,—деді.
Олар айтты:—Мына жерде бір шаһар бар,
Сол шаһардан боламыз, біл сіз,—деді.
Патша бұларменен бірге кетті,

Олардың шаһарына барып жетті.
Бір етікші жолықты бұл шаһардан,
О дағы мұны сұрап тамаша етті.
Етікшіге айтады өткендерін,

Кемемен суға ағып кеткендерін.
Бір тақтаймен жабысып судан шығып,
Отыншыға саламат жеткендерін.
Қартқа патша айтты тағы да:—Дат,

Айтыңыз,—деді,—маған мәслихат.

—Саған мен бір ақылды айтам,—деді,

Мүсәпір сіз екенсіз, өзіңіз жат.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Менім айтқан ақылымды алшы,—деді,
Моншаның есігіне баршы,—деді.
Моншадан көп қатындар шыққанында,
«Ерің бар ма?»—деп, хабар салшы,—деді.

«Ерім жоқ» дегендерін оның,—деді,
Қатындыққа аласыз оны,—деді.
«Күйеуім бар» дегенін қоя берің,
Бұ шаһардың осылай заңы,—деді.

Моншаға бұ сөзбенен тұрды барып,
Бір-бірлеп сұрай берді тұтып алып.
«Ерім бар» деп, көп қатын шығып жатыр,
Бір қатын келе жатыр кейін қалып.

«Бар ма дегеш?» ол қатын:—Жоқ еріміз,
Мақұл десең, біздермен бір жүріңіз.
Мұны естіп, патша қуанады,
Жеті жыл ғұмыр сүрді кеше-күндіз.

Туыпты ол қатыннан бір ұл, бір қыз,
Жақсылап мына сөзді тыңдаңыз, сіз.
Асап ішер бір нәрсе қалмаған соң,
Қатын тағы патшаға айтады сөз:

«Бір әрекет базардан әкел барып»,
Етікшіге тағы да барды налып.
Бастан кешкен өзінің сырын айтып,
Мархабат қыла ма деп, мейірін салып.

Қарт айтты:—Білемісің өнерің көп,
Патша айтты:—Һеш нәрсе білмеймін,—деп.
Жігітке біраз ақша берді дағы,
Бұйырды:—Хамалшыға барыңыз,—деп.

Һәркімнің жүгін барып көтер,—деді,
Төрт, бес тиын ақша беріп кетер,—деді.
Аз да болса соларға қызмет қылып,
Сол дағы нәпақаға жетер,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мұнан соң хамалшыға кетті-ау енді,
Жүк тасып, қызметтерін етті-ау енді.
Күнде-күнде тасыған шаршауменен,
Кесіліп мойын жері бітті-ау енді.

Ойға алып, жылаушы еді өткен істі,
Бір күнде бір теңізге келіп түсті.
Шомылып дарияға кіргенінде,
Өзінің тақытына көзі түсті.

Патша қайран қалды бұлайынан,
Өзінің мехнат шеккен талайынан.

—Пайғамбардан ұялып, әй, қожеке,

Тағы да қорықпаймысың Құдайыңнан.
Қожаға айтты шомылып, суға кірсе,
Ғажап па жеті жылдай мехнат көрсе.

—Отырсың тақытыңның, міне, үстінде,

Көзіңе көрінген жоқ һешбір нәрсе.
Көзіңе не көрінді, сірә,—деді,
Нанбасаң, уәзіріңнен сұра,—деді.
Уәзірден сұраған соң, о да айтты:

—Жоқ болар Құдіретке шара,—деді.

Патша мұны естіп, қалды қайран,
Сонда да көрген азап кетпес ойдан.
Қожаны өлтірмекке ниет қылды,

—Әй, ғаяр, келдің,—деп,—мұнда қайдан?

Қожа айтты:—Олай болса, мен кірейін,
Ішінде не бар екен, бір көрейін?
Қандай мехнат болады бұ басыма?
Анықтап өз көзімнен мен білейін.

Қожекең мұны айтып, суға кірді,
Шам шаһарының ішінде өзін көрді.

—Судан қашан шыққанда басын кес!—деп,

Патша жалладтарға әмір қылды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патшаға Шамда тұрып, жазды бір хат,
«Мен саған айтайында аз ғана дат.
Пайғамбар миғражына нанбаған соң,
Соның үшін көрсеттім бір ғаламат.

Міне, хатты жібердім менен,—дейді,
Патша, құдіретке инан,—дейді.
Патша мұны оқып, жауап айтты:
«Дүнияда оны өлтірмей қойман»,—деді.

Патшасына Шам шаһарының жазды бір хат:
«Мына қожаны өлтіріп, қылғыл опат.
Осындай аманыңда құтылмасаң,
Көрсетер өзіңе де бір ғаламат».

Хат барды Шам шаһарының патшасына,
Патша бұйрық қылды қаласына.
Мұны естіп, ол қожа қашып кірді
Бір үлкен мағараның арасына.

Жіберді көп жігітті патша сонда,

—Өлтір,—деп,—басын кесіп табылғанда.

Ішіне мағараның кіре алмады,
Қараса, атты әскер толған онда.
Патша біле алмады не қыларын,
Қожаның бұза алмады әскерлерін.

«Осылайша уақиға болды ғой»,—деп,
Білдірді бұ патшаға хабарларын.
Бұ патша:—Уәзірім қайда?—деді,
Осыған бір хайланы ойла,—деді.

Өйтіп алып амалдап, құтылмасаң,
Жетпейді енді бұған хайла,—деді.

—Істейік енді бұған бір ғаламат,

Береміз,—деп айталық оған,—санат.
Қыз-қатындар бір жерге жиып алып,
Құрайық оның үшін—бір халует.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Хайлакер бір қатынды және қосып,
Бір жерге ойнасаңдар жиылысып.
«Дұғаны оқи алмайтын қай уақыт?»—деп,
Қожадан сұрасаңдар «айтшы» десіп.

Өтірік бір хат жазып, болады дос,
Мұнымыз кешу айтып, болады бос.
Ғапыл боп қожа байғұс бұ сөзіне,
Қатындар жиылғанда көреді хош.

Ғайш-ғишрат еттілер күндіз-кеше,
Күн өтті бұл арада әлденеше.
Дұғаны оқылмайтұғын қай уақыт?—деп,
Қожадан сөз сұрады бір күн кешке.

Қожа байғұс қайырмады қатын бетін:

—Менім айтқан тұтыңыз өсиетім.

Бойымда қай уақытта ғұсыл жүрсе,
Дұғаға менім келмес құдіретім.
Ол қатын патшаға хабар берді,
«Жиып қой үстімізге әскер енді».

Ол ғаяр осыны айтты дағы,
Қасына ол қожаның қайтып келді.
Қосылды қожаменен тағы қатын,
Көп әскер жиылып тұр өлтіретін.

Қожаның ғұсыл суын төкті және,
Қатынның қараңыздар кесапатын.
Ол қожа шомыламын деп, суға келді,
Қараса су жоқ, көзі көрді.

—Мен тыстан су әкеле қоямын,—деп,

Ол қатын үйден шығып жүре берді.
Барды да көп адамға хабар айтты,
Келді де ол қожаны шәһид етті.
«Алланың әміріне разымын» деп,

Қожекең бір Алладан сабыр күтті.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Әй, тақсыр, осылайша мұның өзі,
Қожаға қаза болды қатын сөзі.
Қатынның сөзіне разы болмау керек,
Ұғланда мағынасы бар осы кезі.

Бас уәзір патшаға айтады ақыл,
Есітіп бұ хикаят, алды мақұл.
Аң аулап кешке дейін жүрді дағы,
Үйіне қайтып келді кешке жақын.

Патша аңын аулап, үйге қайтты,
Тағам ішіп отырды бек ләззатті.

—Ұғылыңыз нешік болды, патша?—деп,

Қатыны отырған соң, жауап айтты.
Патша:—Бір Алладан күтем,—деді,
Көңілім менім емес бүтін,—деді.
Бас уәзір тілеп алды «өлтірме»,—деп,

Не болса да болады ертең,—деді.
Патшаға қатын айтты жаман істі:

—Ертеңге қалдырма бүгінгі істі.

Уәзірдің тіліне ерсең жұбатады,
Өткізер хайламенен ерте-кешті.

Харамзада маған жала жапты,—деді,
Өскен соң жаман пиғыл тапты,—деді.
Кішкене ит баласын асырадым,
Ер жеткен соң өзімді қапты,—деді.

Жас басынан байланды жаман атты,
Өлтіріңіз жалғаншы қиянатты.
Асырап, оқ атуды үйреткенім,
Менікі ақырында өзімді атты.

Өзіме жіберді ғой оқты,—деді,
Қан қылып, екі бетім соқты,—деді.
Бір патша хикаяты сізге ұқсар,
Сіз оның естігенің жоқ-ты,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Мен өзім бұл Мысырды қылдым мекен,

Бұ бала менен туған харам ба екен?
Патша тамашалап мына сөзін,

—Айтшы сен, ол хикаят қандай екен?

Қатын айтты:—Өтіпті бір падиша,
Бар екен бір басында көп тамаша.
Бар екен бір баласы бегірек көркем,
Молдадан оқу оқып жүрді қанша.

Бір кәнизак ол патша алды сатып,
Балаға ұрыспайды қабақ қатып.
Азғана ол балада айып болса,
Шығарар зынданынан бір күн жатып.

Бір күндей жатқызады зынданына,
Ертеңмен жібереді ұстазына.
Көп халық тамашалап сұрайды екен,
Патша мұндай қылған амалына.

Патша айтты:—Бұ бала өсер,—деді,
Залым боп, кісі басын кесер,—деді.
Соның үшін азапты қыламын мен,
Әлбетте өз ойына түсер,—деді.

Бір күн зындан жатқанымен өлмес,—деді,
Менменсініп мұнан соң өлмес,—деді.
Жапа көрмей рахатта болған адам,
Сапаның қадіріні білмес,—деді.

Ауру халін біледі дертті кісі,
Өзіне әдеп, еркін жетер күші.
Алладан рахмат, пендеден дұға тиіп,
Ізгілікке басады қылған ісі.

Бір патша қас болыпты мұныменен,
Патшаны патша күндеген жөніменен.
Екеуінің балалары бір молдадан
Сабақты оқушы еді күніменен.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бар екен қас патшаның бір баласы,
Бір еді екеуінің қалпесі.
Бір молдадан оқиды екеуі де көп,
Парық болар—оның екі арасы.

Патша айтқан молдаға:—Ұрма, соқпа,
Ғұмыры бес, алты күн, бар ма жоқ па.
Қалпесі ұрмай, соқпай оқытады,
Атасы өсиетін берген шақта.

Ол бала өсе-өсе залым еткен,
Һәркімнің қызын тартып алып кеткен.
Өзінің шаһарында болған жанды,
Бұл бала оның бәрін зар еңіреткен.

Мұныменен бір талай заман өткен,
Нақақтан қанды төгіп түпке жеткен.
«Балаңыз бізді бұлай қылған»,—деп,
Көп халық падишаға арыз еткен.

Падиша ұрсушы еді баласына,
Көшенің ойран салған арасына.
Бізбен соғып өлтірді қайсыбірін,
Көрген бала жылайды анасына.

Өзінің қылған ісін жаратады,
Базарға барған жанға оқ атады.
Арақ ішіп, мас болып, тамам жанды
Қорқытып, алды-алдына таратады.

Көңілі алданбай малдарменен,
Өш болды шаһардағы жандарменен.
Бір күні тақытында ұйықтап жатса,
Атасын өлтіріпті қанжарменен.

Ертеңінде патша мінді тақытқа,
Нақақтан қан төгілді һәр уақытта.
Өскен соң, һеш әдебі болмас екен,
Құдайым, мұндайыңнан өзің сақта.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір күні көп халайық сөз қосыпты,
Мұны енді өлтірмекке кеңесіпті.
Әділ болған патшаға бір хат жазды:
«Қарадық хүкіміңе біз десіпті,

Залым болған бүлдірді арамызды,
Мұны өлтірсек, патша қылдық балаңызды.
Көп әскер жіберіңіз енді бізге,
Қиратты ойран қылып қаламызды».

Осылайша хат жазды барша уәзір,
Жібермекке бір кісі қылды әзір.
Бірталай құлдық қылып тартуменен,
«Тақсыр-ау, осы,—деді,—бізден уәзір».

Патша оқыған соң қағаздарын,
Неше мың жөнелтеді әскерлерін.

—Залым болған патшаны алып кел!—деп,

Тезірек аттандырды оның бәрін.
Патша бұйырған соң жарлық салып,
Залымды бәрі тұрды қамап алып.
Алдына патшаның алып келді,

Екі қолын артына байлап алып.

—Мен мұны өлтірейін жерге тығып,

Тыңдаңыздар, менім айтқан сөзім ұғып.
Өз атаңды қалайша өлтіріп едің?!
Сіз де сондай өлтіріңіз бізбен сұғып.
«Менім әкемді сүйткен» деп, біреу шықты,

Келе сала о дағы бізбен сұқты.
Бізбен сұққанында ойбай салып,
Шырқырап, құлындай боп даусы шықты.

—Сабыр ет, мен айтайын енді халім,

Атама болсын,—деді,—бұл обалым.
Жасымда үйретпеген себебінен,
Дариға, һәлак болып шықты жаным.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Тезірек өлтір мені, Алла,—деді,
Мені мұндай бәлеге салма,—деді.
Өз атама обалым болсын да деп,
Менен болған ауара бар ма?—деді.

Мұны естіп, жалладтар жетіп келді,
Қылышпен оның басын екі бөлді.
Әуелі өзгесін өлтірді де,
Ақырында өзі де һәлак болды.

Әдепті жас баланы патша етті,
Хүкімі атасынан асып кетті.
Жақсының шарапаты деген мақал,
Шаһарға әділ болып, хүкім етті.

Бұ хикаят сөйледім оның үшін,
Қиянатты мен оның көрдім ісін.
Осындай жас шағыңда өлтірмесең,
Өзіңнің әрбірден соң келмес күшің.

Қатыннан естіген соң хикаятты,
Ішіне жан қорқысы келді қатты.
«Ертең мен оның басын кесермін»,—деп,
Ішінде бөлмесінің ұйықтап жатты.

Патша біраз ғана ұйықтап кетті,
Түбіне хайла сөзбен қатын жетті.
Үстіне тақытының мінгеннен соң,
«Ұғланды алып кел!» деп жарлық етті.

Ақылы ол ұғланның—болды бөлек,
Бұйрық қылды, қылышпен шаппақ керек.
Жалладқа: «Басын кесіп, ұр!» дегенде,
Екінші уәзір келіп қылды тілек.

Екінші уәзір айтты:—Әй, тақсырым!
Күнәһар қайдан білдің бала сырын?
Қатынның сөзіменен іс қылмаңыз,
Білерсіз ақырында кемістерін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, тақсыр, қоя тұрың, азғана дат!
Басында қатындардың көп ғаламат.
Қатындардың хайласы дүния құртқан,
Айтайын, тыңдасаңыз, бір хикаят.

Патша айтты:—Берейін тілесеңіз,
Күнәлінің бастарын тез кесерміз.
Оның да мағынасы қандай екен?
Тыңдаймыз,—деп,—хикаят сөйлесеңіз.

Уәзір айтты:—Бір қожа Һиндустанда
Бір сұлу қатыны болған анда.
Алла Тағала сақтасын зұлымдардан,
Опасыз қатын екен бұ жалғанда.

Бір тоты сатып алған қожа және,
Сөз сөйлер һәр уақытта бірер пара.
Ол қатын бір жігітпен көңіл қосқан,
Шайтанның азғыруына бар ма шара.

Ол жігітпен қосылған қатын залым,
Қатынның һеш білмеді қожа халін.
Қожа бір күн даладан қонып келсе,
Тоты байғұс білдірді ахуалын:

—Бір жігіт бұ күн түнде келді,—деді,

Қатының ғайш-ғишрат қылды,—деді.
Қожа байғұс қатыннан сөз сұрады:

—Бұл үйге келіп жүрген кімдер?—деді.

Қатын айтты:—Кім келер маған?—деді,
Шыныңменен нанғаның ба оған?—деді.
Бір құстың өтірігіне нанамысың?
Диуаналық келді ме саған?—деді.

Қожа байғұс:—Құстікі жалған-ды,—деп,
Қатыным ондай істі қылмайды,—деді.
Бір күн тағы қожекең сапар қылса,
Жігітпенен құрады әңгіме-кеп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жігітке қатын айтты тоты сөзін:

—Қожаға сөйлегенін көрді көзім.

Енді мұнан құтылмасақ пәле болар,
Мен бір хайла қылайын бұған өзім.
Ол қатын осы сөзбен хайла тауып,
Тотыны бір шөлмекке бетін жауып.

Қасына бір азғана суын құйып,
Жігітпенен қосылды көңілі ауып.
Кәнизактар ол шөлмекке от салады,
Тағы да бірі келіп, су салады.

Ашып-жауып шөлмекті әуре етіп,
Тоты байғұс мұнысына таң қалады.
Ол жігіт ертеңінде қалды кетіп,
Даладан қожа байғұс келді жетіп.

Шөлмектен не уақиға көргендерін,
Қожаға тоты айтады мағлұм етіп.

—Қожеке, дос демеңіз қатын жауды,

Бұ күнде бір жігітпен көңілі ауды.
Бір шөлмектің ішіне мені салды,
Көк шатырлап, тағы да жаңбыр жауды.
Қожа байғұс тағы да бұған нанбас,

Қатын айтты:—Шындығы мұндай болмас.
Әй, қожеке, күн қашан жауып еді?
Мына тоты сөзіне нанып болмас.
Қожа байғұс нанады қатын үшін,

Жасырып, білмей жүрген қылған ісін.
Сіз дағы қатын үшін нанасыз ба?
Бұ хикаят сөйледім оның үшін.
Өлтірме, қашан балаң сөйлегенше,

Өзіңнен «мархабат» деп тілегенше.
Ең абзалы ұстазы табылмағы,
Арманда өтеді ғой ол өлгенше.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қабыл көрді мәслихат қылғанына,
Баласын тағы салды зынданына.
Ол күн тағы аң аулап, қайтып келді,
Қатыны жете алмай жүр арманына.

Тағам ішіп қатынмен бірге отырды,
Қатын тағы баладан сөз келтірді.

—Ынсапсыз ұғылыңды неге өлтірмей

Уәзір сөзі әй, патша, не бітірді?

—Өлтірмекке мен бұ күн бардым,—деді,

Сөзіңді сенің қабыл алдым,—деді.
Екінші уәзірім кеп тілеп алды,
Оның үшін зынданға салдым,—деді.

—Уәзірің хайла айтып қақсар,—деді,

Аяғың бұ зұлымнан ақсар,—деді.
Сенің қылған, патша, бұл бір ісің,
Бір патша хикаятына ұқсар,—деді.

—Тілейді уәзірім бәрі,—деді,

Көңілін қия алмаймын оны,—деді.
Ол хикаят жоқ еді естігенім,
Сөйлеші баян қылып кәні,—деді.
Қатын айтты:—Ғаламда патша болған,

Оның да бір баласы хаста болған.
Жазылмады дәрігерге қаратса да,
Патша бұл тараптан қайран қалған.
Бір күні тағы келді асқан дәрігер,

Болыпты сондай хаста Пәруардигар.
Патша айтты:—Ұғланның хастасына
Азырақ, шамаң келсе, дауасын бер.
Ол дәрігер білді сонда қолын ұстап,

Жүреді һәр нәрсеге Құдай бастап.
Сұрасам анасынан білер едім,
Иншалла, дәрі бар он екі аспап.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Сұрамаққа аулаққа, үйге барды,
Дәрігер:—Жалмаған адамдарды бұл қара жер.
Жазайын ұғылыңды дәрі беріп,
Баланың турасынан жауабын бер.

Жасырма, бұ баланы таптың кімнен?
Әдейі сұрамаққа келдім сенен.
Осы жерде қалсын да айтқан сөзің,
Құтқарман һәрбір ісің мына менен.

Жазайын балаңыздың мен науқасын,
Жазылсын десең, маған айт турасын.
Асылында баланы таптың кімнен?
Жасырын жерде білдір уақиғасын.

Ол қатын сыр бермеді жауап айтып,
Қалады ол тәбибтың көңілі қайтып.

—Патшаның некахты қатынымен,

Қандай жігіт ойнайды бірге жатып?
Қатынның бұ сөзіне нанып қалды,
Балаға барайын деп ой ойланды.
Орнынан тұрып бара жатқанында,

Жалма-жан етегінен ұстай алды.

—Патшадан бір бала болмаған соң,

Артында мирасқоры қалмаған соң,
Қосылғаным бір жігіт бек анық еді,
Бұл бала бітті сонан қармаған соң.
Дәрігер айтты:—Асылы керек,—деді,

Болады дуа қылса бөлек,—деді.
Қосылған жігіт асылы қай нәсілден?
Қатын айтты:—Асылы түрлі,—деді.
Қатынның айтқанынан тамам білді,

Қасына ол ұғланның және келді.
Тоқаш беріп және де дауа етіп,
Білгенін һәммасінің қылды-ау енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Көп дәрігерлер мұны көріп күндеді:

—Енді ем айтып, жоқ нәрсені берді,—дейді.

Өтірік айтқан ісін қабыл көріп,
Патша мұны қабыл көрді,—дейді.
Ол дәрігер тағы емдеді бұл ұғланды,
Аз күнде хастасынан сиххатланды.

Баласы патшаның жазылған соң,
Дәрігерге көп нәрсе инғам қылды.
Әй, патша, осылайша, міне, кеңес,
Бұ бала харамдығы бекер емес.

Жақсы болса, шешесін бүйтер ме еді?!
Бұ дағы сізден туған балаң емес.
Қатынның естіген соң мына сөзін,
Бегірек жаман бұзады өзі-өзін.

Өлтірейін ертең оның басын кесіп,
Өзіңнің біраз тұрсаң көрер көзің.
Патша қайран қалды мұны естіп,
«Не болса да болады талай іс»,—деп.

Жалладқа ертеңменен пәрмен етті:
«Ұғланның алып келіп, басын кес!»—деп.
Қылышын ұстай алды келе сала,
Патшаның бұйрығына бар ма шара?!

Үшінші уәзірі жетіп келіп,
Тіленіп, патшадан қылды нала:

—Әй, тақсыр, Алла ісіне сабыр етің,

Дұрыс қой, иншалла, бұл ниетім.
Қатынның неше түрлі сөзіне еріп,
Тастама уәзіріңнің өсиетін.
Шайтан ісі болады бұны қылсаң,

Хақтың ісі болады сабырлығың.
Ұғылың өліп, қалмаңыз өкінішке,
Қатынның білесіз ғой жамандығын.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қадалса табаныңа бір тікенек,
Иненің ұшыменен алмақ керек.
Тіліменен жаласа ақырында,
Андан соң рахаттық болмақ керек.

Әй, тақсыр, сол секілді шаһизада,
Арманда өліп кетер дүнияда.
Дұрыс сөзді сөйлемес қатын сізге,
Әгар тірі тұрғанда жаны ұяда.

Істің түбін ойлаушы жақсы кісі,
Әй, тақсыр, мұндай емес Хақтың ісі.
Ұғылыңды өлтірмекте мұрады бар,
Аямас сізді қатын келсе күші.

Бір патша құрады екен салтанатын,
Уәзірдің тастамаған насихатын.
Үш баласы бар екен, әділ өзі,
Дәл соған ұқсар екен хикаятың.

—Жайылсын мына менім әділетім,

Сіздердің тастамайын өсиетің.
Патша уәзірге құлақ қойып,

—Ол қандай естіген хикаятың?

—Бір патша жаратыпты Жаппар ие,

Қараған қол астына бар дүния.
Жасы сонда болыпты жүз жиырма,
Енді қаза келерге жақын тая.
Бар екен үш уәзірі, үш ұғылы,

Көп адам қызметінде, болған құлы.
«Патшалыққа үш балам қайсы лайық?»
Уәзірге сынатады енді мұны.
Патша айтқан:—Ғұмырым—болды ақыр,

Ажал деген жақындап келе жатыр.
Жүз жиырма жыл еді адам жасы,
Оған жетпес пенделер өліп жатыр.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Адамдар, жақсы істі қыла,—деді,
Сіздерге айтар сөзім, міне,—деді.
Патшалыққа үш балам қайсы лайық?
Біреуін сіздер енді сына,—деді.

—Сіздей боп адам тумас ұқсап,—деді,

Біз көрдік, әділдігің жасап,—деді.
Адамды сынамақтық екі нәрсе,
Бірі ішпек, біреуі—мансап,—деді.
Уәзір айтты:—Балаңды білсең сынап,

Бірін патша қойыңыз, жұртты жинап.
Әй, тақсыр, өзіңіздей болмаса да,
Біз дағы ұнатайық оны қалап.
Әй, тақсыр, ақылдассаң бізге,—деді,

Біз бір ақыл айталық сізге,—деді.
Үш күндей, дәл тоғыз күн таққа мінгіз,
Онан артық ақыл жоқ өзге,—деді.
Үш күндей патшалық қылсын,—деді,

Үшеуі де патша боп көрсін,—деді.
Қауқары бар болғаны білінеді,
Орныңызда сол патша болсын,—деді.
Патша үлкен ұғылын патша етті,

Үш күндей әділдік хүкім етті.
Пақыр кісі залымнан теңдік алып,
Жаман болған істердің бәрі бітті.
Үлкенінің ұнатады әділ ісін,

Зынданнан алып келді үш кісісін.
Ұғыры, зинашы, біреуі кісі өлтірген,
Қалайша тергейді деп бұ үшісін.
Мұны да әділдікпен хүкім етті,

—Мұнан былай харамдық қылма,—депті.

Өлтірсем ата-анасы жылайды,—деп,
Алла Тағала тергер,—деп азат етті.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Мұнан былай үшеуің қылма бұрыс,

Жақсы жүрсең басыңа қонар ырыс.
Қырық жылдай бала асырап, адам қылып,
Бір сағатта өлтірмек болмас дұрыс.
Өз бойын бұ үш күндей тұрды тежеп,

Һешкімге қатты айтпады тілін безеп.
Бұ дағы ақыл-ойға жаман емес,
Мұнан соң ортаншыға келді кезек.
Төртінші күн ортаншыға берді тағын,

Жақсының аша алмады артық бағын.
Бұл артық ағасындай бола алмады,
Атасы ұнатпады қылған шағын.
Қызықты ойын, істі тамаша етті,

Теңдігін жақсы адамдар алмай кетті.
Нақақтан қанын төгіп көп адамның,
Күнәһілі пенделерді азат етті.
Патша ортаншысын сынар үшін,

Зынданнан алып келді үш кісісін.
Үшеуінің күнәһар куәсі бар,
Хақтан күмәні жоқ, білді ісін.
«Шаһардың бұзады,—деп,—айналасын»,

Һәлак қып, үшеуінің кесті басын.
Жетінші күн кіші ұғылына келді кезек,
Оның да көрейін деп тамашасын.
Тағы да кіші ұғылы таққа мінді,

О дағы үш күндей патша болды.
Ақты ақ, қараны қара қылып,
Қара қылды қақ жарған әділ болды.
Үш кісі тағы әкелді зынданынан,

Мұны да байқайын деп қылғанынан.
Бір-бірлеп алып келді күнәһіліні,
Бар ма екен күнәһілары болғанынан.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әуелі кісі өлтіргенді келеді алып,
Байқады кітабына көзін салып.
Өлтірмектің асылы—екі түрлі,
Бұрыннан кіші ұғылы жүрген танып.

Жорамалы—өлтірмек бір түрлісі,
Қас болып, әдейі аңдып, жүрген кісі.
Қас қылып өлтірмектік екі түрлі,
Мағлұм болды—кітаптан һәрбірісі.

Бір кісі темірменен қастық қылар,
Оған қарсы қысас ләзім болар.
Бір кісіні ағашпен һәлак қылса,
Оған қарсы малменен құнын төлер.

Қате боп, ағашпенен һәлак етті,
Оған қарсы көрсетер кәфаратты.
Қателіктің мәнісі, міне, осылай,
Байқаусызда біреуге мылтық атты.

Бір адам мылтық атса жануарға,
Аңнан өтіп, оқ тисе бір адамға.
Шарасын Хақ Тағала өзі берер,
Кәфарат жоқ, қателік қылған жанға.

Қателікке бір құлын азат етсін,
Азат етіп, пақырға құрмет күтсін.
Оған халі келмесе, ол адамға
Тұтасымен алпыс күн руза тұтсын.

«Жорамалы өлтірген» осы десті,
Жалладқа әмір етіп, басын кесті.
Екіншіде алып келді ұғырыны,
«Қалайша жазасы бар мұның?» десті.

Ұғырыға кітап ашты бөлегінен,
Он теңге ақша ұрласа керегінен.
Шариғатта бұған жаза, міне, осындай:
Оң қолын кеспек екен білегінен.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Екінші тағы ұрласа нетпек керек?
Сол қолын білегінен кеспек керек.
Мұнан ары, үшінші ұрлық қылса,
Оң аяғын тағы кесіп алмақ керек.

Төртіншіде, салмақ керек зынданына,
Жазасы, міне, осылай қылғанына.
Жазасын көре біле, азат қылды,
Қайран қалды мұндай әділ болғанына.

Зинашыға тағы да жаза берді,
Жұрттың көбі кіші ұғылын әділ көрді.
Үш ұғылы тоғыз күндей патша болып,
Атасына оныншы күн тақытын берді.

Патша үш уәзірін жиып алды,

—Білдіңіз бәріңіз де мына халді.

Қайсы балам патшалыққа лайық?—деп,
Біреуін қоялық,—деп жарлық салды.
Бас уәзір жаратады үлкенін,
Екінші уәзір ұнатады ортаншысын.

Кіші ұғылын жаратады кіші уәзір,
Балалардың шығармады шүбһәсін.
Патша айтты:—Бәріңіз де қабыл,—деді,
Шүбһәсін шығармадың оның,—деді.

Қайсысы патшалыққа лайық,—деп,
Жияйын ертең жұрттың бәрін,—деді.
Патша ертең жиды тамам жұртты,

—Риза болыңыздар, қаза жетті.

Патша екенімді аямаңыз,
Бар болса менде хақың алың,—деді.

—Һеш хақымыз жоқ,—деді жанның бәрі,

Қасында үлкен-кіші, жас пен кәрі.

—Хақымыз сіздің үшін кешілсін,—деп,

Шулады бұлайша деп, жұрттың бәрі.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Разы болсаң менен, халық,—деді,

Қаза жақын екені анық,—деді.
Мына тұрған, әділдер, үш баламның,
Қайсысы патшалыққа лайық?—деді.

—Тақсыр-ау, хүкіміңе қаратамыз,

Бәрін де патшалыққа жаратамыз.
Жаман деп айта алмаймыз үшеуін де,
Жалғыз-ақ, кіші ұғылыңды ұнатамыз.
Өзгеге басымызды тартпан,—деді,

Өтірік, сізге ғайбат айтпан,—деді.
Жоғары отырмақтық ғалым жігіт,
Артықтар надан болған қарттан,—деді.
Көп жұрты мұныменен тарқап кетті,

Кіші ұғылын патша да қабыл етті.
Тақытына міндірейін дегенінде,
Қасына екі ұғылы жетіп кепті.

—Әй, ата, осы ма еді жөні?!—деді,

Тақытыңа міндірсеңіз оны,—деді.
«Бұ дана, ақылды» деп тамам халық,
Ұнатты екеумізден мұны,—деді.
Халыққа аян еді өз халіміз,

Құрбандық—артық болса бұ жанымыз.
Біздерге тауып берсін зерек болса,
Бар еді сұрайтұғын сауалымыз.

—Ұнаттым патшалыққа, сірә,—деді,

Бар болса сауалыңыз сұра,—деді.
Патша кіші ұғылына қарап тұрып,

—Бұларға табамысың шара?—деді.

—Айтайын сауалына шамам келсе,

Жауабым айтқанына рас келсе
Бұларға менім жоқ һеш таласым,
Патша боламын мен, рұқсат берсе.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ағасы айтты:—Сұлтан демек не деген сөз?

—Сұлтан демек,—дәлелдеп айтады тез.

Патшалар—Алланың көлеңкесі,
Сауалын тауып берер көзбе-көз.
Ағасы айтты:—Абзалы анық,—деді,
Патша болмақ кімдерге лайық?—деді.

—Нәсібі—пәк, хисабы кәміл болсын,

Әділдер патша болсын халыққа,—деді.
Таң қалды екі ағасы інісіне,

—Әділ деп айта алар қандай кісіні?

—Әділ сол—шариғатпен іс қылады,

Інісі тапты тағы мұнысыны.
Ағасы айтты:—Не хал керек?—деді,

—Патша, уәзір кісі керек,—деді.

Уәзірі һәм және ғалым болсын,
Мұны көріп ағасы «зерек»,—деді.
Көрінді інісіне оңай нәрсе,
Қайран қалар інісі жауап берсе.

Ағасы айтты тағы да інісіне,

—Патша әдет қылмақ неше нәрсе?

—Патша қылмақ екен төрт әдетті:

Ашық жүзді және болмақ сөзі тәтті.
Үшіншісі—тағы да болмақ жомарт,
Төртіншісі—пақырларға мархабатты.
Ағасы айтты тағы да:—Патша ісі,

Қасында жолдас болмақ неше кісі?
Інісі айтты:—Төрт кісі болмақ,—деді,
Өнерлі болмақ керек һәрбірісі.
Төртінің үлгісі—болсын ғалым,

Екінші, мағрифаттан болсын халің.
Үшінші, батыр болсын—қуаты көп,
Төртінші, ойыншылар жисын бәрін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ағалары айтты:—Таптың сөзім,—деді,
Патша болмақ сенің кезің,—деді.
Жер жүзінде жаралған тайпа көп,
Қайсысына ұқсатар өзін?—деді.

—Ғалымдарға ұқсатпақ патша өзін,

Молдалық себеп қылар осы кезін.
Інісі ағасына тура қарап,

—Енді сенен сұрайтын бар-дүр сөзім.

Патша, уәкілменен уәзірлері,
Тағы да дұшпанменен ғалымдары.
Рағиясы—тағы да тамам халық,
Не нәрсеге ұқсайды мұның бәрі?

Інісі—артық болды дәрежесі,
Таба алмай қайран болды екі ағасы.
Атасы тақытына отырғызып,
Шаһардың енді болды падишасы.

Атасы айтты:—Қуанышым, көрер көзім,
Ағаңнан артық туған сенің өзің.
Өзің айтқан сауалың өзің шешші,
Не нәрсе, ағаңа айтқан әлгі сөзің?

—Дүния—бір сахара жасыл,—деді,

Тамам жан—қой секілді нәсіл,—деді.
Патша—ол қойлардың күтушісі,
Далада бағып жүрген хасыл,—деді.
Қой иесі—болады бір Құдайым,

Айырып, мен айтайын оның жайын.
Қойшының иті болар—бек пен уәзір,
Дұшпандар қастық қылар, қасқыр дайын.
Қойшының рашеты—ғалым,—деді,

Тексерер қойларымның халін,—деді.
Бір зарар еріспесін даладан деп,
Оларды күзетемін бәрін,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бөріменен серікпін өзім,—деді,
Білемін аңдып тұрған кезін,—деді.
Осыны айтты дағы зар еңіреп,

—Мағынасы осы болар сөзім,—деді.

Патша тәубе қылды енді өзіне,
Ұғланның құлақ қойып һәр сөзіне.
Жерден бір үш топырақ алды дағы,
Қойып қалды патша өз көзіне.

—Тәубе қыл,—деді,—көзім, бұ шағыңда,

Мұнша жасқа жеттің ғой жасадың да.
Әділсіздікпен бұл малды жиып алдың,
Әділдік сөз бердің ғой қай шағыңда?
Тоярсың мұнан былай топыраққа,

Нала болып жылайды жалғыз Хаққа.
Көп халық мұны көріп жыладылар,
Патша бұлай зарлап тұрған шақта.
Онан соң патша кірді сомғасына,

Иманын өзі тілеп бір басына.
«Мен өлгенде қандай ғып жоқтайсыз?» деп,
Тамам елді жиып алды өз қасына.
Тамам жұрт шығардылар қасіретін,

Тақытына сап, патшаның жапты бетін.
Естігендер бәрі де жылап жатыр,
Тағы да алып келді бар табытын.
Бұлайша алып келді жас пен кәрі,

Жылады ұлық-кішік, жанның бәрі.
«Атамыздың мінер аты бұл болды» деп,
Шулады көрген шақта балалары.
Ол табыттың үстіне құрды шатыр,

Төрт қатын төрт жағынан жылап жатыр.
Бір жағынан молдалар Құран оқып,
Бір жағынан алтын, жауһар шашып жатыр.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша біраздан соң жерге түссе,
Осылайша болмағы рас, ақыр көшсе.

—Өлігіні осылайша шығар деңіз,

Жаназаны оқуды не рәуеш ше?
«Бұлайша оқимыз» деп, жанның бәрі,
Сап-сап боп келіп тұрды жас пен кәрі.
Бір жағынан шәкірттерге уқуф жазып,

Бір жағынан оқыды молдалар.
Патша баршаларын қабыл көрді,
Он-оннан ғалымдарға алтын берді.
Онан соң сауытпенен шарап ішіп,

Жұрттың бәрін тарқатып қоя берді.

Көзіне топырақ ұрды оңды-солды,
Кіші ұғылы патшалыққа әділ жолды.
Тарқалып жанның бәрі кеткеннен соң,
Патша үш күннен соң опат болды.

Уәзір айтты:—Әй, тақсыр патшамыз,
Бұ хикаят мен айттым ұнатсаңыз.
Ақырында солардай қор болмайсыз,
Уәзірдің мәселесін жаратсаңыз.

Уәзірдің тілін алды, көрді көзің,
Һеш қабыл қылмағайсың қатын сөзін.
Ұғылыңыздан қапыда жұда болып,
Қалмаңыз өкінішке ақыр өзің.

Осылай уәзірі айтқан ақыл,
Патша қабыл көріп, алды мақұл.
Аң аулап, кешке дейін жүрді дағы,
Үйіне қайтып келді кешке жақын.

Үйінде тағам ішіп отырды тез,
Қатыны тағы бұзар көзбе-көз.

—Ынсапсыз ұғылыңызды не қылдың?—деп,

Патшадан тағы да сұрады сөз.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Уәзір сөзін мен қабыл алдым,—деді,

Аң аулап, мен далаға бардым,—деді.
Үшінші уәзірім кеп тілеп алды,
Зынданға тағы бұ күн салдым,—деді.

—Әй, тақсыр! Патшасың өзің күшті,

Кішкене деп ойлама осы істі.
Уәзірдің сөзіменен ғапыл болып,
Алданып күні-түні күнің кешті.
Барады уәзірлердің хайласы асып,

Келмесін меніменен ақылдасып.
Бір патша хикаяты сізге ұқсар,
Қор қылған бес мәртебе дұшпан басып.

—Уәзірім күнде айтар бір мінәжат,

Қылады жырды қосып, көп қасірет.
Маған ол—ұқсар болса һәрбір сөзі,
Айтыңыз, естиін бір хикаят.
Қатын айтты:—Өтіпті патша-хан,

Қатты бір патша болды дұшпан.
Бір күні әскер жиып ол залымдар,
Дағиф патша үстіне қаһар қылған.
Келді де қамап алды тамам елді,

«Әй, тақсыр, бұ фитнаны қойыңыз!» деп.
Алдынан Дағиф патша жалбарды енді,
Патша жалбарса да болмады енді.
Дағиф патша уәзіріне қайтып келді,

Бар екен ізгілерден үш уәзірі.
Солардан ақыл, тәдбир сұрайды енді,
Бас уәзірі айтады:—Жөнелейік,
Қайтарып шаһарға біз келейік.

Онан басқа һешбір ақыл табылмайды,
Қалаға кіріп алып бекінейік.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша айтты екіншіге:—Сен не айтасың?
Ол айтты:—Залымдардан тартпа басың,
Не болса да бұ жолда соғысып қал,
Әйтпесе, ақырында қор боларсың!

Сұрады үшіншіден тағы және,

—Әй, патша, айтқаныма тыңдап қара.

Адамда ерлік деген он болады,
Тоғызы—хайламенен болар шара.
Уәзір айтты:—Дұшпан ісі хайла болар,
Хайламенен жеңесіз, көңіл толар.

Хайламенен біткен істі бітіре алмас,
Әгар да жиылса да жүз мың әскер.
Хайламенен ерте-кеш кеңесерміз,
Жиылып бойларымызбен теңесерміз.

Жиылып жатқан жерінде бас салайық,
Ұстасақ, патша басын біз кесерміз.
Уәзірдің сөзіменен барды басып,
Таң атқанша сап қылды араласып.

Дағиф патша оларға ғалиб болып,
Дұшпан патша шаһарына кетті қашып.
Қашып кетіп шаһардан әскер жиды,
Дағифты өлтірмекке жаны күйді.

Өзі келіп Дағиф соғысуға,
«Келді,—деп,—тезіректен» хабар тиді.
Патша айтты уәзірге:—Бар ма хайла?
Үшінші уәзірде көп-ті айла.

—Әй, патша, тағы дағы соғысайық,

«Жаудан қашқан жаралы» деген қайда?
Барайық әскерменен оны басып,
Азырақ соғысайық араласып.
Біздерге олар бері қаптағанда,

Шаһарға жөнелейік біздер қашып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қайтадан жарқ етейік асып-сасып,
Тағы да соғысайық қанды шашып.
Мұнан артық, әй, тақсыр, дүнияда,
Һеш хайла таба алмаймыз ақылдасып.

Осылай уәзірменен ақылдасты,
Барды да енді оларға әскер басты.
Дағиф патша—соғысып һәммалары,
Олардан тағы дағы қайраты асты.

Ол патша шаһарына барды қашып,
Тағы да әскер жиды асып-сасып.
«Дағиф патша тағы да жеңе ме?» деп,
Сан қолмен және келді қаһарланып.

Дағиф патша айтады уәзірлерге:

—Хайлаң бар ма мына келген әскерлерге?!

—Олай болса хайланы мен табайын,

Азырақ пайда берсін бұ ерлерге.
Тілімді менім айтқан алсын деймін,
Бір жаллад қылыш алып барсын деймін.
Байқаусызда әскерге кіріп кетіп,

Патшаның басын барып жарсын деймін.
Бір жаллад қылыш алды, ол—бейшара,
Қылышпен патшаны салды жара.
Әскерлер жалладты ұстап алып,

Қылдылар қылышпенен пәре-пәре.
Жалладты қылышпенен шаһид етті,
Патшаны жаралы қып, қашып кетті.
Бірнеше күн патша жазылған соң,

Тағы да әскер алып, келіп жетті.
Уәзірі:—Қыламын мен хайла,—деді,
Ерлерге хайла қылмақ пайда,—деді.
Патшаға достық үшін бір хат жазып,

Жібермекке бір кісі сайла,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Ойлама жаманшылық бізге,—делік,
Қарадық матиғ болып сізге,—делік.
Келмеңіз енді бізге соғысуға»,
Жалынған мархабатты көргізелік.

Біз айтқан сөзімізді қабыл көрсін,
Бір кісі нама жазған алып кірсін.
Байқаусызда ханына жетіп барып,
Тағамға қосып, оған ағу берсін.

Айтқанындай әскерге барып кірген,
Ол патша бұл айтқанын қабыл көрген.
Патшаға амалмен ағу беріп,
Дағиф патша қасына қайтып келген.

Патшасы ағу ішіп, қайтып кетті,
Қалаға кіргізген соң талып кетті.
Тағы да дәрі етіп сақтанып,
Әскер жиып, Дағифқа келіп жетті.

Дағиф патша уәзірге ақыл салды,

—Мына дұшпан тағы да келіп қалды.

Үшінші уәзірі естіген соң,

—Мен тағы табам,—деді,—бір амалды.

Әй, патша, жазыңыз тағы бір хат,
«Ісіңізде жоқ делік, сіздің ағат.
Бір адам ағу берген әскеріңнен,
Әй, тақсыр, болдыңыз ба сау-саламат?»

Мұны естіп әскерін қырар,—деді,
Дос тұтып, өзі бізге қарар,—деді.
Мұнан артық ақыл жоқ енді бізге,
Иншалла, бұ хайла жарар,—деді.

Патша мұны көріп, жазды хатын,
Патшаға көрсетпекке ғаламатын.
«Әй, тақсыр, аман-есен келдіңіз ғой,
Тиетін бәрімізге шарапатың».

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол патша бұ наманы оқып көрді,
Қаһарланып, ойран қылды тамам елді.
«Бұл әскер енді мені өлтірер» деп,
Бірнеше адамдарды шаһид қылды.

Патша қырар болды өз әскерін,
Қылыштап, ойран қылды оның бәрін.
Қасындағы уәзірі һәм бектері
Дағифқа жібереді намаларын.

«Әй, патша,қабыл ал мына сөзім,
Біздерге қас қылғанын көрді көзің.
Біздерге бірталай әскер жібер,
Байлатып жіберелік мұның өзін».

Әскердің жібереді тамашасын,
Қылыштап, ойран қылды көп жолдасын.
Патшасын байлап алып келіп,
Дағиф патша кесті оның басын.

Қатын айтты:—Әй, тақсыр, білемісің?
Менім айтқан сөзімді көремісің?
Ғапылдықтан ол патша һәлак болды,
Сен дағы ғапыл болып жүремісің?

Патша мұны естіп тамаша етті,
Қатынның айтқанына қорқып кетті.
Ұйқыдан тұрғаннан соң орнынан,
Жалладқа: «Басын кес!»—деп әмір етті.

Жалладқа бұйырады әмір етіп,
Тағы да төртінші уәзір келді жетіп.

—Әй, тақсыр, қатын сөзін мақұл көріп,

Өлтірме ұғылыңды һәлак етіп!
Патшаға уәжип-дүр сабыр етпек,
Уәзірлердің сөздерін құрмет етпек.
Ғапыл болу патшаға керек емес,

Қатындар сөйлегенде хилаф етпек.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатынның білесіз ғой ғаламатын,
Тастама уәзірлердің өсиетін.
Есітпеген екенсіз бір ғажайып,
Әй, тақсыр, Балғым-Бағур хикаятын.

Патша айтты уәзірге:—Сөйле,—деді,
Ұғланды шамаң келсе, тіле,—деді.
Төртінші уәзір сонда айтады енді,

—Ұғланға қылышпенен тиме,—деді.

Уәзір айтты:—Бір күн Мұса пайғамбарым,
Қырмақ болды ғад қауымның кәпірлерін.
Ұлығын Ғауж бин Ғанық дерлер,
Соғысқа бармақ болды оның бәрін.

Мұсаның бар әскері—төрт жүз сексен,
Бәрін де ғад қауымына алып кеткен.
«Оларды біз мұсылман қыламыз» деп,
Ғад қауымының қасына барып жеткен.

Оларға он екі адам елші салды,
Мұсылманнан бұларға жетіп барды.
Зәнбилден төгілділер бұлар барып,
Кәпірдің үлкеніне қайран қалды.

«Мұсаның кісісінің түрін,—дейді,
Қимылдаған жердегі шыбын»,—дейді.
Бұлар келіп, Мұсаға берді хабар,
«Біз көрдік кәпірлердің көбін»,—дейді.

Мұсаның өзі келді ол кәпірге,
Соғайын деп кәпірді қара жерге.
Кәпірмен ұрысуға жақын келді,
Таяғын асасымен алып бірге.

Бір тасты жерден алды ол—ғад кәпір
Мұсаны ұрайын деп келе жатыр.
Мұсаны таспен ұрам дегенінде,
Құс болып бір періште келді ақыр.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Періште тасты тесіп, ойып алды,
Кәпірге «лағнет» деп қамыт салды.
Тас келіп мойнына түскен шақта,
Ол кәпір төменірек келіп қалды.

Мұсаның өз бойы бар дәл қырық кез,
Қырық кездей таяғы бар, білмесеңіз.
Жоғары қырық кездей және ұшып,
Басына ол кәпірдің ұрады тез.

Өлтірді ол кәпірді һәлак етіп,
Мұсылман қалды сонда шаттық етіп.
Бұл жерден мұсылмандар және жүріп,
Балғым-Бағур уәлаятына келді жетіп.

Бұлардан қорықсадылар оның бәрі,
Мүридтер—ұлық, кішік, жас пен кәрі.

—Иә, шайх, бір хайланы қылыңыз,—деп,

Біздерге медет қыл,—деп қылды зары.
Шайх айтты:—Һешбір хайла болмас,—деді,
Дұғамыз оларға кәр қылмас,—деді.
Ол өзі—кереметті пайғамбар-дүр,

Қаһарланса, бір жерде тұрмас,—деді.
Шайхтың тоқтамады ақылына,
Көз салмай жаман істің ақырына.
«Бір дұға біздер үшін қылғызсаң»—деп,

Жалынды жанның бәрі қатынына.
Шайхқа қатын айтты: «Дұға ет!»—деп,
Қатынға алданбады қожа беттеп.
Қатын енді шайтандай азғырды да,

Айтқызды тағы бір күн қожаны ептеп.
Қатынның сөзіменен дұға қылды,
Дұғасын Хақ Тағала қабыл қылды.
Қырық жылдай сахарада Мұса қалды,

Хақ Кәрім оларға мұндай болды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір күні Мұса қылды мінәжатын,
Қожаның о да білді ғаламатын.
Мұса дұға қылған соң қожаң өлді,
Азғырды ақырында залым қатын.

Мұса айтты:—Тілегімді келтір,—деді,
Құдай-а, көңілімді бітір,—деді.
Маған қастық қылғанды дүнияда
Имансыз енді оны өлтір,—деді.

Имансыз қожа кетті дұғасымен,
Қатынға алданам деп бір ғасымен.
Ол Мұса пайғамбарым дұға қылып,
Аман-есен құтылды жолдасымен.

Қожаға себеп болған залым қатын,
Көрсетті «дұға қыл» деп кесапатын.
Қатынның хайла-мәкір тілін алып,
Алланың көріп жүрме хикматын.

Қалмаңыз өкінішке күнде талып,
Қатынның хайла қылған тілін алып.

—Ауға барып келейін бұ күн,—деді,

Баласын зынданына қойды салып.
Патша тағы ол күні кетті ауға,
Бірнеше киік іздеп, барды тауға.
Аң аулап, кешке тағы қайтып келіп,

Отырды мәслихаттасып қатын жауға.
Қатын айтты патшаға:—Келіңіз,—деп,
Бізбенен мәслихат қылыңыз,—деп.
Тағам ішіп отырып, сөз сұрайды:

—Бұ күн тағы нешік болды ұғылыңыз?—деп.

—Уәзірлердің мен сөзін алдым,—деді,

Біле алмай істің түбін қалдым,—деді.
Төртінші уәзірім кеп тілеген соң,
Зынданға тағы бір күн салдым,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Әй, патша, менім көңілім дұрыс,—деді,

Уәзірлер сөз сөйлейді бұрыс,—[деді].
Хайла-мәкір дегенге алданбаңыз,
Менімен мәслихат қылысып,—деді.
Мен жалғыз, олар бәрі—қырық кісі,

Ойлары—сізден мені айырғысы.
Хайла-мәкір сөзбенен жұбатады,
Бұлардың жаман-жаман һәрбірісі.
Асылы—уәзірлердің жаман,—деді,

Қайсысы қасап баласы болған?—деді.
Нан пісірген баласы қайсылары?
Оның үшін айтады жалған,—деді.
Арақ сатқан баласы қайсылары?

Әй, тақсыр, харамзада—мұның бәрі.
Қайсылары зинадан туған шығар,
Ішінде жоқ бұлардың даналары.
Алдыңнан өлтірмекке түсер,—деді,

Өтірік сөзіменен қисар,—деді.
Уәзірлердің асылын Қызыр білген,
Дәл соған хикаятың ұқсар,—деді.
Патша айтты:—Қылайын назар,—деді,

Ол қандай Қызыр білген уәзір?—деді.
Уәзірдің асылдарын білген екен,
Айтыңыз, естиін қазір,—деді.
Қатын айтты:—Бір патша бұрын болған,

Қызырға жан-тәнімен ғашық болған.
Өзі де жаннан артық әділ екен,
Бәріне тамам елдің хүкім қылған.
Қызырды айтар еді сөз сөйлесе,

«Егерде біреу тауып берем десе.
Қалмас еді дүнияда һеш арманым,
Тапқанға берер едім не тілесе».

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бар еді бір адам—ғаріп, пақыр,
Ойланып патшаға келе жатыр.
«Үш жыл тамам біткенше кім бар, кім жоқ?
Түбінде құтылармын,—деді,—ақыр.

Үш жылдай күте берсем заман өтер,
Иә, болмаса, оған шейін қаза жетер.
Болмаса, құтылармын бір хайла етіп,
Патшаға шынымды айтсам, маған не етер?!»

Мұнымен патшаға келді жетіп,
Үш жылдай мені күтсең, құрмет етіп.
Нәпақаланып сонымен мен тұрайын,
Көрсетем мен Қызырды әзірлетіп.

Мұнымен патша [оны] қатты күтті,
Патшадан көп алтын алып кетті.
Үш жылдай мұныменен рахат көріп,
Уәделі күндері келіп жетті.

Уәдесі жеткен шақта асып-сасып,
Бір берік жерге кіріп, кетті қашып.
Күндерде бір күн бір қарт келіп,

—Не болды, әй, бейшара, түсің қашып?

Ол қартқа сөз бермеді қапаланып,

—Неліктен сөйлемейсің ашуланып?

Жүр,—деді,—патшаға біз баралық,
Қапаңнан құтқарайын бірге барып.
«Жарайды» деп, мұнымен бірге кетті,
Патшаның күзетшісіне барып жетті.

Күзетшілер бұларды ұстап алып,
Алдына патшаның алып кепті.
Пақырға патша айтты:—Алтын бердім,
Қызырды табамын деп, қабыл көрдің.

Уағда күні, міне, жеткен жоқ па?
Алдыма үш жыл өтіп, жаңа келдің.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Оның рас, мен алдым сізден алтын,

Үш жылдай мен болмадым таба алатын.
Қызырдың құрметіне кешпесеңіз,
Көремін енді сізің хүкіміңді.
Патша:—Өтірік сөз айттың,—деді,

Сен өзің уағдадан қайттың,—деді.
Төрт уәзірге айтады:—Төре берші,
Не десең де сонымен шаптым,—деді.
Бас уәзір айтады:—Соймақ керек,

Қасаптың тағанына қоймақ керек.
Екіншілей өтірік айтпасына,
Көңілінен фитнаны жоймақ керек.
Айтты Қызыр:—Сөздің нәсілі,—деді,

Жоқ екен уәзіріңнің нәсілі,—деді.
Мұның сөзі әй, тақсыр, жалған емес,
Куллу шәйин йаржиғу илә аслиһи*,—деді.
Патша айтты екінші уәзірге:

—Сенің де шараң бар ма пәлен дерге?

Ол айтады:—Қазанға сап қайнат,—деді,
Ал дағы піскенінде, таста жерге.
Қызыр айтты:—Бұ дағы рас,—деді,
Бұлардың сөзіне жоқ талас,—деді.

Мұныменен бұ сөзі тұра тұрсын,
Тағы да біреуінен сұрас,—деді.
Үшіншіден сұрады тағы жауап:

—Сен дағы айтасың,—деп,—қандай себеп?

Ол айтады:—Құмарың тарқар,—деді,
Шапқылатып пісіріп, қылсаң кәбап.
Тағы да Қызыр айтты:—Нәсілі,—деді,
Бұлардың да белгілі нәсілі,—деді.

*Барлығы тегіне тартады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұлардың сөзін бұзу керек емес,
Куллу шәйин илә аслиһи,—деді.
Төртіншіден сұрады тағы және:

—Сен дағы бір төрелік айтып қара.

Онан соң ол уәзір:—Әй, патша!
Құданың құдіретіне бар ма шара?!
Салмаңыз бұ дүнияның хүкметіне,
Мұхаммед Расулының зейнетіне.

Һешбір зарар қылмаңыз бұ пақырға,
Ол Қызыр пайғамбардың құрметіне.
Қызыр айтты:—Куллу илә аслиһи тағы және,
Төрт уәзір—төрт түрлі, бар ма шара?!

Патша ол Қызырға тура қарап,

—Білгенің біраз, бірақ айтып қара.

Төрт уәзір сөзін айтты,
Көзбе-көз Қызырға ол патша бұйырды тез.

—Төрт уәзір төрт түрлі айтқаныңда,

«Куллу илә аслиһи» дегенің не деген сөз?

—Бас уәзір—баласы еді қасапшының,

Екіншісі—болыпты сырашының.
Үшіншісі—баласы отбекшінің,
Әй, тақсыр, мен айтайын сөзім шынын.
Төртінші уәзірің—асыл затты,

Өзі—әділ болғанда, сөзі тәтті.
«Қызырдың құрметіне азат қыл»,—деп,
Соның үшін ләззатті жауап айтты.
Әй, тақсыр, осылайша жайы болды,

Сөзіне төртіншінің көңілім толды.
Қызырыңыз мен едім, көріп қал,—деп,
Тысқа шығып ол баба ғайып болды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол патша қарамаққа тысқа шықты,
Тыста тұрған һеш адам болған жоқ-ты.
Құданың құдіретіне тамаша қып,
Тақытына қайта мініп, шүкір қыпты.

—Келместі іздесем де енді,—деді,

Уәзірдің асыл тегін білдім,—деді.
Һеш арманым жоқ болды дүнияда,
Анықтап, өз көзіммен көрдім,—деді.
Ол пақырды шақырып алып келді,

Тағы да алтын, күміс оған берді.
Ол ғаріп мұратын хасыл қылып,
Азат қып өз үйіне қоя берді.

—Әй, патша, харамзада анық,—деді,

Уәзірлерің—опасыз халық,—деді.
Ақырда жұда болма басыңыздан,
Ғапыл боп, сөзге алданып қалып,—деді.
Патшаны тағы бұзды залым қатын,

Айтқан соң уәзірдің хикаятын.
Қатыннан мына сөзді естіген соң,

—Көрсетем,—деді,—ертең хүкіметін.

Ұйықтады бөлмесіне тақыттан түсіп,
Қатынмен біраз ғана сөз сөйлесіп.
Ертеңмен жалладқа қылды бұйрық,
«Өлтір» деп, баласының басын кесіп.

Қылышын жаллад келді дірілдетіп,
«Тезірек кесемін» деп қаһар етіп.
Бесінші уәзірі мұны біліп,
Қасына патшаның келді жетіп.

—Әй, патша, бір азырақ қылғыл сабыр!

Сабырсыздық—болады жанға жәбір.
Ұғылыңызды дүнияда қор қылмаңыз,
Мархабатпен пақырдың тілегін бер.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, тақсыр, қатын залал елге,—деді,
Қармақ салып отыр ғой көлге,—деді.
Уәзірдің насихат, ақыл сөзін
Зая қылып жіберме желге,—деді.

Не қылсаң да, әй, тақсыр, қатыннан без,
Күнінде бұзып тұрар көзбе-көз.
Інжуні дариядан шығарып ап,
Жіпке терген секілді айтамын сөз.

Пайғамбар «Жарлығымды ұғар,—деген,
Надандар шариғатты жығар,—деген.
Бұзық істен тыймаса білген кісі,
Үмметім сенімнен шығар»,—деген.

Ол патша ол Қызырды көрген болса,
Пақырға алтын, күміс берген болса.
Бәрі де—бір уәзірдің даналығы,
Ол Қызыр көріне келген болса.

Әй, тақсыр, қатын айтар зұлматын,
Тастама уәзіріңнің хикаятын.
Әй, тақсыр, рұқсат болса, мен айтайын
Бір уәзірмен Қызырдың өсиетін.

Патша айтты:—Сөзіңді айтшы бізге,
Ұғланды бүгін тағы бердім сізге.
Білінер бір белгісі біраздан соң,
Көңілімді оған шейін қылман өзге.

Уәзір айтты:—Бір патша бұрын өткен.
Халқына неше заман хүкім еткен.
Бар екен бір данышпан уәзірі,
Өзі әділ, хақиқатты сөзге жеткен.

Патшаға уәзір болды неше заман,
Бір күні ғибадатты үйіне алған.
Уәзірліктен қалдырды өзін-өзі,
Үйіне келді дағы тағат қылған.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Үйіне келді дағы тағат қылды,
«Бұрынғы өткен күнге тәубе»,—деді.
Ол Қызыр уәзірге күнде келеді екен,
Уәзірліктен түскен соң келмей жүрді.

Көңілінде уәзірдің уайым көп,
«Қызыр маған айтушы еді әңгіме-кеп.
Уәзірліктен түскен соң келмей қалды,
Бұрыннан да кінәлі болдым ба?—деп.

Бұрыннан көп келсеші енді маған,
Мәслихат құрар едім мен де оған».
Ол уәзір осылайша зар жылады,
«Қалайша жалбарамын енді саған?»

Уәзірге Қызыр сонда келіп жетті,
Көрген соң бегірек тағзым етті.
Уәзір:—Күнде көбірек келуші едің,
Әй, тақсыр, келмегелі көп күн өтті.

Қызыр айтты уәзірге:—Айтайын, дат,
Арамызда бар еді мүнәсабат.
Жақындық кеткен үшін келмегенім,
Уәзірліктен қол тартып, қылдың тағат.

Қызырдан осылайша ғибраттанды,
Көңіліне біраз ғана пікір салды.
Ол уәзір патшаға келді дағы,
Уәзірлікті тағы да сұрап алды.

Патша әділдігін көріп жүрді,
Көңілінде даналығын біліп жүрді.
Уәзірлікті алған соң бұрынғыдай,
Һәрдайым Қызыр тағы келіп жүрді.

Әй, тақсыр, мына айтқан көргіл сөзім,
Ол уәзір хикаятын көрді көзің.
Һәрдайым уәзіріңнің тілін алып,
Жақсы ғұмыр сүргейсің сенің өзің.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жырау боп, шаһзаданы тілеп алды,
Патша уәзір сөзін қабыл алды.
Баласын зынданына салды дағы,
Тағы да аң аулап, кетіп қалды.

Ол күні аңнан келді арып-талып,
Қатын және сұрайды ашуланып

—Зынданға бүгін тағы салдым,—деді,

Бесінші уәзірім кеп тілеп алды.
Қатын айтты:—Әй, патша, инан,—деді,
Ата-анаға жамандық қылған,—деді.
Ата-анасын шағып бір өлтіретін,

Бұ балаң—бір зәһарлы жылан,—деді.
Әй, патша, келмедің ғой қаһарыңа,
Бұ бала душар болды баһарыңа.
Жыланға жақын жүрген көп адамдар,

Һәлак боп қалар деген зәһарына.
Бұл бала—бір жылан, дос болмаңыз,
Мен айтқан ақылымды бос қылмаңыз.
Уәзірлердің жалған айтқан бекер сөзін,

Әй, патша, мені десең, қош қылмаңыз.
Бір адам асырап бір жыланды,
Һәр күнінде алдына тағам салды.
Бір күн жатқан жерінде тоңған екен,

Тамақ ішпей, бүктеліп жатып алды.
Ол адам жылытайын деп ой ойланған,
Қойнына мархабат қып тығып салған.
Біраздан соң жылынып ол жыланы,

Ол кісіні ішінен шағып алған.
Өлтірген бір күн жылан ол адамды,
Әй, тақсыр, дос демеңіз бұ жыланды.
Сеніменен мені шағып бұ да өлтірер,

Осындайда өлтірің бұл наданды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Әй, тақсыр, харамзада—мұның заты,
Тимейді, тіпті, сізге мархабаты.
Бір адам—шәрбат сатқан Мағриби,
Дәл соның бұған ұқсар хикаяты.

Патша:—Естиін оны,—деді,
Сөйлеші, қандай екен, кәні,—деді.
Түбінде әділ болса Хақтық ісі,
Біріңнің аман қалмас жаны,—деді.

Қатын сонда айтады анықтап:

—Көңілің қайғыланба, қабақ қатып.

Бар екен бұрынғыда бір зор шаһар,
Бір адам жүреді екен шәрбат сатып.
Ол адам бұ шаһарға шәрбат сатты,
Бір баласы бар екен, бек ләззатті.

Жамалы Зылиқаға барабарды,
Сыртынан көрген жанды таңырқатты.
Айтайын өткендердің әңгімесін,
Таң қылды ол баланың һәр мүшесін.

Ол баланың жамалын көрмек үшін
Алушы еді бір алтынға бір кесесін.
Бар екен бір адам Мағриби атты,
Ғашығы көрген сайын болды қатты.

«Бір кесе шарабынан ішейін» деп,
Балаға бір күндерде келе жатты.
Сипатын бұ баланың айтып болмас,
Мағриби—көрген шақта болады мас.

Бір алтынға бір кесе шарап ішіп,
Қасынан ол ұғланның һеш кете алмас.
Жамалын бұ баланың көріп жүрді,
Хал ахуалын һәрқашан біліп жүрді.

Балаға көрген сайын ғашық болып,
Бір кесеге бір алтын беріп жүрді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол бала атасына барып айтты,
«Мағриби ғашық екен маған қатты».
Мұндайын оқиғаны білген шақта,
Атасы Мағрибині шақырып апты.

Атасы айтты:—Білдірші, кім екенің?
Ата-жұрт, ру, туған һәм мекенің?

—Мен де жайым айтайын, тыңдаңыз,—деп,

О дағы баян қылды сыры, халін.

—Әй, тақсыр, сізге айтар һеш сөзім жоқ,

Қояды кімді алмай дүния боқ.
Сізге менім айтайын бір арызым,
Мұнда менім тұратын мекенім жоқ.

—Ендеше мен айтайын сөзім,—деді,

Көшіп кел қасымызға өзің,—деді.
Құдай қосса, боларсыз жақсы көрші,
Жаман-жұман адамнан безің,—деді.
Мұныменен Мағриби тұрды бірге,

Ұғланға ғашығы артты, көрген жерде.
Мұндай оқиға басына болды-ау енді,
Не керек, жақсы-жаман пәлен дерге.
Бір қымбат тас көрсетті бұл ұғланға,

Батты ғой ғашықтығы шыбын жанға.

—Әй, ұғлан, бір сүйдірші бетіңізден,

Рақымың келсе, әгар, мұндай халға.
Ол ұғлан мына сөзін қабыл көрді,
Мағрибиге бетінен бір сүйдірді.
«Әй, ұғланым, мен саған ғашық болдым»,—

Тағы сөзін балаға айтып тұрды.

—Мен білетін бір тылсым үйретейін,

Бірге барсаң, ашып саған көрсетейін.
Сол қадыр алтын, күміс мен берейін,
Сол жаққа қабыл алсаң, жөнелтейін.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол бала атасынан рұқсат алды,
Қасына Мағрибині ертіп алды.
Ұғланды бұл шаһардан алып шығып
Бұзылған, ойран жерге алып барды.

Ол жерде бір құдық бар, жетіп келсе,
Жігітке мал қиын ба, Құдай берсе.
Бір ғажайып жер екен мұның өзі,
Суы бар толып тұрған, келіп көрсе.

Мағриби бір қағазды жазды анда,
Әфсүн оқып, құдыққа салғанында
Суы оның түбінен құрып қалды,
Екеуі қайран болып тұрғанында.

Екеуі ол құдыққа кетті түсіп,
Түбіне келіп түсті көңілі өсіп.
Түбінде кілт салған бір есік тұр,
Тағы да жақын келді, сөз сөйлесіп.

Әфсүн оқып ашады ол кілтті,
Ашылған соң ішіне кіріп кетті.
Бір зәңгі тұр қолына бір тас алып,
Ұрайын деп тұрғанда келіп жетті.

Бір әфсүн ол Мағриби оқып тұрды,
Ол зәңгі тасын жерге тастай берді.
Бұларға серпіліп жол бергенде,
Екеуі ішкеріге жүре берді.

Жүре түсіп, және көрді бір пиала,
Екеуі көзін салды келе сала.
Екі аждаһа тұр екен аузын ашып,
Ұмтылды бұларға енді көре сала.

Бұл Мағриби оқыды бір әфсүнді,
Екі аждаһа бұ жерде мойны сынды.
Аждаһаның екеуі өлген шақта,
Есігі ол құббаның енді ашылды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол құбба ашылғанда кірді барып,
Қарайды жан-жағына көзін салып.
Бір жағында пұшмағының алтын екен,
Бір жағында күміс жатыр домаланып.

Бір жағында асыл тас, гауһары бар,
Бір жағында, топырақта бір тақыт бар.
Ол тақыттың үстінде өлген адам,
Жазылған көкірегінде тақтайы бар.

Екеуі көзін салды қасына кеп,
Жаранлар, айта берсем әңгіме көп.
Мағриби оқыса бұл тақтайды,
Бетінде жазылыпты бұлайша деп:

«Мен өзім патша едім тірі шақта,
Неше жыл пәрмен қылдым алтын тақта.
Қорқытып көп тентекті қаһарменен,
Қарамай әділ болдым жақын-жатқа».

Ол хатта жазған екен дүния—пәни,
«Көрген жан, ғибрат қыл енді мені.
Жанға пайда болмады һешбірісі,
Жинап едім хисапсыз көп дүнияны.

Бізден соң, бұ қазынаны көрген адам,
Бұ жерге Құдай айдап, келген адам,
Ұстай бер керегіңе дұға қылып,
Рұқсат—алсаңыз да бәрін тамам.

Құлақ сал, бұ сөзіме, әййуһан нәс,
Бұ малды алудан һеш тартмағыл бас.
Жинап қойған бұл жерге жарты мүлкім,
Қанша сарп қылсаң да ада болмас.

Мағриби оқыды бұлайша жазған хатын,
«Дүнияның көрдім,—депті,—әділетін».
Мағриби айтты:—Бірақ қылған тарлық,
Жазбапты кім екенін өзінің атын.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

«Дұға қыл мәбада, келсе халің,
Алсаңыз, рұқсат бердім, менім малым.
Қол жайып біздер үшін дұға қылсаң,
Бір шаттық көрер мекен шыбын жаным».

Тамам қылды хатын оқып болды дағы,
Тақыт үстінде кимиа топырағы.
Қара топырақ және алды алтын, күміс,
Қайтар болды тамам қып алды дағы.

Құдыққа бір әфсүнді оқып салды,
Аман-есен екеуі шығып алды.
Ол қағазды құдыққа салған екен,
Әуелгідей суы толық болып қалды.

Екеуі қайтты дағы үйге келді,
Күн-түні ғайш-ғишрат қыла берді.
Ол ұғлан Мағрибиден:—Бұ тылсымды
Үйрет,—деп,—енді маған,—тіледі енді.

Разы боп, үйретті неше заман,
Ол бала Мағрибиден ұғып алған.
Тылсымды әбден енді үйренген соң,
Ол ұғлан атасына хабар салған.

Жауапты атасына берді солай,

—Бұл кісі—керек емес бұдан былай.

Тіл алсаң, заһар беріп өлтіремін,
Тезірек қаза бергей, Жаппар Құдай.
Атасы айтты:—Жай қойып жіберелік,
Баласы айтты:—Онанда у берелік.

Ұстаз ғой, бізге тиер реніші,
Қазынадан алтын, күміс әкелейік.
Бұ сөзді Мағриби естіпті,
«Жақсылығым жамандық болды,—депті.

Басыма көп бәлелер келмей тұрып»,
Мұны ойлап, алысқа көшіп кетті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатын айтты:—Әй, тақсыр, сөзің түзік,
Бұдан кейін шығады бұдан бұзық.
Ғапыл болып айрылма басыңыздан,
Көрмейсіз бұ баладан, тіпті, қызық.

Қатыннан естіп алып хикаятты,
Патша таң атқанша сабыр етті.
Ертеңмен тақытына отырды да
Жалладқа: «Басын кес!»—деп әмір етті.

Алтыншы уәзірі келіп жетті,

—Әй, тақсыр, қатын тілін алмаңыз,—деп.

Келді де патшаға зарлық етті:

—Әй, тақсыр, сабыр керек һәрбір іске,

Хақтығы бұ баланың түсіпті іске.
Залымның хайласына алданам деп,
Соңғы күнде қалмаңыз өкінішке.
Қажетін бала берер келушінің,

Пақыр боп дүнияда жүрушінің.
Естіген жоқ екенсіз хикаятын,
Бұрынғы бір қатын мен тігушінің.
Әй, тақсыр, сөз айтады залым қатын,

Көрерсіз ақырында ғаламатын.
Патша уәзір сөзін тамаша қып,

—Айт,—деді,—тігушінің хикаятын.

Уәзір айтты:—Хазірет Иса заманында,
Бір тігуші болыпты бұ шаһарда.
Оның бір сұлу қатыны болған екен,
Екеуі махаббаттық қылғанында.

Ол екеуі бір күні құп кеңесті,
Бір-біріне қимастық сөз сөйлесті.
Әгар да қатыны бұрын өлсе,
Ол ері: «Басқа қатын алман»,—деді.

Ынтымақ қылды бұлар бір тамаша,
Бұ сөзбенен жүреді көп жылға ше.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бұ қатынның қабірін ер құшақтап,
Жыламақ болды ертеден ақшамға ше.
Алланың қатын өлді пәрменімен,
Құданың пенде жүрер әмірімен.

Күндіз-түні ол жігіт жылар еді,
Құшақтап қатынының қабірімен.
Ол жігіт жылай берді осылайша,
Нұрланады ол қатын туған айша.

Бір күні көр аралап жүргенінде
Жылаған бір жігітті көрді Иса.
Қатынға бұрын келді ажал Хақтан,
Ол жігітті Иса көрді қабір жақтан.

Тамашасын көргенде Иса сұрады,
Жігітке:—Жылайсың,—деп,—не себептен?
Жігіт айтты жылаған хикаясын,
Қатынға ауара қылған бекер басын.

«Осылайша жылаймыз деген едік»,
Исаға айтты қылысқан уағдасын.
Қатынға дұға қылды тақсыр Иса,
Оларға қиын емес қолын жайса.

Құданың құдіреті—бәрі ғажап,
Қабірден тұра келді күн мен айша.
Иса кетті тағы да өз жөнімен,
Құданың көп шүкірлік бергеніне.

Жігіт байғұс шаттанып, қуанады,
Қатынының тіріліп келгеніне.
Жігіт айтты қатынға жақын келіп:

—Мен үйден келейін,—деп,—киім алып.

Осыны айтып үйіне бара жатыр,
Қатыны разы болды онда қалып.
Баласы патшаның далада екен,
Қабірдің маңайынан өте берген.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сипатына қараса, ай мен күндей,
Тігушінің қатынын көзі көрген.

—Сен не қылған адамсың, мұнда тұрған?

Қатынға ғашық болып, мойын бұрған.
... ... ...*
Сол себептен тұрғаным мен далада,
Пақырлық бұ басыма келіп жетті.

Қатынның біліп алды ахуалдарын,
Шаһзада ғашықтықтан көңілі жарым.
Үйіне патша ұғылы келгеннен соң,
Бұйырды: «Алып кел» деп қызметкерін.

Қатынды қызметшілер алып келген,
Үстіне жақсы асылдан киім берген.
Тігуші жігіт келсе, қатыны жоқ,
Қабірдің маңайынан іздеп жүрген.

Мұны көріп тігуші жылайды енді,
Көзінің жасын төгіп, бұлайды енді.
«Кебін киген бір қатын көрдің бе?» деп,
Озған, барған кісіден сұрайды енді.

Сұрай-сұрай қызметшіге ұшырады,
Жылаған соң аяды бейшараны.
Патшаның сол жіберген қызметшісі,

—Неліктен жылайсың?—деп сөз сұрайды.

Жігіт айтты:—Қатыным өлген еді,
Өлгенін тақсыр Иса көрген еді.
Мен үшін қолын жайып, дұға қылды,
Тіріліп, дүнияға келген еді.

Мен үйге киім үшін кеткен едім,
Киім алып, қабірге жетіп едім,
«Патша ұғылы алды ма?» деп келемін,
Қабірден өтерінде көріп едім.

* Түпнұсқада әйелдің жауабының бас жағы түспей қалған.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қызметшілер айтады:—Құдай айдап
Қатының кетті патша ұғылын сүйіп.
Тезірек енді бармасаң осы күнде,
Қазірде алғалы жатқан, неках қиып.

Қатынына жетіп келді, қадам басып,
Патшаның баласымен дағуаласып.

—Сен кімнің халалысың, әй, жаным?—деп,

Қатыннан шаһзада сөз сұрасып.
Қатын айтты:—Сөзінің бәрі жалған,
Бұл—ұғыры, далада талап алған.
Көп сауапты табарсыз, мұны өлтірсең,

Алдыңа ажал айдап келіп қалған.
Патшаның ұғылы айтты:—Кісім қайда?!
Залымның екі қолын артқа байла.
Менікі деп біреудің халал жұфұтын,

Жеткенше дар түбіне жаяу айда.
Ол тігуші мұны көріп, зар жылады,
Осылай патша ұғылы қаһарланды.
Жалладтар дарға асып өлтірмекке,

Екі қолын артқа байлап ап жөнелді.
Ол Иса барған жолдан келді қайтып,
Дарда тігуші тұр, зарлық етіп.
Жалладқа:—Бір азырақ сабыр ет,—деп,

Патшаның баласына келді жетіп.

—Тігушінің қатыны мына отырған,

Мен жолда бара жатып дұға қылғам.
Тірілген соң отырған қабірінде,
Мен тағы өз жөніме кетіп қалғам.
Қатын бекер деп отыр, мұны біліп,

Иса тағы жіберді дұға қылып.
Құданың құдіреті қиын емес,
О қатын тағы кетті опат болып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тігуші пәлесінен құтылды енді,
Үйіне қайтып келіп отырды енді.
«Бекерге мен жылаған екенмін» деп,
Көңіліне қайғы-уайым толтырды енді.

Алтыншы уәзір айтты:—Мұны ойла,
Әй, тақсыр, қатында бар мұндай хайла.
Ұғланның бір куәсі білінгенше,
Әй, патша, біраз күнше сабыр әйла.

Тағы да шаһзаданы тілеп алды,
Патша тағы аңға кетіп қалды.
Аңнан тағы үйіне келген шақта,
Қатыны баласынан хабар алды.

Қатынына айтады туғры сөзін,
Уәзірдің тағы тілеп алған кезін.

—Бұ күн тағы зар жылап, тілеп алды,

Зынданға көндірдім оның өзін.
Қатын айтты:—Сөзімді қылдым бекер,
Әлі бір күн басыңа қаза жетер.
Уәзірлердің тіліне еремін деп,

Алданып, әй, патша, күнің өтер.
Әй, патша, бұ күн өзім бір түс көрдім,
Көргенде оны мен көңіл бердім.
Айтпақ парыз, есітпек сізге уәжіп,

Уәзірдің хайла-мәкір сөзін тердім.
Патша:—Естиін оны,—деді,
Қатын айтты:—Жалған деме мені,—деді,
Бір доп ұстап тұр екесіз, өзі алтын,

Артық-дүр бұ ғаламнан сыны,—деді.
Бұл допты ойнайсыз аспанға атып,
Бала сізден сұрайды таңырқатып.
Сұрағанда сен оған бермеп едің,

Ол допты пәре қылды таспен атып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қайран боп, алысырақ барып тұрдым,
Мен саған сынықтарын жиып бердім.
Сен оған қайран болып тұрғаныңда,
Оянып, орнымнан тұра келдім.

Патша айтты:—Не болар тағбирі?
Қатыны дәл өзіне жүреді енді.

—Қолыңда ұстағаның бір алтын доп,

Қараған қол астыңда халқың,—деді.
Қолыңнан тартып алған мәнісіні,
Әй, патша, мен айтайын енді оны:
Бір күні ғашық болған өз балаңыз,

Алсам деп халалдыққа енді мені.
Атамды өлтіріп, алам мемлекетін,
Астындағы аламын алтын тақытын.
Мен оған бой бермедім айтқанына,

Баланың көрген шақта ғаламатын.
Айтқанынша мен сені өлтірсем,
Бала сөзін жеріне келтірсем.
Бұ күнгеше өз ісін көрер еді,

Балаға тағат қып бой берсем.
Ол допты сындырғаны таспен ұрып,
Әгарда патша болса деген құрып.
Халқын тамам хараб етпек екен,

Ғылымдық болмаған соң, Құдай ұрып.
Ләңке менім жиып бергендерім,
Бой бермей, сені қабыл көргендерім.
Мен айтпасам, қолыңнан кетер едім,

Мен саған жақсылық қып жүргендерім.
Сіз түспе бұл баланың хүкіметіне,
Әлі бір күн кез боларсыз мехнатына.
Ынсапсыз ұғланның хикаяты

Бір патшаның ұқсайды хикаятына.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол қатын түсін айтты көзбе-көз,
Күнінде һәрбір парық шығарды сөз.

—Нешік екен ол патша хикаяты?

Қатынға:—Айт,—деді,—мұны да тез.
Қатын айтты:—Бір патша бұ жаһанда,
Көп әскері тағы да болған онда.
Бір ұғыры бар екен, хайласы артық,

Патшаның хүкім қылған шаһарында.
Қожа болған екен және тағы,
Салтанат өзге жаннан болған бақыты.
Ол қожа бір сапарға шықпақ болды,

Қатынмен азық-түлік алды дағы.
Шаһардан қожа шыққан баһарынан,
Манағы ұғыры шықты қарсы алдынан.
Ол ұғыры қожаны талап алып,

Жұда болды қатын мен пұлдарынан.
Шаһардан қожа шықты Құдай бастап,
Жалаңаштап қатынмен алды ұстап.
Ол қожаның қатынын ұғыры алып,

Бір таудың тесігіне әкеп тастап.
Ол таудың тесігінде қожа қалды,
Қатынын ұғыры залым тартып алды.
Күні-түні ғайш-ғишрат қылып,

Сегіз ай осы арада өтіп қалды.
Ол қатын ұғырыдан буаз болды,
Босатып ұғыры залым қоя берді.
Ұғырыдан босанып, шүкір қылып,

Қатынымен қосылып, көңілі толды.
Бұл екеуі бір шаһарға барып кірді,
Бір жерден бір пәтер-үй алып тұрды.
Манағы ұғырыдан буаз болған,

Ай-күні бітіп, сонда бір ұл туды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол қожа бұ баланы алмады енді,
«Бұ бала бізге пайда бермес»[деді].
Мұны айтып, бір мешіттің пұшмағына
Баланы алып келіп, соған қойды.

Патша үйден шығып бара жатып,
Балаға көзін салды таңырқатып.
«Бұ бала кімдікі?» деп сұрағанда,
Патшаға һәркім айтты жауап қатып.

Олар айтты:—Ата-анасы—пақыр,—деді,
Сол үшін осы арада жатыр,—деді.
Асырамаққа болыпты бұл патша,

—Тірі болса, бір кісіге татыр,—деді.

Неше жыл асырады бала қылып,
Ер жетіп, жігіт болды батыр болып.
«Өзімнен соң тақытыма отырар» деп,
Патша қуанады көңілі толып.

Ол бала жеті жасқа келіп жетті,
Ғылымдық үйретпекке молдаға ілітті.
Бір көрген жан «Тағы да бір көрсем» деп,
Сипаты тамам жаннан асып кетті.

Андан кейін он екі жасқа келді,
Соғысты үйретпекке тағы берді.
Өзі және өзгеден өткір болып,
Көргендер батырлығын тамаша етті.

Патшаның бір қызы болды және,
Бұл қызға ғашық болды осы бала.
Һәр нәрсе тартады екен нәсіліне,
Құданың құдіретіне бар ма шара?!

Бір патшаның баласы айтты сөзді,
Айттырып, алмақ болды осы қызды.
Атасы разы боп бермек болды,
Ол бала біліп жүрді осы кезді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол бала бір молдаға келді жетіп,
Бір мәселе сұрады тамаша етіп.
Ұғлан айтып:—Бір адам бақшасының
Жемісін жейтін болса, өсіп кетіп.

Молда айтты мына сөздің тамашасын,
Сұрайды осылайша мәселесін.

—Өзі жер ме ол жемісті, өзге жер ме?

Айт,—деді,—мен көрмейін дағуасын.
Молда айтады:—Айт десең мұны маған,
Анық дәлел болады осы саған.
Ол жемісті өзгеге бергеніңше,

Шырағым, артық болар өзің жеген.
Бір уәзірі бар екен өзі дана,

—Менім айтқан сөзімді тыңдап қара.

Сіз білмесең, оларды мен айтайын,
Үш ғылымды жаратқан Хақ Тағала.
Үш ғылым: біреуі—дін ілімі,
Екінші—парасат-дүр—оның бірі.

Үшіншісі—бейдін, ғылым білмесеңіз,
Парасатсыз болмайды—һеш білімі.
«Жеме» деп, тыйған болса Хақ Тағала,
Пенде оған қылмайды һешбір шара.

Әгар да жемек болса қоспағанды,
Болады махшар күні—жүзіқара.
Ұғланға уәзір айтты былай кезін,

—Молдадан артық емессің, сенің өзің.

Оның мен—пәтуасына қойдым ниет,
Жерге неге тастайын ғалым сөзін?!
Мұны айтып, ол бала шығып кетті,
Қыздар тұрған сарайға барып жетті.

Ол қызды бұ шаһардан алып шығып,
Екінші бұ шаһарға кіріп өтті.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қыз жолдасы жариа тамашаға,
Тезірек хабар берді падишаға.
Артынан көріп әскер барып жетті,
Екеуі шыққан кезде оңашаға.

Ол бала патшадан бұғып қалды,
Патша ағып өтіп, кетіп қалды.
Әскерлер енді қайта келгенінше,
Келді де патшаның басын алды.

Патшасы өлген соң әскер кетті,
Бір шаһарға екеуі кіріп кетті.
Баршалары не қылар енді бұған,
Көрсетер деп бәрі қорықты мехнатты.

Атасын өлтіріп, алды өз қарындасын,
Әй, патша, бұ күн көрдің тамашасын.
Атасының өнерін тағы қойып,
Ұғырлық, харамдыққа қойды басын.

Әй, патша, мен айттым ғой тамашасын,
Алды ғой харамзада қарындасын.
Бұ дағы харамзада сені өлтіріп,
Алғысы келіп жүр ғой өз анасын.

Әй, патша, бұ сөзімді айттым сізге,
Білінді харамдығы көрер көзге.
Уәзірдің хайла-мәкір сөзіне еріп,
Мен тараптан көңілің қылма өзге.

Қатыннан естіген соң хикаятты,
Ұйықтайтын бөлмесіне барып жатты.
«Ертеңмен өлтірем» деп жатқанында,
Сарғайып, бір уақытта таң да атты.

Патша ертеңмен мінді тақытқа,
Құдай-а, бұ ұғланды өзің сақта.
Жетінші уәзірі келді жетіп,
Жалладқа әмір етіп тұрған шақта.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Уәзір айтты:—Әй, тақсыр, сөзім тыңда,
Бір хикмет арасында бар ғой мұнда.
Ұғланның куәһлары анық болып,
Өлтіріңіз, ұстазы табылғанда.

Ұстазы табылғанда өлтірерсіз,
Хүкіміңді жеріне келтірерсіз.
Куәһлары табылар оған шейін,
Сөздерін сол уақытта бітірерсіз.

Әй, тақсыр, қабыл алма қатын сөзін,
Қорғайды хайламенен өзі-өзін.
Ертеңгі күн куәһлары мағлұм болып,
Хақтығын қайтесіз көрсе көзің.

Әй, тақсыр, хайла-мәкір—қатын даты,
Мүміннің қабыл болар мінәжаты.
Бар екен бір патша, екі уәзір,
Дәл соның сізге ұқсар хикаяты.

Патша айтты:—Естиін өсиетің,
Берейін бір күн сізге ұғлан датын.
Бір патша, екі уәзір қалай екен?
Айтыңыз, оның бізге хикаятын.

Уәзір айтты:—Бұ жаһан сарайында,
Бір әділ патша болған онда.
Өзі әділ болыпты шаһарында,
Қарсылық қылар жан жоқ маңайында.

Сөйлейін енді сізге келсе халім,
Айтайын өткендердің ахуалын.
Бар екен патшада екі уәзір,
Бірі надан болғанда, бірі—ғалым.

Бір уәзірі—ғалым еді әділетті,
Патшаға айтады көп өсиетті.
Бір күні сөз сөйлеген машурат қып,
Мемлекет турасынан бір мәслихат.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Надан уәзір патшаға бір сөз айтты:

—Малды ысырап қылмаңыз сонша қатты.

Көп әскерге берсең де қас болады,
Көресің ақырында мехнатты.
Соғыс күнде жиылып жетсін,—деді,
Малыңызды сонда алып кетсін,—деді.

Тұрған тұрсын орнында баяғыдай,
Тұрмағаны шаһардан кетсін,—деді.
Әскерге соғыс күнде берің,—деді,
Сөзімді менім қабыл көрің,—деді.

Оған шейін мал берме бір адамға,
Сақтанып һәр уақытта жүрің,—деді.
Патшаға уәзір сөзі қош көрінді,
Ғалым уәзір ақылы бос көрінді.

Наданның айта салған бекер сөзі,
Патшаның көңіліне дос көрінді.

—Соғыста әскер келер мал болғанда,

Көп шыбын жиылады бал болғанда.
Соғыс күнде қасыңа жан жиылар,
Қолыңызда малыңыз бар болғанда.
Патша ғалым уәзірге жарлық етті:

—Қасыма менім жақын келгіл,—деді,

Маған біраз әскерді жиып берің,
Бәрі де уазифасыз болсын,—деді.
Уәзір айтты:—Уазифасыз адам болмас,
Патша айтты:—Сөзге көңілім толмас.

Соғыс күнде әскерге малды берсем,
Жаныма һешбіреуі келмей қалмас.
Уәзір айтты:—Әскерді ап келейін,
Уазифасыз адамды жіберейін.

Патша мұнысына разы болды,

—Алып кел, тамашасын мен көрейін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір ұстаны алып келді ғалым уәзір,
Бір сарайды жасатып берді назар.
Атты-жаяу соғыстағы әскер қылып,
Есігінде көп сурет қылды әзір.

Патша көрейін деп, келіп жетті,
Азырақ сыр айтып, тамаша етті.
Патша уәзірден:—Бұ суретті
Неліктен жасадыңыз мұнда?—депті.

—Мен айтайын, әй, патша сізге,—деді,

Әскер бер деп айттыңыз бізге,—деді.
Бір де уазифа сұрамас бұл жігіттер,
Құлдық қылар көрініп көзге,—деді.
Патша айтты:—Бұлардың һеш жаны жоқ,

Қалайша құлдық қылар, дүния боқ?
Уәзір айтты:—Әй, патша, жансыз сурет
Нешік құлдық қылады, уазифа жоқ?
Уазифасыз адамдар, міне, осындай,

Нәпақасыз қызмет етпес бәрі солай.
Бәріне нәпақа берсең, жиылады,
Көңілге шүбһә алмас олай-бұлай.
Уазифасыз керек болса, міне, отырған,

Жиылып атты-жаяу майдан құрған.
Жанды кісі нәпақасыз іс қыла ма?
Лайық па шыбын жанын сатып алған?
Уазифасыз, әгар да, адам алсаң,

Нәпақасыз өзіңе әскер қылсаң.
Жанын алған баласың ол адамның,
Расын мен айтайын құлақ салсаң.
Нәпақа бермесеңіз қайтып қылар?

Қылмақ түгіл, өзіңе дұшпан болар.
Патшаның маңайын көрмей кетер,
Білмесең, оның жайы осы болар.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бір бектің бір жігіт қарындасы,
Қызмет етіп жүреді ғазиз басы.
Һеш нәрсе қызмет үшін бермес енді,
Жігіт есімін сұрады ол қожасы.

Ол бекке жігіт айтты хикметін:

—Қылтиман,—деп айтады,—менім атым.

Жігіттен мұны естіп, бегі күлді,
Бұрыннан есітпеген оның затын.

—Қылтиман деген бола ма адамда есім?

Жігіт айтты:—Күлдіңіз мұның несін?
Ондай айтпақ бізге лақаб бекзада,
Болған шақта жүрген кісің.
Күні бітіп, ол жігіт шығып келген,

Екінші бір бекке тағы жүрген.
Бір көшеде бір күні өз бегіне
Екеуі амандасып қарсы келген.
Екеуі бірге тұрып есендесіп,

—Қылтиман, менен кетіп, қалың нешік?

—Екіншілей бұл есімім айтпа,—деді,

Бұрынғыдай жүрген жоқ көңілім өсіп.

—Әй, жігіт, Қылтиман деп өзің айттың,

Өзің айтқан атыңнан неге қайттың?
Бұрынғыдай емессің сенің өзің,
Мұңайып, не себептен қайғы тарттың?

—Сенде тұрсам, патшаша теңдес едім,

Адамнан һеш жамандық көрмес едім.
Күнінде Қылтиман деп шақырсаң да,
Соның үшін уайым жемес едім.
Менім бегім қылмайды сендей инғам,

Соның үшін көңілім—қайғы мен қам.
О дағы «Қылтиман» деп шақырады,
Ойланып бұрынғыны, қайғыны алғам.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол уәзір патшаға айтады хал,
Алдына алып қойды бір табақ бал.

—«Балға шыбын жиылады» деп едіңіз,

Балда шыбын бар ма екен, көзіңді сал?
Ғалым уәзір салады әңгімеге,

—Патша, һеш нәрседен уайым жеме.

Шыбын келер бұ балға күн барында,
Кеш болғанда келеді енді неге?
Әскерге нәпақа берсең, бар секілді,
Бермесең, жайылып жүрген мал секілді.

Уәзифаны уақытында бермегенің,
Шыбынсыз кешке жеген бал секілді.
Мұны естіп, барша жаннан артық қылды,
Жақсылар түбін ойлап, бәрін білді.

Бұ сөздерді уәзірден естіген соң,
«Бәрәкалла» деп, мың түрлі тахсин қылды.
Һәр сөзін естігенде құмарланып,
Бәлеге душар болмас, ғапыл қалып.

Һәр уақытта патша ақылдасып,
Уәзірдің жүруші еді тілін алып.
Әй, тақсыр, сізде сондай қыласыңыз,
Белгілі—біз қашаннан расшымыз.

Қатын сөзімен баланы өлтірмеңіз,
Қалатын артыңызда өрісіңіз.
Әй, тақсыр, өлтірмеңіз шаһзаданы,
Күйдіргендей боласыз дүнияны.

Бұл өлген соң біздерді кім қарайды?
Арманда өтіп кетер шыбын жаны.
Сөзіне уәзірінің құлақ салды,
Патша амалсыздан қабыл алды.

—Әй, тақсыр, бүгінгі күн өлтірме,—деп,

Жер құшып шаһзаданы тілеп алды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Кешке тағы қайтып келді, аңын аулап,
Күтеді залым қатын оттай қаулап.

—Ұғылыңды бүгін тағы не қылдың?—деп,

Сұрайды патшаның көңілін аулап.

—Аң аулап мен даладан келдім,—деді,

Тамашасын һәр жердің көрдім,—деді.
Бүгін тағы тіледі, өлтірме,—деп,
Жетінші уәзіріме бердім,—деді.
Қатын айтты патшаға:—Қайырласыз,

Ақырында өз басыңнан айрыласыз.
Бүгінде менім тілім алмаймын,—деп,
Патша, әлі бір күн зар боласыз.
Жұртқа патша едіңіз—өзің әділ,

Шариғаттан сұрайын, сен оны біл.
Көңілімді ренжітпек саған күнәһ,
Бар ма еді, иә жоқ па, қасыма кел.
Хақы бар ер мен қатын арасында,

Патша, менім сөзім аласың ба?
Қатын келіп жаламақ тіліменен,
Іріңі болса ердің жарасында.
Және де жеңін түріп, нанды баспақ,

Тезірек ер шақырса, қадам баспақ.
Істей тұрған ісіне қарамастан,
Ерінің көңілі үшін жылдам саспақ.
Қатынның ер үстінде хақын берсе,

Аш-жалаңаш етпесін халі келсе.
Қатынға бұйырмасын ойдың сыртын,
Күнәһісіз—күнәһ болар қатынды ұрса.
Қызғанбасын қатыннан малды бірақ,

Қатынның етек-жеңі қысқарырақ.
Қатынға бір етектей ақшадан да
Үш тұтам жабу берген артығырақ.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, тақсыр, осылайша ғаріп қатын
Тастама ақыл айтқан өсиетін.
Естігенің жоқ екен, әй, патша,
Ата шыпшық, ана шыпшық хикаятын.

Патша:—Естиін оны,—деді.
Айып қылып айтпайын сені,—деді.
Мысалы оның және қандай екен?
Айт,—деді,—тамашасын, кәні,—деді.

Қатын айтты:—Сүлеймен хүкіметінде,
Бір қара шыпшық бар екен қызметінде.
Бір күні көрінбейді қара шыпшық,
Өзінің жүретұғын мүлкәтінде.

Сүлеймен Самұрыққа әмір етті:

—Қайда болса, тез жылдам тапқыл!—деді.

—Оны мен тауып әкеп берейін,—деп,

Самұрық тілін алып іздеп кетті.
Қара шыпшық Сүлейменнен кетті,—дейді,
Ана шыпшық жанына жетті,—дейді.
Ана шыпшық қара шыпшыққа ашуланып,

—Келмегелі бірталай күн өтті,—дейді.

Ол арада Самұрық келіп қалды,
Шыпшықтың ләп ұрғанын тыңдай қалды.

—Сүлейменнен қорқамысың менен артық?!

Неліктен келмейсің?!—деп ашуланды.

—Дүния, ғаламға мен сені теңгермеймін,

Һәркімнің айтар сөзін жөн көрмеймін.
Тафарраж үшін барамын Сүлейменге,
Соның үшін жуырда мен келмеймін.
Самұрық кіріп келді, мұны көріп,

—Айда, жүр,—деп,—шыпшыққа мойын бұрып.

—Кет!—деді Самұрыққа қара шыпшық,

Неге шапшаң жүр дейсің, Құдай ұрып?!

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Самұрыққа:—Болады!—деді қаһар етіп,
Самұрық тағы тұрды біраз күтіп.

—Тағы да бір жауап бер, шыпшық,—деп,

Қасына және жақын келді жетіп.
Сол жерде шыпшық тағы ашуланды,
Самұрықты өкшесімен салып қалды.
Самұрық неге ұшырағанын білмейінше,

Тезірек Сүлейменге кетіп қалды.
Шыпшықтың ләп озғанын баян етті,
Сүлеймен естіп тұрып, қабыл етті.

—Менің сарайымды бұзамын дегеніне,

Самұрық, ғажап етпе оны,—деді.
Ғифриттер тастарды күшке салған,
Ләп ұрғанына шыпшықтың қайран қалған.
Сүлейменге шыпшық сөзі туғры болып,

Азат қылып, жайына қоя берген.
Қатын айтты:—Әй, патша, қыл мехнат,
Һәркімнің өз қатыны—жанға рахмат.
Ұғлан маған қол ұзатып, қастық қылды,

Енді сізге көрсетер көп мехнат.
Әй, патша, бұл істе ғапыл қалма,
Халалыңның басына қайғы салма.
Басыңызға бір қорқу зиян бар-дүр,

Уәзірдің хайла-мәкір тілін алма!
Патша қатынының осы сөзін,
Тағы да мақұл көрді оның кезін.

—Ертеңмен өлтірейін, басын кесіп,

Харамзада болғанда оның өзін.
Мұны айтып, төсегінде ұйықтап кетті,
Дос болады деп ойлама, залым итті.
Тақытына ертеңімен отырған соң,

—Баланы алып кел!—деп әмір етті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жалладқа бұйырады әмір етіп,
Патшадан алып қалар енді нетіп.

—Бір тілекпен мен бұ күн алайын,—деп,

Сегізінші уәзірі келді жетіп.
Уәзір айтты:—Әй, тақсыр, қатын сөзімен
Өлтірмекке тұрмысыз мұның өзін.
Әлбетте ғапу етпек керек деймін,

Қуанышың дүниядағы, жалғыз көзің.
Мұны өлтірсек, қайтады дәулетіңіз,
Әділдік заманыңда көрсетіңіз.
Инсанның мағынасы насиан деген,

Білмесең, ақылдыға жөндетіңіз.
Ақ сөзі уәзірің—бар мәзірі,
Бұларда куәһлары—бір қадыры.
Бір хикаят айтайын тыңдасаңыз,

Болыпты бір патшаның бір уәзірі,
Бар екен бір патша өткен заман,
Бір уәзірі бегірек дана болған.
Моншаға бір күн уәзір түскен шақта

Жүзігі суға түсіп, ой ойлаған.
Жүзігі суға түсіп, батпай жүрді,
Бір ақыл уәзір сонда ойлап тұрды.
«Бір зауал бұ басыма келеді»,—деп,

Киініп, һәрбір жаққа мойын бұрды.
Ол уәзір қазынасына жіберді адам:
«Жасырсын алтындарым патшадан.
Қазір мені патша тұтатын-дүр,

Мехнатсыз кім кетер дүниядан?».
Ол уәзір моншадан шығып кетті,
Патша: «Ұстаңыз!» деп, әмір етті.
Алып келіп зынданға салдырдылар,

Көрсетіп ол ғаріпке мехнатты.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол уәзірдің қазынада алтындарын
Жасырып патшадан оның бәрін.
Мал-мүлкін патша тағы алып қойды,
Білген соң осындай ахуалдарын.

Ол уәзір зынданда бір жыл қалды,
Зынданшыдан біраз тағам сұрап алды.
Патшадан қорыққаннан ол зынданшы,
Тағамды уәзірге бермей қалды.

Ақырында тағамды сұрап алды,
Тағам алып зынданшы келіп қалды.
Құданың бергеніне шүкір қылып,
Ол уәзір жейін деп алдына алды.

Тағамды жейін деп ой ойлаған,
Алдына алғанында бетін ашқан.
Жоғары зынданның жиегінен,
Төбелесіп, түсіп кетті екі тышқан.

Сол жерде ол тағам болды нәжіс,
Жарымы жерге оның төгілді ас.
«Менім ісім қайырлы болады екен,
Құданың құдіретін айтып болмас».

Уәзір тағы бұйырды зынданына,
Зынданшы болып тұрған адамына:

—Қазынаға алтынымды алып кеп қой!

Патша келсе, керек рахматына.
Зынданшы уәзір сөзін қабыл алды,
Алтынын қазынасына әкеп салды.

—Уәзірім зынданнан шығарың,—деп,

Патша адамдарға жарлық салды.
Зынданнан уәзірді келтіреді,
Құдайым мехнатын бітіреді.
Патша оны тәслим етпек үшін,

Көңілін уәзірінің көтереді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Бір жылға шейін көрдіңіз сіз мехнат,

Құдайым ақырында берді рахмат.
Зынданға мен салған адамдарға,
Уәзірім, мұнан кейін қыл шапағат.
Көресің патшалардың әділ ісін,

Һәрқашан мехнат шегіп жүрермісің.
Жақсы-жаман қадірін сіз білсін деп,
Зынданға мен салғаным соның үшін.
Уәзір айтты:—Әй, тақсыр, бір Құдадан

Мехнат көрмей өлмейді туған адам.
Қарап сұлтан:—Айтшы сөзің,—деп,

—Не келсе де разымын патшадан.

Мұны естіп, патша қылды құрмет,
Уәзірлігін берді де қылды ілтипат.
Тамам елді қаратып хүкіміне,
Бәрі де даналығына болып табиғ.

Үйіне келген шақта жолдастары,
Өзінің табиғ болған мұңдастары.

—Сен қайдан шығаруын білдіңіз?—деп,

Сұрайды уәзірден оның бәрі:

—Қайдан білдің зынданға салар шағын?

Патша бар малыңды алашағын.
Онан кейін тағы да уәзір болып,
Қайдан білдің қайырлы болашағың?
Уәзір айтты:—Мен бір күн түстім монша,

Жүзігім суға түсті—бір тамаша.
Ойладым, бір қайырдың зауалы бар,
Зынданға салар,—дедім,—мені патша.
Онан кейін мен жаттым дәл бір жыл,

Маған енді әкелді тағамды, біл.
Екі тышқан төбелесіп, түсіп кетіп,
Тағамды нәжістеді, сен оны біл.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Зынданға зауал үшін кірдім енді,
Бір жылдай азап көріп, тұрдым енді.
Тағамды тышқан төгіп тастаған соң,
Азаптан құтылуым білдім енді.

Бір жылда азап көріп тұрдым мехнат,
Андан кейін патша қылды құрмет.
Дәулетім тағы қолға түседі деп,
Оның үшін болды ғой, көңілім шат.

Әй, патша, хикаятты сөйлер кезім,
Қатынның хайла-мәкір көрдің сөзін.
Кәмалдің бір зауалы болады ғой,
Нақақтан өлтірмеңіз оның өзін.

Шаһзада мұнан бұрын аман ба еді?
Білмейміз, талғамымыз жаман ба еді?
Бір қатын хайла-мәкір сөзін айтып,
Алдайтын патшаны қиын ба еді?

Құдыққа бір тас салар бір диуана,
Бүтін ғалам ала алмас енді және.
Шаһзада—бір құстың жас баласы,
Қонарын, ұшарын білмеген ғаріп бала.

Әй, тақсыр, бұ баланың халі мүшкіл,
Сабырменен түбінде ойлап іс қыл.
Сөйлемегің себебі табылғанша,
Азырақ миһлат бер, бір, екі, үш күн.

Соңында азат ет, тілесеңіз,
Иә, болмаса өлтіріңіз, бермесеңіз.
Өкінішке қалмаңыз ақырында,
Насихат уәзірінікін көрмесеңіз.

Ол уәзір тілеп алды жерді құшып,
Жылады патша да тақыттан түсіп.
Көндірді зынданына ол баланы,
Аң аулап, тағы кетті мақұлдасып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Үйіне тағы кешке келді қайтып,
Қош қылды уәзірі көңілін байытып.

—Бұ күн тағы ұғылыңды не қылдың?—деп,

Қатын сөзді сұрайды аяңдатып.
Патша айтты:—Бір уәзірім тілеп алды,
Зынданыма көндіріп тағы салды.
Сегізінші уәзірім ғұзыр етті,

Ол бала ажалсыздан тағы қалды.
Қатын айтты:—Әй, патша, сөзім жетсе,
Тәбибтар ауруға дәрі етсе,
Жаза алмаса, екінші дәру етпес,

Жаза алмай қалмас еді, әбден күтсе.
Дәл сондай ажиз қалдым менім өзім,
Сізге әсер қылмады жалғыз сөзім.
Сөйлеспейін екінші десем дағы,

Шыбын жаным шыдамас осы кезім.
Бір патша біреу қолын кескен екен,
Жыламастан сабырлық дескен екен.
Басқаның қолын кескенде көп жылады,

Қайырылып екі көзі түскен екен.
Көрген жан сөз сұрады тамаша етіп,

—Не себептен жыладың, зарлық етіп?

Өз қолыңды кескенде жыламадың,
Тұрып едің бірқатар сабыр етіп?

—Мен жыладым көргенде оның үшін,

Қорықтым мүшкіл халде менім түсім.
Мен жыласам мазақ қып күлер едің,
Өзімдей деп жыладым көрген кісім.
Сіз кеткенде, кетеді менім басым,

Біздерден арманда боп айрыласың.
Бір патша балалары сізге ұқсар,
Бір қазидың мен айтайын әңгімесін.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша:—Естиін оны,—деді,
Айта бер өзімізге білген кепті.
Сабыр етіп, уәзірдің тілін алдым,
Болмасын сенің дағы көңілің күпті.

Қатын айтты:—Бір патша бұ жаһанда,
Үш дана ұғылы болған онда.
Ажалдың жастығына басын қойып,
Өсиет ұғылына айтты ауырғанда.

Айтады үш балаға өсиетін:

—Бар,—деді,—бір жауһар, алтын мүлкәтім.

Жақсылап көміңіздер ол жауһарды,
Үшеуіңе лайық, тек болатын.
Осындай алтын, жауһар малым—деді,
Үшеуің оны бөліп алың,—деді.

Өсиетім тұтсаңыз менім, әгар,
Сіздерге баян еттім халім,—деді.
Атасы осыны айтып, кеткен өтіп,
Үшеуі дәфін қылды құрмет етіп.

«Үшеуіміз тең бөліп алайық»,—деп,
Жанына ол жауһардың келді жетіп.
Атасының сөзін тұтқан «мақұл» деп,
«Теңгеріп бөлелік» деп көңілі өсіп.

Үшеуі жетіп келсе, ол жауһар жоқ,
Орнында топырақ жатыр желдер есіп.
Үлкені айтты ортаншыға:—Сіз алдыңыз,
Олар айтты:—Бұ жерге келмедік біз.

Ортаншысы кенжеге жабысады,
Үшеуі:—Не себептен білмедік біз?
Бірімізде бар ғой,—деп дағуаласып,
Ала алмай бір-бірінен жанжалдасып.

Бір қазыға барады жүгініске,
Біздерге төре бер,—деп мақұлдасып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қазы айтады:—Табайын риуаятын,
Атаңыздың бұзбаңыз өсиетін.
Төрелігін сіздерге мен берермін,
Әуелі мен айтайын хикаятым.

Бар екен бір шаһарда жалғыз жігіт,
Бір қызбен көңіл қосып, қылған үміт.
Жігіт айтты ол қызға:—Келсе күйеу,
Менімен һәрқашанда мархабат ет.

Ол күйеуің келгенде, мені тастап,
Кетесіз ғой оның, сіз, сөзін қостап.
Мені сүйіп жүруші ең, тастайсыз ғой,
Һәр іске жүрген шығар Құдай бастап.

Сен кетсең, не болады менім халім?
Һәрқашан сенің үшін көңілім жарым.
Меніменен жұбанып жүруші ең деп,
Мұңының көңіліндегі айтты бәрін.

Қыз айтты:—Сенен жақсы көрмен,—деді,
Нәпсімнің ықтиярына ермейім,—деді.
Әуел келіп сеніменен қосылмайынша,
Ол күйеуіме мұратым бермейім,—деді.

Күйеуі ол қыздың бір күн келді,
Жиылған көп халықтың тойы болды.
Ғишратқа келерде жігітпенен,
Өзінің ахуалын баян қылды:

—Бір жігітім бар еді менім,—деді,

Халалың болдым енді сенің,—деді.
Одан барып рұқсат мен сұрайын,
Сен дағы мархабатың берің,—деді.
Жігіт айтты:—Уағдаң бекер демес,

Біздерге мағлұм қылып, етсең кеңес.
Әуел барып, уағдаңды опа қылың,
Рұқсатсыз маруарт қабыл емес.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Рұқсат мен де сізге бердім,—деді,
Келген соң жамалыңды көрдім,—деді.
Барыңыз да саламат қайтып келің,
Менен де оны жақсы көрдің,—деді.

Жігіттен мұны естіп, жөнелді қыз,
Әңгіме бастан-аяқ көріңіз, сіз.
Қыз кетіп, орта жолда бара жатса,
Жол тосқан бір ұғыры—келеді кез.

Ұғыры келіп ол қызды ұстап алды,
Сол жерде тонайын деп ойына алды.
Қараса, ай мен күндей бір сұлу қыз,
Қайран болып бетіне көзін салды.

Қасына жақынырақ келді жетіп,
Ол ғаріп құтылады енді нетіп?
Қыз екенін білген соң әлгі ұғыры,
Сұхбатқа тіледі үміт етіп.

Айтады әңгімесін бастан кешкен,
Қыз байғұс ғаріп болып қолға түскен.

—Бір жігітім бар еді уағдаласқан,

Ғашықтықтың шәрбатын тоя ішкен.
Мен үшін сарп қылып, берді малын,
Білейін деп барамын оның халін.
Кейін қалған күйеуіне тағы және,

Сырының көңіліндегі айтты бәрін.
Ұғыры айтты:—Ісіңіз олай болса,
Апарайын жігітке, Құдай бұйырса.
Мен дағы харам істі қыла алмаймын,

Маған да маруарт харам, ерің болса.
Осыны айтып, ұғыры ол қызды енді
Алып келіп жігітке кіргізді енді.
Қыз келсе, ол жігіттің халі нашар,

Өзі ахуалын білгізді енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қыз айтты әңгімесін қасына кеп,
Жігіт айтты:—Күйеуің келді ме?—деп,
Рұқсат алайын деп, келдің бе сен?
Саған да рұқсатын берді ме?—деп.

Қыз айтты:—Мен рұқсат алдым,—деді,
Басымды ұзын жолға салдым,—деді.
Орта жолда ұстады бір ұғыры,
Қайран болып тағы да қалдым,—деді.

Ұғырыға сөйледім хикаятым,
Менім тағы босатты мінген атым.
«Өзіңнің жігітіңе апарайын»,—деп,
Жолдас боп маған салды мархабатын.

Ол жігітке осылай айтты сөзін,
Жігіт тағы босатты қыздың өзін.

—Рұқсат қып, ол жігіт қоя берсе,

Өз жарыңа барыңыз енді өзің.
Саған мен қосылғанда көңілім толар,
Бұ күннен соң қарындасым сендей болар.
Жігітіңмен қосылып, маруарт ал,

Маған да маруартың харам болар.
Қыз шықты маруартын алды дағы,
Есікте ұғыры тұр және тағы.
Оны және күйеуіне алып келді,

Тәңірінің о да болса берген бақыты.
Жігіт және сұрады әңгімесін,

—Сен барсаң, аман ба екен ғашық кісің?

Қалайша рұқсат қып жіберді енді?
Біздерге мағлұм болсын қылған ісің.
Қыз айтты:—Сіз тыңдаңыз сөзімді ұғып,
Сізден мен рұқсат алып кеттім шығып.

Орта жолда жолықты бір ұғыры,
Қорықтым өлтірер деп, жерге тығып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Мен айттым өз жайымды ұғырыға,
Ол мені алып барды ғашық жарға.
Оған барып, тағы да жайымды айттым,
Бостандық о да берді мен пақырға.

Ұғыры алып келді тағы мұнда,
Ол жігіт рұқсат беріп, қалды онда.
Менім жайым, әй, жарым, осы болды,
Қайырлы ғұмыр берсін Құдауанда.

Бұл ғашық қосылысты бір-біріне,
Той тарқап, ел қайтады жер-жеріне.
Махфузда Тәңірім неках қылған екен,
Саламат маруарт берді бұл еріне.

Бір-біріне ғаламат маруарт берген,
Ұғыры азат етіп қоя берген.
Қайырлы ғұмыр берсін бәрімізге,
Үш бала, тыңдаңыз бізге келген.

Қайсысы маруартты мұның енді?
Бұған да сіздер төре берің енді.
Бір риуаят сіздерден болса керек,
Үш ұғлан, хикаятым көрдің енді.

Үлкен ұғылы:—Бір дәлел бұған,—деді,
Маруартты күйеуі, білгіл,—деді.
Мұратын алатұғын көңілдерінде,
Босатып сүйгеніне жүрген,—деді.

Ортаншы ұғылы айтады тағы және:
Қазыға дәлел айтқан бұл үш бала,

—Сүйген жігіт маруартты екен,—деді,

Мұндай маруарт жаратпас Хақ Тағала.
Күйеуінің айтқанын мақұл көрген,
Сабырлығын бұ қыздан айтып жүрген.
Уағда қылған мұратқа сабыр етіп,

Қайтадан күйеуіне қоя берген.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кіші ұғылы:—Маруартты ұғыры,—деді,
Алдына келгенінде туғры,—деді.
Һешбір зарар келтірмей осы қызға,
Күйеуіне апарып жүрді,—деді.

Тиместен киімінің біреуіне,
Алып барған екі жақтағы күйеуіне.
Хақ маруарт ұғыры екен,—деді,
Таң қалам залал қылмай жүруіне.

Қазы айтты кіші ұғылына:—Дәлел,—деді,
Алтын, жауһар бар екен сізде,—деді.
Бұ сөзге дәлелші, сіз, болдыңыз,
Қате жоқ көңілдегі бізде,—деді.

Ұғыры дәлел болар туғрыға,
Туғрыға дәлел болар ұғырыға.
Ғашық пенен мағшұқ—бірге дәлел,
О дағы дәлел болар ғашық жарға.

Сен дәлелші ұғырыға болдың,—деді,
Кіші ұғылы, сен ұғры болдың,—деді.
Атаңның өсиетін тәрік қылып,
Ұғырлық екі ағаңа қылдың,—деді.

Кіші ұғылы естіп ахуалдарын,
Шығарды қойнындағы алтындарын.
Қазыға алып жерге қойған шақта,
Үшеуі бөліп алды оның бәрін.

Әй, патша, менім халім білсеңіз,
Уәзірге, бекер сөзге ересіңіз.
Өзімнің де заһир ғой сізге сырым,
Менім де туғрылығым білесіңіз.

Олар бәрі қырық кісі—ақылы көп,
Өтірік айтар сізге өлтірме деп.
Өлтірейін дегенде әмір етіп,
Бәрі де хайла айтады қазыға кеп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Уәзірдің алмаңыз, сіз, хикаятын,
Ертеңгі күн заһир болсын әділетің.
Өзім сізге туғры болғандығым,
Өзім жалғыз болғанда, өзім қатын.

Қатыннан естіген соң бұ хикаят,

—Сіз дағы қылып айттың бір өсиет.

Әділдігім тағы да заһир болсын,
Қылғанда мен бермейін көп мінәжат.
Патша мұныменен ұйықтап кетті,
Ертеңмен тақытына жақын жетті.

«Ұғланды алып кел!» деп жалладына,
Уәзірмен баршасына әмір етті.
Патша бұйырған соң әмір етіп,
Қалайша қып алады енді нетіп?

«Падишаһтан мен тілеп алайын» деп,
Тоғызыншы уәзірі келді жетіп.

—Әй, тақсыр, қабыл алма қатын сөзін,

Хайла-мәкір екен, көрді көзің.
Қатынның сөзіне еріп өлтірем деп,
Қалмаңыз өкінішке сенің өзің.
Әй, тақсыр, жарамайды ашу етсең,

Ұнайды ақиқатты сөзге жетсең.
Ұжмаққа кіреді екен туғры барып,
Айыпты кісілерді құрмет етсең.
Әй, патша, айтады бізге хайла,

Өлтірмей, сабыр қылып, түбін ойла.
Уәзіріңнің насихатын харам көріп,
Алтынды мыс екен деп жерге қойма.
Уәзірдің жерге қойма өсиетін,

Қияметте заһир болар әділетің.
Патша есітпеген екенсіз ғой
Һарун ар-Рашид пен жарианың хикаятын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша:—Естиін оны,—деді,
Ғұзырлап тіледіңіз мені,—деді.
Қандай екен олардың әңгімесі?
Соңында құрметтейін сені,—деді.

Уәзір айтты:—Бұрынғы бір заманда,
Һарун ар-Рашид патша болған онда.
Бағдат шаһарының халқы халифаға
Ашуланды бір күні жиылғанда.

Халифа халық үшін ашуланып,
Қарауылшыны алып келді, хабар салып:
«Рұқсатсыз есігіме келгендерді,
Зынданға көндіріңіз бәрін салып».

Патша қарауылшыға қылды бұйрық,
Екіншілей—болмас мұндай қылық.
Патша үш күндей шықпаған соң,
Қасына һеш келмеді тамам халық.

Келмеді патшаға һешбір адам,
Мұндай бұйрық болғанда патшадан.
Сол уақытта отырып тағам сұрады,
Өзінің қызметкері-жариадан.

Жариа әзір келді тағам алып,
Патша ішпек болды қабыл алып.
Патшаның етегіне ас төгіліп,
Өлтірмекке жарианы қаһарланып.

Қасына жақын келді, өлтірем деп,
Жариа айтты:—Уалказамен алғайз*,—деп.
Патшаның ашуы басылды енді,

—Айтқанда түзіктігің әңгіме,—деп.

Жариа айтты:—Патша болдың зерек,
Адам әділ болады ойы бөлек.
* Сабырлықпен ашуыңызды басыңыз.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Уәлғафин ғаннаси* аяты бар,
Патшаға, адамға ғапу керек.
Патша айтты:—Жаратқан Кәрім,—деді,
Ақылды адам—болады жарым,—деді.

Зынданда не қадыр адам болса,
Сіздің үшін азат еттім бәрін,—деді.
Жариа айтты:—Патша болсаң әділ,
Уаллаһу иухиббул мухсинин** аятын біл.

Патша әділетті адам болса,
Тоты-бұлбұл астында бір қызыл гүл.

—Әй, жариа, жақсылық айттың жайын,

Сөзіңе жаным құрбан, айтқан сайын.
Зынданда көп адамды азат қылдым,
Бұ сөзге куә болсын бір Құдайым.
Құтқардым азат етіп жандарыңды,

Айтқанда мақұл сөз халдарыңды,
Зындандағы адамды азат етіп,
Садақаға үлестір бар малдарымды.
Патша болды онда—бір кемеңгер,

Құдайым, барша жанның тілеуін бер.
Осы күнде Һарун ар-Рашидті атағанда,
Оның үшін «Рахмату Алла алейһи»*** дер
Әй, тақсыр, уәзірді құрмет етсең,

Қадірлі дүнияда сөзін күтсең.
Ашуыңды мен тілеп тұрғанымда,
Шаһзада баланы азат етсең.
Тілейді күнінде бір уәзірің,

Бір қатындай көрмейсіз оның бәрін.
Көп сауап табар едің рахымыңнан,
Шаһзаданың бағыштасаң күнәһіларын.
* Ашуларын басып, адамдарды кешіретіндер.

** Алла жақсылық істеушілерді сүйеді.
*** Оған Алланың рақымы жаусын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Уәзірі осылайша айтып салды,
Патша тілегенін қабыл алды.
Баласын зынданына көндірді де,
Тағы да өзі ауға кетіп қалды.

Тағы да қайтып келді аңнан кешке,
Көңілі бұрылады һәрбір іске.
Ол күні қолына аң түсіре алмай,
Үйіне кейіп келді әзер кешке.

Отырып қатынымен ішті тағам,
Патша тойған халда болды тамам.

—Ұғылыңыз тағы бұ күні не болды?

Хабарын балаңыздың айтшы маған.

—Тоғызыншы уәзірім тілеп алды,

Ол бала ертеңгіге тағы қалды.
Пұрсатың қолыңда жалғыз балам,
Күнінде сөйлейсің,—деп айтып салды.
Қатын айтты:—Әй, патша, өкпелеме,

Жақынын сүйген адам жек көре ме?!
Бұл балаңнан жақсылық келген саған,
Бұ түрін бірден артық көп келе ме.
Осы малдың өзі—бір харис,—деді,

Бұ харис—харамдыққа таныс,—деді.
Һәм өзін білмей, һәм сөзін білмей,
Ақылсыз—тәдбирге алыс,—деді.
Бекер маған жабады жалаларын,

Көрдіңіз жоқ екен саналарын.
Атасының мажаз сөзін білмей жүрген,
Айтайын бір патшаның балаларын.
Атасының ишаратын білмей жүрген,

Қолынан малы шығып жоққа кеткен.
Ақырында бір адам тауып берген,
Сен оның хикаятын есітпеген.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша айтты:—Естиін оны,—деді,
Адамның сөзге қанар жаны,—деді.
Істің түбін абайлап мен байқайын,
Хақ болса, өлтірмейін сені,—деді.

Қатын айтты:—Сөйлейін енді мұны,
Бар екен бір патшаның үшеу ұғылы.
Бұ жаһан сарайында болған халде,
Көп адам—салтанаттың болған құлы.

Құрыпты әділдікпен салтанатын,
Білмеймін кім екенін оның атын.
Бір күні қаза тағдыр жақын келіп,
Айтыпты үш ұғылына насихатын.

Патша өз жанынан үміт үзді,
Қасына үш баласын отырғызды.

—Балаларым, жалғаннан өтпек болдым,

Тастама дұғаңыздан енді бізді.

—Не бұйырарсыз ата?—деп отырды олар,

—Айтайын һәрбіріңе бір-бір хабар.

Үлкеніне:—һәр жерден үй сал,—деді,
Һәрқашан барғаныңда пайда болар.
Ортаншы, насихатым алың,—деді,
Күнінде бәкира қыз алың,—деді.

Кіші ұғылына:—Сен һәр күнде бал, май аса,
Үш түрлі насихатпен қалың,—деді.
Ата сөзін үшеуі қабыл алды,
Үлкені һәр шаһарға жаңа үй салды.

Ортаншысы күнінде бір қыз алып,
Талақ қып, ертеңінде қоя берді.
Кіші ұғылы асады бал менен май,
Білмеді ишаратын, Құдайым-ай.

Екі ұғылы көп малды ысырап қылып,
Үлкені екеуінен болыпты бай.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Үлкені—бай болыпты бірер заман,
Үйіне кірген жаннан пәтер алған.
Жарты хақын, пәтер хақы төлесе де,
Сонда да бұ балаға болмас жаман.

Бір адам кеп бұлардың қылған ісін,
Көңілінде ұнатпады бұ үшеусін.

—Бар насихат сіздерге кімдер айтқан?

Малыңды ысырап қылып жүрермісің?
Көңіліме бұларыңыз ұнамайды,
Сіздерге кім үйреткен осы жайды?

—Қолыңыздан дәулетің кеткен шақта,

Бетіңе дос-дұшпаның қарамайды.
Мал деген—бұл адамның ғанибеті,
Атамызға қаза келген құдіреті.
Үшеумізге үш түрлі ақыл айтқан,

Осы еді атамыздың өсиеті.

—Сіздер оның білмепсіз мағынасын,

Құр босқа мал шығарып үй саласың.
Үй сал дегені—пәтер ал дегені еді,
Һәрқашан сыйлы болар жалғыз басың.
Һәр шаһарға сайлаңыз пәтер деген,

Малды шашсаң басыңа қатер деген.
Қашан келсең пәтерің даяр тұрар,
Үй салуға осы да жетер деген.
Бәкира қыз ал дегені—алма деген,

Біреуге харам ойлап барма деген.
Халал алсаң, өзіңе таза болар,
Аллаға күнәлі боп қалма деген.
Бал, май аса дегені—жеме деген,

Нәпсіңе көп ықылас берме деген.
Аштықта аз-аз жесең бал болады,
Залым нәпсі сөзіне ерме деген.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Күнінде ал дегені бәкира қыз,
Халалың мен шариғатқа көп жатпаңыз.
Анда-санда бір жатсаң халалыңа,
Бәкира қыздан жақсы, сіз біліңіз.

Атаңның насихатын ұста,—деді,
Білмегеннен кетіпті басқа,—деді.
Үшеуіңіз үш түрлі өнер қылып,
Ишаратын тұтыпсыз қысқа,—деді.

Сіздерге мұндай істі Құдай салды,
Насихат атаңыздан сізге қалды.
Сөзімді үшеуіңіз тыңдаңыздар,
Айтайын бұған лайық бір мысалды.

«Үшеуміз тыңдаймыз» деп тұрды сонда,
Халалыңмен шариғатқа көп жатпаңыз.
Бар екен ұлық шаһар бұ жаһанда,
Оның бір патшасы болған онда.

Шаһарға патша болған әділ болып,
Қараған хүкіміне қанша халық.
Бұйрығын кәпірлерге бірге қылып,
Бұ патша тұрушы еді хараж алып.

Бұ патша кәпірлерден алым алған,
Дұшпанға неше түрлі қырғын салған.
«Бұларға бахс етіп бермелік»,—деп,
Кәпірлер ғалымдарын жиып алған.

«Бұларға енді хараж бермелік»,—деп,
Кәпірлер кеңес құрды, әңгіме-кеп.

—Бұларға бір ишарат көрсетелік,

Таба ма, таба алмаса білелік,—деп.
Біреуі патшаға келіп қалды,
Бұлардың хайлаларын біліп алды.
Раһибтің біреуі бұларға кеп:

—Мен жеңейін мұсылманды,—деп айтып салды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Біреуін раһибтің күлдіріпті,
Кәпірлер бұған алдап мал беріпті.

—Патшаның әскерін забун қыл,—деп,

Патшаның ордасына ендіріпті.
Раһиб жауап айтты патшаға:

—Ишарат айтамын,—деп,—молдаларға.

Таба алмас, кәпірлер хараж бермес,
Айтайын, тақсыр,—деді,—мен оларға.
Патша айтты:—Кәпірдің діні бөлек,
Қиын сөз құтылмайды, болса зерек.

Патшада раһибқа жауап берді:

—Менім де ғалымдарым тапса керек,

Патша раһибқа:—Кірсін,—деді,
Жауабын бізге айтып берсін,—деді.
Өзінің ғұламасын жиып алып,
Сауалын бұл раһибтың көрсін,—деді.

Жиылып ғұламасы келді бәрі,
Патшаның ғалымы мен уәзірлері.
Патша раһибқа:—Айт сауалың,
Естісін қазір мұнда жас пен кәрі.

Раһиб бес бармағын жазып тұрды,
Екеуін төмен бүктеп, жерге бұрды.
Ондан кейін бесеуін де салындырып,

—Бұ неге ишарат?—деп сауал қылды.

Патшаның ғалымдары таба алмады,
Сол жерде һешбір жауап бере алмады.
Не хадисте, тәпсірде һеш жоқ еді,
Бәрі де бір-біріне алаңдады.

Һеш жауап болмаған соң молдалардан,
Мәжілісте бар екен бір шайх адам.

—Сауалына жауабын айтсам керек,

Сұрады рұқсатын патшадан.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша бұл адамға рұқсат берді,
Қасына раһибтың жетіп келді.

—Не сауалың болса да, табамын,—деп,

Ғалымдарға қажет жоқ,—деп, жауап қылды.
Раһиб бес бармағын жазып тұрды,

—Бұ неге ишарат?—деп, мойын бұрды.

Бұл адам жұдырығын бүктеп алып,
Раһиб бармағына қарсы қылды.
Раһиб бес бармағын салындырды,
Бұл адам жоғары ашып тұрды.

—Менім айтқан ишаратым осы еді,—деп,

Раһиб патшаға жауап берді.
Патша не екенін білмей қалды,
Аулақта раһибты шақырып алды.
Патша раһибқа:—Баян қыл,—деп,

О дағы өз білгенін айтып салды.
Дәруіш айтты:—Ол раһиб бармақтарын
Қарсы тұтты маған таман оның бәрін.
Сол рәуешті сұғармын деген еді,

Ишаратпен мен білдім ахуалдарын.
Жұдырығымды көрсеттім мен де аңа,
Ұрам деген ишаратым тамағыңа.
Ол және бармақтарын төмен салды,

Сені осылай бауыздармын тамағыңа.
Мен тағы бармақтарым көтермегім,
Бұғағыңа жабысып өлтірмегім.
Ишаратпен соғыстық екеуміз де,

Осы еді көңілімде бітірмегім.
Патша шақырып алды раһибты,

—Мағынасын сөйлеңіз оның,—депті.

Дәруішпен қалайша ишаратың?
Баян қыл,—деп,—араңызда болған кепті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Раһиб айтты:—Әй, патшамыз, қылмағым,
Оған мен қарсы тұттым бес бармағым.
Бес намаз оқығаның хақ па?—дедім,
Хақ-дүр,—деп, ол көрсетті жұмырығын.

Бармағымды мен жерге салындырдым,
Көктен жаңбыр не үшін жауар?—дедім.
Жоғары тұтқаны ол бармақтарын,
Шөптерін су шығарар осы жердің.

Патшаға айтты бұлай ахуалын,
Ишаратпен біліскен бұлар халін.
Дәруіш ишаратын білмесе де,
Патша оған берді жарым малын.

Үш балаға бұлай деген дана кісі,
Осылайша ишарат деп, атаң кісі.
Үшеуіңнің қылғаның лайық емес,
Қалайша жақсы болар оның несі?

Қылған ісін үшеуі жойды,—дейді,
Бұрынғы әдеттерін қойды,—дейді.
Сол секілді сіздер де болмаңыздар,
Сөзіміз енді тамам болды,—деді.

—Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,

Жақсы-жаман ұғылыңыз қылған ісін.
Мен бір ақыл иесі өзім—қатын,
Қырық уәзір—азғырар залым кісің.
Бір күні Баязит Бистами хазіреттері,

Бір ауырған ит әкелген көргендері.
Һәрқашан тәрбиелеп осы итті,
Жақсылықтан жақсылық деп жүргендері.
Баязит жақсылықты көп істеген,

Тауфиққа заманында бек күштеген.
Сау-сиххат болған соң, ол жазылып,
Аяғын Баязиттің ит тістеген.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бистам айтты:—Иттігін етер деген,
Жақсылығым басыма жетер деген.
Ізгілік қып мен сені күтіп едім,
Аяғымды тістедің бекер деген.

Ит сонда тілге келіп:—Бекер,—деді,
Жақсылығың басыңа жетер,—деді.
Білмеймісің адамың адамдық қып,
Итіңіз иттігін етер,—деді.

—Әй, патша, сенің дағы бұ балаңыз,

Харамға ықтималы бар бұ жалаңыз.
Халал болса, маған туғры келмес еді,
Себеп болған балаға—сіз бенен біз.
Ішіне от түскендей көзі жайнап,

Ашуы патшаның келді қайнап.
«Бір хикмет бұл арада бар шығар» деп,
Патша қатынымен отыр ойлап.

—Әй, қатын, тастамайын сені,—деді,

Ертең өлтірермін оны,—деді.
Болса да таңертең біз көреміз,
Кеудесінде мың болса да жаны,—деді.
Патша мұны айтып ұйықтап кетті,

Ертеңмен тақытқа мініп әмір етті.
Жалладқа: «Басын кесіп ұр!» дегенде,
Оныншы уәзірі келіп жетті.

—Әй, тақсыр, патшалар қайда барса,

Қайыр қылсам дер,—деді,—қолда болса.
Есігіне келгенге қайыр беріп,
Көп сауап патшаға әділ болса.
Көп жанның патшалар досы,—деді,

Көңілдің табылады хошы,—деді.
Қатарын һеш адамның шықпайтұғын,
Біреуі әділдіктің осы,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ауыр жүктің астында малды көрсе,
Захматтан құтқармақ шама келсе.
Бір арық есек келіп сүйкеніпті,
Наушеруан зәнжіріне жақын келсе.

Есекті құзырына алып келген,
Арқасы тілім-тілім көзі көрген.
Мархабат қып өзіне шөп жегізіп,
Өзінің мақамына қоя берген.

Мұндай іс уәжіп болар патшаға,
Пақырмен мархабат қыл ғаріптерге.
Хайла-мәкір сөзіне ұйымаңыз,
Азғырушы дүнияда қатындарға.

Қатынның білесіз ғой кесепатын,
Жақсы қатын шығарар ердің атын.
Мысырдың патшасы ұғылыменен,
Айтайын залым қатын хикаятын.

Уәзір тағы сөйледі сөзін бастап,
Тыңдады патша да мұны қостап.

—Әй, тақсыр, қатын сөзі хайла-мәкір,

Баланы өлтірмекші сізді қыстап.
Уәзір айтты:—Мысырдың шаһарында,
Патшаның екі ұғылы болған онда,
Бұ залым дүнияның халіне қарап,

Өлмейтұғын жан болмас бұ жаһанда.
Бай болсын, керек болсын пақыр,
Ойлап патша, өлмегін біліп жатыр.
Мұны біліп патша пікір қылды:

«Келеді бұ пендеге өлім ақыр».
Кіші ұғылын патша алып келді,
Бір ұста тігушіге мұны берді.
Өнер деген адамға парыз болар,

Тігуші үйретпекке қабыл көрді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Тігуге ұста болды аз заман,
Жан таң қалар тігісіне қарағанда.
Тігушіден үйреніп үйге келді,
«Шүкір,—деп,—мұныңа да Құдауанда».

Бір күні патша да дүния салды,
Артында, тақытында екі ұл қалды.
Үлкені бұл шаһарға патша болып,
Атасының мал-мүлкін жиып алды.

Үлкені әділ болды, хүкім шашып,
Уәзір, бегіменен ақылдасып.
Кіші ұғылы тақуа, тігуші боп,
Бір күні Қағбаға кетті қашып.

Ол бала Қағбаға барып жетсе,
Аяғын тасқа басар тәуап етсе.
Кемер белбеу тауып алды тас астынан,
Бір қожа жолығады жүріп кетсе.

Қожа сонда дабырлап дауыстаған,
Қолына екі бөлек тас ұстаған.
Таспенен көкірегіне өзін ұрып,
Бұлайша һәр адамға сөз бастаған:

—Бір кемерім бар еді алтындаған,

Жасымнан жиған малым онда болған.
Жарымын тапқан жанға беремін,—деп,
Ол қожа мұны айтып айқайлаған.

—Ана сүтінен халал болсын жарым малым,

Беремін тапқан жанға оның бәрін.
Патша ұғылы білді кемер оныкі екенін,
«Айтайын,—деді,—мұның ахуалын».
Тігуші ой ойлайды білейін деп,

«Дүнияда халалдықпен жүрейін,—деп.
Әкем малы опа қылды қашан маған?
Пақырды жылатқанша берейін»,—деп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қожаға жетіп келді, жүгіре басып,

—Кемерің менде еді,—деп асып-сасып.

Естіп қуанғаннан әлгі қожа,
Жарымын бермек болды көңілі тасып.
Белбеуді қолына алып, жібін сөкті,
Ішіндегі жауһарын жерге төкті.

Екіге бөлді оның алтындарын,
Қожаның айтқанына болмас кекті.
Қожа айтты тігушіге:—Келің,—деді,
Жақсылығың білдім мен сенің,—деді.

Ризасыз жартысын аламысың?
Ризалығымды аламысың менім?—деді.
Тігуші:—Менің сөзім көрің,—деді,
Өзіңіз ризалығыңызбен берің,—деді.

Ризасыз нәрсені мен алмаймын,
Мал деген пәни нәрсе, білің,—деді.
Ол жартыны екіге бөлді және,

—Әй, жігіт, мына маған бермен қара.

Менім сен ризалығыммен аламысың,
Ризасыз болмассың бұған, сірә?

—Риза боп аламын бұған,—деді,

Ризасыз болмаймын саған,—деді.
Біраз ғана қалдырды бөле-бөле,
Риза болмасын тамам,—деді.

—Әй, жігіт, риза болсаң бізге,—деді,

Мен бір дұға қылайын сізге,—деді.
Менім дұғам Хақ қасында қабыл болса,
Мұратыңды көрсетер көзге,—деді.

—Риза боп алайын оны,—деді,

Адамның не көрмейді жаны,—деді.
Дұға деген—адамға бақи нәрсе,
Мал деген—дүнияда пәни,—деді,

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол қожа қол көтеріп дұға қылды,
Тігуші разы боп «Әмин»,—деді.

—Мұратыңа жетесіз, иншалла,

Өзіңнің қажетіңе барғыл,—деді.
Ол тігуші бір азырақ ой ойлады,
Пайданы өз басына бек ойлайды.
«Үйге қайтсам, өз ағам қас болар,—деп,

Бұл қожамен кетейін»,—деп ойлайды.
Қожаменен бірге кетті Бағдатқа,
Көңілі теріс емес жақын-жатқа.
Барса да онан пайда ете алмады,

Қиын жер қандай нәзік адамзатқа.
Жігіт айтты қожаға:—Маған,—деді,
Бір айтатын ісім бар саған,—деді.
Тігуші:—Достың болса, мені қосшы,

Бірігіп тігін тіксем оған,—деді.
Ол қожа бұл жігітті әкеп келді,
Өзінің бір достына әкеп берді.
Ол досты бұ жігітті құрметтеді,

Бірге жолдас болуға қабыл көрді.
Қасына жолдас қылды мақұл көріп,
Қолына киім берді кесіп тұрып.
Жігіттің тіккен ісін бек ұнатты,

Көп адам қайран қылды, мұны көріп.
Бұ жігіт көп адамнан өнері асты,
Тіккенін көрген адам таңырқасты.
Мысырдың тігушісі пәс боп қалды,

Қандай қылып тіксе де жете алмасты.
Мен, Ақылбек өлең қылдым оның өзін,
Сіздерге баяндайын болған кезін.
Ол жігіт тігін тігіп жата тұрсын,

Не болғанын айтайын қожа сөзін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол қожа қатыны көп ұрысты,
Бір-біріне бір қатар низағ түсті.
Ашуменен қатынын «үш талақ» деп,
Өзінен шығарғаны жаман істі.

Ашуы басылған соң, алмақ болды,
Үш талақ айтқанына бек өкінді.
Қатыны да риза боп ол қожаға,
Молдадан істің жөнін сұрай келді.

Молдаларға айтады бұл бір кеңес:

—Бәріңіз бұл риуаят байлауын шеш.

Молдалар да бұларға жауап берді:
Тахлилсіз алмағың дұрыс емес.
Ол қожа бір азғана ой ойлады,
«Кімге тахлил еттірем?»,—деп ойлады.

Патша ұғылы ойына келіп түсті,
«Жат жерден келген жігіт» деп ойлады.
Шақырған соң тігуші келді жетіп,
Қатынына қосады тахлил етіп.

Екеуі бір бөлмеге келгенінде,
Қатыны ғашық болды көңілі кетіп.
Қатын сонда бөлмеге қылды жарық,
Жігіттің жүзін көрді жақын барып.

Екі толған ай қосылды бір-біріне,
Қатынға да ғашық болды жігіт ғаріп.
Екеуі бір-біріне болды ғашық,
Қарады бір-біріне бетін ашып.

Ғайш-ғишрат еттілер бұл екеуі,
Көңілін бірге қылды ақылдасып.
Жігітке көңіл қосты залым қатын,
Алдына әкеп көрсетті күміс, алтын.

—Қожадағы, мендегі бұ алтындар,

Атамнан қалған мирас бұ дәулетім.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Тағы да мен айтайын ақыл,—деді,
Қожа сөзін алмаңыз мақұл,—деді.
Мені айыра молдаға сізді апарар,
Қазыларға бармаңыз жақын,—деді.

Қатын сөзін ол жігіт мақұл,—деді,
Ертеңінде жігітке қожа келді.
«Қазыға баралық» деп екеуін,
Келді де пақыр қожа жауап қылды.

—Қазыға мен бармаймын, қожа,—деді,

Қатынды біз айырмақ қып,—деді.
Қожа айтты:—Бұ сөзді неге айттыңыз?
Туғры кісі деп едім сені,—деді.
Көп халық бұ қожаға ақыл айтты:

—Өткенге өкінсеңіз,—дейді,—қатты,

Сізден кетті ол қатын, оныкі-дүр,
Бір-біріне бекіткен насихатты.
Ол қожа бек қайғылы болды,—деді,

—Болған іс орнына болды,—деді.

Қайтейін дағуаменен іс біте ме?
Құданың құдіреті болды,—деді.
Ол қожа төсек салып хаста болды,
Зағыпырандай сарғайып жүзі солды.

Ол жігітті андан соң шақырып алып,

—Мінеки, менім халім мұндай болды.

Әй, жігіт, Қағбаға барған едің,
Белбеуімді сен тауып алған едің.
Мал-мүлкімді, қатынымды нәсіп ет,—деп,
Осылай саған дұға қылған едім.

Болсамшы кемерімді мен алмаған,
Қатыным шығып кетті Құдай ұрған.
Өз халалым, мінеки, сендік,
Мал-мүлкім, қатын еді қарап тұрған.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әуелде қойған екен сізге қалап,
Дұғаны сізге беріп қылдым талап.
Ақыретке көшуге болдым жақын,
Қойыңыз өз қолыңнан тәрбиелеп.

Әй, жігіт, не айтамын сізге?—деді,
Өз дұғам көрінді ғой көзге,—деді.
Мұнан кейін мал-мүлкім сізге болсын,
Бұ кісілер куә болсын бізге,—деді.

Отырған үлкен-кіші куә болды,
Қожаның күннен-күнге беңзі солды.
Тігушіге насихатын айтты дағы,
Үш күннен соң аурудан опат болды.

—Әй, тақсыр, сөйледім хикаятты,

Қатыннан қожаға келген ғаламатты.
«Сені сүйем» дегеніне инанбаңыз,
Ақырында көрсетер кесапатты.
Алданар дүнияда қатынға ері,

Халалдығы табылмас мыңнан бірі.
Қатынның хайла-мәкір сөзіне ерме,
Осы болар шаһзада өлер жері.
Патшадан баланы тілеп алды,

Зынданының ішіне тағы салды.
Аң аулап далаларда жүрді дағы,
Үйіне кешке жақын келіп қалды.
Патша сарайында отырды енді,

Қатыны ләззат тағам келтірді енді.

—Ұғылыңыз бұ күн тағы не болды?—деп,

Баладан сөз келтіріп бітірді енді.

—Бір уәзірім тіледі бұ күн,—деді,

Алармын бір-біріңнен кегім,—деді.
Баланы өлтірейін дегенімде,
Тіледі уәзір менен бегім,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қатын айтты:—Бұлардың сен баршасын,
Қиссаның саған айтар тамашасын.
Уәзірдің хайла қылған сөзіне еріп,
Бір күні менім, сенің кесер басың.

Балаңыз жапсырады жала маған,
Уәзірлер басыңызды сиқырлаған.
Олардың сөздеріне еремін деп,
Басыңнан жұда болар осы жалған.

Баланы өлтірмексің күнде кеше,
Мен айттым ақылымды әлденеше.
Уәзірдің хайласына еремін деп,
Маған һеш инанбасаң бұ күнгіше.

Бұл бала жақсы болар қалмағаны,
Уәзірдің көңіліңді аулағаны.
Өзіңе пайда сөзім кәр қылмады,
Қатынның саған айттым зарлағаны.

Қалмайды қанша айтсам да қатын атым,
Залымдар маған жабар жаман атын.
Патша, есітпеген бір сөзім бар,
Айтайын бір саудагер хикаятын.

Патша тыңдайтұғын оның өзін,
Бастады тағы қатын сеңа сөзін.
«Нешік ол хикаят?» деген халде,
Айтады бір хикаят болған кезін.

Қатын айтты хикаят патшаға,

—Құлағың сал бері,—деп,—тамашаға.

Бұрын бір саудагер болған екен,
Дүния деген жетеді осыншаға.
Болыпты саудагердің екі ұғылы,
Көп болған өзінің де малы, пұлы.

Көп жанды қаратыпты тамашаға,
Насихат ұғылына айтты өлер күні.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір күні өз жанынан үміт үзді,
Қасына екі ұғылын отырғызды.

—Сіздерге насихат сөз мен айтайын,

Қойғайсың таза жуып енді бізді.
Бұ күннен соң жүзер жыл хисап етіп,
Маңар ақша бергейсің нияз етіп.
Атасының өсиетін бұлар «жөн» деп,

Тірісінде фәдие берді тамам күтіп.
Атасының берділер фәдиесін,
Өздеріне қалдырды қазынасын.
Бірнеше күннен соң опат болды,

Оқытты атасының жаназасын.
Жаназасын оқытып, көрге қойды,
Топырағы бұйырған жерге қойды.
Екі ұғылы пасықтық істі қылып,

Атасының сөздерін тамам жойды.
Екеуіне жүз жылдық енші берді,
Малды ысырап қылуға бұлар жүрді.
Атасының достарының насихатын,

Екеуі қабыл қылмай жүре берді.
Біреуі хамалшы боп ақша берді,
Хамалшыға көтертіп базар келді.
Шарапты базарларға алып келіп,

Көп жанға «таласың» деп қышқырар еді.
Көп адам халуаны талар еді,
Ол бала бұ ісіне күлер еді.
Дайым оның істері осыменен,

Көп малды ол ысырап қылар еді.
Біреуінің әдеті кәбап қылып,
Арақ ішіп есірер кеме мініп.
Алтынды дарияға лақтырып,

Шоп еткені тұрушы еді қош көрініп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Мұныменен бірқатар заман өтті,
Қолынан атасының дәулет кетті.
Екеуі де малынан жұда болып,
Ақырында жарлы болып малы бітті.

Екеуі жол үстінде тіленеді,
Бұлардың түрін көріп жұрт күледі.
Бір тиын ақша бермей көрген адам,
Қасынан жауап бермей жөнеледі.

Соңында әкесінің құрбылары,
Патшаға бардылар оның бәрі.

—Осылайша бір халге түсті,—деді,

Пәленше саудагердің балалары.
Саудагер патшаға айтты сөзін,
Екеуінің не қылған ахуалдарын.

—Біздің де балаларымыз сондай болар,

Алып келіп азапта екеулерін.
Бұлайша деп тіледі патшадан,
Бұлардан ғибрат алсын көрген адам.
Осылайша хәрекет қылмасына,

Тиылсын мұны көріп һәрбір надан.
Патша әскеріне әмір етті,
Екеуін тезірек алып кеп жетті.

—Екеуіңнің не қылғаның, бұларың не?

Жалладқа: «Басын кес!»,—деп әмір етті.
Жалладтар бұл екеуін ап жөнелді,
Құдаға мың мәртебе көп зарланды.

—Патшаға айтатын датымыз бар,

Сол жерде бұл екеуі көп жалынды.
Екеуі патшаға келді жетіп,
Бірнеше жалладтар зарлық етіп.

—Екеуміз осындай болмағамыз,

Өткен халін айтады мағлұм етіп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Тілегіміз бармады алға,—деді,

Тапсырды бізді атамыз малға,—деді.
Малды қойып, Аллаға тапсырмады,
Сондықтан түстік мұндай халге,—деді.
Әй, тақсыр, заһир болды әділетің,

Біз көрдік дүнияның мехнатын.
Атамыз себеп болды халімізге,
Екеуміз тұтамыз деп насихатын.
Біз мұндай жамандыққа тұрмас едік,

Жақсылық ол өлгенше қоймас едік.
Атамыздың өсиеті себеп болды,
Хисапсыз көп малдарын жемес едік.
Патша айтты:—Сіздер мұны айтпасаңыз,

Басыңды жамандыққа тартпасаңыз.
Екеуіңнің басыңды кесер едім,
Райдан тезіректе қайтпасаңыз.
Инғам-ихсан бұларға көп қылыпты,

Қазынадан бірқатар мал беріпті.
Екеуін де құрметтеп бұл патша,
Үйлеріне апарып көндіріпті.
Әй, патша, мен айттым хикаятты,

Балаңызда бар екен ғаламатты.
Залым болған ұғылыңды өлтірсек деп,
Қатыны көңілінен мұңын айтты.
Өзіңді өлтірместен бұрын өлтір,

Хүкіміңді жеріне ертең келтір.
Зинһар сен ғапыл болма бұл баладан,
Әділдігің заһир қып тамам бітір.
Қатыннан естіп алып хикаятты,

—Көп қылдың,—деді,—маған мінәжатты.

Мен оны ертең өлтірем,—деп,
Көңілін жұбатып жауап айтты.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша бөлмесінде ұйықтап кетті,
Залым қатын хайламен зарлық етті.
Сабах садық тақытқа мініп ертеңмен,
Жалладқа: «Алып кел!»—деп, әмір етті.

Жалладқа: «Алып кел!»—деп жарлық етіп,
Патша бұйырғанда әмір етіп.
Он бірінші уәзірі жетіп келіп,
Патшадан тіледі зарлық етіп:

—Әй, тақсыр, әділ едің мархабатлы

Көп жанға хүкім шашқан сиясатлы.
Шаһзада өткенде не боламыз?
Бегірек көркем еді ғиззатлы.
Іс қылсаң бір Алланың сөзіменен,

Хақ Расул пайғамбардың өзіменен.
«Ақырзаманда ғылымдар көтерілер» деп,
Кітаптан өзі көрген көзіменен.
Мұнан соң заманақыр жақын келер,

Адамнан нақақ жерде қан төгілер.
Адамның надандығы көптігінен,
Жақыннан дұшпан шығып некен олар.
Алданба хайла-мәкір сөз қылғанды,

Әй, тақсыр, дос демеңіз сұм жалғанды,
Ғаріп пенен міскінге мархабат қып,
Қолтығынан көтермек жығылғанды.
Осылай пайғамбарым айтқан сөзі,

Біреудің жығылғанын көрсе көзі.
Шамасы келе тұра тұрғызбаса,
Қасіретке салғандай өзін-өзі.
Әй, тақсыр, сізді бұзар залым қатын,

Көресің һәр уақытта ғаламатын.
Әй, патша, есітпеген менім сөзім,
Уәзір ұғылы мен патшаның хикаятын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша айтты:—Естиін, сөйле,—деді,
Ұғылымды халалдықпен тіле,—деді.
Оның да хикаяты нешік екен?
Сіз дағы бір нәрсені біле,—деді.

Уәзір айтты:—Бұрын бір патша өткен,
Халыққа неше заман хүкім еткен.
Ол патшаның бар екен уәзірі,
Уәзірге ай мен күндей бір ұғыл біткен.

Ол уәзірі ақылды, дана екен,
Баласының болыпты жүзі көркем.
Ұғылының көркемдігіне қайран қалып,
Патшасы ғашық боп жүрген екен.

Патша көрмей тұрса жалғыз сағат,
Та[ғаты] тақ болады бек қабағат.
Ата-анасы патшадан қорыққаннан,
Сабыр қылып ойлайды көп қасірет.

Патша бір күн мас боп арақ ішіп,
Балаға жақын келді көзі түсіп.
Басқа бір баламенен ойнап отыр,
Жалладқа:—Өлтір!—деді,—басын кесіп.

Патша:—Уәзір ұғылын өлтір,—деді,
Хүкімімді жеріне келтір,—деді.
Жат баламен ойнады әдепсіздік қып,
Тезірек көз көрмеске жытыр,—деді.

Көтеріп күншілігі ашуланды,
Шыдамай ашуына оттай жанды.
Мастықпенен айтқанын қайдан білсін,
Жалладтар түбіне ап жөнелді.

Дарға алып кетті енді олар,
Уәзірдің өзіне де берді хабар.
Уәзір мұны көріп, жетіп келіп,
Олардан көп тіленіп, зары қылар.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Уәзір айтты:—Балаға қылмаңыз қас,
Патша арақ ішіп, болып тұр мас.
Әгар да өлтіргенің ертең білсе,
Сіздерді өлтірмей, сірә, қоймас.

—Өлтір!—деп,—бұйрық қылды бізге,—деді,

Басын кесіп көрсет,—деп,—көзге,—деді.
Әй, уәзір, ұғылыңды біз берелік,
Сен бір ақыл үйретсең бізге,—деді.
Уәзір айтты:—Зынданға барың,—деді,

Бір адам басын кесіп алың,—деді.
«Уәзірдің ұғылының басы осы» деп,
Патшаның алдына салың,—деді.
Уәзірдің бұл ақылын ұғып алды,

Зынданнан адам басын кесіп алды.
Жалладтар:—Біз баланы өлтірдік,—деп,
Патшаның алдына басын салды.
Жалладқа патша сонда киім берді,

Халықтан алтындаған асыл ерді.
Баласын уәзір байғұс алып келіп,
Үйіне көргізбестен тығып қойды.
Патшаның ертеңінде есі кірді,

Жиғызып, жалладтардан жауап сұрды.

—Өзіңіз әмір етіп өлтірттің,—деп,

Сырының бас-аяғын айтып берді.
Білдірді патшаға ахуалын,
«Аһ!»—деп, аузынан шықты жалын.

—Сүйініп, жұбанғаным ұғылы еді,—деп,

Енді былай не болар менім халім?
Иләһ, бала жүзін көрер ме екенмін?!
Дүнияда менім халім білер ме екен?!
Қияметте сұраса менен сауал,

Бере алмасам, азаптар Жаппар ием.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Не болар сауалында менім халім?!
Осы еді қазынада жиған малым.
Онсыз маған тәріктік харам-дүр деп,
Патша өзін-өзі кетірді әлін.

Жемектен, ішпектен қалды патша,
Халуат, бір бөлек үй салды патша.
Нала болып жылайды кеше-күндіз,
Патша қайғыланып онда жатса.

Ішіне патшаның қайғы толды,
Баланың қасіретінен өлер болды.
Мұндай халін көргенде патшаның,
Баласын уәзір байғұс алып келді.

Баласын киіндіріп алып жүрді,
Мұндайын патшаның уәзір көрді.
Баласын есік түбіне қойды дағы,
Бұрынырақ алдына өзі кірді.

Уәзір көрсе, патша қылған нала:
Мұндай халге салдың,—деп,—Хақ Тағала.
Жанымды оның үшін алсаңшы,—деп,
Болмайды бұ жаһанда ондай бала.

Уәзір айтты патшаға:—Көп жыладың,
Өзіңе мұндай неге қайғы салдың?
Адамдықтан шықтың нала болып,
Алтын-күміс тақытыңды білмей қалдың.

Патша айтты:—Сөйлемен енді саған,
Неліктен ақыл айтып, келдің маған?
Өз ісіңе жүре бер енді жылдам,
Балаға көңілімді бердім оған.

Уәзір айтты:—Әй, патша, Хақ Тағала
Тірілтіп қасыңызға келсе бала,
Сүйінші сұрап біреу келсе сізге,
Не нәрсе берер едің оған және?

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша айтты:—Қуанып көңілім толса,
Берер ем қазынамда малым болса.
Баланы өз орныма патша қылып,
Мүлкімді берер едім, Құдай бұйырса.

Бар екен патшада көп қасірет,
Уәзір баласына қылды ишарат.
Бала келіп патшаның қолын өпті,
Қуанышы көп болды, бек қабағат.

Патша көрген халде кетті талып,
Бетіне уәзір септі күллі су алып.
Басын жерден көтеріп тұра келді,
Сүйеді мейірі кеп алдына алып.

Үйіне уәзір байғұс қайтып кетті,
Көңілін патшаның қуанышты етті.
Ертеңінде тағы да уәзір келіп,
Қасына патшаның жақын жетті.

Патша айтты:—Уәзірім, сөзім саған,
Балаға көп қайғылы болдым оған.
Сүйінші үшін қазынамды бердім сізге,
Жарқыным, разы бол енді маған.

—Әй, патша, менім малым—өз малыңыз,

Бәрін де, Құдай қосса, сіз алыңыз.
Менім ұғылым сіздікі болады ғой,
Қайырлы өмір берсін Жаппарымыз.
Патша бұл сөзіне болады шат,

Құрбандықтар бауыздап бек қабағат.
Баланы көп шаһарға патша қылып,
Көңілінен кетіреді көп қасірет.
Әй, тақсыр, құлақ салсаң бұ кеңеске,

Қатынға ұйымаңыз ерте-кешке.
Сол патша уәзір ұғылын өлтіргендей,
Қалмаңыз ақырында өкінішке.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол патша қасірет шексе уәзір ұғылы,
Үйіне һеш келмеді малы, пұлы.
Шаһзада, қараңыз, өз балаңыз,
Қатын сөзімен өлтірме енді мұны.

Бұлай деп шаһзаданы тілеп алды,
Баланы зынданына тағы салды.
Аң аулап кешке дейін жүрді дағы,
Сарайға тағам іше келіп қалды.

Қатын тағы сөз ашты баласынан,
Аң аулап патша келді даласынан.
Біреуін басын кесіп өлтіруге,
Патша біле алмай тұр жаласынан.

—Он бірінші уәзірім тілеп алды,

Ол бала қазасыздан тағы қалды.
Мұны естіп қатыны патшаға,
Неше мәкір-хайланы айтып салды.

—Әй, патша, үш түрлі іс—надандық-дүр,

Бұ күнгі істі ертеңге қалдырмақ-дүр.
Екіншісі, пайдасыз сөз сөйлемек,
Үшіншісі, мағынасыз сөзге ермек-дүр.
Уәзірлерің айтады сізге жалған,

Көңіліне шайтан оның ұялаған.
Менім сөзім кәр қылмай патшаға,
Олардың көңілі бәрі малға ауған.
Һәртүрлі сөз сөйлейді сізге дайын,

Оларға сіз ересіз айтқан сайын.
Бір Сиса хикаятын естіп пе едің?
Айтайын, әй, патша, оның жайын.
Қатын айтты:—Бұрынғы бір заманда,

Бір Сиса атты болыпты ғалым молда.
Жүз жыл тағат қылыпты сомғасында,
Көңілінде ойлағаны жалғыз Алла.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бір сағат босанбайды ғибадаттан,
Қорқады кеше-күндіз жалғыз Хақтан.
Бір ауыз сөзі елге ем болады,
Һеш қорлық көрмейді екен жақын-жаттан.

Жазылар ауырғанға дұға қылса,
Хастаны алып барар қайда болса.
Кереметі ел ішінде заһир болып,
Науқастар құтылмайды алдына алса.

Патшаның хаста болды жалғыз қызы,
Молданың аты мәшһүр осы кезі.
Қасына бір Сисаның «Алып бар» деп,
Бұйрық қып патшаның айтқан сөзі:

—Бұ қызым сиххат тапсын дұға қылып,

Молдаға қызды берді алып келіп.
Өз қасына бұл қызды алмақ болып,
Ол қожа разы болды мұны біліп.
Ол қызды көрген халде көңіл айтты:

«Қалайша мұрат алам мұнан?»—депті.
Қожаны ағу беріп азғырғаны,
Уасуасын көңіліне салып кетті.
Көңіліне ағу салды шайтан біліп,

Хадимдер қызды берер ертең келіп.
Олардан оңашаға алып қалып,
«Жазамын де соңында дұға қылып».
Көңіліне шайтан салды бұлайша деп,

Хадимдер қызды берді қожаға кеп.

—Сіздер қайт қызды мұнда тастап,

Артыңыздан дұғамен жазамын,—деп.
Ол қожаның көңілі тасып енді,
Ол қыздың жетіп келді қасына енді.
Үш мәртебе бетінен өпті оның,

Шайтанның уасуасы асып енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол қожа құшақтап осы қызды,
Қасына жақынырақ отырғызды.
Тап тақаты, ихтияры қолдан кетіп,
Бәкира мөһірін оның бұзды.

Шайхтың нәпсісі риза болды,
Ақырда істеріне бек өкінді.
Ол шайтан қожаға тағы және,
Азғырып уасуасын айтып тұрды.

Адамның суретінде шайтан келді,

—Иә, шайх, патша ертең келер,—деді.

Ғайш-ғишрат еткенің бұ қызбенен
Бәрі де сырыңды білер,—деді.
Қожа айтты шайтанға:—Енді не етем?
Бұ қызды тастап мен қайда кетем?

Адам деп нанып қалды бұ малғұнға,

—Білселер дүниядан ақыр өтем.

—Менім етер пайда осы сенің,—деді,

Ақылым пайда болар менім,—деді.
Бұл қызды қазір жылдам өлтір дағы,
Үйіңнің бір жағына көмің,—деді.
Шайтанның құп ұнатты мына сөзін,

—Ертең келер хадимдер саған өзің.

«Дұғаменен шипа боп кетіп қалды,
Үйіне жібергемді патша қызын.
Дұға қылдым үйіне кетті,—деңіз,
Осы халде үйіне жетті»,—деңіз.

Қаладан іздеп-іздеп таба алмайды,
Андан соң құтылармыз сізбенен біз.
Бұл Сиса қабыл алды шайтан сөзін,
Өлтірді сол арада патша қызын.

Сомғасының бір жағында пұшмағына,
Көмеді тезірек оның өзін.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ертеңінде хадимдер жетіп келді,
Қожаға:—Патша қызы қайда?—деді.

—Дұға қылдым саламат болды дағы,

Үйлеріне жібердім оны,—деді.
Мұны естіп хадимдер іздеп кетті,
Шаһардың арасынан қызды іздепті.
Бір қарттың суретінде шайтан келіп

—Не нәрсе іздейсің?—деп келіп жетті.

—Бәріміз іздеп жүрміз патша қызын,

Білмейміз қайда екенін оның өзін.
Адам болып ол шайтан енді оларға,
Бастан-аяқ хикаят айты сөзін:

—Ол қожа өлтірді қызды,—деді,

Жалғаншы деп ойлама бізді,—деді.
Өлтіріп сомғасына көмгенінде,
Мен салып тұрып едім көзді,—деді.
Шайтаннан естіп алып хадимдері,

Жүгіріп қожаға келді оның бәрі.
Сомғасының пұшмағын қарап көрсе,
Жаңа көмген табылды қыздың тәні.
Қожа мен қыз сүйегін алып кетті,

Патшаның алдына барып жетті.
Қызының өлгенін көрген халде,
Биһұш болып сол жерде талып кетті.
Патша шығарыпты ғалымдарын,

Қасына алып келді оның бәрін.

—Шариғат қалай жаза қылады?—деп,

Сұрады баршасынан ахуалдарын.
Ғалымдар: «Асыңыз»,—деп пәтуа берді,
Заһидті дарға асып керді.
Қысылып заһид сонда дарда тұр,

Қарсысына шайтан келіп көзі көрді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шайтан айтты:—Құтқарайын сені,—деді,
Тәңір деп білемісің мені?—деді.
Шайх айтты оған:—Мен айтар едім,
Әгар болса құтқармақ жөні,—деді.

Ол малғұн азғырды ғой шайхты ептеп,
Бейшара айта алмады «Әрмен кет!» деп.

—Әгарда мені Тәңір дейтін болсаң,

Айтады:—Маған қарап сәжде ет,—деп.
Ол қожаны бұ малғұн бұзып кетті,
Қасына жақынырақ келіп жетті.

—Көзіңнің құйрығымен сәжде қыл,—деп,

Көзінің құйрығымен сәжде етті.
Өлтірмекке кісі келді, дарға асып,
Тағы да шайтан келді асып-сасып.

—Жолдан шығып, имансыз өттің,—деді.

Бетке түкіріп ғайып боп кетті қашып.
Сондай заһид шайтаннан һәлак болды,
Әй, патша, бұзып алма туғры жолды.
Малғұнның айтқанына көнемін деп,

Мінеки, бар дәурені бір-ақ солды.
Осындай азғырғанда молдаларды,
Неліктен бұзбай тұрсын уәзірлерді.
Хайла-мәкір сөйлеген сөзіне еріп,

Әй, патша, дос көрмеңіз һәм оларды.
Бұ шайтанның үш түрлі тұзағы бар,
Адамға һәрбір түрлі ағуа салар.
Садақа бергеніңде «аз берші» деп,

Берместен бұрын, оның көңілін алар.
Не үшін малың жоққа бітіресің?
Саған қарттық келгенде не көресің?
Садақа-қайыр берсең аз ғана бер,

Соныменен тозаққа сен кіресің.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Әгарда кішкене сал мешіт салсаң,
Үлкен қылма, әгарда, көпір қылсаң.
Қайыр қылсаң бердім деп жұртқа сөйле,
Қор болмай сендер менім тілімді алсаң.

Әй, патша, бұлардың ісі жаман,
Болмайды ақырында басың аман.
Ұғланның жала жауып харамзада,
Кесапатын тигізді, міне, маған.

«Ертең өлтірем» деп ұйықтап кетті,
«Баланы алып кел!»—деп қаһар етті.
Жалладқа: «Басын кес!» деп бұйырғанда,
Он екінші уәзірі келіп жетті.

—Әй, патша, патшадан насихат-дүр,

Ерлерге қатын сөзі кесапат-дүр.
Сараңдықтан сақтаның дүнияда,
Сараңдық қияметте мехнат-дүр.
Расул айтқан ұжмаққа сараң кірмес,

Сараңдар ұжмаққа жақын жүрмес.
Сөздерін қатын, қыздың қош көргеннің,
Ерлердің бір басына опа болмас.
Уәзірдің насихатын алмасаңыз,

Лайықсыз қатын сөзі тыңдасаңыз.
Сөзімен амал қылмақ дұрыс болмас,
Білерсіз өзің надан болмасаңыз.
Ақылды, дана болса дұшпан адам,

Дұшпаннан опасыз-дүр дос-надан.
Бір күндерде наданнан жауыз шығар,
Жақсы лақабын қор болмас білген адам.
Пайғамбар айтқан екен бір риуаят,

Екі аразға қосылмақтық айтса өсиет.
Бір патша бұрынғыда болған екен,
Қасына бір дәруіш келген екен.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша сұрады ғой оның халін,
Әуелінде танымай тұрған екен.
Дәруіш айтты:—Танымадың неліктен сіз?
Бірге болып жүреміз кеше-күндіз.

Патша айтты:—Мен сені танымаймын,

—Халімді мен айтайын тыңдасаңыз.

Енді таны, тәңіріңмен көзіңді салып,
Патша Абдал сөзіне ғажаптанып.
Бұл Абдал сөз бір сөз айтып,
«Бұ дәруіш өкінсін» деп ой ойланып.

—Әй, Абдал, тәңірлік қыласың сен,

Мына тұрған баланы көресің сен.
Тәңір болсаң зорайтшы екі көзін,
Һәрбір түрлі нәрсені білесің сен.
Дәруіш айтты:—Мен өзім екі ағайын,

Айтпасаң да білемін оның жайын.
Белінен жоғарғысына ол хүкім етер,
Белінен төменгісін зорайтайын.
Қарындасым көкке хүкім етер деймін,

Менім жерге құдіретім жетер деймін.
Белінен төменгісін зорайтайын,
Көңіліңіз осыменен бітер деймін.
Патшаға мына сөзі қош көрінді,

Дәруішке бірқатар малын берді.
Бұған ұқсас бар еді бір хикаят,
Патша:—Естиін оны,—деді,
Уәзір айтты:—Сұлтан Махмұд заманында

Бір дана, хас уәзірі болған онда.
Уәзірдің өз есімі Аяс екен,
Патшаға қызмет қылғанында.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Аясқа бір күн келді бір дәруіш,

—Әй, уәзір, мен айтайын саған бір іс.

Құдай тағала құрметі үшін мына маған,
Патшадан беріңіз алтын-күміс.
Аяс айтты дәруішке:—Сөзім,—деді,
Патшамен ауға шығам өзім,—деді.

Ертең ауда жүргенде меніменен,
Қарсыласып жолықсаң өзің,—деді.
Сол халде қолың көтерсең дұғаға
«Құстың тілін білем» де патшаға.

Бір нәрсе бергізейін Құдай үшін,
Андан соң кем болмайсың дүнияға.
Ол дәруіш үйіне қайтып кетті,
Патша мен ол Аяс аңға кетті.

Аң аулап Аяспенен жүргенінде,
Қасына ол дәруіш келіп жетті.
Дәруіш патшаға:—Кезім,—деді,
Құстың тілін білемін өзім,—деді.

Аяс та патшадан көп өтініп,

—Мен де құстың үйренсем сөзін,—деді.

Патша айтты Аясқа:—Барың,—деді,
Құстың тілін үйреніп алың,—деді.

—Мен құс тілін үйреніп жеткенімше,

Бұ дәруішке нәпақа салың,—деді.
Патша уәзірін құрмет етті,
Күнде қызыл алтын беруге әмір етті.
Неше заман дәруіш Аяс жанында,

Тұрды да патшаға келіп жетті.

—Әй, патша, құстың тілін білем,—деді,

Үйреніп қасыңызға келдім,—деді.
Аястың мақұл көріп мына сөзін,
Ауға шықса қасына ертіп жүрді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дәруішке хисапсыз мал бердірді,
Қайда барса қалдырмай ертіп жүрді.
Бір күні, жол қасында бір ағашта,
Екі байғыз отырған оны көрді.

Патша айтты Аясқа:—Бермен жүр,—деп,
Екі байғыз не деді, сөйлеп көр?—деп.
Құстың тілін үйрендім деп едіңіз,
Не айтқанын сіз маған хабар бер,—деп.

Ағашқа Аяс тұрды құлақ салып,
Патша уәзіріне жақын барып.
«Бірінде ұғыл, бірінде жалғыз қыз бар,
Екеуін қоспақшы қабыл алып.

Бұ құс тағы қызына мейір үшін,
Әгар жетсе алуға сенің күшің
Бес жүз шаһар сұрайды ойран болған,
Шамаң келіп бітірсең тозған ісін.

Бұ құсқа алатын құс жауап берер,
Мынаның айтқан сөзін қабыл көрер.
Сұлтан Махмұд патша заманында,
Саған ол бес жүз түгіл мыңды берер».

Патша айтты Аясқа:—Қылатұғын,
Бес жүз шаһар бір-бірінен алатұғын.
Әлде залым болдым ба заманымда,
Шаһардың бәрі қирап болатұғын.

Екеуі уәзірменен үйге кетті,
Өзінің мақамына келіп жетті.
Уәзірдің жалған сөзі қош көрініп,
Қирап болған үйлерді құп түзетті.

Әй, патша, бұ хикаят оның өзі,
Патшаға қош көрінді жалған сөзі.
Андан басқа көп сауап хасыл қылған,
Бек абзал патша боп өткен кезі.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Әй, тақсыр, менім айтқан жауабым көр,
Жалмайды жан біткенді бұл қара жер.
Сұлтан Махмұд көп сауап қылған үшін,
Бағыштап «Рахмату Алла алейһи» дер.

Уәзірдің сөзіменен амал қылсаң,
Ризамыз баршамыздың басын алсаң,
Шаһзада ғұмырын тіледілер,
Біз разы емеспіз қайғы салсаң.

Уәзірден естіп алып хикаятты,
Зынданға ұғылын салып ауға кетті.
Кешке дейін аң аулап жүрді дағы,
Өзінің сарайына келіп жетті.

Тағам ішіп қатынмен бірге отырды,
Ұғланнан тағы және сөз келтірді.

—Ұғылыңыздың бұ күнде халі нешік?

Жұбатып білмесеңіз күн өлтірді.

—Бұ күн тағы мен салдым зынданыма,

Бұзылдым уәзір зарлық қылғанына.
Қатын айтты:—Сөзіме инанбайсың,
Білмейсің уәзір залым болғанына.
Хайласы уәзірлердің болды күшті,

Көрерсіз ақырында күйінішті.
«Арруиа уаһил мумин»* деген Расул,
Мүмінге түсінде айтар сүйінішті.
Бір түс көрдім мен бүгін жаман,—деді,

Қырық басы бар аждаһа, инан,—деді.
Басы оның зәһарлы болған екен,
Артында көп әскері толған,—деді.
«Тақытыңменен жұтам,—деп,—сені»,—деді,

Үш мәртебе қасыңа келді,—деді.
* Түс—мүміннің аяны.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Зәһарды саған таман шашамын»,—деп,
Қорқытты көріп тұрған мені,—деді.
«Уәзірдің сөзін алып өттің,—деді,
Қатыныңның ақылын неттің?—деді.

Тақытыңмен сені жұтам»,—деп тұрғанда,
Қорыққанымнан оянып кеттім,—деді.
Патша айтты:—Тағбирі не болғаны?
Қатын айтты:—Жүресің енді әні.

Ол аждаһа көргенім ұғылыңыз-дүр,
Өлтірмекке ойлаған енді сені.
Қырық басы—қырық уәзір оның,—деді,
Жылан әскер-ғауам халқыңнан,—деді.

Зәһарды саған шашпақ тілегені,
Тақытыңды алмақ еді сенің,—деді.
Қышқырғаным менім саған сиясатым,
Сақтанып менім тұт насихатым.

Бір патша менен Шолханың сөздеріне,
Сенің маған ұқсайды хикаятым.
Патша:—Естиін оны,—деді,
Қатын айтты:—Аяймын сені,—деді.

Мен айтайын хикаят құлағың сал.
Әгарда қабыл алсаң мені,—деді.
Қатын айтты:—Ілгері заман өткен,
Бір ұлық патша хүкім еткен.

Бір күн оның бір кісі жанына кеп,
Өзінің бір хайласын айтып кеткен.
Патша, сөз айтайын әлі,—деді,
Мен ғаріп-мағлұм болсын халі,—деді.

Халалдан туған кісі оны көрер,
Тоқимын қасиетті салы,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Харамнан туған кісі көрмес деймін,
Нендейін нәрсе екенін білмес,—деді.
Әгар маған «тоқы» деп әмір етсең,
Біздей ғаріп аянып жүрмес,—деді.

Осыны айтты дағы үйіне кетті,
Шолханың тамам жаннан хайласы өтті.
Патша ғажаптанып бір салыны
Тамашалап «тоқысын»—деп әмір етті.

Сол халде патшаға келді жетіп,
Бір талай хараж алып қалды кетіп.
Алса да бұ харажды осы Шолха,
Бірнеше күн патша тамаша етіп.

Патшаға бір күн келді Шолха тағы,
Тәңірінің о да болса берген бағы.
Бір қағаздың жақ жағын қаттап тігіп,
Патшаға әкеліп берді дағы.

Алдына патшаның әкеп қойды,

—Ол салыны тоқыдым мен,—деді.

Патша қағазды ашып көрсе,
Һеш нәрсе қарағанда көрінбейді.
Патшаның көп әскер адамдары,
Қарады тамашалап оның бәрі.

Қараса да һеш нәрсе көрінбеді,
Патша тұрып сонда ой ойлады.
Патша қапа болды осыған бек,
«Һеш нәрсе көрінбейді осынан» деп.

Көңілінен патша: «Аһ»,—деді,
«Мен харамнан туған екенмін,—деп.
Һешбір шара болмайды енді,—деді,
Жақсы салы деймін мен мұны,—деді.

Халыққа мен масқара болғанымша,
Онанда мен мақтайын соны»,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша айтты:—Бұ салы бек жақсы екен,
Шолха жігіт жақсылап қылған екен.
Мұны мен шүбһәсіз бек жараттым,
Тағы да бір салы болса.

Жігіт айтты:—Әй, тақсыр, бір бөрікті
Және тігіп берейін оны,—депті.
Бір бөрікті Шолха жігіт тағы берді,
Дәл салының порымындай оны тікті.

Шолха жігіт оны да тігіп салды,
Патшадан хисапсыз алтын алды.
Алып келіп патшаға кигізгенде,
Бектері, уәзірлері қайран қалды:

—Әй, тақсыр, жақсы болған салы,—деді,

Қалайша қып істеген оны?—деді.
Әй, тақсыр, тахсин етіп бөрігіңізді,
Жаратты уәзіріңнің бәрі,—деді.
Патша бір уәзірін ертіп алды,

Халуат бөлмесіне алып барды.

—Осы салыны мен тіпті көрмеймін,—деп,

Айтады бөрікінен бір хабарды.

—Харамзада екемін өзім,—деді,

Көрмеймін осы салының өзін,—деді.
Патшаның айтқанын уәзір дағы

—Мен де сізге айтайын сөзім,—деді.

Біз дағы көре алмаймыз осы салыны,
Мұны естіп, бәрі де қайран қалды.
«Бір хикмет арасында бар екен» деп,
«Харамзада бәріміз» деп ойланды.

Болмады сұрай-сұрай көңілге тоқ,
Шолха бекер істеген дүния боқ.
Ақша алуға көрсеткен бұ хайланы,
Ақиқатын байқаса, асылы жоқ.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Әй, патша, «Ертең өлтірем,—деп,
Хүкімімді жеріне келтірем»,—деп.
Өлтірем деп айтасың, өлтірмейсің
Уәзіріңнің көңілін бітірем деп.

Әй, патша, түс көргенім бұ күн,—деді,
Білмейсің мағынасын оның,—деді.
Менім сөзім Шолханың салысындай,
Ақырда аман қалмас жаның,—деді.

Басыма келер менім бір машақат,
Бектердің хайласы бар бек қабағат.
Ұғылыңды өлтірмей тұрасың сен,
Ақырда болса керек бір мехнат.

Қатыны мұны айтып жылай берді,
Патша зарлағанын қабыл көрді.

—Ертеңгі күн қай уәзірім тілесе де,

Мен оны өлтірем,—деп жауап берді.
Бұл ісім кішкене емес, білгіл,—деді,
Ертеңмен өлтіргенім, көргіл,—деді.
Мұны айтып бөлмесіне кіріп жатты,

Уәзірлерге «Алдыма жүргіл»,—деді.
Алдына уәзірлері келді бәрі,
Патшадан тілемекке баршалары.

—Бұ күнгі әділдігім заһир болсын,

Білінді бұлардың ахуалдары.
Жалладтар жетіп келді қаһар етіп,
Патша бұйырған соң әмір етіп.
«Ұғланның мойнын ұр!» деп бұйырғанда,

Он үшінші уәзірі келді жетіп.
Уәзірі жақын келді:—Ғапу қыл,—деп,
Патша қаһарланды:—Тек отыр!—деп.
Бір қағазды патшаға уәзір берді,

«Әй, тақсыр, мұнда бар тамаша-кеп».

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша бұ қағазға салды көзін.
«Патша, байқа!—депті,—міне сөзім.
Астарлапты қарадым түнекүні,
Талиғында нахошты болған кезін.

«Бір бәле шаһзадаға келер деген,
Қырық күнше нахошты болар деген.
Сөйлесе оның басы кесілер»,—деп,
Патша оқып көрді бұлай деген.

Бір жолы тілек қылды қырық уәзір:

—Әй, тақсыр, өлтірмеңіз мұны қазір,

Қырық күн тамам өткенше ғапу қылың,
Ақырында бұл ісі болар әзір.
Білінер ақырында харамдары,
Өзінің қылған онда ахуалдары.

Нахошты өткенше өлтірме,—деп,
Тіледі патшадан оның бәрі.

—Ақырында табылар бір мехнат,

Арасында бар шығар бір маламат.
Патша рұқсат берсе айтар едім,
Бұған ұқсас бар еді бір хикаят.
Уәзір айтты:—Жаһанда патша өткен,

Аллаға һәрдайым да құрбан еткен.
Ұғыл-қызы жоқ еді патшаның,
Жеті ықылым үстінен хүкім еткен.
Патша һәр уақытта берді құрбан,

Құрбанын Хақ Тағала қабыл қылған.
Бір ұғыл берді,—деді,—Жүсіп дейін,
Сипаты туған айдай нұрлы болған.
Патша бір күн жиды мұнажжимдерін,

Шаһарда қанша болған ғалымдарын.

—Ұғылым талиғында не бар екен?

Бұйырды:—Кітап аш!—деп оның бәрін.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Мұнажжимдер аша берді кітап алып,
Қарады бір-біріне қайран қалып.
Сұрады патша енді олардан:

—Неліктен қарадыңыз көзің салып?

—Жиылды қанша молда бәрі мұнда,

Сөзімнің дәлелі бар анығында.
Отыздан алпысқа жеткенінше,
Нахошты күндері бар талиғында.
Мұныменен бірталай заман өтті,

Қасынан ғалымдары тарқап кетті.
Атасының тәрбиесінде ол баласы,
Шаһзада жеті жасқа келіп жетті.
Атасы артық көріп тәрбие етті,

Бір күні оқысын деп молдаға ілітті.
Аз заманда ғылымды тамам етіп,
Ғылымы талай жаннан асып кетті.
Атасы шаһзаданы абзал көрді,

Аз күнде балиғатқа толып келді.
Өзіндей бір әділ патшаның,
Балаға оның қызын алып берді.
Туыпты шаһзададан екі бала,

Сондай қылып жаратқан Хақ Тағала.
Екеуін де молдаға оқытқан соң,
Ғылым хасыл қылыпты—екі дана.
Екі ұғылымен шаһзада ау аулады,

Екеуімен бармаған жер һеш қоймайды.
Атпенен аңын аулап келді дағы,
«Енді сумен жүрейін» деп ойлайды.
Бір күні дарияға кірмек болды,

Алланың не салғанын көрмек болды.
Кемеменен қырық кісі бірге болып,
Қасына екі ұғылы ермек болды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кемеге қырық үш кісі кірді ақыры,
Бірнеше күн дарияменен келе жатыр.
Дариядан ұғыры фиранк бұларға кеп.
Соғысып мұны жеңді өңкей батыр.

Бұларға ұғыры фиранк соғыс салды,
Шаһзаданы екі ұғылымен ұстап алды.
Қырық кісіні қалдырмай бірге алып,
Өздерінің үйлеріне алып барды.

Көрсетті бұларға көп мехнатты,
Адам жейтін зәңгіге мұны сатты.
Жалғыз-ақ екі ұғылын алып қалды,
Қырық бірін көп зәңгілер алып қайтты.

Бұларды алып барып қойды,—дейді,
Біреуден күнде сойып жеді,—дейді.
Күнде-күнде пісіріп асханаға,
Бұлардың бәрін дағы жойды,—дейді.

Енді кезек келеді шаһзадаға,
Бұ пақыр көп жылады бір Аллаға.
Зәңгілердің қолынан қарғып кетіп,
Қаңғырып қашып кетті айдалаға.

Одан келіп, бір шаһарға барып кірді,
Патшаның әскері мұны көрді.
«Бұл жүрген бір далада дұшпан ғой» деп,
Бәрі де шаһзадамен соғысып қалды.

Шаһзада бұларды жеңер болды,
Патшаның алдына біреу келді.
Патша келіп қараса енді мұны,
Әскерді ойран қылған көзі көрді.

Қайран қалып шаһзаданы ертіп алды,
«Мұндай батыр болар ма!» деп көзін салды.
Үстіне асыл киім кигізді де,
Патшаның бір сұлу қызын алды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша тарту үшін қызын берді,
Екі жыл бұ қызбенен дәурен сүрді.
Екі жыл ғайш-ғишрат еткеннен соң,
Үшінші жыл бұ қызы опат болды.

Бұ шаһардың әдеті бұлайша екен,
Онда бір терең құдық болады екен.
Қатын өлсе еріменен бірге қылып,
Ол құдықтың ішіне салады екен.

Тірілей шаһзаданы салмақ болды,
Бұ ғаріп ылажы жоқ бармақ болды.
Құдық аузын бекітіп бір таспенен,
Қыз қасында шаһзада қалмақ болды.

Құдыққа жігітпенен қызды салды,
Шаһзада мехнатта тағы қалды.
Таспен аузын құдықтың бекіткен соң,
Жан-жағына бұрылып көзін салды.

Көзін салса жан-жаққа бір қыз көрді,
Қасына шаһзада жақын келді.

—Жаңа түскен келін едім, ерім өлді,

Бір ылаж болар ма екен енді?—деді.
Қараса, құдық ішіне өлік толған.
Шаһзада Құдаға нала қылған.
Екеуі зар еңіреп отырғанда,

Бір жағынан бір дауыс пайда болған.
Жануар келген ізімен жүріп кетті,
Тесіктен өтіп тауға барып жетті.
Тау жанында бар екен ағын дария,

Бір кеме тауып алып мініп кетті.
Бұ кемеге мінділер шүкір етіп,
Арада неше заман, көп күн өтіп.
Жеміс салып кемеге бұлар жүріп,

Тағы да үлкен тауға келді жетіп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кемені тасқа соғар, бірде жарға,
Күн менен түн білінбес ғаріптерге.
Кемеге кірген суды төгіп тұрар,
Һешбір дамыл бермеділер пақырларға.

Бірде бұлай ағады, бірде бұлай,
Бұларға мехнат берген Жаппар Құдай.
Кеудесінде қалады құр жандары,
Арада көп күн өтті жылай-жылай.

Бір таудың етегіне жетті бұлар,
Кемедегі суларын төкті бұлар.
Ол таудың етегінен бұлар шығып,
Сахара даласына өтті бұлар.

Бір қуаныш болды енді бейшараға,
Аман-есен шыққан соң сахараға.
Ол таудағы жеміске тойып алып,
Бір көрінген келді бұлар мұнараға.

Шықтылар сахараға мидай дала,
Қандай күйге саласың Хақ Тағала.
Алыстан мұнараға келсе жетіп,
Төбесі мұнараның ақ пиала.

Бір талай алған екен алыс жерді,
Ол мұнара қалаға жақын келді.
Әйнекке жақын келіп көзін салса,
Пиаланың үстінен жазу көрді:

«Әй, бұ жерге келсе, әгар, адам,—дейді,
Бұ мұнараны көрсеңіз тамам,—дейді.
Алты аяқты жануар бауыздасаң,
Бұ тылсым ашылады саған»,—дейді.

Жазуды бұлар оқып тамам қылған,
Баянсыз өте шығар дүния жалған.
«Алты аяқты жануар болар ма?» деп,
Қызбенен екеулері қайран қалған.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Құданың құдіретіне таң қалады,
Қайда барса қызбенен бір барады.
Кемеде бұлар жүріп бек кірлеген,
Тылсымның есігінде бит қарады.

Бит қарап бұл екеуі отырды онда,
Тылсым есігі ашылды сол заманда.
«Алты аяқты жануар болар ма?» деп,
Екеуі ғажап қылып отырғанда.

Алты аяқты жануар не дегенін,
Екеуі енді білді бит екенін.
Кіріп барса, ішінде бір бақша бар,
Жемістен жеді бұлар тілегенін.

Қараса, бір бақ екен—жемісі көп,
Шығыпты һәр алуан асылдан шөп.
Жемістің бірін үзіп асағанда,
Көп екен алтын-күміс, жауһары бек.

Бұдан өтіп тағы да жүреді енді,
Ол мұнара тұсына келеді енді.
Бір құббаның ішіне ашып кірсе,
Тағы да бір құббаны көреді енді.

Ол құббаға екеуі кірді бұлар,
Онда бір тақыт бар, көрді олар.
Ол тақыттың үстінде алтын табыт,
Бір тақтайда жазылған жазуы бар.

Бұларға мал қиын ба, Тәңірім берсе,
Неше түрлі тамаша, асыл нәрсе.
Алтын табыт үстінде бір тақта бар,
Тақтайда хат жазулы бұлар көрсе:

«Мен едім үлкен патша тірі уақытта,
Көп заман пәрмен еттім алтын тақытта.
Қаһарменен қорқытып көп әскерді,
Қарамай әділ болдым жақын-жатқа.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Хисапсыз болып еді менім малым,
Адамға мағлұм болар менім халім.
Дию, пері хүкімімде болған еді,
Хайуан, жолбарыспен оның бәрін.

Мен өзім мың жыл ғұмыр сүрген,
Өлерімді мен білмей жүрген едім.
Бір күні хаста болып ауырған соң,
Дүниядан енді өлерімді білген едім.

Ойладым дәуренім енді сола,
Қайғырды екі жұртым маған бола.
Үш күнде бұ құббаны тамам етіп,
Мен үшін бұл шарбақты қылды мола.

Басымда екі шашма бар-дүр, білің,
Қасымызға, адам ұғылы, жақын келің.
Бұл шәрбатты іш дағы алтыннан ал,
Менім үшін Аллаға дұға қылың».

Бұлайша деп жазылған хаты бітті,
Екі шашма қасына жақын жетті.
Біреуі—сүт шашманың, бірі—шекер,
Бұл қабірдің қасында көп күн өтті.

Сүтті алып, шәрбатті ішіп кетті,
Бұл қабірде бірқатар заман өтті.
Шәрбат, жауһар, алтын-күміс бұлар алып,
Кемесінің жанына келіп жетті.

Кемемен бұлар кетті сумен ағып,
Бір тауға келді бұлар толқын қағып.
«Жеміс болса біз теріп алайық»,—деп,
Екеуі биік тауды көрді бағып.

Екеуі судан шығып таудан асты,
Үстіне бірнеше адам ұшырасты.
«Бұларды патшаға берелік»,—деп,
Бәрі де ұстамаққа жапырласты.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бұларды жапырласып ұстап алды,
Шаһзада бұларға көзін салды.
Бастары жоқ, көздері кеудесінде,
Көздері еңбегінде қайран қалды,

Патшасына бұл екеуін алып барды,
Бұларды тұтқынға енді олар салды.
Бір күні бұлардан қашып шығып,
Дариядағы кемеге мініп алды.

Шаһзада отыз жыл дарияда,
Неше түрлі мехнат көріп бұл арада.
Хисапсыз мақұлықтан құтылып келсе,
Бір шаһар көрінеді айдалада.

Шаһарға бұлар сонда ағып барды,
Тағы да көп адамдар ұстап алды.

—Бір дұшпанды, әй, тақсыр, әкелдік,—деп,

Екі қолын артына байлап салды.
Патшасы бұлардың сұрды халін,
Шаһзада айтты бұған ахуалын.
Мұны естіп патшасы:—Кете,—деді,

Мен өлсем сіздікі-дүр жиған малым.
Біз өлсек сіздікі-дүр бар малымыз,
Жалғыз қызым бар еді сіз алыңыз.
Атаңнан кеткеніңді мен білемін,

Біздерге баян болған өз халіңіз.
Шаһзада айтады:—Маған,—деді,
Мен бір жауап айтайын саған,—деді:
Мен туғанда мұнажжимдер кітап ашып,

«Отыз жыл нахошты бар бұған»,—деді.
Нахоштым біткен жоқ әлі,—деді,
Қызыңызды мен алсам оны,—деді.
Басымдағы мехнатым себеп болып,

Оның да жаман болар халі,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мұны естіп патша мұнажжимдерін
Жиғызып келтірділер оның бәрін.
Шаһзада нахошты өтті ме екен?
Ғалымдар, тауып берші ахуалдарын.

Ғалымдар кітап ашып өткен екен,
Нахошты күндері біткен екен.

—Шаһзада, сүйінші енді бізге,

Қуаныш, шаттық күнің жеткен екен.
Патша бек шаттанып айтқан сөзін,
Шаһзаданы ұғыл қылды оның өзін.

—Мен өлсем, сіздікі,—деп,—жиған малым,

Қосады неках қылып жалғыз қызын.
Бірнеше күннен кейін патша өлді,
Шаһзада орнына патша болды.
Патша боп тақытына отырғанда,

Көп адамдар қасына жақын келді.

—Базарға келді,—деді,—фиранктер,

Қолында сатам деген екі ұғылы.
Мұны естіп патша:—Келсін,—деді,
Базардағы фиранкке берді хабар.
Фиранктер алып келді екі бала,

Патша қайғыланды көре сала.
Шаһзада бұрынғы екі ұғылы екен,
Мұндай қылған оларды Хақ Тағала.
Сұрады фиранктерден:—Мұның кім?—деп,

Олар айтты:—Сататын құлымыз,—деп.
Бұлардан патша да хабар сұрды:

—Менің де жоғалған бұл ұғылымыз,—деп.

Бұлар сырды патшаға баян қылды,
Көңіліне патшаның шатлық болды.
Тақытына қайта барып отырды да,
Фиранкті шапқылатып һәлак қылды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бірнеше күн тұрдылар енді бұлар,
Басындағы халдерін баян қылар.
«Осындай бір шаһарға патшамын» деп,
Атасына біреуден берді хабар.

Атасының орнына патша болды,
Мехнаттан құтылып, көңілі толды.
Екі жаққа ол бірдей хүкім етіп,
Бұл сөзім осыменен тамам болды.

Әй, патша, соның үшін хикаятты,
Отыз жыл олар шекті мехнатты.
Сол секілді шаһзада хикаяты,
Басында арылмаған ғаламаты.

Қор болар бақыттары қайтқан адам,
Ішінде мехнаттың жатқан адам.
Алтын деп ұстағаны топырақ болар,
Дәулеттен мехнатты артқан адам.

Нахошты өткенше сабыр етің,
Бір хабар қылса керек Құдіретім.
Қатынның хайла-мәкір тілін алып,
Қырық уәзір айтатын сөзің күтің.

Патша қабыл көрді жылағанын,
Қырқының тілекпенен сұрағанын.
Аң аулап үйіне келген халде,
Қатын сөзін айтатын сіздерге оның.

Тағам ішіп қатынмен бірге отырды,
Патша заманында іс бітірді.

—Нешік болды ұғылыңыз тағы да?—деп,

Баладан қатын залым сөз келтірді.

—Қырық уәзір тіледі менен,—деді,

Үзгенім жоқ үмітім сенен,—деді.
Не болса да болады ертең ерте,
Теңгеріп халалдығын көзім,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатынға патша айтты уәзір сөзін,
Отыз жыл нахошты болған кезін.
Қатын айтты:—Бұл айтқаны уәзірлердің,
Нахошты көрінген сенің өзің.

Уәзіріңнің белгілі жамандығы,
Сізге айтқан ол бекер дұшпандығы.
Өз басыңа ол келген нахош-дүр,
Арамзада нахошты болғандығы.

Бір жұмадан бері мен буаз болдым,
Саған жаны ақырымен дос болдым.
«Биллаһи инан»* деп ант етті,
Шүбһәсіз харамдығын анық білдім.

Әй, патша, бұ балаңыз халал емес,
Айтқаныма наныңыз, уайым жемес.
Екеумізді қырық уәзір айырмаққа,
Күн жұбатып айтады күнде кеңес.

Өзіңіз де нанасыз көп жалғанның,
Көңілін қайтармайсыз зарлағанның.
Хикаятын есітпеген сенің өзің,
Баласы дүнияда болғанның.

Қатын айтты:—Бұ жаһан сарайында,
Ұлық патша болған бұ жалғанда.
Ұғыл-қызы жоқ екен енді оның,
Сүйегі сырқырайды зарлағанда.

Бір шайх және болған бұ шаһарда,
Патша шақырыпты жиылғанда.

—Йа, шайх, маған бір дұға қылғыл,

Дүнияда мен болдым көп арманда.
Шайх айтты:—Бір Аллаға қылсаң құрбан,
Иншалла, бір ұғыл болар саған.
* Алла атымен ант етіп, илан.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Андан соң ұғыл берер дұға қылсам,
Патша разы бол енді маған.
Патша құрбан қылды семіз қойды,
Етіне дәруіштер тамам тойды.

Бір кәсе тағам беріп патшаға,
Дұға қып, шайх сонда көңіл қойды.

—Бұ тағамды патша ішсін,—деді,

Бір ұғыл, иншалла, болар,—деді.
Мұны есітті патшаға әкелген соң,
«Бір ұғыл Хақ Тағала берді»,—деді.
Патшаға Хақ Тағала ұғыл берді,

Жылаған көздің жасын қабыл көрді.

—Дұға қылып себепкер болдыңыз,—деп,

Шайхқа бір хисапсыз малын берді.
Патша бір күн айтты ол қожаға:

—Мінәжат қылсақ,—деді,—бір Аллаға.

Бір ұғыл тағы маған берер ме екен?
Мен үшін қол көтерсең бір дұғаға,

—Бұрын да сізге дұға қылғам,—деді.

Аллаға тағы керек құрбан,—деді.
Дәруішке бір малды құрбан етсең,
Бір ұғыл болса керек саған,—деді.
Ол қожа қылмақ болды мінәжатты,

Құрбан қылды бір үлкен семіз атты.
Патшаға тағы да тағам берді,
Ақырда ұғыл берді нұр сипатты.
Патшаның қатыны хамле болып,

Бір ұғыл туды,—деді,—айдай толып.
Дәруішке патша құрбан етіп,
Қожа дұға қылған соң себеп болып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір күні патша көрді ол қожаны,

—Мен үшін және қылсаң бір дұғаны.

Үшінші балам болсын дүнияда,
Инғам-ихсан қылайын тағы сені.
Қожа айтты:—Тағы да құрбан етің,
Аллаға қабыл болсын бұл ниетің.

Дәруішке құрбан беріп дұға қылсам,
Иншалла, ұғыл берер Құдіретім.
Мұны айтып ол қожа қайтып кетті,
Патша бір қашарды құрбан етті.

Дәруіштер құрбанды асадылар,
Патшаға тағам алып келіп жетті.
Патшаға ұғыл берді Хақ Тағала,
Балиғлыққа толыпты бұл үш бала,

Харамзада болыпты ең кенжесі,
Екі үлкені болыпты ғалым дана.
Үлкені бек қабағат дана болды.
Ортаншысы баһадүр өткір еді.

Кіші ұғылы—харамзада, қан төгуші,
Патша бұған қатты ренжір еді.
Бір күні қожаменен сұхбаттасып,
Патша отыр еді сөз сөйлесіп.

Кіші ұғылын баяндап айтады сөз:

—Туғанынан тумағаны оның,—десіп.

Әй, қожа, менім үшін дұға етің,
Һәр ісі қиын емес құдіретің.
Екі ұғылым болса да жетер еді,
Үшіншіні тілемеген болсам едім.

Қожа айтады:—Білдірсем оның кезін,
Тыңдап тұр, әй, тақсыр, менім сөзім.
Кіші ұғылың харамзада болуына,
Балаға себеп болған өзіңе-өзің.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Үлкеніне қой бердің бек қымбатты,
Екіншіге шығардың семіз атты.
Үшінші ұғылыңа құрбан қылдың,
Харамзада қашардан кесапатың.

Қойды берген балаңыз қойдан жуас,
Атты құрбан қылғаның баһадүр хас.
Қашар берген, мінеки, кіші балаң,
Харамдық өлгенінше қылмай қоймас.

Жақсылық, өнеге істі құрмас деймін,
Мойнын жақсылыққа бұрмас деймін.
Һәр нәрсе асылына қайтып келер,
Арпа шашқан, бидай қып ормас деймін.

Осылайша қожа айтты оның затын,
Харамзада көрсетер кесапатын.
Ақырында кіші ұғылын ол патша,
Өлтірмей таба алмады рахатын.

Әй, патша, жақсылық кем бұ баладан,
Харамзада екеу дер білген адам.
Бірі оның зинадан туған болар,
Біреуі—асыраушы хасыл надан.

Бұ сөзін қош көреді патшасы,

—Бұ ұғылдың ертең болар тамашасы.

Уәзірдің мен сөзін алмағаймын,
Олардың мағлұм болды маған қасы.
Патша ұйықтап кетті бөлмесінде,
Жалладқа әмір етті ертесінде.

Он төртінші уәзірі жетіп келіп,

—Сабыр қыл, уәзірің сөйлесін де.

Әй, тақсыр, қатын сөзін қабыл алма,
Хайла-мәкір сөзіне құлақ салма.
Қатынның хайласымен өлтірем деп,
Ақырда өкінішке ғапыл қалма.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кісі өлтіріп, құтыла ма баласынан?!
Кім асар жер мен көктің арасынан?!
Көктегі періштелер құтылмады,
Дүнияда залым қатын хайласынан.

Сұраймыз «өлтірме» деп ұғлан датын,
Тигізген бұ балаға кесапатын.
Әй, тақсыр, рұқсат берсең маған, әгар,
Айтайын һарут-марут хикаятын.

—Жоқ еді естігенім оны,—деді,

Әй, уәзір, хикаятың, кәні?—деді.
Қырық уәзір бәрі де тамам отыр,
Шаһзада қалай болар халі?—деді.
Уәзір айтты:—Құлақ қой бұ сөзіме,

Қатынның жұрт таң қалар мінезіне.
Бар Құдай періштелерге айтыпты сөз,
Халифа жаратамын,—деп,—жер жүзіне.
Періштелер айтады бір Аллаға:

—Халифа жаратасың дүнияға.

Пасық-фасад көп шығар бұл адамнан,
Біз болсақ тұрар едік уағдаға.
Тәңірім айтқан:—Білмейсің мен білгенді,
Ғайыптан нелер кетіп, не келгенді.

Халифа қойсам, қоямын адамдардан,
Сіздердің айып көрем тілегенді.
Періште айтты:—Халифа болған адам,—деді,
Нәпсілерін күтеді надан,—деді.

Пасық-фасад көп болып қан төгеді,
Дүнияда қылған ісі жаман,—деді.
Тәңірім айтыпты періштеге:—Нафс берсем,
Дүнияға ендірейін мақұл көрсең.

Адамнан артығырақ істер едің,
Өзіңнің ықтиярыңа қоя берсем.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Періштелер айтады:—Алла сақта!
Адамдай біз болмаймыз не қылсақ та.
Адамның баласындай істерміз бе,
Құлдық қып жер жүзінде жүрген шақта.

Тәңірім айтты періштеге:—Білің,—деді,
Екі заһид жіберелік, көрің,—деді.
Жаман іс істер ме екен, істемес пе?
Дүнияға адам боп жүрің,—деді.

Бір жолы сынамаққа ойла,—деді.
Араңызда заһидтерден сайла,—деді.
Адамға берген нафсті берейін мен,
Қылмас па екен жамандық, хайла?—деді.

Періштелер жіберді екі заһид,
Бірі Һарут болғанда, бірі—Марут.
Адам қылып ендірді жер жүзіне,
Біреуі жас болғанда, бірі—қарт.

Бұл екеуі бір үйге келіп кірді,
Ол үйде сұлу қатын көзі көрді.
Екеуі де қатынға ғашық болып,
Сол жерде қосылмаққа қабыл көрді.

Қатынменен отырды шарап ішіп,
Неше заман харамнан сөз сөйлесіп.
Қатын айтты:—Даладан ерім келер,
Бұлар айтты:—Еріңіз неме?—десіп.

Қатын тағы:—Тез келер ерім,—деді,
Бірімізді өлтірер, білің,—деді.
Ерім келсе, екеулеп өлтіріңіз.
Ғайш-ғишрат біздермен қылың,—деді.

Екеуі мақсұттарын бітірділер,
Келгенде қатын ерін өлтірділер.
Тәңірім періштеге жауап айтып,
Бұларды тахсинге келтірділер.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Көрдің бе заһидтардың не қылғанын?!

Кісі өлтіріп, шаһидтық бір қылғанын.
Адамның барлық ісін бірақ істеп,
Бастарынан өткізбей бұ жалғанын.
Періштелер естіп қатты ұялды,

Ұялғаннан бастарын төмен иді.

—Әй, Құдай, не білсең, білесің сен,

Һеш нәрсені білмейміз біздер,—деді.
Хақ Тағала ол қатынды жұлдыз қылды,
Ұшырып алып келіп көкке қойды.
Дүнияда Зуһра жұлдыз дегендері,

Білмесең, білдірейін осы болды.
Һарут пенен Марутқа жарлық қылды,
Дүния ақырет азабына ықтияр қылды.
Ақыреттің азабы бақи болды,

Оны қабыл қылмаймыз біздер,—деді.
Дүнияның азабы болар қаны,
Ықтиярлы боламыз біздер оны.
Бабылдың құдығына асып қойды,

Екеуінің азапты шыбын жаны.
Бастарынан төмен қып асып қойды,
Йасинның уақытында онда қойды.
Йасинді кешіктіріп оқымақта,

Бұларға көп сауапты хасыл қылды.
Қияметке ше құдықта тұрса керек,
Қатынның себебінен көрсе керек.
Періштені құтқармай залым қатын,

Һәркімге хайла-мәкір қылса керек.
Әй, патша, мен айттым хикаятты,
Қатыннан қанша болған ғаламатты.
Көктегі періштелер құтылмады,

Көрсетті оларға да мехнатты.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Шаһзада жанында қайда қалды?
Ұғылыңа бекерліктен жала салды.
Патшаға уәжіп-дүр сабыр қылмақ,
Бұ күнгіні ғапу қыл,—деп тілеп алды.

Патша бұл уәзірге ұғылын берді,
Зынданға тағы салып жүре берді.
Өзі және ауға кетіп қалды,
Кешке жақын болғанда үйге келді.

Сарайына келген соң ішті тағам,
Тағамнан соң келтірді хасыл кәлам.

—Он төртінші уәзірім тілеп алды,

Тағы да өлмей қалды бұ күн балам.
Қатын айтты:—Бұ күн мен мұнажжимдерді
Үйіме алып келдім ғалымдарды.
Ішімдегі қыз ба екен ұғыл ма екен?

Сөзіме баян қыл деп ахуалдарды.
Мұнажжимдер кітап ашып:—Сенің,—деді,
Қарныңдағы балаңыз ұғыл,—деді.
Әй, патша, өлтірің бұл харамды,

Маған да разы болып тұрғыл,—деді.
Өзі ғид, дәулетті болар,—деді,
Ғұмырында ізгілік қылар,—деді.
Мұнажжимдер үшбу сөзді баян қылып,

Бұ күн мен шатлық болып тұрмын,—деді.
Әй, патша, бұ балаңыз харамзада,
Һеш жақсылық көрмейсің дүнияда.
Қырық уәзір һәммасы қастық қып,

Жалған өсек тасып жүр екі арада.
Бұлардың алданасың ғаламатына,
Күнде жалған сөйлеген насихатына.
Сенің болған істерің осы кезде,

Баңхұрлар ұқсамасын хикаятына.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша айтты:—Әділ ма екем өзім?—деді,
Осы бір сабыр қылмақ кезім,—деді.
Хикаятым баңхұрға ұқсар болса,
Сөйле, бір естиін сөзің,—деді.

Қатын айтты:—Бірнеше баңхұр халық,
Һәрқашан жүреді екен ауға барып.
Тағамды алды дағы баршалары,
Бәрі де жемек болды қабыл алып.

Тағамды артып келді хамалшыға,
Кірділер бұлар келіп кірханаға.
Тағамды бұлар келіп ашады енді,
Біреуі біреуіне жауап қылды:

—Есік ашық тұр екен, жауып кел!—деп,

Бірісі біреуіне әмір қылды.
Екіншіге әмір қылды үшіншісі,
Бармады жұмсаса да һәрбірісі.
Бұлардың арасында жанжал болды,

Есікті жаппаған соң һешбір кісі.
Бірісі айтты:—Бекітейік оны,—депті,
Һешбір сөз сөйлемейік тамам!—депті.
Қайсымыз осы жерде сөз сөйлесе,

Барып сол жауып келсін бұ есікті.
Иттифақты қылысып бұлар енді,
Есікті жаппақ үшін бармады енді.
Бұлар мұнда үндемейді отырғанда,

Есіктен тамам иттер келіп кірді.
Тағамды бітірділер иттер келіп,
Һешқайсы «Кет!» демеді көре тұрып.
Бұл иттер еттің бәрін бітіргенде,

Артынан және бір ит келіп кірді.
Ол ит келіп һеш тағам таба алмады,
Жан-жағына бар ма деп алаңдады.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Сонда да бұлар үндемей тұр,
Иттифақтан басқаны қыла алмады.
Бір баңхұрға ит сонда жақын келді,
Аузындағы жұғынын жалай берді.

Аузындағы жұғынын жалағанда,
Ет екен деп ернін тістеп алды.
Бәрі де үндемес деп отырды тек,
Үй ішіне көп иттер жиылды бек.

Баңхұрдың ернін келіп тістеп алды,
«Салбырап, бөлек тұрған ет екен» деп.
Баңхұр онда «Уф!»—деп жіберді,
«Есік жап деп айтар» деп үндемейді.

Қасындағы жолдасы мұны естіп,

—Есікті сен жабасың енді,—деді.

Бұл айтады оларға:—Енді,—деді,
Тамам ит қасымызға келді,—деді
Тағамның бәрін ішіп-жеп бітіргенде,
Жапқанда енді пайда бар ма?—деді.

Ақымақ боп бәріміз үндемедік,
Есікті жаппаймыз деп шала жедік.
«Үндемей отырамыз осыған» деп,
Бәріміз де тағамды итке бердік.

Бұлар болды бәрі де өкінішке,
Ақымақ боламыз деп болмас іске.
Соның үшін, әй, патша, мен айтайын,
Сүйініп құлақ салсаң бұ кеңеске.

Әй, патша, өкінішке қалмағайсыз,
Харамзада қасына бармағайсыз.
Уәзіріңнің сөзіне еремін деп,
Қазаға басыңызды салмағайсыз.

Халал болған балаңыз ішімде тұр,
Әй, патша, бұ сөзіме мойныңды бұр.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дос болып һәрқашан айтқанымды,
Осы менім бойымда жақсылық сыр.
Айтады уәзіріңіз бекер сөзді,
Мен саған айтамын әділ жүзді.

Туғры жолды Тәңірім маған берген,
Олар саған көрсетер жаман ерді.
Қатыннан мұны естіп тағы патша,
Ұйықтайтұғын сарайына жатты патша.

Ертерек орнынан тұрды дағы,
«Баланы алып кел!»—деп айтты патша.
Жалладтар ол баланы алып келді,
Өткір қылыш қолында әзір қылды.

Қырық уәзір тамамы бәрі де отыр,
Он бесінші уәзірі жақын келді.
Он бесінші уәзірі қылды нала:

—Әй, тақсыр, мойын бұрып бермен қара.

Бір әділ, мәшһүр патша болған екен,
Оған бір ұғыл берген Хақ Тағала.
Бір күні ол баласы хаста болды,
Сарғайып зағыпырандай жүзі солды.

Һешбір дауа тәбибтері қыла алмады,
Ақырда дүниядан өлер болды.
Тәбибтер бұ балаға болды аң-таң,
Һешбірі ем болмайды дуа қылған.

Баланы һешбір адам жазбағанға
Патша өз-өзінен қапа болған.
Баласы жылар еді «Атакем» деп,
Атасы жылар еді осыған бек.

—Сенің қатты ауырса жүрегіңіз

Менім де ауырады жүрегім,—деп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша қапасынан қайғы болды,
Сарғайып зағыпырандай жүзі солды.
Қылса да һешбір дауа қыла алмады,
Ол бала қаза жетіп опат болды.

Патша бір дәрігерін алғызды енді,
Ол баланың қарнын жарғызды енді.
Жүрегінде қадалып бір сүйек тұр,
Баласын қабіріне салғызды енді.

Таза арулап, кебіндеп көрге салды,
Көр ішінде бейшара жатып қалды.
Мұндайын оқиғаны көрген халде
Патша тұра алмастан талып қалды.

Патша неше заман қайғыланды,
Сүйегін бір пышаққа сап қып алды.
Бір күні жейін деп ол патша,
Алдына жаңа піскен қарбыз алды.

Патша пышақпенен қарбыз жарған,
Андан кейін жанына тастай салған.
Аз заманда пышақты алып көрсе,
Қарбызға тиген жері еріп қалған.

Патша мұны көріп «Аһ!»—деді,

—Баламның бұ дуасы қарбыз еді.

Әй, халайық, қараңыз бұл пышақты,
Сабының еріп біткен бәрі,—деді.
Һеш дуа қыла алмаған бұған,—деді.
Мұның дерті жабысты маған,—деді.

Көрер көзім дүнияда, мейірбаным,
Қалайша сабыр қылам оған,—деді.
Мұныменен бір қатар заман өтті,
Патшаның күннен-күнге беңзі кетті.

Бұ баланың қайғысы үлкен дерт боп,
Ақырында өзіне қаза жетті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, тақсыр, соның үшін қылдым нала,
Өзіңізден мұндайын туар халал бала.
Бұ күн маған ғұмырын ғапу қылғыл,
Қайырлы ғұмыр берсін Хақ Тағала.

Ұғылын беріп, патша кетті аңға,
Ғажайып, үлкен жұмыс аңдағанға.
«Өлтірем» деп тұрған уәзір алар,
Көңілі иіледі һәрбір жанға.

Үйіне кешке жақын келді тағы,
Һәркімнен патшаның артық бағы.
Қатын және баладан сөз шығарды,
Алдына түрлі тағам қойды дағы.

Патша айтты:—Бір уәзірім тілеп алды,
Зынданыма баланы тағы салды.
Ертең ерте болады не болса да,
Ол бала бұ күн аман қалды.

Қатын айтты:—Өлтірің оны,—деді,
Һеш қабыл алмай жүрсіз мені,—деді.
Ол ұғланың аждаһа, сені жұтар,
Адамның құтылмайды жаны,—деді.

Өлгенше құтылмайсың захматтан,
Қайғылы болсаң керек мехнаттан.
Һәр күнде мен айтамын ақылымды,
Һеш қайырың болмайды хикаяттан.

Харамзада болғаны бұл ұғланның,
Ақырында қиналар шыбын жаның.
Бұрынғы өтіп кеткен замандағы,
Хикаятына ұқсайды патшаның.

Қатын және хикаятын айтар болды,
Патша істің түбін байқар болды.

—Сөйлеші, естиін оны,—дегеш,

Қатын тағы өзіне тартар болды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қатын айтты:—Сөйлейін бір хикаят,
Бұрынғылар жазыпты бір риуаят.
Лұқпанның заманында ұлық патша,
Көрсетті қаһарланып бір сиясат.

Патша бұ Лұқпанға қаһарланған,
Неше, қанша әскерін жиып алған.
Терең құдық ішіне салды дағы
Аузын таспен жауып, тығып салған.

Лұқпанның бір шекләуігі һәм бар еді,
Һәрқашан оны иіскеп жүрер еді.
Құданың хикметіне қараңыздар,
Бір иіскесе қанағат болар еді.

Иіскесе қарны ашпас, сусамайды,
Бойына һешбір бәле жоламайды.
Өз қолымен жасаған оның өзін,
Бұрынғы һәрбір адам біле алмайды.

Мұныменен бірқатар заман өтті,
Бұ патшаға ажалдың уақыты жетті.
Ол патшаның бар екен жалғыз ұғылы,
Атасының орнына патша етті.

Бір күні бұл патша хаста болды,
Сарғайып зағыпырандай жүзі солды.
Бір сүйек тамағына қадалыпты,
Таба алмай дәруін ажиз болды.

Табибтер патшаға жауап айтты:

—Бір Лұқпан табиб бар-ды бек һәйбатты.

Хастаға дуа қылса дүнияда
Һеш жазылмай қалған жоқ захматты.
Онан басқа дәрігерлер бекер еді,
Оның даңқы дүнияға жетер еді.

Әгар келсе қасыңа Лұқпан дәрігер,
Ауруыңа бір дәрмен етер еді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша айтты:—Оның өзі қайда?—деді,
Бар болса іздемекке ойла,—деді.
Әгар келсе саламат қасымызға,
Бір шара қылса керек хайла,—деді.

Олар айтты:—Атаңыз қаһар еткен,
Бір құдықтың ішіне тастап кеткен.
Осы күнде саламат болмақ түгіл,
Сүйектері күл болып, шіріп біткен.

Патша айтты:—Саламат болған шығар,
Өзіне ол бір хайла қылған шығар.
Ол құдықты қараңыз баршаларың,
Осы күнде мақам қып тұрған шығар.

Олар келіп құдықтан тауып алды,
Лұқпанға патша халін айтып салды.
«Лұқпан тірі екен» деп патшаға
Тапқандардан оған да хабар барды.

Лұқпан айтты:—Мен жерге жүргенімде,
Мамықтан төсек керек һәр күнінде.
Күнінде бір ұғыл мен бір қыз керек,
Қойнына жазыламын кіргенімде.

Әуелі жазылайын өзім,—деді,
Патша қылса, әгар, сөзім,—деді.
Мені бұлай патша емдемесе,
Науқасының қыла алман кезін,—деді.

Құдықта Лұқпан солай сөз қатады,
Мұнысын патша да ұнатады.
Күнінде бір ұғыл, бір қыз қасына кеп,
Мамыққа Лұқпанменен бір жатады.

Патшаға Лұқпан келді тағзым күтіп,
Қасына жақынырақ келді жетіп.
Хастасының бір жөнін білмек үшін,
Тамырын, әуел, көрді қолын тұтып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Әй, патша, хасталығың ауыр,—депті,

Өзіңіздің балаңыз бар ма?—депті.
Өзіңізді қаныменен шомылуға,
Ұғылыңның керек екен қаны,—депті.
Болмаса ауруың кетпес,—деді,

Басыңа басқа дәру өтпес,—деді.
Балаңыздың қанына шомылмасаң
Науқасыңыз тіпті де бітпес,—деді.
Патша айтты:—Разымын өлгеніме,

Қабыл қылман баламды көмгеніңе.

—Басқасын өзіңіз біл, емін айттым,

Әй, тақсыр, айып қылма білгеніме.
Осыны айтып ол Лұқпан шығып кетті,
Патшаның науқасы жанына өтті.
Бұдан басқа һеш дуа қыла алмады,

Патша күннен-күнге беңзі кетті.
Лұқпанды және бір күн шақырып алды,
Шақырған соң қасына келіп қалды.

—Әй, Лұқпан, басқа дәру болмас па екен?

Тағы да баян қылсаң осы халді.

—Әй, патша, ұғылың керек қаны,—деді,

Құрбан болсын Аллаға жаны,—деді.
Өзіңіз саламатта ұғлан болар,
Истиғмал қылсаңшы оны,—деді.

—Әй, Лұқпан, ғажаптандым сөзіңізден,

Хастаның пайда болған кезіңізден.
Ұғылымды бауыздасаң, әгар,—деді,
Көрсетпе жырақ қылып көзімізден.
Лұқпан айтты:—Қайғырма бұл ұғланға,

Бір дуа болса керек шыбын жанға.
Алыс жерге бауыздау керек емес,
Көз алдыңа пайдалы бауыздауға.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ұғланды Лұқпанға әкеп берді сонда,
Патша қайғылы боп тұрды сонда.
Ұғланның қол-аяғын берік байлап,
Қолына бір пышақты алды сонда.

—Әй, патша, қара,—деді,—мұның мәнін,

Тамағына хайуанның жақты қанын.
Патша көрген шақта баласын,
«Аһ!»—деп аузынан шықты жалын.
Тамағына қан жағып алып тұрды,

Пышақты тақап сонда салып тұрды.
Лұқпанның қылғанына көзін салып,
Бір азырақ «Аһ!»—деп налып тұрды.
Патша «Аһ!» дегенде даусы қатты,

Сүйегі тамағынан оқтай атты.
Тамағынан сүйегі жерге түсіп,
Патша енді болды саламатты.
Лұқпан ер ол баланы тұрғызады,

Қуаныш патшаға қылғызады.

—Мінеки, ұғылыңыз саламат,—деп,

Мойнын патшаның бұрғызады.
Әй, патша, жан-жағыма алаңдадым,
Ойыма бөтен нәрсе сала алмадым.
Осы қылған хайладан һешбір басқа,

Әй, патша, бұдан өзге таба алмадым.
Патша мұны көріп тахсин қылды,
Лұқпанға хисапсыз мал ихсан қылды.
Құданың бергеніне шүкір қылып,

Орнына бұл баланы патша қылды.
Әй, патша, бұл хикаят оның үшін,
Бауыздады о дағы жаны үшін.
Ол ұғланды бауыздап өлтіргеннен,

Һәлак етіп бұзыңыз мұның түсін.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Әй, патша, ақыл айтам халіңізден,
Харамдық артық емес малыңыздан.
Бұ баланы өлтіріңіз дүнияда,
Өзіңіздің артық емес жаныңыздан.

Дүнияда құтылмайсыз мехнаттан,
Ұғланның туғрасы машақаттан.
Әй, тақсыр, құтылмайсыз уәзірлерден,
Сол патша ауырғандай захматтан.

Патша мына сөзді қабыл алды,
Ұйықтайын деп бөлмесіне кіріп алды.
Тақытына ертеңмен отырды да,
Жалладқа: «Алып кел!»—деп жарлық салды.

«Ұғланды алып кел!»—деп әмір етіп,
Бұйырған соң патша қаһар етіп.

—Мен үшін мұны ғапу қылсаңыз,—деп,

Он алтыншы уәзірі келді жетіп:

—Әй, патша, ғалым сенің дәулетіңе,

Қатынның құлақ қойма насихатына.
Уәзіріңіз сөздерін жерге қойма,
Уәзіріңізге ақыл айтар әділетіңе.
Әй, патша, мағлұм тұр ғой хадис, аят,

Жаман сөзге ерсеңіз кетер дәулет.
Кәләму ан-нәс әла қадри уқулиһим*,
Һәркімнің ақылына көре сөз айт.
Ақылы жетпес істі сөйлемейсің,

Аз ба, көп пе ақылын тартып білсең.
Һәркімнің хал-шамасы қандай болса,
Ақылына қарата құрмет етсең.
Әй, патша, сөз сөйлесе қабыл алың,

Адамдардың өзіне білек салың.
* Адамдардың сөздері ақылының мөлшеріне сай болады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатынның хайла-мәкір тілін алып,
Не болар махшар күні сенің халің.
Білерсіз ақылменен ғаламатын,
Фаһимменен өлшесең асыл затын.

Есітпеген екенсіз, әй, патша,
Бір дәруішпенен патшаның хикаятын.
Уәзір айтты:—Бір патша болар еді,
Патшаның есімі Айдын еді.

Бір күні тақытында отырғанда,
Қасына бір дәруіш келіп еді.
Дәруіш сөз сөйлеп отыр еді,
Һәркім қиын сөз айтса табар еді.

Қандай қиын сөз айтса да бәрін айтар,
Патша бұған қайран болар еді.
Дәруіштің сөздері қош көрінді,
Патша:—Бұ күн қайтпан, отыр,—деді.

Дұға оқып дәруіш разы болды,
Бірқатар сөз сөйлесіп білер еді.
Патшамен екеуі шықты сыртқа,
Патша хүкім қылған тамам жұртқа.

Ол күні күн бегірек суық еді.
Дәруішті патша жағыпты отқа.
Дәруіш бір дұғаны оқып алды,
Құданың хикметімен жанбай қалды.

Мұның өзі шарапатты дұға екен,
Өзінің диуарына жазып қойды.
Патша бұған айтты бір мысалды,
Дәруіш патшаға құлақ салды.

—Мен бір сауал айтайын, дәруіш,—деп,

Бір-бірінің сөздерін қабыл алды.

—Әй, дәруіш, бір патша өткен,

Қасына бір дәруіш келіп кеткен.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Төрт жардың қайсысын сүйейін?—деп,

Дәруішке айтады болған кептен.
Дәруіш айтқан:—Сүймеймін мен оларды,
Қасында бірге жүрген жарандарды.
Патша айтты:—һешкімді сүймеймісің,

Сахаба, әулиелер һәм соларды?

—Патша, көңілінде мұны,—деді,

Һешкімді сүйе алмаймын сені,—деді.
Пәкістан шаһарында бір гөзәл бар,
Әй, патша, мен сүйемін оны,—деді.
Патша ойлар дін үшін күйер еді,

Пайдасы һәр адамға тиер еді.
Әлиді сүйер еді раббысы болса,
Сені болса, баршасын сүйер еді.
Әлгі сөз патшаға қош көрінді,

Дәруішке бихисап малын берді.
Міне патша дәруішке осыны айтып,
Һәрқашан хикаяттар сөйлер еді.
Патшамен сөйлесер неше заман,

Бір күні қайтарға ой ойлаған.
Ол күні ішіп-жеп отырғанда,
Патша ұйықтамаққа ой ойлаған.
Патша айтты:—Әй, дәруіш, қайт,—демеді,

Тағы да хикаяттан айт,—демеді.
Әскері патшадан әдеп сақтап,

—Әй, дәруіш, басыңды тарт,—демеді.

Патша айтты:—Шырақты сөндіріңіз,
Жарық кетсін бұларды көндіріңіз.
Қызметшілер бұ сөзін аңдамады,

—Тағы да бір жауаппен білдіріңіз.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дәруіш айтты қызметкерге:—Тілімді алың,
Ошаққа бір жақсы жарма салың.
Ошаққа ағаш салың, жарық болсын,
Сөзімізді бәріңіз қабыл алың.

Патшаның есімі Айдын еді,
Дәруіштің есімі Иақты еді.

—Шараменен сені мен ұрдым,—деді.

Сен мені жармаменен ұрдың,—деді.

—Әй, патша, шараменен ұрдың мені,

Ағашпенен мен ұрдым сені.
Ошақ екі жағында рахат тауып,
Өткізейік екеуміз дүнияны.
Әй, патша, сізге айтқан мына сөзім,

Дәруіш патшаға айтқан кезін.
Осындай ұятсыз жан болғандарды,
Қайсы бір адамдардан көрді көзің.
Қырық уәзір қол астыңда тұрылды ғой,

Бұлардың даналығы көрінді ғой.
Жақсылығын өзіңізге жамандығы,
Неше дүркін тәжірибе қылынды ғой.
Айтады ғибрат ал деп асыл сөзді,

Осы айтқан сөзіме салғыл көзді.
Бұлардың сөзі бос деп шетке қағып,
Ақымақ қылмасаңшы бәрімізді.
Патша айтты:—Мен қалам қайран,—деді,

Шүбһәсін табамын қайдан?—деді.
Қатынның туғрасынан хақ Пайғамбар,
«Өзіңе дана қатын үйлен»,—деді.
Және айтқан «Дұшпан қатын алмасын,—деп,

Балаша және көңіл салмасын»,—деп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР Иннәма амуәлукум уа ауләдукум фитнәт* еді, Ойлаймын «Бала залым болмасын» деп. Кінәсіз болса неге сөйлемейді? Себебін сұрасам да үндемейді. Ашылмас менім көңілім сөйлемесе, Жақсы деп, не жаман деп жөндемейді. Ойлаймын: «Құр емес,—деп,—жамандықтан» Көңіліне бір фитна толғандықтан. Сөйлеуге құдіреті жоқ қой деймін, Өзіне сенімі кем болғандықтан. Уәзір айтты:—Бір себеп бар-дүр,—деді, Соның үшін уәзірлер тілер,—деді. Уаллаһу индәһу әжрун азим** деген, Үлкен күнә қылса да сөйлер,—деді. Патша мұны көріп қабыл алды, Баланы зынданына тағы салды. Қасына қанша әскер ертіп алып, Аң аулап жапан түзге кетіп қалды. Қасында жолдасы бар батыр, мықты, Патша көп дұшпанын жерге тықты. Баршасы аңды іздеп жүргенінде, Бұлардың бір жағынан айқай шықты. Айқайға бұлар сонда кетті шауып, Ол күні ала алмады аңды тауып. Патша жолдасынан жалғыз қалып, Көңіліне қорқу түсіп, қылды қауіп. Жолдасын таба алмады қарап жүріп, Патша жан-жағына мойнын бұрып. «Бұлай болмас, бір хикмет бар шығар» деп, Қорыққаннан киім киді алмастырып. * Ақиқатында, сендердің дүниелерің және балаларың сендер үшін бүлік. ** Алланың жанында үлкен сый бар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша жолдасы жоқ жалғыз жүрді,
Бір мүсәпір үйіне келіп қонды.
Ертең ерте ол үйден шықты дағы,
Даладағы қойшыға душар болды.

Патша ол қойларға көзін салды,
Бір жетім қозы көріп қайран қалды.
Ол қозы бір қойға жақын барса,
Мүйізіменен қозыны сүзіп қалды.

Ол қозы әлгі қойдан күдер үзіп,
Барады екіншіге көзін сүзіп.
Ол қой келіп сүзгенде жығылыпты,
Енді қойға бармады мүлде безіп.

Патша айтты:—Мына қозы кезер,—деді,
Неліктен қойдың бәрі сүзер?—деді.
Қойшы айтты:—Анасы өлген оның,
Сол себептен күдерін үзер,—деді.

Патша мұны ойлап: «Алла,—деді,
Һәркімді мұндай күйге салма»,—деді.
Бұдан былай тағы да жүре-жүре,
«Кешегі жолдастарым қайда?»—деді,

Қойшыдан айырылып ол жүре берді.
Бірталай алған екен талай жерді,
Патша тағы да жүре-жүре,
Жолдасынан айырылған жерге келді.

Шаһзада қайғылы бір басынан,
Мехнат пенде көрер Алласынан.
Патшамыз ол жерде тұра тұрсын,
Айырылған мен айтайын жолдасынан.

Айқай жаққа бәрі де шауып кетті,
Һешбір нәрсе көрінбей тарап кетті.
«Патшамыз үй жаққа кеткен екен,
Біздер де кідірмейік енді»,—дейді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Кідірмей бұлар бәрі үйге келді,
Хамалшыға:—Келді ме мұнда?—депті.
Нәубетші-хамалшылар:—Келген жоқ,—деп,
Сұрасып бір-бірінен білді-ау,—деді.

Нәубетшілер бас уәзірге хабар берді:

—Патшамыз келген жоқ бүгін,—деді.

Бас уәзір айтады нәубетшіге:

—Зынданның аузында тұрғыл,—деді.

Өзі келіп шаһарды аралады,
Қанша іздеп патшаны таба алмады.
Бір уәзірге, қызметшіге бұйырады,
Һеш дәрмен, сабыр, қарар қыла алмады.

Уәзірге, айтты қызметшілерге:—Барғыл!
Бір хабарды оларға салғыл,—деді.
Өзің оған қосылып далалардан,
Патшаны іздеп тауып алғыл,—деді.

Һешкімге білдірмесін сырын,—деді,
Айырылған қарасын жерін,—деді.
Кешегі жерлерінен таба аларда,
Патшаны үйіне алып келің,—деді.

Уәзірі: «Жарайды»,—деп жүріп кетті,
Қызметші әскерге келіп жетті.
Қатын және бұ халді көрген халде,
«Патша келмеген» деп қайран етті.

Қатын да бас уәзірден сұрап білді,

—Бұ кеше бір зор мүшәурат бар-дүр,—деді.

Келсе де қатын жанына патша бармас,
Мұнда бір уақиға, хал болған,—деді.
Қатын және ішінен ой ойлады,
Ойды ойлаған һеш қоймайды.

«Бұлар менім пайдама істегендер,
Мұнда бір шаттық бар-дүр» деп ойлады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қызметшілер патшаны іздеп кетті,
Кешегі жерлеріне барып жетті.
Патша да ол қонған ауылынан,
Бұларға душарласып қуаныш етті.

Қызметшілер патшаны келіп көрді,
Біреуінен бас уәзірге хабар берді.

—Мен де патшаның алдынан шығайын,—деп,

Арғымағын секіртіп жүре берді.
Бұл арада патша ой ойлады,
Жақсылық-жамандықты бек ойлады.
«Ұғланды бұлар патша қылған екен,

Енді маған ағу берер,—деп ойлады.
Енді білдім бұлардың қасын,—деді,
Ішпейін маған берген асын,—деді.
Қатын сөзі тегінде рас екен,

Бекерге әуре болған басым»,—деді.
Уәзір келіп патшаға сәлем берді,
Жер өбіп алдында жылай берді.

—Әй, тақсыр, далада жалғыз жүрмек,

Сіздерге лайық емес бұлай,—деді.
Шаһзада және жатыр зынданында,
Бәріміз іздедік бүгін түнде.
Бас уәзір қызметшіге мені қосып,

Жіберді сізді ізде деп мені мұнда.
Патша айтты:—Баланы шығарды ма?
Бас уәзір сіздерге бұйырды ма?

—Әй, тақсыр, зынданнан шығарған жоқ,

Тысқары әділдігіңнен болар деме.
Әй, патша, біз іздедік сені,—деді,
Бұйырды әскерменен мені,—деді.
Түн болғанда қақпаға кіргізбейді,

Бұйрықсыздың жөні бола ма?—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша бұған дағы тұрды нанбай,
Уәзірлердің сөзіне құлақ салмай.
Уәзіріне бір сөзді айтып салды,
Патша мінезіне шыдай алмай.

—Бас уәзір сізді іздеп жүрді,—деді,

Һеш адамға айтпады сырды,—деді.
Мені сізге іздете жіберді де,
Өзі жолдың аузында тұрды,—деді.
Патша сөзін айтты енді нанып,

—Әй, уәзір, тыңда,—деді,—құлақ салып.

Бас уәзірге сен тағы барғыл,—деді,
Ол үйге қайта барсын хабар алып.
Ол үйге енді тағы барсын,—деді,
Жалладтарға хабарым салсын,—деді.

Қазір біздер қайтуға күн ерте ғой,
Олар дағы қуанып қалсын,—деді.
Біреуі бас уәзірге келді жетіп,
Патшаның барлығын мағлұм етіп.

Патшамыз келгенше сабыр қарар,
Һәрбірі өз орнында тұрды күтіп.
Патша кешке үйге қайтып келді,
Уәзірін көрген халде шаттық қылды.

Сарайына келді де қатынменен,
Тағам ішіп отырып тамам қылды.
Қатыны жәбір көрді патшадан,
Кешегі бастан кешкен уақиғадан.

Падиша бастан кешкен әңгімесін,
Бірін қоймай сөйледі бәрін тамам.
Қатыны бұған айтар әңгіме қып,
Дәрімен көзін қызартқан жылаған боп.

Алдады падишаны бұл хайламен,
«Мен үшін қатын жылаған десін де» деп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатын айтты:—Мұндай іс болған екен,
Уәзірлерің сақтанып тұрды бекем.
Бұ жолы һешбір зарар болмаса да,
Екіншіде бір жаман болады екен.

Далада қалмақтығың жарамайды,
Кімнің дос, кімнің қас екенін жан білмейді.
Алладан келген қаза өзі басқа,
Оған һешкім қайранды қыла алмайды.

Уәзірлер бұ жолында қылмас,—деді,
Екіншіде, сені аман қоймас,—деді.
Ұғланды орныңа патша қылып,
Көңілін басқа жанға бұрмас,—деді.

Бұ баланы үйреткен соң жауыздыққа,
Ғұмырында келмейді жақсылыққа.
Бұл бала бір күн болар, сен өлерсің,
Һеш ғибадат қылмайды жалғыз Хаққа.

От мысалды болады патшалар,
От дегеннен қорқады арысландар.
Арыслан болсаң дағы сақтанмағың,
Ақырда бұ басыңа қайғы болар.

Бұған мысал ұқсасы бар-дүр деген,
Қара құлақ арысланменен бірге жүрген.
Қара құлақтан сұрады:—Не себептен,
Бұ арыслан қасына жүрдің?—деген.

Ол айтты:—Бұ жыртқыш жануар-дүр,
Өзінен кішілерді аулаған-дүр.
Асағаннан қалғанын мен асармын,
Бұдан мен қорқамын арыслан-дүр.

Бұған мен жалынамын дұшпан көрсем,
Маған пайда тілейді жақын жүрсем.
Бұдан және қорқатын бір себебім,
Жолбарыс деп мені жыртар жақын келсем.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ақылды адам осындай болсын,—деді,
Патшадан қорқысып жүрсін,—деді.
Патшаның жанында қара кісі,
Қара құлақ секілді болсын,—деді.

Қара кісі патшаға тимей өтсін,
Маңайына жоламай алыс кетсін.
Қурбе сұлтан атэш сузан буд*,
Патшадан артығына қанағат етсін.

Қара құлақ қанағат қылса арысланға,
Кісілер сондай керек патшаларға.
Алығына кішілер қол созар ма?
Дүнияда қанағат керек барша жанға.

Дұшпан келсе патшаға сынамақтық,
Һәрқашан алдына кеп жығылмақтық.
Үмітпенен қорқыныш арасында,
Өлшеп сөйлеп білемін ұнамақтық.

Бір сөзбенен адамдар мансап табар,
Бір сөзден мансабынан түсіп қалар.
Бір сөзбенен адамның басы кетер,
Сөйлеген сөз мылтықтың оғы болар.

Ауыздан бір шыққан сөз қайта келмес,
Тілегін залымдардың Тәңірім бермес.
Әділ сөзді сөйлеген түзу адам,
Мылтықтың оғыменен атса да өлмес.

Айтайын Махмуд патша хикаятын,
Қалайша көрсеткен ғазаблығын.
Есітпеген екенсіз, әй, патша,
Хасан мүмінді уәзірдің мүһләтін.

Патша айтты:—Сөйлеші, естиін,
Көңіліңдегі күнәңді кешіртейін.
* Сұлтанның айналасы оттай ыстық болды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Хақ болса сенің ісің шүбһәсіз,
Бастарын зұлымдардың ұшыртайын.
Қатын айтты:—Патша Махмуд өзі,
Бір уәзірі бар еді нұрлы жүзі.

Есімі уәзірдің Хасан еді,
Өзіне себеп болған жалғыз сөзі.
Патша уәзірліктен түсірді енді,
Қазынаға салыпты малын енді.

Хасан мүмінді не қылсын сабыр етіп,
Көшеде тентіректеп жүреді енді.
Көшеде жалғыз өзі жүреді енді,
Ойнаған бір топ бала көреді енді.

Баланың бірі—уәзір, біреуі патша боп,
Уәзірді түсірмекке келеді енді.
Уәзір болған бала айтады патшаға:

—Мені неге қалдырдың оңашаға?

Сен өзің әділмісің, емеспісің?
Отырсың хүкім қылып дүнияға.
Патша болған бала айтады:—Әділмін,—деп,
Сені мен уәзірліктен түсіремін,—деп.

—Мен бір жауап айтайын, әй, патша,

Бір азырақ айтамын сабыр қыл,—деп.
Мен өзім пақыр едім келмей тұрып,
Қолыңда сенің уәзір болмай тұрып.
Саған келіп бай болдым, міне,—деді,

Қайтадан өзің алдың Құдай ұрып.
Өз малымды өзіңіз алдың,—деді,
Мені мұндай бәлеге салдың,—деді.
Енді менім ғұмырымды қайтарып бер,

Біле алмай осы жерін қалдың,—деді.
Патша болған бала таппады һешбір шара,

—Қайтадан уәзір бол, әй, бейшара!

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Мұны естіп Хасан уәзір үйге келді,
Жақсыға жол береді Хақ Тағала.
Баланың сөзіндей қып жазды бір хат,
Патшадан хабар алды қылып құрмет.

«Қайтадан уәзір болсын Хасаным» деп,
Тағы да кешіктірмей берді рұқсат.
Әй, патша, мына сөзім тыңда,—деді,
Ақырында ғапыл боп қалма,—деді.

Білген кісі «фаһим» деп сөзін айтар,
Жаман сөзге құлағың салма,—деді.
Бұ сөз өзі үш түрлі болған сөз-дүр,
Біреуі—Хақ, екеуі тек аббас-дүр.

Жалған сөз ғайбатпенен бұл екеуі,
Миға салып қараңыз қашан тұз-дүр.
Дана сөзді айырар дана кісі,
Наданның хайуандай қылған ісі.

Хайуанша қарны ашумен тоғын іздер,
Ақылменен жөн табар білімдісі.
Осы бала ақылдыдай жөн таба алмас,
Кінәсі мойнында үндей алмас.

Ертең аман бермей өлтіріңіз,
Болмаса өз жаныңа қылады қас.
Патша мұны естіп қабыл етті,
Ішінде сарайының ұйықтап кетті.

Ертеңмен орнынан тұрды дағы,
«Баланы алып кел!»—деп әмір етті.
Баланы алып келді жалладтары,
Қасында бірге отырды уәзірлері.

«Иә, тақсыр, бұ күнше ғапу қыл»—деп,
Жылады патшаға баршалары.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Он жетінші уәзір айтты:—Асықпаңыз, Қазір де кінәлі емес бұ балаңыз. Күнәһілі ма, балаңыз күнәһісіз бе, Анық мағлұм болған жоқ, сіз ойлаңыз! Асықпақтық болады шайтан ісі, Істі айырмай қыла ма білген кісі. Иннә Аллаһу лә иуахиз уммати ғамма хадасат биһи ан фусиһа, Ма ләм тәтәкәлләм биһи ау тағмал биһи*. Осылай Пайғамбарым бар хадисі, Пайғамбар хадис айтып қылды кеңес. Білген жан осы сөзін жалған демес, Тілмен сөйлеп, қолымен істегенше. Жамандықты ойлағанымен күнәһілі емес, Қияметте Тәңірім сұрар балаңызды. Нақақ жаптың балаңа жалаңызды, Сол халде айтасыз не деп жауап? Кезінде куәһ тұтар бәрімізді, Қатыныңның ақылын білдің бе?—деп, Тексеріп әділ патша болдың ба?—деп. Күнәһілі ме, күнәһісіз емес пе еді, Шариғаттың хүкімімен қылдың ба?—деп. Бұл күнде қайсы таза, сіз білмейсіз, Сол себептен айырып жөн демейсіз. Осы күнә қатыннан бола қалса, Қияметте, әй, тақсыр, сіз не дейсіз? Басыңызға машақат, қайғы келер, Әй, патша, алда қандай заман болар?! Ер адамның шәһуаты жалғыз екен, Ұрғашыда шәһуат тоғыз болар. * Расында, Алла менің үмбетімді жамандықты тілмен сөйлеп, қолмен істемейінше кешіретін болады.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жәбірейіл Алладан келген екен,
Адамға он алманы берген екен.
«Жегізбеңіз Хауаға мұны, сірә,
Шәһуаты көп болар» деген екен.

Жәбірейіл Хақтан келді кісі болып,
Алманың іші тұрған дәнге толып.
Біреуін жеп, Адам ата кетіп қалды,
Ұжмақта бір дарурат ісі болып.

Адам ата ұжмаққа кеткен екен,
Хауаға «Бұ тоғызды жеме» деген.
Шайтан келіп Хауаға ағуа қылып,
Бәрін де Хауа түгел жеген екен.

Шайтанның уасуасын қабыл алды,
Көңіліне уасуасылық сөзін салды.
Еркектің біреу жеген шәһуаты аз,
Сонан бері адамға мирас қалды.

Әйелдің шәһуаты көп қабағат,
Тоғызын жеп Адамнан болды-ау ұят.
Қатындардың шәһуаты көп дегеннен,
Мысал үшін айтайын бір хикаят.

Уәзір айтты:—Мекке мен Мәдинеде,
Бір жылы аштық болды дүнияда.
Бір қатынның бар екен көп бидайы,
Сауда қылып отырды бұ шаһарда.

Бұл қатынға бір жақтан жігіт келді,

—Бидайыңнан сатыңыз маған,—деді.

Қатын және жігітке ғашық болып,

—Қосылар уақыт бар ма саған?—деді.

Әй, жігіт, бидай берем келгеннен соң,
Көңілімнен сені жақсы көргеннен соң.
Меніменен қосылып зина қылғыл,
Мен саған ғашық болдым білгеннен соң.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мен саған бір жүк бидай берем,—деді,
Сенімен бірге өзім жүрем,—деді.
Хақысыз бір жүк бидай берген халде,
Айтатын ақылыңа ерем,—деді.

Мұны естіп ол жігіт жеді уайым,
«Қалайша құтыламын,—деп,—әй, Құдайым.
Мен бұған қосылмайын бермесе де»,
Ойлапты көңілінен сары уайым.

«Құдай-а, бидай іздеп мұнда келдім,
Залым қатын қолына душар болдым.
Құдай-а, разымын не қылсаң да,
Жақсы-жаман ісіңе шүкір қылдым».

Қатын айтты:—Қосылмасаң маған,—деді,
Бір уақиға қыламын саған,—деді.
Мына жігіт келді де мені басты,
Сабырың бола ма екен оған?—деді.

Үйімді басты келіп мені,—деймін,
Қосылмасаң өлтіремін сені,—деймін.
Онанда меніменен ғишрат қыл,
Айтатын не жауабың бар енді?—деймін.

Мұны көріп ол жігіт қылды нала,
«Қалайша құтыламын,—деп,—Хақ Тағала?
Бидай алып үйіме барғанменен,
Басыма мына қатын болды пәле.

Құдай-а, хабарыңа қылдым тәуап,
Мұнымен зина қылсам, болмас сауап.
Қиямет күн періште сауал сұрса,
Беремін құдіретіңе не деп жауап?

Әгар зина қылмасам, рәсуа қылар,
Қиямет күн сұрау—сауал болар.
Мәңкүр-нүңкір қасыма келсе жетіп,
Мен ғаріптің заманы қандай болар?»

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Мұны айтып ол жігіт қарап тұрды,
Бір аулақ жерге таман барып тұрды.
«Осы жерде еркек ағзам» кесейін деп,
Қолына бір пышағын алып тұрды.

Пышақ алып ағзасын кеспек болды,
Қазірде шыбын жаннан кешпек болды.
Дүнияда күнәдан таза болып,
Ақыретте кәусар шарап ішпек болды.

Құдайдан бір тілекті тіледі енді,
Бір аулақ таса жерге келеді енді.
Ағзасын кесейін деп тұрғанында,
Жүретұғын бір жолды көреді енді.

Ол жолмен тысқа шығып жүре берді,
Бірталай жүк тиеген бидай көрді.
«Құданың маған берген бақыты шығар»,
Аяңдап жігіт байғұс соған келді.

Он түйе тұр үстінде жүктер артқан,
Һәр түрліден һәрқайсысына артқан-тартқан.
Құданың бергеніне шүкір қылып,
Баршасын алып жігіт үйге қайтқан.

Мұны алып жігіт ғаріп үйге келді,
Бидайды алды дағы шүкір қылды.
Пендеге Тәңірім берсе қиын емес,
Мұнымен неше заман шаттық болды.

Қарады залым қатын үйдің бәрін,
Жігіт таба алмады бір хабарын.
«Үйімді бір жігіт кеп басқан-ды»,—деп,
Өзінің шаһарына айтты бәрін.

Кісі жиып қараса, жігіт кеткен,
Қарағандар қайран боп ғажап еткен.
Қатынның залымдығы қабыл болмай,
Үйіне қайтып кетті адам біткен.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,
Қатынның нәпсі арзусын білемісің?
Асықпай тәптіш қылып байқамасаң,
Балаға мәкірлігі еріспесін.

Қатынның шәһуатын сіз ойлап біл,
Әйел деген дүнияда ынсапсыз құл.
Тыймастан бетіменен қоя берсе,
Күнінде ойнас қылар жеті мезгіл.

Жалғыз-ақ өз ерінен қорқып қылмас,
Шариғат бұйрығынан һеш кете алмас.
Асыл зада дана боп туған қатын,
Харамнан өзін-өзі тыймай қоймас.

Шаһзаданы патшадан алды тілеп,
Уәзірдің қабыл көрді сөзін елеп.
Патша тағы аңға кетіп қалды,
«Заманы әлдеқандай болады» деп.

Патша аңын аулап қайтып келді
Сарайына, тағамға әзір болды.
Қатын тағы ұғланнан хабар сұрды,
Қатынға естігенін баян қылды.

Қатын айтты:—Айтайын, мұны біл,—деп,
Бақарат хәкім айтқан хадис бұл,—деп.
Кун фил хирси әла таффақуди ғуйубик
лиғадууика*,

Өз ғайыбыңды бітірерге ижтиһад қыл,—деп.
Аплатон патшада бір сөз біткен,
Екі патша екі сөз жазып кеткен.
«Дос-дұшпаным сүйінсін» деген адам,

Қас қылғанды өлтіріп тамам еткен.
Ойлаймын арманда боп кетерсің,—деп,
Харамға жаман ауып етерсің,—деп.
* Сен дұшпаныңа өз айыбыңды көрсетпеуге тырыс.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Дос сүйініп, дұшпаным кейісін десе,
Өзінде болған айыпты бітірсін,—деп.
Мен болмасам тез һәлак етер еді,
Мұратына өздері жетер еді.

Әлхамдуллилаһи күнәһтан пәк болдым мен,
Күнәмді барша уәзір күтер еді.
Уәзірлерің жиылып баланы аяр,
Һәркімге залымдықпен сөзін жаяр.

Сеніменен баланы бұзып жүрген,
Әй, патша, уәзірлерің—бәрі аяр.
Оның сен құлақ салдың ғаламатына,
Ойың кем қатыныңның насихатына.

Қырық аяр бұрыңғыда болған екен,
Дәл соның болар ұқсар хикаятына.
Патша «естимін» деп қылды мейіл,
Қатынның ойлағаны—харам пейіл.

—Жұртыма әділ болып тұрсам дағы,

Осы жұмыс болды ғой маған залал.
Қатын айтты:—Мен сіздерге сөздерім бар,
Бұрыңғыда бар екен Бағдад шаһар.
Қырық аяр бұл мекенде болған екен,

Құлақ сал бұ сөзіме, патша жар!
Қырық аярдың біреуі ұғлан бала,
Бұларды аяр еткен Хақ Тағала.
Біреуі бір алтынды шығарды да:

—Тағамға кім барады, бермен қара?

Әкелсе халуаны біреу барып,
Бір халуалық барса екен, алтын салып.
Халуаны алған соң өзіменен
Алтынды келсе,—деді,—бірге алып.

Үндемей бәрі отырды сабыр етіп,
Бір ұғлан «Барамын» деп келді жетіп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол бала халуаға кетіп қалды,
Бұлар мұны келгенше қалды күтіп.
Ол ұғлан келіп жетті халуашыға,
Халуа, шарап алыпты бұ сомаға.

Алтынды қойған жерден алып кетті,
Халуашы біліп айтты: «Уаһ, дариға!»
Халуашы қолына алды екі құмған,
Ол үйден жеткенінше кетті ұғлан.

Ұғлан үйге жетпестен бұрын барып,
Есігінің алдына барып тұрған.
Үйіне ұғлан қазір жетіп келді,
Аяры есікте тұр мұны көрді.

—Алтынды алдың ба, сен?—дегенде

Жолдасым деп, «Менде» деп жауап берді.

—Маған бер,—деп ұғланнан алтын алды,

Құмғанын ұғланға бере салды.

—Су толтырып құмғанға келші,—десе

Байқамай, ұғлан сонда қабыл алды.
Алтынын халуашы алып кетті,
Ол ұғлан құмған алып суға жетті.
Қолында алтыны жоқ құмған алып,

Қасына жолдасының жетіп кепті.
Жолдастары:—Алтының қайда?—деді,
Ұғлан айтты:—Біріңе бердім,—деді.
Һешбірі жолдасының алғаны жоқ,

Халуашы алғанын енді білді.
Халуашы үйіне ұғлан кетті,
Есігіне тағы да барып жетті.
Қатынның суретінде өзін қылып,

Үсті-басын сұлулап, құп түзетті.
Аярды есігінде тұрды күтіп,
Сол халде халуашы келді жетіп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қатын болып аярдың көңілін алып,

—Алтынды маған бер,—деп қолын тұтып.

Мен тұрмын сені күтіп сасып,—деді,
Есегім көшеге қашып кетті.
Алтыныңды маған бер алып қоямын,
Жылдам тауып алуға асық,—деді.

Алтынды ұғланға тағы берді,
Есекті іздеп көшені қарай берді.
Есекті халуашы іздегенде,
Алтынды алып үйіне жүре берді.

Есекті таппай үйіне қайтып келді,

—Таппадым,—деп қатынына жауап қылды.

—Не нәрсе таппадың?—деп айтты қатын,

—Есегім,—деп халуашы айта берді.

Бай айтты:—Мен таба алмай үйге қайттым,
Қатын айтты:—Есек деп қашан айттым?
Диуана болғаның ба өзің?—деді,

—Көңілімді қарап тұрып жабырқаттың.

Халуадан үйге қайтып келдім,—деді,
Есікте бір қатынды көрдім,—деді.
Сен екен деп алтынды оған беріп,
Есек іздеп көшеде жүрдім,—деді.

Ол ұғлан екенін енді білді,
Аярлардың есігіне барып тұрды.
Ұғлан мұнда мұнан бұрын келгені жоқ,
Жолдасым деп аярды тағы көрді.

—Алтынымды алдың ба, ұғлан?—деді,

Байқамай ұғлан тағы «алғам»,—деді.
Алтынды баладан алды дағы,

—Мінеки, суға барсаң құмған,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құмған алып ол бала суға кетті,
Алтынмен халуашы үйге жетті.
Алтыны жоқ тағы да суын алып,
Жолдасына тағы да жетіп кепті.

Алтын жоғын тағы да бала білді,
Жүгіріп халуашыға жетіп келді.
Қатынымен халуашы ұйықтап қалған,
Екеуінің арасына кіріп келді.

Бір уақытта:—Алтының қайда?—деді,
Аярлар алады,—деп,—ойла,—деді.
Алтынды берік жерге тығайын мен,
Сақтанбай бостау жерге қойма,—деді.

—Жүгіңнің арасында алтын,—деді,

Берік жерге тығып қой, қатын,—деді.
Аяр келіп тағы да алмасын ол,
Ұғлан аяр адамға батыл,—деді.
Алтынды ұғлан алып жетіп келді,

Жолдасы мұны көріп қайран қылды.
Бұлар ұйықтап қалғанша келген екен,
Алтынды көрді дағы күле берді.
Қырық аярлар:—Білмедің мұны,—деді,

Біз тамаша қыламыз сені,—деді.
Аярлықты біздерден оздырдың сен,
Біздерге қиын болар жөні,—деді.
Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,

Сөйлегенім ғибрат білемісің?!
Бұ баланың аярлығы сол секілді,
Бұдан былай ұғланға келмес күшің.
Ұғланның сөйлемеуіне алданбаңыз,

Соңында өкінумен құр қалмаңыз.
Уәзірлердің бәрі мұндай аярлар-дүр,
Оларға ақыл айтып сөз салмаңыз.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша қатынынан мұны біліп,
«Ертеңмен өлтірем,—деп,—һәлак қылып».
Қатыны разы болып қала берді,
Ұйықтауға сарайына жатты келіп.

Ертеңмен тақытына келіп мінді,
Қасына уәзірлері келді-ау енді.
Жалладқа «Басын кес!» деп бұйрығымен,
Қаһарын ұғланға қылды-ау енді.

Жалладтар жетіп келді қылыш алып,
Патша отырған соң қаһарланып.
Он сегізінші уәзірі жетіп келді,

—Бұ күнше ғапу етіп мейірің салып.

Әй, әпендем, ғапу қыл, көңілің келсе,
Патшаға уәжіп-дүр екі нәрсе.
Әуелі, өз халқыңа рахмат етіп,
Екінші, мархабат-дүр ашу келсе.

Ғұмыры ұзын бұлай болған патшаның,
Мехнаты көп болар дүнияның.
Қаза келсе, көрер көз болар көрмес,
Қайда болса құтылмас шыбын жаның.

Хақ Расул білмеймісің шариғатын,
«Мақұлықтарға сал деген мархабатын.
Періштелер рахмат айтар»,—деген,
Әй, патша, қабыл қыл менім датым.

Патша мархабатты болса, әгар,
Жомартқа көп болады жан достар.
Сұлтан Махмуд патшаның хикаяты,
Дәл сізге ұқсайтұғын сөздері бар.

Патша:—Естиін оны,—деді,
Ұғланның саламатта жаны,—деді,
Сұлтан Махмуд дегенің не деген сөз?
Біздерге қалай ұқсар халі?—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Уәзір айтты:—Сұлтан Махмуд болған екен,
Бір күні сайрандықта жүрген екен.
Далада бұл патша жалғыз жүрді,
Әскерінен айырылып қалған екен.

Патша сол уақытта жалғыз жүрді,
Алыстан жалғыз атты кісі көрді.
Қасына бұл патша шауып келіп,
Бір-біріне жолығып сәлем берді.

Патша айтты:—Сен өзің кімсің?—деді,
Не істеп бұ далада жүрсің?—деді.

—Жерім менім мемлекет білмесеңіз,

Асылымды ата-анам білсін,—деді.
Бұ кісінің сөзіне ғажап етіп,
Қасына тағы жақын келді жетіп.
Қара есекке мініпті, киімі қара,

Патшаға бармаққа ойы кетіп.
Патша айтты:—Барасың қай тарапқа?
Ол айтады:—Барамын патша жаққа.

—Не мұратың бар?—десе, ол айтады:

—Он мың теңге патшадан сұрамаққа.

Борышымнан құтылармын оны берсе.
Патша айтты:—Қайтесің ол бермесе?
Ол айтты:—Мың болмаса жүзді берсін,
Бермесе қала берсін мақұл көрсе.

—Бермесе,—патша айтты,—тағы жүзді,

Қайтесің себебін оның өзіні?

—Есегім төрт аяғы қатынының пәленіне,

Ол айтып жүре берді осы сөзді.
Патша ғажаптанып жүре берді,
Кешке жақын болғанда үйге келді.
Патшалық тақытына отырған соң,

Есікші шақырып алып келді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Менім айтқан сөзімді білсін,—деді,

Қара есекті бір адам келсін,—деді.
Қарадан киім киген арық кісі,
Келгенде маған жібер, кірсін,—деді.
Мұны естіп есікші шығып кетті,

Ол кісісі қақпаға келіп жетті.
Сәлем беріп патшаға отырды да,
Қарағанда таныды да дұға етті.

—Он мың теңге сұраймын сізден,—деді,

Борышты алмағы бар бізден,—деді.
Патша айтты:—Он мыңды Алла берсін,
Адамнан табыла ма тезден?—деді.

—Патша, һәм сіз маған мыңды берсең.

Патша айтты тағы да:—Алла берсін,

—Мың болмаса жүзді бер,—деген екен.

«Алла берсін» дегенде:—Көзің көрсін,
Қасыңа борышы бар келді,—деді,
Әй, патша, саламат бол енді,—деді.
Қара есегім есікте байлаулы-дүр,

Сізге айтар сөзім жоқ енді,—деді.
Шықты да қайтайын деп жүре берді,
Есікші айтты:—Алғаның жоқ сенің,—деді.

—Есегім төрт аяғы өз жолыма,

Бермесе жүрем енді өзім,—деді.
Патша бұл айтқанды мақұл көрді,
Он мың теңге қолына санап берді.
«Қара есек есікте байлаулы» деп,

Осы сөз мирас болып қалған енді.
Патша айтты:—Борышқа жетер,—деді,
Һешбір сөз сөйлемейді бекер,—деді.
Мұның ойы мехнаттан рахат таппақ,

Бермесең өз жөніне кетер,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, патша, ұғлан үшін қылдым нала,
Қайырлы ғұмыр берсін Хақ Тағала.
Енді бұл хикаятым тамам болды,
Бұған ұқсас бір сөзім бар-дүр және.

Бір қожа һүндістаннан барды,—деді,
Бағдатқа сапарын салды,—деді.
«Қандай малды аламын бұ шаһардан?»
Жолда тұрып пікірде қалды,—деді.

«Не болса да шаһардан білейін,—деп,
Жақсы-жаман малдарын көрейін»,—деп.
Мал алмағы шаһарға кірген,—деді,
«Базарын мен аралап жүрейін»,—деп.

Мұны ойлап шаһарға кірген,—дейді,
Ол шаһар базарында жүрген,—дейді.
Бір жігіт өз сақалын жұлып алып,
Бұ қожаның қолына берген,—дейді.

—Әй, қожа, біліп едім келгеніңді,

Бұ шаһарда мал үшін жүргеніңді.
Менім берген малымды разы болып,
Жүз теңге үшін алыңыз бергенімді.
Қожа сонда қағазын ашып тұрды,

Сақал түгі екенін көзі көрді.

—Мұны мен не нәрсеге жаратамын?

Һеш нәрсеге тұрмас,—деп жауап берді.
Дәруіш айтты:—Ал дағы ақшасын бер.
Қожа бұған:—Бір ақша бермейін,—дер.
Жігіт айтты:—Жүз сомға тұрмай ма осы?

Жүз болмаса тағы да бағасын көр.
Қожа айтты:—Керек болар не нәрсеге?
Дәруіш айтты:—Тұрмай ма он теңгеге?
Қожа тағы:—Он сомға тұрмас,—деді,

Алғанменен жарайды сақал неге?

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Дәруіш айтты:—Тұрмай ма бес сомға да?
Қожа айтады:—Тұрмайды оған және.

—Бес сомға сақалыңыз татымаса,

Неге алып жүресіз дүнияда?
Мал іздеп келген болсаң осы тұсқа,
Әй, қожа, сенің өзің ақылың қысқа.
Сақалың бес теңгелік болмаған соң,

Неге асып жүресің бекер, босқа?
Дәруіштің бұ сөзі қош көрінді,
Ол қожа оған жүз сом ақша берді.
Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,

Һәрқашан сондайларды қабыл көрді.
Әй, патша, дос көрмеңіз бұ жалғанды,
Һәлак нәрсе демеңіз ойға алғанды.
Һәрқашан патшаға уәжіп болар,

Орнынан тұрғызбақ жығылғанды.
Он сегізінші уәзірі тілеп алды,
Баланы зынданына тағы салды.
Аңнан қайтып тамақта отырғанда,

Қатын тағы баланы сұрай қалды.

—Бір уәзірім тіледі бұ күн тағы,

Уәзірлерім болады ұғлан жағы.
Зынданға салдым дағы аңға кеттім,
Не болады ақырда сөз аяғы.
Қатын айтты:—Басыңнан дәурен өтер,

Балаңыз патша болып қаза жетер.
Дәркүмән болғаныңыз сақтық емес,
Жаһанда қорлық болмас мұнан бетер.
Әй, патша, бұ балаңыз өзі затсыз,

Тақытыңа бір күн мінер мехнатсыз.
Бойында заты да жоқ, ілімі жоқ,
Харамзада туғаны өзі ұятсыз.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Хисап несіп білмейді арасының,
Патшасы бұ шаһар қаласының.
Хикаятың хикаятына ұқсар екен,
Бұрынғы бір саудагер баласының.

Патша айтты:—Таппадым һешбір шара,
Хикаят естимін бірер пара.
Сөйлеші, естиін нешік екен,
Тыңдайын оны және айтып қара.

Қатын айтты:—Урфа деген шаһарында,
Бір етікші тағы да болған онда.
Бір дәруіш келіпті бұған және,
Етігін жыртылғанын көрді сонда.

Жыртығын етігінің жамап берді,
Дәруіш бек қабағат разы болды.

—Әй, етікші, сен рас мені аясаң,

Жүрегімнің тесігін жама,—деді.
Етікші құрметтеді тағам беріп,
Етігін жамап берді тамам қылып.
Ол дәруіш қуанды енді бұған,

Мархабатты болғанға жалғыз жүріп.
Етікші айтты:—Сапарға жүрем,—деп,
Алланың не салғанын көрем,—деді.
Маған қандай насихат айтасың сен?

Жыртығыңды мен жамап берем,—деді.
Дәруіш айтты:—Айтайын үш насихат,
Сөзімді ұғып алсаң бек қабағат.
Әуелгі насихатым, жолдас алғыл,

Жаман жолдас жаныңа бір захмат.
Жолдасың өзіңнен де болсын асыл,
Сапарда жақсылығы болар хасыл.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ар-рафиқ сүммә ат-тариқ* деп хадис айтқан,
Бұрынғы пайғамбарым хақ Расул.
Екінші насихатым тұт көңілге,
Сапарда қонбағайсыз сусыз жерге.

Екінші насихатым кеш қалмаңыз,
Күн барында қоныңыз һәр шаһарға.
Дәруіш насихатын енді тұтты,
Бірнеше күннен кейін сапар етті.

Қасына бірнеше жолдас алып,
Көрінген бір шаһарға барып жетті.
Ол көрінген халифтың шаһары екен,
Сол халде намаздыгер мезгіл екен.

Қасындағы жолдасы бұған айтты:

—Күн батпай сол шаһарға кірсек екен.

Етікші айтты:—Күн кеш болып қалды,
Бармаймын мен шаһарға,—деп айтып салды.
Етікші болмаған соң жолдастары,
Мұны тастап, шаһарға жетіп барды.

Бұл етікші бір суға жатты келіп,
Бұл шаһарды алыстан тұрды көріп.
Жақын жерде, қабірге жатқан екен,
Бір нәрсеге құлақ салды естіп тұрып.

Бір-екі адам дыбысы құлақ салса,
Бейітке келе жатып жақын барса.
Қабірге бір нәрсені қойып кетіп,
Жақын келіп жанына абайласа.

Ол кеткен соң тұрды да қадам басты,
Ол қабірдің жанына жақындасты.
Бір тастың ішінде өлік жатыр,
Қызыл қанын көргенде жаман састы.

* Жолға шықпас бұрын жолдас таңда.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол қыздың қып-қызыл қан тұла бойы,
Өлтірмекке байқасам қылған ойы.
Бұл кішкене кешіксе қыз байғұстың,
Болып қала жаздайды шыны түбі.

Өкпесіне қол салса, соғып жатыр,
Шала-жансар, өлімші болып жатыр.
Бір қолында бар екен алтын жүзік,
Қасына алайын деп келді әзір.

Есін жиып, сөйледі бейшара қыз,

—Жүзігімді алам деп не қылғансыз?

Әй, жігіт, қорықпаймысың Құдайыңнан,
Неліктен пайғамбардан ұялмайсыз?
Қыз:—Менім байла,—деді,—жараларым,
Көр,—деді,—Құдай үшін, тәнлерім.

Бұл жарадан өлмеспін деп ойлаймын,
Шын қаза жібермесе бір Жаппарым.
Әй, жігіт, баққыл,—деді,—мені,
Мұнан өлмен жетпесе тура қаза.

Иншалла жазылсам, қайтарамын,
Сені мен ренжітіп қылман наза.
Бұлай дегеш, қызды ол баға берді,
Жарасына дәруді жаға берді.

Қыздың өзін һешкімге көрсетпейді,
Бір бөлек пәтер үйге алып келді.
Біреудің бөлмесіне пәтер келген,
Анасы осы қызды іздеп жүрген.

Іздесе де һеш жерден табылмады,
Ол жігіт қыздың сөзін мақұл көрген.
Бір күн айтты жігітке:—Мұнда кел,—деп,
Сұрады:—Қалам, қағаз тауып бер,—деп.

Алып келіп қолына беріп еді,
Алғыс берді:—Рахмет, жақсы ер,—деп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Хат берді бұған:—Базар барып кел,—деп,
Бұ базардың адамын танып кел,—деп.
Бадахшан дүкенінде бір қожа бар,
Не берсе де сіз мұнда алып кел,—деп.

Хатында айтты: «Әй, қожа, маған,—деді,
Жүз сом ақша бергейсіз бұған»,—деді.
Ақшаны бұған тамам бергеннен соң,
«Тағы айтатын сөзім бар саған,—деді.

Ата-анама білдірме, менім жайым,
Бұ кісіге жүз теңге қылғыл дайын.
Һешкімге айтпағайсыз сырымызды,
Бәрімізге ғұмыр бергей бар Құдайым».

Ол хатты құп болар деп қолына алды,
Саудагерлер жиылған жерге барды.
Бадахшан базарында ол қожаға,
Айтқанындай қағазды оған берді.

Ол қожа қағаз ашып оқып тұрды,
Сәлемге келген соң мұны көрді.
Чекмеженің аузын ашты дағы,
Қазір бұған жүз алтын санап берді.

Етікші қызға келді алтынды алып,
Қыз санады ділләні қолына алып.

—Енді бір жақсы пәтер алғыл,—деді,

Көшіп барды бір жақсы пәтер алып.
Бір күні бір хат берді тағы да алды,
Ол хатты ол қожаға әкеп берді,
Төрт жүз теңге тағы да берді бұған.

Оны тағы ол қызға әкеп берді,
Қыз әкесі қарады һәр үйлерді.
Үйдің бәрін қыдырып тамам қылды.
«Осы үйде болмасын деп жоқ қызымыз»,

Етікші тұрған үйге бұлар келді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Есігін қыз бекітіп жауып тұрды,
Тыстағы бұларға дауыс берді:

—Алыс жердің адамы мұнда тұрған,

Үйімді неге бастың сіздер?—деді.
Сол халде зорлықпенен бұлар кірді,
Төсегінде ауырған қызды көрді.
Дәру сүртіп көзіне ауырған боп,

Қыз сонда хайла қылып жатыр еді.
Бұлар көріп бұл қызды ойлайды енді,
«Патшаның қызына ұқсар,—дейді.
Жүзі сары, өңі арық»,—дейді дағы,

Қасына патшасының қайта берді.
Патша қызы қожаны шақырып алды,
Бастан кешкен халдерін баян қылды.

—Патшаға бар дағы мен өзімді

«Жат кісі екен» дегізіп нандыр,—деді.
«Құп болар» деп ол қожа кетіп қалды,
Патшаның жанына жетіп барды.
Алыс жердің адамы, хаста екен,

Нандырды патшаға осы халді.
Қыз айтты етікшіге:—Келің,—деді,
Бір сауыт ақша берем білің,—деді.
Пәкістанда бір жігіт бар-дүр,—деді,

Есімі—Ғазнафір аға, көрің,—деді.
Білдірме оған барып өз халіңіз,
Базарға оны іздеп сіз барыңыз.
Саудаласпай ақшасын бергіл дағы,

Жаратқан, қымбатты мал алыңыз.
Етікші қыздың сөзін қабыл алды,
Саудагерлер жиылған жерге барды.
Ғазнафір ағаға келді дағы,

Жаратқан өз малдарын көріп қалды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Етікші қайтіп келді малын алып,
Алдына қыздың әкеп қойды салып.
Үй-ішіне жаратты әкелгенін,

—Ғазнафірге бір іс қыл, тағы барып.

Қыз айтты:—Айтқаныма көнгіл,—деді,
Ғазнафір ағаға барып келгіл,—деді.
Бір сауыттағы ақшаны үшке бөліп,
Екеуін һадийа қып бергіл,—деді.

Өзіне баға қойғыз әуел барып,
Сонда саған сөз айтар қайран қалып.
Етікші:—Келгенімде сырыңды айт,—деп,
Ғазнафірге жөнелді алтын алып.

Ғазнафірге келді де алтын берді,
Мұны көріп қайранға қалып тұрды.

—Тамыр болып жүрелік екеуміз де,

Біздің үйге бір қонақ болғыл,—деді.
Етікші өз үйіне қайтып келді,

—Ертең қонақ болам,—деп айтып келді.

Ол қызға келді дағы пұлын беріп,
Ғазнафір шақырғанын баян етті.
Қыз сонда мұны естіп:—Мақұл,—деді,
Мен де сізге саламын ақыл,—деді.

Үйі-жайын көргенде ұнатсаңыз,
Қонаққа өзін тағы шақыр,—деді.
Етікші «мақұл ғой» деп мына сөзі,
Ертеңгі күн—қонаққа барған кезі.

Көп зияпат әйлады Ғазнафір аға,

—Қонақ бол,—деп шақырып қайтады өзі.

Ғазнафір бұған келіп қонақ болды,
Отырып дастарханда ойнап-күлді.
Ғазнафірді жібермей «жатқыл» деп,
Қыз келіп етікшіге көп жалынды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ғазнафірге осы қыз көрінбейді,
Тыстан қызмет қылуға ерінбейді.
«Мұнда жат» деп өтінді жатпақ болды,
Қуанып мына қыз да күлімдейді.

Ғазнафірді жатқызды қонақ үйге,
Етікші де өзінің жатады үйге.
Ұйықтамай етікші де жатты сонда,
Ғазнафірді қыз қандай салар күйге.

Қыз тұрды қолына қылыш алып,
Түн ортасы кезінде тұра салып.
Етікші де ол қызға жақын келіп,
Қыз мұндай қылған халде қапаланып.

Қыз айтты:—Өлтіремін мұны,—деді,
Мен тұрмын дос көріп сені,—деді.
Алатұғын бар еді бір қысасым,
Мен айтсам, шариғаттың жөні,—деді.

Етікші айтты:—Асылы нешік мұның?
Қыз айтты:—Айтайын енді шыным.
Бұ шаһардың ханының қызы едім,
Ғазнафір аға—болған ерім менім.

Моншаға бара жатып көрдім мұны,
Ет сатар қасапшы еді күні-түні.
Көрген соң ықтиярым қолдан кетіп,
Бойыма ғашықтықтың түсті жыны.

Ғашық оты ішімде қайнаған шоқ,
Бұған мен аямадым дүния боқ.
Кіргіздім өз қолыма мал күшімен,
Бұған қылған инғамым хисабы жоқ.

Мұның малы қолындағы менім малым,
Бір күні болды маған бұл халалым.
Есім мен түсім кіріп қайғым кетіп,
Төзе алмады қосылмаққа менің халім.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жазылдым кеселімнен қайғым кетіп,
Ара-тұра кеп жүрді тамаша етіп.
Екі көңіл бір жерде жарасқан соң,
Өзім де барсам дедім ниет етіп.

Бір күні барайын деп келдім іздеп,
Қақпа қағып сөйледім «Жауап бер» деп.
Бір жариа алдыма шыға келді,

—Есікте қақпа қағып тұрған кім?—деп.

Мен айттым жариаға:—Ғаріп қызбын,
Ілесіп мен барамын өзіңізбен.
Ғазнафір ағаны мен іздеп келдім,
«Ғашықты мағшұқ тартар» деген сөзбен.

Жариа айтты:—Сен бұ күн қайтқыл,—деді,
Тыныш барып үйіңе жатқыл,—деді.
Қасында Ғазнафірдің бір досты бар,
Ертең келіп жұмысыңды айтқыл,—деді.

Мұны естіп сол жерде күйдім оттай,
Бір іс қылып келсем дедім үйге қайтпай.
Ашуым кеп қақпадан қарғып түсіп,
Өлімнен үйге кірдім басым тартпай.

Ғазнафір отыр келсем күліп-ойнап,
Қасында бір қыз отыр, гүл-гүл жайнап.
Ашуланып үстіне қарғып мініп,
Ол қызды ұрып-ұрып шықтым айдап.

Мен ұрған соң, ол байғұс кетті қашып,
Ғазнафір сөйлемеді аузын ашып.
Өзін де біраз ұрдым Ғазнафірдің,
Жалынған соң отырдым ашу басып.

Андан соң мен отырдым ашу басып,
Баяғыдай отырдық құшақтасып.
Байқаусызда қолына қанжар алып,
Қасыма кеп отырды түсі қашып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тұрды да қанжарменен сұққылады,
Есі ауып, пақырың тік құлады.
Екі кісі көтеріп алып келіп,
Өзің алған табытқа тыққылады.

Прикащик еді ол маған алтын берген,
Хатымды менім жазған оқып көрген.
Ақшаның неге керек болғандығын,
Хатпенен бәрін тамам айтып берген.

—Мұны қазір сен енді өлтір,—деді,

Қысасымды тамам қып бітір,—деді.
Ертең барып патшадан сүйінші алып,
Мұның малын өзіңе келтір,—деді.
Етікші айтты:—Өлтірейін қазір саған,

Өз қылғанын қылайық біз де бұған.
Атаңыздың алдына алып барып,
Шын халал боламысың өзің маған?

—Саған халал болмасам да менім өзім,

Менен артық байқасаң уәзір қызын.
Ол өзі менен де бегірек сұлу,
Қосайын халал етіп оның өзін.
Ғазнафірді етікші өлтірді енді,

Басына туғыры қаза келтірді енді.
Ертеңгі күн патшадан сүйінші алып,
Етікші өз жұмысын бітірді енді.
Патша да қызын көрді бек саламат,

Қуанды сол халінде ол қабағат.
Етікшіге Ғазнафірдің малын беріп,
Инғам-ихсан, сиясат қылды құрмет
Уәзірлер патшаға:—Көрің,—деді,

Біз бір ақыл айталық, білің,—деді.
Бұ жігіт қайсы қызды алам десе,
Сүйген қызын аямай берің,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша айтты:—Қызым бір күн болған ғайып,
Сонда нәзір айтып ем қолды жайып.
«Кім тапса қызым соған берем» деп ем,
Бұ сөзім халықтарға кетті ұлғайып.

Қызым разы болмай тұр айта көрсе,
Тағы да бір айтайын ақыр көнсе.
Шешесін жіберейін көндіруге,
Анасының ұнатқан сөзіне ерсе.

Қызына өз шешесін жіберді енді,
Етікшіні ұнатқанын білдірді енді.
Бірнеше қатындарды ертіп алып,
Күшпенен қызын барып көндірді енді.

«Қыз көнді» деп патшаға хабар берді,
Патша да қуанып мақұл көрді.
Халқын жиып қырық күндей тойын қылып,
Етікшіні «күйеуім» деп шаттық қылды.

Халыққа тойын қылып берді нәзір,
Үлкен-кіші жиылып келді әзір.
Қызын беріп ұғланның малыменен,
Етікшіні тағы да қылды уәзір.

Етікші патшаның қызын алды,
Уәзір боп тамам жұртқа үлгі салды.
Зауық-сафа етті ол бұ қызбенен,
Осылай мұратына жетіп қалды.

Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,
Өлгені Ғазнафірдің қатын үшін.
Ол етікші, әнеки, мұрат тапты,
Дәруіш насихатын алған үшін.

Әй, патша, мен айттым мұның кезін,
Саған айтқан насихат, ақыл сөзін.
«Ертеңмен өлтірем» деп ұйықтар болды,
«Баланы өлтіремін менім өзім».

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша ерте тұрып тақытқа мінді,
«Баланы алып кел!» деп бұйрық қылды.
Жалладқа «Басын кес!» деп бұйырғанда,
Он тоғызыншы уәзірі жетіп келді.

—Әй, патша, сабырлық қыл мұндай іске,

Беріңіз уәзірлерге ерте-кешке.
Адамға мұндай ұғлан табыла ма?
Кірмесе ойлағанда ұйқы-түске.
Бұған ұқсас бар еді бір хикаят,

Хақ Расул айтыпты һәр риуаят.
Әй, тақсыр, қатын сөзін алмағайсыз,
Адамға көрсетеді көп ғаламат.
Уәзір айтты:—Хасан Басыр әулие өткен,

Әуелінде гауһар алып сауда еткен.
Сауда қылып келейін деп бір күндерде,
Патшаның қасына барып жеткен.
Патшаменен сату қылды енді сонда,

Уәзір де сауда қылып тұрды сонда.

—Біз шығамыз сайранға бұ күн,—деді,

Сен дағы бармаймысың?—деді сонда.
«Барайын» деп Хасан Басыр қабыл етті,
Атқа мініп бұлармен жүріп кетті.
Сахараға шыққан соң бұларменен,

Бір ақ шатыр жанына келіп жетті.
Шатырдың дәл қасына бұлар барды,
Төбесі аспан көкке парапар-ды.
Жақын келіп тоқтады бұларменен,

Келген жанның бәрі де қылды зарды.
Бір әскер ғалым келді Құран алып,
Баршасы оқыды онда налып.

—Өттіңіз, әй, шаһзада, дүниядан,

Бәріміздің көңілімізге қайғы салып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Құранды оқыдылар көп ғалымдар,
Қол көтеріп қылдылар көп дұғалар.

—Алла Тағала ісіне разымыз,

Сабырдан басқа енді не шара бар?!
Сабырдан басқа бар ма сізге жауап,
Құдайым оқығанды қылсын сауап.
Ғалымдар Құрандарын болды дағы,

Шатырды үш мәртебе қылды тәуап.
Есігінде тұрды да қылды зары,
Шаһардың ғұлама мен ғалымдары.

—Құранды оқымақта пайда болса,

Күн-түні оқыр едік,—деді,—бәрі.
Енді нешік етейік, шаһзада?!
Сабырдан басқа іс жоқ дүнияда.
Алланың өз әмірі осы болған,

Жақсы-жаман хүкімі бір Құдада.
Мұны айтып жылады ол ғалымдар,
Тағы келді бір әскер—ақсақалдар.
Заһидтар мен баршасы зікір айтып,

Олар дағы оқыды көп дұғалар.
Үш мәртебе тәуап қылды ақсақалдар,
Нала болып есігінде зікір салар.

—Дұғаменен бір шара болса еді,

Жанымызды құрбан етер едік,—деді олар.
Алланың хүкімі-дүр жоқ-дүр шара,
Оқыдылар дұғаны бірер пара.

—Бойсынудан ғайри нәрсе болмайды екен,

Дүнияда мақұлықат ғалым әре.
Мұны айтып қайтып кетті ақсақалдар,
Қатар-қатар тағы келді жариалар.
Жүздері толған айдай нұрлы болған,

Қолдарында бір табақ жауһары бар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Олар да үш мәртебе қылды тәуап,

—Махшарда тәңірім қылсын бізге сауап.

Тәуап қылып болғанда жариалар,
Есіктен үш мәртебе берді жауап.

—Амал нешік біздерден, шаһзада,

Малменен шара болса дүнияда.
Қолымыздағы жауһарды берер едік,
Бейзауал хүкімі бар бір Құданың.
Сабырдан басқа енді жоқ-дүр нәрсе,

Қосылармыз арасат күні келсе.
Қолымыздан келетін һеш себеп жоқ,
Өткенге ауыр болар жылай берсе.
Мұны айтып жариалар қайтып кетті,

Хисапсыз әскер келіп тағы жетті.
Олар дағы шатырға нала қылып,
Қабірін үш мәртебе тәуап етті.
Есігіне келді де қылды фаған,

—Шаһзада, не шара бар енді саған?!

Соғыспенен бір шара болса еді,
Қылар едік жанымызды сізге құрбан.
Шаһзада, жатқаның болды қабір,
Сізге енді қыламыз біз де сабыр.

Алланың хүкіміне жоқ-дүр шара,
Сабырсыздық—болады жанға жәбір.
Он сегіз мың ғаламның патшасы,
Пенденің оған жоқ-дүр һеш шарасы.

Әскерлер мұны айтып кетіп еді,
Енді келді шаһзада ата-анасы.
Патша келді уәзір, бектері бар,
Үш мәртебе тәуап қып жылады зар.

—Екі көзім қарасы, әй, құлыным,

Біздерден саған енді не шара бар?!

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ғылымменен табылса саған шара,
Ғалымдарды жияр ем мен—бейшара.
Инғам-ихсан қылғанда шара болса,
Табар ем оны дағы ғалым әре.

Алланың әміріне ас-сабру-р-раһман,
Һеш шара жоқ дүнияда қанша жаннан.
Разы болудан басқа не бар енді?!—деп,
Атасы осылайша қылды фаған.

Хасан Басри сұрады уәзірлерден:

—Не себептен жылайды осынша адам?

Уәзір айтты:—Патшаның жалғыз ұғылы
Ажал жетіп, қайтқан-дүр дүниядан.
Оқымақта, жазмақта абзал еді,
Бір күні қаза жетіп өлген еді.

Разы болмасыны көп халықтың,
Осы шатыр ішіне көмген еді.
Соның үшін жылайды зарлық етіп,
Шаһзада болған соң құрмет етіп.

Жыл уақыт болғанда бір мәртебе,
Біз шатырға келеміз тәуап етіп.
Мұны естіп Хасан Басри болды пақыр,
Бұ шатырдың жанында жылап жатыр.

Ғаріптерді мойнына тамам алып,
Өз басына келгендей заман ақыр.
Хасан Басри—әулие, бір абзал ер,
Соларды да жалмады-ау сұм қара жер.

Соның үшін есімін атағанда,
Хасан Басри «Рахматулла алейһи»* дер.
Сауда қылмай жалғанда сопы болды,
Дүнияға ықтиярсыз ғалым болды.

* Оған Алланың рахымы жаусын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тауфиқты көңіліне илһам толып,
Тағатпенен күні-түні машғұл болды.
Әй, патша, бала қайғысы, міне, осындай!
Қайырлы ғұмыр берсін, патша, Құдай.

Қатынның сөзіменен өлтірем деп,
Арманда боп жүрме сіз де сондай.
Тіледі осылайша әлгі уәзір,
Патша тілегенін қылды нәзір.

Аң аулап кешке дейін жүрді дағы,
Тағы да сарайына келді әзір.
Қатынмен бірге отырып ішті тағам,
Тағамнан соң шығарды хасыл кәлам.

—Он тоғызыншы уәзірім тілеп алды,

Зынданда жатыр,—деді,—тағы балам.

—Һәркімнің өз ақылы болмас тәтті,

Әй, тақсыр, білмедің бе бұл хадисті?
«Мән истағна минәл ақыли зәлла»** деген,
Алмаса дос жарынан насихатты.
Қатын айтты:—Қатын тілін алмай жүрсе,

Үлкен қорлық ақылын төмен көрсе.
Саған оңай емес қой осы ісің,
Пендеге қорлық берер сегіз нәрсе.
Әуелі, жерге барса шақырмаған,

Барғанда рұқсатсыз ішсе тағам.
Екінші, жат қатынмен ойнамақ-дүр,
Үшінші, өтірік сөз—хасыл кәлам.
Төртінші, патшаны қорламақ-дүр,

Бесінші, үлкеннен жоғары отырмақ-дүр.
Алтыншы, бекер сөзді сөйлемек-дүр,
Жетінші, сараңнан қарыз сұрамақ-дүр.
** Кімде-кім ақылды қажетсінбесе, сол төмен болады.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Сегізінші, дұшманның үйіне бармақ,
Уәзірлер арамызға сөзді салмақ.
Олардың сөздеріне ерген адам,
Арманда өзіне де қайғыны алмақ.

Көп болар сізге айтатын жалған сөзі,
Қырық дана уәзірлердің оның өзі.
«Ұғланға біз жәрдемші боламыз» деп,
Сізге дұшман болғаны осы кезі.

Уәзірлердің ересің өсиетіне,
Ұғланның қылып жүрген ғаламатына.
Сеніменен екеуміз ұқсап тұр ғой,
Бақшашы бір кәрі шал хикаятына.

—Ұғланның саламатта жаны,—деді,

Айырмыш дәлел болса, кәні?—деді.
Патшаның мысалына ұқсар болса,
Ол қартты естиін оны,—деді.
Қатын айтты:—Ілгері бір заманда,

Бір қарттың гүл бақшасы болған онда.
Ұғылыменен екеуі есек мініп,
Ғажап болды бақшаға бір барғанда.
Бақшаға екеуі де қадам басты,

Алдынан бір көп кісі ұшырасты.
Олар айтты:—Қарашы ақымағын,
Қарт жаяу, есек мінген бала—десті.
Мұны естіп ол баба жүреді енді,

Есегінен баланы түсірді енді.
Баланы жаяу ертті арт жағынан,
Өзі мініп есекке жүре берді.
Бір әскер тағы келді бұларға енді,

—Бала жаяу, өзі мінген есек,—деді.

Мұны естіп ол қарт және тағы,
Баланы өз алдына алады енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тағы да ұшырады бір көп адам,

—Қарашы бұ қартқа,—деп,—ақымақ адам.

Баланы алдына алып, өзі артында,
Есекті мінген,—деді,—бұ бір надан.
Мұны естіп баланы артына алды,
Алдына өзі отырып жүре берді.

Бірнеше адам жолықты тағы және,
Олар айтты бұ қартқа: «Мына қара
Есегінің алдына өзі мінген»,
Не қыларын білмеді бұл бейшара.

Сөзден адам құтылған күні бар ма?!
Сөйледі жолыққаны бірер пара.
Мұны естіп есегін қоя берді,
Енді екеуі түсті де жаяу жүрді.

Һешбір адам жолықпай мұнан кейін,
Бақшасы алыс екен зорға кірді.
Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,
Һәр адам һәр түрлі айтар сөздің түсін.

Осы қартты неше түрлі айтар болса,
Оның сен не қылғанын көрермісің?
Бір патша аяғына тікен кірген,
Бір адамға бұйрық қып: «Қара» деген.

Әлгі кісі аяғын қарады да,

—Түзеліпті, тақсыр,—деп жауап берген.

Екінші бір адамға: «Қара» деген,
Ол айтыпты:—Аяғың түзелмеген.
Патша айтты:—Дұрыс сөз табылмады,
Һәр түрлі сөз сөйледі бұлар деген.

Әй, патша, залал емес қатын сөзі,
Һәр түрлі боп шығады сөздің тезі.
Харамзада ұғылыңды өлтіргіз,
Сізге пайда қылмайды оның өзі.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қатын сөзін қабылдап алды патша,
Сарайында ұйықтауға қалды патша.
Орнынан ертерек тағы тұрды,
Ұйқысы һеш келмейді тақытта жатса.

Тақытына ерте мінді, қаһар етіп,
«Баланы алып кел!» деп әмір етіп.

—Бүгінше менім үшін ғапу қыл,—деп,

Жиырманшы уәзірі келді жетіп.

—Әй, патша, мен айтайын ізгі сөзім,

Уәзірлерің айтады сөздің тезін
Шаһзада жанына қас қылмаңыз,
Сізден, сірә, кем көрмен менім өзім.
Хақ Расул кітапта бұйырыпты,

Адамға ақыл айтса, әгар,—депті.
Ізгілікке сөйлесін не нәрсеге,
О дағы үмбеті үшін қайғы жепті.
Сөз білмеген артық-дүр тек тұрмағы,

Жігітке мал береді болса бағы.
Менім үшін кінәһін ғапу қылып,
Әй, тақсыр, өлтірмеңіз мұны тағы.
Һәр іске сабыр керек, әй, патша,

Адамға пайда бар ма тегін жатса?!
Қатын бұзар адамның әділетін,
Қас көрер уәзірлер сөзін айтса.
Бір патша хикаяты ұқсар сізге,

Әй, тақсыр, разы бол бәрімізге.
Патша айтты:—Естиін оны,—деді,
Шүбһәсі шықпады көрер көзге.
Уәзір айтты:—Бір патша бұрын өткен,

Халқына заманында хүкім еткен.
Бір күні сайран етіп аң аулауға,
Қасына қанша әскер ертіп кеткен.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сайранда жүреді екен осы патша,
Жарамас қас қылғанның дәмін татса.
Бір дәруіш жол үстінде отыр екен,
Патша үйге қайтып келе жатса.

Патша бұған бұрды мінген атын,
Мұның да білейін деп ғаламатын.

—Мың алтын біреу маған берсе,—деді,

Менім бар айтатұғын насихатым.
Патша айтты дәруішке:—Сөйле,—деді,

—Мың алтын қазір маған бергіл,—деді.

Патша мың алтынды берген халде,
Дәруіш:—Мен сөйлейін енді,—деді.
Айтады дәруіш сонда:—Патша,—деді,
Бір істі істер болсаң сабыр,—деді.

Істің түбін пікірлеп істегейсіз,
Менім айтар насихатым осы,—деді.
Патша мына сөзін естіп тұрды,
Қасына бірталай әскер ерді.

Уәзір айтты:—Мұны һәркім білер,
Күлді де осыны айтып жүре берді.
Патша әскерменен үйге келді,
Дәруіштің бұ сөзі хош көрінді.

Осы сөзін қадақтап бағанаға,
Жазып-жазып бәріне тамам қылды.
Бір патша бұ патшаға қас болыпты,
Қыларға һешбір хайла таба алмапты.

«Қай күні өлтірем?» деп ойына алып,

—Бір шара болар ма екен енді?—депті.

Қан алушы патшаға барса,—деді,
Патша тез шақыртып алса,—деді.
Ағулы бір нушатарны мен берейін,
Соныменен өлтірер салса,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қан алушыға патша келді жетіп,
«Патшаны өлтірем» деп мағлұм етіп.

—Көп алтынды берейін енді саған,

Өлтірсең патшаны зәһарлатып.
Мұны айтып он мың алтын береді оған,

—Бір жәрдемші бола көр, жаным, маған.

Қан алушы өлтірмек боп разы болып,

—Бір жәрдем тигізейін,—деді,—саған.

Бір күні мына патша хаста болды,

—Шақырып қан алушыны келің,—деді.

Қан алсын маған келіп,—деген халде,
Қан алушы қасына жетіп келді.
Қан алмаққа патшаға келді жетіп,
Зәһарды берейін деп қастық етіп.

Қызметшіге бұйырды «Тас әкел» деп,
Ойланды алмақ үшін қан шірітіп.
Қызметшілер көп тасты әзір қылды,
Ол қаншы бір тасты алып келді.

Бір тасты қолына алып ұстағанда,
Жазылған бетіндегі жазу көрді.
«Оқығаның, мұны байқап аңдағайсыз,
Мүмінге қастық үшін бармағайсыз.

Біреуге жаманшылық ойласаңыз,
Пікірлеп, істің түбін ойлағайсыз».
Бұлайша деп жазылған жазу көрді,
Ол қаншы оқыды да ғажап қылды.

«Мен бұған қастық қылсам, мені өлтірер»,
Істің түбін пікірлеп, ойлап білді.
«Жамандыққа һәр адам өзі бастар,
Патша өлгенінде мені жаныштар».

Мұны ойлап ол қаншы қорықты дағы,
Жаңадан істеді басқа нушатар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Басқа нушатар істеуге даярланды,
Патша мұнысына көзін салды.

—Басқа нушатар неліктен жасадыңыз?

Қаншы енді айтпасына ой ойланды.

—Бұ нушатар жарамайды сізге,—деді,

Жамандығы көрінер көзге,—деді.
Патша мұны:—Айт,—деп тұрды зорлап,
Неліктен айтпадыңыз бізге?—деді.

—Патша, мен айтайын енді, жаным,

Бұ сырды сізден аяп не қылайын.
Бір дұшпанның қас болған қастығымен,
Бұл нушатар сол үшін қылдым дайын.
Бір патша қас болыпты сізге,—деді,

Сізді «өлтір» деп бұйырды бізге,—деді.
Бұл тастағы жазуды көрген халде,
Көңілім менім болды өзге,—деді.
«Істің түбін пікірле» деді бұ тас,

Соның үшін мен сізге қылмадым қас.
Өзің қылған қастығың өзіңізге,
Бұ сырды соның үшін әйладым паш.
Соның үшін басқаны істедім мен,

Ол патшаның қастығын тастадым мен.
Бұ зәһарлы нушатарды төктім дағы,
Жаңадан бұларды енді ұстадым мен.
Патша айтты:—Бар еді әділетім,

Байқағаның бек жақсы істің артын.
Дәруіш «мың алтын» деп арзан айтқан,
Бұ сөздің шын бағасы он мың алтын.
Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,

Әділ болған істерге келер күшің.
Сол дәруіш насихаты падишаға
Жақсылық келтіргенін көрермісің.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Өкінішке қаларсыз ақырында,
Қатын тіліне ерсең де бұ күн мұнда.
Қиямет күн болғанда сауал сұрса,
Не деп жауап бересіз, Тәңірі алдында?

Басқасын өзің біл,—деп тұрды уәзір,
Патша рахымлы қылды назар.
Аң аулап кешке дейін жүрді дағы,
Патша сарайына келді әзір.

Тағам ішіп қатынмен отырды енді,
Көңіліне һәр ойды келтірді енді.

—Бұ күн тағы ұғылыңызды не қылдың?—деп,

Қатыны тағы жауап бітірді енді.

—Жиырманшы уәзірім қылды нала,

Бұ күн тағы қалып тұр осы бала.
Шүбһәсі көңілге тағинсыз,
Қайырлы ғұмыр берсін Хақ Тағала.
Қатын айтты:—Болды ғой қиын көрсе,

Пендесін есіркейді жылай берсе.
Мамұн деген халифа айтқан екен,
«Келіспес,—деп,—патшаға төрт нәрсе».
Әуелі, әділ бегі ғапыл болмақ,

Екінші, насырлары күншіл болмақ.
Үшінші, хақырлар ұятсыз боп,
Төртінші, уәзірлері жауыз болмақ.
Хәкімдер айтқан, беклерде болмас некен,

Жалғаншыда опа жоқ қайғы жеген.
Күншіл болған адамда рахат жоқ,
Ұғылық білмейді надан деген.
Әй, патша, бұл уәзірлер қиянатты,

Тілін алған адамдар мехнатты.
Сен бұлардың сөзіне иланасың,
Уәзірлерде біреу жоқ сиясатты.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мағлұм-дүр уәзірлердің қиянаты,
Арамызға салғаны ғаламаты.
Өзіңменен ұғланның осы ісі,
Түріктерге ұқсайды хикаяты.

Патша айтты:—Естиін оны және,
Бізге жауыздық қылды ма осы бала?
Шүбһәсі қалайша шығар екен?
Оған шейін тағы да сөйлеп қара.

Қатын айтты:—Бір ауылдың адамдары,
Бір шаһарға жөнелді оның бәрі.
Шаһардан қайтқанында енді бұлар,
Айтылар падишаға ахуалдары.

Қайтып келе жатқанда тоқтап тұрды,
Бір азырақ сарымсақ, нанды жеді.
Жуа ащысы кіргенде көздеріне,
Жас ағып етегіне төгілді енді.

Ауылға жақындады оның бәрі,
Алдынан қарсы шықты балалары.
Аталарының көздері қызыл екен,
Балаларға мағлұм-дүр ахуалдары.

Балалар мұны көріп ой ойлайды,
Көңіліне сыйған ойды бек ойлайды.
Көздері қызарғанын көрген халде,
«Шаһардан кісі өлген бе?» деп ойлайды.

Балалар жүгіреді үйге таман,
Қараса атасының көзі жаман.
Балалар ауылға кеп сөз айтады:

—Шаһардан өліпті,—деп,—қазалы адам.

Ауылға бұлар тағы келеді енді,
Ауылдың жылағанын көреді енді.
Бұлар бәрі ауылға келген халде,
Жылаған халайықты көреді енді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қой-қойласып тоқтатты мұның бәрі,
Ауылдан кісі өлген деп ахуалдары.
«Өткенге өкінбеңіз сіздер де»,—деп,
Жылады мұны айтып баршалары.

Тоқтатты ауыл қарты осылай деп,
Шаһардан келген айтты:—Кім өлді?—деп.
Бұлар айтты:—Ауылдан жан өлген жоқ,
Шаһардан өлген адам болмаса,—деп.

Бұлар айтты:—Шаһардан өлген жан жоқ,
Бәрі де сау-саламат, тамағы тоқ.
Балалардың наныпты өтірігіне,
Бәрі де бос жылаған дүния боқ.

Әй, патша, бұ хикаят көрдіңіз бе?
Баланың не қылғанын білдіңіз бе?
Ол сені өлтірместен бұрын өлтір,
Дос болар деп бұларды жүрдіңіз бе?

Қатыннан мұны естіп жатты патша,
«Ертеңмен өлтірем» деп айтты патша.
Ерте тұрып тақытына мінгеннен соң,
Әмірін жалладына айтты патша.

Баланы алып келді жалладтар,
Қасына бірге отырған уәзірлері.

—Әй, тақсыр, бұ күнгі күн ғапу қыл,—деп,

Тіледі патшадан оның бәрі.
Жиырма бірінші уәзір жетіп келді,
Патшаға хикаят сөйледі енді:

—Түні-күн асатирны оқығанда,

Бір хикаят, әй, тақсыр, көрдім енді.
Бұрын бір патша өткен әділ болып,
Ғалымдарға айтыпты әзір қылып:

—Бір кітапты мен үшін шығарыңыз,

Мұтәллаға қылайын тамам болып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Андан соң бір кітапты ғалымдары,
Тасниф қылып шығарған оның бәрі.
Оның абзалын патша оқып көріп,
Ғажап, қайран көрді баршалары.

Сондағы кітап сөзі: «Адам,—деді,
Дос көрме дүнияны жаман,—деді.
Дүнияға мейлінше мағрұр болып,
Ақырында боларсың надан,—деді.

Дүния көрсетеді өзін-өзі,
Халыққа мәшһүр-дүр айтар сөзі.
Ерні ұзын болғанда, тісі де ұзын,
Адамдарға жайнаған екі көзі.

Өзіңді-өзің сақта бұ харамнан,
Достығың айырмасын һәр адамнан.
Захматын тигізбе дүнияның,
Көресің мехнатты ая ханнан.

Дүнияда мәшһүр болсын әділетің,
Және де жомарттықпен шықсын атың.
Өзіңді өзің құтқар бұ дүниядан,
Тартарсыз байқамасаң мехнатын.

Жарығы дүнияның—қараңғылық,
Барлығы дүнияның болған жоқтық.
Жаңалығы байқасаң ескілік-дүр,
Болады дүнияда мұндай қылық.

Мал-мүлкі бұл адамның болар обал,
Кәсіп қылсаң, әгарда, қылғыл халал.
Иманды болмағыңа себеп болмас,
Молданың бірге жүріп, ғылымын ал.

Малыңды ізгілікке қылғыл сарп,
Құтылғыл парызыңнан Мекке барып.
Ғылымменен бірге бол қайда барсаң,
Үйренгіл молдалардан һәрбір әріп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Және де дос көрмеңіз қатын сөзін,
Ғылымменен тақуа болғыл өзің.
Қиямет, махшар күнде сауал болса,
Қалайша жауап бердің көрсе көзің.

Қатынға өлгеніңше сырыңды айтпа,
Азаптан құтылуға дінің сақта.
Қатынның тәні-зағиф, хайласы артық,
Ежелден туғры жолдан кейін қайтып».

Осылайша жазылған сөзін көрдім,
Шариғаттың махкамын көзбен көрдім.
Әй, патша, кітап сөзі, міне, осындай,
Мағынасын олардың оқып білдім.

Әй, патша, қор қылады қатын сөзі,
Һәркімнің жалғыз ұғылы—көрер көзі.
Қатын сөзі—адамға хайла-мәкір,
Дұшпандығын айтады оның өзі.

Қатынның көріп жүрме ғаламатын,
Тастама уәзірлердің насихатын.
Естігенің жоқ еді дүнияда,
Қатынменен бір патшаның хикаятын.

Патша айтты:—Естиін, сөйле,—деді,
Құдадан жақсылықты тіле,—деді.
Һәрдайым да ғұмырың ұзын болсын,
Бәрін де бір Құдайым біле,—деді.

Уәзір айтты:—Бір патша бұрын болған,
Қатыны зұлымдықпен хайла қылған.
Неше-неше шаһзада ғашық болып,
Бір жігітті жақындық қып қасына алған.

Ғашық боп бұ жігітті асыраған,
Патшаға көрсетпей тығып қойған.
Патшаның жоғында қосылысып,
Неше заман екеуі ғишрат қылған.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатынға жігіт айтты қасына кеп:

—Бір күндерде патша көреді,—деп.

Біз екеуміз қылғанды патша білсе,
Көрсетер басымызға әңгіме-кеп.
Қатын айтты жігітке:—Сені,—деді,
Көрсе, әгар, патша мені,—деді.

Жігітім бұ сандықта деп айтамын,
Осылайша болады жөні,—деді.
Қолымыздан келеді сөйлер сөзім,
Бұл сандықта жатарсың сенің өзің.

Патшаға айтармын туғры жөнін,
Артынан өкінтермін оның өзін.
Екеуі отырғанда ғишрат етіп,
Сандыққа салды жігітті тас бекітіп.

Патша келе қалды қазір жетіп,

—Неге жылдам бекіттің мұны нетіп?

Қатын айтты:—Әй, патша, бұ сандыққа,
Жігіт салдым ғишрат мен қылмаққа.
Соның үшін тезірек бекіттім мен,
Жылдам келіп тұрғаның осы жаққа.

Бір жігітті ғашық боп алдым,—деді,
Ғишратпен қызық көріп қалдым,—деді.
Үстіме сен тезірек келген үшін,
Ол жігітті сандыққа салдым,—деді.

Патша айтты:—Аш сандықты өлтірейін!
Хүкімімді жеріне келтірейін.
Ғашықтықпен сандыққа салған болсаң,
Ойлаған харамыңды бітірейін.

Қатын айтты:—Әй, патша, тыңда,—деді,
Неге жігіт саламын мұнда?!—деді.
Себебін мен сынамаққа айтып едім,
Менім айтқан хайланы ойла,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Рұқсатсыз қылам ба һәрбір істі?!
Сенің үшін мақсұтты ерте-кешні.
Өзің—патша, мен ханым болған халде,
Төсекке жатқызам ба жат кісіні?!

Сынауға айтып едім саған,—деді,
Неліктен ашуландың маған?—деді.
Қандай сұлу болса да сенен басқа,
Көңілімді берем бе оған!—деді.

Бұ сандықта жоқ менім һешбір кісім,
Құда сақта, қылам ба ондай ісін!
Иғтиқадың түзік пе, дұрыс па деп,
Мен саған айтып едім сынар үшін.

Айтқаныма инанып ашуландың,
Өткірірек қолыңа қылыш алдың.
Менім айтқан бекер сөзім рас тұтып,
Неліктен, әй, патша, қапаландың?

Патша инанып жалбарды көп,

—Менім саған айтқаным қата екен,—деп.

Мені сен де сынауға айтар болсаң,
Һеш шүбһә жоқ екен көңілде,—деп.
Мұны айтып патша шығып кетті,
Сандықтан ол жігітті алып кепті.

—Көрдіңіз бе мен қандай хайла қылдым?

Менім айтқан хайланы білмей кетті.
Жігітпенен машғұл болды ғайш-ғишрат,
Қатындарда болады көп ғаламат.
Әй, патша, тыңдасаңыз осы сөзім,

Соның үшін айтқаным бұл насихат.
Қатында толып жатыр хайла-мәкір,
Болыпты бұрынғыда осындайлар.
Ерінің шариғатын хилаф етіп,

Ойлайды залымдықпен һәрбір ойлар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Соңынан өкінерсің ақырында, Пайда жоқ өкінсең де ең соңында. Қатынның сөзіменен іс қылмаңыз, Арманда өтіп кетер бұ жалғанда. Шаһзаданы уәзірлер тілеп алды, Патша зынданына тағы салды. Аңнан кеп тағам ішіп отырғанда, Қатын тағы баланы сұрай қалды. —Бір уәзірім тіледі ол баланы, Зынданыма салдырдым тағы оны. Салмасыма болмады тілеген соң, Уәзірлерім сөйледі әңгімені. Қатын айтты:—Бұ бала асылсыз-дүр, Асылсыздан һеш пайда білімсіз-дүр. Халал зада бала деп айтып болмас, Атасына тартуы мағлұмсыз-дүр. Мені жақсы көрмеді анасындай, Бұл өзі Нұх пайғамбар баласындай. Пайғамбардан туса да кәпір болды, Әй, патша, білмесеңіз бұ да сондай. Кемеге Нұх пайғамбар рух салған, Бір баласы осындай залым болған. Иннәһу ләйса мин әһлика иннәһу амал ғайри салих*. Бұл аят ғибрат боп сонан қалған. Балалар атасына тартпағанда, Наданға насихатын айтпағанда. Ақылды жан болды деп кім айтады? Бойында мәні болса жаппағанда. Білмейді ақылы жоқ өз ұятын, Кісі емес бұ балаңыз ел тиятын. * Расында да ол сенің туысқандарың емес. Расында да бұл іс ізгі іс емес.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша, тыңдасаңыз мен айтайын,
Бір патша мен дәруіш хикаятын.
Қатын айтты:—Әуелгі бір заманда,
Бір әділ патшасы болғанды онда.

Аң аулап һәрдайымда жүреді,
Бір дәруіш ертіп алып өз қасында.
Қасына дәруішті ертіп алып,
Жүреді қаршығаны құсқа салып.

Екеуі түз далаға барады енді,
Құс алатын дағдылы жерге барып.
Бірқатар көп құсқа келеді енді,
Қаршыға дәруіште жүреді енді.

Дәруіш қаршығаны жібере алмай,
Ұшырып тамам құсты жіберді енді.
Онан өтіп бірқатар құсқа келді,
Қаршыға дәруіште жүреді енді.

—Мына құсқа қаршығаны жіберші,—деп,

Патша дәруішке дауыс берді.
Дәруіш те не екенін байқамады,
Қаршығаны ұстап тұрып: «Әй, қап!»,—деді.
Екінші айқайлады тағы патша,

Босатып қаршыға жіберді енді.
Қаршыға бара алмай құсқа таман,
Екі көзі қызарып болған жаман.
Патша дәруішке жақын келіп,

—Қалды ма жібере алмай жаның аман?

Дәруіш айтты:—Неліктен ашуландың?
«Қаршығаны жібер» деп айқай салдың.
Жібер дедің жібердім, не айыбым бар?!
Ұша алмай қалғанына қапаландың.

Патша дәруішке келеді енді,
Адамның асылсызын біледі енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Дәруіштің сөзіне ғажаптанып, Іші-бауыры қатқанша күледі енді. Мұныменен екеуі үйге келді, Сөзіне дәруіштің күліп келді. «Асылына тартады һәр нәрсе» деп, Уәзірменен бегіне келеді енді. —Әй, патша, бұ хикаят айттым сізге, Ұғланың харамзада көрер көзге. Әгарда өлтірмесең мұны, сірә, Дүнияда опа қылмас бәрімізге. Патша қатын сөзін қабыл алды, Бәрі де сарайында ұйықтап қалды. Ертеңмен тақытына отырғанда, Шақырып жалладтарын алдына алды. Алдына уәзірлерін әзір қылды, Тағы да өлтірерін бала білді. Жалладқа: «Мойнын үзіп ұр!»—дегенде, Жиырма екінші уәзірі жетіп келді. Уәзір айтты:—Әй, патша, нашар халім, Мен сізді тиямын деп келе ме әлім? Инна Алла мағал уалии ма дама йағдилу фәнза жара Уккила илә нәфсиһи сүммә салата алейһи-ш-шайтан* Шайтанды ерікті қылар болса залым. Расул айтты:—Үмбетінің көп қамын жеп, Патша залым болса, күнәһісі көп. Ииакум уа-з-зулму фә иннәһу йухариббу қулубакум** Айтыпты «Зұлымдықтан сақтаның» деп. * Расында, Алла әділдік қылатын өкілдің жағында болады, ал егер өкіл зұлымдық жасаса, өзімен-өзі қалып, сосын оған шайтанды билетеді. ** Зұлымдыққа жоламаңдар, шынында да зұлымдық жүректеріңді құртады.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Зұлымдық қылғандығын өзі білмес,
Шайтанға ерік берсе, иман көрмес.
Әділ болмай дүниядан өтіп кетсе,
Ұжмақта хор қызымен ойнап, күлмес.

Қатынның құлақ қойма ғаламатына,
Құлақ қой уәзірлердің өсиетіне.
Сеніменен баланың осы еді,
Бір патшаның ұқсайды хикаятына.

Патша:—Естиін оны,—деген,
Уәзір байғұс хикаяттан бек сөйлеген.

—Патша, бұ баланы ғапу қыл,—деп,

Һәрбірі һәр күнінде көп тілеген.
Уәзір айтты:—Бір патша бұрын өткен,
Бір баласы бар екен еркелеткен.
Баланың сұлулығы бек тамаша,

Өзі һәм кәмелетке толып жеткен.
Көзі бар қарағанда дәл жанған өрт,
Болғанда қасы қара, тісі меруерт.
Үйінен шыға алмады базар жаққа,

Болады көрген жанға бір үлкен дерт.
Шаһзада қылады күнде сайран,
Көрген жан дидарына қалды қайран.
Базарға шыққан кезде көргендерге,

«Алыс жүр» деп айтады әлде қайдан.
Жалладын жүруші еді алып бірге,
Ғашықты өлтіреді көрген жерде.
Көрген жан әлде қайдан қашушы еді,

Сыртына шығармады пәлен дерге.
Бір дәруіш ғашық болды шаһзадаға.
«Мұндай нұрлы келмес,—деп,—дүнияға».
Көргенде ғашықтықтан жақын келер,

Шыққанда шаһзада һәр сайранға.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шаһзада айтар еді: «Әрмен жүр!»—деп,
Қорқытып сөйлер еді: «Өлтірем!»—деп.
Сонда да кетпеді өз қасынан,
Қимайды өлтіруге дәруіш деп.

Сайранға шығушы еді жұмасында,
Шаһзада тамаша көп бір басында.
Дәруіш те сарайында жүрер бірге,
Шаһзада шыққанда өз қасында.

Сайранға шығар кезін білуші еді,
Жамалын көреміз деп келуші еді.
Арт жағынан сап-сап боп тезлеп кеп,
Оқ атымдай жерден тұрып көруші еді.

Дәруіш бірге жүріп сайран етті,
Көргенде ғашықтықтан жүдеп кетті.
«Осындай бір дәруіш кетпеді» деп,
Жалладтар патшаға мағлұм етті.

Патша мұны естіп:—Өлтір,—деді,

—Хүкімімді жеріне келтір,—деді.

Әділдігім һәркімге заһир болсын,
Жұмысымды, жалладтар, бітір,—деді.
Бір уәзірі патшаға келді жақын,

—Әй, патша, мен айтам,—деп,—сізге ақыл.

Нақақ жерде қан төкпек келіспейді,
Дәруіш Хақ қасында ісі мақұл.
Алланың хабарына қылғыл тәуап,
Әй, патша, пақырларға қылғыл сауап.

Қиямет күн болғанда сауал сұрса,
Бересіз бір Аллаға не деп жауап?
Патша айтты:—Іс жөнін білгем,—деді,
Қайтадан тіріле ме өлген?—деді.

Әйтеуір, халық айтқан бір сөзі-дүр,
Кім барып қияметті көрген?—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Уәзір:—Өлтірме,—деп зарлады енді,
Патша қияметке нанбады енді.
Қиямет күн дегенін бұл уәзірдің,
Сөзіне қабыл көріп салмады енді.

Патша жастығында ұйықтап кетті,
Қияметті уәзірден хилаф етті.
Ұйқыға патша кеткен халде,
Түсінде көрді,—деді,—қияметті.

Алдында құрылып тұр сират көпір,
Неше адамды қуып жүр опыр-топыр.
Бірнеше адам қуанып кітап оқып,
Бірнеше адам қайғырып жылап отыр.

Ұжмақтың жемістері шашылып тұр,
Есігі имандыға ашылып тұр.
Оттары жаһаннамның қыздырылып,
Күнәһілінің етіне басылып тұр.

Қайсылары ұжмаққа кіріп келген,
Ішінде хор қызымен ойнап-күлген.
Неше түрлі жемісі даярланып,
Алдына «мені же» деп өзі келген.

Жеймін деп бір жемісті үзіп алса,
Қайта шығар орнына көзін салса.
Тоқтаусыз хор қыздары шарап ішер,
Патша қайран қалып жақын барса.

Келеді забаниа жаһаннамға,
Азап қылып отқа сап һәр адамға.
Жылаған дауыстары ғарышқа жетіп,
Патша қайран қалып тұрды таңға.

Шөлдесе, бір ішім су сұрап ішер,
Баршасы тәнінің отқа пісер.
Су орнына береді заһар заққұм,
Жұтқанда ішек-қарны жерге түсер.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патшаны таразыға келеді алып,
Амалын таразыға өлшеп салып.
Сауабын күнәһісі аз басып тұрды,
Кіргізді жаһаннамға алып барып.

Патша жаһаннамға кіріп келді,
Неше түрлі азап бар, байқап білді.
Жақындап жаһаннамға барғанында,
Артынан айқайлаған дауыс берді.

—Балаңа ғашық болып кетер едік,

Біз дағы мұрат іске жетер едік.
Ғашықтарға мархабат қылған болсаң,
Біз де бұ күн жақсылық етер едік.
Бір забаниа келді де қаһарланды,

Патшаны жағасынан ұстап алды.

—Қияметке нанбаған сен бе едің?!—деп,

Қатран қазанына әкеп салды.
Қасына жылан, шаян жақын жетті,
Азабы патшаның жанына өтті.
Тамұғының азабының ащысынан,

Оянып ұйқысынан патша кетті.
Патша тұра келіп ойлады енді,

—Өлтірмесін дәруішті, қайда?—деді.

Түсімде қияметті көзбен көрдім,
Тезірек дәруішті ойла,—деді.
Жалладтар дәруішке келді жетіп,
Дәруіш жылап жатыр зарлық етіп.

—Құдай-а, мені сақта бұ баладан,

Жалладтар өлтіреді мені тұтып.
Құдай-а, көрік бердің шаһзадаға,
Һеш күнәһім жоқ еді патшаға.
Жанымды құдіретіңмен қабыз әйла,

Тұрмаймын опасы жоқ дүнияға.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР Патша айтты баласына:—Барың,—деді, Дәруішті топырақтан алың,—деді. Жылаған тоқтата көр көзІнің жасын, Тезірек мейіріңді салың,—деді. Дәруішке шаһзада жетіп келді, Басын жерден көтеріп мұны көрді. Шаһзада жаны ашып келгендігін, Дәруіш көзін ашып ойлап білді. Шаһзада көтеріп құрмет етті Басын жерден көтерсе қаза жетті. Патшаның көңілі сонша жұмсап, Жаназалап дәруішті дәфіндетті. Қосты дәруішті жерді қазып, Шаһзада қайғысынан жүдеп-азып. «Бұл бізден шаһид болды дәруіш» деп, Қабіріне қойдылар жазу жазып: «Күнәһінің бәрі болды өзімізден, Мұны біз дұшпан көрдік көңілімізден. Һәза шаһидул ғашық мәта мин ғашиқинә фә һуа миннә*. Қаталық бір іс болды,—деді,—бізден». Патша мұнан кейін күймес болды, Шаһзада ғашығына тимес болды. Нұрын адам көргенде рахмет айтып, Һешкімге қатты жаза бермес болды. Әй, тақсыр, сөзге ұйыма ғафлаттай, Дүнияда надан болған адамзаттай. «Әддуния сағатун фәжағалаһа тағатан»** деген, Өтуі бұ дүнияның бір сағаттай. * Бұл ғашықтықтың құрбаны, ғашықтықтан өлді, демек ол бізге жат емес. ** Дүние деген бір сағат, оны құлшылыққа айналдыр.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Мәңгілік рахатты қолдан берме, Ғафлаттың жолына түсіп жүрме. Тағатпенен ғұмырды кешіріңіз, Жауыздың саламатты тіліне ерме. Уәзірдің тілегенін қабыл алды, Баланы зынданына тағы салды. Уәзірлерін таратып орнына, Аңын аулап далаға кетіп қалды. Келіпті кешке таман аңнан қайтып, Отырды қатынымен тағам татып. —Бұ күн тағы балаңыз не болды?—деп, Сұрады патшадан жауап қатып. Патша айтты:—Бір уәзірім тілеп алды, Баланы зынданыма тағы салды. Не болса да болады ертеңгі күн, Тағы да бұ күн ұғылым аман қалды. Қатын айтты:—Айтайын сізге кеңес, Уәзірлер қастық ойлар, уайым жемес. Нағибу заманана уал ғайбу финә уа ләйса фи заманана ғайбун сиуана*, Заманды айыптамақ керек емес. Қырық уәзір бұзықтық көп айтады, Һәрбір уасуасасын ұлғайтады. Замананың бұ жүрген пенделері, «Заманамыз бұзылды» деп айтады. Заман емес, бұзылған халық еді, Адамның бұзылуы анық еді. Һәрбірісі бір түрлі сөзін айтып, Көңіліңе уасуасаны салып еді. * Біз заманымызды айыптаймыз, бірақ айып өзімізде және біздің заманымызда өзімізден басқа айып жоқ.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жалғаннан сізге сөйлер һәр түрлікті,
Арасында біреу жоқ бір білікті.
Балаңызды патша қылмақ үшін,
Менім үшін қылады күншілікті.

Көремісің олардың хикметін,
Бірінің-бірі жеді ақыр етін.
Патша, естігенің һеш жоқ екен,
Патша мен қызметші хикаятын.

Патша:—Естиін оны,—деді,
Саламат қалар ма екен жаны?—деді.
Шүбһәсі білінсе ақырында,
Өлтірмейін мен дағы сені,—деді.

Қатын айтты:—Бұрынғы өткен заман,
Бір патша болыпты мүлкі аман.
Бір кісісі патшаның қызмет қылып,
Мінезі патшаға болмас жаман.

Қызметші патшаға сөз айтады,
Жақсылығын қалдырмай бек айтады.

—Һәр уақытта бір істі істер болсаң,

Өзің үшін қыласың,—деп айтады.
Патша ол қызметшіні құрмет қылды,
Һәр уақытта қасына ертіп жүрді.
Патшаның басқа бір күншілері,

Біреуі жамандап айтып жүрді.

—Патша, сеніменен мәслихат құрған,

Ол дәруіш сізбенен көңіл бұрған.
Ертең келсе, қасыңа жолатпаңыз,
Кесел ауруы бар, жұғатұғын.
Ол кісі бұлай деді хасыл кәлам,

Нандырды патшаны әбден тамам.
Қызметшіге сарымсақты ас жегізді,
Неше түрлі ләззатті қылып тағам.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тағам ішіп болғанда айтады сөз:

—Қасына патшаның барсаңыз тез.

Аузыңды жеңіңмен тұтып отыр,
Жасырын сөз айтқанда көзбе-көз.
Патша сені біліп қалмасын,—деп,
Басыңа бір бәлені салмасын,—деп,

Қасына патшаның жақын барсаң,
Сарымсақтың иісі бармасын,—деп.
Қызметші күншінің сөзін тұтты,
Қасына патшаның жақын жетті.

—Бір сөзім бар айтатын, қызметші,

Патша:—Бері таман келші,—депті.
Қызметші келмей тұрды кейінірек,
Патша ойлады: «Кешегі адам болған зерек.
Бойында ауру бары рас екен,

Тегінде өлтіретін мұны керек».
Патша бір хат жазып берді бұған,

—Енді сөзімді айтайын,—деді,—саған.

Пәлен жерде Субас дейтін бір адам бар,
Осы хатты апарып берші оған.
Тезірек енді мұнан жылдам барың,
Субасқа мұнан барып хабар салың.

Қағазды тамам оқып болған халде,
Инғам-ихсан қылғанын өзің алың.
Қызметші шықты да қадам басты,
Манағы күнші кісі ұшырасты.

—Қағазды қайда алып барасың?—деп,

Қызметшімен екеуі жауаптасты.
Қызметші айтты:—Хат берді патша маған,
Субасқа апарамын,—деді соған.
Инғам-ихсан қылғанын алып қайтам,

Істерімді айтайын енді саған.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Күнші айтты:—Һәрдайым да боласың сен,
Патшаға қызмет қыласың сен.
Патшаның жанында көп отырып,
Инғам-ихсан қылғанын аласың сен.

Осы жолы мен оған барайын да,
Патшадан мен хабар алайын да.
Патшадан һәрқашан да көп алдың ғой,
Осы жолы ихсаныңды алайын да.

Қызметші ойлайды берейін деп,
Мұның да айтқанына ерейін деп.
Сарымсақты ас беріп қылды құрмет,
Һәрқашан жақсылық қып жүрейін деп.

—Бұ қағазды, мінеки, бердім сізге,

Қайырлы ғұмыр берсін екеумізге.
Сарымсақты ас беріп қылдың құрмет,
Соның үшін мархабат қылдық сізге.
Ол күнші бұл қағазды алып кетті,

Субастың мақамына барып жетті.

—Патшадан бір хабар әкелдім,—деп,

Қағазды Субастың қолына ілітті.
Субасқа бұ қағазды келтірді енді,
Жұмысын бұл адамның бітірді енді.
«Бұл қағазды кімде-кім алып келсе,

Ұстап алып мұндарды өлтір,—депті.
Бұл адамның терісін сойың,—депті,
Кешікпеші, мұның басын жойың,—депті.
Терісіне саламды тығып қойып,

Жүретұғын жолыма қойың»,—депті.
Осылайша жазылған хаты бітті,
Субас әзір қызметшілеріне әмір етті:
«Бұл адамның терісін сой!» дегенде,

Қасына қызметшілер келіп жетті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұ күнші мұны біліп зарлық етті:

—Бұ қағазды мен емес алған,—депті.

Жолда маған жолығып келген жерде
Бір кісі мұны маған беріп кетті.
Мұның айтқан сөздерін тыңдамады,
Үстіндегі терісін жұлмалады.

Терісін сойып алып салам тықты,
Патшадан бұйрықсыз қыла алмады.
Бұ кісінің терісін бітеу сойды,
Пышақпен тіліп-тіліп көзін ойды.

Терісін бітеу сойып сабан тығып,
Патшаның жүретін жолына қойды.
Патша бір сағатта жолға келді,
Сойып қойған адамды көзі көрді.

Қызметші кісі емес күнші адамы,
Бұ жерде қайран қалып үйге келді.
Патша тақытына отырды енді,
Көшеге шығып жұмысын бітірді енді.

Арасындағы оқиғаны білейін деп,
Шақырып қызметшіні келтірді енді.
Патша айтты:—Қасыма келдің,—деді,
Меніменен кеңесті құрдың,—деді.

Мен шақырсам өзіңді жауап алып,
Неліктен жеңің тұтып тұрдың?—деді.

—Әй, тақсыр, шақырғанға келдім,—деді,

Сізің менен кеңесті құрдым,—деді.
Күнші адамнан сарымсақты ас жеп едім,
Соның үшін аузым тұтып тұрдым,—деді.
Патша айтты:—Қағазды қайда қойдың?

Не себептен күншінің басын жойдың?

—Әй, тақсыр, мұнан шығып кеткенімде,

Ол адам сұрағанда беріп қойдым.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол айтты:—Патшаға бардың,—деді,
Патшадан һәр хабар салдың,—деді.
Бұл жолғыңды мен барып алайын да,
Инғам-ихсан көбірек алдың,—деді.

Мен ойладым қадірін білейін деп,
Бұған да рахым қылып жүрейін деп.
Сарымсақты ас беріп құрмет қылды,
Бұл жолғы инғамымды берейін деп.

Һешкімге бермеуші едім инғам-ихсан,
Әмір етіп біреуге хабар салсаң.
Субасты шақырып сіз сұраңыз,
Әгар менім сөзіме инанбасаң.

Патша айтты:—Күншілік болмас екен,
Адамға һешбір зарар қылмас екен.
Әлхасуду лә иасуд* деген сөзің,
Өзі үшін дегенің рас екен.

Ол күнші сені азғырып келді,—деді,
Жазасын Тәңірім оның берді,—деді.
Жамандығы ақырында өзін тапты,
Сен өзің рахат бол енді,—деді.

Әй, патша, бұ хикаят айттым сізге,
Жамандығы көрінді көрер көзге.
Ақырында жамандығы өзін тапты,
Жаманның кесапатын көрдіңіз бе?!

Қатын айтты:—Жаратқан Құдай,—деді,
Күншілігі болыпты бұлай,—деді.
Қырық уәзір һәммасы күншілік қып,
Ұғланды азғырып жүр солай,—деді.

—Ертеңмен өлтірейін оны,—деді,

Түбінде қор қылмасын сені,—деді.
* Күншіл басшы болмас.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Осыны айтып сарайда ұйықтап қалды,

—Сөзіңнің бар көрінеді жөні,—деді.

Патша сарайында ұйықтап кетті,
Ертеңмен жалладына әмір етті.
Жалладқа: «Мойнын үзіп ұр!»—дегенде,
Жиырма үшінші уәзірі келіп жетті.

Уәзір айтты:—Бір сағат әділ хүкім қылсаң,
Жетпіс жылғы ғибадаттай, құлақ салсаң.
Бір сағат залымдықпен хүкім қылсаң,
Жетпіс жылғы ғибадатты жойды, нансаң.

Әй, патша, қорламаңыз шариғатты,
Пайғамбар айтып өткен табиғатты.
Қиямет күн болғанда имандысыз,
Дүнияда ұғып жүрсең өсиетті.

Қатынға дүнияда жүз бермеңіз,
Ақыретте күнәһқа кез келмеңіз.
Қырық уәзір ақылын, насихатын,
Далаға бейсауап қып жібермеңіз.

Әділ патша тұтыңыз әділетін,
Білесіз хайламенен кесапатын.
Әй, патша, жоқ екен ғой естігенің,
Қожа менен ұғылының хикаятын.

Патша:—Естиін оны,—деді,
Шаһзада аман қалсын жаны,—деді.
Екеуінің шүбһәсі білінбей тұр,
Айып қылма, жаранлар, мені,—деді.

Уәзір айтты:—Бір саудагер болған екен,
Оның өзі өнерлі қожа екен.
Өлерінде ұғылына өсиет берді,
Бір күні қаза тағдыр келген екен.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қожа айтты:—Әй, ұғылым, өлермін мен,
Құдай маған білдірді, білермін мен.
Сөзімді тұт мен айтам, жаным балам,
Саған соны өсиет қылармын мен.

Мен айтқан өсиетім алың,—деді,
Ысырап қылып бітірме малың,—деді.
Әгарда малың бітсе, тіленбеңіз,
Мына тұрған ағашқа барың,—деді.

Һәркімнен көп болмасын қасың,—деді,
Дұшпаныңнан көп болсын досың,—деді.
Қашан малың ысырап болып бітсе,
Өзіңді мына ағашқа асың,—деді.

Баласы бұ қожаның сөзін тұтты,
Мұны айтып дүниядан өтіп кетті.
«Өсиет сөзін атамның қылайын» деп,
Қожаны қабіріне дәфін етті.

Атасы білдіреді ахуалын,
Атасының ысырап қылды қалған малын.
Мүкәммалын ысырап қып бітірген соң,
Өзінің жаман болған көрді халін.

Атасының өсиетін көңіліне алып,
Ағашқа бір жіп алып тұрды барып.
Ағашқа жіпті байлап өзін асты,
Ағаштың биіктігіне қайран қалып.

Ағаш сонда құлады салмағына,
Жерден тұрып қарайды жан-жағына,
Ағаш асты—топ-толы алтын-күміс,
Аңғарды өсиет себеп болғанына.

Алтын-күміс, жауһарға толды енді,
Бұрынғы дәулетіндей болды енді.
Бұрынғы қатасына бек өкініп,
Сауда қып андан кейін тұрды енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір күні сапар шықты сауда етіп,
Бір адамға кез болды жолға жетіп.
Ол адам ойнатады көп жыланды,
Өзі және бағып жүр бәрін күтіп.

Ішінде бір жылан бар, жуас еді,
Бұ бала оны көзі көрді.
Ол адамнан жыланды сатып алып,
Бірнеше күн болғанда үйге келді.

Әфсүн-дұға үйренді ол адамнан,
«Маған қастық қылар,—деп,—осы жылан».
Ол жыланға көп жақын жоламады,
Үйіне алып келіп асыраған.

Бір күн жылан қыз болды бір сілкініп,
Қасына бұ баланың тұрды келіп.
Қызға айтты:—Халің маған баян қылың,
Сені кім жылан етті мұндай қылып?

Қыз айтты:—Менім саған сөзім,—деді,
Шын патшаның қызы едім өзім,—деді.
Бұ жыланшы әфсүн оқып, жылан қылып,
Далада душар болған кезім,—деді.

Ол адам дұғаменен сиқырлады.
Андан кейін тәнімде хал қалмады.
Өзімнің суретіме кіре алмадым,
О дағы маған рақым һеш қылмады.

Мен онда жылан болып жүрдім,—деді,
Бірқатар қолыңызда тұрдым,—деді.
Ол өліп, сиқыры батыл болды,
Қыз болып қасыңызға келдім,—деді.

Өз шаһарыма барайық енді,—деді,
Менім де суретіме келді,—деді.
Саған мен де рақым қылсам керек,
Көрейік менім шаһар, елді,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ата-анама білдіргіл осы халды,
Сенің үшін береді жиған малды.
Мал алма тілімді алсаң, сіз алғайсыз,
«Айна-шыны» деген бір орамалды.

Орамал қасиеті неткізеді,
Жаманды маңайынан кеткізеді.
«Пәлен жерге апар» деп қарасаңыз,
Көзің ашып-жұмғанша жеткізеді.

Мұны айтып жігітке «Бермен жүр» деп,
Қолынан жетеледі «Көзің жұм» деп.
«Аш» дегенде қараса көз алдында
Қыз айтты:—Бұ шаһарды көзбен көр,—деп.

Көрінді көздеріне үлкен шаһар,
Төбесі, биіктігі көкке барар.
Екеулері шаһарға барып кірді,
Мұндай ғажап бар екен тамашалар.

Қыздың жылап көрісті ата-анасы,
Қызыл қан екі көзден ағып жасы.
Бастан кешкен айтады оқиғасын,
Жыланға барған жайын бұл баласы.

Ата-анасы үйіне жетпек болды,
Жігіттен қызды алып кетпек болды.
Қыздың аман келгенін қуаныш қып,
Үлкен бір той, тамаша етпек болды.

Қыз айтты:—Ата-анама сатқыл,—дедім,
Біздің үйде қонақ боп жатқыл,—дедім.
Ата-анамның берген малдарыны,
Үйіңе алып өзіңіз қайтқыл,—дедім.

Жігіт маған инанды уағда етсем,
Рұқсатсыз жарамас үйге жетсем.
Соның қылған уағдасын қылмағанға,
Бұл енді өкпелейді тастап кетсем.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жігітке анасы айтты:—Не аласың?—деп,
Не нәрсеге ықтиярлы боласың?—деп.

—Айна-шыны алам,—деп жігіт айтты,

Соныма разы боп қаласың,—деп.
Анасы ұнатады:—Жарайды,—деп,
Ықтияр атасынан сұрайын,—деп.
Бұл хабарды білдірді атасына

—Қызыңды алып келген жігіт бар,—деп.

Айна-шыны сұрайды бізден,—деді,
Ол қыздан үмітіңді үзбен,—деді.
Атасы разы болды бермегіне,

—Жарамас тайғанымыз сөзден,—деді.

Күзгіні атасынан жігіт алды,
«Үйіме жеткізгіл,—деп айтып салды.
Бір Алланың есімі үшін жеткіз» десе,
Ол жігіт өз үйіне келіп қалды.

Бұ шаһар патшасының бір қызы бар,
Бегірек көркем болған жүздері бар.
Бұ жігіт осы қызға ғашық болып,
«Қалайша қосылам?» деп болады зар.

—Ол қызды ғашықтықпен өлтір,—деді,

Сен, күзгі, жұмысымды бітір,—деді.
Бір Құданың есімі, Хақы үшін,
Қасыма патша қызын келтір,—деді.
Бұл күзгі патша қызын алып келді,

Екеуі күліп-ойнап, ғишрат құрды.
Қыз айтты:—Менім әкем мұны білсе,
Екеуміздің бірімізді жояр,—деді.
Қыз бен жігіт орамалға қарап тұрды,

«Екеумізді қыз үйіне жеткіз»,—деді.
Екеуі көз жұмғанша онда барып,
Ол қыздың төсегінде көзі көрді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жігітке қайран болды қылған ісін,
Қыз айтты:—Сен кімнің баласысың?
Жігіт айтты:—Саудагер қожа—әкем,
Сен енді басқа жанға барамысың?

Қыз айтты:—Өз үйіңе біз барайық,
Ғайш-ғишрат сонда барып біз қылайық.
Сен дағы көңіл берме бөтен жаққа,
Һәрқашан сүйген жарың біз болайық.

Жігіттің үйлеріне бұлар келді,
Неше күндер ғайш-ғишрат қылады енді.
Қызының ордасында жоқ болғанын,
Ата-анасы хабарын біледі енді.

Қарады ата-анасы неше күндей,
Әуре-сарсаң болады һешкім білмей.
Тамам үйді ата-анасы қараса да,
Қыз бар деп уақыт өтті һешкім білмей.

Тамам жәду қатынды жиып алды,
Сиқырменен үйлерді қарап қалды.
Жігіттің үйіне алып кеткендігін,
Қатындар терезеден байқап алды.

Сиқырдың қуатымен үйге кірді,
Орамалда сиқыр барын көзі көрді.
Қызбенен орамалды алды дағы,
Алдына падишаның жетіп келді.

Жігіт мұнда оянып ашты көзін,
Қасынан көре алмады патша қызын.
Мұны ойлап шаһарына жүріп кетті,
Іздеп тауып алам деп оның өзін.

Мұныменен қыз шаһарына іздеп келді,
Патшаның өз үйіне көздеп келді.
Іздеп жүрген дұшпанға қарсы ұшырап,
«Қыз күйеуі қосылғанбыз» деп келді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шаһарға алып келді Құдай бастап,
Мұндағы мүкәммалын бәрін тастап.
«Мен едім қыз күйеуі» деген халде,
Дұшпандар іздеп жүрген алды ұстап.

Патшаға мұны ұстап алып барды,
Естіді бір басында болған халді.
«Бұ жігітті тез тауып алып кел» деп,
Һәр адамға мұнан бұрын хабар салды.

Патша мұны көріп ашуланды,
Ашуына шыдамай оттай жанды.
Қалғандарға ғибрат болуы үшін,
Бір құдыққа жігітті әкеп салды.

—Мұндай іс неге қылдың, харамзада?!

Мен патша болғанымда дүнияда.
Неше түрлі азаппен өлтірермін,
Кеудеңде шыбын жаның мың болса да.

Әмір етіп:—Құдыққа салсын,—деді,
Қаза жетіп Аллаға барсын,—деді.
Аузын бір таспенен жапқызады,
Бұ жігіт мұнда өліп қалсын,—деді.

Бұ жігіт бұл құдықта қалды,—деді,
Құдайым мехнатын салды,—деді.
Ол жігітті құдыққа салған халде,
Бетін тастай бекітіп алды,—деді.

Бір мысық, бір иті бар бұ жігіттің,
Пендеге һәр ісі бар құдіреттің.
Ит пен мысық жігітке жақын келіп,
Тиді бір пайдасы осы иттің.

Бұл зынданның басына бұл ит келді,
Бір жағын тесемін деп тырнай берді.
Тырнай-тырнай зынданды тесік қылды,
Тесікпенен жүгіріп мысық келді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Тышқан онда хисапсыз болады екен,
Адам келсе құдыққа толады екен.
Адамды жер еді бір сағатта,
Ғаріп адам сүйегі қалады екен.

Мысық онда тышқанның қырды бәрін,
Мұндайын білген халде ахуалдарын.
Келгендерін тышқанның қырып-қырып,
Құдыққа төбе қылып үйді бәрін.

Тышқандар мұны көріп болды ғаріп,
Бір мысық тастаған соң қырғын салып.
«Құдықта мұндай пәле бар екен» деп,
Өзінің патшасына айтты барып.

Патшасы жарлық етті:—Барып кел,—деп,
Сол жігітке бір хабар салып кел,—деп.
Бізден мына құтқарсын бұл бәлені,
Не деп айтқан жауабын алып кел,—деп.

Жігітке тағы келді мұның бәрі,
Ит пен мысық—жігіттің жолдас жары.

—Патшамыз бір хабар айтты сізге,

Бәленің сізде бар деп ахуалдары.
Баршы деп жарлық етті бізге,—деді,
Біз бір сөзді айтамыз сізге,—деді.
Біздерден не сұраса алсын,—деді,

Бәлені бізден қылсын өзге,—деді.
Жігіт айтты тышқанға:—Келдің,—деді,
Мысықтан бәрің қорқып жүрдің,—деді.
Патшаның сарайына бір жол жаса,

Сол халде тілегіңді бердім,—деді.
Патшаңыз әскерін жисын,—деді,
Менім айтқан әмірім қылсын,—деді.
Жер астынан сарайға бір жол жаса,

Кеңдігі жүрген адам сыйсын,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұлайша жауап берді жігіт онда,
Тышқандар хисапсыз боп жиылғанда.
Зынданнан сарайға баратын қып,
Астынан бір жол қазды тез заманда,

Патшаның қызына жігіт келді,

—Түнеукүнгі күзгіміз қайда?—деді.

Қыз айтты:—Бекітулі қазынада,
Хадимдер сонда апарып қойған,—деді.
Жігіт тағы тышқанға әмір етті,
Бір жолды қазынаға жасап бітті.

Ол жігіт күзгіні алып қызға келіп,
Өзінің шаһарына енді кетті.
«Қыз жоқ» деп патшаға хабар жетті,
Мұны біліп қатындарға әмір етті.

Тамам жәду қатынды жиды дағы,
Жігітті шаһарынан іздеп кетті.
Жігітті тауып алды жылдам барып,
Өлтіріпті жігітті қылыш алып.

Қызбенен орамалды алып келді,
Патша қуанады бек шаттанып.
Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,
Бұл жігіт хикаятын білемісің?

Ол қожа саудагердің бұ баласы,
Қатыннан қаза тапты көремісің.
Қатынның хайласы бар, міне, осындай,
Тілін алса жауыздар не қылмаған?!

Толған айдай ұғылыңды һәлак қылып,
Өкінішке қалмаңыз, падишам-ай.
Ұғланды патшадан тілеп алды,
Патша зынданына тағы салды.

Аң аулап, кешке дейін жүрді дағы,
Өзінің сарайына келіп қалды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Отырды қатынменен сөз сөйлесіп,
Ләззатті өз алдына тағам ішіп.
Қатын және патшадан сұрамақшы,

—Не болды бұ балаңыз бұ күн?—десіп.

Патша айтты:—Мен аңға бардым,—деді,
Баланы зынданыма салдым,—деді.
Мұны естіп ол қатын патшаға

—Мен дағы шүбһәлі боп қалдым,—деді.

Қатын айтты:—Әй, патша, бұ балаңыз,
Арманда ақырында құр қаламыз.
Ұстазынан дәрісті оқымаған,
Бір мехнат көреді бұ жаныңыз.

Оқығаны ұстазынан хайла-мәкір,
Тіліңді аузыңмен бір күн байлар.
Сені сондай пәлеге жібермекке,
Пұрсатты күзететін хайласы бар.

Уәзірдің ересіз ғаламатына,
Бұл менім құлақ қоймай өсиетіме.
Сенің бұл хикаятың ұқсайды екен,
Рәміл шәкіртінің хикаятына.

Патша:—Естиін оны және,
Бізге шүбһәлі болды осы бала.
Патша:—Естиін оны,—деді,
Қайырлы өмір берсін Хақ Тағала.

Қатын айтты:—Сөйлейін хикаятым,
Бұрынғының жазып қойған риуаятын.
Мысырдың шаһарында, әй, патша,
Болыпты ері жоқ бір қарт қатын.

Болыпты бұл кемпірдің жалғыз ұғылы,
Беріпті һәр өнерге енді мұны.
Һешбір хасыл өнерден қыла алмады,
Фасад-пасық болыпты жүрген күні.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Анасы айтты:—Осынша адам бола алмадың,
Кәсіптен һешбір хасыл қыла алмадың.
Неше түрлі өнерге салып едім,
Біреуін де үйреніп біле алмадың.

Анасы айтты:—Әй, балам, жүргіл,—деді,
Тағы да өнерді білгіл,—деді.
Өнершіге мен барып берейін де,
Аз заманда үйреніп келгіл,—деді.

—Әй, ана, алып жүргіл мені,—деді,

Бар екен бұ сөзіңнің жөні,—деді.
Қай өнерді мен көріп ұнатқанда,
Барып мен үйренейін соны,—деді.
Бұ баласын жетелеп алып жүрді,

Аралатып екеуі базар келді.
Бір молдаға шешесі сөз сөйлесіп,
«Үйрет» деп Рәмілді оған берді.
Молда «үйретем» деп алып кетті.

Өзінің мақамына барып жетті,
Рәмілдің керекті қағидасын,
Балаға аз заманда бұл үйретті.
Ұстазы айтты:—Әй, балам, ертең,—деді,

Мен өзім бір қой болып кетем,—деді.
Мені сатып, мойнымда жіпті берме,
Қазір сенің алдыңа жетем,—деді.
Ертеңінде ұстазы бір қой болды,

Бұл бала базарына алып келді.
Мың ақшаға ол қойды сатты дағы,
Мойнынан жібін алып үйге келді.
Кешке жақын ұстазы келді жетіп,

Өзінің кеткендігін мағлұм етіп.
Тағы бір күн балаға сөз айтады,
Арада бірнеше күндер өтіп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Ертеңмен мен боламын бір семіз ат,

Базарға мені тағы апарып сат.
Жүгенімді берместен алып қайтқыл,
Ақырында әй, балам, боларсың шат.
Ат болып әлгі молда жатты және,

Базарға алып келді атты және,
Басынан өз жүгенін өзі алып,
Біреуге мың ділләға сатты және.
Кеш болғанда молдасы қайта келді,

Мұны көріп бұ бала шаттық қылды.
Молдасы анасына әкеп берді,
Анасы бір мәртебе дұға қылды.
Бала айтты анасына:—Кәні,—деді,

Базарға сатқыл ертең мені,—деді.
Бір көгершін болармын мен құбылып,
Читлегімді бермеңіз жөні,—деді.
Анасы бала сөзін қабыл алып,

Базарға сатпақ болды мұны апарып.
Өз шәкірті екенін молда біліп,
Көгершінге қарады көзін салып.
Әлгі молда қатынға жетіп барды,

Ақшаға көгершінді сатып алды.
Бұл қатын ақшаны алды дағы,
Молдаға читлекті бермей қалды.
Молда айтты:—Артық берем, бергіл,—деді,

Базардан читлекті көргіл,—деді.
Мұнан артық аласың арзанына,
Менім айтқан сөзімді көргіл,—деді.
Көп ақшаға қызықты қатын енді,

Молдаға читлекті сатады енді.
Көгершінді бұ молда алды дағы,
Тезірек өз үйіне қайтады енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Мұндай істі қыласың, балам,—деді,

Сені тағы бір күйге салам,—деді.
Заманымда мұндайын істер қылдың,
Басыңды сенің кесіп алам,—деді.
Молда енді көгершінді қоя берді,

Далаға ұшып тағы кете берді.
Молдасы қаршыға боп мұны қуды,
Қайда барса артынан жете берді.
Патша отыр екен мәжіліс құрып,

Көгершін жақын келді мойын бұрып.
Қаршығадан кетерге һеш халі жоқ,
Алдына келіп түсті бір гүл болып.
Қызыл гүл болды бала қаршығадан,

Патшаның алдына түсіп қалған.
«Мезгілсізде нағып түсті мына гүл?» деп,
Патша қайран қалып қолына алған.
Молдасы шайыр болды топқа келіп,

Шиғырды сыбызғымен тамам біліп.
Мұндайын оқиғаны көрген халде,
Отырды патша да қайран болып.
Патша айтты:—Не сұрайсың менен?—деді,

—Қызыл гүлді сұрайын сенен,—деді.

Екінші сұрағанда бермек болды,

—Шиғырың бек жақсы екен инан,—деді.

Берейін деп гүлді берді бары,
Қызыл гүл қолдан түсіп болды тары.
Шайыр онда әтеш боп тере берді,
Бұларға онда мағлұмсыз ахуалдары.

Әтеш барып бітіріп біреу қалды,
Ол енді адам болып тұра қалды.
Адам болып бір тары тұра келіп,
Әтештің басын келіп жұлып алды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша қайран қылды осы халді,
Бұ баладан сұрады оқиғаны.
Бастан кешкен сөйледі әңгімесін,
Естігендер һәммасы қайран қалды.

Бұл хикаят сөйледім мұны,—деді,
Бұ бала да сүйтеді сені,—деді.
Ол бала, әнеки, өз молдасын,
Қалайша өлтірген оны,—деді.

Сені сондай өлтірер мына бала,
Һәрқашан ұстазының тілін ала.
Мен не болсам болайын сен аман бол,
Қалайша күйге салды Хақ Тағала.

Саған да пида болсын шыбын жаным,
Харамзада өлтірің, мейірбаным.
Қырық уәзір қырық түрлі хайланы айтып,
Жолдасы азғыратын бар-дүр оның.

Қояды қатынына ықыласты,
Өзге сөз бұл қасында ұнамасты.

—Мен оны ертеңмен өлтірем,—деп,

Патша жастығына қойды басты.
Ерте тұрып патша мінді тақытқа,
Құдай-а, шаһзаданы өзің сақта.
Уәзірі патшаға келді жақын,

Патша қаһарланып тұрған шақта.
Патша осылайша қаһар етіп,
Жалладтар баланы алып келді жетіп.
Уәзірлер тілек қылып алмақ үшін,

Біреуі жетіп келді зарлық етіп.
Уәзір айтты:—Әй, тақсыр, нәпсіге ерме,
Қатынның уасуасын жақсы көрме.
Балаңызды өлтіріп өкініш жеп,

Өз обалың өзіңе, менен көрме.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Хақ расул шариғатын бізге шашты,
Бойынан жауыздардың иман қашты.
«Құл хақ уа ләу кәна муррән»* деген,
Сөзіңнің расын айт болсада ащы.

Сөзің ащы болса да айт расын,
Шаһзада баланың кесіп басын.
«Даләтул мухтәл» деген қатын өткен,
Сөйлейін, тақсыр, сізге хикаясын.

Уәзір айтты:—Мысырдың шаһарында,
«Даләтул мухтәл» бір қатын болған онда.
Ол қатынның болыпты екі ері,
«Екеуі де менім ерім» дерлер онда.

Бірі—ұғыры, ерінің бірі—ғаяр,
Екеуінен малы жоқ мұнан аяр.
Екеуінің тағамын мезгілінде,
Бұ хайлакер қатын онда қылды даяр.

Ұғыры кеп базарға бір мал сатты,
Екінші бір кісі кеп жауап қатты.
Малын алған кісіге бір кісі кеп,

—Бұл мал менікі,—деп жауап айтты.

Бұдан бұрын жоғалған қанша малым,
Оларды да сен алдың оның бәрін.
Ол кісі айтты:—Сөзіңді біліп сөйле,
Әзір де сатып алдым бұл малдарын.

Ұғыры мұны біліп үйге келді,
Қатынға келген жерде жауап беріп:

—Ұғырлығым жұрт сезді, мен кетейін,

Әй, қатын, рұқсат бер маған,—деді.
Береді ұғырыға рұқсатын,

—Тартпа,—деп,—бұ шаһардың хикметін.

* Ащы болса да ақиқатты айт.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жарты нанмен береді жарты құйрық,
Ұғырымен амандасып қалды қатын.
Аздан соң базардан келді ғаяр,

—Ғаярлығым жұрт сезіп біліп қояр.

—Осыны жолға азық қыл,—деді де,

Жарты нан, жарты құйрық қылды даяр,
Ұғыры нанын алып жүріп кетті,
Ағашты бір дарияға келіп жетті.
«Осы судың жанында тағамданып,

Кетейінші»,—деді де отырыпты.
Артынан ғаяр дағы келді бұған,
Отырысты тағамға енді тамам.
«Тағам ішіп бір жолдас болайық»,—деп,

Нан менен құйрықтарын қолына алған.
Ғаяр келді ұғырының қасына енді,
Өнері бір-бірінің асып енді.
Жарты құйрық, жарты нан онда да бар,

Ұғырының қарады асына енді.
Екі нанды қосқанда бір нан болды,
Құйрықты қосқанында бірдей болды.
Екі тағам бірдей боп тұрған халде,

Екеуі бір-біріне қайран болды.
Ғаяр айтты:—Сұрамақ айып емес,
Екеуміздің тағамымыз болды теңдес.
Үйіңіз қай орында, қай шаһарда?

Бастаңыз халіңізден бізге кеңес.
Ұғыры айтты:—Мекенім—Мысыр шаһар,
«Даләтул мухтал» деген бір қатын бар.
Сапарға бұ күнгі күн шығып едім,

Жолдасым, біздің мекен онда болар.
Ғаяр айтты:—Ол қатын менікі еді,
Мысыр шаһар менім жұртым болар еді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сізнікі емес, бәрі де мүкәммалым,
Неліктен маған айттың жалған?!—деді.
Ұғыры айтты:—Мекенім Мысыр біткен,
Ол менім өз халалым, неках еткен.

Мазақ етіп айттың ба, диуана ма?!
Қышқырып бір-біріне дағуа еткен.
Ғаяр айтты:—Бұл даумен бітпес,—деді,
Қышқырыс ол қатынға жетпес,—деді.

Барып біздер сұралық ол қатыннан,
Бөтенге бірімізден кетпес,—деді.
Екеуі ұнатады «Жарайды» деп,
Арасында болған соң әңгіме-кеп.

Екеуі де келді қайтып үйге
«Қатыннан оқиғаны сұрайық» деп.
Қатынға бұлар айтты хикаятын,
Қатынның білген екен ғаламатын.

Қатын айтты:—Мен мына бұ күнгеше,
Екеуіңе болдым мен бірдей қатын.
Екеуіңе қатындық қылдым,—деді.
Бір нанды екеуіңе бөлдім,—деді.

Енді қайсың өнерің артық болса,
Мен соның жамағаты болдым,—деді.
Ғаяр айтты:—Мен бұ күн базар барам,
Ғаярлық мен көрсетіп қылған жалам.

Андан соң көрсетерсің сен хайланы,
Екінші билікті саған қылам.
Екеуі мұныменен базар кетті,
Көп адамның ішіне барып жетті.

Бір фиранк бір кесеге мың алтын сап,
Қойнына салды дағы жүріп кетті.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бұл фиранктің қойнынан ғаяр алды,
Аулақта ішінен тоғыз алтын алды.
Атын жазған жүзігін кесеге сап,
Байқаусызда қойнына қайта салды.

Бұл істердің һәммасын ұғыры көріп,
Ғаяр тағы фиранкке келді жүріп.
Жағасына жабысып ашуланды,
Жұмырықпен басына ұрып-ұрып.

—Кесеменен қайда менім алтындарым?!

Ұғырлап алып қойдың оның бәрін.
Фиранк айтты:—Кете бер, мені тұтпа,
Мен сені танымаймын ахуалдарын.
Ғаяр айтты:—Танымасаң танымассың,

Мақамға жүр,—деді,—алыпсың сен.
Разы болып фиранкті мақамға [апарды]

—Өтірік маған жала салыпсың сен.

Фиранктен қазы сұрды:—Алтының,—деп,
Ішіндегі алтының қанша еді?—деп.
Фиранк айтты:—Ішінде бір мың алтын,
Бұ маған өтірік жала салады,—деп.

Ғаярға айтты:—Қанша алтын алдың?
Өтірік неге бұған жала салдың?

—Ішіндегі тоғыз жүз тоқсан бір дана,

Ішіне жүзігімді бірге салдым.
Санаса ғаярдікі дұрыс болды,
Фиранктікі кемдіктен бұрыс болды.
Басына бұ фиранктің шыбық салып,

Мехнатты байғұсқа бір іс болды.
Алтын алып ол ғаяр үйге келді,
Ұғыры да қасында бірге келді.
Қатынға қылғандарын айтқан екен,

Үшеуі қайран қалып күле берді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір хайланы ұғыры қылмақ болды,
Қатынды қай асқаны алмақ болды.
Екеуі қолдарына бір жіп алып,
Патшаның сарайына бармақ болды.

Екеуі сарайға түсіп келді,
Ұғыры бір ашқышты тауып берді.
Қазынаның есігін ашты дағы,
Ол ұғыры ғаярды кіргізді енді.

Ғаярға:—Ілгерірек бар,—деп айтты,
Алтыннан көтергенше ал,—деп айтты.
Онан шығып қазынадан бір қаз алып,
Ғаярға:—Мұның ішін жар,—деп айтты.

Ол ғаяр разы болды:—Жарайын,—деп,
Табаға бәліш қылып салайын,—деп.

—Сен мұнда тамамда мұның бәрін,

Мен өзім патшаға барайын,—деп.
Ғаяр айтты:—Барасың неге?—деп,
Онда барып жаныма тиме,—деді.
Ұғыры айтты:—Патшаға қатты айтам,

Сенікі ме, менікі ме?—деді.
Ғаяр айтты:—Сарайға түстім,—деді,
Патша қазынасын тиістім,—деді.
Тіл алсаң айта көрме патшаға,

Алтынменен қатыннан кештім,—деді.
Ұғыры айтты:—Қазір де айтарсың сен,
Ертеңінде сөзіңнен қайтарсың сен.
Патша қылғандарым сезіп қойса,

Мұнан да өз басыңды тартарсың сен.
Осыны айтып патшаға келді кіріп,
Қарады жан-жағына мойын бұрып.
Бір ұғлан сипап отыр патша аяғын,

Ұғыры оған келді жақын жүріп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Отыр екен әлгі бала сағыз шайнап,
Ғаяр да қарап тұрды мұны абайлап.
Сағызын шайнағанда оянады,
Отырды ұғыры да қулық ойлап.

Ұғыры тақ астында жасырынды,
Ұғланның аузына салды қылды.
Есінеген шағында тартып алды,
Ол бала қарап-қарап таба алмады.

Ұғлан және ұйқыға кетіп қалды,
Балаға ұғыры және жетіп барды.
Хошбуйді мұрнына түтеткенде,
Ол бала ессіз болып талып қалды.

Бір зенбілге баланы салып қойды,
Диуарға апарды да асып қойды.
Қайтып кеп патшаның бір жағында,
Аяғын ол ұғыры уқалайды.

Патша бір уақытта қимылдады,
Аяғын бала болып уқалады.

—Әй, патша, мен айтайын бір хикаят,

Әлде жақсы сізге, әлде жарамайды?
Патша:—Сөйлеңіз оны,—деген,
Ұғыры айтты:—Бір адам уайым жеген,
Бірі—ғаяр, біреуі ұғыры екен,

Патшаның қазынасына бір күн келген.
Ол екеуі бірігіп ұрлық қылған,
Патшаның бір қазысын кәбап қылған.
Бір қатынға екеуі таласыпты,

Патша қайсысына жұфұт қылған?
Патшаға сөйледі тамам халді,
Қатынменен екеуінде болған халді.
Екеуі де бірігіп ұрлық қылып,

Патшаның қазынасынан алды малды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Есіктен ғаяр қарар:—Жүрсеңші,—деп,
Тіпті енді қатын маған тимесін,—деп.
Ұғыры да ишарат қылар ғаярға енді,

—Айландыр барып қазды, күймесін,—деп.

Есікте ғаяр қорқып тітіреген,
Ұғырыға:—Қайтайық енді,—деген.
Сөз арасында ғаярға ишарат қып,

—Қазың күйіп қалмасын,—деп жауап берген.

Айтады бұ ғаярды келтіргенін,
Қаздарының біреуін өлтіргенін.
Қазынадан екеуі алтын алып,
Тамам қылып жұмысын бітіргенін.

Тақытқа өзінің кеп тығылғанын,
Айтады ғаярының сөз салғанын.
Ұғланның аузынан сағыз алып,
Дәрі салып ессіз боп жығылғанын.

—Бұл екеуі үйіне барар деймін,

Қатынға ықтиярын салар деймін.
Әй, патша, бұған төре беріңіз сіз,
Бұл қатынды қайсысы алар деймін?
Патша айтты:—Менім бұл датым,—деді,

Ұғырыға ықтияр қатын,—деді.
Патшаның қазынасына кірген екен,
Ғаярдан қылған ісі батым,—деді.
Ғаярменен екеуі шығып кетті,

—Қатын енді кімдікі?—деп жауап етті.

Ғаяр айтты:—Бұл қатын сіздікі енді,
Қайтайық жұмысымыз енді бітті.
Ұғыры айтты:—Қайта барып сұрайын?—деп,
Әлгінде айтып енді «менікі» деп.

Ғаяр айтты:—Қатын түгіл өзімді де,
Ал енді тез қайтайық,—деп жалынды көп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қатынның үйіне енді кетіп қалды,
Алдына алтындарын әкеп салды.
Өнері бұл ғаярдың асқаннан соң,
Ұғырыны өзіне ер қып алды.

Патша ерте тұрды орнынан,
Алтын жоқ қайран қылды порымынан.
Баланы іздеп жүріп тауып алды,
Диуарға мұны асып қойғанынан.

Патша мұны көріп болады аң-таң,
Ұғыры алтын алып кетіп қалған.
«Кімде-кім айтса дағы жаза жоқ» деп,
Базарына дәлилдер хабар салған.

Уәзір менен бектерге айтты бәрін,
Жоқ болған қазынада алтындарын.

—Түнде маған бір хикаят айтқан еді,

Білмедім кім екенін ахуалдарын.
Бір адамды базарға жар салғызды:

—Алтынын патшамыз көп алғызды.

Шүбһәсіз күнәһісін кешер оның,
Патша өзін-өзі құр қалғызды.
Алғаны өзінде тұрсын,—деді,
Жұрт менім әділдігім білсін,—деді.

Екі хисап үстіне мал берермін,
Хақтығын өзі айтып берсін,—деді.
Ұғыры мұны естіп майдан келді,

—Ол алтынды ұғырлаған мен-дүр,—деді.

Хадимдер мұны көріп ап жөнелді,
Алдына патшаның алып келді.
Патша ұғырыдан сұрды хабар,
Ұғыры айтты:—Оны қылған өзім болар.

Патша айтты:—Мұныңның асылы нешік?
Ұғыры бастан-аяқ тамам қылар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ұғыры бастан-аяқ айтты бәрін,
Ғаяр менен екеуінің ахуалдары.
«Қайсымыз бұл қатынды алар?» деп,
Оздырып өнерлерін қылғандарын.

Патшаға сөйледі бастан-аяқ,
Бір ауыз сөзін бүгіп тастамай-ақ.
Патша мұны естіп қалды қайран,
Өнері бір адамның осындай-ақ.

Патша айтты:—Сені артық көрем,—деді,
Һәрқашан әділдікте жүрем,—деді.
Алған малың өзіңде тұрсын енді,
Тағы сондай малымнан берем,—деді.

Ол қатын сенікі-дүр, тағы және
Салмасын бұдан кейін ғаяр жала.
Өнерің бек тамаша қылғаныңыз,
Мен сені ұғлан дедім көре сала.

Ұғыры мұны көріп тәуба қылды,
Қатынын қайтадан некахтанды
Өлгенінше құл болды қызметінде,
Ақыры дүниядан олар да өлді.

Әй, патша, бұ хикаят айттым сізге,
Қатынның хайлаларын көрдіңіз бе?
Екі ерді бір өзі хайламенен,
Алғанын мәкірлікпен білдіңіз бе?

Хайласы қатындардың осылайша,
Құтылмас мәкірменен хан—падишаһ.
Бұ күнше сабыр қылмақ сізге лайық,
Ақырда өкінішті болғаныңша.

Баланы ол уәзір тілеп алды,
Ол күні зынданына тағы салды.
«Не болса да бұ бала ертең болсын»,
Аң аулап даласына кетіп қалды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Үйіне келді кешке аңын аулап,
Қатыны қарсы шығар оттай қаулап.
Ұғланды өлтірмекке әңгіме айтып,
Зәнталақ азғырады омыраулап.

Қатынменен отырып ішті асын,
Патша өлтірген жоқ бұл баласын.

—Бұ күн тағы ұғылыңыз не болған?—деп,

Қатын тағы бастады әңгімесін.

—Уәзірім бұ күн тілеп алды,—деді,

Баланы зынданыма салды,—деді.
Ертең болар ұғылым не болса да,
Ол бұ күн азат болып қалды,—деді.
Қатын айтты:—Ұғылың бұ күн қалған,

Уәзірлер күн жұбатар сөзі жалған.
Пұрсатты күзетіп тұр күн өткізіп,
Басыңнан жұда болар осы жалған.
Оларға табиғ болар көп халайық,

Балаңыз—харамзада, не қылайық?
Патша, есітпеген бір сөзіңіз,
Бір хикаят бар еді бұған лайық.
Патша айтты:—Сөйлеші, естиін,

Күнәңіз жоқ болғанда кешіртейін.
Уәзірлердің сөзіне ұйымайын,
Шырағын бұл баланың өшіртейін.
Қатын айтты:—Сөйлейін бір хикаят,

Бұрынғылар жазыпты бір риуаят.
Бір патша дүнияда бұрын өткен,
Қылады халқына көп сиясат.
Бір досты бар еді патшаның,

Һәрқашан әңгіме айтып келер оның.
Һәр күнде мәслихатпен отырады,
Айтады патшаға әңгіменің.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір күні патшаға келді жетіп,
Патшамен сөз сөйлесіп келіп-кетіп.
Бір нама патша берді бұл адамға,
Алты жүк қар берсін деп мазақ етіп.

Патша айтты:—Субасқа барғыл,—деді,
Оған барып бір хабар салғыл,—деді.
Бұл қағазды ол оқып болған халде,
Не берсе де өзіңіз алғыл,—деді.

Ол адам бұ қағазды алып жетті,
Үйіне кешікпей қайтып кетті.
«Бір адамға оқытып білейін» деп,
Білетұғын біреуге осыны әйлатты.

Ол оқыды қағазды қолына алып,
«Бұл кісі саған барса қағаз алып.
Алты жүк қар беріңіз енді бұған».
Мазақтап осылайша қойған салып.

Бұл айтты:—Бір мәжілісте берейін,—деп,
Патшаның бұйрығын көрейін,—деп.
Оқытқан соң қайтадан қолына алды,
Бойыма өзім сақтап жүрейін,—деп.

Бұл адам патшаға қайтіп келді,
Бұ кісінің оқығанын айтып келді.
Патша:—Бердіңіз бе?—дегенінде,

—Бір мәжілісте берем,—деп айтып күлді.

Ол адам Субасқа келді жетіп,
Жаз күндері болғанда қыстан оқып.
Субас тұрып оқыды бұ қағазды,
Жазғанын патшаның тамаша етіп.

—Патша неге жазды маған?—деді,

Күлем бе, жылайын ба бұған?—деді.
Жаз болғанда, мінеки, жерде қар жоқ,
Енді нені берейін саған?—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бұл айтты:—Жарлығы осы болар,
Қар болмаса, хисаптап ақша болар.
Патшаның мазағын дұрыс көріп,
Алты жүкке хисаптап ақша берер.

Алты жүкке хисаптап ақша берген,
Патшаға «Бердім»,—деп хабар берген.
Мұның мұндай ғажапты қылғанына,
Патша ниетін қабыл көрген.

Әй, патша, бұ хикаят аңданамыз,
Ақырда нәумиз болып құр қаламыз.
Патша жарлық қылған «Қар берейін» деп,
Жазды күткен адамдай бұ балаңыз.

Ақырында сізді тез һәлак етер,
Халықтың бәрі оны құрмет етер.
Ғапыл болып жүргенде күн өткізіп,
Басыңнан, әй, патша, дәурен өтер.

Тағы да қабыл алды қатын сөзін,
Ұйқыға жібереді екі көзін.
Қатынға жауап берді ол патша,
«Ертеңмен өлтірем» деп оның өзін.

Ерте тұрып тақытына мінді және
Әмір етті жалладқа патша ағла.
Жалладтар, уәзірлер қарсы келіп,
Зынданнан келеді ұғлан бала.

Сиясат майдандарын «құр» дегенде,
Жалладқа «қылыш алып тұр» дегенде.
Жиырма бесінші уәзірі жетіп келді,
«Ұғланның басын кесіп ұр!» дегенде.

Уәзір айтты:—Әй, патша, көп халайық,
Оларды біз тілеп не қылайық?
Әзірде қол-аяғы байлаулы тұр,
Өлтірмегің болмайды сізге лайық.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шариғат сөз сөйлеген пайғамбарлар,
Бір күні сөз сөйлеген сахабалар.
Пайғамбардан сұрады бұлайша деп:

—Асылы бұл иманның нелік болар?

Иманның жаны не-дүр және басы?
Ауырлығы жапырағы не тамашасы?
Жері менен желісі немене екен?
Біздерге мағлұм болсын мағынасы.

Бұларға пайғамбарым жауап айтты:

—Иманның асылы дер ғинаятты.

Басы оның шүбһә дат,—деп айтады,
Жаны оның ықылас, рахмат-дүр.
Жаны—Құран, көңілі ықылас-дүр,
Ауырлығы және оның ғылым хас-дүр.

Жері оның—адамның көкірегі,
Жапырағы тақуа адам нас-дүр.
Бұтағы оның құрмағы бір Алладан,
Көңілі—маруартты болған адам.

Жемісі бір Аллаға шүкір етпек,
Білмекке уәжіп болар һәрбір надан.
Адамзат сабыр қылсын мехнат жетсе,
Көрмегенді болады күні бітсе.

Ләин шакартум лә әзиданнакум* деген Алла,
Нығметін арттырады шүкір етсе.
Бұл аят пайғамбардан қалған із ғой,
Сахабалар естіп көзбе-көз ғой.

«Пенделер, бергеніме шүкір етсең,
Нығметті арттырамын» деген сөз ғой.
Әй, патша, ынсап маруарт қылғаныңның,
Дәл жартысы болады иманыңның.

* Егер сендер шүкір қылсаңдар, сендерге одан да артық беремін.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қатынның маруартсыз сөзіменен,
Мойнын кеспеңіз ұғланыңның.
Бұған ұқсас бар еді бір хикаят,
Бұрынғылар тастады көп риуаят.

Бір раһиб маруартты болған үшін,
Екі дүния ішінде болды халғат.
Әй, тақсыр, есітпедің оны,—деді,
Патша:—Естиін, кәні,—деді.

Хикаят әділ болса сөзіңдегі,
Ғаріптің азаттықта жаны,—деді.

—Әй, патша, мен сөйлейін бір хикаят,

Пайғамбар жазған екен бір риуаят.
Пайғамбар бір соғысқа бармақ болып,
Сахабаға сөйледі көп саясат
Пайғамбар Рұм шаһарына бармақ болды,

Құдай қосса, шаһарын алмақ болды.
Халид бин Уалид—бір сахаба,
Артынан бұлардың бармақ болды.
Орта жолда адасты бара жатып,

Һешкімге сөзін бермей жауап қатып.
Бір тауға келе жатып ұшырады,
Ол жерге бұ да барды таңырқатып.
Халид тұрды тамашалап тау басында,

Бір мінбар қойылыпты ортасында.
Көп халық ортасында жиылып тұр,
Кім екенін сұрап бұл байқасын да.
Бұлардан сұрады:—Асылыңыз кім?

Өзіңіз жаратылған жисміңіз кім?
Неліктен жиылдыңыз осы жерге?
Һәм және өзіңіз есіміңіз кім?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Олар айтты:—Боламыз қабиладан,
Жиылғаны бұл жерге әскер адам.
Осындай жиылатын мұратымыз,
Бізге бұйрық болады патшадан.

Жылында бір мәртебе жиыламыз,
Осы таудан шығады раһбанымыз.
Жылында бізге келіп уағыз айтар,
Мінбарға отырады халифамыз.

Бұ күн—оның келетін күні,—деді,
Уағыздың айтатұғын жөні,—деді.
Таудан қашан келеді күтіп тұрмыз,
Отырып біз көреміз соны,—деді.

Халид сонда:—Кетпейін бұдан,—деді,
Раһибты көрейін мұнан,—деді.
Мұны айтып атынан түскенінде,
Қара киген келеді адам,—деді,

Бір адам қара киген таудан келді,
Халықтар тауадуғ құрмет қылды.
Мінбарға отырған соң ол бір адам,

—Сіздерге мен айтпаймын уағыз,—деді.

Уағыз бұ күн айтпаймын сізге,—деді,
Халықтар:—Неге айтпайсыз бізге?—деді.
Бұ кісі айтты:—Мұхаммедтен бір адам бар,
Оның діні болады өзге,—деді.

Мұхаммед үмбетінің діні бөлек,
Осы күнде әскері де тұрса керек.
Олар сонда қарасты бір-біріне,
«Япырмау, қайда?—деді,—Қалай зерек?!»

Халид және олардай киім киген,
Кісілер бірін-бірі қарап жүрген.
Раһиб айтты:—Сіздер бекер бүлінбеңіз,
Өзім тауып алам,—деп жауап берген.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Халид сонда ойлады: «Бұлар мені
Жасырынсам, өлтірем дер енді сені.
Онан да өзімді-өзім айтайын да,
Мұнан артық табылмас маған жөні».

—Мен едім пайғамбарға үмбет болған,

Оған үмбет болмаған ғасыланған.
Мұхаммед пайғамбардың құрметіне,
Мың жаным болса дағы аңа құрбан.
Көп халық бұл Халидті енді білді,

Өлтіруге баршасы қасад қылды.
Раһибтың алдына сүйреледі,
Қожасы:—Сабыр, дат қылғыл!—деді.
Жетпіс мыңның ішінде бір адамды,

Қылмаңыздар, көңілде ойлағанды.
Ынсапсыз, маруартсыз жақсы болмас,
Бекер һәлак қылмаңыз ғаріп жанды.
Раһиб бұлай дегеш тоқтап қалды,

Сөзіне бұ Халидтың құлақ салды.
Мінбардың дәл қасынан орын жасап,
Халидты өз жанына шақырып алды.

—Пайғамбар болармысың сахабадан?

Иә болмаса, боламысың ұлық надан?
Халид айтты:—Сахаба мен емеспін,
Ұлылық қылмаймын ғаріп адам.

—Сенен мен сауал сұрар кезім,—деді,

Ғылымның білермісің сөзін?—деді.
Ғылымнан қанша білдің?—дегенінде,

—Білемін біразырақ өзім,—деді.

Раһиб айтты:—Хақ Тағала сөз таратқан,
Ұжмақта неше түрлі іс жаратқан.
Дүнияда оның мысалы бар-дүр,—деді,
Мен оны инанмадым жалғыз Хақтан.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ұжмақта түп ағашы асыл ерсе,
Бармаған жерлері жоқ, һәркім көрсе.
Мысалы дүнияда бар-дүр,—деді.
Әй, адам, мен сұраймын қандай нәрсе?

Халид айтты:—Сөзіңіз жөн емес пе?
Хақ қасында дініңіз кем емес пе?
Он сегіз мың ғаламның бәрін аралар,
Дүния дағы мысалы күн емес пе?

Раһиб айтты:—Жауабың жақсы ерсе,
Ұжмақта төрт жылға бар мағлұм көрінсе.
Бір жерден шықса дағы қосылмайды,
Дүниядағы мысалы нендей нәрсе?

Халид айтты:—Адамның бір тәнінде,
Су шығар бір қарыстай жерлерінде.
Біреуі—құлақ суы, ащы болар,
Біреуі—көздің суы, тұзды онда.

Бірісі—мұрын боғы, исі келер,
Төртінші—ауыз суы, тәтті болар.
Раһиб, сіз сұрасаң, біз айталық,
Төртеуінің мағынасы осы болар.

Раһиб айтты:—Пайғамбарың оң болады,
Бір тақыт бар ұжмақта мол болады.
Биіктігі тағы да мысал бар ма?
Ұзындығы бес жүз жылдық жол болады.

Халид айтты:—Жан жаратқан ие,—деді,
Жаман жан бұ сөзіңе күйе,—деді.
Кішкене балалар да міне берер,
Дүнияда мысалы түйе,—деді.

Раһиб айтты:—Ұжмақта адамдар көп,
Айтады:—Хауыз кәусар ішеді,—деді.
Дүнияда мысалы бар ма оның?
Айтады:—Таһаратқа жүрмейді,—деп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Халид айтты:—Айтайын және,—деді,
Сөзіме менім бермен қара,—деді.
Дүнияның мысалын көрмеймісің,
Ананың құрсағында бала,—деді.

Раһиб бір мәселе сұрарында,
Халид айтты бір жауап тағы онда:

—Әй, раһиб, ынсап қыл енді маған,

Сұраймын бір мәселе мен саған да.
Халид айтты:—Ұжмақтың ашары не?
Раһиб айтты:—Иман етпек Расулына.
Халид тағы қайтарды бұған жауап:

—Бұ сөзіңіз дұрыссыз, бұл немене?!

Исаның Тәңірі үшін дұрыс сөйле!
Бұ сөзді дұрыстығын білмес деме.
Ант қылды:—Турасын сөйлеңіз,—деп,
Әй, раһиб, һеш нәрседен уайым жеме.

Раһиб айтты:—Бұл білмей қоймас,—деді,
Сөз туғрысын білмей қылмас,—деді.
Қорқу кетіп бұл ант қылды,

—Тағы да басқаларды сұрмас,—деді.

Мен бұған табиғ болдым, жарандарым,
Маған ерсең жақсы-дүр сіздер бәрің.
Олар айтты:—Біздер де матиғпыз,
Ұнаттық бұ жігіттің ахуалдарын.

Раһиб айтты:—Ашқышы лә илләһа илла Алла,
Жан жаратқан болады жалғыз Алла.
Мұны көріп бәрі де матиғ болды,
Халид айтты:—Көңілінде өзің қолда.

Үйретті шариғатты патшаға,
Қаратты Халид өзі тамашаға.
Шарапатты маруарт бұған ауып,
Имамдық құрып тұрды осыларға.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,
Халидтің маруартын көрмеймісің?
Маруартты кісінің не болғанын?
Олардың хал-жайын білемісің?

Ынсапсыздың халдері не болады?
Маруартты адамдар өкпеледі.
Арманда өтіп кетер шаһзада,
Қайғыңыз өзіңіздің мол болады.

Уәзірден естіп ол патша,
Аң аулап кетіп қалды сыр тамаша.
Зынданға бұ баланы салды дағы,
Кешке жақын келділер өзі оңаша.

Қатынменен отырып ішті тағам,
Екеуі тағам ішіп болды тамам.

—Бұ күн ұғылыңыз не халде?—деп,

Тағы да сөз шығарды хасыл кәлам.
Патша айтты:—Бір уәзірім тілеп алды,
Баланы зынданыма тағы салды.
Не болса да болады ертең және,

Ол бала азат болып тағы қалды.
Қатын айтты:—Көп кісі ұялады,
Ұялып қылған ісі не болады?
Бұрын бір харасаны болған екен,

Хикаятың ұқсасы сол болады.
Патша:—Естиін оны,—деген,
Қатын тағы патшаға сөз сөйлеген.
Шүбһәсы білінбей патша жүр,

Қатыны арманда боп өлем деген.
Қатын айтты:—Бір пақыр бір заманда,
Халі пақыр харасандық болған онда.
Мақтанып һәртүрлі сөз сөйлер екен,

Көршімен әңгімемен отырғанда.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Көршілерге мақтанып жүрер еді,

—Харасанға мен солай қылдым,—деді.

Олар да мұны естіп һәр заманда,
Алдында сөйлестіріп отырар еді.
Бұл пақыр кәбап жеді, майын сүртті,
Аузын сүртпей көршіге барып жетті.

Тісін шұқып, мұрттарын сүртіп онда,
Мұны көріп көршісі мазақ етті.
Олар айтты:—Сіз демде асағансың,
Осындай тағам жейсің һәрқашан сен.

—Бүгін біраз етпенен бәліш жедім,

Өзге нәрсе жемедім көремісің.
Бүгін мен боз ат мініп базар бардым,
Базарды ашан қылып араладым.
Көңілім ашылды һәрқашанда,

Жамандарды қамшымен жараладым.
Мұны айтып ләп ұрғанда ұғылы келді,
Келді де атасына жауап берді:

—Һәрқашан мұртыңды майлайтұғын,

Майыңды бір мысық кеп жеді,—деді.

—Балам,—деді,—сөзге құлақ салың,—деді,

Өзге бір шөлмектен алың,—деді.
Баласы айтты:—Бір жапырақ майдан басқа,
Өзге май көргенім жоқ наның,—деді.

—Боз атты суардың ба, балам?—деді,

Мен дағы талайдан кек алам,—деді.
Баласы айтты:—Ат түгіл мен есекті
Көрмедім, соған қайран қалам,—деді.
Баласы мұны айтып үйіне жетті,

Харасаны ұялып үйге кетті.

—Мені мұндай ұялтып айтқаның,—деп,

Баласына таяқтап ашу етті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, патша, мен айттым бұл хикаят,
Ұғланда, міне, осындай бар ғаламат.
Мұны өлтірмектен басқа һеш шара жоқ,
Бұрынғыдан қалып тұр бұл риуаят.

Қатыннан мұны естіп білмесін бе,
Патша ұйықтап жатты бөлмесінде.
Ерте тұрып тақытында хүкім қылды,
Тағы да шаһзада өлмесін де.

Тақытына отырды да әмір етті,
Баланы өлтірмекке қаһары кетті.
Жалладқа әмір етіп «Ұр» дегенде,
Жиырма алтыншы уәзірі келіп жетті.

—Әй, патша, қатын сөзі ізгі емес,

Уәзірлер жақсы қылып сөйлер кеңес.
Уәзірді жерге қойып ұйымаңыз,
Қатындар хайласынан уайым жемес.
Уәзірді құрмет қылмай тұрсаңыз сіз,

Ғылым үшін бір жолға берсеңіз сіз.
Хаққа ғасы болмай ма әділ патша?
Қатынға шын инанып жүрсеңіз сіз.
Хақ Тағала сақтасын пәлесінен,

Бұ бала құтылмай жүр жаласынан.
Қандай бала демеңіз, әй, патша,
Бұл өзі мехнаттың анасынан.
Мен ғаріп артық көрем ұғлан затын,

Уәзірдің жерге қойма өсиетін.
Есіткенің жоқ екен, әй, патша,
Бұрынғы Нұғманның хикаятын.
Уәзір айтты:—Өткен заман Мысыр шаһар,

Онда бір Нұғман атты бір кісі бар.
Бір ұғлан медресеге берген екен,
Нұғманның пақырлық халдері бар.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Кәсібі суды тасып келеді екен,
Һәркімге оны сатып жүреді екен.
Соныменен жамағатын хәракаттап,
Һәр адам пақырлығын біледі екен.

Мұныменен бірқатар заман өтті,
Баласы хатам карда болып жетті.
Молдасы ишарат қылды «һадийа» деп,
Ол бала мұны естіп үйге кетті.

Атасына:—һадийа керек маған,—деді,
Атасы айтты:—Не беремін саған?—деді,
Су тасыған түйеңді беріп келгіл,
Одан басқа не береміз оған,—деді.

Түйені молдасына бала берді,
Мұндайын оқиғаны қатын көрді.
Түйе бергеш, бір тиын таба алмады,
Ол күні аш болып үйге келді.

Қатын айтты:—Әй, қарт, ақыл қайда?
Бір түйе табушы еді күнде пайда.
Молдаға һадийа қып бердің оны,
Хәракат қайдан болар осы жайда?

Бұ бала тумай тұрса көрмес едік,
Һешкімге һадийа қып жүрмес едік.
Туғаны да бар болсын, оқығаны,
Медресеге тумаса бермес едік.

Қатыны осылайша ұрысты қатты,
Мұны көріп Нұғман да күйеді қатты.
Көңілі бек бұзылып сол сағатта,
Азырақ төсегінде ұйықтап жатты.

Түсінде ақ сақалды адам келді,
«Нұғман, орныңыздан тұрғыл,—дейді.
Сенің көп ризығың Шам шаһарында,
Тезірек сонан барып алғыл»,—дейді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Түсінде хабар берді осылайша,
Бұ адам кірген жоқты түске жайша.
Оянып: «Рахман ба, шайтан ба?»—деп,
Тағы да ұйықтар үшін жатты оңаша.

Түсіне үш мәртебе келіп кірді,
Нұғман бармағына қабыл көрді.

—Мен солай Шам шаһарына барамын,—деп,

Қатынға ақылдасып жауап берді.
Қатын айтты:—Қаңғыртпа мұнан бетер,
Қаза келсе, адамзат үйінде өтер.
Түйемізді бердің де аш қалдырдың,

Енді және қашарға ойың кетер.
Қатыны:—Бармаймын,—деп жауап етті,
Нұғман жалғыз өзі жүріп кетті.
Бірнеше күн арада күн өткізіп,

Шам шаһарының ішіне барып жетті.
Нан пісірген бір үйге келіп қонды,
Жарты нан ол үйден тағам жеді.
Адам келді ақ сақалды ұйқысында,

«Енді қайт ризығың алдың»,—дейді.
Оянды ұйқысынан Нұғман сонда,
«Жарты нанға машақат шегіп келдім мұнда».
Қайтарға ниет етіп жүріп кетті,

«Не үшін келгенім,—деп,—Құдауанда».
Аз заманда үйіне қайтып келді,
Қолында нәрсесі жоқ қатын көрді.

—Бірқатар машақат шегіп келгеніңде,

Қолыңда дәнеме жоқ, қайда?—деді.
Түйемізді бердің сен һадийаға,
Шығарма бұ қылықты жарияға.
Диуана болғаныңнан жаман болды,

Мұнан да келмесеңші дүнияға.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Нұғман Шам шаһарға барып келді,
Неше заман мехнатта арып келді.
Нұғман және ұйқыға кеткенінде,
Ақсақалды ол адам танып келді.

Ол айтты:—Әй, Нұғман, ұйқыңнан тұр,
Менім айтқан сөзіме мойныңды бұр.
Орныңнан тұр дағы қаза берсең,
Ризық басыңның ұшында тұр.

Үш мәртебе түсіне бұлай кірді,
Қолына күрек алып тұра келді.
Қатынменен екеуі қаза беріп,
Бір заманда астынан мәрмәр көрді.

Көтеріп, қопарады мәрмәр тасын,
Құдайым мұсылманды жарылқасын.
Екеулеп мәрмәр тасты қопарғанда,
Бір сандықта көрділер қазынасын.

—Патшаға апарам енді,—деді,

Құдайым мұны кімге берді?—деді.
Қатын айтты:—Бермеңіз патшаға,
Неліктен жомарттығың келді?—деді.
Болмай-ақ патшаға келеді алып,

Қарады патшаға көзін салып.

—Әй, тақсыр, жеріңізден тауып едім,

Білейін деп келіп ем қолыма алып.
Патша бір адамға оқытты енді,
Жан-жағын көріп, жерін қарады енді,
Бір жағын тамаша етіп қарап тұрса,

Бір әдемі жазылған жазу көрді.
Патша әмір етті өз тағында,
Нұғманның талас бар ма бұ бақытында?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Һәза садақа мин ғинда Алла алә Нұғман»*
Бұл жазуы бар екен бір жағында.
Баршасы қарады да қайран көрді,
Тағы да бір жағын айналдырды.

«Ли әжлил хурмат аләл әл Құран»** деген,
Тағы да бір жағынан жазу көрді.
Патша айтты:—Әй, Нұғман, саған берген
Алладан қазына ғой, өзі келген.

Һеш адамның мұнда жоқ бір ісі,
Дәл сізге тиісті қып белгілеген.
Патша және сұрады:—Атың кім?—деп,
Ол айтты:—Есімім—Нұғман,—деп.

Бәрі де бұған енді разы болды,

—Һешкімге мұны бермей, өзің ал,—деп.

Нұғман қабыл көрді разы болып,
Қатынына береді үйге келіп.
Сол алтынды өзіне хәракаттап,
Андан кейін өлгенше рахат болып.

Әй, патша, бұ хикаят мына сізге,
Ұғланды қорламаңыз өзіңізде.
Құранды құрметтеген адамдарды,
Қалай құрмет қылды көрдіңіз бе?

Ғылымды құрметтесең берер нығмет,
Көрмейсіз бұ дүнияда һешбір мехнат.
Шаһзада, уәзірлердің ғылымына,
Құрмет етсең табарсыз көп рахат.

Патшадан тілейді бұлайша деп,
Ол уәзірі айтқанда әңгіме-кеп.
Мұны көріп патша разы болып,
«Не болса да болады ертең бұл» деп.

* Бұл—Алладан Нұғманға келген садақа.
** Құранның құрметі үшін.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша аң аулады кешке дейін,
Баласы зынданында оған шейін.
Шүбһәсы білінбей патшаның,
«Қайсы өледі?»—деп кетті бейім.

Аңнан қайтып отырды сарайына,
Қатын төрге салады талайына.
Тағам ішіп қатынмен бірге отырып,
Сөз бастап тағы келді маңайына.

Тағам ішіп болды да бастады сөз:

—Зынданға тағы салдым көзбе-көз.

Бір уәзірім тіледі бұ күн және,
Ертең енді тоқтатпай өлтірем тез.
Қатын айтты:—Әй, патшам, тіл алмадың,
Күндегі насихатым қыла алмадың.

Уәзірлердің хайлакер сөзін алып,
Өзің де бір мінезде тұра алмадың.
Бұрынғы Хақ Расул пайғамбарым,
Айшаның қабыл көрген ахуалдарын.

Оның айтқан сөзіменен жүрер еді,
Қалайша бұзасыңыз оның бәрін?
Айшаның бұл айтқан сөздеріне,
Рахат болған екен өздеріне.

Солардай қатынына мұштақ болып,
Ақылдарым көрмейді көздеріңе.
Сіз де анық білмейсіз жаласының,
Қадірін бұл білмей жүр анасының.

Хикаятың хикаятына ұқсайды екен,
Бұрынғы екі саудагер баласының.
Құлағыңа кірмейді менім сөзім,
Уәзірлерге еруіңе жетті көзім.

Патша айтты:—Сөйлеші хикаятың,
Бір сөзді тыңдайтұғын келді кезім.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатын айтты:—Бұрынғы Шам шаһарында,
Екі ұлық саудагер болған онда.
Бірінің Жүсіптейін ұғылы болған,
Армансыз кім өтеді бұ жалғанда?

Бір күні махаллада бала жүрген,
Екінші саудагер қызы мұны көрген.
Қақпасынан бұ бала өткенінде,
Қарауға жоғарыдан кезі келген.

Он төртінші айдай болған жүзін ашып,
Туғры бір-біріне жүз қарасып.
Қыз дағы бұ ұғланға қарағанда,
Көңілінде жан-тәнімен болды ғашық.

Қыз бір алма лақтырды бұл ұғланға,
Бұл жерге түсірместен алды қолға.
Қымбатты киім киген сол уақытта,
Қыз әкесі үйінде болмағанға.

Қыз және өз үйіне кіргізеді,
Өзінің ғашықтығын білгізеді.
Бір-бірінен шафталу алысып ол,
Нәпсісін бір-біріне көнгізеді.

Сол халде қыз атасы қайтқан екен,
Екеуі ойын ойнап жатқан екен.
Үйіне кірейін деп қыз атасы,
Есікті қатты-қатты қаққан екен.

Қыз айтты бұ балаға:—Нетелік біз?
Бір жаққа көрінбестен кетелік біз.
Бір жерге сен де қазір тығылыңыз,
Ақырында мұратқа жетелік біз.

Қыз айтты:—Мал тұратын бір амбар бар,
Тезірек енді сен соған бар.
Менім әкем, мінеки, есік қақты,
Мұнан артық болмайды һеш хайлалар.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бала барып амбарға тығылады,
Сонда барып тұрмаққа ой қылады.
Аяғы түсерінде тайып кетіп,
Басқыштан бала жерге жығылады.

Қырық басқыштан түскенше болды пәре,
Өтіпті дүниядан мына бала.
Бұ хикаят сөйледім оның үшін,
Залымдықтан әй, патша, міне қара!

Әй, патша, бұ балаң да ақылсыз-дүр,
Өзгеге қайыры жоқ бір надан-дүр.
Ғапыл болмай, әй, патша, ақырында,
Харамзада харамды ойлаған-дүр.

Ойламас харамнан басқа нәрсе,
Мұнан ғибрат алады һәркім көрсе.
Күнде бір хикаятты уәзір сөйлер,
Сіз дағы ересіз ғой айтып жүрсе.

Сені һәлак етеді бір күн бала,
Әуелі, маған келіп салды жала.
Дос көріп айтқанды зая қылып,
Береді мехнатты Хақ Тағала.

Һәлак етер бір күні уәзірлерің,
Дос көріп жүрсеңіз оның бәрін.
Бұ балаға һәрдайым сөзін беріп,
Айтады харамзада ахуалдарын.

Қатын сөзін патша қабыл алды,
«Ертеңмен өлтірем» деп ұйықтап қалды.
Ертеңмен орнынан тұрды дағы,
Патша тақытына мініп алды.

Бір талай «өлтірем» деп заман өтті,
Жалладқа: «Алып кел!»—деп әмір етті.
Баланы зынданынан шығарды да,
Уәзірі, жалладтары келіп жетті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Баланы алып келді әзір жылдам,
Патша тақытында әмір қылған.
Жиырма жетінші уәзірі жетіп келіп,
Қасында патшаның нала болған.

—Әй, патша, уәжіп болар білмегенге,

Ғылымды білдірмектік көрмегенге.
Білмегенді ұялмай сұрау керек,
Мағрифат үшін жүз суын төгер жөнге.
Ғалым кісі сол болар біле тұрар,

Білмеген көп білгеннен және сұрар.
Соның үшін ғылымды біліп алып,
Ақырында, әй, патша, ұжмақ болар.
Надан кісі ғылымды білмес болар,

Білгеннен және тағы сұрамас болар.
Сұрауға ұялады шайтан болып,
Өзі және ойымен қылмас болар.
Әй, тақсыр, молдалардан сұрасаңыз,

Шүбһәлі болып тұр тамашаңыз.
Баланы өлтірмегің дұрыс десе,
Бір ауыз сөз айтпайық бұл баршамыз.
Қатынның сөзіменен ренжітпе,

Уәзірлердің сөздерін тастап кетпе.
Дүнияда ұғылыңды һәлак қылып,
Ақырда, әй, патша, арманда өтпе.
Көрінбейді күнәһісі қылушының,

Өтірік не болады жүргушінің?
Патша, есітпеген екенсіз ғой?
Хикаятын айтайын отыншының.
Уәзір айтты:—Ілгері бір заманда,

Бір отыншы болыпты бір шаһарда.
Оның бір жауыз қатыны болған екен,
Ақша жинар еді қолға алғанда.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол жігіттің қолына ақша берсе,
Алдында бұл ғаріптің тағам болса.
«Қатынына тұзы ашты» деп айтар екен,
Һәрқашан ішкенінде тұзды қылса.

Екінші тағамды бір пісіргенде,
Ішіне асла тұзды салмас онда.
Қатынның жауыздығын тия алмады,
Қатыннан асқан бар ма бұ жалғанда?

Бір күн жіптік ақша алды жігіт,
Отынды байламаққа қылады үміт.
Артығырақ қатыннан ақшаны алды,
Құдай-а, ғаріптерге мархабат ет.

Қатынға «жіп алам» деп жауап айтып,
Ол күндіз жіп ала алмай келді қайтып.
Ақша қойнынан қатын көріп,
Жігіттен жылдамырақ алды тартып.

Қатын айтты:—Пиғылың тар екен,—деп,
Көңілің дүнияда қара екен,—деп.
Бұл ақшаны жіп алмай қайтып келдің,
Ойнасың менен басқа бар екен,—деп.

Ол жігіт ант етті һеш болмады,
Қатынға жігіт сөзі кәр қылмады.
«Отынға жіп үшін алдым десе»,
Сонда да жауыз қатын инанбады.

Қатын айтты:—Мінезің ұнамас,—деп,
Алмаған ол жібіңді мойныңа ас,—деп.
Жігіт айтты:—Жауыз, дұға қылдың жаман,
Көңілің болған екен маған қас,—деп.

Қатын айтты:—Бұ дұға аз-дүр саған,
Отынға жіпті алам дедің маған.
Ойнасыңа бермексің бұл ақшаны,
Қалайша инанамын,—деді,—бұған?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатынды ол түні ұрып соқты,
Жауыздығын сонда да қойған жоқ-ты.
Ол күні не болса да болып жатып,
Таң атып, тағы да ғауға шықты.

Қатынға тағы да айтты ашуланып,

—Тіліме инанбадың белің салып.

Артымнан мен отынға кеткенімде,
Келмегейсің бір атқа мініп алып.
Мұны айтып отынға жүріп кетті,
Далада, көп ағашқа енді кепті.

Тағы да қатын өзі бір ат мініп,
Байының дәл қасына барып жетті.
Ол жігіт білген жоқ-ты отын терді,
Бір құдықтың қасына жақын келді.

Біраздан соң ол жігіт жалт қараса,
Келіп тұрған қатынын көзі көрді.
Құдыққа жақынырақ келіп тұрған,
Ол жігіт қарамаққа мойын бұрған.

—Әй, қатын, кейінірек тұрғыл!—десе,

Ілгерірек жүреді Құдай ұрған.

—Әй, қатын, мен айтамын әрмен тұр!—деп,

Менім айтқан сөзіме мойын бұр!—деп.
Айтқан сайын басасың аяғыңды,
Мен қашан жауап айттым «Алға жүр!» деп?
Ілгері қатын және тағы жүрді,

Құдықтың ернеуінде бір тас көрді.
Жиегін қатын келіп басқан кезде,
Ол тастың айналасы қопарылды.
Тас сонда қопарылды соғылысып,

Ол қатын таспен бірге кетті түсіп.
Құдыққа жігіт көріп жүгіреді,
Көңілінде «өлді ғой» деп зәресі ұшып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жүгіре түсіп тоқтады және жігіт,
Алуға ол қатынды қылмады үміт.
Отын алып үйіне келді қайтып,
Жаратқан мұндай қылып бір құдірет.

Үйіне қонды дағы келді қайтіп,
Қатынды алмақ болып енді тартып.
Құдыққа бір жіп салып тұрды дағы,

—Әй, қатын, ұста!—деді жауап айтып.

Қайтадан ол жіпті алады енді,
Екі есе қатыннан ауыр болды.
Тартып алса құдықтан бір ғифрит,
Ол жігіт қорыққаннан қайран болды.

Ғифрит айтты:—Қорықпаңыз менен,—деді,
Бір жақсылық мен көрдім сенен,—деді.
Қатыннан қорыққанымнан мұнда келдім,
Һеш жалғаным жоқ болды инан,—деді.

Ол қатын құдыққа келіп тұрды,
Құлағымды бір жұлқып мойным бұрды.
Сен жаңа айқай салып тұрған үшін,
Ұстаған құлағымды қоя берді.

Сен маған бұл жібіңді бердің,—деді,
Сенің қылған жақсылығың көрдім,—деді.
Бұ жіптен ұстай алмай қалды қатын,
Қасыңа мен құтылып келдім,—деді.

Саған да мен жақсылық қылсам керек,
Ойласам залым қатын тұрды бөлек.
Қойнынан төрт жапырақ бұған берді,

—Саған да осы нәрсе болар керек.

Бұл шаһар патшасының тұтам қызын,
Жапырақпен хаста қылам оның өзін.
Сенен басқа дәру қылса жібермейін,
Келгеніңде ем болмай сенің сөзің.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұл жапырақты ол қызға сүрткенің,
Осы болар менім саған үйреткенім.
Жапырақпен жазғанда хаста қызды,
Ихсанын саған беріп билеткенім.

Ғифрит осылайша айтты,—деді,
Жігіт те өз үйіне қайтты,—деді.
Ол қатынға салмады ілтипатын
Талақ қып, өзінің басын тартты,—деді.

Ғифрит бұдан кетіп шаһарға кетіп,
Патша қызын сарайдан көзі көрді.
Қызды тұтып, сол сағат хаста қылып,
Ақылсыз болғанынан талады енді.

Қыз сонда «басым» деп жылар еді,
Атасы тәбибтерді жиып келді.
Патша қызы саламат бола ма деп,
Бәрі де тәбибтердің дәру берді.

Һешбір дәру қонбады қылғанында,
Патша қызы хаста болып тұрғанында.
Атасы да бегірек жылар еді,
Қызының зар еңіреп тұрғанында.

Үшінші мұнажжимді де кәр қылмады,
Патшаның қызы тіпті жазылмады.
Осыған дауа қылар табылар деп,
Патша базарына жар салады:

«Қызымды мұсылман жазса алсын,—деді,
Дауасын бар Құдайым салсын.
Әгар да кәпір жазса инғам алып,
Дүнияда разы боп қалсын»,—деді.

Патша жар салады осылайша,
Жар салып осылайша тұрсын жайша.
Қиссамыз біздің келеді ол жігітке,
Толықсып қыз ауырсын туған айша.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол жігіт бір күні базар келген,
Жалған деп ғифрит сөзін үйренбеген.
Базарға келе салып қарап тұрса,
Һәркімге үлестіріп қағаз берген.

Қағазда: «Жазса біреу қызым, —депті,
Құрбандығы болар едім өзім,—депті.
Мұсылман жазса қызымды берер едім,
Кәпір жазса разы қылар кезім»,—депті.

Ол жігіт ой ойлады: «Барайын,—деп,
Ғифрит жапырағын салайын,—деп.
Құдайым бір шипасын бермес пе екен?
Дәрігер боп патша қызын алайын»,—деп.

Патшаның сарайына келді жігіт,
Патша қызын жазуға қылады үміт.
Патша отырғызды қыз қасына,
«Құдай-ау, бұ балама мархабат ет».

Сол сағат қыз жазылды дәру беріп,
Патша күйеу қылды қабыл көріп.
Бек болған соң патшаның қызын алып,
Көп халық құрмет етті соңына еріп.

Бар екен бұл патшаның дос патшасы,
Артық-дүр екеуінің тамашасы.
Оның да бір қызы хаста болып,
Пар емес бұ қызына қазынасы.

Ол патша бұл жігітті біледі енді,

—Қызымды жаза ма?—деп тіледі енді.

Қызымды жазып берсең беремін,—деп,
О дағы бұ шаһарға келеді енді.
Кеткен соң бұл жігіт те бірге кетті,
Өзінің мақамына барып жетті.

Ол патша құзырына «кіргіз» деді,
Қарады қызындағы болған дертті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жігіт келсе ғифрит онда отыр,
Ол қыздың дәру қылып басында отыр.
Тарығып ол жігітке жауап айтты:

—Әй, адам, менім айтқан сөзіме бұр.

Бір жақсылық мен қылдым сізге,—деді,
Бұл араға бекер келдің бізге,—деді.
Бір қызды бердім саған патшадан,
Қылмашы көңіліңді өзге,—деді.

Бұл қызды мен алайын енді,—деді,
Тәңірім саған жөнді берді,—деді.
Әгарда бұ қызды алам десең,
Өз қызыңыз аламын мен де,—деді.

Жігіт айтты:—Келгем жоқ бекер,—деді,
Бұ дәурен басыңыздан өтер,—деді.
Түнеу күнгі қатын шықты ол құдықтан,
Артымнан, мұнда қазір жетер,—деді.

Ол қатын ол құдықтан шығып кепті,
Қайда барсам айрылмады бірге бопты.
«Міне жетер» дегенін естігенде,
Ғифрит қыз қасынан шығып кетті.

Жігіттен патша қызы саламаттанды,
Әлгі қызды ол жігіт тағы да алды.
Бұ хикаят сөйледім оның үшін,
Қатыннан сақтанбақ сонан қалды.

Әй, патша, қатын деген қатты дұшпан,
Адам түгіл бұлардан пері қашқан.
Ол жігіт алған жоқ қайтып келіп,
Дүнияда қатынның хайласы асқан.

Олардан шаһзада қайда қалды?
Тіл алмай, өзі қиуға салды.
Жауыздан айрылды да пақыр жігіт,
Екі бірдей патшаның қызын алды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бұлай деп шаһзаданы тілеп алды,
Патша зынданына тағы салды.
«Аң аулап даладан келемін»,—деді.
Патша сахараға кетіп қалды,

Патша сарайына келді жетіп,
Қатыны сұрайды сөз жауап етіп:

—Ұғылыңыз бұ күн тағы нешік болды?

Патша ақылынан пиғыл тартып.

—Ғұзырлық бір уәзірім айтты,—деді,

Зынданға бұ күн тағы жатты,—деді.
Қатын айтты:—Әй, патша, бұ балаға,
Салдың ғой мейіріңді қатты,—деді.

—Ұялдым уәзірден өзім,—деді,

Баланы қия алмады көзім,—деді.
Хикаят сөйлегенде еріп кеттім,
Жерге мен тастамадым сөзін,—деді.
Қатын айтты:—Бұ бала қатты дұшпан,

Анық бала екен деме Құдай қосқан.
Қырық уәзірдің хайласына ермеңіз сіз,
Олардың мәкірлері жұрттан асқан.
Олардың ұйымаңыз ғаламатын,

Қатынның көресіз ғой мехнатын.
Есітпеген екенсіз, әй, патша,
Бүрге менен сақалсыз адам хикаятын.
Қатын айтты:—Бүргелер жиылысқан,

«Адам ұғылы болды деп бізге дұшпан.
Сүлейменге арыз қып барайық»,—деп,
Бүргелер осылайша дағуаласқан.
Арасынан өткінрегін сайлап алды,

Баруға Сүлейменге ойлап алды.

—Адаммен дағуамыз біздің бар,—деп,

Сүлейменнің алдына келіп қалды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бүргелер Сүлейменге арыз етті:

—Сақалды адам болмасын мұнда?—депті.

Сүлеймен бәрін де шығарды да,
Қасынан бәрі дағы тарап кетті.
Бүргелер:—Патша,—деді Сүлейменді,
Бар мақұлық тақсырға сөйлегенді.

—Адамдар бит секілді өлтірмейді,

Сүлейменге бәрі де тілегенді.

—Адамдар бит секілді өлтірмейді,

Жанымызға туғры қаза келтірмейді.
Тырнағына әуелі уалайды,
Жұмысын сығуменен бітірмейді.
Әуелі өлтіреді уалаған соң,

Уалап өлтірмесін һеш мұнан соң.
Сықса екен бит секілді біздерді де,
Бұл айтқан жауабымыз бәрі де оң.
Сүлеймен ұғландарға жауап берді,

Бәрі де жауап сөзін мұны көрді.
Ішінде бір көсе адам қалған екен,
Келді де Сүлейменге баян қылды:

—Біз битті ұстағанда тұрады,

Бірақ сығып өлтіреміз оларды бек.
Бүргелер өлтірерде ұшып кетер,
Бір жаза артық етер бұлайша деп.
Сол себептен береміз бір жазаны,

Қалайша өлтіреміз біздер оны?
Уалап өлтірмесек қашып кетер.
Солайша біз қыламыз шықсын жаны.
Енді тағы сөйледі көп бүргелер:

—Бит секілді тұрамыз енді біздер.

Бит секілді тырнақпен опат қылсын,
Мұнысын бәріміз де мақұл көрер.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Онда көсе айтады:—Сөзім көрсін,
Біздің қылған ісіміз мақұл дерсін.
Бит секілді біз оны өлтірейік,
Секірмеске қолынан қағаз берсін.

Олар айтты:—Қағазды бере алмаймыз,
Бит секілді болып біз жүре алмаймыз.
Қалайша қып біздерді өлтірсе де,
Әуелгі әдетімізді қоя алмаймыз.

Сүлеймен жауап берді бүргелерге:

—Сіздер қағаз бермейсіздер бұл ерлерге.

Уалап та, сығып та өлтіреді,
Болмайды бұларға енді пәлен дерге.
Мұны естіп бүрегелер шығып кетті,
Тысқа шығып бәрі де кеңесіпті.

«Билік айтқан біздерге кім екен?»—деп,
Бір-біріне қарасып «көсе» депті.
Бұлар бәрі әскеріне барып жетті,
Көсенің айтқанынан біліп кетті.

Мұны естіп бәрі де «көсе» адамға,
Қияметке жеткенше қас боп кетті.
Бүргелерге бір дұшпан болды көсе,
Бәрі оның талайды жақын келсе.

Олар да секірмеске болар еді,
Жиылып бұл адамға кепіл болса.
Көсені көрсе бұлар талар болды,
Қанын ішіп, жандарын алар болды.

Бүргенің адамға қас болуына,
Осындай көсе адам себеп болды.
Әй, патша, бұ хикаят айттым сізге,
Көсе ұғлан осы болар бәрімізге

Сіз дағы ол бүргедей қате болма,
Көсе пәле болды ғой көрер көзге.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша қатын сөзін қабыл алды,
Өзінің сарайында ұйықтап қалды.
Ерте тұрып тақытына мінген халде,
Алдына уәзірлерін жиып алды.

Алдына жетіп келді уәзірлері,
Бір ұғланды тілеген оның бәрі.
Жиырма сегізінші уәзірі кеп,
Тілеген патшадан ахуалдары.

Уәзір айтты:—Алмаңыз қатын тілін,
Өлтірме дүнияда қызыл гүлің.
Қиямет күн тірілесіз оның бірлән,
Мұхаммед пайғамбардың әмірін қылың.

Қатынның білесіз ғой ғаламатын,
Сөйледі дүнияның мехнатын.
Патша, тыңдасаңыз мен айтайын,
Молда мен бір ұғырының хикаятын.

Уәзір айтты:—Бағдат шаһары өткен,
Бір заһид болған екен дінін күткен.
Бір күні мәсжидтен өте беріп,
Бір адам біраз ақша беріп кеткен.

Әлгі молда алтынды қолына алды,
«Бірнеше нәрсе алам» деп базар барды.
Бұл ақшаға бірқатар балдан алып,
Үйіне қайтайын деп кетіп қалды.

Бір ұғыры бұл молданы көрді тұрып,
Қарады ақшасына мойын бұрып.
«Дәуде болса молдада ақша көп,—деп,
Мен тонап алайын,—деп,—Құдай ұрып».

Әлгі молда сомғасына келді кіріп,
Артынан ұғыры да келді жүріп.
«Кешке таман мен тонап алайын» деп,
Бір жерге жасырынды онда тұрып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол молда сомғасында қылды тағат,
Ұғыры аңдып тұрды бірер сағат.
Ол молда ғибадаттан босанбады,
Өкінді келгеніне бек қабағат.

Қырық шілтеннің біреуі келіп тұрды,
Ұғыры да келгенін біліп тұрды.

—Бүгінгі күн біріміз өліп еді,—деп,

Молдаға есік ашып жауап берді.
Молда да сөз тыңдады құлақ сала,
Есікті ашып тұрды біраз ғана.

—Біріміздің орнымызға керек едің,

Осылай бұйрық қылды Хақ Тағала.
Молда айтты:—Келсеңіз маған,—деді,
Мен бір адам берейін саған,—деді.

—Бұл ұғыры барсын да менім үшін,

Піріміз, разы бол бұған,—деді.
Қырық шілтен жағасынан тұтып алды,
Өзінің жолдасына алып барды.
Молдаға жақын келіп тұрған үшін,

Ұғыры қырық шілтеннің бірі болды.
Әй, патша, бұ хикаят оның үшін,
Ғылымның шарапатын көремісің.
Сол ғалымның хақы үшін, падишаһым,

Шаһзаданы маған да беремісің?!
«Берейін» деп бұған да берді ұғланды,
Уәзір де мұны көріп бек шаттанды.
Ауға шығып тағы да қайтып келіп,

Қатынымен патша тағамданды.
Қатыны сөз ашты тағамнан соң:

—Менім айтқан сөзімнің бәрі де оң.

Менім, әгар, тілімді алмасаңыз,
Саған ақыл бермеймін мен бұнан соң.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Менім саған туғрылығым кәр қылмады,
Уәзірден басқа сөзім һеш болмады.
Менім, әгар, ақылым болмаса еді,
Сенің тәнің жер астында шірір еді.

Әбуғалисинаның насихаты,
«Тышқанды қырам» деген ғаламаты.
Бір патша өкініште қалғанындай,
Саған менім кәр қылмас өсиеті.

Сенде сондай қаларсыз өкініште,
Сабыр деген жарамас мұндай істе.
Патша:—Естиін оны,—деді,
Айтайын әңгімені ерте-кеште.

Қатын айтты:—Халаб деген шаһарда,
Бір патша бар еді әділ онда.
Өзі әділ, қылықты болған екен,
Һәрқашан әділдікті құрғанында.

Ол шаһарда тышқандар болыпты көп,
Адамдар қорқады екен олардан бек.
Алатұғын бұларды мысығы жоқ,
Қорқады әлдеқандай қылады деп.

Бір күні Әбуғалисина келген екен,
Мәслихат патшаменен қылған екен.
Патшамен екеуі әңгіме айтып,
Тышқанды кеңес қылып тұрған екен.

Патша айтты:—Әңгіме қылдың,—депті,
Бір сөзім саған айтар келді,—депті.
Бір қайран оқуменен қылсаң екен,
Білмесең бұл шаһарда тышқан көп-ті.

—Қылайын бір қайранды енді бұған,

Оқуменен ғажап қыл дедің маған.
Тышқанға бір ғаламат мен қылайын,
Айтатын насихатым тағы саған.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Һешкімге хабарымды бермегейсің,
Тышқандар келгенінде күлмегейсің.
Айтқанымды өсиетім тұтпаймын деп,
Ақырында өкініште жүрмегейсің.

Бұ шаһардың көп ғажап қақпасынан,
Тышқандар жиылады қақ қасынан.
Үндемей де, күлмей де сіз тұрғайсыз,
Біреу келіп салса да қақ басыңнан.

Патша айтқанына разы болды,
Әбуғали әзірде атқа мінді.
Шаһардың бір жеріне майдан құрып,
Бір әфсүн ат үстінде оқып тұрды.

Жиылды һәмма тышқан өз қасына,
Тышқанның жалғыз ұғылы ортасында.
Патша да қарайды сарайынан,
Не боларын ақырда байқап сонда.

Біреуін Әбуғали һәлак етті,
Тышқандар бәрі де келіп жетті.
Бір табытқа өлгенін салғызды да,
Тышқанның төртеуіне көтертті.

Көтеріп табытпенен бұлар жүрген,
Сан мың тышқан бәрі де бұған ерген.
Төрт бөлініп тышқандар өлгеніне,
Қабірге қоймақ үшін ап жөнелді.

Әбуғали жаназа оқып тұрды,
Бәрі дағы бұларға мойын бұрды.
Қабірге қоямын деп кетерінде,
Тышқанның бірі қалмай бәрі ерді.

Патша сарайында мұны көрді,
Әбуғалиға жабылып тышқан ерді.
Тышқанның көп хошемет қылғанына,
Патша қоя алмастан қатты күлді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патша күлгенінде бұған қарап,
Тышқандар алды-алдына кетті тарап.
Патша мұны көріп қайран қалды,
Білмекке Әбуғалиден мұны сұрап.

Әбуғали жауап берді патшаға:

—Мен шықтым майдан құрып оңашаға.

Жиылған тышқандар өлмек еді,
Әгар да күлмесеңіз тамашаға.
Мен әфсүн оқығанда келер еді,
Бәрі де қазасына жүрер еді.

Әй, тақсыр, күлмесеңіз сонда маған,
Тышқанның бәрі дағы өлер еді.
Әгар да күлмесеңіз тілімді алып,
Халықтар қалар еді рахаттанып.

Сіздің күліп, мінеки, жібергеннен,
Олардың бәрі кетті өзім қалып.
Патша бек өкінді күлгеніне,
Тышқанның тарап кетіп жүргеніне.

Өкінішке қалыпты ақырында,
Тыңдамай насихатты бергеніне.
Әй, патша, бұ хикаят айттым енді,
Қаларсыз өкінішке сіз де енді.

Бәдбахт балаңызды ғапу етіп,
Өкініш ақырында болады енді.
Патша қатын сөзін қабыл алды,
Өзінің сарайында ұйықтап қалды.

Ерте тұрып орнынан, жалладына
Әмір қылып, ұғланы келіп қалды.
Ұғланды алып сонда келді жетіп,
Жалладқа: «Өлтірің!»—деп қаһар етіп.

Патшаның қаһарын көрген халде,
Уәзірлері қасына тағзым етіп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Сиясат майдандарын құр дегенде,

Мойныңды әділеттікке бұр дегенде.
Жиырма тоғызыншы уәзірі кеп,
Жалладқа әмір етіп: «Ұр!»—дегенде.

—Әй, патша, мен айтайын біраз кеңес,

Ұғланның халалдығы бекер емес.
Һүндістан шаһарында бір патша,
Өлмекке тақалыпты қалам демес.
Һүндістан бір патшасы өтер болды,

Қазадан дүниядан кетер болды.
Ұғылына бір қағазды берді дағы,
Опасы дүнияның бекер болды.

—Әй, ұғылым, бұ қағазбен амал қылың,

Жалғанның опасызын мұнан білің.
Мен дағы өсиетті мұнан білдім,
Сен дағы амалыңды біліп жүрдің.
Ұғлан да оқыды үшбу хатты,

Жазыпты бұ қағазға насихатты.
«Бұ насихат, әгар да, қылмасаңыз,
Тартасың дүнияда мехнатты.
Біреудің жақсылығына жақсылық қыл,

Жамандыққа жақсылық болады, біл.
Біреу сенен қажетті сұраса, әгар,
Халіңнің келгенінше, қажетін қыл.
Кісі айыптарын жүзіне айтпа,

Адам сөзін өзіңе тағы тартпа.
Қарсы кеп кісі сөзін сөйлегенде,
Пендені өкпелетіп жауап қатпа.
Бір хаста болса, сұрағыл кісі халін,

Кісінің рұқсатсыз алма малын.
Халыққа тілегейсің жақсылықты,
Кісінің бетіне айтпа ахуалын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Өзіңіз жаратпаған адамдарға,
Жауап қатып жүрмеңіз надандарға.
Насихатын һәркімнің тұтып жүргіл,
Жақынырақ жүргейсің ғалымдарға.

Сақтанғыл дүнияда жауыздардан,
Және намаз білмейтін надандардан.
Бұ сөзім мағынасын хилаф тұтпа,
Алғайсың жақсылықты адамдардан».

Патша құлақ қойды насихатына,
Құлақ қойма қатынның ғаламатына.
Әй, патша, бұл бір ісің ұқсар екен,
Бұрынғы Шымырының хикаятына.

Уәзір айтты:—Бұ жаһан сарайында,
Бір бақал кісісі болған онда.
Оның бір гөзәл, махбүб қатыны бар,
Қатынның хайласы мол бұл жалғанда.

Ол қатын бір жігітпен болды қимас,
Ерінен қорықпаса қатын қоймас.
Бір күні ол жігіт қатынға айтты:

—Әгар да ерің білсе бізді қоймас.

Қатын айтты:—Сен мені біле алдың ба?
Дүнияда хайланы қыла алдың ба?
Сен жағымнан келеді өз қолынан,
Ерімнің қылсам дағы көз алдында.

Қорықпаңыз сіз осылай менен,—деді,
Жігіт айтты:—Қорқамыз сенен,—деді.
Қатын және:—Бір жерде бір ағаш бар,
Сен соған барып тұрғыл инан,—деді.

Мен де ақыл айтамын жолдасыма,
Хайла-мәкір көп болар бір басыма.
Қашан мен ишаратты саған қылсам,
Жүгіріп, тезіректен кел қасыма.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жігітке осылай деп айтты,—деді,
Күйеуі де үйіне қайтты,—деді.
Ол жігіт үйіне барды дағы,
Манағы ағаш қасына жатты,—деді.

Еріне қатын айтты:—Тұрайықшы,
Пәлен жерде бір ағашқа барайықшы.
Зауық-сафа етерге екеуміз,
Сол ағаштың қасында болайықшы.

Ері де ұнатады:—Жарайды,—деп,
Ағашқа зауық-сафа етейік,—деп.
Екеуі ол ағашқа барып тұрып,
Қатын сонда шығарар әңгіме-кеп.

Қойнынан бір дәруді қатын алды,
Еріне беріп тұрып айтып салды.

—Бір нәрсе екеу болар мұны жесе,

Ол ері мұны естіп қабыл алды.
Жеп алды екеуі де ол жемісті,
Қатын хайла қылады һәрбір істі.
Қатын айтты:—Ағашқа мен шығайын,

Биіктен қарайын да сені,—деді.
Қатын айтты ағашқа шығып тұрып,
Төмен тұрған еріне мойнын бұрып:

—Әй, ерім, оныңызды жүзі қара,

Бұл қатынды аласың Құдай ұрып.
Ері айтты:—Мен қатын алғаным жоқ,
Сенен басқа кісіге барғаным жоқ.
Неге өтірік айтасың маған бекер?

Көңілімді бөтен жарға салғаным жоқ.
Қатын және нанбады мынау ерге,

—Қойныңдағы қатынмен жаттың бірге.

Қазір мен бұ ағашқа шыққан кезде,
Қосылдың қатынменен осы жерге.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ер пақыр ант етті нандыруға,
Жалғанда инанмаңыз қатын қуға.
Қатын айтты дәруінің ғаламаты,
Ойланды енді ерін шығаруға.

Ол ері шығайын деп оңтайланды,
Әлгі қатын баланы шақырып алды.
Ол ері ағашқа шыққан кезде,
Жігітпенен қосылып зауықтанды.

Ері көріп:—Қай ақымақ жігіт?—деп,
Жақсылықтан қылмайсыз үміт?—деді.
Тал түсте қатынымды алғаныңды,
Маңайыма жоламай, әрі кет!—деді.

Көз алдында кісіден ұялмайсың,
Алладан неге қазір қорықпайсың?!
Қатын айтты:—Жалған сөз сөйлемеңіз,
Дәрінің мағынасын біле алмайсың.

Ағаштан ері жерге қадам басты,
Жалғанда хайлалары мұндай асты.
«Жерге түссе, әзір де көрмесін» деп,
Ол арада далаға жігіт қашты.

Әй, патша, бұ хикаят дедім сізге,
Қатыны бұзық қылды көрер көзге.
Екіншілей қатынға инанбаңыз,
Кесапат көрсетеді бәрімізге.

Көп болар қатындардың хайлалары,
Аз болар ерлеріне пайдалары.
Қатын сөзі шариғатта пәтуасыз,
Ерлерден үш есе хайлалары.

Ерлерді қатын сөзі бүлдіреді,
Қуантып шайтандарды күлдіреді.
Уәзірден бұ хикаят естіген соң,
Ұғланды зынданына көндіреді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ол күні өзі тағы ауға кетті,
Ақшамда сарайына келіп жетті.
Қатын менен екеуі тағам ішіп,
Сұрады ұғылынан болған кепті.

—Уәзірім тілеп алды бүгін тағы,

Ол бала болып тұр ғой уәзір жағы.
Шүбһәсі екісінің білінбеді,
Алланың шаһзадаға артық бағы.
Қатын айтты:—Ұғылыңыз ынсапсыз,

Балаға мүптала сіз бен біз-дүр.
Оны сен өлтіруге кешіктіріп,
Ақырында сауаптан үмітсіз-дүр.
Тілдерін уәзірлердің аласыңбай,

Ақырында арманда боп қаласыңдай.
Сенің бұл харамзада ұғылыңыз,
Қызыр алейһи сәлам өлтірген баласындай.
Тимес кесапаты бәрімізге,

Үлкен-кіші, жас пен кәрімізге.
Қызырдың баласындай деген кезде,
Патша айтты:—Тыңдайық айтшы бізге.
Қатын айтты:—Бұрынғы хазірет Мұса,

Бір күні уағыз айтқан жұрт жиылса.
Халықтар бұл Мұсаға жауап берді:

—Дүнияда ғалым бар ма сізден аса?

Мұса айтты:—Әй, пақыр халық,—деді
Менен басқа ғалым жоқ, анық,— деді.
Менен артық—Алланың жалғыз өзі,
Болмасын осы сөзім танық,—деді.

Мұсаға бір Алладан келді хабар:
«Мұжаммағұл бахринда бір ғалым бар.
Ол сенен екі есе дәрежесі,
Көрмекке осы жерден сен онда бар».

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Аллаға хазірет Мұса айтты сөзін,
Бұл хабар бір Алладан келген кезін.

—Қай мекенде екенін білмеймін мен?

Иләһи нешік табам оның өзін?
Бұйырды Хақ Тағала:—Барғыл!—деді,
Азыққа балық басын алғыл,—деді.
Сол балық тіріліп суға кірсе,

Сол халде Қызыр келер, нанғыл,—деді.
Бұ сөзін бір Алланың қабыл алды,
Бір балықтың басындай азық салды.
Иушиғтың баласы—бір пайғамбар,

Қасына жолдас қылып ертіп алды.
Жол жүрді бірнеше күн бұлар дала,
Жаратқан һәр нәрсені Хақ Тағала.
Мұжаммағұл бахринға келіп тұрса,

Ол жерден бір тасты көрді және.
Ол тасты жастанып ұйықтап кеткен,
Тіріліп балық басы суға кеткен.
Орнынан ертеңінде оянады,

Тағы да бір мақамға барып жеткен.
Балықтың тірілгенін Иушиғ көрген,
Ұмытып айта алмаған жүре берген.
Бір күн, бір түн бір жерге келгенінде,

Ол Мұса:—Азық жейік енді,—деген.

—Ол балық суға кеткен көрдім, жаным,

Айтуға мені ұмыттырған Ібіліс лағин.
Ол тасқа бұлар жүріп қайта келді,
Балық білген халде ахуалын.
Қайта келсе бұ таста бір адам тұр,

—Жамағат, бұ сөзіме мойныңды бұр.

Қай мекенде, қай мақұлық боласыз?—деп,
Ол Мұса пайғамбардан жөн сұрап тұр.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Атым—Мұса, пайғамбарым, жүрдім деген,

Сенің де ахуалың білдім деген.
Ғалым деп естіген соң даңқыңызды,
Үйренбекке ғылымнан келдім деген.

—Түздегі атым—Қызыр, мен—бір ғайып,

Мен сені келгеніңе қылман айып.
Меніменен бірге жүріп көргеніңді,
Һешкімге айтпағайсыз елге жайып.
Атымды мәшһүрленген білген болсаң,

Мен үшін талап етіп келген болсаң.
Бірақ енді сен сабыр ете алмассың,
Бір жүріп тамашаны көрген болсаң.
Мұса айтты:—Сеніменен кетейін мен,

Қайда барсаң, бірге боп жетейін мен.
Не тамаша көрсем де сұрамасқа,
Әй, тақсыр, мен де сабыр етейін.

—Ендеше сен сұрама көргеніңді,

Мен де саған айтпайын білгенімді.

—Иншалла, мен сабыр етсем керек,

Сенімен бірге болып жүргенімді.
Екеуі жолдас болып жүріп кетті,
Бір дария жағасына барып жетті.
Ол кемеге мінгенінде жөнеледі,

Ортасына бірқатар жүріп өтті.
Ол Қызыр бұл кеменің білген жайын,
Сындырып, қопарады бір тақтайын.
Қасына Мұса келді сұрамаққа,

Жаратқан қатерді абзал, бар Құдайым.
Мұса айтты:—Біздер міндік ақша бермей,
Біздер қалай жүреміз бұлар келмей?
Тақтайын қопарасың бұ кеменің,

Суға ғарық болмай ма бұлар жүрмей?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қызыр айтты:—Әй, Мұса, тұра алмассың,
Бәрібір ғылымыма келе алмассың.
Мен саған айтпадым ба келген жерді,
Меніменен сабыр етіп жүре алмассың.

Мұса айтты:—Мағзұр тұт енді маған,
Екіншілей айтпайын тіпті саған.
Тамашаны көргенде сұрамайын,
Тәуба қылып қояйын тағы бұған.

Бұлар мұны сөйлесіп тұрған тамам,
Екі абзал қосылған жақсы адам.
Һауадан қара шыпшық келді дағы,
Су алды бір ұрттам дариядан.

Мұсаға айтты Қызыр:—Мұнда келгіл,—деді,
Су алған бұ шыпшықты көргіл,—деді.
Екеуміздің ғылымымыз Хақ қасында,
Бұл шыпшықтың суындай, білгіл,—деді.

Бұйрықсыз Хақ Тағала қылмас,—деді,
Надандар ғылымға көңіл бұрмас,—деді.
Сенің ғылымың менім ғылымыма қарағанда,
Бір тамшы су қадірлі тұрмас,—деді.

Кемеден құры жерге бұлар шықты,
Қызырдың тамашалы сөзін ұқты.
Көп балалар бір жерде ойнап отыр,
Алланың құдіреті болар мықты.

Біреуін өлтіреді Қызыр келіп,
Қасына Мұса келді қайран болып.

—Неліктен өлтірдіңіз біреу ұғлан?

Мұны маған айтыңыз баян қылып.

—Әй, Мұса, айтпадым ба мен бағана,

Сабыр ете білмедің бұған және.

—Әй, тақсыр, мағзұр тұт күнәһімді,

Білмедім қаталықпен мен бейшара.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Мұнан соң қасыңа ертіп сөйлесем мен,
Болмаған жамандарды тілесем мен.
Мағзұр тұт көңіліңді, иә, Қызыр,
Өзіңді жақсылықтан білсем мен.

Енді тағы ілгері бұлар жүрді,
Бір қария адамға және келді.
Қариядан тағамды жеді дағы,
Тағы да ілгерірек жүре берді.

Бір үйді келіп көрді ауып тұрған,
Екеуі біраз ғана мойын бұрған.
Бір жағын Қызыр келіп ұстай алып,
Түзетіп орнына қайта қылған.

Мұса айтты:—Әй, тақсыр, біле алмадың,
Бұйрықсыз Хақтың ісін қыла алмадың.
Бұл тамды орнына түзеткенге,
Неліктен иесінен ақша алмадың?

—Әй, Мұса, кәр қылмады өсиетіміз,

Аллаға қабыл болсын тағатыңыз.
Өткен істің айтайын мағынасын,
Айрылатын енді болды уақытымыз.
Ол кеменің ішінде пақыр-ғаріп,

Біз міндік кемесіне оған барып.
Ол кеме бұзылмаған жақсы болса,
Патшасы кетер еді тартып алып.
Ол пақырға жақындары жат болып-дүр,

Оны сатып мал қылса, шат болып тұр.
Ол ғаріптер кемені жаратқаннан,
Киер киім, астына ат болып тұр.
Қопардым мен тақтайын оның үшін,

Мен өлтірген баланы білемісің?
Өскенде, бек күнәһілі болмақ еді,
Адамдар ренжір көрсе ісін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мұсылман адам еді ата-анасы,
Өскен соң, ол бала болар ғасы.
Күнәға батпай тұрып оны өлтірдім,
Тірі болып жүргенінде бар ма опасы?!

Бұзылып тұрмақ екен осы бір там,
Жетім менен пақырды мен ұнатам.
Бұзылса, жетім бала зар еңіреп,
Сағынып ата-анасын тұтар матам.

Астында қазына бар жасырылған,
Қазірде осы бұзылса һәркім алған.
Соңында түзеткенде бұл пақырлар,
Ол жауһарды қолына жиып алған.

Соңында бөліп алар бұл ғаріптер,
Осы күнде жығылса һәркім талар.
Тыңдасаңыз хикаят, иә, Мұса,
Сөзіміз осыменен тамам болар.

Бұл сөзді білдірмеңіз жұртқа жайып,
Сені мен сұрады деп қылмаң айып.
Мұсаны теріс қаратып Қызыр Нәби
Көрінбей, сол сағатта болды ғайып.

Әй, патша, бұ хикаят мағынасы,
Адамның ғасы болған бір баласы.
Күнәһісі тимесін деп оны өлтірген,
Әй, патша, осылайша тамашасы.

Сіз дағы бұ баланы өлтіріңіз,
Жанына туғры қаза келтіріңіз.
Сөзіне уәзірлердің ере бермей,
Бір-ақ күнде жұмысты бітіріңіз.

Қатыннан мұны естіп таң-тамаша,
Ұйықтар үшін сарайға келді патша.
Ертерек орнынан тақытқа мініп,
Алдырып жалладтарын тұрды патша.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Алдына ұғлан бала жеткенінде,
Әмірін жалладтары күткенінде.
Отызыншы уәзірі жетіп келді,
«Өлтір» деп жалладқа әмір еткенінде.

Уәзір айтты:—Әй, патша, сабыр рахман,
Өлмеген құл жетеді сабыр қылған.
Һәр іске сабыр қылсын,—деп айтыпты,
Мұхаммед үмбетіне бұйрық қылған.

Адамның шайтан жүрер тамырында,
Һәрқашан уасуасын қылғанында.
Асықпақтық шайтанның асыл ісі,
Мойныңыз бір тарапқа бұрғанында.

Уәжіп-дүр асықпайтын патшаға,
Осындай құлақ қойың тамашаға.
Қатынмен қатын болар асыққан құл,
Сізге залал айтады оңашаға.

Ұғланның шын асылын білемісің?
Сөздерін уәзірлердің көремісің?
Екі бірдей қабиладан кісі өлген,
Неше бастар кесілген қатын үшін.

Уәзір айтты:—Тыңдасаңыз құлақ салып,
Бәни ғаріптен бір адам, аты—Ғариб.
Бәни Назыр қабиласынан біреу келді,
Ешкісін бұ ғаріптің алмақ болды.

Ол сатып алмақшы боп тұрғанында,
Сегіз пұт бидайға бермек болды.

—Алты пұт бидай,—деді алмақ кісі,

—Сегіз пұт бидай,—деді бермек кісі.

Кімге сатсам, талақ болсын қатыным,—деп,
Ант етті сол жерде бұл екісі.
Алушы айтты:—Артық алман алты пұттан,
Сауда қып алып жүрген жақын-жаттан.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Артық алсам, қатыным талақ болсын,

Ашулансаң соғысып қазір аттан.
Сатушы айтты:—Сатпаймын сегізден кем,
Сен алмасаң ешкімді қурайды нем?
Қатыным талақ болсын кімге сатсам,

Қарап тұрып болам ба саған мен жем?
Екеуі бір-біріне соғыс салды,
Алушы ғаріп қолына бір тас алды.
Келді де қаһарменен бір-біріне,

Басына бір таспенен салып қалды.
Басының бір бөлігі сынып түсті,
Ашумен бір-біріне болған күшті.
Ешкі иесі—Ғарибтің туысқаны,

Алмақшы бұл Ғарибті өлтірісті.
Екі жақтан әскермен атқа мінген,
Тау секілді майданда адам өлген.
Бәни Назыр әскері қырғын тауып,

Бәни ақыл қабиласы ақыр жеңген.
Бәни ақыл қабиласы болды ғалиб,
Бәни Назыр Хәбіш бекке кісі салып.
Хәбіштен екі жүз атты әскер келіп,

Бек қатты соғыс қылды қаһарланып.
Екі жүз әскер бұған келді,—деді,
Жазасын Бәни ақыл берді,—деді.
Ешкіге артық баға айтамын деп,

Бәни Назыр қабиласы жеңді,—деді.
Әй, патша, бұ хикаят еттім баян,
Қатын сыры болады елге аян.
Қатынның тіліменен іс істесе,

Махшарда жесе керек жылан, шаян.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жер өбіп тілеп алды шаһзаданы,
Зынданына салады ол баланы.
Аң аулап кешке дейін жүрді дағы,
Тағам ішіп қатынмен тағы әні.

Тағам ішіп қатынмен бір отырды,
Патша һәр уақытта іс бітірді.

—Бұ күн тағы ұғылыңыз не болды?—деп,

Қатын тағы баладан сөз келтірді.
Патша айтты:—Тіледі бір уәзірім,
Олардан қия алмадым бар мәзірін.
Не болса да болады ертең тағы,

Көңілім ұнатады іс әзірін.

—Сөзіне уәзірлердің ере берме,

Баланы күнде-күнде бере берме.
Пұрсат күзетеді оның бәрі,
Өз обалың өзіңе менен көрме.
Ұғланның душар болдың ғаламатына,

Уәзіріңнің құлақ қойма өсиетіне.
Бұ ісің әй, патша, ұқсар екен,
Бір патша, уәзірменен хикаятына.
Қатын айтты:—Бір патша болған екен,

Қасына бір дәруіш келген екен.
Дәруіш:—Мен бір дұға білем,—деді,
Әңгіме, сөз сөйлеп тұрған екен.

—Мен өзім пақырлықта жүрем,—деді,

Қасыңа һәрқашанда келем,—деді.
Өліп қалған жансызға дұға оқып,
Тілесем, һәр суретке кірем,—деді.
Патша үлкен қазға әмір етіп,

Бір адам алдына келді жетіп.

—Осы қаздың суретіне кірші,—деді,

Көрейік бәріміз де тамаша етіп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дәруіш дұғаны оқып, бір қаз болды,
Көрген жанға бір талай ғажап болды.
Әрі-бері қаз болысып жүрді дағы,
Дұға оқып, тағы да өзі болды.

Патша таң-тамаша мұны көріп,
Дәруіштен үйренді ақша беріп.
Бірнеше күн патшаға білдірді де,
Өзінің мақамына кетті жүріп.

Патша үйреніп тамам жетті,
Патша уәзірменен аңға кетті.
Сахарада аң аулап жүрді дағы,
Даладан бұл екеуі киік тұтты.

Киіктің суретіне кірді патша,
Әрі-бері айналып жүрді патша.
Қайтадан оқып алып ол дұғаны,
Өзінің кеудесіне кірді патша.

Уәзірі таң-тамаша қайран қалды,
Ілгері тағы аңға кетіп қалды.

—Мұны қайдан үйрендің?—дегенінде,

—Дәруіштен білдім,—деп айтып салды.

Уәзір айтты:—Өтінемін,—деді,—сізге,
Үйретші ол дұғаны енді бізге.
Патша қош уақытына туғры келіп,
Үйретті бірнеше күн көрер көзге.

Уәзірі патшадан дұға үйренген,
Қайда болса, өзімен бірге келген.
Аң аулап бір күн енді жүрді дағы,
Бір ағаштың жанында тоты көрген.

Уәзір айтты:—Әй, патша, білші,—деді,
Менім айтқан сөзіме көнші,—деді.
«Дұғамен мен суретке кірем» деп ең,
Мына үлкен тотыға кірші,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Патша сонда тоты болады енді,
Бір ағаштың басына қонады енді.
Уәзірі ол дұғаны оқыды да,
Өзін ол патша қылады енді.

Бір құлына дұға оқып, қылды өзін,
Уәзірдің қас қылғанын көрсін көзің.
Патшаны тоты қып тастап кетті,
Уәзірге үйретем деп дұға сөзін.

Уәзірі патша болып үйге келді,
Ханым байғұс ишаратпен мұны білді.
Қасына патша болып уәзір келсе,
Өтірік ханым сонда хаста болды.

Уәзір ой ойланып тұрсын,—деді,
Ертеңгеше саламат болсын,—деді.
Уәзірді төсегіне келтірмеді,
«Сабыр етем, саламат болсын»,—деді.

Хайланы әлгі ханым ете тұрсын,
Көңілі уәзіріңде біте тұрсын.
Тоты болған патшадан сөз қозғайын,
Ол уәзір бірер күнше күте тұрсын.

Патша тоты болып ойлады тек,
Уәзірге үйреткеніне өкінді бек.
Сарайға кеп бақшашыға сөз айтады:

—Мені қазір мың діллаға сатыңыз,—деп.

Қызықты мың алтынды дүнияға,
Апарып сатпақ болды базарларға.
Мұны біліп бақшашы читлегімен
Көрсетті, алып келіп адамдарға.

Бір қатын бар екен хайласы асқан,
Һәркіммен бір мәртебе сұхбаттасқан.
Бір қосылса, мың алтынды алады екен,
Осындай бұ залымды шайтан басқан.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір күні бір саудагермен ғишрат құрған,
Түсінде ғишратпен мойын бұрған.
Сұхбат бір-бірімен қылса да,
Сонда айырылып кетіпті, Құдай ұрған.

Ертерек қатын сонда ояныпты,
Оянып жан-жағына қараныпты.
Орнынан тұрды дағы базар барып,
Саудагер байдан барып сұраныпты.

Қатын айтты:—Саудагер келдің,—деді,
Менімен түнде ғишрат құрдың,—деді.
Бір сұхбат қылғаныңыз бір мың алтын,
Қазір соны бөгелмей, бергіл,—деді.

Саудагер:—Мен қасыңа барғаным жоқ,
Бұ сөзімнің биттей де жалғаны жоқ.
Бұзбаймын некахымды сені көріп,
Жат қатынды жақсылар алғаны жоқ.

Қатын ақыр саудагерге болды ғалиб,
Шақыртты мақамға қазір барып.
Ол тоты бұларды көрген халде
Қасында сөз сұрайды, шақырып алып.

Тотыға баян қылды бастан-аяқ,
Жалған сөз арасына тастамай-ақ.
Бұларға тоты билік қылмақ болды,
Өзге жанның сөзіне қарамай-ақ.

Тоты айтты саудагерге:—Барғыл,—деді,
Мың алтын мен айнаны келтір,—деді.
Сол үшеуін алдыма алып келіп,
Андан соң жұмысыңды бітір,—деді.

Саудагер бір мың алтын келеді алып,
Күзгі менен айнаны қабат барып.
Тотының алдына алып келді,
Тамам жұрт көзін салды қайран қалып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Айна алдына қояды бір мың алтын,
Ол айнаға түсірді бар суретін.
Айна ішінде көрінді мұның бәрі,
Қараңыз, бұл тотының ғаламатын!

Тоты айтты ол қатынға:—Бері кел!—деп,
Баян қылып алдымда жауап бер,—деп.
Бар еді не мұратың бұл кісіде?
Осы менім билігім, мақұл көр,—деп.

Тотыға қатын және келді жақын:

—Бар еді бұл кісіде менім хақым.

Тоты айтты:—Алтынды ал айнадағы,
Бар екен түсіңізде сенің хақың.
Қатын айтты:—Айнаға көзім салам,
Алтын жоқ бұл айнада, қайдан алам?

Тоты айтты:—Айнаның ішінде тұр,

—Сенің мен бұ сөзіңе қайран қалам.

Тоты айтты:—Мен де қайран бұ сөзіңе,
Осындай түсте көрген өз көзіңе.
Аралап ал барып шамаң келсе,
Ұқсайды көрген түсің бұл кезіңе.

Хақың жоқ бұл кісіде сенің,—деді,
Дағуа деп айтасың нені?—деді.
Түсінде көрген істі өңіңде даулап,
Бұ сөзің бола ма екен жөні?—деді.

Әділдікпен жауап берді тоты бастап,
Әдейі дағуаласқан мұны хастап.
Алдына тамам халық айтқаннан соң,
Ұялды қатын жеңін қолына ұстап.

Жұрт айтты:—Сатып ал,—деп саудагерге,
Жіберме бұ тотыны бөтен жерге.
Өзі әділ, мүләйім көрінеді,
Не керек жақсы-жаман пәлен дерге.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Саудагер алмақ болып жауап сұрады:

—Бағасы не болады мұның?—деді.

—Бұл тотымның бағасы бір мың алтын,

Берейін бұ бағаға алсаң,—деді.
Ханымға мағлұм болды осы хабар,
Базардан өзі барып сатып алар.
Қарсы алдында дарбазаға асып қойды,

Сөздерін һәрдайым да тыңдап тұрар.
Ханымға патша болған уәзір келді,

—Саламат болдыңыз ба әлі?—деді.

Хаста болдым дегенге келмей жүрмін,
Қосылайын жазылсаң сені,—деді.
Ханым айтты:—Хастамын, мені күтші,
Жаныма бір шыбындай рахмат етші?

Ойнасаң жариалар толып жатыр,
Сені менім маңайымнан әрмен кетші.
Мұны естіп уәзір қалды кетіп,
Қосылды жариалармен ғишрат етіп.

Ханымға:—Мен бір дұға білемін,— деп,
Қасына уәзір бір күн келді жетіп.
Ол тоты көріп, «Аһ!» дер мұның бәрін,
Қатын мен уәзірдің ахуалын.

Уәзірі:—Мен бір дұға білем,—деді,
Өзінің хайла-мәкір қылғандарын.
Ханым айтты:—Ендеше білші,—деді,
Мына тұрған жариаға кірші,—деді.

Уәзір айтты:—Болмайды жандыларға,
Жансызға кіргенімді көрші,—деді.
Асханадан әкелді үлкен қазды,
Ол тоты читлекте қылған назды.

Уәзірі ол дұғаны оқығанда,
Қаз болып сол жерде қанат жазды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ханым онда көргенде тамаша етті,
Читлектен ол тоты шығып жетті.
Уәзірі «қыйғақ-қыйғақ» деп жүргенінде,
Патша өз тәніне кіріп кетті.

Уәзірдің қаз болатын кезі келді,
«Қаз болам» деген әлгі сөзі болды.
Патшаға ханым сонда қарай қалса,
Баяғы патшаның өзі болды.

Уәзір қаз болып қалды осы жерде,
Ол ханым қайран қалды көрген жерде.
Ханымға бастан-аяқ патша айтты,
Далада сейіл құрып жүргендерді.

Патша қазды көріп қаһар етті,
Қорлығы өз басына бұрын жетті.
Мойнынан ұстай алып уәзірін,
Диуардан диуарға ұрып һәлак етті.

Әй, патша, бұ хикаят айттым сізге,
Уәзірдің жалғаны бар көрер көзге.
Әй, патша, уәзіріңнің сөзі жалған,
Пұрсатты күзетіп хайла қылған.

Әуелі бұ баланы өлтірмесең,
Басыңнан жұда болар осы жалған.
Патша мұны естіп қорықты қатты,
Қатынның бұ сөздері жанға батты.

—Ертеңмен мен оны өлтірем,—деп,

Айтса да бәрі маған насихатты.
Бұлардың инаншы жоқ баршасында,
Андай арман болғанда патшасында.
Жақсылыққа ниеті асла жоқ-дүр,

Хайла-мәкір сөзі бар тамашасында.
Осыны айтып патша ұйықтап кетті,
Ертеңмен жалладқа әмір етті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ұғланды алдына алды дағы,
Патшаның қасына барып жетті.
Әділдік майданымды құр,—дегенде,
Алдыма бәрің келіп тұр,—дегенде,

Отыз бірінші уәзірі жетіп келді,
«Жалладқа басын кесіп ұр!»—дегенінде.

—Әй, патша, қатын сөзін қабыл алма,

Пәлеге мұныменен ақыр қалма.
Ұғланның туғыр ісінен әптира-дүр,
Басыңа арманда боп қайғы салма.
Күнәһ жоқ шаһзада туғрасында,

Шүбһә бар екісінің арасында.
Уәзіріңіз сөздерін жерге қойып,
Әй, тақсыр, қайғы болар бір басыңа.
Пендеге опасы жоқ дүнияның,

Пенделер дәмін татар көп жапаның.
Әй, патша, мен айтайын бір хикаят,
Бір соқыр кісі мен халифаның.
Мен тілеп алайын деп келдім жетіп,

Бастайын бір хикаят мағлұм етіп.
Жалладқа әмір етіп тұрған халде,
Тыңдады уәзірінің сөзін күтіп.
Уәзір айтты:—Рашид халифа заманында,

Бір соқыр кісі тағы болған онда.
Иіскеп жүріп нәрсені табады екен,
Бір нәрсе кісі алмай жоғалғанда.
Бір құтышығы патшаның жоғалыпты,

Білмеді сұрағанмен «Кім алыпты?».
Қанша сонда жиылған адамы көп,
«Кім алған екендігін қара»,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ішінде құтышықтың лағыл, алтын,
Және де фейрузы бар, көп болатын.
Асыл тастар ішінде тағы да бар,
Қараңыз уәзірінің әділетін.

Сандалып таба алмады жанның бәрі,
Қанша сонда жиылған жас пен кәрі.
Бір-бірлеп қағып-соғып сұрағанда,
Арасынан шықпады алғандары.

Патша ол соқырға әмір еткен,
Шақырып әкелуге кісі кеткен.
«Сізді патша шақырады» деген шақта,
Қасына халифаның келіп жеткен.

Патша айтты:—Қасыма келгіл,—деді,
Сен өзің хақтыққа жүргіл,—деді.
Бір нәрсеміз жоғалды, біз білмейміз,
Дана болсаң соны айтпай білгіл,—деді.

Ол соқыр жан-жағын қармалған,
Бір құрманың сүйегін тауып алған.
Патшаға сол жерде жауап берді:

—Нәрсені білдім мен,—деп,—ол жоғалған.

Жоғалғаның құтышық болған екен,
Ішіне лағыл, алтын толған екен.
Үшіншісі, ішінде фейруз бар,
Бәрі де бір асылдан қылған екен.

Патша айтты:—Ұрлап алған кім-дүр, айтқыл?
Соқыр айтты:—Ат қараушы алған екен.
Патша жауап беріп алғанда оны,

—Ол оны қандай жерге қойған екен?

Соқыр айтты:—Ат қараушы алған еді,
Құдыққа оны ұғырлап салған еді.
Онан басқа һеш адам алғаны жоқ,
Бір залым қораңызда болған еді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бұлайша патшаға айтты халін,
Жиғызды тамашаға жанның бәрін.

—Осыдан бұл құтышық шығар ма?—деп,

Төккізді құдықтағы судың бәрін.
Суларын төккізеді әмір етіп,
Бір құдықтың сулары қалды бітіп.
Ішінен құтышықты тауып алып,

Һәмма жандар қалдылар тамаша етіп.
Патша айтты:—Шақырғанда қазір келдің,
Табасың жоғалғанын тамам елдің!
Тап дедім адам айтпай құтышықты,

Мен тұрамын қайран қалып қайдан білдің?!

—Әй, тақсыр, батылменен таба алмадым,

Сіз маған айтқан кезде алаңдадым.
Қолыма бір ишарат түсе ме деп,
Отырып, жан-жағымды қармаладым.
Қармалап, құрма сүйегін алдым тауып,

Сүйегін құтышық деп қылдым жауап.
Ішінде мұның дәні болғандықтан,
Лағыл бар дегенім сол көңілім ауып.
Және де інжуге ұқсар құрма түрі,

Інжу бар дегенім сол, соған көре.
Құрманың жапырағы фейрузге ұқсар,
Фейруз деп оның үшін айттым, сірә.
Жемістің кейі қызыл, кейі—сары,

Көбірек қызыл екен мұның бәрі.
Қызылырақ болғанға лағыл дедім,
Осылайша болады ахуалдары.
«Кім алған?»—дедің маған мойын бұрып,

Сол уақытта ат кісінеді тыста тұрып.
Соның үшін ат қараған алған дедім,
Харамдық қылған екен Құдай ұрып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

«Қайда қойған?»—дедіңіз алған шақта,
Құдықтан су алды біреу әлгі уақытта.
Оның үшін қиуға салған дедім,
Ғайыпты білмектік жалғыз Хақта.

Патша мұны көріп қалды қайран,
Бәрінде ақылменен тапты қайдан?!
Соқырға мың түрлі тахсин қылды,
Тапты деп парасатпен бәрін ойдан.

Әй, патша, сіздің де уәзірлерің,
Өтірік һеш айтпайды зәрра бәрің.
Бәрі де достықпенен ақыл берер,
Оның үшін сөйледім ахуалдарын.

Өлтірме шаһзаданы болар қасірет,
Соңынан шегіп жүрме сіз мехнат.
Кеше-күндіз жанарсыз қайғы отына,
Оның үшін болады һәр ғаламат.

Жер өбіп шаһзаданы тіледі енді,
Патша бұ күн тағы береді енді.
Зынданда көндірді де аңда жүріп,
Кешке жақын үйіне келеді енді.

Отырды қатынымен тағам ішіп,
Бір пара мәслихат сөз сөйлесіп.
Сөз ашты қатын залым шаһзададан:

—Не болды бұ күн тағы ұғылың?—десіп.

—Бұ күн және тіледі уәзірлерім,

Олардың қия алмадым көңілдерін.
Баланың басын кесем деп тұрғанда,
Уәзірдің көңілі үшін болады арым.
Қатын айтты:—Әй, патша, құдіретіңді,

Осы бала кетірді қадіріңді.
Ақырында қалам деп өкінішке,
Елге ашып көрсетпей өз бетіңді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Патшасың һәрбір елге даңқың кеткен,
Түбіңе осы бала ақыр жеткен.
Сөйлейін бір хикаят тағы сізге:
Бір патша, екі қазы бұрын өткен.

—Естиін мұны да—деді патша,

Құлақ қойып сөзіне тұрды патша.
Қатын сонда бастады әңгімені,
Не дегенін тыңдауға келді патша.
Қатын айтты:—Қайсария шаһарында,

Екі қазы бар екен дайым онда.
Бір-біріне дұшпандық етер еді,
Патша құзырында болғанында.
Бір күні патшаға бірі келді,

—Менім сөзім тыңдаңыз, тақсыр,—деді.

Пәлен қазы ұғылыңа ғашық екен,
Соны айтайын деп келдім сізге,—деді.
«Қолыма түссе,—деді,—оңашада,
Армансыз болар едім дүнияда».

Соның үшін айтуға келіп едім,
Әй, тақсыр, көрмей қоймас бұл арада.
Патша мұны естіп ашуланды,
Ашуменен шыдамай оттай жанды.

—Бұл екі қазымның біреулері

Орнынан түссін,—деп бұйрық салды.
Мұны барып білдірді ол қазыға.

—Қарсылық қылдыңыз ба патшаға?

Орныңыздан түсірді бұ күн,—деді,
Кетесің бұ шаһардан оңашаға.
Орнынан бұ қазысы қалды түсіп,
Тиыш жүрмей екі биді шайтан қысып.

Түспеген қазы мұны білді дағы,
Патшаға барайын деп сөз сөйлесіп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Алдына патшаның жетіп келді,
Иіліп қол қусырып тағзым қылды.

—Әй, тақсыр, маған дағы рұқсат бер,—деп,

Патшадан өзін-өзі тіледі енді.

—Әй, тақсыр, мен кетейін өлмей тұрып,

Дүнияның машақатын білмей тұрып.
Басқа жерге мекен қып мен тұрайын,
Сізден бір шүбһә сөз келмей тұрып.
Патша айтты:—Кетесің не нәрсеге?

Көңілің қалды сенің менен неге?
Көргенің шүбһәңді бәрін сөйле,
Алар жаның ажалсыз өлер деме.

—Әй, патша, мен естідім сізден хабар,

Біз қазиды түсіргенсіз, неден болар?
Осындай аманымда мен кетейін,
Оған болған бір күні маған болар.
Ол қазы ғашық екен балаңызға,

Ажалдан қорқуменен қаламыз ба?
«Балама ғашықсың» деп түсірдіңіз,
Қарсылық сізге жауап саламыз ба,
Шаһзадаға ғашық екен ол бір қазың.

Мен де бұған ғашықпын, сөзге наның,
Мені де бір күн сондай түсірерсіз.
Қайда барсам құтылар менім жаным?
Заманда, жақсы тұрған кезіңізде,

Қата болса, кешіңіз сөзімізді.
Менім де бір күн болар шүбһәміз,
Бір мекенде тұрайын өзімізде.
Патша айтты:—Жақсылар дос болады,

Өтірік, ғайбат, өсек бос болады.
Сені мен басқа жерге жібермеймін,
Көңілің не нәрсеменен хош болады?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қазы айтты:—Сіз қараңыз порымына,
Ол қазының ділла бер өз қолына.
Менім көңілім сонымен қош болады,
Қазиды қазы етсең өз орнына.

Падишаһ бұ қазиды құрмет күтті,
Ол қазиды орнына қазы етті.
Дұшпан болған ол қазы дост болып,
Достықтан құрметі асып кетті.

Әй, патша, бұ хикаят болды тамам,
Бәрімізді жаратқан Жаппар ғалам.
Надан достан ақылды дұшпан артық,
Бұл ұғлан наданына қайран қалам.

Бұл ұғлан себебінен кайфім кетті,
Хайласы қырық уәзір асып бітті.
Мен едім жалғыз досты бұ патшаның,
Бетіне қарай алмай жүзім кетті.

Өмірін мен тілеймін бұл патшаның,
Білмеймін уәзірлердің ахуалын.
Бұдан басқа һешбір сөз сөйлемедім,
Күйеді жалғанына шыбын жаным.

Кем болар бұ баланың пайдалары,
Асып тұр уәзірлердің хайлалары.
Бұ келген падишаһыма бір зор бәле,
Тиіп тұр бұ басыма залалдары.

Сөзімді һешбір адам мақұл көрмес,
Қатын деп сөздеріме туғры білмес.
Өзіңді өлтірместен бұрын өлтір,
Кеудеңде бір жаныңа аман бермес.

Қатыннан мұны естіп ашуланды,

—Ертеңмен өлтірем,—деп айта салды.

Бұ сөзге қарағанда иланам,—деп,
Ішінде сарайының ұйықтап қалды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Орнынан тұрды ерте қаһарланып,
«Баланы алып кел!» деп тұрды бәрі.
Бұйрығына патшаның амал бар ма?!
Баланы жалладтар келеді алып.

Жалладтар қаһарына келді жетіп,
Уәзірлер баршасы құрмет етіп.

—Әй, тақсыр, қатын тілін алмаңыз,—деп,

Алдына патшаның тағзым күтіп.

—Әй, патша, қатын тілін алмағайсыз,

Ақырында өкінішке қалмағайсыз.
Уәзірлердің сөздерін жерге қойып,
Шайтанға жолдас болып бармағайсыз.
Әй, патша, бір күн Мысыр патшасы,

Бектері—уәзірлердің тамашасы.
Бір күні мәслихат қып отырғанда,
Әңгіме айтқан екен хикаясы.
Біріне патша айтты:—Жайың қалай?

Қатында сұмдық болар талай-талай.
Жақсы ма екен халалың, жаман ба екен?
Көңіліңде шүбһә бар ма, олай-бұлай?
Ол кісі айтты:—Әй, патша, менім халім,

Қатыныма беремін тапқан малым.
«Қай шағыңда мен сенен не көрдім?»—деп,
Бір өзіме бермейді оның бәрін.
Патша айтты тағы да бір кісісін:

—Қалай болар қатынмен сенің ісің?

Жақсы ма екен халалыңыз жаман ба екен?
Қатыныңмен жауыздық көремісің?

—Әй, патша, мен айтайын сізге тағы,

Бұ пақырдың һәр күнде артық бақыты.
«Сенен мен қашан опа көріп ем?»—деп,
Бетімнен де алады қатын тағы.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бермейді өз ақшамды өзімізге,
Қарсы жауап береді сөзімізге.
Ертеңді-кеш қылады жауыздығын,
Жақсылық көрсетпейді көзімізге.

Һәрбір уәзір қатыннан мінді тауып,
Патша мұны көріп қылды қауіп.

—Жалғыз менім ханым-ақ жаман ба?—деп,

Сынап едім бір күні көңілім ауып.
О да осындай, маған да жауап берген,
Һеш қатын жоқ ерлерін жақсы көрген.
Қатыннан қатын сыры артық емес,

Дариға, ерлер малын босқа берген!
Менім дағы қатыным шикаят етер,
О да маған бір қатар ұрсып бітер.
Қатыннан разы болған һешбіреу жоқ,

Ғаріп адам дүнияда арманда өтер.
Әй, патша, бұ хикаят айттым сізге,
Қатыннан разылық жоқ көрер көзге.
Пұрсатты жіберме қолыңыздан,

Қатынның хайлаларын көрдіңіз бе?
Әй, падиша, балаңызды һәлак етпе,
Көресіз, ғалымдарды қорлап кетпе.
Қатындардың тіліне еремін деп,

Арманда өзіңізді-өзің тентіретпе.
Рахатты мехнатқа ауыстырма,
Екі шайтан бір жерге таластырма.
Өзіңіздің дәулетің қолдан кетер,

Екі жақты бір жерге алыстырма.
Қатыннан разы болған һеш адам жоқ,
Мұндай жауыз жаһанда көргенім жоқ.
Әзәзілдің сөзіне еремін деп,

Басыңнан жұда болар дүния боқ.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бұлайша уәзірінен сөз естіді,
Баласына тағы да рахмат етті.
Баласын зынданына салды дағы,
Далаға ермек үшін аңға кетті.

Және келді үйіне ақшам болып,
Отырды сарайына тағы келіп.
Қатын менен екеуі тағамдарын,
Асадылар сол халде тамам болып.

Қатын тағы ұғланнан хабар сұрды,
Падишаһ тағы айтады оған сырды.

—Бұ күн тағы ұғылыңыз не болды?—деп,

Сөз сұрап патшаға мойын бұрды.
Патша айтты:—Бір уәзірім ғұзыр етті,
Ұғланды және тілеп зарлық етті.
Алдымда зарлық сөзін көрген халде,

Сүйегімнен сөздері өтіп кетті.
Уәзірге тілегенде бердім,—деді,
Көз жасын оның қабыл көрдім,—деді.
Сөзін жерге қоя алмай уәзірлердің,

Аң аулап кешке дейін келдім,—деді.
Қатын айтты:—Ұғылыңның махаббаты
Болмас өз басыңа қасіреті.
Сөздерін уәзірлердің аламын деп,

Қолыңнан әлі кетер бұ дәулеті.
Шығарғыл көңіліңнен мехнатын,
Алланың ойласаңшы рахматын.
Дүния ақырет дәулеті келер саған,

Фазылдың қыла қалсаң хикаятын.
Падишаһ:—Естиін оны,—деді,
Ғаріптің аман қалды жаны,—деді.
Фазылдың хикаяты не деген сөз?

Сөйлеші естиін, кәні,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатын айтты:—Фазыл тамашасын,
Бір күні алдына алған бір баласын.
Атасы бұ балаға қарап еді,
Сөйлесін тізесінде таң қаласың.

Баласына мейірі келіп күйді,—деді,
Баласын алдына алып сүйді,—деді.
Бетіне атасының бала қарап,
Бір сөзі көңіліне тиді,—деді.

—Әй, ата, мені сүйме, сүй Алланы,

Әлі бір күн өледі адам жаны.
Фазыл айтты:—Әй, ұғылым, сүйем,—деді,
«Алланы сүймейсің»,—деп күйді тәні.

—Алланы сүйемін, ұғылым,—деді,

Алланың мен—бір ғаріп құлы,—деді.
Бала айтты:—Екі махаббат жарамайды,
Біреуін дүнияда қылың,—деді.
Фазыл айтты:—Алладан келген хабар,

Осы жауап Алладан келген болар.
Тізесінен баланы түсірді де,
Ол екі махаббаттың бірін қылар.
Алланы сүймек үшін ниет қылды,

Баладан үміт үзіп жерге қойды.
Алланың махаббатын көңіліне алып,
Ғибадат күні-түні қылар болды.
Аллаға ғибадат қылды бұ кемеңгер,

Жалмайды жанның бәрін сұм қара жер.
Фазылдың енді атын атағанда,
Фазыл рахмат Алла алейһи дер.
Ұғланның қош көрмеді махаббатын,

Күні-түні шегеді қасіретін.
Ақыреттің жарағын қылмақ үшін,
Тартады бұ жаһанның мехнатын.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Әй, патша, бұ хикаят дедім сізге,
Ол бала жауап берген көрер көзге.
Бұ баланы өлтіріп құтылмасаң,
Ақырда залал болар бәрімізге.

Харамзада ұғланды һәлак етің,
Алланың көрем десең рахматын.
Уәзірлердің тіліне ере берсең,
Көресің дүнияның ғаламатын.

Падишаһ осылайша сөз естіді,
Қатынның бұ сөздерін қабыл етті.
«Ертең мен оны өлтірем» деп,
Өзінің сарайында ұйықтап кетті.

Ерте тұрып тағы да мінді тақытқа,
Құдай-а, шаһзаданы өзің сақта.
Уәзірлері тіледі жетіп келіп,
Падишаһ қаһарланып тұрған шақта.

Уәзірлер өз қасына жиылғанда,
Бәрі де ұғлан үшін қиылғанда,
Отыз үшінші уәзірі жетіп келді.
Жалладқа: «Басын кес!»—деп бұйырғанда.

Уәзір айтты:—Әй, падишаһ, осы бала,
Шешесі бекерге салды жала.
Баршасы уәзірлердің тілек етті,
Һешкімнің жаны ашымас бұған бола.

Өкінішке қаларсыз ақырында,
Арманда өліп кетер бұ күн мұнда.
Менім үшін, әй, тақсыр, бергіл мұны,
Армансыз кім өтеді бұ жалғанда?

Мұратың тыймақ болса мұны, әгар.
Неше күн қинағаның жетер болар?!
Қатын сөзін разы қыламын деп,
Арманда ақырында қайғы болар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Көп ерлер арманда өткен қатын үшін,
Қатынды тыйып алшы, келсе күшің!
Бұ күн маған ғапу қыл бұл баланы,
Ғұмырын дәл бұ күнше беремісің?

Әй, патша, мен сөйлейін әңгімені,
Адамға дос демеңіз дүнияны.
Өлтірме шаһзаданы дүнияда,
Әгар да құрметтесең, сірә, мені.

Білесіз бұ қатынның ғаламатын,
Тастама уәзіріңіз өсиетін.
Падишаһ, мен айтайын тағы сізге,
Бұрынғы бір жігіттің хикаятын.

Уәзір айтты:—Бір жігіт бұрын өткен,
Бір қатын сұлулығы асып кеткен.
«Дүнияда мұндай сұлу жоқ» дегенді,
Бұл жігіт естиді болған кептен.

Қатынға жігіт ғашық жүзін көрмей,
Жөнелді іздемекке күндіз-түндей.
Неше заман жол жүріп келе жатыр,
Сонда да бұ қатыннан хабар білмей.

Келе жатса, көп адам егін еккен,
Бұл егін кәміл болып өсіп жеткен.
Әбден өскен жерінде отқа өртейді,
Күл болып, жанып қалар бидай біткен.

Бұ жігіт мұнан өтті ғажаптанып,
Бұлайша болуына қайран қалып.
Анан өтіп тағы да келе жатса,
Бір адам тас көтерер қайраттанып.

Бір тасты көтермеді есі кетіп,
Екеу қылып көтерді қайрат бітіп.
Үш тасты бір көтеріп алып кетті,
Тағы да жігіт тұрды тамаша етіп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бір тасты көтере алмай тұрып еді,
Екеуге көңілі аз болып еді.
Бек тамаша ғажапқа қалды жігіт,
Үш тасты бір көтеріп жүріп еді.

Ол жігіт тамаша етіп мұнан өтті,
Қойға мінген біреуге келіп жетті.
Бір кісі мінгенінде көтере алмай,
Үш кісі бір өзіне мініп кетті.

Бұған және тамаша қылды жігіт,
Көңілі ол қатыннан болады үміт.
Қатынның келіп кірді шаһарына,
Құдай-а, һәр пендеге мархабат деп.

Шаһардың келіп жүрді ортасына,
Қатынның қандайлығын байқасын да.
Жүре-жүре тағы да келіп тұрды,
Бір шалдың тамашалы қақпасына.

Бұ жігіт қайран қалып таң болып жүр,
Шаһардың һәр көшесін аралап жүр.
Үйіне кірейін деп келе жатса,
Алдында есігінің бір шал отыр.

Шал айтты:—Сен өзің кімсің?—деді,
Не іздеп бұ шаһарда жүрсің?—деді.
Мұнда не хал, келгенің себебі не?
Не нәрсеге мұқтаж боп тұрсың?—деді.

Жігіт айтты:—Шаһарыңда бір қатын бар,
Сол қатынды көрмекке ажарым тар.
Сұлу деді, атағын мен естідім,
Мен болдым алайын деп бек ынтызар.

Шал айтты:—Мен тұрмын баяндатып,
Алдыма келіп тұрсың жауап қатып.
Қарайып ғажайыптан тағы өзіңіз,
Нендейін нәрсе көрдіңіз келе жатып?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Мен көрдім келе жатып жолда,—деді,

Егін еккен адамдар онда,—деді.
Бірқатар өскен кезде от салады,
Алланың хикметі сонда,—деді.
Екінші, және көрдім тас көтерген,

Алып һәрбір тастарды бір көтерген.
Бір тасты көтере алмай тұрып еді,
Үш тасты көтергенде тез жүгірген.
Айтады таңғажайып көргендерін,

Бір қойға үш кісінің мінгендерін.
Және тағы мінем деп ұмтылғанда,
Міне алмай үстіне жүргендерін.
Қарт айтты:—Не екенін білдіңіз бе?

Қасына ғажап үшін келдіңіз бе?
Ол жақтан бұл жаққа келіп тұрсың,
Фаһим деп оны және жүрдіңіз бе?
Жігіт айтты:—Мен жақын келгенім жоқ,

Қасына тамаша үшін жүргенім жоқ.
Оны маған мағлұм қылып айтпасаңыз,
Нендей нәрсе екенін білгенім жоқ?

—Білмесең оның жайы болар,—деді,

Егін еккен мақтаншақ олар,—деді.
«Мен қандай тәуап қылдым Аллаға» деп,
Амалдарын рияланып қылар,—деді.
Қойға мінген Алланың дүниясы,

Ауырлығы ол тастай көп күнәһісі.
Мал бітсе, кей адамға ниеті жоқ,
Осындай білмесеңіз тамашасы.
Дүния ғой мысалда көрінгені,

Бай адамдар көңілі мінгендері.
Пақырлар ол қойға міне алмаған,
Нашарлықтан жете алмай жүргендері.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бір тасты көтере алмаған себебінде,
Ауырлар бір күнәні қылса пенде.
Қылдым деп бір күнәһіні көтере алмас,
Ол бір тас сол адамның мысалында.

Жігіт мұны естіп тахсин етті,
Қарияның сөздерін тамаша етті.
Осылайша баянын білем өзім,
Хақ Тағала жаратқан хикметті.

Жігіт айтты:—Ол қатынды көрдіңіз бе?
Сөзіме тамаша қып жүрдіңіз бе?
Менім келген жұмысым осы сізден,
Сол қатынның мақамын білдіңіз бе?

Ол шал бұған қарап айтты,—деді,
Ниетін бұ жігіттің таратты,—деді.

—Бұ шақты ғибратты қылмайсың,—деп,

Жігіттің жаңғағына шапты,—деді.
Алмаған ақыл айтқан шалдың сөзін,
Күнәһқа бара жатқан көрді кезін.
Ол жігіт һошсыз болып көзін ашса,

Ішінде жаһаннамның көреді өзін.
Әй, падишаһ, бұ хикаят қыласың сен,
Өзіңіз һәр нәрсені білесің сен.
Неше кісі қатын үшін күнәһ тапқан?

Жауыздың тілін мақұл көресің сен.
Ол жігіт бұ ажалдан пәре болды,
Көңілі залымдардың ала болды.
Әй, падиша, көп адамдар бір Аллаға,

Жүздері қатын үшін қара болды.
Әй, патша, қатын тілін алма,—деді,
Өлімге шаһзаданы салма,—деді.
Қапыда, тексермей өлтірем деп,

Ақырында қайғыға қалма,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Уәзірі тілеп алды әңгіме айтып,
Зынданда шаһзада қалды жатып.
Аң аулап кешке дейін жүрді дағы,
Өзінің сарайына келді қайтып.

Қатынменен отырды тағамды жеп,
Қатын тағы бастап әңгіме-кеп.
Патшадан отырып жауап ашты:

—Ұғылыңыз бұ күн және не болды?—деп.

—Аң аулап мен далаға бардым,—деді,

Сөзіңе неше күндей нандым,—деді.
Пәленше уәзірім тілеген соң,
Зынданға оның үшін салдым,—деді.
Қатын айтты:—Әй, патша, бір Аллаға,

Бұл бала көп тұрмасын дүнияға.
Уәзірлердің сөзіне инанбаңыз,
Кесапаты тиеді ата-анаға.
Бар еді бұған ұқсас бір хикаят,

Уәзірлердің сөздері бар ғаламат.
Достығым болғанға ақылым көп,
Оның үшін көрмеңіз көп мехнат.
Айтайын бір хикаят бұған ұқсас,

Өзіңіз заманыңда әділің шаш.
Уәзірдің тіліменен жолдас болма,
Шайтанға жақын келмей, күн бұрын қаш.
Патша:—Естиін оны,—деді,

Ғаріптің қалар ма екен жаны?—деді.
Қатын және айтады әңгімесін:

—Патша, өлтірме мені,—деді.

Қатын айтты:—Бір заманда бір адамның,
Бір жауыз ұғылы болған оның.
Һәр заманда уанбай жылар екен,
Анасының тынышын алып бейшараның.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Анасы уатады жылай берсе,
Жігіт байыр көз жасын Тәңірім көрсе.
«Аз бердің» деп баласы жылар еді,
Анасы һәр уақытта тағам берсе.

Бір күні зор қазанға ас пісірген,
Атасы бұ баланы алдына алған.
Көп қылып тағам берсе, теуіп төкті,
Анасы мұны көріп ашуланған.

—Біздерге жақсы бала Құдай берсін,

Тамаққа ие болмай, нағып жүрсің?!
Аз тағамды аз дейсің, көпті төгіп,
Бүйткенше тамағыңа пышақ кірсін!
Төгілген қолындағы табақты алып,

Анасы бұлай деген ашуланып.
Баласы жер бауырлап жылай берді,
Екеуі және отырды қапаланып.
Құдай-а, біз пендеңе бердің мал,—деп,

Түсті ғой басымызға мұндай хал,—деп.
Жылатып тынышымды алып қойғанынша,
Дүнияда бұл баланың жанын ал,—деп.
Әй, падиша, өлтірмесең бұл баланы,

Өзіңізге салады бір пәлені.
Һеш адам мұнан пәле көрмей қалмас,
Мекен қылып тұрса да айдаланы.
Қатыннан падиша естіп хикаятты,

«Ертең өлтірем» деп ұйықтап жатты.
Қатын бұған шаттанып тағы қалды,
Сабах садық сарғайып таң да атты.
Құрулы падишаһтың алтын тағы,

Баланы өлтірмекте бұ күн тағы.
Қатынның тіліменен қылмақшы еді,
Жеңіп жүр шаһзада артық бағы.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тақытына мінгеннен соң, әмір етті:

—Баланы бұ күн тағы келтір,—депті.

Бұ күнгі әділдігім заһир болсын,
Жалладтар, басын кесіп өлтір,—депті.
Жалладтар бұ баланы келеді алып,
Өлтірмекші қылышпен даярланып.

—Әй, тақсыр, қатын сөзі бір пәле,—деп,

Отыз төртінші уәзірі келді налып.
Уәзір айтты:—Әй, патша, сіз—бір қойшы,
Қатынның жалған айтқан сөзін қойшы.
Азғыратын шайтанға бойың бермей,

Уәзірдің ақылымен басын жойшы.
Сіз—қойшы, қой секілді көп халықтар,
Қиямет, махшар күнде хисап болар.
Не деп жауап бересіз бір Аллаға?!

Қойлардың хисаптарын сізден алар.
Шаһзада—алдыңда байланған қой,
Бір күні қиямет күн болады ғой.
Қатынның тіліменен өлтірсеңіз,

Тәңірім сізге азап қылады ғой.
Көп болған қатындардың жауыздығы,
Жаманнан кем болады жақсылығы.
Өзінің баласына жала қылып,

Көп болар қатындардың надандығы.
Баласыз һәрбірінің ғаламатын,
Һарамзада білесіз мұның затын.
Падиша, естігенің жоқ екен ғой,

Ғұжым менен бір қатын хикаятын.
Падишаһ:—Естиін сөйлесеңіз,
Біздерден бұ баланы тілесеңіз.
Оның мағынасы нешік екен?

Қатын тілін алады демесеңіз.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Уәзір айтты:—Ғұжымның диарында,
Бір саудагер әділді болған онда.
Малының көптігін өзі білмес,
Һәрқашан хисабына қарағанда.

Үйіне бір мүсәпір қонақ болды,
Алдына түрлі-түрлі тағам толды.
Бір итпенен бір қатын ішті тағам,
Мұны көріп ол адам қайран болды.

Мүсәпір мұны көріп кеңеседі,
Саудагер байменен көп сөйлеседі.

—Бір аяқтан итпен қатын ас ішті,

Мәнісі мұның қалай бұл?—деседі.
Саудагер:—Мен айтайын халім,—деді,
Көп еді бұған берген малым,—деді.
Бұған бір күн көрдім де ғашық едім,

Айтпадым ахуалым бәрін,—деді.
Күң қылып бұ қатынды сатып алдым,
Ғашықтықтан мен оған құмарландым.
Маған көңіл бермеді ғашық болып,

Бір құлмен қосылғанын біліп алдым.
Барша малым қолында болған оның,
Һәрқашан ғашығына күйеді жаным.
Өзіме қатын етіп бірнеше күн,

Бірқатар малды беріп мен алғаным.
Және бір құлым бар еді сатып алған,
Екеуі бір-біріне көңілін салған.
Екеуі мені бір күн өлтірмекші,

Басымнан жұда болмақ осы жалған.
Бір күні қатын айтты маған келіп:

—Бір жерге барайық деп зауық қылып.

Мен білмеймін екеуі көңіл қосып,
Уағда өлтірмекте бірге болып.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бір жерге қатынменен келдік бірге,
Менен бұрын құл келген осы жерге.
Қатын мазақ еткен боп қалжыңдасып,
Ұят жерімді ұстады біздей ерге.

Ұстаған әуретімді жібермейді,
Мұны біліп құл залым бөгелмейді.
Ұят жеріме жабысып тұрғанында,
Сол жерде құл мен қатын екеулейді.

Таса жерден өз құлым келді маған,
Мен сырымды айтайын енді саған.
«Сені өлтіріп, қатынымды аламын» деп,
Үстіме алып соғып қармалаған.

Бар еді бір төбетім қасыма ерген,
Һәрқашан мен оған да нанды берген.
Нан жеген соң ол дәндеп қалмаушы еді,
Қайда барсам өзіммен бірге жүрген.

Қара төбет тісімен алды тартып,
Ұят жерімді жібермес қатын жатып.
Қара құлды үстімнен алған кезде,
Мен де орнымнан тұрдым ғой қаһарланып.

Қолыма қаһарланып қылыш алдым,
Ол құлды қылышпенен екі жардым.
Қатынға ғашықтықтан өлтірместен,
Мехнатқа салмаққа қайғыландым.

Ол құлды өлтірдім қылғанға қас,
Бұ қатынға ғашық боп салдым ықылас.
Қатынға итті қосып бір аяқтан
Қорлау үшін бір жерден беремін ас.

Әй, қонағым, осылай менім жайым,
Бұл сырды сізден аяп не қылайын.
Екеуін де қорлап мен беремін,
Һәркімге тауфиқ берсін бар Құдайым.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Әй, патша, инанбаңыз үш нәрсеге,
Қас болар өлмей тұрып қатын ерге.
Қылыш пенен және атқа һеш сенім жоқ,
Неше түрге түсесің кірмей көрге.

Бұ күнде шаһзаданы һәлак етпе,
Уәзірлердің сөздерін тастап кетпе.
Неше кісі осылай ғапыл болған,
Қатынның дүнияда сөзін күтпе.

Патша ұнатады «жарайды» деп,
Уәзірлер сөйлеген соң әңгіме-кеп.
Аң аулап кешке дейін жүрді дағы,
Отырды қатынның қасына кеп.

Отырып қатынменен ішті тағам,
Тағамнан соң шығарды хасыл кәлам.

—Пәленше уәзірім кеп ғұзыр етті,

Зынданда тағы бір күн қалды балам.
Қатын айтты:—Мен—саған боламын дос,
Уәзірлердің білмейсің сөздері бос.
Хайла-мәкір айтқанын қабыл етіп,

Инанып шын көңілден боласың қош.
Менде жоқ ойымда һеш қиянат,
Уәзірлердің ойында бар ғаламат.
Рұқсат болса, әй, патша, мен айтайын,

Бұған лайық бар еді бір хикаят.
Қатын айтты:—Бұ жаһан әлі кеткен,
Бір шаһарда бір әділ падиша өткен.
Аң аулап һәрқашанда жүреді екен,

Құс салып, далада ит жүгірткен.
Бар екен қаршығасы құсқа салған,
Екі-екіден күнінде құстар алған.
Көрген жан осынан да қайран қалып,

Қасына жолдас болып бірге барған.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол жұртта бір бегі бар, Әмір Сарұм,
Естіді өнерінің мұның бәрін.
«Өз көзіменен бірге жүріп қарайын» деп,
Білмекке келді бір күн ахуалдарын.

Патшаға Әмір Сарұм келді жетіп,
Көрем деп қаршығаны тамаша етіп.
Ертеңмен жолдас болып бір жүреді,
Падишаһ ғиззат-құрмет мұны күтіп.

Патша қаршығаны құсқа салды,
Екі-екіден келгенін ұстап алды.
Бірнеше құстарды ап келділер,
Әмір Сарұм көргенде қайран қалды.

Патша айтты:—Бұ құсты бердім саған,
Әдейі көрмекке келсең маған
Күнінде екі құсты тұтар осы,
Не қылсаң разы бол енді бұған.

Әмір Сарұм мұнысын қабыл етті,
Шаттанып ойланып тұрды,—депті.
Төмен қарап біразырақ падишаһқа,
Андан кейін падишаһқа жауап етті.

—Әй, падишаһ, бар еді он екі ұғылым,

Және тағы бар еді мың сан құлым.
Мұның бәрін һадийа үшін бердім сізге,
Қаршығаға беретін осы пұлым.
Падишаһ айтты:—Әуелде құсты тұтты,

Дүнияда тамашалы өнер етті.
Мың құлымен он екі ұғылы тағы алады,
Бұл кезде мұның құны асып кетті.
Падишаһ неше түлік берген малын,

Әмір Сарұм осындай көрді халін.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Жақсылыққа жақсылық қылсаң керек,
Осындай көргенінде ахуалын.
Бұ баланы қылмаңыз саламаттық,
Әлі бір күн салады ғаламаттық.

Күзетіп пұрсатты уәзірлер тұр,
Ұғланға берейін деп сиясаттық.
Падишаһ қатын сөзін қабыл етті,
Өтірік демей тағы да сөзін күтті.

«Ертеңмен мен оны өлтірем» деп,
Өзінің сарайында ұйықтап кетті.
Орнынан ерте тұрып тақытқа мінді,
Жалладқа:—Алып кел!—деп әмір етті.

Уәзірлер ғұзыр қылып тілемекке,
Баланы тағы алдына алып келді.
Патша тақытында отыр қаһар етіп,
Баланы алып жалладтар келді жетіп.

Отыз бесінші уәзірі жетіп келіп,
Тіледі шаһзаданы ғұзыр етіп.
Падишаһ айтты:—Есітпейін мына сөзің,
Кісіге кеңес бермей тек тұр өзің.

Уәзір айтты:—Оқиын бір Құранды,
Сіздерге айтатұғын осы кезім.
Оқимын сізге Құран мағынадан,
Табылмас, ойласаң да көп күнәһтан.

Есітпеген адамға бір зор қата,
Дүнияда надандар ондай адам.
Падишаһ айтты:—Астағфиралла, тәубә қылдым,
Не айтсаң да сөзіңе құлақ қойдым.

Уәзір айтты:—Хақ Тағала бұл Құранда,
Бір аят мен айтайын тамам қылдым.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Қул ин кунтум тухиббуна Аллаһа фатта биғуниу иухбибкум Алла уа иағфир лакум зу нубакум уа Алла ғафур рахим*. Әй, патша, Хақ Тағала бұл айтты, Бұйырып хақ Расул біздерге айтты. Көктен жерге енбегіне себеп осы, Мұнафиқтар айтыпты ғаламатты. Айтады:—Пайғамбарым Расул,—деді, Сізде бар нұр, иман, нәсіл,—деді. Сені біздер сүйеміз, Пайғамбар,—деп, Хақ досты, сіз болдыңыз асыл,—деді. Инанып осылайша айтар еді, Көңілін Ислам діннен тартар еді. Мұхаммедтің көзі жоқта «сиқыршы» деп, Бәрі де кәпірлікке қайтар еді. Сол сағатта Хақ Тағала бұйырыпты: —Иә, Мұхаммед Расул, достым,—депті. Пайғамбар Хақ, бір Алла бар-дүр,—деп, Исламға көндіріңіз оны—депті. Пайғамбар:—Ғафур рахым Алла** деген, Бекерге күнәһілі боп қалма деген. Инаныңыз Аллаға бір екен деп, Өзіңді мехнатқа салма деген. Әй, патша, бір Алланы бір деп білген, Үмбет боп Мұхаммедтің қасына ерген. Бұл аят мағынасы осы болар, Һеш адам қор болмайды қабыл көрген. * Айт, егер сендер Алланы жақсы көрсеңдер менің артымнан еріңдер, Алла сендерді жақсы көреді және сендердің күнәларыңды кешіреді. Алла тым мейірімді, өте кешірімді. ** Алла өте мейірімді, тым кешірімді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР Пайғамбар өтіп кеткен дүниясынан, Жәбірейіл елші болған арасынан. Әй, патша, бір хадисті мен айтайын, Дүнияда қатындардың турасынан. Болмаңыз қор, күнәһілі босқа деген, Қалдырдым һәр кітапта насихат деген. Һунна нақисат ал-ақыл уа ад-дин*, «Шашы ұзын, ақылы болар қысқа» деген. Дүнияда ізгі болып, дініңді күт, Және тағам ішсеңіз, халалдан жұт. Шауируһунна уа халифу хунна** деген, Қатынмен кеңес, тағы хилафын тұт. Қатынның естігейсіз әңгімесін, Жөн айтты деп аласыз оның несін. Қыл дегенін теріс көріп былай қойып, Қылма деген нәрсесін қыл болса есің. Ұғланның біз білеміз артық затын, Көңілге ойлағанда кифаятын. Падишаһ рұқсат беріп, айт десеңіз, Бұған ұқсас бар еді хикаятым. Падишаһ:—Естиін оны,—деді, Ғаріптің саламатта жаны,—деді. Ол қандай ғажап екен есітпеген? Сөйлеңіз алдыма кеп, кәні,—деді. Уәзір айтты:—Бір кісі үйге шыққан, Төбенің биігінен жерге баққан. Төбеден мен қалайша түсемін?—деп, Жердегі қатынына жауап қатқан. Қатын айтты:—Көрсетші қайратты іс, Сенде бар бойыңда қуат пен күш. * Олардың (әйелдердің) ақылы мен діні кем болады. ** Оларменен (әйелдерменен) ақылдасыңдар, бірақ керісінше іс қылыңдар.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ерлік қылып, әгар да тілесеңіз,
Биік емес бұл жерден секіріп түс.
Әлгі жігіт қатын сөзін қабыл алған,
«Биік емес екен» деп бір ойланған.

Қатынның сөзіменен секірем деп,
Жерге түсіп аяғы сынып қалған.
Қатын деген көрсетер мехнатты,
Өз бойынан жібермес захматты.

Қатынның тіліменен секірем деп,
Жазылмай аяғынан бір жыл жатты.
Бір жылда зорға тұрды тәуір болып,
Көңіліне зағыпырандай қайғы толып.

Жүре түсіп аяғы оңалмады,
Әлгі сиххат болған бөтен болып.
Екінші жыл төбеге тағы шықты,
Құданың құдіреті болған мықты.

Төбеден тағы түсем деп тұрғанда,
Үйінен қатыны қарсы шықты.

—Қалайша түсемін?—деп жауап берді,

Қатыны үйден шығып мұны көрді.

—Секірсеңіз аяғың сынады,—деп,

Қатыны:—Байқап түс,—деп аяп жүрді.
Аяғың түзелмеген әлі,—деді,
Осы күнде нашар-дүр халі,—деді.
Ол жігіт:—Ихтилаф мен қылайын,

Көңілімде разы қылман оны,—деді.
Сенің сөзің маған да әсер етті,
Мұхаммед пайғамбардың сөзін тұтты.
Секіріп түскенінде тағы жерге,

Аяғы бұрынғыдай түзеліп бітті.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Дәрхал сонда аяғы түзеліпті,
Қатын шіркін дұшпандыққа кезініпті.
Әй, падишаһ, менім үшін баланы бер?
Қызыл тілім алдыңда безініпті.

Уәзірі осылайша білдіреді,
Тағына патшаны міндіреді.
Бұл хикаят көңілге бір қош болып,
Баланы зынданына көндіреді.

Ол күні аңға кетті даласына,
Көңілі әлі сүйініпті баласына.
Күнінде өлтіремін десе дағы,
Уәзірлер ақыл айтар арасына.

Бір-бірден һәр күнінде әңгіме айтып,
Қатыннан һәркім жүрер қапа тартып.
Аң аулап кешке дейін жүрді дағы,
Өзінің мақамына келді қайтып.

Қатынмен тағам ішіп бірге отырды,
Аң аулап келгенімен не бітірді?

—Бұ күн және ұғылыңыз не болды?—деп,

Қатын тағы баладан сөз келтірді.
Падишаһ хабар берді мағлұм етіп,
Қатынның хайлаланған сөзін күтіп.

—Бұ күн тағы зынданға салдым,—деді,

Бір уәзірім тіледі ғұзыр етіп.
Қатын айтты:—Не үшін өлтірмедің?
Хүкіміңді жеріне келтірмедің?
Күнінде уәзірлерге ере бермей,

Жұмысын бүгін неге бітірмедің?
Бұ дәурен қалпында, тіпті, тұрмас,
Ажалға серік болып мойын бұрмас.
Сөзіне уәзірлердің еремін деп,

Қастығын осы бала қылмай қалмас.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Көресің әлі бір күн захматын,
Уәзірдің біле алмай ғаламатын.
Падишаһ есітпедің мен айтайын,
Бір падишаһ пен баланың хикаятын.

Қатын айтты:—Бір падишаһтың жүзі көркем,
Оның бір жалғыз ұғылы болған екен.
Бір күні мектепке берді мұны,
Молда сабақ оқып жүрген екен.

Ұғланның жұрт тамаша білгеніне,
Сабағын өзі біліп жүргеніне.
Өзі зерек, данышпан болды бала,
Қуанар ұстазы ерте келгеніне.

Бір күні тыңдатады ол баланы,
Сабаққа бірде тілі келе алмады.
Қайтадан тәкрар қылды арт сабағын,
Болғанын не хикмет біле алмады.

Мұнымен бала жүрді екі-үш күндей,
Қайран болды мәнісін адам білмей.
Атасына молдасы мағлұм етті:

—Бұрын ол оқушы еді һеш бөгелмей.

Атасы баласынан хабар сұрды:

—Әй, балам, айтшы,—деді,—маған сырды?

—Әй, ата, мен халімді айтайын,—деп,

Еркелеп бұл баласы мойын бұрды.

—Әй, ата, мен базарға жүрдім,—деді,

Асылған көп сурет көрдім,—деді.
Уатып бір таяқпен ұрсам,—деп,
Көңіліме бекітіп мен білдім,—деді.
Көңіліме келді сонда осы нәрсе,

«Сындыр»,—деп алдыма алып маған берсе.
Һәрқашанда уату ойлағаным,
Соларды сындырғаным көзім көрсе.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Атасы бір қызметші қосып берді,
Алдына молдасының алып келді.
Баланың қолына бір таяқ беріп,
Үшеуін бір кебітке жөнелдірді.

—Ол бала тілегенін қылсын,—деді,

Уатып қандилдерді жүрсін,—деді.
Иесіне хақысын бергеннен соң,
Баланың көңілі бітіп келсін,—деді.
Молдасы бұл баланы алып келді,

Иесіне қандилдің хақын берді.
Қолындағы таяқпен жалғыз салып,
Көңілі тыныштанып қайтып келді.
Келіп сабақ оқыды ұғлан бала,

Андан соң тілін ашты Хақ Тағала.
Һәрқашан молдасынан сабақ алып,
Көңілінен тазаланып кетті бала.
Көңілінен ойлағаны кетті,—деді,

Бұл хисаптың баршасы өтті,—деді.
Әй, патша, бұл хикаят оның үшін,
Осылайша кеңесім бітті,—деді.
Һәркімнің ойлағаны болмас,—деді,

Ойлағанды қылмайын қалмас,—деді.
Бұ ұғлан ойлағаны бұзықтық-дүр,
Оны бір күн қылмай да тұрмас,—деді.
Әй, патша, бұл ұғланды өлтірмесең,

Жұмысын бұл уақытта бітірмесең.
Сізде сондай бір күн де армандасыз,
Бұл шақта туғры қаза келтірмесең.
Патша қатын сөзін қабыл етті,

Өзінің сарайында ұйықтап кетті.
Ерте тұрып тақытына мінді дағы,
Жалладқа:—Алып кел!—деп әмір етті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жалладтар алып келді бұл баланы,
Ғаріптің қалар ма екен шыбын жаны?
Отыз алтыншы уәзірі жетіп келіп,
Ғұзыр қылып тілемекке тағы да оны.

Уәзір айтты:—Әй, патша, нетпек керек?
Сөздерін уәзірлердің күтпек керек.
Қатынның сөздерін қабыл алмай,
Әлбетте, бұған сабыр етпек керек.

Көп болар қатындардың хайлалары,
Құтылмаған Алланың жарандары.
Кісі сөзін, әй, тақсыр, қабыл етпең,
Өз көңілінде болмай ма пайдалары.

Дүнияға келгендер жөн болатын,
Тастама уәзірлердің өсиетін.
Есітпеген екесіз, әй, падишаһ,
Бір саудагер жігіттің хикаятын.

Падишаһ:—Естиін, әлде нешік?
Алладай бір қазасыз болса нәсіп.
Білінбей шүбһәсі осы маған,
Сіздер жүрсіз баланы халал десіп.

Уәзір айтты:—Ілгергі заман өткен,
Бір дәруіш мүсәпір болып өткен.
Бір ауылға кеш қонды ертесі күн,
Оларға көп насихат беріп кеткен.

Дәруішке олар айтты:—Ақылым мол,
Оң жақта ұғырлар болады жол.
Сол жақтағы жолменен жүргейсіз сіз,
Менім саған айтатын кеңесім сол.

Дәруіш ұғыры жаққа жүре берді,
«Ұғыры не нәрсемді алар?—деді.
Өзім бір мүсәпірмін, немді алады,
Алары менен басқа болар»,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Осыны айтып дәруіш жүре берді,
Екінші мезгілінде онда болды.
Көзіне үлкен сарай көрінеді,
Ішіне есік ашып барып кірді.

Есік ашып ішіне кірді сонда,
Түн жартысы болғанша тұрды онда.
Қараңғы түн болғанша онда тұрып,
Сол халде бір дәруіш болды пайда.

Дәруіш қорқып андан тұра келді,
Аттан қалған пішенге жасырынды.
Дәруіш қарап тұрса бұғып жатып,
Қырық ұғыры есік ашып үйге кірді.

Дәруіш шөп астынан қарап тұрған,
Біреудің қол-аяғын байлап қойған.
Мойнына арқан тағып алып келген,
Басына әлдеқандай заман болған.

Қырық кісі шам жағып жарық қылды,
Ақтарып һәрбір жерді қарап жүрді.
«Күндіз біреу келмесін сарайға»,—деп,
Іш-тысын бұл сарайдың қарады енді.

Дәруішті таба алмады қарап жүріп,
Қарады шөп астынан мойын бұрып.
Қырқының бәрі ұйықтап қалғанында,
Дәруіш орнынан келді тұрып.

Ұғыры тағам ішіп ұйықтап қалған,
Дәруіш бұларға көзін салған.
Қол-аяғы байлаулы жігіт ояу,
Қасына тезіректен жетіп барған.

Сұрайды хал-ахуалын қасына кеп,
Байлаулы жігіт жатыр уайым жеп.

—Қол-аяғың байлаулы халің нешік?

Сұрайды:—Қалайша еді асылы?—деп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Сұрарға уақыт жоқ оның,—деді,

Қол-аяғым шешіңіз менім,—деді.
Айтарға уақытым бегірек тар ғой,
Бұ халде мехнатта халім,—деді.
Жігіттің қол-аяғын шеше берді,

Орнынан саламат боп тұра келді.
Қолына бір қанжарды алды дағы,
Һәммасын ұғырының қыра берді.
Һәммасын бір қанжармен қырып бітті,

Қорлығы бейшараның жанына өтті.
Залымның қысасын қайырып ол,
Баршасын бұл арада һәлак етті.
Андан соң бір фонарды жарық қылып,

Жолдас қып дәруішті кетті жүріп.
Жүре-жүре бұзылған тамға келді,
Қарады жан-жағына мойын бұрып.
Дәруішке:—Шамыңды аш жарық болсын!

Не тамаша бар екен көзің көрсін?
Фонарды жарық қылды мұны естіп,
Бір қызбенен жігітті енді білсін.
Бөлмеде бір қыз жатыр жігітпенен,

Дәруіш қайран қалды көргенімен.
Дәруішпен келген жігіт мұны өлтірді,
Өзінің дұшпандығын білгенімен.
Қыз айтты:—Өлтірдің бұ жігітті,

Жолдастары келеді оның,—деді.
Таңертең келгеннен соң соның бәрі,
Өлтірер ұстап алып сені,—деді.
Жігіт айтты:—Олар мұнда келер деме,

Келіп сенің ахуалың білер деме.
Өлтірдім оның бәрін бұ күн түнде,
Олардан һеш қорықпа, уайым жеме.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бөлменің бір жағында алтын-күміс,
Һәр түрлі жауһарлар бар, толған еміш.
Дәруішке жігіт айтты:—Алғыл мұнан,
Мен де саған қылайын жақсылық іс.

Ат берді тоныменен, алтындарын,
Дәруіш өзі алды оның бәрін.

—Асылы нешік еді бұл істің?—деп,

Сұрады енді жігіттен ахуалдарын.
Жігіт айтты:—Асылы оның,—деді,
Бес шақырымда егінім бар, менім,—деді.
Мені аңдып жүретін қырық ұғыры,

Қорқушы еді һәрқашан жаным,—деді.
Бұларды қуар едім егінімнен,
Күн бұрыннан қашар еді көргенімнен.
Құдай қуат бергенде осы мені

Бәрі де ала алмаушы еді келгенімен.
Бір күн жүріп далада ұйықтап қалғам,
Жолдасым бәрі үйге кетіп қалған.
Ұйықтап жатқан жерімде бұлар келіп,

Қол-аяғым бекітіп байлап алған.
Басыма таяқ салып ұстап алған,
Жолдасымды таба алмай ғапыл қалған.
Душар болдың сарайға өзің келіп,

Басымнан өтпек еді дүния жалған.
Мен саған өз халімді баян еттім,
Қасыма рахым етіп келіп жеттің.
Дәруішке көп малды берді бұ күн,

Істері бұлай болар Құдіреттің.

—Әй, дәруіш, менім тілім алсаң,—деді,

Айырылған жолдасыма барсаң,—деді.
Мені іздеп олар бәрі жүрсе керек,
Осы жерде тұрғанда алсын,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Дәруіш жігіт сөзін қабыл етті,
Атқа мініп жолдасына жүріп кетті.
Жолдасына ол хабар бере тұрсын,
Қыз-жігіттен сөйлейін енді кепті.

Жігіт айтты ол қызға:—Тағам істе,
Һеш тағам жегенім жоқ бүгін кешке.
Өзі мұны айтты да ұйықтап қалды,
Қазір де даярланып тағам пісті.

Қыз ойлады көңілінде: «Жүрмек едің,
Қашан менім қасыма келмек едің.
Біреу себеп болмаса саған, әгар,
Асылып мойныңнан өлмек едің.

Өлтірдің ерім менен жолдасымды,
Сенің де аман қойман бір басыңды.
Сенімен ғишрат мен қылмаспын,
Артыңа қалдырайын бұл асыңды».

Тез мұны ойлады да пісірді асты,
Ішіне сол уақытта ағу қосты.
Орнынан тұрды жігіт оянды да,
Жігітке залым қыз қылған қасты.

Оянған соң алдына тағам толды,
Жігіт байғұс жегенде һошсыз болды.
Құдыққа бұл жігітті салмақ болып,
Қыз залым бейшараға дұшпан болды.

Жігітті қыз көтеріп алған енді,
Бір құдықтың ішіне салған енді.
Бір дұшпанның қас болған жөніменен,
Құдықта жалғыз өзі қалған енді.

Сөз сөйлейік ол кеткен дәруіштен,
Жолдасына хабар берген мынау істен.
Құдайға мың мәртебе шүкір қылып,
Дәруішпен келуге жолға түскен.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Баршасы жолға түсіп қызға келді,
Қасында жігіті жоқ көзі көрді.

—Қасындағы ол жігіт қайда?—десе,

Кетіп қалған,—деді де жауап берді.
Жігітті бұлар тосты кешке дейін,
Һеш хабары болмады оған шейін.

—Ол жігіт келмеді, қайда еді?—деп,

Қыздан тағы сұрарға келді бейім.

—Білмеймін қайда екенін кеткен,—деді,

Бұлар ойлап «Ол қайда жеткен?»—деді.
Ойлады «Істің түбі бұлай болмас,
Қорлығы бұ залымның өткен,—деді.
Мұнда бір уақиға болған шығар,

Бұ залым оған қастық қылған шығар.
Бұ дұшпан қас болған турасынан,
Бір жерде бейшара боп қалған шығар».
Қол-аяғын байлады қызды тұтып,

—Тезірек айта ғой,—деп қаһар етіп.

Айтпасаң өлтіреміз сені тұтып,
Бір жерде қалған шығар қайғы жұтып.
Бұларға қысылғаннан сөйлер енді,

—Бар еді бір ойнайтын ерім,—деді.

Бір тамыр болар едім оныменен,
Һәрқашан өз қасыма келер еді.
Келетін уақытында келер,—дедім,
Менім бұл жігітімді көрер,—дедім.

Ол жігітпен қосылып жүргенімді,
Жігіттен жұрттың бәрі білер,—дедім.
Бұрынғыдай қосылайын оған,—дедім,
Көңілімді мен бермен бұған,—дедім.

Мал алып ғишрат қылып ерімменен,
Жақсылық солай болар маған дедім.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ол қыздан осылайша хабар алып,
Құдықтан жігітті алды бұлар барып.

—Мұны нешік қиуға сен салдың?—деп,

Қызды өлтіруге келділер қаһарланып.
Қорлығы бұ залымның жанына өтті,
Құдықтан шығарады бұ жігітті.
Ол қызға мың түрлі лағнет айтып,

Қанжарменен тезірек һәлак етті.
Айырылды бірге жүрген жолдасынан,
Жамандығы асқан соң бір басынан.
Өзін-өзі жәһаннамға кіргізді ғой,

Дүнияда ақ болмаған туғрасынан.
Әй, патша, бұ хикаят айттым сізге,
Көрінді харамдығы көрер көзге.
Сол жігітті құдыққа тастағандай,

Кесапаты бұ қатынның тиер бізге.
Дүнияда иман күтер ердің ері,
Шаһзадаға кіріптар осы жері.
Туралық осылардан табылмайды,

Дүнияда бар болмас мыңнан бірі.
Қатында көп болады шәһуат, пұрсат,
Екі есе ерден және бар қиянат.
Кесілген бас орнына қайта бітпес,

Ақырында тартпаңыз көп мехнат.
Ол күні шаһзаданы тілеп алды,
Баланы зынданына тағы салды.
Уәзірдің сөзін қабыл көрді дағы,

Ол күні және аңға кетіп қалды.
Сөйлемес һеш адамға жауап қатып,
Сарайына аңнан келді қайтып.
Қатынмен тағам ішіп болды дағы,

Тағы да сөз ашты жауап айтып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қатын тағы:—Осылай жөніміз,—деп,
Не болды тағы ұғылыңыз?—деп.
Падишаһ айтты:—Бір уәзірім тілеп еді,
Біздердің ғұзырымыз көріңіз деп.

Қатын айтты:—Балаға еш сенім жоқ,
Бір күні һәлак етер көңіліне тоқ.
Менім айтқан ақылымды алмайын деп,
Басыңнан жұда болар дүния жоқ.

Бұлардың бәрі дұшпан болар деймін,
Қолыңнан тәж-тақытыңды алар деймін.
Бұл халде өлтірмесең бұл ұғланды,
Дұшпандықты бәрі дағы қылар деймін.

Білмейсіз харамзада ұғлан затын,
Көргізер дүнияның хикметін.
Есітпеген екенсіз мен айтайын,
Алладин сұлтанның хикаятын.

Қатын айтты:—Алладин құпияда,
Ол өзі әділ екен дүнияда.
Бір күні ауруханаға кеткен өзі,
Білмекке ауруларды бұл арада.

Падишаһ ауруханаға барған екен,
Ауруға барып көзін салған екен.
Ішінен бір ұғланы мұны көріп,
Падишаһтан бір хабар алған екен.

—Мен өзім ұғлан едім хаста болған,

Әке-шешем жат жерде кейін қалған.
Мен келгелі жиырма үш күн болып қалды,
Һәрбір адамменен де хабар алған.
Аурухана бастығы азап етті,

Қылмайды біздерге һеш мархабатты.
Шығармай бұ ханадан кеше-күндіз,
Қайтарға рұқсат бермей хабис еткен.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Менім бұл жылағаным көремісің,
Жүруге енді менім келер күшім.
Мені енді құтқарыңыз, әй, патша,
Мұхаммед пайғамбардың құрметі үшін.

Мұндай ақыл айтқан соң ұғлан бала,
Падишаһ рақым қылды көре сала.
Тас болып қол-аяғы байлаулы екен,
Жүгіріп барып шешті келе сала.

Падишаһ бұл ұғланды қабыл көрді,
Қойнынан шығып тұрған пышақ көрді.
Ұғлан айтты:—Ұстаның баласы едім,

—Пышақты маған бер,—деп жауап берді.

Падишаһқа қынынан суырып берген,
Есікке пышақты алып ұғлан келген.

—Мына жатқан боқтарды шығарың!—деп,

Пышақпен өлтірем,—деп жауап берген.
Тіліңменен ренжіттің ғаріптерді,
Неге рақым қылмайсың сен бұларды?
Пышақпенен жарамын сені,—деді

Шығарың терезеден тезектерді!
Ол бала падишаһты қорқытты енді,
Көреді бір сағатта мехнатты енді.
Қашып шығар далаға есігі жоқ,

Тезектерді тесіктен ырғытты енді.
Зындан басы бұл арада келді жетіп,
Бала да енді қорықты зыр-зыр етіп.
Пышақты қолындағы тастай беріп,

Падишаһқа жетіп келді қолын тұтып.

—Құдай үшін тастама енді,—деді,

Сізге разы болайын мен де,—деді.
Һәр күнде ұрып бізді соғатұғын,
Қазір де зындан басы келді,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Зындан басы падишаһқа қайран қалды,
Жылдам енді ұғланды ұстап алды.
Мұндай іс падишаһқа қылғаннан соң,
Тас қылып қол-аяғын байлап салды.

Падишаһтың қолын жуды зындан басы,
Ұғланның білінділер қылған қасы.
Әй, падишаһ, бұ хикаят оның үшін,
Ұғланның адамға жоқ һеш опасы.

Әй, падишаһ бұ хикаят енді бітті,
Падишаһ сол баладан қорқып кетті.
Екінші де аурулардың халін біліп,
Енді жалғыз бармасқа ант етті.

Әй, патша, бұл балаң да харамзада,
Білінбей қалмас қастығы дүнияда.
Балаңызбен уәзірлер пайда қылмас,
Әгар аман тұрғанда жаны ұяда.

Ұғланың уәзірлерге уағда еткен,
Тіл алмасаң бұ қастық жаныңа өткен.
Оның айтқан ақылын алмағайсыз,
Дүнияда ғаріп басым ауара еткен.

Олардың қабылдама жалған сөзін,
Қиянатты екенін көрді көзің.
Қатынның достығын білмеймін деп,
Арманда кетпегейсіз ақыр өзің.

Падишаһ қатын сөзін қабыл етті,
Зарлығы бұ малғұнның жанына өтті.
«Мен оны ертең өлтірем» деп,
Өзінің бөлмесіне ұйықтап кетті.

Таңертең орнынан тұрады енді,
Әділдік майдандарын құрады енді.
Баланы өлтірмекші болғанында,
Отыз жетінші уәзір кеп сұрады енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тағы да бұл уәзір зарлық еткен,
Баланы алып, жалладтар келіп жеткен.
«Қылышпен мұның басын кесіңіз!»—деп,
Падишаһ қаһарланып әмір еткен.

Уәзір айтты:—Сақтанайық жауызынан,
Біздің айтқан ақылға сіз де илан.
Ханас пенен Хауаның хикаятын,
Ғибрат, сіз, алғайсыз енді сонан.

Уәзір айтты:—Бұрынғы Адам ата,
Жиылған жанның бәрі соған бота.
Қас болам деп адамға шайтан малғұн,
Ұжмақтан шыққан екен біржолата.

Адам мен Хауа шықты ол ұжмақтан,
Шын қаһар келгенінде жалғыз Хақтан.
Бір күні шайтан келді өш алмақ боп,
Жаранлар мықты болсаң сонан сақтан.

Шайтанның бір баласы бар, аты—Ханас,
Һәрқашан дұшпандығын қылмай қалмас.
Хауаның қасына ол малғұн келіп,
Жалғыз ол баласын қылды жолдас.

—Қасыңда осы балам тұрсын,—деді,

Хауа айтты:—Өзің нағып жүрсің?—деді.
Сенің үшін ұжмақтан біздер шықтық,
Бала болмай, бұл кәпір құрысын,—деді.

—Сен шықсаң, шықтым мен-де,—деді,

Не мұратың бар еді сенде?—деді.
Балам тұрсын тезірек келемін,—деп,
Балам жаман болғанын жөнде,—деді.
Баласын тастап кетіп ғайып болды,

Бір жақтан Адам ата жетіп келді.
Шайтанның баласы тұр хайуан болып,
Мұның мағлұм екенін енді білді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Не нәрсе бұл жаныңда тұрған?—деді,

Хайуандай мойнын бұрған,—деді.
Адамға Хауа сонда жауап берді:

—Бұл—шайтанның баласы қойған,—деді.

Ханасқа Адам ата қаһарланып,
Қолына жетіп келді қылыш алып.
Ханасты пара-пара қылды дағы,
Бір жаққа өзі тағы кетіп қалды.

Адам ата кеткен соң шайтан келді,
Келген соң баласы жоқ көзі көрді.

—Баламды қасыңа қойып кетіп едім,

Қайда кеткен, Хауа?—деп жауап берді.
Хауа айтты:—Адам ата келген,—деді,
Хайуанның ахуалын білген,—деді.
Нәрсе екенін айтқанымда қылыш салып,

Ол Ханас қазір сонан өлген,—деді.
«Ханас» деп, бір қышқырды шайтан тұрып,
Баласы: «Ләббайка» деп келді жүріп.
Хайуан қып тағы да қоймақ болды,

Ол малғұнды тағы да Құдай ұрып.
Ол малғұн ғайып болып тастап кетті,
«Ханасты тастама» деп зорлық етті.
Ол малғұн ғайып болып кеткен халде,

Бір жақтан Адам ата келіп жетті.
Қасына Адам ата жетіп келді,
Хайуанды тағы да көзі көрді.

—Мұны неге тағы да қалдырдың?—деп,

Хауаға Адам ата ашуланды.
Қылышын қолына алды тағы және,
Ханасты қылды сонда пара-пара.
Төрт жаққа лақтырды етін бөліп,

—Осылай қылсам бола ма,—деді,—шара?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Ханастың етін сонда пара қылды,
Бір жаққа Адам ата жүре берді.
Адам ата бір жаққа кеткенінде,
Шайтан малғұн тағы да жетіп келді.

Ол шайтан:—Менім балам қайда?—деді,
Хауа ана:—Мен айтайын ойла,—деді.
Адам ата қылышпен бауыздады,
Сендерден бізге болмас пайда,—деді

Ол малғұн «Ханас» деп бір қышқырды,

—Иә, ата, ләббайка,—деп жетіп келді.

Тағы да:—Балам тұрсын келгенімше,—деп,
Хауаның қасынан ол ғайып болды.
Адам ата жетіп келіп ашуланды,
Қаһарланып Хауаға қамшы салды.

Қатынын ашуланып ерлер ұрмақ,
Білмесеңіз бұл мысал сонан қалды.
Ханасты қылышпенен басады енді,
Қазанға суды құйып асады енді.

Адам ата, Хауа ана—екеулері
Пісіріп, оның етін асады енді.
Адам жоқта тағы да шайтан келді,

—Қасыңдағы менім балам қайда?—деді.

Хауа айтты:—Балаңды біз өлтіріп,
Етін пісіріп, асадық оны,—деді.
«Ханас» деп ол малғұн дауыс берді,
«Ләббайка» деп ол Ханас жауап берді.

Хауа ананың қарнында әлгі Ханас

—Әй, ата, мен мұнда,—деп хабар берді.

—Жақсы орын тауыпсың, балам,—деген,

Адамға уасуасаны салам,—деген.
Түрлі-түрлі азғырып сөз айтармыз,
Сен іштен, мен тыста болам,—деген.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Уасуасаға қоярмыз біз бұларды,
Жаһаннамдық қылармыз һәм оларды.
Біздерден құтылмас һеш дүнияда,
Адам болған ұғланның баршалары.

Әй, патша, бұ хикаят,—дедім,—мұнда,
Шайтаннан құтылмайды һешбір пенде.
Сонан бері азғырып шайтан жүрер,
Қан секілді адамның тамырында.

Қан болып тамырында шайтан жүрер,
Оның берген ағуасын өзі көрер.
Өз тәніңдегі малғұнның тілін алсаң,
Құдайым қияметте жаза берер.

Жақсы қылып тексермей шаһзаданы,
Әй, патша, арманда қып өлтірме оны.
Соңында қалар сізге қасіреттері,
Арманда өте кетер ғаріп жаны.

Уәзірдің хикаятын қабыл алды,
Баланы зынданына тағы салды.
Аң аулап кешке дейін жүрді дағы,
Кешке жақын үйіне келіп қалды.

Қатынменен отырып ішті тағам,
Тағамнан соң шығарды хасыл кәлам:

—Бір уәзір ғұзыр қылып тілеген соң,

Тағы да қалды,—деді,—бұ күн балам.
Қатын айтты:—Әй, падишаһ, уәзірлердің,
Тіліне ере бердің һәм олардың.
Инанба сөздеріне һеш уақытта,

Дүнияда арманда өтер ғаріп жанның.
Олардың амал қылма сөзіменен,
Мәслихат қыласың өзіменен.
Бір хикаят айтайын, әй, патша,

Көріп тұр тамашасын көзіңменен.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатын айтты:—Бір падишаһ бұрын өткен,
Үш уәзірі бар екен ел билеткен.
Үшеуінің арасына дағуа кіріп,
Бір-біріне дұшпандық олар еткен.

Бір-бірін падишаһқа жамандаған,
Падишаһ олар сөзіне инанбаған.
Падишаһтың жанында бір жігіт бар,
Олардан бір күні алтын алған.

Бұларға жігіт айтты:—Сөйлесеңіз,
Пышылдап кешке келіп кеңесіңіз.
Сөз арасында сөйлесіп отырғанда,
«Падишаһты өлтірер уәзір» деңіз.

Жігіттен бұлар мұны қабыл етті,
Кешке келіп пышылдап кеңес етті.
«Бұлардың айтулары Хақ екен»,—деп,
Падишаһ бұлардың сөзін күтті.

«Рас екен бұлардың сөйлер сөзі,
Ол уәзір дұшпан екен маған өзі».
Мұны ойлап өлтіріпті ол уәзірді,
Көрген соң бұларды падишаһ көзі.

Олар алтынды алды уағда еткен,
Бір жерде болғанында талас еткен.
Бір-біріне:—Маған көбірек керек,
Алтынға ол екеуі дағуа еткен.

Біреуі айтты:—Көп бер маған,—деді,
Падишаһқа жамандадым оған,—деді.
Падишаһ өлтірмейді мен айтпасам,
Азырақ тисе керек саған,—деді.

Екеуіне осылай дағуа кірген,
Қасынан ол падишаһ өте берген.
Өлген уәзір ақтығы білінді ғой,
Хақтығын екеуінен ақыр білген.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Падишаһ:—Залымдарды білдім,—деді,
Екеуінің дұшпандығын көрдім,—деді.
Нақақтан өлтірткенін көрдіңіз бе?
Қастарынан мен естідім, білдім,—деді.

Әй, патша, сенің де бұл уәзірлерің,
Нанасыз деп айтамын оның бәрін.
Уәзірлердің тіліне еремін деп,
Білмейсіз балаңыздың ахуалдарын.

Балаңызға уағда қылған,—деді,
Дұшпандықты олар ойлап тұрған,—деді.
Оларды қызғанасың қадір көріп,
Сізді ол қызғана ма, не бұрған?—деді.

Падишаһ қатын сөзін қабыл етті,
Өзінің сарайында ұйықтап кетті.
«Ертеңмен мен оны өлтірем»—деп,
Жалладтар, уәзіріне әмір етті.

Осылайша падишаһ қаһар етіп,
Жалладтар баланы алып келді жетіп.
Отыз сегізінші уәзірі жетіп келіп,
Тілейді падишаһтан зарлық етіп.

—Әй, падишаһ, қабыл алсаң насихатым,

Көрерсіз дүнияның мехнатын.
Қатындардың тіліне еремін деп,
Көресің дүнияда ғаламатын.
Насихат ауыр келмес көңіліңізге,

Қайғыға қалмаңыз соңыра бізге.
Пайғамбардың сүннетін тастамаңыз,
Әгар да өз дініңіз болса да өзге.
Пайғамбарым бұйырды бізге сүннет,

«Бір кісіден көрсеңіз,—деді,—мехнат».
Жарамас іс көрсеңіз бір кісіден,
Шамаңыз келгенінше маниғ ет.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әгар да тия алмасаң қолыңменен,
Иә болмаса, көндіріңіз тіліңменен.
Үгіт-насихат айтыңыз шамаң келсе,
Бұрынғы шариғаттың жолыменен.

Оған күшің келмесе көңіліңменен,
Иқрар қылмай дұшпан бұл тіліңменен.
Бұл хадисің бойынша амал қылың,
Һәрқашан жөн табылар білімменен.

Әй, патша, амал қылың өлгеніңше,
Насихат сізге айталық білгенімше.
Шайтанның жауызынан сақтанайық,
Қатынның тілін алып жүргеніңше.

Қатынның тіліменен амал қылма,
Өз басыңа қасірет-қайғы салма.
Хайла-мәкір көп болар дүнияда,
Арманда шаһзададан ғапыл қалма.

Опасы жоқ пендеге дүнияның,
Қайғы мен қасіретте болар жаның.
Әй, патша, мен сөйлейін бір хикаят,
Бұрынғы бір базарканмен жарианың.

Уәзір айтты:—Мысырда бір базаркан,
Бір жариа сатып алып көп мал берген.
Үйіне қайтып келіп жариа қып,
Өзінің халалындай мақұл көрген.

Бар екен базарканның бір маймылы,

—Асыра,—деді жариаға,—енді мұны.

Тәрбиелеп бірнеше күн күте берді,
Базаркан бұйрығымен күні-түні.
Ол жариа маймылдан буаз болған,
Ай, күні бітіп одан бала туған.

Базарканның тағы да бұйрығымен,
Баланы тәрбиелеп құрмет қылған.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Ағзасының баршасы адам болған,
Құйрық жағы есектей жаратылған.
Базаркан мұның етін асамаққа,
Алты айға толғанында бауыздаған.

Бір зор қазан ішіне құйған суды,
Осындай жариадан бала туды.
«Мұның етін пісіріп, асаймын» деп,
Баланың қол-аяғын мықтап буды.

Бір сұмдық жариаға ойлатады,
Баланың етін салып қайнатады.
Ет-сүйегі айырылып піскенінше,
Жарианың өзіне жайлатады.

Жариа мұны көріп ой ойлады,
Өзіне сыйған ойды бек ойлады.
«Бұл баламды өлтірген қасасына,
Өзіңді өлтірейін» деп ойлады.

Жариа мұны ойлап есірді енді,
Базарканға тамам қылып пісірді енді.
Еті менен сүйегі салынған соң,
Қазанын суытуға түсірді енді.

Қазанды жерге алып қондырады,
Сорпасын тасқа қойып тұндырады.
Жетінші тағы тасқа салып қойып,
Әзірлеп асайтұғын қылдырады.

Бір тасқа салды сонда піскен етті,
«Әзірле» деп жариаға шығып кетті.
Ұғланның етін енді асайын деп,
Таһаратқа отырып қайтып кепті.

Қайтып келсе жариа ағу салған,
Асайын деп қолына қасық алған.
Дәмін татып ол қарап білді дағы,
Қасықты жариаға сілтеп қалған.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сілтегенде жариаға тиген енді,
Бір қолына ағу тиіп күйген енді.
Дәмін татып қарағанда кеткен екен,
Базаркан қап-қара боп өлген екен.

Ішіне ағу кіріп өліп қалған,
Қолына ол жариа дәрі салған.
Жарианың қолы бітті саламат боп,
Басынан базарканның өтті жалған.

Базаркан өліп кетті қаза жетіп,
Сатып алған жариа қастық етіп.
Дәрі салып жариа қолын жазған,
Қалғанын әлгі еттің сауда етіп.

Бала етін керекке бәрін сатқан,
Жариа қастық қылды дәмін татқан.
Әйелге бұ жаһанда сенім бар ма?
Қас қылды қожасына Құдай атқан.

Әй, падишаһ, қатындарда мұндай хайла,
Ерлерге һеш уақытта жоқ-дүр пайда.
Һәр уақытта сақтанбақ фитнасынан,
Залалын, әй, тақсыр-ау, ақыр ойла.

Падишаһ уәзір сөзін қабыл етті,
Зарлығы бейшараның жанына өтті.
Баланы зынданына салды дағы,
Далаға бұ күн тағы аңға кетті.

Аңнан қайтып келеді сарайына,
Кеңестің құлақ қояр талайына.
Қатынмен тағам ішіп тағы отырып,
Падишаһ та жалынады Құдайына.

—Ұғылыңның көңілі болды алаң,—деді,

Не болды бұ күн тағы балаң?—деді.

—Бір уәзірім тіледі «өлтірме» деп,

Ертеңмен оның басын алам,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қатын айтты:—Әй, падишаһ, менім сөзім,
Сөзіме қоя алмадың көңіл көзің.
Уәзірлердің тіліне еремін деп,
Арманда өте көрме ақыр өзің.

Ұғланның көріп жүрме ғаламатын,
Білмейсіз уәзірлердің асыл затын.
Әй, падишаһ, есітпеген бір сөзің бар,
Нұх пайғамбар баласының хикаятын.

Қатын айтты:—Айтайын хикаятты,
Құраннан бұрын жазған риуаятты.
Құдайым Нұх пайғамбарға бұйрық қылды,
«Дүнияға су жіберем топан атты».

Хақ Тағала осылай әмір етті,
Нұх пайғамбар қауымына дін үйретті.
Қауымының бәрі де қарсылық қып,
Сөздерін шариғаттың алмай кетті.

Тағы да бір Алладан әмір келген,
«Халықтар саған қарсы келді деген.
Сені қорлап ауара қылған үшін,
Топан суын жіберем енді» деген.

Нұх пайғамбар сол халде қылды кеме,
Үй-жамағатына айтады: «Уайым жеме».
Топан су қаптағанда мінбек болды,
Адамзат қаза келмей өлер деме.

Кемені Нұх пайғамбар тамам қылған,
Үй жамағатымен бәрі де мініп алған.
Қарсылық Нұх пайғамбарға қыламын деп,
Қауымының бәрі де ғарық болған.

Екі-екіден кемеге мақлұқ салған,
Жалғыз-ақ сонда алмаған тышқан қалған.
Нұх пайғамбар бар еді төрт баласы,
Біреуі кемесіне мінбей қалған.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Бірі Хам баласының, біреуі—Сам,
Бірі—Иафис, бірі—Кәнған өлең қылсам.
Қырық күндей топан болыпты жер жүзіне,
Насихатын кітабынан абайласам.

Кәпір болған баласы сөз сұрады:

—Неше күн топан болар?—деп сұрады.

Бір құбба жасап алып ол баласы,
Топан суы біткенінше ол тұрады.
Құдайым кәпір қылған ол баласын,
Құббаның бітеп алған айналасын.

Қырық күндей топан болып жер жүзіне,
Құданың құдіретіне таң қаласың.
Нан, су алып, құббаға кірген,—дейді,
«Аман-есен құтылам» деп жүрген,—дейді.

Өзінің сідігіне ғарық болып,
Сол құббаның ішінде өлген,—дейді.
Атасының тілін алмай болды кәпір,
Мұнан басқа кәпірлер толып жатыр.

Кәпірлігі баланың өзін тауып,
Ғарық боп сідігіне өлген ақыр.
Биік таудан қырық кездей топан болған,
Кәпірлердің бәрі де ғарық болған.

Кемеге мініп алып Нұх пайғамбар,
Өзінің үй-жамағатымен аман қалған.
Әй, падишаһ, пайғамбар ұғылы болды мұндай,
Пайғамбардың ұғылы емес балаң ондай.

Атасына кәпірлік көрсетеді,
Білмейсің асыл тегі бұ да сондай.
Әй, падишаһ, бұ да сондай харамзада,
Күнәһісі тимей қалмас дүнияда.

Күнәһісі өзін-өзі табар еді,
Уәзірлер жәрдем болды бұл арада.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Бұ балаң сондай болып өтер деймін,
Қолыңнан тәж бен тақытың кетер деймін.
Ұғланменен иттифақ қылғандар-дүр
Бір күні басыңызға жетер деймін.

Падишаһ қатын сөзін қабыл алды,
Осындай көңіліне қайғы салды.
«Мен оны ертеңмен өлтірем»,—деп,
Өзінің сарайында ұйықтап қалды.

Ерте тұрып тақытына мінді және,
Бұйрығын жалладына қылды және.
Уәзірлерге тағы да әмір етіп,
Зынданнан тағы шығып келді бала.

Жалладқа: «Басын кес!»—деп әмір еткен,
Күнінде уәзірлердің сөзін күткен.
Падишаһ қаһарланып тұрғанында,
Отыз тоғызыншы уәзірі келіп жеткен.

—Әй, падишаһ, бұл істі тәптіш қылың,

Машураттап тексеріп әбден білің.
Хақ Тағала машурат бұйырған-дүр,
Уәзірлердің сөздерін құрмет көрің.
Әгар падишаһ біздердей пақырлардың,

Сөзін тыңдап қабылдаса һәм олардың.
Ұғылыңды жалған іспен һәлак қылма,
Соңынан өкінерсің, оны білің.
Күнәһ жоқ тыңдасаңыз осы сөзде,

Асылдығы білінер көрер көзге.
Мұңар ұқсас муафиқ бір хикаят,
Әй, падишаһ, тыңдасаңыз бар-дүр бізде.
Падишаһ:—Естиін оны,—деді,

Ғаріптің аман қалар жаны,—деді.
Шүбһәсі білінгәш біреуінің,
Не болар ақырында халі,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Уәзір айтты:—Бір патша болған екен,
Оның бір күтушісі бар болған бекем.
Патша оны жақсы көреді өзін,
Һәр уақытта қызмет етіп жүрген екен.

Аттар бастығы сайлады оны және,
Болады һәр пендеге Тәңір пана.
«Мирахор» деп айтады оның атын,
Халғаттар патшадан күнде ала.

Басқа уәзір Мирахорды көре алмады,
Бір-біріне жақсы сөз бере алмады.
Күнде-күнде жамандап жүрсе дағы,
Патшадан мұны, сірә, жоя алмады.

Бұлар бір күн сайлады түрлі кеңес,
Падишаһтан Мирахор қайғы жемес.
Падишаһ бұлар сөзін есітсе де,
Ғұмырында инанып, асла сенбес.

Бас уәзірдің бір көркем қызы бар-ды,
Қызын көрген адамдар қайран қалды.
Қыз айтты:—Күтушіге бір сөз айтам,
Қылады айтқанымды,—деп ойланды.

Әкесі айтты:—Білгенің болса сөйле,
Мирахорды ихтилаф қып оны сөйле.
Ерік бердік, рұқсат не қылсаң да,
Нәрсе білсеңіз де өзің біле.

Қыз өзі ғаят сұлу, жүзі көркем,
Көрген жан ғашық болып жүрген екен.
Көзіне сүрме тартып хайла қылып,
Һәртүрлі киім киіп келген екен.

Мирахордың үйіне кетті жүріп,
Есік қақты ол тыста келіп тұрып.
Есік ашса Мирахор бір сұлу қыз,
Қайран қалды жүзіне қарап тұрып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Мирахор қызды көріп болды ғашық,
Жүре алмады ғашықтықтан аяқ басып.

—Шын көңіліңмен сен мені сүйемісің?

Қыз тұрды біраз ғана жауаптасып.

—Мен саған ғашық болып жүрем,—деді,

Дидарыңды тамаша көрем,—деді.
Мирахор қыздың мойнын құшақтап ап:

—Жанымды сұрасаң да берем,—деді.

Қыз айтты:—Ғашық болсаң маған,—деді,
Көңілім менім сенбес бұған,—деді.
Ғашықпын деп айтасың қосылмаққа,
Инанбаймын, Мирахор, саған,—деді.

Мирахор:—Уаллаһи биллаһи сүйем,—деді,
Әгар да қосылмасаң күйем,—деді.
Қыз айтты:—Сүйемісің мені қазір?
Мирахор:—Сүйгендіктен тием,—деді.

Қыз айтты:—Шын маған ғашық болсаң,
Әгар да қатерімді менім алсаң.
Сарайдағы патшаның мінетұғын,
Сүйікті жақсы атын бауыздасаң.

Мирахор:—Ғашық болып жүрем,—деді,
Сенің мен сөзің мақұл көрем,—деді.
Патшаның бұл атын бауыздасам,
Соңында не деп жауап берем?—деді.

Қыз айтты мойнына асылып тұрып:

—Жан аға, тыңда,—деді,—мойын бұрып.

Хаста боп өлді дерсіз падишаһқа,
Менім сөзім тыңдаңыз мақұл көріп.
Қолынан ықтияры кетіп қалды,
Мирахор қолына пышақты алды.

Сарайдағы ол атты бауыздады да,
Қайтып келіп қызбенен зауықтанды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қызға айтты:—Осында отыр,—деді,
Әгар қабыл алсаңыз мені,—деді.
Қыз айтты:—Ертең әкем іздер,
Мұнда тұрсам құр хараб қылар,—деді.

Ақыр да разы болып қайтарады,
Өз үйіне ол қыз да жөнеледі.
Мирахор қыздың көңілін қыламын деп,
Падишаһтың атына қайғы ойлады.

«Біреуге айтсам жарамас мұны,—деді,
Кісі қылам бөркімді сені»,—деді.
Кісіменен сөйлескендей қылады да,
Бөркін падишаһ қылып қойды,—деді.

Өзі тысқа сол халде шығып кетті,
Бөрікті падишаһ қып қайтып кепті.
Отырып падишаһының сөзі қылып

—Атымды аңға барам ертте,—депті.

Өзі болып падишаһқа келді,—деді,

—Атыңа бүгін қаза болды,—деді.

Білмеймін не болғанын сарайында?
Алланың әмірімен өлді,—деді.
Падишаһ боп тағы да сөз шығарды:

—Қараңыз, тамағында пышақ бар-ды.

Кеше сау, қайтіп өлді бүгін?—деді,
Бір уақиға болғанда онда барды.
Қараса, тамағына пышақ тиген,
Мұны ойлап Мирахор жаны күйген.

«Туғрасын сөйлесем жаза болмас,
Айтпаймын падишаһқа мұны» деген.
Қайтадан тысқа шығып қайтып келді,
Падишаһ боп:—Атымды ерле!—деді.

—Әй, падишаһ, ай мен күндей бір сұлу қыз,

Қасыма түнде маған келді,—деді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қыз айтты:—Мені сүйсең, әгар,—деді,
Падишаһтың сарайында ат бар,—деді.
Ол атты менім үшін бауыздасаң,
Менім де көңілім разы болар,—деді.

Маған қыз осылай деп оған,—деді,
Ғашығым артар еді бұған,—деді.
Туғрасын сөйлейін, әй, падишаһ,
Ол атты бауыздадым соған,—деді.

Ат болмаса берер ем жаным,—деді,
Менім болған осылай халім,—деді.
Әй, падишаһ, осылай жауап сізге,
Мен айтайын уақиға менім,—деді.

Кім қызы едің сен, жаным?—дедім,
Ақылымды алдың сен менім,—деді.
Бас уәзірдің қызы едім менім өзім,
Мирахор қабыл қылып алса,—деді.

Мынау менім басым, қылыш бар, міне,—деді,
Не өлім, не ғұмыр бар маған,—деді.
Жан қасында ат қайда қалды?
Туғрасын сөйлейін оның,—деді.

Мұны ойлап падишаһқа жүріп кетті,
Ордасына Мирахор келіп жетті.
Падишаһ атының халін сұрағанда,
Бөрігіндегі кеңесіндей баян етті.

—Бүгін түнде уәзір қызы келді,—деді,

Маған кеп ықылас берді,—деді.
Жамалын көргеннен соң ғашық болып,
Көңілім менім оған ерді,—деді.
Қыз айтты:—Ғашық болсаң маған,

Мен бір жауап айтайын саған,—деді.
Падишаһтың сүйікті атын бауыздаңыз,
Бір ақылды айтарсыз оған,—деді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Сонан соң қыз сөзіне ердім,
Атыңызды бауыздап келдім,—деді.
Атты түгіл жанымды бермек едім,
Жамалын қайран қалып көрдім,—деді.

Ол қыздың жамалына таң қаласың,
Сөзімнің айттым сізге туғрасын.
Жан қасында атыңыз қайда қалды?!
Ат үшін керек болса, міне басым!

Патша Мирахорды қабыл еткен,
Бұрынғыдан екі есе артық күткен.
Уәзірдің қызын және алып беріп,
Падишаһтың қасында дәурен еткен.

Қастығы уәзірлердің болды достық,
Жақсы ақылды біздер де сізге қостық.
Уәзірлер арасында жалған сөз жоқ,
Әй, тақсыр, бұл ісіңе қылма бостық.

Мирахор күйеу болды бас уәзірге,
Не керек жақсы-жаман пәлен дерге.
Соңында падишаһқа уәзір болды,
Өлгенше падишаһпен болды бірге.

Әй, падишаһ, ақылға ақыл салды,
Уәзірлікті Мирахор қабыл алды.
Кісі жоқта бөрікпен кеңес ету,
Оның үшін айтады бұ мысалды.

Әй, падишаһ, бұ хикаят айттым сізге,
Туғралығы пайдалы көрер көзге.
Мирахор асылып өлмекші екен,
Көңілі қыз үшін болса өзге.

Жақсылардың сөздерін қабыл етпек,
Ақылды пенделердің сөзін күтпек.
Әй, патша, шариғатта қарсылық-дүр,
Сөздерін жауыздардың шынға бітпек.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Падишаһ уәзір сөзін қабылдаған,
Баланы зынданына тағы салған.
Сөздерін уәзірлердің жерге қоймай,
Аң аулап, тағы падишаһ кетіп қалған.

Аң аулап, кешке жақын үйге келген,
Қатыны ләззатті тағам берген.

—Бір уәзірім тіледі ғұзыр етіп,

Сөзін жерге салмадым көңіл бөліп.
Ертең болса керек не болса да,
Өзінен олардың сөзін күтпек.
Қатын айтты:—Падишаһ бір сөзіңде,

Тұра алмадың қайырылып, сен өзіңде.
Уәзірдің хайла-мәкір тілін алып,
Ақылым кәр қылмады бұ кезінде.
Бір күн олар тілін алдың, бір күн мені,

Не болар мендей ғаріп шыбын жаны?
Бір уәзірің бір түрлі сөз сөйлесе,
Зынданыңа саларсыз ол баланы.
Көресің дүнияның мехнатын,

Білмейсің бұ баланың ғаламатын.
Әй, падишаһ, естігенің жоқ-дүр сенің,
Бір қарт пенен падишаһтың хикаятын.
Қатын айтты:—Бір падишаһ болған екен,

Шаһарында бір шал бар дінге бекем.
Бұл қарттың белгілі даналығы,
Шаһарына бұрын мағлұм болған екен.
Есегін бір күн мініп сөйлер ерді,

Падишаһтың уәзірін кемітер еді.
«Падишаһтың қасындағы уәзірлері,
Есегіме тұрмайды» дерлер еді.
Бұ сөзді патша да есітті енді,

Шақырып шалды алды қасына енді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Неліктен уәзірлерді жамандадың?

Падишаһ сөз мәнісін сұрады енді.

—Әй, патша, тәжірибем бар бұ сөзімде,

Рұқсат болса сөйлейін бұ кезінде.
Падишаһ рұқсат беріп:—Сөйле,—деді,
Қандай мағына болса да бір өзіңде.

—Әй, падишаһ, есекке мен мінер едім,

Бір көпірден һәрқашан жүрер едім.
Бір тесікке аяғын тығып алып,
Һәр күнде мен де оны білер едім.
Екіншілей жүргенде ол тесіктен,

Есегім жақын бармай алыс кеткен.
Ол тесікке аяғын тықпайтұғын,
Есектің бір түсуімен жанына өткен.
Сен һәрқашан уәзірді алсаң тұтып,

Малдарынан айрылар қайғы жұтып.
Һәрқайсысын өлтіріп жібересің,
Бір жаза қылғанына мағлұм етіп.
«Падишаһ залымдардың басын кесер,

Басына келмес бұрын қылман» десер.
Сонда да қорықпай уәзірлерің,
Қаһарлы тесігіңе тағы түсер.

Зынданға кіріптар болар бәрі оның,
Ақылы көп қарасам есегімнің.
Аяғы бір түсумен үйренді бұл,
Артықтығын, кемдігін миға салың.

Қарттан естіп, бәрі де:—Дұрыс,—дейді,
Бұ сөзінде һеш бір жоқ бұрыс,—дейді.
Халықтар кідірді осы шалға,
Шариғатқа келмейді бұрыс,—дейді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Әй, падишаһ, бұ хикаят оның үшін,
Бұ қарттың даналығын көремісің?
Уәзірлердің сөзіне еремін деп,
Арманда болып өзің жүремісің?!

Падишаһ қатын сөзін қабыл етті,
Зарлаған соң тағы да сөзін күтті.
«Мен оны ертең өлтірем»,—деп,
Өзінің сарайында ұйықтап кетті.

Ерте тұрып тағына мінді падишаһ,
Әділдік майданын құрды падишаһ.
Баланы зынданына алып келіп,
Жалладқа: «Басын кес!»—деп тұрды падишаһ.

Жаллады қылыш алып келді жетіп,
Падишаһтан сұрарға үміт етіп.
Жалладқа әмір етіп тұрғанында,
Қырқыншы уәзірі келді жетіп.

—Әй, падишаһ, төрт нәрсе іске тамам,

Әуелгісі, бектерге ақыл салған.
Екінші, сақтанбақ дұшпандардан,
Үшіншісі, насихат ақыл алған.
Төртінші, достардан алмақ жәрдем,

Анадан өлмей қалмас туған адам.
Әй, падишаһ, қабыл қыл насихатым,
Болған жоқ шаһзада һешбір надан.
Біз оның көргеміз жоқ қылған ісін,

Хақтығын шаһзаданың көремісің.
Талай күнәһ шығады қатындардан,
Падишаһ, көзің көрмей білемісің.
Шәһуат, пұрсат бұларда болады көп,

Қайдан білдің қатынды хақ екен деп?!
Бір тігуші қатынын мен айтайын,
Әй, падишаһ, тыңдасаңыз әңгіме-кеп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Уәзір айтты:—Ілгергі бір заманда,
Бір тігуші шаһзада болған онда.
Мұның бір гөзәл, махбүб қатыны бар,
Бір жариа сатып алған тағы сонда.

Қатыны жарианың жұмсады енді,

—Мамықты түтушіге бергіл,—деді.

Мамық салып киімге келгіл-дағы,
Менім бұл сөзімді білгіл,—деді.
Мамықты түтушіге алып кетті,
Үйіне аз заманда барып жетті.

Мамық түтуші көрсетті лайқалысын,
Ұялып бір жаққа жариа кетті.
Екінші жақтан тағы да көргізді енді,
Өзінің ұятсызын білгізді енді.

Үйіне қайтып келіп ол жариа,
Қатынға лайқалысын білгізді енді.

—Мен мамықты алып онда жүрдім,—деді,

Бір тамашасын жоқта білдім,—деді.
Лайқалысы екеу екен түтушінің,
Айтып отыр қатынға «Көрдім»,—деді.
Ол қатын жариаға жауап берді:

—Өзің барып шақырып келгіл,—деді.

Сені абсытай осында шақырды деп,
Менім бұл жауабымды білгіл,—деді.
«Абсытай шақырады»,—деп алып келді,
Келген соң киім тігіп отырды енді.

—Түн ортасы болғанша отыралық,

Деді дағы ол қатын инандырды.
Түн ортасы болғанша отырды енді,
Андан кейін істерін бастады енді.
Біреу екен лайқалысы қарағанда,

—Екеу ме?—деп түтушіге айтады енді.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Екісіменен,—деп қатын жауап берді,

Қатынның өзінің ері оянды енді.
Оянып қатынының фәржісіне,
Қолын созып тағы да қармалады.
Түтушінің лайқалысы қолға кірді,

Шегініп түтуші де кейін тұрды.

—Екісіменен дегенің немене?—деп,

Қатынынан өз ері сұрай берді.
Қатын айтты:—Мен түсімде көрдім,—деді,
Сен дария ішінде жүрдің,—деді.
Жалғыз қолмен жүзесің дарияда,

Суға ғарық болғаның білдім,—деді.

—Екі қолмен жүз,—дедім оның үшін,

Жалғыз қолмен жүзгенде кетер күшің.
Ері айтты:—Айтқаның сенің рас,
Түсімде қорқынышта менім ісім.
Мен дарияда түсімде ғарық болдым,

Бір балықты қолыма ұстап жүрдім.
Мен ұстағаш, қолымнан сусып шықты,
Соның үшін мен саған көңіл бердім.
Махаббат қойды енді әуел оған,

Бұл хикаят, әй, падишаһ, дедім саған.
Қатындардың тіліне ере бермей,
Әй, падишаһ, рақым қыл енді бұған.
Әй, падишаһ, хайла-мәкір көп бұларда,

Һеш уақыт иман жоқ қатындарда.
Қатындардың тілімен өлтірмеңіз,
Бересіз не деп жауап Тәңір алдында?
Падишаһ уәзір сөзін қабыл еткен,

Зарлағаны уәзірдің жанына өткен.
Зынданына баланы салды дағы,
Өзі тағы ол күні аңға кеткен.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Үйіне келіп аңнан отырады,
Қатын залым сөз бастап құтырады:

—Бүгін және ұғылыңыз не болды?—деп,

Падишаһқа түрлі кеңес толтырады.

—Тіледі бір уәзірім оны,—деді,

Қимадым зарлаған соң жаны,—деді.
Тілегін олардың да тастамадым,
Не қылсам өлтірермін оны?—деді.

—Әй, падишаһ, уәзірлерің қылған хайла,

Қылмайды ғұмырында сізге пайда.
Олардың ұғланменен уәдесі бар,
Сізге жәбір көрсетер осындайда.
Мысыр деген шаһардың сұлтанының,

Айтайын хикаяты болғанының.
Уәзірінің мажырасын естімедің,
Оларға не оқиға салғанының.
Қатын айтты:—Мысырда падишаһ өткен,

Оның да бір ұғылы бар қастық еткен.

—Мені падишаһ қылыңдар, уәзірлер,—деп,

Ол бала бір күн тұрып кеңес еткен.

—Атамның падишаһ болсам орнына,

Әкемнің мен түспеспін порымына.
Не тілесең сіздерге берем,—деді,
Түсірсең падишаһлық өз қолыма.
Уәзірлер мұның сөзін қабыл етті,

Атасының орнына падишаһ етті.
Үйлерінен шығарып бала әкесін,
Мехнат көрсетпекке бұл ғаріпті.
Һәрқашан баламенен ғишратта,

Бұлар жүрген бірігіп мәслихатта.
Өз орнынан айрылып падишаһ қалды,
Қайғыменен көңілі қасіретте.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Уәзірлер соғысарға қылған ойды,
Бұрынғы жақсылықтың бәрін жойды.
Уәзірлердің әскері ғалиб болып,
Падишаһ қашайын деп көңіл қойды.

Падишаһ махремін шақырып алды,
Қасына жолдас қылып ертіп алды.
Киімдерін бір түнде алмастырып,
Екеулері далаға кетіп қалды.

Шаһардан бұлар енді қашып жүрді,
Бір мағара ішіне келіп кірді.
Жеті күн, жеті түн өткенінше,
Мағараның ішінен шықпай тұрды.

Жаңа падишаһ бұ тараптан жүрген іздеп,
Көп кісіге бұйырды «Жаһан кез»,—деп.
Бұларды таба алмай сонда дағы,
Жүрсе де жұрттың бәрі жерді көздеп.

Мағарадан далаға келді бұлар,
Бір ауылға тағы да келді бұлар.
Бір кемпірдің үйіне мүсәпір боп,
Бұл екеуі мейман боп қонды олар.

Ол кемпір бидай салып, егін еккен,
Падишаһтың шыққанына көп күн өткен.
Палас, кілем астына кемпір жайып,
Екеуін тәрбиелеп құрмет еткен.

Падишаһ «Тағам бер» деп береді алтын,
Кімнің кім көріп білер салтанатын?
Түрлі-түрлі нығметтен алып келіп,
Уақыт болды тағамды даярлайтын.

Жауап сұрды бұлардан кім екенін,

—Қайда,—деп,—руғ, туған һәм мекенің?

Бұлар айтты:—Падишаһтың құлдарымыз,
Білеміз оның қашып жүр екенін.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Әй, адам, оны іздеп жүргеніміз,
Бізге хабар беріңіз көргеніңіз.
Өз халіңді, шешеке, біздерге айтшы?
Естіп яки падишаһты білгеніңіз?

—Мен қорқамын бұл жерде сізден,—деді,

Падишаһ ұғылы атасынан безген,—деді.
Өлтірмекші баласы ол падишаһты,
Не жауапты сұрайсың бізден?—деді.
Падишаһ айтты:—Іздер ме жаңа патша?

Сізге жауап тиді ме хабарлатса?
Кемпір айтты:—Ол неге іздемесін?
Қоймайды жатқанын қайда жатса.
Күнде-күнде жар салар базарларға,

«Дүнияда падишаһ көрген адам бар ма?»
Өз ұғылы, уәзірі қас қылыпты,
О да болса құдірет, амал бар ма?!
Жаңа падишаһ һәр жерге хабар салған,

«Кімде-кім падишаһты ұстап алған.
Дүниялігім бәрін де берем» деген,
Қашқан падишаһ қолына түспей қалған.
Һәр жерге осындай боп, хабар жетер,

—Қашып кеткен падишаһ енді нетер?

Біреу, әгар, үйіне сақтап тұрса,

—Біле қалса, ол адам басы кетер.

Ол кемпір осылай айтып салды,
Падишаһ мұны естіп қапаланды.

—Падишаһ екенімді айтсам ба?—деп,

Қасындағы жолдасына ақыл салды.
Жолдасы жауап берді:—Өзің біл,—деп,
Падишаһ кемпірге айтты:—Мұнда кел!—деп.
Ол табиғ болған уәзірдің іштерінде,

Сұрады қандай адам білесің?—деп.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Олардан бір уәзір өзім білем,

Һәрқашан мен үйіне барып келем.

—Әй, кемпір, бір сөзім бар, сақтармысың?

Кемпір айтты:—Не десең, мақұл көрем.
Айтыңыз сырыңызды күтейін мен.
Айтпасқа соған уәде етейін мен,
Һешкімге паш қылмасқа уәде,

Басым кетсе, бірге кетейін мен.

—Әй, кемпір, баласынан сасып жүрген,

Мен едім, сол падишаһ қашып жүрген.
Жаңа падишаһ дұшпан-дүр менім балам,
Орнымды падишаһ болып басып жүрген.
Мұны естіп ол кемпір алаңдады,

Қорыққанынан бетінде қан қалмады.
«Енді мені білселер өлтіреді»,—деп,
Тағы да біраз тұрып ой ойлады.
Аяғына жығылды падишаһтың,

—Ұғылың, қызың бар ма енді сенің, жаным?

Кемпір айтты:—Бір жалғыз ұғылым бар,
Онан басқа перзент жоқ енді менім.

—Әй, шеше, осы жерде тұрыңыз тек,

Менім айтқан ақылымды алмаңыз кек.
Әгар да тәж бен тақытым қолға кірсе,
Қасыма жалғыз ұғылың қыламын бек.
Сен тұрма бұл арада ой ойланып,

Сен келші сол уәзірден хабар алып.
Һешкімге мені айтпай өзі келсін,
Қасыңа айтыңыз шақырып алып.
Кеш болып, уәзірге кемпір кетті,

Уәзірдің өз үйіне барып жетті.
Уәзірге мағлұм қылды падишаһ халін,
Ол кемпір мұны айтып зарлық етті.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Уәзір айтты:—Бара тұр мен барайын,
Тағзым рұқсат падишаһтан мен алайын.
Мұны айтып ол кемпір үйге келді,
Падишаһ жүр:—Жеткізгіл,—деп,—бар Құдайым.

Уәзірі кеш болғанда киім киді,
Суретін ауыстырып мұнда келді.
Падишаһ өз уәзірін көрген халде,
Зарланып мұңын айта қоя берді.

Падишаһ айтты:—Мұндай болды менім халім,
Сізді мен ренжітіп алдым малың.
Болған іс болып қалған қайта келмес,
Жәрдем қыл мұндай болды ахуалым.

—Әй, падишаһ, қабыл еді пәрменіңіз,

Сіздің де қиналмасын бұ жаныңыз.
Уәзір болсам, мен сіздің құлың едім,
Малым алсаң, әуелде өз малыңыз.
Әй, падишаһ, күнәһің жоқ сіздің,—деді,

Өз күнәһім бар болған біздің,—деді.
Алдымнан жаяу жүріп жеткеніңше,
Алдайық көрген жанның көзін,—деді.
Көргендер қызметшім деп ойласын,

Үйіме қонақ болсын ғазиз басың.
Қашан тақытың қолыңа кіргенінше,
Меніменен үйімде сіз боласың.
Падишаһ уәзір сөзін қабыл еткен,

Уәзірінің үйіне жаяу жеткен.
Бір талай уәзірінің мақамында,
Падишаһ бір Алладан сабыр күткен.
Бір күні әскер жиып соғыс қылды,

Баласының уәзірін забун қылды.
Қиянатты уәзір мен бектерін,
Падишаһ һәммаларын һәлак қылды.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Өлтіртті падишаһ өз баласын,
Әй, тақсыр, мұны көріп таң қаласың.
Уәзір мен бектерді жиып алып,
Падишаһ һәммасының алды басын.

Әй, падишаһ, бұ хикаят оның үшін,
Уәзірдің қылғандарын көремісің?
Өз баласы дұшпандық қылды мұндай,
Бұларға сіз инанып жүремісің?

Осындай иттифақта уәзірлерің,
Дос көріп жүресіз оның бәрін.
Не нәрсе бұ басыма келеді?—деп,
Не болар ертең менім халім?

Падишаһ қатын сөзін қабылдады,
Өзінің сарайында дамылдады.

—Сенің бұл хикаятыңа қарағанда,

Бұлардан һешбір пайда табылмады.
Хақ екен сенің айтқан сөздеріңіз,
Құдай білер, аман қалмас шыбын жаны.
Қатын және қуанып тұра келді,

—Уәзірлердің өлтіріңіз бәрін,—деді.

Жаңа уәзір қой дағы ғишрат қыл,
Олайша қылмайынша болмас,—деді.
Падишаһ қатын сөзін қабыл етті,
Өзінің сарайында ұйықтап кетті.

Ертеңмен тақытына отырды да,
«Баланы алып кел!»,—деп әмір етті.
Әділдік қаһарына келді падишаһ,
Уәзірдің бәрін жиып тұрды падишаһ.

—Анасының ахуалын айтар ма екен?

Сұраңыз бұ баладан,—деді падиша.
Бас уәзір жауап берді:—Бітірейік,
Жұмысын бұ күндерде жетірейік.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Құзырыңызға ол келіп сұралса екен,
Алдыңызға рұқсат болса келтірейік.
Падишаһ: «Алып кел!»—деп әмір етті,
Баласын біреу алып келіп жетті.

—Әй, ұғлан, анаңа не іс қылдың?

Сөйлеуге бердің бұ күн рұқсатты.
Тағы да шаһзада үндемеді,
Жақсы-жаман жауаптан сөз демеді.
Ол бала сөйлемеске кеткен екен,

Падишаһ қаһарланып жөн демеді.
Бас уәзір айтты:—Әй, тақсыр, жоқ қой молда?!
Бір хайла қылар еді осы жолға.
Молданы іздегенімен таба алмады,

Түспеді қарағанмен тағы қолға.

—Молда жоқ,—падишаһқа хабар берді,

Жоқ дегенге иқрар мұны көрді.
Падишаһ не қыларын білмеді енді,

—Жиылып осы жерде тұрың,—деді.

Падишаһ:—Жарлығымды көрсін,—деді,
Жалладтар әзір болып келсін,—деді.
Әділдігім заһир болсын бүгінгі күн,
Бұ бала ажалды боп өлсін,—деді.

Падишаһ осылайша қаһар етіп,
Жаллады қылыш алып келді жетіп.
Падишаһ айтты:—Қылышың өткір ме еді?
Уәзірлерді он-оннан отыртып.

Он-оннан уәзірлерді отыртты,
Енді білді Құдайдан қаза жетті.
Қылыш қолына алып жалаңаштап,
Жаллады үшбу халде зарлық етті:

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

—Мен бір жауап айтайын,

Қылышымды тартайын.
Ішімдегі зарымды,
Сіздерге айтпай қайтейін.
Өлтірсем, бәрің өлерсің,

Алда нені көрерсің?
Біраз толғап байқайын,
Арманда болып жүрерсің.
Азаматтар, жарандар,

Он сегіз мың ғаламдар.
Қуатты болған қолым бар,
Қылышыма қараңдар.
Қатын тілі кесерсің,

Ақыл болса кешерсің.
Арманда өтер шаһзада,
Енді басы кесілсін.
Падишаһ әмірін қыла ма,

Арманда болып жылама.
Жалғызыңнан айрылып,
Биік таудан құлама.
Алла мұны оңдар ма?

Көкірегіңде мұң бар ма?
Қылышым өткір, жарандар,
Тілейтұғын жан бар ма?
Әй, падишаһ, жыларсыз,

Ақырында білерсіз.
Қаталықпен өлтіріп,
Қайғысынан өлерсіз.
Дұрыс емес бұл ісің,

Мықты болған қол күшім.
Кесілген бас оңалмас,
Өткір болған қылышым.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қата қылмай, әй, падишаһ,
Ойласаңшы дұрысын!
Шаһзаданы өлтіріп,
Қайтармаңыз ер ісін.

Асыл жасқа жала қып,
Өгейлігі құрысын.
Қазір шапсам өтеді,
Қара жерге жетеді.

Тыңдайтұғын жан бар ма?!
Арманда болып кетеді.
Ол жаллад осылай деп тұр зарланып,
Қия алмай шаһзаданы үш айналып.

«Ұстазы шаһзаданың келеді» деп,
Білдіртті падишаһқа біреу барып.
Адамдар бұл молдаға келді жетіп,
Падишаһ қаһарын мағлұм етіп.

Қара жерге тигізбей екі аяғын,
Падишаһқа алып келді дедектетіп.
Падишаһ айтты:—Есіткенім әңгіме-кеп,
Баланы бердім сізге біледі деп.

Қырық күндей сөйлемеді жалғыз әріп,
Бұған сен айтқанба едің, сөйлеме деп?

—Сөйлеме деп айтқаным рас еді,

Бұлардың сөзінде жоқ талас,—деді.
Мен рұқсат қылғанда осы бала,
Иншалла, сөйлемей қалмас,—деді.
Қырық күндей нахошты бар білгенімде,

Талиғын бір күн ашып көргенімде.
Бір әріп сөз сөйлесе, өлмек екен,
Тірі боп жер жүзінде жүргенінде.
Енді уақыт тамам боп біткен жері,

Нахошты күндерінің кеткен жері.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Енді рұқсат сөйлеуге бұ балаға,
Жаман кетіп, жақсылық жеткен жері.
Ұғланды алып келді молдасына,
Ғаріптің қайғы толған бір басына.

—Әй, балам, не оқиға, хабарың бар?

Бір шайтан кірген шығар арасына.
Бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим*,
Қайран боп тамам халық көзін салса.

—Қатыннан не оқиға болды маған?!

Салды ғой, жүзі қара, маған жала!
Бисмиллаһи деп қозғайын,
Пиғылымды бұзбайын.
Сабақ оқып жүруші едім,

Әділ жолдан азбайын.
Ұстазыма келуші ем,
Сабағымды білуші ем.
Ілімдікке тоя алмай,

Құмар болып жүруші ем.
Бір күн және келгенім,
Алып сабақ жүргенім.
Ұстазым маған бір қарап,

Туғры айтты білгенде.
Шақырды маған:—Бері кел,—деп,
Қаза келсе, жөнел,—деп.
Мен бір ақыл айтайын,

Сөзім қабыл, жөн көр,—деп.
Жас алғаным көзіме,
Құлақ салдым сөзіне.
Мен білейін артымнан,

Кітап ашқан өзіме.
* Қайырымды, рақымды Алланың атымен бастаймын.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

—Қайда кетер тұрағың?

Естіп тұрсын құлағың.
Талиғыңа қарап ем,
Бір сөз көрдім, шырағым.
Енді сөзді сөйлеме,

Сөйле десе, үндеме.
Бәле келер басыңа,
Біреу сөзін жөн деме.
Сөз сөйлесең, өлесің,

Қазалы өлім көресің.
Тұта алмасаң сөзімді,
Арманда боп жүресің.
Ұстазым айтты бұлай деп,

Үйге келдім «мақұл» деп.
Сөз сұрады бұ әкем:

—Қанша оқу білдің?—деп.

Сөйлемедім бір әріп,
Ашуланды қабарып.
Бір кәнизакты анама,
«Әкел,—деді,—апарып».

Бір кәнизакқа тапсырды,
Айта ма деп бір сырды.
Анама алып келген соң,
Өтірік жала жапсырды.

Маған келді:—Балам,—деп,
Сені бай қып алам,—деп,
Атаңызды өлтіріп,
Аузына у салам,—деп.

Халық қылса жаласын,
«Алды десе анасын»,
Сатып жіберіп жариам деп,
Қайта сатып аласың.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Анам айтып қабысты,
Бетіме келіп жабысты.
Үндемей сабыр қылсам да,
Енді ойладым намысты.

Шыдай алмай дертіне,
Түсті менім көтіме.
Жақын келіп сүйерде,
Қойып қалдым бетіне.

Меніменен ұрысып,
Ол отырды бүрісіп.
Аузы-мұрны қан болып,
Екі жақта қонысып.

Әкем келді көрем деп,
Менім жайым білем деп.
Сөйлемедім бір әріп,
Шешесінен білем деп.

Шешем отыр қан болып,
Әкем тұрды таң болып.
Жаратылған сенен де,
Осындайда жан болып.

Падишаһ тілін аласың,
Жұртқа хүкім саласың.
Падишаһты көрді де,
Маған жапты жаласын.

—Ғашық болған бұ балаң,

Менім үшін қайғы алған.
Қазір мұны өлтірші,
Басыңнан өтер бұ жалған.
Мұрады сені өлтірмек,

Жаныңа қаза келтірмек.
Уәзірменен бас қосып,
Жұмыстарын бітірмек.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Шешем шықты бұлай деп,
Өтіріктен қайғы жеп.

—Падишаһ, менен сұрасаң,

Балаң жайы солай,—деп.
Әкем жаман ақырды,
Аруағын судай сапырды.
Жалладтарын бұйырып,

Уәзірлерін шақырды.
Уәзір тілер күнінде,
Шешем бұзар түнінде.
Әкем қыстап сұраса,

Сөйлемедім бірін де.
Сөйлемедім бұл істі,
Уәзірлер маған болысты.
Мені сұрап алам деп,

Ынтымағын қылысты.
Бір шайтан келіп кірісті,
Көңіліне салды бұрысты.
Уәзірлер айтар әділін,

Шешем айтпас дұрысты.
Ғұмырымның өткені,
Шаттық күнім жеткені.
Қырық нахошты күндердің

Осылай тамам біткені.
Шаһзада мұны айтып жылады енді,
Көл қылып көздің жасын бұлады енді.

—Маған қылған оқиға осылай,—деп,

Шаһзада жерді құшып құлады енді.
Молдасының жүр екен сөзін күтіп,
Жылады шаһзада қайғы жұтып.
Падишаһ қайран қалып мына сөзге,

Бармағын аузына тұрды тұтып.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Қас қылған шаһзада кемеңгерге,
Залал қылған жарамас мұндай ерге.
Қимылдата білмеді қызыл тілін,
Падишаһ жақсы-жаман пәлен дерге.

Барша жұрт бұл қатынға қылды қайран,
Падишаһ және сұрды жариадан.

—Шаһзада сөздері рас-дүр,—деп,

Бәрі де жарианың куәһ болған.

—Тақсыр-ау, біз есіттік қатын сөзін,

«Шаһзадаға ғашықпын» деген кезін.
«Сізді өлтіріп, балаға қосылам» деп,
Жалынып, арыз қылып айтқан сөзін.
Падишаһ баласының мойнын құшып,

Келіп бетін сүйеді, тақыттан түсіп.
Қатынға «Мың түрлі лағынет» деп,
«Болады екен мұндайын хайла» десіп.
Уәзірлерін баршасын құрмет етті,

Киім беріп падишаһ бәрін күтті.

—Сөздеріңізге екіншілей сенемін,—деп,

Падишаһ:—Күнәм кеш,—деп ғұзыр етті.
Қырық күндей нахошты енді бітті,
Дос болады деп ойлама қатын итті.
Уәзірлердің тіліне енді нанып,

Баланың халалына жаңа жетті.
Уәзір айтты:—Біздер жаман қыламыз ба?
Жауапқа жауап бермей қаламыз ба?
Біздің тілді сыйладың рахмет-дүр,

Құданың жазбағанына боламыз ба?
Әй, падишаһ, біз сөйледік болады деп,
Шариғаттың бұйрығын қылады деп.
Көргенде қаһарыңнан қорқып едік,

Хайлакер қатын тілін алады деп.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Біз тілеп, әй падишаһ, жүрер едік,
Қатынның жауыздығын білер едік.
Баланы нақақ іспен өлтірсеңіз,
Артынан бәріміз де өлер едік.

Уәзірлер бұлайша деп айтты бәрін,
Оқиға көңілінде қайғы-зарын.

—Хан, сұлтан болғанында—біздер құрмет,

Білеміз қатындардың ахуалдарын.

Падишаһ бір қара есек келгізеді,
Қатынын оның үстіне мінгізеді.
Есек құйрығын аяғына байлап қойып,
Есекті қамшыменен жүргізеді.

Есек қашты далаға жалт-жұлт етіп,
Қатын жерге құлады түсіп кетіп.
Һәрбір тастың басында еті қалды,
Құр сүйегі қалады еті бітіп.

Жақсылығың келеді басыңызға,
Сауабың қарсы келер қасыңызға.
Бір Құданың жазғаны болмаса, әгар,
Инанба дұшпан түгіл досыңызға.

Кісіге шұқыр қазсаң ықтималды,
Өзіңді бар Құдайым оған салды.
«Шұқыр қазсаң, терең қыл» деген сөз бар,
Оның үшін айтады бұ мысалды.

Қас қылсаң, көңілге қайғы толар,
Дұшпан құтылып, өзіңнің көңілің солар.
Кісіге деп шұқыр қазсаң, терең қазғыл,
Өзіңіз шыға алмасқа тәуір болар.

Құлақ сал, ағаларым, сөзімізге,
Дүния харам көрінер көзімізге.
Жақсылық жамандықты қылған болсаң,
Келеді аумай, талмай өзіңізге.

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

Падишаһ андан кейін қылды тойды,
Той қылғаны хисапсыз малдар сойды.
Уәзір мен бектерді жиып алып,
Бұрынғы қапалықтың бәрін жойды.

Қырық күндей ойын-күлкі, тамаша етті,
Шаһзаданы құрметтеп тақытта күтті.
Қырық күнде зауық етіп тамам халық,
Жұрт тарқап шаһарынан ойын бітті.

Андан соң неше жыл ғұмыр сүрді,
Падишаһ әділдікке мойын бұрды.
Хақ Тағала һәр қайсымызға тауфиқ беріп,
Андан соң шаһзада да падишаһ болды.

Қатынның күнәһілары болар қиын,
Өлеңді келістірген біздің зиһн.
Қатынның хайласымен аман сақтап,
Амин бихурмат сайдил мурсалин*.

Жамағат сауап таппақ мінезіңнен,
Күнәһілі болмағың бар бір сөзіңнен.
Біреуге обалыңды арта көрме,
Жамандық кісіде жоқ, көр өзіңнен.

Ағалар, ғибрат ал осы сөзден,
Түзелер қисық ағаш қорған тезден.
Бақсының асасындай салдырармыз,
Қартайып нұр кеткенде қызыл жүзден.

Һәртүрлі жаратқан Пәруардигар,
Шариғат дәмін татсаң алма, шекер.
Жақсы деп, иә жаман деп, күмән қылма,
Қатынға жан тіл бірлән сену бекер.

Бек көркем, халалдықпен дін қосқан,
Көңілің жаман сөзге тез суысқан.
* Елшілердің мырзасының (Пайғамбардың) құрметіне.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Қатынның кейбір хилаф тіліне еріп,
Араз боп көрмей кетер бір туысқан.
Айыбыңды жаман қатын күнінде ашқан,
Осалдық мінезіңді жұртқа шашқан.

Даулы әйелдің мінезі мен қылығынан,
Біз түгіл, дию менен пері қашқан.
Жауызбен шамаң келсе қоспа басты,
Көтеріп жүрмегейсіз ауыр тасты.

«Қатыным осылайша сөз айтты» деп,
Басыңды билеткенің жарамас-ты.
Сүлеймен пайғамбарым, падишаһ өткен,
Қатыны жұлдыз болып, көкке кеткен.

Һарут пен Марут деген періштелер,
Құдықта қатын үшін демі біткен.
Әйелде не мінез жоқ тізе берсе,
Үмітін көрген сайын үзе берсе.

Тәуекелге тапсырып жүрмесеңіз,
Қойнында қатын тұрмас безе берсе.
Қиссаны мен жазбаймын ермек үшін,
Кітаптан өлең қылып термек үшін.

Мирас қып кейінгіге жаза салдым,
Оқыған жан ғибрат алып білмек үшін.
Ақылбек Сабал ұғылы—менім атым,
Ағалар, айып қылма насихатым.

Тамам қып бітірдім өлең қылып,
Қатын мен қырық уәзір хикаятын.
Бұл өзі—Османия кітап сөзі,
Нұсқасын мен ғаріптің көрген көзі.

Мен ғаріп қазақша қисса қылдым,
Бұрын өлең болған мұның өзі.

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР

«Қисса қырық уәзір» құрамына кіретін хикая, аңыз, әңгі-
мелерді алғаш рет жүйелеп дастанға айналдырған—Шайқыза-
да Ахмет Мысыры деген адам. Мысыры бұл кітапты 1421-1451
жылдар аралығында жазғанын, ал 1868 жылы Каюм Насыри

бұл кітапты татар тіліне аударып, Қазан қаласында бастырға-
ны туралы мәліметті және де аталмыш кітаптың 1900 жылға
дейін 8 рет басылғанын зерттеуші А.Қыраубаева өз еңбегінде
айтып кетеді1. Содан кейін «Қисса қырық уәзір» қиссасы 1911

жылы Қазан қаласында басылып шықты2. Қиссаны жарияла-
ған ақын—Ақылбек Сабалұлы. Ақылбектің «Қисса қырық
уәзір» қиссасы «Қазақ қиссалары» деген атпен 1986 жылы Бей-
жіндегі (Пекин) Ұлттар баспасы шығарған серияның 5-томын-

да жарияланған3.
«Қисса қырық уәзір» дастаны арнайы зерттелмесе де, жоға-
рыда көрсетілген еңбектерде ол туралы біраз айтылған.
Дастанның оқиғасы патшаның ерке жас тоқалы өзінің өгей

баласына ғашық болып, оған көңіл білдіруінен басталады.
Беті қайтып, кектенген келіншек, ақыры патша алдында
былай деп шаһзадаға жала жабады:

1 Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар.—Алматы: Рауан. 1997.— 112-бет. 2 Қисса қырық уәзір. Кітап етіп шығарған Ақылбек бин Сабал Турабаев.— Қазан: Каримовтар баспаханасы, 1911. 3 Қыраубаева А. Аталған еңбек; Жанымгүл Камалқызы //Ақылбек Сабалұлының әдеби мұрасы. Филол. ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты. Түркістан. 1999.— 14-бет.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Тағы да ғашық екен мұнан бұрын, «Әкемнің орны,—деді,—маған орын». Көнбейсің деп, бетіме қойып қалды, Кәріге тиген менім қандай сорым… Әй, патша, мына балаң—харамзада, Сізді өлтірмей қоймайды, не қылса да. Өзің өлмей, әуелі, оны өлтір, Тиеді кесапаты бұ дүнияда… Сөзге еріп, алданған патша баласын зынданға салдырады, ертеңіне жұртты жиып, баласының басын алуға әмір етеді. Бұл жолы патшаның бас уәзірі араға түсіп, патшаны иландырарлық уәж айтып, өкінішке қалған әңгімелерден ғибрат келтіріп, шаһзаданы кепілдікке сұрап алады. Патша үйіне келген соң, тоқалы тағы бір хикаят айтып, шаһзаданы ертеңнен қалдырмай өлтіруге қайта көндіреді… Міне, осылайша баланы өлтіру мен оны арашалап қалу жайында патша тоқалы мен патшаның қырық уәзірі арасындағы тартыс қырық күнге созылады. Уәзірлердің қисынды әңгімелерінің тартымдылығының арқасында патша өз баласын өлтіруге қырық рет оқталып, қырық рет қайтады. Шаһзада өмірі қыл үстінде тұрса да қырық күнде тіс жарып, тіл ашпайды. Ал соңында патшаға өз сөзін өткізген тоқалы қырық уәзірді ақыры орнынан алдырып, ханзаданы жазалатпақшы болады. Жендеттер бас кесуге оқтала бергенде, шаһзаданың ұстазы келіп, патшаға тоқтау айтып, балаға сөйлеуге рұқсат береді. Шаһзада ұстазының рұқсатын күтіп жүр екен, болған оқиғаны бастан-аяқ айтып береді: Шаһзада мұны айтып, жылады енді, Көл қылып көздің жасын бұлады енді. «Маған қылған оқиға осылай» деп, Шаһзада жерді құшып құлады енді… Молдасының жүр екен сөзін күтіп, Жылады шаһзада қайғы жұтып. Падишаһ қайран қалып мына сөзге, Бармағын аузына тұрды тұтып…

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Міне, осылай істің ақ-қарасы анық болған соң, куәгерлердің
дәлелін тыңдап, өз ұлының адалдығына көзі жетеді. Патша
жалақор әйеліне қатал жаза бұйырады.
Дастанда оқиғалар үдемелі түрде беріліп отырады.

«Қисса қырық уәзір» дастанының оқиғасы—«Мың бір түн»
ертегілеріндегі «Жеті уәзір, бір кәнизак туралы» (578-582-
аралықтағы түндер) дейтін әңгімемен, «Тотынамадағы» «Шаһ-
зада жеті уәзір яки шаһзаданың бір кәнизак үшін бақытсыздық-

қа ұшырауы жайындағы» (8-түн) әңгімелерімен сарындас.
«Тотынамада» да, «Мың бір түнде» де кәнизак хан ұлына жала
жауып, хан өз ұлын өлімге бұйырғанда, шаһзадаға жеті уәзір
ара түседі. Ханның ашуын басу үшін әртүрлі әңгімелер айта-

ды. Оларға қарсы кәнизактың да әңгімесі беріліп отырады.
Әңгімелердің мазмұндары да бірдей болып келеді. Шаһзаданың
өміріне ара түсетін адамдар да бірдей. Үш шығармада да (40, 7
күн ішінде) сөз сөйлесе, қатерге ұшырайтыны айтылады. Осы

уақыт ішінде ұстазы шәкіртін сөйлетпейді. Мерзімді уақыты
жеткенде бар түйін шешіліп, жалақор әйел жазасын алады.
Уәзірлер мен әйел айтқан әңгімелер тұтас бір қисса болып
шыққан.

Шығармадағы әңгімелердің мазмұнына қарағанда, оқиғалар
Бағдад, Мысыр, Кабул, Шам, Рұм, т.б. шаһарларда, үнді, араб,
түрік жерлерінде, кейде перілер елінде болғандығы айтылады.
Хикаялардың мазмұны да әр түрлі: бірінде өнер, енді бірінде

әділдік, адалдық, жомарттықты айтса, келесі шығармаларын-
да кемеңгер ел билеушілер, әділ патшалар, Алланың құдіреті
туралы, данышпан адамдар, т.б. айтылады.
Ал атақты ел басқарушылар—Һарон Рашид, Махмұт

сұлтан жайындағы, әлемге танымал ғалымдар Әбуғалисина
туралы, Лұқпан хакім, Сүлеймен патша, пайғамбарлар ту-
ралы, т.б. әңгімелерге қарағанда оқиғалардың қай ғасырды қам-
титындығын айту да қиындық туғызады.

Дастанда дін тарихынан, пайғамбарлар өмірінен алынған
аңыз, әңгімелерге мол орын берілген. Мысалы 4-уәзірдің айта-
тын «Балғым-Бағур» атты хикаятында Мұса пайғамбардың дін
жолындағы күресі сөз болады.

Сондай-ақ пайғамбар туралы айтылған әйелдің 4-хикаясын,
5-уәзірдің әңгімесін, Хызыр мен Мұса пайғамбар туралы әңгіме,
әйелдің «Сиса» атты 11-әңгімесін, т.б. атауға болады.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Дастанда тарихи аңыздарға құрылған әңгімелер де бар. Олар—«Һарон Рашид пен қария» (9-уәзір айтқан әңгіме), «Махмұт сұлтан мен уәзірі Айас туралы» (12-уәзір айтқан әңгіме), «Махмұт сұлтан хикаясы» (16-уәзір айтқан әңгіме), «Сократ, Аплатонның өсиеттері» (16-уәзір айтқан әңгіме), «Әбуғалисина» (28-хикая), «Лұқпан хакім туралы» (15-уәзір айтқан әңгіме), «Патша Сүлеймен туралы» (27-уәзір айтқан әңгіме) хикаялар. Лұқпан—шығыс әдебиетінде көп кездесетін, ақылды, дана, көп жасаған, көпті көрген көне қарттың бейнесінде жүретін сүйкімді, жағымды тұлға. Лұқпан туралы аңыз-әңгімелер исламға дейінгі арабтардың ауыз әдебиетінде мол айтылған. Содан әртүрлі халықтың өзінікі, өзінің данышпан қарты болып кеткен. Бірте-бірте оның атына неше түрлі қызық, жанама әңгімелер қосылған. Жалпы Лұқпан бейнесін ақылды, көреген қарттардың жиынтық образы деп түсінуге болады. «Рабғузи» қиссаларында ауыз әдебиетінде айтылатын Лұқпан туралы бірнеше әңгіме, хикаялар «Лұқпан хакім» деген атпен берілген. «Рабғузи» қиссасындағы «Лұқпан хакім» жайындағы хикаяттардың оқиғалары өте қызықты, тартымды боп келеді. Лұқпан туралы хикая, әңгімелер халық аузында ерте заманнан айтылып, бізге дейін жетіп отыр. Солардың біразы қазақ арасында да кең тараған. «Рабғузи» қиссасындағы хикаяттың біреуін (6-хикаят) жырау Р.Мәзқожаев 1946 жылы халық аузынан жинап, жазып алып, кітапхана қорына тапсырған4. «Қазақ ертегілері» атты кітапқа «Әкім Лұқман туралы» ертегі кірген5. Қазақ фольклорында Лұқпан атына байланысты айтылатын бұлардан басқа да аңыз, ертегілер кездеседі. Мысалы: «Лұқпан ата мен Әділ» (Қазақ ертегілері 3-том, 349-бет), «Әкім Лұқман туралы» (тапсырған Ә.Марғұлан)6, т.б. Шығыс аңыз-әңгімелерінде Сүлеймен патша туралы да көп айтылады. Ол жайында «Рабғузи» қиссаларында да бір4 Әкім Лұқпан. ОҒК, Ш. 217, 2-дәптер. 5 Әкім Лұқпан // Қазақ ертегілері.—Алматы: Жазушы, 1964.—363-366-бет. 6 Лұқпан ата мен Әділ // Қазақ ертегілері.—Алматы: Жазушы, 1964.—349355-бет.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

неше әңгіме бар. Оларда Сүлейменнің жастығына қарамай
ақылдылығы, білімділігі, әкесінің қате билігін түзеткені айты-
лады.
Сүлеймен жайлы ертегілер, аңыз-әңгімелер қазақ арасында

да едәуір кездеседі. Олардың кейбірі ҚР Білім және ғылым ми-
нистрлігі ОҒК-сы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының қолжазбалар қорында сақталған: «Тақ Сүлей-
мен хикаясы» [ӘӨИ, Ш. 1000]; «Сүлеймен патша» ертегісі

[ОҒК, Ш. 202. Тапсырған Ә.Марғұлан], «Сүлеймен пайғамбар»
ертегісі [ОҒК, Ш. 923. Тапсырған Ж.Жантөбетов].
Сүлеймен туралы мысал әңгіменің бір түрі аталмыш дастан-
да да кездеседі. Ол—«Бүрге мен сақалсыз адам» деп аталатын

әйелдің айтқан 27-әңгімесі. Бұл сияқты мысал әңгімелерде жан-
ды-жансыз нәрселердің бір-бірімен сөйлесуі арқылы олардың
ақылдылығы, айлакерлігі, мақтаншақтығы, момындығы, т.б.
суреттеліп, адамға тән кейбір мінез-құлықтар тұспалданып

отырады.
Сонымен қатар дастанда тәрбиелік мәні бар әңгімелерге де
біраз орын берілген. Солардың бірі—кенже ұлына тігіншілік
өнер үйреткен патша жайындағы 10-уәзірдің әңгімесі.

Аталмыш дастанның бірнеше хикаяларында қиял-ғажа-
йып ертегілік сарындар да кездеседі. Мысалы, бірінде бір жы-
ланшының дұға оқып, сиқырлап Шын патшасының қызын
жыланға айналдырғаны, оның көп қиындықпен өз кейпіне

келуі, т.б., баяндалады:
Қыз айтты:—Менім саған сөзім,—деді,
Шын патшасының қызы едім, өзім,—деді.
Бұ жыланшы әфсүн оқып, жылан қылып,

Далада душар болған кезім,—деді.
Ол адам дұғаменен сиқырлады,
Андан кейін тәнімде хал қалмады.
Өзімнің суретіме кіре алмадым,

О дағы маған рақым һеш қылмады…
Бұл хикаядағы басты тақырып—сиқырлы заттардың кө-
мегімен бас кейіпкердің небір қыруар қиындықтарды жеңіп,
мұратына жетуі. Яғни, бұл жерде үнемі әділдіктің жеңіп,

зұлымдықтың әшкереленіп отыратындығы баяндалған.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Ал мифтік сарынды 14-уәзірдің мына әңгімесінен көреміз. Құдай екі періштені (Һарут және Марут) сынау үшін жерге жібереді. Періштелер мәкір әйелдің алдауына түсіп қалады. Екеуі де әйелге ғашық болып, оның ерін өлтіріп қояды. Уағдасында тұра алмаған періштелер жазаға тартылады. Әйелді күнәсі мен мәкірлігі үшін Хақ Тағала жұлдызға айналдырып жібереді: Хақ Тағала қатынды жұлдыз қылды, Ұшырып алып келіп көкке қойды. Дүнияда Зуһра жұлдыз дегендері Білмесең, білдірейін осы болды. Зерттеуші ғалым С.Қасқабасов «Миф» туралы зерттеуінде мифтің міндетті түрде себеп-салдары болатынын айтады: «Қандай да болмасын құбылушылықтың, яғни өзгерістің себебі бар. Мифтегі құбылушылық үш түрлі себепке байланысты болып келеді. Бірі—адам өте шаршағандықтан ұйықтап кетіп, сол бойда тасқа, аңға, құсқа айналып кетеді; екінші себеп— адамның кінәлі болуы. Мұндағы құбылушылық жаза ретінде қабылданады, ал кейінгі дәуірлерде адамның кінәлылығы (виновность) күнәлік (грех) деген түсінікпен ауыстырылады; үшінші себебі—зор қауіптен құтылу жолы»7. Келтірілген мифте әйелдің жұлдызға айналуы күнәлі болған адамның жазасы деп түсіндіріледі. Бұл—мифтегі құбылушылықтың екінші себебіне тән құбылыс. «Мифтердің айтуы бойынша, рудың тотемдік қағидаларын бұзған немесе оларды құрметтемеген адамды жан шошырлық жаза күтеді. Сондай жазалардың бірі адамды аңға, я болмаса жансыз нәрсеге айналдыру деп ұғынылған. Мұндай жаза түріндегі құбылу сөздің құдіретті күші бар деген сеніммен байланысты және мифологиялық сананың ғана аясында сақталған. Жазалаудың нәтижесі болатын құбылу мифте ылғи да тыйым салынған тотемдік салтты бұзумен байланысты болмайды, адам келбетінен айырылудың себебі көбінесе бүкіл рудың этикалық тәртібін бұзу болып табылады»8. Міне, осындай этикалық 7 Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы.—Алматы: Ғылым, 1984.— 72-73-беттер. 8 Еремина В.И. Миф и народная песня // Миф, фольклор, литература. Л., 1978.—С.11-12.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

тәртіпті бұзғаны үшін Құдай мәкір әйелді жұлдызға айналды-
рып жазалайды.
Түс көру мотиві көптеген әлем халықтарының, соның
ішінде шығыс елдерінің ауыз әдебиеті мен фольклорлық шы-

ғармаларында, әсіресе Пайғамбарлар туралы аңыз-әңгімелер-
де, діни дастандарда («Қисса Мұхаммед Расул Алланың дәрул
пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі», «Мұхаммед пай-
ғамбар», т.б.), батырлық жырларда («Алпамыс», «Қобыланды»,

«Көрұғлы»), ертегілерде («Түс сатқан тазша бала», т.б.), ға-
шықтық эпоста («Қозы Көрпеш—Баян сұлу»), ғашықтық дас-
тандарда («Бозжігіт», «Таһир-Зухра», «Қыз Жібек») кезде-
седі.

Түс көру сарыны «Қисса қырық уәзір» дастанында бірне-
ше жерде көрініс тапқан. Солардың бірі—26-уәзірдің Нұғман
атты кісі туралы айтқан хикаяты. Нұғман баласының оқуына
төлейтін ақшасы болмай, жалғыз түйесін молдаға береді. Әйелі

ренжіп, кейиді. Нұғман не істерін білмей, қайғырып жүргенде,
бір күні түс көріп, ризығының Шам шаһарында екенін біледі:
Түсінде ақ сақалды адам келді:

—Нұғман, орныңыздан тұрғыл,—дейді.

Сенің көп ризығың Шам шаһарында,
Тезірек сонан барып алғыл,—дейді.
Түс бұл жерде—хабар жеткізіп, шығармадағы оқиғаның
одан әрі дамуына дәнекер болып, сол сияқты кейіпкердің көңіл-

күйін суреттеуде көркемдік қызмет атқарып тұр.
«Қисса қырық уәзір» құрамындағы кейбір хикаялар ОҒК
мен ӘӨИ-дің Қолжазба қорларында сақтаулы дастандардың
біразымен мазмұндас болып келеді. Мысалы, 6-уәзірдің айтқан

хикаясы ОҒК-ның қолжазбалар қорында сақтаулы «Опасыз
жар» (Ш. 534) дастанымен, ал 23-уәзірдің хикаясы «Ұры мен
аяр» (Ш. 58, 2-дәп.) атты дастанның мазмұнымен бірдей болып
келеді.

Осы мысалдарға қарағанда көптеген жыршылардың «Тоты-
нама», «Мың бір түн», «Бақтиярдың қырық бұтағы» секілді
шығармалардың бір әңгімесін алып, оларды халық фантазия-
сымен кеңейтіп, өлеңге айналдырып жырлағаны байқалады.

Әрине, олардың көлемі, көркемдігі де әр түрлі болып келеді.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

«Қисса қырық уәзір» дастаны туралы материалдардың кей-
бірі ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық Ғылыми кіта-
пханасы Қолжазбалар қорында сақтаулы:

1. Қырық уәзір. ОҒК, Ш: 922, 4-дәптер. Айтушысы—Хамит

Сахаба, тапсырушысы—Байғұттыұлы Күсенбек. Ақмола облы-
сынан деп көрсетілген.
Шығарма блокнотқа қаламмен, араб әрпінде жазылған.
Көлемі 55 бет. Аяқталмай қалған.

2. Қырық уәзір. ОҒК, Ш: 327, 2-дәптер. Жинаушысы—Ай-

танбаев Алтынғали. Шығарма дәптер қағаздарына көк сиямен
араб әрпінде жазылған. Көлемі—70 бет. Қорға 1997 жылы
тапсырылған. Шығарма аяқталмай қалған.

3. Қырық уәзір әңгіме. ОҒК, Ш: 327, 1-дәптер. Көшірушісі—

Бердин Есентай (1894-1967). Семей облысы, Абай ауданы-
нан. Қолжазба үш түрлі дәптерге, кирилл әрпінде жазылған.
Көлемі—132 бет.

4. Қырық уәзір қиссасы. ОҒК, Ш: 327, 1-дәптер. Тәр-

жімашысы—Ғабдулқайым молда Ғабдул-Нәсірұлы деп көр-
сетілген. Жыршысы, көшірушісі, жинаушысы белгісіз. Қисса
тор көзді, бір жолды дәптер қағаздарына көк сиямен араб
әрпінде жазылған. Көлемі—276 бет.

Осы қолжазбаларды салыстырып қарағанымызда, олардың
бәрі жоғарыда аталған 1911 жылы Қазан қаласында шыққан,
Ақылбек Сабалұлының бастырған кітабынан көшірілгені
анықталды.

«Қисса қырық уәзір» дастанының көркемдігі тәуір бол-
ғанымен, мәтінде оқушының түсінігіне ауыр араб, парсы, татар,
көне түркі сөздері мен тіркестері көп. Құраннан хадистер мен
дұғалар жиі кездеседі. Хадистер мен дұғалар қазақ тіліне ауда-

рылып, әрбір беттегі мәтіннің соңында берілді. Ал түсініксіз
сөздер мен тіркестер қазақ тіліне аударылып, томның соңында
арнайы сөздікке топтастырылды.
Томға ұсынылып отырған «Қисса қырық уәзір» дастаны

1911 жылы Қазанда басылып шыққан кітаптан еш түзетусіз
дайындалып, кирилл әрпінде алғаш рет жарияланып отыр.
Көлемі—26,75 б.т.

МӘТІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ ЕСІМДЕР Адам ата, Хауа ана —діни аңыздар бойынша, Алла Тағала топырақтан жаратқан алғашқы адам. Балшық-мүсін ұзақ жылдар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала оған жан кіргізеді. Содан соң адамның қабырғасынан Хауаны жасайды. Алғашында екеуі періштелер қатарында болып, олардың арасында «беделді», «құрметті» орынды иемденеді. Періштелер Алланың жарлығы бойынша Адам мен Хауаға бас иіп, ғибадат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындаудан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып жібереді. Осыған өкпелеген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан өш алудың жолын іздейді. Ақырында олар Ібіліс шайтанның сөзіне иланып, алдауға түсіп тыйым салынған жемісті жейді. Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа Пейіштен аласталып, Көктен Жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды. Айша (арабша—«ғайш», яғни, «өмір» деген сөз)—Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелдерінің бірі, Расул Алланың тілеулес досы және бірінші халифа Әбубәкірдің қызы. Кейбір ислам зерттеушілерінің айтуларынша, Айша хазірет Мұхаммедке (ә.с.)* қосылғанда он жаста болған. Пайғамбар мен Айша хазірет сегіз жыл отасады. Мұхаммед (ә.с.) қайтыс болғаннан кейін Айша саяси қозғалыстарға белсене қатысады. Халифат билігі үшін болған соғыстарда Айшаның үлкен ерлік көрсеткені тарихтан белгілі. Айша өте ақылды, өжет, әрі аса беделді дін қайраткері болды. Кейбір деректер бойынша, Айша Мұхаммед пайғамбардан қалған мың екі жүздей хадисті әңгімелеп, қағаз бетіне түсірткен. * Ә.С.—Әләйһиссалам /а/—оны Алла жарылқасын! Пайғамбарлардың атына жалғаса айтылатын сөз.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Айша хазірет кейбір шииттіктерді қоспағанда барша мұсыл-
мандардың, әсіресе әйел қауымының қадірлі адамы болып та-
былады. Оны көбінесе, Айша ана, Айша әулие, хазірет Айша
деп құрметпен атайды.

Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және
қиямет қайымды жаратушы, ислам дінінде баршаға бірдей,
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұң-

сыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған
ешкім тең емес»*.
Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол

адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап,
біреулерін жұмаққа, енді біреулерін тозаққа жібереді. Адам-
дарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-

мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (ә.с.)—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен 23 жылда то-
лық түсті.

Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген-
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде-
гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті

қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым-
дылығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз
есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары),

Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Ха-
лық (жаратушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад
(мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді), т.б.
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ

сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулилләһи, Сұбхан Алла сөздерін
отыз үш реттен айтып, тасбих тастарын санамалау арқылы
жүзеге асады.
Аплатон—Платон Афиналық (б.д.д. 427-347)—ежелгі

грек [иунан] философы, идеализмнің негізін салушы. 407 жы-
* Құран Кәрім. 112-“Ихлас” сүресі.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

лы Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкірттерінің бірі
болды. Өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізіп, көптеген
еңбектер жазып, лекция оқыған. Платон жөнінде оның өз
шәкірттері мен Аристотельдің атақты шәкірті Аристоксен

көп жазған.
Қазақтар оны көбінесе «Аплатон» деп атаған.
Жәбірейіл—Аллаға жақын періштелердің бірі, Алла мен
пайғамбарлар араларында жүріп, оларға Алланың аянын айту-

шы. Ол Алла Тағаланың әмірімен Мұхаммедке (ә.с.) Құран
аяттарын жеткізген. Жәбірейіл Адам атаға бейіштен қуылған-
нан кейін де қамқор болған, Нұхтың құтылуына көмектескен
және ұлы Ыбраһымды құтқарған. Жүсіпке көп тіл үйреткен,

Дәуітті сауыт жасауға баулыған, сонымен қатар Сүлейменге
көмектесіп, Зәкарияға Жақияның қашан дүниеге келетінін
болжап берген.
Ибн Сина, Әбуғалисина—Әбу Әли Хусейн ибн Абдолла

(980-1037)—Орта Азиялық ғұлама ғалым, энциклопедиялық
білімді
дәрігер,
философ,

астроном,
жаратылыстанушы,
ақын, орта ғасырда араб тілінде қарыштай дамыған медици-
на ғылымының негізін салушы, шығыстық аристотелизмнің

өкілі. Туған жері—Бұхара өңірі. Ибн Сина ең негізгі еңбектерін
Бұхара мен Үргеніште бітірсе де, шығармалары араб тілінде
жазылғандықтан, батыстықтар оны араб ғалымы деп санаған
және есімін Авиценна деп транскрипциялаған.

Оның ең күрделі туындысы—«Дәрігерлік ғылымның ка-
ноны» («Китаб әл-канун фи-т-тибб»). Бұл—көлемі 200 баспа
табақ, 5 кітаптан тұратын медициналық энциклопедия. Күллі
Шығыс пен Батысқа Ибн Сина осы кітап арқылы бес-алты ғасыр

бойы медицина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы
ұстазы болды, «медициналық ханзада», «Шейх-ур-райс» деген
ұлы есімге ие болады.
Иса (Исус, Ғайса, Ғиса, Айса)—Иса Мәсіхтің есімі христиан

дініндегі сияқты исламда да ілтипатпен еске алынады. Құранда
Иса пайғамбарға біраз орын берілген, оның анасы Мәрия хазі-
ретке арналған сүре бар. Алайда ислам қағидасы бойынша, Иса
(ә.с.)—бар болғаны Алланың сүйікті құлы, «кітап түсірілген»

төрт пайғамбардың бірі. Христиандар Исаны Құдайдың ұлы
деп есептейді, оның өзін Құдай дәрежесінде дәріптеп, оған
құлшылық жасайды.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Кейбір дін зерттеушілері (әсіресе, еуропалықтар) Мұхаммед
пайғамбардың христиандарға жылы ықыласпен қарағанын
айтады. Шариғат зерттеушілері болса, Исаны «Мұхаммедтің
дүниеге келерін алдын ала білген» және Аллаға шын жүрегімен

берілген хақшыл Пайғамбар ретінде мойындайды. Ислам
ғалымдары «Иса Құдай емес, оған еруші жұрт адасты» деп са-
найды.
Қырық шілтен—Мифологиялық түсінік бойынша, адам-

ды қолдап жүретін, бірақ көзге көрінбейтін рух, қыдыр.
Лұқпан хакім—ол туралы исламға дейінгі араб хикая-
ларында біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға
31-сүре арналған. Мұнда Лұқпан «бір Құдайлық» бағытын

насихаттаған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам
ретінде аталады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-Хаким,
яғни, хәкім Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші де-
лініп, оның есімі көптеген Шығыс халықтарының ертегі, жыр,

аңыздарында құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да
«Лұқпан хәкім айтыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар.
Мәңкір, Нүңкір—діни ұғым бойынша, дүние салған адам-
нан сұрақ-жауап алатын періштелер.

Мұса—Құран кейіпкері, пайғамбар. Інжіл бойынша,
Моисей. Алла Тағаладан кітап жіберілген төрт пайғамбардың
бірі.
Аңыз бойынша, Мұса (ә.с.)—Алла Тағаламен тілдескен

және онымен жүздескен бірінші Пайғамбар (Адам атадан соң).
Алғаш рет Алла Тағала Мұса (ә.с.)-ға Мысыр маңында «от»
болып көрінеді. Оны перғауынға (фараон—Мысыр патшасының
атағы, титулы) өзінің елшісі етіп жіберетінін, перғауын елінде

бір Алланың жолын уағыздауы тиісті екенін білдіреді, көмекші
етіп, оның бауыры Харонды қосады…
Алла Мұсаға өз халқыңды Мысырдан түн жамылып алып
шық деп бұйырады. Мұса таяқ сермеп қалғанда теңіз қақ жа-

рылып, ашылады. Израильдіктер сол жолмен өтіп шығады.
Перғауын мен оның қалың қолы жеткен кезде теңіз тұтасып
кетеді де, олар суға батып өледі. Тек күнәсін мойнына алған
перғауын ғана кешірім алып, аман қалады. Мұса өз халқын

бастап, шөл далаға шығады. Сол жерде таяғының құдіретімен
он екі бұлақтың көзін ашады. Алла Тағала оның тілегін қабыл
алып, адамдарына азық береді.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Мұса Алла Тағаламен екінші рет Синай тауында кездеседі.
Алла Тағаламен сөйлескендіктен, Мұса пайғамбарды Мұса
Кәлим (Алламен тілдесуші) деп дәріптеген.
Мұхаммед Расул—ең соңғы пайғамбар, ислам дінінің не-

гізін салушы. Мұхаммед (ә.с.) 570 жылы Мекке қаласында
дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге
келместен, екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Ра-
сул Алла* алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед

Мұстафа (ә.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң ата-
сы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің
тәрбиесінде болған.
Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым

жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні, таң алдын-
да рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында
Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін— исламды уағыздай
бастайды.

Мұхаммед (ә.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба-
сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық
білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы
Мұхаммед (ә.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине

қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының
басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни
«қоныс аудару» деген сөз.
Мұхаммед Мұстафа (ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине

қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі), т.б. эпитет есімдері бар.

Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері, Інжілдегі Ной. Құран
Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх пайғам-
бар мен оның әулеттеріне арналған.
Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су

оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін
топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен
алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адам-
дар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі ке-

* Расул Алла—[Расул (а)—елші]—Алланың елшісі.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

меге мінгізеді, осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман
қалып, өмір қайта жалғасады.
Сократ—ұлы ойшыл, философ. Ежелгі Грецияның Афина
қаласында дүниеге келген. Біздің дәуірімізге дейінгі 470/469—

399 жылдары өмір сүрген.
Самұрық—мифтік аңыз, әңгімелерде, ертегі мен жырлар-
да кездесетін алып құс; мифологиялық ұғым бойынша, бүркіт
атаулының ең үлкені, зоры.

Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса-
лим қаласындағы Яхус храмын салдырған.

Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған.
Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бір-
дей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған

Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,
дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жа-
нуар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.

Төрт жар—шариар, шаһариар (шаһар /п/—төрт, яр /т/—
жар, серік)—Мұхаммед пайғамбардың төрт серігі: Әбубәкір,
Омар, Оспан, Әли. Кейде төрт жар деп те аталады. Бұлар араб
халифатын билеген төрт әділетті халифалар болып, тарихта

«Ал-Хулафа ар-Рашидун» деген атпен белгілі
Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының,
сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни
аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық

образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне
архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зертте-

се, кейбір ғалымдар тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы
ұстанып келе жатқан түсінігі бар.
Қазақ фольклорында Қызыр баба [Қыдыр]—ел аралап

жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы,
бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Һарон ар-Рашид [763–809]—Аббас әулетінен шыққан
бесінші халиф. Һарон Рашид тұсында арабтардың ұзақ уақытқа
созылған Византияға қарсы күресі одан әрі жалғастырылды,
сонымен бірге халифатта ауыл шаруашылығы, қолөнер, сауда

және мәдениет едәуір дамыды. Сондықтан болар, тарихи тұлға
Һарон Рашид есімі халық аузында аңыз-әңгіме мен ертегі-жырға
айналып кетті. Шығыс халықтары ертегілері мен аңыздарында
ол әділ билеуші, халық қамқоршысы бейнесінде суреттеледі.

Ібіліс—діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Алланың ақ
жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын перінің есімі. Құран
бойынша Ібіліс Алланың тілін алмаған, Адам атаның алдында
тізе бүгуден бас тартып, «Мен одан артықпын; Сен мені оттан,

оны топырақтан жаратқансың» деп қарсы шыққан. Міне, осы
әрекеті үшін ол көктен қуылып, тозақ отына түсуге ұйғарылды.
Ібіліс өзінің Адамнан жоғары екендігін дәлелдеу үшін, алғашқы
пенде—Адам атаны да азғырған және Мұхаммедтің оқуына

да үнемі кедергі жасап отырған. Ібілісті басқаша—шайтан,
«Алланың жауы» немесе жай ғана «дұшпан» деп атайды. Әдетте
мұсылмандардың дұғалары шайтанға қарсы сөздерден бастала-
ды, олар Құранның соңғы сүрелерінде келтірілген.

СӨЗДІК* * Мәтінде басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз. Абсытай—бәйбіше; қожаның әйелі; бай адамның әйелі; әпке, апа Ағла /а/—ең биік, ең жоғары Ағу (түркі, тат.)—у Ағуа /а/—азғыру, іріткі салу Адуу /а/—жау, дұшпан, қас Ажиз, ғажиз /а/—әлсіз, күйсіз, нашар; соқыр Азим, азимат /а/—ұлы; мәртебе; зор, айбындылық, ұлылық, маңыздылық; абырой, әсемдік Ақшам намазы—күн батар кезде оқылатын намаз Ақырет, ахирет, ахірет /а/—ақырет күні—бұл күні қияметтің болуы, Алладан басқаның жоқ болатындығы, өлгеннен кейінгі сұрақтың қойылатындығы, тірі кезінде істеген күнәларыңа жауап берілетіндігі анық сезіледі; күнәларың жеңіл болса, Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тартатын күн; о дүние деген ұғым; ақырзаман, дүниенің соңы. Амуәлукум /а/—сендердің байлықтарың, дәулеттерің, дүниелерің, жиһаздарың, мал-мүліктерің; ақшаларың, меншіктерің Андан кейін /к.т/—онан кейін Андан соң /к.т/—онан соң Аңа /к.т/—оған Арасат /а/—қиямет күні адамдар жиналатын орын Арзу /к.т/—мақсат, ниет, тілек Асатир /а/—аңыз, әпсана, хикаят, миф; ертегі; мысал; әңгіме; тарих; жыр жолдары

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Асла /а/—мүлде, еш Астағфиралла /а/—астапыралла; Алла Тағала, кешір мені Ау /т/—аң Ауара /п/—әуре, бос әрекет, нәтижесіз іс Ауләдукум /а/—сендердің балаларың, ұлдарың, ұрпақтарың Афия /а/—күш; аман-саулық, ахуал, денсаулық, қол дәрмен, күш, пәрмен, шама, қайрат, қуат, құдірет Ахуал /а/—хал, жағдай; кез; орай; оқиға; жұмыс Аһл /а/—ел, қауым, жұрт Ашан /а/—көзі жақсы көрмеу, соқырлау, түнде жақсы көрмеу Аяр /п/—ғаяр, мекер, алдамшы Аят /а/—белгі, ғажайып өлең; Құран сүрелерінің ең шағын бөлігі Әгар—егер Әжир /а/—бас ие, отағасы, қожайын, жалдаушы, жалға алушы Әжр /а/—сый, сыйлық; ақы, төлем, құн; зейнеттендіру; сауап Әййуһан нәс /а/—Әй, халайық! Әй, адамдар! Әйлау /к.т/—жасау, істеу Әлпат /а/—рұқсат Әлхамдулиллаһи /а/—Даңқтың бәрі Аллаға! Аллаға шүкір! Әптира /а/—жарату, сыйыну Әре /п/—шынында да, анығында Әурет—жыныс мүшесі, ұятты жер Әфсүн /а/—дуа, сиқыр, арбау Базаркан, базарқан /п/—базар басы Бақ—бір нәрсені аңғару, байқау, сезу Бақал кісі —ұсақ-түйек заттар сатушы Бақи /а/—мәңгі: о дүние Балау—тең көру, бірдей санау, жақсылыққа балау Баракаллаһ /а/—бәрекелді, ғажап, дұрыс іс Бахрийун /а/—теңіз; теңізде жүзушілік; солтүстік Бахс /а/—дау, бәсеке; талқылау, пікір таласу Баһар /п/—көктем; гүлдену Бәдбахт /п/—бақытсыз Бәкира /а/—қыз бала; кіршіксіз, таза жас қыз, бойжеткен Бегірек—өте, тым, аса, тіпті Бейдін—дінсіз

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Бейзауал /а/—зауалсыз Бейкүнәһ—күнәсіз Бекзада—шыққан тегін, жаратылысын артық сомдайтын ақсүйек тұқымы Бел—арқа тұтар тірек, күш, қуат, сүйеніш Беңзі /к.т./—жағдайы, маңызы, байызы Биһұш /п/—көңілсіз; ессіз болу, естен танып қалу, ессіз құлау Буд /п/—болу Бірлән /к.т/—мен, -пен, -бен Гөзәл /т/—көрікті, әдемі, сүйікті; дала аңы, киік, қарақұйрық, жайран секілді жүйрік түз тағысы Ғазиз /а/—қадірлі; қымбатты; аяулы, ардақты Ғайб /а/—кінәлау; айыптау; жақтырмау; кемшілік, кемдік, айып, ұят, кемістік; кесел, кесір, бұзықтық Ғайбат /а/—кісінің сыртынан айтылатын жалған сөз, өсек-аяң Ғайзун /а/—айбар, ашу, ыза, зәр, ызбар, қаһар, кейістік, наразылық, тітіркеу, шіміркену Ғайри /а/—басқа, бөлек, бөтен; өзге; өңге Ғайш-ғишрат /а/—дүниенің қызығы, сауық-сайран Ғаламат /тат/—таңғажайып, керемет, ғажайып Ғалиб /а/—жеңімпаз Ғамма /а/—жөнінде, жайында Ғанибет /а/—игілік, рахат, сәттілік; шүкіршілік Ғапыл /а/—қапы қалу, білмеу, байқамау, сезбеу, аңқаулық; надан, қараңғы Ғарық болу /а/—апат болу; бату, суға кету; суда жүзу Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін Ғасы /а/—күнәлі, шариғатқа қайшы істер жасаған кісі Ғауам /п/—қарапайым халық; қарапайым сөйлеу, сөйлеу тілі; қарапайым, оқымаған, білімсіз, надан Ғафа /а/—денсаулықты айықтыру; қайтару; құтылу; құтқару, арылту Ғафлат /а/—алаңсыздық, қамсыздық, парықсыздық, қызықпаушылық, бейқамдық, салғырттық, селқостық, ақымақтық Ғафур, Рахым Алла /а/—өте кешірімді, рақымды Алла Ғаяр /а/—қу, айлакер

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Ғаят /а/—қызықтыратын, қызықтырғыш, еліктіргіш
Ғибадат /а/—Құдайға құлшылық, дінге бой ұсынушылық;
сыйлау, қадірлеу, құрметтеу; қызмет ету, табыну
Ғид /а/—жас; мейірімді; жарқын; жұмсақ; нәзік; қағылез

Ғиззат /а/—атақ, даңқ
Ғифрит /а/—құбыжық, зұлым күш иесі, жын, шайтан, жа-
уыз, қанішер
Ғишрат /а/—қатынас; достық, жақындық

Ғуйуб /а/—ұялту, бетіне басу; айып, ұят, кемістік; кесел,
кесір, бұзықтық; тапшылық, кемдік, кемшілік
Ғұзыр /а/—өтініш, тілек, мұң, мұқтаж
Ғұлама /а/—асқан ой иесі, оқымысты, ғалым

Ғұсыл /а/—жуыну, су құйыну
Дағуа /а/—нала; арыз, шағым; дау; егес
Дамин /а/—қандас; қан төгіс
Дарурат /а/—кеңес, жиын

Дат /п/—қазы, сот, араша сөз; тілек, өтініш
Дауа—жанға жағымды шипа, ем; амал, айла, лаж
Дәлил /а/—жол көрсетуші, жетекші, бастаушы, қосшы
Дәркүмән /а/—шүбә, күдік

Дәру—дәрі
Дәруіш /а/—суфизм ағымын ұстанушы; дүние қызығынан
безген адам
Дәрхал /п/—сол сәт, сол уақыт

Дәфін /а/—жерлеу, көму
Диуана, дуана—ризығын көктен тілеп, кәсіпсіз жүретін
адам, дәруіш
Диуар /п/—қабырға

Дуа /а/—біреудің басын айналдырып, жадылау үшін бақсы-
балгерлердің ішірткісі; әсер, ықпал
Душар болды—кездесті, тап болды, ұшырады, кез болды
Дұға

/а/—аман-саулық,
сау-саламаттықты
тілейтін
Құранның қысқа-қысқа аяттары

Діллә, ділдә, тіллә /п/—алтын ақша
Еріспесін—ермесін, жұқпасын
Жаллад /а/—әскер, жендет, бас алғыш
Жамағат /а/—қауым, орта, топ

Жамал /а/—көрік, ажар, келбет
Жаназа—өлген адамды жерлеу алдында оқылатын дұға

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Жариа /а/—күң
Жарма—кесілген ағаш
Жәду /а/—жәдігөй, залым, сұрқия, сиқыршы
Жисм /а/—тек, нәсіл; дене, форма, құрылыс, түрі, тұлға

Жуғл /а/—ақы, төлем, құн; сауап; сый
Жұда—құр алақан, жұрдай, мақұрым
Жұмырық—жұдырық
Жұфұт /п/—жұп, зайып, жұбай, қосақ

Жүдә /п/—аса, өте, қатты риза болу; бөлек, жеке, дара
Забаниа жаһаннам /а/—дозақ, тамұқ жауынгері, сарбазы,
әскері; сайтан, шайтан; қызметшілер, құлдар, малай, атарман-
шабарман

Забун /п/—әлсіз, күшсіз; бейшара
Зағиф, дағиф /а/—әлсіз, ауру, нашар; соқыр
Зағыпыран /а/—сары түсті гүл, мәтінде ауыспалы мағынада
қолданылған: сарғайып зағыпырандай

Зада—шыққан тегі, нәсілі, тұқымы; жақсы, асыл; бала
Заққұм /а/—тозақ ағашы, о дүниеде оның улы жемістерін
күнәһарлар қорек етеді
Залал /а/—зиян, кесір

Зарар /а/—зиян, залал, шығын
Зауал /а/—жаза, сазай, азап
Зауық-сафа /а/—ойын-сауық
Зауықтан—ынталану, көңілдену, насаттану

Захмат /а/—қиындық, іс-қимыл
Заһид /а/—дүниеден безген; тақуа, сопы
Заһир /а/—ашық, айқын, анық
Зәнбил, зенбіл /п/—үлкен себет, кәрзеңке, зембіл

Зәнжір /а/—шынжыр
Зәнталақ—арамза, қара ниет
Зәңгі—зор, үлкен, қара түсті адам, дастандық шығармалар-
да жиі кездесетін қаһарманға қарсы тұратын сүйкімсіз кейіп-

керлер зәңгі аталады
Зәрр, зәрра /а/—тамшы, бөлшек, кішкентай
Зәһар /а/—у
Зейнет /а/—еңбек рақаты, жемісі, игілік

Зина /а/—нәпсіқұмарлық, жезөкшелік, тұрақсыздық,
бұзықтық; неке бұзушылық

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Зинашы /а/—жезөкшелік, неке бұзушылық, бұзықтық, неке бұзар, тұрақсыз, жүрімпоз Зинһар /а/—анық, өте Зиһн /а/—ақыл, ес, ой, зейін, парасат Зияпат, дияпат /а/—сыйлау, ішкізіп-жегізу; тамақ, ауқат; ақ көңілділік, кішіпейілділік, меймандостық Зуллу /а/—рухы түскендік, төмендеушілік, бағыныш, бойсұну, жуасу Зындан—тұтқындарды жазалау үшін жер астынан қазылған терең, қараңғы ор, апан Зікір /а/—еске алу, есте сақтау; ауызбен айту, баян ету; белгі; уағыз, насихат. Көбінесе Алла Тағаланы еске алып, жалбарыну мағынасында. Зікір жүректен (көңіл), сөзбен және дене қимылы арқылы, яғни үш түрлі жолмен орындалады Иаржиғу /а/—шығу, туу, келіп шығу, барып тірелу; қатысы болу Иасуд /а/—бастық, басшы болу, басқару, меңгеру, билеу, үстем болу Иғтиқад /а/—сенім, наным Иқрар /а/—шешім, мойындау, ықтияр болу, бойұсыну, бағыну Имам /а/—діни жетекші, мұсылман қауымының басшысы Иман /а/—ислам дінінің бес парызының бірі, діншілдік наным; адам бойына тән ізгілік, адамгершілік; белгілі бір ісәрекетпен байланысты серт, уәде, үміт Иләһ, иләһи /а/—жаратушы, Құдай Илһам /а/—шабыт, жігер беру, рухтандыру Инан /к.т/—илан Инғам /а/—тарту, сыйлық, сый-сияпат; садақа Инғам-ихсан /а/—жақсылық, қайырымдылық тарту, сыйлық Иннәма (инна) /а/—дұрысында, шынында, ақиқатында; анық, дәл, дұрыс, рас, тура, шын, расымен Инсан /а/—адам, кісі Иншалла (ин шаа Алла) /а/—Алла қаласа, Алла тілесе (ин—егер, шаа—қалау) Истағна /а/—баю, молығу, айлану; орағыту, орап өту; керек қылмау, мұқтаж болмау, қажетсінбеу

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Истиғмал /а/—қолдану, іске асыру; үйрену, көнігу;
тәжірибе
Иттифақ /а/—ынтымақ, бірлік, келісім, бір ауыздылық
Ихтилаф /а/—алуан түрлі, сан қилы, түрлі; айырмашылық,

ерекшелік, өзгешелік; толқу, ауытқу, кезектесу; келіспеуші-
лік, талас, қайшылық; алауыздық
Йасин—Құранның 36-сүресі. Меккеде түскен қасиетті сүре.
Бұл сүрені ауру-сырқау, бәле-жаладан қорғану үшін, сондай-

ақ, жан тапсырғалы жатқан мұсылманның иманын үйіргенде
оқиды. Пайғамбар бұл сүрені «Құранның жүрегі» деп санаған.
Казама /а/—өзін-өзі басу, ұстау, сабыр сақтау, үндемеу
Кайф /а/—ләззат, рахат, қанағаттану, зауық, тойым

Кар /п/—жұмыс, іс, еңбек, қызмет, кәсіп; оқу; әрекет
Кәбап, кәуап /п/—істікке түйреп, шоқтың қызуына қақтап
пісіретін ет
Кәлам /а/—сөз; әңгіме; тіл

Кәмал, кәміл /а/—толығу, толықтық, түгелдік, кемел
Кәнизак—хан сарайындағы (тұтқын) қызметші әйел, қыз
Кәпір /а/—пұтқа табынушы; дінсіз; оңбаған, қаныпезер,
жексұрын

Кәрім /а/—жомарт
Кәусар /а/—кіршіксіз, таза, мөлдір
Кәфарат /а/—күнәдан арылу, өтелу, жуылу (кінәның жуы-
луы, өтелуі), кешіру

Кебітке, кибитка /о/—күрке
Кемер белбеу /қ/—әшекейлі жалпақ белбеу
Кимиа—химия
Кифаят /а/—жеткілікті, мол; керекті, қажетті; мөлшер,

сан; сыбаға, үлес; бақыт, тағдыр; шама, қабілет, талант,
дарындылық
Куәһ /п/—куә, куәгер
Күзгі /т/—айна

Қабағат /а/—орасан, керемет; өте, ірі, үлкен, мол
Қабила /а/—жақ, тұс; беталыс, бағыт
Қабыз, қабыд /а/—қабылдау, қабыл, қабыл алу, алмақ;
ұстау, қамау

Қағба—Меккедегі мұсылмандардың Ыбраһым пайғамбар-
дан бері келе жатқан құлшылық орны. Мұсылмандар «Зилхид-

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

жа» айының 9-11 күндері аралығында өмірінде бір рет қажы-
лық жасауы парыз
Қадар /а/—жазмыш, нәсіп, пешене, тағдыр; алдын-ала
анықтау

Қадақтау—бір нәрсені жерге кіргізу, орнату, бір нәрсені
ілу, тағу
Қадыр /а/—мөлшер, сан; аумақ, ауқым, көлем; шама,
өлшем; дәреже, лауазым, мәртебе, шара, баға, бедел, қадір,

қасиет
Қайыр—жақсылық, шапағат; тиын-тебен, ақша; садақа
Қалпе /а/—Ислам дініндегі хазіреттен кейінгі атақ
Қам—қайғы-шер, мұң, уайым

Қандил /а/—шырағдан
Қара құлақ—есейген, марқайған төл
Қарар /а/—шешім, ұсыныс
Қасад /п/—дұшпандық, зиянкестік, жаулық, қастық

Қасап—малды сойып сату ісі
Қатран /а/—қарамай, шайыр
Қиу /к.т/—қойма; зындан; құдық
Қиямет /а/—ауыр азап, бейнет; о дүниеге барғанда әрбір

адам өтетін қыспақ
Қожа /а/—ие; дінбасы; уағыздаушы; дінін таратушы;
мұғалім; ислам
Қурбе /п/—айналасы, маңы жаны

Құбба /а/—күмбезді сарай; күмбезді шатыр
Құтышық—іші бүйірлі, кішкене аузы бар, түрлі дәрі-
дәрмектер салынатын кішкене шыны ыдыс; шақпақ тас, т.б.
салу үшін өңделген былғарыдан, не түйенің табан терісінен ар-

найы жасалатын бүйірлі, әшекейлі зат
Қысас /а/—қас, өш
Лағин /а/—малғұн, лағынет; Алла Тағаланың рақымынан
мақұрым болған

Лайқалысы—ер адамның жыныс мүшесі
Ләббайка /а/—міне, мен мұндамын
Ләйса /а/—жоқ
Ләңке—тыстық матаның бір түрі, сорты

Ләп, лап /тат, п/—мақтану, бөсу, өтірік айту
Мағара /а/—үңгір
Мағзұр /а/—кешірім, кешу, ақтау; дәлел, сылтау

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Мағлұм /а/—белгілі, анық, мәлім
Мағриби /а/—Мағриб (батыс) тұрғыны; Мароккалық
Мағрифат /а/—білім, тану, мағлұмат; таныстық, достар,
таныстар

Мағрұр /а/—алданған; атаққұмар; менмен, тәкаппар
Мағшұқ /а/—ғашық, сүйікті
Маддат /а/—тасу, өсу (теңіз туралы); аралық, кезең, кез,
мезгіл, мерзім

Мажаз /а/—астарлап айту, ишара сөз, ишарат, тұспалдау;
рұқсат етілген, ерік берілген
Мажыра /а/—ағын, арна; оқиға, болған жай
Мақам /а/—тұрғылықты жер, орын

Маламат /п/—көре алмаушылар, күндеушілер
Маниғ /а/—кедергі, қиындық, қарсылық
Маңар /к.т/—маған
Маруарт /п/—уәде; келісім; ұят

Матам /а/—қайғы
Матиғ /а/—бой ұсынғыш, бағынышты; тіл алғыш, көнгіш
Махалла /а/—квартал; орын; жер
Махкам /а/—берік, мықты

Махрем /п/—уәзір; сенімді дос; қызметші; жақын туысқан
Махфуз /а/—қасиетті Құранның айтуы бойынша, адамның
тағдыры жазылып тұрған орын; тағдыр, пешене
Махшар /а/—адамдар о дүниеде жаза күніне жиналатын

орны
Машғұл /а/—іспен шұғылдану
Машурат /а/—кеңес, кеңесу
Мәбада /п/—қалай болғанда да; егер, алда-жалда

Мәкір /а/—айлакер, қу; жауыздық, зұлымдық, қастық,
арам ой; алдау; өтірік, жалған; айла, қулық
Мәртебе /а/—мәрте, рет, қайтара
Мәсжид /а/—мешіт

Мехнат /а/—қиындық, бейнет, еңбек
Мәшһүр /а/—белгілі, атақты
Миғраж /а/—көкке көтерілу
Миһлат /а/—уақыт, мерзім, уақыт беру, кейінге шегеру;

мәулет
Муафиқ /а/—келісім, келісілген; сәйкес, сай
Мухсин /а/—жарылқайтын, есіркеуші, қолдаушы

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Мұжаммағұл /а/—біріктіру, бірлестіру
Мұнажжим /а/—астролог, жұлдыз санаушы, жұлдызға
қарап бал ашушы
Мұнафиқ /а/—сырты мұсылман, ішінен ислам дініне қарсы

екі жүзді адам
Мұңар /к. т/—бұған
Мұтәллаға /а/—оқылым; білім; зерттеу, оқып білу
Мұштақ /а/—туынды; тәуелді

Мүкәммал /а/—дүние-мүлік, қазына-байлық
Мүлкәт, мүлкат /а/—байлық, мүліктер, жиһаз
Мүмін /а/—Ислам дініндегі иманы кәміл адам, мұсылман
Мүнәсабат /а/—сәйкестік, лайықтылық, үйлесімділік;

орынды; қарым-қатынас, өзара байланыс
Мүптала /а/—пәле, бейнет; пәлеге жолығу, кіріптар болу
Мүрид /а/—шәкірт, оқушы
Мүһләт /а/—мәулет, уақыт беру, кейінге шегеру, аялдату,

тоқтатып қою, тыю
Мүшәурат /а/—кеңес, жиын
Мінәжат /а/—құлшылық ету
Мінбар—мінбе

Міскін /а/—бейшара, мүсәпір, мүскін
Нағибу /а/—бетіне басу, ұялту, көзіне шұқу, жақтырмау;
айыптау, кінәлау
Нама /п/—хат

Намаздыгер—күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кез
Нас /а/—адам, жұрт, көпшілік
Насиан /а/—ұмыту
Насрат /а/—жеңіс

Насыр /а/—ақтаушы, жақтаушы, қамқоршы, қорғаушы,
құтқарушы, жәрдемші, көмекші, қолдаушы, қолғанат
Нафс /а/—тіршілік; жан; адам; ниет, көңіл
Нахош /п/—ауру, науқас; жағымсыз, сүйкімсіз, ұнамсыз;

қуанышсыз; жолы болмау; наразылық
Нәзір /а/—Құдай жолына берілетін садақа, қайыр
Нәпақа /а/—табыс, ризық; қаражат; азық; пайдаланатын
нәрсе, ақы

Нәумиз /а/—өкпелі, қапалы
Неках /п/—неке
Не рәуеш ше /диал/—қандай тәртіппен, қандай түрде?

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР Низағ /а/—талас, егес, айтыс, дау, күрес, тартыс, алыс Нияз /п/—мұқтаждық; тілек, талап, қажеттілік, керектік, зәру; бұйымтай, өтініш; серт, уәде; сыйлық, сый Нужум /а/—жұлдыз; астрономия Нушатар /к.т/—нашатырь Нығмет /а/—қайыр; байлық; сый; ас, тағам, тамақ Отбекші—отыншы Парық, фарық /а/—бір нәрсенің екінші нәрседен айырмасы, айырмашылық, ерекшелік; бір нәрсенің қадір-қасиеті, мәнжайы, жай-жапсары; белгілі бір істің байыбы; пайымы Пәни /а/—тұрағы жоқ, баянсыз, алдамшы, өткінші, опасыз дүние Пәрмен, фармән /п,а/—билік, әмірлік, әмір, бұйрық; пәрмен, қарқынды екпін, тегеурінді қуат Пәруардигар /п/—Жаратушы, Құдай Пәс—нашар, кем, төмендеу, басыңқы Пәтуа—белгілі бір іс жөнінде бітім, келісім Пұл—ақша, қаржы-қаражат Пұрсат /а/—мұрсат, мүмкіндік, сәт, орай, қолайлы жағдай, ыңғайлы сәт, мезгіл, уақыт, мүмкіншілік Пұшмақ, пұшпақ—белгілі бір кеңістіктің, мекеннің кешеннің бір шеті, бөлігі Рағия /а, п/—табын, бір үйір, қора мал; діншіл; қол астындағы азаматтары, халық; шаруа, малшы, қызметші; бағынышты Рафиз /а/—мертіккен; сатылған Рахман /а/—мейірімді, рахымды; Алланың 99 есімінің бірі Рахмат /а/—қайырым, мейірім Раһиб /а/—монах Рашет /о/—есеп Рәуеш /п/—тәсіл, амал; тәртіп, түр; жол; қылық, іс; қадам, жүріс Риуаят /а/—әңгіме, аңыз, толғаныс Рия /а/—екіжүзділік, қара ниеттілік, сиқырлық Руза /п/—ораза Руш /п/—амал, тәсіл, жол Сабах-садық /а/—таңғы уақыт Салам /о/—шөп Салих /а/—жақсы, мейірімді, қайырымды

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Салындыру—салбыратты, төмен салды
Санат /а/—бір нәрсенің қатары
Сахаба (асхаб, асхабалар—көпше түрі) /а/—пайғамбардың
артына ерген серіктері

Сахиб /а/—дос, жолдас; ие, қожайын
Сәжде /а/—мойынсұну, табыну; Құдайға құлшылық етіп,
намаз оқығанда жерге басын қою.
Сеңа /т/—саған

Сират /а/—жол, сапар; діни ұғым бойынша, күнәһарлар
мен күнәсіздерді ажырататын қиямет-қайымның қыл көпірі
Сиуана /а/—бізден басқа
Сиххат /а/—денсаулық

Сиххатлану /а/—жазылу, денсаулығы түзелу
Сиясат /а/—басқарма, меңгеру; саясат
Сомға /п/—үй, лашық, шіркеу
Сүннет /а/—діни ұғымда Мұхаммед пайғамбардың істеген

іс-әрекеттері және ол құптаған жағымды қасиеттер; әдет; жол;
дәстүр; заң; әдет-ғұрып
Табиғ /а/—бағыну, бойұсыну, артынан еру, құрамына кіру;
байланысты, жалынышты, тәуелді, кіріптар

Табыт /а/—өлген адамның денесін салатын қорап
Таған—ошақ, тағы сол сияқтылардың бұты, аяғы, тіреуіш,
үш аяқты темір ошақ
Тағин /а/—анықтау, тағайындау

Тағмал /а/—жұмыс істеу; жасау, дайындау, істеу, орындау,
әрекет ету, әсер ету, ықпал жасау; басқару, меңгеру, басшы
болу; беру
Тайаммом /п/—ниет ету; топырақ; топырақпен немесе

құммен дәрет алу (су жоқта немесе сырқат кезде)
Тақуа /а/—діндар, Құдайдан қорқу
Тақыт,
тақ—ою-өрнектеліп,

безендірілген,
арқасы
және жақтауы бар мүлік; тақ; хан, патшалардың отыратын
орындығы, билікке ие болу белгісі

Талиғ /а/—тағдыр
Тамам /а/—барлық, күллі, дүйім; бітті, аяқталды
Тасниф /а/—шығарма, әдеби шығарма, туынды
Тауадуғ /а/—қарапайымдылық; кішіпейілділік

Тауфиқ /а/—жәрдем, көмек; табыс; бақыт; келісім;
тыныштық

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Тахлил /а/—ашылу, тарқалу; талдау, тергеу, тарату; сапа;
талғау, таңдау
Тахсин /а/—құрмет, жақсылық, мадақ
Таһарат /а/—дәрет алу, жуыну, тазалану. Құран Кәрімді

оқырда, намазға жығылар алдында жасалынатын бірден-бір
шарт—тазалану, яғни дәрет алу. Сумен үсті-басты, денені жуып
қана қоймай, рухани ойды тазалау
Тафарраж /а/—қараушы; қызықтап сүйсіну, қыдыру,

серуендеу
Тәбиб /а/—дәрігер
Тәдбир /а/—амал, шара
Тәкрар /а/—бірнеше рет қайталау

Тәрік—жоқ қылу; талақ ету; бүлдіру; құлақ аспау,
тыңдамау
Тәріктік—дүниеден безу, талақ ету
Тәпсір /а/—түсінік, түсіндірме; Құранға түсінік беріп, оның

мағыналарын ашу мақсатында жазылған кітаптар; Құранды
жеңілдетіп, терең түсіндіру
Тәслим /а/—мойындау, бағыну, тапсыру
Тәтәкәлләм /а/—сөйлеу, әңгімелесу

Тәуап /а/—құлшылық ету, табыну, тағзым ету, бас ию,
қадір тұту
Туғыры /к.т/—тура
Тұту /к.т/—қолмен мықтап ұстау, жібермей ұстап қалу,

жабысу, жармасу
Тылсым—белгісіз, жасырын, құпия
Уағда /а/—уәде
Уазифа /а/—қызмет; айлық; маусым; іс; орын; борыш

Уалайды—уқалайды
Уасуаса /а/—азғырушы, тура жолдан тайдырушы, құлаққа
сыбырлап «түртіп» тұратын шайтан; шайтанның көңілге күдік
салуы, іштей азғыруы; дел-салдық

Уәжіп, уәжип /а/—міндет, борыш, бұлжытпай орындалатын
заң, қағида, міндетті шарт; шарт, парыз
Уәлаят /а/—аймақ, өлке, өңір
Уәли /а/—жақын, туыс, туған; басқарушы, әмірші, ұлық,

әкім
Уқулуһум /а/—олардың ойы, ақылы, түсінігі, есі, зейіні,
парасаты, ұғымы, даналығы, кемеңгерлігі, зердесі, ой өрісі

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Уқуф /а/—қайырымдылық мақсатқа өсиеттеп қалдырылған
заттар, дүниелер, мал-мүліктер
Ұғлан—ұлан, жас өспірім, жеткіншек, өрен
Ұғыры /т/—ұры

Ұжмақ—жұмақ, о дүниедегі рахат орын; пейіш; тұрмысқа
қолайлы жер, жайлы жер, жайлы мекен
Үмбет, үммет /а/—ел, қауым, жамағат; Мұхаммедтің
үмбеттері—мұсылмандар, Ислам дініне бағынушылар

Үшбу—осы, осынау
Үш талақ—ері тарапынан некені бұзу, әйелін тастау жайы
Фаған /а/—зарлау, айғайлау, қасірет шегу, күрсініс,
қиналыс

Фасад—бұзылу, шіру; іріткі салу, азғындау, ыдырау
Фаһим /а/—түсінік, пайым, зейін, ой
Фәдие /п/—төлем төлеу, құн төлеу
Фәрж /а/—әйелдің жыныс мүшесі

Фиранк /а/—франк: мұсылмандар еуропалықтарды осылай
атаған
Фитна /а/—жаман ниет, арам ой, алдамшы
Хабис /а/—қапас, абақты

Хадаса /а/—болып шығу, болып қалу; шығу, көріну, пайда
болу, туу
Хадис /а/—әңгіме; хикая; Мұхаммед пайғамбардың айтқан
қасиетті сөздері, өсиеттері

Хадим /а/—құл, қызметші
Хазірет /а/—жоғары мәртебелі. Пайғамбарлардың, имам-
дардың, белгілі әулиелердің есіміне қосылып айтылатын
құрметті атақ

Хайла—айла, әрекет
Хақ /а/—шындық, күмәнсіз ақиқат; Алланың 99 есімінің
бірі
Хақы—ақы, еңбек

Халал /а/—рұқсат етілген, адал, заңды некеленген; таза,
адал
Халаф /а/—ант, уәде, келісім
Халғат /а/—сыйлық

Халуа /п/—алуа
Халуат, халует /а/—отау, оңаша үй
Хамалшы /а/—жүк тасушы, жүк тиеуші

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Хамле /а/—жүкті, аяғы ауыр
Ханнан /п/—мейірімді, рақымды, қайырымшыл
Хараж /а/—салық
Хараб /а/—қирау, талқандау, бүлдіру

Харам /а/—арам, шариғат тыйым салған, яғни ішіп-жеу-
ге, қолдануға жарамайтын нәрсе (Құран Кәрімде бұл түсінік 71
жерде қолданылған); таза емес, заңсыз
Харис /а/—қанағатсыз, тойымсыз, мешкей, дүниеқор;

сараң, сұғанақ; қызғаншақ; сақ
Хас /а/—айрықша, ерекше, өзіне тән
Хаста /п/—науқас, ауру
Хасуд /а/—қызғаншақ, ішітар, күншіл

Хасыл /а/—іске асыру, орындалу, жүзеге асу, тілегіне жету;
нәтиже, қорытынды; арманына, мақсатына жету
Хатам /п/—аяғы, соңы, шеті, шегі, аяқталған, біткен, ең
соңғы, ақырғы

Хауыз /а/—бассейн, су қоймасы
Хәкім /а/—билеуші, әкім
Хикаят
/а/—фольклорлық

және
жазба
әдебиетінің
жанрлық түрі; алуан түрлі ғажайып оқиғалар жайлы жазылған

әдеби шығарма
Хикмет, хикмат /а/—даналық, кемеңгерлік; нақыл сөз,
мақал, ақылды дәйектеме; негіз; Құдайдың әмірі, кереметі,
ғажайып; дана сөз

Хилаф /а/—өтірік; теріс; алдау, ақымақ ету; өкіну; қарама-
қайшылық, келіспеушілік, бүлдіру, бұзу
Хисап /а/ —есеп
Хордың қызы—жұмақта болатын мәңгі жас сұлу қыз

Хошбуй /п/—хош иісті, жақсы иісті, аңқыған, иісі шығып
тұратын, иісті
Хүкім; хүкімет /а/—үстемдік, қожалық; өкімет, өкім,
үкім, кесім, билік, билеу; ереже; құрылыс; қаулы; парыз, өсиет;

ұғым, түсінік, пікір, байымдау; бұйрық, басқару
Һадийа /а/—сыйлық
Һауа /а/—ауа
Һәлак /а/—әлек; өлім

Һәмма /п/—барлық, бүкіл
Һуш /п/—сана, ес, ақыл, жад, жадына сақтау қабілеті
Чекмеже /т/—үстелдің тартпасы (суырмасы)

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Читлек /тат/—тор, қапас (клетка)
Шайыр /а/—ақын, суырып салма ақын
Шайх /а/—ақсақал, қария; ғалым; тайпаның, рудың
ақсақалы, көсемі, діни көсем

Шайтан—ібіліс, албасты, жын-пері
Шарапат /а/—қайырым, мейірім
Шариғат /а/—заң; исламның негізгі заңдар жинағы
Шафталу /п/—сүю, сүйіс, өбіс

Шаһар /п/—қала
Шаһид, шәһид /а/—құрбан болу, мерт болу
Шашма /п/—бұлақ
Шәрбат—тәтті сусын; рахат, ләззат

Шәһуат /а/—құмар, нәпсі, құштарлық
Ше—шейін
Шиғыр /а/—өлең
Шикаят /п/—шағым, арыз

Шүбһә /а/—шүбә, күмән
Шыпшық —кішкентай құс
Іліту—жіберу; оқыту

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

Бағдат—(кей жорамалдарға қарағанда ежелгі парсы тілі-
нің «бага»—құдай, «дад»—берген, яғни «құдай сыйы» сөздері-
нен шыққан)—1921 жылдан қазіргі Ирак мемлекетінің астана-
сы. Тигр өзенінің жағалауын бойлай салынған.

Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) деген
атпен халифа Мансұр 762 жылы салдырған. Бағдат—орта
ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған
қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары [Насре-

дин Туси, Әл-Фараби, т.б.] оқып, білім алған.
Кабул—Азияда орналасқан Ауған мемлекетінің астанасы.
Ресми тілдері—пушту және дари.
Мәдине—арабша «қала» деген сөз. Меккеден кейінгі екінші

қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед
пайғамбардың 622 жылы Меккеден осында қоныс аударуына
байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың берген ата-
уы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару жылынан

(хижра) басталады. Мұсылман мемлекетінің негізі қаланғанда
Мәдине оның алғашқы астанасы болды.
Мекке—мұсылмандардың Хижаздағы басты қасиетті қа-
ласы. Мұхаммед пайғамбар осы қалада туып, өмір сүреді және

өзінің уағызын айта бастайды. Мұхаммед (ә.с.) Меккедегі
исламға дейінгі пұтқа табынушылардың ғибадатханасы болып
келген Қағбаны исламның ең қастерлісі деп жариялап, оған
барлық мұсылмандардың қажылыққа баруын өсиет етті. Қағба

Меккедегі Масжид Харам деп аталатын бас мешітте орналас-
қан. Жыл сайын Меккеге қажылыққа әлемнің әр түкпірінен
миллиондаған адам келеді.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азиядағы
Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің арабша атауы.
Астанасы—Каир қаласы. Мемлекеттік тілі—араб тілі.
Османия—Осман империясы.

Пәкістан—Азияның оңтүстігінде орналасқан ислам мем-
лекеті. Астанасы—Исламабад. Мемлекеттік тілі—ағылшын
тілімен бірге урду, бенгали. Мемлекет ретінде 1947 жылы
құрылған.

Рұм, Үрім—шығыс халықтары орта ғасырда Византияны
осылай атаған. Сол халықтардың фольклоры мен әдебиетінде
Рұм атауы өте алыс, ғажайып тамашаның символы ретінде
қолданылған.

Халеб (Халаб, Алеппо)—Сирия Республикасының ірі
қалаларының бірі.
Хорасан—Иранның солтүстік шығысындағы провинция,
шығысында Ауғанстанмен шектеседі.

Һиндустан—Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан
мемлекет, Үндістан. Астанасы—Дели қаласы. Мемлекеттік
тілі—хинди.
Шам—Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ретінде

«шәріп» сөзі қосылып, көбінесе «Шам шәріп» делінген. (Шәріп
/а/—құрметті, қадірлі, жоғары мәртебелі).
Шын—Орта Азия, Иран, Араб елдері өткен ғасырларда
Қытайдың солтүстік уәлаяттарын «Чин» деп атаған. Бұл—

біздің дәуірімізге дейінгі 221 жылдан бастап Қытай елін биле-
ген Цинь династиясының өзгертілген атауы.

ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДЫ ЖЫРЛАУШЫ,

АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫ

ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Сабалұлы Ақылбек (1880-1919)—ақын, жыршы, халық
ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы. Ақын араб, парсы, түрік пен
орыс тілдерін, шығыс әдебиетін жетік меңгерген. Кейбір дерек-
тер бойынша, Сабалұлы Ақылбек Абай аулынан, тіпті шешесі

Абайдың туысы болған.
Сабалұлы Ақылбек «Таһир—Зуһра», «Бозжігіт», «Қисса
қырық уәзір», т.б. дастандарды ел аузынан жинап, өңдеп, ре-
дакциялап кітап етіп бастырған.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
Ш—шифр
дәп—дәптер

/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы
/т/—түрік

/тат/—татар
/к.т/—көне түркі

Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде
жарық көрген кітаптар

1. Қырық уәзір. ОҒК, Ш:922, 4-дәптер. Айтушысы—Ха-

мит Сахаба, тапсырушысы—Байғұттыұлы Күсенбек. Ақмола
облысынан деп көрсетілген.

2. Қырық уәзір. ОҒК, Ш:327, 2-дәптер. Жинаушысы—Ай-

танбаев Алтынғали. Қорға 1997 жылы тапсырылған. 3. Қырық уәзір әңгіме. ОҒК, Ш:327, 1-дәптер. Көшірушісі—

Бердин Есентай (1894-1967). Семей облысы, Абай ауданынан. 4. Қырық уәзір қиссасы. ОҒК, Ш:327, 1-дәптер. Тәржі-

машысы—Ғабдулқайым молда Ғабдул-Нәсірұлы деп көр-
сетілген.

5. Қисса қырық уәзір. Кітап етіп шығарған Ақылбек бин Са-

бал Турабаев.—Қазан: Каримовтар баспаханасы, 1911.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

1. Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі. Аударған

Халифа Алтай.—Мәдине, Сауд Арабиясы, 1991. 2. Ақын-жыраулар. Құрастырған М.Байділдаев.—Алматы,

1979. 3. Ахметов З., Бөжеев М. Қазақ әдебиетінің шығыс

әдебиетімен байланысы // Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.2. 1-кі-
тап.—Алматы, 1961.

4. Әзібаева Б. Казахский дастанный эпос.—Алматы: Ғы-

лым, 1999. 5. Бердібай Р. Эпос—ел қазынасы.—Алматы: Рауан, 1995.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

6. Дастандар //Құрастырып, алғы сөзін, ғылыми түсінік-

темесін жазған Б.Әзібаева.—Алматы, 1990. 7. Дәуітов С. Ақылбек Сабалұлы // ХХ ғасырдың бас кезін-

дегі қазақ әдебиеті.—Алматы, 1994.—185-192 б. 8. Қазақ Совет энциклопедиясы.—Алматы, 1972. 9. Сыдықов Т. Қазақ эпосын тарату мен дамытудағы жыр-

шы-ақындар ролі //Қазақ фольклорының типологиясы.—Ал-
маты, 1981.

10. Қасқабасов С.А. Қазақтың халық прозасы.—Алматы:

Ғылым, 1984. 11. Қыраубаева А. Шығыстық қисса-дастандар.—Алматы:

Рауан, 1987. 12. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы.—Алматы: Мектеп,

1988. 13. Камалқызы Ж. Ақылбек Сабалұлының әдеби мұрасы //

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу
үшін дайындаған диссертацияның авторефераты.—Түркістан,
1999.

14. Мың бір түн. ІІІ том // Аударған Әбдіқадыров Қ.—Алма-

ты: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962. 15. Тотынама // Орыс тілінен аударып, алғы сөзі мен тү-

сініктемелерін жазғандар: Қоңыратбаев Ә., Қоңыратбаев Т.—
Алматы: Жазушы, 1991.

16. Арабско-русский словарь. Составитель Баранов Х.К.—

Москва, 1968. 17. Древнетюркский словарь.—Ленинград: Наука, 1969. 18. Ислам: Энциклопедия. Бас ред. Р. Н. Нұрғалиев.—Ал-

маты: Қ.Э., 1995. 19. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 20. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі.—Алматы, 2001. 21. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 22. Қазақ тілінің анықтағышы. Астана, 2000. 23. Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т.—Москва, 1970. 24. Татарско-руский словарь.—Москва, 1966.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства имени М.О.Ауэзова МОН
РК продолжает работу по подготовке и публикации очередных
томов стотомного издания «Бабалар сөзі», которое издается в
рамках Государственной программы «Мәдени мұра» [«Культур-

ное наследие»].
Восьмой том, как и предыдущие, посвящен новеллистичес-
ким дастанам; он включает в себя объемный, в 11917 строк дас-
тан «Қисса қырық уәзір».

Композиционно дастан построен по принципу обрамлен-
ной повести, он состоит из множества повестей самого разного
содержания. Они введены в фабулу дастана с целью отсрочки
казни невинного царевича, которого оклеветала молодая жена

царя, его мачеха.
Мотив запрещенной любви мачехи к своему пасынку являет-
ся древним и часто используется в качестве завязки в произве-
дениях «рамочной композиции».

Сорок визирей рассказывают царю одну за другой множество
историй, в основном, о женском коварстве, чтобы убедить его во
вреде поспешного решения.
Содержание этих рассказов в целом новеллистического ха-

рактера, в жанровом отношении это—исторические предания,
мифы, басни, сказки, религиозные легенды, притчи и т.д.
Тематика их очень обширна: в одних повествуется о разных
искусствах, в других о справедливости, честности, щедрости, в

третьих излагаются деяния мудрых и справедливых царей [Ха-
рон ар-Рашид и др.], ученых [Ибн Сина] и т.д. Также немало
преданий и рассказов о жизни пророков Мусы, Хызра, Сулей-
мена, а также о могуществе и доброте Господа Бога.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР

Основная идея произведения—обличение женского ковар-
ства, порицание необдуманности и поспешности, восхваление
честности, преданности, верности и др. добродетелей.
События, описываемые в историях визирей, происходят в са-

мых разных городах и государствах, а также в местах обитания
сверхъестественных существ—пери, джинов, дивов.
Дастан включает в себя более восьмидесяти повествований,
но несмотря на это, композиция его стройна, фабула очень ин-

тересна.
Сюжетную основу вставных хикаятов дастана «Қисса қырық
уәзір» составляют популярные и распространенные сюжеты и
мотивы из фольклора и литературы народов Востока. Будучи за-

фиксированы в устном бытовании и в письменной традиции они
встречаются во многих известных памятниках письменности: в
«Тотынама», «Бақтиярдың қырық бұтағы», в сказках «Тысячи
и одной ночи» и др.

Более близко сюжетная канва дастана совпадает с рассказам
«О семи визирях и одной служанке» из «Тысячи и одной ночи»,
а также с рассказом «Семь визиров» из «Тотынама».
Многотомный свод—«Бабалар сөзі»—научное издание. Пуб-

ликуемые тексты даются в первоначальном, адекватном перво-
источнику виде, то есть исключается любое вмешательство в
текст.
Том снабжен научными приложениями, которые включают

в себя: сведения о публикуемых текстах и их вариантах; крат-
кий историко-фольклористический и текстологический анализ
текстов; данные об исторических и религиозных деятелях, име-
на которых встречаются в текстах; словарь древнетюркских,

арабских и персидских слов, терминов и понятий, а также гео-
графических названий; сведения о сказителях, собирателях и
публикаторах; список использованной литературы; резюме на
русском и английском языках.

Текст дастана «Қисса қырық уәзір» подготовлен с Казанской
публикации 1911 года адекватно оригиналу.
На кириллице публикуется впервые.
Объем тома—26,75 п.л.

SUMMARY The Іnstіtute of Lіterature and Art named after M.O. Auezov of the Mіnіstry of Educatіon and Scіence of the Republіc of Kazakhstan contіnues іts work on preparatіon and publіcatіon of next volumes іn turn of the serіes «Babalar sozі» іn many volumes performed wіthіn the framework of the State program «Medenі mura» [«Cultural herіtage»]. The eіghth volume of the serіes, as well as prevіous ones, іs dedіcated to short-story dastans, іncludіng the large dastan «Kіssa kyryk uezіr» consіstіng of 11917 lіnes. Composіtіonally the dastan іs wrіtten accordіng to the prіncіple of the framed narratіve. Іt consіsts of many tales of varіous contents. They are іncluded іnto the plot of the dastan for the purpose of delayіng the executіon of the іnnocent tsarevіtch loved by a young wіfe of the tsar, і.e. hіs step-mother. The motіf of the step-mother’s prohіbіted love towards her stepson іs ancіent one, and іt іs frequently used as a plot іn lіterary works of the «framed composіtіon». Forty vіzіers tell the tsar a lot of storіes one after another, maіnly about women’s іnsіdіousness, іn order to convіnce hіm not to take a hasty decіsіon. Іn general the contents of these tales are of the short-story character. As for theіr genre, they are hіstorіcal legends, myths, fables, faіry-tales, relіgіous legends, parables etc. Theіr themes vary greatly. They narrate about dіfferent arts, justіce, honesty, generosіty. Some of them are about wіse and just tsars [Kharon ar-Rashіd and others], scіentіsts [Іbn Sіna] and others. There are also a lot of legends and storіes about the lіfe of prophet Musa, Khyzra, Suleіmen and also the power and kіndness of God.

ХИКАЯЛЫҚ ДАСТАНДАР The maіn іdea of the work іs the accusatіon of women’s іnsіdіousness, the blame of rashness and hurry, praіsіng honesty, devotіon, fidelіty and other vіrtues. Events descrіbed іn vіzіers’ storіes take place іn dіfferent cіtіes, towns and states and also іn places іnhabіted by supernatural creatures: gіns, marvels. The dastan іncludes over eіghty short storіes but nevertheless іts composіtіon іs logіcal, іts plot іs іnterestіng. The subject-matter of dastan «Kіssa kyryk uezіr» іs based on popular plots and motіfs from the folk-lore and lіterature of peoples of the Orіent. Beіng fixed іn the oral everyday and wrіtten tradіtіon, they are met іn many well-known monuments of the wrіtten language: «Totynama», «Baktіyardyn kyryk butagy», faіry-tales «Thousand and one nіght» etc. The plot of the dastan more or less coіncіdes wіth tale «About seven vіzіers and one maіd-servant» from «Thousand and one nіght» and also tale «Seven vіzіers» from «Totynama». The code «Babalar sozі» іn many volumes іs a scіentіfic edіtіon. Publіshed texts are gіven іn the orіgіnal form adequate to the prіmary source, і.e. any іnterference іnto the text іs excluded. The volume has scіentіfic supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr varіants; a brіef hіstorіcal & folklore and textual crіtіcal analysіs of texts; іnformatіon on hіstorіc and relіgіous figures whose names are met іn texts; a vocabulary of ancіent Turkіc, Arabіc and Persіan words, terms and notіons as well as geographіcal names; data about narrators of folk tales, collectors and publіshers; a lіst of the lіterature used; a resume іn the Russіan and Englіsh languages. The text of dastan «Kіssa kyryk uezіr» was prepared usіng the Kazan edіtіon of 1911. Іt іs adequate to the orіgіnal. Іt іs publіshed іn the Cyrіllіc alphabet for the first tіme. The volume consіsts of 26,75 prіnted pages.

МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан ........................................................... 5 Мәтін Қисса қырық уәзір .............................................................. 9

Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтінге түсініктеме .........................................387 Мәтінде кездесетін тарихи және діни есімдер .......................395 Сөздік .............................................................................402 Жер-су атаулары ..............................................................418 Томға енген дастанды жырлаушы, айтушы һәм жинаушы туралы мәлімет ...........................................420 Шартты қысқартулар .......................................................420 Пайдаланылған әдебиеттер ................................................421 Резюме ...........................................................................423 Summary .........................................................................425

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 8 том НОВЕЛЛИСТИЧЕСКИЕ ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Тұрлынова Редакторы Ұ. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Н. Садықова Компьютерде беттеген М. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 1725 Теруге 5.10.04 жіберілді. Басуға 15.11.04 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 26,75. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №445. «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Регис СТ—Полиграф» ЖШС баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙